Файл қосу
Сакстер жері
|Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі | |Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті | |3 деңгейлі ОӘК құжат |ПОӘК |ПОӘК | | | |042-18-18.1. | | | |19/03-2014 | |«Еуропа мен Америка |№1 Басылым | | |елдерінің орта ғасырлар |11.09.2014 | | |тарихы» пәнінің оқу- | | | |әдістемелік кешені | | | «Еуропа мен Америка елдерінің орта ғасырлар тарихы» 050203- «тарих» мамандығына арналған ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ Семей 2014 Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Практикалық сабақтар 4 Студенттердің өздік жұмысы 1 Глоссарий АББАТ—аббат (1. католик шіркеуінде барлық дін қызмет-керлерінің құрметті аты; 2.(аббатствоның) еркек монастрінің бастығы). АББАТСТВО—аббатство (өз қарамағында басқадай монас-тырьлері бар католик монастрі; шіркеу басқармасының жоғарғы органдарына бағынады, үлкен жер бөліктерінде иелік жасап, шаруаларды қатты қанауда ұстады). АБСОЛЮТИЗМ—абсолютизмы (шексіз монархия, жоғарғы өкімет билігі бүтіндей бір адам —монарх (император, патша, король, князь) қолында болған басқару түрі. Абсолютизм — сословиелік монархияның орнын басқан феодалдық мемлекет дамуының жоғарғы және соңғы түрі). АВАРЫ — аварлар (VI ғас. Азиядан орталық Европаға басып кіріп, өз алдына дербес мемлекет орнатқан түрік нәсілдес халық; IX ғ. аварларды Ұлы Карл, X ғ. венгерлер күйретті. Осы кезден бастап олардың аты аталмайды). АВИНЬОНСКОЕ ПЛЕНЕНИЕ ПАП — Папаларды Авиньон тұтқынында ұстау (1309—1377 жылдардағы француз королінің қысымы нәтижесінде папа резиденцнясы Римнен Авиньонға көшірілген дәуір). АГОНИСТИКИ (Циркумцеллионы) — агонистиктер (күрес-шілер), IV ғ. терістік Африкада ірі жер иелеріне, Рим терелеріне және Рим мемлекетінің әлеуметтік тәртіптерін мадақтаушы ресми шіркеуге қарсы бағытталған құлдардың, колондардың және езілген халықтардын, революциялық қозғалысына қатысушылар. АДЕПТЫ — адептер (1. сектаның не бір қилы ілімінің ісіне араласқан адам; 2. бір қилы ілімді не идеяны табанды түрде жақтаушы). АҚРИТЫ—акриттер (кіші Азияда шекара қызметіндегі адамдар). АҚТЕМОНЫ - АҚТЕМОНДАР (14-15 ғ.ғ. Византиядағы өндіріс құралдарынан айрылған мүліксіз шаруалар). АЛАНЫ — алаңдар (2—9 ғ. ғ. терістік Кавказды, төменгі Днепр мен оңтүстік Орал арасын жайлаған сармат тайпылары; 4 ғ. алаңдар гунндарға бағынып, олармен бірге «халықтардың ұлы көшіне» қатысты. Олардың біразы оңтүстік Галлия мен Пиренеи түбегін қоныстанды). АЛЕМАНЫ, АЛАМАНЫ—алемандар (аламандар), герман тайпалары, 3—6 ғ. ғ. 5 ғ. ортасында Рейннің сол жақ жағалауына өтті. _ 536 ж. ерекше Алемания герцогтікі ретінде меровинг корольдігінің құрамына кіріп 11 ғ. шейін өмір сүрді. АЛЕМАНСКАЯ ПРАВДА — «Алемандар заңы» 6—8 ғ.ғ. алемандардың әдет правосының жинағы. Мағына жағынан басқадай варварлық «Правдаларға» жақын. АЛЛОД—аллод (1. алғашқы кезде басы бос франктің мирасы ретінде берілетін барлық мүлкі, жерге жеке меншіктің дамуымен байланысты «аллод» деп қауым мүшесі —басы бос шаруаның өзі иемденген жер меншігін айтады; 2. жер иесінің толық және шексіз билігінде болған феодалдық жер меншігінің алғашқы түрі). АЛЬБИГОЙСКИЕ ВОИНЫ — альбигойлық соғыстар (1209 1229 ж.) Терістік Франция феодалдарының альбигойлықтарға қарсы жорығы. Бұл соғыстарды Француз корольдері Тулуза графтығын басып алу мақсаты үшін пайдаланады. АЛЬБИГОИДЫ — альбигойлықтар (Оңтүстік Франциядағы орта ғасырлық қатарлар ересін жақтаушылар. Қозғалыс орталықтарының бірі болған Альби қаласының атымен аталды. Альбигойлықтар ілімінің Тулуза графтағы халықтарының арасында кең тарауы папаны шошытып, ол альбигойлықтарды шіркеуден айырып, оларға қарсы крест жорықтарын ашуға шақырды). АЛЬДИИ — альдийлер (лангобардтар қоғамының тәуелді ретінде болатын бүкіл әлемдік төңкерістің жақын екенін уағызнауға қарсы әлеуметтік протест еді. Феодалдық жүйеге қарсы олардың наразылығы алғашқы кезде тым самарқау болды — олар сотқа, әскери қызметке және үкіметке бағынуға қарсы болды. Мүлікті ортақ пайдалану талабын олар дүниеден безу деп түсінді. Томас Мюнцердің ықиалымен антибаптистердің бір бөлігі белсенді революциялық әрекетке көшіп шаруалар соғысына қатысты. Анабаптистер ілімі Германияға, Нидерланды, Швейцарияға тез тарады). АНГЛИЙСКАЯ ЦЕРКОВЬ—Англикан шіркеу (Англияның мемлекеттік діні. XVI ғасырдың 30 жылдары король XIII Генрих жүргізген реформация нәтижесінде пайда болды. Король өзін шіркеу басшысы деп жариялап, папамен байланысты үзді. Монастырь жерлері катталды. Англикан шіркеу догматикасынын атолизмнен айырмасы шамалы еді. Епископтық құрылыс пен діни қызметтің ескі дәстүрлері сақталды). АНГЛО-САҚСОНСКИЕ ПРАВДЫ — Англ-саксон заңдары. (VII—XI ғ.ғ. жазылған англ- саксон әдет-праволары мен заңдарының жннағы; англ-сакстердің қоғамдық құрылысының дамуын зерттеудегі басты деректердің бірі). АНГЛОСАКСОНСКИЙ ПЕРИОД — англосаксон дәуірі (V ғ. англ-саксон шапқыншылығынан басталып, XI ғ. ортасындағы норман шапқыншылығына дейінгі уақытта қамтитын Англия тарихының дәуірі). АНГЛО-САКСОНСКИЕ ЗАВОЕВАНИЕ — англо-саксон шапқыншылығы (герман тайпаларының — англдер, сакстер, юттар, фриздер— Европа құрлығынан Британияға қоныс аударып, оны жаулап алуға байланысты ұзаққа созылған дәуір. Бұл шапқыншылық V ғ. ортасында басталып, VI ғ. аяғында Британияның басым көп жерін бағындырумен аяқталды). АНГЛЫ—англдер (алғашқы кезде казіргі Шлезвиг— Гольштейннің терістігін жайлаған ежелгі герман тайпасы. V ғ. ортасында сакстармен біргі Британияны коныстаньш, онда бірнеше варварлық мемлекет құрады. Кейініректе ағылшын халқына негіз болған кұрамға кіреді). АННАТЫ — аннаттар (1. пападан тиымды шіркеу кызметтерін (бенефиций) алған адамдардан папа құпиясының пайдасына алынатын бір дүркін салық; 2. басы бос бенефицийлерден түсетін папа табыстары). АНТРУСТИОНЫ — антрустиондар (салиқа франктеріндегі король жасақшылары. Олар көпшілік ішіндегі мерейлі топ болды. Феодал ақсуйектері антрустиондар қатарынан шықты). АНТИТРИНИТАРИИ — антитринитарийдер («құдайдың ешбірлігі» туралы христиан шіркеуінің іліміне қарсы секталар мен ежелгі ілімдерді жақтаушылар. Реформация кезінде антит- дады. Діни бояуға боялған анабаптистер ілімі феодалдық қажандар, праволық жағдайы бойынша құлдар мен басы бос адамдар арасынан орын алады. Салиқа Франктеріндегі литтарға жақын). АЛЬҚАБАЛА—Алькабала (ортағасырлық Испаниядағы салықтар жүйесі. Алькабала құрамына бүкіл дүние-мүліктен алынатын бір дүркін проценттік салық, қора- қопсы сатқаны үшін 5 проценттен салық және әр товарды сатқаны үшін 10 проценттен салық кірді. Демек, алькабала Испания экономикасына зор зиян тигізді). АЛЬКАЛЬД—алькальд (ортағасырлық Испаниядағы әртүрлі сот қызметіндегі адамдардың қызмет дәрежесінің аты. Кейініректе негізгі сот функцияларын атқаратын сайланған және үкімет бекіткен қауым старшинасы). АЛЬКАНТАРА — Алькантара (маврларға қарсы күреске қатысқан испандық діни- сері ордендердіц бірі. 1156 ж. кұрылды. XV ғасырдың аяғында әскері маңызын жоғалтты. Қалаларды, деревнялары бар кең атрапты жерлерге ие болды. 1843 ж. жойылды. АЛЬМЕНДА — альменда (германдық халықтарда қауымдық жердің қағымдық бөлігі. Оған қауым мүшелері ортақ пайдаланған орман-тоғайлар, тақырлар, жайылымдар, тау алқаптары қарады. Дүркін-дүркін алменданың жеке бір бөліктері қауым мүшелері арасында бөліске түсіп отырды. Олардың әр қайсысының альмендалық праволары қауым мүшесінің қарамағындағы жер белігіне (надел) парапар болды). АЛЬМОРАВИДЫ—альморавидтер (XI—XII ғ. ғ. берберлік феодалдық династия. 1086 ж. христиандарға қарсы одақтас ретінде араб әмірінің шақыруымен Испанияға басып кіріп, мұсылмандар қарамағында болған Кордова халифатын бағындырады. Альморавидтердің Испаниядағы үстемдігі мүсылман емес халықтарды қатаң қуғынға ұшыратып, феодалдық қанауды күшейтті). АЛЬМОХАДЫ — альмохадтар (XII—XIII ғ. ғ. Терістік Африка мен оңтүстік Испанияны билеген берберлер династиясы. Альморавидтер династиясының феодалдық қысымына қарсы халық қозғалысының жеңуі нәтижесінде орнаған бүл династия үкімет басына келген соң бірте-бірте өзі де феодалдық династияға айналды. XIII ғасырда альмохадтар династиясы ыдырады). АНАБАПТИСТЫ — анабаптистер, «қайта шоқынушылар» (1525 ж. шаруалар соғысы қарсаңында Германияда пайда болтан плебейлер сектасын жақтаушы лар. Олар шіркеу монархиясына, құпиялықтар формализміне қарсы болды, адамның мемлекеттік жасқа келгенде шоқынуын талап етті. «Тамүқ соты» ринитарнйлер ілімі Германия мен Швейцарияда орын тепті). АПАНАЖ — апанаж (1. жер не рента түрінде Францияда король семьясының мүшелеріне берілетін үлесі; 2. XIII ғасырдан бастап Француз королінің кіші ұлдарының үлесі). АПОР—апор («Егіншілік заңында» аталатын Византияның кедей шаруаларның тобы. Өз қарамағында жер участогін өңдеуге мүмкіндік болмағандықтан, апорлар оны қауымның ауқатты мүшелеріне арендаға беруге мәжбур болды). АПОСТОЛЬСКИЕ БРАТЬЯ. АПОСТОЛИКИ — апостольдық ағайындар, апостоликтер (XIII ғ. 50 - жылдарында Италияның Парма қаласында шаруа Сегарелли орнатқан секта. Феодалдық тәртіптерге қарсы халық наразылығын білдіре отырып, апостолдық ағайындар католик дін басыларын катты сынға алды—сол үшін католик шіркеу тарапынан қуғынға ұшырады. Дольчино басқарған апостолдық ағайындар 1300 жылы шаруалар көтерілісін басқарып, жеті жыл бойы феодалдар күшіне қарсы табанды қарсылық көрсетті). АРИАНСТВО — арийшылдық (336 ж. өлген Арийдың атымен аталған христиан дініндегі ағым. Арий құдайдың «үштік бірлігі» туралы шіркеу ілімін жоққа шығарады. Никея соборы арийшылдықты ересь деп таныды. Шіркеу арийшылдықты 381 ж. бүтіндей сөкті. Сұрапыл қуғындаудың салдарынан арийшылдық римдіктер арасында жоққа айналса да, кейбір германдық тайпалар арасында кең тарады). АРИПЕНН — арипенн (гектардың 1/3 не 1/2 пара-пар Франциядағы жер өлшемі. Сен-Жермен аббаттылығының полип-тілігінде аталады). см. также Арпан. АРМАНЬЯКИ — арманьяктар (XIV ғ. екінші жартысында және XV ғ. басында Франциядағы саяси дағдарыс кезінде өкімет билігі үшін таласқа түскен феодалдық топтардың бірі. Бұл топтың басында Орлеан герцогтары мен олардың туыстары — графтар Арманьяктар болды). АРМАТОР — арматор (Португалия корольдарымен жасалған шарт бойынша экспедициялар ұйымдастырушы кеме иелері). АРПАН — арпан (гектардың 1/3 немесе 1/2—не пара-пар Франциядағы жер өлшемі). АРРАССКАЯ УНИЯ — Аррас униясы (Нидерландағы валлон провинциялары — Эно, Дуэ, Артуаның 1959 жылы Аррас қаласында жасалған шарт бойынша кұрылған одағы. Нидерланды буржуазиялық революциясы кезінде бұл одақты католиктік дворяндар құрды. Оған жауап ретінде Солтүстіктің революцияшыл провинциялары Утрехт униясын 1579 жылы ұйымдастырды). АРХИЕПИСКОП — архиепископ (христиан шіркеу иерархия-сының ең жоғарғы сатысынан орын алатын дін қызметқері. Бұл үлкен облыс, тіпті кейде мемлекет ішінде архиепископ шіркеу ұйымын басқарды. Орта ғасырлар заманына көптеген архиепископтар жай князьдар сияқты белгілі аймақта саяси және әкімшілік үстемдік жүргізді). АРХИЕПИСКОПСТВО — архиепископтық ұйым — (христиан дінінде әкімшілік шіркеу бөлігі. Оған тек протестанттық бағыттағы шіркеулер ғана қарамады. Архиепископ басқарған бүл шіркеу ұйымдары орта ғасырлар дәуірінде кей жағдайларда тәуелсіз княздіктерге арналады). АСИЕНТО— асиенто (негрлерді сату туралы шарт). АУГСБУРГСҚИЙ ИНТЕРИМ — Аугсбург интеримі (1548 ж. иператор мен Шмалькальден одағы жасалған шарт. Осы шарт бойынша аз да болса реформаға үшыраған католицизм бүкіл Германияда қайта қальшқа келтірілуі тиіс болды). АУГСБУРГСҚИИ РЕЛИГИОЗНЫЙ МИР — АУГСБУРГ діни бітімі (1555 ж. Аугсбург қаласында Германияның протестант княздары мен император Карл арасында жасалған шарт. Бұл бітім католиктер мен протестанттар арасындағы бірқатар соғыстардың аяқталуына әкеп сокты, ол князьдардың дін мәселесінде толық тәуелсіз болуын көрсетті. Бұл бітім бойынша князьдар өз қарамағындағы қай дінді ұстауын көрсетуге толық право алды). АУГСБУРГСКОЕ ВЕРОИСПОВЕДАНИЕ — Аугсбург на-нымы (Лютердің жақын серігі Ф. Механхтонның қатысуымен жасалған Лютер ілімінің негізін баяндайтын документ. 1530 ж. Аугсбургтегі империялық сеймде император V Карлге тапсырылды). АУТО-ДА-ФЕ — авту-да-фе (1. Еректиктерге қарсы үкім жариялау кезіндегі салтанатты акт; 2. Испанияда еретиктерді көпшілік алдында өртеу. Ауто-да-фе дінге қарсылармен күрес үшін ғана пайдаланылып қойған жоқ, сонымен қатар феодалдық құрылыстың жауларын құртудың да құралы болды. XVIII ғ. аяғына шейін Испанияда 300 мыңнан астам адам инквизиция тарапынан әрқилы сұрапыл қатал жазаларға ұшырады және отқа өртелді. АЦТЕКИ — ацтектер (Мексикадағы өте ірі индиялық халық-тардың бірі. XV ғасырда ацтектер басқа тайпалармен бірге одақ құрып, бүкіл Орталық Мексиканың халқын бағындырды. Бұл мемлекеттік дамудың ертеректегі түрі еді, ол процеске 1519 — 1521 жылдардағы Испания шапқыншылығы бөгет болды). Б БАВАРСКАЯ ПРАВДА— «Бавар заңы» (Герман нәсілдес бавар әдет правосының жинағы. VIII ғасырда пайда болды. Ру қоғамынан бастап феодалдық қатынастардың тууына шейінгі герман қоғамы дамуының әрқилы дәуірін қамтиды). БАВАРЫ — баварлар (алғашкы кезде Богемияны жайлаған герман тайпасы, V ғ. басында Дунайдың жоғарғы бойын жайлады. VIII—IX ғасырларда баварлық франк корольдеріне тәуелді тайпа герцогтері биледі. Франк мемлекеті ыдыраған сон Германия құрамына кіріп, кейініректе баварлар неміс халқын құрушылардың бірі болды). БАГАУДЫ — багаудтар (3—5 ғасырда Галлия мен Терістік Испанияда колондар мен құлдардың революциялык козғалысына қатынасушылар. Бұл козғалыс Батыс Рим империясының дағдарысы мен ыдырауын көрсететін айғақтардың бірі болды). БАЛЬИ—балья (Францияда әкімшілік округті —бальяжды басқаратын король төресі). БАЛЬЯЖ — бальяж (Францияда король доменінің жерінде құрылған, балья қол астындағы әкімшілік округ. Король доменін бальяжға бөлу XII ғасырда, II Филип тұсында Франциядағы ағылшын жерлерін басып алудан басталды. Жер- жерлерде король өкіметін нығайтуда мұның ролі зор болды). БАН — бан (әр формадағы мемлекет тарапынан зорлау праволарының жалпы аты — жоғарғы қылмыс сотының правосы, соғыс жасаған шақыру, шоқыну туралы нұсқау шығару правосы т.б. феодалдық ыдырау дәуірінде бан правосын әртүрлі дәрежеде жай князьдар мен шіркеулік феодалдар жүргізеді). БАН — бан (XII ғасырда Венгрия шет аймақты соғыс округі банотты билеуші әкім. XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап Австро-Венгрия құрамындағы Хорват-словен — Далмация облысын басқаратын екілдер). БАНАЛИТЕТ — баналитет (феодалдық право, ол бойынша сеньор аз ақы үшін өзіне қарасты дүние-мүліктің бірқатарын пайдалануға қарамағындағы шаруаларды зорлауға мүмкіндік алды: феодалдық диірменде ұн тарту, оның пешінде нан пісіру, жүзім пресін, қайрақтарын пайдалану т. б. Бұл заттарды пайдаланғаны үшін ақы не феодалдың өз ықтияры бойынша алынады, не әдет правосы бойынша реттеледі. Бай бұқараны күйзелткен феодалдық қысымдардың бір түрі еді). БАРОН — барон (Батыс Европадағы феодалдык, титул. VI —VII ғасырларда ауқатты адамдардың бәрін осылай атады, ал XI—XII ғғ. ірі жер иелері — феодалдардың аты еді). БАРОНСКАЯ ОЛИГАРХИЯ — барондық олигархия (феодалдык бір орталыкка бағынған мемлекет жағдайындағы баскару режимі. Бұл кезде өкімет билігі іс жүзінде бір топ магнат-тар колында болды; оларсыз король ешқандай шешім кабылдай алмады. 1238 ж. «Оксфорд провинцияларын» қабылдағаннан кейінгі Англияда қысқа мерзімде билік жүргізген режим барондық олигархияның мысалы болады). БАРЩИНА — барщина (жұмыспенсн өтеу рентасыныңц орысша аты, шаруаның феодал шаруашылығындағы тегін, зорлықпен істелетін еңбегі. Барщина шаруалардың жеке басының тәуелділігінің формасы — крепостниктікпен пара-пар). БАСҚИ — баскілер (Пиренеи түбегінің байырғы, ежелгі халқы, қазіргі уақытта олар Кандратий тауларының бетін жайлайды. Басым кебі Испанияда (Шығыс Биская, Наварра, Алава) тұрады. Біразы Францияны мекен етеді). БАТАВЫ — батавтар (Рейн мен Ваал өзендерінің арасын жайлаған ежелгі герман тайпасы. IV ғасырда батавардың жерін франктер басып алды. Сөйтіп, олар Франк мемлекетінің құрамына кіріп, франктермен сіңісіп кетті). «БАШМАК» — «Башмак» (XV ғ. басындағы Оңтүстік Батыс Германиядағы жауынгерлік кұпия шаруалар одағының аты). БЕГЕТРИИ — бегетриялар (арабтардан жаулап алған жерлерде құрылған ортағасырлық Испаниядағы ерікті шаруа қауымдары. Азаттық күреске қатысқан шаруалар бегетриялар құрып, өз басы азаттыққа ие болды. Олар феодалдық езуден бүтіндей құтыла алмады. Бегетрия мүшелері тек сеньорды өздері таңдап, оларды ауыстыруға қақысы болды; белгілі мөлшерде алым төлеп, тағы да басқа біраз артықшылықтарға ие болды). «БЕДНЫЙ ҚОНРАД» — «Қедей Конрад» (XVI ғ. басында Вюртемберг жерінде құрылған және 1514 ж. шаруалар мен қалаларды көтеріліске бастаған құпия қоғам. Көтеріліс князь өкіметіне, феодалдарға және қала патрициятына қарсы бағыт-талды. «Кедей Конрад» көтерілісі 1524—1525 жылдардағы реформация мен шаруалар соғысы қарсаңындағы ең ірі револю-циялық қозғалыс болды). БЕНЕДИКТИНЦЫ — бенедиктиндер (530 жылдарда Италияда, Монтеккассионда Нуриялық Бенедикт орнатқан қателіктің ең ескі сопылық ордендердің бірі. IX—XIII ғасырлар — орденнің гүлденген кезі болды. Клюни реформасын жүргізіп, уистерпандықтар конгрегациясын құрудың арқасында бенедиктер ролі өте көтерілді. Батыс Европада христиан дінін таратуда, католик дін жүйесін құруда және католик дінін ұйымдастыруда бенедиктиндер көрнекті орын алды. XIII ғ. бенедиктиндер жетекші рольден айырылып, оларды Францискандар, доминикандар, кейініректе иезуиттер оодені ығыстырылды). БЕНЕФИЦИАЛЬНАЯ РЕФОРМА — бенефицийлік реформа (атты әскер қүру мақсатымен Карл Мартелл жүргізген соғыс реформасы. Әскери қызметке түскен адамдар бенефидий түрін де жер алды, бұл олардын қызметі үшін төленетін өзіндік төлем еді. Бепефицийлік реформа нәтижесінде үстем тап арасындағы жер жон жекебастық қатынастар мемлекеттік түрге айналды; феодалдар табы әскери —қызмет сословиесіне айналды). БЕНЕФИЦИАРИИ — бенефициарий (бенефиций алушы феодалдар табының өкілі), БЕНЕФИЦИЙ — бенефиций (1. Рим правосында — жеке адамдарға берілетін жеңілдіктер; 2. ертеректегі орта ғасырлар дәуірінде бір түрлі қызмет істегені үшін (әсіресе әскер қызметі) берілетін жер билеудің бір түрі. Бенефиций мерзімсіз берілді. Бенефиций алушы шартты бұзатын болса, бенефицийді қайтып алуға болатын болды. Бенефиций корольдармен қатар басқа феодалдар да беретін болды. Бенефиций жүйесінің одан әрі дамуына байланысты ол мирасқа беріле бастап, шартты - серілік иелікке—ленға айналды. 3. католик дінінде —«бенефиций» деп шіркеу қызметін және соған байланысты табыс түрлерін айтады). «БЕОВУЛЬФ» — поэма, «Беовульф» поэмасы (ежелгі англ-саксон поэзиясыныц бүгінгі жеткен ең үлкен ескерткіші. Ол VI ғасырлардағы тарихи оқиғаларды баяндайтын халық жырлары негізінде жазылған. Әдеби түрде өңдеу VIII—IX ғасырларда жазылған болуы ықтимал). БЕРБЕРЫ — берберлер (Терістік Африканың батысын, Алжир Сахарасының оазистерін және Триполитанияны жайлағап байырғы халықтардың тіл тобы). БЕРНА — берна (Чехиядағы мемлекеттік салық). БОГОМИЛЫ — Құдай сүйгіштер (діни ерес түрінде тараған Болгариядағы феодалдарға қарсы шаруалар қозғалысына қатысушылар). БОГОСЛОВИЕ — «Құдай сөзі» (Құдай туралы, оның атри-буттары (сапалары) туралы, діни догматтары туралы, «қасиетті кітап» туралы шіркеу ілімі. Әр килы дәуірде әр түрлі діндер жасаған бұндай ілімдер аз емес. Догматикалары сан алуан болса да олардың бәрінің мақсаты бір болды—ол құдайға деген нанымды дәлелдеу. Демек, бүл ілімдер қалың бүқараны езудің, қанаудың құралына айналды). «БОЖЕСТВЕННАЯ КОМЕДИЯ» — «Құдайшылық комедия» (1307—1321 жылдары жазылған ұлы Италия ақыны Алигьері Дантенің поэмасы. Бұл шығарма Италияның әдебиет тілінің қалыптасуының негізін салды). «БОЖИЙ МИР», «БОЖЬЕ ПРЕМИРКЕ» — «Құдай ісі», «құдай келісімі» (белгілі бір мерзім ішінде соғыс әрекеттеріне тиым салу арқылы феодалдар арасындағы бақастық соғыстарды өз бақылауына алып, оларды тежеу үшін жасаған католик шіркеуінің әрекеттері). «БОЖИЙ СУД» — «Құдай соты» (ісі сотқа түскен адамдардың айыпты емес екенін анықтайтын тәсілі; ертеректегі орта ға сырлар кезінде Батыс Европада сотталғандарды отқа қақтап, оларға су шашып, не темір қарылды, сот жекпе-жегіне түсті). БОКЛЕНД — бокленд (жеке адамдардың меншігіне король грамотасы бойынша берілетін жер бөлігі. Бокленд бойынша жер сыйлау Англияда норман шапқыншылығына шейін кең тарады. Бұл жағдай жеке меншіктің қалыптасып, феодалдық қатынастардың даму процесін тездетті). БОЛОНСКЙЙ КОНКОРДАТ — Болонье конкордаты (1515 ж. Болонье қаласында Француз королі Франциск пен папа X.Лев арасында жасалған келісім. Болонье конкордаты француздық галликандық шіркеудің тәуелсіздігін көрсетіп, король қарамағыва шіркеу жерлерін берді және дін қызметіне адамдар тағайындау правосын бекітті). БОНДАРИЙ — бондарий (жер өлшемі; Сен-Жермен полиптігін бастырушы Герардың пікірінше, бондарий, пертика т.б. квадрат өлшемі бондарий 128 арға пара- пар; кейбір зерттеушілер оны ұзындық өлшемі деп жүр). БОРДАРИЙ — бордарийлер (қарамағында толық жер бөлігі жоқ Англияның орта ғасырдағы тәуелді шаруалар категориясы. XI ғасырда бордарийлер барлық ағылшын шаруаларының 1/3 бөлегі еді. Кейініректе олар тәуелді шаруалардың басқа тобымен сіңісіп кетті). «БОСОНОГИЕ» — «Жалаң аяқтар» (1634 ж. Нормандиядағы ірі халық көтерілісіне қатысушылар. Көтерілістің басталып кетуіне «габель» деп аталатын сұрапыл ауыр тұз салығы себеп болды. Бұл қозғалысты жалаңаяқ Жан басқарды). БРЕСТСКАЯ УНИЯ— Брест униясы (1596 жылғы Брест соборына Речь Посполита жерінде католик және православие шіркеулерінің бірігуі. Брест униясы бойынша поляк феодалдарының қол астында болған Украина мен Белоруссияның православие Рим папасының басшылығымен католик шіркеуінің догматтарын мойындауға тиіс болды. Брест униясы дін адамдарының неке қиып, құдайшылық кызметті шіркеу—славян тілінде жүргізуді мүмкін деп тапты. Брест Белорусь жерлерінде саяси үстемдігін нығайтудың құралы еді. Ресми түрде 1946 ж. Львовтағы шіркеу соборында таратылды). БРЕТОНСКАЯ МАРКА — Бретонь маркасы (Францияның тарихи облысы. Ұлы Карл кезінде Ролланд басқарған мықты бекініске айналды). БРЕТОНСКИЙ ЦИКЛ — Бретон циклі (орта ғасырлық серілік романдардың бір тарауы). БРЕТОНЦЫ — бретондықтар (Бретань түбіндегі Франция халқы. V—VI ғасырларда англ-сакстер шабуылы пәтижесінде Британнядан қоныс аударған кельттер ұрпағы). БУРГГРАФ — бургграф (әдетте феодалдык топтар ішінен император не қала сеньоры тағайындаған ортағасырлык Герма-ниядағы қала басы. XIII ғасырдан бастап калалардың экономи-калық дамуы өсіп, олардын өзін-өзі басқаруына ұмтылуына байланысты бургграф бірте-бірте өз мағынасын жоғалта бастады). «БУРГОВАЯ ТЕОРИЯ» — «бург теориясы» (Ортағасырлық қалалардың шығуын түсіндіруге тырысатын буржуазиялық тарихшылар мен экономистердің теорияларының бірі. Қалалар дамуының әлеуметтік - экономикалық тамырларын жоққа шығарып, «бург теориясы» қалалар қорғандардан, бекіністерден (бург) шықты деп есептейді). БУРГУНДСКАЯ ПРАВДА — «Бургундия заңы» (Бургундтар тайпаларының әдеттері негізінде V ғ. аяғында — VI ғ. басында Бургундия корольдарыныц заңдары мен нұсқауларының жинағы. «Бургундия заңы» Бургундия корольдігінің ертеректегі тарихын үйретуде, онда таптық қоғам дамуын және бургундықтардың галлия — Рим халқы мен қатынастарын зерттеуде ерекше орын алатын кұнды дерек). БУРГУНДЫ — бургундар (алғашқы кезде Бернхолым аралы мен Одра өзенінің бойын жайлаған герман тайпасы. Оңтүстік —батысқа бет алып жылжыған бургундар V ғ. басында Бормс қаласын орталық етіп, корольдік құрды. 436 ж. оларды Рим қолбасшысы Аэций күйретті. 443 ж. олардың қалдықтары федераттар (одақтастар) ретінде Савойя, кейініректе Лион провинцияларына орналастырылды. Рим империясының әлсірегенін пайдаланып бургундар Рона өзенінің бойын алып қойды. 457 ж. бургундия корольдігін орнатты, сөйтіп франк мемлекетінің құрамына кірді. Қейініректе француз ұлтын құрған топтар қатарына қосылды. БУРЖУА — буржуа (1. Феодалдык қоғамдағы сословиелердің бірі болған Батыс Европадағы орта ғасырлық. қала халқы; 2. буржуазия табының өкілдеріне қолданылатын ат). БУРЖУАЗИЯ — буржуазия (капиталисте қоғамның үстем табы, өндіріс құралдарынан айырылған жұмысшылардың жалдамалы еңбегін қанау арқылы өмір сүретін өндіріс құралдары мен негізгі аспаптар меншігіне ие тап). БЮРГЕРЫ — бюргерлер. (Батыс Европаның феодалдық кала халқы цех қолөнері мен сауданы экономикалык негіз еткен кала сословиесі. Бюргерлер сословиесі құрамы жағынан бір қилы болмады. Олардың қатарынан одан әрі даму нәтижесінде буржуазия табы қалыптасқан ауқатты топ бөлініп шықты. Уақ қолөнершілердің, шебер көмекшілерінің, қала плейбейлерінің негізгі тобы тарих сахнасына келген пролетариаттыц қалыпта- БРИТТЫ — бриттер (біздің эаманымыздың V ғасырына шейін Британияның негізгі халкы болған кельт тайпалары. Англ-сакстер шапкыншылығы нәтижесінде олардың көбі құртылды, біразы Уэльс пен Шотландияға ауысты, ал енді бір тобы кейін Бретень деп аталған галлиядағы Арморика түбегін қоныс етті. Англсакстер колында қалған бриттер тобы болашақ ағылшын ұлтын құрған негізгі элементтердің біріне айналды). БУЛЛА — булла —(мөр қойылған император не папа актілерінің аты. Кейініректегі дәуірде булла деп папаның тек маңызды указдары мен салтанатты хаттарын ғана атайтын болды). БУДАРИИ — см. Бондарий. БУРБОНЫ — бурбондар (Францияда 1580—1792, 1814 — 1848 жылдары, Испанияда 1700—1868, 1847—1931, Неапольда 1735—1806, 1814—1860 жылдары тақта отырған Француздың корольдік династиясы), БУРГ — бург (сыртқы жаулардан қорғау үшін салынған орта ғасырлық Батыс Европадағы бекініс орын. Қейініректе бург әскери және әкімшілік орталықтарға, сондай-ақ епископ резиденцияларына айналды. Қрепостниктік шаруаларды бағындыру үшін феодалдар бург (қорғандар) салды. Кейбір бургтер XI ғасырдан бастап қалаларға, қолөнері мен сауда орталықтарына айналды. XIV—XV ғасырларда орталық өкіметтің күшеюіне байланысты және артиллерияның шығуы нәтижесінде бург өз мағынасын жоғалтып алды). БУРГУНЬОНЫ — Бургуньондар (XIV ғ. екінші жартысында және XV ғ. басында, Жүз жылдық соғыс кезіндегі Франциядағы саяси дағдарыс уақытында өкімет билігі үшін таласқа түскен феодалдық топтардың бірі. Бүл күрес тек 1477 ж. XI Людовик кезінде ғана Өжет Карл өлген соң аяқталды (см. Арманьяки). БРОДНИҚИ — «қаңғыбастар» (XII—XIII ғасырлар терістік Қара теңіз бойының далаларын мекен еткен қырық рудан құралған қайыршы топтар. Зерттеушілер олар Киев мемлекетінен шыққандар мен сіңісіп кеткен байырғы славян жұртының қалдығы деп жорамаланды). «БРЮГСКАЯ ЗАУТРЕНЯ»— «Брюге азаны» (1302 ж. 15 майдағы француздар үстемдігіне қарсы Фландрия қаласы Брюгге халқының котерілісі. Көтеріліске ұйтқы болған Француз королі IV Филипптің өкіметіне және олармен одақта болған қала патрициатына қарсы шыққан қолөнершілер мен қала халқының төменгі тобы еді. «Брюгге азаны» кезінде 300 адамдай француз гарнизоны құртылды. «Брюгге азаны» сайып келгенде 1305 ж. Фландрияның басым көп бөлігін азат етуге әкеп соққан Франция қалаларын Француз үстемдігіне қарсы көтеріліске дем берді). В «ВАВИЛОНСКОЕ ПЛЕНЕНИЕ ПАП» — см. Авиньонское пленение пап (1309—1877). ВАГАНТЫ — ваганттар (орта ғасырлар дәуірінде кейбір Батыс Европа елдерінде кедей, қаңғыбас оқушылар. XII—XIII ғғ. қалалар мен университеттердің дамуына байланысты қайыршы кезбе студенттер және қоғамда орны жоқ уақ дін қызметкерлері — кликтер. Әлеуметтік жағдайы бойынша қала кедейлеріне жақын. Шіркеу ваганттарды қатты куғынға түсірді). ВАЛЬВАССОРЫ — вальвассорлар (Миландағы феодалдар табының төменгі тобы). ВАЛЬДЕНСЫ — вальденстер («Лион кедейлері», XII ғ. аяғында етек алған еретиктік секталар. Оңтүстік Франция, Терістік Италия, Германия, Чехияға тарады. Лион саудагері Петр Вальдтың атымен аталады). ВАНДАЛИЗМ — вандализм (мәдениет, рухани байлықты айуандық жолмен қүрту) см. ВАНДАЛЫ. ВАНДАЛЫ—вандалдар (Римнен қатал куреске түскен ежелгі герман тайпасы. 455 ж. Римді алып, онда көптеген теңдесі жоқ өнер үлгілерін құртты. «Вандал» деген сөз топас, дөрекі, шапқыншы, мәдениетті құртушы деген теңдеумен пара- пар болып кетті. ВАРВАРСКИЕ ПРАВДЫ — варварлық заңдар Батыс Рим империясының жерін жайлаған ежелгі герман тайпаларының әдет праволарының жинағы. Ең бастылары — Весгот заңы, Бургундия заңы, Салика заңы, Рипуар заңы, Аллеман заңы, Бавария заңы, Саксония заңы, Фриздер заңы, Тюрингия заңы, Лангобардтар заңы, Англ-сакс заңдары). ВАРВАРЫ — варварлар (гректер мен римдіктер өздері нәсілдес емес халықтардың бәрін осылай атаған. Біздің заманымыздың I ғ. бастап әсіресе германдықтар үшін жиі қолданылды. Варварлық шапқыншылықтар құл иеленушілікті жоюда үлкен роль атқарды). ВАРВАРСКИЕ ГОСУДАРСТВА — варварлық мемлекеттер (құл иеленушілік формацияның күйреуіне байланысты Рим жерінде пайда болған жаңа мемлекеттер — Вестготтар корольдігі, Бургундия, Остготтар корольдіктері т. б. ВАРФОЛОМЕЕВСКАЯ НОЧЬ — Варфоломей түні (1572 ж. 24 августіне қараған әулие Варфоломей түні, бүл түні Франция королі мен католиктердің бұйрығы бойынша Парижде гугеноттарды қыру басталды. Үш күн ішінде бірнеше мың гугеноттар бауыздалып, бұл қанды күрес бүкіл Францияға тарады). ВАСИЛИҚИ — василиктер (890 жылдары император VI Левтің кезінде жасалып біткен Византия заң каулыларының жинағы, 60 кітап болды). ВАССАЛ — вассал (орта ғасырлар дәуірінде ірі феодал-сеньордан жер иелігін (лен) алған уақ феодал; ол үшін ең алдымен әскер қызметін атқарып, көп жағынан сеньорға тәуелді болуға тиіс еді). ВАССАЛИТЕТ — вассалитет (Батыс Европа елдерінде орта ғасырларда кең тараған бір феодалдың екінші жер иесіне тәуелдігінен туған қатынастар жүйесі. Ол жүйе VIII—IX ғғ. Франк мемлекетінде әбден қалыптасып болды. Аграрлық қатынастардағы төңкеріс жер иеліктерін вассалдарға кеңірек үлестіруте мүмкіндік берді). «ВАССАЛ МОЕГО ВАССАЛА НЕ МОЙ ВАССАЛ» — «Менің вассалымның вассалы менің вассалым емес» (феодалдық-лендік қатынастарды айқын көрсететін, орта ғасырлар дәуірінде көп тараған мәтел). ВАТИКАН — Ватикан Рим қаласындағы жеті төбенің бірі; Рим жеріндегі теократиялық мемлекет—қала. Рим папасының ресми резиденциясы, Ватикан тарихы ертеректегі орта ғасырлар дәуірінен басталады). «ВЕЛИКАЯ ДИДАКТИКА» — «Ұлы дидактика» (чехтың ұлы педагогі Ян Коменскийдің 1632 ж. жазылған басты еңбегі). ВЕЛИКАЯ КРЕСТЬЯНСКАЯ ВОЙНА — см. КРЕСТЬЯНСКАЯ ВОЙНА 1524—1525 г. «ВЕЛИКАЯ ПРИВИЛЕГИЯ» — «Ұлы привилегия» 1477 ж. Өжет Карл қаза тапқан соң Гентте өткен Нидерландының жалпы штаттары Бургундиялық Марияның қол қоюына мәжбүр еткен еркіншілік хартиясы, 1494 ж. күшін жойды). ВЕЛИКАЯ ХАРТИЯ ВОЛЬНОСТЕЙ — Еркіншілік ұлы хартиясы 1215 ж. 15 июніиде Жерсіз Иоанн қол қойған хартия. 63 статьясы бар. Король өкіметінің күшеюіне қарсы болған барондар күресінің нәтижесінде олар көптеген артықшылықтарға ие болды. Англия сословиелік монархиясын құруға әкелген саяси күресте Хартия едәуір көрнекті роль атқарды. 1965 ж. жазда бұл документтің 750 жылдығы Ұлыбританияда ұлт тойы болып өткізілді. ВЕЛИКИЕ ГЕОГРАФИЧЕСКИЕ ОТКРЫТИЯ — Ұлы географиялық ашулар (XV ғ. ортасынан XVIII ғ. бірінші жартысынан шейінгі уақытты қамтитын жаңа жерлерді ашуға байланысты оқиғалар — Американы ашу, Индияға баратын теңіз жолын табу, бірінші дүниежүзілік саяхат т. б.). ВЕЛИКИЙ МАРТОВСКИЙ ОРДОНАНС — Ұлы март ордонансы (1357 ж. Париждегі Этьен Марсель басқарған қозғалыс кезінде Жалпы штаттардың ықпалымен қабылданды. Ордонанс бойынша штаттар көптеген праволарға ие болды, ол король өкіметін тежеудің айғағы еді). «ВЕЛИКИЙ ПУТЬ ИЗ ВАРЯГИ В ГРЕКИ» — «Гректен варягка баратын ұлы жол». ВЕЛИКИЙ РАСКОЛ» — «Ұлы ыдырау» (1378—1417 жылдар арасында католиктер әлемінің бөлшектенуі, бұл дәуірде тақ үшін таласқан папалар өзара қатал күреске түсті, екі-үш папа құрнясына бөлінді. 1417 ж. папа болып У Мартин сайланған соң, шіркеу бірлігі қалпына келтірілді, алайда католиктік шіркеу және папа өкіметі беделі көп төмен түсті). ВЕЛИКИЙ ШЕЛКОВЫЙ ПУТЬ— Ұлы Жібек жолы (орта ғасырлар тарихында көп аталатын Қытайдан Орта және Алғы Азияға баратын сауда жолы). ВЕЛИКОЕ ПЕРЕСЕЛЕНИЕ НАРОДОВ — Халықтардың ұлы көші (IV—VIII ғасырлардағы Герман, славян, сармат тайпаларының Рим империясы жеріне жасаған үздіксіз шапқыншылықтары, бұл жағдай Батыс Рим империясының күйреуіне және құл иеленушілік құрылыс орнына феодалдық қатынастардың келуіне мүмкіндік туғызды). ВЕЛЬЗЕРН — Вельзеридер XV—XVI ғасырларда Фугерлерден соң солтүстік неміс сауда-банк компанияларының _ ішінде көрнекті орын алған неміс патрициет тобының өкілдері. Ост-Индия экспедициясын ұйымдастырып, көптеген табысқа пе болды. ВЕЛЬФЫ — Вельфтер (Германиядағы князьдар руы. Сак-сондар жерін биледі. Генрих Лев Вельф Фридрих I Барбароссамен күресте көптеген иеліктерінен айрылды). см. такие ГВЕЛЬФЫ. ВЕНЕДЫ — венедтер (венеттер, вендтер, виндтер; славяндардың ежелгі жазба деректерінде аталатын аты). ВЕНЕТЫ И ПАРАСИНЫ — венеттер және парасиндер (Византия қалаларындағы цирк партиялары, әуелде спорт ұйымдары болып, V—VII ғасырларда саяси маңызы күшейді. Әлеуметтік қайшылықтар кейде екі партияның бірігіп, үкіметке қарсы күреске қатысуына итермеледі, мысалы, «Ника» көтерілісі). ВЕНЕДИАНСҚАЯ РЕСПУБЛИКА — Венеция республикасы (V—VIII ғасырлардағы Италиядағы аристократиялық республика). Орта ғасырларда көптеген көрші елдермен сауда-саттық қатынастарды қызу жүргізді. ВЕРГЕЛЬД — вергельд «адам құны», варварлық зандарда кісі өлтіргені үшін төленетін ақша айыбы. Оны не кісі өлтіруші, не оның туыстары төледі. Қанды кек орнына жүрді). ВЕРДЕНСКИЙ ДОГОВОР - Верден шарты (843 ж. Ұлы Карл империясын беліске салған шарт. Оған Карлдың немерелері Лотарь, Немістік Людовик және Қаска Карл қатысты. Бұл бөліс Европаның болашақ ірі мемлекеттері— Франция, Германия, Италияның негізін салды). ВЕСТГОТСКАЯ ПРАВДА — Вестготтар заңы — (вестготтар әдет правосының жинағы. 12 кітап, титул, статьяларға бөлінеді. Готтық Испаниядағы феодалдык процесті көрсетеді). ВЕСТГОТСКОЕ КОРОЛЕВСТВО — Вестготтар корольдігі (418 ж. Оңтустік Галлияда пайда болған Рим жеріндегі тұңғыш варварлық мемлекет. Испанияның көп жерін алып, орталығын Толедо қаласына көшірді. 711—718 жылдары арабтар Испанияға баса көктей кіріп, вестготтар мемлекетін күйретті). ВЕСТГОТЫ, ВИЗИГОТЫ — вестготтар, визиготтар; герман тайпасы, готтардың батыс тармағы, IV ғасырдың 70 жылдары гунндар шапқыншылығы кезінде Кара теңіз бойынан Дунай өзенінің ар жағына ығысты. Бірте-бірте бүкіл Батыс Европаны басып өтіп, Галлия, Испания жерлерін қонысқа айналдырды. Вестготтар дәуірі—испан халқының ертеректегі тарихындағы аса көрнекті кезең). ВЕСТ-ИНДСКАЯ КОМПАНИЯ — Вест-Индия компаниясы (1621 ж. акционерлік негізде құрылған Голландия компаниясы. Батыс Европа мен Америкада сауда-саттықты қызу жүргізді. Негізгі мақсаты—Америкада отарлар жаулап алу, жаңа қоныс- тарда мақта, қант қызылшасын өндіру үшін құлдар апару т. б. Солтүстік Америкада Жаңа Амстердам (Нью-Йорк) орнатты, компания 1792 жылға шейін өмір сүрді). ВЕСТМИНИСТЕРСКИЕ СТАТУТЫ — Вестминистер ста-туттары (VIII—XIV ғасырлардағы әрқилы мағынадағы ағылшын феодалдық мемлекетінің заңдар жинағы. Батылары — 1275 ж. Бірінші Вестминистер статуты, 1285 ж. Екінші, 1290 ж. Үшінші, 1295 ж. Төртінші статуттар феодалдық правоның принциптерін қорғап, тәуелді шаруалар правосын жоққа шығарды, оларды право жағынан қорғауға ешбір мүмкіндік бермейді). ВЕСТФАЛИЯ — Вестфалия (Батыс Германияның тарихи облысы. Сакстер жері. XII ғасырда бытыраңқылық кезінде 30 феодалдык иелікке бөлінді). ВЕСТФАЛЬСКИЙ МИР — Вестфаль шарты (1648 жылы Отызжылдықтың аяқталуына байланысты жасалды. 24 октябрьде Мюнстер каласында ұзаққа созылған келіссөзден кейін ғана қол койылды. Екі шартқа бөлінді —Оснабрюк және Мюнстер шарттары. Бұл шарт сайып келгенде Германиянын саяси бөлшектенуін одан әрі тереңдетті). «ВЕЧНЫЙ СОЮЗ» — «Мәңгі одақ» (1291 ж. құрылған Швейцарияның үш орман қауымының —Ури, Швиц, Унтерваль-ден одағы. Бұл Швейцария конференциясыныц бастамасы болды, Габсбургтер зорлығына қарсы бағытталды). ғалауын Гренландия нормандары осылай атады. Бұл жағалауды 1000 жылдың басында Лейф Эйрикасы ашкан еді). ВИРГАТА — виргата (ең аз жер бөлігі — 30 акрға пара-пар, Англиядағы «гайданың» 1/4 бөлегі. Варварлық заңдарда жиі аталады. ВЛАСТЕЛИ — см. ДИНАТЫ. ВНЕЭКОНОМИЧЕСКИЕ ПРИНУЖДЕНИЕ — экономикадан тыс зорлау (құл иеленушілік және феодалдық таптық фор-мацияларға тән еқбекке зорлаудың басты түрі, бұл жүйе үстем болған кезде еңбекшілер бүтіндей үстем таптар пайдасына түсуге қажет). ВОЕННАЯ ДЕМОКРАТИЯ — соғыс демократиясы (алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының соңғы дәуірі. Герман-дыктардың мемлекеттен бұрынғы қоғамдық құрылысын Ф.Энгельс осылай атады. Соғыс демократиясы жуйесін басынан кешірген халықтар қатарында Гомер дәуіріндегі гректер, патша заманындағы римдіктер, норманндар, ацтектер бар). ВОЗРОЖДЕНИЕ, РЕНЕССАНС — Өркендеу дәуірі, Ренессанс (Батыс және Орталық Европаның кейбір елдеріндегі капиталистік қатынастардың тууымен байланысты идеологиялық және мәдени дамуды көрсететін дәуір, Италияда—XIV—XVI ғасырлар, басқа елдерде — XV—XVI ғғ. Бұл термин алғаш рет Италия суретшісі және тарихшысы Джорджо Вазаридің еңбектерінде аталады). ВОЗРОЖДЕНИЕ КАРОЛИНГСКОЕ — Каролингтер дәуіріндегі өркендеу см. КАРОЛИНГСКОЕ ВОЗРОЖДЕНИЕ. ВОЙНА АЛОЙ И БЕЛОЙ РОЗЫ — Қызғалдақтар мен сарғалдақтар соғысы 1455—1485 жылдарды камтитын, Ланкастер, лер мен Иорктер өкілдері арасындағы тақ үшін басталған феодалдық бақталастық қанды соғыстар 2 Дәрістер Жаңа заман әлемдік тарихтың біршама күрделі кезеңі болып табылады. Ол еуропалық дәстүрлі қоғамның дағдарысты дамуы және құлдырау жәйттерін, сондай-ақ буржуазиялық қоғамдық жүйенің революциялық келбеті мен индустриалды қоғам негізінің мезгілдік қалыптасуын желістеумен байланысты. Еуропа және Америка елдерінің жаңа заиан тарихы 1640-жылғы Ағылшын буржуазиялық революциясы оқиғасымен мөлшерленеді. Осының өзінде бұл мезгіл, біршама мөлшерлеуден соң ғана келісіммен алынып отыр. ХҮІІ ғасырдың ортасындағы Ағылшын революциясының маңыздылығы, бәрінен де оның еуропалық ауқымдығы модернизация процессінің қарыштауына негіз болумен сипатталады.ХІХғ. басындағы капитализм генезисінің ерте кезеңі ерекшелігін бейнелейтін тарихи оқиға ретінде алынады. Буржуазияның қалыптасуы, өнеркәсіптің дамуы, жаңа қатынастарды тудырады. Осы кезең жаңа кезең деп аталады. Бұл кезеңнің өзіне тән ерекшеліктері жеткілікті. Қазіргі заман тарихы да айтулы оқиғаларға байланысты шеңберлері анықталған. Қазіргі заман тарихы өз ішінде екіге бөлініп қарастырылады. І- дүние жүзілік соғыстан кейінгі әлемнің даму желісіне байланысты жеке қарастырады. Екі соғыс аралығындағы Еуропа мен Америка елдерінің саяси, экономикалық даму ерекшеліктері және экономиканы дамыту мақсатнда жер, отар үшін күрестерге толы тарихи кезең болып табылады. Сондай ақ ІІ-дүние жүзілік соғыс, фашизм, тоталитаризм сынды терминдерге толы кезең болып табылады. Қазіргі кездегі халықаралық ұйымдардың құрылуы, қазіргі дипломатиялық қатынастардың баспалдақтарының қалыптасу тарихын оқытады. 2.ХҮІІ-ғ.ІІ-артысы ХІХ-ғ. басындағы Еуропа елдері Европадағы ағартушылықта Англияның алатын орны ерекше.Себебі ағартушылықтың отаны Англиядан бастау алған еді.Ағылшын ағартушылығының саяси негізін салушы Джон Локк болып есептеледі.Ол мемлекетті ымыралы келіскен қоғам өнімі ретінде қабылдаған болатын.Ол басқы тетік ретінде қоғамдағы адам моралін қарастырады. Азаматтық құқықтар емес, адам ішінде жасырынған үнсіз, келісімшілік пен сыйласылымдылық басты роль атқаруы тиіс деп есептеген тұғын.Бұл адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін басты фактор болуы тиіс дейді.Локктің конституциялық идеялары негізінен Англияның саяси құрылымына негізделген ,яғни буржуазия мен дворян арасындағы ымыраға бағытталған болатын. 18ғ.Англиядағы ескі мемлекеттік билік жаңа мазмұнмен толыға түсті.1701- жылы парламент екі заң қабылдайды.Онда Стюарттар династиясының мұрагерлігіне шектеу қойылған болатын.Бірінші документ –Тақты бекіту Биллі болып саналды.Тақ Гонноверлер династиясының өкілдеріне берілу жайында еді.Екінші документ- «Корольдіктің стакусы» және парламентаризм енгізілді.Парламент министірлер алды жауапты болуы тиісті болған.Королева Анна(1665-1714жж.) тұсында парламенттік биліктің күшеюі жүрген еді.Тіпті Георг ІІ(1638-1760жж.) кезінде вето құқығынан айрылады.Парламен отырысына қатынасу құқығынан да айрылған болатын.Парламент екі палатадан тұрды.Лордтар және общинадан.Парламент пен король арсындағы күресте 17ғасырдан бері өмір сүріп келе жатқан тюри және виги партиялары өте көп күш салады.1714жылдан бастап Англияны король емес виги партиясынан шыққан буржуазия мүддесін қорғайтын министірлер басқарды.1760-жылдан бастап ГеоргІІІ(1738-1820жж.) кезінен үкімет басына абсалютизмнің жақтаушылары тюри партиясы билікке келген еді. Мануфактура қоғамның дамуына байланысты өздігінен қалыптаса бастады.Феодалдық қатынастың сақталуымен қатар мануфактуралардың көбеюі қоғамда алаңдаушылықтар тудыра бастады.18ғ.Англияда мануфактура ұлттық деңгейде дами түсті, себебі, өндірістің дамуы ішкі нарықтың сұранысына сәйкес келе бастаған болатын.Осыған байланысты Англияда өнеркәсіп төңкерісінің алғышарттары қалыптаса бастады.Негізгі төңкеріс тоқыма өндірісінде етек алды.Дж.Кей (1704-1764жж.)тоқыма самалеті, Дж.Харгривстің тоқыма машинасы және т.б. осындай техникасының арқасында Англияда бұл салада үлен өзгерістер болды.Бұл қол өндірісінің техника өндірісіне бәсекелес бола алмауына әкеліп соқтырды.Джейммс Уатт(1736-1819жж.) ойлап тапқан бу машинасы да көптеген қол күшін қысқартқан еді.Бұрынғы ағаштың орнына Англияда енді көмір қолданысқа ене бастады.Бұндай жағдайлар жол қатынастары мен темір жолдың ұзаруына жол ашты. Англия жол мәселесі жөнінен Франция мен Италиядан біршама артта қалған болатын.18-ғ.Англиядағы жөнделген жолдардың ұзындығы 1600 мильге жеткен еді.Сауда қатынастары болса Англияда жақсы дамыды. Негізгі бәсекелесі болып Франция саналды.Британ тауарлары Нидерландыда, Германияда үлкен сұранысқа ие болды.Қалай дегенмен де сыртқы саудада Франция Англияға үлкен бәсекелес болды.Францияның халқы да, портты қалалары да Англидан екі есеге артық болды.Кеме саудасы да Англиядан қарағанда жақсы жолға қойылған еді. 1799ж 9-қарашадағы мемлекеттік төңкерістен кейін билік үш консулдың қолына өтті, Бірақ іс жүзінде Бонапарттың яғни І консулдың колында болды. Ол кейін жеке өзі билік жүргізгісі келіп өзінің билігін заңдастыруға асықты. Жаңа конститутция қабылданды. Конституция бойынша Франция республика болып қалды. Конст-ға сәйкес І консул бас әскер қолбасшысы болды, заң шығаратын өкімет органының барлық мүшелерін тағайындады. Департаменттерді басқару үшін үкімет префект-шенеуніктерін тағайындады. Бүкіл Францияны қатаң орталықтанған әкімшілік жүйе биледі. Ең күшті мекеме полиция болды. Оны Жозеф Фуше басқарды. Қатаң цензура орнады. 1801 жылы котолик шіркеуінің дінбасы Рим папасымен конкордантқа қол қойды. 1804 ж Рим папасы салтанатты түрде Напалеонға тәж кигізді. Наполеон ұсынысымен Француз эпископтарын Рим папасы тағайындады. Франциядағы 18 брюлер төңкерісінен кейін қала буржузиясына сүйенген Напалеон Бонопарт диктатурасы орнады. 1804 жылға дейін бұл режим Консулдық түрде Франция республика болса 1804 жылдан бері Н. Бонапарт «Францияның императоры» атанды. Мемлекеттік төңкерістен кейін өз билігін заңды түрде бекітті. Жаңа конститутция бойынша билік І Консулдың қолына шоғырланды. Төрт заң шығарушы орган- сенат, мемлекеттік кеңес, трибунат, заң шығаушы корпус тек атауы ғана болды. Наполеон парламенттік режимді жойды. Оның орнына полицейлік-чиновниктік жүйе орнады. Демократтар қуғындалып, репрессияға ұшырады. Наполеон Яксбиншілерді құртуға тырысты. Папа УІІ Пиемен 1804ж келісім жасалып (Конкордат), 1802ж күшіне енді. Келісім бойынша католицизм басым көпшілік азаматтардың дініне айналды. Напалеон өндірісшілер, кәсіпкерлер, банкирлер мен саудагерлер әрекеттерін қолдап отырды. 1800жылы Франция банкінің негізі қаланды. Революция жылдарындағы заңдардың көпшілігі жойылып, Ле-Шапелье заңы қалдырылды. Мұнда: жұмысшылардың өз мүдделерін қорғау ұйымына құқық бермеу және өндірісшілердің оларды эксплуатациялаудың шектелмеген мүмкіндігіне жол берілді. 1804-1808жж Азаматтық, Комерциялық және Қылмыстық кодестер шығарылып олар «Наполеон кодексі деген атаққа ие болды.» Кодекстер Францияның дамуына мүмкіншіліктер туғызды. Ауыл шаруашылығы ойдағыдай дамыды. Бюджеттегі тапшылықты жою және де Француз ақшасы-Франктің тұрақтылығы сұрау арқасында экономикасының жақсаруына қол жетті. Қағаз ақша шығару есебімен бюджет тапшылығы жабылды. 1804 жылға қарай Наполеон мемлекеттің шығынымен кірісін теңестіруге қол жеткізді. Ақшаның айналымын реттеу үшін Француз банкі құрылды. Жеке меншік сауда жөніндегі заңдар жинағы құрастырылды. 10 жылдың ішінде Франция мықты әлем державасына айналды. Францияның бұл жетістіктері Наполеонның атымен байланысты болды. 1802 жылы оны өмір бойына консул етіп жариялады. 1804 жылы 18 мамырда сенаттың указымен Наполеон Францияның императоры атанды. Бұдан кейін Наполеон Италия республикасын корелевствоға айналдырып, Италия королі титулын қабылдады. Франция империяға айналды. Наполеон Францияда дворяндықты қалпына келтірді. Напоеон өз генералдарын маршал жоғары шен тұлғаларды марапаттап қамалдармен жер силады, князь, герцог, граф, барон титулдарын берді. Парижге қайта оралған Наполеон Ресей мен оның одақтасы Прусияға қарсы жаңа соғыс үшін әскер құра бастады. 1813ж 15 апрелде Наполеон өз әскерімен Эрфурттан орыс және прус әскерлеріне қарсы соғысқа аттанды. 1813 жылы көктемде Францияға қарсы Ресей мен Англия сонымен қатар Пруссия, Швеция, Испания мен Португалиядан құрылған 6-шы коалиция құрылды. Австриямен, Лейпциг (1813ж 16-19 қазан) түбінде Франция 65 мың адамнан айырылды. 1814ж 31 наурызда коалиция әскері Парижге кіріп 6-шы апрелде Наполеон тақтан мәжбүрлі түрде түсті. Оған Эльба аралы беріліп, Франциядан сонда жер аударылды. Елдегі жағдай ХҮІІ-ғ.терең саяси –экономикалық құлдыраумен ұласып, ХҮІІІғ. Дейін жалғасады. Елдегі жағдай ХҮІІІ-ғ. Апенин жарты аралының бірінен соң бірі орын алған еуропалық соғыстар сахнасына айналуы тұсында тіптен шиеленісе түседі.Испан және Австрия мұрагерлігі үшін соғыс және Жеті жылдық соғыс белгілі белгілі бір мөлшерлерде барлық мемлекеттердің жағдайын күйретіп, билік еткен әулеттер мен олардың шекаралық бөліктерінде төтенше тұрақсыздыққа жол ашты. 1714-ж. Рештат бейбіт келісіміне сәйкес, Милан герцогіндегі (Ломбардия) испан билігі австриялық иелікпен алмасты. Орталық Италияда да билік жаңадан Габсбургтер әулетіне ағайын, бір жағынан тәуелді де Лотарингская және дЭсте әулеттерінің бағыныштылығына өтеді. ХҮІІІ-ғ. ортасындағы италиандық мемлекеттердің бірқатарындағы біршама мөлшердегі экономикалық жанданулар ғана Ағартушылық идеяларының таралуына жол ашты. ХҮІІІ-ғ.ІІ-жартысында біршама нәтижелі реформалар Мария Терезияның кіші ұлы, атақты герцог Петр Леопольд тұсында дүниеге келді. Мұнда салық реформалары мен жылжымайтын мүліктерді сату-сатып алудағы шектеулерден басқа, цех жүйесі, инквизиция, «өлі қолдар» құқығы таратылады. 1786-жылы Еуропада өз уақытына сай ілгерлі болып саналған қылмыстық заң қабылданып, қорлау мен өлім жасасын жойды. 3.ХҮІІ-ғ.ІІ-жартысы –ХІХ-ғ. басындағы Америка Ұлы географиялық ашылулар кезеңінде Үндістанды ашуды мақсат тұтқан Колумб Американы ашқаннан кейін, оны Үндістан деп атады. Кейіннен ол жер Америго Веспуччидің есімімен «Америка» деп атап кетті. 1607 жылы Солтүстік Америкада Джеймстаун фортының негізін салған Лондон компаниясы мен Плимут акционерлік компаниясы пайда болды. Бұл жерде орныққан алғашқы колония – Виргиния. Виргинияның жері тың, ну күйде болғандықтан, оны тазартуға көп күш қажет болды. Үндістерді құлдыққа айналдыру дұрыс нәтиже бермегендіктен, қара еріксіздер, яғни негрлер әкеліне бастады. 1619 жылы Виргинияға тұңғыш рет құлдар әкелініп сатылды. 1630 жылы Виргиниядағы құлдар саны 50 болса, 1660 жылы олар 950-ге жетіп, 1780 жылы 220582-ден асты. XVII-XVIII ғасырларда Атлант мұхиты жағалауында ағылшынның 13 отары құрылды. Жаңа Англияда қолөнер, мануфактура кең өріс алды. Оңтүстік Каролина, Джорджияда құл еңбегі көбіне плантациялық шаруашылықта қалдырылды. Американдық буржуазиялық тарихнамада Жаңа англияның негізін қалаған Ағылшындық пуритандар Америкаға таза діни идеалдар соңынан, діни және азаматтық еркіндік қоғам құру мақсатымен келіп, қазіргі Американың негізін қалады деген аңыз көп кездеседі. 1776 жылы 4 шілдеде халық қысымымен Конгресс «Тәуелсіздік Декларациясын», ягни Англияның бөлектенуі туралы өтініш қабылдайды. Бұл құжаттың авторы өз заманының алдыңғы қатарлы ойшылы, атақты саяси қызметкер Т. Джефферсон еді. 1783 жылы колониялардың тәуелсіздігі туралы келісімге қол қойылады. Революцияның соғыстағы таптар күресінде АҚШ-тағы билік жер иеленуші- аристократтардан Солтүстіктегі сауда өндірістік буржуазия қолына өтті. 1787 жылы негізінен бүгінгі күнге дейін сақталған конституция қабылданды. Ол конституция бойынша атқарушы билік 4 жылға сайланатын президенттің қолында болды. АҚШ-тың алғашқы президенті Д. Вашингтон болды. 1791 жылы аталған контитуция «Құқықтар туралы заңмен» толықтырылды. Америкадағы тәуелсіздік жолындағы соғыстың нәтижесінде отарларда капитализмнің дамуына кедергі болып отырған отарлық қанау мен ағылшын жер иеленушілерінің үстемдігі жойылды. Ауыл шаруашылығында капитализмнің дауының американдық немесе фермерлік жолы қалыптасты. Ол революцияның түпкі мақсаты капитализмді жақсы дамытуға қажетті ең негізгі фактор еді. 1784-1787 жылдары АҚШ конгресі Батыс жерлерін мемлекеттік жер деп жариялады. Ал 1784-1785 жылдары жерді 640 акр көлеммен сату туралы шешім қабылданды. Сауда-өнеркәсіптік дамуға кедергі болған ескі тәртіптер жойылып, капиталистік даму тездей түсті. Құлдықты жою мәселесі толығымен шешілмеді. Ол тек 2-ші азамат соғысы кезінде ғана жүзеге асырылды. Американ революциясы жайлы К. Маркс: «Еуропа буржуазиясы үшін соғылған дабыл қоңырауы», - деп жазады. Жалпы алғанда, бұл соғыс Американы езген және отарлық құлдықта ұстаған ағылшын қарақшыларына қарсы Американ халқының соғысы болды. ХҮІІІғасырдың соңы ХІХ ғасырдың алғашқы он жылдығында АҚШ-тың экономикалық даму деңгейі Батыс Европадан әсіресе Англиядан артта қалып отырған болатын. Оның өнеркәсібі енді ғана аяғынан тұра бастады. Бірақ та капиталдың шоғарырлануы, ішкі нарықтың қалыптасуы және ағылшынның техникалық жетістіктері өнеркәсіптегі төңкеріске түрткі болды. ХҮІІІ ғасырдың 90 жылдарында АҚШ та жеке фабрика түріндегі кәсіпорындар пайда болса, ал ХІХ ғасырдың екінші ширегінде фабрикалық жүйеге енгізіле бастады. АҚШтың тұңғыш призеденті Джордж Вашингтон (1789-1797жж) кезінде елдің қаржы жүйесі нығайтылып ұлттық банк Құрылды және бірыңғай ақша жүйесі енгізілді. ХІХ ғасырдың І ширегінде құбырлар салына бастады. 30 жылдардың басында теміржолдар пайда болды, ал 1860 жылы 30626 млн. жеткен теміржолдардың ұзындығы бойынша дүниежүзінде АҚШ 1 орынға шықты. 1869 жылы континент аралық жолдар жұмыс жасай бастады. АҚШ жалпы Батыстық бағытта дами бастады еркін жатқан аумақтар бірінен соң бірі қоныстанып кейін олар тең құқылы штаттар ретінде Одаққа қабылданды. 1861 жылыдың өзінде АҚШ аумағында 40 штат болды. АҚШта өнеркәсіптегі жұмысшы табы қалыптасты. Иммигранттар ғана емес, сондай-ақ көптеген американдықтар да еңбек ақысын ақш түрінде алуды бағалай бастады. Америкалық қоғамға тән сипат алған жағдай жастардың фабрикаларда жұмыс істеуге ұмтылысы болды. Фермер шаруашылықтар отбасының үлкен балалары мұра қылса, кішілері бөлініп шығып өз бетінше еңбек етіп, ақша таба бастады. Сословаиліқ ұғым жоқ америкалық қоғамда еңбек ақы табуға көптеген жағдайлар болғандықтан, «баю» мүмкіншілігі мол еді: балалары ата-аналарынан асып түсуге ұмтылды. Бұған иммеграция қолайлы жағдай туғызды: АҚШ азаматтарының жоғары өрлеуіне мүмкіндік жасады. Ірі америкалық алпауыттардың бәрі осындай төменнен шыққандар еді. Техникаларды жетілдіру арқылы және жалдамалы жұмысшылардың көбеюі есебінен дамитын өнеркәсіптік өндірістен айырмашылығы плантациялық құлдық, экстенцивті (сапалық емес, сан жағынан көбею), сипатта болып жаңа жерлерді көп қажет етті. Бұрынғы шекарасынан асып жайыла түсу құл иеленуші штаттардың өмір сүру заңдылығы болды. Бос жатқан жерлерді қоныстану бар қоғамның мүддесіне айналдырғанымен, құл иеленушілердің өздерінің оңтүстіктегі «ерекше» мүддлерін қатыгездікпен қорғады. Тәуесіздік үшін соғыс аяқтала салысымен құрамы штаттар жер кеңейту мәселесімен айналыса бастады. Алғашқы он үш штатқа соғы кезде үндістерден тартып алған кенттуки 1792 , теннеси (1796) және огаио (1803) қосылды. 1787 жылы қабылданған және бүгінгі күнге дейін күшін жоймаған АҚШ конституциясы саяси партиялар құруды ескеріп, төрт жылға сайланатын президент арқылы қуатты орталықтандырылған билікті бекіті. АҚШтың құрылуының барысында Джордж Вашингтон, Бенжамин Франклин, Джеймс Мэдисон, Джон Адамс, Александр Гамильтон тұрды. АҚШтың тұңғыш президенті болып 1789 жылы Джордж Вашингтон (1732-1804) сайланды. Дж.Вашингтон билік басындағы федералистер партиясына жетекшілік етті. Дж.Вашингтон әкімшілігінің қаржы министрі Александр Гамильтон (1757- 1804) жеке өнеркәсіп пен сауданың дамуын жақтады. Ол тек осы жол ғана елді өркениетке жеткізеді деп дәлелдеді. Гамилтонның пікірінше, федералды үкімет өнеркәсіптің дамуын жан-жақты қолдауы тиіс. Яғни, оған жеңілдік түрінде несие беру, бақталастарынан кедендік салық көлемі арқылы қорғау. А.Гамилдтон қаржы жүйесін тәртіпке келтіріп, АҚШ Ұлттық банкін құру қажеттігіне федералды үкіметтің көзін жетікізеді. Құрама Штатардың бірінші Ұлттық банкі 1791 жылы құрылып,1811 жылға дейін жұмыс жасады. 4.1815-1918 ж.ж. Еуропа елдері Наполеондық Франциямен соғыста жеңіске жеткен Англия 1815 – 1816 жж. ауыр экономикалық кризисті бастан кешірді. Металлургиялық заводтар мен шахталар жабылып, мыңдаған жұмысшылар жұмыссыз қалды. Ағылшын жериеленушілері парламентте сырттан келетін нан өнімдеріне салықтың жоғарылауы туралы заңдардың қабылдануына қол жеткізді. Бұл заңдар бидай импортын тоқтатып, жериеленушілердің өз ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасын жоғарылатуға мүмкіндік берді. Буржуа тап өкілдері “Нан заңдарына” қарсы шығып, өз тауарларын экспорттауға мүмкіндік алғысы келді. ХІХ ғ. ортасында Англияда өндірістік революция аяқталды. Ірі өндірістік қалалар пайда болды. 2,5 млн.халқы бар Лондон әлемнің банктік орталығына йналды. Пролетариат пен буржуазия негізгі таптарға айналды. Өндірістік қалалардың төрттен үш бөлігін фабрикалық жұмысшылар және қолөнершілер құрады. Ағылшын қоғамының ең бай табы – фабрикалық жұмысшылар болды. Бірақ саяси билік бұрынғыдай ақсүйек – жериеленушілер мен қаржы басшыларының қолында шоғырланды. 1812 – 1827 жж.аралығында билікті торилер жүргізді. Буржуаз интеллигенциясының радикалды элементтері (журналисттер, жазушылар) және қолөнершілер мен жұмысшылар сайлау реформаларын талап етті. Митингтерде сайлау жүйесін өзгерту, “нан заңдарын” жою, т.б.мәселелерді алға қойды. 1819 ж.қарашада өкімет асығыс түрде парламентте алты репрессивтік заң қабылдады, кейін бұл “ауыз жабуға арналған акттер” атауына ие болды. Публицист Коббет өзінің “Саяси бақылаушы” газетінде реформаларды жақтап, революцияның болу мүмкіндігін жазды. 20 жылдары Лондонда Плейс басқарған “Ұлттық саяси ассоциация”, Бименгемде Атвудтың “Саяси одағы” құрылды. Олар белгілі – бір меншігі барларға дауыс беру құқығын талап етті. 1830 ж.Оңтүстік Англияда қаналған батрактар мен барынан айырылған ауыл қолөнершілерінің көтеріліс толқыны өтті. Елдегі шиеленіскен жағдай нәтижесінде тори өкіметі отставкаға кетуге мәжбүр болды. 1831 ж.наурызында билікке премьер – министр Грей басшылығымен вигилер келді. Грей өкіметі ІY Вильгельмнен лордтар палатасына 60 жаңа пэрлерді тағайындауға келісім алды.1832 ж.7-маусымда билль заңға айналып, күрес қалың халық қозғалыстарына сүйенген өнеркәсіпшілер жеңісімен аяқталды. Елдегі саяси билікке бай өндірістік буржуа келді. Ірі капиталға ие болған олар, қауым палатасы арқылы елдің ішкі және сыртқы саясатына әсер ете алды. Өз кезегіне, ториліктер өздерінің позицияларын нығайту мақсатында бірқатар іс – шаралар жүргізді. 1601 ж.бері әр округтегі халықтан кедейлерді қамтамасыз ету үшін жиналған салықтардың орнына 1834 ж.бастап жұмысшылар үйлері пайда болды. Мұнда жұмыссыздар, қарттар, жетімдер мен еңбекке жарамсыздар болды. Әйелдер – күйеулерінен, ана мен әкелер – балаларынан ажыратылып, барлығын да ауыр жұмысқа салды. 1824 ж.парламент жұмысшыларға жалақы туралы келісім құру үшін тред – юниондар ұйымдастыруға рұқсат берді. 1834 ж.екі жыл өмір сүрген, 500 мыңнан астам жұмысшыларды біріктірген жалпыағылшын Ұлы ұлттық профессионалды одақ пайда болды. Оның құрылуында ағылшын социалист – утописті Роберт Оуэн үлкен роль атқарды. 1836 ж.жұмысшылар тобы Лондондық жұмысшылар ассоциациясын құрып, жұмысшылар үшін дауыс беру құқығын талап етті. 1837 ж.пролетариат, кедейлер, т.б.біріктірген Демократиялық ассоциация құрылды. Оның ұйымдастырушысы талантты журналист, оратор – Джродж Джулиан Гарни болды. 1838 ж.көктемде Лондондық жұмысшылар ассоциациясы атынан Ловетт Халықтық хартия (ағ.чартер) атанған, сайлау реформасы туралы жаңа заң роектын жариялады: 1)21 жасқа толған барлық ер азаматтарға даыс беру құқығын беру; 2)құпия дауыс беру; 3)бүкіл Англиның тең сайлау округтеріне бөлінуі және парламентке бір елші жіберу; 4)парламенттегі жыл сайынғы сайлау; 5)сайлауға жіберілудегі ешбір меншіктік цензтің болмауы; 6)парламент депутаттарын марапаттау. Чартистік қозғалыстың І – кезеңінің ерекшелігі – бұл мүшелерінің құрамы: фабрикалық жұмысшылардан – буржуаздық демокаттарға дейін. 1837 – 1839 жж.экономикалық кризис өндірістің төмендеуіне әкеліп, нәтижесінде мыңдаған жұмыссыздар чартистердің қатарына қосылды. 1842 ж.Ұлттық чартистік ассоциацияда бүкіл Англия бойынша 400 бөлімшесі және 40 мың мүшесі болды. Бұл алғашқы пролетариат партиясы еді. Чартистердің петициясы ағылшын пролетариатының таптық санасының өскендігін байқатты. Ең алдымен петиция жұмысшыларға саяси құқық пен әлеуметтік талаптар – жұмысшылар үйлерін жою, шіркеу кірістерін азайту, ақсүйек монополияларының жер иемденуін тоқтатуды талап етті. Алғашқы рет жұмысшылар Ирландияның өз алдына бөлектенуіне талап қойды. 1842 ж.2-мамырда петиция парламентке беріліп, қолдау таппады. Ірі көтерілістер толқыны өтті. Бірақ орталықтанған басқарудың болмауы, көтерілісшілерді қаржыландырудың болмауы және мақсаттағы бірліктің болмауы – көтерілістің нәтижесіз болуына әкелді. Көтерілісшілер қуғынға түсіп, қатаң жазаланды. 1842 ж.аяғында чартистік қозғалыс біртіндеп басылып, Ұлттық чартистік ассоциацияның саны 5000 адамға жетті. Мұндағы барлық оқиғалардың зор маңызы болды: олар пролетариаттың буржуазиядан бөлінуіне мүмкіндік берді және чартистік қозғалыстың прлетариаттық сипатын ерекшеледі. 30 – 60 жж.Англияның ішкі саясаты ХYІІІ ғ.қалыптасқан және өндірістік буржуазияның мүдделеріне сай құрылған принциптерге негізделді. Бұл саясатты 20 жыл бойы Пальмерстон жүргізді. 1850 жылдары Англия Ресей империясының қарқынды өсуіне үреумен қарады. Петербургте І Николай ағылшын елшісіне Турцияға қарсы одақ құруды ұсынды. Бірақ Англия Өз мүдделерін есептеп, 1853 ж.басталған орыс – түрік соғысында Турция жағында Франциямен одақ құрды. Крым соғысынан кейін Англияның ең қауіпті жауларының бірі – ІІІ Наполеонның Франциясы еді. Англиядағы ішкі қоғамдық күрестерге 1861 – 1865 жж.АҚШ – ғы Азаматтық соғыс кезеңіндегі ағылшын өкіметінің саясаты көр әсер етті. ХІХ ғ.ортасында Англия ірі отаршы империя болды. Бұл империяның маңызды бөлігі – Үндістан еді. 1857 – 1859 жж. халық қозғалысы бұл елдегі барлық отарлық жүйені дүр еткізді. Көтерілісті басу үшін ағылшындық отаршылар жергілікті феодалдармен бірлесті. 1859 ж.үнділердің ұлттық қозғалысы жанышталып, ағылшын өкіметі елдегі өз билік аппаратын күшейтті және оны ағылшын экспансиясының Азидағы плацдармына айналдырды. 1852 – 1853 жж.отарлаушы соғыстардың нәтижесінде Англияның үнді иеліктеріне Оңтүстік Бирма, кейін бүкіл Малайя, Сингапур, Пенанг және Малккуда қосылды. 1861ж.Батыс Африкадағы Лагос(Нигерия), 1850 – 60 жж.Австралия, Жаңа Зеландия бағындырылды. 1865 ж.Дж.Рассел премьер – министр болды. Оның кабинетіндегі ең көрнекті мүшесі қаржы министрі У.Гладстон еді. Ол Вест – Индиядағы ағылшын иеліктеріндегі құлдардың асығыс түрде босатылуынан қауіптенді, “нан заңдарын”, Ирландиядағы репрессия, университетке түсушілердің діни сенімін тексеруді қолдады. Рассельдің орнына келген граф Дерби өкіметінің қаржы министрі Дизраэли Гладстон билі проектынан екі есе асып түскен реформа проектын ұсынды. 1867 ж. 15 тамызда билль заңға айналды. 1868 ж.ақпанда Дерби денсаулығына байланысты отставкаға кетіп, королева кабинетінің құрылымын Дизраэльге тапсырды. 1868 ж. 13 шілдеде өкімет палатаны таратып, жаңа сайлау нәтижесінде либералдар басым түсіп, Дизраэль өкіметі Гладстон бастаған Кабинетке орнын берді. Гладстон реформаларының бірі – бастауыш білім беру болды. Дамушы ағылшын өндірісі сауатты жұмысшыларды талап етті. Сөйтіп, жеке меншік мектептер, мемлекеттік мектептер пайда болды. Нәтижесінде көптеген жаңа мектеп ғимараттары салынып, мектептердегі орын саны 3.5 млн. Жетті. 1867 – 1876 жж.кезеңде бастауыш мектептерге өкімет субсидиясының мөлшері үш есе өсті. Революциялық ж/е ұлт-азаттық қозғалыстар мен күресті күшейту үшін қалыптасқан тәртіпті сақтау мақсатында 1Александр еуропалық монархтарға бірігіп ,іс-әрекет ету жөнінде кеісім шарт жасауды ұсынды. 1845ж 26 қыркүйекте 1 Александр құрастырған Қасиетті одақ актісіне Осман империясының сұлтаны, Ағылшын корольі ж/е Рим папасынан басқа монархтар қол қойды. Тұңғыш рет барлық Еуропа мемлекеті 0Еуропаның құрылымы жөнінде мәселені талқылауға қатысты. Еуропада бейбітшілікті ж/е тәртіпті сақтау үшін жүйелі түрде конгрестер өткізу тетігі құрылды. Одақтастардың ж/е Франциядағы бұрынғы француз ақсүйектерінің талабына орай Бурбондар билігі қалпына келтірілді. Король болып XYIII Людовик деген атпен 1793ж өлтірілген XYI Людовиктің інісі граф Прованский отырды. I Александр ж/е басқа да монархтардың талабы бойынша XVIII Людовик Францияда конституциялық монархияны бекіткен Хартияны жариялады. Мемлекеттегі барлық билік орындары Бурбондарға берілді. 1815ж жаңа палата депутаттары сайланып, «тендесі жоқ » палата деген атқа ие болды . Оның құрамына ультрароялистер /нағыз роялистер/ кірді Олардың идеологтары Жозеф де местр ж/ж Веконт де Бональд болды. Бүкіл Франция бойынша ақ терор толқыны Напалеонды жақтаушыларды жаппай жазалады, төтенше соттар оларды жер аударуға немесе өлім жазасына кесуге үкім шығара алды. Билеушілердің қуғындауына қарсы Францияда италиялық карбонариилер үлгісіндегі құпия ұйымдар пайда бола бастады. 1824ж XVIII Людовик қайтыс болып, таққа Xкарл деген атпен оның інісі граф д,Артуа келді X Карл өзін эмигранттар корольімін деді. Ол 1825ж өтемақы ретінде ақсүйектерге млрд франк төлеуге шешім қабылдайды. Ультрароялистер қатары аз парламент құрамы корольдің көңілінен шықпады да 1830ж монарх парламентті таратты, 1830ж 26 шілдеде Хартияны іс жүзінде жоятын жарлықтар жариялады. ОЛ елді жеке дара билегісі келді. 1814жылғы Хартияны жойған Ордонанстың жариялануы Парижге үлкен әсер еттті. 1830ж 29 шілдеде көтерісшілер Тюильри сарайын басып алды. Жеңілген әскерлер корольдің Сен клудегі кала сырты сарайына шеінді. X Карл ордонансты жойғандығын хабарлауға мәжбүр болды, бірақ тым кешігіп еді. X Карл тақтан бас тартып, англияға қашуға мәжбүр болды. Билік қаржы топтарының банкирлер, көмір орындары, темір кендері ж/е орман иелерінің қолына өтті. Король болып корольдік әулеттің кіші ұрпағының өкілі герцог Луи Филипп Орлеанский жарияланды. 1830ж14 тамызда жаңа Хартия қабылданды. Палата депуттатарының құқықтары кеңейтілді. Пэр атғын мұрагерлікке қалатындығын жойды. Баспасөз цензурасы жойылды. Тек елдің азғана бөлігі ғана сайлауға қатыса алды, өйткені дауыс құқығына ие болуы үшін ж оғарғы кірісі болуға тиіс еді. Сөйтіп, Францияда шілде революциясы басталды. Луи Филиип билігі шілде монархиясыддеген атқа ие болды. Шілде революциясының басты қорытындысы буржуазияның дворяндықты жеңуі болды. Бірақ 1830-48жж тек буржуазияның аса бай бөлігі - қаржы ақсүйектері ғана үстемдік етті. Олар көтеген жеңілдіктерді артықшылықтарды ж/е жәрдемақыларды пайдаланды. Король Луи Филипп Франциядағы өте ірі қаржы және орман иесі , сондықтанда қаржы ақсүйектерінің нығаюына мүдделі болды, осы орайда француз банк иелерімен және ірі капиталистермен жақындасуға барды. Кароль Луи Филипп билігі Франциядағы көптеген саяси күштердің көңіліне жақпады. Карольге бұрынғы құлаған Бурбондар әулетін жақтаушыларменде, Легитимистер мен де, Бонапарттықтармен де империя құруды жақтаушылармен және республикашылдармен де күрес жүргізуіне тура келді. Шілде монархиясы саыртқы және ішкі саясаты- бұл тәртіпке қарсылардың қатарына қалың бұхара топтарының жұмысшылар , шаруалар Буржуазияның бір бөлігінің топтасуые-на әкелді. 40 жылдардың ортасынан бастап дағдарысты жағдай өрби түсті. Қаржы ақсүйектерінің үстемдігіне наразылық ұлғайды. Шілде монархиясының қарсыластары сайлау заңдарын өзгерту үшін бірікті. 1847ж жазында Францияда саяси отырыстар науқаны басталды. Отырыстарда саяси және әлеуметтік өзгерістер жөніндегі талаптар тілек ретінде айтылып жатты. 1848ж 22-ақпанында сайлау жүйесін жақтаушылардың кезекті отырысы өтуге тиіс болатын өкіметтің бұл отырсты өткізуге тиым салуы ашу туғызып наразылық шеруін шығарды. 22-ақпанда мыңдаған париждіктер алаңға шықты. Алғашқы баррикадалар құрыла бастады. Оқиға барысынан қорыққан Луи Филипп өкіметті отставкаға жіберседе толқулар толастамады. Парижде бір түні шінде мың жарымдай баррикада құрылды. 24-ақпанда астанадағы барлық маңызды орындар көтерілісшілердің қолында болды. Луи Филипп тақтан бас тартты. 1848 жыл 25-ақпанында Францияда екінші республика жарияланып, Уақытша өкімет құрылды. Германия 1871 жьшы 18-қаңтарда Версаль айналы залында бірінші император етіп Вилгельмді жариялады. Ол пруссия королі болатын. Франко- Прусс соғысы Франкфурт бітімімен аяқталған болатын. Вильгелм әрі Пруссияның королі болды. Германияның Франциямен жасаған бітімі бойынша Германияның буржуазиясы және юнкерлері байыды. Франция 5 млрд. франк төледі. Контрибуция Германияның индустриясының дамуына ықпал жасады. Бірінші дүниежүзілік соғысты болашақта тудыратын Француз-Герман қайшьшығы пайда бодды. Германияның бірігуі прогрессивті болды. Бұл біріншіден Германияның экономикалық тұтастығын қалыптастырды. Ішкі шекаралық кедергілер жойылды. Неміс ұлтының қалыптасуы аяқталды. Бұл бірігу реакциялық сипатта жүзеге асты. Германияның бірігуі юнкерлік жолмен жүзеге асты. Германияда Пруссияның нағыз реакцияшыл топтары күшейді. Империя құрылды. Ол үшін 1871 жылы Германия империясының конституциясы қабылданды. Бұл Германияның біріккендігін бекітті. Конституция бойынша елді федеративтік сипатта біріктірді. Конституция Пруссияның үстемдігін заңдандырды. Конституция бойынша тек Пруссияның королі император болды. Бұл жағдай Герман империясын бюрократиялық құрастырылған полиция қырағылығындағы әскери депотизмге айналдырды. Германия империясының құрамына 22 монархиялық қалалар кірді. Олардың ішінде 6 ұлы герцогтық, 3 еркін кала бар. Эльзас пен Лотарингияны императордың наместнигі басқарды. Германия империясының мемлекеттері өз монархтарын сақтады. Өздерінің конституцияларын сақтады. Бірақ олардың билігіне негізгі басты мәселе қалдырған жоқ. Негізгі империялық мәселелер: сауда, монеттік жүйе, соғыс, қару-жарақ тағы басқа мәселелер империялық үкіметтің қолында болды. Германия империясының басшысы император балды. Император міндетті түрде Пруссияның королі болуға тиісті. Ол канцлерді сайлайды. Конституция бойынша заң шығару функциясы түрғындар 5 жылға сайлайтын рейхстатқа берілді. Мемлекеттік занды Одақтар советі бекітті. Одақ советінің төрағасы империяның канцлері. 1871 жылы қабылданған бұл империялық конституция қалыптастырған Германиядағы мемлекеттік құрылыс полицейлік бюрократиялық прустік юнкерлік реакцияның үстемдігін бүкіл Германияға орнатты. Бұл конституция бойынша Европа елдеріндегі сияқты неміс буржуазиясы үкімет басында тұрған жоқ. Олар негізінен юнкерлердің қолында болды. Себебі юнкерлерде капиталистік даму жолына түсіп жатыр. Германияның империясы әлсіз. Буржуазия капиталистік даму жолындағы юнкерлердің соңында жүрді. Буржуазияға күш керек. Оны юнкерлер жүзеге асыра алатын еді. Буржуазия керек нәрселерді юнкер олигархиясы жүзеге асыра алатын еді. Әрине Германияның юнкерлері мен буржуазиясының экономикалық қайшылықтары көп болды. Ол қайшылықтар көп партиялық системаның жасалуынан көрінді. Партия белгілі бір әлеуметтік таптың мүддесін қорғады. Конституция барысында жасалған блок мықты болған жоқ. Отто фон Бисмарк Германиядағы ішкі саясатты юнкерлер мен буржуазия арасында амалдап жүргізді. Консерваторлар партиясы болды. Олар екіге бөлінді: а) ескі консерваторлар, ө) империялык консерва торлар. Империялық консерваторлар негізі өнер кәсіптілер. Олар еркін дамуды қолдайтын консерваторлар. Екінші топ: ұлттық либералдық партия. Бұлар ірі өнеркәсіпшілердің партиясы түрінде құрылды. Үшінші топ: солшыл либералдьщ партия — бұл орта және ұсақ қала буржуазиясының мақсатын қолдады. Төртінші — кaтоликтік, бұл әлеуметтік жағынан алғанда орта және ұсақ шаруалардың мүддесін қолдаған партия. Бұлар мемлекеттердің ("Земли") құқығын кеңейту үшін, мектептерді шіркеудің билігіне беру үшін күресті. Бесінші — социал- демократиялықпартия— жұмысшылар партиясы болды. XIX ғасырдың 70-жылдарында фабрика-зауттық өндіріс Германияның бүкіл жерінде жұмыс жасады. 1890 жылы өнеркәсіп төнкерісі аяқталды. Соңғы он жындың ішінде елде өнеркәсіп төңкерісі индустрияландыру процесімен қатар жүрді. Германия Англия, Франциямен бәсекелесіп оларды басып озды. XIX ғасырдың аяғында көмір өндіру жөнінен екінші орынға жетті. Өндірістің жаңа салалары пайда болды. Германияда өндірілетін химиялық бояуларды дүние жүзі сатып алды. 1890 жылдан бастап көмір өндіретін бірлестік Германияда өндірілетін өнімнің 80 процентін өндірді. 1887 жылы Германияда 70 картель бодды. Ал 1900 жылы 300 картель жұмыс жасады. Германияда банкілердің шоғырлану процесі тез жүрді. Елде 6 банк болды. Олар өндіріске капитал салды. XIX ғасырдың аяғында Германияның сыртқа шығарған капиталы 15 миллиард марка болды. Ірі банк иелері пайда болды. Германияның бұл сияқгы тез экономикалық даму себебі Германия басқа елдерге қарағанда өнеркәсіп төнкерісіне уақыт жіберген жоқ. Германияның Рур, Саар деген аудаңдары көмірге бай еді. Лотарингия темірге бай болатын. Германияның экономиялық дамығаны соншалықты Германияның милитаризмі соғыска дайындалды. Ірі өнеркәсіпшілер үшін ішкі рынок пайда болды. Теңіз флоты кеңейтідді. 1871-95 жылдар аралығында 16 млрд. марка ақша теңіз флотына бөлінді. 1880-1900 жылдары өндірістік өнім Англияда — 49 процент, Германияда — 163 процент өскен. Германияда ірі жер иелері юнкерлер сақтадды. Граф Арнимдер 71 мың гектар, князь Бисмарктер 26 мың гектар жерлерді иеленді. 1871 жылы ақша реформасы жасалды. "Земли" ақшалары жойылып империялық ақша енгізілді. Пруссия банкісі империялық банкіге айналды. 1872 жылы қылмыстық кодекс енгізілді. 1874 жылы почта, телеграф катынасы енгізілді. 1874 жылы баспасөз туралы заң қабылданды. Елдегі реформаларға жоғарыда айтқан консервативтік партиялар қарсы шықты. Олар буржуазия күшейіп кетеді деп қорықгы. Авсрия империясы – Габсбургтар монархиясы көп ұлтты, «құрақ» мемлекет болды. Оның 34 миллионнан астам халқының тең жартысынан көбі словяндар (чехтар, словактар, поляктар, хорваттар, сертер, украйындықтар) болатын. Венгрлер(мадьярлар) 5 миллионға жуық деп саналған, итальяндар жуық деп валахтар да сол шамалас болған. Букіл империяда көптеген феодалдық тәртіп сақталды, ал Австрия мен Чехияда капиталистік өнернәсіп дамыды, бұларда жұмысшылар, қолөнершілер көп болды. Өнеркәсібәі жағынан Чехия империялық ең алдыңғы қатарлы бөлігінен орын алады. Бірақ орта, ұсақ чех буржуазиясын авсриялық ірі капиталистерге тәуелді болды. Авсриялық чиновниктер итальян провинцияларының түрғын халықтарына аяусыз қысым жосады. Австрия империясының ерекше белгісі- феодалдық және капиталистік езгіні ұлттық езгімен қатар жүргізу.Халық біқарасының көпшілгін шаруалар еді. Оларды бас бостандығы бар ерікті адамдар деп санады, бірақ қай жерде болса да помещиктерге тәуелді болды, олардың пайдасына міндеткерліктерін өтеді, оброк төледі. Италиядағы Авсриялық иеліктер сияқты, 1848-1849 ж ж. Реовлюция Италия мемлекеттерін де қамтыды. Оның себептері көп жағынан Германияны революцияға жеткізген себептермен ұқсас болды. Италияндық революцияляқ қозгалыстағы демократиялық оғының тірлігі қолөнершілер, жұмысшылар, ұсақ буржузияшыл интеллигенция болды. Ұлттық тәуелсіздікті жеңіп алу, елду саяси біріктіру – Италия революциясының басты мәселесі болды. Сонымен тығыз байланысты абсалютизмді және бүкіл феодалдық тәртіпті жою міндеті алда тұрды. Италияда 1848-1849 жылдарда, басқа елдердегі сияқты, аяқталмаған, жеңіліп қалған буржуазияның – демократиялық революция болды. Ол халық бұқарасына өте зор революциялықтәжірибе берді және ұлтты біріктіру, елді буржаузиялық қайта құру жалындағы революциялық – азат қозғалысты адан әрі дамытуға серпіліс туғызды. 1848-1849 жылдардағы революциялар жеңіліп қалғанымен, нәтижесіз болған жоқ. Олар жұмысшы бабына өте зор революциялық тәжірибе берді, үстем таптарды жейбір реформалар жасауға мәжбүр етті. Революция қоғам дамуын алға бастыруды тездете түсті. 5.1815-1918 ж.ж. Америка 1817-1819 жылдары құрама штаттар Шығыс Флориданы сатып алу жөнінде келіссөз бастайды. Келісе алмай генирал Джексон бастаған америкалық әскер АҚШ-тың Оңтүстік шекарасынан өтіп Филориданы басып алды. 1835 жылы Техаста көтеріліс бұрқ ете түсті. Мексикалық әскерер болды. 1836 жылы Техас тәуелсіз республика болып, 9 жыл өткеннен соң 1845 жылдың желтоқсанында Техас құлиеленуші штат ретінде АҚШ құрамына кірді. Техастың АҚШ-қа қосылуы 1846-1848 жылдарындағы Мексика-Америка соғысын тудырды. Соғыс Мексиканың жеңілуімен аяқталды да, ол өзінің жарты аумағын АҚШ-қа беруге мәжбүр болды. Бұл қазіргі АҚШ-тың Калифорния, Невада, Аризона, Нью-Мексика және Юта штаттары. 1846 жылы АҚШ пен Англия келісімшартқа қол қойып, Канададағы ағылшын иеліктері мен АҚШтың солтүстік шекарасын бекітеді. Осындай негізде Атлантикадын Тынық мұхитқа дейінгі осы күнгі аумақ қалыптасқан болатын. Жарты ғасыр уақытта ол үш есе үлкейді. Кейінірек, 1867 жылы америкалықтар Ресейден Алясканы сатып алады, ал 1893 жылы Тынық мұхиттағы Гавай аралдарын жаулап алды. ХІХ ғасырдың ортасында АҚШ-тағы саяси күрестегі ең шиеленісті мәселе - құлдық мәселесі болды. АҚШ-тың негізін қалағандардың көпшілігі: Дж.Вашингтон, Б.Франклин, Дж.Медисон, Дж.Адамс, Т.Джефферсон құлдыққа қарсы болды. Дегенмен барлық осы атақты адамдар, АҚШ президенті болған күнде де, құлдықты жоя алмады. Өйткені көптеген оңтүстіктік штаттар, егер құлдық жойылатын болса, одақтан шығамыз деген талап қойған еді. ХІХ ғасырдың басында «Америкалық отарлар қоғамы» құрылып, олар негрлерді Африкаға қайтару идеясын ұсынғанды. 1820 жылдан бастап солтүстік шаттардан 11 мыңға жуық негрлер отанына қайтарылды. 1860 жылға президенттік сайлау барысында бір-біріне қарсы тұрған демократтар мен республикашыл партиялар арасындағы қиян-кескі күрес үдей түсті.Демократиялық пратия жағынан кандидаттыққа құлиеленушілікті жақтаушы Стефан Дугласты ұсынды. Ал республикалық пратия - адвокат және публисцист Аврам Линкольнді ұсынады. Ол құлдыққа қарсы болғанымен, Браунның көтерілісі сияқты қадамдар мәселенің шешілуін қиындата түсетіндігін түсінді. Линкольн құлдықтың Батсқа жайылуын тоқтату қажет деп санады. Құл иеленушілікті жоюдың белгілі жақтаушысы, ел өнеркәсібінің өркендетілуін қолдаған республикашыл А.Линколннің мемлекет басшысы болып сайлануы Оңтүстікті АҚШтан бөлінуге итермеледі. Ең алғашқы әскери қақтығыс 1861 жылдың 12 сәуірінде өтті. Оңтүстік әскері зеңбіректерден оқ жаудырып, федералды әскер тұрған Самтер қамалын басып алды. Конституция бойынша АҚШ-тың флоты мен әскерінің қолбасшысы болып есептелінетін президент А.Линкольн Оңтүстікті теңіз жағынан қоршауға алуға бұйырып, Оңтүстік штаттардағы көтерілісті басу үшін үкімет құрамына 75 мың еріктілерді шақырды. АҚШ тарихындағы ең қантөгісті соғыс – Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы Азамат соғысы осылай басталды. Азамат соғысының ең басты маңызы құлдықты жою болды. Қара түстілер мен ақ түстілердің тең құқықты екендігін бекіту үрдісі басталғандығы америкалық демократияның дамуындағы маңызды қадам болды. Соғыс ірі жер иелену меншігін, плантациялық шаруашылықтың негізін күретіп, америкалық аулыл шаруашылығын фермерлік жолмен дамуға бағыттады. Сондай-ақ, соғыс елдің экономикалық және саяси өмірінде Солтүстіктің жетекшілік ролін бекітті. Осының барысында Солтүстіктің өнеркәсіп капиталистері мен мен орта табының Батыстағы фермерлер одағы нығая түсті. Бұл республикалық партия күшейтіп, елдің саяси өміріндегі жетекшілік ролін қамтамасыз етті. АҚШ - тағы азамат согысы буржуазиялы Солтүстік пен қүл иеленуші Оңтүстіктің арасындагы антогонистік қайшылықтан, шықты. Қүл иелену АҚШ - та капитализмнің дамуына кедергі жасады. 19 - гасырдың ортасында Солтүстік штаттарда қүлдықты жою жолындағы күрес — аболиционизм күшейді. Қүл иеленушілер ел ішіндегі буржуазияга арқа тіреді. Оларды Англиямен Франция үкіметтері де қолдады. Қүл иеленуге қпрсы күресте фермерлердің Канзастағы қарулы күреесі (11854-56), 1859 ж. Дж.Браун котерілісінің маңызы зор болды.Елде Республикалық партияның (1854 ж. қүрылған ) ықпалы күшее түсті. 1860 жылы республикашылар кандидаты А.Линкольнон АҚШ-тың президенті болып сайланды. Бүл қүл иеленуші штаттардың Одақтан бөлінуіне әсер етті. 1861 ж. февральда Монтгомери қаласында (Алабама штатында) қүл иеленуші штаттардың Конфедерациясы қүрылды. Оған АҚШ — тағы 34-штаттың 11-і бірікті. Азамат соғысына Оңтүстік штаттар белсене кірісті. 1861 ж. 14-апрельде қүл иеленушілер Самтер қамалын басып алды. Алғашқыда көтерісшілер жеңіске жетті. Өйткені Солтүстік штаттар соғыска даяр емес еді.1862 ж. конгресс соғысты ревалюциялық әдіспен жүргізуге бағытталған шаралар белгіледі.Көтерісшілердің мүлкін алу туралы заң шығарылды. Қүрама штаттардаға опасыздық жасағандарға өлім жазасы кесілетін болды.Гомстед және қүлдарды азат ету туралы заң (1862 ж. 20 май) зор маңыз атқарды. Ревалюциялық әдіске көшу азамат соғысының жаңа кезеңінің (1863-65) бастамасы болды. Солтүстік штаттар армиясына 190-мың негр қосылды, 250- мың негр тылдағы бөлімдерде қызмет атқарды.Жүмысшы полктері көбейді.Көтерісшілерге қарсы шабуыл күшее түсті .1865 ж. 3 апрельде федералдық әскерлер Конфедерацияның астанасы Ричмондты алды .Бірнеше күннен кейін генерал Р.Ли бастаған котерісшілер Аппоматокс озенінің бойында тізе бүкті. АҚШ-тағы азамат соғысы аяқталды. Мүнан кейін Оңтүстікке негрлерге жер және ақ адамдармен бірдей тең право беру жолындағы қозғалыс күшейді.Бүл Оңтүстікті қайта қүрудың бастамасы болды. Қайта қүру тарихта 1861-77 жылдардағы буржуазиялы-демократиялық ревалюцияның екінші кезеңі деп аталды. Бірақ буржуазия опасыздық жасап , негрлерді право атаулыдан қүр алақан қалдырды.Оңтүстік штаттарда бүрынғы қүл иеленушілер өкіметті өз қолына қайта алды, қүлдық негізінен сақталып қалды.Плантаторлар неглерге қатал тәртіп орнатты. Қара кодекс қабылданып , 1865 ж. Ку-клукс -клан үйымы қүрылды. Дегенмен ,Оңтүстік капитализм даму жолына түсті.Азамат соғысы және Оңтүстікті қайта қүру жылдарында онеркәсіп ондірісі тез ості .Буржуазияның экономикалық ықпалы , саяси үстемдігі күшейді. 6.Еуропа елдері (1918-1945 ж.ж.) Бірінші дүниежүзілік соғыс ірі капиталистік мемлекеттердің арасындағы қайшылықтардың шиеленісуінен туындады. XX ғасырдың басында ірі еуропалық елдердің арасындағы империалистік кайшылықтар бір-бірімен ымыраға көнбейтін екі ірі әскери одақтың құрылуына алып келді. Германия, Австро-Венгрия және Италия одағына қарсы 1907 жылы Англия, Франция және Ресей мемлекеттері Антанта одағын құрды. Одан бұрынырақ 1882 жылы, Германия, Австро-Венгрия және Италия елдері арасында Үштік одақ әскери бірлестігі ұйымдасқан болатын. Бірінші дүниежүзілік соғыс Еуропа өркениетінің дағдарысы болды Ірі монополистік капитал топтарының арасындағы экономикалық қайшылықтар мемлекетаралық қайшылықтарды шиеленістіріп, соғыстың себептерін туғызды. Негізгі қайшылық Ұлыбритания мен Германия арасында болды. Франция — Германия, Германия — Ресей, Австро — Венгрия — Ресей қайшылықтары да елеулі әсер етті. Соғыстың негізгі себептері соғыстың мақсаттарын да айқындады. Англия мен Франция Германияның Африкадағы отардарын және Таяу Шығыстағы Осман империясының жерін басып алуды көздеді. Орыс капитализмі Түркияға, Балқанға Германия ықпалының күшеюіне жол бергісі келмеді Патшалық Ресей және жасалған жағдайда Стамбұлды, Қара теңіз бұғаздарын, Галиций өңірін және Неман өзенінің бойындағы жерді өзіне қаратып алуды мақсат етті. Австро-Венгрия үкіметі Сербияны басып алып, бүкіл Балқан түбегінде және Адриат теңізінде өз үстемдігін орнатуға тырысты. Германия дүние жүзін өзінің пайдасына қайта бөлісуді, Еуропа мен Таяу Шығыстың көптеген бөлігін бағындырып алуды мақсат етті. Сонымен қатар неміс капиталистері Балтық өңірін, Қырымды, Кавказ, Азов теңізі, Дон өңірлерін бағындыруды көздеді. 1914—19І8 жылдардағы соғыс империалистік, басқыншылық, екі жақтан да әділетсіз соғыс болды. Сербия тарапынан ғана бұл соғыс ұлт-азаттық, өзінің тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес болды. Бірақ бұл жағдай дүниежүзілік соғыстың тонаушылық сипатын өзгерте алмады. Бірінші дүниежүзілік соғыстың тұтануына басқыншылық саясат жүргізген барлық елдердің капиталистері кінәлі еді. 1914 жылы 28 маусымда Австро-Венгрия тағының мұрагері, эрцгерцог Франц Фердинанд және оның жұбайы Сараево қаласында қаза тапты. Осыған орай Германия императорының соғысқа итермелеуімен Австро-Венгрия 23 шілдеде Сербияға ультиматум жіберді. Оның жауабын күтпей, осы жылы 28 шілдеде Австро-Венгрия Сербияға соғыс жариялады. Ресей үкіметі дереу жұмылдыру жұмыстрын бастады. Орыс армиясындағы мұндай әрекетке жауап ретінде тамыз айының басында Германия — Ресейге, Францияға қарсы соғыс ашса, Англия үкіметі Германияға қарсы соғыс жариялады. Жапония да Германияға қарсы соғыс жариялап, Антанта блоғына жақтас екендігін байқатты. Сөйтіп, Бірінші дүниежүзілік соғыс басталып кетті. 1914—1916 жылдардағы соғыс қимылдары. 1914 жылы 4 тамызда неміс әскерлері "Шлиффен жоспары" бойынша Бельгия арқылы Францияның жеріне баса- көктеп кірді. Францияға көмек көрсету мақсатымен орыстың екі армиясы тамыздың ортасында Шығыс Пруссияға басып кірді. 1914 жылғы әскери шайқастар Антанта одағының артықшылығын айқындап берді. Германия әскерлері Марна алқабындағы шайқаста сөтсіздікке ұшыраса, Австро-Венгрия әскерлері Галиция мен Сербиядағы арпалыстарда жеңіліп қалды. Кавказ майданындағы шайқастарда Ресей әскерлері түріктерді талқандап, кері шегіндірді. Сөйтіп, Германия империализмінің "қауырт соғыс" жоспары іске аспай, тығырысқа тірелді де, соғыс ұзаққа созылды. Үштік одаққа жақтас Италия соғыстың барысында Антанта елдерімен жақындасып, олардың "көп жер береміз" деген уәдесіне сеніп, 1915 жылы мамырда Австро-Венгрияға соғыс жариялады. Италияның Германия жауларының жағына шығуы Антантаны біршама күшейтті. 1915 жылы 22 сәуірде Германия алғаш рет химия қаруын Ипр өзенінде қарсы тұрған жауға қолданды. Бірақ ең басты соғыс қимылдары Шығыс майданда жүріп жатты. 2 мамырда басталған немістер шабуылы 5 айға созылды. Орыс әскерлері Галицияны, Буковинаны, Польшаны, Литваны, Латвияның бір бөлігін тастап, шегінуге мәжбүр болды. 1915 жылғы көктем және жаз айларында Батыс майдан шептеріңде ірі шайқастар болды. 1915 жылы ағылшын-француз әскери тобының ең ірі соғыс әрекеті Мөрмөр теңізі мен Дарданелл бұғазын басып алуға бағытталды. 150 мың әскері оққа ұшқаннан кейін, Антанта жағы бұл әрекетін тоқтатып, оны қайталауға шамасы келмеді. Германия армиясының Шығыс майдандағы жеңістерінен кейін, 1915 жылғы қазанда Болгария Антантаға қарсы соғыс жариялады. Сөйтіп, Германия, Австро- Венгрия, Түркия және Болгариядан тұратын Төрттік одақ құрылды. 1916 жылы соғыс қимылдары Батыс майданға ауысты. Акпан айында Германия армиясы Францияға қарсы — Верден камалына шабуыл бастады. Бұл канды шайқас тарихқа "Верден қырғыны" деген атпен енді. Жаудың қарсылығын жеңу үшін немістер оқ-дәріні аяған жоқ. Верден бекінісіне 2 млн снаряд аткыланды. Селолар жермен-жексен болды. Жайқалған жасыл ағаштардың орнында бытшыты шықкан бағандар мен бұтақтар, жапырактар шашылып жатты. Соғыстың қорытындылары. Бірінші дүниежүзілік соғыс XX ғасырдың бірінші жартысындағы ең ірі оқиға болды. Ауқымы мен салдары жағынан мұндай соғыс адамзат қоғамының өткен тарихында болмаған еді. Соғысқа 38 мемлекет қатысып, екі әскери одақтың әскер қатарына 74 млн адам шақырылды. Соғыс барысында жаңа әскери техника түрлері қолданылды. Танктер, ұшақтар, дирижабль, радиобайланыс бөлімшелері өмірге келді. Орасан зор материалдық және адам шығындары болды. Соғыс жылдарында өлген адамдардың саны—10 млннан, жараланғандары 20 млн-нан асты. Соғыс тудырған революциялар дүмпуінен Романовтар, Габсбургтер, Гогенцоллерндер, Осман империялары қирады, отаршыл державалардың тірегі әлсірей бастады. Тарихи аренаға Кеңестік Ресей, Финляндия, Польша, Венгрия, Чехословакия, Югославия, Балтық жағалауы аймағындағы жаңадан құрылған жас мемлекеттер шықты. Версаль — Вашингтон жүйесі. Бірінші дүниежүзілік соғыста жеңген мемлекеттер 1919 жылдың 18 каңтарында Парижде бітім конференциясын бастады. Франция астанасына соғысқа қатысушы мемлекеттердің өкілдері келді. Бітім шартын жасасуда Германия мен жеңілген мемлекеттер, сондай-ақ Кеңестік Ресей шетте қалды. Конференцияның негізгі мәселесі Германиямен бітім шартын дайындау болды. Конференцияға қатысушылар ішінде Францияның, Ұлыбританияның басшылары және АҚШ президенті жетекші қатарда болды. Француз делегациясы өзінің негізгі жауы Германияны барынша әлсіретуді талап етті. Франция Саар көмір бассейнін және Рейннің сол жағалауындағы неміс жерін қосып алғысы келді. Англияның алдына қойған мақсаты орындалды. Германия оның теңіздегі және дүниежүзілік саудадағы күшті бақталасы болудан қалды. Алайда Германия отарларын және Таяу Шығыстағы түріктер иемденген мұнай байлығын бөлісуде Англия мен Францияның арасында келіспеушілік байқалды. Ағылшын премьер- министрі Ллойд Джордж Германияны сақтап қалуды ұсынды. Ол егер Еуропада Франция күшейіп бара жатса, оған қарсы Германияны пайдалануды ойлады. Бірінші дүниежүзілік соғыс қорытындысының Ұлыбританияға әсері. Ұлыбритания алдыңғы қатарлы державалардың бірі ретінде Бірінші дүниежүзілік соғыстағы жеңісінің нәтижесінде өз саясатындағы көптеген мақсаттарын жүзеге асыруға қолы жетті. Германия Англиямен бақталас болудан қалды. Африкадағы неміс отарларының есебінен және Түркиядан тартып алған аумағы есебінен Британия отарлық империясы кеңейді. Версаль келісімі бойынша Германия төлеуге міндеттенген төлемнің көп бөлігі Англияға берілді. Алайда Ұлыбританияның қаржылық-экономикалық жағдайы соғыстың салдарынан біршама әлсіреген болатын. Ол ұлттық байлығының үштен бір бөлігін жоғалтты. Өндіріс салалары 20%-ға қысқартылған. 1914—1918 жылдары соғысқа қажетті тауарлар өндіру, автомобиль, ұшақтар жасау, химия өндірісін дамыту жолға қойылған. Металл қорыту қарқыны айтарлықтай артты. Алтас көмір өндіру, теңіз кемелерін жасау, керісінше, қысқартылған. Өндірісті үлғайтудағы арасалмақтық қайшылықтар Англия экономикасына көп кедергі жасап келді, оның өнімдері қымбат болып, базарда жөнді өте қоймады. Англия экспорты соғыс кезінде екі есе төмендеген, ал импорты, керісінше, екі есе өскен. Осыған орай Ұлыбритания шетелдерден қарыз алуға мәжбүр болған. Егер соғысқа дейін АҚШ Ұлыбританияға қарыздар болса, соғыстан кейін бұл державалар бір-бірімен орын алмастырды. 1919 жылы Англия АҚШ-қа 850 млн фунт стерлинг (4 млрд долл) берешек болды. Дүниежүзілік қаржы орталығы Лондондағы Сити қаласынан Нью-Йорктің Уоллстрит қаласына қоныс аударды. АҚІП Англияны сыртқы саудадан қысқан сайын, екеуінің арасындағы бөсеке құрес күшейе түсті. Англияға карсылас болып Еуропада — Франция, Азияда Жапония саяси аренаға шықты. Ағылшын үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты. Соғыс біткен кезде билік басында Дэвид Ллойд Джордждың либералдар, консерваторлар және лейбористерден құралған коалициялық үкіметі тұрған еді. Коалицияның мақсаты — соғыс жылдарында "азаматтық бейбітшілікті" сақтап тұру болды. Соғыс аяқталған соң, бұл коалиция тарап кетті. Ұлыбританияда көтерілістер, қақтығыстар болған жоқ. Бұл мемлекеттегі өзгерістер эволюциялық жолмен, біртіндеп, өркениетті түрде өтіп жатты. Дегенмен ел өмірінде жаңа сатылы бағыттар туғызатын оқиғалар да орын алды. 1918 жылы сайлау туралы жаңа Заң қабылданын, дауыс берушілер саны 8 млн-нан 21 млн-ға дейін өсті. 21 жасқа толған ер адамдар мен 30 жасқа толған әйелдер сайлауға қатысуға және сайлануға құқылы болды. Соғыстан аман қайтқандарға жұмысқа орналасқанға дейін ақшалай көмек беру мәселесі шешілді. Әскери өндіріс орындарының қысқартылуына байланысты жұмыссыз қалған жұмысшыларға да қаржы бөлінген. Мемлекеттің әлеуметтік қызметі кәдімгідей өсе түсті. Ллойд-Джордж үкіметі сонымен қатар халық ағарту, тұрғын үй салу ісіне басты көңіл бөліп келді. Сыртқы саясатта Англияның беделін көтеруге тырысқан Ллойд-Джордж үкіметінің дипломатиясы Париж бейбіт конференциясында батыл ұстанымдарды жақтады. Бірақ Англияның жағдайы өз отарларында қиын жағдайларға тап болды. 1917 жылы империялық конференцияда оның Канада, Австралия, Жаңа Зеландия және Оңтүстік Африка Одағы Британ империясы құрамындағы автономиялы мемлекеттер статусын иеленді. 1923 жылы олар басқа елдермен келісімдер жасауға құқылы болған. 1918—1924 жылдарда қалыптасқан екі партиялық жүйе күрделі өзгерістерге ұшырады. Либералдық партия ыдырауға бет алып, оның құрамы екі топқа бөлінді де, сайлаушылар саны бірден төмендеді. Ал лейбористер партиясының ықпалы күшейе түсті. Олар млн-даған мүшелері бар тредюниондарға (жұмысшылардың жалпы кәсіподақ ұйымына) арқа сүйеді. Лейбористер партиясы парламенттегі маңызды күшке айналды. 1918 жылы ұжымдық мүшеліктен басқа жеке дара мүшелікті енгізді. Ол өз кезегінде сайлаушылармен тікелей байланыс орнатуға, әр жерде тұрақты белсенділер шығаруға мүмкіндік берді. 1924 жылы қаңтар айында палатада көпшілік дауыс ала алмағандықтан консерваторлар кабинеті биліктен кеткенін хабарлады. 23 қаңтарда лейбористердің жетекшісі Рамсей Макдоналъд Ұлыбритания тарихында алғаш рет лейбористер үкіметін құрды. Бұл үкімет жұмыссыздар мен зейнеткерлердің жағдайын жақсартуда біршама жұмыстар атқарды. Алайда лейбористер сайлау алдында халыққа берген — жұмыссыздықты жою, капиталға салық салу арқылы мемлекет қарызынан құтылу, шахталар мең электр станцяларын мемлекет меншігіне алу т.б. туралы уәделерін орындай алмады. Сондықтан мерзімінен бұрын болған сайлауда консерваторлар жеңіске жетті. 1924 жылы қазанда консерватор С.Болдуин қайтадан үкімет басына келді. Егер Ұлыбританияда басқарушы топтар парламенттік, өркениеттік бағытта әрекет етсе, ал отарларда ұлт-азаттық қозғалысты қарулы күшпен аяусыз басып- жаншуға тырысты. 1919 жылдың ақпан айында Үндістанның Амритсар қаласында ағылшын әскерлері бейбіт митингіге қатысқандарға оқ жаудырды. Мохандас Карамчанд Ганди бастаған ұлт-азаттық күрестің өршуіне орай, Англия 1919 жылы Үндістанда реформаларды бастауға кірісті. 1919—1922 жылдары Египеттегі көтерілістерді қатал жазалады. Бірақ Англия оның тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болды. Сондай-ақ Ауғанстан мен Иранның ішкі және сыртқы саясатына араласудан бас тартуына тура келді. Түркия халқы 1922 жылы грек әскерлерін талқандап, дербес мемлекет құрды. Кемал паша басқарған Түркия үкіметін Англия ресми түрде мойындады. Ағылшындардың ежелгі отары — Ирландияның ғасырларға созылған күресі нәтижелі аяқталды. Ирландықтар өздерінің тәуелсіздігі мен бостандығын жеңіп алды. 1919 жылы Дублин қаласында ұлттық парламент құрылып, Ирландияны республика деп жариялады. Үш жыл өткен соң, 1921 жылы желтоқсанда Англия 26 графтықтан тұратын Ирландия тәуелсіз мемлекетін мойындады. Бірақ индустриясы дамыған 6 Солтүстік-Шығыс графтық (Ольстер) Ұлыбританияның құрамында қалып қойды. Ирландияның сыртқы саясатын бақылауды, онда әскери- теңіз базасын және әскер ұстау құқығын Англия өзіне заңды түрде бекітіп алды. Локарно конференциясы. 1925 жылы 5-16 қазанда Локарнода Үлыбритания, Франция, Германия, Италия, Бель-гия, Полыпа, Чехословакия өкілдері қатысқан конференция болды. Конференцияда Германияның Үлттар лигасына кіруі туралы, Францияның және Бельгияның Германиямен арасындағы Версаль бітімінде бекітілген шекаралары туралы мәселе қаралды. Келісім бойынша, Франция-Германия және Бельгия-Германия шекаралары бұзылмайтындығына және Рейн облысына қарулы күштер орналастырылмайтыны туралы Версаль шартының сақталатынына кепілдік берілді. Кепілдік келісіміне 1925 жылы желтоқсанда Германия, Франция, Бельгия, Ұлыбритания, Италия қол қойды. Франция, Бельгия, Германия бір-біріне шабуыл жасамауға міндеттенді. Бұл келісім Германияның Ұлттар лигасына кіруіне де жол ашты. 1926 жылы Германия Ұлттар лигасының толық кұқықты мүшесі болып қабылданды. Бриан-Келлог пактісі. Бірінші дүниежүзілік соғыста жаңа қарулар қолданылуы, адамдардың жаппай қырылуға үшырауы соғыс пен бейбітшілік мәселесін халықаралық қатынастардың ең негізгі мәселесіне айналдырды. 1925 жылы химиялық және бактериологиялық қаруларды қолдануға тыйым салған келісім жасалды. 1927 жылы Францияның Сыртқы істер министрі (А.Бриан) АҚШ мемлекетік хатшысына (Ф.Келлог) хат жазып, онда соғысты ұлттық саясаттың құралы ретінде қолданудан мүлде бас тарту және әлемде тұрақты бейбітшілік пен қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз ету туралы келісім жасауды ұсынды. Осыдан кейін аталған келісімнің жобасы жасалды. Ф.Келлог бұл жобаны Ұлыбританияға, Германияға, Италияға, Жапонияға, т.б. мемлекеттерге жіберіп, олардың осы мәселені талқылауға қатысуы туралы ұсыныс жасады. Талқылау аяқталған соң, 1928 жылы 25- тамызда Парижде Бриан-Келлог пактісіне қол қойылды. 1928 жылдың аяғына дейін бүл пактіге 49 ел қол қойды, соның ішінде КСРО да болды. Жалпы алғанда 20-жылдардағы халықаралық қатынастардың дамуында тұрақтылық, мемлекеттердің өзара бір-бірімен санасуы, бейбітшілікті сақтауға ұмтылушылық сипаты болды. Алайда, дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және Германияда фашистердің өкімет басына келуі халықаралық жағдайды мүлде өзгертіп жіберді. Соғыстан кейінгі Англияның экономикасы. 1920 жылдары британ экономикасы баяу түрде болса да қайтадан нығая бастады. Автомобиль, электр техникасы, химия секілді алдыщы қатарлы өндірістер қарқынды дамыды. Бірақ сауда, құрылыс, көмір өндірісі өркендеген жоқ. Британдық капитал сыртқы экспансияны қалады. Шахта иелерінің алдында екі қалау тұрды: бірі — жаңа техникаға капитал құю арқылы көмір өндіруді жаңғырту, сөйтіп, сыртқы саудада көмірден бәсекелестерін ұту, екіншісі — шахтерлердің еңбекақысын төмендету. "Арзан жол" ретінде екінші жол тандалды. Бірақ бұл жағдай 1926 жылы елдегі жұмысшы табының жаппай ереуілін туғызды. Консерваторлар үкіметі 1927 жылы жаппай ереуілге жол бермейтін кәсіподаққа қарсы бағытталған заң шығарды. 1929 жылғы кезекті парламенттік сайлауда лейбористер партиясы жеңіске жетті. Сөйтіп, екінші лейбористер үкіметі құрылды. 1929 жылы басталған дүниежүзілік экономикалық дағдарыс Ұлыбританияға тек 1932 жылдың көктемінде жетті. АҚШ, Германия және Франциямен салыстырғанда, Англияда өнеркәсіптік өндіріс аз қысқарды, өйткені оның экономикасы қалыптасу жылдарында гүлдене алған жоқ-ты. Дағдарыс бәрінен бұрын өнеркөсіптің көмір өндіру, болат құю, кеме құрылысы салаларында көрініс берді. Үкімет басына екінші рет келген Р.Макдональд 1931 жылы тамызда "ұлттық" коалициялық үкімет құрды. Оның құрамына 5 лейборист министрмен бірге, консерваторлар мен либералдар да кірді. Олар ереуілшіл қозғалыстарға қарсы саясат жүргізді. Бұл кезеңде жұмыссыздығы үшін берілетін жәрдемақы да көп қысқарып кеткен болатын. Үкіметтің бұл әрекеті жұмысшылар қозғалысының өрлеуіне әкеліп соқты. Үкімет 1934 жылы қатал жазалауды көздеген заң қабылдады. Ал "Қоғамдық тәртіп туралы" заң (1937 жылы күшіне енген) Ішкі істер министрі мен оның қарамағындағы полиция күштеріне — сөз бостандығына, митингілер, жиындар өткізуге шектеу қою құқығын берді. Мұндай заңдардың шығу себебі 1930 жылдардың ортасында әр түрлі фашистік ұйымдардың белсенділігінің артуына байланысты болды. Әсіресе жер иесі ақсүйектер мен ірі буржуазия өкілдерінен қолдау алған Освальд Мосли бастаған британ фашистерінің іс-әрекеті бұған ерекше әсер етті. Алайда елде фашистердің әлеуметтік базасы әлсіз болды. Үкіметті қайта жасақтау барысында 1937 жылы кабинет басына Германияны жақтаушы Невилл Чемберлен келді. Англияның сыртқы саясатында консерваторлар партиясының бір топ қайраткерлерінің ықпалы арта түсті. Франция дүниежүзілік соғысты жеңіспен аяқтады. Германияны жеңгеннен соң, мемлекеттегі жағдай шовинистік сипатта болды. Франция Англиямен бірге Батыс Еуропадағы жетекші елге айналды. Ол 5 млн тұрғыны бар Эльзас пен Лотарингияны қайтарып алды. Франция отарларының катарына бұрынғы неміс және түрік иеліктері: Африкадағы Того мен Камерунның бір бөлігі, Таяу Шығыстағы Сирия мен Ливан қосылды. 1919 жылғы қараша айындағы сайлауда асқынған ұлтшылдық пиғылдар белең алды. Оңшыл буржуазияның партиялар негізінде Ұлттық блок Құрылды. Оған радикал республикашылдар және Францияның ппартиялық саяси жүйесіне тән басқа да топтар қосылды. Социалистік партия сыртта қалды. Ұлттық блок сайлау барысында көп дауыска ие болды. Бұл Фран- Әйфель мұнарасыцияның оңшыл күштерінің ең жоғары жетістігі еді. 1920 жылы президент болып Александр Мильеран сайланды. Тәжірибелі саясатшы Мильеран мемлекеттегі революциялық, жұмысшы қозғалыстарын басуға тырысты. Ол әлеуметтік реформа жүргізуге, жұмысшыларды өндірістегі өнімді бөлуге қатыстыруға уәде берді. Бірақ бұл уәделер орындалмай қалды. Мемлекетте әлеуметтік қысым өсе түсті. Бұқара халық озбырлық саясатқа, соғысқұмарлықка, қымбатшылыққа қарсы көтерілді. Жұмысшы қозғалысының басында социалистік партия тұрды. 1920 жылдың желтоқсанында Рур қаласында өткен социалистердің ұлттық съезінде целегаттардың жартысынан астамы Коммунистік Интернационалды жақтап, Франция коммунистік партиясын құрды. Съездің екінші тобы социалистік партияда қалды. Рурды басып алу. 1922 жылы Ұлттық блок басына Францияның бұрынғы президенті Раймон Пуанкаре келді. Олар көмір корына бай Рур аймағын Германиядан тартып алуды көздеді. Лотарингия мен Рур қалалары арқылы Францияны қуатты өнеркәсіптік державаға айналдырып, Еуропада жетекші орынды иеленуді дәмеленді. Франция мемлекетінің қаржы жағдайы әбден нашарлады. "Францияға тиісті төлемақы өтеуден бас тартты" деп Германияға кінә тақкан Р.Пуанкаре кабинеті 1923 жылы қаңтарда француз-бельгия әскерін жіберіп, Рурды басып алды. Бұл әрекет Германия мен Франция арасында саяси дағдарыс туғызды. Басқыншылыққа деген наразылық науқаны басталып, Францияға Рур көмірін жіберу тоқтатылды, шойын мен болат қорыту сапасы төмендетілді. Ұлттық блоктың өз ішінде Пуанкаре саясатына карсылық күшейіп, 1923 жылдың күзінде француздар Рурды тастап шығуға мәжбүр болды. Ұлттық блок ыдырады. Ел ішіндегі радикалдардың және радикал-социалистердің топтары жаңа саяси күшті — солшыл блокты құру қажеттігін мақұлдады. Р.Пуанкаренің саясатына халықтың наразылығы. 1924 жылы мамырда парламент сайлауы өтті. Солшыл блок депутаттар палатасына маусым айында радикалдардың жетекшісі Эдуард Эррио басшылық етіп, солшыл блоктың үкіметі құрылды. Шаруа отбасынан шыққан, демократиялық көзқарастағы білімді Э.Эррио 1922 жылы Ресейді аралап, "Жаңа Ресей" деген кітап жазды. Сөйтіп, КСРО-ны мойындаушылар жағында болып, кеңес-француз қарым-қатынасын қолдады. Солшыл блок үкіметі 1926 жылға дейін билік басында болды. Олар реформалаудың ілгерілеушілік бағдарламасын жариялағанымен, оңшыл күштердің қарсылығына байланысты және ақша жетімсіздігінің салдарынан оны іске асыра алмады. Солшыл блок сенімнен айырыла бастады. 1926 жылғы сайлауда олар жеңіліс тапты, сөйтіп, өкімет билігіне қайтадан "Ұлттық бірігу" атты жаңа блокқа енген оңшыл күштер келді. Өкіметті жаңа блоктың басшысы, Францияның бұрынғы президенті Р.Пуанкаре басқарды (1926—1928 жж.). Франциядағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін француз экономикасы бір қалыпты дамыды. Жеңіске жеткен держава ретінде Франция өзінің отар иеліктерін көбейтті. Эльзастың, Лотарингия және Саар облыстарының бай көмір мен темір рудалары есебінен шикізат базасын кеңейтті. Германия төлеуге тиісті төлемақының аумақты бөлігін алып отырды. 1928—1931 жылдары Франция банктерінің алтын қоры екі есе өсті. Солай бола тұрса да, Франция өндірістік дағдарыстан даұтыла алған жоқ. Өнеркөсіптік өндірістің жартысына ауығы кысқартылды, әсіресе тоқыма әнеркәсібі, қымбат бұйымдар өндірісі, шарап өндіру секілді өндірістер қатты зиян шекті. Француз үкіметі мемлекеттік бюджетті сақтап қалуға тырысты. Осы мақсатта салық саясаты қатаң қолға алынып, экономика үнемділігі енгізілді. 1931—1933 жылдар аралығында бірінен соң бірі ауысқан үкімет бұрынғы қалыптасқан саясатты жалғастырды. Олар: қызметкерлер мен жұмысшылардың еңбек ақыларын қысқарту, ондаған мың әскерлерді қызметтен босату, мемлекеттік бюджеттің кірісін жаңа салықтар арқылы көтеру. Саяси режім азаматтардың сенімінен шықты. Францияның лауазымдылары арасында мемлекет арқылы экономиканы реттеу идеясы қалыптасты. Мүұдай нұсқауды жақтаушылар өздерін "дирижешілдер" деп атады “дириже" француз тілінен аударғанда — басқару, жетекішілік ету деген мағынаны білдіреді). Францияның саяси өмірінде "күшті үкімет" құру, демократиялық еркіндікті шектеу мақсатымен конституцияны қайта тарау туралы ұсыныстар тарала бастады. Мысалы, бұрынғы премьер-министр А.Гардье ескі консерватизм рухында парламент құқығын шектеуді, президент пен премьер-министр өкілеттігін кеңейтуді, мемлекеттік қызметкерлерге — митингіге қатысуға, кәсіподаққа мүше болуға шектеу қоюды ұсынды. Француз фашизмінің ерекшеліктері. 1899 жылы жазушы-журналист Ш.Моррас негізін салған "Француз әрекет лигасы" ашық диктатура орнатуды ұсынды. 1924 жылы құрылған "Патриот жастар" лигасы күшті атқарушы үкімет құруды талап етті. 1927 жылы көсіпкерлердің, газет иелерінің және Іңшыл парламент мүшелерінің қолдауына сүйенген қызметте жоқ полковник Казимир де ля Рок "Әскери крест" лигасын ұйымдастырды. 1934 жылы оның мүшелерінің саны 150 мыңға дейін жетті. Лиганың жеке меншік қарулы жасағы, жүйелік байланыстары болды. Италия және неміс елшіліктері қаржыландырған бұл экстремистік және ұлттық лигалар өздерін Муссолини мен Гитлердің ісін тікелей жалғастырушылар санап, "коммунизмді құртуға", "сатқын демократияны", "шіріген парламентаризмді" жоюға шакырған фашистік ұрандар көтерді. Буржуазиялық революцияға кештеу келген Италия мен Германияға қарағанда, Франция көне, мықты республикалық-демократиялық дәстүрі бар мемлекет болған. Сондықтан да Франциядағы фашистік ұйымдар бытыраңқы болды, олардың біртұтас бағдарламасы болмады. 1934 жылы 6 акпанда фашистер парламентті басып алуға әрекет жасады. Бұл әрекет полицияның күшімен ғана тоқтатылды. Халықтық майданның қалыптасуы. 1934 жылы 12 акпанда фашизмге қарсы наразылық білдірген ереуілдер басталды. Оған 1,5 млн адам қатысты. Бұл ереуілдер "Фашизм жойылсын!" деген ұранмен өтті. Алғаш рет ереуілдерге коммунистер, социалистер, кәсіподақ мүішелері, партияда жоқтар бірігіп қатысты. Антифашистік қозғалысқа радикалдар партиясы, демократиялық ұйымдар, көптеген мәдениет қайраткерлері қосылды. Коммунистер ақпан окиғасынан кейін радикалдар мен социалистерге, ұсақ буржуазияға, орта буынға өздерінің теріс көзқарасын өзгертті. Олар социал- демократтарды "социал-фашизм" деп атаған сталиндік анықтамадан бас тартты. Социалистік партия да тактикалық ұрандарын ауыстыруға мәжбүр болды. Олар енді коммунистік партиямен бірлесіп, фашизмге карсы құресуге шықты. 1934 жылы 27 шілдеде ФКП (Франция коммунистік партиясы) мен социалистік партия кимыл-бірлігі — Халықтық майдан қуру туралы пактіге кол қойды. Екі партия фашистік ұйымдарға тосқауыл құруға, демократиялық еркіндікті корғауға, фашистік лаңкестікке және соғыс қаупіне қарсы шығуға, еңбекшілердің материалдық мүддесін қорғауға міндеттемелер алды. 1936 жылдың каңтарында Халықтық майданның сайлау алдындағы бағдарламасы жарияланды. Бағдарлама экстремистік топтарды қарусыздандыруды және таратуды, ұжымдық қауіпсіздік жүйелерін құруды, мемлекеттік, әскери өнеркәсіпті мемлекет меншігіне алуды, француз банктерінің іс-әрекетіне бақылау қоюды, 40 сағаттық жұмыс аптасын енгізуді, демократиялық салық реформасын өткізу және жұмысшыларға берілетін жәрдемақыны ұлғайтуды, ақы төленетін демалыс күндерін енгізуді, көсіпкерлерге мемлекеттік көмек шараларын және басқа әлеуметтік жағдайларды қарастырды. Жаңа мемлекеттердің пайда болуы. 1918 жылы Еуропаның саяси картасында Финляндия, Австрия, Венгрия, Югославия, Чехословакия және Полына сияқты жаңа Мемлекеттер пайда болды. Бұл мемлекеттер көптеген жылдар бойы жүргізілген ұлттық тәуелсіздік күрестің, ұлттық буржуазиялық-демократиялық революция жеңісінің нәтижесінде дүниеге келген еді. 1918 жылы жаңа ұлттық мемлекеттердің құрылу процесінде бұрынғы бөлініп кеткен бірқатар халықтар бірігіп, біртұтас ұлттық рыноктың құрылуы үшін жағдай туды. Екінші жағынан, буржуазияның саяси әлсіздігіне байланысты ұлттық және әлеуметтік мәселелер соңына дейін шешілмеді. Бұл Оңтүстік-Шығыс және Орталық Буропа мемлекеттерінің аз халықтары арасындағы кайшылықтардың негізі болып қала берді. 1918 жылдан 1923 жылға дейінгі кезеңде жаңадан құрылған мемлекеттердің экономикалық және саяси кондырмаларында құрылымдық өзгерістер болды. Бірқатар әлеуметтік реформалар жүргізілді, буржуазиялық-демократиялық конституциялар қабылданды. Либерал-демократиялық партиялар қатысқан коалициялық кабинеттер құрылды. Өнеркәсібі дамыған елдердің бірінші ондығына бұлардың арасынан тек Чехословакия мен Австрия ғана кірді. Венгрия мен Полына — аграрлық- индустриялық, Албания, Болгария, Румыния және Югославия аграрлық мемлекеттерге жатты. Мұнда ұлттық кірістің негізгі бөлігі ауыл шаруашылығында шоғырланды. Австрия, Албания, Полына және Чехословакяя елдерінде республикалық құрылыс орнатылды, ал Венгрия, Болгария, Румыния және Югославия елдері конституциялық монархияға жатты. Олардың конститулиялары демократиялық еркіндікті жариялады. Барлық елдерде көп партиялық жүйе өмір сүрді. Көп ұлтты мемлекеттерде бағындырушы ұлттардың буржуазиялық партиясы алдыңғы шептен орын алды. Барлық ұлттардың тей құқықтығы жарияланғандығына қарамастан, іс жүзінде аз улттың өкілдері екінші сатыдағы азамат ретінде қаралды. Жаңадан құрылған мемлекеттердің экономикасы мен саяси құрылысында елеулі өзгерістер болып өтті. Бірқатар әлеуметтік реформалар жасалды, буржуазиялық-демократиялық конституциялар қабылданды, реформашыл партия өкілдері де шақырылған коалициялық кабинеттер жасақталды. 1918 жылғы Қараша революциясының нәтижесінде (Германиядан соң) Австрия 1918 жылы 12 қарашада өзін республика деп жариялады. Австрия социал- демократиялық партиясының жетекшісі К.Реннер канцлер болып тағайындалған коалициялық үкімет құрылды. Бірінші үкімет қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылымын қайта құруда бірқатар шара-ларды жүзеге асырды. Мысалы, 1919 жылдың көктемінде Құрылтай жиналысы дворяндық титулдар мен атақтарды жойды, Габсбургтерді елден кетіріп, олардың мүлкін төркілеу ааңын қабылдады. Австрия басшылығы әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығу жолын іздестіру барысында 1922 жылғы қыркүйекте Ұлттар Лигасының мінбесінен Австрияға халықаралық несие беруге өтініш жасады. Осы жылдың қазан айында Женева келісіміне қол қойылды. Ол бойынша республика Ұлыбритания мен Франциядан несие алып, соғыстан кейінгі дағдарыстан шығуға тырысты. Бірақ 1930 жылдар басындағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс тағы да ішкі- сыртқы саяси тұрақсыздық тудырды. 1934 жылы Австрия мен Германия арасындағы достық қатынас келісімі қайта орнатылды. Алайда Германияның аншлюсіне дайындығын көріп, оған қарсыласуға күш таппаған христиан-социалистік партиясының жетек-іиісі, канцлер К.Шушниг үкіметі өз еркімен кетіп, 1938 жылғы 12 наурызда неміс әскерінің Австрия басып кіруіне жол ашты. Австрия енді Герман мемлекеті болып жарияланып, ұлтшыл рейх құрамына кірді. Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың зардаптарын жою үшін ірі елдер арасында қарыздар мен төлемдер мәселесін реттеу қажет болды. Соған орай 1931-1932 жж. Германия репарациялар төлеуді, ал Еуропа елдері АҚШ-тан алған қарыздарын төлеуді тоқтатты. Бұл дағдарыстан әбден күйзелген елдерге елеулі жеңілдіктер әкелді. Алайда, ірі елдер дағдарыстан шығуға қажетті шара ретінде кедендік салықгарды көбейту және ұлттық валюталарын алтынға айырбастау ережелерін қатаңдандыру саясатын ұстағандықтан, олардың арасындағы сауда-экономикалық байланыстар нашарлап кетті. 1933 жылы Лондонда өткізілген Халықаралық экономикалық конференция ешқандай нәтиже берген жоқ. Ауыр дағдарыстан әрбір ел басқа елдердің есебінен шықпақшы болды, бұл халықаралық жағдайды нашарлатып жіберді. Халықаралық жағдайдың шиеленісуі ең алдымен фашистік мемлекеттердің басқыншылық саясатына байланысты болды. Басқыншылық саясатты Қиыр Шығыста Жапония бастады. Жапонияның басқыншылық мақсаттары "Танака меморандумында" негізделді. (Бұл — Танака премьер-министр болып тұрғанда, оның 1927 жылы императорға жазған баяндамасы). Бұл құжатта бүкіл Қытайды, Монғолияны басып алу, одан кейін Оңтүстік-Шығыс Азия мен Үндістанға үстемдік орнату көзделген еді. 1931-32 жж. Жапония Солтүстік-Шығыс Қытайды (Маньчжурия) басып алды да, "Маньчжоу-Го" деп аталған "қуыршақ" мемлекет құрды. Қытай Ұлттар лигасына арыз жолдады. Ұлттар лигасы бұл мәселені тексеру үшін Литтон басқарған комиссия қүрды. Комиссия Жапон әскерлерін Маньчжуриядан шығару және бұл жерді халықаралық бақылауға беру туралы ұсыныс жасады. 1933 жылдың басында Жапон әскерлері ішкі Қытайға ене бастады. Ұлттар лигасы Маньчжоу-Го мемлекетін мойындамау және Жапонияның халықаралық шарттарды сақгауға тиісті екендігі туралы қарар қабылдады. Бұған жауап ретінде 1933 жылы 27-наурызда Жапония Ұлттар лигасынан шығатынын мәлімдеді. Германияда өкімет басына фашистік партияның келуі халықаралық жағдайды елеулі түрде шиеленістірді. Фашистік Германия бірінші кезекте Версаль бітім шартының күшін . жоюға, сөйтіп шексіз қарулану мүмкіндігін алуға тырысты. Ал қарулану Германияға бүкіл Еуропаны басып алу және дүниежүзіне үстемдік орнату мақсатын іске асыру үшін қажет еді. Осындай ниеттегі Германия енді Үлттар лигасын өзінің қолын байлайтын бөгет деп есептеді де, 1933 жылы 19- қазанда Ұлтгар лигасынан шығып кетті. 1935 жылы наурыз айында Германияда жалпыға бірдей әскери міндеткерлік енгізілді. 1936 жылы Германия Рейн облысына әскер енгізді, осылайша Версаль бітім шартын және Рейн кепілдік келісімін бүзды. Германияда жанталаса қарулану басталды, Италия басқыншылық әрекетін 1935 жылы Эфиопияны (Абиссинияны) басып алудан бастады. Ұлттар лигасы Италияны баеідыншы деп айыптады. Алайда, Италияға бүл шешім ешқандай ыкдал жасаған жоқ, ол 1936 жылк Эфиопияны толық басып алды. Италияның Эфиопияға қарсы басқыншылық әрекетіне Германияның жылы шыраймен қарауы және Испания республикасына қарсы бірігіп жорық жасау екі фашисті мемлекетті бір-біріне жақындата түсті. 1936 жылы Германия мен Италия арасындағы ынтымақгастық туралы хаттамаға қол қойылды. Бір айдан кейін Германия мен Жапония Коминтернге қарсы келісім жасалды. Мұнда екі ел Коминтернің басқа елдердің ішкі істеріне араласуына жол бермеу үшін Коминтерннің әрекеті туралы өзара хабарласып отыруға келісті. Коминтернге қамқоршы болып отырған Кеңес Одағы екендігін ескеріп, олар Кеңес Одағымен осы келісімнің рухына қайшы келетін саяси келісімдер жасамауға міндеттенді. Сонымен қатар осы екі мемлекеттің біреуі Кеңес Одағы тарапынан арандатылмаған шабуылға үшыраған жағдайда, екіншісі Кеңес Одағының жағдайын жеңілдетуге мүмкіндік беретін шараларды қолданбауға уәде берді. 1937 ж. бүл келісімге Италия қосылды. Осылайша "Берлин-Рим-Токио өзегі" деп аталған одақ күрылды. Бүл Германия мен Италия арасындағы Австрияға ықпал жасауға бәсекелестікті, Германия мен Жапония арасындағы Тынық мүхиты мен Қытайға ықпал жасауға бәсекелестікті жүмсартты. Енді олар бір-бірінің Еуропа мен Азиядағы басқыншылық әрекеттеріне бөгет жасамайтын болды. 1937 жылы Жапония Қытайды жаулап алуға қайтадан кірісті. Германия 1938 жылы Австрияны қосып алды ("аншлюс"). Жаңа дүниежүзілік соғыс өртінің тұтану қаупі төнді. Вена конгресі Европа державаларының напалеондық Франциямен соғысты аяқтаған, 1814 жылдың қыркүйек айынан 1815 жылдың маусым айына дейін Вена қаласында өткен халықаралық конгресі. Конгреске Турциядан басқа Европа елдерінің барлығынан 216 өкіл қатысты. 1814 жылы мамырдың 18 жұлдызында Париж трактатына Ресей, Англия, Австрия, Испания, Пруссия, Португалия, Швеция мемлекеттері қол қойды. Конгрессті ұйымдастырушылар негізінен Ресей, Англия, Австрия, Пруссия державалары болды. Париждік трактатпен келісе отырып, Напалеонмен соғысқан державалар шартқа қол қойғаннан кейін, екі ай өтісімен Венада кангресс ашуға міндетті болды. Себебі оларға бір келісімге келу керек болды және Париждік трактатта айтылған шараларды іске асыруға көңіл бөлуге міндетті болды. Конгрессті ұйымдастырушылардың алдына қойған мақсаттары – Француз буржуазиялық революциясы және Напалеон соғыстары нәтижесінде Европада болған саяси өзгерістерді жою; революциялық қозғалыспен күресу; бұрынғы феодалдық тәртіптер мен династияларды қайтадан қалпына келтіру; Францияда Бонопарт режимінің қайта орнауына, Европаны жаңадан жаулап алу үшін күрес жүргізуіне мүмкіндік бермеу; Напалеонды жеңген елдердің территориялық талаптарын орындау. Ұлт – азаттық және революциялық қозғалыстарды тоқтататындай мықты монархиялық билікті орнату державалардың басты мақсаты болды. Францияны әлсіретіп, Европа территориясын бөлісіп алуды көздеген державалардың арасында алауыздық пайда болды. Феодалдық – абсолюттік тәртіпті орнату мүмкін емес болды. Осы орайда Александр I Ұлы Француз революциясы салдарынан қандай қайшылықтарға тап болғанын да жақсы меңгерді.Саондықтан Европада жаңа көтерілістер басталар болса, Ресей державасына зақым тиеді дей келе, Бурбон династиясының рестоврациясына қарсы болды. Ал Ресей билеушісінің бұл пікіріне Англия қарсы шықты. Француз революциясы тұсында Бурбон династиясының билеушілері Ұлы Британияға қашқан болатын. Ал осы тұста Бурбон династиясы Париждік таққа отырар болса, Англия өз беделін бүкіл монархиялық Европа алдында өсіреміз деп ойлады. Сонымен Англия мен Австрия Ресейдің басым билігін жоюды көздеді. Конгресстің ашылуына дейін қалған уақытты пайдалана отырып, олар Ресейге қарсы мемлекеттер одағын құрып алмоқшы болды. 1814 жылдың тамыз айында көптеген мәселелер бойынша кеоіссөздер жүргізілді. Ресей үшін польшалық – саксондық мәселе шешімін таппаған болатын. Александр I өзінің шетел жұмыстары бойынша статс – секретарьі К.В Нессельроде және орыс дипломаты Иоанис Наподистрияға ұсыныстарын берді. Ұсыныстың негізі: Австрия мен Англия арасындағы антиресейлік позицияларын білген Александр I Пруссияны ұсыныс арқылы өзіне қаратпақшы болды. Пруссияға ол Напалеон одақтасы болған Саксония корольдығының территориясын беруге уәде берді. 1814 жылы қыркүйектің 16 жұлдызында Ресей мен Пруссия құпия шартқа қол қойды. Ресей Пруссияға Саксония жерін беру және ол жерден Ресей өз әскеоін әкету шарттың мазмұны болды. Австрия Пруссия территориясының кеңейуіне ашық түде қарсы болды. Англияны бұл мәселе қызықтырмады. Сонымен 1814 жылдың қыркүйкек айында Вена конгрессінің ашылуына антинапалеондық коалиция одақтастары арасында өзара келіспеушіліктер болды. Ең басында Франция конгресске қатыспайды деген үкім шығарылған болатын. Одақтастар арасындағы келіспеушілікті тиімді пайдаланған Тамйран бұл үкімді түбірімен өзгертті. Енді Францияның елшісі конгресстің тең құқылы мүшесі болды. Вена конгрессіндегі негізгі шешілмеген мәселе польшаның және саксондықтардың териториясын кімге беру төңірегінде болды. Конгресте Пруссия шарт бойынша Ресейді жақтауға тура келді. Бұл антиресейлік коалицияның құрылуына әкеп соқты. 1814 жылы желтоқсанның 22 ждұлдызында Англия, Австрия, Франция құпия шартқа қол қойды. Бұл Пруссия мен Ресейге қарсы бағытталған құпия жиналыс болды. 1815 жылы Напалеонның Эльбыдан Францияға келуі, араздасқан екі жақты қайтадан татуластырды. 1815 жылы 13 маусымда конгресс мүшелері декларация қабылдады. Напалеонды құқығынан айыру және соған қарсы соғыс ашу декларацияның мазмұны болып табылады. 1815 жылы 28 мамырда Вена конгрессінің қарытынды акоісі жазылды. Ол 121 баптан құралды. Вена конгрессі Европа картасын қайта өзгертті. Голландияны Нидерланды королевствасы деп атап, оған Бельгины қосты; Норвегия Швецияға берілді. Польшаны Ресей, Австрия және Пруссия бөлісіп алды. Пруссия Саксония мен Вестфалияның бір бөлігін, Рейн орталығын өзіне қосты.Австрияға Напалеон соғыстары кезінде бөлініп кеткен жерлері қайтарылды. Ломбардия бұрынғы Венеция республикасының жерлері, Зальцбург тағы басқа территориялар берілді. Италия қайтадан бірнеше бөлікке бөлініп, олар ескі династияның билігіне өтті. Германияның ұсақ 38 мемлекеттері формальді түрде Австрияға бірікті. Вена конгрессі Англияның соғыс кезінде Испаниядан және Франциядан жаулап алған отарларды заңдандырды. Швецарияның шекаралары аздап кеңейтілген, конгресс оны мәңгі бейтарап ел деп жариялады. Вена конгрессі дворяндық реакцияның күшеюіне жағдай жасады. Капитализмнің дамуына ревалюция және ұлт- азаттық қозғалыстың күшеюіне байланысты Вена жүйесі әлсірей түсті. Оған 1820, 1830, 1848 жж. Революциялармен 1853-56ж. Қырым соғысы соқы болып тиді. 1815жылы Европа халық-аралық қатнастар Төрттік және Қасиетті одақ құрылуына әкеп соқты. Онда ресей манызды рөль атқарды Вена конгрессі аяақталғаннан кейін 1815ж қыркүйекте Ресей, Австрия Пруссия арасында қасиетті одақ актісіне қол қойды. Басында одақ саяси мазмұнда болған жоқ еді. Оның нақты бағдарламасы болмады. Бірақ саяси құрлымының бергі көрінісі ретінде Европадағы монархиялық династиялардың әлсірету және бүкіл күштермен монархиялық легиметизімнің принціптерінің жақтау оған басты міндеті болды. Қасиетті одақтың белсенді мүшелері Австрия мен Ресей болды. Александр I және австриялық канцлер Меттерних Қасиетті одақтың негізін қалаушылар және оған дем берушілер деп есептелді. Қасиетті одақтың соңғы конгрессі Веронада болды. Веронаға Алесандр I, австриялық император Франц I, Пруссиялық король Фридрих Вильгельм, Италияндық монархтар , әскер басшылары келді. Бұл конгресстін шешімінде Франция испания революциясын тоқтату туралы мандап алады, Трокадероде Франция әскерлері Испан армиясың талқандайды, 1823ж күзде Испания революциясы тоқтатылады. 7.Америка (1918-1945 ж.ж.) Бүл жүмыссыздардың Вашингтондагы жасаган аттанысы (1931-32). Аштар жорықтары -капиталистік елдердегі жүмысшалардың жүмыссыздықпен қайыршылыққа қарсы күресінің бір түрі .Көбінесе АҚШ пен Үлыбританияда қолданды Ең ірі жорықтар 1929-33 жылдардагы дүние жүзілік экоомикалық дагдарыс кезінде болды. АҚШ-тың Демократиялық партиясы. Ол -американ моно полистік капиталының негізгі екі саяси партиясының бірі.1828 ж. қүрылды. Басаптқыда ол плантаторлар мен фермерлердің едәуір болігін , буржуазияның кейбір топтарынан біріктірілді.Кейіннен қүл иеленушілер мен ірі буржуазия партимясына айналды.Кәзіргі күнде ірі монополиялардың сойылын согады, агрессиялық саясат жүргізеді. Косемдері : Л.Джонсон, Г.Хемфри , М.Мэнсфил (сенаттагы демократардың басшысы) АҚШ-тың демократиялық партиясының түрақты мүшелері болмайды.Монополиялар және партияның басшы қайраткерлерімен тыгыз байланысты босстар ( саяси алаяқтар ) маңызды роль атқарды. Аса ірі монополиялар АҚШ-тың демократиялық партиясына қаражат беріп, оның саясатын белгілеп отырды. АҚШ-тың Республикалық партиясы. Американ монополистік капиталының негізгі екі саяси партиясының бірі.1854 жылы буржуазия окілдері қүрды. Империялизм дәүірі бастаганнан бері ірі монополиялардың мүддесін қоргай отырып, агрессияшыл саясат жүргізіп келеді. Косемдері:Б.Голдуотер , Р.Никсон , Д.Эйзеихауэр , Э.Дирксен ( сенаттағы республикалардың басшысы).АҚШ-тың р.п. Аса ірі монополистік топтармен тығыз байланысты; олар партияны қаражат жағынан асырап-сақтап оның саясатын белгілеп беріп отырды. 8.Еуропа елдері (1945-2005 ж.ж.) Ұзақ уақыт бойы ГДР-дегі социализм құрылысы ФРГ және Батыс Берлин мен шекараның күзетсіз болуы жағдайында жүргізілді. Осыған орай ГДР-ге қарсы түрлі арандатушылық әрекеттері істелді. Көптеген ғалымдар, инженерлер мамандығын жете меңгерген жұмысшылар ФРГ-ге қоныс аударды, бұл ГДР-ге орасан зор кері әсерін тигізді. 1961-ж. тамызда ГДР үкіметінің шешімі бойынша Батыс Берлинді айнала биік қабырға тұрғызылды, яғни «антифашистік қорғаныс шебі» жасалды, ФРГ-мен шекарада суверенді мемлекеттерге тән әдеттегі қатаң бақылау орнатылды. КСРО-ның көмегіне сүйенген және өзінің сыртқы саясатын Варшава Шарты мемлекеттерімен үйлестіріп отырған ГДР, ұзақ мерзім бойы неміс социалистік мемлекетінің өмір сүріп отырғанының тарихи шындық екенін мойындағысы келмеген ФРГ-ге және басқа капиталистік елдерге табандылықпен қарсы тұрды. Ұлыбритания, КСРО, АҚШ және Франция арасында 1971ж. жасалған төрт жақты келісім Батыс берлинді ФРГ-нің бір бөлігі емес деп тапты. Уақыт өте келе кейіннен ФРГ мен ГДР біріге отырып Германия мемелекеті біріккен болатын. Ұлыбритания соғыстан кейінгі жылдарда басты батыс державаларының бірі, ғылымы мен техникасы шапшаң дамыған, аса бай, монополиялар елі болып қала берді.Соғыстан кейінгі кезеңде Англияда лейбористер консерваторлар алма кезек өкімет басында тұрды. Консерваторлар реформалар жүргізген кезде монополиялардың мүдделерін сақтауға барынша тырысып бақты. У. Черчиль тәрізді саяси лидерлердің дәстүріне, беделіне табына отырып олар нәрсені бұрынғысынша қалдырғысы келер еді. Лейбористер мен консерваторлардың бағыттары арасында күрт айырмашылығы болған жоқ. Ұлыбританияның дәстүрлі жүйесі екі пар тиялы болып келеді.1945 ж. өкімет басына келген К.Эттлидің лейбористік үкіметі өзінің аса маңызды реформаларының бірі – банк және өнеркәсіпті дамыту еді. Консерваторлардың барлық басқарған кезі «босқа кеткен 13 жыл» деп жариялай отырып, лейбористер 1964 ж. өкімет басына қайтып оралды. 1970-1974 жж. өкімет басында бола отырып, тори «жылжымалы денационационализациялауды» жүргізді, яғни жекелеген авиациялар, жергілікті радиостанциялар және басқалар түрлі желеумен жеке қолдарға қайтарып берді. Отарлық проблемелар 1964-1974 жж. елеулі роль атқара берді. Бұл онжылдықта азаттық процессі Араб түбегіндегі, Латын Америкасындағы ағылшын отарлары мен про тектораттарын қамтыды. Консерваторлардың лидері М.Тэтчер басқарған үкімет мемлекеттік сектордың өзін өзі ақтамайтындығын желеу етіп, «жаңа консерватизмді» құра бастады. 90-жылдары ел эконмикасы жоғарылай түсті. ІІ д.ж.соғыстан кейін Францияда үш мемлекеттік құрылыс орын тебеді. 1944-1946жж. уақытша режим қалыптасады. 1946-1958 жж. Төртінші республика орнайды. 1958 ж. бастап Бесінші республика қалыптасады. Осы үш кезеңнің әрқайсысы тап күштерінің өзіне тән орналасуымен ерекшеленеді. 1968 ж. мамыр-маусым айларындағы оқиғалары тіршілік жағдайын жақсартуды, білім беру жүйесін қайта құруды талап еткен студенттердің жаппай бас көтеруімен басталды. Империализ мен нәсілшілдікке, АҚШ-тың Вьетнамдағы соғысына, тұтас алғанда «баю қоғамына» қарсы бағытталады. Де гольдің ізбасарлары – Жож Помпиду мен Валери Жиксар д Эстенголлизм саясатын жалғастыра беретіндерін мәлімдейді. 1971 ж. «Ынтымақтастық принциптеріне», бірқатар саяси құжаттарға қол қойылады. 1980-1990жж. өнеркәсіптік дамыту бағдарламалары қабылданады. Алайда монополиялардың қысымымен және экономикалық дағдарыстың әсерінен 1980-1982 жж. үкіметтің бағыты консервативті бола түсті. Фашизимнен азат болған соң және соғыс аяқталғаннан кейін Италияға қарсыласу жылдары қалыптасқан прогресшіл партиялардың майданы терең ықпал жасады. Монархиялық құрылыс республикалық құрылыспен алмастырылды. 1947 ж. конституция қабылданды.50-64 жж. құлдырауға дейін созылған және итальян «экономикалық ғажайыбы» деп дарияланған өрлеу басталады. Италия НАТО-ны құруға тек қатысып қана қоймай, сонымен бірге АҚШ милитаризіміне жол береді. Бүкіл капиталистік елдерді шарпыған1974-1975 жж. дағдарыс өте ауыр болып шықты. Сыртқы саясатында Италия , бұрынғысынша, АҚШ- қа бағдар ұстап, НАТО-ның Европадағы оң қанаты болып тұрды. 9.Америка (1945-2005 ж.ж.) АҚШ-ы гитлерлік Германия мен милитаристік Жапонияны жеңуге үлкен үлес қосты.Алайда елдің экономикалық дамуы тұрақсыздығымен ерекшеленді. Өнеркәсіп өндірісі бірнеше рет (1948-1949, 1953-1954, 1957-1958, 1960-1961 жж.) дағдарыстарды басынана кешіріп, олардың салдарынан АҚШ 415 млрд. Доллар зиян шекті. 1969-1970 ж. тағы да экономикалық дағдарыс қыспағына түседі. 60-70жж. АҚШ-тың соғыстан кейінгі экономикалық дамуында бетбұрыс болды. Қазіргі таңда АҚШ әлемдік қауымдастықта алдыңғы қатарлы ел болып табылады. Сонда-ақ НАТО, БҰҰ сынды халықаралықт ұйымдардың беделді мүшесі болып табылады. 3. Практикалық сабақтар 1. тақырып 4ғ.аяғы мен 11ғ. ортасындағы Еуропа Құлдық қоғамның дағдарысы. Колонат эволюциясы.3-4 ғасырлардың аяғындағы Рим империясының қоғамдық және мемлекеттік құрылымы Ұсынылатын әдебиет Б.Боранбаев. Орта ғасырлар тарихы А., 2013 История средних веков. Европа . М.2001 Всемирная история: Раннее средневековье.7т./А.Н.Бадак,И.Е.Войнич.Н.М.Волчек.-М.2001 Лаура Исова. Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы (1640- 1815).А.,2004 2. тақырып Батыс Рим империясының құлауы және жаңа патшалықтардың пайда болуы Халықтардың ұлы қоныс аударуының себептері.Рим империясы құлағаннан кейінгі патшалықтар.Жаттардың жаулап алуының нәтижесі мен мәні Ұсынылатын әдебиет Б.Боранбаев. Орта ғасырлар тарихы А., 2013 История средних веков. Европа . М.2001 Всемирная история: Раннее средневековье.7т./А.Н.Бадак,И.Е.Войнич.Н.М.Волчек.-М.2001 Лаура Исова. Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы (1640- 1815).А.,2004 3. тақырып Франк державасындағы феодализмнің дамуы «Салий заңдары».Меровингтік кезеңдегі франк қоғамындағы әлеуметтік жіктеліс.Хлодвиг мұрагерлері тұсындағы мемлекеттің ыдырауы. Австразия майордомдарының елді біріктіруі.Каролингтердің франктік державасы.Франктердің арабтармен күресі.Карл мартелдің бенефициялық реформасы. Ұсынылатын әдебиет Б.Боранбаев. Орта ғасырлар тарихы А., 2013 История средних веков. Европа . М.2001 Всемирная история: Раннее средневековье.7т./А.Н.Бадак,И.Е.Войнич.Н.М.Волчек.-М.2001 Лаура Исова. Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы (1640- 1815).А.,2004 4. тақырып 4-7 ғасырлардың бірінші жартысындағы Византия империясы Византия империясының қалыптасуы, территориясы және тұрғындарының этникалық құрамы. Византиядағы қалалар, қолөнер мен сауданың дамуы. 1 Юстинианның патшалық құруы. Ұсынылатын әдебиет Б.Боранбаев. Орта ғасырлар тарихы А., 2013 История средних веков. Европа . М.2001 Всемирная история: Раннее средневековье.7т./А.Н.Бадак,И.Е.Войнич.Н.М.Волчек.-М.2001 Лаура Исова. Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы (1640- 1815).А.,2004 5тақырып 9-11 ғасырларда Батыс Еуропа елдеріндегі феодалдық құрылымның нығаюы. Алғашқы Капетинингтер билігі тұсындағы король билігі.Франциядағы негізгі феодалдық иеліктер. Шаруалар көтерілістері. Ұсынылатын әдебиет Б.Боранбаев. Орта ғасырлар тарихы А., 2013 История средних веков. Европа . М.2001 Всемирная история: Раннее средневековье.7т./А.Н.Бадак,И.Е.Войнич.Н.М.Волчек.-М.2001 Лаура Исова. Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы (1640- 1815).А.,2004 6. тақырып 9-11 ғасырлардағы Франция, Германия, Италия Италияның саяси бытыраңқылығы.9-11ғғ. Францияның экономикалық құрылысы. Германия империясының құрылуы.1073-1075 жж. Саксондардың көтерілістері.т.б. Ұсынылатын әдебиет Б.Боранбаев. Орта ғасырлар тарихы А., 2013 История средних веков. Европа . М.2001 Всемирная история: Раннее средневековье.7т./А.Н.Бадак,И.Е.Войнич.Н.М.Волчек.-М.2001 Лаура Исова. Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы (1640- 1815).А.,2004 7. тақырып 11 ғасырдың ортасына дейінгі Англия. Испания мен Византия дамуының тарихи ерекшеліктері Британиядағы англосаксондық патшалықтар және феодалдану үдерістері. Испанияны мұсылмандардың жаулап алуы. 9-11ғғ. Испания мәдениеті. Византияның саяси құрылысы Ұсынылатын әдебиет Б.Боранбаев. Орта ғасырлар тарихы А., 2013 История средних веков. Европа . М.2001 Всемирная история: Раннее средневековье.7т./А.Н.Бадак,И.Е.Войнич.Н.М.Волчек.-М.2001 Лаура Исова. Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы (1640- 1815).А.,2004 8. тақырып 7-11ғғ. Оңтүстік және Батыс славяндар. Болгар мемлекетінің құрылуы. 7-10ғғ. Сербтар, хорваттар,словендер.Чеш мемлекетінің құрылуы.т.б. Ұсынылатын әдебиет Б.Боранбаев. Орта ғасырлар тарихы А., 2013 История средних веков. Европа . М.2001 Всемирная история: Раннее средневековье.7т./А.Н.Бадак,И.Е.Войнич.Н.М.Волчек.-М.2001 9. тақырып Ежелгіорыстар мемлекетінің құрылуы. Киевская Русь. 6-9 ғғ. шығыс славяндық жерлердің экономикалық дамуы. Ежелгіорыс мемлекеті. 9-10ғғ. Ежелгіорыс мемлекетінің саяси құрылысы. Ұсынылатын әдебиет Б.Боранбаев. Орта ғасырлар тарихы А., 2013 История средних веков. Европа . М.2001 Всемирная история: Раннее средневековье.7т./А.Н.Бадак,И.Е.Войнич.Н.М.Волчек.-М.2001 10. тақырып Крест жорықтары. Қалалардың дамуы.Крестшілердің мемлекеті Крест жорықтарының алғышарттары мен сипаты. Бірінші крест жорықтары.Шығыстағы крестшілердің мемлекеті. Ұсынылатын әдебиет Б.Боранбаев. Орта ғасырлар тарихы А., 2013 История средних веков. Европа . М.2001 Всемирная история: Раннее средневековье.7т./А.Н.Бадак,И.Е.Войнич.Н.М.Волчек.-М.2001 Лаура Исова. Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы (1640- 1815).А.,2004 11. тақырып 11-15ғғ. Франция, Англия, Германия, Италия. Даму тарихы Ұсынылатын әдебиет Б.Боранбаев. Орта ғасырлар тарихы А., 2013 История средних веков. Европа . М.2001 Всемирная история: Раннее средневековье.7т./А.Н.Бадак,И.Е.Войнич.Н.М.Волчек.-М.2001 12. тақырып Батыс Еуропа елдерінде капиталистік қатынастардың пайда болуы. Капиталистік мануфактура.Ауыл шаруашылығында капитализмнің дамуы Ұсынылатын әдебиет Б.Боранбаев. Орта ғасырлар тарихы А., 2013 История средних веков. Европа . М.2001 Всемирная история: Раннее средневековье.7т./А.Н.Бадак,И.Е.Войнич.Н.М.Волчек.-М.2001 13. тақырып 16-17 ғасырлардың бірінші жартысындағы Германия. Швейцариядағы реформация Ұсынылатын әдебиет Б.Боранбаев. Орта ғасырлар тарихы А., 2013 История средних веков. Европа . М.2001 Всемирная история: Раннее средневековье.7т./А.Н.Бадак,И.Е.Войнич.Н.М.Волчек.-М.2001 14. тақырып 15. 16-17 ғасырлардың бірінші жартысындағы Италия, Англия, Франция Даму тарихы Ұсынылатын әдебиет Б.Боранбаев. Орта ғасырлар тарихы А., 2013 История средних веков. Европа . М.2001 Всемирная история: Раннее средневековье.7т./А.Н.Бадак,И.Е.Войнич.Н.М.Волчек.-М.2001 15. Тақырып 16-17 ғасырдың бірінші жартысындағы халқаралық қатынастар Дипломатиялық қызметтердің рәсімделуі.Халықаралық қайшылықтардың ошақтары. Ұсынылатын әдебиет Б.Боранбаев. Орта ғасырлар тарихы А., 2013 История средних веков. Европа . М.2001 Всемирная история: Раннее средневековье.7т./А.Н.Бадак,И.Е.Войнич.Н.М.Волчек.-М.2001 Лаура Исова. Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы (1640- 1815).А.,2004 4. Студенттердің өздік жұмыстары 4.1.1. 16-17 ғасырдың бірінші жартысындағы халқаралық қатынастар Дипломатиялық қызметтердің рәсімделуі.Халықаралық қайшылықтардың ошақтары. 4.1.2. 11-15ғғ. Франция, Англия, Германия, Италия. 4.1.3. Батыс Еуропа елдерінде капиталистік қатынастардың пайда болуы. 4.1.4. 16-17 ғасырлардың бірінші жартысындағы Германия. Швейцариядағы реформация 4.1.5. 16-17 ғасырлардың бірінші жартысындағы Италия, Англия, Франция 4.1.6. 16-17 ғасырдың бірінші жартысындағы халықаралық қатынастар 4.1.7. Батыс Рим империясының құлауы және жаңа патшалықтардың пайда болуы 4.1.8. 11-15ғғ. Франция, Англия, Германия, Италия. 4.1.9. Батыс Еуропа елдерінде капиталистік қатынастардың пайда болуы. 4.1.10 16-17 ғасырлардың бірінші жартысындағы Италия, Англия, Франция
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz