Файл қосу

Сұйық қозғалысының режимдері



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                                                      |
|ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ                                                  |
|Семей қаласының  ШӘКӘРІМ атындағы                                              |
|МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                                                       |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты   |ПОӘК               |ОӘК 042-16.1.73/02-2013           |
|ПOӘК                    |№ ___ басылым      |                                  |
|«Гидравлика»            |                   |                                  |
|пәннінің студенттерге   |                   |                                  |
|арналған оқу жұмыс      |                   |                                  |
|бағдарламасы            |                   |                                  |






             5В072400 - «Технологиялық машиналар және жабдықтар»
                               мамандығы үшін

                                «ГИДРАВЛИКА»

                       ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ




                  СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ














                                    Семей
                                    2013
                                   Кіріспе


      1  ӘЗІРЛЕГЕН


      ҚҰРАСТЫРУШЫ
      Семей  қаласының  Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік  университеті  «Тамақ
өндірісінің   машиналары   мен   аппараттары»   кафедрасының   доцент   м.а.
___________ Абдилова Ғ.Б.


      «      »                        2013 ж.


      2  ТАЛҚЫЛАНДЫ
      2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
      «Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары»
      кафедра отырысында қаралды
      «      »                         2013  ж.           №          хаттама



      Кафедра меңгерушісі ____________ М.М. Акимов

      2.2. Инженерлі-технологиялық факультетінің  оқу-әдістемелік  кеңесінің
отырысында
      «       »                           2013 ж.     №         хаттама



      Төрайымы   _________   С.С. Төлеубекова


      3  БЕКІТІЛДІ
      Университеттің Оқу-әдістемелік  кеңесінің  отырысында  басып  шығаруға
мақұлданған және ұсынылған


      «        »                          2013  ж.     №             хаттама



      ОӘК төрағасы _______________ Г.К. Искакова












                                   Мазмұны


      |1 | Жалпы ережелер                                                     |   |
|2 | Пәннің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу          |   |
|3 |Пәнді оқып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар                     |   |
|4 | Курс форматы                                                       |   |
|5 | Курс саясаты                                                       |   |
|6 | Баға қоюдың саясаты                                                |   |
|7 | Әдебиет                                                            |   |






































      1  ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


      1. Оқытушы және пән бойынша жалпы мәліметтер
         • Оқытушылардың аты-жөні  - Абдилова Галия Бекеновна
         • «Тамақ өндірісінің машиналары мен аппараттары» кафедрасы
         • Байланыс ақпараты - № 9 оқу ғимараты, № 109 кабинет, тел: 36-02-
           15(3)
         • Сабақ өткізу орны - дәрісхана № 105
         • Берілген пән бойынша кредит саны – 3
      1.2.  Пәннің  қысқаша  мазмұны:  «Гидравлика»  –   техникалық   ғылым.
«Гидравлика» пәні тамшылы және газ тәрізді сұйықтар,  және  олардың  әртүрлі
практикалық   есептерді   шешу    кезінде    пайдаланылатын    заңдылықтарын
қарастыратын пән.
      Сұйық  (газ)  негізгі  жұмысшы  дене  болып   табылатын   гидраликалық
машиналар, механизмдер және басқа да құралдар  әртүрлі  өндіріс  салаларында
кеңінен қолданылуы мамандардың гидравлика туралы терең білімді болуын  талап
етеді. Жаңа  маман  технологиялық  талаптарына  сәйкес  өндіріс  процестерін
басқарып қана қоймай, сонымен қатар осы саладағы соңғы ғылым  жетістіктеріне
жауап беретін тиімді жоғарғы техникалық дәрежеде жүргізілуін қамтамасыз  ету
керек.
      Негізгі   түсініктер   мен   анықтамалар.   Гидростатика.   Кинематика
негіздері.  Сұйық  қозғалысының  негізгі  теңдеулері.   Сұйық   қозғалысының
режимдері. Гидродинамикалық ұқсастық  негіздері.  Гидравликалық  кедергілер.
Сұйықтардың тесіктер мен саптамалар арқылы ағып өтуі. Құбыр арқылы  сұйықтың
қозғалуы,  негізгі  есептеулері.  Құбырөткізгіштерінің  жай   және   күрделі
есептері.  Сұйықтың  қалыптаспаған  қозғалысы.  Гидравликалық  соққы.   Н.Е.
Жуковский формуласы. Гидравликалық  машиналар.  Әрекет  принципі.  Жіктелуі.
Ортадан тепкіш сораптар. Құрылысы, әрекет принципі  және  жіктелуі.  Ортадан
тепкіш сораптар теориясының негіздері.
      1.3. Пәнді оқыту мақсаты: Гидравлика бойынша теориялық білім алу  және
қолданбалы есеп  түрлерін  есептеу  тәсілдерін  және  гидравликаның  негізгі
заңдарын практикада қолдануды игеру.
      1.4.  Пәнді  оқытудың  негізгі  міндеті:   студенттерге   «Гидравлика»
негіздерін үйрету:
            •  тамшылы  және  газтәрізді  сұйықтардың  тепе-теңдікте   және
              қозғалыста болуының негізгі заңдылықтары туралы білім алу;
            • гидравликалық есептеу әдістерін үйрету.
    Сонымен  қатар,  берілген  курстың  маңызы  тек  студенттерге   белгілі
мәліметтер  беру  ғана  емес  (анықтамалар,  заңдылықтар,   есептерді   шешу
әдістерін), сондай-ақ олардың пайдаланылуын үйрету.
    «Гидравлика»  практикалық  курс.  Сондықтан  бақылаудың  негізгі  түрін
құрайтын барлық практикалық және жеке есептерді орындау міндетті шарт  болып
табылады.
    1.5. Оқытудан күтілетін нәтижелері:
            • гидростатика және гидродинамика негіздерін білу керек;
            • білімдерін теория және іс жүзінде  пайдалану  әдістерін  білу
              керек;
            • «Гидравликаның» негізгі теңдеулерін шығару  және  дәлелдеуді,
              оларды нақты есептерді шығаруда қолданылуды білу керек;
            • алған білімдерін процестер  мен  құбылыстардың  математикалық
              моделдерін құру үшін пайдалана білу керек;
            • гидравликалық зерттеулерде  қолданылатын  негізгі  әдістердің
              мәнін түсіне білу керек;
            • «Гидравликаның» қазіргі проблеммалары туралы білу керек;
            • «Гидравлика» пәнінде алған білімдерін басқа да пәндерді оқуда
              пайдалана білу керек;
            • курстың типтік есептерін  шешу  туралы  білімдерін  жетілдіру
              керек.
    1.6. Курстың пререквизиттері:
            • математика;
            • физика;
            • теориялық механика.
    1.7  Курстың постреквизиттері:
            • Сумен  қамтамасыз  ету,  канализация  және  жылу  жүйелерінің
              негіздері;
            • Гидропневматикалық машиналар мен жетектер;
            • Өндірістік желдету.


    2  ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ


    Кесте 1 - Пәннің мазмұны. Сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу.


    |Тақырып|Тақырыптары                                |Сағаттар             |Әдебиет |
|тар №  |ның аты                                    |                     |        |
|       |                                           |ДС |ЛС|ПС |ОСӨЖ |СӨЖ|        |
|1      |2                                          |3  |4 |5  |6    |7  |8       |
|Модуль 1 Гидростатика                                                             |
|1      |Сұйықтармен газдардың негізгі физикалық    |2  |  |1  |3    |2  |7.1.1.  |
|       |қасиеттері. Негізгі физикалық қасиеттер:   |   |  |   |     |   |4 – 16  |
|       |тығыздық, сығылғыштық, сұйықтар үйкелісі   |   |  |   |     |   |беттер; |
|       |үшін Ньютон заңы, тұтқырлық. Беттік керілу.|   |  |   |     |   |7.1.2.  |
|       |Сұйықтарда газдардың  еруі, сұйықтан газ   |   |  |   |     |   |5 – 19  |
|       |күйіне  өтудің шарттары. Қаныққан бу       |   |  |   |     |   |беттер; |
|       |қысымы, кавитация. Идеал сұйықтар моделі.  |   |  |   |     |   |7.2.1   |
|       |Сұйықтарға әсер ететін күштер.             |   |  |   |     |   |9 – 23  |
|       |Гидростатикалық қысым және оның қасиеттері.|   |  |   |     |   |беттер  |
|2.     |Гидростатика негіздері. Тепе-теңдіктегі    |2  |  |1  |3    |3  |7.1.1.  |
|       |сұйықтардың дифференциал теңдеуі (Эйлер    |   |  |   |     |   |17 – 34 |
|       |теңдеуі). Осы теңдеулерді интегралдаудың   |   |  |   |     |   |беттер  |
|       |мысалдары. Гидростатиканың, қысымға тең    |   |  |   |     |   |7.1.2.  |
|       |беттің негізгі теңдеуі. Сұйықтың тәуелісіз |   |  |   |     |   |19 – 43 |
|       |беті. Сұйықтың салыстырмалы тепе-теңдігі.  |   |  |   |     |   |беттер; |
|       |Жазық және қисық сызықты беттердегі        |   |  |   |     |   |7.2.1.  |
|       |сұйықтардың қысым күші. Қысым эпюрі.       |   |  |   |     |   |24 – 49 |
|       |                                           |   |  |   |     |   |беттер. |
|Модуль 2 Гидродинамика                                                            |
|3.     |Сұйық қозғалысының түрлері. Ағынның        |2  |  |   |3    |1  |7.1.2.  |
|       |траекториясы, желісі және ағын түтігі,     |   |  |   |     |   |43 – 51 |
|       |элементарлық ағынша. Ағыстың негізгі       |   |  |   |     |   |беттер; |
|       |гидравликалық элементтері: көлденең қима   |   |  |   |     |   |7.2.1.  |
|       |(живое сечение), орташа жылдамдық,         |   |  |   |     |   |51 – 57 |
|       |гидравликалық радиус, сұйықтану периметрі, |   |  |   |     |   |беттер. |
|       |шығын. Сұйықтар мен газдардың үзіліссіздік |   |  |   |     |   |        |
|       |теңдеуі. Идеал сұйықтар қозғалысының       |   |  |   |     |   |        |
|       |дифференциал теңдеуі (Эйлер теңдеуі)  және |   |  |   |     |   |        |
|       |оларды интегралдау.                        |   |  |   |     |   |        |
|4.     |Бернулли теңдеуі. Идеал сұйықтың           |2  |  |2  |2    |3  |7.1.1.  |
|       |қалыптасқан қозғалысы үшін Бернулли        |   |  |   |     |   |37 – 57 |
|       |теңдеуі. Бернулли теңдеуін геометриялық    |   |  |   |     |   |беттер; |
|       |және энергетикалық талдау. Тұтқыр сұйықтар |   |  |   |     |   |7.1.2.  |
|       |ағыны үшін Бернулли теңдеуі. Кариолис      |   |  |   |     |   |51 – 60 |
|       |коэффициенті. Гидравликалық шығын туралы   |   |  |   |     |   |беттер; |
|       |жалпы түсінік. Бернулли теңдеуі бойынша    |   |  |   |     |   |7.2.1.  |
|       |диаграмма тұрғызу.                         |   |  |   |     |   |57 – 60 |
|       |                                           |   |  |   |     |   |беттер. |
|5.     |Мөлшерөлшегіштер. Вентури мөлшерөлшегіші.  |2  |  |2  |4    |3  |7.1.1.  |
|       |Газдар қозғалысы туралы қысқаша түсінік:   |   |  |   |     |   |52 – 55 |
|       |гидравлика заңдарының газдар қозғалысына   |   |  |   |     |   |беттер; |
|       |қолданылу шарттары. Жылдамдық пен мөлшерді |   |  |   |     |   |7.2.1.  |
|       |өлшеу құралдары мен әдістері, олардың      |   |  |   |     |   |53 – 57 |
|       |жіктелуі.                                  |   |  |   |     |   |беттер. |
|Модуль 3 Гидродинамикалық ұқсастық негіздері                                      |
|6.     |Сұйықтар қозғалысының тәртіптері (ламинарлы|2  |  |   |3    |1  |7.1.1.  |
|       |және турбулентті). Гидродинамикалық        |   |  |   |     |   |57– 62, |
|       |ұқсастықтар критерийлері мен сандары.      |   |  |   |     |   |91-93   |
|       |Геометриялық, кинематикалық және           |   |  |   |     |   |беттер  |
|       |динамикалық ұқсастықтар. Гидродинамикалық  |   |  |   |     |   |7.1.2.  |
|       |құбылыстарды моделдеу. Өлшем бірліктерді   |   |  |   |     |   |60 – 70 |
|       |талдау тәсілдері. (-теоремасы. Өлшем       |   |  |   |     |   |беттер  |
|       |бірліктер теориясын талдау тәсілдерін      |   |  |   |     |   |7.2.1.  |
|       |гидравликалық заңдылықтарды зерттегенде    |   |  |   |     |   |60–61,  |
|       |қолдану (ұзындық бойынша энергия шығынының |   |  |   |     |   |197–200 |
|       |нәтижесі).                                 |   |  |   |     |   |беттер. |
|7.     |Сұйықтың бірқалыпты қозғалуы. Сұйықтың     |2  |  |1  |3    |3  |7.1.1.  |
|       |бірқалыпты қозғалуының негізгі теңдеуі.    |   |  |   |     |   |69 – 82 |
|       |Құбырдағы сұйықтың бірқалыпты немесе       |   |  |   |     |   |беттер  |
|       |ламинарлы қозғалысы. Дөңгелек құбырлы қима |   |  |   |     |   |        |
|       |бойынша жылдамдықтың таралуы. Ұзын дөңгелек|   |  |   |     |   |7.1.2.  |
|       |құбыр бойынша ағынның үйкеліс шығыны       |   |  |   |     |   |70 – 75 |
|       |(Пуазейль формуласы.)                      |   |  |   |     |   |беттер  |
|8.     |Сұйықтың бірқалыпты турбулентті режимі.    |2  |  |1  |3    |3  |7.1.1.  |
|       |Сұйықтың бірқалыпты турбулентті режимі.    |   |  |   |     |   |82 – 91 |
|       |Турбулентті қозғалыстың ерекшеліктері. Қима|   |  |   |     |   |беттер; |
|       |бойынша орташаланған жылдамдықты тарату.   |   |  |   |     |   |7.1.2.  |
|       |Құбырдағы ағын шығыны. Дарси формуласы.    |   |  |   |     |   |75 – 90 |
|       |                                           |   |  |   |     |   |беттер; |
|9.     |Гидравликалық кедергілер. Гидравликалық    |2  |  |1  |3    |2  |        |
|       |кедергілер, олардың пайда болуы және       |   |  |   |     |   |7.2.1.  |
|       |жіктелуі. Энергия (ағын) шығының есептеуге |   |  |   |     |   |67 – 85 |
|       |арналған формулалар құрылымы. Қабырғалардың|   |  |   |     |   |беттер  |
|       |бұдырлығы туралы түсінік. Гидравликалық    |   |  |   |     |   |        |
|       |тегіс және бұдырлы құбырлар. Дарсидің      |   |  |   |     |   |        |
|       |гидравликалық коэффициентін анықтау        |   |  |   |     |   |        |
|       |формуласы және қолдану аймағы.             |   |  |   |     |   |        |
|10.    |Жергілікті кедергі. Жалпы түсінік.         |2  |  |1  |3    |1  |7.1.1.  |
|       |Жергілікті кедергілердің негізгі түрлері.  |   |  |   |     |   |93–105  |
|       |Жергілікті шығын коэффициенті. Жергілікті  |   |  |   |     |   |беттер  |
|       |кедергі коэффициентінің Рейнольдс санына   |   |  |   |     |   |7.2.1.  |
|       |және геометриялық параметрлерге            |   |  |   |     |   |86–103  |
|       |тәуелділігі. Жергілікті кедергінің өзара   |   |  |   |     |   |беттер. |
|       |әсері. Эквивалентті ұзындық. Жергілікті    |   |  |   |     |   |        |
|       |гидравликалық кедергілер кавитациясы.      |   |  |   |     |   |        |
|Модуль 4 Құбыр өткізгіштер                                                        |
|11.    |Қарапайым құбырөткізгіштердің гидравликалық|2  |  |2  |3    |4  |7.1.1.  |
|       |есептері.  Құбыр өткізгіштер туралы жалпы  |   |  |   |     |   |118–136 |
|       |түсінік. Құбырөткізгіштердің сипаттамалары.|   |  |   |     |   |беттер  |
|       |Негізгі есептеу мәндері.                   |   |  |   |     |   |7.1.2.  |
|       |Құбырөткізгіштердің гидравликалық есептері.|   |  |   |     |   |105–127 |
|       |Қарапайым құбырөткізгішті есептеудің       |   |  |   |     |   |беттер  |
|       |негізгі теңдеуі.                           |   |  |   |     |   |        |
|12.    |Күрделі құбырөткізгіштердің гидравликалық  |2  |  |1  |3    |3  |7.2.1.  |
|       |есептері.  Күрделі құбырөткізгіштер:       |   |  |   |     |   |122–146 |
|       |тізбектеп және параллел қосылған           |   |  |   |     |   |беттер  |
|       |құбырөткізгіштер. Күрделі                  |   |  |   |     |   |        |
|       |құбырөткізгіштерді есептеу мысалдары       |   |  |   |     |   |        |
|       |(есептеудің аналитикалық және              |   |  |   |     |   |        |
|       |графоаналитикалық тәсілдері). Сифонды      |   |  |   |     |   |        |
|       |құбырөткізгіштер. Сорғылы берілісті        |   |  |   |     |   |        |
|       |құбырөткізгіштер.                          |   |  |   |     |   |        |
|Модуль 5 Сұйықтардың қозғалысы                                                    |
|13.    |Қалыптаспаған қозғалыс. Жуковский          |2  |  |1  |3    |3  |7.1.1.  |
|       |формуласы. Қалыптаспаған қозғалыс. Дөңгелек|   |  |   |     |   |136–147 |
|       |құбырдағы сұйық ағыны үшін қалыптаспаған   |   |  |   |     |   |беттер  |
|       |қозғалыс теңдеуі. Гидравликалық соққы      |   |  |   |     |   |7.1.2.  |
|       |құбылысы. Тура соққы үшін Жуковский Н.Е.   |   |  |   |     |   |127–132 |
|       |формуласы. Тура емес соққы туралы түсінік. |   |  |   |     |   |беттер  |
|       |Гидравликалық соққыны жекелеу тәсілдері. Іс|   |  |   |     |   |7.2.1.  |
|       |жүзінде техникада гидравликалық соққыны    |   |  |   |     |   |147–154 |
|       |пайдалану.                                 |   |  |   |     |   |беттер  |
|14.    |Сұйықтардың тесіктер арқылы ағып шығуы.    |2  |  |1  |3    |4  |7.1.1.  |
|       |Сұйықтардың тесіктер және саптамалар арқылы|   |  |   |     |   |106–117 |
|       |ағып шығуы. Тұрақты ағын кезінде сұйықтың  |   |  |   |     |   |беттер  |
|       |жұқа қабырғамен кішкентай тесіктер арқылы  |   |  |   |     |   |7.1.2.  |
|       |ағып шығуы. Сығу, жылдамдық және шығын     |   |  |   |     |   |133–156 |
|       |коэффициентері.                            |   |  |   |     |   |беттер  |
|15.    |Сұйықтардың саптамалар арқылы ағып шығуы.  |2  |  |   |3    |3  |7.2.1.  |
|       |Саптамалардың түрлері. Цилиндрлі насадкалар|   |  |   |     |   |104–114 |
|       |арқылы сұйықтардың ағып шығуы. Әртүрлі     |   |  |   |     |   |беттер  |
|       |типтегі саптамалар. Ауыспалы ағын кезінде  |   |  |   |     |   |        |
|       |ағып шығу.                                 |   |  |   |     |   |        |
|Барлығы                                            |30 |- |15 |45   |45 |        |




    3 ПӘНДІ ОҚЫП-БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР


    Курсты оқыған кезде берілген  тақырыптың  (бөлім)  негізгі  жағдайларын
қарастыруға баса назар аудару керек, осы  мақсатта  оқу-әдістемелік  кешенін
ұсынып отырмыз, ол студенттердің оқулықпен жұмыс істеуін жеңілдетеді.  Әрбір
тақырып (бөлім) бойынша  қысқаша  конспекті  өзін-өзі  тексеру  сұрақтарымен
аяқталады.
    Ең  маңыздысы  дұрыс  оқулық  таңдау.  Бір  уақытта  бірнеше   оқулықты
пайдаланудың қажеті жоқ. Ұсынылып отырған әдебиеттердің ішінен  тек  біреуін
ғана  негізгі  етіп   алу  керек.   Басқа   оқулықтар   немесе   әдістемелік
нұсқауларды тек  оқып  жатқан  материал  жоқ  болған  кезде  немесе  негізгі
оқулықта қысқаша көрсетілген кезде қана пайдаланылады.
    Курсты тақырып бойынша, пән бағдарламасына сәйкес оқыған жөн. Оқулықпен
жұмыс  істегенде  міндетті  түрде  оқулықта   немесе   кешенде   көрсетілген
мысалдарды талдау  және өздігінен есептер  шешу  қажет.  Осыдан  кейін  ғана
өзін тексеруге арналған сұрақтарға жауап беру  керек.  Теорияны  практикалық
есептерді  шешу  кезінде  дұрыс  қолдана  білсеңіз,   онда   оқу   материалы
меңгерілген деп санауға болады.

      4 КУРС ФОРМАТЫ





    Сабақ уақыты аптасына 50 минуттан жүргізіледі. Курс форматы  -  аралас.
Дәріс  сабақтарында  күрделі,  мәселелі  сұрақтарды   қарастырады.    Мысалы
дәрістер құрылымы мынадай – сабақ мәнін талқылау  немесе  блиц-сұрақ  (10(15
минут), дәріс (35(40 минут), материалдарды бекіту. Сабақты мұндай  құрылымда
жүргізу студенттен  жүйелілікті,  ұсынылған  әдебиеттермен  өздігінен  жұмыс
жасай білуді және дәрістегі жаңа тақырып бойынша материалдарды білуді  талап
етеді.
      Лабораториялық сабақтар теориялық материалдарды тереңірек  қарастыруды
қажет ететін мәселелерді шешуге арналған.
      Аудиториялық ОСӨЖ уақытында сіздердің  дәріске  немесе  лабораториялық
сабаққа дайындалу процесінде, сондай-ақ үйге берген  өздік  жұмысын  орындау
кезінде  туындаған сұрақтарыңызды қарастырамыз.
      Сонымен қатар аптасына  бір рет, кафедрада бекітілген график  бойынша,
мен жекелей немесе топпен консультация түрінде ОСӨЖ сабағын өткіземін.
      Пәнді оқуға арналған сабақ уақытының үштен бір бөлігінде, сіздер менің
көмегімсіз өздеріңіз жұмыс жасайсыздар. Өздік жұмысына арналған  тапсырмалар
түрлері, ОСӨЖ және СӨЖ жоспары – кестесінде көрсетілген.



      5 КУРС САЯСАТЫ



    Пәнді  оқуға   берілген   барлық   кезеңде,   менің   сіздерге   қоятын
талаптарымның  барлығын  орныдайсыз   және   бір-бірімізді   түсінеміз   деп
ойлаймын.
      1. Дәріс, лабораториялық сабақтарға қатысу әрбір студент үшін міндетті
жағдай.  Сабақтарға  кешікпей  келу  және  сабақ  үстінде  бір-бірлеріңізбен
сөйлеспей отыруларыңызды сұраймын.
      Өткен материалдарды өтеу үшін студентке оқытушы тапсырма  береді  және
ол жұмыс тексеріледі, бірақ ол жұмысқа сіз максимал баға ала алмайсыз.
      2. Сабақты белгілі бір себептермен босатсаңыз ол  сізді  курсты  толық
меңгеруден  босатпайды.  Егер  студент   сабақтарды   себепті   жағдайлармен
босатса, онда  ол  факультет  деканатынан  анықтама-рұқсат  алуға  міндетті.
Рұқсат алғанан кейін студент  сабаққа  қатыса  алады.  Босатқан  сабақтардың
тақырыптарын өтеу үшін сіз арнайы тапсырма аласыз және  көрсетілген  уақытта
оны орындап  тапсыруыңыз  қажет.  Тапсырма  тиісті  бағамен  бағаланады,  ал
босатылған сабақтар үшін ұпайлар қосылмайды.
      3. Сіз сабақ процесіндегі аудиториялық  жұмыстарға  және  емтихандарға
белсенді түрде қатысып отыруларыңыз, сондай-ақ  өз  уақытында  және  шамаңыз
келгенше толық үй жұмысын орындауыңыз және белгіленген уақытында  өткізуіңіз
керек.  Тапсырмаларыңызды  тиянақты  және  уақытында  тапсыруларыңыз  керек.
Осылардың бәрі Сіздерге жоғары рейтингілік көрсеткіштерге  жетуге  мүмкіндік
береді. Сабақ кезінде студент бұзақылық жасап немесе  оқытушының  ескертуіне
құлақ аспаса, ол студентті сабақтан шығарып жібере алады және  ол  студентті
тәртіпке салу үшін оған қосымша тапсырмалар беріледі.
      4. Аудиториялық сабақ уақытында  Сіздердің  ұялы  телефондарыңыз  өшіп
тұруы керек. Егер бұл талап орындалмаса оқытушы  студентті  жауапқа  тартуға
құқығы бар.
      5. Сіздер студенттермен  және  оқытушыларыңызбен  ашық,  шыдамды  және
мейірімді болуларыңыз керек.
      6. Біреуден көшіріп алу  және  плагиат  (дайын  тапсырмаларды  қолдану
немесе  көшіріп  алу  және  басқа  студенттердің  көмегін  пайдалану)   үшін
оқытушының    студентті    аудиториядан     шығарып     жіберуіне     немесе
қанағаттанарлықсыз баға қоюына құқығы бар.
      7. Межелік  аттестация  қорытындысы,  студенттің  сабаққа  қатысуымен,
өзіндік  жұмысты  орындауымен,  сабақта  ауызша  және   жазбаша   жауаптарға
байланысты, межелік бақылау нәтижелеріне байланысты қойылады.
      6.  Қорытынды  аттестация  (емтихан)  компьютерлік   тестілеу   арқылы
өткізіледі. Әрбір тесттік тапсырманың бес жауабы болады, оның біреуі  дұрыс.
Тесттік тапсырмалар пәннің жұмысшы бағдарламасына сәйкес келеді және  барлық
тақырыптарды   қамтиды.   Емтиханға   дайындалу   үшін    ПОӘК-де    тесттік
тапсырмалардың мысалдары келтірілген.



      6 БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ


      Бақылау түрі бойынша ұпайлардың бөлінуі 2 кестеде көрсетілген.


    «Гидравлика» пәні бойынша ұпайлардың үлестірілуі
                                                                     Кесте 2
|Апта |Бақылау түрі                               |Ұпайлар     |Ескерту     |
|1    |2                                          |3           |4           |
|     |1-8 апталарда дәрістерге, практикалық және |30          |            |
|     |лабораториялық сабақтарға қатысу           |            |            |
|1    |Тапсырмалар түрлерімен танысу              |            |            |
|2    |Ауызша жауап беру                          |35          |            |
|3    |Есеп шығару                                |35          |            |
|4    |Аудиториялық бақылау жұмыс                 |35          |            |
|5    |Ауызша жауап беру                          |40          |            |
|6    |Есеп шығару                                |40          |            |
|7    |Аудиториялық бақылау жұмыс                 |40          |            |
|8    |Межелік бақылау 1                          |45          |            |
|1-8 апталарда оқу нәтижесінде барлық ұпайлар      |300         |            |
|9-15 апталарда дәрістерге, практикалық және       |30          |            |
|лабораториялық сабақтарға қатысу                  |            |            |
|9    |Ауызша жауап беру                          |35          |            |
|10   |Есеп шығару                                |35          |            |
|11   |Аудиториялық бақылау жұмыс                 |40          |            |
|12   |Ауызша жауап беру                          |40          |            |
|13   |Есеп шығару                                |40          |            |
|14   |Аудиториялық бақылау жұмыс                 |40          |            |
|15   |Межелік бақылау 2                          |40          |            |
|9-15 апталарда оқу нәтижесінде барлық ұпайлар     |300         |            |
|                                                  |400         |            |
|                                                  |1000        |            |


    7 ӘДЕБИЕТ


    7.1. Негізгі әдебиет
    7.1.1.  Гидравлика  /Ш.  Қалмұратова.,  Г.  Құдайбергенова/  -  Астана:
Фолиант, 2009. – 208 бет.
    7.1.2.  Гидравлика, гидравлические машины и гидроприводы  /Т.М.  Башта,
С.С. Руднев, Б.Б.  Некрасов  и  др./  –  М.:  Машиностроение,  1982.  –  423
с.4.1.2.
    7.1.3. Шлипченко З.С.   Насосы,  компрессоры  и  вентиляторы.  –  Киев:
Техника, 1976. – 368 с.
    7.1.4. Чугаев Р.Р. Гидравлика. – Л.: Энергоиздат, 1982. – 672 с.


    7.2. Қосымша әдебиет
    7.2.1. Вильнер Я.М., Ковалев Я.Г., Некрасов Б.Б. Справочное пособие  по
гидравлике, гидромашинам и гидроприводам. – Минск:  Высшая  школа,  1975.  –
415 с.
    7.2.2. Старк С.Б. Основы гидравлики, насосы и воздуходувные  машины.  –
М.: Государственное научно-техническое издательство литературы по  черной  и
цветной металлургии, 1961. – 461 с.
    7.2.3. Яблонский  В.С.,  Исаев  И.А.  Сборник  задач  и  упражнений  по
технической  гидромеханике.  –  М.:  Государственное  издательство   физико-
математической литературы, 1963. – 200 с.
    7.2.4.  Некрасов  Б.Б.   Задачник   по   гидравлике,   гидромашинам   и
гидроприводу. - М.,1985








Пәндер