Файл қосу
Қарым - қатынас құралдары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | | |3-деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК |ПОӘК 042-18.1./01-2013 | |ПОӘК | | | |«Қарым-қатынас |_______2014жылғы | | |психологиясы» пәнінің |№ 1 басылым | | |оқу-әдістемелік | | | |материалдары | | | 5В010300 «Педагогика және психология» мамандығына арналған Қарым-қатынас психологиясы ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ 2014 Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Тәжірибелік сабақтар 4 Студенттің өздік жұмысы 5 Әдебиеттер 1. ГЛОССАРИЙ 1.1 АМАЛ– бір істі атқарудың тиімді жолын іздестірудегі адамның іс-әрекеті. Амал, тәсілдің көп болуы мүмкін. Бірақ адам істейтін істі аз күш – жігер жұмсап, оңай, тиімді меңгерудің жолын іздестіреді. Оны-ең тиімді амал, тәсіл деп атайды. Амал, тәсіл тәжірибемен тығыз байланысты. Істі игерудің ең тиімді жолын меңгерген адамды әдіскер (іскер) адам дейді. 1.2 ӘДІС (Метод; грек. methodos – теория, ілім, зерттеу жолы) – көздеген мақсатқа жетудің біріңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану – жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты. Тәрбие және оқыту әдістерін жасап, топтастыру тәлім – тәрбиедегі негізгі міндеттердің бірі . Тәлімдік әдістерге байқау және қателік; жобалау әдісі,рейтинг әдісі,басқару әдісі және т.б. жатады. 1.3 ӘДІСНАМА (Методология; грек. methodos – зерттеу жолы, теория, ілім және ....логия ) – 1)ғылыми таным әдісі; 2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Педагогика теориасына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы педагогикалық болмысты өзгеріске түсіру. Мұндай анықтамадан екі ғылыми мәселенің бірігуін байқауға болады. Бірінші, зерттеу жұмысының бағытына лайықты жағдай жасап, педагокикалық болмысты танудың кешенді құралдарын айқындау. Екінші, ұстаным, әдіс, құрал, жүргізу амалдары арқылы педагогикалық шындыққа жету тәсілдерін қолдану. Зерттеуші педагогтің нәтижеге жетуі оның ғылыми құрал – жабдықтармен қарулануымен қатар, түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан таңдап алуына байланысты; 3)дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игертуге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы. Ә. - әдістер туралы ілім, әдістер теориясы. 1.4 ӘДІСКЕР (Методист) – оқу – тәрбие әдісін жетік меңгерген ұстаз. Оның міндеті – пәннің оқытылу жағдайын бақылайды; озат мұғалім мен мектеп тәжірибесін жинақтап таратады. Ұстаздарға әдістемелік көмек көрсетеді. 1.5 ӘДІСТЕМЕ (Методика) – 1) әдістер жиынтығы; 2)оқыту немесе ғылымды зерттеу әдістері туралы ілім; 3)педагогиканың жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін саласы. Жалпы алғанда жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту әдістемелері бар. Ә.дидактикаға ғана негізделіп қоймайды. Ол психалогия, педагогика, филология және т.б. ғылымдардың жетістіктеріне сүйеніп, білім беру жүйесіндегі озат тәжірибелер мен мәселелерді жедел ғылыми талдаудан өткізіп отырады 1.6 ӘҢГІМЕЛЕСУ, ӘҢГІМЕ (Беседа) – 1)ақыл белсенділігін арттыруға бағытталған оқыту, тәрбие әдістерінің бірі. Оқушы әңгімелесу барысында мұғалім мен жолдастарының қойған сұрақтарына жауап бере отырып, өтілген материалды қайталап, бекітеді және білімін толықтырады. Ә. әдісі оқушыларға эмоциялық, эстетикалық әсер етеді. Ол оқытушының тәжірибесіне, кәсіптік шеберлігіне байланысты; 2) вербальдық (сөйлеу) қарым – қатынас негізінде ақпарат алу әдісі. Психологияның әр түрлі салаларында ( әлеуметтік, медициналық, балалар психологиясы және т.б.) көп қолданылады және сыналушыны психологиялық эксперимент жүргізу жағдаятына енгізудің, кірістірудің негізгі әдісі болып табылады. Психофизикалық эксперименттегі қатаң түрде нұсқау беруден психотерапиядағы еркін сөйлесуге дейін алуан түрде өтеді. Әңгімелесудің тән сипатты түрлері ретінде “экспериментке кірістіру” – іскерлік ынтымаққа тарту, жұмыстық гипотезаларды тексеру мақсатындағы “эксперименттік әңгімелесу”, сұхбат түрлерін саралауға болады. 1.7 БАЙҚАҒЫШТЫҚ (Наблюдательность) – заттың, құбылыстың егжей – тегжейін аңғаратын адам қабілеті. Ол адамның өмір сүрген ортасына, тәлім – тәрбиесіне, мамандығына, кәсібіне де байланысты. Б. Ғылыми жұмыста, шығармашылық істе ерекше орын алады. Б. – танымдық құрылғы мен соған сай шындықты қабылдауды қалыптастыратын қасиет. 1.8 БАЙҚАУ ӘДІСІ (Метод пробования) – белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт зерттелуші адамның психологиялық ерекшеліктерін қадағалау. Байқау, әдетте, зерттелуші адамның әрекетіне араласпай – ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелушінің мимикасын, сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез – құлқын байқауға болады 1.9 БАҚЫЛАУ ӘДІСІ (Метод наблюдения) - белгілі бір педагогикалық құбылыстардың өту ерекшеліктерін, оларда тұлғаның, ұжымның, адамдар топтарының көрінуінің, алынатын нәтижелердің тән сипаттарын жүйелі түрде мақсаткерлікпен тіркеп отыру. Б.ә.тұтас және іріктеме, қосылымды және жай, бақыланатын және бақылауға келмейтін, далалық және лабораториялық және т.б. түрлерге бөлінеді. 1.10 БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫ (Младший школьный возраст ) - баланы бастауыш мектепте оқыту кезеңіне сәйкес келетін даму сатысы. Бастауыш мектеп жасының хренологиялық шектері әр түрлі елдер мен нақты тарихижағдайларда әрқилы; оқыта бастауды белгілі бір елде және белгілі бір уақытта ресми қабылданған орай Б.м.ж. шартты түрде 6 – 7 жастан 10 – 11 жасқа дейінгі аралықта белгіленуі мүмкін. 1.11 БІЛІМ БЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ (Методика в образовании) – жекелеген білім процестерінің тәлімдік әрекетіндегі нақты тәсіл, амалдардың сипатталуы. Білім беру әдістемесіне байқау, жобалау, қателік, рейтинг, тест, т.б. әдістер жатады. 1.12 ГЕНДЕР - қазіргі кезде ерлер мен әйелдердің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды, олардың әлеуметтік рөлдерін және т.б. талдаған кезде қолданылатын термин 1.13 ҒЫЛЫМ - 1) білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған негіздер; 2)негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер не пәндер саласы; 3) табиғи құбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың ғылыми принциптерге негізделген жүйесі. Ғ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға бағытталған оның барлық шарттары мен сәттерін : білімдерімен және қабілеттерімен, біліктілігімен, дене тәрбиесімен, ғылыми еңбегінің бөлінісімен және кооперациясымен қоса ғалымдарды, ғылыми мекемелерді, тәжірибелік және лабораториялық жабдықтарды, ғылыми – зерттеу жұмыстарының әдістерін, түсінік және категория аппараттарын, ғылыми ақпарат жүйесін, сондай – ақ , алғышарт, құрал – жабдық ғылыми өндірістің нәтижесі болып табылатын барлық ғылымдарды түгел қамтитын зерттеу қызметінің саласы. Бұл нәтижелер, сондай – ақ, қоғамдық сана нысанының бірі бола алады. Ол объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған білімнің жоғарғы нысаны. 1.14 ДАРЫНДЫЛЫҚ (Одаренность) – үлкен нышаннан туындайтын қаблеттіліктің түрі. Д. Адамның сәби кезінен байқалатын ерекше қаблеттілігі, өнердіңбір түріне туа бейімділігі. Мыс., Дюрер 3жасында өз суретін салған , Моцарт 7 жаста төрт соната жазған. Гаусс 14 жасында өзінматиматика әлеміне танытқан. Қабілетіжан – жақты дамыған адамды дарынды деуден гөрі қабілетті деу орынды. Д. Туа бітетін ерекше қасиет. Ал қабілеттілік әр адамда болатын, еңбектенумен, ізденіспен жетілетін қасиет. Дарынды балалар зейінді, зерек, алғыр,ширақ келеді Олар қиын жұмысты жан – тәнімен беріліп істейді. Д. Атадан балаға, немереге, шөбереге қан арқылы берілуі де мүмкін. Д. – балаға білім беруде туа біткен алғырлық қасиеттің тәрбие жүйесіндегі әдіс - тәсілдермен бірлесе келіп, жеке тұлғаны қалыптастыруда ықпал етуінің нәтижелік көрінісі. Адамның білуге деген ынта – ықыласының бала бойында туа біткен алғырлық қасиетімен ұштасуын ақыл – ой қабілетінен байқауға болады. 1.15 ЕГІЗДІК ӘДІС (Близнецовый метод) – біркелкі (гомозиготалық) және әркелкі (гетерозиготалық) егіздердің психологиялық ерекшеліктері мен дамуын салыстыра зерттеу. Е.ә. адамның психологиялық қасиеттері мен мінез – құлық ерекшеліктерінің қалыптасуына тек пен ортаның ықпал деңгейі туралы мәселені ғылыми тұрғыдан шешу мақсатында жүргізіледі. 1.16 ЖАС - адам дамуының кезеңі, организм мен түлға қалыптасуының тән сипатты заңдылықтарының жиынтығымен сипатталады. Жас – дамудың белгілі бір сатысындағы тұлға құрылымының өзіндік ерекшелігін анықтайтын бірқатар өзгерістер тән болатын сапалықтұрғыдан ерекше кезең болып табылады. Педагогикалық тәжірибе, психологиялық бақылаулар, медициналық практика эмприялық негіздерде әр түрлі жас кезеңдерін саралайды. Жасқа орай дамуды кезеңдергебөлудің қазіргі варианттары шартты түрде алынған, өйткені әрбір көзқарас тұрғысына тән критерийлерге негізделген. Жастың психологиялық сипаттамасы тәрбие мен дамудың нақты тарихи жағдайларына, қарекет пен қарым – қатынас ерекшеліктеріне орай анықталады. 1.17 ЖАС ДАҒДАРЫСТАРЫ (Кризисы возрастные) – онтогенездің қауырт психологиялық өзгерістермен сипатталатын, уақыты жөнінен біршама ұзақ емес (бір жылға дейін), ерекше кезеңдері. Невроздық не жарақаттық сипаттағы дағдарыстардай емес, жас дағдарыстары қалыпты процестерге жатады және тұлғаның қалыпты ,үдемелі дамуы үшін қажет. 1.18 ЖАСӨСПІРІМ – 10 және15 жас аралығындағы жеткіншек . Ж. кезеңінде адамда жан қуатының сапалық жаңа құрылымдары (жыныс мүшелерінің жетілуі, сана – сезімнің артуы, айналасымен қарым – қатынасының жаңа мазмұнға ие бола бастауы, іс - әрекетінің күрделене түсуі, моральдық – этикалық түсініктер және т.б.) қалыптасады. Бұл кезде Ж. дербестікке ұмтылып, әсерге берілгіш келеді. Ж. кезінде дұрыс тәрбиеленбесе бала теріс қылықтарға (темекі тарту, ішімдік ішу, дөрекі,әдепсіз болу және т.б) салынуы мүмкін. Сондықтан Ж. кезеңінде олардың психикалық ерекшеліктерімен санасып әр түрлі қоғамдық пайдалы жұмысқа (оқу, спорт, еңбек) қатыстырып отыру керек. 1.19 ЖЕКЕ АДАМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРі – адамның өзіне ғана тән, оны өзгелерден даралап тұратын психикалық ерекшеліктері. Әр баланың индивидумдық ерекшеліктерін тәрбиеші сол баламен жеке жұмыс жүргізу үшін міндетті түрде білуі қажет. 1.20 ЖОБАЛАУ ӘДІСІ (Метод проектирования) – оқушының бірте – бірте күрделіне түсетін практикалық тапсырмаларды жоспарлы түрде орындату арқылы оқыту жүйесі. 1.21 ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ (Методика исследования) – ғылыми – зерттеу мақсатын шешетін амалдар. 1.22 ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ (Объект исследования) – аясында зерттелетін нәрсе мазмұны бар тәлімдік кеңістік. Педагогикадағы зерттеу объектісіне адамдарды оқыту және тәрбиелеу жатады. 1.23 ЗИЯТ,ПАРАСАТ (интеллект; лат. Intellectus-ақыл,парасат,ес) индивидтің ақыл-ой қабілеттерінің біршама орнықты құрылымы. Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, қазіргі кезде оған барлық танымдық процестер кіреді.з. адамның болмысты тануының негізгі нысаны.з.ақпаратты мақсатты бағытты қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті.3. функциялары: а) оқуға деген қабілеттілік; ә) символдармен операция:б) қоршаған болмыстың заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік. Бірқатар психологиялық тұжырымдаларда з.ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңдестіріледі. Теориялық және практикалық з.жеке адамның эмоциялық-ерік ерекшеліктерімен байланысты. Түрлері: абстрактылы 3., ересектер зияты., нақты з., кристалданған з., күнделікті з., жануарлардың зияты, жасанды з. Зиятты диагностикалау з. Коэффициентіне байланысты. 1.24 ЗИЯТ ТЕСТІЛЕРІ-индивидтің ақыл-ой әлеуетін анықтауға арналған психологиялық диагностика әдістемелері. Зият тестілерінің көпшілігінде сыналушыға арнаулы бланкте тестінің міндеттері солардан құрастырылған терминдер мен ұғымдар арасындағы нұсқауда көрсетілген логикалық таптастыру,ұқсастыру, қорыту және т.б. қатынастарды анықтап белгілеу ұсынылады. Сыналушы өзінің шешімдерін жазбаша түрде, не бланкіде бар бірнеше варианттың біреуіне белгі қойып хабарлайды. Есептер кейде суреттерден, геометриялық фигуралардан және т.б. тұрады. Тестілер есептеріндегі дұрыс орындалғандарының санына қарап сыналушының ойдағыдай өткені анықталады, зияттылық коэффициенті шығарылады. 1.25 ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ (лат.inter-өзара, өз ішінде, fertns-әкелуші, ауыстырушы; көне француз тілінен аударғанда: бір-біріне кедергі келтірк дегенді білдіреді)- жалпы мағынада: операциялар не әрекеттер арасындағы, әрекеттің нәтижесін төмендететін не жоққа саятын кез-келген процесс; әлеуметтік психологияда қарама-қарсы эмоциялар, мотивациялар, құндылықтар арасындағы қақтығыс; есте қалдырылған материалға басқа материалдың әсер етуінен оның әлсіреуі. И. ес, үйрену процестерімен байланысты зерттеледі.Естегі ақпараттардың арасындағы қақтығыс бұрынғы тәжірибенің әсерінен жаңа ақпаратты ауыр-жеңіл меңгеру (проактивті И. немесе тежелу), ескі ақпаратты жаңа келіп түскен ақпараттың әсерінен еске түсірудің қиындауынан (ретроактивті И.) туындайды. Интерференция вербалды И., моторлы-акустикалық И., қору интерференциясы, селекциялы И. болып сараланады. И. ұғымы ұмытудың психологиялық теориясының негізінде түсіндіріледі. 1.26 ИНТРОСПЕКЦИЯ(лат.introspectare-ішіне қарау)- өзінің психикалық тәжірибесін зерттеу, ішкі жақты қарау процесі. Адамның өзінің санасының психикалық мазмұнын, ішкі әлемін зерттеуі. И. психиканы толық зерттеуге негіз бола алмайды, тек жасырын психикалық іс-әрекет тікелей бақылауға келмегенде ғана кейбір психолингвистикалық эксперименттерде қолданылады. И. ұғымы өзін-өзі бақылау ұғымымен де түсіндіріледі. Өзін-өзі бақылау ішкі сана құбылыстарын тіркеуге мүмкіндік беретін ішкі өзіңнің психикалық өміріңді бақылау. Интроспекцияны өзін-өзі бақылаудан ажырата білу керек. 1.26 КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ (профессиональная ориентация)- әрбір тұлғаның индивидумдық мүдделері мен еңбек рыногының қажетсінуін есепке ала отырып халыққа кәсіп таңдауда, іріктеуде не кәсіп ауыстыруда көмектесуді қамтамасыз ететін отбасының, оқу орындарының, мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялық ұйымдардың ақпараттық және ұйымдастырушылық-практикалық іс- әрекеті. 1.27 КЕШЕНДІ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ( комплексная система обучения)- оқу материалдарын жүйелі түрде байланыстыра оқыту.(экологиятану, табиғаттану т.б.) 1.28 КОЛЛОКВИУМ (лат.colloguim-әңгіме, әңгімелесу)- 1)- оқу сабақтары нысандарының бір түрі; оқытушылардың оқушылардың білімін тексеру мақсатында әңгімелесуі. Жоғарғы оқу орындарында К.,әдетте, лабораториялық жұмыстың, оқу практикасының алдында студенттердің сол жұмыстарды орындауға қажеттік теориялық білімін байқау үшін жүргізіледі. Қазіргі оқу процесінде коллеквиумдае электрондық оқыту машиналары жиі пайдаланылады; 2) баяндамалар талқыланатын ғылыми жиналы 1.29 КОНСПЕКТ (лат.conspeklus-шолу)-кітап, дәріс, баяндаманың мазмұның қысқаша жазу. К. Оқушының логикалық ойлауы мен сөйлеу мәдениетін жетілдіреді. К.- жазудың күрделі түрі. Сондықтан оқушы жоспар құру дағдыларын меңгерген соң ғана конспект жаздыруға ауысуға болады. Білім алушылар оқу процесінде берілетін білім мазмұнын қысқаша қағазға түсіріп, жазып отырады, яғни конспектілейді. 1.30 КОНТЕНТ ТАЛДАУ (ағылш.contents-мазмұн)- педагогикада пайдаланылатын зерттеу әдісі. М. Мәтін және өзге де тасымалдаушылардың ( бейнежазба, сұхбат, балалардың жұмысы, мектеп құжаттары, т.б.) өзіндік сипаттарын анықтау мен баға беруді білдіреді. 1.31 ҚАБІЛЕТТІЛІК ТЕСТІЛЕРІ (тесты способностей)- жалпы алғанда қайсыбір мақсатқа жетудің әлеуметтік мүмкіндігін өлшеу үшін құрастырылған кез келген тест. Арнайы қабілеттерді, жалпы қабілеттерді және көпжақты қабілеттерді мөлшерлеп анықтауға арналған түрлері құрастырылады. 1.32 ҚАТЫНАС, БАЙЛАНЫС (коммуникация; отношение)- психологияда өзара әрекет моделін, ес процесін, физиологиялық функцияларды, тілді түсіндіреді. Берілген ақпаратты хабарлау. 1.33 ҚИЫН БАЛАЛАР- тұлғалық дамуында көрінеу ауытқулары бар екенін көрсететін балалар санаты. Әдетте, балаларды бұл санатқа қосқанда олардың оқу-тәрбие процесінің дұрыс өтуіне кедергі болатын даралық-психологиялық ерекшеліктерінің сыртқы көріністері негізге алынады. Баланың мінез- құлқындағы кінәраттардың себептері алуан түрлі болады, оның қиын деп бағалануы көбіне нақты психофизиологиялық сипаттамасын көрсетпейді, ол туралы ата-аналар мен педагогтардың пікірін білдіреді. Қазіргі әдебиетте қиын балалар деп, әдетте, мінез-құлықтары жалпы қабылданған нормалардан көп ауытқитын және дұрыс тәрбиелеуге кедергі жасайтын балалар аталады. Сондықтан оларға қатысты тәрбиеленуі қиын балалар деген термин синонимі қолданылады. 1.34 ҚОРЫТЫНДЫ (вывод)- 1) жалпы және сөзбе-сөз мағынасы- сыртқа шығатыңның бәрі, организмнің кез-келген реакциясы немесе жүйенің өнімі; 2) ақпарат теориясында- шығатын сигнал. 1.35 МАҚҰЛДАУ, ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТКІЗУ (апробация; лат.approbatio)- зерттеу барысында болжамның оң не терістігін анықтау мақсатындағы тәжірибелік байқау сынағы 1.36 МЕКТЕП ЖАСЫ (школьный возраст)- балалардың өмірі мен дамуының кезеңі. Бұл кезең 10-11 жылға созылады және үш жас кезеңіне бөлінеді: 1) кіші мектеп жасы (6-7 жастан 11 жасқа дейін); 2) жасөспірімдік кезең (11-12-ден 14-15-ке дейін); 3) ерте бозбалалық шақ (15- тен 18-ге дейін). Бұл кезеңдердің әрқайсысы балалардың анатомиялық-физиологиялық және психикалық ерекшеліктерімен, олардың қоғам өміріне араласу дәрежесімен, оқу-тәрбие жұмысы мазмұнымен, ұйымдастырылуымен сипатталады. 1.37 МІНЕЗ БІТІСТЕРІ (черты характера)- өмір барысында біртіндеп қалыптасатын мінез ерекшеліктері. Бұлар бірнеше топқа бөлінеді. Кісінің айналасына, басқа адамдарға қатынасын білдіретін жағымды мінез бітістеріне адамгершілік,қайырымдылық, адалдық,т. б.осы секілді жағымды мінездермен қатар, қатыгездік, зымияндық, сотқарлық, т.б. ұнамсыз түрлері де кездеседі. 1.38 ОҚЫТУ ДИАГНОСТИКАСЫ (диагностика обучения)- қандай да бір жүйенің күйін сипаттайтын белгілерді нақтылау және үйрену кезіндегі мүмкін ауытқуларды айту, олардың жұмыс режімінің бұзылуының алдын алу жолдарын айқындау. 1.39 ОҚЫТУДАҒЫ ТЕОРИЯ МЕН ПРАКТИКА БАЙЛАНЫСЫ (связь практики с теорией в обучении)- теориялық білімнің іс жүзінде білім, дағды, шеберлік тұрғысынан көрініс табуы. Оқушыларды нақты іс-әрекетке үйретеді, тиісті әрекетке бейімделуге икемдейді. 1.40 ПСИХОДИАГНОСТИКА (психо..және diagnostikos- айырып тануға қабілетті)- адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы. 1.41 ПСИХОЛОГИЯ (грек. psyche-жан, logos-ілім)-тіршілік қарекетінің ерекше нысаны ретінде психиканың даму және функция атқару заңдылықтары туралы ғылым. Тіршілік иелерінің қоршаған дүниемен өзара әрекеттестігі психикалық процестер арқылы, актілер мен күйлер арқылы жүзеге асады; бұлар физиологиялық процестерден, актілер мен күйлерден сапалық тұрғыдан ерекше болғанымен, олардан бөлінуге келмейді. 1.42 САЛЫСТЫРМАЛЫ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ӘДІС (сравнительно-генетический метод)- жазба жұмыстарын, эпистолярлық мемуарларды, адамның басынан өткізген оқиғаларын, естеліктерін зерттеп, оның әр түрлі психологиялық ерекшеліктерін білу. Балалардың немесе үлкендердің психикалық әрекеттерін зерттеу кезінде оларды бір-бірімен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмащылықтарын анықтайды. 1.43 ТЕСТІҢ СӘЙКЕСТІЛІГІ - тест сапасының негізгі критерийлерінің бірі. Т.с. проблемасы тестің талдап-белгіленуі мен іс жүзінде қолданылуы процесінде тұлғаның ден қойылып отырған қасиетінің біліну дәрежесі мен оны өлшеу әдісі арасындағы сәйкестістікті анықтау міндеті қойылған кезде туындайды. Тест неғұрлым жарамды болса, өзі соны өлшеу үшін жасалған қасиет онда неғұрлым анық білінеді 1.44 ТЕСТІЛЕР (ағылш.test-сынау, сынама)- жеке тұлғаның даралық- психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ білімін, білігі мен машығын салғастырмалы шамалармен өлшеуге арналған стандартталған тапсырмалар; психологиялық диагностиканың негізгі әдістерінің бірі. Т. модельдік жағдайлар болып табылады, олар арқылы индивидтің тән сипаты реакциялары анықталып, зерделенетін нышан көрсеткіштерінің жиынтығы деп есептеледі. Тестілерді әр түрлі негіздер бойынша саралауға болады. 1.45 ТЕСТІЛЕУ-белгілі бір мәндер шкаласы бар стандартталған сұрақтар мен есептер пайдаланылатын психологиялық диагностика әдісі. Даралық айырмашылықтарды стандарты өлшеу үшін қолданылады. Тестілеудің негізгі- негізгі үш саласы бар: а) білім беру- оқыту мерзімінің ұзаруына және оқу бағдарламаларының күрделенілуіне байланысты; ә) кәсіби даярлық және іріктеу- өңдірістің өсу қарқынының жеделдеуіне және күрделіленуіне байланысты; б) психологиялық консультация-социодинамикалық процестердің жеделдеуімен байланысты. Т. индивидте қажетті дағдылардың, білімдердің, тұлғалық сипаттамалардың және т. б. дамуының актуальды деңгейін белгілі бір ықтималдықпен анықтауға мүмкіндік береді. 2. ДӘРІСТЕР ДӘРІС ТАҚЫРЫПТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖАЗУҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ Мақсаты: студенттерді курс бойынша тиісті теориялық білімдерін қамтамасыз ету Міндеттері: - Әр тақырыпты меңгерту барысында жүйелі білім беру; - Әр тақырып бойынша негізгі ұғымдармен таныстыру және меңгерту; - Пәнге қызығушылығын арттыру және өздігінен жұмыс істей білуге үйрету. Дәріс -жоғары оқу орындарындағы оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы. Ол студенттерге олар үшін жаңа ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі. Дәріс - студенттерге өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады. Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық: - Сабаққа кешікпеңіз; - Дәріс дәптеріңізді және қаламыңызды ұмытпаңыз. - Дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз. 1-дәріс. Қарым - қатынас әлеуметтік - психологиялық проблема ретінде Мақсаты: Қарым – қатынас туралы түсінік беру. Қарым - қатынастың психологиялық және педагогикалық аспектілері жайлы мәлімет беру. Дәрістің мазмұны: Қарым - қатынас түсінігін анықтау. Қарым- қатынастың пайда болуы және дамуы. Қарым - қатынас мазмұны. Қарым - қатынас құралдары. Қарым- қатынас процесіндегі әсер ету механизмдері. Қарым - қатынас стилі. Қарым - қатынастың психологиялық және педагогикалық аспектілері. Психология ғылымының кез келген мәселесі адамның жан дүниесінің сырымен, қоғам мен әлеуметтік өмірдің сан алуан салаларымен тығыз байланысты. Бұл табиғи заңдылық болашақ ұрпақтың да өмір жолы мен тағдырының әрқилы қырларымен өзара ұштасады. Жоғарыда айтылғандай, адамдар арасындағы қарым-қатынас жасаудың, олардың өзара тілдесе білуінің құпия-сыры мен кілті неде деген мәселенің шешімін табу-қазіргі өмір талабы болып отыр. Егер әлеуметтік психология ең алдымен, адамзаттың іс-әрекетіндегі заңдылықтарын талдайтын болса, онда ғылым эмпирикалық айғақтармен байланысты болады. Бұл айғақ адамдардың бір-біріне әсері мен қарым-қатынасы болып табылады. Қарым-қатынас –адамдардың бір-бірімен байланыс жасайтын процесі. Адамдар мен жануарлардың өмірін қарастыра келгенде байланыстың 2 түрін қарастыруға болады: табиғатпен байланыс және тірі табиғатпен байланыс. Қарым-қатынас барлық жоғары тірі ағзаларға тиесілі. Ол адамдар деңгейінде нағыз формасына ие болып, саналанған және сөйлеумен тығыз байланыста болады. Қарым-қатынасты: 1) Қарым-қатынас мазмұны; 2) Қарым-қатынас мақсаты; 3) Қарым-қатынас құралы сияқты аспектілерін бөліп қарастыруымызға болады. Қарым-қатынастың мазмұны дегеніміз-белгілі бір ақпараттың қарым-қатынас арқылы бір адамнан екінші адамға жеткізілуі. Ал мазмұн дегеніміз-адамның ішкі түрткілері және эмоциялық жағдайлары жайлы мәліметтер. Қарым-қатынас қызметтері: 1. Прагматикалық қызметі адамдардың бірлескен іс-әрекетінде жүзеге асады және қарым-қатынастың қажетті-сотивациялық себептерін көрсетеді. Мұнда қарым-қатынас ең маңызды қажеттілік болып табылады. 2. Қалыптасу және даму қызметі серіктестердің бір-біріне әсер етуінен көрінеді. Қарым-қатынас нәтижесінде адам барша адамдық тәжірибе мен білімдерге ие бола отырып, тұлға ретінде қалыптасуының маңызы зор. Бұл адамның өмір барысында жинақталады. 3. Дәлелдеуші қызметі адамдардың өзін-өзі тану, дәлелдеу мүмкіндігін туғызады. 4. Адамдарды біріктіру немесе бөлу қызметі, біріншіден, өзара ақпараттармен алмасады және мақсаттарының біріктіру жолдарын қарастырады, екіншіден, нәтижесінде адамдардың бір-бірінен бөлектенуіне әкеліп соғуы мүмкін. 5. Ұйымдастырушы және тұлға аралық қатынасы қолдаушы қызметі адамадар арасындағы тұрақты байланысты ұстап тұру, оның әрі қарай даму жоспарын қарастыру. 6. Ішкі тұлғалық қызметі адамның өзімен-өзі қарым-қатынасқа түкенде туындайды (ішкі немесе сыртқы сөйлеу арқылы). Осы қарым-қатынастың түрі ретінде адам ойлауының әмбебап формасын қарастыруға болады. Қарым-қатынас механизмі. Қарым-қатынастың әмбебап реттеуші механизмі болып адамның психикасын толықтай анықтайтын бағдар жатады. Психикалық құрылымындағы әртүрлі бағдарлар ұстаған адамадар тез кикілжіңге түседі және олардың қарым-қатынасы да ұзаққа созылмайды. Олардың ұқсастығы түрлі мәселеге деген көзқарастырының, сезімдерінің ұқсас болуы болып табылады. Осының нәтижесінде бірлесіп жұмыс жасау жоспары туындайды. Коммуникативті стиль. Қарым-қатынасқа түсу әдісі ретінде негізгі он коммуникативті стильді бөліп қарастырады: 1. Доминантты немесе үстем (коммуникация барысында басқалардың рөлін төмендетуге бағытталған стратегия). 2. Драматикалық (ақпараттың эмоциялық және асыра сілтеу сипатында болуы). 3. Даулы (агрессивті және дәлелдеуші). 4. Тыныштандыратын (әңгімелесушінің үрейін басу). 5. Әсер етуші. 6. Нақты (ақпараттың нақтылығына бағытталған). 7. Ұқыпты (өзгелердің пікіріне қызығушылық таныту). 8. Жігерлендіруші (көбінесе, вербальды емес қарым-қатынас құралдарын қолдану арқылы). 9. Ынтымақтастық. 10. Ашық (өз пікірін ашық жариялау). Бақылау сұрақтары: 1.Қарым – қатынастың жалпы сипаттамасы 2.Қарым – қатынас қызметі Әдебиеттер: 1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991. 2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994. 3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992. 4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995 2-дәріс. Қарым - қатынас, оның түрлері. Мақсаты: Қарым – қатынас түрлері жайлы мәлімет беру. Дәрістің мазмұны: Қарым-қатынас түрлері: іскерлік қарым - қатынас, жеке өзара қарым-қатынас, топтық қарым-қатынас, көпшілік қарым-қатынас және т.б. Ұзақтығы және аяқталуы бойынша: қысқа және ұзақ уақытты; аяқталған және аяқталмаған немесе үзілген. Қарым-қатынастың мазмұнына байланысты келесі түрлері бар: 1.Материалдық қарым-қатынас –іс-әрекеттің пәні мен өнімділігін айырбастау, яғни адамдар индивидуалды іс-әрекет жасаудың арқасында оның өнімділігі, өз қажеттіліктерін өтейтін құралдар жайлы пікір алмасады. 2.Кондиционалдық қарым-қатынас –белгілі бір қарым-қатынас кезінде адамдар бір біріне әсер етеді. 3.Танымдық қарым-қатынас - адамдар бір бірімен білімдерімен алмасады. 4.Мотивациялық қарым-қатынас – адамдар мақсаттары, қызығушылықтары, түрткілері, қажеттіліктері жайлы пікір алмасады. Қарым-қатынастың мақсаты дегеніміз - адамның бойында белгілі бір жағдайға байланысты белсенділігінің пайда болуы. Мақсатына байланысты қарым-қатынастың келесі түрлері бар: Биологиялық қарым-қатынас - ағзаны ұстап тұру, мақтау, дамыту үшін қажет. Ол ағзаның қажеттіліктерін қанағаттандыру мен тығыз байланысты. Әлеуметтік қарым-қатынас-адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы және дамуы. Қарым-қатынастүрлерi: 1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi. 2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады. 3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады. 4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi. 5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады. 6.Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас. 7.Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы. 8. Перцептивтік қарым-қатынас - адамның парапар қабылдауы, оның ішкі дүниесіне бойлау, әрбір жеке сәтінде оның психикалық жағдайын сезіну дағдысы, оның тәртіп себебін түсіну дағдысы. Мұғалім өзінің перцептивтік қарым-қатынас қабілеттерін ұдайы дамытуы қажет. 9. Фатикалық қарым-қатынас (лат. fatuus - ақымақ) - қарым-қатынас үрдісі үшін ғана мазмұнсыз қарым-қатынас. Бақылау сұрақтары: 1.Қарым – қатынастың түрлеріне жалпы сипаттамасы 2.Қарым – қатынас неше түрге бөлінеді? Әдебиеттер: 1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991. 2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994. 3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992. 4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995 3-дәріс. Қарым-қатынас техникасы мен тәсілдері. Мақсаты: Қарым-қатынас техникасы мен тәсілдері жайлы түсінік беру. Дәрістің мазмұны: Қарым - қатынастың перцептивті жағынан сипаттамасы. Әлеуметтік перцепция түсінігі әлеуметтік перцепцияның кезендері: алғашқы қабылдау және эмоциялық бағалау; қарым - қатынастағы серіктесінің жеке ерекшелігін түсіну және оның қылықтарын бағалау; қарым - қатынастағы серіктесінің адамгершілік - мәдени мінез - құлқының дамуын болжау; өзінің мінез -құлкының адамгершілік стратегиясын құру. Әлеуметтік перцепцияның психологиялық механизмдері: идентификация, эмпатия, рефлексия және аттракция. Қарым-қатынастың техникалары мен әдіс-тәсілдері - адамдардың бір- бірімен қарым-қатынасқа түскен кездегі жүріс-тұрысы. Қарым-қатынастың негізгі құралы вербальды және вербальды емес құралдар болып табылады. Ал қарым-қатынас техникасына келетін болсақ, адамдар ең бірінші қарым- қатынасқа түспей тұрып, өз қызығушылықтарының қарым-қатынасқа түсетін адам қызығушылықтарымен салыстыру, жеке адам ретінде бағалау болып табылады. Қарым-қатынас басталғаннан кейін оның болуын және жалғасуын, қорытындысын, одан шығатын қорытындыны бақылау керек. Алғаш рет қарым-қатынасқа түсу кезіндегі техника-бет-әлпеттің позасы, алғашқы сөздерді таңдай алу, сөйлеген кездегі тон, ым-ишарат және қозғалыс. Қарым-қатынасқа түскен кезде серіктестен кері байланыс қажет. Адам әлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарым-қатынас мазмұны көрінуінің барлық жиынтығының ортасында болады. Қарым-қатынастың, негізінен, бес жағын қарастыруға болады: 1.Қарым-қатынастың тұлға аралық жағы –адам мен қоршаған орта өзара әрекетінен көрінеді. Бұған: мамандандырылған топтар және отбасы жатады. Осы топтарда адам ұлттық, этникалық, әлеуметтік, жас ерекшелік, эмоциялық- эстетикалық және басқа да қарым-қатынас өлшемдерін меңгереді. 2.Қарым-қатынастың когнитивті жағы-қарым-қатынасқа түсуші адам: Ол кім? Ол қандай адам? Одан не күтуге болады?- деген сияқты сұрақтарға жауап алуға болады. Осы жақ бойынша жанындағы адамды тану мен қатар, өзін-өзі тануға мүмкіндік алады. Қарым-қатынас процесі нәтижесінде адам өзі жайлы және қарым-қатынасқа түсетін адам туралы белгілі бір бейне қалыптасады. 3.Қарым-қатынастың коммуникативті-ақпаратты жағы- адамдар арасында бір- бірімен көзқарас, идеялар, сезім, қызығушылық, көңіл-күй және тағы басқа жағдайлар туралы пікір алмасады. Бұлардың бәрін ақпарат деп қараған жғадайда, коммуникация процесі ақпарат алмау процесі ретінде болады. Бірақ адам қарым-қатынасына бұлай қарау өте таяз көзқарас болып табылады, себебі қарым-қатынас жағдайында ақпарат тек қана берілмейді, ол сонымен бірге қалыптасып, анықталып дамиды. 4.Қарым-қатынастың эмотивті жағы эмоциялар мен сезімдерге, жеке қатынасқа түскендегі адамдардың көңіл күйіне көңіл бөлінеді. Олар қарым-қатынасқа түсуші субьектілердің қозғалыстарынан, әрекеті мен жүріс тұрыстарынан көрінеді. Осылар арқылы өзара бірлесіп жасайтын жұмыстардың нәтижесін алдын ала айтуға болады. 5. қарым-қатынастың когнитивті жағы- әріптестердің позицияларының ішкі және сыртқы қайшылықтарының келісу мақсатына қызмет етеді. Осы жақ бойынша бірлескен іс-әрекеттер кезіндегі әріптестердің өзара қарым-қатынастарын реттейді, белгілі бір құндылықтарға адамдардың ұмтылыстарын ашады, өмірлік іс-әрекеттердің барлық процестері тұлғаға басқарушылық әсер етулермен қамтамасыз етеді. Қарым-қатынастың өзара түсіну процесі кезіндегі механизмдер Адам қарым-қатынасқа тұлға ретінде түсетіндіктен, келесі серіктесте тұлға ретінде қабылданады. Жүріс тұрыстың сыртқы бейнесінен басқа адамды тануға тырысамыз. Сондағы туындайтын әсер қарым-қатынас кезінде маңызды рөл ойнайды. Біріншіден, басқа адамды тану арқылы танып отырған индивид өзін қалыптастырады. Екіншіден, келесі адамда бірігіп жасаған іс-әрекет жемісі белгіленеді. Негізгі механизмдер кемінде екі адамнан тұратын қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады. Эмпатия –қарым-қатынас жасап отырған адамның эмоциялық күйіне қарай ыңғайласу, яғни табиғи көрінісі жағынан аффективті түсіну. Эмпатия екі түрде жүзеге асады: 1. Идентификация түрінде, бұл-қарым-қатынас кезінде серіктесті түсіну, өзіңді оның орнына қоя білу және сол арқылы әрекет ету. 2. Ал екінші түрі, ол серіктесті қарым-қатынас кезінде түсіну, өзіңді оның орнына қоя білу, бірақ өз ойың бойынша әрекет ету, бұл-рефлексия. Идентификацияның мәні. Идентификация –тұлғаның немесе басқа да адамдар тобының өзіндік және ортақ қарым-қатынасында көрінетін, серіктестердің ішкі күйі мен жағдайының салыстыруында жүзеге асатын және өзінің психологиялық және т.б. мінездемелерге еліктеуінде үлгі болуында көрініс табатын әлеуметтік-психологиялық механизм. Идентификация –адамның басқа адаммен, топпен өзін теңдестірунен көрінетін процесс. Бұл тұлғаның өзінің адами құндылықтарын иеленуінің әлеуметтік механизмі. Оқшауланудың идентифкациядан айырмашылығы –тұлғаның ортада және қатынаста өзін жабық ұстауы. Оұшаулануда жиі болатын жағдай біреудің жақындығынан немесе сенімінен айырылу, яғни эмоциялық салқындық. Идентификацияның тұлғаға әсері: бірі адамдармен қарым- қатынасты орнатуға, әлеуметтік-танымдық кеңістігінің дамуына ықпалы болса, ал екіншісі- индивидтің басқа адаммен араласып, соған ұқсап кетуіне әсері. Ал осындай жағдайда, оқшаулану адамға өзінің жеке тұлғалық сезімін сақтап қалуына мүмкіндік береді. Оқшаулану арқылы жауаптылығы, дербестілігі дамиды. Идентификация –адамның рухани өміріне және іс-әрекетінде маңызды рөл атқарады. Оның психологиялық маңызы- күйзеліс аясының тарылуына әсер етуі және ішкі тәжірибесінің молаюы. Ол басқа адамға эмоциялық жақындық сезімнің пайда болуымен белгілі. Сонымен қатар идентификация адамның қорқыныш ұялататын, үрей мен шаршаңқы күй туғызатын басқа обьектілерден және жағдайлардан психологиялық қорғауының элементі ретінде байқалады. Осының арқасында, адам өзінің қалағанына жету қабілетіне ие болып, әлсіздігі мен кемсітушілік сезімін жеңетін жаңа күшті бойына дарытады. Идентификация – бір индивидті, адамдар жұбын немесе топты тану үшін қолданылатын феномен. Дәл осы сезім адамдардың бөлінбестігін көрсетеді. Обьективті, субьективті ұқсастықтарына, теңдігіне қарағанда, бір-біріне тәуелділік бар. Тұлға аралық қатынастың тиімділігі мен мазмұны. Өзара түсіну механизмдерін қарастыра келіп, жалпы тану процесін талдауға болады. Барлық зерттеулерде бұл сфера: 1.Тұлғалық перцепция мазмұнын оқу; 2.Тұлғалық перцепция оқу процесі сияқты үлкен екі топқа бөлінеді; Біріншісі тұлғалық перцепция мазмұны субьект пен обьект сипаттамасына байланысты, бұлардың өзара қарым-қатынасы үлкен рөлге ие. Тұлға перцепция мазмұнын анықтау кезінде интерпретация, бұл негізінен ғылыми психологияға сүйене отырып, адам жүріс –тұрысы және оның себептерін қарастырады. Ал, басқа жағдайда, яғни қалыпты өмірде адамдар басқа адамдардың іс-әрекетінің себептерін білмейді, білген күнде де толық , нақты емес. Осыдан тындайтын-қосып жазу, яғни қабылдап отырған субьект келесі адам жайында өз өмірлік тәжірибесінен немесе басқа біреуге ұқсатудан адамға тән емес ерекшеліктерді қосып жазады. Бұл атрибуция деп аталады. Егер қосып жазу құрылымы жағынан күрделілек болса, тек іс-әрекет нәтижесі емес, пиғыл (ниет), сезім және тұлғалық қасиеттері есепке алынатын болса, онда бұл каузальды атрибуция деп аталады. Атрибуция сипаттамасын Г.Келли: 1.Тұлғалық атрибуция (қосып жазу нақты жасалған іс-әрекет себебіне байланысты); 2.Обьектті атрибуция (әрекет бағытталған обьектіге қосып жазу); 3.Жағдаяттық атрибуция (қосып жазу жағдаятқа бағытталған) деп үш типке ажыратты. Бақылау сұрақтары: 1.Қарым – қатынас механизмі 2.Перцептивті қарым-қатынасты сипатта Әдебиеттер: 1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991. 2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994. 3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992. 4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995 4-дәріс. Қарым - қатынастағы вербальды емес құралдар Мақсаты: Вербальды емес құралдар туралы түсінік беру. Вербальды емес қозғалыстың маңызы жайлы мәлімет беру. Дәрістің мазмұны: Вербальды емес құралдардың қарым - қатынастағы маңызы. Әңгімелесушілердің ішкі жағдайын, олардың қимыл - қозғалысы, мимикалары арқылы танып білу. Көз және ерінмен берілетін белгілер. Жалғандықты білдіретін мимика, қимыл - қозғалыстар. Вербальды емес қозғалыстың маңызы. Вербальды емес құралдардың қарым-қатынаста қажет кездері: 1. Қарым-қатынас процесін реттеу, серіктестер арасында психологиялық контакт орнату үшін; 2. Айтылып жатқан сөзге түсінікті, нақты мағына беру үшін; 3. Эмоцияны көрсету және мәселеніқорыту үшін өте қажет; Вербальды емес қарым-қатынастың кейбіреулері өз алдында түсінікті мән бере алмайды. Олар, әдетте сөз, яғни ауызша мәтінде қосарланып жүреді. Олардың жиынтығын симфониялық оркестрмен салыстыруға болады. Жеке вербальды емес қатынастың жеке жүруі тұлға аралық қарым-қатынасты қиындатады. Ешкімде өз әрекетін, яғни вербальды емес құралдарын бақылап отыра алмайды. Вербальды емес қарым-қатынас құралдары: визуалды, акустикалық, тактильді- кинестикалық, ольфакторлық болып бөлінеді. 1.Қарым-қатынастың визуалды құралдары: • Көз әлпеті; • Бет әлпеті; • Тері өзгерісі (қызару, терлеу); • Қашықтықтық (әңгімелесуге дейінгі жеке кеңістік); • Қарым-қатынастың қосымша құралдары, соның ішінде, дене мүшесі және олардағы өзгеріс. 2.Қарым-қатынастың акустикалық (дыбыстық) құралдары: • Паралингвистикалық яғни сөйлеумен байланысты (интонация, дыбыстың жоғары төмендігі, тембр, тон, ритм, сөз тоқтамдары және олардың мәтінде үйлесуі ): • Экстралингвистикалық, яғни сөйлеумен байланысты емес (күлкі, жылау, жөтел, дем алу, тіс шытырлату, мұрын тарту және т.б.). 3.Қарым-қатынастың тактильді кинестикалық құралдары: • Физикалық әсер (соқырды қолынан алып жүру, билеу); • Такесика (қол қысу, иық қағу); 4.Қарым-қатынастың ольфакторлы құралдары: • Қоршаған ортадағы жағымды және жағымсыз иістер; • Адамның табиғи және жасанды исі: Вербальды емес қарым-қатынас құрадарына кез кезлген мәдениет өз ізін қалдырады. Сондықтан оның адамдар үшін арнайы нормасы болмайды. Өзге елдің вербальды емес тілін сөздік тілі сияқты үйрену және оқу қажет. 4.Кеңістікті және уақытты ұйымдастыру процестері Коммуникация-ситуацияға байланысты қосымша компонент. Қарым-қатынас қай уақытта және қай жерде болатынына байланысты. Кеңістік пен уақытты ұйымдастыруда проксемика саласы жеке аймақ ретінде, осы қатынастың кеңістігі мен уақытына байланысты көптеген эксперименттік материалдарға ие. Проксемиканың негізін салушы-Э.Холл, проксемиканы «кеңістік психологиясы» деп атаған. Э.Холлдың зерттеуінде адамадрдың қарым-қатынасқа түсуінің арақашықтығына байланысты: 1) Интимді арақашықтық (0-45см); 2) Персоналды арақашықтық (45-120см); 3) Әлеуметтік арақашықтық ( 120-400см); 4) Публикалық арақашықтық (400-750см); 5.Визуалды контакт- немесе көз байланысы сияқты бөліктерге бөліп қарастырған. Бұл әлеуметтік психологияда көздің рөлі, яғни қарау ұзақтығы, көздің статистикалық және динамикалық ауысуы және көзді алып қашу. Негізінен бұл жүйе сыртқы бейнесі жағынан қарапайым болып көрінуі мүмкін. Бастапқы уақытта көз контактісі М.Агайлдың зерттеуі бойынша ең алғашқы қарым-қатынас кезінде пайдалынады. Сонымен, қарым-қатынастың коммуникативті жағы- вербалды және вербальды емес процестер арқылы адамдардың ақпарат алмасып, бірігіп әрекет етуге міндетті керек жағдай. Басқа вербальды емес қарым-қатынас сияқты көз контакты да вербалды қатынасты толықтырып отырады. Коммуникатордан келген ақпарат 2 түрлі болады: Тудырушы –ақпарат, өсиет, нұсқау, өтініш түрінде жүзеге асады. Яғни бұл белгілі бір стимул туғызу мақсатында жүреді. Өз кезегінде стимулдар: активизация-белгілі бағытта әрекет тудырушы; интердикация-кері әрекеттерді жасауға тиым салу; дестабилизация-кейбір жүріс-тұрыс, іс-әрекет формаларына келісу немесе келіспеу сияқты түрлерге бөлінеді. Хабар жеткізу – ақпарат хабарлау түрінде жүреді. Ал коммуникативті үш түрін бөліп көрсетуге болады: -ашық –коммуникатор өз ойын ашық түрде жеткізеді; -шеттетілген-коммуникатор нейтралды түрде болады; -жабық-коммуникатор өз ойын ашық айтпайды. Бақылау сұрақтары: 1. Қарым-қатынастың тактильді кинестикалық құралдары 2. Қарым-қатынастың визуалды құралдары Әдебиеттер: 1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991. 2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994. 3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992. 4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995 5-дәріс. Қарым-қатынас және жеке бастық қатынастар. Мақсаты: Қарым-қатынас және жеке бастық қатынастар, шағын топ және ұжым туралы түсінік беру. Дәрістің мазмұны: Басқарудағы қарым - қатынастың мәні мен орны. Шағын топ және ұжым туралы түсінік. Топтағы қарым - қатынас және оның құрылымы. Шағын топтағы әлеуметтік биліктің құрылымы. Топтағы және ұжымдағы өзара қатынастар. Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi. Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр- бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады. Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз. Макроорта – бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi бар қоғам. Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн шек – бұл кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi. Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз. Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ онда мынаны байқаймыз: • басқа адамдармен өзара әрекеттесiп оларды қабылдаймыз және бағалаймыз. •Жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен қабылдаймыз. • Таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен өмiрлiк тәжiрбиелерiмiзбен алмасамыз. • Басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға елiктеп өз мiнез-құлқымызды өзгертемiз. • Шешiм қабылдағанда көп жағдайда қасыңдағы адамдардың пiкiрiн есепке аламыз. Топтағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын зерттеген кезде бақылау, эксперимент, әңгімелесу т.б. әдістерді пайдаланады. Мұны таңдау әдісі деп атайды. Бұл әдісті тұңғыш ұсынған америка психологы Дж.Морено болды. Бұл обьективтік әдіс, бұны адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын зерттеген кезде қолдануға болады. Әлеуметтік психологияда социометрия яғни таңдау (шағын топтағы әлеуметтік қатынасты ӛлшеу) әдісін қолданылады. Бұл әдіс арқылы адамдардың іскерлік жағын, қарым-қатынасын білуге болады. Таңдау әдісін топ, ұжым мүшелері бірін-бірі жете білген жағдайда ғана қолдануға болады. Бұны жүргізгенде сұрақтарға жауап беру ескеріледі. Қойылатын сұрақтар таңдау критерийлері деп аталады. Критерий күшті және осал болып екіге бӛлінеді. Күшті критерий терең де тұрақты қатынасты, ал осалы - тұрақсыз және ат үсті қатынасты көрсетіп береді. Мысалы, «Бірге қызмет істейтін адамдардың қайсысымен бір еңбек бригадасында болуды қалар едіңіз?» деген критерийді күшті критерийге жатқызуға болады, Ал, «Қалаға саяхатқа кімді шақырар едіңіз?» деген осал критерий болады, өйткені ол ұзаққа созылмайтын, уақытша қатынасты қамтиды. Сыналушыға негативті жауап (теріс таңдау) беруді қажет ететін сұрақ та қойылуы мүмкін. Мысалы, «Сен емтиханға кіммен бірге дайындалғың келмейді?», «Сен туған күніңе кімді шақырмас едің?» т.б. Топтағы, ұжымдағы адамдардың бұл қатынаста алатын орны бірдей емес. Зерттеулерде бір адамдар басқаларға қарағанда көбірек белгілі, беделді болатынын көрсетеді. Біреулер қарым- қатынас жасауға шын ниетімен көбірек тартылады, ал екіншілері топтың өзге мүшелерімен сирек араласады. Зерттеу нәтижесіне қарағанда, сынып ұжымында төрт-бес оқушы ғана басқалардан айрықша белгілі болады екен. «Басқаның жүрегіне жол таба білетін адам» адам қашан да көпшілікке жақын, белгілі болатыны аян. Адам өз орнын жалбақтау, жағымпаздану жолымен емес, өзінің табиғи болмысымен, қадір-қасиетімен, ашық мінезімен табады. Екінші бір адам білімділігі, іскерлігі, өз білгенін аямай, олармен риясыз бөлісуге, көмектесуге әзір тұрушылығымен де ерекшеленеді. Үшіншіден, сырт бейнесі факторларын да ескермеуге болмайды. Мысалы, оқушы өзінің қара күшке ие, мықты құрбысын құрметтейді. Топта, ұжымда әркімнің өзгелерден гөрі жиі кездесетін бір адамы болады, көпшілігі өзара тату-тәтті тіршілік еткенмен, ондағы әр адамның өзгелерден онымен мүдделес, әңгімелері жарасқан, ортақ істері бар, жолдастық, достық қатынастағы адамдар да болады. Топта кейбір адамдар ешкіммен жеке өзара қатынаста болмайды. Олар дұрыс қатынас орнату үшін өзіне серік таба алмайды. Алайда мұндай адам топқа, ұжымға қажетсіз деген ұғым тумайды. Ол да іске қызу араласып өзіне жүктелген міндетті жақсы атқарады. Мысалы, оқушы өзімен бір үйде тұратын, бірақ басқа сыныпта немесе басқа мектепте оқитын баламен достасады. Топта жұрт жек көретін, маңайына жуытқысы келмейтін адамдар да кездеседі. Мұндай жағдайда өзгелер оған жоламай, іргесін аулақ салуға тырысады. Психологтар топта кейбір жекелеген оқушылардың өзгелермен араласпай оқшау жүруі, 1-ден оқшау қалған оқушының сабаққа селқостығы, мұндай оқушылар сабақты нашар оқиды және сабақ үлгерімін жақсарту үшін ешбір талаптанбайды. Мұндай балалар сынып оқушыларының жетістіктері мен кемшіліктеріне ешқандай қуанбайды да ренжімейді де. Сабақ үлгерімі оларды ойландырмайды. 2-ден кейбір оқушылардың оқшау қалдырылуы олардың қатынас жасауға шорқақтығынан болады. Ол оқушылармен өзі достасуды қаламайды, бойын сулақ салып жүреді. Кейде оған жас айырмашылықтары мен тұйықтық та себеп болады. Көпшілікке қадірлі, ұжымда жетекшілік міндетті өзіне алатын адамдарда болады. Мұндай адамдарды қарым-қатынас психологиясында «лидер» деп атайды. Ол топ мүшелерімен қарым-қатынаста өзін еркін, сенімді ұстайды. Мектеп ұжымында лидердің бірнеше типі болады. 1-ші лидер жағдайға байланысты өзін танытады. Мысалы, оқушылар сыныпта музыкалық кеш өткізеді делік. Ол көптеген шығармаларды біледі, әр түрлі музыкалық аспаптарда ойнайды. Бұл арада ӛзінің дарыны мен шеберлігін көрсетеді.Ол осы шараны өткізуді ұйымдастырып, лидерлік танытады. Ал басқа жағдайда ұжымның қатардағы мүшесі болып қала береді. Лидердің 2-ші типі, әр түрлі іс-шараларды өткізуде ұжымның басқа мүшелеріне жан-жақты ықпал ете алатын оқушы лидер бола алады. Мысалы, топ далада түнейтін болып, туристік саяхатқа шығарда, лидер оқушы маршрутты әзірлейді, топты қажетті құрал-жабдықтармен, азық-түлікпен қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Алайда оңың лидерлігі қысқа мерзімдік дәрежеде ғана болады. Іс-шара аяқталған соң оның лидерлігі де бітеді. 3-ші типі оқушы өзінің лидерлік қабілетін ұзақ уақыт бойы сақтайды, бұл сынып және топ бастығы т.б. Формалы және формасыз топтар мен ұжымда олардың мүшелерінің «психологиялық үйлесімділігі» болады. «Психологиялық үйлесімділік» - топ, ұжым мүшелері қасиеттерінің неғұрлым қолайлы үйлесімі. Мұның өзі ортақ істің табысты болуын және әр бір адамның жұмыстан ләззат алуын қамтамасыз етеді. Егер екі және одан да кӛп адам арасында «психологиялық үйлесімділік» болса, онда бірінің қылығы екіншісіне немесе өзгелеріне ұнайтын болады деген сөз. Топ мүшелері бірі-бірінің мінез-құлқын, қатынас тәсілін жатырқамай дұрыс қабылдайды. «Психологиялық үйлесімсіздік» кезінде топтың бір мүшелерінің қылығын екінші бір мүшелері жақтырмайды. Бұл жағдай кейде шағын топтың қоғамнан ұзақ уақыт тыс қалу нәтижесінде де пайда болады. Психологиялық үйлесімсіздікке кейде адамдардың тұйықтығы, беймазалығы, тәкаппарлығы, менмендігі себеп болады . Шағын топтың ұзақ уақыт оқшау қалуы, олардың бір-бірі туралы ақпараттың әбден сарқылуынан да «үйлесімсіздік» болады. Топ мүшелерінің бір-бірін анық білетіндігі соншалық, арасындағы ӛзара қатынаста еш қызық қалмайды. Топтағы "моральдық психологиялық ахуал" (кейде мұны "әлеуметтік- психологиялық ахуал"деп те атайды) дейтін ұғымның да мәні зор. Бұл топ, мүшелерінің ӛзара қарым- қатынасындағы ортақ тәртіп пен жауапкершілік, яғни жетекші мен оның қарамағындағылардың бірін-бірі түсінісе алуы, топтың үйреншікті жұмыс стилі, онда ортақ пікірдін орнауы, т.б. Топтың көтеріңкі көңіл күйі ұжымдық міндеттің нәтижелі орындалуына қолайлы әсер етеді. Өзара жарасқан ынтымақ, сыйластық, ұжым мүддесін қастерлейтін жерде қандай ауыр жұмыс болса да жеңіл атқарылады. Мұндайда ауыртпалық сезілмейді, сары уайым, жабырқау, түңілу, жалғызсырауға орын қалмайды. Тату-тәтті өмір сүретін ұжымда ұрыс- керіс болмайды, шығармашылық іске, білімді терең меңгеру мен саналы тәртіпке аса қажетті ахуал орнайды, қолайлы жағдай жасалады. Әлеуметтік кауымға біріккен адамдардың көңіл күйлерінің бірдей болып келуі ұжымдық көңіл күй болып табылады. Мұндай көңіл күйі көптеген адамдарды қамтуы мүмкін. Мысалы, ең алғаш ғарышқа адам ұшқанда барлық халқымыз қуанды. Мереке адамның кӛңіл-күйін туғызады. Сұрапыл апат, жер сілкіну, су тасқыны, соғыс адамдарды қайғыға батырады. Сөйтіп ұжымдық көңіл-күй мазмұнына қарай жағымды немесе жағымсыз болып келеді. Өте жағымсыз ұжымдық көңіл күй үрей болып саналады. Кейде бұл жағдай көптеген адамдардың шырқын кетіреді, өмірдің, жұмыстың қалыптасқан ырғағына нұқсан келтіріп, қалыптасқан қатынасты бұзады. Ұжымның бір мүшесінің қайғысы басқалардың да жүрегін ауыртады. Жолдастың қазасы бүкілұжымды қайғыға батырады. Топта және ұжымда қоғамдық пікір орнайды. Қоғамдық пікір - әлеуметтік өмір фактілері, Ұжымдық қызмет және жеке адамдардың іс-әрекеті жөніндегі бірыңғай баға. Қоғамдық пікірдің кейде ауқымы кең болады: елге, континентке, бүкіл әлемге тарайды. Халықаралық өмірдің соғыс пен бейбітшілік, экономика, дін, спорт мәселесі сиякты проблемалары туралы көптеген миллион адамдарда белгілі бір қоғамдық пікір туады. Алайда қоғамдық пікір кәсіпорын ұжымы, аудан, қала, село халқы сияқты шағын топты ғана қамтуы да мүмкін. Мұндай жағдайда қоғамдық пікір мазмұны топтың, жеке адамдардың ісі көлемінде болуы мүмкін. Қоғамдық пікір ұжымның, топтың, адамдардың өміріне, олардың бір- бірімен өзара қатынасына әсер етеді. Мысалы, мектепте қайсібір оқушы туралы мұғалімдер ұжымы мен оқушылар арасында қоғамдық пікір болады. Оны бір топ оқушы, мұғалім қалыптастырып, солар қолдап, дамытуы мүмкін. Шағын топ көлеміндегі қоғамдық пікір жағымды да жағымсыз да роль атқарады. Егер мұндай пікірде адамның ісі мен мінез-құлқы жайлы пікірлер дұрыс көрсетілген болса, ол сол адамның өзіне де, топ, ұжымға да жақсы әсер етеді. Ал егер пікір жалған сөзге, өсекке негізделген болса, жаңағы адамның жүрегіне нақақтан- нақақ жара салады, ұжымдағы, топтағы өзара қатынасты да нашарлатады. Жарыс. Бұл, адамдардың, ұжымдардың, топтардың өзара қатынасы, мұндай қатынастың барысында жарысушы жақтар бірі-бірінің көрсеткішінен асып түсуге ұмтылып, бірінен-бірі озып кетіп жатады. Жарыс өзінің сипаты жағынан әлеуметтік болады, өйткені оның мазмұны қоғамның мүддесі мен талабына орайлас келеді. Жарыстың негізі неғұрлым мазмұнды болса, соғұрлым ол құнды болады: оқудың сапасын, шығарылатын өнімнің саны мен сапасын арттырады, спорттық нәтижелерді алға бастырады т. б. Оның бәсекеден айырмашылығы, жарыстың антогонистік пиғылы болмайды. Ол қарсыласынан басым түсуі үшін қандай да болсын арам қылыққа, қулық- сұмдыққа баруды қаламайды. Жарыс дегеніміз - адамдардың өзара байланыс жасау формасы. Сондықтан да ол ұжымның, топтың өз ішінде адамдардың бір-бірімен қатынасын ұштай түседі, оған бағыт-бағдар береді. Еліктеу. Әлденені өзіне пір тұтып, саналы не санасыз түрдe соған ұқсамақ болуды еліктеу дейді. Қоғамдық өмірде ол маңызды орын алады. Мысалы, оқушы кинофильмде өзіне ұнаған бір кейіпкеріне еліктеп, соның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, мимикасын өз бойына сіңіруге тырысады. Киім, шаш қою, үйдегі мебель, қарым-қатынас мәнері - бұлардың бәрі де еліктеу объектісі бола алады. Еліктеу көпшілікке тән әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде қалай дегенмен де топтағы, ұжымдағы адамдардын өзара қатынасынан да орын алады. Ол сол бірлестікті құрайтын адамдардың ұқсас мінез-құлқының, іс- әрекетінің қалыптасуына жағдай жасайды. Бет алды еліктеу де, сондай-ақ ұшқалақтық жасап еліктеу де болады. Бұл әсіресе жас балалар тобында жиі кездеседі. Бет алды еліктеу екі адамның сөйлесуінен де көрінеді. Сөйлеу мәнерлері, сөз саптауы өзіне жат ортаға тап болған адам, біраз уақыттан кейін еріксіз түрде солардың әуенімен сөйлеп кететін болады. Сөйтіп, еліктеу, басқа да әлеуметтік-психологиялық құбылыстармен бірге топтағы, ұжымдағы адамдардын, өзара қатынасының мазмұны және формасына айналады. Бақылау сұрақтары: 1.Макро мен микро ортаның айырмашылығы 2.Макро орта дегеніміз не? Әдебиеттер: 1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991. 2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994. 3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992. 4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995 6-дәріс. Жеке бас аралық психикалық өзара әрекеттесу формалары. Мақсаты: Қарым - қатынастағы бедел, қарым-қатынас этикеті жайлы түсінік беру. Дәрістің мазмұны: Психологиялық технология туралы түсінік. Қарым-қатынас этикеті. Жеке ара қатынастағы іскерлік карым - қатынас этикетінің психологиялық және педагогикалық технологиясы. Психологиялық -педагогикалық және этикалық талаптар және ережелер. Субординация түсінігі.Қарым - қатынастағы бедел. Қарым-қатынас – адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады. Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі: • 1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін- бірі тануымен байланысты); • 2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру); • 3)аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты). Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы Қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз Қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде Қарым- қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы Қарым- қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады. Этикет ережелерін қатаң түрде сақтау - өзін - өзі ұстау мәдениетінің маңызды талабы. Этикет – бұл тәртіптің негізгі нұсқауы және қоғамдағы тәртіп. Этикеттің нұсқаулар ең біріншіден мәдениеттілікті көрсетеді. 1.Күнделікті қызметтік араласу. • әңгімелесу, кездесу, келіссөздер; • келушілерді қабылдау; • жиналыстарға, мекемелерге бару; • азаматтардың тұрған орындарына бару; • жиналыс, конференция, отырыстар; • кезекшілік, күзет. 2.Спецификалық қызмет араласуы. • жұмыс кезінде коллективімен араласу: а) субординациялық араласу түрі; • жұмыскерлер арасында араласу; • үйрену кезіндегі сабақ берушінің тыңдаушылармен жұмыс жүргізу. • шет азаматтармен іскерлік қатынас. 3.Қауіпті қызмет түрі кезінде араласу. • өзара келіспеушілік қарым-қатынасы; • митинг, демонстрация, қатысушылармен араласу; • спецконтингентермен араласу. 4.Невербалдық және неспецификалық араласу түрі. • публикалық қатынас және интерьвю; • баспада, теледидарда, радио арқылы сөйлесу; • телефон, телесайт, радиохабар; • іскерлік жазу. Бақылау сұрақтары: 1.Қарым – қатынастың негізгі қызметі 2.Қарым – қатынастың басты мақсаты Әдебиеттер: 1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991. 2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994. 3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992. 4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995 7-дәріс. Қарым - қатынас этикасы Мақсаты: Этика, мораль, адамгершілік түсініктерінің арақатынасы жайлы түсінік беру. Дәрістің мазмұны: Этика туралы жалпы түсінік. Этика, мораль, адамгершілік түсініктерінің арақатынасы. Кәсіби этиканың қалыптасуы. Мораль құрылымы және функциялары. Қылық және сана, адамгершілік қатынаста мәні. Мораль категориялары және оның классификациясы. Іскерлік этикасы, оның қалыптасуы. Қарым - қатынас этикасын дамыту. Кәсіби этика – белгілі қызмет аясындағы адамдардың өзара қарым – қатынастарының өзіндік шарты негізінде әрекет ететін моральдық нормалар мен принциптердің жүйесін зерттейтін этикалық ғылымның саласы. Іскерлік қатынас этикасы – мінез – құлықтық талаптардың принциптері, нормалар мен ережелердің әлемдік тәжірибе мен ғылым негізіндегі өндірістің жиынтығы. Іскерлік қарым – қатынас белгілі бір мінез – құлықтық қағидаларға сүйенуі керек, олардың ең басты қағидалары болып келесілер табылады: 1. іскерлік байланыстың негізінде жеке мүдделер мен өзіндік қызығушылықтардан басқа іскерлік қана қызығушылықтар болуы керек; 2. адамгершілік; 3. мейірімділік, яғни адамға мейірімділік жасау қажеттігі; 4. құрмет көрсетушілік, яғни қарсы тарапқа деген құрмет. Этикет ережелерін қатаң түрде сақтау - өзін - өзі ұстау мәдениетінің маңызды талабы Кәсіби такт – бұл қарым – қатынас кезінде басқаларға деген шыдамдылық, мұқияттылық және әдептілік танытудың үлгісі. Шетел азаматтарымен іскерлік қарым – қатынас жасаудың негізгі қағидалары мен ережелері дипломатиялық хаттамамен белгіленеді. Шетел делегацияларын қабылдау мен қарым – қатынас жасау кезінде, келіссөз бен келісім шартқа қол қойған кезде, мереке күндері құттықтап, қаралы күндері көңіл айту – бұл дипломатиялық хаттама нормаларының сақталуын білдіреді. Қабылданған нормалардан қандац да болмасын бас тарту мемлекеттердің абыройына нұқсан келтіру сияқты бағаланады. Тіпті белгісіз бір кеткен қателік қасақана жасалған қорлауға тең. Қазіргі кезде мемлекеттер қарым – қатынастарының арасында 1991 жылы қабылданған «дипломптиялық қарым – қатынас туралы Вена Конвенциясы» бар. Дипломатиялық хаттаманың ережелері «халықаралық әдептілік» қағидасына негізделген, яғни мемлекетті таныстырып, көрсеттетін құрметтеулер мен қадірлеулердің барлығын сақтауды білдіреді. Хаттамамен шет мемлекетке келген ресми тұлғалардың өзін - өзі ұстауы, ресми жағдайларда киінуі және т.б. белгіленеді. Халықаралық этикет нормаларынан ауытқу шетелдік әріптестермен тек қана бейресми мәні бар, қызметтен тыс жағдайларда ғана жол беріледі. Бірақта осындай қарым – қатынас кезінде әдепсіздік таныту сияқты бағаланатын жағдайлардан аулақ болған жөн. Қызметтік немесе қоғамдық кездесу мен өзара сөйлесу барысында сыйлық сыйлау туралы ой келеді. әр бір мекемеде өздерінің сыйлық силау ережелері қалыптасқан дәстүрлері болады, бірақ осындай дәстүрлерге қарамастан барлығына ортақ негізгі ережелер де бар. Егер сізді біреу үйіне түстенуге немесе қонаққа шақырған болса, онда кішігірім сыйлық алып барған жөн. Сыйлық кімге сыйланса сол адамның талғамына байланысты болуы керек. Сыйлық қабылдар кезінде өзіңізді келесідей ұстауыңыз тиіс. Сыйлаған сыйлық қандай түрде болмасын оны қонақ кеткенге дейін ашпау қажет, себебі сыйлық туралы ойламаған басқа адамдарды ыңғайсыз жағдайға қалдыруыңыз мүмкін. Сыйлықты алғаннан кейін құр ризашылық аз болады, сондықтан өз ризашылығыңды ашық хат арқылы білдірген жөн. Бақылау сұрақтары: 1.Қарым – қатынастағы этика 2.Қарым – қатынас этикасын дамыту жолдары Әдебиеттер: 1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991. 2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994. 3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992. 4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995 8-дәріс. Педагогикалық қарым - қатынастың психологиялық аспектілері Мақсаты: Педагогикалық қарым - қатынас туралы түсінік беру. Қарым - қатынас үрдісіндегі өзара әрекеттесу рөлі жайлы мағлұмат беру. Дәрістің мазмұны: Педагогикалық қарым - қатынас туралы түсінік. Қарым - қатынас үрдісіндегі өзара әрекеттесу рөлі. Коммуникативті міндеттері. Коммуникативті іскерлік және комуникативті қабілеттілік. Қарым - қатынасты дамыту. Коммуникативті әсер етудің тиімділігін жетілдіретін құралдар. Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған оқытушы мен оқушының сабақтағы және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы. Педагогикалық қарым – қатынастағы гуманистік бағытты қолдап қорғаушы К.Роджерс мүғалімнің оқушылармен арадағы бір-бірін түсіну мәселесін басты міндет етіп қояды Р.Бернс осы мақсаттағы технологиялық принциптерге толық қосылатынын атап көрсетеді: - «Мұғалім оқу процесінің басынан бастап аяғына дейін оқушыларға деген сенімін көрсете білу керек. - Ол оқушылар тобының, сол сияқты әрбір жеке оқушының алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді анықтау мен нақтылауға көмектесуі керек. - Ол әр кезде де оқушыларда оқуға деген ішкі мотивациясы бар екендігіне сүйенуі керек. - Ол оқушылар қиындықтарға тап болғанда, әрқашан да көмекке даяр тұратын, оқушылар үшін түрлі тәжірибенің көзі болып табылатындай болуы керек. - Әр оқушы үшін осындай рөлді орындауы ол үшін өте маңызды. - Ол топтық эмоциялық күйін сезіне білуі мен оны қабылдай алу қабілетін дамытуы керек. - Ол топтағы өзара әрекеттің белсенді мүшесі болуы керек. - Ол әр оқушының сезімі мен күйзелістерін түсіне алатындай дәрежедегі эмпатиялық жағдайға ұмтылуы керек. - Ең соңында, ол өзін өзі жақсы білуі керек» (4, 328-329). Болашақ ұстаз бұл жағдайға жетудің күрделілігін сезіне отырып, тәжірибелі, оқушының жетегімен оған дайындық жасауға мүмкіндік алады. Жан – жақты, заман талабына сай білікті, кәсіби – педагог мамандарды дайындау жоғары оқу орнындағы бөлік оқу үрдісін ақпараттандыру мәселесін жеделдеткенде, инновациялық оқыту технологиясын енгізгенде сонымен қатар, оқытудың әлемдік озық үлгілері мен халқымыздың төл педагогикалық қағидаларын пайдаланғанда мүмкін болары сөзсіз. Бақылау сұрақтары: 1.Педагогикалық қарым – қатынастың негізгі қызметі 2.Педагогикалық қарым – қатынастың басты мақсаты Әдебиеттер: 1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991. 2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994. 3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992. 4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995 9-дәріс. Көпшілік алдында сөйлеудің психологиялық ерекшеліктері Мақсаты: Сөйлеу мәдениеті жайлы түсінік беру. Дәрістің мазмұны: Қарым-қатынас құралы. Сөйлеуге даярлану. Көпшілік назарын өзіңе аудару тәсілдері. Сөйлеуді аяқтау және қорытындылау. Іскер адамның сөйлеу мәдениеті. Жазбаша сөйлеу. Ауызша сөйлеу.Ауызша және жазбаша сөйлеудің артықшылықтары мен айырмашылықтары. Қарым-қатынас құралы-бұл тек белгілер жүйесі арқылы болуы мүмкін. Сөйлеу құралы вербальды және вербальдыемес болып бөлінеді. Вербальды қарым- қатынаста сөйлеудің екі: жазбаша және ауызша нұсқасы қолданылады. Жазбаша сөйлеу - мектеп қабырғасында үйретілетін және адамның білімділігін көрсететін бірден бір белгі. Жазбаша сөйлеу көбіне штамптан, кеңселік ережелерден тұрады. Бірақ бұл мәтіннің мазмұнынтура түсіну үшін өте қажет болып табылады. Жазбаша сөйлеу ғылымда, іскерлік және заңды қатынастарда қолданылады. Жазбаша сөйлеудің тиімділігі оның нақтылығында. Жазбаша сөйлеуді жақсы меңгеру үшін, ең алдымен, сөздік қордың бай болуы қажетті шарт болып табылады. Ауызша сөйлеудің жазбаша сөйлеуден ең негізгі айырмашылығы оның сауатсыздығында деп айту қате. Себебі ауызша сөйлеу өз кезегінде ережелер мен грамматикалардан тұрады. Ауызша сөйлеудің ең негізгі ерекшелігі оның сөзді үнемдеуінде, яғни ойды жеткізу үшін көп сөзді қолданудың қажеті жоқ. Ауызша сөйлеудің кемшілігі ойды ауызша жеткізуде сөйлеудегі қателер және көпмағыналығы. Мысалы: бір сөйлемде көптеген толықтырулардың болуы. Ауызша сөйлеудің тиімді жағына оның тәрбиелік, әсер еті, рухтандыру, уақыттың тарлығында өз ар-намысын қорғау жатады. Ақпарат алмасудың негізгі құралы тіл, яғни сөйлеу арқылы жүзеге асады. Вербальды коммуникация негізі ретінде жүйелерінің ішінде сөйлеу жатады. Табиғи дыбыстық тіл, яғни фонетикалық жүйенің белгісі, ол лексикалық және синтаксистік түрде жүзеге асады. Сөйлеу-қарым-қатынастың ең негізгі түрі. Мұнда ақпараттық өңдеу және қайта қорытындылау процестерді жүзеге асады. И.АЗимняя айтуы бойынша, «сөйлеу» және «тыңдау» терминдері вербальды қарым- қатынастың психологиялық компоненті болады. Сөйлеу құралдары болмаған жағдайда қол, ым-ишара, жүріс-тұрыс, дауыс, бет әлпетінің көрінісі, көз, дене тұрысы, барлық дене мүшелерінің қозғалысы, арақашықтықтың маңызы зор. Кейде қарым-қатынасқа түскенде сөзден гөрі ым-ишараның түсініктірек болуы байқалады. Барлығына өжеттілік, мейірімділік, жағымпазданушылық, қорқыныш, қызғану кезеңдеріндегі бет әлпет ым-ишарасы белгілі және таныс десек болады. Оптика-кинетикалық жүйе ым-ишарат, пантомимика арқылы жүзеге асады. Жалпы айтқанда, адамның сыртқы бейнесі арқылы ақпаратқа қосымша демеу болатын белгілер. Оптика-кинестетикалық жүйе өзіне ым-ишарат және пантомимиканы қосады. Бұл басында Ч.Дарвиннің зерттеулерінде кездеседі. Ол адам мен жануардың эмоциясын шығаруын зерртеген. Дене қимылдары арқылы сөйлесу барысында эмоция шығарамыз. Бұл қарым-қатынасымызға нюанс береді. Ауызша сөйлеу мәдениеті сөйлеген кезде орфоэпия қағидаларын сақтап мәнерлеп сөйлеумен тығыз байланысты, яғни, сөздер қалай дыбысталса сөйлеген кезде де әрбір сөздің дұрыс айтылуына мән беруіміз керек. Әрбір сөзбен сөйлеу, не мәтінді мәнерлеп, сөздің нақышына келтіріп айту - ауыз әдебиеті асыл қазыналарынан, айтыс өнерінен келе жатқан табиғи заңдылық. Сондықтан ауызша сөйлеу кезінде тілдің өзіндік заңдылықтарын сақтаумен қатар, сөйлеудің техникасын жетік біліп, қорымыздың да мол болғаны қажет. Белгілі бір мәтінге грамматикалық талдау жасау, тәрбиелік мәні жоғары үзінділердің әдеби сырын ашып, басқа біреулерге үлгі-өнеге ету үшін де тілдік заңдылықты қатаң сақтаудың үлкен пайдасы бар. Ойды жеткізер тілдің мәнері, нақышы жеткіліксіз болса, ойшыл ақынымыз Абай айтқандай: «көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шыққанда сәні кететінінің» бірі болмақ. Ауызекі тілде бір сөзді қайталай бермей, оған мағыналас, мәндес синоним сөздерді қолдану да, ойды әсерлі, түсінікті жеткізудің айғағы. Қашан да сөзді қарапайым қолдана отырып, тартымды да көркем айта білген ғұламалардың шешендігін, сөйлеу мәнеріндегі қатаң сақталған әуезділікті өзімізге өнеге тұтуымыз керек. Сөйлеу мәдениетін арттыруда, әрбір сөздің мағынасын дұрыс түсініп, орынды жеткізе білуде сөздіктерді, нормативтік сипаттағы анықтағыштарды, орфоэпиялық сөз тудыру, синонимдер, омонимдер, фразеологиялық сөздіктерді, тілді грамматикалық жағынан дұрыс көрсететін сөздіктерді пайдаланудың маңызы зор. Ауызекі сөйлеу тілінің өзіндік ерекшелігі - бірін-бірі бетпе-бет көріп отырған екі не одан да көп адамдардың өзара пікір алысу, түсінісу құралы. Бірін-бірі түсіну үшін сөйлеуші адамдардың дауыс ырғақтары, сөз құралындағы әрбір дыбыстың орфоэпиялық нормаға сай естілуі қажет. Мысалы: қонбады - қомбады, басшы - башшы, көкөніс - көгеніс, көзсіз - көссүз, өзенге - өзөңгө, айдын көл - айдың гөл, ай қабақ - ай ғабақ, тас бауыр - тас пауүр, жас бала - жас пала т. б. Сөздерді жазылуынша айту, әсіресе, жастардың тілінде үйреншікті машыққа айналып бара жатқанын аңғару қиын емес. Мұны тіліміздің табиғи дамуының нәтижесі деп қарауға болмайды. Бұл - күнделікті өмір сүріп жүрген ортаның тілге мән бермеуінен және мектептегі оқытуда жіберіліп жатқан кемшіліктер. Соның салдарынан, адам баласының бір-біріне деген қарым-қатынасы, түсініспеушілігі басталады, бір-бірінің ойын, ішкі жан-дүниесін түсінбейді немесе әр сөзін селқос, енжарлықпен тыңдап, босаңдық танытады. Сөйлеу тілінде адам баласының бір-бірімен түсінісуі сөз арқылы ғана емес, сонымен қатар, бұған кісінің бет-аузы, қас-қабағы, қол-қимылы қатысып отырады. Яғни, өз сезімін, ез ойын бірнеше нұсқада, бірнеше әдіс-тәсілдерді қолдана отырып жеткізуге тиісті. Оның үстіне сөйлеуші дауыс ырғағын құбылта сөйлеп, әр сөзіне жан бітіреді, көріктендіре сөйлейді, әсерін, мақамын келтіреді. Бұл жерде әрбір сөйлеуші радио, теледидар, лекторлар мен шешендердің, айтыс ақындарының сөз мәнеріне, сөз саптауына мән беріп, сол негізде сөйлей білуге тырысқаны абзал. Абай атамыз «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» дегендей, әр нәрсені, жағымды нәрсені үлгі тұта білу керек. Бақылау сұрақтары: 1.Ауызша мен жазбаша сөйлеу құралдарының айырмашылығы 2. Ауызша сөйлеудің тиімді жағы Әдебиеттер: 1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991. 2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994. 3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992. 4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995 10-дәріс. Қарым - қатынас мәдениеті Мақсаты: Қарым-қатынастағы әңгімелесу барысындағы психологиялық мәдениеті жайлы мәлімет беру. Дәрістің мазмұны: Әңгімелесу барысындағы сөйлеу мәдениеті. Іс барысындағы әңгімелесуге қойылатын негізгі талаптар. Сөйлеу этикеті. Іскерлік әңгімелесу барысындағы логикалық мәдениет. Қарым - қатынастағы әңгімелесу барысындағы психологиялық мәдениет. Әңгіме барысында жағымды психологиялық климатты қалыптастыру. Қарым-қатынасты адамның өмірлік іс-әрекетінің негізгі факторы десек қателеспейміз. Интеллект және ерік, эрудиция және эмоционалды мәдениет тәрбиелілік – осылардың барлығы; және басқа адамдарды түсіну, яғни психикалық дұрыс бағалау. Екіншіден олардың мінез-кұлық және жағдайына адекватты эмоционалды жауап бере алу, үшіншіден әр адамның өзінің жеке даралық ерекшеліктеріне байланысты стилін, әдіс-тәсілін, формасын таба білу. Қарым-қатынас мәдениетін көтеру үшін, ерте жастан бастап адамның басқа адамға жанашырлық, тілектестік, ортақтастық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра білу керек. Қарым-қатынас ең алдымен, бір адамның екінші адамды өзара түсінушілігінен басталады. Немқұрайлық қатігездік тұрпайылық сыйламсыздық қарым-қатынасты бұзады. Ал, егер тілек, өзара сұрақтар, өзара келіспеушілік басым болса, онда достық қатынас, яғни ол жанұяға қажетті психологиялық атмосфера болып табылады. Біз білетіндей адамның өзара түсінушілігіне бөгет болатын жағдайлар; оның қайталанбастығы, жеке даралығы, бір-біріне ұксамайтындығы. Өзара түсінушіліктің тағы бір кедергісі қабылдаудың стереотиптілігі. Кейбір адамдар басқаларды терең білмей өз ойларын айта салады. Мысалы; ол – дәрігер, ол – сатушы, сонымен бәрі түсінікті, себебі олардың моделі, шаблоны бейнесі сол адамға беріледі. Адамның басқа адаммен қарым-қатынасы оның жеке күші мен әлсіздігі, өмірлік қайталанбас жеке даралық көріінісі, тәрбиелеу ерекшелігі сияқты мінез- құлқының ерекшелігіне байланысты. Адамға басқа адамдардың бағалауы мен бірге өзіндік ойы, әлеуметтік статусы ұжым да алатын орны сияқты қасиеттер әсер етеді. Қарым-қатынас басқа да іс-әрекет сияқты белгілі бір нәтижемен аяқталады Қарым-қатынас нәтижесін оның өнімі ретінде қарастыруға болады. Өнімі әр түрлі болады. Оның ішінде басты орын алатындары өзара қатынас және өзінің образы. Өзара қарым-қатынас қатынас үрдісіне өзінің әсерін тигізеді. Адамдар арасындағы өзара қатынас таңдау сипатына ие болады. Бұл таңдау адам қажеттілігіне байланыста анықталады. Баланың өз образы өмірлік іс- тәжірибенің әр түрлі түрінде пайда болады: жеке даралық әрекет тәжірибесі және қарым-қатынас тәжірибесі бала дамуындағы шешуші фактор – баланың өзіне қатынасы қоршаған ортаны белсенді өзгерту және әлеуметтік тарихи сипат алады. Өз образын біз аффективті – когнитивті комплекс ретінде қарастырамыз. Оның аффективті жағын өзін-өзі бағалау ал, когнитивті жағын, баланың өзі туралы ойы деп айтуға болады. Бала өмірге келісімен алдымен үлкендермен, одан кейін құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе бастайды. Осының нәтижесінде жаратылысынан берілген адам болу қабілетін іске асырады. Қарым-қатынас баланың психикалық дамуының негізгі факторы және жағдайы. Қарым-қатынаста адамдар өзін-өзі және басқаларды тану қажетттілігін қанағатандырады. Өзін-өзі тану және қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланысты Этикет (фр. etiquette – жарлық, этикетка) - адамдарға сыртқы әсер ету қатынастарына қатысты мiнез-құлық ережелерiнiң жиынтығы (қоршағандармен қатынаса бiлу, сәлем беру, қоғамдық орындардағы мiнез-құлық, әдет және киiм). Әйелдерге сыпайлықпен қарай білу, үлкендерді сыйлау, дастарқан басында өзін ұстай білу, сәлем беру мен әңгiменi жүргiзу ережелерін білу, мiнез- құлық, қонақтармен қатынаса бiлу, әр түрлi жағдайларына қатысты адамның киiмі сай болу талаптарын орындау (dresscode),- көрсетілген сыпайылығының барлық заңдары адамның адамгершілігін, және адам арақатынасындағы қарапайым ыңғайлық пен еркіндік талаптарын көрсетеді. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында іскерлік қажетті қасиеттердің біріне айналып отыр. Іскер деп нарық экономикасына әбден бейім, яғни сату- сатып алу, алу-алмасу әрекеттеріне жатық, өз ісін жетік білетін қагілез жанды айтады. Іскер де тірі жан болғандықтан, адам қоғамында өмір сүретін болғандықтан, оны тек өз баспайдасын ғана көздеген, ешкіммен санаспайтын жан деп түсіну дұрыс емес. Іскерліктің де өзіне тән этикеті — іс-әрекет ұстанымдары бар. Іскерліктің маңызды ұстанымына сенім жатады. Әріптес адамдар арасында сенім болмай, іс оңға баспайды. Жалпы, сенім — адамдардың қарым-қатынасын мүмкін ететін фактор. Егер көлік жүргізушіге сенбесек, ешқашан жолға шықпаған болар едік, егер аспазшыға сенбесек, өмірде көшеде тамақ ішпеген болар едік, дәрігерге сенбесек, ауруханаға қаралмаған болар едік және т.б. Ендеше адамдық әрекеттенушілік негізінде метафизикалық сенім жатыр. Сенім жоғалған жерде үміт үзіледі, ал үмітсіз тек шайтан ғана. Адам баласы қандай қиын-қыстау жағдайда болсын үмітін бір үзбейді. Сол сияқты іскерлер де әлдекімнің айтқан сөзінде, уәдесінде тұрар деген сенімін жоғалтпайды әрі өздері де сенімнен шығуға тырысады. Іскерлік аясында болсын, жалпы, қандай да ұжым ортасында қарым-қатынас адамдардың бір-біріне деген көңілінен басталады. Ашық-жарқын көңіл-күйде болу, айналаңа шаттық нұрын себу — тек іскердің емес, жалпы, әрбір адамның парызы. Қай ортада жүрсең де мынаны есте ұстаған жөн: ұрыс-керіс, айқай-шу шығарып, істі насырға шаптырғаннан гөрі сондай жағымсыз эмоционалды күйдің алдын алған жөн. Ол үшін ең тиімдісі — қай жағдайда болсын сабыр сақтап, қиындықты айналып өтіп (оны мәселеге үстірт, калай болса солай қараудан айыра білу керек), ұжымда бәріне жағымды ахуал жасай білу. Амандасу — адамдардың бір-біріне деген құрметін, жылы ықыласын, мейірімін көрсету үлгісі. Сондықтан болар, қазақ тілінде "сәлем түзелмей әлем түзелмейді", "сәлеміміз түзу", "сәлемнен кете қойған жоқпыз" деген сөз түсініктері басқамен татулықты, басқаға деген жылы шырайды білдіреді. Көптің үстіне, жиынға сырттан келген адам бірінші болып сәлем береді. Телефон шалған адам алдымен сәлемдесіп барып қана өз шаруасына көшеді. "Жылы-жылы сөйлесең, жылан да іннен шығады" деген қазақ халқының даналығынан туындаған мақал да жағымды, ізетті сөз саптаудың адамдар арасындағы қарым-қатынасты құрастырушы фактор екендігін танытады. Жақсы сөйлеу, сыпайы сөйлеу — әдептіліктің маңызды шарты. Жақсы, орынды сөйлеп, елдің "тілін таба білу" іскер адамға пайдалы. Ал іскер пайда көздейтін адам болғандықтан, пайдаға жарайтын нәрсенің бәрін білгені жөн. Жүздескенде жылы шырай таныту, басқалардың сенімін жоғалтпай, айтқан уәдеде тұра білу, өз бас пайдасын ойлай тұра басқалардың құқығын тәрк етпеу сияқты әрекеттер іскер адамға қажетті құлық, өмірлік ұстаным болуы тиіс. Басшы мен бағынушы арасындағы қарым-қатынас ерекшелігі олардың белгілі бір жағдайда (ал жаратушы алдында бәріміз теңбіз ғой) тең еместігінен туындайды. "Ұлық болсаң, кішік бол!" деп халық даналығы бекер айтпаған, бастық қарамағындағылармен неғұрлым сыпайы болса, соғұрлым шынайы ниетке ие болады. Басқаны тыңдай білу — үлкен өнегелік. Тіпті өзіңнің айтылғанмен келіспеушілігің бола тұра, қарсыласыңды (оппонентінді) соңына дейін тыңдап шығу тәрбиелілік нышандарының бірі. Бағынушыға ұжымдағы өз мәртебесіне, өз орнына сай міндеттерден тысқары талап қойылған сәтте басқарушы бұйрықты раймен емес, сұраныс, өтінші айтса жөн. Бұл – оның көрегендігі әрі ортақ іске пайдалы нәрсе жасағандығы болар еді. Басшының өз қарамағындағыларға көңіл аудара білуі де, яғни жұмыстағы жетістіктеріне, өмірлік қуаныштарына ортақтаса білуі де ұжымдағы жағымды, үйлесімді қарым-қатынастарды қалыптастыруға көп әсерін тигізеді. | Қызметтік этикет қызметшілердің кәсіптік қызметін орындауда | |оңтайлы көзқарасты көрсететін адамдық қарым қатынастардың кәсіптік | |тәртіп кодексінің бір түрі ретінде, сонымен қатар бұл кәсіптің мәдени - | |ізгілік бағытын түсіндіретін әлеуметтік - философиялық пән болып | |табылады. Тәртіп кодексі мемлекеттік қызметшінің мінез құлқына, | |қызметтік міндетіне, мемлекет пен оның азаматтарының өзара қарым - | |қатынасына сенімді өкіл болып табылатын мемлекетке, өзі «қызмет ететін» | |қоғамға қатысты моральдық талапты білдіретін неғұрлым жинақты принциптер| |мен нормаларды білдіреді. | |Талап ету - сенім блдірумен, сыйлаумен сабақтасып жатуы қажет. | |Мемлекеттік қызметшіге қажет бір қасиет - тыңдай білу. Тыңдай білу | |сөйлеушінің сөзін бөлмей мақұлдау ғана емес, оның ойына, сезіміне | |ортақтасу. Сөйлеп отырған адамға тыңдаушының бет құбылысы: бейтарап | |отыр ма, жалығып кетті ме, әлде қызығып, көмектесуге дайындалуда ма | |бәрі әсер етеді. Қызметшінің жеке бас проблемасы әңгімелесушінікіне | |қарағанда анағұрлым күрделі, қиын мәселе болса да, ол тындаушы ретінде | |өз проблемасын естен шығара тұруы тиіс. | |Моральдық сапа қасиеттерінің ішіндегі ең шынайысы - Мемлекеттік | |қызметшінің өз беделі. Беделдің жиналуы - өз ісін терең білуі мен | |қажымас еңбек, адалдық пен әділдік, қарапайымдылық пен байсалдылық, | |өзіне де, өзгелерге де талап қоя білушілік және парыз бен | |жауапкершіліктің дамыған деңгейі. | |Мемлекеттік қызметшінің басты қызметі болып табылатын адамдармен қарым -| |қатынастағы басшылық - қоғамның басты өндіруші күші – адамдармен «адам | |факторымен» жұмыс істей білушілік. | |Дипломат болу, бұл - адамдармен тең қарым - қатынаста болу, кез келген | |жағдайдан жол таба білу, өз сезімін басқара білу. | |Іскерлік мінез-құлық: | |1) міндеттілікті және жинақылықты; | |2) әріптестеріне құрметпен қарауды; субординацияны сақтауы; | |3) жалған сөзді құптамауды, олардың таралуына себепші болмауды; | |4) әріптестеріне көмек көрсетуді, білімі мен тәжірибесін беруді; | |5) теріс мінез-құлық (әрекет) көрсеткен жағдайда, міндетті түрде кешірім| |сұрауды; | |6) басқа қызметкерлердің көзінше әріптесін, қарамағындағы адамды, | |басшыны сынамауды; | |7) тікелей басшыға жұмыс орнында ұзақ уақыт болмайтыны туралы хабардар | |етуді көздейді; | |Қызметкер лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес тек қана өз құзыреті | |шегінде шешім қабылдауға міндетті, мәселе оның құзыретінен асып кеткен | |жағдайда, қызметкер тікелей басшымен сөйлесуі тиіс. Кез келген түрдегі | |хат-хабар алмасу (сұрауларға жауап, ақыл-кеңестер және ұсыныстар) | |қарастырылып отырған мәселе және осы мәселе бойынша қолда бар барлық | |деректер мұқият талданғаннан кейін тек бөлімше басшысының келісімімен | |ғана жүргізіледі. | |Дипломат мемлекеттік тілді құрметтеу, мемлекеттік тілдің іскерлік | |қарым-қатынастағы, іс қағаздарын жүргізудегі, нормативтік құқықтық | |актілерін әзірлеген және қабылдаған кездегі жұмысын қамтамасыз ету; | |жоғары этикалық стандарттарды сақтау, басқалардың пікірін сыйлау және | |проблемаларды шыдаммен, ашық және ізгі ниетпен талқылау тиіс. | |Қызметкерлерге өздерінің лауазымдық функцияларын орындауға байланысты | |жеке немесе заңды тұлғалардан, ілтипат білдіру белгісі немесе кішігірім | |кәдесыйлар ретіндегіні қоспағанда, сыйлықтар немесе олардың қызмет | |көрсетуін қабылдауға тыйым салынады. | |Егер кімде-кім қызметкердің лауазымдық міндеттеріне байланысты | |әрекеттер жасауына не әрекет жасамауына ықпал ету құралы | |ретінде пайдаланылуы ықтимал ілтипат білдіруге немесе қызмет | |көрсетуге тырысса, қызметкер келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, бұл | |жөнінде тікелей басшысына хабарлауға тиіс. | |Жеке қарым - қатынастар. Өзін - өзі ұстау мәнері өзара амандасудан | |басталады. Қызмет шарты бойынша «кім ақылды әрі тәрбиелі болса, сол | |бірінші амандасады». әйел адамның қызметтік құқы ер адаммен бірдей | |болғандықтан, өзі бастап амандаса беруіне болады. | |Этикет ережесі бойынша ер адам әйелге, жасы кіші үлкенге, бағынышты адам| |бастығына амандасады. Әйелдерге қалауына қарай, ал ер адамға қол | |алысқан дұрыс. Көптеген елдерде, оның ішінде бізде де тұрмыстағы әйел | |адамның қолын сүю қабылданған. Қол алысуда бастығы бағыныштыға, үлкен ер| |адамға бірінші қолын ұсынады. | |Жеке қарым - қатынас - 60 см мен 1 - 2 метр қашықтықтан араласу. | |Бұған әңгімелесу, келіссөз келісім шарт кезіндегі кездесулер жатады. | |Әлеуметтік ара қашықтық - 1,2 - 2,5 метрмен анықталады. Ол танымайтын | |адаммен байланысты білдіреді. Мұндай қашықтық директордың хатшысымен, | |өзге де қызметкерлермен қатынасында болады. Мұндай | |қатынас кезінде қабылдаушының назарын басқа жаққа аударуы әңгіменің | |аяқталғанын білдіреді. | |Көпшілік ара қашықтық 3,5 - 7,5 метрге шейінгі аралықты қамтиды. Ол | |мәжілістер, жиналыстар өткізуде қолайлы. | |Мемлекеттік ұйымдардың және басқа да заңды тұлғалардың өкілдерімен | |іскерлік қарым-қатынас барысында, азаматтар өтінішпен хабарласқан кезде | |қызметкерлер: | |ешкімді алаламай, бәріне бірдей құрметпен қарауға, кез келген | |келушімен өзін ізгі ниетте және инабатты ұстауға; | |ұстамдылық және әдептілік көрсетуге міндетті. | |Жиналыстар және кеңестер өткізген кезде қызметкерлер іскерлік этикеттің| |мынадай ережелерін басшылыққа алуға міндетті: | |жиналысқа уақытында келу; | |күн тәртібімен алдын ала танысу және барлық қажетті материалдарды, | |күнібұрын дайындалған сұрақтарды немесе түсіндірмелерді өзімен бірге | |алып келу; | |жиналыс немесе кеңес басталар алдында телекоммуникациялық байланыс | |құралдарын ажырату; | |сөйлеуге қанша уақыт берілгенін күнібұрын анықтау, сөйлейтін құпиялылық | |грифі бар құжаттар қызметкердің жұмыс орнында және бөтен адамдардың | |қолы жететін жерлерде жатпауы тиіс. Жұмыс орнында шылым шегуге және | |алкогольді ішімдікті пайдалануға тыйым салынады. Шылымды арнайы | |бөлінген орындарда ғана шегуге болады. Сыртқы келбеттің | |жағымды іскерлік бет-бейнені қолдаудағы маңызы зор. | |Осыған байланысты сыртқы түр этикетінен де хабардар болған жөн. Тап - | |таза, өзіне сенімді, сыпайы көзге ұрып тұратын артық жылтырақсыз | |киінген қызметкер сенімге тез ие болады. | |Қызметкерлер өзінің киім киісінде консерватизммен, қолайлылығымен, | |тазалығымен, талғампаздығымен және шектен тыс болмауымен (киімнің түсі | |және пішімі, бижутерия, макияж, шаш баптауы) сипатталатын қатаң іскерлік| |стильді ұстануға тырысуға міндетті. | |Кең пішілген киім кию қызметкердің физиологиялық жағдайына (жүктілік | |жағдайы, жарақаттанудан кейінгі жай-күйі) байланысты рұқсат етіледі. | |Күзгі-көктемгі және қысқы кезеңдерде аяқ киімді ауыстырған жөн болады. | |Спорттық аяқ киім, сандалет, сандал, тапочка киюге тыйым салынады. | |Тиімді қарым - қатынас. Тиімді қарым - қатынас үшін әңгімелесуші өзіне | |бейімдеудің, өзін - өзі икемді ұстаудың, ұстамдалақ пен ашық адамға тән | |қасиеттерді меңгерудің маңызы зор. Егер келуші қысылыс білдіріп, | |мазасызданса, сіз өзіңіздің қарапайым ұстамыңызбен келушіні тыныштандыра| |аласыз. | |Сөйлеу білу. Сөйлеп білмей, ойлауға дағды алу мүмкін емес. Жақсы | |сөйлеуге үйрену үшін не істеу керек? Біріншіден, әдеби кітаптар оқып, | |өлеңдер мен көркемсөздер жаттау арқылы жадыңыздағы жақсы сөз тіркестерін| |үнемі жаңғыртып отырыңыз. Сіздің миыңыз неғұрлым көп мәтінді сақтаған | |сайын Сіз қажет кезде оларды дайын күйінде қолдана қоясыз. Екіншіден, өз| |сөзіңізді жақсы ұғыныңыз. Әрбір сөйлегеніңіз қысқа да нұсқа, сауатты | |құрылған сөйлемдерден болуы тиіс. Сіз ойыңызды дұрыс құрап жеткізе | |алмасаңыз, қандай құнды пікір айтам дегенмен ол дұрыс қабылданбауы | |мүмкін. | |Белсенді тыңдау. Сіз айналаңызды ынта қоя тыңдаған сайын, сөйлеуші де | |Сізге ықыласпен әңгімелей түседі. Сіз өзіңіз біреуді ықыласпен | |тыңдасаңыз, Сіз сөйлегенде, ол да Сізді сондай ынтамен тыңдамақ. | |Белсенді тыңдай отырып, мәселе бойынша орынды сұрақтар қоя білу - | |адамның көзін жеткізудің маңызды бір бөлігі. Әдетте, қызметтегі | |жоғарылауларды жақсы сөйлейтіндерге қарағанда жақсы тыңдай білетіндер | |тез алады. | | Тиімді тыңдап білудің тәсілдері: | |1.Тыңдаушының көзіне тіке арап отырыңыз. Сіз мұнымен оны ынта қойып | |тыңдағаныңызды білдіресіз. | |2.Сөйлеушіге өзіңіздің тыңдап отырғаныңызды «иә,иә», «түсінемін» | |деген сөздер немесе басыңызды изеп қоштау арқылы сездірте аласыз. | |3.Сөйлеушіге шынымен де тыңдап қана емес, түсініп отырғаныңызды да | |білдіріңіз. Егер бір нәрсеге түсінбей қалсаңыз, сұрақ қойыңыз. | |4.Сіздің отырысыңыз, қимыл - қозғалысыңыз тыңдап отырғаныңызды | |білдірсін, сөйлеуші ынталы, тірі адаммен сөйлесіп отырғанын түсінуі | |тиіс. | |5.Сізге айтылған әңгіменің мәнін түсіне біліңіз. Бұл оңай емес, өйткені | |Сіздің ойыңыз бір айтылғанды терең ойлап, соны қуып кетсе, келесі | |айтылғандардан хабарсыз қалуыңыз мүмкін. Ой «адасуына» жол бермеңіз. | | 6.Ойды түсінуге ғана емес, сөйлеуші сезімін түсінуге де ден | |қойыңыз. Адамдардың өз ойы мен сезмдерін әлеуметтік нормалармен | |қабылдағандай, «құпиялап» беруі мүмкін екенін есте ұстаңыз. | |7.Байқағыштық - жақсы қасиет. Сөйлеушінің бет құбылысының сипаттарын: | |Сізге қалай қарағанын, қалай отырғанын немесе тұрғанын, әңгіме кезінде | |өзін қалай ұстағанын бақылаңыз. | |8.Сөйте отырып, өзіңіздің сезіміңізді де дәл беріңіз: бұл жағдайды | |айқындап, әңгімедегі кедергілерді жояды. | |9.Айтылған нәрсеге өз ойыңыздың қолдауын білдіре отырыңыз. Сіздің ол | |қолдауыңыз сөйлеушінің ойын дәл жеткізуіне ықпал етеді. Сіздің | |тарапыңыздан болған кез келген жағымсыз реакция сөйлеушінің | |қорғаншақтауына, өзіне сенімсіздігіне соқтырады. | | 10.Сізге айтылған нәрселердің мақсаты - Сізден кері байланыс | |талап ететінін есте сақтаңыз. Мұндайда қажетті әрекет - әңгімелесушіге | |жауап беру. | |Телефонмен әңгіме - мемлекеттік қызметші жұмысының ажырамас бөлігі. | |Телефонмен сөйлесе білу де - биік мәдениеттіліктің белгісі. | | Біреумен телефон арқылы сөйлескенде сіздің өзіңізді көрсететн | |жалғыз мүмкіндігіңіз - дауысыңыз. Сіздің дауысыңыз ашу, ренішіңізді , | |қуаныш, қайғыңызды білдіреді. Телефон сіздің дауысыңызды құбылтып, | |өзгертіп, жағымсыз әсер беруі мүмкін екенін естен шығармаңыз. | |Қызметтік қарым - қатынастар. Жаңа қызметкерді ұжымға бастық | |таныстырады. Бұрынғы қызметкерлер жаңа адамның ортаға өз адамдарындай | |сіңісіп кетуін іске араластырып, бірнеше күн өткеннен кейін жаңа адам | |өзін осы ортаның байырғы мүшесіндей қолайлы сезінуі керек. Ұжымдағы | |кейбір адамдардың күрделі қарым - қатынастарын, өзара реніштерін жаңа | |келген адамға білдіртпеген жөн. | |Ұжымдағы мүшелердің бір - бірімен қарым - қатынасы олардың арасында | |қалыптасқан дағдыға немесе өзара жеке қарым - қатынастарына байланысты | |болады. | |Мекеме басшысы неғұрлым жас болса, жасамыс қызметкерлер мен әйелдерге | |сәлем береді. Тәрбиелі адамдар бір - біріне иілісу де бар. | |Бөлмеге кіргенде, басшы бірінші амандасады, қызметкерлер орындарыннан | |тұрмай - ақ амандасады. | |Басшы өз кабинетіне жұмыспен келген әйел қызметкерді тұрып қарсы | |алмайды. әңгіме ұзаққа созылар болса, орын ұсынады. | | Келушінің қызметкерлерді өз жұмысынан аландатпауы үшін есікті | |қақпай кіргені дұрыс. Басшының кабинетіне алдына хатшы болмаса ғана | |қағып кіруге болады. Басшы қызметкерлеріне есік қағып кіруді ескерткен | |болса, бұл ережені сақтаған дұрыс. | |Қызметкерімен немесе келушімен сөйлесіп отырған басшы: іске қатысы жоқ | |қағаздарды ақтарып кетуден; қайта - қайта телефонменен сөйлесуден; | |саусақтарымекн үстелді тықылдатудан аулақ болғаны жөн | | Егер әңгіме нақты іске қатыссыз бағытқа кетіп, ұзаққа созылар | |болса, басшы орнынан тұрып, әңгіменің аяқтала келгендігін білдіргені | |дұрыс. | |Көпшілік алдында сөйлесу. Көптеген мемлекеттік қызметшілер өз жұмысы | |барысында көпшілік алдына шығып сөйлесуге мәжбүр болады. | |Сөйлесуге байсалды дайындықпен кірісіңіз. Сіздің әрбір сөзіңіз аудитория| |үшін де, сіз үшін де маңызы болуы тиіс. | |Қажетті жерге дәл уақытта жету үшін мекенжайлы, күннің жадын, уақытты, | |қабылдайтын тарап туралы мәліметті, ұйымдық мәселелерді жазып алыңыз. | |Келеңсіздің болмас үшін рет - ретімен не болатынын нақтылаңыз. Сіздің | |кездесуіңіз қандай болатынын да алдын ала білуңіз қажет: жиналыс па, | |қабылдау ма, әлде ресми емес қабылдау ма? Сахнадан сөйлейсіз бе, | |кафедрада ма, әлде топ ортасына шығу керек пе? Бұларды да алдын ала | |білгеніңіз дұрыс. Мұндай мәліметтер сіздің қандай жағдайға не лайықтап | |киетініңізді таңдауға мүмкіндік береді. | |Біріншіден, не жөнінде, қандай мақсат қойып сөйлейтініңізді анықтап | |алыңыз. Қанша уақыт талап етіледі? Сөйлеп болғаннан кейін сұрақтарға | |жауап беру үшін уақыт беріле ме? Регламентпен дәл сәйкестікте жүруді | |жоспарлаңыз. | |Сөйлеудің - мақсаты, іскерлік жұмыс екенін ұмытпаңыз. | |Сахнаға шығар алдында мыналарды есте сақтаңыз: | |Менің сыртқы түрім толықтай тәртіпте: шашым, гримім, киімім жағдайға | |үйлесімді; | |Мен өз тыңдаушыларымың көзіне тіке қарай аламын; | |Менің тұлғам тіп - тік сондықтан өзімді еркін, жайбарақат ұстай аламын; | |Бет құбылысым мен қимылым иманды, игі,байсалды түрде; | |Менің сөздерім - ең жақсы сөздер; | |Менің тыңдаушыларыма мені жылы қабылдап, тыңдауға әзір; | |Мен өз тыңдаушыларыма ұнаймын, сондықтан олардың алдында сөйлегім | |келеді; | |Мен сөз сөйлеп тұрғанда қалай демалуды білемін; | |Мен сенімділік пен достық қарым - қатынасты таратамын; | |Менің шешендік деңгейім жоғары деңгейде; | |Олар менің сөйлей түскенімді қалауы мүмкін, бірақ мен өз сөзімді олар | |ойлағаннан бұрынырақ аяқтаймын; | |Мен өз сөзімді аяқтағанда жасалған жұмыстың нәтижесіне риза боламын. | | | Бақылау сұрақтары: 1.Қарым – қатынас мәдениетін дамыту жолдары 2.Сөйлеу өнері мен этикеті Әдебиеттер: 1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991. 2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994. 3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992. 4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995 11-дәріс. Келіспеушілік. Мақсаты: Келіспеушілік туралы жалпы түсінік беру. Келіспеушілікті шешу жолдары жайлы мағлұмат беру. Дәрістің мазмұны: Келіспеушілік және оның құрылымы. Келіспеушіліктің пайда болу себептері және оның зардаптары. Келіспеушіліктер классификациясы. Келіспеушілік жағдайындағы әдепсіз қылықтардың себептері. Келіспеушілікті шешу жолдары. Стресс және стрестік жағдайлар. Келіспеушіліктегі қылық этикасы. Келіспеушілік жағдайын шешудің этикалық қағидалары. Жағымды психологиялық климат қалыптастыруға кедергі жасайтын факторлардың катарына ұжымдағы келіспеушілікті немесе "климаттық ауытқуды" атауға болады. Әлеуметтік-психологиялык келіспеушілікті көптеген мамандар адамдардың тікелей қарым-қатынасы саласында пайда болатын карама- қайшылықтың шиеленісіп кетуі ретінде қарастырады. Педагогикалық ұжымда пайда болатын келіспеушіліктер өз табиғатында тұлғааралық келіспеушілік болып табылады. Ондай жағдайда адамдар іс-әрекеттің мақсатына келіспейді немесе оған қол жеткізудің әдістері мен қүралдары туралы әртүрлі пікірде болады. Келіспеушііліктер әртүрлі себептердің салдары болуы мүмкін. Педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық келіспеушіліктер бірлескен педагогикалық әреқет процесінде орныққан өзара байланыстың бұзылуына байланысты туындайды. Ол педагогикалық қызметке байланысты мұғалімдер, басшылар арасыңдағы іскерлік сипаттағы байланыс болуы мүмкін. Педагогикалық ұжымда орын алатын келіспеушіліктің негізгі үш тобын бөліп көрсетуге болады. Бірінші топ - кәсіптік-педагогикалық әрекетті максатқа жетуге кедергі келтіретін, іскерлік байланыстардың бұзылуынан туындайтын кәсіптік келіспеушіліктер. Бұндай келіспеушіліктер жұмыстағы ынтасыздықтан, мұғалімдердің әрекет мақсатын түсінбеуінен және өз ісін жете білмеуінен туындайды. Екінші топ - педагог мінез-құлқының өзара қатынас нормасына сай келмеуіне, сол сияқты мінез-қүлық пен іс-әрекеттің ұжым мүшелерінің бір-бірінен күткен талаптарына сай келмеуінен туындайды. Ол педагогтың өз әріптестеріне жене оқушыларға көрсеткен әдепсіздігі, кәсіптік этика нормаларының бұзылуы, ұжым талабын орындамау және т.б. түрінде көрініс береді. Үшінші топ — педагогикалық процестерге қатысушылардың мінез бен темпераменттік ерекшеліктері негізінде тұлғалық сәйкессіздіктен туындайтын келіспеушіліктер. Бұл топты негізінен ұстамдылық, өзіне деген бағасы мен пікірінің аса жоғары болуы, эмоциялық тұрақсыздығы, шамадан тыс өкпешілдігі сияқты сапалар құрайды. Келіспеушілікті реттеу мынадай қисынды әрекеттердің бірізділігінен тұрады: келіспеушіліктің алдын алу; пайда болған жағдайда келіспеушілікті үйлестіру, жою; келіспеушілік ахуалды шешудің ең оңтайлы шешімін қабылдау; келіспеушіліктің түйінін шешу. Келіспеушілікті алдын алу кезінде сол адамның неге осылай жасағандығын анықтаудың маңызы зор. Мектеп басшысы қалыптасқан келіспеушілік ахуалға немқұрайлы карамауы тиіс, сондықтан ол келіспеуші жақтарды ашық әңгімеге тартып қальштасқан жағдайды бірге талдап, талқылауы тиіс. Келіспеушілікті басқару кезеңінде басшы жеке әңгімелесіп, келіспеуші жақтарды алдағы кездесуге, араласуға психологиялық тұрғыдан дайындауы тиіс. Егер келіспеушілікті бастапқы кезеңінде келістіру мүмкін болмаса, онда оны шешудің тактикасы мен стратегиясы жасалуы керек. Оны мектеп директоры немесе оның орынбасарлары іске асырады, қажет болған жағдайда ұжымдық шешім қабылданады. Ол бойынша келіспеуші ұжым мүшелеріне біршама уақыт бір- бірімен араласпау немесе ол араласуды шектеу туралы шарт қойылуы мүмкін. Кәсштік келіспеушіліктер енбек жағдайын, оқу-тәрбие процесін өзгерту, мектеп жұмысының тәртібіне түзету енгізу арқылы реттеледі. Ал тұлғалык сәйкессіздіктен туындаған келіспеушілікті жою күрделі болады. Бұндай жағдайда басшы келіспеуші жақтарға өзге де пікірлердін өмір сүруін мойындататындай шешім қабылдайды. Коммуникация кезіндегі кедергілер.коомуникативті кедергілер- қарым- қатынасқа түсушілер арасындағы ақпарат алмасудағы тосқауылдар. Коммуникация кезінде белгілі бір тосқауылдар пайда болуы мүмкін. Кедергі түсінігі, оның әлеуметтік –мәдени ерекшеліктері және қатынастары туралы айтуға болады. Ақпарат алмасудың өзінде фонетикалық түсініспеушіліктен туындауы мүмкін. Оны, негізінен, түсініксіз, тез сөйлеу, жаңылтпаш сөйлеу және де өзге қателіктерден тұратын паразит дыбыстардың болуымен түсіндіреді. Өзара ішкі қатынасқа стилдік кедергілер де әсер етуі, сонымен қатар реципиенттің психологиялық көңіл күйі де болуы мүмкін. Бақылау сұрақтары: 1.Келіспеушілік жағдайларына мысал келтір 2.Келіспеушілік жағдайын шешу жолдары Әдебиеттер: 1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991. 2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994. 3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992. 4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995 12-дәріс. Дауласу және пікірталас, олардың психологиялық ерекшеліктері Мақсаты: «Дауласу», «пікірталас», «сөзбен қағысу» түсініктеріне анықтама беру. Дәрістің мазмұны: Дауласу түрлерін классификациялау. Дауласу мәдениеті. Дауласудағы сендірудің психологиялық тәсілдері: дауласуға қатысушыларға әсер ету тәсілдері; дауласудағы сұрақтар және оған жауап түрлері; әділетсіз тәсілдер, ерікті және еріксіз амалдар. Адам баласының ілгері дамуы немесе кері кетуінің алғы шарты ретінде қарама- қайшылықтардың әр түрлі үлгіде көрініс беріп отыратындығы қоғамдық ғылымдарда жиі аталады.Осындай қарама-қайшылықтардың бір көрінісі дау(конфликт) - әлеуметтік феномен түрінде қарастырылады. Конфликті латынның «қарама-қарсы тұру», «қарсы күресу» етістігінен шыққан. Дау (конфликт) ұғымына әр түрлі ғылым саласында түрліше анықтамалар беріледі. Дау - деп әлеуметтік қарама-қайшылықтардың шиеленісу шегіне жеткен жағдайындағы әр түрлі әлеуметтік бірліктердің қақтығыстарын атайды.Педагогика ғылымының социология саласындағы жинақталған білім қорынан дауларды шешудегі дауларды елемеу, жарыс әдістері, келісімге келу, ынтымақтастық, жүйенің ұйымдастырушылық құрлысын өзгерту, іштей келіспеушілік әдістері. Психологиялық дау деп шамасы жағынан бірдей, бірақ қарама –қарсы күштердің, мүдделердің,ұстанымдардың, өзара әрекеттесетін оппенттердің немесе субъектілердің пікірлерінің, көзқарастарының үйлеспеуін атайды. Психологтер социологтермен бірге конструктивті және деструктивті даулардың болатындығын көрсетеді. Егер даудың нәтижесінде адамның ілгері дамуына мүмкіндік жасалса дау конструктивті, ал кері кетуіне жол берілсе деструктивті деп аталады. Жасөспірімдердің өзін субъект лидер тұлға ретінде танытуы үшін немесе қарсылыққа бағытталған белсенділік, өзара қарым-қатынаспен өзара қарама- қайшылықтың бір мезетте тууынан болатын құбылысты дау-дамай, кикілжің деп жатамыз. Оның туу себептеріне орай, әртүрлі баға беруге болады. «Ер шекіспей,бекіспейді»дегендей, дұрыс шешіліп жатса, арты жақсылыққа ұласуы мүмкін. Сондықтан да отбасында, мектепте, аулада балалар арасында туған дау- дамай мен кикілжіңдерге педагогикалық тұрғыда көмек беріліп, теріс бағыт алып кетуінен сақтандырған жөн. «Басқа пәле –тілден».Тіл арқылы байланысу, қарым-қатынас жасау –адамға ғана арналған басты байлық, ұлы сыйлық. Бірақ осы байлықты жақсылыққа ғана емес, жамандыққада қолданатынымыз жасырын емес. Кейде «аңдамай сөйлеп,ауырмай өлеміз».Қызбалыққа салынып, былапыт сөз сөйлеп, артынан ұятқа қалып жататын жандар балағат сөз үшін заңмен жауапқа тартылатынын, әрине біледі. Әйтседе осы жаман әдеттен адамдар айығып кеткен жоқ. Керісінше, жас балаларды байқатпай баулып, теріс ықпал етіп барады. Балалар арасындағы аулада ойын барысында, мектепте сабақ арасында қарапайым түсінбеушіліктен басталған кикілжің, дау-дамайда жаман сөзбен бірін-бірі сабап, былапыт сөздермен балағаттасуға дейін барады. Ғалымдардың айтуыша, дөрекі былапыт, балағат сөздер (арнайы баламасы боқтық деген сөз) қай халықтың этномәдениетіде де бар екен. Чукчалар мен эскимотарда ұрысқанда айтылатын «Сен-олақсың» деген сөз, ең намысқа тиетін жаман сөз болып саналады. Қытайлықтар әбден ашуланып, арына тигісі келсе: «Жасыл тасбақа» немесе «Қоян»дейді. Кей халықтың мәдениетінде сиыр киелі жануар саналғандықтан, оның атын мәртебе көреді. Орыстар жақтырмаған әйелді «сиыр» деп қорлайды. Ал мұсылман халқы үшін «шошқа» деген өте ауыр сөз. Қай тілде айтылсада балағат сөздер әлеуметтік қызмет атқарғанымен, еріксіз жаман әрекетке итермелейді. Мұндай сөздер қорланған адамның теріс сезімін қоздырады, намысын таптап, жанын күйзелтеді. Балағат сөз ұяттан аттап кетеді. Сондықтан екі жақтан дау-дамай туып, дөрекі сөздер айтылады. Кейде өздерін ұстай алмай оғаш қылықтар жасалып, жаға жыртылып, бас жарылып дегендей, өте жаман көріністерге ұласады. Осыған қарап отырып, бұлардың әдеп пен мәдениеттің ауылынан алыстап кеткенін көреміз. Бақылау сұрақтары: 1.Дауласудан шығу жолдары 2.Әсер ету тәсілдері Әдебиеттер: 1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991. 2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994. 3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992. 4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995 3. СЕМИНАР САБАҚТАРЫ Тақырып - 1. Қарым - қатынас әлеуметтік - психологиялық проблема ретінде Жоспары: Қарым - қатынас түсінігін анықтау. Қарым- қатынастың пайда болуы және дамуы. Қарым - қатынас мазмұны. Қарым - қатынас құралдары. Қарым- қатынас процесіндегі әсер ету механизмдері. Қарым - қатынас стилі. Қарым - қатынастың психологиялық және педагогикалық аспектілері. Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабаққа даярлану барысында психологтар еңбектеріндегі ұсынылған қарым - қатынас түсінігін жан-жақты қарастыру қажет. Қарым - қатынас стилдеріне тоқтала отырып, мысалдар арқылы түсіндіру керек. Әдебиеттер: 1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991. 2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994. 3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992. 4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995 Тақырып -2. Қарым - қатынас, оның түрлері. Жоспары: Қарым-қатынас түрлері: іскерлік қарым - қатынас, жеке өзара қарым- қатынас, топтық қарым-қатынас, көпшілік қарым-қатынас және т.б. Ұзақтығы және аяқталуы бойынша: қысқа және ұзақ уақытты; аяқталған және аяқталмаған немесе үзілген. Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты қарастыру барысында қарым-қатынас түрлеріне тоқтала отырып, әрқайсысына мысал келтіре отырып талдаңыз. Әдебиеттер: 1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991. 2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994. 3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992. 4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995 Тақырып - 3. Қарым-қатынас техникасы мен тәсілдері. Жоспары: Қарым - қатынастың перцептивті жағынан сипаттамасы. Әлеуметтік перцепция түсінігі әлеуметтік перцепцияның кезендері: алғашқы қабылдау және эмоциялық бағалау; қарым - қатынастағы серіктесінің жеке ерекшелігін түсіну және оның қылықтарын бағалау; қарым - қатынастағы серіктесінің адамгершілік - мәдени мінез - құлқының дамуын болжау; өзінің мінез -құлкының адамгершілік стратегиясын құру. Әлеуметтік перцеицияның психологиялық механизмдері: идентификация, эмпатия, рефлексия және аттракция. Қарым - қатынастың коммуникативті жағының сипаттамасы. Коммуникативті қарым - қатынастың құралдары. Қарым-қатынастағы кедергілер, бедел, түсінбеу. Қарым - қатынастың интерактивті жағының сипаттамасы. Андреева Г., Бодалев А, Леоньтев А, Петровский Л. зерттеулері. Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабаққа даярлану барысында қарым - қатынастың коммуникативті, интерактивті, перцептивті жақтарына сипаттама беріңіз. Коммуникативті қарым - қатынастың құралдары туралы толық мәлімет беру керек. Әдебиеттер: 1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991. 2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994. 3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992. 4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995 Тақырып - 4. Қарым - қатынастағы вербальды емес құралдар Жоспары: Вербальды емес құралдар туралы түсінік. Вербальды емес құралдардың қарым - қатынастағы маңызы. Әңгімелесушілердің ішкі жағдайын, олардың қимыл- қозғалысы, мимикалары арқылы танып білу. Көз және ерінмен берілетін белгілер. Жалғандықты білдіретін мимика, қимыл - қозғалыстар. Вербальды емес қозғалыстың маңызы. Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты қарастыру барысында вербальды емес құралдардың қарым – қатынаста қаншалықты маңызы екенін анықтаңыз. Көз және ерінмен берілетін белгілерді мысалмен келтіріңіз. Әдебиеттер: 1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991. 2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994. 3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992. 4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995 Тақырып- 5. Қарым-қатынас және жеке бастық қатынастар Жоспары: Басқарудағы қарым - қатынастың мәні мен орны. Шағын топ және ұжым туралы түсінік. Топтағы қарым - қатынас және оның құрылымы. Шағын топтағы әлеуметтік биліктің құрылымы. Топтағы және ұжымдағы өзара қатынастар. Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты қарастыру барысында топтағы қарым - қатынас және оның құрылымын анықтау керек. Әдебиеттер: 1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991. 2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994. 3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992. 4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995 Тақырып - 6. Жеке бас аралық психикалық өзара әрекеттесу формалары. Жоспары: Психологиялық технология туралы түсінік. Қарым-қатынас этикеті. Жеке шара қатынастағы іскерлік карым - қатынас этикетінің психологиялық және педагогикалық технологиясы. Психологиялық -педагогикалық және этикалык талаптар және ережелер. Субординация түсінігі.Қарым - қатынастағы бедел. Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабаққа даярлану барысында психологиялық - педагогикалық этикалык талаптарға және ережелеріне толық мәлімет беру керек. Әдебиеттер: 1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991. 2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994. 3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992. 4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995 Тақырып - 7. Қарым - қатынас этикасы Жоспары: Этика туралы жалпы түсінік. Этика, мораль, адамгершілік түсініктерінің арақатынасы. Кәсіби этиканың қалыптасуы. Мораль құрылымы және функциялары. Қылық және сана, адамгершілік қатынаста мәні. Мораль категориялары және оның классификациясы. Іскерлік этикасы, оның қалыптасуы. Қарым - қатынас этикасын дамыту. Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабаққа даярлану барысында этика, мораль, адамгершілік түсініктерінің арақатынасын анықтаңыз. Қарым - қатынас этикасын дамытуда қандай әдістер қолдануға болатынын анықтаңыз. Әдебиеттер: 1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991. 2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994. 3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992. 4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995 Тақырып - 8. Педагогикалық қарым - қатынастың психологиялық аспектілері Жоспары: Педагогикалық қарым - қатынас туралы түсінік. Қарым - қатынас үрдісіндегі өзара әрекеттесу рөлі. Коммуникативті міндеттері. Коммуникативті іскерлік және комуникативті қабілеттілік. Қарым -қатынасты дамыту. Коммуникативті әсер етудің тиімділігін жетілдіретін құралдар. Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабаққа даярлану барысында педагогикалық қарым - қатынас туралы түсінік бере отырып, оның міндеттерін анықтаңыз. Әдебиеттер: 1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991. 2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994. 3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992. 4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995 Тақырып - 9. Көпшілік алдында сөйлеудің психологиялық ерекшеліктері Жоспары: Шешендік өнер туралы түсінік. Сөйлеуге даярлану. Көпшілік назарын өзіңе аудару тәсілдері. Сөйлеуді аяқтау және қорытындылау. Іскер адамның сөйлеу мәдениеті. Психологиялық мәдениеті. Логикалық мәдениеті. Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабаққа даярлану барысында сөйлеудің психологиялық ерекшеліктерін анықтаңыз. Іскер адамның сөйлеу мәдениетіне, психологиялық мәдениетіне, логикалық мәдениетіне толық мәлімет беріңіз. Әдебиеттер: 1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991. 2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994. 3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992. 4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995 Тақырып -10. Қарым - қатынас мәдениеті Жоспары: Әңгімелесу барысындағы сөйлеу мәдениеті. Іс барысындағы әңгімелесуге қойылатын негізгі талаптар. Сөйлеу этикеті. Іскерлік әңгімелесу барысындағы логикалық мәдениет. Қарым- қатынастағы әңгімелесу барысындағы психологиялық мәдениет. Әңгіме барысында жағымды психологиялық климатты қалыптастыру. Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабаққа даярлану барысында іс барысындағы әңгімелесуге қойылатын негізгі талаптарына тоқтала отырып, әңгіме барысында жағымды психологиялық климатты қалыптастыру жолдарын анықтаңыз. Әдебиеттер: 1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991. 2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994. 3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992. 4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995 Тақырып-11. Келіспеушілік. Жоспары: Келіспеушілік туралы жалпы түсінік. Келіспеушілік және оның құрылымы. Келіспеушіліктің пайда болу себептері және оның зардаптары. Келіспеушіліктер классификациясы. Келіспеушілік жағдайындағы әдепсіз қылықтардың себептері. Келіспеушілікті шешу жолдары. Стресс және стрестік жағдайлар. Келіспеушіліктегі қылық этикасы. Келіспеушілік жағдайын шешудің этикалық қағидалары. Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабаққа даярлану барысында келіспеушіліктің пайда болу себептері және оның зардаптары, келіспеушілік жағдайын шешудің жолдарын анықтаңыз. Әдебиеттер: 1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991. 2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994. 3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992. 4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995 Тақырып - 12.Дауласу және пікірталас, олардың психологиялық ерекшеліктері Жоспары: «Дауласу», «пікірталас», «сөзбен қағысу» түсініктерінің анықтамасы. Дауласу түрлерін классификациялау. Дауласу мәдениеті. Дауласудағы сендірудің психологиялық тәсілдері: дауласуға қатысушыларға әсер ету тәсілдері; дауласудағы сұрақтар және оған жауап түрлері; әділетсіз тәсілдер, ерікті және еріксіз амалдар. Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабаққа даярлану барысында дауласудағы сендірудің психологиялық тәсілдері: дауласуға қатысушыларға әсер ету тәсілдері; дауласудағы сұрақтар және оған жауап түрлері; әділетсіз тәсілдер, ерікті және еріксіз амалдар жайлы толық мәлімет бере отыра әрқайсысына мысал келтіріңіз. Әдебиеттер: 1.Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991. 2. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994. 3.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992. 4.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под.ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995 4. СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ 4.1 Студенттің өздік жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулық: Өздік жұмыс тақырыптары, онда қарастырылатын сұрақтар қазақ әдебиеті тарихының өзекті теориялық және методологиялық мәселелерін кеңінен қамтиды. Студенттің білімді өз бетімен алуға ұмтылушылығын, ізденімпаздық кабілетін арттыру мақсат етіледі. Студенттен әр семинардың берілген сұрақтарына тыңғылықты әзірленуі талап етіледі. Ол үшін студент көрсетілген әдебиеттер бойынша әрбір сұрақтың мәнін ашатындай конспект әзірлеуі қажет. Бұл біріншіден, білімінің жүйелілігін, үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, дайын конспектінің өздік жұмысты орындау, ОСӨЖ, кезеңдік және қорытынды бақылауға дайындалу барысында пайдасы зор. Қздік жұмыс тақырыбымен танысып алған соң, қажетті әдебиеттерді іріктеп алу керек. Бір сұрақтың айналасында айтылған түрлі авторлардың пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, түйінді жерлерін қағаз бетіне түсіру керек. Осы мәселе төңірегіндегі өз ойыңыз қандай, соны дәйектеңіз. Бұдан соң белгілі бір тұжырымды дәлелдеу үшін өзіңіз оқыған көркем туындылардан, сын мақалалардан мысалдар келтіріңіз. Келесі семинарларда алдыңғы өткен сабақтарда дайындаған материалдарыңызды, алған біліміңізді дұрыс пайдалана біліп, жаңа тақырыппен байланыстырып отырыңыз. Әр тақырыпты өткен кезде ұсынылып отырған көркем мәтіндермен мұқият танысып, көрсетілген үзінділерін жатқа оқу қажет. Өздік жұмысты қорғау барысында әдеби мәселелерді меңгерумен қатар мәтінді білу талап етіледі. Емтихан алдында мәтіндік тест алынады. Әдістемелік нұсқау. СӨЖ тапсырмалары жазбаша жұмыс (бақылау жұмысы) түрінде берілген. Сұрақтарға жауаптарды конспект түрінде дәптерге жазып: 1-кредит бойынша 3,6-апталарда, 2-кредит бойынша 11,14-апталарда СОӨЖ сабағында тексеріледі. КУРС БОЙЫНША ЖАЗБАША ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ І –аралық бақылау 1.Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым 2.Қарым-қатынастың түрлерi және стратегиясы 3.Коммуникация және оның функциялары мен түрлерi 4.Маскалі қарым-қатынас 5.Формалды қарым- қатынас 6.Іскерлік қарым- қатынас. 7.Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы. 8.Маникулативтік қарым- қатынас 9.Дауласу және пікірталас, олардың психологиялық ерекшеліктері 10.Қарым- қатынастың тұлға өміріндегі маңызы 11.К.Томастың зерттеулері, түрлері. 12.Педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық аспектілері 13.Оқу процесіндегі өзара әрекеттесудің рөлі 14.Жетекші қызметкердің типтік сипаты мен жұмысты басқаруы 15.Ұстаз бен шәкірт арасындағы қатынас 16.Мұғалім мен оқушы арасындағы тартыс 17.Келіспеушілік және оны шешу жолдары 18.Қарым-қатынасты зерттейтін әдістемелер 19.Келіспеушілік 20.Көпшілік алдында сөйлеудің психологиялық ерекшеліктері ІІ –аралық бақылау 1.Адамдардың қарым – қатынасын зерттеуде американдық психолог Дж.Морено қандай әдісті ұсынған А)бақылау В)социометрия С)экперимент D)сұхбат Е)әңгімелесу 2. Қарым – қатынас құралдары А)Сөйлеу В)Қабылдау С)Зейін D)Тіл, іс - қимыл, ым - ишара Е)Ойлау 3. Перцептивті қарым – қатынас дегеніміз А)Адамдардың бір - бірін байланыс арқылы қабылдауы В)Мәлімет алу С)Ақпарат жеткізу D)Ым- ишара арқылы жеткізу Е)Әрекет орнату 4. Қарым – қатынастың философиялық негізі қай шетел ғалымдарының еңбектерінен көрініс тапқан А)Гальперин. В)Леонтьев. С)Выготский. D)Библер, Батишев, Каган Е)Запорожец. 5. А.А.Леонтьев «қарым – қатынас» ұғымына қандай анықтама берді А)Байланыс жасау процесі В)Қоғамдық қатынастарының бір түрі С)Ақпарат алмасу процесі D)Адам іс-әрекеттінің түрі Е)Топтық әрекетті реттеуші 6. Латын тілінен аударғанда «ортақ болу, байланыстыру, хабарласу жолы, байланыс формасы»деген кай ұғымды білдіреді А)паралингвистика В)Кибернетика С)Риторика D)коммуникация Е)Семиотика 7. ХІХ ғасырдың екінші жартысында қарым-қатынас ұғымын қарастырған қазақ ғұламалары А)М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов В)Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев С)Ж.Әбділдин, Қ.Кішібеков D)Ш.Құдайбердиев, Қ.Жарықбаев Е)Т.Тәжібаев, А.Байтұрсынов 8. Коммуникативті қарым-қатынас дегеніміз А)Мәлімет алмастыру В)Адамдардың бір-бірін байланыс арқылы қабылдауы С)Индивид әрекетін ұйымдастыру D)Топтық әрекетін реттеуші Е)Жеке қажеттіліктерді қанағаттандыру 9. Қарым-қатынас қандай ұғымдармен тікелей байланысты? А)Табиғат, адам В)Мен, олар С)Адам, жануар D)Топ, ұжым Е)Сөз, жануар 10.Бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию қарым-қатынастың қай түріне жатады? А)Вербальды қарым-қатынас В)Маскілі қарым-қатынас С)Тура қарым-қатынас D)Жанама қарым-қатынас Е)Іскерлік қарым-қатынас 11. Сөз арқылы қарым-қатынас жасау қалай аталады? А)рөлді қарым-қатынас В)іскерлік қарым-қатынас С)тура қарым-қатынас D)вербальды қарым-қатынас Е)жанама қарым-қатынас 12. Хат, смс, факс арқылы қарым-қатынасқа түсу қалай аталады? А)перцептивті қарым-қатынас В)жанама қарым-қатынас С)педагогикалық қарым-қатынас D)формальды қарым-қатынас Е)рөлдік қарым-қатынас 13.Тұлғааралық қарым - қатынас кезінде жетекшіге (лидерге) сөзсіз бағыну стилі: А) либеральды . В) авторитарлы . С) демократиялық. D)қол астына алу. Е) конфронтация. 14. Қарым-қатынас психологиясы қандай құбылыстарды зерттейді? А)экономика жүйесі В)қоршаған орта С)еліктеу, сендіру, нандыру D)танымдық процесстер Е)табиғи құбылыстар 15. Қарым қатынас құрылымы? А)Рефлекция, перцепция В)Коммуникация, интеракция, перцепция С)Перцепция, коммуникация D)Интеракция, перцепция Е)Коммуникация, интеракция Тест тапсырмаларының кілті |Сұрақтардың нөмірі | 123456789101112131415ВDААDDВАDDDВВСВ 5. Әдебиеттер: Негізгі әдебиеттер: Андреева Г.М. Социальная психология. -М.,1996. Абрамова Г.С. Введение в психологическую психологию. М.,1997. Агеева В.С. Межгрупповое взаимодействие. Социально- психологические проблемы. - М., 1990. Шепель В.М. Управленческая психология М., 1984. Шепель В. Управленческая этика. М; 1989. Айви А. Лицом к лииу. Практическое пособия для освоение приемов и навыков делового общения. - Новосибирск, 1994. Мелибруда Е.Я. - Ты - Мы. Психологические возможности улучшения общения. -М., 1986. Рагозин Ю.Т. Секреты общения. -М.,1991. 9. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994. 10.Сафронов В.И. Культура общения. -М, 1992. 1І.Социальная психология и этика делового общения. Учебное пособие под ред. Лавриненко В.Л. -М., 1995. Қосымша әдебиеттер: 12.Соколов В.М. Социология нравственного развития личности. -М.,1986. І3.Фромм Э. Психоанализ иэтика.-М., 1993. 14.Фиппер Р., Юри У. Путь к согласию или переговоры без поражения. -М., 1990. 15.Чернышева М.А. Этика деловых общений. -М., 1988. 16.Внедиктова В.И. О деловой этике и этикете. -М., 1994. 17.Мицич П. Как проводить деловые беседы. -М., 1987. 18. Бароздина Г.В. Психология делового общения. - М., 2001. 295 стр. 19.Федосихина Е.А. Кашник О.И. Звягинцев В.В. Психотехнология и этика делового общения. Н., 1998. 20.Кузин Ф.А. Культураделового общения. М.3 2000. 240стр.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz