Файл қосу

Психологиялық кеңес беруге кіріспе





|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                                                   |
|БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                                                |
|ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                             |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты    |ПОӘК                     |                         |
|                         |                         |ПОӘК 042-14.05.01.20.19  |
|                         |                         |/03-2012                 |
|«Психологиялық кеңес беру|                         |                         |
|негіздері» пәні бойынша  |Редакция № 2  02.09.09.  |                         |
|оқытушыға арналған пәннің|орнына Редакция № 3      |                         |
|жұмыс оқу бағдарламасы   |13.09.12.                |                         |
|                         |                         |                         |












                        ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


                     «Психологиялық кеңес беру негіздері»


                «5В0503» – «Психология» мамандығына арналған



                         ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР





















                                 Семей  2012



    Мазмұны
     1 Глоссарий
     2 Дәрістер
     3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
     4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау
     5 Студенттің өздік жұмысы













































1 ГЛОССАРИЙ
|№    |Термин атауы       |Термин мазмұны                                           |
|1    |Адаптация          |Бейімделу                                                |
|2    |акцепт             |Екпін                                                    |
|3    |антипатия          |Сүйкімсіздік, жиренішті                                  |
|4    |амбиция            |Шамданғыш, ызақор                                        |
|5    |апатия             |Енжарлық, селқостық                                      |
|6    |база               |Негіз                                                    |
|7    |валидті            |Жарамды                                                  |
|8    |гипотеза           |Ғылыми болжам                                            |
|9    |диаграмма          |Кесте                                                    |
|10   |диагностика        |Анықтау                                                  |
|11   |интеллект          |Ақыл-ой                                                  |
|12   |инструкция         |нұсқау                                                   |
|13   |Интервал           |Арақашықтық                                              |
|14   |интерпритация      |Түсіндіру, талдау беру                                   |
|15   |классификация      |Жүйеге келтіру                                           |
|16   |конфиденциалды     |Жасырын                                                  |
|17   |корректив          |Түзету                                                   |
|18   |критерии           |Белгі                                                    |
|19   |корреляция         |өзара байланыстылық                                      |
|20   |концепция          |Пікір                                                    |
|21   |компетенттілік     |Хабардарлық, жете білушілік                              |
|22   |манипуляция        |Басқару                                                  |
|23   |мотив              |Себеп, дәлел                                             |
|24   |мода               |Үлгі                                                     |
|25   |норма              |Норма, ереже, шама, мөлшер                               |
|26   |потенция           |Бір істі істеуге мүмкіншілік, қабілеттілік немесе күшінің|
|     |                   |жеткіліктілігі                                           |
|27   |реприза            |Сайыс кезінде қайта сілтеу, қайталау                     |
|28   |репрезентативті    |Дәлдігі                                                  |
|29   |фиксация           |Жазып алу, белгілеп қою                                  |
|30   |этап               |кезең                                                    |

    2 Дәрістер
Психологиялық кеңес беруге кіріспе.

   1. Психологиялық кеңес берудің мақсаты, міндеттері.
   2. Психологиялық кеңес берудің түрлері.


      Психологиялық кеңес – бұл  психолог  жұмысының  жаңа  аймағы.  Қазіргі
уақытта өз бетінше дербес жұмыс істеу сферасында  жұмыс  істеу  формалары  –
ғылыми-зерттеу,    психологиялық     оқыту,     психологиялық     коррекция,
психодиагностика сияқты бағыттарымен сипатталады.
      Психологиялық кеңес беру – практикалық психологияның ерекше бөлімі. Ол
маман психологтан кеңес түрінде немесе нұсқау жүзінде тікелей  психологиялық
көмекті қажет ететін адамдарға ықпал етумен байланысты.
      Психолог – кеңесшіге   адамдардың  орташа  қабаты  және  денсаулығының
денелік және психологиялық жағдайы жоғары риск аймағындағы  адамдар  барады.
«Жоғары  риск  аймағы»  түсінігіне  өмірлік  ситуацияларға  жүйкелік,   дене
ауруларына бейім, ауырып қалу қаупі бар адамдарды жатқызамыз. Басқа денелік-
психологиялық  күшті,  денсаулығы  мықты  адамдар  қандай  болмасын  өмірлік
жағдайдан шыға алады. Олар тек шаршағандықты ғана сезінеді.
      Психологиялық кеңестен көмек күтетіндер - әдетте  өмірге қабілеттілігі
нашар және жұмысына толықтай берілмеген адамдар. Психологқа  көбінесе  көмек
сұрауға өмірінде жолы болмаған адамдар барады және  де  сол  мәселелері  оны
психологқа баруға итермелейді.
      Психолог-кеңесшіні адамдар не үшін іздейді? Неліктен олар оған барады?

      Кейбір адамдар өз мәселесін қалай шешу керектігін біле тұра психологқа
барады.  Өйткені  олар  психологтан  эмоционалды  тіректі  қажет  етеді.  Ал
кейбіреулері мәселені қалай шешуді білмей, кеңес сұрай барады. Үшіншілері  -
өзіне сенімсіз,  берілген  мүмкіндіктің  қайсысын  тыңдауды  білмегендігінен
барады. Оларды  сендіріп,  иландырып,  дұрыс  жолға  қарай  бағыттау  керек.
Төртіншілері - көбіне   жалғызбасты  адамдар,  оларға  біреуге  ішін  жарып,
сырласу керек.  Бұндай  адамдарда  әдетте  психологиялық  проблемалары  жоқ,
алайда олар зейін қойып тыңдайтын адамдарды іздейді.

Психологиялық кеңес берудің негізгі кезеңдері.

      Кеңес  беру  процесін  басынан  аяғына  дейін  белгілі  бір  тәртіппен
кезеңдерге бөліп көрсетуге  болады.  Әрбір  кезеңнің  өзіндік  ерекшеліктері
бар.
      Кеңес берудің негізгі кезеңдеріне сипаттама:
          1.  Дайындық  кезеңі.  Бұнда  психолог  клиентпен  жазбаша   түде
             танысады (алдын ала жазылуы бойынша), сонымен қатар ол  туралы
             ақпаратты басқа адамдардан да  алуы  бойынша.  Мысалы:  өтініш
             қабылдаған кеңесшіден,  әріптестерінен  т.б.  адамдардан.  Осы
             кезеңде психологтың өзі де кеңес беруді өткізуге  дайындалады.
             Психолог кеңес берушінің бұл кезеңдегі жұмыс  уақыты  –  20-30
             минутқа созылады.
          2. Ыңғайлану кезеңі. Бұнда психолог  клиентті  өзі  қарсы  алады,
             онымен танысады және бірлесіп жұмыс жасауға  ыңғай  білдіреді.
             Бұл кезең кеңес өткізуге  барлығы  дайын  болса,  5-7  минутқа
             дейін созылады.
          3.  Диагностикалық  кезең.  Бұнда  психолог  клиенттің  мәселесін
             тыңдайды, оның мәселесін нақтылауға тырысады. Аталған кезеңнің
             негізгі  мазмұнына  клиенттің  өзі  туралы,  мәселелері  жайлы
             ақпараттары кіреді  (баяндау  арқылы).  Сондай-ақ  бұл  этапта
             психодиагностика өткізіледі. Ол клиенттің  мәселесін  нақтылау
             үшін жүргізіледі. Бұл кезеңге  нақты  уақыт  тағайындау  қиын,
             сондықтан жұмыс 4 сағаттан – 6-8 сағатқа созылуы мүмкін.
          4. Нұсқау беру кезеңі.  Психолог  кеңес  беруші  өткен  этаптарда
             клиент  жайлы  жинаған  ақпараттарды  онымен  бірлесе  отырып,
             мәселені  шешуге,  практикалық  нұсқауғалар  жасақтайды.   Бұл
             кезеңде   барлық   нұсқаулар    тексеріледі,    түсіндіріледі,
             нақтыланады. Осы кезеңге жұмсалатын уақыт  –  40мин-1  сағатқа
             дейін.
          5. Бұнда психолог пен клиент алынған  кеңестер  мен  нұсқаулардың
             қалай бақыланатыны  мен  бағаланғандығы  жайлы  келіседі.  Осы
             жерде нұсқауды орындау барысында туындаған сұрақтарды  кімнен,
             қашан, қайда біле алатындығы  жайлы,  келесі  жолы  қай  кезде
             кездесетіндігі туралы да келіседі. Уақыт – 20-30 минут.
      Егер жоғарыда аталғандардың барлығын ескеретін болсақ, онда  барлық  5
этапқа орташа есеппен (тестке жіберген уақытты қоспағанда) 2-3 сағат  –  10-
12 сағат уақыт берілуі мүмкін.
      Кеңес берудің кеңістіктік және уақыттық аспектілері.
      Кеңес берудің кеңістігіне келетін болсақ,  бұл жұмысты  жүргізу  үшін,
жайлы  бөлме  немесе  үлкен  бөлмеде  арнайы  бөленген  бұрыш  болуы  керек.
Клиентті есікке арқаымен отырғызып, кеңес беру процесінде  болатын  әңгімеге
назарын аудару керек. Ең ыңғайлы варианты –  психолог  пен  клиент  арасында
қашықтық болу керек. Екеуінің арасындағы  арақашықтық  тым  жақын  болмағаны
жөнінде олардың аяқтары  еркін  сыятын,  керек  кезінде  еркін  отырып  тұра
алатындай болу керек.
      Бөлмеде устел міндетті түрде болады,  онда  керекті  жазбалар  болады.
Үстелдің үстінде немесе қабырғада ілулі тұрған сағат та –  маңызды  атрибут.
Оған қарап белсенді жұмыс жасау керектігі ескеріледі.
      Сонымен, психолог бөлмесі келесі жабдықтармен жабдықталуы керек: жұмыс
үстелі, 2 кресло  және  журналдарға  арналған  үстелше,  орындықтар,  кілем,
лампа,  құжаттарға  арналған  шкаф,  сейф,  компьютер   (принтер),   көрнекі
құралдар (тестер, сұрақтар, фигуралар, приборлар) және телефон.
      Сейфте «Қызметтік қолдану үшін»  деген  жазу  болуы  керек  және  онда
келесі құжаттар сақталады:
         ▪  Психологиялық-педагогикалық   тексерулердің   жекелей   картасы
           (паспорт);
         ▪ Жекелей кеңес беруді тіркеу журналы;
         ▪  Тест  материалдары,   олардың   жауап-кілттері   және   олардың
           анализдері;
         ▪ Келіп түскен және жіберуге керек құжаттар;
         ▪    Психологиялық-педагогикалық    консилиум     және     медико-
           психолопедагогикалық тексеру материалдары.
      Психолог өзінің кеңес берулік  жұмыстарын  орындаған  «жұмыс  түрлерін
тіркеу»  журналына  енгізіп   отырады.   Сонымен   қатар   жазбаша   түрдегі
педагогикалық кеңес бекіткен жұмыс режимі, жекелей және топтық кеңес  беруге
алдын ала жазылу журналы, барлық методологиялық материалдар  мен  әдебиеттер
картотекасы болу керек. Қосымша мына ақпараттар болуы мүмкін:
         ▪ Педагогикалық ұжымның барлық мүшелерінің үй телефондары;
         ▪ Арнайы кеңес беру  орталықтары  мен  медико-психологиялық  кеңес
           беру орталқтарының тізімі мен сенім телефондарының номерлері.

Психологиялық кеңес берудің түрлері
   Психологиялық кеңес беруді әр түрлі адамдар қажет  ететіндіктен  және  әр
түрлі себептерден көмек сұрайтындығынан кеңес  беруді  клиенттердің  жекелей
ерекшеліктеріне, сонымен қатар мәселенің мазмұнына қарап,  бірнеше  түрлерге
бөлуге болады:
1. Интимдік-жеке бастық психологиялық кеңес беру.  Кеңес  берудің  бұл  түрі
   жиі және көп адамдарда кездеседі.  Бұндай  кеңес  беру  адамның  тұлғалық
   сұрақтарымен, уайымдарымен айналысады. Бұндай кеңес алуға  келген  клиент
   айналадағыларынан өз проблемасын жасыруға тырысады. Мысалы:  психологялық
   немесе мінез-құлықтағы жетіспеушілік, маңызды  адамдармен  қарым-қатынас,
   әр  түрлі  қорқыныштар,  сәтсіздіктер,  психогендік  аурулар  (дәрігердің
   қарауын қажет етпейтін) және т.б. Бұндай кеңес  беруде  адамның  өз-өзіне
   көңлі толмаушылығы, интеллектік мәселелерін, қарым-қатынастарын жатқызуға
   болады.
2. Жанұялық  кеңес  беру.  Бұндай  кеңес  беру  түрі   адамның  өзінің  және
   басқасының,  туысының  жанұясындағы  мәселелермен  айналысады.  Тағы   да
   болашақ жар таңдау, семьядағы қарым-қатынас, конфликтілерді шешу жолдары,
   әйелі мен күйеуінің туыстарымен қарым-қатынасы, айырылысу кезіндегі ерлі-
   зайыптылардың мінез-құлықы және т.б. сұрақтар қарастырылады.
3.  Психологиялық-педагогикалық  кеңес  беру.  Бұған  балаларды  оқыту   мен
   тәрбилеуге байланысты сұрақтарды жатқызамыз. Сонымен  қоса,  ересектердің
   педагогикалық біліктілігін көтеру сұрақтары, балалар мен ересектер ұжымын
   басқару мәселелері қарастырылады.
4. Іскерлік кеңес беру. Бұндай кеңес беру түрі адамда қанша  іс-әрекет  түрі
   болса, солардың барлығына да қатысы бар сұрақтармен айналысады.  Іскерлік
   кеңес беру деп, адамдардың іскерлік  мәселелерді  шешуі  айтылады.  Бұған
   мамандық таңдау, адамның  түрлі  қабілетін  дамыту  мен  жетілдіру,  оның
   еңбегін  ұйымдастыру,   жұмысқа   қабілеттілігін   жоғарылату,   іскерлік
   келіссөздер жасауға үйрету жайлы мәселелер зерттелінеді.

                     Кеңес берудің этикалық принциптері
Кеңес  беру   барысында   клиенттің   құқығы.   Клиенттің   кеңес   берушіге
тәуелділігі этикалық мәселе түрінде.Кеңес  берушінің  кәсіби  және  этикалық
құқы  мен  міндеттері.  Кеңес  берудің  құпиялылығы  және  оның  шектеулері.
Психологтың клиентпен кеңес беру және басқа да қатынастарының этикалық  және
құқықтық  сұрақтары.  Кеңес  берушінің  кәсіби  білім   және   іскерліктерін
психологиялық ықпал ету құралдары ретінде сәйкестік  мәселесі.  Кәсіби  мен-
кеңес берушінің бейнесі, жеке бас
тәжірибесі. Кәсіби кеңес берушілердің жеке бас қасиеттері.  Кеңес  берушінің
жеке бас құндылықтарының және өмірлік философиясының іс-
әрекетіне  әсер  ету  мәселесі.  Кеңес   беруші-психотерапевт   түсініктерін
салыстыру.

               Кеңес берудің қазіргі кездегі негізгі бағыттары
                           Психоаналитикалық бағыт
                   З. Фрейд-психоанализдің негізін салушы.
Психоанализдегі  қазіргі   кездегі  тенденциялар.  Кеңес   беру   процесінде
психоаналитикалық  техниканы  қолдану.  Қадамды  бағалау  жетістіктері  және
шектеулері. К.Г. Юнгтың аналитикалық  психологиясы;  құндылықтары,  мақсаты,
процедурасы, техникалар. Юнг бойынша  психотерапевтік  принциптер.  Адлердің
жекелей психологиясы. Кеңес беру  процесі;  мақсаты,  кеңес  берушінің  ролі
және қызметі, кеңес берушімен клиенттің өзара әрекеттесуі. Қадамды  бағалау;
жетістіктері және шектеулері.

                          Психоаналитикалық бағыт.
Психоаналитикалық теорияның негізіг түсініктері;  жеке  бас  құрылымы,  сана
және  санасыздық,  қорғаныс  механизмдері   (ығыстыру   реактивті   құрылым,
проекция,    рационализация,    сублирование,     регрессия,     интроекция,
идентификация, компенсация және т.б.)
Психоанализдегі  қазіргі  кездегі  тенденциялар.   Кеңес   беру   процесінде
психоаналитикалық техникаларды  қолдану  (еркін  ассоциациялар,  түс  көруді
талдау және нәтижесін шығару, ықпал ету және қарсылық көрсетуді талдау  және
өңдеу).
Қадамды  бағалау:  жетістіктері  мен  шектеулері.  Юнг  бойынша   санасыздық
құрылымы. Юнг және фрейдтің түс  талқылауындағы  айырмашылықтар.  Жеке  адам
құрылымы. Архетип және оның қасиеттері, қызметі. Индивидуация және  комплекс
түсініктері.  Юнг  бойынша  психотерапевтік  принциптер.  Адлердің   жекелей
психологиясы. Адлер бойынша жеке адам құрылымы.
З.Фрейд классикалық психоанализі.
(1856-1939)
         З.Фрейдтің аты Блейрмен  бірге  1895  жылы  «Исследование  истерии»
атты кітабын шығарған кезде атақты болды.Ол 3 компонент көрсетті.
1       Ид       (лат.тілі       «оно»)-тұлғаның       тума       ,инстинкті
аспектілері.Әдетте:эрос(өмірге   ,сексуалдықанағаттануға    ұмтылыс    )және
тонатос (агрессияға,өлімге ,сөнуге  ұмтылыс)Ежелгі  Грецияда  эрос  –махббат
деген      мағынада      .Ал      Платон      бойынша       эрос-эстетикалық
сезім,мейірімділік,әдемілік болса,танатос-өлім құдайы.
2 Эго (лат.тілі «мен»)-шешім қабылдауға жауап беретін психикалық  аппараттың
бөлігі.ол идтің қажеттіліктерін қанағаттандыруға ұмтылады.
3 Суперэго  (лат.тілі  «жоғарғы-мен»)-әлеуметтік,қоғамда  қалыптасқан  ереже
нормаларды сақтау.
        З.Фрейд сол сияқты «либидо»яғни ұмтылыс,ұғымын еңгізді.
        З.Фрейдтің  тұлғаныңтопографиялық моделі:
1.Бейсана-ид пен оған қысым көрсететін суперэго бейсаналықтағы орны.
2.Санаалды-әдетте  білінбейтін  ,бірақ  белгілі   бір   жағдайдың   болуында
сезіледі .Бұнда эго мен суперэго қатысты.
3.сана-Қоршаған ортамен байланыс . Эго мен суперэго қатысты.
        З.Фрейд бойынша психоанализде теорияның мақсаты:
«Идболған  жерде,эго  болады.»яғни  бейсаналы  деңгейде  болатын   психикалы
процесс.Адам негізі шындықпен келісу керек.
              З.Фрейд     «сублимация     »туралы     жазған.ол     қорғаныс
механизмі.(өзіндегі жағымсыз ,қажетсіз инстинктивті импульстерден қорғану.)
          Классикалық психоанализ әдістері:
1.Емін-еркін   ассоциациялар-Клиент   емін-еркін   болып,   ойындағы   түрлі
көріністерді дауыстап айту.
2.Қарсыласуды       интерпритатциялау-Клиент       бейсана        деңгейінде
конфликтілерге,импульстерге қарсыласу мүмкін.
3.Түстерді анализдеу- Фрейд  бойынша  көрінбейтін  құштарлық.  «бейсаналыққа
хандық жол»
4.Трансфер анализі-орын басу.Мысалы махаббат сезімі кейін зұлымдық  сезіміне
ауысуы.
5.Эмоционалды қайта оқу-соңғы этаптарда клиентті мадақтау.
6.Интерпритатция-клиентке оның белгісіз нәрселерін түсіндіру.
 Интерпритатцияның негізгі ережелері:
1.Тереңге бату
2Клиент қабылдауға дайындығын интерпритатциялау.
3Клиентке қорғаныс механизмдерін көрсету.

            КАРЛ ГУСТАВ ЮНГ: ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ
      Юнгтің психоанализді қайта  жасаудың  нәтижесінде  білімнің  әр  түрлі
аумағынан  (психология,  философия,   астрология,   археология,   мифология,
теология,   әдебиет)   күделі   ойлардың   кешені   пайда   болды.    Бұндай
интеллектуалды ізденудің кең ауқымдығы  және  оған  қоса  оңай  емес  Юнгтің
авторлық стилі оның психологиялық теориялар ішінен түсінуге ең қиыны деп  те
айтуға болады.
      Жеке тұлғаның құрылымы:
      Юнг жанды (Юнг теориясында бұған   жеке  тұлға  термині  аналогты)  үш
бөлек, бірақ өзара  әрекеттесетін  құрылымдардан  тұрады  деген:  эго,  жеке
санасыздық және ұжымдық санасыздық.
      Эго сана аумағының  өзегі  болып  табылады.  Сонымен  қоса  ол  physhe
компоненті де болады. Эго  біздің  саналылығымыздың  негізі  ретінде  қызмет
атқарады,  оның  арқасында  біз  өзіміздің  күнделікті  саналылық  әрекеінің
нәтижесін көруге қабілеттіміз.
      Жеке санасыздыққа белгілі  бір  уақыт  кезеңінде  санадан  өткізілген,
бірақ қазір басылып  тасталынған  немесе  ұмытылған  конфликтілер  мен  есте
қалған нәрселер жатады. Юнг жеке санасыздыққа индивидуумның өзі  өткен  жеке
тәжірибесінен немесе тұқымқуалаушылық тәжірибесінен  шығарылған  эмоционалды
зарядталған  ойлар,  сезімдер  және   есте   қалулар   жиынтықтары    немесе
комплекстер кіреді  деген.   Юнг  түсінігі  бойынша,  күнделікті  тақырыптар
аясындағы  бұл  комплекстер  индивиуумның  қылық-әрекетіне  өте  күшті  әсер
тигізуі мүмкін. Мысалы үшін: билік комплексіндегі адамдар билік  тақырыбымен
тікелей немесе жанама байланысқан іскерлікке аса көп  психикалық  енергиясын
кетіруі мүмкін.  Белгілі бір уақытта  құралып,  комплекстер  адамның  қылық-
әрекетіне не оның әлемге деген  көзқарасына  әсер  ете  бастайды.  Юнг  жеке
санасыздық  материалы  әрбір  адамдарда  әр  түрлі  және  көбінесе   санадан
өткізуге болады деген. Нәтижесінде комплекстер  компоненттері  немесе  бүкіл
комплекстің өзі санадан өткізілуі және индивидуумның өміріне тым үлкен  әсер
етуі мүмкін.
      Ақырында, Юнг жеке тұлғаның құрылымындағы аса терең деңгей  бар  екені
туралы ой қозғады, оны ұжымдық  санасыздық  деп  атады.  Ұжымдық  санасыздық
дегеніміз – біздің адам тәріздес ата-бабамыздың және бүкіл адамзат  есіндегі
латенттік іздердің сақталынған орны. Ұжымдық  санасыздықта  адамдарға  жалпы
және біздің эмоционалды өткеніміздің  нәтижесі  болып  табылатын  ойлар  мен
сезімдер бейнеленген.
      Осылайша,   ұжымдық   санасыздық   мазмұны   тұқымқуалаушылық   арқылы
жасалынып, бүкіл адамзатқа бірдей. Ұжымдық санасыздық  концепциясы  Юнг  пен
Фрейд арасындағы айырмашылықтың негізгі себебі болып табылады.
      Архетиптер.
       Юнг ұжымдық санасыздық аса күшті біріншілік  психикалық  образдардан,
демекші  архетиптерден  тұрады  деген   гипотезаны   айтты.   Архетиптер   –
адамдардың белгілі бір болған  жағдай  немесе  нәрсеге  деген  қабылдаулары,
сезімдері және реакциялары алғышарт болып табылатын туа біткен  идеялар  мен
есте қалулар. Ал шынында болса, олар –  сол   қызметтегі  есте  қалулар  мен
образдар  емес,  көбінесе  алғышарт  болып  табылатын  факторлар  екен.  Осы
факторлардың әсерінен адам  өз  қылық-әркетінде  белгілі  бір  объектіге  не
жағдайға деген қабылдауы, ойлауы және әрекеітнің  әмбебап  моделін  жасайды.
Туа біткен болып мұнда нақты ситуациялардағы  эмоционалды,  когнитивті  және
қылық-әрекетік реакциялар тенденциясы болып табылады –  мысалы,  ата-анамен,
сүйікті адаммен, белгісіз адаммен, жылан  немесе  өліммен  күтпеген  кездесі
кезінде.
      Юнг  әрбір  архетип  сәйкес  объекті  мен  ситуациялар  қабылдауындағы
белгілі бір ой мен сезім типінің  көрінісі  тенденциясымен  байланысқан  деп
санаған. Архетиптік образдар мен идеялар түс  көру  кезінде  жиі  кездеседі,
сонымен қоса олардың сурет салу,  әдебиет  және  дін  салаларында  символдар
түрінде кездесетіні аз емес. Әр түрлі мәдениетке  тән  символдардың  керемет
ұқсастығы байқалады, себебі олар адамзатқа жалпы архетиптерге тірледеі.  Юнг
архетиптік символдарды түсіну оған  пациеттің  түстерінің  анализін  жасауға
септігін тигізеді деп санаған.
      Эго-бағыттылық.
      Юнгтің психологияға енгізген ең белгілі жаңалығы болып, оның басты екі
бағыт немесе өмірлік  ұстанымды  жасап  шығаруы  жатады:  экстраверсия  және
интроверсия.  Юнг  теориясына  сәйкес,   аталған   бағдарлаудың   екеуі   де
адамдарда бір уақытта өмір сүреді, бірақ біреуі басым болады.
      Экстраверттік ұстанымда сыртқы әлемге (басқа адамдарға және  заттарға)
деген  қызығушылық  бағыты  көрінеді.  Экстраверт  үнемі  қозғалыста,   ашық
болады, қарым-қатынастарды тез жасайды, сыртқы  факторлар  ол  үшін  итеруші
күш болып табылады.
      Интроверт, керісінше, өз ойлары, сезімі мен тәжірибесінің ішкі әлеміне
кіріп кеткендей. Ол бақылаушы,  ұстамды,  жалғыздыққа  ұмтылады,  объектіден
алыстауы мүмкін, оның қызығушылықтары өз-өзіне бағытталған.  Юнгіге  сәйкес,
таза  түрде  экстраверттік  және  интроверттік  ұстаным  болмайды.  Көбінесе
олардың екеуі де болады және олар бір-біріне оппозициялы  қатынаста  болады:
егер  де  біреуі  басым  және  рационалды  болса,  екіншісі   көмекші   және
рационалды болып табылады.
       Эго-бағдарлаудың басым және көмекші комбинациялары нәтижесінде  қылы-
әрекет моделі белгілі және алдын ала болжанған жеке тұлғалар қалыптасады.
      Психологиялық функциялар.
       Юнг экстраверт және интроверт концепцияларын жасап шығарғаннан  кейін
адамдардың  әлемге  деген  қатынасын  әлі   де   түсіну   жеткіліксі   деген
қорытындыға келді. Сондықтан  ол  өз  типологиясын  кеңейтіп,  психологиялық
функцияларды қосты. Ол белгілеген 4 негізгі функциялар – бұл ойлау,  түйсік,
сезім және интуиция.
      Ойлау мен сезімді Юнг рационалды функциялар қатарына жатқызды,  себебі
олар өмірлік тәжірибе туралы түсініктерді  құруға  қатысады.  Ойланатын  тип
белгілі бір заттың  құндылығы  туралы  логика  мен  аргументтерді  пайдалана
түсінеді. Ал ойлауға қарама-қарсы функция –  сезім  –  бізді  шындық  туралы
ұнамды және ұнамсыз эмоциялар тілінде хабарлайды.
      Қарама-қарсы функциялардың екінші тобы –  түйсік  пен  интуицияны  Юнг
иррационалды деп атады, себебі ол  пассивті  түрде  сыртқы  (түйсік)  немесе
ішкі  (интуиция)  әлемдегі  болып  жатқан   организмдерді   тіркеп,   оларды
бағаламайды және олардың  мағынасын  түсіндірмейді.  Түйсік  сыртқы  әлемнің
тікелей, бағаланбайтын реалды қабылдау көрінісі болып  табылады.  Керісінше,
интуиция болып жатқан тәжірибенің санасыз түрде қабылдаумен сипатталады.
      Әрбір адам барлық осы психологиялық 4 функциямен бөленген. Бірақ  жеке
тұлға бағдарлауының (экстраверсия және  интроверсия)  біреуінің  басымдылығы
саналы болатындай, рационалды-иррационалды  топтың  ішіндегі  бір  функциясы
ғана басым болады. Ал басқа функциялар санасыздық сипатта болып, адам қылық-
әрекетінің регуляциясында көмекші  роль  атқарады.  Функциялардың  әрқайсысы
басым болуы мүмкін.
      Эго-бағдарлаудың  екі  түрі  мен  4  психологиялық  функциялар   өзара
әрекеттесе, жеке тұлғаның 8 түрлі типі құралады.
      Жеке тұлға дамуы.
      Юнг жеке  тұлға  дамуын  динамикалық  процесс,  бүкіл  өмір  бойындағы
эволюция ретінде  қарастырған.  Ол  балалық  шақтағы  әлеуметтендіру  туралы
ештеңе айтқан жоқ. Юнгтің көзқарасы бойынша, адам  әрдайым  жаңа  дағдыларға
ие болады, жаңа мақсаттарға жетеді және өзін толықтай реализациялайды.
      Юнгіге  сәйкес  ақырғы  өмірлік  мақсат  –   бұл   «Меннің»   толықтай
реализациясы, яғни қайталанбас және толық  индивидуумның  қалыптасуы.  Әрбір
адам дамуы бұл бағытта қайталанбайды, ол  өмір  бойы  созылып,  индивидуация
атты процесте болады.  Индивидуация  -  өзара  қарама-қарсы  әрекеттес  жеке
тұлғалық ішкі күштер мен  тенденциялар  интеграциясының  динамикасының  және
эволюциясының  процесі.  Өзінің  ақырғы  көрінісінде  индивидуация   адамның
қайталанбас психикалық  шындығының  саналы  реализациясын,  толықтай  дамуын
және  жеке  тұлғаның  өзегі   болып,   көптеген   қарама-қарсы   қасиеттерді
теңестіреді. Индивидуацияның жүзеге асырылуының қорытындысы  болып  өзін-өзі
реализациялау жатады.
      Қорытынды.
      Фрейдтің теориясынан шеттеліп, Юнг біздің  жеке  тұлға  құрылымы  және
мазмұны  туралы  түсінігімізді  байытты.  Оның   ұжымдық   санасыздық   және
архетиптер туралы  концепциясы  түсінуге  қиын  және  эмпирикалық  тексеруге
жатпаса да, ол көп адамдарды қызықтырады.
      Юнг жасап шығарған концепциялары, сіңірген еңбегі өте зор: оның 2 эго-
бағдарлау теориясы (экстраверт  және  интроверт),  онымен  қатар  жетекші  4
психологиялық функция теорияларының жеке  тұлғаның  қалыптасуын  анықтаудағы
маңызы орасан зор.
      Юнг Альфред Адлер, Карен  Хорни  т.б.  ғалымдармен  қоса  алғаш  болып
Фрейдтің  психодинамикалық  теориясын  қайта  қарастырып,  өзінің   тәуелсіз
концепциясын жасап шығарды.
      Сонымен  қатар  Юнг  алғаш  рет  жеке  тұлға  дамуына   діни,   рухани
тәжірибенің ұнамды әсері туралы да айтты. Осыдан  біз  оны  персонологиядағы
гуманистік бағыттың бастаушысы дейміз.
      Дегенмен, Юнг теориясы болжамдар деңгейінен жоғары көтерілмейді  екені
анық (басқа теориялардың көбі сияқты),  себебі  оның  негізгі  гипотезаларын
күрделі тексеру мүмкін емес.


                     Гуманизмге бағдарланған кеңес беру
      Аталған бағыт практикалық психологияда тұлғалық  қиыншылықтарға  деген
психоаналитикалық,  бихевиористік  және  когнитивті  тәсілдердің  жиынтығына
жауап ретінде пайда болды.
      Психоаналитикалық    тәсілдерде    бұл    бағыттың    өкілдері    үшін
жануарлардағыдай төменгі деңгейдегі  құштарлықтардың  адамдарда  да  болуын,
яғни  адам  әрекет-қылығының  детерминизмі,  сонымен  қатар   кіші   жастағы
әлеуметтену  ерекшеліктеріне  тәуелді  ересек   жастағы   тұлғаның   әрекет-
қылығының алғышартталғандығын қолдану пайдалы нәтиже бермейді.
      Бихевиористік тәсілдерде  бұл  бағыттың  өкілдері  үшін  адам  әрекет-
қылығының әлеуметтік контекст  ерекшелігінің  алғышартталғандығы,  адам  мен
жануар арасындағы әрекет-қылықтың ұқсастығын қолдануға болмайды.
      Когнитивті тәсілдерде адамды ақпаратты  жинақтау  мен  өңдеу  құрылысы
ретінде тану және адам жанының  өмірі  мен  компьютер  жұмысының  шындықтары
арасындағы ұқсастықтар тиімсіз болып келеді.
      Берілген тәсілдің негізгі критерийлері:
        1. Жеке тұлға табиғаты кез келген тәрбиелік  орта  арқылы  берілген
           бір нәрсе емес, ол – ішкі таңдау негізіндегі еркін дамудың  ашық
           мүмкіндігі болып табылады.
        2. Әрбір адам  –  қайталанбас  тұлға,  сондықтан  да  жеке  тұлғаны
           статистикалық  зерттеу  нәтижесіне  кіргізуге  болмайды.  Алайда
           бөлек жағдайларды талдау маңызды роль атқарады.
        3. Адамды өзінің құндылықтарының  арқасында  сыртқы  детерминизмнен
           белгілі біреркін деңгейі бар.
        4.  Жануарлар  әрекет-қылығы  мен  адам  әрекет-қылығы   арасындағы
           ұқсастық жалған.
        5. Адам табиғатынан толыққанды болып келеді.
        6. Адам өз табиғатының бір бөлігі болып табылатын үздіксіз даму мен
           өзін-өзі шыңдауға деген күшке бөленген.
      Берілген бағыттың неғұрлым белгілі тәсілдеріне жататындар:
        1. К. Роджерстің клиентке орталықтанған тәсілі
        2. И. Ялом мен Р. Мэйдің экзистенционалды тәсілі
        3. В. Франклдың логотерапиясы
      Кейбір ғалымдар осыған  Ф.  Перлздің  гештальт-терапиясын  да  қосады,
бірақ  бұған  оның  денелік  орталықтанғандығы,  дене   қажеттіліктері   мен
психикалық процестер қызметтерінің детерменизмі кедергі болады.


                 К. Роджерстің клиентке орталықтанған тәсілі
      Бұл  бағыт  бойынша,  барлық  адамдар  өзін   өзектеуге   деген   тума
тенденциямен бөленген, ол келесі ұмтылыстарда көрінісін табады:
         ▪ Қоршаған ортаға деген неғұрлым артушы бейімділік;
         ▪ Өзінің ішкі ұйымдастырылуының дамуы мен күрделенуі.
      Дамудың белгілі бір кезеңінде барлық  дамдар  өзгелердің  көзқарастары
мен бағасына тап болады. Олардың негізінде өзін-өзі  басқарудың  ішкі  жұмыс
органы - өзін-өзі бағалау - қалыптасады.
      Егер  де  адам  өзін   өзектеуге   байланысты   тенденцияларға   қарсы
көзқарастар мен бағаларға тым бағдарланса, бұл  жолда  оны  невроз  тоқтатуы
мүмкін.
      Клиентке орталықтанған тәсілдегі  клиентпен  жұмыс  істеудің  мақсаты.
Клиент өзінің күнделікті өмірінде жақын әлеуметтік ортаның көзқарастары  мен
бағлауына  неғұрлым   аз   бағдарлануы   қажет   те,   өзінің   жеке   тұлға
ұйымдастырылуының күрделенуімен байланысты тума тенденциясына  неғұрлым  көп
бағдарлануы керек.
      К. Роджерс жоғарыда аталған мақсат бағытында жүзеге  асаптындай  кеңес
беруші мен клиент арасындағы диалгтың міндетті 3 шартын  анықтап,  сипаттады
(Роджерс триадасы):
        1. Кеңес беруші өз  тәжірибесіне  байланысты  клиентпен  когруэнтті
           болады. «Конгруэнтті» сөзі латынның  congruens  (congruentis)  –
           сәйкес,  беттесуші  деген  мағынаны   білдіреді.   Бұнда   кеңес
           берушінің әрекет-қылығы оның тәжіриебсіне, ойлауына, сезімдеріне
           сай болатындығы туралы айталады.
        2.  Кеңес  беруші  клиентке  байланысты  шартсыз   жағымды   бағаны
           сезінеді. Бұл бағаның  жағымды  болуы  –  кеңес  берушінің  адам
           табиғатының жағымды сипатына сенуінің арқасында болады екен.
        3. Кеңес беруші клиентті эмпатиялық түрде қабылдайды.
      Клиентке орталықтанған бағытта жиі  қолданылатын тәсілдер:
        1.  Вербализация.  Кеңес  беруші  клиенттің  айтқан  сөздерін   жиі
           қайталайды. Бұл клиенттің өз сөздеріне, өзіне назар аударуы үшін
           қажет.
        2. Клиенттің қабылдауды сезетіндей кеңес берушінің үн қатпауы. Егер
           де кеңс беруші клиентті қабылдаса, клиентте өзін қабылдайды.
        3. Эмоцияларды акценттеу.  Клиенттің  назары  әрдайым  өзінің  және
           өзгелердің эмоцияларына аударылады. Бұл эмоцияларға назар аудару
           арқылы терең қажеттіліктерге мән беруге болады.
      Адамдарға алдымен өзін, содан соң  өзгелерді  қабылдау  үшін  клиентке
орталықтанған  тәсіл  шегінде  келесі  шара  жасап   шығарылған   (Фейдимен,
Фрейгер, 1995):





1-кесте
Клиентке орталықтанған тәсілдегі жеке тұлағылық конгруэнттілікті зерттеу
әдістемесінің бланкісі
|Жеке тұлағалық    |Реалды Мен        |Әлеуметтік Мен    |Идеалды Мен       |
|қасиеттер         |                  |                  |                  |
|                  |Басқалардың ойына |Сізді білетін     |Сізді ең жақсы    |
|                  |қарамай, сіздің   |адамдар           |көрсетіп, сонымен |
|                  |өзіңізге сәйкес   |белгілейтіндей    |қатар өзіңіздің   |
|                  |келетін           |қасиеттерді өзіңіз|дербестігіңізді   |
|                  |мінездемелерді    |белгілеңіз        |жоғалтпайтындай   |
|                  |белгілеңіз        |                  |қасиеттерді       |
|                  |                  |                  |белгілеңіз        |
|1                 |2                 |3                 |4                 |
|Сергек            |                  |                  |                  |
|Қажымайтын        |                  |                  |                  |
|Шулы              |                  |                  |                  |
|Жауапты           |                  |                  |                  |
|Қиялданғыш        |                  |                  |                  |
|Тынымсыз          |                  |                  |                  |
|Қатал             |                  |                  |                  |
|Тәкаппар          |                  |                  |                  |
|Шыншыл            |                  |                  |                  |
|Қозушы            |                  |                  |                  |
|Піспеген          |                  |                  |                  |
|Батыл             |                  |                  |                  |
|Атаққұмар         |                  |                  |                  |
|Өзін-өзі аяушы    |                  |                  |                  |
|Сабырлы           |                  |                  |                  |
|Дербес            |                  |                  |                  |
|Салмақты          |                  |                  |                  |
|Досшыл            |                  |                  |                  |
|Естияр            |                  |                  |                  |
|Әртісшіл          |                  |                  |                  |
|Ақылды            |                  |                  |                  |
|Қызықты           |                  |                  |                  |
|Идеалисшіл        |                  |                  |                  |
|Түсінгіш          |                  |                  |                  |
|Жылы              |                  |                  |                  |
|Сексапилды        |                  |                  |                  |
|Белсенді          |                  |                  |                  |
|Эгоисшіл          |                  |                  |                  |
|Әлсіреген         |                  |                  |                  |
|Сүйкімді          |                  |                  |                  |
|Зерделі           |                  |                  |                  |
|Назды             |                  |                  |                  |
|Өз-өзіне сенген   |                  |                  |                  |

      1-кестені толтырғаннан кейін клиентке сәйкес келмейтін сын  есімждерді
белгілеуді  сұрайды.  Бұл  –  оның   өміріндегі   конгруэнтсіздіктің  мүмкін
сәттері. Ары қарай клиентпен келесі сұрақтар талқыланады:
         ▪  Сіздің  талаптарыңыздың  кейбір  шындыққа  сай   келмейді   деп
           ойламайсыз ба?
         ▪  Сіздің  идеалды   өзін-өзі   сипаттаумен   ұйғарылатын   кейбір
           мақсаттарды сіз  өзгерте алатындай ойларыңыз бар ма?
         ▪ Бұл үшін себептер бар ма?
      К. Роджерс өмір сүрген  еуропалық  мәдениетте  клиентке  орталықтанған
күтімге   үлкен   сұраныс   байқалды.   Клиенттер   бұндай   әрекет-қылықтың
дағдыларына 2 фасилитатордың (кездесу топтары)   әрекетіне  бақылау  жасауға
үйренеді.   Топтағы   фасилитаторлардың   негізгі   міндеттеріне    клиентке
орталықтанған қарым-қатынасты демонстрациялау,  топтың  басқа  да  мүшесінде
клиентке орталықтанған қатынасты тудыру т.б. жатады.
      К. Роджерс отбасыны кездесу топтарының аналогы ретінде қарастырды.
      Адамдарды отбасына біріктіретін негізгі фактор болып жақын  адамдармен
клиентке орталықтанған қатынасқа деген қажеттілік жатады.
Бихевиоралды кеңес беру.
Мақсаты:
-.Түрлі әрекет-қылық реакция деффициттері
-Бейімделген әрекеттің жоғарлауы.
-Адекватсыз әрекеттердің төмендеуі.
-Ішкі қорқыныш реакцияларының жоғарлауы.
-Еркіндесе алу қабілетінің жоғарлануы.
-Өзін-өзі реттеу қабілетінің артуы.
Психологиялық кеңес беруде әрекет-қылықты бағалау  мен  клиенттің  мәселесін
анализдеуден басталады. 3 түрлі реакцияны байқаймыз.
1.Жағдайлық өткеннің стимулы:(стимул  ситуационного  прошлого)(С)Мысалы:кеше
15:30-да мен өзімнің 15 қызметкерлеріне жобаны көрсету керек болатын.
2.Ауыспалы реакциялар:(Р)Қобалжыдым ,тез сөйледім.
3.Нәтиже  немесе  ауыспалы  нәтиже:Мысалы:Аудиторияға  қызықты,бастық   мені
қолдады және менің қызметімді жоқтады.

Жоғарыда ұсынылған мәлімет алу кезеңдері «СРП-анализі» деп аталады.
Ақпараттар жиналуы:
-интервью арқылы;
-медециналық тексеру;
-Ерте өткізілген психикалық бақылау отчеты.
-Сұрақтамалар
-Қалыпты кездегі бақылау.
-Қосымша бақылау(клиент таныстарынын ақпараттар жинау.
 Ақпарат жинаудан соң кеңес беру мақсаты анықталады.  Ол  клиент  пен  кеңес
берушінің  арасындағы жетістіктерді анық көрсетеді.
Гиперқозу  мен  гипертітіркену  сияқты  рефлекторлы  реакциялармен   жұмысты
Эдмунд Джекобсон кейін   Джозеф Вольпе жалғастырған прогрессивті  релаксация
әдістерін қолданды.
Егер  уайым  мен   қорқыныш   жұмыс   істеу   керек   болса,   онда   жүйелі
десенсибилизация әдісін қолданады. Бұл әдісті Дж. Вопье 1952 жылы жасады.
       Десенсибилизация түрлері:
   1. Десенсибилизация  in vivo  (шынайы  өмірде)  реалды  өмірде  қайталана
      кездесетін мәселелерді шешуде  қолданады.
   2.  Контактілі  десенсибилизация  Белгілі  бір   обьектімен    байланысты
      ,клиенттің кеңес алуды қажетсінуінде.
   3. Эмотивті қиял Балалармен жұмыс істеуде қолданады. Бала  өзіне  ұнайтын
      киноактерлардың рөлімен,өмірімен танысу бала  бойындағы  қорқыныштарды
      әлсіздендіреді.

Егер қарым-қатынас дұрыс дамымаса,рөлдік ойын әдісі қолданылады.
Егер    клиент    келесі    адам     әрекеттеріне     қорқыныш     сезімімен
қараса,агрессивтілік трейнингі қолданылады.
Әрекет қылықты өзгерту үшін,нақтылау әдісі қолданылады.

                     Нейролингвистикалық бағдарламалау.

      Нейро-лингвистикалық бағдарлау (НЛБ)
      1970 жылдың басында Америка  қаласы  Санта-Круз,  Калифорния  штатында
пайда болды. 1972 жылы жас  оқымысты  математика  мен  есептеу  техникасында
маманданған Ричард Бэндлер белсенді түрде адамдар мен   жануарлардың  мінез-
құлық  психологиясындағы  бихевиоризмді  зерттеді.  Сондай-ақ  ол  гештальт-
терапия бойынша семинарияға қатысады. Төрт жылдың ішінде  Догсон  Гриндердің
жетекшілігімен өзінің  жеке  семинарын  өткізуге  мүмкіндік  болды.  Гриндер
Наума  Хомекидің  лингвистика  теоретикасын  зерттеді.   Өздерінің   бірінші
жұмыстарында «Структура магий» психотерапевт  Фриц  Перлздің  вербалды  және
мінез-құлықтық моделін жасады.
      Осы  жұмыстың  негізінде  Гриндер  және  Бендлер  өздерінің   моделіне
анықтама берді, яғни  «Нейро-лингвистикалық  бағдарламалалау»  -  дене,  тіл
және мидың арасындағы қарым-қатынасты символдау болып табылады.
      Қазіргі кездегі НЛБ-ны жасаушылардың Ішінен Роберт Дилсті  атап  өтуге
болады.  Ол  қырықтан  астам  сендіру,  динамикалық  оқыту,  жүйелік  ойлау,
творчестволық, лидерлік және бизнес тақырыптар аясында кітаптар жазған.
      НЛБ субъективті тәжірибенің құрылымын, яғни адамның  қайталанбас  ішкі
әлемін құрудың өзіндік  тәсілін,  зерттеумен  айналысады,  сондықтан  да  ол
денсаулықты зерттеу және оған әсер ету үшін қолданылады.
      НЛБ көзқарасы бойынша,  денсаулық  пен  ауру  субъективті  толғаныстар
болып табылады. Біз өз  денсаулығымыздың  деңгейін  түйсіктерімізді  бағалай
отыра өзіміз анықтаймыз.
          ▪ Сіз үшін дені сау болу нені білдіреді?
          ▪ «Дені сау болу» - бұл сөздерді сіз қалай анықтаушы едіңіз?
          ▪ Оны қалай түйсінуге болады?
          ▪ Сіз деніңіз сау екенін қалай білесіз?
         Бұл сұрақтар  –  денсаулықтың   жекелей  анықтамасының  бастылары.
Сұрақтар әдейі  түрде  «денсаулық»  туралы  емес,  «дені  сау  болу»  туралы
қойылады.
      Әлемнің дербес моделі
      Осылайша біріншіден әлем кез  келген  нақты  моделмен  немесе  әлемнің
репрезентациясының арасында айырмашылықтар  бар.екіншіден  өзіміз  шығаратын
әлем  моделінің  екіншісінен  айырмашылығы  болады.  Мұны   көптеген   түрлі
тәсілдермен көрсетуге болады.
      НЛБ-да шектеудің 3 категориясын көрсетуге болады.  Нейрофизиологиялық,
шектеу және дербес.
      Адамның рецептор жүйелерін  қарастырайық:  көру,  есту,  сезіну,   дәм
сезу.  Адамның  көру  мүшесі  толқындарды,  яғни  380-нен  680   миллимикрон
интервалда орналасқанда ұстай  алады.  Бұл  интервалдар  үлкен  немесе  кіші
жаққа айытқитын толқындар адамның көзіне қабылданбайды.   Берілген  жағдайда
біз  сәйкесінше  генетикалық  нейрофизиологиялық   шектеулермен   тек   қана
үзіліссіз физикалық көріністерді ғана қабылдаймыз.
      Әлеуметтік  шектеулер  немесе  фильтр,  яғни  біз  оларды   әлеуметтік
генетикалық  факторлар  деп  атаймыз.   Әлеуметтік   генетикалық   фильтрдің
негізіне – біздің тілдік жүйеміз жатады.
      Дербес шектеулер -  өзіміздің  өмірлік  тәжірибемізге  сүйене  отырып,
өзіміз шығаратын барлық шектеулерді жатқызамыз.

              Психологиялық кеңес беруде экзистенциалды бағыт.
«Экзистенция» сөзі («тіршілік»)  лат.  existere  –  бөліну,  көріну  дегенді
білдіреді.  Тіршілік  ету  –  статистикалық  процесс  емес,  ол  динамикалық
тұрақтанумен байланысты. Адам өзінің  тіршілік  процессінде  келесілермен  :
өлім, бостандық, оқшаулау, сандырақтықпен кездеседі. Олар  адамға  қатынасты
динамикалық функция орындайды –  оның  жеке  тұлғаның  дамуын,  кездесулерін
тудырады. Бірақ та олармен кездесу ауыр, сондықтан адамдар  олардан  сақтану
керек, олар иллюзорлы проблемалардың шешілуіне ғана әкеледі.
       Осындай  тәжірибелермен  кездесе  келе,  адамдар  конструктивті  және
деструктивті даму жолдарды таңдауы мүмкін.
      Конструктивті жол – қорқынышқа қарамастан адамдар  осындай  тәжірибеге
қиялдануға  мүмкіндік  береді,  осыдан  басқа  жағдай  туындауы,   тыныштық,
продуктивті функциялау болады.  Әрқашан да басынан  өткізе  жеке  тұлғасының
конструктивті дамуы невротик қылдырады.
      Деструктивті жол – осы негіздерден психологиялық қорғаудың көп  сандық
түрлері.
      Осы қатынас негізінде  клиентпен  жұмыстың  маңызды  мақсаты  :  Мұнда
клиентке деструктивті жолдан  конструктивті  жолға  көшуіне  көмек  көрсету.
Кеңес берушілер клиенттеріне психологиялық  қорғау  механизмдерін  адекватты
емес түрін жекелеуге көмектеседі.
      Экзистенцианалды қатынас Клиенттер  экстрималды  жағдай  болған  кезде
қолданылады, қандай да бір экзистенцианалды проблемамен байланысты  :  өлім,
жұмысындағы өтпелі  периодтар,  маңызды  шешімдер  қабылдаумен,  оқшаулаумен
байланысты.
      Тіршілік етудің негіздерін : экзистенцианалды  дағдарыс  және  олармен
байланысты қорқыныштарды қарастырайық .
      1 Өлім  Бұл  қорқыныш,  бұл  барлығына  таныс  және  нақтылықты  қажет
етпейді.
      2 Бостандық  Адамдар көптеген уақыт бойы дәстүрлі жүйеде өмір  сүрген,
ол кезде таңдау болмаған.  Жаңа  заман  адамға  таңдау  мүмкіндігін  береді,
бірақ көптеген адамдар таңдауға дайын емес. Олар нені  және  қалай  таңдарын
білмейді, өз таңдауларына  жауапкершіліктерін  сезінбейді,  еріктері  көтере
алмайды, қалауды білмейді, шешім қабылдай алмайды.
      3 Оқшаулау Барлық әлемде  дәстүрлі  жалпы  байланыс  бұзылулары  болып
жатыр және өзіндік сана  даму  проблемаларынан  адамдар  өздерін  оқшаулауға
тиіс. «Мен» сзімінің пайда болу қаупімен  байланысты.  Бірақ  адам  табиғаты
осындай оқшаулау дискомфорт сезімін тудырады. Альтернативті  оқшаулау  жалпы
– қарым – қатынасқа түсу, өзінің ішкі сезімінің қаупіне қарамастан. Бұл  жол
өзінің ішкі күшімен, сезімділік сезімі дамуын анықтайды.
      Адамдарда «сандырақтық»  ұғымының сезімінің болмауы.
      Бұрында адамдар үғымдарды іздемеді, өйткені оны дайын түрінде алған  (
мысалы, религия арқылы). Қазіргі кездегі еврей қатынасының өмірінің  жағдайы
ондағы әр мүше мәдени, діни ұғымдарын  жақсы  біледі.  Оларға  ең  қиыны  өз
сенімдерін қабылдау. Қазіргі өмір  таңдауды  іздеуді  талап  етеді,  әйтпесе
сандырақтық сезімінде қаласын.
      Урбанизация осы фактор әсерін қысқартты. Бұл сонымен қоса, адам өзінің
тіршілігіне мән бермейді дегенді білдіреді.   Қорқыныштан  екі  деструктивті
тәсілді анықтайды, экзистенциалды уайыммен байланысты.
      1  Жай  ,  қорқыныштан  тәуелсіз  жұмыс  істейтін   Мысалы,  проекция,
мойындаму.
      2 Спецификалық әр төрт экзистенцианалды уайымнан  мәдениет  мақсатымен
байланысты. Негізгі экзистенцианалды уайымдардың спецификалық  механизмдерін
 психологиялық қорғау қарастыратын болсақ :
      Қорқыныштан, өліммен байланысты ол кезде адамдар қорғанады :
      - өз негіздеріне сенім, өзіндік сенімсіздік және қол сұғылмаушылық ;
      - құтқарушыға сезімдері, соңғы кезде көмекке келетін. Ондай құтқарушы:
табмғи емдеуші, балгер, атақты дәрігер болуы мүмкін;
      - бостандықпен  байланысты  қорқыныштар,  адамдар  келесі  белсенділік
формаларымен  қорғанады:  олар  адамдарға  жауапкершілік   сезімдерінен   өз
өмірлеріне, қашуына көмектеседі. ;
      - компульсифтілік (сериялық әрекет)
      - басқа адамдарға жауапкершілік беру, сонымен қоса кеңес берушіге ;
      - өзін дұрыс деп сезіну ;
      - автомды әрекеттен кері бұрылу.
      Оқшаулаушылықпен байланысты қорқыныш, адамдар  басқа  адамдарға  өзіне
сияқты қатынас орнатпауынан қорғанады :
      -  олармен  ойнай  бастайды,  өздерінің  қажеттіліктері  үшін   оларды
      қолданады ;
      - өздерінің  және  басқалардың  көздерінің  алдында  коршаған  отртаны
өздерінің беекітулері үшін қолданылады;
      - өздерін басқа  біреу  ықпалына  береді,  басқа  индивид  және  басқа
топпен қатынас орнатады ;
      - компульсивті жыныстық , басқа біреулермен адам сияқты  емес,  объект
ретінде қатынасады .
       Сандырақтықпен  байланысты  қорқыныш  адамдар  келесі  коммуникативті
әрекет түрлерімен қорғанады – маникалды қажырлықпен  ақшаны  табады,  бедел,
қандай да бір әрекет орындайды - әр компанияларда қатысады уақыт  өткізетін.
Қорқыныштан сандырақтақпен  байланысты  адамдар  нилигизммен  де  қорғанады.
Нилигизм ( лат.  nihili  –  ештене)  скептицизмнің  соңғы  түрі,  онда  адам
қоршаған ортаны ұқпайды, онда мақсатпен бағытпен әрекет орындайды.  Нигилизм
сонымен  қоса,  нақтылықпен,  жоғары  қызығушылықпен   адамның   табиғатының
физиологиялық жақтарына.

     И. Ялом және Р. Мэйдің клиентпен жұмыстың экзистенцианалды қатынас
                          принциптері мен әдістері

      1 Актуалдылық жағдайында клиент үшін экзистенцианалды уайымдар өліммен
байланысты, оны  осы  өлім  туралы  толық  санаға  әкеледі,  өмірдің  жоғары
бағалығына әкелетін. Адамдар  бағалықтарын бағалай білу керек. Олар  өмірдің
қадірін түсіне білу керек, және жақындарымен терең деңгейде қатынасу  керек.
Ол үшін келесі әдістемелік мысалдарды орындау керек :
      1 Психолог – кенес берушінің  өзіндік  ашылуы:  ол  келесі  формаларда
болады :
      -  Клиентке өзіндік экзистенцианалды  сандырақтықпен сыйысу;
      -  Клиентке  өзі  кеңес   беруші  сезіп  отырған  сезімдерін  жеткізу,
клиенттің проблемасы бойынша ;
      - «Шыдау» клиентке өлім тақырыбы жайлы көптеген әңгімелер айтылады .
      2 Психологиялық идентификациялық механизмдері  Клиентке  психологиялық
қорғау механизмдері туралы ақпараттар ұсынылады және оған көмек көрсетеді.
      3 Тіршіліктің мәнгі емес жайлы жұмыстар Клиентті өлім жайлы ақпараттар
ұсынылады.
      4 Өлім жайлы сананың толық қосымшалар қолдану:
      - Клиент өзінің некрологын жазу керек  (өлі  адамға  арналған  статья,
оның өмірі жайлы мінездеме)
      - Клиентке өлім тақырыбына фантазиялау ұсынылады : клиент  қайда  және
қай жерде өлімді кездестіреді, қатымы қалай өтеді;
      - Клиентті  жазылмайтын  ауру  адамдармен  қарым  –  қатынас  орнатуын
ұсынады, оның әрекетін бақылау.
      5 Клиентті қатаң бақылауға өмірдің әсер ететін сапектілеріне
      ІІ. Бостандықпен  байланысты  арнайы  уайымдар  клиент  үшін  актуалды
клиентке өз өміріне жауапкершілікті алу кесесі әдістемелер арқылы :
      1  Психологиялық  қорғаудың  идентификациялық  механизмдері   Клиентке
психологиялық қорғау негізін ұғындырады,  жауапкершілікпен  қарама  –  қарсы
қояды келесі әрекеттер бойынша :
      - Клиент өзінің сәтсіздіктеріне  жалоба  түсірсе,  одан  осы  жағдайды
қалай туғызғаның сұрайды ;
      - Егер клиент басқа адамдарды төмен түсірсе, онда оған  өзінің  сондай
бітістерін көрметеді ;
      - Кеңес беруші клиенттің «мен  істей алмаймын»  дегенің  «мен  істегім
келеді» дегеннің орнына айтуын өндейді.
      2 «Қазір және осында» жауапкершілігінен ауытқуы Клиенттің «қазір  және
осында» деген әрекетіне маңыз  бөледі,  проблеманы  анықтайтын,  олармен  ол
шынайы өмірде кездеседі.
      3 Реалистік шектеулермен кездесу Клиентке ол қандай облыстарға  әсерін
тигізе, тигізе алмайтындығын анықтайды.
      4 Экзистенцианалды кінәға қарсы болу Клиент  өз  ұлтымен  өмір  сүруге
бағдарланады, ол оған қарсы болса.
      5  Клиенттің  аффекттерінің  тосқауылдарының  қабілеттерінін   босауын
қалайды  Ол сұрақтар арқылы жасалынады  : «Сіз нені сезесіз?»  ,  «Сіз  нені
қалайсыз ?»
      6 Шешім қабылдаудың фасилитациясы Клиент шешімдерін қабылдауды  келесі
сөйлемдер  арқылы  бастайды   «Егер......»  Мысалы,  «Егер  мен   жұмысымнан
айрылсам, және  басқаны таба алмасам ?» Кеңес беруші әр сұраққа  көмектеседі
және сезімдерді анализдейді, осы сұрақтарменбайланысты.
      ІІІ. Оқшаулау мен  байланысты  эксизценцианалды  уайымдар  актуалдылық
жағдайында клиент үшін  Оған келесі тәсілдер бойынша  осы  уайымдарға  қарсы
болуға көмектеседі .
      1  Оқшаулаумен  клиент  кездесу  Клиентке  әр   адам   жалғыз   екенің
түсіндіруге тырысады. Ол үшін кейде  оқшаулықта  болу  керек,  өзінің  жабық
ресурстарын  анықтау үшін, жалғыздық қалай екенің түсінеді.
      2  Психологиялық  қорғаудың идентификациялық механизмдері.
      3  Тұлғааралық  патология  идентификациясы.    Клиенттің   басқалармен
қатынасында ауытқушылықтар байқалады. Осыған келесі сұрақтар  талқыланады  :

      - Клиент адамдарға  қарай  қатынасады,  өз  қалауын  қанағаттандыратын
объект ретінде ме ?
      - Қоршаған адамдарды қаншалықты ол жақсы көреді ?
      - Қаншалықты ол басқа адамды тындай алады және қалай өзін  сол  адамға
ашылады?
      - Қалай адамдарды қашықтықта ұстай алады ?
      4 Кеңес беруші – клиент мақсаты патологияны анықтау үшін қолдану.
      5 Кеңес беруші клиентті ашынас уйретеді.
      6 Ашынастықтың жоғары деңгейіндегі қатынасы.
      ІҮ.  Өмірдің  мәнімен  байланысты  экзистенцианалды  уайым   клиенттің
актуалды жағдайында. Келесі жұмыс тәсілдері қолданылады :
      1 Проблеманы қайта анықтау. Адамдар өмірдің мәні жоқ дегенде,  расында
олар оны таба алмайды.
      2 Сандырақтықпен байланысты қорқыныштық психологиялық  қорғау  түрінің
идентификациясы.
      3 Клиентке өмірінің белсенді қатысуына қолдау беріледі. Әр  өрісте  әр
түрлі  кедергілер  табылады,  мән  негізіне  кедергі  келтіретін  және  олар
жойылады.


                               Гештальттерапия

Гештальт-психологиялық  кеңес  берудегі  бағыт.   Ф.Перлз-бағыттың   негізін
қалаушы. Негізгі  түсініктер;  «гештальт»;  «фигура-фон»;  «осы  кезде  және
қазіргі сәтте»; «толық түсіну», байланыс орнату және оған қарсылық  білдіру,
қорғаныс механизмдері,  қуаттың  еркін  жүру  блогы,  көрсеткіштің  болмауы.
Кеңес беру  процесі,  мақсаты,  роль,  кеңес  берушінің  қызметі,  клиенттің
тәжірибесі, клиент  және  кеңес  берушінің  қызметі,  клиенттің  тәжірибесі,
клиент және кеңес берушінің өзара әрекеттесуі, кеңес беруі техникалары  және
жүргізілу барысы;  ролдік  ойындар,  проективті  ойындар,  қарама-қарсылыққа
назар аудару,  түс  көрумен  жұмыс  және  тағы  басқалар.  Бағытты  бағалау;
жетістіктері және шектеулері.

                         Жұмыстың транстік әдістері.
Сананың өзгерген күйі,транс түсінігі. Транс жағдайына  ену  және  одан  шығу
Клиентпен  транс  және  медитациялық  жұмыс   әдістері.   Эриксон   гипнозы.
Клиентпен жұмыстың эзотерикалық элементтері. Аутотренинг.

                   Психологиялық кеңес беруде жүйелі бағыт
 Трансактілі анализ.
Психологиялық  кеңес  берудегі  трансактілі  анализ.Э.Берн-бағыттың  негізін
қалаушы.   Негізгі   түсініктер;   эго   жағдайлар   («Ата-ана»;   «ересек»;
«бала»),трансакция, трансакция түрлері, ерте қабылданған шешім  және  алдын-
ала болжау, сипау, ойындар, өмірлік сценарий,  ерте  қабылданған  шешімдерді
қарастыру және сценарийдің шегінен шығу. Кеңес беру процесі; мақсаты,  кеңес
берушінің ролі және  қызметі,  клиенттің  өзара  әрекеттесуі,  кеңес  беруші
техникалары және жүргізілу  барысы.  Бағыттың  бағалауы,  жетістіктері  және
шектеулері.
                             Трансактілік анализ
                                   Теория
      Трансактілік анализ – Эрик Берн жасаған топтық  және  тұлғалық  өсудің
психотерапевтік әдіс. Берннің теориясы тұлға құрылымын талдауына  негізделіп
жасалған.  ТА  басты   мақсаты   тұлғалық   өзгерістерге   бағытталған.   ТА
теориясының негізінде бірнеше басты ойлар жатыр.
      Эго – қалпы модельі.  ТА негізі эго – қалпы  модельі  болып  табылады.
Эго – қалпы – бұл қазіргі уақыттағы біздің  тұлғамыздың  көріну  тәсілі,  ал
бұл тәсіл қылық-әрекеттің, ойлардың,  сезімдердің  тәсілдерінің  бір-бірімен
байланысып бірігуі. Бұл модель үш әртүрлі эго –  қалпын  сипаттайды.гер  мен
«қазір және осында» деген принцип ұстансам, бүкіл  ересек  адам  потенциялын
қолдансам, онда мен Ересек эго – қалпында болғаным. Кейде  мен  өзімді  ата-
анамды  немесе  ата-анамдай  қабылдайтын  басқа  адамдар  тәрізді  ұстаймын,
ойлаймын. Бұл жағдайда  мен  Ата-ана  эго  –  қалпында  боламын.  Кейде  мен
балалық шақтағы сезімдерге, ойларға, қылық-әрекеттке ораламын. Бұл  жағдайда
мен Бала эго – қалпында боламын.
      Осылай біз тұлғаның үшмүшелі эго – қалпын аламыз.
      Бұл модель тұлғаның қылық-әрекеттің, ойлардың, сезімдердің  арасындағы
нақты байланысты анықтауға көмектеседі.
      Құрылымдық модель әр эго – қалып нені білдіретінін крсетеді. [pic]




Функционалды модель
[pic]







      Мұндағы ҚА – қадағалаушы ата-ана;  ТА  –  тәрбиелеуші  ата-ана;  ББ  –
бейімделген бала; ЕБ – еркін бала; Е – ересек.
      Бейімделген Бала  және Еркін Бала. Ересек адам бола тұра  мен   кейде,
ата-анамның үмітін ақтау үшін бала кезімдегідей әрекеттерді істеймін.  Бұлай
істеген кезде мен бейімделген бала эго – қалпында боламын.
      Кейде балалық шағымда ата-анама айтқанына қайшы әрекеттер істейтінмін.
Бұнда  мен  ата-анамының  үміттеріне  бейімделмейтінмін,   керісінше   қарсы
шығатынмын. Мен өзімді өз қалауым  бойынша  ұстайтынмын.  Бұл  жағдайда  мен
еркін бала эго – қалпында боламын
      Позитивті және негативті Еркін Бала. Кейде балалық әрекеттерім пайдалы
болады, сондықтан оны позитивті, ал керісінше пайдасыз болса, негативті  деп
атаймыз.
       Қадағалаушы  Ата-ана  және  Тәрбиелеуші  Ата-ана.   Мен  бала  болған
кезімде менің ата-анам мені басқарып,  қадағалайтын,  олар  маған  не  істеу
керек, не істемеу керектігін айтып отыратын.  Егер мен осылай әрекет  етсем,
ата-анамды қайталасам, онда мен Қадағалаушы эго – қалпында болғаным.
      Ал керісінше менің ата-анам мені қорғаштап, аялады.. мысалы, мен құлап
қалдым да, тіземді ауыртып алдым. Егер мен осындай  қылық  әркет  көрсетсем,
онда мен Тәрбиелеуші (қамқоршы) эго – қалпында болғаным.
      Біз эго – қалпының функцияларын екі жақты қарастырдық.
      Позитивті  және  негативті  Қадағалаушы  және   Тәрбиелеуші   Ата-ана.
Позитивті қадағалаушы тип адамның қамын,  денсаулығын  ойлауға  бағытталған,
алнегативті қадағалаушы басқа ата-аналық  қалыптардан  бас  тартатын,  басқа
адамдарды мойындамайтын тип. Позитивті тәрбиелеуші  ата-ана  қамқор  болады,
көмек береді, көмек көрсетіп жатқан адамды  силайды.  Негативті  тәрбиелеуші
басым боу позициядан көмек көрсетеді де, басқа адамдарды мойындамайды.
      Ересек. Кез келген әрекет егер «қазір және осында» жағдайына реакциясы
болса, онда ол ересек әрекет ретінде сипатталады.
      Джек Дюсей эго –  қалпын  сипаттайтын  интуитивті  тәсіл  жасады,  оны
эгограмма деп атады. Дюсей константтылық болжауын ұсынды: «Бір эго  –  қалпы
ұлғайған кезде, компенсация үшін  басқалары  кішірейу  керек.  Психологиялық
энергия бөлінісінің өзгеруі   кезінде  жалпы  энергия  мөлшері  бір  қалыпта
болады».
      Функционалды   модель    көріп    тұрған    қылық-әрекет    тәсілдерді
классификациялайды,  ал   құрылымдық   модель   –   есте   қалғандылық   пен
стратегиялар.
      Эрик Берн эго – қалпын танудың төрт  тәсілін  келтіреді:  қылық-әрекет
диагнозы, әлеуеметтік диагноз, тарихи диагноз, феноменалогиялық диагноз.
      Қылық-әрекеттік диагнозда  адамның қылық- әрекетін бақылау арқылы  біз
оның қандай эго  –  қалпында  тұрғаны  туралы  қорытынды  жасаймыз.  Бақылау
кезінде сөздерді, дауыс  ырғағын,  қимылдарды,  дене  тұрысын,  бет  әлпетін
естіп-көре аламыз.
      Әлеуеметтік диагнозда мен өзімнің қандай  эго  –  қалпында  тұрғанымды
басқа адамның қандай эго – қалпында тұрып  менімен  байланыс  жасап  тұрғаны
арқылы біле аламын.
      Тарихи диагнозда біз адамның бала кезнде қандай болғаны  туралы  сұрақ
қоямыз. Біз оның ата-анасы және парентальді тұлғалар жайлы сұраймыз.
      Осы барлық төрт диагноз түрінде қолдану керек.
      Кейде эго – қалыптарды қате қабылдауымыз мүмкін, бала эго – қалпын ата-
ана  эго  –  қалпы,   ата-ана  эго  –  қалпын  ересек  т.с.с.  бұл  жағдайды
контоминдалған («ластанған») дейді.
      Берн бойынша адамдар бірнеше эго – қалыптарын қоса алады.
      Трансаккциялар.    Коммуникация    болғанда    трансакцияда    болады.
Коммуникацияның бастамасын стимул,  ал  жауапты  –  реакция.  Берн  бойынша,
транакция «әлеуеметтік өзара әрекет етудің негізгі единицасы».
      Параллельді (толықтырушы) трансакциялар – трансакционды векторлар бір-
біріне параллель, ал  олар  реакция  көзі  болып  табылатын  эго  –  қалпына
бағытталғанды білдіреді.











                                                       С


                                                Р




















      Мұндағы А – Б, Б – А параллельді трансакция: С – стимул; Р –  реакция.

















                                                   С


                                                   Р
























      Мұндағы ЕБ – ТА, ТА – ЕБ параллельді  трансакция:  С  –  стимул;  Р  –
реакция.
      Коммуникацияның бірінші заңы.  Параллельдітрансакцияда  күту  элементі
бар.кез келген әңгіменің соңы бар.   Бірақта  трансакция  параллельді  болып
қалғанға  шейін  комммуникация  процессінде  стимул  және   реакция   кезегі
бітпейді.
      Қиылысатын  трансакциялар   –   трансакционды   векторлар   бір-біріне
параллель емес және олар  реакция  көзі  болып  табылмайтын  эго  –  қалпына
бағытталған.



















                            С






                        Р
















      Мұндағы Е – Е, А – Б  Қиылысатын трансакциялар: :  С  –  стимул;  Р  –
реакция.
      Коммуникацияның  екінші  ережесі  бойынша   қиылысатын   трансакциялар
кезінде коммуниказияның үзілуі болады, оны  қалпына  келтіру  үшін  біреуіне
немесе екеуіне де өзінің эго – қалпын өзгерту керек.
      Жасырылған трансакцияда бір уақытта екі  мәлімет  беріледі,  біреуі  –
ашық  немесе  әлеуеметтік   деңгейдегі   мәлімет,   екіншісі   психологиялық
деңгейдегі мәлімет. Әлеуеметтік  деңгейдегі  мәлімет  көбінесе  Ересек  және
Ересектің өзара әсер етуі блып табылады.  Психологиялық  деңгейдегі  мәлімет
көбінесе Ата-ана – Бала нмесе Бала – Ата-ананың өзара әсер етуі.




































      Эри Бернр тағы да бір жасырылған трансакцияны сипаттады, оны  бұрыштық
деп  атады.бұл  жағдайда  мен  өзімнің   стимулымды   әлеуеметтік   деңгейде
Ересектен Ересекке бере аламы,  бірақта  менің  жасырылған  мәліметім  менің
Ересектен сіздің балаңызға  жібере  аламын.  Мысалы,  сіз  менің  шақыруымды
қабыл алпсыз деп ойлаймын деп ересекке айтылғакмен балаға бағытталған,  яғни
реакция баладан күтіледі.














                         Сә




                                                                 Сп








      Коммуникацияның үшінші ережесі бойынша жасырылған трансакцияның қылық-
әрекеттік нәтижесі әлеуемметтік емес, психологиялық деңгейде анықталады.
      «Сипалау». Олар әр түрлі болады.
      Позитивті және негативті сипалау. Позитивті сипалау  дегеніміз  –  оны
қабылдап алушының жақсы сезімге бөленген  кездегіні  айтамыз,  ал  негативті
сипалау керісінше ауыр қабылданады.
      Шартты сипалау сіздің не істеп жатқаныңызбен байланысты,  ал  шарттсыз
өзіңізді білдіреді.
      Сипалаудың фильтрі белгілі бір қабылдаушының бұл  ұнамаса  немесе  оны
керек етпесе, онда  ол  бұны  көрмеуге  тырысады  немесе  оның  маңыздылығын
кішірейтеді.
      Уақытты  құрылымдау.  Адамдардың  кездесу   кезінде   өзінің   уақытын
өткізудің  алты  тәсілі  бар.  Эрик  Берн  бұл  алты  тәсілдерге   келесідей
сипаттама   берді:   кету,   рәсімдер,уақытты   өткізу,   іс-әрекет,   ойын,
интимділік.
      Кету. Адам  кеткен кезде оның тәні топпен бірге  қалуы  мүмкін,  бірақ
топтың басқа адамдарымен өзара әрекетке түспейді.
      Рәсімдер – бұл кәдімгі әлеуемметтік өзара әрекет ету формасы, ол алдын
ала ойластырылған сценари арқылы жүреді.
      Уақытты өткізу – таныс  бағытта  жылжиды,  бірақ  ритуалдағыдай  нақты
сценариі болмайды.
      Іс-әрекет. Бұл  жағдайда топ мүшелерінің  арасындағы  қарым  –қатынасы
тек талқылауға емес, сондай-ақ мақсатқа жетуге бағытталған.
      Ойындар. Анда-санда  бәрімізде  ойын  ойнаймыз.  Барлық  ойындар  бала
стратегиясын  ойнауға  бағытталған,  бірақ  бұл  ересекке  тән  емес  қылық.
Сондықтан ойындар негативті тұрғыдан ойналады: негативті  бейімделген  бала,
негативті қадағалаушы ата-ана немесе негативті тәрбиелеуші ата-ана.  Ойындар
ересектік тұрғыдан ойнала алмайды.
      Интимділік. Мұнда әлеуеметтік және психологиялық деңгей бір-біріне сай
болған  кезде  ойындар  мен  интимділіктің  арасындағы   айқын   айырмашылық
көрінеді. Мұндағы «интимділік» терминін арнайы  техникалық  термин  ретіндеи
ұғу керек.
      Өмір  сценариі.  Сценари   туралы   теорияныалғаш   Эрик   Берн,өзінің
әріптестерімен, әсіресе Клод Стайнермен жасалған болатын.
      Сценаридың шығуы.
       1)сценари шешімдері баланың бұл дүниеде аман қалу мақсаты қойылған ең
жақсы сценариі түрінде көрсетіледі.  Бұл  әлем  балаға  қатерлі,  қорқынышты
болып көрінеді.
      2)  сценари  туралы  шешімдер  баланың   эмоциясына,   оның   шындықты
бағалауына сәйкес қабылданады.
      Мазмұнына байланысты сценарилер үшке бөлінеді:
      Жеңімпаз сценариі. Берн мұнда жеңімпаз  деп  қойған  мақсатарына  оңай
жететінді айтады.
      Жеңілгеннің сценариі. Мұнда  өзінің  қойған  мақсаттарына  жетепегенді
айтамыз.
      Жеңімпаз еместің сценариі. Бұл жеңімпаз бен жеңілгеннің орта тұсы.  Ол
кейде жеңеді, кейде жеңіледі.
      Ең бастысы кез келген  сценариді  өзгертуге  болатынын  түсіну  керек.
Ересектік  шақта  біз  балалық   шақта   жасалған   сценари   бойынша   келе
жатқанымызды кейде түсінеміз, кейде түсінбейміз. Көптеген  мәселелер  осыдан
туындайды.
      Белгілі бес драйвер: ең жақсы  бол,  басқаларды  қуант,  тырыс,  мықты
бол,асық.
      Э. Берннің ойының алты басымдылығы.
   1.  Ішкі  психологиялық  басымдылықтар.  Ойындар  арқылы  мен   сценарлық
      пікірімнің тұрақтылығын сақтаймын. Әр кез мен осы ойынды ойнағанда мен
      өзімнің пікірімді нығайтамын: біреудің көңілін өзіме аударту үшін мені
      қабылдамау қажет.
   2.  Сыртқы  психологиялық  басымдылықтар.  Мен   стресстік   жағдайлардан
      қашамын, олар менің дүниетанымыма күмән келтіруі  мүмкін.  «Мені  соқ»
      ойнын ойнасам,  мен  мына  сұраққажауап  беруден  жалтарар  едім:  «Не
      болады, егер мен тура позитивті сипалауды сұрасам?»
   3. Ішкі әлеуеметтік басымдылық. Берннің айтуынша, ойындар «жеке  өмірінде
      немесе  қоғамдағы  псевдоинтимдік  әлеуеметтену  үшін  арнайы   жүйені
      ұсынады».
   4.  Сыртқы  әлеуеметтік  басымдылық.  Ойындар  бізге  біздің  әлеуеметтік
      ортамызда әңгімеге және өсекее тақырып береді.
   5. Биологиялық басымдылық. Бұл ойынның мақсатымен байланысты –  сипалауды
      алу. «Мені ұр» ойынында негативтісипалау басым болғандықтан  және  мен
      балалық  шақта  шешіп  қойғам,  пазитивті  сипалауды  алу  өте   қиын,
      сондықтан мен негативті сипалаудың жолдарын қарастырғаным жөн.
   6.   экзистенционалды   басымдылық.   Бұл   ойынның   функциясы   өмірлік
      позицияларды растауда жатыр.
      Шарт жасасу. Берн бйынша, контракт бұл  екі  жақты  нақты  әрекет  ету
жоспары.
      Контракқа кретіні:
    • қатысушы жақтар;
    • олар бірге не істемекші;
    • бұл қанша уақыт алады;
    • бұл процесстің мақсаты немесе нәтижесі қандай болмақ;
    • олар мақсатқа жеткенін қалай біледі;
    • клиентке қаншалықты пайдалы және ұнамды болады.
          Ашық коммуникация. Эрик Берн клиентте, терапевтте  істеліп  жатқан
жұмыс жайлы толық мәліметке ие болғанын қалады. Терапевт пен  клиент  жеңіл,
түсінікті тілде сөйлесулері керек.
      Автономдылық. Эрик Берн  бойынша  идеал  автономдылықта  деген,  бірақ
оған нақты анықтама бермеді. Бірақ ол  «үш  адамның  қасиетінің  босауы  мен
толықтырылумен сипатталады: санамен ұғу, аяқ асты ой, интимділік».
      Санамен ұғу – бұл жаңа туған нәрестедей сезіп,  естіп,  көріп,  сезіну
қабілеттері.  Мұндай   адам   өзінің   сезімдерін   түсіндірмейді,   ата-ана
тұрғысынан сипаттамайды.
      Аяқ асты ой –  қылық-әрекет,  ойлар,  сезімдердің  алуан  түрлілігінің
ішінен таңдау қабілеті.
      Интимділік -  өзінің  және  басқа  бір  адам  арасындағы  ашық,  айқын
сезімдерінің көріністерімен көрсетіледі.
      Сонымен біз автонмдылыққа келесідей анықтама бере аламыз – бұл  қылық-
әрекет,  ойлар,  сезімдер  «қазір  және  мұнда»  шындығына  реакциясы  болып
табылады.
                            Топтық психотерапия.
Кеңес берудің топтық  формалары.  Топтық  терапияның  даму  тарихы.  «Топтық
динамика»,Курт Левин мектебінде «алаң»  түсініктерінің  қолданылуы.  Топтағы
динамикалықпроцестер.  Топтық  терапия  процесінің  кезеңдері.  Лидер   және
әртүрлі терапевтік топтардағы жұмыс. Тренердің ролдік позициясы.  Әлеуметтік
–психологиялық тренинг. Тренинг топтар; тарихы, дамуы,  негізгі  түсініктері
және жүргізілу барысы.

Кездесу топтары.
   Тарихы және дамуы. Негізгі түсініктері, өзін ашу, өзіндік сана сезімі,
   жауапкершілік, сезімдеріне назар аудару,, осы жерде және қазір. Негізгі
   жүргізілу барысы,байланыс, сенімді қатынас орнату, дау-дамайды зерттеу,
   қарсылық білдіруді зерттеу, қолдау көрсету. Бағалау; жетістіктері және
                                 шектеулері.
Психодрама
Тарихы, дамуы,  негізгі  түсініктер  (ролдік  ойын,  катарис,  инсайт)  және
жүргізілу барысы. Бағытты бағалау. Психодрама дағдыларына үйрету.
§ 1.Әдістемеге сипаттама
       Психодрама-  рөлдік  ойын  негізіндегі  топтық  жұмыс   әдісі   болып
табылады. Бұнда топ мүшелерінің ішкі  жан  дүниесін  зерттеу  әдісі  ретінде
драмалық   импровизация   қолданылады   және    клиентке    деген    маңызды
проблемаларымен  байланысты  сезімдерін  шығару  үшін  жағдайлар   жасалады.
Психодрама ойын принципіне негізделген.
      Драманы коррекциялық  әдіс  ретінде  Якоб  Леви  Морено  (1892-  1947)
соғыстан  кейінгі  жылдары  эксперимент  нәтижесінде  қолдана  бастады.  Бұл
эксреимент «аяқ астылы театр» деген атқа  ие  болды.  Морено  Вена  паркінде
қыдырып жүрген балалардың  ойын  кезіндегі  фантазияларына  көңіл  бөлгенде,
ойын әдістемелерінің терапевтикалық патенциялы жайлы алғаш ойланды.
      Мореноның ойынша, психодрама әсер ету әдісі ретіндегі  ойлары-  өзінің
театрындағы бір актердің қалыңдығы жайлы проблемаларымен  бөліскеннен  кейін
пайда болды. Топпен жұмыс кезінде Морено сол  актерды  жеке  проблемаларымен
қоса сахнаға шығарады. Бұл эксперимент қалыңдығы мен  күйеуіне  де,  сонымен
қатар бүкіл топ мүшелеріне де пайдалы болды.
      Осы сияқты топтық эксперименттерін Морено одан әрі жалғастырды. Морено
өзінің  әдістемелерін  жасауда  адмның  ойнауға  деген  табиғи  қабілеттерін
негізге  алды.  Ситуацияларды  ойнау  кезінде  аяқ-  астылық,  креативтілік,
ситуацияға қатысушылардың арасындағы жалған эмоционалдық байланыс,  катарсис
пайда болады, ал бұл өз  кезегінде  шығармашылық  белсенділік  пен  инсайтты
тудырады.
      Психодрамада адамға өзінің проблемаларына  шоғырланған  кейіпкер  ролі
беріледі. Осылайша, ол  психолог  бағыттаған  импровизацияда  өз  сезімдерін
еркін  білдіре  алады,  ал  басқа  актерлер  оның   шын   өміріндегі   басты
персонаждарды ойнайды.
      Психодраманың  мақсаты-  адекватты  емес  жағдайлар  мен  эмоционалдық
реакцияларды диагностикалау және  коррекциялау,  оларды  болдырмаудың  алдын
алу,  өзін-  өзі  тануды  тереңдету.  Қайғы-  уайымдарды  сөздік  бейнелеуге
негізделген  басқа  әдістемелерге  қарағанда,  психодрама  клиентке  тереңде
жатқан  эмоцияларын  ашық  және  әрекетті  формада   шығаруға   көмектеседі.
Психодрама кезінде түрлі деңгейдегі психологиялық проблемаларды  (күнделікті
тұрмыстықтан бастап, экзистенциялдыға  дейін)  шешудің  эффективті  жолдарын
іздеу жүзеге асырылады. Клиент жүргізушінің  және  топтың  көмегімен  өзінің
өміріндегі  маңызды   жағдайларды   драмалық   әрекетпен   көрсетеді,   оның
проблемасына қатысы бар көрсетілімдерде ойнайды.  Іс-  әрекеттер  проблеманы
анықтау  және  нақтылау  үшін  ықпал  ететіндей   құрылады.   Жаңа   рөлдер,
альтернативті,  аффективті  және  қылық-  әрекеттік  стильдер  анализделеді,
проблеманы  шешудің  конструктивті  моделін  іздеу  және  апробирлеу  жүзеге
асырылады. Психодраманы құрайтын  әрекеттер  мен  дене  қимыл-  қозғалыстары
вербалсыз қылық- әрекеттер сигналы  сияқты,  өзін  және  басқаларды  танудың
маңызды бастамасын қолдану мүмкіндігін арттырады.
      Топтық психодрама  жұмысы  клиенттің  өзі  таңдаған  тақырыбы  бойынша
сюжетті-  рөлдік  ойын   формасында   жүргізіледі.   Психодрамадағы   рөлдер
туындаған проблемаларды терең түсінуге және шешуге ықпал ететіндей  беріледі
және орындалады. Психодрама өзінің сезімдерін вербализациялауда  қиындықтары
бар клиенттерге көмектесуге  бағытталған.  Психодрамалық  ситуацияда  клиент
бір мезгілде өзінің драмасының басты кейіпкері де, оның шығарушысы да,  өзін
және өзінің өмірін зерттеуші де болып табылады.
      Бұл  әдіс  ауытқушы  мінез-  құлқы  бар  балалар  мен  жеткіншектердің
адекватты емес эмоционалды реакцияларын жою үшін және  әлеуметтік  перцепция
дағдыларын  өңдеу  үшін  қолданылады.  Терапевтикалық  драматизацияның   әр-
түрлілігі үшін А. Вольтман биодрама және қуыршақ драматизациясын  қолданады.
Биодраманың ерекшелігі, мұнда балалар  арасында  аңдар  рөлі  бөлінеді.  Бұл
әдістің авторлары балаға, әсіресе мектепке дейінгі  балаларға  өзінің  рөлін
алғаннан гөрі, жануарлардың рөлін алған жеңілге түседі деп санайды.  Қуыршақ
драматизациясы кезінде үлкендер балалардың алдына оның  конфликтерін  немесе
оған деген маңызды ситуацияларды қуыршақ спектаклі арқылы көрсетеді.
      Басқа да формасы болуы мүмкін, яғни топ мүшелерінің біреуі театрленген
формада өзінің өмірі жайында әңгімелеп береді.
      Психодраманы топтық жұмыстардың басқа әдістемелерімен  (мысалы  топтық
дискуссия, психогимнастика) комплексті түрде қолданған тиімдірек болады.
      Топтық  жұмыстың  құрамдас  бөлігі  ретінде   психодрама   эмоционалды
бұзылулармен  коррекциялық  жұмыста,  кейбір   психосоматикалық   ауруларда,
балалармен   және   жеткіншектермен   жұмыста,   сонымен   қатар    жанұялық
психокоррекция жұмысында кең түрде қолданылады.
      Әңгімелеуші таңдалынған жұмыс  формасына  байланысты  қатысушы  немесе
көрермен бола алады. Психодраманы жүргізудің маңызды шарты- топтағы  жағымды
атмосфера,   әрекет-   қылықтың   еркіндігі   және   импровизация.   Маңызды
ситуацияларды  қайтадан  бастан  кешіру  арқылы,  адам  проблеманы,   өзінің
әсерлену  жолдарын,  жағдайға  деген  қатынасын,  құндылықтарды,  нақты  іс-
әрекеттерді жаңаша түсінеді. Ол қарым- қатынас құрудың  жаңа  мүмкіндіктерін
аша бастайды.
      Психодрамада катарсистік эффектіге басты  назар  аударылады.  Ол  ішкі
конфликтердің әсерінен  пайда  болады  және   психодрамалық  әрекет  кезінде
сыртқа шығады.
      Психодраманың  элементтері  басқа  бағыттарда  да   кең   қолданылады:
гештальттерапияда, қылық-  әрекеттік  терапияда,  әлеуметтік-  психологиялық
тренингте, іскерлік ойындарда, т. б.
       Психодраманың негізгі міндеттері:
          1.  Клиенттің  өз  проблемалары  мен   конфликтерін   шығармашылық
             тұрғыдан қайта түсіну.
          2. Клиенттің өзін- өзі түсінудің терең  және  адекваттылығына  қол
             жеткізу.
          3.  Конструктивті  емес  қылық-  әрекеттік   стереотиптерді   және
             эмоционалды әсерлену тәсілдерін жеңу.
          4. Эмоционалды реакция жасаудың жаңа тәсілдері мен жаңа  адекватты
             әрекет- қылықты қалыптастыру.
      Рөлдерді   психодрамалық ойнау клиент әрекет- қылығын, оның қатынасын,
бағдарын,эмоционалды әсерлену  жолдарын  өзгертеді.  Бағдарлардың  өзгеруіне
жағымды  әсер  ететін  факторлар:  клиентке   психодрамаға   қатысуды   және
рөлдерді таңдауға мүмкіндік беру, клиентті орындаушылық әрекетке  итермелеу,
ойынға өзіндік импровизация кіргізуге мүмкіндіктер тудыру.
        Психодрама  клиенттегі  қорғаныс  позициясын  жеңуге  ықпал   етеді,
эмоционалды  қызығушылықты  жоғарылатады,  өзінің  проблемаларын   түсінуге,
катарсис пен инсайтқа жетуге көмектеседі.
       Психодраманың классикалық процедурасы негізгі 5 элементті қамтиды:
     1. Протагонист
     2. Режиссер (фасилитатор)
     3. Көмекші «Мен»
     4. Көрермендер
     5. Сахна
      Протагонист- алғашқы  ойыншы  (гр.  «protos»-  алғашқы,  бірінші  және
«agon»-  күрес,   ойын),    психодрамалық   сахнада   өзінің   проблемаларын
көрсететін басты кейіпкер. Протагонист  өз  өмірінің  образын  тудырады.  Ол
басты  персонаж  болып  табылады  және  топтың   назары   оған   аударылған.
Режиссердің,  аудиторияның  және  арнаулы  қойылым  тәсілдерінің   көмегімен
протагонист өзінің актуалды психологиялық шындығын көрсетеді. Ол  өз  алдына
инсайтқа жетуге және  реалды  өмірін  функциялау  қабілеттілігін  жақсартуға
арналған.
      Режиссер- клиентке өз проблемаларын зерттеуге көмектесетін адам. Ереже
бойынша ол психолог болып табылады.  Оның  қызметі  психодрамалық  әрекетті,
кеңістікті ұйымдастыру, сенімділік атмосферасын тудыру,  қатысушыларды  аяқ-
астылыққа  стимулдау,  рөлдік  ойынға  топты   және   кеңістікті   дайындау,
проблемаларды  ашу,  клиенттің  қайғыларын  шығару,  көмекші   персонаждарды
кіргізу, болып жатқан жағдайды талқылау, анализдеу  және  интерпретациялауды
ұйымдастыру  болып  табылады.  Режиссер  топта   белгілі   бір   атмосфераны
тудырады, рөлдерді бөледі, сонымен қатар  топ  мүшелеріне  өздерінің  ойлары
мен сезімдерін драмалық  әрекет  тіліне  аударуға  мүмкіндік  береді.  Жақсы
режиссерден  икемділік,  психодрамаға  бүкіл  топтың   қатысуына   қызықтыру
қабілеті сияқты қасиеттер талап етіледі.
      Психодрамада режиссер аналитик, терапевтің функцияларын атқарады.
      Қойылымшы рөліндегі режиссер топтағы жұмысты ұйымдастырады.  Қойылымшы
психодрама актерінің психологиялық  күй-  жағдайының  барлық  вербалды  және
вербалсыз көріністеріне өте сезімтал болуы керек. Жақсы  қойылымшының  басты
қасиеттері:   жұмысқа   деген   шығармашылық    көзқарастары,    икемділігі,
психодрамалық  әрекетке  топ  мүшелерінің  барлығының  көңілін  аудара  білу
қабілеті болып табылады.
      Аналитик рөліндегі  режиссер  психодрамаға  қатысушылардың  барлығының
әрекетін   талқылайды,    мінез-    құлқын,    ойларын    және    сезімдерін
интерпретациялайды. Аналитик рөліндегі топ басшысы көрсетілім  кезіндегі  әр
топ мүшесінің әрекет- қылығын интерпретациялайды  және  талқылайды.  Сонымен
қатар  ол  жеке  эпизодтарға  қатысушылардың  жалпы  реакцияларын  белгілеп,
анализдейді.
      Терапевт   рөліндегі   психодрамалық   әрекеттің    басшысы    керекті
психокоррекциялық  бағытқа  бағыттайды.  Терапевт  рөліндегі   психодраманың
режиссері  қатысушыларға   қалаусыз   әрекет-   қылық   формасын   өзгертуге
көмектесуге  тырысады.   Қатысушыларға   спектакльді   өздігімен   жүргізуге
мүмкіндік бере отырып, терапевт өзіне креслода  отыруына  рұқсат  ете  алады
немесе топ мүшелерін әрекетке  итермелей,  жоғарғы  деңгейде  белсенді  бола
алады.
      Көмекші «Мен»- көмекші рөлдерді орындайтын  және  психолог  функциясын
күшейтетін клиенттер болып табылады. Көмекші «мендер» протагонистке  маңызды
адамдарды немесе оның өзіндік «менінің» бөліктерін бейнелей алады.
      Көмекші «меннің» негізгі функциялары: протагонисттің  ойлаған  ойларын
жүзеге  асыруға  қажетті  рөлдерді  ойнау;   басқа   персонаждармен   қарым-
қатынасты   протагонистің   қалай    қабылдайтынын    түсінуге    көмектесу;
протагонисті проблемалар мен  конфликтерді  шешуге  бағыттау;  протагонистке
драмалық әрекеттен реалды өмірге ауысуға көмектесу.
      Көмекші «мендер» психодрамада келесі міндеттерді шешеді:
      - Протагонистке қатысы бар реалды немесе  ойлап  табылған  тұлғаларды
        бейнелеу;
      - Психодраманы жүргізуші  мен  протагонистің  арасында  делдал  болып
        табылады және ол протагонист пен  оның  ойнына  да,  сонымен  қатар
        психодраманың  жүргізушісі  мен  оның   ұсыныстарына   да   зейінін
        тұрақтатуы тиіс;
      - Әлеуметтік- терапевтикалық функцияны атқарады. Протагонистке өзінің
        адамаралық қатынастарын бейнелеуге және  зерттеуге,  сонымен  қатар
        өзінің өмірлік серіктерімен диалог жүргізуге көмектеседі.
      Көмекші «мен»  протагонистің  өмірінде  ерекше  орын  алған  адамдарды
бейнелейді. Психодрамада бұл  персонаждарды  топ  мүшелері  бейнелейді.  Бұл
билігі бар ана рөлі, қатал әке, әділетсіз басшы,  қайырымды  дос  және  т.б.
рөлдері болуы мүмкін. Көмекші «мен» рөліндегі жақсы орындаушы осы рөлге  тез
кіре алуы және нақты орындауы керек. Ол  рөлді  реалды  жағдайдағыдай  емес,
протагонист көрсеткендей немесе интуициясына қарай ойнауы керек.
      Кейбір топтарда арнайы дайындықтан өткен және кез- келген образға оңай
кіре алатын кәсіби көмекші «мендер» алынады.
      Сонымен,   көмекші   «мендер»-   жоқ    адамдарды    клиенттің    ішкі
дүниесіндегідей етіп бейнелейтін топ мүшесі болып табылады.  Әдетте  клиент-
протагонист көмекші «менді» өзі таңдайды. Олар  не  басқа  клиенттер  немесе
режиссер, немесе көрермендер болуы мүмкін.
      Көрермендер ретінде психодрамалық әрекетке тікелей қатысы  жоқ,  бірақ
соңынан ситуацияны  талқылайтын  топ  мүшелері  болып  табылады.  Жаттығудың
қорытынды   этапында   олар   болған    жағдайға    эмоционалды    қатынасын
демонстрациялайды, психодрамаға айналған,  оларды  алаңдататын  проблемалары
мен конфликтерін әңгімелейді.
      Көрермендердің міндеті  бір  жағынан  протагонистке  көмектесу  болса,
екінші  жағынан-  өз-  өздеріне  көмектесу,  яғни  сахнада  болған   нәрсеге
уайымдау кезінде өзіне қатысты конфликтері мен мотивтерде инсайтқа жетеді.
      Сахна- бұл іс- әрекет жүзеге асатын  кеңістіктегі  орын.  Психодраманы
көбінесе арнайы ұйымдастырылған театрларда  немесе  ойынға  ыңғайландырылған
кабинеттерде жүргізеді.
      Психодрамалық сахнаның классикалық формасы Нью- Йорк штаты,  Бекондағы
Моренолық  терапевтік  театрдағы  сахна  болып  табылады.  Оның  үш   ярусты
конструкциясы бар және жартылай шеңберлі балконы бар.
      Бірінші яруста  протагонист  пен  психодрама  жүргізушісі  топтан  тыс
жағдайда  болады,  психодраманың  кеңістігіне  түседі.  Екінші  яруста  олар
бірінің артыда бірі отырады және бұнда кіріспе әңгіме жүзеге  асады.  Үшінші
яруста сахнада ойналған жағдай эмоционалды уайымдалуы мүмкін.  Психодрамалық
әрекеттің өзі үшінші яруста, диаметрі 4 метр  болатын  дөңгелек  платформада
өтеді.
      Балкон түрлі кеңістіктік  тәжірибелерді,  мысалы,  ұшу  немесе  құлау,
көтерілу немесе түсу және т.б. нақтылау үшін қолданылады.
      Егер бұндай сахна болмаған  жағдайда,  оның  орнына  кез-  келген  топ
шеңберіндегі  кеңістік  қолданылуы  мүмкін.  Ол  кең   болуы   керек,   яғни
протагонист және антагонистке психодрамалық әрекетке  ыңғайлы  болуы  керек.
Ал бөлменің өзі дұрыс пропорцияға ие болуы керек.
      Өте тар бөлмелер қатысушылардың қозғалыс еріктерін шектейді, өте  кең-
топтық сезімге кері әсер етеді.
      § 2. Психодраманың формалары мен түрлері
      Психодраманың келесі формаларын бөліп қарастырамыз:
     1. Проттагонистте орталықтандырылған психодрама;
     2. Тақырыпта орталықтандырылған психодрама;
     3. Топқа бағытталған психодрама;
     4. Топта орталықтандырылған психодрама.
      Протагонистте орталықтандырылған психодрамада басты орындаушыға  зейін
қойылады. Ол жүргізуші мен серіктерінің көмегімен өз өмірінің реалды  немесе
ойлап табылған жағдайларды бейнелейді.  Психодрамалық  жағдайларды  ойнаудың
нәтижесінде санада  жасырылған  көптеген  жағдайлар  уайымдау  және  түйсіну
деңгейіне жетеді.
      Тақырыпта орталықтандырылған психодрама
      Егер  топ  жұмысында  белсенді  топтық  конфликт  немесе   мотивтелген
протагонист жоқ болса (жаңа топтарда болатындай), онда барлық топ  мүшелерін
ойландыратын тақырып табылады. Мысалы, топ  мүшелерінің  біреуі  таныс  емес
адамдардың ортасында қапаланатыны туралы әңгіме бастайды. Басқа  біреуі  оны
түсінетіндігін  білдіреді  де,  өзіндегі  кез-  келген  себептен  туындайтын
бұндай сезім жайлы айтады. Үшінші біреуі  бұндай  жағдайда  қорқыныш  сезімі
туатынын айтады.
      Осылайша, топ әңгімесінің ортақ тақырыбы қорқыныш болып табылады.  Топ
мүшелері жағдайды  қысқаша  бейнелейді.  Қысқаша  эпизодтар  импровизациялық
негізде ойналады.
      Топқа бағытталған психодрма
           Топқа    бағытталған     психодрма     көбінесе     протагонистке
орталықтандырылған психодрама түрінде жүзеге  асырылады.  Топқа  бағытталған
психодраманың  ерекшелігі,  барлық  топты  толғандыратын  проблемамен  жұмыс
болып  табылады.  Бұндай  проблемалар   жұбайылық   топтарда-   сенімсіздік,
алкоголиктер тобында- үйге бар немесе рестораннан  кеш  келуі,  жеткіншектер
тобында – түзету колонияларындағы уақытын өтеуі, ата- аналар тобыннда-  өсіп
келе жатқан балаларымен проблемалары болуы мүмкін.
      Топ  мүшелерінің  барлығы  дерлік  идентификацияға  мүмкіндік   алады.
Протагонистке  орталықтандырылған   психодрамадағыдай,   топқа   бағытталған
психодрама да қандай да бір күй- жағдайдың  этиологиясын  ашуға  мақсатталуы
мүмкін. Бірақ  ең  алдымен  ол  топ  мүшелерінің  барлығының  проблематиканы
жаңаша, тереңірек түсінуіне бағытталған.
      Топта орталықтандырылған психодрама
       Топта орталықтандырылған психодрама- топ қатысушыларының бір- бірімен
эмоционалды   қатынастарымен   және   «осында   және    қазір»    туындайтын
проблемаларымен  айналысады.  Психодраманың  бұл  формасы   рөлдік   дефицит
синдромында,  делинквентті  қылық-  әрекетте,   түрлі   фобияларда,   рөлдік
конфликтер кезінде, креативтілікті жоғарылатуда қолданылады.
      Психодрамадағы топ көлемі 6- 9 адамнан тұрады. Егер топ 6  адамнан  аз
болса, онда көрермендер өте аз болады. Егер топ  өте  ауқымды  болса-  тіпті
тәжірибелі режиссер болса да протагонистің сұраныстарымен  басқара  алмайды,
жеке  топ  мүшелерінің  реакцияларын  ескере  алмайды,  топтың   динамикасын
қадағалай алмайды. Мақсатқа бағытталған психодрамада топтың  құрамы  маңызды
рөл атқарады.
      Топтағы  психодрама  гетерогенді  топ  құрамын  талап  етеді.   Топтың
қатысушылары (жынысы, тұлғалық структурасы, қабілеттілігі, тәжірибелері  әр-
түрлі)  гомогенді  топтарға   қарағанда   күтпеген   жағдайларды   толығырақ
бейнелеуге қабілетті.
      Топқа арналған психодрама көбінесе құрамы жағынан  гомогенді  топтарда
жүргізіледі (мысалы, жұбайлар тобы, ата- аналар, жеткіншектер,  алкоголиктер
және т.б.).
      Драмалық топ немесе жабық, не ашық болуы мүмкін. Жабық топтарда  күшті
топтық біртұтастық тезірек  пайда  болады.  Ашық  топ  табиғи  психодрамалық
қойылым ретінде қарастырылады. Оның мақсаты- шын өмірде топ  қатысушыларының
өз беттілік, тәуелсіздікке тезірек ие болу.
      Психодрама  ұзақтығы.  Әдетте  кездесу  ретінде   сеанс   50   минутқа
созыллады. Шындығында кездесулер қысқа немесе  ұзағырақ  болуы  мүмкін  және
сеанстың  созылуы  клиент   проблемасының   қиындығына,   оның   реакциясына
байланысты. Сеанстың мөлшер шектері- 15- 20 минуттан 4 сағатқа дейін.
      Психодраманың  негізгі  компоненттері:  рөлдік  ойын,  аяқ-   астылық,
«теле», катарсис, инсайт.
      Рөлдік ойын- импровизирленген көрсетілімдерге қатысу.  Психодрама  топ
қатысушыларының рөлді ойнау кезінде өзінің  тұлғалық  проблемаларымен  жұмыс
істеуіне жағдай жасайды. Д. Морено былй деген: психодрамада рөлді  орындаушы
мен актердің арасында үлкен айырмашылық бар: актер, автор жазған  сценарийді
орындайды,  ол  тапсырыс  бойынша  өзгеру   қабілетіне   ие   болуы   керек.
Психодрамада «жалған фасад» тудыра алуы кедергі болуы мүмкін.
      Аяқ- астылық- сыртқы әсерлерге реттелмейтін әрекет- қылық  пен  сезім,
сондықтан психодрамада алдын- ала жазылған сценарийлер мен рөлдер  болмайды.
Д. Морено психодрамадағы аяқ-  асты  әрекет-  қылықты  әлеуметтік  рөлдердің
өспелі ригидтілігіне қарсы дәрі деп қарастырған. Д. Морено түсінігінде  аяқ-
астылық- шығармашылықты босатуға  арналған  кілт:  «Шығармашылықты  ұйқыдағы
ару сияқты ояту керек. Бұған ең қолайлы құрал- аяқ- астылық»- деп жазды.
      Аяқ- астылық екі маңызды параметрді шамалайды: жауаптың адекваттылығы,
жаңашылдық.
      Психодрамалық әрекеттің өткені мен болашағы  болмайды-  тек  қана  осы
шағы бар, барлық болған жағдайлар реалды әрекетте ғана уайымдалады.
      Егер  «тасымал»   ұғымы   З.   Фрейд   бойынша   эмоцияны   пайиенттен
психотерапевтке тапсырудың бір жақты процесін білдірсе,  ал  «контртасымал»-
психотерапевтен  пациентке,  онда  «теле»  Д.  Морено  бойынша  клиент   пен
режиссер  және  топ  мүшелерінің  арасында  эмоция  тапсырудың   екі   жақты
процессі.  «Теле»  психодрамалық  жағдайда   туындайтын   жағымды   (жағымды
«теле»)да және жағымсыз (жағымсыз «теле») эмоцияларды қамти алады.
      «Телені» қолданудың нәтижесі басқа адамдарды шын мәнінде қалай  екенін
көрмеу, ал бізге қатынасын қалай білдіретінін мойындау болып табылады.
      Психодрама топта лабораториялық жағдай тудырады,  яғни  қатысушылардың
біреуі басқаларды қабылдауы анализделеді.
      «Теле» ұғымы социодрамада тиімдірек- психодраманың ерекше  түрі,  оған
топтық ортақ тақырып тән.
      Социодраманың қатысушылары әрбіреуінің жеке  проблемаларын  зерттеудің
орнына, барлық қатысушыларға әсер ететін фактормен айналысады. Топ  мүшелері
рөлдік ойындарды өздерінің  әлеуметтік-  мәдени  қажеттіліктерге  қатынасын,
яғни ата- ана мен балалар  арасындағы  қатынас,  тұрғындар  мен  чиновниктер
арасындағы конфликтер, расизм және т.б. зерттеу үшін қолданады.
      Катарсис- сезімдік әсерлену мен ішкі тазару деген  мағына  береді.  Д.
Морено  бұл  ұғымды   біршама   кеңейтті,   яғни   катарсис   әрекетін   тек
көрермендерге  ғана  емес,  актерларға  дейін  өрістетті.  Ол  былай   деді,
психодраманың  емдік  эффектісі  көрермендерге  қатысты  ғана  емес  (екінші
катарсис), актерге қатысы да бар.
      Инсайт- проблеманың шешілуі мен жаңаша түсінуіне әкелетін  таным  түрі
болып  табылады.  Инсайт-  психодрама  қатысушысының  перцептивті   алаңының
құрылымының өзгеруі. Инсайт тек қана катарсис кезінде  ғана  емес,  ойналған
психодраманы талқылау кезінде де  пайда  болады,  себебі  онымен  байланысты
уайымдар басылады.
      Психодраманың  мақсаты  катарсис  пен  инсайттың  максималды   шығуына
мүмкіндік болатын топтық климатты тудыру болып табылады.
      Психодраманың негізгі фазалары:
     1. Қызу және жаттығу
     2. Өзіндік драмалық әрекет
     3. Талқылау
      1 фаза кезінде протагонистің қорытындысы, дискуссия үшін материал алу,
проблеманы қайта талқылау, протагонист және басқа  қатысушылардың  дайындығы
психодрамалық әрекетке кеңістік ұйымдастыру жүзеге асады.
      1-ші фаза 3 стадиядан тұрады:
      1. Қатысушылардың қозғалыс белсенділігін біртіндеп азат ету.
      2. Аяқ- астылы қылық- әрекеттік реакция стимуляциясы.
      3. Нақтылы проблемаларда топ мүшелерінің фокусировкасы.
      Бағытталған және бағытталмаған қызу түрлерін бөлеміз.
      Бағытталған  қызу протагонист рөлдік ойындарға  дайын  болмай  сеансқа
кіріскен жағдайда қолданылады. Вербалды және вербалсыз тәсілдері бар.
      Бағытталмаған  қызу  фокусирленген  және  спецификалық  болуы  мүмкін.
Бұндай жағдайда протагонист белгілі тақырыппен жұмысқа дайын  болып  сеансқа
кіріседі.
      Жаттығулар кезінде психодрамадағы белгілі рөлдерді ары қарай орындауды
жеңілдету  үшін,  топ  мүшелері  қарапайым  жаттығулар  тізбегін  орындайды.
Жаттығу кезінде қатысушылар  психологиялық  және  физикалық  босайды,  артық
уайымдаулары  мен  қысымдылықты  шығарады,  рөлдік  ойындарға   ыңғайланады.
Жаттығу сөз  түрінде  және  дене  жаттығулары  түрінде  болуы  мүмкін.  Оның
міндеттері: қатысушыларды  аяқ-  астылыққа  стимулдау,  қорқынышты  әлсірту,
қажетті эмоционалды атмосфера орнату.
      Бұл  міндеттерді  шешу  үшін  түрлі   көмекші   әдістер   қолданылады:
дискуссиялар, тірі скульптуралар, импровизация, ертегілерді ойнау және т.б.
      Жаттығулар вербалды және вербалсыз болуы мүмкін.
      Вербалсыз   жаттығулар   қатысушыларға   өздерінің    сезімдері    мен
проблемалары  жайлы  ашық  әңгімеге  қарсылықтарын   жеңуге   жанама   түрде
көмектеседі.  Дене  әрекеттері   қатысушылардың   активизациясы   мақсатында
қолданылады.
      Психодраманың 2-  ші  фазасы  реалды  проблемалық  өмірлік  жағдайдағы
рөлдерде ойналатын психодрамалық әрекетті білдіреді.
      Көбінесе проблеманың авторы өзін- өзі ойнайды. Психодрамалық  әрекетте
клиент  катарсисқа  жетуі  мүмкін  және  өзінің  шынайы  сезімдерін  түсінуі
мүмкін.  Бұл  процесстерді  жеңілдету  үшін  әдістер  тізбегі   қолданылады:
«айна», «егіздер», «монолог», «диалог», «болашақты құру» және т.б.
      3- ші фаза- талқылау немесе интерпретация- қорытынды  болып  табылады.
Әрекет біткен кезде протагонист және қалған топ мүшелері анализге  кіріседі.
Әдетте ол  психодрамалық  әрекетке  тікелей  қатысы  жоқ  клиент  сөздерінен
басталады: рөлдік  жағдайларды  ойнау  кезінде  туындаған  өзінің  әсерлері,
уайымдары, ассоциациялары, ойлары. Содан кейін  протагонистке  сөз  беріледі
және талқылауды психолог аяқтайды.  Эмоционалды  реакцияларды  талқылағаннан
кейін топ мүшелері психодрамалық әрекетті нақтырақ талқылауға көшеді.
      Талқылау  фазасы  екі   бөліктен   тұрады:   рөлдік   кері   байланыс,
идентификациялық кері байланыс.
      Рөлдік кері  байланыста  серіктер  оларға  бөлінген  рөлдерді  орындау
кезінде пайда болған сезімдерді кезекпен протагонистке суреттейді.
      Идентификациялық   кері   байланыста   көрермендер   мен    психодрама
жүргізушісі қатысады. Идентификация топ қатысушылары жайлы  маңызды  ақпарат
болып табылады.
      Бұл сатыда келесі міндеттер шешіледі:
      - де- ролинг- протагонистің әрекет  кезінде  ойнаған  рөлінен  шығуы.
        Қысқа дискуссия формасында жүргізіледі;
      - эмоционалды  стабильдік-  рөлден  шығу  процесінің  бөлігі  ретінде
        әрекеттің соңындағы эмоционалды стабильдікті қалпына келтіру  болып
        қарастырылады;
      - комфортты жағдай-  бұл  сезімге  кімде-  кім  сенің  қиындықтарыңды
        бөлісуге тырысу деген түсінікті білдіреді;
      - өзін түсіну қабілеті- клиентте өзін түсіну, өзінің әрекет- қылығын,
        қоршаған ортаға өзінің ықпалын түсіну қабілетін жоғарылату.  Әдетте
        бұл интерпретация кезінде жүреді.
       Талқылау  стадиясының  негізгі  ережесі  әрекеттің   жоқтығы   болып
табылады. Сөздік әдістер, яғни сезімдерімен  алмасу,  талқылау  және  анализ
қоланылады.
            § 3. Психодраманың әдістемелері
      Психодраманы жүргізу кезінде келесі әдістемелер қолданылады:
     1. Өз- өзін көрсету (самопрезентаця)
     2. Монолог
     3. Дублирлеу
     4. Рөлдермен ауысу
     5. «Бос» орындық және «биік» орындық
     6. «Айна»
     7. Мүмкін болатын болашақ өмірлік ситуацияларды ойнау
     8. «Артыңда»
     9. Идеалды басқа адам
    10. Сиқырлы магазин
      1. Өз- өзін көрсету (самопрезентация). Бұл ең қарапайым  техникалардың
бірі. Ол қысқа рөлдік әрекеттер  сериясынан  тұрады.  Протагонист  өз-  өзін
немесе өзіне маңызды адамды бейнелейді. Бұл әрекеттерде  протагонист  жалғыз
қатысушы болып табылады және көрсетілім субъективті болып шығады.
      2. Монолог. Бұл техника өзінің әрекеттерін сахна  ортасында  түсіндіру
сияқты  көрінеді.  Монолог  проблема   авторының   репликалары.   Бұнда   ол
проблеманың мәнін ашады,  өзінің  ойлары  мен  сезімдерін  айтып  жеткізеді.
Актердің көрсететін персонажы басқа  адамдарға  емес,  өзіне  арналады.  Бұл
тиімді әдіс протагонистке өз эмоцияларына сырттан қарауға  мүмкіндік  береді
және жағдайға өзінің реакциясын анализдейді.
      3. Дублирлеу. Психодрамада дублирлеу проблема авторының  рөлін  алатын
екінші біреудің көмегімен жүзеге асырады. Ол  адам  автордың  «ішкі  дауысы»
рөлінде болуы мүмкін.
      Двойник  немесе  екінші  «мен»-  протагонисті  кез-   келген   уақытта
алмастыра  алатын  қатысушы.  Егер  протагонист  өз  әрекеттерін  жалғастыра
алмаса,  двойник  оған  көмектеседі.  Кейбір   топтарда   топ   қатысушылары
әрекетіне біресе протагонист, біресе двойник болып  кіріседі.  Двойник  тура
сондай күйді қабылдайды, тура солай әрекет етеді, осылайша ол  протагонистке
өз  рөлін  ойнауға  көмектеседі.  Ол  нейтралды,  ирониялы,  құмаршыл   және
оппозиционер бола алады.
      Нейтралды двойник-  протагонистің  сезімдерін  қолдайды  немесе  біраз
күшейтеді.
      Ирониялы  двойник-  протагонистің  рөлін  ирониялы,  юмористік   түрде
орындайды және проблеманы тереңірек зерттеуге итермелейді.
      Құмаршыл двойник- протагонистің сезімдерін күшейтеді, оларды ашығырақ,
нақтырақ қылады.
      Двойник- оппозиционер- протагонист позициясына қарсы позицияны ұстауға
тырысады. Ол  оның  зейінін  альтернативті  қылық-  әрекет  түріне  аударуға
тырысады.
      4.Рөлдермен ауысу. Рөлдермен ауысу  кезінде  протагонист  психодрамада
қандай да бір фигура рөлін  ойнайды,  ал  көмекші  «мен»  протагонист  рөлін
алады. Рөлдермен ауысудың  мақсаты-  көмекші  «мен»  ретінде  ойнайтын  адам
протагонистің орындауына қарап өзінің рөлін анық ұғыну болып табылады.
      Бұл әдістеме, бір жағынан протагонистің  қиындықтарын  түсіну,  өзінің
ойларын нақты білдіруге көмектесу болса,  екінші  жағынан-  көмекші  «менге»
жағдайды өзіндік  түсіну  мен  оған  өзінің  қатынасын  білдіруге  мүмкіндік
береді. Мысалы, жұбайылар арасындағы ұрсысты ойнағанда, протагонист  рөлінде
әйел, ал көмекші «мен» күйеуі болғанда, оларды рөлдерімен  ауысуды  сұрайды.
Бұндай жағдайда психодрамалық әрекет мүлде басқа  бағыт  алады:  конфликтіні
шешуге көмектесу немесе қандай да бір жағдайда  әрекет-  қылықтың  адекватты
формасын табу.
      Рөлдермен ауысу кіші және орта жастағы балалармен  жұмыста  эффективті
қолданылады. Балалар ата- ана мен үлкендер рөлін қызыға  таңдайды,  осылайша
жаңа әлеуметтік тәжірибені меңгереді.
      Үлкендерде рөлдермен ауысу- инсайтқа жетудегі эффективті және тез әдіс
болып табылады.
      5.«Бос»  орындық  және  «биік»  орындық.  «Бос»   орындық   техникасын
қолданғанда, клиент сахнадағы  бос  орындықта  отырған  өзінің  антагонистін
елестете отырып, өз проблемаларына әсер етеді. Клиент  бұл  фантоммен  өзара
әрекеттеседі, тіпті рөлдерімен ауысады. Басқа сөзбен  айтқанда,  клиент  жоқ
индивид позициясынан фантомды индивидпен әрекеттеседі.
      «Биік» орындық  техникасын  қолданғанда  қарапайым  орындықтың  астына
бірдеңе қояды, яғни басқалардан биігірек болуы керек  (ол  басқалардан  биік
болуы үшін орындыққа шығуы мүмкін).  Бұл  клиент-  протагонистке  күш  беруі
үшін жасалады.
      «Биік» орындық тәжірибесі клиентке қауіпті шындықпен  тиімді  күресуге
көмектеседі.
      6.«Айна». «Айна» жаттығуы мазмұны бойынша «Рөлдермен ауысу» жаттығуына
жақын келеді. Айна протагонистке оны  басқалары  қалай  қабылдайтынын  ұғуға
мүмкіндік береді. Режиссер дәл осы әдісті қолдануға кез  жеткенін  сезгенде,
ол клиентке шетке тұрып, оны қосымша «мені» қалай бейнелейтінін  бақылағанды
ұсынады. «Айна» өздерінің іс- әрекетіне  сырттан  қарауға  мүмкіндік  береді
және өзінің әрекеттеріне жаңа көзқарасты қалыптастырады.
      Бұл әдіс топта қолданылады. Мұнда өзін  жағдайға  байланысты  ұстауына
басты  назар  аударылады.  «Айна»  клиент  пен  өзінің   қосымша   «менінің»
арасындағы визуальді және вербалды байланысты тудырады.
      «Айна» техникасы «Рөлдермен  ауысу»  сияқты,  клиентке  оны  басқалары
қалай  көреді  және  оған  қалай  әсерленетінін  түсінуге   көмектесу   үшін
қолданылады.  Режиссер  бұл   техниканы   қолдану   дұрыс   деп   санағанда,
протагонист шетке тұрады немес басқа да  көрермендермен  бірге  отырады.  Ол
қосымша «мен» актері оның  рөлін  ойнағанын  бақылайды,  яғни  протагонистің
өзін  бейнелейді  және  протагонист  жағдайының   немес   әрекет-   қылықтың
психодрамалық көрінісіндегі басқа  көмекші  «мендермен»  әрекеттеседі.  Олар
клиенттің қылық- әрекетін өздері қалай көреді, солай  бейнелейді.  Осылайша,
клиент өзінің бір бөлшегін басқалардың көзқарасымен  көре  алады.  Бұл  әдіс
регрессивті және аутентифті клиенттермен жұмыста эффективті болып табылады.
      7.Мүмкін болатын болашақ өмірлік жағдайларды ойнау. Қатысушылар,  егер
драматизделген проблемалық жағдай  басқалай  болғанда  немесе  басқа  жолмен
шешілген  болса  не  істейтіндерін  елестетулері   керек.   Мүмкін   болатын
жағдайлар ойналады. Бұл әдіс протагонисті болашақта мүмкін болатын  жағдайға
дайындау.
      8. «Артыңда». «Артыңда» техникасының мәні мынада, яғни клиент  сахнада
орындыққа көрермендерге артпен отырады, ал режиссер  көрермендерді  клиентті
талқылауға шақырады.
      9.Идеалды  басқа  адам.  «Идеалды  басқа  адам»   техникасын   қолдану
клиенттің   психодрамалық   әрекеттің   соңында   қысымдылықты   төмендетуге
көмектеседі, сонымен қатар өзіне деген қатынасты сезінуге мүмкіндік  береді.
Психодрамада бейнеленетін «басқа адам» жұбайылардың, ата- ананың,  достардың
біреуі болуы мүмкін. «Идеалды басқа адам»- көмекші «менді» бейнелеуші  болып
табылады.
      10.Сиқырлы магазин. Психодрамада кең түрде қолданылатын  жаттығулардың
бірі «сиқырлы магазин» ойыны болып табылады. Бұл техника  клиентке  өмірдегі
өзінің  шынайы  мақсаттары  мен  армандарын  түсінуіне  көмектеседі:  клиент
«сиқырлы магазин»  сатушысымен  әрекеттеседі,  оны  көбінесе  көмекші  «мен»
немесе режиссер бейнелейді. Режиссер қатысушылардан сахнада дүкен  ашылғанын
және онда керемет  заттар:  махаббат,  ерлік,  ақыл,  дарындылық  және  т.б.
сатылатынын елестетуді сұрайды. Магазин сатушысы клиентке  қалаған  нәрсенің
барлығын  ұсынады:  байлық,  бақыт,  генийдің  интеллектісі.  Мысалы,  біреу
«сыйласымды» сұрайды. Дүкен қожасының рөліндегі режиссер нақтылайды:  «қанша
сыйласымдық керек», «кімнен», «немінеге байланысты» және т.б.
      Магазин сатушысы клиенттен төлем сұрайды, пациентке қымбат бір  нәрсе.
Мысалы: денсаулық,  махаббат,  тәуелсіздік,  абырой.  Бұл  клиентті  дилемма
алдына  қояды  және  әдетте  тез  арада  өзінің   ішкі   дүниесіне   үңілуге
итермелейді.
      Психодраманың қасиеті болып белсенді жұмысқа  барлық  топ  мүшелерінің
қатысуы табылады. Әсіресе көмекші «мен»  рөліне  таңдалғандар.  Психодрамаға
топтық  нормалар  ,  ортақ  топтық  тақырыптар  сияқты  топтық   динамиканың
аспектілері маңызды.
Тәжірибелі  режиссер  түрлі  таңдаулы   әдістемелерді   қолданады,   олардың
көмегімен психодрамалық әрекеттің дамуын басқарады,  катарсис  пен  инсайтты
тереңдетіп, күшейтеді.
                                 Арттерапия
      Арттерапия біздің  ғасырымыздың 30-шег жылдарында пайда болды.
Арттерапия (өнер терапиясы) терменнін   ең  алғаш  рет  Адреан  Хилл  (1938)
өзінің санаторидегі туберкулезбен ауыратын адамдар жөнінде жазған  еңбегінде
қолданған адамдар жөнінде жазған еңбегінде қолданған.Бұл термин  ауруханалар
мен психикалық денсаулық сақтау орындарындағы өнермен  қатысты  іс-шараларда
кеңінен қолданыс тапты. Психотерапияның бұл түрі өнерге  негізделген,  соның
ішінде бейнелік және шығармашылық өнерге.
       Арттерапия  алғаш  3.  Фрейд  пен  К.Т.  Юннтың  теориялық  идеясының
контексінде туындап, кейін гуманистік  даму  моделінде  К.  Роджерс  пен  А.
Маслаудың концепцияларында кезінен қолданады.
      Артерапияның негізгі  көздеген мақсаты  тұлғаның  өзін-өзі  тануы  мен
өзін-өзі айқылдауын, тұлғалық үйлесімділігінің  дамуын  қамтамасыз  ету.  К.
Юнгтың  айтуы   бойынша   өнер,   әсіресе   ақыздар   мен   мифтер   адамның
индивидуалдануына,  өзін-өзі  дамытуына,  өзінің  саналы  және   астарсаналы
«Менің» теңестіруде өте маңызды.
       Арттерапиялық  әсер  етудің   маңызды   техникасына   белсенді   қиял
техникасы  жатады. Ол  адамның  санасы  мен  астарсанасын  саныстырып,  оның
қайсысының  белсенді екендігін анықтау.
      Гуманистік бағытты ұстанушылардың айтуынша арттерапияның  коррекциялық
мүмкіндіктері   климетке  өзін-өзі   жариялауына,   өзін-өзі   ашуына   яғни
шығарымашылығының  өнімі  арқылы  өз  «менін»  дәлелдеуіне,  тануына  жағдай
жасаумен ерекшеленеді. Клиент жасап шығарған өнім немесе туынды оның  өнерге
деген қатынасын, көрсетеді. Шығармашылықтық  нәтижесі  айналадағы  адамдарға
ұнаған   жағдайда   клиенттің   өзін-өзі   бағалауы,   өзін-өзі    қабылдауы
жоғарылайды.
      Алғашқыда арттерапия  психоаналитикалық  көзқарасқа  бағыттайды.  Яғни
клиенттің шығармашылық процесті көрсетеді делінді. Арттерапияның ауқымы  өте
кең  1960   жылы  Америкада  америкалық  арттерапиялық  ассоциация  құрылды.
Осындай ассоцияциялар Англия, Жапония,  Голландия  сынды  елдерде  де  пайда
болды. Психиятриялық және жалпынай емханаларда, клиникаларда,  орталықтарда,
мектептерде, абақтыларда, университеттерде жүздеген  білікті  арттерапевттер
қызмет етеді.
      Арттерапия негізгі және қосалқы әдістеме ретінде де қолданылады.  Оның
психологиялық – коррекциялық екі негізгі механизмі бар.
      Бірінші механизм –  бұл  эстетикалық  реакция  табиғатымен  байланысты
яғни «жағымсыз аффект жағдайынан сезіміне ауысу» (Л.С. Выготский, 1987)


Арттерапияның мақсаты.
   1. Агрессивті  және түрлі жағымсыз сезімдерді шығаруға орынды түрде  ерік
      беру (сүреттермен, мүсіндермен азайтудың қаупсіз жасы)
   2.  Емделу  үрдісін  жеңілдетеді.  Ішкі  конфликттер  мен   уайымдауларды
      вербалды түрде жеткізуге қарағанда бет  келбет  арқылы  жеткізу  жеңіл
      болып келеді.
   3. Интерпретация мен диагностикалық қорытынды үшін  қажет  материал  алу.
      Сурет өнерінің шығармалары шексіз көп, клиент  олардың  бар  екендігін
      жоққа шығара алмайды. Суреттің құрылымы мен стилі клиент  жөнінде  мол
      мәлімет алуға көмектеседі.
   4. Клиенттің ойы мен сезімін қайта қарау. Кейде вербалдық  емес  құрамдар
      адамның  күшті  уайымдаулары  мен   таңдануларын   көрсетудің   немесе
      жеткізудің жеңіл жолы болып табылады.
   5. Психолог пен клиенттің қарым-қатынасын  реттеу.  Істі  атқаруға  бірге
      араласу  екеуара  эмпатиялық  және   бір-бірін   қабылдау   сезімдерін
      тудырады.
   6.  Іштей  реттеу  сезімін  дамыту.  Суреттермен  жұмыс  сезімін  дамыту,
      Суреттермен жұмыс жасау кейде түстерді және  рітінді  дұрыс  реттеумен
      ерекшеленеді.
   7. Сезім мен түйсікке назар салу. Шығармашлық бейнелеу өнерімен  айналысу
      көру мпен кинестикалық түйсінулердің дамуына, қабылдауға мол лирикідік
      тұрады.
   8.  Сурет   өнерге  дамыту  және  өз-өзіне  деген  бағалауды  жоғарылату.
      Арттерапияның негізгі өнімі  қанағаттану  сезімі  болып  табылады.  Ол
      жасырын талаптылық пен оны дамытуда туындайды.
Арттерапияның  элементтерін  қолдану  топтық  жұмыста,  қиянды  тереңдетуде,
конфликттерді шешуде, топ  мүшелелері  арасындағы  қатынасты   реттеуде  аса
маңызды.
      Алғашқыдағы арттерапиясы эмоционалды аутқулары бар  адамдарды  емдеуде
ауруханалар мен  психиатриялық  емханаларда  қолданса,  қазір  арттерапияның
шеңбері кеңейіп, алғашқы психоаналитикалық негізінен алмақтаға.
      Арттерапия көп жағдайда отбасының мәселелерді шешуде  қолданылады.  Ол
үшін отбасы мүшелерге  бірігіп  (шығармашылық)  сурет  салуды  немесе  нақты
сәттегі отбасының жағдайын бейнелейтін туынды жасап шығаруын тапсырады.
       Арттерапия  ішкі  конфликттерді,  күшті  эмоцияларды,   уайымдауларды
шығаруға, клиенттің  өз  сезімдерін  тани  білуіне  көмектеседі.  Арттерапия
топтың және индивидуальдық  тұрғыда  да  жүргізіледі.  Арттерапияны  жүргізу
психолог үшін үлкен біліктілік пен дайындықты талап етеді.
      Арттерапияның екі формасы бар: басыққы және  белсенді.
      Басыңқы  формада  клиент  өзге  адамдар  жасаған  суреттерді  қарайды,
кітаптар оқиды, әуендер тыңдайды.
      Белсенді формада  аталған әрекеттерді клиент өзі атқарады.
       Арттерапия  жаттығулары  құрылымдық  немесе  құрылымдық  емес   болуы
мүмкін.
      Құрылымдық жаттығуда нақты тақырып  белгіленеді.  Психолог  материалды
белгілейді, кейн оны талдайды.
      Құрылымдық емес жаттығуда клиент материалды, жабдықты,  тақырыпты  өзі
тоқтайды.


    3 Практикалық және семинар сабағының сұрақтары.
Семинар (практикалық) сабақтардың мақсаты және  міндеттері:

 ➢ Дәріс сабақтарында алған білімдерін бекіту, нығайту және тереңдету.
 ➢ Теориялық материалды терең зерттеу, пән бойынша білімін жүйелеу.
 ➢ Психологиялық әдебиеттерді талдау  негізінде  теориялық  тұжырымдамаларды
   нақтылау.
 ➢  Психологиялық  әдебиеттермен  өзбетінше  жұмыс  істей  алу,   материалды
   жалпылай алу дағдыларын қалыптастыру.
 ➢ Сыни тұрғыдан ойлауды  дамыту,  психологиялық-педагогикалық  құбылыстарға
   деген өзіндік көзқарастарын қалыптастыру.
 ➢ Білім  меңгеруде,  шығармашылық  ынталарын  және  қабілеттерін  көрсетуде
   өзбеттілікті дамыту.
 ➢ Болашақ психолог маманы ретінде ғылымға және кәсіптік іс-әрекетіне  деген
   қызығушылығын тәрбиелеу.

  Психологиялық кеңес беру  негіздері пәнінен практикалық сабақ тақырыптары

Тақырып 1. Психологиялық кеңес беру пәні мен негізгі түсініктері.

   1. Психологиялық көмек көрсету құрылымындағы психологиялық кеңес  берудің
      орны.
   2.  Психологиялық  кеңес   берудің   диагностикамен,   психокоррекциямен,
      психотерапиямен, тренингтермен байланысы.
   3. Психологиялық кеңес алуға келетін клиенттердің негізгі сұрақтары.
   4. Клиенттер мәселелерінің классификациясы.

Тақырып 2. Психологиялық кеңес беруге қойылатын жалпы талаптар.

   1. Психологиялық кеңес берудің мақсат, міндеттері.
   2. Кеңес берушінің жеке басына қойылатын кәсіби талаптар.
   3. Кеңес беру процесінің тиімді моделін анықтау және құрастыру.
   4. Психологиялық кеңес беру принциптері.

Тақырып 3. Психологиялық кеңес беру процесі.

   1. Психологиялық кеңес беру фазалары, кезеңдері мен қадамдары.
   2. Кеңес берудің әдістері, техникалары, тәсілдері.
   3. Жекелей және топтық кеңес беру.

Тақырып 4. Кеңес берушінің жеке бас ерекшеліктері мен талаптары.

   1. Кеңес берудегі кеңесшінің рөлі мен орны.
   2. Кеңес берушінің құндылықтар жүйесі.
   3. Кәсіби іс-әрекеттің кеңесшінің жеке басына әсері.
   4. Кеңесшінің кәсіби даярлығы.

Тақырып 5. Кеңес берудегі контакт орнату.

   1. Кеңес берудегі контакт орнату анықтамасы.
   2. Кеңес беру кезеңдеріне жіберілетін уақыт мөлшерлері.
   3. Психологиялық контакт орнатуға арналған іскерліктер мен дағдылар.
   4. Контакт орнатудағы негізгі шектеулер.

Тақырып 6. Кеңес беру процесінің қиындықтары мен қателіктері.

   1. Кеңес берудегі қарым-қатынасқа түсу моделі.
   2. Кеңес беруші мен клиенттің позициялары.
   3. Коммуникативті барьерлер.
   4. Кеңес берушінің жіберетін негізгі қателіктері.

Тақырып 7. Кеңес берушінің этикалық нормалары.

   1. Құпиялықты сақтау технологиясы.
   2. Кеңес беруші мен клиенттің өзара қарым-қатынасына қойылатын талаптар.
Тақырып 8.  Топтық кеңес беру.

      1.  Топтық  кеңес  берудегі,  тренингтегі,   топтық   психотерапиядағы
         жүргізушінің қызметі.
      2. Топтық кеңес беру процесін даярлау және өткізу.
      3. Конфликттер және оларды шешу технологиялары.
      4. Қиын клиенттерге сипаттама.


Тақырып 9. Отбасылық кеңес беру.

     1. Отбасылық  кеңес беруге сипаттама.
     2. Отбасындағы ерлі-зайыптыларға кеңес беру ерекшелігі.
     3. Отбасылық кеңес берудің әдіс-тәсілдері.
     4. Отбасылық кеңес беру мектептері мен негізгі бағыттары.


Тақырып 10.Телефон арқылы кеңес беру.

     1. Телефон арқылы психологиялық кеңес берудің  пайда  болуы  мен  даму
        тарихы.
     2. Телефон арқылы көмек беру этикасы мен негізгі принциптері.
     3. Телефонмен кеңес берудің психотехникалары.
     4. Телефонмен диалог жүргізудегі жіберілетін қателіктер.


Тақырып 11.  Мектеп психологының кеңес беру жұмысы.

     1. Мектеп психологы кеңесші ретінде.
     2.   Ата-аналармен,   мектеп   мұғалімдерімен,   құрбыларымен   қарым-
        қатынастағы кеңес берулер.
     3. Педагогикалық ұжыммен жұмыстағы мәселелер.
     4. Мектептегі кеңес беру технологиялары.


Тақырып 12. Іскерлік кеңес беру.

     1. Іскерлік қатынаста өз эмоцияларын басқара алмаудағы сәтсіздіктер.
     2. Кәсіп таңдаудағы, жұмыс орнын таңдаудағы сәтсіздіктер.
     3. Қызметтегі өсумен байланысты болатын сәтсіздіктер.
     4. Жұмысқа қабілеттілікті сақтап қалудағы сәтсіздіктер.
     5. Басқа адамдармен конкуренциядағы сәтсіздіктер.


Тақырып 13. Басқарудағы кеңес беру.

     1. Ұйымдарға кеңес беру деңгейлері.
     2. Басшыларға кеңес беру.
     3. Персонал-технологиялар: таңдау, оқыту, аттестациялау.
     4. Басқару саласындағы кеңесшінің жұмыс ерекшеліктері.


Тақырып 14. Бизнестегі кеңес беру.

     1. Бизнес процесстер мен бизнес технологиялар.
     2. Бизнес-құрылымдардағыкеңес беру процесінің спецификасы.
     3. Фирмадағы кеңесші жұмысына қойылатын талаптар.

Тақырып 15.  Кейбір практикалық психокоррекция әдістері.

     1. Арттерапия.
     2. Ойын терапиясы.
     3. Психогимнастика.
     4. Психодрама.


    4  СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.
    • Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға
      (іштей жылдам  оқи  білу,  библиографиялық  дағдылар,  түрлі  анықтама
      әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып  алу  т.б.  )  ие  болу
      керек.
    •  Біліммен  жемісті  шұғылдану  қолайлы   жағдайларды   (уақыт,   орын,
      тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді,  ең  дұрысы
      кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
    • Өздігінен білім алатын адам  нені  оқитынын  анық  біліп,  ол  жұмысты
      белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
    • Алғашқы кезде оқытушылардан,  тәжірибелі  адамдардан,  кітапханалардан
      ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
    • Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
    • Оқыған материалды мұқият  ұғатындай  етіп  ұғып,  түсінбеген  жерлерді
      қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
    •  Анықтама  әдебиеттерді,  энциклопедияларды,  түрлі  сөздіктерді  қоса
      пайдаланып отыру керек.

Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
         • Жұмыстың көлемін шамадан тыс  асырмай,  оның  сапасын  арттыруға
           көңіл аудару;
         • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс
           ұштастыра білу;
         • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу  қабілетін
           жүйелі түрде дамыту;
         •  Өзіндік   жұмыстың   мазмұнына   күнделікті   өмірден   алынған
           материалдарды, хабарларды енгізу;
         • Студенттерді табиғат пен  қоғам  дамуының  жалпы  заңдылықтарын,
           сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды  өздігінен  талдап
           түсінуге үйрету;
         •  Студенттердің  алған  білімдерін  іс  жүзінде  қолдана   білуге
           дағдыландыру;
         • Студенттерді оқу  жұмысына  шығармашылық  тұрғыдан  қарауға,  әр
           уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
         • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын
           қалыптастыру.



4.2. СӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары

|СӨЖО                                               |СӨЖ               |
|Аудиториялық               |Аудиториядан тыс       |                  |
|2                          |3                      |4                 |
|Қазіргі кездегі            |Қазіргі кездегі        |Әңгімелесу        |
|психологиялық кеңес беру   |психологиялық кеңес    |                  |
|түсінігі                   |беру моделдеріне       |                  |
|                           |сипаттама беру (таблица|                  |
|                           |құру)                  |                  |
|Психологиялық кеңес берудің|Танысу тренингі,       |Жобаларды қорғау  |
|негізгі кезеңдері          |клиентпен әңгімелесудің|                  |
|                           |бастапқы кезеңіне      |                  |
|                           |талдау жасау           |                  |
|Кеңес берудің этикалық     |Кеңес берушілердің жеке|Жұппен жұмыс істеу|
|принциптері                |бас қасиеттеріне талдау|                  |
|                           |жасау                  |                  |
|Кеңес беру жұмысының       |Негізгі техникаларды   |Кеңес беру        |
|бастапқы кезеңі            |іріктеу                |техникасын        |
|                           |                       |қолдануда         |
|                           |                       |жаттығулар        |
|Кеңес беру түрлері.        |Кеңес беру түрлеріне   |Жазбаша жұмыс     |
|                           |қойылатын талаптарды   |                  |
|                           |талдау.                |                  |
|Кеңес берудегі             |Ертегі және түс        |                  |
|психологиялық бағыт        |көрулеріне талдау      |                  |
|                           |жасау.                 |Әңгімелесу        |
|Психологиялық кеңес        |Әлеуметтік іскерлік    |Әңгімелесу        |
|берудегі бихевиоралды бағыт|тренинг талдауы        |                  |
|Кеңес берудегі             |К.Роджерстің клиентке  |Кластер тексеру   |
|Экзистенциалды-гуманистік  |бағытталған            |                  |
|бағыт                      |терапиясының негізгі   |                  |
|                           |түсініктері            |                  |
|Нейролингвисти             |Негізгі түсініктерді   |Әңгімелесу        |
|калық бағдарламалау        |іріктеу                |                  |
|Психодрама                 |Д.Киппердің            |Жазбаша жазуларды |
|                           |«психодрама» еңбегіне  |құру              |
|                           |аннотация              |                  |
|Кеңес берудегі арттерапия  |Арттерапиялық сабақтың | Сабақ үлгісі     |
|                           |сценариін құру         |                  |
|Жанұялық кеңес беру        |Спикованың «Балалар    |Конспект тексеру  |
|                           |неврозының алдын-алу»  |                  |
|                           |еңбегі бойынша конспект|                  |
|                           |жазу. Жанұялық кеңес   |                  |
|                           |берудегі коррекция     |                  |
|                           |блоктарын бөліп көрсету|                  |
|Топтық психотерапия        |К.Рудестамның «Топтық  |Коллоквиум        |
|                           |психотерапия»          |                  |
|                           |еңбегіне аннотация     |                  |




-----------------------

                                   Ересек

                                      А

                                      Е

                                      Б


                                   Ата-ана


                                    Бала


ҚА        ТА







ББ       ЕБ


        Е


    А


     Е


     Б


    А


    Е


    Б


ББ       ЕБ


ҚА        ТА


        Е


ББ       ЕБ


ҚА        ТА


        Е


     Е


    А


     Е


    А


     Б


     Б


    А


    А


     Е


     Е


     Б


     Б


    А


    А


     Е


     Е


     Б


     Б


Пәндер