Файл қосу

Халықтарды Қазақстанға күштеп қоныс аудару



|Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі                      |
|Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы  мемлекеттік университеті                |
|3 деңгейлі  СМЖ құжаты      |ПОӘК                  |                        |
|                            |                      |ПОӘК                    |
|                            |                      |042-18-18.1.36/01-2013  |
|«Қазақстандағы демографиялық|                      |                        |
|үдерістер (ХХғғ.)» пәні     |№1 басылым            |                        |
|бойынша оқу-әдістемелік     |18.09.2013            |                        |
|кешені                      |                      |                        |














              «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ  ҮДЕРІСТЕР (ХХғғ.)»
                      пәнінің  оқу- әдістемелік кешені

                              ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ

                             5В020300:   «Тарих»
                           мамандығына   арналған













                                 Семей -2014


1  ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
5В020300  «тарих»  мамандығы  үшін  Қазақстан  Республикасының   Мемлекеттік
стандарты  арнайы  пәннің  типтік   бағдарламасының    негізінде   жасалған.
Құрастырушы Семей қаласының  Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік  университетінің
«Қазақстан тарихы» кафедрасының доцент міндетін атқарушы Т.А.Кариева


   2. ҚАРАЛДЫ
2 1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің
«Қазақстан тарихы» кафедрасының отырысында қаралды
 Хаттама №_1__  « 04_»_09_ 2014  жыл

Кафедра меңгерушісі    ____________  Н.Мухаметжанова



2.2  ҚЭГҒФ  оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды
Хаттама №_1__   «_09_»__09_  2014 жыл

ОӘБ төрағасы_________ С. Тойкин



3 БЕКІТІЛДІ
3.1 Университеттің  оқу-әдістемелік  кеңесінің  отырысында  мақұлданды  және
баспаға ұсынылды
Хаттама №_1___ «_11_»__09__2014 жыл

ОӘК төрағасы_________ Г.Искакова














                                   МАЗМҰНЫ



1  Глоссарий
2  Дәрістер тақырыбы
3  Практикалық сабақтар
4  Студенттердің өздік жұмыстары



































       1 ГЛОССАРИЙ

    Азаматтық  неке  —   мемлекеттік  мекемеде,  шіркеу   немесе   мешіттің
қатысуынсыз бекітілген заңды неке.
    Апатридтер (грек сөзі  аpatris – отаны жоқ, отанынан айрылған)  әлемнің
ешбір елінің азаматтығы жоқ адамдар.    Оларды «аполидтер» (ағылш. аpolis  –
отансыз) деп атайды. Апатридтік жағдай адам немесе жекеленген  адамдар  тобы
басқа мемлекеттің азаматтығын алмай тұрып, өз мемлекетінің азаматтығынан  өз
еркімен шыққан немесе шығарылған жағдайда пайда  болады.  Апатридтер  өздері
тұратын мемлекеттің Конституциясын  құрметтеуге,  заңдарына  бағынуға  тиіс.
Олардың азаматтық құқықтары шектеулі, басқа мемлекеттің  қорғауын  пайдалана
алмайды, сайлау құқығыда болмайды.  Соңғы  жылдардағы  Ауғанстандағы,  Таулы
Карабахтағы, Тәжікстандағы саяси жағдайлар  әсерінен апатридтер қатары  күрт
көбейген. 1954 жылдан  апатридтер  статусы  және  1961  жылдан  Бейазаматтық
азайту  туралы  халықаралық  конвенциялар   бар.   ҚР–ның   Конституциясында
шетелдіктер  мен  азаматтығы  жоқ  адамдардың   Республика  азаматтары  үшін
белгіленген құқықтар мен бостандықтарды  пайдалануы,  сондай-ақ  міндеттерді
атқаруы (12 бап, 4 тармақ) көзделген.
      Апатридтер (грек apatris/ apatridos) - Апатридтерді кейді алидтер  деп
те  атайды.  Апатридтер  дәрежесі  жекеленген  адамдардың  бір   мемлекеттің
азаматтығынан шығып немесе шығарылып,  келесі  бір  мемлекеттің  азаматтығын
алып  үлгірмеген  уақытта   беріледі.   Апатридтер   өздері   тұрып   жатқан
мемлекеттің заңдарына бағынады. Олар  басқа  бір  мемлекеттің  қамқорлығында
болмайды.  Олардың  құқықтық  мүмкіншіліктері   шектелген,   сайлау   құқығы
болмайды. Әйгілі апатридтер қатарында  Альберт  Энштейн,  Анна  Франк,  Карл
Маркс,  Мартина  Навратилова,  Александр  Арангелович,  Даниель  Кон-Бендит,
Эмиль Чоран, Иван Бунин, Джидду  Кришнамурти,  Гад  Лернер,  Фридрих  Ницше,
Иштван Ньерш, Эли Визель сияқты адамдар бар.
    Бипатридтар — екі елде азаматтығы бар адамдар.
    Босқындар —  қоғамдағы  белгілі  бір   саяси,  экономикалық,  этникалық
қысым, соғыс, табиғи апат салдарынан, оларға қарсы  тұруға,  төзуге  шарасыз
болудың әсерінен өз елінен басқа бір  елге  көшуге  мәжбүр  болған  адамдар.
Босқындар статусы халықаралық және ұлттық заңдар бойынша  беріледі.  БҰҰ-ның
1951 жылғы  қабылдаған  Конвенциясында  «Босқын  –  рассалық,  діни,  ұлттық
мәселелердің себептеріне  не  белгілі  бір  әлеуметтік  топтарға  мүшелігіне
немесе саяси сеніміне байланысты өз ұлтының елінен сыртта болып,  өз  елінің
қорғауын қабылдай алмайтын не қабылдауды қаламайтын, кез-келген адам»,-  деп
көрсетілген. БҰҰ  жанында  Босқындар  ісі  жөніндегі  жоғарғы   комиссарының
басқармасы жұмыс істейді. Босқындар  мен  қоныс  аударушыларды  қорғау  ісін
жүзеге  асырып,   әлеуметтік   мәселелерін   құқықтық   тұрғыдан   реттеумен
айналысатын бұл  халықаралық  ұйым  БҰҰ  Бас  Ассамблеясының  1949  жылғы  3
желтоқсандағы  №319  (ІҮ)  қарарына  сәйкес  құрылған,  штаб-пәтері   Женева
қаласында  орналасқан.  Ұйым  босқындар  бас  сауғалап  келген   мемлекеттің
келісімімен сол елде өзінің өкілдігін аша алады.  Қазақстанда  осы  басқарма
өкілдігі 1995 жылы тамызда ашылып, нақты шаралар бойынша  Үкіметпен  бірлесе
жұмыс істеуге кірісті. Көші-қон легін халықаралық стандарттарға  сай  реттеу
бағытында мемлекеттік органдарға жан-жақты көмек көрсете бастады.  1995-2001
жылдар арасында республикаға келген  3927  босқын  (1588  отбасы)  тіркеліп,
олардың 2780-іне (935 отбасына) көмек көрсетілді, Чехиядан келген 90  босқын
басқарма қамқорлығымен  өз  отанына  қайтарылды.  Сондай-ақ  басқарма  Қызыл
Крест  және  Қызыл   Ай   қоғамдарымен   бірлесе   отырып,   босқындар   мен
қоныстанушылардың ең кедей  топтарына  материалдық  жәрдем  беру  жұмыстарын
жүзеге асыруда.
    Демографиялық аудандастыру — зерттеу нысанасы болып  табылатын  аумақты
демографиялық  сипаттары  жөнінен  ұқсас  аудандарға   бөлу.   Демографиялық
аудандастырулар   халықтың   ұдайы    өсімінің,    көші-қондық    өзгерістер
қарқындылығының  көрсеткіштері  бойынша  жүзеге   асырылады.   Демографиялық
аудандастырудың халық санын нақтылы аймақтар бойынша (Қазақстанда  облыстар,
аудандар, ауылдар) халық санын нақтылы болжауға маңызы зор.
    Демографиялық болжам  —  әлемдегі,  белгілі  бір  елдегі,  аймақтардағы
халықтардың санының өсуіне алдын-ала 1-10 жыл көлеміндегі қысқа мерзімге,  1
ғасырлық ұзақ мерзімге есептеу әдісімен болжам жасау. 1999 ж. санақ  бойынша
әлем халықтарының саны 6,4 млрд. болса, демографиялық болжам бойынша ХХІ  ғ-
ң соңында әлем халықтарының саны 32 млрд.-қа жетпек, ал Қазақстандағы  қазақ
халқының саны 1999 ж.  - 7 985 039 болса,  2015  жылы  Қазақстанда  13  млн.
қазақ тұрап, еліміздегі халықтың 65 %-н құрайды.
    Демографиялық дағдарыс – белгілі бір аймақта әлеуметтік,  экономикалық,
табиғат  ықпалдары  әсерінен  халық  ұдайы  өсуінің  тежелуі.  Демографиялық
дағдарысқа соғыс, экология, мемлекеттік  саясат  т.б.  тікелей  әсер  етеді.
Қазақ  халқы  да  өз  тарихында  бірнеше  демографиялық  дағдарысты  басынан
өткерді.   Тарихи   кезеңдерде    қазақ    ру-тайпалары    жоңғар,    қалмақ
шапқыншылықтары, орыс билігінің  орнауы  т.б  саяси  жағдайлар  әсерінен  өз
атамекендерінен ауа көшіп, көрші өзбек, түрікмен, башқұрт халықтары  арасына
кірме болды. ХХ ғ. қазақ халқы бірінші  демографиялық  дағдарысқа  1916-1922
жж. Ұлт-азаттық козғалыс, Қазақ төңкерісі, Азамат  соғысы  әсерінен  ұшырап,
халық ашаршылыққа, шаруашылықта күйзелісте болып, 1 млн.-ға жуық қазақ  қаза
тапты, 400 мыңнан аса қазақ осы жылдары шет елдерге қоныс  аударды.   Екінші
демографиялық  дағдарысқа  қазақ  халқы  1931-1932  жж.  ашаршылық   кезінде
ұшырап, 2,5 млн.   қазақ  қырылды.  Үшінші  дағдарыс,  2-дүниежүзілік  соғыс
әсерінен болып 600 мың қазақ  майданда  опат  болды.  ХХ  ғ-да  тек  осы  үш
дағдарыс  әсерінен  қазақ  халқы   4,5   млн.-нан   астам   адамға   кеміді.
Демографиялық  болжам  бойынша  осы  дағдарыстар  болмаған  жағдайда   қазақ
халқының саны бұл күнде 25 млн.-нан асуы керек еді.
    Демографиялық  дүмпу  —  халық  санының  шұғыл  немесе  қарқынды  өсуі.
Демографиялық дүмпу кезеңінде өлімнің саны азайып,   туудың  саны  көбейеді,
ол халық санының жедел өсуіне  алып  келеді.   Қазіргі  кезеңде  дүние  жүзі
халқының ¾ бөлігі демографиялық дүмпуді басынан өткеріп отыр.   Оның  ішінде
Азия халқы жыл сайын шамамен 55 млн. адамға, Латын Америкасында 10  млн.-нан
астам адамға өсіп  отырады.  Демографиялық  дүмпулер  Қазақстанда  да  болып
тұрған. ХХ ғ-ң  2-ші жартысында халық саны тез  өскен,  атап  айтқанда  1959
жылы 9,3 млн.  адамнан  1989  жылы  16,5  млн.  адамға  өсті.  Қазақстандағы
қазақтар саны 1945 жылы 3  млн.  болса,  1974  жылы  7  млн.  адамға  жетті.
Дегенменде, 1990-1999  жылдар   аралығында  демографиялық  дүмпудің  қарқыны
төмендеп,  халық  саны  азайып  кетті.  2002  жылдан   демографиялық   дүмпу
қозғалысы қайта серпіліс алуда.
    Демографиялық саясат — халық санын өсіру үшін мемлекет тарапынан жүзеге
асырылатын әкімшілік, әлеуметтік, экономикалық т.б.  шаралар  жүйесі  (мыс.,
Қазақстанда 2000 жылға жоспарланған «Қарадомалақ -2000» саясаты; Шет  елдегі
қазақ диаспорасын  белгіленген  квота  бойынша  көшіріп  әкелу,  көп  балалы
отбасына жеңілдік т.б.). Халық тығыздығы  өте  жоғары  болған  елдерде  бала
тууды  заң  жүзінде  шектеу  бағытында  демографиялық  саясат  жүреді  (мыс,
Қытайда “бір отбасына - бір бала”,  Үндістанда  “біз  екеуміз  –  бізге  екі
бала” саясаты).
    Демографиялық территория — бала туудың  көрсеткіші  жоғары  және  халық
саны  көп  территория.  Мыс,  Қытай,  Үндістан,  Бразилия,  Өзбекстан   т.б.
мемлекеттері.
    Депопуляция — демографиялық дағдарыстың көріну түрі, халықтың абсолютті
санының  өткен санақпен салыстырғанда төмендеуі.
    Депортация — белгілі бір халықты күштеп көшіру.
    Диаспора (грек сөзі -  diaspora  -  шашырау,  бытырау)  -   деп  ұлттың
атажұрты болып табылатын елден тысқары  өмір  сүретін  бір  бөлігін  айтады.
Диаспора  термині  алғаш  рет  еврейлердің  Палестинадан  тысқары   жерлерде
тұруына  қатысты,  яғни  оларды  б.з.б.  6  ғ-ң  басында   Вавилон   патшасы
Навиходоносор  ІІ-нің,  одан  соң  б.з.  1-2  ғ-да  римдіктердің  қудалауына
байланысты қоныс аударғаннан кейін қолданыла бастаған.
    Динамика — табиғи қозғалыс,  яғни баланың тууы, адам өлімі.
    Диспропорция – жастық структурадағы сәйкессіздік. Мыс.  бір  мемлекетте
балалар санының көп болып кәрілер санының аз болуы  немесе  әйелдер  санының
көп болып ерлер санының аз болуы.
    Жастық структура — халықты балалар (0-12 жас),  жасөспірімдер  (13-15),
еңбекке жарамды жастағылар (15-60), кәрілер  (60-  одан  жоғары  жастағылар)
деп бөлу.
    Жастық-жыныстық  пирамида  —  халықты  жасы  мен  жынысына  қарай  бөлу
көрсеткішін графикалық суреттеу арқылы көрсету.
    Жыныстық құрамы — халықты ерлер, әйелдер тобына бөлу.
    Иммиграция ( латынның immigro - көшіп келемін деген сөзі)  — мемлекетке
басқа елден түпкілікті  немесе  уақытша  тұруға  келу  (Қазақстан  заңнамасы
бойынша алты айдан көп мерзімге).
    Иммигрант  (лат.  іmmіgrants  —  қоныстанушы),  көшіп  келуші   —   бір
мемлекеттен басқа мемлекетке ұзақ уақытқа (Қазақстан  заңдары  бойынша  алты
айдан көп мерзімге) немесе тұрақты тұруға қоныстанушы  азамат.  Иммигранттар
өзінің  тарихи   отанынан  әр  түрлі  себептермен  кетуі   мүмкін.   Мысалы,
экономикалық жағдайға байланысты, яғни материалдық  жағдайын  жақсарту  үшін
халқының тұрмыс деңгейі төмен  мемлекеттерден  дамыған  мемлекеттерге  жұмыс
іздеп қоныс  аударады;  әскери  себептерге  байланысты,  яғни  соғыстан  бас
сауғалап, басқа мемлекетке көшіп кетеді;  саяси себептерге байланысты,  яғни
мемлекет  тарапынан  көрсетілген  саяси,  діни,   нәсілдік,   ұлттық,   т.б.
кемсітушіліктерге байланысты  қоныс  аударуға  мәжбүр  болады.  Иммигранттар
көптеген мемлекеттердің  қалыптасуында  үлкен  рөл  атқарды.  Мыс.,  Еуразия
даласындағы халықтардың қоныс аударуы (4-7 ғ.), Араб халифатының құрылуы (7-
8 ғ.), Шыңғыс хан империясының күшеюі (11-17 ғ.), Ұлы географиялық  ашылулар
(15 ғ-дың ортасы-17 ғ-дың ортасы), т.б. әлем картасын түбегейлі өзгертті. 2-
дүниежүзілік  соғыстан  кейін  Батыс  Еуропа,  Америка  елдеріне  Азия   мен
Солтүстік  Африка  елдерінен   иммигранттар   легі   ағылды.   Кеңес   Одағы
ыдырағаннан  кейін  Кавказдағы,  Тәжікстан  мен   Ауғанстандағы   соғыстарға
байланысты  Қазақстанға  да  аталған  елдерден  көптеген   босқындар   келіп
қоныстанды.
    Интеллектуальды миграция  —  жоғарғы  білімді,  жоғарғы  квалификациялы
мамандардың (ғалымдар,  дәрігерлер,  инженерлар,  жазушылар  т.б.)  мемлекет
аралық келісім бойынша белгілі бір уақытқа немесе түпкілікті қоныс аударуы.
       Мегаполис — халық тығыс орналасқан қала. Мыс.,   Москвада  8,6  млн.,
  Санкт-Петербургте  4,6  млн.,  Алматыда  1,2  млн.,  Астанада  500   мың,
  Қарағандыда 437 мың тұрғын бар.
       Метис – екі ұлттың арасындағы некеден туған бала.
       Мигрант - басқа жерге түпкілікті немесе уақытша қоныс аударған адам.
       Миграция - бір жерден екінші бір жерге көшіп-қону.
       Миграция сальдосы - көшіп келгендер мен көшіп кеткендер арасының  «+»
  және «-» белгісімен берілетін сандық айырмашылығы.
    Некелесудің медиандық жасы - заң немесе әдет  бойынша  рұқсат  берілген
нелесудің ең төмен жасы.
    Нуклеарлы отбасы (латынның nucleus - ядро) - баласымен немесе  баласыз,
немесе неке құрмай ата-анасымен тұратын шағын отбасы.
    Оралман - ҚР-на шет елдерден қайтып оралған қандастарға берілген  атау.
Демография ғылымында өз отанына қайтып оралған адам репатриант деп  аталады.

    Промилле, % (латынның promille -  мыңға  деген  сөзі)  -  демографиялық
өсудің 1000 тұрғынға шаққандағы салыстырмалы бірлігі.
    Репатриация ( латынның repatriatio – отанына оралу)- түрлі  себептермен
бөгде елдің аумағында тұрып жатқан адамдарды өз отанына кері қайтару.
    Репрессиялау - адамдардың белгілі тобын саяси қудалау.
    Репродуктивті мінез-құлық - туылған баладан бас тарту.
    Репродукциялық жас - бала тууға қабілетті жас.
    Реэмигрант - өзінің тарихи отанына кетіп, өз еркімен тұрған мемлекетіне
қайтып келген эмигранттар.
    Рурбанизация - қаладан ауылға көшу.  Қазақстанда  рурбанизация  1954-56
жж. Тың жерлерді игеру кезеңінде жүрген.
    Урбанизация - ауылдан қалаға көшу.
    Фактілі неке - заңды тұрғыда бекітілмеген некелік қатынас.
    Халық  тығыздығы  -  мемлекеттегі  жалпы  жер  көлеміне   халық   санын
орналастыру немесе  жер көлеміне халық санын бөлу. Мысалы  Қазақстанның  жер
көлемі 2, 724, 9 км². Халық саны 14 953 235 (1999ж) Халық тығыздығы   1  км²
жерге  5-5,5 адамнан келеді.
    Эвакуациялау  -  соғыс  болған  аймақтан,  техникалық  жарылыс   болған
аймақтан, апат болған аймақтан халықты бейбір жерге уақытша көшіру.
    Эмиграция  (латынның emidro -  көшемін, кетемін  деген  сөзі)  -  басқа
мемлекетке түпкілікті немесе уақытша тұруға кету.
    Этникалық құрам  –  бір  мемлекетте  тұратын  ұлт  өкілдерінің  құрамы.
Қазақстан халықтарының этникалық құрамын Қазақстанда тұратын  130-дан  астам
ұлт өкілдері құрайды.















№ 1. Лекция. Кіріспе лекция
   1. Демография ғылымы: зерттеу саласы мен әдістері
   2. Қазақстандағы демография ғылымының дамуы.
   3. Қазақстан әлемдік демографиялық үрдіс жүйесінде.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
    Демография (грек сөзінен алынған: demos  -  халық,  qrapha  -  жазамын,
сипаттаймын деген мағынаны білдіреді) халықтың санын, қоныстануын,  орналасу
тығыздығын,  халық   динамикасын,   яғни   өсуі   мен   кемуін,   көшіп-қону
көрсеткіштерін, құрамын, некелесу мен ажырасу  көрсеткіштерін,  жастық  және
жыныстық структурасын зерттейтін ғылым.  Кең мағынада алғанда, халықтың  осы
ерекшеліктерін сан  жағынан  зерттейтін  ғылым  саласы.   Мұнда  ең  алдымен
халықтың санын ғылыми ұйымдастырылған статистика жолымен есептеу  әдісі  кең
қолданылады.  Демографияда  статистикалық   әдістердің   ерекше   зор   роль
атқаратындығы  себепті,  кейбір  ғылымдар   демография   мен   демографиялық
статистиканы бір-бірімен ұқсас  ғылымдар  деп  есептейді.  Бірақ  демография
ұғымының мазмұны анағұрлым кең, оның өзіне тән  дербес  міндеттері  бар,  ол
халықтың дамуы, өсуі саласындағы  байланыстылықты,  заңдылықты  ашуы  керек,
бұл  үшін  үстем  қоғамдық   қатынастарды   ескере   отырып,   статистикалық
деректерді  негізге  алуға  тиіс.  Демография  халықты   зерттейтін   барлық
ғылымдарға қажетті материалдар береді.
    Демографиялық  статистика,  халық  статистикасы  —  белгілі   бір   ел,
территория халықтарының санын, құрамын, орналасуын  және  қозғалысын  немесе
оның жекеленген тобын сипаттайтын  деректерді  жинауға,  өңдеуге,  баяндауға
және  талдауға  статистикалық  тәсілді  қолданумен  айналысатын   статистика
саласы. Демографиялық статистика халықтың тууын, өлуін, некеге отыруын,  бір
жерден екінші жерге қоныс аударуының сандық  нәтижесін  анықтайды.  Халықтың
саны, оның  құрамы  мен  орналасуы  жөніндегі  ең  дәл  және  егжей-тегжейлі
деректерді халық санағы береді. Санақ аралығында халықтың саны, оның  таптық
және жастық, жыныстық құрамы арнайы есептеулер арқылы  анықталады.  Халықтың
тууы, өлуі, некелесуі, ажырасуы жөніндегі деректерді  АХАТ  (азаматтық  хал-
жағдай актілерін тіркеу) орындарында, ал  халықтың  көшіп  кетуі  мен  көшіп
келуін миграциялық полиция  органдарында  тіркеудің  нәтижесінде  анықтайды.
Демографиялық статистика халық санағының принциптерін анықтап,  оны  әзірлеу
мен  жүргізуді  ұйымдастырады,  санақ  бағдарламасын   жасап,   қорытындысын
шығарады, халықтың күнделікті есебін алуды ұйымдастырып,  оның  қорытындысын
талдайды, халықтың саны мен құрамын есептейді, туу мен өлімнің  көрсеткішін,
халық өсімінің көрсеткішін, өмір ұзақтығының көрсеткішін халық  тығыздығының
көрсеткішін  есептеудің  тәсілдерін  жасайды.  Демографиялық   статистиканың
көрсеткіштерінің халық өсуінің  келешегін зерттеуде маңызы зор.
       Демография   ғылымы   тарих,   экономика,   әлеуметтану,   әлеуметтік
  психология, география, этнология ғылымдарымен тығыз байланысты.
    Демографиядағы диалектикалық әдіс бойынша саралау жасау халық өсімі мен
қозғалысы  мәселесіне  әлеуметтік-экономикалық,  саяси,  мәдени,  заң,  дін,
табиғат факторларының (құрғақшылық, жер сілкінісі, құйын, сел  т.б.)  әсерін
жан-жақты қарастырады.
    Тарихи демографияда халықтар қозғалысы тарихи кезеңдер  бойынша,  халық
өсуі  мен  кемуі  тарихи  процесс  ретінде  қарастырылып,   адам   тарихының
эволюциясы дамуы және демографиялық динамиканың ғасырлар  бойына  қалыптасуы
зерттелінеді.
    Экономикалық факторлар – тұрғындардың  әлеуметтік  тұрмысының  көрінісі
ретінде   демографияның   негізгі   ағымдарына   әсер   ете   отырып,    туу
көрсеткішінің  төмендеуіне,  өлім,  неке,  миграция    т.б.   көрсеткіштерді
анықтайды.  Экономикалық  демография  әдістері  халықты  тұрмыстық   жағынан
қамтамассыз етудегі капитал салымдарының көлемін анықтайды.
     Демография ғылымында математикалық әдісті  қолданудың  маңызы  ерекше,
математикалық талдау  халықтар қозғалысының нақты анықтамасын, нақты  санын,
өзгерістерін,  орташа   көрсеткіштерін   анықтауға   және   болжам   жасауға
қолданылады.
     Халықтың демографиялық мінез-құлқын  зерттеу  әлеуметтік  психологияға
жүгінсе,  халықтың  денсаулық  көрсеткішін  анықтау   әлеуметтік   гигиенаға
байланысты. Халықтың қоғамдағы мінез-құлқы құқықтық нормалармен  анықталады.

    Сондай-ақ  демографияда  әр  түрлі  буын  өкілдері  үшін  жас   айырымы
көрсеткішін  жасау  арқылы,  сол   уақыттағы   даму-құлдырау   заңдылықтарын
көрсететін гипотикалық ұрпақ  әдісін;  адамдардың  нақтылы  буынының  дамуын
зерттеу үшін когорт әдісін қолданады.
    Демографияның міндеттерінің бірі халықтың ұдайы  өзгеріс  заңдылықтарын
зерттеу  негізінде  мемлекет  тарапынан  жүргізілетін  демографиялық  саясат
негіздерін тұжырымдау болып табылады.
    Дүние жүзілік демографиялық статистикада халық орналасуын  территорияға
бөлгенде, ірі аймақтарға бөліп алу әдісі қалыптасқан. Мысалы, Европа,  Азия,
Африка, Америка, Авсралия  және Мұхит аралдары халықтары.
    «Демографиялық   энциклопедиялық   сөздікті»   негізге    ала    отырып
демографиялық ғылымдар жүйесін келесідегідей  салаларға  бөлуге  болады.  1.
Теориялық бөлім: теориялық демография; тарихи демография; жалпы  демография;
экономикалық демография; әлеуметтік-демографиялық  қозғалыстарды  модельдеу.
2.  Тұрғындар  санын  зерттеу  әдістері   мен   халық   санының   деректері:
математикалық    әдіс;    статистикалық    әдіс;    әлеуметтанулық     әдіс;
графоаналитикалық әдіс; тұрғындар картографиясы.   3.  Аймақтық  демография.
4. Қолданбалы демографиялық зерттеу. 5. Әлеуметтік-демографиялық  болжамдау.
6. Демографиялық саясаттың теориялық негізі.
      Қазақстан халқының демографиялық дамуын зерттеу -  ғалымдар  назарынан
тыс қалған  жоқ.  Қазақстан  халқы  туралы  алғашқы  ғылыми  еңбектер  қазан
төңкерісіне дейін жарық  көрді.  Қазақстан  халқының  қалыптасу  тарихын  әр
кезеңде  көптеген  ғалымдар  зерттеді.  Қазан  төңкерісіне  дейін  зерттеуші
ғалымдар статистикалық  деректер  жинап  қана  қоймай,  тұрғындардың  табиғи
өсіміне,  көші-қон  үрдісіне  талдау  жасады  және  олардың   шаруашылығына,
тұрмысына, мәдениетіне тоқталды.
      Қазақстан  халқының  этнодемографиялық  жағдайын   зерттеген   алғашқы
еңбектер XIX ғасырдың аяғы  мен  XX  ғасырдың  басында  жарыққа  шықты.  Бұл
еңбектер негізінен хабарламалық сипатта болып,  демографиялық  үрдіске  әсер
ететін    тарихи,    әлеуметтік-экономикалық    және    мәдени     факторлар
қарастырылмады.
      Кеңес өкіметі жылдарында демографиялық үрдістерді  зерттеуге  арналған
көптеген ғылыми  еңбектер  жарыққа  шықты.  1960  жылдардың  соңы  мен  1970
жылдарда   тұрғылықты   халықтар   туралы   жалпы   теориялық   мәселелерге,
демографиялық   дамудың   заңдылығына   арналған   көптеген   ғылыми-зерттеу
жұмыстары жазылды. КСРО — ның  ыдырауынан  бастап,  барлық  бұрынғы  Одақтас
Республикалардағыдай  Қазақстанда   үлкен  демографиялық  өзгерістер  болды.
Тұрғындар арасында туу  көрсеткішінің  кемуі  мен  өлім  көрсеткішінің  өсуі
нәтижесінде табиғи өсім төмендесе, дәл  сондай,  сыртқы  көші-қон  үрдісінің
негізінде пайда болатын механикалық өсім де жоқтың қасы. Қоғамда  орын  алып
отырған   әр   түрлі   әлеуметтік-экономикалық    өзгерістерге    байланысты
республикада халық саны  кемуде  және  тұрғындардың  жас-жыныстық  құрылымы,
ұлттық құрамы өзгеруде, көші-қон үрдісі  әсерінен  еліміз  білікті  мамандар
мен   жұмысшылардан   айрылуда.   Қазақстан   республикасының    ірі    және
демографиялық жағынан мықты мемлекеттермен шектесетінін ескерсек, мұның  өзі
еліміздің ұлтық қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мұмкін.

Лекция № 2.  ХХ-ғасыр  басындағы  тарихи  оқиғалардың  демографиялық  дамуға
әсері
   1. Столыпиннің аграрлық реформасы.
   2. Бірінші дүние жүзілік соғыс.
   3. 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілістің демографиялық дамуға әсері.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
    ХХ –ғасыр басындағы Ресей  империясының  құрамына  кірген  Қазақстанның
демографиялық  дамуына  ғасыр  басында  болған  барлық  саяси  және  басқада
өзгерістер  әсер  етті.  Бұл  тарихи   оқиғалардың   барлығы   Қазақстандағы
демографиялық дамуға тікелей және жанама әсер етті.
     1897 жылғы Бүкілресейлік халық санағының  мәліметі  бойынша  еліміздің
қазіргі шекарасы шеңберіндегі аумағында 4147,8 мың адам болған. Оның  3392,7
мыңы, немесе 81,7 пайызы қазақтар болды.
    1914 жылы қазақ жеріндегі  тұрғындар  саны  5910,0  мың  адамға  жетті.
Олардың ішінде 3845,2 мың тұрғынын қазақ халқы  құрады,  немесе  65,1  пайыз
болды.
      Небәрі 46 жылдың ішінде (1871-1917 жж.) өлкеге 1,6 млн.  адам  (қайтып
кеткендерді қоспағанда) келіп тұрақтап  қалды,  олардың  негізгі  көпшілігі
1907-1916 жж. келді.  Осының  салдарынан  XIX  ғасырдын,  аяғында  және  XX
ғасырда Қазақстан халқының көп ұлтты құрамының  қалыптасуы  шапшаңдады.  XX
ғасырдың басында өлкеде 60-тай ұлттың өкілдері тұрды, олардың ішінде  түрік
тілдес халықтардан (өзбек, үйғыр, қырғыз, қарақалпақ, татар, башқұрт,  және
т.б.) басқа неміс, поляк, мордва, дұнген, тәжік, еврей, және т. б. бар еді.
    Столыпинның аграрлық реформасының салдарынан қазақ  жерінде  басқа  ұлт
өкілдерінің үлесі өсті. Қазақтар  өз  жерінен  айрыла  бастады.  1916  жылға
дейін қазақтардан алынған жер көлемі 45  млн.  десятинаға  жетті.  1897-1914
жылдар аралығында қазақтардың үлесі 16,6  пайызға  кемісе,  славян  халқының
саны 16,8 пайызға артқан.
    Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақтың саны едәуір  азайды,  мұның
себебі  -  табиғи  әсім  азайып,  өлім  көбейіп  кетті.   Бұл   1916   жылғы
көтерілістің жеңілу салдары болатын, сонда жүз мыңдаған  қазақ  жазалаушылар
қолынан қаза болды және Қазақстаннан сыртқа қашып кетті.  1916  жылы  Жетісу
облысынан ғана 105 мың қазақ шетке  кетті.  Осылайша  қазақтың  өзінің  ата-
қонысында азшылыққа айналуының негізі қаланды.
    1916 жылғы 25 шілде жарлығыда Қазақстанның демографиялық  дамуына  кері
әсерін тигізді. Жарлық бойынша Қазақстан мен Отра Азия халықтарынан 400  мың
адам тыл жұмысына алынуға тиіс болды.  Жарлыққа  қарсы  көтерілген  қазақтар
ауыр шығынға ұшырады.  Бейбіт  тұрғындар  аяусыз  қырғынға  ұшырады.   Бұған
шыдамаған 105 мың адам, немесе Жетісу өлкесі қазақтарның 25  пайыз   Қытайға
қоныс аударуға мәжбүр болды.



Лекция № 3. Азамат соғысы жылдарындағы демографиялық жағыдай
   1. 1917-1918 жылдардағы демографиялық үрдіс.
   2. 1921-1922 жылдардағы аштық салдары.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
      Этностық-демографиялық дамудағы бұл және басқа қисындар, Қазақстанның
көп ұлтты бола түсуінің күшеюі, әсіресе Қазан төңкерісінен кейінгі дәуірде
үлкен қарқынмен жүрді. Қос төңкеріс аралығында қазақ халқының әлеументтік-
экономикалық жағыдайлары төмендеді. Нәтижесінде қазақ халқының
демографиялық дамуы шектелді.
      Азамат соғысы Қазақстандағы демографиялық дамуға өзіндік өзгерістер
әкелді. Соғыс нәтижесніде өлкенің тұрғындар санының табиғи өсімі кемісе,
Ресейдің басқа өңірлерінен келген әскери бөлімдер және қоныс аударушылар
есебінен тұрғындардың ұлттық құрамы өзгерді.
      Кеңес өкіметінің жүргізген әскери-коммунизм шаралары еліміздің ауыл
шаруашылығын құлдыратты. Ауыл шаруашылығындағы болған апат нәтижесінде
Қазақстанда аштық басталды. Сол кездегі мәліметтерге қарасақ, 1921-1922
жылдары республикада 2,3 млн. адам аштыққа ұшыраған. Аштықтан және оның
салдарынан басқа жаққа көшу үрдісі күрт өскен. 1914 жылғы көрсеткішпен 1922
жылғы тұрғындар санын салыстырсақ  өлке халқы шамамен 1 млн. адамға
қысқарғанын көруге болады.


Лекция № 4. 1926 жылғы халық санағы
    1. Тұрғындар саны және орналасуы.
    2. Тұрғындардың ұлттық құрамы және жас-жыныстық құрылымы.


Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
      1920 жылы  қазан  айында  Ресей  Федерациясынын,  құрамында  Қазақтың
 Автономиялық Кеңестік Социалистік республикасы жарияланды, астанасы Орынбор
 қаласы  болып  белгіленді.  Бұл  қазақтың  этностық  жерінің  бір   бөлігін
 мемлекеттік құрылымға біріктіруге мүмкіндік берді.
       1924 жылы Орта Азия республикаларының ұлттық-территориялық шекаралары
 белгіленді,  осының  нәтижесінде  Түркістан  АКСР-ның   қазақтар   тұратын
 аудандары (Сырдария мен  Жетісу  облыстары)  Қазақстанның  құрамына  кірді
 Орынбор губерниясы Ресей Федерациясына беріліп,  Қазақ  АКСР-ның  астанасы
 1925 жылы Орынбордан Қызылордаға көшірілді.
      1926 жылы  халық  санағы  бойынша  Қазақстанның,  қазіргі  шекарасында
6198,4 мың адам тұрды, олардың 58,5 пайызы қазақ, 20,6 пайыз  орыс,  13,  9
пайыз украин, 2,1 пайыз өзбек, 1,3 пайыз татар, 1,0 пайыз ұйғыр, 0,8  пайыз
неміс және басқа ұлт өкілдері болды. Егер мұны  1897  жылы  Бүкіл  Ресейлік
халық санағының мәліметтерімен салыстырсақ 29-30 жыл  ішінде  республиканың
халқы шамамен 1,5 есе өскен, оның ішінде орыс 2,8  есе,  басқа  халықтардың
өкілдері 4,3 есе, қазақ небәрі 234,8 мың адам, яғни  7  пайыз  ғана  өскен.
Қазақтық үлес саны 23,2 дәрёжеге  төмендеген,  орыс  —9,6  дәрежеге,  басқа
ұлттар 13,7 дәрежеге өскен.
      Қазақ АКСР-ындағы негізгі ұлттардың көпшілігінің сан жағынан өсуі төрт
негізгі бағыт бойынша: 1920 жылы ортасынан бастап көшіп  келушілер  санының
көшіп кетушілер  санынан  артық  болуы;  табиғи  есім,  туылғандар  санының
келгендерден артық болуы; автономиялық  республика  құрылғаннан  және  1924
жылы   Орта   Азия   Республикаларының   ұлттық-территориялық    шекаралары
белгіленгеннен  кейін  республиканың  нақты  әкімшшік  шекарасының  кеңеюі,
ассимиляциялық және қосылу процестерінің есебінен өсті.
Лекции № 5. ХХ-ғасырдың 20 жылдың аяғы және 30 жылдар басындағы тұрғындар
    1. ХХ-ғасырдың 20 жылдың аяғы және 30 жылдардағы демографиялық жағдай.
    2. 1931-1933 жылдардағы аштық салдары.


Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
      1920-жылы басында демографиялық құбылыстардың қолайсыз болғаны  мәлім,
бір жағынан, 1921 жылы егін шықпауы және жұттың салдарынан шаруалардың  бір
бөлігі РКФСР мен Украинаға өз бетімен көшіп кете  бастады.  Қазақ  АКСР-ның
Орталық Атқару Комитеті республиканың шаруа халқына  олардың  көшіп  кетуін
тоқтату үшін арнаулы  үндеу  қабылдады.  Екінші  жағынан,  20-жылы  басында
Ресейдің әртүрлі аудандарынан (мысалы, Саратов, Астрахань  губернияларынан)
Қазақстанға тек шаруалар (орыс, украин, мордва және  басқалар)  ғана  емес,
сонымен бірге қазақтар да көшіп келе немесе қайтып орала бастады.
      1925—1926 жылдары көшіп келушілер мен кетушілердің балансы  анықталған
сияқты, бірте-бірте көшіп кетушілерден келушілердің саны көбейе берген.
      1926 жылы халық санағы кезінде тұрақты халық саны 6268 мың адам болған
жағдайда көшіп келушілер 1601 мың адамға жеткен. Олардың жартысы  әкелінген
шаруалар және 1916 жылға дейін көшіп келген  қазақтар  еді.  Сонымен,  1926
жылы желтоқсанда 1916 жылдан 1926 жылы дейін 800  мыңнан  астам  жергілікті
емес ұлттың өкілдері көшіп келгені тіркелген.
      Республикаға көшіп келгендер онан көшіп кеткендерден  638,8  мың  адам
артық  болған.  Олардың  көпшілігі  Украинадан,  Волга  бойынан,   РКФСР-дың
Солтүстігінен, Батысынан,  Орталығынан,  азырақ  белігі  Сібірден,  Уралдан,
Белоруссиядан, Орта Азиядан, Қиыр Шығыстан  еді.  Еуропалық  бөліктен  көшіп
келгендердің көпшілігі егіншілік аудандарында қоныстануды қалаған.  Мәселен,
келгендердің 15 пайызы Қостанай  облысына,  40  пайызы  Ақмола  және  Ақтөбе
облыстарына, 24 пайыз Семей облысына  орналасты.  Демек,  бұл  орманды  дала
және дала өңіріндегі тәлімі егіншілік аудандары  көшіп  келушілердің  көшкен
аудандарының ауа райы мен топырақ жағдайына жақын  деген  сөз.  Оның  үстіне
Ресейдің Еуропалық бөлігінен көшіп келгендер бұл өңірлерден  өздеріне  жақын
этностық ортаға тап болды.
      Орта  Азия  республикаларымен  де  көші-қоныс  қарым-қатынасы  орнады.
Жоғарыда  аталған  факторлардан  басқа  бұл  ауданның  көші-қоныс  процесіне
ұлттық-территориялық шекараны белгілеу ісі  әсер  етті.  Шығыс  Түркістаннан
1916 жылы ұлт азаттық қозғалысына қатысқандар  республикаға  қайтып  оралды.
Республиканың өз ішіндегі  көші-қоныс  жергілікті  халықтың  отырықшылануына
байланысты  олардың  шөл  және  шөлейт  аймақтардан  суармалы  және   тәлімі
егіншілік  аудандарына   келіп   орналасуымен   сипатталды.   Осымен   бірге
қазақтардың  қалаларға  келіп  орналасу  тасқыны  байқалды.  1926—1929  жылы
Қазақстанда  халық  санынын,   өсуі   қарқынды   жүріп   жатты.   КСРО   мен
Қазақстандағы  демографиялық  тенденциялардағы  айырмашылық   көзге   көріне
бастады: елдің өнеркәсібі дамыған және  урбанизацияға  ілінген  аудандарында
бала туу төмендесе, оңтүстік шығыс  аудандарында  ол  көбейді.  Республикада
бала туу орыс халқының да, украин халқының да арасында азайған жоқ.
      1928—1934  жылы  Қазақстанда  ашаршылық  басталды,  ол  көшпелі   және
жартылай көшпелі елді отырықшыландыру,  сол  сияқты  қолдан  урбанизациялау
істерін зорлап ұжымдастыру саясатымен ұштастыра  жүргізу  салдарынан  туды.
Жүздеген мың орыстар, украиндар, ұйғырлар және басқа ұлт өкілдері  қырылды,
бірақ қырылғандардың негізгі көпшілігі қазақтар болды. Қолда бар есеп  бой-
ынша 1929—1934 жылы 1610 мың қазақ қырылды, 1935—1938 жылы әлеуметтік  және
саяси репрессияның салдарынан 135  мың  адам  жойылды.  Қазақтардан  барлық
шығын 1750 мың адам болды.
      Халықтың 20-жылдың ортасына  дейін  созылған  өз  бетінше  көшіп-қону
 процесі  бірте-бірте  ұйымдасқан  сипат  алды.  Елдің  орталық  әнеркәсіпті
 аудандарында болған, 1,3 млн. адамға жеткен аса күшті  жұмыссыздық  ондаған
 мың адамдарды жұмыс пен нан іздеп, Қазақстанға Түрксибтің, Қарағанды  көмір
 бассейінінің, Балхаштың және басқалардың  құрылысына  кетуге  мәжбүр  етті.
 Қазақстанға елдің басқа аудандарынан  да  1931-1940  жылы  жұмысшы  күшінің
 ұйымдасқан түрін қабылдау арқылы ғана 509 мың адам келді. Бұл жұмысшылардың
 және  жұмысқа   орналасқан   жұмыссыздардың   басым   көпшілігі   өнеркәсіп
 орындарының, темір жолдардың, қалалардың, жұмысшы  поселкелерінің  құрылысы
 аяқталғаннан кейін тұрақты жұмысқа ауысып, осында қалып қойды.
       Осымен қатар аграрлық қоныс аудару жүріп жатты. 20 жылдың аяғында —30
 жылдың басында Қазақстанға Ресейден, Украинадан және басқа ресубликалардан
 тәркіленіп жер аударылған шаруалар, сондай-ақ елдін, Еуропалық  белігінен,
 Сібірден әскер қатарынан босатылған қызыл  әскерлер  және  қоныс  аударған
 шаруалар келе бастады, соңғылары жер-жерде коммуналар  мен  ауылшаруашылық
 артельдерін  құрды.  1928-1930  жылдардың   ішінде  жаңа  құрылып   жатқан
 совхоздарға елдің әртүрлі облыстарынан 65 мың  отбасы  көшіп  келді.  1940
 жылы  Украина  мен  РКФСР-дің  жері  аз  аудандарынан,  әсіресе  Мордовия,
 Чувашия, Татарстан және басқа республикалардан ерік  білдірген  шаруаларды
 ұйымдасқан түрде көшіріп  әкелу  басталды.  Сөйтіп  Қазақстанға  24,4  мың
 отбасы көшіп келді, оларды тың жерлерде  астық  шаруашылығын  дамыту  үшін
 республиканың солтүстік облыстарына орналастырды.


Лекция № 6. Ұлы Отан соғысы қарсаңындағы демографиялық даму
   1. 1937, 1939 жылдардағы халық санағы.
   2. Соғыс қарсаңындағы Қазақстан халқының ұлттық құрамы.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
      ХХ ғасырдың 30-жылдың ақырында жекелеген ұлт өкілдерін жер аудару бас-
талды, олардың бір бөлігі Қазақстанға қоныс аударылды. 1937  жылы  қыркүйек-
қазан айларында Қиыр Шығыстан Казақстанға 110 мың корейлер,  Азербайжан  мен
Армениядан 2,4 мыңнан  астам  ирандық,  әзербайжан,  курд,  армян  отбастары
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарына жер аударылды.
      1939 жылы халық санағы бойынша республикада 6094 мың адам тұрды,  яғни
1926 жылмен салыстырғанда республиканың халқы 100  мың  адамға,  немесе  1,7
пайыз азайған. Неғұрлым күшті қырғын қазақтардың басына түскен, олардан  бар
болғаны 2314 мың адам ғана қалған,  1926  жылмен  салыстырғанда  1314  мыңға
немесе 63,8 пайызға азайған. Украиндардың саны 203  мың,  өзбектер  26  мың,
ұйғырлар 28 мыңға  азайған.  Алайда  1926—1939  жылдар  арасында  басқа  эт-
ностардың саны  өскен,  әсіресе  орыстар  1174  мың  адам,  яғни  92  пайыз,
татарлар 27 мың —34 пайыз, белорустар 6 мың —22 пайыз өскен.
      Сөйтіп, 1939 жылы қарай Қазақстанда  этностардың  мүлде  жаңа  жағдайы
қалыптасты. Көшіп-қону экспансиясы күшті қарқынмен жүрді.  Қазақтардың  үлес
саны 1926 жылы салыстырғанда 20,5 дәрежеге  құлдырап,  38  пайызға  теңесті,
украиндардың үлесі 13,9-дан 10,8  пайызға,  өзбектер  2,1-ден  1,7  пайызға,
ұйғырлар  1,0-ден  0,66  пайыз  темендеді.  Орыстар  Қазақстандағы  ең   ірі
этностық топқа айналды, олардың үлес саны 20  дәрежеге  өсіп,  40,2  пайызға
жетті. Немістер 1,5 пайыз, корейлер 1,6, татарлар 1,6, белорустар 0,5  пайыз
болды.


Лекция №7. Ұлы Отан соғысының демографиялық дамуға әсері

     1. Ұлы Отан соғысының демографиялық дамуға әсері.
     2. Халықтарды Қазақстанға күштеп қоныс аудару.


Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
      Ұлы Отан соғысы еліміздің демографиялық дамуына кері  әсерін  тигізді.
Қазақстанның  әрбір  төртінші   азаматы   соғысқа   шақырылды.   Нәтижесінде
тұрғындар арасында жанұялық  қатынас  бұзылды.  Ер  адамдар  жаппай  соғысқа
аттана бастады. Туу көрсеткіші  кеміп,  өлім  көрсеткіші  өсіп,  нәтижесінде
табиғи өсім көрсеткіші кеміді.
      Тұрғындардың  жас-жыныстық  құрылымының  бұзылуы   туу   көрсеткішінің
төмендеуіне тікелей әсер етеді. Ұлы Отан  соғысы  жылдарында  ер  адамдардың
әскер қатарына және  тыл  жұмыстарына   шақырылуының  нәтижесінде  отбасылық
байланыстың  бұзылуы,  XX  ғасырдың  40-жылдарында  бала   туу   көрсеткішін
төмендетті. Соғыс  жылдарындағы  бұл  демографиялық  өзгеріс  бүгінгі  күнге
дейін еліміздің жас-жыныстық құрылымына әсерін тигізуде.
       Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  туу  көрсеткішінің  кемуі  нәтижесінде
болашақ аналар - қыз балалар   саны  кеміді.  Мұны  табиғи  өсімнің  брутто-
коэффициентінен көруге болады. 1960-жылдардың аяғындағы,  1970-ші  жылдардың
басындағы өнікті жастағы әйелдердің  1941-45  жылдарда  туылғанын  ескерсек,
брутто-коэффициент Казақстан бойынша (әр анаға шаққандағы өмірге келген  қыз
балалар саны) 1941 жылы 2,5, 1942 жылы 1,6, 1943 жылы 0,9,  1944  жылы  0,5,
1945  жылы  0,6  болды.  Бұл  көрсеткіш  әліде  бірнеше   ұрпақ   алмасуында
қайталанады.
      Қазақстанда оның түпкілікті тұрғындарының  мүдделеріне  зиян  келтіре
 және көшіп келушілердін,  үлес  санын  арттыра  отырып,  көші-қоныс  арқылы
 экспансиялау Ұлы Отан соғысы дәуірінде және онан кейін де одан  әрі  күшейе
 берді.
      Соғыс жылдары Қазақстанға  көшіп  келушілердің  тасқыны  шұғыл  артты.
Қазақстанға елдін, батыс бөлігінен көшіріп әкелінген 536 мың  адамнан  басқа
автономиясы алдын-ала жойылған түтас халықтар осында жер  аударылды.  Жаппай
жер аударудың қарсаңында, 1939 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда  54696
поляк, 3569 латыш, 808 литван және басқа ұлт өкілдері  тұрды.  Елдегі  неміс
халқының да тағдыры осылай болып шықты. 1941 жылғы тамызда  Қазақстанға  349
713 неміс көшіріп  әкелінді,  олардың  жалпы  саны  441713  болатын.  Қалған
немістер  Қазақстанға  1944—1945  жылдары  қоныс  аударылды.  Мұның   үстіне
Қазақстанның және елдің басқа жерлерінде жалпы  саны  2,5  млн.  адам  неміс
және жапон әскери тұтқындары жұмыс істеді.  50-жылы  әскери  тұтқындарды  өз
отандарына қайтару аяқталды.
       Орта Азия мен Қазақстанға 1944 жылы ақпанда  шешендер  мен  ингуштер,
 наурызда-балқарлар,  қарашада  месхет  —   түріктері,   қырым   татарлары,
 қарашайлар және басқа халықтар күштеп көшіріп әкелінді.

Лекция №8. 1950-1960  жылдардағы демографиялық ақуал

     1. ҰОС кейінгі демографиялық даму.
     2. Тың және тыңайған жерді игерудің Қазақстан демографиясына әсері.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
       1957  жылы  чечен  және  ингуш  халықтарының  автономиялары  қайтадан
 қалпына келтірілгеннен кейін олар тарихи отаны  Солтүстік  Кавказға  қайта
 көше  бастады,  қарашайлар,  балқарлар,  қалмақтар  ағылып  қайтып  жатты.
 Гректердің, месхет түріктерінің, қырым  татарларының,  поляктардың,  корей
 ұлт  өкілдерінің,  Еділбойы  немістерінің  бір  бөлігі   бұрынғъі   тұрған
 жерлеріне қайтып оралды.  Бірақ  олардың  негізгі  бөлігі  Орта  Азия  мен
 Қазақстанда тұрақтап  қалды.  Кеңестік  Балтық  жағалауы  республикаларына
 латыштар, эстондар, литвандар ағылып қайтып жатты.
       Соғыстан кейін 50-жылы ортасына дейін  Қазақстанға  ұйымдасқан  түрде
 көшіріп әкелу  азайды.  Тың  және  тыңайған  жерлерді  игеруге  байланысты
 республикаға аса ірі көші-қон тасқыны келді, мұның өзі уақыт  жағынан  ірі
 өнеркәсіптік құрылыстар жүруімен түспа-түс келді.  1954—1962  жылдары  тың
 және тыңайған жерлерді игеру үшін  Қазақстанға  2  млн.  жуық  адам,  олар
 негізінен  елдің  Еуропалық  бөлігінен  келді.  Өнеркәсіп,  құрылыс   жөне
 транспорт үшін жұмысшы  күшін  ұйымдасқан  түрде  тарту  арқылы  1954—1965
 жылдары 0,5 млн, адам келді, бұл  республикаға  ұйымдасқан  түрде  жұмысшы
 күшін  тарту-дың  80  пайыз  еді.  Жұмысшылардың   көпшілігі   Украинадан,
 Белоруссиядан, Молдавия мен Литвадан іріктеп алынды. Мұның өзі бір жағынан
 түпкілікті халық саны мен  екінші  жағынан  келушілер  саңының  арасындағы
 алшақтықты бұрынғыдан да күшейте түсті. 1959  жылы  орыстардың  үлес  саны
 42,7 пайыз жетті де, қазақтардъщ  үлес  саны  1939  жылы  салыстырғанда  8
 дәреже төмендеп, 30 пайыз ғана болып қалды. Басқа этностық топтардың үлесі
 өзгерген жоқ. Қазақстанға көші-қон тасқыны мұнан кейінгі  кезде  де  аздап
 баяулаған қарқында  жүріп  жатты,  бірақ  ол  70-жылы  келушілерден  көшіп
 кеткендер саны артық болып қалыптасты.
      Республика халқының саны 1959 жылы 9294741 адам, яғни соғысқа дейінгі
 саңынан 1,5 есе артық болды.
      Қазақтардың саны 20 жыл ішінде бар болғаны 474 мың адамға (20 пайыз),
 орыстар 1523 мың ( 62 пайыз), украиндер 105 мың (16 пайыз),  белорустар  76
 мың (3,4 есе), ұйғырлар 24,4 мың (69 пайыз), басқа халықтар  311  мың  (2,6
 есе) өскен. 1939 жылы немістердің саны 92379 адам болғаны  мәлім,  ал  олар
 1959 жылы 659658, әзірбайжандар 12 мыңнан 38 мыңға жеткен. Осы уақыт ішінде
 корейлердің саньі 0,8 пайыз кеміп, жалпы саны 22 мың адамға азайған.


Лекция №9. 1970 жылдардағы Қазақстан халқы
     1. 1970 жылдардағы Қазақстан халқы.
     2. 1970-1979 жылдардағы халық санағы.


Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
      1970 жылы қарай Қазақстан халқының саны 13 млн. адамнан астам  болып,
 40 пайыз жуық өсті, олардың ішінде қазақ 4234 мың (32,6 пайыз),  орыс  5522
 мың (42,5 пайыз), украин 933 мың (7,2 пайыз), неміс 858  мың  (6,6  пайыз),
 татар 288 мын, (2,2 пайыз), езбек 216 мың (1,7 пайыз), белорус 198 мың (1,5
 пайыз), ұйғыр 121 мың (0,9 проц,), корей 81 мың (0,6),  әзірбайжан  58  мың
 (0,4 пайыз), басқа ұлттар 498 мың болды.
      Бұдан Қазақстандағы ең саны көп этнос 1939,  1959,  1970  жылы  халық
 санағы  арасында  орыстар  болды.  1939—1970   жылдар   арасында   орыстар,
 украиндар, белррустар (қосып  санағанда)  халықтың  басым  көпшілігі  болып
 келді.
      Осыған  қарамай  1969—1970  жылдары  қазақ  халқынын,   демографиялық
 дамуында бетбұрыс болды.  Бүған  бірсыпыра  факторлар:  салыстырмалы  түрде
 табиғи  өсімнің   жоғарылығы,   көші-қон   үрдісі   қарқынының   төмендеуі,
 келушілерден  кетушілер  санынын,  артуы  көмектесті.  Осының   нәтижесінде
 қазақтардың жалпы санының  өсуімен  бірге,  республика  халқының  құрамында
 олардың үлес санының да үнемі өсу  тенденциясы  басталды.  Оның  үлее  саны
 қазан төңкерісіне дейін-ақ үнемі кеміп келе  жатқаны  мәлім,  ал  1897—1959
 жылдары 81,8 пайыз 30 пайыз дейін темендеді. Республикада қазақтардың жалпы
 саны 1959—1970 жылдары 1446,9 мын, адамға, яғни 51,9 пайыз көбейді.  Сөйтіп
 XX ғ. 60-жылы қазақтардың біршама  шапшаң  табиғи  өсіп,  болашақта  өзінің
 этностық территориясында неғұрлым саны көп халық болуының негізі қаланды.
      1970 жылы  қарай  негізгі  этностардың  урбанизациялану  дәрежесіндегі
алшақтықтар елеулі түрде азайды.  Қазақтар  мен  орыстардың  урбанизациялау
дәрежееінде 1970 жылы екі еседен астам айырма  болды,  ал  бұл  айырмашылық
1926 жылы 10 есе болатын. Мұндай айыр-машылықтың шұғыл азаюына республиканы
индустриаландыру, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, КСРО-дағы мәдени революция
көмектесті. Орыстар, татарлар, корейлер, негізінен қалада тұратын  этностар
болып қалды да, қазақтар, немістер,  өзбектер,  әзірбайжандар  ауыл-селолық
этностар болды.
      Егер республиканы тұтас алғанда қала тұрғындарының үлес саны  1959-дан
1970 жылы дейін 6,5 дәрежеге өссе, орыстар (10,1 дәр.),  украиндар  (13,4),
корейлер   (17,9),   әзірбайжандар   (13,1   дәрежеге)   неғүрлым    шапшаң
урбанизацияланды. Белорустар ғана бұрынғы урбанизациялану дәрежесін  сақтап
қалды, қалған этностар қала халқын қалыптастыруда соңында қалды.
      1979—1989 жылдары этнодемографиялық құрамның ағымы  мынаны  көрсетеді:
1979—1989 жылдары.  халықтың  жалпы  өсімінде  қазақтардың  үлес  саны  70,
орыстардың үлесі 13, немістердің үлесі 3  пайыз  болды.  Оның  бер  жағында
Қазақстанда қазақтардың өсуі 23,5 пайыз, орыстар 3,9  пайыз,  немістер  6,4
пайыз, татарлар 4,6, өзбектер 26,1,  белорустар  11  пайыз,  ұйғырлар  25,3
пайыз, корейлер 12,3 пайыз  өсті.  Жанұядағы  бала  саны  қазақтарда  үнемі
төмендеп келеді: 1972 жылы 5,01 болса, 1978  жылы  4,85,  1985  жылы  4,27.
Қазақ әйелінің бала тууы 1979 жылы 5,787 болса, 1989 жылы 3,584,  бұл  1979
жылы дәреженің 61,9 пайыз Қазақстанда қазақтардың табиғи есуі 1962 жылы 110
мың адам (халықтың жалпы табиғи өсімінің 37 пайыз) болса, 1964 жылы 111 мың
болған (43 пайыз), 1970 жылы 107,7 мың (48,1  пайыз),  1972  жылы  114  мың
(49,0 пайыз), 1979 жылы 125 мың (52,1 пайыз), 1989 жылы 162 мың адам  (63,5
пайыз) болған.




Лекция №10. 1980-1990 жылдардағы демографиялық ақуал
 1. 1989 жылғы халық санағы.
 2. Кеңес өкіметінің ыдырауының демографиялық дамуға әсері.
 3. 1980-1990 жылдардағы демографиялық ақуал.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
      1980—1989 жылдары бүрын аграрлық  этностар  болып  келген  қазақтардың
(53,3   пайыз)   ұйғырлардық   (52,8   пайыз)   өзбектердің   (30    пайыз)
урбанизациялану   дәрежесі   неғүряым   шапшаң   өсті.   Сейтіп   Қазақстан
этностарының екі тобының әлеуметтік-экономикалық даму жөнінен шапшаң теңесу
тенденциясы бар, дегенмен  бұлардың  арасындағы  зор  айырмашылық  сақталып
отыр.  1970—1989  жылдары   ауылдық   жердегі   қазақ   халқының   этностық
топтасқандығы сақталып қана қоймай, ол күшейе түсті. Бұған ауылдық  жердегі
халықтың табиғи өсу дәрежееінің жоғарылығы, Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-
батыс, оңтүстік-шығыс шөл және шөлейт аймақтарының ауа райы жағдайының КСРО-
ның Еуррпалық бөлігінен, Сібір  мен  Қиыр  Шығыстан  көшіп  келушілер  үшін
ұнамсыздығы  көмектесті.  Алайда  бұл  облыстар  қалаларына  КСРО   орталық
ведомстволарының күш салуымен экстенсивті жолмен өнеркәсіпті дамытуға,  ірі
келемде күрделі құрылыстар жүргізуге жаңа қоныстанушылар  жіберіліп  жатты.
1989 жылы қазақтардың урбанизациялануы 38,4 пайыз, немістер  49,1  өзбектер
37,3, ұйғырлар 34,2 пайыз жетті.  Неғұрлым  урбанизацияланған  ұлт  орыстар
(77,8  пайыз),  украиндар  (65,3),  татарлар  (77,2),  белорустар   (61,6),
корейлер (84,2 пайыз) болды.
      1951—1970  жылдары   жалпы   алғанда   КСРО-ның   басқа   аудандарынан
Қазақстанға кеші-қон үрдісінің бәсендеуі байқалды. 1951—1970  жылдары   100
мың адамнан астам дәрежеден кетушілерден кетушілердің  басымдылығына  дейін
өзгерді. Осымен бірге қазақтар басқа республикалардан, еол сияқты 1955—1959
жылдары және 1962-жылы Қытайдан кері көшіп келіп жатты.
      1970—1990 жылдары  республикааралық  көші-қон  үрдісінде  келушілерден
кетушілер артық болды. 1970 жылы көшіп кетушілер 35 мыңнан 1988 жылы 95 мың
адамға жетті. 1985—1988 жылдары республика аралық айырмашылық Қазақстандағы
саяси  процестерді  кейбір  орыстардьщ  өздері  үшін  қолайсыз  деп  санауы
нәтижесшде олардың көшіп кетуінің көбеюінен  болды.  Қазақстанда  1983—1987
жылдары халықаралық эмиграция санаулы ғана еді. 1988  жылы  бастап  КСРО-да
эмиграцияға шек қою тоқтатыла бастады. 1988 жылы бұл процесс өсе түсіп,  ол
92,3 мың адамға жетті. Эмигрантгардың негізгі  бөлігі  немістер,  еврейлер,
гректер болды.
      1989—1990 жылдары республикааралық теріс  көші-қоныс  1989  жылы  46,8
мыңнан 1990 жылы 36,6 мыңға дейін азайды.
      Қазақстаннан басқа республикаларға көшіп кетушілер арасында  1988—1990
жылдары орыстар 53—55 пайыз, украиндар  9—12,  немістер  6—8,  қазақтар  6—9
пайыз, республикаға көшіп келушілер арасында орыстар 48 пайыз  украиндар  8,
немістер 5, қазақтар 20 пайыз болды. Сөйтіп 1990 жылы республикааралық көші-
қоныста орыстардың саны 17,7 мың, украиндер 4,1 мың адамға азайды,  қазақтар
16,6 мық адамға көбейді.  Қазақ  этносының  тарихи  отанына  жиналу  процесі
күшейді.   1989   жылы    бастап    қазақтардын,    Өзбекстаннан    (әсіресе
Қарақалпақстаннан), Ресейден, Түрікменстаннан көшіп келу процесі күшейді.

Лекция №11. 1999 жылғы халық санағы
     1. Санақ жүргізу әдістемесі.
     2. Тұрғындар саны және орналасуы
     3. Тұрғындардың жас-жыныстық құрылымы.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
      Тұрғындар туралы негізгі  статистикалық  мәліметтер  жинаудың  негізі,
арнайы  ұйымдастырылған,  бірыңғай  бағдарлама,  әдіспен  барлық  жерде  бір
уақытта  жүргізілетін  халық  санағы  болып  табылады   және   соңғы   санақ
қорытындысын бұрынғы  өткен санақ  мәліметімен  салыстырып,  алдағы  уақытқа
болжам жасауға болады. Біріккен Ұлттар  Ұйымының  статистика  комитеті  1960
жылдан бастап барлық мемлекеттерге он жылда бір рет халық  санағын  өткізуді
ұсынды. Мұның өзі  жекелеген  мемлекеттің  және  жер  шарының  тұрғындарының
нақты санын білуге мүмкіншілік береді.
      Қазақстанда ең  алғашқы  санақ  1897  жылы  патша  өкіметінің  кезінде
жүргізілсе, кеңес өкіметі орнаған соң 1920, 1923, 1926,  1937,  1939,  1959,
1970, 1979, 1989 жылдары халық санағы өткізілді.
      1999  жылы  25  қаңтардан  4  наурыз   аралығында   Қазақстан   Ұлттық
статистикалық агенттігінің  басқаруымен  республикада  тәуелсіздік  алғаннан
кейін бірінші рет халық санағы жүргізілді. Санақтың ерекшелігі,  біріншіден,
бағдарламасы, стандарты, методологиясы  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  талабына
сай, екіншіден, XX ғасырдағы  қорытынды  санақ  болғандықтан  XXI  ғасырдағы
еліміздің демографиялық жағдайына болжам жасауға болады.
      Санақтың бағдарламасын 1998  жылы  4  тамызда  Республикалық  комиссия
бекітті, оған  әлеуметтік-  демографиялық,  экономикалық,  баспана  мәселесі
сияқты  23  сұрақ  енгізілді.  Оның  18  сұрағы  демографиялық,  әлеуметтік-
экономикалық, 5 сұрағы тұрғындардың баспана мәселесіне (жеке  меншік  немесе
жалға алынған баспана, пәтердің,  үйдің  тұрмысқа  ыңғайлылыгы)  және  бірге
тұратын адамдар санын анықтауға арналған. Кеңес өкіметі  жылдарындағы  санақ
сұрақтарымен  бірге  тұрғындардың  табысы,  адамның  еңбек  статусы   (жұмыс
беруші, жалдамалы жұмысшы,  жұмыссыз),  мемлекеттік  тілді  білуі,  көші-қон
үрдісі сияқты сұрақтар енгізілді.

Лекция №12. Қазақстан Республикасының демографиялық дамуы
      1. Тұрғындардың ұлттық құрамы.
      2. Тұрғындардың орналасуы.
      3. Тұрғындардың жас-жыныстық құрылымы.

Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер)
      Санақ  аралығындағы  он  жылда  Қазақстан   Республикасының   халқының
демографиялық дамуы өзгеріске ұшырады. Тұрғындар арасында туу  көрсеткішінің
азайып, өлімнің көбеюі табиғи өсімді кемітті, көші-қоным үрдісі  нәтижесінде
механикалық өсім болмауы 1989 жылғы Бүкілодақтық, 1999  жылғы  республикалық
халық санағы аралығында облыста тұрғындар санын азайтты.
      Санақ қорытындысы Республикада он жыл  аралығында  болып  өткен  (1989
жылдың 12 қаңтарынан  1999  жылдың  25  ақпаны  аралығы)  және  тәуелсіздік
алғаннан кейінгі жеті жыл ішінде қалыптасқан демографиялық  үрдіске  талдау
жасаута мүмкіндік береді.
      1999 жылы Шығыс Қазақстан облысының жер көлемі 283,3  шаршы  шақырымды
алып жатты, ол Республика территориясының 10,4%-ын құрайды. Көлемі  жағынан
Шығыс Қазақстан облысы Республика бойынша Қарағанды  (428,0),  және  Ақтөбе
(300,6) облысынан кейін үшінші орында. Облыс территориясында 14  аудан,  10
қала (оның 5 облыс қарамағында), 30 поселка, 224 ауылдық округ, 846 ауылдық
елді мекен орналасқан. Санақ аралығындағы он жылда облыста 84 ауылдық  елді
мекен қысқарды.
      Санақ мәліметі бойынша облыста халық тығыздығы 1989 жылғы әрбір  шаршы
шақырымға 6,2 адамнан келіп  (республикада  6  адам)  республикалық  орташа
көрсеткіштен жоғары болса, 1999 жылы халық тығыздығы 5,4  адамға   төмендеп
республикалық көрееткішпен теңесті. Шығыс Қазақстан облысы халық  тығыздығы
жағынан республика бойынша 14 облыс арасында 7 орында.  Егер  республикамен
шектелетін  басқа  мемлекеттермен  салыстыратын  болсақ,   Россияда   халық
тығыздығы 9 адам болса, Түркіменстанда 10, Қырғызстанда 22, Өзбекстанда 52,
және Қытай мемлекетінде 125 адам. Көрші мемлекеттердің  халық  санының  көп
болуы және халық тығыздығының Қазақстан  Республикасындағы  көрсеткіштен  2
еседен 23 есеге дейін артық болуы еліміз үшін қай жағынан болмасын қауіпті.
      1999 жылғы санақ методологиясы негізінде республикада  қазіргі  шекара
бойынша 1989 жылы 16199145 адам тұрды. Олардың 7846680 ер адамдар  (48,4%),
8352474  әйелдер  (51,6%)  болды.  Қала  түрғындарының  саны  9132067  адам
(56,4%), ауыл халқы 7067087 адам (43,6%) құрады.
      1999 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша (25 ақпанда) шетелдерде
тұратын  Казақстан   азаматтарын   және   олардың   жанүя   мүшелерін   қоса
есептегенде,  бірақ  сол  уақытта  Казақстанда  түратын  шетел  азаматтарын,
олардың жанұя мүшелерін қоспағанда республика  территориясында  тұрғындардың
саны 14953126 адам  болды.  Олардың  7201783  ер  адамдар  (48,2%),  7751343
әйелдер (51,8%) қүрады. Оның ішінде 8376814  адам  қалада  (56,0%),  9576312
адам ауылда (44,0%) тұрды.
       Санақ  аралығындағы  он  жыл  аралығында  Республика  халқының  саны
1246028 адамға,  немесе  1989  жылмен  салыстырганда  7,7%-ға  кемісе,  оның
ішінде ер адамдардың саны 644897 адамға 8,2%-ға, әйелдер 601131 адамға 7,2%-
га кеміген. Қала түрғындарының республикадағы үлесі 1999  жылы  1989  жылмен
салыстырғанда 0,4%-ға,  саны  755253  адамға  немесе  8,3%-ға  кеміді.  Ауыл
түрғындарының республика халқының арасындағы үлесі он жыл  аралыгында  0,4%-
ға  өскеніне  қарамастан,  саны  490775  адамға   немесе   6,9%-га   кеміді.
Республика халқының санының  1998-1999  жылдар  аралығындағы  кемуіне  Шығыс
Қазақстан облысындағы он  жылдағы демографиялық үрдіс өз әсерін тигізді,

Лекция  №13.  Қазақстан  Республикасының  демографиялық   дамуына   арналған
заңнамалар
   1. Көші-қон үрдісін зерттеу.
   2. Ана мен балаға көмек.
   3. Жастар сасаты.


3 ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚТАР

1-тақырып. ХХ-ғасыр Басындағы Қазақстан халқы:
    - Қоныс аударудың халық санының өзгеруіне әсері;
    - Ғасыр басындағы Қазақстан халқының ұлттық құрамы, әлеметтік құрылымы.
- Қазан төңкерісіне дейінгі тұрғылықты халықтар.

2-тақырып. Азамат соғысы жылдарындағы Қазақстан халқы;
-Азамат соғысының демографиялық дамуға әсері;
- 1921-1922 жылғы аштық салдары.

 3-тақырып. Қазақ АССР –ның құрылуы:
- Қазақ жерін біріктіру;
- Қазақ АСС халқы;
- Тұрғындардың орналасуы.

4-тақырып. 1926 жылғы халық санағы;
- Санақ мәліметі бойынша ауыл тұрғындары;
-Қала тұрғындары;
- Тұрғындардың орналасуы.

5-тақырып. 1930- жылдардағы Қазақстан халқы:
-  1931-1933 жылдарда аштық салдары;
- Аштықтың Қазақстанның демографиялық дамуына әсері;
- Индустриализацияның тұрғындардың орналасуына әсері.

6-тақырып. ХХ –ғасырдың 30 -жылдарындағы халқы санағы:
- 1937 жылғы халық санағы;
- 1939 жылғы халқы санағы

7-тақырып. ҰОС алдындағы Қазақстан халқы;
- ҰОС алдындағы Қазақстан халқы;
- 1938 жылы кәрістерді Қазақстанға күштеп қоныс аудару

8-тақырып. ҰОС жылдарындағы Қазақстан халқы;
- Соғыстың демографиялық дамуға әсері;
- Тұрғындарды эвакуациясы;
- Халықтарды күштеп қоныстандыру

9-тақырып. 1950 –жылдардағы Қазақстан халқы;
- Тың жерді игерудің демографиялық дамуға әсері;
- Тұрғындардың ұлттық құрамы;
- Тұрғындар санының өзгеруі;
- 1959 жылғы халық санағы

10-тақырып. 1970 жылғы халық санағы:
- Тұрғындардың саны және орналасуы;
- Ұлттық құрамы;
- Жас жыныстық құрылымы:

11-тақырып. 1979 -жылғы халық санағы:
- Тұрғындардың саны және орналасуы;
- Ұлттық құрамы;
- Жас жыныстық құрылымы:

12-тақырып. - Тұрғындардың саны және орналасуы;
- Ұлттық құрамы;
- Жас жыныстық құрылымы:

13-тақырып. 1999-жылғы халық санағы:
- Тұрғындардың саны және орналасуы;
- Ұлттық құрамы;
- Жас жыныстық құрылымы:

14-тақырып. 2009 жылғы халық санағы:
- Тұрғындардың саны және орналасуы;
- Ұлттық құрамы;
- Жас жыныстық құрылымы:

15-тақырып. Қазақстан Республикасының демографиялық дамуы:
- Табиғи қозғалыс;
- Механиқалық қозғалыс

               4. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
                                                                     Кесте-1
|     |Тапсырма                             | Оқыту                |Балл   |
|     |                                     |факторы               |саны   |
|1-2  |1.Қазақстанның демографиялық дамуына |анықтамалар           |       |
|апта |арналған еңбектер каталогын құру.    |жазу                  |       |
|3    |Демографиядағы сандық және сапалық   |хронологиялық кесте   |15     |
|апта |мінездеме.                           |                      |       |
|     |Әлемдегі адам өмірінің ұзақтығы      |                      |       |
|     |мәселесі.                            |                      |       |
|     |Қытай Халық Республикасындағы «Бір   |                      |       |
|     |жанұяға  бір бала саясаты»           |                      |       |
|4    |ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы     |тақырыптық тест       |15     |
|апта |демографиялық жағыдайға әсер ететін  |(бір сұрақта 5 жауап) |       |
|     |оқиғаларға талдау жасаңыз..          |                      |       |
|     |Н.В. Алексеенко, А.Н Алексеенколардың|                      |       |
|     |«Население Казахстана за 100 лет»    |                      |       |
|     |еңбегі бойынша ХХ ғасырдың бірінші   |                      |       |
|     |ширегіндегі Қазақстанның тұрғылықты  |                      |       |
|     |халықтарын қаорастырыңыз.            |                      |       |
|5    |1926 жылғы халық санағы мәліметін    |тарихи конспекті      |20     |
|апта |қолданып тұрғындардың орналасу       |немесе тарихи эссе    |       |
|     |картасын жасаңыз.                    |                      |       |
|     |2. 1926 жылғы халық санағы мәліметін |                      |       |
|     |қолданып тұрғындардың ұлттық         |                      |       |
|     |құрамының картасын жасаңыз.          |                      |       |
|6    |Әлеуметтік жағдайдың демографиялық   |тарихи сараптамалық   |30     |
|апта |дамуға әсері.                        |анықтама жазу         |       |
|     |Қазақстандағы урбандалу үрдісінің    |                      |       |
|     |ерекшеліктері.                       |                      |       |
|     |Жанұяның демографиялық дамуға әсері. |                      |       |
|7    |1. Деректерді пайдаланып 1931-1933   | тезис жазу           |35     |
|апта |жылдардағы әр облыс бойынша аштық    |                      |       |
|     |зардабының кестесін құрыңыз.         |                      |       |
|     |2. Әр ұлт бойынша аштықта қайтыс     |                      |       |
|     |болғандардың кестесін құрыңыз.       |                      |       |
|     |№ 1 аралық бақылау жұмысы: Өтілген   |тест орындау 25 сұрақ |60     |
|     |тақырыптар бойынша                   |5 жауаптан            |       |
|     |БАРЛЫҒЫ:                             |                      |175    |
|8    |1937 жылғы және  1939 жылғы халық    |мазмұны бойынша       |10     |
|апта |санағын жүргізу әдістерін            |қысқаша конспекті     |       |
|     |салыстырыңыз.                        |                      |       |
|     |Салыстыру кестесін құрыңыз           |                      |       |
|9    |Республика бойынша соғыстан кеиінгі  |тарихи анықтамалар    |10     |
|апта |жылдардағы көші –қон себептерін      |жазу                  |       |
|     |анықтаңыз.                           |                      |       |
|     |2. Көші – қон түрлерін талдаңыз.     |                      |       |
|10   |1 Қазақстандағы сыртқы көші-қон      |тарихи эссе жазу      |10     |
|апта |ерекшелігі.                          |                      |       |
|     |2 Қазақстандағы ішкі көші-қон        |                      |       |
|     |ерекшелігі.                          |                      |       |
|     |Қытайдағы демографиялық даму         |                      |       |
|     |ерекшелігі.                          |                      |       |
|11   |1989-1999 жылғы халық санағының      |хрнологиялық тарихи   |10     |
|апта |мәліметтер бойынша республика бойынша|сараптамалық кесте    |       |
|     |он жылдық көші-қон жиілігін анықтаңыз|                      |       |
|     |Сыртқы көші – қонның негізгі         |                      |       |
|     |бағыттарын және оның жиілігін        |                      |       |
|     |анықтаңыз.                           |                      |       |
|12   |Жас-жыныстық құрылым бойынша         |тезис жазу            |15     |
|апта |республика тұрғындарының ХХ ғасырдағы|                      |       |
|     |демографиялық дамуын талдаңыз.       |                      |       |
|     |Әр облыс бойынша тұрғындардың        |                      |       |
|     |демографиялық жасын анықтаңыз.       |                      |       |
|13   |ШЫҰ: құжаттары мен шешімдердің       |тарихи эссе           |15     |
|апта |орындалуы туралы                     |                      |       |
|14   | 1.Әлеуметтік-экономикалық           |№ 2 аралық бақылау    |15     |
|апта |факторлардың туу көрсеткішіне әсері. |                      |       |
|     |2. Демографиялық факторлардың туу    |                      |       |
|     |көрсеткішіне әсері.                  |                      |       |
|     |3.Әлем халқы  санының өсу болашағы.  |                      |       |
|15   |«Қазақстандағы демографиялық         |Қорытынды             |20     |
|     |үрдістер» пәні бойынша қайталау,     |сұрақ-жауап           |       |
|     |өткен шолу                           |                      |       |
|     |                                     |жеке сұрақтар арқылы  |60     |
|     |                                     |жазбаша тапсырмалар   |       |
|     |                                     |орындау               |       |
|     |БАРЛЫҒЫ                              |                      |165    |

Тест сұрақтары

$1. Демография ғылымының мақсаттарының бірі
А) Әлем халықтары тарихымен айналысу
В) Рухани мәдениетті зерттеу
С) Әлем халықтарының өсу динамикасын талдау
Д) Бір мемлекеттен көшуді зерттеу

$2. Демография ғылымының қалыптасу процесі ірі неше кезеңнен тұрады?
А) Бірнеше ғасыр
В) 6 кезең
С) 2 кезең
Д) 4 ірі кезең

$3. Демографиялық әдістердің бірі
А) Археологиялық әдіс
В) Биологиялық әдіс
С) Химиялық әдіс
Д) Математикалық модельдеу әдісі

$4. Демографиялық ғылымдар жүйесінің құрамы неше блоктан тұрады?
А) 4 блок
В) 2 блок
С) 6 блок
Д) 3блок

$5. Рурбанизация түсінігі?
А) Қала орталығына қарай көшу
В) Шетелдерге көшу
С) Шетелден ата жұртқа көшу
Д) Ауылды жерлерде қалалақ өмір салтының кеңінен таралуы


$6. Агломерация
А) Тарихи байланыстармен топтасу
В) Тұрғындар дамуының кезеңі
С) Тұрғындардың табиғи жылжуының есебі
Д)  Тереториялық  жерлерде  өндірістік,  әкімшілік  мәдниеттік   байланыстан
біріккен қаланың шоғырлануы

$7. Суперурбанизация түсінігі?
А) Халықтың қалаға шоғырлануы
В) Жас ерекшелігіне қарай бөліну
С) Шамадан тыс көбею
Д) Қала орталығына қарағанда шет аймақтарда халық санының тез өсуі

$8. Демографиялық болжам
А) Халық санын реттеу
В) Демографияның болашағына жол
С) Ерте кездегі халық саны
Д) Халықтың өсу динамикасы

$9. 2005 жылы қазақ ұлтының үлес салмағы
А) 40
В) 33
С) 57
Д) 50

$10. 100 жылда (1992-2092) қанша өседі деп болжам жасалды?
А) 10,5 млннан 60 млн
В) 80 млн
С) 37 млн
Д) 10,5 млннан 32 млн-ға дейін

$11. 1926 жылғы халық санағы 1897  жылмен  салыстырғанда  қаншаға  көбейді,-
деп мәлімделді?
А) 1 млн 048, 1 мың
В) 2 млн 048, 6 мың
С) 1 млн 50 мың
Д) 1 млн 200 мың

$12. 1999 қала тұрғындары арасында қазақтар үлесі?
А) 47 %
В) 50 %
С) 60 %
Д) 35 %

$13. 1999 жылы ауылдардағы қазақ халқы үлесі?
А) 47 %
В) 60 %
С) 50 %
Д) 55 %

$14. 1999 жылы халық санағы бойынша Қазақстан халықтарының  қала  тұрғындары
үлесі?
А) 70 %
В) 40 %
С) 50 %
Д) 56 %

$15. 1999 жылы халық санағы бойынша ауыл тұрғындары үлесі?
А) 44 %
В) 35 %
С) 70 %
Д) 50 %

$16. 1989 жылы халық санағы бойынша Қазақстандағы қазақтың саны?
А) 6,5 млн
В) 6,2 млн
С) 3,2 млн
Д) 7,5 млн

$17. 1989 жылы халық санағы бойынша Қазақстандағы қазақтың саны  неше  пайыз
болды?
А) 25,2 %
В) 39,7 %
С) 40,5 %
Д) 50,5 %

$18. 1989 жылы халық санағы бойынша бірінші орынды иеленген облыс?
А) Қызылорда облысы
В) Шығыс Қазақстан облысы
С) Оңтүстік Қазақстан облысы
Д) Қостанай облысы

$19. 1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы халық саны?
А) 20 %
В) 30 %
С) 40 %
Д) 66 %

$20. 1989 жылы халық санағы бойынша екінші орынды иеленген аймақ?
А) Алматы
В) Шымкент
С) Қостанай
Д) Қарағанды

$21. 1989 жылы халық санағы бойынша үшінші орынды иеленген аймақ?
А) Оңтүстік Қазақстан
В) Қостанай облысы
С) Шығыс Қазақстан
Д) Қызылорда облысы

$22. 1970 жылдан бастап Қазақстанда орыс халқының үлес салмағы?
А) Артты
В) Теңдей болды
С) Төмендеді
Д) Екі есе өсті

$23. 1979 жылы халық санағы бойынша Қазақстанда қалалықтар?
А) 30,7 промильді көрсетті
В) 10,7 ромильді көрсетті
С) 15,7 промильді көрсетті
Д) 20,7 промильді көрсетті

$24. 1979 жылы халық санағы бойынша Қазақстанда ауыл тұрғындары?
А) 28,7 промильді көрсетті
В) 18,7 ромильді көрсетті
С) 38,7 промильді көрсетті
Д) 58,7 промильді көрсетті

$25. Соңғы жылдарда Қазақстанда қала мен ауылда туу коэфициенті?
А) Өсіп барады
В) Төмендеп барады
С) Екі есе өсті
Д) Демографиялық жарылысты көрсетті

$26.Қоғамда  демографиялық  үрдістеріне  кері   әсер   беріп   депопуляцияға
әкелетін жағдай?
А) Экологияның нашарлауы
В) Жалақының төмендеуі
С) Экономикалық дағдарыс
Д) Экономикалық өрлеу

$27. 1959 жылы Республика тұрғындарының саны?
А) 11 млн 294 мың 270 адам
В) 8 млн 295 мың 740 адам
С) 10 млн 294 мың 741 адам
Д) 9 млн 294 мың 741 адам

$28. 1959 жылы Республикада қазақтардың үлесі?
А) 2,787 мың (30 %)
В) 4, 787 мың (40 %)
С) 3 млн
Д) 6 млн

$29. 1959 жылы Республикадағы орыстардың үлес салмағы?
А) 3 млн
В) 3,972 мың (42,7 %)
С) 4, 972 мың (50 %)
Д) 4,5 млн

$30. 2030 жылғы Қазақстан тұрғындарының санын қаншаға жеткізу көзделді?
А) 30 млн адамға
В) 25 млн адамға
С) 22 млн адамға
Д) 20 млн адамға

$31. Қазіргі кездегі дүние жүзі тұрғындарының саны?
А) 10,2 млрд
В) 5,2 млрд
С) 7,2 млрд
Д) 6,2 млрд

$32. Адам дамуының негізгі өлшемдері?
А) Өмір ұзақтығы, білім, өмір деңгейі
В) Мәдениеті, білімі, жалақысы
С) Білімі, жанұя құрамы
Д) Жанұя мүшелері саны

$33. Қазақстандағы ер адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы?
А) 70 жас
В) 59 жас
С) 80 жас
Д) 65 жас

$34. Жапониядағы ер адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы?
А) 80 жас
В) 70 жас
С) 76, 4 жас
Д) 59 жас

$35. Қазақстандағы әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы?
А) 65 жас
В) 59,2 жас
С) 60,2 жас
Д) 72 жас

$36. Жапониядағы әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы?
А) 82,5 жас
В) 72,5 жас
С) 62,5 жас
Д) 52,5 жас

$37.АҚШ-тағы ер адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы?
А) 63 жас
В) 73 жас
С) 83 жас
Д) 53 жас

$38. АҚШ-тағы әйелдердің орташа өмір сүру ұзақтығы?
А) 30 жас
В) 40 жас
С) 75 жас
Д) 50 жас

$39. ҚР-да қазіргі 20-25 жастағылардың үлес салмағы?
А) 25 %
В) 30 %
С) 40 %
Д) 53,8 %

$40. Демографиялық болжамның бірі?
А) Ұзақ мерзімді болжау
В) 1999 ж. халық саны
С) 1959 ж. халық саны
Д) 1989 ж. халық саны

$41. Әйелдердің туу коэфициенті арқылы жасайтын болжам?
А) Миграциялық болжам
В) Репродуктифтік болжам
С) Еңбек әдісі
Д) Ұзақ мерзімді болжам

$42. Кагорттік дегеніміз?
А) Әр түрлі жастағылар
В) Жас адамдар тобы
С) 1 жастағы адамдар тобы
Д) 50-60 жастағылар тобы

$43. 2004 жылы ҚР-да 1 км2-ге неше адамнан келді?
А) 8,5 адам
В) 7,5 адам
С) 6,5 адам
Д) 5,5 адам

$44. 2004 жылы ҚР-ның тұрғындарының саны?
А) 14, 951 мың
В) 13, 951 мың
С) 10 млн
Д) 9 млн

$45. Қазақстандағы көп санды ұлттар саны?
А) 120
В) 8
С) 10
Д) 3

$46. 1999 – 2003 ж.ж. Республикадағы табиғи өсім?
А) 302, 7 мың
В) 325, 6 мың
С) 386, 6 мың
Д) 300, 5 мың

$47. 1897 жылы қазақ халқының үлес салмағы?
А) 60 % - іқұраған
В) 99 % - іқұраған
С) 50 % - іқұраған
Д) 81,8 % - іқұраған

$48. Ресейлік  отаршыл  саясаттан  қазақ  халқы  өз  жерінде  неше  %  -  ке
төмендеген?
А) 30 %
В) 50 %
С) 20 %
Д) 40 %

$49. Демографиялық саясат қағидалары?
А) Халық санын көбейту
В) Жасалған іс-шаралардың бір тұтастығы сапалы тұрғындарды қалдыптастыру
С) Оралмандарды көбейту
Д) Басқа ұлтты көшіріп жіберу

$50. Демографиялық саясаттың негізгі мақсаты?
А) Оралмандарды көбейту
В) Экономиканы өрлету
С) Халық санын азайту
Д)  Демографиялық  үрдістерді  басқару  қоғамдағы  әлеуметтік   экономикалық
үрдістерге әсер ету
$51. Демографиялық саясатқа әсер ететін іс-шаралар?
А) Әлеуметтік іс-шаралар
В) Мәдени іс-шаралар
С) Саяси іс-шаралар
Д) Экономикалық, әкімшілік-құқықтық, тәрбиелік іс-шаралар

$52. Демографиялық тәрбиелік іс-шараның бірі?
А) Ана мен әке болудың маңыздылығын насихаттау
В) Халық арасында жиын өткізу
С) Оралмандарды квотамен қамтамасыз ету
Д) Шет елдердегі қазақтарға үгіт жүргізу

$53. Демографияны түсіндірудің тиімді жолы?
А) Үгіт жүргізу
В) Демография туралы білім беру
С)  Референдум өткізу
Д) Кітаптарды көбейту

$54. Демографиялық саясатты кеңінен насихаттау жолы?
А) Аудиториядағы дәріс
В) Мешіттерді пайдалану
С) Теледидар, баспасөз, интернет
Д) Шетелдерге бару

$55. Қазақстан тұрғындарын көбейтер еді
А) Некені тұрақтандырса
В) Босқындарды қабылдаса
С) Абортты заңдастырса
Д) Абортқа тиым салынса

$56. Бір балалы отбасыларға ғана материалдық жеңілдіктер жасайтын  мемлекет
А) Қырғызстан
В) Қытай
С) Ресей
Д)АҚШ

$57. Көп балалы отбасыларға салық салатын мемлекет
А) Қырғызстан
В) Қытай
С) Ресей
Д) АҚШ

$58. Туу көрсеткішін төмендетуді көздейтін елдер?
А) Қытай, Пакистан
В) Ресей, Үндістан
С) Үндістан, Пакистан, Бангладеш
Д) Пакистан, АҚШ

$59. Экономикалық белсенділік халық санын азайтады
А) Экономиканың нашарлауы
В) Оралмандардың аз болуы
С) Көшіп кетуі
Д) Халықтың қартаюы

$60. Отбасында бала болмаса:
А) Демографияға әсері жоқ
В) Некені бұзу керек
С) Отбасы тұрақсыз болады
Д) Халық саны реттеледі

$61. 2004 жылдың ортасында Қазақстан тұрғындарының саны ішінде  орыстар  мен
қазақтардың салмағы?
А) Қазақтар 28 % орыстар 58 %
В) қазақтар 58 %  орыстар 28 %
С) Екеуіде қарайлас болды
Д) Орыстардың үлесі көп болды
$62. 2004 жылы Қазақстанда түркі тілдестер мөлшері?
А) 40 %
В) 80 %
С) 68 %
Д) 30 %

$63. 2004 жылы Қазақстанда славян тілдестер саны?
А) 15 %
В) 20 %
С) 10 %
Д) 30 %

$64. 2004 жылы Қазақстанда ислам өкілдері?
А) 70 %
В) 10 %
С) 20 %
Д) 25 %

$65. Экономикалық даму мен тұрғындардың ұдайы  өндірісінің  байланысын  бір-
біріне әсерін, қарым-қатынасын қарастыруды
А) Тарихи ком понент реттейді
В) Экономикалық компонент реттейді
С) Әскери компонент реттейді
Д) Саяси компонент реттейді

66. Мемлекеттегі дүние жүзіндегі демографиялық процестерді әлеуметтік  саяси
салдары ретінде қарастырады
А) Ммлекетаралық
В) Тарихи компонент
С) Саяси компонент
Д) Әскери компонент

$67.  Этностардың  ерекшеліктерін,  мәдениетін,  тұрмысын,  өзгерісін,  шығу
тегін этностармен байланысын зерттейді?
А) Саяси компонент
В) Моральдық компонент
С) Аймақтық іс-шара
Д) Ұлттық компонент

$68. Тұлғаның мінез құлқына ұжымның қызығушылығына әсерін реттейді?
А) Моральдық компонент
В) Тарихи компонент
С) Саяси компонент
Д) Моральдық компонент

$69. Демографиялық саясатты жүзеге асыру деңгейлері?
А) Қалалық, шетелдік
В) Мемлекетаралық, мемлекеттік, аймақтық
С) Жергіліктілік, ұлттық, діни
Д) Мұсылмандық, нәсілдік, рулық

$70.  Демографиялық  зерттеудің  әдістерін  дамытып,  зерттеу  қажет  ететін
компонент?
А) Рулық, тайпалық
В) Аймақтық
С) Тарихи компонент
Д) Медициналық

$71. Тұрғындардың денсаулығын қалыптастыру мен оған әсер ететін  факторларды
талдайды?
А) Саяси компонент
В) Экономикалық компонент
С) Экологиялық компонент
Д) Медициналық компонент

$72. Қазақтың басынан өткен ең ауыр кезең?
А) 1932-1933 жылдардағы қолдан жасалған ашаршылық
В) 1917 жылғы Ақпан төңкерісі
С) 1917 жылғы Қазан төңкерісі
1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан кейін

$73. Демографиялық стратегияны күшейту үшін қазіргі кезеңде ең бастысы  неге
көңіл бөлу керек?
А) Жалақыны өсіру
В) Ең бастысы оралмандарға қолдау көрсетіп, елге келуіне жағдай жасау
С) Тууға қолдау
Д) Шетелдердегі қазақтарды тез алып келу

$74. Қазақстан территориясының сиымдылығы қандай?
А) 15 млн
В) 60 млн
С) Қазақстанның сиымдылығы 50 млн-дай
Д) 100 млн

$75. 1990 жыл қарсаңындағы шетелдердегі қазақтардың саны?
А) 3 млн
В) 10 млн
С) 1 млн
Д) 5 млн

$76. Қазақстандағы ең қазақы қалың аймақ?
А) Солтүстік Қазақстан 88 %
В) Шығыс Қазақстан  91 %
С) Алматы облысы 90 %
Д) Маңғыстау облысы 87 %

$77. Демография ғылымының зерттеу объектісі
А) Халықтың табиғи өсімі, саны, құрамы
В) Халықтың рулық құрамы
С) Нәсілдік құрамы
Д) Діни құрамы

$78. Демографиялық дүмпу деген не?
А) Халық санының көбеюі
В) Халық санының шұғыл қарқынмен өсуі
С) Оралмандар есебінен өсуі
Д) Босқындар есебінен көбею

$79. Урбанизация деген не?
А) Шетелге көшіп кету
В) Қаладан ауылға көшу
С) Ауылдан қалаға көшу
Д) Оралмандардың оралуы

$80.  Халықтың  обсалют  санының  өткен  санақпен  салыстырғанда  төмендеуін
көрсететін демографиялық дағдарыс?
А) Репортация
В) Депортация
С) Депопуляция
Д) Рурбанизация

$81. Бала тууға қабілетті жас
А) Репродукциялық жас
В) Репортация
С) Нуклеарлы отбасы
Д) Кез келген жас

$82. Отаны жоқ, отанынан айырылған,  азаматтығы  жоқ  адамдар  грекше  қалай
аталады?
А) Көшіп келгендер
В) Апатридтер
С) Бипатриттер
Д) Саяси баспана алғандар

$83. Туылған баладан бас тартушылықты қандай мінез-құлыққа жатқызамыз?
А) Нуклеарлы отбасы мінез-құлқы
В) Репродукциялық мінез
С) Репродуктивті мінез-құлық
Д) Диспропорция

$84. Промилле қандай ұғымы?
А) Демографиялық саясаттың бірі
В) Демографиялық дағдарыс ұйымы
С) Демографиялық дүмпу
Д) Демографиялық өсудің мың тұрғынға шаққандағы салыстырмалы бірлігі

$85. Депортация түсінігі
А) Халықты күшпен көшіру
В) Қуғын-сүргін жазалау
С) Көшіп келу
Д) Көшіп кету

$86. Реэмигранттар деп кімдерді айитамыз?
А) Соғыс кезінде қалып қойғандар
В) Өз еркімен тарихи отанына қайта келген эмигранттар
С) Отанынан көшіп кету
Д) Босқындыққа ұшырау

$87. ҚР-да шетелдерден қайта оралған қандастарға берілген атау
А) Эмигранттар
В) Көшіп келгендер
С) Оралман
Д) Шетел азаматтары

$88. Демографиялық статистика нені зерттейді?
А) Қарт адамдардың әлеуметтік жағдайын
В) Туғандар жөнінде дерек жинайды
С) Санақ жүргізумен айналысады
Д) Халықтың тууы, өлуі, неке, қоныс аудару саны, құрамы

$89. Халықтың жыныстық құрамы деген ұғым
А) Халықты ерлер, әйелдер тобына бөлу
В) Әйелдердің жас мөлшері туралы ұғым
С) Ерлер мәселесі жайлы ғылым
Д) Некеге тіркеу орны

$90. Мегаполис ұғымы
А) Халқы көп ұлыс
В) Ірі айммаққа бөлу
С) Халық тығыз орналасқан қала
Д) Халқы ең көп мемлекет

$91. Заң бойынша руқсат етілген ең төменгі жасы
А) 20 жасқа толған азамматтар
В) Некеге рұқсат берілгендер бәрі
С) Некелесудік медиандық жасы
Д) 15 жастан асқандар

$92. Репрессияға ұшыраған халық
А) Жазаға ұшырағандар
В) Көшіп кеткендер
С) Сотталғандар
Д) Саяси қудаланғандар

$93. Халықты жасы мен жынысына қарай графикалық сызба арқылы  көрсету  қалай
аталады?
А) Жастық, жыныстық пирамида
В) Халықтың өсу динамикасы
С) Графикалық сызба
Д) Математикалық моделдеу

$94. Алғашқы халық санақтары не үшін өткізілді?
А) Экономиканы тұрақтандыру үшін
В) Әскери және салық саясатына орай
С) Соғыс ашу үшін
Д) Халық санын реттеу үшін

$95. Алғашқы халық санақтары қай елдерде жүргізілген
А) Қазақстанда, Ресейде
В) Африкада
С) Қытайда, Египетте
Д) Англияда

$96. Ауғанстандағы алғашқы халық санағы қай жылы өткізілді?
А) 2000 ж.
В) 1999 ж.
С) 1910 ж.
Д) 1979 ж.

$97. БҰҰ халық санағын қанша жылда өткізуді ұсынған?
А) 10 жыл сайын
В) 5 жыл сайын
С) 20 жылда бір
Д) 15 жылда

$98. Тәуелсіздік алғаннан  кейін  алғашқы  халық  санағы  Қазақстанда  қашан
өтті?
А) 1991 ж.
В) 1999 ж.
С) 2000 ж.
Д) 1995 ж.

$99. Қазақстандағы болашақтағы халық санағы қашан өткізіледі?
А) 2030 ж.
В) 2008 ж.
С) 2009 ж.
Д) 2050 ж.

$100. ХҮІ ғасырда еуропаны жайлаған оба дертінен халықтың қанша % қырылды?
А) 2 %
В) 5 %
С) 20 %
Д) 4 %

$101. 1999 жылы дүние жүзі халқы қанша адамға жетті?
А) 6 млрд
В) 2 млрд
С) 10 млрд
Д) 3млрд

$102. 1987 жылы дүние жүзі халқы қанша адамға жетті?
А) 2 млрд
В) 5 млрд
С) 9 млрд
Д) 10 млрд

$103. Халық санының күрт өсуі қалай аталады?
А) Демографиялық өсім
В) Табиғи өсім
С) Демографиялық жарылыс
Д) Миграциялық жағдай

$104. Туу коэфицентінің мағынасы
А) Өмір жасы ұзақтығы
В) Белгілі бір жасқа дейінгілер
С) Туылғандарды анықтау
Д) Елдегі бір жіл ішіндегі туғандар санының халықтың жалпы санына қатынасы

$105.  Елде  бір  жыл  ішінде  туғандар  мен  қайтыс  болғандар  айырмасының
халықтың жалпы санына қатынасы қалай түсіндіріледі?
А) Табиғи өсу коэфициенті
В) Өмір жасының орташа ұзақтығы
С) Халық санағы
Д) Демографиялық саясат
$106. БҰҰ ұйымының мәліметтері бойынша жер шары тұрғындарының  қанша  пайызы
сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмеген?
А) 1%
В) 75 %
С) 10 %
Д) 25 %
 $107. БҰҰ мәліметтері бойынша әлем тұрғындарының нешесі аш жүзуге мәжбүр?
А) 40 мың
В) 1 млн
С) 850 млн
Д) 10 мың

$108. Қазақстанда адам өмір жасының орташа ұзақтығы?
А) 50 жас
В)40жас
С) 90 жас
Д) 66 жас

$109. Демографиялық депопуляция ұғымы
А) Туудың азаюы, өлімнің көбеюі
В) Өлімнің азаюы, туудың көбеюі
С) Көшіп кету
Д) Ауылдан қалаға көшу


$110. Жер шары халқының қанша пайызы қалада тұрады?
А) 47 %
В) 60 %
С) 90 %
Д) 10  %

$111. Қалада тұратын Азиялықтардың саны?
А) 3 млрд
В) 1 млрд 289 млн
С) 5 млрд
Д) 289 млн

$112. 2000 жылдардағы дерек бойынша Үндістан халқының саны?
А) 5 млрд
В) 10 млрд
С) 1 млрд-тан састам
Д) 0,5 млрд

$113. Қазақстанның қазіргі халқының саны?
А) 9 млн
В) 5 млн
С) 20 млн
Д) 15074, 2 мың

$114. Халқының саны жөнінен  Қазақстан дүние жүзінде  нешінші орында?
А) 51 орын
В) 90 орын
С) 3 орын
Д) Ең соңғы орын

$115. Халқының саны жөнінен  Қазақстан ТМД-да нешінші орында?
А) Екінші
В) Төртінші
С) Бесінші
Д) Оныншы

$116. Қазақстан аумағында қанша ұлт өкілдері тұрады?
А) 90
В) 80
С) 130-дан астам
Д) 100

$117. Қазақстандағы қазақтармен орыстардың пайыздық үлесі?
А) Теңдей
В) Қазақтар 20 % орыстар 70 %
С) Қазақтар 90 % орыстар 20 %
Д) Қазақтар 57, 9 % орыстар 26, 7 %

$118. Қазақстандағы қазақтар мен  орыстардан  бөлек  басқа  ұлт  өкілдерінің
пайыздық үлесі
А) 15, 8 %
В) 50 %
С) 90 %
Д) 3 %

$119. Дүние жүзінде таралған қазақтар қалай аталады?
А) Оралман
В) Қазақ диаспорасы дейді
С) Көшіп кеткендер
Д) Қуғын-көргендер

120. Қазақтар әлемнің қанша елінде таралған?
А) 5 ел
В) 10 ел
С) Әлемнің 54 елі
Д) 100 ел

$121. Дүние жүзінде қанша қазақ бар?
А) 15 млн
В) 9 млн
С) 90 млн
Д) 12, 5млн

$122. Қанша қазақ шетелдерде орналасқан?
А) 4,5 млн
В) 6 млн
С) 10 млн
Д) 1 млн

$123. Қазақстан халқының неше пайызы қала халқын құрайды?
А) 90 %
В) 57 %
С) 10 %
Д) 80 %

$124. Қазір Қазақстанда неше қала типтес  поселка бар?
А) 10 қала 10 қала типтес поселка
В) 100 қала 100 қала типтес поселка
С) 86 қала 200-дей қала типтес поселка
Д) 500 қала 200-дей қала типтес поселка

$125. Кенттену процесі дегеніміз не?
А) Экономикалық өрлеу
В) Әлеуметтік даму
С) Демографиялық жарылыс
Д) Қоғам дамуымен қалалар мен өнеркәсіп орындарының дамуы

$26. Екінші дүние жүзілік соғысқа әлемнің  неше  мемлекеті   қатысып,  қанша
мемлекет территориясын соғыс оты қамтыды?
А) 62 және 40
В) 4 және 10
С) 10 және 10
Д) 100 және 100

$127. Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде қанша адам  соғысқа  тартылып  әлем
халқының неше пайызын қамтыды?
А) 20 млн адам қатысты әлем халқының 50 %-н қамтыды
В) 1,7 млрд адам қатысты әлем халқының 50 %-н қамтыды
С) 5 млрд адам қатысты әлем халқының 50 %-н қамтыды
Д) 15 млрд адам қатысты әлем халқының 90 %-н қамтыды

$128. Екінші дүние жүзілік соғыс кезіндегі адам шығыны?
А) 5 млн
В) 3 млн
С) 55 млн
Д) 50 млн

$129. Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде аштық пен  эпидемиядан  қанша  адам
қырылды?
А) 1 млн
В) 2 млн
С) 10 млн
Д) 12 млн

$130.  Қазақстандағы  алғашқы  мамандандырылған  ресми  санақ  қашан   қалай
жүргізілді?
А) Ресейге қосылғаннан кейін
В) Кеңес дәуірінде
С) Тәуелсіздік алған соң
Д) Ежелгі дәуірде

$131. 1897 ж санақ  бойынша  Қазақстандағы  қазақ,  орыс,  украин  халықтары
үлесі?
А) Қазақ 50 %, орыс 50 %, украин 10 %
В)  Қазақ 78 %, орыс 13 %, украин 2 %
С) Қазақ 30 %, орыс 50 %, украин 3 %
Д) Қазақ 45 %, орыс 40 %, украин 5 %

$132. 1917 жылғы қазақтар саны
А) 1 млн 300 мың
В) 9млн 980 мың
С) 4 млн 980 мың
Д) 10 млн

$133. Алғашқы Кеңестік санақ қай жылы өткізілді?
А) 1946 ж
В) 1940 ж
С) 1917 ж
Д) 1920 ж

$134. 1937  ж.  Бүкілхалықтық  халық  санағы  нәтижелері  бұрын  неге  құпия
ұсталды.
А) 5 млн 181 мың 520 (45,6 %)
В) 2 млн 181 мың 520 (42,6 %)
С) 6 млн 181 мың 520 (50 %)
Д) 10 млн

$135. 1937 жылғы санақ бойынша Қазақстандағы қазақтардың үлес салмағы?
А) 5 млн 181 мың 520 (45,6 %)
В) 2 млн 181 мың 520 (42,6 %)
С) 6 млн 181 мың 520 (50 %)
Д) 10 млн

$136.  1926  жылмен  салыстырғанда  1939  жылы   қазақтардың   Қазақстандағы
пайыздық көрсеткіші
А) 1926 ж. қазақтар 38 %, 1939 ж. 58,5 %
В) 1926 ж. қазақтар 38 %, 1939 ж. 60 %
С) 1926 ж. қазақтар 58,5 %, 1939 ж. 38 %
Д) 1926 ж. қазақтар 10 %, 1939 ж. 20 %

$137. 1959 ж. санақ бойынша Қазақстандағы қазақтардың үлес салмағы (%)
А) 50 %
В) 90 %
С) 55 %
Д) 30 %

$138. 1970 жылғы халық санағы бойынша Республикадағы қазақтар үлесі (%)
А) 4234 166 (32,5 %)
В) 5 млн (50 %)
С) 10 млн (60 %)
Д) 6 млн (70 %)

$139. 1979 жылғы санақтан кейін қазақ халқының Республикадағы үлесі (%)
А) 10, 289, 349
В) 5 289 349 (36 %)
С) 9 289, 349
Д) 15, 289, 349 (50 %)
$140. 1989 жылғы санақтан 1999 жылғы санақ кезінде Қазақстан  халқының  азаю
себептері
А) Ресейге көшіп кету
В) Немістердің көшіп кетуі
С) Экономикалық дағдарыс
Д) Оралмандардың аз келуі

$141.  1989  жылмен  салыстырғанда  1999  жылғы  санақтан  кейін   Қазақстан
халқының саны қаншаға азайды?
А) 50 мың адамға 5 %-ға
В) 1 млн адамға, 5 %-ға
С) 2 млн адамға немесе 10 %-ға
Д) 1,7 млн адамға немесе 7,5 %-ға

$142. Репрессия ұғымы
А) Саяси қуғын-сүргін
В) Қаладан көшіп кету
С) Шетелге көшіп кету
Д) Қылмысы үшін жазаланғандар

$143. Апат болған аймақтан бейбіт аймаққа көшіруді не деп атайды?
А) Репрессия
В) Эвакуациялау
С) Депортация
Д) Эмиграция

$144. Диаспора ұғымы
А) Көшіп кеткендер
В) Саяси кінәлілер
С) Күштеп көшірілгендер, қуғынға ұшырағандар
Д) Жазасын өтеуге тиістілер

$145. Дүниежүзі бойынша халық тығыз қоныстанған аймақ
А) АҚШ, Англия
В) Қытай, Өзбекстан
В) Үндістан, Ирак
Д) Қытай, Үндістан

$146. Еліміздегі ең соңғы халық санағы қай жылы болды?
А) 1999 ж.
В) 2005 ж.
С) 1991 ж.
Д) 2003 ж.

$147. Қазақстанның қай аймағында орыс халқы басым?
А) Оңтүстік
В) Солтүстік
С) Батыс
Д) Шығыс

$148. «Қарадомалақ 2000» саясаты нені көздеді
А) Экономканы өсіру
В) Жастарға қамқорлық
С) Бала тууды көтеру
Д) Әйелдерге көмек

$149. Көрсетілген аймақтың қайсысында халық тығыз орналасқан?
А) Теңіз жағалауында
В) Таулы жерлерде
С) Қалада
Д) Мегаполис

$150. Туу, өлу, некелесу қай жерде есепке алынады
А) Әкімшілікте
Б) Полицияда
С) Қалада
Д) Астанада

$151. Қазақ хандығының  1465 – 66 жылдары  құрылғаны  туралы  орта  ғасырдың
қай тарихшысы жазған?
А) Ж.Баласағұн
В) Х.Дулати
С) Қ.Жалайри
Д) А.Иассауи

$152. Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу үрдісі қашан аяқталды?
А)ХІІІ-ХVІ ғ. соңы
В) ХV ғ. аяғы
С) ХV-ХVІ ғ.ғ
Д) ХVІ ғ. ортасы-ХVІІ ғ. басы

$153. 1867-1868 жылдары патшаның әкімшілік реформалары бойынша неше генерал-
губернаторлықтардың құрамына кірді?
А) 1
В) 2
С) 4
Д) 3

$154. Қазақ жеріне орыс-казак шаруаларын қоныстандыру қашан жүргізілді?
А) ХІХ ғ. 70-80 ж.ж.
В) ХІХ ғ. басы
С) ХІХ Ғ. ортасы
Д) Ресейге қосылған соң

$155. ХІХ ғ. соңы – ХІХ ғ. басында қазақ жеріне неше жаңа қала пайда болды?
А) 3
В) 19
С) 50
Д) 100

$156.  ХХ  ғасырдың  басындағы  Қазақстандағы  қоныс   аудару   қоры   немен
айналысты?
А) Ғылыми зерттеумен
В) Салық жинаумен
С) Қазақтардың жерін тартып алумен
Д) Халық санын реттеумен

$157. 1915 жылғы жүргізілген санақ бойынша  соғыс  кезінде  тұтқынға  түскен
7490 адам Қазақстанның қай қалаларына орналастырылған?
А) Орал, Атырау
В) Ақтөбе, Торғай
С) Ақмола, Семей
Д) Павлодар, Семей

$158. 1897 жылғы санақ бойынша өлке халқының сауаты барлары қанша пайыз?
А) 4%
В) 3 %
С) 5 %
Д) 8,1 %

$159. 1921-22 жылдардағы аштықтың қазақ халқына тигізген зардабы қандай?
А) Демографиялық жағдай ауырлады
В) Салық көбейді
С) Шаруашылық тоқтады
Д) Жұқпалы ауру тарады

$160. 1926 жылғы санақ бойынша қазақтар  республика  халқының  неше  пайызын
құрады?
А) 91%
В) 54,2 %
С) 78 %
Д) 10 %

$161. Арал маңындағы балалар өлімі деңгейі
А) 70 – 80 промиль
В) 10 пайыз
С) 20 промиль
Д) 30 промиль

$162. Экология демографиялық өсімге қалай әсер етеді?
А) Әсері жоқ
В) Кері әсер етеді
С) Орташа
Д) Әсері шамалы

$163.  Экологияның  туған  балаға  зиянды  әсерін  білгендіктен  бала  санын
шектеуге дейінгі үрейден туған ниет қалай аталады?
А) Пессимизм
В) Регрес
С) Экофобия
Д) Оптимизм

$164. Арал маңында қанша халық құрғап  бара  жатқан  теңіздің  ыстық  лебіне
кеуіп, ауыз суға жарымай отыр?
А) 10 мың
В) 100 мың
С) 0,5 млн
Д) 1 млн

$165. Соғыстан кейінгі Қазақстандағы  демографиялық  дамудың  шарықтау  шегі
қай жыл?
А) 1962
В) 1947
С) 1950
Д) 1952

$166.  «Асыра  сілтеу  болмасын,  аша  тұяқ  қалмасын»  ұраны  қай   кезеңді
сипаттайды?
А) Жоңғар шапқыншылығы
В) 1932 – 33 ж.
С) 1937 ж.
Д) 1944 – 45 ж.

$167. Соғыстан  кейінгі  (1945)  жылдары  біздің  халқымыздың  саны  қысқара
бастаған жыл
А) 1954 ж.
В) 1960 ж.
С) 1980 ж.
Д) 1992

$168. 1979 – 89 ж. ауған соғысында қаза тапқан қазақ жастары
А) 5 мың адам
В) 1 мың адам
С) 500 адам
Д) 300 адам

$169. 1949 жылдан басталған ядролық  қару  сынақтары  негізінде  радияциядан
құрбан болғандар саны?
А) Мың адам
В) 100 адам
С) 25 мың адам
Д) 500 адам

$170. 1930 жылдың аяғында қала халқы қанша пайызға жетті?
А) 5%
В) 15 %
С) 29,8 %
Д) 90 %

$171. 1939 ж. Қала тұрғындарының қаншасы қазақ болды?
А) 100 мың
В) Халықтың көп бөлігі
С) Халықтың тең жарымы
Д) 375 мың

$172. 1935 жылы жұмысшылар құрамындағы қазақтардың үлесі
А) 43 %
В) 10 %
С) 80 %
Д) 90 %

$173. «Аса бай шаруашылықтар мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу  және  жер
аудару» туралы декрет қашан жарияланды?
А) 1917 жылы 27 тамыз
В) 1928 жылы 27 тамыз
С) 1933 жылы 27 тамыз
Д) 1920 жылы 27 тамыз

$174. 1929-33 ж.ж. ОГП үштігі қанша адамды ату жазасына кесті?
А) 10
В) 25
С) 3 386
Д) 100

$175. 1945-48 жылдары Кеңес Армиясы қатарынан қанша әскер босатылды?
А) 8,5 млн адам
В) 1 млн адам
С) 2 млн адам
Д) 3 млн адам

176. Қазақстанда қанша адам ГУЛАГ-қа жабылып атылды?
А) 27 мың
В) 5 мың
С) 1 мың
Д) 100 адам

$177. Алматыда өткен дүниежүзі қазақтарының құрылтайына  1992  жылы  әлемнің
қанша елінен отандастар келді?
А) 3 елінен
В) 13 елінен
С)100елінен
Д) 90 елінен

$178. Дүниежүзі қазақтарының  бірінші құрылтайы қай жылы қай қалада өтті?
А) 1991 жылы Астана
В) 2000 жылы Астана
С) 1992 жылы қыркүйек Алматы
Д) 1999 жылы Астана

$179. Дүниежүзі қазақтарының  құрылтайына әлемнің  неше  елінен  қанша  адам
келді?
А) 100 елден 1000 адам
В) 50 елден 500 адам
С) 8 елден 600 адам
Д) 13 елінен 800 адам

$180. Дүниежүзі қазақтарының  екінші құрылтайы қай жылы қай қалада өтті?
А) 2002 жылы 22 қазан Түркістанда
В) 1995 жылы  22 қазан Алматыда
С) 1999 жылы 22 қазан Астанада
Д) 2003 жылы 22 қазан Таразда

$181. Дүниежүзі қазақтарының  екінші құрылтайына неше адам келді?
А)200-гежуық
В)400-гежуық
С) 1000-ға жуық
Д) 800-ге жуық

$182. Қазақстан Халыықтарының тұңғыш форумы қай қалада қашан өткізілді?
А) 1991 ж. 14 желтоқсан
В) 1992 ж. 13 желтоқсан
С) 1992 ж. 14 желтоқсан
Д) 2000 ж. 15 желтоқсан

$183. 1993 жылы 7,5 мың қазақ отбасы қай елдерден көшіп келді?
А) Қытай, Ресей, Қырғызстан
В) Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей
С) АҚШ, Англия, Германия
Д) Монғолия, Түркия, Иран, ТМД елдері

$184. Ақмолада саяси қуғын-сүргін құрбандарына  арналған  мемориалдық  кешен
қашан ашылды?
А) 1997 ж. 13 желтоқсан
В) 1991 ж. 13 желтоқсан
С) 2005 ж. 13 желтоқсан
Д) 2006 ж. 13 желтоқсан

$185. Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы деп қашан жарияланды?
А) 2007 ж.
В) 1991 ж.
С) 1998 ж.
Д) 1889 ж.

$186. Қазақстанда Ұрпақтар сабақтастығы жылы деп қашан жарияланды?
А) 1936 ж.
В) 1917 ж.
С) 1991 ж.
Д) 1999 ж.

$187. Елбасы Н.Назарбаевтың саяси қуғын-сүргін құрбандарын 31-ші мамыр  күні
еске алу туралы қай жылы жарияланды?
А) 1997 ж.
В) 1991 ж.
С) 1986 ж.
Д) 1990 ж.

$188. Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырап оның  25  мыңы  атылған
жылдар?
А) 1914-1918 ж.ж.
В) 1927-1953 ж.ж.
С) 1941-1945 ж.ж.
Д) 1916 ж. кейін

189. 1991-1993 жылдары Қазақстан халықтарының 450 мыңға кему себебі?
А) Әлеуметтік жағдайдың ауырлығынан
В) Қайтыс болғандар әсерінен
С) Көшіп келгендер салдарынан
Д) Экономикалық реформалардан

$190. 1916 жылы қазақтардың жалпы саны?
А) 2 млн адам
В) 4 млн адам
С) 3 млн адам
Д) 5 млн 650 мың адам

$191. 1916-45 жылдар арасында қазақтар саны қаншаға кеміді?
А) 3 млн 150 мыңға 45 %-ке
В) 2 млн
С) 1 млн
Д) 500 мыңға

$192. 1916-1922 жылдары 950 мың қазақтың апатқа ұшырау себептері?
А) Саяси реформаларға байланысты
В) Қазан төңкерісі, азамат соғысы, ашаршылық
С) Большевиктердің қуғын-сүргінінен
Д) Соғысқа байланысты

$193. Екінші  дүниежүзілік  соғыс  кезінде  қанша  адам  Қазақстандық  шығын
болды?
А) 300 мың
В) 400 мың
С) 600 мың
Д) 500 мың

$194.  70-80  жылдардағы  қазақтардың   орташа   жылдық   өсуінің   төмендеу
себептері?
А) Оралмандардың болмауы
В) Туудың төмендеуі
С) Оборттың көп жасалуы
Д) Бала өлімінің өсуі, экологиялық апат

$195. Неке біздің елімізде тіркеуден өтеді
А) ЗАГС арқылы
В) Мешіт арқылы
С) Акимат арқылы
Д) Полиция арқылы

$196. Неке туралы ЗАГС не үшін қажет?
А) Демографиялық саясат үшін
В) Халық санын арттыру үшін
С) Заңды құжат құрылымы үшін
Д) Демографиялық өсім үшін

$197. Некелік қатынастың алғашқы формасы
А) Қазіргідей
В) Моногамия
С) Қос неке
Д) Полигамия

$198. Моногамия дегеніміз не?
А) Бір некелік отбасы
В) Көп некелік отбасы
С) Некені тіркеуден өткізу
Д) Неке құруды ретке келтіру

$199. Отбасының негізгі қызметінің бірі?
А) Экономиканы өрлету
В) Ұрпақ жалғастыру
С) Әлеуметтік жағдайды жақсарту
Д) Халық санын реттеу

$200. Бала санына қарай отбасының неше түрі болады?
А) 1 түрі бар. Некеге тұрған отбасы
В) Түрі көп
С) 4 түрі бар
Д)10 түрі бар


Пәндер