Файл қосу

Мемлекеттер типі



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |
|3 деңгейлі СМК құжаты   |ПОӘК                    |ПОӘК 042-16-13.1.04     |
|                        |                        |/01-2013                |
|«Экономикалық,          |                        |                        |
|әлеуметтік және саяси   |№ 2 басылым             |                        |
|географияға кіріспе»    |10.01.2013 ж.           |                        |
|пәнінің оқу-әдістемелік |                        |                        |
|материалдары            |                        |                        |












                        ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

          «Экономикалық, әлеуметтік және саяси географияға кіріспе»

                    5В011600 – «География» мамандығы үшін

                        ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ















                                    Семей
                                    2013

                                   Мазмұны

|1    |Глоссарий                                             |            |
|2    |Дәрістер                                              |            |
|3    |Практикалық сабақтар                                  |            |
|4    |Студенттердің өздік жұмыстары                         |            |







































                                  глоссарий
      Аймақ (лат. Regio - облыс) – бұл  термин  «аудан»  түсінігіне  синоним
ретінде  және   нақты   шекарасы   көрсетілмеген   аймақты   сипаттау   үшін
пайдаланылады.
      Анклав- (француз.enclave) – жан-жағынан  басқа  мемлекеттің  аумағымен
қоршалған бір мемлекет аумағының бөлігі.
      Ассимилияция –  (лат.  Assimilatio-бірігу,  ұқсастыру)-  бір  халықтың
басқа  халықтың  тілін,  мәдениетін   үйреніп,   бірлесуі;   өзінің   тілін,
мәдениетін  және  ұлттық  сана-   сезімін   жоғалтуы.   Табиғи   ассимилация
халықтардың этникалық топтарының  аралас  үйленуі  барысында  жүзеге  асады;
күштеу  арқылы  жүретін  ассимилация-қысым  көрсетудің  нәтижесінде   жүзеге
асады. (мысалы, туған тілінде кітап басып шығаруға және  білім  алуға  тыйым
салу, т.б)
      Аудан (rayon  –  тікелей  аудармасы  шырақ,  радиус)  –  экономикалық,
әлеуметтік, экологиялық әкімшілік белгілі көрсеткіштері негізінде  бөлінетін
аумақ.
      Әкімшілік – аумақтық бөлінуі (лат.adminstratio – басқару, басқарма)  –
мемлекеттің аумақтық жүйесінің ұйымдастырылуы, соның  негізінде  мемлекеттік
басшылық пен билік жүйесінің жұмыс атқаруы.
      Геосаясат  –  елдің  географиялық  жағдайы  және    басқа   физикалық,
экономикалық,  географиялық  факторлармен  шартталатын  мемлекеттің   сыртқы
саясаты мен  халықаралық қатынасты саяси, әскери-стратегиялық,  экологиялық,
халықаралық байланыстарға тәуелділігін зерттейтін ғылыми бағыт.
      Демография – (грекше demos-халық және grafo - жазу)  –  халық  санының
өсуі және  халықтың  ұдайы  өсуі.  Демографиялық  жарылыс  –  туудың  жоғары
қарқынын сақтау арқылы өлімнің  шұғыл   төмендеуі  нәтижесінде,  халық  саны
өсімінің  күрт  артуы.
      Депопуляция  –  (depopulation-  халықтың  азаюы)   -   халық   санының
төмендеуі, азаюы.
      Еңбек  өнімділігі -  адамның еңбек  әрекетінің жемісі, өнімділігі. Бір
жұмысшының белгілі уақытта   жасап  шығарған  өнім  мөлшері  немесе  белгілі
өнімді жасауға  кеткен уақыт  бірлігімен есептеледі.
      Еңбек  ресурстары- еңбек  ету  үшін  білім,  ойлау  қабілеті,  қажетті
физикалық дамуы бар ел халқының  бір бөлігі.
      Импорт (ағыл.  Import - әкелу) -  басқа   мемлекеттерден  елге   тауар
әкелу, тасу.
      Индустриалиизация (лат.  Industria  –  ынта,  жігер)  –  шаруашылықтың
барлық  салаларында, өнеркәсіпте, әсіресе  ірі  машиналық   өндірісті  жасау
нәтижесінде  елдің  аграрлықтан индустриялдық құрылымға  өтуі.
      Инфрақұрылым (лат.infra – төмен және structura -  орналасу)-  халықтың
күнделікті  сұранысын қамтамасыз ету  үшін қажетті  жүйелер  мен  қызметтер,
құрылыстар, ғимараттар,  т.б  жиынтығы.  Өндірістік  инфрақұрылымға:  көлік,
байланыс,  энергетика,  сумен   қамтамасыз  ету;  әлеуметтік  инфрақұрылымға
(қызмет  көрсету  сферасы)- білім  беру,  денсаулық  сақтау,  бөлшек   сауда
және  қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету, т.б жатқызылады.
      Кооперациялау- белгілі  бір   өнімді  дайындауды   бірлесіп  атқаратын
дербес кәсіпорындар мен жекелеген  шаруашылық  салалары   арасындағы   тығыз
өндірістік  байланыс. Ол өндірісті  мамандандырудың  күшеюі  және   қоғамдық
еңбек  бөлінісінің дамуы нәтижесінде  өрістеуде.  Ол  даяр  бұйым  шығаратын
жетекші кәсіпорын тапсырмасымен бірнеше өндіріс  орындары   бірігіп,  оларды
түйіндермен  тетіктермен,  дайындамалармен,  сондай-ақ  агрегаттармен,  шала
фабрикаттармен қамтамасыз ету ісін қамтиды. Аумақтық  жағынан  жақын  жатқан
кәсіпорындардың  өзара  байланыс   тиімділігінің   жетілдіруді   ұйымдастыру
тұрғысындағы іс- шара.
Мұның да  мамандандыру түрлеріне сәйкес 3 түрі бар. Ол аумақтық  (аудан  іші
немесе ауданаралық)  немесе   салалық  (сала  ішіндегі  немесе   салааралық)
принцптер бойынша  ұйымдастырылады,  өнеркәсіптің  экономикалық  ұтымдылығын
арттыруға бағытталған өндірісті ұйымдастырудың  аса   маңызды   формаларының
бірі.
      Құрамдастыру – бір кәсіпорын   аясында  әр  түрлі   өнімдер  шығаратын
бірнеше өндірісті технологиялық  жағынан   аумақтық  және   ұйымдық  тұрғыда
біріктіретін өндірісті ұйымдастырудың прогресшіл түрі. Ол келесі  үш  түрде:
шикізат өнімдерінсатылап өңдеу;  шикізат  пен  отынды   кешенді   пайдалану;
қалдықтарды  қолдану  бағытында жүзеге   асырылады.  Бұл  форма-металлургия,
химия, жеңіл өнеркәсіп тамақ, ағаш,  мұнай  өңдеу,  т.б.  салаларда  кеңінен
қолданылады. Мысалы: толық циклді металлургия камбинатында  бірнеше  (шойын,
болат,  прокат,  кокс,  химиялық  өнім,  цемент,  т.б.құрылыс  материалдарын
өндіру)өндіріс түрлері біріктірілген.
      Қызметкерлердің тапшылығы (лат.  defecit  -  жетіспеу)-қызметкерлердің
жетіспеуі, жұмыс орынының жұмыс істеуге ынталылардан көп болуы.
      Мамандану (лат.specialis дара,  ерекше)-  Ауданның  мамандануы-ауданда
белгілі өнім өндірісі немесе белгілі қызмет көрсету түрінің шоғырлануы.
      Мамандандыру- белгілі бір дайын өнімді, оның жеке  бөліктерін  даярлау
немесе дербес технологиялық операцияларды орындау  ісі  арнайы  бір  салаға,
оқшауланған  кәсіпорныға  оның    ішіндегі   құрылымдарға    жүктелуі.   Осы
тұрғыдағы оның 3 түрі ажыратылады: заттық немесе   нақтылы  бір  дайын  өнім
шығаруға мамандандыру (станок, автомабиль жасау,  аяқкиім,  т.б.);  тетіктік
немесе  өнімнің жеке бір  тетігін  жасауға   мамандандыру  (поршень,  шарик-
подшипниктер,  реле,  т.б.);  технологиялық  кезеңдерге  немесе    стадиялық
мамандандыру (құрастыру) цех, иіру фабрикасы, құю зауыты, т.б.
      Мегалополис (грекше megas-үлкен  және  polis  –  қала;  бұл   атау  35
мекеннің қосылуынан  пайда болған ертедегі  грек  қаласы Мегалоаполь  атымен
 аталған) – бірнеше  қала  агломерациясының  бірігуінің   нәтижесінде  пайда
болған ең  ірі қоныстану  формасы.
      Мигарция (лат. migratio – көшіп - қону)-  халықтың   аумақтар  бойынша
көші-қоны (қоныс аудару, мезгілді және тербелмелі көші-қоны).
      Миграция сальдосы (итал.  saldo  өтемақы,  есеп,  қалдық)  –  халықтың
механикалық  өсімі  тәріздес  белгілі   аумаққа   қоныс   аударып  келушілер
мен белгілі  уақыт аралығында қоныс аударып кетушілер саны (бір жыл  ішінде)
айырмашылығы.
      Нәрестелер өлімі – туған  мың нәрестеге шаққандағы  бір жасқа  дейінгі
өлгендердің саны.
      Негізгі  өндірістік   қорлар-материалдық  өндірістің   машина   жасау,
құрал-жабдықтар, өндірістік ғимарат, құрылыстар салуда пайдаланылды.
      Өнеркәсіп – адамзат  қоғамының   өндіргіш  күштерінің  даму  денгейіне
ықпал   етуші   шаруашылықтың   жетекші   саласы.   Ол    өзі    үшін    де,
шаруашылықтыңбасқа да салалары үшін де әрі адам игілігіне  қажетті  өзге  де
материалдық құндылықтарды өндіретін бірегей кешен. Ол шикізат пен  материал,
 отын мен энергия  өндірумен бірге   өзінің  құрамындағы  түрлі   салалардан
алынған немесе ауыл шаруышылығында өндірілген өнімді ары  қарай өңдеумен  де
айналысатын сан мыңдаған арнаулы   кәсіпорныдардың  жиынтығы.  Құрылымы  өте
күрделі  осы  кешеннің   салаларын  атқаратын  міндеті   мен   технологиялық
ерекшеліктеріне қарай  өндіруші  және   өнеркәсіп  түрлеріне  топтастырамыз.
Өз  кезегінде  өндіруші  өнеркәсіп  өзінің   еңбек  затын  табиғаттан  алса,
өндіруші өнеркәсіп еңбек өніміне айналған заттарды ғана өңдейді.
      Өнеркәсіп орталықтары - өнеркәсіп салаларының шоғырланып  орналасуымен
ерекшеленетін қала немесе кент  аумағы.  Өнеркәсіп  орталықтары,  негізінен,
өндірістің ауқымдылығымен және  құрамының  күрделілігімен  ерекшеленеді.  Ол
индустриялдық мазмұндағы қызметімен қоса әрі көлік қатынасында  маңызды  рөл
атқарады. Әдетте, өндіруші өнеркәсіп орталықтары (шахталар, кеніштер,  т.б.)
өңдеуші өнеркәсіп орталықтарымен (машина жасау,  химия, т.б.)  салыстырғанда
тар профильді болып келеді. Өйткені  өндіруші өнеркәсіп орталықтары  белгілі
 бір шикізат түрін немесе табиғат қорын пайдаға жарату мен  ғана  шектеледі,
ал өндәруші өнеркәсіп   орталықтарының   өндірістік  профилі  өзінің  жан  –
жақтылығымен сипатталынады. Өнеркәсіп  орталықтары  өзі  орналасқан  аумаққа
қатысты үйлесімді ұйымдастырушылық рөл атқара  отырып, сол жердегі  өндіргіш
күштердің  қарқынды дамуына да зор ықпал жасайды.
      Өнекәсіп  торабы  –  ортақ  мүдделі   жағдайда  бірыңғайлы    көліктік
географиялық  орнымен,  өзара   өндірістік  –  технологиялық  байланыстармен
бірлестірілген өнеркәсіптік кәсіпорындардың  серіктесіп орналасқан   аумағы.
Өнеркәсіп торабы бірнеше қаалар  мен олардың  маңында  орналасқан  кенттерді
қамтиды, өте сирек жағдайда  бір  қаланың  аумағымен   де  шектелуі  мүмкін.
Атқаратын қызметіне қарай өндіруші өнекәсіп торабы  және  өңдеуші  өнеркәсіп
торабы болып бөлінеді.  Өндіруші   өнеркәсіп   торабы:  көмір,  мұнай,  қара
металлургия, т.б салаларға,  ал өңдеуші  өнеркәсіп   торабы:  машина  жасау,
химия,  тоқыма және  басқа  да тармақтарға  бөлінеді.
      Өнеркәсіптің  кооперациялануы  (лат.   cooperatio   –   ынтымақтастық,
әріптестік)-белгілі    бір    өнімді    бірлесіп    шығаратын    маманданған
кәсіпорындардың арасындағы өндірістік  байланыс.
      Өндіруші  өнеркәсіп  -   минералдық  ресурстар,  кен  байыту,  құрылыс
материалдарын,  басқадай  шикізат  түрлерін  өндіру,  балық    аулау,   ағаш
дайындау, т.б. салалары жатады.
      Өндірістік  ұйымдастыру  -   сапалы   өнім   шығару,   оның   түрлерін
көбейту, еңбек  өнімділігін  арттыру, өндірістік  шығындарды  азайту,  еңбек
  жағдайын  жақсарту   және  мамандардың   біліктілігін   көтеру   негізінде
өндіріс орынының  тиімділігін  көтеру   мақсатындағы   еңбек   процесі   мен
өндіріс заттарын уақыт  пен  кеңістікте   ұтымды   ұштастыруға   бағытталған
іс-шаралар жиынтығы. Ол негізгі, көмекші, қызмет  көрсетуші  өндірістер  мен
басқару процестерін қамтиды. Өндірісті  ұйымдастыруда  түйдекті,  дара  және
партиялық    әдістер   қолданылады,   соңғысында    алғашқы     екі     әдіс
ұштастырылады.    Өндірісті     ұйымдастырудың     маңызды      формаларына:
құрамдастыру,  шоғырландыру, мамандандыру,  кооперациялау жатады.
      Өңдеуші  өнеркәсіп  –  аралық   өнімдер  мен  даяр   бұйымдар   алумен
шұғылданатын:  металлургия,  химия,   машина  және   құрал-жабдықтар  жасау,
металл және   ағаш   өндеу,   тоқыма   тамақ  т.б.   өнеркәсіп   салаларынан
тұрады. Өнеркәсіп өзі  шығаратын өнім түрлеріне  қарай   екі   үлкен   топқа
бөлінеді: 1) «А»тобына немесе  ауыр  өнеркәсіп   бөлігіне   өндіріс   құрал-
жабдықтарын (станок,прокат,  минералдық  тыңвйтқыш,  целлюлоза  т.б.)  жасап
шығаруға; 2) «Б»  тобына   немесе   жеңіл   өнеркәсіпке   күнделікті  тұтыну
заттарын (тігін, балық, астық  өнімі, тағамдар, үй  мүліктері,  дәрі-дәрмек,
т.б.) жасайтын  салалар  кіреді. Аталмыш  қос  салалық  топ бірнеше  кешенді
 салаларға  бөлінеді, ал олар өз кезегінде тармақталып   жекеленген  өндіріс
түрлеріне   жіктеледі.  Мысалы,   машина    жасау    өнеркәсіп    кешені   –
ауылшаруашылық,  энергетикалық,   көліктік   машиналар,   станок,   аспаптар
жасау, т.б. салаларға  бөлінеді,  олардың  өзі   ары   қарай  жеке   өндіріс
түрлеріне (көліктік  машина  жасау-автомабиль,   авиация  кеме  жасау,т.б.),
олар  өз  кезегінде   жеке  (автомабиль  жасау  –   автобус,   жүк,   жеңіл,
спорттық,т.б) арнайы  бағыттарға  тармақталады.
      Приватизация (лат. privatus  -  жеке)-  мемлекеттің   меншігіне   жеке
қожайындарға беру,  жекешелендіру.
      Рекрация (recreatio – қалпына  келтіру). Рекрациялық ресурстар –  адам
денсаулығын қалпына  келтіруге мүмкіндік   беретін,   жақсы   демалыс   үшін
жасайтын  ресурстар.
      Субсидия  (лат.  subsidium  –көмек,  қолдау)-   мемлекеттен    әлдебір
аймаққа, әлеуметтік топтарға,  салаларға  бөлінетін ақша  қоры.
      Терминал (лат.  terminus  –  шектен  шығу,  соңы)  –  көлік  торабының
жекешеленген, маманданған бөлігі (мысалы, теңіз  портындағы  мұнай   айлағы,
т.б.).
      Урбанизация  (лат.  urbanus  -    қалалық)-   қала    халқының    үлес
салмағының  өсуі, қалалар рөлінің артуы және қалалық өмір  салтының  таралуы
процесі.
      Халықтың   аймақтарға   шоғырлануы  (лат.  concentratio  –  жинақталу,
үйірілу)-халықтың  жеке, орталық, зона,  аудандарға   шоғырлануы.  Шоғырлану
процесі халықтың әркелкі орналасуын  күшейтеді.
      Халықтың  табиғи  өсімі  –   туу   мен    өлім    саны    аралығындағы
айырмашылық.
      Шаруашылықтың салалық  құрылымы - өнімнің бағасы,  негізгі  өндірістік
қордың   бағасы   және   жұмыс   істейтіндердің  саны  бойынша   әр    түрлі
өнеркәсіп  салаларының  арасындағы  өзара арақатынасы.
      Шоғырландыру  -  өндірісті   ірілендіру  мақсатында   өндіріс   құрал-
жабдығының, еңбек қорларының  және  өндірілетін  өнімінің   барынша   іргелі
кәсіпорындарға  тоғыстырылып   жинақталуы.  Осындай   кәсіпорын   аясында  –
еңбек  құралдарын, т.б. жарақатарды  жетілдіріп  жаңғыртып отыру еңбек  және
  шикізат   ресурстарын   үнемдеу,  еңбек   өнімділігін   арттыру,   тиімді.
Олардың  ұсақ   немесе    орта    кәсіпорындарға    қарағанда    техникалық-
экономикалық,  т.б.  артықшылықтарымен  қатар   пайдасы   да  мол,  бәсекеге
қабілеті де зор.
           Экспорт (ағыл. Export – сыртқа  шығару)-  басқа   елдерге   тауар
шығару.
           Этнос (ағыл.ethnos - халық) – адамдардың  –  тайпа,  халық,  ұлыс
тарихи қалыптасқан  тұрақты топтары.































                    ІІ. Дәрістердің қысқаша конспектілері

                                  Дәріс №1
                Тақырыбы: Дүние жүзінің қазіргі саяси картасы


    Мақсаты – дүние жүзінің қазіргі саяси картасының қалыптасу жағдайларына
тарихи-географиялық,  саяси-географиялық  тұрғыдан   талдау   жасау,   басты
халықаралық және аймақтық саяси ұйымдармен таныстыру.


   Жоспары
   1) Дүние жүзінің саяси картасындағы соңғы өзгерістер.
   2) Саяси география және геосаясат.
   3) Халықаралық және аймақтық саяси ұйымдар.


   Дүние жүзінің саяси картасында  елдің  әлемдегі  орнын,  саяси-әкімшілік
құрылымы бейнеленеді. Сонымен қатар, саяси картада басты  саяси-географиялық
өзгерістер:  жаңа  тәуелсіз  мемлекеттердің  пайда  болуы,  елдердің   саяси
статусының ауысуы,  шекаралары  мен  аумағының,  ел  атауы  мен  астанасының
өзгеруі және т.б. көрініс табады. Дүние жүзінің  саяси  картасы  мен  ондағы
заңдылықтарды,  өзгерістерді  географияның  саяси  география  деп   аталатын
тармағы зерттейді.
   Мазмұны жағынан бір қарағанда қарапайым болып  көрінетін  саяси  картада
әдетте мемлекеттер  мен  олардың  шекаралары,  әкімшілік-аумақтық  жіктелуі,
астанасы мен ірі қалалары бейнеленеді. Мұның негізінде дүние жүзі  елдерінің
мемлекеттік  құрылымы  мен  басқару   үлгілерінің   таралу   заңдылықтарына,
мемлекеттер  арасындағы  өзара  қарым-қатынастарға,  сондай  ақ  мемлекеттік
шекараларды анықтау мен халықтың қоныстануына  байланысты  болатын  аумақтық
жанжалдарға (қақтығыстар) қатысты күрделі  мәселелер  жатыр.  Дүние  жүзінің
саяси  картасы  тарихи  кезеңдерде  ұдайы  өзгеріске  түсуде.  Оған  әртүрлі
факторлар ықпал етеді.
   Дүние жүзінің қазіргі  заманғы  саяси  картасының  қалыптасуына  қатысты
оқиғаларды шартты түрде Жаңа (XVІІ  ғасырдан  Бірінші  дүниежүзілік  соғысқа
дейін) және Ең жаңа  кезең  (Бірінші  дүниежүзілік  соғыстан  бүгінгі  күнге
дейін) деп аталатын екі дәуірге топтастырады.
    -  Еуропалықтардың  отарлау  әрекеттері   XV   ғасырда   португалдардың
      Солтүстік  Африкадағы  аса  маңызды   сауда   және   көлік   қатынасы
      орталықтары болып  табылатын  Сеута  және  Мелилья  қалаларын  жаулап
      алуынан басталды.
    - ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың  басында  дүние  жүзіндегі  жетекші
      метрополиялар арасында  ықпал  ету  аймақтары  үшін  күрес  шиеленісе
      түсті. Соның нәтижесінде әлемді Бірінші  дүниежүзілік  соғыстың  өрті
      шарпыды.
    - Дүние жүзінің қазіргі заманғы саяси картасының  қалыптасуында  Екінші
      дүниежүзілік соғыс қарсаңы мен одан соң болған маңызды өзгерістер, ХХ
      ғасырдың 50-60-жылдарындағы отарлық жүйенің күйреуі, 80-90-жылдарында
      социалистік  жүйенің  ыдырауына  байланысты  оқиғалар  айрықша   роль
      атқарды.
   Дүние жүзінің қазіргі саяси картасының объектілері қатарына  мемлекеттік
мәртебесі ресімделген және ресімделмеген 267 ел мен аумақтар жатады.  Оларды
басты екі топқа: 1) мемлекет  мәртебесі  ресімделген,  халықаралық  деңгейде
танылған егемен (тәуелсіз) мемлекеттер; 2)  дербес  басқару  мәртебесіне  ие
болмаған (тәуелді) аумақтар  деп  екіге  бөледі.  Олар  бір-бірінен  жерінің
ауданы,   халық   саны,   әлеуметтік-экономикалық   даму   деңгейіне   қарай
айырмашылық жасайды.

   Тәуелсіз мемлекеттер. Тәуелсіз елдер мемлекеттік  құрылымы  мен  басқару
формалары  жағынан  әртүрлі  болады.  Дүние  жүзінің  халықаралық   деңгейде
танылған тәуелсіз мемлекеттерін  мемлекеттік  құрылымы  бойынша  монархиялар
мен республикаларға бөледі.

   Монархия жағдайында жоғары өкімет билігі бір  ғана  адамның  (император,
король, герцог, князь, сұлтан және  т.б.)  қолында  шоғырланған.  Билік  ету
құқығы атадан балаға мұра етіп беріледі.  Дүние  жүзінде  қазіргі  кезде  30
монархия бар. Олардың барлығы дерлік Ескі Дүниеде (Азияда – 14,  Еуропада  –
12, Африкада – 3), тек біреуі  ғана  Мұхит  Аралдарында  (Тонга  Корольдігі)
орналасқан.
   Дүние жүзіндегі елдердің басым көпшілігі  мемлекетті  басқару  формасына
қарай республика (латынша “res  publіca”  –  қоғамдық  іс)  болып  табылады.
Республикалық   басқару   формасы   Еуропадағы   буржуазиялық    төңкерістер
нәтижесінде енгізілген болатын.
   Федерациялы  мемлекет  жағдайында   оның   құрамына   енетін   федерация
мүшелерінің белгілі бір  саяси,  экономикалық  дербестігі  болады.  Бірыңғай
(федералдық) заңдарымен және басқару  органдарымен,  ортақ  әскермен  қатар,
федерация мүшелерінде мемлекеттік биліктің  барлық  белгілері  (ту,  әнұран,
конституция,  парламент,  атқарушы  билік  жүйесі)  бар.   Дүние   жүзіндегі
федерациялар саны 20-дан асады (1 - кесте).
                                                                     1-кесте

                   Дүние жүзіндегі федерациялы мемлекеттер

|Аймақтар       |Мемлекеттер                                              |
|Еуропа         |Аустрия Республикасы, Бельгия Корольдігі, Германия       |
|               |Федерациялы Республикасы, Ресей Федерациясы, Швейцария   |
|               |Конфедерациясы, Югославия Одақтас Республикасы           |
|Азия           |Біріккен Араб Әмірлігі (БАӘ), Малайзия, Мьянма Одағы,    |
|               |Пәкстан Ислам Республикасы, Үндістан Республикасы        |
|Америка        |Америка Құрама Штаттары, Аргентина Республикасы, Бразилия|
|               |Федерациялы Республикасы, Венесуэла Республикасы, Канада,|
|               |Мексика Құрама Штаттары                                  |
|Африка         |Комор аралдары Федерациялы Ислам Республикасы, Оңтүстік  |
|               |Африка Республикасы, Нигерия Федерациялы Республикасы,   |
|               |Эфиопия                                                  |
|Аустралия мен  |                                                         |
|Мұхит Аралдары |Микронезия Федерациялы Штаттары, Аустралия Одағы.        |



      Тәуелді аумақтар. Ұлы  географиялық  ашылулар  мен  еуропалық  отарлау
нәтижесінде метрополияларға тәуелді  аумақтар  пайда  болды.  Жалпы  “аумақ”
деген термин егемендігі жоқ жерлерге;  аз  игерілген  аудандарға;  мәртебесі
белгісіз жерлерге (мысалы, Батыс Сахара) қатысты қолданылады.

   Тәуелді аумақтарға отарлар (латынша “colonіa” -  қоныс),  протектораттар
(латынша “protector” – қамқоршы), мандаттық аумақтар, шалғай  департаменттер
мен аймақтар, ассоциациялық мемлекеттер жатады.
   Ұлыбританияға тәуелді аумақтар:
    1. Гибралтар (Испаниямен даулы аймақ)
    2. Әулие Елена аралы (Атлант мұхиты)
    3. Ангилья (Кариб теңізі)
    4. Виргин (Британдық) аралдары (Кариб теңізі)
    5. Кайман аралдары (Кариб теңізі)
    6. Монтсеррат (Кариб теңізі)
    7. Теркс и Кайкос (Кариб теңізі)
    8. Питкэрн (Мұхит Аралдары)
    9. Бермуд аралдары (Атлант мұхиты)
   10. Фолкленд (Мальвин) аралдары (Аргентинамен даулы аумақ).
    Францияға тәуелді аумақтардың арасында “шалғай департаменттер” деп
аталатын айрықша топ бар. “Шалғай департаменттер” ресми түрде Франция
мемлекетінің құрамында деп есептелінеді, оларды француз үкіметі
тағайындаған комиссар немесе префект басқарады. Францияға тиесілі 5 шалғай
департамент бар. Сонымен, Францияға тәуелді аумақтар қатарына жататындар:
    1. Француз Гвианасы - «шалғай департамент» (Оңтүстік Америка)
    2. Гваделупа — «шалғай департамент» (Кариб теңізі)
    3. Мартиника — «шалғай департамент» (Кариб теңізі)
    4. Реюньон аралы — «шалғай департамент» (Үнді мұхиты)
    5. Сен-Пьер және Микелон — «шалғай департамент» (Атлант мұхиты)
    6. Маоре  аралы  (Комор  аралдары  тобында)  —  әскери  база,  «айрықша
       аумақтық түзілім»
    7. Крозе аралдары (Үнді мұхиты)
    8. Кергелен аралы (Үнді мұхиты)
    9. Клиппертон аралы (Тынық мұхит)
   10. Француз Полинезиясы (Қоғам, Туамоту, Маркиз, Тубуаи, Бас және  басқа
       аралдар) (Мұхит Аралдары)
   11. Жаңа Каледония (Мұхит Аралдары)
   12. Сен-Поль аралы (Үнді мұхиты)
   13. Амстердам аралы (Үнді мұхиты)
   14. Уоллис және Футуна (Мұхит Аралдары)
    Нидерландқа тәуелді аумақтар:
     Антиль (Нидерланд) аралдары (Бонайре, Кюрасао, Саба және т.б.) және
Аруба (Кариб теңізі)
    Данияға  тәуелді аумақтар:
     1. Гренландия (ішкі автономия)
    АҚШ-қа тәуелді аумақтар:
    1. Виргин аралдары (Кариб теңізі)
    2. Пуэрто-Рико (1952 жылдан бастап АҚШ-қа “өз еркімен қосылған”
мемлекет статусы бар)
    3. Шығыс Самоа (Мұхит Аралдары)
    4. Гуам (Тынық мұхит, Мариан аралдары тобында)
    5. Мидуэй аралындағы әскери базалар (Гавай аралдары)
    6. Джонстон және Сенд аралдарындағы әскери базалар
    7. Адам қоныстанбаған аралдар: Пальмира, Джарвис, Кингмен-Риф, Хоуленд
және Бейкер  (Мұхит Аралдары)
    Аустралия Одағына тәуелді аумақтар:
    Кокос аралдары (Мұхит Аралдары)
   Халықаралық ұйымдар дегеніміз – халықаралық  келісімдер  (жарғы,  статут
немесе басқа құжаттар) негізінде  құрылған,  тұрақты  түрде  жұмыс  істейтін
үкімет аралық және үкіметтік емес ұйымдар.  Олар  өзінің  қызметін  жарғылық
құжаттарына сай, көп жақты келіссөздер  мен  проблемаларды  талқылау,  дауыс
беру арқылы немесе консенсус негізінде шешім қабылдауға құрады.
    1919 жылы құрылған Ұлттар Лигасы деп  аталатын  халықаралық  ұйым  1939
жылы өз жұмысын  тоқтатты.  Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  соң,  1945  жылы
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) құрылды. Штаб-пәтері  Нью-Йорк  қаласында  (АҚШ)
орналасқан. Ұйымға 191 мемлекет (2007 ж) мүше.
  Бұл ұйымның алға қойған негізгі мақсаттары оның Жарғысында көрініс
  тапқан. Олардың қатарына әлемдегі бейбітшілік пен халықаралық
  қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бейбір өмірге төнген қауіптің алдын алу
  немесе бетін қайтару, халықаралық даулы мәселелер мен шиеленістерді
  реттеу жатады. Бұл Жарғыда мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі мен
  ынтымақтастығының басты принциптері, оның барлық мүшелерінің теңдігі,
  халықаралық көлемдегі ынтымақтастық пен өзге мемлекеттердің ішкі істеріне
  араласпау принциптері бекітілген.
   БҰҰ-ның  басты  органдары  –  Бас  Ассамблея  мен  Қауіпсіздік   Кеңесі,
Экономикалық және әлеуметтік кеңес,  Халықаралық  сот,  Қамқорлық  жөніндегі
кеңес,  Хатшылық.  БҰҰ-ның  Бас  хатшысын  Бас  Ассамблея  5  жыл   мерзімге
тағайындайды.
   Сондай ақ, БҰҰ-ның халықаралық деңгейдегі  қызметін  ұйымдастыруда  оның
құрамындағы Атом энергетикасы жөніндегі агеттік (МАГАТЭ), Білім беру,  ғылым
және мәдениет мәселелері  жөніндегі  ұйымның  (ЮНЕСКО,  штаб-пәтері  Парижде
орналасқан),  Халықаралық  еңбек  ұйымының,  Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау
ұйымының, Азық-түлік пен ауыл  шаруашылық  жөніндегі  ұйымның  (ФАО),  Сауда
және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) маңызы зор.
   Өздігінен қарастырылатын сұрақтар:
   1.Ел дегеніміз не?
   2.Абсолюттік  монархия  және  контституциялық  монархияның  айырмашылығы
неде?
   3.қазіргі кезде халықаралық ұйымдардың дүние жүзінде алатын орны?


                                 Дәріс №  2
                Тақырыбы: Қазіргі заманғы елдерді топтастыру


    Мақсаты – қазіргі заманғы  дүние  жүзі  елдерін  топтастырудың  негізгі
принциптерімен таныстыру.


   Жоспары
    1) Дүние жүзі елдерін топтастырудың әртүрлі әдістемелері.
    2) Елдерді мемлекет құрылымы бойынша топтастыру.
    3) Елдерді аумағы мен халық санына қарай топтастыру.
    4) Елдерді экономикалық даму деңгейіне қарай топтастыру.


  Дүние жүзі елдерін топтастыру ең алдымен біз бірінші тақырыпта қарастырып
  кеткен басқару формасы мен мемлекет құрылымына қарай болады.  Одан  басқа
  топтастырудың бірнеше басқа принциптері бар, олардың негізгілері:
1. Жерінің ауданы
2. Аумағының пішіні
3. Халық саны
4. Теңізге шығу – шықпауы
5. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі
    Мемлекет аумағы – белгілі бір мемлекеттің егемендігіндегі  географиялық
кеңістік бөлігі, ол мемлекеттің халықаралық деңгейде танылған  аумағы  болып
табылады.  Мемлекеттер  арасындағы  кеңістік  қатынастар  шекаралар   арқылы
реттеледі.  Осы  тұрғыда  мемлекеттің  саяси-географиялық  орны  анықталады.
Мемлекет  аумағының  құрамына  құрлық  пен  ішкі  сулар  ғана   емес,   оның
жағалауындағы  Дүниежүзілік  мұхиттың  аумақтық  бөлігі  де   енеді.   Теңіз
жағалауында орналасқан мемлекеттердің басым көпшілігінде (олардың саны  121)
аумақтық сулар 3-12 мильдік жолақты құрайды, алтауында  ол  15-50  миль,  ал
қалған он үш  елде  200  мильдік  аумақтық  су  зонасы  бекітілген.  Теңізге
тікелей шыға алмайтын  41  мемлекетке  басқа  мемлекеттердің  аумағы  арқылы
еркін өту құқығы берілген.
    Жерінің ауданы бойынша  ірі  тоғыз  елді  (Ресей  Федерациясы,  Канада,
Қытай, АҚШ,  Бразилия,  Аустралия  Одағы,  Үндістан,  Аргентина,  Қазақстан)
атауға болады, олардың жерінің ауданы бірігіп,  адам  қоныстанған  құрлықтың
55,8 %-ын құрайды.
   Ал жерінің ауданы 30 мың км2-ден аспайтын микромемлекеттерге  Еуропадағы
«ергежейлі»  мемлекеттер  мен  Мұхиттағы  аралдық  мемлекеттерді   жатқызуға
болады:   Ватикан,   Монако,   Лихтенштейн,   Мальта,    Андорра,    Мальдив
Республикасы, Науру,  Тувалу  және  т.б.  Ұсақ  мемлекеттердің  алып  жатқан
аумағы адам қоныстанған құрлықтың бар болғаны 1,3%-ын құрайды (кесте).



   Д үние жүзі мемлекеттерін жерінің ауданы бойынша топтастыру
                           (И.И. Пирожник бойынша)

|  |Мемлекеттер типі   |Аумағы          |Ел саны |Жалпы ауданы             |
|  |                   |                |        |млн км2      |%           |
|1 |Алып мемлекеттер   |2,5 млн км2-ден |9       |75,8         |55,8        |
|  |                   |астам           |        |             |            |
|2 |Ірі мемлекеттер    |350 мың – 2,5   |48      |45,2         |33,3        |
|  |                   |млн км2         |        |             |            |
|3 |Орташа мемлекеттер |150-350 мың км2 |28      |7,1          |5,2         |
|4 |Шағын мемлекеттер  |30-150 мың км2  |43      |3,5          |2,6         |
|5 |Ұсақ мемлекеттер   |30 мың км2-ден  |66      |1,8          |1,3         |
|  |                   |аз              |        |             |            |
|6 |Тәуелді аумақтар                            |2,3          |1,7         |
|  |Барлығы            |                |194     |135,8        |100,0       |


   Мемлекетке  аумағы  бойынша  баға  беруде  оның   игерілу   деңгейі   де
ескеріледі. Мысалы, Аустралия Одағының 1/3 бөлігін  шөлдер  алып  жатыр,  ал
Ресей Федерациясының 3/5 бөлігі табиғаты қатал аудандар болып табылады.
   Мемлекет жерінің  ауданы  оның  халықаралық  мәртебесі  мен  егемендігін
бағалауда кедергі бола алмайды. кестеде жерінің ауданы  бойынша  «экстремум-
мемлекеттер» деп аталатын елдер топтамасы берілген
                Мемлекет аумағы бойынша экстремум-мемлекеттер

|Макромемлекеттер                    |Микромемлекеттер                    |
|атауы              |аумағы, млн км2 |атауы               |аумағы, км2    |
|Ресей Федерациясы  |17,1            |Ватикан             |44 га          |
|Канада             |9,9             |Монако              |1,6            |
|Қытай              |9,5             |Науру               |21,3           |
|АҚШ                |9,3             |Тувалу              |30,0           |
|Бразилия           |8,5             |Сан-Марино          |61,0           |
|Аустралия Одағы    |7,7             |Лихтенштейн         |157            |
|Үндістан           |3,2             |Сент-Китс және Невис|260            |
|Аргентина          |2,8             |Мальдив Республикасы|298            |
|Қазақстан          |2,7             |Гренада             |300            |


   Мемлекет аумағының пішіні және таралып орналасуы бойынша да  мемлекеттер
айырмашылық жасайды. Бұл фактор ел аумағын  игеруде,  экономикалық  дамуына,
мемлекеттік  шекаралардың  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуде   маңызды   роль
атқарады. Осы тұрғыда елдерді бірнеше типтерге бөліп қарастыралды:
   1. Созылыңқы пішіндегі мемлекеттер  (Чили,  Норвегия,  Швеция,  Вьетнам,
      Италия, Панама, Того, Гамбия). Олардың аумағы теңіз жағалауы  бойымен
      немесе ірі өзендер бойымен жүздеген  километрге  созылып  жатыр.  Бұл
      көптеген аудандардың елдің әкімшілік орталығынан шалғай жатуына  әсер
      етіп, аумақты  басқаруға  кедергі  келтіреді.  Мысалы,  Чилидің  орта
      бөлігінде орналасқан астанасы Сантьяго қаласы  солтүстігіндегі  шөлді
      аудандармен және оңтүстігіндегі Отты Жердегі теңіз маңы  аудандарымен
      экономикалық  жағынан  әлсіз  байланысқан.   Италияның   солтүстіктен
      оңтүстікке созылып жатуы елдің оңтүстігі мен  солтүстік  аудандарының
      экономикалық тұрғыда біркелкі дамуына кедергі келтіруде.
   2. Біртұтас аумақты алып жатқан мемлекеттер (Франция,  Испания,  Польша,
      Венгрия және т.б.). Олардың аумағы квадрат  немесе  дөңгелек  пішінді
      болып келеді. Бұл шеткі  аудандардың  ел  орталығына  шамамен  бірдей
      қашықтықта орналасуына, мемлекеттік шекараларының салыстырмалы  түрде
      қысқа  болуына,  қатынас  жолдарының  неғұрлым  жақсы   тарамдалуына,
      аумақтың  экономикалық  дамуына  және  басқарылуына  қолайлы   жағдай
      жасайды. Дегенмен, сыртқы пішіні  қолайлы  елдің  аумағында  да  оның
      игерілуі мен басқарылуына кедергі келтіретін табиғи  факторлар  (биік
      таулар, батпақтар және т.б.) болуы  мүмкін.  Мысалы,  Перу  биік  Анд
      тауларымен екі бөлікке бөлініп жатыр.
   3.   Шашыраңқы   мемлекеттер   (Индонезия,   Филиппин   сияқты   аралдық
      мемлекеттер,  екі  бөліктен  тұратын  Малайзия  және  т.б.).   Аумағы
      біртұтас  емес,  бірнеше  бөліктерден  тұратын  мұндай  мемлекеттерде
      басқару және  қорғаныс,  қатынас  жолдары,  экономикалық  байланыстар
      бойынша қиындықтар туындайды. Оқшауланған аумақтарда мемлекеттің ішкі
      бірлігін бұзуға әрекеттену қимылдары, әртүрлі  ішкі  кикілжіңдер,  ел
      астанасының орнына қатысты таластар туындауы мүмкін. Мұндай  мемлекет
      типіне АҚШ-ты да жатқызуға болады: оның құрамына кіретін  Аляска  мен
      Гавай аралдары негізгі  аумақтан  шалғайда  орналасқан,  бұл  қосымша
      экономикалық шығындарға себепші болады.
   4. Құрамында анклавтар бар мемлекеттер.  Анклав  –  мемлекеттің  негізгі
      аумағынан басқа мемлекеттердің жерлері арқылы бөлініп  жатқан  немесе
      басқа мемлекеттің аумағында орналасқан аудандар. Анклав  жағдайындағы
      аудандар қатарына Ресей Федерациясының  құрамына  енетін  Калининград
      облысы, Әзірбайжан құрамындағы Нахичевань, Испания  құрамына  енетін,
      бірақ Мароккода жатқан Сеута мен Мелилья және т.б. анклавтар  жатады.
      Анклавтар жалпы алғанда мемлекеттің  стратегиялық  жағдайына  қолайлы
      әсер еткенімен, елдің әскери жағынан осал, экономикалық байланыстарға
      қолайсыз аудандары болып табылады.
   Елдерді халық саны бойынша да топтастырады. Ең алдымен  халық  саны  100
млн адамнан асатын 11 мемлекетті бөліп қарайды (Қытай – 1 314 млн,  Үндістан
– 1 095 млн, АҚШ – 290 млн,  Индонезия  –  235  млн,  Бразилия  –  182  млн,
Пәкстан – 166 млн, Бангладеш – 147 млн, Ресей – 143 млн, Нигерия – 132  млн,
Жапония – 128 млн, Мексика – 105 млн адам). Халық саны ең  аз  мемлекеттерге
Ватикан, Монако, Сан-Марино т.б жатады.
   3.  Теңізбен  шектесуі  мемлекеттің  геосаяси  және  стратегиялық  орнын
анықтайды.  Сол  себепті  елдерді  теңізге  шығу   мүмкіндігіне   қарай   да
бағалайды.  Бұл  тұрғыдан  алғанда  дүние  жүзі  бойынша  43   ел   теңізбен
шектеспейді.
  4. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі. Қазіргі  кезде  жекелеген  елдер
  мен аймақтар әлемдік экономикада алатын орны  жөнінен  бір-бірінен  үлкен
  айырмашылық жасайды.  Сондықтан  елдердің  нақты  әлеуметтік-экономикалық
  даму  деңгейлерін  салыстырып,  сипаттауда  сандық  көрсеткіштер   жүйесі
  кеңінен пайдаланылады. Жеке елдің дүние жүзілік шаруашылықтағы орнын және
  әлеуметтік-экономикалық   даму   ерекшеліктерін   сипаттауда:    1)    ел
  экономикасының типі; 2) жерінің ауданы  және  оның  игерілу  деңгейі;  3)
  халқының саны мен еңбек ресурстарының құрылымы; 4) жалпы жиынтық  өнімнің
  (ЖЖӨ) көлемі мен құрылымы; 5) халықтың өмір сүру деңгейі мен  сапасы;  6)
  елдің халықаралық еңбек бөлінісіндегі орны сияқты маңызды көрсеткіштердің
  жиынтығы  пайдаланылады.  Аталған  көрсеткіштердің  біріне  қарап,  елдің
  типін  анықтау  жаңсақтық  болады,  сондықтан  ел   аралық   салыстырулар
  жүргізуде өте көп мөлшерде сандық деректер ескеріледі.
       Елдерді   экономикалық   даму   деңгейі   бойынша   топтастыру.    Ел
  экономикасының ауқымы ең алдымен жалпы жиынтық өнім көлемімен анықталады.
  Жиынтық өнімнің екі түрі бар: жиынтық ішкі өнім (ЖІӨ) және жиынтық ұлттық
  өнім (ЖҰӨ). ЖІӨ жыл ішінде белгілі бір аумақта  өндірілген  тауарлар  мен
  көрсетілген  қызметтің  жалпы  құнын  көрсетсе,  ЖҰӨ  көлемін   анықтауда
  аумақтағы шетелдік кәсіпорындар  үлесі  есептелмейді.  Әдетте  географтар
  салыстырулар  жүргізгенде  ЖІӨ  көлемін  ғана  есепке   алады.    Әртүрлі
  елдердегі ЖІӨ көлемінің  көрсеткіштері  алшақтық  жасамас  үшін  бірыңғай
  бірлік – АҚШ доллары пайдаланылады.   Бұл  көрсеткіштер  бойынша  елдерді
  Мәскеу мемлекеттік университетінің  географ-ғалымдары  ұсынған  типология
  бойынша топтастырады. Бұл топтастыру бойынша тәуелсіз елдер 3  ірі  топқа
  бөлінеді:
          - Жоғары дамыған елдер
          - Орташа дамыған елдер
          - Экономикасы нашар дамыған елдер
Өздігінен қарастырылатын сұрақтар:
1.Кусков А.В. елдердің географиялық  жағдайы  бойынша типологиясын
қарастырыңыз
2.Елдерді әлеуметтік жағдайы бойынша топтастыру қалай жүргізіледі?
3.Жоғары дамыған елдерді қарастырыныз?

                                  Дәріс №3

 Тақырыбы: Дүние жүзі халқының динамикасы мен қоныстануы. Еңбек ресурстары.

  Мақсаты – студенттерде  дүние жүзіндегі халықтар, олардың ұлттық құрамы,
         халықтардың өсу динамикасы туралы білімдерді қалыптастыру.

Жоспары:
1. Халықтың саны және ұдайы өсу
2. Халықтың орналасуы және миграциялық қозғалысы
3. Қала және село халқы. Урбандалу үрдісі.

Дүние жүзі халқы 1960 жылы 3 млрд. шамасында болса, ал 2000 жылы  оның  саны
6млрд.–тан асты. Халықтың ұдайы  өсуінің  екі  түрлі:  дамыған  және  дамушы
елдердегі типтерінен басқа олардың аралығында бірнеше өтпелі түрлеріде  бар.
Осы  халықтың  ұдайы  өсуінің  бір  типінен  екінші  типіне  өтуін   француз
демографы А.  Ландри  «демографиялық  төңкеріс»  деп  атады.  Сонымен  бірге
«демографиялық дағдарыс»  ұғымы  көптеген  Еуропаның  дамыған  елдеріне  тән
болып отыр. Бұл елдерде халықтың өсуі емес, керісінше оның кемуі  байқалады.
Мысалға: Германия, Чехия, Венгрия,  Скандинавия  елдерінде,  халықтың  көбею
қарқынында жеке дүние бөліктері  мен  елдер  арасында  өзгерістерге  әкелді.
Мысалы, 1960-2000 жылдар арасында: Еуропа халқы 25% –ға көбейсе,  ол  Азияда
– 114% –ға, Африкада 211%-ға, Солтүстік Америкада 147%-ға көбейді.
      Жаңа ғасыр басында дүние жүзі халқының жартысы келесі 7  елде  тұрған.
Олар: Қытай (1282 млн), Үндістан (1046 млн), АҚШ (280 млн),  Индонезия  (231
млн), Бразилия (176 млн), Пәкстан (148 млн) және Ресей (145 млн). Ал  келесі
орында: Бангладеш (133 млн), Жапония  (127  млн),  Нигерия  (130  млн)  және
Мексика (103 млн) мемлекеттері.
Халықтың орналасуы дегеніміз-  белгілі  бір  жерде  адамдардың  өмір  сүруге
қажетті  материалдық  игіліктерді  құрау   арқылы   орналасқан   тұрғындарды
айтамыз. Халықтың орналасу жүйесіне қала және ауыл халқы,  елді  мекендердің
қоныстануын,  таралу  мен  шоғырлануын,  өзгеру   ерекшеліктерін   жатқызуға
болады. Ауылдық қоныстануға барлық  қала  статусын  алмайтын  елді  мекендер
жатады.  Қалалардан  ауылдық  елді  мекендер  халық  санының  аздығымен,  аз
қабатты  құрылыстармен,   монофункуиямен   және   т.б.   белгілері   бойынша
ажыратылады.
      Ауылдық  елді  мекендердің  түрлері  әркелкі  және  көбінесе  қоршаған
ортаның әлеуметтік-экономикалық жағдайынан, табиғат жағдайлары мен  аграрлық
қарым-қатынастарға тәуелді.  Мысалы, АҚШ, Ұлыбритания, Австралия  және  т.б.
дамыған  мемлекеттерде  ауыл  шаруашылығы  өте  жоғары   деңгейде   дамыған,
қоныстанудың жеке фермалар түрі  шоғырланған.  Ірі  кооперативті  шаруашылық
пен жерді қолмен өңдеу жүріп жатқан жерлерде,  ауыл  тұрғындары  ірі  ауылды
мекендерде  тіршілік  етеді  (Батыс  және  экваторлық   Африканың   көптеген
мемлекеттері, Ресей, Белорусия, Украина). Бір  түрлері   ауыл  шаруашлығының
жер өңдеуге, ал бір түрлері мал шаруашлығына маманданған.
      Урбанизация (от лат. urbs –  қала  )әлемде,  региондарда,  мемлекеттде
қала халқының үлес салмағының жоғары болуы, қалалардың, күрделі жүйелер  мен
қала жүйелерінің өсуі. Урбанизация  –  бұл  тек  қалалардың  өсуінің  тарихи
процесі  ғана  емес,  сонымен  қатар  қалалық  өмірлік   бейненің   таралуы.
Урбанизация - әлеуметтік  экономикалық  дамудың  маңызды  құрамдарының  бірі
болып табылады.
      Қазіргі урбанизация процесіне тән  белгілер:
      Бірінші белгісі-әсіресе шамалы дамыған мемлекеттердегі  қала  халқының
тез өсуі. Мысалы, әлемде орташа қала халқының саны 60 млн адамға өсті.  1990
жылдары қалада бүкіл халықтың 14%, 1950 ж. - 29%, 1995 ж - 45%,  2000  ж.  -
47,5%. Тұрды.
       Екінші белгісі-халық  пен  шаруашылықтың  шоғырлануы  негігене  үлкен
қалаларда. Бұл өндірістің, білім мен  ғылымның  дамығандығын  көрсетеді.  ХХ
ғасырдың басында әлемде 360 үлкен қала болды. ХХI ғасырда 4 мың ірі  қалалар
болды.
      урбанизация деңгейі бойынша әлемнің барлық мемлекеттерін үш ірі  топқа
бөлуге болады:
      Бірінші топ- урбандалу процесі жоғары мемлекеттер (қала халқының  саны
50%  жоғары).
      Екінші топ- урбандалу процесі орташа мемлекеттер (қала халқының үлесаі
20-50%).
      Үшінші топ - урбандалу процесі әлсіз мемлекеттер (қала  халқының  саны
20%-дан төмен ).
      Урбанизация процесінің ең жоғары  деңгейі  мегаполис  (грек.  мегас  -
үлкен полис - қала), қалалар мен агломерациялардың жиынтығы.  Мысалы-Бостонн
- Вашингтонн (Басваш)  40 млн-ға жуық  халқы  бар.  Урбанизация  процесі  ең
жоғары елдер-Америка, Австралия, Европа.
1.Дүние жүзінде халықтар миграция үрдісінің болуы неге байланысты?
2.Депортация дегеніміз не?
3.Қазақстанның көп ұлтты болуына қандай факторлар әсер етті?
                                  Дәріс №4

    Тақырыбы: Табиғи жағдайлар және ресурстар.


    Мақсаты: студенттерде географиялық ресурс және  географиялық  жағдайлар
туралы білімдерді қалыптастыру.


    Жоспары:
 1. Географиялық орта және ресурспен қамтамасыздалу.
 2. Антропогендік ластану және экологиялық мәселелерді шешу
 3. Әлемдік табиғат ресурстары, олардың географиялық негізгі ерекшеліктері


      Географиялық орта — адамды қоршаған табиғат, қоғамдық өмірдің  қажетті
әрі тұрақты шарты;  географиялық  қабықтың  бір  бөлігі.  Географиялық  орта
түсінігі табиғаттың қоғам өміріне әсер ететін  құбылыстары  мен  процестерін
де қамтиды.
      Табиғат  ресурстары  -  қоғамның  дамуын  қамтамасыз  етуші,   табиғат
ресурстарында қалыптасатын және  оның  құрамдас  бөліктері  болып  табылатын
материя мен энергияның нақты түрлері.
      Шаруашылық тұрғыдан  жіктеу  ресурстарды  пайдалану  әдістерінен  және
бағыттарынан туындайды. Олар:  жалпы  және  мамандандырылған,  салалық  және
құрамдас  бөліктерден  тұрады.  өнеркәсіптік  өндірістің  негізін   құрайтын
минералдық   ресурстар,   су   ресурстары,   агроклиматтық,    рекреациялық,
биологиялық және т.б. ресурстар  бөліп  қарастырылады.  Біз  салада  табиғат
ресурстарының бірнеше түрлері пайдаланылуы мүмкін. Мысал, ауыл  шаруашығында
жер, топырақ, су, климат ресурстарын пайдаланады.  Екінші  жағынан,  табиғат
ресурстарының  бір  ғана  түрі  әр  түрлі  салаларда  пайдаланылуы   мүмкін.
өзендер, көлдер өндірістің қажетін өтеу үшін немесе жол қатынасы ретінде  де
пайдаланылады.
      Табиғат ресурстары сарқылатын және сарқылмайтын, қалпына келетін  және
қалпына келмейтін болып бөлінеді.
      Антропогендік  ластану  —  адамның  шаруашылық  іс-әрекеті  салдарынан
болатын ластану; мұндайда табиғи ластанудың құрамы мен  қарқындылығына  оның
тікелей  де,  жанама  да  ықпалы  қосылады.  Соғыс  өнеркәсібіне  байланысты
антропогендік ластану өте  апатты  болып  келеді.  Атом  қаруы  қолданылатын
соғыстың зардаптары "ядролық қыс" апокалипсисіне апарып соғуы мүмкін. Ол  да
шектен асқан антропогендік ластану салдары болып шығады.
      Адам әрекетінен кейін табиғаттың өзгеруі
      Ғылыми-техниканың ғарыштап  дамуы  табиғатты  тиімді  пайдалану  -ісін
ұйымдастыруда адамзаттың алдына бірқатар  жаңа  міндеттер  қойып,  табиғатты
қорғаудық  көптеген  мәселелерін  шиеленістіріп  жіберді.  Ғылыми-техникалық
дамудың барысында негізгі бағыттық әрқайсысы оларды шешудің өзіне  ғана  тән
жолдарын іздестіруді талап ететін табиғатты  қорғаудың  өзіндік  мәселелерін
алға тартып отыр. Табиғат  ресурстарын  пайдалану  көлемінің  артуы,  тұрған
ортаның өндіріс және  тұтыну  қалдықтарымен  ластануынын,  өсуі,  адамзаттың
энергиямен қарулануының артуы жаңа заттар жасап өндірістің жаңа  салаларының
пайда болуы, ауыл шаруашылығын интенсивтендіру,  халқы  көп  ірі  қалалардың
көбеюі негізгі шешімін тезірек табатын мәселелердің қатарына жатады.
      Соңғы ондаған жылдар ішінде табиғат ресурстарын  пайдаланудың  артуына
байланысты  адамзаттың  табиғатқа  тигізетін  әсері  өте  күшейді.   Адамзат
өндірістік қызмет  процесіне  барған  сайын  табиғатты  елеулі  өзгерістерге
ұшыратушы,  табиғаттағы  геологиялық  жүйенін  зат  алмасуының   тепе-теңдік
құрылымын бұзушы қуатты фактор ретінде көрінеді.
      Ғылыми-техникалық  революция  экологиялық  ортаның  ластануына   қарсы
күрестің міндеттерін қиындатып жіберді. Ластану дегеніміз  ауаның,  жер  мен
судың  біз  қаламайтын  қолайсыз  өзгерістерге  ұшырауы,  ол  қазір   немесе
болашақта өсімдіктердің, жануарлардың, адамның өміріне, өнеркәсіп  пен  ауыл
шаруашылығындағы  өндіріс  процестеріне,  табиғат  ресурстарының  жай-күйіне
қолайсыз ықпалын тигізуі мүмкін.
      Дүние  жүзіндегі  елдердің  табиғат  ресурстарымен  қамтамасыз   етілу
дәрежесі әркелкі. Табиғат ресурстарымен қамтамасыз  етілу  көрсеткіші  алуан
түрлі  ресурстардың  қор  мөлшерінің  арақатынасымен  және  оның   пайдалану
ауқымымен байланысты.
      Дүние жүзінде табиғи ресурстардың бізге белгілі түрлерінің  бәріне  ие
бірнеше мемлекет  бар.  Бұлар  Ресей,  АҚШ  және  ҚХР,  Үндістан,  Бразилия,
Австралия. Кейбір елдер табиғи байлықтардың «ассортименті»  жағынан  олардан
кейінгі орынды иеленгенімен, басқа  мемлекеттермен  салыстырғанда  әлдеқайда
ілгері. Көптеген елдер бір немесе бірнеше ресурстын дүниежүзілік маңызы  бар
мол қорларына  ие.  Мысалы,  Габонда  марганец,  Кувейтте  мұнай,  Мароккода
фосфорит қорлары мол. әрбір ел үшін өздерінде бар  табиғи  ресурстардың  көп
түрлілігінің зор маңызы бар.
      Өздігінен қарастырылатын сұрақтар:
      1.Географиялық орта дегеніміз не?
      2.Географиялық  ресурс  және  географиялық  жағдайлардың  бір  бірінен
айырмашылығы неде?
      3.Географиялық  жағдайлардың  елдердің  экономикасында   алатын   орны
қандай?
                                   Дәріс №5

   Тақырыбы: Қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы. Қоғамдық
                      және дүниежүзілік еңбек бөлінісі.
  Мақсаты: студенттерде қазіргі заманғы дүниежізілік  шаруашылықтың құрлымы
  туралы білімдерді қалыптастыру.
  Жоспары:
1. Дүниежүзілік шаруашылық.
2. Өңдіруші және өндеуші өнеркәсіп


      Дүниежүзілік  шаруашылық дегеніміз – ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол
үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады.
      Дүниежүзілік  шаруашылықты  өзара  байланысты  екі  жүйеден  -  ұлттық
шаруашылықтың  жиынтығы   және   халықаралық   экономикалық   байланыстардан
тұрады.. Қазіргі кездегі өндірістің  материалдық  негізі  машина  техникасы,
ұлттық шаруашылықтың даму деңгейінің  қандайы  болсын,  оның  материалдық  –
техникалық базасының негізіне  байланысты  болады.  Сондай  –  ақ,  қоғамдық
құрылымның сипаты мен жекелеген ерлердің ұлттық шаруашылығы, әр  мемлекеттің
ішкі және сыртқы саясаты - оның басқа елдермен экономикалық  байланыстарының
бағытын,  дүниежүзілік   шаруашылықтың   әлеуметтік   экономикалық   сипатын
көрсетеді.
1. Өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп
2. Олардың негізгі орналасу ерекшеліктері, ірі аудандары мен орталықтары.
Өңдеуші өнеркәсіп
      Өнеркәсіптің  бұл  саласы  ел  экономикасының  даму  деңгейінің  айқын
көрсеткіші бола алады. Өйткені ғылым мен техника  жетістіктерінің  өндіріске
жедел  енгізілуі  жөнінен  химия  өнеркәсібін  электроникамен  қатар   қоюға
болады. Химия өнеркәсібінің бірнеше өзіндік ерекшеліктері бар:
алуан түрлі, кұрамы жөнінен әркелкі шикізат түрлерінің пайдаланылуы;
кұрылымы жағынан өте күрделі болуы;  энергияны,  әсіресе  жылуды  көп  қажет
етуі;  кейбір  салаларында  судың   көп   мөлшерде   пайдаланылуы;   ғылымға
негізделген  ең  жаңа  өндірістің  болуы;   қазіргі   заманғы   салаларының,
негізінен,  адамның  күнделікті  өмірі   мен   денсаулығына   қажетті   және
өндірістегі   экологиялық   қауіпсіздікті   қамтамасыз   етуге   бағытталған
өнімдерді  шығаруға  мамандануы;  шығаратын  өнім  түрлерінің  көптігі;  бұл
көрсеткіш бойынша тек машина жасау өнеркәсібіне ғана жол береді.
      Химия өнеркәсібінің орналасуы дүниежүзі  бойынша  бірыңғай  заңдылыққа
бағынбайды. Өйткені оған көптеген факторлар  (табиғи,  экономикалық,  тарихи
және т.б.) әсер етеді. Кәсіпорынның  орналасуы,  әдетте,  оның  қандай  өнім
шығаратындығымен тығыз байланысты.  Сондықтан  оның  кұрылымына  тоқталайық.
Мұндағы салаларды шартты түрде үш топқа біріктіруге болады: негізгі  өндіріс
(полимер  материалдары,  минералды  тыңайтқыштар  шығару);  өңдеуші  өндіріс
(бояғыш  заттар,  лактар  мен  бояулар,  дәрі-дәрмек,  резеңке  (резина)   —
техникалық бұйымдар жасау); жартылай дайын өнімдер  (тұздар  мен  қышқылдар,
сілтілер) өндірісі.
      Қазіргі  заманғы  химия  өнеркәсібінде  полимер  материалдарын  өндіру
жетекші орын алып  отыр.  Оның  өркендеуі  шаруашылықтық  басқа  салаларының
дамуына  да  ықпал  етуде.  Әсіресе  өнеркәсіпке,  құрылыс   пен   тұрмыстық
шаруашылыққа  арналған  өнімдерді  жасайтын  пластмасса  және   синтетикалық
шайырлар өндірісі жедел қарқынмен дамуда.
      Химия өнеркәсібінің өңдеуші саласында ғылымды  ең  көп  қажет  ететін,
өнімдерінің өзіндік құны жоғары дәрі-дәрмек өндірісі айрықша  көзге  түседі.
Бұл саладағы ғылыми зерттеулер және дайын өнімдерді сынақтан өткізу  қаржыны
көп қажет ететіндіктен өндірісі жоғары дамыған елдерде  шоғырланған.  Дүние-
жүзінде өндірілетін дәрі-дәрмектің 3/4 бөлігін  АҚШ,  ГФР,  Ұлыбритания  мен
Жапония шығарады.
      Жеңіл  өнеркәсіп.   Өнеркәсіптің   басқа   салаларымен   салыстырғанда
өлеуметтік маңызға ие болып отырған бұл сала белгілі  бір  аймақтағы  немесе
елдегі тұрғын халықтың сұранысын  қамтамасыз  ету  мақсатында  дамиды.  Оның
дамуындағы  басты  фактордың  бірі  —  сапалы  жұмыс  күшінің  болуы.  Соңғы
онжылдықтарда өндіріске FTP жетістіктері кеңінен енгізіле бастады.  Құрылымы
жағынан шартты түрде бірнеше  сатылы  өндірістен  тұрады:  шикізат  өндірісі
(мақта  талшығын  алу,  теріні  бастапқы  өңдеу);  жартылай  дайын   өнімдер
өндірісі (жіп иіру, тоқыма,  бояу,  елтірі);  дайын  өнімдер  шығару  (тігін
өндірісі, кілем тоқу, аяқкиім). Қазіргі кезде, әсіресе дайын  өнім  өндірісі
жедел қарқынмен дамуда.
      Жеңіл өнеркәсіптің орналасуы XX  ғасырдың  екінші  жартысында  күрделі
өзгерістерге ұшырады. Бұл сала  бойынша  дүниежүзінде  жетекші  орынға  Азия
елдері шықты. Бұған жергілікті  шикізат  базасы,  салыстырмалы  түрде  арзан
жұмыс  күші,  азиялықтардың  дәстүрлі  кәсіби  мамандануы   себепші   болды.
Дүниежүзінде өндірілетін табиғи жібек пен джуттың  (табиғи  талшық  алынатын
өсімдік) барлығы дерлік, ал ірі қара мал терісінің  30%-дан  астамы  Азияның
үлесіне  тиесілі,  мақтаның  жартысынан  астамы  осында  жиналады.  Химиялық
талшықтар өндірісінің 2/3 бөлігін Азия елдері өндіреді.  Тек  жоғары  сапалы
аустралиялық жүнді сатып алуға  мәжбүр.  Ұзақ  уақыт  бойы  Батыс  Еуропаның
меншігінде болған  зығыр  өндірісінен  Қытай  алдыңғы  орынға  шықты.  Батыс
Еуропа елдері мен АҚШ  неғұрлым  күрделі  технология  мен  сапалы  шикізатты
қажет ететін қымбат өнімдер (бағалы  елтірі  бұйымдары,  сәндік  киім-кешек,
қымбат аяқкиім және т.б.) өндірісінде жетекші рөлін сақтап отыр.
      Тоқыма  өнеркәсібі  табиғи  және  жасанды  талшықтар  негізінде  жұмыс
істейтіндіктен,  соңғы   онжылдықта   жасанды   талшықтар   үлесінің   артуы
өндірістің құрылымы мен орналасуына тікелей ықпал  етті.  FTP  жетістіктерін
пайдалану нәтижесінде жоғары дамыған  елдер  мен  жаңа  индустриялы  елдерде
тоқылмайтын материалдар өндірісі жолға қойылды. Қазақстанда  мұндай  өндіріс
Қызылорда  каласында  орналасқан.  Сонымен   қатар   табиғи   және   жасанды
талшықтарды араластыру аркылы мүлде  жаңа  мата  түрлері  шығарыла  бастады.
Жалпы алғанда, мақта  маталарын  өндіретін  кәсіпорындар  жұмыс  күші  арзан
дамушы елдерде  (әсіресе  Азиядағы),  неғүрлым  қымбат  жүн  маталарын  тоқу
дамыған елдерде, сонымен қатар Қытайда  шоғырланған.  Жібек  маталарын  тоқу
жасанды талшықтар өндірісімен тығыз байланыста дамып отыр.
      Қазіргі заманғы тамақ өнеркәсібінің дамуына аумақтық алшақтықтар  тән.
Жоғары   қарқынды   дамыған   елдерде   азық-түлік   жергілікті    тұрғындар
қажеттілігінен  әлденеше  есе  кеп  шығарылса,  мешеу  елдерде  оның   ұдайы
жетіспеуінен аштық жиі болып тұрады.  Негізгі  азық-түлік  өнімдерін  тұтыну
елдер бойынша айырмашылық жасайды.  Батыс  Еуропада  қазіргі  заманғы  тамақ
өнеркәсібін аса сапалы  жергілікті  шикізатты  өңдеу  негізінде  дайындалған
өнімдер (ірімшік түрлері, шарап, сүт тағамдары, сыра) өндірісі құрайды.
      Жан басына шаққанда негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну  (жыл  ішінде,
кг).
      Басқа  аймақтардағы  дамушы  елдерде  тамақ  өнеркәсібінің  жергілікті
сұранысты қамтамасыз ететін салалары басым дамыған.  Жеке  елдердің  шикізат
базасына байланысты халықаралық дәрежеде маманданған салалары да бар.  Балық
өнімдерін сыртқа  сатуда  Чили  мен  Перу;  Бразилия,  Колумбия,  Индонезия,
Мексика  кофені;  Үндістан,  Қытай,  Кения,   Шри-Ланка   шайды;   Үндістан,
Бразилия, Куба қантты экспорттауда алдыңғы орында.
      Сонымен  тамақ  өнеркәсібі  салаларының  дамуына  аймақтық  (аудандық)
ерекшеліктер тән, олар: біріншіден, жергілікті  шикізат  көзіне;  екіншіден,
елдің даму деңгейіне  байланысты  азық-түлік  түрлеріне  сұраныстың  әркелкі
болуы;  үшіншіден,  жергілікті  ұлттық  (діни)  әдет-ғұрыптарға   байланысты
болады.
      Қазіргі  жағдайда  кез  –  келген  мемлекеттің  экономикасының   дамуы
дүниежүзілік шаруашылық байланыс арқылы ғана  толық  деңгейде  жан  –  жақты
дами алады.
      Өздігінен қарастырылатын сұрақтар:
      1.елдердің мамандануы қандай факторларға байланысты?
      2.дүниежүзілік шаруашылық елдердің интеграция үрдісіне әсері қандай?
      3.Дүниежүзілік шаруашылық елдердің әлеуметтік  жағдайларға  әсері  бар
ма?
                                  Дәріс №6

    Тақырыбы: Транспорт географиясы мен халықаралық экономикалық қатынас.
  Мақсаты:студенттерге дүниежүзілік шаруашылыққа транспорт және халықаралық
                 экономикалық қатынастардың  әсерін көрсету.
Жоспары:
1.Транспорт түрлері, орналасу ерекшеліктері
2.Халықаралық экономикалық қатынастар, олардың формалары

      Көлік  мемлекеттік  және  халықаралық  еңбек  бөлінісінің  материалдық
негізін кұрайды. Барлық байланыс  жолдары,  көлік  кәсіпорындары  мен  көлік
құралдары дүниежүзілік көлік жүйесіне  бірігеді.  Көлік  жүйесін  дамытудың,
әсіресе  аумағы  ете  үлкен  елдер  үшін  маңызы  ерекше.  Сондықтан   көлік
жүйесінің салаларын дамытуға бұл елдер көп қаржы  жұмсайды.Ғылыми-техникалық
революция көліктің барлық  түрлерінің  карқынды  дамуына  негіз  болды.  Бұл
көліктер  жылдамдығының  артуынан,  олардың  жүк  көтеру   және   тасымалдау
мүмкіншіліктерінің кеңеюінен айқын көрінеді.
      Көлік қатынасы жоғары дамыған  елдерде  жақсы  жолға  қойылған.  Шығыс
Еуропа елдері мен Ресейдің көлік жүйесі жолдардың жиілігі  мен  сапасы,  жүк
айналымының мөлшері жөнінен Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-тан әлдекайда  төмен
дәрежеде. Дамушы елдер бойынша осы  заманғы  көлік  жүйелері  тек  жекелеген
елдерде ғана жоғары дамыған, ал көпшілік елдерде ат-арба, адам  күшімен  жүк
тасу әлі де болса, кең орын алып келеді.  Ауғанстан,  Непал  сияқты  елдерде
теміржол мүлдем жоқ. Сол сияқты Парсы шығанағы жағалауындағы мұнай  өндіруші
елдер  мен  Мұхит  аралдары,  Кариб  теңізі  алабындағы  кейбір  елдерде  де
теміржол жоқ.
      Құрлық көлігінің құрамына теміржол, автомобиль және құбыр жолы кіреді.
      Автомобиль көлігінің үлес салмағы жыл сайын арта түсуде. Оған дәлел  —
тасжолдардың ұзындығының күрт өсуі; қазіргі кезде дүниежүзі бойынша  олардың
жалпы ұзындығы 25 млн км-ге жуықтады.
      Бұл көрсеткіш жөнінен әсіресе АҚШ айрықша  көзге  түседі:  мұнда  1000
адамға шаққанда 600 автомобильден  келеді.  Автомобиль  жолдарының  ұзындығы
жөнінен де (5 млн км) АҚШ жетекші орын алады. Ал жолдардың  жиілігі  жөнінен
Батыс Еуропа мен Жапония алға шығады.
      Автомобиль көлігінің өте  қарқынды  дамуы  көліктің  жылдамдығына  әрі
жүкті  шалғай  аудандарға  жедел  жеткізуіне  байланысты.   Жалпы   алғанда,
дүниежүзілік жүк айналымының 10%-ы,  жолаушы  тасымалының  80%-ы  автомобиль
көлігінің үлесіне тиеді.
      Дүниежүзіндегі теміржолдың жалпы ұзындығы 1 млн 250  мың  км-ге  жуық.
Теміржолдың ұзындығы жөнінен де АҚШ алда  келеді.  Бірақ  жолдардың  жиілігі
Батыс Еуропада өте жоғары,  онда  100  км2  жерге  10  км  теміржол  тиесілі
болады. Жүк айналымындағы теміржол үлесі 15% шамасында.
      Құбыр көлігі соңғы жылдары мұнай өндірудің  артуына  байланысты  жедел
қарұынмен  дамуда.  Ұзындығы  4,5—5  мың   км   болатын   мұнай   және   газ
тасымалдайтын  құбырлар  Ресей,  Канада,  АҚШ  жерінде   орналасқан.   Құбыр
көлігінің үлесіне жүк айналымының 10%-ы тиесілі.
      Теңіз  көлігінің  үлесіне  елдер  арасындағы  жүк  тасымалының  80%-ы,
дүниежүзілік жалпы  жүк  айналымының  60%-ы  тиеді.  Ірі  теңіз  державалары
арасындағы өзара бәсеке салдарынан көптеген  ірі  кемелер  салық  тұрғысынан
ұтымды болатын дамушы елдердің  туы  астында  жүзеді.  Сондықтан  теңіз  жүк
тасымалындағы  жетекші  елдер  қатарынан  Панама,  Либерия,  Грекия,  Кипрді
көруге болады. Ірі сауда кемелерінің үлесі Ұлыбритания,  Жапония,  Норвегия,
АҚШ, Ресей, Қытай елдерінде де жоғары.
      Теңіз жолының ежелден белгілі ауданы — Атлант  мүхиты.  Ірі  порттары:
Роттердам (Нидерланд), Жаңа Орлеан (АЩП), Марсель (Франция), Гамбург  (ГФР).
Соңғы кезде Азияның жаңа индустриялық елдерінің қарқынды  дамуы  Тынық  және
Үнді мұхиттарындағы теңіз жолдарын игеруге мүмкіндік беруде.  Бұл  аймақтағы
халықаралық маңызы бар ірі порттар қатарына Кобе, Нагоя, Иокогама  (Жапония)
және Сингапур жатады. Теңіз жолдарының түйіскен жері  жіңішке  бұғаздар  мен
теңіз каналдары болып табылады. Ла-Манш бұғазы арқылы  тәулігіне  500,  Зонд
бұғазы арқылы 175, Гибралтар бұғазы аркылы 140  кеме  өтеді.  Сонымен  қатар
Ормуз, Малакка, Босфор бұғаздарының  маңызы  зор.  Адамзаттың  ақыл-ойы  мен
еңбегінің нәтижесінде пайда болған жасанды  бұғаздар  —  Суэц,  Панама  және
Киль каналдары экономикалық жағынан аса тиімді теңіз кақпасы болып табылады
Жүк айналымында мұнай мен мұнай өнімдері алдыңғы  орынды  алып,  сол  сияқты
құрғақ жүк деп аталатын темір кені, көмір, астық, ағаш және т.б.  жүктер  де
көбеюде. Мамандандырылған кемелердің, әсіресе танкерлердің үлесі артуда.
      Өзен-көл көлігі көбінесе  жеке  елдердің,  сондай-ақ  халықаралық  жүк
тасымалының да бір бөлігін  қамтиды.  Еуропада  Рейн,  Дунай,  Эльба,  Одер,
Америкада Әулие Лаврентий, Парана өзендері мен Ұлы  көлдер  ірі  халықаралық
су жолдары болып саналады. Біздің еліміздегі  Каспий  теңізінің  де  осындай
маңызы бар.
      Әуе көлігі — көліктің ең жаңа және қарқынды дамып  келе  жатқан  түрі.
Әуе көлігі  көбінесе  жолаушы  тасымалы  мен  тез  бұзылатын  (жемістер  мен
көкеністер)  жүктерді  тасымалдауда  үлкен  маңыз   алуда.   Соңғы   жылдары
турбовинтті және реактивті ұшақтардың енгізілуі  әуе  көлігінің  тиімділігін
арттыруда. Олардың қатарында көбінесе халықаралық әуе  тасымалын  қамтамасыз
ететін "Боинг— 747"  (АҚШ),  "Ил—86"  (Ресей),  "Аэробус"  (ГФР—  Франция  —
Ұлыбритания), жылдамдығы 2—3 мың  км/сағ-қа  жететін  "Конкорд"  (Франдия  —
Ұлыбритания) ұшақтары бар.
      Әуе көлігі ең күшті дамыған ел — АҚШ, ол дүниежүзіндегі  жолаушылардың
50%-ын тасымалдайды. Дүниежүзіндегі ең ірі әуежайлар:  "О'  Хара"  (Чикаго),
Даллас, Лос-Анджелес, Атланта,  "Хитроу"  (Лондон),  "Ханеда"  (Токио)  және
т.б.

Өздігінен  қарастырылатын сұрақтар:
1.Әуе көлігінің ел экономикасында алатын орны қандай?
2.Қазақстанда экономикаға  транспорттың  маңызы қандай?
3.Дүниежүзінде ірі теңіз порттарды  картадан көрсетіңіз

                                  Дәріс №7
       Тақырыбы: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ. Еркін экономикалық аймақ. Трансұлттық
               компаниялардың глобализация үрдісінде әрекеті.
Мақсаты:  трансұлттық  компаниялардың  елдер  экономикасында  алатын   орнын
студенттерге түсіндіру

Жоспары:
1. Ынтымақтастықтың негізгі формалары
2. Үш негізгі географиялық орталықтар

      Ынтымақтастық  –  түрлі  мүдделі  топтардың  бейбіт  қатар  өмір  сүру
жағдайында экономикалық, саяси-әлеуметтік,  рухани-мәдени  және  халықаралық
мәселелерді  бірлесіп   шешудегі   қабілеттілігі.   Ынтымақтастық   қоғамдық
қатынастардың әр түрлі деңгейінде  көрінеді.  Микродеңгейдегі  ынтымақтастық
ретінде  түрлі  топтардың,  ұйымдардың,  партиялардың,  қоғамдық  ұйымдардың
белгілі бір  мәселелерді  ұйымдасып  шешіп  отыруға  ниетін  атауға  болады.
Мезодеңгейдегі  (орта)  ынтымақтастыққа  әлеуметтік   топтар   мен   топтар,
халықтар  мен  этностар  арасындағы  ортақ  мәселелерді   (экономика   даму,
әлеуметтік мәселелер,  этнография  даму)  және  міндеттерді  шешуде  бірігіп
әрекет етуді жатқызуға болады. Макродеңгейдегі ынтымақтастыққа  мемлекеттер,
халықаралық ұйымдар  арасындағы  ғаламдық  планетаралық  мәселелерді  шешуге
бағытталған  ұжымдық  іс-әрекеттерді   жатқызамыз.   Ынтымақтастық   қазіргі
адамзаттық  өзара  түсінісуінің,  ортақ  мәселелерді  біріккен  әрекеттермен
шешуге ұмтылуын, бейбітшілікті  қамтамасыз  етуінің  негізгі  формасы  болып
табылады. Сондықтан қазіргі әлемдік қатынастардағы  ынтымақтастық  бағыттары
сан алуан. Әрине шешуші ынтымақтастық бағыттары –  экономика  ынтымақтастық,
сауда,  мәдени-техника,  технология  және  ақпараттық   ынтымақтастықтарының
маңыздылығы арта  түсуде.  Ғаламдық  мәселелерді  шешудегі  ынтымақтастықтың
халықаралық ұжымдық мақсаттарының көрінісі  ретінде  БҰҰ-ны  атауға  болады.
Мысалы: Қазақстан өзінің экономика мәселелерін  Шанхай  ынтымақтастық  ұйымы
арқылы  жүзеге  асыруда.  Ал  мемлекеттік  қауіпсіздігін  қамтамасыз   етуді
ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімшарт ұйымы арқылы шешуде. Ынтымақтастық  –
әрбір мемлекеттің ішкі және сыртқы дамуына жағдай жасайтын, басқа  күштермен
бірігіп әрекет етуінің, қарым-қатынастар  жасауының  негізгі  принципі  және
екі жақты, көп жақты пайдалы ахуалды қалыптастырудың жолы болып табылады.
      Глобализация терминін алғаш рет 1981 ж  Дж.Маклин  пайдаланған.  Жалпы
алганда «Глобализация» концепциясы дүние жүзінің  кешенділігі  және  бірлігі
туралы ойды қалыптастырады және ол батыстағы  шаруашылық  тәжірибесін  басқа
елдерге таралуымен негіздейді.
      Глобализация  идеяларының  негізгі  жүзеге  асырушылары  «Дүниежүзілік
банк», «Халықаралық волюталық қор», Дүниежүзілік сауда  ұйымы,  ТҰК,  байлар
клубы. Олар үшін  глобализация  ұғымы  экономикалық  дамыған  елдерге  жақсы
жағдай жасау  үшін  ұзақ  мерзімді  стратегиялық  жоспарларын  жүзеге  асыру
құралы.
      Экономикалық  глобализация  –  капитал  айналымымен,  жаңа   идеяларды
игеруді жеделдетуді қамтамасыз  ететін  біртұтас  дүниежүзілік  экономикалық
(негізінен  қаржылық)  және  ақпараттық   кеңістіктің   қалыптасуымен   даму
процессі.
      ХХІ  ғасырдың  басында  экономикалық  және  технологиялық  дамудың  үш
орталығы қалыптасты; 1) Солтүстік америкалық- (НАФТА),  2)  Батыс  Европалық
(ЕС); 3) Азия – Тынықмұхиттық.
      Дүниежүзілік жиынтық өнімнің 21%-АҚШ, 20%-Батыс Европа, 12%- Қытайдың,
7,5%- Жапонияның үлесінде.
      1980-2000ж Қытайдың үлесі 3 есе өсті.
      Солтүстік америкалық полюс (АҚШ) еркін кәсіпкерліктің үлгісі, Батыс
Европа – бір өркениеттің шекарасындағы экономикалық интеграцияның үлгісі,
Азия – Тынық мұхиты батыс технологиясын жергілікті әлеуметтік-мәдени
дәстүрмен байланыстыруды жоғарғы дәрежесін көрсетеді.
      Глобализация процессі позитивті процесстермен қатар негативті салдарға
алып келеді. Егер 1960 жылы жан басына шаққандағы 20% бай адамдардың
табыстары 20% кедей адамдардың табыстарынан 30 есе артық болса, 2000 жылы
80 есе артық.


      Өздігінен қарастырылатын сұрақтар:
      1.Глобализация идеяларының негізгі жүзеге асырушыларды атаңыз?
      2.Глобализация терминін алғаш болып еңгізген ғалым экономист?

                                  Дәріс №8
              Тақырыбы:Қазіргі дүниедегі ғаламдық проблемалар.

      Мақсаты: студенттерде қазіргі кездегі дүниежүзіндегі  ғаламдық
проблемалар туралы білімдерді қалыптастыру

Жоспары:
      1.Ғаламдық мәселелер: ұғымы, шешу жолдары
     2.Негізгі ғаламдық проблемалар және ғаламдық болжаулар

      Ғаламдық  проблемалар  -  әлемді  тұтас   қамтитын   табиғи,   табиғи-
антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы  құбылыстардың  даму
процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі таңда  Халықаралық  деңгейде  мынадай
ғаламдық проблемалар бар:
- ресурстар проблемасы;
- азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;
- энергетикалық проблема;
- демографиялық проблема;
- климаттың өзгеруі;
- экологиялық проблемалар;
- «үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою;
- қауіпті ауруларды жою;
- Әлемдік мұхит пен космосты игеру;
- қылмыспен және терроризммен күрес;
- наркобизнеспен күрес.
      Ғаламдық проблемаларды ерекше білім саласы -  глобалистика  зерттейді.
Аталған ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс  жүзінде
жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен  қамтылады.  Әрбір  ғаламдық
проблеманы  міндетті  түрде  шешу  қажет,  өйтпесе  оның  дамуы   апатқа   -
еркешелікттің жойылуына дейін апарып  соғады.  Ғаламдық  проблемаларды  шешу
үшін  ғаламдық,  аймақтық,  ұлттық  бағдарламалар  жасалады,  бірақ   оларға
келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді.  Ғаламдық  проблемаларды  шешуге
жұмсалатын  шығындардың  жартысына  жуығын  экологиялық  проблемаларды  шешу
шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық  экологиялық
проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды.
      Ғаламдық экологиялық проблемалар  -  ғаламдық,  аймақтық  және  ұлттық
деңгейлерде  айқындалған  экологиялық  проблемалар  кешені.   Зор   геосаяси
проблеманын  экологиялық  қауіптілігінің  мынадай  көріністері  бар:  табиғи
экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның,  Әлемдік  мұхиттың
ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар тек  қана  барлық
елдердің  қатысуымен,  БҰҰ-ның  басқаруымен  шешілуі   мүмкін.   Экологиялық
проблемалардың ғаламдығы оны шешу үшін  барлық  елдердің  жігерін  жұмылдыру
қажеттігін  тудырып  отыр;  қарудың  барлық  түрлерін  азайтпай  экологиялық
дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі; биосфераның  жалпыға  ортақ  ластануына
қарай ядролық соғыс ғана емес,  тіпті  жай  соғысты  жүргізудің  мәнсіздігі;
қазіргі өркениеттің технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі  болатын
табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы  әдістері  мен  құралдарын  жасау;
қоршаған  ортаны  қорғау  проблемасы   бойынша   БҰҰ   органдары   жұмысының
тиімділігін арттыру және оларға төтенше өкілеттік беру.

Өздігінен қарастырылатын сұрақтар:
1.Экологиялық мәселелерді атаңыз?
2.Қазақстанда экологиялық проблемаларды атаңыз







                            Практикалық жұмыс № 1
                Тақырыбы: Дүниежүзінің қазіргі саяси картасы
     Мақсаты: қазіргі елдердің басты топтарын қарастыру, қазіргі әлемде
     әлеуметтік – экономикалық жүйелер туралы түсініктерді қалыптастыру.
Керекті құралдар: пән бойынша аңықтама кітаптары, түсті қарандаштар, атлас
карталар.
      Тапсырма №1.
      «Ел», «Мемлекет» «территория» терминдерге аңықтама беру. Саяси картада
қанша мемлекет бар? Қай аймақтарда олардың саны көп?
      Тапсырма №2.
      Екі шеңбер сызып біріншісіне: территориясы аса үлкен елдерді (бірінші
ондыққа кіретін), екіншісіне: халқының саны көп елдерді (бірінші ондыққа
кіретін) жазыңдар. Ортасындағы шеңберге территориясы аса үлкен  және
халқының саны көп (бірінші  ондыққа кіретін)  елдерді  жазыңдар.
      Тапсырма №3.
      Кестені толтырыңдар. Қай аймақтарда монархиялық елдер көп таралғанын
аңықтандар және бұл ерекшелікті түсіндіріндер. Атлас карталарын пайдаланып
қай параллель  монархиялық басқару формасы бар елдерді кесіп өтеді.
|Елдер             |Басқару формалары |Елдер             |Басқару формалары |
|Шетелдік Еуропа                                                           |
|1.Андорра         |Княздық           |7. Лихтенштейн    |Княздық           |
|2.Бельгия         |Корольдік         |8.Люксембург      |Ұлы герцогтық     |
|3.Ватикан         |                  |9.Монако          |                  |
|4.Ұлыбритания     |                  |10.Нидерланды     |                  |
|5.Дания           |                  |11.Норвегия       |                  |
|6.Испания         |                  |12.Швеция         |                  |
|Шетелдік Азия                                                             |
|1.Бахрейн         |Эмират            |8.Оман            |Султанат          |
|2.Бруней          |Султанат          |9.БАӘ             |Эмират            |
|3.Бутан           |                  |10.Сауд Аравиясы  |                  |
|4.Иордания        |                  |11.Тайланд        |                  |
|5.Камбоджа        |                  |12.Жапония        |                  |
|6.Катар           |                  |13.Малайзия       |                  |
|7.Кувейт          |                  |                  |                  |
|Африка                              |Мұхиттық                            |
|1.Лесото          |Корольдік         |1.Тонга           |Корольдік         |
|2.Морокко         |                  |                  |                  |
|3.Свазиленд       |                  |                  |                  |


Тапсырма №4.
      Кескін карталарға басқару формасы бойынша монархия елдерді; бөлінуі
бойынша  федеративті елдерді түсіріңдер.

                            Практикалық жұмыс № 2
                         Тақырыбы: Халқының құрамы.
   Мақсаты: студенттерде әлем  халықтары туралы  түсініктерді қалыптастыру

Керекті құралдар: пән бойынша аңықтама кітабтары, түсті қарандаштар, атлас
карталар.
Тапсырма №1.
      «Тұрғындар   географиясы»,   «Демография»,   «Демографиялық   кризис»,
«Демографиялық саясат», «Урбанизация»,  «Агломерация»  терминдерге  аңықтама
беріңдер.
Тапсырма№2.
Атлас карталарды  пайдаланып кестені толтыру.
                                                                   Кесте № 1
                                 Халқының саны бойынша қалаларды топтастыру.

|Халқ. саны.    |10 мыңға|10-50   |50-100  |100-500 |500 мың -|1 млн.   |
|               |дейін   |мың     |мың     |мың     |         |аса      |
|Аймақтар       |        |        |        |        |1 млн.   |         |
|Еуропа         |        |        |        |        |         |         |
|Шығыс Азия     |        |        |        |        |         |         |
|Оңтүстік Шығыс |        |        |        |        |         |         |
|Азия           |        |        |        |        |         |         |
|Орталық Азия   |        |        |        |        |         |         |
|Солтүстік      |        |        |        |        |         |         |
|Америка        |        |        |        |        |         |         |
|Оңтүстік       |        |        |        |        |         |         |
|Америка        |        |        |        |        |         |         |
|Африка         |        |        |        |        |         |         |
|Австралия      |        |        |        |        |         |         |
|Мұхиттық       |        |        |        |        |         |         |
|аралдар        |        |        |        |        |         |         |

      Ескерту:
      Кіші  – халқ.саны  12 – нан  50 мыңға дейін
      Орташа – 50-100 мыңға д.
         Үлкен – 100-250 мыңға д.
         Ірі – 250-500 мыңға д.
      Аса ірі – 500-1 млн.д.
      Миллионер қалалар –1 млн.көп

Тапсырма № 3.
      Әртүрді әдебиет көздерін қолданып қазіргі  кезде  нәсілдердің  араласу
үрдісі  жүретін  аймақтарды  аңықтандар.  Бұл  үрдістердің  болуына   қандай
факторлар әсер етеді?
Тапсырма №4.
«Қазіргі кезде әлем халқының дінаралық жағдайы» тақырыбына шығарма – эссе
жазу. (0,5 бет)
Тапсырма №5.
Кестені толтырыңыз.


[pic]
                            Практикалық жұмыс № 3
       Тақырыбы: Табиғи ресурстар географиясы. Экологиялық мәселелер.
      Мақсаты: студенттерде табиғи ресуртар туралы білімдерді бекіту, әлем
елдерінде табиғи ресурстардың қамтылуын есептеуге үйрету.
      Керекті құралдар: атлас карталар, калькулятор, сызғыш, түсті
қарандаштар және т.б.
№1 тапсырма
1. Берілген кестедегі мәліметтерді пайдаланып елдердің көмір  ресурсының
қамтылуын  аңықтау.
|Ел                |Көмірдің қоры     |Өндіру            |Ресурспен қамтылуы|
|                  |(млрд.т)          |(млн.т)           |(қанша жылға      |
|                  |                  |                  |жетеді)           |
|АҚШ               |445               |1020              |                  |
|Қытай             |296               |1240              |                  |
|Ресей             |202               |250               |                  |
|ОАР               |116               |220               |                  |
|Австралия         |116               |280               |                  |
|ГФР               |106               |250               |                  |
|Үндістан          |78                |330               |                  |
|Украина           |47                |75                |                  |
|Ұлыбритания       |45                |50                |                  |
|Қазақстан         |31                |70                |                  |

2. Кестедегі мәліметтерді пайдаланып столбик диаграммасын құру.
3. Дамыған және дамушы елдердің ресурспен қамтылу айырмашылығын  аңықтау.
Тапсырма №2
1.Берілген кестедегі мәліметтерді пайдаланып елдердің мұнаймен қамтылуын
аңықтау.
|Ел              |Көмірдің қоры   |өндіру (млн.т)  |Ресурспен қамтылуы     |
|                |(млрд.т)        |                |(қанша жылға жетеді)   |
|Сауд Аравиясы   |43,1            |450             |                       |
|Ирак            |16,7            |55              |                       |
|БАӘ             |16,2            |120             |                       |
|Кувейт          |15,7            |105             |                       |
|Иран            |14,9            |185             |                       |
|Венесуэлла      |10,3            |175             |                       |
|Мексика         |8,5             |170             |                       |
|Ресей           |6,7             |300             |                       |
|Қытай           |4,0             |160             |                       |
|АҚШ             |3,8             |380             |                       |

2.Кестедегі мәліметтерді пайдаланып столбик диаграммасын құру.
3. Көшбасшы елдерді аңықтап  түсіндіру
4. Дамыған және дамушы елдердің ресурспен қамтылу айырмашылығын  аңықтау.
Тапсырма  №3
Берілген кестедегі мәліметтерді пайдаланып елдердің табиғи газбен қамтылуын
аңықтау.
|Ел               |Газдың қоры     |Газды өндіру    |Ресурспен қамтылуы     |
|                 |(трлн.м3)       |(млрд. м3)      |(қанша жылға жетеді)   |
|Ресей            |48,1            |550             |                       |
|Иран             |22,9            |45              |                       |
|Нидерланды       |1,9             |70              |                       |
|БАӘ              |5,8             |40              |                       |
|Сауд Аравиясы    |5,4             |45              |                       |
|АҚШ              |4,7             |540             |                       |
|Венесуэлла       |4,1             |30              |                       |
|Алжир            |3,7             |65              |                       |
|Канада           |2,2             |170             |                       |
|Норвегия         |2,0             |45              |                       |


2.Кестедегі мәліметтерді пайдаланып столбик диаграммасын құру.
3. Көшбасшы елдерді аңықтап  түсіндіру
4. Дамыған және дамушы елдердің ресурспен қамтылу айырмашылығын  аңықтау.
Тапсырма №4
1. Берілген кестедегі мәліметтерді пайдаланып дүние жүзінің және оның
аймақтарының отын ресурстарымен  қамтылуын  аңықтау.
|Аймақтар         |Отынның қоры    |Отынды өндіру   |Ресурспен қамтылуы     |
|                 |                |                |(қанша жылға жетеді)   |
|Мұнай (тұтас д.ж.|140 млрд.т      |3450 млн. т     |                       |
|алғанда)         |                |                |                       |
|Көмір (тұтас д.ж.|1100 млрд.т     |4625 млн. т     |                       |
|алғанда)         |                |                |                       |
|Табиғи газ (тұтас|150 трлн.м3     |220 млрд.т      |                       |
|д.ж. алғанда)    |                |                |                       |
|Табиғи  газ      |5,6 трлн.м3     |270 млрд.т      |                       |
|(шетел Еуропа)   |                |                |                       |
|Табиғи  газ      |59,0 трлн.м3    |330 млрд.т      |                       |
|(шетел Азия)     |                |                |                       |
|Мұнай  (шетел    |2,5 млрд.т      |330 млн. т      |                       |
|Еуропа)          |                |                |                       |
|Мұнай  (шетел    |98,0 млрд.т     |1370 млн. т     |                       |
|Азия)            |                |                |                       |
|Мұнай  (ТМД)     |98,0 млрд.т     |350 млн. т      |                       |

2.Кестедегі мәліметтерді пайдаланып столбик диаграммасын құру.
3. Дамыған және дамушы елдердің ресурспен қамтылу айырмашылығын  аңықтау.
Тапсырма №5
«Қазіргі экологиялық мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбына
байланысты  шығарма эссе жазу.
                            Практикалық жұмыс № 4
   Тақырыбы: Дүниежүзілік шаруашылықта жаһандану және аймақтану үрдістері.
    Мақсаты: халықаралық экономикалық байланыстардың кеңеюіне байланысты
 халықаралық экономикалық интеграцияның және глобализацияның әсерін зерттеу.
Керекті құралдар: аңықтамалық кітаптар, интернет, компьютер, контур
карталар.
Тапсырма №1.
Интернет көздерін пайдаланып кестенін бос орындарын толтырындар.
|Компания          |Ел                |Штаб – пәтері    |Мамандануы        |
|Ройял датч Шелл   |Ұлыбритания       | Гаага           |Мұнай өндіру      |
|                  |Нидерланды        |                 |                  |
|Эксон Мобил       |АҚШ               |Ирвинг, Даластың |Мұнай өндіру      |
|                  |                  |шеткі аймағы,    |                  |
|                  |                  |Техас штаты      |                  |
|Шеврон            |                  |                 |                  |
|Тойота Мотор      |                  |                 |                  |
|Фольксваген       |Германия          |                 |Автомобиль жасау  |
|Пежо              |Франция           |                 |                  |
|Даймлер           |                  |                 |                  |
|ФИАТ              |                  |                 |                  |
|ЭНИ               |                  |                 |                  |
|Нокиа             |                  |                 |                  |


Тапсырма №2.
Берілген компаниялардың ішінен біреуін таңдап жоспар бойынша сипатаңдар:
   1. басты компанияның  және филиалдардың орналасу ерекшелігі
   2. экономикалық әрекеті (өндіретін өнім, сауда, инвестициясы)
   3. экспорталатын елдері
   4. қазіргі жағдайы және даму перспективасы
Тапсырма №3.
Контур картаға  негізгі халықаралық экономикалық ұйымдарды  түсіріңдер.
Тапсырма№4.
«Қазақстанның халықаралық ұйымдарда алатын орны және маңызы»   тақырыпқа
байланысты шығарма – эссе жазыңда

                            Практикалық жұмыс №5
               Тақырыбы: Дүниежүзінің өндірістік географиясы.
                  Дүние жүзінің ауыл шарушылық географиясы
    Мақсаты: студенттерде дүниежүзілік өндіріс  және ауыл шаруашылығының
      географиялық типтері және онда маманданған шаруашылық түрі туралы
                           білімдерді қалыптасыру.
  Керекті құралдар: Липец Ю.Г. География мирового хозяйства, 1999 ж. немесе
             басқа әдебиеттер көздері, атлас карталар, сызбалар.
Тапсырма №1.
«Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы» атлас  карталарын
және әдебиет көздерін   (Липец Ю.Г. География мирового хозяйства, 1999),
пайдаланып кестені толтырыңдар:

              Ауыл шаруашылығының негізгі географиялық типтері

|                           |Негізгі сипаттамасы      |Қазіргі кездегі таралған |
|Ауыл шаруашылығының негізгі|                         |аудандары                |
|географиялық типтері       |                         |                         |
|Жерді жырту типтері        |                         |                         |
|1. Маманданған бидай       |                         |                         |
|шаруашылығы                |                         |                         |
|2. Маманданған жүгері      |                         |                         |
|шаруашылығы                |                         |                         |
|3. Күріш өсіру шаруашылығы |                         |                         |
|4.Плантациялық шаруашылығы |                         |                         |
|Жануарлық  типтері         |                         |                         |
|1.Көшпелі және жартылай    |                         |                         |
|көшпелі мал шаруашылығы    |                         |                         |
|2. Отгонное                |                         |                         |
|животноводство             |                         |                         |
|3.Тұрақты шаруашылық       |                         |                         |
|Стойловое хозяйство        |                         |                         |

Тапсырма№2.
Кестені жалғастырыңдар:
                                           Өндірістік  салаларының  жіктелуі

[pic]

Тапсырма №3.
Контур картаға дүниежүзінің отын шаруашылығының келесі сипаттамаларды
бейнелеңдер:
   1. дүниежүзінде мұнайды өндіретін көшбасшы елдерді  (10 елден кем емес);
   2. ОПЕК құрамына кіретін елдерді;
   3. мұнай өнімдерін сататын басты бағыттарын;
   4. табиғи газды өндіретін көшбасшы елдерді;
   5. газқұбырларды және экспорттық – импорттық сұйық табиғи газды
      тасымалданатын басты магистральді бағыттарын;
   6. көмір өндіретін көшбасшы елдерді;
   7. көмірді экспорттық – импорттық тасымалданатын негізгі бағыттарын.


   Тапсырма №4.
   Берілген елдерді электроэнергияны өндіру бойынша 3 топқа бөліңіз:
   І. Электроэнергиянын  90 %-ын ЖЭС өндіретін елдер:
   ІІ. Электроэнергиянын  90 %-ын СЭС өндіретін елдер:
   ІІІ. Электроэнергиянын  90 %-ын АЭС өндіретін елдер:
Елдер:Алжир, Бельгия, Бразилия, Конго ДР, Замбия, Катар, Камерун, Катар,
Киргизия, Конго, Ливия, Литва, Мозамбик, Намибия, Норвегия, БАӘ, Польша,
Сауд Аравиясы,Словакия, Тажікістан, Украйна, Франция, Швеция, ОАР.
      Тапсырма№5.
      Әртүрлі әдебиет көздерін пайдаланып кестелерді толтырыңдар.
      Дүниежүзінің қуаты бойынша ірі  гидроэлектростанциялар
|Атауы          |Ел            | Өзен         |Салыну жылы   |Жалпы қуаты,  |
|               |              |              |              |мың МВт       |
|Санься («Три   |Қытай         |Янцзы         |2003          |22,5          |
|Ушелья»)       |              |              |              |              |
|Итайпу         |Бразилия –    |Парана        |1984          |14            |
|               |Парагвай      |              |              |              |
|Гури (Симон    |              |              |1978          |10,2          |
|Боливар)       |              |              |              |              |
|Тукуруи        |              |              |1984          |8,4           |
|Гран – Кули    |              |              |1942          |6,8           |
|Саяно –        |              |              |1978          |6,4           |
|Шушенская      |              |              |              |              |
|Красноярская   |              |              |1967          |6             |
|Робер – Бурасса|              |              |1979          |5,6           |
|(Бұрыңғы Ла –  |              |              |              |              |
|Гранд – 2)     |              |              |              |              |
|Лонгтан        |              |              |2009          |5,4           |
|Черчилл – Фолс |              |              |1971          |5,2           |
|Братская       |              |              |1961          |4,5           |

      Дүниежүзінің қуаты бойынша ірі  атом электростанциялар

|Атауы         |Ел            |Эксплутацияға  |Реакторлар    |Жалпы қуаты, |
|              |              |шыққан жылы    |саны          |мың МВт      |
|Касивадзаки - |Жапония       |1985           |7             |8 212        |
|Карива        |              |               |              |             |
|Йонгван       |Оңтүстік Корея|1986           |6             |5 900        |
|Ульджин       |              |1988           |6             |5 900        |
|Гравлин       |              |1980           |6             |5 700        |
|Запорож       |              |1984           |6             |5 700        |
|Палюэль       |              |1984           |4             |5 528        |
|Катном        |              |1986           |4             |5 448        |
|Хамаока       |              |1976           |5             |5 000        |
|Ои            |              |1979           |4             |4 710        |
|І Фукусима    |              |1971           |6             |4 700        |
|Брюс          |              |1977           |6             |4 675        |
|ІІ Фукусима   |              |1982           |4             |4 400        |
|Балаковская   |              |1985           |4             |4 000        |
|Курск         |              |1976           |4             |4 000        |
|Ленинград     |              |1973           |4             |4 000        |

Тапсырма№6.
Атлас  карталарды  және  әртүрлі   әдебиет   көздерін   пайдаланып   кестені
толтырыңдар.
                       Дүниежүзінің тау – кен өндірісі

|Минералды         |Басты өндіретін   |Минералды         |Басты өндіретін  |
|шикізатының       |елдер             |шикізатының       |елдер            |
|түрлері           |                  |түрлері           |                 |
|Темір рудалары    |Қытай, Бразилия,  |Олова рудалары    |                 |
|                  |Австралия, Индия, |                  |                 |
|                  |Ресей, Украйна,   |                  |                 |
|                  |АҚШ, ОАР, Канада, |                  |                 |
|                  |Швеция.           |                  |                 |
|Марганецтік       |                  |Никель рудалары   |                 |
|рудалары          |                  |                  |                 |
|Хром рудалары     |                  |Күміс             |                 |
|Бокситтер         |                  |Алтын             |                 |
|Қрғасын рудалары  |                  |Фосфор рудалары   |                 |
|Мырыш рудалары    |                  |Калий рудалары    |                 |
|Цинк рудалары     |                  |Күкірт            |                 |

Тест сұрақтарына  жауап беріңдер.
1. Берілген елдердің қайсысы алтын  өндірісі бойынша бірінші ондыққа
кіреді?
1) Аустралия; 4) Қытай;
2) Перу; 5) Үндістан;
3) ОАР; 6) Нигер.
2. Берілген елдердің қайсысы зергерлік алмаздарды  өңдіру бойынша  бестікке
кіреді?
1) Ботсвана; 4) Мексика;
2) ОАР; 5) Ресей;
3) Аргентина; 6) Аустралия.
3. Қай елдерге боксит өндіру халықаралық мамандану саласы болып табылады?
1) Норвегия; 4) Гвинея;
2) АҚШ; 5) Ямайка;
3) Канада; 6) ОАР.
4. Қазіргі кезде сталь өндірісінде көшбасшы өндірістер:
1) толық  циклды; 3) қайта жасау металлургиясы;
2) толық циклды; 4) кіші металлургия.
5. Сталь өндірісі бойынша бірінші бестікке кіретін елдерді табыңыз:
1) Қытай; 4) Ұлыбритания;
2) Ресей; 5) ОАР;
3) Жапония; 6) Швеция.
7. Стальэкспорты бойынша алғашқы елдерді табыңыздар:
1) Ресей; 2) АҚШ; 3) Жапония; 4) Испания; 5) Украина.
8. Мыс рудаларында пайдалы компоненттердің  үлесі қанша құрайды?
1) 2 - 15 %; 2) 40 – 60 %; 3) 0,5 – 3%; 4) 1 % - ден төмен.
9. Берілген елдердің қайсысы алюминий экспорты бойынша алғашқы болып
келеді?
1) Ресей; 2) АҚШ; 3) Норвегия; 4) Испания; 5) Бразилия.
10. Дұрыс жауаптарды таңдаңыз.
1. Алюминий өндірісі бойынша Ресей 7 – ші орын алады.
2. Темір рудаларды өндіру бойынша басты елдер болып Қытай, Бразилия,
   Аустралия жатады.
3. Дүние жүзінде өндірілген темір рудаларының 50 %  - екі елге Қытай және
   АҚШ  - на тиеді.
4. 5.Қара металлургияның толық циклы келесі кезеңдерінен өтеді: глинозем –
   шойын – сталь – прокат.
5. Замбия және Перу елінің халықаралық мамандану саласы болып мыс өндірісі
   болып табылады.
6. Дүние жүзінің алюминийдің 70 % - дан көп  Шетел Еуропа және Солтүстік
   Америка елдерінде шығады.


                            Практикалық жұмыс №6
   Тақырыбы: Көлік географиясы және халықаралық экономикалық байланыстар.
                       Ғаламдық экологиялық мәселелер.


   Мақсаты: дүниежүзінің көлік – коммуникациялық  жүйесі туралы білімді
   қалыптастыру, негізгі сипатамаларға қарай көлік жүйесін сипаттау.


Керекті құралдар: контур карта, атлас, карандаштар, интернет.
Тапсырма №1.
«Транспорттық – коммуникациялық революция» терминіне аңықтама беріңіз. Неге
оны «контейнерлік революция» деп атайды? Бұл түсінікке байланысты көлік
жүйесінде қандай өзгерістер байқалады?
Тапсырма №2.
http//www.internetwoldstats.com сайтын пайдаланып дүниежүзі елдерінде
Интернет жүйесінің дамуына анализ жасаңыз. Қандай елдер және аймақтар
алдыңғы орында (алғашқы 10 ел).
Тапсырма№3.
Контур картаға дүниежүзінің  теңіз порттарының келесі сипаттамаларды
түсіріңіз:
   1. Теңіз флотының тонажы бойынша көшбасшы елдерді  көрсетіңіз
   2. Жүкайналымының көлемі үлкен  ірі унниверсалды порттар;
   3. Ірі халықаралық теңіздік каналдар
      Теңіз порттарының  трансконтиненталды экономикалық байланыстарда
      атқаратын рөліне сипаттама беріңіз.
Тапсырма №4.
      Контуркартаға  халықаралық көліктік коридроларды көрсетіңіз.
      Еуропаазиялық көліктік коридорлардың негізгі бағыттарына анализ
      жасаңыз. Олардың халықаралық экономикалық қарым – қатынастарда алатын
      рөлі.
|Көліктік    |Негізгі маршрут                |Салалары               |
|коридор     |                               |(ответвление)          |
|№1          |Хельсинки – Таллин – Рига –    |Рига – Калининград -   |
|            |Каунас - Варшава               |Гданьск                |
|№2          |Берлин – Варшава – Минск –     |-                      |
|            |Москва – Нижний Новгород       |                       |
|№3          |Берлин – Вроцлав – Катовице –  |Дрезден - Вроцлав      |
|            |Львов – Киев                   |                       |
|№4          |Дрезден - Прага – Братислава – |Нюрнберг – Прага; Вена |
|            |Дьер – Будапешт – Арад – София |– Дьер; Арад – Бухарест|
|            |– Стамбул                      |– Констанца; София –   |
|            |                               |Салоники.              |
|№5          |Венеция – Триест /Копер –      |Копер – Дивака; Риека –|
|            |Любляна – Будапешт –Ушгород -  |Загреб – Будапешт;Плос |
|            |Львов                          |– Мостар – Домбовар/   |
|            |                               |Сараево – Будапешт;    |
|            |                               |Братислава – Кошице –  |
|            |                               |Ужгород.               |
|№6          |Гданьск – Катовице - Жилина    |-                      |








СТУДЕНТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
                                   СӨЖ № 1
                  Тақырыбы: Дүние жүзі елдердің типологиясы
   Қаратырылатын сұрақтар:
   1.Дүние жүзі елдерін топтастырудың әртүрлі әдістемелері.
   2.Елдерді мемлекет құрылымы бойынша топтастыру.
   3.Елдерді аумағы мен халық санына қарай топтастыру.
   4.Елдерді экономикалық даму деңгейіне қарай топтастыру.
                                   СӨЖ №2
  Тақырыбы: Дүниежүзінің экономиканың және әлеуметтік географияның  дамуы.
   Қарастырылатын сұрақтар:
   1. Дүниежүзінің экономиканың және әлеуметтік географияның  дамуы.
   2.Қазақстанның әлеуметтік экономикалық геограияның дамуына үлес қосқан
   экономистер.
                                   СӨЖ № 3
     Тақырыбы: Халықаралық ұйымдар және дүние жүзі интеграция үрдістері
   Қарастырылатын сұрақтар:
   1.Дүниежүзінің интеграция үрдісі
   2.Халықаралық ұйымдар
                                   СӨЖ № 4
         Тақырыбы: ТМД елдері. Саяси және экономикалық байланыстар.
   Қарастырылатын сұрақтар:
   1.ТМД елдеріне экономикалық географиялық сипаттамасы.
   2.Саяси эәне экономикалық байланыстар
                                   СӨЖ № 5
           Тақырыбы: ҒТР және дүние жүзі  шаруашылық  географиясы.
   Қарастырылатын сұрақтар:
   1.ҒТР дамуы
   2. дүниежүзі шаруашылық географиясы
                                   СӨЖ № 6
      Тақырыбы: ТМД елдері. Қазіргі экономикалық және саяси мәселелер.
   Қарастырылатын сүрақтар:
   1.ТМД елдері
   2.Экономиканың  және саясаттың дамуына байланысты туындаған мәселелер.





















-----------------------
                            Демографиялық саясат



                                  Мысал №1



                                  Мысал №2



Өндір. салаларының  жіктелуі



өнімдердің түрлері  бойынша



өндіретін



өңдейтін



ҒТР жетістіктерін еңгізу дәрежесі бойынша



Дәстүрлі



Ғылыми



                         Пайда  болу  уақыты бойынша



                                    Жаңа



                                  өте жаңа



                                    Ескі





Пәндер