Файл қосу
Басқару психологиясы
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК | | | | |ПОӘК | | | |042-18-16.1.30/02-| | | |2014 | |ПОӘК |18.09.2013ж. басылым №1 | | |«Мамандану практикумы-3» |орнына11.09.2014ж. басылым №2 | | |студентке арналған пәннің | | | |бағдарламасы | | | ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Мамандану практикумы-3» 5В050300 – Психология мамандығына арналған СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2014 Алғы сөз 1 ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ Құрастырған: 05.09.2014ж. «Психология» кафедрасының доценті м.а. Едігенова А.Ж. 2 ҚАРАЛДЫ 2.1 «Психология» кафедрасының отырысында қаралды 05.09.2014ж. Хаттама №1 Кафедра меңгерушісі ____________ Ш.Сатиева 2.2 ЭҚГҒФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды 09.09.2014ж. Хаттама №1 ОӘБ төрағасы_________ С.Тойкин 3 БЕКІТІЛДІ 3.1 Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды 11.09.2014ж. Хаттама №1 ОӘК төрайымы _________ Г. Искакова 4 18.09.2013ж. басылым №1 орнына 11.09.2014ж. басылым №2 Мазмұны 1 Жалпы талаптар 2 Пән мазмұны мен сабақ түрлеріне қарай сағат санының бөлінуі 3 Пәнді оқудың әдістемелік нұсқаулары 4 Курс форматы 5 Курс саясаты 6 Баға қою саясаты 7 Әдебиеттер 1. ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР 1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер Едігенова Алма Жүнісбекқызы - доцент м.а., п.ғ.к. «Психология» кафедрасы Байланыс телефондары- тел.: 35-93-89, №1 оқу корпусы, кабинет № 1212 Сабақтың өткізілу орны- аудитория №1202 Берілген пән бойынша кредиттер саны-3 1.2 Пәннің қысқаша мазмұны «Мамандану практикумы-3» – ол «Психология» мамандығы бойынша білім беру стандартында белгіленген, жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге арналған маңызды психология саласының бірі. «Мамандану практикумы-3» пәні «Отбасы психологиясы» курсын оқуды жоспарлаған. Отбасының басты міндетті – ол бала тәрбиесі. Отбасы қоғам дамуымен бірге өзгереді. Бірде – бір ұлт немесе қоғам отбасынсыз бола алмайды. Қазіргі қоғам әр отбасына қамқорлық жасай отыра, ата – аналардан бала тәрбиесіне жоғары жауапгершілікпен қарауды талап етеді. Адам өз өмірінде әр түрлі әлеуметтік топтарда әлеуметтену кезеңдерінен өтеді. Бұл топтардың әрқайсысы баланың жеке тұлғасы қалыптасуына әсер етеді. Психологиялық – педагогикалық әдебиеттерге жасалған талдау және практика әлеуметтік топ ретінде баланың жеке тұлғасы қалыптасуында отбасының рөлі ерекше екенін көрсетеді. Кез – келген қоғам үшін отбасы әлеуметтендірудің маңызды институты болып табылады. Ата – аналардың бала тәрбиесіне деген жауапкершілігінің артуы бірқатар міндеттерді шешумен байланысты. Сондықтан болашақ мамандардың отбасы психологиясынан хабардар болуы, тиісті білімді меңгеруі қажет. 1.3 Пәннің мақсаты: студенттерді отбасы психологиясының теориялық зерттеулері және практикалық нәтижелермен таныстыру. Болашақ мамандардың отбасы психотерапиясы саласын оқып-зерттеуге бағытталған кәсіптік білім негіздерімен қаруландыру. 1.4 Пәнді оқу міндеттері: - «Отбасы психологиясы» пәнінің ерекшеліктерін талдау, құрылымын нақтылау; - Отбасындағы қарым-қатынас психологиясының ғылыми-теориялық негіздерін ашып көрсету; - Отбасын - тұлғаны әлеуметтендіру факторы ретінде айқындау; - Отбасы психологиясы пәнінен алынған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын дамыту. 1.5 Оқу нәтижесінде студенттер: - отбасы психологиясы пәніне байланысты ұғымдар мазмұнын білуі керек; - отбасы психологиясын зерттеу әдістерін меңгеруі керек; - пәннің методологиялық, теориялық және әдістемелік негіздерін түсінуі керек; - отбасы психологиясы бойынша шетел, ресей және отандық зерттеушілердің еңбектерін және зерттеу нәтижелерін білуі керек; - отбасын әлеуметтендіру факторы ретінде зерттеуді ұйымдастырудың диагностикасын меңгеруі керек; - отбасы психологиясы бойынша теориялық және практикалық материалдарды жинақтауы керек. 1.6 Курс пререквизиттері: 1.6.1 Әлеуметтану 1.6.2 Философия; 1.6.2 Жалпы психология-1; 1.6.3 Мамандыққа кіріспе; 1.6.4 Басқару психологиясы; 1.6.5 Жас ерекшелігі және әлеуметтік психология т.б. 1.7 Курстың постреквизиті: 1.7.1 Заң психологиясы; 1.7.2 Педагогикалық психология; 1.7.3 Психологияны оқыту әдістемесі; 1.7.4 Балалардағы психикалық ауытқушылықтың диагностикасы мен коррекциясы т.б. 2 ПӘН МАЗМҰНЫ МЕН САҒАТ САНЫНЫҢ БӨЛІНУІ Таблица 1 |№ |Тақырыптар |Сағаттар саны |Әдебиеттер | | | |ДС |ТС |ЗС|БОӨЖ|БӨЖ | | |1 |2 |3 |4 |5 |6 |7 |8 | |1 |Отбасы психологиясы пәні мақсаты мен |1 | |- | |12 |7.1.1, | | |міндеттері | | | | | |7.1.2, | | | | | | | | |7.1.3, | | | | | | | | |7.1.4, | | | | | | | | |7.1.6, 7.1.8| |2 |Қазіргі қоғамдағы отбасы | |2 |- |6 |8 | | |3 |Отбасының әлеуметтік мәні |1 | |- | | |7.1. 1, | | | | | | | | |7.1.2, | | | | | | | | |7.1.3, | | | | | | | | |7.1.4, | | | | | | | | |7.1.6, 7.1.8| |4 |Неке және отбасы | |1 |- | | | | |5 |Қазіргі отбасының функциялары мен |2 |1 |- | | |7.1. 1, | | |нормалары | | | | | |7.1.2, | | | | | | | | |7.1.3, | | | | | | | | |7.1.4, | |6 |Отбасының өмірлік циклінің құрылымы |2 |1 |- |6 |8 | | | |және оның әр кезеңдегі мәселелері | | | | | | | |7 |Отбасы – тұлғаны тәрбиелеу мен | |1 |- | | |7.1. 1, | | |дамытудың мәдени ортасы | | | | | |7.1.2, | | | | | | | | |7.1.3, | | | | | | | | |7.1.4. | |8 |Отбасы қатынастырының этикасы |2 | |- | |8 | | |9 |Отбасы әлеуметтендіру факторы ретінде |2 | |- | | |7.1. 1, | | | | | | | | |7.1.2, | | | | | | | | |7.1.3, | | | | | | | | |7.1.4. | |10 |Отбасының балаларды тәрбиелеудің | |1 |- | |8 | | | |психологиялық-педагогикалық негіздері | | | | | | | |11 |Отбасындағы конфликтілер |3 |2 |- | | |7.1. 1, | | | | | | | | |7.1.2, | | | | | | | | |7.1.3, | | | | | | | | |7.1.4. | |12 |Отбасы өміріндегі дағдарысты кезеңдер | |1 |- | | | | | |және оны шешу жолдары | | | | | | | |13 |Отбасын зерттеу әдістемесі |2 |1 |- |6 | |7.1. 1, | | | | | | | | |7.1.2, | | | | | | | | |7.1.3, | | | | | | | | |7.1.4. | |14 |Ерлі-зайыптылардың сәйкестілігі |2 | |- | |12 | | |15 |Отбасына психологиялық кеңес беру |2 | |- | | |7.1. 1, | | | | | | | | |7.1.2, | | | | | | | | |7.1.3, | | | | | | | | |7.1.4. | |16 |Психологтың отбасымен жұмыс мазмұны | |2 |- | |11,5 | | |17 |Отбасына психологиялық кеңес беруді |2 | |- |4,5 | |7.1. 1, | | |ұйымдастыру және өткізу | | | | | |7.1.2, | | | | | | | | |7.1.3, | | | | | | | | |7.1.4. | |18 |Отбасымен психологиялық – | |2 |- | | | | | |педагогикалық ағарту жұмыстары | | | | | | | |19 |Әңгімені өткізу техникасы |3 | |- | | |7.1. 1, | | | | | | | | |7.1.2, | | | | | | | | |7.1.3, | | | | | | | | |7.1.4, | |20 |Ерлі-зайыптылар арасындағы мәселелер |3 | |- | | | | | |бойынша кеңес беру мазмұны және оны | | | | | | | | |ұйымдастыру | | | | | | | |21 |Ерлі-зайыптыларға кеңес беру |3 | |- | | |7.1. 1, | | | | | | | | |7.1.2, | | | | | | | | |7.1.3, | | | | | | | | |7.1.4, | | | |30 |15 | |22,5|67,5 | | 3 ПӘНДІ ОҚЫП-ЗЕРТТЕУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар Мақсаты: студенттерді курс бойынша тиісті теориялық біліммен қаруландыру. Міндеттері: - әр тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру; - әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту; - пәнге қызығушылығын тудыру және ары қарай өздігінен жұмыс істей білуге үйрету; - курс бойынша тиісті білімді меңгеру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету. Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі – дәріс болып табылады. Ол студенттерге олар үшін күрделі және жаңа ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс студенттерде пәнге қызығушылық тудырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі, тақырыптың және қарастырылып отырған материалдың теориялық жақтарын ашып көрсетеді. Дәріс - студенттерде өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады. Дәрісті тыңдау – бұл өзара бір–бірімен байланысқан танымдық үрдістердің (зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау) бірлігі. Сіздің курс бойынша жан-жақты білім алуыңыз дәріс сабақтарын толық тыңдауыңызға байланысты екенін еш ұмытпаңыз. Сондықтан бағдарлама мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала қарастырып жүріңіз. Сіздің білімініңізің деңгейі тек өзіңіздің жауапкершілігіңіз және өздігіңізден жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады. Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық: сабаққа кешікпеңіз; дәріс дәптеріңіз және қаламыңызды ұмытпаңыз; дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз, ол тәжірибелік сабақтарға, өздік жұмыстарға даярлануда негіз болады. Тәжірибелік сабақтарына даярлануға әдістемелік нұсқаулар Тәжірибелік сабақтар студенттердің оқу жұмыстарының маңызды формаларының бірі. Тәжірибелік сабақтардың мақсаты – білімді бекіту, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру. Бұл сабақтардың рөлі студенттерде оқыған пәндерінен алған білімдерін практикада қолдана білу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыруда өте жоғары. Тәжірибелік сабақтардың міндеттері: 1. Дәріс материалдарын қайталау арқылы білімді бекіту, материалды кеңейту және нақтылау. 2. Алынған білімді нақты әрекеттерді орындау үшін және жаңа білім, дағдыларды алу үшін өздігінен қолдану қабілетін дамыту. 3. Теориялық білімді практикада қолдана білу іскерлігін қалыптастыру. 4. Практикада қолдану үшін ғылыми әдістер және тәсілдерімен танысу. 5. Алғашқы тәжірибеге қажетті дағдыларды жинақтау. 6. Ғылыми-практикалық сұрақтарды өздігінен шешу дағдыларын дамыту. 7. Алынған білімді нақты жүйеге келтіру. 8. Оқу және ғылыми жұмыстарға жауапкершілікті және ұқыптылықты тәрбиелеу. 9. Пәндер арасындағы байланыс пен қатынасты дамыту. Оқытушы жетекшілігімен және студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар Мақсаты: студенттердің дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру. Міндеттері: - дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдерін тереңдету; - теорияны практикамен байланыстыру; - библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру; - алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды өздігінен шешу; - психологиялық-педагогикалық бақылау жүргізудің практикалық дағдыларын жетілдіру; - зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру; - өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту; - ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету. Оқытушы жетекшілігімен және өздігіңізден орындайтын өздік жұмысыңыз Сіздің курс бойынша меңгеретін біліміңізге және рейтинг бойынша жинайтын ұпайыңызға айтарлықтай ықпал жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті әрбір өздік жұмыс тапсырмасын өзіңіз дербес орындаңыз, тапсырманы орындауға мұқият қараңыз, әрі жауапты болыңыз. Өздік жұмыс тапсырмаларын орындау барысында басқадан көшіргеніңіз немесе басқаға көшірткеніңіз үшін жұмысыңыз мүлдем есептелінбеуі немесе бағасы төмендетілуі мүмкін. Өздік жұмысын орындау формалары әр түрлі: кесте, таблица құру, реферат, коллоквиум, сөзжұмбақ, пікірталас, конспект бойынша талдау, аннотация жазу және т.б. Оларды орындау үшін оқу әдістемелік кешеннің мазмұнында жалпы әдістемелік нұсқаулар берілген. Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер: 1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек. 2. Біліммен нәтижелі шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында даялануға дағдылану. 3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек. 4. Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі оқытушылардан, кітапхана қызметкерлерінен ақыл-кеңес алудың пайдасы зор. 5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн. 6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет. 7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек. Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі Кітаппен (негізгі әдебиетпен жұмыс жасағанда) жұмыс жасауда басты назар аударылады: 1.Кітаптың сыртқы мұқабасымен танысу (кітаптың аталуы, авторы, шыққан жылы, баспаның аты, кітаптың редакторы, алғы сөздің немесе кіріспе сөздің авторы); оның тұтастай көлеміне; 2. Мазмұны арқылы кітаптың жоспарымен (бөлім, тарауларымен) және қандай жүйеде жазылғанымен танысу; 3. Кітаптың алғы сөзімен, кіріспесімен мазмұнын, мақсатын түсіну үшін үстірт танысып шығу; 4. Негізгі мәтіннің құрылымымен (жеке тарауларға; мәтіннің жеке бөліктерге бөлінуіне (тақырыптарға, параграфтарға) танысу; 5. Безендірілу сипатына; 6. Қайталауға берілген сұрақтарға; 7. Қолданылған әдебиеттер тізіміне және т.б. Келесі кезекте назарды қосымша әдебиеттерге аударған дұрыс. Конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау. Берілген тақырыпты конспектілеуге қойылатын негізгі талаптар: 1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну. 2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу. 3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет- ретімен жүйелі баяндауы қажет. 4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс. 5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау. Сілтеме – бұл белгілі бір автордың ой-пікірін өз жұмысымызда пайдалансақ, онда оған сілтеме келтіреді, яғни ол әдебиеттің тізімін пайдаланғаны бойынша ретімен жазу. Тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау. Цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шыққан жылы, беттері көрсетіледі. Реферат жазуға әдістемелік нұсқау Реферат – ғылыми-ақпараттық бағытта болады, тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар, онда ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалынып, сын айтылады. Реферат ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындары, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарда жасаған баяндамалары да реферат деп аталады. Ғылыми кандидаты және ғылым докторы дәрежесіне диссертация қорғаушының авторефераты да рефератқа жатады. Реферат жазуда не ескеріледі? 1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты кішігірім зерттеулер жасау. Ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасау. 2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал. 3. Реферат жазуда негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдылану. 4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасау. 5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін қайдан алынғанын (сілтеме), қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсету қажет. 4 КУРС ФОРМАТЫ Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып, жалпы саны шығарылады. Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырма, сабаққа қатысуы, БӨЖ, БОӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі ұпай жиынтығы, кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Берілген тапсырманы уақытында орындау қажет. Тиісті тапсырмалар сессияның соңғы аптасына дейін өткізілуі тиіс. Орташа ұпай жинақтай алмаған студент емтиханға жіберілмейді. Әрбір тақырыпты өтілген материалды меңгеруде тақырып бойынша негізгі түсініктерді меңгеруге мән беру қажет және әр студентте сөздік жұмысы болуы керек. Өздік жұмыстарын орындауда берілген әдістемелік нұсқаулықтарды ескеру қажет, нұсқаулықтарда әрбір тапсырманың орындалу тәртібі көрсетілген. 5 КУРС САЯСАТЫ Курсты меңгеруде студенттерге қойылатын талаптар Әрбір студенттің міндетіне - сабақтан қалмау, берілген тапсырмаларды мерзімінде, дұрыс тиянақты орындау жатады. Сабақты босату сол тәрізді өтілген сабақты талдауға қатыспау студенттердің жауапкершілігі жоқ екенін көрсетеді, сол себепті студенттердің сабаққа қатысуы мен оқу үлгерімі оның оқуға деген қатынасын , ниетін білдіреді және осының барлығы курс бойынша қорытынды баға қоярда ескеріледі. Берілген тапсырмалар уақытында орындалмаған жағдайда, әрбір тапсырма үшін бағаңыз кеміп отырады. Сабаққа келмей қалсаңызда баллыңыз кемиді. Сондықтан сабаққа кешікпей, уақытында қажетті дайындықпен келуге талпыныңыз . Аса себепті жағдайлар (науқастанып қалу, отбасының жағдайлары) болғанда оқытушыны хабардар етуге және берілген тапсырмалардың бәрін де өткізуге міндетті екеніңізді ұмытпаңыздар. Әрбір студент өз жұмыс орнында болып қоймай, өзінің жұмыстағы міндеттерін орындауға тиіс. Оны орындамаған студентке білімін бағалауда кедергілер болатынын ескерген дұрыс. Осы пән бойынша берілген барлық тапсырмалар семестрдегі сабақ кестесінде бекітілген мерзімде орындалуы тиіс. Курсты оқып білу студент тарапынан белсенді болуды талап етеді. Қажет уақытында оқытушыдан кеңес алу құқыңыз бар. Пән бойынша ұсынылған негізі және қосымша әдебиеттерді үнемі, әрі үзіліссіз оқып отыруыңыз қажет. Өйткені тапсырманы орындау негізінде немесе емтиханға даярлық кезінде оқулықты қолға алу сізге қажетті білімді толық бере алмайды. Сол себепті толық әрі жан-жақты білім алғыңыз келсе, семестр бойында бірді-екілі ғана әдебиетпен шектелмей, пән бойынша бар барлық деректерді пайдалануыңыз қажет. Әрбір сабаққа пайдалануыңыз керек. Курсты меңгеру барысында жоғары жетістікке жетуіңіз сіздің оқу белсенділігіңізге байланысты екендігін еш ұмытпаңыз. Сабаққа қатысу белсенділігіңіз, оқу үлгеріміңіз және оқытушы берген тапсырмалаларды сапалы орындауыңыз сіз үшін межелік бақылау (аттестация) және емтихан кезінде көмектесетін дау тудырмайтын факті болып табылады. Аралық бақылаулар алдын-ала өткен, талқыланған материал бойынша жүргізіледі және оның мақсаты студенттердің теориялық білімді ұғыну деңгейлерін тексеру. Емтихан сіздің теориялық білім деңгейіңізді анықтау емес, керісінше өзіңіздің теориялық білімізді практикада қолдана алу мүмкіндігіңіздің көрсеткіші болады. Емтихандағы сұрақтар аудиторияларда қарастырылған және өзіңіз орындаған тапсырмаларға негізделеді. Қорытында емтихан барлық студент үшін міндетті болып табылады. Берілген тапсырмаларды орындау барысында тиым салынады: - біреудің жұмысын көшіріп өткізуге ; - өзінің тапсырмасын басқа адамдарға орындатуға ; - жұмысты белгіленген мерзімнен кешіктіруге; - топ болып орындаған тапсырмаларды орындауға қатыспай балл талап етуге және т.б. әрбір оқытушы әр студенттен оның оқуға деген қатынасы және мінез-құлқы, тәртібі ЖОО талабына сәйкес болуын үлкен үмітпен күтеді. 6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ Бір академиялық кезеңге 600 балл берілед: 300 балл 1-7 апталарға; 300 балл 8-15 апталарға. «Мамандану практикумы-3» пәні бойынша баллдың бөлінуі Кесте 2 |Апта |Бақылау түрі |Балл жиыны |Ескерту | |1 |2 |3 |4 | | |1-8 апта бойы |30 | | | |дәріске қатысу | | | |3 |Тәжірибелік |25 | | | |Тәжірибелік |25 | | |4 | | | | | |СӨЖ |40 | | |5 |Тәжірибелік |25 | | |6 |Тәжірибелік |25 | | | |СӨЖ |50 | | |7 |Рубеждік бақылау |80 | | |1-8 апта бойынша барлық балл саны |300 | | | |8-15 апта бойы дәріске қатысу |30 | | |9 |Тәжірибелік |15 | | |10 |Тәжірибелік |15 | | | |Тәжірибелік |15 | | |11 | | | | | |СӨЖ |40 | | |12 |Тәжірибелік |15 | | |13 |Тәжірибелік |20 | | |14 |Тәжірибелік |20 | | | |СӨЖ |50 | | |15 |Рубеждік бақылау |80 | | |8-15 апта бойынша барлық балл саны |300 | | |Емтиханға балл |400 | | |Академиялық мерзімге жиынтық балл |1000 | | Емтихан түрінде өткізілетін қорытынды бақылауға 400 балл беріледі. Академиялық кезеңдегі баллдың жалпы жиыны - 1000 балл. Пән бойынша аудиториялық сабақтарға: (дәріс, тәжірибелік) 30 балл беріледі, оны оқытушы электрондық журналда белгілейді. Дәріс сабақтары бойынша балл берілмейді. Бірінші межелік 7 аптада өткізіледі, екінші бақылау 15 аптада өткізіледі. 7 ӘДЕБИЕТТЕР 7.1 Негізгі әдебиеттер: 7.1.1 Жарыкбаев К.Б., Озганбаев О., Чистов В.В. Семейная жизнь молодоженов. /Психология и этика. Учебник. А., 2001. 7.1.2 Малкина-Пых И.Г. Семейная терапия. – М.: Эксмо, 2006. 7.1.3 Тұрдалиева Ш.Т. Қарым-қатынас психологиясы. – Алматы: Эверо, 2013. 7.1.4 Игровая семейная психотерапия./Под ред. Шефера Ч., Кэри Л; П.,2001. 7.1.5 Едігенова А.Ж. Отбасы қатынасының этикасы : Ата –аналарға арналған әдістемелік құрал, Семей 2007. 7.1.6 Рогов Е.И. Психология отношений мужчины и женщины. М., 2002. 7.1.7 Осипова Г.Н. Основы психокррекции. М., 2002. 7.1.8 Ковалев С.В. Психология современной семьи. М., 1998. 7.1.9 Эйдемиллер Э.Г. Психология и психотерапия семьи. – Москва, 1999. 7.1.10 Оразбекова К.А. Отбасы психологиясы. А., 1997. 7.1.11 Гребенников И.В. Основы семейной жизни. Учебн. Пособие- М.,1999. 7.1.12 Славина Л.С. Трудные дети. М., Воронеж, 1998. 7.2 Қосымша әдебиеттер: 7.2.1 Владин В.Е., Капустин Д.З. Гармония семейных отношений. А., 1991. 7.2.2 Буянов М.И. Беседы о детской психиатрии. М., 1992. 7.2.3 Рабочая книга школьного психолога. М., 1991. 7.2.4 Семья в психологической консультаций. // Под ред. А.А. Бодалева, Столина М., 1989. 7.2.5 Гаврилова Т.П. Учитель и семья школьника М., 1988. 7.2.6 Азаров Ю.П Семейная педагогика М.,1985. 7.2.7 Бала құқығы туралы конвенция. -1989. 7.2.8 Ковалев С.В. Психология семейных отношении. М., 1987. 7.2.9 Трапезникова Т.М. Этика и психология семейных отношений. Учебн. Пособие.Л., 1988.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz