Файл қосу

Дәнді дақылдар бойынша өндірістік шығындар





|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ                                                      |
|БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                                                |
|ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                             |
|СМЖ 3-деңгейдегі құжаты  |ПОӘК                     |                         |
|                         |                         |ПОӘК 042-14-3-01.        |
|                         |                         |1.20.31/03-2012          |
|«Салалардағы бухгалтерлік|                         |                         |
|есептің ерекшеліктері»   |№2- басылым              |                         |
|пәнінің оқу-әдістемелік  |26.09.2012               |                         |
|материалдары             |                         |                         |









              «САЛАЛАРДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»


                      ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


                   050508 «ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ» МАМАНДЫҒЫ ҮШІН

                        ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
























                                 Семей 2012





















    |    |Мазмұны                                                           |    |
|    |                                                                  |    |
|    |1                                                                 |4   |
|    |Глоссарий                                                         |    |
|    |4                                                                 |3   |
|    |                                                                  |Тәжі|
|    |2                                                                 |рибе|
|    |Лекциялар                                                         |лік |
|    |                                                                  |саба|
|    |                                                                  |қтар|
|    |                                                                  |4   |
|    |                                                                  |    |
|    |                                                                  |4   |
|    |                                                                  |Студ|
|    |                                                                  |ентт|
|    |                                                                  |ерді|
|    |                                                                  |ң   |
|    |                                                                  |өзді|
|    |                                                                  |к   |
|    |                                                                  |жұмы|
|    |                                                                  |стар|
|    |                                                                  |ы   |
|    |                                                                  |5   |
|    |                                                                  |    |































   1. ГЛОССАРИЙ
      Бухгалтерлік есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық
   қорытындыларын
міндеттемелері мен есеп айрысуларын, мүліктің қозғалысын бейнелейтін
   ақпараттық жүйе
            Есеп саясаты – бухгалтерлік есепті жүргізу  және  қаржылық  есеп
берушілікті  құрау  үшін  қолданылатын  бухгалтерлік  есептің   әдістерінің,
ережелерінің, тәсілдерінің жиынтығы.
       Қаржылық есеп берушілік -   шаруашылық қаржылары мен  олардың  қайнар
көздерімен  болатын  шаруашылық  операцияларын  ақшалай   бағада   бейнелеу,
ағымдағы бақылау және топтаудың тәсілі
       Бухгалтерлік    баланс  шаруашылық  құралдары  мен  олардың  көздерін
белгілі бір мерзімге ақшалай өлшемде  топтастыруды білдіреді.
       Баланс  валютасы -  баланс активті мен пассивінің жиыны.
       Бухгалтерлік есеп шоты –  шаруашылық  қаржылары  мен  олардың  қайнар
көздерімен  болатын  шаруашылық  операцияларын  ақшалай   бағада   бейнелеу,
ағымдағы бақылау және топтаудың тәсілі.
      Синтетикалық шоттар - қаржылардың біртекті топтары мен олардың  қайнар
көздері  жекелеген   элементтерге   бөлінбей,   жинақталған   көрсеткіштерде
есептелетін, есеп жалпылама және құндық бейнеде  ғана  есептелетін  шоттарды
атайды.
        Талдамалы  шоттар  -  синтетикалық  шоттардың  мазмұнын   бөлшектеп,
даралап, детальді түрде есепке алатын шоттарды атайды.
      Шоттар жоспары - бухгалтерлік есеп жүйесінде  қабылданып  қолданылатын
шоттар тізімін айтады.
      Есеп регистрлері - есеп процесінде қолданылатын бухгалтерлік  құжаттар
.
      Бос беттер - типографиялық жолмен жеке қағаз беттерінде басылған  есеп
регистрлері. Бос бет түріндегі есеп  регисгрлерінің  көлемдері  және  ондағы
бағана мен жолдар саны әртүрлі болады және міндетті түрде сәйкес  атауы  бар
(журнал-орден, тізімдеме, және т.б.)- Есеп регистрлері белгілі  бір  есептік
кезеңге арналады (ай, тоқсан).
       Карточкалар  -  бос  беттердің  бір  түрі  болып  саналады.  Олар  да
типографиялық тәсілмен, үлкен емес форматқа қатты қағаздан  жасалады.  әрбір
карточка жазбалардың белгілі санына арналған.
      Картотека - карточкаларды сақтауға арналған арнайы жәшік.  Материалдық
бағалықтар есебі, есеп айрысу  есебі  және  басқа  да  есеп  түрлеріне  жеке
карточкалар пайдаланылған дұрыс.  Картотекада  карточкалар  көрсетілген  шот
шифрларының ретімен орналасады.
       Хронологиялық  регистрлар  операцияларды  хронологиялық   жазу   үшін
арналған,  яғни,  операцияларды  бейнелеу   толықтығын   тексеруде   бақылау
функциясын атқарады.
      Жүйелік регистрлар операцияларды жүйелі түрде жазуға арналған.  Оларда
операциялар белгілі белгілері бойынша топталады.
        Есептік  цикл-  қаржылық  есеп  берушілікке  апаратын  оның  алдында
жасалатын бірізді қадамдардың сериясы
      Чек - -шот иесінің банкке көрсетілген соманы нақты  ақшамен  жалақыға,
іссапар, шаруашылық операциялары және басқа  да  шығындарға  беру  жөніндегі
бұйрығы.
       Аккредитив  –  сатып  алушыға  қызмет  ететін  банк  мекемесінің  осы
кәсіпорынды жабдықтайтын  шаруашылық  субъектісіне  қызмет  көрсететін  банк
мекемесіне тауарлардың  жіберілгендігін  немесе  қызметтердің  көрсетілгенін
дәлелдейтін құжататр бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы.
        Инвестициялар - өнеркәсіптің, кұрылыстың, ауыл  шаруашылығының  және
экономиканың баска да салаларының кәсіпорындарына капитал  түрінде  салынып,
жұмсалатын шығындардың жиынтығы.
        Нақты  инвестициялар  —  бұл  кәсіпорынның  негізгі  капиталын  және
материалдық-өндірістік корын өсіруге салынатын салымдар.
        Қаржылық  инвестициялар  —  бұл  субъектінің  табыс  алу  мақсатында
пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер,  дивидендтер  және  жалға
ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа  да  олжалар
(мысалға, коммерциялық мөміленің нәтижесі).
       Саудалық дебиторлық қарыздар – негізгі  қызмет  нәтижесінде  сатылған
тауарлар мен қызметтер үшін сатып алушылардың міндететмелі сомалары.
        Саудалық  емес  дебиторлық  қарыздар-  басқа   да   қызмет   түрлері
нәтижесінде пайда болады.
       Материалдық емес активтер - табиғи негізі жоқ,  бірақ  құндық  бағасы
бар  және  табыс  әкелетін  қасиеттері  бар  ұзақ  мерзімді   пайдаланылатын
объектілер.
       Негізгі құралдар  -  ұзақ  уақыт  жұмыс  істейтін  материалдық-заттық
құндылықтар  (ғимараттар,  өткізгіш  тетіктер  машиналар,  жабдықтар,  көлік
құралдары,  құрал-саймандар,  өндірістік  және  шаруашылық  мүлкі,   жұмысқа
пайдаланылатын және өнім беретін мал және басқалар).
    Актив – бұл құндық бағасы бар субъекттің құқығы мен жеке  мүліктік  және
мүліктік емес игілігі. Активтер болашақта жүзеге  асатын  экономикалық  олжа
ретінде көрсетіледі.
   Міндеттемелер – бұл  өткен  мәміленің  нәтижесі,  ол  жүзеге  асқандықтан
қарызданушының  міндеттемесінің  пайда  болғанын,  белгілі   бір   әрекеттің
кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді
   Табыстар – бұл ұйымның негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі.
       Шығындар - өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен,  қызметті  көрсетумен
байланысты шығындар, негізгі және  негізгі  емес  қызметтен  шеккен  зияндар
және төтенше жағдайдан туындаған шығындары.
  Қаржылық есеп  берудің  элементтерін  тану  –  бұл  бухгалтерлік  балансқа
енгізу процесі немесе қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы  есеп
берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді  және
мынадай тану тұжырымдамасын қанағаттандырады.


                            2. ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛ

1.Тақырып: Сауда кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есеп.


Дәріс сұрақтары:
1.Тауарлық оперциялардың есебінің принциптері.
2.Тауарлық операцияларды құжаттық рәсімдеу.
3.Тауарларды бағалау.
4.Бөлшек және көтерме сауда кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.


       1.Сауда сферасында тауар айырбасы,  тауарларды  сату-сатып  алу,  осы
процестер  негізінде  сатып  алушыларға  қызметтер  көрсету,  сонымен  қатар
тауарларды жеткізу, сақтау және оларды сатуға дайындау жүзеге асырылады.
      Тауарларды сатумен үш сауда зонасы айналысады:  көтерме,  бөлшек  және
қоғамдық  тамақтандыру кәсіпорындары.
      Барлық  сауда  кәсіпорындарында  есептің  басты  объекті  тауар  болып
табылады. Тауарлардың қозғалысы бойынша  операциялар  есебі  үшін  шоттардың
Бас  жоспарының  1330  «Тауарлар»  шоты  қарастырылған.  Бұл  шоттың  дебеті
бойынша  алынған  тауарлардың  құны,  ал  кредиті  бойынша  тиелген   немесе
жөнелтілген  тауарлар  құны  көрсетіледі.  Тауарлардың  синтетикалық  есебі,
кәсіпорындар қалауы бойынша әр түрлі  бағдарламалық  өнімдердің   электронды
кестелерінде, немесе бухгалтерлік есептің регистрлерінде  жүзеге  асырылады.
Тауар қозғалысы бойынша операцияларды жалпылау үшін  №6  журнал  -ордер,  №7
журнал –ордер,. №9 журнал-ордер, №11 журнал-ордер қолданылады.
      Сату  процесінде  келесідей  түсініктер  қолданылады:  түсім  (пайда),
сауда үстемесі, тауар айналымы, сатып алу  бағасы,  лицензия,  сату  бойынша
шығындар.
        Сауда   кәсіпорында   бухгалтерлік   есепті   ұйымдастыру   тауарлық
операциялар  есебінің  жалпы   және   спецификалық   принциптерін   таратуға
бағытталуы керек, ол келесідей позицияларды қосады:
    1. Әрбір материалды-жауапты тұлға бойынша есепті ұйымдастыру (бригада)
    2. Әрбір нақты ұйым жұмысының ең біртұтас жағдайында  тауарлар  есебінің
       сызбасын таңдау (жеке, табиғи-құндық, құндық).
    3. Тауарларды кірістеуде және шығаруда бағалаудың бірлігі.
    4. Тауарлар  бары  және  қозғалысы  туралы  есепті  ұсыну  мерзімі  және
       кезеңділігі.
    5. Тауарлардың іс жүзіндегі қалдығына түгендеу жүргізу жолымен  кезеңдік
       тексеру  және  бағалықтардың  сақтығын  қажет   етуі   тексеру   үшін
       бухгалтерлік есеп мәліметтері мен оларды салыстыру.


    2. Сауда кәсіпорындары тауарларды әртүрлі жағдайларда алады: Жабдықтаушы
қоймаларында, темір жол  бекетінен,  аэропорттан  немесе  материалды-жауапты
тұлға қабылдайтын өзінің сауда үйінде.
      Жабдықтаушы қоймасынан тауарларды қабылдауды материалды-жауапты  тқлға
жүзеге асырады.
       Жабдықтаушы  қоймасынан  тауар  алғанда  материалды-жауапты   тұлғаға
сенімхат  беріледі.  Материалды-жауапты   тұлға   сенімхатты   келесі   күні
бухгалтеряға тапсырады.
      Жабдықтаушымен тауарларды бөлшектеп босатуда әрбір босатуға  накладной
3 данада номері мен беру күнін көрсете  отырып  толтырады.  1-данасын  тауар
алушыға, 2-сі жөнелтушіде қалып, 3-бухгалтерияға жіберіледі.
      Жабдықтаушы автокөлігімен  сатып  алушы  қоймасына  тауарды  жеткізуде
сатып алушы  материалды-жауапты  тұлға  жабдықтаушы  экспедиторынан  тауарды
орын саны және брутто салмағы бойынша  қабылдайжы  және  тауарлы  транс.накл
мәліметтерімен слыстырады. Салыстыруда ауытқулар  айқындалса  акт  жасалады.
Актте айқындалған ауытқулары бар тауарлар туралы мәліметтер көрсетіледі.
      Темір  жол  транспортымен  тауарларды  жеткізуде  тауарларды  қабылдау
вагондарды  түсіру  орнында  немесе  темір  жол  қоймаларында   жүргізіледі.
Тауарлар  ере  жүретін  құжаттарға  сәйкес  қабылданады.  Алдымен   вагонның
тұтастығы, бүтіндігі, пломбанаң барлығы, вагонды пломбалаған   ұйым  мөрінің
нақтылығы қаралады. Бар тауар және есепті құны көрсетіледі.
      Сонымен қатар сауда кәсіпорындары тауарларды тұрғындардан да сатып ала
алады. Мұндай жағдайда кәсіпорын сатып  алушының материалды жауапты  тұлғасы
сатып алу актін жасайды, онда аты-жөні,  РНН,  тауар  аты  және  жалпы  сома
көрсетіледі.
Кәсіпорын  балансына  тауарларды   кірістеу   ережеге   сәйкес   жабдықтаушы
құжаттары негізінде жүзеге асырылады:
      - шот-фактура,
      - тауарлы көліктік накладнойлар,
      - накладной және т.б.


3. Нарықтық экономикада баға негізінен бес қызмет атқарады.
1. Есеп-қисап қызметі. Бұл өнім өндіргенде  қоғамдық  қажетті  еңбек  шығыны
процесінің өзгеруінде байқалады және әр  түрлі  өнімді  өндіру  қалай  немен
жүзеге асқанын көрсетеді.
2. Ынталандыру қызметі. Бұл кезде баға өндіріс тиімділігіне әсер етіп,  өнім
ассортиментін жаңғыртуға, өнім сапасын арттыруға  күш  салады.  Бағаның  осы
қызметі біріншісімен етене байланысты.
3. Бөлуші реттеуші қызмет. Нарық жағдайында бағаның бөлуші  қызметі  сұраным
мен ұсынымды реттеу және тұтынушы мәртебесінің өзгеруі кезінде байқалады.
4.  Бағаның  бұл  қызметі  нарықтың,  тепе-теңдік  сақтағанда,  тұтыным  мен
өндірісті теңгергенде байқалады.
5. Ақпараттық. Баға тұтынушыға  сатушылар  тарапынан  тауар  ұсынымы  туралы
белгі береді және олар өз өнімі үшін қанша  алғысы  келетіндігін  баяндайды.
Екінші  жағынан  сатушылар  сатып  алушылардың  төлем  қабілеттігін   немесе
өндіріс ресурстарының қорын байқайды.
    Баға – ол айырбас барысында белгілі тауарға ие болу мақсатында тұтынушы
қиюға дайын ақшаның саны,  немесе  игіліктердің,  құндылықтардың  қосындысы.
Фирмалардың  көпшілігі  бағаны  есептегенде   өз   тауарларының   құндылығын
сезінуден бастағанды дұрыс деп  санауда.  Олар  баға  тағайындаудың  негізгі
факторы сатушының шығыны емес, сатып алушының қабыл алуы деп санайды.  Сатып
алушылардың ұғымында  тауардың  құндылығын  құрастыру  үшін  олар  өздерінің
маркетинг кешенінде бағасыз әрекеттер әдістерін  пайдаланады.  Бұл  жағдайда
баға тауардың маңыздылық құндылығын сезінуге сәйкес болуы керек.


 4. Бөлшек сауда – түпкі тұтынушының жеке қолдануы  үшін  тауарды  сату  мен
қызмет көрсету жөніндегі іс-әрекет. Бөлшек сауда өнімді  тұтынушыға  жеткізу
процесін аяқтайды.  Ол  үшін  арнайы  сауда  орындарының  болуы  қажет.Бірақ
дүкендердің болуы бөлшек сауда үшін  міндетті  түрдегі  шарт  емес,  өйткені
тауарды пошта, телефон, интернет және  тағы  басқалары  арқылы  да  өткізуге
болады.
 Бөлшек сауданың тарихы 20-жылдары өндіріс шығарған барлық  заттарды  табуға
болатын  жалпы  дүкендерден  басталған.  Кейінірек   арнайы   дүкендер   мен
супермаркеттер және күнделікті сұраныс дүкендері пайда болды. Соңғы  жылдары
бөлшек сауданың жаңа түрлері, өнімді  даналап  сататын  автоматтар,  телефон
және теледидар арқылы сату пайда бола бастады.  Бөлшек  сауданың  сан  алуан
цикілділігін «бөлшек сауда дөңгелегі» деп атайды.
 Бөлшек сауданың қызметтері оның мақсаттарымен анықталады:
 1. Тауарды сатып алу мен оның ассортиментін қалыптастыру;
 2. Тұтынушылардың сұранысын, талғамын, қалауын зерттеу;
  3.  Өндірушіні  оның  өніміне  деген  сұраныс  барысы  туралы   ақпаратпен
қамтамасыз ету;
 4. Тұтынушыларға тауардың сапасы мен ерекшеліктері туралы ақпарат беру;
 5. Қызмет көрсету. Кәсіптік түрде сатып алу туралы шешім қабылдануына  әсер
етеді. Техникалық заттарды сатудағы және оны сатып алғаннан  кейінгі  қызмет
көрсетудің маңызы жоғарлайды.
 Бөлшек сауда түрлері меншік  нысандары  бойынша  –  мемлекеттік  және  жеке
меншік; ұйымдық  құрылымы  бойынша  –  негізгі  компания,  оның  филиалдары,
еншілес кәсіпорындар; тұтынушының сатушымен байланысу әдісі бойынша –  толық
қызмет көрсететін дүкен, шектелген қызмет  көрсететін  дүкен,  өзіне  –  өзі
қызмет ететін дүкен; сауда  орнының  көлемі  бойынша  –  ірі,  орташа,  кіші
көлемді дүкендер;  ассортимент  құрылымы  бойынша  –  арнаулы  және  әмбебап
дүкен, баға саясаты бойынша (арзан,  орташа  бағалы,  қымбат  бағалы,)  және
орналастыру ыңғайына байланысты болады.
Бөлшек дүкендер типтері
 1. Өткізетін өнімдердің түрлеріне байланысты бөлшектік дүкендер  азық-түлік
сататын және азық-түлік сатпайтын болып бөлінеді.
 ІІ. Тауарлық ассортимені бойынша дүкендердің мынадай типтері бар(14;36);
  1.  Супермаркеттер  –  үстеме  бағасы  жоғары  емес,  алуан  түрлі   тауар
ассортименті бар, тұтынушылары өзіне-өзі қызмет көрсететін  үлкен  дүкендер.
Олар орта есеппен саны 12 мыңға жететін түрлі өнімдерді сатады. Оның  ішінде
азық-түлікпен қатар, күнделікті өмірге қажет заттар да  бар.  Супермаркеттің
ауданы400 шаршы м. немесе одан да үлкен болуы мүмкін.
 2. Суперсторлар. Сауда ауданы орта есеппен 3-тен 5мың  шаршы  метрге  дейін
жетеді. Тұтынушыларға ұсынатын тауарларының саны супермаркеттерге  қарағанда
2 есе көп. Көлемі  жағынан  орташа  супермаркеттен  2  есе  үлкен,  көптеген
қызмет, түрлерін көрсетеді. Олардың  асортиментінде  азық-түлік  және  азық-
түлік емес тауарлары бар.
 3. Гипермаркеттердің сауда ауданы 10 мыңнан 50  мыңға  дейін  шаршы  етірге
жетеді.  Супермаркеттің  көпшілік  тауар  дүкендерінің,   көтерме   сауданың
негізгі қағидаларын ұстанады.  Ол  азық-түліктің  көптеген  түрлерін,  азық-
түлік емес тауарлардың кейбір түрлерін  (шаруашылық  тауарларын,  киім  және
тағы  басқалары)  ұсынады.  Оларда  мейрамхана,  ойын  бөлмелері,  балаларға
арналған бөлмелер бар. Тауарларды арзан  бағамен  сатады.  Мысалы:  АҚШ-тағы
«Wal-Mart» Алматыдағы «Рамстор – Бутя» дүкендер жүйесі.
 4. Cash&Carry дүкендері.  Ауданы  –  400  шаршы  м.  жоғары.  Жұмыс  күшін
үнемдеу арқылы тауарларын ұсынады.
 5. Арнаулы дүкендер – тауарлардың жеке топтпрын алуан  түрлі  ассортиментін
ұсынатын дүкендер (киім - кешек, аяқ-киім, және т.б.).
 6. Универмагтар. Басқаларға қарағанда сан алуан тауар түрін ұсынады.
 7. Көпшілікке арналған тауарлар дүкендері. Бағасы универмагтар  мен  арнайы
дүкендердегіден төмен, сан түрлі ассортименті  тауарларды  ұсынады.  Мысалы,
АҚШ-тағы Kmart магазині.
 8. Ыңғайлы дүкендер. Үй жанында орналасқан, күні-түні мен  жұмыс  істейтін,
тауар ассортименті өте  аз,  шығындары  жоғары  болғандықтан,  тауар  бағасы
жоғары болады.
 ІІІ. Бағасы бойынша дүкендердің келесі түрлерін көрсетуге болады.
 1. Дисконтты дүкендер («Tagret»). Тұтынушы өзіне-өзі қызмет ететін,  бағасы
төмен, сан түрлі ассортиментті тауарлардыұсынады.
  2.  Қойма  клубтары.  Қоймаға   ұқсас   ғимарата   орналасқан,   қызметтер
ықшамдалған дисконтты  дүкендер.  Тұтынушылар  клуб  мүшелері  болғандықтан,
мүшелік жарна төлей отырып, тауарды арзан бағамен алады.
 3. Қойма-дүкен. Қойма – клубтарына ұқсас.  Бағасы  біршама  арзан  (кемітіп
сатады), көрсететін қызметтері аз қарапайым сауда орны.
 ІV. Қызмет көрсету түрі бойынша бөлшек сауданы мынадай түрлері бар:
 1. Пошта арқылы сату («Директ-мейл»);
 2. Автоматтар;
 3. Тапсырыстар қызметі;
 4. Шығарып сату саудасы.


                    Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
      1.Тауарлар есебінің негізгі қағидалары қандай?
      2.Саудада баға қалай қалыптасады?
      3.Бөлшек саудада тауарлық операциялар қалай рәсімделеді?
      4.Көтерме сауданың негізгі қағидалары қандай




2 тақырып. Сыртқы экономикалық қызметтің  бухгалтерлік есебін ұйымдастыру

Дәріс сұрақтары:
1.Экспорттық операциялар есебі.
2.Импорттық операциялар есебі.


     1.  Нарық   категориясын   тереңірек   ұғыну   үшін   оның   шаруашылық
(экономикалық) іс-әрекетіндегі орнын  анықтауымыз  қажет.  Экономикалық  іс-
әрекеттің 4 сферасын атап кетуге болады:
 1. Өндіріс.
 2. Тарату.
 3. Айырбас.
 4. Тұтыну.
         Экономиканың жалпы, әрі қарапайым мақсаты – тұтыну болып  табылады.
Ал экономиканың ең маңызды саласы - өндіріс. Оның әсерінсіз  ешқандай  нарық
болуы мүмкін емес,  тек  өнерәсіп  қана  қажетті  тауар  массасын  өндіреді.
Өндірістік сфераны өзгерту  –  басқа  да  экономикалық  салаларды  өзгерудің
кілті болады. Ол нарықтық қатынастардың, олардың жоқ жерде құрылуы үшін  аса
маңызды фактор болып табылады. Егер бастапқыда  ешқандай  өндірістік  нәтиже
болмаса, онда нарықтың болуы мүмкін емес. Бірақ өндіріс пен тұтыну  арасында
басқа да салалар болады, өнеркәсіптен кейінгі тарату жүйесі  өндіріс  өнімін
кімге  бұйыратынын,  өндірілген  тауардың  иесін  анықтайды.  Тарату  жүйесі
адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастардың құрылуында маңызы зор.
        Тарату жүйесі өндірістің нәтижесі ғана  емес.  Өнеркәсіп  процесінің
тиімділігі еңбек өнімінің таратылуы нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін.
 Айырбас экономика иерархиясы  саласында  үшінші  орынға  иеленсе  де,  оның
өндіріске тигізетін әсері таратумен  де  тепе-тең  болады.  Қалай  болса  да
нарық фукнцияларын қарастырғанда оның  тиімділігі  айқын  көрінеді.  Айырбас
сферасы барлық қоғамдық шаруашылықтың жүйесінде  ең  13  маңызды  рөлге  ие.
Сондықтан, тауар айырбасы жиынтығы ретіндегі нарық дамуы аса маңызды  тарихи
рөлге ие болған.
    Экспорт – отандық  не  бұрын  шетелден  әкелінген  және  оларды  сыртқы
нарықта өткізу үшін қайта өңдеуге  ұшыраған  тауарларды  елден  әкету.  Кері
экспорт – шетелден әкелінген тауарларды қайта өңдемей елден әкету.
    Экспорттық салалар мен өндірістің дамуын жетілдіре беру мен ынталандыру
мақсатында экспорттың салық салу жүйесінде тұрақты  түрде  талдаулар  жасап,
қажет болған жағдайда оларға өзгерістер  енгізу  бүгінгі  –  күннің  талабы.
Қазақстанның   сыртқы    экономикалық    байланыстар    саласындағы    орнын
тұрақтандырып, рөлін мейілінше арттыру бағыттарында  қолға  алатын  жұмыстар
жеткілікті. Бұл жұмыстардың негізгілерінің  ішінде  аяқталған  кешен  құрып,
экспорттағы  шикізат  бағытын  жеңу  үшін  сыртқы  экономикалық  байланыстар
саласын,  республика  экономикасын  құрылымдық  қайта  құру   бағдарламасына
сәйкестіндіре  білу  қажет.  Бұл  ретте  дайын  өнім   өндіретін   аяқталған
техникалық кешендер құрып, өндіру салаларын экстенсивті  дамудан  интенсивті
дамуға көшіріп, дүниежүзілік  деңгейдегі  жаңа  технологияларды  пайдалануды
мақсат тұту керек.
    Аталған салалар мен өндірістерді шұғыл дамыту мемлекеттердің экспорттық
әлеуетін ұлғайтып қана қоймай, жұмыспен толық қамту  мәселесіне  де  қолайлы
жағдай жасайды. Егер республикадағы жұмысшы күшінің салыстырмалы   арзандығы
мен қолда бар шикізатты, мысалы, өндірістік қалдықтарды жеңіл және тез  іске
асыруға  болатындығын  ескерсек,  олардың  экономикалық  тиімділік   деңгейі
жоғары екендігі түсінікті. Қазақстанның халықаралық саудадағы рөлін  күшейту
үшін,  оған  тән  ерекшеліктерді  байқап   бағдарлау   қажет.   Қазақстанның
ерекшелігі оның дамыған, сондай-ақ дамушы елдер қатарында бірдей болуы.
    Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосатын факторларға халқының  жаппай
сауаттылығы,   ғылыми-зерттеу   мекемелерінің   кең   жүйесі   –    ғарыштық
зерттеулерге қатысу мүмкіндіктері жатады.


      2. Таза экспорт тауарлар мен  көрсетілген  қызметтердің  экспорт  және
импорт құны көлемінің айырмашылығына  тең.  Тепе-теңдік  жағдайында,  сыртқы
сауда шеңберінде қарастырғанда экспорт пен импорт көлемі тең  болады,  демек
таза экспорт нөлге тең. Мұндай жағдайда  жалпы  ұлттық  өнім  ішкі  шығындар
жиынтығына тең болады. Бірақ егерде экспорт импорттан көп  болса,  онда  біз
әлемдік нарыққа «нетто-экспортшы»  ретінде  қатысамыз,  сонда  жалпы  ұлттық
өнім ішкі шығын көлемін жоғарылатады. Сол сияқты, егер де  импорт  экспортқа
қарағанда көп болса, онда біз  әлемдік  нарыққа  «нетто-импортершы»  ретінде
қатысамыз, сонда таза экспорт теріс мән болып  табылады  және  шығын  көлемі
өндіріс көлемінен жоғары болады.
      Ұлттық есеп жүйесінде көбінесе табыс  жиынтығының  көрсеткіші  ретінде
жалпы ұлттық өнім қолданылады, одан кейбір құрауыштар  арқылы  ерекшеленетін
басқа да табыс көрсеткіштері қолданылады.
      Таза ұлттық өнімді алу  үшін,  өндірістік  кәсіпорындар,  жабдық  және
тұрғын үйлердің жылына төмендейтін құны  өлшемін,  яғни  капиталдың  негізгі
тозу құнын есептейміз.
      Жалпы ұлттық  өнім  дефляторы  тек  қарастырылып  отырған  мемлекеттің
азаматтары өндірген тауарларды есепке алады.  Басқа  елдерден  импортталатын
тауар  жалпы  ұлттық  өнім  дефляторында  да  көрсетілмейді.   Сол   себепті
Жапонияда жиналып,  АҚШ  та  сатылған  «тойота»  құнының  өсуі,  тек  тұтыну
бағасының  индексінде  көрсетіледі,  оны  Америкалық  тұтынушылар  тұтынады,
бірақ жалпы ұлттық өнім дефляторында көрсетілмейді.
      Сыртқы сауда  келісімдерін  жүргізу  кезіндегі  құжаттық  аккредитивті
қолданумен жасалатын есеп схемасы: 1. экспортер импортерге  шот  жазады;  2.
импортер өз банкіне экспортер атына аккредитив ашуды  сұрайды;  3.  импортер
банкі  аккредитив  ашып,  экспортер  банкіне  хабарлайды  және   экспоретрді
құлаққағыс қылады; 4. экспортер импортерге тауар жібереді; 5.  экспортер  өз
банкіне  тауарды  бөлу  туралы  құжаттарын  жібереді;  6.  экспортер   банкі
экспортерге төлем жасайды;7. экспортер  банкі  құжаттарды  импортер  банкіне
жібереді; 8.  импортер  банкі  экспортер  банкіне  төлем  жасайды;9.импортер
тауар құжаттарын алғаны туралы хабарламаны алғаннан кейін өз  банкіне  төлем
жасайды;10. импортер банкі импортерге  тауар  бөлу  құжаттарын  береді,  жүк
келген кезде импортер оны алады.


                    Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
      1.Экспорттық операциялардың негізгі қағидалары қандай?
      2.Импорттық операциялар қалай есепке алынады?
      3.Сыртқы экономикалық қызметті құжаттық рәсімдеу қалай жүргізіледі?

3 тақырып. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы есеп.

Дәріс сұрақтары:
1.Қоғамдық    тамақтандыру    кәсіпорындарындағы    бухгалтерлік     есептің
ұйымдастырылуы.
2.Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы бағаның қалыптасуы.
3.   Қоғамдық   тамақтандыру   кәсіпорындарындағы    құжаттық    рәсімдеудің
ерекшеліктері


   1.Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының негізгі жұмысы сатып  алушыларға
немесе  ұйымдарға  әрі  қарай  сату  үшін  өз  өнімдерін  өңдіру   (тамақтар
дайындау).
Өз өнімдері қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары өндіріс  цехтары  немесе  ас
үйлерде шикізатты жылы немесе суық  өңдеу  жолымен  өңделген  дайын  өнімдер
және  жартылай  фабрикаттар.  Қоғамдық  тамақтандыру   кәсіпорындарында   өз
өңдірісінің өнімдерімен қатар кейбір сатылып алынатын тауарлар да сатылады.
      Сатылып алынатын тауарлар  басқа  жақтан  ешқандай  өңдеусіз  алынатын
тамақ өнімдері болып  табылады.  ҚР-ның  «Тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау
туралы» Заңына сәйкес ҚР-сы экономика  және  сауда  министрлігімен  тұтынушы
және  қоғамдық  тамақтандыру   қызмет   сферасы   орындаушылары   арасындағы
қатынастарды анықтайтын  және  реттейтін  «қоғамдық  тамақтандыру  өнімдерін
өңдіру және сату ережесі» өңделді.
  Қоғамдық  тамақтандыру  кәсіпорындары  тұтынушыларға  сапасы   нормативтік
құжаттардың міндетті талаптарына және тапсырыс  талаптарына  сәйкес  келетін
қызмет көрсетуге міндетті.
Қоғамдық  тамақтандыру  кәсіпорындарының  барлық  өнімдері  мен   қызметтері
нормативтік құжаттар талаптарға сәйкес  келуі  керек:  санитарлық-гигиеналық
және  технологиялық;  саудалық   шикізат   және   өнімдердің   қауіпсіздігі;
экологиялық, өрт және электр қауіпсіздігі.
      Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары өз қызметтерін  қабылданған  жарғы
және осы қызметімен айналысу құқығына  арналған  лицензия  негізінде  жүзеге
асырылады.
      Қоғамдық  тамақтандыру  қызметтері  әртүрлі  типтегі   кәсіпорындармен
атқарылуы мүмкін (ресторан, бар, асхана,  дәмхана,  т.б.)  өз  кезегінде  үш
классқа бөлінеді: люкс, жоғары, бірінші.
      Кәсіпорындардың  типі  мен  класы  кәсіпорындардың  басшысымен  немесе
иесімен анықталады.  Барлық  типтегі  және  кластағы  қоғамдық  тамақтандыру
кәсіпорындары өз өндірістік және сауда қызметтерін меню және  прейскуранттар
негізінде жүзеге асырады, олар  мемлекет  аралық  стандарттарға,  санитарлық
қызметпен  келісілген  ассортименттік  минимум  талаптарын  басшылыққа   ала
отырып  жасалады;  Қоғамдық  тамақтандыру  кәсіпорындағы  бухгалтерлік  есеп
қызметті 2 бағыт бойынша бейнелейді: 1-ші жағынан, бұл өндіріс  процесстері;
ал басқадан-сату процесстері. Қоғамдық  тамақтандырудың  ерекшелігі  өндіріс
және сату процесстерінің тығыз байланысы болып табылады.


      2. Баға- бұл кәсіпорындардың табыстығын қамтамасыз ететін, шығарылатын
өнімнің өз құнынан  тұратын  және  рентабельділіктің  анықталған  процесінен
тұратын  тауар,  жұмыс  немесе  қызметтің  құнын  ақшалай  бейнелеу.  Бағаны
бірнеше түрлерге болады:
      Көтерме және бөлшек баға. Көтерме баға бойынша кәсіпорын дайындаушы өз
өнімдерін көтерме сатып алушыларға сатады,ал бөлшек  баға  бойынша  тікелей
тұрғындарға тауарларды сатады;
нарықтық және келісім. Нарық коньюктурасының өзгеруінен тәуелсіз  сатушының
сатушымен белгіленетін баға нарықтық  немесе  еркін  баға  болып  табылады,
сатып алушымен сатушы арасында келесім нәтижесінде  тағайындалатын  баға  –
келісім болып табылады;
      Сату және сатып алу бағасы. Тауарды сатып алған  баға  сатып  алу,  ал
сатып алушыларға сауда үстемесімен сататын баға сату бағасы болады.
      Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында экономиканың  басқа  салалардан
айырмашылығы  өндірілген  өнімдердің   өзіндік   құны   есептелмейді.   Баға
қалыптасуының   ерекшілігі   өз   өндірісінің   өнімдерінің    калькуляциясы
методикасымен сипатталады.
      Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында  сату  бағасына  тура  шығындар
ретінде тек жикі заттың құны кіреді,  ал  қалған  элементтер  және  кешендік
шығындар сауда үстемесі арқылы бағасына бейнеленеді.
      Қоғамдық  тамақтандыру  кәсіпорындарында  дайын  өнімге  сату  бағасын
меншікті калькуляция негізінде анықтайды.

     3.Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында негізгі  нормативтік  құжаттар
тағамдардың және кулинариялық ұйымдардың  жинақтары  болып  табылады,  ондай
шикі зат шығындары, жартылай фабрикаттар және   дайын  тамақтардың  жасалуы,
сонымен қатар оны дайындау технологиясы көрсетіледі.
       Қоғамдық  тамақтандыру  кәсіпорындарындардың  нормативтік   құжаттары
негізінде кулинарлық бұйымдармен  тамақтардың  жаңа  түрлерін  өздірі  өңдеп
жасауға  құқылы.  Бұл  үшін  кәсіпорындар   не   технологиялық   карта,   не
кәсіпорындар технологиялық жағдайлар стандартын өңдеу керек, ол  мемлекеттік
санитарлық эпитдемиялогияны  қадағалау  немесе  кәсіпорыдар  сертификациясын
жүргізу ұйымдармен келісу қажет.
      Калькуляциялық карточкада жүргізілген сату бағасының  есебі  шикі  зат
жинауда компонентерінің және шикі затпен өнімдерге бағаның  өзгеруіне  дейін
әрекет етеді. Өзгеруді пайда болуындағы тағамның жаңа бағасы  колькуляциялық
карточканың келесі бос графасында анықталады.
      Күнделікті өндіріс жетекшісімен  тағамдардың  аты  және  технологиялық
карточка немесе рецептуралар жинағы  бойынша  номірлері  көрсетіліп  жоспар-
меню  жасалады,  сонымен  қатар  дайындалатын  тағамдар  саны   көрсетіледі.
Күнделікті жасалатын  жоспар  менюде  өзіндік  өндірісіне  өнімдердің  шығуы
бойынша күндік тауар айналымы, қоймадағы өнімдердің бары, сатып  алушылардың
сұроанымы,  кәсіпорындар  үшін  тағпацындалған  өндірістік  қуаттылық   және
ассортименттік  минимум  ескеріледі.  Жаспар  менюдегі  тамақтарды   түрлері
бойынша топтайды (суқ тағамдар 1-, 2-, 3- т.б.).  Қоймадан  қажетті  өнімдер
нормасын алу үшін талап жасалады. Өнімдерді босатуда накладной  толтырылады,
ол өндіріс менгерушісімен расталады және кәсіпорын жетекжісімен бекітіледі.
      Талап және жоспар меню бір данада жасалады,  кәсіпорын  меңгерушісімен
және  басшымен  бекітіледі.   Өндіріс  меңгерушісімен  құрылған  жосар  меню
негізінде бухалтерияда тағамдардың сату бағасы  белгіленеді  және  келушілер
үшін жоспар меню жазылады, мұнда тағмдар аты, калькуляция бойынша құны  және
дайын өнімнің өлшемі көрсетіледі.
      Тағамдарға, жартылай фабрикаттар  және  кулинарлық  бұйымдарға  бағаны
калькуляция негізінде  анықтайды.  Мысалы,  катлетке  сату  бағасын  анықтау
керек. Ол үшін  рецептер  жинағындағы  кестені  қолданамыз,  онда   қоғамдық
тамақтандыру кәсіпорындарындары үшін ірі  кесек  жартылай  фабрикаттар  және
катлет  шығарудың  нормасы   көрсетілген.   Есептеу   жүргіземіз   катлеттің
колькуляциялық өзіндік құнына кіретін 3-категориялық шошқа еті шикі  затының
грутто массасын анықтау үшін  2-категориялық  шошқа  етінің  нетто  массасын
анықтау керек (147 гр) қосылған (20 гр) шығу нормасына бөлу  керек  (64,6%).
3-категориялы шошқа майлы еті шикізатының массасы 258,5 гр құрайды.
      258,5=(147+20):64,6*100%  ,  ол  котлеттің  калькуляциясына  қосылады.
Еттен басқа котлетке сарымсақ және специялар қосылады.
      3-категориялы шошқа етін сатып алу бағасы 1 кг-280тнг.,1  кг  сарымсақ
20 теңге, специялар-25 тнг 100 гр.
      Қоғамдық тамақтандыру  кәсіпорындарында  тағамның  бағасын  нақты  дәл
анықтау үшін калькуляцияны 100 блюда немесе  10  кг  шикізат  құны  есебінен
жасайды.
      Үстеме 200%,ҚҚС-20%-ті құрайтынын ескере отырып, тағамды  сату  бағасы
262,76 тнг.
[72,99+(72,99*200%)+(72,99+200%)*20%)]
Котлеттің сату бағасының есебі
|Тағам компоненттері       |Саны (норма)  |1 кг. бағасы,тнг.|Сомасы,тнг. |
|3-категориялы шошқа еті   |25,85 кг.     |280              |7238        |
|Сарымсақ                  |1,8 кг.       |20               |36          |
|Специи                    |-             |25               |25          |
|Жиынтық құны              |-             |-                |7299        |
|1 порция құны             |-             |-                |72,99       |


      Бухгалтерлік есепте  қоғамдық  тамақтандыру  өнімдеріне  сату  бағасын
қалыптастыру  бойынша  операцияларды  калькуляциялық  (математикалық)   және
қосымша (бөлшек саудада аналогиялық  операцияға  сату  бағасын  қалыптастыру
бойынша) бөлінеді.
      Ас үй  (кухня)  өнімдерін  өңдіру  шығындарының  есебі  8110  «Негізгі
өндіріс»  активті  шотында  жүргізіледі.  Бұл  шот   қоғамдық   тамақтандыру
кәсіпорындарында  калькуляциялықтан  математикалыққа  айналады.  Бұл   шотта
өндіріске жіберілген өнімдер және шикізаттар ғана есептеледі.  Барлық  басқа
шығындар, мысалы, жұмысшылардың еңбек ақысы, еңбек ақыдан аударымдар,  ұстау
бойынша шығындар, негізгі құрамның амортизациялық және т.б.  сату  шығындары
немесе жалпы және әкімшіл шығындары ретінде есептеледі және  сауда  үстемесі
шотынан жабылуы керек.
      Буфет және магазиндерге өнімдер мен тауарлар жабдықтардан  шот-фактура
және товар-транспорт накладной бойынша;  қоймадан  накладноймен  түседі;  өз
өндірісінің өнімдерін босату күнделікті заборлы беттермен толтырылады.
      Меншік  өндірісінің  товарлары  мен  өнімдері  тұрғындарға  қолда  бар
ақшаға босатылады, төлем  кәсіпорынның  кассасы  арқылы  жүргізіледі  немесе
тікелей буфетшіге.  Меншік  өндірісінің  товары  мен  өнімдерін  (буфеттегі)
үстемесімен  сату  бағасы  бойынша  жиынтық  түрде  есептейді,  қайтарылатын
ыдысты (тараны) есепті баға бойынша.
      Сатып алушылардың сұранымын қанағаттандыруда  кулинарлық,  кондитерлік
өнімдерді, жартылай фабрикаттарды сату  алдын-ала  тапсырыс  бойынша  жүзеге
асырылуы мүмкін.
      Буфет немесе магазинде сатылмаған өнімдер кухняға қайтарылады.
      Күнделікті  немесе  2-3  күнде  буфетші  бухгалтерияға  товарлық  есеп
өткізеді.
Кухня өнімдерін филиалдарға,  кулинария  магазиндеріне,  буфет  және  ұсақ-
бөлшек саудаға босату күндік заборлы беттермен толтырылады. Ол  екі  данада
жасалады, оны материалдық жауапты тұлға арнайы журналда тіркейді.
      Жұмыс күнінің соңында  заборлы  бет  «жабылады»:  қайтарылған  өнімдер
саны көрсетіледі, босатылған  өнімдер  санының  жиыны  саналады,  оның  құны
көрсетіледі және материалды  жауапты  тұлғамен  расталады  .  Заборлы  бетті
есеппен бірге бухгалтерияғаға өткізеді.
      Егер кухня өнімдері осы кәсіпорынға бағынатын (қарапайым)  буфет  және
ұсақ  бөлшек  сауда  бөлімдері  күніне  1рет  босатылса   көрсетіледі   және
материалды  жауапты  тұлғамен  расталады  .  Заборлы  бетті  есеппен   бірге
бухгалтерияға өткізеді.
      Егер кухня өнімдері осы кәсіпорынға бағынатын (қарапайым)  буфет  және
ұсақ бөлшек сауда бөлімдері күніне 1 рет  босатылса,  онда  шығыс  наклодной
толтырылады.
      Кухня өнімдері сауда залына өңдеуден кассалық чек бойынша  жіберіледі.

      Абонементтердің бірнеше түрлері болады.
   -Өндірістік кәсіпорындарда немесе мекемеде немесе асханадан тамақ алуға ;
   -Оқу орнында асханадан тамақ алуға;
   -Диеталық тағамдар алуға;
   -Емдеу профилактикалық немесе арнайы тағам алуға;
   -Бір реттік тағам алуға.
Абонементтер формалары қатаң есеп беру бланкілер  болып  табылады  және  006
«Қатаң есеп  беру  бланкілері»  баланстан  тыс  шотында  есептеледі,  дебеті
бойынша бланкілердің түсуі, ал кредиті бойынша берілуі көрсетіледі.
      Кухнядан  абонементтер  бойынша  өнімдерді  босату  талон  абонементін
көрсеткенде жүргізіледі.
       Талондар  бойынша  тағамдар  құны  жіберілген   тағам   сату   бағасы
калькуляциясынан  анықталады.  Талон  құны  еңбекақыдан,  путевканың   жалпы
құннынан ұсталуы мүмкін.
       Есепте  өнімдердің  қозғалысы  қоғамдық  тамақтанудың  үстемесі  және
үстеменсіз тағайындалған есепті баға бойынша бейнеленеді.

                    Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
      1.Қоғамдық тамақтандыру орындарының қандай түрлері бар?
      2. Қоғамдық тамақтандыру орындарында баға қалай қалыптасады?
      3. Қоғамдық тамақтандыру орындарында өнімнің өзіндік құны қалай
есептеледі?
      4. Қоғамдық тамақтандыру орындарының есебі қалай жүргізіледі?

4.Тақырып: Өсімдік шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп.

Дәріс сұрақтары:
1.Дақылдар бойынша өсімдік өнімдерін өсірудің құжаттық рәсімдеу және есебі.
2. Өсімдік өнімдерінің есебі және калькуляция.

      1. Экономиканың ауыл  шаруашылығы  саласы  жөнінде  айта  отырып,  бұл
саланың ерекшеліктері туралы атап өтпеу мүмкін емес. Ол адамның  тамақ  және
күнделікті тұтыну (астық, картоп, ет, сүт, тері,  жүн,  мәндір,  мүйіз  және
т.б.) заттарымен қамтамасыз ету үшін қажетті  шикізат  пен  өнімді  жеткізіп
беруші басты сала болып саналады.
      Оның басты ерекшеліктері:
     1) ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағалар шектеулі болады;
     2) барлық ауыл  шаруашылық  мәселелерінің  шешімдері  жер  мәселесімен
        тікелей байланысты болады;
     3) ауыл шаруашылығы көбінесе табиғи және ауа райына байланысты болады;
     4) өсімдік шаруашылығында суды пайдалану;
     5) ауыл шаруашылық өндірісінің бытырап орналасуы және т.б.
      Өндіріске әсерін тигізетін бұл факторларды есепке ала отырып, мемлекет
ауыл шаруашылығындағы корпоративтік  табыс  салығының  мөлшерлемесін  10%-ға
дейін төмендетті.
      Өсімдік шаруашылығы – ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі  салаларының
бірі  ол  егін  шаруашылығын,  көкөніс  шаруашылығын,  жеміс   шаруашылығын,
жайылым және орман шаруашылығын қамтиды.
      Өсімдік шаруашылығында өндірістік процесс көп айларға  созылатындықтан
шығындар параллельді түрде екі жақын жылдарға (егінге) астыққа  жүргізіледі,
бухгалтерлік есеп жылдары бойынша шығынды шектеуі керек.
       Бухгалтерлік  есепте  өсімдік  шаруашылығында  ағымдағы  жылдық  және
алдағы жылдардың астығына бөледі.
       Өсімдік  шаруашылығында  өндірістік  технологиялық  процесі  жұмыстың
келесідей негізгі жүйелерін  қосады:  топырақты  егіндік  алдында  дайындау,
егін топырақты егіндік  алдында  дайындау,  егін  салу  (егу);  өсімдіктерді
күту, егінді жинау.
      Дәнді тұқымдық өнімдер  есебі.  Алынған  тұқымдық  өнімдердің  алынған
есебін бірнеше әдістермен  жүзеге  асыруға  болады.  Шаруашылық  субъектінің
есеп саясатында олардың  нақты  жағдайларына  сәйкес  келетін  әдіс  таңдалу
керек.
1  әдіс.  Егістіктен  тұқымды  және  басқа  өнімдерді  жөнелтуде   реестрлер
қолданылады.  Жинау  жұмыстарының  алдында  бухгалтерия  әрбір   комбайншыға
қолхат  жазу  арқылы  алдын-ала  толтырылған  реквизиттері   мен   реестрлер
блокнотын береді, онда  комбайншының  табельдік  номері,  аты-жөні,  агрегат
номері  болады.  Блокноттағы  барлық  реестрлер  номерленген,  шаруашылықтың
басшысы және бас бухгалтер мен расталған және мөрмен мөрленген болуы  керек.
Реестрлер блокнотын арнайы ведомостта тіркейді.
       Смена  басында  әрбір  автомашинаға  оны  бірінші  тиеуде   комбайншы
егістіктен дәнді және басқа өнімдерді  жөнелтуге  3  данада  реестр  жазады,
онда күні, бөлім номері, жүргізуші аты-жөні  егістіктен  жиналған  өнім  аты
жазылады. Реестрдің 1 данасы комбайншыда, 2  данасы  жүргізушіде,  3  данасы
өлшеуші меңгерушісіне жіберіледі.
      Сонымен қатар дәнді және басқа өнімдерді қабылдау реестрін  қолданады.
Ол 2 данада жасалады. өлшеуші  жүргізуші  әкелген  реестрге  нетто  массасын
жазып,  дән  алынған  жүргізуші  мен  комбайншының  аты   жөндерін   жазады.
Жүргізушідегі жөнелту реестріне өлшеуші дәнді өнімдерді  қабылдап  алғандағы
туралы қол қояды. Реестрлер  күнделікті  бухгалтерияға  арқарай  өңдеу  үшін
өткізіледі.
2 әдіс. Егістіктен өнімдерді әкелтуге (тасуға) путевка толтырады.  Комбайншы
мен путевка блокнотын алуы реестрлер блокноты сияқты. Путевканы комбайншы  3
данада жазады, 3-сі комбайншыда қалады да, 1,2  жүргізушіге  машинаға  дәнді
тиегеннен кейін беріледі. Жүргізушіден ддәнді  қабылдағаннан  кейін  өлшеуші
дәннің нақты дән массасын анықтап  путевкада  көрсетеді.  1  дана  өлшеушіде
болады, ай соңында барлық путевкалар бухгалтерияға беріледі.
3 әдіс. Дәнді егістіктен қырманға жөнелтуді бейнелеу үшін шофер талоны  және
комбайншы талоны  пайдаланылады,  оның  түрлері  әртүрлі  болады.  Алдын-ала
толтырылған сәйкес (талондарды) қол қойылған, мөрленген  талондарды  олардың
түрлері бойынша берілген талондардың есебі журналында тіркейді  және  қолхат
беру негізінде жүргізушіге және комбайншыға береді.
      Қырманға  түскен  дәндер  өлшенеді.  Одан  кейін  жүргізуші  өлшеушіге
талонды комбайншыдан  алынағн  және  жүргізушіден  дәнді  қабылдау  реестрін
береді. Реестрді 1  данада  толтырады  және  ол  үнемі  жүргізушіде  болады.
Қырманда дән тиелген  машинаны  өлшеп,  жүргізушіден  қабылданған  комбайншы
талонына номерлерін жазады, оның аты-жөнін және автомашина номерін  кейіннен
толтырылатын реестрге өлшеуші жазады.
Дәнді қабылдау  реестрі  мәліметтері  негізінде  қырман  меңгерушісі  дәннің
қозғалысы ведомосында және қойма есебінің кітабына жазулар жүргізеді.
      Шаруашылық бухгалтериясында  күнделікті  реестрлер  мәліметтерін  және
комбайншы, жүргізуші талоны  мәліметтерін  комбайннан  қырманға  қабылданған
дәннің  әрбір  бункері  бойынша  салыстырылады.  Қырманға  түскен   дәндерді
қосымша кептіру және сұрыптау керек. әрбір партиясын өлшеп отырады.  Сорттау
және  тазалау  аяқталғаннан  кейін  алынған  өнімдердің  саны  мен   сапасын
анықтайды және кептірумен  пайдаланылмаған  қалдықтар  мөлшерін  белгілейді.
өңделген дақыл сапасын лабораториялық талдау көмегімен  анықталады.  Сорттау
нәтижесінде   өсімдік   өнімдерінің   сорттауға   және   келтіруге   Актісін
бейнелейді.
      Егістіктен дәндердің бір  бөлігі  нан  дайындау  бөлімдеріне,  қалғаны
шаруашылық  қоймасына  жөнелтіледі.  Босатылған  әрбір   партияға   товарлы-
транспорттық  накладной  жазады.  Дәнді  өнімдердің  қырманға   түсуі   және
шығындалуы туралы жиынтық құжат дәнді және басқа өнімдерді  ведомосты  болып
табылады,  ол   әрбір   дақыл   байынша   жұмыс   күнінің   аяғында   қырман
меңгерушісімен  жасалады.  Бұл  ведомость   алынған   құжаттар   мен   бірге
бухгалтерияға жіберіледі.
      Жеміс шаруашылығы, бақша шаруашылығы өнімдерінің,  картоп  және  бақша
дақылдары есебі. Жеміс,  бақша  шаруашылығы  өнімдерін,  картоп  және  бақша
дақылдарын шығару есебі бойынша  алынған  құжат  ауылшаруашылық  өнімдерінің
түсуі күнделігі болып табылады. өнімдердің түсу  шамасы  бойынша  қабылдаушы
жиналған өнімдерді санап, күнделікке жазады. Жемістерді  жинаудың  жекелеген
кезеңдерінде  өлшем  бірліктің  –  дана,  пучка  қолданылады,  сонымен  олар
міндетті түрде масса өлшем бірлігі – килограмм айналдыруы керек.  Жұмысшылар
мен өткізілген өнімдердің өлшеміне қабылдаушы талон береді,  оның  негізінде
еңбекақы  сомасын  анықтау  үшін  әрбір  жұмысшыға  өндірудің  есеп   бетіне
жазбалар жүргізіледі.
       Өнімдердің  әрбір  жиналған  партиясына  (егістіктен)  жинау   орнына
жібергенде ере жүретін құжат  -  өнімді  әкетуге  жолдама  немесе  накладной
жазады.
      Ауылшаруашылығы өнімдерінің  түсуі  күнделігін  қосымша  накладнойлар,
жолдамалар, актілерімен бірге бухгалтерияға күнделікті өткізіледі.
Сорттау  кептіру,  өңдеу  пункттерінде,  сонымен  қатар  сақтау  орындарында
барлық өнімдерді өлшеп, қойма есебінің  кітабына  жазады.  Сорттауға,  қайта
өңдеуге сәйкес Акт толтырады.
Сорттаудан кейін  өнімдердің  бір  бөлігі  дайындау  өнімдеріне  жіберіледі,
сонымен жөнелтудің әрбір партиясына товарлы-транспорттық накладной жазады.
      Арнайы шаруашылықта бақша  өнімдерін  кірістеу  үшін  арнайы  құжат  –
бақша өнімдерінің түсу күнделігі қолданылады.
      Тұқымдық өнімдердің түсуін  жеке  құжаттармен  рәсімдейді.  Дақылдарды
сақтауға, салуға, тұқымды материалды салуға Акт жасалады.
Тұқымдарды  және  егу  материалдарын  шығындауда  Акт   жасалады,   ол   осы
бағалықтарды зерттеумен шығаруға қажетсіздендіру болып табылады.
      Сорттық тұқымдарды нан қабылдау  және  дайындау  бөлімдеріне  өткізуде
келесідей құжаттарды толтырады:
          -  барлық  дақылдардың  суперэлитті  және  элитті  тұқымдарына  -
            тұқымға аттестат;
          - сорттық тұқымдарға – тұқымға куәлік;
          - егу стандарты талаптарына  сәйкес  емес  тұқымдарға  –  сорттық
            куәлік;
          - жүгерінің сорттық тұқымдарына – жүгерінің гибридтік тұқымдарына
            куәлік.
      Жайылымдық жем-шөпті кірістеуде Акт  жасалады.  Күн  соңында  бригадир
өлшеуші өлшемі бойынша жем-шөпті шығындау ведомосында көк  массасының  санын
жазады. Дайындалған шөпті үнемі сақталатын орынға орналастырғаннан  кейін  3
күн ішінде кірістеу керек.
      Жем-шөпті дайындау бойынша нәтижелерді комиссия  қатқыл  және  шырынды
жем-шөпті  қабылдаудың  арнайы  Актісінде  толтырады.  Барлық  акт   бойынша
қабылданған жем-шөпті материалдық жауапты тұлғаға бекітеді.  Жем-шөпті  ішкі
орын ауыстыруда жалпы тәртіптегі ішкі шаруашылық белгілеудің накладнойы  мен
рәсімдейді.
      Қоймадан  жем-шөпті   жануарларға   бухгалтерияда   жазылған   жем-шөп
шығындары ведомосты бойынша босатады.
Жем-шөп қозғалысы бойынша барлық құжаттар  тексерілгеннен  кейін  және  оның
мәліметтерінің  қойма  есебі  кітабына  және  шығындар  есебі   журналындағы
жазбаларды белгіленген мерзімде шаруашылық бухгалтериясына өткізеді.

      2.Өсімдік шаруашылығы өнімдері шығындары есебі  және  өнімнің  өзіндік
құнын калькуляциялауды дұрыс  ұйымдастыру  калькуляция  объектілерімен  есеп
объектілерін дәл бөлуді талап етеді.
Өсімдік шаруашылығында шығындар есебінің объектілері  жеке  дәнді  дақылдар;
біртекті дақылдардың топтары, жұмыс түрлері болып табылады.
Шығындар  есебінің  объектілері  бөлігінде  өсімдік  шаруашылығы   өнімдерін
шығару және шығындарының аналитикалық есебін құрады.
Шығындарды тек жылдар бойынша жеке ғана емес  сонымен  бірге  өнім  бірлігін
және  аяқталған  өндірістің  өзіндік  құнын  дұрыс  есептеу  керек.   Есепте
шығындардың кезеңдер бойынша 3 жеке экономикалық топтарын бөледі:
-Осы жылда астық алу үшін (өткен) ағымдағы жыл шығындары  –  көктемдегі  жер
жұту, тырмалау, майдалау, астық жинау.
-Алдағы жылдар астығының ағымдағы жыл  шығындары  –  судіге  (зияб),  күздік
егу, көп жылдық шөптер егу, т.б.
-Алдағы жыл және кейінгі жылдар астығына ауысатын өткен жыл шығындары –  көп
жылдық шөптер, петомниктер, дақылдық жер  жырту  және  шөп  шабу,  топырақты
ақбалшықтау, және гипстеу т.б.
      Өсімдік шаруашылығының сипатты негізділігі оның жылына 1 немесе 2  рет
өнім береді, ал өндірістік шығындары барлық жыл ағымына  есептеледі.  Есепті
кезең  ағымында  өсімдік  шаруашылығы  өнімдерін   есепті   бағасы   бойынша
кірістейді, есепті кезеңге жататын барлық шығындар кезең соңында  жиналғанда
іс-жүзінде өзіндік құнның есебінде жүргізіледі. Егер есепті баға  іс-жүзінде
өзіндік құнны жоғары болса, онда  айырма  сомасы  сторно  жазбасын  жасайды.
Егер есепті құн өзіндік құннан төмен болса, жетпейтін соманы жеткізеді.
      Өсімдік шаруашылығы өнімдерін  шығаруда  шығындар  есебі  бухгалтерлік
есеп шоттарының бас жоспары 8 бөлім "Өндірістік есеп  шоттары"  бухгалтерлік
шоттарында  жүргізіледі.  өндірістік  шығындар  есебі  үшін  8110   "Негізгі
өндіріс", 8310 "Көмекші өндіріс ", 8410  "Үстеме  шығындар",  бөлімшелерінің
бухгалтерлік есебіне кіретін шоттардың кешенді жүйесін қолданады.
      Сонымен, ауылшаруашылық өндірістің  әрбір  саласына  сәйкес  субшоттар
ашуды ұсынады. өндіріс шығындардың синтетикалық есебі №10 жүзеге  асырылады.

      Шығындардың аналитикалық есебі дақылдардың әрбір аты  бойынша  топтары
және аяқталған өндіріс түрлері бойынша жүргізіледі.
Аналитикалық есеп дақылдардың келесі топтары бойынша жүргізуді ұсынады:
          - дәнді: бидай, сұлы, арпа, жарма дақылдары, горох, фасоль, атбас
            бұршақ;
          - техникалық: мақта, темекі, соя, зығыр, қыша;
          - бақшалық: қарбыз, діңке, асқабақ;
          - ашық топыраққа  егілетін  көкөніс  дақылдары:  қияр,  баклажан,
            помидор, бұрыш;
          - жем-шөптік: сүрленген  жүгері,  жеміс-тамыр,  бір  жылдық  және
            көпжылдық шөптер;
          - жабық жер астындағы шөптер: теплица, парник;
          - жеміс-жидек: алма, алмұрт, абрикос, малина, қарақат;
          - петомниктер: көшеттер, отырғызулар, орманға егу, орман, орманға
            егу;
          - орман шаруашылығ және қорғау.
      Ауылшаруашылық жұмыстардың жекелеген түрлері  бойынша  шығындар  есебі
олардың  өзіндік  құнын  айқындауды  ғана  емес,  оларды  дақылдарға,  дақыл
топтарына жатқызуды ұсынады. Мысалы, шаруа қожалығы көктемдік жер жырту  500
га аланға жүргізеді, қара бидай – 205 га, бір жылдық шөп – 20  га,  сұлы  90
га, картоп 50 га,  сүрленген  жүгері  90  га,  кесу  көктемдік  жер  жыртуға
шығындардың жалпы сомасы 450000 тг құрайды. Жер жыртудың 1  гектары  өзіндік
құны 900 тг құрайды (450000/800).
Анықталған дақылдарды орындау үшін арналған көктемдік жер жырту көлемін  жер
жыртудың өзіндік құнына көбейту  арқылы  жекелеген  дақылдар  бойынша  жырту
шығындарының сомасын анықтаймыз:
          - қара бидайға (900*250) – 225000 тг.
          - бір жылдық шөпке (900*20) – 18000 тг
          - сұлыға (900*90) – 81000 тг
          - картопқа (900*50) – 45000 тг
          - сүрлемге қолданатын жүгеріге (900*90) – 81000 тг.
Өсімдік шаруашылығынан алынған өнімдер негізгі; (сопряженную) қосылған  және
қосалқы.
      Негізгіге берілген дақылды жасау және алу үшін өнімдер жатады, мысалы,
бидай, картоп, капуста, мақта т.б.
Қосылған өнімдер – 1  дақылдан  алынған  негізгі  өнімнің  бірнеше  түрлері.
Мысалы, егілген шөптен – шөп, жасыл масса,  тұқым.  Қосалқы  өнімдер  –  бұл
негізгі  өніммен  бірге  дақылдарды  жасаудан  биологиялық  және  өндірістік
жағдайлар күшімен алынған өнімдер.
      Өсімдік шаруашылығында калькуляция  объектісі  негізгі  және  қосылған
өнімдер  болып  табылады.  Бір  дақылдан  алынған  өнімнің  әртүрлі  түрлері
арасында шығындарды бөлу үшін шартты коэффициенттер қолданылады.
      Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын калькуляциялауды  есепке
басқа жаққа сатылатын немесе  ары  қарай  өндіріске  іс  жүзінде  қолданатын
қосалқы өнімдер қатысады.
Негізгі,  қосылған  және  қосалқы  өнімдер  арасында  өндірістік  шығындарды
тарату  есепті  калькуляция  құруда  келесідей  тәсілдердің  бәрінде  жүзеге
асырылады:
     - дайындалған баға бойынша қосалқы өнімдер құнының шығындарының  жалпы
       сомасынан шығару;
     - тағайындалған коэффициенттерді қолдану, мұнда қосылған  өнімнің  бір
       түрі  шартты  бірлігі  ретінде  ал  өнімнің  басқа  түрлері  техника
       экономика есптеу негізінде оған теңестіріледі. Бұл  тәсілде  өнімнің
       барлық түрлері шартты өнімге санайды,  өнімнің  әрбір  түрінің  үлес
       салмағын  анықтайды,  содан  кейін   өнім   әрбір   өнімнің   түріне
       шығындардың жалпы сомасын таратады;
     - есепті немесе сатып алу бағасы бойынша  бағалауда  өнімнің  қосылған
       түрлерінің құнын пропорционалды шығындардың жалпы сомасына тарату.
      Дәнді және бұршақты дақылдар. Дәнді дақылдар өнімдерінің өзіндік құнын
калькуляциялаудың объектісі негізгі  өнім  дән  және  қосымша  сабағы  болып
табылады.
Дәнді және дәнді-бұршақ  дақылдар  топтары  бойынша  келесідей  аналитикалық
шоттар ашуды ұсынады:
          - күздік дәнді дақылдар: бидай, арпа, қара бидай;
          - жаздық бидай;
          - басқа жаздық дәнді дақылдар;
          - жаздық дәнді бұршақ дақылдары: ас бұршақ, үрме  бұршақ,  жемдік
            бұршақ, жасымық т.б.
дәнді және сабаның өз құнын есептеуді қарастырамыз. Мысалы,  қожалығы  қайта
өңдеуден кейін (62300 ц. дән) (яғни  кептіру  және  қолданылмаған  қалдықтар
массасын шегерумен) күздік дақылдардың астық алды – 62300 ц.  дән,  3140  ц.
Дәндік қалдықтар дәнмен бірге,  лабараториялық  талдау  мәліметтері  бойынша
35% және 81400 ц. сабан. Күздік дақылдарды  өсіру  бойынша  шығару  37250000
тг. дәндік қалдықтар және сабынды қолданумен бір  центнер  дәннің  өз  құнын
анықтаймыз. Есептеу тәртібі келесідей: Толық дәннің саны  анықталады.  Дәнді
қалдықтардың лабораториялық  талдауы  негізінде  толық  дәндік  қалтарындағы
тағайындалған %-і 35% тең, ол дәнді қалдықтарын алынған санына  көбейтіледі.
Толық дәндік қалдығы табылған санына оны өңдеуде алынған толық дәннің  санын
қосады.  (35%*3140/100=1099;  62000-3140=59160;   1099+59160=60259).   Толық
дәннің барлық алынғаны 60259 ц.
      Ары қарай толық дән  калькуляцияланады.  Толық  дәннен  және  сабаннан
алынған жиынды  шартты  өнімге  ауыстыруда   тағайындалған  коэффициенттерге
көбейтеді. Одан кейін  көбейтінді  нәтижелерін  қосады  және  шартты  өнімге
қайта есептеуде дән мен  сабанды  алады  (60259*1+81400*0,08=66771).  Шартты
өнім саны 66771 ц. құрайды.
Негізгі және қосалқы өнімнің %-к қатынасын анықтайды, дән 90,25%; сабанға  –
9,75%, 60259*100/66771=9025; 6512*100/66771=9,75.
      Проценттік қатынастан жеке  негізгі  және  қосалқы  өнімдерге  жататын
шығындар сомасын есептейді.
Дәнге  шығындар  33618125   тг.,   сабанға   –   3631875   теңгені   құрайды
(90,25*37250000/100=33618125; 9,75*37250000/100=3631875).
Өндіріс шығындарының жалпы сомасын өнімдердің шығуына центнерде бөліп  толық
дәннің, дән қалдықтарының және сабанның 1 ц. өзіндік құнын есептейді.
      Негізгі өнімнің өзіндік құнын анықтауда пайдаланылмаған  қосалқы  өнім
калькуляциялық есептеуде есепке алынбайды.
Осы келтірілген мысал мәліметтерімен өнімнің өзіндік құнының  калькуляциясын
құрады.

|    |Көрсеткіш аты                                   |Саны   |Сомасы,тг  |
|1   |Жалпы жиын:                                     |       |           |
|    |дән (о.і. дән қалдықтары-3140 ц.)               |62300  |           |
|    |сабан                                           |81400  |           |
|2   |Дәнді дақылдар бойынша өндірістік шығындар      |       |37250000   |
|3   |Лабораториялық талдаудың тағайындалған %-і, %   |35     |           |
|4   |Дәндік қалдықтағы толық дән (3140*35/100)       |1099   |           |
|5   |Барлық толық дән (62300-3140+1099)              |60259  |           |
|6   |Шартты өнімге келтірілген толық дән және сабан  |       |           |
|    |(шартты бірлік):                                |       |           |
|    |Дән (60259*1)                                   |60259  |           |
|    |Сабан (6512*100/66771)                          |6512   |           |
|7   |Барлық шартты толық өнім (60259+6512)           |66771  |           |
|8   |Шартты өнімге ауыстырғандағы дән мен сабанның   |       |           |
|    |үлес салмағы, %                                 |       |           |
|    |дән (60259*100/66771)                           |90,25  |           |
|    |сабан (6512*100/66771)                          |9,75   |           |
|9   |өндіріске жататын шығындар:                     |       |           |
|    |- дән (90,25*37250000/100)                      |       |33618125   |
|    |- сабан (9,75*3725000/100)                      |       |3631875    |
|10  |өндірістік шығындар жиыны                       |       |37250000   |
|11  |Бірлік өнімнің іс жүзіндегі өзіндік құны        |       |           |
|    |толық дән (33618125/60259)                      |       |558        |
|    |сабан (3631875/81400)                           |       |45         |

әртүрлі оқу топтарының  өзіндік  құнын  анықтауда  дақылдар  тобына  жататын
дақылдың 1 ц. дәніне өзіндік құнды есептеу қажеттілігі  туады.  Осы  есептеу
үшін әртүрлі дақылдардан алынған дән арасындағы шығындарды сатып алу  бағасы
бойынша немесе  1  ц.  есепті  бағасы  бойынша  оның  құнына  пропорционалды
бөлінеді.
      Дәндік жүгері. Жүгеріні өсіруден өнімнің бірнеше түрлерін алады: толық
піскен дән, жасыл масса және қосалқы өнім – кепкен сабақ.
Жүгері дәнінің 1 ц. өзіндік құды анықтауда кепкен  дәнге  есептеудегі  масса
алынады.  Жүгерінің  толық  пісуінде  дәнге  есептеуі  базистік   ылғалдылық
есебімен сабақтан дәннің іс жүзіндегі шығуы бойынша жүргізіледі. (22%)
Мысалы, сабақтағы түрлері дәнінің массасы 17000 ц., сабақтан дәннің шығуы  -
78%, ылғалдылық - 25% (базистік 22%).
      Картоп бақша дақылдары және ашық топыраққа егілетін көкөніс дақылдары.
Картоптың негізгі өнімі домалақ жеміс болып  табылады,  қосалқы-сабақ  болып
табылады.  Картоп  стандартты  және   стандартты   емес   болып   бөлінуімен
калькуляцияланады.   Сабақты   және   стандартты   емес   болып   бөлінуімен
калькуляцияланады. Сабақты  және  стандартты  емес  картопты  малдарға  азық
ретінде  қолданады,  оны  шаруашылықта  қабылданған  есепті   баға   бойынша
бағалайды. Картоптың өзіндік құнын шығындардың  жалпы  сомасын  өнімнің  осы
тобының есепті бағасы бойынша олардың құнын  пропорционалды  тарату  жолымен
есептейді.
|     |Тарату жолы                                                        |
|1    |Есепті кезеңде картоп бойынша шығындар жинақталды                  |
|2    |Малдарға азыққа орта өзіндік құны бағасымен стандартты емес картоп |
|     |және сабақ кірістелді                                              |
|     |стандартты емес домалақ жемістер (310ц.*245 тг)                    |
|     |сабақ (610ц*160)                                                   |
|3    |Есепті кезеңде дайын өнім кірістеледі:                             |
|     |- 1ц (420ц) 273 тг-ден есеп құны бағасымен стандартты емес жемістер|
|     |- 1ц (1200ц) 1197 тг есепті құнымен стандартты домалақ жемістер    |
|4    |Есепті кезең соңында іс жүзінде шығындар сомасы белгілі болғанда   |
|     |стандартты және стандартты емес картоп арасында олардың есепті     |
|     |құнына пропорционалды бөлінеді және есепте сәйкес корректировка    |
|     |жасайды:                                                           |
|     |стандартты емес картоп сторно (1270000-173550)*                    |
|     |(114680/1622880)-114660                                            |
|     |стандартты картоп –сторно                                          |
|     |(1270000-173550)*(1508220/1622880)-1508220                         |

      Ашық топыраққа егілетін көкөністердің өзіндік құны калькуляциясы. Ашық
топыраққа егілетін көкөністерді көктем-жаз және күз кезеңдерінде өсіреді.
Көкөніс дақылдарының негізгі 6 тобын бөледі:
Жапырақты: капуста салат, укроп, петрушка
Жемісті: томат, баклажан, қияр, горох, бұрыш
Тамыртүйнекті: морковь, сельдерей, т.б.
Тамырла: қызылша, редиска, редька
Сарымсақты; чеснок, сарымсақ, жуа
Эфирлі-майлы: анес, кориандр, тмин, т.ю.
      Арнайы мамандандырылмаған шаруашылықта ашық  топыраққа  егілетін  және
шығуын   "Ашық   топыраққа   егілетін   көкөністер"   аналитикалық   шотында
жүргізіледі. Көкөністің жеке түрлеріне  жататын  өндіріс  шығындарын  есепті
баға  сапасында  қабылданған   сату   бағасымен   алынған   өнімнің   құнына
пропорционалды бөлу жолымен анықтайды. Бұдан кейін ашық  топыраққа  егілетін
стандартты және стандартты емес көкөністердің өзіндік құнын жеке есептейді.
Мысалы,    мамандандырылған    шаруашылықта    томаттың    өзіндік     құнын
калькуляциялау.
|   |Томат көрсеткіштерінің аты                         |Саны,ц |Сомасы,тг |
|1  |1 жылдағы томат өндірісінің шығындары              |       |385000    |
|2  |Томат шығуы:                                       |       |          |
|   |- стандартты                                       |820    |          |
|   |- стандартты емес                                  |320    |          |
|   |- мал азығына стандартты емес                      |140    |          |
|   |- мал азығына сабақ                                |340    |          |
|3  |1ц томаттың есепті бағасы:                         |       |          |
|   |- стандартты                                       |       |400       |
|   |- стандартты емес                                  |       |280       |
|4  |Есепті баға бойынша бағалаудағы товарлы томат құны:|       |          |
|   |- Стандартты (820*400)                             |       |328000    |
|   |- стандартты емес (320*280)                        |       |89000     |
|Жиыны                                                          |417600    |
|5  |Тұқымдық тамыртүйнекті дақылдардың орта құны       |       |          |
|   |бойынша бағалауда товарлы емес томаттың өзіндік    |       |          |
|   |құны:                                              |       |          |
|   |- стандартты емес томат (140*160)                  |       |2240      |
|   |- малға азық ретінде пайдаланылатын сабақ (340*105)|       |35700     |
|6  |Товарлы томатқа жатқызылатын шығындар              |       |326900    |
|   |(385000-58100)                                     |       |          |
|7  |Товарлы томаттың жеке түрлерінің үлес салмағы, %   |       |          |
|   |- стандартты (328000*100/417600)                   |78,55  |          |
|   |- стандартты емес (89000*100/417600)               |21,45  |          |
|Жиыны                                                  |100    |          |
|8  |Олардың үлес салмағынан шығатын томаттың жеке      |       |          |
|   |түрлеріне жататын шығындар:                        |       |          |
|   |- стандартты (326900*78,55/100)                    |       |256780    |
|   |- стандартты емес (326900*21,45/100)               |       |70120     |
|Жиыны                                                          |326900    |
|9  |1ц томаттың өзіндік құны:                          |       |          |
|   |- стандартты (256780/820)                          |       |313       |
|   |- стандартты емес (70120/320)                      |       |219       |

      Қорғалған  топыраққа  егілген   көкөніс   өнімдерінің   өзіндік   құны
калькуляциясы.  Қорғалған  топыраққа  егілетін  көкөністер  маусымдық   емес
уақытта, ашық топыраққа егуге мүмкін  емес  жағдайларда  өсіреді.  Онда  сол
сияқты ашық топыраққа егу үшін рассаданы да өсіреді.
өсімдік шаруашылығында шығындар  есебі  үшін  қорғалған  топыраққа  егілетін
көкөністерде келесідей  аналитикалық  шоттарда  жүргізу  ұсынылады:  "Қыстық
теплица",  "Парниктер",  "Көктемдік  теплица",   "Кленка   астындағы   жеміс
шаруашылығы". өнімдердің өзіндік құнын  келесідей  түрде  анықтайды:  есепті
жылдың  астығына  жататын   шығындардың   жалпы   сомасынан   тұқымға   және
отырғызылатын материалдарға  тура  шығындарды  бөледі  және  сәйкес  дақылға
тікелей жатқызылады.  Барлық  басқа  шығындарды  жабық  жерлерде  өсірілетін
дақылдар арасында таратады.
      Әрбір дақыл бойынша өнім бірлігінің өзіндік құнын дақылға жатқызылатын
шығындардың  жалпы  сомасын   өнімнің   жалпы   шығарылымына   бөлу   арқылы
анықталады. Көкөністерді қоймаға стандартты, стандартты  емес  және  пайдалы
қалдықтарға бөліп кірістейді.
Теплицадағы қорғалған топыраққа егілетін көкөніс өнімдерінің  өзіндік  құнын
есептеу.
|   |Көрсеткіштер аты            |томат  |қияр   |жуа    |редис  |Барл.  |
|1  |Көлемі, м2                  |800    |1000   |600    |500    |       |
|2  |өсіру ұзақтығы, күн         |120    |150    |30     |160    |       |
|3  |Кв.метр – күн саны (1гр*2гр)|96000  |150000 |1800   |80000  |344000 |
|4  |Тұқым және отырғызылатын    |2500   |3000   |12000  |2000   |19500  |
|   |материалдар құны, тг        |       |       |       |       |       |
|5  |Тұқым отырғызылатын         |       |       |       |       |412800 |
|   |материалдар құнысыз көкөніс |       |       |       |       |       |
|   |өсіру шығындары,тг          |       |       |       |       |       |
|6  |Квадрат метр-күн өзіндік    |       |       |       |       |1,2    |
|   |құны, (412800/344000),тг    |       |       |       |       |       |
|7  |Дақыл түрлеріне жататын     |115200 |180000 |21600  |96000  |412800 |
|   |шығындар (стр.3*стр.6)      |       |       |       |       |       |
|8  |Тұқым және отырғызылатын    |117700 |183000 |33600  |98000  |432300 |
|   |материалдар құнымен шығындар|       |       |       |       |       |
|   |барлығы (7+4),тг            |       |       |       |       |       |
|9  |өнім шығуы, ц               |79     |190    |87     |92     |-      |
|10 |1 ц. өнім өзіндік құны      |1490   |963    |386    |1065   |-      |
|   |(стр.8/стр.9),тг            |       |       |       |       |       |

      Бақша шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құнын  мамандандырылмаған  үлкен
емес егілген алаңдарда түрлері бойынша бөлмей  шығындардың  жалпы  сомасынан
және өнімнің жалпы шығуынан есептейді.
      Дақылдардың түрлері немесе  жеке  дақылдар  бойынша  1  ц.  өнімдердің
өзіндік  құны  отырғызылатын  өнімдер  алаңына  жататын   шығындар   сомасын
тағайындалған коэффициенттер бойынша шартты негізгі және  қосалқы  өнімдерге
ауыстыру жолымен алынған өнімдер санына бөлу арқылы анықтайды.
      Келесі мысал негізінде бақша  шаруашылығы  өнімдерінің  өзіндік  құнын
есептеуді  қарастырамыз.  Мысалы,  мамандардырылған   бақша   шаруашылығында
алманы өндіру шығындары 1445600 теңгені құрайды. Есепті кезең  ағымында  800
ц. алма алынды, оның 90ц. бұзылған, оны  малдарға  азыққа  арнады.  Бұзылған
өнімдердің  құнын   өнімдердің   сапасы   есебімен   тұқымдық   тамыртүйекті
дақылдардың орта өзіндік құны бойынша есепті бағамен анықтайды, ол  1ц.  450
теңгені құрайды.
Сорттауда дайын өнім стандарты 540ц. және стандартты емес –  170ц.  бөлінді.
Стандартты  өнім  үлес  салмағы  жалпы   көлемде   76%   (540/(800-90)*100),
стандартты емес 24% (170/(800-90)*100).

|  |Операция мазмұны                                    |Сомасы,тг       |
|1 |Есепті кезең ағымында өндірістік шығындар жиналды   |1445600         |
|2 |Малға азыққа бұзылған алмалар кірістелді (90*450)   |40500           |
|3 |Есепті кезең ағымында есепті кезең бойынша дайын    |1100000         |
|  |өнім кірістеледі:                                   |                |
|  |- стандартты алмалар                                |                |
|  |- стандартты емес алмалар                           |34700           |
|4 |Есепті кезең нәтижесі бойынша есепті құн іс         |32124           |
|  |жүргізуге дейін корректировкаланады – сторно:       |                |
|  |- стандартты алмалар (1445600-40500)*76%-1100000    |                |
|  |- стандартты емес алмалар (1445600-40500)*24%-347000|9776            |


                    Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Егін шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы?
2. Өсімдік шаруашылығында шығындар есебінің құрылымы қандай?
3. Өсімдік шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп қалай жүргізіледі?


5.Тақырып Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп.

          Дәріс сұрақтары:
   1. Өсірудегі және бордақылаудағы малдар есебі.
   2. Мал шаруашылығы өнімдерін калькуляциялаудың негізгі сұрақтары.
   1. Мал шаруашылығының ерекшелігі әртүрлі өнімдердің үлкен  санын  береді,
сондықтан   мал   шарушылығы   өнімдерінің   калькуляциясы    ауылшаруашылық
өнімдерінің барлық түрлерінің арасындағы ең күрделісі болып табылады.
      Ауылшарушылық  кәсіпорындарында  малдар  еңбек  құралдары  және  еңбек
заттары рөлінде  қатысады.  Еңбек  құралдары,  яғни  олардың  өмірінен  өнім
алынатын малдар жатады: сиырлардың  сүтті  табыны  жұмыс  аттары,  түйелері,
қойлары және т.б. Еңбек заттарына  олардың  сойғаннан  кейін  алынатын  өнім
малдары, сонымен  қатар  негізгі  отарға  ауыстырғанға  дейінгі  жас  малдар
жатқызылады.
       Өсірудегі   және   бордақылаудағы   малдар   мағынасы   бойынша   мал
шаруашылығының аяқталмаған өндірісін көрсетеді және олардың есебі үшін  1340
"Аяқталмаған өндіріс" шотынан "Өсірудегі  және  бордақылаудағы  жас  малдар"
субшотын ашуды ұсынады.
      Бордақылаудағы  малдар  және  жас  малдар  қозғалысы  мамандандырылған
құжаттар көмегімен жүргізіледі.
Алғашқы  құжаттар формалары  шаруашылық  субъектімен  жеке  жасалуы  мүмкін,
бірақ ол үкілетті органдар  бекіткен  талаптарды  сақтау  негізінде  жасалуы
керек.
Алғашқы құжаттың негізгісі  көптеген  малдардың  төлдерін  кірістерін  болып
табылады.  Ол  екі  данада  зоотехник  және   малдәрігерлерінің   қатысуымен
толтырылады.
      Аң мен үй қоянын  әрбір  түрінің  өсімі  аң  өсіретін  шаруашылықтарда
қолданылатын аң өсімін кіріске алу жөніндегі  жинақтау  актісінің  негізінде
есепке алынады. Актіге өсімнің алдына қарай жазба  жүргізіліп,  ол  күшектеу
біткеннен кейін  аяқталады,  бірақ  ол  есеп  беріліп  отырған  айдың  соңғы
күнінен кешіктірілмеуі тиіс.
      Малды бір топтан екінші топқа  немесе  негізгі  табынға  көшіру  малды
топтан көшіруге арналған актімен рәсімделеді.
Кешендегі шошқалар мен  жемнің  есебі  түлік  өзгерісімен  жем  шөп  шығынын
парағында жүргізіледі.
      Малдардың тірілей салмағының өсімі малды өлшеу Ведомосында анықталады,
ол мезгіл-мезгіл немесе іріктеп өлшеу кезінде, сондай-ақ  мал  келіп  түскен
және жетілген реттерде толтырылады. Ведомосты малдың  есеп  топтары  бойынша
жасайды; оның деректері өсімді анықтау есебінде жазылады.  Ол  түлікте  және
есеп  өндіріс  топтары,  сондай-ақ  мал  бекітіліп,  бекітілген  материалдық
жауапты адамдар бойынша жүргізіледі.
Арам өлген, амалсыздан сойылған  малды,  мал  мен  құстың  шығыны  Актісімен
рәсімдейді. Сойылғанда алынған өнімнің кіріске  алуына  накладной  жазылады,
оның екі данасы Актіге қосып тіркеледі.
      Малды кейіннен өткізуі бордақылау немесе шаруашылықта сою үшін негізгі
табынан ақауға шығару, яғни  негізгі  тобындағы  малды  айналым  құралдарына
есептелетін ересек  мал  құрамына  жатқызуы  малды  негізгі  тобынан  шығару
Актісімен рәсімделеді.
      Малдағы  өзгеріс  жөніндегі  құжаттарыдың  бәрі  бөлім  меңгерушісінің
немесе бригадирдің, мал дәрігерінің, зоотехниктің  және  материалды  жауапты
адамның қатысуымен жасалады. Оларда малға сипаттама беріледі,  кәсіпорынның,
алушының  шифрлары  келтіріледі,  құжаттың  рет  саны,  күні,  малдың  саны,
салмағы, құны және басқалар көрсетіледі. Құжаттар жасалғаннан кейін  олардың
деркетері мал мен құс өндірісінің  Есеп  кітабына  және  бөлімдегі  мал  мен
құстың өзгерісі қорытынды есепке жазылады.
Өсірісген балапандарды қабылдау жөніндегі операцияны есептеу үшін  тәуліктік
құс балапандарының шығуы мен сортталуына арналған Акт жасалады. Онда шығу %-
і, шыққан балапандардың саны  мен  сапасы  анықталады.  Балапандарды  екінші
және үшінші есеп топтары мен  мекиендар  тобына  ауыстыру,малдытоптан  топқа
көшіругеарналған Актімен рәсімделеді.
          Бұл үшін белгілі бір топтағы мал мен құстың есеп  беріліп  отырған
кезеңнің  аяғына  қарай  белгіленген  тірілей  салмағына   белгілі  бір  жас
тобынан есеп беріліп отырған кезең ішінде  түскен  мал  мен  құстың  тірілей
салмағы жән есеп беріліп отырған кезеңнің  басында  есепте  болған  мал  мен
құстың тірілей салмағы шегіріліп тасталады.
Қой, ешкі, құс және үй қояндары  бойынша  тірілей  салмақтың  өсімі  есептеу
жолымен анықталады. Бұл үшін әрбір жас тобы бойынша белгілі  бір  топқа  тән
малдың кемінде 5%-ін іріктеп алып, өлшейді де,  әр  малдың  орташа  салмағын
шығарады. Малдың орташа  салмағын  сал  топтағы  мал  санына  көбейтіп,  топ
бойынша  айдың  аяғындағы  жалпы  салмақ  шығарылады,  содан   соң   тірілей
салмақтың өсімі анықталады.
      Құлын,  бота,  есектің  күресі  және  аңның  күшігі  бойынша   тірілей
салмақтың  өсімі  есептелмейді.  Малдың  бұл  түрлері  бойынша  өсім   нақты
азықтандырылған күн сайын және азықтандырылған 1 күнге  шаққандағы  өсірудің
жоспарлы құны негізге алына отырып есептеліп шығарылады.
Марқайту мен бордақылау процесінің өнімі  тірілей  салмағының  өсімі  болып,
оның  құны  малдың  тиістітүліктері  мен   топтарын   күтіп-бағу   жөніндегі
шығындарға тең болады және олардың бастапқы салмағы мен құнына қосылады.
      Тірілей салмақтың өсімі ет алу үшін бағылатын малдың  түрлері  бойынша
екі әдіспен: өлшеу жолымен және есептеу жолымен. 1 әдіс  бойынша  –  тірілей
салмағы өсімін малдың екі өлшенуі аралығындағы салмағын  салыстыра  отырып,;
екінші әдіс бойынша сол мал түліктерініңжас  топтарына  қарай  іріктеп  алып
анықталатын тірідей салмағын негізге ала отырып табады.
Тірілей салмағының  өсімі  есепке  алынбайтын  мал  бойынша  өсімқұны  нақты
азықтандырылатын күн саны мен азықтандырылатын 1 күн ішінде өсірудің  есепті
құны бойынша есептеледі.
      Алынған өнім мынадай тәртіппен:  сауын  малындағы  бұзаулар  --  әрбір
төлдің есепті құны бойынша торайлар – туған кезіндегі тірілей  салмағы  және
1 ц тірілей салмағының есепті құны бойынша;  қозылар  –  енесінен  айырғанға
қарай әрбір бір қозының есепті құнының 50%-іне тең есепті бағамен ,  боталар
мен құлындар –  ірі  жылқыны  баққанда  азықтандырылатын  60  күннің  құнына
теңестірілетін 1 құлынның есепті құны бойынша,  тауықтың,  үйректің,  қаздың
балапандары инкубация өнімінің өз құнын есептеуге сәйкес әрбіреуінің  есепті
құны бойынша бағаланады.
      Шаруашылық субъектінің есепті саясаты мен есепті құны  ретінде  қандай
көрсеткіштің қатысатынын анықтап  алуы  керек.  Алдыңғы  кварталға  орта  іс
жүзінде өзіндік құн; есепті кезең ағымында  өзгеріссіз  қолданылатын  шартты
тұрақты көрсеткіш және т.б.
Есепті кезең соңында есепті құн іс жүзіндегі құнына ауытқулар сомасы және  %
есептеу жолымен жеткізілуі керек. Ауытқу сомалары  және  процентін  бастапқы
қалдық және ай ішінде түскендері  негізінде  есептейді.  Ауытқулар  проценті
келесі формула бойынша есептеледі.

       Ауытқулар проценті=              ауытқулар сомасы
                                                 Қалдық+Есепті  құн  бойынша
түскен * 100

Шот 1340 "Аяқталмаған өндіріс"  өсірудегі  және  бордақылаудағы  жас  малдар
есебі  бойынша  шоттың  белгіленуіне  апарады,  оның  құрамында  жас  малдар
көрсетіледі.
Шот 1350 "Басқа негізгі құралдар" бұл шотта жеке субшоттарда  негізгі  табын
есептелуі керек.
8 бөлім "Өндірістік есеп шоттары".
8110 шот "Негізгі өндіріс" – малдар түрлері бойынша  шығындарды  субшоттарды
құру схемасы бейнелейді.
8310  шот  "Көмекші  өндіріс"  –  субшоттарды  ұйымдастыру  өндіріс  түрлері
бойынша жүзеге асырылу керек.
8410 шот "Үстеме шығындар" – есеп  саясатында  мал  түрлері  бойынша  үстеме
шығындарды тарату үшін негізі болып табылатындар  қарастырылуы  керек  (тура
шығындардың жалпы шамасы, жұмысшылардың еңбекақысы).
1320 шот "Дайын өнім" – субшоттар мал шаруашылығы өнімінің осы немесе  басқа
түрлеріне сәйкес келуі керек  және  өнімдердің  жеке  түрлеріне  бөлек  есеп
жүргізу ұсынылады.
Шаруашылық  субектінің  қалауы  бойынша  есеп  саясатында  малдардың  өлімін
қажетсіздендірудің бір варианты таңдалуы керек.
-өнімнің 1 бірлігі құнының шамасы есебінсіз  сандық  бейнеде  өнімнің  жалпы
құнын азайтады, яғни өнімнің  шығарылымының  бірлігі  құны  автоматты  түрде
өседі.
-Жалпы тағайындалған (белгіленген) тәртіпте өнім бірлігінің құнын  есептейді
және 7210 "Әкімшілік шығындар" шотына жатқызады.
      Егер  өнім  жауапты  тұлғалардың  кінәсі  бойынша   жүргізілсе,   онда
жетпеушілікті  олардың  қаржысы  есебінен  толтырады.  өндірістік  процестік
циклділігі  есепті  кезең  ағымында  шығарылады.  Іс  жүзінде  құны  бойынша
есептеуге мүмкіндік бермейді. Есепті кезең ағымында барлық  қозғалыс  есепті
құны бойынша жүзеге асырылады, жыл соңында корректировка жасалады.


      2.  Мал  шаруашылығы  өнімдерінің  шығыны  мен  шығарылғанның   есебі.
Аналитикалық есепті мал  шаруашылығы  шығындары  малдардың  түрлері  бойынша
есептеледі(алынған өнім түрлері емес).
      Малдың бір тобынан екі  немесе  одан  да  көп  негізгі  өнім  алынатын
жағдайда,  оның  өз  құны  тағайындалған  коэффициенттермен   және   есептеу
әдістерінің  көмегімен  анықталады.  Мал  шаруашылығы  өнімінің  шығыны  мен
шығарылуының  аналитикалық  талдау  есебі  малдың  келесідей  түліктері  мен
топтары бойынша жүргізіледі.
      Ірі қара шаруашылығы. Сүтті ірі қара: сауын  малының  негізгі  табыны;
өсіруге және бордақылауға қойылған мал. Етті ірі қара: етті  малдың  негізгі
табыны; өсіруге және бордақылауға қойылған 8 айдан асқан малдар.
Шошқа шаруашылығы: шошқалардың негізгі  табыны;  өсіруге  және  бордақылауға
қойылған шошқалар.
      Қой шаруашылығы: жүнді және етті қой шаруашылығы;  каракүлге  арналған
қой шаруашылығы.
      Құс шаруашылығы: ересек үйір; өсірілуге қойылған балапандар; инкубация
– жұмыртқаны инкубациялау.
      Жылқы шаруашылығы негізгі үйір; өсіруге қалдырылған жас жылқы.
Омарта шаруашылығы: өсіру, бал алу, тозаңдатып бал алу.
Балық шаруашылығы: шығындар есебі сала бойынша жүргізіледі.
Мал шаруашылығының ерекшеліктеріне қарамай мал шаруашылығы өнімдері  негізгі
түрлерінің өзіндік құнын анықтаудың жалпы схемасын құруға болады.
      Малдардың берілген топтарына жататын шығырдың жалпы  сомасына  болашақ
жылға ауысатын тығырды шегереді  және  қосалқы  өнімдер  құнын  алып  тастап
қалған соманы өнімнің жалпы шығарылымына бөледі.
Бухгалтерлік  есеп  шоттарында   мал   шаруашылығының   негізгі   түрлерінің
шығындарының және калькуляциялаудың бейнелеудің (схема)  қысқартылған  жалпы
сызбасын құруға болады.
      Алдымен шаруашылық  субъектінің  есеп  саясаты  мен  шоттардың  жүйесі
өңделуі керек.
      Мал шаруашылығында алынған  өнімдердің  өз  құнын  есептеуден  (басқа)
қатар малдың әрбір есепті тобы бойынша азық күн  өзіндік  құны  және  малдың
бір басын ұстау анықталады.
      Азық-күннің өзіндік құны малдың осы есепті  тобы  бойынша  шығарылады.
Оларды ұстаудың азық-күні санына бөлу  арқылы  анықталады,  ол  малдар  және
құстардың  қозғалысы  есебі  кітабының  мәліметтері  бойынша  тағайындалады,
кітапта әрбір есепті топ бойынша күнделікті барлық өзгерісті  және  қалдықты
анықтап жазып отырады. Кітап  бойынша  күнделікті  қалдық  сомасы  күндердің
жалпы санынан құрайды.
Малдардың бір басын ұстаудың өз құнын есепті  топ  бойынша  шығарады.  Азық-
күндердің есепті санын кезеңдегі ұстаудың календарлық  күндері  санына  бөлу
жолымен тағайындайтын осы кезеңдегі қыстаудың  малдың  орта  санына  бөлумен
анықтайды.
      Аяқталған өндірістегі  қалдықтарды  шегеріп  тастағандағы  бағып  күту
жөніндегі шығындар, мал шаруашылығы өнімінің  өзіндік  құнын  құрайды;  (оны
түліктер мен топтар бойынша есептеп шығару).
             Мал  өсіру  өнмінің  өзіндік  құнын  анықтағанда  жыл   аяғында
қалдырылған малдың тірілей салмағына жыл ішінде шығып қалған малдың  тірілей
салмағын қосады, жыл басындағы қойылған малдың және  жыл  ішінде  өсіру  мен
бордақылауға түскен төлдер мен малдың тірілей салмағы шегеріп тасталады.



                    Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1.Мал  шаруашылығында  бухгалтерлік   есеп   ұйымдастырылуы   қандай   ретте
жүргізіледі?
2. Мал шаруашылығында шығындар есебінің құрылымы қандай?
3. Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік құжаттар қалай жүргізіледі?





    6.Тақырып: Құрылыстағы бухгалтерлік есеп.

   Дәріс сұрақтары:
   1. Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық ерекшеліктері.
   2. Құрылыстағы өндірістік шығындардың қалыптасуы.
   3. Өнім ақауының есебі.
   4. Орындалған құрылыс-монтаж жұмыстардың көлемінің  есебі  және  құжаттық
   рәсімдеу.
   5.Шаруашылық тәсілмен жүзеге асырылған құрылыс есебінің ерекшеліктері.


       1.  Құрылыс  өндірісі  технолоиясының  даму  кезеңіндегі   шаруашылық
субъектілерінің аналитикалық және  синтетикалық  есебін  ұйымдастыруда  әсер
ететін  өзіне  тән  ерекшеліктері  бар.  Құрылыс  өндірісі  жермен   тікелей
байланысты.  Құрылыс  барысында  өндірілетін   өнім   сол   орында   қалады,
жұмысшылар бригадасы мен құрылыс техникасы жаңа  объектіге  ауысып  отырады.
Қосымша шығындарды талап етеді.  Кейбір  шығындар  (құрылыс  машиналары  мен
механизмдерін монтаждау, не монтаждан алу) есепте алдын  ала  жиналып,  одан
кейін тиісті кезеңмен есеп объектілеріне бөлінеді.
      Құрылыстағы тауарлық қатынастың өндірістен  айырмашылығы,  ол  өндіріс
процесінің басталуына дейін пайда болады. Бұл  өзіне  тән  ерекшелік  бағаны
құрғанда, құрылыс кәсіпорындарының өндіріс шығындарын  көрсеткенде  және  де
инфляция мен өндіріс құралдарына  бағаның  өсу  жағдайында  бас  мердігерлер
үшін тәуекелмен байланысты.
      Құрылыс өндірісінде өнімді өндіру  үшін  ұзақ  мерзім  талап  етіледі,
сондықтан ол бірнеше жылға созылуы  мүмкін  және  бірнеше  есептік  мерзімді
қамтиды.
      Басқа   өндірістерге   қарағанда   құрылыста   өндіріс   мерзімдерінің
ұзақтығына  және  көптеген  объектілерде  бір  мезгілде   бірнеше   жұмыстың
жүргізілуіне байланысты аяқталмаған өндірістің қалдықтары үлкен болады.
      Өзгеріп отыратын метеорологиялық жағдайда  ашық  жерде  жұмыс  жүргізу
құрылыс процесіне  үлкен  әсер  етеді.  Құрылыс  -  монтажды  өндірісті  қыс
мерзімінде  жүргізу  кезінде  еңбек  ресурстарын,  материалдар,  жылу   және
электроэнергияны көп пайдалануға байланысты қосымша  шығындар  болады,  олар
міндетті түрде бухгалтерлік есептерде көрсетілуі тиіс.
      Құрылыс  алаңында  көптеген  материалдар  (кірпіш,  құм)  ашық   жерде
сақталады.  Ұзақ   уақыт   бойы   ашық   жерде   сақталса,   метеорологиялық
жағдайлардың әсерінен сапасының төмендеуіне байланысты олардың  тұтыну  құны
кемиді. Осы материалдар бір ай ішінде қолдануға құжатсыз  беріледі.  Олардың
нақты шығынын есепте дұрыс көрсету үшін ай сайын инвентарлық есептеу  жүрізу
керек. Бұл ай сайынғы материалдардың шығынын  анықтау  және  табиғи  шығынды
шығыстау үшін қосымша еңбек уақытын талап етеді.
      Кейде құрылыс – монтаж жұмысы күрделі жағдайларда: көлік жете алмайтын
жерде жұмыс  істеп  тұрған  кәсіпорынның  аумағында,  электр  құрылғыларының
желілеріне жақын орындарда жүргізіледі.
      Құрылыс  өндірісі  басқа   да   өндіріс   түрлерімен   байланыстарының
күрделілігімен де  ерекшеленеді.  Құрылыс  алаңдарында  бір  мезгілде  жалпы
құрылыстар, мамандандырылған  және  де  басқа  жұмыстар  жүргізілуі  мүмкін.
Өндірістің  технологиялық  процесі  бас  мердігерлік  құрыыс   кәсіпорынының
басшылығымен жүргізіледі. Ол тапсырыс  берушімен  барлық  жұмысты  орындауға
келісім – шартқа отырып, құрылыс –  монтаж  жұмыстарын  жүргізу  үшін  басқа
мамандандырылған кәсіпорындармен келіседі, бұл субмердігерлік  деп  аталады.
Құрылыста тапсырыс берушінің, бас мердігердің  және  субмердігердің  қатысуы
олардың  өзара  қарым  –  қатынастарының  күрделі   жүйесінің   қалыптасуына
әкеледі, ол бухгалтерлік есеп  жүргізуде  дұрыс,  әрі  жүйеленіп  көрсетілуі
тиіс.
   Құрылыс  өндірісіндегі   нысандардың   жұмыс   түріне   қарай   бағалануы
бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда біраз  қиындық  тудырады,  бұл  нормативті
құжаттарды құру процесі мен  оны  қолдануды  күрделендіруге  әкеліп  соғады.
Дегенмен, дұрыс ұйымдастырылған,  бүгінгі  күннің  талабына  сай  орындалған
есеп жүйесі, яғни автоматтандырылған немесе компьютерленген жүйе кез  келген
құрылыс нысанының нақты бағасын анықтай алады. Күрделі  құрылыс  материалдық
өндірістік спецификалық сферасы ретінде жаңа  (өндірістік)  негізгі   қорлар
құрумен,   реконструкциялау,   модернизациялаумен   және    әрекет    ететін
объектілерді күрделі жөндеумен айналысады.
   Кәсіпорындар  құрылыс-монтаж  жұмыстарын  өздерінің  күшімен  (шаруашылық
әдіспен)  немесе  келісім  шарт  негізінде  осы  мақсатқа   мамандандырылған
құрылыс ұйымдарын тарту (мердігерлік әдіспен)  арқылы  жүзеге  асыра  алады.
Соңғы жағдайда күрделі салулар жүзеге асырған кәсіпорын тапсырысшы  ролінде,
ал құрылыс ұйымы – мердігер ролінде қатысыды.
   Тапсырысшымен өзара  қатынас  сипатынан  және  орындалатын  міндеттемелер
шеңберінен тәуелді құрылыс ұйымдарын генмердігерлік және субмердігерлік  деп
бөледі.
   Генмердігерлік ұйымдар тапсырысшы алдында құрылыстың барлық жүргізілуіне,
яғни объектінің эксплуатацияға берілуіне дейін жауап береді.
Тапсырысшы және генмердігерлік құрылыс  ұйымы  арасындағы  өзара  арақатынас
мердігер келісімімен реттеледі.
Келісім шартта көрсетілген  жағдайлардан  (ұйымдардың)  өндірістік  процесті
ұйымдастыру және орындалған құрылыс жұмыстарына есептік жазбаларды  бейнелеу
тәуелді  болады.  Шаруашылық  операцияларды  бухгалтерлік  есеп   шоттарында
бейнелеу схемасының құрылыс ұйымдарында өзіндік ерекшеліктері бар.
      Тапсырысшы  мен  мердігер  арасында  келісімшарт  жағдайлары   бойынша
әртүрлі  өзара   қатынас   пен   жауапкершілік   схемалары   (тағайындалған)
белгілеруі мүмкін.
Тәжірибе көрсеткендей,  тапсырысшы  мен  мердігер  арасындағы  қатынастың  3
схемасы кеңінен таралған:
      №1 – схема
Тапсырысшы мен мердігер арасындағы.

|тапсырысшы      |


      мердігер                        →
                                                    ←

      Келісім бойынша мердігер  барлық  қаралған  жұмыстарды  өзі  орындауға
міндетке алады, ол жұмыстың сапалы орындалуына  және  уақытында  аяқталуында
жауапты.   Қабылданған   міндеттемелердің   орындалуына   тапсырысшы    және
мердігерлік ұйымдар өзара материалдық жауапкершілік алады.
      №2 схема
Тапсырысшы мен мердігер арасындағы
|Тапсырысшы   |


↓↑
|Бас мердігер (ген) |

                                   ↑↓                                     ↓↑
                                 ↑↓
            Субмердігер№1         субмердігер№2         субмердігер№3

       Басмердігер  жұмыстардың  нақты  түрлерін  орындауға   субмердігерлік
ұйымдарды (қосады)  тартады,  олардың  әрқайсысымен  жеке  келісім  жасайды.
Тапсырысшы алдында жұмыстардың сапасы  мен  субмер  орындалуына  (мерзіміне)
басты мердігер жауапты .
      Барлық субмердігерлік ұйымдар  генмердігерлік  қатынасы  бойынша  және
бір-біріне қатынасы бойынша жеке  заңды  тұлға  б/т,  сонымен  қоса  олардың
арасындағы   өзара   арақатынас   жалпы   белгіленген   тәртіпте   құрылады:
субмердігерге  қызмет  көрсету  сәйкес  табыс   және   шығындардың   шамасын
мойындаумен   қызметтерді   сату    ретінде    бейнеленеді,    генмердігерде
субмердігермен көрсетілген қызмет негізгі   өндірістік  шығындары  құрамында
бейнеленеді. Шаруашылық субъектінің  қалауы  бойынша  есеп  саясатында  8100
шотқа субмердігерлермен көрсетілген қызметтер құнын жалпылау үшін  субшоттар
ашу қарастырылуы мүмкін.
       Тапсырысшы  кәсіпорында  шоттар   корреспонденциясының   схемасы   1-
варианттағыдай, ал генмердігерде өзгешеліктер бар:
Басмердігер кәсіпорында
1. Тапсырысшы тапсырмасы бойынша өз күнімен орындалған  жұмыстарға  ағымдағы
кезеңде іс жүзіндегі шығындар жиналды:
- шығындардың жалпы құнына:
      Дт 8100          Кт 8110-8410

№3схема

                          Тапсырысшы                           Бас мердігер

      Субмердігер      1                                 Субмердігер       2
Субмердігер 3

      Басмердігер келісім бойынша өзі орындамай  міндеттемеслерді  орындауға
басқа  тұлғаларды  (субмердігерлерді)  қосуы  мүмкін.  Бұл   сызба   бойынша
мердігер бас мердігер болатын және  тапсырушы  алдында  орындамауына  немесе
субмердігерлермен  міндеттемелердің  орындалуына   жауапты,  ал  субмердігер
алдында тапсырысымен міндеттемелердің орындалуына жауапты болады.
      Орындалған құрылыс-монтаж жұмыстары  үшін  шотты  субмердігер  тікелей
тапсырысшыға жібереді. Бас мердігер тапсырысшыға немесе субмердігерге  шотты
тек өзінің сомасына жібереді.
      Құрылыс ұйымдары барлық салалар  сияқты  әртүрлі  көмекші  өндірістері
болады, оларда әртүрлі өнімдер  шығарады,  сонымен  бірге  негізгі   өндіріс
қызметінің нәтижесі құрылыс  жұмыстары  б/т.  Көмекші  өндірістегі  шығындар
есебі және олардың өңімдер, жұмыстары  немесе  қызметтерінің  өзіндік  құнын
калькуляциялауды экономиканың басқа салаларындағыдай  жүзеге  асырылады,  ал
негізгі  өндіріс  есебін  сметалық  құжаттарда  бейнеленген  көрсеткіштерден
және өндірістің технологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұйымдастырады.
       Ережеге  сәйкес,  сметалық  есептерді  құруда  шығындардың  келесідей
баптарына (бөледі) ажыратады: «Материалдар», «Негізгі  еңбек ақы»,  «Құрылыс
машиналары мен  механизмдерінің  эксплуатациясы  бойынша  шығындар»,  «Басқа
шығындар»,  «Үстеме  шығындар».  Сонымен  алғашқы   4   бап   құрылыс-монтаж
жұмыстарын іске асыруда тура шығындар болып саналады.


      2.  Құрылыста, экономиканың басқа да  салалары  сияқты  құрылыс-монтаж
жұмыстарын өндіру шығындарының есебі және олардың өз.  құнын  калькуляциялау
шоттардың  Бас  жоспарының   8   бөлімі   шоттарындағы   бухгалтерлік   есеп
стандарттары талаптарын сақтаумен жүзеге асырылады.
Материалдық шығындар.
       Мердігерлік  ұйымдар  құрылыс  материалдарының  қорының  бар  болының
синтетикалық есебін келесідей активті,  негізгі,  инвентарлық  «Материалдар»
бөлімінің шоттарында жүргізіледі.1310 «Шикізат пен материалдар».
      Тапсырушы материалдардың түсуінде  тапсырысшы  мен  мердігер  арасында
жабдықтау  келісімін  жасамайды,   барлық   өзара   арақатынас   әр   жақтың
міндеттерін  нақтылайтын  мердігер  келісімінің  негізінде  құрылады.   Онда
материалдар түрлері, саны және құны,  сонымен  қатар  олардың  беру  мерзімі
көрсетіледі.
       Берілетін  құрылыс  материалдардың  есебін   тапсырысшы   аяқталмаған
құрылыс шығындары ретінде бейнелу  керек,  ал  мердігер  тапсырысшыдан  ал-н
бағалықтарды баланстан тыс есепке алады.
      Арнайы техникалық байқауға  немесе  лабораториялық  зерттеуде  қажетті
материалдар, оллардың сапалық  сипатын  тексеру  мақсатымен  қоймашы  немесе
материалды-жауапты  тұлға  түсуінде   санын   арнайы   «Қабылдауды   күтетін
материалдар» кітабына жазады. Оларды  басқа  материалдардан  бөлек  сақтайды
және сапасын тексеру нәтижелері айқындалмағанша шығындамайды.  Материалдарды
тексеруге алғанда қабылдау актін жасайды, оны бухгалтерияға  тапсырады  және
ол 002 «ТМҚ , жауапты сақтауға алынған» баланстан  тыс  шотының  «қабылдауды
күтетін материалдар» субшотындағы бағалықтарды бейнелеу үшін негіз болады.
      Тексерудің нәтижелері  анықталған  соң  сапасы  техникалық  талаптарға
сәйкес  келсе,  кіріс  ордерін  толтырып  қоймаға  қабылдайды.   Қабылданған
материалдардың өзіндік құны на  олардың  тексеру  немесе  зерттеудің  барлық
шығындарын қосады.
      Арнайы зертханаларда материалдарды  сынау  және  зерттеу  шығындарының
есебі 8310 «Көмекші өндіріс» шотында, оның болмауында «Жалпы және  әкімшілік
шығындар»  шотында  жүргізіледі.  Құрылыс  материалдарының  орталық   немесе
объект ішідегі қоймаларға  жеткізуде  жетіспеушіліктер  пайда  болса,  жалпы
қабылданған тәртіпте олардың  іс  жүзінде  өзіндік  құнына  қосылуы  мүмкін.
Материалдардың  жетіспеушілігін  «Материалдардың  жоғалуы   туралы   актпен»
құжаттайды.
      ҚҰ-ң Орталықтандырылған қоймадағы материалдардың есебі  материалдардың
 қоймалық есебі карточкасында әрбір номенклатуралық  номері  бойынша  сандық
өлшемде жүргізіледі. Жазбаларды жазуға материалдардың кіріс-шығыс  құжаттары
(кіріс  ордер,  материалдарды  қабылдау  туралы  акт,  тауарлы  транспорттық
накладной,   комерциялық  акт,  ішкі  орын  ауыстыру   накладнойы,   лимитті
заборлық  карта, ауыстыруға акт-талап; т.б.) негіз болады.
      Объект ішіндегі  тікелей  құрылыс  алаңдарында  орналасқан  қоймаларда
материалдарды  осы  алаңға  құрылыс-монтаж  жұмыстарын   жүргізуге   қажетті
ассортименті мен  саны  ғана  сақталады.  Мұнда  карточка  орнына  ай  сайын
материалдардың түсуі, шығуы және қалдығы туралы материалдық есеп жасайды.
       Есепті  материалдық.-жауапты  тұлға  толтырады.  Есепте   қолданылган
тізімі, өлшемі, бірлігі, есептік бағасы, ай басына  қалдығы,  материалдардың
түсуі, шығындалуы  көрсетіледі,  осы  жазбалардан  кейін  соңындағы  қалдығы
шығарылады. Ай соңында материалдық есеп басқа алғашқы құжаттармен бірге  оны
бекіту  үшін  бухгалтерияға  өндірістік   техникалық   бөлімге   жіберіледі.
Бухгалтерияда барлық кіріс-шығыс құжаттары тексеріліп,  есепке  қосымшаларға
сәйкес есептің қалған жолдары тлтырылады.
       Қоймадан   жабық   сақтау   материалдарын   негізгі    және   көмекші
өндірістерге босату лимитті-заборлы  карталар,  лимитті-нормативті  карталар
бойынша жұмыс өндірісі графигіне сәйкес жүзеге асырылады.  Көптеген  ұйымдар
лимитті  құжаттауды  қолданбайды  және  өндіріске   материалдарды   босатуды
шектемейді.
      Ашық сақтаудағы материалдар  (құм,  гравий  т.б.)  қоймадан  тыс  ашық
жерлерде    сақталады,    бірақ    олар    материалды    жауапты    тұлғаның
жауапкершілігінде. Оларды  босатуда  көбіне  олар  өлшенбейді,  әрбір  айдың
соңында  пайдаланылмаған  материалдардың  қалдығына  түгендеу   жүргізіледі.
Түгендеу қорытындысын актпен рәсімдейді.
      Шаруашылық  қажеттіліктерге,  сонымен  қатар  ішкі  орын  ауыстыруында
материалдарды  шығындау,  басқа  жақтарға  босатуды  материалдарды  босатуға
накладной-талаптармен, ал автокөлікпен  тасымалдауда  -  тауарлы-транспортты
накладноймен құжатталады.
      Бас мердігерлер субмердігерге кейбір бағалық  тарды  оларды  қайтаруға
қолхат немесе оларды пайдалану туралы есеп көрсетуін сұрайды.
       Басмердігерде  бұл  бағалықтарды  субмердігерге  берілген  бағалықтар
құрамында, сәйкес субберілген бағалықтар құрамында, сәйкес  субшотта  есепке
алады,  ал  субмердігер  алынған   материалдардың   баланстан   тыс   есебін
жүргізеді.  Оларды  қайтарғаннан  кейін  мүмкін  пайдалану  бағасы   бойынша
генмердігердің  тауарлық-материалдық  қорларының  құрамына  кірістейді,   ал
субмердігерге  берудегі  құны  мен  қайтарудан  кейінгі  мүмммкін  пайдалану
бағасы  арасындағы  айырманы  генмердігердің  өндіріс   шығындары   құрамына
жатқызады.
      Өндірісте материалдарды пайдалану есебін  олардың  сақталуына  жауапты
тұлғалар,  яғни  прорабтар,  құрылыс  учаскелерінің  басшылары,  бригадирлер
жүргізеді.  Айдың  аяғында  олар  материалдық  есеппен  бірге  М-19  формасы
бойынша  нормалар  бойынша  анықталған  шығындармен  салыстырылып  құрылыста
негізгі   материалдардың  шығындары  туралы  есеп  жасайды.   Есепті   жұмыс
бірлігіне материалдар шығындарының өндірістік нормалары;  «Орындалған  жұмыс
есебінің журналы» сандық көрсеткіштері және «Аяқталмаған өндірісті  түгендеу
акты»; материалдарды шығындау  есебінің  алғашқы  құжатталуының  мәліметтері
негізінде жасалады.
       Материалдардың  іс  жүз.өз.құнынан  есепті  бағалардың  ауытқуын  №10
«Ақшалай   бейнедегі   материалдар   қозғалысы»   ведомостының   мәліметтері
негізінде  анықтайды.  Сонымен,  өндірісте  шығындалған  материалдардың   іс
жүзіндегі  өзіндік  құнын  бухгалтерлік   есеп  стандарттарында  көрсетілген
орташа құн, ФИФО немесе арнайы сәйкестендіру әдістерінің  бірімен  анықтауға
болады.
           Бірнеше рет қолданылатын және өндірістік  процесс  аяғынан  кейін
қайтарылатын айналмалы материалдардың  құны  өндіріс  шығындарына  біртіндеп
(частями) жатқызылады.
            Өндіріске  айналмалы  материалдарды  бірінші   босатуда   оларды
прорабпен бекітеді, яғни ол олардың сақталуына  және  қайтарылуына  жауапты.
Сонымен, оның барлық құнын (алғашқы)  болашақ  кезең  шығындарының  құрамына
жатқызу керек.
             әрбір  айналымда  өндірістік  шығындар  құрамына   жатқызылатын
айналмалы  материалдардың   құнының   бөлігін   келесі   формула   негізінде
есептейді:
Шығынның                 [pic]Материалдардың                  Материалдардың
Айналымдар
нормативті         =     іс.жүз.өз.құны            _         қайтару    құны
:          саны
шамасы
      Монтажды қажет ететін жабдықтар мердігер  ұйымдармен  сол  жабдықтарға
меншік құқығын берусіз  береді.
      Монтажды қажет ететін жабдықтар тапсырыс берушіде аяқталмаған  өндіріс
шығындары құрамында «орнатуға  жабдықтар»  сәйкес  субшотында  іс  жүзіндегі
өзіндік құнмен бейнеленеді.
       Мердігерге  жабдықты  беру  шамасы   бойынша   «мердігерді   орнатуға
жабдықтар» субшотында бейнелейді, ал оны монтаждауды бастағаннан кейін  1340
«Аяқталмаған өндіріс» шотына тікелей қажетсіздендіреді.
       Құрылыс  ұйымымен  жабдықтарды  беру  жабдықтарды  қабылдау   актімен
бейнелецйді, сонымен мердігер оның монтаждауға дейінгі  сақталуына  жауапты.
Құрылыс  ұйымдарында  түскен  жабдықтарды  005  «Монтаждау  үшін  қабылдаған
жабдықтар» баланстан тыс субшотында есепке алады.
       Монтажды  қажет  етпейтін  жабдықтар  (тапсырысшымен  алынған)   түсу
шамасына қарай іс  жүзіндегі  өзіндік  құнымен  1340  «Аяқталмаған  өндіріс»
шотында көрсетеді (субшот «негізгі  құралдарға  алу»).  Оның  эксплуатацияға
берілуін негізгі  құралдар құрамына жабдықтарды қажетсіздендіру  үшін  негіз
болатын негізгі  құралдарды қабылдау – тапсыру актімен құжаттайды.
       Құрылыс  ұйымдарында  негізгі  өндірістік  жұмысшылардың   еңбекақысы
ережеге сәйкес  еңбекақының  кесімді  және  аккордты  формаларын  қолданумен
есептеледі, сонымен бірге үлкен  емес  шаруашылық  субъектілер  де  төлемнің
мерзімді формасы да қолданылады. Әртүрлі  формаларда  есептеу  өндіру  есебі
және жұмыс уақытының есебі бойынша  түрлі  алғашқы  құжаттарда  жүргізіледі:
нарядтар, аккордты  нарядтар,  өндіру  ведомостары,  смена  рапорттары,  жол
қағаздары, үстемеге қағаздар,  жұмыс  уақытының  табельдері  және  т.б.  Бұл
құжаттарда құрылыс өндірісінде  қолданылатын  уақыт  және  өндіру  нормалары
бейнеленеді.
        Еңбекақы   шығындары   есебін   ұйымдастырудың   (негізгі    құрылыс
жұмысшыларының)  негізгі    ерекшеліктері   еңбекақыға   тура   шығындарының
құрамына  тек  жұмысшы  –құрылысшылардың  негізгі   еңбекақысы  кіреді,   ал
құрылысшылардың қосымша еңбекақысы үстеме шығындардың құрамына жатады.
      Құрылыста жұмысшылардың негізгі   еңбекақысына  құрылыс,  монтаж  және
басқа да  мердігерлік  жұмыстар  орындайтын  жұмысшылардың  еңбекақы  сомасы
жатады,  сонымен  қатар  қолмен  атқарылатын  жұмыстарды  істейтін   қосалқы
жұмысшылар  аңысы  да  кіреді.  Осы  бап  құрамына  машинисттер  еңбекақында
жатқызады.
      Еңбекақы шығындарының құрамына сондай-ақ қалыпты жағдайлардың  өзгеруі
үшін және мерзімнен тыс уақытқа төленетін  үстемелер  де  жатады.  Үстемелер
үстеме қағаздары негізінде есептеледі.
        Еңбекақының   жеке   кесімді   формасында   жұмысшылардың    негізгі
еңбекақысын анықтау және орындалған жұмыс көлемі есебі үшін  негізгі   құжат
кесімді жұмысқа наряд болып табылады. Оны құрылыс жетекшісі  істелген  жұмыс
көлеміне жазып,  ағымда  айда  негізгі   жұмыс  басталғанға  бірнеше  күндер
қалғанда толтыру үшін  бригадирге береді. Қосымша жұмыстарға  нарядтар  жеке
жасалады. Нарядта жұмыс сипаты, мерзімі, орындау  шарттары,  жұмыстың  жалпы
көлемі, өндіру нормалары, жауапты тұлғалардың  қолы,  адам  –  күндер  саны,
еңбекақы  ставкалары  көрсетіледі.  Жеке  кесімді  жұмысшыларға   еңбекақыны
әрекет ететін  расценкаларды  (тариф)  нарядта  көрсетілетін  құрылыс-монтаж
жұмыстарының  іс  жүзіндегі  орындалған   бірлік   санына   көбейту   арқылы
анықтайды.
      Жұмысшылар кінәсінан болған  тоқтап  қалулар  тоқтап  қалулар  бетімен
рәсімделеді. Оған жұмыс жүргізушілер, бригадир  немесе  шеберлер  қол  қояды
және тоқтап қалулардың себептері,  кінәлілері, ұзақтығы,  аты-жөндері,  оның
разряды,  төлем   проценті,   сол   уақытқа   еңбекақысының   жалпы   сомасы
көрсетіледі.
       Ұжымдық  кесімді  формада  өндіру  есебі  де  нарядтарды   қолданумен
жүргізіледі. Оның мәліметтері  бойынша  бригада  бойынша  толықтай  еңбекақы
сомасы есептеледі де  оны  бригада  мүшелері  арасында  олардың  мамандылығы
есебімен істелген уақытқа пропорционалды  түрде  бөлінеді.  Мұнда  келесідей
әдістер қолданылуы мүмкін.
1. Көрсетілген адам-күндер бойынша;
2. Коэфициенті бойынша;
3. Еңбекке қатысу коэфициенті бойынша ;
       Бригадаға  еңбекақының  аккордты   жүйесінде   есепті   ай   ағымында
орындалатын  немесе  тапсырыс  орындау  кезеңі  ағымында  орындауға   тиісті
аяқталған жұмыс кешеніне аккордты нарядтар береді.
       Мерзімді  жұмысшылардың  еңбекақысын  іс  жүзінде  істелген   уақытқа
тарифтік ставкалар немесе оклад бойынша табельге сәйкес есептейді.
       Құрылыс   ұйымдарында   құрылыс   техникасын   пайдаланудың   әртүрлі
ұйымдастырушылық формаларын пайдаланады.
       Құрылыс  техникасын  эксплуатациясы  бойынша  шығындар   есебі   үшін
шоттардың Бас жоспарында жеке синтетикалық шот қарастырылмаған.  Бұл  шоттар
бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес үстеме құрамына кіреді.
      Үстеме шығындар жалпы құрылыс қызметімен байланысты шығындар б/т  және
құрылыс мердігерінің келісімі бойынша таратылуы мүмкін. Бухгалтерлік  есепте
оларды тікелей 8410 «Үстеме шығындар» шотында бейнелейді.
      Бірнеше  келісімдер  немесе  барлық  негізгі   өндіріс  бойынша  жалпы
құрылыс қызметімен байланысты  үстеме  шығындарды  8410  «Үстеме  шығындары»
шоттарында  жалпы  қабылданған   схема   бойынша   көрсету   керек.   Үстеме
шығындардың аналитикалық есебі үшін шығындардың  жеке  ірі  кешеңді  баптары
бойынша ресурстардың шығыны бөлшектенетін әртүрлі ведомостарда  жүргізіледі.
Ведомость мәліметтері, сонымен қатар ірі және бір элементті  баптар  бойынша
шығындарды жалпылама (№ 10  ж/о)  өндірістік  бөлімшелердің  шығындар  есебі
бойынша №10 ж/о-ге сәйкес ведомостарда бейнелейді.
      Жалпықұрылыстық үстеме шығындар есептің келесідей объектілері  бойынша
таратылуы мүмкін:
      - тура шығындарға пропорционалды түрінде;
      - орындалған құрылыс-монтаж  жұмыстардың  келісім  (сметалық)  құнына
        пропорционалды түрде;
      -   негізгі    өндіріс   жұмысшыларының    еңбекақысына    шығындарға
        пропорционалды түрде;
      - орындалған машина-сменалық санына пропорционалды түрде;
      - басқа да әдістермен.


      3. Негізгі   құрылыс  өндірісінде  ақау  2-ге  жіктеледі:  а)  құрылыс
материалдарының, бөлшектер мен конструкциялардың  ақауы;  б)  құрылыс-монтаж
жұмыстары өндірісі процесінде жіберілген ақау.
      Табылған дефектілерінің сипаты  бойынша  ақау  түзетуге  келетін  және
түзетуге келмейтін болып бөлінеді.
      Біреудің кінәсынан  болған  ақауды  2-ге  ажыратады:  материалдар  мен
жабдықтаушылар кінәсынан болған және  құрылыс  ұйымдарының  жеке  жұмысшылар
немесе қызметі кінәсынан жіберілген ақаулар.
      Құрылыс-монтаж жұмыстарының ақауын  айқындаған  жағдайда  ақау  туралы
акт жасайды және сапасыз орындалған жұмысты  қайта  жөндеуге  және  түзетуге
жұмыстарды жүргізу үшін ресурстардың қажеттілігін есептейді.
      Шығындар есебі және ақаудан жоғалтуларды  анықтау  үшін   «өндірістегі
ақау» бөлімшесінің шоттары қолданылады. Ақауды  түзету  шығындарының  құрамы
ақау категорияларынан және оны қалыптасуына кінәлілерден және  оны  түзетуде
жұмысты кім жүзеге асыратынан тәуелді.

      4. Құрылыс-монтаж жұмыстарының  өндірістік  шығындарының  есебін  ішкі
салынатын тізімге және жеке жоба  мен  сметасы  бар  әрбір  құрылыс  объекті
бойынша  жүргізіледі.  Құрылыс-монтаж  жұмыстарының   орындалған   көлемінің
оперативті есебінің регистрі табиғи және  құндық  бейнеде  объектіде  учаске
жетекшісі жүргізетін орындалған жұмыс есебінің журналы болып табылады.
      Журналды құрылыс учаскесі басшысына жұмыс  басталғанға  дейін  береді.
Онда орындауға тиісті жұмыс көлемі туралы  мәліметтер  көрсетіледі.  Сонымен
қатар журналда  көрсетілген  жұмысқа  құрылыс-монтаж  жұмыстарының  сметалық
құның құрайтын үстеме шығындар мен  жинақтардың  сомасына  тура  шығындардың
шамасы туралы мәліметтер келтіріледі.
      Журналдың мәліметтері  құрылыс-монтаж  жұмыстарының  жоспарын  орындау
туралы есеп берушілігін құру үшін құрылыс процесінде қолданылатыны,  сондай-
ақ негізгі   құрылыс  процесінде  қолданылады,  сондай-ақ  негізгі   құрылыс
материалдарын пайдалану туралы есептің  мәліметтерін  толтыру  үшін  құрылыс
машиналарымен  және  автокөлікпен,  сонымен  қатар  жұмысшыларға  есептелген
еңбекақы  бойынша  құжаттарда  бейнеленген  жұмыс   көлемін   бақылау   үшін
пайдаланылады.
       Аяқталмаған  құрылыс  өндірісінің  көлемін   анықтау   үшін   құрылыс
ұйымдарымен   орындалған   және   тапсырысшыға   беруге   жатпайтын   барлық
жұмыстардың қалдықтарына ай сайын түгендеу өткізеді.  Түгендеу  мәліметтерін
ІКС-7ф. актісінде көрсетеді.
      Құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалған көлемінің оперативтік  есебінің
мәліметтері негізінде және аяқталмаған  құрылыс  түгендеуінің  акті  бойынша
орындалған  жұмыстың  сметалық  құны  туралы  анықтама   жасалады.   Осындай
анықтаманы орындалған жұмыстар бойынша генмердігерге субмердігерлік  ұйымдар
көрсетуі керек.
      Құрылыс ұйымдары тапсырыс көрсетілген салық сомасын  шегеру  құрылысты
шаруашылық әдіспен жүргізуде тауарларды босату шамасы бойынша жүргізіледі.
       Құрылыс-монтаж  жұмыстарын  басқа  шаруашылық  операциялармен   өзара
байланыста шаруашылық тәсілмен жүргізуге шығындардың қалыптасуы.
      Аяқталған құрылыс объектілерін қабылдау орындалған  жұмыстың  қабылдау
актімен, ал (объекті)  тұрғын  үй  азаматтық  белгілеу  объектілері  бойынша
эксплуатацияға оларды қабылдау актімен бейнелейді.
      Құрылыс ұйымдары осындай құжаттардың негізінде мердігер келісім  шарты
бойынша табыстар және шығындарды мойындаудың соңғы операцияларын  бейнлейді;
ал тапсырысшы қабылданған объектілердің келісім  құнын  негізгі   құралдарды
пайдалану бойынша күрделі салулардың құрамында  1340  «Аяқталмаған  өндіріс»
отының сәйкес субшоттарында көрсетеді.

      5. Құрылыс жұмыстарын шаруашылық тәсілмен жүргізгеннен  кейін  құрылыс
монтаж  жұмыстарын  жүргізуге   кеткен   барлық   шығындарды   құрушы   1340
«Аяқталмаған өндіріс» шотының  әрбір  объектісіне  ашылатын  сәкес  шоттарда
көрсетеді. Шығындар есебі мердігерлер пайдаланатын шығындар  баптарының  бір
бөлігінде ұйымдастырылуы мүмкін.
      Құрылыс жұмыстарын жүргізудегі  шаруашылық  субъектілерінің  шығындары
ҚҚС салынбайды. Мұнымен, объект  құрылысында  қолданылған  материалдар  және
қызметтер бойынша ҚҚС-ң (сомасы) алдында  есепке  алынған  сомасы  шегерімді
және құрылыс құнының жоғарлауына жатқызады. Жұмыс  түрлері  жеке  кезеңдерін
орындау  шамасы  бойынша  төлеу  жағдайында  клісім  шарт  жасайды.  Осындай
жағдайда құрылыс-монтаж жұмыстарының бір түрі немесе  кезеңі  аяқталған  соң
№КС-2-а немесе №КС2-б формалары бойынша орындалған  жұмыстардың  қабылдаудың
аралық акті тапсырушының қатысуымен жасалады.
      Сонымен қатар бірге,  тапсырысшы  барлық  дайындық  және  ашу  құрылыс
жұмысшыларын аяқталуына қарай жеке қабылдайды, оның нәтижелерін  №КС-4  және
№КС-5 типтік формалары актінде көрсетеді.
      Осы актілер  негізінде  есепті  кезеңге  орындалған  және  қабылданған
жұмыстар бойынша құрылыс ұйымдарының табыс сомасын анықтайды  және  тапсырыс
берушіге шот көрсетіледі.
      Жұмыстардың қабылданған көлемінің  өндірісіне  іс  жүзіндегі  шығындар
біруақытылы құрылыс өнімдерін сату бойынша шығындарға қажетсіздендіріледі.
      Сонымен, құрылыс ұйымдарының аяқталмаған  өндіріс  құрамында  тек  әлі
аяқталмаған  және  тапсырысшыға   берілмеген   құрылыс-монтаж   жұмыстарының
түрлері бойынша шығындар тіркеледі.
       Өткізілген  жұмыстардың  өзіндік  құнын  және   аяқталмаған   өндіріс
қалдықтарының шамасын, сонымен  қатар  табыс  сомасын  анықтау  Бухгалтерлік
есептің  №12  «Күрделі  құрылысқа   мердігерлік   келісімдер»   стандартында
көрсетілген  әдісті  қолдану  жолымен  немесе   шаруашылық   субъекті   есеп
саясатында және келісім шартта  көрсетілген  басқа  да  принциптерге  сәйкес
анықталуы  мүмкін.  Қабылданған  жұмыстардың  іс  жүз.шамасын   және   аяқт.
өндірістің қалдық шамасын келесідей анықтауға болады.
      -  жұмыстың  аяқталған  циклін  орындауға  кеткен  іс  жүз.  шығындар
        негізінде,  мұнда  орындалған  жұмыстың  келісім  құны  мердігердің
        келісімін жасауда жоспарланған құрылыс өндірісінің  рентабельділігі
        деңгейі есебімен анықталуы мүмкін;
      -  іс  жүз.  кеткен  шығындардың  ай  аяғысындағыдан   аяқт.  өндіріс
        құрамында қалатын жұмыстың сметалық немесе жоспарлық өзіндік  құнын
        анықтау алдыңғы жағдайдағыдай;
      - орындалған және қабылданған жұмыстың  сметалық  өз.құны  негізінде,
        тапсырыстың келісім құны барлық шамасымен және орындалған  жұмыстың
        сметалық  құнымен  барлық  тапсырыстың  сметалық  құнына   қатынасы
        бойынша анықтайды.
      Барлық  құрылыс-монтаж  жұмыстары  аяқталғаннан  кейін  және   объекті
эксплуатацияға қабылданғаннан кейін іске асырылатын есеп бойынша  объектілер
тапсырысшымен   қабылданғанға   дейін   мердігерлік   құрылыс    ұйымдарының
аяқталмаған өндіріс құрамында тіркеледі.


                    Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
   1.Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық ерекшеліктері қандай?
   2.Құрылыстағы өндірістік шығындар қалай жіктеледі?
   3.Құрылыстағы  ақаудың  түрлері қандай?
   4. Орындалған құрылыс-монтаж жұмыстардың көлемінің  есебі  және  құжаттық
   рәсімдеу қалай іске асады?
   5.Шаруашылық тәсілмен жүзеге  асырылған  құрылыс  есебінің  ерекшеліктері
қандай?



    7.Тақырып: Туристік компанияларда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Дәріс сұрақтары
1. Туристiк қызметтiң субъектiлерi мен объектiлерi
2. Халықаралық және ішкі туризм -туризмнің ұйымдық нысандары
3. Туристік  қорлар
4. Туроператорлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу құжаттары

      1.  Бүгінгі   таңда  туризм  экономикамыздың   дамуының  әлеуеті   мен
болашағы зор  салаларының  бірі  болып  танылып   отыр.   Туризм   деп  жеке
тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін,  не  жиырма  төрт
сағаттан аз, бірақ  уақытша  болған  елде  (жерде)  ақы  төлейтін  қызметпен
байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхатын   атаймыз.   Атаулы    қызмет
көрсету   түрі    адамзаттың    игілігіне    арналған    және    экономиканы
көтерудің  бірден бір  ыңғайлы  құралдарының  бірі  болып  танылады.
      Қазақстан Республикасының туристiк  қызмет  туралы  заңдары  Қазақстан
Республикасының Конституциясына негiзделедi және  Қазақстан  Республикасының
Азаматтық  кодексiнен,  осы  Заңнан,  Қазақстан  Республикасының   өзге   де
нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
       Егер Қазақстан Республикасы  бекiткен  халықаралық  шартта  Қазақстан
Республикасының  туристiк  қызмет  туралы  заңдарындағыдан  өзгеше  ережелер
белгiленсе, халықаралық шартта оның  қолданылуы  үшiн  заң  шығарылуы  талап
етiлетiн жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
       Туристiк қызметтiң субъектiлерi мен объектiлерi
1. Туристiк қызмет субъектiлерiне:
1) туристiк операторлар (туроператорлар);
2) туристiк агенттер (турагенттер);
3) гидтер (гид-аудармашылар), туризм нұсқаушылары, экскурсоводтар;
4) туристер және олардың бiрлестiктерi;
5) экскурсанттар;
6) туристiк қызмет саласындағы өзге де бiрлестiктер;
7) туристiк қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды  реттейтiн  мемлекеттiк
органдар жатады.
       Туристiк қызмет объектiлерi - табиғи объектiлер және табиғи-климаттық
аймақтар,   көрiктi   орындар,   тарихи   және   әлеуметтiк-мәдени   көрсету
объектiлерi  және  саяхат  кезiнде  туристердiң  қажеттерiн   қанағаттандыра
алатын өзге де объектiлер.
      Туристiк индустрия - туристерді  орналастыру  құралдарының,  көлiктiң,
қоғамдық   тамақтандыру   объектiлерiнiң,   ойын-сауық    объектiлерi    мен
құралдарының,  танымдық,  сауықтыру,  iскерлiк,  спорттық   және   өзге   де
мақсаттағы объектiлердiң,  туристiк  қызметтi  жүзеге  асыратын  ұйымдардың,
сондай-ақ  экскурсиялық  қызмет  және  гидтер  (гид-аудармашылар)   қызметiн
көрсететiн ұйымдардың жиынтығы.
Туристiк индустриядағы қызмет көрсету түрлерi:
1) турлар ұсыну жөнiндегi қызмет көрсету;
2) тұратын орындар беру жөнiндегi қызмет көрсету;
3) тамақтандыру жөнiндегi қызмет көрсету;
4) ақпараттық, жарнамалық қызмет көрсету;
5) көлiк қызметiн көрсету;
6) ойын-сауық;
7) өзге де туристiк қызмет көрсетулер.
      Турисік  индустрияда  міндетті  түрде   туристік   ресурстар  (қорлар)
қарастырылады.  Осыған орай  Қазақстан Республикасының туристік  ресурстарын
сыныптау мен  бағалау,  олардың  қорғалу  режимі,  қоршаған  ортаға  түсетін
ауыртпалықтың жол берілетін шегін ескере отырып  пайдалану  мен     туристік
ресурстардың тұтастығының сақталу тәртібі, оларды қалпына келтіру  жөніндегі
шаралар  арнайы  заңдарда белгіленген тәртіппен айқындалады.

      2. Халықаралық және ішкі  туризм  туризмнің  ұйымдық  нысандары  болып
танылады.
      Халықаралық туризмге біз  келесілерді  жатқызамыз:
 • келу туризмі -  Қазақстан  Республикасының  аумағында  тұрақты  тұрмайтын
   адамдардың Қазақстан Респубпикасы шегіндегі саяхаты;
 • шығу  туризмі  —  Қазақстан  Республикасының  азаматтары  Республикасында
   тұрақты тұратын  адамдардың  саяхаты;
      Ал ішкі туризм дегеніміз — Қазақстан  Ресубликасының   азаматтары  мен
оның   аумағында   тұрақты  тұратын  адамдардың   Қазақстан   Ресубликасының
шегіндегі     саяхаты     аталады.     Сонымен     қатар      турфирмалардың
бәсекелестіктетерінде айтарлықтай  маңызды  рөл  ойнайтын  туризмнің  келесі
 түрлері  белгілі:
 • әлеуметтік,
 • экологиялық,
 • шытырман спорттық,
 • іскерлік,
 • конгрестік,
 • емдеу-сауықтыру,
 • мәдени-танымдық,
 • діни және басқа туризм.
      Еліміздің аумағына келу туризмін  ұйымдастырумен  байланысты  туристік
қызмет көрсету туристік қызмет көрсету экспорты болып  табылса,  басқа  елге
шығуға байланысты туристік қызмет көрсету туристік  қызмет  көрсету  импорты
болып табылады.
       Кез  келген саланың  дамуында мемлекет  басты  рөл ойнайды. Бұл  оның
құрылымы мен ерекшеліктеріне,   атқаратын   қызметіне,  өндіретін   өніміне,
халыққа  тигізетін пайдасына, басқа  салармен   байланысына   қатысты  болып
келеді. Осы  ретте турфирмалардың  бәсекелестікке  қажеттілігі  мен   оларды
ажырату факторларын  туристік  қызметті  мемлекеттік  реттеудің  принциптері
арқылы  көрсетуге  болады.
      Жоғарыда  аталғанға  сай мемлекет  тарапынан  келесі   реттегі  жәрдем
беріледі:
 • туристік қызметке жәрдемдесу  және  оның  дамуы  үшін  қолайлы  жағдайлар
   жасау;
 • туристік қызметтің  басым бағыттарын айқындау және қолдау;
 • Қазақстан Республикасы туралы туризм  үшін  қолайлы  ел  деген  түсінікті
   қалыптастыру;
 • Қазақстан Республикасының туристері мен туристік ұйымдарының және олардың
   бірлестіктерінің  қауіпсіздігін,  құқықтарын  қорғауды  қамтамасыз   ету,
   сондай-ақ олардың мүдделері мен мүлкін қорғау.
      Сонымен   қатар   турфирмалардың   бәсекелестікке   қажеттілігі    мен
олардың  деңгейі мемлекеттік реттеу  барысында  қойылып,  төменде   берілген
мақсаттардың  орындалуынан танылады:
 •  азаматтардың  туристік  қызмет  саласында   демалу,   еркін   жүріп-тұру
   құқықтарын қамтамасыз ету;
 • қоршаған ортаны қорғау;
 • туристерге тәрбие,  білім  беруге  және  оларды  сауықтыруға  бағытталған
   қызмет үшін жағдайлар жасау;
 • саяхат жасау кезінде азаматтардың қажеттерін қамтамасыз  ететін  туристік
   индустрияны дамыту;
 •  туристік  индустрияны  дамыту  есебінен  жаңа  жұмыс   орындарын   құру,
   мемлекеттің және Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстарын молайту;
 • халықаралық туристік байланыстарды дамыту;
 • туризмді Қазақстан Республикасы экономикасының жоғары рентабельді  саласы
   ретінде қалыптастыру;
 •  туристік  ресурстарды  пайдаланған   кезде   Қазақстан   Республикасының
   мемлекеттік мүдделерін ескеру, табиғи және мәдени мұраларын қорғау;
 •  балалардың,  жасөспірімдердің,  жастардың,   мүгедектер   мен   халықтың
   күнкөрісі төмен топтарының арасында туристік  және  экскурсиялық  жұмысты
   ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгізу;
 • туристік индустрияны инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасау;
 • Қазақстан Республикасының аумағында келу туризмімен және  ішкі  туризммен
   айналысатын туристік ұйымдарды қолдау және дамыту;
 • ішкі және халықаралық туризм  қажеттерін  қамтамасыз  ету  үшін  туристік
   қызметтің тиімді жүйесін құру;
 • туризм индустриясын, туризмге инвестицияларды дамыту  жөніндегі  саясатты
   айқындау;
 •  туристік  қызмет  саласындағы   қатынастарды   жетілдіруге   бағытталған
   нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
 • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туристік қызметті  лицензиялау
   туристік индустрияның қызмет көрсетулерін стандарттау және сертификаттау;
 • бюджеттік заңдарға сәйкес туризмді дамытудың мемлекеттік  бағдарламаларын
   әзірлеуге және іске асыруға бюджет қаржыларын бөлу;
 • туристік қызметті кадрмен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
 • отандық  туристердің,  туроператорлар  мен  турагенттердің  және  олардың
   бірлестіктерінің   халықаралық   туристік    бағдарламаларға    қатысуына
   жәрдемдесу;
 • ішкі  және  дүниежүзілік  туристік  рыноктарда  туристік  өнімді  ұсынуға
   жәрдемдесу;
 • елдің туристік ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалануды, есепке алу мен
   қорғауды қамтамасыз ету.
      Сонымен  қатар  атаулы   салада   мемлекет    пен  құзіретті  органдар
келесі  қызметтерді  атқарады:
 • туристік қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін  нормативтік  құқықтық
   актілерді қабылдайды;
 • туристік қызметті лицензиялау ережелерін және туристік қызметке қойылатын
   біліктілік талаптарын бекітеді;
 • туристер аралауға тыйым салынған объектілер мен аумақтарды белгілейді;
 •  туристік   қызмет   саласындағы   мемлекеттік   инвестициялық   саясатты
   айқындайды;
 • туристік қызмет саласындағы ғылыми қамтамасыз етудің мемлекеттік  жүйесін
   құрады;
 • туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқаруды асырады;
 • Қазақстан Республикасында туризм саласын дамыту  бағдарламасын әзірлейді;
 • туристік  қызмет  мәселелері  жөніндегі  нормативтік  құқықтық  жобаларын
   әзірлеуге қатысады;
 •  өз  құзыреті  шегінде  нормативтік  құқықтық  актілерді  әзірлейді  және
   бекітеді, заңдарды қолдану практикасын жинақтап,  оны  жетілдіру  жөнінде
   ұсыныстар енгізеді;
 • туристік рынокқа зерттеу жүргізеді,  халықаралық  туристік  рынокта  және
   мемлекет ішінде Қазақстан туралы және оның туристік мумкіндіктері  туралы
   ақпаратты әзірлеп, таратады;
 • өз құзыреті шегінде туристік  қызмет  саласындағы  халықаралық  шарттарды
   әзірлейді, жасасады және орындайды, халықаралык туристік  ұйымдарда  және
   туризм жөніндегі халықаралық іс-шараларда Қазақстан атынан өкілдік етеді;
 • атқарушы органдардың, меншік нысандарына қарамастан туристік  және  басқа
   да ұйымдардың туристік қызмет саласындағы қызметін үйлестіреді;
 • туристік қызмет көрсету рыногында бәсекені  дамытуға  жәрдемдеседі,  онда
   меншік нысанына қарамастан барлық туристік қызмет субъектілері  үшін  тең
   жағдайлар жасайды;
 • стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі  уәкілетті  органмен
   бірлесіп сертификаттау мен стандарттауды реттейді;
 •  Қазақстан  Республикасының  туристік  қызмет  саласындағы  заңдары   мен
   нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
 • туристік қызмет субъектілеріне олардың қызметін ұйымдастыруға  байланысты
   мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
 •  туристік  қызмет  саласында  халықты  жұмыспен  қамту   шарасы   ретінде
   кәсіпкерлікті дамытып, қолдайды;
 • туризмді дамытудың аймақтық бағдарламаларын әзірлеп, орындайды;
 • жергілікті  туристік  ресурстарды  қорғау  жөніндегі  шараларды  әзірлеп,
   енгізеді;
 • әкімшілік-аумақтық бірліктердің туристік қызмет көрсету  рыногына  талдау
   жасайды;
 • әкімшілік-аумақтық бірліктердегі туризмнің  дамуы  туралы  талдау  жасап,
   қажетті мәліметтерді уәкілетті органға береді;
 • турагенттік, туроператорлық қызметті  және  туризм  нұсқаушысының  қызмет
   көрсетуін лицензиялауды жүзеге асырады;
 • туристік  қызмет  көрсетулерді  және  туризм  объектілерін  жарнамалайды,
   туристік ақпаратты береді, туристік ақпарат орталықтарын құрады;
 • балалар мен жастар лагерьлерінің қызметіне жәрдем көрсетеді;
      Туристік ақпарат орталығы өз қызметін уәкілетті орган бекіткен ережеге
сәйкес жүзеге асырады.

      3. Туристік  қорлар туристік   өнім  көздері   қызметтерін   атқарады.
Ресурстық негіз туристік  өнім  ретінде   келесі  ретте беріледі:
      - туристік  қорлар
      - материалдық және матеиалдық емес нысаналар;
      -  туристік    өнімді    тұтынуға    бағытталған   туристік    қызмет
        көрсетулер.
      Қолдағы бар  қорлар   туризм  мақсатында  пайдаланылуы  үшін  қорларды
 туристік өнім  ретінде  беретін    технологиялар   мен   білім  жиынтығының
жүйесі  қажет.
      Туристік  қызмет  көрсетудің  дәстүрлері,   салттары,   әдістері   мен
тәсілдері   көне  замандардан келе   жатыр.    Туризмнің   негізін   құраушы
дәстүрлер мен  салттар   мыңжылдықтар  бойы  қалыптасып  келе  жатыр.
      Сонымен  қатар тек  қана   білім  мен  біліктілік   жеткілікті   емес.
Туристік  индустрия  мен көршілес салаларды   құру   үшін   ұйымдастырушылық
және  құқықтық  орта мен жақсы дайындығы   бар  қызметкерлер   тобы   қажет.
Олардың   дайындалуы,   қайта    оқытылуы,    мамандандырылуы    да    біраз
шығындар  мен  уақытты  қажет  етеді.   Маманды  кәсіби  дайындау  2 ден   5
жылға  дейін  уақыт  алады,  ал  кәсіби дағды   иеленуші   үшін  тағы  біраз
жылдар  қажет.   Сонымен,  туристік   өнім  үш  көзін  иеленген.
     1. табиғи ресурстар;
     2. туристік  қызмет   көрсету   мен   туризмнің   технологиялары   мен
        білімінің  тәртіпке келтірілген  жүйесі;
     3. кәсіпорынның  ұйымдастырушылық-құқықтық  құрылымы  мен  дайындалған
        мамандар  тобы.
            Өзінің  құрылымы  бойынша  туристік  өнім  бірнеше   деңгейлерді
иеленген:
      1)  қызмет   көрсету,    жұмыс    немесе    тауарлардың    бір    ғана
         өндірушісінің өнімі – тұтыну  өнімі;
      2) өнімді  өндірушілердің   біртекті  немес  әртекті  топтары;
      3) туристік  сала  өнімі;
      4) дестинация  өнімі (бірнеше  салалар  мен  қор  көздерінің   жиынтық
         өнімі)
      5) жоғарыға ұқсас мемлекет  немесе  аймақ өнімі.
      Туристік  өнім –  бұл   заңдыға   қаранда,  экономикалық   категорияға
жақын   келетін   категория.    Кез    келген    туристік    өнім     заттық
бағытталған   құрамдас   бөлшекке   ие   болып  келеді.    соынмен    қатар,
априор  туристік  өнімі   барлық  тұтынушылар  үшін   жалпылыққа   ие    қор
элементеріне   негізделеді.  Құрамдас   бөліктер   табиғи   сипатта    болуы
мүмкін  және  де   өндіруші   мен   тұтынушыға   мүлдем   тәуелді    болмауы
мүмкін.  Мысалы,   туристік    қызығушылық    тудыратын    табиғи   құбылыс:
солтүстік  нұр  шашу,   табиғи  ландшафт,   теңіз,  тау  және   т.б.  атаулы
категорияларға  тарихи-мәдени  нысаналар   мен   кешендер,    сәулетік  және
тарихи  нысаналар,  мұражай, ғибадатханалар  жатады.
      Туристік  өнімге  қатысты  әр жеке  құрамдас  бөлік жиынтық  құрамында
қызмет   етеді.   Мысалы,   дамыған   инфрақұрылымның   (байланыс,   жолдар,
коммуналды  және  тұрмыстық  қызмет көрсетулер  жүйесі,  сауда)  бар   болуы
міндетті шарт  болып табылады.  Табиғи   қор   туристік   өнімнің   әлеуетті
құрамдас  бөлігі  болып   табылғанымен,    басқа   элементтермен    тіркесіп
барып   тұтынылуда іске  асырылады.  Егер  де  қолжетерлік  пен   басқа   да
қосымша  жағдайлар  қарастырылмаса,  онда  қор  туристік  өнімнің   әлеуетті
 құрамдас  бөлігі деп  саналмайды.
      Туристік  өнім  оны  құраушы  үш бөліктен  тұрады:
      1) Туристік  қызмет  көрсетулер (яғни   туризмді   ұйымдастырушылардың
         қызметттері: туроператорлар,  туристік   агенттер,    қонақжайлылық
         жүйесінің  қызметі, тасымалдау қызметі,  қоғамдық  тамақтану   және
         туристік  категориясына  жататын басқа  да  қызмет  көрсетулер);
      2) Туристік  қызметті  тұтынумен  қатар  жүретін  жұмыстар;
      3)  Турда   тұтынылатын   тауарлар   мен   турдан   тыс    тұтынылатын
         тауарлар.
      Атаулы   құрамдас   бөліктердің   өзара    байланысы    мен    олардың
туристік    өнімдегі    пайыздық    арақатынасы    туризм     мақсаты    мен
ұйымдастырушылардың  дайындығы  мен   ауқаттылығына   байланысты.    Соынмен
қатар  туристердің  белгілі  өнімді  тұтынуға деген  уәжі  мен  дайындығының
да  рөлі  баршылық.
      Туристік  өнім  турдың  негізін  құрайды да,  оның  жеке   элементтері
 тур  бағдарламасына  еніп,   ваучерге  жазылуы  мүмкін.
      Сонымен,  қарапайым  өнім   бір   ғана   қызмет   көрсетуден,   қызмет
көрсетудің   бір  кешенінен  немесе   бір  топ   шаралардан  тұруы   мүмкін.
Бұл типтік  немес жеке  тури құраушы   күрделі   қызмет   көрсету   кешеніне
негізделген    жиынтық   өнім   болуы  мүмкін.    Соынмен    қатар,   жоғары
деңгейде    ірі   тур   операторларына    ұсынылатын    бірнеше    турлардан
тұратын  туристік  өнім  да  бар.     Ең   жоғарыда    туристік  орталықтың,
аймақтың   туристік   жиынтық  өнімі  тұрады.    Қор   құраушылардың   басым
бөлігі   тур  құнына   енгізілмейді,   дегенмен   де   олар    қалғандарымен
тікелей  байланыста  болып, өнім  құнына  ықпал  етеді.
      Туристік  өнімнің тұтынушысы   ретінде  туристер,  экскурсанттар  және
туристік  орталықтың басқа да қатысушылары танылуы  мүмкін.
      Тур  –  орналастыру,  тасымалдау,  туристерді   тамақтандыру   бойынша
қызмет  кешенін құрайды.   Бұл   ереже  ұйымдастырылған    туризмге  қатысты
болып  келеді.  Сонымен  қатар  тур -   тек  бір   ғана  қызмет   көрсетулер
кешені  емес, ол  бір бірімен  тығыз  өзара  байланысқан қызмет   көрсетулер
 кешендерінің жиынтығын  құрайды.  Сонымен  турды    келісім-шарт   нысанасы
деп  таниды.
      Турды  іске  асырумен   немесе   сатумен  турагент   пен   туроператор
айналысады.  Олрадың  екеуі  де   туристік  өнеркәсіп    кәсінорындары   мен
туристер  арасындағы делдалдық қызмет  атқарады.

4.  Туроператорлық  қызметті  жүзеге  асыруға  лицензия  алу  үшін   мынадай
құжаттар қажет:
 • белгіленген нысан бойынша өтініш;
 • лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;
 • жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
 • кеңсеге арналған меншікті немесе  жалға  алынған  үй-жайы  бар  екендігін
   растайтын құжат;
 • меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендігін
   растайтын құжат не туристерді орналастыру орындарды,  туристік  жарақтар,
   көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар  ұйыммен
   қызметтер көрсетуге жасалған шарт;
 • білімі және жұмыс өтілі  туралы  қужаттардың  көшірмелерін  қоса  отырып,
   қызметкерлердің тізімі;
 • туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық  жауапкершілікті
   сақтандыру шартының көшірмесі;
 • тасымалдаушымен шарттың көшірмесі;
 • туристік жолдаманың және турист жаднамасының көшірмесі;
 • экскурсиялық қызметке лицензиясы бар туристік ұйыммен  шарттың  көшірмесі
   немесе  оқу  орнын  (тиісті  курстарды)  бітіргендігі  туралы   растайтын
   құжаттары  және  денсаулығының  психикалық  жай-күйі  туралы  медициналық
   анықтамасы    бар    жолбасшылар    (жолбасшы-аудармашылар),    экскурсия
   жүргізушілер тізімі;
 •   жарнамалық-ақпараттық    материалдар    (жөнсілтегіштер,    бүктемелер,
   бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар);
 • туристік бағыттардың тізілімі;
 • туристерге қызмет көрсету бағдарламасы;
 • "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет  туралы"  Заңның  17-бабының
   талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісі;
 • туристерге арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат.
   Турагенттік қызметті жүзеге асыруға лицензия алу  үшін  мынадай  құжаттар
қажет:
 • белгіленген нысан бойынша өтініш;
 • лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;
 • жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
 • кеңсеге арналған меншікті немесе  жалға  алынған  үй-жайы  бар  екендігін
   растайтын құжат;
 • меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар  екендіпн
   растайтын құжат не туристерді орналастыру орындарды,  туристік  жарақтар,
   көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар  ұйыммен
   қызметтер көрсетуге жасалған шарт;
 • білімі және  жұмыс  етілі  туралы  құжаттардың  көшірмесін  қоса  отырып,
   қызметкерлердің тізімі;
 • туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық  жауапкершілікті
   сақтандыру шартының көшірмесі;
 • тасымалдаушымен шарттың көшірмесі;
 • туристік жолдаманың және турист жаднамасының көшірмесі;
 •   жарнамалық-ақпараттық    материалдар    (женсілтегіштер,    бүктемелер,
   бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар);
 • "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы"  Заңның  17-ба-бының
   талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісі;
 • туристерге арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат.
   Экскурсиялық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін  мынадай  құжаттар
қажет:
 • белгіленген нысан бойынша өтініш;
 • лицензиялық алым телегенін растайтын құжат;
 • жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі (заңцы тұлғалар үшін);
 • кеңсеге арналған меншікті немесе  жалға  алынған  үй-жайы  бар  екендігін
   растайтын құжат;
 • штаттағы немесе шарт негізінде тартылатын кәсіби даярланған адам-дар: оқу
   орнын (тиісті курстарды) бітіргендігі  туралы  растайтын  құжаттары  және
   денсаулығының  психикалық  жай-күйі  туралы  медициналық  анықтамасы  бар
   жолбасшылар (жолбасшы-аудармашылар), экскурсия жүргізушілер тізімі;
 • әзірленген бағыттар мен экскурсиялар тақырыптары;
 • туристерге қызмет көрсетуге арналған меншікті немесе жалға алынған көлігі
   бар екендігін растайтын құжат.
 Туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін жүзеге  асыруға  лицензия  алу  үшін
мынадай құжаттар қажет:
 • белгіленген нысан бойынша өтініш;
 • лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;
 • тиісті кәсіптік дайындығын, біліктілігін және туристік бағыттармен  жүріп
   ету тәжірибесін растайтын құжаттар;
 • әзірленген туристік бағыттардың карта-сызбалары және сипаттамалары;
 • денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтама.
      Өтінуші ұсынылған  құжаттардың  анықтығына  Қазақстан  Республикасының
заңнамасымен   белгіленген   жауаптылықта   болады.   Өтінушінің    өткізген
құжаттарында қамтылған мәліметтерді тексеру  қажет  болған  ретте,  лицензия
беру туралы шешім тексеруден соң қабылданады. Тексерудің нәтижелері  бойынша
туроператорлық,  турагенттік,  экскурсиялық  қызметтерді,  сондай-ақ  туризм
нұсқаушысының қызмет көрсетуін жүзеге асыру құқығына  лицензия  беру  туралы
қорытынды шығарылады.
      Сонымен қатар стратегиялық шешімдерді  қабылдау  әдістерін   жетілдіру
кезінде  талаптар қамтылуы тиіс:
 • жарғыда туристік қызметті негізгі ретінде бекіту;
 • кеңсеге арналған меншікті немесе  жалға  алынған  үй-жайы  бар  екендігін
   растайтын құжат;
 • туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық  жауапкершілікті
   сақтандыру шарты;
 • туристік білімі немесе туризм  саласында  кемінде  бір  жыл  нақты  жұмыс
   тәжірибесі бар қызметкерлер;
 • туристік бағыттардың тізілімі;
 • туристерге қызмет көрсету бағдарламалары;
 • меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендігін
   растайтын құжат не  туристерді орналастыру орындарды;
 • туристік жарақтар;
 • көлік ұсынуға арналған қажетті материалдық-техникалық базасы бар  ұйыммен
   қызмет көрсету шарты;
 • экскурсиялық қызметке лицензиясы бар туристік  ұйыммен  шарт  немесе  оқу
   орнын (тиісті курстарды) бітіргендігі  туралы  растайтын  құжаттары  және
   денсаулығының  психикалық  жай-күйі  туралы  медициналық  анықтамасы  бар
   жолбасшылар (жолбасшы-аудармашылар), экскурсия жүргізушілер;
 • тасымалдаушымен шарттар;
 • туристік жолдама, турист жаднамасы;
 • туристке арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат;
 •   жарнамалық-ақпараттық    материалдар    (жөнсілтегіштер,    бүктемелер,
   бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар).
Турагенттік қызметті  лицензиялау  кезінде  өтінушіге  қойылатын  біліктілік
талаптары мыналардың болуын қамтиды:
 • жарғыда туристік қызметті негізгі ретінде бекіту (заңды тұлғалар үшін);
 • кеңсеге арналған меншікті немесе  жалға  алынған  үй-жайы  бар  екендігін
   растайтын құжат;
 • туристік қызмет көрсету шарты бойынша азаматтық-құқықтық  жауапкершілікті
   сақтандыру шарты;
 • туристік білімі немесе туризм  саласында  кемінде  бір  жыл  нақты  жұмыс
   тәжірибесі бар қызметкерлер;
 • меншікті немесе жалға алынған материалдық-техникалық базасы бар екендігін
   не туристерді орналастыру орындары;
 • туристік жарақтар;
 •  көлікті  ұсынуға  арналған  қажетті  материалдық-техникалық  базасы  бар
   ұйыммен қызмет көрсету шарты;
 • тасымалдаушымен шарттар;
 • туристік жолдама, турист жаднамасы;
 • туристке арналған келетін және баратын елі туралы ақпарат;
 •   жарнамалық-ақпараттық    материалдар    (жөнсілтегіштер,    бүктемелер,
   бейнематериалдар, парақшалар, журналдар, сызбалар және карталар).
      Экскурсиялық  қызметті   лицензиялау   кезінде   өтінушіге   қойылатын
біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды:
 • кеңсеге арналған меншікті немесе  жалға  алынған  үй-жайы  бар  екендігін
   растайтын құжат;
 • штаттағы немесе шарт негізінде тартылатын кәсіби даярланған адам-дар: оқу
   орнын (тиісті курстарды) бітіргендігі  туралы  растайтын  құжаттары  және
   денсаулығының  психикалық  жай-күйі  туралы  медициналық  анықтамасы  бар
   жолбасшылар (жолбасшы-аудармашылар), экскурсия жүргізушілер;
 • әзірленген бағыттар мен экскурсиялар тақырыптары;
 • туристерге қызмет көрсету үшін меншікті немесе жалға алынған көлік.
      Лицензия беруден мына жағдайларда бас тартылады, егер:
 •  туроператорлық,  турагенттік,  экскурсиялық  қызметтерді   және   туризм
   нұсқаушысының қызметін көрсетуді жүзеге  асыруға  заңнамалық  кесімдермен
   адамдардың осы санаттары үшін тыйым салынса;
 • лицензия алу  үшін  қажетті  құжаттардың  барлығы  ұсынылмаса.  Лицензиар
   лицензия беруден бас тартқан себептерді өтінуші жойған ретте, өтініш  оны
   алу үшін көзделген жалпы негіздерде қаралады;
 • лицензиялық алым енгізілмесе;
 • өтінуші біліктілік талаптарына сай келмесе;
 • өтінушіге қатысты оның осы қызмет түрімен айналысуына тыйым салынған  сот
   шешімі бар болса.
      Турагенттік,  туроператорлық,  экскурсиялық  қызметтерді  және  туризм
нұсқаушысының  қызметін  көрсетуді  жүзеге  асыруға  лицензия  беруден   бас
тартылған жағдайда, өтінушіге бас тарту себептері көрсетілген жазбаша  түрде
дәлелді  жауап  беріледі.  Егер  заңнамамен  белгіленген  мерзімде  лицензия
берілмеген жағдайда немесе лицензия беруден  бас  тартуды  етінуші  негізсіз
деп тапса, ол бір  ай  мерзімде  лицензиардың  іс-әрекетіне  сот  тәртібімен
шағымдануға  құқылы.  Лицензия  беруден   негізсіз   бас   тартудан   немесе
өтінушінің құқығын бұзудан туындаған шығындарды өтеу  заңнамада  белгіленген
тәртіпте жүзеге асырылады.  Лицензияны  басқа  заңды  және  жеке  тұлғаларға
беруге тыйым салынады.
      Лицензия өз күшін мына жағдайларда тоқтады:
 • лицензияның қайтарып алынуы;
 •  азаматтың  кәсіпкерлік   қызметін   тоқтатуы,   заңды   тұлғаның   қайта
   ұйымдастырылуы немесе таратылуы.


                    Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:
1. Туристiк қызметтiң субъектiлерi мен объектiлерi қандай?
2. Халықаралық және ішкі туризм -туризмнің ұйымдық нысандарын атаңыз?
3. Туроператорлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу құжаттары қандай?




                           3. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР

Тақырып 1. Сауда кәсіпорындарындағы бухгалтерлік есеп.

            Тәжірибелік сабақ жоспары :
1.Тауарлық оперциялардың есебінің принциптері.
2.Тауарлық операцияларды құжаттық рәсімдеу.
3.Тауарларды бағалау.
4.Бөлшек және көтерме сауда кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.


Әдістемелік  нусқаулар-  алғашқы  қайнар  көздермен  жұмыс  жасау,  қойылған
сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
Әдебиеттер
            1. Абдушукуров, Р.С. Теория и практика бухгалтерского учета.-
Алматы, 2007
   2.Мырзалиев, Б.С. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі.- Алматы,
   2008 жыл
   3. Баймуханова С.Б. Қаржылық есеп Алматы 2007 жыл
   4. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есептің теориясы және
      негіздері Алматы 2006 жыл


Тақырып 2. Сыртқы экономикалық қызметтің  бухгалтерлік есебін ұйымдастыру

      Тәжірибелік сабақ жоспары :
1.Экспорттық операциялар есебі.
2.Импорттық операциялар есебі.
Әдістемелік  нусқаулар-  алғашқы  қайнар  көздермен  жұмыс  жасау,  қойылған
сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

Әдебиеттер

1. Қаржылық есептіліктің ұлттық  стандарттары. Астана 2009 жыл
2. Субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебі  шоттарының
жұмыс жоспары. 2007 жыл
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
      4.Абдушукуров, Р.С. Теория и практика бухгалтерского учета.- Алматы,
2007


 Тақырып 3. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы есеп.

         Тәжірибелік сабақ жоспары :
1.Қоғамдық    тамақтандыру    кәсіпорындарындағы    бухгалтерлік     есептің
ұйымдастырылуы.
2.Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы бағаның қалыптасуы.
3.   Қоғамдық   тамақтандыру   кәсіпорындарындағы    құжаттық    рәсімдеудің
ерекшеліктері

Әдістемелік  нусқаулар-  алғашқы  қайнар  көздермен  жұмыс  жасау,  қойылған
сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

          Әдебиеттер
            1. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009 жыл
      2.Мырзалиев, Б.С. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі.- Алматы,
      2008 жыл
      3.Баймуханова С.Б. Қаржылық есеп Алматы 2007 жыл
      4.Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есептің теориясы
      және негіздері Алматы 2006 жыл

Тақырып 4. Өсімдік шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп.


    Тәжірибелік сабақ жоспары:
1.Дақылдар бойынша өсімдік өнімдерін өсірудің құжаттық рәсімдеу және есебі.
2. Өсімдік өнімдерінің есебі және калькуляция.
Әдістемелік  нусқаулар-  алғашқы  қайнар  көздермен  жұмыс  жасау,  қойылған
сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

        Әдебиеттер

   1.  Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп беру принциптері
      Алматы 2006 жыл
   2. Миржакыпова С.Т., Аппакова Г.Н. Основы бухгалтерского учета по МСФО.
      Алматы 2009
   3. Мырзалиев, Б.С. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі.- Алматы,
      2008 жыл
   4. Баймуханова С.Б. Қаржылық есеп Алматы 2007 жыл
   5. Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есептің теориясы және
      негіздері Алматы 2006 жыл

Тақырып 5. Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп.

    Тәжірибелік сабақ жоспары:
    1.Өсірудегі және бордақылаудағы малдар есебі.
    2.Мал шаруашылығы өнімдерін калькуляциялаудың негізгі сұрақтары.

Әдістемелік  нусқаулар-  алғашқы  қайнар  көздермен  жұмыс  жасау,  қойылған
сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.
           Әдебиеттер
            1. Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009 жыл
      2.Мырзалиев, Б.С. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі.- Алматы,
      2008 жыл
      3.Баймуханова С.Б. Қаржылық есеп Алматы 2007 жыл
      4.Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есептің теориясы
      және негіздері Алматы 2006 жыл

Тақырып 6. Құрылыстағы бухгалтерлік есеп.


      Тәжірибелік сабақ жоспары:
   1.Құрылыс өндірісінің ұйымдастырушылық-техникалық ерекшеліктері.
   2.Құрылыстағы өндірістік шығындардың қалыптасуы.
   3.Өнім ақауының есебі.
   4.Орындалған құрылыс-монтаж жұмыстардың  көлемінің  есебі  және  құжаттық
   рәсімдеу.
   5.Шаруашылық тәсілмен жүзеге асырылған құрылыс есебінің ерекшеліктері.


Әдістемелік  нусқаулар-  алғашқы  қайнар  көздермен  жұмыс  жасау,  қойылған
сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

            Әдебиеттер
1. Қаржылық есептіліктің ұлттық  стандарттары. Астана 2009 жыл
2. Субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебі  шоттарының
жұмыс жоспары. 2007 жыл
3.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл
4.Құрылыстағы бухгалтерлік есеп. Е.Төлегенов, А.Бейсенбаева. 2008жыл.


Тақырып 7. Туристік компанияларда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

        Тәжірибелік сабақ жоспары:
1. Туристiк қызметтiң субъектiлерi мен объектiлерi
2. Халықаралық және ішкі туризм -туризмнің ұйымдық нысандары
3. Туристік  қорлар
4. Туроператорлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу құжаттары
Әдістемелік  нусқаулар-  алғашқы  қайнар  көздермен  жұмыс  жасау,  қойылған
сұрақтар негізінде өзіндік талдау , қорытынды жасау.

            Әдебиеттер
              1. Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы
2008 жыл
        2. Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп беру принциптері
Алматы 2006 жыл
        3.Миржакыпова С.Т., Аппакова Г.Н. Основы бухгалтерского учета по
МСФО.  Алматы 2009




                       4.СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ
               4.1 Өздік жұмыстарды орындауға жалпы нұсқаулар
      «Салалардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері»  пәнінен  тәжірибелік
сабақтарды өткізудің әдістемелік  нұсқауы  студенттердің  бухгалтерлік  есеп
пәнінен  оқу  барысындағы  алған  білімдерін  дамытуға,   тереңдетуге   және
нақтылай түсуге көмектеседі.
      Салалардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері - кәсіпорынның  қалыпты
шаруашылық қызметін жүргізу үшін жоғары оқу орындарында оқитын  студенттерге
қаржылық есепті дамытуға арналған бірқатар құрылымнан тұрады. Курстың  басты
мақсаты – экономиканың салаларындағы   бухгалтерлік  есептің  ерекшеліктерін
студенттерге меңгерту. Оларға бухгалтерлік есеп ақпараттарын  қалай  қолдану
қажеттілігін және осы  ақпараттардың  қайдан  алынғандығы  жайлы  түсінікпен
таныстыруды көздейді. Сонымен қатар мұнда есеп стандарттарындағы  өзгерістер
де қарастырылады.
      Студенттерге бухгалтерлік есептің ерекшеліктерін  оқытуда  бағдарлама,
яғни осы пәнді оқытуда силлабус жасалған. «Салалардағы бухгалтерлік  есептің
ерекшеліктері»   пәнінен   тәжірибелік   сабақтарды    жүргізуге    арналған
әдістемелік  нұсқаулар  осы   пәннің   силлабусы   негізінде   жасалды.   Ол
студенттерге  басқару  есебі   курсының  тәжірибелік  сабақтарын   жүргізуді
ұйымдастыруға көмектеседі. «Салалардағы бухгалтерлік есептің  ерекшеліктері»
пәнінен  жүргізілетін  тәжірибелік  сабақтар  бекітілген  жоспарға   сәйкес,
есептер  шығару,  студенттердің  теориялық  білімдерін   бекіту   мақсатында
жүргізіледі.
       «Салалардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері» пәнінен жүргізілетін
өздік жұмыстар бекітілген жоспарға  сәйкес,  есептер  шығару,  студенттердің
теориялық білімдерін бекіту мақсатында жүргізіледі.
      «Салалардағы  бухгалтерлік  есептің   ерекшеліктері»   пәнінен   өздік
жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар  пәннің  оқу-әдістемелік
кешенінің құрамына кіреді.


                      4.2 Реферат тақырыптарының тізімі

   1. Салалардағы бухгалтерлік есептің ерекшеліктері
   2. Бухгалтерлік есептің заңдылық базасы
   3. Бухгалтерлік есептің әдістері
   4. Түгендеу - бухгалтерлік есептің әдісі ретінде
   5. Бағалау және калькуляциялау - бухгалтерлік есептің әдісі ретінде
   6. Мал шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп
   7. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынындағы есеп
   8. Өсімдік шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп
   9. Туристік қызметтің субъектілері мен объектілері
  10. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
  11. Ағымдағы активтер есебі: ақша қаражаттары
  12. Құрылыс есебінің шаруашылық тәсілмен жүзеге асырылуы
  13. Негізгі құралдардың есебі
  14. Материалдық емес активтердің есебі
  15. Инвестициялардың есебі
  16. Тауарлы – материалдық қорлар есебі
  17. Дебиторлық қарыздар есебі
  18. Тауарлардың есебі
  19. Дайын өнімнің есебі
  20. Жарғылық капиталдың есебі
  21. Сыртқы экономикалық әрекеттің бухгалтерлік есебін қалыптастыру
  22. Көтерме саудадағы тауарлық операцияладың есебі
  23. Ұзақ мерзімді міндеттемелердің есебі
  24. Туристік компаниялардағы бухгалтерлік есеп нысандары
  25. Тауарлы – материалдық қорларды бағалаудың әдістері
  26. Көтерме саудадағы тауарлық операцияладың есебі
  27. Туристік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру
  28. Экспорттық және импорттық операциялар есебі
  29. Тауарлық операцияларды құжаттық рәсімдеу
  30. Мал шаруашылық өнімдерінің калькуляциясы
  31. Туристік қорлар
  32. Туристік қызметтен түсетін табыстар мен шығыстар
  33. Бөлшек саудада бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
  34. Өсімдік шаруашылығындағы есептің ерекшелігі
  35. Өнім ақауының есебі
  36. Құрылыстағы өндірістік шығындардың қалыптасуы
  37. Халықаралық және ішкі туризм нысандары
  38. Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерік есеп
  39. Орындалған құрылыс – монтаж жұмыстарының көлемінің есебі және құжаттық
      рәсімделуі
  40. Шаруашылық тәсілмен жүзеге асырылған құрылыс есебінің ерекшеліктері

Пәндер