Файл қосу

Азаматтық құқықтардың міндеті



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

                         ТАРИХ-ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
                  ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ КАФЕДРАСЫ


Документ СМК 3 дәреже            Редакция №1 от__________
У.12.01/2005
ПОӘК










                         050115 МАМАНДЫҒЫНА АРНАЛҒАН

                         «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
                              АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ»

           ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН



























                                 Семей 2009



Құрастырушылар: Сабалақова А.У., Газизова Н.С., Башаева Н.Д.


Кафедра мәжілісінде бекітілген

Хаттама  №_____              «_____»_________________2009 г.


Құқық және экономика негіздері кафедрасының
меңгерушісі                          э.ғ.к.,                          доцент
           Алжанов А.К.



Тарих-филология факультетінің оқу-әдістемелік отырысында талқыланған

Хаттама  №_____              «_____»_________________2009 г.


Тарих-филология факультетінің оқу Кеңесінде бекітілген

Хаттама  №_____              «_____»_________________2009 г.

Тарих-филология факультетінің деканы:____________Адильбаева А.С
































                                  МАЗМҰНЫ:


   1. Глоссарий
   2. Пән бойынша жұмыс жоспары
   3. Дәрістердің қысқаша конспектісі
   4. Практикалық сабақтардың әдістемелік нұсқауы
   5. СОӨЖ әдістемелік нұсқауы
   6. СӨЖ әдістемелік нұсқауы
   7. Бақылау түрлері












































































                                  Глоссарий

   1. Азаматтық құқық   принциптері  -  нормативтік   сипаты  бар,  қоғамдық
      қатынастарды   азаматтық-құқықтық    реттеу     бастаасын   басшылыққа
      алатын негіз.
   2. Шарт - шаруашылық  қызметінің  негізгі құралы.
   3. Азаматтық  заң   күші  -  заң   күшіне  енгеннен   бастап,  оның  күші
      жойылғанға  дейін   белгілі  бір  қатынасқа   қолданылуындағы   заңдық
      болмысына  тән  нысан.
   4.  Заңды  тұлға  -  өз  атынан   мүліктік   құқықтар   мен   міндеттерді
      еншілейтін, оның  құрамына кіретін  тұлғалардан  тәуелсіз  өзі   жауап
      беретін  тұлға.
   5.  Азаматтық  құқық   қатынастары  -   азаматтық   құқық    нормаларының
      талаптарына сәйкес туындайтын  және   бұл   нормаға   тәуелді  болатын
      жақтар  арасындағы  қатынастар.
   6.  Азаматтық  құқықтық  қатынастардың   субьектілері  -   әрбір    құқық
      қатынастарының   қатысушылары.
   7.  Обьектілер - құқықтар   мен   міндеттердің   қатысы   бар    мүліктік
       және   мүліктік   емес  игіліктер.
   8.  Заттар - азаматтық   құқық   қатынастарының  обьектілері.
   9.  Заттық   құқық  - заттар   жөнінде   туатын   құқық.
  10.  Жеке   тұлға   -  Қазақстан    Республикасының     азаматтары,  басқа
      мемлекеттердің   азаматтары, сондай-ақ  азаматтығы   жоқ   адамдар.
  11.  Азаматтық   құқық   қабілеттілігі  -  Азаматтық    Кодекстің    13  -
      бабында    азаматтық     құқыққа      ие    болып,   міндет     атқару
      қабілеті.
  12.  Азаматтық   әрекет   қабілеттілігі - азаматтың    өз    әрекеттерімен
      азаматтық     құқықтарға     ие    болуға      және     оны     жүзеге
      асыруға, өзі   үшін   азаматтық   міндеттер   жасап, оларды  орындауға
         қабілеттілігі.
  13.   Мүліктік    оқшаулық  -  заңды  тұлғаның   экономикалық  -  құқықтың
      белгісі   болып  табылады   және   оның    мүлікке   заттық    құқығын
      иелену.
  14.   Дербес    мүліктік    жауапкершілік    -    ол    заңды     тұлғаның
      міндеттемелері   бойынша     өздеріне    тиесілі    барлық    мүлікпен
      жауап  беруі.
  15.    Ар - намыс  -  тұлғаның   рухани   және    әлеуметттік    болмысына
      берілетін   қоғам   бағасы.
  16.  Өкілдік -   басқа    адамның    атынан   бір   адамның    сенімхатқа,
      заңдарға, сот    шешіміне    ие    әкімшілік    құжатқа    негізделген
      өкілеттігі   күшімен  жасалған   мәміле.
  17.   Азаматтардың    меншік    құқығы  -  тиесілі    мүлікті      иелену,
      пайдалану  және  оған   билік   ету   өкілеттігі.
  18.   Міндеттемелік    құқық  -   міндеттемелік    қатынаста     реттейтін
      азаматтық   құқықтың   қосалқы   саласы   болып   табылатын, азаматтық
        құқық   нормаларының   жиынтығы.
  19.  Зиян  -  заңмен  қорғалатын   игілік  атаулының   кемуі.
  20.  Азаматтық   құқық  обьектісі  -  азаматтың    құқықтық    нормалармен
      реттелетін   қоғамдық   қатынастар.
  21. Цивильді құқық – римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқығы.
  22. Цивилист – азаматтық құқық саласындағы мамандар.
  23. Мүліктік қатынастар – материалдық игіліктермен байланысы бар  қоғамдық
      қатынастар.
  24. Азаматтық принциптер (қағидаттар)- нормативтік  сипаты  бар,  қоғамдық
      қатынастарды азаматтық – құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа  алатын
      негіз.
  25. Субъектілер - әрбір құқық қатынастарында қатынасатын қатысушылары.
  26. Объект – құқықтар мен міндеттер не нәрсеге бағытталғаны.
  27. Азаматтық  заңның  күші  –  заң  күшіне  еңгеннен  бастап,  оның  күші
      жойылғанға дейін белгілі бір қатынасқа қолдануындағы заңдық  болмысына
      тән нысан.
  28. Түсіндіру – заңдардағы және басқа да дерекнамадағы  жалпы  қағидаларды
      нақтылы жағдайларға қолданудың қажетті негізі.
  29. Доктриналдық түсіндіру  –  теорияда,  ғылыми  еңбектерде,  оқулықтарда
      берілетін түсіндірме.
  30. Меншік құқығы  –  субъектінің  заң  құжаттары  арқылы  танылатын  және
      қорғанатын өзіне тиесілі мүлікті өз қарауынша иелену,  пайдалану  және
      оған билік ету құқығы.
  31. Билік ету құқығы – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заң мен
      қамтамасыз етілуі.
  32. Заттық құқық - өкілетті жақтың  немесе  өзге  жақтардың  заң  актілері
      арқылы танылатын және қорғалатын құқық.
  33. тарату – заңды  тұлғаның  құқықтары  мен  міндеттерінің  мирасқорлыққа
      өткізбей тоқтату тәсілі.
  34. Заттар – азаматтық  құқық қатынастарың объектілері.
  35. Заңдылық салдар – белгілі бір құқық қатынастарын тудыратын тұлғалардың
        әрекеттері.
  36. Мүліктілік – заңды белгі болып табылмайтын экономикалық түсінік.
  37. Азаматтық құқық қатынастары – азаматтық құқық нормаларырың талаптарына
      сәйкес  туындайтын  және  бұл  нормаларға   тәуелді   болатын   жақтар
      арасындағы қатынастар.
  38.  Мүліктік  оқшаулық  –  заңды   тұлғаның   экономикалық   –   құқықтық
      белгісіболып  табылады  және  оның  мүлікке  заттық  құқығын  иеленуін
      білдіреді.
  39.  Дербес  мүліктік  жауапкершілік  дегеніміз  –   ол   заңды   тұлғаның
      міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі.
  40. Қоғамдық бірлестік – заңдарға қайшы келмейтін, ортақ мақсаттарға  жету
      үшін азаматтардың ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған ұйым.
  41.  Діни  бірлестік  –  рухани  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін  өз
      мүдделерінің ортақтығы негізінде заң актілерінде белгіленген тәртіппен
      біріккен азаматтардың ерікті бірлестігі.
  42. Бағалы қағаз – түрі мен мазмұнымен  заң  талаптарына  қатаң  бағынатын
      құжат.
  43. Конклюденттік әрекет (лат. Concludere – жасау) – сол  арқылы  тұлғаның
      мәмілеге қатысуға ние білдіру әрекеті.
  44. Пайдаланудың өкілеттік құқығы дегеніміз – мүлікпен оның пайдалы табиғи
      қасиеттерін алудың,  сондай  –  ақ  одан  пайда  табудың  заң  жүзінде
      қамтамасыз етілуі.
  45. Билік ету құқығы – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің  заңмен
      қамтамасыз етілуі. (АК-тің 188-бабы 2 тармағы).
  46.  Жеке  кәсіпкерлік  –  азаматтардың  тауарларға  (жұмысқа,   қызметке)
      сұранымды  қанағаттандыру  арқылы  пайда  немесе  жеке  табыс   табуға
      бағытталған ынталы қызметі.
  47. Міндеттемені тоқтату дегеніміз – міндеттеменің мазмұнын құрайтын  оның
      қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін жою болып табылады.
  48. Жаңғыртылу – міндеттемені тоқтату әдісі ретінде бастапқы  міндеттемені
      жаңа міндеттемемен ауыстыру туралы әр жақтың өзара келісімі.
  49. Принциптер – Азаматтық құқық жүйесінде әр қашанда бастапқы норма.
  50. Азаматтық заңның күші деп – заң  күшіне  енгеннен  басьап,  оның  күші
      жойылғанға  дейін  белгілі  бір   қатынасқа   қолданылуындағы   заңдық
      болмысына тән нысанын айтамыз.
  51. Құқықтық теңдік принципі дегеніміз – азаматтық – құқықтық қатынастарға
      қатысушылардың бәрі де меншік түріне, азаматтығына  қарамастан  бірдей
      құқықтық ахуалды білдіруі болып табылады.
  52.  Жеке  тұлға  дегеніміз  –  ҚР-ның  азаматтары,  басқа  мемлекеттердің
      азаматтары, сондай – ақ азаматтығы жоқ адамдар.
  53. Заттық құқық деп – белгілі бір тұлғаның өз қарамағындағы жеке заттарға
      үстемдік етуін айтады.
  54. Триада – меншік иесінің өкілеттіктерінің сипаттамасы болып табылады.
  55. Жеке меншік – капиталистік экономиканың темірқағазы, сондықтан да жеке
      құқық жеке меншік құқығының қорғайды.
  56.  Заң  актісі   –   Коститутциялық   заң,   Қазақстан   Республикасының
      Президентінің Конституциялық заң күші бар жарлығы,  Кодекс,  Қазақстан
      Республикасы   Президентінің   Заң   күші   бар   Жарлығы,   Қазақстан
      Республикасы Президентінің Қаулысы, сенат пен мәжілісінің қаулылары.
  57. Мұрагерлік құқық – Құқықтық жүйеде мұраға ие болу.
  58. Мүліктік оқшаулық – заңды тұлғаның экономикалық құқықтық белгісі  және
      оның мүлікке заттық құқығын иеленуі.
  59. Дербес мүліктік жауапкершілік – заңды тұлғаның міндеттемелері  бойынша
      өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі.
  60. Тарату  –  заңды  тұлғаның  құқықтары  мен  міндеттерін  мирасқорлыққа
      өткізбей тоқтату тәсілі.
  61. Банкрот жариялау – заңды тұлғаны таратудың жеке жағдайы.
  62. Мекеме – құрылтайшы басқару, әлеуметтік – мәдени  немесе  коммерциялық
      емес сенаттағы өзге де  қызметтерді  жүзеге  асыру  үшін  құрған  және
      қаржыландыратын ұйым.
  63. Қоғамдық бірлесітік – заңдарға   қайшы  келмейтін,  ортақ  мақсаттарға
      жету үшін азаматтардың ерікті бірігуі нәтижесінде құрылған ұйым.
  64. Бағалы қағаз – түрі және мазмұны мен заң талаптарына  қатаң  бағынатын
      құжат.
  65. Конклюденттік әрекет – тұлғаның мәмілеге қатысуға ниет білдіру әректі.
  66. Пайдаланудың өкілеттік құқығы – мүлік пен пайдалы табиғи  қаситеттерін
      алудың, одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі
  67. Билік ету құқығы – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің  заңмен
      қамтамасыз етілуі.
  68. Жеке кәсіпкерлік – азаматтардың  тауарларға  сұранымды  қанағаттандыру
      арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған ынталы қызметі.
  69. Пайдалану құқығы –  мемлекеттік  мүліктен  мемлекет  пен  жалпы  қоғам
      мүшесі үшін пайданы алуға байланысты мемлекеттің өзіне тән мүмкіндігі.
  70. Құқықты қорғау – құқықтың бұзылуына жол берілмейтіндей жағдай жасайтын
      қоғамдық қатынастар тәртібін мемлекеттің қолдауы.
  71. Негаторлық талап – теріске шығару талабы.
  72. Келісім шарт - әр жақтың келісімі бойынша жасалатын шарт.
  73. Айып төлеу – кәсіпкерілік салада пайда болған  міндеттемені  орындауды
      қамтамасыз ету
  74. Ипотека – кепілге салынған мүлік кепіл  салушының  немесе  үшінші  бір
      жақтың иелігінде және пайдалануында қалатын кепіл түрі.














                           ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ




 Курстың қысқаша мазмұны:
      Азаматтық  құқықты  оқытудағы  негізгі  көзделген  бағыт  студенттерді
азаматтық – құқықтық  қатынастардың   толық  мазмұнымен  таныстыру,  олардың
басқа салалардан айырмашылығын ажыратып көрсету. Азаматтық  құқықтың  қайнар
көздерін кезектілікке сай  жіктеу.  Азаматтық  құқық  нормаларының  мазмұнын
дұрыс түсіндіру және оларды тәжірибеде дұрыс қолдануға үйрету.
       Студенттер  азаматтық  құқықты  оқып  үйренгеннен  кейін,  күнделікті
өмірде азаматтық істерге байланысты туындайтын қатынастардың мазмұнын  дұрыс
түсініп, азаматтық нормаларды белгілі деңгейде шебер қолдануы тиіс.
      ҚР Азаматтық құқығы пәнін оқу  барысында  студент  азаматтық  құқықтық
нормаларының  мазмұнын  білуі  міндетті.  Студент   алған   білімі   бойынша
азаматтық құқықтық  нормаларды  тәжірибеде  қолдана  алатындай  танып  білуі
тиіс.  Студент  азаматтық  заңдарды  қолдану  ерекшеліктерін  және  тәртібін
азаматтық  құқықтық  қатынастарға   қолдану   ерекшеліктері   туралы   білуі
міндетті.   Тыңдаушы сонымен  қатар  азаматтық,  құқықтық  нормаларды  нақты
құқықтық  жағдайларға  қолдану  және  тәжірибелік  талқылау  жүргізе  білуге
міндетті.






    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫ ПӘНІНІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ МАЗМҰНЫ




   |№  |    Тақырыптар                  |Дәрістер  |Семинар   |СОӨЖ      |СӨЖ    |
|   |Модуль1 Азаматтық құқық ұғымы   |1         |-         |-         |-      |
|1  |Азаматтық құқығы туралы түсінік |1         |1         |3         |3      |
|2  |Азаматтық құқық жүйесі          |1         |1         |3         |3      |
|3  |Азаматтық  құқықтың қағидаттары |1         |1         |3         |3      |
|   |Модуль 2. Азаматтық құқықтық    |1         |1         |3         |3      |
|   |қатынастар                      |          |          |          |       |
|4  |Азаматтық құқықтарды жүзеге     |1         |1         |3         |3      |
|   |асыру және қорғау               |          |          |          |       |
|5  |Азаматтар-азаматтық құқықтың    |2         |1         |3         |3      |
|   |субьектісі                      |          |          |          |       |
|6  |Заңды тұлға- азаматтық құқықтың |2         |3         |3         |3      |
|   |субьектісі                      |          |          |          |       |
|7  |Мемлекет-азаматтық құқықтың     |1         |1         |3         |3      |
|   |ерекше субьектісі ретінде       |          |          |          |       |
|8  |Модуль3                         |          |          |          |       |
|   |Азаматтық құқықтың обьектілері  |          |          |          |       |
|   |                                |2         |2         |3         |3      |
|9  |Азаматтық құқықтағы  мәміле     |          |          |          |       |
|   |институты                       |2         |2         |3         |3      |
|10 |Өкілдік және сенімхат           |1         |1         |3         |3      |
|11 |Мерзімдер. Талап қою мерзімі    |1         |1         |3         |3      |
|12 |Меншік құқығы                   |1         |1         |3         |3      |
|13 |Меншік құқығының пайда болуы    |1         |1         |3         |3      |
|   |және тоқтатылуы                 |          |          |          |       |
|14 |Басқа да заттық құқықтар        |1         |1         |3         |3      |
|15 |Ортақ меншік                    |1         |1         |3         |3      |
|16 |Меншік құқығын қорғау           |1         |2         |3         |3      |
|17 |Міндеттеменің ұғымы мен         |2         |2         |3         |3      |
|   |тараптары                       |          |          |          |       |
|18 |Азаматтық-құқықтық шарт. Жалпы  |2         |2         |3         |3      |
|   |ережелері                       |          |          |          |       |
|19 |Міндеттемені орындау            |1         |1         |2         |2      |
|20 |Міндеттеменің орындалуын        |1         |1         |1         |1      |
|   |қамтамасыз ету тәсілдері        |          |          |          |       |
|21 |Міндеттемені тоқтату            |1         |1         |1         |1      |
|22 |Азаматтық  - құқықтық           |1         |1         |2         |2      |
|   |жауапкершілік                   |          |          |          |       |
|   |                   Барлығы      |30        |30        |60        |60     |























                              Курстың құрылысы:


«Қазақстан Республикасы азаматтық құқығы» курсы бойынша дәріс және
практикалық сабақтар, СОӨЖ, СӨЖ.


                                  МОДУЛЬ 1
                       Тақырып: Азаматтық құқық ұғымы
    Азаматтық  құқықтың  Қазақстан  Республикасы  құқық  жүйесінде   алатын
орны.Азаматтық құқығының пәні. Азаматтық құқығымен реттелетін  қатынастардың
мазмұны.
    Мүліктік  қатынастар,  мүліктік  емес  өзіндік   қатынастар.    Олардың
түсінігі мен жіктелуі. Азаматтық қатынастарды реттеудің тәсілдері.
    Шетел мемлекеттерінің азаматтық құқығының жалпы сипаттамасы.  Азаматтық
құқығының  басқа  құқықтардын  ерекшелігі.   Азаматтық   құқығының   негізгі
қағидалары. Азаматтық құқығының жүйесі.
    СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.

                  Тақырып: Азаматтық құқығының қайнар көзі
    Азаматтық заңдар және азаматтық құқық, олардың  арақатынасы.  Азаматтық
заңдар түсінігі және олардың  құрамы.  Қазақстан  Республикасының  азаматтық
кодексі-азаматтық құқығының негізгі қайнар көзі.
    Халықаралық  шарттар  мен  азаматтық  заңдар.  Заңға  сәйкес   актілер-
азаматтық  құқығының  қайнар  көзі.  Әдет-ғұрыптар  және   іскерлік   қызмет
өрісіндегі әдеттегі  құқықтар-азаматтық  құқығының  қайнар  көзі.  Азаматтық
заңдардың уақытқа қарай, кеңістікке қарай  қолданылуы.  Заң  ұқсастығы  және
құқық ұқсастығы. Азаматтық заңдардың түсіндірілуі.
    СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
 1. ҚР-ның Конституциясы, 1995ж.
 2. ҚР-ның Азаматтық кодексі/жалпы бөлім/ 2007ж.
 3. ҚР-ның Азаматтық кодексі/негізгі бөлім/ 2007ж.
 4. Нормативтік құқықтық актілер туралы  ҚР-ның заңы 24.03.2007ж.
 5. Соглашение о порядке  разрешения  споров,  связанных  с  осуществлением
    хозяйственной деятельности, ратифицированное пост. ВС РК 2 июля 1992 г.
 6. Гражданское право, под ред. Суханова Е.В.-М., 1993.
 7. Практикум по гражданскому праву, под ред Коваленко Н.И.-М., 1993.
 8. Гражданское право. Практикум, под ред. Егорова Н.Д.-СПб.,1996.
 9. Калмыков  Ю.Х.  Вопросы  применения  гражданско-правовых  норм-Саратов.
    1976.
10. Свердлык Г.А. Принципы советского гражданского правв.- Красоярск, 1985.
11. Азаматтық құқық. Тулеуғалиев Ғ.И. А, 2001ж.
12. Коментарий к ГК РК /общая часть/ Жеті жарғы 1998 .1,2 том.
13. Конвенция о правовой  помощи  и  правовых  отношениях  по  гражданским,
    семейным и уголовным делам. 22.01.93. Минская конвенция.
14. Гражданское право РК. Под ред. Г.И. Тулеугалиева 1998г. 1,2 том.
15. Гражданское право. Под ред. Ю.К. Толстого 1996г.
16. Алексеев С.С. Предмет советского социалистического гражданского  права,
    1959г.

                                  МОДУЛЬ 2
                   Тақырып: Азаматтық-құқықтық қатынастар
    Азаматтық құқықтық қатынастар ұғымы.
    Азаматтық-құқықтық   қатынастардың   элементтері   мен   ерекшеліктері.
Субьективтік  азаматтық  құқықтың  және  субьективтік  азаматтық   міндеттің
түсінігі.  Азаматтық  құқықтық  қатынастардың   түрлері   мен   пайда   болу
негіздері.
    Заңды айғақ азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болуының бірден  бір
негіздері. Заңды айғақтың классификациясы.
СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.

Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
   1. ҚР-ның Азаматтық кодексі, 2007.
   2. Грибанов В.П. Пределы осущесвления  и  защиты  гражданских  прав.  М.,
      1972.
   3. Халфина Р.О. Общее учение о правоотношении. М.1974.
   4. Мирошникова Н.И. Механизм осуществления субьективных гражданских прав.
      Ярославль, 1989.
   5. Егоров Н.Ю. Гражданско-правовое регулирование  общественных  отношений
      Л, 1988.

           Тақырып: Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау
    Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру туралы түсінік. Азаматтық  құқықтарды
жүзеге асырудың еріктілігі  мен  шегі.  Субьективтік  құқықты  жүзеге  асыру
адалдығы. Азаматтық құқықты қорғаудың түсінігі  мен  тәсілдері.  Кәсіпкерлер
мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау.
СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.

Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
   1. ҚР-ның «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау» туралы  Заңы.  4  шілде
      1992ж.
   2. ҚР-ның «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» туралы Заңы. 5 маусым 1991.
   3. Братусь С.Н. Юридическое ответственность и законность, М., 1976.
   4. Грибанов В.П. Пределы осуществления и  защиты  гражданских  прав-  М.,
      1972.
   5. Комаров А.С. Ответственность в коммерческом обороте.- М., 1992.
   6. Черепахин Б.Б. Правопеемство по советскому  гражданскому  праву.-  М.,
      1962.

              Тақырып:Азаматтар-азаматтық құқығының субьектісі
    Жеке тұлға туралы ұғым. Құқық қабілеттілік  туралы  түсінік  және  оның
мазмұны.   Шетел   азаматтары   мен   азаматтығы   жоқ   адамдардың    құқық
қабілеттілігі.
    Құқық қабілеттілікке шек қоюға жол бермеу. Әрекет  қабілеттілігіне  шек
қою ерекшеліктері.
    Қорғаншы және қамқоршы. Тұрғылықты жер және оның заңи маңызы.
    Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану және оның салдары. Азаматты  өлді
деп жариялау және оның салдары.
СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.

Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
   1. ҚР-ның Азаматтық кодексі, 2007.
   2. Басин Ю.Г. Сделки., 1996.
   3. Веберс Я.Р. Правосубьектность граждан в советском  гражданском  праве.
      Рига, 1976.
   4. Шершеневич Г.Ф. Учебник торгового права, М., 1994.

            Тақырып: Заңды тұлға- азаматтық құқығының субьектісі
    Заңды  тұлға  туралы  түсінік  және  оның  белгілері.  Заңды   тұлғаның
органдары. Филиалдар мен өкілдіктер және олардың құқықтық ерекшеліктері.
    Заңды тұлғаның құрылу және таратылу тәсілдері. Құрылтай құжаттары  және
олардың маңызы. Заңды тұлғаны тіркеу және оның тәртібі.
    Заңды тұлғаны тоқтату және қайта құру.  Қайта  құрудың  түрлері.  Заңды
тұлғаның түрлері. Коммерциялық, коммерциялық емес заңды тұлғалар.
    Коммерциялық ұйымдардың түрлері мен  ерекшеліктері.  Коммерциялық  емес
заңды тұлғалардың құқықтық ерекшеліктері.


Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
   1. ҚР-ның Президентінің  «Шаруашылық  сріктестік»  туралы  заң  күші  бар
      Жарлығы. 2.05.1995.
   2. ҚР-ның  «Жауапкершілігі  шектелген  және  қосымша  жауапкершілігі  бар
      серіктестіктер» туралы Заңы. 22.04.1998.
   3. ҚР-ның «Акционерлік қоғам» туралы Заңы 10.07.98.
   4. ҚР  Президентінің  «Мемлекеттік  кәсіпорындар»  туралы  заң  күші  бар
      Жарлығы, 19.06.1995.
   5. ҚР-ның «Банкрто туралы» Заңы 21.01.97.
   6. ҚР Президентінің «Өндірістік кооператив» туралы Заң күші бар  Жарлығы.
      5.10.95.
   7. ҚР «Коммерциялық емес ұйымдр туралы» Заңы. 2000.
   8. ҚР «Тұтыну кооперативі туралы» Заңы. 2001.
   9. Ю.Г.Басин. Юридические лица. А., 1996.
  10. Ю.Г.Басин. Учредительный договор. Ж., Бизнес и  право  в  Казахстане.,
      1993,-1;
  11. Братусь С.Н. Субьекты гражданского право.-М.,1950.


       Тақырып: Мемлекет-азаматтық құқықтың ерекше субьектісі ретінде
    Мемлекет  және   әкімшілік-аймақтық   бөліністердің   азаматтық   құқық
қабілеттілігі.  Қазақстан  Республикасынң  азаматтық-құқықтық   қатынастарға
қатысу ерекшеліктері.
    СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.


Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
   1. Брагинский М.И. Участие государства  в  гражданских  провоотношениях.-
      М., 1981.
   2. Пушкин А.а. Советское государство как субьект советского  гражданского
      право.-Харьковь, 1965.
   3. Ташмухамбетова Ш.Ж.  Иммунитет  государства  во  внешно  экономических
      отношениях.

                   Тақырып: Азаматтық құқықтың обьектілері
    Азаматтық құқығының обьектілері туралы түсінік және оның түрлері. Мүлік-
азаматтық құқығының обьектісі.  Мүліктің  классификациясы.  Қозғалатын  және
қозғалмайтын мүлік. Азаматтық айналымнан алынған және алынбаған мүліктер.
    Негізгі зат және керек-жарақ.  Қызмет  және  басқа  әрекеттер-азаматтық
құқығының  обьектілері.   Интеллектуалдық   қызметтің   нәтижелері-азаматтық
құқығының обьектілері. Ақша және басқа да шетел валютасы.
    Бағалы қағаздар. Түсінігі және түрлері. Өзіндік мүліктік емес игіліктер-
азаматтық құқығының обьектісі.
    СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.


Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
   1. Закон РК «О рынке ценных бумаг» от 5.03.2007.
   2. ҚР-ның «Акционерлік қоғам» туралы Заңы, 10.07.2007.
   3. Закон РК «О регистрации сделок с ценными бумагами» 5.03.97.
   4.  Указ  Президента  РК,  имеющий  силу   закона,   «О   государственной
      регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним» от 25.12.95.
   5. Постановление Пленума Верховного Суда РК от 18.12.92. «О применение  в
      судебной  практике  законодательства  о  защите  чести  и  достоинства
      граждан и организаций».
   6. Егоров Н.Д. Личные нимущественные права и их защита.-Ярославль, 1988.


                            МОДУЛЬ 2.  МӘМІЛЕЛЕР
               Тақырып: Азаматтық құқықтағы  мәміле институты
    Мәмілелер ұғымы және олардың түрлері. Біржақты, екіжақты және  көпжақты
мәмілелер.  Шартты  мәмілелер.  Мәміленің  нысаны.   Ауызша   және   жазбаша
мәмілелер. Мәмілелерді тіркеу.
    Мәмілелерің  жарамды  болу  шарттары.  Мәміленің  жай  жазбаша  нысанын
сақтамаудың салдары. Жарамсыз мәмілелер.  Жарамсыз  мәмілелердің  негіздері.
Биржалық мәмілелердің ерекшеліктері.
СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.

Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
   1. ҚР Азаматтық кодексі, 2007.
   2. «Жылжымайтын мүліктерді  мемлекеттік  тіркеу  және  олармен  жасалатын
      мәмілелер туралы»  ҚР Заңы
   3. Басин Ю.Г. Сделки. А., 1996.


                       Тақырып: Өкілдік және сенімхат
    Өкілдік ұғымы және оның түрлері. Өкілеттілік. Өкілеттілігі жоқ өкілдік.
Сенімхат.  Түсінік.  Түрлері  мен  ерекшеліктері.  Сенімхат  мерзімі.  Сенім
ауысу. Сенімхаттың тоқтатылуы. Коммерциялық сенімхаттың ерекшеліктері.
СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.

Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
   1. ҚР  «Неке және отбасы туралы» Заңы.
   2. Невзгодина Е.Л. Представительство по  советскому  гражданскому  праву-
      Томск, 1980.
   3. Андреев В.К. Представительство в гражданском праве.- Калинин, 1978.


                    Тақырып: Мерзімдер. Талап қою мерзімі
    Азаматтық құқығындағы мерзімнің  маңызы.  Мерзімді  есептеу  және  оның
тәртібі. Мерзімнің түрлері. Гарантиялық мерзім.  Талап  қою  мерзімі.  Ұғымы
мен маңызы. Талап қою мерзімінің түрлері. Талап қою  мерзімінің  тоқтатылуы,
үзіліс және оны қалпына келтіру. Талап қою мерзімінің өтуінің салдары.
    СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.


Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
   1. ҚР  Азаматтық Кодексі  2008ж.
   2.  Положение   о   порядке   предьявления   и   рассмотрения   претензии
      предприятиями,   организациями   и   учреждениями   и   урегулирования
      разногласии по хозяйственным договорам пост. КМ РК от 15.02.93.
   3. Грибанов В:П: Сроки в гражданском праве.- М., 1967.
   4. Тулеугалиев Ғ.И. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы.  Алматы.,


        2001


            МОДУЛЬ 3. Азаматтық құқықтағы меншік құқығы институты
                           Тақырып: Меншік құқығы

    Меншік  құқығы  туралы  түсінік  және  оның  мазмұны.  Меншік   иесінің
құқықтары және мінездемесі. Иелену,  пайдалану  және  билік  ету  құқықтары.
Мүлікті ұстау ауыртпалығы.
    Меншік нысаны. Жеке меншік және мемлекеттік меншік. Мемлекеттік  меншік
және жекешелендіру. Жеке меншік және оның түрлері.
    СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.

Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
   1. ҚР Азаматтық Кодексі. 2007.
   2. Суханов ЕА. Лекции о праве собственности.-М.,1991.

            Тақырып: Меншік құқығының пайда болуы және тоқтатылуы
    Меншік құқығының пайда болу негіздері мен тәсілдері. Мүліктің кездейсоқ
жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупі.  Шарт  бойынша  мүлік  алушыда  меншік
құқығының пайда болу кезеңі. Иелену мерзімі. Меншік құқығының  ерікті  түрде
тоқтатылуы. Меншік құқығын ықтиярсыз негізде  тоқтату.  Ұлт  меншігіне  алу,
реквицициялау, тәркілеу. Олардың бір-бірінен ерекшеліктері.
    СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.


Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
   1. ҚР Азаматтық Кодексі, 2007.
   2. Толстой Ю.К. Понятие права  собственности.-Л.,1962.
   3. Жакыпов Н. Понятие права собственности и иных вещных прав.

                      Тақырып: Басқа да заттық құқықтар
    Заттық  құқықтың   ұғымы.   Шаруашылық   жүргізу   құқығы   және   оның
ерекшеліктері. Шаруашылық жүргізу құқығына ие болу және оны тоқтату.  Меншік
иесінің шаруашылық жүргізу  құқығындағы  мүлікке  құқықтары.  Жедел  басқару
құқығы және оның мазмұны. Жедел басқаруға берілген  мүлікті  меншіктенушінің
құқығы. Жедел басқару құқығының шаруашылық жүргізу  құқығынан  айырмашылығы.
Жер учаскелеріне заттық құқықтар.
СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.

Әдебиеттер мен нормтаивтік актілер:
   1. ҚР Азаматтық Кодексі,  2007.
   2. «Мемлекеттік кәсіпорын» туралы  ҚР Заңы
   3. Беспалова А.И. Право оперативного управления. А.,1969.
   4. Венедиктов  А.В.  Государственная  социалистическая  собственность,-М-
      Л,1948.
   5.  Сулейменов  М.К.  Коментарий  к  закону   Республики   Казахстан   «О
      собственности», 1993.-1.
   6.   Жанайдаров   И.У.   Проблемы   реализации   права    государственной
      собственности. А.,1994.
                            Тақырып: Ортақ меншік
    Ортақ  меншік  ұғымы.  Ортақ  меншіктің  мінездемесі.  Үлестік  меншік.
Үлестік  меншікті  иелену,  пайдалану,  билеу.  Үлестік  меншік  құқығындағы
үлесті  анықтау  тәртібі.  Сатып  алудың  басым  құқығы.  Үлестік  меншіктің
тоқтатылуы.
    Ортақ бірлескен меншік. Бірлескен меншіктің  түрлері.  Ортақ  бірлескен
меншікті жүзеге асыру ерекшеліктері. Ортақ бірлескен  меншіктің  тоқтатылуы.
Ерлі-зайыптылардың  ортақ  меншігі.  Шаруа  /фермер/  қожалығының   меншігі.
Жекешелендірілген  тұрғын  үйге  меншік.  Бірлескен  қызмет   туралы   шарт.
Кондаминиум-ортақ меншіктің ерекше түрі.
    СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.

Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
   1. ҚР Азаматтық Кодексі, 2007.
   2. ҚР «Неке және отбасы туралы»  Заңы.
   3. ҚР  «Шаруа /фермер/ қожалығы» туралы Заңы.
   4. ҚР  «Тұрғын үй қатынастары» туралы заңы.

                       Тақырып: Меншік құқығын қорғау
    Меншік құқығын қорғаудың азаматтық құқықтық тәсілдері.  Меншік  иесінің
өзгеден заңсыз иеленген мүлкін талап етуі. /Виндикациялық  талап/.  Заттарды
заңсыз иеленуден қайтарып алу кезінде есеп айырысу. Меншік  иесі  құқықтарын
иеленуден  айыруға  байланысы  жоқ  бұзылудан  қорғау.  /Негаторлық  талап/.
Меншік құқығын қорғаудың басқа да тәсілдері.
    СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.


Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
   1. ҚР Азаматтық Кодексі, 2007.
   2. Донцов С.Е.Гражданско-правовые  способы  защиты  право  собственности.
      М.,1980.
   3. Сергеев А.П. Вопросы  истребования  имущества  из  чужого  незаконного
      владения/В кн. Проблемы гражданского права. Л.,1987.



         МОДУЛЬ 4. Азаматтық құқықтағы міндеттемелік құқық институты
                 Тақырып: Міндеттеменің ұғымы мен тараптары

    Міндеттемелік құқық ұғымы мен жүйесі. Міндеттеме  туралы  түсінік  және
оның басқа  мүліктік  қатынастардан  ерекшелігі.  Міндеттеменің  пайда  болу
негіздері. Шартты және шартсыз  міндеттемелер.  Міндеттемедегі  көпжақтылық.
Ортақ, үлестік және субсидиарлық  міндеттемелер.  Үшінші  жақтың  қатысуымен
болатын міндеттемелер. Регресстік  міндеттемелер.  Үшінші  жақтың  пайдасына
орындалатын міндеттеме. Міндеттемеде  тараптардың  ауысуы.  Несие  берушінің
ауыстырылуы. Борышқордың ауысуы.
    СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.


    Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
   1. ҚР Азаматтық Кодексі, 2007.
   2. Кабалкин А.Ю. Гражданско-правовые формы  товарно-денежных  отношений.-
      М.,1972.
   3. Новицкий И.Б., Лунц Л.А. Общее учение об обязательстве.-М.,1950.
   4. Проблемы обязательственного прва. Межвузовский  сб.  Научных  трудов.-
      Свердловс,1989.
   5. Иоффе О.С. Обязательственное право.-М.,1975.

              Тақырып: Азаматтық-құқықтық шарт. Жалпы ережелері
    Азаматтық шарт туралы түсінік және оның белгілері. Қазақстанда нарықтық
қатынастарды  қалыптастыруда  шарттардың  атқаратын  рөлі.  Шарт  және  заң.
Шарттың классификациясы. Нақты және консенсуалды шарттар. Ақылы дәне  ақысыз
шарттар. Бір жақты және екіжақты шарттар. Алдын ала жасалатын  шарт.  Қосылу
шарты. Жария шарты. Шарттың жасалу тәртібі. Шарттың мәнді пункттері.  Шартты
түсіндіру. Шарттың нысаны. Шарттың жасалу  жері.  Шарт  жасасудағы  дауларды
шешу. Шартты өзгерту және бұзу негіздері.
    СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.


Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
   1. ҚР  Азаматтық Кодексі, 2007.
   2. Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право.
   3. Гавзе Ф.И. Обязательственное право.- Минск, 1968.
   4.  Саифуллин   Д.Н.    Теория   и   практика   правового   регулирование
      хозяйственного   договора.   //   Роль   договора   в    регулировании
      хозяйственных отношений.-Пермь, 1979.
   5. Сулименов М.К. Структура договорно-хозяственных связей. Алма-Ата,1980.

                        Тақырып: Міндеттемені орындау
    Міндеттемені орындау ұғымы. Міндеттемені  тиісінше  орындау  ұғымы  мен
маңызы. Міндеттемені орындаудың бастаулары.  Міндеттемені  орындау  мерзімі.
Міндеттемені  мерзімінен  бұрын   орындау.   Міндеттеме   орындалатын   жер.
Міндеттемені бөлшектеп орындау. Міндеттемені үшінші жаққа орындау.   Ақшалай
міндеттемені орындау. Міндеттеменің орындалғанын куәландыру.
    СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.


Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
   1.  Сулейменов  М.К.  Ответственность  за  нарушение  сроков   исполнения
      договорных обязательств. Алма-Ата. 1971.
   2. Толстой В.С. Исполнение обязатльств.-М.,1968.


         Тақырып: Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері
    Міндеттеменің  орындалуын  қамтамасыз  ету  туралы  түсінік  және  оның
маңызы.  Міндеттеменің  орындалуын  қамтамасыз  ету  тәсілдері.  Тұрақсыздық
төлем және оның түрлері.  Кепіл.  Кепіл  мінездемесі.  Ипотека  және  кепіл,
айырмашылығы. Кепіл  туралы  шарттың  мазмұны  мен  нысаны.  Кепіл  салынған
мүліктен ақы өндіріп  алу  тәртібі.  Кепіл  болушылық  және  кепілдік,  бір-
бірінен айрмашылығы. Кепілпұл. Кепілпұлдың  нысаны.  Кепілпұлмен  қамтамасыз
етілген   міндеттемені   орындамаудың   салдары.    Кепілпұлдің    атқаратын
функциялары.
СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.

Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
   1. ҚР Азаматтық Кодексі, 2007.
   2. ҚР  «Қозғалатын мүлікке кепілді тіркеу туралы» Заңы. 30.06.98.
   3. Сулейменов М.К., Осипов Е.Б. Залоговое право. А., 1996.
   4. Вишневский А.А. Залоговое право.-М.,1995.

                        Тақырып: Міндеттемені тоқтату
    Міндеттемені  тоқтату  негіздері.  Міндеттемені  нақты  орындау  арқылы
тоқтату. Міндеттемені есепке жатқызу арқылы тоқтату. Міндеттеменің  борышқор
немесе несие берушінің бір тұлға  болуы  себепті  тоқтатылуы.  Міндеттеменің
жаңғыртылуға  байланысты  тоқтатылуы.  Орындауға  мүмкіндік   болмағандықтан
міндеттеменің    тоқтатылуы.   Мемлекеттік    органның    құжат    негізінде
міндеттеменің   тоқтатылуы.   Азаматтың   қайтыс   болуымен    міндеттеменің
тоқтатылуы. Заңды тұлғаның таратылуымен міндеттеменің тоқтатылуы.
СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.

Әдебиеттер мен  нормативтік актілер:
   1. ҚР Азаматтық Кодексі, 2007.
   2. Новицкий И.Б., Лунц Л.А. Общее учение об обязательстве.-М.,1950.
   3. Проблемы обязательственного права.  Межвузовский  сб.научных  трудов.-
      Свердловск,1989.


                Тақырып: Азаматтық құқығындағы жауапкершілік
    Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің ұғымы.  Азаматтық  жауапкершіліктің
бастаулары және оның құқықтық жауапкршілік жүйесінде алатын орны.  Азаматтық
құқықтық жауапкершіліктің түрлері.  Үлесті,  ортақтасқан  және  субсидиарлық
жауапкершілік. Араласқан құқықтық жауапкершіліктің шарттары.  Заңға  қарама-
қайшы   әрекет,   залал,   кінә,   себепті   байланыс   азаматтық   құқықтық
жауапкершіліктің шарттары ретінде. Моральды шығынды өтедің ерекшеліктері.
    СОӨЖ. Ауызша азаматтық кодексінің тақырыпқа сәйкес баптарын талдау.


Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
   1. ҚР Азаматтық Кодексі, 2007.
   2. Постановление Пленума  Верховного  Суда  Республики  Казахстан  от  25
      декабря 1995.  «О  применении  судами  законодательства  о  возмещении
      морального вреда». Вестник Верховного Суда, 1996.-№1.
   3. Постановление Пленума Верховного Суда Республики Казахстан от 22  июля
      1996. «О практике применения судами  законодательства  о  защите  прав
      потребителей». Вестник Верховного суда,1996.-№3.
   4. Алексеев С.С. Общие дозволения  и общие запреты  в  советском  праве.-
      М.,1989.
   5.  Грибанов  В.П.  Ответственность  за  нарушение  гражданских  прав   и
      обязанности.-М.,1973.

        АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ  ПӘНІ БОЙЫНША ӨЗДІК ЖҰМЫС ТАҚЫРЫПТАРЫ  (СӨЖ)
|№   |СӨЖ тақырыптары        |Нысаны, талабы  |Өткізу     |Жинақтайтын|Сағат    |
|    |                       |                |мерзімі    |балл       |саны     |
|1   |Азаматтық құқықтық     |Реферат         |6 апта     |  10       |  30     |
|    |қатынастар.            |Компьютерлік    |           |           |         |
|    |Азаматтық құқықтық     |теру, 10-15 бет,|           |           |         |
|    |қатынастар ұғымы.      |сілтемелер,     |           |           |         |
|    |Азаматтық-құқықтық     |әдебиет тізімі. |           |           |         |
|    |қатынастардың          |                |           |           |         |
|    |элементтері мен        |                |           |           |         |
|    |ерекшеліктері.         |                |           |           |         |
|    |Субьективтік азаматтық |                |           |           |         |
|    |құқықтың және          |                |           |           |         |
|    |субьективтік азаматтық |                |           |           |         |
|    |міндеттің түсінігі.    |                |           |           |         |
|    |Азаматтық құқықтық     |                |           |           |         |
|    |қатынастардың түрлері  |                |           |           |         |
|    |мен пайда болу         |                |           |           |         |
|    |негіздері.             |                |           |           |         |
|    |Заңды айғақ            |                |           |           |         |
|    |азаматтық-құқықтық     |                |           |           |         |
|    |қатынастардың пайда    |                |           |           |         |
|    |болуының бірден бір    |                |           |           |         |
|    |негіздері. Заңды       |                |           |           |         |
|    |айғақтың               |                |           |           |         |
|    |классификациясы.       |                |           |           |         |
|2   |Азаматтық құқықтағы    |                |14 апта    |10         |30       |
|    |мәміле институты.      |                |           |           |         |
|    |Азаматтық құқықтағы    |                |           |           |         |
|    |мәміле институтына     |                |           |           |         |
|    |сипаттама;             |                |           |           |         |
|    |Мәміленің жарамсыздығы,|                |           |           |         |
|    |мысалдар келтіре отырып|                |           |           |         |
|    |талдау.                |                |           |           |         |


    АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУШЫНЫҢ СТУДЕНТПЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ӨЗДІК
                             ЖҰМЫСТАРЫ   (СОӨЖ)

|Тапсырма мазмұны            |Тапсырма нысаны |Бағалау саясаты                |
|Азаматтық  кодекстің        |Ауызша          |өте жақсы – 1 балл             |
|баптарын талдау.            |                |жақсы – 0,8 балл               |
|                            |                |қанағатттанарлық – 0,6 балл    |

Бақылау түрі.
Ағымды бақылау:
 • бағдарламадағы тақырып бойынша өз көзқарасын блдіру;
 • ситуациялық жағдайларды шешу;
 • жазба жұмыстарын, тестер,  бақылау жұмыстарын орындау;
 • пән бойынша сөзжұмбақ құрастыру;
 • іскерлік ойын;
 • шептік бақылау.

Қорытынды бақылау:
 • аттестация;
 • есеп.

Пәннің саясаты:
    • Сабақтарға уақытында келу;
    • Сабақ үстінде басқа істермен шұғылданбау;
    • Себепсіз сабақтан қалмау;
    • Босатқан сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта  тапсыру;
    • Тапсырма орындалмаған жағдайда, қорытынды  баға төмендейді;
Бағалау саясаты
Дәріске қатысу – 0,5 б.
Семинарда жауап беру – 0,25 – 0,5 б.
СӨЖ, СОӨЖ – 16 б.

Студентке қойылатын талаптар:
 - сабақ барысындағы жұмыстарға белсенді  қатысу  үшін,  студенттің   пәнге
   деген  қызығушылығының болуы;
 - барлық тапсырмаларды уақытында орындау;
 - сабақта материалды талдау үшін, сұрақтар қойып, сын көзқарас білдіру;
 - ұялы телефонды сабақ барысында өшіріп қою;
 - сабақ барысында мәселе көтеру үшін алдын - ала дайындалып келу.




 Сабақты талдаудың шамалық мөлшері:
   1. Орындалған жұмыстың жоғарғы сапалы  үлгіде болуы. Жазбаша  жұмыстарда
      қолданылған әдебиеттер  тізімі,  дерек  көздері  көрсетілуі  міндетті
      түрде болу керек.
   2. Жұмыста толық мәлімет беру үшін, студент жоғары ойлау қабілеті арқылы
      тақырыпты жан –  жақты  ашуы  қажет.  Жауаптар  ғылыми  –  теориялық,
      әдіснамалық сипат алуы қажет.
   3. Өздік жұмыс орындаған кезде оқулықтармен бірге ғылыми монографияларды
      және дәрістен алынған  бағыттарды қолдану шарт.
   4. Нормативті құжаттарды талқылауға  ерекше  мән берілу қажет.


  Дәріс пен практикалық сабақтарға дайындық:
  - Берілген материалды оқып, талдау;
  - Дәріс пен семинар сабақтарының конспектісінің міндетті түрде болуы;
  - Ұсынылған тақырыптар бойынша  тапсырмаларды (кестелер, ситуациялар т.б.)
    дайындау;
  - Іскерлік  ойындарға қатысу;
  - Оқытушы көтерген мәселені немесе ситуациялық жағдайды шешу және  жазбаша
    орындау;
 -    Пән бойынша көтерілген мәселеге жан – жақты сипатама беру;
 -    Өз көзқарасын білдіру;
  -   Глоссарии   құрастыру(терминдер сөздігі);
        Студент  өздік  жұмыс  берілген  тақырыпқа   шолу   жасап,   қосымша
әдебиеттер  мен  деректер  қолданып,  глоссарий  мен  түсініктерге   қысқаша
сипаттама беруге міндетті.  Одан  кейін  оның  презентациясын  ұйымдастырып,
студент 10-15 минутта өз көзқарасы мен пікірін білдіруі қажет.


                            ДӘРІСТЕР КОНСПЕКТІСІ

                       АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

   1. Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық жүйесінде алатын орны.
   2. Азаматтық құқық пәні.
   3. Мүліктік және мүліктік емес қатынастар.

    Мақсаты мен міндеті: азаматтық құқықтың  Қазақстан  Республикасы  құқық
жүйесінде алатын орнын анықтау.  Азаматтық  құқығының  пәні  туралы  түсінік
қалыптастыру. Азаматтық құқығымен реттелетін қатынастардың мазмұнын ашу.
Мүліктік қатынастар, мүліктік емес өзіндік қатынастар.  Олардың түсінігі
мен жіктелуі. Азаматтық қатынастарды реттеудің тәсілдеріне сипаттама беру.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
 1. ҚР-ның Конституциясы, 1995ж.
 2. ҚР-ның Азаматтық кодексі/жалпы бөлім/ 2007ж.
 3. ҚР-ның Азаматтық кодексі/негізгі бөлім/ 2007ж.
 4. Нормативтік құқықтық актілер туралы  ҚР-ның заңы 24.03.2007ж.
 5. Гражданское право. Практикум, под ред. Егорова Н.Д.-СПб.,1996.
 6. Калмыков  Ю.Х.  Вопросы  применения  гражданско-правовых  норм-Саратов.
    1976.
 7. Азаматтық құқық. Тулеуғалиев Ғ.И. А, 2001ж.

          «Азаматтық құқық» атауы ежелші уақыттан бері белгілі,  оны  римдік
   заңгерлер  Рим  азаматтарының  құқығы-цивильді  (jus  civile)  құқық  деп
   атаған.
          Тарихтан  белгілі  римдіктердің  құқығы  осы  атаумен   белгіленді
   (квириттер  құқығы).  Римдік  jus  civile   көне   римдегі   азаматтардың
   мемлекеттік, қоғамдық және  қазіргі  азаматтық  құқыққа  қарағанда  ұғымы
   әлдеқайда кең болды.
          Қазақстан Республикасының қазіргі құқық  жүйесі  жария  және  жеке
   құқық деп бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтық құқық тек  өзіне  ғана  тән
   және белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты  дей
   аламыз.
          Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық  салаларының  бірі
   болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың,  заңды
   тұлғалар мен мемлекеттін өзімен, оның  әкімшілік-аумақтық  бөліністерімен
   тығыз байланысты.
          Қазақстан  Республикасы  азаматтық  құқығының   пәнін   тауар-ақша
   қатынастары және қатысушылардың тендігіне негізделген  өзге  де  мүліктік
   қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке
   қатынастар құрайды.
          Азаматтық  құқықпен  реттелетін  қоғамдық   қатынастар   негізінен
   мүліктік қатынастар болып табылады. Материалдық  игіліктермен  (мүлікпен,
   жұмыспен, қызмет  көрсетумен,  ақшамен,  құнды  қағаздар  мен   басқа  да
   мүліктермен) байланысы бар қоғамдық қатынастар  мүліктік  қатынастар  деп
   аталады. Мұндай қатынастар  иелену  немесе  мүліктің  тиістілігіне  қарай
   (заттық  қатынас),  мүліктің  бір   адамнан   екіншісіне   ауысуы,   өтуі
   (міндеттемелік қатынас), меншік иесінің қайтыс болуына байланысты  заттың
   тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе,
   онда олар азаматтық  заңмен  реттеледі.  Бір  сөзбен  айтқанда,  мүліктік
   қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру  мен
   пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады.
          Қоғамдық    қатынастарды    бір-бірінен    ажырататын     мүліктік
   қатынастардың мынадай белгілері, атап айтқанда, белгілі бір  экономикалық
   құндылыққа  ие  болуымен  байланысты   материалдық   объектілер   жайында
   адамдардың  арасындағы  қатынастар  болғандықтан  оның   ерік   сипатында
   болатындығы   нарықта   дербес   тауар   иеленуші   ретінде    қимылдауы,
   қатысушылардың өзара келісім және өзара шарт жасауы.
          Қазақстан   Республикасы   азаматтық   заңдары    мүліктік    әмес
   қатынастардың екі түрін, атап  айтқанда,  мүліктік  қатынасқа  байланысты
   мүліктік емес жеке қатынастар мен  мүліктік  қатынастарға  байланысы  жоқ
   мүліктік емес жеке қатынастарды реттейді.
          Мүліктік   емес    жеке    қатынастар    Қазақстан    Республикасы
   Конституциясымен реттеледі. Конституцияның II тарауы адам  мен  азаматтың
   ажырамайтын  құқықтарына  арналған.  Сонымен  азаматтық  құқықтың  реттеу
   пәніне  мүліктік  қатынастарға   байланысы   жоқ   мүліктік   емес   жеке
   қатынастардың мейлінше кең ауқымы енеді.
          Мүліктік  және  мүліктік  емес  қатынастардың   азаматтық-құқықтық
   реттеу әдістемесі бірқатар өзіндік белгілерге ие:
          а) азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың  жалпы  құқықтық
   жағдайы олардың тауар – ақша және басқа қатынастарына  негізделген  заңды
   түрдегі теңдігімен сипатталады;
          ә) азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарына өз
   еркімен және өз мүддесін көздей  отырып  ие  болады  және  оларды  жүзеге
   асырады.  Олар  шарт  негізінде  өздерінің  құқықтары   мен   міндеттерін
   анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін  кез  келген  жағдайларын
   белгілеуде ерікті (АК-тің 2-бабы, 2-тармағы).  Демек,  азаматтық-құқықтық
   қатынастардың қатысушыларына өзінің қалауынша және мүддесіне сай  келетін
   жағдайларды тандауына мол мүмкіндік жасалады;
          б) тараптар азаматтық құқықтық қатынастарда тең  дәрежеде  қорғану
   құқығына  ие  және  қорғанудың  белгілі  бір  мүмкіндігінтаңдауға  ерікті
   (теңдік және  тұлғалардың  өз  құқықтарын  толық  пайдалану  мүмкіндігі).
   Азаматтық құқықты қорғау сотпен (төрелік  сотпен  немесе  аралық  сотпен)
   жүзеге асады, бұл орайда Азаматтық кодекстің 9-бабына  сәйкес  қорғанудың
   азаматтық істерді жүргізу заңдарының ерекше ережелерін сақтай отырып ашық
   әдістері қолданылады;
          в)  азаматтық-құқықтық  жауапкершілік  өзіндік   сипатымен,   атап
   айтқанда,  мүліктік  және  өтем  түрінде  айқындалады;   сондай-ақ   оған
   келтірілген залалды толықтай өтеу  талабы  да  жатады;  заң  құжаттарында
   өзгеше  көзделмеген  жағдайда,  бұл  заң   бұзушының   кінәсінің   қандай
   екендігіне де байланысты болады.
          Азаматтық құқық-құқықтың бір  саласы,  ол  тауар-ақша  қатынастары
   және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге  де  мүліктік  қатынастар,
   сондай-ақ  мүліктік  қатынастарға  байланысты  (немесе   байланысы   жоқ)
   мүліктік емес жеке  қатынастарын  реттейтін  нормалардың  жиынтығы  болып
   табылады.
Талқылау сұрақтары:
                    1. Азаматтық құқық – құқық саласы ретінде.
                    2. Азаматтық құқықтық қатынастар ерекшелігі
                    3. Қоғамда азаматтық құқықпен реттелетін қатынастар




                            АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ


   1. Құқық жүйесі туралы түсінік.
   2. Құқық жүйесінің салалары.

     Мақсаты мен міндеті:  азаматтық  құқық  жұйесі  туралы  жалпы  сипттама
беру.  Құқық жұйесіндегі салаларына анықтама беру, талдау.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
1.ҚР-ның Конституциясы, 1995ж.
2.ҚР-ның Азаматтық кодексі/жалпы бөлім/ 2007ж.
 3. Нормативтік құқықтық актілер туралы  ҚР-ның заңы 24.03.2007ж.
 4. Азаматтық құқық. Тулеуғалиев Ғ.И. А, 2001ж.
 5. Коментарий к ГК РК /общая часть/ Жеті жарғы 1998 .1,2 том.
 6. Конвенция о правовой  помощи  и  правовых  отношениях  по  гражданским,
    семейным и уголовным делам. 22.01.93. Минская конвенция.


          Құқық  жүйесі  дегеніміз  сол  мемлекеттегі  құқықтық  нормалардың
   жиынтығын қамтитін ғылыми әрі нақты құбылыс болып табылады.  Құқықтың  әр
   саласына   белгілі   бір   жүйк   тән.    Азаматтық    құқық    Қазақстан
   Республикасындағы құқықтық-нормативтік құжаттары жағынан  ең  ауқымды  да
   күрделі  заң  саласы  болып  есептеледі.   Нормалардың   әр   алуындығына
   қарамастан азаматтық құқықтың жүйесі  логикалық  талаптарға  сай  келеді,
   яғни ол іштей салаларға, құрылымдар мен оның бөліктеріне  бөлінеді.  Ішкі
   салаларға тән ерекшелік оның құрылымдарына тұтастай енетін жекелеген және
   жалпы  ережелерді   бөліп   қарау   мүмкіндігі   деуге   болады.   Мұндай
   құрылымдардың мазмұны біркелкі келеді, оны құқықтық реттеудің бір  арнаға
   жинақталуынан және заңдық ерекшелегінен деп түсінген жөн.
          Ішкі салалардың «жалпы бөлімі» мен «жалпы ережелерін» бір-бірінен
   бөліп қарау проблемасы әзірге айтарлықтай зерттеле қойған жоқ. Аталған
   саланың «жалпы бөлімі» жалпы сипаттағы жекелеген институттардың жиынтығын
   білдіреді. Ал осы орайда ішкі салалардың «жалпы ережелерінде» мұндай
   дербес институттар жоқ, сондықтан да ол институттардың белгілі бір
   бөлігін ғана біріктірумен шектеледі.
          «Жалпы ереженің» нормалары азаматтық құқық  бөлімдерінен  тәуелсіз
   негізде барлық мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарға қолданылады.
   «Жалпы бөлімге»  жататын  «Меншік  және  өзге  де  заттық  құқықтар»  мен
   «Міндеттемелік құқық» тәрізді ішкі саланың екі түрінің нормалары да жалпы
   сипатқа ие екіндігі дәлелденеді. Мысалы, меншіктің түрлері  мен  сипатына
   қарай меншік құқығы туралы, меншік қатынастарын  қорғау  мен  оның  пайда
   болуы тәсілдері туралы норма басқа институттарды,  атап  айтқанда,  сатып
   алу-сату, авторлық және мұрагерлік құқықтарға кеңінен қолданылады. «Жалпы
   бөлім» құзіретті  органдардың, азаматтар  мен  ұйымдардың  құқық  қолдану
   қызметі үшін қолайлы жағдай туғызады,  сондай-ақ  ол  қайталау  мен  олқы
   тұстарды жоюға мүмкіндік береді.
          Азаматтық  құқық  жүйесі  төмендегідей  ішкі  салаларға  бөлінеді:
   «Міндеттемелік құқық», «Меншік  құқығы  мен  өзге  де  заттық  құқықтар»,
   «Интеллектуалдық меншік құқығы, «Мұрагерлік  құқығы»,  «Халықаралық  жеке
   құқық», осындай әрбір ішкі саланың  өз  нормаларына  сай  келетін  «Жалпы
   ережесі»  болады.  Оның  әрқайсысы  өз  кезегінде  іштей  құрылымдар  мен
   бөлімдерге  жіктеледі.  Айталық,  шарт   институты   және   шарттан   тыс
   міндеттемелік институты деп бөлінеді.
          Қазақстан Республикасы азаматтық құқық жүйесі  Жалпы  және  Ерекше
   бөлімдерден тұрады.
          1. Жалпы бөлім:
          I–бөлім.   «Жалпы   ережелер»    (тараулары:    азаматтық-құқықтық
   қатынастарды  реттеу;  азаматтық  құқықтардың   субъектілері;   азаматтық
   құқықтар  объектілері;  мәмілелер;  өкілдік  және  сенімхат;  мерзімдерді
   есептеу; талап қою мерзімі).
               II-бөлім.  «Меншік  құқығы  және  өзге  де  заттық  құқықтар»
   (тараулары: меншік құқығы. Жалпы  ережелер;  шаруашылық  жүргізу  құқығы;
   оралымды басқару құқығы; ортақ  меншік;  бірлескен  қызмет  туралы  шарт;
   меншік құқығына және өзге де  заттық құқықтарға  ие  болу;  меншік  құқық
   және өзге де заттық құқықтардың тоқтатылуы; меншік  құқығы  мен  өзге  де
   заттық құқықтарды қорғау).
          III-бөлім. «Міндеттемелік құқық»  (1-бөлімше:  «Міндеттеме  туралы
   жалпы ережелер», оған  мына  тараулар  енеді:  міндеттемелер  ұғымы  және
   олардың  пайда  болуы  негіздері;  міндеттемені  орындау;   міндеттеменің
   орындалуын  қамтамасыз  ету;   міндеттемедегі   адамдардың   ауыстырылуы;
   міндеттеменің бұзылғандығы үшін  жауаптылық;  міндеттемені  тоқтату.  II-
   бөлімше: «Шарт туралы жалпы ережелер», оған  мына  тараулар  енеді:  шарт
   ұғымы және оның ережелері; шарт жасасу; шартты өзгерту және бұзу).
          Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығының Ерекше бөлімі мыналарды
   қамтиды:
          IV-бөлім.  Міндеттемелердің  жекелеген  түрлері:  сатып  алу-сату,
   айырбас; сыйға тарту; рента және өмір бойы асырауда ұстау;  мүлік  жалдау
   (аренда); тұрғын  үйді  жалдау;  мүлікті  тегін  пайдалану;  мердігерлік;
   өтелмелі қызмет көрсету; тасымалдау; көлік  экспедициясы;  заем;  ақшалай
   талапты беріп қаржыландыру (факторинг); банктік қызмет  көрсету;  сақтау;
   сақтандыру; тапсырма; басқаның  мүддесіне  тапсырмасыз  іс-әрекет  жасау;
   комиссия; мүлікті сенімгерлікпен басқару;  кешенді  кәсіпкерлік  лицензия
   (франчайзинг);  конкурстық  міндеттемелер;  зиян  келтірудің   салдарынан
   туындайтын   міндеттемелер;   негізсіз    баю    салдарынан    туындайтын
   міндеттемелер.
          V-бөлім.  «Интеллектуалдық  меншік   құқығы»   (тараулары:   жалпы
   ережелер;  авторлық  құқық;  сабақтас  құқықтар;   өнертабысқа,   пайдалы
   модельге, өнеркәсіптік үлгіге  құқық;  селекциялық  жетістіктерге  құқық;
   интегралды  микротәсімдер  топологиясына  құқықтар;  ашылмаған  ақпаратты
   заңсыз пайдаланудан қорғау құқығы; азаматтық  айналымға  тауарларға  және
   қызмет көрсетуге қатысушылардың дараландыру құралдары).
          VI-бөлім. «Мұрагерлік құқық» (тараулары: мұрагерлік  туралы  жалпы
   ережелер; өсиет бойынша мұрагерлік; заңды мұрагерлік; мұра алу).
          VII-бөлім. «Халықаралық жеке құқық»  (тараулары:  жалпы  ережелер;
   коллизиялық нормалар).
          Азаматтық құқық нормалары теорияда да, заңда да белгілі  бір  жүйе
   бойынша реттеледі. Әлемдік азаматтық-құқықтық жүйе ғылымында  қалыптасқан
   институционалдық және пандектілік тәрізді екі жүйе бар.
          Оның біріншісі бүкіл құқықтық нормаларды: а) тұлға; ә) меншік және
   оның түрлерінің өзгеруі;  б)  меншікке  ие  болу  тәсілдері  деп  бөледі.
   Франция Азаматтық кодексі мен оның  тұжырымдарын  қолдаушылар  осы  жолды
   таңдады. Екінші, пандектілік жүйе жалпы бөлімнің бөлінуімен ерекшеленеді,
   соның нәтижесінде кодекстің  арнайы  бөлімдер  қайталанудан,  басы  артық
   сілтемелерден   және   т.б.   арылады.   Жалпы   бөлімнен   соң   заттық,
   міндеттемелік, отбасылық және мұрагерлік  құқықтар  тәртіптеледі.  Мұндай
   жүйені Германияның азаматтық заңдары  қолданады  және  де  осындай  тәсіл
   бразилиялықтардың, гректердің және басқалардың азаматтық заңдарына бар.
Талқылау сұрақтары:
1. Азаматтық құқық жұйесіне сипаттама беру.
2. Құқық жұйесіндегі салалары.


                       АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ

1. Қағидат (принцип) терминіне түсініктеме.
2.Азаматтық құқықтың принциптері.
3.Моральдық зиян туралы түсінік.

Мақсаты мен міндеті: азаматтық құқықтың қағидаттарына  сипаттама  беру,  жан
–жақты қарастыру. Азаматтық құқықтың принциптеріне талдау  жасау.  Моральдық
зиян туралы түсінік қалыптастыру.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
1.ҚР-ның Конституциясы, 1995ж.
2.ҚР-ның Азаматтық кодексі/жалпы бөлім/ 2007ж.
3.Нормативтік құқықтық актілер туралы  ҚР-ның заңы 24.03.2007ж.
4.Азаматтық құқық. Тулеуғалиев Ғ.И. А, 2001ж.
5.Коментарий к ГК РК /общая часть/ Жеті жарғы 1998 .1,2 том.
6.Конвенция  о  правовой  помощи  и  правовых  отношениях  по   гражданским,
семейным и уголовным делам. 22.01.93. Минская конвенция.

      «Қағидат» (Принцип) термині латынның  сөзі  –  бастау,  негіз  дегенді
білдіреді. Азаматтық принциптері (қағидаттары) – ол нормтаивтік сипаты  бар,
қоғамдық  қатынастарды  азаматтық-құқықтық  реттеу   бастамасын   басшылыққа
алатын  негіз.  Ол  Қазақстан  Республикасының  заңының   мейлінше   маңызды
тұстарын  көрсетеді.  Демек,  азаматтық  құқықтың  тек   жалпы   принциптері
(қағидаттары) арқылымүмкін болады.
      Принциптер (қағидаттар) Азаматтық құқық жүйесінде  әрқашанда  бастапқы
норма болып саналады.  Сондықтан  да  басқа  нормалар  онымен  жанама  түрде
көрініп, жалпы  сипат  алады,  демек  принциптер  өзгелерден  басым  түседі.
Принциптер азаматтық-құқықтық нормалардың барлық жүйесін қамтып,  басшылыққа
алады.
      Азаматтық құқықтың мынандай принциптері бар:
        1. азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі;
        2. меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық;
        3. шарт еркіндігі;
        4. жеке  істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол  беруге
           болмайтындығы;
        5. азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру;
        6. нұқсан келтірген құқықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету;
        7. азаматтық құқықты сот арқылы қорғау.
Міне, осы принциптердің  бәрі де Азаматтық  кодекстің  «Азаматтық  заңдардың
негізгі бастаулары» деп аталатын  2  бабында  бекітілген.  Яғни  сол  арқылы
мемлекет пен  қоғамнгың  азаматтық  заңдарының  алдына  қойған  мақсаты  мен
міндетін  орындаудағы  азаматтық   заңның   демократиялық   және   ізгілікті
қасиеттері көрініс береді. Енді осы принциптерді талдасақ.
       Азаматтық  құқықтық  қатынастарға  қатысушылардың  теңдіг.  Азаматтық
құқықтың  басты  қағидаттарының  бірі  олардың   қатысушыларының   теңдігіне
байланысты келеді. Азаматтық  қатынастарға  қатысушылардың  теңдік  принципі
қоғамдық  қатынастарды  азаматтық-құқықтық   реттеу   әдістемесінің   өзімен
айқындалады.  Яғни,  бұдан  азаматтық  құқықтық   қатынастарда   тараптардың
жағдайы  тәуелсіз,  тең  дәрежеде  болатындығын  көреміз.  Демек,  азаматтық
қатынасқа қатысушының бірі екіншісіне тіптен бағынышты емес, ал  тәуелділігі
оның мінез-құлқына, екіншісінің ерік-жігеріне қатысты болмау керек.
      Меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық  принципі. Меншікті
құрметтеп, оған ешкім қол сұқпайтын  елде  ғана  азаматтар  жайбарақат  өмір
сүре алады. Сондықтан да әрбір қоғамда меншік  ерекше  мәртебеге  ие  болып,
оны қасиетті , әрі қол сұғылмайтын нәрсе деп бағалайды. Адамның белгілі  бір
затты иеленуі оны тұтынып, белгілі  бір  мақсатына,  яғни  керегіне  жаратуы
үшін керек, сондықтан да ол бұл орайда қызмет  көрсету  құралын  бәрінен  де
жоғары қояды.
      Шарт еркіндігі принципі. Заң шығарушы  меншікті  емін-еркін  пайдалану
үшін заңды негіз  жасайды,  сол  арқылы  азаматтық  субъектілердің  өздеріне
контрагентті таңдауына, шарт талаптарын мүлдем  дербес  айқындауға  әрі  оны
тағайындауға мүмкіндік береді. Бұл принцип нарықтың  дамуына  және  бәсекеге
қажетті алғышарттарды жасайды, міне,  сондықтан  да  ол  кәсіпкерлік  қызмет
үшін ерекше маңызға ие.
      Шарт дегенімііз – шаруашылық қызметінің негізгі құралы. Азаматтар  мен
заңды  тұлғалар  шарт  негізінде  өздерінің  құқықтары  мен  міндеттерін  өз
еріктерімен, өз мүдделеріне сүйене отырып тағайындайды,  сонымен  бірге  заң
құжаттарына қайшы  келмейтін  жағдайда  олардың  кез-келген  шарт  жасасуына
мүмкіндігі бар.
      Жеке  істерге  кімнің  болса  да  озбырлықпен  араласуына  жол  беруге
болмайтын принципі. Бұл принцип Азаматтық кодекстің  2-бабының  1-тармағында
тұжырымдалған  және  де  ол  жеке  істерге  кімнің  болса   да   озбырлықпен
араласуына жол беруге болмайтындығын қарастырады.
      Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол  бермеу  билік
пен басқару органдарының, ата-аналардың,  қызмет  орны  жетекшілерінің  және
басқа  адамдардың  әрекет  қабілеті  бар  азаматтар  мен  заңды  тұлғалардың
мүлкіне  қожалық  етуіне,  пайдасын  бөлісіп,  кірісін  пайдалануына   тыйым
салынады.
      Азаматтық  құқықтарды  кедергісіз  жүзеге  асыру  принципі.  Азаматтық
кодекстің  бұл  принципі  конституциялық  ережеде  де  жазылған:   «Әркімнің
кәсіпкерлік қызмет  еркіндігіне,  өз  мүлкін  кез-келген  заңды  кәсіпкерлік
қызмет  үшін  еркін  пайдалануға  құқығы  бар».  Азаматтық  құқықты   жүзеге
асырудың өзі осы принципке байланысты.
      Нұқсан  келтірген  құқықтардың  қалпына  келтірілуін  қамтамасыз   ету
принципі. Азаматтық құқықтар мен міндеттердің  көбі  мүліктік  қатынастармен
байланысты. Демек,  олар  белгілі  бір  дәрежеде  материалдық  мазмұнға  ие.
Азаматтық   заңға   бұл   принципті   енгізу   азаматтық   құқықтың   өзекті
мәселелерінің  бірі  –  құқық  бұзылғанға  дейін  болған  жағдайды   қалпына
келтіруді,  ал  ол  мүмкін  болмаған  жағдайда  келтірілген  зиянды   өтеуді
қамтамасыз ету мәселесін шешуді жүзеге асырады.
      Азаматтық  құқықты  сот   арқылы   қорғау   принципі.Соттың   қорғауын
қамтамасыз ету принципі. Бұл конституциялық принцип: әркімнің  өз  құқықтары
мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. Бұдан аз  ғана  уақыт
бұрын сот арқылы қорғану ролі төмен болып келді, яғни тек заңда  көрсетілген
жағдайда ғана сотқа шағыну мүмкін.
      Моральдық зиян Азаматтық  кодекстің  951-бабына  сәйкес  адамның  және
заңды  тұлғалардың  өзіндік  мүліктік  емес  игіліктері   мен   құқықтарының
бұзылуы, кемсітілуі немесе олардың  айырылуы,  соның  ішінде  жәбірленушінің
өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген  (төзімін
тауысқан), уайымға салған) жан азабы немесе тәне азабы (қорлау,  ызыландыру,
қысым жасау, ашуландыру, ұялту, түңілту, тән қинауы,  залал  шегу,  қолайсыз
жағдайда қалу және т.б.) деп  есптеледі.  Моральдық  зиян  оны  келтірушінің
кінәсіне  орайластырылып  өтеледі.  Сонымен  қатар,   моральдық   зиян   оны
келтірушінің кінәсін  есепке  алмай-ақ,  егер  ол  төмендегідей  жағдайларға
байланысты орын алса:
      1) зиян азаматтың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіптілік көзі арқылы
келтірілсе;
      2) зиян азаматқа оның заңсыз  сотталуының,  заңсыз  қылмыстық  жауапқа
тартылуының, бұлтартпау шарасы ретінде заңсыз қамауға  алуды,  үйде  қамауда
ұстауды немесе  ешқайда  кетпеу  туралы  қолхат  алуды  қолданудан,  қамауда
ұстау,  психиатриялық  емдеу  мекемесіне  немесе  басқа   емдеу   мекемесіне
орналастыру  түрінде   әкімшілік   жазаны   заңсыз   қолданудың   салдарынан
келтірілсе;
      3)  зиян  ар-ожданына,  қадір-қасиеті  мен  іскерлік  беделіне  нұқсан
келтіретін мәліметтер тарату арқылы келтірілсе;
      4) заң құжаттарында көзделген өзге де жағдайларда өтеледі.
      Заңда көзделген  реттен  басқа  жағдайда  азаматтың  мүліктік  құқығын
бұзатын әрекеттер арқылы жасалған зиян өндіртіп алуға жатпайды.
      Моральдық зиян ақшалай түрде  өндіріледі.  Моральдық  зиянның  көлемін
анықтау кезінде  жәбірленушінің  шеккен  рухани  зардабын  субъективті  баға
ретінде  ескереді.  Сондай-ақ  жәбірленушінің   рухани   және   денсаулығына
байланысты зардап шегуінің дәрежесін  анықтайтын  объективті  мәліметтер  де
ескеріледі:  өмірлік  маңызы  бар  жағдайларға  қастандық  жасау   объектісі
(өмірі,  денсаулығы,   абыройы,   ар-намысы,   еркіндігі,   үйіне   ешкімнің
тиіспейтіндігі т.б.); құқық бұзушылықтың  ауыр зардаптары  (жақын  туысқанын
өлтіру, денеге жарақат салу,  сол  арқылы  мүгедек     ету,  еркінен  айыру,
жұмыссыз қалдыру немесе баспанасыздыққа душар ету және т.б.);  адамды  мазақ
қылатын жалған мәліметтер тарату сипаты мен жүйесі;  жәбірленішінің  өмірлік
хал-ахуалы  (тұрмыстық,   отбасылық,   қызметтік,   материалдық,   денсаулық
жағдайлары, жасы және басқалары); басқа да назар аударуға тұратын жайттар.
Талқылау сұрақтары:
1. Азаматтық құқық принциптерінің ерекшеліктері
2.  Нұқсан  келтірген  құқықтардың  қалпына   келтірілуін   қамтамасыз   ету
принципі.
3. Моральдық зиян.


                        АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР


   1. Азаматтық құқықтық қатынастар ұғымы.
   2. Азаматтық құқықтық қатынастар элементтері мен ерекшеліктері.
   3. Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері мен пайда болу негіздері.
Мақсаты мен міндеті: Азаматтық  құқықтық  қатынастар  ұғымы  туралы  түсінік
қалыптастыру.    Азаматтық-құқықтық    қатынастардың     элементтері     мен
ерекшеліктеріне сипаттама беру.  Азаматтық  құқықтық  қатынастардың  түрлері
мен пайда болу негіздерін анықтау.

Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
   1. ҚР-ның Азаматтық кодексі, 2007.
   2. Грибанов В.П. Пределы осуществления и  защиты  гражданских  прав.  М.,
      1972.
   3. Халфина Р.О. Общее учение о правоотношении. М.1974.
   4. Мирошникова Н.И. Механизм осуществления субьективных гражданских прав.
      Ярославль, 1989.
   5. Егоров Н.Ю. Гражданско-правовое регулирование  общественных  отношений
      Л, 1988.
          Азаматтық құқық нормаларының талаптарына  сәйкес  туындайтын  және
   бұл нормаларға тәуелді болатын  жақтар  арасындағы  қатынастар  азаматтық
   құқық қатынастары деп аталады.
          Адамдар өз өмірінде және әрекет  үстінде  үнемі  әрқилы  азаматтық
   құқық қатынастарына араласып   жүргенімен,  өздерінің  әрекеттерінің  заң
   жөніндегі сипатын көбінесе ескере бермейді. Мысалы, қайсыбір затты болсын
   сатып алуда сатушы мен алушының арасында Азаматтық  кодексте  көрсетілген
   сату-сатып алу мәмілесінен туындайтын  өте  күрделі  құқықтық  қатынастар
   пайда болады. Бұл мәміле бойынша сатып  алушы  белгілі  бір  сомада  ақша
   төлеуге міндетті, ал сатушы сатқан затты сатып алушының меншігіне беруге,
   немесе затында сапасы жағынан бір кемшілігі немесе сан жағынан  кемістігі
   болса, онда оны  басқа  затпен  ауыстыруға,  толықтыруға,  әйтпесе  алған
   ақшасын қайтарып беруге міндетті және т.с.с.
          Заңды тұлғалардың барлық істері де нақ жаңағыдай  азаматтық  құқық
   қатынасы ретімен жүзеге асады.  Өндіріс  жабдықтарын  тапсыру,  өнімдерді
   сату, банк арқылы есеп айыру  –  осылардың  бәрі  де  құқықтық  қатынасты
   тудырады, яғни осылардың бәрінің де заң арқылы белгілі салдары болады.
          1.Құқық қатынастарын  сөз  еткенде,  оны  талдағанда  бір  алдымен
   құрамдас элементтерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық  қатынастарында
   қатынастың субъектілері деп аталатын қатысушылары болады. Азаматтық құқық
   қатынастарының   субъектілері:    жеке    тұлғалар,    әкімшілік-аумақтық
   бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.
          Құқық қатынастарына қатысушылардың арасында белгілі  бір  байланыс
   орнайды, сол себепті бұлардың арасында қатынастарының  мазмұнын  құрайтын
   белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады.
          Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер  не  нәрсеге  (мүліктік  және
   жеке мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе оның объектісі
   деп аталады.
          2.Осыған орай құқықтың жалпы теориясының  бір  мәселесіне  тоқтала
   кеткеннің  еш  артықтығы  жоқ.  Әдетте  «құқық»  сөзі  бір-бірімен  тығыз
   байланысты, бірақ шын мәнінде мүлдем  бөлек  екі  мағына  білдіретіндігін
   айтпасқа болмайды. Оның біріншісін «Азаматтық  құқық»  «құқық  нормалары»
   дегенге қолданамыз. Бұл сөз  тіркесіндегі  «құқық»  дегеніміз  мемлекетте
   қалыптасқан құқықтық рәсімдер жүйесі,  жиынтығы.  Қажет  болған  жағдайда
   оның жүзеге асырылуы мемлекет күшіне сүйенеді. Осы мағынасында қолданатын
   «құқықтын объективті мағынасындағы құқық» деп немесе  «объективті  құқық»
   деп атайды.
          Әрбір құқық қатынасында қатысушының бірінің  субъективті  құқығына
   екіншісінің  заңдық  міндеттілігі   сәйкестендіріледі,   яғни   біреуінің
   екіншісі алдындағы міндеттілік аясы айқындалады. Мысалы, үйді сатып  алу-
   сату шартына сәйкес сатушы мен сатып  алушы  арасында  екі  бірдей  құқық
   қатынасы пайда болады. Оның біріншісінде сатып алушы  үйді  алуға  құқылы
   да, сатушы оны беруге міндетті.
          3.Заңдылық  фактісінің  түсінігі.   Азаматтық    құқық   нормалары
   өздігінен азаматтық  құқық  қатынастарын  тудырмайды.  Қандай  да  болсын
   нақтылы азаматтық құқық қатынастары  белгілі  бір  жағдай  болғанда  ғана
   пайда болады. Мұның мазмұнының өзгеруі немесе оның қасқартылуы да белгілі
   бір жағдайға байланысты.  Осындай  құқық  қатынастарының  пайда  болуына,
   өзгеруіне немесе оның қысқартылуына себепкер болатын жағдайларды заңдылық
   фактілер  деп  атайды.  Мысалы,  баланың  тууы,  мәміленің  бүлінуі  т.т.
   заңдылық фактрлер болып табылады.
          4.Заттар – азаматтық құқық қатынастарының  объектілері.  Азаматтық
   құқық  қатынастарының  объектілері  деп  заттарды  (мүлік  және  мүліктік
   құқық), жұмыс пен  қызметті,  ақпаратты,  материалдық  деп  есептелмейтін
   игіліктер (мәселен атау) мен интеллектуалды меншікті, яғни әдеби шығарма,
   өнертабыс және  тағы  басқаларын  айтамыз.  Дәл  осы  объектілерде  құқық
   қатынастарына қатысушылардың мүдделері тоғысады және де бұл объектілердің
   құқық қатынастарындағы тағдыры шешіледі.
          Заттар азаматтық  айналымдағы  қатынасына  орай  шектеулі  айналым
   қабілеттігіне байланысты азаматтық айналымнан шығарылмаған және азаматтық
   айналымнан шығарылған деп  бөлінеді.  Азаматтық  айналымнан  шығарылмаған
   заттарды олардың  иелері  өзгеге  еркін  түрде  бере  алады,  сөйтіп,  ол
   ешқандай шектеусіз қолдан қолға өте береді.
          Заттарды бөлінетін және бөлінбейтін деп жіктейді. Бөлінетін заттар
   бөлінген  күннің  өзінде  тұтынушылық  қасиетінен,   бастапқы   сапасынан
   айырылмайды.
          Заттар  құқық  қатынастарында  жекеше  белгіленген   және   тектес
   қасиеттеріне  қарай  белгіленетін  заттар  деп  бөлінеді.   Заттар   жеке
   белгілеріне қарап, немесе бүтін бір тобына, басқаларына тектесуіне  қарап
   бөлінеді. Бірінші жағдайда жекеше белгіленген заттар деп, екінші жағдайда
   тектес  қасиеттеріне  қарай  белгіленген  заттар   деп   атайды.   Жекеше
   белгіленгені тек басқасына емес, тек сол заттың өзіне тән. Зат сол жекеше
   күйінде ғана бір құқық қатынасында тектес қасиеттерімен  айқындалады,  ал
   басқа ретте даралық сипатқа ие.
          Заттар  қозғалмалы  және   қозғалмайтын   болып   бөлінеді.   Оның
   қозғалмайтынына  жермен  тығыз  байланысы  бар  жер  учаскелері,   учаске
   қойнауы, көпжылдық  өсімдіктер,  ғимарат  және  құрылыстар  жатады,  олар
   тұтастығы мен пайдаға асуына орай жерге  елеулі  залал  келтірмей  бөліне
   алмайды. Сондай-ақ Азаматтық кодекс қозғалмайтын заттар қатарына әуе және
   теңіз кемелері мен ғарыш объектілерін де жатқызады.
          Қозғалмайтын  мүлікке  берілетін   құқық   мемлекеттік   тіркеуден
   міндетті  түрде  өтуі  тиіс.  Дәл   сол   сияқты   мемлекеттік   тіркеуге
   қозғалмайтын мүлікке жасалған келісім де жатады.
          Қосалқы зат және басты  зат.  Дербес  пайдалануға  келмейтін,  тек
   басқа затпен (басты) ғана бірге пайдалануға болатын заттар қосалқы заттар
   деп  аталады.Жалпы  ережеге  сәйкес  қосалқы  зат  басты  заттың   заңдық
   тағдырына әсер етеді.
          Затқа  ақша,  валюталық  құндылықтар,  сондай-ақ  құнды   қағаздар
   жатады. Әдетте ақша тектес белгілерімен анықталған  зат  болып  табылады.
   Тек оның көрініске қойылғандары ғана оған кірмейді.  Қазақстанның  барлық
   аумағында  теңге  заңды  төлем  құралы  болып  есептеледі.  Ол  банкнотта
   көрсетілген бірлікте – 100  теңге,  500  теңге  және  т.с.с.  бағаланады.
   Шетелдік валютаменесеп айырысу тек заңда көзделген ретте жүзеге асады.
          Құнды қағаздар да зат делінеді. Құнды қағаз дегеніміз  белгіленген
   нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, қайсыбір мүліктік құқықты
   орнататын, оны күәландыратын, өзін көрсеткенде ғана құқықты іске асыратын
   құжат болып  табылады.  Құнды  қағаз  өзінде  көрсетілгеніндей,  мүліктік
   құқықтық айғақтайтын бірден бір құжат болып есептеледі.
          Құнды қағаздар мынадай 3 түрге  бөлінеді:  атаулы,  ордерлік  және
   ұсынбалы. Оның атаулысы белгілі бір адамға берілед,  әрі  ондағы  құқықты
   тек  өзі  ғана  жүзеге  асырады.  Оған  мысалы,  жинақ  және  депозитивті
   сертификаттар жатады. Ордерлік түрі  де  белгілі  бір  тұлғаға  беріледі,
   бірақ ол бұл қағазды басқа біреуге бергенде бергені  туралы  оған  жазады
   (индосамент). Ал, ол өз кезегінде бұл қағазды үшінші біреуге бере  алады,
   т.с.с. Ұсынбалы түрі оны көрсетушіге беріледі, яғни  оны  көрсеткен  адам
   ондағы құқыққа ие болады. Оған облигация және акция жатқызылады.
          Құнды қағаздарды шығару (эмиссия)  тәртібі  мен  оны  ұйымдастырып
   шығарушылардың (эмитент) жауапкершілігі заңмен реттеледі.
Талқылау сұрақтары:
1.Азаматтық құқықтық қатынастар
2.Азаматтық құқықтық қатынастар элементтері мен ерекшеліктері
3.Заңды фактілер










          АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ.


   1. Азаматтық құқықтардың міндеті.
   2. Субъективті құқықтардың сипаттары.
   3. Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың еріктілігі мен шегі.

    Мақсаты мен міндеті: азаматтық құқықтарды жүзеге асыру  туралы  түсінік
беру.  Азаматтық   құқықтарды   жүзеге   асырудың   еріктілігі   мен   шегі.
Субьективтік құқықты жүзеге  асыру  адалдығы.  Азаматтық  құқықты  қорғаудың
түсінігі мен тәсілдерін анықтау. Кәсіпкерлер мен  тұтынушылардың  құқықтарын
қорғауына сипаттама беру.

Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
   1. ҚР-ның «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау» туралы  Заңы.  4  шілде
      1992ж.
   2. ҚР-ның «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау» туралы Заңы. 5 маусым 1991.
   3. Братусь С.Н. Юридическое ответственность и законность, М., 1976.
   4. Грибанов В.П. Пределы осуществления и  защиты  гражданских  прав-  М.,
      1972.
   5. Комаров А.С. Ответственность в коммерческом обороте.- М., 1992.


   Азаматтық  құқықтар  мен  оған  тиесілі  міндеттер   кез   келген   құқық
қатынастарының,  оның  ішінде  азаматтық  құқықтың  да  түп   қазығы   болып
табылады. Субъективті құқықтардың сипаты олардың саралауы  арқылы  көрінеді.
Біріншіден,  абсолюттік  (шек  қойылмаған)  және  арақатысты   құқық   болып
бөлінеді. Оларға тән ортақ  қасиет  аталған  құқыққа  сәйкес  міндет  кімнің
мойнына жүктелетіндігіне байланысты мәселе  деуге  болады.  Кейбір  құқықтар
азаматтық айналымға басқа қатысушылардың бәрін де құқықтардың жүзеге  асуына
бөгет жасамайтын етіп міндеттейді.
   Абсолюттік азаматтық құқық мазмұны жағынан қарама-қарсы тұрған арақатысты
құқық: бұл құқық бойынша  міндетті  болатын  бір  ғана  белгілі  жақ  немесе
бірнеше белгілі жақтар. Бұл  құқықтың  сол  міндетті  болған  субъектіге  не
міндетті субъектілерге ғана күші бар, сондықтан  бұл  міндетті  бұзатын  тек
солар ғана.
   Екінші саралау азаматтық құқықты заттық және міндеттеемелік  деп  бөледі.
Заттық құқық деп заттар жөнінде туатын құқықты  айтады.  Бұл  құқықтың  иесі
өзінің осы құқығын басқаның көмегіне мұқтаж болмай-ақ,  тікелей  іске  асыра
алады. Заттық құқықтардың ішіндегі бастысы – меншік  құқығы.  Меншік  құқығы
затқа тән, сондықтан да зат меншік иесінің тікелкй иелігінде болады,  меншік
иесі мен заттың арасында ешқандай делдалдық деген жоқ. Сатып алушының  затқа
құқығы міндеттемелік деп бағаланады. Ол  затты,  яғни  тек  сатушының,  яғни
міндетті адамның қатысуымен  ғана  ала  алады.  Заттық  құқықтар  абсолюттік
құқық, ал міндеттемелік құқық – арақатысты құқық болып табылады.
   Саралаудың үшінші түрінде құқық мүліктік және мүліктік емес деп бөлінеді.
Сонымен азаматтық  айналымға  қатысушылар  өздерінің  құқықтарын  емін-еркін
қолдана алады. Дегенмен де заң азаматтық құқықтарды  жүзеге  асыру  шектерін
айқындайды. Біріншіден, оның азаматтық құқығын басқа біреуге қасақана  залал
келтіру үшін пайдалануына тыйым салады, сондай-ақ  өзге  де  құқық  түрлерін
қолдану арқылы әлгіндей мақсатқа  жол  берілмейді.  Мұндай  құқықтарды  өзге
біреуге залал ету үшін қолданылуын айқындау  сот  тәжірибесінде  мүмкін  бе,
мүмкін емес пе, айта қою қиын. Ал  құқықты  тұлғаның  өзінің  бас  пайдасына
жолсыз пайдалануының өзге түрлеріне келетін болсақ, ол азаматтық  құқықтарды
жүзеге  асыруды  шектеуде   ескерілген.   Бәсекелес   кезінде   коммерциялық
ұйымдардың  азаматтық  құқығын  шектеу  олардың  бас  пайдасы  үшін   жолсыз
әрекеттерге баруына тосқауыл қоюдан туындаған. Бәсекені шектеу  белгілі  бір
тауар  өндірушіден  тек  бір-екі  фирманың  ғана  тауар  алу   мүмкіндігінен
көрінеді. Коммерциялық ұйымдардың өзін жоғары  қоюы  деп  оның  монополистік
пиғылмен  бағаны  аспандатып  жіберуін  айтады.  Бұл  өзі  кеңінен  таралған
құбылыс.
   Бұзылған немесе дауға түскен азаматтық құқық сотпен қорғалады. Бұл орайда
сот әртүрлі тәсілдерді қолданады.
   Құқықты тану. Бұл жағдайда сот  кімнің  дұрыс,  кімнің  бұрыс  екендігін,
кімнің құқығына жөнсіз қиянат  жасалғанын  анықтайды.  Мұрагерлік  жөніндегі
дауда  мұрагердік   біреуі   өзгесінің   құқығын   мойындамаса,   онда   сот
мұрагерлікке құқықты тану жөнінде шешім шығарады.
   Бастапқы жағдайда қалпына  келтіру  және  құқықты   бұзатын  немесе  оның
бұзылу қаупін туғызатын әрекеттерге  тыйым  салу.  Оған  мысалретінде  затты
заңсыз иеленушіден алып беру құқығын, сондай-ақ оны  бұрынғы   заңды  иесіне
қайтаруды айтуға болады. Егер сіз  затыңызды  жоғалтып  алып,  оны  біреуден
көрсеңіз, сот арқылы әлгі затыңызды қайтара аласыз.
   Залалды өтеу. Егер тараптарға оның құқығын бұзу  арқылы  залал  келтірсе,
онда ол құқық бұзушыдан толық түрде өтемін талап  етуге  құқылы.  Залал  бұл
арада келтірілген материалдық зиянның  ақшалай  көрінісі  болып  есептеледі.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде заладың екі түрі  қарастырылады.
Біріншісі -  нақты нұқсан келтірілген залал, яғни  мүліктің  жоғалуы  немесе
зақымдануы,  немесе  бұзылған  құқықты  қалпына  келтіруге  кететін   шығын.
Екіншісі – алынбай қалған табыстар  (айырылып  қалған  пайда)  яғни  дағдылы
айналым жағдайында оның алуына  болатын,  бірақ  алынбай  қалған  табыстарды
егер ол түскен болса, онда құқық бұзылмаған болар еді.
   Міндетті заттай орындатуға ұйғарым шығару. Жәбірленушінің  көбіне-көп  өз
құқығын  қалпына  келтіруде  көңілі  көншімейді,  сондықтан  да  ол  құқығын
бұзушыдан келген залалды сол күйінде қалпына  келтіруді  талап  етеді.  Егер
сіздің сатып алған теледидарыңыз кепілдік мерзім ішінде істен  шығып  қалса,
онда оны алған жерден ауыстырып беруді талап етесіз, сөйтіп міндетті  заттай
сол қалпына орнына келтіруге мәжбүр етуге құқыңыз бар.
   Моральдық залалды өтеу.  Моральдық  залал  деп  азаматтардың  материалдық
игілігі болып саналмайтын және мүліктік емес құқығын бұзу арқылы  оған  дене
немесе  рухани  залал  келтіруді  айтады.  Оған  мысал  ретінде  отбасындағы
құпияны азаматтың еркінен тыс жария етуді немесе оның атын жамылып  жарамсыз
қылықтар жасауды және т.с.с келтіруге болады. Азаматтың талабы  бойынша  сот
құқық бұзушыға келтірген моральдық залалды ақшалай өтеуді  міндеттей  алады.
Мұндай өтемнің көлемін сот қана анықтайды.  Бұл  бір  жағынан  алғанда  оңай
шаруа емес, өйткені, залалдың көлемін анықтауда  белгілі  бір  қойылған  шек
жоқ. Ол үнемі ақшамен есептеуге келе бермейді.
   Ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді қорғау. Азамат пен  ұйым
өзінің ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік  беделіне  кір  келтіретін
мағлұматтарды  теріске  шығару  үшін  сотқа  жүгінеді.  Сотқа  жүгіну  ондай
мағлұматтарды таратушы  адам  әлгі  таратқан  мағлұматтарының  шындыққа  сай
екендігін дәлелдей алмаған жағдайда жүзеге асады.  Егер  мұндай  мағлұматтар
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы  таратылған  болса,  онда  сол  бұқаралық
ақпарат құралдарында берілген мағлұмат тегін түрде теріске шығарылуға  тиіс.
Егер  аталған  мағлұматтар  ұйымнан  шыққан  құжатта  болса,  бұл  құжаттағы
мағлұматтардың шындыққа сай  келмейтіндігі  туралы  тиісті  адамға  міндетті
түрде хабарлана отырып, мұндай құжат  алмастырылуға  немесе  кері  сұратылып
алынуға тиіс. Сонымен, тұлға  таратылған  жалған  мағлұматтар  арқылы  өзіне
келген залалды (моральдық зиянды) өтеуді талап етуге қақысы бар.
   Енді тағы  бір  тәсіл  –  өзін-өзі  қорғауға  тоқтала  кетелік.  Осы  сөз
тіркесінің өзінен көрініп тұрғандай, азамат  пен  ұйым  өзінің  құқығын  өзі
қорғайды.  Бұл  орайда  өзін-өзі  қорғау  тек  құқық  бұзушыға   және   оның
әрекеттерін жоюға ғана  бағытталуы  тиіс.  Тәжірибеде  өзін-өзі  қорғау  жиі
кездеседі. Мысалы, телефон станциясы абонентті көрсетілген қызметке  төлемді
үнемі уақытылы төлемегені үшін байланыс жүйесінен  айырып  тастайды.  Мұндай
өзін-өзі қорғау құқығы кепіл, мүлікті қорғау шарасы,  қажетті  қорғану  және
т.б. түрлерінде кездеседі.
Талқылау сұрақтары:
                    1. Азаматтық құқықтарды іске асыру.
                    2. Азаматтық құқықтарды қорғау




                            ӨКІЛДІК ЖӘНЕ СЕНІМХАТ
1. Өкілдік туралы жалпы ережелер
2. Өкілдіктің пайда болу негіздері және түрлері
3. Сенімхат
Дәрістің мақсаты мен міндеті: Өкілдік ұғымы және  оның  түрлеріне  сипаттама
беру.  Өкілеттілік  түсінгіне  сипаттама  беру.  Өкілеттілігі  жоқ  өкілдік.
Сенімхат.  Түсінік.  Түрлері  мен  ерекшеліктері.  Сенімхат  мерзімі.  Сенім
ауысу.  Сенімхаттың  тоқтатылуы.  Коммерциялық  сенімхаттың  ерекшеліктеріне
сипатама беру.

Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
   4. ҚР  «Неке және отбасы туралы» Заңы.
   5. Невзгодина Е.Л. Представительство по  советскому  гражданскому  праву-
      Томск, 1980.
   6. Андреев В.К. Представительство в гражданском праве.- Калинин, 1978.

      1. Өкілдік ұғымы. Жалпы ереже бойынша, азаматтық құқық субъектілерінің
басқа тұлғалардың — өкілдіктің жәрдеміне жүгінбей-ақ мүліктік  айналымға  өз
бетінше қатысу  мүмкіндігі  болады.  Солай  болса  да,  азаматтық  айналымда
өкілдік  институты  кеңінен  қолданылады.  Атап  айтқанда,   мысалы,   заңға
байланысты, тікелей қатысуына әрекет қабілеттілігінің  жоқтығы  немесе  өзге
де  өмірлік  нақты  мән-жайларға  балйанысты  өкілдік  беруші  адам   өзінің
құқықтары   мен   міңцеттерін   жүзеге   асыра    алмайтын,    науқастығына,
жұмысбастығына  және  т.с.с.  байланысты  өзі  қатыса  алмайтын  жағдайларда
өкілдіктің қажеттігі туады.  Өкілдің  арнайы  білімін,  біліктілігін  немесе
тәжірибесін  пайдалану  үшін   өкілдердің   қызметіне   жүгінетін   бірқатар
жағдайлар бар (мысалы, бағалы қағаздар рыногында мәмілелер  жасауда  өкілдік
ету және т.с.с).
Азаматтық құқықта бір  адамның  екінші  адамның  атынан  жасаған  мәмілелері
немесе басқа да заңдық маңызы бар әрекеттері (мысалы, сотқа талап-арыз  беру
немесе сот отырысына қатысу) тікелей екінші  адам  үшін  азаматтық  құқықтар
мен міндеттерді туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын құқықтық  қатынастар
өкілдік деп аталады. Басқа адамның мүдделері үшін мәміле жасайтын адам  өкіл
деп, оның мүддесіне мәміле жасалатын адам — сенім білдіруші  немесе  өкілдік
беруші деп, ал сенім білдірушінің (өкілдік берушінің)  мүдделері  үшін  өкіл
мәміле жасайтын адамдар — үшінші жақ деп аталады.
Өкілдікті құқықтық реттеу азаматтық  құқыққа  тән  және  көптеген  ережелері
бойынша көптеген елдердегі реттеулерге үқсайды. Мүліктік  айналымда  өкілдік
айтарлықтай  кең   қолданылады,   бірақ   оның   қолдданылуында   кездесетін
ерекшеліктерді  атап  көрсету  қажет.  Өкілдің   өзі   ғана   жасай   алатын
мәмілелерде, сондай-ақ заң актілері бойынша өкілдің жеке  қатысуы  көзделген
мәмілелерді  жасауда  не  олардың  өкіл  арқылы  жасалуына  тыйым  салынатын
мәмілелерде  өкілдік  қолданылмайды.  Өсиет  қағазды  толтыру  өкіл   арқылы
жасауға тыйым салынған мәмілеге  мысал  бола  алады.  Егер  өсиет  қалдырушы
қандай да бір себеппен өсиетке қол қоя алмаса, онда оған нотариустың  немесе
өсиетті  куәландырушы  адамның  қатысуымен  өсиет   қалдырушының   қол   қоя
алмауының себептерін көрсете отырып, басқа  азамат  қол  қояды.  Қол  қойған
адам өсиет қалдырушының өкілі емес, оның еркін  қағаз  бетінде  белгілі  бір
құралмен бейнелеуші болады.
Бірқатар мәмілелер немесе заңдық маңызы  бар  әрекеттер,  мысалы,  некелесу,
еңбек шартын  жасасу,  өмір  бойы  күтіл-бағатын  келісіммен  үйді  иеліктен
шығару шартын жасасу заң  актілерінде  тікелей  тыйым  салынбағанның  өзінде
өзінің сипаты бойынша өкілдің өзі қатысуын  талап  етеді,  сондықтан  оларды
өкіл арқылы жасау мүмкін емес.
Өкілдің өкілдік беруші адамның мүддесіне заңдық мәмілелер жасауы  өкілдіктің
елеулі қызметі болып табылады. Бұл АК-ның өкілдікке  анықтама  беретін  163-
бабында тікелей баянды етілген. Заңдық маңызы бар әрекеттерді жасау  белгісі
жөнінен өкілдіктің  барлық  өзге  қатынастардан  айырмашылығы  бар,  өйткені
оларда бір тұлға екінші тұлғаны алмастырады (мысалы,  заңды  тұлғаның  құқық
қабілеттілігін оның органы — директор, басқарма арқылы жүзеге асыру)  немесе
оған іс жүзінде көмектеседі  (мысалы,  ақылы  көмек  көрсетеді,  мердігерлік
жұмыстарды жүзеге  асырады,  тауарларды  өткізеді  немесе  делдалдық  қызмет
көрсетеді).
Заңдық әрекеттерді жасау  өкілдік  берушінің  еркін  қайталауды  ғана  емес,
өзінің дербес еркін көрсетуді де талап етеді. Сондықтан өкілдік ұғымына  тек
өзін жіберген тұлғаның   еркін  жеткізетін  және  өз  бетінше  өзінің  еркін
білдірмейтін,  заңдық  әрекеттер  жасамайтын  құрал  ғана  болып   саналатын
уәкілдің, шабарманның қызметі кірмейді.
Өкілдік өкілдің сенім білдіруші адамның  атынан  мәміле  жасалуын  көздейді.
Мәмілені сенім білдірушінің мүддесі үшін,  оның  есебінен,  бірақ  өз  атына
комиссионер  жасайды,  ал  шарттың  тиісті  талаптары  болғанда  —  сенімгер
басқарушы да жасайды. Көп ретте комиссия жөніндегі қатынастарды, АК-ның 163-
бабындағы тікелей өкілдік мағынасынан өзгеше, жасырын  өкілдікке  жатқызады.
Бірақ комиссияның шарты  бойынша  қатынастарда  өкілдіктің  мәнді  белгілері
жоқ.  Комиссияның  өкілдікпен  экономикалық  белгілер  бойынша  ғана   үқсас
белгілері бар  —  басқаның  есебінен  әрекет  жасау,  бірақ  заңдық  белгісі
бойынша емес, өйткені оның  мәні  өкілдік  білдірушінің  атынан  әрекет  ету
болып  табылады.  Сондықтан  комиссия  және  өкілдік  бойынша  қатынастардың
салдары бір-бірінен айтарлыктай  өзгеше  болады,  бұл  комиссияны  өкілдікке
жатқызуға мүмкіндік  бермейді.  Басқалардың  мүдделері  үшін  болса  да,  өз
атынан әрекет  ететін  адамдар  өкілдер  бола  алмайды.  Соңдықтан,  мысалы,
сенімгер басқарушының,  уәкілетті  адамның  өз  атынан  әрекет  ету  кызметі
өкілдік болмайды (АК-бың 163-бабының4-тармағы).
Өзге адамның мүдделері үшін жүзеге  асырылатын,  бірақ  ол  үшін  азаматтық-
құқықтық  салдары  болмайтын  кызмет  те  өкілдік  бола   алмайды,   өйткені
өкілдіктің мәнді белгісі өкілдің заңдық  мәмілелер  жасауы  болып  табылады.
Мысалы, оларға өзге адамның атынан  мәміле  жасау  емес,  мәмілелер  жасауға
көмектесу тапсырылатынкоммерциялық  делдалдардың  қызметі  немесе  болашақта
жасалатын мәмілелерге,  азаматтық-құқыктық  шарт  болып  есептелмейтін  ниет
хаттамасына  қол  қоюға   байланысты   келіссөздерге   қатысу   тапсырылатын
адамдардың (атап айтқанда, лауазымдық міндетіне осындай  жұмыстарды  жүргізу
кіретін заңды тұлға қызметкерлерінің) қызметі өкілдік бола алмайды.
Өкілдік қатынастардың субъектілері. Өкілдікте өкіл,  өкілдік  беруші  (сенім
білдіруші) және үшінші тұлға арасында қатынастар туындайды.  Өкілдікте  және
өкілдіктің көмегімен жасалған мәміле  бойынша  қатынастардың  тууы  үшін  үш
тұлғаның бірлескен және үйлесімді еркі  болуы  қажет:  өкілдік  беруші  адам
арқылы құқықтар мен міндеттерді белгілеу  үшін  —  өкілдің;  өкілдік  беруші
адаммен қатынас орнату үшін — үшінші адамның; өкіл арқылы мәміле жасауға  өз
келісімін ертерек немесе кешірек беру үшін — өкілдік  берушінің  еркі  болуы
керек.
Өкіл мен өкілдік беруші адам  арасындағы  құқықтық  қатынас  өкілдіктің  өзі
болады, оны ішкі  қатынас  деп  атайды.  Өкіл  мен  үшінші  адам  арасындағы
қатынас сыртқы қатынас болады, ол өкілдік бойынша өкілеттікті  жүзеге  асыру
болып табылады, онъің дербес сипаты жоқ,  өйткені  өкілдіктің  мәні  —  өкіл
жасаған мәміле  бойынша тікелей  өкілдік  берушіде  құқықтар  мен  міндеттер
ғана болады. Бір тарабы өкіл болатын мәміледе өкілдік беруші  адам  құқықтар
мен міндеттер субъектісіне айналады, ал үшінші  жақ  үшін  өкіл  фигурасының
айтарлықтай мәні болмайды, өйткені үшінші жақ өкіл  арқылы  тікелей  өкілдік
берушімен құқықтық қатынас орнатады. Өкілдің мәмілесі — бұл заңдық факт,  ол
өкілдік беруші мен үшінші адам  активті  және  пассивті  субъектілері  болып
табылатын катынастарды  туғызады.  Өкіл  өкілдіктің  жәрдемімен  орнатылатын
қатынастардан тыс қалады және онда ешқандай  құқықтарды  немесе  міндеттерді
иеленбейді.
Құқықтар  мен  міндеттер  субъектісі  өкіл   емес,   өкілдік   беруші   адам
болатындықтан,  онда  жалпы  азаматтық  құқық  қабілеттіліктің  болуы  талап
етіледі. Жалпы ереже бойынша, азаматтық айналымның кез келген  субъектісі  —
заңды  тұлға  немесе  әрекет  қабілеттілігінің  күйіне  қарамастан,   азамат
өкілдік  беруші  адам  қызметін  атқара  алады.  Сонымен  бірге,  бұл  жалпы
ережеден бірқатар ерекшеліктер бар. Атап айтқанда, бірқатар жағдайларда  заң
мәмілелердің жекелеген  түрлері  бойынша  тараптарға  белгілі  бір  талаптар
қояды, мысалы, банк, қамсыздандыру және  өзге  де  лицензияланатын  қызметті
жүзеге асырудан  туындайтын  мәмілелерді  жасауға  арнайы  лицензия  болудың
қажеттігі және осы жағдайда өкілдік беруші адам жеке өзі немесе өкіл  арқылы
мәміле жасау үшін лицензия алуға тиіс. Өкіл арқылы  мәміле  жасауға  қажетті
келесі ерекшелік айналым қабілеті шектеулі мүлікпен мәміле  жасауға  қатысты
шектеулерден  туындайды,  мысалы,   ауылшаруашылық   мақсатындағы   жерлерді
шетелдіктердің меншігіне сатып алуына тыйым салу,  аңшылық  жасау  қаруларын
сатып алу үшін арнайы рүқсаттың болуы және т.с.с. Бұл  жағдайда  да  өкілдік
беруші адам заңның осындай  мәміленің  тараптарына  қоятын  талаптарына  сай
болуы тиіс.
Сонымен бірге мынаны атап көрсету қажет: әрекетке  қабілетсіз  азаматтар  өз
беттерінше мәмілелер жасауға құқықсыз болатындықтан, жалпы  азаматтық  құқық
қабілеттілігін иелене  түра,  өкіл  арқылы  өз  беттерінше  мәмілелер  жасай
алмайтын   себепті   олардың   өкілдік   етуіне   жол   берілмейді.    Құқық
қабілеттілігіне заң немесе жарғы  арқылы  белгілі  бір  шектеулер  қойылуына
байланысты заңды тұлға өз бетінше жасай  алмайтын  мәмілені  өкілдік  арқылы
жасауға жол берілмейді, мысалы, мемлекеттік  кәсіпорындардың  өз  беттерінше
және өкіл арқылы кәсіпорынның негізгі қорларына жатқызылған мүлікке  қатысты
мәмілелер  жасауға  құқығы  жоқ,  не  заңды  тұлға  мәміле  жасау  үшін   өз
жарғысының  ережелеріне  сәйкес  белгілі  бір   органның   (мысалы,   байқау
кеңесінің) рүқсатын алуға міндетті.
Егер өкілдік беруші адамда заңның белгілі бір мәмілелерге  немесе  азаматтық
айналымның белгілі бір субъектілеріне  қоятын  құқық  қабілеттіліктің  болуы
қажеттігі туралы ережесі бүзылатын  болса,  онда  өкілдің  жасаған  мәмілесі
жарамсыз деп танылады және өкілдік беруші мен үшінші жақ үшін  заңдық  құқық
қатынастар тумайды. Соңдықтан, мысалы, егер  өкілдік  беруші  адам  шетелдік
болса, ауылшаруашылық  мақсатындағы  жер  учаскесін  меншігіне  сатып  алуды
көздейтін мәміле жарамсыз болады, ал өкілдің азаматтығының бұл  жағдай  үшін
ешқандай маңызы болмайды. Егер бұл  ұйымдардың  осындай  мәмілелерді  жүзеге
асыруына тыйым  салынған  болса,  мысалы,  банктердің  немесе  қамсыздаңдыру
үйьщдарының  өкіл  арқылы  жасаған  және  материалдық  құндылықтармен  сауда
жасауды жүзеге асыруға бағытталған мәмілелері жарамсыз болады.
Өкілдіктегі сыртқы қатынастың өкілдік үшін, атап  айтқанда,  өкілдік  беруші
мен үшінші жақ  арасыңцағы  өзара  қарым-қатынас  мәселелерінде  айтарлықтай
мәні болатыны даусыз. Өкіл мәміле  жасау  арқылы  өкілдік  берушінің  атынан
және өзіне берілген өкілеттік  шегінде  өзінің  еркін  білдіретіндіктен,  ол
шарттарда тікелей контрагент болып саналады. Сондықтан өкіл арқылы  жасалған
мәміленің  салдарын  зерттеуде,  мысалы,  сенім  білдіруші  мен  үшінші  жақ
арасында туған даулар бойынша  салдарды  зерттеуде  (атап  айтқанда,  алдау,
зорлық-зомбылық көрсету, қорқыту арқылы жасалған  мәмілелерді  жарамсыз  деп
тануда) сенім білдірушінің, емес, өкілдің еркінің себептері  назарға  алынуы
тиіс. Мәселен, сатып алу-сату шартын жасау  кезінде  сатушы  сатып  алу-сату
объектісінің кемістіктері  жөнінде  өкілге  ескертпегендіктен,  бұл  мән-жай
жасалған  мәміленің  салдарына  ықпал  ететін  болады,  өкілге   сатып   алу
бағасынтиісінше кемітуді, залалдың орнын толтыруды және т.с.с.  талап  етуге
құқық береді.
Өкілдің өз еркін  білдіруі  талап  етілетіндікген,  жалпы  азаматтық  әрекет
қабілеггілігі бар адам өкіл ретінде  әрекет  ете  алады,  яғни  заң  бойынша
шартқа қатысуға тыйым салынбаған адам ғана өкіл бола  алады.  Сондықтан  сот
арқылы  әрекетке  қабілетсіз  деп  танылған  азаматтар  өкіл  бола  алмайды.
Кәмелетке  толмағандар,  әрекетке  қабілетсіз  және   әрекет   қабілеттілігі
шектеулі азаматтар өздері дербес жасай алатын мәмілелер  бойынша  ғана  өкіл
болуға құқылы.  Ал  мәміле  бойынша,  өкілдік  беруші  адамда  құқықтар  мен
міндеттердің пайда болуы өкілде белгілі бір мәмілелерді жасау  үшін  қажетті
лицензияның болуын талап етпейді. Өкілдің  —  заңды  тұлғаның  арнайы  құқық
қабілеттілігі  де  олардың   құқық   қабілеттілігінің   көлеміне   кірмейтін
мәмілелерді жасауына кедергі  бола  алмайды,  өйткені  олар  жасаған  мәміле
бойынша өкілдік берушіде құқықтар мен міндеттер пайда болады.
Өкілдік өкілеттіктер. Өкілдің  жасауына  рүқсат  етілген  мәмілелер  ауқымын
өкілеттік деп атайды. Өкілеттік өкіл үшін ғана емес, сондай-ақ оның  өкілдік
берушінің атынан құқықтық  қатынас  орнататын  адамдары  үшін  де  міндетті,
өйткені  кейін  оларды  өкілдік  беруші  "мақүлдайтын   жағдайлардан   басқа
реттерде өкілеттігі жоқ немесе өкілеттігі көп өкілдік заңдық  салдар  туғыза
алмайды. Сондықтан, жалпы ереже бойынша, өкілдің  өкілеттігі  оларды  үшінші
жақтың танысуына және тексеруіне болатын әдістермен бекітіледі.
Өкілдің  өкілеттігі,  әдетте,  өкілдікке  негіз   болған   заңдық   фактінің
мазмұнынан туындайды.
Филиалдың басшысын немесе заңды тұлғаның өкілдігін тағайындауға  негізделген
өкілдікте заңның талаптарына қарай өкшдік  функцияларын  жүзеге  асыру  үшін
басшыға  сенімхат  берілуі  қажет.  Бұл   жағдайда   өкілдің   өкілеттіктері
сенімхатта көрсетіледі.
Оқиғаларға немесе соттың шешіміне негізделген өкілдікте  өкілдің  өкілеттігі
заңда баянды  етілген  нормалардан  келіп  шығады.  Мысалы,  баланың  туылуы
оқиғасына байланысты өкілдіктің пайда болуында өкілдердің  —  ата-аналарының
өкілдіктері 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың мәміле жасау  тәртібін
көздейтін АК-ның 23-бабының нормаларынан туындайды. Соттың шешімімен  азамат
әрекетке қабілетсіз  деп  танылатын  жағдайда  өкілдің  өкілеттігі  әрекетке
қабілетсіз  адамның  мәміле  жасау  тәртібін  көздейтін  АК-ның   26-бабынан
туыңдайды.
Өкілдік мәміледен туындайтын жағдайда екілдің  өкілеттігі  оның  шарттарыңда
баянды  етіледі.  Мәселен,  тапсырма  немесе  коммерциялық  өкілдік   шартын
жасасуда  өкілдің  өкілеттіп  не  шартта,  не   сенім   білдірілген   немесе
коммерциялық өкіл береіін сенімхатта көрсетіледі.
Өкілеттік кедде өкілдік берушінің  өз  өкілін  мәжбүр  еткен  мән-жайдан  да
туындауы мүмкін, мысалы,  дүкендегі  сатушы,  бөлшек  сауда  бойынша  мәміле
жасайтын уәкілетті адам, банк кассасы бөлмесіндегі ақша  қабылдауға,  беруге
және ақшалай есеп айырысудың өзге  де  түрлерін  жасауға  уәкілетті  кассир.
Мұндай жагдайларда өкілдің өкілеттіктері лауазымдық  міндеттерден  туындайды
және оларды сенімхатпен куәлаңдыруды қажет етеді.
Егер мәміле жасау кезінде ол осымен бір мезгілде осы  адамның  өкілі  болса,
сенім  білдіруші  адамның  мүдделерін  қорғау  мақсатыңда   өкілге   өкілдік
берушінің атынан мәміле жасауға тыйым салынған.  Өзгеше  жағдай  екі  немесе
көп жақты мәмілелердің  табиғатына  қайшы  келтен  болар  еді,  өйткені  екі
немесе одан көп тараптардың  еркін міндетті үрде үйлесгіруді бір  адамның  -
өкілдің ғана еркі алмастырган болар еді. Соңдықтан  мұндаймәмілелер  бойынша
бір мезгідце екі тараптың мүдделерін білдіруге  тыйым  салынған  жағдайларды
бұза отырып жасалған мәмілелер жарамсыз деп танылады.  Коммерциялық  өкілдік
қана бұл ережеге жатпайды, өйткені онда өкілдікті кәсіпкерлік қызметтің  бір
түрі ретінде жүзеге асыратын және тиісінше өз  әрекеттері  үшін  кәсіпкерлік
жауап беретін  адамның  шарттың  түрлі  тараптарының  мүдделерін  білдіруіне
рүқсат етіледі.
      2. Өкілдіктің пайда болу негіздері және түрлері
Заң немесе шарт өкілдіктің пайда болуының негізі болып табылады. Заң  арқылы
пайда болатын өкілдік заңды немесе  қажетті  өкілдік  деп  аталады.  Шарттың
негізіңде пайда болатын өкілдік шарттық немесе ерікті өкілдік деп аталады.
Белгілі бір адам кемістіктерінінің  немесе әрекетке қабілетсіздігінің  орнын
толтыру қажет болатын  жағдайларда  заңды  өкілдік  пайда  болады.  Әрекетке
қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі  шектеулі  дел  танылған  кәмелетке
толмағандарға (есі  ауысқан,  нашақор,  маскүнем  және  т.с.с.  науқастарға)
қамқоршылық белгілеу заңды өкілдікке мысал болады.  Заңды  өкілдіктің  пайда
болу жағдайлары  заңдарда  баянды  етілген.  Заңда  заңды  өкілдіктің  пайда
болуына қажетті заңдық фактілердің белгілі құрамы көрсетілген.
Заңды өкілдік тікелей мынадай заңдық фактілердің негізінде пайда болада:
— өкілдік қатынастардың басталуына себепші  болатын  оқиғалар,  мысалы,  заң
баланың   туылуына   байланысты   ата-аналарға   өкілдік   қызметін   атқару
уәкілеттігін береді;
өкілдік қатынастарды белгілейтін сот шешімі, мысалы, соттың
шешімімен  азаматт  әрекетке  қабілетсіз  деп  тану  және  оған  қамқоршылық
белгілеу әрекетке қабілетсіз азамат пен  оның  қамқоршысы  арасыңда  өкілдік
қатынастар орнатады;
заңға сәйкес өкілдік қатынастар туғызатын әкімшілік акт, мысалы,
бала асырап алушылықты рәсімдеу.
Бастапқыда өкілдік заңды өкілдік түрінде пайда болған.  Міндеттеменің  жеке-
даралық сипатымен  үйлеспейтін  ерікті  өкілдікті  мойыңдамаған  рим  құқығы
қалыптастырған айтарлықтай дамыған заңды өкілдік  институты  кейін  құқықтың
дамуына  және  біршама  өзгеріске  ұшырауға  байланысты  заңды  және  ерікті
өкілдікті бірдей қамтитын осы заманғы өкілдік институтына негіз қалады.
Заңды өкілдік мүліктік  айналымда  айтарлықтай  кең  таралған.  Ол  әрекетке
қабілетсіз  адамдарға  қатысты  туындайды.  14   жасқа   дейінгі   кәмелетке
толмағандар  және  қамқоршылыққа  алынған   азаматтар   толығымен   әрекетке
қабілетсіз  деп  танылады.  Қамқоршылықты  белгілеу  негіздерін,  шарттарын,
тәртібін неке-отбасы заңдарының нормалары, атап айтқанда, Неке  және  отбасы
туралы заңның тиісті нормалары реттеп отырады. 14  жасқа  дейінгі  кәмелетке
толмағандар және қамқоршылыққа алынған азаматтар,  сөзсіз,  азаматтық  құқық
субъектілері ретінде  танылады,  өйткені  олар  жалпы  құқық  қабілеттілікті
иеленеді.  Сонымен  бірге,  14  жасқа  дейінгі  кәмелетке  толмағандар  және
қамқоршылыққа   алынған   азаматтар   өз   әрекеттерінің   салдарын   түсіне
алмайтындықтан, азаматтық құқық мұндай адамдардың өз  әрекеттерімен  құқықты
иеленіп,  міндеттер  атқару  мүмкіндігі  ретіндегі  әрекетке  қабілеттілігін
мойындамайды.  Сондықтан  заң  мұндай  адамдардың  әрекетке   қабілеттілігін
толықтыра  түсу  үшін  заңды  өкілдері  болып   табылатын   ата-аналары   не
қамқоршылары   арқылы   14   жасқа   дейінгі   кәмелетке   толмағандар   мен
қамқоршылыққа алынған азаматтардың құқықтарды  иеленіп,  міндеттер  атқаруын
көздейді. Бұл арада әрекетке  қабілеттіліктің  мәміле  жасауға  қабілеттілік
секілді элементі  азаматтық  айналымның  әрекетке  қабілетті  және  әрекетке
қабілетсіз  тұлғалары  арасыңдағы  құқық  қабілеттілік   көлемін   жіктеудің
негізгі өлшемі болып табылатынын атап көрсету қажет.
14 жасқа дейінгі кәмелетке  толмағандар  үшін  мәміле  жасайтын  ата-аналар,
асырап  алушылар  немесе  қамқоршылар,   сондай-ақ   белгіленген   тертіппен
әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтар үшін мәміле жасайтын  қамқоршылар
олардың заңды өкілдері болып табылады. Бұл жағдайда  өкілеттік  белгілі  бір
фактінің пайда болуына, мысалы, оқиғаға (баланың  туылуы),  соттың  шешіміне
(азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану) байланысты өкілдіктің пайда  болуына
қатысты заңдардан туындайды және қандай да бір рәсімдеуді керек етпейді.
14  жастан  18  жасқа   дейінгі   кәмелетке   толмағандардың   және   әрекет
қабілеттілігі шектеулі азаматтардың әрекет  қабілеттілігін  анықтау,  демек,
мұндай адамдарға қатысты  заңды  өкілдікті  қолдану  шегін  анықтау  тәртібі
айтарлықтай күрделі өрі бірқатар мән-жайларға  байланысты.  Мұидай  адамдар,
әдетте, ата-аналарының (заң бойынша қорғаншылар болатын), не заң  тәртібімен
белгіленген  қорғаншыларының  келісімі  болғанда  мәміле   жасауға   құқылы,
сондықтан бұл жағдайда ешқандай өкілдік туралы  әңгіме  болуы  мүмкін  емес.
Оның  үстіне,  14-тен  18  жасқа  дейінгі  кәмелетке  толмағандар  өздерінің
табыстарына,   шәкірт   акысына,   өзге    кірістеріне,    өздері    жасаған
интеллектуалдық  меншік  объектілеріне   өздері   билік   етуге,   сондай-ақ
тұрмыстық үсақ мәмілелерді өз беттерінше жасауға құқылы.  Солай  бола  түрса
да,  қамқоршылық  және  қорғаншылық  жасау  органдары  жеткілікті   негіздер
болатынреттерде кәмелетке толмағаңды ез  табысына,  шөкіртакысына,  өзге  де
кірістеріне, өзі жасаған интеллектуалдық  меншік  объектілеріне  өз  бетінше
билік ету  құқығынан  айыруы  мүмкін.  Мұндай  жағдайда,  14  жасқа  дейінгі
кәмелетке толмағандарға қолданғандағыдай, 14-тен 18 жасқа дейінгі  кәмелетке
толмағандардың ата-аналары  немесе  қамқоршылары  олардың  өкілдері  ретінде
әрекет етеді.
Заңды  өкілдер,  әдетте,  олардың  қамқорлығындағы  адамдар   жасай   алатын
мәмілелердің  барлығын  немесе  езге  де  заңдық  түрғыдан   маңызды   болып
табылатын әрекеттерді жасауға құқылы. Сонымен бірге заң белгілі  бір  заңдық
фактінің  тууына  байланысты  өкілдіктің  пайда  болуымен  байланыстырылатын
заңды өкілдердің белгілі бір  санаттарының  өкілдіктеріне  белгілі  дәрежеде
шектеулер қоюы мүмкін. Мәселен, қамқоршылар өкілдік  беруші  адамның  мүлкін
кепілге салу, тұрғын үйін айырбастау, қамқорлығындағы  адамның  құқықтарынан
бас тартуы,  мүрадан  бас  тартуы  секілді  кейбір  мәмілелерді  жасау  үшін
қамқоршынық және қорғаншылық жасау органцарының келісімін алуы  қажет.  Ата-
аналарының заңды өкілдігі болатын жағдайларда да, атап  айтқанда,  кәмелетке
толмаған балалар меншік иелері  болып  табылатын  жекешелендірілген  пәтерге
билік ету  кезінде  де  аталған  ерекеттерді  жасау  үшін  қамқорпшлық  және
қорғаншылық  жасау  органдарының  келісімін  алу  қажет.  Әр  түрлі  өмірлік
жағдайларда белгілі бір заңдық әрекеттерді өз  бетінше  жасау  мүмкіндігінің
болмауына байланысты адамның қызмет  ету  саласын  үлғайту  немесе  ауыстыру
қажет болатын реттерде шарттық  өкілдік  пайда  болады.  Өкілдік  қатынастар
орнататын  белгілі  бір  мәмілелердің  негізіңде,  мысалы,  сенімхат   беру,
коммерциялык окідпік шартын жасау,  тапсырма  беру  шартын  жасау  негізінде
шарттық (ерікті) өкілдік пайда болады. Қызметкердің  еңбек  немесе  өзге  де
қызмет міндеттерінен туындайтын  өкілдіктер  (мысалы,  өздерінің  лауазымдық
міндеттеріне қарай экспедиторлардың,  сатушылардың,  кассирлердің  өкілдікті
жүзеге асыруы) шарттық өкілдікке жатады, өйткені экспедитор, сатушы,  кассир
ретінде жұмысқа қабыддау туралы еңбек  шартын  жасаудан  туындайтын  шарттық
қатынастар олардың негізі болып табылады.
Шарттық өкілдікте,  әдетте,  сенім  білдірілген  адам  өкілге  сенімхат  деп
аталатын ерекше жазбаша құжатты тапсырады, онда өюддің  жасауға  уәкілеттігі
бар мәмілелердің  тізбесі  көрсетіледі.  Сонымен  қатар,  өкіл  мен  өкілдік
беруші  арасындағы  өкілдік  орнату  жөніндегі  шарттарда   -тапсырма   беру
шартында, коммерциялық өкілдік шартында да өкілдіктер  болуы  мүмкін.  Соңғы
жағдайда  жеке  құжат  берілмеуі  мүмкін,  сондықтан  шарттың  өзі  сенімхат
қызметін  атқара  алады  (мысалы,  коммерциялық  өкілдік,  әдетте,  сенімхат
берместен, шарттың негізівде жүзеге  асырылады).  Шартта  өкіл  мен  өкілдік
беруші адамның арасындағы үшінші жаққа қатысы жоқ және өкілмен мәміле  жасау
кезінде  олар   үшін   талап   етілмейтін   ішкі   қатынастарды   көрсететін
мәліметтердің болуы сенімхат беру  қажеттігін  туғызады.  Өкіл  мен  өкілдік
беруші арасыңдағы қатынастарды көрсететін  ішкі  мәліметтердің  коммерциялық
құпияға да  қатысы  бар.  Шартта  өкілдің  уәкілеттігін  сенімхат  берместен
көрсетуде мұндай шарт заңның сенімхатқа қоятын барлық талаптарына сай  болуы
тиіс.
  Коммерциялық  өкілдік.  Құқықтық  реттелуінде  елеулі   ерекшелікгер   бар
коммерциялық өкілдік ерікті өкілдіктің  ерекше  түрі  болып  табылады,  оның
құқықтық  реттелу   ерекшеліктері   АК-ның   166-бабында   баянды   етілген.
Коммерциялық өкілдіктің айырым  ерекшелігі  -  өкілдікке  ерекше  субъект  —
коммерциялық өкілдің қатысуында. Кәсіпкерлер өкілдік  беруші  адаммен  еңбек
қатынастары жоқ, өкілдік  беруші  адаммен  жазбаша  түрде  жасасқан  шарттың
негізінде жұмыс жүргізетін, өзінің қызметі үшін  сыйақы  алатын  және  өзіне
берілген тапсырманы орындауда  әдеттегі  кәсіпкердің  қамқорлығындай  әрекет
етуге міндетті кәсіпкерлік қызмет  саласында  шарт  жасасуда  кәсіпкерлердің
атынан үдайы және өз  бетінше  әрекет  ететін  адам  коммерциялық  өкіл  деп
танылады. Коммерциялық  өкілдік  кәсіпкерлік  қызметтің  дербес  түрі  болып
табылады. Өкілдік беруші адамға қатысты алғанда, коммерциялық өкіл қашан  да
бөгде адам болып саналады.  Лауазымдық  немесе  еңбек  қатынастарына  сәйкес
заңды тұлға өкілдігін коммерциялық  өкілдікке  жатқызуға  болмайды,  өйткекі
коммерциялық өкіл  өкілдікті  кәсіпкерлік  қызмет  ретінде  жүзеге  асыратын
тұлға болыл табылады.
АК-ның 166-бабының 2-тармағына сөйкес, коммерциялық  өкілдіктің  ерекшелігі,
ол  сонымен  бір  мезгілде  өзінің  қатысуымен   жасалатын   шарттың   түрлі
тараптарының мүдделерін білдіре алады.
Кәсіпкерлік  кызметті  жүзеге  асыратьщ  заңды  тұлғалар  да,  азаматтар  да
коммерциялық өкілдер бола алады. Мысалы, өкілдік  беруші  (сенім  білдіруші)
кәсіпкерлердің атынан және тапсыруы бойынша  қор  биржасында  үзақ  мерзімді
мәмілелердің негізінде мәмілелерді жүзеге  асыратын  брокерлер  және  бағалы
қағаздар рыногының өзге  де  кәсіби  қатысушылары,  шарт  бойынша  клиенттің
бағалы  қағаздар  пакетіне  басшылықты  жүзеге  асыратын   бағалы   қағаздар
рыногының кәсіби қатысушылары, шарттың негізінде сенім  білдірушінің  атынан
оның ақша қаражатына және өзге мүлкіне басшылықты жүзеге  асыратын  сенімгер
басқарушылар,  оның  ішінде  клиенттің  атынан  сенім  операцияларын  жүзеге
асыратын банктер де өкілдер болып табылады.
Коммерциялық өкіл кәсіпкерлік қызметті  жүзеге  асыратындықтан,  оған  заңда
көзделген, кәсіпкерлік құқықтық  қызметті  реттеудің  барлық  ерекшеліктері,
атап   айтқанда,   АК    баптарының    кәсіпкерлік    қызметке    байланысты
міндеттемелерді  мерзімінен  бүрын  орындау  туралы,  кәсіпкерлік   қызметке
байланысты  ортақ  міндеттемелерді  орындау  туралы,  кәсіпкерлік   қызметті
жүзеге  асыру  барысыңда   міндеттемелерін   орындамаған   немесе   тиісінше
орындамаған адамдардың  жауапкершілігі  туралы,  борышқордың  үшінші  жақтың
әрекеттері немесе әрекетсіздігі жауапкершілігі  туралы  нормалары  таралады.
Коммерциялық өкілге кәсіпкерлікті жүзеге асыратын адамдардың  жауапкершілігі
туралы заңдардың барлық нормалары қолданылады (кінәсыз жауаптылық).
Коммерциялық өкілге сыйақы төлеу тәртібін, мөлшерін және тапсырманы  орындау
барысында оның шеккен шығындарының  орнын  толтыру  тәртібін,  сыйақы  төлеу
жөніндегі міндетті бөлу  және  коммерциялық  өкіл  өкілдік  ететін  тұлғалар
арасындағы  шығындардың  орнын   толтыру   тәртібін   тараптардың   келісімі
анықтайды. Сонымен  бірге,  заңда  коммерциялық  өкілге  төленетін  сыйақыны
бірдей үлесте бөлу және  ол  шеккен  шығынды  тапсырманы  орындау  барысында
коммерциялық  өкіл  осымен  бір   мезгілде   олардың   мүдделерін   қорғаған
кәсіпкерлер арасында бөлу тәртібі туралы толықтыратын норма бар.
Заңда, атап айтқанда,  АК-ның  166-бабының  4-тармағында  коммерциялық  өкіл
өзіне белгілі болған сауда мәмілелері  туралы  мәліметтерді  өзіне  берілген
тапсырманы орындағаннан кейін деқұпиясақтауға міндетті екені  айтылған.  Бұл
норма заңда коммерциялық (кәсіпкерлік) құпияны қүрайтын мәліметтер  тізбесін
белгілеу   мүмкіндігін   көздейтін   коммерцияпық   құпия   туралы    заңдар
ережелерінің дамуы болып  табылады.  Коммерциялық  өкіл  тапсырманы  орындау
барысыңда, сондай-ақ оны орыңдағаннан кейін  де  мүндай  мәліметтерді  күпия
сақтауға міндетті. Қүпияны сақтау туралы талаптарды  орындамау  коммерциялық
өкілцің  коммерциялық  (кәсіпкерлік)  қүпияны  жария  ету  арқылы  келтірген
залалының орнын толтыру түріндегі жауаптылығына негіз болып табылады.
Кәсіпкерлік  қызметтің   жекелеген   салаларында   коммерциялық   өкілдіктің
ерекшеліктері АК-ның 166-бабының 5-тармағына сәйкес белгіленуі мүмкін.  Атап
айтқаңца, банк заңдарында сенім операцияларын  жүзеге  асыру  ерекшеліктері,
бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарда - бағалы  қағаздар  рыногының  кәсіби
қатысушыларының қызметін жүзеге асыру ерекшеліктері көзделеді.
Өкілеттігі жоқ өкілдік. Өкілдік берушінің еркімен, заң,  сот  шешімі  немесе
әкімшілік акт және уәкілеттігі белгілеген шекте ғана  уәкілеттігі  бар  адам
өкіл ретінде әрекет ете  алады.  Сонымен  бірге,  бір  адам  ешқандай  заңды
негізсіз,  оның   заңды   өкілі   болмастан,   сондай-ақ   өкілдікке   сенім
білдірушімен  тиісінше  рәсімделген  келісімсіз  не   тиісінше   рәсімделген
сенімхатсыз басқа адамның атынан  және  оның  мүддесіне  мәмілелер  жасайтын
көптеген  өмірлік   жағдайлар   кездеседі.   Туыстық   қатынастар,   достық,
серіктестік  және  бірлескен  кәсіпкерлік   қызмет   және   т.с.с.   осындай
әрекеттерге себеп болады. Мысалы, бір адам өз туысының  тұрғын  үйге  мүқтаж
екенін,  бірақ  езі  осында  болмағандықтан,  оны  іздеп   таба   алмайтынын
білетіндіктен, оның атынан пәтер жалдау шартын жасауы мүмкін.
Өкілдікті белгілеу туралы мәміленің заң талап ететін  нысаны  бұзылғанда  да
осындай  жағдай  пайда  болады.  Сенімхаттың  жазбаша  не  нотариаттық  түрі
бұзылғанда  өкілдікті  белгілеу  туралы  мәміле  не  сенімхат  жарамсыз  деп
танылады және өкілдікті тиісті  дәрежеде  жүзеге  асыру  жөнінде  сөз  етуге
болмайды. Тиісті уәкілеттілік берілген адам өкілдікті жүзеге  асыруда  өзіне
берілген өкілеттік  көлемінен  шығып  кететін  жағдайлар  да  болуы  мүмкін,
мысалы, ол үй жалдауға өкілетті бола отырып, сатып алу-сату шартын жасайды.
Уәкілеттігі жоқ адамның немесе өкілеттігі көп адамның әрекеттері  өкілеттігі
жоқ өкілдік немесе нақты өкілдік деп аталады. Мұндай әрекеттер  АК-ның  165-
бабына сөйкес, мәміле жасауға  уәкілдік  берілмеген  адамның  басқа  адамның
атынан немесе уәкілеттігін асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік  беруші
осы мәмілені кейіннен мақүлдаған ретте ғана ол үшін азаматтық  құқықтар  мен
міндеттерді туғызады, өзгертеді жэне тоқтатады. Егер уәкілетті емес  адамның
немесе өкілеттігі кең  адамның  әрекеттері  өкілдік  беруші  адам  тарапынан
қолдау таппаса, онда  мұндай  әрекеттер  өкілдік  берушіге  құқықтық  салдар
туғызбайды және өкілдікке жатқызылмайды.
Өкілдіктің мәнін басшылыкқа  ала  отырып,  уәкілеттіксіз  немесе  өкілдіктің
шегін асыру арқылы жасалған кез келген мәміленің өкілдік берушіні,  егер  ол
кейін  оларды  мақүлдамайтын  болса,  ештенеге  міндеттеменің  атап  көрсету
қажет.
Өкілдік дегеніміз құқықтық қатынас болғандықтан,  оған  сәйкес  белгілі  бір
адам — өкіл басқа адам — өкілдік берушінің мүддесіне мәміле немесе  өзге  де
заңдық маңызы бар әрекеттер жасайтын  болса,  онда  өкілдің  өз  өкілеттігін
асыра пайдаланып жасайтын немесе осыған  уәкілеттігі  бар  адамның  жасайтын
мәмілесі немесе басқа да заңдық маңызы бар әрекеттері басқа тарапты  (үшінші
жақты)  әрекеттен  айырады,  өйткені  оларға  тәуекелге  бара   отырып,   ол
уәкілеттігінің жоқ екенін немесе өкілдің  өз  өкілеттігін  асыра  пайдаланып
отырған және ол  жарамды  болуы  үшін  мәмілені  кейін  мақұлдау  қажеттігін
білді. Егер өкілдік беруші адам кейін мәмілені қолдайтын болса, оңда  екінші
тарап өкілдің уәкілеттігі   жоқтығын  желеу  етіп,  одан  жалтаруға  құқысыз
болады.
Мәмілені мақұлдау түрліше  нысанда,  мысалы,  жазбаша  құжат  түрінде,  өкіл
жасаған мәміленің нәтижелерін иелену, атап айтқанда, өнімді қабылдау,  келіп
түскен ақшаны есепке алу және т.б. түрде жүргізіледі.
Уәкілеттігі жоқ немесе өкілеттігі көп адамның басқа адамның  атынан  жасаған
мәмілелерін немесе заңдық маңызы бар өзге де әрекеттерін  кейіннен  мақұлдау
жасалған мәмілені және  заңдық  маңызы  бар  өзге  де  әрекеттерді  жасалған
кезден бастап жарамды етеді.
       3. Сенімхат
Сенімхат дегеніміз бұл — бір адамның (сенім білдірушінің) өз атынан  өкілдік
ету үшін екінші (сенім білдірілтен) адамға берген жазбаша уәкілдігі  (АК-ның
167-бабының 1-тармағы).
Бұған дейін айтып өткеніміздей, өкілеттіктер жеке құжат— сенімхатта, сондай-
ақ өкілдікті белгілеу туралы шарт —  тапсырма  беру  шартында,  коммерциялық
өкіл  шартында  және  т.с.с.  баянды   етілуі   мүмкін.   Өкілепік   шарттың
талаптарына қосылатын реттерде шарттың  өзі  сенімхат  болады.  Мұндай  шарт
заңның шартқа қоятын барлық талатттарына сөйкес болуға тиіс.
Жеке жазбаша құжат-  сенімхат  біржақты  мәміле  болып  табылады.  Сондықтан
сенімхатқа  мәміле  жөніндегі  заңдардың   барлық   ережелері   қолданылады.
Сенімхат  берудің  сипаты  бір  адамның  —   сенім   білдірушінің   (өкілдік
берушінің) ерік білдіруінің және екінші адамның — сенім білдірілген  адамның
(екілдің) ерік-жігер әрекеттерінің бар  екенін  көрсетеді.  Сондықтан  сенім
білдіруші мен сенім білдірілген адам толық әрекетке  қабілетті  болуы  тиіс.
Сенім білдірушіде немесе сенім білдірілген  адамда  әрекет  қабілеттілігінің
болмауы немесе шекгеулі болуы  сенімхаттың  жарамсыздығы  немесе  тоқтатылуы
үшін негіз болады.
Сенімхат жазбаша құжат ретінде өкілдік қатынастардың қажетті элементі  болып
табылады.  Сенімхат  беру  біржақты  мәміле  болса  да,  оны  берудің   және
өкілдікті жүзеге асырудың  негізінде  шарт  —  өкілдік  беруші  мен  өкілдің
арасындағы өкілдік орнатуға келісім жатқанын мойындау қажет.  Мұнда  өкілдік
беруші мен өкіл арасындағы өкілдік  қатынастар  орнату  жөніндегі  шарт  кез
келген түрде жасалуы мүмкін: жазбаша түрде (мысалы,  тапсырма  беру  шарты),
ауызша түрде (мысалы, қандай да  бір  жазбаша  рәсімделген  езге  шартсыз-ақ
сенімхат беру). Сенімхат беру  фактісінің  өзі  (өкілдің  өкілдік  берушінің
атынан заңдық  маңызы  бар  әрекеттер  —  мәмілені  жүзеге  асыруы)  өкілдік
туғызбайды. Өкіл өкілдік берушінің атынан және сенімхаттың негізінде  заңдық
маңызы  бар  әрекеттерді  —  мәмілелерді  жүзеге  асырғанда,  тіпті  олардың
арасында бір  адамның  екіншісіне  өкілдік  белгілеуі  туралы  жазбаша  шарт
болмағанның  өзінде,  тараптардың  өкілдік   белгілеу   туралы   еріктерінің
үйлесуін теріске шығару мүмкін емес.
Сенімхаттың  түрлері.  Заң  мәміленің  ерекше  түрі  —  сенімхат  үшін  оның
міндетті жазбаша түрі болуын көздейді.
Жалпы ереже бойынша, сенімхат,  жай  жазбаша  түрде  жасалуы  тиіс.  Мүлікке
билік жасауға және нотариаттың куәландыруын талап ететін  мәмілелер  жасауға
берілетін сенімхатты, егер заң құжаттарыңда  өзгеше  белгіленбесе,  нотариат
куәландыруға тиіс (АК-ның 167-бабының 2-тармағы).
АК-ның 167-бабының 3-тармағына сәйкес, нотариат куәландырған сенімхаттарға:
госпитальдарда, санаторийлер мен басқа  әскери-емдеу  мекемелерінде  емделіп
жатқан әскери қызметшілердің және өзге де  адамдардың  осы  госпитальдардың,
санаторийлер  мен  басқа  әскери-емдеу  мекемелерінің  бастықтары,  медицина
бөлімі жөніндегі орынбасарлары,  аға және кезекші  дәрігерлері  куәландырған
сенімхаттар;
мемлекеттік нотариалдық кеңселер мен басқа да  нотариалдық  әрекет  жасайтын
органдары  жоқ  әскери  бөлімдер,  қүрамалар,  мекемелер   және   әскери-оқу
орындары   орналасқан   мекендердегі   осы    бөлімдердің,     қүрамалардың,
мекемелердің, оқу орындарынын командирлері (бастықтары) кәуландырған  әскери
қызметшілердің  сенімхаттары,  сондай-ақ   жұмысшылар   мен   қызмепшлердің,
олардың  отбасы  мүшелері  мен   әскери   қызметшілер   отбасы   мүшелерінің
сенімхаттары;
бас бостандығынан айьтру орындарындағы адамдардың  бас  бостандығынан  айыру
орындарының бастықтары куәландырған сенімхаттары;
4)  халықты  әлеуметтік  қорғау  мекемелеріндегі  кәмелетке  толған   әрекет
қабілеттілігі  бар  азаматтардың  осы  мекеменің   немесе   тиісті   халықты
әлеуметтік   қорғау   органдарыньщ   басшысы    куөландырған    сенімхаттары
теңесііріледі.
Бірқатар  жағдайларда  сенімхатты  оның   нотариаттық   тұрін   сақта-мастан
куәлаңцыруға да жол беріледі, Атап айтқанда, мұндай  жағдайлар  АК-ның  167-
бабының  4-тармағында  аталған  —  хат-хабар,  жалақы  және  өзге  де   ақша
қаражатын алуға берілетін сенімхатты  жергілікті  басқару  органдары,  сенім
білдіруші  оқитын  ұйым  және  т.с.с.  куаландыруы   мүмкін.   Заң   осындай
сенімхатта болатын өкілеттіктердің толық тізбесін көрсетеді.
Сенім білдірілген адамға сенімхаттың берілуін жеңілдету және  тездету  үшін,
қажет болатын кезде, сенімхатты телеграфпен немесе өзге  де  ресми  байланыс
құралдары арқылы беруге рұқсат етіледі, мысалы, сенім білдірілген  адам  мен
сенім білдіруші әр түрлі шалғай қалаларда жүріп, сенімхатты шабарман  немесе
пошта арқылы алуға  мүмкіндік  болмайтын  кезде  оны  үсыну  талап  етілетін
жағдайда. Мұндай сенімхатты байланыс органцары қосымша куәландыруы тиіс.
Сенімхатты ресми байланыс  арналарын  пайдаланбай  да  беруге,  мысалы  факс
арқылы беруге болады. Бұл жағдайда оған  қатысты  сенімхат  берілген  үшінші
жақта сенімхаттың  жалған  еместігін  тану  немесе  танымау  құқығы  болады.
Үшінші жақ мұндай сенімхаттың жалған  еместігін  мойындаған  жағдайда  сенім
білдіруші адам  сенімхаттың  түріне  қойылатын  талагаың  сақталмауын  желеу
етіп, жасалған мәміленің нәтежиелерінен бас тартуға немесе  мұндай  мәмілені
жарамсыз деп тану туралы мәлімдеуге құқысыз болады.
АК-ның 167-бабының 6-тармағына  сәйкес,  заңды  тұлғаның  атынан  сенімхатты
рәсімдеудің ерекше тәртібі бар. Жалпы ереже бойынша, заңды  тұлғаның  атынан
берілегін сенімхат оны сенім ауысуы тәртібімен  беретін  жағдайлардан  басқа
реттерде нотариаттық  куәландыруды  талап  етпейді.  Заңды  тұлғаның  атынан
берілетін сенімхатқа  оның  басшысы  немесе  құрылтай   құжаттарымен  осыған
уәкілеттік алған адам  қол  қояды  да,  осы  ұйымның  мөрі  басылады.  Заңды
тұлғаның құрылтай құжаттары заңды тұлға атынан сенімхатты өзге  адамның  да,
мысалы басшы орынбасарының беру мүмкіндігін де көздеуі мүмкін.
Ақша және басқа бағалы мүлікті алуға  немесе  беруге  мемлекеттік  органның,
коммерциялық ұйым мен коммерциялық емес ұйымның атынан берілетін  сенімхатқа
сол ұйымның бас (аға) бухгалтері де қол қоюға тиіс  (АК-ның  167-бабының  7-
тармағы). Бұл норма ақшаның және өзге де материалдық  қаражаттардың  төленуі
мен жүмсалуын бақылап отыру қажеттігіне байланысты белгіленген  және  мұндай
сенімхатты рәсімдеу ережелерін сақтамау оны жарамсыз деп тануға негіз  болып
табылады.
Банк операцияларын және  сауда  саласындағы  мәмілелерді  жасауға  берілетін
сенімхаттардың түрлерін және оларды беру  тәртібінің  ерекшеліктерін  осыған
уәкілетті мемлекеттік органдар жасаған арнайы ережелер белгілейді.
Сенімхаттың мерзімі. Сенімхат мерзімді мәміле, яғни шекті қолданыну  мерзімі
бар  мәміле  болып  саналады.   Сенімхаттың   қолданылу   мерзімі,   әдетте,
сенімхаттың өзінің мәтінінде көрсетіледі. Мұнда заң  сенімхат  берілетін  ең
үзақ шекті мерзімді үш жыл деп нақты  көрсеткен.  Егер  сенімхатта  неғүрлым
үзақ мерзім көрсетілсе, ол түтас алғанда,  сенімхаттың  жарамдылығына  ықпал
етпегенімен,  оның  қолданылуын  сенімхат  берілген  кезден  бастап  үш  жыл
мерзіммен шектейді.
Сенімхат мерзімді мәмілеге жатқанымен, оның мәтінінде  қолданылу  мерзімінің
көрсетілмеуі оны жарамсыз етпейді, өйткені заңда, атап айтқанда, АК-ның 168-
бабында  осы  жағдайды  толықтыратыннормалар  көзделген,   олардың   мазмұны
мынаған саяды: егер сенімхатта оның  қолданылу  мерзімі  көрсетілмесе,  онда
мұндай сенімхат толтырылған күнінен бастап бір  жыл  мерзімге  берілген  деп
есептеледі.
Сенімхаттың берілген күні міндепі түрде көрсетілуі тиіс және ол  сенімхаттың
жарамдылығы үшін маңызды болады. Сенімхаттың  берілу  күнінін;  көрсетілмеуі
оны жарамсыз етеді. Сенімхаттың шекті қолданылу мерзімінің  көрсетілуі  оның
берілген күнін  көрсету  міндетін  алмастырмайды  және  оның  орнын  толтыра
алмайды. Бұл талаптың қарапайымдығына қарамастан, іс жүзінде  берілген  күні
көрсетілмеген  сенімхаттар  берілетін  және  осыған  байланысты  кейін  олар
жарамсыз деп танылатын жағдайлар жиі кездеседі.
Сенімнің  ауысуы.  Сенім  білдірілген  адамның   өзіне   уәкілдік   берілген
әрекеттерді орындауы өкілдік бойынша  құқықтық  қатынастардағы  жалпы  ереже
болып табылады. Бұл сенім білдіруші мен сенім  білдірілген  адам  арасындағы
өкілдік бойынша қатынастардың сенімгерлік сипатына байланысты.  АК-ның  169-
бабына  сәйкес,  сенім   білдірілген   адам   өзіне   сенімхатпен   берілген
өкілеттікті  екі  жағдайда  ғана  сеніп   бере   алады:   сенімхат   бойынша
өкілеттікті сеніп тапсыру құқығын сенімхаттың  өзі  беретін  кезде,  мысалы,
сенім білдіруші сенімхатты сеніп тапсыру құқығымен беретін жағдайда, соңдай-
ақ сенім білдірілген адам сенім білдірушінің  мүдделеріне  қауіп  төңдіретін
және  сенім   білдірілген   адамның   сенім   білдірушімен   сенім   ауысуын
үйлестіруіне   кедергі   келтіретін   мән-жагдайлардын   тууына   байланысіы
өкілеттікті сеніп тапсыруға мәжбүр болатын кезде, мысалы, сенім  білдірілген
адамның науқастануы салдарынан шүғыл орындауды қажет ететін тапсырманы  жеке
өзі орындау  мүмкіндігінен айрылуы  және  сенімді  тапсыруға  келісімін  алу
және сенім білдірушінің өз мүдделерін  білдіру немесе  қорғау  жөнінде  өзге
шешім қабылдау үшін сенім білдірушімен дереу байланыс  орнату  мүмкіндігінің
болмауы.
Сенім ауысуының ерекшелігіне байланысты және сенім  білдірушінің  мүдделерін
қорғаудың  берік  кепілдігін  беру  мақсатында  заң  тіпті  сенімхаттың  өзі
нотариаттық куәландыруды керек етпейтін жағдайлар үшін сенім  ауысуы  туралы
келісімді  нотариаттық  рәсімдеу  қажеттігін  белгілеген.  Мұндай   сенімхат
нотариатта емес, өзгеше әдіспен рәсімделетініне  қарамастан,  сенім  ауысуын
нотариаттық рәсімдеу заңды  тұлғаның  атынан  берілетін  сенімхатпен  жүзеге
асырылатын сенім ауысуына да таралады. Сенім  ауысуын  нотариаттық  рәсімдеу
тәртібін бүзу оны жарамсыз етеді.
Сенім  ауысуына  қатысты  құқықтық  қатынастар  өкілдік  жөніндегі   негізгі
құқықтық қатынастардан туындайды. Сондықтан өкілеттікті  басқа  адамға  беру
жөніндегі сенімхат мазмұны бойынша негізгі сенімхатқа қайшы келмеуге  немесе
оның  қолданылу  мерзімі  негізгі  сенімхаттың  қолданылу  мерзімінен   асып
кетпеуге тиіс. Өкілеттікті басқа адамға беру жөніндегі  сенімхаттың  мазмұны
өте  шағын  болуы  да  мүмкін,  бұл  жағдайда  сенімнің  ауысуы   тәртібімен
берілетін сенімхатқа енгізілмеген  өкілеттіктер  бойынша  сенім  білдірілген
адам бастапқы адам болып шығады.
Өкілеттікті басқа адамға беру жөніндегі сенімхат қысқа мерзімге  де  берілуі
мүмкін, оның мерзімі аяқталған соң бүрынғы сенім білдірілген  адам  қайтадан
өкілдік бойынша қатынастарға түседі.
Өз өкілеттігін басқа біреуге  берген  сенім  білдірілген  адам  бұл  жөнінде
сенім білдірушіні дереу хабардар етуге және  оған  әлгі  адам  туралы,  оның
тұрғылықты жері туралы қажетті мәліметтерді  хабарлауға  тиіс  (АК-ның  169-
бабының  4-тармағы).  Жаңа  өкілдің  өз   міндеттерін   атқаруына   септігін
тигізетін өзіндік және кәсіби қасиеттеріне  сипаттаманы  қажетті  мәліметтер
деп түсіну керек. Сенім білдіруші  сенімнің  ауысатыны  туралы  білуі  үшін,
оның өзіндік және кәсіби  қасиеттерін  бағалап,  сенім  ауысуын  жою  немесе
жаңадан сенім білдірілген адамның кандидатурасын қабылдамау,  жаңадан  сенім
білдірілген адаммен байланысу үшін және ол мүны қажетті  немесе  орынды  деп
тапқанда, сенім ауысуын жою немесе өз мүдделерінің өкілдігі туралы  мәселені
өзге әдіспен шешу үшін осындай хабардар ету қажет болады.
Сенім білдірілген адам сенімнің ауысуы туралы сенім білдірушіні дер  кезінде
хабардар етіп, оған жаңадан сенім  білдірілген  адам  және  оның  тұрғылықты
жері туралы хабарлаған соң  өзін  алмастырған  таңдаудың  дүрыстығына  ғана,
яғни жаңадан сенім білдірілген адамның  іскерлік  қасиеттерінің  тапсырманың
сипатына сай келетініне ғана жауап бере отырып, оның әрекеттері  үшін  жауап
беру  міндетін  өзінен  алып  тастайды.  Өйтпеген   күнде   бастапқы   сенім
білдірілген  адам  сенім  білдірушінің  алдында  жаңадан  сенім  білдірілген
адамның әрекеттеріне жеке өзінің әрекеттеріндей жауап беретін болады.
Сенімхаттың түрлері. Сенім білдірілген адамға берілетін өкілеттіктің  көлемі
мен мазмұнына  қарай  сенімхаттың  түрлерін  ажыратады.  Сенімхат  мыналарды
жасау үшін берілуі мумкін: а) заңдық маңызы бар белгілі бір  әрекетті  жасау
үшін, мысалы, белгілі бір пәтерді сатып  алу-сату  шартын  жасасу  үшін;  б)
акционерлердің бір  жиналысында  акционердің  мүдделерін  білдіру  үшін;  в)
белгілі бір  уақыт  ішінде  белгілі  бір  әрекеттерді  жасау  үшін,  мысалы,
кассирдің ай сайынғы жалақыны банктен алып  тұруы  үшін  белгілі  бір  уақыт
ішінде акционерлік  қоғамның  басқармасында  ұдайы  акционердің  мүдделеріне
өкілдік ету үшін; г) ұзақ уақыт бойы сенім білдірушінің  мүліктік  құқықтары
мен  міндеттерінің  түтас  кешенін  жүзеге   асыру   үшін,   мысалы,   сенім
білдірушінің мүлкін басқару, филиалдың немесе өкілдіктің орналасқан  жерінде
заңды тұлғаның мүдделеріне өкілдік ету және  т.с.с.  Осыған  байланысты  бір
жолғы, арнайы немесе бас сенімхатты ажыратады.
Сенімхаттың  тоқтатылуы.  Сенімхат  міндеттемелердің   тоқтатылуының   жалпы
негіздері бойынша, сондай-ақ заңда сенімхат үшін көзделген,  атап  айтқанда,
АК-ның 170-бабында көзделген арнайы негіздер бойынша тоқтатылады.
Кез келген сенімхат белгілі бір мерзімге беріледі. Егер,  тіпті,  сенімхатта
мерзім көрсетілмеген болса, мұндай сенімхаттың қолданылу мерзімін  анықтауға
болады. Сенім білдірілген адамның сенімхатта  көзделген  әрекеттерді  жүзеге
асырғанына  немесе  асырмағанына  қарамастан,   оның   мерзімінін   аяқталуы
сенімхаттың қолдданылуын тоқтату негіздерінің бірі болып табылады.
Сенімхат белгілі бір мәмілелерді немесе заңдық маңызы бар әрекеттерді  жасау
үшін беріледі. Сондықтан сенім білдірілген адамның  мақсатқа  жетуі  екіддік
бойынша  құқықтық   қатынастарды   тоқтатады   және   тиісінше   сенімхаттың
қолданылуын тоқтатады.
Заңның сенім білдірушіге сенімхаттың күшін жою құқығын  беруіне  және  сенім
білдірілген адамға кез келген уақытта сенімхаттан бас тарту құқығын  беруіне
байланысты сенім  білдіруші  сенімхаттың  күшін  жоятын  жағдайда  не  сенім
білдірілген адам сенімхаттан бас тартатын кезде мерзімге немесе өзге де мән-
жайларға қарамастан, сенімхат кез келген уақытта тоқтатылады.
Сенімхатқа  негізделген  құқықтық  қатынастар  оған  екі  жақтың   —   сенім
білдіруші мен сенім білдірілген адамның қатысуына негізделген, оның  үстіне,
бұл қатынастардың жеке, өзара  сенімділік  сипаты  бар,  ол,  әдетте,  сенім
білдірілген адамның міндеттемелердің  орындалуын  жеке  өзі  талап  етуінен,
сенім білдірушінің сенімхаттың күшін жою немесе  сенім  білдірілген  адамның
міндеттемені  орындаудан  кез  келген  уақьпта   бас   тарту   мүмкіндігінен
байқалады. Сондықтан өз атынан сенімхат берген заңды тұлғаның тоқтатылуы  не
атына  сенімхат  берілген  заңды  тұлғаның  тоқтатылуы,  сондай-ақ  сенімхат
берген азаматтың қайтыс болуы немесе оны хабар-ошарсыз  кетті  деп  тану  не
сенімхат берілген азаматтың қайтыс болуы немесе оны хабар-ошарсыз кетті  деп
тану   құқық   мирасқорлардың    бар-жоқтығына    қарамастан,    сенімхаттың
тоқтатылуына әкеп соқтырады.
Өкілдік бойынша қатынастар  біржақты  мәміле  жасайтын  —  сенімхат  беретін
сенім білдіруші тараппынан да,  сондай-ақ  сенім  білдірушінің  атынан  және
оның  мүдделеріне  мәмілелер  және  өзге  де  заңдық  маңызы  бар  әрекеттер
жасайтын  сенім  білдірілген  адам  тарапынан  да  жеке   ерікті,   мақсатты
әрекеттер жасауды талап етеді. Сондықтан  сенімхат  берген  азаматты  немесе
атына сенімхат берілген азаматты әрекетке қабілетсіз,  әрекет  қабілеітілігі
шектеулі деп тану әрекет  қабілеттілігі  жоқтығының  немесе  шектеулілігінің
орнын   толтыруға   тиісті   адамдардың,   мысалы,   қамқоршылардың   немесе
қорғаншылардың  бар-жоқтығына  қарамастан,  сенімхаттың  тоқтатылуына   әкеп
тірейді.
Сенім білдіруші мен  сенім  білдірілген  адам  арасыңдағы  қатынастың  өзара
сенімділік сипатының өкілдік бойынша құқықтық  қатынастар  үшін  зор  маңызы
бар. Сондықтан өкілдік бойынша құқықтық  қатынастарға  қатысушылар  арасында
белгілі  бір  себептермен  сенім  немесе  ынта  жойылатынжағдайда,   мысалы,
тараптардың  біреуінің  теріс  ниеттілігі,   сенім   білдірушінің   сенімхат
берілген мәміленің жасалуына ынтасының жойылуы секілді  жағдайда  заң  мүның
себебін  түсіндіріп  жатпастан,  кез  келген   уақытта   сенім   білдірушіге
сенімхаттың  немесе  сенім  білдірілген  адамға  берілген  сенівді  ауыстыру
құқығының күшін  жоюға,  ал  сенім  білдірілген  адамға  —  сенімхаттан  бас
тартуға  мүмкіндік  береді.  Бұл  сенімхаттың   күшін   жою   немесе   сенім
білдірушінің сенімді ауыстыру  мәселесі  бойынша  немесе  сенім  білдірілген
адамның сенімхаттан бас тарту мәселесі бойынша өзгеше  келісім  жасауға  жол
бермейтін бұйрықты сипаттағы норма және бұл  құқықтан  бас  тарту  жөніндегі
кез кежен келісім жарамсыз болады.
Сенім  білдіруші  сенімхаттың  күшін  жоятын  жағдайда  бул  жөнінде   сенім
білдірілген адамды, сондай-ақ өзіне  белгілі  үшінші  жақты  хабардар  етуге
міндетті. Сенімхаттың күшін жою үшін сенім  білдірілген  адамға  хабарлаудың
маңызы бар,  өйткені  сенімхат  сенім  білдірушінің  сенімхаттың  күшін  жою
жөніндегі шешімі туралы сенім білдірілген адам білген немесе  білуге  тиісті
болған кезден бастап тоқтатылады.
Өз атынан сенімхат берген заңды тұлға тоқтатылатын жағдайда немесе  сенімхат
берген адамның қайтыс болуынан сенімхат тоқтатынатын  жағдайда  АК-ның  170-
бабының 1-тармағының 5 және 7-тар макдіаларына сөйкес,  құқық  мирасқорларға
сенім білдірілген адамға және үшінші  жаққа  сенімхаттың  тоқтатылуы  туралы
хабарлау міндеті жүктеледі.
Сенім білдірілген адам сенімхаттың  тоқтатылуы  туралы  хабар  алғанға  дейн
теріс пиғылды болмаса, оның қолыңдағы  сенімхат  сенім  білдіруші  мен  оның
құқық мирасқорлары үшін де, соңдай-ақ үшінші жақ үшін де күшін сақтайды.
Сенім білдірілген адам  сенімхаттың  күшін  жою  жөніндегі  хабарды  алғанға
дейін сенімхат бойынша уәкілеттігі бар әрекеттерді жасай алатын жағдай  үшін
де, соңдай-ақ сенімхаттың күшін жою жөніндегі хабарды алғаннан  кейін  теріс
пиғылды әрекет жасауы мүмкін жағдай үшін де  үшінші  жақты  хабардар  етудің
алдын алушылық сипаты бар.
Сенімхаттың күші жойылғаны жөнінде хабардар  болған  немесе  қандай  да  бір
өзге негіздер бойынша сенімхаттың тоқтатылғаны  жөніңде  білген  үшінші  жақ
сенім білдірілген адаммен мәміле  жасауға  қүқысыз  болады.  Бұлай  болмаған
жағдайда сенім білдіруші немесе оның құқық мирасқорлары мұндай  мәмілелердің
нәтежиелерін қабылдамауға не мұндай мәмілелерді  жарамсыз  деп  тануға  және
келтірілген шығынның орнын толтыруға тиісті әрекеттер қабылдауға құқылы.
Сенім білдірілген адамның сенімхаттың күшін жою жөніндегі  хабарды  алғаннан
кейін сенімхат бойынша өзіне уәкілдік берілген  мәмілені  жасауы  өкілеттігі
жоқ өкілдік болып есептеледі. Кейбір жағдайларда, мысалы, сенім  білдірілген
адамның сенімхаттың күші жойылғаннан кейін адал иеленушілерге мүлікті  ақылы
шығарып беретін реттерде олардан  мүлікті  қайтаруды  талал  етуге  болмайды
және сенім білдірілген адамның әрекеттері сенім білдіруші немесе оның  құқық
мирасқорлары үшін міндетті болады,  бірақ  олар  сенім  білдірілген  адамнан
келтірілген шығынды өндіріп алуға құқылы болады.
Сенімхат  тоқтатылған  соң  сенім  білдірілген  адам   немесе   оның   құқық
мирасқорлары, заңды өкілдері, АК-ның 171-бабының 3-тармағына  сәйкес,  сенім
білдірушіге немесе оның құқық мирасқорларына,  заңды  өкілдеріне  сенімхатты
қайтаруға міндетті.
Сенімхат сенімді ауыстыру  тәртібінде  негізгі  сенімхаттың  туындысы  болып
табылатыңдықтан, сенімхаттың тоқтатылуына байланысты  осы  сенімхат  бойынша
басқа адамға өкілеттік беру де  (сенім  ауысуы)  күшін  жояды  (АК-ның  174-
бабының 4-тармағы).
Талқылау сұрақтары:
1.Өкілдік ұғымы. Өкілдіктің түрлері.
2.Сенімхат. Сенімхат анықтамасы. Түрлері.




                         АЗАМАТТЫҚ КҰҚЫКТАҒЫ МЕРЗІМ

1. Азаматтық құқықтағы мерзім ұғымы және оның түрлері
2. Талап қою мерзімі

Дәрістің мақсаты мен міндеті: Азаматтық құқығындағы мерзімнің  маңызын  ашу.
Мерзімді есептеу және оның тәртібі. Мерзімнің түрлері.  Гарантиялық  мерзім.
Талап қою мерзімі. Ұғымы мен маңызы. Талап  қою  мерзімінің  түрлері.  Талап
қою мерзімінің тоқтатылуы,  үзіліс  және  оны  қалпына  келтіру.  Талап  қою
мерзімінің өтуінің салдары.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
   5. ҚР  Азаматтық Кодексі  2008ж.
   6.  Положение   о   порядке   предьявления   и   рассмотрения   претензии
      предприятиями,   организациями   и   учреждениями   и   урегулирования
      разногласии по хозяйственным договорам пост. КМ РК от 15.02.93.
   7. Грибанов В:П: Сроки в гражданском праве.- М., 1967.
   8. Тулеугалиев Ғ.И. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы.  Алматы.,


        2001
      1. Мерзім ұғымы. Азаматтық  айналымда  және  әлеуметтік  проблемаларды
шешуде уақыт факторы маңызды рөл атқарады.
Азаматтық құқықтық қатынастардың  пайда  болуы,  өзгеруі  немесе  тоқтатылуы
заңда, мәміледе немесе сотта  көзделген  әрекеттерді  немесе  әрекетсіздікті
жасау қажет  болатын  уақыт  кезеңіне  (аралығымен)  немесе  уақыт  мезетіне
байланысты болады.
Басталуы немесе өтуі белгілі бір  құқықтық  салдар  туғызатын  уақыт  кезеңі
немесе уақыт мезеті азаматтық құқықта мерзім деп аталады.
Мерзімнің маңызы — оның басталуына немесе өтуіне белгілі бір  заңдық  салдар
байланысты болады. Мерзім азаматтық айналымды реттейді,  оның  қатысушыларын
тәртіпке келтіреді; азаматіық құқықтың әр  түрлі  субъектілерінің  құқықтары
мен  міндеттерін  дер  кезінде  қорғауды  қамтамасыз  етеді.  Өзінің  заңдық
табиғаты бойынша мерзім — бұл заңдық факт, заң  онымен  белгілі  бір  заңдық
салдардың тууын байла-ныстырады.  Құқық  теориясы  курсынан  білетініміздей,
заңдық  фактілер,  өз  кезегінде  оқиғаларға  және   әрекеттерге   бөлінеді.
Мерзімді, әдетте, оқиғалар санатына жатқызады,  өйткені  мерзімнің  басталуы
немесе өтуі объективтік сипатта,  яғни  азаматтық  құқықтар  субъектілерінің
еркіне тәуелсіз сипатта болады. Бірақ заң әдебиеттеріндегі  келесі  көзқарас
бойынша, мерзім оларды оқиғаларға да,  әрекеттерге  де  жатқызуға  болмайтын
ерекше, дербес заңдық фактілер санаты болып табылады.
Бұл  көзқарас  мынадай  жағдайға  негізделген:  заңдық  мерзімдер  уақытының
өтуінің объективтік заңына бағына отырып, шығу тегі  жөнінен  қалай  дегенде
де еріктік мерзімдер болып табылады, өйткені оларды  заң  шығарушылардың  не
шарттағы  тараптардың  еркі  айқындайды,  сондықтан  да  екіжақты   табиғаты
болады. Бұл пікірмен келісу қиын, өйткені әлде біреудің еркімен  белгіленген
мерзім уақыт кезеңі немесе уақыт мезеті ретінде қалай дегенде де  бір  кезде
басталады, яғни оны жақындатуға да, алыстатуға да, өзгертуге  де,  жоюға  да
болмайды.
ҚР Азаматтық кодексінің  6-тарауында  мерзімдерді  есептеу  тәртібін  егжей-
тегжейлі реттейтін нормалар бар.  АК-ның  172-бабындағы  1-тармаққа  сөйкес,
заңдармен, мәмілемен белгіленетін не сот  тағайындайтын  мерзім  күнтізбелік
күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиға көрсетіліп белгіленеді.
Күнтізбелік күн дегеніміз — бұл белгілі бір айдың және жылдың нақты саны.
Оқиғалар дегеніміз — бұл адамдардың еркінен тәуелсіз  пайда  болатын  заңдық
маңызы бар фактілер (адамның табиғи  өлімі,  мерзімнің  өтуі  және  т.с.с.).
Мұндағы фактінің болмай қоймайтындығы мынадан  көрінеді,  заң  актісіңце  не
мәміледе немесе соттың шешімінде көрсетілген  оқиға  міндетті  түрде  болуға
тиіс. Сөзсіз болуға тиісті оқиғаны көрсете  отырып,  оның  мерзімін  анықтау
ерекшелігі мынада, азаматтық құқықтық қатынастарға  қатысушылар  оның  нақты
басталатынуақытын алдын ала  білмейді.  Мәселен,  АК-ның  1042-бабындағы  2-
тармаққа сәйкес, мүра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс  болған
деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа  күн  көрсетілмесе,  азаматты
қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн  мүраның  ашылу
уақыты болып табылады.
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру  және  міндеттерді  орындау  нақты  күнмен
байланыстырылатын жағдайдағы мәмілелерде  күнтізбелік  күнге  сілтеме  жасау
жиі кездеседі. Мысалы, тауарлар 2004 ж.  31  желтоқсанына  дейін  жеткізіліп
берілуі тиіс. Бірақ сілтемелер соттың шешімінде де болуы  мүмкін,  сондай-ақ
заңның өзінде де айқындалуы  мүмкін.  Мәселен,  АК-нъщ  1042-бабына  сәйкес,
мүра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс  болған  деп  жариялаған
кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды  деп
жариялау туралы сот шепіімі күшіне енген  күн  мүрамың  ашылу  уақьпы  болып
табылады.   Немесе,   ҚР   Салық   кодексінің    359-бабындағы    4-тармақта
көрсетілгеніндей, мүлік салығы жөніндегі декларация  есепті  жылдан  кейінгі
жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей тапсырылады.
Уақыт кезеңі болын табылатын мерзім  оның  үзақтығын  көрсетумен  анықталады
және  жылдармен,  айлармен,   апталармен,   күңдермен   немесе   сағаттармен
есептеледі (АК-ның 172-бабының 2-тармағы). Мерзімді дүрыс есептеу үшін  оның
басталуы мен аяқталуын дәл анықтаудың  зор  маңызы  бар.  АК-ның  173-бабына
сәйкес, уақыт  кезеңімен  белгіленетін  мерзімнің  өтуі  күнтізбелік  күннен
немесе мерзімінің басталуы белгіленген оқиға болғаннан кейіші келесі  күннен
басталады. Мәселен, тұрғын үйді жаддау шарты 2003  ж.  15  ақпанда  жасалған
болса, оның қолданылу мерзімі 2003 ж.  16  ақпаннан  басталады.  Күнтізбелік
күн  немесе  оқиғаның  басталуы  есепке  алынбайды.  Ал  мерзімнің  аяқталуы
ережесіне келетін болсақ, ол пайдаланылатын уақыт  бірлігіне  қарай  өзгеріп
отырады.
Жылдармен есептелетін мерзім  —  мерзімнің  соңғы  жылының  тиісті  айы  мен
күнінде бітеді (АК-ның 174-бабының 1-тармағы). Мәселен, үш жылдық талап  қою
мерзімі 2003 ж. 1 сәуірден басталса, 2006 ж. 1 сәуірде аяқталады.
Айлармен есептелетін мерзім соңғы айдың  тиісті  күнінде  аяқталады.  Мұнда,
егер айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы оңцай  күн  жоқ  айға   келетін
болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді.  Мәселен,  мүлікті  айлық
жаддау мерзімі 2003  ж.  31  қаңтардан  басталса,  ол  2003  ж.  31  ақпанда
аяқталуға тиіс, ал күнтізбеде мұндай күн жоқ болғандықтан,  ол  2003  ж.  28
(немесе 29) ақпанында аяқталады.
Жарты жылда және тоқсанда есептелетін мерзімнің соңғы күні туралы мәселе  де
осылайша шешіледі. Мұнда жарты жылдық мерзім алты айға, ал тоқсан — үш  айға
тең деп есептеледі, тоқсанды есептеу жылдың басынан бастап жүргізіледі.
Жарты  ай  деп  анықталатын  мерзім  күндермен  есептелетін  мерзім  ретіңде
қарастырылады  және  15  күнге  тең  деп  есептеледі.  Мерзімді   апталармен
есептеуде ол соңғы аптадағы  мерзім  басталған  күнмен  аяқталады.  Мәселен,
апталық мерзімнің өтуі жүмада басталса, онда  ол  өзі  басталғаннан  кейінгі
келесі  жүмада  аяқталады.  Мерзімнің  соңғы  күні  жұмыс  істемейтін  күнге
келетін жағдайларда одан кейінгі ең жақын жұмыс күні мерзімнің аяқталу  күні
болып есептеледі. Бұл арада,  мереке,  жалпыға  бірдей  белгіленген  демалыс
күні, сондай-ақ осы ұйымның режимінде көзделген  күн  жұмыс  істемейтін  күн
болып есептеледі. Мысалы, 25 желтоқсан көптеген  шетелдік  компаниялар  үшін
жұмыс істемейтін күн болып табылады, өйткені бұл күні Христостың туған  күні
— "Рождество Христово" мерекесі атап өтіледі. Бұл жағдайда жұмыс  істемейтін
күннен  кейінгі  ең  жақын  жұмыс  күні  мерзімнің  аяқталатын  күні   болып
есептеледі.
Сағаттармен  анықталатын  мерзімді  есептеуде   мерзімнің   басталуынанықтау
қажеттігі тумайды, өйткені мерзімді бұлайша анықтау әдісінде  оның  басталуы
немесе аяқталуы әуел бастан-ақ өте дәлдікпен белгіленеді.
Егер мерзім қандай да бір әрекетті жасау үшін белгіленген  болса,  ол  жалпы
ереже бойынша, мерзімнің соңғы күңінің 24-сағатына  дейін  орындалуға  тиіс.
Алайда, мұндай әрекет ұйымда істелуге тиіс болса,  онда  мерзім  белгіленген
ережелер бойынша бұл ұйымда тиісті операциялар  жүргізу  тоқтатылатынсағатта
аяқталады. Мұндайқатынастарда мерзімнің соңгы  күні  осы  ұйымдардағы  жұмыс
ресми тоқтатылатын кезде не тиісті операцияларды жүргізу тоқтатылатын  шақта
аяқталады. Бірақ мұндай реттерде мерзімнің соңғы күнінің  24-сағатына  дейін
поштаға немесе телеграфқа тапсырылған жазбаша мәлімдемелер мен  хабарламалар
мерзімінде жәнелтілген деп есептеледі.
Мерзімнің түрлері. Мерзімді өр түрлі  негіздерге  сүйеніп  жіктеуге  болады.
Мерзімді кімнің белгілейтініне қарай заңды,  шарттық  және  сот  мерзімдерін
ажыратады. Туғызатын құқықтық салдарына қарай мерзім құқық түзетін,  құқықты
өзгертетін және құқықты тоқтататын мерзімге бөлінеді.
Өзінің табиғатына қарай мерзім мынадай түрлерге бөлінеді:
азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі - бұл осы кезеңде  уәкілетті  адам
өзінің субъективіік құқықтарын жүзеге  асыруға  бағытталған  қандай  да  бір
әрекеттерді жасау мүмкіндігі болатын уақыттын бір бөлігі. Оны,  әдетте,  заң
актісі  белгілейді,  бірақ  тараптардың  келісімімен  де  анықталуы   мүмкін
(меншік құқығы, авторлық құқық және т.б.);
субъективтік құқықтардың  қолданылу  мерзімі  —  бұл  осы  уақыт  аралығында
қолдданылу  шегі   уақытпен   шектеулі   туындаған   субъективтік   құқықтар
сақталатын уақыт  кезеңі.  Мысалы,  сенімхат  үш  жылдан  аспайтын  мерзімге
беріледі;
тыйым  салатын  мерзім  —  бұл  белгілі  бір   құқықтарды   жою   мақсатында
белгіленетін мерзім. Мәселен, "Нотариат туралы"  1997  ж.  14  шілдедегі  ҚР
Заңының 8-бабындағы 6-тармаққа сәйкес,  нотариус  лицензиясын  алған,  бірақ
нотариаттық іс-әрекеттер жасауға үш жыл бойы кіріспеген адамның  нотариаттық
қызметпен айналысуына біліктілік емтиханын қайталап тапсырғаннан кейін  ғана
рүқсат етіледі деп үзілді-кесілді түрде атап көрсетілген;   кепілдік  мерзім
-  сатушының  үзақ  мерзім  пайдалануға  немесе  сақтауға  арналған  өнімнің
әдеттегі қабылдап алу кезінде  байқала  қоймайтын  кемшілікгерін  анықтауына
арналған  мерзім.  Кепілдік  мерзщді  мемлекеттік  стандарттар  немесе  шарт
белгілейді. Оның үстіне,
шарт,  егер  тіпті  олар   мемлекеттік   стандарттарда   немесе   техникалық
талаптарда көзделмеген болса да кепілдік мерзім белгілеуі мүмкін,  сондай-ақ
стандарттарда көзделген мерзімнен едәуір  үзақ  кепілдік    мерзім  белгілей
алады.   Кепіддік    мерзімді    белгілеу    түтынушылардың       мүдделерін
қанағаттандырады  және  өндірілетін  өнімнің  немесе  орыңдалатын   жұмыстың
сапасын арттыруға ынталандырады;
шағымдану мерзімі - заң бұл  мерзімді  міндеттерін  ерікті  түрде  орындауды
талап ету құқығын бүзуына  байланысты  субъективтік  құқықты  бүзған  адамға
белгілеңді. Заң шағымдану мерзімін ғана  емес,  сондай-ақ  оған  жауап  беру
мерзімін  де  белгілейді.   Мысалы,   тасымалдаушыға   жүкті   тасымаддаудан
туындайтын талап қоюға дейін оған көлік  туралы  заң  актілерінде  көзделген
тәртіпте талаптар қоюылуы міндетті (АК-ның 706-бабының 6 тармағы);
6)    азаматтық-құқықтық міндеттерді орындау мерзімі —  шартта  белгіленеді.
Мәселен, қарыз беру шарты  бойынша  борышты  қайтару  сәті  міңдепі  орындау
мерзімі ретінде қарастырылуы мүмкін;
7)    азаматтық құқықтарды қорғау мерзімі, немесе азаматтық  құқықта  аталып
жүргеніндей, талап қою мерзімі.
       2. Талап қою мерзімі
Бұл бұзылған құқықты сот арқыны қорғау үшін заңмен белгіленген  мерзім.  Осы
уақыт ішінде құқығы бұзылған адам өз құқығын мәжбүрлі түрде  жүзеге  асыруды
немесе қорғауды  талап  ете  алатын  мерзімді  азаматтық  құқықтарды  қорғау
мерзімі деп түсінеді. Қойылған  талапты  қанағаттандыру  бұзылған  азаматтық
құқықты қорғаудың негізгі құралы  болғандықтан,  аталған  мерзім  талап  қою
мерзімі деп аталған.
"Мерзім" ұғымы құқықтың бірқатар салаларында  кездеседі.  Мысалы,  қылмыстық
құқықта қылмысшқ жауаптылықтан  босаіу  үшін  ескіру  мерзімі  және  айыптау
үкімін орындау мерзімінің ескіруі белгіленген.  1991  ж.  Негіздерге  иелену
мерзімі туралы норма енгізілген, ол кейін АК-ға (240-бап) да енгізілді.  Бұл
мысаддардан белгілі бір уақыт кезеңі ретінде мерзімнің  соттың  қатысуынсыз-
ақ құқықтық салдарға әкеп соқтыратынын көреміз.
Талап қою мерзімі институты өзгеше әрекет етеді. Бұл мерзімнің атауының  өзі
талап қоюмен байланысты болғандықтан, ол талаптың  сотта  қаралуы  барысыңда
ғана қолданылуы мүмкін. Талап қою  мерзімі  институты  негізгі  үш  міндетті
атқарады:
азаматтық   айналымның   түрақтануына,   оның    қатысушылары     арасындағы
екіұштылықты жоюға, азаматтық құқықтарға  қатысты  олардың  арасында  туатын
дауларды  тездетіп  шешуге  жәрдемдеседі  (азаматтық  құқықтық  қатынастарға
айқыңдық және жүйелілік енгізеді);
соттардың іс бойынша объективтік шындықты анықтауын жеңілдетеді, сөйтіп  осы
арқылы дүрыс шешімдер шығаруға жәрдемдеседі;
—      шарттық  тәртіптің  нығаюына  қызмет  етеді,   шарттағы   тараптардың
белсенділігін  ынталаңдырады   және   міндеттемелердің   орындалуына   өзара
бақылауды күшейтеді.
Талап қою мерзімі институты — азаматтық құқықтын көне институттарының  бірі.
Ол Қазақ КСР-і Азаматтық кодексінде де бар болатын. Қазақ КСР-і  АК-ның  75-
бабы талап қою мерзімін "құқығы бұзылған адамның талап  қоюы  бойышпа  құқық
қорғау мерзімі" ретінде анықтады.  Бұл  анықтамада  талап  қою  субъектісіне
тікелей нүсқау бар. Ол құқығы бұзылған адам ғана бола  алады.  РФ  Азаматтық
кодексінің 195-бабыңда талап қою мерзімі ұғымы "бұзылған құқықты сот  арқылы
қорғау үшін заңмен белгіленген мерзім" ретінде  түсіндіріледі.  АК-ның  177-
бабы өзгеше анықтама береді: "Талап  қою  —  адам  құқығының  немесе  заңмен
қорғалатын мүдденің бүзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы  мүмкін
болатын  уақыт  кезеңі".  Бұл  анықтамадан  талап  ету  мерзімінің   адамның
субъективтік  құқығының  ғана  емес,  сонымен  бірге   қолданыстағы   заңдар
үйғарымының бүзылуымен де байланысты екені көрінеді.  Талап  қою  мерзімінің
анықтамасында адам күқығының бүзылуынан басқа, заңның қорғауындағы мүдде  де
көрсетілген. Талап қою мерзімінің  өтуі  талапты  қою  емес,  қанағаттандыру
құқығын жояды.
АК-ның 177-бабындағы "талап қою мерзімі" ұғымында  РФ  Азаматтық  кодексінің
195-бабында  берілген  ұғымнан  өзгеше,  бұзылған  құқықты  қорғау   мерзімі
ретінде талап қою мерзімінің функциясы  атап  көрсетілмейді.  Егер  талаптың
негізділігі жеткіліксіз болса,  онда  талап  қою  мерзімінің  аяқталмағанына
қарамастан, талапты қанағаттандырудан бас тартуға болады.
Талап қоюға құқығы бұзылған мүдделі адам ғана емес, сондай-ақ  азаматтық  іс
жүргізу заңдарына сөйкес басқа адамдар да құқылы  болады.  Сондықтан  "талап
қою мерзімі" ұғымының анықтамасында талап қою субъектісіне нүсқау  болмайды.
АК-ньтң 179-бабына сәйкес, сот талап қою  мерзімін  соттың  шешімі  шыққанға
дейін жасалған талапкердің өтініші бойынша ғана қолданады.
Талап қою  мерзімі  және  оны  есептеу  тәртібі  заңда  көзделеді  және  оны
тараптардың келісуімен өзгертуге болмайды  (АК-ның  177-бабының  2-тармағы).
Осыдан келіп, тараптардың келісуімен  талап  қою  мерзімін  үзартуға  немесе
қысқартуға жол берілмейтіндігі туындайды. Талап қою мерзімі — бұл осы  уақыт
шегінде қойылган талапты сот қанағаттандыра алатын уақыт кезеңі.
ҚР азаматтық құқығында талап  қою  мерзімінің  екі  түрін  ажыратады:  жалпы
мерзім және арнаулы мерзім.
АК-ның 178-бабының негізінде  "талап  қоюдың  жалпы  мерзімі  үш  жыл  болып
белгіленеді. Талаптардың  жекелеген  түрлері  үшін  заң  құжаттарымен  талап
қоюдың жалпы  мерзіммен  салыстырғанда  қысқартылған  немесе  неғүрлым  үзақ
арнаулы мерзімдері белгіленуі мүмкін". Азаматтық құқықта мұндай  мерзімдерді
арнаулы  мерзімдер  деп  атайды.  Олар  заң  актілеріңде  тікелей  көзделген
жағдайларда гана қодданылады. Мәселен, Жекешелендіру туралы жарлықпен  сатып
алу-сату шартының жарамсыздығына байланысгы даулар  бойынша  6  айлық  талап
қою мерзімі белгіленген. Бұл мысалдардан жалпы мерзіммен
салыстырғаңда арнаулы  мерзімдердің  үзартылған  немесе  қысқартылған  болуы
мұмкін екені көрінеді.
Арнаулы мерзімдердің барлығы жалпы ережеден өзгеше болатындықтан,  олар  заң
актілерінде көрсетілген қатынастарға ғана  қолданылуы  тиіс.  Бұл  мерзімдер
туралы нормаларды кеңейте түсіңдіруге болмайды.  Заң  актілері  жеке,  заңда
ерекше бөлініп көрсетілген  талаптар  үшін  арнайы  мерзім  белгілейді.  Сот
бұзылған  құқықты  қорғау  туралы  талапты  талап  қою   мерзімінің   өтуіне
қарамастан  қабылдайды.  Басты  талап  бойынша  талап  қою  мерзімі  өткенде
қосымша талап бойынша (түрақсыздық айыбын  өңціру  туралы,  кепіл  болушының
жауапкершілігі туралы және т.с.с.) талап қою мерзімі  де  аяқталады.  АК-ның
180-бабы талап қою мерзімінің  өтуі  адам  қүқьгқ  бұзушылық  туралы  білген
немесе білуге тиіс болған күннен басталады деп  белгілейді.  Егер  уәкілетті
адам өз құқығының бүзылганы туралы білмейтін болса, оңда ол, әрине,  қорғану
құқығын пайдалана алмайды,  сондықтан  мұндай  құқық  адам  өз  құқықтарының
бұзылғаны  туралы  білген  кезден  бастап  пайда  болады.  Егер  талапкердің
салақтығынан өз құқығының бұзылғаны туралы білмегендігі шынында  анықталатын
болса, талап қою мерзімі талапкер істің  мән-жайы  бойынша  құқық  бұзушылық
туралы білуге тиіс болған кезден басталады. Кері  талап  қою  міндеттемелері
бойынша талап қою мерзімі негізгі міндеттеме орывдалатын  сөттен  басталады.
Бұл ережеден өзгешелікті АК немесе өзге заң актілері белгілейді.
Кейбір мысалдар келтірейік:
кепіл болушылық немесе кепілдік шартын жасаған куннен бастап кепіл  болушыға
немесе кепілге талап бойынша екі жылдық талап қою мерзімі  белгіленген  (АК-
ның 336-бабы);
АК-ның  159-бабының  9  және  10-тармақтарында  көзделген  негіздер  бойынша
мәміленің жарамсыздығына байланысты даулар бойынша талап қою мерзімі  зорлық
немесе  қорқыту  ықпалымен  мәміле  жасалып,  сол  зорлық   немесе   қорқыту
тоқтатылған күннен бастап не   талап  қоюшы  мәмілені  жарамсыз  деп  тануға
негіз болып табылатын өзге де мән-жайларды білген немесе білуге тиіс  болған
күннен бастап бір жыл болады (АК-ның 162-бабының 2-тармагы);
жекешелендіру   процесі   барысында   жасалған   сатып   алу-сату   шартының
жарамсыздығына байланысты  даулар  бойынша  алты  айлық  талап  қою  мерзімі
шартқа қол қойылтан күннен басталады.
Міндеттемедегі адамдардың өзгеруі (талапты беру және борышты  аудару)  талап
қою мерзімі мен оны есептеу тәртібін өзгертуге әкеп соқтырмайды  (ҚР  АК-ның
181-бабы).
Талап қою мерзімі кептеген жағдайларда басталысымен үздіксіз  өтеді.  Алайда
өмірде уәкілетті адамның белгіленген  мерзім  шегінде  талап  қоюға  кедергі
жасайтын мән-жайлар тууы да мүмкін. Мұндай мән-жайлар түрлі  сипатта  болады
және талап қою мерзімін тоқтата түру, үзу немесе қалпына келтіру үшін  негіз
болады.
Талап қою мерзімінің өтуін токтата түрудың мәні  бұзылған  құқықты  қорғауға
кедергі жасайтын мән-жай күшінде болатын уақыт заңда белгіленген  талап  қою
мерзіміне есептелмейді. АК-ның 182-бабына сәйкес талап қою мерзімінің  өтуін
тоқтата түратыннегіздердің қатарына мыналар жатады:
—     бой бермейтін (тежеусіз) күш — бұл  осы  жағдайларда  ойда    болмаған
және болмай қоймайтын, төтенше  мән-жайлар.  Бой  бермейтін  (тежеусіз)  күш
немесе кездейсоқ мән-жайлар (су  басу,  жер  сілкіну  ғана  емес,  сондай-ақ
тәртіпсіздіктер, азамат соғыстары, ереуілдер) —
бұлар көліктің, байланыстың және т.с.с. қалыпты жұмысын бұзатын мән-жайлар;
—     ҚР Президенті жариялаған міндеттемелердің осы турін орындауды  кейінге
қаддыру  (мораторий).   Мораторийдің   бой   бермейтін   (тежеусіз)   күштен
айырмашылығы — ол талап қоюға заңдық (нақты емес)  кедергілер  жасайды.  Бұл
жағдайда  Президент  өзінің  шешімімен  міндеттемелердің  орындалу  мерзімін
кейінге жылжытады, осы арқылы  қодданыстағы  талап  ету  құқығын  борышқорға
мөжбүрлеп орындатуды белгілі бір кезеңге догара түрады;
Жалпы  мораторийдің  барлық  іс-әрекеттерге  қатысы  бар.   Жеке   мораторий
жекелеген іс-әрекеттерге ғана қатысты жарияланады;
талапкердің немесе жауапкердің  соғыс  жағдайына  кешірілген  Қарулы  Күштер
құрамында болуы.  Талапкерді  немесе  жауапкерді  қамтшын  соғыс  жағдайлары
талап қоюды қиындата түседі. Алайда Қарулы Күштерге  өскер  қатарына  немесе
әскери жиындарға жай
шақырумен талап қою мерзімі тоқтатылмайды;
әрекетке  қабілетсіз  адамның  заңдыөкілінің  болмауы.  14   жасқа   дейінгі
әрекетке  қабілетсіз  адамның  заңды  өкілі   —   ата-аналары,   ал   қалған
жағдайларда — қамқоршылары болады;
тиісті қатынастарды реттейтін заңдардың немесе өзге де  құқықтық  актілердің
қолданылуын  тоқтату.  Заңның  қолданылуын  тоқтата  түру   туралы   шешімді
қүзіретті мемлекет  органы  қабылдауы  мүмкін,  ол  іс  жүзінде  нормативтік
актінің күшін жоймастан, белгілі бір төтенше жағдайлар  орын  алған  кезенде
оның қолданылуын тежейді.
Азаматтың өміріне немесе  денсаулығына  келтірілген  зиянның  орнын  толтыру
туралы талаптар  бойынша  талап  қою  мерзімінің  өтуі  азаматтың  зейнетақы
телемдерін тағайындау  және/немесе  жүзеге  асыру  туралы  немесе  жөрдемақы
тағайындау  туралы  тиісті  ұйымдарға   жолдануына   байланысты,   зейнетақы
төлемдері тағайындалғанға және/ немесе жүзеге асырылғанға  немесе  жәрдемақы
тағайындалғанға не зейнетақы  төлемдерін  тағайындаудан  және/немесе  жүзеге
асырудан немесе жәрдемақы  тағайындаудан  бас  тартылғанға  дейін  тоқтатыла
түрады.
Талап қою мерзімінің өтуі,  егер  көрсетілген  мән-жайлар  талап  мерзімінің
сонгы алты айы ішіңце пайда болса немесе бүрынғысынша қала  берсе  тоқтатыла
түрады, ал егер бұл  мерзім  алты  айдан  аспаса  —  талап  мерзімінің  өтуі
кезінде тоқтатыла түрады. Бұл  орайда  мерзімнің  қалған  бөлігі  алты  айға
дейін, ал егер талап қою мерзімі алты айдан аспаса — талап  мерзіміне  дейін
үзартылады (АК-ның 182-бабы).
Талап қою мерзімінің өтуіндегі үзіліс оның үзілуіне негіз болған  мән-жайлар
басталғанға дейінгі уақыттың талап қою мерзіміне есептелмейтінін  және  оның
жаңадан басталатынын білдіреді.
Заң талап қою мерзімінщ өтуіндегі үзілісті  талапкердің  немесе  жауапкердің
ерікті іс-әрекеттерімен байланыстырады. АК-ның 183-бабына сәйкес, талап  қою
мерзімінің өтуі мынадай екі негіз бойынша үзіледі:
-     белгіленген тәртіппен талап қою;
—     міндеткер адамның борышты немесе өзге міндеттерді мойын-
дағандығын дәлелдейтін әрекеттер жасауы.
Бұл мән-жайлардың  біріншісі  заңның  талаптарына  толық  сәйкестікте  сотқа
шағымдануды,  яғни  ведомствоға  қарастылықты,   сотқа   дейінгі   реттеуді,
әрекетке  қабілетті  адамның  талап  қоюын   және   т.с.с.   сақтай   отырып
шағымдануды  ғана  қамтиды.  Бұл  тәртіптің  бүзылуы  талап  қою  мерзімінің
өтуіндегі үзілісті жоққа шығарады.
Талал қою, әдетте, дауды мәніне қарай шешуге және  соттың  шешімін  шығаруға
мәжбүр етедІ. Мұндай жағдайларда талап қою мерзімі өзінен-өзі  қажет  болмай
қалады.
Ал егер дау шешілмей, өндірістегі іс тоқтатылмаса, талап қою  мерзімі  бүдан
былай да өзінің маңызын сақтап қала береді. Сонымен қатар, сотқа  талап  қою
мерзімінің ең соңгы кезеңінде талап қойылатын  жағдайлар  да  болуы  мүмкін,
және  егер  үзіліс  қолданылмаса,  онда  талап  қою  мерзімі  істі  тындауға
дайындау барысында-ақ өтіп кеткен болар еді.
Талап қою  мерзімінің  өтуіндегі  үзілістің  екінші  негізі  —  бұл  адамның
борышты  мойындауъш  білдіретін  іс-әрекеттерді  жасауы,  ол  қысқаша  түрде
борышты мойындау деп  аталады.  Ол  ауызша  немесе  жазбаша  түрде  жасалған
борышты мойындау  жолымен  және  әдетте  борышты  ішінара  төлеуден  түратын
борышқордың іс-әрекеттерімен жасалуы мүмкін.  Борышты  мойындаудың,  алайда,
етіп жатқан талап қою мерзімі шегшде ғана  мерзімді  үзетін  маңызы  болады.
Талап қою мерзімі өткен соң  борышты  ішінара  төлеу  талап  қою  мерзімінің
өтуінде үзіліс туғыза алмайды.
Азаматтық кодексте  талап  қою  мерзімін  қалпына  келтіру  мөселесі  ерекше
реттелген. Егер талап қою мерзімінің тоқтатылу және  үзілу  негіздері  заңда
дәлме-дәл көрсетілген болса, онда өткізіп алған талап қою  мерзімін  қалпына
келтіру үшін мерзімді өткізіп алудың  дәлелді  себептерінің  болуын  анықтау
қажет.  АК-ның  185-бабы   былай   деп   көрсетеді:   "Ерекше   жағдайларда,
талапкердің жеке басына байланысты мән-жайлар (ауыр науқас, дәрменсіз  халде
болу, сауатсыздық және т.б.) бойынша талап қою мерзімі өші  кетуінщ  себебін
сот орыңцы деп таныған кезде,  азаматтың  бұзылған  құқығы  қорғалуга  тиіс.
Қалпьгаа келгіру тек азаматтарға  қатысты  жүзеге  асырылады.  Оның  үстіне,
талап қою мерзімінің  өтіп  кету  себептері  орынды  болып,  егер  ол  талап
мерзімінің соңғы алты айы ішінде орын алған болса, ал егер бұл  мерзім  алты
айта тең немесе алты  айдан  аз  болса,  —  талап  мерзімінің  өтуі  кезінде
танылады".
АК-ның 186-бабындағы  ереже  бойынша,  талап  қою  мерзімі  біткеннен  кейін
міндетін  атқарған  борышкердің  немесе  өзге  міндетті  адамның  тіпті  сол
міндетті  атқарған  кезінде  талап  мерзімінің  өтіп  кеткенін  білмесе  де,
аталған адамның өзі атқарған нәрсесін қайтаруды талап етуге құқығы жоқ.
АК-ның 187-бабының негізіңде талап қою мерзімі мыналарға қолданылмайды:
—      заң  құжаттарында  көзделгеннен  басқа  реттерде   материалдық   емес
игіліктер мен мүліктік емес өзіндік  құқықтарды  қорғау  туралы  талаптарға.
Бұл құқықтарды қорғаудан бас тарту жеке адамның қоғамдағы  маңызын  кемітуге
әкеп соққан болар еді;
салымшылардың банкіге банктік салымдарды беру  туралы  талаптарына.  Банктер
салымшылардың үйғарымын орындаудан бас тартатын жағдайда  салымдарды  беруге
мәжбүрлеу туралы талаптар тууы мүмкін. Мүның кез  келген  салымшыларға  және
банктердің кез келген
түрлеріне қатысы бар ;
азаматтың өміріне немесе  денсаулығына  келтірілген  зиянның  орнын  толтыру
туралы  талаптарға.  Алайда  талап  қою  мерзім:  өткеннен  кейін   қойылған
талаптар  талап  қоярдың  алдындағы   үш   жылдан   аспайтын   мерзім   үшін
қанағаттандырылады. Зиянның орнын толтыру
міндеті жәбірленушінің бүкіл өмірі бойыңца сақталады;
егер меншік иесінің немесе өзге заңды иенің өз құқығының кез келген  бүзылуы
иеліктен айыруға байланысты болмаса (теріске  шығаратын  талап  жағдайында),
кез келген құқық бұзушылықты жою туралы талабына;
заң құжаттарында белгіленген реттерде басқа да тараптарға қолданылмайды.

Талқылау сұрақтары:
1.Азаматтық құқықтағы мерзім.
2.Талап қою мерзімі


                          МЕНШІК ЖӘНЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ


      1.Меншік – экономикалық санат ретінде.
     2. Меншік құқығы ұғымы.
     3. Меншік құқығының мазмұны.
     4. Меншік құқығының формалары мен түрлері
    Дәрістің мақсаты мен міндеті: Меншік құқығы туралы  түсінік  және  оның
мазмұнын ашу. Меншік иесінің құқықтары және мінездемесі.  Иелену,  пайдалану
және билік ету құқықтары. Мүлікті ұстау ауыртпалығын анықтау.
    Меншік нысаны. Жеке меншік және мемлекеттік меншік. Мемлекеттік  меншік
және жекешелендіру. Жеке меншік және оның түрлерін сипаттау.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
   3. ҚР Азаматтық Кодексі. 2007.
   4. Суханов ЕА. Лекции о праве собственности.-М.,1991.

    1. Меншік - экономикалық санат ретінде. Меншіктің экономикалық  санатын
ұғынудың негізі тіптен ХІХ ғасырдағы ғылыми жұмыстарда кездеседі. Ондағы  ой
меншік қоғамда, тек  мемлекет  ұйымдастырған  қоғамда  ғана  болады  дегенге
тіреледі. Меншік, бұл- зат  та  емес,  мүлік  те  емес.  «Бұл-  белгілі  бір
экономикалық қатынас».
    Меншік дегеніміз тарихи қалыптасқан, белгілі бір қоғамдық  қатынас,  ол
адамдар  арасында  затқа  байланысты  туындайды.  Меншік   ұғымы   әрқашанда
ұйымдасқан адамдар қоғамына тән. Адамзаттың алғашқы  даму  кезеңінің  соңына
қарай меншіктің туындауы мемлекеттің пайда болуына және қоғамның  ары  қарай
екпінді дамуына әкеп соқты. Меншік қатынасы қоғамдық құрылыстың  әлеуметтік-
экономикалық мәнін білдіреді. Сондықтан да меншік мәселесі қоғам  өміріндегі
негізгі мәселе болып табылады. Қоғамның қалай ұйымдасатындығы  және  адамдар
тұрмысы  оның  қалай  тұрғызылғанына  байланысты.  Меншік   пен   өндірістік
қатынастардың  негізгі  формалары  қоғамның  құл   иеленушілік,   феодалдық,
капиталистік сияқты типтерін тарихи анықтап берді. Сонымен  қатар,  меншікке
дейінгі кезеңді- алғашқы қоғамдық және ғылыми жобаланған, бірақ  толық  іске
аспай қалған социалистік кезеңді бөліп алуға мүмкіндік берді.
    Меншік қатынастарының өзгеруі-  қоғамның  негізгі  қозғаушы  күші  және
барлық әлеуметтік сілкіністердің себебі. Ал, меншік  қатынастарының  өзгеруі
қоғамды прогреске де, регреске де әкелуі мүмкін.  Өзгерістердің  тиімділігін
анықтау қиын емес,  ол  үшін  тиісті  кезеңдердегі  мемлекет  пен  азаматтың
экономикалық және әлеуметтік дамуының статистикалық мәліметтерін  салыстырса
жеткілікті.
    «Меншік» термині  әртүрлі  мағынада  пайдаланылады.  Күнделікті  өмірде
меншік, көбіне, мүлікпен немесе  құқықпен  теңестіріледі.  Бірінші  жағдайда
«мынау менің (оның)  меншігім  (меншігі)»  деуге  болады.  Екінші  жағдайда-
«меншік иемдендім (бердім)» дейді. Құқық тұрғысынан алғанда мұның  екеуі  де
дәл емес. Меншікті меншік құқығынан айыру қажет.  Меншік-  экономикалық,  ал
меншік құқығы- заңдық санат. Біз келтірген бұл  ұғымдарда  меншіктің  заңдық
мәнін азаматтар меншіктің  экономикалық  санаты  арқылы  дұрыс  білдірмейді.
Сонымен қатар меншік нысанмен (мысалы, орындықпен, машинамен)  теңестірілуге
тиіс емес. «Мына зат маған меншік құқығы бойынша тиесілі» немесе  «Ол  сатып
алу- сату шарты бойынша пәтерге меншік құқығын иемденді». Экономикалық  және
құқықтық  санаттарды  шатастырмау  керек.  Сонымен   бірге   меншік   құқығы
меншіктің  экономикалық  қатынастарының  сипаты  әрі  көрінісі  екенін  білу
керек. Сондықтан да меншік құқығын зерттеу меншіктің экономикалық  санатымен
танысудан басталады.
    Ресейдің заң әдебиеттерінде  «меншік,  адамдар  арасындағы  мемлекеттік
қатынастардан  гөрі  (қатынастардың  бұл  аспектісі  көбіне  міндетті  құқық
нормаларымен реттеледі), адамның  заттарға  өзінікі,  өз  меншігі  ретіндегі
қатынасы болып табылады» деген пікір айтылған.  Бұл  қағида  қате.  Ешқандай
құбылыс тек өзі арқылы түсіндірілмейді. Адам өзіне ұнаған  басқаның  мүлкіне
өз меншігіндей қарағанмен, егер заңды титулы болмаса  ол  оның  меншік  иесі
бола алмайды (яғни оны иемдене алмайды). Олай  болған  жағдайда  қолына  зат
ұстағанның бәрі меншік иесі болар еді.
    2.  Меншік  құқығы  ұғымы.  Меншік  құқығы  дегеніміз  субъектінің  заң
құжаттары  арқылы  танылатын  және  қорғалатын  өзіне  тиесілі  мүлікті   өз
қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығы.
    Меншіктің  экономикалық  қатынастарына  қарағанда  меншіктің   құқықтық
қатынастары адамның еркі бойынша қалыптасады, оған қатысушылардың  санасынан
және  ырқынан  пайда  болады.  Адамдар   бұл   қатынастарға   құқықтар   мен
міндеттердің иесі ретінде кіреді,  ол  құқықпен  реттеледі  және  қорғалады.
Меншіктің құқықтық қатынастары меншіктің экономикалық  қатынастарының  мәнін
сипаттағанмен, олар қондырманың кез келген құбылысы  ретінде  өзінше  дербес
болады.
    Меншік  қатынастарын  реттеуді  әртүрлі  құқықтық  тәсілдермен   жүзеге
асыруға болады. Соған байланысты, сондай-ақ  проблеманы  зерттеу  тұрғысынан
алғанда  меншік  құқығы  ұғымы  көп  мағыналы.  Оны  түсінудің  екі   қырына
тоқталайық. Құқықтық  институт  ретінде  меншік  құқығы  құқық  нормаларының
жиынтығы  болып  табылады,  ол  материалдық  игіліктің  белгілі  бір  адамға
тиесілік  жағдайын  бекітеді,  реттейді  және  қорғайды.  Бұл  жерде  әңгіме
объективтік  мәндегі  меншік  құқығы  туралы  болып  отыр.  Заңдық  биліктің
белгілі бір мөлшерін меншік иесіне бекітіп беру субъективтік мәндегі  меншік
құқығы туралы айтуға мүмкіндік береді. Меншік құқығы  мүліктік,  абсолюттік,
заттық құқық болып заңға сәйкес белгіленеді,  ол  затқа  тікелей  ықпал  ету
мүмкіндігімен және иемдену, пайдалану  және  билік  ету  құқығының  болуымен
сипатталады. Қолдану және артықшылық құқығы меншік құқығына ілесе жүреді.
    Меншік құқығы- негізгі заттық құқық. Заттық  құқық  құқықтың  басқа  да
типтерімен  тұрақты  байланыста   болады.   Заттық   құқық   иесі,   әдетте,
міндеттемелік  қатынастарға,  оның  ішінде  өзінің   меншік   объектілерімен
қатынасқа кіреді.  Бұл  жағдайда  құқықтың  екі  түрі  қатар  жүреді,  олар,
негізінен, әртүрлі субъектілік  байланыстармен  анықталады.  Мысалы,  меншік
иесі өзінің  ғимаратын  жалға  берсе,  онда  оны  жалдаушымен  міндеттемелік
қатынас байланыстырады. Ал, барлық қалған үшінші жаққа  қатысты  ол-  тиісті
қорғану тәсілі бар  заттық  құқық  иесі.  Сондықтан  да  әртүрлі  құқықтарды
немесе  олардың  бірлестігін  аралас   сипаттағы   жаңа   кешенді   құқықпен
араластыру жайында сөз болмауға  тиіс.  Біздің  жағдайымызда  әңгіме  заттық
және міндеттемелік құқықтан сапа жағынан  өзгеше,  жаңа  құқық  туындамайды,
туындауы да мүмкін емес.
    Меншік құқығының міндеттемелі нышандарының бірі-  оны  заңмен  белгілеу
қажеттігі. Бұл нышан меншік құқығының АК-ның 188-бабында   келтірілген  «заң
құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын» элементтер бойынша байқалады.
    Меншік  құқығы  мемлекет  танитын  шекте  ғана  болады.  Бұл  дегеніміз
меншіктің абсолюттік құқығы заң құжаттарымен  шектелуі   мүмкін  деген  сөз.
Бірқатар жағдайларда  меншік  құқығын  шектеуде  арнаулы  сипат  болады,  ол
меншіктегі  мүліктің  ерекше    құқықтық   режимімен   байланысты.   Мысалы,
азаматтық құқықтың кейбір нысандары  азаматтық  айналымнан  толықтай  немесе
ішінара алынып тасталуымүмкін, оны мұндай мүлікке (мысалы,  жерге,  орманға,
радиоактивтік заттарға. т.б.)  құқыты  шектеу  бар  екендігімен  түсіндіруге
болады. Шетелдік құқықтық меншік  құқығын  мойындауы  мүмкін.  Бұл  жағдайда
халықаралық жеке құқық  нормалары  қолданылады,  және  қазақстандық  заңнама
юрисдикциясы шегінде меншік құқығы жоқ жағдайлар  да  болуы  мүмкін.  Меншік
құқығын  қорғаушылық  нысаны  оны  азаматтық-құқықтық   тәсілдермен   қорғау
мүмкіндігін білдіреді.
    Меншік құқығы- неғұрлым толық құқық. Бұл меншік иесінен жоғары тек  заң
ырқы мен оның қоғамдық міндеттерінің ғана болатындығынан  туындайды.  Меншік
иесі иемдену, пайдалану және билік ету өкілеттігін  тек  өз  қалауы  бойынша
жүзеге асырады. Сондықтан меншік құқығы ең  «күшті»  заттық  құқық.  Сонымен
қатар, меншік иесі шарт бойынша  өзінің  меншіктік  өкілеттігін  өзі  шектей
алады. АК-ның 188-бабының 3-тармағы «өз  қалауы  бойынша»  әрекетке  жуықтау
анықтама береді. Мысалы,  меншік  иесі  өзіне  тиесілі  мүлікке  қатысты  өз
қалауы бойынша кез келген әрекет жасай алады, яғни ол мүлікті басқа  адамның
меншігіне береді, меншік иесі бола тұрып өзінің мүлікті  иемдену,  пайдалану
және оған билік ету өкілеттігін береді, мүлікті  кепілге  береді  және  оған
басқа тәсілдермен ауыртпалық түсіреді, оған басқадай түрде билік жасайды.
    Меншік иесінің  өз  өкілеттіктерін  жүзеге  асыруы  басқа  адамдар  мен
мемлекеттің құқықтары мен заң қорғайтын мүдделерін  бұзбауы  тиіс.  Құқықтар
мен заңды мүдделерді бұзу басқа  формалармен  қатар  меншік  иесінің  өзінің
монополиялық және өзге де  басымдық  жағдайын  пайдаланып  қиянат  жасауынан
көрінуі  мүмкін  (АК-ның  188-бабы  4-тармағының   1-бөлігі).   Монополиялық
жағдаймен қиянат жасау  фактісін  анықтауға  мүмкіндік  беретін  критерийлер
монополияға қарсы заңнама рыноктағы  басымдық  жағдайға  бақылау  жүргізетін
органдарды  және  монополияға  қарсы  заңнаманы   бұзушыларға   қолданылатын
санкцияларды анықтайды.
    Сонымен, меншіккер құқығына заң пәс міндет артқан. Жоғарыда айтылғаннан
басқа  «меншік  иесі  өз  құқықтарын  жүзеге  асырған   кезде   азаматтардың
денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін  зардаптарға  жол  бермеу
шараларын  қолдануға  міндетті»  (АК-ның  188-бабы  4-тармағының  2-бөлігі).
Меншік иесінің қоршаған  ортаға  зиян  келтірмеу  үшін  қолданатын  шаралары
табиғат қорғау  заңнамасында  анықталған.  Онда,  сондай-ақ  табиғат  қорғау
заңнамасының бұзылғандық критерийлері, оның  сақталуына  бақылау  жүргізетін
органдар, табиғат қорғау заңнамасын  қамтамасыз  ететін  басқа  да  құқықтық
тетіктер көзделген.
    ҚР Конституциясы 6-бабының 2-тармағына сәйкес «меншік міндет  жүктейді,
оны  пайдалану  сонымен  қатар  қоғам  игілігіне  де  қызмет  етуге   тиіс».
Келтірілген  баптардың  барлығын  нақтылау  заңнамада  бекімін  таппауы   да
мүмкін. Сондықтан, меншік  иесі  өз  әрекеттерінде  заңнамамен,  құқықтармен
және басқа адамдар  мемлекеттің  қорғалатын  мүдделерімен,  қоғам  игілігіне
қызмет етумен, сондай-ақ қоршаған ортаға  зиян  келтірмеумен  шектелген  деп
қорытынды жасауға болады.
    Жалпы алғанда шектеу қандай да бір шамада кез  келген  меншік  құқығына
ілесіп жүреді.  Оны  басқаша  да  айтуға  болады:  меншік  құқығы  өзі  үшін
белгіленген шектеулер шегінде  ғана  болады.  Оларға  байланыссыз-ақ  меншік
құқығы  кейде  өз  шектерінің  ішінде  жатқан  әртүрлі  негідемелер  бойынша
шектеледі, ол негіздемелер не меншік құқығының кейбір  субъектілерінің  жеке
басына  немесе  субъектінің  жеке  басынан   тысқары   жатқан   мән-жайларға
байланысты  болуы  мүмкін.  Шектеу  меншік  құқығының   құрамдық   бөлігінің
әрқайсысына-  иемденуге,  пайдалануға  және  билік  жасауға  қатысты   болуы
мүмкін, бұл ретте ол меншік құқығынығ құрамдық бөлігінің тек біреуіне  ғана,
немесе басқаларына да таралуы мүмкін.
    Меншік құқығының өзін  шектеуді  меншік  иесі  жасай  алатын  әрекеттер
ауқымын шектеуден ажырату керек.  Атап  айтқанда,  меншік  иесінің  бірқатар
әрекеттеріне тыйым өртке қарсы, санитарлық,  ветеринарлық,  эпидемиологиялық
және басқа ережелерден  туындайды.  Мысалы,  азық-түлік  тауарларымен  сауда
жасайтын меншік иесі тиісті медициналық тексеруден  өтуі  тиіс,  оның  жұмыс
орны арнайы осы үшін жабдықталған аумақта орналасады және т.б.
    Заң құжаттарында көзделген  реттерде,  жағдайлар  мен  шектерде  меншік
иесіөз мүлкін басқа адамдардың шектеулі пайдалануына жол  беруге  тиіс  (АК-
ның 188-бабының 6-тармағы). Меншік иесінің мүлкін үшінші  адамдардың  мұндай
пайдалануын сервитут деп атайды.
    Тар мағынадағы мүлік- заттар, қолма-қол ақша  және  құжатталған  бағалы
қағаздар меншік құқығының нысаны  болып  табылады.  Бұлар-  бұйым  түріндегі
сезілетін  заттар.  Тиісінше,  электрондық  ақша  қаражаты,  құжатталынбаған
бағалы   қағаздар,   жұмыстар,    көрсетілетін    қызметтер,    шығармашылық
интеллекетуалдық қызметтің нысандалған нәтижелері, фирмалық  атаулар,  тауар
белгілері және бұйымдарды жекелеудің басқа құралдары,  мүліктік  құқық  және
бірқатар басқа  мүлік  меншік  нысаны  болып  табылмайды  және  олар  АК-ның
«Меншік құқығы және басқа заттық  құқық»  бөлімінің  2-тарауының  баптарында
көрсетілмейді.
    Қазақстандық  тұжырымдамаға  сәйкес  меншік  құқығы   мерзімсіз   болып
саналады  (АК-ның  188-бабының  5-тармағы).  Мерзімсіздік  принципі   меншік
құқығының оның уақытша  туындай  алмайтындығын,  яғни  уақытша  меншік  иесі
болмайтындығын білдіреді.
    Егер заң  құжаттарында  немесе  шарттарда  басқадай  көзделмеген  болса
меншік иесі өзіне тиесілі мүлікті ұстаудың  ауыртпалығын  көтереді  және  ол
біржақты тәртіпте ондай ауыртпалықты үшінші  жаққа  жүктей  алмайды  (АК-ның
189-бабының 1-тармағы). Мүлікті ұстап тұрудың ауыртпалығы  дегеніміз  меншік
иесінің мүлікті заңнамада талап етілген  параметрлер  бойынша  тиісті  күйде
сақтап тұру міндетті. Мысалы, үйдің меншік иесіне салықтарды төлеу,  күрделі
және  жеңіл  жөндеу  жүргізу,  сақтандыру,  тіркеу,  күзету,  үшінші  жақтың
құқықтарын  сақтаумен  байланысты  мүлік  бойынша  шығындары  және  басқалар
жөніндегі міндеттер жүктелген. Мүлікті ұстау ауыртпашылығы үшінші жаққа  тек
шарт бойынша ғана берілуі мүмкін.
    Егер мүлік үшінші жақта заңды түрде болса, онда  оның  бөтеннің  мүлкін
ұстауға шығарған шығындарын, егер шартта басқадай  көзделмесе,  меншік  иесі
көтереді (АК-ның 189-бабы  2-тармағының  1-бөлігі).  Мүліктің  үшінші  жақта
заңды түрде болуы азаматтық-құққтық шарт (мысалы, жалдау шарты,  қайтарымсыз
пайдалану  шарты,  т.б.),  олжа,  қамқоршылық  немесе  мүлікті   сенімгерлік
басқару нәтижесінде орын  алуы  мүмкін.  Шығындарды  өтеу  негіздері  немесе
олардың мөлшері мен формасы жайында меншік  иесі  мен  үшінші  жақ  арасында
келіспеушілік  болса  дау  сот  тәртібінде  шешіледі.  Затты   заңсыз   және
қараужолмен иемденген адамға  мүлікті  ұстауға  қатысты  шығындар  өтелмейді
(АК-ның 189, 263-баптары).
      3.  Меншік  құқығының  мазмұны.  Меншік  иесіне  өз  мүлкіне  иемдену,
пайдалану және оған билік ету құқығы берілген (АК-ның 188-бабы  2-тармағының
1-бөлігі). Бұл құқықтар  меншік  құқығының  мазмұнын  анықтайды.  Алғаш  рет
аталып  отырған  триада  жеке  құқығының  орта  ғасырлық   коментаторларының
еңбектерінде  пайдаланылған,  ал  рим  жеке  құқығының   өзі   меншік   иесі
өкілеттіктерінің толық тізбесін білмеген. Ресей заңнамасында ол  алғаш  1832
жылы пайда болды.
    Иемдену құқығы  мүлікті  іс  жүзінде  иеленуді  жүзеге  асыруды  заңмен
қамтамасыз ету  мүмкіндігін  білдіреді.  (АК-ның  188-бабы  2-тармағының  2-
бөлігі). Дағдылы түсінікте бұл өкілеттікке «ұстау»  ұғымы  басқалардан  гөрі
сәйкестеу  келеді.  Бұған  қарағанда,  дау  туған  жағдайда  мүлік   ұстаушы
басқадай белгіленгенге дейін  титулдық  (заңды)  меншіккер  болып  табылады.
Бірақ, мынаны білу керек: меншік құқығы иемденумен де, тіптен  сол  кеездегі
иелікпен де қатты байланысты емес. Сонымен қатар, бүгінгі  күнге  дейін  заң
шығарушы  иемдену  құқығының  құқықтық  мәндік   нышандарын   таба   алмады.
Сондықтан,  іс  жүзінде  «алып  тастау  принципіне»  сүйенуге  тура  келеді-
пайдалану және билік  ету  құқықтары  қаитымайтындар  иемдену  құқығы  болып
табылады. Сонымен қатар иемденуде маңыздылық бар,  сондықтан  да  ол  қалған
басқа құқықтардан (әсіресе  міндеттемелік  құқықтан)  өзгеше.  Басқа  заттық
құқықтықтарда иемдену өкілеттігі жалпы ереже бойынша да болмауы  да  мүмкін,
ал меншік құқығында бұл, әдетте, міндетті элемент.
    ҚР АК-сына қарағанда  Ресей  АК-сында  иемденуге  анықтама  берілмеген.
Сондықтан да Ресей Федерациясында иемдену құқығын түсінуде бірпікірлік  жоқ.
Мысалы, Ю.К.Толстой былай  дейді:  «иемденуге  құқық  беру-  меншік  иесінің
мүлікке шаруашылық үстемдігін заңмен қамтамасыз ету. Әңгіме бұл жерде  затқа
шаруашылық үстемдік ету жайында, ол меншік иесінің затпен  тікелей  жанасуын
қажет  етпейді.  Мысалы,  ұзақ  іссапарға  кетсе  де  меншік   иесі   өзінің
пәтеріндегі заттардың  иесі  болып  қалады».  Бұл  Герман  Азаматтық  заңдар
жинағының ұстанымына сәйкес келеді.  854-баптың  1-тармағында  сәйкес  затқа
үстемдіктің арқасында затты иемдену шындыққа  айналады.  Бірақ  бұл  ұстаным
«үстемдік» терминін ашып бермейді.
    Құқықтың континентальдық жүйесінің басқа елдерінің заңнамасы арқылы бұл
проблемаға  көз  жүгіртсек,  мүмкін  қазақстандық  заңнамада  иелік   етудің
меншіктік  өкілеттігі  түсініктілеу  болар.  Мысалы,  құқықтың  роман-герман
жүйесінің әртүрлі елдерінде иемденуді, шартты түрде «өзінікі»  және  «өзінік
емес»  деп  бөледі.  Францияда,  мысалы,  иемдену  (possession)   (detention
precare) болып бөлінеді. Иемденуді  «өзі  үшін  және  меншік  иесі  ретінде»
иемдену  деп,  ал  уақытша  ұстауды-  «басқа  үшін  иемдену»  деп  түсінеді.
Германияда дербес және дербес  емес  (тікелей  және  тікелей  емес)  иемдену
болып бөлінеді. Қалай десек те, өнеркәсібі дамыған батыс  елдерінде  иемдену
институты  мүлікке  титул  белгілеу  және  мүлікті  титулы  жоқ   адамдардың
озбырлығынан қорғау құралын қамтамасыз ету функциясын орындайды.
    Сонымен қатар,  құқықтың  ағылшын-американ  жүйесінде  иемденуге  құқық
институты  бар  (the  right  to  possess).  Иемденуге  құқық  меншік  иесіне
(«иемденуге құқықғы бар» адамға)  тиесілі  заттың  қандай  да  бір  негіздер
бойынша басқа адамның иелігінде  болу  жағдайын  білдіреді.  Иемденудің  бұл
формасы  тәуелді  ұстау  (bailment)  институтымен  байланысты,  ол  құқықтық
қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Жылжитын мүліктің меншік  иесі  бір  адам
болады («затты басқаға берген»- bailor), ал мүлікті  иемдену  құқығын  басқа
адам иеленеді («тәуелді ұстаушы»- bailee),  оған  бұл  мүлікті  меншік  иесі
белгілі бір мақсат үшін береді. Сонымен, иемденуді түсінуге және оны  меншік
құқықтары жүйесінде іске асыруға көптеген жол бар деп айтуға болады.
    Иемдену құқығы  дегеніміз  мүліктен  оның  пайдалы  табиғи  қасиеттерін
алудың,  сондай-ақ  одан   пайда   түсірудің   заңмен   қамтамасыз   етілген
мүмкіндігі. Пайда табыс, өнім, төл өндіру түрінде және басқа  формада  болуы
мүмкін (АК-ның 188-бабы 2-тармағының 3-бөлігі). Мысалға велосипедті  алайық.
Егер меншік иесі оған мініп жүрсе, онда ол оның пайдалы  табиғи  қасиеттерін
пайдаланады. Бірінші постулат, әрине,  ешкімде  күдік  тудырмайды.  Ал  енді
құқық  тұрғысынан  алғанда  күрделі  әрекетті  қарастырайық-   меншік   иесі
велосипедпен шеге қағады. Бұл онша қолайлы емес  шығар,  бірақ  одан  меншік
иесі пайда алады. Жоғарыда берілген анықтамаға сәйкес бұл пайдалану  құқығын
жүзеге асыру деп  бағаланады.  Ал,  егер  меншік  иесі  велосипедті  сырласа
немесе бір бөлмеден  бір  бөлмеге  апарып  қойса  ше?  Біздің  ойымызша  бұл
әрекеттер иемдену  құқығын  жүзеге  асыруға  жатады.  Яғни,  заттың  пайдалы
табиғи қасиеттерін  пайдалану,  оған  билік  жасау  болып  табылмайтын  және
тікелей пайда әкелмейтін әрекет иемдену құқығы аясына  жатқызылады.  Маңызды
мәселенің бірі- меншік құқығында пайдалану құқығы  иемдену  құқығынсыз  бола
ала ма? Біздің ойымызша  –  бола  алмайды.  Және  де,  бұл  сұрақтың  жауабы
иемдену деп нені ұғынатынымызға  да  байланысты.  Жалпы  ереже  бойынша  біз
баяндаған тұжырымдамада пайдалану құқығы нақты  қолда  ұстауды  қарастырады.
Яғни, мысалы машина уақытын жалға беру, шарт бойынша оны  пайдалану  кезінде
компьютерді иемдену құқықығынығ пайда болуын білдіреді.
    Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң  жүзінде  тағдырын  белгілеудің
заңмен қамтамасыз етілуі. (АК-ның 188-бабы 2-тармағының 4-бөлігі).  Мүліктің
заңдық тағдыры көбіне мәмілемен белгіленеді. Сонымен қатар мүлікке  басқадай
заңдық факторлар арқылы билік ету дағдылы  жағдайға  айналған.  АК-ның  188-
бабының 3-тармағына сәйкес меншік иесі  өзіне  тиесілі  мүлікке  қатысты  өз
қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті  басқа
адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі  болып  қала
отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік  ету  жөніндегі  өз
құқығын тапсыруға, мүлікті кепілге беруге  және  оған  басқа  да  әдістермен
ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы.
    Меншік иесі өз мүлкіне толықтай  билік  етуге  құқылы.  Басқа  құқықтар
меншік  құқығына  туындайды,  оған  тәуелді  және  көлемі  жағынан  бастапқы
құқықтан кең болуы мүмкін емес.  Егер  заңнама  талаптары,  сондай-ақ  басқа
адамдардың құқықтары  мен  заңмен  қорғалатын  мүдделері  бұзылмайтын  болса
меншік иесі өз мүлкін тіптен жойып жіберуге құқылы.
    Меншік құқығы оның нысанының ерекшелігіне қарай тоқтауы мүмкін, мысалы,
пайдалану  және  билік  ету  өкілеттіктері  біріккенде.  Әдетте  бұл  тұтыну
заттарын тұтынғанда болады, мысалы тағамды  жеп  қою.  Бұл  ретте  пайдалану
құқығын жүзеге асыру процесі  билік  ету  өкілеттігін  іске  асыруға,  соның
нәтижесінде меншік құқығының тоқтауына әкеп  соғады.  Ю.К.Толстойдың  пікірі
басқаша. Оның ойынша, «егер  меншік  құқығы  затты  бір  рет  пайдаланғаннан
кейін тоқтаса да (мысалы, алманы жеу немесе отынды  пешке  жағу),  бәрі  бір
меншік иесінің мақсаты өзінің меншікке деген  құқығын  тоқтату  емес,  қайта
заттың пайдалы қасиеттерін алу болып табылады. Сондықтан да бұл  көрсетілген
жағдайда затқа билік ету емес, оны  пайдалану  құқығының  ғана  жүзеге  асуы
орын алып отыр». Бұл  пікір  Ресейлік  заңнамада  билік  ету  құқығын  затқа
қатысты заң актілерін  жасау  жолымен  сол  заттардың  тағдырын  анықтаудағы
заңдық мүмкіндік деп ұғынумен байланысты. Қазақстан заңнамасы  өз  тарапынан
«заңдық тағдырды анықтау мүмкіндігі»,  яғни  топтастыру  міндетті  емес  кез
келген әрекеттерді жасау ұғымын мәміле ретінде  түсіндіреді.  Алғашында  бір
түрлі көрінгенмен, заттай  құқықтың  иесі  болып  табылатын  меншік  иесінің
әрекетін топтастыруға оның өзінің ниеті ықпал етеді. Мысалы,  меншік  иесіне
зат керек емес, ол оны  лақтырып  тастады.  Меншік  иесі  өзінің  билік  ету
құқығын жүзеге асырды. Оған меншік құқығы тек шартты түрде тоқтады. De  jure
меншік құқығы тоқтайды, егер оған деген  меншік  құқығы  АК-ның  «Олжа»  деп
аталатын 245-бабына сәйкес оны тауып алған  адамда  туындаса.  Бұл  жағдайды
ары қарай дамытып көрейік. Егер  меншік  иесі  ертесіне  өз  ойын  өзгертіп,
тастаған затын  қайта  алғысы  келсе,  онда  оның  затты  лақтырып  тастаған
әрекеті иемдену құқығын жүзеге асырғандықболып саналады. Меншік иесі  бірден
иемдену, пайдалану және билік  ету  құқықтарынан  заңды  негізде  айырылатын
жағдайлар да болады (мысалы, мүлікке тиым салғанда немесе меншік  иесі  шарт
бойынша барлық үш құқық өкілеттігін де басқаға  бергенде).  Мұндай  жағдайда
да меншік иесі  меншік  құқығын  жоғалтпайды.  Бұл  дегеніміз-  МК-ның  188-
бабында аталған  үш  заттық  құқық  өкілеттіктерінен  басқа  меншік  иесінде
титулдық құқық болады деген сөз, одан тек өз еркімен меншік  меншік  құқығын
шарт бойынша жоғалтқан жағдайда  ғана  не  меншік  құқығын  АК-да  көзделген
негіздер бойынша мәжбүрлеп тоқтатуға байланысты алған жағдайда ғана  айыруға
болады.
    Батыс елдеріндегі ғылымиой құқық өкілеттіктерінің бұл  ауқымын  біршама
кеңейтуді көздейді. Мұндай, негізгі өкілеттіктердің үш-төртеуімен  емес,  он
бір «лементін» қамтитын, «толық»  меншік  құқығының  әрбір  элементінде  осы
құқық нысандарының міндетін нақты  анықтауға  байланысты  көптеген  нұсқалар
болуы мүмкін.
    Нақты бар меншік құқықтары туралы айтуға болатындай бір де бір  элемент
соншалықты  қажет  болып  табылмайды.  Бір  объектіге  мұндай  құқықтар  бір
уақытта бірнеше адамға берілуі  мүмкін.  Ол  құқықтардың  әрқайсысы  аталған
элементтердің біреуін немесе бірнешеуін қамтуы міндетті емес.
    Классикалық  триада  көбіне   басқару   мен   бақылаудың   жаңа   құқық
өкілеттіктерімен  толықтырылады.  Бұл  көптеген  зерттеушілердің   басқаруды
меншіктен бөлудің объективтік экономикалық  процестерін  тіркеуі  фактісінен
туындайды. Бірақ мұндай ұстаным дүние жүзінде еш жерде қолдау  таппады.  Бұл
дұрыс,  себебі  кез  келген  жасанды  жаңа  құқық  өкілеттігі,  не  құқықтық
кеңістіктен басқаға (әдетте, экономикалық немесе басқарушылыққа)  өтуді,  не
сол бар өкілеттікке басқадай тұрғыдан қарауды білдіреді.
    Сонымен қатар айта кететін бір жай- меншік  иесінің  батыс  елдеріндегі
арнайы  әдебиеттерде  пайдаланылатын  ауқымды  өкілеттіктері   заң   жүзінде
бекімін таппаған. Бірақ, «иемдену», «пайдалану», «билік ету» және  «бақылау»
терминдері  жекелеген  құқықтық  нормаларда  кездеседі.  Сондай-ақ,   меншік
құқығы ұғымы социалистік бағдар алған  бұрынғы  елдерден  тысқары  жерлерде-
Батыс Еуропа елдерінде және  олардың  құқықтық  жүйесін  қабылдаған  елдерде
ғана заң  жүзінде  толық  ашылған.  Ал,  олардың  диапазоны  меншік  иесінің
бостандық дәрежесіне қарай анықталады. Ең консервативтік ұстаным  Франйияның
АК-де баяндалған, онда  меншікке  «заттарды  заңдарда,  регламенттерде  тиым
салынбағандай дәрежеде, мүмкіндігінше  толық  пайдалану  және  оларға  билік
жасау құқығы» деп анықтама  берген  (244-бап).  Дегенмен,  дамыған  елдердің
соңғы ғасырдағы жалпы үрдісі меншік иесінің құқықтарын басқа  азаматтар  мен
мемлекеттің мүдделері  арқылы  біртіндеп  шектеуге  бағытталған.  Сондықтан,
жеке  меншікке  мемлекеттің  басып  кіруі  дағдыға  айналады.  Бұл   тұрғыда
қазақстандық заңнама жеке меншікті қорғауда  және  кәсіпкерлік  қызмет  үшін
жағдай тудыруда қатаңырақ позиция ұстауда. Көп жағдайларда меншік иесі  емес
мүлікке қатысты иемдену, пайдалану және билік ету құқықтарын меншік  иесімен
қатар  жүзеге  асырады.  Мысал  ретінде  шаруашылық   жүргізу   құқығы   мен
оперативтік  басқару  құқығын  келтіруге  болады.  Бұдан  мынадай  қорытынды
жасалады:  бір  құқық  өкілеттігін  екі  субъект  бірдей  пайдалануы  немесе
меншіктік  өкілеттік  меншік  иесі  мен  заттық  құқықтың  өзге   субъектісі
арасында бөлінуі мүмкін. Мұндай  жағдайдан  шығудың  жолы  меншік  құқықығын
ерекше  заттық  құқық  деп  санау  керектігінде,  ол  барлық  үш   өкілеттік
болмағанда да көрініс табуы тиіс. Бұл, әрине, шартты схема,  себебі  заңнама
барлық  жағдайларда  да,  жұмыстың  қалыпты  режимінде  меншік  иесіне   тым
болмағанда бір өкілеттік  немесе  оның  бір  бөлігін  қалдырады.  Бірақ  заң
құжаттарында немесе меншік иесінің қалауымен барлық үш  өкілеттікті,  меншік
иесінің титулын сақтай отырып, заттық құқықтың басқа  иесіне  беру  көзделуі
мүмкін. Қазіргі ең көп  таралған  жағдай-  шаруашылық  жүргізу  құқығы  үшін
мемлекеттік кәсіпорынның мүлкіне билік ету құқығын  мемлекет  пен  кәсіпорын
арасында бөлуді айтса да жеткілікті. Пайдалану құқығы  кәсіпорынға  тиесілі,
ал иемдену құқығы- заттық құқықтың қай  тұжырымдамасын  негізге  алғанымызға
қарай мемлекетке немесе кәсіпорынға тесілі.
4. Меншік құқығының формалары мен түрлері. ҚР Конституциясының 6-бабының  1-
тармағына сәйкес «ҚР-да мемлекеттік меншік пен  жеке  меншік  танылады  және
бірдей қорғалады». Бұл меншіктің формалары. Әртүрлі  әлеуметтік  мақсат  пен
құқықтық режим оларды бөліп алуға негіздеме  болады.  Меншікті  екі  формаға
бөлу  Конституциясында   олардың   меншік   құқығының   субъектісі   ретінде
мемлекетке  қатынасының  нышандары  бойынша   жүргізіледі.   Жеке   меншікке
жататындықты заң өте оңай  анықтайды-  мемлекетке  тиесілі  еместің  барлығы
солар. Яғни барлық мемлекеттік емес меншіктер жеке  меншік  болып  табылады.
Ресей Федерациясында меншік формаларының тізбесі  жабылған  жоқ.  Жеке  және
мемлекеттіктен басқа оларда муниципалдық және  басқа  формалар  бар.  Меншік
формаларына меншік құқығы формалары сәйкес келеді. Өз кезегінде формалар  да
түрлерге  бөлінеді.  Форма  меншіктің  арналған   мақсаты   мен   әлеуметтік
бағыттылығына қарай оның сапалық  ерекшелігін  бейнелейді,  ал  түр-  меншік
формалары ішіндегі субъективтік айырмашылық. Кез келген азамат немесе  заңды
тұлға, сондай-ақ мемлекет меншік құқығының субъектісі бола алады.  Азаматтың
әрекет қабілеттігі шектулі болған немесе тіптен, ол болмаған  жағдайда  оның
мүддесін  заң  немесе  шарт  бойынша  өкіл  қорғайды.   Мемлекеттің   меншік
құқығының  субъектісі  ретіндегі  ерекшелігі  сол-  оның  құқығы   уәкілетті
мемлекетті органдар  немесе  мемлекеттік  заңды  тұрғалар  арқылы,  ал,  заң
құжаттарында көзделген жағдайларда- мемлекеттік  емес  заңды  тұлғалар  және
азаматтар арқылы жүзеге асырылады.
    Конституцияға бағдар алып АК меншік формасы ретінде жеке  (191-бап)және
мемлекеттік   (192-бап)   меншікті   бөліп   қарастырады.   Сонымен    қатар
қазақстандық заң шығарушы, ресейлікке қарағанда, топтастыру кезінде  «форма»
терминін пайдаланбады. Оған саналы түрде барды, себебі  «форма»  және  «түр»
ұғымдары өз мәндері  жағынан  көп  мағыналы  және  меншік  құқығына  қатысты
қолдануға онша келмейді. Бұл ұстаным дұрыс та шығар. Дегенмен, бұл  мәселеге
қатысты екі көзқарасты атап  өткен  жөн.  Біріншісі  бойынша  меншік  құқығы
біртұтас  және  біртекті.   Ол   нарықтық   экономиканың   жалпы   ережесіне
бағындырылған. Бірақ мемлекеттік меншік құқығын  бұған  жатқызуға  болмайды,
ол мемлекеттік функциясын қолдау және жеке меншік құқығының қалыпты  жұмысын
қамтамасыз етуде шектеулі ауқымда болады. Яғни,  жеке  меншік  түрлік  емес,
меншік ұғымына келетін тектік ұғым.
    Екінші көзқараста меншік құқығы тектік ұғым, ал жеке  және  мемлекеттік
меншік құқығы-  түрлік  ұғым.  Мүліктің  жеке  және  мемлекеттікменшік  үшін
заңнамада белгіленген әртүрлі құқықтық режимі  оған  негіздеме  болады.  Бұл
мемлекет  функциясының  айрықша   сипатынан   туындайды   және   субъектінің
ерекшелігіне байланысты.
     Заңды  тұлғалар  қатысатын  қатынастардағы  сияқты  мемлекет  өкілдері
қатысатын   қатынастарда   абстрактылы   субъектілердің-   ҚР-сының   немесе
әкімшілік-аумақтық бөліністердің бар  екендігі  ескеріледі.  Олардың  атынан
азаматтық айналымда құқық берілген  тұлғалар-  заңды  немесе  жеке  тұлғалар
қатысады.  Әдетте  заңды  тұлғалар  мекеме  мәртебесі  берілген  мемлекеттік
органдар болады. Бұл жағдайларда да мұндай мемлекеттік  мекеменің  қашан  өз
атынан, қашан мемлдекет немесе  әкімшілік-  аумақтық  бөлініс  атынан  мүдде
қорғайтынын білген дұрыс. Қай жағдайда  болса  да  мемлекет  пен  әкімшілік-
аумақтық  бөліністің  мемлекеттік  заңды   тұлға   балансында   бекітілмеген
мемлекеттік мүлікке тікелей  тікелей  билік  жасайтынын  білу  керек.  Басқа
жағынан алғанда, мемлекеттік меншікке  құқығын  мемлекеттік  заңды  тұлғалар
(кәсіпорындар  мен  мекемелер)  өздерінің  шаруашылық  жүргізуіндегі  немесе
роалымды басқаруындағы мүлікке қатысты жүзеге асырады.
    АК-ның 191-бабында жеке меншіктің екі түрі белгіленген, олар- азаматтар
меншігі және мемлекетті емес заңды  тұлғалар  мен  олардың  бірлестіктерінің
меншігі. Өз  кезегінде  АК-ның  192-бабы  мемлекеттік  меншіктің  екі  түрін
белгілейді, олар-республикалық және коммуналдық меншіктер.  ҚР-ға  қарағанда
Ресей Федерациясында муниципалдық  (коммуналдық)  меншік  мемлекеттік  болып
табылмайды, сондықтан ол оның құрамына кірмейді.
    Мынадай сұрақ туындауы мүмкін: шетел азаматтары мен заңды  тұлғаларының
меншік құқығын қалай топтастыруға болады? Жалпы ереже бойынша мүлікке  деген
меншік құқығы осы мүлік тұрған елдің құқығы  бойынша  анықталады.  Сондықтан
да, ҚР-ның аумағында шетел  азаматтары  үшін  ҚР-ның  азаматтары  мен  заңды
тұлғаларының меншікқұқығы туралы заңнама қолданылады.
    Меншіктің  кейбір  объектілері  меншіктің  белгілі  бір  формалары  мен
түрлеріне ғана тән. Жер  және  оның  қойнауы,  су,  өсімдік  және  жануарлар
әлемі, басқа да табиғи ресурстар меншіктің ерекше объектісі болып  табылады.
ҚР Конституциясының 6-бабының 3-тармағына сәйкес  олар  мемлекет  меншігінде
болады. Бірақ жер заңда белгіленген негіздерде, жағдайларда және шекте  жеке
меншікте де болуы мүмкін. Жерге  қарағанда  қойнаудың  жеке  меншікте  болуы
мүмкін емес, себебі жоғарыға шығарылған жыныс қойнау  болудан  қалады,  яғни
ол жеке  меншік  объектісі  бола  алады.  Басқа  объектілердің  тиесілілігін
анықтағанда әңгіме жалпы су, өсімдік және  жануарлар  әлемі  жайында  екенін
ескеру қажет. Олар тек  мемлекет  меншігінде  ғана  болады.  Ал,  нақты  бір
ағашты немесе жануарды  бөліп  алсақ,  олар  ҚР-ныңзаңнамасына  сәйкес  жеке
меншік объектісі бола алады.
    Жеке  және  мемлекеттік  меншіктің  сандық  арақатынасы  бастапқы  кеде
мемлекеттік меншікті жекешелендіру қарқынымен анықталады. Бұл  процесс  ТМД-
ның басқа елдеріне қарағанда Қазақстанда белсенді жүргізілді, ондағы  мақсат
мемлекеттік меншікті ең төменгі қажетті  деңгейге  жеткізу  еді.  Қазір  бұл
арақатынас мемлекеттік мүдделер бойынша анықталуда.
Талқылау сұрақтары:
      1.Меншік – экономикалық санат ретінде.
     2.Меншік құқығы ұғымы.
     3.Меншік құқығының мазмұны.
     4.Меншік құқығының формалары мен түрлері

                          БАСҚА ДА ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАР
 1.Заттық құқықтар ұғымы және олардың түрлері
2. Заттық құқықтар түрлері
Дәрістің мақсаты  мен  міндеті:  заттық  құқықтың  ұғымына  сипаттама  беру.
Шаруашылық  жүргізу  құқығы  және  оның  ерекшеліктері.  Шаруашылық  жүргізу
құқығына ие  болу  және  оны  тоқтату.  Меншік  иесінің  шаруашылық  жүргізу
құқығындағы мүлікке құқықтары.  Жедел  басқару  құқығы  және  оның  мазмұны.
Жедел басқаруға  берілген  мүлікті  меншіктенушінің  құқығы.  Жедел  басқару
құқығының  шаруашылық  жүргізу  құқығынан  айырмашылығы.  Жер   учаскелеріне
заттық құқықтар.
Әдебиеттер мен нормтаивтік актілер:
   7. ҚР Азаматтық Кодексі,  2007.
   8. «Мемлекеттік кәсіпорын» туралы  ҚР Заңы
   9. Беспалова А.И. Право оперативного управления. А.,1969.
  10. Венедиктов  А.В.  Государственная  социалистическая  собственность,-М-
      Л,1948.
  11.  Сулейменов  М.К.  Коментарий  к  закону   Республики   Казахстан   «О
      собственности», 1993.-1.
  12.   Жанайдаров   И.У.   Проблемы   реализации   права    государственной
      собственности. А.,1994.
    1. Заттық құқықтар ұғымы және олардың түрлері
Осы заманғы заң әдебиеттерінде "заттық  құқықтар"  ұғымы  жиі  қолданылатын,
бірақ жеткілікті талданбаған ұғым болыл табылады.  Заттық  құқықтар  кезінде
рим құқығыңда да егжей-тегжейлі  қарастырылғанына  қарамастан,  осы  уақытқа
дейін орнығып қалыптаспаған  және  барлық  құқықтық  жүйелер  тани  қоймаған
ұғым. Заттық құқықтың көптеген қырлары постулат ретінде үсынылып,  төориялық
түрғыдан тиісінше дәлелденбеген.
Алайда кеңестік заң әдебиеттерінде ең қолайсыз жағдайлар қальпттасгы.  Мүның
себебі,  заттық  құқықтардың  барлығы  кеңес  өкімегі  жыддарында  азаматіық
құқықтан біртіңдеп ығыстырылып шығарылды да, онда меншік құқығы ғана  қадды.
Сондықтан  заттық  құқықтар  туралы  бөлім   азаматтық   заңдардан   шығарып
тасталды,  ал  көптеген  заңгерлер  табиғатта  заттық  құқықтар  деген  жоқ,
мысалы, кепіл заттық  құқыққа  жатпайды,  абсолюттік  құқық  ретінде  меншік
құқығы ғана бар деп дәлелдей бастады.
Қазіргі уақьпта жағдай өзгерді. АК-ның II бөлімі "Меншік  құқығы  және  өзге
де заттық құқықтар"  деп  аталады,  АК-ға  меншік  иелері  болып  тәбыпмашын
адамдардың заттық құқықтарына  арналған  арнайы  бап  (195-бап)  енгізілген,
заттық құқықтардың жекелеген түрлері реттелуде.
Алайда заң әдебиеттеріңде заттық құқықтар ұғымы мен олардың  белгілері  анық
шешілмеген.  Оның  үстіне,  заңгерлер  осы  уақытқа  дейін  заттық  құқықтар
санаттарын боліп  көрсету  қажеттігіне  күмән  келтіреді.  Сондықтан  заттық
құқықтар ұғымына және олардың белгілеріне толығырақ тоқталамыз.
Заттық құқықтар ұғымы зат, мүлік, құқықтық  қатынастар  объектісі,  мүліктік
құқықтық  қатынастар  және  басқа   осы   секілді   үғындармен   ажырамастай
байланысты;  бұл  окулықта  олардың  бәрі  толық  талданады.  Сондықтан  тек
мыналарды атап өтеміз: запық құқықтар мүліктік құқықтардың  бір  түрі  болып
табылады, зат мүліктің бір түрі  ретінде  заттық  құқықтың  объектісі  болып
табылады,  заттар  мен  мүлікгік  игіліктер  құқықтық  қатынастар  объектісі
ұғымының негізі болады.
Осындай  бастапқы  ұғымдарға  сүйене  отырып,  заттық  құкықтардың   мынадай
негізгі белгілерін аныктауға болады:
Мүліктік емес өзіндік құқықтардан өзгеше, заттық құқықтар мүліктік  құқықтар
болып   табылады.   Бұл   заттық   құқықтарды   міндеттемелік    құқықтармен
біріктіреді;
"Тәнсіз мүлікпен"  байланысты  міндеттемелік  құқықтар  мен  интеллектуалдық
меншік құқықтарынан өзгеше, заттық қүқыктар  белгілі  бір  айтарлықтай  дара
заттарға   қатысты   пайда   болады.   Сонымен   бірге,   заттарға   қатысты
міддеттемелік   құқықтар   да   туындайтынын   үмьпуға   болмайды.    Тектік
белгілерімен  анықталатын  заттарға  қатысты   заттық   қатынастар   туындай
алмайды, тек міндетемелік құқық пайда болады.
"Абсолюттік құқық объектісі қашан да дара анықталған болады. Атап  айтқанда,
мүның заттық құқықтарға, оның  ішінде,  меншік  құқығына  қатысы  бар.  Егер
затты дараландыру мүмкін болмаса, онда  осыған  байланысты  заттық  құқықтық
қатынас емес, тек мшдеттемелік құқықтық қатынас туады;
3.     Заттық  құқықтар  абсолюттік  құқықтар  болып  табылады,  бұл  оларды
интеллектуалдық   меншік   құқықтарымен   біріктіреді   және   міндеттемелік
құқықтардан  ерекшелендіреді.  Заттық  құқықтардың  иесіне   баршаның   және
әркімнің осы құқықтарды жүзеге асыруға кедергі
келтірмеу міндеті қарсы түрады.
Біздің пікірімізше, заттық  салыстырмалы  қатынастар  болады  (ортақ  меншік
қатысушылары арасында, мемлекет пен  шаруашылық  жүргізу  құқығында  мүлікті
иеленетін кәсіпорын арасында және т.с.с). Алайда мұндай қатынастар тобы  көп
емес, анық көрсетілген және заттық құқықтардың басым  көпшілігінің  сипатына
әсер етпейді.  Оның  заттық  құқықтық  қатынастарғаіқатысушылардын  "сыртқы"
емес, "ішкі" қатынастарына қатысы бар;
4.    Бұл белгіден келесі белгі -  заттық  қүкықтарды  корғаудың  абсолюттік
сипаты, яғни заттык құқыққа кол сүғатындардан қорғау  құқығы  келіп  шығады.
Заттық  құқықтарды  ерекше  заттық-құқықтық  талаптардың  көмегімен  арнаулы
қорғау құралдарының болуы осыған байланысты;
5.    Заттық құқықтарды заңнын  белгілеуін  олардың  белгісі  деп  есептеуге
болады. Заңда көзделмеген жағдайларда да  пайда  болатын  (АК-ның  380-бабы)
міндеттемелік құқықтардан өзгеше, заттық құқықтар заңда бекітілуі тиіс  (АК-
ның 195-бабының 1-тармағы).
Бұл ретте нақтынай  түсетін  екі  жағдай  бар.  Біріншіден,  олардың  заңмен
бекітілуі бұл  құқықтар  заңда  заттық  құқықтар  деп  аталуы  тиіс  дегенді
білдірмейді.  Олардың  мүліктік  құқықтар  санатына  жатқызылуы   және   заң
актілеріңде  көзделуі  де  жеткілікті.  Олар  заттық  құқықтардың  белгілері
болғанда заттық  қүкықтардың  санатына  жатқызылады.  Мысалы,  кепіл  немесе
сервитут заңда заттық құқықтар деп аталмаған.  Кепіл  АК-ның  "Міндеттемелік
құқық" бөліміне орналасқан, бірақ бұл оны заттық құқық  деп  тануға  кедергі
келтірмейді. Мұндайжағдай мынаған байланысты: кейбір құқықтар  қатынастардың
бір түрінде заттық құқық ретінде (кепіл үстаушының барлық  басқа  адамдармен
қатынастарындағы  кепіл  құқығы),  келесі  түрінде  —  міндеттемелік   құқық
ретінде (кепіл үстаушы мен кепіл берушінің  қатынастарындағы  кепіл  құқығы)
қолданылады.
Екіншіден,  заңда  практикада   кездесуі   мүмкін   деп   саналатын   заттық
құқықтардың түрлеріне сілтеме ғана баянды етіледі.  Нақты  заттық  құқықтар,
әрине, нақты заңдық фактілердің негізінде пайда болады;
Ілесе жүру құқығы. Заттық құқық заттың соңынан ілесе жүреді. Мүлікке  меншік
құқығының басқа адамға өтуі мулікке басқа  заттық  құқықтардың  тоқтатылуына
негіз бола алмайды. Бұл ереже РФ  Азаматтык  кодексінде  тікелей  бекітілген
(216-баптың 3-тармағы). ҚР Азаматтық  кодексінде  мұндай  жалпы  норма  жоқ.
Мұнда жекелеген заттық қүкықтарға қатысты нормалар баянды  етілген:  кепілге
салынған мүлікке құқық басқа тұлғаға көшуі кезінде  кепілдің  сақталуы  (АК-
ның 323-бабы), жалға берілген мүлікке меншік құқығының,  шаруашылық  жүргізу
құқығының немесе оралымды басқару құқығының  басқа  тұлғаға  ауысуы  кезінде
мүлік жалдау шартының сақталуы (АК-ның559-бабы);
Артықшылық кұқығы - заттық және міндеттемелік  құқық  бәсекеге  түскенде  ең
алдымен заттық құқық жүзеге асырылуы тиіс.
Ғалымдар міндеттемелік құқықтан кепілдің  артықшылығы  жоқ  дегеңді  негізге
алып, бірқатар жағдайларда осындай белгінің болатынына  күмән  келтіреді.Бұл
осылай  да,  бірақ  бұл  заттық  құқық  ретіндегі  кепілге  қатысты  осындай
белгінің жоқтығын дәлелдемейді, керісінше, кеңестік, одан  соң  қазақстандық
құқықтың  кепілге  қатысты  осы  белгіні  жүзеге  асыруды  шектейтінін  ғана
дәлелдейді.  Басқа  көптеген  елдерде  банкроттық  кезіңде   кепіл   бойынша
талаптар ең аддымен немесе кезектен тыс орындалады. Бұл процесс  Қазақстанда
да біртіндеп енгізілуде. Атап  айтқанда,  "Банкроттык  туралы"  1997  ж.  21
қаңтардағы   Заң   бойынша   кепілмен   қамтамасыз   етілген   міндеттемелер
борышқордан ақы үшін мүлік өндіріп  алуда  үшінші  кезектен  екінші  кезекке
ауыстырылды;
8.    Затқа нақты билік ету, яғни өз  құқығын  тікелей,  үшінші  жақтың  ара
ағайындығынсыз жүзеге асыру мүмкіндігі.
Бұл белгі бірқатар  жағдайларда  заттық  құқықтың  анықтамасына  негіз  етіп
алынуда және  оның  болуы  меншік,  иелену,  жерді  пайдалану  құқығын  және
басқаларды жүзеге асыруда күмән туғызбайды. Алайда,  мүлік  кепіл  берушінің
қолында  болып,  кепіл  үстаушының  нақты  билігінен  тыс  қалатын  жағдайда
ипотеканы жүзеге асыру үшін осы белгіні қолдану проблемасы туады.
Затқа нақты билік ұғымына, біздіңше,  үстірт  қарауға  болмайды.  Бұл  түста
бізге Г.Ф. Шершеневичтің мынадай пікірі: "Заттық құқық,  күнделікті  айтылып
жүргеніндей, тұлғаның затқа тікелей қатынасын құқық берілген субъект  затпен
қарым-қатынаста болуға тиіс деген мағынада  емес,  керісінше,  өзінін  затқа
құқығын жүзеге асыру үшін ол басқа  тұлғалардың  делдалдық  жасауына  мүқтаж
емес деген мағынада белгілейді".
Жылжымайтын мүлік ипотекасымен жағдайды  қарастыру  арқылы  кепіл  берушінің
үйді жалға бере отырып, өзінің де сонда түруға  қалатынын  елестетіп  көруге
болады.
Алайда  ипотекада  затқа  нақты  билік  меншік  иесінің   кепіл   үстаушының
келісімінсіз затка билік жүргізу  құқығының  шектеулі  болатынын  білдіреді.
Сонымен, кепіл үстаушының  кепілге  салынған  затқа  билік  жүргізуге  тыйым
салатын кұқығы бар болып шығады;
Әдебиеттерде заттық қүкықтың тағы  бір  белгісі,  атап  айтқанда,  Қазақстан
Республикасына тән бір белгісі аталмаған: заттык  құқықтар  иесінің  иелену,
пайдалану, билік ету өкілеттігі болуға  тиіс.  Оның  үстіне,  құқық  иесінің
заттық құқық түрлеріндегі  өкілеттігі  түрліше  болады.  Меншік,  шаруашылық
жүргізу,  оралымды басқару құқығы субъектілерінің  әр  түрлі  көлемде  болса
да, толық өкілеттігі (иелену, пайдалану, билік ету) бар.
Заттық құқықтарды меншік  құқығына  және  меншік  иелері  болып  табылмайтъш
адаадцардың заттық құқығына бөлу олардың  негізгі  жікгелуі  болып  табылады
(АК-ның 195-бабы).
Мүның екінші тобы рим қүқығьгада бөтеннің затына құқық (|ига іп  ге  аііепа)
деп аталды. Осы замангы әдебиеттерде оларды кейде шектеулі  заттық  құқықтар
деп атайды.
АК-ның 194 және 195-баптарында заттық құқықтардың кейбір түрлері аталған:
- шаруашылық  жүргізу  құқығы,  оралымды  басқару  құқығы,  жерді  пайдалану
қүқыгы, тұрғын үйге загтық құқықтар. Жерді пайдалану құқығына  үқсас  заттық
құқық секілді, жер қойнауын пайдалану құқығы Жер қойнауы және  жер  қойнауын
пайдалану туралы жарлықта баянды етілген.
Кейбір құқықтар (жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу) АК-ның  118-бабының
2-тармағында аталған: жалдау құқығы, ипотека (кепіл), сервитуттар  (бөтеннің
мүлкін пайдалану құқығы). Алайда, бұл құқықтар заттық қана  емес,  сондай-ақ
міндеттемелік құқықтар болуы да мүмкін.
      2. Заттық құқықтар түрлері
Заң әдебиеттерінде заттық құқықтардың алуан түрлі жиынтығы беріледі.
Әдетте,  Азаматтық  кодекстерде  тікелей   заттық   құқықтар   деп   аталған
құқықтарды тізбеге енгізеді. Бүдан әрі ала-қүлалық басталады: тізбеге  алуан
түрлі құқықтарды енгізеді  -  мекемеге  тиесілі  мүлікке  дербес  билік  ету
құқығы,  кепіл  немесе  ипотека,  кооператив  мүшесінің  пәтерге  оны  сатып
алғанға  дейінгі  құқыш,  тұрғын  үйдің  меншік  иесі   отбасы   мүшелерінің
құқықтары, нақты иесінің құқығы, су объектілеріне құқық және т.с.с.
Осымен қатар, заттық  құқықтарды  шамадан  тыс  үлғайтуға  жол  берілмейтіні
туралы  пікірлер  айтылуда.  Даулар  негізінен  жалдау  құқығы   төңірегінде
өрбуде. Бір авторлар мүліктік жалдау шарты негізіңце пайда  болатын  мүлікті
пайдалану  құқығын  заттық  құқықтардың  қатарына  жатқызуға  болмайды   деп
есептейді. Келесі авторлар жалгерге жалға алған  мүлкін  сатып  алу  құқығын
беруден басқа  жағдайларда  жалдаушының  құқықтарын,  сондай-ақ  мемлекеттік
және муниципалдық тұрғын үй  қорындағы  тұрғын  үйді  жалға  алу  құқықтарын
заттық құқықтар деп тану мүмкіндігін теріске шығарады.
Үшінші авторлар соңғыжылдары жалға алу (өсіресе жылжымайтын мүлікті)  құқығы
барған сайын заттық құқық белгілерін иеленуде деп атап көрсетеді:  жалгердің
қолындағы өкілеттік ауқымы  заттық  құқық  иесінің  өкілеттігіне  өте  жақын
келеді, жалгерге тіпті меншік  иесіне  (жалға  берушіге  қарсы)  өз  иелігін
қорғау құқығы берілген.
Заттық  құқықтар  тізбесін  жасаудың  жүйесіз  және  ретсіз  сипатына  назар
аудармауға болмайды. Бірде ипотека, біресе тек жылжымайтын мүлік  ипотекасы,
бірде  кепіл  деп  аталады.  Жалдау  заттық  құқық  деп  танылмайды,   бірақ
кәсіпорыңды немесе жерді жалдау заттық құқық ретінде танылады.  Тұрғын  үйді
жалга алушының құқығы бірде заттық құқық деп аталады, бірде мұндай  шешімнің
мүмкіндігі үзілді-кесілді теріске шығарылады. Суды пайдалану  құқығы  заттық
құқық ретінде қарастырылады, алайда жер  қойнауын  пайдалану  құқығы  туралы
бірде-бір жұмыста сөз болмайды.
Осының бәрі заттық құқықты бөліп  керсетудің  айқын  өлшемдерінің  жоқтығына
немесе өлшемдердің біреуіне ғана өзіне-өзі басымдылық жасау  маңызын  беруге
байланысты.
Біз заттық құқықтардың жоғарыда  тұжырымдалған  белгілеріне  сүйене  отырып,
заттық құқықтардың мынадай тізбесін үсынамыз.
Заттық құқықтарды екі үлкен топқа бөлуге болады:
1.    Меншік құқығы;
2.    Меншік иелері болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтары  (бөтеннін
мүлкіне құқық, шектеулі заттық құқықтар).
Бөтеннін мүлкіне құқықты былайша жіктеуге болады:
1)    иелік (ол  меншік  құқығымен  және  пайдалану  құқығымен  байланыссыз,
дербес сипатта болатын жағдайларда);
сервитуттар;
меншік иесінің мүлкімен шаруашылық  жүргізу  құқықтары:  шаруашылық  жүргізу
құқығы; оралымды басқару құқығы; өз мүлкіне дербес билік ету құқығы;
міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін  құқықтар:  кепіл  құқығы;  үстап
қалу құқығы;
табиғатты пайдалану құқығы: жерді пайдалану құқығы; жер  қойнауын  пайдалану
құқығы; суды пайдалану құқығы; өзге де табиғатты пайдалану құқықтары;
тұрғын үй алу құқығы: тұрғын үй  жалдаушының  құқығы;  тұрғын  үйдің  меншік
иесі отбасы мүшелерінің осы тұрғын үйді пайдалану  құқықтары;  шарт  бойынша
немесе өсиет қалдырудан бас тартуға байланысты басқа адамға  тиесілі  тұрғын
үйде өмір бойы түру
құқығы; кооператив мүшесінің оған кооперативтік тұрғын  үйді  сатып  алғанға
дейінгі құқығы; басқа да тұрғын үй алу құқықтары;
шарттардың (алдыңғы тармақтарда көрсетілгендерден өзге)  негізінде  берілген
затқа құқық: жалға алынған затқа құқық; сенімгерлік  басқаруға  алған  затқа
құқық; сақтауға алган затқа құқық; рента  негізіяде  берілген  затқа  құқық;
басқа шарттардың (мердігерлік және
т.с.с.) негізінде берілген затқа құқық.
Бұлайша жіктеуде белгілі  бір  қайшылықтар  бар,  өйткені  ол  бір  мезгідде
мынадай екі  санат  бойынша  жүргізілген:  қолдданылу  саласына  қарамастан,
заттық құқықтың мәні бойынша  (мысалы,  сервитут  немесе  жаддау  шарты  кез
келген қатынас саласында қолданылады) және заттық құқықтың қолданылу  саласы
бойынша (табиғатты пайдалану құқығы, тұрғын үй алу құқықтары). Екінші  өлшем
айтарлықтай жасаңды болады, бірақ біз осы салалардың маңыздылығына және  осы
салаларда заттық құқықтардың кең таралуына байланысты оны  қолдануға  мәжбүр
болдык.
Сондықтан табиғат қорғау саласында да, тұрғын үй  қатынастары  саласында  да
заттық құқықтардың көпшілігі шарттың (жалдау, тұрғын үй жалдау және  т.с.с.)
негізінде  пайда  болатынын  ескеру  керек,  бұл  қағидадан   өзгешелік   те
кездеседі (жерді түрақты пайдалану, өсиет қаддырудан бас тарту және т.с.с.)
Жіктеудің басқаша нүсқалары да болуы  мүмкін.  Бөтеннің  затына  құқық  иесі
өкілеттігінің көлеміне қарай бұл құқықтарды мынадай үш топқа бөлуге  болады:
кепіл  құқығы  және  құқық  объектісінің  айырбас  қүнын  алуға   бастталған
бөтеннің мүлкіне өзге де құқықтар; сервитуттар;  бөтеннің  мүлкін  пайдалану
құқығы.
Бөтеннін мүлкіне кукықгардын бірініш тобына дара анықталған мүлік  кепілінен
басқа, құқық объектісінің айырбас қүнын алуға бағытталған  бөтеннің  мүлкіне
өзге де құқықтар жатады. Атап айтқанда, бұл үстап қалу құқығынан  туыңдайтын
затқа құқық. Үстап қалу құқығы міндеттемелердің  орындалуын  қамтамасыз  ету
әдісі  болумен  қатар,  субъективтік  азаматтық  құқық  бұзылғанда  өзін-өзі
қорғау әдістеріне де жатады. Үстап қалу  құқығының   абсолюттілігі  өзін-өзі
қорғаудын мұндай әдісін заң актілерінде тікелей көзделетін жағдайларда  ғана
қолдануға болатына байланысты.
Сервитуттық үлгідегі  құқықтар  (сервитуттар)  бөтеннің  затына  құқықтардың
екінші  тобыи  қүрайды.  Азаматтық  кодекс  бүрын  өзінің   118-бабының   2-
тармағында  атап  өткені  болмаса,  бұл  терминді  көп   пайдаланбайды,   ал
Қазақстан  Республикасының  1998  ж.  2  наурыздағы  Заңы  бойынша  Азамапық
кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне  және  осы  тармақтың  жаңа
редакцияда баяндалуына байланысты ол мүлде алынып тасталды.
"Сервитут" ұғымы ҚР заңдарында Жер  туралы  заңның  қабылдануъша  байланысты
пайда болды (Жер кодексіңде де сақталған), онда  бұл  ұғымға  бөтен  мүлікті
шектеулі пайдалану құқығының - бөтен жер  учаскесіне  құқықтың  бір  түрінің
өзіндік мазмұны берілген. Сонымен бірге, бөтен  мүлікті  шектеулі  пайдалану
құқығына қатысты  "сервитут",  "сервитугтық  құқық",  "сервитуттық  үлгідегі
құқық"  терминдерін  қоддануды  заң  ғылымында  көпшілік   мақүлдаған   және
заңдарда сервитупың жалпы заңи ұғымының жоқтығына байланысты одан бас  тарту
ағаттық болар еді.
Сервитут белгілі бір тұлғаның мүддесі үшін бөтеннің мүлкін пайдалану  құқығы
болып табылады.  Сервитутты  заттық  құқық  ретінде  сипаттай  отырын,  оның
меншік  құқығының  субъектісімен  емес,  затпен  байланысты  болатынын  атап
көрсету қажет.  Басқаша  айтқанда,  субъективтік  құқық  затқа  белгіленеді,
сондықтан бұл құқықтың мүліктің меншік иесі тарапынан  не  өзге  үшінші  жақ
таралынан  қандай  да  бір  белсенді  әрекеттер  жасау  талабымен   ешқандай
байланысы  жоқ.  Бірақ  бұл  субъектілер  арасындағы   өзара   қарым-қатынас
мәселелерін  қозғамайды.  Абсолюттік  құқық  бола  отырып,  сервитут  барлық
азаматтардың енжар міндетін көрсететін, оның ішінде мүліктің меншік  иесінің
сервитут  құқығын  бүзудан  аулақ  болуын  болжайтын   абсолюттік   құқықтық
катынастардың пайда болуын көздейді.
Белгілі  бір  субъектінің  белгілі  бір   объектіні   пайдалану   өкілеттігі
сервитуттын негізгі мазмұны болса да, ол меншік құқығынан туындайтын  туынды
құқық емес. Бірақ меншік иесі мен  сервитупық  құқық  иесі  өкілеттіктерінің
бірқатар үқсас  белгілерімен  қатар,  айтарлықтай  айырмашылықтары  да  бар.
Сервитут құқығын пайдалану өкілеттігі белгілі бір пайдалану  бағытымен  және
мақсатымен, сондай-ақ осы құқық белгіленген заттың табиғи  қасиегтерін  ғана
алумен шектелген. Ал  меншік  иесі  өкілеттіктерінің  көлемі  мен  еркіндігі
әлдеқайда көп болады.
Белгілі бір затқа барлық заттық құқықтар секілді, бір  затқа  меншік  құқығы
мен  сервитут  та  өзара  қарама-қайшынықта  және  қарсы  әрекетте   болады.
Пайдалану өкілеттігін жүзеге асыру ксзінде  меншік  құқығы  сервитут  құқығы
иесінің адал жүзеге асыратын пайдалану өкілеттігіне  (белгілі  бағытта  және
белгілі  мақсатта)  жол  береді,  яғни  бұл  жағдайда   сервшугтық   құқыққа
артықшылық   беріледі   және   бұл   сервитупы   жүзеге   асыруға    кедергі
жасамашъщдықган, меншік иесі затіы пайдалана алады. Ал пайдалануды  сервитут
белгіленген бағыттан немесе мақсаттан тыс жүзеге асыратын жағдаңда,  сондай-
ақ сервитут объектісіне  мүқтаждық  болмаса  да  зиян  келтіруце  сервитупық
құқық иесінің ешқаңцай құқығы болмайды, оның  үстіне,  ол  келтірілген  зиян
үшін  жауап  береді,  ал  ауыртпалық  түскен   мүлікгің   иесі   сервитуттың
тоқтатылуын талап етуге құқылы болады.
Тарихи  түрғыдан  алғанда,  рим  құқығы  заманынан  бері  сервитуттьщ  нақты
(предиалдық) және өзіндік сервитут деп аталатын екі түрін  ажыратады.  Мұның
екеуі де заттық құқықтарға жатады, яғни мұнда  заттың  өзі  құқық  объектісі
болады және заттық құқықтың әрбір иесін  осы  затпен  байланыстырады.  Нақты
және өзіндік сервшуттардың  арасындағы  айьірмашьілықтар  сервитуттық  құқық
субъекгісін анықтау тәртібі бойынша  жүргізіледі,  яғни  бөтен  затқа  билік
ететін тұлғаны анықтау бойынша жүргізіледі.
Нақты сервитуг көршілес екі жер учаскесінің болуын көздейді. Мұнда  сервитут
осы  учаскелердің  біріне  белгіленеді,  ол,  әдетте,   пайдаланылатын   жер
учаскесі деп аталады.  Көрші  учаскеге  сервитут  құқығы  бар  тұлғаның  жер
учаскесі  басым  жер  учаскесі  деп  аталады.   Әдетте,   нақты   сервитутты
белгілеудің міндеті - бір  учаскенің  мұқтаждығына  екінші  (пайдаланылатын)
учаскенің  кейбір  белгілі  қасиеттері   қызмет   ететін   басым   учаскенің
шаруашылыққа жарамдылығын арттыру  болып  табылады.  Басым  учаскеге  меншік
құқығын басқа тұлғаға беру, жаллы ереже  бойынша,  көрші  учаскеге  сервитут
құқығын беруді де көздейді.
Өзіңдік сервитуттар болса, керісінше, белтіпі бір тұлғаның мүддесіне  қызмет
етеді және көрші учаскелердін бар-жоқтығына  тәуелсіз  болады  (кейде  көрші
учаскелерге қатысты белгіленуі де мүмкін), олар  белгілі  бір  тұлғаға  ғана
тиесілі және жалпы ереже бойынша, мейлі, ол ембебап немесе сингулярлық  мүра
немесе  иеліктен  шығарылған  мүра  болсын,  құқық  мирасқорлық   тәртібімен
басқаға  өтпейді.  Өзіндік  сервитуттар,  әдетте,  осы  құқық   субъектісіне
өмірлік тиесілі болады.
Сервитуттық құкықтардың тізбесі толық емес, өйткені заң  актілерінде  меншік
иесі өзінің мүлкін басқа белгілі бір тұлғалардың пайдалануына  рүқсат  етуге
міндетті болатын жағдайларға, шарттарға және шекке нүсқау  беретін  реттерде
(яғни, егер осындай  құқыққа  абсолюттілік  және  меншік  иесінің  құқығынан
тәуелсіздік берілетін болса,  және  егер  бұл  құқық  пайдалану  көлемі  мен
мақсаты бойынша затіың белгілі бір табиғи қасиетіне дейін шектелетін  болса)
тұлғаның  бөтен затты пайдалану жөніндегі кез  келген  құқығы  кең  мағынада
алғаңца сервитутқа жататын болады.
Жер сервитуты бөтен  мүлікті  шектеулі  пайдалану  құқығының  жарқын  мысалы
болып  табылады,  бірақ  оның  заңда   көзделген   кейбір   түрлері   немесе
анықтамалары дау туғызып отыр.
Жер  кодексінде  жер  сервитутына  жария  анықтама  беріледі,  оған   сәйкес
Кодексте және өзге де Қазақстан  Республикасының  заң  актілершде  көзделген
жағдайларда меншік иесі немесе  жер  пайдаланушы  өзіне  меншік  немесе  жер
пайдалану құқығымен тиесілі жер учаскесін мүдделі жеке және  заңдытұлғаларға
шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен беруге міндетті  (Жер  кодексінің  67-
бабының І-тармағы).
Тұрғын үй қатынастары  туралы  заң  бойынша  сервитуттьіқ  құқықтардың  жаңа
түрлері енгізілген,  атап  айтқанда,  осы  меншік  иесінің  үй-жайынан  ғана
жүргізуге болатын, кондоминимумның жалпы мүлкін жөндеу немесе ауыстыру  үшін
кондоминимумнын мүшесіне бөлек  (дара)  меншік  құқығында  тиесілі  үй-жайға
кіру құқығы енгізілген (нақты сервитут). Сөз жоқ, көршілес үй-жайдың  меншік
иесінің де осыңцай құқықтары болады.
Сервитупық үлгідегі жаңа құқықтар  мүліктік  айналымда  әлі  де  кең  қолдау
тапқан жоқ, бұл құқықтарға қатысты  құқықтық  реттеу  практакасы  жеткілікті
дәрежеде калыптаспаған және оларды түсіңдіру алдағы уақытта жеке  зерттеулер
жүргізуді қажет етеді. Сонымен бірге, бұл сервитуттарды  құқықтық  реттеудің
көбіне жер сервитуттарын құқықтық реттеуге үқсайтынын  атап  көрсету  қажет,
өйткені олар әлеуметтік-экономикалық және құқықтық  шығу  тегінің  табиғаты,
өкілеттігінің бірдей көлемі мен мазмұны жонінен біріккен заттық  құқықтардың
біртүтас тобына жатады.
Сервитугтармен салыстырғанда пайдалану өкілеттігінің көлемі әлдеқайда  үлкен
болатын бөтен затты  пайдалану  құқықтары  бөтен  затқа  құқықтардың  үшінші
тобына жатады. Жалдау құқығы, несие (мүлікті ақысыз пайдалану)  құқығы,  жер
пайдалану құқығы, жер қойнауын пайдалану құқығы, тұрғын  үйде  өмірлік  түру
құқығы,  секвестр  белгілеудегі  сақтаушы  құқығы,  затты  мешиікке  алғанға
дейінгі иеленуші  құқығы  және  басқа  кейбір  құқықтар  осындай  құқықтарға
жатады.
Бұл топтың заттық құқықтарды пайдалану өкілеттігі  айтарлықтай  кең  болады.
Ол  бірқатар   жағдайларда   көлемі   женінен   меншік   иесінің   пайдалану
өкілеттіктеріне  жуыктауы  мүмкін.  Атап  айтқанда,   жалдау   құқығы,   жер
пайдалану құқығы, жер қойнауын пайдалану  құқығы  жағдайында  меншік  құқығы
пайдалану  өкілеттігінсіз,  аталған  құқықтармен  қатар  қодданылады,   яғни
меншік иесі өз мүлкін пайдалана алмайды.
Осы топтағы бөтен затқа құқық  бірқатар  жағдайларда  құқық  иесіне  мүлікті
меншік иесімен бірдей пайдалану құқығын береді. Атап айтқанда,  егер  меншік
иесімен жасалған шартта пайдалануды шектеу жонінде  қандай  да  бір  ескерту
көзделмесе, отбасы мүшелерінің тұрғынүйді меншік  иесімен  бірдей  пайдалану
құқығы осы құқықтарға жатады.
Сөз жоқ, отбасы мүшесінің тұрғын  үйді  пайдалану  құқығы  заңда  абсолюттік
құқық ретінде көзделген және ол  бөтен  затқа  құқықтарға  жатады.  Мәселен,
Тұрғын үй қатынастары туралы заңның 22-бабына сәйкес  отбасы  мүшелеріне  өз
құқығын үшінші  жақтың,  оның  ішіңце  меншік  иесінің  құқық  бүзушылығынан
қорғау құқығы беріледі.
Қарастырылатын топтага бетен затқа құқықтар көлемі,  шегі  немесе  пайдалану
өкілеттігінің нысанындағы мақсаты бойынша  шектелуі  мүмкін.  Осымен  қатар,
құқық иесі құқықтарының сипаты,  бөтен  мүлікті  пайдалану  құқығын  берудің
белгілі бір заттық құқығы  бар  тұлғаға  тәуелділігі  бойынша  да  шекгеулер
қойылған. Өзіне пайдалану  құқығы  белгіленетін  тұлғанын  жеке  басы  бөтен
мүлікгі пайдалану құқығын алуда айтарлықтай маңызға ие болатьщцықтан,  құқық
иесі болып табылатын азаматтан   қайтыс  болуы  не  құқық  иесінің  -  заңды
тұлғаның таратылуы  (бірқатар  жағдайларда  -  қайта  құрылуы)  бөтен  затқа
құқықтың тоқтатылуына себепші болуы мумкін.
Тұрғын үйде өмірлік түру құқығы,  сондай-ақ  өсиет  қалдырудан  бас  тартуға
байланысты берілген бөтен мүлікті  пайдалану  құқығы  осы  құқықтарға  мысал
бола алады. Ренталық қатынастардың кейбір түрлерінің белгіленуіне  қарай  да
тұрғын үйде өмірлік түру құқығы пайда болуы мүмкін.
Талқылау сұрақтары:
       1.Басқа заттық құқықтыр
      2. Заттық құқықтар ұғымы және олардың түрлері
          3. Заттық құқықтар түрлері

                             ОРТАҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ

1. Ортақ меншік ұғымы, оның түрлері мен пайда болу негіздері
2. Ортақ үлесті меншік құқығы
3. Ортақ бірлескен  меншік
Дәрістің мақсаты мен міндеті: Ортақ меншік  ұғымына  сипаттама  беру.  Ортақ
меншіктің мінездемесі. Үлестік меншік. Үлестік меншікті  иелену,  пайдалану,
билеу. Үлестік меншік  құқығындағы  үлесті  анықтау  тәртібі.  Сатып  алудың
басым құқығы. Үлестік меншіктің тоқтатылуы.
Ортақ  бірлескен  меншік.  Бірлескен  меншіктің  түрлері.  Ортақ   бірлескен
меншікті жүзеге асыру ерекшеліктері. Ортақ бірлескен  меншіктің  тоқтатылуы.
Ерлі-зайыптылардың  ортақ  меншігі.  Шаруа  /фермер/  қожалығының   меншігі.
Жекешелендірілген  тұрғын  үйге  меншік.  Бірлескен  қызмет   туралы   шарт.
Кондаминиум-ортақ меншіктің ерекше түріне анықтама беру.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
   5. ҚР Азаматтық Кодексі, 2007.
   6. ҚР «Неке және отбасы туралы»  Заңы.
   7. ҚР  «Шаруа /фермер/ қожалығы» туралы Заңы.
   8. ҚР  «Тұрғын үй қатынастары» туралы заңы.

             1.Ортақ меншік ұғымы, оның түрлері мен  пайда  болу  негіздері.
Мүлік меншік қүқығында бір немесе бірнеше адамда  бола  алады.  Белгілі  бір
мүліктің   меншік   құқығында   тиесілі    бола    алатын    субъектілерінің
(тұлғаларының) санына қарай бұл  құқық  бірсубъектілік  және  көпсубъектілік
болып бөлінеді. Екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік  оларға  ортақ
меншік құқығымен тиесілі болады, -делінген АК-ның 209-бабының  1-тармағында.
Сонымен, заңдык мағынада ортақ меншік екі немесе одан көп тұлғаларға  меншік
құқығында тиесілі мүлікті  білдіреді.  Бұл  тұлғалар  АК-да  ортақ  меншікке
қатысу-шылар, ал құқық ғылымьщда және окулық  өдебиеттерде  ортақтас  меншік
иелері деп аталады.
Көпсубъектілік   ортақ   меншіктін   субъективтік   құқығының    ерекшелігін
көрсетеді. Бұл ерекшелік
АК-да өзінше ортақ меншік құқығы институтын бөліп алуға әкелді  (АК-ның  11-
тарауы).
АК-ның  ортақ  нормалар  ретінде  көрініс   табатын   бірсубъектілік   құқық
нормалары ортақ мешиік құқығын да реттейді. Әрине, ол  ортақ  меншік  туралы
арнайы құқықтардан алшақ кетпейтін шамада реттенеді.
Ортақ меншікті АК екі түрге: үлесті меншікке және бірлескен меншікке  бөледі
(209-башың 2-тармағы). Үлесті меншікке  мүлік  меншік  иелерінің  әрқайсының
меншік құқығындағы белгілі бір үлесімен ортақ меншікге болады, ал  бірлескен
меншіктегі   ондай  үлестер  анықталмайды.  Егер  заң  актілерінде   өзгедей
белгіленбеген болса, мүлікке ортақ меншік үлесті болын табылады.
Үлесті және бірлескен  меншіктің  қатысушылары  бірінен  бірі  едәуір  бөлек
болып келеді, Үлесті меншіктің  қатысушылары  азаматтық  құқықтың  заңнамада
көзделген кез келген  субъектілері  және  олар  кез  келген  жиытықта  болуы
мүмкін. Мысалы,  үлесті  меншіктің  қатысушылары  азаматтар,  азаматтар  мен
заңды  тұлғалар,  заңды   тұлғалар   болуы   мүмкін.   Бірлескен   меншіктің
қатысушылары тек  жеке  тұлғалар  ғана  болады,  олар  кебіне  бірімен  бірі
туыстық қатынаста болады.
Бірлескен  меншік  заң  құжаттарында   тікелей   көзделген   жағдайда   ғана
белгіленеді.
Ортақ бірлескен меншіктің қатысушыларының келісімімен,  ал  оңдай  келісімге
олар өзара қол жеткізе алмаған жағдайда, сот шешімімен бірлескен  меншіктегі
ортақ мүлікке ортақ үлесті меншік белгіленеді. Ортақ  үлесті  меншікті  оған
қатысушылардың  келісімі  бойынша  немесе  сот  шешімі   бойынша   бірлескен
меншікке айналдыру заңда көзделмеген.
Түріне қарамастан ортақ меншік барлық  оның  қатысушыларының  меншігі  болып
саналады, сондықтан  ол  көпсубъектілік  меншік.  Ортақ  меншік  құқығындағы
меншік иелері арасында  белгілі  бір  заттың  жеке  басы,  мұндай  заттардың
жиынтығы немесе түтас мүліктік  кешен  (мысалы,  құқық  объектісі  ретіндегі
кәсіпорын) түріндегі бөлінбеген  объект  болады.  Сонымен,  ортақ  меншіктің
қатысушылары әрқайсы өзінше, басқаларынан бөлек,  ортақ  меншіктегі  мүлікке
түгелдей де, оның бөлек заттарына, бөліктері мен үлестеріне де  меншік  иесі
бола алмайды.
Затқа ортақ меншікті заттын  өз  меншік  иесі  бар  әрбір  бөлшегіне  меншік
құқығынан ажырата алу керек. Мысалы, көппәтерлі үйде пәтерлердің  әрқайсының
және тұрғын емес жайлардың өз меншік иелері болуы мүмкін,  ал  ортақ  меншік
туындамайды. Бірак, пәтерлердің барлық  меншік  иелерінің  ортақ  меншігі  -
пәтерлерді бір бүтінге -тұрғын үйге біріктіретін үйдің  бөлшекгері  (мысалы,
шатыры,  баспалдақтар,  т.б.)  Жылжымайтын  мүлікке  мұндай   меншік,   яғни
жылжымайтын мүліктің жекелеген бөлігі азаматтардың немесе заңды  тұлғалардың
дара меншігінде,  ал  қалган  бөліктері  олардың  үлестік  меншік  құқығында
болса, ол кондоминиум деп аталады (АК-ның 209-бабының 6-тармағы).
Ортақ меншік ұғымы — кең ауқымды ортақ мүлік ұғымының  негізгі  түрі.  Соңғы
ұғым тек  ортак,  меншікті  ғана  емес,  сонынен  қатар  ортақ  заттық  және
міндеттемелік  мүліктік  құқықтарды  да  қамтиды.  Сондықтан,  ортақ  меншік
құқығын, ортақ мүлікке  құқықтың  түрі  ретінде,  басқа  ортақ  заттық  және
міндеттемелік құқықтардан айыру қажет. Ортақ заттық  құқықтың  неғүрлым  көп
таралган және негүрлым заң жүзінде реттелген  түрі  -  ортак  жер  паддалану
құқығы. Бұл құқық,  егер  заңды  түрде  азаматтық  айналымда  жүрген  болса,
өзінің сипаты жағынан меншік құқығына жақын.  Ортақ  жер  пайдалану  құқығы,
ортақ  меншік  құқығы  сияқты  үлестік  және  бірлескен  болуы  мүмкін  (Жер
кодексінің 53-бабы). Басқа ортақ заттық құқықтар, мысалы,  ортақ  шаруашылық
жүргізу құқығы немесе ортақ оралымды басқару  құқығы,  заң  түрғысынан  онша
реттелмеген, бірақ ондай құқықтардың болуын заң  жокқа  шығармайды.  Мысалы,
екі немесе бірнеше  мемлекеттік  кәсіпорыңдардың  ортақ  шаруашылық  жүргізу
қүкығында осы кәсіпорындардың қаражатына түрғызынған үй болуы мүмкін.  Ортақ
заттық құқықтар туралы  заңнамада  олқылықтар  болса  ортақ   меншік  туралы
азаматтық заңнаманың үқсас қалыптарына жүгінуге болады.
АК бөлінбейтін (нақты немесе  заң  жүзідце)  және  бөлінетін  мүлікке  ортақ
меншік күқығы туындайтын жағдайларды бөліп қарайды  (209-баптың  4-тармағы).
Екі немесе одан көп адам бөлінбейтін мүлікті меншігіңе иемденгенде,  оларда,
мүлікті  иемдену  негізіне  қарамастан  (мысалы,  сатып  алу-сату  келісімі,
мүрагерлікпен), осы мүлікке ортақ меншік  құқығы  туындайды.  Ал,  бөлінетін
мүлікке ортақ меншік құқығы туындағанда мәселе басқаша болады. Мұндай  қүкық
тек заң актілерінде немесе  шарттарда  көзделген  реттерде  ғана  туындайды.
Мысалы,  жүбайлардың  бірге  тұрған  кезде  иемденген  бөлінетін  мүлкі  заң
бойынша олардың ортақ мүлкіне  айналады  (223-баптын  1-тармагы).  Дегенмен,
заңның бұл нормасы үзілді-кесілді емес, ол жүбайлардың келісімімен  басқадай
да болуы мүмкін. Егер бірнеше адам заң бойынша өздерінің ортақ меншігі  бола
алмайтын бөлінетін  мүлікті  иемденсе,  онда  мұндай  мүлікке  ортақ  меншік
олардың арасында шарт бойынша ғана туындайды.
Ортақ меншік құқығында, көпсубъектіліктегі сияқты,  қатынастардың  екі  тобы
бөлініп алынады: ортақ мүліктің қатысушыларының  үшінші  жақпен  қатынастары
және олардың  өзара  қатынастары.  Меншік  иелерінің  құқығы  үшінші  жақпен
қатынастарда абсолюттік де,  салыстырмалы  да  сипатта  бола  алады.  Меншік
иелерінің құқығы басқа меншік иелерімен салыстырмалы қатынаста болады.
Ғылыми заң әдебиетінде меншік құқығы әр уақытта да  абсолюттік  құқық,  яғни
міндетті адамдар шеңбері анықталмаған құқық деген  пікір  басым.  Оны  ортақ
меншік құқығына байланыстырып алатын болсақ, ол тек меншік иелерінің  үшінші
жақпен қатынастарыңда ғана дүрыс. Мысалы, ортақ меншік  құқығындағы  мүлікіі
ортақтас меншік иесі кез келген үшінші жақтың бөтен заңсыз  иелігінен  талап
етіп  ала   алады.   Бірақ,   бүрын   аталып   өткендей,   ортақ   меншіктің
қатысушыларының  бір  біріне  қатысты  құқықтары   бөлініп   алынады,   олар
абсолюттік емес, салыстырмалы құқықтар. Бұл  меншік  иелерінің  салыстырмалы
құіу»іқтарынын айрықша шеңбері. Мұндай құқықтардьщ  бар  екендігі  әдебиетте
айтылмаган.Мұндай құқықтардың мысалы ретінде әрбір ортақтас  меншік  иесінің
ортақ меншікті иелену және пайдалану жөніндегі құқығын, ортақ үлесті  меншік
құқығыңдағы үлесті сатқанда  оны  сатып  алудағы  артықшылық  құқықты  алуға
болады. Бұл құқықтар, ездерінің  салыстырмалы  сипатына  қарамастан,  міндет
темелік болып табылмайды. Олар міндеттемелік құқық нормаларымен емес,  ортак
меншік құқығы туралы нормалармен реттемеленеді.

      2. Ортақ үлесті меншік құқығы
Ортақ үлесті меншік құқығында оның әрбір  қатысушысының  белгілі  бір  үлесі
болады. Бұл ортақ мүліктегі немесе  оның  қүнындағы  үлес  емес,  деп  ортақ
меншік құқығындағы үлес.  Бұл  үлес  ортақ  үлесті  меншіктің  барлық  басқа
қатысушыларының  үлестеріне  қатысты  бөлшекпен  өлшенеді,  мысалы,   үлесті
менпгіктің барлық ортақ құқығына қатысты  1/4,  1/2,  3/5,  т.с.с.  Сонымен,
ортақ  мүлік  үлесті  меншіктің  қатысушылары  арасында  бөлінбейді,   ортақ
мүліклің қүнындағы үлес бөлініп алынбайды.
Қатысушылардың ортақ меншік құқығындағы үлестері тең де, тең емес  те  болуы
мүмкін. АК үлестердің теңдік презумпциясына сүйенеді. Егер заң  құжаттарында
немесе  үлесті  меншіктің  барлық  қатысушыларының   келісімдерінде   озгеше
көзделмеген болса, олар тең (АК-ның 210~бабының 1-тармағы).
Қатысушылардың   ортақ   меншік   құқығындағы   үлесін   үлесті   меншіктегі
қатысушылардың өздері емес, заң актілері немесе осы  құжаттарда  белгіленген
төртіпте үшінші жақ аныктайтын жағдайлар көп емес.  Мысалы,  әрбір  ортақтас
меншік иесінің кондоминиумдағы ортақ мүлікке құқығындағы үлесі бөлек  (жеке)
меншіктегі  тұрғын  жайдың  пайдалы  алаңының  немесе  тұрғын  емес  жайдағы
алаңның түтастай үйдің  жалпы  алаңына  қатынасымен  анықталады  (Тұрғын  үй
қатынастары  туралы  Заңның  31-бабының  3-тармағы).  Өсиет  бойынша  мүраға
қалдырғанда  өсиет  қалдырушы   өсиетке   қалдыратын   жылжымайтын   мүлікке
мүрагерді анықтауға құқылы.
Үлесті меншік құқығындағы үлестердің мөлшері, көбіне,  оның  қатысушыларының
өзара келісімімен  анықталады.  Бұл  ретте  үлесті  меншіктін;  қатысушылары
ортақ мүлікті қүру мен көбейтуге  қосқан  сальщдарына  қарай  қатысушылардың
үлестерін анықтаудың және езгертудің тәртібін белгілеуі мүмкін (АК-ның  2ІО-
бабының 2-тармағы). Сонымен,  кейбір  жағдайлардан  басқа  реттерде,  үлесті
меншік құқығындағы үлестер мөлшері меншік  иелерінің  ортақ  мүлікті  қүруға
және көбейтуге  қосқан  салымдарының  көлеміне  тікелей  байланысты.  Үлесті
меншік жақсарғанда да оның қатысушыларының құқығы тиісішпе анықталады.
АК бөлінбейтін және бөлінетін жақсар  гуды  үлесті  меншіктен  бөліп  алады.
Үлесті меншіктщ; өз есебінен мүліктің бөлінбейтін жақсаруын жүзеге  асырған,
мысалы,  үйге  қосымша  қүрылыс   жүргізген   қатысу-шысы,   ортақ   мүлікке
құқығыңдағы өз үлесін тиісінше  көбейтуге  қүқы-лы.  Ондай  құқық,  егер  ол
жақсартуды ортақ мүлікті пайдаланудың белгіленген  тәртібін  сақтай  отырып,
атап айтқанда үлесті меншікті меншіктің  басқа  қатысушыларының  келісімімен
жүзеге асырса, туындайды (АК-нын211-бабының 1-тармағы).
Ортақ мүліктің бөлінетін жақсартуының заңдық тағдыры басқаша. Ортақ  мүлікті
бөліп  алып  жақсарту,  егер  үлесті  меншікке  қатысушы-лардың  келісімінде
өзгеше көзделмесе, оны жасаған қатысушының  меншігіне  түседі  (АК-ның  211-
бабының 2-тармағы).
Меншік қүқыгындағы үлес  дегеніміз  —  заңдық  конструкция,  оның  көмегімен
үлесті  меншіктің  қатысушыларының  әрқайсысының  ортақ   мүлікті   иемдену,
пайдалану  және  билік  ету  екілеттіктерін   жүзеге   асыру   мүмкіндіктері
анықталады, осы мүліктен табыстағы және оны үстау шығынындағы үлес,  сондай-
ак ортақ мүліісгі бөлу  және  одан  үлесті  бөліп  алу  тәртібі  анықталады.
Шындығына  келгеңде,  үлесіі  меншіктің  қатысушыларына  меншік  құқығындағы
абстрактылы үлес емес, сол үлестер өкелетін накты мүліктік игілік керек.
Ортақ үлесті меншік құқығы өзіне АК-да меншік құқығы үшін  көзделген  барлық
құқық өкілеттіктерін, яғни иемдену,  пайдалану  және  билік  ету  кұқықтарын
қамтиды. Бірақ, үлесті меншік құқығындағы бұл  құқық  өкілеттіктерін  жүзеге
асырудың өз ерекшеліктері бар. Осы ерекшеліктерді АК-да қалай  берілсе,  сол
ретімен қарастырайық, ал ол мүлікке билік етуден  басталады.  Бұл  жерде  АК
ортақ үлесті  меншіктегі  мүлікке  билік  етуді  үлесті  меншік  құқығындағы
үлеске билік етуден бөліп қарайды.
Үлесгі меншіктегі мүлікке билік ету оның барлық  қатысушыларыньщ  келісуімен
жүзеге асырылады (АК-ның 212-бабының 1-тармағы).
Ортақ  үлесті  меншікке  билік   ету   оның   қатысушыларының   бірауыздылық
принципіне негізделген. Үлесті меншіктегі мүлікті оның  қатысушылары  сатуы,
сыйға тартуы немесе оған басқадай  билік  жасауы  үшін,  меншік  құқығыңдағы
әрбір адамның үлесінің мөлшеріне қарамай, олардың барлығының келісімін  алуы
тиіс.
Үлесті  меншіктің  қатысушыларының  оған  билік  етуге  келісімі,  бірлескен
меншіктің  қатысушыларының   осындай   келісіміне   қарағанда,   алдын   ала
болжамданбайды, ол иақты  көрініс  табады.  Мысалы,  үлесті  меншікке  билік
жасау жөніндегі жазбаша мәміледе оның барлық қатысушыларының немесе  олардың
өкілдершің қолы болуы тиіс. Үлесті меншіктің тым болмаса  бір  қатысушысының
келісімінің  жоқтығын  басқа  тәсілдермен,   оның   ішінде   сот   шешімімен
толықтыруға болмайды.
Үлесті  меншіктегі  мүлікке  оның  қатысушыларының  барлығының  келісімінсіз
билік етуге оның қатысушысы  тек  үлестік  меншік  құрамынан  мүлікті  бөліп
алғаннан, яғни мүлікке ортақ меншік тоқтағаннан кейін мүмкіндік  алады  (АК-
ның 218-бабы).
Менигік құқығындағы  үлестерге  билік  ету  үшін  өзге  тәртіп  белгіленген.
Үлесті меншікке әрбір қатысушы  өзінің  үлесін  өз  қалауы  бойынша  сатуға,
сыйға тартуға, өсиет етуге, кепілге беруге  құқылы  (АК-ның  212-бабының  2-
тармағы).
Үлестік  меншік  құқықтың   қатысушысымен  оның   үлесіне   қатысты   мәміле
жасағанда басқа қатысушылардың келісімі қажет емес. Бірақ, өз үлесін  меншік
иесі емес үшінші адамға сатқан (айырбастаған)  жағдайда,  АК,  басқа  меншік
иелерінің  мүдделерін  қорғай  отырып,   олар   үшін   сатылатынүлесті   тең
жағдайларда және сол  сатылатын  бағаға  сатып  алудың   артықшылык  құқығын
көздеген (216-баптың 1-тармағы).
АК қабылданғанша Қазақстанда қолданылған заңнама  бойынша  меншік  иелерінің
артықшылығы, олардың біреуі үлесті  меншіктегі  үлесін  сатқанда  оның  сату
бағасына ғана қатысты болды, ал сатып алу-сату шартына қатысы болмады.  Егер
ортақтас меншік иесі үшінші жақ төлеуге келіскен бағаны үсынса,  онда  сатып
алу артықшылығы  ортақтас  меншік  иесі  жағында  болды.  Қазіргі  кезде  АК
бойынша үлестік меншіктің қатысушыларының  артыкдпылығы  тек  сату  бағасына
ғана емес, сатып алу-сату  шартының  басқа  да  жағдайларына  қатысты  болыл
отыр.  Мысалы,  меншік  құқығындага  үлесін  сатушы  үшінші  жақтың  төлеуді
кейінге қалдыруына келіссе, онда  мұндай  шартты  ортақтас  меншік  иесі  де
талал етуге күкылы, бірақ ол үшінші жақпен келісілген бағаны төлеуі тиіс.
Үлесті бөгде  (үшінші)  адамға  емес,  ортақтас  меншік  иелерінің  біреуіне
сатқанда басқа ортақтас меншік иелерінің сатып  алуда  артықшылыгы  жоқ,  ал
сатушы үлесін өз қалауы бойынша үлесті алғысы  келген  кез  келген  ортақтас
меншік иесіне сатуға құқылы.
Сатып алудың артықшылык  құқығы  меншік  құқығындағы  үлесті  жария  саудада
сатудан басқа барлық жағдайларға тарайды.  Үлесті  жария  саудада  сату,  не
сатушының қалауы бойынша, не заң  құжатының  міндеттеуі  бойыкша  жүргізілуі
мүмкін.  Егер  сатушы  үлесін  жария  саудада  сатқысы  келсе,  оны   үлесті
меншіктің басқа қатысушыларының келісімен жасайды. Үлесті тек жария  саудада
сату заң құжаттарында  көзделген  реттерде  ғана  жүргізіледі  (АК-ның  216-
бабының 1-тармағы).
Меншік қүкығындағы үлесті сатып алудың артықшылық құқығы деп,  заң,  үлестік
меншіктің қатысушыларының иеліктен алынбайтын құқығын таниды.  Сондыктан  да
бұл құқықты беру немесе  одан  бас  тарту  жөніндегі  мәмілелер  заңсыз  деп
танылады.
Сатып алудағы артықшылық құқықты  қамтамасыз  ету  үшін  оны  іске  асырудың
нақты құқықтык, тетігі керек. Ондай тетік АК-да көзделген. Сатушы,  міндетті
түрде жазбаша формада ортақтас меншік  иелерінің  әрқайсысын  үлесгі  меншік
құқығыңдағы  үлесті  сататыңдығы  және  сатудың  шарттары,  бағасы   жайында
ескертуі тиіс. Сататыңдығы  жайында  сатушы  үшінші  жаққа  хабарлап  қойған
үлесті  сатып  алуға  үлесті  меншікке  қатысушынардың   артықшылық   құқығы
болатынмерзім белгіленген. Бұл мерзімдер жылжитын және  жылжымайтын  мүлікке
үлесті меншік құқығындағы үлестерді сатқанда әртүрлі. Егер үлесті  меншіктің
басқа қатысушылары сатып  алудан  бас  тартса  немесе  қозғалмайтын  мүлікке
меншік құқығындағы сатылатын үлесті бір ай ішінде, ал басқа мүлік бойынша  —
хабар алған күннен бастап он күн ішшде сатып алмаса, сатушы  өз  үлесін  кез
келген адамға сатуға құқылы  (АК-ның  216-бабьгның  2-тармағы).  Егер  сатып
алушыға хабарламада көрсетіпгеннен жақсы жағдай үсынылса, онда  үлесті  жаңа
жағдайлар көрсетілген жаңа хабарлама жіберілтенде және  артықшылықпен  сатып
алудыңжаңа  мерзімдері  сақталғанда  ғана  сатуға  болады.  Ортақтас  меншік
иелерінің  үлесті  иемденуге  артықшылыты   болатын   мерзімдердің   өртүрлі
болуының, егер барлық ортақ меншік жылжымайтын немесе жылжитын мүлік  болса,
практикалық маңызы бар. Ал ортақтас меншік иелерінің  ортақ  мешпікте  емес,
үлесті меншікке құқықта үлесі бар. Сондықтан да  үлесті  меншікке  құқықтағы
үлесті мүлік түрінде көрсетуге болмайды. Егер ортақ үлесті  меншік  құрамына
жылжитын да, жылжымайтын да мүлік кіретін болса, меншік иесінің  жылжымайтын
мүлікке құқығындағы үлесті иемденуден бас тартуы үшін  белгіленген  мерзімді
сақтауы керек.
Үлес, сатып  алудың  артықшылық  құқығы  бүзыла  отырып  сатылған  жағдайда,
үлесті меншіктің кез келген басқа қатысушысы үш  айдың  ішінде  сотта  өзіне
сатып алушының құқықтары мен міндеттерін аударуды талап  етуге  құқылы  (АК-
ның 216-бабының 3-тармағы).
Ортақтас меншік  иелерінің  үлесті  меншік  құқығындағы  үлесті  иемденудегі
артықшылық құқығы бұл үлесті үшінші  жаққа  сатқаңда  ғана  емес,  сондай-ақ
осыңдай үлеске үиіінші жақпен айырбас шартын  жасасқанда  да  туындайтындығы
АК-да белгіленген  (216-баптың  5-тармағы).  Бұл  ереженің  іс  жүзінде  көп
қолданылмауы мүмкін,  себебі  шартта  үлесгі  иемденуге  артықшылық  құқықты
айырбастау,  егер  меншік  иесі  үлесті  иеліктен  алушыға   үшінші   жақпен
айырбастау шартында көзделген  затқа  тендей  зат  бере  алатын  болса  ғана
мүмкін болады. Бұл, әдетте,  егер  үлес  дара  белгілі  бір  затқа,  әсіресе
жылжымайтын  мүлікке  емес,  белгілі  бір   тектік   нышаны   бар   заттарға
ауыстырғанда болады. Соңғы жағдайда, ортақ  меншіктің  қатысушысының  үлесті
иеліктен айырушыға үшінші  жақтың  үлесті  меншіктегі  үлеске  айырбастайтын
затына тендей зат үсынуы мүмкін емес немесе өте киын.
Үлесті меншік құқығындағы  үлесті  сату  жөнінде  сөз  еткенде  бұл  улестің
иемденушіге шарт жасалған мезеттен бастап өтетінцігін айта кеткен  жөн  (АК-
ның 217-бабы). Үлеске меншік құқығының оны  иемденуішге  ауысуы  туралы  заң
нормалары диспозитивті. Тараптардың келісуімен  меншік  құқығының  ауысуының
басқа мезеттері көзделуі  мүмкін.  Мысалы,  үлеске  меншік  құқығының  ауысу
мезеті, егер үлесті меншікте жылжымайтын  немесе  жылжшын  мүлік  болса,  ал
иеліктен  айыру  туралы  шарт  мемлекеттік   тіркеуге   немесе   нотариалдық
куәлендіруге  жатса,  меншік  құқығының  АК-ның   238-бабының   2-тармағында
көзделген шарт  бойынша  иеленушіде  туындау  мезеті  туралы  ортақ  ережеге
бағынса. Бұл  -  меншік  құқығы  иемденушіге  тіркелген  немесе  нотариалдық
куәлендірілген мезеттен  бастап  туындайды  дегенді  білдіреді.  Нотариаддық
куәлендіру де, мемлекеттік тіркеу де қажет  болған  жағдайда  үлесті  меншік
құқығындағы  үлеске  меншік  құқығы  мемлекеттік  тіркеуден  өткен  мезеттен
туындайды.
Үлесті меншіктегі мүлікті иемдену және  пайдалану.  Иемдену  және  пайдалану
құқық өкілеттікгерін үлесті меншікте іске  асыру  тәртібі  билік  ету  құқық
өкілеттігін іске асырудан  біршама  өзгеше.  Үлесті  меншік  қатысушыларының
иелігшде және пайдалануында құқықтағы үлес емес, барлық уақытта белгілі  бір
мүлік болады.
Үлесті меншіктегі мүлікті иемдену және  пайдалану,  оларға  билік  еткендегі
сияқты, барлық ортақтас меншік иелерінің келісімі бойынша жүзеге  асырынады.
Олардың арасында  келісім  болмаған  жағдайда,  сот,  үлесті  меншіктің  бір
немесе  бірнеше  қатысушысының  басқа  қатысушысына  (қатысушыларына)  талап
арызы бойынша мұндай мүлікті  иемдену  және  пайдалану  тәртібін  белгілеуге
құқылы (АК-ның 213-бабының 1-тармағы).
Жоғарьща  аталып  өткендей,  үлесті  меншікке  қатысушыға  тиесілі  үлес   -
мүліктегі емес, құқықтағы үлес. Сондықтан  да  мұндай  үлес  ортақ  мүлікгің
қандай да бір бөлігінде іске аспайды. Ал,  үлесті  меншікгің  қатысушысы  өз
үлесіне билік етуге немесе ортақ мүліктен табыс алуға  ғана  емес,  мүліктің
бір бөлігін пайдалануға  да  мүдделі  болуы  мүмкін.  Соңдықтан  да,  АК-да,
үлесті меншікгің әрбір қатысушысы ортақ  мүліктің  өз  үлесі  мөлшеріне  тең
бөлігінің өзінің  иеленуіне  және  пайдалануына  берілуіне  құқылы,  ал  бұл
мүмкін болмаған  жағдайда  —  өз  үлесіне  тиесілі  мүлікті  иеленетін  және
пайдаланатын басқа қатысушылардан тиісті ақша сомасын немесе  өзге  де  өтем
төлеуді талап етуге құқылы делінген (213-баптын 2-тармағы).
Ортақ мүліктің бір бөлігін  иемденуге  және  пайдалануға  алу  басқа  меншік
иелерімен шарт бойынша рәсімделеді. Бұл шарт дүрыс  рәсімделуі   тиіс,  атап
айтқанда, жылжымайтын мүлікке қатысты ол  жылжымайтың  мүлікті  және  онымен
мәмілені  мемлекеттік  тіркеу  үшін  белгіленгең  тәртіпте  тіркелуі  керек.
Үлесті меншік қатысушылары арасында мүлікті иемдену  және  пайдалану  туралы
келісімге қол жетпесе, бұл төртіп сот шешімі бойынша белгіленуі мүмкін.
Үлесті меншіктегі мүліктің  бір бөлігін иелену және пайдалану  туралы  дүрыс
рәсімделген шарт, немесе тиісті сот шешімі ортақ меншікке  құқықтағы  үлеске
құқық басқа адамдарға ауысқанда да күшін сақтайды.
Үлесті меншіктегі мүлікгі иемдену және пайдалану құқығы өзінің  заңдық  тегі
жағынан заттық құқық болып табылады, себебі иемдену құқығын   келген  құқық,
егер  заң  құжаттарында  басқадай  көзделмеген  болса,  заттық   құқық   деп
есептеледі, тым болмағаңда ол өзіңде заттық құқықтың элементтерін сақтайды.
Үлесті меншіктегі мүлікті бөлу және одан үлесті еншілеу.  Үлесті  меншіктегі
мүлікті бөлу және  одан  үлесті  еншілеу  дегеніміз  үлесті  меншік  құқығын
толықтай немесе ішінара тоқтатудың айрықща формасы. Үлесті меншіктегі  мүлік
оған қатысушылар  арасындағы  келісім  бойынша  олардың  өздерінің  арасында
бөлінеді, ал  үлесті  меншікке  қатысушы  ортақ  мүліктен  өз  үлесін  бөліп
шығаруды талап  етуге  қүқыяы.  (АК-ның  218-бабының  1-және  2-тармақтары).
Бөлгенде ортақ  үлесті  меншік  құқығы  үлестік  меншіктегі  барлық  мүлікке
қатысты тоқтайды. Енші бөлгенде үлесгі меншік  қүқыгы,  егер  бөлінген  енші
заттай берілсе, сол бөлінген бөлікке немесе бөліктерге тоқтайды.
Егер үлесті бөліп беруге заң құжаттарында  жол  берілмесе  немесе  ол  ортақ
меншіктегі мүлікке шамадан тыс залал келтірмейішііе мүмкің болмаса,  бөлініп
шығушы меншік иесі үлесті меншіктің басқа қатысушыларына өз  үлесінің  қүнын
төлетуге құқылы (АК-ның 218-бабының 3-тармағы).  Үлесті  меншіктегі  мүлікті
бөлу  тек  ортақтас  меншік  иелерінің  келісімімен  ғана  болады.   Үлестік
меншіктің қатысушылары ортақ мүлікті бөлу  шарттары  жайында  келісімге  қол
жеткізе  алмаса  үлесті  меншіктің  қатысушысы  немесе  қатысушылары  үлесті
(үлестерді) еншілеп беруді талап етуге құқылы. Еншілеп беру барлық  ортақтас
меншік иелері арасындағы келісім негізінде де, олар арасында  келісімге  қол
жетпесе, сот тәртібінде де жүргізілуі мүмкін.
Үлесті еншілеу  үлесті  меншіктің  қатысушыларының  талаптары  бойынша  ғана
емес, сонымен қатар, өндіртіп алуды ортақ  мүлікке  аудару  жөніндегі  несие
берушілердің талаптары бойынша да жүргізіледі
Үлесті меншіктегі мүлікті бөлгенде және  еншілегенде  бөлінген  немесе  енщі
алған ортақтас меншік иелерінің әрқайсы меншік күқығындағы  үлесінің  орнына
ортақ мүлік құрамындағы нақты  мүлікке  немесе  осы  үлестің  қүнын  төлетіп
алуға меншік құқығын иеленеді.  Ортақ  меншіктегі  үлестерді  бөлгенде  және
еншілегевде  мүліктегі  үлестердің  қүндық   көрсеткіштегі   мөлшері,   егер
ортақтас меншік  иелерінің  келісімінде  өзгеше  көзделмеген  болса,  меншік
құқығындағы үлестердің шамасына бара-бар.
Жалпы ереже бойынша  үлесті  меншікке  қатысушы  ортақ  мүлікген  ез  үлесін
заттай бөліп беруді  талап  етуге  құқылы  (АК-ның  218-бабының  3-тармағы).
Бірақ кейбір жағдайларда мүлікті заттай еншілеуге заң  жол  бермейді  немесе
ол  мүлікке  шамадан  тыс  залал  келетіндіктен  мүмкіндік  болмайды.  Ортақ
меншіктегі үлесті  заттай  еншілеуге  заңда  тыйым  салудың  мысалы  ретінде
Тұрғын үй қатынастары туралы Заңның 31-бабының 3-тармағын атауға болады,  ол
бойынша  кондоминиумның  ортақ  мүлкіндегі  әрбір  ортақтас  меншік  иесінің
үлесін оның бөлек (дара) меншігінен бөлуге  болмайды.  Мүлікке  шамадан  тыс
залал келтірмей үлесті заттай ешііілеу, әдетте, бөлінбейтін заттарда  мүмкін
емес.
Ортақ мүлікке шамадан  тыс  зиян  келтірмей  үлесті  заттай  еншілеу  мүмкін
болмаған жағдайларда бұл  еншіні  ақшалай  немесе  өзге  өтеммен  алмастыру,
әдетте, үлесін еншілеуді талап еткен меншік  иесінің  келісімімен  жасалады.
Оның келісімінсіз,  сот  шешімімен  өтем  төлеу  бірден  мынадай  үш  жағдай
болғанда мүмкін болады: енші талап  еткен  меншік  иесінің  үлесінің  шамалы
болуы; нақты бөліп  шығарудың   мүмкін  болмауы;  бөлініп  шығушының  үлесті
заттай алуға онша мүдделі болмауы (АК-ның 218-бабының4-тармағы).
Мүліктегі үлесті енші талап  еткен  қатысушының  үлесті  меншік  құқығындағы
үлесіне бара-бар заттай бөліп шығару мүмкін болмаған  жағдайда,  бұл  мөлшер
алшақтығынтөлеу жолымен немесе тиісті  ақша  сомасымен  не  бөлінген  заттай
үлеске басқалай қосымша төлем арқылы жоюға болады.
Егер жоғарыда айтылған тәртіпте енші  бөлу  сөзсіз  тиімсіз  болса,  мысалы,
ортақ  меншік  заттай  бөлінбесе  және  меншік  иелерінің  үлестің   бөлініп
берілуін талап етеіін ортақтас меншік  иесіне  бұл  үлестің  қүнын  төлегісі
келмесе немесе нақты мүмкіндіктер болмаса, сот барлық  ортақ  мүлікті  жария
саудада  сату  туралы  шешім  қабылдауға  құқылы.  Одан  түскен  сома  ортақ
меншікке қатысушылар арасында олардың  үлестеріне  сәйкес  бөлініп  беріледі
(АК-ның 218-бабының 6-тармағы)
Коңдоминиум. Ортақ үлесті меншіктің коңдоминиумдағы құқықтық  режимі  тіптен
белекше, оңда заттың  жекелеген  бөліктеріне  бөлектелген  (дара)  меншіктік
құқық  бөлек  меншіктегі  сол  заттың  сол  белігіне  ортақ  үлесті   меншік
құқығымен  өрқашанда  үйлеседі.  Бұл  жерде  кондоминиумдағы  үлесті  меншік
құқығы  бөлек  меншік  құқығының  туындысы,  оны  толықтырады,  ол  құқықтан
бөлінбейді, соған ілесіп отырады.
Кондоминиум институты - Қазақстанның азаматтық заңнамасы үшін  жаңалық.  АК-
да кондоминиум ұғымы ғана  берілген,  ал  ол  туралы   нормалар  "Тұрғын  үй
қатынастары туралы" Заңда және Жер кодексіңце берілген.  Кондоминиум  туралы
нормалар  26-тарауда  толығырақ  талданған.   Айта   кететін   бір   жағдай,
кондоминиумдағы  ортақ  меншік  туралы  нормалардың  өзіндік   ерекшеліктері
соншалық, АК-ның үлесті  меншік  туралы  жалпы  нормаларын,  мысалы,  үлесті
меншіктегі мүлікке билік ету туралы,  бұл  мүлікгі  иемдену  және  пайдалану
туралы, үлесті меншіктегі мүлікті сату,  бөлу  және  еншілеудегі  артықшылық
құқық туралы нормаларды коңцоминиумда қолдану мүмкін емес.
            3. Ортақ  бірлескен  меншік.  Ортақ  үлесті  меншікке  қарағанда
ортақ  бірлескен  меншік  құқығындагы  үлестер  бөлінбеді.  Үлесті   еншілеу
бірлескен  меншікті  бөлгенде  немесе  еншілегенде  оның   тоқтаған   немесе
өзгерген сатысы ретінде бола алады.
Ортақ бірлескен меншік, үш түрде болады: ерлі-зайыптылардың  меншігі,  шаруа
(фермер) қожалығының меншігі, жекешелендірілген тұрғын үйге  меншік  (АК-ның
219-бабының  1-тармағы).  Заң  құжаттарыңда  бірлескен  меншіктің  басқа  да
түрлері көзделуі мүмкін. Бірақ қазіргі кезде  бірлескен  меншіктің  жоғарыда
керсетілгендерден басқа түрлері қарастырылмаған.
Ортақ бірлескен меншік, ол заң құжаттарында көзделген кезде  және  бірлескен
меншіктің қатысушыларының келісімімен өзгедей көзделмеген кезде және ол  кез
келген уақытта үлесті меншікке айнала алатын болса, белгіленеді.
Бірлескен меншіктің қатысушыларының шеңбері заңмен анықталатын және  олардың
отбасылық қатынастарымен  байланысты  божандықтан  бірлескен  меншік  қүқыгы
құқық мирасқорлығы ретінде басқа  адамдарға  өте  алмайды.  Ортақтас  меншік
иелері бірлескен меншік құқығын емес, бірлескен меншіктегі мүлікті  иеліктен
шығара алады.
Бірлескен меншіктің қатысушылары, егер олардың арасындағы  келісімде  өзгеше
көзделмесе, ортақ мулікті бірлесіп иеленеді және  пайдаланады  (АК-ның  220-
бабының 1-тармағы). Бұл  ортақтас  меншік  иелерінің  әрқайсы  және  олардың
барлығы  бірге  бірлескен  меншікті  бүтін  нәрсе  ретінде  тендей   негізде
иемденуге   және   пайдалануға   құқылы   екендігін    білдіреді,    мысалы,
жекешелендірілген пәтерді бірлесіп  иемдену  және  пайдалану.  Өзінің  ортақ
мүлікгі пайдалану және иемдену құқығын бірлескен меншіктің әрбір  қатысушысы
кез келген уақытта және бірлескен  мүліктщ  бар  кезінің  өне  бойында  іске
асыруға құқылы. Бірлескен меншікгің  қатысушыларының  келісімімен  бірлескен
меншікгі  иеленудің  және  пайдаланудың  өзге  тәртібі  белгіленуі   мүмкін.
Мысалы,   жекешелендірілген   пәтер   бірлескен   меншіктщ   қатысушыларының
біреуінід немесе бірнешеуінің пайдалануына берілуі мүмкін. Бірақ,  бірлескен
меншжтің қатысушылары, үлесті меншіктің қатысушыларына қарағанда,  өздерінің
ортақ мүліктің қандай да бір бөлігін иемденуін  немесе  пайдалануын  бекітіп
беруді немесе өздеріне тиісті өтем төленуін, тіптен, сот  арқылы  да,  талап
ете алмайды.
Бірлескен  меншіктегі  мүлікке  билік  ету  барлық  қатысушылардың  келісімі
бойынша жүзеге асырылады (АК-ның 220-бабының 2-тармағы). Бірақ  бұл  келісім
тек болжамданады және  ол  әрбір  жағдай  сайын  бірлескен  меншікгін  басқа
қатысушылары тарапынан көрініс табуы қажет емес. Тек,  ортақ  мүлікке  билік
ету жөніндегі мәміле нотариалдық куәлаңдыруды  немесе  мемлекеттік  тіркеуді
қажет еткен жағдайда үлестік меншіктің басқа қатысушыларының  оған  келісімі
нотариалдық  тәртіпте  расталынуы  тиіс.  Бірлескен   меншікке   билік   ету
бірлескен    меншіктің    барлық    қатысушыларының    келісімімен    жүзеге
асырылатындықтан, олардың кез  келгені,  басқа  қатысушының  ортақ  мүлікпен
байланысты мәміле жасауға  ниетін  біліп,  оған  қарсы  сөз  айтуға  құқылы.
Мұндай жағдайда мәміле  жасалынбайды,  ал  жасалған  болса,  ол  сот  арқылы
заңсыз деп танылады. Бірлескен меншікгің қатысушысы басқа  қатысушы  жасаған
мәмілеге қарсы дау айтуға құқылы. Бірақ, мәміле жасаған  қатысушыда  қажетті
өкілеттіктер болмаған себеітті, мәміле онътң  басқа  тарабының  бұл  жайында
білгеңдігі немесе қалайда білуге тиіс  екендігі  далелденгенде  ғана  заңсыз
деп танылады.
Бірлескен  меншіктің   қатысушыларының   мүлікте   алдын   ала   белгіленген
үлестерінің  болмауы  бұл  мүлікті  бөлу  және  одан  енші  алу   тәртібінен
байқалады. Мұндай бөлу  немесе  еншілеу  қатысушылардың  әрқайсысының  ортақ
мүлікке құқығындағы үлестері  алдын  ала  анықталған  жағдайда  ғана  мүмкін
болады.  Бұл  ретте,  егер  заң  құжаттарында  немесе  бірлескен   меншіктің
қатысушыларының келісімімен өзгедей көзделмесе, олардың үлестері теңдей  деп
танылады. Үлестерді анықтау процесі, әдетте, уақыты жағынан мүлікті  белумен
немесе одан енші шығарумен сай келеді. Бірақ,  үлестерді  анықтау  сатысының
өзінде қосалқы маңыз бар. Егер мүлікті бөлу немесе  еншілеу  қандай  да  бір
себептермен болмай қалса, онда бірлескен меншіктегі  үлесті  анықтау  да  өз
мәнін жоғалтады, ал бірлескен меншіктің өзі, егер  меншік  иелері  қаламаса,
үлесті меншікке айналмайды.
Бірлескен мүлікті бөлу немесе одан үлесті шығару  жоғарыда  қаралған  үлесті
меншікті бөлу немесе  одан  енші  шығару  үшін  белгіленген  заң  тәртібінде
жүргізіледі.  Әрине,  егер  заң  құжаттарында  бірлескен  меншіктің   кейбір
түрлері  үшін  өзгедей  белгіленбеген   болса   және   бірлескен   меншіктің
қатысушыларының қатынастарының сипатынан туындамаса.
Ортақ мүліктегі  үлесті  бірлескен  мулікке  қатысушының  несие  берушісінің
талабы бойынша еншіге бөлудің бірқатар ерекшеліктері бар, ол ортақ  мүліктің
бірлескен немесе үлесті екеңдігіне байланысты емес. Несие беруші өз  талабын
қанағаттандыруға  борышқордың  басқа  мүлкі  жеткіліксіз  болған   жағдайда,
өндіртіп алуға аудару үшін үлестің еншіленуін талап етуге құқылы. Бұл  ретте
ортақ меншікке қатысушының үлесіне өндіртіп  алуды  аудару  оны  сот  шешімі
негізінде жария саудада тікелей сату арқылы  жүреді,  егер  ортақ  меншікгің
қалган қатысушылары несие берушінің талабы бойынша бұл үлесті  сатып  алудан
бас тартса немесе оны борышты жаба алмайтындай бағамен алуға келіссе.
Ерлі-зайыптылардын  ортақ  меншігі.  Мүлік  ерлі-зайыптыларға   бөлектелген,
ортақ бірлескен немесе ортақ үлесті меншік құқығында тиесілі  болуы  мүмкін.
Заңның жалпы ережесі бойынша ерлі-зайыптылардың некеде түрған кезде  жинаган
мүлкі олардың бірлескен меншігі  болып  табылады.  Ерлі-зайыптыларға  некеге
түрғанға дейін тиесілі  болған,  сондай-ақ  олардың  некеде  түрған  кезінде
сыйға  тартылған   немесе   мүрагерлік   тәртіппен   алған   мүлкі   олардың
өрқайсысының  меншігі  болып  табылады  (АК-ның  223-бабыньщ   1   және   2-
тармақтары).
Ерлі-зайыптылардың некеде түрған кезде  жинаған  бірлескен  меншікке  құқығы
туралы  норма  диспозитивті.  Ерлі-зайыптылар  арасыңдағы  шарттарда,   оның
ішіңце  некелесу  шартында  мынадай  мүлік  олардың  үлесгі  меншігі   болып
табылады,  не  меншік  құқығында  олардың  біреуіне   тиесілі,   не   тиісті
бөлістеріңде  ерлі-зайыптылардың  бөлектелген  меншігі  болып  табылады  деп
көрсетілуі тиіс. Бірлескен  меншік  шарт  бойынша  емес,  тек  заңға  сәйкес
белгіленетін болғандықтан, ерлі-зайыптылардың бірге түрмаған  кезде  жинаған
мүлікті  немесе  олардың  біреуінің  бөлектелген  меншікке   алған   мүлікті
бірлескен меншік деп тану туралы келісім  жасауына  жол  берілмейді.  Мұндай
мәмілелер заңсыз. Бірақ, ерлі-зайыптылардың өздерінің  некеде  түрған  кезде
жинаған  мүлкіне  бірлескен  меншік  режимін  емес,  басқа  құқықтық   режим
белгілеу туралы шарттарын тоқтату жөніндегі келісімдері заңды деп танылады.
Ерлі-зайыптылардың  ортақ  меншігі  ортақ  меншік  туралы  АК  нормаларымен,
сондай-ақ отбасы  заңнамасымен  реттелінеді.  Бұл  ретте  ерлі-зайыптылардың
бірлескен меншігіне  бірлескен  меншік  туралы  жалпы  нормаларды  қолдануға
болады, егер ерлі-зайыптылардың бірлескен меншігі  туралы  арнаулы  нормалар
өзгедей ереже белгілемесе.
Ерлі-зайыптылардың бірлескен меншігі туралы нормалар неке заңда  белгіленген
тәртіпте жасалса ғана қолданылады, себебі 1998 жылғы 17  желтоқсандағы  Неке
және отбасы туралы  Заңның  1-бабының  1-тармағына  сәйкес  еркек  пен  әйел
арасында заңға сай жасалған одақ неке деп танылады. Сондықтан  іс  жүзіндегі
неке (бірге түрушылық) кезіңде тапқан мүлік бірлескен меншік  бола  алмайды,
бірақ ортақ меншік деп  айтуға  негіз  болса,  оңда  бұл  адамдардың  сондай
меншіктерде улестері болуы мүмкін.
Ерлі-зайыптылардың неке кезінде жинақтаған мүлкінің ортақтығы  туралы  жалпы
ережеден заң бірқатар баптарды алып тастаған. Бұл  алып  тастағандарға  неке
кезінде жинаған мүлікті ерлі-зайыптының бірлескен емес, бөлекгелген  меншігі
деп  тану  да,  ерлі-зайыптылардың  бөлектелген  мүлкін  олардың   бірлескен
меншігі деп тану да  жатады.  Қымбат  бағалы  және  басқа  әсемдік  заттарын
қоспағанда, жеке пайдаланудағы  заттар  (киім-кешек,  аяқ  киім  және  т.б.)
некеде   түрған   кезінде   ерлі-зайыптылардың   ортақ   қаражатына    сатып
алынғанымен,  оларды  пайдаланған   жүбайдың   бөлектелген   меншігі   болып
танылады. (АК-ның 223-бабының 2-тармағы). Бұл  ережеге  кеңінен  түсінікгеме
беруге болмайды. Ол ерлі-зайынтылардың  біреуі  гана  пайдаланылатын  заттар
емес,  өзінің  сипаты  бойынша  дара  қолданылатын  заттарға  ғана  қатысты.
Мысалы,  егер  отбасында  автомобиль  немесе  мотоцикл   болса,   ол   ерлі-
зайыптылардын бөлектелген емес, ортақ меншігі болып табылады, ал оның  ерлі-
зайыптылардың біреуінің атына тіркелгені ешқандай рөл атқармайды. Неке  және
отбасы туралы Заңның 34-бабының 2-тармағына  сәйкес  ерлі-зайышылардың  неке
кезінде, бірақ некенің іс жүзінде тоқтауына байланысты олардың бөлек  түрған
кезінде жинаған  мүлкін  сот  олардың  әрқайсысының  өз  мүлкі  деп  тануына
құқылы.
Отбасы заңнамасы неке кезінде ерлі-зайыптылардың біреуі өзіне  некеге  дейін
тиесілі болған қаражатқа немесе бөлектелген мүлікті сатқанда  түскен  ақшаға
сатып алған мүлікті де бөлектелген  деп  таниды.  Әрине,  ерлі-зайыптылардың
біреуінің неке кезіңде бөлектелген мүлікті сатудан түсірген ақшасы  да  оның
бөлектелген мүлкі болып қалады.
Керісінше,  егер  ерлі-зайыптылардың  біреуінің   бөлектелген   меншігіндегі
мүлікке  неке  кезінде  ортақ  мүлік  есебінен  қүнын  едәуір  арттыратыңдай
толықтыру болса, бөлектелген мүлік олардың  бірлескен  меншігі  деп  танылуы
мүмкін. Бірлескен мүлікті иеленудегі, пайдаланудағы және оған билік  етудегі
ерлі-зайыптылар құқығы  теңдей.  Ол  ерлі-зайыптылардың  әрқайсысының  ортақ
мүлікгі қүрудағы нақты салымына байланысты емес.  Ерлі-зайыптылардың  біреуі
үй шаруашылығымен, бала бағумен  айналысып  өзінше  табыс  таппаса  да  олар
мүлікке  теңдей  құқықпен  пайдаланады.  Сондықтан  да,   ерлі-зайыптылардың
бірлескен меншігі болып табылатын мүлікті бөлгенде олардың  үлестері  теңцей
болады. Мүлікті бөлгенде, кейбір  реттерде,  кәмелетке  толмаған  балалардың
мүдделерін ескере отырып немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің орынды  іілегін
ескеріп тендік принципінен ауытқу болуы  мүмкін  (Неке  және  отбасы  туралы
Заңның 37-бабының 2-тармағы).
Шаруа (фермер) қожалығының бірлескен  мешшгі.  АК  шаруа  (фермер)  қожалығы
мүшелерінің ортақ меншігінің құқықтық режимін анықтағанда шаруа және  фермер
шаруашылығының арасын сараламайды.  Ол  шаруа  (фермер)  қожалығының  мүлкі,
олардың  арасындағы  шартта  өзгеше  белгіленбегендіктен,  бірлескен  меншік
құқығында оның мүшелеріне тиесілі болады деп белгілейді (АК-ның  224-бабының
1-тармағы).
Кейінгі арнаулы заңнама біртүтас шаруа (фермер) қожалығы  ұғымында  оның  үш
негізгі формаларын бөліп алды. Жеке кәсіпкерлік туралы  заң  шаруа  (фермер)
қожалығының негізгі формалары деп, біріншіден, кәсіпкерлік қызмет  бірлескен
мешпік  базасына  негізделген  отбасылық   кәсіпкерлік   формасында   жүзеге
асырылатын шаруа қожалығын; екіншіден,  жеке  кәсіпкерлікті  жүзеге  асыруға
негізделген фермер шаруашылығын; үшіншіден, бірлескен қызмет  туралы  шартқа
негізделген  жай  серіктестік  формасында  ұйымдасқан  фермер   шаруашылығын
тандцы. (Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 8-бабы). Шаруа (фермер)  қожалығының
формаларын осылай бөлу 1998 жылғы 31  наурыздағы  "Шаруа  (фермер)  қожалығы
туралы" Заңда да бар (Заңның 1-бабының 3-тармагы). Сонымен,  шаруа  (фермер)
қожалығы  шаруа  қожалығының  бір  түріне,  фермер  қожалығының  екі  түріне
бөлінген.
АК-ның шаруа (фермер) қожалығына қатысты нормаларын  (224-226-баптар)  шаруа
қожалығына толықтай қолдануға болатындығы сөзсіз.
Шаруа қожалыгы  мүшелерінің  бірлескен  меншігінде  оның  мүшелерінің  ортақ
қаражатына  шаруашылық  үшін  сатып  алынған  жер   учаскесіндегі   екпелер,
шаруашылық және өзге де қора-қопсы құрылыстары, мелиорациялық және басқа  да
қүрылыстар, өнім беретін мал мен күш көлігі, қүс, ауылшаруашылығы және  өзге
техника мен  жабдықтар,  көлік  құралдары,  құрал-сайман  және  басқа  мүлік
болады (АК-ның  224-бабының  2-тармағы).  Шаруа  қожалығы  жүргізілетін  жер
учаскесі, шаруашылық мүшелері мүлкінің маңызды  қүрамдас  бөлігі  болғанмен,
олардың меншігінің құрамына кірмейді.
Шаруа қожалығы мүшелерінің бірлескен меншігі бір мақсат үшін  —  кәсіпкерлік
қызмет түрінде шаруашылық жүргізу үшін қүрылады.  Бірақ,  шаруа  ауласыңдағы
бірлескен меншіктің құрамына кірген  мүлік,  өз  мақсатында  пайдаланылмаса,
бірлескен меншік болып қала  береді.  Тауарлы  ауыл  шаруашылығын  жүргізуге
немесе  ауылшаруашылық  өнімдерін   өндеуге   арналмаған   мүліктер,   шаруа
қожалығының мүшелері болып табылатын адамдардың қаражатына алынса да,  ондай
қожалық мүшелерінің бірлескен  меншігіне  жатпайды.  Мысалы,  бұл  адамдарда
жеке немесе ортақ меншігі құқығында жиһаз, радиоаппаратура, тұрғын үй  болуы
мүмкін. Бірақ  бұл  заттар  бұларға  шаруа  қожалығы  мүшелерінің  бірлескен
меншігі құқығында емес, меншік  құқығының  өзге  түрлерінін;  субъектілеріне
тиесілі сияқты. Мысалы, ерлі-зайыптылар шаруа қожалығының мүшелерінде  ерлі-
зайыптылардың бірлескен меншігі ретінде тұрғын үй немесе  өзге  мүлік  болуы
мүмкін, бірақ  олар  ерлі-зайыпты  болса  да  бұл  мүліктер  шаруа  қожалығы
мүшелерінің бірлескен меншігі бола алмайды.  Сондықтан  да  ортақ  меншіюгің
сипатын оның құқықтық режимін  анықтағанда  ескеру  қажет.  Және  де,  шаруа
қожалығы  мүшелерінің  бірлескен  меншігі   туралы   норманың   диспозитивті
екендігін ескерсек,  мүшелердің  келісімімен  бұл  меншіктің  өзге  құқықтық
режимі белгіленуі мүмкін.
Шаруа қожалығыңда  бірлескен  меншіктің  құқық  субъектілері  әрқашанда  сол
қожалықтың мүшелері - жеке тұлғалар  болады.  Шаруа  (фермер)  қожалығы,  ҚР
заңнамасына сәйкес, заңды тұлға болуы мүмкін емес.
Шаруа қожалығы мүшелерінің шеңбері "Шаруа (фермер)  қожалығы  туралы"  Заңда
анықталған. Бұлар - ерлі-зайыптылар, олардың балалары,  оның  ішінде  асырап
алғандары,  ата-анасы  және  ортақ  шаруашылықты   бірге   жүргізуші   жақын
туыстары.
Шаруа қожалығы мүшелерінің бірлескен меншігін иелену,  пайдалану  және  оған
билік ету, негізінен, бірлескен меншіктегі мүлікгі  иелену,  пайдалану  және
оған билік ету туралы жалпы ережеге бағынады. Бірақ мұнда шаруа  қожалығының
басшысын заңның бөліп қарауына  байланысты  бірқатар  ерекшелік  бар.  Шаруа
қожалығының  басшысы  жасы  18-ге  толған  ҚР  азаматы  болуға  тиіс.  Шаруа
қожалығының  басшысы  басқа   тұлғалармен   және   мемлекеттік   органдармен
қатынастарда оның мүддесін  қорғайды,  қожалық  мүшелері  атынан  азаматтық-
құқықтық мәмілелер жасайды  ("Шаруа  (фермер)  қожалығы  туралы"  Заңның  1-
бабының  4-тармағы).
Егер шаруа қожалығының мүшелері ортақ  мүлік  үшін  бірлескен  емес,  үлесті
меншік режимін белгілесе, онда ортақ мүлікті  иелену,  пайдалану  және  оған
билік жасау үлесті меншікті иелену, пайдалану және оған билік  етудің  АК-да
белгіленген ережелері бойынша болады.
Шаруа қожалығы үшін маңызды бір мәселе - жемістердің, өнімдердің және  шаруа
қожалығы қызметінің нөтижесінде алынған өзге табыстардың  құқықтық  тағдыры,
себебі қожалықтың өзі кәсіпкерлік қүрылым болып  табыс  алу  үшін  қүрылады.
Бұл табыстар шаруа қожалығы  мүшелерінің  ортақ  мүлкі  деп  танылады,  олар
мүшелердің өзара  келісімі  бойынша  пайдаланылады  (АК-ның  229-бабының  3-
тармағы).
Фермер қожалығыңдағы мүлікті меншіктеу мәселесі күрделірек. Біріншіден,  бұл
қожалықтың заң бөліл алған екі формасында мүліктің құқықтық режимі  әртүрлі,
және ол шаруа қожалығындағы  мүліктің  құқықтық  режиміне  сәйкес  келмейді.
Жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделғен  фермер  қожалығыцца,  әдетте,
бірсубъектік  меншіктің  құқықтық  режимі   белгіленеді.   Жай   серіктестік
формасында  ұйымдасшрылған  фермер   кожалыгында   ортақ   үлесті   түршдегі
көпсубъектік меншіктің құқықтық режимі белгіленеді.
Екіншіден, фермер қожалығыңдағы меншіктің құқықтық режимін анықтауды  "Шаруа
(фермер)  қожалығы  туралы"   Заңның   кейбір   нормаларындағы   қайшылықтар
қиындатып отыр, ол бір жағынан "Жеке кәсіпкерлік туралы" Заңға  ілесе  шаруа
(фермер) қожалығының формалары  ретінде  аталған  үш  форманы  бөліп  алады.
Екінші жағынан, ол, шаруа (фермер) қожалығын,  ауыл  шаруашылығына  арналған
жерді пайдапала отырып жеке кәсіпкерлікті жүзеге асырушы адамдардың  отбасы-
еңбек бірлестігі деп санайды, бірақ бұл  анықтамада  ол  шаруа  және  фермер
қожалықтары арасына саралау жасамайды және қожалық мүшелерінің шеңберін  тек
ерлі-зайыптылармен және жақын туыстармен шектейді. (Заңның 1-бабының 1  және
2-баптары).
Ал, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген  фермер  қожалығы,  мүлде,
тіптен  отбасы-еңбек  бірлестігі  емес.   Сондықтан   да   ол   отбасы-еңбек
бірлестігі ретінде фермер қожалығы мүшелерінің ортақ меншігіне  ие  болмайды
және  бола  алмайды  да,  "Жеке  кәсіпкерлік  туралы"  Заңға   сәйкес   жеке
кәсіпкерлікті,  бірлескенге  қарағанда,  бір  азаматтың  өзі,  өзіне  меншік
құқығында  тиесілі  мүлік  базасында,  сондай-ақ  мүлікті  пайдалануға  және
(немесе) оған билік етуге жол беретін өзге құқық  негізінде  жүзеге  асырады
(Заңның 3-бабының 2-тармағы).
Бірлескен   қызмет   туралы   шарт    негізінде    серіктестік    формасында
ұйымдастырылған фермер қожалығын да отбасы-еңбек бірлестігі деп  қарастыруға
болмайды.  Жай  серіктестік  АК-ның  12  тарауында  реттелмеленген,  ол  бұл
серіктестіктің қатысушыларын бір отбасы мүшелерінің  шеңберімен  шектемейді.
Олар туыстық қатынаста түрмайтын адамдар да болуы  мүмкін.  Жай  серіктестік
оның мүшелерінің ортақ үлесті меншігі базасында жұмыс істейді,  ол  меншікті
мүшелер  бірлескен  меншікке  өзгерте  алмайды,  себебі   бұл   меншік   заң
құжаттарыңца тікелей көзделген реттерде ғана туындайды.  Фермер  қожалығының
үлесті меншігін иемдену, пайдалану және оған билік ету АК-ның үлесті  меншік
туралы жалпы ережесіне бағынады.
Бұл  айтылғандарды  ескерсек,  АК-ның  шаруа  (фермер)  қожалығының  меншігі
туралы нормалары түзетуді қажет етеді, себебі олар осындай формадағы  фермер
қожалығына   емес,   шаруа   қожалығына   есептелген.   Түзетуді,   жоғарыда
аталғаңцай, "Шаруа (фермер) қожалығы хуралы" Заң нормалары да қажет етеді.
АК шаруа (фермер) қожалығындағы мүлікті ол тоқтаған жағдайда  бөлуді  ерекше
реттемелейді. Бөлу тәртібі, негізінен АК-ның мүлікті ортақ меншік  құрамынан
бөлу және еншілеу туралы жалпы  ережелеріне  сәйкес  келеді.  Бірақ  өңдіріс
қүраддары шаруа қожалығы мүшелерінің біреуі шыққанда еншілеуге жатпайды,  ол
шыққан соған шамалас ақшалай етем алуға құқылы.
АК шаруа (фермер) қожалығын  шаруашылық  серіктестііше  немесе  кооператавке
қайта ұйымдастырғандағы мүліктің құқықтық режимін  де  анықтайды  (226-бап).
Заңда көзделген кез келген формадағы шаруашылық серіктесгігі мен  кооператив
шаруа  (фермер)  қожалығының   базасында,   өңдірістік   кооперативтер   мен
шаруашылық  серіктестіктерін  ұйымдастыру  үшін  көзделген  жалпы   тәртіпте
қүрылуы мүмкін. Мүндай шаруашылық  серіктестікті   немесе  кооператив  заңды
тұлға ретіңде өзіне салымдар және шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің  басқа
жарналары түрінде берілген мүліктің меншік иесіне айналады.
Жекешелендірілген тұрғын үйге бірлескен  меншік.АК-ның  бір  бабы  (227-бап)
жекешелендірілген тұрғын ұйге бірлескен меншікке арналған. Бұл  тұрғын  үйге
ортақ меншіктің түрлерінің бірі — бірлескен  меншікті  реттемелейді.  Тұрғын
үйге құқық, оның  ішінде  жекешелендірілген  тұрғын  үйге  бірлескен  меншік
құқығы. Тұрғын үй қатынастары туралы заңда толығырақ реттемеленген.
Жалдаушының мемлекеттік  қордың  үйлерінен  жекешелендіру  туралы  заңнамаға
сәйкес сатъш алған  немесе  төлемсіз  иеленген  тұрғынүйі  жалдаушының  және
онымен   бірге   түратын   отбасы   мүшелерінің,   оның   ішінде   кәмелетке
толмағандардың және уақытша жоқ адамдардың, егер олардың  арасындағы  шартта
басқаша көзделмесе, бірлескен меншігіне өтеді.
АК-ның  227-бабы   кез   келген   бірлескен   меншік   құқығын   емес,   тек
жекешелеңдіршген тұрғын үйге,  яғни  жалдаушы  мен  оның  отбасы  мүшелеріне
жекешелендіру   тәртібінде   өткен    тұрғын    үйге    бірлескен    меніиік
құқығынреттейді.
Соңдықтан да  азаматтардың  меншігіне  өзге  негіздер  бойынша  өткен,  оның
ішінде бүрын жекешелендірілген  (мысалы,  сатыналынған,  сыйға  тарту  шарты
бойынша  алған)  тұрғын  үйлерге  меншіктің  басқа  түрлері,   оның   ішінде
бірлескен  түрі  белгіленеді,  бірақ  ол   жекешелендірілген   тұрғын   үйге
бірлескен меншік емес.
Талқылау сұрақтары:
1. Ортақ меншік ұғымы, оның түрлері мен пайда болу негіздері
2. Ортақ үлесті меншік құқығы
3. Ортақ бірлескен  меншік

              МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫН ЖӘНЕ ӨЗГЕ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ҚОРҒАУ
1. Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды  корғаудың  азаматтық-күқыктық
тәсіддері ұғымы және жүйесі
2. Меншік құқығын қорғаудыц заттық-құқықтық тәсілдері.
3.  Меншік  құқығынан  озге  заттық  құқықтарды  қорғағаңда  меншік  құқығын
қорғаудың заттық-құқықтық тәсілдерін қолдану.
  4. Меншік құқығын және өзге  заттық  құқықтарды  қоргаудың  міндеттемелік-
құқыктык тәсілдері


Дәрістің мақсаты мен міндеті: меншік құқығын  қорғаудың  азаматтық  құқықтық
тәсілдері.  Меншік  иесінің  өзгеден  заңсыз  иеленген  мүлкін  талап  етуі.
/Виндикациялық талап/. Заттарды заңсыз иеленуден қайтарып алу  кезінде  есеп
айырысу. Меншік иесі құқықтарын иеленуден айыруға  байланысы  жоқ  бұзылудан
қорғау. /Негаторлық талап/. Меншік құқығын қорғаудың басқа да тәсілдері.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
   4. ҚР Азаматтық Кодексі, 2007.
   5. Донцов С.Е.Гражданско-правовые  способы  защиты  право  собственности.
      М.,1980.
   6. Сергеев А.П. Вопросы  истребования  имущества  из  чужого  незаконного
      владения/В кн. Проблемы гражданского права. Л.,1987.

         1.Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды  корғаудың  азаматтық-
кұқыктық тәсілдері ұғымы және  жүйесі  .  Азаматтар  мен  заңды  тұлғалардың
мүліктік құқығы, оның ішінде меншік  құқығы  мен  өзгедей  заттық  құқықтары
әртүрлі  құқықтық  салалармен:  қылмыстық,  әкімшілік,  қаржы   және   басқа
салалармен қорғалады. Мүліктік құқықтарды қорғау жүйесінде  азаматтық  құқық
маңызды рөл атқарады, себебі мүліктік құқық құқықтың бұл  саласының  тікелей
объекгісі болып  табылады.  Сонымен  қатар  азаматтық  құқықтың  өзі  меншік
құқығы мен өзгедей заттық құқықтарды әртүрлі тәсілдермен қорғайды.
Меншік құқығын және өзгедей заттық құқықтарды меншік иесінің,  заттық  құқық
иесінің құқықтары деп қорғауды кең магынада алсақ, ол азаматтық  құқықтардың
барлық субъектілерін қорғаудағы барлық тәсілдермен жүзеге асырылады.  Меншік
құқығы  мен  өзге  заттық   құқықтар   субъективтік   азаматтық   құқықтарға
жатқандықтан, олар  субъективтік  азаматтық  құқықтармен  бірдей  қорғалады,
азаматтық құқықтарды қорғаудың азаматтық-құқықтық  принциптеріне,  қорғаудың
шегі мен шекарасын анықтайтын, дербес субьективтік азаматтық  құқық  ретінде
қорғану құқығын жүзеге асыратын ережелерге бағынады.
Азаматтық құқықтын тар мағынасыңдя алсақ, меншік құқығын  және  өзге  заттық
құқықтарды қорғау дегеніміз —  азаматтық  заңнамада  бекімін  тапқан  меншік
құқықтары мен өзге заттық құқықтарды қорғаудың нақты ерекше шаралары.
АК-ның "Меншік құқығы  мен  өзге  де  заттық  құқықтарды  қорғау"  атты  15-
тарауында айтылған меншік  құқығы  мен  өзге  де  заттық  қүкықтарды  қорғау
шаралары  өздерінің  сипаты  мен  әрекеті  жағынан  біртекті  емес,   меншік
құқығынан, заттық құқықтардан  басқа  құқықтарды  қорғағанда  ол  шаралардың
барлыга бірдей қолдануға жарамаңды. Соңдықтан  меншік  қүқыгы  мен  өзге  де
заттық  құқықтарды  қорғаудың  АК-ның  І5-тарауында   баяндалған   шараларын
жүйелеудің өзіндік ерекшелігі бар.
Мысалы, АК-ның 259-264-баптары  меншік  құқығын  қорғаудың  мына  шараларын:
меншік құқығын тануды,  меншік  иесінің  мүлікті  өзгенің  заңсыз  иелігінен
алуды талап етуі;  заттарды  заңсыз  иеленуден  қайтарып  алу  кезінде  есеп
айырысуды, меншік иесі құқықтарын  иеліктен  алумен  байланысы  жоқ  бүзудан
қорғауды  қарастырған   және   де   осы   шараларды   қолданудың   тетіктері
нақтыланған.  АК-ның  259-264-баптарында  аталған  меншік   құқығын   қорғау
жөніндегі шаралар мен олардың тетігі 265-бап арқылы меншік  құқығынан  басқа
заттық құқықтарды да қорғауға таралады.
АК-нын 267-бабында  меншік  құқығы  мен  өзгедей  заттық  құқықтарды  билік,
басқару  органдары  мен  лауазымды   адамдардың   заңға   сәйкес   келмейтін
нормативтік немесе жеке актілерінен  қорғау  шаралары  аталған  және  мұндай
актілерге байланысты келген шығындарды өтеу жолдары көрсетілген. АК-ның 266-
бабында заңда көзделген негіздер бойынша меншік иесінің  құқығы  тоқтатылған
кезде оны қорғау шаралары және меншік құқығы осы негізде  тоқтағанда  келген
шығынның орнын толтыру тәртібі көзделген.
Меншік құқығы мен озге де заттық құқықтарды  қорғаудың  АК-ның  15-тарауында
көзделген тәсіддерінің жүйесі. Меншік құқығы мен өзге де  заттық  құқықтарды
қорғау тәсілдері, өздерінің құқықты қорғау сипатына  қарай,  заттық-құқықтық
және міндеттемелік болып топтасады.
Қорғаудың заттық — құқықтық тәсілдерінің  ерекшелігі  мынада:  бұл  тәсілдер
меншік құқығы  мен  өзге  де  заттық  қүқыктарды  абсолюттік  құқық  ретінде
қорғауға  бағытталған,  яғни  олар  нақты   шарттық   немесе   шарттан   тыс
міндеттемелермен байланысты емес және  бұзылған  құқықтарды  мына  жолдармен
қалпына келтіруді мақсат түтады: 1) заңсыз тартып  алған  заттарды  қайтару;
2) бұлінген зат-тарды жөндеу; 3) затты пайдалануға кедергіні  жою.  Бұлардың
барлығына меншік иесінің немесе өзгедей заттык, құқық  иесінің  белгілі  бір
затқа иелену, пайдалану және билік ету  құқығын  қалпына  келтіргенде,  яғни
абсолюттік құқықты қалпына келтіргенде қол жеткізуге болады.
Меншік құқығын немесе өзге  де  заттық  құқықтарды  қорғаудың  міндеттемелік
әдістерінің ерекшелігі сонда, мүлкі заңсыз алынған  немесе  бұлінген  меншік
иесіне немесе өзгедей заттық құқық  иесіне  мүліктің  қүны  төленеді  немесе
бұлінгені  өтеледі,  яғни  келген  зиян  —  шарттан   тыс   міндеттемелерден
туындаған шығын төленеді.
Сонымен, қорғаудың заттық-құқықтық тәсілдерінде мүлік  зат  түрінде  қалпына
келтіріледі,  ал  міндеттемелікте   —   ақшалай   өтеледі.   Заттық-құқықтық
тәсілдерді қодданудың ерекшелігі  сонда  -  мүлік  зат  түрінде  болады,  ал
бұлінген мұлік қалпына келтіріледі, олай болмаған  жағдайда  меншік  құқығын
немесе өзге де заттық қүқыктарды қорғаудың міндеттемелік-қүқыктық  тәсілдері
қолданылады.
Меншік құқығын және өзге  де  заттық  құқықтарды  қорғаудың  заттық-құқықтық
тәсілдеріне мыналар жатады; меншік құқығын  немесе  өзгедей  заттық  құқықты
тану; мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен  талап  ету  (виндикациялык  талап);
бұл бұзушылықтар иеліктен айырумен  байланысты  болмаса  да  меншік  құқығын
немесе өзгедей заттық құқықтарды бүзуды жою (негаторлық талап).
Меншік құқығын немесе өзгедей заттық құқықтарды  қорғаудың  мівдеттемелік  —
құқықтық тәсіддеріне  мыналар  жатады:  1)  мемлекеттік  басқару  органының,
жергілікті өкілдік органның  меншік  иесінің  немесе  өзгедей  заттық  құқық
иесінің  құқықтарынбұзатын,  заңнамаға  сәйкес   емес   нормативтік-құқықтық
немесе жеке актісінің нәтижесінде меншік иесіне немесе өзгедей заттық  құқық
иесіне келген шығыңдардың орнын толтыру; 2) мемлекеттік  басқару  органының,
жергілікті басқару немесе өкілдік органның,  не  лауазымды  адамның  актісін
заңсыз деп тану, сондай-ақ заңнамаға қайшы құқықтық актіні қолданбау  туралы
талап қою; 3) заң  актілерінде  көзделген  негіздер  бойынша  меншік  құқығы
тоқтағанда оны қорғау.
Әрине, меншік иесінің құқығын немесе өзгедей заттық  құқық  иесінің  құқығын
қорғау қажеттііі және тікелей мұндай қорғау басқа  негіздерден  де  туындауы
мүмкін, мысалы, шарттық қатынастардан, мүлікке зиян  келтіруден,  мүрагерлік
туралы, авторлық туралы даудан,  т.б.  Бірақ,  бүрыңдары  айтылып  өткеңдей,
меншік иесінің немесе өзгедей запъгқ құқық иесінің құқықтарын қорғаудың  бұл
төсіддері құқықтың өзге институттарына  жатады,  атап  айтқаңда,  міндеттеме
бүзылғанда құқықты қорғауға, залал  келгенде  құқықты  қорғауға,  мүрагерлік
құқықты қорғауға, авторлық құқықты қорғауға  және  т.б.  жатады.  Соңдықтан,
қудақтарды қорғаудьщ бұл тәсіддері азаматтық  құқықтьщ  тиісті  тарауларында
қаралады. Бұл  тарауда  құқықтарды  қорғаудың  шектеулі,  азаматтық-қүкықтық
ұғымға жататын тәсіддері ғана қаралады.
        2. Меншік құқығын қорғаудың заттық-құқықтық тәсілдері.Меншік кұқыгын
тану. Меншік құқығын қорғаудың заттық-құқықтық тәсілі  ретіңде  тану  АК-ның
259-бабында көзделген. Құқықты тану, оның  ішщде  меншік  құқығын  тану  сот
практикасында  кең  таралған  талап.  Бірақ,  меншік  құқығын  тану   туралы
талаптардын  барлығы  бірдей  меншік   құқығын   қорғаудың   заттық-құқықтык
тәсілдеріне жата бермейді. Құқықты тану, оның  ішіңде  меншік  құқығын  тану
туралы талап шарттық қатынастармен  байланысты  даулардан  туындауы  мүмкін.
Атап айтқанда, сатып алу-сату шарты бойынша сатып алуілыда меншік  құқығының
пайда болу кезі туралы дау  тууы  мүмкін,  сонда  талаптардың  бірі  ретінде
қүқыкты тану туралы талап паңда болады. Меншік  құқығын  тану  туралы  талап
мүрагерлік құқық қатынастарынан, ерлі-зайыптылардың ортақ меншігімен  немесе
жекешелендірілген  тұрғын   үйге   ортақ   меншікпен   байланысты   құқықтық
қатынастардан, т.б. туындауы мүмкін.
Меншік құқығын, қорғаудың заттық-құқықтық  тәсілі  ретінде  танудың  өзіндік
ерекшелігі оның шарттан тыс  болуында.  Меншік  құқығын,  қорғаудың  заттық-
құқықтық тәсілі ретінде тану дегеніміз  —  меншік  иесінің  мүлікті  қайтару
немесе басқа кедергілерді жою  туралы,  иеліктен  айырумен  байланысты  емес
нақты талаптар қойылмаған  даулы  мүлікке  меншік  құқығының  өзіне  тиесілі
екендігін басқа адамдардың алдында түсіндіру керектігі  туралы  шарттан  тыс
талабы.
Меншік құқығын тану  туралы  талапты  құқығын  өзімен  міндеттемелік  немесе
басқадай салыстырмалы қатынастарда  емес  басқа  адамдар  даулаған,  теріске
шығарған немесе мойындамаған,  жеке-белгілі  бір  заттың  меншік  иесі  қоюы
мүмкін.
Меншік  иесінің  талабы,  бұл  ретте,  барлық  азаматтардың  меншік  құқығын
бүзбауын, оның ішінде ол құқықты  тануын  міндеттейтін  абсолюттік  құқықтың
мәніне негізделуі тиіс.
Меншік құқығын, қорғаудың заттық-құқықтық тәсілі ретіңде тану  туралы  талап
қоюдың қажетті шарттарының бірі — құқық бүзудың үзаққа созылу сипаты.  Құқық
бұзушылық  тоқтаған  жағдайда  меншік  иесінің  құқығы   басқа   тәсілдермен
қорғалады, атап айтқанда, меншік иесінің өз  мүлкін  пайдалану  немесе  оған
билік ету құқығына кедергі келтірген басқа адамдардың  заңсыз  әрекеттерінен
келтен зияңды толету әдістерімен қорғалады. Сондықтан, меншік  күқығын  тану
туралы талапқа ескіру мерзімі таралмайды.
Міндетті тұлға ретінде, меншік құқығын бүзып  затқа  өз  құқығын  мәлімдеуші
де, мүлікке  меншік  құқығы  мәлімдеушінікі  деп  танылмайтын,  бірақ  ондай
құқықты  мәлімдемеген  де,  үшінші  жақ  бола  алады,  нәтижесінде   иелену,
пайдалану және иелік  ету  құқығын  бүзу  түрінде  меншік  құқығы  бүзылады.
Меншік құқығын тану талабының мәні — меншік құқығының  мәлімдеушіге  тиесілі
екеңдігінің заңдық фактысын корсету.  Әдетте,  меншік  құқығын  тану  туралы
талап міндетті адамның қандай  да  бір  нақты  міндеттерді  орындауы  туралы
талаптармен  байланысты  емес.  Меншік  құқығын  абсолюттік  құқық   ретінде
танудың өзі үшінші  жаққа  оны  жүзеге  асыруға  кедергі  келтірмеу  жөнінде
міндеттер артады. Меншік  құқығын  қорғаудың,  оны  танудың  мұндай  заттық-
құқықтық тәсілдерінің ерекшелігі сонда, құқықты тану фактысының  өзі  меншік
құқығын жүзеге асырудың барлық кедергілерін жояды және  міндетті  адамдардың
қандай да бір әрекеттер жасауы туралы нақты шешімді  керек  етпейді,  себебі
бұл  әрекеттер  меншік  құқығының,  абсолюттік   құқық   ретіндегі   мәнінен
туындайды.
Меншік   құқығын   қорғаудың   құқықты   тану   түріндегі    заттық-құқықтық
тәсілдерінің мысалдары ретінде мыналарды келтіруге болады:  мүліктің  меншік
иесі емес, бірақ меншік құқығын  деп тану үшін қажетті мерзім  бойы  оны  өз
мүлкіндей адал, ашық және үздіксіз иемденген  адамның  меншік  құқығын  тану
туралы талабын  және,  сондай-ақ  дау  немесе  басқадай  дау-дамай  туғанда,
тұрғын үй (тұрғын үй-қүрылыс, саяжай, т.б.)  тұтыну  кооперативінің  өз  пай
жарнасын толық төлеген мүшесінің өзінің меншік құқығын тану  туралы  талабын
(мысалы, пай жарнасын  толық  төлегенін  кооператив  растаудан  бас  тартқан
жағдайда, ал онсыз меншік  құқығын  тіркеу  мүмкін  емес)  және  т.б.  алуға
болады.
Меншік құқығын тану туралы  талап  әртүрлі  дәлелдемелерге  негізделуі  және
әртүрлі тәсілдермен дәлелденуі мүмкін. Атап айтқанда,  меншік  құқығын  тану
туралы талап қүкық белгілеуші  құжаттармен,  төлем  құжаттарымен,  куәлердің
көрсетулерімен, сондай-ақ басқадай дәлелдемелермен дәлелденуі мүмкін.
Мүлікті ботеннің заңсыз  иеленуінен  талап  ету.  Меншік  құқығын  қорғаудың
негізгі заттық-құқықтық тәсіддерінің бірі — меншік иесінің  мүлікті  өзгенің
заңсыз иеленуінен талап етуі болып табылады. Меншік  құқығын  қорғаудың  бұл
тәсілі заң әдебиетінде виндикациялық талап деген атпен кең таралған.
Виндикациялық талап дегеніміз иеленбеуші меншік иесінің жеке —  белгілі  бір
мүлікті (затты) заңсыз иеліктен  осы  мүлікті  іс  жүзінде  иеленуші  адамға
қайтару  жөніндегі  шарттан  тыс  талабы.  Виндикациялық  талаптың  негізіне
алынатын жағдай сол, мүліктің меншік иесінің иелігінен заңсыз алынуы,  жалпы
ереже бойынша меншік құқығын тоқтатпайды, сондықтан мешпік иесі  ол  мүлікті
өзінің иелігіне қайтаруды талап  етуге  құқылы.  Меншік  құқығының  сақталуы
туралы ережеге жатпайтын бір жағдай, ол  —  бұл  мүлікті  адал  иемденушінің
иеленуі, одан мүлік белгілі бір мән-жайларда ғана талап етіледі.
Сонымен, мүлікті талап етуге мүліктің  меншік  иесінің  ғана  қүқы  бар,  ол
виндикациялық талап қойғаңца сол мүліктің  өзіне  меншік  құқығында  тиесілі
екендігін  дәлелдеуі  тиіс,  сонымен  қатар  меншік   иесі   даулы   мүлікті
иеленушінің іс жүзіндегі иелігінің заңсыз екендігін дәлелдеуге міддетті.
Виндикациялық талап қоюдың қажетті шарттарының бірі,  ол  —  меншік  иесінің
сол талап қойылған мүлікгі  іс  жүзінде  иеленуден  айырылуы.  Егер,  меншік
иесінің қарамағындағы  мүлікке  меншік  құқығын  иеленуге  үшінші  бір  адам
таласса, не үшінші адам меншік иесінің өз мүлкін пайдалануына не оған  билік
етуіне кедергі келтірсе, ал мүлік бәрі бір мешпік иесінің  иелігінде  болса,
онда  мешпік  құқығын  қорғау  үіпін  басқа  тәсілдер  қолданылады,  мысалы,
құқықты  тану  туралы  талап,  меншік  иесінің  құқығын  иеліктен   айырумен
байланысты емес бүзулардан қорғау туралы талап.
Бөтен мүлікті заңсыз және  іс  жүзінде  иеленуші  адам  виндикациялық  талап
бойынша жауапкер болып табылады. Заңсыз иелену дегеніміз мүлікті  қандай  да
бір құқықтық негіздерсіз іс жүзінде иемдену.  Мысалы,  егер  қандай  да  бір
адам мүлікті өз бетімен иеленсе  үрлап  алса,  олжаны  сіңіріп  кетсе,  т.б.
Мүлікке билік  етуге  құқығы  жоқ  адамнан  алынған  мүлік  те,  ол  жайында
иеленушінің білген-білмегеніне қарамастан, заңсыз иеленгендік деп  танылады.
Яғни,  заңсыз  иелену   заңсыз   иеленгеннің   әрекеттерінің   айыптылығымен
байланысты емес, онда заңсыз иеленудің объективтік сипаты болса жеткілікті.
Бөтеннің заңсыз иелігінен тек жеке-белгілі  бір  мүлікті  ғана  талап  етуге
болады, ол заттық құқықтың мәнінен туындайды  -  себебі,  заттық  құқық  тек
жеке-белгілі  бір  заттарға  ғана  қатысты  болады.  Сонымен  қатар,  тектік
белгілерімен анықталатын заттарды да  талап  етуге  болады,  егер  олар  сол
тектің өздерін жеке  дараландыра  алатын  заттарынан  қажепі  шекте  бөлініп
алынған болса, мысалы, олар контейнерде немесе басқа  ыдыста  болса,  өзінше
бөлек бумада дараланса және  сол  тектің  заттарымен  араласпаса.  Егер  бұл
заттар сол тектің заттарымен араласып  кетіп,  меншік  иесінің  нақты  затын
біртекті заттардан бөліп алу мүмкін болмаса, онда  оларды  виндикациялау  да
мүмкін емес,  себебі,  бұл  ретте  меншік  құқығы  не  жоғалады,  не  барлық
біртекті мүлікке ортақ меншік болып өзгереді. Соңғы жағдайларда меншік  иесі
өз мүлкін талап етуге құқылы емес, бірақ қорғанудың  шығынды  өтеу,  алынған
табысты қайтару, т.б. түріндегі міндеттемелік-құқықтық тәсілдерін  қолдануға
құқылы.
Виндикациялық талабы қолдану үшін талап  етілген  мүліктің  заттай  сақталуы
және іс жүзінде басқа адамның иелігінде болуы қажет.  Егер  мүлік  жойылған,
өңделген болса, өзінің алғашқы арналымын өзгертсе немесе толықтай  жұмсалса,
ондай мүлікке меншік құқығы тоқтайды және оны талап  ету  мүмкін  емес.  Бұл
жағдайда  жойылған,  өңделген  немесе   жұмсалған   мүліктің   меншік   иесі
шығындарды төлету,  түтткілікгі  байымай  қалғанын  төлету  және  т.б.  үшін
қорғаудың міндеттемелік тәсілін  қолдануға  құқылы,  бірақ  ол  бұл  мүлікті
талап ете алмайды, виңдикациялык талапты қолдана  алмайды.  Мүлік  өнделген,
бірақ өзінің бастапқы арналымын жоғалтпаған кейбір  жағдайда,  меншік  иесі,
жалпы ереже бойынша, мүлікті жақсартуға  кеткен  шығыңцы  иеленушіге  төлеп,
сонан соң оны талап етуге құқылы. Мүлік  жарым-жартыпай  жүмсалған  жағдайда
да меншік иесі,  жалпы  ереже  бойынша,  қалғанын  талап  етуге  құқылы,  ал
жүмсалған  бөлігіне  қатысты  шығынды  өндіртіп   алу   жөнінде   қорғанудың
міндеттемелік тәсілдерін қолдана алады, бірақ оны заттай талап ете алмайды.
Мүлікгі бөтеннің заңсыз иелігінен қайтару туралы талапта шарттан  тыс  сипат
бар, ол үшінші жақтарға меншік құқығын бүзбау  жөнінде  пәс  міндет  артатын
абсолюттік құқықтың мәніне негізделген. Егер  меншік  иесі  мен  іс  жүзінде
иеленуші даулы зат  жөнінде  бірімен  бірі  шарттық  немесе  салыстырмалы  —
белгіпі міндеттемелік құқық қатынастарымен  байланысты  болса  (мысалы,  бір
мүрагердің нақты бір затты беруі туралы екінші мүрагерге  талабы,  сатушының
саудаласу заты және оны сатып алушыға беру жөніндегі сатып  алушыға  талабы,
жалға берушінің жалдау затын қайтару  жөніндегі  жалдаушыға  талабы,  т.б.),
онда дау шарт  немесе  өзге  міндеттемелік  құқыққатынастары  туралы  тиісті
нормалармен шещілуі тиіс және қорғаудың заттық-құқықтық емес,  міндеттемелік
әдістері қолданылуы тиіс.
Мүлікті бөтеннің заңсыз иелігінен қайтару туралы талапқа, бұл талаптың  жеке
немесе  мемлекеттік  меншікке  қатысты  мәлімделгеніне   қарамастан,   талап
көнелігінің жалпы үш жылдық мерзімі таралады.
Меншік иесінің өз мүлкін талап ету  құқығы  бұл  мүлікті  заңсыз  иеленушіде
иелігінің  туындауының  ақылы   немесе   ақысыз   сияқты   негіздеріне   көп
байланысты. Мүлік заңсыз иеленушінің иелігіне ақысыз келіп түссе  (үрланған,
табылған, меншік иесі емес және оған құқығы жоқ адам сыйлаған,  т.б.)  ондай
жағдайлардың бәріңде  де  меншік  иесі  талап  етуге  құқылы.  Мүлік  заңсыз
иеленушінің иеліііне ақылы келіп түссе  талап  ету  мүмкіндігі  белгілі  бір
шарттармен шектеледі.
Иеленудің заңсыздық санаты  заңсыз  иеленушінің  әрекеттерінің  айыптылығына
байланысты болмаса да, заңсыз иеленушіге  ақылы  түскен  мүлікті  талап  ету
мүмкіндігі көбіне содан  туындайды.  Бұл  ретте  меншік  иесінің  өз  мүлкін
бөтеннің заңсыз иелігінен талап  ету  құқығының  шегі  заңсыз  іс  жүзіндегі
иеленушінің әрекеттерінің адал немесе адал еместігіне байланысты.
Заңсыз иеленген адам  мүлікті  ақысыз  иеленгенде  меншік  иесі  кез  келген
жағдайда  кез  келген  мүлікті,  оның  ішінде  үсынушыға  берілетін   бағалы
қағаздарды және ақшаны заңсыз иеленушіден талап етуге құқылы,  егер  мүлікті
иеленгенде оны меншік иесі емес және/немесе мүлжіі иеліктен  айыруға  құқылы
емес адамнан (адал емес иеленушіден, адал емес иеден) алып  түрғанын  білген
немесе  білуге  тиіс  болса.  Сонымен  қатар,  мүліктің  меншік  иесі   емес
немесе/және оны иеліктен айыруға  құқығы  жоқ  адамнан  алғандығын  білмеген
және білуте тиіс емес адал иеленушіден (адал иеден),  жалпы  ереже  бойынша,
меншік иесі өз мүлкін талап етуге құқылы  емес.  Адал  иеленушілерден  құқық
мына жағдайларда ғана талап  етілуі  мүмкін:  мүлік  меншік  иесінің  немесе
басқа адамның (меншік иесі иеленуге бергеннің)  иелігінен  олардың  еркінсіз
кеткеңде, мысалы, жоғалса, үрланса, табиғи күштердің әсерінен, т.б.  Мүлікгі
адал  иеленушіден  талап  етуге  шек  қою,  негізінен,  мүліктік  айналымның
түрақтануын сақтап  қалу  мүддесін,  адал  иеленушінің  және  оны  азаматтық
қатынастарда қорғау  мүддесін  көздейді.  Сонымен  қатар,  адал  иеленушіден
мүліюі талап етудің ерекше ережелеріне жатпайтын да  ерекше  жағдайлар  бар.
Адал иеленушіден үсынушыға берілетін бағалы қағаздар мен ақша ешқандай  мән-
жайда ерқашан талап етілмейді. Бұл  айрықша  жағдай  айналым  қабілеттілігін
және  мүліктің  үсынушыға  берілетін  бағалы  қағаздар  және  акіиа   сияқты
санаттарына сенімді арттыру мақсатында қарастырылады.
Мүлікті бөтеннің заңсыз иелегінен талап еткенде меншік  иесі  талап  етілген
мүлік заңсыз иеленушінің қол астында болған  кезде  алынған  немесе  алынуға
тиіс табысты қайтаруды  талап  етуге  құқылы.  Мұндай  табыстың  қайтарылуын
талап  етудің  мүмкіндігі  мен  шекгері  де  талап  етілген  мүлікті  заңсыз
иеленушінің әрекеттерінің айыптылығына байланысты.
Талап етілген  мүліктің  меншік  иесі  адал  емес  иеленушіден  оның  заңсыз
иеленудің барлық кезінде мүліктен түсірген  немесе  түсіруге  тиісті  болған
барлық табыстарды талап етуге құқылы. Ал, адал иеле-нушіден мүліктің  меншік
иесі оның өзінің заңсыз иеленіп отырғанын білген немесе білуге  тиіс  болған
немесе мүлікті қайтару туралы талап  бойынша  сотқа  шақырту  қағазын  алған
кезден бастап алған табыстарды ғана қайтаруын талап етуге құқылы. Бұл  ретте
адал иеленуші меншік иесіне мүлікген табыс қайтарылуы тиіс уақыт  аралығында
оның мүлікті үстауға кеткен шығынды қайтаруын және осы сомалар бойынша  есеп
ажыратуын меншік иесінен талап  етуге  құқылы.  Адал  емес  иеленуші  мұндай
төлемді тек сот негізді деп шешкен жағдайда ғана алуға құқылы (мысалы,  егер
заттың сипаты өзінің сақталып қалуы  үшін  үдайы  шығынды  керек  етсе  және
онсыз зат қүндылығын жоғалтатын немесе бұлінетін болса).
Иеленудің адалдығы мен адал емесгігі меншік иесінің мүлікті заңсыз  иеленген
кезде  заңсыз  иеленушінің  оны  жақсартуға  шығарған   шығынын,   егер   ол
жақсартуды мүлікті  бұлдірмей  бөліп  алуға  болмайтын  болса,  төлеуіне  де
әсерін тигізеді. Заңсыз иеленуші (адалы болсын, адал емесі  болсын)  мүлікті
меншік иесіне қайтарғанда талап етілген мүліктің бөлінетін  жақсаруын  өзіне
қалдыруға  құқылы.  Ал,  егер  жасалған  жақсартуды  талап  етілген  мүлікті
бұлдірмей немесе оның қасиетін жоғалтпай алуға мүмкін болмаса,  онда  мұндай
жақсартуға кеткен шығынды адал иеленуші ғана  өндіртіп  алуға  құқылы.  Адал
емес иеленушіде ондай өндіртіп алуға құқық жоқ.
Иеліктен айырумен байланысты емес  бузушылықтардан  меншік  қүкығын  қорғау.
Қорғаудың құқықты тану және мүлікті  бөтеннің  заңсыз  иелігінен  талап  ету
сияқты  тәсілдерімен  қатар,  заттық-құқықтық  тәсілдерге  мүліктің   меншік
иесінің  өз  құқығын  қандай  да  бір  бүзушынықтан,  ол  иеліктен  айырумен
байланысты  болмаса  да,  қорғауды  талап  етуін  жатқызуға  болады.  Меншік
құқығын қорғаудың бұл тәсілі заң әдебиетінде негаторлық  талап  деген  атпен
кең таралған. Меншік  құқығын  меншік  иелігінен  айырумен  байланысты  емес
бүзушы-лықтардан  қорғау  талабы  сияқты   заттық-құқықтық   тәсілдің   мәні
меншіктенудегі негізгі  мақсаттардың  біреуін  қорғауға  бағытталған,  ол  —
меншікті меншік иесінің  мүқтаждығынтікелей  қанағаттандыру  үшін  пайдалану
және/немесе оған меншік иесінің қалауы бойынша билік ету.
Меншік иесінін иеліктен айырумен байланысты емес бұзушылықтарды  жою  туралы
талабы шарттан тыс талаптарға жатады және абсолюттік құқықты жүзеге  асыруға
кедергі келтірмеу жөнінде  үшінші  жаққа  пәс  міндет  жүктейтін  абсолюттік
құқықтың мәнінен туыңдайды.
Қорғаудың заттық-құқықтық тәсілі ретінде қаралып отырған  бұл  талап  меншік
иесі мен  құқық  бүзушы  шарттық  немесе  өзгедей  салыстырмалы-белгілі  бір
(міндеттемелік) қатынастармен байланысты емес және жасалған құқық  бұзушылық
субъективтік меншік  құқығының  тоқтауына  әкеп  соқпаған  жағдайларда  ғана
қойылуы  мүмкін.  Олай  болмаған  жағдайда  қорғаудың  өзге   міндеттемелік-
құқықтық  тәсіддері  қолданылады,   олар   не   меншік   құқығын   қорғаудың
міндеттемелік-құқықтық  тәсілдеріне,  не  міндеттемені  бұзушылықтан  қорғау
тәсілдеріне,  не  зиян  келгенде  қорғау  тәсіддеріне,  түпкілікті   байымай
қалғанын өндіріп алуда құқықты қорғау тәсілдеріне, не азаматтық  субъектитік
құқыққтардьі қорғаудъщ басқа түрлеріне жатады.
Иеліктен айырумен байланысты емес құқық бұзушылықты жою туралы  талапты  қою
үшін  мүліктің  меншік  иесінің  иелігінде  болуы  шарт.  Негаторлық   талап
қойғаңда меншік иесі  иелікті  қалпына  келтіруді  мақсат  түтпайды,  себебі
мүлік өзінің иелігінде болады, ал оның мақсаты өзінің сол мүлікті  пайдалану
немесе  оған  билік  ету  құқығын  қалпына  келтіру.  Мүлік  меншік  иесінін
иелігінен кетіп қалған немесе меншік иесі иелену құқығын  қалпына  келтіруді
мақсат түтқан жағдайларда  негаторлық  емес,  виндикациялық  немесе  өзгедей
талап койылады.
Меншік құқығын иеліктен айырумен  байланысты  емес  бұзушылықты  жою  туралы
талап қоюдың  қажетті  шарттарынын  бірі  —  құқық  бұзушылықтың  созылмалық
сипаты. Меншік құқығын иеліктен айырумен  байланысты  емес  бұзушылықты  жою
туралы талап меншік  иесінің  өз  мүлкіне  билік  ету  және  оның  пайдалану
өкілеттігін жүзеге асыруына үшінші жақ тарапынан кедергі  келтірілген  құқық
бүзу-шылық болған кезде ғана мәлімденеді. Құқық бұзушылық тоқтаған  жағдайда
меншік иесінің құқығы басқа тәсіддермен  қорғалады,  атап  айтқанда,  меншік
иесінің өз мүлкін пайдалану немесе оған билік ету  құқығын  жүзеге  асыруына
кедергі келтірген үшінші жақтың заңсыз орекеттерінен туындаған  зиянды  өтеу
тәсілдершен. Иеліктен айырумен байланысты  емес  бұзушылықтарды  жою  туралы
талап құқық бұзушылықтың үзаққа созылуымен байланысты қойылатындықтан,  оған
ескіру мерзімі таралмайды.
Иеліктен айырумен  байланысты  емес  құқық  бұзушылықты  жою  туралы  талап,
әдетте, сондай бұзушылықтан келген шығынның (зиянның) ориын  толтыру  туралы
талаппен бірге қойылады.
Айта кететін бір жағдай — меншік құқығын иеліктен айырумен  байланысты  емес
бұзушылықты  жою  туралы  талап  қою  практикада  сирек  кездеседі.   Мұндай
бұзушылықты күнделікті жұмыс  барысында  әкімшілік  органдар  жояды.  Бірақ,
еғер меншік құқығын үшінші жақтың бүзуын  әкімшілік  органы  жоймаса  меншік
иесі өз құқығын қорғау үшін  тиісті  талаппен  (негаторлық  талаппен)  сотқа
жүгіне алады. Мысалы,  меншік  құқығын  иеліктен  айырумен  байланысты  емес
бұзушылықты жою туралы талап қоюдың бір мысалы — үшінші  жақтың  пайдалануға
тыйым  салынған  мүліктерінің  тізбесінен   өзінің   белгілі   бір   мүлкін,
мүлікгерден  бөліп  алмай  шығару.  Әдетте,   меншік   иесі   бұл   жағдайда
борышкердің  мүлкін  тізбелеген  әкімшілік  органына  белгілі  бір   мүлікті
тізбеден шығару туралы өтініш білдіре алады, ол өтінішінің  негізді  екеніне
тиісті дәлелдемелер келтіреді.  Мұндай  мәселелерді  әкімшілік  жолмен  шешу
жылдам болады, баж салығын  төлеу  сияқты  қосымша  шығынды  керек  етпейді,
сондықтан да мүлікті паңдалануға және оған  билік  етуге  кедергі  келтіруді
жою туралы мәселе, көбіне, әкімшілік жолмен  шешіледі.  Сонымен  қатар,  бұл
мәселе әкімшілік жолмен шешімін таппаған жағдайда бірден сотқа  жүгінуге  еш
кедергі  жоқ.  Кейбір  реттерде  әкімшілік  органдардың  әрекеттері   меншік
иесінің  мүлікті  пайдалану  немесе  оған  билік  ету  жөніндегі  өз   құқық
өкілеттігін  жүзеге  асыруына  кедергі  болады.  Әкімшілік  органның  мұндай
әрекеттеріне әкімшілік тәртіпте жоғары түрған әкімшілік органға  шағымдануға
болады. Дегенмен, жалпы ереже бойынша, бағыныштылық
тәртібінде  әкімшілік  органның  әрекеттеріне  шагымдану   заң   актілерінде
көзделген реттерде ғана орын алады. Қалған  басқа  жағдайларда  меншік  иесі
құқығы бұзылғаннан  кейін  бағыныштылық  тәртібінде  шағымданудың  әкімшілік
сатысын  аттап  өтіп  негаторлық  талаппен  бірден  сотқа  жүгінуге  құқылы.
Мысалы, борышкердің — салық төлеушінің есеп шортында ақша қаражаты  болмаған
жағдайца салық қызметі Салық кодексінің 48, 53-баптарына сәйкес, соттан  тыс
тәртіпте, салық төлеушінің өз  мүлкіне  билік  етуін  шектеуге  және  меншік
иесінің —  салық  төлеушінің  келісімсінсіз-ақ  оның  мүлкін  өндіріп  алуға
аударуға құқылы. Бұл ретте, салық заңнамасында (Салық кодексінің  566,  567-
баптары) салық органдарының әрекеттеріне, оның ішіңде  мүлікке  билік  етуге
шектеу салған  әрекетіне,  жоғары  түрған  органға  немесе  сотқа  шағымдану
мүмкіндігі көзделген. Салық қызметі органдарының әрекеттеріне  ша-ғымданумен
қатар, салық төлеуші, егер шектеуді алып тастауға  негіз  болса,  негаторлық
талап қоюға құқылы  (салық  қызметінің  билік  етуге  шектеу  жасау  туралы,
есептелген салық сомасы туралы дүрыс емес шешімдеріне, т.б.).

      3. Меншік құқығынан өзге заттық құқықтарды қорғағаңда  меншік  құқығын
қорғаудың заттық-құқықтық  тәсілдерін  қолдану.  Жалпы  ереже.  АК-ның  265-
бабына сәйкес, меншік құқығын қорғаудың  заттық-құқықтық  тәсідцерін  меншік
құқығынан өзге заттық қүкықтарды қорғағанда да қолдануға жол  берілген.  АК-
ның  265-бабыңда  меншік  иесі  болмаса  да,  мүлікке  шаруашылық   жүргізу,
оралымды басқару, түрақты жер пайдалану құқығында не заң актілерінде  немесе
шартта  көзделген  өзге  негіздерде  иелік  етуші   адамға   заттық-құқықтық
тәсіддерді қолдану құқығын беру көзделгенмен,  бұл  жерде  ол  адам  мүлікке
заттық  құқығы  бар  адам  ғана  болуы  тиіс,  яғни,  біріншіден,  ол  құқық
абсолюттік  мәнмен   сипаттаяуы   керек   (абсолюттік   құқықтарға   жатуы),
екіншіден, мұндай құқықтың объектісі жеке-белгілі  бір  мүлік  (зат)  болуға
тиіс. Мұндай заттық құқықтар заң әдебиетінде бөтеннің мүлкіне  қүкықтар  деп
аталады. Атап айтқанда, меншік  құқығынан  өзге  заттық  құқықтарға  мыналар
жатады: шаруашылық жүргізу құқығы,  оралымды  басқару  құқығы,  түрақты  жер
пайдалану құқығы,  жалдау  құқығы,  жылжымайтын  мүлікпен  байланысты  рента
құқығы, жеке-белгілі бір затты өмір бойы пайдалану  құқығы  (мысалы,  тұрғын
үйде  өмір  бойы  түру  құқығы),  жеке-белгілі  бір  мүлікті  сенімгерлікпен
басқару құқығы, жеке-белгілі бір мүлікті кепілге салу құқығы, т.б.
Бөтен  мүлікке  құқықты  қорғағанда  заттық-құқықтық  тәсілдерді  қолданудың
ерекшелігі сонда —  бұл  тәсілмен  бөтен  мүлікке  қүкықты,  тіптен,  меншік
иесінің өзінен де  қорғауға  мүмкіндік  бар,  мұнда  бір  объектіге  қатысты
меншік құқығы мен бөтен затқа құқықтың қиғаштығы көрініс табады,  ал  меншік
құқығымен салыстырғаңда бөтен затқа құқықтың артықшылығы бар.
Құқықты тану. Құқықты тану сияқты заттық-құқықтық тәсілді кез келген  заттық
құқыққа қатысты, оның мазмұнына қарамастан, қолдануға  болады.  Ең  бастысы,
оның абсолюттік құқық және құқық  объектісі  жеке-белгілі  бір  мүлік  болуы
тиіс, яғни ол заттық құқыққа жатуы керек. Бөтен мүлікке құқықты  қорғанудьгң
заттық-құқықтық тәсілі  ретінде  танудың,  меншік  құқығын  танудағы  сияқты
өзіндік ерекшелігі, оның шарттан тыс сипатта болуы.  Бөтен  мүлікке  құқықты
қорғанудың заттық-құқықтық тәсілі ретінде тану  заттық  құқықты  иеленушінің
үшінші жақтың аддында даулы мүлікке құқықтың өзіне  тиесілі  екенін  көрсету
туралы  шарттан  тыс  талабы  болып  табылады,  ол  мүлікті  қайтару  немесе
иеліктен  айырумен  байланысты  емес  өзге  кедергілерді  жою  туралы  нақты
талаптармен үштаспайды.
Бөтен мүлікке құқықты тану, меншік құқығын тану  сияқты,  сот  практикасында
кең таралған даулы талап. Даулардың  бұл  санатына,мысалы,  мыналар  жатады:
сервитут белгілеу туралы дау, ол сервитут  құқығын  тану  жөніндегі  талапқа
жатады, жалға берушінің мүлкіне құқық мирасқорлық болғанда мүлікті  жаддауды
тоқтатудың заңсыздығы туралы дау, ол жалға  берушінің  құқық  мирасқорларына
өтетін мүлікке жаддау құқығын тану туралы  талапқа  жатады,  және  т.б.  Бұл
ретте құқықты тану туралы талап даулы мүлікке қандай да бір құқығы жоқ  және
заттық құқықты жүзеге асыруға кедергі келтіруші  үшінші  жаққа  қатысты  да,
сол мүлікке дәл мәлімдеушінің заттық құқығыңдай  заттық  құқығы  бар  үшінші
жаққа қатысты да қойылуы мүмкін. Мысалы,  кепіл  үстаушылар  арасындағы  бір
мүлікке қатысты дау алдыңғы кепіл үстаушының құқығын тану туралы  дау  болып
табылады.  Мүлікті бөтеннің заңсыз иелігінен талап етіп алу.  Егер,  құқықты
қорғаудың құқықты тану сияқты  заттық-құқықтық  тәсілін  қолдану  қорғалатын
құқықтың мазмұнына байланысты емес  десек,  ал  қорғаудың  мүлікті  бөтеннің
заңсыз  иелігінен  талап  етіп  алу  сияқты  заттық-құқықтық  басқа  тәсілін
қолдану  мүмкіндігі,  және  бұзылған  құқықтарды  қорғау  шектері,   көбіне,
қорғалатын  заттық  құқықтың  өзінің  мазмүнына  байланысты.   Егер   заттық
құқықтың мазмұны даулы мүлікке  иелік  етуге  мүмкіндік  берсе,  онда  бөтен
затқа құқықтың иесі мүлікті бөтеннің заңсыз  иелігінен  талап  етуі  құқығын
пайдалана алады. Мысалы, қорғаудың заңсыз иеліктен мүлікті  талап  етіп  алу
сияқты заттық-құқықтық тәсілін жалдаушы, негізгі міндеттеме бұзылғанда  өзге
кепіл үстаушы, шаруашылық  жүргізу,  оралымды  басқару  құқықтарын  иеленуші
және т.б. пайдалана алады, себебі бұл  заттық  құқықтардың  өкілеттіктерінде
бұл мүлікті  иелену  көзделген.  Сонымен  қатар,  мүлікті  сервитут  құқығын
иеленуші тіптен жаңадан иеленуші  сервитутпен  ауыртпашылық  түскен  мүлікті
пайдалануға  кедергі  келтірсе  де,  талап  ете  алмавды,  себебі   сервтупы
иеленушінің   құқық   өкілеттігінде   иелену   құқығы   көзделмеген.   Соңғы
жағдайларда құқықты қорғау басқа тәсілдермен, оның ішінде  құқықты  тану  не
бұзушылықты  жою  туралы  талап  сияқты  заттық-құқықтық   тәсілмен   жүзеге
асырылады,  бұл  жерде  ол  бұзушылықтардың  иеліктен  айырумен   байланысты
еместігінің маңыздылығы жоқ.
Бөтен мүлікке құқықты қорғағанда мүлікті  бөтеннің  заңсыз  иелігінен  талап
ету кезінде назар аударатын  екінші  бір  маңызды  кезең  -  заттық  құқықты
қорғаудьщ шектерін анықтау. Бұл мәселелер көбіне  заттарды  заңсыз  иеліктен
қайтарғанда  есеп  айырысу  тәртібін  қолдануға  қатысты  туындайды.   Бөтен
мүлікке құқық өз мазмұнының шегінде ғана,  яғни  мұндай  құқықтың  мазмүнына
қатысты  өкілеттіктер  ауқымында  ғана  қорғалуы  мүмкін.   Мүлікті   заңсыз
иеліктен қайтарып алу талабының мазмұны  қалған  ауқымда  тек  сол  мүліктің
меншік иесіне гана тиесілі.
Мысалы,  егер  мүлік  кепілзат  үстаушыда  бола,  ол  оны  бөтеннің   заңсыз
иелігінен кепілзатқа өз  құқығын  қалпына  келтіру  үшін  ғана  талап  етуге
құқылы. Жалдаушы мүлікті жалдау құқығын қалпына  келтіру  үшін,  яғни  бөтен
мүлікті ақылы пайдалану  үшін  талап  етуге  құқылы  Мүлікті  талап  еткенде
жалдаушыда құқық мүлік оның  иелігінен  кеткенге  дейінгіден  көп  болмайды.
Сондықтан, заттарды заңсыз иеліктен  қайтарғанда  есеп  жүргізілсе  жалдаушы
өзі осы мүлікті пайдаланғанда алуы мүмкін  табысқа  шамалас  табыстың  орнын
толтыруды талап етуге құқылы. Табыстың басқа бөлігін  мүліктің  меншік  иесі
ғана өңдіртіп алуға құқылы.
Виндикация заты болып табылатын мүлікті  үстауға  кеткен  шығындарды  заңсыз
иеленушіге қайтару мәселесі де тиісінше  шешімін  таплаған.  Мысалы,  заңсыз
иеленуші бөтен мүлікке құқықты иеленушіден мүлікті үстауға  кететін  қажетті
шығынды, бөтен мүлікке құқықты иеленуші адам сондай шығынды қандай  мөлшерде
және көлемде жұмсауы тиіс болса сондай көлемде және мөлшерде  төлеуін  талап
етуге құқылы. Ол мөлшерден  асатын  сомадағы  талапты  заңсыз  иеленуші  тек
меншік иесіне ғана қоюға құқылы. Мүлікті ажырамас жақсартуға кеткен  шығынды
иеленушіге тәлеу мәселесі де  осылай  шешімін  табуға  тиіс.  Бөтен  мүлікке
құқықты  иеленушіге  мұндай  талаптар  бөтен  мүлікке   құқықты   иеленушіге
жақсарту қандай көлемде жүктелетін болса, соған сай  қойылады,  ал  талаптың
басқа бөлігі  тек  меншік  иесіне  ғана  қойылуы  мүмкін.  Мысалы,  жаддаушы
бөтеннің заңсыз иелігінен мүлікті талап еткенде және  заңсыз  адал  иеленуші
мүлікке ажырамас  жақсарту  жүргізгенде  адад  иеленуші  жақсартудың   орнын
толтыру туралы мүлжтщ меншік иесіне талап қоюға  құқылы,  егер  меншік  иесі
мен  жалдаушы  арасындағы  шартта,  мысалы,  ондай  жақсарту  жасау  жөнінде
жалгерге міндет жүктеу көзделмесе.
Иеліктен айырумен байланысты  емес  бүзушылыктардан  бөтен  мүлікке  құқықты
қорғау. Мүлікті заңсыз  иеліктен  алуға  талап  ету  сияқты,  бөтен  мүлікке
құқықты, иеліктен алумен байланысты емес бүзушыльтқтардан қорғаудың  заттық-
құқықтық  тәсілін  қолдану  мүмкіндігі,   және   ондай   қорғаудың   шектері
қорғалатын заттық құқықтың өзінің мазмұнына көп байланысты.
Бөтен мүлікке құқықты, иеліктен  айырумен  байланысты  емес  бұзушылықтардан
қорғау, заттық-құқықтық тәсілін қолдану мазмұнында бөтен  мүлікті  пайдалану
жөнінде өкілеттік бар құқықтарға  қатысты  ғана  мүмкін  болады.  Өте  сирек
жағдайларда  болмаса,  билік  ету  құқығы,  әдетте,  бөтен   затқа   құқықты
иеленушінің  құқық  өкілеттігінің   мазмұнына   кірмейді   (борышкердің   өз
міндеттемелерін орындауын  қамтамасыз  етуі  үшін  несие  берушінщ  борышкер
мүлкін үстауы, кепіл  үстаушының  өндіріп  алуды  кепілге  салынған  мүлікке
аударуы).
Бөтен затқа құқықты, иеліктен айырумен байланысты емес  бұзушылықтан  қорғау
туралы талап меншік иесінің негаторлық талап  қойғандағы  талабына  үқсайды.
Атап айтқанда, негаторлық талап заттық құқықтың иесі шарттық немесе  өзгедей
салыстырмалы қүкық қатынастарында емес үшінші жақ тарапынан құқық  бұзушылық
жасалған кезде  ғана  қойылуы  мүмкін;  негаторлық  талап  қойғанда  мүлікті
бөтеннің заңсыз иелігінен талап етіп алу мақсат  емес  және  т.с.с.  Мысалы,
негаторлық талапты жалгер, шаруашылық жүргізу және оральщды басқару  құқығын
иемденушілер, жер пайдаланушылар,  кепіл  үстаушылар,  төлетіп  алуды  кепіл
затына  аударушы,  үшінші  жақ  бұл  құқықты  иеленушілердің  бөтен  мүлікті
пайдалану немесе оған билік  ету  жөніндегі  құқық  өкілеттікгерін  бүзғаңца
пайдалана алады. Сонымен  қатар,  мысалы,  сақтаушы,  жалпы  ереже  бойынша,
негаторлық  талапты  пайдалана  алмайды,  себебі  оның  құқық   өкшеттігінде
сақтаудағы мүлікті пайдалану немесе оған билік ету өкілеттіктері жоқ.
       4. Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды қоргаудың міндеттемелік-
құқыктык  тәсілдері.   Меншік  иесінің  немесе  өзге  заттық  құқық  иесінің
құқықтарын қорғаудың міндеттемелік-құқықтық тәсілдері әрқилы  болып  келеді.
Әдетте, қорғаудың мұндай төсіддері меншік иесінің немесе өзге  заттық  құқық
иесінің құқықтарын қорғағанда ғана емес, сонымен қатар, азаматтар мен  заңды
тұлғалардың кез келген  мүліктік  құқықтары  мен  мүдделерін  қорғағанда  да
қодданылады (мысалы, азаматтьгқ құқықтарды қорғаудың меншік иесінің  мүлкіне
келген шығынды өтеуге қатысты тәсілдері;  мәмілені,  меншік  құқығын  немесе
өзге заттық құқықты тоқтатудың негізі ретінде заңсыз деп тану және т.б.)
Соңдықтан  қорғаудың   бұл   тәсілдері   оқулықтың   басқа   тараулары   мен
бөлімдеріңце  жан-жақты  баяндалған,  атап   айтқанда:   азаматтық   құқықты
қорғауға арналған 12-тарауда, міндеттемені  бүзғандық  үшін  жауапкершілікке
арналған 30-тарауда және т.б.
Сонымен қатар меншік иесінің  және  өзге  заттық  құқық  иесінің  құқықтарын
қорғаудың кейбір ерекше міндеттемелік - құқықтық тәсілдері бар, олар заттык-
құқықтық  тәсілдермен  қатар  меншік  құқығын  және  өзге   заттық   құқықты
қорғаудың міндеттемелік-құқықтық (міндеттемелік) тәсілдеріне жатады.
Мысалы, меншік құқығын немесе өзге заттық құқықты  қорғаудың  міндеттемелік-
құқықтық тәсілдеріне қорғаудың мемлекеттік басқару органдары  мен  лауазымды
адамдардың меншік иесінің немесе өзге заттық құқық иесінің  құқығын  бұзатын
актілерін заңсыз деп тануға және мұндай  актілерден  келген  шыгынның  орнын
толтыруға бағытталған тәсілдері жатады.
Меншік құқығын және өзге заттық  құқықты  қорғаудың  бұл  тәсілі  АК-ның  9-
бабында  бекімін  тапқан  азаматтық  құқықтарды  қорғау  туралы  ережелердің
жалғасы  болып  келеді.  Мемлекеттік   басқару   органдары   мен   лауазымды
адамдардың меншік иесінщ немесе  өзгедей  заттық  құқық  иесінің  құқықтарын
бұзатын актілерін заңсыз деп тану сот тәртібіңде  жүзеге  асырылады.  Меншік
құқығын немесе өзге заттык құқықты бұзатын актіні  заңсыз  деп  тану  туралы
талап қою құқығы меншік иесіне немесе өзге  заттық  құқық  иесіне  берілген.
Ондай актіні сот заңсыз деп таныған  жағдайда  оны  қандай  да  бір  қосымша
бүзудың қажеті жоқ, ол ары қарай қолдануға жатпайды.
Мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдардың меншік иесі мен  өзге
заттық құқық иесінің құқықтарын  бұзатын  актілері  заңсыз  деп  танылғаннан
кейін,  сол  актілерден  келген  шығындардың  орнын  толтыру  туралы   талап
қойылады. Мұндай актілерден  келген  шығын  толық  көлемде  қайтарылады,  ол
дегеніміз — нақты шығынды да,  жіберіліп  алған  пайданы  да  төлету.  Шығын
тиісті  бюджет  қаражатынан  төленеді,  яғни   шығын   мемлекеттік   басқару
органының (орталық атқару органының, республикалық ведомстволардың), не  осы
органның  лауазымды  адамының  актісінің   шығуымен   байланысты   болса   —
республикалық бюджеттің  қаражаты  есебінен,  ал  шығын  жергілікті  өкілдік
немесе атқарушы органның актісінің шығуымен байланысты  болса  —  жергілікті
бюджеттің  қаражаты  есебінен  төленеді  Меншік  құқығын  және  өзге  заттық
құқықты қорғаудың ерекше  бір  тәсілі  —  нақты  істері  бойынша  сот  шешім
шығарғанда мемлекеттік басқару органдарының және жергілікті  өкілдік  немесе
атқарушы органдардың заң актілеріне қайшы келетін актілерін қолданбауы.  Бұл
ретте осы көрсетілген  заңсыз  актілер  қосымша  процедура  арқылы  тағы  да
заңсыз деп танылмай-ақ немесе тағы да бүзылмай-ақ қолданыстан шығып  қалады,
ол Конституцияның, Нормативтік құқықтық актілер туралы Заңның  ережелерінен,
АК-ның  нормативтік   актілердің   иерархиясын   және   әртүрлі   деңгейдегі
нормативтік  құқықтық  актілердің  ережелері  арасындағы   қиғаштықты   шешу
тәртібін  белгілейтін  нормаларынан  туындайды.  Сондықтан  сот  мемлекеттік
басқару органының немесе  жергілікті  өкілдік  және  атқарушы  органның  заң
актілеріне қайшы келетін заңсыз  актілерін  қолдану  керектігін  көре  түра,
нақты дауды қарағанда мұндай заңсыз актінің ережелерін қолдануға тиіс емес.
Сонымен  қатар,  меншік  құқығын  қорғаудьщ  міндеттемелік  тәсіліне  меншік
қүқыгын сол  заң  актілерінде  козделғен  негіздер  бойынша  қорғау  жатады,
мұндай қорғау осы  актіні  шығарудан  меншік  иесіне  келген  шығынды  толық
көлемде тікелей төлету арқылы жүзеге  асырылады.  Меншік  құқығын  қорғаудың
бұл  тәсілінің  ерекшелігі  сонда  -біріншіден,   шығынның   орнын   толтыру
жөніндегі міндеттеменің туындауына  заңды  әрекет  -  заң  актісін  қабылдау
негіз болады, екіншіден, мемлекеттік мшдетті түлга болады-  Заң  актілерінде
көзделген негіздер бойынша меншік  құқығы  тоқтағаннан  кейін  шығынды  өтеу
туралы туындаған дауларды сот шешеді, ол шығынды анықтау тәртібін,  шығынның
орнын  толтыру  тәртібі  мен  мерзімін  және   басқа   қажетті   мәселелерді
белгілейді, егер бұл мәселелер меншік құқығының тоқтауына негіз  болған  заң
актісінде, не осы мәселелерді  реттейтін  арнайы  заң  актісінде  анықталған
болмаса.
Талқылау сұрақтары:
1. Меншік құқығын және өзге заттық құқықтарды  корғаудың  азаматтық-күқыктық
тәсіддері ұғымы және жүйесі
2. Меншік құқығын қорғаудыц заттық-құқықтық тәсілдері.
3.  Меншік  құқығынан  озге  заттық  құқықтарды  қорғағаңда  меншік  құқығын
қорғаудың заттық-құқықтық тәсілдерін қолдану.
  4. Меншік құқығын және өзге  заттық  құқықтарды  қоргаудың  міндеттемелік-
құқыктык тәсілдері

                               ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР
1. Заңды тұлга ұғымы
2. Заңды тұлғаның пайда болуы және тоқтатылуы
3.    Заңды тұлғалардың түрлері.
Дәрістің  мақсаты  мен  міндеті:  заңды  тұлға  туралы  түсінік  және   оның
белгілерін анықтау. Заңды тұлғаның органдары. Филиалдар мен өкілдіктер  және
олардың  құқықтық  ерекшеліктері.  Заңды  тұлғаның  құрылу   және   таратылу
тәсілдері. Құрылтай құжаттары және  олардың  маңызы.  Заңды  тұлғаны  тіркеу
және оның тәртібі. Заңды тұлғаны тоқтату  және  қайта  құру.  Қайта  құрудың
түрлері. Заңды  тұлғаның  түрлері.  Коммерциялық,  коммерциялық  емес  заңды
тұлғалар. Коммерциялық ұйымдардың түрлері  мен  ерекшеліктері.  Коммерциялық
емес заңды тұлғалардың құқықтық ерекшеліктеріне сипаттама беру.


Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
  12. ҚР-ның Президентінің  «Шаруашылық  сріктестік»  туралы  заң  күші  бар
      Жарлығы. 2.05.1995.
  13. ҚР-ның  «Жауапкершілігі  шектелген  және  қосымша  жауапкершілігі  бар
      серіктестіктер» туралы Заңы. 22.04.1998.
  14. ҚР-ның «Акционерлік қоғам» туралы Заңы 10.07.98.
  15. ҚР  Президентінің  «Мемлекеттік  кәсіпорындар»  туралы  заң  күші  бар
      Жарлығы, 19.06.1995.
  16. ҚР-ның «Банкрто туралы» Заңы 21.01.97.
  17. ҚР Президентінің «Өндірістік кооператив» туралы Заң күші бар  Жарлығы.
      5.10.95.
  18. ҚР «Коммерциялық емес ұйымдр туралы» Заңы. 2000.
  19. ҚР «Тұтыну кооперативі туралы» Заңы. 2001.
  20. Ю.Г.Басин. Юридические лица. А., 1996.

1. Заңды тұлга ұғымы. Жеке тұлғалармен қатар, заңды тұлғалар  да  азаматтық-
құқықтық қатынастардың субъектілері бола алады (ҚР АК-ның 1-бабы).
Заңды тұлға  дегеніміз  —  бұл  мүліктік  қатынастардың  басқа  субъектілері
ұйымдастырған, қүрған және құқықтар  мен  міндеттер  берген  субъект.  Заңды
тұлғаның   құрылтайшылары   (құрушылары)    оны    мүліктік    қатынастардың
субъектілері ретінде өзінен  бөлу  мақсатында  құрады.  Мүліктік  азаматтық-
құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға  институтының  практикалық  маңыздылығы
мынада: ''заңды тұлға  құрылтайшыларының  өз  кәсіпкерлік  тәуекелін  өздері
үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар".
Құқықтық санат ретіңде заңды тұлғаның әдебиеттерде бір  мағыналы  анықтамасы
жоқ.
Кеңес мемлекеті өмір сүріп түрған кезеқде азаматтық құқық теориясында  заңды
тұлғалардың мәні туралы  алуан  түрлі  пікірлер  кең  таралғанды.  Негізінен
алғанда, заңды тұлғалар — мемлекеттік  кәсіпорындар  мен  мекемелер  зерттеу
объектісі болды, мұны экономикада  мемлекеттік  меншіктің  үстемдік  етуімен
түсіндіруге болатын еді.
Мемлекеттік  ұйымдарға  қатысты  алғанда,  заңды  тұлғаның   академик   А.В.
Венедиктов берген барынша толық  ұғымы  заң  әдебиеттеріне  "ұжым  теориясы"
деген атпен енді.
Қазіргі уақытта заңды тұлғаның мәні жөніндегі мәселе  ғалымдардың  теориялық
пікір таластарында соншама кең  таралмаған.  Әдебиеттерде  кездесетін  соңғы
пікірлердің ішінен заңды тұлғаның  "мақсатты  мүлік  ретіндегі"  анықтамасын
атап көрсетуге болады.  Е.А.  Сухановтың  пікірі  бойынша,  "...осы  заманғы
коммерциялық  практикада  азаматтық  немесе  сауда  (коммерция)   айналымына
қатысуға әдейі арналған дербестелген мүлік ретіндегі  заңды  тұлғаның  мәнін
түсіндіретін "мақсатты мүлік" теориясын қостайтын дәлелдер жеткілікті".
Шетелдерде заңды тұлғаға қатысты екі теория барынша кең  таралган  —  жалған
теория және шындық теориясы, бұларға ортақ  нәрсе  —  ұжымдық  құрылымдардың
құқық субъектілігін дәлелдеу.
Заңды тұлғаның жалған теориясы герман заңгері, XIX  ғ.  пайда  болған  құқық
тарихы мектебінің басшысы К.Ф. Савиньидің есімімен байланысты.  Ол  құқықтың
нақ субъектісі адам және тек  адам  болып  табылады  деп  тұжырымдады.  Оның
тұжырымдамасы мынаған негізделді: заңды  тұлға  дегеніміз  қарапайым  өтірік
арқылы  қолдан  жасалған  құқық  субъектісінен  басқа  ештеңе  емес,   құқық
субъектіліктің бірден-бір  мүмкін  болатын  иелері  —  жеке  тұлғалар  заңды
тұлғадағы құқықтык катынастардың нақты субъектілері болып қала береді.
Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, жалған теориядан туындайтын  заңды  тұлға
пайда болуының рүқсат  ету  тәртібі  және  арнайы  құқық  қабілеттілігі,  ең
алдымен,   мемлекеттің   пайда   табу   мақсаттарын   көздемейтін    адамдар
бірлестіктеріне бақылау жүргізілуін қамтамасыз етуге бағытталған болатын.
Жалған теория Англия мен АҚШ-та кең таралған.  Заңды  тұлғаның  өмір  сүруін
мойындау Англия мен АҚШ-та корпорация құқығының іргелі принципі  болды.  XIX
ғасырда жоғарғы судья Д.Маршаддың корпорацияга берген мынадай  кең  таралған
анықтамасы  АҚШ-тағы  теория  мен  практикада   мәлім   болды:   "Корпорация
дегеніміз — бұл көрінбейтін, сезілмейтін және заң жүзіңде ғана өмір  сүретін
жасанды қүрылым".
Шындық теориясы, немесе XIX ғ. герман заңгері Гиркенің  есімімен  байланысты
органикалық теория заңдытұлғаны мемлекеттін қалыпты тіршіпік етуіне  қажетті
құқықтың нақты өмір сүретін субъектісі ретіңде, әлде бір  әлеуметтік  шындық
ретінде мемлекеттен тәуелсіз өмір сүретін одақтас тұлға ретінде қарастырды.
Шын мәнінде,  Гирке  де  "нақты"  одақтас  тұлғаны  адамға  үқсас  құрастыра
отырып, Савиньи үстанған идеалистік үстанымды басшылыққа  алды.  Органикалық
теорияның қазіргі ізбасарлары  заңды  тұлғаны  құқык  тәртібі  құқықтар  мен
міндеттер берген мүдделердің оқшауланған бірлігі ретінде қарастырады.
Батыстағы құқықта  заңды  тұлғаны  азаматтық-құқықтық  қатынастардың  дербес
қатысушысы ретінде  әрекет  ететін  ұйым  немесе  мекеме  ретінде  түсінеді.
Дегенмен,  батыс  мемлекеттердің  азаматтык  заңдары  заңды  тұлғаға   мүлде
анықтама бермеуді артық көреді (ФРГ-де 1978 ж,  дейін  "заңды  тұлға"  деген
терминнің өзі болған емес, Италияның  Азаматтық  кодексінде  1942  ж.  заңды
тұлғалардың дәрежеленуі ғана берілген),  немесе  заң  шығарушылар  жалпылама
және өте қысқаша тұжырымдамалармен шектеледі. Мәселен, Швейцарияның 1907  ж.
Азаматтық Заңдар жинағының 52-бабы заңды тұлғаларды әлде бір  ерекше  мақсат
үшін бірлескен құрылымды,  дербес  мекемесі  бар  адамдар  құрамасы  ретінде
анықтайды.
Заңды  тұлғаның  барынша  толық   анықтамасын  Латын   Америкасы   елдерінің
азаматтық кодекстерінен табуға болады. Мысалы,  Чилидің  1865  ж.  азаматтық
кодексі заңды тұлға ұғымына мынадай тұжырымдама береді:  "Құқықтарды  жүзеге
асырып, азаматтық міндеттерді атқара алатын,  құқықтық  және  құқықтық  емес
қатынастарға түсе алатын ойдан шығарылған адам заңды тұлға болып  табылады".
Колумбияның, Сальвадордың, Эквадордың  азаматтық  кодекстерінде  де  осындай
анықтамалар бар.
Жоғарыда келтірілген  заң  практикасының  негізінде  заңды  тұлға  институты
азаматтық қүкықта басты орындардың бірін алады деп атап көрсетуге болады.
Заңды тұлға  институтын  заңды  тұлғалардың  құқық  қабілеттілігін,  олардың
ұйымдық-құқықтық нысандарын, заңды тұлғаларды қүру, қайта қүру  және  тарату
тәртібін белгілейтін нормалардың жиынтығы, азаматтық құқықтың  сала  тармағы
ретінде анықтауға болады.
Заңды тұлғаның жария анықтамасы ҚР  АК-ның  33-бабының  1-тармағыңда  баянды
етілген: "Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы  оқшау
мүлкі бар және сол мүлікпен өз  міндеттемелері  бойынша  жауап  беретін,  өз
атынан мүлікгік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге  ие  болып,
оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауалкер  бола  алатын  ұйым
заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс".
Заңды тұлғаның белгілері. Заңды тұлғаның анықтамасынан  кез  келген  ұйымның
заңдытұлға ретінде таныла бермейтінін көреміз. Ұйым заңды  тұлға  мәртебесін
алу үшін мынадай белгілердің жиынтығы болуы қажет:
ұйымдық бірлік;
мүліктік оқшауланушылық;
дербес мүліктік жауапкершілік;
азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету.
Ұйымдық бірлік. Азаматтық  кодекс  заңды  тұлғаны  ұйым  ретінде  анықтайды.
Индивидтердің жай ғана белгілі  бір  мөлшерін  емес,  өзара  әрекеттесу  мен
қызмет етудің белгілі бір ережелеріне бағынган  азаматтар  ұжымын  ұйым  деп
түсінеді.  Заңдытұлғаның  азаматтық-құқықтық  қатынастарда  біртүтас   тұлға
ретіндегі сыртқы еркін  білдіретін  әрекетін  көптеген  тұлғалардан  түратын
ұжымдық құрылым — заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп түсіну керек.
Сонымен бірге, ұйымдық бірлікті үдайы  көптеген  адамдардың  міндетті  түрде
қатысуына  әкеп  тіреуге  болмайды.  Соңғы   онжылдықта   көптеген   елдерде
капиталдың орталықтануы жағдайында бір ғана қатысушыдан (жеке  немесе  заңды
тұлғадан) тұратын заңды тұлғалар әдеттегі құбылысқа айналуда.  Мысалы,  ФРГ-
де    70-жылдардың    басына    қарай    42000    жауапкершілігі    шектеулі
серіктестіктердің  шамамен  9300-і,   яғни   22%-ы   бір   адамнан   түратын
компанияларға айналған. Германияда  бір  ғана  мүшеден  түратын  акционерлік
қоғамдар қүруға  (1968  ж.  10  мамырдағы  Заң)  және  бір  адамнан  түратын
жауапкершілігі шектеулі серіктестік қүруға (1980 ж. 4 мамырдағы Заң)  рүқсат
ететін заң актілері қабыдданған. Франция, АҚШ, Норвегия, Швеция,  Швейцария,
Дания, Англия секілді бірқатар еддердің  заңдарында  да  осындай  қүбылыстар
байқалады. Бұларда Франция мен АҚШ-пен  салыстырғаңда  бір  адамнан  тұратын
корпорациялар қүруға ресми түрде тыйым салынғанымен,  әдде  бір  оқиғалардың
нәтижесінде корпорацияның, компанияның  қалған  бір  мүшесіне  корпорацияның
борыштары бойынша шекгеусіз жауапкершілікгі жүктеу арқылы компанияны  жанама
жолмен тану  жүзеге  асырылады  Біздің  еліміздің  заңдары  бір  қатысушыдан
түратың заңды  тұлғаның  қызмет  етуіне  жол  берген  жоқ.  Қазіргі  АК  бір
қатысушыдан түратын заңды тұлғалар қүруға мүмкіндік беруді көздейді  (АК-ның
40, 58-баптары).
Заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі оның құрылтай құжаттарында  көрсетіледі.  АК-
ның 41-бабына сәйкес, заңды тұлғалар  өз  қызметін  жарғының  және  құрылтай
шартының  не  жарғысының  негізінде  жүзеге   асырады.   Жарғыны   кәсіпорын
құрылтайшысы (құрылтайшылары) бекітеді, ал  құрылтайшартын  —  құрылтайшылар
жасайды. Жарғыңа заңды тұлғаның атауы,  түрғылықты  жері,  нысанасы,  қызмет
мақсаты және басқа да қажетті  мағлүматтар  болуы  тиіс.  Жарғының  болуы  —
заңды тұлғаның — мемлекеттік кәсіпорынның қызмет етуінің міндетті шарты  (ҚР
АК-ның 103, 104-баптары).
Мүлікгік оқшауланушылық — заңды тұлғаның іргелі белгісі, бүдан  оның  дербес
мүліктік жауапкершілігі туады. Заңды тұлғаның мүліктік  оқшаулаушылығы  оған
мүліктің бекітіліп берілуінен, бұл мүлікке билік жүргізе  алуынан  көрінеді.
Ю.К. Толстой  "заңды  тұлғаның  белгісі,  бәрінен  бүрын,  оның  оқшауланған
мүлкінің  болуы  емес,   ұйымның  қызмет  етуінің  мүліктік   оқшауланушылық
секілді принципі, ал бұл екеуі бір нәрсе  емес"  деп  әділ  атап  көрсеткен.
Мәселен  заңды  тұлғаның  мүліктік  оқшауланушылығы  ол   тіркелген   сәттен
басталады (мысалы, АҚ  үшін  төленген  қаржы  (Акционерлік  қоғамдар  туралы
Заңның 11-бабын қараңыз).
Заңды тұлғалардың оқшаулану дәрежесі түрліше және  ол  осы  мүліке  мешшктің
түріне (мемлекеттік, жеке) байланысгы. Егер бұл мемлекелік кәсіпорын  болса,
онда  мүлік  оған  шаруашылық  жүргізу  немесе  оралымды  басқару  құқығымен
бекітіліп  беріледі  және  ол  осы  арқылы  басқа  кәсіпорындардың  мүлкінен
оқшауланады.
Өзін-өзі өтеу және дербес бухгалтерлік баланстың болуы —  заңды  тұлғалардың
мүліктік  оқшаулануының  көрінісі.  Заңды  тұлғаның  дербес  балансы  немесе
сметасы  болуға  тиіс  (АК-ның  33-бабының  1-тармағы).    Дербес   мүліктік
жауапкершілік заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығына сүйенеді. Бұл  белгі
АК-ның  44-бабыңда  былайша   көрініс   тапқан:   әрбір   заңды   тұлға   өз
міндеттемелері бойынша  дербес  азаматтық-құқықтық  жауапкершілік  атқарады,
тұлғаның борыштары бойынша оның  құрылтайшысы  (немесе  құрылтайшылары)  да.
мемлекет  те  жауап  бермейді.  Сонымен  бірге,  кейбір  жағдайларда   несие
берушілердің мүдделерін  қамтамасыз  ету  үшін  бұл  жалпы  ережеден  кейбір
ерекшеліктер  көзделген.  Мәселен,   қазыналық   кәсіпорындар,   мемлекеттік
мекемелер және несие беруішлердін борыштары бойынша өзінің  барлық  мүлкімен
емес, олардың қолында  бар  ақшасымен  ғана  жауап  беретін  мекемелер  үшін
ерекшеліктер белгіленген (ҚР АК-ның 207-бабын  қараңыз),  мысалы,  қазыналық
кәсіпорынның  ақшасы  жетіспейтін  жағдайда,  ҚР   Үкіметі   немесе   тиісті
жергілікті атқарушы орган оның  міндеттемелері  бойынша  ортақ  жауаптылықта
болады  (АК-ның  1998  ж.  16  желтоқсандағы  редакциясының  207-бабының  1-
тармағыңдағы 2-абзацты қараңыз).
Заңды тұлғаның банкроттыққа ұшырауы  оның  құрылтайшысының  немесе  мүліктің
меншік иесінің іс-әрекеттерінен  туындайтын  кезде  және  заңды  тұлғалардың
кейбір түрлері  құрылтайшыларының  олардың  борыштары  бойынша  субсидиарлық
ортақ жауаптылығы туатын жағдайларда  заңды  тұлғаның  жауап  беруінің  жеке
ережелері белгіленген (АК-ның 70, 84-баптары, 96-бабының  3-тармағы).  Бұған
қоса, заңды тұлғалар құрылтайшыларының (қатысушыларының)  олардың  борыштары
бойынша қосымша жауаптылыгы құрылтай құжаттарында көрсетілуі мүмкін  (АК-ның
44-бабының 2-тармағы).
Азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету, атап  айтқанда,  заңдытұлғаның  өз
атынан мүліктік және мүліктік  емес  өзіндік  құқықтарды  иелену,  міндеттер
атқару, сотта талапкер және жауапкер болу мүмкіндігінен де көрінеді.
Заңды тұлғаның атауы белгілі бір ұйымды  құқықтық  қатынастардың  субъектісі
деп тану үшін оны  даралаңдыру  және  нақтылаңдыру  құралы  болып  табылады.
Азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету
—     заңды тұлғаның басқа белгілерінен шыққан туынды болып табынады.
Мәселен, АК-ның 38-бабына сөйкес, заң шыгарушылар  заңды  түлганың  ұйымдық-
құқықтық нысанын  нақ  осыңцай  атаумен  байланыстырады.  Мысалы,  қазыналық
кәсіпорынның  фирмалық  атауыңда  кәсіпорынның  қазыналық  болып  табылатыны
көрсетілуге тиіс (АК-ның 104-бабының 4-тармағы).
Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды  тұлғаның  міндетті  түрде  фирмалық
атауы болуға тиіс. Мұнда заңды тұлғаның бөгде фирмалық  атауды  пайдаланғаны
үшін кінәлы субьектілерді материаддық жауагпылыққа тартуға дейінгі  фирмалық
атауды пайдалану ерекше құқығы бар. Басқа  тұлғалар  белгілі  бір  ақы  үшін
заңды тұлғаның  фирмалық атауын пайдалана алады.
Заңды тұлға фирмалық атаумен қатар, тауарлық белгі, қызмет  көрсету  белгісі
(сауда  маркасы)  секілді  дараландыру  қүралдарын  да  пайдалануы   мүмкін.
Тауарлык, белгі (қызмет көрсету белгісі) дегеніміз
—     бұл тіркелген ауызша, бейнелік, көлемдік  немесе  басқа  да  таңбалар,
олар бір шаруашылық жүргізуші субъектілердің  тауарларын  немесе  көрсететін
қызметін  басқа  шаруашылық  субъектілерінің  осы   тектес   тауарлары   мен
көрсететін қызметінен  айыруға  мүмкіңдік  береді  (1993  ж.  18  қаңтардағы
"Тауарлык белгілер, қызмет көрсету  белгілері  және  тауарлардың  шығарылған
орындарының атауы туралы" Заңның 4-бабы).  Заңды  тұлғанын  даралану  қүралы
ретіндегі тауарлық белгінің немесе қызмет көрсету белгісінің заңды  тұлғаның
өнімдерін түтынушылар үшін де, заңды тұлғаның өзі үшін  де  зор  практикалық
маңызы бар. Мысалы, өндірушіге сапасыз тауары үшін шағым  айтып,  талап  қою
үшін қайырылу қажет болатын жағдайда  тауарды  дайындаушыны  тауарлық  белгі
бойынша табу мүмкіндігі бар. Сонымен бірге, тауарлық белгі,  тауарлық  марка
белгілі тауардың өндірушісін айыру қүралы болып табылады.
Тауарлық белгіге теңестірілетін  қызмет  көрсету  белгісін  негізгі  міндеті
қызмет көрсету болатын заңды тұлғалар тіркеп отырады.
Тауардың шығарылған орнының атауы да заңды тұлғаны даралаңдыру қүралы  болып
саналады. Қасиеттері едәуір дәрежеде  табиғат  жағдайларына  немесе  олардың
шығарылатын жерлеріндегі  адам  факторларына  байланысты  болатын  өнімдерді
дайындайтын  ұйымдар  тауардың  шығатын   орнының   атауъш   тіркеуге   және
пайдалануға   құқылы  (мысалы,  Вологда   шілтері,   Дымково   ойыншықтары).
Тауарлык, белгіден өзгеше, тауардың  шығарылатын  орнының  атауын  пайдалану
құқығы айрықша құқық емес, оны сол жерде  осындай  тауар  дайындайтын  басқа
заңды тұлғалар да пайдалануы мүмкін.
Сонымен, заңды  тұлға  дегеніміз  —  бұл  меншігінде,  шаруашылықты  жүргізу
құқығында,   оралымды   басқаруында   оқшауланған   мүлкі   бар   және    өз
міндеттемелері  бойынша  осы  мүлкімен  дербес   жауап   беретін,   азамапык
айналымда өз атынан әрекет ететін ұйым.
Заңды тұлғаның органдары. Заңдар немесе құрылтай құжаттары  арқылы  құқықтың
басқа субъектілері алдында  арнайы  уәкілеттіксіз  (сенімхатсыз)  өз  атынан
әрекет етуге уәкілетсі  заңды  тұлғаның  адамдары  мен  ұжымдық  құрылымдары
заңды тұлғаның органдарына жатады.
Заңды тұлғаның органдары дара (директор, президент,  басқарушы)  не  ұжымдық
(алқалық)  болуы  мүмкін.  Мысалы,  жалпы  жиналыс,  басқарма,  диреісгорлар
кеңесі және т.с.с. ұжымдық органдарға жатады.
Заңды  тұлғалардын  органдарын  тағайындау,  сайлау  түрлері  мен  тәргібін,
олардың  өкілеттіктерін  заңды  тұлғалардың  жекелеген  түрлері  туралы  заң
актілері меи құрылтай құжаттары анықтайды.
Заңды тұлғаның органы мүліктік қатынастарда  дербес  субъект  ретінде  емес,
заңды тұлғаның атынан әрекет етеді. Заңды  тұлғалардың  құқық  кабілеттілігі
мен әрекет кабілеттілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап  бір
мезгілде пайда болатыңцықтан (АК-нын 42-бабының 3-тармағы),  заңды  тұлғалар
үшін бұл санаттарды ажыратудың маңызы жоқ.
Жалпы құқық қабіпеттілігі бар азаматтардан өзгеше, заңды тұлғалардын  арнайы
құқық қабілеттілігі болады.
Заңды  тұлғаның   азаматтық   құқықтары   және   өз   қызметіне   байланысты
қолданыстағы заңдарға сәйкес  (АК-ның  35-бабы)  және  жарғылық  міндеттерді
жүзеге асыру үшін құрылтай күжаттарына сәйкес міндеттері болуы мүмкін.
Азаматтық құқықтар мен міндеттер заңдық фактілердің негізінде пайда  болады.
Заңды тұлғалар үшін мұндай фактілер ең  алдымен  мәмілелер  болып  саналады.
Сондықтан заңды тұлғалардың  құқық  қабілетілігінің  мазмұнын  анықтауда  ең
алдымен заңды тұлға  жасауға  құқылы  мәмілелердің  ауқымы  назарда  болады.
Бүрынғы  заңдар   барлық   заңды   тұлғаларға   заңдарда   немесе   құрылтай
құжаттарында  көзделмеген  мәмілелерді,  яғни   жарғылық   мақсаттарға   сай
келмейтін  мәмілелерді  жасауға  тыйым  салатын.  Заңды  тұлғалардың   құқық
қабілеттілігі "рұқсат  етілгеннен  басқаның  бәріне  тыйым  салынған"  деген
принципте бейнеленді.
Нарықтық қатынастардың дамуы шаруашылық жүргізуші субъектілердің  қызметінде
икемділіктің болуын талап етті,  ал  заңды  тұлғалардың  тар  өрісті  арнайы
құқық қабілеттілігі бүгінгі күннің  шындығына  сай  келе  алмады.  Қазақстан
Республикасыньщ  жаңа  Азаматтық  кодексі  және  оған   сөйкес   қабылданған
нормативтік  құқықтық  актілер  заңды   тұлғалардың   құқық   қабілеттілігін
үлғайтты.
Алайда объективтік мағынада алғанда заңды тұлғаларға  қатысты  жалпы  немесе
әмбебап құқық қабілеттілік жайында  сөз  қозғауға  болмайды,  өйткені  заңды
тұлға дегеніміз — бұл белгілі бір максаттар үшін  қүрылатын  және  сондықтан
жарғылық  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  өзінің   құрылтайшысынан   нақты
құқықтар мен міндеттер алатын құқық  субъектісі  болып  табылады.  Сондықтан
кез келген  заңды  тұлғаның   құқық  қабілеттіліғі  арнайы  сипатта  болады.
Олардың  кейбіреуінің  күкық   қабілеттілігі   қатаң   шектелген,   құрылтай
құжаттарыңда   егжей-тегжейлі   көрсетілген.    Басқа    түрлерінің    құқық
қабілеттілігі  әмбебал  қабілеттілікке  барынша  жақындатылған.   Мүның   ең
алдымен, коммерциялык, заңды тұлғаларға қатысы  бар  (АК-ның  35-бабының  1-
тармағы). Олардың құқық қабілеттілігін "тыйым  салынганнан  басқаның  бәріне
рүқсат  етілген"   принципімен   бейнелеуге   болады.Алайда   кейбір   заңды
тұлғалардың, ең аддымен,  мемлекеттік  кәсіпорындардың  құқық  қабілеттілігі
арнайы сипатта болады. Мемлекеттік емес коммерциялық  заңды  тұлғалар  басым
болатын   кәсіпорындарға   қарағаңда,   шаруашылык   жүргізу   құқығы    бар
кәсіпорындардың құқық қабілеттілігі айтарлықтай шектеулі болады (АК-ның 200-
бабын,   Мемлекеттік   кәсіпорын   туралы   жарлықты   қараңыз).   Қазыналық
кәсіпорындар арнайы, ерекше мақсаттарды жүзеге асыру  үшін  тек  мемлекеттік
мүдделер  жолында  кызметтің  белгілі  бір  түрлерін   жүзеге   асыру   үшін
қүрылатындықтан, құқық қабілеттілігі тар  өрісті  арнайы  субъектілер  болып
табылады (Мемлекеттік кәсіпорындар туралы жарлықтың III тарауы).
Коммерциялық  емес  ұйымдардың  құқық  қабілеттілігі  туралы  мәселені  жеке
қарастыру керек. Олардың  құқық  қабілеттілігін  арнайы  құқық  қабілеттілік
ретінде сипаттау керектігі даусыз, өйткені  заң  мұндай  ұйымдардьщ  белгілі
бір — басқару, әлеуметтік, үйлестіру,  қайырымдылық  және  т.с.с.  мақсаттар
үшін құрылатынын айқын көздейді. Соңдықтан коммерциялық емес заңды  тұлғалар
өздерінің жарғыларында көзделғен  қызмет  түрлерімен  ғана  айналыса  алады.
Таяу  уақытқа  дейін  АК  мемлекеттік,  сондай-ақ   жеке   мекемелер   үпіін
кәсіпкерлік қызметтен  алынған  табыстарына  дербес  билік  ету  мүмкіндііін
көздеп келді (1994 ж. редакциядағы ҚР АК-ның 206-бабының  1-тармағындағы  2-
абзагды қараңыз). Енді,  табысқа  дербес  билік  ету  құқығын  баянды  еткен
норманы  АК-дан  шығарып   тастауға   байланысты   мекемелердің,   сондай-ақ
мемлекеттік мекемелердің арнайы құқық  қабілеттілігінің  бүрынғъщан  да  тар
өрісті сипаты жөнінде айтуға болады.
Белгілі  бір  ұйымдық-қүқыктық  нысанда  қүрылған  барлық  заңды  тұлғаларға
қолдануға болатын  құқық  қабілеттіліктің  жалпы  шекарасынан  басқа,  заңды
тұлғалардың кейбір түрлері  үшін  заң  олардың  қызметінің  мазмұнын  ескере
отырып, құқық қабілеттілігін  шектейді.  Мұндай  шектеу  белгілі  бір  заңды
тұлғаларға ғана қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға рүқсат беру  арқылы
жүргізіледі  немесе,  керісінше,  заңдарда  көрсетілген   заңды   тұлғаларға
қызметтің белгілі  бір  түрлерімен  айналысуға  тыйым  салу  жолымен  жүзеге
асырылады. Мысалы, Банктер және банк қызметі туралы жарлықтың  1-бабының  3-
тармағы банк ресми мәртебесін алмаған кез келген  заңды  тұлғаға  өзін  банк
деп атауға және банк қызметімен айналысуға тыйым салады.
Заңды тұлғалардын, кәсіпкерлік саласындағы құқық қабілеттілігі  белғілі  бір
қызмет түрлерін лицензиялау жүйесімен шектелуі мүмкін.
АК-ның 10-бабының 4-тармағында баянды етілгендей,  мемлекеттік  қауіпсіздік,
құқық тәртібін қамтамасыз ету, айналадағы  ортанът,  азаматтардың  меншігін,
өмірі  мен  денсаулыгын  қорғау  мақсатында  тауарлардың,  жұмыстың   немесе
қызметтің кейбір түрлерін өндіру мен  сату  мемлекеттік  лицензиялар  арқылы
жүзеге  асырылады.  Мұндай  тауарлардың,   жұмыстардың   және   көрсетілетін
қызметтің  тізбесі,   мемлекеттік   лицензияларды   беру   тәртібі   кейінгі
өзгертулер   мен   қосымшалар   қамтылған   Лицензиялау   туралы    жарлықта
белгіленген.
Кейбір қызмет түрлерін реттейтін заң актілерінде лицензияларды берудің  және
қайтарып  алудың,  оның  қолданылуын  тоқтатудың  өзге  негіздері  мен  өзге
тәртібі көзделуі мүмкін (қараңыз, мысалы, Мүнай туралы жарлық,  Жер  қойнауы
туралы жарлық).
Кейбір  қызмет  түрлерін  лицензиялау  қажетігі  заңды   тұлғалардың   құқық
қабілеттілігінің  пайда  болу  және  тоқтатылу  уақытын,  сондай-ақ  олардың
шекарасын анықтауды қажет етеді.
Заңды тұлғаның құқық  қабілеттілігі  ол  құрылған  кезде  пайда  болып,  оны
тарату  аяқталған  кезде  тоқтатылады.  Алайда  лицензиялауды  талап  ететін
әрекеттерді жасау құқығы мұндай құқық қабілеттіліктің мазмұнына кірмейді.
Аталған құқықтар  лицензияны  алғаннан  кейін  ғана  құқық  қабілеттілікттің
мазмұнына енгізіліп, оның шекарасын үлғайтады (қараңыз, мысалы, Жер  қойнауы
және  Жер  қойнауын  пайдалану  туралы  жарлық).   Лицензия   жарамсыз   деп
танылғанда, оның қолданыпуы тоқтатылғанда, кайтарылып алынғанда немесе  күші
жойылғанда заңды тұлганың  құқық  қабілеттілігінің  мазмұны  өзінің  бүрынғы
жалпы шекарасына қайтарынады.
2. Заңды тұлғаның пайда болуы және тоқтатылуы. Заңды  тұлғаның  пайда  болуы
(қүрылуы).  Заңды  тұлғаның  құрылтайшысы  -  меншік  иесінің  саналы-ерікті
қызметі заңды тұлғалар қүрылуының қажетті алғы шарты болып табылады.
Меншік иесінің белгілі бір  нысандағы  еркінсіз  заңды  тұлғалардың  қүрылуы
мүмкін емес. Осыған сәйкес заңды тұлғалар  қүрылуының  өкімдік,  рүқсат  ету
және нормативтік әдістерін бөліп көрсетуге болады.
Заңды  тұлғалар  құрылуының  өкімдік  тәртібі   оның   құрылтайшының   өкімі
негізінде пайда  болатынын  көрсетеді.  Мысалы,  мемлекеттік  мекемелер  мен
кәсіпорындар  осындай  әдіспен  қүрылады.  Мемлекеттік   мүлікті   басқаруға
уәкілетті органдар мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің  құрылтайшылары
болуы мүмкін (АК-ның 102-бабы).
Рүқсат ету тәртібінде заңды  тұлғаны  ұйымдастыру  үшін  қүзіретті  органның
алдын  ала  рүқсаты  талап   етіледі.   Бүрын   қолданылып   келген   заңдар
кооперативтер, әр түрлі қоғамдық бірлестіктер секілді ұйымдар  үшін  осындай
ұйымдастыру тәртібін көздеді.  Рүқсат  ету  тәртібінің  ерекшелігі  —  мұнда
заңды тұлғаны қүруға тыйым салынуы мүмкін.
Алайда заңды тұлғаны тіркеуге оны тиімсіз деген  желеумен  бас  тартуға  жол
берілмейді (АК-ның 42-бабының 5-тармағы). Заңды тұлғаны құрудың  нормативтік
тәртібі мемлекеттік  органдардың  әлде  бір  рүқсат  беруін  талап  етпейді.
Қазіргі уақытта мемлекеттік емес коммерциялық заңды  тұлғаларды  қүруда  осы
тәртіп қодданынуда.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол мемлекеттік:  тіркеуден  өткен  сәттен
бастап  пайда  болады.  Қандай  түрге  жататынына  қарамастан,  заңды  тұлға
міндетті түрде  тіркелуге  тиіс.  Оларды  тіркеу  тәртібі  Заңды  тұлғаларды
мемлекеттік тіркеу туралы жарлықта және осы жарлықтың негізінде  қабылданған
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы ережеде белгіленген.
Аталған заң актілерінде заңды тұлғаларды тіркеуге қажетті құжаттардың  толық
тізбесі  және  заңды  тұлғалардың  құрылтай  құжаттарын   қарау   мерзімдері
көрсетілген.
Тіркеу  кезінде  заңды  тұлғаларды  құрудың  тиімділігі  мәселелеріне  назар
аударылмайды, олардың өндірістік-шаруашылық қаржы  қызметіне  бақылау  жасау
және араласу мақсаты көзделмейді.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің қажеттігі мынада, ол:
заңды тұлғаның пайда болу фактісін растайды;
заңды тұлғаларды бірыңғай мемлекеттік тізілімге  тіркегеннен   кейін  барлық
заңды тұлғалардың мемлекеттік есебін жүрғізуге мүмкіндік береді;
жариялылық жағдайларын туғызады,  өйткені  кез  келген  мүдделі  адам  құпия
немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерден басқа заңды  тұлғаны
сипаттайтын барлық материалдармен тіркеуші органдар арқылы танысуға құқылы.
Шетелдіктер және шетелдік заңды тұлғалар мен  олардың  өкшдіктері  қатысатын
кәсіпорындарды тіркеудің ерекше  тәртібі  бар.  Мұндай  ұйымдар  тікелей  ҚР
Әділет министрлігінде тіркеледі.
Бұған қоса, заңдардың заңды тұлғаларды тіркеуге және кайта тіркеуге  түрліше
талаптар қоятынын да атап көрсету керек.
Әділет органдары жүзеге  асыратын  мемлекеттік  тіркеу  субъектілерге  заңды
тұлға  мәртебесін  беру  әдісі  болып  табылады.  Әділет  органдары  беретін
мемлекеттік  тіркеу  туралы  куәлік  субъектінің  заңды   тұлға   құқықтарын
иеленуінің ресми дәлелі болады.
Тіркеуден өтпеғен заңды тұлғаның, оның филиалының немесе өкілдігінің  қызмет
жүргізуіне тыйым салынады. Мемлекеттік тіркеуден өтпеген  қызметтен  алынған
табыс ҚР заңдарына сәйкес бюджет кірісіне алынады.
Қайта тіркеу заңды тұлғаның қүрылуын  емес,  қызмет  етіп  түрған  тіркелген
заңды тұлғаны қолданыстағы заңдардың талаптарына сәйкестендіруді  білдіреді.
АК-ның 42-бабының 6-тармағына сәйкес заңды тұлға мынадай  жағдайларда  қайта
тіркелуге  тиіс:  1)  акционерлік   қоғамның   жарғылык   капиталының   және
жарияланған жарғылық капиталының мөлшері азайғанда; 2) заңды тұлғаның  атауы
өзгергенде;  3)  шаруашылық  серіктестіктеріндегі  және  жабық   акционерлік
қоғамдардағы қатысушылардың құрамы өзгергенде және басқа негіздер бойынша.
Заңды тұлға қызметінің токтатылуы. Заңды тұлғаның қайта қүрылуы (АК-ның  45-
бабы) және таратылуы (АК-ның 49-бабы)  нәтижесінде  заңды  тұлғаның  қызметі
тоқтатылады.
Алайда заң бірқатар ұйымдардың қызметін уақытша тоқтату  яғни  тоқтата  туру
мүмкіндігін де көздейді, мысалы, жер қойнауын және  қоршаған  табиғи  ортаны
қорғау   заңдарының   талаптарын,   заңды   тұлғалардың   —   жер   қойнауын
пайдаланушылардың кауіпсіз жұмыс жүргізу  талаптарын  үдайы  немесе  өрескел
бұзатын жағдайларда жер қойнауын пайдалану қызметін жүзеге асыруға  берілген
лицензияның қолданылуын уақытша тоқтата түру мүмкіндігін де  көздейді.  (Жер
қойнауы туралы жарлықтың 38-бабының 1-тармағыңдағы 3-тармақшаны қараңыз).
Заңды тұлғаны қайта қүру оның мүлкінің меншік  иесінін  немесе  меншік  иесі
уәкілеттік  берген  органның,   құрылтайшылардың   (қатысушылардьщ)   шешімі
бойынша, сондай-ақ  заңды  тұлғаның  құрылтай  құжаттары  уәкілеттік  берген
органның  шешімімен,  немесе  заң  құжаттарында  көзделген  жағдайларда  сот
органдарының шешімі бойынша жүргізіледі.
АК-ның 45-бабының 1 - тармағы  бойынша  қайта  қүрудың  басқа  да  нысаңдары
көзделгеніне қарамастан, заң шығарушылар заңды тұлғаларды қайта қүрудың  бес
нысанын — қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту — атап көрсетеді.
Қосу кезіңде екі және одан да  көп  заңды  тұлғалардың  қызметі  тоқтатылын,
олардың негізінде бір  заңды  тұлға  қүрылады  да,  тіркеуден  өтеді.  Заңды
тұлғаларды  қосқан  кезде  олардың  әрқайсысының  мүліктік   құқықтары   мен
міндеттері өткізу актісіне сөйкес жаңадан пайда болған заңды  тұлғаға  өтеді
(АК-ның 46-бабының 1-тармағын қараңыз).
Өткізу актісі дегеніміз — бұл заңды тұлғаларды қосу, біріктіру және  өзгерту
кезінде жаңадан қүрылған заңды тұлғаға — құқық мирасқорына  өтетін  мүліктік
құқықтар мен мшдеттерді тіркейтін  құжат.  Өткізу  актісін  мүліктің  меншік
иесі бекітіп, тіркеу кезінде жаңадан құрылған заңды тұлғаға беруі тиіс  (АК-
ның 47-бабы).
Жаңадан қүрылған заңды тұлғаны  тіркеуден  өткізуде  тіркеуші  орган  өзінің
қызметін  тоқтатқан  заңды  тұлғаны  мемлекеттік  тізілімнен  шығарады,  бұл
жөнінде жаңадан күрылған заңды тұлғаны мемлекеттік  тіркеу  туралы  бұйрықта
сол мезгідде көрсетілуі тиіс.
Біріктіру  кезінде  бір  және  одан  да  көп   заңды   тұлғалардың   қызметі
тоқтатылады,  олардың  негізінде  жаңадан  пайда   болған   заңды   тұлғалар
ірілендіріледі, бұлар олардың құқық мирасқоры болып табылады.
Бөлу кезінде бір заңды тұлғаның қызметі тоқтатылады да, оның  негізінде  екі
және одан да көп заңды тұлғалар ұйымдастырылады.  Бөлінетін  заңды  тұлғаның
мүліктік құқықтары мен міндеттері бөлу  балансына  сәйкес  жаңадан  қүрылған
заңды тұлғаларға өтеді.
Бөліп шығару кезінде бір заңды тұлғаның  құрамынан  екі  және  одан  да  көп
заңды   тұлғалар   бөлінеді,   мүңда   бастапқы   заңды   тұлғаның   қызметі
тоқтатылмайды. Сондықтан бастапқы заңды тұлға  қайта  тіркеуден  өтуге  тиіс
(мүлкі  езгерген),  ал  бөлінген,  жаңадан  пайда  болған   заңды   тұлғалар
мемлекеттік тіркеуге жатады. Мүліктік  құқықтар  мен  міндеттердің  өтуі  де
бөлу балансымен рәсімделеді.
Бөлу балансы дегеніміз — бұл қайта қүрылатын заңды  тұлғаның  құқықтары  мен
міндеттерінің бөлу және бөліп шығару  кезінде  құқық  мирасқорлары  арасында
бөлінуін рәсімдейтін бухгалтерлік құжат. Бөлу балансын заңды тұлға  мүлкінің
меншік иесі немесе оны қайта құру туралы  шешім  қабылдаған  орган  бекітіп,
жаңадан қүрылған заңды тұлғаны тіркеу кезінде тапсыруы тиіс.
Тіркеу кезінде еткізу актісі мен бөлу  балансын  тапсыру  ең  алдымен  қайта
қүрынатын  заңды   тұлғалардың   несие   берушілерінің   мүдделерін   қорғау
мақсатында жүзеге асырылады. Соңдықтан  құрылтай  құжаттарымен  қоса  тиісті
откізу актісін және (немесе) өткізу  балансын  тапсырмау,  сондай-ақ  оларда
қайта құрылған  заңды  тұлғаның  міндеттемелері  бойынша  құқық  мирасқорлық
туралы ережелердің болмауы жаңадан қүрылатын  заңды  тұлғаларды  мемлекеттік
тіркеуден  бас  тартуға  әкеліп  соқтырады  (АК-ның  47-бабының  2~тармағы).
Сонымен қатар, заңды тұлғаны қайта қүру  кезінде  оның  несие  берушілерінің
құқықтарына кепілдікті қамтамасыз ету үшін міндетті түрде жүзеге  асырылатын
бірқатар шаралар  көзделеді.  Мәселен,  заңды  тұлға  мүлкінің  меншік  иесі
немесе оны қайта қүру  туралы  шешім  қабылдаған  орган  бұл  жөнінде  қайта
құрылатын заңды тұлғаның несие  берушілерін  жазбаша  түрде  хабардар  етуге
міндетті. Бөлу және бөліп шығару  кезінде  қайта  құрылатын  заңды  тұлғаның
несие берушісі осы заңды тұлға  борышқор  болып  табылатын  міндеттемелердің
мерзімінен бүрын тоқтатылуын және келтірілген залалдардың  орны  толтырылуын
талап етуге құқылы. Егер бөлу балансы қайта құрылған  заңды  тұлғаның  құқық
мирасқорын  анықтауға  мүмкіндік  бермесе,  жаңадан   пайда   болған   заңды
тұлғалар, сондай-ақ құрамынан басқа заңдытұлға бөлініп  шыққан  заңды  тұлға
қайта  қүрылған   заңды   тұлғаның   міндеттемелері   бойынша   оның   несие
берушілерінің алдында ортақ жауапты болады (АК-ның 48-бабы).
Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдардың  ерекшеліктері  ескеріле  отырып
жүзеге асырылатын жинақтаушы зейнетақы қоры  —  заңды  тұлғасын  қайта  құру
туралы АК-да бөлек сөз болады (АК-ның 45-бабының 2-тармағы).
Заңды тұлғаны қайта құру ерікті түрде немесе  ықтиярсыз  жүргізілуі  мүмкін.
(АК-ның 45-бабының  2-тармағы).  Заңды  тұлғаны  ықтиярсыз  қайта  қүру  сот
органдарының шешімімен және заң құжаттарында  көзделген  жағдайларда  жүзеге
асырылуы мүмкін. Ықтиярсыз қайта қүру тек бөлу, бөліп шығару немесе  өзгерту
нысанында ғана  жүзеге  асырылады.  Ол  монополияға  қарсы  заңдар  бұзылған
кезде; банкропық жағдайында; заңды тұлғалардың  кейбір  түрлеріне  қойылатын
заңның талаптары бұзылғанда және  басқа  да  кейбір  жағдайларда  жүргізілуі
мүмкін.
Ерікті түрде қайта қүру  шаруашылық  серіктестіктің,  акционерлік  қоғамның,
өндірістік кооператив  қатысушыларының  (құрылтайшыларының)  шешімі  бойынша
қолданыстағы заңдарға сәйкес және осы заңды тұлғалардың  құрылтай  құжаттары
бойынша жүргізілуі мүмкін.
Мемлекеттік  заңды  тұлғалардың  қайта  қүрылуын  ерекше  атап  өту   керек.
Республикалық мемлекеттік  кәсіпорынды  қайта  құру   ҚР  Үкіметінің  шешімі
бойъшша, ал коммуналдық  кәсіпорынды  қайта  құру  —   жергілікті  әкімшілік
басшысының шешімі бойынша жүргізіледі.
Кәсіпорынды  қайта  қүруды  уәкілетті  орган  жүзеге  асырады   (Мемлекеттік
кәсіпорын    туралы    жарлықтың    16-бабының    1-тармағы).    Мемлекеттік
кәсіпорындарға қатысты  мемлекеттіх  меншік  құқығы  субъектісінің  қызметін
жүзеге асыратын уәкілетті орғандар, яғни мемлекеттік
органдар республикалық кәсіпорындар үшін министрліктер, мемлекеттік
комитеттер, ведомстволар және өзге де осыған ҚР  Үкіметі  уәкілеттік  берген
мемлекеттік органдар, ал коммуналдық кәсіпорындар үшін —  осыған  жергілікті
әкімшілік басшысы  уәкілеттік  берген  жергілікті  атқару   органдары  болъш
табылады.
Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын  және
мемлекеттік мекеме біріне-бірі айнала алады.
Мемлекеттік  кәсіпорын   туралы   жарлықтың   45-бабы   шаруашылық   жүргізу
құқығындағы кәсіпорынның қазыналық кәсіпорынға  айналуын  тікелей  көздейді.
Шаруашылық  жүргізу   құқығындагы   республикалық   кәсіпорынның   қазыналық
кәсіпорынға айналуы уәкілетті органның үсынысымен, ҚР  Қаржы  министрлігінің
келісімі арқылы, ҚР Үкіметінің шешімі бойынша, ал коммуналдық  кәсіпорыннын;
өзгеруі
—     уәкілетті орғанның үсынысымен, ҚР  Қаржы  министрілігінің   жергілікті
органының келісімі арқылы, жергілікті әкімшілік  басшысының  шешімі  бойынша
жүргізіледі. Шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынды  өзгерту  және  оның
негізінде  қазыналық  кәсіпорын  қүру  туралы  шешім   мынадай   жағдайларда
міндетті болып табылады:
1)    шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынға бөлінген
мүлікті және ақшаны мақсатсыз пайдалануда;
соңғы екі жылдың қорытындысы бойынша пайда түспегенде;
негізгі  қорларға  Мемлекеттік   кәсіпорын   туралы   жарлықта   белгіленген
ережелерді бұза отырып, билік етуде (Мемлекеттік кәсіпорын туралы  жарлықтың
25-бабының 1-тармағы).
Мемлекеттік заңды тұлғаны жеке тұлғаға айналдыру тек  жекешелендіру  процесі
арқылы жүзеге  асырылады.  Мемлекеттік  заңдытұлғаны  жекешелендіру  процесі
жекешелендіру  туралы  заңдарда   белгіленген   негіздерде   және   тәртіпте
жүргізіледі.
Қайта қүру  (қосу,  біріктіру  немесе  бөлу)  нәтижесінде  өзінің  қыз-метін
тоқтатқан заңды  тұлғаларды  мемлекеттік  тізілімнен  шығару  заңды  тұлғаны
таратуға арналған АК-ның 50-бабында көзделген  рәсімдердің  сақталуын  талап
етпеді.
Заңды тұлғаны тарату дегеніміз  —  бұл  оны  заңды  тұлғалардың  мемлекеттік
тізілімінен шығару жолымен заңды тұлғаның (құқық  қабілеттілігі  мен  әрекет
қабілеттілігін тоқтату.  Заңды  тұлғаны  тарату  кезінде  құқық  мирасқорлық
заңды тұлғаны қайта қүрудағыдай сақталмаңцы.
Заңды тұлғаны тарату ерікті  және  ықтиярсыз  болуы  мүмкін.  Заңды  тұлғаны
ерікті тәртіппен тарату оньтң мүлкінің меншік  иесінің  немесе  меншік  иесі
уәкілеттік берген органның  шешімі  бойынша,  сондай-ақ  қүрынтай  күжаттары
уәкілдік берген заңды тұлға органының шешімімен кез келген негіздер  бойынша
жүргізіледі.  Мәселен,  республикалық  мемлекеттік  кәсіпорынды  тарату   ҚР
Үюметінің шешімі бойынша, ал коммуналдық  кәсіпорынды  тарату  —  жергілікті
әкімшіліх  басшысының  шешімі  бойынша  жүргізіледі  (Мемлекеттік  кәсіпорын
туралы жарлықтың 16-бабының  1-тармағының  1-абзацы).  Акционерлік  қоғамды,
жауапкершілігі    шектеулі    серіктестікті,     қосымша     жауапкершілікті
серіктестікті,  және  өндірістік  кооперативті  ерікті  түрде  тарату   оның
органдарының шешімі бойынша заңды тұлғаны таратудың мысалы бола  алады  (АК-
ның 79-бабының 2-тармағының 4-тармаьцпасы; 84-бабының 3-тармағы;  92-бабының
2-тармағының  8-тармақшасы;  99-бабының  3-тармағының  5-тармақшасы).  Заңды
тұлғалардың аталған түрлерін  ерікіі  түрде  тарату  оларға  қатысуідылардың
жалпы жиналысыньщ шешімімен ғана жүргізіледі.
Толык және сенім серіктестіктерін ерікті түрде  тарату,  сондай-ақ  қоғамдық
бірлестіктерді тарату оларға қатысушылардың жалпы  жішалысының  немесе  олар
уәкілеттік берген органның, сондай-ақ құрылтай құжаттары  осыған  уәкілеттік
берген заңды тұлғанын тиісті органының шешімі бойынша жүргізіледі.
Мекемені тарату  мүліктің  меншік  иесінің  (АК-ның  204-бабының  1-тармағы)
немесе  егер  мемлекеттік  мекеме  таратылатын   болса,   тиісгі   уәкілетті
мемлекеттік органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Заңдытұлғалардың кейбір түрлерін  тарату  ерекшеліктері  осы  түрлер  туралы
нормативтік құқықтық  актілерде  көзделеді,  мысалы,  жинақ-таушы  зейнетақы
қорын  тарату  зейнетакымен  қамсыздандыру  туралы  заңдардың  ерешеліктерін
ескере отырып жүзеге асырылады.
Заңды тұлғаларды ықтиярсыз тарату соттың шешімімен жүргізіледі.
АК-ньщ 49-бабының 2-тармағына сәйкес, соттың шешімі бойынша заңды тұлға;
банкрот болған;
заңды тұлғаны қүру кезінде заңдардың түзеіуге келмейтін  сипатта   бүзылуына
жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған;
заңды тұлғаның жарғылық  мақсаттарына  кайшы  келетін  қызмет  үнемі  жүзеге
асырылған;
тиісті рүқсат алынбаған (лицензиясыз) қызметті  не  заң  құжаттарында  тыйым
саяынған қызметті жүзеге асырған не қызмеіін  заңдарды  бірнеше  рет  немесе
өрескел бұза отырып жүргізген жағдайларда;
заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.
Сонымен, заңды тұлғаларды ықтиярсыз тарату негіздерінің тізбесі толық емес.
Уәкілетті орган, мысалы, монополияға қарсы комитет заңды  тұлғаны  ықтиярсыз
тарату жөніндегі талаппен  сотқа  қайырыла  алады,  оған  мұндай  талап  қою
құқығын заң актілері берген, ал банкроттык, жағдайында несие  иелері  берген
(АК-ның 49-бабының 3-тармағы).
Заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны  тарату  туралы  шешім
қабылдаған орган  бұл  туралы  заңды  тұлғаларды  тіркеуді  жүзеге  асыратын
әділет  органына  дереу  жазбаша  түрде  хабарлауға  міндетті.  Олар  тарату
комиссиясының мүшелерін бекітеді АК-ға сәйкес тарату  тәртібі  мен  мерзімін
белгілейді (АК-ның 50-бабының 1, 2-тармақтары).
Заңды  тұлғаның  мүлкін  меншіктенуші  немесе  оны   тарату   туралы   шешім
қабылдаған орган тағайындайтын тарату комиссиясы заңды  тұлғаның  мүлкі  мен
істерін басқару  жөнінде  өкілеттік  қабьылдайды,  сотта  таратылатын  заңды
тұлғаның атынан әрекет етеді.
ҚР Әділет министрлігінің ресми басылымдарында  заңды  тұлғаны  тарату,  оның
несие  берушілерінің  талаптарын  білдіру   тәргібі   мен   мерзімі,   несие
берушілерді, сондай-ақ заңды тұлғаның  борышқорларын  анықтау  және  олардан
берешекті  алу  шараларын  қабылдау  туралы  материалдар   жариялау   тарату
комиссиясының  міндеттеріне  жатады.  Тарату  комиссиясы  осындай  мақсатпен
таратылатын кәсіпорынның борышқорларына  талаптар  қояды,  ол  орындалмайтын
жағдайда — сотқа талап қояды. Несие берушілердің  талаптарын  қанағаттандыру
үшін ақша жетіспейтін жағдайда тарату комиссиясы таратылатын заңды  тұлғаның
мүлкін сатумен айналысады.  Бұл  ереже  мекемелерге  таралмайды.  Мекемелер,
мемлекеттік мекемелер өздерінің қолында бар ақшамен ғана  жауап  береді,  ал
олар жетіспейтін реттерде —  міндеттемелер  бойынша  жауапкершілік  Үкіметке
немесе жергілікті атқару органына жүктеледі. Мемлекеттік  мекемелер  шарттық
міндеттемелер бойынша заңдарға сәйкес мемлекеттік мекемені  үстауға  арналып
бекітілген сметаның шегінде жауап береді (АК-ның 44-бабының 1-тармағы).
Талап қою өтініштерін беру  мерзімі  заңды  тұлғаны  тарату  туралы  мәлімет
жарияланған сәттен бастап екі айдан кем болмауы тиіс. Бұл мерзім  өткен  соң
тарату комиссиясы аралық тарату балансын  жасайды,  онда  таратылатын  заңды
тұлға мүлкінің құрамы туралы мәліметтер, несие берушілер койған  талаптардың
тізбесі және оларды қараудың нәтижелері көрсетіледі. Аралық тарату  балансын
мүліктін меншік иесі  немесе  оны  тарату  жөнінде  шешім  қабыддаған  орган
бекітеді.
Заңды тұлға банкрот болатын жағдайда  оны  таратудың  біраз  өзгеше  тәртібі
қодданылады.
Банкроттық — борышкердің  соттың  шешімімен  танылған,  оны  таратуға  негіз
болып  табылатын   дәрменсіздігі   (АК-ның   52-бабы).   Заңды   тұлғалардың
банкроттығын жүзеге асыру продесі 1997 ж. 27  қаңтардағы  Банкроттық  туралы
заңда толық баяндалған.  Алайда  заңды  тұлғалардың  барлық  түрлері  бірдей
банкрот   процесіне   үшыратуға   жатпайды.   Атап    айтқанда,    қазыналық
кәсіпорындарға, мекемелерге, мемлекеттік  мекемелерге  банкроттық  институты
қолданылмайды, өйткені бұл заңды тұлғаларда  несие  берушілердің  талаптарын
қанағаттаңдыру үшін ақшасы  жетіспейтін  жағдайларда  мүліктің  меншік  иесі
ортақ жауапты болады.
Заңды түлта таратылған кезде оның несие берушілерінің талаптары, АК-ның  51-
бабында көзделгеніндей, мынадай кезек бойынша қанағаттандырылады:
бірінші кезекте — таратылатын заңды тұлға өміріне немесе деңсаулығына  залал
келтіргені  ушін  жауапты  болған   азамапың   талаптары   тиісті   мерзімді
төлемдерді капиталға айналдыру жолымен қанағаттандырылады;
екінші  кезекте  -  несие  берушілердің  қамтамасыз   ету   сомасы   шегінде
таратылатын   банкроттың   мүлкін   кепілге   салып,   қамтамасыз    етілген
міндеттемелері жөніндегі талаптары қанағаттандырылады;
үшінші кезекте — еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне  ақы
төлеу және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі  есеп  айырысу
жүргізіледі;
төртінші кезекте — бюджетке және бюджеттен  тыс  қорларға  міндетті  төлмдер
жөніндегі берешек өтеледі;
бесінші кезекте- заң құжаттарына сәйкес басқа  да  несие  берушілермен  есеп
айрылысады.
Әрбір кезектің талаптары алдыңғы  кезектің  талаптары  толығымен  орындалған
соң қанағаттандырылады.
Заңды тұлғаның  несие  берушілердің  талаптары  қанағаттандырынғаннан  кейін
қалған мүлкі,  егер  заңдарда  немесе  заңды  тұлғаның  құжаттарында  өзгеше
көзделмесе, оның  бұл  мүлікке  заттық  құқықтары  бар  немесе  заңды  тұлға
жөнінде міндеттемелік құқықтары бар меншік  иесіне  немесе  құрылтайшыларына
(қатысушыларына) беріледі  (АК-ның  51-бабыың  5-тармағы).  Мысалы  қоғамдық
бірлестіктерді, қоғамдық қорларды және діни  бірлестіктерді  тарату  кезінде
борыштарын  төлеуден  кейін  қалған   мүлік   заңды   тұлғаның   мүшелеріне,
қатысушыларына,  құрылтайшыларына,  ұйымдастырушыларына  өтпестен,   жарғыда
көрсетілген мақсаттарға жүмсалады (АК-ның 36-бабының 4-тармағы,  126-бабының
7-тармағы, 107-бабының 8-тармағы).
Таратылған  заңды  тұлға  мүлкінің  жеткіліксіз  болуына  байланысты   несие
берушілердің  қанағаттаңдырылмаған,  сондай-ақ  тарату  балансын  бекіткенге
дейін мәлімделмеген талатттары өтелген деп  есептеледі.  Егер  несие  беруші
сотқа  жүгінбесе,  несие   берушілердің   тарату   комиссиясы   мойындамаған
талаптары да, сот шешімімен несие берушіге қанағаттандырудан  бас  тартылған
талаптар да өтелген деп есептеледі (АК-ның 51-бабының 6-тармағы).
Заңды тұлғалардың мемлекеттік  тізіліміне  тиісті  жазба  жасалғаннан  кейін
заңды тұлғаның таратылуы аяқталады, ал заңды тұлғаның өмір сүруі  тоқтатылды
деп есептеледі (АК-ның 50-бабының 10-тармағы).
3. Заңды  тұлғалардың  түрлері.  АК  нормаларына  сәйкес  заңды  тұлғалардың
түрлері мынадай негіздер бойынша жіктеледі:
заңды   тұлғаларға   немесе   олардың   мүлкіне   қатысты   құрылтайшылардың
(қатысушылардың) құқықтары;
заңды тұлғалар қызметінің максаттары;
заңды тұлғаның мүлкі негізделетін меншік нысаны.
Заңды тұлғаның  оқшау  мүлкіне  қатысты  оның  құрылтайшылары  міндеттемелік
немесе заттық құқықтарын сақтауы мүмкін.
ҚР  АК-ның  36-бабына  сәйкес,  қатысушылар  оларға  қатысты   міндеттемелік
құқықтарын  сақтайтын  заңды  тұлғаларға  акционерлік  қоғамдар,  шаруашылық
серіктестіктер және кооперативтер жатады.
Өздерінің құрылтайшылары олардың  мүлкіне  меншік  құқығын  немесе  өзге  де
заттық  құқығын  сақтайтын  заңды  тұлғаларға  шаруашылық  жүргізу  құқығына
негізделген мемлекеттік   кәсіпорындар  және  оралымды  басқару  құқығындағы
мүлкі бар қазыналық кәсіпорындар, оның ішінде еншілес кәсіпорындар,  сондай-
ақ құрылтайшы қаржыландыратын мекемелер және мемлекеттік мекемелер жатады.
Қоғамдық ұйымдар, діни ұйымдар, қайырымдылық және  өзге  де  қорлар  олардың
құрылтайшы  қатысушыларының  ешқандай  мүліктік  құқықтары  болмайтын  заңды
тұлғаларға жатады.
Қызмет ету мақсаттарына қарай  заңды  тұлғаларды  жіктеу  АК-ның  34-бабының
негізінде коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар бойынша жүргізіледі.
Өз  қызметінін  негізгі  мақсаты  табыс  келтіруді  коздейтін  заңды   тұлға
коммерциялық ұйымға жатады. Мұндай мақсатты көздемейтін  және  алынған  таза
табысын  қатысушыларына  үлестірмейтін  ұйым  коммерциялық  емес  ұйым   деп
есептеледі.
Заңдарда  көзделген  жағдайларда  коммерциялық  ұйымдық-құқықтық   нысаңдағы
коммерциялық емес заңды тұлғаны қүруға рүқсат етіледі, мысалы, қор  биржасы,
зейнетақы  қоры  акционерлік  қоғам  турінде   қүрылуы   мүмкін.   Сондықтан
коммерциялық және коммерциялық емес  ұйымды  ажыратудың  өлшемі  заңда  және
құрылтай   құжаттарында    белғіленген    "заңды    тұлғаның    қатысушылары
(құрылтайшылары) арасында таза  табысты  бөлудің  мүмкіндігі  немесе  мүмкін
еместігі" болуы тиіс. Егер заңның күшіне немесе құрылтай құжаттарына  сәйкес
заңды тұлға алынған таза табысты қатысушылар  арасында  бөлуге  (дивидендтер
төлеуге) құқылы болса, онда оны коммерциялық ұйымға жатқызу қажет,  өйтпеген
жағдайда — бұл коммерциялық емес ұйым болады.
Бұл  коммерциялық  және  коммерциялық  емес  ұйымдарды  ажыратудың   негізгі
өлшемі. Сонымен бірге, коммерциялық емес  заңды  тұлғаларға  ортақ  нәрсе  —
олар, негізінен алғанда, коммерциялық емес  сипаттағы  басқару,  әлеуметтік-
мәдени немесе  өзге  де  қызметтерді  жүзеге  асыру  үшін  құрылады  (АК-ның
105,107,109-баптары).   Сонымен   қатар,   заңдар   кәсіпкерлік    қызметпен
айналысуға, яғни коммерциялық емес  ұйымдар  үшін  де  пайда  табуға  рүқсат
етеді (қараңыз, мысалы АК-ның 108-бабы). Осы себепті біз  коммерциялық  емес
ұйымның мынадай анықтамасын ұсынамыз: коммерциялық  емес  ұйым  дегеніміз  —
бұл өзінің қызметінен табыс алу мақсаттарын көздемейтін  және  алынған  таза
табысты өзінің қатысушылары  арасында  үлестірмейтін,  басқару,  әлеуметтік-
мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қыз-меттерді жүзеге  асыру
үшін құрылған заңды тұлға.
Коммерциялық ұйымдар акционерлік қоғам, шаруашылық  серіктесгік,  өңцірістік
кооператив, мемлекеттік кәсіпорын нысанында құрылуы мүмкін.
Мекемелер, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық  қорлар,  қоғамдық  бірлестіктер,
діни  бірлестіктер,  түтынушылар  кооперативтері,  қауымдастыктар  (одақтар)
нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестіктері заңды  тұлғалардың  коммерциялық
емес түрлеріне жатады.
Кейде заңда заңды тұлғаның кейбір түрі үшін  белгілі  бір  нысан  көзделеді.
Мәселен, заңның талаптарына сәйкес коммерциялық емес  ұйым  болып  табынатын
және  мемлекеттік  бюджеттің  есебінен  ғана  үсталатын  заңды   тұлға   тек
мемлекеттік  мекеме  нысанында  қүрылуы  мүмкін  (АК-ның   34-бабының   3-1-
тармағы).
Заң қауымдастықтар және одақтар  (АК-ның  110-бабы)  нысанында  коммеріщялық
және коммерциялық емес ұйымдар бірлесгікгерін қүруға жол береді (АК-ның 120-
бабы). Қауымдастық (одақ) коммерциялық емес ұйым болып табылады (АК-ның 120-
бабының 3-тармағы) және коммерциялық заңды тұлғалардың кәсіпкерлік  қызметін
үйлестіру мақсатында, сондай-ақ олардың  ортақ  мүліктік  мүдделерін  қорғау
үшін қүрылады.  Қауымдастықтың  құрамына  кірген  заңды  тұлғалар  өздерінің
дербестігін сақтайды.
Мынадай маңызды фактіні атап өткен жөн: заң шығарушылар  коммерциялық  заңды
тұлғалардың   ұйымдық-құқықтық   нысандарыньщ   тізбесіне   шектеу   қойған.
Соңдықтан  ҚР  Жоғарғы  Кеңесінің   "Қазақстан   Республикасының   Азаматтық
кодексін (Жалпы бөлім) қолданысқа енгізу туралы" 1994  ж.  27  желтоқсаңдағы
Қаулысы бойышпа Азаматтық кодекс (Жалпы  бөлім)  ресми  түрде  жарияланғанға
дейін ұйымдық-құқықтық нысанда ұйымдастырылған,  Азаматтық  кодексте  (Жалпы
бөлім)  көзделмеген  заңды  тұлғалар  1998  ж.  1  қаңгарғадейіғігіАзаматтық
кодексте (Жалпы бөлім) көзделген ұйымдық-құқықтық  нысанға  өзгертілуі  тиіс
деп белгіленген.
Заңды тұлғаның мүлкі  негізделетін  меншік  нысанына  қарай  заңды  тұлғалар
мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлгаларға бөлінеді.
Мүлкі үлестерге немесе акцияларға бөлінбеген  және  біртүтас  мүлік  ретінде
толығымен мемлекет меншігіне жататын заңды тұлғаларды  (кәсіпорындарды  және
мекемелерді) ғана мемлекеттік заңды тұлғалар деп түсіну керек  (АК-ның  102-
бабы).
"Мемлекеттік  заңды  тұлғалар  мәселесі  бойынша  Қазақстан  Республикасының
кейбір заң актіперіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 ж.  16
желтоқсандағы  заң  АК-ға  мемлекеттік  мекеменің   мынадай   ұғымыненіізді:
"Коммерциялық емес ұйым болынтабылатъш және мемлекеттік  бюджеттің  есебінеН
ғана үсталатын заңды тұлға тек  қана  мемлекепік  мекеме  нысанында  қүрылуы
мүмкін" (АК-ның 34-бабының 3—1-тармағы).
Заңды тұлғаға мемлекеттік бюджеттен  белгілі  бір  қаражат,  ақша  бөлінеді.
Ақша дегеніміз - бұл мүлік түрлерінің бірі (АК-ның 115-бабы).
Сондықтан мемлекеттік заңды тұлғаны құрылтайшысы уәкілетті  орган  түріңцегі
мемлекет болатын және мүлкі бірден-бір  меншік  иесі  -  мемлекетке  жататын
заңды тұлға ретінде анықтауға болады.
Заңды  тұлғалардың  келесі  түрлері  ретінде  еншілес  және  тәуелді   заңды
тұлғаларды атауға болады.
Жарғылық капиталының (шығарылған жарғылық капиталының) басым  бөлігін  басқа
заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған  шартқа  сәйкес  (не
өзгедей түрде) негізгі ұйым  осы  ұйымның  кабылдайтын  шешімдерін  айқындай
алатъш завды тұлға еншілес ұйым деп танылады (АК-ның 94-бабының 1-тармағы).
Басқа  мемлекеттік  кәсіпорын  өзінің  мүлкі  есебінен  құрған  заңды  тұлға
еншілес мемлекеттік кәсіпорын болып табылады (Мемлекеттік  кәсіпорын  туралы
жарлықтың 46-бабы).
Егер акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының жиырма  пайыздан  астамы
басқа (қатысушы, басымырақ) заңды тұлғаныкы болса, ол  тәуелді  заңды  тұлға
болып табылады (АК-ның 95-бабы).
Еншілес және тәуелді тұлғалар құқықтың дербес субъектілері  болып  саналады,
азаматтық айналымда өз атынан әрекет етеді және  өз  міндеттемелері  бойынша
дербес  жауапты  болады,  бірақ  негізгі  заңды  тұлғалар  арнайы   құқықтық
тетіктер арқылы  еншілес  және  тәуелді  заңды  тұлғалардың  олардың  қызмет
сипатына ықпал ететін шешімдер қабылдауына түрткі бола алады (АК-ның  94-95-
баптарын, Мемлекеттік кәспорын  туралы  жарлықтың  46—49-баптарын  қараңыз).
Тәуелді және еншілес заңды тұлғалар  ережелерінің  ерекшеліктері  шаруашылық
серіктестіктер туралы заң құжаттарымен, Мемлекеттік кәсіпорын туралы  заңмен
және Бәсекені дамыту туралы және монополиялық қызметті шектеу туралы  заңмен
айқындалады.

Талқылау сұрақтары:
1. Заңды тұлга ұғымы
2. Заңды тұлғаның пайда болуы және тоқтатылуы
3.    Заңды тұлғалардың түрлері.

                                  Мәмлелер
1. Мәмлелер ұғымы және мәмленің түрлері
2.Мәмленің нысаны және оның маңызы
3. Жарамсыз мәмле және оның салдары.
    Дәрістің мақсаты мен міндеті: мұғымы  және  олардың  түрлерін  анықтау,
сипаттама  беру.  Біржақты,  екіжақты  және   көпжақты   мәмілелер.   Шартты
мәмілелер. Мәміленің нысаны.  Ауызша  және  жазбаша  мәмілелер.  Мәмілелерді
тіркеу тәртібін қарастыру.
    Мәмілелерің  жарамды  болу  шарттары.  Мәміленің  жай  жазбаша  нысанын
сақтамаудың салдары. Жарамсыз мәмілелер.  Жарамсыз  мәмілелердің  негіздері.
Биржалық мәмілелердің ерекшеліктеріне жеке сипаттама беру.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
   4. ҚР Азаматтық кодексі, 2007.
   5. «Жылжымайтын мүліктерді  мемлекеттік  тіркеу  және  олармен  жасалатын
      мәмілелер туралы»  ҚР Заңы
   6. Басин Ю.Г. Сделки. А., 1996.

1. Мәмлелер ұғымы және мәмленің түрлері
   АК-ның 147-бабына  сәйкес,  азаматтар  мен  заңды  тұлғалардың  азаматтық
құқықтары мен міндеттерін белгілеуге өзгертуге немесе тоқтатуға  бағытталған
әрекеттері мәмле деп танылады.
   Дем,ек, субьектілердің мақсатты әрекеттері мәмле  деп  танылады.  Олардың
тікелей мақсаты азаматтық құқықтарды  немесе  міндеттерді  белгілеу,  мұндай
құқықтар  мен  міндеттерді  өзгерту,  ең  ақырында  оларды   тоқтату   болып
табылады.
   Мәмле дегеніміз- бұл заңды, рұқсат  етілетін,  көп  реттерде  заң  қолдап
отыратын  іс-әрекет.   Күнделікті  өмірде  кейде  қоғам   теріс   бағалайтын
әрекеттерді «мәмле» деп атайды.  Мәмле - бұл саналы түрде  жасалатын  әрекет
ететін  тұлғалардың  еркі  байқалады.  Мәмле  жасайтын  тұлға  еркінің  ішкі
мазмұны   және еріктің сыртқы көрінісін айыра білу керек.
   Адамның сөзімен мен іс-әрекеті бойынша оның еркінің   шын  бағыты  туралы
пікір түюге болатындықтан, еріктің сыртқы көрінісі  оның ішкі мазмұнына  сай
келеді деп  жорамалданадын.
   Мәмле дегеніміз- бұл қашан да ерікті білдіру болғандықтан, оны заң еркіне
заңдық маңыз беретін тұлғалар ғана жасай  алады.  Яғни,  әрекетке  қаблетсіз
азаматтар мәмлелер жасай алмайды, ал әрекет қабілеттілігі  шектеулі  адамдар
оларға заң рұқсат еткен мәмлерерді ғана жасауға құқылы (АК-ның  22  және  23
баптары) Заң мәмлелердің  екі  түрін  ажыратады:  бір  жақты  мәмлелер  және
шарттар.
   Бір жақты иәиле бір тараптың еркін білдіреді және оған басқа азаматтардың
немесе заңды тұлғалардың  қалай  қарайтынына  қарамастан  қолданыла  береді.
Бірқатар жағдайларда мәмле жай міндеттемені туғызады,  мұнда  мәмле  жасаған
адам борышқор  болады, ал оның пайдасына мәмле жасаған  адам-  несие  беруші
адам болады. Мысалы, жай вексельді беру. Кейде бір жақты мәмле  міндеттемені
тоқтатады, мұнда мәмле жасаған адам несие беруші , ал оның  пайдасына  мәмле
жасаған адам борышқор болады.  Мысалы, борышты кешіру (АК-ның 378-405)
   Кез келген шар кем дегенде екі жақты әрекеттен  туындайды:  бір  тараптың
шарт  жасасу  жөніндегі  ұсынысы  және  екінші  тараптың  ұсынысты  қабылдау
жөніндегі келісуінен туады. Бұл жөнінде АК-ның 23 тарауында айтылған.
   Басқа негіздер бойынша мәмлелер өзге  де  түрлерге  бөлінеді.  Казуальдік
және абстрактілік мәмлелер арасындағы  айырмашылықтың  өте  зор  практикалық
маңызы бар. Казуальдік-немесе себепті мәмленің тағдыыры  тұтасымен  оның  өз
жасалған  негізге  тәуелді  болады.  Негізінің  бұзылуыжасалған  бір   жақты
мәмленің заңдық күшін жояды. Мәмле бұл-тектік ұғым, ал шарт –  түрлік  ұғым.
. кез келген шарт бұл мәмле, ал кез  келген  мәмле-  шарт  емес.  Күнделікті
тұрмыстағы   және  тіпті  ресми  тәжірибеде  шарт  басқа   терминдермен   де
белгіленеді. Келісім-шарт, тараптардың  келісімі.  АК-ның  150  бабы  шарпен
жасалған мәмлелерге, яғни шартты мәмлелерге арналған.
2.Мәмленің нысаны және оның маңызы
   . Мәмле заңмен белгіленген нысанға ие болғаннан кейін ғана  заңдық  маңыз
алады, ал ол арқылы мәмлеге қатысушы өзінің  еркін  білдіреді.  Сөз  жүзінде
жасалатын  мәмлелер  ауызша  мәмлелер  деп  танылады.  Қатысушылардың   еркі
тікелей, шарт жасауға бағытталған конклюденттік әрекеттер  арқылы  білінетін
мәмлелер де, сондай-ақ қатысушының еркі үндемеу  арқылы  білінетін  мәмлелер
де ауызша түрде жасалатын мәмлелер  қатарына  жатады.  Заң  мәмленің  қандай
жағдайларда жазбаша  түрде  жасалатынын  айқындайды.  Бірақ  мәмле  жасаудың
ауызша нысанын қолдану мүмкіндіктері үшін заңи нұсқаулар жоқ.  Ауызша  мәмле
жасауға кең мүмкіндіктер беретін АК-ның 151 бабынан  өзгеше, оның 152-  бабы
жазьаша мәмле қажеттігінің едәуір қатаң шекарасын белгілейді. Аталған  бапқа
сәйкесмәмлелер жазбаша түрде жасалуы тиіс:
       • Егер мәмлелердің жекелеген түрлері үшін заңда  рда  өзгеше  жағдай
         арнайы  көзделмесе   немесе   іскерлік   қызмет   өрісініңәдеттегі
         құқықтарынан   туындамаса,   мәмлелер   жасау    кезінің    өзінде
         орындалатындарының  басқа,  кәсіпкерлік  қызмет  үрдісінде  жүзеге
         асырылатын;
       • Мәмлелердің жасалу кезінің өзінде  орындалатындарының  басқа,  100
         айлық есептік көрсеткіштен астам омаға;
       • Заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де ретте.

Аталған жағдайлар үшін мәмленің  жазбаша  түрінің  тиімділігі-  ол  мәмленің
болуын  да,  оның  мазмұнын  да  неғұрлым  дұрыс  көрсетеді.   Бұл   мәмлеге
қатысушылардың құқықтары барынша сенімді қорғауды   және  бухгалтерлік  есеп
жүргізудің барынша дәл жүйесін жасауды қамтамасыз етеді..
Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімімен  белгіленген  ретте  жазбаша
мәмлелер оларды нотариат куәландырғаннан кейін жасалады деп саналады.
Заң  бірқатар  жағдайларда  жасалған  мәмлелерді   тіркеуді   талап   етеді.
Мәмлелерді тіркеу мынандай бірқатар проблемаларды шешеді:
    - мәмле толық заңды күшіне енеді;
    - тіркеу туралы құжат  субьектінің  мәмле  бойынша  иеленген  құқықтарын
      құжатпен растйды;
    -  бірыңғай  тіркеу  жүйесі  оларды  жасау  жеке  емес,  жария   мүддені
      білдіретін мәмлені толық есебін жолға қоюға мүмкіндік береді.
   Мәмле жасаудың жазбаша түрі тіралы талаптарды сақтамаудың салдары  қандай
деген сауалға тоқталсақ, Заңнан мынандай екі  жауап  шығады:  біреуі-  жалпы
ереже ретінде , екінші- жалпы ережеден ерекше жағдай ретінде қолданылады.
   Жалпы ереже мынандай: мәмленің жазбаша түрінің бұзылуы оның жарамсыздығын
туғызбайды.  Егер  тараптар  оның  жасалуы  және  мазмұны  туралы   фактінің
төңірегінде дауласпаса, мәмле заңдық күшін сақтайды.
3. Жарамсыз мәмле және оның салдары.
 АК-ның 157-бабы мәмленің нысанына, мазмұнына және  қатысушыларына,  сондай-
ақ олардың еркін білдіру бостандығына қойылатын  талаптарбұзылатын  жағдайда
мүдделі адамдардың, тиісті мемлекеттік  органның  не  прокуратураның  талабы
бойынша жарамсыз деп  танылуы  мүмкін  деп  көрсетеді.  Аталған  талаптардың
біреуінің  бұзылатын  болса,  мәмле  жасалған  заңдық  факт  ретінде  таныла
алмайды және заң күшіне ие болмайды. Заң шығарушылар  мәмлені  жарамсыз  деп
танудың нақты негіздерін белгілеуде нақ осы мән-жайларды басшылыққа алады.
   Құқық бұзушылық жеке адамдардың мүдделеріне нұқсан келтіретін болса, онда
мәмлені жарамсыз деп тануды тек мүдделі жеке тұлғаның талап етумен сот  шеше
алады. АК-ның 2 бабына сәйкес мемлекеттік органдардың мұндай  дауға  араласу
құқығы жоқ. Керісінше, жария мүдделер бұзылғанда мәмлені жарамсыз  деп  тану
туралы сотқа қойылатын  талапты,  мәмленің  екі  қатыушысы  оның  шартарымен
келіскен боса да, оны қоюға жария орган құқылы болады.
   Сонымен, егер мәмле мынандай талаптарды бұзатын болса, мәмле жарамсыз деп
танылуы мүмкін: а) оның шарттарының заңдылығы туралы, яғни  оның  мазмұнының
заңдылығы  туралы;  б)  мәмлеге  қатысушылардың  мәмле  жасау  қабілеттілігі
туралы; в) олардың ерік білдіруінің бостандығы және барабарлығы туралы;
   Мәмле мазмұнының заңдылық туралы талаптарының бұзылуы АК-ның 158-бабы бұл
жөнінде мәмленің аса  маңызды  талабы-  оның  заңға  толық  сәйкестігі   деп
айқындалады. Мұнда заңның кез келген бұзылуы жөнінде сөз болып отырған  жоқ.
 Құқықбұзушылықтың көп болуы АК-ның 159 бабына  және  өзге  заң  ережелеріне
сәйкесмәмлелердің жарамсыздығына негіз болады.  Ал 158-бап мәмле  мазмұнының
заң талаптарына сәйкес келмеуіне қарсы, яғни  ашық  заңға  қайшылыққа  қарсы
бағытталған. Бұл мәмленің  қылмыстың  жаксалуын,  заңның  бұйрық  ережелерін
орындаудан жалтаруды, айналымнан  алынған  заттарды  жеке  адамдарға  сатуды
және т.с.с. көздейтін жағдайлар болуы мүмкін.
   Алайда, заңда белгілі бір мәмлені жасауға рұқсат ететін норманың  болмауы
ғана оны жарамсыз ете алмайды.  Мазмұны  заңда  тыйым  салынған  қағидаларды
бұзаты мәмле жарамсыз деп танылуға тиіс.
   АК-ның 158-  бабының  2-тармағына  заңның  ұйғарымдарын,  заңды  тұлғаның
жарғысын не оның органдарының құзіретін бұзатын,  мәмлені  қасақана  жасаған
адам, егер мұндай талап пайдакүнемддік мақсаттармен немесе  жауапкершіліктен
жалтару ниетмен жасалатын болса, мәмлен  жарамсыз  деп  тануды  талап  етуге
құқығы  болмайтынын көздейді.
   Мәмле жасау кезінде заңды  саналы  түрде  бұзған,  одан  соң  өзінің  осы
құқықбұзушылығына сүйеніп, мәмлені жарамсыз деп  тануды  талап  ететін  жеке
және  заңды  тұлғалардың   талаптарын  қанағаттандыруға   аталған   себептер
бойынша жол берілмейді.
   Мәмленің жарамсыздығының салдарын айқындайтын негізгі ережелер АК-ның 157
бабында белгіленген. Оған сәйкес, екі жақты реституция, яғни мәмле  жарамсыз
деп танылған тараптардың әрқайсысы  екінші  тарапқа  мәмле  бойынша  алынған
бәрін қайтарып беруге,  ал  заттай  заттай  қайтарып  беру  мүмкін  болмаған
жағдайда құнын ақшалай өтеуге міндетті.
   ҚР  Азаматтық  кодексі  жарамсыздық  салдарын  бұлайша  жалпылама  бөлуді
көздемей, бірақ ерекше жағдай ретінде бір жақты реституцияны   қолдануды  не
реституцияға жол бермеуді жақтайды, бірақ  бұл  мынадай  бір  ғана  жағдайда
мүмкін болады: жасалған мәмле қылмыстық  мақсатқа  –есірткі  заттарды  сатып
алуға-сатуға, бөтен автомашинаны айдап әкетуге бағытталған жағддайда.
   Заңдық салдар туғызу ниетін көздемей, тек көз алдау үшін  жасалған  мәмле
жалған мәмле деп аталады. Жалған мәмле кейде өтірік мәмле деп аталады.
   Мәмлелер туралы заңдардың негізгі  ережелері  осындай,  олар  мәмлелердің
құқықтық маңызын, жасалу  тәртібін,  мазмұнын  және  жарамдылық  жағдайларын
айқындайды.  Бұл  ережелер  мәмлелердің  азаматтық,  ең  алдымен,   мүліктік
құқықтық  қатынастарды  туғызатыннегізгі  заңдық  факті  екенін   басшылыққа
алады.
   Әрбір азамат, әрбір заңды тұлға  күн  сайын,  кейде  күніне  бірнеше  рет
мәмлемен ұшырасады, оларға қатысады, құқықтық сипатын  ұдайы  ұғына  бермесе
де, олардың орындалуына атсалысады.  Мәмлелердің  заңдық  сипаттамасын  білу
және дұрыс түсіну – экономикалық айналымға қатысушылардың  заңды  мүдделерін
қорғаудың маңызды шарты.


Талқылау сұрақтары:
1. Мәмлелер ұғымы және мәмленің түрлері
2.Мәмленің нысаны және оның маңызы
3. Жарамсыз мәмле және оның салдары.


                      Азаматтық құқықтық жауапкершілік

1. Азаматтық –құқықтық жауапкершіліктің  қасиеттері
2. Азаматтық құқықтық жауапкершілік тудыратын жағдай оның негіздері
3. Жауапкершіліктің түрлерін оның негіздері,  субьектілері,  құқық  бұзушыға
қолданылатын шара мен оның сипаты
4. Жауапкершіліктің мөлшері
    Дәрістің  мақсаты  мен  міндеті:  азаматтық  құқықтық  жауапкершіліктің
ұғымына сипаттама беру.  Азаматтық  жауапкершіліктің  бастаулары  және  оның
құқықтық   жауапкршілік   жүйесінде   алатын   орны.   Азаматтық    құқықтық
жауапкершіліктің   түрлері.   Үлесті,    ортақтасқан    және    субсидиарлық
жауапкершілік. Араласқан құқықтық жауапкершіліктің шарттары.  Заңға  қарама-
қайшы   әрекет,   залал,   кінә,   себепті   байланыс   азаматтық   құқықтық
жауапкершіліктің шарттары ретінде. Моральды  шығынды  өтедің  ерекшеліктерін
қарастыру.
Әдебиеттер мен нормативтік актілер:
   6. ҚР Азаматтық Кодексі, 2007.
   7. Постановление Пленума  Верховного  Суда  Республики  Казахстан  от  25
      декабря 1995.  «О  применении  судами  законодательства  о  возмещении
      морального вреда». Вестник Верховного Суда, 1996.-№1.
   8. Постановление Пленума Верховного Суда Республики Казахстан от 22  июля
      1996. «О практике применения судами  законодательства  о  защите  прав
      потребителей». Вестник Верховного суда,1996.-№3.
   9. Алексеев С.С. Общие дозволения  и общие запреты  в  советском  праве.-
      М.,1989.
  10.  Грибанов  В.П.  Ответственность  за  нарушение  гражданских  прав   и
      обязанности.-М.,1973.


   1. Азаматтық –құқықтық жауапкершіліктің  қасиеттері
      Жауапкершлік барлық  құқық  қатынастарына  тән  нәрсе.  Жалпы  алғанда
жауапкершілк  дегеніміз,  заңмен  немесе  шартпен   қаралған   ретте   өзіне
жүктелген  міндетті  бұзатын  азаматтық  құқықтық  қатынасының  субьектісіне
қолданылатын  мүлікті  өндіріп  алу  немесе  мүліктік  салмақ   салу   болып
табылады.
      Жауапкершілкке тарту, азаматтық  құқық  бұзушылық  жағдайында  құықтық
нормаларға санкцияны жүзеге асыруға түрткі болады. Ең алдымен,  азаматтық  –
құқытық жауапкершілік мемлекеттік және шарттық тәртіпті нығайтудың  да,  осы
мақсаттың алдын  алудың  да  тәрбиелік  маңызы  айырықша.  Азаматтық  –құқық
қатынасының  субьектілері  болып  табылатын  тараптар   өздеріне   жүктелген
міндеттерді орындамауы қоғамдық қатынастарды бұзып,  мүліктік  шығынға  және
жеке тұлғалар мен бүкіл  қоғамдық  қолайсыз  жағдайларға  әкеп  соқтыратынын
білуі тиіс, әрі өзінің міндетін бұзбауға күш салуы керек. Осыған сәйкес
      Азаматтық –құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән қасиеттері:
- борышқордың міндеттемені бұзғанынан туындаған  мүліктік  шығындарды  несие
берушіге қайтару;
- борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын қадағалау;
-   борышқордың   міндеттемесін   орындамағаны   немесе   тиісті    дәрежеде
орындамағаны үшін  жазалау;
- белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткі болу;
- борышқордың тәртіпсіздік фактілерін  басқа  тұлғалардың  көзінше  айғақтау
болып табылады.
      Ықпалы әр түрлі  деңгейде  бола  тұрса  да,  міндеттемелердің  бәрінде
жауапкершіліктің мұндай қасиеттері кездеседі.
       Азаматтық  –  құқықтық  жауапкершілік   -  Азаматтық  құқықтың  Жалпы
бөлімінің институты болып табылад, себебі, жалпы ереже бойынша  азаматтық  –
құқықтық қатынастардың барлық түрінде өзіне тән қасиеттері кездеседі.
       Азаматтық –құқықтың жауапкершілік  түсінігі  –  заң  ғылымында  даулы
мәселе. Кейбір авторлар оң мағынадағы жауапкершілікті  бөліп  қарайды,  яғни
оны барлық  міндеттердің  бұлжымайтын,  қатаң  түрде  жетілген  бастамасымен
жүзеге асырылуы деп біледі.  Сонымен бірге міндеттемені  тиісінше  орындауда
 азаматтық –құқықтың жауапкершілік әрқилы  ережелерге  бағынады,  демек  оны
борышқордың белгілі бір әрекетінің аясына сыйдыруға болмайды.
      Заң жүзінде жауапкершілік  әрқашанда  мінез  –  құлыққа  нақтылы  баға
береді, яғни сол құқық бұзушының мінез  –  құлқының  салдарына  мән  береді.
Сондықтан да оны ретроспективті жауапкершілік  деп атайды.
      Жауапкершілік дегенді мемлекеттік немесе  қоғамдық  мәжбүрлеу  шарасын
қолдану деп те түсіндіреді.

 2. Азаматтық құқықтық жауапкершілік тудыратын жағдай оның негіздері
      Азаматтық  құқықтық  жауапкершілік  тудыратын  жағдай  оның  негіздері
болып  есептеледі.  Ондай  негіздерге  ең  алдымен   заңда   немесе   шартта
көрсетілген құқықтарды бұзу жатады.
      Алайда жауапкершіліктің аталған негіздерінің бірі пайда  болған  кезде
оны белгілі бір тұлғаға қолдана қою әр кез мүмкін емес. Ол  үшін  азаматтық-
құқытық  бұзушылыққа сәйкес келетін жалпы, типтік  болып  табылатын  белгілі
бір жағдайларды  айқындап  алу  қажет.  Азаматтық-құқықтық  жауапкершіліктің
мұндай жалпы негіздеріне жататындар:
-тұлғаның құқыққа қайшы қылығы ( іс-әрекеті,  не әркетсіздігі)
- жәбірленген тұлғаның шеккен зияны немесе залалдың бар болуы,
-құқық бұзушының  құқыққа  қайшы  іс-әрекеті  мен  оның  келтірген  зиянының
салдары арасындағы болатын себепті байланыс;
- құқық бұзушының кінәсі;
      Нақты тұлғаға азаматтық – құқықтық жауапкершілікті жүктеу  үшін  жалпы
ереже бойынша қажетті келтірілген  негіздер  жиынтығы   -  азаматтық-  құқық
бұзушылықтың құрамы болып табылады.  Көрсетілген  негіздердің  біреу  болмай
қалса, жауапкершілікке тарту  мәселесі  туындамайды.  Енді  азаматтық  құқық
бұзушылықтың құрамының әлгінде айтылған элементтерінің  әрқайсысына  тоқтала
кетеміз.
       Құқыққа  қайшы  тұлғалардың  қылықтары   –   азаматтық   –   құқықтық
жауапкершіліктің негізі.  Құққықа  қайшы  тұлғаның  қылығы  дегеніміз  заңға
немесе шартқа сәйкес емес теріс  іс  -әрекет  болып  табылады.  Ол  құқықтық
қатынасқа түскен екінші жақтың мүліктік немесе мүліктік емес  игіліктер  мен
құқықтарын бұзуға әкеп соғады.
      Тұлғаның құқыққа қайшы  қылығы  жауапкершілікке  тартудың  бірден  бір
шарты  болса,  оны  жауапкершіліктің  заңдық  негізі  деп  атайды.  Тұлғаның
құқыққа  қайшы  қылығының  жағдайы  іс-әрекетте  не  әрекетсіздікте  көрінуі
мүмкін.  Мінез-құлықтың  саналы  түрде  болуы  обьективті  жағдай,   құықтық
қатынасқа  қатысушылардың  құқық  бұзушылығы  оған  қармайды,  сондықтан  да
қылмыстық құқықта ол қылмыс құрамының обьективті жағын құрайды.
      Бұл арада мәселенің екі жағына тоқтала кеткен жөн.
Біріншіден, заңдарды білмеу құқық бұзушыны ештеңеден арашалай алмайды.
Екіншіден тәртіптің саналылықпен жүзеге асуы басқаға, яғни  құқық  бұзушылық
құрамының субьективті жағына, кінәлілік мәселесіне қатысты.
      Кінә - азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің негізі.
Жалпы заң ілімі кінәні тұлға өзінің заң  бұзу  әрекетін  жан  –  дүниесімен,
демек психологиялық тұрғыдан сезнуі  деп  түсіндіреді.  Заңда  оны  қылмысты
істердегі кінә және  азаматтық істердегі кінә деп екіге бөледі.
       Азаматтық  заңдарда  кінә  мүліктік  немесе  мүліктік   емес   өзндік
міндеттемелерді  орындамау  және  тиісті   дәрежеде   орындамау   тұрғысынан
көрінеді.
      Азаматтық құқықта  тұлға  кінәсіз  болса  да  жуапкершілікке  тартылуы
мүмкін. Кінәсіз жауаптылық  тек  заңда  көрсетілген  жағдайларда  ғана  зиян
келтіруші бұл жөнінде кінәлі болмаса да жауап береді. Керсінше, есі  ауысқан
адам, 14 жасқа жетпеген бала кінәлі болса да  келтірілген  зиян  үшін  жауап
бермейді.   Азаматтық  кодекстің  359  –  бабы  1-  тармағына  сәйкес   егер
борышқор  міндеттемені  тиісті  дәрежеде  орындау  үшін   өзіне   байланысты
шаралардың қолданғанын дәлелдесе, ол кінәсіз деп танылады.
       Азаматтық  кодекстің  359-  бабының  1-  тармағының   жалпы   нормасы
кәсіпкерлік  саласына  қолданылмайды.   Азаматтық  кодестің  2-   тармағында
кәсіпкерлер  үшін  диспозитивтік  сипаттағы  басқа  жалпы  ереже   берілген:
міндеттемені орындамаған немесе  тиісті  дәрежеде  орындамаған  тұлға  басқа
кінәсі болмаса да жауап береді.
      Зиян – заңмен қорғалатын игілк атаулының кемуі.   Егер  зиян  мүліктік
сипат алатын болса, оны зала деп атайды.
      Азаматтық кодекстің 9 бабында  құқығы  бұзылған  адам,  егер  заң  мен
шартта аз мөлшердегі шығын қаралмаса, өзіне  келген  залалды  толық  қалпына
келтіруді талап ете алатындығы бекітілген.
      Залалдар мынадай екі түрге бөлінеді:
- құқығы  бұзылған  тұлға  жасаған  немесе  жасауға  тиісті  шығыстар,  оның
мүлкінің жоғалуы  немесе зақымдануы
- сол тұлғаның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында  болатын,
бірақ алынбай қалған табыстары
Мысалы, тасымалдау  шарты  бойынша  мүлік  бүлінсе  немесе  зақымдалса,  оны
тасымалдаушы тек қана нақты нысан мөлшерінде шығынын төлейді.
      Мүліктік емес зиянға тұлғаның дене кемтарлығы мен  психикалық  ауруына
байланысты моральдық, адамгершілік зардап, іскерлік беделге  келетін   залал
және тағы басқалар жатады.
       Себепті байланыс -   азаматтық   -құқықтық   жауапкершілктің  негізі.
Азаматтық құқықтық жауапкершілікті анықтау үшін құқққа қайшы  іс-әрекет  пен
зиянның арасында себепті байланыстың болуы да заңды.  Қандай да бір  құқыққа
қайшы іс- әрекет жасағандығы үшін жауапкершілк жүктеуден сол зиянның  болуы,
сол іс-әрекеттің кездейсоқ   бола  қалған  ғана  іс  емес,  сол  іс-әрекетке
байланысты дағдылы, қалыпты тетігімен туғандығын анықтауы шарт.
3. Жауапкершіліктің түрлерін оның негіздері,  субьектілері,  құқық  бұзушыға
қолданылатын шара мен оның сипаты
Жауапкершіліктің  түрлерін  оның  негіздері,  субьектілері,  құқық  бұзушыға
қолданылатын шара мен оның сипаты бойынша айыруға болады.
      Негіздері бойынша жауапкершілік шартты және шарттан тыс боп  бөлінеді,
яғни ол шарт арқылы немесе  онсыз  да  жүзеге  асады.  Бірінші  жағдайда  әр
жақтың өзара шартынан, сондай – ақ басқа  әректтерінен  туындайтын  құқықтық
қатынастарға  байланысты  көрінеді.  Жақтардың  мақсаты   қоғамдық   пайдалы
нәтижелерге  қол жеткізуі  болып  табылады.,  бірақ  заң  мен  шарт  олардың
мүмкін болатын құқық бұзушылығына  орай  міндеттері  мен   жауапкершілктерін
қарастырады.   Сондықтан,  мұндай  қатынсатар  бойынша   жауапкершілік   осы
құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқыққа сай келетін іс-  әрекеттерін   сол
нормалармен реттейді.
      Шарттан тыс  қатынастар  құқыққа  қайшы  келетін  екі  жақтың  бірінің
кездейсоқ әрекеттерімен сипатталады. Сол себепті,  жуапкершілік  қатынастары
өзгелерінен бөлек  реттеледі,  заң  шығарушы  жәбірленушіге  қарағанда  құық
бұзушыға барынша қатаң қарайтыны табиғи нәрсе.
      Егер құық қатынасында  жауапкершілік  субьектілері  бір  нешеу  болса,
онда жауапкершілік үлестік немесе  ортақтасқан  сипатта  немесе  субсидиарлы
болып есептеледі. Құқықтық қатынастың екі жағының да кінәсі болған  жағдайда
оны аралас кінә деп атайды.  Егер  бір  жақта  бірнеше  адамның  кінәсі  бар
болатын болса, оны бірлескен кінә деп атайды.
       Міндеттемелерде  тұлғалар  көп  болғанда,  сондай-  ақ   міндеттемені
орындау  үшінші  жақпен  жүзеге  асырылатын  жағдайда,  регрестік   талаптар
бойынша жуапкершілік туындайды.
      Заң жауапкершілік шарасы бойынша залалдың толық өтелуін  талап  етеді.
Кейбір міндеттемелерде жауапкершіліктің  борышқорлардан  белгілі  бір  затты
жеке беру міндеті туралы түрі де кездесуі мүмкін. Мұндай  шаралар  негізінен
алғанда,  заңды  немесе  шартта  әдейі  көрсетілмей-ақ   қолданыла   береді.
Жауапкершіліқтің басқа шаралары жалпы ережеге сай келеді әрі  заңның  немесе
шарттың арнайы көрсетуімен жекелеген міндеттемелерде қолданылады  (  мысалы,
есеп  айырысу  құқық  қатынастарында  кездеседі).  Тағы  бір   шаралар   бас
міндеттемеге қосымша ретінде  қарастырылады  және  міндеттеменің  орындалуын
қамтамасыз   ету   құралы   ретінде   көрініп,    сонымен    бір    мезгілде
жауапкершіліктің шарасы болып табылады.
Сипаты жағынан жауапкершілік заттай және ақшалай болып келеді.
       4. Жауапкершіліктің мөлшері
Жауапкершіліктің мөлшері жауапкершіліктің түріне және басқа  да  жағдайларға
байланысты әрқалай болады.
      Заладың орнын толтыру кезінде  өзгертілетін  бағаның  қандай  деңгейде
болу керектігі есепке алынуына байланысты ол мәселені  шешуде  маңызды  орын
алады. Егер заңдарда немесе шарттта өзгеше көзделмесе, міндеттеме  орындауға
тиісті жерде, залады анықтаған кезде борышқор  несие  берушінің  талабын  өз
ықтиярымен қанағаттандырған күнгі бағаға  жүгінеді.  Ал  егер  талап  ерікті
түрде  қанағаттандырылмаған  жағдайда  сол   талап   арыз   берілген   күнгі
қолданылған баға назарға  алынады.  Мән-жайларды  негізге  ала  отырып,  сот
шешімі шығарған  күні  не  нақты  төлем  төленген  күні  қолданылған  бағаны
назарға ала келіп, залалдың  орнын  толтыру  туралы  талапты  қанағаттандыра
алады.
       Заладың  орнын  толтыру  жәбірленушінің  мүліктік  жағдайын   қалпына
келтіруді мақсат етеді.  Әдетте,  зала  толық  көлемде  қалпына  келтірілуге
тиіс. Осыған байланысты азаматтық құқықта  заладың  толықтай  орнын  толтыру
принципі қаралған.
      Егер  міндеттеменің орындалмауы  немесе  тиісті  дәрежеде  орындалмауы
екі   тараптың   да   кінәсінен   болса,   сот   соған    сәйкес    борыщқор
жауапкершілігінің мөлшерін де азайтады.
      Сот мұндай жағдайда міндеттемені орындамаудағы борышқордың  да,  несие
берушінің де әрекеттерін  бағалайды.,  егер  несие  берушінің  кінәсі  жалпы
келетін заладың ішіне енетін болса, онда оның үлесін  шегеріп  тастайды,яғни
борышқордың мойнындағы зиянның қалпына келтіру мөлшері азаяды.
Жақтардың кінәсінен мерзімді  өткізіп  алуды  заң  қарастырған.  Борышқордың
мерзімді өткізіп  алуы  оны  жаупкершілікке  әкеліп  соқтырады,  міндеттмеде
қарлмаған болса ақшалай міндеттеме мен міндеттілікке орай кездейсоқ  орындай
алмағаны үшін пайыз төлейді. Егер  несие  беруші  борышқор  ұсынған  талапты
тиісті дәрежедегі орындаудан бас тартса, немесе аяқталғанға  дейін  борышқор
өз  міндетін  атқара  алмаған  міндеттің   мәніне   туындайтын   әрекеттерді
жасамаған болса, мерзімін өткізп алған болып танылады.  Ол  борышқорғакелген
залалды  өтеуі тиіс, ал  борышқор  мұндай  жағдайда  ақшалай  қарыз  бойынша
мерзімді өткізіп алғаны  жөніндегі  міндеттемеде  қаралған  пайызды  төлеуге
міндетті емес.
      Заң шарттық қатынастар үшін  әр  жақтың  мүліктік  жағдайлары  негізін
есепке ала отырып, залады  қалпына  келтіру  мөлшерін  төмендету  мүмкінігін
қарастырмайды.  Шартқа  отырған  әрбір  тұлға  өзінің  мүмкіндігін  шамалап,
жауапкершілікті  толықтай  атқаруы  тиіс.   Әйтпесе   мәселе   шарттан   тыс
міндеттеме ретінде шешіледі.
      Келтірілген залалдың  көрсетілген бағасынан  жоғары  деңгейде  болатын
жауапкершілктің өсірілген мөлшері заңда және шартта белгіленген  жағдайларда
қолданылады.
 Талқылау сұрақтары:
1. Азаматтық –құқықтық жауапкершіліктің  қасиеттері
2. Азаматтық құқықтық жауапкершілік тудыратын жағдай оның негіздері
3. Жауапкершіліктің түрлерін оның негіздері,  субьектілері,  құқық  бұзушыға
қолданылатын шара мен

                     Тақырыбы:  Азаматтық құқықтық шарт

Жоспар:
   1. Азаматтық  құқықтық шарт ұғымы.

   2. Азаматтық құқықтық шарт  белгілері.

   3. Азаматтық құқықтық шартты  жасасу, өзгерту және тоқтату.

Мақсаты:  Азаматтық құқықтық шарттың азаматтар  өмірінде  алатын ролін  ашу,
азаматтық   құқықтық   шарттарға  отырудың  құқықтық  тәртібін  және  шартты
өзгерту, тоқтату  жағдайларын   түсіндіру.  Шарттардың  түрлеріне  сипаттама
беру.
Ұсынылған әдебиеттер:
   1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше
      бөлімдері) – Алматы: ЮРИСТ, 2008ж. 16 тарау, 378 – 405 баптар.
   2. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы: Жоғарғы оқу
      орындарына арналған акад.курс.

1.Азаматтық құқықтық шарт ұғымы  Азаматтық   құқықтық  шарттар  азаматтардың
қоғамдық  қатынасқа  түсу  барысында  ерекше  рөл  атқарады.   Шарт   жасасу
азаматтардың құқықтарын қорғаудың бір жолы болып табылады. Екі  немесе  одан
көп адамның азаматтық құқықтар  мен  міндеттерді  белгілеу,  өзгерту  немесе
тоқтату туралы келісімі  шарт  деп  танылады  (Азаматтық  кодекс  378  бап).
Шарттан міндеттемелік, заттық,  авторлық  немесе  өзге  құқықтық  қатынастар
туындауы мүмкін.
      Шартқа отырудың  құқықтық қағидаттары  бар.  Шартқа  отыруда  тараптар
ерікті, сонымен қатар шартқа  отырғаннан  кейін  белгілі  бір  заңдылықтарды
орындау қажеттілігі туындайды, яғни  шарттың  құқықтық  рәсімделуі.  Шарттың
тараптары  болып   кез   келген   тұлға   табылады,   бірақ   бұл   жағдайда
әрекетқабілеттік  есепке  алынуы  керек.  Шартқа   отыруда   тараптар   шарт
жағдайларын анықтап алуы қажет. Шарттың  ережелерін  тараптар  өз  қалаулары
бойынша белгілейді.
      Шарттың  пәні  болып әр түрлі жағдайлар  табылады  (сату,  айырбастау,
қызмет көрсету, жұмыс атқару т.с.с).
      Кез клген шарт түсіндіруді қажет етеді, яғни шарт  мазмұны  тараптарға
айқын болуы керек.
      Шарттардың нысаны жазбаша, ауызша болуы мүмкін.
2.  Азаматтық  құқықтық  шарт   белгілері.   Шарттардың   белгілерін    оның
тараптарына, қолдануына, жасалу жеріне,  бағасына  қарап  анықтауға  болады.
Соған байланысты шарттар ақылы, ақысыз, жария, т.с.с  болып  бөлінеді.  Шарт
бойынша өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы немесе  бір  біріне  бір
нәрсе беруі керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады.  Мысалы:  сатып  алу
сату шарты, айырбас шарты, мердігерлік шарты т.б. Бір тарап  екінші  тарапқа
одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бір  нәрсені  ұсынуды  міндетіне  алған
шарт ақысыз шарт болып табылады. Мысалы: сыйға тарту,  мұраға  қалдыру  т.б.
Коммерциялық  ұйымен  жасалған  және  өз  қызметінің  сипатына  қарай   оған
өтінішпен  келетін  әркімге  қатысты  жүзеге  асырылатын  тауарларды   сату,
жұмыстарды  атқару  немес  қызмет  көрсету  жөніндегі  оның  міндеттемелерін
белгілейтін шарт жария шарт деп танылады.  Мысалы:  бөлшек  сауда,  көпшілік
пайдаланатын көлікпен тасымалдау,  энергиямен  қамтамасыз  ету,  дәрігерлік,
байланыс, т.б.  қызмет  көрсетулер.  Аталғандармен  қатар  азаматтық  кодекс
(389,390 баптар) шарттардың қосылу, аралас, алдын ала жасалатын түрлерін  де
қарастырған.
3.Азаматтық  құқықтық  шартты   жасасу,  өзгерту  және  тоқтату.    Тараптар
арасында шарттың барлық  елеулі ережелері  бойыншатиісті  жағдайларда  талап
етілетін нысанда келісімге қол жеткен кезде  шарт  жасалды  деп  есептеледі.
Шарт бойынша қол жеткізілетін ережелер елеулі ережелер болып табылады.  Шарт
бойынша ұсыныс жасау және   ұсынысты  қабылдаудың  ерекше   мәні  бар.  Олар
оферта және акцепт ұғымдарымен түсіндіріледі (ҚР Азаматтық кодекс  395,  396
баптар).
      Шарт жасасу тәртібі арнайы заңдылықты сақтауды  қажет  етеді.  Шарттың
жасалу  орны,  мерзімі,  оның  міндетті  түрде  орындалуы  шарттың   негізгі
жағдайлары болып табылады.
      Шарт бойынша туындайтын дауларды шешу  шартта  көрсетілмеген  жағдайда
сот шешіміне сәйкес белгіленеді.
      Шартты өзгерту,  бұзу  тәртібі  шартта  белгілі  заңдылықтарды  сақтай
отырып көрсетіледі. Ол азаматтық кодекстің   401-404  баптарымен  реттелген.
Сонымен қатар шартттың қолдану мерзімін ұзарту да қарастырылған.

Талқылау сұрақтары:
   1. Міндеттеменің тар және кең мағынасын түсіндіріп беріңіз.
   2. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес міндеттемеге анықтама беріңіз.
   3. Міндеттеме тараптарына жекелей тоқталыңыз.
   4. Міндеттемеге үшінші тараптың қатысу тәртібі қандай?


   Тақырыбы: Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері
   Жоспар
   1. Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің ұғымы мен әдістері
   2. Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің әдістері
   3. Борышқордың мүлкін алып қалу
   4. Кепіл болушылық, кепілдік  және кепілпұл


   Мақсаты:  Міндеттеменің   орындалуын  қамтамасыз  етудің  түрлерін   ашып
   көрсету, маңыздылығын түсіндіру.


      Ұсынылатын  әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері)
– Алматы: ЮРИСТ, 2008ж
2.Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы: Жоғарғы оқу
орындарына арналған акад. курс. І


      Азаматтық  құқықтың  нормаларын  сақтайтын  қатысушылар  көп  жағдайда
міндеттемені ерікті түрде және  тиісінше  орындайды.  Сонымен  бірге  өмірде
міндеттемені  орындау  немесе  тиісінше  орындамау   орын    алатыны    тағы
шыныдық. Осыған байланысты заң міндеттемені орындауды қаматамасыз  ету  үшін
әдістер деп аталатын арнайы шараларды көздейді.
      Міндеттемені қамтамасыз ету оны орындауға бағытталатын,  жалпы  бірдей
емес, арнайы шаралар боалып табылады. Сондықтан ол  міндеттемелердің  бәріне
бірдей емесе, тек заңдарда немесе келісімге  отырған  жақтардың  шарттарында
қаралған  міндеттемелерге  қолданылады.  Азаматтық   кодекстің   292-бабының
талаптарына сәйкес, ондай әдістерге: айып төлеу, кепіл,  борышқордың  мүлкін
алып қалу, аманат, кепілдік, кепілпұл және басқа әдістер жатады.
      Қаматамасыз ету  әдістерін  өздерінің  сипаттарына  қарай  төрт  топқа
бөлуге болады. Қаматамасыз ету  сипатының  бірі  міндеттемені  орындамағанда
немесе тиісінше орындамағанда борышқордың белгілі  бір  ақша  сомасын  төлеу
арқылы қосымша мүліктік залал  шегуінен  (айып  төлеу,  кепілпұл)  көрінеді.
Екінші топтың несие  беруші  арқылы  мүлікті  өндіріп  алумен  жүзеге  асады
(кепіл). Үшінші топтағы қамтамасыз ету әдісі несие берушіге тек  борышқордың
ғана емес, үшінші жақтың да мүлкін өндіріп  алуды  қамтиды.  Төртінші  топқа
біздің заңымызға бұрын-сонда  тән  болмаған  әдіс-борышқордың  мүлкін  ұстап
қалу болып табылады.  Бұл  әдістің  ерекшелігі  сол  -  заң  несие  берушіге
борышқордың өз міндетін орындамайынша,  борышқордың  затын  өзін-өзі  қорғау
мақсатында  ұстап, қалу құқығын береді.
      Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету  әдістері  негізгі  міндеттемеге
қосымша міндеттеме түрінде көрінеді. Мысалы, сатып алу, сату  шарты  негізгі
міндеттеме болып  табылады,  ал  сол  шартты  жасаған  жақтар   міндеттемені
мерзімінен кеш орындаса, онда айып төлету қарастырады.  Айып  төлету  туралы
келісім негізгі міндеттеменің болмысынан келіп шығады.  Азаматтық  кодекстің
292-бабының  3-тармағына  сәйкес  негізгі  міндеттеменің  жарамсыздығы   оны
қамтамасыз ететін міндеттемені жарамсыз етеді.  Ал  міндеттемені  қамтамасыз
ету туралы келісімнің жарамсыздығы негізгі  міндеттеменің  жарамсыз  болуына
әкеліп соқтырмайды. Қамтатамасыз ету міндеттемесі жөніндегі келісім  жазбаша
түрде жасалуы тиіс. Жазбаша нысанның сақталмауы, мәселен, айып төлеу  туралы
келісмнің жарамсызғына әкеліп соқтырады(АК 294-б).
      Айып төлеу - кәсіпкерлік салада пайда  болған  міндеттемені  орындауды
қамтамасыз ету  әдістереінің  ең  көп  тараған  түрі.  Жеткізу,  сатып  алу,
тасымалдау мердігерлік және  т.б.  шарттарды  орындамау  айып  төлеу  арқылы
қамтамасыз етіледі.
      Айып төлеудің есептеу әдісіне орай үш түрі болады: айып төлеу, айыппұл
және өсу. Бұл орайда өсім ақшалай міндеттеменің уақытын өткізіп алған  кезде
қолданылады яғни өткізіп алған әр бір күн үшін соманың пайызымен ұсталады.
      Айыппұл тек қана ақша сомасында немесе соманың белгілі бір  мөлшерінде
орындалмаған міндеттемеге қолданылады.
      Қосымша міндеттеменің пайда болу негізінде  айып  төлеуді  заңды  және
шартты деп екіге бөледі.
      Шартты айып төлеу әр жақтың келісімімен айқындалады. Бұл  орайда  олар
қандай бұзушылыққа, қандай мөлшерде қолданылатынын өздері анықтайды.
      Айырықша айып төлеу несие берушіні тек айып  төлеуді  жүзеге  асырумен
шектейді. Балама  айып  төлеу  де  несие  берушіге  міндеттемені  бұзғанынан
келген залалады  өндіртеме  әлде  төлетуді  жүзеге  асыра  ма,  оған  өзінің
тандауын айтуына мүмкіндік береді. Қазаргі  қолданып  жүрген  заңдарда  айып
төлеудің аталған түрі бекітілмеген, ол тек шарт арқылы қаралуы мүмкін.  Айып
төлеудің негізгі мақсаты  борышқордың  өз  міндеттемесін  орындамағаны  және
тиісінше орындамағаны салдарынан  несие  берушінің  шеккен  зиянының  орынын
толтыру болып табылыды.
      Кепіл  құқығы  заң  немесе   шарт   арқылы   туындайтын   міндеттемеге
негізделеді. Кепіл бойынша қатынастарда  әр  жақ  кепіл  беруші  және  кепіл
ұстаушы деп аталады. Кепіл  ұстаушы  дегеніміз  негізгі  міндеттеме  бойынша
несие беруші, яғни кепілге құқығы бар тұлға кепіл туралы  шарттың  нысанымен
мазмұны және ерекше талаптар хақында  заңда  белгіленген  (АК  307-б)  Кепіл
туралы шарт жазбаша түрде жазылуға тиіс. Егер негізгі міндеттеме  нотариалды
куәландыруға жатса, онда кепіл турал шарт  нотариалды  куәландырылуы  керек.
Қозғалмайтын мүлік  кепілі  туралы  шарт  нотариалды  куәландырылғанда  ғана
күшіне енеді. Кепілдіктің екі түрі болады: а) ипотека   ә) кепіл зат
      Ипотека - кепілге салынған мүлік кепіл  салушының  немесе  үшінші  бір
жақтың иелігінде және пайдалануында қалатын кепіл түрі.  Ипотекаға  тұтастай
кәсіп  орындар,  жекелеген  құрылыстар,  ғимараттар,  яғни   жерге   тікелей
байланысты басқа да объектілер сондай-ақ айналымдағы  тауар  және  азаматтық
айнвалымнан алынбаған басқа да мүлік ипотека мәні бола алады.
      Кепіл беруші кепілге салынған мүлікті пайдалануды азаматтық  кодекстің
315-бабына сәйкес жүргізе алады. Кепілге  салынған  мүлікті  пайдалану  үшін
кепілге беруші кепіл ұстаушының келісімін алуға тиіс.  Кепіл  ұстаушы  кепіл
мәнін шартта көрсетілген шекте ғана пайдалануы құқылы.
      Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің жаңа әдісі-борышқордың мүлкін
(ұстап)  қалау  (АК  292-б)  Оның  мәні  мынадай:  борышқор  айтқан  тұлғаға
берілуге тиісті затты және сол зат бойынша борышқор міндеттемені  мерзімінде
орындамаған немесе кідіртудің  салдарынан  оған  басқа  да  залалдар  әкелсе
міндеттеме қашан  орындалғанша  несие  беруші  затты  өзінде  ұстай  тұрады.
Қазақстандық азаматтық заңдарда  борышқордың  мүлкін  алып  қалуға  анықтама
берілмеген. Бұл  әдістің  өзіне  тән  бір  ерекшелегі  несие  беруші  заттық
құқыққа ие бола тұрып меншіек иесі бола алмайды.
      Кепіл болушылық бойынша кепіл болушы басқа жақтың (борышқордың)  несие
беруші алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе ішін  ара
қосалқы жауап беруге міндеттенеді(АК 330б) Кепіл  болушылық  арқылы  ақшалай
міндеттеме қамтамасыз етіледі. Кепіл  болушылық  кезінде  борышқардың  несие
берушісімен оның кепіл болушысы арасында шарт жасалады.  Кепіл  болушылық  -
міндеттеменің қамтамасыз  ету  әдісінің  дербес  түрі.  Кепіл  болушы  несие
берушінің қайған талаптарын қанағаттандыруға міндетті.
      Кепілдік  бойынша   кепілдік   беруші,   заң   актілерінде   көзделген
жағдайларды қоспағанда, басқа  жақтың  несие  берушісі  алдында  осы  жақтың
міндеттемесінің орындалуына толық  немесе  боршқормен  ортақтасып  ішін  ара
жауап беруге міндеттенеді. Кепілдік  дегеніміз  негізгі  міндеттеме  бойынша
борышқор болып табылмайтын тұлға мен міндеттемені  қамтамасыз  ететін  несие
беруші арасындағы тағайындалған құқықтық қатынас болып табылады  (АК  270-б)
Кепілдік  шарттары  жазбаша  нысанда  жасалады.  Жазбаша   нысады   сақтамау
кепілдік шартының жарамсыз болуына әкеліп  соқтырады.  Кепілдік  шарттарының
тоқтатылуы кепіл болушының құқығы тоқтатылатындай тәртіпте жүзеге асады  (АК
336-б)  Уағдаласушы  тараптардың  біреуінің  шарт  бойынша  өзінен  алынатын
төлемінің есебінен екінші тарапта және шарт жасау мен  орындауды  қамтамасыз
етуге берілген ақшалай сома кепілпұл деп танылады. Кепілпұл  туралы  келісім
оның негізгі міндеттемесінің сомасымен түріне  қарамастан  жарамсыз  болудан
сақтану  мақсатында  жазбаша  жасалады.   Бұл   ереже   негізгі   міндеттеме
нотариалдық  жолмен  куәландыруға  тиіс  болатын  жағдайда  да  қолданылады.
Келісімнің жазбаша нысанда жасалуын  сақтамау  кепілпұл  келісімін  жарамсыз
деп тануға әкеліп соқтырады. Егер шарт жасалмаса,  кепілпұл  туралы  келісім
де болуы мүмкін емес.

Талқылау сұрақтары:
   1. Міндеттеменің  орындалуын  қамтамасыз  ететін   әдістерге  түсініктеме
      беріңіз.
   2. ҚР Азаматтық кодексіне сілтеме бере  отырып  міндеттеменің  орындалуын
      қамтамасыз ету түрлеріне тоқталыңыз.
   3. Міндеттемені орындамаудың құқықтық салдары қандай?


Тақырыбы:   Міндеттемені орындау
Жоспар
   1. Міндеттемені орындау туралы жалпы түсінік. Ақшалай міндеттеме.
   2. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету.
        a) Айып төлеу;
        b) Кепіл
        c) Кепілдік және кепіл болушылық;
        d) Кепілпұл;
        e) Ұстап қалу.
Мақсаты:
      Студенттерге міндеттемені орындау ұғымын,  орындалу  мерзімі,  орындау
      жөніндегі талаптар, міндеттеме орындалатын  жер,  ақшалай  міндеттеме,
      міндеттеменің айып төлеу, кепіл туралы  мағлұмат  беру;  міндеттемелік
      құқықта - міндеттемені орындалуын  танылуын негіз ету.
Ұсынылатын  әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдері)
– Алматы: ЮРИСТ, 2008ж
2.Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы: Жоғарғы оқу
орындарына арналған акад. курс. І

1. Міндеттеме – міндеттеме шарттары мен  заң  талаптарына   сәйкес  тиісінше
орындалуға тиіс,  ал  мұндай  шарттар  мен  талаптар  болмаған  жағдайда   -
іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға немесе әдетте қойылатын  өзге
де  талаптарға   сәйкес   орындалуға   тиіс.   Заңдарда   немесе   шарттарда
көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені  орындаудан  біржақты  бас  тартуға
және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді.
      Егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе  және  іскерлік  қызмет
өрісіндегі   әдеттегі   құқықтардан   немесе   міндеттеме   мәнінен   өзгеше
туындамаса, борышқор  міндеттемені  орындау  кезінде   несие  берушінің  өзі
немесе бұған ол уәкілдік берген адам  орындауға  қабылдайтын  нәрсені  талап
етуге құқылы және мұндай талап етуге құқылы және мұндай  талап  жасалмауының
зардабын тартуға тәуекел етеді. Сол сияқты үшінші  жақ  тиісті  шарт  арқылы
тараптардың бірімен байланысты болса, міндеттемені орындау  түгелдей  немесе
бөлшектеп үшінші  жаққа  жүктелуі  мүмкін.Міндеттемеде  ол  орындалатын  күн
немесе  ол  орындалуға  тиісті  уақыт  кезеңі  көзделсе   немесе   анықтауға
мүмкіндік берсе, міндеттеме сол күні немесе тиісінше сол  кезең  ішінде  кез
келген уақытта орындалуы тиіс.
Міндеттеме орындалатын жер заңдарда  немесе  оның  шарттарында  белгіленбесе
немесе  міндеттеме  мәнінен  немесе  іскерлік  қызмет  өрісіндегі   әдеттегі
құқықтардан көрінбесе, ол:
    • міндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлікті беру – мүлік орналасқан жерде;
    • міндеттеме  бойынша  тауарды  немесе   өзге  де  мүлікті  тасымалдауды
      пайдалана отырып беру  –  мүлікті  несие  берушіге  жеткізу  үшін  оны
      бірінші тасымалдаушыға тапсыратын жер және т.б.
Ақшалай  міндеттемеге  байланысты  бір   адам   (борышкер)   екінші   адамға
(кредиторға) ақша төлеу жөніндегі міндеттерін орындауын талап  етуге  құқығы
бар. Өтеу туралы шарт, залалды өтеу және тұрақсыздық айыппұлын төлеу  туралы
міндеттемелер,  сондай  –  ақ  зиян  келтіру  не  негізсіз  баю   салдарынан
туындаған міндеттемелер  бойынша  ақша  төлеу  жөніндегі  міндеттерге,  егер
Азаматтық Кодексте, ҚР заңнамалық актілерінде  өзгеше  белгіленбесе   немесе
міндеттеме  мәнінен   туындамаса,   ақшалай   міндеттемелер   туралы   ереже
қолданылады.
2.Міндеттемені орындау, заңдарды немесе шартта көзделген айып төлеу,  кепіл,
борышқордың мүлкін алып қалу,  аманат,  кепілдік,  кепілпұл  және  басқа  да
әдістер  арқылы  қамтамассыз  етілуі   мүмкін.   Бағалы   қағаздар   бойынша
міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз  ету  тәсілдері  ҚР  бағалы  қағаздар
нарығындағы қызметті реттейтін заң актілерінде белгіленеді.
а)Айып  төлеу  –  борышқор   міндеттемесін   орындамаған   немесе   тиісінше
орындамаған ретте, атап айтқанда орындау мерзімін өткізіп алған ретте  несие
берушіге  төлеуге  міндетті,  заңдармен  немесе  шартпен  белгіленген   ақша
сомасы.  Айып  төлеу  туралы   келісім,   негізгі   міндеттеменің   нысанына
қарамастан, жазбаша түрде жасалуға  тиіс.Жазбаша  нысанның  сақталмауы  айып
төлеу туралы келісімнің жарамсыздығына әкеліп соқтырады.Айып  төлеу  мөлшері
нақты  ақша  сомасында  немесе   орындалмаған   не   тиісінше   орындалмаған
міндеттеме сомасына шаққандағы процентпен белгіленеді.
б)  Кепіл  -   міндеттемеге  сәйкес  несие   берушінің   борышқор   кепілмен
қамтамассыз етілген міндетемені орындамаған  ретте  кепілге  салынған  мүлік
құнынан,  осы  мүлік  тиесілі  адамның  басқа  несие  берушілердің   алдында
артықшылықпен қанағаттандырылуға құқығы бар міндеттемені атқаруының әдісі.
в)  Кепілдік  және  кепіл  болушылық  –  кепілдік  беруші,  заң  актілерінде
көзделген  жағдайларды қоспағанда, басқа жақтың несие берушісі  алдында  осы
жақтың  міндеттемесінің  орындалуына  толық  немесе  борышқормен  ортақтасып
ішінара жауап беруге міндеттенеді. Бірлесіп кепілдік  берген  адамдар,  егер
кепілдік шартында  өзгеше  белгіленбесе,  несие  беруші  алдында  ортақтасып
жауап  береді.  Кепіл  болушылық   бойынша   кепіл   болушы   басқа   жақтың
(борышқордың) несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің  орындалуына
толық немесе ішінара қосалқы жауап беруге міндеттенеді.
с) Кепілпұл – уағдаласушы тараптардың беруінің шарт бойынша өзінен  алынатын
төлемнің есебінен екінші тарапқа және  шарт  жасау  мен  орындауды  не  өзге
міндеттемені орындауды қамтамасыз етуге белгіленетін  ақшалай  сома.Кепілпұл
туралы келісім кепілпұлдың  сомасына  қарамастан  жазбаша  нысанда  жасалуға
тиіс. Бұл ережеге негізгі міндеттеме нотариалдық жолмен куәландырылуға  тиіс
болатын  жағдайда  да  қоданылады.  Келісімнің  жазбаша   нысанда   жасалуын
сақтамау кепілпұл келісімін жарамсыз деп тануға әкеп соқтырады.
d) Ұстап қалу – борышқорға не борышқор көрсеткен тұлғаға берілуге  тиіс  зат
қарамағында болған несие беруші,  борышқор осы  заттың  құнын  төлеу  немесе
несие берушіге  оған  байланысты  шығындар  мен  басқа  да  залалдарды  өтеу
жөніндегі міндеттемені мерзімінде орындамаған  жағдайда,  тиісті  міндеттеме
орындалғанға дейін ұстап  қалу  құқығы.  Заттың  құнын  төлуге  немесе  оған
шыққан шығындарды және  басқа  да  залалды  өтеуге  байланысты  болмаса  да,
кәсіпкер ретінде  әрекет  ететін  тараптардың  міндеттемелерінен  туындайтын
талаптар да затты ұстап қалу арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.
Талқылау сұрақтары:
   1. Міндеттемені орындаудың құқықтық анықтамасын беріңіз?
   2. Мәндеттемені орындамаудың құқықтық салдары қандай?
   3. Мәндеттеменің тиісінше орындалуы дегеніміз не?
   4. Міндеттемені бөлшектеп орындау деп нені айтамыз?
   5. Міндеттемені тиісті адамның орындауы дегенімізді қалай түсінесіз?
   6. Міндеттемені орындау барысында  есепке алынатын мән- жайларды атаңыз?

Тақырыбы:  Міндеттеменің ұғымы мен тараптары
Жоспар
   1. Міндеттеме ұғымы

   2. Міндеттеме  тараптары

Мақсаты: Міндеттеменің кең және тар мағынасын  ашу,  міндеттеме  тараптарына
жекелей тоқталу, олардың міндеттемеге қатысудағы құқықтары  мен  міндеттерін
түсіндіру.
Ұсынылған әдебиеттер:
   3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше
      бөлімдері) – Алматы: ЮРИСТ, 2008ж. 16 тарау, 268 – 271 баптар.
   4. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы: Жоғарғы оқу
      орындарына арналған акад.курс.
1.Міндеттеме ұғымы
      Күнделікті  өмірде  адамдар  бір – бірімен   міндеттемелік   қатынасқа
жиі түседі. Міндеттеме кең мағынасында «уәде»  ұғымымен түсіндіріледі,  яғни
белгілі   бір   әрекетке    түсуде   олар   уәделесіп   жатады.    Қазақстан
Республикасының  азаматтық  кодексінің   268    бабына   сәйкес   міндеттеме
,борышқор мен несие берушінің арасындағы әрекеттен  туындайды.  Міндеттемеге
сәйкес  бір адам басқа адамның пайдасына мүлік  беру,  жұмыс  орындау,  ақша
төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер  жасаудан  тартынуға  міндетті,
ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін  орындауын  талап  етуге  құқылы.
Несие беруші борышқордан атқарылған әрекет нәтижесін қабылдауға міндетті.
      Міндеттеме алған  тараптар  оны  орындауға  талпынады,  ал  орындалмай
жатқан жағдайда құқықтық нормаларға жүгіне алады. Бұл жерде  міндеттеме  тар
мағынаға  ие  болады,  яғни  міндеттеменің  орындалу   жағдайлары   құқықтық
нормаман  реттеледі.
      Азаматтық  құқықта  міндеттеме  ұғымы  ерекше  рөл  атқарады.   Себебі
азаматтық  құқықтық   қатынаста   міндеттеме   байланысты   қатынастар   жиі
туындайды. Сондықтан да  азаматтық  құқық   жүйесінде   міндеттемелік  құқық
жеке  бір  институт  болып  табылады.  Оның  орындалу,  тоқтатылу   әдістері
азаматтық құқықта  толық  қарастырылған.  Міндеттеме  объектісі  алуан-түрлі
соған байланысты оны реттейтін нормалар да әр түрлі.


2.Міндеттеме  тараптары
        Міндеттеме   субъектілері    болып   оған   қатысушылар    табылады.
Міндеттеменің негізгі  субъектілері оның тараптары. Міндеттеменің  тараптары
болып  кез  келген  тұлға  (жеке,заңды)  табылады.  Мемлекет   оның   ерекше
субъектісі болып табылады, себебі міндеттемелік  қатынасқа  түсуде  мемлекет
артықшылық құқықтарға ие болады. Несие  беруші   борышқордан   міндеттеменің
орындалуын талап ете алады,  ал  борышқор  оны  орындауға  міндетті  болады.
Мысалы: А деген азамат  Б  деген  азаматқа  қарызға  ақша  берді,  А-  несие
беруші, Б- борышқор. Студент  кітапханадан кітап алды, студент  –  борышқор,
кітапхана – несие беруші. Тұлға бір мезгілде   несие  беруші  және  борышқор
бола алады. Мысалы: Кітапханадан кітап алған студент басқа азаматқа  қарызға
ақша берді. Бұл жағдайда  студент  әрі  несие  беруші,  әрі  борышқор  болып
табылады.  Осындай  жағдайда   міндеттеменің  ынтымақты  немесе  ортақтасқан
түрлері пайда болады, яғни міндеттеме тараптарына  байланысты  міндеттеменің
жаңа түрлері пайда болуы мүмкін.
      Міндеттеме тараптарына  азаматтық құқықтар  мен  міндеттер  жүктеледі.
Азаматтық  құқықтық  нормаларға  сәйкес  міндеттеменің   барлық   жағдайлары
қарастырылған.   Міндеттеме  тараптары  мен   үшінші   жақтар   міндеттемеге
қатысушылар   болып  табылады.  Міндеттеме   үшінші   жақ   үшін   міндеттер
туғызбайды.  Үшінші  жақтар  міндеттеме  тараптарына  қатысты   міндеттемеге
араласа алады, мысалы қарызға алған ақшаны өтеп беру.

Талқылау сұрақтары:
   5. Міндеттеменің тар және кең мағынасын түсіндіріп беріңіз.
   6. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес міндеттемеге анықтама беріңіз.
   7. Міндеттеме тараптарына жекелей тоқталыңыз.
   8. Міндеттемеге үшінші тараптың қатысу тәртібі қандай?


Тақырыбы:  Міндеттемені тоқтату
Жоспар
   3. Міндеттемені тоқтатудың түсінігі

   4. Міндеттеменің тоқтатылуының жекелеген әдістері

Мақсаты: Міндеттемені тоқтату мен рәсімделуінің  мәнін ашып көрсетіп,   оның
тоқтатылуының  жекелеген әдістерінің түрлерін түсіндіру
Ұсынылған әдебиеттер:
   1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше
      бөлімдері) – Алматы: ЮРИСТ, 2008ж . 21 тарау, 367-377 баптар.
   2. Төлеуғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы: Жоғарғы оқу
      орындарына арналған акад. курс.


   Міндеттеме өзінің құрамын кіретін  құқықтар  менміндеттер   толық  жүзеге
асқан  сәттен  бастап   тоқтатылады.   Бұл   көбіне   көп   оны   орындаудың
нәтижесінде болады. Бірақ та несие беруші боорышты   кешіргенде  немесе  оны
орындауға  мүмкіндік болмайтындай болса,  негізгі мақсатты  жүзеге  асырумен
байланысты  емес  тоқтатулар  да  болады.   Сөйтіп,   міндеттемені   тоқтату
дегеніміз міндеттеменің мазмұнын құрайтын  оның  қатысушыларының   құқықтары
мен міндеттерін жою болып табылады.
   Міндеттемені  тоқтату  Азаматтық  кодексте,  басқа  да  заңдар  мен  өзге
құқықтық актілерде  немесе шартта қаралған негіздерде  жүзеге асады  (АК-тің
367-бабы).
   Қазіргі қолданылып жүрген  Азаматтық  кодексте  мейлінше  жиі  кездесетін
міндеттемелердің  тоқтатылу негіздері  қарастырылған,  оның ішінде   әсіресе
жаңа тәсілдері   де  тәртіптелген,  айталық,  оған  бас  тарту  төлемі   мен
борышты кешіру  түрлерін жатқызуға болады (АК-тің 369-373 баптары).
   Міндеттемені тоқтатудың  барлық  негіздерін   мынадай  екі  топқа  бөлуге
болады:
   1) Өзінің қатысушылары еркімен  тоқтатылатын міндеттеме (мысалы, жаңарту,
      есепке жатқызу, бас тартуды ұсыну, борышты кешіру);
   2) Өзінің қатысушылараның еркінен тыс  тоқтатылатын  міндеттеме  (мысалы,
      азаматтың қайтыс болуы міндетеменің тоқтатылуына  алып  келеді,  заңды
      тұлғаны тарату, борышқор мен несие беруші  бір тұлға болса және т.б.).
   Міндеттеменің тоқтатылуы тиісті дәрежеде  рәсімделуі керек,   олар  жалпы
және   арнайы   ережемен   рәсімделеді.   Белгілі   бір   жағдайларда    заң
міндеттеменің  тоқтатылуының  арнайы  әдісін  қарастырады.  Мысалы,  заемдық
міндеттемені  рәсімдеу  кезінде   қарыз  қолхатын  тапсыру   талап  етіледі.
Қарыз міндеттемесі тоқтатылған жағдайда  несие  беруші   бұл  қарыз  құжатын
қайтаруы тиіс.  Егер қандай да бір себеппен  қолхат  жоғалып немесе  жойылып
кетсе,  онда несие беруші  міндңттеменің  тоқтатылғаны  туралы  соған  ұқсас
қолхат беру арқылы куәландыруға міндетті.
   Міндеттеменің   тоқтатылуы   оның   қатысушылары   арасындағы    құқықтық
байланыстардың   күшін  жояды.   Кейбір   жағдайларда    құқық   қатынастары
сақталады, бірақ жаңартылған түрде болуы керек.
   Міндеттемені  тоқтатудың  мейлінше  тиімді  түрі  –  оны  орындау.   Яғни
міндеттеме тиісті дәрежеде   орындалуы  керек,  несие  берушінің  құқықтарын
жүзеге асыру  міндеттеменің  мәніне, әдісіне, орындалатын жеріне  және  т.б.
толық сәйкес жүзеге асуы керек.
   Міндеттеме тиісінше орындалмаса да тоқтатылмайды, қайта қосымша міндеттер
(айып төлеу, залалды өтеу және т.б.)  жамалады.
   Тараптардың келісімі бойынша міндеттеме  орындалудың   орнына  бас  тарту
төлемін беру арқылы тоқтатылуы мүмкін (АК-тің 369-бабы).  Бас  тарту  төлемі
міндетттемені  тоқтатудың   жаңа  негізі  болып  табылады,  оның  өзі  бұрын
Азаматтық  кодексте  болған   емес.   Бас   тарту   төлемінің   мән-мағынасы
міндеттеменің  пәнін басқа   мүлік  беру  немесе   ақшамен  алмастыру  болып
табылады. Сондай-ақ жұмысты орындау немесе қызме көрсету де ұсынуы мүмкін.
   Міндеттеме мерзімі жеткен,  не  мерзімі  көрсетілмеген   немесе   мерзімі
талап ету кезімен белгіленген біртектес қарсы талапты есепке жатқызу  арқылы
толық немесе  бөлік-бөлігімен  тоқтатылады (АК-тің 370-бабы).
   Есепке жатқызуға бір талаптың өтініші жеткілікті.
   Мысалы, құрылыс фирмасы  сауда фирмасынан  материалдар  сатып  алғанда  5
мың теңге  төлеуі  тиіс.  Сауда  фирмасы  өз  кезегінде  құрылыс  фирмасының
жасаған жөндеу   жұмысының  ақысын  төлемейді.  Бұл  орайда  қарсы  талаптар
бірден байқалады, егер сауда фирмасының  қарызы  5  мың  теңге  болса,  онда
қарсы есепке жатқызу жолымен талаптар  өзара  жойылады.  Егер  қарыз  2  мың
теңге болатын болса,  сауда фирмасына қатысты   міндеттеменің  өзара  талабы
тоқтатылады, ал құрылыс фирмасының міндеттемесі 2 мың теңгеге азаяды.
   Есепке жатқызуды қолдану үшін бір мезгілде мынадай шарттар керек:
   1) Есепке жатқызу жөнінде жасалған  талаптар қарсы талаптар  болуы,  яғни
      несие беруші  міндеттеме бойынша  екіншісіне  борышқор  болуы   керек.
      Жақтардың әрқайсысы  бір-біріне қатынаста  борышқор әрі несие   беруші
      болуы қажет: үшінші жақтың талабын есепке жатқызуға болмайды;
   2) Қарсы талаптар біртекті болуы қажет. Міндеттеменің екеуі бойынша   бір
      текті нәрселерді  беру  қарастырылады  (ақша,  зат,  тектік  белгілері
      бойынша айқындалған);
   3) Талаптар есепке жатқызу көрсетілген  мерзімі  келгенде  немесе  талабы
      берілген сәтте қабылданады.
  Есепке жатқызу үшін бір жақтың еркі болса  жетіп  жатыр.  Ол  екі  жақтың
келісімі  бойынша,  сот  тәртібінде  (төрелік)  қарсы  талаппен,  яғни  арыз
берумен жүргізіледі.
  Мына талаптарды:
     1. Егер тараптардың  бірінің   өтініші  бойынша   талапқа  заңды  талап
        мерзімін қолдануға  болса және  мерзім өтіп кетсе;
     2. Азаматтың өмірі мен денсаулығына  келтірілген зиянды  өтеу туралы;
     3. Алимент өндіріп алу туралы;
     4. Өмір бойы асырау туралы;
     5.  Заңдарда  немесе  шартта  көзделген   басқа  да  талаптарды  есепке
        жатқызуға  жол берілмейді.
     Есепке  жатқызудың  жағдайы   талапты  орындау   кезінде  орын  алады.
Азаматтық кодекстің 370-бабына сәйкес   борышқор  жаңа  несие   берушіге  де
талап қоя алады.  Егер борышқор талап  етуді   беру  туралы  хабарды   алған
кездегі негізден туындаса және талап  мерзімі оны  алғанға  дейін  туындаса,
не ол мерзім  көрсетілмесе немесе талап ету кезімен белгіленбесе, ол  есепке
жатқызылады.
     Жаңғыртылу – міндеттемені тоқтату әдісі ретінде бастапқы  міндеттемені
жаңа міндеттемен ауыстыру  туралы әр  жақтың   өзара  келісімі.  Бұл  орайда
жаңа міндеттеменің  жаңа нысанасы мен жаңа әдісі  болады.(АК-тің  372-бабы).
Тұрғын үйді жалға беру шартындағы пәтерақы  жөніндегі қарыз  заем   шартымен
алмастырылуы мүмкін.
      Залалды қалпына келтіру құқығы  тоқтатуға  жатпайды,  өйткені  залалды
өтеуді қосымша міндеттеме деп  тануға болмайды, ол кез  келген  міндеттемеге
тән және де жаңғыртылу оны тоқтата алмайды.
      Азаматтық  кодекс  міндеттемені   тоқтатудың   басқа   да   негіздерін
қарастырады. Оған борышқор мен несие беруішінінің  бір  тұлға  болып  келуін
жатқызуға болады (371-бап).  Бұл кәсіпорын қайта құрған  кезде  орын  алады,
мәселен, кәсіпорынға оның борышқоры келіп қосылады. Мұндай жағдайда  жаңадан
 құрылған заңды тұлға әрі борышқор әрі несие беруші болады.  Мұндай  нұсқада
міндеттеме болуы мүмкін емес, сондықтан ол тоқтатылады.


Талқылау сұрақтары:
   1. Міндеттемені тоқтатудың құқықтық негіздері қандай?
   2. Міндеттемені орындалу  арқылы тоқтату дегенді қалай түсінесіз?
   3. Міндеттемені есепке жатқызу арқылы  тоқтату дегеніміз не?
   4. Орындауға мүмкіндік болмағанда міндеттемені тоқтатуға бола ма?
   5. Азаматтың қайтыс болуы міндеттемені тоқтатуға негіз бола ала ма?
   6. Заңды тұлға  міндеттемесінің тоқтатылуының құқықтық тәртібі қандай?




      Семинар сабақтарына дайындалу және қатысудың  әдістемелік нұсқауы


   Семестрдің барысында семинар (практикалық) сабақтыра өткізіледі. Семинар
ол оқу жұмысының белсенді формасы болып  келеді,  онда  студенттердің  өздік
жұмыстарының  нәтежиесі  мен  алған  білмідері  бекітіліп,   бір   –   бірін
жетілдіріп отырады.
   Семинар   сабағының   мақсаты:   студенттердің   теориялық   дәрежелерін
жетілдіру, зерттеген тақырыпты терең түсіну,  сонымен  қоса  теорияда  алған
білімдерін іс – жүзінде  қолдана білу икемдерін арттыру.  Семинар  барысында
студенттер өз ойларын  тұйіңдеп,  өз  ойларын  аудиторияға  жеткізе  білуіне
үйренеді.
   Семинар сабақтарының сапасы  негізінен  студенттің  дайындық  дәрежесіне
негізделеді,  сол  себептен  семинар  сабақтарына   дайындалуда  ең  алдымен
арнайы және негізгі әдбиеттермен  танысып  алу  қажетті.  Семинар  барысында
студенттер әр  сұрақты  жан  –  жақты  қарастырып,  талдап,  қорытындылайды.
Студенттердің  белсенділіктерін  арттыру  үшін,  семинар  сабағының  жоспары
бойынша құқықтық мәселерді шешіп, қарастырады.
   Практикалық сабақтарының түрлерінің бірі, ол студенттерді тесттер арқылы
тексеру (сұрақтары төменде келтірілген)

               АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ  ТҮСІНІГІ, ПӘНІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ

СОӨЖ №1,2,3,4,5  тапсырмасы:  кестені жалғастыру және сипатамма беру
...............................................

                         1. Азаматтық құқықтың пәні




















                        2. Азаматтық құқықтың  әдісі






















                      3. Азаматтық құқықтың принциптері











                      4. Азаматтық құқықтың қызметтері










                    5. Азаматтық құқықтың қайнар көздері









































           ТАҚЫРЫБЫ: АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ
СОӨЖ тапсырмасы: мағынасы бойынша кесте сұрақтарына жауап беру,
ҚР Азаматтық кодексінің баптарына негізделу


   6. Азаматтық құқықтары мен міндеттерді жүзеге асыру


                        7. Азаматты құқықтарды қорғау













   8. Азаматтық құқықтарды қорғау формасы














                   9. Азаматтық құқықтарды қорғау әдістері






















                           Әдістемелік нұсқаулары:

«ҚР азаматтық құқық» пәні бойынша СОӨЖ –ң   №1  –  9  тапсырмаларын  орындау
үшін  студенттер ұсынылған кестелерді  толтыру  керек.  Ол  үшін  студенттер
дәріс  сабақтарында  алған  білімдерін  тұжырымдап,   семинар   сабақтарының
сұрақтарына толық жауап беріп, дайындалу керек. Сонымен қоса, «ҚР  азаматтық
кодексінің» баптарына негізделе отырып, жауап беріп, кестені толтыру қажет.


Азаматтық құқықтарды қорғау әдісі тақырыбы бойынша

Сұрақ:  жеке  меншік  құқығы  және  өзге  де   заттық   құқықтардың   қорғау
әдістерінің ұқсастығымен айырмашылықтарын анықтаныз.  Жауабын  кесте  арқылы
көрсетіңіздер.
Әдістемелік нұсқауы:  бұл   тапсырманы  орныдау  үшін  семинар  сабақтарының
сұрақтарына дайындалып, кодекске негізделіп, жауап беру керек.

Мәміле

Сұрақ:  азаматтық  –  құқықтық  мәміленің  формасына  қойылатын   талаптарды
анықтап,  орындау  тәртібін  бұзылу  түрлерін  көрсетңіздер.  Жауабын  кесте
арқылы көрсетіңіздер.
Әдістемелік нұсқауы:  бұл   тапсырманы  орныдау  үшін  семинар  сабақтарының
сұрақтарына дайындалып, кодекске негізделіп, жауап беру керек.


Заңды тұлғалар

Тапсырма: жазбаша түрде заңды тұлғалардың  ұйымдасу  –  құқықтық  формаларын
салыстырыңыздар
   1) толық серіктестік пен  өңдірістік кооперативті
   2) жауапкершлігі шектеулі қоғам мен жабық акционерлік қоғамды
   3)  Сенiм  (коммандиттiк)  серiктестiгi   мен   жауапкершiлiгi   шектеулi
      серiктестiк
   4) Акционерлiк қоғам мен қазыналық кәсiпорынды

Әдістемелік нұсқауы:  бұл   тапсырманы  орныдау  үшін  семинар  сабақтарының
сұрақтарына дайындалып, кодекске негізделіп, жауап беру керек.




            Өздік  жұмыстарының орындалуының әдістемелік нүсқауы


   Жоғарғы оқу орындарында  мамандарды даярлауда студенттер алдына  негізгі
екі міндет қояды:
   өз мамандығы бойынша қазіргі кездегі ғылыми және практикалық білімдермен
икемділіктерге ие болу;
   өзі  жеке басымен ойлануға, ғылыми және өңдірістік мәселелерді шешу және
талдау қабілетіне ие болу.
   Өздік жұмыстарын орындау алдында ең алдымен еңбек құқығының  жалпы  және
ерекше бөлімдерін, нормативті – құқықтық актілермен,  негізгі  әдебиеттермен
танысып,  зерттеп  алыңыздар.  Негізгі  теориялық  мәселені  бөліп,   талдап
алыңыз,   практика   материалдарымен   бекітіп   алыңыздар.   Еңбек   құқығы
саласындағы  практикамен  қалалық,  аудандық  кәсіподақ  ұйымдарында,   кадр
бөлімдерінде танысып, алуға болады.
   Өздік жұмысын орындауда қиындықтар кездесетін  болса,  оқытуша  жолығып,
кеңес  алыңыздар.  Өздік  жұмысты  орындаған  кезде  зерттеген  әдебиеттерде
кездескен ой –  пікірлерге,  өз  көзқарасыңызды  білдіруге  қажет.  Қойылған
мәселені түсінбеу, монографиялар,  мақалалардан,  әдебиеттерден  механикалық
тұрғыда көшіріп алу жұмыстын сапасзыдығына әкеліп  срқтырады.  Ал  ол   баға
қою саясатына  әсерін  тигізу  мүмкін.  Өздік  жұмыстар  орындалу  барысында
логикалық  тұрғыда  жазылып,  пайдаланылаған  әдебиеттер  тізімі  көрсетілуі
қажет.





















































              АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ  ПӘНІ БОЙЫНША ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ:
   1. Азаматтық құқықтық реттеу пәні.
   2. Азаматық құқықтың даму тарихы
   3. Азаматтар- азаматтық құқықтың субъектісі ретінде
   4. Заңды тұлғалар – азаматтық құқықтың субъектісі ретінде
   5. Бағалы қағаздар түсінігі. Бағалы қағаздарға қойылатын талаптар
   6. Заттар азаматтық құқықтың объектісі ретінде
   7. Заттардың құқықтық жіктелуі
   8. Азаматтық құқықтың ерекше объектілері
   9. Азаматтық құқықтың әдісі
  10. Мемлекеттік кәсіпорын (түрлік мінездемесі)
  11. Азаматтық құқықтың қайнар көзі. Құрылымы иерархиясы
  12. Коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық режимі
  13. Азаматтық  заңдардың  тұлғаларға,  уақыт  кеңістігі  мен  территорияға
      байланысты әсер етуі
  14.  Шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  кәсіпорынның  құқықтық
      режимі ерекшеліктері
  15. Азаматтық құқықтың негізгі принциптері (қағидалары)
  16. Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның құқықтық  режимінің
      ерекшеліктері
  17. Азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі мен ерекшеліктері
  18. Мәмленің жарамсыздығы және оның салдары
  19. Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері
  20. Мәмленің нысандары
  21. Субьективтік азаматтық құқықтар мен міндеттердің түсінігі
  22. Мәмлені жарамсыз деп танудың негіздері
  23. Азаматтық-құқықтық қатынастардың обьектісінің жіктелуі
  24. Азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болуы және өзгеру негіздері
  25. Ассоцияның құқықтық режимі
  26. Азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдері
  27. Мәміле ұғымы және  сипаттамасы
  28. Азаматтық құқық қабілеттілік ұғымы және мазмұны
  29. Талаптың ескіру мерзімінің тоқтатыла тұруы, үзіліс жасауы  және  қайта
      жаңаруы
  30. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі және түрлері
  31. Өкілдіктің ұғымы, пайда болуы, негіздері, түрлері
  32. Азаматтардың әрекет қабілеттілігінің шектелуі
  33. Талаптың ескіру мерзімі, түсінігі және түрлері
  34. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану, азаматты өлді деп жариялау
  35.  Мемлекеттің  және  әкімшілік  территориялық  бөліністердің  азаматтық
      құқықтық қатынастарға қатысуы
  36. Қорғаншылық пен қамқоршылық
  37. Қоғамдық бірлестіктің құқықтық режимі
  38. Заңды тұлға туралы түсінік және оның белгілері
  39. Жеке мүліктік емес игіліктер, оларды қорғау
  40. Заңды тұлғаның атауы және тұрғылықты жері
  41. Акцияның бағалы қағаз ретінде түсінігі және түрлері
  42. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері
  43. Бағалы қағаздарға құқықтық сипаттама
  44. Заңды тұлғаны мемлекеттік  тіркеу
  45. Азаматтық құқықтың обьектілері
  46. Заңды тұлғаның таратылу негіздері мен тәртібі
  47. Азаматтық құқықтағы мерзімдер ұғымы мен түрлері
  48. Заңды тұлғаның қайта құрылуы, оның түрлері мен тәртібі
  49. Өкілдік туралы жалпы түсінік және оның түрлері
  50. Заңды тұлғаның түсінігі мен оған құқықтық сипаттама
  51. Сенімхаттың ұғымы мен түрлері
  52. Коммерциялық заңды тұлғалар туралы түсінік және олардың түрлері
  53. Коммерциялық өкілдіктің ұғымы мен ерекшеліктері
  54. Шаруашылық серіктестіктің құқықтық ерекшеліктері
  55. Сенім хатқа қойылатын талаптар
  56. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке құқықтық сипаттама беру
  57. Сенім хаттың тоқтатылу негіздері
  58. Акционерлік қоғамның ұғымы мн құқықтық сипаттамасы
  59. Жалған және бүркеме мәмілелер
  60. Жабық акционерлік қоғамның ерекшеліктері
  61. Мәміленің жарамды болу шарттары
  62. Акционерлік қоғам мүлкінің құқықтық жағдайы
  63. Мәмілелерді тіркеу ерекшеліктері
  64. Өндірістік кооперативтің құқықтық жағдайы
  65. Мәмленің жасалу нысанын сақтамаудың салдары
  66. Меншік құқығы: жалпы ұғымы
  67. Меншік құқығының пайда болуы, өзгеруі, тоқтатылуы
  68. Меншік құқығының қорғалуы
  69. Міндеттемелік құқық: жалпы ұғымы
  70. Міндеттеменің пайда болу амалдары
  71. Азаматтық шарттар: жалпы ұғымы
  72. Азаматтық шарттарға отырудың құқықтық тәртіптері
  73. Азаматтық шарттардың тоқтатылу тәртібі.
















































-----------------------
Азаматтық құқықтың пәні






Мүліктік қатынастар





........................................





Азаматтық құқықтың әдісінің  белгілері








Құқықтық қатынастарының  қатысушыларының заңды теңділігі






.......................................................



.......................................................




диспозитивті





 Азаматтық құқықтың негізгі принциптері



Жеке меншікке қол сұқпаушылық



шарт еркіндігі



.................................................................



................................................................




......................................................





..................................................................





Азаматтық құқықтың қызметтері







қорғаушы




реттеуші




..........................




..............................




Азаматтық құқықтың қайнар көздері




Нормативті актілер




ҚР халықаралық шарттары




 Іскерлік айналымның дәстүрлері



.................


ҚР Конституциясы



....................


ҚР азаматтық кодексі



...................


ҚР Президентінің Жарлықтары




........................



....................................

              Азаматтық құқықтары мен міндеттерді жүзеге асыру



Азаматтық құқытарды жүзеге асыру




түсінігі




әдісі



.................................................................


..................................




Азаматтық міндеттерді жүзеге асыру




Түсінігі




әдісі









Белсенді міндет



.................................


...................




..................




Жүзеге асыру шектері  (ҚР Азаматтық кодексінің бап?)




..................................




..................................




..................................







..................................







Қорғау құқығы




анықтамасы



            ....................................................


Жүзеге асыру тәртібі




сот




әкімшілік



                       ...............................

                       ...............................



Азаматтық құқықтарды қорғау








формасы



                       ...............................


                       ...............................






                    Азаматтық құқықтарды қорғау әдістері



                       ...............................





                       ...............................


                       ...............................


                       ...............................


                       ...............................


                       ...............................






                       ...............................


                       ...............................


                       ...............................


                       ...............................


                       ...............................


                       ...............................



Пәндер