Файл қосу

Қазақ газетін шығарушылар



|ҚАЗАҚСТАН    РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ                  |
|СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ  АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                |
|3-деңгейдегі CМЖ құжат       |УМКД           |                             |
|                             |               |                             |
|                             |               |                             |
|                             |               |                             |
|                             |               |УМКД  042-18-15.1.2/03-2013  |
|   «Қазақ журналистикасының  |               |                             |
|тарихы» пәнінің              |2013 жылғы     |                             |
|оқу-әдістемелік материалдары |№1 басылым     |                             |








              5В050400  «Журналистика»   мамандығына  арналған
                  «Қазақ журналистикасының тарихы» пәнінің
                          ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ



                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР




















                                    СЕМЕЙ
                                     2013

Мазмұны

1 Глоссарий

2  Дәрістер

3  Тәжірибелік сабақтар

4  Студенттердің өздік жұмысы
5   Пайдаланатын әдебиеттер тізімі





































1 ГЛОССАРИЙ
1. АББРЕВИАТУРА –  сөздерді   шартты  түрде  қысқарту  немесе  оны  бастапқы
әріптермен белгілеу. Мысалы, АҚШ – Америка Құрама Штаттары.
2. АБЗАЦ – жаңа жолдан  әрі  кейін  шегеріліп  басталатын  текс  бөлігі.  Ол
бірнеше жолды қамтып, сөйлемдер мағынасын біріктіріп тұрады.
3. АБСТРАКЦИЯ – зат пен құбылыс туралы нақты ойламай, ауытқушылық,  дерексіз
ұғымға ұрыну.
4. АВТОБИОГРАФИЯ – қандай да бір тұлғаның өмірбаяндық өз туындысы.
5. АВТОР – түрлі салаларда шығарма  жасаушы  тұлға.  Әдебиеттегі,  өнердегі,
ғылымдағы, т.б. твочестволық еңбек иесі.
6. АГИТАЦИЯ – ауызша немесе баспасөз арқылы  қалың  көпшілікке  идеялар  мен
лозунгілер таратып, саяси тұрғыдан үгіттеп, әсер ету қызметі.
7. АКСИОМА – дәлелдеуді қажет етпейтін, онысыз да белгілі ақиқат.
8. АКТУАЛЬНЫЙ – бүгінгі  күні  уақыты  пісіп  жетілген,  тез  шешімді  қажет
ететін, маңызды да, өзнкті мәселе.
9. АЛЬМАНАХ - әр түрлі авторлардың әдеби шығармалар жинағы.  Кезең  –  кезең
сайын шығып тұруы мүмкін.
10. АНАЛИЗ – тиісті  оъектіні  жан  –  жақты  талдап  көрсететін,  ғылыми  –
логикалық тұрғыдан ой – топшылаулар жасайтын зерттеу әдісі.
11. АНОНИМ - өз есімін жасырушы шығарма авторы.
12. АРГУМЕНТ – бір нәрсені дәлелдеуге негіз болатын логикалық тұжырым.
13. БРИФИНГ – белгілі бір мәселелер жөнінде үкімет ұстаған  бағытты  арнаулы
өкілдің  бұқаралық  ақпарат  құралдары  журналистері  алдына  шағын  мәжіліс
өткізіп, баяндап беруі. Мысалы, халықаралық  келіссөздерде  болған  мәмілені
мәлімдеу, түсіндірме жасау.
14. БРОШЮРА – шағын көлемдегі шығарма  берілген,  жұмсақ  мұқабамен  шығатын
жұқа кітап.
15. ВЕРСИЯ – факті немесе оқиға туралы бір-бірінен айырмашылығы  бар  әрқилы
түсіндірмелер, ұғымдар.
16. ВЕРСТКА – терілген  материлдар  гранкілері  арқылы  типографияда  газет,
журнал беттерін дайындау.
17. ВУЛЬГАРИЗМ - әдеби тілде қолданылмайтын дөрекі сөздер.
18. ГОНОРАР – бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдары үшін
авторға берілетін қаламақы.
19. ГРАНКА - әлі верстка жасалмаған баспаханалық терімнің бір бөлігі.
Әдетте жүз жолдай көлемнен аспайды.
20. ДЕЗИНФОРМАЦИЯ – жалған хабар арқылы жаңылыстыру.
21. ДЕНЬ ПЕЧАТИ – дәстүрлі баспасөз күні. Жыл сайын 28  маусым  күні  аталып
өтеді. “Түркістан уалаяты” газетінің 1870 жылы алғашқы нөмірі  шыққан  күнге
орай белгіленген. Аталмыш  мерекелік  күні  творчестволық  арнайы  сыйлықтар
тапсырылады.
22. ЖАНР - әдеби немесе публицистикалық шығарма түрлері.
23. ЖУРНАЛИСТ –  бұқаралық  ақпарат  қүралдарында  тұрақты  жұмыс  істейтін,
арнаулы кәсіби мамандығы бар қызметкер. Оның жұмысы  идеологиялық,  қоғамдық
саланы қамтып, творчестволық тұрғыда еңбек  етеді.  Отанға,  халыққа  қызмет
етіп, публицистика  саласында  шығармалар  береді.  Ішкі-сыртқы  мәселелерге
белсене араласып, қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысады.
24. ЗАМЕТКА – бір оқиғаның, фактінің негізінде жазылатын қысқаша хабар.
25. ИДЕОЛОГИЯ – қоғамдық санадағы  идеялар  жүйесі,  ілім.  Саясат,  мораль,
ғылым, өнер, дін  жөніндегі  ұғымдар  мен  көзқарастар  жиынтығы.  Ол  қоғам
дамуына белсене әсер етеді. Идеология прогресшіл немесе реакцияшыл болуы  да
мүмкін.
26. ИЛЛЮСТРАЦИЯ–кітап, газет, журналдар тексіне орай берілетін суреттер.
27. ИНТЕЛЛЕКТ – ақыл, адамның ойлау қабілеттілігі.
28. ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ – ой еңбегінің адамдары. Мәдениет пен  ғылымның  әр  түрлі
салаларынан арнаулы білімі бар адамдар.
29. ИНТЕРВЬЮ – сұрақ-жауап түрінде белгілі  бір  тұлғаның  оқиға  мен  факті
жөнінде журналистке айтқан  әңгімесі,  сұхбаты.  Оның  зәру  мәселе  бойынша
пікірлері мен көзқарасын, берген мәліметін  бұқаралық  ақпарат  құралдарында
жариялау үшін журналистің жазып алуы.
30.ИНТЕРПРЕТАЦИЯ – бір  нәрсенің  мәнін  ашу,  ұғындыру,.  Қайсыбір  текстке
түсіндірме  жасау.  ҚазТАГ  –  Қазақстан  мемлекеттік  телегреф   агенттігі.
Республиканың бұқаралық ақпарат құралдарын информациямен  қамтамасыз  етеді.
Ішкі-сыртқы хабарларды жинап таратады.
31. КАЛЛИГРАФИЯ – анық, әдемі жазу өнері.
32. КОНЦЕПЦИЯ - өмір құбылысына көзқарас білдіріп, тұжырым жасау.
Жазушының, ғалымның, журналистің т.б. негізгі түйінді ойлары.
33. КОРРЕКТОР –  баспасөз  материалдарын  баспаханада  теру  кезінде  кеткен
қателерді гранкіден,  не  версткалау  кезінде  беттерден  жөндеп,  түзететін
қызметкер. Ол саяси, орфографиялық, стильдік тұрғыдан  сауатты  болуы  тиіс.
Типографиялық техникадан хабары болуы керек.
34.КОРРЕКТУРА – баспаханалық терімнен кейін  оттискіде  байқалған  қателерді
жөндеу.
35. КОРРЕСПОНДЕНТ – бұқаралық ақпарат құралдарының жер-жерден хабар жинап
беріп тұратын тілші қызметкері.
36. КОПИЯ – түпнұсқаның тура көшірмесі.
37. КУРСИВ–формалық тұрғыдан қолжазба әріптерге ұқсайтын типографиялық
қаріп.
38. ЛЕТУЧКА – редакция  ұжымының  жедел  әрі  қысқаша  өткізетін  өндірістік
жиналысы.
39. МАКЕТ – арнаулы бланкіге сызықтар арқылы түсірілген газет беттерінің
дәл жасалынған жоспары.Сонын үлгісінде шығатын газет беттері дайындалып
,безендіріледі.
40. ОФСЕТ – типографияда жасалынған цинк қаңылтырдағы газет бетінін бейнесі
сол күйінде резина пленкасына түсіріледі де, одан соң қағазға басылатын
тәсіл.
41. ОЧЕРК – көркем жанрға жатады, публицистикалық сарында жазылады.
Негізінен фактіге құрылады,ойдан шығарылмайды. Оқиға,фактілер
зерттеліп,баяндалады. Оныңкейіпкерлері өмірде бар адамдар, нақты деректер
баяндалады.Көбіне кейіпкерлер бейнесі суреттеліп беріледі.
42. ПАМФЛЕТ – заманға кереғар, қоғамдық- саяси өмірдегі кейбір келеңсіз
құбылысты, сондай-ақ әлдебір жеке қайраткерлер туралы әшкерлеу, келемеж
мақсатындағы актуальды да, көркем публицистикалық шығарма.
43. ПАРАДОКС - әдеттегі қалыптасқан жағдайдан бөлек, күтпеген тосын пікір,
құбылыс.
44. ПЕТИТ – ұсақ типографиялық шрифтің түрі.
45. ПОЛЕМИКА – баспасөзде, жиналыста бір нәрсеніталқылау кезінде болатын
айтыстар.
46. ПОЛИГРАФИЯ – баспа өнімдерінің барлық түрін шығаратын өндіріс саласы.
47. ПРЕССА – мерзімді басылымдар, газеттер мен журналдар т.б.
48. ПРИНЦИП – негізгі идеалға сай ауытқымай іс-әрекет көрсету тәртәбі.
49. ПРОБЛЕМА – теориялық және практикалық мақсаттағы шешімін күткен
өзектіде, аса қажетті мәселе.
50. ПРОГРЕСС – алға жылжу, қоғамда неғұрлым жақсы жағдайға жету, дамудың
жоғары сатысына  өту.
51. ПРОПАГАНДА – ілімді, саяси теорияны, көзқарасты, идеяны баспасөзде және
ауызша түрде тарату мен түсіндіру, насихаттау.
52. ПУБЛИКАЦИЯ – баспасөзде жалпыға арналып жарияланған хабар, жазылған
материал.
53. ПУБЛИЦИСТ – қоғамдық-саяси мәселелер туралы қалам тартып жүрген
журналист, қаламгер.
54. ПУБЛИЦИСТИКА – мерзімді басылымдарда саясат пен қоғамдық өмір
мәселелерінің жазылып,жариялануы. Журналистика саласының материалдары.
55. ПСЕВДОНИМ – жазушы. журналистердің
баспасөзде  шын  аты-жөнінің  орнына  ойдан  шығарылған   бүркеншік   есімді
пайдалануы.
56. РЕДАКТОР – мерзімді басылымның жетекшісі, редакция коллективінің
басшысы. Газет,журналдардың саяси бағытына, идеясы мен мазмұнына, жалпы
оқырмандар үшін тартымды шығуына жауап беретін тұлға. Сонымен бірге тиісті
мәселелерді шешіп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуші.
57. РЕКЛАМА – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әлдебір нәрсені кеңінен
білгізу мақсатында жарнамалау.
58. РУБРИКА – газет бетіндегі біріктіріліп берілген материалдарға, сондай-
ақ жүйелі түрде жарияланып тұратын кезеңдік материалдарға тағылатын ортақ
айдар.
59. СТАТЬЯ – мақалада ірі өмір құбылыстары мен фактілері терең анализ
жасалып, теориялық және практикалық тұрғыдан жинақталып, қорытылады.
60. ХРОНИКА - әдетте тақырыпсыз берілетін қысқаша хабар түрі.
61. ЦЕНЗУРА – баспасөзде жарияланатын шығармаларға ерекше бақылау жасау.
62. ЭТИКА – адамдардың моральдық адамгершілік қасиеттер жөніндегі нормалар
жүйесі. Отанға, қоғамға және өзара қарым – қатынас мәселелерін, міндеттерін
айқындайтын болмыс, әдет-ғұрып.

2 ДӘРІСТЕР

1-2 - дәрістер.    Ұлттық журналистиканың бастау көзі.
1.1 Талас өзендері бойынан табылған тас бітіктер.
1.2 Ежелгі көшпелі түрүктер  ақпаратты неге басқан?
1.3 Қазақ баспасөзі тарихын жалпы ресейлік процестерге қосып қатар
        зерттеуге бола ма?
      Ұлттық журналистиканың ілкі  белгісі  ежелгі  төрүк  руна  алфавитімен
жазылған Орхон, Енесей,  Талас  өзендері  бойынан  табылған  тас  бітіктерде
көрініс тапқан. Мұндай ескерткіштер қатарына ғылыми  ортада  белгілі  болған
Білге  қаған  (683-734),  Күлтегін  (684-731),  Тоныкөк,   Күлі   Чор   т.б.
жәдігерлердің  сюжеттер мен оқиғалар желісіне, образдар бейнесі  мен  жер-су
атауларына  байланысты  суреттеулерден  публицистік   белгілердің   нысанын,
ақпарат таратудың көшпенділерге ғана  тән  ерекшеліктерін  аңғаруға  болады.
Ежелгі көшпелі төрүктер ақпаратты тасқа  басу  арқылы  сол  дәуір  шежіресін
айнаға түскендей болашақ ұрпақтың мәңгі  есінде  қалдыруды  көздеген.  Міне,
бұл тастан түйін  түйген ата-баба  қолының  табы  қалған  әрбір  кесек-кесек
кітаптың  эволюциялық  өсу  қозғалыс-қимылын  жан-жақты   ғылыми   зерделеп,
сараласақ, өркениетке  қосқан  сүбелі  жаңалығы  бүгінгі  бұқаралық  ақпарат
құралдарының іргесі берік қаланғанын көреміз.
      Ұлттық баспасөз тарихы сөз болғанда ежелгі төрүк  тасбітіктеріндегі
рухани мұрамызға  соқпай  өту  мүлде  мүмкін  емес.Бұл  адамзат  қоғамы  әлі
қағазды бағзы төрүктердің бұқаралық  ақпарат  таратудың  әдіс  –  тәсілдерін
және идеясын меңгерген ежелгі өркениетінен мағлұмат  береді.Тас  кітаптардың
пішіні мен түрлері, сюжеттік оқиға желісі мен жанрлық  белгілері,  көркемдік
–   идеялық   мәні   мен   жүйелеу    үшін    палеографиялық,    фонетикалық
ерекшеліктерінен түсінік беру. Сондай – ақ  кеңестік  дәуірде  «Пантүркист»,
«Панисламист», «Халық  жауы»  деп,  есімін  атауға  тиым  салған  Ысмағұлбек
Ғәспірәлінің «Тәржіман» газетінің қазақ халқы үшін де заманында  қоғамдық  -
әлеуметтік, мәдени – рухани маңызы орасан зор болған.
      Еліміздің  тәуелсіздік  алуына  байланысты  соңғы   он   жылда   қазақ
журналистикасының өткен тарихының «ақтаңдақ» тұстары қайта қаралып,  кезінде
ұлтшыл, байшыл, алашордашыл деген  нақақ  жаламен  жабылып  қалған  «Қазақ»,
«Алаш», «Сарыарқа», «Ұран»,  «Бірлік  туы»,  «Жас  азамат»,  «Абай»,  «Еркін
қазақ», «Қазақ мұңы» сияқты газет – журналдар мен  онда  қызмет  істеген  әр
жылдары жарияланымдары жарық көрген А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы,  Ә.Бөкейхан,
М.Шоқай, М.Жолдыбайұлы, Н.Төреқұлұлы,  К.Кемеңгерұлы  сынды  қазақ  халқының
біртуар зиялыларының қыруар мұра – мирасын таныстыру.
      Келесі бір ойланар мәселе – қазақ  баспасөзі  тарихын  жалпы  ресейлік
процестерге тели зерттеуге байланысты болмақ.Біздіңше  мұның  да  оңды-солды
жағы  бар.  Өйткені  Қазақстанды  патшалы  Ресей  отар  етті  деңіз   мейлі,
еркімізбен қосылдық деңіз, әйтеуір қалай да екі ел, екі ұлт арасында  қарым-
қатынас, байланыс болмай қалған жоқ.

Бақылау сұрақтары:
1. Ежелгі төрүк тас бітіктері қандай белгілерімен ерекшеленеді?
2. Ежелгі дәуірде негізгі жазу қандай болды?
3. Ежелгі дәуірдегі жазудың қалыптасу тарихы.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразайұлы Ф. Қазақ журналистикасының
тарихы. - А., 1996.
2. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары. 1-кітап. – А.,
1994.
3. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері. – А., 1981.
4. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – А., 1996.
5. «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С.,
          Сақов  Қ. – А., 1998.





3-4 -дәрістер.  ХІХ ғ.екінші жартысы мен ХХғ. басындағы қазақ мерзімді
баспасөзі.
2.1  “Торғай газеті”.
2.2  Онда қызмет еткен қазақ зиялы қауым.
2.3  Басылымның жабылу себебі?
      1869 жылы  2  қаңтарда  Орынбор  және  Сібір  ведомоствосына  қарайтын
территория қайта құрылып, Торғай облысы делініп атала  бастады,  құрамына  4
уезд, 28 болыс қарайтын облыс сол  кездегі  Қазақстанның  біраз  жерін  алып
жатты.  Ал,  1879  жылы  орталығы  Орынбор  қаласында  облыстық  басқарманың
баспасөз орталығы  құрылып,  оның  ресми  органы  шыға  бастады.1895  жылдан
бастап бұған қосымша “Тургайская  газета”  деген  атпен  ресми  емес  бөлімі
шығарылып, ол 15  жылдай  өмір  сүрді.  “Торғай  газетінде”  Ш.Уалихановтың,
Ы.Алиынсариннің өмірі, қызметімен таныстыратын материалдар жарияланды.
      “Торғай газеті” көпшілікке пайдалы материалдарды  қазақ  әрпімен  және
араб  әріптерімен  қазақ  тілінде  жиі-жиі  жариялап  отырды.  Әсіресе,  сол
кездегі жұртқа, эпидемияға  байланысты  материалдар,  қоғамдық  құбылыстарды
сынайтын фельетондар, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап басып отырды.
      Орыс  алфавитін  икемдеп,  таза  қазақ  тілінде  материалдар  жариялау
баспасөз тарихында осы “Тургайская газетадан”  басталды.  Орынборда  шығатын
баспасөз органдарына жетекшілік еткен Торғай  облыстық  басқармасының  газет
столының төрағасы Ә.Балғынбаев болды.(1902-1906жылдар).
       Ә.Балғынбаев  туралы   деректі   толық   болмаса   да   Қазақ   Кеңес
Энциклопедиясынан алуға болады. Онда оның журналистік қызметіне қатысты бір-
ақ сөйлем жазылған: “Торғай  облыстық  ведомостволары”  газетінің  редакторы
(1902) Ә.Балғынбаев тек әкімшілік жұмыспен ғана айналыспай  өзі  де  жиі-жиі
мақалалар  жазып  тұрды.  Қазақ  тіліндегі  материалдарды  орыс  газеттеріне
аударып беріп  отырды.  Революциялық  қозғалыс  жылдарында  “Торғай  газеті”
прогресшіл бағыт ұстады. Революция қарсаңында  бұл  газеттің  бетінде  қазақ
еңбекшілерінің   екі   жақты   езгіге   –   “өз”   байларының   және   патша
самодержавиесінің   езгісіне   түсіп   отырғанын   сипаттайтын   материалдар
жарияланды.
      Ә.Балғынбаевтың публицистік қызметі “Тургайская газетаның” 1895  жылғы
45  –  санында  “Қарабұтақтағы  қыздардың  орыс-қазақ  училищесінің  ашылуы”
мақаласынан басталды. “Тургайская газетаның” 1904 жылғы  48  санынан  бастап
Ә.Балғынбаевтың әлденеше  номерге  жарияланған  “Қырғыз  (қазақ)  тұрмысының
очерктері” қосалқы тақырыпшасымен “бесіктен молаға дейін” фельетоны  көшпелі
қазақ халқының денсаулық сақтау ісінің кемшіліктерін өлтіре сынаумен  бірге,
олардың тұрмысы мен әдет-ғұрпының тозығы жеткен көлеңкелі жағын әшкерлейді.
      Ә.Балғынбаев сол кездегі Орынборда шығып  тұрған  басылымдарда  ғылыми
мақалаларын және халық ертегілері, аңыз т.б. үлгілерін орыс  тіліне  аударып
жариялап отырды.
      Бұл басылымда Ә.Балғынбаевпен қатар Ж.Сейдалиннің де біраз  мақалалары
жарық көрген.
      ХІХ ғасырдың екінші жартысында (1860-1900) Қазақстанда патриархалдық –
фнодалдық   қатынастардың   ыдырап,   капиталистік    қатынастардың    дамуы
баспасөздің дамуына айтарлықтай  ықпал  жасады.  Екіншіден,  қазақ  мерзімді
баспасөзінің  пайда  болуы  орыстың  революцияшыл  –  демократтық  бағыттағы
журналистикасының қосқан үлесі де баршылық.
Ал,  қазақ  публицистикасының  ірге  тасын  қалаушылары,  яғни  көшбасшылары
дегенде, ең алдымен Ш.Уәлихановтың  публицистикалық  еңбектерін,  екіншіден,
Ы.Алтынсариннің  «Қазақ  газеті»  деп  аталған  газет  үлгісі  және  кезінде
«Оренбургский  листок»  газетінде   жарияланған   мақала,   корреспонденция,
очерктері мен этнографиялық  мақалалары,  үшіншіден,  А.Құнанбаевтің  еңбек,
білім, тәлім-  тәрбие  тақырыбына  арналған  өлеңдеріндегі   публицистикалық
элементтер мен қара сөздері еске түседі.

Бақылау сұрақтары:
1. “Тургайская газета” қашан, қайда шықты?
2. Ә.Балғынбаевтың алғашқы публицистік мақаласы қалай аталады?
3. “Торғай газеті” қандай бағыт ұстанған?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразайұлы Ф. Қазақ журналистикасының
тарихы. - А., 1996.
2. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары. 1-кітап. – А.,
1994.
3. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері. – А., 1981.
4. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – А., 1996.
5. «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С.,
          Сақов  Қ. – А., 1998.

5-6 - дәрістер. Қазақ мерзімді баспасөзінің пайда болуы мен қазақ  тіліндегі
алғашқы газеттер. Қазақ көшбасшылары.
3.1  “Түркістан  уалаятының  газеті”.
3.2  “Дала уалаятының газеті”.
3.3  Қазақ баспасөзінің тұңғыштары.

“Түркістан  уалаятының  газеті”

      Х1Х   ғасырдың   екінші   жартысында   қазақ   елін,  жерін    патшалы
Ресейдің   толықтай   билеп   алуына   байланысты   Қазақстанның    Ташкент,
Орынбор, Омбы, Орал  сияқты  кейбір   ірі   қалаларында   патша   өкіметінің
жергілікті   әкімшілік   орындарының   жеке    ресми    органдары    ретінде
жергілікті  ұлт  тіліндегі  алғашқы  газеттер   шыға   бастады.  Әрине,  бұл
басылымдар   қайткен   күнде  де   қазақ   халқының   қамын    ойлап,   оның
әлеуметтік-шаруашылық және мәдени-ағарту тілектерін ескергендіктен  шығарған
жоқ, керісінше патша  үкіметінің отарлау саясатын күшейте түсу, оның бұйрық-
жарлықтарын жергілікті  халықтың  ана  тілінде  жариялап,  сөзсіз  орындату,
сондай-ақ оның ресми көзқарастарын тұрғындар арасында  кеңінен  таратып  қол
астындағыларды  шексіз  бағындырып  ұстау  мақсатымен   шығарылды.   Алайда,
патшалық Ресейдің осындай  жымысқы  саясатына  қарамастан,  Қазақстанда  ұлт
тіліндегі өз баспасөзінің тууы халықтың  санасын  елеулі  түрде  оятып,  мол
рухани байлыққа ие болуына елеулі түрде әсер етті.
      Қазақ баспасөзінің  тұңғышы  “Түркістан  уалаятының  газеті”.  Ол  сол
кездегі  Түркістан генерал – губернаторының орталығы Ташкент қаласында  1870
жылдың 28 сәуірінен бастап, орыс тілінде шығатын  “Туркестанские  ведомости”
газетіне  қосымша ретінде аптасына төрт рет  (екі  саны  өзбекше,  екі  саны
қазақша) шығарыла бастаған.
      Газеттің редакторы – ұлты башқұрт болса да  қазақтың  намысын  қорғап,
сойылын соққан, орыс  және  шығыстың  көптеген  тілдерінде  еркін  сөйлеген,
генерал-губернатордың тілмашы болған ізгі ниетті азамат  Шаһмардан  Мирасұлы
Ибрагимов еді. Ал,бұл басылымның аудармашысы,  әрі  әдеби  қызметкері  болып
Хасен Жанышев, Заманбек Шайхы Әлібеков, Жүсіп Қазыбековтер жұмыс істеген.
      “ТУГ”-нің ресми және ресми емес деп аталған басты  екі  бөлімі  болды.
Ресми  бөлімде  патша  өкіметінің  бұйрық-жарлықтары  жарияланып,   үкімдері
түсіндірілді, ресми емес бөлімде  отырықшылдық, егіншілік, мал  шаруашылығы,
сауда, ішкі-сыртқы жағдайлар, әдебиет,  мәдениет,  білім-ғылым,  өнер,  әйел
теңдігі мәселелері  қаралды.  Оған  кезінде  газет  беттерінде  жарияланған;
“1731 жылы  Қазақстан  Россияға  өз  еркімен  қосылды  ма?”,  “Қазақ  жеріне
жоңғар, қоқан шапқыншылығы”, “Орыстардың Орта жүзді жаулап алуы”,  “Оңтүстік
Қазақстанның  Россияға  бодан  болуы”  туралы  мәселелермен   қатар,   қазақ
даласындағы Кенесары хан, Сырым, Исатай-Махамбет батырлар  бастаған  азаттық
көтерілістердің  жазылуы  да  куә.  Онық  үстіне  тікелей  патша  жарлығымен
қазақтардың ең шұрайлы жерлерінің орыс переселендеріне күшпен тартып  алынып
беріліп жатуы жөнінде материалдарының жариялануы  редакция  қызметкерлерінің
ұстанған  бағыт-бағдарларын  көрсетеді.Қазақ  тіліндегі  шығатын  басылымның
1882 жылы  ешбір  себепсіз  жабылып  қалуы  да  осындай  істерге  байланысты
сияқты.  “ТУГ”-де ауыз әдебиетінің  үлгілері  де  жарияланып  тұрды.  Тұңғыш
газет өз оқырмандарына  Шоқан, Ыбырай,  Абай  сияты  біртуар  перзенттерінің
өмірі және еңбек жолдарымен алғаш рет болып танысуларына мүмкіндік жасады.
      Басылым беттерінен орыс және еуропа халықтарының өнері мен  мәдениеті,
ғылым, білім жайында да жарияланған материалдарды  да  кездестіруге  болады.
Ал, түрлі проблемаларға арналған  ғылыми  мақалалар,  егіншілік,  агрономия,
ветеринария,  зоотехника  туралы  ақыл-кеңестер  өз  алдына  бір  төбе.  Бұл
газетте орыс журналистикасының  әсерімен  заметка,  коррспонденция,  мақала,
фельетон, очерк сияқты баспасөз жанрларының түрлері пайда болды.
      “ТУГ” оқу – білім жөнінде, оның маңызы туралы  материалдарға  да  орын
беріп,  қазақтарды  ғылымға  қызықтыра  білді.  Мәселен,  1870   жылдың   10
желтоқсан күнгі кезекті  санында  күн  тұтылатындығын,  оның  себеп-салдарын
жазды.  Екіншіден, осы мақалада телеграф  жұмысы  жайлы  баяндай  келіп,  ол
арқылы қиыр шеттен жылдам хабар алуға болатыны,  сол  кезде  Орта  Азия  мен
Ресейдегі 25 қала аралығында осындай телеграф  байланысы  орнатылғанын  және
қай  қалаға  телеграмма  жіберудің  қанша   теңге  тұратындығы  жайлы  тізім
берілген.
      Басылым “Ғылым хабары” деген айдармен ғылым мен техника  жаңалықтарын,
Түркістан өлкесінің таулы аймақтарында жердің сілкінгендігін үзбей  хабарлап
тұрған. Шармен аспанға ұшу, қар мен жаңбырдың пайда болу сыры,  аспан  әлемі
планеталары туралы түсініктер, ғылыми болжамдар  жарияланып  тұрған.  Даңқты
саяхатшы Магеланның жердің  шар  тәрізді екенін дәлелдегені  туралы  еңбекті
қазақшаға аударып басылған.
      Басылымда әмеңгерлік, жесір дауы тәрізді ел ішіне бүлік  салған  әдеп-
заңдардың зияндығын  әшкерлейтін  материалдар  да  басылып  тұрған.  Газетте
түрлі әдеби жанрлар көрініс тапқан, мысалы, қазақ билерін әжуа  еткен  сықақ
әңгіме, фельетон, очерктің тұлғалық, жолсапар түрлері  де  алғаш  рет  пайда
болған.

“Дала уалаятының газеті”

      “ТУГ”-нен кейінгі өзіндік тарихи  орыны  бар  қазақ  тіліндегі  екінші
басылым- “ДУГ”. Газет  Омбы  генерал  –губернаторының  органы  ретінде  Омбы
қаласында 1888 жылдың 1-қаңтарынан бастап, 1902 жылдың 12-сәуіріне дейін  14
жыл қатарынан жарық көріп тұрған. Оның орысшасы “Киргизская степная  газета”
деп аталған. Газеттің  редакторы  ретінде  әр  кезде  И.Казлов,  К.Михайлов,
Г.Абаза  деген   кісілер  қол  қойып  отырған.  Ал   басылымның   қазақшасын
редакциялаған генерал-губернатор канцелериясының аға тілмашы  Е.Абылайханов,
Р.Дүйсенбаев, Б.Чалымбеков және  басқа  бірнеше  адам  аудармашы  әрі  әдеби
қызметкер  міндетін  атқарған.  Сондай-ақ  мұнда  арнайы  тілшілер   ретінде
О.Әлжанов,  Ж.Аппасов,  Ш.Айманов,  Д.Иманқұлов,  А.Қылышбаев,  Мәшһүр-Жүсіп
Көпеев жиі  мақала жазып тұрған. Газеттің нақты тиражы туралы  анық  мәлімет
жоқ.  Дегенмен  бір  деректерде  оған  міндетті  жазылушылар  саны-1332  деп
көрсетілген.
       Қазақтар   “ДУГ”  арқылы  орыс  халқының  В.А.Жуковский,  А.С.Пушкин,
М.Ю.Лермонтов, Н.А.Крылов, Л.Н.Толстой, Г.И.Успенский секілді  атақты  ақын-
жазушылардың шығармаларымен танысты. Газетке қазақ пен орыс  халқының  жазба
және ауыз  әдебиеті  шығармаларымен  бірге  украин,  литва,  татар,  башқұрт
халықтары әдебиетінің,  сондай-ақ  шығыстың  “мың  бір  түн”,  “Ләйлі-Мәжүн”
тәрізді туындыларынан үзінділер берілді.
      “ДУГ” қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларын жинап, бастыруда  сондай-ақ  орыс
әңгіме-ертегілерін аударып жариялауда едәуір ізденістер  танытқан.  Онда  да
сол кездегі жағдайға байланысты,  жұртқа ой салар түрінде беріп отырған.
       Басылымның  ауыз  әдебиеті  үлгілерін   жариялауына,   әсіресе   орыс
әдебиетінің  аударма  үлгілері  елеулі  әсерін  тигізсе  керек.  Атап  айтар
болсақ,    Ы.Алтынсарин,    А.Құнанбаевтардың     аударуымен     жарияланған
Л.Н.Толстойдың “Ұзақ пен көгершін”, “Бұғы мен  қарақаттың  сабағы”,  “Бұғы”,
“Қоян”, “Өтпес пышақ” сияқты мысал-әңгімелердің жариялануы тегін емес еді.
       Ауыз  әдебиетінің  үлгілерін  жинаушы  қазақ   оқығандары   Б.Адықов,
Ш.Айманов, Р.Дүйсенбаев тағы басқалар газетке бастырған дүниелерді  халықтың
ауызша шығармасы деп атап, соңына өз ата-тегін  жазса,  енді  біреулері  бұл
материалды кімнен, қайда жазып алғанын хабарлап отырған.
      Сондай-ақ газет  “Редакцияға  хат”  деген  тақырыпта  хаттар,  арнаулы
мақалалар  жариялап,  қазақ  жазба  әдебиеті  мен  әдеби   тілін   дамытудың
көкейкесті  мәселелерін қозғады. Авторлар аударма   және  қазақ  ақындарының
таңдаулы шығармаларын  жинап,  не  жеке  кітап  етіп  шығару  жөнінде  пікір
алысты.

Бақылау сұрақтары:
1. “ДУГ” қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларын бастырып отырды ма?
2. Ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаушылар кімдер?
3. Басылымның арнайы тілшілері болды ма?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразайұлы Ф. Қазақ журналистикасының
тарихы. - А., 1996.
2. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары. 1-кітап. – А.,
1994.
3. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері. – А., 1981.
4. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – А., 1996.
5. «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С.,
          Сақов  Қ. – А., 1998.

7-8 -дәрістер. 1905 – 1907 жылдардағы қазақ баспасөзі.
4.1  “Искра” газеті
4.2  “Қазақ газеті”.
4.3  “Серке” газеті.
        1905-1907   жылдардағы   бірнеше   орыс   буржуазиялық   революциясы
көпшіліктің саяси санасын шыңдаған мектеп  болды.Соның  нәтижесінде  тарихта
тұңғыш рет жұмысшы мен шаруа  одағы  бірлесіп,  өздерінің  ортақ  жауы-патша
самодержавиесіне қарсы күреске шықты.
          Революция жаңғырығы Қазақстан даласына да жетті. Верный,  Әулиеата
қалаларының, Перовск, Қазалы,  Орал,  Ақтөбе,  Семей,  Петропавл  темір  жол
стснцияларының жұмысшылары  мен  демократиялық  ниеттегі  еңбекшілері  патша
үкіметінің  озбырлығына  наразылық   білдіріп,   ереуілдер   жасады.Орынбор,
Ташкент, Түркістан, Перовск, Жосалы, Шалқар стснцияларында жұмысшылар  жұмыс
күнін  қысқартуды,  экономикалық  жағдайларды  жақсартуды   талап   етті.Кей
жерлерде жұмысшылар жаппай  жұмысқа  шықпау  шараларын  ұйымдастырды.Сөйтіп,
қазақстандықтар да Бүкілресейлік стачкаға қосылды.
          Патша үкіметінің қатаң талап қойып, жіті  бақылау  жасауы  Ресейге
марксизм идеясының таралуын тездетті, нәтижеде  ол  қазақ  даласына  да  кең
тарала бастады. Бұл  бағытта  күнделікті  баспасөз  үлкен  рөл  атқарды.  Ол
революциялық  қозғалыстың  мақсатын,  сондай-ақ  жұмысшылар   мен   шаруалар
арасындағы  қарым-қатынасты  түсіндірумен   болды.Соның   бірі-жалпыорыстық,
большевиктік  “Искра”  газеті.”Искраны”  Ұлытау,  Атбасар,   Есіл,   Ақмешіт
маңына, Қарсақпай жұмысшыларына  алғаш  таратушылардың  бірі-Иван  Деев  пен
Сабыр Шариповтар екені тарихтан мәлім.Сабыр Шарипов пен Иван Деевтің көбіне-
көп паналаған ауылы орта жүздің  Бағаналы  елі  болған.  Бұл  елдің  сауатты
азаматтары “Қазақ” атты Ахмет Байтұрсынов басшылық  еткен  газетті  шығаруға
да атсалысқаны деректерден таныс.
           “Искраның” тілшілері Ресейде ғана  емес,  Қазақстанда  да  болды.
Олар қазақ халқының ауыр тұрмысынан хат-хабар, мақала  жазып  тұрды.Айталық,
“Искра”  2-нөмірінде   “Ұлы   Сібір   магистралы   бойында”   деген   авторы
көрсетілмеген хат жарияланды. Онда темір жол қоғамы шонжарларын  тіс  қаққан
қасқырларға теңеп, олардың нағыз жыртқыштық бейнесін ашты.
      1905 жылы қазан айының аяқ шенінде Петербургте  шыққан  “Новая  жизнь”
газеті де қазақ даласына орналасқан әскери бөлімдерде де толқулар  болғанын,
ол толқулар Ташкент, Жаркент  тағы  басқа  гарнизондарды  қамтығанын  жазды.
“Новая жизнь”  газеті  1905  жылғы  1-желтоқсандағы  нөмерінде  Орал  облысы
қазақтарының ауыр халі жөнінде корреспонденция  жариялап,  патша  өкіметінің
отарлау саясатын сынады.
“Қазақ газеті”.
      Ол 1907 жылдың наурыз айында  жарық көрді. 2-ақпанда бірінші (пробный)
нөмері  шықты, газет  орыс  және  араб  әріпімен  екі  тілде,  яғни  орысша,
қазақша  жарық  кһрді.  Редакторы   еврей   Хаим   Сосновский,   бастырушысы
Қостанайдың   қазағы   Ешмқханбет   Иманбаев   болды.   “Қазақ    газетінің”
материалдарынан байқалғандай революцияшыл  бағытты  қолдады.  Ондағы  мақсат
самодержавиені құлату, буржуазиялық-демократиялық өзгерістер  мен  бостандық
үшін  үгіт-насихат  жүргізу  болды.  Бұл  оның  прогресшілдік  рөл  атөаруды
көздегені байқалады.Патша  үкіметі шет  аймақтардағы  ұлттардың  наразылығын
күшейтеді-мыс деген  сылтаумен  “Қазақ  газетін”  бірінші  нөмерінен  бастап
мүлде жабуының өзі біраз жайды аңғартса керек.
“Серке” газеті.
“Серке”  газеті  –1905-1907  жылдарда  Ресейде   болған  бірінші   революция
екпінімен  шыққан баспасөз түрінің бірі.  “Серке”  газеті  1907  жылы  қазақ
оқушыларына арналып, Петербургте  шығып  тұрған  “Ульфат”  газетіне  қосымша
ретінде    Шәймерден   Қосшығұловтың    басқаруымен,    Хажы    Ибрагимовтың
редакторлығымен шыққан. Патша орындарының  рұқсаты  бойынша   алғашқыда  екі
жетіде бір шығатын болып ашылса да, бірақ “Серкенің” екі нөмері ғана  шығып,
тоқтап қалған. Жазылу бағасы бір жылға 2 сом, жарты жылға  1  сом  25  тиын,
жеке  саны  10  тиын.  Газеттің  шығуы  жайында   Қазақстан   Ұлттық   Ғылым
академиясының  Орталық  ғылыми   кітапханасында   Ш.Қосшығұловтың   айтуымен
жазылған қолжазба  бар.  Ол  жазбада  “Серке”  газетінің  3-4  нөмірі  шығып
тоқтағанын,  “серке”  сөзінің   мағынасы   боранда   қой   бастайтын   көсем
мағынасында қоланылғаны туралы  айтылған.  Газеттің  жабылу  себебін  тиісті
орындардан сұрағанда,  олар:  “Серке”  газетінде  кейбір  мақалаларда  қазақ
халқын үкіметке қарсы үгіттеу бар, содан ұсталды деп жауап берген.
      Ал, бүгінгі таңда  бұл газеттің жабылуына басты  себеп  белгілі  ақын-
журналист М.Дулатовтың   “Жастарға”  атты  өлеңі  мен   “Біздің  мақсатымыз”
деген мақаласының жариялануы болды деген дерек бар.
Большевиктік “Орал” газеті.
      Бұл  басылым  1907  жылдың  4-қаңтарынан  27  сәуіріне  дейін  Орынбор
қаласында жарық көріп тұрды. 31-нһмері  шыққанда  патша  үкіметі  оның  өмір
сүруіне тыйым салды. Газеттің редакторы   большевик   Хусаин  Ямашев  болды.
Оны  “Пролетарий”  газеті  “ұлтшылдық  дегенді   білмейтін   нағыз   социал-
демократ”,-  деп  бағалады.  Газет  ислам  дініне  қарсы  атеистік  көзқарас
танытты.
Қолжазба “Садақ” журналы
       1905-1907  жылдары   Ресейде   болған   бірінші   орыс   буржуазиялық
революциясы шығыс халықтарының да арасында  ұлт-азаттық,  мәдени-ағартушылық
қозғалыс тудыруға әсер етті. Ресеймен және  басқа  елдермен  ерте  араласып,
өнер мен білімге қазақтардан гөрі бір табан жақын тұрған татарлармен  біздің
бабаларымыздың қандас әрі аралас-құралас болуы Қазақстанда да  мәдени-ағарту
жұмыстарының   жандануына   белгілі   дәрежеде   септігін   тигізді.   Бұлай
дейтініміз, сол кезеңде Қазан, Уфа, Троицкі  баспаханаларында  едәуір  қазақ
кітаптары басылып шықты. Сондай-ақ, мұғалімдер дайындайтын Уфадағы  “Ғалия”,
Троицкідегі  “Расулия”,   Орынбордағы   “Хусаиния”   семинарияларында   және
башқұрт, татар медреселерінде қазақ жастары оқыды.
      Мысалы, 1906 жылы  ашылған  Ғалия  медресесін  1916  жылға  дейін  930
шәкірт аяқтаса, соның 154-і қазақ жастары болған.  Онда  тәрбиеленіп,  білім
алған жас мұғалімдер Қазақстанның Алматы, Қапал, Қызылжар,  Семей,  Өскемен,
Зайсан және  басқа  уездерінде  төте  оқу  мектептерін  ашып,  бала  оқытуға
кіріскен.
      Кезінде Ғалия медресесінде оқыған башқұрттар “Парлақ”, татарлар  “Аң”,
черкестер “Ләгуә”, қазақтар “Садақ” деген қолжазба әдеби  журналдар  шығарып
тұрған.  Уфа  қаласында  1915  жылдың  9  қарашасынан  шыға   бастаған   бұл
басылымның  ұйымдастырушы,  шығарушылары  –  Бейімбет  Майлин  мен  Жиенғали
Тлепбергеновтар болды. Бірақ Б. Майлиннің науқастанып еліне  қайтып  кетуіне
байланысты   “Садақты”   1915   жылғы   3-санынан   бастап    Ж.Тлепбергенов
редакциялайды да, шығарушы міндетін “Қазақ ұйымы”  атқарады.  “Журналымыздың
мақсаты – оқуға кеткен қазақ жастарына жол-жоба көрсетіп, қалам ұстауды  сөз
жазуды үйрету, өткендегі өмірдің жақсылық жағын өнеге  етіп,  жаманшылығынан
безіндіру болып табылады”, - деп жазды редакция алқасы.
       Шындығында  “Садақтың”  1-санынан  бастап,  соңғы  15-санына  дейінгі
аралықта  екі  жыл  қатарынан  новелла  тәрізді  қысқа  әңгімелер,   көлемді
повестер, очерктер, сықақ этюдтар, жас ақындардың  өлеңдері,  сын  пікірлер,
қазақтың ауыз әдебиетінің нұсқалары молынан жарияланған. Бұған себеп  журнал
редакторы Ж.Тлепбергенов авторларға талап қоя білгіш,  іскер  басшы  болған.
Ол  материалдармен  мұқият  танысып   шыққан   соң,   құнсыздарын   ешкімнің
көңілдеріне қарамай, авторларына қайтарып  беріп  отырған.  Мысалы,  ол  бір
авторға “көп ойланып жазсаңыз да, сөзіңізде  көрініп  тұрған  кемшілік  бар.
Келісті  сөздер  жазсаңыз  келешек   санға   кіргізерміз”   десе,   “Ертеңгі
жазушыларға” да “Еріккенге ермек деп, елдегі  жоқты  жаза  бермеңіз”  –  деп
ескерту жасаған.
      Бұл қолжазбаның қазақ елінде емес Уфа қаласында  шығып  тұруы,  әрине,
ондағы Ғалия медресесінде оқитын қазақ жастарына елдегі болып  жатқан  түрлі
оқиғалардан толық мағлұмат бере алмады, алайда олар халықтық бағыт  ұстанған
партиялар мен осы партиялардың  “Қазақ”,  “Бірлік  туы”,  “Сарыарқа”  сияқты
органдарының оң істерінен хабардар  етті.  Бұл  жөнінде  Қ.Бекқожин  кезінде
“Оның үстіне ол дәуірде шығып тұрған, алашордашылардың “Қазақ”  газеті  және
басқа сондай  баспасөз  органдары  олардың  басын  ұлтшылдықпен  уландырады.
Жалпы   ұлт-азаттық   қозғалысымен   рухтанған   Ғалия   шәкірттері    қазақ
ұлтшылдарының  буржуазиялық  ұлт   автономиясын   құрмақ   болғанын   жақтап
қателесті”, - деп жазды.
      Бүгінгі күн тұрғысынан қарасақ зерттеушінің  бұлай  деп  жазу  себебін
ілгеріде айттық, енді қайталап жату артық болар.  Шынтуайтына  келгенде  бұл
редакция ұжымының ұлтжандылығын көрсететін ерекше қасиеті  болатын.  Мысалы,
осыған байланысты  “Садақтың”  1917  жылғы  18  қарашадағы  4-санының  соңғы
бетінде басылған бір хабарда Омбыда оқитын қазақ жастары “Бірлік” атты  жаңа
қауым ашыпты, басқармаға орысша басылған  жарғысы  келді,  қауымның  мақсаты
халық арасында білім тарату, сонымен бірге халық әдебиетін  жию  екен  деген
делінген. Бұл қауымның жұмысына игі тілек білдіре келіп,  басқарма  “мұндағы
шәкірттердің ағза (мүше) болып жазылуы оң, жарғыны оқып көруге  береміз”,  -
деп мәлімдеген.
      Кейіннен “Бірлік” ұйымы туралы С.Сейфуллин “Біздің  программалық  және
көздеген мақсатымыз – қазақ арасында мәдени-ағарту жұмысын  жүргізіп,  қазақ
әдебиеті арқылы патша өкіметінің қысымшылығына қарсы  идея  тарату  еді”,  -
деп жазды. Шындығында Шәймерден Әлжанов белсене қатысқан бұл  ұйым  мүшелері
кейіннен  осылай  етті  де.  Олар  патша  өкіметінің   реакцияшыл   саясатын
әшкерелейтін листовкаларды кішкене пресс машинаға  бастырып,  қазақ  арасына
таратқан.
      Міне, сөйтіп “Бірлік” ұйымының жарғысын  бастырмай,  басқармаға  келіп
танысыңдар деуінің өзі-ақ  “Садақтың”  оған  іш  тартып,  тілектес  болғанын
көрсетеді.
      Қолжазба бетінде  жарияланған  материалдар  түрлі  мәселені  қамтыған.
Мәселен,  алдымен  Ж.Тлепбергеновтың  еңбегіне  тоқталып   көрсек.   Себебі,
Жиенғали өзінің тырнақалды өлең, әңгіме, мақалаларын осы журналда  жариялап,
ұстаздық, ақындық, жазушылық қызметін бастады. Мысалы, ол “Жазғы көш”  деген
әңгімесінде жайлауға көшу сәтін, жол бойғы қыз-жігіттердің ат жврыс,  көкпар
ойындарын,  шырқаған  әндерін  нанымды  суреттейді.  Әсіресе,  оның   байдың
жылқышыға ұрсып жатқан сәтін, жастар думанына торы шолақ атын тақымдай  шаба
жөнелген кедей  баласының  жақын  қылығын  бейнелеуі  де  сол  кездегі  ауыл
бейнесін көз алдыңа айқын елестетеді.
      Екінші мәселе Ж.Тлепбергеновтың  сыншылығы  туралы.  “Садақтың”  1917-
1918 жылдардағы оныншы санында қатарынан  Халелидден  Жүсіпұлы  Сарталиевтің
“Мақтым” деген ұзақ повесі жарияланған. Міне, Жиенғали осы шығармаға  талдау
жасап,  сын  жазу  барысында  оның  кемшіліктерін,  роман  дәрежесіне   жете
алмағанын,  егер  қайта  құрып  өңдесе  баспаға   ұсынуға   болатынын   атап
көрсеткен.
      Журнал  өз  оқырмандарының  деңгей-сипатын  ескере  отырып  оқу-ағарту
ісіне баса көңіл  бөлген.  Журналдың  1917  жылғы  бес  санында  жарияланған
“Мұғалімдік  туралы”  деген  екінші   бір   үлкен   мақаласында   прогресшіл
педагогиканы  және  озат  ағартушылық  идеяларды  насихаттады.  Алдымен   ол
медресе бітіріп шығатындарға “бұрынғы алдаушы, сатылғыш  арамза  молдалардың
ізіне түсіп  кетпеуді”  айтады.  Екіншіден,  жаңа  әліппемен  төте  оқытатын
мұғалім балаларға  мейірімді  қарап,  білім  негіздерін  және  жазуды  бірге
үйретуге, жұрт алдына тәртіпті, ұстамды болуға тиістігін ескертеді.  Сондай-
ақ, Ж.Тлепбергенов  мұғалім  тек  балаларды  оқытумен  тынбай,  ел  арасында
мәдени-ағарту жұмыстарын, атап  айтқанда  сауаттандыру,  газет,  кітап  оқып
беру, мұғалімдер дайындайтын курстар ашу  сияқты  шараларды  жүзеге  асыруға
тиіс екендігін, бұл  жаңа,  халықтық  мұғалімдердің  ардақты  борышы  екенін
жазады.
       “Садақта”  қазақ  халқының  ұлы  ақыны  –  Абайдың  жастарға  арналып
жазылған  бірнеше  нақыл  сөздерімен  қатар,  “Желсіз   түнде   жарық   ай”,
“Білімдіден шыққан сөз” сияқты махаббат, тәлім-тәрбие жөніндегі жыр  жолдары
да басылып тұрған.
      “Садақ” материалдарын  идеялық  тұрғыдан  қарағанда  бірен-саран  ала-
құлалық болғанын да айтпай кетуге болмайды.  Редакция  ұжымындағы  жастардың
сол кездегі саяси  өмірдегі  өзгерістерді  түгел  жаңалық  деп  қуана  қарсы
алғаны да бар. Бұл кінәсі де, күнәсі де емес,  саяси  өрелерінің  саясыздығы
деп білу керек.  Мәселен  өзінің  соңғы  1918  жылдың  10  ақпанында  шыққан
санында Орынборды большевиктер алғандығы туралы хабарда: “Бұл  қадірлі  жаңа
жолда біздің  қазақтан  да  жоқ  емес  еді.  Ғалибек  Жанкелдин  деген  кісі
большевиктерді ертіп келіп “Қазақ” басқармасын жаптырды. Бұл уақытта  ондағы
мырзалар қазақ ішіне қашып кеткен еді. Ғалибек “Қазақ”  басқармасын  тінтіп,
жаңа  шыққан  “Қазақтың”  бір  нөмір  газетін  “Баяғыдан  бері  сен   біздің
аяғымызға қандай тұсаулар салмадың!” – деп,  қосқалдап  тұрып  айырып-айырып
тастапты” деп қуана жазуы соның айғағы болса керек. Тегі,  осы  жолды  жазып
отырған редакция ұжымы бұл істің өз басына да төніп  отырғанын  түсіне  білу
үшін де саяси сауаттылық керек еді.
      Сонымен қорыта  айтқанда  “Садақ”  қолжазба  күйінде  болса  да  қазақ
баспасөзі тарихынан өз орынын  алатыны  даусыз.  Біріншіден,  қалам  ұстаған
медресе жастарына жазу рөлін атқарады, екіншіден, қазақтың  көркем  әдебиеті
кадрлерінің өсіп жетлуіне ықпал етті.

Бақылау сұрақтары:
1. “Серке” газеттің жабылуына басты себеп не болды?
2. “Қазақ газетінің” редакторы кім?
3.  “Искра” газеті қандай бағытты ұстанды?

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразайұлы Ф. Қазақ журналистикасының
тарихы. - А., 1996.
2. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары. 1-кітап. – А.,
1994.
3. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері. – А., 1981.
4. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – А., 1996.
5. «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С.,
          Сақов  Қ. – А., 1998.

9-10 - дәрістер. «Айқап» журналы және оның идеялық бағыты.
5.1  “Айқап” журналының қазақ журналистикасындағы орны.
5.2  “Айқап” журналының шығарушылары мен редакторы.
5.3  Журналдың жабылу себебі не?
       “Айқап”  журналының  алғашқы  саны  Троицк  қаласында   1911   жылдың
қаңтарында  жарық  көрді.Оның  шығарушысы,редакторы  демократ  ақын,  жазушы
Мұхаметжан Сералин болды.Ол  журналды  алғаш  жұрттан  қарызға  алып,  пайда
серіктікке пай жинай жүріп шығарды.Біраз уақыттан соң журнал  өз  қаржысымен
шыға бастады,оған жәрдемдесушілер де табылды.Дегенмен қаржының  тапшылығынан
алғашқы жылы айына бір реттен, кейде шағын көлемді болып жарық көрді.
        Жәрдемдесушілер көбейіп және өзі қаржыға ие  болғаннан  кейін,  яғни
1912 жылдан бастап  журнал  айына  екі  реттен,  12-24  бет  көлемде  шықты.
Профессор   Қ.Бекқожиннәң   дәлелдеуінше   “Айқаптың”   тиражы   1000   дана
болған.Жалпы, журналдың бес жыл ішінде 89 саны жарық көрген.
          “Айқаптың”  алғашқы  санындағы  “Қызмат   иесі  мырзаларға”  деген
мақалада: “Журнал шығарудағы мақсат атақ шығару, білім  сату  емес,  халыққа
қызмет ету болды... Журналымызға “Айқап” деп есім бердік... Біздің  халықтың
“Айқап!”  демейтұғын  қай  ісі  бар!  “Қап!”   дегізген,    құпияда    өткен
істеріміз  көп  болған  соң  журналымыз  өкінішімізге  лайық “Айқап” болды,-
 деп  жазылды.
          “Айқап” әр  материалдың  мазмұны   мен   тақырыбына   жете   көңіл
бөліп  отырды. Бірінші  бетіне  елдің  ішкі  өмірінле   болған   жаңалықтар,
ресми хабарлар, екінші,  үшінші  беттерінде   “Ашық   хат”  деген   айдармен
оқырман  хаттарын  жариялаған. Проблемалық  мақалалар (жер   туралы,  сьезд,
сайлау  т.б  тақырыптар) бойынша  4 – 6  беттерде   орналасқан.  “Фельетон”,
“Хабарлар” бойынша  айдарымен  материалдар  журналдың  орта   тұсынан   орын
алған.  Ал   шетел   жаңалықтарын  ,  көңіл    айтулар    мен    басқармадан
ескертулерді  ,  жаңа   кітап   туралы   рецензияларды    журналдың    соңғы
беттерінен  оқуға  болатын.
           “Айқаптың” , “Өлең-жыр”  ,  “Фельетон”  ,  “Хабаршыларымыздан”  ,
“Ашық  хат” , “Басқармадан   жауап”   деп   аталған   тұрақты   айдарларының
болуы  оның   жұмысындағы   ұқыптылықты  ,  жүйелікті   танытады.  Журналдың
безендіру  мәселесіне   де   жете   көңіл   бөлгенін   жоғарыдағы   айдарлар
бойынша  жарияланған  материалдардан  ацқын  аңғаруға  болады.
          Журнал  бетінде  кейде   “Одан-бұдан”,  “уақиғалар”,  “Мұсылмандар
түсінуге  тиісті  мәселелер”  деген  айдарлар  бойынша  да  материал   жарық
  көрді.  Кейін   оларды    алмастырған    “Хабаршыларымыздан”,   “Хабарлар”
айдарлары  журналдың  соңғы  кезіне  дейін  тұрақты  шығып  тұрды.
         “Айқаптың”  хатшысы  болып  1911-1912   жылдары   Әкірам   Ғалимов,
1913-1914  жылдары  Сұлтанмахмұт  Торайғыров   істеді.  Қызметкер  ,  тілші,
автор   болып   Жиһанша   Сейдалин,  Спандияр   Көбеев,   Сәкен    Сейфулин,
Бейімбет   Майлин,  Сәбит   Дөнентаев,  Бақытжан    Қаратаев   ,   Молдағали
Жолдыбаев, Бекмырза  Бекжанов, Есенғали  Хасаболатов  т.б.  қатысты.
          “Айқап”  және   оның   редакторы   сол   кезгі    саяси-әлеуметтік
мәселенің  ең  бастысы- жер  мәселесі  екенін  жақсы  түсінген.  Мұны   олар
бектік-феодалдық  құрылысқа  қарсы  күрес  барысында  батыл  көтере  білді,
         “Айқап” қазақ  байларының озбырлығын, еңбекшілердің  үстем   тапқа,
самодержавиеге   наразылығын,  ашу-ызасын    білдіретін    материалдар    да
жариялады.

Бақылау сұрақтары:
1. “Айқап” журналының алғашқы саны қай қалада  жарық көрді?
2. “Айқаптың”  хатшысы  болып  1911-1912  жылдары  кім болды?
3. “Айқаптың”  хатшысы  болып  1913-1914  жылдары  кім болды?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразайұлы Ф. Қазақ журналистикасының
тарихы. - А., 1996.
2. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары. 1-кітап. – А.,
1994.
3. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері. – А., 1981.
4. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – А., 1996.
5. «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С.,
          Сақов  Қ. – А., 1998.

11-12 - дәрістер. «Қазақ» газеті.

6.1  “Қазақ” қоғамдық-саяси газет.
6.2  “Қазақ” газетін шығарушылар.
      “Қазақ” – қоғамдық-саяси және әдеби газет. 1913 жылы 2 ақпаннан бастап
Орынборда аптасына бір рет, 1915 жылы аптасына екі рет шығып тұрған.  Тиражы
3000, кейбір мағлұматтарда  8000-ға  жеткен.  Бірінші  редакторы  –  белгілі
ғалым, жазушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов, екінші редакторы –  қоғам
қайраткері, жазушы Міржақып  Дулатов,  бастырушысы  Мұстафа  Оразаев,  кейін
“Азамат” серіктігі болған. Газеттің басылып шығуына алғаш қаржы  жинастырып,
әрі қалтасынан қаражат  шығарған  Ахметишан  Оразаев  болған.  Ахаң  газетке
автор ретінде де  қатысып  “Қызылқұм  елінде”  деген  секілді  мақалалар  да
жарияланып  тұрған.  Хусаинов  -  Каримов  баспаханасында  басылып   тұрған.
Газеттің 1918 жылғы сандарының  редакторы  Жанұзақ  Жәнібеков.  Барлығы  265
нөмірі жарық көрді.
       Газетте  XX  ғасырдың  басындағы  қазақ   жұртының   саяси-әлеуметтік
өмірінің ең түйінді  мәселелеріне,  шаруашылық  жағдайына,  жер  мәселесіне,
басқа елдермен қарым-қатынасына, оқу-ағарту, бала  тәрбиесіне,  әдебиет  пен
мәдениет,   әдет-ғұрып,   салт-санаға,   тарих   пен    шежіреге    арналған
Ә.Бөкейхановтың, Ш.Құдайбердиевтің, М.Жұмабаев  пен  С.Дөнентаев,  Б.Майлин,
С.Торайғыров, Ғ.Қарашев, А.Мәметов, Б.Серікбаев,  Р.Малабаев,  Қ.Қоңыратбаев
сынды әдебиетіміздің дамуына  үлесін  қосқан  ардақты  ағаларымыздың  ғылыми
шығармалары, әңгіме өлеңдері басылып, аудармалар туралы  сын  мақалалар  мен
қатар Л.Толстойдан, А.Чеховтан, М.Лермонтовтан, В.Короленкодан,  И.Крыловтан
алғашқы аудармалар жарық көрген.
      “Қазақтың” басты бағыты ағартушылық  мәселесін  қамтыды.  Өнер,  білім
жағынан қалың қазаққа бас-көз болды. Мысалы, “Оқу жайы”, “Қазақша оқу  жайы”
атты мақалалар оқудың мән-жайын, маңызын, әсіресе, “Қазақтың шаруасына,  бір
жақтан надандықтан кемшілік  келгенде,  екінші  жақтан  білімсіздігін  көріп
тұрғандар басынып, елдігінен, теңдігінен қалдырып, тиісті сыбағасына  қиянат
істеп тұрғаны  санасы  бар  қазаққа  ескерерлік  іс  еді.  Бұл  заманда  қол
жетпегендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш  беретін  өнер-білім,  сол
өнер  білімге  мезгіл  өтпей  тұрғанда   үйренсек,   тұрмысымызды   түзетіп,
басқалардың аяқ астында  жаншылмас  едік,  біз  де  өз  алдымызда  бір  жұрт
екенімізді білдірер едік”,  -  десе,  “орысша  оқу  орыс  қолтығында  тұрған
жұртқа керек, қазақша оқы, жаза  білген  соң,  шама  келсе  орысша  да  білу
керек”, - дейді. Газет 1913 жылы  жарияланған  материалдарында  оқудың  мән-
жайын, маңызын айтып көпке түсіндіруге тырысса, екінші 1914 жылғы  “Бастауыш
мектеп”  (№  61),  “Мектеп  керектері”  (№   62),   “Оқу   мезгілі”   сияқты
мақалаларында мектеп, медресе жайларын нақты көрсетіп, мұқтаждарын айтады.
      “Қазақ бастауыш мектебі қандай болуы  керек?”  және  “Ол  мектептердің
қажеті не?”  деген  сауалдарға  қазақтың  ұлы  ағартушысы  А.Байтұрсынов  XX
ғасырдың басында-ақ: “Правила бойынша, қазақ тілімен, қазақ  әрпімен  бастап
оқыт деп отырған балалардың ата-анасы жоқ, халықтың өз тілімен,  өз  әрпімен
оқығанын әкімдер жақтырмайтын  болған  соң,  учительдер  өз  беттерімен  ана
тілімен, ұлт әрпімен бастап оқытамыз  дей  қоймады.  Сөйтіп,  правила  қағаз
жүзінде бар болса да, іс жүзінде жоқ. Бұл  айтылғанның  бәрі  де  үкімет  өз
пайдасын көздегендіктен істеліп тұрған  жайлар.  Бастауыш  мектептер  жалғыз
хүкімет пайдасы үшін болмай, халық пайдасы үшін де боларға керек.  Хүкіметке
керегі – мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде,  бір  жазуда  болу,
әр халыққа керегі – өз діні, тілі, жазуы сақталу. Солай болған соң  бастауыш
мектеп әуелі миссионерлік пікірден, политикадан  алыс  болуға  керек,  яғни,
қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір, суық қолдан тыныш боларға керек”  –
деп жауап берген болатын.
      Жоғарыда біздер “Қазақты” қоғамдық-саяси  газет  деп  атадық.  Үйткені
редакция  алқасының  үкімет  саясатының   жазылуына   көп   мән   бергендігі
байқалады. Ондағы басты мақсат  –  қазаққа  үкімет  жайын,  оның  не  екені,
мүдделері  түсіндіріліп,  жиылыс-мәжілістер  талқылаған  басты  мәселелермен
таныстыру еді. Мысалы, “Г.Дума” (1915 жыл, № 145), “23 қаңтар” (1913 жыл,  №
98), “30 қаңтар” (1915 жыл, № 100), “Орынбор, 22 ақпан” (1915 жыл),  “Г.Дума
ашылды” (1916 жыл, № 169), “Г.Дума” (1916 жыл, № 179),  “Дума  һәм  хүкімет”
(1916 жыл, №  207)  атты  материалдарда  мемлекеттік  дума  кеңес  жұмыстары
жөнінде жан-жақты түсінік берілген.
      Басылымда бұл мақалалардың көпшілігін Ә.Бөкейханов “Қыр баласы”  деген
бүркеншік атпен жазған.  Мәселен,  оның  газеттің  1914  жылғы  49-нөмірінде
бүркеншік атпен жариялаған бір мақаласынан:  “Мұның  ғылымды  кісілері  неше
түрлі закон жобасын  кітап  қылып  басып  шығарады,  сөз  білгіш  ғылымдының
қызметі кітап  басқан,  шығын  партияның  депутаттары  қанша  закон  жобасын
кіргізді. Осы закон жобасының бәрін жалғыз депутаттар  емес,  Г.Думада  жоқ,
сыртта жүрген партияның ғылымды білгіш қосылып жазады. Жұма  сайын  Г.Думада
қарайтын кезекті закон жобаларын депутаттар пара жарыс қылып,  қарап  өтеді.
Осы пара жарыста тағы  білгіш,  ғылымды  партияның  кісісі  болады”,  -  деп
жазды.
      Өзге мақалаларда Дума кеңесінде қаралған  басты  мәселелердің  бірі  –
соғыс барысы, қару-жарақ жайы сөз болады. Мәселен, газет  6  тамызда  болған
дума ақсақалдарының кеңесіндегі “Дума  таралуға  тиіс  пе,  жоқ  па?”  деген
жайдың  тексерілгенін  айта  келіп,  әртүрлі  партия  өкілдерінің   сөздерін
қысқаша түрде беріп отырған. Төрағаның көпшілік думаны таратпау  керектігін,
үдету жағында болғанын  мағлұм  етеді,  әрі  кеңес  қаулысының  мынадай:  1)
табысқа қарай салық салу;  2)  мемлекеттік  банкінің  правосын  арттыру;  3)
босқындарға жәрдем; 4) екінші  разряд  опалчиндері  соғысқа  алу  және  т.б.
жобаларды қабылдау туралы тоқтамға келгенін атап көрсетті.
      “Қазақтың” ерекше атап  өтерлік  тағы  да  бір  маңызды  қызметі  оның
денсаулық мәселесіне ыждағатпен ден қоюын айтар едік. XIX ғасырдың соңы  мен
XX ғасырдың басында қазақ жерін оба  ауруы  меңдеп,  адамдардың  көп  өлгені
белгілі. Осы  орайда  газет  жұмысына  Ахмет,  Әлиханмен  бірдей  атсалысқан
публицист М.Дулатов денсаулық ішінде халықты апатқа  ұшыратқан  оба  ауруына
байланысты “Чума жайынан”, “Чума сиезінен” атты материалдар жариялап,  қазақ
халқының қайғылы қасіретін былай деп көрсетеді: “Орал  облысындағы  қазақтың
саны 6 жүз мың, неше жүз шақырым жерге жайылған  осынша  халыққа  хүкіметтің
қойғаны 3 дәрігер. Бәлкім үштен де кем болар еді, егер Орал облысында  мұнан
бұрын чума болып  шошытпаған  болса,  Жаздыгүні  басталған  дертті  хакімдер
қазанның аяғында білді, сонда чумаға қарсы қару  қылуы  чума  қазақ  жерінен
казак-орыс (Калмыкова) жеріне ойысып бара жатқан  соң  болды  деуге  болады”
деп, өкіметтің індетті насырға шапқанда ғана қолға ала бастағанын айтады.
      Одан әрі автор:  “Санитар  отряд  келгенше  дерт  14  орында  білініп,
айналасы  80  шақырымдық  қазақ  даласына   жайылып   кеткен.   Сол   жерлік
хакімдердің бар күштерін жұмсаған нәрсесі казак-орыс жеріне дертті  жібермеу
болғанын,  сол  үшін  білініп  тұрған  жерлерді  айнала  қаматып  күзеттіріп
қойғанын  жасырмайды.  Дертке   қарсы   тұруға   жіберген   4   дәрігер   еш
көмекшілерсіз, құралсыз. Бұл төрт доктордың екеуі қазақ, екеуі  орыс:  Халел
Досмұхаметов, Даулетия Бағалиев; Кольцов пен Калинин”.
      Оба әуелі басталып, күшті болған жері Есентөбені қоныс  қылып  отырған
қазақтың жартысы қырылып бітті. 306  адамнан  154-і  ғана  тірі.  Одан  дерт
Тұмантөбеге жалғасып мұнда 33 кісі, әрі  Қалмықовқа  ауысып,  онда  13  кісі
өлген. Үш күннің ішінде Есентөбеде 120  қазақ  өліп,  бұларды  көметін  кісі
болмай қалған”, - деп ашына әңгімелейді.
      Бұл патша саясатының шет аймақтарда  тұратын  ұлттарға  жасап  отырған
кезекті қысастығының бірі еді. Міне  “Қазақ”  газеті  осының  бәрін  қорқып,
үрікпестен ашық жазып, халықтың санасын оятуға күш салды.
      Халқымыздың тарихында  әлі  күнге  дейін  толық  түсінік  таппай  келе
жатқан жағдайдың бірі – патша  үкіметтің  1916  жылғы  бұратана  халықтардан
солдат алу мәселесі. Міне “Қазақтың” ұлтшыл-байшыл атанып, ұзақ жылдар  бойы
қараланып келуі осындай жайларға да байланысты болатын.
      Ашығын айту керек, Қ.Бекқожин “Қазақ баспасөзі тарихының очеркі”  атты
еңбегінде басылымның жарық  көру  мақсатын  Троицк  қаласында  шығып  тұрған
прогрессивтік бағыттағы  “Айқап”  журналына  кереғар  бағыт  ұстанушы  орган
ретінде көрсе, 1982 жылы  қалың  оқырман  қолына  тиіп,  күні  кешеге  дейін
академиялық еңбек болып саналып келген “Қазақ ССР  тарихының”  3-томы  ,,...
1916 жылы 25 июньде тылдағы жұмыстарға мобилизациялау туралы патшаның  указы
жарияланысымен-ақ қазақтың  буржуазиялық  ұлтшылдарының  лидерлері  бірқатар
кеңестер өткізіп оларда патша  өкімет  орындарына  көмек  көрсету  жөніндегі
шаралар белгіленді.  Патша  әкімшілігінің  рұқсаты  бойынша  1916  жылғы  7-
августа Торғайда Қазақстанның бес облысы – Ақмола, Жетісу, Семей, Орал  және
Торғай  облыстары  өкілдерінің  кеңесі  шақырылды.  Кеңесте  феодалдық-рулық
жоғарғы топ көтерілісшілер  қозғалысына  өздерінің  дұшпандықпен  қарайтынын
және  патшаның  жігіттерді  тылдағы  жұмысқа  мобилизациялау  туралы  указын
қолдайтынын мәлімдеді. Дін басылары да реакцияны қолдап шықты”, - дей  келіп
“Қазақ” газетінің 1916 жылғы  8  шілдедегі  нөмірінен  “Патшаның  бұйрығы  –
ақиқат,  сондықтан  оған  қарсы  тұруға  болмайды...  Сол  себептен  де  біз
патшаның бұйрығын  орындамай  отыра  алмаймыз”  деген  цитатасын  келтіреді.
Аңдап қарасақ,  бұл  үшін  шын  пиғылдан  туған  пікір  емес,  кешегі  кеңес
үкіметті  жылдарында   қызыл   империяның   идеологиясына   қарай   жазылған
саясаттандырылған баға еді.
      Өйткені, “Қазақтың” патшаның бұл бұйрығын алақай  салып,  қуана  қарсы
алмағандығына оның бетінде жарияланған түрлі материалдарды оқи  отырып,  көз
жеткізуімізге болады. Мысалы, газеттің 1916 жылғы 207-нөмірінде  жарияланған
мына екі мақалаға  назар аударып көрейікші. Алғашқы  мақала  “Торғай  облысы
Ырғыз һәм Торғай уездерінің бас хүкіметінің бұйрығы” деп аталады. Онда,  “25
июньде  шыққан  патша  жарлығы   бойынша”   мемлекеттегі   бұрын   ғаскерлік
қызметінен азат бұратана халықтар соғыс желкесіндегі жұмысқа шақырылды.
      Бұратаналардың көбі, патша жарлығына сөзсіз көніп, кісілерін беріп  те
қойды.  Дәл  осы  күні  мыңдаған  сарт,   бурят,   қазақ   жігіттері   соғыс
желкесіндегі жұмысқа кірісіп, ондағы майданға керек солдаттарды босатты.
      Жалғыз-ақ, кейбір бұратаналар, олардың ішінде патша  пәрменімен  менің
қол астына  тапсырылған  Ырғыз  һәм  Торғай  уездерінің  қазақтары  шақыруға
ризалығымен өздері ғана келіспеулерімен қоймай, өзгелерді де  қорқытып,  күш
жұмсап, мемлекет  борышын  өтеуге  жібермей  қойды.  Патша  жарлығына  мойын
ұсынбаған қазақтарды табуға һәм лайықты жазаларын  беруге  қам  қылынды.  Ал
желіккен ағайындарынан қорыққандығынан ғана шақыруға келмеген қазақтар  енді
тоқтаусыз  төменгі  көрсетілген  орындардың  біріне  қаралуға   келсін   деп
бұйырамын.
      Кісі беріп бітірудің ең ақырғы срогы 15 январь 1917 жыл. 15  январьдан
кейін шақыруға келмеген еркек жанның бәрі қалмай жасын айыру  үшін  қаралады
һәм жасы 19 бен 31 арасында болып шақыруға  келмегендер  ауру-суына  қарамай
тегіс сотқа беріледі. Патша жарлығын орындамағаны үшін.
      Қаралатын жерлер Ырғыз, Торғай қалалары һәм Шалқар поселкесі.
      Ырғыз һәм Торғай уездерінің іс хакімі:
      Генерал-лейтенант Тулин”, - деп қол қойылған.
      Екінші мақала “Торғай һәм Ырғыз уезінің халқына!”деп  берілген.  Мұнда
“Өздеріңе  мағлұм,  Россия   қол   астындағы   ғаскерлік   қызметінен   азат
халықтарды, оның ішінде біздің қазақ халқын соғыс жұмысына алуға  25  июньде
патша жарлығы шықаннан бері бес ай өтті. Сонан бері халықтардың  көбі  келіп
кісілерін берді”. Бірсыпыра халықтар, мысалы,  Түркістан  сарттары  әуелдегі
кезде шошынып, бізді жұмысқа алмайды, солдатқа  алады  деп  көнбей  қарсылық
қылды. Бұл қарсылық қылғандарды  аз  күннің  ішінде  ғаскер  шығып,  қуғынға
ұшыратты. Жинақ деген жердің 20 мың халқы жоқ болды. Тірі  қалғандары  босып
кетті. Мал-мүлік, шаруадан айырылды.  Жетім-жесір  қалды,  жер-суы  қазынаға
кетті. Сөйткенмен, бұл Түркістан халқы да патшаның құрығынан  құтыла  алмай,
ақырында  көнді,  жігіттерін  берді.  Жетісуға  қараған  қырғыз   халқы   да
көнбеймін  деп,  тау-тасқа,  сай-салаға  паналап  қашты,  ақырында  олар  да
бүліншілікке ұшырап, бұл күнде қырғынға ұшырап жатыр.
      Бұл елдердің бүлік басылары да военный сотқа беріліп, асылды,  атылды.
Биылғы  күзде  көнбей  жанжал  шығарған  Түркістан   сарттары   һәм   Жетісу
қырғыздарынан алынған жігіттер бұл күнде міндеттерін Орынборда  өтеп  жатыр.
Ақмола, Семей облыстарының кейбір уездерінде қазақтар шошынып  қашқан  екен,
елге ғаскер көп күш жұмсайтынын көрген соң,  текке  жүрмелік,  қатын-баланың
көз жасына қалмалық, жазықсыз қан төктірмелік, бәрібір құтыла алмаспыз  деп,
олардың көнгендігі бізге белгілі болып отыр.
      Міне, біздің Торғай һәм Ырғыз уездерінен 15-20 октябрьден бастап  кісі
алынбақшы еді, жастар келмеді. Сондықтан елге  неше  мың  ғаскер,  зеңбірек,
пулемётпен   шығып   тұр.   Жақсылықпен   көнбесеңіздер,   патша   жарлығына
мойынұсынбағандық,  законге  қарсылық   деп   күш   жұмсалмақ.   Бұл   анық.
Көнбесеңіздер Жетісу, Жизақтың күні сендердің  де  бастарыңа  туады.  Қырғын
болады, босқа қан төгіледі,  шаруа  күйзеледі.  Жұрттың  жұрттығы,  берекесі
кетеді. Соның  үстіне  ғаскер  көндіреді,  алмай  қоймайды.  Қатын-бала  бір
қырылады,  жігіт  екі  алынады.  Бүлік  басылары  военный  сотқа   беріледі,
асылады, атылады. Бұл хатты жазушы  –  біздер  өз  балаларың,  өз  тумаларың
жанымыз ашиды, қаьырғамыз  қайысады.  Біздің  ата-ана,  туған-туысқандарымыз
іштеріңізде. Бізді қазақ баласы, қанына тартады, жаны  ашиды  десеңдер,  тіл
алыңдар: қан төкпеңдер, қарсылық қылмаңдар, алынатын жастар басын  қорғаймын
деп, үйдегі кемпір-шал, қатын-баланың обалына қалмасын! Бізді  орысша  оқып,
орыс арасында жүр, біздің пайдамызды айтпас деп  ойлайтындарың  бізді  құдай
мен аруаққа тапсырыңдар: біз газет арқылы болсын, ауызша  да  болсын,  бұрын
сан  рет  айтқанбыз,  көнбесеңдерелге  бүліншілік  болады,  ғаскер   шығады,
түбінде алмай қоймайды дегенбіз. Сол айтқанымыз, міне  келді.  Бұған  біздің
көзіміз бұрыннан жеткен. Әлде болса да бізді осы елдің  баласы  екен  дейтін
болсаңдар, біздің ең  соңғы  қысылғандағы  ақылымызды  алыңдар,  түбінде  іс
өткен соң өкінгеннен пайда жоқ. Өлген тірілмейді, өшкен келмейді.
      Біздің естуімізше, бұл  жұмысшылар  жеке  ұсталады,  қатерлі  жерлерге
барады, біз кеткен соң тірі қайту жоқ,. Онан да өз  жерімізде  өлеміз  деген
ел арасында лақап қорқыныш тараған. Бұл  бекер.  Басқа  облыстардан  Жетісу,
өзіміздің  көрші  Қостанай,  Ақтөбе  уездерінен  алған  жігіттердің   барған
жерінен басшылары да бізге ауызекі жолығып тұр.  Ондай  қорқыныш  жоқ,  жай-
күйлері жақсы, бекер қорыққан екенбіз деседі.
      Ал халық,  біздің  бар  айтарымыз  осы.  Желікпеңдер,  қор  болмаңдар!
Құдайдың  жазғанын,  патшаның  жарлығын  екі  етпеңдер.  Ел  иесі  жақсылар,
ақсақалдар, түсінікті жастар! Ойланыңдар, түсінбегендерге  тоқтау  салыңдар,
жұрттың обалына, көз жасына  қалып  жүрмеңдер!  Әркімнің  ниет,  көңілі  бір
аллаға аян. Бізге сеніңдер. Біз білгенімізді айттық, борышымыздан  құтылдық!
Көре-біле тұра айтпады, бізді  отқа  салды  деп  жүрмеңдер!”,  -  деп  Ахмет
Байтұрсынов,   Міржақып   Дулатов,   Сейітқазым    Қадырбаев,    Мұхаммедияр
Тұнғанчиндердің аты-жөндері жазылған.
       Бұлай  деп  жазу,  өз-өзінен  көрініп  тұрғанындай,  босқа  қырылмай,
патшаның оғына ұшпай елдегі халықты аман сақтап қалу ниетінен туған еді.  Ал
оны бұрмалаушылар “Қазақ” газеті  патшаның  жетегінде  кетті  дегенге  дейін
барды.
      Міне, елім деп еңіреген  осы  азаматтар  ақыр  соңында  қалың  қазақты
шошытып,  үрейлендірген  солдаттық  туралы  қазақ   халқының   пікір-тілегін
хүкіметке, думаға жеткізу  үшін  олармен  сөйлесіп,  жай-жапсарды  түсіндіру
үшін әр облыстан бірер өкіл жіберуге ұйтқы болады.
      “Г.Дума солдаттың  мәселесі”  деп  аталатын  мақала  авторы  М.Дулатов
халықтың әлі де болса саяси ұйымдасушылығына көңілі толмай, “бұл істі  қалың
қазақтан  күту,  қашпаған  қашардың  уызына  қарағандай  болған  соң,   дума
ашылуына  қарсы  Самардан  Ә.Бөкейханов,  Орынбордан  А.Байтұрсынов,  Ақтөбе
уезінен Н.Бекметов жүріп кеткендіктерін айтады. Олардың Петерборға:
   1) қазақтан соғыс үстінде солдат алынбауын;
   2) солдат алудан бұрын метрика түзеу;
     3) лажсыз алынатын болғанда, жаяу солдат  болмай,  атты  әскер  болуын,
қазақ жер-су һәм правода орыспен тең болуы  керек  деген  нақты,  бір  ізден
шыққан пікір-тілекпен аттанғанын” жазады.  Одан  әрі  автор  “саяси  көзіміз
ашық болса, дума есігі жабық болса да, басқа жағынан даусымыз думада  естіле
берсе, есігін жапқанмен де, халықтың аузын жабуға болмайды”, - дейді.
      “Қазақтың” осыған байланысты жылап тұрып  айтатын  мәселесі  –  думада
қазақтың тілегін жеткізер,  қазақ  жайын  түсінер  адам  жоқ  екендігі,  әрі
мұсылман фракциясының жанынан бюро ашу, әңгіменің түптөркіні – қаражат.  Жыл
сайын бюроға адам ұстай алмасақ та, осындай қылыштың  қырында  тұрған  шақта
дума маңайында бір адам ұстау. “Бүкіл қазақ болып бір адам жібере  алмауымыз
масқаралық  болар.  Қазақ  жайына  қандырмайынша,  сөзіңді  сөйлеп,   думаға
жеткізе алатын депутат жоқ деп біліңдер”, -  дейді  Міржақып.  Бұл  автордың
тағы да бір құптарлық жағы: “Халық тілегіне қоса айтылатын нәрсе  –  метрика
түзету мәселесі. Мұндай жауапты істі қиянатсыз  істейтін  мекемеге  тапсырса
екен,қиянатқа үйреніп  қалған  мекемелерге  тапсырса  қолайсыз  шатақ  істер
шығып, халық лаңға түсуі ықтимал” деп аландаушылық білдіруі дер едік.
       Міне,  өзіміз  күні  кешеге  дейін  ұлтшыл,  байшыл  деген  газетіміз
патшаның дегені жүріп тұрған заманда осылайша  өткір  сөйлеуге  қаймықпаған.
Ал патшаның бұйрығы “ақиқат”  десе  оны  да  түсінуге  болады.  Олар  өздері
жазғандай, қайткенде де қашып құтылмайтын  іс  болған  соң,  халық  жанашыры
болып, қолайлы жағын қарастырады.  Осылайша,  халықтың  саяси  сана-сезіміне
қозғау салады.
      Бүгінгідей плюрализм – пікір еркіндігі  тиіп  отырған  кезеңде,  өткен
тарихымызды саяси таразылау жолында ешқандай бұрмалаушылыққа жол  берілмеуге
тиіс. Мұны  айтып  отырған  себебіміз  “Арай”  журналының  1991  жылғы  1-2-
сандарында  жарияланған  журналист  Ю.Шапоревтің  тарих  ғылымының   докторы
В.К.Григорьевпен сұхбаты  “Алашты”,  оның  органы  ретінде  “Қазақты”  теріс
бағалайды.  1917-1918  жылдары  газет  осы  партияның  ресми  органы   болды
дегенімен қоймай, 1913-1916 жылдар аралығында  көтерген  идеялар  “Алашорда”
партиясының негізін қалады деуге дейін барады. Оны біз  жеңілдетіп  айтқанда
газеттің рөлін түсінбегендік деп ұғамыз. Осы сөз  орайы  келуіне  қарай  бір
мәселені ашық айтуымыз  керек.  Баспасөзді,  шығарманы  түп  нұсқасында  оқи
алмайтын басқа ұлт өкілдері кейбіреулердің шаласауат  аудармасы  не  ауызекі
айтып беруі арқылы бағалап ғылыми атақ-дәреже  алғанымен  тұрмай  әрі  қарай
зерттеген болып, орыс  тілді  оқырмандарға  қате  түсінік  береді.  Әйтпесе,
қазақ тілін жете түсіне оқу өз алдына, араб  харпінің  өзін  біле  бермейтін
кісілер  қалай  әділ  баға  беруі  мүмкін.  Алаш  партиясының  бағдарламасын
түпнұсқада ілгеріде аталған кісілер оқи қойды ма екен деген де күдік  туады.
“Алаш”  партиясы  қабылдаған  алғашқы  бағдарламасының  жобасында   жазылған
“Мемлекет  қалпы”,  “Жергілікті  бостандық”,  “Негізгі  хұқық”,  “Дін  ісі”,
“Билік һәм сот”, “Ел қорғау”, “Салық”, “Жұмысшылар”,  “Ғылым-білім  үйрету”,
“Жер мәселесі” деген тарауларының идеялары бүгінгі егемен Қазақстанның  жаңа
Конституциясында қабылданған негізгі  заң  баптарымен  ұштасып,  өмірден  өз
орнын тауып жатқаны бұл партияның нені көздеп,  нені  аңсағанын  қиналмай-ақ
түсінуге болатын сияқты.
      Кезінде  басылым  әскери  цензураның  қатаң  бақылауында  болған.  Оны
“Қазақтың” әр нөміріндегі “дозволено военной  цензурой”  деген  бұрыштамадан
көреміз. Мысалы, газетте 1914 жылдың тамызының  үші  күнгі  нөміріндегі  бас
мақала  жарияланбай  қалған.  Осыған  байланысты,  бас  мақала  “редакцияның
рұқсат етпеуінен басылмай қалды” деп жазған.
      Сондай-ақ  “Қазақтың”  бетінде  жарияланған  әрбір  мақаланы,  хабарды
барынша  мұқият  тексеріп  отыруды,  баспасөз  заңын  бұзса,   редакторларын
жауапқа тартуға, соттауға  бұйырған  баспасөз  ісінің  бас  басқармасы  граф
Татищевтің Орал,  Орынбор  губернаторларына  жазған  құпия  хаттары  архивте
сақталған. Онда “Қазақ”  газетін  тексеру-бақылау  жұмысын  Торғай  облыстық
басқармасының тілмашы,  татар  тіліндегі  мерзімді  баспасөздерді  бақылаушы
Тұнғанчинге  тапсыру  қажеттігі  жайында   Орынбор   губернаторы,   генерал-
лейтенант  Сухомлиновтың  бұйрығы  да  бар.  Бұл  бұйрық  тегін  берілмеген.
Осындай міндет не Тұнғанчинге  тапсырылды,  Тұнғанчин  оны  қандай  деңгейде
орындап шықты – бұл сауалдарға әлі  жауап  жоқ,  бірақ  түбі  табыларына  да
күмән жоқ.
      Міне, патша өкіметінің осындай жазалаушылық  шараларынан  “Қазақ”  көп
қиянат көрген. Мәселен, газет  өзінің  1914  жылғы  78-нөмірінде  жариялаған
“Алашқа” және  79-нөміріндегі  “Ресейдегі  ұйымшылдық”  деген  мақалаларында
қоғамда болып жатқан шындықтың бетін ашып көрсеткені үшін,  патша  саясатына
қарсы шықты деп А.Байтұрсыновты екі жылға соттауға үкім шығарылған.  Сондай-
ақ “Бұл қалай?” мақаласы үшін редакторға 50 сом айып салып немесе  екі  апта
абақтыда отыруға кесілген. Ал  “Заң  жобасының  баяндамасы”  деген  мақаласы
үшін Орынбор  генерал-губернаторы  А.Байтұрсыновқа  1500  сом  айып  төлеуге
немесе үш ай түрмеде отырып шығуға үкім еткен.
      Осындай салмақты қиындықтарға қарамастан газет  1918  жылдың  қыркүйек
айына дейін үзбей  шығып  тұрған.  Қазақтың  ұлттық  баспасөзінің  қалыптасу
дәуірінде мұндай ұзақ уақыт жарық көрген  басылым  жоқ.  Оның  265-нөмірінің
әрқайсысы қазақ  тарихындағы  ояну  дәуірінің  күнтізбесі  іспеттес.  Замана
шежіресіндей болған басылым Омбы атқару комитетінің 1918 жылғы 4  наурыздағы
Орынбор Советіне берілген, “...  просим  немедленно  закрыть  газету”  деген
нұсқауы бойынша көп  ұзамай  жабылды.  Сөйтіп  патша  үкіметінің  отаршылдық
саясатына бағынбай,  толассыз  шығып  тұрған  басылым  Кеңес  өкіметітұсында
біржола тоқтатылды.
      Бірақ араға 75 жыл салып,  “бас  жазушысы”  –  А.Байтұрсыновпен  бірге
“Қазақ” газеті өз  халқының  арасына  қайтып  оралды.  Бұл  туралы  газеттің
қазіргі бас редакторы, белгілі ғалым, әдебиетші Тіней  Оразайдың  Мұртазаның
Файзолласы оқырмандарына: “1918 жылы, 5  жасын  толтырып,  6-ға  аяқ  басқан
шағында “Қазақ” газеті жабылған болатын. Бүгін, міне, газет  қайта  тіріліп,
ғұмырын жалғастрып отыр. Оның ендігі оқырманы жаңа,  бейтаныс  буын.  Сөйтсе
де, газеттің мұрат-мақсаты сол күйінде қалғаны дұрыс қой деп  түйдік.  Халқы
қолдап, ғұмырлы болса, “Қазақ”  бұдан  былай  да  еліне  аянбай  еңбек  ету,
тарихымызды, тілімізді, әдебиетіміз бен мәдениетімізді шама-шарқынша  әңгіме
ету, ел тұрмысының түзелуіне қарлығаштың қанатымен  су  сепкендей  болса  да
себін тигізу ниетіндегі қызметін жалғастыра береріне  сенім  білдіреміз”,  -
деп, ақ көңілден шыққан ниетін білдірді.

Бақылау сұрақтары:
1. Басылымда кім “Қыр баласы” деген бүркеншік атпен жазған?
2. “Қазақ” пен “Айқап” неге айтысқан?
3.  “Қазақты” шығарушылар жайлы шындық.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразайұлы Ф. Қазақ журналистикасының
тарихы. - А., 1996.
2. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары. 1-кітап. – А.,
1994.
3. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері. – А., 1981.
4. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – А., 1996.
5. «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С.,
          Сақов  Қ. – А., 1998.
13-14 - дәрістер. Қазақтың жалпыұлттық бағыттағы демократиялық басылымдары.

(1917 – 1918 жылдар)
7.1  Қазақтың жалпыұлттық бағыттағы демократиялық басылымдары.
7.2  “Сарыарқа” газетінің және “Абай”  журналының негізгі шығарушылары.
7.3  “Бірлік туы” газетіндегі Мұстафа Шоқайұлының еңбектері.
      Дүние жүзі халықтарының, оның ішінде бұрынғы кеңес Одағы  халықтарының
арасында тап қазақтардай  шетқақпай  көрген  ұлт  кемде-кем  шығар.  Бәлкім,
базбіреулер айтпақшы бәле-жаланың барлығын  кеңес  үкіметі  мен  коммунистік
партияға жабудың қажеті жоқ,  оның  үстіне  өткен  іс  өтті  деп  есептейтін
болар. Алайда, келер ұрпақ өз тарихына қатысты  бар  шындықты  білгені  жөн.
Өйткені, қазақ жеріндегі  “кіші  Октябрь”,  “ашаршылық”,  “репрессия”,  “ұлт
жауларымен күрес”, “тың көтеру”, “желтоқсан  оқиғалары”  тікелей  осы  кеңес
үкіметі саясатының жемісі болып есептеледі және соның бәрін тарихи  заңдылық
санап, “уралағандар” да болды.
       Енді  міне,  тарихтағы  “ақтандықтар”  ақиқаты   біртіндеп   ашылуына
байланысты,  қазан  төңкерсінің  алғашқы  күндерінен  бастап-ақ  Орта   Азия
халықтарына, оның ішінде қазақтарға да қарсы большевиктер  тарапынан  “басып
алушылық”  саясат  жүргізілгендігі  айқындалып  отыр.  Бұл  саясатты  жүзеге
асыруда ең алдымен зиялылардың үнін өшіру қажет еді.  Ал  оны  жүзеге  асыру
үшін қазақ тіліндегі баспасөздің үнін өшіру аса қажет еді.  Демек,  көптеген
газет-журналдардың жабылуы соның бірден бір  мысалы.  Оған  мысалды  алыстан
іздемей-ақ, күні кешеге дейін ұлтшыл, байшыл,  алашордашыл  болды  деп  жала
жабылып келген, қазақ тіліндегі  “Қазақ”,  “Сарыарқа”,  “Бірлік  туы”,  “Жас
азамат”, “Алаш”, “Ұран”, “Абай”  сияқты,  тағы  басқа  қазақтың  жалпыұлттық
бағыттағы  демократиялық  басылымдары  күйе  жағылып  жабылуы  сол   негізгі
мақсаттың жүзеге асуы болды.


“САРЫАРҚА” ГАЗЕТІ

      Кезінде “ұлт қамын ойлап, шарқ ұрған” “Сарыарқа” газеті әлі  де  болса
толық зерттеліп, бағасын ала қойған жоқ. Бодан  елдің  санасына  тәуелсіздік
рухын сіңіріп, жұртты оятқан “Қазақ” гезетімен  (ол  басылым  туралы  үшінші
тарауда әңгіме қозғағанбыз) үндес, бағыттас бұл  басылым  1917-1918  жылдары
Семей қаласында шығып тұрған. Газеттің жауапты шығарушысы – алаштың  ардақты
азаматы, соңынан кеңестік саясаттың құрбаны болған Халел Ғаббасұлы.
       “Сарыарқаның”  көтерген  мәселесі:  Алашорда  өкіметін  құру,   қазақ
мемлекетін  жасау,  жоғалған  елдікті  қайта  орнықтыру  болды.   Сондай-ақ,
Алашорданың Семей  тобының  саяси  бағдарламасы  да  осында  басылғанды.  Ең
бастысы сол кездегі қазақ қайраткерлерінің іс-қимылдарымен де  осы  газеттен
танысуға болатын еді.
      “Сарыарқа” газетінде кезінде негізінен ел, жер,  халық  қамын  ойлаған
Ә.Бөкейхан, Х.Ғаббасұлы, Ж.Аймауытұлы, Т.Құнанбайұлы, М.Тұрғанбайұлы  сияқты
арыстардың жүрекжарды еңбектері жарияланып тұрған.
      Бұл басылымға басқаларға қарағанда көбірек дүниелерін  (өлең,  әңгіме,
мақалалар) бастырып, белсенді түрде  қатысқан  Ж.Аймауытұлы  ма  деген  ойға
келесіз. Себебі, оның “Сарыарқаның” бірінші  нөмірінде  “Тұр,  бұқара,  жиыл
кедей, ұмтыл  жастар!”,  үшінші  нөмірінде  “Партия”  деген  мақалалары  мен
“Ғашықтық”  (Абайша),  “Жынды”,  “Айна”  атты  шағын  әңгімелері  мен  оқшау
сөздері жарияланған.
      Жалпы, Ж.Аймауытұлы тамаша ақын,  талантты  жазушылығымен  қатар  ойлы
публицист те бола білген жан. Олай дейтініміз,  1917  жылы  ақпан  төңкерісі
болып,  патша  тақтан  түскенде  ол  алғашқылардың  бірі  болып   “Сарыарқа”
газетінің бетіне “Тұр, бұқара,  жиыл  кедей,  ұмтыл  жастар!”  деген  мақала
жазып, “Жасыратын қылық жоқ – бостандық,  теңдік  күштіге,  жемқорға  келген
теңдік емес, бұл өзі қара бұқараға, кедейге келген теңдік, қолы  жете  алмай
жүргендерге берілген  бостандық”,  -  деп  жар  салған  болатын.  Бұл  жерде
Жүсіпбек Аймауытовтың да өз туыстары сияқты ақпан  төңкерісі  деп  түсінгені
жасыратын  емес.  Әрине,  алдында  төңкерістер  мектебі  жоқ,  ұлт   азаттық
қозғалысынан тәжірибе жинақтай  қоймаған.  Қазақ  жастары,  қазақ  зиялылары
үшін солай көрінуі заңды да еді. Жалпы төңкеріс атаулы азаттықтан  гөрі  бір
партияның, бір ұлттың үстемдігін әкелетінін әлі де жете түсінбей  жүргеніміз
аз емес.
      Бұл  жерде  Ж.Аймауытұлының  ұлтжанды,  күрескер,  алымды  сөз  шебері
екендігін, Ақпан төңкерісін ілгері айтылғандай түсінген  Аймауытов  жетекші,
халықты соңына ертетін партия қандай  болуы  керек  дегенде  зор  сауаттылық
танытқан оны “Партия”,  деп  аталатын  мақаласынан  толық  сезінуге  болады.
Автор сөз басында “партия”  деген  ұғымға  жан-жақты  анықтама  бере  келіп,
“басқа жұрттың партиясының  негізгі  мақсұды  қай  жолмен  болсын,  тұрмысын
оңдауға тырысу”, ал “біздің қазақтың  партиясы  бұл  партияларға  ұқсамайды,
өйткені  қазақ  тұрмысын  түзеуге,  партия  болмайды,  -  бұл  бір;  байлар,
күштілер бірыңғай, жұмысы кедейлер бірыңғай – одақтаса алмайды,  бұл  –  үш.
Ендеше қазақтың партиясы өзге жұрттан оғаш,  мақсұды,  шегі,  тілеуі  қиғаш,
теріс партия”, - деп тұжырым жасайды.
      Жүсіпбек бұл мақаласында  қазақтардың  іштей  тоз-тоз  болып  партияға
бөлінушіліктерінің соңы ешқашан да жақсылыққа  апарып  соқпағаны,  қайта  ел
ішін бүлдіріп, сүттей ұйып отырған ағайындарды бас жарыстырып қоюын  мынадай
себептерден деп түсіндіреді:
            1.Ескі хүкімет  партияны  өсірмесе,  өшіруге  қарқ  қылған  жоқ;
зәлім ұлықтарға құл керек болды; болысты сүйеді, болыс – дәуірлі, ел  ішінде
шәкене “хан” сықылды болды. Мұндай зор дәрежеге бектік, атақ көксеген  қазақ
қызықпай тұрмады, малды төге берді.
          2.Халықтың надандығы себеп болды. Қара халық  көзі  жұмулы  болып,
ас бергенді “мырза” деп, мал шашқанның соңынан ерді де отырды.  Кеше  көрген
қиянатты бүгін тойса ұмыту, өз пайдасын, келешегін болжамау –  қазақтың  ой-
көзінің тарлығынан, надандығынан.
           3.Партияға  көмек  берген  нәрсе  –  қазақтың  тұрмысы,  кәсіпсіз
қолының бастығы. Сарнайын десе, жыны жоқ; ыңқылдайын десе, ауруы  жоқ,  жаны
тыныш отырған қазаққа әңгіме керек; әңгіменің аяғы  тамаққа  соғады,  партия
болмай, мол тамақ қайда?.. Бір күн  де  болса  қожаңдап,  “мырзаның”  үйінде
шіреніп, шалқиып отырып ішкен қымыз, жеген ет көкейдегі қайдан кетсін?.
      Бұдан біздер автордың халық  арасын  былғаған  партиядан  бас  тартып,
бақытты болашақ үшін күресу қажет деген ниетін ұғамыз.  Бұған  оның  “Партия
басыларға баяғыдан бергілері де жетер;  енді  партия  шығарып  елдің  шырқын
бұзбау,  жақсылық  заманның  тілеуінде  болып,  елге  береке  келтірер   деп
сенеміз” – деген сөзі дәлел.
      “Сарыарқаның” бетінде Ж.Аймауытұлы сияқты, елдің  қамын  ойлаушылардың
мақалалары аз болмаған. Солардың бірі – Абай атамыздың  бел  баласы  Тұрағұл
Құнанбайұлы  деп  білеміз.  Өз   әкесінің   ақындық   өнерін   болмаса   да,
адмгершілік, азаматтық  рухын  одан  әрі  жалғастырған  Тұрағұл  қиын-қыстау
бұлыңғыр заманда туған халқының қажетіне жарауға, демеп отыруға күш  салған.
Оны Тұрағұлдың “Ел қамы”, деген мақаласынан айқын аңғарамыз.
      Ол бұл шағын да болса да  мәнді  де  мазмұнды  еңбегінде:  “Әкем  Абай
марқұмның:
                          “Біріңді қазақ бірің дос
                         Көрмесең істің бәрі бос,” –
деп айтқаны бірсыпыра  халықтың  ойыңда  бар  шығар.  Аталарымыздың  елдікті
бірлік пен  ерліктің  арқасында  сақтап  ел  болып  жүргені  артына  қараған
алаштың ұлына мәлім.
      Николай тақтан түсіп, мемлекет өзгергелі ескі  өкімет  пен  жаңалықтың
парқын жұрт шулап айтып та, жазып та жатыр. Ескі  хүкіметті  боқтап,  жаңаны
мақтап, жазары қалған да жоқ. Бірақ генерал Корниловтың бүлігіне  қарағанда,
біржола қорқыныш болмаса да, ескі хүкіметтің  өліп,  жаны  шықпағанша  ұқсап
мына қазаққа да  ақжарылқап  күн  туғызып  тұрған  жаңа  хүкіметке  қолқабыс
көмектің керегі айқын болды. Біз үнемі қоянша бұғып, басқа тисе  өлдік  деп,
қай айғыр қайырса,  байталша  алдына  түсіп,  құйрығымызды  сипақтатып  жүре
бермей, қан ағызып,  қайрат  қылмасақ  та,  тыныштыққа  күшті  болып,  көмек
көрсетуіміз тиіс. Жауға жағасы, досқа опасы жоқ елде  қасиет  бола  ма?”,  -
деп ашына да, шағына да, шақыра да жазды.
      Патшалы  Ресейдің  отарлау  саясаты  тұсында  шарықтау  шегіне  жеткен
ұлтаралық қатынас арасындағы алауыздық  ақпан  төңкерісінен  кейін  де  өрши
түспесе, өшкен жоқ. Газет бетінде бұл мәселе де  кеңінен  қамтылды.  Себебі,
қазақтар өз жерінде отырып, басқаларға тәуелді  болды.  Бұған  сіздер  Манан
Тұрғынбайұлының “Орыс пен қазақ  арасы”,  деген  мақаласымен  танысу  арқылы
көздеріңізді анық жеткізесіздер:
      “Өскеменнің оңтүстік  жағындағы  Шар  өзенінің  бойындағы  мұжықтардың
“қазақтан  зиян  шегіп  жатырмыз”  деген  арыздары  жаңбырдай  жауған   соң,
П.Колтсовпен екеуімізді 6-күнде орыс пен  қазақ  дауын  бітіріп,  ажырастыру
үшін областной қазақ комитеті мен орыс комитеті шығарды.
      Ұзын аққан Шардың  бойын  өрлей  жүріп,  мұжық  пен  қазақ  арасындағы
дауларын сұрадық. Мұжық қалаларының көбі “дауымыз жоқ”  дейді.  Арыз  берген
қалаларға келіп қарасақ, сөздің көбі жалған екен; пішен аман, желінген  жоқ,
жалғыз-ақ өксікті; 16-жыл қазақ жерін ойып  алып,  мұжықтарға  беруге  уағда
қылған землемерлер биыл бара алмай қалғандықтан  мұжықтар  алмақ  болса  да,
қазақтар  бермейді,  қонып  отырады,  қыстауларын  бұзбайды.  Бұл  орындарға
қазақтар ерегесіп отырған жоқ. Не жаз қонарға, не қыс  қорасын  саларға  жер
жоқ болған соң отыр екен.  Және  де  қазақ  мұжықтарға  қисынсыз  көп  кесіп
берген жайлау, шабындық, күзеуден айырылып, ірге салар жер таба  алмай,  тау
араларында шошиған қораға ие болып қалған.
      Мұжықтар жерді көп алып отырса да,  мал  өсірген  қазақтан  қара  озып
асып кеткені  көрінбейді.  Бәрі  де;  “Жеріміз  жаман,  ең  көп  алған  жылы
десятинесінен  35-40  пұт  қана  аламыз”,  -  деп  зарлайды.  Шар  бойындағы
мұжықтардың бәрі бір жолда, бір тұрмыста – айырмасы жоқ. Соның  үшін  бәріне
үлгі етіп Таувин қаласы жайынан жазамын.
      Делбегетай тауының күнбатыс жағында,  Шардың  жағасында  Таувин  деген
мұжық қаласы бар. Бұл қаланың орнағанына  30  жылдай  болған.  Әуелде  бұған
арналып кесілген жер: Теріскен, Тума, Ұзынжол,  Итқара,  Шар  екен.  Жоғарғы
жағында Суықбұлақ деген жерден жоғары бір “неміс орнайды” деп бөліп  қойған.
Немістен кісі келіп көрген соң, жерді ұнатпай, қайтып  ол  орынға  келмеген.
Таувиндер  бірнеше  жыл  отырып  байқаған  соң  жеріміз  жаман  деп   көшуге
айналған.
      Екіншіден мақала авторының  кеңес  үкіметінің  қазына-мүлік,  жер,  су
жұртқа қылдай бөлініп берілсін  деген  ұраны  туралы:  “Большевиктер  көсемі
Лениннің 2-әмірі – жер, су, өлі құрал  (мәшинелер)  мен  тірі  құрал  (өгіз,
аттар) жер комитеттері арқылы еңбек қуған жұрттарға бөлініп берілсін  деген.
Бұл үсітімздегі заманда өмір жүзіне  орын  таба  алмайтын,  әдемі  ғана  құр
сөз.”
      Жалпы осыдан 76 жыл бұрын жазылған материалдардан бүгінгі күннің  рухы
есіп тұрғандай.
      Басылымда бұдан басқа Әлихан  Бөкейханның,  Шәкәрім  Құдайбердіұлының,
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың және тағы да басқа халқым деп  аңыраған  бірталай
абзал азаматтардың көптеген еңбектері жарияланған.
       “Сарыарқа”  аттары  аталған   ойшылдардың   қымбат   мұраларын   елге
таныстырумен, бүгінгі ұрпаққа сақтап келуімен құнды.


“БІРЛІК ТУЫ” ГАЗЕТІ
       Алдымен  “Бірлік  туы”  газетінің  шығу  тарихына  арналған   бірнеше
деректерге назар аударалық. Бірінші,  1917  жылдың  ақпан  төңкерісінен  соң
Ресейде қос өкімет орнап, өмір мен  өлім  үшін  шайқас  жүріп  жатқан  кезде
большевиктер Ресей мен Шығыстың  Мұсылман  еңбекшілеріне:  “Уақытты  өткізіп
алмаңдар,  ғасырлар  бойы  жерлерімізді  жаулап  алып   келгендерді   серпіп
тастаңыздар! Ендігі жерде күлге айналған жерлеріңізге олардың  тонауына  жол
бермеңіздер! Өз елдеріңіздің қожайыны өздеріңіз болуға тиістісіздер! Тұрмыс-
тіршіліктеріңзді сіздер өздеріңіздің  салт-дәстүрлеріңізге  сай,  өз  қалау-
ықтиярларыңызға орай құруға тиіссіздер, деп ұран тастайды.
      Міне, осындай “Большевиктер ұранымен көңіл демдеген мұсылман  орталығы
енді шыға бастаған газеттері “Ұлы Түркістан” мен “Бірлік  туында”  автономия
құруға” әзірлік жасай бастағаны  тарихтан  мәлім”.  “Ұлы  Түркістан”  газеті
Орталықтың Мұстафа Шоқайұлы бастаған  мүшелерінің  қанатының  астында  шығып
тұрса, “Бірлік туы” “Алашорда” қазақ ұлттық  партиясының  органына  айналып,
оған осы партия басшыларының бірі Міржақып Дулатов редакторлық  етті.  Орыс,
бұрынғы патша  әкімшілігіне  және  жер-дердегі  оның  сойылын  соғысушыларға
қарсылықтың күшеюіне байланысты  Түркістан  ұлттық  саяси  партиялары  тегіс
біріге бастады, деп жазды кезінде өзінің “Мұстафа  Шоқай!”..  Ол  кім?  атты
саяси сыпаттамасында белгілі жазушы Әнуар Әлімжанов.
       Екінщі,  Мұстафа  көтерген  “Бірлік  туы”  деген  жарияланымның  алғы
сөзінде: “Негізін Шоқайұлы Мұстафа қалаған бұл газет Ташкент шаһарында  1917
жылдың 24 маусымнан 1918 жылдың сәуір  айының  ортасына  дейін  жарық  көріп
тұрған. Мұны да кеңес өкіметі жапқан. “Бірлік туының”  мәдениеті,  танымдық,
тез  ақпар  жеткізушілік  деңгейі  –  жалпы  сапасы  өте  жоғары.  Салыстыра
қарағанда,  1920-1925  жылдары  шыққан  басылымдардан  көш  ілгері.  Газетке
Шоқайұлы  М.,  Болғанбайұлы  Қ.,  Қожанұлы  С.,  Дулатұлы  М.,   Басығараұлы
Ж.,Шәрменұлы Е., Майлыұлы  Б.  Сынды  арыстар  атсалысқан”,  деген  деректер
келтіріледі.
       Үшінші,  осы  тақырыпқа  қалам  тартқан  шетелдік  қандасымыз   Дениз
Балғаным өзінің  ,,Газет неге “Қазақ”  аталады?”,  атты  мақаласында:  “1918
жылы 4 наурызда  “Қазақ”  газеті  “Қызыл  цензурадан”  өтпейтін  ой-пікірлер
жариялайтындығы  үшін   болшевиктер   тарапынан   тыйым   салынып,   Орынбор
қаласындағы  редакция  жабылды.  Бұдан  кейін  “Қазақ”   газетінің   негізгі
бағытына қосылмайтын басылым қызметкерлері “Үш жүз” деген социалистік  саяси
партия құрып, Ташкент  қаласында  осы  аттас  газет  шығарды.  Бұл  газеттің
редакторы  Көлбай  Тоғысов  болды.  Ал,  “Үш  жүзге”  қосылмаған  “Қазақтың”
қызметкерлері  бұрынғы  бағыттарын  жалғастыру  үшін  “Бірлік  туы”  газетін
шығарып, соның маңына топтасты.  Бұл  газеттің  редакторлары  болып  Қожахан
Сұлтанбек, Шоқай  Мұстафа,  Балғынбай  Хайретдин  қызмет  етті”,  деп  қысқа
қайырады.
      Қалай болғанда, бірін-бірі мән-мазмұны жағынан толықтырып  тұрған  осы
деректердің түпкі негізі бір, оқушысын  шындыққа  апаратын  материалдар  деп
есептейміз. Енді, тікелей осы басылым  бетінде  жарияланған  маңызды-маңызды
деген қандай мәселелер көтерілді десек, Кеңес үкіметінің  алғашқы  кезеңінде
қазақ жерінде саяси жағдай қандай  дәрежеде  өрістеді  деген  сауалға  келіп
тірелерміз хақ. Оған аздап та болса да  “Басқармаға  тілігірам”,  атты  мына
материал жауап береді.
      “Съезд 1917 жылдың желтоқсан айында Орынбор қаласында өткені  белгілі.
Оған 300-ге жуық адам қатысып, мынадай  мәселелерді  талқылаған:  1.  Сібір,
Түркістан автономиясы һәм Юговосточный Союз.  2.  Қазақ-қырғыз  автономиясы.
3. Милиция. 4. Ұлт кеңесі. 5. Оқу мәселесі. 6.  Ұлт  қазынасы.  7.  Муфтилік
мәселесі. 8. Народный суд. 9. Аульное управление. 10. Азық-түлік.
      Егер осылардың арасынан бір ғана автономия  жөніндегі  мәселеге  назар
аударатын болсақ, онда былай делінген: “Октябрь  айында  уақытша  хүкімәттің
түскенін,  Руссия  мемлекетінде  халыққа  сенімді  һәм  беделді   хүкімәттің
жоқтығын, халық бұқарасы бұзылып, пышақтасып  кеткенін,  бассыздық  күшейіп,
бүкіл мемлекет бүлікшілікке ұшырап, күннен-күнге  халықтың  күні  нашарлауын
һәм сол бүлікшілік біздің қырғыз-қазақтың басына  да  келуі  ықтимал  екенін
ойлап, бүкіл қырғыз-қазақты билейтін хүкумәт керектігін  ескеріп  сиезд:  1.
Бөкей  елі,  Орал,  Торғай,  Ақмола,  Семей,  Жетісу,  Сырдария   облыстары,
Ферғана, Самарқанд облыстарындағы һәм Әмудария  бөліміндегі  қазақ  уездері,
Каспий  облысындағы,  Алтай   губерниясындағы   іргелес   болыстардың   жері
бірыңғай, іргелі халық қазақ-қырғыз, қаны, тұрмысы, тілі  бір  болғандықтан,
өз алдына ұлттық –  жерлі  автономия  құруға,  2.  Қазақ-қырғыз  автономиясы
“Алаш” деп аталсын. 3. Алаш автономиясының жері, түгі, суы,  астындағы  кені
Алаш  мүлкі  болсын.  4.  Алаш  облыстарын  қазіргі   бүліншіліктен   қорғау
мақсатымен уақытша ұлт кеңесін  құруға,  оның  аты  “Алашорда”  болсын  Алаш
ордасының ағзасы 25  адам  болып,  10  орын  қазақ-қырғыз  арасындағы  басқа
халықтарға қалдырылды. Алаш ордасының уақытша тұратын жері Семей  қаласы...”
7. Алаш ордасы милиция құруға ыждахатпен кірісуге міндетті. 8. Алашорда  тез
уақытта  Алаш  автономиясының  учридетельное   собрание-құрылтай   мәжілісін
шақырсын. 9. Сиезд  Алашордаға  тапсырады.  а)  ұлт  қазынасына  қарыз  ақша
алуға, б) өзге автономиялы көрші халықтармен одақтасу жайын сөйлеуге,  бірақ
оның шарттарын құрылтай бекітеді. 10.  Ұлт  құрылтайына  Алашорда  автономия
низамының жобасын даярлап кіргізеді” деген шешім қабылдаған.
      Шындығына келсек “Алашорда”  іс  жүзінде  бас-аяғы  бір  жарым  жылдай
ғана, 1918 жылдың ортасынан 1919 жылдың желтоқсанына дейін өмір сүрді.
      Бір ескеретін мәселе “Бірлік туында”  мақала  жариялағанның  бәрі  бір
келкі еді  деуден  аулақпыз.  Себебі,  халықтың  қамын  ойлаған  болып,  шын
мәнінде өз жеке бастарының даңқын шығару үшін  жаңа  үкіметке  жарамсақтанып
қызмет  көрсетіп,  жөн-жосықсыз  құлдық  ұра  бастаған  азаматтар  да   шыға
бастаған.   Алайда,   “Бірлік   туы”   газетінің   беттерінде    жарияланған
материалдардан сол кезеңнің тарихи  шындығының  бетажары  толық  айнадағыдай
болып көрініп тұрған сияқты.
“ЖАС АЗАМАТ” ГАЗЕТІ
      “Қазақтың ұлттық баспасөз тарихында елеулі орны бар “Қазақ”  газетінің
бағытын  жалпы  жұртқа  мәшһүр  етуге  жәрдемдескен,   азаматтық   ой-сананы
ілгерілетуге  септігі  тиген  газет-журналдардың  ішінде  “Жас  азамат”  ұлт
тәуелсіздігін  жоқтап,  отаршылдық  езгіге  қарсы  тұрған  қазақ  жастарының
тұңғыш қоғамдық-саяси газеті”.
      Қазақ жастар баспасөзінің төлбасы - “Жас азамат”  газеті  1918  жылдың
сәуір айында барлық жастар ұйымдарын біріктіріп, басын қосқан  “Жас  азамат”
ұйымының органы (тілі) болып есептеледі. Бұл  біріккен  ұйымның  төрағасы  –
Мырзаұлы,  басқарма  мүшелері:  С.Сәдуақасұлы,  М.Сейітұлы,  Т.Досымбекқызы,
Ә.Бәйділдәұлы сияқты, қазақтың біртуар ұл-қыздары болатын.  Ал  осы  ұйымның
тілі -  “Жас азамат” газетінің шығарушысы (редакторы) Қ.Кемеңгерұлы еді.
       Бұл  саяси-қоғамдық,  экономикалық  басылымның  алғашқы  нөмірі  1918
жылдың 30 шілдесінде Қызылжар қаласында жарық көрген. Сөйтіп,  “Жас  азамат”
газетінің алғашқы нөмірі “Жас тілек” атты бас мақаламен ашылған.  Онда  “Жас
азаматтың мақсат-мүддесі көрсетіледі: “Өмір тәжірибесінің,  білім  аздығының
кемдігіне қарамай, төрт  түлігі  сайланбай  “Жас  азамат”  тәуекел  кемісіне
мініп,  тұрмыстың   таласатын,   күресетін   майданына   шықты.   Келешектің
қараңғылығы, саяси  һауананың  күн  сайын  құбылуы,  қалың  өрттей,  кеселді
дерттей, апаиы күшті күндердің тууы, дүниеде болу-болмауы,  әлінің  майданға
қойылуы, ұлттың өмірлі хұқықтары аяқ астына тапталып,  зорлықтың  қан  соруы
“Жас азаматтың” үстіне ауыр жүк салып  отыр.  Қоғамдасып,  қолтықтасып,  күш
беріп, ауыр жүкті тиісті орнына  жеткізу  –  жастардың  бас  міндеті,  үлкен
борышы. “Жас азаматтың” алтын идеалы, әулие  мақсұты,  негізгі  жолы  –  ұлт
бостандығы, ұлт теңдігі ”.
       Өздерінің  осындай  ұйым  құрып,  газет  шығару  сырын  оқырмандарына
жолдаған “Ашық хатында” осы  ұйымның  кіндік  комитеті:  ,,Ел  көп  топырдың
ортасында аяқасты бас қосайық деген пікір туып еді. Бұл пікірді  туғызған  –
көкті қаптаған қара бұлт болшеуик  дауылы  еді.  Бұл  дауылдан  қырғыз-қазақ
елін шамамыз келгенше аман сақтап қалайық, шамамыз  келгенше  тарих  алдында
кінәсіз болармыз, өлсек бір шұқырда, тірі болсақ бір төбеде деген мақсұт  та
еді”, - деп түсіндіреді.
      Газеттің өзіндік ерекшелігі – мақалалар  көбінесе  авторсыз  беріледі.
Бүркеншік атпен ұсынылғандары да бар. Бұл жерде, әрине,  шығарушылардың  көп
тер төккені даусыз”, -деп, нақты қорытынды жасайды.     Шынында  да  кезінде
“Жас азамат” газетінде жарияланған материалдардың көпшілігі авторсыз  немесе
“бүркеншік” аттармен беріліп отырған. Оның әртүрлі себептері  болуы  мүмкін.
Біріншіден, көп  мақалалардың  бір  автордың  қолымен  жазылуы  немесе,  сол
кездегі аумалы-төкпелі кезеңге байланысты кез  келген  автордың  сақтануынан
туындаған. Екіншіден, 1918-1919 жылдары Қазақстанды  билеуге  қол  жеткізген
большевиктер, 1920 жылы қазақтар мекендеген Сібір,  Түркістан  аймағында  да
жеңіске  жетті.  Соның  нәтижесінде   ұлт   теңдігін   жоқтағандар,   шынайы
демократия үшін күрескендер  қуғын-сүргінге  ұшырады.  Міне,  осындай  басты
себептерге  байланысты  көптеген  материалдар  авторсыз   немесе   бүркеншік
аттармен беріліп отырған.
      Жоғарыда “Жас азаматтың” бірінші нөмірінде оның мақсат-мүддесін
білдірген “Жас тілек” деген бас мақала жарияланды дедік. Бұдан басқа
газеттің осы нөмірінде Омбыдағы Алаш партиясы бас комитетінің “Алаш
азаматтарына!” деген ашық хаттары басылған. Онда ел ағалары соңдарына ерген
жастарға: “Алаш Орда тігілді, ақ ту көтерілді. Енді һәркім шамасына қарай
ұлтына қызмет қылуы тиіс”, - дей отырып, “Жастар!” Атқа мін! Басқа жұрттар
көрсін!”, - деп ұран тастады.
      Басылымда жер мәселесіне де көп көңіл бөлінген. Енді бір топ мақала
жаңа өкімет, саясат ісіне арналған.
“АЛАШ” ГАЗЕТІ
      “Алаш” 1916 жылы 26  қарашадан  бастап  1917  жылдың  ортасына  шейін,
Ташкент  қаласында  аптасына  бір  рет  шыққан.  Редакторы  Көлбай  Тоғысов,
шығарушысы Мәриям Тоғысова. “Туркестанский  курьер”  баспаханасында  басылып
тұрған. Газеттің шығуы жайында  “Алаш”  газетінің  алғашқы  санында  “Россия
қарамағындағы елдердің бірі болу  үшін  қазақ  халқының  шешетін  мәселелері
көшпелілік пен отырықшылық, оқу-ағарту ісін жөнге  қою,  Мемлекеттік  Думаға
қатысу, сот ісін жөндеу, әйел мәселесін көтеру, елдің  тұрмыс-халін  түзету”
деген. Міне, газеттің негізінен осы мәселелерді көтергенін  ондағы  басылған
мақалалрдан  байқауға  болады.   К.Тоғысов   “Жоғалсын   Романовтар”   деген
мақаласында 300 жыл Ресейді билеген Романовтар туралы айта келіп,  әр  халық
өз алдына егеменді ел, демократиялық республика  болуы  керек  деген  идеяны
ұсынады.
       Газет  беттерінде  әйел  теңдігі  жайында  көптеген  мақала,  әңгіме,
өлеңдер бар.
      1917 жылғы 22-санынан бастап “Алаш” газетінің редакторы Түзел  Жанбаев
болғаны туралы, “Алаш”  газетіндегі  Жанбаевтың  “Оқушыларға  өтініш”  деген
мақаласында К.Тоғысовтың халық  мәжілісіне,  Петербордағы  шаруалар  съезіне
уәкіл болып сайланғаны, газет шығару  жұмысы  Түзел  Жанбаевқа  тапсырылғаны
хабарланған. Ү.Сұбханбердинаның дерегіне  қарағанда  Петербордағы  Салтыков-
Щедрин атындағы кітапханада газеттің 22-санына дейін сақталған.
“АБАЙ” ЖУРНАЛЫ
      “Абай” журналын шығару жөніндегі  алғашқы  ұсыныс  қазақ  зиялыларының
арасында 1914 жылдың  өзінде-ақ  қабыл  алынып,  ұлы  ақынның  қазасының  он
жылдығына  байланысты.  Семей  қаласында  өткізілген  үлкен  жиылыс  үстінде
бекітілген болатын. Алайда, бірінші дүние жүзілік соғыстың  басталуына  және
патшалық Ресей тарапынан отарлау  саясаттың  бұрынғыдан  да  күшейе  түсуіне
орай журнал шығару міндеті орындалмай қалды.
      Бұл  арманға  қазақ  зиялыларының  қолы  тек  1918  жылы  ғана  жетті.
Негізінен бұл басылымды шығарушылар “Екеу” деген лақап  атпен  қол  қоюшылар
болатын. Оның бірі журналдың  ресми  редакторы  Ж.Аймаутов  болса,  екіншісі
әдебиет майданына енді араласқан М.Әуезов еді.
      “Абайды” шығаруды ең алғаш қолға алған, барлық  ыстық-суығына  көнген,
соңынан осы істері өздеріне соққы болып тиген қос азамат бұл  басылымды  кім
үшін,  не  үшін  шығарады?  Алдарына  қандай  мақсат  қойды  деген   сауалға
Ж.Аймауытовтың “Журнал туралы”атты  мақаласы  толық  жауап  беретін  сияқты.
Онда “Қазақтың әдебиетіне жан берген: сөздің сыртын  сырлап,  ішін  әрлеген,
өлеңнен өрнек шығарған, ақындық, сыншылдық бірдей  дарыған  Абай  еді.  Өнер
тап, оқы, қарекет қыл, тәрбие ал, ынсапты, адал бол деп  қақсап  өткен  Абай
еді. Халықтың қамын же, адам баласын бауыр тұт, адамшылыққа қызмет ет  деген
Абай болатын, өмір жолында Абайдың айтпағаны аз. Ақыл, білім,  сезім,  терең
ойлылығына қарағанда Абай қазақтан шыққан философ (данышпан).
       Осы  сықылды  кемеңгердің  ағына  арнап,  журналымыздың  атын  “Абай”
қойдық. Басқа жұрттар Абайдай адамның атына  ескерткіш  орнатады,  қиратхана
(кітапхана) ашады, жазылған кітап, істеген игілік  істерін  атақты  жақсының
атына арнайды. Басқа жұрттың атақты білімдісінен Абай  кем  емес,  білімдіні
құрмет  ете  алмасақ  –  тоғышарлығымыз,  жақсы   кісінің   атын   әспеттеп,
,,қарағым, бәлінше екендей  болар  ма  екен”  деген  әдет  қазақта  да  бар.
Журналдың атын “Абай”  қойғандық”  қазақтың  баласына  ат  қойғаны  сықылды.
“Журналымыз Абайдай болсыншы” деп еліктегендік емес. Абайды құрметтеп,  атын
тарих жүзінде көркейтіп, нығайтпақ.
      Журналдың атын “Абай” қойған соң, әдеби жолын ғана  тұтыну  керек  еді
дер біреу. Оған айтатынымыз, Абай жалғыз ғана ақын (литератор)  болды  деуге
болмайды. Әдебитетімізге де негіз салған  Абай,  адамшылық,  тәрбие,  ғылым,
өнеркәсіп деген сөздерді терең ойлап, тексерген де Абай. Қазақтың  тұрмысын,
өмірін, мінезін, айқын суреттеп, кемшілігін көрсеткен де Абай. Солай  болған
соң  ұстаз  қылып,  бетке  ұстап,  жастар  шәкірт  болып,   соңынан   жүруге
талаптанғандығын көрсетеді”, - деп жазылған.
      “Абай” журналын шығарушылар, оның жұмысына  белсене  араласушылар  осы
жайды үнемі  бетке  ұстап  отырған.  Мәселен,  бұл  басылымда  өлеңдері  мен
публицистикалық   мақалалары   жиі   жарияланған    Шәкәрім,    Сұлтанмахмұт
Торайғыров;  Сәбит  Дөнентаев;  Ғұмар  Қараше,  Смағұл   Садуақасов,   Халел
Досмұхамедовтер әрқашан оқырман көңілінен шыға біледі.  Әсіресе,  мұнда  сол
кезде Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқып жүрген М.Әуезовтің  мәдениет,
ғылым, оқу-ағарту мәселелеріне  арнап  жазған  оннан  астам  мақалалары  мен
Л.Толстойдың “Будда”  әңгімесінің  қазақша  аудармасы  жарияланған.  Мысалы,
“Абай” журналының 1918 жылғы 7-санында оның “Ғылым  тілі”  (научный  термин)
деген мақаласы жарияланған. Онда М.Әуезов: “Болмаса, заманның  өзі  көрсетіп
отырған дәлелге мойынсұну керек. Ол дәлел мынау: біз ғылым  тілін  арапшадан
аламыз дегендегі дәлліміз – арапта да бұрынғы уақытта мәдениет  болған,  сол
себепті ендігі бізке керек болатын ғылым  араптан  табылады  дейміз.  Ертеде
арап мәдениеті болған бір заман бар. Бірақ ойлап қараңыздар, біз  осы  күнде
оқысақ, сол XIII, XIY, XY ғасырлардың ғылымын  оқимыз  деп  отырмыз  ба?”  –
деп, жаңа жағдайда қай тілге көшкен оңтайлы, өркениетке қалай  жету  пайдалы
деген мәселелер төңірегінде ой қозғайды.
      Ж.Аймауытов, М.Әуезовпен қатар  “Абай”  журналына  С.Торайғыровтың  да
қосқан үлесі зор.  Өйткені,  Сұлтанмахмұттың  қазан  төңкерісі  және  азамат
соғысы жылдарында жазған “Социализм” атты мақаласы публицистік  еңбектерінің
бірі де, бірегейі  де  деп  атауға  болады.  Бұл  мақаланың  алғашқы  бөлімі
журналдың 1918 жылғы наурыз айындағы санында басылып,  жалғасы  қолды  болып
кеткендіктен жарияланбай қалған.
      “Абай” журналына жиі араласып, көп көмегін  тигізген,  оның  беттеріне
бірқатар мақалалары мен өлеңдерін жариялаған  осындай  белсенді  авторлардың
бірі  –  С.Дөнентаев  болатын.  Ол   алғашқы   күннен   бастап-ақ   журналды
ұйымдастырушылар мен  шығарушылардың  идеясын  қызу  қолдап,  қолдан  келген
көмегін аямаған. Сол кезде Алашорда үкіметі Семей қаласында ашқан  үш  айлық
мұғалімдер курсында оқып жүрген  ол  “Сарыарқа”  газетіне  экспедитор  болып
орналасады.  Бұл  газетте  оның  “Адаспаппыз”,  “Сарыарқа  арамызға”   деген
өлеңдері жарияланады. Ал, “Абай” деген өлең жазып, өзінің ұлы  ақынды  ұстаз
тұтатынын, аруағына бас иетінің паш етті.
       Сөйтіп,    “Абай”  журналы  1918  жылдың  аяқ  шеніне  қарай  біржола
жабылды. Оған себеп, Семейде большевиктердің билік басына келіп,  “Алашорда”
үкіметінің құлауы еді.

Бақылау сұрақтары:
1. “Абай” журналының жабылу себептері.
2. Көлбай Төгісовтің журналистік қызметі.
3. Қазақ жастар баспасөзінің төлбасы - “Жас азамат” газетінің тарихы.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразайұлы Ф. Қазақ журналистикасының
тарихы. - А., 1996.
2. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары. 1-кітап. – А.,
1994.
3. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері. – А., 1981.
4. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – А., 1996.
5. «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С.,
          Сақов  Қ. – А., 1998.

15-16 - дәрістер. Қазақстандағы «Кіші Октябрь» орнату немесе
ауылшаруашылығын жаппай ұжымдастыру мен индустрияландыру жылдарындағы қазақ
мерзімді баспасөзі.
8.1  Қазақстандағы «Кіші Октябрь» орнату жылдарындағы мерзіміді баспасөз.
8.2  “Тіршілік” газетінің тарихы шығарушылары.
8.3  “Қазақ мұңы”  газетінің тарихы шығарушылары.
      Кеңес  өкіметінің   алғашқы   шараларының   бірі–сол   кезде   белгілі
себептермен  котреволюцияшыл-буржуазиялық  баспасөз  деп  аталған   “Қазақ”,
“Сарыарқа”, “Бірлік туы”, “Ұран”, “Алаш” сияқты,  т.б.  ұлттық  басылымдарды
біржолата  тоқтатып,  жабу  болды.  Осыған  орай  жаңадан   құрылған   қазақ
жеріндегі кеңестер белсенді  қызмет  атқарды.  Олар  негізінен  1918  жылдың
соңына дейін өздері байшыл, ұлтшыл, алашордашыл деп тапқан  бір  топ  газет-
журналдарды жойып  жіберудің  арқасында  солардың  баспаханалары  мен  қағаз
қорларын пайдалана отырып өздерінің газеттерін шығара бастады.
       Қазан  төңкерісіне  дейін  де  Қазақстанда  еңбекшілердің   бұқаралық
ұйымдары деп аталған ұйымдардың болғаны  тарихтан  мәлім.  Мысалы,  Верныйда
“Мұсылман жұмысшыларының біріккен одағы” құрылып, жұмыс  істеген.  Бұл  одақ
1917 жылдың 13 желтоқсанында “Садақ” атты сықақ  журналын  шығара  бастайды.
Ол негізінен, Жетісу  елі  ішіндегі  кемшіліктерді  ашып,  түзетуді,  жұртқа
мәдени-ағартушылық қызмет көрсетуді мақсат еткен. Журналға  идеялық  жағынан
жетекшілік жасаған О.Жандосов болса, редакторы Ә.Басиров еді.
      Ақпан төңкерісінен кейінгі уақытша өкіметінің  тұсында  қазақ  жерінде
де облыстық, уездік комитеттері құрылғаны мәлім. Мысалы,  Ақмолада  құрылған
осындай “Қазақ” комитетінің құрамында С.Сейфуллин  де  болған.  Бұл  комитет
сол кезде бұрынғы әкімдерді  ел  билеу  қызметінен  босату,  олардың  орнына
жұмысшы-кедейлерді іске тарту, дінмен күрес және қазақ әйелдеріне  бостандық
әперу сияқты төңкерісшіл шараларды жүзеге асырумен айналысқан.
      Осы комитетінің қасынан Сәкен 1917 жылдың  сәуір  айында  “Жас  қазақ”
ұйымын құрды. Оның мүшелері алғашқы кезде  40-50-ден  аспаса,  кейін  көбейе
түсті.
      Бұл ұйымның мақсаты – халық арасына заң,  білім  тарату,  жаңа  саясат
істеріне қатысу болып табылды. Осы ұйымның жарғысынан: “Жас қазақ”  Ресейдің
ең дұрыс жобалы төңкерісшіл партиясымен  қатар  майданға  шығады.  Онан  соң
Ресейдің құрама республика болуын  қуаттайды”  деген  жолдарды  оқуға  болар
еді.
      Алайда “Жас қазақ”  ұйымының  ең  басты  қызметі  деп  біздер  олардың
мүшелік жарнадан және елден жиналған қаражатпен  қазақ  баспаханасын  құрып,
1917-1918 жылдары “Айна” деген журналдың бір санын,  “Тіршілік”  деп  алатын
газеттің бірнеше нөмірін шығарғандарын айтар едік.
“ТІРШІЛІК” ГАЗЕТІ
       Сәкеннің  “Тар  жол,  тайғақ  кешуіндегі”  мағлұматтарға   қарағанда,
“Тіршілік” газеті шамамен  1917  жылдың  шілдесінен  1918  жылдың  шілдесіне
дейін, яғни Ақмолада Кеңес  өкіметі  уақытша  құлағанға  дейін,  бір  жылдай
шығып тұрған.
      Газеттің  ресми  редакторы  біздерге  “дала  уалаятының  газеті”  және
“Айқап”  журналдарынан  белгілі  Рақымжан  Дүйсенбаев  пен  Сәкен  Сейфуллин
болды. Басылымның негізгі авторлары болып, оның өз  редакторлары  және  “Жас
қазақ”  ұйымы  басқармасының  белсенді   мүшелері   А.Асылбеков,   Ж.Нұркин,
Б.Серікбаевтар  саналды.  Себебі,  “Тіршіліктің”  бетінде  олардың  көптеген
мақалалары мен памфлеттері жарияланды.
      1917 жылы  27  желтоқсанда  Ақмола  еңбекшілерінің  жалпы  жиналысында
өкімет билігін кеңес қолына көшіру туралы қаулы қабылданады.  Осы  жиналыста
уақытша ревком құрылып, оның құрамына С.Сейфуллин де енеді. Ал  1918  жылдың
ақпан айында Ақмоланың уездік Совдепі сайланып, ол осы  Совдептің  президиум
мүшесі және уездік ағарту комиссары болып тағайындалады.
      Осыған байланысты “Тіршілік”  1918  жылдың  басында  әуелі  ревкомның,
сонан  соң  Совдептің  органы   болып,   төңкерісшіл-демократияшыл   газетке
айналды. Оған  С.Сейфуллиннің  сол  кезде  шығып  тұрған  қазақ  басылымдары
туралы: “Бұл газеттер, “Тіршіліктен” басқаның бәрі бір бағытта  болды.  Бәрі
Орынбордағы “Қазақ” газеті бұрап беріп,  нұсқау  беріп  отырды.  Газеттердің
бәрі көз жұмбай ұлтшыл, байшыл бәрінің орталық туы “Қазақ” газеті болды”,  -
деп жазуы дәлел.
      Бірақ “Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды”  демекші,  Сәкеннің
буржуазияшыл-ұлтшыл, антисоветтік бағытта болды деп  ұшқыр  пікір  білдірген
“Қазақ”, “Сарыарқа”, “Бірлік туы”,  “Алаш”,  “Ұран”,  “Абай”  сияқты  газет-
журналдардың барлығы да түптеп  келгенде  халықтық,  әрі  кеткенде  ұлтжанды
ғана болғандығы туралы біздер еңбегіміздің “XIX ғасырдың екінші жартысы  мен
XX  ғасыр  басындағы  қазақ  мерзімді  баспасөзінің  тарихы”  деген  алғашқы
бөлімінде жан-жақты тоқталып өткендіктен, оған  қайтып  оралуды  жөн  көрмей
отырмыз.
“ҚАЗАҚ МҰҢЫ” ГАЗЕТІ
      Торғай облыстық Совдепінің газеті “Қазақ мұңы” 1918 жылы (16)  сәуірде
Орынборда  шыға  бастады,  Редакторы  белгілі  қоғам  қайраткері   –   Нәзір
Төреқұлов  болды.   Бұл   газет   қазақ   еңбекшілеріне   кеңес   өкіметінің
артықшылығын, оның алғашқы декреттерінің мән-мазмұнын түсіндіріп отырды.
      1918 жылдың 21 наурызынан 3 сәуіріне дейін  Орынборда  большевиктердің
басшылығымен Торғай облысының  Советтер  съезі  өтті.  Осы  съездің  қаулысы
бойынша   шыға   бастаған   “Қазақ   мұңы”   газетінің   бірінші   нөмірінде
Ә.Жангелдиннің  Советтердің  осы  облыстық  съезін  ашардағы  сөзі  толықтай
берілді. Онда ол: “Совет өкіметінің күші оның  нақтылы  саясат  жүргізуінде,
бұл халықтың мұң-мұқтажына сай келеді. Бұл өкімет  аз  уақыт  ішінде  орасан
зор жұмыстар істеді.  Мәселен,  ол  шіркеуді  мемлекеттен  бөлектеді,  жерді
еңбекші  шаруаларға  берді,  ескі  соттарды  жойды,  бітім  жасап,   армияны
таратты”, - дей отырып, халықты белсене жұмыс істеп,  жаңаша  тұрмыс  құруға
шақырды.
      Бірақ көп ұзамай азамат соғысының  басталып  кетуіне  және  Орынбордың
Дутов бастаған ақгвардияшылардың  қолына  көшуіне  байланысты  “Қазақ  мұңы”
шығуын тоқтатады.
“ЗАРЯ СВОБОДЫ” ГАЗЕТІ
      Кеңес өкіметі Верный қаласында 1918 жылдың  3  наурызында  орнады.  Ол
көп кешікпей бүкіл Жетісу облысына да билік жүргізе бастады. “Заря  свободы”
деп аталатын (қазіргі “Огни Алатау”) басылымды шығаруға күш  салды.  Сөйтіп,
ол газеттің алғашқы нөмірі 1918 жылдың 8 наурызында жарық көрді.
      Ең бастысы  “Заря свободы” газеті редакциясы құрамында  арнаулы  қазақ
бөлімі болды. Мұнда маңызды мәселелер және  жергілікті  халыққа  қатысы  бар
материалдар орыс және қазақ тілдерінде аралас басылып отырды.
      Газеттің бетінде Жетісуда кеңес өкіметін орнату үшін  күреске  белсене
қатысқан  большевик  Тоқаш  Бокиннің,  Сабыржан  Ғаббасовтың   хаттары   мен
мақалалары қазақ және  орыс  тілдерінде  жиі  басылып,  орынды  пайдаланылып
отырылды.
      Осы басылымның бетінде басқа да көптеген аралас  материалдар  басылды.
Осының өзі, бір жағынан – қазақ ішінде дербес газет шығарудың бастамасы  әрі
ұлт кадрларын әзірлеудің бірден-бір дұрыс жолы еді.
      “Заря  свободыда”  кейде  большевиктердің  ұғымына  жат,  ұлтшылдықты,
дінді  уағыздайтын  материалдар  да  жарияланып  қалып  жүрді.  Бірақ   оның
қазақтарға   келіп-кететіні   шамалы   еді.    Себебі,    түптеп    келгенде
большевиктерде де, эсер-меньшевиктер де  өздерінің  бас  пайдасын  ойлайтын.
Олардың бұратаналардың болашақтарын ойлап бас  қатыруларына  уақыттары  жоқ-
тын.
      Міне, осындай кейбір кемшіліктеріне қатысты “Заря свободы” газеті
өзінің 80-нөмірінен кейін 1918 жылдың 18 маусымында шығуын тоқтатты.

Бақылау сұрақтары:
1. “Қазақ мұңы” газетінің бірінші нөмірінде жарияланған Ә.Жангелдиннің
мақаласын талдау.
2. “Заря свободы” газеті редакциясы құрамы.
3. Жетісуда кеңес өкіметін орнату үшін күреске белсене қатысқан большевик
Тоқаш Бокиннің, Сабыржан Ғаббасовтың хаттары мен мақалалары.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразайұлы Ф. Қазақ журналистикасының
тарихы. - А., 1996.
2. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары. 1-кітап. – А.,
1994.
3. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері. – А., 1981.
4. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – А., 1996.
5. «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С.,
          Сақов  Қ. – А., 1998.

17-18 - дәрістер. Қазақстандағы жаппай репрессия жылдарындағы және екінші
дүниежүзілік соғыс жылдарындағы мерзімді баспасөз.
 (1937 – 1941 жылдар.)
9.1  “Еңбекші қазақ” газетінің екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы
материалдары.
9.2  “Қазақ әдебиеті” газетінде жарияланған материалдар сипаты.
9.3  “Ұлтшылдық сарынға қарсы” күрес жылдарындағы қазақ зиялыларына
тағылған айыптар және баспасөзде берілуі.
      1905 жылдан басталған Россиядағы революциялық өрлеу дәуірі патшалықтың
шет аймақтарында ұлт-азаттық қозғалысының жандануына  ықпал  жасады.  Алайда
патша үкіметіне бұратана халықтардың  бірді-екілі  оқығандарының  “азаттық”,
“теңдікті” әңгіме етуі, тіпті өрескел көрінді. Бірнеше ғасыр бойы  үн-түнсіз
бағынып, тағдырына мойын ұсынып келген аз ғана ұлттардың  ішінен  бұлай  бас
көтеретін адамдар шығады деп ойлаған жоқ еді.
      Сондықтан да патша  өкіметі  бұндай  наразылық  көрсете  бастағандарды
барынша мұқатып, біржолата тұралатып тастауға ұмтылды. Ал,  кеңес  дәуірінде
бұлардың патша заманындағы азаттық  үшін  күресін  орысқа  қарсы  күрес  деп
теріс түсінушілер,  бұларды  ұлтшылдар,  байлар  деп  кінә  тағушылар  пайда
болды. Оның үстіне революцияға  дейін  интеллигент  болғандар  сол  заманның
рухани уымен уланғандар болып табылады, бұлар енді пролетариат  туы  астында
жинала алмайды, жаңа  өмірді  жырлай  алмайды  деген  асығыс,  ешбір  ғылыми
негізсіз тұжырымдар  жасалды.  Ақыр  соңында  оларға  әртүрлі  жала  жабылып
контрреволюциялық ұйым құруға қатысты деген айыптар  тағылды.  Сол  отызыншы
жылдардың басында –  ақ  олардың  кейбіреуі  атылып  кетті,  басқалары  ұзақ
мерзімдерге жер аударылды. Бұл айдаудан  әупірімдеп  аман  қалғандарын  1937
жылдың қанды ақпаны мәңгіге жұтты.
      Қазір осы “тарих ақтаңдақтары” күн  өткен  сайын  анықталып,  сол  бір
ауыр кесапатты жылдардағы  халқымыздың  аяулы  ұлдары  мен  қыздарының  қилы
тағдырлары жан-жақты зерттелу үстінде.
      Осы орайда белгілі ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің  қысқаша
түйінді сөзін келтірудің артықтығы жоқ  болар:  “Біз  жазықсыз  жапа  шеккен
данышпандарымыздың мұраларын өмірге қайтара  бастадық  және  бұларды  “шолақ
белсенділер” не үшін, ненің жоқтауы үшін құрбандыққа шалып  еді  деп  ойлана
бастадық”.
       Бізді  тарихымыздан,  цензураның   қара   бояуының   астында   қалған
тарихымыздан күштеп айырды. Таланттарын қыршынынан қия  отырып,  халықты  да
ойлау қабілетінен айырды: өйткені, ойланбайтындар мен  ойлана  алмайтындарды
басқару оңай ғой. Бүгінгі күні біздер  өзімізді  Шәкәрім,  Ахмет,  Жүсіпбек,
Мағжан, Міржақыптардың орнына  қоя  отырып  ойлануға,  өткенімізді  осылайша
еске түсіруге ұмтылып отырмыз.
      Біз ешкімге ешнәрсе қарыз емес екенімізді түсіне бастадық. Біз  шығасы
мен шығынға аз ұшыраған  жоқпыз.  Оның  үстіне  азаптанған,  тозған,  талан-
таражыға түскен өз жерімізді өмір сүру үшін де аз шығындалған жоқпыз.
      Мәселен, осы  уақытқа  дейін  “коллективтендіру  –  ауыл  шаруашылығын
социалистік жолмен қайта  құрудың  классикалық  үлгісі”  –  деген  Сталиннің
асыра сілтеушілік пікіріне, жарты ғасырдан  астам  уақыт  бойы  ешкім  күмән
келтіруге қорықты, оны тек марапаттаумен  келдік.  Рас,  коллективтендірудің
мәнін жоққа шығару дұрыс болмас еді,  колхоз  құрылысы  –  ауыл  шаруашылығы
экономикасы негіздерінің бірі болды. Оған дау жоқ.
      Бірақ, коллективтендіру ісі  Қазақстанда  қалай  өтті,  барлық  мәселе
осында. Шолақ саясатшы Голощекиннің “Кіші Октябрь” саясаты  тек  малмен  күн
көріп отырған қазақтың алдымен байларына, онан соң орташаларына, ең  соңында
астық екпейтін малшыға астық салығын салып, астық тауып бере  алмағандарының
малын тартып алып, өздерін шұбырынды  болуға,  қаңғып  кетуге  мәжбүр  етті.
Сөйтіп, 1933 жылы 40  миллион  малдан  5  миллион  ғана  қалған,  1929  жылы
қазақстанда 1233000 диқан шаруашылығы болса,  1936  жылы  565000  шаруашылық
қалған.
      Малынан айырылған қазақтың мұнан кейінгі көрген  күнін  дұшпанында  да
бермесін  дейтіндей  болған.  Ағылшын  –  американдық  тарихшы  әрі   жазушы
Р.Конкветстің осы кезең туралы жазған тарихи-публицистикалық еңбегінде КСРО-
ның әр аймақтағы аштық жайы айтылып, “Алайда бұл  фактілер  қаншама  қайғылы
болғанмен, қазақтардың басына түскен ұлан-асыр  қасіреттің  жанында  түк  те
емес болып қалады”, - деп ерекше тоқталып өткен.
      Егер бүгінгі күннің биігінен  өткен  тарихи  кезеңдерге  ой  жіберсек,
қазақ  халқы  ақын  Ж.Молдағалиев  айтқандай  “Мың  өліп,  мың   тірілгенін”
байқаймыз. Ал отызыншы жылдардағы аштықтың себебіне  келсек,  көшпенді  және
жартылай көшпенді халықты бірден, алғы шарттар жасамас бұрын күштеп,  зорлап
отырықшы елге айналдырамыз деп бірден-бір күн көрісі –  малың  тартып  алып,
қаңғыртып жіберген  авонтюрист  Голощекиннің  әпербақан  саясатынан,  екінші
жағынан мұндай қасірет сталиндік дәуірдің мазмұнынан туындаған.
       Бұл  күрестен  біздің  мемлекеттің  бұқаралық  ақпарат  құралдары  да
құралақан емес. Мұнда да  аласапыран  ұрыс  заңы  сияқты  демократиялық  пен
жариялылыққа бағытталған әділеттілік күн сайын нығайып,  бір  кездері  нақақ
айыптаулармен кеткен өз халқының адал  ұл-қыздарының  аттарын  қайта  танып,
қайта табысып жатыр. Әлбетте, кемшілік те жоқ емес.
      Бұл туралы “Қазақ әдебиеті”  газетінде  жарияланған  “Оқырманға  айтар
сөз”  деген  бас  мақалада,  “Жариялылыққа  бел  шешіп  батыл  кірісе  алмай
отырғанымыз да байқалмай қалмайды. Бұл біздің  тоқырау  кезеңінде  бойымызға
сіңіріп қалған  мимырт  митың,  жайбасар  аяңнан  күмілжіп  айтуға  үйренген
үргедек қылық-құлықтан ақиқатты я аттап, я  айналып  өтіп  кетуге  тырысатын
кейбір жалпақ  мінез  күйкі  әдеттерден  әлі  де  ат  құйрығын  үзісе  алмай
жүргеніміздің салқыны болса керек”, деп жазған болатын.
       Тарихтың  “ақтаңдақ”  беттері  туралы  ең  алғаш  болып  осы   “Қазақ
әдебиеті” газетінің 1988  жылғы  6  ақпаны  күнгі  нөмірінде  –  халқымыздың
тарихы мен тіліне, мәдениеті мен әдебиетінің  тағдырына  байланысты  жиі-жиі
проблемалық  мақалаларымен  көрініп  жүрген  белгілі  жазушы  Б.Нұржекеевтің
“Шындықты бүкпей айтсақ”  деген  мақаласы  жарияланды.  Одан  соң  бастаманы
“Арай” журналы мен “Өркен” газеттері жалғастырып, бұрын  халық  жауы  аталып
келген Косарев, Бухарин жайлы материалды орыс тілінен аударып басып,  өздері
де осы тақырыпқа байланысты көлемді интервью,  очерк,  мақалаларды  жариялай
бастады.
      Елімізде социализм ыдырап, тәуелсіздік  алғанымызға  5  жыл  толса  да
шаруаның егіні де, малы да күннің райына, қыстың  қабағына  қарайды.  Біздер
кеңес өкіметі тұсында да, қазір де сонау  коллективтендіру  жылдарынан  бері
колхоз-совхоздардың,  ұжымшарлардың,  жалпы   санын   мақтан   етіп   жалған
ақпарларға арқа сүйеп келгенімізді жасырмауға тиіспіз. Өйткені,  әу  бастан-
ақ сталинизм халыққа  қызмет  ететін  идеяны  емес,  керісінше,  халықты  өз
идеясының  құлы   ететін,   қоғамға   жаппай   күйзеліс   тудыратын   идеяны
уағыздағаннан шошынып, мұндай саясатқа разы еместігін байқатқан  көзі  ашық,
көкірегі ояу, еліне басшы болар азаматтардан  құтылудың  қалай  болғанда  да
олардың көзін жоюдың амалын ойлады.
      Сөйтіп, “Ел басынан күн туып, ері қайда жүр екеннің” кері келді.  1937
жылдың тажал аждаһасы Нығымет Нұрмақов, Сейтқали  Меңдешев,  Тұрар  Рысқұлов
сияқты, миллиондардың өмірін қиды. Осыған қарамастан  Сталин,  Ежов,  Берия,
Вишинский сияқты жазалаушылардың заманы дәуірлеп тұрды.
       Осындай  тарихтың  “ақтаңдақ”  беттері  туралы  материалдар   кезінде
басылымдарда жиі жарияланып. Одан қорытынды да шығарыла бастады.  Бұл  ретте
Ресейдің тәуелсіз басылымдарының қара  қылды  қақ  жарған  әділ  мақалаларын
өнеге етіп айтуымыз  орынды.  Мәселен,  бүгін  кезінде  халық  жауы  атанып,
репрессияның  қаһарына  ұшыраған  Н.И.Вавиловтың,  халық,   партия,   үкімет
алдында ешқандай күнәсі болмағандығы айқындалып отыр. Керісінше,  оған  жала
жауып,  “халық  академигі”  атанған   Г.Т.Лысенконың   сол   халыққа   қарсы
бағытталған қылмысты істері әшкереленуде.
        Сондай-ақ,   Михайл   Кольцов   сияқты   халықтың   талантты    ұлын
жазалағандардың  шын  мәнінде  оның  шығармаларын  оқуға  кәуһары   болмаған
көрсоқыр, бұйрық орындаушылар болғаны қандай қиямет.
      Біздер Сәкен, Бейімбет, Ілиястарымыздың...  қандай  жағдайда  ұсталып,
қандай жағдайда қаза тапқандарын  білмей  жүрміз.  НКВД  оларды  ұсталысымен
атылды десе,  тауқымет-тақсыретін  бірге  тартқан  көзі  тірілер  Сәкен  де,
Бейімбет те бертінірікте қаза тапты деген деректер айтып жүр.
      Мысалы,жарты  ғасырдан  астам  уақыт  бойы  М.Дулатовтың  есімі  туған
халқының басты жауларының қатарында аталып, оның  есімі  ұлт  мәдениеті  мен
әдебиеті тарихынан өшіріліп тасталды. Содан барып туған  халқы  үшін  жүрегі
қоңыраудай күмбірлеген арысымыздың асыл бейнесі кейінгі ұрпақ  үшін  көмескі
тартып кетті.
      Ал,  қазір  халқы  ұлы  перзентінің  өмір  тарихымен  де,  өмірі  және
еңбегімен  қайта  табысты.  Әділеттің  таңы  атып,  күні  шықты.   М.Дулатов
“Еңбекші қазақ” газетінің жауапты редакторының әдеби көмекшісі болып  қызмет
етіп жүрген кезінде, 1928 жылдың 17 желтоқсанында  тұтқындалған.  Оған  ұзақ
жауап  алғаннан  кейін,  1929  жылдың   24   маусымында   Бутырь   түрмесіне
жөнелтілген. Ал, 1930 жылдың 4 сәуірінде ішкі  істер  халкоматының  “үштігі”
М.Дулатовты ату жазасына  бұйырады.  1931  жылдың  10  қаңтарында  іс  қайта
қаралып, ату жазасы өлім жазасы үкіммен отыру ақын  жігерін  жасыта  алмады.
Көптеген адамдар осы жүйкеге тиетін қияметті көтере алмай, өзін-өзі  өлтіріп
те жіберетін. Бұрын патша түрмесінде талай  рет  болған  М.Дулатов  зайыбына
жазған  бір  хатында  былай  дейді:  “Біріншіден   тергеушілерге   сенбедім,
екіншіден қорыққаным жоқ, үшіншіден олардан көмек сұрамадым...”
      Сөйтіп, ол 1934  жылдың  басынан  Сталин  атындағы  Ақтеңіз  –  Балтық
каналының құрылысында  жұмыста  болып,  1935  жылдың  5  қазанында  Сосновец
лазеретінде жүрек дертінен қайтыс болған. Міне, халық жауы атанған  мыңдаған
қазақ  зиялыларының  бірі,  белгілі   қоғам   қайраткері,   қаламы   қарымды
журналист, қазақ баспасөзінің қалыптасуына көп  еңбек  сіңірген  ардагеріміз
М.Дулатовтың лагерьде болуы мен дүниеден қайтуының қысқаша тарихы осындай.
      Сондықтан біздер М.Дулатов сияқты, Нәзір  Төреқұлов,  Тұрар  Рысқұлов,
Нығмет Нұрмақов, Сейтқали  Меңдешев,  Сүлеймен  Есқараевтардың  кебін  киген
жүздеген, мыңдаған өз халқының адал  перзенттерінің  өмірлері  де  Қазақстан
тарихымен, Қазан төңкерісінің орнау тарихымен тығыз  байланыстыра  зерттелуі
қажет  деп  білеміз.  Мұнсыз  біздер  үшін  мемлекетіміздің  өткен  тарихын,
тоқырау мен қайта құру тарихын таразылап, баға беру қиынға соғары хақ.
      Міне, сондықтанда тарихымыздың  әр  кезеңінде  көзден  таса,  көңілден
қағыс қалып келген, күні кешеге дейін “ұсақ-түйек қателіктер  мен  “елеусіз”
кемшіліктер аталып келген “Ақтаңдақтар” сыры бүгін ашылуы керек.
       Өйткені  тек  1937  жылдың  “ұсақ-түйек”  қателіктері  мен  “елеусіз”
кемшіліктерінің  арқасында  60  мыңнан  астам  қазақ  оқығандары   сталиндік
репрессияның құрбанына айналыпты. Ал  бұған  1945-1955  жылдар  аралығындағы
“ұлтшылдық сарынға қарсы” өрістетілген науқаншылдықтың залалын қоссақ ше?
      “Ұлтшылдық сарынға қарсы” күрес демекші әу, бастан-ақ яғни,  1937-1938
жылдары республикалық  баспасөз  бетінде  көрнекті  қазақ  партия,  әдебиет,
ғылым қайраткерлеріне “бай төбет”, “қарақшы”, “Жапонның  тыңшысы”,  “шпион”,
“пантюркист”  сияқты,  айтуға  ауыз  бармайтын  түрлі  жалалардың   жабылуы,
осындай оғаш пайымдаудлардың оңдаған  жылдар  бойы  өзгеріссіз  қалуы  содан
кейінгі  жылдардағы  әдебиет,  өнер,  ғылым  қайраткерлеріне   де   салқынын
тигізбей қалған жоқ.
      Бұл арада 1937-38  және  кейінгі  жылдардағы  репрессия  кім  кінәлі?,
“Жаудан сақ болайық жауды ымырассыз әшкерелейік!” деп нұсқау берген  Сталин,
Ежов,  Бериялар  кінәлі  дейміз.  Бірақ  сол  нұсқау  тек  Қазақстанға  ғана
берілген нұсқау ма еді? Өзге республика  халқы  неліктен  аз  зардап  шекті?
Әлде бәлен адамды халық жауы деп тапсыру қажет  деген  жоспар  беріледі  ме?
Әрине, олай емес. Көп нәрсе қазекеңнің өзінде де байланысты-ау. Шаш ал  десе
бас  алып  жібереітн  мінез  қашан  тиылар  екен?...  Жауды  жанымыздан,  өз
қанымыздан іздей беретініміз неліктен деген бір жымысқа  сұрақ  тілге  орала
береді...
      Бірін-бірі даттауға жомарт қазақ бірін-бірі ақтауға сараң болатыны
несі?... Сұрақ көп. Бәрі де бәрімізді ойландыратын сұрақтар.

Бақылау сұрақтары:
1. “Еңбекші қазақ” газетінің екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы
материалдары.
2. “Қазақ әдебиеті” газетінде жарияланған материалдар сипаты.
3. “Ұлтшылдық сарынға қарсы” күрес жылдарындағы қазақ зиялыларына тағылған
айыптар және баспасөзде берілуі.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразайұлы Ф. Қазақ журналистикасының
тарихы. - А., 1996.
2. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары. 1-кітап. – А.,
1994.
3. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері. – А., 1981.
4. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – А., 1996.
5. «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С.,
          Сақов  Қ. – А., 1998.

19-20 - дәрістер. Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ мерзімді баспасөзі.
10.1  “Социалистік жол” газетінің материалдары.
10.2  Солтүстік батыс майдандық  “Отан үшін” газеті.
10.3  Белоруссия майданының басылымы “Майдан ақиқаты”  газеті.
      Соғыстың басталуына байланысты кеңес  мемлекетінде  бұқаралық  ақпарат
құралдарының жұмысын ұйымдастыру  ісінде  елеулі  өзгерістер  жасалды.  Атап
айтқанда, ең алдымен күш пен қаржыны  үнемдеу,  әскери  газеттердің  жүйесін
өрістету үшін партия салалық газеттер мен  журналдардың  шығарылуын  уақытша
тоқтатып,   барлық   қайрат-жігерлерін   саяси    басылымдардың    маңдарына
топтастырады. Қазақстанда 1941 жылдың шілде айынан бастап,  “Лениншіл  жас”,
“Ленинская смена”, “Пионер  Казахстана”,  “Октябрь  балалары”,  бес  облыста
шығатын  комсомол  газеттері,  “Коммунист”,   “Жас   большевик”,   “Пионер”,
“Вожатыйға  көмекші”,  “Сталин  жолы”,  “Народное   хозяйство   Казахстана”,
“Қазақстан колхоз-совхоздары”, “Литература и искусство  Казахстана”,  “Халық
мұғалімі”, “Әдебиет және искусство” журналдарының шығарылуы  соғыс  талабына
сай   тоқтатылды.   Енді   бұл   газеттер   мен   журналдардың   міндеттерін
республикалық  “Социалистік  Қазақстан”,  “Казахстанкая  правда”   газеттері
атқаруға тиісті болды.
       Әйтседе,  осындай  қиын-қыстау  кезеңге  қарамастан   республикамызда
облыстық  газеттердің  саны  онша   қысқартылған   жоқ.   Олардың   соғыстан
бұрынғыдан  тек  төртеуі  ғана  кеміді.  Қарағанды,  Шығыс  Қазақстан   және
Солтүстік Қазақстан облыстарында  қазақ  және  орыс  тіліндегі  екі  басылым
болып шығатын бір ғана газет шығарылады.  ВКП  (б)  ОК-нің  нұсқауы  бойынша
республикалық және облыстық газеттер аптасына үш рет төрт бет,  үш  рет  екі
бет көлеммен шығып тұрды.
      Аудандық газеттер бұрынғы қалпында сақталып  қана  қойған  жоқ,  қайта
өсті. Соғыстың алғашқы кезінде олардың саны 196-ға жетті. 1941 жылдың  мамыр
айында бұған тағы да үш газет қосылды. Айырмашылығы бұрын  күн  сайын  шығып
тұратын басылымдар енді аптасына үш рет екі бет  көлеммен  басылатын  болды.
Бұл аудандық газеттерден басқа  Қазақстанның  ірі  кәсіпорындарында  44  көп
тиражды газет жарық көрді. Сөйтіп,  соғыстың  алғашқы  кезеңінде  республика
көлемінде тарайтын 228 газеттің  126-сы  қазақ,  96-сы  орыс,  үшеуі  ұйғыр,
екеуі өзбек және корей тілінде болды. Олардың жалпы тиражы соғыстан  бұрынғы
жылдары 2,100 мың дана болса, енді 700 данаға дейін кемітілді.
      Соғыс басталысымен  баспасөздің,  бүкіл  мазмұны  уақыт  талабына  сай
“Барлығы  майдан  үшін!   Барлығы   жеңіс   үшін”   деген   айбынды   ұранға
бағындырылды. Мәселен,  “Социалистік  Қазақстан”  газетінің  1941  жылғы  22
маусымдағы нөмірі әдеттегідей бейбітшілік сарынымен  шыққанымен,  келесі  23
маусымдағы нөмірі  бүтіндей  неміс-фашист  басқыншыларының  кеңес  үкіметіне
зұлымдықпен шабуыл жасауына арналды.  Сөйтіп,  соғыстың  алғашқы  сәтінен-ақ
газет өз жұмысын толықтай майдан  жағдайына,  кезең  талабына  сай  бейімдеп
қайта құрды. Оның бас  мақалалары,  корреспонденциялары  болсын,  хабарлары,
очерктері   мен   фельетондары   болсын,   барлығы   да   соғыс    мүддесіне
байланыстырыла жазылды.
      Әсіресе, бұл  кезеңде  баспасөз  бетінде  жиі  көрініс  тапқан  сықақ,
мысал, эпиграмма және памфлет сияқты саяси сатиралық  жанрлар  жетекші  роль
атқарды. Олар көбінесе  журналдарда  жарияланып,  немесе  жеке  жинақ  болып
басылды. Мәселен, соғыстың алғашқы кезінде-ақ қазақтың біріккен  мемлекеттік
баспасы Отан туралы мақал, мәтел, тақпақ сөздердің жинағын шығарды.
       Осындай  мәселелерге  орай  соғыстың   алғашқы   күндерінен   бастап,
“Социалистік Қазақстан” газеті бастаған облыстық және  аудандық  газеттердің
бетінде  халқымыздың  асыл  қазынасымен  әрленген  сатира  көріне   бастады.
Мысалы,  А.Тоқмағамбетов   “Арыстанға   еліктеген   мысық”,   “Есек   дәмелі
есіріктер”,  “Ауқат  пен  сауқат”  сияқты  фельетон,  өлеңдер  жазып,  неміс
әскерінің жексұрын кейпін, хайуандық әрекеттерін әшкереледі.
      ВКП(б) Орталық Комитетінің үгіт және насихат  басқармасы  1942  жылдың
наурыз айында аудандық газет редакцияларына  журналистік  тәжірибені  тиімді
пайдаланып, кемшіліктерден арылу жайында хат жолдады.  Ал,  Қазақстан  КП(б)
Орталық Комитеті болса өз кезегінде  осы  хатты  алысымен  барлық  аудандық,
облыстық және республикалық  газеттердің  жұмысын  тексеріп,  олардан  аудан
өмірі мен экономикасын терең де жарқын жазып отыруды талап етті.
       Сөйтіп,  аудандық  газеттер  соғыстың  алғашқы  күндерінен  бастап-ақ
айтарлықтай қызмет атқарды деп айтуымызға болады.  Мысалы,  Гурьев  (қазіргі
Атырау) облысы, Теңіз аудандық  “Социалистік  жол”  газеті.  Онда  негізінен
алғанда “Неміс басқыншыларына өлім  келсін!”,  “Отан  үшін  алға!”,  “Біздің
ісіміз әділ, біз  жеңеміз!”  деген  ұранмен  материалдар  жарияланып  тұрды.
Сонымен қатар газет соғыс жылдарында тылдағы адамдардың қажырлы  еңбегі  мен
майданға көмегін, Отан  үшін  өшпес  ерлік  көрсетіп  жүрген  жауынгерлердің
қимыл-әрекеттерін үнемі жазып отырған.
      Аудандық  газеттердің  осындай  жұмыстарымен  қатар  соғыс  жағдайында
әйелдер мен жастардың өндірістегі ролі  мейлінше  арта  түсті.  “Социалистік
Қазақстан”, “Казахстанская  правда”  газеттері  1941  жылдың  маусым  айында
Солтүстік  Қазақстан  облысының  Полуден  МТС-індегі   бір   топ   тракторшы
әйелдердің  “Қыздар,   тракторға,   комбайн   штурвалына!”   деген   үндеуін
жариялады.
      Қазақстан тылындағы  алуан  түрлі  жұмыстарды  әйелдер  атқарды.  Мұны
Ақтөбе облысының “Социалистік жол” газетінің материалдарынан айқын  аңғаруға
болады. Мәселен, соғыс жылдарында облыста  2  мыңдай  әйел  жаңа  мамандықты
игеріп алған. Ал, Ақтөбе ферросплав заводында болса қысқа мерзім  аралығында
332-  әйел  аса  ауыр  да   күрделі   мамандық   болып   есептелетін   болат
балқытушылықты үйреніп шыққан.
       Нақ  осы  сияқты  ауыл  шаруашылығы  жұмысындағы  әйелдер   де   Отан
Тапсырмасын қандай да бір қиыншылыққа  қарамастан  үнемі  абыроймен  орындап
отырды. Мысалы, облыс бойынша 1942 жылы түрлі  курстарда  дайындықтан  өткен
3913 механизаторлардың 313-і әйелдер еді.
      Сол жылдары бүкілхалықтық Отан  вахтасына  қатынасушылардың  табыстары
туралы хабарларды тарату  үшін  газет  беттерінде  арнайы  “Қызыл  бұрыштар”
ұйымдастырылды. Онда ең алдымен Қарағанды  шахтерлерінің,  Балқаш,  Қоңырат,
Өскемен және Шымкент металлургтарының,  Петропавлдың  машина  жасаушыларының
майданға көмекті күшейтіп отырғандықтары туралы  мәліметтер  берілді.  Бұған
қосымша газет беттерінде қазақтардың майдандағы ерліктерімен  қатар,  аттары
ел құрметіне бөленген озаттарға арналған очерктер,  корреспонденциялар  және
фотосуреттер жарияланды.
      Адамдардың Отанға деген терең сүйіспеншілігі бүкіл  халықтық  жарыстың
талай-талай жаңа формаларын тудырды. Соғыстың алғашқы  күндерінің  өзінде-ақ
екіжүзшілер,  мамандықты  қоса  атқарушылар,   көп   агрегатты   қамтушылар,
майдандық бригадалар мен смена қозғалыстары пайда болды.
      Бүкіл халықтық жарыс темір жолшылар арасында да кең өріс алды.  “Темір
жолшы”  мен  “Турксиб”  және  басқа  газеттер   теміржол   бойындағы   еңбек
озаттарының, жаңашылдардың жұмысын кеңінен жазып отырды.
      Баспасөз  колхоздар  мен  совхоздарда  мал  қыстату  жайын  тексеретін
қоғамдық  байқауға  белсене  қатысты.   Фермалардың   жұмыстарын   тексеруде
газеттер штаттан тыс тілшілерге арқа сүйеді. Мәселен, тек  Жамбыл  облысының
өзінде-ақ соғыс кезінде 500-ге жуық  рейд  бригадалары  жұмыс  істеді.  Оның
құрамында  2500-нан  аса  жұмысшы  –  село  тілшілері,  ауыл  шаруашылығының
озаттары мен мамандары қатысты.
      Малшылардың бүкіл одақтық  еңбек  жарысында  1942  жылдың  қорытындысы
бойынша Қазақстан еңбекшілері бірінші орынды жеңіп алып, оларға  Мемлекеттік
Қорғаныс Комитетінің ауыспалы Қызыл туы берілді.  Аса  маңызды  бұл  оқиғаны
республикалық басылымдар арнаулы нөмір шығарумен атап өтті.
      Осындай еңбек жарысының өрлеуі  барысында  тыл  жұмысшылары  өздерінің
қажырлы  еңбегімен  майдан  жауынгерлеріне  қайрат  беріп,  жан-жақты  көмек
көрсетті.  Сөйтіп,  баспасөз  қазақстандықтардың   тылдағы   ерлік   істерін
майдандағы оқиғалармен  байланыстырып  жазып  отырды.  Алғашқы  кезде  Қызыл
Армия  жауынгерлерінің  ерліктері  жайындағы  материалдар   көбіне   Орталық
басылымдардан,   орыс   тілінен   аударылып   басылып   отырды.    Кейіннен,
“Социалистік Қазақстан” газеті атақты 8-гвардиялық  дивизияның  бөлімдерімен
байланыс жасап, оның жауынгерлік  жолын,  ұрыстағы  ерлік  қимылдарын  үзбей
жазып отырды. Сол дивизиядағы  жазушы  Леонид  Макеев,  журналист  Құрманбек
Сағындықов, Мәлік Ғабдуллин газеттің белсенді авторы болды.
      Тылдағы адамдардың майданға  көмек  көрсету  жөніндегі  бастамаларының
бәрін баспасөз үнемі қолдап  отырды.  Олардың  Отан  қорғау  қорына  қаражат
беру, жауынгерлерге сыйлықтар мен жылы киім жинап беру жолындағы  патриоттық
қозғалысы туралы материалдар республикалық,  облыстық,  аудандық  газеттерде
үзбей жарияланып тұрды.
      Еңбекшілердің  ерікті  жарнасына  “Қазақстан  колхозшысы”,  “Қарағанды
шахтері”,  “Қазақстан  комсомолы”  атты  авиаэскадрилия  жасалды.  Негізінен
алғанда осындай істердің ұйтқысы да, жүзеге асырушылары  да  газет-журналдар
болды.
       “Правда”  газеті  1943  жылдың    ақпанында  “Даңқты  қазақ  халқы  –
Советтік Отан үшін күресте”  деген  бас  мақала  жариялап,  онда:  “Қазақтар
майданда  жауға  қарсы  жақсы  соғысады,  тылда  олардың  әкелері,  шешелері
әйелдері майдан үшін жұмысты аянбай  жақсы  істейді.  Қазақстан  өз  жерінің
барлық байлығымен, қойнауының барлық  асыл  кенімен  майданға  қуатты  тірек
болып отыр”, - деп жазды.
      1942 жылдың екінші жартысынан бастап қазақ тілінде майдандық  газеттер
шыға бастады. Қазақ мемлекеттік  кітап  палатасының  анықтамасына  қарағанда
Ұлы Отан соғысы  жылдарында  қазақ  тілінде  16  газет  шығып  тұрған.  Оның
алғашқысы Панфилов атындағы  8-гвардиялық  дивизияның  “Отан  үшін”  газеті.
Газеттің 1944 жылдың тамыз айының соңына  дейін  109  нөмірі  жарық  көрген.
Басылымның  жауапты  редакторы  жазушы  Л.Макеев  болса,   оның   орынбасары
журналист Құрманбек Сағындықов еді.
      Ал, екінші бір “Отан үшін” газеті  1942  жылдың  шілде  айынан  бастап
Солтүстік батыс майданда шыға бастаған. Оның 1943 жылдың қараша айына  дейін
108 нөмірі жарық көреді. Газеттің алғашқы жауапты редакторы Н.Кружков.  Одан
кейін  Д.Ускулаев  болған.  Олардың  орынбасарлары   К.Усманов   пен   Жұбан
Молдағалиевтер  еді.  Бұл  газетте  С.Сейітов   әдеби   қызметкер   міндетін
атқарған.   Сондай-ақ   мұнда    А.Тоқмағамбетовтың    сатиралық    жанрдағы
материалдары көп жарияланған.
      Мәселен, осы басылымның 1942 жылғы 26 қыркүйек күнгі  23-ші  нөмірінде
“Қазақ жауынгерлерінің ерлігі” деген жалпы тақырыппен арнаулы бет  берілген.
Ондағы “Қазақтың жас батырлары” деп талатын бас мақалада: “Бостандық  сүйгіш
қуатты қазақ халқының таңдаулы ұлдары неміс қарақшыларымен күресте  батырлық
пен батылдық, ерлік пен жүректіліктің тамаша үлгілерін  көрсетіп  жүр.  Олар
Отан үшін гүл жайнаған Қазақстан үшін жаумен аянбай алысуда”,  -  деп  қазақ
жастарының майдандағы ерлік іс-қимылдарын ашып көрсеткен.
      Сондай-ақ  “Отан үшін” газетінің “Жолдасың үшін кек ал!”  деген  жалпы
тақырыппен  шығарылған  екінші  бір  арнаулы  нөмірінде:  “Фашистер   барлық
ұлттардың: орыс пен қазақтың да өзбек пен украинның да,  қырғыз,  беларустың
да  қас  жауы.  Фашистер  ұлт  мәдениетін,  ата-бабамыздың,  ғасырлар   бойы
еңбекпен  жасағанын  түк  қоймай  құртпақ...”  деп  ашына  жазса,  одан  әрі
“Фашистердің аюандығы” атты мақалада: “Воронеж облысының Сурковые  селосының
маңында  сегіз  қызыл  әскердің  өлігі  табылды.  Фашистер  оларды  азаптап,
үстеріне жанармай құйып, тірідей  өртеп  жіберген.  Олардың  ішінде  мыналар
бар: Әминов Өтеп – Гурьев қаласынан, Дүкешев Аймаш – Гурьев облысының  Мақат
ауданынан,  Ахметов  Арыстан   -  Батыс   Қазақстан   облысындағы   Жаңақала
ауданының 8-ші  ауылынан,  Бекболатов  Жұбан  –  Гурьев  қаласынан,  Жұбанов
Сағдат – Теңіз ауданынан”, - деп фашистердің қанқұйлы аюандығын көрсетеді.
      Екінші  Белоруссия  майданының  басылымы  “Майдан  ақиқаты”  Солтүстік
батыс майдан таратылғаннан кейін жоғарыда  өзіміз  сөз  еткен   “Отан  үшін”
газетінің орнына 1943 жылдың қараша айынан бастап шыға  бастаған.  Редакторы
белгілі журналист Ахмет Елшібеков болды. Бұл газет  аптасына  екі  рет  1945
жылдың  маусым  айына  дейін  “Неміс  оккупанттарына  өлім!”  деген  ұранмен
жарияланып тұрған.
      Енді осы  газетте  жарияланған  нақты  материалдарға  тоқталсақ,  онда
мәселен “Жауға дамыл таптырма” деген бас мақалада: “Бір неміс кеміген  сайын
жеңіс жақындай түседі. Алдыңғы қатарлы жауынгерлерден өнеге  алып,  немістің
қанышерлерін қыра беріңдер! Ұрыста шеберлікті пысыта беріңдер,  неміс-фашист
басқыншыларды білектің күшін ғана  емес,  білімнің  де  күшін  жұмсап,  қыра
беріңдер”, - деп қазақ жауынгерлерінің қайрат-жігерін жаниды.
      Соғыс жеңіспен аяқталған соң бұрынғы  Екінші  Белорус  майданының  аты
жаңадан “Әскерлердің Солтүстік тобы” деп аталады да, осыған байланысты  енді
“Майдан ақиқаты” газетінің аты “Жеңіс  туы”  деп  өзгертіледі.  Сөйтіп,  бұл
басылымның 1946 жылдың күзіне дейін 86 нөмірі жарық көреді де,  тоқтатылады.
Онда негізінен әдеби қызметкер міндетін атқарғандар  Сағынғали  Сейітов  пен
ғажап ақынымыз Жұбан Молдағалиевтар болып табылады.
      Көңіл  аударарлық  келесі  бір  басылым  –  Украин  майданының  органы
“Сталин  туы”  газеті.  1941  жылдың  екінші  жартысынан  бастап  Сталинград
майданында шыға бастаған бұл газеттің  орысшасы  –  “Сталинское  знамя”  деп
аталған. Ал, 1943 жылдан Украин майданының органына айналған бұл  басылымның
жанынан өзбек, татар, қазақ тілдерінде әскери  газеттер  шығарыла  бастаған.
Сөйтіп, қазақ  тіліндегі  “Сталин  туы”  газеті  1943  жылдың  ақпан  айынан
бастап, екі бет көлеммен өмірге жолдама алған. Бұл туралы  газеттің  кейінгі
редакторы М.Дінішев: “  Сталинград  төңірегіндегі  неміс  әскерлеріне  қарсы
үлкен шабуыл басталды. Басқа  бір  армиядан  журналист  Әнуар  Ипмағамбетов,
жазушы Қалмақан Әбдіқадыров, резервтен Төлеу Құлдин келді. Біз “Сталин  туы”
атты газетті  қазақ  тілінде  шығаратын  болдық”,  -  деп  жазған.  Газеттің
алғашқы редакторы жоғарыда аты  аталған  Ә.Ипмағамбетов  болған.  Онда  әріп
теруші болып Зәбира Айтқожина, Таңсық Мәткәрімова, Катя  Горбуновалар  жұмыс
істеген.
       Енді  бұл  газеттің  беттерінде   жарияланған   нақты   материалдарға
тоқталатын болсақ, онда мәселен, “Сталин туы” газетінің 1943 жылғы  6  мамыр
күні шыққан нөмірінде “Заемге жаппай  жазылып,  жеңіс  күнін  жақындатамыз!”
деген үндеумен “Жауынгерлердің  үлесі  –  Отан  игілігі  үшін!”  тақырыбымен
арнаулы бет берілген. Газеттің  бірінші  бетінде  мемлекеттік  екінші  соғыс
заемын шығару туралы Халық Комиссарлар  Советінің  қаулысы  жарияланып,  осы
заемның ережелері  туралы  финанс  төрағасы  А.Зверевтіңтүсіндірме  мақаласы
жарияланған. Ал, газеттің екінші  бетінде  болса,  “Жауынгерлер  берген  бір
теңге, ұстайтын құрал ертеңге”, -  деген  ортақ  шапкамен  әр  ұлт  өкілдері
жауынгерлерінің  екінші  заемға  жаппай  жазылғандары  туралы  материалдарың
топтамалары  берілген.   Онда   жауынгерлердің   неміс   фашистеріне   деген
өшпенділігі, ұйымшылдықтары мен патриоттылықтары сөз  болады.  Мәселен,  бұл
жөнінде  кіші  сержант  Б.Ақбембетов  “Қолма-қол  ақшалай  тапсырдық”  деген
хабарында: “халқымыз өзінің  ұлы  мүддесін  орындау  жолында  өз  армиясынан
ешнәрсесін аяған  жоқ,  өз  жабдығымызға  жұмсалатын  екінші  соғыс  заемына
солдаттық  үлесімізді  қосу  Совет  жауынгерлерінің  борышы.  Сондықтан  біз
мемлекеттік  екінші  соғыс  заемының  шығуын  қуанып  қарсы  алдық.  Сержант
А.И.Скрепкин жаңа заемға 800 сомға, сержант  Понурцев  600  сомға,  мен  500
сомға жазылдық. Жазылған сомамызды біржола ақшалай тапсырдық. Біздің бұл  аз
ғана қаржымыз неміс басқыншыларына күшті соққы болып тиеді”, - деп жазған.
      Келесі басылым “Қызыл армия”  деп  аталады.  Бұл  газеттің  тарихы  4-
Украина майданының  таратылуына  байланысты  басталды.  Сөйтіп,  бұл  майдан
таратылғаннан соң жоғарыда сөз еткен “Сталин туы”  газеті  қызметкерлері  1-
Белорус майданының қарамағына жіберілді. Оларға жаңа майданда қазақ  тілінде
жаңа газет шығару  міндеті  жүктеледі.  Міне,  1-Белорус  майданының  органы
“Қызыл армия” газеті осындай  оқиғаларға  орай  1944  жылдың  қараша  айының
төртінші жұлдызынан бастап өмірге келген. Ол  “Неміс  оккупанттарына  өлім!”
деген ұранмен аптасына екі рет шығып тұрған. Жауапты  редактор  И.С.Потапов,
оның орынбасары Үміт Балқашев болған.
       “Қызыл  армия”  газетінде  М.Дінішев,   Қ.Әбдіқадыров,   Т.Ақшолақов,
З.Тұрарбековтар қызмет істеген. Кейіннен газеттің аты  “Совет  Армиясы”  деп
өзгертіледі. Ол бүкіл Польша жерін аралап, Берлинде, Потстамда  1945  жылдың
күзіне дейін үзбей шығып тұрған.
      Волхов майданының  органы  –  “Майдан  правдасы”  газеті  1942  жылдың
қараша айының отызыншы жұлдызынан бастап шыға  бастаған.  Жауапты  редакторы
К.П.Павлов, орынбасары Н.Қорабаев. Газеттің 1942  жылы  тоғыз  нөмірі,  1943
жылы 101 нөмірі, 1944 жылы 14 нөмірі жарық көрген. Газет  аптасына  екі  рет
бейсенбі, жексенбі күндері шығып тұрған. Онда  қазақ  жауынгерлерін  жеңіске
рухтандырған, олардың ерлігін дүниенің төрт түкпіріне паш еткен  материалдар
жарияланған.  Мысалы,  “Майдан  правдасының”  1943  жылғы  1  қаңтар   күнгі
нөмірінде  “Шешуші  жеңістерге  жетейік!”  атты  бас  мақала  берілген.  Бас
мақалада фашистерге қарсы Мәскеу түбінде берілген соққы –  Ұлы  Отан  соғысы
тарихындағы  елеулі  оқиға  екендігі  жазылған.  Сонымен  қатар  мұнда   тыл
еңбектерінің  де  ерлікке  пара-пар  қажыр-қайраттары  дәріптелген.   Мақала
“Волховтың жауынгерлері!  Майдан  үшін  үсті-үстіне  қару  беріп,  өздерінің
барлық жиған-тергендерін жеңістен аямай  отырған  әкелеріңнің,  аналарыңның,
әйелдеріңнің сенімін ақтаңдар!” Соғыс өнерін тынбастан, қажымастан  үйреніп,
меңгеріп  алыңдар!  Жауды  күн  сайын  әлсіретіңдер!”,   -   деген   ұранмен
аяқталады.
      “Майдан правдасы” газетінде  “Неміс  фашист  басқыншыларына  –  лағнет
және өлім!”  деген  ортақ  тақырыппен  бұдан  басқа  да  “Зорлық-зомбылықтың
зардабы”, азабы”, “Бандылар”,  “Қанға-қан!”,  “Жанға-жан!”  –  деп  аталатын
көптеген материалдар жарияланып тұрған.
      Келесі бір “Отан үшін ұрысқа!” газеті Волхов  майданына  таратылғаннан
соң, жоғарыда аталған  “Майдан  правдасы”  газеті  қызметкерлерінің  күшімен
және сол басылымның баспаханалық базасы негізінде Карелия майданының  органы
ретінде 1944 жылдың  1  сәуірінен  бастап,  аптасына  екі  рет,  екі  беттік
форматпен  шыға  бастаған.  Жауапты  редакторы  сол  К.П.Павлов,  орынбасары
М.Қорабаев.  Осы  жылдың  мамыр  айынан  бастап  газеттің  беті  төрт  бетке
ұлғайтылған. Газет “Неміс оккупанттарына өлім!” деген атақты ұранмен  шығып,
1944 жылдың қараша айына дейін, 65 нөмірі жарық көрген.
      Кезінде көптеген майдандық, газеттердің редакциялары  өз  басылымдарын
тылға жіберіп отырған. Сондықтан олар тыл еңбеккерлерінің өздеріне  жіберген
хаттарын,  оған  жауынгерлердің  қайтарған  жауаптарын  үнемі  газет  бетіне
жариялаудан тынбаған. Мәселен,  “Отан  үшін  ұрысқа!”  газеті  осы  мәселеге
“Жұмысшыларымыздың  қаһармандық  еңбектері”  деген  жалпы  тақырыппен  нөмір
арнаған. Басылым бетінде “Құрылыс”, “Түсті металлургия”,  “Көмір”,  “Мұнай”,
“Алтын”,   “Тоқыма   өндірісі”   деген   тақырыптармен   берілген    топтама
материалдарда өндірістің осы салалары  бойынша  қол  жеткен  табыстар  нақты
деректер келтіріліп, түсіндірілген.
      Ал, “Отанды қорғауда” газеті болса, Ленинград майданының органы  болып
есептеледі. Бір өкініштісі бұл газеттің тігінділері архив  қорларында  толық
сақталмаған. Тек, Орталық мемлекеттік ұлттық кітапхананың  сирек  кездесетін
кітаптар бөлімінде басылымның 1944 жылы шыққан  аз-ақ  нөмірлері  сақталған.
1944  жылдың  3  қаңтарынан  бастап,  қазан  айының  соңына  дейін   “Отанды
қорғаудың” 84 нөмірі  шыққан.  Редактордың  орынбасары  міндетін  А.Мадалиев
атқарған. Кейіннен оны Т.Әшімбаев ауыстырған.  Зерттеуші  Р.Ыдырысов  өзінің
“Отты  жылдар  шежіресі”  кітабында:  “Бұдан  бұрын  1943   жылы   Ленинград
майданында “Отан күзетінде” деген атпен майдандық шыққан газет  тігінділерін
біздер архивтен кездестіре алғанымыз жоқ.
      1418 күнге созылған сұрапыл  күндердің  тарихында  Ленинградты  қорғау
эпопеясы ерекше орын алады. Бұл туралы майдандық газеттер  үздіксіз,  жүйелі
жазған. Мәселен, “Отанды қорғауда” газетінің  1944  жылғы,  30  сәуір  күнгі
нөмірінде “Тарихи  ұлы  жеңістерімен”  деген  бас  мақала  жарияланып,  онда
“Ленинград үшін тарихи ұрыстарда Кеңестер Одағы  халықтарының  ұлдары  асқан
қаһармандықпен ұрысты, орыстармен қатар  Қазақстанның  даңқты  ұлдары  асқан
ерлік  көрсетті.  Кеңестер  Одағының  батыры  Сұлтан  Баймағамбетовтың,   79
немісті   өлтірген   Сәрсенбай   Үрістембековтың,   пулеметчик   Рахыметолда
Сиқымбаетың, барлаушы, үш орденді Кәрім Түлембаевтың аттары тарихта  қалады.
Ленинградтықтар, олардың балалары, немерелері,  шөберелері  қаланы  фашистік
блокададан  азат  еткен  жауынгерлерге  деген  алғысын   жүректеріне   мәңгі
сақтайды”, - деп қазақ жауынгерлерінің ерліктері жайлы мақтанышпен жазылды.
      Келесі бір  “Совет  жауынгері”  газеті  кезінде  3-Украина  майданының
органы ретінде соғыстың алғы шебінде шығып  тұрған.  1944  жылға  дейін  бұл
басылым Оңтүстік  Батыс  майданның  органы  болған.  Ал,  алғашқы  редакторы
Н.И.Филлипов,  орынбасары  Ы.Дүйсенбаев.  Кейінірек   редактордың   міндетін
белгілі ақын, жазушы Ә.Сәрсенбаев атқарған.
        Енді   “Совет   жауынгері”    газетінің    беттерінде    жарияланған
материалдардағы көңіл аударатын болсақ, онда газеттің 1944  жылғы  18  мамыр
күнгі нөмірінде “Аманкелді батыр және оның бүгінгі ұрпақтары”  атты  арнаулы
бет берілген. Беттің “Ел қамқоры – ер өлмес!” деген  бас  мақаласы  халқының
бостандығы үшін  күрескен  дарынды  қолбасшы,  саналы  күрескер  А.Имановтың
жолын  қуған   генерал   Панфилов   атындағы   28-гвардияшылардың   батырлық
қимылдарын көрсетуге арналған. Онда “Ұлы Отан  соғысы  күндерінде  Аманкелді
ұрпақтары оның  семсерін  тотқа  бастырмай,  жауды  адым  басқызбай,  Мәскеу
түбінде немістерді өкшелей қуған  генерал-майор  Панфилов  атындағы  айбынды
дивизия құрылды. Бұл дивизияның  құдіретті  күшіне,  қимылына,  оның  жиырма
сегіз алып батырының ерлігіне бүкіл ел мақтан етеді”, - деп жазылған.
      Сондай-ақ, газеттің  осы  нөмірінде  “Әбу-Әл-Атрауи”  деген  бүркеншік
атпен Ә.Сәрсенбаевтың  А.Имановтың  Шәріп  деген  ұлының  майдандағы  ерлігі
жайында  “Батырдың  ұлы”  деп  аталатын  очеркі  жарияланған.  Автор   батыр
бейнесін: “Жанары оттай жайнаған, жүзінен  жалын  ойнаған,  сом  боп  біткен
тұлғасы батырдан ешбір аумағын, жұртын сүйген жас  Шәріп,  Ұлы  Отан  шетіне
Шығыстан қатер төнгенде, кемеңгер ұлы  қолбасшы  аттан  деп  әмір  бергенде,
Торғайдың сонау жонынан, құс қанатты тұлпарға  ертоқымды  салды  да,  ежелгі
кекке қайралған ннар кескінді қынаптан суырып  қолға  алды  да,  “ата  жауым
қайда деп, кек алар заман бар  ма  деп”  арғымағын  ағызып,  дауылдай  құмды
суырып, түтіндей шаңды үйіріп, күн астына көз тігіп, құйындай  ұша  жөнелді.
Содан соң батыр ұлының атағы елге тарады, ерлігі үшін өңірге “Қызыл  жұлдыз”
орденін жарқыратып қадады”, - деп әсем тілмен шегіне жеткізе суреттейді.
      Бұдан басқа “Совет жауынгері” газеті майдандағы қазақ  жауынгерлерінің
ерліктері жайлы  гвардия  полковнигі  Бауыржан  Момышұлының  “Біз  ұрыстарда
ержеттік”  деген  танымдық  мақаласын  да  жариялапты.  Онда  автор:  “Соғыс
өнерінің  негізін  меңгергеннен  кейін  советтік  бейбіт  азаматы,  жауынгер
солдат болды. Бірақ, ол бұрынғысынша қарапайым,соғысқа  дейінгісіндей  еңбек
сүйгіш, кішіпейіл адам болып  қала  берді.  Ол  кішкене  қара  домалақ  ұлын
немесе құралай көзді сұлуын  бұрынғысынша  жанындай  жақсы  көреді.  Әйеліне
сырын айтып, хат  жазады.  Сүйіспеншілікке,  қуанышына  еріп,  күн  шуағының
нұрын сезіп отырады. Жылайтын кезі де болады.  Жауынгер  жолдасының  денесін
қабірге түсірерде ол көз жасын бұлай  жылайды.  Өзіне  шамадан  тыс  ауырлық
келгенде ол ойланады, қайғырады. Ол шаршайды,  өйткені  оның  да  кеудесінде
соғатын біздікіндей жүрегі бар. Солдат біреудің ері, біреудің  әкесі.  Неміс
оның семьясына, бақытына қанды шеңгелін салды. Неміс оның өзін де  өлтіргісі
келді, өлу үшін емес, өмір сүру  үшін  ұрысқа  шығады”  деп,  жауынгерлердің
ішкі жан дүниесін сыртқа жайып салады.
      “Жауды жоюға!” және “Жауға қарсы аттан!”  газеттері.  Алғашқы  басылым
Брянск майданында шыққан. Бас редакторы А.Воловец,  орынбасары  Т.Мұсақұлов.
“Жауды жоюға”, “Неміс оккупанттарына өлім!” деген ұранмен аптасына  екі  рет
шығып тұрған. Бұл газет кейіннен “Алға – жауға қарсы!” деген  атпен  Калинин
майданында,  соңында  “Жауға  қарсы   аттан!”   деген   атпен   1-Прибалтика
майданында шығарылған.  Соңғы  редакторлары  М.Рамзин,  Ж.Айтмұратов,  әдеби
тілшісі Д.Әбілев болған.
      “Дабыл” газеті “Неміс оккупанттарына өлім!” деген  ұранмен,  4  беттік
көлеммен Қиыр Шығыс майданының  органы  ретінде  шығарылған.  Бас  редакторы
С.Устинов,  орынбасары  А.Жүсіпов,  Е.Қалиев.  Бұл  басылымның  1944  жылдың
қыркүйек айына дейін 74-нөмірі жарық көрген.
       “Суворовшы”–  2-Прибалтика  майданының  органы.  Газеттің   редакторы
Н.Бубнов, орынбасары Т.Мұсақұлов. Мұнда әр кездері Қ.Шәріпов,  Қ.Сүлейменов,
Ж.Жұмақановтар  қызмет  атқарған.  Мәселен,  “Суворовшының”  1944  жылғы  16
желтоқсан күнгі нөмірінде “Ұрыс уставы мынаны талап етеді” деген бас  мақала
жарияланып, онда жауынгерлерге темірдей қатаң тәртіптің ерекшелігі, оның  не
үшін қажеттігі түсіндірілді.
      Осы газеттің 1944  жылғы  29  наурыз  күнгі  санында  “Қазақ  халқының
аманаты” атты екінші бір бас мақала жарияланған. Онда,  “Отанды  сүю,  жауды
жек көру, ерлік, батырлық халқымызға  тән  қасиет.  Бұл  ұлы  бабаларымыз  –
С.Датов, И.Тайманов, Қ.Қасымов,  А.Иманов  сияқты  боздақтардан  мұра  болып
келеді”, - деп бүкіл қазақ халқы Отанын қорғап  жүрген  боздақтарынан  үлкен
үміт күтетіндігі айтылады.
       “Сталиндік  жауынгер”  және  “Суворовшы  қыспақ”  газеттері.  Алғашқы
басылым Приморье тобы  әскерлерінің  органы.  Аптасына  екі  рет,  “Советтік
Отанымыз үшін!” деген ұранмен,  төрт  бет  көлеммен  шығып  тұрған.  Екінші,
“Суворовшы қыспақ” газеті Забайқал-Амур әскери округінің  органы.  Редакторы
М.Мельянцев,  ал   орынбасарлары   әр   кездері   А.Зәкарин,   Ж.Айтмұратов,
Ә.Қартаңбаевтар болған.
      Соңғы майдандық басылым “Қызыл әскер ақиқаты”– Батыс майданның  органы
болған. 1945 жылғы нөмірлері  “Неміс оккупанттары құртылсын!” деген  ұранмен
шыққан. Редакторы Я.Форменко,  Б.Юнусалиев,  әдеби  қызметкерлері  Ғ.Әбішев,
Т.Мұқанов, Қ.Нұрмұқановтар.
       Сөйтіп,  майдандағы  қазақ  газеттері  жауынгерлердің  ерліктері  мен
қатар,  тылдағылардың  жанқиярлық  еңбектерін  кеңінен  жазды.   Көпшіліктің
жеңіске деген сенімін шыңдады.

Бақылау сұрақтары:
1. Украин майданының органы “Сталин туы” газетінің материалдары.
2. “Суворовшы”– 2-Прибалтика майданының органдық газеті.
3. Майдандық  қазақ газеттерде қандай материалдар жарияланды.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразайұлы Ф. Қазақ журналистикасының
тарихы. - А., 1996.
2. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары. 1-кітап. – А.,
1994.
3. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері. – А., 1981.
4. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – А., 1996.
5. «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С.,
          Сақов  Қ. – А., 1998.

21-22 - дәрістер. Халық шаруашылығын қалпына келтіру, «ұлтшылдық» сарынға
қарсы күрес және тың игеру жылдарындағы баспасөз.
(1946 – 1960 жылдар)
11.1  Соғыстан кейінгі  жылдырда  республикалық  және  облыстық  газеттердің
мазмұны.
11.2   Республикалық “Социалистік Қазақстан”,  “Казахстанская  правда”  және
облыстық газеттер.
11.3   Соғыстан кейінгі жылдар- очерк жанрының едәуір алға басқан кезеңі.
      Соғыс жеңіспен аяқталғаннан кейін халық шаруашылығын  қалпына  келтіру
және одан әрі дамыту проблемелары күн тәртібіне қойылды. Баспасөз 1945  жылы
Қазақ  КСР-інің  25  жылдығы  құрметіне  арналған  социалистік  жарысты  кең
насихаттай  отырып,   өзінің   жұмысын   бейбітшілік   жағдайда   да   соғыс
кезіндегідей  қарқынмен  жүргізуге  тырысты.  Ол  кезде   үкімет   тарапынан
газеттердің жұмысын жақсартуға жағдай жасайтын елеулі шаралар жасалды.
ВКП(б) Орталық Комитеті 1945 жылы 29 шілдеде  “Республикалық,  өлкелік  және
облыстық газеттердің сапасын арттыру және көлемін  кеңейту  туралы”  арнаулы
шешім қабылдады. Сол  жылдың  15  шілдесінен   республикалық  және  облыстық
газеттер төрт бет болып шығатын болды.  Сонымен  бірге  олардың  штаты  және
қаламақы қоры көбейтілді.
      Соғыстан кейінгі  жылдырда  республикалық  және  облыстық  газеттердің
мазмұны өзгерді, жергілікті  өмірді  жан-жақты  жақсы  жазатын  мәселелеріне
баса көңіл аударылды. Газет  беттерінде  очерк,  фельетон,  баспасөзге  шолу
жанрлары  жиі көрінді. Сөйтіп,  республикамыздың  газеттері  өзінің  жұмысын
бейбітшілік дәуірге бейімдеп қайта құра бастады.
      Төртінші бесжылдық жоспарды орындауға еліміз 1945  жылы  кірісті.  Сол
жылы наурызда КСР Одағы Жоғарғы Кеңесі  қабылдаған  заң,  Қазақ  КСР  Жоғары
Кеңесінің  XI  сессиясы  бекіткен  Қазақ  КСР  Халық  Шаруашылығын   қалпына
келтірудің және өркендетудің 1946-1950 жылдарға арналған  бесжылдық  жоспары
туралы заң республика еңбекшілерінің ең таяу уақыттың ішінде жүзеге  асыруға
тиісті игілікті жұмыстарының бағдарламасы болып табылады.
      Еліміздің озат кәсіпорындары ұжымдарының жоспарды орындау  және  асыра
орындау жолындағы  Бүкілодақтық  социалистік  жарыс  басталды.  Бұл  жарысты
Қазақстан  еңбекшілері   белсенді   түрде   қолдады.   Қазақстан   баспасөзі
социалистік жарысты ұйымдастырып, өрістету жөнінде көп тәжірибе жинақтады.
      Республикалық “Социалистік  Қазақстан”,  “Казахстанская  правда”  және
барлық   облыстық   газеттер   Қазақстанда   көп    станокшылар    қозғлысын
бастаушылардың  бірі  болған  Петропавл  вагон  жөндеу   депосінің   токарі,
коммунист  Иван  Печорин  бесжылдық  тапсырманы  бір  жылды  орындау  туралы
міндеттеме  алып,  тамаша  үлгі  көрсеткенін  жазды.  Оның  және  басқа   да
озаттардың  іс-тәжірибесі,   жұмыс   әдісі   туралы   бас   мақала,   очерк,
кореспонденция республикамыздың барлық газеттерінде жарияланды.
      Қазақстанның баспасөз беттерінде “Жаңа  бесжылдық  жоспарды  мерзімнен
бұрын орындау және асыра орындау жолындағы Бүкілодақтық социалистік  жарыс”,
“Бесжылдықты-  төрт  жылда!”,  “Озаттар  тәжірибесі-  көпке   ортақ”   деген
айдарлар арқылы топтастырылып берілген материалдар жиі көрінді.
Мысалы, “Социалистік Қазақстан” газеті  осындай  айдарлармен  1946  жылғы  3
наурызда  “Қорғасыншылардың   табысы”,   “Қарағанды   көміршілері   жоспарын
орындауда”  деген  сияқты  тақырыптармен  берген  материалдарында  Лениногор
қорғасын  заводының  ұжымы  социалистік  жарыста  елеулі  табыстарға   жетіп
отырғандығын, ол  Қарағанды  көміршілерінің  еңбек  өнімділігін  арттырғанын
хабарлады. Сондай-ақ, жұмысты шапшаңдатылған  әдіспен  жүргізетін  Қарағанды
көміршілерінің еңбек өнімділігін арттырғанын хабарлады.  Сондай-ақ,  жұмысты
шапшаңдатылған   әдіспен   жүргізетін    Қарағанды    көмір    бассейніндегі
проходчиктер бригадирі Петр Акуловтың, Теміртаудың жас  металлургі  Алтынбек
Дәрібаевтың даңқы баспасөз беттері арқылы бүкіл елімізге жайылды.
      “Қазақ металлургия заводының  ұжымы агрегаттардың қуатын  күннен-күнге
жақсы меңгеріп келеді,  болат  балқытудың  және  прокат  шығарудың  қарқынын
мейлінше күшейту жолында”- деп жазды “Казахстанская правда” газеті.
Сондай-ақ, баспасөз арқылы аул  шаруашылығын  жаппай  электрлендіру  жөнінде
социалистік жарысты ұйымдастырудың үлкен маңызы болды.  Газеттер  1948  жылы
республикамызда  ауыл-селолық  400  электростанциясын   салу   туралы   ұран
көтерді.  Осындай  айдармен  аға  басылым  бір   материалында   “Талдықорған
облысында үстіміздегі жылы 32  электр  станциясын  салынбақ,  олардың  жалпы
қуаты 6995 киловатт” – деп жазса, екінші  бір  хабарында  “Жамбыл  облысының
Мерке ауданының орталығынан электр станцися салынып, тез  арада  пайдалануға
берілгенін” айтты.
      “Социалистік Қазақстан” газеті  1949  жылғы  29  сәуірдегі   нөмірінде
“Соғыстан кейінгі бесжылдықты мерзімнен бұрын орындау жолындағы  социалистік
жарысты кең өрістетейік!” деген ұранмен  арнаулы  бет  берді.  Мұнда  Алматы
қаласы еңбекшілерінің, Қарағанды шахтерлерінің, Гурьев  мұнайшыларының  және
бірнеше  облыс  еңбекшілерінің  социалистік  жарыста  алған  міндеттемелерін
қалай орындап отырғаны сөз болды. Беттің төменгі жағынан “Социалистік  Еңбек
Ерлерінің  тәжірибелерінен”  деген  айдармен  талдықорған  обылсы,   Сарқант
ауданы “Красное знамя” колхозының  звено  жетекшісі  Социалистік  Еңбек  Ері
М.Г.Леснаяның  “Бидайдың  гектарынан  жүз  пұт  өнімді  қалай  алдық”  деген
әңгімесін берді.
Республикалық  және  облыстық  газеттер  Социалистік  Еңбек  Ерлері   Ыбырай
Жақаевтың,  Ким  Ман   Санның   тәжірибелерін   насихаттауды,   озат   шопан
Естемісовтың,  Махатова  мен  Әлімбаеваның   өнегелі,   жемісті   еңбектерін
көрсетті.
      Соғыстан кейінгі бесжылдықтың ақырғы жылында республиканың  колхоздары
жоспарды мерзімнен бұрын орындады,  мал  басы  1940мжылға  қарағанда  едәуір
артты, халықтың материалдық жағдайы жақсарды, әл-ауқаты өсті.
      Партияның   Орталық   Комитетінің   идеология   мәселелері   жөніндегі
қаулыларына байланысты республика баспасөзі 1946-1948 жылдары  мәдениет  пен
ғылымның көптеген салаларының жайына назар аударды.
1946 жылғы 27 наурыздағы ВКП(б)  Орталық  Комитетінің  1946-1950  жылдардағы
КСРО халық  шаруашылығын  қалпына  келтіру  және  дамыту  жөніндегі  заңының
қаулысына сәйкес Қазақстан партия ұйымдары көп жұмыстар  жүргізді.  Насихат,
үгіт және мәдени-ағарту  жұмыстары мәселелері  жөнінде  республикалық  кеңес
өткізілді. Бұл кеңесте республикалық,  облыстық  және  аудандық  газеттердің
редакторлары  да  қатысты.  Олар  газеттің  идеологиялық-саяси  мазмұны  мен
мәдени дәрежесін жақсарту жөнінде сөйледі.
      Соғыстан  кейінгі   төртінші   бесжылдықта   республикамыздың   мәдени
өмірінде елеулі оқиғалар болды. “Социалистік Қазақстан”  газеті  1946  жылғы
20 ақпандағы нөмірінде “Евгений Онегин  қазақ  сахнасында”  деген  тақырыпта
арнаулы бет берді. Бұл бетте операны қоюшы Қазақ КСР  халық  әртісі  Қанабек
Байсейітовтың,  Татьянаның  ролін  ойнаушы  КСР  Одағы  халық  артисі  Күләш
Байсейітованың және басқаларының  сөздері  басылды.  Сонымен  бірге  Төлеген
Тәжібаевтың, Ахмет Жұбановтың мақалалары да сол беттен орын алды.
      Қорыта  айтқанда  республикалық  газет  осы  мақала  және   басқа   да
материалдары  арқылы  өнер  қайраткерлерінің   соғыстан   кейінгі   төртінші
бесжылдық жоспарды жүзеге асыру жолындағы күресте халқымыздың  қандай  ерлік
істер жасап жатқанын бейнелейтін пьесалар беруге шақырды.
Соғыстан  кейінгі  бесжылдықта  Қазақ   КСР   Ғылым   академисының   құрылуы
республикамыздың өңіріндегі аса ірі оқиға болды.  Осыны  науқан  қарасанында
баспасөз Қазақ  КСР  Ғылым  академиясының  мүшелігіне  астанамыздың  ғылыми-
зерттеу мекемелері мен  жоғары  дәрежелі  оқу  орындарынан  ұсынылып  жатқан
көптеген ғылымдардың өмірбраянымен  таныстырып,  олардың  ғылыми  еңбектерін
кеңінен насихаттады. Мысалы, Социалистік Қазақстан”  газеті  Әлкей  Хақанұлы
Марғұланның Ғылым академиясының мүшелігіне  ұсынылуы өте орынды  деп  жазды.
“Өйткені Әлкей қазақ халқының Кеңес  өкіметі  тұсында  оқып  шыққан,  шамалы
уақыт ішінде ғылымның бірсыпыра саласын  оқып,  зерттеп  жетілген,  көптеген
бағалы еңбектері  бар  дарынды  ғалым”.  Сондай-ақ,  “Казахстанская  правда”
газеті  Қаныш  Сәтпаев  туралы  КСРО  Ғылым  академиясының   вице-президенті
И.Бардиннің “Қазақ халқының  талантты  ғалымы”  деген  мақаласын  жариялады.
Онда  былай  делінді:  “Белгілі  геолог,  КСРО  Ғылым  академиясының   мүше-
корреспонденті Қаныш  Имантайұлы  Сатпаев  кеңес  заманында  қазақ  халқынан
шыққан ең талантты  ғалымдардың  бірі.  Жер  қойнауының  байлықтарын  ашқан,
теориялық еңбектердің авторы Сәтпаев тек ғалымдылығымен ғана  емес,  сонымен
бірге  КСРО  Ғылым  академиясының  қазақ  филиалының  ұйымдастырушысы   және
жетекші  ретінде,  КСРО  Жоғарғы  Кеңесіне  халық  сайлап  қойған   депутат,
мемлекеттік қайраткер ретінде де қадірлі адам”.
      1946 жылдың 1 маусымы. Бұл күн қазақ  халқының   тарихы  бетіне  алтын
әріппен  жазылды.  Тап  сол  күні  Қазақ  КСР  Ғылым   академиясы   құрылды.
Республикалық  газеттер  сол  күнгі  нөмірлерінде   Қазақ   КСР   Министрлер
Советінің төрағасы Н.Оңдасыновтың “Қазақ халқы  өзінің  академиясын  құруда”
деген көлемді мақаласын  жариялады.  Мақалада  Қазақстан  революцияға  дейін
Россияның ең артта қалған аймақтарының  бірі  болғаны,  патша  өкімет  қазақ
халқының экономика және мәдениет  жөнінен  дамуына  қасақана  кедергі  жасап
келгені,  қазақ  халқының  тек  совет  заманында   дамудың   даңғыл   жолына
түскендігі, ал жаңадан құрылған Ғылым академиясы республикамыздың  мәдениеті
мен ғылымын  одан  әрі  өркендететін  және  басқаратын  орталық  болатындығы
айтылған.
      Республикалық  газеттер  1946  жылдың  қыркүйегінде   Алматыда   өткен
әдебиет пен  өнер  қызметкерлерінің  жиналасы  туралы  есеп  жариялады.  Бұл
жиналыста ВКП(б) Орталық Комитетінің  “Звезда”  мен  “Ленинград”  журналдары
туралы, “Драма театрының репертуары және оны  жақсартудың  шаралары  туралы”
қаулыларына байланысты Алматы қаласындағы әдебиет пен өнер  қызметкерлерінің
міндеттері туралы мәселе талқылағандығы айтылды.
      Республикалық газеттер Қазақстанда шығарылатын журналдарда және кейбір
жазушылардың шығармаларында  жіберілген  елеулу  кемшіліктерді  тауып  алып,
орынды-орынсыз сынаудың объектісіне айналдырды. Мысалы, қазақ  әдебиеті  мен
қазақ тілі  мәселелерін  зерттеуге  арналған  монографиялық,  дессертациялық
еңбектерде   қателіктер   мен   бұрмалаушылықтар   кеткен.   Оның    себебі,
зерттеушілердің маркстік-лениндік методологиясы жете меңгере  алмағандығынан
делінеді  сол  кездегі  баспасөзде.  “Тарих  ғылымы  өрлеу  жолында”   деген
мақалада “Қазақ КСР тарихының” бірінші басылымында  ұлтшылдық  бұрмалаушылық
жіберілді деген айып тағылып, бұл басылымда  Қазақстан  тарихының  реалистік
түрде,  объективті  түрде  жазылғаны  сол   кездегі   цензуралық   комитетке
ұнамайды. “Қазақ ССР  тарихы”  дәуірлерге  дұрыс  бөлінбегендігі  ескеріліп,
тарих ғылымының дәрежесін жоғары  көтерудің  шаралары  белгіленуі  тиіс”,  -
деген сияқты жансақ пікірлер айтылады.
      Соғыстан кейінгі жылдар- очерк жанрының едәуір алға басқан кезеңі. Ұлы
Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан  кейін  публицистеріміз  бен  очерктеріміз
республика еңбекшілерінің бейбіт еңбек әуенін, төртінші  бесжылдық  жоспарды
орындау жолындағы күресін көрсетуге шұғыл деп бұрды. Республикалық  облыстық
газеттердің, “Әдебиет және искусство” журналының  бетінде  бейбіт  күндердің
еңбек ардагерлері туралы портреттік очерктер жиі  көріне  бастады.  Мәселен,
1946-1950 жылдары бір ғана “әдебиет және исскусство”  журналында  40  шамалы
очерк жарық көріпті.
Газет, журналдарда Түсіп Күзембаев,  Картабай  Атшабаров,  Ольга  Гоноженко,
Қашақбай Пірімов, Нұрмолда Алдабергенов, Ыбырай  Жақаев,  Мұхтар  Қаптағаев,
Бәшір  Нұрмұғамбетов,  Ләйлә  Базанова  сияқты  соғыстан  кейінгі   жылдарда
еңбегімен ел құрметіне бөленген елеулі  жандарды  мадақтады.  Амал  не,  сөз
болып отырған жылдарды республика  баспасөзі  беттерінде  әдебиет  пен  өнер
тақырыбына  жазылған  кейбір   мақалаларда,   шығармаларда   салиқалы   және
объективті түрде  талдаудың  орнына  үркіту  және  негізсіз  кінәлау  сияқты
әуендерге жол берілді.
            Соғыстан кейінгі төртінші  бесжылдықта  республикамыздың  мәдени
өмірінде елеулі оқиғалар болды.»Социалистік Қазақстан »  газетң  1946  жылғы
20 ақпандағы нөмірінде «Евгений Онегин қазақ сахнасында  »  деген  тақырыпта
арнаулы бет берді. Бұл бетте операны қоюшы  Қазақ КСР халық әртісі   Қанабек
Байсейтовтің , Татьянаның  ролін  ойнаушы   КСР  одағы  халық  әртісі  Күләш
Байсейітованың  және басқаларының  сөздері басылды. Сонымен  бірге   Төлеген
әжібаевтің, Ахмет Жұбановтың  мақалалары да сол беттен орын алды.
          Қорыта айтқанда республикалық  газет  осы  мақала  және  де  басқа
материалдары  арқылы  өнер   қайраткерлерінің  соғыстан  кейіңгі    төртінші
бесжылдық жоспарды орындаандары мадақталды.

Бақылау сұрақтары:
1.Соғыстан  кейінгі  жылдырда  республикалық   және   облыстық   газеттердің
мазмұны.
2.Республикалық  “Социалистік  Қазақстан”,   “Казахстанская   правда”   және
облыстық газеттер.
3. Соғыстан кейінгі жылдар- очерк жанрының едәуір алға басқан кезеңі.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразайұлы Ф. Қазақ журналистикасының
тарихы. - А., 1996.
2. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары. 1-кітап. – А.,
1994.
3. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері. – А., 1981.
4. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – А., 1996.
5. «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С.,
          Сақов  Қ. – А., 1998.

23-24 - дәрістер. Бұрынғы кеңес мемлекетінде «Коммунистік құрылысты
өрістету» немесе тоқырау жылдарындағы баспасөз.
(1960 – 1980 жылдар)
12.1  «Коммунистік құрылысты өрістету» немесе тоқырау жылдарындағы
басылымдардың көтерген мәселелері.
12.2  «Қазақстан мұғалімі» («Учитель Казахстана») газеті.
12.3  «Ара» және «Білім және еңбек» журналдарының тарихы, тақырыптары.
      Қазақстан тарихында өз ізін қалдырған қайшылықты  кезеңдердің  бірі  –
тың және тыңайған жерлерді игеру жылдары. Бұл кеңес  өкіметінің  екі  қоянды
бір оқпен атуды көздеген, астарлы мол жымысқа саясаттарының  бірі  еді.  Тың
көтеру идеясы өкімет басына Н.С.Хрущев келгеннен кейін көп ұзамай-ақ  туған-
ды. Бұл кездегі ең  басты  мақсаттардың  бірі  соғыстан  жадап-жүдеп  шыққан
елдің қарнын тойдыру сылтауы болатын.
      Сол кезде Н.С.Хрущевтың көзі Ресейдің  қара  топырақты  аймақтары  мен
Қазақстанға түсті. Орыс патшалары мен өкіметін  қазақтың  кең-байтақ  даласы
ежелден-ақ қатты қызықтыратын.
      Баспасөз тың игерудің барлық проблемаларына араласып  отырды.  Мысалы,
«Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттері ауыл  шаруашылығын
техникамен жабдықтайтын өнеркәсіп орындарынан үзбей мақалалар беріп  отырды.
Социалистік  жарысқа  арнап   мақалалар,   очерктер   мен   арнаулы   беттер
ұйымдастырды.  Жаңа  қоныстанушылардың  мәдени-тұрмыстық  жағдайы  (үй-жайы,
сауда-саттық, дәрігерлік жәрдем, т.б.) үнемі  баспасөздің  назарынан  түскен
жоқ. «Правда», «Социалистік  Қазақстан»,  «Казахстанская  правда»  газеттері
облыстық газеттерге шолу жасап, оларға бағыт беріп отырды.
      Тың  игеру  жылдары  республикамызда  басқа   ұлт   өкілдерінің   үлес
салмағының құрт артуына байланысты ұлттық  тіліміз  бен  дініміздің,  ұлттық
болмысымыздың шеккен зардабы өз алдына бөлек  әңгіме.  Бұл  туралы  баспасөз
беттерінде кейінгі кездері аз жазылып жүрген жоқ.
      Қалай дегенмен де, тың игеру қозғалысы Қазақстандықтардың, оның ішінде
қазақ  халқының  да  тағдырымен  терең  байланысып  кеткен,  қайшылығы  мол,
күрделі  оқиғалардың  қатарына  жататыны  ақиқат.  Ел  баспасөз  болса,  тың
ақиқатын енді ғана айта бастады. Сондықтан, тың  туралы  шынайы  баға  уақыт
еншісінде деп білеміз.
«ҚАЗАҚСТАН МҰҒАЛІМІ» газеті және «ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕБІ» журналы
      1952 жылдан бастап екі тілде қазақша және орысша «Қазақстан  мұғалімі»
(«Учитель  Казахстана»)   газеті   шығарыла   бастады.   Алғашқы   редакторы
О.Құдышев. Бұл басылым оқу министрлігінің басқармасы мен бастауыш және  орта
мектеп  қызметкерлеріне  яғни,  мұғалімдерге,   педагогикалық   жоғары   оқу
орындарындағы студенттерге көмекші әрі нұсқаушы құрал ретінде есептелді.
       «Қазақстан  мұғалімінің»   бірінші   нөмерінде   жарияланған   «Совет
мектебінің жаңа табыстарына жетейік» деген  бас  мақаласында  «Педагогикалық
қызметін үнемі оқумен  қоса  идеялық  саяси  дәрежесін  үздіксіз  арттырумен
ұштастырған күнде ғана мұғалімнің еңбегі анағұрлым жемісті  болады»,  -  деп
тұжырым жасай отырып, әр ұстаздың ізденімпаздығын, адал  еңбек  етуін  талап
етеді.
        Сондай-ақ,   газеттің   бұл   алғашқы   нөмерінен    халық    ағарту
қызметкерлеріне арналған  басылымның  жарыққа  шығуына  байланысты  көптеген
құттықтау хаттар мен  телеграммаларды  оқуға  болады.  Бұлардың  барлығы  да
жоғарыда тоқталған бас мақаланың мазмұнымен сарындас.  Яғни,  «бұл  газеттің
басты мақсаты социализм дәуіріндегі өмір сүріп жатқан ұрпақтарды  тәрбиелеу,
тәрбиелеу ісіндегі мұғалімдердің өзінің  көзін  ашып,  оларға  әдіс-тәсілдер
жайлы нұсқаулар беріп отыруы», - болды.
      Қазақ баспасөзінің тарихында  өзіндік  орны  бар  «Қазақстан  мектебі»
«Жаңа мектеп» аталып, жарыққа шыққан алғашқы сандарынан-ақ  бұл  баслым  бір
ғана  мақсатқа  –  қазақ  мектебіне,  қазақ  мұғалімдері  мен  оқытушыларына
жәрдемші болу ісіне қызмет етіп келеді.
      Журнал өзінің тұңғыш санында жарияланған  «Жаңа  мектеп»  шығару  неге
керек болды? Деген бас мақаласында қазақ халқы үшін ауыр сын кезең  туғанын,
осындай аласапран уақытта оқу-білім жұмысы жесірлік күй кешіп, қазақ  қауымы
сауатсыздық құрсауында  қалу  қауіпі  төнгенін  көрсетіп,  «бұл  күйде  қалу
жарамайды». Бұл күйде қалуды  тарих  кешірмейді»,  -  дей  отырып  одан  әрі
қазақтың   «ыңыранған   сары   даласын   көркейту,    гүлдену»    мақсатымен
республикалық  оқу  коммисариаты   ашылғанын,   оның   оқу-білім   жұмысына,
майданына арналған бір  журналды  шығаруды  қолға  алғанын  оқырман  қауымға
қуана хабарлайды. Қорытысында бұл журнал – «Жаңа мектептің»  мақсаты  «қысыр
пәлсапа сату емес, қазақ  мектебіне  араласу,  қазақ  оқытушыларының  күнбе-
күндік жұмысына жәрдемші болу», - деп түйеді.
      Жаңа басылым жұмысына  қазақтың  осы  кезеңдегі  қайраткерлері,  ақын-
жазушылары, ағартушылары мен оқытушылары тегіс  қолқабыс  тигізуге  ұмтылды.
«Жаңа   мектептің»   редакторы   Молдағали   Жолдыбайұлы,   алқа   мүшелері:
Байтұрсынұлы, Шонаұлы, Сүлейұлы, Сейфоллаұлы, іс  жүргізетін  басқарушысы  –
Нұрымұлы болды. Ал, жазушылары: Байтұрсынұлы,  Жолдыбайұлы,  Омарұлы  Елдос,
Сәдуақасұлы Смағұл, Дулатұлы, Сейфоллаұлы,    Шонаұлы,  Майлыұлы,  Сүлейұлы,
Аймауытұлы, Мұқанұлы Есқали, Малдыбайұлы Біләл,  Ермекұлы  Әзімхан,  Сматұлы
Мұхтар,  Әуезұлы  Мұхтар,  Мырзаұлы  Мұхтар,   Бөкейханұлы,   Тоқай   Темір,
Жүсіпбекұлы Қамзалар болды.
       «Жаңа  мектеп»  1961  жылдан  бастап  «Қазақстан  мектебі»  деп  атын
өзгертті. Даму жолы бұралаң, тағдыр тауқыметі мол қазақ  мектебі  бұл  күнде
кәсіби көмекке айрықша зәру. Қазақ баспасөзі тарихынан тұңғыш  педагогикалық
журнал ретінде ғана емес, педагогикалық жұмыстың  әр  саласы  бойынша  шығып
тұрған бірнеше кәсіби журналдардың үлкен шаңырағы да осы журнал.  «Қазақстан
мектебінің»  әр  жылдардағы  қосымшалары  болып  ашылған  «Руский   язык   и
литература в  казахской  школе»  журналы  1978  жылдан,  «Бастауыш  мектеп»,
«Отбасы және балабақша» журналдары 1994 жылдың шілде айынан  бөлініп  шығып,
жеке-жеке шаңырақ көтерді. 1990 жылы «Қазақ тілі  мен  әдебиеті»  журналының
қайта құрылуына да «Қазақстан мектебі» журналы тікелей ат салысты.
«АРА» журналы
      Саяси – сатиралық «Ара» («Шмель») журналы 1956  жылдың  наурыз  айынан
бастап, екі тілде (қазақша-орысша) 20.050  дана  тиражбен,  0,70  бет  баспа
табақ көлемінде айлық басылым  ретінде  шыға  бастады.  Бас  редакторылығына
Д.Снегин тағайындалды.
      «Ара»  журналының  сол  кездегі  басты  міндеттерінің  бірі  –  ұрлық,
зорлық, өтірік-өсек, алдау-арбау,  төрешілдік,  мансапқорлық,  алыпсатарлық,
қалың мал сияқты  ескіліктің  қалдықтарымен  күресу  және  оларды  сатиралық
өткір тілмен түйреп, әшкерелеу болып табылады.
«БІЛІМ ЖӘНЕ ЕҢБЕК» («Зерде») журналы
      1960 жылдан бастап «Білім және еңбек» деген  атпен  шығып  келген  бұл
ғылыми  көпшілік  басылым  1987  жылдан  бері  «Зерде»  деп  аталды.  Тұңғыш
редакторы Әбділхамит Мархабаев.
      Журнал мектеп оқушылары мен көпшілік қауымды ғылым мен  жаңалықтарымен
таныстыру, жұмбақ  дүниедегі  адамға  бұрын-соңды  мәлім  болған  ғажайыптар
туралы айтып беру,  сол  арқылы  жасөспірім  оқырманының  өмірге  көзқарасын
қалыптастыру жоланда табыссыз еместігін айта кеткен  жөн.  Журнал,  әсіресе,
редакторлары Б.Қойшыбаевтың, А.Сейісбековтың тұсында  жақсы  материалдарымен
көзге түсті.
      Журналдың бас айдарлары: «Асыл мұра», «Ғылым көкжиегі», «Сауал  қойған
екенсіз», «Жас ғылым  мінбері»,  «Дүние  жатқан  жұмбақ»,  «Дөңгелек  –  жас
шеберлер клубы», «Оқып туған»,  «Жас  ғалым  зерттеу  жүргізеді»,  «Жақсыдан
ғибрат» деп аталады.
      Мәселен, «Зерденің» 1995  жылғы  1-санында  Хасен  Қожа-Ахметтің  «Біз
демократияны   білеміз   бе?»,   Б.Шланованың    «Шешендік    тәлім-тәрбие»,
Ә.Оразалиеваның  «П.М.Мелиоранскийдің  қазақ  тілін  зерттеуі»,  Б.Тлепиннің
«Шопан  ата»,  «Сексек  ата»   тағылымдары   деген   танымдық   материалдары
жарияланған.

Бақылау сұрақтары:
1. «Коммунистік құрылысты өрістету» немесе тоқырау жылдарындағы
басылымдардың көтерген мәселелері.
2. «Қазақстан мұғалімі» («Учитель Казахстана») газеті.
3. «Ара» және «Білім және еңбек» журналдарының тарихы, тақырыптары.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразайұлы Ф. Қазақ журналистикасының
тарихы. - А., 1996.
2. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары. 1-кітап. – А.,
1994.
3. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері. – А., 1981.
4. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – А., 1996.
5. «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С.,
          Сақов  Қ. – А., 1998.

25-26 - дәрістер. Қайта құрудан өтпелі кезеңге дейінгі аралықтағы қазақ
баспасөзі. (1985 – 1991 жылдар)
13.1  Қайта құрудан өтпелі кезеңге дейінгі аралықтағы қазақ  баспасөзі.
13.2  Қайта құрудан өтпелі кезеңге дейінгі аралықтағы қазақ  баспасөзіндегі
негізгі айдарлар.
13.3  “Өркен”- сенбі күндері шығып тұратын апталық газет.
      КОКП XXIYII съезінен  соң  Қазақстанның  бұқаралық  ақпарат  құралдары
партия  бағытының  мемлекеттегі  қоғамдық-саяси,  экономикалық  және   басқа
салаларды қайта құру жұмысына белсене қатысты.
      Қайта  құру  кезеңінде  халықтың  мүддесі  мен  тілегіне  қажетті  әрі
оқырмандарын қызықтыратын көптеген  материалдар  республикалық  “Социалистік
Қазақстан”,  “Лениншіл  жас”,  облыстық  “Орталық  Қазақстан”,   “Ақ   жол”,
“Жетісу”,   “Оңтүстік   Қазақстан”   газеттерінде   молынан   басылды.   Бұл
басылымдарда көкейкесті тақырыптарды қозғап, жұрттың  көкейінде  жүрген  ой-
пікірлер ашық  жарияланды.  Тұрғын  пәтерлер  бөлу,  азық-түлік  мәселелерін
көтеріп, пара алушылық пен  тамыр-таныстық  сияқты  әрекеттерге  жол  бермеу
проблемалары қозғалды. Осы кезеңде газет беттерінде жаңа  айдарлардың  пайда
болуы назар аудартады. Ол  айдарлар:  “Партия  комитеті  және  қайта  құру”,
“Қайта құру және біз”, “Депутат және өмір”,  “Еңбек  эстафетасын  жалғастыра
берейік” және т.б. деп аталды.
      КОКП Орталық Комитеті 1987  жылдың  қаңтар  және  қазан  Пленумдарының
шешімдері  бойынша  Қазан  төңкерісінің  70  жылдығына  жан-жақты   дайындық
жұмыстарын жүргізу туралы қаулы қабылдаған болатын. Бұл істі жүзеге  асырып,
халыққа  жеткізу  сол  тұста  республика  журналистерінің  басты   міндетіне
айналды.
      Сонымен қатар газет беттерінде халықтардың тарихи  түп-тамыр  достығы,
мектептердегі  тіл  үйрету,  отбасылардың  әртүрлі  тағдыры  жайлы  очерктер
беріліп  отырды.  Сондай-ақ,  республика  көлемінде  журналист   кадрларының
сапасын жақсартуға бағытталған көптеген игі жұмыстар жасалды.
       1988  жылғы  есеп  бойынша  Қазақстан  көлемінде  500  республикалық,
республика аралық, облыстық, қалалық, аудандық және  көп  тиражды  газеттер,
жиырма миллион данамен журналдар және тектес басылымдар шығып тұрды.
      Енді, 1988-1991 жылдар аралығында жоғарыда аталған  газет-журналдардың
қатарына тағы  да  қазақ  тілінде  шығатын  бірнеше  жаңа  басылымдар  келіп
қосылды. Оларға жеке-жеке тоқталып өтетін  болсақ,  оның  алғашқысы  “Алматы
ақшамы” газеті.
      Бұл газет 1988 жылдың 1 шілдесінен бастап шыға бастады.  Ол  Қазақстан
компартиясы Алматы қалалық комитеті мен Халық депутаттары қалалық  кеңесінің
газеті болып есептелді. Тиражы  –  36000.  Бөлімдері:  партия  тұрмысы  және
коммунистік тәрбие, кеңестер және  әлеуметтік  мәселелер,  спорт  хабарлары,
әскери-патриоттық  тәрбие  және  жедел  хабар,  экономика  және  социалистік
жарыс, хаттарды тіркеу. Негізгі айдарлары: “Елімізде”, “Жаңалықтар”,  “Шетел
телетайпынан”, “Партия тұрмысы”, “Кеңестер және  қайта  құру”,  “Қайта  құру
және біз”, “Театр, кино, жарнама” деп аталды.
      Мәселен, “Баспасөз баршаға” айдармен бұл газет өз  оқырмандарын  болып
жатқан оқиғаларға көзқарастарын, оқырмандар мен баспасөз  арасындағы  қарым-
қатынастарын,  байланыстарын  үнемі  қадағалап,   жазып   отыруды   дәстүрге
айналдырған.
      Сондай-ақ, “Алматы ақшамында” КОКП  Орталық  Комитеті  Пленумдары  мен
съездерінің  қаулы-қарарлары,  М.С.Горбачевтің  осында  сөйлеген  сөздерінің
текстері, елде қайта құру қалай жүріп  жатқаны  жайлы  көптеген  материалдар
жарияланды.
       Бұдан  басқа  астана  кәсіпорындарының  жұмыстарына  шолу,  белсенді,
белгілі  адамдардың  фотосуреттері  беріліп  отырды.   Ал   газеттің   соңғы
беттерінде көбіне  мәдени  жаңалықтармен  қатар  әңгіме,  өлең,  дастандарды
қамтитын әдебиет мәселелері басылды.
      Келесі басылым – “Өркен” деп аталды. Ол кезінде  сенбі  күндері  шығып
тұратын апталық газет  болды.  1988  жылдың  қаңтар  айынан  бастап  шыққан.
Құрылтайшылары: баспасөз министрлігі мен редакция ұжымы.  А3  форматымен  12
бет көлемінде. Екі тілде (Орысшасы “Горизонт”).
      1989 жылдың  мамыр  айында  Қазақстан  кәсіподақтарының  “Әділет”  деп
аталатын апталық газеті жарық көрді. Бұл басылым қазақ және орыс  тілдерінде
шығады. Тиражы 14342  дана.  Редакторы  –  Сағыныш  Сариев.  Газеттің  басты
міндеті – ақпарат, жаңалықтарды тарату.
      1990 жылдың 22 наурызынан жарық көре бастаған үшінші бір басылым  “Ана
тілі” газеті. Құрылтайшысы: “Қазақ тілі”  қоғамы  мен  “Қазақстан”  баспасы.
Газет  16  бет  көлеммен  аптасына  бір  рет  шығады.  Бұл  біздің  егеменді
еліміздің тарихында қазақ тілін Қазақстан территориясын  мекендейтін  барлық
халық өкілдеріне бірдей оқыту проблемасын алғаш көтерген және  ұлттық  әдет-
ғұрып,  дәстүр,  тарихтың  “ақтандықтары”   жайлы   мазмұнды   да   салиқалы
материалдар жариялайтын бірден-бір басылым болып саналады.
      Келесі бір осындай басылым “Халық кеңесі” деп аталады. Бұл газет  1990
жылдың 24 сәуірінен бастап шығып келеді.  Құрылтайшысы:  Қазақ  КСР  Жоғарғы
Кеңесінің Президиумы болған. Оның алғашқы редакторы Сарбас Ақтаев.
      1991 жылдың  желтоқсан  айынан  бастап  “Азия”  газеті  шыға  бастады.
Құрылтайшысы: Министрлер кабинеті мен  редакция  ұжымы.  Редакторы  Нұрмахан
Оразбеков. “Азия” халықаралық газет.
      1991 жылдың 7 ақпанынан бастап, Қазақстан  мұсылмандар  әйелдер  Одағы
өздерінің “Ақ босаға” деп аталатын газетін шығара бастады. 4  бет  көлемінен
айына бір реет жарық  көреді.  Редакторы  –  Шолпан  Ұғыбайқызы.  Бұл  қазақ
әйелдері мен қыз-келіншектерінің жағдайына көп көңіл бөлетін басылым.
      1991 жылы Невада-Семей антиядролық қозғалысының “Аманат” газеті  жарық
көрді. Бас  редакторы  –  С.Айнақұлов.  Бұл  басылым  Семей  полигоны,  оның
зардаптары  төңірегіндегі  проблемаларды  көтерді.  Көлемі   8   бет.   Оның
“Полигон”, “Эпицентр”, “Жаралы жер”, “Редакцияға  хат”,  “Алтынарқау”,  т.б.
айдарлары бар.
      Қазақстан ауылшаруашылығы министрлігінің органы “Дала  дидары”  газеті
1991 жылдан шығады.  Апталық  басылым.  Бас  редакторы  –  Бекболат  Әдетов.
Негізгі айдарлары: “Агроөнеркәсіп жаңа  жағдайда”,  “Ата  дәстүр”,  “Техника
жөндеу”, “Бүгінгі қам – ертеңгі нан” деп аталады. Қәзір бұл газеттің  аты  –
“Ауыл” деп өзгертілген.
      “Қазақ батырлары” газеті  1991  жылдың  мамыр  айынан  бастап  шығады.
Айына  бір  рет  жарық   көретін   тарихи-этнографиялық   басылым.    “Қазақ
батырлары” қазақ халқының тарихы,  әдет-ғұрып,  дәстүр  мәселесін  қозғайды.
Газеттің жауапты хатшысы – Жолдасхан Бозымбеков.
      Қайта құру жылдары газеттермен қатар  жаңа  журналдар  да  шығарылады.
“Денсаулық”  журналы  1990  жылы  дүниеге  келді.  Басылымның  “Қайта   құру
көкжиегі”, “Маманнан мағлұмат”, “Ел  ішіндегі  емшілер”,  “Сырқаттан  сауығу
сырлары” сияқты айдарлары  бар.  Басты  бөлімдері:  “Әлеуметтік  мәселелер”,
“Емдеу-профилактика”, “Халыққа дәрігерлік қызмет көрсету”,  “Ана  мен  бала”
деп аталады.
      “Қазақ тілі мен әдебиеті” журналы 1991  жылдан  бастап  шыға  бастады.
Қазақстан  халыққа  білім  беру  министрлігінің  ай  сайын  шығатын   ғылыми
педагогикалық басылымы. “Қазақ тілі мен  әдебиетінің”  негізгі  тақырыптары:
“Қызықты грамматика”, “Қазақ  тілі  орыс  аудиториясында”,  “Шежіре  тарих”,
т.б. аталады. Сондай-ақ мұнда қызықты әңгімелер мен өлеңдер де  жарияланады.
Журналдың редакторы Зернебек Шілдебаев.

Бақылау сұрақтары:
1. “Ана тілі” газеті және көтерген мәселелері.
2. “Халық кеңесі”  газеті және көтерген мәселелері.
3. “Қазақ тілі мен әдебиеті” журналы.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразайұлы Ф. Қазақ журналистикасының
тарихы. - А., 1996.
2. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары. 1-кітап. – А.,
1994.
3. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері. – А., 1981.
4. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – А., 1996.
5. «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С.,
          Сақов  Қ. – А., 1998.

27-28 - дәрістер. Қазақстандағы түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың
басылымдары. (1985 – 1996 жылдар)
14.1  Қазақстандағы түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың басылымдары.
14.2  “Азат” газеті.
14.3  “Желтоқсан” газеті және онда жарияланған материалдар.
      Кезінде қоғам құрылымына өзгеріс әкелген қайта құру өміріміздің барлық
саласына тереңдеп енді.  Жариялылық,  демократиялық  аясын  кеңейтіп,  өткен
тарих  “ақтаңдақтарын”  аршып  алуға,  болашаққа  берік   бағдармен   баруға
үйретті. Жоғарыда айтқанымыздай, тарих беттеріндегі беймәлім жайлар  ашылып,
азаматтық үндер айқын сипат алды.
       Бүгінгі  таңда  бұрынғы  Одақ,  қазіргі  ТМД  елдері  сияқты   біздің
республикамызда да қалың бұқара арасыннан  көпшіліктің  мүддесін  қорғайтын,
баршаға  ортақ  күрделі  мәселелерді  шешуге  бағытталған   түрлі   қоғамдық
қозғалыстар, ұйымдар дүниеге келіп жатыр. Сөйтсе де, олардың  бірқатары  шын
мәнінде халық мүддесін көздесе, енді біреулері  егемендікке  енді  ғана  қол
жеткізіп,  ел  экономикасын   нығайтуға   ұмтылған   шақта   теріс   қимылды
әрекеттерімен ұлттар достығының беріктігін бұзуға тырысуда.
      Міне, осы орайда біздер бұл тарауда  Қазақстандағы  басты-басты  деген
саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың баспасөз  органдары  туралы  сөз
етпекпіз.
      Алдымен “Невада-Семей” ядролық  жарылысқа  қарсы  қоғамдық  құрылымына
тоқталар болсақ, онда бұл – ерікті қоғамдық бұқаралық қозғалыс.  Қозғалыстың
мақсаты – адамзатты қырып-жоюға бағытталған  ядролық  қателерді  ауыздықтап,
тоқтату.
       Ал  келесі,  Қазақстанның  азаматтық  “Азат”  қозғалысы  –   өзін-өзі
басқаратын әлеуметтік-саяси ұйым. Ұйымның төрағасы ғалым Сәбетғазы  Ақатаев.
“Азат”  қозғалысының  жанынан  қазақ  және  орыс  тілдерінде  “Азат”  газеті
шығады.
      Ал, “Желтоқсан” ұлттық-демократиялық партиясы болса,  бүгінгі  таңдағы
Қазақстандағы  белгілі  бір  қозғалыстарының  бірі.  Оның  төрағасы  белгілі
журналист Хасен Қожахметов.
       “Желтоқсан”  ұлттық-демократиялық   партиясы   зорлық-зомбылық,   күш
қолдануға және қайсыбір болмасын ұлттың қаны төгілуіне қарсы. Бұл  партияның
өзіндік ерекшелігі – 1986 жылғы желтоқсандағы жәбірленген  қазақ  жастарының
мүдделерін  қорғап,  жазықсыз  жазаға  ұшыраған   студенттер   мен   жұмысшы
жастардың  талап-тілектерін  қорғауы  деп  білеміз.  Оның  баспасөз   органы
“Желтоқсан” газеті.
      Келесі тоқталатынымыз “Қазақстан бірлесу партиясы”  (ПНЕК).  Алғашында
Одақ ретінде дүниеге келген қозғалыс кейін партия  болып  қайтадан  құрылды.
Олар   өздерін   халыққа:   “Біздің   мақсат   экономика    мен    саясатқа,
республикамызға еңбек сіңіру ғана  емес.  Сонымен  қатар  халықтар  достығын
құптау” – деп таныстырды. Оның бүкіл Қазақстан бойынша  1500-дей  филиалдары
жұмыс істейді.
      Оның баспасөз органы ретінде екі тілде “Дәуір”, “Время” газеттері  екі
тілде шығатын газеті бар. Ол “Халық конгресі” деп аталады.

Бақылау сұрақтары:
1. Қазақстандағы түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың басылымдары.
2. “Азат” газеті.
3. “Желтоқсан” газеті және онда жарияланған материалдар.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразайұлы Ф. Қазақ журналистикасының
тарихы. - А., 1996.
2. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары. 1-кітап. – А.,
1994.
3. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері. – А., 1981.
4. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – А., 1996.
5. «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С.,
          Сақов  Қ. – А., 1998.

29-30 - дәрістер. Егемен елдің ерікті баспасөзі. (1991 – 1996 жылдар)
15.1  Егемен елдің ерікті баспасөзі.
15.2  “Халық кеңесі” газетінің тарихы және көтерген мәселелері.
15.3  Халықаралық тәуелсіз апталық басылым- “Түркістан” газеті.
      Кез-келген елдің өндіріс байлықтарын өзге  елдерге  паш  ету  үшін  ең
алдымен  баспасөзі  бай   болуы   керек.   Олай   болса,   Республикамыздағы
басылымдарға зер  салайық.  1991  жылдан  ,еліміз  егемендік  алғаннан  бері
бұқаралық ақпарат құралдарында оның ішінде басылым  беттерінде  де  бірталай
өзгерістер болғаны белгілі. Осы уақыт аралығында олардың  аттары  өзгеруінен
бастап, қатарлары де көбейді деуге  болады.  Егемен  елдің  еркін  баспасөзі
дегенде бұл тақырыпты жалғыз емес, тіпті екі  жолмен  –  байырғы  басылымдар
және кейін қосылған тәуелсіз басылымдар деп атауға болады.  Мысалы,  жаңадан
құрылған түрлі партиялар  мен  қозғалыстардың  “Азат”,  “Желтоқсан”,  “Алаш”
сияқты қазақ және орыс тілінде шығатын басылымдарды да атауға болады.
      Алдымен қазақ тіліндегі басылымдарды  1991-1995  жылдарда  жарияланған
материалдары, айдарлары бойынша салыстыратын болсақ,  онда  1990  жылдың  24
сәуірінен бастап шыға  бастаған  Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  кеңесінің
органы “Халық кеңесі”  газетін  атауымызға  болады.  Ол  өз  беттерінде  тек
Алматы облысы бойынша ғана 1990 жылдан бері қырыққа жуық басқа ұлт  өкілдері
ислам дінін біржолата қабылдағандықтары туралы жазады.
      Әу бастан халыққа жастар басылымы ретінде танылған “Жас  алаш”  газеті
1922 жылдың наурыз айының 22-нен бастап, күні бүгінге дейін  өзінің  лайықты
жалғасын тауып келеді. 1992-1993 жылдарға дейін негізінен  жастар  мәселесін
көп жазып келген бұл ұлттық, тәуелсіз, қоғамдық-саяси  басылым  1993  жылдан
кейінгі кезде елдің тарихы мен ұмыт қалған азаматтарына,  жер  мәселесі  мен
саясатқа басты назар аудара бастаған. Осыған орай “Саясат” айдарымен  іргелі
материалдар беріліп жүр.
      Осындай, бұрыннан шығып  келе  жатқан  айтулы  басылымдардың  қатарына
соңғы кездері шыға  бастаған  “Заң”,  “Түркістан”,  “Сұхбат”  газеттерін  де
қосуға  болады.  Мәселен,  қазақ  және  орыс   тілдерінде   шығатын   саяси-
экономикалық “Сұхбат” апталық  газеті  1990  жылдың  қаңтар  айында  дүниеге
келіп, кіндігін кескен. Редакторы Сабыржан Шүкірұлы.
      Ал “Түркістан” газеті болса 1994 жылдың қаңтар айының  28-інен  бастап
шығып келеді. Бұл халықаралық тәуелсіз  апталық  басылым.  Редакторы  Қалтай
Мұхамеджан.
      Келесі “Қазақ елі” газеті 1995 жылдың  сәуір  айының  20-сынан  бастап
шығып келеді. Алайда, бұл басылымның көшбасы, ізашары  “Қазақ  елі”  журналы
1994 жылдан бастап жарық көрген. Редакторы Бақыт Сарбалаұлы. Көлемі 16 бет.
      “Егемен Қазақстан” газеті 1919 жылдың 17  желтоқсанынан  бастап  шығып
келеді.  Ұлттық,  қоғамдық-саяси  газет.  Редакторы  Нұрлан  Оразалин.   Бұл
басылыммен  қатар  1920  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  шығып  келе   жатқан
“Казахстанская правда” газетін де  айта  кеткеніміз  жөн.  Екі  газеттің  де
құрылтайшылары да Қазақстан Республикасының Министрлер кабинеті.
      Келесі ірі және халық сұранысында көп газеттердің бірі – орыс  тілінде
шығатын “Караван” апталығы. 1991 жылдан жұма күндері 64  бет  көлеммен  шыға
бастаған.  Құрылтайшысы:  “Караван-пресс”  акционерлік  қозғалысы.  Көбінесе
ондағы жарияланатын материалдарға  сенушілер  аз  болса  да,  оны  жаздырып,
сатып алушылар саны көп.  Себебі,  оқырман  қауым  оны  жарнама  –  анықтама
беттері үшін қажет етеді. Осы апталықты алматылықтардың 72  проценті  оқитын
болып шықты, әрі ол ауылдық жерлерге де барып жеткен.
      Кезінде “Караван” акционерлік қоғамы жанындағы  компьютер  орталығынан
“Караван” газетіне ұқсас қазақ тілінде “Аруана” басылымы да шығарылды.  Оның
“Апта   жаңалықтары”,   “Гиллер   институты”,   “Күн   сайынғы    жаңалықтар
қорытындысы” сияқты тұрақты айдарлары болды. Бірақ, өкінішке  орай  “Аруана”
шықпай жатып, түрлі себептерге байланысты жабылып қалды.
      Керісінше, орыс тілінде шығатын “Караван” апталығына  сұраныс  күннен-
күнге ұлғайып, соңғы кезде тіпті түрлі-түсті де болып  шығып  жүр.  Газеттің
теледидар  бағдарламасын  берудегі,  бағдарлама  сағатын  қоюдағы   реттегі,
фильмдерден үзінділер беруі және түрлі-түсті  бояуларды  пайдалануы,  беттің
көптігі шетел, оның ішінде Корея басылымдарына көбірек ұқсайды.
      Ал “Астана даусы” апталық тәуелсіз газеті  болса,  1992  жылдың  тамыз
айының  1-інен  бастап  шығады.  Құрылтайшылары:  “Азия  даусы”  акционерлік
корпорациясы, “Астан-холдинг” компаниясы мен “Алтын Алма” биржасы.
      Апталық  қазақ,  ағылшын,  орыс  тілдерінде  шығады.  Мұнда  негізінен
астана өмірі мен қазақ халқының тарихына көп көңіл бөлінеді. Газеттің  жалпы
саны 40 шақты айдары бар. Соның бірі – “Қазақ тілін үйренеміз” деп аталады.
      Республикамызда бүгінгі таңда жарық көретін негізгі басылымдардың мән-
мазмұн, бағыт-бағдары  осындай.  Заман,  уақыт  жылжуына  байланысты  барлық
газет-журналдардың да беттері өзгеріске ұшырағандары белгілі.  Айталық,  20-
жылдарғы басылымдардың негізгі мақсаты халықты сауаттандыру  болса,  қазіргі
кезде саясат, нарық, экономика мәселелері бірінші кезекке шыққан.

Бақылау сұрақтары:
1. Халықаралық тәуелсіз апталық басылым- “Түркістан” газеті.
2. “Караван” газеті.
3. Республикамызда бүгінгі таңда жарық көретін негізгі басылымдардың мән-
мазмұны.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразайұлы Ф. Қазақ журналистикасының
тарихы. - А., 1996.
2. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары. 1-кітап. – А.,
1994.
3. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері. – А., 1981.
4. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – А., 1996.
5. «Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С.,
          Сақов  Қ. – А., 1998.

3  ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР

1- семинар.  Ежелгі төрүк руникалық алфавитімен бәдізделген
ескерткіштердегі ұлттық ақпараттың тегі мен түрлері.
      Ежелгі төрүк  тасбітіктеріндегі ақпарат  таратудың  ерекшелігі.  Бағзы
төрүктердің ақпарат тарату мен сақтаудағы қолданған  материалдары  және  оны
өңдеудің  технологиясын  меңгеруі.  Жәдігер   ескерткіштердің   пішіні   мен
көркемдік  безендірілуі  мен  дизайны.  Тасбітіктердегі  оқиға  желісі   мен
баяндау әдісі. Публицистиканың нышандары.
2- семинар. ХІХ ғ.екінші жартысындағы көқрнекті қазақ публицистері
      Ш.Уәлихановтың публицистикалық  еңбектері.  Ы.Алтынсарин  –  ағартушы,
журналист, публицист. А.Құнанбаев публицистикасының ерекшеліктері.
3- семинар. «Тәжіман» газеті және Ысмағұлбек Ғәспрәлі.
      «Тәжіман» газетінің төрүк халықтары үшін тарихи маңызы.
Ысмағұлбек Ғәспрәлінің ағартушылық,  ұстаздық  қызметінің  мәні.  Ысмағұлбек
Ғәспрәлінің төрүк  халықтары  арасында  баспасөз  бен  баспа  ісін  дамытуға
қосқан үлесі.
4- семинар. 1910-1914 жылдардағы қазақ баспасөзі.
      «Қазақстан»   газеті   (1911-1913   жылдар).    Газеттің    бағыт    –
бағдары.Редакциялық   алқасы   мен   авторлық   құрамы.   Ондағы   Е.Буйрин,
Ғ.Қарашұлы, Б.Қаратаев, С.Мендешұлының қызметтері.Газет  бетінде  көтерілген
басты  проблемалар.  2.  Петербург  жұмысшыларының  бүкілхалықтық   «Правда»
газеті    (1912-1914   жылдар).   Онда   жарияланған   Қазақстанға   қатысты
материалдар.   «Правда»   газетінің   тілшісі    Ж.Болғанбаевтің    қызметі.
«Айқап»журналы және оның идеялық бағыты.
«Айқап»журналы (1911-1915) патшалық Ресейдің Қазақстандағы  отарлау  саясаты
туралы. Журнал көтерген саяси, әлеуметтік –  экономикалық  мәселелер.  Білім
беру және мәдени ағарту проблемалары.
5- семинар.  Ресейдегі буржуазиялық – демократиялық төңкеріс  және қазақ
баспасөзі.
      «Фикир» газеті. Газетке жазып тұрған авторлардың ұлттық ерекшелігі.
«Қазақ» газеті. Оның буржуазиялық – демократиялық бағыты. «Серке», «Орал»
газеттеріндегі қазақ бұқарасы тұрмысының жазылуы.
6- семинар. Қолжазба «Садақ» журналы.
      Қолжазба «Садақ» журналы. «Садақтың» шығарушылары.  «Садақ» журналының
идеялық –саяси мазмұны мен бағыты.
7- семинар. Қазақстандағы алғашқы кеңес басылымдары.
      «Тіршілік» газеті (1917-1918 жыл, шілде). «Тіршілік»  газетінің  саяси
бағыты.  С.Сейфуллиннің  «Тіршілік»   газетіндегі   мақалалары.   «Тіршілік»
газетінің  көтерген   проблемалары   мен   мәселелері.   «Тіршілік»   газеті
төңірегінде топтасқан публицистер – Р.Дүйсенбаев, А.Асылбеков,  Б.Серікбаев,
Ж.Нүркин, т.б. «Қазақ мұңы» газеті. (1918  жыл,  сәуір  -  шілде).  Газеттің
идеялық бағыт – бағдары. Н.Төреқұловтың редакторлық қызметі. «Заря  свободы»
газеті. (1918 жыл, 8-наурыз – 18-  маусым).  Осы  басылымның  арнаулы  қазақ
бөлімінде  жарияланған  материалдар.  Т.Бокин,  С.Ғаббасовтың   хаттары  мен
мақалалары. Қазақстанның әртүрлі өңіріндегі баспасөздің қалыптасуы.

8- семинар.
Аралық бақылау жұмысы  ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
9- семинар. Қазақстандағы жаппай репрессия жылдарындағы және екінші
дүниежүзілік соғыс жылдарындағы мерзімді баспасөз.
      Газет-журналдардың беттеріндегі  өнеркәсіп,  транспорт  проблемаларына
арналған  материалдар.  Мерзімді  баспасөзде  Қазақстанда  үшінші  бесжылдық
тапсырмаларының орындалу барысының қамтылуы.
10- семинар. ХХ ғасыр басындағы қазақ тіліндегі кітаптар.
      Қазақ Уфа қалаларында қазақ тіліндегі кітаптардың шығарылуы.  Қоғамдық
– саяси, әдеби кітаптардың көбеюі. К.бердиевтің,  Мұхамет-Салық  Кашимовтың,
С.Дөнентаевтің,  Х.Садуақасовтың;  С.Көбеевтің,  Ғ.Ғалымжановтың  кітаптары.
М.Ж.Көпейұлының әлеуметтік -  экономикалық,  қоғамдық  –  саяси  ,      әйел
теңдігі, оқу – білім проблемалары мен мәселелеріне Ресейдің қазақ  жеріндегі
отарлау саясатын көрсететін еңбектері.
11- семинар. Халық шаруашылығын қалпына келтіру, «ұлтшылдық» сарынға қарсы
күрес және тың игеру жылдарындағы баспасөз
(1946 – 1960 жж.)
      «Қазақстан   мұғалімі»   (1952   ж.)   газеті.   Тұрақты    бөлімдері.
«Ара»(1956ж.) журналы. Редакция алқасы. Қазақ  мерзімді  баспасөзінің  халық
шаруашылығын қалпына келтіру жолындағы рөлі.
12- семинар. 1945-1953 жылдардағы «ұлтшылдықпен» күрес науханыдағы» қазақ
баспасөзі.
      1949-1960жж. әдебиетке, ғылым  мен  творчестволық  қызметке  араласқан
қазақ интеллигенциясы. «Ұлтшыл» деп күнә тағылған  зиялылардың  шығармашылық
еңбектері. Тың игеру жылдарындағы  мерзімді  баспасөзде  туған  тосын  ой  -
пікірлер.Тың игеруге байланысты қазіргі көзқарас.
13- семинар. 1950 – 1960 жылдар аралығындағы Қазақстанда жаңадан шыққан
педагогикалық, сатиралық және мәдени, әдеби басылымдар.
      «Қазақстан мұғалімі» (1952 ж.) газетінің тарихы. Газеттің авторлар
құрамы. «Ара»(1956ж.) журналының тарихы. Журналдың авторлар құрамы.
14- семинар.  1985 – 1996 жылдар аралығындағы қазақ мерзімді  баспасөзі.
      Қазақстанда да түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың баспасөзі.
Қазақстандағы түрлі тәуелсіз және жекеменшік басылымдар. Олардың мақсат –
мүддесі. «Желтоқсан», «Алаш», «Халық конгресі», т.б. қозғалыстар мен
партиялардың пайда болуы, даму тарихы.
15- семинар. Аралық бақылау жұмысы
«Қазақ журналистикасының тарихы» пәнінен емтихан билеттері
1-билет
1.Алғашқы қазақ публицистері. (Мақалалары, ғылыми мақалалары, очерктері).
2.«Жас Алаш» газеті.
3. М.Дулатов публицистикасы.
2-билет
1. 1905-1907 ж.ж.қазақ баспасөзі.
2. «Абай»журналы.
3.Ғ.Қарашаев – публицист.
3-билет
1. ХХ ғ.б. қазақ тіліндегі кітаптар.
2. М.Шоқайдың «Бірлік туы» газетіндегі журналистік қызметі.
3.Ә.Бөкейхановтың публицистік қызметі.
4-билет
1. «Қызыл Қазақстан»журналы.
2.М.Тұрғанбаев және «Сарыарқа» газеті.
3.ХХғ.б. қазақ журналистикасы.
5-билет
1. «Серке» газеті.Онда қызмет еткен қазақ зиялылары.
2. С.Сәдуақасовтың жастарға арналған мақаласы не туралы?
3.Қазақстандағы жаппай репрессия жылдарындағы және ІІ дүниежүзілік соғыс
жылдарындағы мерзімді баспасөз.(1937-1941)
6-билет
1.1910-1914жж. Қазақ баспасөзі.
2. «Айқап»журналы.
3.С.Қожанов – публицист.
7-билет
1. «Жұмысшы» газетінің бағыт-бағдары, тұрақты айдары,онда қызмет еткен
қазақ зиялылары.
2. «Әйел теңдігі»журналы.
3. Ұлттық журналистиканың бастау көзі.
8-билет
1. «Еңбекші қазақ» газеті.Кеше және бүгіні.
2.І.Жансүгіровтің «Жас Алаш» газетіндегі өлеңдері, публицистикалық
мақалалары.
3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ мерзімді баспасөзі.
9-билет
1.Қазақстандағы түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың органдық
басылымдар. (1985-1996жж.)
2.С.Торайғыровтың «Айқап», «Абай»журналдарындағы сын мақалалары.
3. «Алаш» газетінің шығарушылары мен негізгі тақырыптары.
10-билет
1. «Ара»журналы. Кеше және бүгіні.
2. Ш.Құдайбердиевтің журналистік қызметі.
3.1921-1925жж. Баспасөздер шығып тұрды. Ондағы көтерілген негізгі
тақырыптар. (Еңбекші қазақ, Қызыл Қазақстан, Тілші).
11-билет
1. «Қазақ» газеті. Ондағы көтерілген негізгі тақырыптар.
2.А.Байтұрсынов – қазақ баспасөзінің тұңғыш теоретигі.
3. «Алаш» партиясының белді мүшелері. Ұлтшыл қайраткерлер.
12-билет
1. М.Сералиннің журналистік қызметі.
2.1946-1960жж. Тың игеру жылдарында баспасөздер шығып тұрды.
3. «Қазақстан мұғалімі»журналы. Кеше және бүгіні.
13-билет
1. «Ақ жол» газетінің бағыт-бағдары, тұрақты айдары,онда қызмет еткен
авторлар.
2. С.Есованың редакторлық қызметі.
3.Қазақстандағы алғашқы кеңес басылымдары.(Тіршілік, Заря свободы,
редакторы- Н.Төреқұлов).
14-билет
1. «Шолпан» журналының бағыт-бағдары, тұрақты айдары,онда қызмет еткен
авторлар.(1922-1923жж)
2. Н.Төреқұловтың публицистік, редакторлық қызметі.
3.Қазақстандағы «Кіші Октябрь»жылдарынан кейінгі қалпына келтіру
кезеңіндегі мерзімді баспасөз.(1933-1937жж.)
15-билет
1. «Садақ» журналының идеялық бағыты,  авторлар құрамы.
2. Қ.Сәтбаевтің публицистикалық мақалалары.
3.Қазақ балаларына арналған алғашқы басылымдар.
16-билет
1.Қазақ қыз - келіншектеріне арналған алғашқы басылымдар.
2.Е.Алдоңғаров – публицист.
3. «Тілші» газетінің бағыт-бағдары, тұрақты айдары,онда қызмет еткен
авторлар.
17-билет
1.«Қазақ тілі» газеті
2. «Сана» журналы.
3.Ж.Аймауытовтың публицистикасы.
18-билет
1. «Ауыл тілі» газетінің идеялық бағыты,  авторлар құрамы.
2. Ж.Тлепбергеновтің журналистік қызметі.
3. «Садақ» журналы.
19-билет
1. «Орал» газетінің идеялық бағыты,  авторлар құрамы.
2. Қ.Кемеңгеров– публицист.
3. «Жас азамат» газетінің бағыт-бағдары, тұрақты айдары,онда қызмет еткен
авторлар.
20-билет
1. Ә.Ғалимовтың «Айқап» журналындағы атқарған қызметі.
2. М.Әуезов– публицист.
3. Монғолияда шыққан қазақ тіліндегі басылымдар.
21-билет
1.«Торғай» газеті
2. Қайта құрудан өтпелі кезеңге дейінгі баспасөз (1985-1991).
3.Б.Майлиннің публицистикасы.
22-билет
1. «Түркістан уалаяты» газетінің негізгі бағыты.
2. М.Жұмабаевтың «Ақ жол» газетіндегі атқарған журналистік қызметі.
3. 1905-1907жж. қазақ баспасөзі.
23-билет
1.«Дала уалаяты» газеті. Онда қызмет еткен авторлар.
2. Т.Рысқұловтың журналистік қызметі.
3. «Қазақ әдебиеті» газеті. Кеше және бүгіні.
24-билет
1. Р.Мәрсековтің публицистикалық мақалалары.
2. ХХғ.б. қазақ журналистикасы.
3. «Ақиқат» журналының тарихы.
25-билет
1. Ұлттық журналистиканың бастау көзі.
2. Қытайда шыққан қазақ тіліндегі басылымдар.
3. Алғашқы қазақ журналистері.

4  СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
1. ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ:
   Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа  қажетті  нақты  дағдыларға
(іштей  жылдам  оқи   білу,   библиографиялық   дағдылар,   түрлі   анықтама
әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.
   Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, тиісті  әдебиеттер
мен  құралдардың  болуы)  керек  етеді,  ең   дұрысы   кітапханаларда,   оқу
залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
   Алғашқы кезден оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл
кеңес алудың пайдасы зор.
   Оқыған  материалды  мұқият  ұғатындай  етіп  оқып,  түсінбеген   жерлерді
қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу керек.
   Анықтама  әдебиеттерді,   энциклопедияларды,   түрлі   сөздіктерді   қоса
пайдаланып отыру керек.
      Студенттердің өздік жұмыстары (СОӨЖ, СӨЖ)  үй тапсырмаларын  орындауды
қамтиды. Ол: реферат, конспект, кроссворд, әдістемелермен жұмыс,   аннотация
жазу, жаттығу орындау және т.б. түрінде жүргізіледі.
Қойылатын талаптар:
1. СОӨЖ, СӨЖ оқытушы белгіленген мерзімінен  кешіктірмей,  уақытында  барлық
   талаптарға сәйкес орындалуға тиіс;
2. СОӨЖ, СӨЖ өзі орындауы қажет, оны басқадан көшіруге, яки болмасы  басқаға
   көшіруге  беруге болмайды (ондай жұмыс бағаланбайды,  сол  себепті   ұпай
   төмендетіледі).

               2. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ


4.1 Қазақ тілі» газеті.
4.2 Алғашқы қазақ публицистері.
4.3 Жас Алаш» газеті.
4.4 «Абай»журналы.
4.5 Ғ.Қарашаев – публицист.
4.6 ХХ ғ.б. қазақ тіліндегі кітаптар.
4.7 М.Шоқайдың «Бірлік туы» газетіндегі журналистік қызметі.
4.8 Ә.Бөкейхановтың публицистік қызметі.
4.9 «Қызыл Қазақстан»журналы.
4.10 М.Тұрғанбаев және «Сарыарқа» газеті.
4.11 «Серке» газеті.Онда қызмет еткен қазақ зиялылары.
4.12 С.Қожанов – публицист.
4.13 «Жұмысшы» газетінің бағыт-бағдары, тұрақты айдары,онда қызмет еткен
қазақ зиялылары.
4.14 «Әйел теңдігі»журналы.
4.15 «Еңбекші қазақ» газеті.Кеше және бүгіні.
4.16 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ мерзімді баспасөзі.
4.17 «Алаш» газетінің шығарушылары мен негізгі тақырыптары.
4.18 «Ара»журналы. Кеше және бүгіні.
4.19 Ш.Құдайбердиевтің журналистік қызметі.
4.20 А.Байтұрсынов – қазақ баспасөзінің тұңғыш теоретигі.
4.21 М.Сералиннің журналистік қызметі.
4.22 «Қазақстан мұғалімі»журналы.
4.23 «Ақ жол» газетінің бағыт-бағдары, тұрақты айдары,онда қызмет еткен
авторлар.
4.24 С.Есованың редакторлық қызметі.
4.25 «Шолпан» журналының бағыт-бағдары, тұрақты айдары,онда қызмет еткен
авторлар.(1922-1923жж)
4.26 Н.Төреқұловтың публицистік, редакторлық қызметі.
4.27 «Садақ» журналының идеялық бағыты,  авторлар құрамы.

                   СТУДЕНТТІҢ   ОҚЫТУШЫМЕН  ӨЗДІК  ЖҰМЫСЫ

1. Қ.Сәтбаевтің публицистикалық мақалалары.
2. Қазақ балаларына арналған алғашқы басылымдар.
3. Қазақ қыз - келіншектеріне арналған алғашқы басылымдар.
4. Е.Алдоңғаров – публицист.
5.  Ж.Аймауытовтың публицистикасы.
6. Ж.Тлепбергеновтің журналистік қызметі.
7. Қ.Кемеңгеров– публицист.
8. Ә.Ғалимовтың «Айқап» журналындағы атқарған қызметі.
9.  М.Әуезов– публицист.
10. Монғолияда шыққан қазақ тіліндегі басылымдар.
11. Т.Рысқұловтың журналистік қызметі.
12. «Дала уалаяты» газеті. Онда қызмет еткен авторлар.
13. «Қазақ әдебиеті» газеті. Кеше және бүгіні.
14. М.Жұмабаевтың «Ақ жол» газетіндегі атқарған журналистік қызметі.
15. Б.Майлиннің публицистикасы.

5  ӘДЕБИЕТТЕР
5.1 Негізгі әдебиеттер
5.1.1. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж., Оразайұлы Ф. Қазақ журналистикасының
тарихы. - А., 1996.
5.1.2. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж. Алты алаштың ардақтылары. 1-кітап. –
А., 1994.
5.1.3. Айдаров Ғ. Күлтегін ескерткіші. – А., 1995.
5.1.4. «Айқап» Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С. – А., 1995.
5.1.5. Байтұрсынов А., Ақ жол. – А., 1991.
5.1.6. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очерктері. – А., 1981.
5.1.7. Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. – А., 1996.
5.1.8. .«Қазақ» газеті. Құрастырушылар: Сұбханбердина Ү., Дәуітов С.,
          Сақов  Қ. – А., 1998.
5.2. Қосымша әдебиеттер
5.2.1. Кенжебаев.Б., Қожекеев Т. Қазақ баспасөзінің тарихынан. – А.,1962.
5.2.2. Қожакеев Т. Жыл құстары. – А., 1981.
5.2.3. Қожакеев Т. Көксеңгірлер. – А., 1992.
5.2.4. Жақып Б. М.Әуезов – публицист. – А., 1997.
5.2.5. Сұбханбердина Ү. Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді
баспасөзіндегі материалдар. – А., 1963.
5.2.6. Сұбханбердина Ү.«Дала уәлаятының газеті» - А.,
1988,1991,1993,1994,1996.
5.2.7. Бөкейханов Ә. Таңдамалы . – А., 1995.
5.2.8. Дулатов М. Шығармалары. А., 1991.

Пәндер