Файл қосу

Табиғат байлығын пайдалану түсінігі



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                    |
|ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                           |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты   |ПОӘК                    |ПОӘК 042-16.1.61/03-2012 |
|ПОӘК оқытушыға арналған |                        |                         |
|«Экологиялық қорықтану» |№1 басылым              |                         |
|пәнінің оқу-әдістемелік |                        |                         |
|кешені                  |                        |                         |










                        ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                  «Экологиялық қорықтану» 5В060800- экология
                     мамандығының студенттеріне арналған




                           ОҚЫТУШЫНЫҢ ПӘН БОЙЫНША
                             ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ






















                                    Семей
                                    2012


                                     ГЛОССАРИЙ

    Абиотикалық факторлар - тірі организмдерге тікелей немесе жанама  әсер
ететін  өлі  табиғат  элементтері  (космостық,  геофизикалық,   климаттық,
кеңістік, уақытша, т.б.)
    Абиогенді- тірі организмдердің қатысуынсыз жүретін процесс.
    Автотрофтар  -  көмір  қышқыл  газы,  су  және  минералдық   тұздардан
органикалык заттарды синтездейтін организмдер.
    Агробиоценоз - ауылшаруашылығында өсірілетін өсімдіктер қауымдастығы.
    Адаптация  -  тірі  организмдердің  тіршілік  жағдайларына   бейімделі
процесі, түр бойынша (генотиптік)  бейімделушілік  бірнеше  үрпақ  бойынша
жүріп, түр түзілу процесімен байланысты  болатын  және  жеке  (фенотиптік)
адаптация  акклимация  организмдердің  жеке  даму  процесін  қамтып,  оның
генотипіне әсер ететін бейімделушілік болып екіге бөлінеді.
    Акклимация - жеке (физиологиялық) бейімделушілік.
    Аменсализм - белгілі бір ортадағы организмдердің  бір  түрінің  екінші
түр тіршілігіне басымдылық көрсететін түр аралық қатынастар типі.
    Атмосфера  -  Жердің  немесе  кез  келген  космостық   дененің   газды
қабықшасы.
    Антибиоз - организмдер арасындағы бір-біріне кері әсер ететін қарым  -
қатынастың түрі.
    Анабиоз - қолайсыз жағдайлар әсерінен  немесе  организмнің  жеке  даму
процесінде  ерекше  кезеңнің  қалыптасуына  байланысты  олардың   тіршілік
әрекеттерінің уақытша тоқтауы.
    Анаэробты организмдер - оттегіні  қажет  етпейтін,  оттегі  қатысынсыз
ортада тіршілік ететін организмдер.
    Антропогендік факторлар - адамның тіршілік әрекетінің әсері.
    Апвеллинг -  мүхит суларының жоғарғы қабатқа қарай көтерілуі.
    Ареал - органимздердің систематикалық топтарының  -популяциялар,  түр,
т.б. таралу аймағы.
    Аутэкология  -  белгілі  түрге  жататын  жеке  особьтарды   зерттейтін
экологияның бөлімі немесе түр экологиясы.
    Альбедо - белгілі бір дененің түскен сәулені шағылдыру қасиеті.
    Альтернативті энергия көздері - Күн, жел,  теңіздер  мен  геотермальды
энергия түрлері
    Аэробты  организмдер  -   бос   оттегі   қатысында   тіршілік   ететін
организмдер.
    Азотфиксация  -  топырақ  бактерияларының  атмосферадағы   молекулалық
азотты сіңіруі.
    Аффинаж- рафинадтталған металл түрі.
    Алюминийді - “Қанатты” металл  деп атайды. Ол – күміс түсті ақ металл,
жылуды  және  электр  тоғын  жақсы   өткізеді,   созуға,   жаюға,   соғуға
икемді.Алюминий қалаиы, темір,  никель,  марганецпен  қорытпасы  қола  деп
аталады.
    Базалық мониторинг - антропогенді әсер болмайтын табиғи  экожүйелердің
жағдайын бақылау.
    Бентос - мүхит пен континетальды сулардың  түбінде,  грунтта  тіршілік
ететін организмдер (зообентос, фитобентос).
    Биогаз - қатты және сүйық қалдықтардан, оның  ішінде  мал  шаруашылығы
комплекстерінің қалдықтарынан, қаланың коммунальдық - түрмыстық суларынан,
сол сияқты арнайы өсірілген балдырлар мен басқа да организмдерден алынатын
жанғыш газ. Қүрамында негізінен метан көп болады.
    Биогенді заттар - тірі организмдердің тіршілік процестері  нәтижесінде
түзілетін   заттар   (атмосферадағы   газдар,   таскөмір,   мүнай,   торф,
ізбестастар, т.б.), қоректік заттар, биогендер,  био-гендік  элементтер  -
тірі организмдер құрамына кіретін элементтер -  көміртегі,  оттегі,  азот,
сутегі, күкірт, т.б.
    Биогеохимиялық  цикл  -  минералды  қосылыстар  құрамындағы   химиялық
элементтердің өсімдіктер мен  жануарлар  организмдері  арқылы  табиғаттағы
айналымы.
    Биогеоценоз - тірі организмдер қауымдастығының (биоценоз)  абиотикалық
жағдайлардың кеңістіктік жиынтығын (биотоп), зат, энергия  мен  информация
алмасулары негізінде біріктіретін құрлықтық экожүйе.
    Биосфера  -  құрамы,  құрылысы  мен  энергетикасы   тірі   организмдер
тіршілігімен анықталатын Жердің белсенді ерекше  қабықшасы.
    Биоиндикация  -  тірі  организмдер  мен   олардың   қауым-дастықтарына
тигізген әсеріне қарай антропогендік факторларды анықтау.
    Биологиялық  ресурстар  -  адамзат  қоғамына  пайдалы,  багалы   болып
саналатын генетикалық ресурстар,  организмдер  немесе  олардың  бөліктері,
популяциялар  мен   басқа   да   кез   келген   экожүйелердің   биотикалық
компоненттері.
    Биологиялық   тазарту   -   судың   қүрамындағы   ластаушы    заттарды
микроорганизмдер көмегімен тазарту.
    Биота - кеңістіктегі барлық тірі организмдер жиынтықтарының кез келген
түрі, (мысалы, экожүйе биотасы, құрлық биотасы,  теңіз  биотасы,  биосфера
биотасы, т.с.с).
    Биотикалық факторлар - тірі организмдердің бір-біріне әсеріңің  барлық
түрдері.
    Биотикалық  айналым  –  биосферадағы   биотикалық   және   абиотикалық
компоненттердің арасындағы экожүйелердегі биогенді элементтердің айналымы.

    Биотоп  –  белгілі  биоценоз  алып   жатқан   абиотикалық   факторлары
салыстырмалы біртекті кеңістік.
    Биокосты  заттар  -  тірі  организмдердің  тіршіліқ   процестері   мең
биологиялық;  емес  (табиғи)  процестердің  біріккен   әсері   нәтижесінде
түзілетін заттар.
    Биом  -  Жердің  негізгі  климаттық  аймақтарына  сәйкесірі  кұрлықтық
экожүйелер (шөлдер, шөлейттер, ормандар).
    Биоценоз - кұрлық не  судың  белгелі  бір  бөлігінде  бірге,  тіршілік
ететін әртүрлі систематикалық топқа жататын орга-низмдердің қауымдастығы.
    Биоценоэкология  -  тірі  организмдердің  қауымдастықтары  мен  оларды
қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастарды зерттейтін экология саласы.
    Биофильтр  -  ағызынды  суларды  биологиялық   әдіс   арқылы   тазарту
қондырғысы.
      Алюминийді - “Қанатты” металл  деп  атайды.  Ол  –  күміс  түсті  ақ
металл, жылуды және электр тоғын жақсы  өткізеді,  созуға,  жаюға,  соғуға
икемді.Алюминий қалаиы, темір,  никель,  марганецпен  қорытпасы  қола  деп
аталады.
      Берилий мен Ниобийді“  атом  өнеркәсібінің  металдары”  деп  атайды.
Берилій – ядролық реакторлардағы нейтронды баяулатқыш әрі қайтарғыш болса,
ниобимен оның жылу бөлетін (ЖБЭЛ) қаптайды.
      Бериллий қоласы- мыстың берилиймен   (1,5-3%)  қорытпасы  жемірілуге
төзімді  және  өте  берік.  Одан  сағаттың,  басқада  дәл   механиздердің,
электрониканың,  байланыс   құралдарының,   автомобильдердің   бөлшектерін
жасайды.
    Валенттілік (экологиялык)  -  толеранттылық  шектері  немесе  түр,  не
популяциялардың  әртүрлі  орта  жағдайларында  тіршілік  ету   қабілетінің
сипаттамасы.
      Ванадий -өндірістіккүкірт  қышқылын,  селен-фотоэлементтер,  теллур-
инфрақызыл сәулелерін қабылдағыштар, скандий-ЭВМ есте сақтау элементтерін,
рений- мұнай өндеуге қажет платина катализаторларын шығаруда қолданылады.
      Вольфрам-  балқу  температурасы  өте  жоғары  (3  370  ºС).   Жоғары
температуралы  пештердің  қыздыратын  элементтері   мен   қәдімгі   эелктр
шамдарының қызатын жәпшелері вольфрамнан жасалады.
      Висмут – қызғылт дақтары  бар  күміс  түсті  сынғыш  металл.  Висмут
тұздары айна жасауда,  медицинада  кең  қолданылады.  Балқу  температурасы
төмен  болғандықта,  жылуды  жақсы  өткізгендіктен   оны   онай   балқитын
құймалар,өткізгіштер  даярлауда  және  атомдық   реакторларда   тоңазытқыш
ретінде пайдаланады.
    Газдар (парниктік) - атмосфераға түсіп,  парниктік  эффект  туғызатын,
көмірқышқыл  газы,  метан,  көмірсутектер,  т.б.  газ  тәрізді   заттардың
қоспасымен атмосфераның ластануы.
    Гомеостаз - организмдер немесе организмдер  тобының  қоршаған  ортаның
түрлі  өзгерістерінде  динамикалық  тұрақты   тепе-теңдігін   сақтай   алу
қабілеті.
    Геотермальды сулар - жер қойнауындағы  ыстық,  өздеріне  тән  химиялық
құрамы бар сулар.
    Гербицидтер - арам шөптерді жоюға қолданылатын улы химикаттар.
    Гидробиология  -  барлық   су   ресурстарыда   тіршілік   ететін   тір
организмдерді зерттейтін ғылым саласы.
    Гидробиосфера - Жер бетілік суларда  мекендейтін  тірі  организмдердің
тіршілік ету ортасы, биосфераның бір бөлігі.
    Гидробионттар - суда тіршілік ететін организмдер.
    Гидросфера - тірі  организмдер мекендейтін  Жердің сулы кабықшасы,
барлық мұхиттар, өзендер мен көлдер теңіздер, батпақтар, су қоймалары мен
бұлақтар.
    Гидрохимиялық  режим  -  судың  химиялық  құрамының  уақыт   мезгіліне
байланысты өзгерістері.
    Гигрофиттер - батпақты ортада тіршілік ететін организмдер.
    Глобальды  мониторинг  -  жалпы   әлемдік   масштабтағы   биосферадагы
процестер мен өзгерістерді бақылау.
    "Гринпис" - ең атақты халықаралық қоғамдық экологиялық ұйым.
      Гетеротрофтар- организмдер жасап шығарған дайын органикалық заттармен
қоректенетін  организмдер.Бұған:  адам,  жануарлар,   кейбір   өсімдіктер,
көптеген бактериялар, саңырауқулақтар жатады.
      Глобалды  ластану-  жер  шарының  кез  келген  нүктесіндегі  ластану.
Мысалы,   атмосферанынын    көміртегі    оксидтерімен,    күкірт,    азот,
пестицидтермен, әлемдік мұхиттың мұнай өнімдерімен ластануы.
    Демэкология - популяциялар мен оларды қоршаған орта арасындағы  қарым-
қатынастарын зерттейтін экологияның бөлімі.
    Деградация  -  қоршаған  табиғи  орта  компоненттерінің  табиғи   және
антропогендік факторлар әсерінен бұзылуы, жағдайының нашарлауы.
    Дендрарий  -  ағаш  тектес  өсімдіктер  арнайы  топырақта   өсірілетін
территория.
    Детрит - организмдердің ыдырау және бөліну өнімдері,  өлі  органикалық
заттар.
    Деструкторлар  -  органикалық  заттармен   қоректену   арқылы   оларды
ыдырататын организмдер (редуценттер).
    Десиканттар - өсімдік тамырларын жоюға қолданылатын улы химикаттар.
    Дефолянттар - өсімдіктердің жапырақтарын  жою  үшін  қолданылатын  улы
химикаттар.
    Зоопланктон- суда тіршілік ететін консументтер.
    Зооценоз - белгілі бір биоценоздағы жануарлардың қауымдастығы.
    Зоофагтар - жануарлармен қоректенетін организмдер (каннибализм).
    Кадастр  -  объектілер   мен   қүбылыстардың   сандық   және   сапалық
көрсеткіштері жөніндегі жүйелі түрдегі мәліметтер жинағы.
    Коменсализм  -  белгілі  ортада  тіршілік  ететін  бір  түрге  жататын
организмдер екінші түрге жататын  организмдерді  пайдалана  отырып,  бірге
тіршілік ететін түр аралық қарым-қатынастар типі.
    Консументтер - гетеротрофты организмдер (негізінен,  жануарлар)  басқа
организмдердің өсімдіктер (өсімдік қоректі  фитофагтар)  мен  жануарлардың
(жануар қоректі зоофагтар) органикалық заттарымен қоректенетіндер.
    Ксеробионттар - құрғақ ортада тіршілік ететін орга-низмдер.
    Климатотоп - қоршаған ортадағы климаттық жағдайлар.
    Қызыл кітап - сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі бар  жануарлар,
өсімдіктер  мен  саңырауқүлақтардың  түрлері  туралы  үнемі   толықтырылып
отыратын мәліметтер жинақталған ресми қүжат.
    Қышқыл жаңбырлар - атмосфералық қалдықтардың реакция ортасының  жауын,
қар, түманның  қүрамындағы  техноғенді  калдыктар  әсерінен  қышқылдығының
қалыпты мөлшерден артуы.
    Қоректік  (трофикалык)  тізбектер  -  биоценоздың  әртүрлі  трофикалық
деңгейлердегі мүшелерінің алдыңғыларының  соңғыларымен  қоректенуі  арқылы
заттар мен энергияның тасымалдануы.
    Конкуренция-  бәсекелестік,  белсенділік,  бірдей  ресурстарды   қажет
ететін организмдер.
    Қоршаған ортаны қорғау- табиғат   ресурстары   мен  космос  кекістігін
қайта  өндіру  мен  тиімді  пайдалануға  бағытталған   ғылыми,   құқықтық,
техникалыќ  шараларды  жиынтыѓы.
    Қоршаған орта- тіршілік  ету  ортасы,  табиғаттың  барлың  материалдық
денелері,күштері мен құбылыстарының, заттары  мен  кеңістігінің  жиынтығы,
тірі организмдермен тікелей байланыста болатын адамның  қызметі.
    қышқылдық жаңбырлар- рН 5,6- дан төмен болады. Мұндай  жауын- шашынның
 түсуі  атмосфераның күкірт диоксидімен, азот  оксидтерімен  антропогендік
ластануымен байланысты.
      Қорғасын-  бұл  аккумуляторлар,  подшипниктер,  радияциядан  қорғану
құрал-жабдырқтары   (рентген   кабинеттерінің   жабдықтары,    радиактивті
калдықтар сақтайтын  контейнерлер),  электр  кабелінің   қорғаныс  қабаты,
хрусталь жасайтын қоспалар.
    Интродукция - өсімдіктер мен жануарлардың белгілі бір  түріне  жататын
особьтардың  тіршілік  ету   ареалынан   баска   жаңа   табиғи   климаттық
жағдайларғаауысуы.
    Ил - сулардағы  минералдық  және  органикалық  косылыстардан  күралған
түнба.
    Импактілі  мониторинг  -  ластаушы  заттар  таратушы  көздерге   жақын
орналасқан аса қауіпті аймақтар мен орын-дарды бақылау.
    Ирригация  -  егістікті  жасанды  суару  -  мелиорацияның  бір   түрі;
медицинада дәрілік сұйықпен емдеу.
    Ихтиология - балықтар туралы зерттейтін зоологияның саласы.
Ластану-табиғи немесе тікелей антропогендік ортға бұл тән емес  физикалық,
химиялық, биологиялық агенттердің әкелінуі.
    Макроэкология - классикалық экологияның ең негізгі  түжырымдары,  адам
мен табиғат арасындағы қарым-қатынастардың проблемалары туралы ілім,  адам
экологиясымен біріктірілген ғылыми пән.
    Мелиорация - ауыл  шаруашылығында  пайдаланылатын  жерлердің  жағдайын
жақсарту.
    Метаболизм  -  организмдердегі,  биологиялық   жүйелердегі   зат   пен
энергияның алмасуы.
    Мониторинг - белгілі бір объектілер  мен  кұбылыстарды,  олардың  жәй-
күйін үздіксіз бақылау.
    Мониторинг (экологиялык) - қоршаған орта компоненттерінің сапасын, жәй-
күйін бақылау.
    Мутуализм - бірге тіршілік ететін  организмдердің  бір-біріне  пайдалы
әсері жағдайындағы түр аралық қарым-қатынастар типі.
    Мырыш- 2/5 бөлегі болатын қорғаныс қабатын жасауға  және  1/4  –і  жез
шцғарыға қолданылады.
    Мыс-   әлемдегі   мыстың    1/2    бөлігі    электротехникада    (сым,
тоңазытқыштардың жылу алмастырушылары,  вакуумдық  апараттар)  және  40%-ы
қорытпа құюда қолданылады.  Мыс  электр  тоғын  жақсы  өткізеді.  Оны  көп
жағдайда басқа металдармен  қорытпа  түрінде  қолданады.  Мыстың  мырышпен
қорытпасын жез деп атайды.Мыстың никельмен қорытпасын мельхиор деп атайды.

    Парниктік эффект - Күннің жылу сәулелерін сіңіретін газдар  мөлшерінің
көбеюі нәтижесінде атмосфера температура-сының жоғарылауы.
    Пестицидтер - өсімдіктер, жануарлар, ауыл шаруашылық дақылдарын  басқа
организмдердің-    арам    шөптердің     (герби-цидтер),     насекомдардың
(инсектицидтер), саңырауқүлақтардың  (фунгицидтер),  т.б  зиянды  әсерінен
қорғау үшін қолданылатын химиялық улы химикаттар.
    Пирамида  (экологиялык)  -  биоценоздардың   қоректік   деңгейлері   -
продуценттер,  консументтер   және   редуценттердің   арасындағы   сапалық
қатынастардың,  олардың  саны  (сандық  пирамда),   биомассасы   (биомасса
пирамидасы)  немесе  энер-гиясы  (энергия  пирамидасы)  бойынша  графиктік
бейнеленуі.
    Поллютанттар   -   ортаның   техногенді    ластаушылары:    ауада    -
аэропланктондар, суда- гидропланктондар, топырақта -террополлютанттар.
    Популяция  -  генофондысы  ортақ,  салыстырмалы   бірдей   экологиялық
жагдайлардағы ортаны мекендеп, бір-бірімен еркін  будандасып,  ұрпақ  бере
алатын, бір түрге жататын особьтардың жиынтығы.
    Продуценттер  -  органикалық  емес  заттардан  алғашқы  өнім   түзетін
автотрофты организмдер.
    Редуценттер  -  органикалық  заттарды  жай  минералдық   заттар:   су,
көмірқышқыл  газы,  күкіртсутек  және  түрлі  түздарға  дейін   ыдырататын
гетротрофты организмдер (бактериялар мен саңырауқүлақтар).
    Рекультивация  -  бүзылған  табиғи  ландшафтарды   қалпына   келтіруге
бағытталған іс-шаралар комплексі.
    Нектон - сулы ортада еркін қозғалып жүзіп тіршілік ететін организмдер.
    Нейстон  -  судың  бетінде  тіршілік   ететін   организмдер,   мысалы,
масалардың личинкасы.
    Ноосфера - ойлаушы қабат, ақыл-ой сферасы, В.И. Вернадс-кийдің сөзімен
айтқанда,  биосфераның  адам  ақыл-ойы  мен  әрекеті  нәтижесінде  сапалық
жағынан жаңа, жоғары сатыдағы даму кезеңі.
    Сапрофагтар  -  өлі  органикалық  заттармен   қоректенетін   жануарлар
(детритофагтар).
    Синэкология - көп түрлі қауымдастықтар мен экожүйелер экологиясы.
    Сукцессия - белгілі тіршіілік ортасындағы  организмдердің  түр  қүрамы
өзгерістерінің үздіксіз және бағытталған жүйесі.
    Симбиоз - екі немесе одан кµп түрлерге жататын организмдердің  бірігіп
тіршілік етуі.
    Смог- улы тұман, тұманның тамшылары мен шаң бөлшектерінің   қосылуымен
сипатталатын  атмосфераның қауіпті  ластануы.
    Терратогендер - организмдерге әсер  ету  арқылы  олардың  үрпақтарында
аномалиялар туғызатын заттар, не физикалық агенттер.
    Техногенез - адамды қоршаған және табиғи ортада  өзгерістер  туғызатын
техника мен материалдық мәдениеттің даму процесі
    Тірі зат- биосфераның тірі организмдерінің жиынтығы.
      Тантал  - медицинада таптырмайтын металл.  Оның  ерекшелігі  –  адам
организімінің  дұрыс  қабылдауында.   Сондықтан,   танталдан   хирургиялық
қысқыштар мен импланттар жасалады. Әрбір ұялы телефонна 6-дан 12-ге  дейін
(сандық камераларда 30-дан  астам)  конденсаторлары  бар.  Сонымен  қатар,
электр зарядын өзіне жинақтайды.
    Озон қабаты - тірі организмдер үшін аса қауіпті Күннің қысқа  толқынды
ультракүлгін   сәулелерін   сіңіретін    озон    молекулаларының    жоғары
концентрациясы жинақталған атмосфера қабаты.
    Озондық ойық - атмосфераның озон  кабатындағы  озон  молекулалары  жоқ
аймақ.
    Ойық  не   қуыс   (экологиялык)   -   түрдің   тіршілік   етуі   үшін,
қауымдастықтағы басқа түрлермен байланыстарын қоса алғанда, оның  тіршілік
етуіне   қажетті   факторлар   комплексі   немесе   белгілі   бір   түрдің
қауымдастықтағы алатын орны.
    Урбанизация - қалалардың өсуі мен дамуы, ауылдың қалаға айналуы,  ауыл
түрғындарының қалаларға көшуі, қоғам өмірінде қалалар ролінің артуы
    Фенотип - организмдердің сыртқы белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы.
    Фитопланктон - суда тіршілік  ететін  өсімдіктер  мен  басқа  да  тірі
организмдер.
    Фитофагтар - өсімдік қоректі организмдер.
    Фитоценоз - көптүрлі өсімдіктер қауымдастықтары.
    Фильтраторлар -  суды  майда  планктон  организмдер  мен  детриттерден
тазартатын суда тіршілік ететін организмдер-гидробионттар.
    Фотосинтез - Күннің  жарығы  әсерінен  жасыл  өсімдіктердің  хлорофилл
дәндерінде атмосферадағы көмірқышқыл газы мен судан органикалық  заттардың
түзілуі.
    Цунами - жер сілкіну, вулкандар атқылауы немесе т.б. табиғи қүбылыстар
кезінде  мүхит  түбі  бөліктерінің  ауысуына   байланысты   туатын   теңіз
толқындары.
    Цитология  -  тірі  организмдердің  клеткалық   құрылымын   зерттейтін
биологияның саласы.
    Хемосинтез - кейбір минералдық  заттардың  тотығуы  кезінде  бөлінетін
энергияны пайдалану арқылы хемо-автотрофты бактериялардың органикалық  зат
синтездеу процесі.
    Хромит  кені-металлургия,  химия   және   отқа   төзімді   материалдар
өнеркәсібі үшін аса бағалы шикізат. Хромит  кенінен  маркасы  жоғары,  өте
сапалы  болат  дайындауға  пайдалынатын  хром  қорытпалары  алынады.  Хром
негізінде  алынған  отқа  төзімді  материалдар  көп  уақыт   бойы   жоғары
температураның әсерінен бұзылмайды.
    Экологиялың  жүйе  -  бір-бірімен  тығыз  байланысты,   әртүрлі   орта
жағдайларында тіршілік ететін бірнеше түрге жататын организмдер жиынтығы.
    Эрозия - топырақтың қүнарлы қабатының жаңбыр, қар  суларымен  шайылып,
не желмен үшып бүзылуы.
    Экологиялық  сараптама  -  адамның  шаруашылық   және   басқа   қызмет
түрлерінің экологиялық талаптарға сәйкестігін анықтайтын сараптама.
    Экоцид  -  өсімдіктер  мен  жануарлар   дүниесінің   жаппай   жойылуы,
атмосфера,  су  ресурстарының  немесе  басқа  да  табиғи  ортаның   зиянды
заттармен улануына әкеп соғатын экологиялық апаттар.
    Эпизоотия - жануарлар арасында аурудың таралуы.
    Этология - жануарлардың    мінез - қылықтарының    биологиялық непзі
жөншдеп ғылым.
    Эвтрофикация - табиғи суларға минералдық тыңайтқыштар,  жуғыш  заттар,
мал шаруашылығы комплекстерінің қалдықтары түрінде азот,  фосфор,  күкірт,
т.б. биогенді элементтердің көп түсуі нәтижесінде  фитопланктон  (әсіресе,
көкжасыл балдырлар) биомассасының  күрт  өсіп,  олардың  оттегін  белсенді
сіңіріп, улы заттарды бөлуіне байланысты басқа  гидробионттардың  тіршілік
жағдайлары нашарлап, қырылып қалуы.
    Экожүйе-  жүйе  ішіндегі  түрлердің  көптүрлілігі  мен  зат  айналымын
түзетін энергия ағымымен қамтамасыз ететін, берілген учаскедегі   белгілеу
үшін қолданылады.
    Экологиялық пирамида- биотоптың кері  пирамидасы,  1966  ж.  Ч.  Элтон
тұжырымдаған концепция.
    Ядролық  катастрофа  -  жаппай  қырып-жоятын  ядролық  қаруды  қолдану
нәтижесінде қалыптасатын глобалды экологиялық апат.
      Церконий- уран ядросы  бөлінген  кезде  шығатын  нейтрондарды  өзіне
ілестірімейді. Сондықтан оны атом реакторларын жасаған кезде қолданады.



      1. Дәріс.  (3 сағат)
      Кіріспе. Пәннің мазмұны және мәселелері.  Табиғат  байлығын  пайдалану
түсінігі. Қоғамдық дамудағы табиғи жағдай мен  ресурстардың  теориялық  және
практикалық мәні.
      1.Халық шаруашылығын табиғат ресурстарымен қамтамасыз ету  жағдайларын
атаңыз.
      2 Табиғат  байлығын  экономикалық  бағалау  әдістерін,  табиғи  ортаны
бүлдіруден, табиғат байлығын ысырап етуден  келетін  зиян  мөлшерін  есептеу
әдістерін табыңыз.

      Бүкіл  адамзат қоғамының даму тарихы - табиғат пен  адамзаттың  қарым-
қатынасынан тұрады. Осы уақыттың барлығында да табиғат адамзаттың өмір  сүру
ортасы, материалдық байлық  көзі  болып  келді.  Коғамның  дамуының  алғашкы
сатыларында табиғат қорын пайдалану мелшері  ылғи  артып  отырганымен,  оның
табмғи ортаға кері эсері елеусіз еді.
      Коғамнын. ендірістік дамуына байланысты адамның табиғи  ортаға  эсері;
табиғат байлығын, табиғи күштерді пайдалануы  артып  келеді.  Бұл  әсер  екі
сипатта. Бір жағынан, ғылыми-техникалык, жетістіктің арқасында  табиғи  орта
жақсартылады, оның  қорын  молайтып,  ұқыпты  пайдалануга  мумкіндік  туады.
Мысалрға, шөлді  жене  шөлейт  жерлерді  суландыру,  орман  отырғызу,  жерді
көгалдандыру, өсімдіктердің құнды турлерін  көбейту,  жалпы  табиғи  ортаны,
ондағы өсімдіктер, жан-жануарлар дүниесін корғауды атауға болады.
      Ал екінші жағынан, табиғи  ортаны  бүлдіру  ауқымы  да  артып  келеді.
Мысалы,  ендірістің  кері  әсері  ретінде  табиғат  байлығының,  тугесілуін,
судың, жердің, атмосфераның ластануын,  орманның  жойылуын,  жердің  тозуын,
ауыл шаруашылық жерлерінің қазба  жұмыстарын  жургізуге,  құрылыстар  салуға
бөлінуін айтуға болады.
      Қоғамдық өндіріске  табиғаттың  жаңа  байлықтары  ұдайы  қосылып  және
оларды игеру мөлшері  артып  отырады.  Ғылыми-техникалық  жетістіктер  бұрын
игеруге  мүмкін  болмаған,  сапасы  төмен  табиғат   байлықтарын   өндіріске
қолдануға мүмкіндік  береді,  нәтижесінде  өндірістің  табиғи  ортаға  әсері
күшейеді, табиғат байлығын  пайдалану  мәселесі  шиеленісе  түседі.  Табиғат
байлығын пайдалану қарқынының артуы  халық  санының  өсуіне  де  байланысты.
Үстіміздегі ғасырдың басында жерде 1571 млрд. адам өмір сүрген  болса,  1990
жылы хапық саны 5300 млрд.-қа жетті, ал 2000  жылы  6  млрд.-тан  асады  деп
есептеледі.
      Халық санының өсуіне байланысты, халық тұтынатын өнімдерді  арттыруға,
оған шикізат ретінде табиғат  байлығын  пайдалану  мөлшерін  кеңейтуге  тура
келеді. Сонымен қатар табиғат байлығы қорының шексіз еместігін  де  ескерген
жөн. Әсіресе қалпына келмейтін  табиғат  байлықтарының,  оның  ішінде  отын-
энергия қорының тапшылығы сезілуде.  Түсті  металлдардың  көпшілігі  -  мыс,
қорғасын, мырыш, қымбат бағалы  металдар  тапшы  бола  бастады.  Олардың  әр
тоннасын өндіруге бүрынғыға қарағанда  анағұрлым  көп  еңбек  жұмсауға  тура
келеді.
      Осындай жағдайда экономикалық даму факторларының: еңбек  және  табиғат
қорының, өндіріс қүралдарының даму себеп-салдарын айқындай білу  қажет.  Бүл
факторлар  бір-бірімен  диалектикалық  байланыста   және   қарама-қайшылықта
болады. Қоғамның экономикалық өсуі  ендіріс  масштабымен,  табиғат  байлығын
игеру қарқынының артуымен, өндіріс күштерінің дамуымен  байланысты.  Сонымен
қатар   өндіріс   күштері   қоғам   мен   табиғаттың   қоғамдық-экономикалық
қатынастары негізінде қүрылады. "Адам және табиғи  орта"  жүйесінде  өндіріс
күштерінің,  өндіріс  қатынас-тарының  даму  процестерін  тереңірек   түсіну
қажеттігі  жаңа  экономикалық  ғылым  -  табиғат  пайдалану   экономикасының
қалыптасуын  туғызды.  Бұл  ғылымның  пайда  болуы  мен  дамуын  ең  алдымен
шаруашылық қажеттіліктен деп ұғу керек. Ұзақ уақыт экономика  және  экология
ғылымдары жеке-жеке ғылым салалары ретінде дамып келді,  олардың  өзіне  тән
ғылыми негіздері, әдістері болды. Қазіргі кезде табиғат  байлығын  пайдалану
және  табиғи  ортаны  қорғау  мәселелері   жүйелі,   кешенді   экономикалық-
экологиялық түр-ғыдан қарастыруды қажет етіп отыр. Табиғат  байлығын  тиімді
пайдалану табиғи  ортаны  қорғай  отырып,  қоғамның  әлеуметтік-экономикалық
қажеттілігін табиғат байлығымен қамтамасыз етуді талап етеді
      Табиғат байлығын пайдапану  экономикасының  пәні  -  қоғамдық  өндіріс
кезінде қалыптасатын қоғам мен табиғат арасындағы экологиялық,  экономикалық
қатынастар болып табылады.
      Табиғат  пайдалану  экономикасы:   табиғат   пайдалану   процестерінде
туындайтын экономикалық заңдылықтарды, өндірістің  табиғи  ортаға  тигізетін
әсерін және оның кері әсерінен қорғануды ұйымдастыруды:
• халық шаруашылығын табиғат ресурстарымен қамтамасыз ету жағдайларын;
•  табиғат  байлығын   экономикалық   бағалау   әдістерін,   табиғи   ортаны
бүлдіруден, табиғат байлығын ысырап етуден  келетін  зиян  мөлшерін  есептеу
әдістерін;
•  табиғат  байлығын  неғүрлым  тиімді  пайдалану,  табиғи   ортаны   қорғау
мүмкіндіктерінің тиімділігін айқындау жолдарын;
• табиғат байлығын тиімді пайдалануды табиғи  ортаны   қорғауды   басқарудың
экономикалық механизмін, оны жетілдіру бағыттары мен жол-дарын зерттейді.
      Табиғат  пайдалану  экономикасының танымдық негізі - қоғамның дамуының
экономикалық заңдарын зерттейтін  экономикалық  теория  болып  табылады.  Ол
экономикалық  заңцарға  сүйеніп  табиғат  байлығын  пайдалану,  оның   қорын
молайту  және  табиғи  ортаны  қорғау  жөніндегі   өндірістік   қатынастарды
зерттейді.
      Табиғат   пайдалану   экономикасы   тек   қана   экология-экономикалық
заңдылықтарды зерттеп қана қоймай, одан  туындайтын  өндірістік  мәселелерді
шешудің нақты экономикалық тетіктерін жетілдірумен де айналысады.
      Экология-экономикалық   қатынастар   мен   табиғаттану   және    басқа
экономикалық ғылымдарды  бір-бірінен  бөліп  қарастыруға  болмайды.  Табиғат
байлығын  пайдалану  экономикасы  әсіресе  халық   шаруашылығын   жоспарлау,
аймақтық  және  салалық  экономика,  статистика  және  талдау,  экономикалық
кибернетика және т.б. экономикалық ғылымдармен тығыз байланыста.
      Табиғат  пайдалану  экономикасы  техникалык,  ғылымдармен   де   тығыз
байланыста, өйткені өндірісті  экологиялық  талаптарға  сәйкес  ұйымдастыру,
жүргізу  барлық  ғылыми-техникалық  жетістіктерді  ескеруді   талап   етеді.
Техника - экономикалық  шешімдердің  де  тиімдісі  (дұрысы)  -  қолданылатын
техника мен технологияның және табиғи ортамен үйлесімділігі болады.
      Табиғат  пайдалану  экономикасы   география   ғылымымен   де   маңызды
байланыста. Аймақтық үйлесімділік, табиғат байлығының  орналасу  тиімділігі,
табиғат  байлығын  пайдаланушы  өндірістерді  орналастыру  тиімділігі,  т.б.
ортақ шешетін мәселелер.
      Табиғат пайдалану экономикасының  жалпы  әдістері,  бағытты,  мақсатты
зерттеулері жеке салалық  экономика  мәселелерін  шешуге  көмегін  тигізеді.
Салалық  экономика   табиғат   байлығын   пайдалану   экономикасынан   бүрын
қалыптасты. Сондықтан оларда теориялық, іс-тәжірибелік жинақталған  танымдар
табиғат пайдалану экономикасының қалыптасу негізі
болды.
      Табиғат пайдалану экономикасының негізгі атқаратын  міндеттері:  халық
шаруашылығында табиғат байлығын  тиімді  пайдалану,  табиғатты  қорғау,эконо
экономикалық басқару  механизмін  зерттеу  және  жетілдіру  болып  табылады.
Экономикалық басқару механизмі табиғат  пайдалануға  байланысты  үш  кезеңді
қамту керек: жақсарту (қалпына келтіру, қорғау), игеружәне ұқсату.
      Ең бірінші  кезекте  ғылыми-техникалық  жетістіктердің  табиғи  ортаға
әсерін  зерттеу  керек.  Күрделі  құрылыс  пен  өндірістің,   оның   қүрылым
тиімділігінің табиғи ортаны, табиғат қорғауға, тиімді пайдалануға  тигізетін
әсері, экологиялық басқару жүйесі  және  табиғи  ортаға  зиянсыз  шаруашылық
үйымдастыру, табиғатты қорғаудың халықаралық мәселелері  және  т.б.  табиғат
пайдалану экономикасының тақырыбы болып табылады.
      Табиғат пайдалану экономикасының ғылыми зерттеу негізі  -  диалектика.
Диалектикалық әдіс бойынша зерттелетін қүбылыс (зат) жан-жақты,  қайшылықта,
даму үстінде  қарастырылады.  Диалектикалық  әдіс  бойынша  ғылыми  ой-таным
жинақталған   іс-тәжірибені   қолданады.   Тәжірибедегі   кемшіліктері   мен
жетістіктерге  ғылыми  талдау  жасалып,  нәтижелері  іс  жүзінде  қолданылып
отырады.
      Табиғат пайдалану экономикасы үшін тарихи тану  әдісінің  маңызы  зор.
Әрбір қүбылыс қалай  пайда  болды,  қалай  дамыды,  қазіргі  жағдайы  қалай,
ертеңі  қалай  болмақ,  осы  түрғыдан  өткен   мен   бүгінгінің   байланысын
сабақтастыра зерттеп отырады.
      Табиғат пайдалану экономикасының негізгі әдістерінің бірі - жүйелілік.
Осы әдісті қолдану арқылы жүйені қүраушылар анықталады, олардың  бір-бірімен
қатынасы, бір-біріне ықпалы, жүйедегі алатын орны зерттеледі.
      Табиғат пайдалану экономикасында мөлшерлеу (нормалау) әдісі де кеңінен
қолданылады. Табиғат байлығын пайдалану  нормалары,  шектері,  ауада,  суда,
жер  бетінде  және  жер  қабатында  улы  заттардың  жинақталуы,  шоғырлануы,
таралуы, өнім шығаруға табиғат байлығын пайдалану  мөлшері,  қалдық  шамасы,
т.б. нормалар бекітіледі.
      Табиғат  пайдалану  экономикасында  аталғандармен   қатар   экономика-
математикалық, статистикалық  талдау,  сараптау  әдістері  кеңінен  қолданы-
лады. Табиғатты қорғау, табиғат байлығын пайдалану  шараларының  тиімділігін
арттыруда, экологиялық залалдың  алдын  алып,  болырмау,  сараптау  әдісінің
атқаратын қызметі зор. Табиғат  байлығын  пайдалану,  табиғи  ортаны  қорғау
шаралары сараптаудан өтпейінше іске асырылмайды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Халық  шаруашылығын  табиғат  ресурстарымен  қамтамасыз  ету   жағдайларын
атаңыз.
2  Табиғат  байлығын   экономикалық   бағалау   әдістерін,   табиғи   ортаны
бүлдіруден, табиғат байлығын ысырап етуден  келетін  зиян  мөлшерін  есептеу
әдістерін табыңыз.

       2. Дәріс. (3 сағат)
        Табиғи   ресурстардың   түрлері   мен   пайдалану   сипаты   бойынша
классификациясы.
      1.Табиғи ресурстардың түрлері
      2.Пайдалану сипаты бойынша классификациясы.


      Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану  табиғаттың
және  қоғамның  даму  заңдылықтарына  сүйеніп  жүргізіледі.   Заңдылықтардың
үйлесімділігі және жүргізілген шаралардың осы  заңды-лықтарға  сәйкес  болуы
басты  міндет.  Табиғат  байлығын  пайдалану  және  табиғи   ортаны   қорғау
жуйесінде негізгі екі заңдылық тобын атауға болады. Бірінші, жалпы  заңдылық
-  табиғат  пен  қоғамның  қатынасындағы  ең  негізгі  тұрақты   байланыстар
заңдылығы, Екінші, өндіріс қатынасымен шектелген арнайы заңдылықтар.
      Осы заңдылықтар бойынша табиғат пайдалану  мына  төмендегі  принциптер
иегізінде жүргізілуі керек:
      1.  Басымдылық  принципі.  Табиғат  заңдылығының  қоғам   заңдылығынан
үстемдігі. Табиғат және қоғам жүйесінде табиғат заңдылығы  қатаң  ескеріліп,
сақталып отыруы керек.  Табиғат  -  қоғам  бірлестігі  табиғат  заңдылығымен
берілген, олар өзара тығыз байланысты. Осы байланыс  бұзылмау  ушін  адамзат
өзінің  табиғатпен   қатынасын  табиғат  заңдарына  сүйене  отырып  жүргізуі
керек. Табиғатқа  ықпал  жасау  сол  табиғат  заңдылығының  негізінде  болуы
керек. Бұл принципті сақтамау қоғамның дамуын тежеуге әкеп соғады.
      2. Табиғат пайдалануды әлеуметтік қажетке бағыттау  -  табиғатты  адам
игілігіне айналдыру  болып  табылады.  Табиғат  байлығын  пайдалануда  қоғам
мүддесі жеке салалардағы өндірістік мүдделерден жоғары қойылуы керек.
      3. Өндірісті экологиязациялау принципі. Өндірісті  экологиязациялау  -
табиғат қорын түгесілмейтін,  оған  нұқсан  келтірмейтін  технология  арқылы
өндірісті үйымдастыру, экологиялық  еңбектің  өнімділігін  арттыру.Өндірісті
экологиязациялау мына бағыттарда жүргізіледі: экологиялық жүйелерді  сақтау,
қалпына келтіру; шикізат өндіруде озық технология қолдану; шикізат  қорларын
үнемді пайдалану; қалдықсыз және аз  қалдықты  технология  қолдану;  табиғат
қорғау   шараларын   кеңіту;   өндірісті   экологиялық   талаптарға   сәйкес
орналастыру; табиғи ортаны ластауды азайту, жою, т.б,
      4. Табиғат байлықтарының қоғамдық пайдалылығын арттыру және  ұлғаймалы
қалпына келтіру. Табиғат байлығын пайдаланушы  салаларда  ұлғаймалы  өндіріс
мына төмендегі шарттар сақталғанда мүмкін болады:
      • шикізат өндіру қарқыны материалдық өндіріс  қарқынынан  төмен  болуы
керек;
      • шикізатты тиімді (өнімді) пайдалану арқасында өңдеуші салалардың өсу
қарқыны өндіруші салалардың өсу қарқынынан артық болуы керек;
      • қалдықсыз, аз қалдықты технология және табиғатты қорғау құрылымдарын
қолдану қарқыны табиғатқа нұқсан келтіруші салалардың өсу  қарқынынан  басым
болуы керек;
      • табиғат байлығын қалпына келтіру шараларының дамуы табиғат  байлығын
өндіруші салалардың өсуінен кем болмауы керек;
      •  табиғатты  қорғауға  жұмсалатын   қаржының   әсу   қарқыны   барлық
материалдық  өндіріске  жүмсалатын  қаржының  өсу  қарқынынан  артық  бо-луы
керек.
             5.  Табиғат  байлығын  пайдалануды  ғылыми   не-гізде   жүргізу
принципі.Табиғат  байлығын  пайдалану,  әсіресе  оның  тиімділігін   арттыру
мүмкіндігі  ғылыми  жолға  қойылғанда  ғана  мүмкін  болады.  Қазіргі  кезде
табиғат байлығын пайдалану аса  күрделі  процесс.  Табиғат  байлығын  қорғау
және тиімді пайдалану  процестерінің  табиғи  ортаға  әсерін,  әсіресе  ұзақ
мерзімдік әсерін ғылыми негізде ғана болжауға және тиімді бағытта  жургізуге
болады.
      6.   Оптималдық принцип.  Табиғат  байлығын  пайдалану  мумкіндіктері,
варианттары сан алуан. Олардың ішіндегі ең тиімдісін  оптималдық   принципін
қолданып анықтауга болады.
           7.  Аймақтык  принцип.  Табиғат  байлығының  аймақтық  орналасуы,
ресурстың бір  түрінің  екінші  турімен  бір  аймақта  үйлесімді  орналасуы,
орналасу тиімділігі аймақтық принципті қолдануға мүмкіндік береді,  Аймақтық
принцип табиғат байлығын пайдаланудың, табиғи ортаны  қорғаудың  тиімділігін
арттырудың басты негіздерінің бірі.
      8. Кешенділік. Табиғат  байлықтары  адамзаттың  сан  алуан  қажетгігін
өтейді, оларды  ұқсату,  өндіру,  өңдеу  әдістері  де  сан  қилы,  Сондықтан
кешенді пайдалануды талап  етеді.  Көптеген  материалдық  шикізат  табиғатта
таза түрінде кездеспейді, қоспа  турінде  болады.  Сонымен  қоса  минералдық
шикізатты өндіргенде, одан әлдеқайда мол мөлшерде  тау  жыныстары  қазылады.
Негізгі өнімдермен қатар  жанама  өнімдері,  өндіріс  қалдықтарын  пайдалану
кешенділік негізінде ғана жүзеге асады.
9. Нарыктың заңдарына сәйкес барлык табиғат  байлықтарын  пайдалану  төлемді
болуға  тиіс.  Төлемділік  принципінің  негізінде  ғана   табиғат   байлығын
пайдалану, табиғи ортаны қорғау тиімділігін арттыруға болады.
      Сонымен, табиғат қорғау және оның байлықтарын  тиімді  пайдалану  бір-
бірімен тығыз байланысты  кешенді  мәселе  және  олардың  жиынтығын  табиғат
пайдалану деп атаймыз. Табиғат пайдалану экономикасы  ғылымның  жеке  саласы
ретінде өзге ғылымдармен байланысты дамиды  және  көп  мәселелерді  қамтитын
сипатта болады. Табиғат қорғау мен  пайдалануды  үйлестіру  қажеттігі  күмән
тудырмайтын ақиқат. Былайша айтқанда, табиғат пайдалану міндетті  түрде  оны
қорғаумен ұштастыруды талап етеді.  Оның  үстіне  ол  бүкіл  әлемдік  мәселе
болып  табылады.   Сондықтан   табиғат   пайдалану   экономикасы   экология-
экономикалық  байланыстарды  қоғамдық  өндірістің,  табиғат   қорғау,   оның
байлығын ұлғаймалы молайтудың эко-номикалық тиімділігін арттыру үшін  саналы
түрде басқару деп қарастырамыз. Табиғат пайдалану түсінігі табиғат  қорғауды
қамти отырып көп мағынада қолданылады.
      Табиғат пайдалануда жіберілген кемшіліктердің  бірі  -  мәселнні  жеке
биологиялық,  физикалық,  механикалық,  географиялық,  қүқықтық,   денсаулық
сақтау, философиялық түрғыдан қарастыру.  Мәселенің  әлеуметтік-экономикалық
жақтары  нашарлау  зерттелді.  Жеке  өндірістің   салаларында   да   табиғат
жүйесінің  жеке  заттары  оларды  өсіру,   қорғау,   пайдалану   түр-ғысынан
қарастырылып, кешенді зерттеуге көп көңіл бөлінбеді. Егер  мәселе  табиғатты
пайдалану түрғысынан зерттелсе, табиғат қорғау назардан тыс қалдырылды  және
керісінше, табиғат қорғау шараларын қарастырғанда тиімді пайдалану  мәселесі
ойластырылмады.
      Табиғат қорғау және  пайдалану  мәселелері  табиғи  кешендер  бойынша,
аймақ бойынша және жеке табиғат жүйелерін,  ресурстарын  пайдалану  бойынша,
жалпы кез - келген жағдайда кешенді  қарастырылуы  керек,  В.И.Вернадскийдің
айтуы   бойынша   биосфера   біртұтас   зерттелуі   керек,   өйткені    жеке
организмдердің дамуы бүкіл биосфераның эволюциялық да-муымен байланысты.
      Табиғат  пайдалану  мәселелерін  зерттеудің  біртүтастығына  жету  өте
күрделі. Сондықтан оған  жеке  мәселелерді  іс-тәжірибелік  тұрғыда  зерттеу
арқылы  жетеміз.  Сонымен  қатар  табиғат  қорғау  мен  пайдаланудың   жалпы
мәселелерін қарастыру  арқылы  нақты  мәселелердің  шешімін  табамыз.  Жалпы
заңдылықты білмей жеке мәселелер шешілмейді. Зерттеуде жал-пыдан  -  жекеге,
абстракциядан - нақтыға, одан іс-тәжірибеге көшу әдісі қолданылады.
      Табиғат пайдалану халықаралық мемлекеттік және  аймақтық  (жергілікті)
мәселе.  Сондықтан  барлық   деңгейде   қарастырылады.   Табиғат   пайдалану
дәрежесін  бағалау  әдістері  барлық  деңгейді  қамтитын  және  ал-дын   алу
сипатында болуы керек. Өйткені табиғатқа әсерді, оның сипатын, зиянын  алдын
ала бағалау оны болдырмау шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.  Табиғат
пайдаланудың   мемлекеттік   және   жергілікті   мәселелерін    экономикалық
механизмдерді  жетілдіру  арқылы  шешуге  болады.  Бұл   табиғат   пайдалану
экономикасының міндеті. Сонымен қатар табиғат пайдалану экономикасы  табиғат
қорғау заңдарына сүйенеді және заңдардың  орындалуын  үйымдастыру,  бақылау,
экономикалық ынталандыру тәсілдерін үйретеді.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Табиғи ресурстардың түрлері
2.Пайдалану сипаты бойынша классификациясы.

      3. Дәріс. (3 сағат)
      Республиканың табиғи – ресурстық потенциалы. Экология мәселелері.
      1.Республиканың табиғи – ресурстық потенциалы.
      2.Экология мәселелері.


      Жер ең негізгі табиғат байлығы. Ол барлық тіршілік көзі және өмір сүру
ортасы. Қазір адамдар  өздеріне  керек  қоректік  заттардың  88%-ін  егістік
жерлерден,  10%-ін  ормандар  мен  жайылымдардан,  2%-ін  теңіз  бен   мұхит
суларынан алады. Жер қорын қорғау және  тиімді  пайдалану  сондықтан  да  ең
негізгі, ешқашан маңызын жоймайтын өзекті мәселе.
      Қазақстан жер ауданы жөнінен әлемдегі тоғызыншы мемлекет.  Оның  жалпы
жер ауданы 271,7 млн. га, оның ішінде ауыл  шаруашылық  жерлері  222,3  млн.
га.  Жерді  пайдалану  бағыттарына  қарап:  ауыл  шаруашылық  жерлері,  елді
мекендер орналасқан жерлер, өндіріс, қатынас,  байланыс,  қорғаныс,  табиғат
қорғау, денсаулық сақтау, демалыс, курорттар, қорықтар, тарихи  және  мәдени
маңызы бар жерлер, орман қорының жерлері, су  қорының  жерлері,  мемлекеттік
қордағы жерлер болып бөлінеді.
      Қазақстанның жер ауданы көп болғанымен,  шаруашылыққа  қолайлы  жерлер
көп емес, егістікке жарамды жер 34,9 млн. га, барлық  жердің  12,8%-і  ғана.
Жер қорының өдәуір белігінің сапасы темен: 77 млн. га эрозияға ұшыраған;  75
млн. га сортаң жер; егістіктің басым бөлігі ылғалмен  жеткілікті  қамтамасыз
етілмеген,  58%-тен  астамы   "қауіпті"   (шөлейтті)   аймақта   орналасқан;
жайылымның 69%-і шөл  және  шөлейтті  аймақта,  оның  60%-інің  жемдік  қоры
нашарлаған, 22%-ін тікен  және  басқа  мал  жайылымына  жарамсыз  өсімдіктер
басқан, 15%-і эрозияға ұшыраған.
      Уақыт факторын ескеріп  экономикалық  бағалау  79  920  теңге  болады.
Сонымен, оптималдық схема таң-алған стратегияға байланысты: алғашқы  жылдары
көп пайдалану;  біркелкі  пайдалану;  алғашында  шек-теп,  соңынан  ұлғайтып
пайдалану болуы мүмкін.
Экология мәселелері.Қазіргі кезде қоғам  мен қоршаған ортаның ,  сондай  –ақ
қоршаған ортаға  байланысты   тұлғалардың  іс-әрекеті   құқық  нормаларымен 
белгіленген  өзара   қарым-қатынастарды  зердеуден  басталады.  Қазақстанның
экологиялық құқығы  құқық  саласы  ретінде   1917  жылы  Қазан  төңкерісінен
кейін,  ғылымда   Кең  мағынадағы  жер  құқығының  құрамында  пайда  болған,
Бастапқы  кеде  бұл  сала   табиғи  ресурстарды   пайдалану    мен   қорғау 
жөніндегі  қоғамдық қатынастарды  реттеп  отырды  .  Кейін  табиғат  қорғау 
нормаларының дамуына байланысты  бірнеше  дербес   құқық  салаларының  пайда
болуына   әкеп  соқтығ  олар-жер,   су,   орман,   тау   құқығы.   Қазақстан
Республикасы экологиялық заңнамасының негiзгi принциптерi:
1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету;
2) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
3) экологиялық қатынастарды реттеу кезiндегi экожүйелi көзқарас;
4)  қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы  мемлекеттiк  реттеу  және  табиғи
ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару;
5) қоршаған  ортаны  ластаудың  және  оған  кез  келген  басқа  түрде  залал
келтiрудi болдырмау жөнiнде алдын алу шараларының мiндеттiлiгi;
6)   Қазақстан   Республикасының   экологиялық   заңнамасын   бұзғаны   үшiн
жауаптылықтан бұлтартпау;
7) қоршаған ортаға келтiрiлген залалды өтеу мiндеттiлiгi;
8) қоршаған ортаға әсер етудiң ақылы болу және оған рұқсат алу тәртiбi;
9) табиғи  ресурстарды  пайдалану  мен  қоршаған  ортаға  әсер  ету  кезiнде
неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеушi технологияларды қолдану;
10) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органдар  қызметiнiң  өзара
әрекеттестiгi, үйлесiмдiлiгi мен жариялылығы;
11) табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға,  азайтуға
және оны жоюға, қалдықтарды кемiтуге ынталандыру;
12) экологиялық ақпараттың қолжетiмдiлiгi;
13) табиғи ресурстарды  пайдалану  мен  қоршаған  ортаға  әсер  ету  кезiнде
ұлттық мүдделердi қамтамасыз ету;
14)  Қазақстан  Республикасы  экологиялық  заңнамасының  халықаралық   құқық
принциптерiмен және нормаларымен үйлесуi;
15) жоспарланып  отырған  шаруашылық  және  өзге  де  қызметтiң  экологиялық
қауiптiлiгi презумпциясы және оны жүзеге асыру  туралы  шешiмдер  қабылдаған
кезде  қоршаған   ортаға   және   халықтың   денсаулығына   әсерiн   бағалау
мiндеттiлiгi болып табылады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Республиканың табиғи – ресурстық потенциалы.
2.Экология мәселелері.

      4. Дәріс. (2 сағат)
      Минералды-шикізат ресурстары және пайдалы кеңдер
      1.Минералды-шикізат ресурстары
      2.Пайдалы кеңдер

      Минералдык  қорлар.  Бұл  қордың  қатарына  металл  жөне  металл  емес
затгардың кен көздері - мұнай, газ, тас көмір жөне жер асты  сулары  жатады.
Аталған дүниеліктердің пайда болуы немесе қайта қалпына  келуіне  қарағанда,
оларды пайдалану  қарқыны  өте  жоғары  болғандықтан,  олар  сарқылатын  қор
түріне жатады.  Бүл  орайда,   аталған   дүниеліктерді,   олардан   алынатын
шикізаттарды қалдыксыз өндеудің орасан зор маңызы  бар  екендігін  атап  өту
қажст. Кейбір минералдық  заттар  адам  тіршілігіне  ауа  мен  судай  қажет.
Мысалы. ас  түзы,  ізбес,  қүм,  фосфорит,  калий  түздары,   т.б.   Бұларға
қарағанда,  металл  жөне  мұнай-газ  кен  көздерінің  қоры   шектеулі   және
шағындау. Минералды  ресурстырдың  әр  түрлері  мен  қоры   бойынша   біздің
республика әлемде  алдыңғы  орынға  ие.  Оның  қорында  Менделеевтің  барлық
элементтері  кездеседі.  Негізгі  темір  рудалары  ауданы  болып   Солтүстік
Қазақстан саналады, онда Соколов-Сарыбай, Қашар, Қорытын көл және  т.б.  кен
орындары  бар.  Қара  металлдарды  Шығыс   Қазақстан   облысында   өндіреді.
Қазақстан поллиметалл рудаларына да бай, түрлі-түсті металлдар, көздерін  де
кездестіруге болады. Батыс және Оңтүстік  Қазақстанда  фосфорит,  шаруашылық
материалдар шоғырланған.
       Климаттық  ресурстар.  Қазақстан  Республикасының  территориясы   кең
болғандықтан әр түрлі климатты адапторлар қалыптасқан. Күн энергияының  қоры
үлкен және Оңтүстік Қазақстанда  вегетациялық  периодтық  ұзақ  жылу  сүйгіш
өсімдіктерді  өсіруге  мүмкіндік  береді.  Күн  энергиясы  үйлерді  жылытуға
мүмкіндік береді. Қазақстан жел ресурстарына да бай. Жел жиі  болып  тұратын
аудандарда энергия желін пайдаланады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Минералды-шикізат ресурстары
2.Пайдалы кеңдер

      5. Дәріс. (3 сағат)
      Жер ресурстары
      1.Өндіріс айналымынан алып тасталған жер.
      2.Көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша ұсынымдар.
      3.Халықаралық келiсiмдер
      4.Көрсеткішті ұсыну бойынша ұсынымдар
      Статистиканың негізгі мақсаты жер ресурстарын  қорғау  жиынтығы  болып
табылады, ақпаратты жинақтау және жариялау, жер ресурстарын зиянды  заттарды
(өнімдерді) тиімсіз қолданудың ластануынан немесе тікелей  арнайы  қолданбау
бойынша, өзге де заңсыз әдістермен жерді қолдану,  сондай-ақ  құнарсызданған
топырақты қайта қалпына келтіру және  орнына  қайта  келтіру.  Мұнда  зиянды
тасымалданатын, сондай-ақ су және ауа эрозиясы, дефляциясы, су басумен  және
батпақтануды, сорлану және  басқа  да  анологты  үрдістермен  күрес  бойынша
жұмыс есебі жатады.
      Қоғамның жағдайы және жер ресурстарын  қорғау туралы ақпарат беру үшін
келесі негізгі көрсеткіштерді жариялап және зерттеп отыру керек:
    - өндіріс айналымынан алып тасталған жер
    - топырақтың эрозиясына ұшырағыш, аудандары
      Өндіріс айналымынан алып тасталған жер. Осы көрсеткіш қоршаған  ортаға
бағасының санына әсерін қамтамасыз ету мүмкіндігі және табиғи және  жартылай
табиғи територияларына салынатын жерлерге тарату тенденциясын сипаттайды.
      Жердің  көліктік инфрақұрылымдық обьектілерінен, қалалық құрылыс салу,
полигон қалдықтары, қоқыс тастайтын жер,  қоқыс  қоймалары  және  бос  жыныс
үйінділеріне бөлінуіне байланысты қоршаған ортаға маңызды негативті  әсеріне
ғана емес топыраққа жүктеменің өсуімен байланысты  және  керіснше  көлікпен,
шумен, ресурстарды қолданумен қалдықтарды  орналастыру  мен  және  ластаумен
байланысты әсеріне қарсылық білдіреді. Көліктік  желілер,  қала  дәнекерігі,
жасанды ландшафт бөлшектеніп және құлдырауға мүмкіндік туғызады.
      Қалалық құрылыс  салуды  кеңейту  сипатын  және  қарқынын  негізгі  үш
фактормен ескереді: әлеументтік-экономикалық дамумен,  тұрғын  үйге  сұраныс
және көлік жүйелерінің ұзақтығы. Жоғарғы пайызбен територия жерлеріне  қоқыс
тастау үшін қолданылатын, полигонның  қалдықтарын,  қалдық  қоймаларын  және
бос жыныс үйінділерін ресми және бейресми қалдықтарды көму тұрақсыз  дамудың
көрінісі болып табылады.
      Елдегі көліктік инфрақұрылым, құрылыс салу, полигондардың қалдықтарын,
қоқыс  тастайтын  жер,  қалдық  қоймаларын  және  бос  жыныс   үйінділерінің
көрсеткіші  алып  тасталатын  жердің  алаңы  сияқты  анықталады.   Гектармен
өлшенеді.
      Көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша ұсынымдар.
      Елдегі жалпы  алаңның  қатынасы  бойынша  көліктік  инфрақұрылымдарда,
қалалық құрылыс салуда және полигон қалдықтары, қоқыс тастайтын жер,  қалдық
қоймалары, және бос жыныс үйінділерінде қолданылатын әр түрлі жердің  орташа
өзгеруін  және пайыздық үлесін көрсеткішін қалыптастыру.
      Ұлттық  және  халықаралық  деңгейде  жерді  қодану  туралы  ақпараттың
сапасын жоғарылату мақсатында деректер қорын және  классификациялық  жүйенің
келісімі бойынша  жұмыс істеуде, көрсеткіштерді қалыптастыру үшін   ФАО  ООН
әдіснамалық  зерттемені  қолдану  ұсынылады.  Бұл  қызмет  зерттемені   және
хаттамаларды  анықтауды   қамтиды,   деректер   қорының   автоматтандырылған
құрылымы, жерді қолдану классификациялық құрылымы кең негізінде  келісілген.

      Қазіргі уақытта  Қазақстан  Республикасының  жер  ресурстарын  басқару
агенттігі бойынша  жекеменшік ведомствалық деректерді  және  әкімшілік  есеп
деректерін қабылдаумен  жерге  құрылыс  салу  көрсеткішін  қолдануға  сәйкес
инфрақұрылымдық обьектілері анықталады.
      Топырақ эрозиясына ұшыраған аудандар.Осы көрсеткiш жер жайылымдарының
желдiң және судың эрозиясына ұшырау  дәрежесіне баға беруге мүмкiндiгiн
қамтамасыз етедi.

      Топырақтардың эрозиясы қиындықпен өзгерілетін топырақ және  ландшафтың
сипаттарымен (бөктер  құламалығы,  топырақтың  түрi,  жауын-шашын  мөлшерi),
терасса қолдану,  желге  тосқауыл  жасау  (орман  алқабын  қоса),  соңдай-ақ
өсімдік жамылғының түрі, қалындығы  және  жасы  сияқты  факторларды  өзгерту
арқылы  едәуір  тез  өзгертілу  мүмкін  жер  пайдалану  сипатымен  ескертілу
мүмкін.
      Эрозия  -  табиғи  процесс,  дегенмен  көбiнесе  ол  адам  қызметтiнің
нәтижесінде   кенет   үдетіледi.   Көп   жағдайда   эрозия    ауылшаруашылық
топырақтардың  тұрақсыз  қолдануы,  iрi  шаруашылықтардың  қызметi,   малдың
шамадан тыс жайылымы, сонымен  бiрге  су  шаруашылығының  тиiмсiз  ирригация
жүйелері және басқарудың нәтижесi болып табылады.
      Ауыл шаруашылығын жүргiзу жүйесі - топырақтардың сапасына әсер  ететiн
ең маңызды факторлардың бiрi. Өз кезегiнде  топырақтардың  эрозиясы  өсiмдiк
шаруашылығының  өнiмдiлiгiнiң  жоғалуына  және  көбiнесе   топырақтар   үшін
қайтымсыз залалға әкеп соқтыратын тиімсіз агротәсілдердің қолайсыз  әсерінiң
өте көрнекi көрсеткiшi болып табылады.
      Осы көрсеткiш көмегiмен эрозияға ұшыраған территорияға,  топырақтардың
сипаты мен серпінінің  құлдырауына  баға  беріледі  (ұзақ  мерзiмге  уақытша
қатарлардың бар болуы жағдайында), бiр уақытта бұл көрсеткiш эрозияға  қарсы
шаралардың  жоспарлауына  мүмкiндiктi  қамтамасыз   етедi.   Көрсеткiш   км2
өлшенедi.
      Халықаралық келiсiмдер
      Осы көрсеткiш бойынша негiзгi халықаралық келiсiм -  шөлденумен  күрес
бойынша  Бiрiккен  Ұлттар  Ұйымының  конвенциясы   (нью-йорк,   1994   жыл).
Топырақтар эрозиясының көрсеткiшi Конвенцияның  10-шi  бабының  талаптарының
орындау төңiрегiндегi  ұлттық  деңгейде  жеткен  өрлеудi  қамтып  көрсетедi.
Қандай  болмасын  нақты  мақсаттық  көрсеткiштер  орнатылмасада,   эрозияның
дәрежесiнiң  төмендетуiнiң  және/немесе  топырақтардың   эрозияға   ұшыраған
аумақтардың  пайыздық  үлесін  және  территориясын  төмендету  мақсат  болып
табылады.
      Көрсеткішті ұсыну бойынша ұсынымдар
      Деректерді жинау жерлердің (ішкі су айдындары немесе тасқын сулары бар
территорияларды қоспағанда) және ауыл шаруашылығы жерлердің (жеке  фермерлік
құрылыстары, аулалары және оларға жалғай салынған құрылыстары бар  жерлерді,
сондай-ақ өңделмейтін  үлкен  емес  жер  телімдері,  ылдидағы  жерлер,  жаяу
жүргіншілерге  арналған  жолақтар,  траншеялар,  қорғау  жолдары  және   жол
жиектері сияқты уақытша өңделмейтін жерлерді ескеріп) жалпы  ауданы  бойынша
бөлек жүргізуге ұсынылады.
      Желдік  және  су  эрозиясы  (жазықтық  шаю,  шұқанақтар  мен  жыралар)
топырақтың  таза  ысырап  ретінде  бағалануы  және  төрт   санаттың   біріне
жатқызылуы мүмкін: маңызды, бірқалыпты,  маңызды  және  өте  маңызды.  Бұдан
басқа,  эрозияны  визуалды  немесе   топырақтың   құнарлылығының   төмендеуі
негізінде анықтауға  болады.  Осы  альтернативті  әдістер  өзара  бірін-бірі
ауыстыратын аталған төрт  санатқа  қатысты  пайдалануы  мүмкін.  Көрсетілген
төрт  санат  деградацияға  ұшыраған  жерлердің  жалпы   алқабы   көрсеткішін
толықтыруы мүмкін. Топырақтың эрозиясы көрсеткіші қатаю, малдың шамадан  тыс
жайылуы,  қайталама  тұздау  немесе   құнарлылық   және   биоәралуандылықтың
төмендеуі сияқты көптеген маңызды топырақ  деградациясының  түрлерін  есепке
алмайды. Ол сондай-ақ жолдар салу мен туризм  салдарын  ескермейді.  Топырақ
эрозиясының көрсеткішін бес жылда бір реттен кем емес бағалауға ұсынылады.
      Халықаралық ұсынымдар ретінде келесі  материалдарды  пайдаланған  жөн.
БҰҰ ЕЭК жерді пайдаланудың стандартты халықаралық  статистикалық  жіктелімін
қабылдады.  ЮНЕП  және  ФАО  әзірлеген  топырақтың  деградациясын   жаһандық
бағалау топырақ эрозиясының дәрежесін  жіктейтін  анықтауларды  мазмұндайды.
Жаһандық және ұлттық топырақтық деректер базасын  жасау  үшін  әдіснама  бар
(топырақ пен жер-су  сандық  деректер  базасы  -  SOTER).  Сондай-ақ  АҚШ-та
(топырақ ысырабының  универсалды  теңдеуі)  және  басқа  да  кейбір  елдерде
әзірленген жел және су  эрозияларының  әдіснамалары  маңызды  болуы  мүмкін.
Қазіргі  кезде   шөлейттенумен   күрес   бойынша   Біріккен   Ұлттар   Ұйымы
конвенциясының   Ғылым   және   технология   комитеті   тиісті   халықаралық
стандарттарды әзірлеуде.
      Қазіргі уақытта көрсеткішті  Қазақстан  Республикасы  Жер  ресурстарын
басқару  агенттігі  ведомстволық  деректерді  және  әкімшілік   есепке   алу
деректерін пайдаланып қалыптастырады
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Өндіріс айналымынан алып тасталған жер.
2.Көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша ұсынымдар.
3.Халықаралық келiсiмдер
4.Көрсеткішті ұсыну бойынша ұсынымдар


      6. Дәріс. (3 сағат)
      Су ресурстары
      1 Су ресурстары
      2.Су қорын пайдалану-тұтыну және пайдалану
      Еліміздің су қоры үлттық байлық болып табылады. Оны қорғау мемлекеттің
және жалпы халықтың міндеті, Сондықтан, су қоры есепке алынып, саны,  сапасы
қадағаланып, су қорғау және тиімді пайдалану шаралары  жоспарланып  отырады.
Қазіргі кезде барлык су қорының кадастрлары жасалған.  Онда  өзендегі  судың
бір жылдық (орташа)  ағып  өтетін  мөлшері,  көлдегі,  мұздықтағы  және  жер
астындағы судың жалпы қоры, сапасы есепке алынған.
      Республикамызда  үлкенді-кішілі  2174  өзен  бар.  Жалпы  өзендер  мен
бүлақтарды қоса есептегенде олардың  саны  85  мыңға  жетеді.  Мүның  ішінде
Ертіс, Сырдария, Жайық, Есіл өзендерінің әрқайсысының үзындығы 1 мың  км-ден
асады. Барлық өзендерден жылына 102  млрд.  текше  м  (м3)  су  ағып  өтеді.
Алайда  ірі   өзендердің   көпшілігі   Республикамыздың   шекарасына   жақын
аймақтарда орналасқан да, бастауын басқа елдерден  алады.  Жеріміздің  басым
бөлігі өзен  сулары  тапшы  шөлейтті  аймақта.  Орталық  далалық  өзендердің
деңгейі қар суымен қалыптасады, олар  ылғал  аз  жылдары  таязданады  немесе
қүрғап қалады. Тау өзендері мұздықтардан  басталады.  Сондықтан  су  деңгейі
жыл маусымына қарай және әр жылда едәуір өзгеріп отырады.
      Қазақстанда жер асты суларының барланған қоры  45  млрд.  текше  метр.
Одан жылына 750 млн.  м3  су  алынып  пайдаланылады.  Болашақта  пайдалануға
болатын су қоры шамамен 53 текше км деп есептеледі.
      Көлдердегі түщы су қоры 57 текше км, ал ащы суды қоса есептегенде  190
куб. км. Арал, Каспий  теңіздерінен  басқа  48  мыңнан  астам  көл  бар.  Су
бетінің (акватория) аумағы 45  мың  шаршы  км.  Оның  ішінде  аумағы  1  км2
аспайтын шағын көлдер жалпы санының 94%-ті, ал аумағының 10%-і.  Аумағы  100
км2-ден асатын көлдер  21  -  жалпы  ауданы  27  мың  шаршы  км.  Республика
территориясында көлдердің орналасуы да біркелкі емес.
      Алтай, Сәуір, Жоңғар, Теріскей,  Күңгей,  Іле  Алатауларында  2700-дей
мәңгі мүздықтар бар. Олардың жалпы су қоры 95 текше км. Жылына олар 2  текше
км су береді.
      Судың ағысын маусымдық реттеп отыратын су тоспаларындағы  су  қоры  48
текше км. Тоспалардың жалпы саны 180-нен астам.
      Жылдық атмосфералық жауын-шашын суының көп жылдық орташа жылдық шамасы
662 км3.
      Су қорын пайдалану-тұтыну және  пайдалану  түрінде  болуы  мүмкін.  Су
пайдаланғанда ол су көзінен бөлініп алынбайды. Мысалы, су  балық  өсіру,  су
тасымалы,  энергия   өндіру,   климат   түзеу,   демалыс,   сауықтыру   үшін
пайдаланылады. Өнеркәсіпте, егіншілікте коммуналдық шаруашылықта, ауыз  суға
су  түтынылады,  су  көзінен  бөлініп  алынады.  Бірақ  осы  ерекшеліктеріне
қарамастан, аталған екі ұғым кең қолданыста, тең мағынада қолданыла  береді.
Біздің кітабымызда да осындай  түрмыстық  қолданысқа  жол  берілген.  Арнайы
бөлшектеп көрсету көпшілік жағдайда су пайдалану, яғни түтыну деп айтамыз.
      Қазақстанда соңгы жылдары су пайдалану жылына 83  мпрд.  м3-ге  жетті,
оның ішінде тікелей су түтыну 44%, 40% - ті  су  тұтынуды  қамтамасыз  етуге
жүмсалады. 16%-ті ысырап болады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1 Су ресурстары дегеніміз не
2.Су қорын пайдалану-тұтыну және пайдалану




      7. Дәріс.  (2 сағат)
      Орман ресурстары.
1.Орман ресурстары
2.Орман қорын кешенді пайдалану


      Жер бетіндегі өсімдіктер  әлемінде  ең  маңыздыларының  бірі  -  орман
болып табылады. Орман  ауадағы  көмір  қышқыл  газын  сіңіріп  алып,  өзінен
оттегін бөліп шығарады, яғни ауадағы оттегі мен көмір  қышқыл  газ  балансын
қамтамасыз етушілердің бірі  және  негізгісі  болып  табылады.  Салыстырмалы
түрде айтқанда орман жердің өкпесі іспеттес. Бір гектар орман тәулігіне 220-
280 көмір қышқыл газын сіңіріп алып,  180-200  кг  оттегін  бөліп  шығарады.
Орман ауаны тазартушы, сауықтырушы қызметін атқарады. Бір  гектар  ормандағы
жапырақты  ағаштар  бір  күнде  2  кг  фитонцид  бөліп  шығарады,   қылқанды
жапырақтар - 5 кг, ал арша  тектестер  .-  30  кг-нан  астам.  Орманда  ауру
тудыратын   микробтардың   күрт   азаятындығы   байқалады.   Қала   ауасымен
салыстырғанда орманда мүндай  бактериялар  300  есе  кем.  Қылқан  жапырақты
ормандағы  ауаның  тазалығы  хирургиялық  операция  бөлмесіндегімен  бірдей.
Сондықтан қалалардағы, елді мекендегі орман  алқаптары  (парктер,  скверлер,
т.б.) маңызды денсаулық сақтау, сауықтыру қызметін атқарады.
      Орман топырақтың  құнарлылығын  сақтайды,  жердің  тозуын  (эрозиясын)
болдырмайды. Орман жердің көркі, жанның  саясы.  Орман  су  көздерін  қорғау
қызметін  атқарады,  ауыл  шаруашылық  жерлерін,  қатынас  жолдарын  -   жел
эрозиясынан, құм, шаң басудан қорғайды.
      Орман халық  шаруашылығына  қажетті  құнды  материал  -  ағаш  береді.
Орманда  дәрілік,  тағамдық,  техникалық,   өсімдіктер,   жеміс   -   жидек,
саңырауқұлақтар  өседі.  Орман  ағаштарынан  құнды  шырын,  шайыр   алынады.
Орманда түрлі жан-жануарлар, қүстар, жәндіктер өмір сүреді.
      Қазақстан орман қорының жері 21,2 млн. га, оның ішінде ағашты алқап  -
9,1 млн.га. Орманнан жылына 2,0-2,4 млн. м3-ге  дейін  ағаш  даярланады,  ал
есептелген кесуге болатын шамасы 3-3,5 млн. м3-ге жетеді.
      Ағаш халық шаруашылығының барлық саласында қолданылады  деуге  болады.
Еліміз  жылына  11  млн.  м3-ге  жуық  (келтірілген  шама)  ағаш   өнімдерін
тұтынады. Орманнан ағаштан  басқа  да  пайдалы  өнімдер  алынады.  Қазақстан
ормандары негізінен табиғат қорғау қызметін атқарады.
      Қазақстан орман қорына бай емес.  Ағаш  және  ағаш  өнімдерінің  басым
бөлігі шетелдерден (көпшілігінде  Ресейден)  әкелінеді.  Сондықтан  елімізде
орман қорын қорғау, молайту және тиімді пайдалану  өте  езекті  экологиялық,
әлеуметтік-экономикалық мәселе.
      Орман қорын қорғаудың және  тиімді  пайдаланудың  басты  мәселесі  оны
ұдайы, үдемелі жаңғыртып отыру,  әсіресе  қүнды  ағаштардың  қорын  молайту.
Орман қоры ұзақ мерзімде қалпына келетін табиғат  ресурсы.  Сондықтан  орман
қорын  өсіру,  қорғау  ұзақ  мерзімдік  бағдарламалармен,  жоспармен  жүзеге
асырылуы тиіс. Орманда әр жылдық ағаштар  өседі.  Бұл  ағаш  өсіру  мен  оны
пайдалануды үйлестіруге мүмкіндік береді. Яғни ағашты өсіруге, оны  қорғауға
жүмсалатын  шығын  мен  оның   өнімдерін   пайдалану   процестері   үздіксіз
қайталанып отырады.
      Екінші мәселе - ағаш  даярлау  (кесу,  тасымалдау)  жұмыстарын  үқыпты
жүргізу керек. Бүл жүмыстар кезінде жас ағаштардың өсуіне нүқсан  келтірмеуі
қажет. Ағаш кесу орман ағаштарының қүрамына, жасына байланысты  белгіленеді.
Ағаш даярлау  кезінде  әсіресе  орманда  қүнды  ағаштардың  сақталуы,  қүнды
ағаштар кесіліп және  оның  орнын  басқа  қүндылығы  төмен  ағаштар  баспауы
қадағалануы тиіс. Ағаш даярланғанда оның  табиғи  өсуіне  зиян  келтірмейтін
техника, технологиялар қолданылуы керек.
      Үшінші мәселе -  орман  қорын  кешенді  пайдалану.  Орманды  тек  ағаш
даярлау үшін емес, оның басқа қызметтерімен үйлесімді  пайдалану.  Қазақстан
ормандарының басым бөлігі 1-топқа жатқызылған. онда тек  қана  күтіп-баптау,
сауықтыру, тазарту кесімдері жүргізіледі.  Бүл  топтағы  ормандар  негізінен
экологиялық қызметтер атқарады.
      Төртінші мәселе  даярланған  ағаш  қорын  кешенді  пайдалану,  ағаштың
сүрегін  ғана  емес  басқа  бөліктерін  де  (бүтақтарын,  түбірін,  қабығын,
қылқанын)  пайдалану.  Тақтай  тілуге  жарамсыз  қүндылығы  төмен  ағаштарды
пайдалану. Қазіргі кезде ағаш даярлау, өңдеу қалдықтарынан,  төменгі  сортты
ағаштардан  халық   шаруашылығына   қажетті   көптеген   бұйымдар,   өнімдер
(целлюлоза, картон, қағаз, ДСП, ДВП, жасанды талшық пластмасса, жем,  спирт,
дрожжи, глюкоза, т.б.) шығарылады.
      Кешенді пайдаланған әрбір ағаш ағаш кесуді қысқартуға, сөйтіп  орманды
қорғауға септігін тигізеді. Ағаш  өнімдеріне  көпшілік  қажеттілікті  ағашты
кешенді  пайдалану,  ағаш  қалдықтарын  пайдалануды  (макулатура   есебінен)
қамтамасыз етуге болады. Сөйтіп орман ағаштары басқа экологиялық,  қызметтер
үшін  сақталады.  Екінші  жағынан  ағаш  өсіру,  қорғау,  даярлау  шығындары
үнемделеді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Орман ресурстары
2.Орман қорын кешенді пайдалану



      8. Дәріс. (1 сағат)
      Ерекше қорғалатын табиғи территориялар (ЕҚТТ)
1.Мемлекеттік табиғи қорықтар
2.Ұлттық  табиғи саябақтар
3.Табиғи резерваттар
4.Табиғат ескерткіштері


      Табиғатты  қорғаудың  маңызды  формаларының  бірі  -  ерекше  қорғауға
алынған территориялар.  Ерекше  қорғауға  алынған  территорияларға  мыналар:
мемлекеттік табиғи қорықтар, ұлттық  табиғи саябақтар,  табиғи  резерваттар,
зоологиялық  саябақтар,  ботаникалық  саябақтар,  дендрологиялық  саябақтар,
табиғат ескерткіштері, табиғи қаумалдар, қорық аймақтары жатады.
      Мемлекеттік табиғи қорықтар  –  табиғат  қорғау  және  ғылыми  мекеме
мәртебесі бар  ерекше  қорғалатын  табиғи  аймақ,  оның  қызметінің  мақсаты
өзінің  аумағындағы  табиғи  процестер  мен  құбылыстардың  табиғи  барысын,
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерін, өсімдіктер  мен  жануарлардың
жекелеген түрлері мен қауымдастықтарын, әдеттегі  және  бірегей  экологиялық
жүйелерді сақтау мен зерделеу және оларды қалпына  келтіру  болып  табылады.
Мемлекеттік табиғи қорықтар  бар территорияларда табиғи қорларды  шаруашылық
пайдалануға тиым салынады, қорғаудың қорықтық ережелері орнатылады.
    Ұлттық  табиғи саябақтар – ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи -  мәдени
және рекреациялық құндылығы бар  мемлекеттік  табиғи-қорық  қорының  бірегей
табиғи   кешендері   мен   объектілерінің   биологиялық   және    ландшафтық
саналуандығын сақтауға, оларды  табиғат  қорғау,  экологиялық-  ағартушылық,
ғылыми, туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға арналған  табиғат
қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі  бар  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақ.
Олардың негізгі  мақсаты:  біріншіден  ұлттық  саябақтағы  табиғатты  қорғау
көзделеді. Екіншіден халықты рекреациялық қамтамасыз ету.
    Табиғи резерваттар – табиғи кешендердің биологиялық саналуандығын  және
олармен байланысты  табиғи  және  тарихи  -  мәдени  объектілерді  күзетуге,
қорғауға, қалпына келтіруге  және  сақтауға  арналған  жердегі  және  судағы
экологиялық жүйелерді қамтитын табиғат  қорғау  және  ғылыми  мәртебесі  бар
ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
    Табиғат ескерткіштері -  экологиялық, ғылыми, мәдени  және  эстетикалық
тұрғыдан  алғанда  жекелеген   бірегей,   орны   толмайтын,   құнды   табиғи
кешендерді, сондай-ақ  мемлекеттік  табиғи  –  қорық  қорының  объектілеріне
жатқызылған шығу тегі  табиғи  және  жасанды  объектілерді  қамтитын  ерекше
қорғалатын табиғи аумақ.
    Шығыс Қазақстанның ерекше қорғалатын аймақтарының құрылуының өз  тарихы
бар. Ерекше  табиғи  объектілердің  орналасу  жеріне  байланысты  қорғалатын
аймақтар құру ұсынысы қазіргі кезде ғылыми жоғары  бағаланады.  ХХ  ғасырдың
40 жылдарының басында бірінші қорықтарды  ұйымдастыру  әрекеті  Берел,  Қара
және Ақ Уба өзендерінің бастауынан қолға алынды. Бірақ соғыс жылдарында (40-
50 жылдарда) бұл  жоспарды  іске  асыруға  мүмкіндік  берілмеді.  Тек  60-шы
жылдардың ортасында Шығыс Қазақстанның қорықтық қорын құру  басталды.  1967-
1981 жылдарда республикалық, сонымен  бірге  облыстық  маңызы  бар  көптеген
қорғалымдар (заказник) мен табиғи ескерткіштер құрылды.  1978  жылы  облыста
Марқакөл мемлекеттік қорығы бірінші болып ұйымдастырылды.
      Шығыс  Қазақстан  облысындағы   құрылған   қорғалымдар   мен   табиғи
ескерткіштерді қалпына келтіру үшін шекті мерзім (10 жыл) берілген.  Олардың
көбі  заңдық  жоспармен,  «Республикалық  маңызы  бар   табиғи   мемлекеттік
қорықтар   мен   республикалық   табиғи   ескерткіштер   туралы»   Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 27 маусымындағы №877 Қаулысымен  қалпына
келтірілді.
       «Республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қорғалымдар мен  табиғи
ескерткіштер  тізімі»  келісімі  бойынша   Шығыс   Қазақстан   облысында   8
қорғалымдар  мен  1  табиғи  ескерткіш  тіркелген.  Қазір  Шығыс   Қазақстан
облысында 3  мемлекеттік  табиғи  қорықтар–Марқакөл,  Батыс  Алтай,  Алакөл,
сонымен  бірге  бір  ұлттық  парк  Катон   Қарағай   бар.   Олар   Қазақстан
Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғи  ресурстар  Министрлігіне
тіке тәуелді.
    Мемлекеттік табиғи қорықтар ұғымы және олардың негізгі қызметі.
1. Мемлекеттік табиғи қорық-табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі  бар
ерекше қорғалатын табиғи амақ, оның қызметінің  мақсаты  өзінің  аумағындағы
табиғи процестер мен құбылыстардың табиғи барысын, өсімдіктер мен  жануарлар
дүниесі объектілерін, өсімдіктер  мен  жануарлардың  жекелеген  түрлері  мен
қауымдастықтарын, экологиялық жүйелерді  сақтау  мен  зерделеу  және  оларды
қалпына келтіру болып табылады.
2. Мемлекеттік табиғи қорықтардың негізгі қызметіне:
 1)  мемлекеттік  табиғи  қорық  пен  оның  күзет   аймағының   биологиялық
 саналуандығын қорғау және қалпына келтіру режимін қамтамасыз ету;
 2) табиғат жылнамасын жүргізуді  қоса  алғанда,  мемлекеттік  табиғи-қорық
 қорының  экологиялық  жүйелерін,  объектілерін   зерделеу   және   олардың
 мониторингі жөнінде ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу;
 3) экологиялық-ағартушылық қызметті жүргізу;
 4) мемлекеттік табиғи қорықтың экологиялық  жүйелеріне  зиянды  әсер  етуі
 мүмкін шаруашылық және өзге объектілерді орналастыру жобалары мен схемалар
  мемлекеттік экологиялық  сараптамасына қатысу;
5) мемлекеттік табиғи қорық пен оның күзет  аймағының  аумағын  экологиялық-
ағартушылық, ғылыми және шектеулі туристік  мақсаттарда  пайдалануды  реттеу
жатады

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Мемлекеттік табиғи қорықтар
2.Ұлттық  табиғи саябақтар
3.Табиғи резерваттар
4.Табиғат ескерткіштері




9  Дәріс. (2 сағат)
Еңбек ресурстары, жұмыспен қамту және жұмыссыздық.
1.Еңбек  ресурстары  ұғымы  және   жұмыс   күшінің   әлеуметтік-экономикалық
сипаттамасы
2. Жұмыспен қамту, жұмыссыздық нысандары және түрлері
3.   Оукен заңы және жұмыссыздық деңгейін мемлекеттік реттеу
       Еңбек   ресурстары   және   жұмыс   күшінің   әлеуметтік-экономикалық
сипаттамасы
    Адамзат қоғамын зерттеудегі экономика теориясы,  адамның  бір  мезгілде
экономикалық игіліктер өндіруші әрі тұтынушы болып табылатындығы туралы  аса
маңызды қағидаларды негізге алады. Адам техника  мен  технологияларды  жасап
қана қоймай, оны пайдалану әдістерін анықтайды.  Өндірістің  жаңа  құралдары
өз кезегінде еңбекті жаңартады.
    Еңбек өнімділігі кұрылымының екі жағы бар: жұмыс  күші  немесе  еңбекке
қабілеттілік және тұтыну күші немесе тұтынуға қабілеттілік.  Еңбек  -  жұмыс
күшінің қызметі, ал тұтыну - тұтыну күшінің қызметі. Осыдан  адамда  еңбекке
қабілеттілікті, сондай-ақ  тұтынуға  қабілеттікті  калыптастыру  қажеттілігі
туады. Қазіргі экономика жүйесінде адам рөлін сипаттағанда бірқатар  ұғымдар
пайдаланылады: «экономикалық  адам»,  «адам  ресурстары»,  «адам  капиталы»,
«кәсіпкер», «жұмыс күші»,  «өндірістің  жеке  факторы»,  «еңбек  ресурстары»
т.с.с.
    Экономикалық адам  -  бұл  таңдау  бостандығы  бар,жеке  мүдделері  мен
мақсаттарын жүзеге асыруға ұтымды  шешім  қабылдайтын,нарықтық  экономиканың
басты шығармашылық субъектісі,еңбек ресурсы.
    Еңбек   нарығы   қызметінің   тетігін   (механизмін)   талдауда,   төрт
тұжырымдамадан тұратын көзқарас өмір сүреді:
    1.  Еңбек нарығының классикалық моделі, мұнда толық жұмыспен қамтамасыз
етілуі  нарықтың  экономикалық  нормасы  болып       табылады,       ал     
экономикаға мемлекеттің   араласпауы   ең   жақсы    экономикалық  саясат   
болып    табылады.    
    2.      Еңбек     нарығының      неоклассикалық      моделі,      еңбек
нарығында,   басқа   да   нарықтар   сияқты   баға   тепе-теңдігі  негізінде
әрекет етеді және  еңбек  нарығының  негізгі     реттеушісі,        жұмыс   
күшінің   бағасы   деп ұйғарады.
    Сонымен, еңбек нарығының икемділігі нарықтық бағалар тетігі арқылы іске
асырылған, жетілдірілген бәсекемен сипатталады,  мұнда  не  жекелеген  жұмыс
берушілер, немесе жекелеген жұмыскерлер  нарықтық  ахуалға  тұтасымен  ықпал
ете алмайды, жалақының тең ставкалары  нарыққа  қатысушылардың  жалпы  өзара
келісімдерімен анықталады.
    Еңбек нарығында қазіргі кезеңде жұмыс күшінің жаппай  қозғалуы  болуда,
оның сапалық және сандық құрамы үнемі өзгеріп тұрады.  Бұл  мәселелер  жұмыс
күшіне сұраныстың өзгеруін туғызады, яғни  өндірістің  ұлғаюы,  оның  дамуы,
құрылымдық өзгерістер жоғары білікті маман жұмыскерлерді талап етеді.
      Еңбек нарығы - бұл динамикалық, өзгермелі нарық.  Бұл  ірі  сегменттер
мен    ұсақ    секторлардың,     жұмыскерлердің     белгілі     санаттарының
(категорияларының)  және  жекелеген   экономикалық   агенттердің   сұранысы,
ұсынысы, еңбек бағасы мен байланысты. Онда адам ресурстарының  ірі,  орташа,
ұсақ бөлімдерінің үздіксіз айналысы  жүреді,  жұмыскерлердің  елеулі  бөлігі
тұрақты түрде халықтың экономикалық белсенді құрамына кіреді,  одан  шығады,
жұмысқа тұрады, қайтадан жұмыстан шығады т.с.с.
    3.     Еңбек нарығының кейнстік моделі  -  тұрақты  және  мықты   тепе-
теңсіздік  жағдайындағы  еңбек  нарығы.
    4. Еңбек нарығының монетаристік моделі экономи-каны тұрақтандыру   және
жұмыспен қамтамасыз етудің ақша-несие әдістерін жоғары қояды, сондықтан:
¬     нарық шаруашылығының ішкі  жүйесі  тұрақтылық  пен  өздігінен  қалпына
келтіруге ұмтылады;
¬        нарықтық    шаруашылықтағы     барлық     үйлеспеуші-ліктер     мен
орындамаушылықтар сыртқы араласудың нәтижесі;
¬     мемлекеттің араласуы, нарыктық шаруашылық фрикциондык және  құрылымдық
жұмыссыздықты толықтырады, ал өрлеу кезеңінде ол болмайды.
    Жұмыссыздық ретінде  әдетте,  статистикалық  зерттеу  кезінде  жұмыссыз
болған, бірақ жұмысты белсене іздеп жүрген және жұмысқа тұруға  дереу  дайын
адамдарды есептейді. Жұмысы бар, сондай-ақ толық емес  жұмыс  күн  уақытымен
жұмыс істейтіндер жұмыссыздарға жатпайды.
    Жұмыспен камтылғандар мен жұмыссыздардың  жиыны  жұмыс  күшін  құрайды.
Жұмыс күшінен шыққандар жұмысы жоқ бірақ еңбекке қабілетті адамдар,  жұмысты
белсене  іздеуші  оқушылар,  зейнеткерлер,  тұрғылықты  мекені  жоқтар,   үй
шаруашылығындағы  әйелдер,   сонымен   бірге   институционалды   мекемелерде
(жүйкеден ауыратындар ауруханасы, түрме т.б) ұзақ уақыт болған адамдар.
    Жұмыссыздық деңгейі жұмыссыздар саны мен жұмыс күші санының арақатынасы
немесе ай сайын жұмысынан айырылғандар үлесі мен ай  сайын  жұмыс  тапқандар
үлесінің арақатынасы ретінде анықталады.
    Жұмыссыздықтың   табиғи   деңгейі    (НАІКІІ)   елдің өткен 10 жылы мен
келесі  10  жылдағы  жұмыссыздықтың  нақты       деңгейінің        орта     
шамасымен      анықталады.
    Жұмыссыздықтың     болатын     табиғи     (тұрақты) деңгейінің  негізгі
себептері мыналар:
    1.      Жұмыссыздықты  сақтандыру  жүйесі  жағдайында  жұмыс     іздеу 
уақытының  көбеюі,  жұмыссыздар санының өсуіне және оның деңгейінің  артуына
ықпалын тигізеді.
    2.      Жалақының       тұрақтылығы       «жұмыссыздық-ты   күтуді»    
туғызады.      Жалақының      "қатаңдығы"  жұмыс  орындарының   салыстырмалы
жетіспеушілігіне      әкеледі,      еңбек ұсынысы сұраныстан асып кетеді.
    3.     Ұзақ мерзімді  кезеңдегі  жұмыссыздықтың  табиғи  деңгейінің    
ұлғаю     үрдісі     мыналармен сипатталады:
жұмысқа кірушілер; жұмыс іздеуден бас  тартушылар;  жұмысынан  айырылғандар;
жұмыстарын  аяқтағандар;  жұмыс  алғандар  т.с.с.  Бұл   өзгермелі   ағындар
қоғамдағы жұмыс күшінің нарықтық динамикасын сипаттайды.
 2.          Жұмыспен қамту, жұмыссыздық нысандары және түрлері
    Экономика жағдайын және экономикалық саясат тиімділігін жалпы бағалауға
экономика теориясы тәжірибесінде "кедейлік индексі"  жиі  пайдаланылады,  ол
макроэкономикалық   тұрақсыздықтың   екі   негізгі   көрсеткіштері   ретінде
жұмыссыздық пен инфляция деңгейі көлемін көрсетеді.
    Жұмыссыздықтың негізгі нысандары фрикциондық, кұрылымдық  және  циклдік
техникалық, конъюнктуралық, ерікті болып табылады. Олар үш түрде болады:
    •    тұйық;
    •    қазіргі;
    •    жасырын.
    Фрикциондық  жұмыссыздық  жұмыс  іздеу  және  күтумен  байланысты.   Ол
біліктілігіне байланысты жұмыс  күтумен  айқындалады  және  белгілі  уақытты
қажет етеді. Ол мамандықтың түрғылықты  мекен-жайдың  өзгеруімен  байланысты
т.с.с. Сондықтан фрикциондық жұмыссыздық ерікті және қысқа мерзімді болады.
    Құрылымдық  жұмыссыздық   ҒТП   салдарынан   "ескірген"   мамандықтарға
сұраныстың  өзгеруінен,  өндірістегі  техникалық   ығысулармен   байланысты.
Мұндай жұмыссыздық көбіне мәжбүрлеу және ұзақ мерзімді сипатта болады.
    Фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық жұмыссыздықтың табиғи  деңгейін
құрайды.
    Циклдік жұмыссыздық дегеніміз - жұмыссыздық деңгейінің табиғи  ауытқуы.
Циклдік  құлдырау  кезеңінде  фрикционалдық  және  құрылымдық  жұмыссыздықты
толықтырады,ал өрлеу кезеңінде ол болмайды.
    Егер жұмыссыздықтың нақты деңгейі өткен жылға қатысты  өзгермесе,  онда
нақты ЖҮӨ-нің өсу қарқыны жылына 3%  құрайды.  Бұл  қарқын  халық  өсімімен,
қаржының  қорлануымен   және   ҒТП-мен   қамтамасыз   етіледі.   Жұмыссыздық
деңгейінің әрбір 1%-ға ұлғаюында (өткен жыл көрсеткішіне қатысты) нақты ЖҮӨ-
нің өсу қарқыны 2,5% төмендейді.
    Жұмыссыздық, осылайша, қоғамның  бүкіл  экономикалық  өміріне  қолайсыз
әсер етеді. Ол ең алдымен экономикалық шығындарға  әкеледі,  ұлттық  өнімнің
нақты деңгейін төмендетеді.
    Жұмыссыздық адамдардың табыстан толық немесе жарым-жартылай айырылуына,
тұрмыс  деңгейінің  төмендеуіне  әкеледі.  Ол  қылмыстың  өсуін,  психикалық
аурулар санының көбеюін туғызады. Бұл әлеуметтік проблеманы  жеңілдету  үшін
мемлекет ішінара жұмыспен қамтуға немесе толық емес жұмыс  аптасына  қаражат
береді. "Артық" халықты  қысқарту  ретінде  әдетте  "жұмыс  орындарын  бөлу"
әдісін пайдаланады, бір  жұмыс  орнын  екі  жұмысшыға  жалақысын  төмендетіп
ұсынады. Осының нәтижесінде компанияларға салық жеңілдіктері туады.
    Жұмыссыздықты азайту үшін жұмыс орындарын қайта құру кезінде "мерзімнен
бұрын"  зейнеткерлікке   шығу   және   тұтынушыларға   ұсынылатын   қызметті
әмбебаптандыру   (универсализация)   есебінен   жұмыспен   қамтуды   кеңейту
тәжірибесі қолданылады. Мұндай әдіс, сөзсіз түрде сағаттық еңбек  өнімділігі
көрсеткішінің өсуіне әкеледі, бұл жұмысшы табысымен  салыстырғанда  қосылған
құнның өсім қарқынының неғұрлым жоғары екендігін көрсетеді.
    Халықтың артық қоныстануын жоюдың маңызды әдісі, жұмыссыздарды  жұмысқа
орналастыру  және  олардың  кәсіптік  даярлық  деңгейлерін   арттыру   болып
табылады. Мәселен, Англияда мынадай бағдарламалар жұмыс істейді:
    •    ұзақ уақыт жұмыссыз жүргендерге байланысты:
    •    жұмыс күшіндегі жастар үлесінің ұлғаюы;
    •    жұмыс күшіндегі әйелдер үлесінің ұлғаюы;
    •     экономикадағы    кұрылымдық    ығыстырулардың тым жиілігі.
     
3.         Оукен заңы және жұмыссыздық деңгейін мемлекеттік реттеу
    Батыс экономикалық теориясында және тәжірибесінде жұмыс күшін  ығыстыру
нәтижесіндегі тауар мен қызметтің әлеуетті  шығындарын  есептеу  Оукен  заңы
негізінде жүзеге асырылады. Оукен заңы жұмыссыздық деңгейі  өзгерісін  жалпы
ұлттық өнімнің (Ж¥Ө) өзгерісімен байланыстырады .
Y-Y’/Y’=B*(u-u’)
     
    мұнда:
    Ү - өндірістің нақты көлемі,
    Ү" - ЖҮӨ әлеуетті көлемі,
    и - жұмыссыздықтың нақты деңгейі
    u'- жұмыссыздықтың табиғи деңгейі
    B-  ЖҮӨ  циклдік  жұмыссыздықтың  динамикасына  сезімталдық  эмпиристік
коэффициенті.  Егер      жұмыссыз-дықтың      нақты      деңгейі      табиғи
түрдегіден   1%-ға жоғары  болса,  онда  өндірістің  нақты  көлемі  әлеуетті
түрдің өлшеміне тең болады. Р = 2,5%
    Бұл өсім 2,5 пен 3% әртүрлі экономистер жұмысындағы өзгерістер.
    Финляндияда қарт адамдар  бір  мезгілде  зейнетақының  3  түрін  алады:
кәрілігіне  -  мемлекеттен,  жұмыс  орнынан   -фирмадан   және   мемлекеттен
берілетін зейнетақы қорынан, оны құруға зейнеткердің өзі қатысады.
    Швецияда  әлеуметтік  сақтандырудың  тіптен   бірегей   құрылымы   бар.
Зейнетақы алатын адамдар жарналар үлесінің небәрі 1 %-ын құрайды, ал  қалған
99  пайызы  былайша  көрінеді:  мемлекеттен   -   27%,   жергілікті   өкімет
органдарынан - 31%, кәсіпкерлік фирмалардан - 41% алады.

 Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
    1. Жалақының мәнін түсіне білу; еңбек бағасы немесе жүмыс күші  күнының
бағасы; олардың арасындағы айырмашылық.
    2. Енбек нарығы дегеніміз не және  онда  тепе-теңдікке  қалай  жетеді? 
Ұлттық еңбек нарықтарының ерекшеліктері.
    3. Қазіргі кезеңдегі жұмыспен толык камтылу түсінігі
    4. Жүмыссыздықтың түрлері мен құрылымын айыра білу  және  оның  қазіргі
көрінісін талдау.
    5. Халықты әлеуметтік корғау  қажеттілігінің  пайда  болу  себептерін  
түсіндіру.   Халықты  кімнен   және   неден қорғау қажет?
    6. Өз    республикаңның    әлеуметтік    қорғау    жүйесінің  ұлттық   
ерекшеліктерін    және    тарихи    тәжірибесін дәлелдей білу.































                        Практикалық сабақ тақырыптары
1-тақырып:  Экологиялық қорықтану пәнінің  мақсаты,  мәні  мен  мазмұны.  (2
cағат)
Семинар сабақ
Сабақтың мақсаты: Экологиялық қорықтану пәнінің мақсаты,  мәні  мен  мазмұны
туралы оқып білу.
Сұрақтар
1 Экологиялық қорықтану пәнінің мақсаты қандай?
2.Экологиялық қорықтану пәнінің мәні мен мазмұны.
Әдістемелік  нұсқаулар:  Семинарға  дайындық  кезіндегі  негізгі  мақсат   -
ұсынылған әдебиеттер  тізімі  және  қосымша  мағлұматтарды  жинақтау  арқылы
берілген сұрақтарға  толық, әр тұрғыда талқыланған жауап  жазу  және  ауызша
дайындалу
Әдебиеттер:
 1. Винокурова «Природопользование». Учебник 8-9 класс.
 2. Ворощука А.Н. «Формирование окружающей среды».
 3. Дмитревский Ю.Д. Очерки социально-экономической географии: Развитие и
    проблемы. Л., 1990.
 4. Колотова Е.В. Рекреационное ресурсоведение: учебное пособие. М.: РМАТ,
    1999. – 135 с.
 5.  Оспанов Г.C. Бозшатаев Т.Г. «Экологиядан  оқу әдітемелік құрал» А.2000
 6.  Сағымбаев Г.К. «Экология негіздері» Алматы. 1995.
 7. Бейсенова Ә., ШілдебаевЖ. «Экология эәне табиғатты тиімді пайдалану» А.
    2000
 8. Ақбасов А.Ж., Сагимбаев Г.Ә. «Экология» Алматы 2003.


2-тақырып:  Табиғи  ресурстардың  түрлері  мен  пайдалану   сипаты   бойынша
классификациясы.(2 cағат)
Семинар сабақ
Сабақтың мақсаты: Табиғи ресурстардың түрлері мен пайдалану  сипаты  бойынша
классификациясын анықтау.
Сұрақтар
1.   Табиғи   ресурстардың   түрлері   мен    пайдалану    сипаты    бойынша
классификациясын анықтау.
Әдістемелік  нұсқаулар:  Семинарға  дайындық  кезіндегі  негізгі  мақсат   -
Семинарға дайындық кезіндегі негізгі мақсат -  ұсынылған  әдебиеттер  тізімі
және қосымша мағлұматтарды жинақтау арқылы берілген  сұрақтарға   толық,  әр
тұрғыда талқыланған жауап жазу және ауызша  дайындалу
Әдебиеттер:
 1. Оспанов Г.C. Бозшатаев Т.Г. «Экология», Алматы , 2002.
 2.  Оспанов Г.C. Бозшатаев Т.Г. «Экологиядан  оқу әдітемелік құрал» А.2000
 3.  Сағымбаев Г.К. «Экология негіздері» Алматы. 1995.
 4. Бейсенова Ә., ШілдебаевЖ. «Экология эәне табиғатты тиімді пайдалану» А.
    2000
Ақбасов А.Ж., Сагимбаев Г.Ә. «Экология» Алматы 2003


3-тақырып:   Минералды ресурстар. (2 cағат)
Семинар сабақ
Сабақтың мақсаты: Минералды ресурстар анықтау.
Сұрақтар
1. Минералды ресурстарды атаңыз
Әдістемелік  нұсқаулар:  Семинарға  дайындық  кезіндегі  негізгі  мақсат   -
Семинарға дайындық кезіндегі негізгі мақсат -  ұсынылған  әдебиеттер  тізімі
және қосымша мағлұматтарды жинақтау арқылы берілген  сұрақтарға   толық,  әр
тұрғыда талқыланған жауап жазу және ауызша  дайындалу
Әдебиеттер:
 1. Винокурова «Природопользование». Учебник 8-9 класс.
 2. Ворощука А.Н. «Формирование окружающей среды».
 3. Шлотгауэр С.Д. Наши охраняемые территории. Хабаровск, 2002.
 4. Оспанов Г.C. Бозшатаев Т.Г. «Экология», Алматы , 2002.
 5.  Оспанов Г.C. Бозшатаев Т.Г. «Экологиядан  оқу әдітемелік құрал» А.2000
 6.  Сағымбаев Г.К. «Экология негіздері» Алматы. 1995.
 7. Бейсенова Ә., ШілдебаевЖ. «Экология эәне табиғатты тиімді пайдалану» А.
    2000
 8. Ақбасов А.Ж., Сагимбаев Г.Ә. «Экология» Алматы 2003

4 -тақырып:  Жанармай ресурстарының классификациясы. (2 cағат)
Семинар сабақ
Сабақтың мақсаты: Жанармай ресурстарының классификациясын білу.
Сұрақтар
1, Жанармай ресурстарының классификациясы деген не?
Әдістемелік  нұсқаулар:  Семинарға  дайындық  кезіндегі  негізгі  мақсат   -
Семинарға дайындық кезіндегі негізгі мақсат -  ұсынылған  әдебиеттер  тізімі
және қосымша мағлұматтарды жинақтау арқылы берілген  сұрақтарға   толық,  әр
тұрғыда талқыланған жауап жазу және ауызша  дайындалу
Әдебиеттер:
 1. Винокурова «Природопользование». Учебник 8-9 класс.
 2. Сағымбаев Г.К. «Экология негіздері» Алматы. 1995.
 3. Бейсенова Ә., ШілдебаевЖ. «Экология эәне табиғатты тиімді пайдалану» А.
    2000
 4. Ақбасов А.Ж., Сагимбаев Г.Ә. «Экология» Алматы 2003


5-тақырып:   Газ қоры. (2 cағат)
Семинар сабақ
Сабақтың мақсаты: Газ қоры туралы мағлұматтар жинау.
Сұрақтар
1 Газ қоры туралы не білесіздер?
Әдістемелік  нұсқаулар:  Семинарға  дайындық  кезіндегі  негізгі  мақсат   -
Семинарға дайындық кезіндегі негізгі мақсат -  ұсынылған  әдебиеттер  тізімі
және қосымша мағлұматтарды жинақтау арқылы берілген  сұрақтарға   толық,  әр
тұрғыда талқыланған жауап жазу және ауызша  дайындалу
Әдебиеттер:
1. Винокурова «Природопользование». Учебник 8-9 класс.
2. Ворощука А.Н. «Формирование окружающей среды».
3. Дмитревский Ю.Д. Очерки социально-экономической географии: Развитие и
   проблемы. Л., 1990.
4. Колотова Е.В. Рекреационное ресурсоведение: учебное пособие. М.: РМАТ,
   1999. – 135 с.
5. Липец Ю.Г., Пуляркин В.А. География мирового хозяйства. М., Владос, 1999
   г.
6. Оспанов Г.C. Бозшатаев Т.Г. «Экологиядан  оқу әдітемелік құрал» А.2000
7.  Сағымбаев Г.К. «Экология негіздері» Алматы. 1995.
8. Бейсенова Ә., ШілдебаевЖ. «Экология эәне табиғатты тиімді пайдалану» А.
   2000
Ақбасов А.Ж., Сагимбаев Г.Ә. «Экология» Алматы 2003


6-тақырып:   Метал ресурстарының шығатын көзі. (2 cағат)
Семинар сабақ
Сабақтың мақсаты: Метал ресурстарының шығатын көздерін табу.
Сұрақтар
1 Метал ресурстарының шығатын көздері туралы не білесіз?
Әдістемелік  нұсқаулар:  Семинарға  дайындық  кезіндегі  негізгі  мақсат   -
Семинарға дайындық кезіндегі негізгі мақсат -  ұсынылған  әдебиеттер  тізімі
және қосымша мағлұматтарды жинақтау арқылы берілген  сұрақтарға   толық,  әр
тұрғыда талқыланған жауап жазу және ауызша  дайындалу
Әдебиеттер:
 1. Колотова Е.В. Рекреационное ресурсоведение: учебное пособие. М.: РМАТ,
    1999. – 135 с.
 2. Липец Ю.Г., Пуляркин В.А. География мирового хозяйства. М., Владос, 1999
    г.
 3. Реимерс Н.Ф. Природопользование: Словарь-справочник. М., 1990.
 4. Руков, Э.А. Арустамов.  Природопользование. 5-е изд., пер. и доп. – М.
    Издательско-торговая корпорация «Дашков и К», 2003. – 312 с. Доп. Мин.
    Образ.РФ.
 5. Шлотгауэр С.Д. Наши охраняемые территории. Хабаровск, 2002.
 6. Оспанов Г.C. Бозшатаев Т.Г. «Экология», Алматы , 2002.
 7.  Оспанов Г.C. Бозшатаев Т.Г. «Экологиядан  оқу әдітемелік құрал» А.2000
 8.  Сағымбаев Г.К. «Экология негіздері» Алматы. 1995.
 9. Бейсенова Ә., ШілдебаевЖ. «Экология эәне табиғатты тиімді пайдалану» А.
    2000
Ақбасов А.Ж., Сагимбаев Г.Ә. «Экология» Алматы 2003


7-тақырып:   Бей (метал емес) рудаларының шығатын көзі. (2 cағат)
Семинар сабақ
Сабақтың  мақсаты:  Бей  (метал  емес)  рудаларының  шығатын   көзі   туралы
мағлұматтар жинау.
Сұрақтар
1 Бей (метал емес) рудаларының шығатын көзідерін табыныз.
Әдістемелік  нұсқаулар:  Семинарға  дайындық  кезіндегі  негізгі  мақсат   -
Семинарға дайындық кезіндегі негізгі мақсат -  ұсынылған  әдебиеттер  тізімі
және қосымша мағлұматтарды жинақтау арқылы берілген  сұрақтарға   толық,  әр
тұрғыда талқыланған жауап жазу және ауызша  дайындалу
Әдебиеттер:
 1. Винокурова «Природопользование». Учебник 8-9 класс.
 2. Ворощука А.Н. «Формирование окружающей среды».
 3. Оспанов Г.C. Бозшатаев Т.Г. «Экологиядан  оқу әдітемелік құрал» А.2000
 4.  Сағымбаев Г.К. «Экология негіздері» Алматы. 1995.
 5. Бейсенова Ә., ШілдебаевЖ. «Экология эәне табиғатты тиімді пайдалану» А.
    2000
 6. Ақбасов А.Ж., Сагимбаев Г.Ә. «Экология» Алматы 2003


8-тақырып:   Топырақ –жер ресурсы. (2 cағат)
Семинар сабақ
Сабақтың мақсаты: Топырақ –жер ресурсы туралы білу.
Сұрақтар
1. Топырақ –жер ресурсы туралы білу.
Әдістемелік  нұсқаулар:  Семинарға  дайындық  кезіндегі  негізгі  мақсат   -
Семинарға дайындық кезіндегі негізгі мақсат -  ұсынылған  әдебиеттер  тізімі
және қосымша мағлұматтарды жинақтау арқылы берілген  сұрақтарға   толық,  әр
тұрғыда талқыланған жауап жазу және ауызша  дайындалу
Әдебиеттер:
 1. Винокурова «Природопользование». Учебник 8-9 класс.
 2. Ворощука А.Н. «Формирование окружающей среды».
 3. Дмитревский Ю.Д. Очерки социально-экономической географии: Развитие и
    проблемы. Л., 1990.
 4. Колотова Е.В. Рекреационное ресурсоведение: учебное пособие. М.: РМАТ,
    1999. – 135 с.
 5. Шлотгауэр С.Д. Наши охраняемые территории. Хабаровск, 2002.
 6. Оспанов Г.C. Бозшатаев Т.Г. «Экология», Алматы , 2002.
 7.  Оспанов Г.C. Бозшатаев Т.Г. «Экологиядан  оқу әдітемелік құрал» А.2000
 8.  Сағымбаев Г.К. «Экология негіздері» Алматы. 1995.
 9. Бейсенова Ә., ШілдебаевЖ. «Экология эәне табиғатты тиімді пайдалану» А.
    2000
10. Ақбасов А.Ж., Сагимбаев Г.Ә. «Экология» Алматы 2003


9-тақырып:   Орман ресурстары. (2 cағат)
Семинар сабақ
Сабақтың мақсаты: Орман ресурстарын анықтау, Қазақстандағы орман  ресуртарын
атап көрсету.
Сұрақтар
1. Орман ресурстары туралы не білесіздер?
Әдістемелік  нұсқаулар:  Семинарға  дайындық  кезіндегі  негізгі  мақсат   -
Семинарға дайындық кезіндегі негізгі мақсат -  ұсынылған  әдебиеттер  тізімі
және қосымша мағлұматтарды жинақтау арқылы берілген  сұрақтарға   толық,  әр
тұрғыда талқыланған жауап жазу және ауызша  дайындалу
Әдебиеттер:
 1. Винокурова «Природопользование». Учебник 8-9 класс.
 2. Колотова Е.В. Рекреационное ресурсоведение: учебное пособие. М.: РМАТ,
    1999. – 135 с.
 3. Липец Ю.Г., Пуляркин В.А. География мирового хозяйства. М., Владос, 1999
    г.
 4. Реимерс Н.Ф. Природопользование: Словарь-справочник. М., 1990.
 5. Руков, Э.А. Арустамов.  Природопользование. 5-е изд., пер. и доп. – М.
    Издательско-торговая корпорация «Дашков и К», 2003. – 312 с. Доп. Мин.
    Образ.РФ.
 6. Шлотгауэр С.Д. Наши охраняемые территории. Хабаровск, 2002.
 7. Оспанов Г.C. Бозшатаев Т.Г. «Экология», Алматы , 2002.
 8.  Оспанов Г.C. Бозшатаев Т.Г. «Экологиядан  оқу әдітемелік құрал» А.2000
 9.  Сағымбаев Г.К. «Экология негіздері» Алматы. 1995.
10. Бейсенова Ә., ШілдебаевЖ. «Экология эәне табиғатты тиімді пайдалану» А.
    2000
Ақбасов А.Ж., Сагимбаев Г.Ә. «Экология» Алматы 2003


10-тақырып:   ҚР және әлемдік орман қорлары. (2 cағат)
Семинар сабақ
Сабақтың мақсаты: ҚР және әлемдік орман қорлары туралы мағлұматтар жинау.
Сұрақтар
1. ҚР және әлемдік орман қорлары туралы не бәлесіздер.
Әдістемелік  нұсқаулар:  Семинарға  дайындық  кезіндегі  негізгі  мақсат   -
Семинарға дайындық кезіндегі негізгі мақсат -  ұсынылған  әдебиеттер  тізімі
және қосымша мағлұматтарды жинақтау арқылы берілген  сұрақтарға   толық,  әр
тұрғыда талқыланған жауап жазу және ауызша  дайындалу
Әдебиеттер:
 1. Винокурова «Природопользование». Учебник 8-9 класс.
 2. Ворощука А.Н. «Формирование окружающей среды».
 3. Дмитревский Ю.Д. Очерки социально-экономической географии: Развитие и
    проблемы. Л., 1990.
 4. Колотова Е.В. Рекреационное ресурсоведение: учебное пособие. М.: РМАТ,
    1999. – 135 с.
 5. Липец Ю.Г., Пуляркин В.А. География мирового хозяйства. М., Владос, 1999
    г.
 6. Реимерс Н.Ф. Природопользование: Словарь-справочник. М., 1990.
 7. Руков, Э.А. Арустамов.  Природопользование. 5-е изд., пер. и доп. – М.
    Издательско-торговая корпорация «Дашков и К», 2003. – 312 с. Доп. Мин.
    Образ.РФ.
 8. Сағымбаев Г.К. «Экология негіздері» Алматы. 1995.
 9. Бейсенова Ә., ШілдебаевЖ. «Экология эәне табиғатты тиімді пайдалану» А.
    2000
10. Ақбасов А.Ж., Сагимбаев Г.Ә. «Экология» Алматы 2003


11-тақырып:   Су ресурстары. (2 cағат)
Семинар сабақ
Сабақтың мақсаты: Су ресурстары. Қазақстан су ресурстарын анықтау.
Сұрақтар
1. Су ресурстары дегеніміз не?
Әдістемелік  нұсқаулар:  Семинарға  дайындық  кезіндегі  негізгі  мақсат   -
Семинарға дайындық кезіндегі негізгі мақсат -  ұсынылған  әдебиеттер  тізімі
және қосымша мағлұматтарды жинақтау арқылы берілген  сұрақтарға   толық,  әр
тұрғыда талқыланған жауап жазу және ауызша  дайындалу

Әдебиеттер:
 1. Бейсенова Ә., ШілдебаевЖ. «Экология эәне табиғатты тиімді пайдалану» А.
    2000
 2. Ақбасов А.Ж., Сагимбаев Г.Ә. «Экология» Алматы 2003


12-тақырып:   Жер асты сулары. (2 cағат)
Семинар сабақ
Сабақтың мақсаты: Жер асты суларын анықтау.
Сұрақтар
1. Жер асты суларын дегеніміз не?
Әдістемелік  нұсқаулар:  Семинарға  дайындық  кезіндегі  негізгі  мақсат   -
Семинарға дайындық кезіндегі негізгі мақсат -  ұсынылған  әдебиеттер  тізімі
және қосымша мағлұматтарды жинақтау арқылы берілген  сұрақтарға   толық,  әр
тұрғыда талқыланған жауап жазу және ауызша  дайындалу
Әдебиеттер:
 1. Винокурова «Природопользование». Учебник 8-9 класс.
 2. Ворощука А.Н. «Формирование окружающей среды».
 3. Руков, Э.А. Арустамов.  Природопользование. 5-е изд., пер. и доп. – М.
    Издательско-торговая корпорация «Дашков и К», 2003. – 312 с. Доп. Мин.
    Образ.РФ.
 4. Шлотгауэр С.Д. Наши охраняемые территории. Хабаровск, 2002.
 5. Оспанов Г.C. Бозшатаев Т.Г. «Экология», Алматы , 2002.
 6.  Оспанов Г.C. Бозшатаев Т.Г. «Экологиядан  оқу әдітемелік құрал» А.2000
 7.  Сағымбаев Г.К. «Экология негіздері» Алматы. 1995.
 8. Бейсенова Ә., ШілдебаевЖ. «Экология эәне табиғатты тиімді пайдалану» А.
    2000
 9. Ақбасов А.Ж., Сагимбаев Г.Ә. «Экология» Алматы 2003

13-тақырып:   Дәстүрлі емес (Алтернативті ) ресурстар. (2 cағат)
Семинар сабақ
Сабақтың  мақсаты:  Дәстүрлі  емес   (Алтернативті   )   ресурстары   туралы
ақпараттару жинау.
Сұрақтар
1. Дәстүрлі емес (Алтернативті ) ресурстар туралы не білесіздер.
Әдістемелік  нұсқаулар:  Семинарға  дайындық  кезіндегі  негізгі  мақсат   -
Семинарға дайындық кезіндегі негізгі мақсат -  ұсынылған  әдебиеттер  тізімі
және қосымша мағлұматтарды жинақтау арқылы берілген  сұрақтарға   толық,  әр
тұрғыда талқыланған жауап жазу және ауызша  дайындалу
Әдебиеттер:
 1. Винокурова «Природопользование». Учебник 8-9 класс.
 2. Ворощука А.Н. «Формирование окружающей среды».
 3. Дмитревский Ю.Д. Очерки социально-экономической географии: Развитие и
    проблемы. Л., 1990.
 4. Колотова Е.В. Рекреационное ресурсоведение: учебное пособие. М.: РМАТ,
    1999. – 135 с.
 5. Липец Ю.Г., Пуляркин В.А. География мирового хозяйства. М., Владос, 1999
    г.


14-тақырып:   Климаттық ресурстар. (2 cағат)
Семинар сабақ
Сабақтың мақсаты: Климаттық ресурстар туралы ақпарат жинау.
Сұрақтар
1. Климаттық ресурстар туралы не білесіздер.
Әдістемелік  нұсқаулар:  Семинарға  дайындық  кезіндегі  негізгі  мақсат   -
Семинарға дайындық кезіндегі негізгі мақсат -  ұсынылған  әдебиеттер  тізімі
және қосымша мағлұматтарды жинақтау арқылы берілген  сұрақтарға   толық,  әр
тұрғыда талқыланған жауап жазу және ауызша  дайындалу
Әдебиеттер:
1. Винокурова «Природопользование». Учебник 8-9 класс.
2. Ворощука А.Н. «Формирование окружающей среды».
3. Оспанов Г.C. Бозшатаев Т.Г. «Экология», Алматы , 2002.
4.  Оспанов Г.C. Бозшатаев Т.Г. «Экологиядан  оқу әдітемелік құрал» А.2000
5.  Сағымбаев Г.К. «Экология негіздері» Алматы. 1995.
6. Бейсенова Ә., ШілдебаевЖ. «Экология эәне табиғатты тиімді пайдалану» А.
   2000
Ақбасов А.Ж., Сагимбаев Г.Ә. «Экология» Алматы 2003


15-тақырып:   Аз қалдықты ресурстар. (2 cағат)
Семинар сабақ
Сабақтың мақсаты: Аз қалдықты ресурстар туралы ақпарат жинау.
Сұрақтар
1.Аз қалдықты ресурстар дегеніміз не?
Әдістемелік  нұсқаулар:  Семинарға  дайындық  кезіндегі  негізгі  мақсат   -
Семинарға дайындық кезіндегі негізгі мақсат -  ұсынылған  әдебиеттер  тізімі
және қосымша мағлұматтарды жинақтау арқылы берілген  сұрақтарға   толық,  әр
тұрғыда талқыланған жауап жазу және ауызша  дайындалу
Әдебиеттер:
 1. Винокурова «Природопользование». Учебник 8-9 класс.
 2. Ворощука А.Н. «Формирование окружающей среды».
 3. Оспанов Г.C. Бозшатаев Т.Г. «Экология», Алматы , 2002.
 4.  Оспанов Г.C. Бозшатаев Т.Г. «Экологиядан  оқу әдітемелік құрал» А.2000
 5.  Сағымбаев Г.К. «Экология негіздері» Алматы. 1995.
 6. Бейсенова Ә., ШілдебаевЖ. «Экология эәне табиғатты тиімді пайдалану» А.
    2000
 7. Ақбасов А.Ж., Сагимбаев Г.Ә. «Экология» Алматы 2003





























Экологиялық қорықтану пәнінен емтихан сұрақтары
   1. 1 Пәннің мазмұны және мәселелері.
   2. Табиғат байлығын пайдалану түсінігі.
   3. Қоғамдық дамудағы табиғи жағдайы.
   4. Ресурстардың теориялық мәні
   5. Экологиялық қорықтанудың практикалық мәні.
   6. Табиғи ресурстардың түрлері
   7. Табиғи ресурстардың классификациясы.
   8. Республиканың табиғи – ресурстық потенциалы.
   9. Экология мәселелері.
  10. Минералды-шикізат ресурстары
  11. Пайдалы кеңдер
  12. Жер ресурстары
  13. Су ресурстары
  14. Орман ресурстары.
  15. Ерекше қорғалатын табиғи территориялар (ЕҚТТ)
  16. Еңбек ресурстары?
  17. Жұмыспен қамту деген не?
  18. Жұмыссыздық дегенді қалай түсінесің.
  19. Экологиялық қорықтану пәнінің мақсаты
  20. Экологиялық қорықтану мәні мен мазмұны
  21. Табиғи ресурстардың түрлері
  22. Пайдалану сипаты бойынша классификациясы.
  23. Минералды ресурстар
  24. Жанармай ресурстарының классификациясы
  25. Газ
  26. Метал ресурстарының шығатын көзі
  27. Бей (метал емес) рудаларының шығатын көзі
  28. Топырақ –жер ресурсы
  29. Орман ресурстары.
  30. ҚР және әлемдік қорлар
  31. Су ресурстары
  32. Жер асты сулары
  33. Дәстүрлі емес (Алтернативті ) ресурстар
  34. Климаттық ресурстар
  35. Аз қалдықты ресурстар
  36. Табиғи (рекрациялық) ресурстар
  37. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
  38. Этнографиялық ресурстар
  39. Зоологиялық ресурстар
  40. Биологиялық ресурстар
  41. Туристік ресурстар деген не?
  42. Минералды сулар және емдік батпақтар туралы не білесіз?
  43. Топрақ деградациясы.
  44. Қара көмір рудасы
  45. Энергетикалық ресурстар
  46. Дүние жүзінің мұнай ресурстары
  47. Қазақстан мұнай ресурстары
  48. Ядролық энергия деген не?
  49. Әлемдік уран ресурсы.
  50. Су ресурстарының жағдайы
  51. Ерекше қорғалатын табиғи территориялар;
  52. Ормандар және басқа да орман басқан жерлер;
  53. Жоғалып кету қауіпі бар түрлер, және қорғалатын түрлер;
  54. Санының өзгеру тенденциясы және жекелеген түрлердің таралуы.
  55. Энергия тұтынудың жалпы көлемі;
  56. Энергосыйымдылық деген не
  57. Табиғи ресустардың қоғам өміріндегі рөлі.
  58. Минералды-шикізат базасы және жер қойнауын пайдалану
  59. Жер қойнауын пайдалану мониторингі
  60. Пайдалы қазба байлықтар.
Пәндер