Файл қосу
Дауысты құбылтып айту
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | | |Құжат СМК 3 деңгей |ПОӘК | | | | |ПОӘК | | | |042-18.1.32/02-2013 | |ПОӘК | | | |«Дауыс қою» пәннің |Редакция № 1 ______ | | |оқу-әдістемелік құралы | | | «Дауыс қою» ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В010600 «Музыкалық білім» мамандығы үшін ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ 2013 жыл |ПОӘК |Ред. № 1 _______20__ ж. |Бет 2__ | |042-18.1.32/02-2013 | | | Мазмұны: |1 |1 Глоссарий | | | | | | |2 |2 Тәжірибиелік сабақтар | | | | | | |3 |3 Студенттің өздік жұмысы | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | | |ПОӘК |Ред. № 1 _______20__ ж. |Бет 3_ | |042-18.1.32/02-2013 | | | ГЛОССАРИЙ “Вокализ” – дауысты дыбыстардың көмегімен әуенді айту. «Артикуляция» -сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметі. «Фонема» - тілдегі сөздің мағнасын және сөздің тұлғалық көріністің түрлендіруге себеп болатын тіл дыбыстары «Фонация – (phone)» – (звук., грек тілінде) - дыбыс алу. «Резонатор» - дыбысты маңғыртып күшейтуші қызмет атқаратын мүше, немесе күшейткіш орынды, аумақ. Резонаторлар кеуде және бас резонаторлары болып екіге бөлінеді. «Регистр» - лауыс диапозонының дыбыс қатарының өзінің дыбыс бояуымен ерекшеленуі «Орфоэпия» - грек тілінде «огfоc» - дұрыс, «eроэ» - сөз. «Ырғақ» - дыбыстардың әр түрлі ұзақтық ара қатынасы. Ырғақтың музыкада атқаратын ролі ерекше. «Лад» – тұрақты және тұрақсыз дыбыстардың үндесеінен пайда болған дыбыс қатары. Түрлері: «Мажорлық лад» - ашық, көңілді, салтанатты сезімді білдіреді. «Минорлық лад» - жұмсақ, мұңды,ұяң, ой туғызады. Лад башқыштары жетеу болады. (Тоника, қосымша басқыш, медианта, субдоминанта, доминанта субмедианта және қосымша басқыш). Олар I-II-IV-V-VI-VII болып рим сандарымен белгіленеді. «Тональдік» – лад дыбыстарын өзара бірмстігінің қандай биіктікте тұратын білдіретін ұгым. «Ырғақ» - дыбыстардың әр түрлі ұзақтық ара қатынасы. «Екпін, темп (жылдамдық, шапшаңдық)» – музыкалық шығарманың ойналу жылдамдығын желісі. Екпін түрлері: Presto - шапшаң, тез Allegro – екпіні жылдам жүруін. Moderno - умеренно, орташа, асықпай Andante – не спеша, спокойно, асықпай, байсалды. Gento – медленно, жай Yardo – широкий, өте жай, кең, шалқыта. «Агогика» – (грек тілінде – қозғалыс, қимыл). Әндегі агогика суреттеу құралдарына жатады. Acce Merando – ускоряя, шығарманың шапшаңдығын жылдамдату; Pitenuto – замедляя, шығарманың шапшаңдығын жайлату; Allarando – расширяя, замедляя, шығарманың шапшаңдығын кеңейту, жайлату; Puu – Mosso – более подвижно, жылдамдата; Mene – Mosso – менее подвижно, жайлата; «Дикция» – (латынша) – айтылу, айту деген мағына. «Дауыс биіктігі» - әншінің дауыс желбезектерінің бір секунд көлеміндегі тербеліс жиілігімен (амплитудасы) анықталады. Дауыс тембрі (әуезділігі) дыбыс желбезектерінің тербелісі нәтижесінде обутондармен байытылуы барысындағы әрленуі. «Дауыс күші» - дыбыс желбезектерінің амплитудасы, яғни тербеніс қозғалысының қорқындылық кеңдігі. «Фальцеттік» (италия тілінде жасандылық деген мағына береді) - қасиет тон. «Дыбыс» - әуеннің ең бір кішкене белгісі. Әнші дауыстары ерлер дауысы, әйелдер дауысы, балалар дауысы және әліңішпе дауыстар, жуан, төменгі дауыстар болып бөлінеді. «Тенор» – лирикалық және драмалық болып бөлінетін, ерлердің әліңішпе дауысы. Тенордың дауысдиапозоны 1 октаваның ре – кейде кіші октаваның «ми» дыбысы мен 2 октаваның «ре», «ми» дыбыстары аралығын қамтиды. Бас және баритон ерлердің жуан дауыстары. Борибоның диапозоны үлкен октаваның «ЛЯ» және І октаваның «ФА», «СОЛЬ» дыбыстары, ал бас дауысының диапазоны үлкен октаваның «МИ» және І октаваның «ФА» дыбыстарының ауқымын алады. Бас дауыстылардың контроктаваның «СОЛЬ» және кіші октаваның «СИ», «СИ» «СИ-БЕМОЛЬ» дыбыстарының аралығында еркін ән сала алатындар ең төменгі жуан дауыстылар «бас неофунде» немесе октавиеттер деп аталады. Әйелдер дауыстары сопрона, мецо – сопрано, контральто деп бөлінеді. «Сопрано» – лирикалық, драмалық және лирика – драмалық болып жіктелетін әйелдердің жіңішке дауысы. «Ән» – үнділік, көркемдік қасиеттері бар әуеннен құралады. «Романс» – испан тілінен алынған. Орта ғасырда Испанияда жергілікті роман тілінде айтылатын лирикалық әндер пайда болып, ХҮІ ғасырдан бастап «романс» жанр болып тұрақталып, басқа европалық елдерге тарайды. ХҮІІІ – ХІХ ғасырларда романс деген сөз мағынасы кеңейіп, жеке дауысқа арналған, музыкалық сүйемелеумен жазылған күрделі де кең екпінді шығармалардың қатарына енеді. Романстың әннен айырмашылығы, екі – үш бөлімнен құралып, кең ауқымды, терең сезіммен, баяу екпінмен орындалатын ән. Жай әндер мен романстардан басқа көлемді әндер де бар, олар ария, ариетта, аризо, коватина, баллада және т.б. «Баркаролла» – (Италия тілінен қайық) қайықшылардың, балықшылардың әні. Өте салмақты, өлшемі көбінесе 6/8 (мысалы: «Венецианская ночь» М.Глинки, «Спит безмятежно моря», Моцарттың «Идоменей» деген операсынан алынған. «Элегия» – (грек тілінен аударғанда арыз айту әні). Ән көңілсіз, терең ойлы мінезі болады. Фортепианоға арналған атақты элегиялар С.Рахмановтың, Чайковскийдің шекті оркестрге арналған Серенададан алынған элегия, дауысқа, фортепианоға, виоленчельге арналған Вик.Калинкованың элегиясы жатады. «Кантата» – (латын тілінен аударғанда Kantate - өлең айту). Ең басында аспаптық сүйемелдеу жалғыз дауысты айтылатын пьеса түрінде пайда болады. ХҮ – ХҮІ ғ.ғ. басқа еуропалықтар сияқты италияда кәсіби музыкалық қалыпта, үлкен полифониялық стильде дамыды. Контатада операдан кейін дамып кең ауқымды тарала бастады. Ол өзіндік ерекшелігімен қалыбы жағынан арниялық, мінезі жағынан речитативтік жағынан операға жақын болады. ХҮІ ғ. Аяғында Флоренцияда композиторлар мен әншілердің қауымдастығы мен көркем үйірме ашылып, өнердің көне түрін қалпына келтіруге үлкен жұмыс жасады. ХҮІІ ғ. Италия контантаның маңызы, бөліктері махаббат лирикасымен ерекшеленеді. Кантата жанры пайда болғаннан кейін оның жаңа түрлері пайда бола бастады. Мысалы, рухани кантатада. Кантата кең қанат жайды. Көбінесе Германия мен Англияда хор кантаталары көп тарады. Кантата немістің атақты композиторы И.С.Бахтың мәдени шығармашылық өте жоғары орын алады. Бах шіркеудің жанынан кеңсе ашып, кұдайға сыйына отырып әуен шығарады. Осылайша Бахтың 300-ге жуық кантатасы жарық көреді. Олар философиялық, лирикалық, рухани, комедиялық кантата болды. Бахтың кантаталарының тақырыбы терең ойлы және халықтың үміті мен күресі қайғы – қасіреті жайында болады. «Оратория» – қуатты католик шіркеуі әлсіреп тұрған кезде католиктер өздерінің дінін қалпына келтіру үшін әр түрлі шаралар қолдана бастады. 16 ғасырда Рим шіркеушілері халықты бибилия оқуға тарта бастады. Бос уақыттарында шіркеуден тыс бір ерекше жерлерде, яғни «ораторияларда» библия оқып отырып ерекше бір сарынмен рухты жандандыратын әуендер шығарған. Сондықтан бұл шіркеу әндерін оратория деп атап кеткен. «Ария» - италиян сөзінде ән деген сөз. Ария-опералық музыкада әрбір кейіпкердің ішкі жан дүниесіне байланысты айтылатын әуен. Орыстың классиякалық опера музыкасында шығарманың идеясын ашып, бас кейіпкердің бейнесін беретін ұлттық тамаша ариялар бар. «Вариация» - құбылту деген сөз. Вариацияда алынған негізгі әуен сақталады да, оның өлшемі, ырғағы, екпіні немесе тональдігі өзгеріп, үнемі құбылып отрады. «Вокалдық» музыка – (вокале-дауыс деген сөз). Музыка аспабының сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуімен жеке әншіге, хорға арналып жазылған музыкалық шығарма. «Акапелла» - музыкалық аспаптың сүйемелдеуінсіз айтылатын көп дауысты хор немесе жеке ән. КІРІСПЕ Қазақстан Республикасының тәуелсіздік статусын алуы қоғам өмірі мен әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен өзгерістер әкелумен катар, ғылым мен білім беру саласына жаңа талаптар кояды. Жас жеткіншектерді биік өнер шыңына терең талғампаздыққа ұмтылуы - эстетикалық тәрбие берудің, тұлғаны жан-жақты, кеңпейілдікке, кішіпейілдікке, мейірімділікке, имандылыққа, ина-баттылыққа талпынтудың негізгі нысанасы деп түсінген жөн. Әлбетте, адамның өнерге деген ұмтылысы сана-сезімімен, көркемдік тұрғыда түйсінуі мен талғампаздығы арқылы байқалады. Әншілер әр аймақтың, өлкенің, жүздің өзіндік әйгілі ұстаздары, әншілері композиторлары, суырып - салма ақындары өздерінің бойына сақтаған ата- бабаларымыздың музыкалық дәстүрін жас ізбасарларына шәкірттеріне үйретіп, бойына сіңіріп, қалдырып отырды. Олар шәкірттерін әр шығарманың өзіндік ерекшелігін тыңдаушының сезім пернесін дәл басатындай етіп жеткізе білуге, орындау мәдениеттілігі мен дауысты меңгерудің жоғарғы шеберлігіне баулыды. Жалпы адамзат дамуының заңдылықтарына көз жіберсек, жеке тұлғаның рухани дамуына өнер мен мәдениеттің әсері туралы мағлұматтар ерте кезден бастау алады. Бұл жөнінде ұлы ғұламалар (Әл-Фараби, Дәуріш Әли, Ибн Сина т.б) музыка өнерінің теориялык және тәжірибелік негіздерін дамытуда маңызы зор ғылыми еңбектер, тұжырымдар қалдырды. Халыққа білім беру жүйесінің үнемі дамып, оқу және тәрбие жұмыстарының жақсы жолға қойылып, уақыт талабына сай дамуына қазіргі кезде еңгізіліп отырған мектеп реформасының маңызы зор. Осыған байланысты эстетикалық білім мен тәрбие берудің қаншалықты маңызды роль атқаратындығы белгілі, әсіресе бұл ретте, Вокал пәнінің алар орны ерекше. Вокал пәні жалпы оқыту жүйесінің бөлінбес негізгі бір бөлігі - жастарды сезімталдыққа тәрбиелеуде, жан-жақты дамуына әсер етудегі қосар үлесі орасан зор. Вокал сабағында балалардың алдынан бұрыннан таныс емес, ғажайып дыбыстар әлемі көрініс береді, мұғалім оларды аталған әлем көкжиегіне жетелей отырып, шәкірттерін ести және де сезіне білуге, халықтың жан - дүниесі туғызған өнерді түсіне білуге баулиды. Музыка сабағы - бастауыш сынып оқушылары үшін ең бір әдемі кең тараған музыкалық тәрбиенің түрі. Олар ән айтуды сүйеді, жан тәнімен беріле орындайды, мұның өзі олардың ішкі сезімдерін сыртка шығара білуге, музыканы терең түсіне білуге жол ашады. Әсіресе окушылардың ән айту қабілетіндегі жеке музыкалық дамуын бақылау, олардың дауыстарын сақтауға жэне ең жаксы дәрежеде өсуін қамтамасыз етуге мїмкіндік туғызады. Бұл мәселелер И.И.Левидовпен, А.А.Сергеевпен,И.Малининамен,Н.Д.Орловпен, Н.Н.Добровольскаямен, Т.Н.Овчиниковамен жэне басқалармен зерттеліп, бірнеше рет қарастырылған. Бірқатар еңбектерде балалар даусын тәрбиелеу аркылы эстетикалық тәрбие беру Ә.Нұғманова, халык әндері аркылы музыкалық - эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру Дүйсенбінова Р.Қ., өндік дауыс дағдыларын қазақ тілі фонетикасы негізінде қалыптастыру Қожахметова А.Ш. зерттеулерінде жан- жақты талданды. Дегенмен. осы жолда көптеген еңбектер істелді, көптеген же-тістіктерге қол жетті дей отырсақ та, балаларды әнге баулу ең бір киын жұмыстардың бірі болып отыр. Бұл көптеген жылдар бойы осы мәселе төңірегінде бастауыш мектеп мұғалімдерінің «Вокал» сабағында жеткілікті көңіл бөлмеуінен болса керек. Фарабидің музыкалық еңбектерінің ішіндегі ең көрнектісі -«Музыканың ұлы кітабы». Трактаттың алғашкы бөлімінде Фараби жалпы музыка ѳнеріне қатысты пікірлер айтады. Мысалы, музыка өнерін тәжірибелік және теориялык дел екіге бѳледі. Музыка әуен імен оның қоғамдық қызметіне тоқтала келіп, адамды ләззатқа бөлейтін әуен, әдеби текспен (өлеңмен) байланысты әуен және белгілі бір эмоциялық әсер туғызатын әуен деп үшке бөледі. Атап өтерлік бір жай Фараби музыка мен поэззия арасындаєы табиғи бірлікті мойындайды. Мұның өзі ғалымның өнердің синкреттік сипатынан хабардар болатындығын дәлелдесе керек. Ол дауыстарды бірнеше түрге жіктей отырып, ән - әуен сөздерін де үлкен мән береді. Дауысты (созылыңқы) және дауыссыз (қысқа) дыбыстардың ерекшеліктерін саралайды. Сѳз буындарын мен бунақтарды талдайды, олардың музыкалық ырғақпен байланысын зерттейді. Поэзиия түрлері мен ашык, яғни жабық тондарды анықтай отырып, музыкалық әуен мен сөз тексінің ара - қатынасын сөз етеді. Одан әрі ән әуені ырғақ және сөздің өзара байланысын теориялық тұрғыда зерттей түседі. Әуеннің басталуымен аяқталуы, басқа бөлімдеріне өтудің ерекшеліктері, әуенді түрлі мелизмдік өрнектермен көркемдей түсу, кемел әуендерінің түрлері, адамға тигізер әсері туралы толғанады. Мұның бәрі биік профессионалдық - теориялық және тәжірибелік арнада зерттелген. Фарабидің көңіл қойған басты мәселелерінің бірі – тәжірибе. Ол жүре біткен музыкалық тәжірибе арқылы әсем әуендерді әсерсіз, жасық мамандардан ажырата білуге болады дейді: «Музыка шығаруды үйретуге келсек, ол үшін әр түрлі жанрдағы музыка үлгілерін көп тыңдап, ұзақ уақыт жүйелі түрде үнемі жаттығу керек», - деген (16). Кез-келген әдет - ғұрыпты белгілі музыкалық мақаммен атқару ежелден келе жатқан мәдени құбылыс. Мақам бір үлгіде түрленіп қайталана береді. Мұны ғылым тілінде варианттылық немесе вариациялық деп атайды. Кейде музыкалық мақамда өзара жақын орналасқан дыбыстардың күрделі байланыстарымен арақатынастары (хроматизм) да кезедсіп отырады. Бірақ мақамның ауқымы кең емес. Негізгі басқыштан бесінші басқышқа (примадан квинтаға) дейінгі аралықпен шектеледі. Мұның бәрі ладтық ерекшелікті құрайды. Кәсіби маман дайындау барысында, студенттердің вокалдық өнер саласында алған білімдерін, дағдыларын мектептегі музыкалық сабақтармен түрлі көркем - өнерпаздық жұмыстарға дарыта білуінің құндылығын ескерсек, пәннің өте қажет екендігі айқындалады. Жоғарғы оқу білім беру кешеніндегі оқу мақсатынан туындайтын аталған пәннің негізгі міндеті академиялық ән салу мәнерін қалыптастыратын вокалдық-педагогикалық біліммен қаруландыру және осы кәсіби ән салу қағидаларын алған білімдерін оның әдістемелік принциптерін бала дауысымен жұмыс барысында пайдалана алу. Вокалдық білім мен ілімнің қорытындысы академиялық концерттерде, тыңдауларда, рубеждік бақылау, сынақ, емтихандарда анықталады. ПӘННІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ Пәннің мақсаты – студенттер дауыстарына деген көбірек қамқорлық көрсету және олардың дауыс ережелерін к,атаң сақтауына үнемі көңіл бөліп отыру. Музыкалық-педагогикалық талдау, әдістемелік әдебиеттер ән айтуды музыкалық шығармашылықтың жүргізушісі ретінде қарастырады. Жалпы мақсатқа ие бола тұрып, ол музыка сабақтарында әртүрліше жүргізіледі. Вокал сабағынын негізгі басты шарты - студенттердің музыкалық қабілеттерін дамыту, музыкалық денгейін кеңейту, музыкаға, ән айтуға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, ән айту тәсілдерін үйрету болып табылады. Ән айту музыкалық қабілетін дамытуда, рухани жан дүниесін тәрбиелеуге, мінез- құлқын қалыптастыруда өз әсерін тигізеді. Ән айту балалардың музыкалық, әрі эстетикалық талғамын арттырып, ой - өрісін ұштап, таным - түсінігін жетілдіре түседі. Дұрыс ән айтуға үйрету арқылы студенттердің дауыс аппараты жақсы дамиды. Әнді өз нышанына келтіріп айту үшін көптеген жұмыстар атқарылуы тиіс, яғни әннің мазмұнын тыңдаушыға жеткізу, дауыстардың бір-бірімен үйлесіп, интонациясының таза, дикциясының анық шығуын, әнді жинақы жабық дауыспен академиялық үлгіде айтып жаттықтыру керек. Ән айту балалардың орындаушылық үрдісіне белсенді қатысуына, музыкалық қабілетінін дамуына, музыкалық есту қабілетін тәрбиелеуге жағдай жасайды. Ән айту – педегогикалық деңгейде дұрыс ұйымдастырылса, музыкалық эстетикалық тәрбиелеудің ең тиімді жолы болып есептелінді. Жоғары деңгей туралы айта отырып, педагогикалық үрдіс тек техникалық нәтижелер дәрежесіне жеткендегі қауіпті аңғару керек, сонда ән айту тәрбиесі «таза» ән айтуға айналады. Балалар әнді қалай орындап тұрғанына яғни ән айту үрдісінің техникалық жағына жауапкершілікпен қарау өте қажет. Ән айту сапасы - мұғалімнің сол соңғы «азық-түліктік» негізге ала отырып, осы арқылы балалардың ән айту қабілеттеріне белсенді кіреді. Дыбысталу сапасын қалыптастыруда, дауыс аппаратының жұмысын ән айтатын жағдайға келтіруде, жалпы және музыка мәдениетін, әсіресе вокальды есту мәдениетін білуіне мұғалімнің арнайы білімі мен шеберлігіне байланысты іске асырылады. Вокал сабағында және студенттердің өздік жүргізілетін жұмыстары арқылы дауысын дұрыс дамыту жолдары мен оны жүзеге асыруға септігін тигізетін педагогикалық қолайлы жағдайларды анықтау. Пәннің негізгі міндеттері: - әншілік тыныс алудың негізгі ережелерін пайдалана отырып, дауысты вокалдық – техникалық жағынан жетілдіру резонаторлар және артикуляциялық аппарат жұмыстарын саналы түрде қолдану. - Студенттердің вокалды-педагогикалық білімін нығайта отырып, академиялық ән салу мәнерінің әдістемесін үйрету. - Вокалдық-музыкалық оқу – тәрбие процесіндегі іс-шараларды өткізе алуға дайындау. - балалар дауысымен жұмыс жүргізу әдістемесімен үйрету. Музыкалық бейнелер, жағымды саз арқылы студенттерді патриотизмге, елін сүюге, еңбекке, тәртіпке, адамгершілікке, ынтымактастыққа, достыққа тәрбиелеу мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі. Әншілер әр аймақтың, өлкенің, жүздің өзіндік әйгілі ұстаздары, әншілері композиторлары, суырып - салма ақындары өздерінің бойына сақтаған ата- бабаларымыздың музыкалық дәстүрін жас ізбасарларына шәкірттеріне үйретіп, бойына сіңіріп, қалдырып отырды. Олар шәкірттерін әр шығарманың өзіндік ерекшелігін тыңдаушының сезім пернесін дәл басатындай етіп жеткізе білуге, орындау мәдениеттілігі мен дауысты меңгерудің жоғарғы шеберлігіне баулыды. Қазақ мектептерінде сауат ашу сабағын әуенмен айту тәсілі қолданылғандығы революцияға дейінгі оқымыстылардың кейбір еңбектерінде көрсетілген. Онда «мұғалім әрбір сөз бен буынды айтып, балаларға қайталату арқылы үйреткен»- деп жазылған. Оқытудың мұндай тәсілі, яғни әндетіп айту арқылы үйрену көптеген Азия жэне Африка халықтарында да кеңінен таралған. Баланың көпшілікпен қосылып әуенмен айтуы музыкаға деген қызығушылығын, таза айтуын, есту және есте сактау қабілетінің дамуын арттырып отырған. Оның әсерімен бала өзінің отбасындағы басқа балалармен, үйренген әуенді күнделікті бірігіп айтып, кейде өзі де әртүрлі ойындарға әуен шығаратын болған. ЖЕКЕ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ Жеке сабақ № 1,2,3 Ән өнері жайлы әңгіме. Жоспары: 1. Дауыс аппараттарымен таныстыру 2. Дипазон жайлы түсінік Дауысты құбылтып айту Жоспары: 1. Тіл, ерін, көмей арқылы дайысты және дауыссыз дыбыстарды әндетіп, ашық айта білу. 2. Артикуляция ұғымы Ән айту техникасын меңгеруге арналған музыкалық – теориялық білім негіздерін меңгеру Жоспары: Теориялық меңгеруді практика жүзінде көрсету. Бүгінгі таңда айтылып жүрген әндер дауысына қарай халық әні, лирикалық ән, эстрадалық, опералық орындалатын әннің түрлері және т.б. болып бөлініп жүр. Тарихтың прогрестік жолымен дамуы дүниеге алуан – алуан идеялық мазмұнды әндерінің көлемді шығармалардың тууын жеделдетті. Мысалы: «Амангельді сарбаздарының маршы», «Өндіріс», «Жас қазақ» т.б. Әншілік өнер - қолдауды және қорғауды керек ететін, табиғаттың берген сиы. Өкінішке орай, соңғы уақыттары мектеп жасындағы балалардың дауыс аппараттарынын, бұзылу саны кѳбейіп барады. Ән айту жастардың орындаушылық үрдісіне белсенді қатысуына, музыкалық қабілетінін дамуына, музыкалық есту қабілетін тәрбиелеуге жағдай жасайды.Дыбысталу сапасын қалыптастыруда, дауыс аппаратының жұмысын ән айтатын жағдайға келтіруде, жалпы және музыка мәдениетін, әсіресе вокальды есту мәдениетін білуіне мұғалімнің арнайы білімі мен шеберлігіне байланысты іске асырылады.Әр әнші ән айту барысында дауыс аппаратын тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін негізге ала отырып, дыбыс жолдарының анатомиялық құрылысы мен физиологиялық заңдылықтарын есте ұстауы қажет. Вокал пәнінің негізгі басты шарты - жастардың музыкалық қабілеттерін дамыту, музыкалық денгейін кеңейту, музыкаға, ән айтуға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, ән айту тәсілдерін үйрету болып табылады. Музыкалық бейнелер, жағымды саз арқылы патриотизмге, елін сүюге, еңбекке, тәртіпке, адамгершілікке, ынтымактастыққа, достыққа тәрбиелеу мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі. Ән айтуда дауысты дыбыстардың ролі ерекше. Өйткені, дауысты дыбыстар созылымға бейім келеді де, ән айтудың негізін қалайды. Олар ән айту процесінде дыбыстау мүшелерінің қызметіне байланысты және ұлғайтқыш қуыс мүшелерінің ықпалымен сан құбылып, көптеген бояулар табады. Сондықтан, адам дауысы тек дауысты дыбыстардың көмегімен ғана өзінің көркемдік қасиетін әуенін барынша көрсете алады. Олай болса, дауысты дыбыстарды дұрыс айтып үйрену, олардың әрқайсысына тән артикуляциялық пішінмен, үн нақышын таба білу басты міндет. Сондықтан, сөзбен әуенге қатысты дауысты, дауыссыз дабыстардың айтылу ерекшеліктеріне жақсы мән беруіміз қажет. Бұл ән айтудың сауатты болуына көмегін тигізеді. Әнді орындамас бұрын бір қалыпты ұстап, денені тік, басты жоғары, екі қол ыңғайлы екі жағына турғаны дұрыс. Бұл тәртіп әншінің эстетикалық көрініуіне ғана емес, ол дауыстың ашық және еркін шығуына көмектеседі. 1) жаттығулар: жабық ауыз, иекті төменге қарай түсіру, ерін еркін, жұмсақ болуы тиіс, ауз суға толы сияқты, дыбысты жоғары жіберіп “мыйға”- қарай до-ре – дыбыстарын кезек, кезек “қайық” – (бір октава ішінде). 2) дауысты дыбыстарды айту – ма, ме, ми, мо, му – ашық дыбыстарды жинақы (үш дыбыстың біктігінде). 3) дауыс аппаратын қыздыру үшін, легатоға, стоккатоға, диапозонды кеңейтуге. Адамның тыныс алу мушелері үш салады тұрады: І – тыныс мүшелері. ІІ – тамақ. ІІІ – қуыс мүшелері. 1) Тыныс мушелеріне ең басты - өкпе, екінші қолқаның, көмекейдің және жоғарғы резонаторлардың құрылысы. 2) Тамақ және дауыс шымылдығы. Дауыс шымылдығы тамақтың ішкі жағында кенірдектің екі жағынан бір біріне қарсы біткен жиырмалы қыртысты ет. 3) Қуыс мүшелеріне мұрын қуысы, ауыз қуысы жатады а) ауыз қуысына: тіл, ерін, тіс, таңдай, кішкентай тіл, иек б) мұрын қуысының дыбыс шығарудағы қызметі кішкене тілмен тығыз байланысты. Тыныс алудың 3 түрі: 1. Мұрын арқылы – ол шулы естіледі – қолайлы емес 2. Ауыз қуыс арқылы – ол тамақты кептіреді – қолайлы емес 3. Аралас – мұрынмен және ауыз қуысы арқылы “гүл искегендей” – қолайлы және қажетті тыныс алу. Тыныс алу ережесі 1. Тыныс алу шулы болмау керек 2. Тыныс алғанда оны бекіту 3. Тыныс шығару экономно болуы керек Сөйлеу тілдің дыбыстары қалай болса солай тәртіпсіз, кездейсоқ жасала бермейді. Тіл дыбыстарының әрқайсысыны жасалу жолы, белгілі бір тәртібі бар. Бір-бірімен айтылуы, жасалу жағынан айырмашылығы бар тіл дыбыстары (фонемалар) белгілі дыбыстаушы мүшелердің қызметі арқылы шығады. Сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция дейміз. Тіл дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы адамның дыбыстаушы мүшелерінің қызметін жақсы білмейінше, белгілі тілдегі дыбыстардың артикуляциясы (дыбысталуын) дұрыс түсіну қиын. Адамның дыбыстаушы мүшелері негізгі үш саладан тұрады: 1. Тыныс мүшелері. 2. Тамақ. 3. Қуыс мүшелері. 1. Тыныс мүшелері. Дыбыс шығаруда қатысы бар тыныс мүшелері деп аталатын мүшелердің ең бастысы - өкпе. Өкпе екі тарам қолқа арқылы кеңірдекпен жалғасады. Өкпе ауаны ішке тартқанда кеңейіп, ауаны сыртқа шығарғанда семіп отырады. Тілдегі дыбыстар өкпедегі ауаны сыртқа шығуына байланысты. Сөйлеу процесінде ауа өкпеден біртіндеп баяу шығады да, өкпеге бірден тез өнеді. Өкпенің, қолқаның, көмекейдің және жоғары резонаторлардың құрылысы. 2. Тамақ және дауыс шымылдығы. Тамақ деп кеңірдектің кеңейген жоғары тұсы аталады. Тамақ сыртқы жағында жұтқыншақ немесе өңеш – тамақ жүретін жол болады. Оның ішкі жағында дауыс шымылдығы болады. Дауыс шымылдығы тамақтың ішкі жағында кеңірдектің екә жағынан бір – біріне қарсы біткен жиырылмалы ет. Тамақтың ішкі жағындағы қабаттасып жатқан екі пар бүршіктің сыртқы екеуі жалған дауыс шымылдығы деп аталады. Бұлар дыбыс шығаруға қатыспайды, ал тамақ ішкенде, екі жағы қатты жымдасып, асты өңешке асырып жіберіп тұрады. Тек нағыз дауыс шымылдығы ауырған жағдайда қарлыққан, баяу дыбыс шығаруға шамасы келеді. Тамақтың ішкі жағындағы қабаттасып жатқан екі пар бүршіктің жиырылмалы астыңғы екеуі нағыз дауыс шымылдығы деп аталады. Дауысшымылдығының аралығы қуысы немесе дауыс түтігі делінеді. Дауыс шымылдығы өкпеден келген ауаны тосқауылдап, бірде керіліп, екеуінің арасы жымдасып тұрады да діріл пайда болып, үн шығады. Бірде жиырылып, екеуінің арасы ашылып тұрады да діріл пайда болмай, үн шықпайды. Дауысты дыбыстар дауыс шымылдығының керіліп тұрып діріл пайда болуы арқылы жасалады. Үнді дауыссыз дыбыстар мен ұяң дауыссыз дыбыстарды шығаруда дауыс шымылдығы сәл ғана керіледі де дауыс шамалы болады. Ал, қатаң дауыссыз дыбыстарды шығаруда дауыс шымылдығы жиырылып тұрады да ешқандай діріл пайда болмайды, міне сондықтан да ол дыбыстардың құрамында үннің “қатысы болмайды”. 3. Қуыс мүшелері. Өкпеден келген ауа керіліп тұрған дауыс шымылдығына соғылып, дірілдің әсерінен пайда болған дауыс неме үн тікелей қуыс мүшелеріне түседі де, белгілі резонанс (жаңғырық) пайда болады. Қуыс мүшелеріндегі кедергі мүшелердің қызметі арқылы дыбыстарға әртүрлі өң “рең” беріледі, тіл дыбыстары бірінен бірі ерекшеленеді. Қуыс мүшелеріне: Ауыз қуысы. Мұрын қуысы жатады. Ауыз қуысында дыбыс шығаруға қатысы бар мүшелері: тіл, ерін, тіс түбі, таңдай, кішкене тіл, иек. Тіл. Бұл – дыбыс шығаруда көп жұмыс атқаратын өте жылдам жылжымалы мүше. Ауыз қуысында бірде ілгері – кейін, бірде жоғары – төмен жүйіткіп, ауыз қуысындағы өзге мүшелерге не қақтығысып, не жуысып тұруынан дыбыстарға әр түрлі рең береді. Ерін. Дыбыс шығаруда қатысы бар жылжымалы мүшенің бірі – ерін. Екі ерін бір – біріне жымдасып тұрып, өкпеден келген ауаның оны бұзып өтуінен [п. б] дыбыстары пайда болса, астынғы еріннің үстіңгі ерін мен тіске келіп қатысуынан [ф. в] дыбыстары шығады, екі еріннің дөңгеленіп алға қарай шүйіріліп тұруынан ө, о, ү, ұ, у, дыбыстары жасалады. Сол сияқты дыбыс шығаруда екі еріннің кейін керілуінен дыбыс сапасы өзгереді. Сөйлеу тіліндегі езулік дауысты дыбыстарды: а, е, и, ә, э, і ән айтуда еркіндік дауысты дыбыстарына жуықтап дөңгеленте орындайды. Тіс. Кейбір дыбыстарды шығаруда тістің белгеле бір мөлшерде қатысы бар. Біра, бұл жылжымалы мұше емес, ауыз қуысындағы жылжымалы мүшелер тіл мен еріннің тіске жуысуының соқтығысуынан дауыссыз дыбыстардың түрлері жасалады. Таңдай. Мұның өзі қатты таңдай, жұмсақ таңдай болып екіге бөлінеді. Қатты таңдай үстіңгі күрек тіс тұрған қызыл иектен басталады да, ең соңғы тістің тұсынан бітеді. Жұмсақ таңдай ең соңғы тістің тұсынан басталып, кішкене тілден барып бітеді. Тілдің ұшы, орта, артқы шенінің біріне қатты таңдайға, не жұмсақ таңдайға жуысуынан, соқтығысуынан дыбыстардың сапасы өзгеріп шығады. Кішкене тіл. Кішкене тіл бірде мұрын жолын жауып тұрады да, өкпеден келе жатқан ауаны ауыз қуысына қарай өткізеді. Бірде ауыз жолын жауып тұрады да, өкпеден келе жатқан ауаны мұрын қуысына өткізеді. Сөйтіп, дыбыстардың өзгеріп жасалуына әсер етеді. Иек. Иек ауыз қуысын бірде кеңейтіп, бірде тарылтып тұрады. Иек төмен түссе, ауыз қуысы кеңейеді де, ашық дауысты дыбыстар пайда болады: а, ә, о, ө, е. Иек жоғары көтерілсе, ауыз қуысы тарылады да, қысаң дауысты дыбыстар пайда болады: ы, “, и, ұ, ү, у. Сөйлеу тіліндегі қысаң дауыстыларды ән айтуда иекті төмен түсіріңкіреп, ашық даусыты дыбысты айту кезіндегі иектің қалпына жуықтап айтылады. Мұрын қуысы. Ол- қуыс мүшелерінің екінші түрі. Мұрын қуысының дыбыс шығарудағы қызметі кішкене тілмен тығыз байланысты. Кішкене тіл жолын жауып тұрады да, өкпеден келе жатқан ауаны мұрын арқылы өткізеді. Содан барып мұрын жолы: м, н, ң үнді (сонор) дауыссыз дыбстары пайда болады. Бұл дауыссыз дыбыстар мұрын арқылы айтылғанымн олардың жасалуы ауыз қуысындағы кедергі мүшелердің қызметі арқылы болады. Сондықтан да жасалуы жағынан ерін дауыссызы (м), тіл ұшының дауыссызы (н), тіл арты дауыссызы (ң) деп аталады. Дауысты дыбыстарды шығаруда дыбыстау мүшелеріне күш түсед, ал, дауыссыз дыбыстарды шығаруда күш ауыз қуысындағы кедергі мүшелерге ғана түседі. Жаттықтыру: № 1 – вокализ Ф.Абт. (үйрену, жаттығу және қайталау). Сөйлеу мүшелерінің қызметі нәтижесінде тіл дыбыстарының айтылу (фонация) үрдісі есту қабілеттерінің дамуымен тығьз байланысты. Дауыс аппаратының дұрыс к,ұрылуы жақсы жағдайда дауыстың және есту қабілетінің дамуы барысында ғана мүмкін болады. - Балалардың үнемі ән айтанына, олардың келелі дауыс аппараттарын сақтауға жүйелі оқыту процесі мүмкіндік туғызатыны көпшілікке белгілі. Көпшілік вокалдык, тәрбие вокал және хор сабағы процесінде іске асырылады. Балалардың үлкен хор топтары 7 жастан 16-17 жасқа дейін аралықта болады. Олар өздерінің құрамында үш хор топтарын құрайды -кіші, орта және ересектер. Әрбір жас кезеңіне өзіндік дыбысталу ерекшеліктері сай келеді. ұғымдар вокалдық бағыттарға жатады. 1. “Академиялық” бағыт музыкалық өнерде – классикалық үлгі бойынша, белгілі бір дәстүрі бар стильге жатады. Академиялық үлгідегі ән айту әдісі таза дыбыс шығару, ансамбльдік үндестікте, динамикалық ерекшелігімен, әдемі, жұмсақ дыбысталумен анықталады. Дыбыстың шеңберлі жинақылығы, әуендегі дауысты дыбыстардың академиялық үлгіде көбінесе еркіндік дауыстыларға жуықтап, дөңгеленте жинақтап, қойылған дыбыспен орындалуын дыбыстың құрамындағы “жинақты үлгі” деп атайды, немесе вокалды позицияның дұрыс үлгісі дейді. 2. “Халықтық” бағыттағы үлгі өзінің табиғылығымен ерекшеленеді. Әр халық өзінің дәстүрлі ән өнері ғасырдан – ғасырға жалғастырып келеді. Мұндағы ән айту үлгісі әр халықтың тұратын география орнына, салт – дәстүріне қарай дамиды. Мысалы, грузин халқы көп дауысты әндер үлгісінде, ал қырғыз халқы тамақты қысу арқылы, татар халқы пентатоникалық қосылыстарымен орындаса орыс халқы хороводтың және дауысты дыбыстарды ашық айту үлгісінде дамығанды өздерің білесіңдер. Қазақ халқы музыкасы да ертеден дамыған, өзінің мәнері, салты, дәстүрі бар – музыка. Ендеше, халықтың бағыттағы ән айту үлгісі табиғи дауыс, мәнерлі, халықтық тақырыпта болуы шарт. Ал, «Эстрадалық» бағыттағы үлгі соңғы жылдары ерекше дамыған, жастардың кәзірде еліктейтін музыкалық өнердің бір түрі. «Эстрада» - ұғымы ертеректе концерттік қойылымдардың сахнасы деген мағына берген. Ал, эстрадалық өнер немесе бағыт – бұл сахналық өнердің әр түрлі орындау формаларының бірлескен жеңіл, сауықтылық өнеріне жатады. «Эстрадалық» ән айту мәнері, бұл әнді әртүрлі аспаптармен сүйемелдеу, дыбыстарды өз еркіне жеткізу, динамикалық ерекшелігімен айту сияқты үлгілерімен сипатталады. Соңғы кездері эстрадалық үлгі электрондық аспаптарда жазылған фонограммалар арқылы орындалып жүр. Жеке сабақ № 4 Вокализ – cтудент дауыс диапазонына байланысты В.Зейдлердің және Абтың вокализдік шығармаларын әрбір студентке таныстыру. Жоспары: 1. Нотаны оқу арқылы танысу. 2. Ән айту техникасын сақтай отырып, нотаға қарап оқып, фраза бойынша үйрену. 3. Вокализді концермейстердің сүйемелдеуімен орындау. Тек қана әуеннен тұратын, сөзсіз айтылатын шығарманы “Вокализ” дейміз. “Вокализ” – дегеніміз дауысты дыбыстардың көмегімен әуенді айту. Вокализ тек қана ән айтуда ғана қолданылмайды, ол этюд және концерттік пьесаларда, жеке және хор шығармаларында да қолданылады. Ол көбінесе “а” дауысты дыбысына немесе басқа да дауысты дыбыстармен айта береді. Дауысты дыбыстарға ерекше көңіл бөлу керек. Көмкеріп (прикрытый), ашық дыбыстарды жинақы, ауыз қуысының көмегімен толтырып әдемі шығу үшін, дауысты дыбыстарға жаттығулар жасап дағдылану қажет. Вокализ – көбінесе құлаққа жағымды, тек қана жақсылық пен инабаттылық сезімін беретін әуендер қатарына жатады. Дыбыстау мүшелері, олардың дыбыс шығарудағы қызметі. Лад – деп тұрақты және тұрақсыз дыбыстардың үндесеінен пайда болған дыбыс қатарын айтамыз. Әр әуен осы тұрақты, тұрақсыз дыбыс тардың байланысынан туады. Түрлері әндерді ырғына кептіріп ойнау үшін оның заңдарын білу керек. Күнделікті айтып жүрген әндеріміз, тыңдап жүрген музыкалық шығармаларымыз көңілді, марш екпіннімен, көтерінкі немесе көңілсіз, күңгірт, қайғылы және мұңды болып орындалады. Мәне осыған байланысты музыкада негізгі екі лад бар. Біріншісі – мажорлық лад. Ашық, көңілді, салтанатты сезімді білдіретін лад. Екіншісі – минорлық лад. Жұмсақ, мұңды,ұяң, ой туғызатын лад. Лад башқыштары жетеу болады. (Тоника, қосымша басқыш, медианта, субдоминанта, доминанта субмедианта және қосымша басқыш). Олар I-II-IV-V-VI-VII болып рим сандарымен белгіленеді. Мажорлық лад, тон, тон, жарты тон, тон, тон, жарты тон, арақашықытығымен дыбыстары орналасады. Оның тоникадан құралған үшдыбыстылығы мажорлық үшдыбыстылықты береді. Бірінші, үшінші және бесінші басқыштары тұрақты. Ал, бірінші, төртінші, бесінші басқыштарынан құралған аккордтар, осы ладтың тұрақты аккордтары болып саналады. Мжардың үш түрі бар: натуралды, гармониялы (VI – төмендегідей), мелодиялы (VI-VII басқыштар төмендейді, қайтарында натуралды түрі айналады). Минорлық лад – тон, жарты тон, тон, тон, жарты тон, тон, тон арақашықтығымен дыбыстарға дыбыстарға орналасады. Оның тоникадан құралған үшдыбыстылығы минорлық үшдыбыстылық болып саналады. Минорлық ладтың да мажорлық лад сияқты I-ІІІ- V басқыштары тұрақты және І- IV-V басқыштарынан құралған аккортар негізгі аккорд болып саналады. Оның да үш түрі бар: натуралды, гармониялы (VІІ басқыш көтеріледі), мелодиялы (VI- VІІ басқыштар көтеріледі, қайтарында натуралды түрі ойналады). Тональдік – деп лад дыбыстарын өзара бірмстігінің қандай биіктікте тұратын білдіретін ұгымды айтамыз. Қай шығарма болмасын ол бір тональдікте, яғни бір биіктен басталатын мажор не минор ладында беріледі. Музыкалық шығармалардың тональдік терінің аты сол шығарманың ішіндегі дыбыстардың негізгі тұрақты басқыштарының атымен аталады. Мысалы до – мажор, ре минор т.с.с. Музыкада 30 шақты тональдік кездеседі. Кілттік белгілеріне қарай диездік және бемольдік тональдіктер болып бөлінеді. Әр тональдік және кілттік белгілер квинта шеңберімен орналасады. Тональдіктер жеті белгіге дейін кездесуі мүмкін. Тональдіктердің энгармониялық теңдіктері де кездеседі. Параллельдік тональдіктер мажор және минорлық ладта кілттік белгілері бірдей тональдікттер. Бірбірінен терция кіші арақашықтығында орналасады. Аттас тональдіктер атаулары бірдей мажор және минорлық тональдіктер. Туыстас тональдіктерге ладтағы тұрақты басқыштардың құралған, параллельдік және аттас тональдіктерді топтасқан түрін айтамыз. Ауыспалы – параллельдік лад деп – бір шығармада параллельдік тональдіктеруің кездесуін айтамыз. Жеке сабақ № 5 Әндер 1-6 сыныпқа арналған музыка пәніне арнап мектеп бағдарламасынан алынады. Жоспары: 1. Әнмен нота арқылы танысып, әуенін үйрену. 2. Сөзімен қосып, концертмейстердің сүйемелдеуімен орындау. 3. Талдау: а) техникалық (диапазонын, тоналдігін, өлшемін, т.б.), б) әдістемелік (қай сыныпқа арналған, не туралы айтылған, қандай әдістемелік тәсілдер арқылы үйрету қажет, т.б.) Музыка сабағы - бастауыш сынып оқушылары үшін ең бір әдемі кең тараған музыкалық тәрбиенің түрі. Олар ән айтуды сүйеді, жан тәнімен беріле орындайды, мұның өзі олардың ішкі сезімдерін сыртқа шығара білуге, музыканы терең түсіне білуге жол ашады. Осыған байланысты, біз өзіміздің зерттеулеріміздің арқауы ретінде бала даусының қыр - сырын анықтау мәселесін мақсат етіп, музыка сабағындағы және сыныптан тыс жүргізілетін оқу - тәрбие жұмыстарына тереңірек жүгінуді жөн көрдік. Қазіргі таңда мектептерде жас ұрпақты әсемдікке баулудың негізгі құралы - музыка сабағы. Жастардың дауысын тәрбиелеп, олардың музыкалық есту қабілетін дамытып отыру - әнші – педагогтың міндеті. Мәселен, ән айту адамның физиологиялық, анатомиялық, психологиялық және педагогикалық қасиеттерін қамту мен бірге, техникалық жаттығуды да қажет етеді. Балалардың бейнелік ойлау қабілетінің артуы олардың ән салу мәдениетіне де ықпалын тигізетінін тәжірибе жұмыстары көрсетіп отыр. Белгілі педагог В.Белбородова былай деп атап көрсеткен еді: “Вокалдық – хор жұмысын жүргізгенде, олардың техникалық орындау жақтарын образды түрде ойлай білу мүмкіндігінен бөле қарауға болмайды, бұлар бірін – бірі толықтырып отырады”. Мысалы, балалар халық әні “Қарлығашты” айта отырып көз алдарына қайырымды да сүйкімді құстың бейнесін елестетіні сөзсіз… Сонымен бірге олардың естеріне “Қарлығаштың құйрығы неге айыр?” мультфильмін түсіруге болады. Вокалды шығармаларды орындағанда олардың әнді мәнерлеп айту жағына аса назар аударған жөн. Бұндай дағдыларды қалыптастыру үшін, балалардың үнемі таңдаулы хор ұжымдарымен, белгілі әншілерді, шебер орындаушыларды тыңдап мүмкіндік болса концерттерге барып отыруларына үнемі жағдай жасау керек. Дыбыс деп - әуеннің ең бір кішкене белгісін айтамыз. Сондықтан тәжірибеде қандай дыбыстар бар екенін анықтап алайық. Оны фортепиано аспабында қарастырған жөн. Дыбыстар төменгі және жоғарғы болып екіге бөлінеді. Музыкадағы негізгі дыбыстар жетеу, ал олардың өзіне тән аттары бар: до, ре, ми, фа, соль, ля, си. Ал қалғандыбыстар көмекші дыбыстар болып саналады. Олар альтерациялық белгілермен белгіленіп (#; b; х; bb) до диез, ре бемоль, фа дубль диез, соль дубль бемоль т.б. сияқты атауларға ие болады. Осы айтылған дыбыстардың өзіне тән биіктігі болады. Әр дыбыстар ноталық станда, өз биіктігінде және кілттер арқылы орналасады. Дыбыстау мүшелері, олардың дыбыс шығарудағы қызметі. Адамның дыбыстаушы мүшелері негізгі үш саладан тұрады. 1. Тыныс мүшелері. 2. Тамақ. 3. Қуыс мүшелері. 1. Тыныс мүшелері: өкпе, қолқа, көмекейжәне жоғарғы резонаторлар құрылысы. 2. Тамақ және дауыс шымылдығы. 3. Қуыс мүшелері: ауыз қуысы, мұрын қуысы. Ауыз қуысында дыбыс шығаруға қатысы бар мүшелер: тіл, ерін, тіс түбі, таңдай, кішкене тіл, иек. Жеке сабақ № 6 Вокалдық – техникалық жаттығулар Жоспары: 1. Тыныс алу түрлерін айыра білу 2. Диафрагма, кеуде, аралас тыныс алу әдістерін меңгеру 3. Резонатор түрлерін үйренуге дағдыландыру. Әр әнші ән айту барысында дауыс аппаратын тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін негізге ала отырып, дыбыс жолдарының анатомиялық құрылысы мен физиологиялық заңдылықтарын есте ұстауы қажет. Бірақ, кейбір мұғалімдер мұндай ерекшеліктерді бағалай және ескере білмейді. Дауыс аппаратының құрылысын терең білу, әнге тәрбиелеудің жаңа жолдары мен бағыт – бағдарларының дүниеге келуіне әсер етеді. Тыныс мүшелері. Дыбыс шығаруда қатысы бар тыныс мүшелері деп аталатын мүшелердің ең бастысы - өкпе. Өкпе екі тарам қолқа арқылы кеңірдекпен жалғасады. Өкпе ауаны ішке тартқанда кеңейіп, ауаны сыртқа шығарғанда семіп отырады. Тілдегі дыбыстар өкпедегі ауаны сыртқа шығуына байланысты. Сөйлеу процесінде ауа өкпеден біртіндеп баяу шығады да, өкпеге бірден тез өнеді. Өкпенің, қолқаның, көмекейдің және жоғары резонаторлардың құрылысы. Адамның негізгі дыбыс шығарарда, тыныс алғанда әртүрлі формаға түседі. Мәселен, ән айтқанда дауыс саңлауы өте тарылып кішкене үшбұрыш формасына енеді, жай тыныс алғанда кеңейіп кәдімгі үшбұрыш фомасындай болады. Ал терең тыныс алғанда дауыс саңлауы барынша кең ашылады. Сонымен қатар көмейдің тағы да бірнеше атқаратын қызметтері бар. Ол қорғаушылық және қозғалтушылық міндетін атқарумен бірге, жоғарғы тыныс алу мүшелеріне қатысты болғандықтан, барлық тыныс жолдарымен тығыз байланысты болады. Кіші сынып оқушыларының ән айту кезіндегі дауысының дыбысталуы олардың дауыс аппараттарының жас ерекшеліктерін есептей отыра, ең жақсы, үйлесімді, орнықты деп есептеуге болады. Олардың дауыс аппараттарымен (искусстволык,) жасанды, яғни таза орындау. (фальцет) түріндегі кеуде қуысы (регистр) арқылы да жұмыс жасай алады Алайда, олардың дауыстарын сақтау жағынан келетін болсақ, онда искусстволық жасанды, таза орындауды және жеңіл микст қолдану тиімдірек болады. Бұл бас арқылы дыбыс жүргізуге тән жеңіл және сыңғырлаған дыбысталуға сәйкес келеді. Бұл кезеңде балалардың дауыс күштері әлсіз болады, жеке тембрлері әлі айқындала қоймайды. Дауыс диапазондары да шектеулі болады. Дыбыс алу дегеніміз, грек тілінде – Фонация – (phone) – звук. Біз сөйлегенде сөздің бәрі жазылғандай айтылады. Ал, ән салғанда дауысты дыбыстар өзгертіледі. Мысалы: А – дыбысы – О дыбысына жақын Е – дыбысы – Э дыбысына жақын И – дыбысы –Ы дыбысына жақын У – О – дыбыстары өзекті орындалады. - Әнші ән салғанда немесе дыбыс шығарғанда қандай дене мүшелері қызымет етеді? - Ауыз, мұрын қуыстары, тіл, жұтқыншақ, дыбыс желбезектерінің көмегі бар, кеңірдек, бронхалар, өкпе, диафрагма және дем алуға қатысатын кеуде қуыс бұлшықтары, қарын бұлшықтары, дауыс аппаратын құрайды. - “Диафрагма” дегеніміз - кеуде қуысы мен асқазан ортасындағы дене мүшесі - Дауысты дыбыстарды айтқанда ауыздың дұрыс ашылуын, дыбыстың анық естілуін қадағалау: “А” – дыбысының айтылуы “Ә” – дыбысының айтылуы “И” – дыбысының айтылуы “О” – дыбысының айтылуы “Ө” – дыбысының айтылуы “У” – дыбысының айтылуы Осылар ән техникасын дұрыс меңгеріге септігін тигізеді. Вокалды - техникалық дағдылардың қатарына: резонаторларды дұрыс қолдану, әннің сөзін анық айту – дикция, ерін қимылдарының техникалық менгеру артикуляция, аспаппен сүйемелдеп орындау кезінде, ансамбль, вокалдық әшекейлеуді (пассаж) еркін және жеңіл қолдану, динамикаларға көңіл бөлу, әнді нақышына келтіре мәнерлі орындау кіреді. Әнді жинақы қойылған дауыспен орындағанда көңіл аударарлық маңызы бар мәселе, резонаторларды пайдалана білу. Резонаторлар деп, дыбысты маңғыртып күшейтуші қызмет атқаратын мүше, немесе күшейткіш орынды, аумақты айтады. Дыбыс мүшелері, яғни дауыс желбезегі әлсіз, әрі нәзік мүше, оған үн күшін қосылып күшейткіш резонаторлардың үлкен ролі бар. Ол тек дыбысты күшейтіп қана қоймай, сонымен бірге оған өте мол тембрлік рең бояу береді. Резонаторлар кеуде және бас резонаторлары болып екіге бөлінеді. Дауыс диапозонының дыбыс қатары өзінің дыбыс бояуымен ерекшеленіп – регистр деп аталынады. Регистрлерге, резонанстар сияқты бас регистрі және кеуде регистрі болып бөлінеді. Мысалы, дауыс диапозонының жоғарғы дыбыстары жоғарғы, немесе бас регистрі деп аталынады. Төменгі дыбыстар төменгі, немесе кеуде регистрі деп аталынады. Ән салу күрделі психофизиологиялық процесс болғандықтан оның кызмет ортасын нерв жүйесі арқылы және дауыс аппараттарының қызметі арқылы атқарылады. Әншінің дауыс шығарушы дене мүшелерінің құрамына ауыз, мұрын қуыстары тіл, жұтқыншақ, дыбыс желбезектері бар көмегі, кеірдек, бронхалар, өкпе, диафрагма және дем алуға қатысатын кеуде қуысының бұлшықтары, қарын бұлшықтары кіріп дауыс аппаратын құрайды. Ал. әнші дауысының акустикалық қасиеттеріне дауыс биіктігі, дауыс күші, тембрі (әуезі) және дыбыс ұзақтығы жатады. Дауыс биіктігі - әншінің дауыс желбезектерінің бір секунд көлеміндегі тербеліс жиілігімен (амплитудасы) анықталады. Дауыс тембрі (әуезділігі) дыбыс желбезектерінің тербелісі нәтижесінде обутондармен байытылуы барысындағы әрленуі. Дауыс күші - дыбыс желбезектерінің амплитудасы, яғни тербеніс қозғалысының қорқындылық кеңдігі. Тербеліс амплитудасы қаншалықты қарқынды, кең болса, дауыс күші соншалықты пәрменді болады. Дыбыс ұзақтығы әншінің демін ұстай алу ұзақтығына, ән салу дағдыларының дұрыс қалыптасуына байланысты. Яғни, дем алудың үш түріне тоқталу қажет: - Бірінші, таза мұрын арқылы тыныс алу, бұл әншінің шулы тыныс алуына әкеліп соқса, таза ауыз қуысымен дем алу дыбыс мүшелерін құрғатып жібереді. Бұл екінші тыныс алудың түрі. Үшінші түрі аралас деп аталады, яғни ауыз және мұрын қуыстарының бірдей көлемде ашылып ауаның екі қуыстан да кедергісіз, шусыз “гүлді иіскегендей” сезімде жүруі қажет. Міне осындай тыныс алу вокалдық техникада дұрыс тыныс алу болып саналады. денесі түзу, еркін, төрт нүктесі (қара құс, екі жауырын, жанбас, өкше) бір сызықтың бойында орналасқандай Әншінің дене құрылысын дұрыс ұстауында вокалдыдағдылардың біріне жатады. Әншінің бірінші кезекте болуы қажет. Әншінің, әсіресе ер азаматтың аяқ қоюы иықтың көлемінде болса, әйел адамдыкі бидің 3-ші позицмясында орналасады. Екі қолы әншінің және оқытушының қалауы бойынша белде, бір қолы аспанға сүйенген немесе шынтақтан бүгіліп алдыға ұстау арқылы, әнді өз бойында ұстауға, қол арқылы өзіне көмек беру мақсатында қолданылады. Ал бас, мойын, бет мүшелерін еркін ұстау, оларды дұрыс пайдалану шығарманың мазмұнына байланысты. Әншінің вокалдық шеберлігі қаншалықты деңгейде екендігін ән айту техникасын меңгеруінен байқауға болады. Әуен дауыстың шығыуна байланысты болса, дауыс дыбыстың құрылуына байланысты. Осыдан келіп дыбыстың құрылу кезіңі, немесе тынысты алғаннан кейінгі пайда болған алғашқы дыбыс шабул деп аталады. Дыбыс шабулы екі түрге бөлінеді: қатан және жұмсақ. Дыбыстың қатты, кенеттен құрылуын немесе пайда болуын қатаң дыбыс шабуылы деп атайды. Ол көбінде жылдам жүретін, жігерлі, салтанатты, марш екпінімен, қаһармандықты суреттейтін шығармаларда кездеседі. Өте нәзік және болар – болмас жай естілетін жұмсақ басталуды жұмсақ дыбыс шабуылы дейді. Ол лирикалық терең сезімде суреттейтін, жай жүретін шығармаларда көбірек кездеседі. Осы шабуылдардан соң дауыс қою техникасы жүреді. Дыбыстың шеңберлң жинақылығы, әуендегі дауысты дыбыстардың академиялық үлгіде көбінесе еріндік дауыстыларға жуықтан, дөңгелекте жинақтан, қойылған дыбыспен орындалуын дыбыстың құрылуындағы жинақты үлгі деп атайды, немесе вокалды позицияның үлгісі дейді. Мұндай үлгіде ән айтуда кейбір дауысты дыбыстар: и, е, а, көбінесе жинақталып айтылып, өзінің үнділігімен: ы, үй, э, о дыбыстарына сәйкестеніп, жақындап жуықтай түседі. Дегенмен, мұндай талантты сөзбе – сөз түсінуге болмайды, орындау барысында көрсетіп отырған жөн. Дыбысты айтылған тілекке соң бүтіндей өзгертіп жіберуге де болмайды. Тек ептеп қана жуықтап, орынды жинақтау керек те, текстінің негізгі мағынасына нұқсан келтірмейді. Дауысты дыбыстарды орындауда әншілердің ауызы мен еріндерінің атқаратын ролі зор. Жеке сабақ № 7 Артикуляция, қатаң және жұмсақ дыбыстарды атакалау. Тыныс алу техникасын одан әрі жетілдіру. Жоспары: 1. Жоғарғы резонатор дыбыс шығару әдістері 2. Кеуде арқылы төменгі дыбыстарды бірқалыпты айту. 3. Ауыз қуысы, көмей төменгі жақ, таңдай арқылы тыныс алуды қалыптастыру 4. Артикуляцияның маңызын түсіндіру 5. Қатаң және жұмсақ дыбыстарды атакалау әдістері. Әнді жинақы жабық шеңберлі дыбыспен (академиялық) үлгімен айту Вокал техникасындағы тағы бір маңызды вокалдық әдістің бірі болып, шығарманы орындау барысында бірыңғай вокалдық желіні сақтай алады. Ауыздың сыртқы формасының әнді айтуда өте үлкен маңызы бар, бірақ барлық әншіге бірыңғай тәсілді ұсына беруге болмайды, өйткені әрбір орындаушының өзіндік өзгешеліктері бар. Сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция дейді. Тіл дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы адамның дыбыстаушы мүшелерінің қызметін жақсы білмейінше, белгілі тілдегі дыбыстардың артикуляция (дыбысталуын) дұрыс тусінү қиын. Тілдегі сөздің мағнасын және сөздің тұлғалық көріністің түрлендіруге себеп болатын тіл дыбыстарын фонема дейді. Дыбыс жүргізудің тәсілі ретінде үнемі қатаң атаканы қолдану дұрыс болмайды, өйткені бұл дауыс аппаратының күштелуіне әкеп соғуы мүмкін. Қатаң атаканы орындаушылық немесе әдістемелік тәсіл ретінде сирек жағдайда қолданылуы тиіс, мысалы, сылбыр ән айту кезінде. Шығарманы айту кезінде вокалдық тәрбиенің мақсатын табысты шешуге қолданылған әдісті мақсаттылықпен таңдау өз мүмкіндігін тигізеді деп ойлаймыз. Вокалды шығармамен жұмыстың күрделілігі соншалық, ол тек қана жалпылама сезімі мен дыбысталуы бар бірегей шығармашылык, топ қана емес, сонымен қатар ол өзінің вокалдық және әртүрлі музыкалық ерекшеліктерімен берілген жекешелердің қосылған ортасы.. Оқьпушы үнемі өзара байланысты екі мәселені шешуге тырысады: а) техникалық сапасына сай музыкалық топ құрайды; б) вокалды шығарманы үйрету барысында әрбір жеке қатысушысын өзінің аспабы, яғни өз әншілік дауысымен үйретеді. Жұмыстың бастапқы сатыларында айрықша көп қиындықтар кездеседі. Әнді орындау барысында кездесетін ең бірінші қиындық - бұл шығарманың мәтінін мәнерлеп айтуға өту. Егер шығарманың тесситурасы сөйлеуден жоғары болса, балалар дауыстарын қатты кернеп, айқайлап айтуға мәжбүр болады. Балалардың дауысымен жұмыс істегенде дыбыс бастамасының алатын орны ерекше. Дыбысты дайындау және онын бастамасы - атака деп аталады. Вокалдық практикада атаканың үш түрі бар: қатаң, жұмсақ және үзік дыбыс бастамасы. Сондықтан да, балалардың дауысымен жұмыс істегенде, қандай атака кезінде баланың дыбыс шымылдыңы іске қалай қосылады және қандай дауыс атакасымен жұмыс істеу қолайлы екенін ескерген жөн. Негізінен, бала дауысымен жұмыс істегенде жұмсак дауыс атакасын қолдану дұрыс деп саналады. Сонымен біз дауыс аппаратымен біршама таныстырып болған соң, өзіміз музыка сабағында пайдаланған орындаушылық шеберлікті дамытуға ықпалын тигізген әдістемелік тәсілдерді қарастырайық. Жеке сабақ № 8 Халық әндері Жоспары: 1. Студенттер халық әнінің нота әуенімен танысады. Әндре әрбір студенттің дауыс диапазонына байланысты беріледі. 2. Әннің характерін, мазмұнын ашып өз деңгейінде орындау үшін, дауыс мүмкіндігін пайдаланып қоймай, вокалды-технкалық жаттығулар арқылы шығарманың сапалы орындалуына жету. 3. Әнді концермейстердің сүйемелдеуімен талапқа сай орындалу шеберлігін меңгеру. Студенттерді әншілікке баулу жолында халық әуендерінің тәрбиелік мәнінің зор екендігін ескере отырып, жұмыс барысында халыќтың ән дәстүрін шебер талғаммен пайдалана білген жөн. Б.В.Асафьев халық әндерін музыка сабақтарында пайдалана білудің орны ерекше екендігін айта отырып былай деген еді: «Халық арасында музыканы кеңінен дамуы үшін және оның әсерлілілігінін артуы үшін, халықтың өзі туғызған мәңгілік өлмес ән өнерінің орны бөлек». Б.В.Асафьев халық әніне ерекше мән бере отырып, оның мектеп жасындағы балаларды музыкаға тәрбиелеудегі алатын орынын осылайша көрсетті. Ән айту мәдениетін қалыптастыруда, мүмкіндігінше баяу да созылыңқы түрде айтылатын халық әндерін еңгізу пайдалы болмақ. Мысалы, халық әні «Әлдиді» алар болсақ, оның баяу да салмақты сипаты шығарманы орындағанда дауыс аппаратының қысылмауына, тыныс алуды бақылап отыруға, сөздің анық айтылуына және дыбыстың сапалы шығуына мүмкіндік береді. Халықтың дәстүрдегі орындаушылар әдетте әннің басында, ортасында немесе аяғында қысқа ғана вокализдерді қолданып отырған (аха-ха, или- гай, гәк-ку, хай-ли-лау, әридаш-ау, угу-гу, иги-гак, т.б.) мұның өзін кейде әннің келесі шумағына дайындыќ ретінде немесе көмейді дем алдыру үшін пайдаланған. Аталған жаттығуларды біз өз тәжірибемізде дыбыстарды дұрыс, анық, таза айта білу үшін қолдандық. Халық әндерінің бір ерекшелігін айтпай кетуге болмайды. Әрбір әнді байқап қараса, олардың өлеңдері бірнеше шумақтан пайда болып, сол шумақтардың ішіндегі тармақтары бір – бірімен ырғақ жағынан сәйкестеніп келеді. Бұны біз шумақтық әндер дейміз Жеке сабақ № 9 Қазақстан композиторларының әндері. Жоспары: 1. Әннің авторы, текстік мазмұны, екпіні сипаты т.б. танысу. 2. Нота арқылы айтып, үйрену. 3. Әнді нотаға қарап, сөзімен орындау. Балалар дауысымен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру. Ғалымдар, оқытушылар, психологтар, әдіскерлер, музыка пәнінің оқытушылары әнді сенімді айта алмайтын оқушылармен жұмыс тәсілдерін көптеп қарастырып келеді. Бұл мәселені шешу жолында Пономарькова И.П., Багадурова В.А., Орлова Н.Д., Апраксина О.А., т.б. педагогтардың еңбектері көмекке келеді. Әнді сенімді айта алмайтын оқушылардың қалыптасу жолдары қиын да, ұзақ болып келеді. Ол оқытушыдан қажымас еңбекті талап етеді. Бұл үшін әнді дұрыс айта алмаудың себебін таба білудің маңызы зор. Зерттеуші – педагог С.Гладкая өзінің “Бастауыш сыныптардағы музыка сабақтарында балаларды әншілік шеберлікке қалыптастыру” – деген нңбегінде әнді дұрыс айта алмаудың мынадай себептері болуы мүмкіндігін атап көрсеткен: “есту қабілеті нашарлығы, есту қабілеті мен дауысының арасында байланыстың болмауы, көпшілікпен ән тәжірибесінің жоқтығы, әнді айқайлап айту немесе улкендреге еліктеу сияқты жаман әдеттің қалыптасуы, сылбырлығы немесе керісінше мінез – құлқындағы мөлшерден тыс шапшаңдық, тым әсерлеп айту, әншілік шеберлікке қызықпаушылығы”. Әнді жинақы жабық шеңберлі дыбыспен (академиялық), үлгімена айту вокалдың техникасындағы тағы бір маңызды әдістің бірі болып саналады. Ауыздың сыртқы формасының әнді айтуда өте үлкен маңзы бар, бірақ барлық әншіге біріңғай тәсілді ұсына беруге болмайды, өйткені әрбір орындаушының өзіндік өзгешеліктері бар. Кейбір әншінің дыбыстары әуел бастан -- ақ табиғи жинақы қойылған дауыспен, тіпті орындау мәнері де аккадемилық үлгіде айта алады, оның орындау қалпын өзгертудің қажеті жоқ, кейбір жөндеу, ескертпелер жасаса да жеткілікті. Ал, кейбір әншілер өте ашық дыбыспен халық әндерін орындау үлгісі көбірек жетілегген, мұндайда жетілегн әдіс – тәсілдерді қолдана отырып көзделген мақсатқа жету қажет. Жалпы әнші дыбысты дұрыс шығарып тұрған жағдайда онымен оқытушы санасуы керек. Көп ескерпелер жасай бермей - ақ орындау шеберлігінің өзге талаптарын (ырғағы, нюанстары, сипаты) орындатуға күш салғаны жөн. Вокалды - техникалық дағдылардың қатарына: резонаторларды дұрыс қолдану, әннің сөзін анық айту – дикция, ерін қимылдарының техникалық менгеру артикуляция, аспаппен сүйемелдеп орындау кезінде, ансамбль, вокалдық әшекейлеуді (пассаж) еркін және жеңіл қолдану, динамикаларға көңіл бөлу, әнді нақышына келтіре мәнерлі орындау кіреді. Аталған дағдылардың барлығын хормен жұмыс істеу кезінде қолдануға болса, вокалдық әшекейлер мен фалынттер көбінеки ән айтуға тән тәсілдер болып табылады. Сондықтан әрбір әнші дауыс ерекшелігін пайдалана отырып, өзіне тән әшекейлер мен тәсілдерді қолданып айтады. Вокалдық техниканы толық меңгеріп, әнші, шығарманы орындау барысында түрлі нюанстармен қатар оның мәтіні (текст) идеялық – көркемдік маңызын айқындай түсіп, вокалды ән техникасының барлық дағдыларын сақтай отырып, шығарманы орындап шығады. Жеке сабақ № 10. Ария, романс жанрларымен таныстыру, орындау шеберлігіне жету, жұмыс істеу. Дауыс диапазонымен жұмыс. Жоспары: 1. Вокалдық – техникалық жаттығулар арқылы әрбір студенттің дауыс көлемін кеңейту. 2.Күнделікті жұмыс диапазонын белгілеу. Тәжірибелі ұстаз баланың дауыс ерекшеліктерін білу керек, олардың дауыстарына абай болуын, оларды ән айтуға қызықтыра біледі. Сондықтан баланың дауыс аппаратына, дауысына шамадан тыс ауыртпалық түспейді. Мұғалім әрбір студентке тікелей жақын қараудың, олардың даму деңгейін, жасын, ерекшеліктерін ескеру керек. Сонымен қатар олардың психологиясын да біліп, оларға басшылық жасау кажет. Ырғақ - деп дыбыстардың әр түрлі ұзақтық ара қатынасын айтамыз. Ырғақтың музыкада атқаратын ролі ерекше. Күнделікті естіп жүрген әндеріміздің дыбыстарын бір қалыпты ұзақтықпен айтатын болсақ, ол ән емес, ешбір әуенге ұқсамайтын жай дыбыстар жиынтығы болып шығар еді. Осыған орай әрбір әуен құрайтын дыбыстар ырғақ жағынан түрлі ұзақтықтарда болып келуі – заңдылық. Айтылып жүрген немесе ойналып жатқан музыкалық шығармаларды зер сала тыңдап отырсаңыз, онда қатты және жай шығып тұрған дыбыстар такт деп аталатын бір бөлшектің ішінде болып келеді. Ырғақта күшті және әлсіз бөліктер болады. Екпін, темп (жылдамдық, шапшаңдық) – деп музыкалық шығарманың ойналу жылдамдығын желісіз айтамыз. Композитор қандай музыка жазбасын, әр уақытта оның айналу немесе айтылу жылдамдығын шығарманың барысында көрсетеді. Темптің үш түрі бар: біріншісі өте жай, салмақпен орындалатын шығармалар, екіншісі орта екпінде орындалатын, үшіншісі шапшаң немесе тез жылдамдықта орындалатын шығармалар. Жоғарыда айтылған үш түрлі жылдамдықтардың өзі бірнеше бөлімге бөлінеді. Музыкалық шығарманы композитор көрсеткен жылдамдықпен көрсеткен жылдамдығында (екпінде) орындаған жөн. Ал, автордың көрсеткен жылдамдығында екпінен тыс кету ойналатын шығарманың мазмұнын, көркемдік қасиеті мен идеясын төмендетіп жібереді. Екпін түрлері: Presto - быстро, тез Allegro – скоро , подвижно, жылдам. Moderno - умеренно, орташа, асықпай Andante – не спеша, спокойно, асықпай, байсалды. Gento – медленно, жай Yardo – широкий, өте жай, кең, шалқыта. Агогика – (грек тілінде – қозғалыс, қимыл). Әндегі агогика суреттеу құралдарына жатады. Ол ерекше заңдылығымен тұрақты. Агогика әннің ырғағы екпіні аздау өзгеріспен орындалады. Ән ішіндегі қозғалыс шарықтау шегіне талпынуы. Ол музыкалық шығарманың сипатына лайық әсерлеу, көркемдеу әрекеті болып табылады. Acce Merando – ускоряя, шығарманың шапшаңдығын жылдамдату; Pitenuto – замедляя, шығарманың шапшаңдығын жайлату; Allarando – расширяя, замедляя, шығарманың шапшаңдығын кеңейту, жайлату; Puu – Mosso – более подвижно, жылдамдата; Mene – Mosso – менее подвижно, жайлата; Вокалдық техникалық элементтері, дикция, артикуляция, дыбысты таза (интонация) орындау дағдыларын меңгерту. Дикция – (латынша) – айтылу, айту деген мағынаны береді. Ол негізінде екіге бөлінеді: 1. Күнделікті тұрмыста адамдардың бір – бірімен ұғынысуында қолданылатын тіл дикциясы. Бұған актерлердің сахнада сөйлеу дикциясы және адамдардың бір – бірімен тіл қатынасы жатады. 2. Әншілердің жеке- жеке дикциясы. Дикция кең мағыналы ұғым. Ол тіліміздегі әрбір дауысты және дауыссыз дыбыстардың, сөздер мен сөйлемдердің бұрмаланбай таза айтылуы ғана емес, сонымен бірге жеке сөздер қурылысы жағынан әрі сауатты , әрі ұғымды тартымды болып келуінде. Әнмен айтылатын сөздерді құрап тұрған барлық дауысты және дауыссыз дыбыстардың ашық айқын естілуі қажет. Дикция әннің сөздерін дұрыс, анық және дауысты дауыссыз дыбыстардың орындалу қағидасын білу техникасы тұрмыс – салт өлең әндерді өз ырғағымен, өз сазымен ауыздан – ауызға тарап, халық ортасында бағасын ала білді. Дауысты дыбыстар: а, о, у, и, ы, е, дыбыстары ерекше көңілге болуы кажет етеді, Көмкеріп, ашық дыбыстарды жинақы, ауыз қуысының көмегімен толтырып әдемі шығуына дағдылану қажет. Әндегі дауссыз дыбыстардың ішінде әсіресе айтуға қиың: қ, п, т, ф, х, және с, ш, ц, щ, и, сияқты әріптердің міндетті түрде берік айтып, қысқа айту қажет, ал а, ш, ц, г, щ, дыбыстарын қысқа, үстіртін айтқан жөн. Жеке сабақ № 11 Әнді ансамблмен айтуға дағдыландыру (дуэт, трио). Әрбір студенттің дауыс мүмкіндігін анықтау. Жоспары: 1. Жаттығу арқылы дауыс мүмкіндігін анықтау. 1. Тыныс алу мүмкіндігін кеңейту. 2. Ырғақты дәл сезіну дағдысын қалыптастыру жаттығулары. Екі дауысты ән айтуға көшкенде бірінші және екінші дауыстарға бөлу шартты түрде жүреді: оқытушы дауыс аппараттарының өте нық, не болмаса жеңіл дыбысталуына басты назар аударып, оларды дауыстарға бөледі. Кейбір балаларда кеуде арқылы дыбысталу ерте дамиды. әсіресе, ер балаларда, бірак, нағыз альттер туралы сөз к,озғау әлі ертерек. Егер баланың дауысы табиғи дыбысталып, ән ыңғайлы тесситурада жазылса, онда мұндай әнді айту өте ыңғайлы және жеңіл болады Вокалды - балалардың дауыстарын сақтау мақсаты үнемі тұру керек. Әншілік; дауысты дамытудың келесі сатысы - мутация. Бұл кезеңде жасөспірімдер дауыс гигиенасына аса назар, аударулары керек. Ер балалармен мутация кезеңідегі сабақ барысында аяушылық ету аса тиімді. Мутацияның соңғы кезеңінде қыз балаларда дауыс диапазондары кеңейіп, анық дыбысталу пайда болады. Сонда да болса дауыспен жұмысты ақырындап жүргізу керек, өйткені, әлі де дауыс ерекшеліктері үлкендерше толық қалыптаса қоймайды (13-17 жас). Музыкалық шығарманың репертуарлық және концерттік жүктемелері өте үлкен. Олардың дыбысталу сипаттамасы дискуссия құралы болып атќарылады. Жылдамдатып, тездетіп айту әншілік дыбыстың өте бағалы ерекшеліктерінің бірі болып есептелінетін, ерекше сипаттама беретін «вибратоға», яғни дауыстың дірілдеп шығуыға кері әсер береді. «Вибрато» - сыз дауыстар естуге тартымсыз, онша жақсы дыбысталмайтын сияқты. «Вибратоның» вокалдыќ музыкадан аспаптыќ музыкаға, музыкалыќ дыбыстың өте құнды және ќажетті қасиеттерінің бірі ретінде өтуі де кездейсоқ емес. Сүйемелдеусіз айту интонациясының таза айтқызу жұмысы барысында үлкен маңызы бар. Студент өзінің айтып отырған әнін жақсы есту керек. Сондықтан біз оның музыкалық дамуын тексеру барысында есту қабілетін, дыбысты аспапсыз таза шығаруларына, мәнерлі айтуларына назар аударамыз. Балалардың белгілі бір жасында өткінші жеке болып жатқан өзгерістер жайлы нақты білу үшін олардың музыкалық ѳсу деңгейін, ән айту қабілеттерін, әрбір жеке-жеке «көре біліу» қажет. Адамнын қиын да күрделі ән айту функциялары көптен бері зерттеліп келеді. Адамның дауыс аппараты ең үлкен байлық, оны күтіп, қадағалап, саналы түрде қолдану керек. 10-сабақ-Кейбір жағдайларда дауыс аппаратынын ауруларын вокалды педагогика әдістері арқылы емдеуге болады деп дұрыс айтқан. Көптеген зерттеушілір дұрыс ән айту тәрбиесі дауысты қорғау болып табылады деген тұжырымға келген. Ән айтуға енді ғана қатысып жүрген жас әншілер музыкалық шығармадағы жалпы дыбысты естігеннен өзінің даусын баќылай алмай қалады. Жақсы музыкалық ecту қабілеті бар оқушылардың өзі ән айта бастағанда кейде таза интонациялыќ дыбыспен орындай қалады. Мұнда дауыстардың белгілі тембрлік сапалары үлкен роль атќарады. Жеке сабақ № 12. Дауыс диапазонымен жұмыс. Вокалдық техникалық жаттығуларды ары қарай жалғастыру. Жоспары: 1. Шығармаларды техникалық таза орындау. 2.Көркем, мәнерлеп орындау. Вокалдық педагогиканың талаптарына сай (демді дұрыс алу, ќоңыржай үнділікті саќтай айту, кантилена), сөздін ашыќ, айқын айтылуы (дикция), мәнерлеп орынадуға дағдылану) балаларды әншілік өнерге баулуда практикада қолданылатын арнайы ән жаттығуларының алатын орны ерекше. Сабактың мақсатына сай өз орнын тауып қолданылған жаттығулар, тек дауыс аппаратын ән айтуға дауындап ќана қоймай, белгілі бір орындаушылық шеберлікті дамытуға байланысты дағдыны қалыптастырады. Әдетте вокалдық жаттығулар әнді орындау алдында іске асырылады. Біздің пайымдауымызша, алғашќы орындалатын жаттығу жай екпінде, дыбыс легінің қоңыржай үнділігі сақталып, окушылардың сезіміне әсер ететін болуы тиіс. Мұғалім осы берілген фрагменттерден басқа да методикалық кұндылығы мол, балалардың жас және дауыс ерекшеліктеріне байланысты жаттығуларды өздері таңдап алуына болады. Жаттығуларды өз алдына оќшау емес, күрделі де ќиын, әншілік өнерге баулудың негізгі құралы деп қараған жөн. Ќандай жаттығу болмасын, вокалдыќ - техникалық талаптарды жүзеге асырып ќана ќоймай, сезміталдыққа қанағаттандыруына тиіс. Бұл жөнінде заманымыздың көрнекті ғалым - ұстазы О.Апраксина былай дейді: «Әрбір жаттығу, егер ол бір ғана дыбыстың тұрса да, әуезді, мәнерлі орындалуы тиіс. Бұл жағдайда, оқытушысының әр жаттығуды өз дәрежесінде, қойылған талапқа сай мән бере, дауыстың тембрін балалардың үніне жаќындатьш орындай білуінің маңызы зор. Балалардың еліктеушілік қасиетін және дауыс ерекшеліктерін ескере отырып (әні ашыќ, сыңғырлаған, жеңіл, таза) бас, баритон, меццо -сопрано дауыстыларға жататын мұғалімдер дыбысты жеңілдетіп айта білуі керек. Сол себепті меццо - сопрано дауыстылар І октавада сопрано баяуымен, алерлер фальцетпен немесе соған жақындатып айтуға тиіс» Әншілік өнерге баулаға қойылатын талаптардың бәрі бір –бірімен тығыз байланысты. Демді дұрыс алуға, сөзді анық айтуға, ќоңыржай үнділікті саќтай білуге өз алдына жеке - жеке үйрету айтарлыќтай ќанағаттандырарлық нәтижеге жеткізбейді. Арнайы жаттығуларда біршама табыстарға жеткенмен, шығарманы орындағанда ол дағдылар пайдаланыла алмай қалатын жағдайлар болады. Сондыќтан ќандай жаттығу болмасын оны орындауда комплексті талап қойылуы ќажет деп білеміз. Әннің сөзін дұрыс айта білуге баулу. Ән айтуға баулу жолында мынадай жағдайлар кейде ескеріле бермейді: сөзді дұрыс айтқанмен оның аныќ жетуіне назар аударылмайды, немесе сөз аның айтылғаныменен дұрыс қолданылмай жатады. Жеке сабақ № 13. Әлем халықтарының әндері. Орфоэпия. Орфэпиялық дыбыстармен жұмыс. Жоспары: 1. Ұяң, қатаң дыбыстарды дұрыс айтуын қалыптастыру. 2. Вокалдық – техникалық жаттығулар арқылы дыбыстарды таза айту. 3. Әнді ансамбльмен айтуға дағдылану (дуэт, трио, т.б.) Студенттерді ән айтуға оқыту вокалды - техникалық дағдылардың белгілі бір жинағын үйретумен байланысты. Ән айтуда резонаторларды айрықша ұйымдастыру талап етіледі. Әрине, жылжымалы резонаторлармен басқару да сабаќ барысында өзінің көмегін тигізеді. Оқытушының вокалдық есту ќабілеті өте жоғары болуы керек. Тәжірибелі оқьпушы дыбысталу сапасын баланың дауыс аппараты дұрыс немесе дұрыс емес жұмыс жасағанын анықтап, онда болып жатќан кішкентай да өзгешеліктерін бірден байқайды. Жаттығудың «қ» дыбысынан басталуы балалардың дауыс аппаратын активтендіріп, бірден айќын, таза дыбыс шығаруға жетелейді. Қатаң «к» дыбысынан кейінгі орналасқан «а» дауысты дыбысынын кұлаққа жағымды, майда болып шығуына, сөз тексінің мазмұнына лайықты сезімталдыќпен орындауды талап ету әсерін тигізеді. «Гүл» деген сөзді айтќанда «ү» дыбысының созыла айтылуын қадағалан жөн. Әдетте практикада созылу ұзақтығы мүмкін бола тұрса да, дауысты дыбыстың орнына дауыссыз дыбысты созып тұрып алатын жағдайларда кездесіп қалады («ү»- нің орнына «л»). Жаттығуды бір мезгілде бастап, бірдей аяқтауда, онын характерін жеткізе білуде мұғалімнің дирижерлік қол қимылын окушылардың дұрыс түсіне білуінін мәні зор. Әуен өз дәрежесінде орындалған соң, берілген тональдыќтан бастап жарты тоннан жоғарылатып айтќызуға болады. Алғашќы жаттығу балалардың орындауына (звук) дыбыстардан басталып, бірінші октаваның сиb ,-си ноталарынан аспауы қажет. Бірте-бірте сыныптың әнді орындау қабілетінің ќалыптасуына орай, орындау диапазоны кеңейтіле береді13- сабақ-Бұл жаттығуды орындағанда орфоэпия заңдылыќтарына сүйенуге тура келеді. Әдетте балалар әрбір сөзді жазылуы бойынша айтады, сондықтан дыбыс легі үзіліп - үзіліп естіледі. Мұғалім жаттығуєа қойылатьгн талапта мынадай құбылыстарға көңіл аударуы тиіс: «әлі-ақ ұйықтап қаласын» деген сөйлемдегі «әлі-ақ» деген сөзде «а» дыбысыныѕ ыкпалынан «і» дыбысы түсіп қалады, ал «қ» қатаң дыбысы келесі «ұйықтап» сөзінің бірінші дыбысы «ү» -нің әсерінен «ғ»-ға айналады. Сонда жазылуы «әлі-аќ» болғанмен, орындалғанда «әлағ» болып айтылады. Ән сөзінің ашық, таза айтылуы да әншіліккке баулудың негізгі компоненті болып табылады. Орныдалатын шығарманың мазмұнының тыңдаушыға дұрыс жетуі үшін, баланың әрбір дыбысты айќын айта білуінің маңызы зор. Мұғалім дыбыс шығаруға қатысатын ауыз, ерін, тіл, көмекей, төмеңгі жақ сүйегінін жұмысын өзі өте жақсы меңгеріп, оны балаларға ұғымды тілде жеткізе білуі тиіс. «Гәк», «гик», «гай» буындарында кездесетін «г», «к» дыбыстары таңдай дыбыстарына жатады. Сондықтан бұл дыбыстар бірден дауыстың жоғарғы позицияда құрылуына жағдай жасайды, ал «ку», «гу», рай», т.б. буындағы «у» дыбысы болса, ежелден дауысты көмекейден ќысын шығаратын адамдардың сол дауыс аппаратын босатуға ќолданылатыны белгілі. «У» дыбысы ерін дыбыстары ќатарына жатќанмен, өзінің акустикалыќ формасы жағынан терең, көлемді естіледі. Орфоэпия грек тілінде «огfоc» - дұрыс, «eроэ» - сөз. Сөзді дұрыс айта білу деген сөз. Алғашқы әншілікке баулу жайлы еңбектердің өзінде-ақ сөзді дұрыс айта білу мәселесіне назар аударылған. Ю.Барсов өзінің «әншілікке тәрбиелеу тарихынан» деген еңбегінде, Ломакинның «ән айту методтары» (1837 жылы басыл-ған) деген еңбектерінде былай дейді: «ән айтудағы ең бір есте ұстайтын нәрсе – сөзді анық айту. Сәзді дұрыс айта білмеу әнді мүлде түсініксіз етіп жібереді». Бұл ескертулер ќазір де өзінің мәнін жойған жоќ. Көптеген ұстаздар ән айту барысында дыбыс-тың күшті де дұрыс шығуына ден қояды да, сөзі назардан тыс қалып қояды, бұл мүлде жіберуге болмайтын қателік. «...Көптеген әншілер әдемі де қатесіз сөйлей алмайды», -дейді - Станиславский, - міне сондыќтан да олардың салған әні тартымды естілмейді, көп жағдайда сөздерін ұға алмайсың» (33). Ќалай болғанда да, ән айтушыларға да халыќтың тіліндегі әріптердің айтылуына, олардың сөз құрау ерекшеліктеріне ден қоймауға болмайтындығын сезінуі хаќ. Мәселен, тілінде тамаќпен айтылатын ќатаң дауыссыз дыбыстар ән айтуда қиындыќтар келтіреді деп саналған. Зерттеуші С.Татубаев жұмсак дауысты дыбыстардың көптеп кездесуі, (а, ә, е, о, ұ, ү, і, ы) қазақ әніндегі сөздің айтылу үнділігін арттыратынын жазған еді. Көптеген қазақ сөздерінде ќатаң дауыссыз дыбыстардың жұмсақ дауыссыз дыбыстарға ауысып айтылып жататын кездері болады. Мәселен «Ќ» және «К», жұмсак дауысссыз «Г» жэне «Є» дыбыстарын; мұның бәрі айтылған әріптердің мынадай әріптермен қатар келуіне байланысты өзгеріп отырады «а, е, ы, і, ж, з, и, л, м, н, ң, р, у» сияќты, немес керсінше «қ» жэне «к» дыбыстары «ғ» және «г» дыбыстарымен ауысады. Мысалы: Вокал пәнінің мұғалімі мынадай ерекшеліктерді есте ұстағаны жөн, егер «б» әрпі дауысты «а, э, е, о, о, у, ү, ы, і», немесе «в» әрпіне жаќын болып айтылады. К. Ниеталиеваның Ќазаќтың орфоэпиялык сөздігінде бұл таңба былай белгіленеді: «б». Жазылуы: Айтылуы: Асыр сап ойнадық («Сүйікті мектебім») - асыр саб ойнадық Жайнап өскен («Біз өмірдің гүліміз») - жайнап өскен Келіп ем («Ќоңырау») - келіб ем Біз баќытты - || - - біз бақытты Мен бір билеп («Ортеке») - мен бір билеп Шыбыќ («Жаңбыр») - шыбық Гүл бақшада («бақытты балалык шаќ») - гүл баќшада Егер алдыңғы сөз дауысты дыбысқа аяќталып, келесі сөз дауысты дыбысты сөзден басталса, онда алдыңғы сөздің соңғы дауысты дыбысы түсіп қалады. Мысалы: Жазылуы: Айтылуы: Шилі өзен («Шилі өзен») - шил" өзен Жерде отыр - || - - жерд" отыр Бізді ойла - || - - бізд11 ойла Тұра алмаймын («Ќарғаш») - тұр" алмаймын Ќара орамал («Гауһартас») - қар" орамал Шаќырса анаң - || - - шақырс" анаң Сүйеді ел («батыр бала Болатбек») - сүйед" ел Етікші ата («Етікші») - етікш" ата Біз кейбір сөздердің «айтылу» және «жазылу» заңдылыќтарын мысалға келтірдік. Бұл заңдылықтарды саќтай отырып жұмыс істеу музыка маманының мектеп оқушыларын ән айту мәдениетіне баулу жолында жетістіктерге жетуіне көмектесетіні сөзсіз. 14-сабақ-Дауысты жаттыќтару үшін халық күйлерінің әуенін де ќолдануға болады. Бұл тек ырғаќты ғана дамытып ќоймай, дыбысты жеңіл, әсем, дауыс аппаратына күш түсірмей айтуына тәрбиелейді. Балалар әуенді айтқанда өздері домбыра мен қобызда ойнау ќимылын бейнелеп отыруына болады. Күй әуенімен жаттығу жасау сонымен қатар музыканы тез есте сактауға, шығармашылық ќиялына козғау салып, балалардың музыкаға деген көркемдік талғамын арттыруға көмектеседі. Бұл жерде есте сақтайтын бір жай, музыкалық материалды тыңдағанда, балалардын музыкаға бейімділігін, олардың жас ерекшелігін ескеру ќажеттігі окушыларды әншілік мәдениетке баулуда, оларға халыќ әндерін үйрету үлкен роль атқарады... Жеке сабақ № 14,15 Бақылау сабақ Вокал пәнінің негізгі мақсаты - әншілік шеберліктің кейбір әдіс –тәсілдерін түсініп, игеріп, әнді дұрыс айта алмайтын балалармен жұмыс істеуде табандылық пен тапқырлықты алдымен өз басынан талап ететін болашақ музыка мұғалімін дайындауға септігін тигізетін методикалық нұсқауларды қарастыру. Әнді дұрыс айта алмаудың себебін анық білу үшін, біз сабақтан тыс уақытты пайдаланғанды жөн көрдік. КУРС БОЙЫНША ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ. 1. Өз бетінше тыныс алу жаттығуларын жасау 2. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтып үйрену. 3. Мектеп әнін нота арқылы жаттау. 4. Халық әнін нота арқылы жаттау. 5. Композитордың әнін нота арқылы жаттау. 6. Әншілердің орындауында вокалдық шығармалар тыңдау. 7. Өзінің әншілік репертуарын байыту. 8. Өз бетінше вокализді нотаға қарап орындау.. 9. Өзі орындайтын вокалдық шығармаларды талдай білу. 10.Мектеп әнін өз сүйемелдеп айтуға жаттығу. 11.Ән айту өнерінің тарихы, әншілік мектептер. 12. Дауыс аппаратымен жұмыс істеу. 13.Тыныс алу жолдары, диапазон.. 14.Артикуляция, дыбыстарды анық айтып үйрену, орфоэпиялық дыбыстарды айтып жаттығу 15.Бақылау сабағын дайындау. ОҚЫТУШЫМЕН БІРГЕ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ. 1. Әншілікті тыныс алу жаттығуларын жасау арқылы шыңдау. 2. Дауыс аппаратымен өз бетінше жұмыс істеу 3. Артикуляция, дикция техникаларын қалыптастыру 4. Вокализді нота арқылы үйрену 5. Мектеп әндерін өз бетінше үйрену 6. Таныс емес шығарманың әуенін аспапта орындай алу. 7. Халық әндерін орындау шеберлігін жетілдіру 8. Ария, романс жанрларын шебер орындауға қалыптасу 9. Вокалдық шығармаларды әр-түрлі штрихтарда орындау 10. Балалар әндерін өзі сүйемелдеп орындау 11. Дауыс диапазонын кеңейту жаттығулары 12. Әр-түрлі жанрда өз бетінше шығармалар үйрену 13. Өзі орындайтын шығармаларды теориялық талдау 14. Әншілік репертуарын байыту 15. Әншілер және әншілік мектептер жайлы реферат дайындау 16. Емтихан бағдарламасын дайындау СЕМЕСТР БОЙЫНША ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР: 1. Мектеп әні. 2. Вокализ. 2. Қазақстан композиторларының әні. 3. Халық және халық композиторларының әні. 4. Әлем халықтарының әндері. 5. Романс немесе операдан ария. КУРС БОЙЫНША ЕМТИХАН ТАЛАПТАРЫ: 1.Вокализ. 2. Қазақстан композиторларының әні. 3. Халық және халық композиторларының әні. 4. Мектеп әндері өз сүйемелдеуімен. 5. Романс немесе операдан ария. ҮЛГІ РЕПЕРТУАРЛАР: Қазақстан композиторларының әндері Б.Байқадамов: Айгөлек, Бөбегім, Алма ағаштар жайнайды, Сүйген сәулем, Домбыра, Ақ бидай. Ә.Епсаев: Әлі есімде, Ақ сәуле ұстазым, Сағыныш саздары, Сағыныш екен бала кез, Барасың қайда, қайда. А.Жұбанов, Л.Хаимди: Ария Ажар из оперы «Абай», Песня Айдара, Ақ көгершін, Қарлығаш. Л.Хамиди: Смотрины невесты из оперы «Абай», Қазақ вальсі, Бұлбұл, Жайлауым бақша жайнаған. Б.Жамақаев: Сен ғана, Махабат вальсі, Ертіс вальсі. М.Мағытаев: Ақ маржан, Қалкам-ай, Мен үндемей жүремін көп, Іздедім сені. Қ.Мусин: Почтальон, Алма бағында. Н.Тлендиев: Құстар әні, Көз көрген қарындас-ай, Бақыт бар ма, сенен артық?, «Қыз Жібек» филімінен Алтыбақан әні, Жүрегім менің, Әке туралы жыр, Саржайлау, Куә бол. М.Илиясов: Алтынай, Туған жер, Мерекем сен, Қазақтың дастарханы. Ш.Қалдаяқов: Әнім сен едің, Қайықта, Арыс жағасында, Ана туралы жыр, Қаракөз, Ақ ерке – ақ жайық, Ақ бантик, Қуаныш вальсі, Қайдасың?, Бақыт құшағында, Сыр сұлуы, Ақ маңдайлым, Кешікпей келем деп ең. Г.Хамитов: Сағындым жайық. Е.Хасанғалиев: Ауылым-әнім, Гүл сезм, Келші, келші балашым, Елігім еркем, Асыл арман, Сағындым сені, Жан досым, Анаға сәлем, Атамекен, Бозторғай. Т.Базарбаев: Тамаша, Аяулым, Қаздар қайтақанда. С.Байтереков: Күнге табыну, ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 1. Арии, романсы и песни из репертуара И.Обуховой. Для мецоо-сопрано в сопровождении фортепиано и инструментального трио. Составитель Ю.Обухов. Изд-во «Музыка» - Москва,1975 2. Әсеттің 500 әні. /1,2,3 кітаптар/. Құрастырғандар: Н.Нүсіпжанов, Д.Ә.Бейсеуов. Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық министрлігінің «Өнер» баспасы. – Алматы, 1998. 3. Ән сабағы. Учебно-методическое пособие для начальных классов казахских школ. /в сопровождении баяна/. – Алматы: Өнер, 1997. – (Сорос-Казахстан коры). 4. Гәкку. Песни, романсы и песни из репертуара К.Байсейтовой. Составитель: К.И.Бобошко. – Алматы: «Өнер», 1991. 5. Ибрагим Нүсіпбаевтың әндері. Құрастырған: Рәбиға Нүсіпбаева – Алматы, «Рауан», 1996. 6. Қазақтың халық әндері. Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы. Алматы, 1960. 7. Қазақ вальсі. Қазақстан композиторларының әндері. Құрастырған Д.Мүсіров. – Алматы, «Өнер», 1982. 8. Музыка хрестоматиясы 1 класс. Құрастырған Р.Жәрдемалиева, Г.Қарамолдаева, А.Исағұлова. – Алматы, «Өнер», 1986. 9. Музыка хрестоматиясы 3 класс. Құрастырған А.Исағұлова, А.Бәйментаева, Д.Атаханова. ҚазақССР халыққа білім беру министрлігінің коллегиясы бекіткен – Алматы, «Өнер», 1990. 10. Музыка хрестоматиясы 4 класс. Құрастырған Г.Қарамолдаева. – Алматы, «Өнер», 1981. 11. Мыңжасар Маңғытаев. Ақ маржан /сборник песен/. Изд-во «Жалын» - Алматы, 1977. 12. Милькович Е.К. Систематизированный вокально-педагогический репертуар /часть/ для высоких и средних голосов. – Музгиз. 1962. 13. Программы педагогических институтов. «Музыка и пение» Сборник 25 – Просвещение, 1980. 14.Романса и свежее дыханье. /Для голоса в сопровождении фортепиано/. Составитель Г.АПортнов. Всесоюзное издательство «Советский композитор» - Ленинград, 1988. 15. Сейдолла Байтереков. Ақ жауын. Белые дожди. /сборник песен/. Изд-во «Өнер» - Алматы, 1980. 16. Сыдық Мұхамеджанов. Жазғы дала. Песни и романсы (на русскрм языке) – Алматы, «Өнер», 1988. 17. Сағыным менің. Ш.Қалдаяқов. Әндер жинағы. «Жалын» баспасы – Алматы, 1976. 18. Хрестоматия Вокально-педагогического репертуара. Для сопрано. Муз.училище 3-4 курсы, ачсть 2. «Музыка» - Москва, 1971. 19. Хрестоматия по курсу вокального ансамбля. Для пения в сопровождении фортепиано. Составитель А.Скульский. Изд-во «Музыка» - Москва, 1983. 20. Э. Б. Абдуллин Методологический анализ проблем музыкальной педагогики в системе высшего педагогического образования, - М., 1990. 21. Ф.Абт «Хрестоматия» М.; 1998 22. Музыкалық оқулықтар 1-6 сынып бойынша 1997 ж, Атамұра баспасы. 23. Абдуллин Э. Б. Теория и методика музыкального образования 24. Г.Зейдлер «Вокальные упражнение» М., 2000 г. 25. В.Дмитриев «Искусство пения» М., 1990 г. 26. Аравин П.В. Ахмет Жұбанов. Алма- Ата, 1969. 27. Арчажникова Л.Г. Профессия – учитель музыки. М., 1984 28. А. Краснощеков “Хороведение”, Москва, 1975 29. М.М.Ахметова. Ән өнеріне кіріспе 30. Н.Б.Дмитриева “Основы вокальной методики”, Москва, 1982. 31. А.С.Соболев “Речевые упражнения на уроках пения”, Москва, 1985 32. Е.Малинина “Вокальное воспитание детей”, Ленинград, “Музыка”, 1967 . [pic]
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz