Файл қосу

Адам әрекетінің танып білетін заты




           Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

                  Семей мемлекеттік педагогикалық институты
                      Психология-педагогика факультеті

                    Бейнелеу өнері және дизайн кафедрасы














                          «Академиялық кескіндеме»


            5В010700 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша



                       ПӘННІҢ  ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ






























                                  2013 жыл













Құрастырғандар:___________________________аға оқытушы Тоқтаров А.Т.


«Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасы




«Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасында бекітілді.
Хаттама № ______     «______» ________ 2013ж.

Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к. _______________ Мырзаканов М.С.

Психология-педагогика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде талқыланды.
Хаттама № ______       «______» ________ 2013ж.

Психология-педагогика факультетінің кеңесінде бекітілді.
Хаттама № ______       «______» ________ 2013ж.

Психология-педагогика факультетінің деканы,

_______________________ Аубакирова Р.Ж.



























                                   МАЗМҰНЫ



1. Пән бойынша глоссарий

2. Пәннің жұмыс бағдарламасы


3. Дәріс сабақтарының қысқаша мазмұны

4. СӨЖ курсы бойынша үй жұмыстарының тақырыптары


5. ОБСӨЖ және СӨЖ бойынша тапсырмаларды орындаудың
   жалпы әдістемелік нұсқауы

6. Пайдаланған әдебиеттер






































     1. ГЛОССАРИЙ
АВТОПОРТРЕТ - өз портреті. Суретшінің өзін-өзі салған  портреті  не  суреті.
Автопортрет көбінесе айнаға қарап немесе еске  сақтау,  санада  ұстау,  елес
әдісін қолдану тәсілдерімен салынуы мүмкін.
АЙҚЫН СУРЕТ (БРОСКИЙ РИСУНОК) –  көрушінің  көзіне  бірден  ілігетін,  айқын
бейнеленген  суретті  айтамыз.  Мұндай  суреттерде  шебердің   қолы,   әдіс-
тәсілінің айқындылығы бірден көзге түседі.
АКВАРЕЛЬ – «Акварель» деген атау латынның «aqua» (су) деген сөзінен  шыққан.

АҚИҚАТ,  ШЫНДЫҚ,  БОЛМЫС  (ДЕЙСТВИТЕЛЬНОСТЬ)  –   қоршаған   орта   болмысы.
Натураның өзіне қарап сурет салу шындық, яғни қиял емес.
АНАЛИЗ – талдау, бір нәрсені не құбылысты ойша бөлшектерге, құрама  бөліктер
мен белгілерге бөлу. Мысалы, адам басының суретін салмастан  бұрын,  пішінді
ой елегінен өткізіп, ойша  талдау  әрекетін  жасап,  оның  бас  бөліктерінің
бейне  бір  заттарға  салыстырмалы  түрде  ұқсатып,   мысалы:   геометриялық
денелерге (куб, призма, шар, конус т.б.) байқау.
АНТИКАЛЫҚ  (АНТИЧНЫЙ  лат.ANTIGVUS) – арғы, көне; көбінесе көне  грек,  көне
Римнің қоғамдық құрылысы, көне антикалық гипс  көшірмелерінен  суретке  салу
бейнелеу өнеріне оқытудың ережесі мен әдістемесіне айналған.
АНФАС (фр.ANFACE) – қарсы алдынан деген мағынада.  Адамның  портретін  қарсы
алдынан бетпе-бет бейнелеу. Өнерде де оқу  процесінде  мұндай  жұмыстар  өте
жиі кезігеді.
АКАДЕМИЯЛЫҚ СУРЕТ  –  академиялық  суреттің  суреттен  әйтпесе  суреттемеден
айырмашылығы  суретшінің  натураны  егжей-тегжейлі   талдап   салуы,   үлкен
көлемдерге бөліктерді біріктіру арқылы бейнені толық зерттеп шығуы.
АССИММЕТРИЯ –  бір  дененің,  не  бір  заттың  біліктерінің  бір-біріне  сай
болмауы. Симметриядағыдай орта  сызықтың  екі  жағындағы  көріністің  бірдей
шықпауы.
АКТИВИЗАЦИЯ  (лат.ACTIVUS  -  АКТИВТЕНДІРУШІЛІК)  (НАҚТЫ  ІСТІ   ЖЫЛДАМДАТУ,
КҮШЕЙТУ) – сурет салу процесінде ерекше талпыныспен, әсерленгіштікпен  жұмыс
жүргізу.
ӘУЕСҚОЙ - өнерпаздық, өз күшімен сурет салуды үйрену әрекеті.
БИБЛИОГРАФИЯ – баспа  шығармаларының  көрсеткіштерін,  тізімдерін  құрастыру
тәсілдері және әдістері жайында ғылым (кітаптардың атын,  мазмұнын,  авторын
т.б. жазып отыру).
БЮСТ – адамның кеуде нұсқасының  суреті,  құйылған  мүсіндік  тұрпай.  Оқып-
үйрену сабақтарында бюст салу міндетті тапсырмаларға жатады.
ВИРТУОЗ (ит.VIRTUOSO) – асқан шебер, үздік шыққан, өнерлі.  Өнерде  шеберлік
шыңына шыққандарды осылай атайды.
ГАРМОНИЯ (гр.HARMONIA)  –  үндестік,  үйлесім.  Мысалы,  алдыңызға  қойылған
натюрморттағы заттар жиынтығы  үйлесіп,  тұтастай  көз  қызығарлық  тартымды
көрініс  тудырса,  оны  біз  үйлесімді  деп  бағалаймыз.  Ондағы   заттардың
формаларының және түстерінің сүйкімді үйлесімділігі,  реңктерінің  үндестігі
бәрі-бәрі «гармония» туғызады.
ГРАФИКА (гр.GRAFIKA) – «жазамын», «суретке саламын» деген сөздерден  шыққан.
Ол-сурет салу өнері. Сурет  салу  өнерінің  күллі  жиынтығын  «графика»  деп
атайды. Суретте бейнелеу құралы сызық, дақ және штрих болып келеді.  Мысалы,
кітаптардағы суреттер «кітап графикасы» деп аталады
ДРАПИРОВКА  –  шаршалау,  перделеу.  Натюрморт  қойылымын   әсерлеу.   Сурет
өнерінде оқу жұмыстарында шаршалау  жиі  қолданылады.  Шаршалау  натюрмортта
заттар жиынтығын біртұтастыққа келтіру үшін өте қажет әдіс.
ЖАРЫҚ ПЕН КӨЛЕҢКЕ – картинада жарық та,  қою  көлеңке  де,  жарық  көлеңкеге
алмасар  тұстарда  жартылай  көлеңке  ұшырасады.  Ол  арқылы   адамдар   мен
заттардың көлемін, табиғат көрінісін, ауаның ұтымды бейнелеуге болады.
ЖИВОПИСЬ  ӨНЕРІ  –  суреттегі  нәрсені  өмірдегідей  қып  тірілте  бейнелеу.
Живопись екіге бөлінеді: станоктік, монументтік. Суретші  суретін  мольберт,
станок деп аталады, тиянақ қондырылып,  жақтауға  керілген  кенепке  салады.
«Станоктік живопись»  деп  аталады.  «Монументтік  живопись»  үйлердің  ішкі
немесе сыртқы қабырғаларының өзіне салынған шығарма жатады.
ЕЛЕСТЕТУ, ҚИЯЛ ЕЛЕС (ВООБРАЖЕНИЕ) – қиялдау не көз алдына  алып  келу,  адам
бойына біткен ажырамас тамаша қасиет. Суретші  елестету  мен  қиялы  өнермен
тікелей ұштасып жатады. Ол оқыған  кітабының  желісіне  қиялдап  сурет  сала
алады.
ИНТУИЦИЯ (лат.INTUERI)  –  қадала,  үңіле  қарау.  1)  сезу,  түйсік  арқылы
білу;       2)  зерделік,  ғылыми-теориялық  білім  мен  алдыңғы  тәжірибеге
сүйену негізінде шындыққа жету.
ҚАҒАЗ – алғаш рет қағаз екінші ғ. Қытайлар  ойлап  тапты  деген  пікір  бар.
Қағаз  жұқа,  қалың,  тегіс,  бұдыр  түрлері   бар.Қарындаш   пен   акварель
бояуларымен сурет салу, ватман, жартылай ватман, деп  аталатын  қатты  тығыз
қағаздар ыңғайлы.  Қағаз  өте  бағалы  түрлері  арнаулы  әдіспен  тек  күнге
қарағанда көрінетін ерекше өрнектер салынады.  Ондай  өрнек  «су  таңбалары»
деп аталады.
ҚАРЫНДАШ – тас дәуіріндегі адам көмірді алып, тас қабырғаларғы сызып,  күнді
қарындаш жарыққа келді. 18 ғасырда металл-қарындаштар пайда  болды.  Қазіргі
рейсфедер. Металл түтікшеге қорғасын, күміс  тіпті  алтын  сымдар  кішкентай
үзігі салынады.Қарындаш қатты, жұмсаққа бөлінеді: Т,2Т,3Т.
ҚАШАП, ОЙЫП САЛЫНАТЫН СУРЕТТЕР – ағаштен,  сүйектен,  тастан  ойып  адамның,
жан-жануар, өсімдік бейнесін ою-өрнек  салуға  болады.  Оған  қашау,  тесеу,
шапқы секілді аспап қолданылады.
ҚЫЛҚАЛАМ – акварельге ақ тиын  қалам  әрі  жұмыр,  тығыз  болуға  тиіс.Майлы
бояуға ақ түсті тікеннен қылтақтар пайдаланылады. Олар қалақ тәрізді  жалпақ
келген.  Үлкен  қылқалам  бояу  тұтас  жазылып,  үлкен  таңдақтарды  кішкене
қылқаламдар шығармашылықта  майда детальдарды  бояйды.  Қылқалам  сыртына  :
1,2,3,4... цифралар үлкен болған сайын қылқалам соғұрлым үлкен.
КОНТУР (фр.CONTOUR) – нұсқа. Бір нәрсенің сырт  кескіні.  Мысалы,  құмыраның
суретін салу барысында, алдымен құмыраның кескін-пішінін айқындап алу,  яғни
контурын сызып нұсқасын келтіру.
КОНСТРУКЦИЯ  –  түзіліс,  құрылыс.  Сурет  өнерінде  заттың   конструкциясын
анықтау, конструкциялық  тәсілмен  салу  ұғымдары  бар.  Бұл  заттың  жасалу
құрылысын білу деген сөз. Конструкция – форманың негізін құрайтын қаңқа.
КОНТРАСТ  –  қарама-қарсылық.  Натура  мен   суреттегі   реңдердің   қарама-
қарсылығы. Бейнелеу өнерінде жарық пен көлеңкелердің,  өңдер  мен  түстердің
реңдік қарама-қарсылығын көрсететін сипат.
МАНЕРА – үлгі,  тәсіл,  ерекшелік.  Суретшінің  өнердегі  бсқаға  ұқсамайтын
мәнер ерекшелігі. Сурет салудың өзіндік үлгісі – мәнері.
МОДЕЛЬ  (фр.MODELA)  –  үлгі,  кейіп.  Оқу  процесінде  қолданылатын  заттар
(геометриялық модельдер, суретін салғызушы адам т.б.).
МАЙЛЫ БОЯУЛАР – 10ғ. шыққан, дәстүрге енуі, 15ғ.  ө.с.  нидерл.  Суретшілері
Ван-Эйктердің атымен байл.  Тәжірибеде  жасап  бояулардың  жаңғақ  майы  мен
зығыр майына  жақсы  еритінін  анықтайды.  Ондай  майларға  еріт.  бояу  тез
құрғайды, ажарлы болады.
МИНИАТЮРА – ескі қолжазба кітаптардың  беттерінде  айтылып  отырған  оқиғаны
бейнелейтін суреттер кездеседі.Оны миниат.  Көлемі  жағынан  сурет,  суретші
елеусіз нәрселердің өзін жібермей, тәптіштеп көрсетеді.
НАТУРА (лат.NATURE) – табиғат, заттың өзі. Сурет салу  практикасында  заттың
немесе табиғаттың, қалап алған бөлігінің суретін өөзіне қарап бейнелеу.
НАҚЫШ – (инкрустация) стол, шкаф, әуелі жалтырата тегістелетін, сосын  оюлап
нақышталатын ағаш бетіне ерекше ағаш түрлері мен басқа заттардан  жасалынған
кішкене тақтайша өрнек салынған. Мұндай нақышқа қола,  күміс,  алтын,  жақып
аса құнды бұйымды жасалатын.
НАТЮРМОРТ – французша «өлі табиғат» .Тұрмыста күнде  кездесіп  жүретін  зат,
жеміс,  гүлдерді  немесе  балықтан  дайындалған  түрлі  тағам   бейнеленетін
картина.
ОЮ-ӨРНЕК (ОРНАМЕНТ) – белгілі сурет  пен  сызықтар,  белгілі  бір  тәртіппен
орналасқан, латын  «ornamentum»  -  әшекей.  Ою-өрнек:  сызық,  геометриялық
пішін, жапырақтардың, гүлдер, жеміс-жидек, құстар мен аңдар суреті.
ОБЪЕКТ (лат.ABJECTUN) – зат.  Материалды  дүниенің  сыртқы  құрамды  бөлігі.
Адам әрекетінің  танып  білетін  заты.  Мысалы,  картинадағы  талдар  немесе
адамдар мен хайуанаттардың орналасуы т.с.с.
ПАСТЕЛЬ – итальян «pasta» - «қамыр» түрлі-түсті пигмент  ұнтақталған  бормен
балауыз аралардан қамыр илейді. Сосын жұмыр таяқшалар жасап кептіреді.  Суға
езіп  акварель,   гуашь   секілді   пайдаланады.   Пастель   бояуы    ұзаққа
сақталмайды.
ПРОПОРЦИЯ (лат.PROPORTIO) –  сәйкестілік.  Белгілі  бөліктердің  бір-бірімен
ара  қатынасы,  сай  келісушілігі.  Үлкен  көлемді   заттың   суретін   салу
процесінде оның жеке бөліктерін үлкен  көлемге  сәйкестендіре  белгілеп  алу
тәсілі.
ТЕМПЕРА – бояудың атын да сол бояумен салынған шығарма.  4  түрге  бөлінеді:
гуммиарбин- қағазға сурет салып және гуашьқа ұқсайды,  екнші,  майлы  бояуға
ұқсайды. Үй қабырғасына сурет  салу  үшін  жұмыртқаның  сары  уызына  езіліп
дайындалатын темпера қолданылады.
ТөСЕН (ГРУНТ) – кенеп матаның бетібор таспен  желім,  ұнтақ  қосылған  сылақ
жағылып тегістеледі  .  Сонда  ғана  бояулар  ұзақ  уақытқа  дейін  өз  өңін
жоғалтпайды.
ТҮПНҰСҚА (АФТОГРАФ) – суретші кенепке тек әдемі  көріну  үшін  өзіне  ұнаған
адамның, өлкенің көрінісін бейнелеу үшін, өз шығармасын, ой-сезімін  білдіру
үшін жан-дүниесін жарқыратып, жайып салу үшін туғызады.
ТҮРЛІ-ТҮСТІ ЛАКТАР –  шап-шағын  кішкене  қорапшаның,  жып-жылтыр  қақпағына
алтындап өрнек салынады. Олар қақпағына қара лак жағып,  үстіне  түрлі-тісті
бояулармен әшекейлеген.
ТҮС – түстердің саны (7) екіге бөлінеді: жзылы,суық.  Сары,  қызыл,  қызғылт
сары- жылы түс. Көк, күлгін, көгілдір түстер – суық түстер. Жылы суық  түске
жататын түстер же бар. Мысалы: жасылға не сары,  не  көк  қосылуы.  Көк  пен
қызыл күлгін. Импрессионистер бояуды бір-бірімен  астасып  жаңаша  құбылатын
сипатын тек сонда ғана байқауға болады.
ТУШЬ – кәдуілгі тушь-сұйқылт қара бояу. Жапон  суретінде  тушьті  суға,  хош
иісті заттар араластырып кесек плиталар жасап, шыныға  не  тарелкаға  үйкеп,
ұнтақтап суға ерітеді. Тушьпен сурет  салуға  қылқалам  деп  аталатын  темір
қаламұш жарайды.
ТЕХНИКА – бір істі  орындағанда  қолданылатын  тәсіл.  Кәсіби  суретшілердің
өзіне тән қалыптасатын бейнелеу техникасы, өзіндік  бейнелеу  тәсілі.  Сурет
техникасына жаттығу қажет (мысал: штрихтау тәсілі, өң беру тәсілі т.б.)
ФАКТУРА – сурет өнерінде  суреттің  реңінің  сипаты.  Қойылым  суретін  салу
барысында заттардың материалдығын шыншыл көрсете білу шеберлігі.
ФОРМА – 1) сыртқы пішін,  оның  ішінде  пропорция,  конструкциялық  құрылым,
көлем деген мағынаны білдіреді;  2)  бейнелеу  өнерінде  «форма»  ұғымы  жиі
қолданылады. Әр нәрсенің  өзіне  ғана  тән  формасы  болады,  сол  сан-алуан
формаларды бейнелеу арқылы тану, зерттеп суретін салу арқылы  мән  мағынасын
анықтау.
ШАБЫТ, РУХ  (ВДОХНОВЕНИЕ)  –  шығармашылық  күштің  пайда  болуы,  көңіл-күй
шабыты, әсерленгіш шабыт.  Сурет  салушы  көңіл-күйінің  шабытын  өзі  жасап
рухтануы керек, ол рух күші көркем шығармасына  берілуі  керек.  ЭКСПОНАТ  –
экспонат (мұражайға, көрмеге қойылатын  зат);  мұражай  экспонаттары  (құнды
бұйымдар, картиналар т.с.с.).
ЭСКИЗ (фр.ESGUISSE) – алдын-ала жасалатын долбар. Негізгі жобаны жасау  үшін
алдын-ала дайындалатын үлгі  сурет.  Мысалы,  картинаның  түпкі  мағынасымен
ойын тауып көрсетуге арналған суретшінің ізденіс жұмыстары.
 


ПӘННІҢ  ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ -  (SYLABUS)
 • Оқытушы туралы мәлімет: Татиев Талғат Абыкенович
 • Пән туралы мәлімет:
   Атауы: Академиялық кескіндеме
   Кредит саны – 5       225 сағат
   Өткізу орны: № 4 оқу ғимараты , ауд. 15,16
   Оқу жоспарынан үзінді:


   |Курс    |Семестр                                  |Кредит    |Дәріс,   |Практи|
|        |                                         |тер       |сағат    |калық |
|        |                                         |          |         |сағат |
|        |3 семестр                                |          |         |      |
|1       |Әңімелесу. Түрлі-түсті гамма. Түстік     |1         |0,5      |1,5   |
|        |үндестік. Колорит –кескіндеменің маңызды |          |         |      |
|        |сапасы және кескіндемедегі бейнелі       |          |         |      |
|        |көрсетудің құралы.                       |          |         |      |
|1-3     |Жылы колориттегі натюрморт/гуашь/        |8         |4        |12    |
|4-6     |Суық колориттегі натюрморт/гуашь/        |9         |5        |14    |
|7-10    |Берілген түстік гамманы гипстік өрнегі   |12        |6        |18    |
|        |бар натюрморт /жарық сурет салушы жағынан|          |         |      |
|        |тура түседі/                             |          |         |      |
|11-15   |Жарыққа қарсы натюрморт /гуашь/          |15        |7        |22    |
|        |Жиыны:                                   |45        |22,5     |67,5  |
|        |2 курс 4 семестр                         |          |         |      |
|1       |Әңгімелесу. Технология мен темпер және   |2         |1        |3     |
|        |майлы кескіндеме техникасы /әдіс-тәсілі/ |          |         |      |
|2,3     |Күрделі емес натюрморт/гризайль/ /май,   |4         |2        |6     |
|        |кенеп/                                   |          |         |      |
|4-6     |Металды заттары бар                      |6         |3        |9     |
|        |натюрморт/самаурынмен, шәнекпен/ /майлы  |          |         |      |
|        |бояу/                                    |          |         |      |
|7-9     |Үлкейтіп көрсетілген натуршы басының     |6         |3        |9     |
|        |этюды/майлы бояу/                        |          |         |      |
|10-15   |Натуршы басының этюды/майлы бояу/        |12        |6        |18    |
|        |Жиыны:                                   |30        |15       |45    |

            Курс компоненттерін және оны оқудың негізгі талаптары.
      Семестрді аяқтағанда курстың практикалық тақырыптарына бақылау жұмысын
өткізу жоспарланады, сонымен бірге екі аралық бақылау (аттестация)
көзделеді. Бұл бақылау жұмыстың түрлерін студенттің тапсырмаларды талапқа
сай орындауын және теория мен практиканы байланыстыра білуін көздейді.
      Кескіндеме пәнінің курсы негізінен практикалық курс болғандықтан
жұмыстарды толық орындау бақылаудың негізі болып саналады. Өзіндік
практикалық жұмыстардың тапсырмаларының мазмұны пәннің әдістемелік
бөлімінде ұсынылған.
      Тапсырмаларды қорғау аудиториялық модуль ақталғанда және аудиториядан
тыс уақыттарда оқытушының басқаруымен жүргізіледі. Барлық тапсырмалар дер
кезінде тапсырылуға тиіс. Уақытында тапсырылмаған жұмыстар автоматты түрде
төмен бағаланады. Осы талаптар орындалғанда  ғана студент емтиханға
жіберіледі.

 • Әдебиеттер тізімі
      Негізгі әдебиеттер:
     1. «Сборник» № 45 живопись» Алматы 1994г. Республиканский издательский
        кабинет. Программы для университетов и педагогических институтов
        (Проект). Составители Н.А. Стариченко, А.Ж.Накисбеков. 100с.
     2. Алехин А.Д. О языке изобразительного искусства.-: «Знание» Серия
        Искусство,1973-47с.
     3. Алпатов А.Д.Композиция в живописи. Исторический очерк.-М.:
        Искусство, 1940.-132с.
     4. Арнхейм Р. Искусство и визуальное восприятие.-М.: Наука.-1974.-
        392с.
     5. Беда Г.В.Основы изобразительной грамоты: Рисунок, живопись,
        композиция. 2-е изд.-М.: Просвещение, 1981.
     6. Беда Г.В.Живопись и ее изобразительные средства.-М.: Просвещение,
        1977.-187с.
   Қосымша әдебиеттер:


     7. Волков Н.Н. Композиция в живописи.-М.: Искуство, 1977.-263с.
     8. Волков Н.Н.Восприятие картины. 2-е изд., доп.М.: Просвещение, 1976.-
        32с.
     9. Выготский В.С. Психология искусства. 2-е изд., доп.- М.: Искусство,
        1968.-576с.
    10. Зайцев А.С. Наука о цвете и живопись. М.: Искусство, 1986.-158с.
    11. Кардовский Д.Н. Об искусстве: Воспоминания, статьи, письма.-М.:
        Академия художествСССР, 1960.
    12. Кибрик Е.А.. Об искусстве и художниках. М.: АХ СССР, 1961.-311с.
    13. Костин В.И., Юматов В.А. Язык изобразительного искусства.- М.:
        Знание, 1978.-110с.
    14. Мейлах Б.С.Взаимодействие искусств и задачи художественного
        творчества //Вопросы литературы. 1964.-№3.С.3-16.
    15. Непомнящий В.М. Смирнов Г.Б. Практическое применение перспективы в
        станковой картине.: М. Просвещение, 1978.-119с.




 • ОБСӨЖ тақырыптары және орындау
|№  |ОБСӨЖ тақырыбы                                           |Орындалу|Балл    |
|   |                                                         |ы /апта/|        |
|   |3 семестр                                                |        |        |
|1  |Жылы колориттегі натюрморт/гуашь/                        |1       |5       |
|2  |Суық колориттегі натюрморт/гуашь/                        |1-3     |5       |
|3  |Берілген түстік гамманы гипстік өрнегі бар натюрморт     |4-6     |5       |
|   |/жарық сурет салушы жағынан тура түседі/                 |        |        |
|4  |Жарыққа қарсы натюрморт /гуашь/                          |7-10    |5       |
|   |4 семестр                                                |        |        |
|5  |Күрделі емес натюрморт/гризайль/ /май, кенеп/            |2,3     |5       |
|6  |Металды заттары бар натюрморт/самаурынмен, шәнекпен/     |4-6     |5       |
|   |/майлы бояу/                                             |        |        |
|7  |Үлкейтіп көрсетілген натуршы басының этюды/майлы бояу/   |7-9     |5       |
|8  |Натуршы басының этюды/майлы юояу/                        |10-15   |5       |



   СӨЖ шеңберіндегі сабақ тақырыптары

|№  |Тақырып                                               |Жұмыс     |Балл    |
|   |                                                      |тапсыру   |        |
|   |                                                      |/апта/    |        |
|   |3 семестр                                             |          |        |
|1  |Тұрмыстық заттардан натюрморт/гуашь/                  |2         |5       |
|2  |Жеміс пен көкөніс натюрморты/гуашь/                   |4         |5       |
|3  |Тұрмыстық заьтрдан күрделі емес наюрморт/тура         |9         |5       |
|   |жарықтандыру//гуашь/                                  |          |        |
|4  |Жарыққа қарсы натюрморт/гуашь/                        |11        |5       |
|5  |Қыстық пейзаж этюдтары/гуашь/                         |15        |5       |
|   |4 семестр                                             |          |        |
|6  |Түсті қарапайым натюрморттың этюды /май/              |2         |5       |
|7  |Интерьердегі натюрморт/гуашь, темпера/                |6         |5       |
|8  |Адам басының түстік нобайы/акварель, гуашь/           |10        |5       |
|9  |Көктемгі пейзаж этюдтары /гуашь, майлы бояу/          |15        |5       |

 • Білімді бағалау ақпараты:
   Студенттің сабақтардағы іс- әрекеттің рейтингтік бағасы:


   |№   |Көрсеткіштер                                          |Балл бойынша   |
|    |                                                      |студенттердің  |
|    |                                                      |рейтингі       |
|1   |Оқу ісі кезінде сабаққа қатыспаған.                   |2              |
|2   |Оқу ісі кезінде сабаққа анда-санда қатысқан           |3              |
|3   |Студенттің оқу кезінде түзету, болмысыз өзгертулер    |4              |
|    |жасалуы                                               |               |
|4   |Оқу қызметі кезінде студенттің белсенді еңбек етуі,   |5              |
|    |шығармашылық көзқараспен жұмыс жүргіуі, теориялық     |               |
|    |білімді практикамен ұштастыра білу.                   |               |




   Әр түрлі тапсырмаларды  орындаудың рейтингтік бағалануы
|№   |Көрсеткіштер                                      |Балл бойынша         |
|    |                                                  |студенттердің        |
|    |                                                  |рейтингі             |
|1   |Тапсырма орындалмаған                             |2                    |
|2   |Тапсырма үлгі көшірмесі ретінде ғана орындалғын   |3                    |
|3   |Тапсырма шамалы кемшіліктерге жол берген          |4                    |
|4   |Тапсырма шығармашылық негізде орындалған,жұмысынан|5                    |
|    |жаңа ізденушілік байқалады                        |                     |





   Рейтинг шкаласы

|Бақылау формалары                    |Баллдар                                |
|Күнделікті                           |20                                     |
|Аралық                               |35                                     |
|Үй тапсырмасы                        |10                                     |
|Қорытынды:                           |35                                     |
|Барлығы:                             |100                                    |


 • Курс студенттеріне пәнді оқу процесінде қойылатын келесі әкімшілік
   талаптарының көрсеткіштері (балл):
 • Сабаққа кешігу– минус 0,5 балл
 • Сабақты босату – минус 2 балл
 • Жұмысты уақытында тапсырмау  – минус 1 балл

   СӨЖ орындаудағы студент бюджетінің уақыты

|№     |СӨЖ атауы                                  |Сағат уақытын жоспарлау   |
|1     |Аралық бақылауды тапсыру                   |2                         |
|2     |СӨЖ орындау                                |45                        |
|3     |СӨЖ тапсырмаларын тапсыру                  |2                         |
|4     |Оқытушымен кеңесу                          |2                         |
|      |Барлығы                                    |51                        |


   Баға қою саясаты

|Курс компоненті                          |Тапсырма   |Баға     |Максимальді  |
|                                         |саны       |салмағы% |ұпай         |
|Практикалық жұмыстарды орындау           |6          |         |5*6=30       |
|Аралық бақылау (атестация)               |4          |         |5*4=20       |
|СӨЖ-ге арналған жұмыстарды орындау және  |           |         |5*5=25       |
|қорғау                                   |           |         |             |




ҚОРЫТЫНДЫ БАҒА КӨРСЕТКІШІ
Қорытынды : 100 балл; А1+А2+Е = 100 балл; И = Р60%+Е40% = 100%:
1 балл – 1%

|Рейтинг    |0-49 |50-54                           |55-59              |60-64        |


Аттестация 1-30 балл                 = 60 балл (60%)
Аттестация 2-30 балл




      АТТЕСТАЦИЯЛЫҚ БАҒАНЫҢ КӨРСЕТКІШІ (0-30 БАЛЛ)


|Аттестация |0-14           |15-22           |23-26          |27-30          |
|Баға       |Қана-сыз       |Қанағаттанарлық |жақсы          |өте жақсы      |

ЕМТИХАНҒА РҰҚСАТ РЕЙТИНГІСІ (мысалға):
1) А1 12 + А2 13 = 25 ( 15-тен  29-ға дейінгі балл) емтиханға жіберілмейді
2) А1 16 + А2 18 = 34 (30-тен  60-ға дейінгі балл) емтиханға жіберіледі

ЕМТИХАН БАҒАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ ( 0 – 40 БАЛЛ)
Емтихан– 40 балл (40%)

|Балл      |0-19            |20-29             |30-39          |37-40       |
|Баға      |қана-сыз        |Қанағаттанарлық   |жақсы          |өте жақсы   |

1) Емтихан  0-ден 19-ға дейінгі балл – «қанағаттанғысыз» (академиялық
борыш)
2) Емтихан  20-дан 40-қа дейінгі балл – емтихан тапсырылды
Мысалға:
Қорытынды: 16+18+22 = 56 (D+; 1,33; қанағаттанарлық)



































Пәндер