Файл қосу

Пән постреквизиті




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                    |
|СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы  МЕМЛЕКЕТТІК                           |
|УНИВЕРСИТЕТІ                                                            |
|СМЖ 3 дәрежелі құжаты    |ПОӘК             |                           |
|            ПОӘК         |                 |ПОӘК 042-18-31.1.37/02-2014|
|Студентке арналған пән   |11.09.2014 жылғы |                           |
|«Этнопсихология» бойынша |№2 басылым       |                           |
|бағдарламасы             |                 |                           |





                       ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                                               «Этнопсихология»
                          5В010300 «Педагогика және психология»
                            мамандығына  арналған




                      СТУДЕНТТЕР ҮШІН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ





















                                    Семей
                                    2014


                                  Алғы сөз

1ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН
Құрастырушы:                  «25» 08.2014 ж. Р.Х.Кошкимбаева п.ғ.магистрі,
аға оқытушы, педагогикалық психология кафедрасы


2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 Педагогикалық психология кафедрасының отырысында қаралып, талқыланды

Хаттама № 1  «03» 09.2014 ж.

Кафедра меңгерушісі _______________ Г.К.Джумажанова

2.2 Педагогика факультетінің  оқу-әдістемелік бюросының отырысында
қарастырылды

Хаттама № 1   «05» 09.2014 ж.

Төрайымы _________________ Т.Ш.Ахметова



3 БЕКІТІЛГЕН
Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды
Хаттама № 1   «11» 09.2014ж.

ОӘК төрайымы________________ Г.К.Искакова


4   Баспа №2  11.09.2014 ж.





















                                   Мазмұны




      |1   |Жалпы ережелер                                                   |4   |
|2   |Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу        |6   |
|3   |Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар                          |7   |
|4   |Пәннің форматы                                                   |8   |
|5   |Пәннің саясаты                                                   |8   |
|6   |Баға қою саясаты                                                 |9   |
|7   |Әдебиет                                                          |10  |

































1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
 1.1 Оқытушы  және пән туралы жалпы мәліметтер
Кошкимбаева Раиса Халыковна, педагогика ғылымының магистрі
Кафедра педагогикалық психология
Байланыс ақпараттық  - тел. 30-43-41, кабинет № 305
Сабақ өткізу орны – №2  оқу ғимараты, дәрісхана - № 311
Пән бойынша кредит саны – 3

1.2 Пәннің мазмұнының қысқаша сипаты:
Жүзден аса ұлт мекендейтін  Қазақстан  Республикасында  қоғам  мен  мемлекет
өмірін  анықтауда  этникалық  фактор   үлкен   маңызға   ие.   Осыған   орай
педагогикалық  ерекшеліктерін  және  оардың   ұлтаралық   қарым-қатынастарда
көрініс  беруін  зерттейтін  этнопсихологияны  оқып  үйренуге  ерекше  назар
аударылуы тиіс.
      Қазақстан Респуликасында жүріп жатқан  реформалау  процесі,  оның  тек
экономикалық  саласын  ғана  қамтып  қоймай,   сонымен   қатар   әлеуметтік-
гуманитарлық салада  да  үлкен  өзгерістер  жасалуда.  Этнопсихология  курсы
бүгінгі күннің талабына сай психология мамандығы  студенттері  үшін  негізгі
базалық  пән  болып   есептеледі.   Бұл   курста   этнопсихологияның   жалпы
мәселелері, әсіресе ұлт проблемасы  және  тұлғаның  ұлтжандылық  сезімі  мен
қасиеті,  сапалары   жөніндегі   ғылыми-қолданбалы   ақпарат   осы   заманғы
этнопсихологиялық теориялар негізінде беріледі.
        Ғылыми   зерттеулерде   жинақталған    білімдер    этнопсихологияның
методологиялық принциптері, пәні,  зерттеу  объектісі,  мақсат,  міндеттері,
тайпа, халық, мәдениет және эпостағы жеке адам, әлеуметтену,  инкультурация,
мәдени  трансмиссия   ұғымы,   ұлттар   психологиясы   салаларында   қызықты
деректерді  береді.  Каузалдық  белгілердегі  мәдениаралық   айырмашылықтар,
топаралық  өзара  әрекет  пен  қарым-қатынастың  этнопсихологиялық  жақтары,
этникалық таптауырындырдың көрінуі мен ерекшеліктері, этникалық  қақтығыстар
табиғаты,  этникааралық  қатынаста  топаралық  қабылдаулардың  механизмдері,
этникалық   біртектіліктің   дамуы   және   трансформациясы    ерекшеліктері
мәселелері қарастырылады.
      «Этнопсихология» курсы  қазіргі  кездегі  студенттердің  психологиялық
білім құрылымындағы маңызды аспектілердің бірін  құрайды.  Этнопсихологиялық
феномендердің көрінісі мен оның қызметінің механизмдерін  білу  студенттерге
әртүрлі   этностық   қоғамдастықтардың   мәдениетіне   деген   толеранттығын
қалыптастыруға ықпал етеді.
1.3 Пәнді оқытудың мақсаты:
         Студенттердің    қазіргі    заманғы    психология     құрылымындағы
этнопсихологияның орнын  түсіну  және  өмірдің  барлық  салаларында  тұрақты
этносаралық  өзара   іс-әрекет   жағдайында   кәсіптік   қызметке   дайындық
процесінде этнопсихологиялық білімнің рөлін түсіну болып табылады.
1.4 Пәнді оқытудың міндеттері:
- этнопсихологияның теориялық негіздерінің мазмұнын ашу;
- этнопсихология мәселелеріне студенттердің қызығушылықтарын арттыру;
- студенттердің бойында үздіксіз өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысын ояту;
-студенттердің  өзіндік  тәжірибесінде   этнопсихология   негіздері   туралы
білімдерін қолдануға ұмтылдыру.
1.5 Оқытудың нәтижелері:
Пәнді оқу нәтижесінде білімалушы міндеті:
білуі керек:
- этнопсихологияның әдіснамалық негіздері туралы мағлұмат алады.
- отандық және шетелдік этнопсихологияның теориялық негіздерімен танысады.
- әртүрлі  халықтардың ұлттық-психологиялық ерекшеліктері  туралы  жан-жақты
білім алады.
игеру керек:
- этнопсихологияның негізгі зерттеу әдістерін;
- этнопсихологиялық білімнің қазіргі жағдайының ерекшеліктерін.
ұғып алу керек:
    -   этнопсихологияның   аса   танымал   әдістемелерінің    моделі    мен
      парадигмаларын;
    - этнопсихологиялық білімнің дамуының қазіргі заманғы ағымдарын.
түсіну керек:
    - этносаралық қарым-қатынастағы қабылдаудың механизмдерін;
    - ұлттық сана-сезім мен этностық қарым-қатынас ерекшеліктерін.
 қолдана білуі керек:
    - практик психолог қызметінде әртүрлі әдістер мен тәсілдерді тиімді
      өздігінен пайдалана білу.
    - пән  бойынша меңгерген білімін оқу танымдық іс-әрекет, сонымен қатар
      кәсіби  іс-әрекет практикада өздігінен қолдана білуді үйренеді.
істей алуы керек:
    -   педагогикалық   іс-әрекетте   оқу-тәрбие   шараларын   және   оларды
      психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету дағдысын игереді.
    - қоғам өміріндегі нормалар мен ережелерді орындауға  мүмкіндік  беретін
      әлеуметтік дағдыларды меңгереді.
иемдену керек:
    - теориялық білімдерді практикалық  кәсіптік  іс-әрекетінде  ұйымдастыру
      білу біліктілігі және  психологиялық-педагогикалық  салада  ақпараттық
      технологияларды жетік иемденуі керек.
1.6 Пән пререквизиттері:
1.6.1 Философия
1.6.2  Әлеуметтану
1.6.3 Әлеуметтік психология

1.7 Пән постреквизиті:
1.7.1 Заң психологиясы

2. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ
                                                                     Кесте 1
|    |                       |Сағаттар                            |Әдебиет  |
|№   |Тақырыптың аталуы      |                                    |тер      |
|р/с |                       |                                    |         |
|    |                       |Дәріс |Лабор  |Практ |Білім  |Білім |         |
|    |                       |      |сағат  |сағат |алуш-ң |алуш-ң|         |
|    |                       |      |       |      |ОӨЖ    |ӨЖ    |         |
|1   |                       |3     |4      |5     |6      |7     |8        |
|    |2                      |      |       |      |       |      |         |
|1   |Этнопсихология         |2     |-      |1     |-      |      |Н1,2     |
|    |психологияның бір      |      |       |      |       |      |Қ1,2,7   |
|    |саласы ретіндегі пәні  |      |       |      |       |      |         |
|    |мен міндеттері.        |      |       |      |       |      |         |
|2   |Этнопсихологиялық      |3     |-      |2     |-      |№1    |Н1,2,    |
|    |зерттеулердің негізгі  |      |       |      |       |      |Қ4,5,14  |
|    |бағыттары.             |      |       |      |       |      |         |
|3   |Қазақстандағы          |3     |-      |2     |-      |      |Н1,2 Қ   |
|    |этнопсихологиялық      |      |       |      |       |      |1,8,9,10 |
|    |көзқарастардың дамуы.  |      |       |      |       |      |         |
|4   |Тұлғааралық белгілер   |3     |-      |2     |-      |      |Н1,2     |
|    |және оның мәдениетпен  |      |       |      |       |      |Қ6,12,14 |
|    |байланысы.             |      |       |      |       |      |         |
|5   |Әлеуметтік             |4     |-      |1     |-      |№2    |Н1,2 Қ11,|
|    |мінез-құлықты реттеудің|      |       |      |       |      |12,14    |
|    |мәдени функциясы.      |      |       |      |       |      |         |
|6   |Топаралық және         |4     |-      |1     |-      |      |Н1,2     |
|    |тұлғааралық            |      |       |      |       |      |Қ1,2,8   |
|    |қарым-қатынастар.      |      |       |      |       |      |         |
|7   |Этносаралық            |3     |-      |2     |-      |№3    |Н1,2     |
|    |қарым-қатынастағы      |      |       |      |       |      |Қ2,6,16  |
|    |топаралық қабылдаудың  |      |       |      |       |      |         |
|    |механизмдері.          |      |       |      |       |      |         |
|8   |Этникалық кикілжіңдер: |4     |-      |2     |-      |№4    |Н1,2     |
|    |пайда болу себептері   |      |       |      |       |      |Қ2,6,15  |
|    |және реттеу тәсілдері. |      |       |      |       |      |         |
|9   |Жаңа мәдениетті ортаға |4     |-      |2     |-      |№5    |Н1,2     |
|    |бейімделу.             |      |       |      |       |      |Қ3,11,12 |



      3. ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК  НҰСҚАУЛЫҚТАР
   Өтілген дәріс материалын талқылау өздік жұмысының ең негізгі  түрі  болып
саналады.  Материалды  терең  және  толығырақ  талқыланатын   болса,   өздік
жұмыстарынынң  басқа  да  түрлерін   орындау   жеңілірек   болады.   Өтілген
дәрістерді үнемі, жүйелі қарастыратын болса, кейінгі  материалдарды  түсінге
дәрістер  мен  тәжірибелік  сабақтарды  меңгеруге  мүмкіндік  береді.   Оқу-
әдістемелік кешенінен дәріс  материалдарын  толығырақ  қарау  үшін,  сондағы
тақырып бойынша  берілген   сұрақтарға  жауап  беріңіз.  Конспектімен  жұмыс
жасағанда әдебиеттерге сілтеме жасау, орындау  барысында  кейбір  өзгерістер
мен толықтыруларға болады.  Егерде  тақырып  бойынша  түсінбеген  сұрақтарын
болса, келесі дәріс барысында оқытушымен бірге талқылау керек.
       БӨЖ  тапсырмасы  аудиториядан  тыс  уақытта  оқытушының  қатысуынысыз
орындалады.  БӨЖ  (БОӨЖ)  негізгі  міндеті  –  тәжірибелік  сабақтарға  және
дәріске дайындық болып  табылады.  Тәжірибелік  сабақтарға  тақырып  бойынша
негізгі сұрақтар қарастырылады.  Оқыған  материалды  мұқият  ұғатындай  етіп
оқып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып,  оның  негізгі  жақтарын
жазып алу керек. Дайындалу барысында әрбір сұраққа  қысқаша,  нақты  негізгі
жақтарына жауап тезистері, фактілік   материалдарды  іріктеу  және  жинақтау
негізінде кестелер,  схемаларды дәптерлеріне жазыңыздар.  Дайындалып  біткен
өз білімдеріңізді өзі-өзі тексеру сұрақтары бойынша тексеріңіз. Өздік  жұмыс
кезінде  қиындық  туғызған  сұрақтарыңызды  жазып  алыңыз,  оны   оқытушымен
талқылаңыз.
      БӨЖ тапсырмасы дәріске дейін орындалу керек. Дәрісте  өздігінен  алған
білімдеріңіз  тереңдей  түсу  керек.  Тәжірибелік  сабақтардағы  сұрақтардың
көлемі  тақырыптыңтолық  мазмұнын  қамти  алмайды.  Студенттің  өз   білімін
кеңейту және тереңдете түсу  үшін,  ол   БОӨЖ  үдеріснде  жүзеге  асырылады.
Тақырыптың мазмұнын толығырақ ашу үшін,  БОӨЖ қосымша сұрақтар беріледі,  ол
студенттерді қиындықтар туғызады.
      Конспект  –  (латынша  conspectus  –  шолу,  баяндау)  жазбалардың  ең
жетілген түрі, бірдеңенің маңызды мазмұнын қысқаша баяндау.
      Тірек-схемамен  конспектілеу  білімді  бекіту   үшін  негізгі  формасы
болып табылады. Конспектілеу барысында студент негізгі  ұғымдарды  өздігінен
меңгереді, аргуметтейді, қорытынды шығарады, бұл олардың  келесі  сабақтарды
игеруге  көмектеседі.  БӨЖ  тапсырмаларын   орындау   студенттер   ұсынылған
әдебиеттермен жұмыс істеулері  керек.  Сонымен  қатар  қосымша  әдебиеттерді
пайдалануға болады.

    4. ПӘННІҢ ФОРМАТЫ
      Әртүрлі педагогикалық  міндеттерді  шешуде  іскерлік  және  дағдыларын
қалыптастыруда   оқытудың   дәстүрлі   формасын    қолдану,    студенттердің
белсенділігін,   оқыту   үдерісінің   жақсартуға,   сабақта    студенттердің
белсенділігін арттыру, олардың ораторлық, риторикалық  дағдыларды  меңгеруге
мүмкіндік беру.
      Бұл  шығармашылық  жазба  жұмыстары,  тестік  тапсырмаларды   орындау,
педагогикалық-психологиялық    міндеттерді    шешу,    жаңа    психологиялық
әдебиеттерді талдау, сонымен қатар тәжірибелік  сабақтарды  әртүрлі  формада
өткізу т.б. Тәжірибенің көрсетуі бойынша дәстүрлі емес  формаларды  қолдану,
студенттердің  шығармашылық  белсенділіктерін  дамытады.  Оқытудың  белсенді
формалары     пікірталас,     демонстрациялық     материалдарды     қолдану,
видеоматериалдарын қолдану.


    5. ПӘН САЯСАТЫ
Келесі талаптар қойылады:
1. Дәріс және тәжірибелік сабақтарға міндетті түрде қатысу, әрбір  тақырыпқа
   конспект жазу. Оқулық материалдары  бойынша  өз  бетімен  практикалық  үй
   жұмыстарын  көрсетілген  уақытта  орындау.  Егер  студент   белгілі   бір
   себептермен сабаққа қатыса алмаса, барлық өткен материалдар бойынша жауап
   беру тиіс.
2.  Сабақ  үстінде  үнемі  тәртіп  бұзған  студент  аудиториядан   шығарылып
   жіберіледі  және барлық курс бойынша «қанағаттанғысыз» бағасы қойылады.
3. Межелік бақылау қорытындысы студенттің сабаққа  қатысуын,  өздік  жұмысты
   уақытында орындауын, сабақта  ауызша  және  жазбаша  түрде  жауап  беруін
   ескере отырып қойылады.
4. Сабақтарға кешікпей келу қажет;
5. Сабақ уақытында ұялы телефонды ағытып қою керек;
6.  Межелік  аттестация  студенттің   сабаққа   қатынасуына,   тапсырмаларды
   уақытында орындауына, бақылау  жұмыстарының  бағасына  қатысты  қойылады.
   Соңғы қорытынды баға соңғы аттестацияның 60( және емтихан  бағасының  40(
   құрайды.

     6. БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

«Этнопсихология» пәні бойынша баллдардың реттелуі
                                                                     Кесте 2
|Апта  |Бақылау түрі                         |Жалпы балл    |Ескерту       |
|1     |2                                    |3             |4             |
|      |1-7 апта арасында дәрісханалық       |30            |              |
|      |сабақтарға қатысу                    |              |              |
|2     |Тәжірибелік                          |30            |              |
|3     |БӨЖ №1                               |50            |              |
|4     |Тәжірибелік                          |30            |              |
|5     |БӨЖ №2                               |50            |              |
|6     |Тәжірибелік                          |40            |              |
|   7  |Межелік бақылау 1                    |70            |              |
|1-7 апта оқу нәтижесі бойынша жалпы балл   |300           |              |
|      |8-15 апта арасында дәрісханалық      |30            |              |
|      |сабақтарға қатысу                    |              |              |
|8     |Тәжірибелік                          |25            |              |
|   9  |БӨЖ №3                               |30            |              |
|  10  |Тәжірибелік                          |25            |              |
|  11  |БӨЖ №4                               |30            |              |
|12    |Тәжірибелік                          |25            |              |
|  13  |БӨЖ №5                               |40            |              |
|  14  |Тәжірибелік                          |25            |              |
|  15  |Межелік бақылау 2                    |70            |              |
|8-15 апта оқу нәтижесі бойынша жалпы балл  |300           |              |
|Емтихан үшін жалпы балл                    |400           |              |
|Академиялық кезең бойынша жалпы балл       |1000          |              |

7.  ӘДЕБИЕТ
 Негізгі әдебиеттер тізімі
 1. Этнопсихология: оқу құралы / Б.Ә. Әмірова / - 2012
 2. Этнопсихология: учебник для вузов / Ю.П. Платонов / - 2014
  Қосымша әдебиеттер тізімі
 1. Этнопсихология-ұлт тәрбиесінің өзегі /Жарыкбаев, Қ. – 2005
 2. Основы этнопсихологии: учеб. пособие / О.Х. Аймаганбетова. / - 2003
 3. Крысько В.Г. Этническая психология.- М., 2002
 4. Этнопсихология :учеб. пособ. для студ./Стефаненко, Т. Г. / - 2000
 5. Этнопедагогика и этнопсихология /В.Кукушин,Л.Столяренко / - 2000
 6. Кукушкин В.С., Столяренко Л.Д. Этнопедагогика и этнопсихология.  Ростов
 на Дону., 2000г
 7. Жүкеш Қ. Ұлттық психологияның сипаты. Көмекші құрал. Алматы-., 1993ж.
 8. Жарикбаев Қ.Б. Этнопсихология. Учебное пособие. А., 1998
 9.Қазақ   тәлім-тәрбиесі   (Қазақ   ұлттық   педагогикасы    мен    ұлттық
 психологиясының тарихы) /Қ.Жарықбаев,С.Қалиев / - 1995
 10.Ұлттық психология /Н.Елікбаев / - 1992
 11. Лебедев Н.Н. Введение в этническую и кросс-культурную психологию.  М.,
 1999
 12. Мид М. Культура и мир детства. М., 1998
 13. Табылдиев Ә. Этнопедагогикалық қазақша-орысша сөздік. Алматы., 2002ж
 14.   Стефаненко   Т.Г.   Методы   исследования   этнических   стереотипов
 //Стефаненко    Т.Г.,    Шлягина    Е.И.,    Ениколопов    С.Н.     Методы
 этнопсихологического исследования//. М., Изд-во Моск. Университета, 1993
 15. Шпет Г.Г. Введение в этническую  психологию.  //Шпет  Г.Г.  Психология
 социального бытия// М., Воронеж, 1996
 16. Садохин А.П. Этнология.-М.,2006
 17. Шалекенов У.Х. История и этнология народов Амударьи и Сырдарьи в XVIII-
 XX в.-А.,2003
 18.Әлсатов Т. Орта ғасырлық қазақ ғуламаларының  тәлім-тәрбиелік  идеялары
 (XV-XVI).-А.,1998

Пәндер