Файл қосу
Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті - оқу
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ | |БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |Семей қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК | | | | |ПОӘК 042-14.05.01.20.65 | | | |/03-2013 | |«Ойынның | | | |психологиялық-педагогикал|Редакция № 2 02.09.13. | | |ық негіздері» пәні |орнына Редакция № | | |бойынша | | | |оқытушыға арналған пәннің| | | |жұмыс оқу бағдарламасы | | | | | | | ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері» 5В010100-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2013 Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Практикалық және лабораториялық сабақтар 4 Студенттің өздік жұмысы 1 ГЛОССАРИЙ Оқу – іс-әрекеттің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру. Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті – оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Әдіс (метод; грек. methodos – теория, ілім, зерттеу жолы) көздеген мақсатқа жетудің бірыңғайланған тәсілдерді тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану – жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты. Тәрбие мен оқыту әдістерін жасап, топтастыру тәлім-тәрбиедегі негізгі міндеттердің бірі. Интеллект – интелектус деген латын сөзі, қазақша ақыл деген мағына береді. Жоғары сатыдағы жануарлардан «ақылды» деп атауға тұрарлықтай мінез- құлық көріністерін байқауға болады. Қызығу – шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты жеке ерекшелігінің бір көрінісі. Дүниетаным – адамның табиғат, қоғамдық өмір туралы білімдердің жүйесі. Адамдарымыздың дүниетанымы мистика мен идеализмге жат, дәйекті ғылыми-материалистік дүниетаным. Мұрат – адамның алдына қойған ең ардақты, ең асыл мақсаты. Мұрат дүниетаным, айқын сенім, сөз бен істің байланысы бар жерде ғана болады. Әрекет – дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Адам іс-әрекеті – күрделі процесс. Оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесі кіреді. Дағды – алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекеттің бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталынуы. Икемділік – адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті. Икемділік білім мен тәжірибеге негізделеді. Кімнің білімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады. Байқау – белгілі мақсат пен объектіні әдейлеп қабылдау. Бейімділік – адамның белгілі бір әректпен айналысуға бет бұрысы оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Ақылды (Умный) – ақыл-ойдан қортынды шығарып, дұрыс ойлап, дұрыс шешім қабылдай білетін адам. Ақылды адам басқаның азғыруына, өсегіне ермейді,өз ойымен ой қорытады. Әдіскер (Методис) –оқу – тәрбие әдісін жетік меңгерген ұстаз. Оның міндеті- пәннің оқытылу жағдайын бақылайды: озат мұғалім мен мектеп тәжірибесін жинақтап таратады. Ұстаздарға әдістемелік көмек көрсетеді. Әдіснама (методология; грек methodos- зерттеу жолы, теория, ілім және ...логия) - 1) ғылыми таным әдісі, 2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Педагогика теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдіс, нысаны мен таным амалдары арқылы педагогикалық болмысты өзгеріске түсіру, 3) дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы. Әдістеме (Методика) – 1) әдістер жиынтығы; 2) оқыту немесе ғылымды зерттеу әдістері туралы ілім; 3) педагогиканың жеке пәндерден берілетін юілім көлемі мен маөмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін саласы. Жалпы алғанда жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, зиялық, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту процесі Білім беру ісі (жалпы және арнаулы жүйесі) шеберлікке, дағдыға баулудын өсіп, өрбіп, белгілі, бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянақталады. Іске асырылатын білім беру бағдарламаларының сипатына қарай білім беру жалпы білім және кәсіптік білім беру болып бөлінеді. Дидактика ұғымы грек тілінен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз. әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми – теориялық: білім беру мен оқыту процесінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактиканың қолданбалы қызметі, білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру. Отбасы – неке немесе туыстықпен, тұрмыстық қауымдықпен, өзара моральдық және материалдық жауапкершілікпен байланысқан кіші әлеуметтік топ. Ойын – іс-әрекеттің түрі. Мұның елеулі орны нәтижесінде емес, оның барысында. Психологиялық кернеуліктен құтылуға, яғни кездейсоқ (стрессовое) жағдайдан бастап, адамдар қатынысының үйлесімді әлеміне қосады. Ойын барысында ересектердің әрекеттері арқылы қайта жаңғырту, қоршаған орта шыедығын танудағы арақатынасында балалар үшін аса маңызды. Балалардың күш- қуатын, ақыл-ойын, мінез-құлқын тәрбиелеуге қызмет етеді. Заттық ойын – қоршаған заттар мен балалар ойыны барысында бала оларды тиісті орында пайдалануды үйренеді. Рөлдік ойындар – бірлескен топтық ойын барысында балалар өздерінің арнайы жасаған көріністік жағдайларында өздеріне түрлі әлеуметтік рөлдерді алатын ойын. Символдық ойын – шындық симвлдар белгілер түрінде белгіленіп, ал әрекеттер абстрактылы,символдық формада орындалатын ойын. Көріністік (сюжеттік) ойындар – адам өмір шындықтарын, ертегі, әңгімелерді және т.б. балалардың көріністік қайта жаңғырту ойыны. 2.«Ойынның психологиялық-педагогикалық негіздері» пәнінің дәрістік материалдары. 1 тақырып: Ойын - психологиялық феномен ретінде Ойыншық – шынайы заттардың нақты бейнесі, балаларды қызықтырарлық түрде оқытуға және ойнауға арналған арнайы зат: идеалогиялық әсер ету мен тәрбиелеудің негізгі құралы. Жас ерекшелігіне байланысты ойыншықтарды және балаларды негізігі міндеттеріне байланысты оларды ақыл – ой , ерік – жігер және эстетикалық тәрбиелеуге , денесінің дамуына және ермек – ойыншықтар деп бөлуге болады. Балалардың ақыл – ойын дамытатын ойыншықтардың ішінде дидактикалық ойыншықтар үлкен орын алады. Олар ақылын, ойлауын, тілін дамытып, білім, дағды мен іскерлік жайлы бірқатар түсінік береді. Олармен ойнай отырып , бала заттарды тануды , айыруды, заттың түсін, көлемі мен пішінін атап, сандармен, цифрлармен танысып, ұсақ бөлшектерді тұтас бір затқа жинап, оларды қайта бөлшектеді үйренеді. Олардың ішінде халық арасында кеңінен қолданылатын мынадай ойыншықтар бар: бір түсті шеңберлерден тұратын конусты қамалдар (1.5-3ж) , түрлі -түстілері (3-7 ж) , әр түрлі «бір – бірінің ішінен шығатын» - бөшкелер , жұмыртқалар, шарлар (1,5-5ж) ,матрешкалар (1,5-6ж). Балаларға берілген дидактикалық ойыншықтардың қай жаасқа нақты берілгенін көрсету мүмкін емес, өйткені ол ойыншықтармен әр түрлі деңгейдегі ойындар ойналуы мүмкін. Жиналатын дидактикалық ойыншықтар балалар үшін ең бірінші өзіндік конструкторлар. Бұралатын бөлшектері бар ағаш ойыншықтар 4,5 – 5 жастағы балаларға арналған. Баланың политехникалық біліміне техникалық ойыншықтар негіз болады. Әр түрлі жастағы балалар үшін дайын техникалық ойыншықтар мағынасы бойынша да, образы бойынша да ерекшеленеді. Мысалы, 2 – 4 жастағы балалар үшін паравоз үлкен, ашық түсті бірнеше бөліктерден – дөңгелектен, машинист бөлімшесінен тұрады; 5 – 7 жастағы бала дәлдікті қажет етеді – дөңгелектердегі рычагтар деген сияқты , ал кіші мектеп жасындағыларға өте үлкен бөлшектер қажет және де паравоздың орнына тепловоз, электровозға ауыстыруды қажет етеді. Дайын техникалық ойыншықтар қазіргі техниканы, өткен заманғы техниканы және болашақтың техникасын да көрсетіп, бейнелуі мүмкін. Мектепке дейінгі балаларға арналған техникалық ойыншықтар бала қолының түрткісімен қозғалуы мүмкін, инерттік механизммен қозғалысқа түсуі мүмкін. Мектеп жасына дейінгі бала мен кіші мектеп жасындағы балалар үшін кейбір техникалық ойыншықтар дәлірек айтсақ, транспорттық және жолдық – құрылыстар үлкен мөлшерде жасалады және бала өзі мұндай машинаға отырып қажет жұмысты ойында атқару үшін рөл мен рычагты қозғалысқа келтіреді. Мектепалды даярлық сыныптарында сабақтың өн бойы ойын әрекетін ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Себебі, 5-6 жасар бала сабақ оқығаннан гөрі ойын ойнағанды қалайды, зейіні тұрақсыз, бір іспен ұзақ уақыт шұғылдана алмайды. Бала ойынмен өседі. Халқымыз бала мінез-құлқының қалыптасуында ойын әрекеті де елеулі мән атқаратынын жақсы аңғарған. Ойында баланың қарым-қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өседі, мінез-құлқы қалыптасады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік сезімтал тұлға болмақ. Ойын адамның дамуына, қалыптасуына әр түрлі әсер береді. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойын – бала табиғатымен егіз, өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ та емес. Ол – бала миын жаттықтыратын әрі тынықтыратын негізгі жаттығу. Мағжан Жұмабаев: «Ойын - баланың өз ісі. Баланың ойынына кірісуші болма. Баланы бір нәрсе бүлдірмес үшін тек шеттен бақыла. Есте болуы керек, бақылау деген сөз - қарауылда тұрған солдаттай қабағыңды түйіп, қарап тұр деген сөз емес, олай тұрсаң бала ойынына кірісуші болма!». Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың өсетін ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі т.б. Дегенмен де ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамды рахат пен қанағат сезіміне бөлейтін іс-әрекеті. Бала тұрмақ, үлкен адамдар да әлі күнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері де, мазмұны да сан алуан. Балалар ойыны әр алуан, оның өзгеріп отыруы балалардың жас және дара ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс, драматизация, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар. Әрқайсының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық- физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін, еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады». Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Оқуда да, еңбекте де ойын элементтерін қолдануға болады. Ойын туралы көптеген теориялар бар. Солардың бірін алғаш рет жасаған Ф.Врубель. Ол ойын арқылы бала өзін-өзі көрсеткісі келеді дейді. М.Лазарус жұмыстан кейін дем алу теориясын, Г.Спенсер денедегі артық энергияны шығару, К.Круз тіршілік үшін күреске әзірлеу ойындарының, С.Л.Рубинштейн еңбекке дайындайтын ойындарының теориясын жасады. Ойын әлеуметтік қызмет, ол баланың жасына қарай, өзін қоршаған ортаны танып білуге, оны өзгертуге құштарлығын арттыратын құрал. Онда танымдық және бағдарлық қызмет бар. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады, оқу әрекетінің негіздері қаланады. А.М.Горький: «Ойын арқылы бала дүниені таниды» - десе, А.С.Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» - дейді. Н.К.Крупская ойынның байқағыштыққа, ептілікке және басқа мінездерге тәрбиелейтін атап айтқан. Ол адамның дербестігін, ұйымдастырушылық дағдыларын дамытады. Оқытудың түпкі мақсаты – оның сапалы болуы, яғни сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіру, оның танымдық, білімдік, тәрбиелік жағынан сапалық жаңа деңгейдеге көтеру. Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин сияқты белгілі психолог ғалымдар: «Ойын баланың өзіндік өмірі» - деген ортақ тұжырым жасайды. Ал біздің халық даналығы: «Ойлы бала, ойыннан өседі» - дейді. Қазіргі кезде “ойын” ұғымының мағынасы кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің түрлі салаларын қамтуда. Бұрын балалар ойыны мен актер ойыны педагогика мен өнертанудың ғана зерттеу нысандары болып келсе, қазіргі таңда ойын проблемасы психология, әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиеттану, т.б. салалардың көкейтесті мәселесіне айналып отыр. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып тұлғаны дамуын қалыптастыруға болады. Ойын – оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. «Ойын »ұғымына түсініктеме берсек – бұл адамның мінез- құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде әс-әрекеттің бір түрі. Ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарад: ( Ойын – сауық ( Коммуникативтік немесе қарым-қатынастық ( Диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану) ( Коррекциялық (өзін-өзі түзету) ( Әлеуметтендіру Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды, отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Ойын балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін қалыптастырады. Ойынның ережелері ойнаушының қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық, қажеттіліктерімен санасуы әр оқушының жеке әрекетінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімен арттырады. Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, логикалық ойындар, грамматикалық ойындар, ұлттық ойындар, т.б. Мұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі. Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі. Ойынды түрлендіруге жаңылтпаштарды, мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды жатқызуға болады. Олар әр тілді, әрі ақыл-ойды дамытуға, демалыс сәттерін тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Оқушы әрекет үстінде өзін-өзі еркін ұстауға, қысылып-қымтырылмауға, басқалармен тіл табысуға, жолдастық, достық сезімінің оянуына мүмкіндік жасайды. Ойынның негізгі мақсаты-баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндету-сол ойын түрлерін пайдалана отырып оқушылардың өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Оқу-тәрбие жұмысында ойындарды қолданудың кең спектрін сипаттау мақсатында көптеген ғылыми зерттеулер жасау арқылы мынадай мәселелердің басы ашылды: ( ойлау, ес, сөйлеу, жігер, назар үрдістеріне дидактикалық ойындардың әсер ету сипаты; ( жеке оқыту маңызының артуы; ( оқу ойындарына қатысушылардың таным қызығуы арқылы шығармашылық ізденіске ұмтылуы, т.б. 2 тақырып: Ойынның психологиялық негіздері Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерді тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері сабақтарында өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады. «Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді» деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой- дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін. Баланың қуанышы мен реніші ойыңда айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды. Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп түсінуінде жатыр А.С.Макаренко дәл атап көрсеткеніндей, үлкендер үшін жұмыс, қызмет қандай роль атқарса, бала үшін ойын да дәл сондай роль атқарады. Бала ойында қандай болса, өскенде жұмыста да сондай болмақ. Сондықтан баланың қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойын кезінде өтеді. Бала неғұрлым жас болса, олардың іс-әрекетінде ойын да соғұрлым үлкен орын алады. Төменгі сынып оқушыларымен жұмыста ойынның маңызын жеке бағаламаған мұғалім, өз жұмысында үлкен табыстарға жете алмақ емес. А.С.Макаренко ойынға айтулы мән бере отырып, өзі басқарған мекемелерде ойынды тәрбиеленушілер өміріне міндетті түрде енгізіп отырды. Ойын баланың өмірін қызыққа, қуанышқа бөлейді деп есептеген. Ол балалардың ойынға деген сүйіспеншілік пен қызығушылығын тәрбиелейді. Оның практикасында тиісті педагогикалық мақсаттарға қызмет ететін ойындар немесе баланың бойын сергітіп тынығуға көмектесетін жай, көңілді ойындар қолданылатын. Макаренко әртүрлі ойындар комплексін жасауға тырысты. Оларды ұдайы жетілдіріп отыруды талап етті. Коллектив өміріне, оның даму болашағына сәйкес келмейтін ойындарды өзгертіп отыруды үндеді. Ол ойынның тәрбиелік ықпалын жасаудағы маңызды шарт баланың ойынға қатысуы ғана емес, оны жасауға да белсене араласуы деп есептеді. А.С.Макаренканың практикасында көптеген ойындар еңбек әрекетіне ұласып, ол еңбек әрекетіне ойын элементтері енгізілді. Тәрбие жұмысы практикасында стол үстінде ойналатын ойындар, қимыл ойындары, техникалық, әдеби-театрлық ойындар, аттракциондар қолданылды. Балалардың өмірінде рөльмен ойналатын ойындардың зор маңызы бар. Рольмен ойын ойнағанда балалар өз шамасына қарай үлкендер арасында қалыптасатын қатынастарды көрсетеді. Өзіне белгілі бір роль алғаннан кейін бала соған орай қажетті ережелерді бойына сіңіріп, мінез-құлықтық дағдылары мен шеберліктерін игереді. Бала оқуға барғаннан бастап ойын екінші кезекке ығысады. Бұл жағдайда ойынның сипаты, мазмұны өзгереді, бірақ оның бала тәрбиесіндегі рөлі бұрынғысынша маңызды болып қала береді. Төменгі сынып оқушылары үшін рольдік ойындарды өздері бейнелейтін адамдардың қасиеттері бірінші орынға шығарылады. Дүниетанымы өскен сайын, бастауыш сыныпты аяқтай келе, бала қиындықтарды жеңуге тырыса бастайды. Олардың ойын әрекеті еңбекпен, қоғамдық жұмыспен қабыса түседі. Ойын элементі балаларды әртүрлі іс- әрекетке тартудың маңызды жолына айналады. Ойын элементтерін енгізу балаларда белгіленген жұмысты қайтккенде орындап, кез-келген іске жауапкершілікпен қарау сезімін туғызады. Ойын әрекетін ұйымдастырғанда бірқатар педагогикалық шарттарды есте ұстаған жөн. Ең алдымен баланы зорлап ойнатудың, олардың шығармашылығы мен дербестігін матап тастаудың ешбір қажеті жоқ. Ойынның тәрбиелік нәтиже беру жағын қамдастырған жөн. Сонымен қатар қозғалмалы ойындар баланың көңілді, өмірге шаттық қуанышпен қарауын және ақыл-ойының дамуына (тапқырлық, тез, дұрыс шешім қабылдау т.б.) әсер ететін дұрыс фактордың бірі ретінде қарастырылады. Негізінен балалардың өсуіне жақсы әсерін тигізетін қозғалмалы ойындар бұл ауада немесе далада ойналатын ойындар. Осы ойындардың арқасында балалардың көңіл- күйі, эмоциясы жоғарылап, оның нерв жүйесін бекітеді. Ойын әрекетінде балалардың психологиялық қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктері неғұрлым тез қалыптасады. Ойын кезінде іс-әрекеттен кейін дербес мәнге ие болатын өзге түрінің де негізі қаланады. Ойын әрекеті психологиялық процесстер ырықтылығының қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан балаларда ырықты зейін мен ырықты ес дами бастайды. Бала үшін саналы мақсат (зейін тоқтату, есте сақтау, еске түсіру) ойын арқылы ерте және оңай бөлінеді. Ойын жағдайлары мен ондағы іс-әрекеттер мектепке дейінгі шақтағы балалардың ақыл-ой әрекетінің дамуына үнемі әсер етеді. Біртіндеп заттармен жасалатын ойын қимылдары азая түседі, бала заттар туралы және олармен ақыл-ой тұрғысынан іс-әрекет жасауды ойлауды үйренеді. 3 тақырып: Ойынның педагогикалық мәні Ойын туралы мынандай т ұ ж ы р ы м ж а с а л а д ы : а) ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді т ә р б и е л е й д і. ә) е р і к ж ә н е м і н е з қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді. б) ұ ж ы м д ы қ с е з і м әрекеттері өсе түседі. в) э с т е т и к а л ы қ т ә р б и е б е р у - өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады. г) е ң б е к т ә р б и е с і н б е р у мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді. д) д е н е к ү ш і н і ң ж е т і л у і н е к ө м е к т е с е д і - ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Ойын – баланың бірінші әрекеті, сондықтан оның педагогикалық мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы А.Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай балалардық өмірінде ойын ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады, оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды. Ойын барысында балалардың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Балалардың қуанышы мен реніші ойында айқан көрінеді. Ойын кезіндегі балалардың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті қиял елестері дамиды, мұның бәрі балалардың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатынын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды. Өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Сондықтан ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын арқылы оқыту керек деген ойға келді. Ойындардың педагогикалық мәні де осында. Ойын арқылы оқыту бұл ой көптеген оқытушылар мен тәрбиешілерді қызықтырады. Грузин педагогы Ш.А.Аманошвили ойын арқылы балаларға өте қиын әлемдік танымды түсіндіре білді. Ол өз оқушыларымен ойын ойнағанда өзін балалармен бірдей қоя отырып, олардың көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, өз ісіне сенімді болып, қиындықтарды жеңе білуге үйретті – баланың көздерінде білімге деген құштарлықты байқады. Ойын арқылы оқытудың арқасында дидактикалық ойын пайда болады. Берілген ойындарды қолдану іс-әрекеттерінің әсерлігін арттырып, балалардың логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамытады. Бұл ойындарды тәрбиешінің шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттердің мазмұнына сай пайдалануға болады. Сондықтан мұндай ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет. Дидактикалық ойындарда міндетті түрде екі бала қатысатын ойындар түрін пайдаланған тиімді. Ойын арқылы оқыту үшін дидактикалық ойындар құрылған. Балаларға тапсырмалар ойын түрінде беріледі, бұл дидактикалық ойындардың негізгі ерекшеліктері. Балалар ойын арқылы белгілі бір білім, білік,дағдыларды және ойын әрекеттерін меңгереді. Әр дидактикалық ойынның танымдылық және тәрбиелік мазмұны болады. Дидактикалық ойындар - оқыту мақсаттарын іске асыруға арналған арнаулы ойындар. Ойын физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму қуралы, таным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Әрине, ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер береді. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың өсетін ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі т.б. Дегенмен де ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамды рахат және қанағат сезіміне бөлейтін іс- әрекеті. Балалар тұрмақ, үлкен адамдар да әлі күнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері өте көп. Балалар ойынына талдау жасайтын болсақ, оның өзгеріп отыруы балалардың жас және жеке дара ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс, драматизациялық, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар. Әрқайсысының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар. Оның әрқайсысына жеке тоқталатын болсақ, сюжеттік рөлді ойындар ойынның алғашқы танымы десек, артық болмас. Ойын – баланың білім – білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы. Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан, дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата – бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойына саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым – қатынасың, мінез-құлқың, өмірге деген көзқарасың, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі тәрбиелеу және білім беру үрдісіне әр түрлі іс - әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады». Мысалы; сюжеттік - рөлді ойындар. Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді - адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойында бөлме теңіз, аспан кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді. Ойын іс-әрекетінің тағы бір ерекшелігі - оның әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді. Балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық- Балалар ойынының ерекшелігі сондай-ақ бейненің, ойын әрекеті мен сөздің ұштасуымен өзара байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгісі емес, шын мәні. Ойында бала өзі бейнелеген қаһарманның іс-әрекетімен, сезімімен тыныстайды. Кейде бейненің баланы баурап әкететіні соншалық, ол тіпті өзін әдеттегідей шақырғанға жауа та қатпайды. Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді. Ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзі мен мамасы үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлеседі және т.б. Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың өз қатынасын толығырақ ашады. Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады, балалар арасында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің қайсыбір фактілері мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына және дамуына көмектеседі. Бейненің, ойын әрекеті мен сөздің өзара байланысы ойын қызметінің өзегі болып табылады, шындықты бейнелеудің құралы қызметін атқарады. Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны; ойын әрекеттері, рөлдер; ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс - әрекеті ретінде көрсетеді. Ойынның түпкі ниеті - бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы, мәселен: «дүкен», «аурухана», «әскер», «қызы мен шешесі», «мектеп» және т.с.с. болып ойнау. Ол сөзде тұжырымдалып, ойын әрекеттерінің өзінде бейнеленеді, ойынның мазмұнында қалыптасады және ойынның өзегі болып табылады. Ойынның түпкі ниетіне қарай ойындарды азды-көпті мынадай типтік топтарға бөлуге болады: а)тұрмыстық құбылыстарды бейнелейтін ойындар («отбасы», «мектеп», «балабақша» және т.б. болып ойнау); ә) жасампаз еңбекті бейнелейтін ойындар (корабль салу, үйлер, стадиондар тұрғызу жәнет.б.); б) қоғамдық демонстрациялар, қонақтарды қарсы алу, саяхаттар т.т.). Ойындарды бұлай бөлу, әрине, шартты ғана, өйткені ойын өмірдің алуан түрлі құбылыстарын бейнелеуді қамтуы мүмкін. оқиғаларды, дәстүрлерді бейнелейтін ойындар. Ойынның сюжеті, мазмұны - бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын... Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға деген ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні - бала атқаратын рөл. Ойын процесінде рөлге берілетін маңызына қарай көптеген ойындар рөлді немесе рөлді-сюжетті ойындар деп аталады. Рөл әрқашан адамға немесе жануарға, ол қиялдағы қылықтарға, іс- әрекеттерге, қарым-қатынастарға қатысты болады. Солардың бейнесіне енген бала сол өзі қалап алған нәрсеге айналады, яғни белгілі бір рөлді ойнайды. Ойын процесінде балалардың өздері (ал кейбір ойындарда - ересектер) ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұнын баянды етеді және қарым-қатынас пен өзара қарым-қатынастардың одан арғы дамуын, күрделене түсуін айқындайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі. Ойынның осы құрылымдық элементтерінің бәрі типтік болып табылады, бірақ олардың түрлі маңызы бар және әртүрлі ойындарда түрліше арақатынаста болады. Әрине ойынның әр түріне сипаттама беруге болады, дегенмен ойынның ішінде дидактикалық ойындардың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәні зор. 4 тақырып: Мектеп жасына дейінгі балалардың драмалау ойыны Қазақ тілі сабағында драматизацияланған ойындар балаларға керекті сөздер мен сөйлемдерді меңгеруді, интонацияны дұрыс пайдалануды, мәнерлеп және көркемдеп оқытуды дамытуда көп әсерін тигізеді.Актерлер ретінде көбінесе басқа ұлттың балалары ойнаса, ал сарапшылар, кеңес берушілер ретінде қазақ балалары ойнайды. Драматизацияланған ойындардың түрі басқа ойындарға қарағанда күрделірек себебі, ол ертегілерден және әдеби шығармалардан құрылады. Рөлдік ойындарды меңгергеннен кейін балалар бұл ойынның түрін тез меңгереді. Мысалы: драматизациялық ойындарды екі түрлі дайындауға болады: а) шығарманы өзгертпей дәл түрінде сахнаға қою; б) мәтінге шығармашылық түрде өзгеріс жасап,сахнаға қою. Драматизацияланған ойындардың белгілі, айқын мақсаты болады. 1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықгыру.Тілдік қарым- қатынасқа түсу дағдыларын дамыту. 2. Балаларды сөйлеуге үйрету. 3. Өмірде кез-келген оқиға туралы естігенін ұғуға және іс-әрекет жүзінде көрсете білуге үйрету. Ойынды қолдануда оның күнделікті жаттығу жұмысына айналмауын ескеру керек, ондай жағдайда баланың қызығушылығы төмендейді.Қандайда болсын ойынды таңдауда баланың жеке психологиялық қабілетін де ескерген жөн. Осы ұсынылып отырған ойын түрлері қазақ тілін меңгеруде балалардың тілге деген қызығушылығын арттырып, оқу-тәрбие үрдісін іске асыратын ұтымды бір жолы. Сонымен қатар ойын балалардың еркін, өзін ұстауға байланысты этика дағдыларын, сондай-ақ балаларды еңбекке, ұжымдық қызметке дайындайды. Ойын – балалар өмірінің нәрі. Ол жай ермек қана емес, сәбилердің рухани жетілуімен табиғи өсуінің қажетті алғышарты. Бала денесінің дамуы мен ой- дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей байланысты. Ойын – қимыл-қозғалыс, жүгіріс-секіріс сияқты дене ермегі ғана емес, ол бала тірлігінің барлық саласына сіңісіп кеткен өмірлік нәр. Бала айналадағының бәрін ойнай отырып қабылдайды, сол арқылы тәрбиеленіп, лязаттанады, өнеге үйренеді, тілдік қоры дамиды. Балалардың тілдерін жетілдіруде, сөздік қорларын дамытуда драмалық ойындардың маңызы зор. Драмалық ойындар – мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық қалпын, ой-өрісін, мінез-құлқын орнықтырудың басты құралдарының бірі ретінде эстетикалық тәрбие қайнарларының негізгілерінің бірі болып саналады. Келешекте көркемдік талғамдарының биік сатыға көтеріліп, саналы да мәдениетті болып өсулеріне игілікті әсер етеді. Адам бойындағы ең тамаша қасиеттер балалық шағынан қалыптасады. Драмалық ойындарды екі бағытта жүогізуге болады: 1. Сазды-сахналық (музыкалық) қойылымдар. 2. Қуыршақ театры. Жалпы драмалық ойындарда балалардың шығармашылық қабілет-мүмкіндіктері айқын аңғарылады. Бұған пайдаланылатын шығармалық сюжеті мен ойындық қимылдары оның мазмұны бойынша анықталады, ал рөлдерді орындау тәсілдері мимика, интонация, дене қимылдары арқылы жасалып, іске асырылады. Бұл ойындарда балаларға шығармашылық жағдайлар жасауға, өздеріне тапсырылған рөлдерді толық игеріп, кірісіп кетулеріне көп көңіл аударылуы керек. Олардың тиісті бейнелерді дұрыс жасаулары үшін іс-әрекет қимылдарын көрсетіп, жетілдіру керек. Кейіпкерлердің сөздерін, көңіл-күйі, сезімін, мінез-қалпының қандай болуы керектігін түсіндіріп, ұғындыру. Нәтижесінде драмалық ойындар барысында олардың тартымды бейнелер жасай білуіне қол жеткізуге болады. Тәрбиешілер балалардың өздеріне тән жеке қасиеттерін анықтай түсу мақсатымен театрландырылған қойылымдар өткізуге болады. Бұл ойындарда қабілеті бар деген балалар өздерін еркін ұстайды, ал ұялшақ, ұяң балаларға жай рөлдер беруге болады. Оларға қуыршақтарды қалай ұстау керектігін, мимика, дауыс ырғақтарын үйрету керек. Театрландырылған ойындардың мазмұны адамгершілік, достық, кішіпейілділік, ерлік, батылдық, адалдық, әділдік, шыншылдық сияқты қасиеттерді уағыздауға бағытталады. Театрландырылған драмалық ойындарды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар керек. Яғни топта театр бұрышы, саусақтар, қолғаптар т.б болуы керек. Балаларға жануарлардың сыртқы кейпін салып келтіру мақсатында «Тауық пен балапандар», «Қоян мен көжектер», «Аю мен қонжық», «Түлкі мен қасқыр» және т.б драмалық ойындар ұйымдастыруға болады. Қозғалыс әрекеттерін жетілдіру мақсатында мына әдістерді қолдануға болады: 1. Қимылды көрсету; 2. Жеке баламен немесе топпен жаттығу жасау. Драмалық ойындарды көп ойнап, сахналық өнерді үйреніп, сезіне бастағанда балалардың тілі, ойлау түйсігі, өнерге құштарлығы артады. Драмалық ойындарды ұйымдастырмас бұрын балалармен бірнеше кіріспе жұмыс жүргізу керек: 1. Тәрбиеші балаларға ертегі, әңгімелер оқып, не әңгімелеген кезде ертегідегі кейіпкерлердің мінез-құлқына, дауысының ырғағына, қимылдарына назар аудару. 2. Әр кейіпкердің киіміне көңіл бөлу. 3. Сұрақ-жауап арқылы кейіпкерлердің қимылын, іс-әрекетін байқап, бағалау. 4. Қимыл мен сөз арасындағы байланысын қадағалау. 5 тақырып: Балалар ойынының жіктелуі Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс- әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әртүрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс-әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс- әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өзін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді. Сондықтан да педагогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес. Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты қүбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстарды ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді. Ойын мен еңбектің бір-біріне ұқсас сипаттары көп, сондықтан кейбір педагог-ғалымдар «жақсы ойын - жақсы жұмыс сияқты да, жаман ойын- жаман жұмыс сияқты» деп қарап, бұлардың арасында айырма шамалы деген түйін жасайды. Өйткені, әрбір жас кезінде ойын тиісті дәрежеде ақыл мен қажыр- қайрат жұмсауды керек етеді.Белсенді іс-әрекет пен күш-жігер жұмсалмаған ойын, жақсы ойын болып табылмайды. Жақсы ойын да жақсы жұмыс та көңілді қуанышқа толтырып, рахатқа бөлейді. Демек, осы жағынан ойын мен жұмыстың ұқсастығы байқалады. Баланың ойыныңда да белгілі дәрежеде тиісті жұмыстағыдай жауапкершілік болуға тиіс. Олардың негізгі айырмашылығы тек мынада: баланың ойыны нақты материалдық рухани байлықты көздемейді, ал жұмыс ондай игілікті өндірудің негізгі жолы екені айқын. Ойын арқылы оқыту Тәуелсіздіктің алтын тәжін киіп тілімізге жан біткелі, халқымыздың да еңсесін көтерген елге алдымен оқу-білім керек. Әлем тізгіні білімдінің қолында десек, білімді болсақ біз де тізгінге жармаса аламыз, болашақтың алысқа шабар жүйрігін біз де тартып міне аламыз. Сондықтан қазіргі білім ошақтарында байырғы білім беруді өзгертіп, жаңа педагогикалық технологияны басшылыққа алып, жаңаша әдіс-тәсілдерді енгізіп, соған орай дәстүрден тыс оқыту түрлерін қолданып, компьютерлік оқыту технологиясымен де ұштастырып келеміз. Ендеше осы айтқандарымыздың басты мақсты жас мемлекетіміздің күш қуатын арттыру, оның іргетасын мықты етіп, биік тұрғызатын, патриоттық сезімі оянған жеке тұлғаны қалыптастыру, осы тұлғадан қабілетті балалар шығару және интеллектік белсенділігін көтерну, өз бетімен оқуға, үйренуге деген құштарлығын байыту емес пе. Бірінші кезекте міндетті түрде осы істі жүзеге асыратын нақты тірек қалыптастыру керек. Ол үшін осы жүйені іске асыруға бағыт беретін арнайы оқулықтар мен әдістемелік оқу-құралдарын шығарып, көбейту қажет. Бастауыш сатыдағы оқу-тәрбие үрдісіндегі «Ойын арқылы оқыту технологиясының» орны ерекше. Ойын- бала әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді. Ойын бала затының түрлі қасиеттерін дамытатынын, мұнда да бала қабілеті, белсенділігі байқалатынын А.С.Макаренко өте жақсы көрсеткен. Үлкендер өмірі үшін жұмыс қызметін істеу, әрекет ету қандай орын алатын болса, - деп жазды ол, балалар өмірінде ойын да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскеннен кейін жұмыста көбінесе сондай болады. Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу бәрінен бұрын ойын арқылы болады. Ойын балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ойынның өз мақсаты, жоспары, шарты, жауабы, арнайы заттары т.б.көптеген сипаттары бар. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Бала зейінін қажет ететін әдейілеп ұйымдастырылған ойындар, оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез-құлқын, ерік-жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтардың айтуы бойынша бала ойын үстінде қандай болса, еңбекте де сондай болады, демек ойын адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Ақын Абай Құнанбаев: «Ойын ойнамай, Өсер бала болар ма?» - демекші жас сәбидің өмірі, қоршаған ортаны тануы, еңбекке қатынасы, психикалық ерекшелігі ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті байқалады. Ойын ойнау барысында қалыптасатын мінез-құлықтар: зейін қою, ойлану, жауап беру, жауапкершілікті сезіну, шеберлікті меңгеру, қиындықты жеңу, төзімділік, еңбек ету, білім алу, талдау, түрлендіру, есте сақтау. Ойын ойнаудағы алғашқы психикалық қажеттілік. Ойынның бала ұғымына, жас ерекшелігіне сәйкес түсініктілігі. Ойын құраушыларының білім жүйесіне сай, сәйкестілігі және тәлім- тәрбиелік, дамытушылық әрекеттерінің мәні зор. Қандай да болсын ойын түрі баланың пәнге деген қызығушылық қыбілетін оятатындай деңгейде болуы тиіс. Ойынның түрлерінің жіктелуі: Грамматикалық Психологиялық Тірек-сызбалар Логикалық ойындар Техникалық құралдар Дене еңбек Грамматикалық ойындар – оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, жазу тілі дамытуларына мол мүмкіндік береді. Синтаксистік, морфологиялық талдаулар процесі үздіксіз дамып отырады. Сонымен қатар фонетикалық заңдылықтарды да еркін меңгере алады. Олардың қатарына: 1) Әріптік, буындық кеспелер; 2) Диктант түрлері; 3) Жаттығу жұмыстары; 4) Шығарма, мазмұндамалар;5) Әңгіме, мәтін құрастыру; 6) Сөздіктер т.б. Психологиялық ойындар – көбіне таныс емес тақырып кездескенде сұрақ қою арқылы ойналады. Ол оқушылардың ой-пікірлерін бөлісуге, маңызды мәселелерді, толғандырып жүрген проблемаларды шешуге, материалдарды қалай түсінгендерін ашық айта білуге септігіни тигізеді. Олардың қатарына: 1) Психологиялық сынау, сауалнамалар; 2) Сурет салу, құрастырулар; 3) Пікірталастар; 4) Сұрақ-жауаптар; 5) Сөздіктер (диалог, монолог). Мектеп табалдырығын аттап, ең алғаш партаға отырған оқушыларға қалам мен қағаз беріп, «Қолыма тұңғыш қалам ап» тақырыбында сынақ ойынын жүргізуге болады. Ойын аяқталған соң оқушылардың барлығына психологиялық мінездеме жазылып, зерттеу жұмысын жасауға болады. Тірек-сызбалы ойындар – бұл ойындар атынан көрініп тұрғандай көбіне сызу, суреттеу, жобалау, эскиздеу болып табылады. Ойын грамматикалық ойынмен тығыз байланысты: олардың қатарына: 1)ойық жазбалар; 2) суретті жұмбақтар; 3) сөзжұмбақ, аннаграммалар; 4) құрыштар; 5) суретпен бейнелеулер т.б. Логикалық ойындар – оқушылардың ой-өрісін, тіл, сөз байлығын,кеңейтеді. Ойын ойланғыштыққа, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке итермелейді. Ойын ойлау шеңбері арқылы жүзеге асады. Сондықтан көбіне сұрақ- тапсырмалар арқылы беріледі. Олардың қатарына: 1)жұмбақтар; 2) логикалық сұрақ-тапсырмалар; 3) лездік тапсырмалар; 4) әрі қарай жалғастырулар бар т.б. Техникалық құралдар ойындары – өазіргі заман талабына сай қағидаларды негізге ала отырып ойналатын ойындардың түрі. Бұл ойындарды ойнау барысы қоғамда, тұрмыста, үйде, болашақта көп көмегімен тигізетіндігі дәлелденген. Оларға: 1)лингофон құрылғылары; 2) компьютер; 3) «Сега», «Денди»; 4) тир, автоматтар; 5) кодоскоп, диапроекторлар; 6) магнитофон, музыкалық орталық; 7) караоке, ямаха т.б. Дене -еңбек ойындары – бұл ойындардың көбі күш жұмсап, тер төгіп еңбек ету нәтижесінде жүзеге асады. Ол дене шынықтыру пәнімен тығыз байланыса отырып, мұғалім шеберлігімен жүзеге асады. Олардың қатарына: 1) сергіту сәттері; 2) тыныс алу жаттығулары; 3) спорттық ойындар; 4) ұлттық ойындар т.б. 6 тақырып: Шығармашылық және ережелі ойындар Бүгінгі техникалық мүмкіндіктер жақсы дамыған заманда ата-аналардың да мүмкіндіктері кеңейді. Теледидар арқылы көрсетілетін ертегілер мен қойылымдар, ойындар балалардың дамуына әсерін тигізері сөзсіз. Бірақ ата- аналар балаларын күні бойы теледидардың алдына отырғызып қоймай, ертегілерді бірге тамашалап, оның түсінген-түсінбегенін сұрап, туындаған сауалдарына жауап беруге тиіс. Балаға ненің жаман, ненің жақсы екенін ертегінің мазмұнына сүйене отырып түсіндіруге тырысулары қажет. Бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Бұл әдістің пайдасы - баланы сахнада кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді. Ата-аналар мен тәрбиешілер баланың тілін дамыту мен оларды тәрбиелеуде ертегілер мен қойылымдардың және сахналаудың рөлінің айрықша екенін ұмытпау керек. Сөйлесу қызметі - белсенді әрі мақсатты үрдіс. Бұл қызмет түрі серіктестің болуын талап етеді, онда бірі сұрақ қойса, екіншісі жауап береді. Мектеп жасына дейінгі мекемелердің басты мақсаты - бүлдіршіндердің диалогтық қарым- қатынасы болып табылады. Балалар өз құрбыларымен сөйлесу арқылы сөйлеу тілдерін дамытады. Сонымен қатар өзі мен серіктесінің қимыл-қозғалысын келісу мен бақылау дағдысы қалыптасады. Келісу мен бақылау үрдісінде сөйлесуден басқа нәрселерге де көңіл аударылады (мәселен, мимика, қимыл, атрибуттар, көлеңке, саусақ қимылы, бет перде, қуыршақ, үстел үсті). Бұл жерде мен трафареттік сахналау тәсіліне басты назар аудардым. Трафарет театры арқылы сөз құрамының байлығын, диалог, монологты дамытуға болады. Бұл жұмыс барысында балалар дайын трафареттердің көмегімен болашақ кейіпкерлердің суреттерін жасайды. Оларды түрлі-түсті бояулармен бояйды, дайын бейнелерді қайшымен қияды. Бұл жерде балалардың шығармашылық ойлау қабілеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс істеу үрдісінде әрбір баланың жеке қиялына да орын беріледі. Себебі, трафареттермен жұмыс істеу кезінде әрбір бала өзіне берілген бейненің түр-тұлғасын, қимыл-қозғалысын өзгерте алады. Мәселен, жүгіріп келе жатқан қоянның бейнесі т.с.с. Дайындық кезеңі аяқталғаннан кейін негізгі - сөйлеу кезеңіне өтеміз. Бұл кезеңде балалар ертегі кейіпкерлерімен диалогтық әрекет жасайды. Жұмыс жұптасу түрінде жүргізіледі. Әрбір бала өзіне жұп таңдайды. Жұптасып жұмыс істеген кезде мен кімнің ынталы, кімнің ынтасыз қатысып отырғанын бақылап отырамын. Диалог ертегілер құрастырған кезде балалар бір-бірімен өзара сөйлеседі, бұл жерде автор сөзі деген болмайды. Саусақ ойыны- бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойыны-саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең- тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс- қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде саусақ бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзету- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды. Саусақ ойынын балабақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі. Мысалы: «Саусақтар сәлемдеседі» ойынын алайық. Мұнда бас бармақ ұшы әр саусақтың ұшымен кезекпен түйіседі. «Адамдар келеді». Оң қолдың сұқ саусағы мен ортаңғы саусақтарын жүгірген тәрізді етіп қимылдатады. Сонымен бірге халық арасында кеңінен тарап жүрген «қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған. Балалар осындай саусақ ойынын ойнай отырып, өлең шумағын қызыға айтады. Мысалы, «Моншақ». Қызыл-сары көк моншақ. Мен жасаймын көп моншақ. Мұнда қатар екі қолдың бас бармағымен сұқ саусақтарының ұшын түйістіре отырып, моншақ тәрізді бейнелейді, әрі оларды тізбектеп жасау балалар үшін өте қызықты әрекет, әрі қол бұлшық етін дамытуға үлкен көмегін тигізеді. Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды. Ойын арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту жолы. Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретеміз. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің: - балалардың сөздік қорларын дамыту; - жаңа сөздерді меңгерту; - үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады. Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын – баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз.Ол өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады. Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын сабағы ең негізгі орын алады.Тәрбиеші бақылау, заттарды қарау, сурет қарау, жұмбақ шешу және құрастыру, саяхат, ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады. Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану, балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Сөйтіп бала топтағы жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда тәрбиеші өзі жетекші бола отырып, балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып, ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады. Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен, өз құрбыларымен қарым- қатынас жасайды. Әр бала өз жетістігіне қуанып, мәз болады. Сондықтан да ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас және жеке ерекшелігін ескерген жөн. Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады. Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өті леді. Мысалы: «Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз», т.б. Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда домино, лото, суреттер қолданылады. Мысалы: «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта». Ал сөздік ойын арқылы сөзді орынды қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла», «Жақсы-жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата». Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» тәрізді жаттығу тапсырмаларды да пайдаланып отыру өз нәтижесін берді. Бұл аталған жаттығу, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады. Жалпы ойынды ұйымдастыру ойынды өткізуге әзірлік, ойынды өткізу, ойынды талдау сияқты үш бағытты қамтиды. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізуге әзірлік болып табылады. Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекеті болып табылады. Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма- жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл-ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді. Міне, сондықтан да оқу-тәрбие үрдісінде әр түрлі ойындар арқылы баланы жан- жақты дамыту ісіне ерекше көңіл бөлемін және бұл менің ең негізгі алдыма қойған мәселем. Сонымен, баланың сөздік қорын дамытумен қатар, тілін дамыту да ойын арқылы жүзеге асады. Оны төмендегі ойын түрінен көруге болады. 7 тақырып: Мектеп жасына дейінгі балалардың сюжеттік - рольдік ойындары Ойын мазмұнының ерекшелігі құрылысы, тәрбиешінің басшылығы (Р.Н.Жуковская, А.А.Абрамян, Л.В.Артемова). Сюжетті-рольді ойынды ұйымдастыру әдістемесіне сипаттама беру. Балалардың тілін дамытуда, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде рөлдік ойындар тиімді нәтиже береді. Рөлді ойнап тұрған бала өзін сол кейіпкерге теңеп, (мәселен, батырға, шешенге) кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді. Мақал-мәтелдерді пайдалану барысында әдеби сөйлеуге дағдыланады, сөздік қоры молаяды, халқымыздың асыл-маржанын меңгереді. Рөлдік ойындардың негізгі талаптары 1. Ойын балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруы қажет. Сонымен қоса, ең бастысы балалар өздеріне лайықты рөлді өзі тандап алған жөн.Сонда ғана олардың ойыны да, тілі де нанымды және сенімді шығады. 2. Рөлдік ойындарға топ болып қатысқан дұрыс. 3. Оқушы өзін рөлде неғұрлым еркін сезінетін болса, ол соғұрлым қызыға ойнайтын болады. 4. Осындай шарттар бойынша дайындалған материалдар қолданылса ойын соғұрлым жоғары тиімділік береді. Рөлдік ойындардағы тәрбиешінің орны қандай? Ойын барысында тәрбиеші рөлі үнемі өзгеріп отырады. 1. Бастапқы кезде тәрбиеші балалардың ынта-жігерін бақылағаны жөн. 2. Біртіндеп ол бақылаушы бола бастайды. 3. Кейде тәрбиешінің өзі де, басты рөлден басқа кез-келген рөлде ойнауына болады, тек ол рөл топтағы тіл қатынасын дұрыс бағыттап отыратындай болсын. 4. Тәрбиеші көмек қажет ететін балаға жақындап,жұмысына жәрдем беруіне болады. 5. Ойын барысында тәрбиеші баланың қатесін бірден түзетпейді, тек білдіртпей өзіне ғана түртіп алады да, келесі сабақта осындай қателермен жұмыс істейді. 6. Рөлдерді бөлу. Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріліп айтылады. Адам туралы мәлімет берілсе: ақ көңіл, адал, жалқау деп сипаттама беріледі. Бала өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын шарты дұрыс және нақты түсіндірілуі қажет. Әдетте ойнайтын рөл туралы көп айтудың да қажеті жоқ, себебі бала өз рөлін шығару үшін жеке шығармашылық мүмкіншілігін көрсету керек, ол үшін уақыт беру керек. Рөлдерді тәрбиеші бөледі, кейде балалардың қалауларына да ерік берген жөн, себебі қазақ тілін өзі қаншалықты біледі, соғаң орай өздеріде рөлді тез тандайдьі. Өткізген ойынға қорытынды жасаған кезде ттәрбиеші дұрыс тәсіл қолданып, әсіресе, алғашқы мадақтауда абай болғаны жөн. Өйткені, баланың ынтасын жоғалтады. Талдауда алдымен жақсы жақтарын айтып, содан кейін ғана кемшіліктерге тоқталу қажет. Егер мүмкін болса, ойын барысын бейнетаспаға немесе магнитофон лентасына жазып алған жөн. Артынан балалармен бірге көріп, тыңдап отырып, барлық ойынды немесе кейбір тұстарын талдаған өте тиімді. Себебі, мұнда тәрбиеші ойынға дайындық кезіндегі жіберіп алған қателіктерін байқайды да, келесі жолғы ойындарда осындай кемшілікгерге жол бермейді,есте сақтайды. 8 тақырып: Режиссерлік ойын және оның әдістемесі Бала үлкейген сайын ойыншықтардың сырт пішінінің сәйкестігіне талаптары күшейе түседі. Алайда, бұл сәйкестіктер талаптар күшейе түседі. Бұл сәйкестіктер оның түсі мен формасы тура табиғи түрдегідей берілмеуі керек. 3 жастан бастап балалар қуыршақтармен ойнау кезінде кейбір құрал – жабдықтарды қолдана бастайды: жиһаз , ыдыс-аяқ және т.б. Кіші мектеп және ересек мектеп жасына дейінгі балалар қозғалысқа түсетін ойыншықтарды қалайды: микроэлектромоторлы шаңсорғыш, кір машинасы, жарықтандырылған тоңазытқыш, жанатын лампа және т.б. Ұсақ ойыншықтармен ойында мектеп жасына дейінгі ересек және кіші мектеп жасындағылар кейбір декорацияларды қажет етеді. Тұрғын үйді бейнелейтін ойыншықтар қажет ( әр түрлі бөлмелер, қақпалар, ағаштар, аула құрылыстары), мектеп (парталар, санағыштар және мектеп тақтасы) және т.б. Балалардың адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге көмектесетін ойыншықтар. Баланы үлкендер еңбегімен таныстырады, сол еңбектің құрал – жабдықтарымен таныстырады, балаларды күш – қуатты қажет ететін, еңбекке баулиды, ұжымдық сезімді тәрбиелейді. Көптеген ойыншықтар кәсіптік және тұрмыстық еңбек процесін көрсетеді. Мысалы , «Кішкентай аспаз» жинағы , ұнмен жұмыс жасауға арналған заттардан тұрады. Осындай жинақты пайдалана отырып 5 жасар бала ермексазды оқтаумен жаяды, әр түрлі пішінді ойыншық тоқаштар жасайды. 2 – 4 жасар бала құммен осындай әрекеттер жасайды. 9 тақырып: Мектеп жасына дейінгі балалардың құрылыс ойындары Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Мектепке дейінгі балаларға арналған техникалық ойыншықтар бала қолының түрткісімен қозғалуы мүмкін, инерттік механизммен қозғалысқа түсуі мүмкін. Мектеп жасына дейінгі бала мен кіші мектеп жасындағы балалар үшін кейбір техникалық ойыншықтар дәлірек айтсақ, транспорттық және жолдық – құрылыстар үлкен мөлшерде жасалады және бала өзі мұндай машинаға отырып қажет жұмысты ойында атқару үшін рөл мен рычагты қозғалысқа келтіреді. Кішкентай пішінді эксковаторлар, бульдозерлер, крандар үлкен пішінділер сияқты жұмысты атқарады және рычагтармен қолдану арқылы іске қосылады, бірақ ондай кішкентай ойыншықтар болады. Мұндай ойыншықтар естияр және ересек мектеп жасына дейінгі балаларға арналған. Пластикалық массалар мен ағаштан жасалған құрылыс материалдарда алуан түрлі. Бұлар дайын ойыншықтар емес, «жартылай фабрикаттар» балалар олардан көпірлер, жолдар, үйлер және т.б жасайды. Кубиктер 2 жастағыларға арналған, кубиктер мен кірпіштер 3 жастағыларға, пирамидалар, призмалар, цилиндрлер жиыны, кейде қосымша бөлшектер рөл түрінде, ту және т.б. ересек мектеп жасына дейінгілерге және кіші мектеп жасындағыларға арналған ойыншықтар балалардың өздеріне айналасындағы көріп жүрген құрылысты көрсетуге мүмкіндік береді. Ойыншық жиынына берілген арнайы альбом көрсетілген. Берілген мысал бойынша құрауға мүмкіндік алады. Құрылыс материалдарымен ойнауда көлемді геометриялық денелермен танысады, оларда форма, үлкендік, орналасу, ара қашықтық, бағытталу жайлы түсініктер қалыптасады. Техникалық ойыншықтарға металлды конструкторлар жинағын, балаларға арналған инструменттер, баланың техникалық шығармашылығына арналған бөлшектер, химиялық реактивтермен, токпен жұмыс істеуге арналған арнайы жинақтарды да жатқызамыз, бірақ мұндағы талаптар басқаша, еңбек түрі де басқаша, сондықтан бұл ойыншықтарды ойын-әдістеме деп қарастырған дұрысырақ. 10 тақырып: Дидактикалық ойындар - оқыту құралы Дидактикалық ойын түрлерін анықтау. Дидактикалық ойын құрылымына түсінік беру. Дидактикалық ойын баланың таным қабілетін, сенсорлық дамуы, белсенділігін дамыту құралын анықтау. Оқытудың көрнекілік принціпі – дидактиканың «алтын ережесі». Оқытудың көрнекілік принціпі – оқытудың өте ерте дамыған түрінің бірі. Көрнекілік принципті ғылыми педагогикалық тұрғыдан негізден Ян Амос Каменский дидактиканың «алтын ережесі» деп көрнекілік принципті атап айтқан. Көрнекі құралдар оқушылардың сабақты қызығып тыңдауын қамтамасыз етеді және де материалдарды түсіну жолдарын оңайлатады. 1. Табиғи құралдар – (батаника пәнімен, зоология түрлі өсімдіктер, жануарлар). 2. Эксперименттік көрнекі құралдар – (физика немесе химия пәндерінен жүргізілетін лабараториялық жұмыстар). 3. Көлемдік көрнекілік құралдар – геометрия пәнінен жасалған түрлі фигуралар, макеттер. 4. Бейнелеуші көрнекілік құралдар – түрлі формадағы суреттер, таблицалар. 5. Техникалық көрнекілік құралдар – оқу фильмдері, диафильдер, фонар немесе эпидоскоптар арқылы көрсетілетін көрнекілік құралдар. 6. Символдық көрнекілік құралдар – географиялық және тарихи, зоологиялық карталар. 7. Графикалық көрнекілік құралдар – схема, диаграмма, таблица, үлгілер. Ойынның дидактикалық түрі – кішкене балаларға мейлінше пән оқыту формасы болып табылыды. Оның арғы тегі ойынды өлеңмен қимылмен, ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйренетін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр. Дидактикалық ойынның нәтижесі – қандай жолмен болса да ұту емес, баланың білімді игеру, ақыл – қызметін дамытуда, өзара қарым – қатынас. Дидактикалық ойынның орталығы ойыншықтар мен ойын құралдары. Дидактикалық ойындар әсіресе баланың дамуында маңызды рөл атқарады. Балаға бағдарламалық материалдарды меңгерту, уйренген білім – дағдыларын бекіту жұмыстары осы дидактикалық ойындар арқылы іске асады. Дидактикалық материалдармен жаттығу ойындары – сенсорлық тәрбие мен ақыл – ой қабілетін дамыту үшін қажет. Жиналатын дидактикалық ойыншықтар балалар үшін ең бірінші өзіндік конструкторлар. Бұралатын бөлшектері бар ағаш ойыншықтар 4,5 – 5 жастағы балаларға арналған. Қазіргі дидактикалық ойыншықтар барлық халықтық жақсы қасиеттерге ие (декоротивтілік, өзін-өзі бақылау элементі және т.б.). Дидактикалық ойыншықтарды жасауда ағаштан басқа пластикалық массалар да қолданылады. Жиналатын ойыншықтардың түрлері қазіргі заманғы тақырыпта құрылған. Балалар ұжымында қолдануға арналған көптеген қиын дидактикалық ойыншықтар шығарылуда. Әр түрлі жастағы топтарда ойыншықтарды қолдану тәрбиешінің бала алдына қоятын міндеттермен, балаға берілген тапсырмаларға байланысты . Бірақ шарды үлкендігіне қарай топтастыру 1,5 жастағы балаға тән, бірдей түстерді табу 2 – 3 жастағы , ал геометриялық денелердің формасына қарай топтастыру 6 – 7 жастағы балаға лайық. Дидактикалық ойыншықтардан басқа ақыл – ойды тәрбиелеуге әдетте , образдық деп аталатын ойыншықтар әсерін тигізеді. Мұндай ойыншықтарға жиһаз бен киім – кешектері бар қуыршақтар, адамдар мен аңдарды бейнелейтін фигуралар, табиғат элементтері. Олармен ойнаған кезде баланың қоршаған орта құбылыстары туралы түсініктері нақтыланып, тілі мен ойлауы, ең негізгісі – қиялы дамиды. Педагогикалық ойындар педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың құралы болып табылады. Педагогикалық ойынның айырмашылығы алдыға қойған мақсаты мен міндеті бар, оқу- танымдық бағыттылығымен сипатталатын құнды ерекшеліктерінің болуында. Олар әр түрлі болып келеді: а) баланың жас ерекшелігіне сәйкес; ә) алдыға қойған мақсатына байланысты; б) ұйымдастыруына сәйкес; в) мазмұндық ерекшелігі ескерілген, т.б. Оқытудың белсенді тәсілдерінің ішінде дидактикалық ойындар ерекше орын алады. Кезінде А.В.Луначарский: «Ойын – белгілі дәрежеде барлық адамзат мәдениетінің негізі болып саналады! – деп жазды. Дидактикалық ойын – кішкене балаларға тән оқыту формасы болып табылады.Арғы тегі ойынды өлеңмен, қимылды ұштастыру негізінде жатыр. Міндеті –ойынның оқыту сипатын , оның мазмұны баланың танымдық әрекетін дамытуға бағытталады. Дидактикалық ойындарға қойылатын талаптар: 1. Ойынға берілген уақыт баланы жалықтырмайтындай болуы; 2. Тақырып аясынан ауытқымай, оның мазмұнын ашуы қатаң ескеріледі; 3. Ойынға қажетті материалдар алдын ала даярлануы; 4. Ойынның балаға беретін білімдік және тәрбиелік мәні болуы; 5. Баланың жан-жақты дамуына, танымдық қызметінің артуына әсер етуі керек. А.М.Горький «Ойын арқылы бала дүниені таниды»,-десе, А.С.Сухомлинский «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге сарай ашыл-ған үлкен терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз- ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»- дейді. Шынында да бала үшін ойын-өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекетін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рольдер атқарады. Халық даналығы «Ойлы бала ойыннан белгілі»,- дейді. Балалардың ойынға деген қызығу-шылығын, ынтасын сабақ процесімен ұштастырудың маңызы зор. Ол үшін сабақта ойын түрлерін ретіне қарай пайдаланып отыру қажет. Ойынның түрлері көп. Біз солардың ішінде, ең алдымен сабақ барысында жиі пайдаланатын дидактикалық ойындарға тоқталамыз. Дидактикалық ойын оқушылардың ынта-ықыласын күшейтетін, оқудың қиын процесін жеңілдететін, дамуды тездетуге көмектесетін, оқу барысында таным қызметін күшейту мен көтермелеудің қуаты қайнар көзі болатын оқыту әдісінің бір түрі. Дидактикалық ойынның мақсаты баланы қызықтыра отырып, жаңа сабақты немесе өткен материалды берік меңгерту болып табылады. Дидактикалық ойындардың ережесі оқушылардың түсінуіне оңай, қарапайым әрі қысқа болуы шарт. Дидактикалық ойынды сабақта қолданғанда оның мынадай шарттарға сәйкес болуын қатаң ескеру қажет: - ойынның оқушыларға беретін білімдік және тәрбиелік мәні болуы; - баланың жан-жақты дамуына, танымдық қызметінің артуына әсер етеді; - өтіліп отырған материалдарға қызығушылығын туғызуы; - сабақтың мақсатын іске асыруда оқушыларға қажетті білік пен дағдыны қалыптастыруға көмектесетіндей болуы тиіс; - тілдік материалдарды салыстыра алуы және қорытынды жасай білуі; - балалардың қоршаған ортамен таныстырудағы ролі болуы. Ойын барысында оқушы өзіне үлкен адамның белгілі бір функциясын қабылдайды. Оны өз іс-әрекетінде жүзеге асыруға тырысады. Балалардың дидактикалық ойындарға деген қы-зығушылығы ойын әрекетінен ойлау әрекетіне, ақыл-ойды дамытуға берілген логикалық жаттығуларға ауысады. Мысалы, рольдік «Капитандар» ойыны. Бұл ойынды ойнау бары-сында балалар елестету арқылы «кемені жүргізеді». Ойындағы рольді оңға, солға бұрады, кеменің жүзуіне, қозғалысына тән дыбыс шығарады. Бұл әрекет арқылы оқушылар кеме капитанының роліне енеді. Ал дидактикалық жағынан алғанда олар капитанның ойлау әрекетіне еліктейді, мұғалімнің алдын-ала жасаған түсіндірмесіне сүйене отырып, кемені берілген бағыт бойынша жүргізеді. Мұндай ойын арқылы оқушы өздігінен жұмыс жасауға үйренеді, өз бетімен қорытынды шығаруға машықтанады. Белгілі ресейлік ғалым-педагог Л.В.Зенковтың пікірінше, ойын берілген білімді кеңейтуге, арттыруға, сабақтағы зерігушілікті қоюға көмектеседі. Жұмбақ - заттың немесе жануарлардың тұспалды белгілер туралы ұғыммен құпияланатын ойын. Мысалы: Қабат-қабат киінген, Жұмырланып түйінген. Доп-домалақ көк допты, Күнде көрем үйімнен. Ол қандай зат, балалар, Сорпасы тіл үйірген? (қырыққабат) Сауалғы – орысша «викторина» деген мағына білдіретін ұғым, бір тақырыпқа топтасты-рылған сұрақ-жауап жиынтығы, демек сұрақ-жауап ойыны. Басқатырғылар - адамның ой-пікірін дамытып, зейінділікке, тапқырлыққа, төзімділікке баулитын шытырман ойын. Сөзжұмбақ - танымдық ойынның ең көп тараған түрі. Сөздерді әр түрлі тәсілдермен құпиялап ойын құрастыру. Яғни сөздерді пайдаланып жасалатын ойынның жалпы атауы. Дидактикалық ойындарды мұғалім сабақта пайдаланып, оқыту мақсатын шешеді, осындай ойындардын бірнешеуін ұсынамын. І. Математика 1. Санды сызып таста (кесте) 2. Суреттегі геометриялық пішінді ата. 3. Рет-ретімен сандарды қос. Не шықты? 4. Бақаның көлге жететін жерін көрсет. (схема) 5. Теңгемен жұмыс 6. «Сипат тап» ойыны ІІ. Сауат ашу 1. «Кім жылдам?» 2. «Әріптер жарысы». 3. Әріптерден сөз құрастыр 4. «Дыбыстар болған екен» 5. Мына заттар қандай әріптерге ұқсайды? 6. Шөптің арасындағы әріптерді тап. 7. Телефон арқылы сөздерді табу. Сабақ барысында «Сандар туралы» 1 саны: Сан бір цифрынан басталады, күн біреу, ой біреу, жер біреу. 2 саны: Екі санындағы көрініс, әке мен шеше, ұл мен қыз, күн мен ай. 3 саны: Үш саны мықты, жараңдар, үшінші орын тұрағы, үлікті қосып тұрады. 4 саны: Үштен кейін төрт болар, Бір жылда төрт мезгіл бар: Қыс мезгілі күн суық, ақ қар жатыр, жер жауын. Көктемде келер жер жаңа, Егейін егін далаға. Жазғытұрым күн ұзақ, Аптап тұрар күн шуақ. Алтын күз бізге берер нұр, Жеміс-жидек пісіп тұр. 5 саны: Басталады саусағым бас бармақтан 1-ші, Балаң үйрек келеді санағанда 2-ші, Ортан терек, биігі, тұрып қалған 3-ші, Шылдыр шүмек келеді кезегім деп 4-ші, Кішкене бөбек таласпай қалған екен 5-ші. 6 саны: Алты саны-ұлық па, Ұқсас өзі құлыпқа. Алты саны, ол-алтау, Бестен кейін келеді, Тапқыр бірден біледі. Саны: 1 аптада жеті күн бар: 1-ші күн – дүйсенбі, 2-ші күн - сейсенбі, 3-ші күн - сәрсенбі, 4-ші күн - бейсенбі, 5-ші күн - жұма, 6-шы күн - сенбі, 7- ші күн – жексенбі. 8 саны: Қараңдаршы көз тігіп, Сегіздікте - қос жүйрік. Бас аяғы жоқ оның, «8» саны, ал біліп. Көзілдірік ол білсең Жүрер көзге ел іліп. 9 саны: Тоғыз алты сияқты білмегенге, Құйрығы бірақ қарап қалған төменге. 10 саны: Тоғызға бір қосамыз, Он санын енді тосамыз. Қос таңбаны кім білсе, Олар бір мен дөңгелек. 0 саны: Кетсе бәрі дөңгелеп, Ұшып, қонып, не керек? Жоқтығын заттың білдірер Қояйық нолді ертерек. Тура және кері сандарды санау: 12345678910-10987654321 Бұл ойын оқушылардың танымын арттырып, жақсы көңіл-күй тудырып, ой-өрісін да-мытып, ойлау қабілетін, математикалық тілін дамытады. Міне, баланы ойната отырып тәрбиелеу, халықтық педагогиканы бойына сіңіру қазіргі кездегі заман талабы. 11 тақырып: Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл - қозғалыс ойындар Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім. Ұлт ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал ретінде пайдаланып келеміз. Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп – жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі. Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек. Фольклортанушы ғалым Ә.Диваев «Қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі: «...өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар, он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар...». Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек-көк серек» т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: «тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т.б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады. Халық арасында «Денсаулық – зор байлық» деп тегін айтылмаған. Бұл арқылы халық даналығы тіршіліктің негізгі көзі осы денсаулық екенін тағы ескертеді. Адамның денсаулығы жас кезінен бастап қалыптасуы керек. Демек, кезінде ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру – жас организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі. Онымен бірге бүлдіршіндер ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағыт алады. Бала өміріндегі қимыл-қозғалыс ойындарының рөлі. Дене шынықтыру пәнінің белгілі теоретиктері П.Ф.Лесгафт және В.В.Гориневскийдің дәлелдеуі бойынша жас бүлдіршіндердің тезірек бұғанасының бекіп, ағзасының қалыпты дамуына және оның тез жинақталып, қимыл іс-әрекетті шапшаң орындауда қозғалмалы ойындардың алатын орны ерекше. Сонымен қатар қозғалмалы ойындар баланың көңілді, өмірге шаттық қуанышпен қарауын және ақыл-ойының дамуына әсер ететін дұрыс фактордың бірі ретінде қарастырылады. Қимылдық ойынның нәтижесінде бала белгілі сигналға үйреніп, ойын ережесіне бағынады. Бұл оның жан-жағындағы оқиғаға мән беріп қарауына, төзімді болуына, тәртіпті сақтауына немесе оның басындағы мидың тежелу функциясының дамуына өз септігін тигізеді. Балалардың қимыл дағдысын қалыптастыру барысында күрделі қозғалысты меңгеру және осы қозғалысқа қатысты әртүрлі қызметпен белсенді жұмыс жасауы артады. Баланың дағдысы 7 жасқа дейін қалыптасып, әрі қарай шыңдалуының негізіг фундаменті қызметін атқарып, өмірде күрделі қимыл іс-әрекетін қиналмай жасап, үлкен спортта да табысқа жетуінің алғышарты қалыптасады. Ойын барысында балалар әртүрлі қимыл жасайды: тұрады, еңкейеді, қашады, қолмен ұстайды. Қозғалыс қимыл ойындары топтық сипатта болады. Сондықтан олар қимыл- қозғалыс пен іс-әрекеттің үйлесімді болуын белгілі ережелердің орындалуын талап етеді. Ойында баланың ширығып, толғануы оның күшін жұмылдырып, қимылдарды орындауда жақсы нәтижелерге жетуіне көмектеседі. Қимыл-қозғалыс ойындары өзінің мазмұны мен формасы жағынан эстетикалық әрекет болып табылады. Қимыл-қозғалыс ойындарының сан қырлы тәрбиелік маңызы, олардың мектеп жасына дейінгі балалар үшін ыңғайлылығы, ойындардың қуанышты, балаларды өзіне тартатын әрекет салыасын туғызады. Қимыл-қозғалыс балалардың игеріп үлгерген қимыл дағдыларын жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру ретінде қызмет етеді. 3 Практикалық және семинар сабағының сұрақтары. 1. Ойын - психологиялық феномен ретінде 1. Ойын психологиялық феномен ретінде 2. Адамзат тарихында ойынның пайда болуы. 2. Ойынның психологиялық негіздері 1. Ойын әрекетіне жалпы психологиялық сипаттама. 2. Ойында баланың жеке тұлғасының қалыптасуы. 3. Ойынның педагогикалық мәні 1. Ойынның педагогикалық мәні 2. К.Д.Ушинскийдің халықтық ойын - құдіретті тәрбие құралы туралы пікірі. 4. Мектеп жасына дейінгі балалардың драмалау ойыны 1. Драмалау ойынының психологиялық, педагогикалық негіздері. 2. Әртүрлі топтарда ұйымдастыру әдістемесі және шарттары. 5. Балалар ойынының жіктелуі 1. Ойындарды жіктеу бағыттары. 2. Шығармашылық және ережелі ойындар 6. Шығармашылық және ережелі ойындар 1. Фантазиялық ойындар 2. Қимылдық ойындар. 7. Мектеп жасына дейінгі балалардың сюжеттік - рольдік ойындары 1. Сюжетті-рольді ойынды ұйымдастыру әдістемесі. 2. Ойындағы рольдер. 8. Режиссерлік ойын және оның әдістемесі 1. Режиссерлік ойынның шығармашылық сипаты 2. Ойынды ұйымдастыру әдістемесі және оған педагогикалық басшылық 9. Мектеп жасына дейінгі балалардың құрылыс ойындары 1. Құрылыс ойынының теориялық негіздері. 2. Ф.Фребельдің жүйесіндегі құрылыс ойыны. 10. Дидактикалық ойындар - оқыту құралы 1. Дидактикалық ойыннның мәні. 2. Педагогикалық жүйедегі дидактикалық ойындар. 11. Мектеп жасына дейінгі балалардың қимыл - қозғалыс ойындар 1. Қимыл-қозғалыс ойынның түрлері. 2. Қимыл-қозғалыс ойындарының теориялық негіздері. 4. Студенттердің өздік жұмысы. 4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау. Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар) 1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек. 2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану. 3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек. 4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл- кеңес алудың пайдасы зор. 5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн. 6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет. 7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек. Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар. • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару; • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу; • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту; • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу; • Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету; • Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру; • Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу; • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру. СӨЖ тақырыптарының тізімі 1. Ойынның өзіндік ерекшелігі. 2. Баланы ойын үстінде тәрбиелеу және дамыту 3. Қазақтың ұлттық ойындары туралы деректерді алғаш жинаған Италия саяхатшысы П.Карпини, итальяндық Марко Поланың, австриялық С.Герберштейнің, итальяндық И.И Новокамскийдің, орыс саяхатшысы П.И Рычковтың, орыс ғалымы П:С Паластың жазбалары жөнінде. 4. Сюжеттік – рольдік ойын туралы педагогикалық зерттеулер. 5. Қимыл – қозғалыс ойындарының теориялық негіздері. 6. Дидактикалық ойынның маңызы 7. Мектепке дейінгі балалардың ойындағы танымдық белсенділігі 8. К.Д Ушинскийдің халықтық ойын туралы пікірі. 9. Ойын технологиялары. «Ойынның психология – педагогикалық негізі» пәні бойынша бақылау сұрақтары 1. Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс - әрекеті не? 2.Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан шығармашылық ойынды ата? 3. Сюжеттік – рольдік ойынның негізгі құрылымдық компоненті не болып табылады? 4.Рольдік ойынның алғы шарттарын ата. 5. Мектеп жасына дейінгі кезеңде бала қиялын дамытып, оның ойлау, ерік т.б. қасиеттерін дамытушы бастапқы іс-әрекет түрі не? 6. Заттың атын өзгерту, өз іс-әрекетін үлкендердің іс-әрекетімен теңестіру, өзін басқа біреудің есіміммен атау, іс-әркетін соған ұқсату қандай ойынға жатады? 7. Үстел үсті ойыны дегеніміз не? 8.Саусақ ойынына анықтама беру. 9. Сөздік ойын дегеніміз не? 10. Өмірінің алғашқы 7 жыл ішінде бала жүйелі түрде іс - әрекеттің қандай түрлерін игереді? 11. Мектепке дейінгі баланың қиялы, іс-әрекетің қай түріне жиналады анықтама беру. 12. Шығармашылық ойынға мысал келтіру. 13. Ойын ұйымдастырудың уақыты жас ерекшелігіне сай. 14. Балаларды ойынға ұйымдастырудың әдістері қандай? 15. Ойын әрекеті ненің дамуына әсер етеді? Мысал келтір. 16. «Біз дидактикалық ойынды тек қана жекелей білім мен іскерлікті меңгеру формасы ретінде емес, баланың жалпы дамуына және оның қабілетінің қалыптасуына әсер етуіне қол жеткізуі керек», деп дидактикалық ойынның маңызын кім бағалаған? 17. «Ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек» деп түсіндірген ғалымдарды ата? 18. Ойната отырып оқытуды ұсынған кім? 19. Баланың өмірге қадам басқандағы алғашқы қимыл - әрекеті не? Мысал келтіру. 20. Қай ойшыл – ғалым «Ойын ойнап- ән салмай, өсер бала болмай ма?» деген. 21. Ойын кезінде баланың психологиялық ерекшелігі қандай жағдайда болады? 22. «Мектепке – ойынға асыққандай бар, ол сондай ғанибет» деген кім? 23. XVIII ғ қай ғалымдар ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген? 24. Қазақстандық қай ғалым – педагог ойынды баланың тілін дамыту үшін пайдалану керек деген? 25. «Қуырмаш» ойыны қай ойын түріне жатады? 26. Рольдік ойынның алғы шарттарын ата? 27. Ойын іс - әрекетіқандай танымдық процестердің дамуына әсер етеді? 28. «Қуырмаш» ойыны нені қимылдата ойнатылады? 29. Кімнің сөзі: «Мектепке – ойынға шыққандай бар, ол сондай ғанибет». 30. Мектепке дейінгі баланың қимылы, іс-әрекеттің қай түріне жатады? Мысал келтіру. 31. Өз іс-әрекетін үлкендердің іс-әректімен теңестіру, өзін басқа біреудің есімімен атау қай ойын аталады? 32. Халық жасаған мұраларының бірі: 33. Ойын балаларды қандай ең қажет қасиеттерге тәрбиелейді? 34.Мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс - әрекеті не? 35.Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан шығармашылық ойынды ата? 36. Сюжеттік – рольдік ойынның негізгі құрылымдық компоненті не болып табылады? 37. Үстел үсті ойыны дегеніміз не? 38.Саусақ ойынына анықтама беру. 39. Сөздік ойын дегеніміз не? 40. Ойын дегеніміз не? 41. Ойынның педагогикада, оқыту процесінде алатын орны қай заманынан белгілі болған ата? 42. Ойын балаларды қандай ең қажет қасиеттерге тәрбиелейді? 43. Спорттық ойындарды ата? 44. Ойын еңбектің баласы деген кім? 45. 1 жастағы балалардың ойыны қандай сипатта болады? Тест 1.Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті: А)Оқу Б)Тәрбиелену С)Ойын Д)Жаттығу Е)Ұйқы 2.Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытатын ойын: А)Қимыл-қозғалыс ойындар Б)Дидактикалық ойындар С)Драмалық-театрландырылған ойындар Д)Сөздік ойындар Е)Еркін ойындар 3. Ойын барысында бала ненің есебінен дамиды? А) Ойын мазмұнының әртүрлі бағыттылығынан Б) Ойынға қызығушылықтан С) Балалармен ойнау Д) Қимыл-қозғалыс болмағандықтан Е) Ойын барысында бала дамымайды 4. Қазақтың ұлттық ойындарын неше топқа бөліп қарастырады? А)1 Б)2 С)3 Д)4 Е)5 5.Қозғалмалы ойындар қандайт тәрбие түрлерімен бірізділікте жүргізіледі? А)Ақыл-ой тәрбиесі Б)Адамгершілік тәрбиесі С)Эстетикалық тәрбие Д)Дене тәрбиесі Е)Құқықтық тәрбие 6. «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады» деген пікірді кім айтқан? А) А.С.Макаренко Б) А.С.Сухомлинский С) Н.М. Аксарина Д) Л.С.Выготский Е) К.Чуковский 7. Рольдік ойындарды ойнау кезінде баланың қандай қасиеттері қалыптасады? А) Қарым-қатынас жасау Б) Сөйлеу С) Зейін қою Д) Тұрақтылық Е) Белсенділік 8. Ойын әрекетінің бірінші кезеңі неден басталады? А) Белсенділік таныту Б) Танысу С) Қорытынды жасау Д) Келісу Е) Ойнау 9. Белгілі мақсатқа негізделген, арнайы жоспары бар, баланың оқу әрекетін жетілдіруге арналған ойын түрі: А) Сөздік ойындар Б) Қимыл-қозғалыс ойындар С) Еркін ойындар Д) Дидактикалық ойындар Е) Драмалық ойындар 10. Ойынның элементарлық функциялары ненің негізінде жасалады? А) Заттық әрекет Б) Қозғалыс әрекет С) Қарым-қатынас Д)Образдық әрекет Е) Бағдарлама негізінде 11.«Үлкендер үшін жұмыс, қызмет қандай роль атқарса, бала үшін ойын да дәл сондай роль атқарады» деп атап көрсеткен кім? А) Макаренко Б) Сухомлинский С) Ушинский Д)Фребель Е) Шаталов 12. «Балабақша» теминін ғылымға енгізген кім? А) Боллер В) Фребель С) Гросс Д) Макаренко Е) Коменский 13. Ойынның екі негізгі міндетін ата: А) дамытушылық, қозғалмалы В) танымдық, дидактикалық С) танымдық, тәрбиелік Д) тәрбиелік, адамгершілік Е) дамытушылық, білімділік 14. Балалардың ақыл-ойын дамытуға бағытталған ойындар қалай аталады? А) логикалық В) қозғалмалы С) сюжетті-рөлдік Д) дидактикалық Е) драмалық 15. Балалардың қимыл-қозғалыстарын, дене қимылдарын жетілдіретін ойындар қалай аталады? А) логикалық В) дидактикалық С) қимыл-қозғалыс Д) сюжетті-рөлдік Е) драмалық 16. М.Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын неше топқа бөліп қарастырған? А) 7 В) 6 С) 5 Д) 4 Е) 3 17. Қазіргі заман талабына сай құралдарды негізгі ала отырып ойналатын ойындардың бірі? А) психологиялық В) техникалық С) грамматикалық Д) дидактикалық Е) драмалық 18. Тірек-сызбалы ойындар қатырына қандай ойындарды жатқызуға болады? А) логикалық В) далада ойналатын С) ойын-жазбалар, суретті жұмбақтар, сөзжұмбақ, аннаграмалар, суретпен бейнелеулер. Д) техникалық құралдар көмегімен ойналатындар Е) еңбек ойындары 19. Ұлттық тәлім-тәрбиені қалыптастыруға бағытталған ойындар? А) дидактикалық В) логикалық С) тәрбиелік Д) техникалық Е) ұлттық 20. Балалардың сөздік қорларын байытатын, сөйлеу дағдыларын дамытатын ойындар қалай аталады? А) сөздік В) грамматикалық С) логикалық Д) дидактикалық Е) драмалық
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz