Файл қосу

Жас ерекшелік психологиясының тармақтары




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                       |
|СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                 |
|ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ФАКУЛЬТЕТІ                                                 |
|ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СИХОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ                                         |
|СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты |ПОӘК                  |                        |
|                          |                      |ПОӘК  042-1830-2013     |
|Оқытушыға арналған пәннің |                      |                        |
|жұмыс оқу бағдарламасы    |№1 – басылым          |                        |
|«Жас ерекшелігі           |                      |                        |
|психологиясы»             |                      |                        |










                        ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


                        «Жас ерекшелігі психологиясы»


                  «5В011400» – «Тарих» мамандығына арналған



                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР















                                Cемей – 2013


1.ӘЗІРЛЕГЕН:
Құрастырушы:  28.08.2013
п.ғ.м., аға оқытушы Серикбаева Нургуль Бейсембековна

2.ТАЛҚЫЛАНДЫ:
2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің
Педагогикалық психология кафедрасының мәжілісінде қаралды.
Хаттама № 1                       .2013ж.
Кафедра меңгерушісі:  ______________ /Джумажанова Г.К./

2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында.
Хаттама № 1  «05» 09.2013ж.
Төрағасы: ________________ /Ахметова Т.Ш./

3. БЕКІТІЛДІ:
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Оқу-
әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды.
Хаттама №1   18.09.2013ж.
ОӘК төрағасы: ____________ /с.ғ.д. Искакова Г.К./

4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 18.09.2013ж. басылымның орнына)
































    Мазмұны
     1 Глоссарий
      2 Дәрістер
      3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
      4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау
       5 Студенттің өздік жұмысы




    1 ГЛОССАРИЙ
   1.    Акселерация  –  соңғы  кезде  байқалып  жүрген   организмнің   даму
      процесінің тездеуі, жыныстық жетілудің ертерек басталуы.
   2. Агрессия – латын тілінен  тура  аударғанда  (aggredi)  “шабуыл  жасау”
      деген мағынаны білдіреді. Психологиялық түсінікте  агрессия  дегеніміз
      адамға немесе топ адамдарына қарсы, оларға белгілі  бір  психологиялық
      немесе физикалық қастық жасауға бағытталған жеке адамның немесе топтың
      әрекеті және осындай белгілер байқалатын әрекет-қылық .
   3. Әлеуметтену – баланың әлеуметтік тәжірибені оның интеллектуалдық  және
      жеке дамуына сәйкес меңгеру процесі немесе нәтижесі.
   4. Генезис – құбылыс немесе заттың пайда болу сәтін де сол  сияқты  заңды
      даму процесі.
   5. Генотип – адамның ата-тегінен мұраға алатын  қандай  да  бір  белгілер
      немесе гендер жиынтығы.
   6. Гипофиз – Омыртқалы жануарлар мен адам миының астында жататын  төменгі
      ми қосалқысы, ішкі секреция бездері.
   7.  Гормондар  –  биологиялық  белсенді  заттар,  ішкі  секреция  бездері
      қызметінің жемістері.
   8.  Даму  дағдарысы  –  көп  жағдайда  адамның   бір   физикалық   немесе
      психологиялық жастан екіншісіне өтуде байқалатын қиындықтар.
   9. Индивид - әлеуметтік қарым-қатнас объектісі және саналы әрекет етуші.
  10. Индивидуалдық – психикалық, физиологиялық, әлеуметтік  ерекшеліктердің
      жиынтығы, нақты адамның ерекшелігі.
  11. Инсайт – адамның қандай  да  бір  мәселенің  шешімін  күтпеген  жерден
      табуы.
  12. Инфантилдік – ересек адамда балалық жасқа тән дене  немесе  психикалық
      келбет сақталудан көрінетін дамудың кешеуілденуі.
  13. Когнитивтік сфера – сана және танымдық  процестермен  байланысты  адам
      психологиясының бір бөлігі.
  14. Орта – организмнің туып,  дамып  және  өмір  сүретін  сыртқы  шарттар,
      факторлар мен объектілердің жиынтығы.
  15. Локомация – жануарлар мн адамның кеңістікте белсенді  қозғалып  жүруін
      қамтамасыз ететін қимылдар жиынтығы.
  16.  Манипуляция  –  көбінесе  заттың   атқаратын   міндетін   ескермей-ақ
      жасалынатын бір немесе екі қолдың қарапайым қимылы.








    2 Дәрістер

Жас ерекшелік психологиясының пәні


а) Жас ерекшелік психологиясына кіріспе
б) Жас ерекшелік психологиясының пайда болуы
в) Жас ерекшелік психологиясының тармақтары

      Отбасында әртүрлі жастағы  балалар  тәрбиеленеді.  Сондықтан  әр  ата-
ананың, отбасы мүшелерінің тәрбие мен білім беру  жүйесінде  балалардың  жас
кезеңдерін еске алуы қажетті шарттардың бірі.
      Соңғы   жылдар  ішінде  бүкіл  дүние  жүзінің  ғалымдары  жас   кезеңі
мәселесіне аса зор көңіл бөлуде.
      Зерттеу  мәліметтері  бұл  мәселе  жөнінде  әлі  де   болса   бірыңғай
көзқарастың жоқ екендігін көрсетеді. Педагог-ғалымдар балаларды тәрбие  және
білім беретін жүйенің сатылары бойынша жас кезеңдеріне бөледі.Мысалы,  бөбек
жасындағы балалар, мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп жасындағы балалар.
      Соңғы жылдары жас кезеңдерін атап айтқанда, жаңа туған баладан бастап,
жас өспірімдік  шаққа  дейінгі  аралыққа  өзгерістер  енгізілді.  Олар  жеті
сатыдан тұрады:
   1. Жаңа туған бала (туған сәттен...бір-екі айға дейін)
   2. Нәрестелік шақ (1-2 айдан бір жылға дейін)
   3. Ерте сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін)
   4. Мектепке дейінгі балалық шақ (4 жастан  7 жасқа дейін)
   5. Бастауыш мектеп шағы (7 жастан 11-12 жасқа дейін)
   6. Жеткіншектік шақ (11-12 жастан 14-15 жасқа дейін)
   Жас   ерекшелік   психологиясы-психология   ғылымының   саласы.    Пәннің
зерттейтіні-адам   психикасының   жас   ерекшелік   динамикасы,   психикалық
процестің онтогенезі және жеке адам дамуының психологиялық жағдайы.
      Жас ерекшелік психологиясының тармақтары болып: балалар  психологиясы,
бастауыш мектеп психологиясы,  жасөспірімдер  психологиясы,  ересек  адамдар
психологиясы жатады.
   Жас   ерекшелік   психологиясы   пәні-жас   ерекшеліктерінің   психикалық
процестерін, жеке  даму  факторларын  оқытады.  Жас  ерекшелік  психологиясы
пәнінің жалпы оқыту объектісі-бала, жеткіншектер, жас өспірімдік кезең.
   Бұл сала оқыту мен ақыл ойдың және олардың  өзара  байланысы  мен  іргелі
мәселелерін  зерттеп,  оқыту  ісіндегі   адамның   ақыл-ойын,   сана-сезімін
жетілдірудің тиімді жолдарын нендей әдістер арқылы өрістетуге  болады  деген
мәселелерді іздестіреді.
   Бұл сананың ең көрнекті бөлшегі-балалар психологиясы,  бөбектер  мен  жас
өспірімдердің есею процесін зерттеп, қайткенде  бұлар  сапа  жағынан  тиісті
дәрежеге жете алатынын зерттейді.
   Жас ерекшелік психологиясының қарастыратыны: бала психологиясы  (туғаннан
18 жасқа дейін), үлкендер психологиясы (студент жасы мен геронтология,  яғни
қартаюды)  зерттейтін  ілімі  жатады.  Осылардың   ішінен   біз   тек   бала
психологиясына тоқталатын боламыз.
   Баламен тек психология ғылымы ғана айналысып қоймайды, өзге  ғалымдар  да
(педагогика, анатомия мен физиология) өз саласы тұрғысынан зерттейді.
   Бала психологиясы тек мектепке дейінгі балалармен айналысып  қана  қоймай
мектепте  оқитындардың  ұғымталдығын   және   ой-өрісінің,   интеллектісінің
қалыптасуымен де айналысады. Осыған орай «есею» деген ұғым бұрынғыдан  қазір
өзге мағынада қолданылады:  бұл  сан-алуан  есептерді  шығарудағы  шеберлік,
тапқырлық, не өзге пәндердегі мазмұнды  ұғынып,  солардың  тиісті  қорытынды
жасай алуы т.б.
   Жасөспірім психологиясы сол сан алуан ұғымталдық, ақыл т.б. және осыларды
туғызатын   жағдайлар   мен   факторларды    және    интелектінің    қалайша
қалыптасатынын зерттейді. Есеюге байланысты  бұл  жәйттерді  зерттеу-балалар
–бақшасы мен мектептер үшін  маңызды  мәселенің  бірі.  Өйткені  әр  жастағы
баламен оқу-тәрбие жұмысын жүргізу үшін, сол  жұмыс  үстінде  ұқыптылық  пен
ақылдың қаншалықты дамитынын білу өте қажет.
   Жас ерекшелік психологиясыының зерттеу үстінде тапқан мәліметтері тек оқу-
тәрбие жұмысы үшін қажет емес, оның үлкен философиялық мәні бар.
   Жас ерекшелік психологиясының өмірге келуі. XIX ғасырдың екінші жартысына
жатады және психология ғылымына генетикалық идеяның  енуімен  байланысты.Жас
ерекшелік  психологиясының  дамуына  Ч.Дарвиннің   эволюциялық   идеяларының
айтарлықтай ықпалы тиді.
   Олар психиканың дамуын қайнар көздері мәселесіне зейін аудартты.
   Жас ерекшелік психологиясының әдістері. Психология ғылымының саласы  бола
отырып,  жас  ерешелігі  психологиясы   ғылыми   талдауға   ұшырауы   мүмкін
психологиялық фактіні-бақылау мен экспериментті ашудың  негізгі  екі  әдісін
пайдаланады.
   Психологиялық мәліметтерді алудың ерекше  бір  тәсілі-егіздер  әдісі  деп
аталады.Оның  мәні-бір  жұмыртқадан  өрбіген  егіздердің  психикалық  дамуын
бақылаулар мен эксперимент жағдайларында салыстырып көру. Бұл олардың  тұқым
қуалаушылық  қорының  бірдейлілігін  еске  ұстай  отырып,  орта  мен  тәрбие
ықпалынан болатын бірқатар факторлардың әсерін ажыратуға мүмкіндік береді.
   Бала  психикасының  дамуын  көлденең  кесу  әдісімен  де  зерттей  алады.
Психиканың қалыптасу ерекшеліктерін білуге тырысқан кезде бала  психикасының
дамуын көлденең кесу әдісімен де зерттей алады.
   Жас ерекшелік психологиясының өмірге келуі  XIX ғасырдың екінші жартысына
жатады және психология  саласына  генетикалық  идеяның  енуімен  байланысты.
Ч.Дарвиннің  эволюциялық   идеяларының   айтарлықтай   ықпалы   тиді.   Олар
психикалық дамудың қайнар көздері болып проблемасына зейін аудартты.
   Психология зерттейтін деректердің рефлекстік мәнін түсінудегі  психикалық
іс-әрекеттің маңызын көрнекті орыс ғалымын И.М.Сесенов те атап көрсетті.
   Балалардың психикалық даму проблемасы, бұл  дамудың  қайнар  көздері  мен
заңдылықтары жас ерекшелігі психологиясы үшін әрқашанда басты мәселе.
   Оқыту мен тәрбиелеудің жолдарын, олардың аса маңызды тәсілдерін  анықтап,
балаға деген қарым-қатынасы ересек  адамдармен  салыстырғандағы  оның  өзіне
тән ерекшеліктерін түсіну осы мәселенің шешілуіне байланысты.
   XX ғасырдың басында  жас  ерекшелігі  психологиясы  саласында  балалардың
психикалық  дамуының  қайнар   көздерін   әртүрлі   түсіндіруші   екі   ағым
айқындалды.
   Жас  ерекшелік  психологиясы  мәселелерін  ғылымды  күрделі  еңбектерімен
байытқан  белгілісоветтік  психолог-ғалымдар  Б.Г.  Ананьев,  И.И.  Божович,
П.Я.Галперин,   В.В.Давыдов,   А.В.Запорожец,   Л.В.Занков,   Н.А.Менчинская
нәтижелі зерттеді және зерттеп келеді.
   Жас ерекшелігі психологиясының концепциясының бірі ақыл-ой  әрекеттерінің
кезеңмен  қалыптасу  теориясы   болды.   Ол   50-жылдарда   П.Я.Гальпериннің
еңбектерінде қалыптасты.
   Ақыл-ой  әрекеттерінің  кезеңмен  қалыптасу  теориясының  негізгі  идеясы
мынадан   тұрады:   білімдер   алу   оқушылардың   іс-әрекеті    процесінде,
әрекеттердің белгілі бір жүйесін  олардың  орындауы  жағдайында  және  соның
нәтижесінде жүзеге асады.
   Адам ой әрекетін табиғаттан даяр  күйінде  алмайды,ол  ойлауды  үйренеді,
ойлау операцияларын игереді. Педагогтың міндеті-осы процесті  шебер  басқара
білу, тек ойлау іс-әрекетінің нәтижелерін ғана емес, оның қалыптасу  барысын
да бақылап отыру.


   Әр қилы психикалық процестерінің табиғи негізі мен үнемі  дамып  отыратын
азаматтық қасиеттерін, психологиялық сапаларын зерттейтін бұл  сана  мынадай
тармақтардан тұрады деп айттық.  Олар:  балалар  психологиясы,  жеткіншектер
психологиясы, ересектер психологиясы, қарт адамдар  психологиясы.  Бұл  сала
оқыту  мен  ақыл-ойдың  дамуын  және  олардың  өзара  байланысы  мен  іргелі
мәселелерін  зерттеп,  оқыту  ісіндегі   адамның   ақыл-ойын,   сана-сезімін
жетілдірудің тиімді жолдарын нендей әдістер арқылы өрістетуге  болады  деген
мәселелерді іздестіреді.
   Жеке адамның әсіресе балалық жас өспірім  шақтарында  дамып,  жетілуі  кң
алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады.  Жас  ерекшелік  психологиясы
пәнінің негізі көңіл бөле қарайтын мәселесі  жеке  адамның  рухани  байлығы,
оның көзқарасы, талабы мен әр алуан  қабілеті  көп  жағдайда  қалыптасқанына
байланысты болады.
   Балалар психикасының дамуында аса нәтижелі және  нәтижесі  аз  мезгілдері
кездеседі. Нәтижелі мерзімді синзетивтік кез деп атайды.
   Жас ерекшелік психологиясы  пәні  дамымай  тұрған  кезде  жұрт  балаларын
оқытты, оқытпағанның өзінде тиісті шаруашылық  салаларына  (мал  бағу,  егін
егу т.б.) үйретті. Үйретпесе де кішілер үлкендердің жұмысына еліктеп,  соған
ие болуға тырысты.
   Осы кездерде туған туысқандары жас мөлшерімен санасып, кім  жасына  қарай
қаншалықты ақылды, не ақылсыз екені туралы мәліметтер таратты.
   XX ғасырдың басында  жас  ерекшелігі  психологиясы  саласында  балалардың
психикалық  дамуының  қайнар  көздерін  әр  түрлі   түсіндіруші   екі   ағым
айқындалады.
   Бұл  бағыттар  бір-бірінен  бала  дамуының  негізіне   қандай   факторды,
биологиялық немесе әлеуметтік факторды алуымен ерекшеленеді.

                               Даму факторлары
   1. Даму факторларына кіріспе
   2. Физиологиялық және әлеуметтік фактор
   3. Даму факторының адам психикасына тигізетін әсері.


   Даму-баланың  қоғамдық-тарихи  тәжірбиені   игеру   процесі.   Адам   мен
жануарлардың психикасы үздіксіз даму күйінде  болады.Жануарлар  дүниесі  мен
адамның даму процестері   мен  сипаты  мазмұны  сапа  жағынан  ерекшеленеді.
Жануарлар   психикасы   дамуының   басты   механизмі-биологиялық    бекіген-
тәжірибенің тұқым қуалап берілуі. Соның негізінен жануарлардың  ортаға  дара
икемделуі өріс алады.
   Соңғы  кездерде  психикалық   дамудың   биологиялық   немесе   әлеуметтік
факторларының  ықпалы  басым  келеме,-осы  жөнінде  айтыстар  болып,   бірақ
зерттеушілер  келісімге  келе  алмай  жүр.  Оның  себебі,  биологиялық,   не
әлеуметтік  факторлардың  қайсысы  психиканың  дамуын   шешеді   деу   пайда
бермейді. Себебі, факторлардың әрқайсысы өзінше  психикалық  дамуында  бөлек
қызмет атқара алмайды: бірінің қызметі екіншісіне тәуелді.
   Қоғамдық ортада әлеуметтік жағдай адамға  тікелей  әсер  ете  алмайды,тек
психофизиологиялық процестің негізінде ықпалын тигізе  алады.  Бірақ,  кейде
зерттеушілер  «биологиялық»  деген  сөзді  «тұқым  қуалаушылық»  мағынасында
қолданады. Осылай болғанның  өзінде  де  тұқым  арқылы  берілетін  қасиеттер
баланың: психикалық тұрғыдан қалай  дамитындығын  толық  түсіндіре  алмайды.
өйткені тұқым қуалау қасиеті өзінен-өзі қызмет еттіріп «оятып»  жұмыс  істеу
үшін  әлеумет  ортасы  түрткі  болуы  шарт.  Бұл  ілгеріде   аталып   кеткен
педиология  ілімі  баланың  ой-өрісін  анықтауда  тұқым   арқылы   берілетін
қасиеттерге  тек  мән  беріп,  әлеумет  ортасының,  соның  ішінде  тәрбиенің
тигізетін  ықпалын  жоққа  шығарып  келді.   Осы   кездерде   ғылым   үстірт
дамығандығынан зерттеушілер «әлеумет ортасы»,  не  тұқым  қуалаушылық  деген
ұғымдарды  таяз  мағынада  түсініп,  соның  нәтижесінде   баланы   зерттеуде
сәтсіздіктерге ұшырады.
   Адамның дамуына қоғамдық орта,  тәрбие  микроортасы  қарым-қатынасы,  іс-
әрекеті мен қызметі себепші болды.
   Педагогтардың сол негіздегі сәтсіздігі қолданған тәсілдерінен ғана  емес,
бала психикасының дамуын,  1-шіден,  тұқым  қуалаумен  байланыстырып,  бірақ
осының  не  екенін  дәлелдей   алмаынан.   2-шіден,   әлеуметке   байланысты
факторларды (тәрбие, оқыту) биологиялық факторлардан бөліп алып  түсінуінен.
Осы кемшіліктер қазір де ескеріліп,  биологиялық  және  әлеумет  факторларын
бір-біріне қарсы қоюға болмайтыны мойындалды. Егер біз биологиялық  факторды
баланың туылғанынан  (тұқымынан)  берілген  дене  бөлшектері  десек,  осылар
ешқандай роль атқармайды.  Керісінше,  тек  адамнан  адам  тууы  биологиялық
кодтар («пішу» т.б.) арқылы берілген.
   Сондықтан кейбір пікірлер бойынша, биологиялық фактор баланың  өзі,  оның
іштен туа берілген несібесі. (шартсыз рефлекстер)
   Ал әлеумет ортасын алсақ, бұл тек түрткі,  сол  білінбей  ұйықтап  жатқан
несібелерді оятып, соларды дамытуда негізгі роль атқарады.
   Әлеумет ортасының атқаратын роліне келсек,  мұның  да  бала  психикасының
дамуына тигізетін әсері тым үлкен.
   Адамның  психикалық  дамуының  әлеуметтік  сабақтастығын   түсіну,   даму
процесін тек біліммен дағдыларды жай жинақтауға әкеліп саюға болады  дегенді
білдірмейді.  Адамныңдамуының  әлеуметтік  табиғатын  ескеру  бұл  процестің
күрделілігімен сан қырлылығын  түсінуге  мүмкіндік  береді,  өйткені  осылай
қарастырғанда ғана даму жекелеген функциялардың жетілуі немесе  сан  жағынан
көбеюі түрінен  емес,  адамның  бүтіндей  дамуы,  яғни  жеке  адамның  дамуы
ретінде көрінеді.
   Адам психикасының дамуының негізгі ерекшеліктерін биологиялық  заңдармен,
жетілу, тұқым қуалау заңдарымен түсіндіру  теория  тұрғысынан  алғанда  қате
болып  табылады.  Және  практикада  үлкен  қиындықтарға  әкеліп   соқтырады,
өйткені бұл жерде педагогика көпе-көрнеу пассивті  роль  бөлінеді.  Маркстік
педагогикалық және  жас  ерекшелігі  психологиясы  адамның  психикалық  даму
заңдары әлеуметтік жағынан сабақтас, даму процесі баланың өмір сүру  жағдайы
мен тәрбиесінің күрделі жиынтығымен анықталады  деген  түсінікті  басшылыққа
алды.
   Бұлай   болған   жағдайда   дамудың   биологиялық   шарттарының,    тұқым
қуалаушылықтың,    бала    организмі    дамуының     нейро     физиологиялық
ерекшеліктерінің, оның психикасындағы дамуының ролі қандай?
   Адамның  психикалық  (құрылымы)  іс-әрекеті-өте  күрделі  құрылым.   Оның
ерекшеліктеріалдымен баланың тіршілігі және тәрбиесі  мен  сабақтас.  Сөздік
логикалық ес, ұғымды  ойлау,  заттық  қабылдау  және  адамға  тән  басқа  да
жоғарғы  психикалық  функциялар   биологиялық   тұқым   қуалаушылық   жолмен
қалыптасып берілмейді.  Бұл  олардың  тарихи  даму  процесінде  өзгерістерге
ұшырап, жетіле түсуіне мүмкіндік береді.
   Адамның өмірде қалыптасатын күрделі психикалық іс-әрекеті  (ойлау-сөйлеу)
мен  неғұрлым  қарапайым  табиғи  функцияларын  (мысалы,  қозу  мен   тежелу
функцияларының) процестерінің арақатынасымен ерекшеленеді. Психикалық  басқа
да  көптеген  компоненттерменен  қоса  осынау  қарапайым   функцияларды   да
қамтиды.  Мысалы,   адамның   музыкалық   қабілеттері   мен   жоғары   дыбыс
айырғыштығының,  математикалық  ойлауы  мен  кеңістік  анализі  мен  синтезі
функциялар арасындағы  байланыс  белгілі.  Әдетте,  нышандар  деп  аталатын,
қарапайым табиғи қасиеттер адамның сыртқы  жағдайлар  әсерімен  қалыптасатын
күрделірек іс-әрекеттердің құрамына кіреді.
   Белгілі бір жағдайларда  қарапайым  функциялар  жөнді  жетілмеген  немесе
бұзылған кезде өздерінен жоғары орналасқан неғұрлым күрделі  психикалық  іс-
әрекетті де айқындай бастайды. Мысалы,  ми  қабығының  желке-самай  бөлігіне
зақым келгенде қарапайым кеңістік синтезі  бұзылады  да  мұның  өзі  есептей
білуге зиянын тигізеді. Қалыпты даму жағдайында  белгілі  бір  нышандар  осы
қарапайым функцияларға жатпайтын,  сондықтан  оларға  тікелей  тәуелді  емес
психикалық іс-әрекет дамуы  шарттарының  бірі  ғана  болып  табылады.  Тіпті
қарапайым функциялардың өзі  де  арнайы  ұйымдастырылған  әсердің  ықпалымен
дамитындығы дәлелденіп отыр.
   Ми қызметінің тұқым қуалай берілетін ерекшеліктерінің бірі- жоғарғы  нерв
қызметінің типі деп жорамалданады.
   Ол нерв  процестерінің  күшін,  қимылын  және  тепе-теңдігін  сипаттайды.
Алайда  дамудың  психологиялық  және  физиологиялық   ерекшеліктерінің   бұл
қатынасы да бір қалыпты болмай, өзі  баланың жеке басының құрылымы мен  оның
даму процесінің күрделі  жүйесіне  еніп  және  көбінесе  солармен  анықталып
отырады. Мысалы, нерв процесінің жоғары қозғалғыштығы  бір  жағдайларда  тез
ойлаудың, іс-әрекет тәсілін қайта құру мүмкіндігінің ішінара  негізі  болса,
2-ші жағдайларда алаңдаушылық пен ырықсыздыққа да итермелейді.
   Сөйтіп,  физиологиялық,  қарапайым,  тұқым  қуалай  берілетін  функциялар
психикалық даму процесінің кейбір  жақтарына  әсер  етуі  мүмкін.  Бірақ  та
олардың маңызы шешуші болып саналмайды. Даму процесінің негізгі мазмұны  мен
механизмдері  көптеген   жағдайлардың   жиынтығымен   анықталады.   Солардың
арасында жетекші болып балаларды оқыту мен тәрбиелеу жағдайы есептеледі.
   Жер бетіндегі тіршілік эволюциясының қолы жеткен  ең  жоғарғы  жетістігі-
ойлай білетін-адамның дүниеге келуі.
   Алғашқы адамдар топтасып өмір сүрді. Кейін  келе  олар  еңбек  құралдарын
бірлесіп істеп, оны бірлесіп пайдалана бастады.
   Еңбек  адамзат  қоғамының  дамуына,  ұжымдық  байланыстың  тууына  жағдай
жасады.
   Еңбек құралдарын жасау, онымен пайдалану  адам  организмінің  анатомиялық
құрылысына үлкен өзгерістер енгізді.  Сүйектері,  ми  қабығының  клеткалары,
сондай-ақ бет әлпеті еңбек процестерінде біртіндеп даму үстінде болды.




Нәрестелік және ерте сәбилік кезеңдегі баланың психикалық дамуы.
   1. Баланың үлкендермен қарым-қатынас ролі
   2. Сөйлеуді игерудің алғышарттарының қалыптасуы
   3. Қимыл мен іс-әрекеттің дамуы
   4. Айналасындағыларға бағдарлануды дамыту

      Нәрестенің негізгі ерекшелігі-жаңа  тәжірибелерді  игеру,  адамға  тән
мінез құлық формаларына ие болу мүмкіндігінің шексіздігі.  Егер  органикалық
қажеттілік  дәрежеде  қанағаттандырылса,  онда   олар   кешікпей   өздерінің
жетекшілік  мәнін  жояды  және  дұрыс  режим  мен  тәрбие  жағдайында   жаңа
қажеттіліктер (әсер алу, қимыл,  үлкендермен  қарым-қатынас  қажеттіліктері)
қалыптасады: солардың негізінде психикалық даму жүзеге асырылады.
      Жаңа туған баланың маңызды ерекшелігі мынада:  оның  көруі  мен  естуі
дене қозғалысынан жылдамырақ  дамиды.  Баланы  алдымен  қозғалысы  жетілетін
хайуанаттар пәнінен осы ерекшеліктері  ажыратады.  Баланың  жүйке  жүйесімен
сезім мүшелерінің дұрыс дамуына қажетті көру мен есту  әсерінің  түп  негізі
және бұл өте маңызды, осындай ықпалды ұйымдастырушы үлкендер болады.
      Нәрестенің өмірі  түгелдей  үлкендерге  тәуелді.  Үлкендер  сәбилердің
табиғи қажеттіліктерін қанағаттандырады:  тамақтандырады,  шомылдырады,  бір
жағынан екінші жағына аударады.  Үлкендер  балалардың  әр  түрлі  әсерленгіш
қажеттігін де қанағаттандырады: оны қолына  алғанда  сәби  біраз  көңілденіп
қалады.  Далаға  шыққанда  үлкендердің  көмегімен  бала  көптеген   заттарды
байқайды, олардың қозғалғанын көруге, қолын тигізуге,  содан  кейін  ұстауға
мүмкіндігі болады. Негізгі есту және сезіну әсерлерін үлкендерден алады.
       Жадырау  комплексінің  өзінде-ақ  баланың  үлкендерге  деген  жағымды
эмоциялық  көзқарасы,  онымен  қарым-қатынас  жасағаннан   қанағат   алатыны
байқалады. Мұндай қарым-қатынас бүкіл нәрестелік кезең бойына ұлғая береді.
Егер бала  қырсықтанып,  ойнағысы  келмесе,  сол  кезде  қасына  үлкен  кісі
жақындаса-ақ оның көңілі көтеріліп, ашуы басылады  да,  өзінен-өзі  тағы  да
жалғыз қалып, алдыңғы ойыншығымен ойнай бастайды.Туғанына  4-5  ай  болғанда
үлкендерді таңдап, қарайтын болады. Сәби  өз  үйінің  адамдарын  басқалардан
ажырата бастайды, таныстарына қуанып, бөтен адамнан қорқатын болады.
      Дұрыс тәрбие әдістері үстінде, нәрестелік  шаққа  тән  тікелей  қарым-
қатынас кешікпей белгілі бір затпен, ойыншықпен жасалатын қатынасқа  ауысады
да, үлкен кісі баланың бірлескен іс-әрекетіне айналады.
      Үлкен адам мен баланың бірігіп  қимыл  жасауы  үлкен  адамның  нәресте
қимылын басқарумен, сондай-ақ сәби өзі орындай алмайтын  іс-әрекетін  атқару
үшін үлкендерден жәрдем сұраумен сипатталады.
      Бала  мен  үлкен  кісінің  бірлескен  іс-әрекетінде  бүкіл  нәрестелік
кезеңде ересектердің іс-әрекетінде еліктеу қабілеттілігі зор маңыз алады. 7-
10 айда бала үлкендердің сөзін, қимылын  бақылайды.  Көбіне  ол  өзіне  әсер
еткен қимылды сол бойда емес, біраз уақыт өткен соң, кейде бірнеше  сағаттан
соң қайталайды. Бірнеше рет көрсеткеннен  кейін  ғана  еліктеп,  қайталайтын
кездері аз болмайды.
      Нәрестелік шақтың  соңында  балалар  үлкендердің  көптеген  қимылдарын
қайталап, оларда көптеген қимылдарын  қайталап,  оларда  еліктеушілік  пайда
болады. Столға жайылған  дастарханды  шүберекпен  қалай  сүртетінін  байқап,
ыңғайы келсе, қолына түскен  матамен  сүрте  бастайды.  Баланың  үлкендердің
басшылығымен  меңгеретін  қимылдары  дамудың   негізін   жасайды.   Сонымен,
нәрестелік шақтың өзінде баланың психикалық дамуының жалпы  заңдылығы  айқын
көзге түседі, ондағы психикалық процестер  мен  сапалар  тұрмыс  жағдайының,
тәрбие мен үйретудің шешуші  әсері  бойынша  қалыптасады.  Баланың  болмысқа
қарым-қатынасы әуелден бастап әлеуметтік, қоғамдық қарым-қатынас болады.
       Үлкендермен  қарым-қатынастағы  қажеттіліктің  артуы  кейде   қарама-
қарсылыққа да әкеліп соғады. Бұл қайшылық сәби сөзге түсініп, өзі де  сөйлей
білген кезде ғана шешіледі.
Қарым-қатынастың қажеттілігі  сөйлеуге  еліктеудің  пайда  болуының  негізін
қалайды.  Өзімен  үлкендер  сөйлескен  кезде  бала  ерте  бастан-ақ   бірден
тынышталып, көңіл қоя тыңдайды. Туғаннан кейін 3  айдан  соң,  егер  баланың
көңіл-күйі жақсы болса, ол уілдеп, дыбыс шығарады. Үлкендер балаға  жақындап
еңкейсе, бұл уіл күшейеді.бала өзі шығарған дыбысқа  құлақ  қойып  тыңдайды.
Кейде ол өзіне өзі  еліктеп,  ілкіде  өзі  кенеттен  шығарған  дыбысын  ұзақ
қайталайды. Бірқатар балалар дыбысты мейлінше, анық шығара алатын болады.
      Үлкендер нәрестеге жақындаған сайын онымен сөйлесіп, оған  кейде  жылы
сөздер айтады. Өзара сөйлеспейінше өмір сүру мүмкін еместігін  білетіндіктен
адамдар баланың жауап қатуына қол жеткізуге ұмтылады.  Сөйлесудің  эмоциялық
үнін бала тез түсінеді. Дүниеге  келген  алғашқы  жылдың  екінші  жартысында
дұрыс дамып келе жатқан дені сау  бала  былдырлап,  сөйлегіш  келеді.  Түрлі
буынды  дыбыстар  шығарып,  оны  ұзақ  уақыт  қайталайды,  үлкендер   айтқан
буындарды қайталап айтуға тырысады.
      Былдырлау арқылы сәби қарым-қатынас жасауға әзірлігін білдіреді,  жаңа
сөздерді және айта білуді үйренеді. Осындай дыбыстар  шығару  балаға  қызық,
сондықтан ол кейде ұйықтап жатып  та  былдырлайды.  Баланың  сөздік  қорының
дамуы үшін бұл былдырлаудың, маңызын асыра бағалау  қиын.  Былдырлай  жүріп,
бірте-бірте ерін мен тілдің қимылы және тыныс алуы  жетіле  береді.  Осындай
әзірліктің нәтижесінде сәби келешекте кез келген тілді меңгере алады.
      Егер бала дүниеге келегн алғашқы айларда  үлкендер  сөзді  оған  деген
өзінің  көңіл-күйін  білдіру  үшін  пайдаланса,  шамамен  нәрестелік  шақтың
жартысынан бастап, олар баланың айтқанды түсіну үшін арнайы  жағдай  жасауда
болады. Нәрестелік шақта  балаға  арналып  берілген  сұрақтың  дауыс  ырғағы
сөзді түсінуіне әсер етеді.
      Бала дүниеге келген бірінші  жылдың  соңында  заттың  аты  мен  заттың
өзінің арасында байланыс болады. Байланыс сол затты іздеп табудан  көрінеді.
Мұның өзі сөзді түсінудің бастапқы формасы болып табылады.
      Бала үлкендердің сұраған нәрсесін  оған  қарау  үшін  ғана  іздемейді,
қайта үлкендермен қарым-қатынасын жалғастыра беру үшін іздейді.  Үлкен  кісі
«ана зат қайсы?»-деп сұрайды да, бала оған «ол міне!»-деп  жауап  беру  үшін
әлгі затты іздейді.  Үлкендердің  сөзіне  түсінуге  байланысты  эмоционалдық
қатынас жасау, әдетте, баланы зор қатынасқа бөлейді.
       Заттың  атын  атаған  сөзге  құлақ  асу  бала  мүмкіндігінің  дамуына
байланысты болады: әуелі бала әлгі нәрсеге жай ғана  қарайды,  біраздан  соң
оған ұмтылады, ақырында жаңағы затты үлкендерге алып береді  немесе  алыстан
қолмен нұсқап көрсетеді.
      Жылдың  соңында  сәби  үлкендердің  сөзіне  жауап  беруі  және  сөйлеу
реакциясы пайда  болуы  мүмкін.  Мұндайда  көбіне-көп  «Папаң  қайда?»-деген
сұраққа жауап ретінде сәби әкесіне бұрып: «Па-па»,-деп қуана тіл қатады.
      Үлкендердің сөзін түсініп және алғашқы сөзді  айта  бастағаннан  кейін
бала үлкендермен өзі байланыс  жасап,  одан  тағы  да  жаңа  заттардың  атын
үйретуді талап  етеді.  Сөйтіп,  нәрестелік  шақтың  соңында  сәби  сөйлеуге
ықыластана кіріседі, сөйлеу баланың үлкендер мен қарым-қатынасын  ұлғайтудың
маңызды құралына айналады.
      Бала дүниеге келген алғашқы бір жыл ішінде кеңістікте қозғалып  заттар
мен іс-әрекет жасауды үйрену  арқылы  елеулі  табыстарға  жетеді.  Ол  басын
дұрыс ұстап, отырып,  еңбектеп,  тәй-тәй  тұрып,  қаз-қаз  басуға  үйренеді.
Көзіне көрінген затқа  ұмтылып,  жармасады,  ұстайды  да,  ақырында,  оларды
сілкілейді,  лақтырады.  Осы  әрекеттердің  бәрі  адамға   тән   мінез-құлық
формаларын  біртіндеп  игерудің  баспалдақтары   іспетті   болады.   Осындай
прогрессивті қимылдар және  іс-әрекеттермен  қатар,  дұрыс  тәрбие  болмаған
жағдайда балада қимылдың тұйық түрлері қалыптасуы мүмкін, олар баланың  одан
әрі дамуына жағдай жасамайтыны былай тұрсын, қайта кедергі келтіреді.  Қимыл
мен  әрекеттің  прогрессивті  түрлері  үлкендер  балаға  үнемі  көңіл  бөліп
отырғанда, оның мінез құлқына бағыт-бағдар бергенде ғана  дұрыс  қалыпиасады
және оның психикалық дамуы үшін  зор  маңызы  болады.  Сонымен  бірге,  олар
дамудың  бала  жеткен  дәрежесінің  көрсеткіші  болып   табылады.   Әсіресе,
кеңістікте еркін қозғалудың (еңбектеу,  жүру),  бір  нәрсені  ұстап  әртүрлі
қимыл жасаудың маңызы зор.
       Еңбектеу  баланың  өздігінен  бір  жерден  екінші  жерге  қозғалуының
алғашқы түрі. Бақылаулар көрсеткендей көпшілік балалар алғашқы жарты  жылдың
соңында, екінші жарты  жылдың  басында,  әлдебір  тартымды  ойыншықты  алуға
тырысқанда еңбектей бастайды. Бала ойыншыққа қарай біресе оң  қолын,  біресе
сол қолын созып талпынады, оны ұстауға ұмтылып аздап ілгері жылжиды.
      Өздігінен жүруді-бір жерден екінші жерге орын ауыстырудың  адамға  тән
әдісін-үйрену үшін көп уақыт керек.  Бұл  мерзім  ішінде  сәби  аяғынан  тік
басып тұруға, бірдеңені жағалап тәй-тәй басуға,  ештеңеге  сүйенбей  тұруға,
жүруге үйренеді.Еңбектеген  бала  ойлаған  жеріне  бару  үшін  жүруге  асыға
қоймайды. Сондықтан оны жүруге және  қимыл  жаттығуларына  үлкендер  әзілеуі
тиіс.
      Жүре  бастаған  балаеңбектеуін  бірден  қойып  кетпейді.  Әдетте  оған
жүруден гөрі еңбектегені оңай болады да, ол алысырақ жатқан нәрсеге  тезірек
жету үшін еңбектей  жөнеледі.  Алайда  үлкендердің  қолдауымен  болған  жүру
әдісі кешікпей-ақ үйреншікті іске айналады. Бұл  әдетте,  нәрестелік  шақтан
кейін жүзеге асады.
      Бірдеңеге жармсу  туғаннан  соң  3-4  ай  өткенде  басталады.  Төсекте
немесе манежде жатқан бала қолын  кеудесінен  жоғары  көтеріп,  бір  қолымен
екіншісін сипағандай болады.
       Тек  4,5-5  айлық  бала  ғана  ілулі  тұрған  ойыншыққа  қолын  еркін
жеткізіп, көп кешікпей 6 ай болғанда бір  қолымен  ұстай  алады.  Әрине  бұл
бала жармасу әдісін толық меңгерді деген сөз емес.  Мұның  өзі  әлі  жетіліп
болмаған. Затқа ұмтылған қол  тура  бармайды,  доғаша  иіліп,  көбіне  басқа
жаққа ұмтылып бұрылып кетеді. Бала туғаннан кейінгі  екінші  жарты  жылдықта
жармасуды онан  әрі  жетілдіре  түседі.  1-шіден,  қолды  затқа  қарай  тура
созатын  болады.  2-шіден  үлкен  саусақты  қалған  саусақтарға  қарсы  қоюы
жетіледі., сөйтіп  бала  затты  саусақтармен  ұстауға  көшеді.  Қолды  затқа
біртіндеп  жақындату  шамамен  балаға  8  ай  болғанда,  ал  қолды  көздеген
нәрсесіне ауытқытпай тура  апару  1  жасқа  толғанда  мүмкін  болады.  Затқа
жармасып, онан  соң  саусақтардың  көмегімен  ұстап  тұру  7-8  ай  болғанда
қалыптасады  да,  жасқа  толғанша  жетілдіріле  береді.  Саусақтардың  қалай
орналасуы, әдетте қандай нәрсені ұстайтынына байланысты:  допты  саусақтарын
тарбитып, ал жіпті үлкен және  сұқ  саусақтарының  ұшымен  ұстайды,  кубикті
ұстағанда саусақтар  оның  қырларына  жатады.Бірақ,  кешікпей  затпен  қимыл
жасау күрделене түседі. Тіпті қарапайым  қимылдардың  белгілі  бір  нәтижеге
қол жеткізеді. Түрлі  қимылдар  жасауды  одан  әрі  дамыту  дегеніміз  мұнда
нәресте бір емес, екі  затпен  бірдей  әрекет  жасай  бастайды.  Бір  жастың
соңына  қарай  баланың  заттармен  түрлі  қимылдар  жасауында  жаңа  маңызды
ерекшелік пайда болады.
      Бала қимыл мен әрекеттің жаңа түрлерін  меңгеріп,  оларды  жетілдірген
сайын,  оның  қоршаған  кеңістіктегі,  заттардың  қасиеттері  мен  қатынасын
бағдарлауы әлі де болса, бөлек  сипатта  болмайды.  Нәрестенің  мінез-құлқын
сипаттаған кезде «бала бақылайды», «бала таниды»,  «бала  түсінеді»  дегенді
жиі қолданамыз.
      Нәрестелік кезеңнің басында көру  аппараттары мен есту  аппараттарының
жұмысын дәлелдеу жүзеге асырылады. Оларды жаттықтыруға байланысты  көру  мен
естуді шоғырландыру пайда  болады.  Нәрестелік  кезеңнің  басында  көру  мен
естуді жетілдіру осы бағытта жүргізіледі.  Бақылау  көрсеткендей,  3-4  айға
дейін,  яғни  еңбектегенге,  бір  нәрсеге  жармасып,  онымен  түрлі   әрекет
жасағанға дейін бұл жетілдіру негізінен аяқталады.
      Бала көріп және  естіп  қана  қоймайды.  Ол  сонымен  бірге  көргеннен
естігеннен әсералып, қанағаттанғандық сезімге бөленеді.Демек,  баланың  көру
әлемі бірінен-бірі өзгеше ауыспалы әсерлерден тұрады. Олар  кейде  тартымды,
2-шісі тартымсыз болып келеді.
      Нәрестенің сыртқы қимылдар мен іс-әрекеттердің  көмегімен  орындалатын
қоршаған дүниені бағдарлауы психикалық  процестердің  көмегімен  орындалатын
бағдарлаудан бұрын пайда болады және оның  негізі  болып  табылады.  Тұрақты
өзгеріп  тұратын  әсерден  кейін  заттар  балаға  өзін  қоршаған  кеңістікте
тұрақты өмір сүретін және өзгермейтін белгілі бір қасиеті  бар  нәрсе  болып
көріне бастайды.

               Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуының
                              жалпы сипаттамасы


   1. Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуы
   2. Кіші мектеп оқушыларының зерттеу объектісі мен әдістері


Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың жас ерекшеліктері 6  жастан  10  жасқа
дейін деп қазіргі кезде қарауға болады.
      Мектепке дейінгі кезеңді алсақ,  онда  «ойын»  негізгі  әрекет  екенін
білеміз. Ал бастауыш  мектеп  оқушыларының  мектеп  табалдырығын  аттағаннан
бастап, бастауыш сыныпты бітіргенге  дейін  оқу  материалдары  ұқсас  келуі,
көпшілігіне  тән  ұқсас  психикалық  қасиеттер  тудырады.  Сол  себепті  осы
кезеңге «бастауыш мектеп жасы» деп бөлінуінің  бірден  бер  себебі.  Олардың
интеллектісі  қарапайым  ой  операциясы  дәрежесінде  кездеседі.  Дейтін  Ж.
Пиаженің пікірі дұрыс болғанымен, қазірде бұрын  аңғарып  көрмеген  қабілеті
бар екені анықталып отыр.
      Бастауыш мектеп  оқушыларының  оқуға  деген  көзқарастары  үлкен  роль
атқарады. Сөйтіп, оқу негізгі қызметке айналып,  баланың  психикалық  дамуын
билейтін болады. Осыған орай баланың  психикалық  дамуы  үлкен  өзгерістерге
ұшырайды. Осы кезеңде оқуға деген талабы өсіп, сыныптағы құрбыларымен қарым-
қатынас жасап, осының нәтижесінде өзінің психикалық байлығын дамыиып, жаман-
жақсыны  айыра  бастайды.  Сонымен  қатар  әуелі  уақытта  мектептегі   жаңа
жағдайға  бала  әлі  бейімделе  алмағандықтан,  оқу   үстіне   мына   сияқты
қиыншылықтар кездеседі:
   1. Режимдегі өзгерістер. Сабақтан  қалмау.  Сабақ  үстіндк  тыныш  отыру,
      т.с.с. қиналады.
   2. Мұғалімнің өзіне тән мінезіне және  құрбыларымен  қалай  қарым-қатынас
      жасауға үйрене  алмағандықтан  бала  қиналады.  Сол  сияқты  қасындағы
      партада отырған кім, оған  айтуға  бола  ма,  кіммен  ойнауға  болады,
      кіммен болмайды, соны білмей қиналады. Бірақ, көп ұзамай бала үйреніп,
      жатырқауын тоқтатады.
Сонымен қатар бала, оқуға  кіргеніне  мәз  болып,  кейде  бір  үлкен  міндет
атқарып жатқан сияқты болып, өзіне ерекше  көңіл  бөлуді  талап  етеді.  Осы
кезде  әке-шешесі  баланы  көп  еркелетпесе,  осының  өзі  қиыншылықтан  бас
тартпауға, қиыншылықты жеңуге пайдасын тигізеді.
      Оқу арқылы бала біртіндеп білім, дағды, икемділіктерді, тиісті  ғылыми
ұғымдарды меңгереді, мұның нәтижесінде оның жан қуаттары (ес,  ойлау,  қиял)
эмоция, ерік-жігер т.б. процестері дами түседі.
      Оқу  материалдары  адам  психологиясына  зор  талап  қоятыны  белгілі.
Өйткені, шындықтағы құбылыстардың сыр-сипатын, мән-жайын ұғыну  өте  күрделі
әрекет. Баланың білімге деген  қызығушылығы  тапсырманы  біртіндеп  қиындату
қажет, себебі, азды-көпті қиындығы бар тапсырмалар баланың қиналуына,  ақыл-
ойының алға қарай өрістеуіне жағдай туғызады.
      Бастауыш мектеп оқушыларының таным  процесіне  келсек,  ол:  қабылдау,
зейін, жат пен ес, қиял,  ойлану.  Мектепке  барғаннан  бастап  өзгерістерге
ұшырай бастайды.
      Қабылдауды алсақ,қабылдау  қабілеті  мектепке  дейінгілерге  қарағанда
недәуір қалыптасып қалған,мектепке түскен 7 жасар  баланың  бойы  әрі  қарай
өсе береді, салмағы артады, бұлшық еті дамиды, сүйегі  қатая  түседі.  Біраз
уақыт  шаршамай  жұмыс  істеуге  шамасы  келеді,  жүріс-тұрысы  оңтайлана  ,
жылдамдыққа  бейімділігі  бұрынғысынан  әлдеқайда  артады.  Баланың  үй  іші
жұмыстарын  орындауға  да  шамасы  келеді  (үйді   жинастыру,   өсімдіктерді
баптау). Осы жастағы балалар қимыл-қозғалысқа өте бейім келеді. Баланың  осы
табиғи қажетінің орындауына ылғи да  мүмкіндік  беріп  отырған  дұрыс.  Оған
үзіліс кезінде де, сабақтан келгеннен кейін де, сабақтан келгеннен кейін  де
жүгіріп  ойнауына  тыйым  салуға  болмайды.  Мұғалім  мен  әрбір  ата-ана  7
жастағылардың қимыл-қозғалыстарының әлі де  болса,  тәртіпке  түспегендігін,
ескеруі тиіс.  Бұлардың жүрісі, мәнерлі қозғалыстары  әбден  оңтайлы,  ширақ
бола тұрса да, саусақтарының уақ  еттері  әлі  де  толық  дамып  жетіспеген.
Сондықтан да олар дәл  қимыл-қозғалыстарға  шорқақ  (инені  сабақтай  алмау,
қайшы мен  пышақты  ұстаудағы  епсіздіктер).  Балаға  саз  бен  пластилиннен
мүсіндер жасату, сурет  салдыру,  доппен  ойнату,  ине  ,  түйреуіш,  пышақ,
қайшымен жұмыс істеуді  үйрету  арқылы  мұғалім  оның  қолының  уақ  еттерін
шынықтыра  түседі.  Бірақ  балаға  тым  ұзақ  уақыт  жаздырудың  да   қажеті
шамалы.Бастауыш мектеп жасындағы  балаларда  миының  дамуы  да  жедел  жүріп
отырады. Мысалы, 8-9 жаар балалардың миы анатомиялық жағынан ересек  адамның
 миының структурасына  жақындайды.  Мидың  маңдай  тұсы  жедел  өседі,  онда
нервтік  жаңа  жолдар  пайда  болады.  Жоғары  нерв   жүйесінің   процестері
нақтылана, тәртіпке түсе бастайды.  Екінші  сигнал  жүйесінің  мәні  артады,
мидың анализдік, синтездік қызметі күрделенеді, тежелу процесі (оның  актив,
шартты түрлері) нығая түсетін болады. Осы  айтылғандардың  бәрі  оқушылармен
оқу процесін күрделендіре жүргізуге болатындығын жақсы  көрсетеді.  Мектепке
жаңадан түскен баланың  психикасы  алғашқыда  әлі  мектеп  көрмеген  баланың
ерекшеліктеріне  ұқсас  болып  келеді.  Өйткені   аз   уақыт   ішінде   бала
психикасында қауыртөзгерістердің пайда  бола  қоюы  қиын.  Дегенмен,  мектеп
есігін ашқаннан-ақ  бала  психикасы  белгілі  арнамен  дами  бастайды.  Бала
психикасының дамуында мектеп елеулі кезең екендігі даусыз.
      Балаға әр кез тиісті нұсқау беріп отырмаса, онда арнайы  түрде  байқай
алу, байқағыштық  қасиет  қалыптаспайды.  Егер  мұғалім  баланың  қабылдауын
ұдайы  бағыттап  отырмаса,  оның  дамуы  жүйемен  жүріп  отырмайды.  Мысалы,
балалрды  экскурсияға   шығарғанда,   мұғалім   осы   арадағы   көріністерді
байқаңдаршы дер тапсырманы жиі берсе, олар көзіне  не  ілінсе,  соны  ретсіз
айта береді. Кейін 2-ші экскурсияда  мұғалім  осы  арада  қандай  өсімдіктер
өседі екен, соны  байқаңдаршы  деп  арнаулы  тапсырма  бергенде,  балалардың
жауабы  нақтылана   түсетін   болады.   Мұндай   жағдайда   оқушылар   түрлі
өсімдіктердің атын айтып береді, ол өсімдіктерді бұрын көрген  өсімдіктермен
салыстырады. Бақылаған заттың суретін салады. Мұндай әдіс  затты  жан  жақты
танып білуге мүмкіндік береді, оқушыларды байқағыштыққа үйретеді.
      Заттың нақты бейнесіне  сүйену-осы  жастағы  бала  психикасының  басты
ерекшелігі. Сабақты үнемі көрнекілікке  негіздеуге  де  болмайды.  Сондықтан
сөз бен көрнекілік ұштасып келгені дұрыс.  Кіші  сынып  оқушылары  оқығанын,
көрген-білгенін есте жақсы сақтай алады. Олар көбінесе ашық  боуялы,  қимыл-
қозғалысты, нақтылы нәрселерді ұмытпайды. Ол өзіне қажетті (әсіресе,  ойынға
байланысты) нәрселерді есніе  сақтауға  тырысады.  Бірінші,  екінші  сыныпта
оқушылар әдейілеп есте  қалдырудың  жолын  білмегендіктен,  олар  материалды
түгелдей жаттап алады. Мұндай жаттап-алушылық  оқу  тәсілін  білмегендіктен,
нені қалайша есте қалдыру қажетін сезінбегендіктен туындайтын қасиет.
      Бірінші сынып  оқушылары  көбінесе,  сабақта  өздерін  ұстай  алмайды,
кейде дауыстап сөйлеп жібереді, не қатты  күледі,  оның  жылауы  да  мүмкін,
басқа балалардың  үстінен  шағым  айтқыш  келеді.  Кейбір  мұғалімдер  сабақ
үстіндегі осындай  айқай-шуды басамын деп балаларға  ұрсып  зекиді.  Бұл-осы
жастағылардың  психологиялық  ерекшеліктерін   білмеуден    туған   қателік.
Осындай қимыл-қозғалыстағы балаға мұғалім кейде: «Айтқанға көнбейтін  қандай
жаман баласың»-деп те ұрсады. Бұл да дұрыс емес. Мұның орнына мұғалім  сабақ
үстінде дұрыс отыруды, өзінің нұсқауын орындауды сол баладан байсалды  түрде
талап етсе, сөйтіп педагогтық тактіні сақтаса,  бұл  әдіс  әлдеқайда  тиімді
болады. Мұғалім баланың білімін бағалауда өте әділ және өте  әдіской  болуға
тиіс. Сабақты  нашар  үлгіретін  баланы  да  көтермелеп,  оның  жақсы  оқуға
талаптана түсуіне жағдай жасауы қажет. Сынып  ішіндегі  қоғамдық  жұмыстарды
(санитар, староста, кезекші т.б.) балалардың икемділіктеріне қарай  бөлу  де
өте ойластырылып істелгені жөн.




Жас -өспірімдік кезең психологиясы.
Жоспар
    1) жас өспірімдік - әлеуметтік психологиялық құбылыс
2) өзіндік сананың дамуы
3) қарым-қатнас және эмоциялық өмір

      Жас өспірімдік және оның жас шағының шектері. Жас шағы  психологиясына
жас өспірімдік шақ жыныстық  толысудан  басталып,  ересектіктің  басталуымен
аяқталатын даму стадиясы деп анықталады. Алайда бірінші шегі  физиологиялық,
екіншісі  әлеуметтік  шек  болып  тұрған  осы  анықтаманың  өзі   құбылыстың
күрделілігі мен көп өлшемділігін көрсетеді.

      Жас өспірімдіктің көптеген теориялары бар. Биологиялық  теориялар  нақ
өсудің биологиялық  процесстері  басқаларының  бәрінен  басым  болады  деген
ойымен жас өспірімдікті алдымен организм эволюциясының  белгілі  бір  кезеңі
деп қарайды. Психологиялық теориялар психикалық эволюцияның  заңдылықтарына,
ішкі  дүние  мен  өзін-өзі  ұғынудың   тән   сипаттарына   назар   аударады.
Психоаналитикалық  теориялар  жас   өспірімдікті   психосексуалдық   дамудың
белгілі бір  кезеңі  деп  біледі.  Көрсетілген  теориялар  жас  өспірімдікті
алдымен индивид немесе жеке адамның дамуы ретінде  ішкі  процесс  тұрғысынан
қарайды. Бірақ ол даму әр түрлі әлеуметтік және мәдени ортада әр кекі  болып
өтеді.   Жас   өспірімдіктің   социологиялық    теориялары    оны    алдымен
социализацияның белгілі бір кезеңі, тәуелді балалықтан  ересектіктің  дербес
те жауапты  іс-әрекетіне  көшу  деп  қарайды.  Зерттеушілер  адам  меңгеруге
тиісті әлеуметтік рольдерге, оның бағалаушылық  бағдарларының  қалыптасуына,
еңбек өміріне аяқ басуымен байланысты  проблемаларға  назар  аударады,  яғни
индивидтік-психологиялық проблемалар әлеуметтік проблемалардан шығарылады.
             Жастық  проблемасын  әлеуметтік-психологиялық   факторлар   мен
дамудың ішкі  заңдылықтарын  есепке  алып,  комплексті  зерттеу  керек.  Бұл
әжептәуір қиын, өйткені психофизиологиялық  дамудың  қарқыны  мен   фазалары
әлеуметтік толыстыру мерізімімен әр кезде үйлесе  бермейді.  Акселерацияның,
дене күшінің жедел даму нәтижесінде қазіргі балалар тез және бойлары  екі-үш
ұрпақ бұрынғыға қарағанда,  орта  есеппен  екі  жыл  бұрын  өседі.  Жыныстық
толысу  да  екі  жыл  ерте  басталып,  ерте  аяқталады.  Физиологтар  екінші
жыныстық белгілердің шығуына қарай бұл процесті  үш  фазаға  препубертаттық,
пубертаттық  және  постубертаттық  фазаларға  бөледі,  осының  өзінде  жасқа
қатысты  психология  әдетте  жеткіншектік   шақты   алғашқы   екі   кезеңмен
байланыстырады.
    Акселерацияға байланысты жеткіншектің кезеңнің шектері  төмендейді  де,
қазір ол енді 14-14,5  жаста-ақ  аяқталады.  Жас  өспірімдік  тиісінше  ерте
басталады. Бірақ дамудың бұл кезеңінің  нақты  мазмұнын  алдымен  әлеуметтік
жағдайлар  анықтайды.  Жастардың  қоғамдағы  орыны,  ол   меңгеруге   тиісті
білімдердің көлемі және басқа бірқатар факторлар осы жағдайларға тәуелді.
    Көптеген  алғашқы  қауымдық   қоғамдарда   жас   шағы   айырмашылықтары
әлеуметтік  айырмашылықтарға  тікелей  үйлеседі;   социализацияның   негізгі
механизімі  бір  жастағы  адамдарды  біріктіретін  жас  шағы  топтары  болып
атбылады, осының өзінде мұндай топтардың әрқайсысы  өзіне  ғана  тән  арнайы
әлеуметтік  функцияларды  ғана  атқарады.  Феодалдық  қоғамда   социялизация
жеткіншекті не  жас  өспірімді  ересектердің  іс-әрекетіне  едәуір  дәрежеде
тікелей қосу  арқылы  жүзеге  асырылған.  Мектеп  оқытудың  осы  практикалық
формаларын толықтыратын ғана болған. Қазіргі қоғамда еңбектің және  қоғамдық
іс-әрекеттің күрделенуіне байланысты адам жұмыс  істемей,  негізінен  оқитын
даярлық кезеңі едәуір ұзарады.Білім алу мен оқудың қоғамдық қажетті  мерзімі
неғұрлым ұзақ  болса,  шын  мәніндегі  әлеуметтік  кемелділік  соғұрлым  кеш
басталады. Осыдан келіп жас өспірімдік кезең ұзарып, жалпы алғанда жас  шағы
шектері біршама тиянақсыз болады.
    Балаң жас өспірімдік (14,5-17 жас) бұл күрделі кезеңнің  басталуы ғана.
Ал, оның негізгі ерекшеліктері қандай?
    Дене күшінің дамуы. Балаң  жастық-  адамның  дене  дамуының  аяқталатын
кезеңі. Бойдың  ұзаруы  жеткіншек  кезеңге  қарағанда  баяулайды.  Қыздардың
бойының толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады, жігіттерде 17  мен
18-дің арасы. Салмағы артады,  осының  өзінде  ер  балалар  қыздардан  қалып
келген есесін толтырады. Бұлшық ет күші ерте өседі:  16  жаста  ер  бала  12
жастағысынан бұл тұрғыдан еке өсіп түседі. Бойы  толысқаннан  кейін  шамамен
бір жылдан кейін адам бір қалыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді.  Әрине,
көп  нәрсе  дұрыс  тамақтану  режимі  мен  дене   шынықтырумен   шұғылдануға
байланысты. Спорттың кейбір түрлерінде балаң жастық – ең  көп  жетістіктерге
жететін кезең.
Жыныстық даму жөнінін жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста  постпубертаттық
кезеңде болады. Көп  тараған  түсініктерге  қарамастан,  жыныстық  толысудың
мерзімі нәсілдік және ұлттық  ерекшеліктерге,  климатқа   байланысты   емес.
Оның  есесіне    тамақтану   сипатындағы
айырмашылықтар  мен  басқа  да  әлеуметті - экономикалық  факторлар
 ықпал етеді. Мұның үстіне орташа статистикалық  мерзісдерден  көп  озық  не
қалыңқы  дамиды.  Қарқынның  бұл  вариацияларын  патологиялық   жағдайлардан
ажырату әрдайым оңай бола бермейді.
    Дамудың әлеуметтік жағдайы.  Жас  өспірімдік  шақ  бала  мен  ересектің
арасындағы аралық жағдайда болады. Баланың  жағдайы  оның  оның  ересектерге
тәуелділігімен сипатталады, бұлар оның өмірлік іс-әрекетінің  басты  мазмұны
мен бағытын белгілейді. Баланың атқаратын ролі ересектердің ролінен  сапалық
тұрғыдан өзгеше болады және екі жағы  да  мұны  анық  ұғынады.  өмірлік  іс-
әрекетінің  күрделене  түсуімен  бірге  жастарда  әлеуметтік   рольдер   мен
мүдделер диапазонының  сандық  ұлғаюы  ғана  болып  қана  қоймайды,  сапалық
тұрғыдан да өзгеріп, ересектік рольдер бірден-бірге көбейеді,  осыдан  келіп
дербестік  пен  жауапкершілік  өлшемі  шығады.  14  жаста   оны   комсомолға
қабылдайды,  16  жаста  паспорт  алады.  18  жасында  сайлау   правосы   мен
некелесуге мүмкіндік алады. Жас өспірім қылмыстық істер үшін  жауап  беретін
болады. Көпшілігі бұл жаста еңбек қызметін бастады, бәріде  мамандық  таңдау
туралы  және  т.б.  ойлайды.  Алайда  жас  өспірімде  ересектер   статусының
элементтерімен  қатар   оның   жағдайын   баланың   жағдайына   жақындататын
тәуелділік белгілері әлі сақталады.
Жас өспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері – мамандық  таңдау,  еңбек  пен
қоғамдық-саяси  қызметке даярлану, некелесуге өз семьясын  құруға  даярлану.
өзара байланысты бұл міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты  талап
етеді және олардың олардың жүзеге асу мерзімдері жас  адамның  іс-әрекетінің
сипатына тәуелді. Барлығы мектеп оқушылары болатынжеткіншектердей  емес  15-
17 жастағы жас өспірімдер мен бойжеткендер  бұған  қоса  кәсіптік-техникалық
училишелердің немесе арнаулы орта оқу орындарының  оқушылары  болуы  мүмкін.
Кейбір жас өспірімдер оқуды өнімді еңбекпен ұштастырады. Бұл  айырмашылықтар
психологияға әсер етеді, сондықтан тәрбиешілер мұны ескеруге тиіс.
    Ақыл-ой қызметінің ерекшеліктері. Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті  15-16
жасқа қарай әдетте қалыптасып болады, сондықтан оның бала кездегідей  шапшаң
өсуі байқалмайды. Алайда ол одан әрі жетіле  береді.  Күрделі  интеллектілік
операцияларды  меңгеру  және  ұғымдық  аппараттың  баюы  жас  жігіттер   мен
қыздардың ақыл-ой қызметін неғұрлым  орнықты  әрі  пәрменді  етіп,  оны  бұл
тұрғыдан  ересектің  іс-әрекетіне  жақындатады.  Әсіресе  арнайы  қабілеттер
шапшаң дамиды. Мүдделердің бағытталуының барған сайын салаларына түсуімен
 қосылып, мұның өзі жастардың ақыл-ой қызетінің құрылымын кіші  жастардағыға
қарағанда неғұрлым күрделі де дара  сипар  береді.  Қазіргі  бар  деректерге
қарағанда,  ақыл-ой  қабілетінің  саралануы  қыздардан  гөрі  ер   балаларда
ертерек  басталып,  неғұрлым  айқын  көрінеді.  Қабілеттер  мен  мүдделердің
мамандануы нәтижесінде басқа  да  көптеген  барлық  айырмашылықтар  неғұрлым
елеулі және практикалық тұрғыдан маңызды болады.  Осыны,  сондай-ақ  жоғарғы
класс оқушысының мамандық  таңдауға  даярлығын  күшейту  қажет,  оқушылардың
дербестік дәрежесін арттырып, оларға жалпы білім беретін  мектеп  шеңберінде
біраз  мамандануға  мүмкіндік  беру  керек.   Бірақ   арнайы   қабілеттердің
қалыптасуының  өзі  оқытудың  сипаты  мен  бағытына  орасан   зор   дәрежеде
байланысты екенін есте үстау қажет.

Жас өспірімдік – жеке адамның толысуы мен қалыптасуының  аяқталатын  кезеңі.
Жыныстық толысуға байланысты өз  организімі  мен  сырт  келбетіндегі   үлкен
өзгерістер,   жағдайдың   біршама   тиянақсыздығы,   өмірлік    іс-әрекеттің
күрделенуі, жеке адамның өз мінез-құлқын үйлестіруге тиісті адамдар  тобының
ұлғаюы – осының  бәрі  қосыла  келіп  жас  өспірімдік  шақта  бағарлаушылық-
бағдарлаушылық іс-әрекетін күрт артырады. Әңгіме өз қасиеттерін  тану,  жаңа
білімдерді меңгеру туралы болса да, жас адам оларды бағалауға  өте-мөте  ден
қояды да, өзінің  мінез-құлқын  саналы  түрде  жасалған  немесе  меңгерілген
критерилер мен нормалар негізінде құруға тырысады.
    Бұл ең алдымен өзіндік сананың дамуында көрінеді.
    Өзіндік сана – күрделі психологиялық құрылым,  ол  ерекше  компоненттер
ретінде өзіне. В. С. Мерлиннің осылай деп санайтынындай, біріншіден,  өзінің
теңдестігін ұғынуды, екіншіден,  белсенді,  іс-әрекетшіл  негіз  ретінде  өз
“менін” ұғынуды, үшіншіден ,  өзінің  психикалық  қасиеттері  мен  сапаларын
ұғынуды,  төртіншіден,  өзін-өзі  әлеуметтік  –  адамгершілік  бағалаулардың
белгілі бір жүйесін қамтиды. Бұл элементтердің бәрі бір- бірімен  функциялық
және   генетикалық   тұрғыдан   байланысты.   Бірақ   олар   бір    мезгілде
қалыптаспайды. Теңдестігін  ұғынудың  бастамалары  сыртқы  заттардан  болған
және  өз  денесінде  боған  түсініктерді  ажырата  бастаған  кезден   бастап
нәрестенің өзінде-ақ болады, «менді»  ұғыну  бала  жіктеуесімдіктерін  дұрыс
қолдана  бастаған,  шамамен   үш   жастан   басталады.   өзінің   психикилық
қасиеттерін ұғыну мен өзін-өзі бағалау
 жеткіншектік және жас өспірімдік кезеңде неғұрлым көп  маңыз  алады.  Бірақ
бұл компонанттердің бәрі өзара байланысты болғандықтан, оның біреуінің  баюы
бүкіл жүйенің түрін өзгертпей қоймайды.

Өз денесінің бейнесі. Жеткіншектің өзі-ақ өзін көрсетуге  барынша  ұмтылумен
өзінің «мені» мен өз қасиеттеріне зор ынта қояды. Атап айтқанда, ол  өзіндік
келбеті мен дене тұлғасын мүлдем жаңаша  қабылдай  бастайды.  Бұл  зор  ынта
балаң жас өспірім шағында да сақталады. өзінің өзгергіш  тұлғасын  зер  сала
зерттейтін жас өспірім жігіттер мен қыздар бұған барынша алаңдайды.  Олардың
бәрі дерлік өз  пкелбеттерін  өзгерткілері  келер  еді.  Олар  үшін  әсіресе
құрдастары алдындағы беделін  өсіріп,  танымдылығын  арттырыратын  қасиеттер
ерекше маңызды. Жас өспірімдердің көбі тапал, толық болғанына, бетіне  безеу
шығуына т.б. қынжылады. Әсіресе кеш  толысатын  ер  балалар  мұнысына  қатты
уайымдайды;  екінші  жыныстық  белгілердің  шықпай   кешігуі   құрдастарының
алдындағы беделін  төмендетіп  қана  қоймай,  өзін  қатарынан  кем  сезінуді
туғызады. Бұл  қынжылыстар,  әдетте,  ешкімге  білдірілмейді.  өз  денесінің
бейнесін жас  өспірімдердің  өзін-өзі  ұғынуының  ересектердің  ойлағанындай
емес, анағұрлым  маңызды компонентті. Қалыпты өсудің  барлық  нюанстары  мен
варианттарын  білмеу  көптеген   жас   өспірімдер   үшін   нағыз   «нормалар
трагедиясына» айналады.

Жеке бастың қасиеттерін ұғыну мен өзін  өзі  бағалау.  Кішкентай  балалардың
өзіндік санасы мен өзін-өзі бағалауы, әдетте,  ата-аналарынан  және  басқада
беделді үлкендерден алған бағаны қайталайды.  Бірақ  бала  неғұрлым  есейген
сайын оның мінез-құлқы бағалардан гөрі өзін-өзі  бағалауға  соғұрлым  бағдар
ала  түседі.  Алайда  өз  қасиеттерін,   әсіресе   батылдық,   ерік   немесе
принципшілдік секілді күрделі моральдіқ-психологиялық  қасиеттерді  ұғынудың
өзінде-ақ эмоциялық бағалау мен әлеуметтік салыстыру сәттері  қамтылады  (өз
ақылын немесе сұлулығын  басқа  біреумен  салыстыру  арқылы  ғана  бағалауға
болады).

Жас өспірім де жеткіншек  секілді  өзінің  қандай  екенін,  қаншалық  құнды,
қабілетті екенін барынша білгісі  келеді.  Өзін-өзі  бағалаудың  екі  тәсілі
бар. Біреуі өз талаптарының деңгейін жеткен нәтижесімен өлшемдестіру.  Бірақ
жас өспірімнің өмірлік тәжірибесінің шектеулілігі

мұндай тексеруді қиындатады. Ересектердің көз-қарасыман қарағанда

қиынсыз көптеген қылықтар – қауіпті сотқарлар, даңғойлық – көзге

 түсіп, жұртқа танылғысы келуден  гөрі  өзінің  батылдығын,  өжеттінін  т.б.
сынап көргісі келуден болады.

өзін-өзі  бағалаудың  екінші   жолы   -   әлеуметтік   жарыс,   өзі   туралы
төңірегіндегілердің пікірлерін  салыстыру.  Төңірегіндегілердің  өзі  туралы
пікіріне өте-мөте сезімтал қарайтын жеткіншектің  өзі-ақ  әркімнің  бағалары
ғана  емес,  бағалайтын  өлшемдердің  өзі  әрқилы  болатынына  көзі  жетеді.
Кластастары ерлік деп  бағалаған  әрекетті   мұғалім  жалған  жолдастық  деп
айтады. Осдан келіп таңдау, өздігінен ойланып көру қажет болып шығады.

Өз «менінің» бейнелері күрделі әрі  бір  мәндес  болмайтыны  белгілі.  Мұнда
нақты «мен» (қазір қандай болсам, сондай) де, динамикалық «мен»  де  (қандай
болғым келсе, сондай), мұраттағы «мен» де  (өзімнің  моральдық  принциптерім
негізінде сондай болуға  тиістімін),  қиялдағы  «мен»  де  (бәрі  де  мүмкін
болса, сондай болғым келер еді), көз алдыма елестететін басқа  толып  жатқан
«мендер» де бар. Тіпті толысқан адамның өзін-өзі бағалаудың  бәрі  адекватты
емес. Жас өспірімдік кезде мәселе бұдан да қиынырақ. Кейде жас өспірім  өзн-
өзі бақылау, байқау арқылы өзін білсем дейді.  Балаң  жас  өспірімдік  кезге
жалпы алғанда рефлексиялық өсуі,  өзіне  барынша  ден  қою  тән.  мұның  өзі
интимдік күнделіктердің шығуына да (жас өспірім ұлдарға қарағанда,  қыздарда
көбірек кездеседі және ертерек басталады), көркем әдебиет  бейнелерін  өзіне
«өлшеп көруден» де (егер жеткіншек кейіпкердің қылықтарына  ден  қойса,  жас
өспірімдер мотивтер мен толғаныстарға ден қояды), басқа адамдардың ішкі  жан
дүниесіне көбірек ден қоюдан да аңғарылады.

Кейбір психологтар жас  өспірімдік  рефлексияның  өзін-өзі  оқшаулау  шындық
болмыстан қиялдағы арман дүниесіне берілін  кету  қауіпі  бар  деп  есептеп,
оған теріс көзқараста болады. 15  жастағылардың  ішкі  жан  дүниесі  алаңсыз
болып көрінгенімен  әжептәуір  қалыптасқан  және  нәзік  болады.  Психикалық
саулық нормаларының өзі оларда үлкендердегіден гөрі өзгеше.  Кіші  шәкірттік
жастағыларға қарағанда, жас өспірім жігіттер мен қыздарда  алаңдаудың  жалпы
дәрежесі жоғары. Пубертаттық жаста деперсонализация және психикалық  жатсыну
жағдайлыры аз болмайды. Балалықпен қоштасу көп жағдайда бір нәрседен  айрылу
сезімі  ретінде,  өз  «менінің»  бұлыңғырлығы,  жалғыздық,   өзін   басқалар
түсінбейтіндей көру және т.с. ретінде уайымдалады.

Алайда  бұл  сәттерді  асыра  бағалауға  болмайды.  Жас  өспірімдік   шақтың
қиыншылықтары бұларға бәрі де  душар  бола  бермейтінін,  кезікеннің  өзінде
міндетті  түрде  соншалық  қиын  болмайтынын   айтпағанының   өзінде   бұлар
ойдағыдай жеңуге болатын өсу қиыншылықтары. Тұтас алғанда жас  өспірімдік  -
өте бақытты шақ Тұрақты эгоцентризмнің нақты қаупі невротизм  белгілері  бар
жас өспірімде ғана немесе бұған дейінгі дамудын ерекшеліктерімен  байланысты
(өзін-өзі сыйламаушылық, адамдармен қарым-қатынастың нашарлығы)  оған  бейім
жастарда ғана болады. Жақсы мұғалім мұндай  балаларды  қарым-қатнастың  олар
үшін неғұрлым қолдан келетін және қолайлы формаларына елеусіз  тарта  отырып
тиімді көмек жасай алады. Алайда қысым атаулы немесе дөрекі араласу  қосымша
тауқыметке ғана ұрындырады. Адамгершілік тұрғыдан байсалды  ортада,  үйымшыл
комсомол  коллективі  жағдайында  тәрбиеленген  жас  өспірім  жігіттер   мен
қыздардың көпшілігенде психолгиялық оқшаулыну мен  рефлексия  қарым-қатнасқа
кедергі болғанымен қоймай, қарым-қатнастың тереңдеп, оның  іріктеліп  өсуіне
жағдай жасайды.

Өзіне-өзі талдау жасауды өзін-өзі мақсатсыз байқаумен шатастыруға  болмайды.
Қайталанбас дара адам ретінде өзін-өзі  ашу  осы  адам  өмір  сүруге  тиісті
әлеуметтік дүниені ашумен ажырағысыз байланысты. Жас  өспірімдік  рефлексия,
бір жағынан,  өзінің  «менің»  ұғыну  («мен  кіммін?  Мен  қандаймын?  Менің
қабілеттерім қандай?  Мен  өзімді  не  үшін  сыилай  аламын?»),  ал,  екінші
жағынан, дүниедегі өзінің жағдайын ұғыну  («менің  өмірлік  мұратым  қандай?
Менің достарым, жауларым кім? Кім үшін мен  не  істеуге  тиіспін?»)  болмақ.
Мұны әр кезде бірдей ұғынбаса да жеткіншектің өзі-ақ өзіне арналған  алғашқы
сұрақтар  қояды.  Екінші,  неғұрлым  жалпы,  дүниетанымдық  смұрақтарды  жас
өспірім адам қояды, онда  өзіне-өзі  талдау  жасау  әлеуметтік  адамгершілік
тұрғыдан өзін-өзі анықтаудың элементіне  айналады.  Жас  өспірімдік  өмірлік
жоспарлары көбіне қиялдағы сипатта болатын сияқты  бұл  өзін-өзі  талдау  да
көбіне қиялдағы сипатта  болады.  Бірақ  өзін-өзі  талдаудықажетсінудің  өзі
дамыған адамның қажетті белгісі және нысаналы  түрде  өзін-өзі  тәрбиелеудің
алғы шарты.  Н.А.Добролюбовтың  жас  кезіндегі  күнделігін  оқығанда  немесе
Л.Н.Толстойдың «Жас өспірімін» өзінің  күнделіктерімен  салыстырғанда  үнемі
өзіне-өзі қанағаттанбайтын, өздері алдарынақойған  кейде  анғал  болғанымен,
шамадан тыс міндеттерді орындай алмай жүрген авторлардың ішкі  драматизіміне
жаның ашиды. Алайда бұл  өзін-өзі  талдаудың  тереңдігі  адамның  күрделігін
бейнелейтін, ал өзіне биік талаптар қою  –  болашақтағы  жетістіктердің  бір
екенін көрмеуге болмайды.

Жас   өспірімдік   рефлексияның   теренділігімен   интенсивтілігі   көптеген
әлеуметтік (әлеуметті тегі мен ортасы,  білім  деңгейі),  жеке  типологиялық
(интроверсияның, экстраверсиның дәрежесі) және өмірбаяндық  (семьяда  тәрбие
алу  жағдайлыры,  құрдастарымен  қарым-қатынас,  оқыған   кітаптардыңсипаты)
факторларға байлынысты, бұлардың  арақатынасы  әлі  жете  зерттелмеген.  Жас
өспірімдердің біреулері оңашалықты ұнатса, енді екіншілері, керісінше,  одан
үрейлене  қорқады,   аз   ғана   уақыттың   өзіне   жалғыз   қала   алмайды,
рефлексивтілігінің    жетіспеушілігінен    өздері    ұғына    алмайтын    өз
проблемаларынан  қашқақтау  үшін  қарым-қатынаста  болғысы  келмей  ме  екен
(әрине, мұны өзі де ұғынбайды) деген күдік туады. Ал,  негізгі  дені  орташа
жағдайда болады. Тәрбиеші бұл айырмашылықтарды біліп, ескеріп отыруға тіс.

Өзін-өзі сыйлау және оның функциялары.  Жеке  адамның  көне  көп  балаң  жас
өспірімдік шақта қалыптасатын ерекше  маңызды  белгісі  -  өзін-өзі  сыйлау,
яғни қорытындыланған өзін-өзі бағалау, өзін жеке адам  ретінде  қабылдау  не
қабылдамаудың  дәрежесі.өзін-өзі  барынша  сыйлау   менменсінудің   не   сын
тұрғысынан қарамаудың синонимі емес.  Мұның  мәні  адам  өзін  жақсы  көреді
деген   сөз.   Керісінше,   өзін-өзі   сыйлаудың   төмендегі   үнемі   көңіл
толмаушылықты, өзін жек көруге, өзкүшіне сенбеуді көрсетеді.

Өзін-өзі  сыйлаудың  белгілі  бір  адамға  тән  деңгейі   жекелей   өзін-өзі
бағалаудан өзгеше біршама орнықты болады,  дегенмен  ұзаққа  созылған  сәтті
немесе сәтсіз жағдайлар оны тиісінше арттыруы немесе азаитуы  мүмкін.  өзін-
өзі сыйлаудың қалыптасуына кішкене кезінен бастап-ақ  көптеген  факторлар  –
ата-аналарының көзқарасы, құрдастарының арасындағы жағдайы т.б. әсер  етеді.
Жас өспірім кезде бұрынғы құндылықтар жүйесінің бұзылуына және  өзінің  жеке
қасиеттерін жаңадан ұғынуға  байланысты  өзінің  жеке  басы  туралы  түсінік
қайта  қаралады.  Жас  өспіріидер  көбіне  көтеріңкі,  коллективтегі  алатын
орынын т.б. асыра бағалайды. Бұл  өзіне  деген  негізсіз  сенімділік  көбіне
ересектерді (құрдастарын да) мезі қылады, көптеген тартыстар мен

 түңілушіліктер туғызады. Жас адам өзінің  нақты  миүмкіндіктерінің  шамасын
көптеген  сынаулар  мен  қателесулерден  кейін  барып   (әдетте   кейінірек,
мектептен кеткеннен кейін) біледі.

Жас  өспірімнің   өзіне   деген   сенімі   қаншалық   жағымсыз   болғанымен,
психологиялық тұрғыдан  өзін-өзі  сыйлаудың  кемдігі  анағұрлым  қауіптірек,
мұның өзі адамның өзі туралы  түсінігін  қарама-қарсы  әрі  орнықсыз  етеді.
Өзін-өзі сыйлау  төмен  жас  өспірім  жігіттер  мен  қыздар  қарым-қатынаста
көбінесеқиыншылық  көреді,   қайсыбір   жалған   бет   перде   жасап   алып,
айналасындағылардан бөлектенуге тырысады. Басқа роьде көріну қажеттігі  ішкі
қарбаластықты күшейтеді, жазғырғанды өте ауыр алады, жұрттың өзі  туралы  не
ойлайтынына мазасызданады. Адамның өзін-өзі  сыйлау  неғұрлым  төмен  болса,
оның  жалғызсырап  қиналуы  соғұрлым   көп   болады.   Өзіне-өзі   сыйлаудың
төмендігінен барып адамның  әлеуметтік  талаптардың  деңгейі  біршама  төмен
болады, оны жарысу  сипаты  бар  іс-әрекет  атаулыдан  тартындырады.  Мұндай
адамдар көбіне өз күштеріне сенбегендікте, алға қойған мақсаттарына  жетуден
бас тартады. Ал мұның өзі олардың өзін-өзі төмен бағалауын нығайта түседі.

өзін-өзі сыйлаудың төмендігін ұялшақтықпен бір санауға әсте  келмейді.  Егер
мұғалім оқушылардың қайсыбіреуінен өзін  сыйлаудың  төмендігінің  белгілерін
аңғарса, жеке адам үшін бұл қауіпті  процесті  болдырмау  үшін  жас  өспірім
өзінің әлеуметтік және азаматтық бағасын анық дәлелдейтіндей жағдай  жасауға
міндетті түрде ұмтылыс жасау керек. Мұндағы  перспективалы  жол  –  комсомол
ұйымындағы белсенді қоғамдық қызметке,  мәселен  өзі  жоғары  класс  оқушысы
үшін кіші жолдастарына өзінің бүкіл қажеттігін ұғынуға мүмкіндік жасайды.

Автономияға ұмтылу және әке-шешесімен өзара қарым-қатнас. Жеткіншектің  өзі-
ақ өзінде ояна бастаған есею сезімінің негізінде өзіне  қамқорлық  жасағанға
ауырсынып,  әке-шешесімен  қарым-қатнасын  теңдік  негізінде  қайта   құруға
тырысады. Бұл тенденция жас өспірімдік кезде  де  жалғасады.  Бірақ  жететін
автономияның  нақты   дәрежесі   мен   табиғатықандай?   Жас   өспірімдердің
әлеуметтік психологиясына ғылым ретінде жастар  қашан,  қай  жерде  болмасын
«бүлік шығарады», «ұрпақтар  даудамайын»  туғызадыдеп  пайымдайтын  сыңаржақ
теориялар көп зиян тигізеді. Шын мәнінде әкелер мен балалардың өзара  қарым-
қатнастары әлеуметтік өзгерістердің қарқыны мен сипаты,  семьяның  құрылымы,
тәртіп сақтау сипаты мен тәсілдері т.б. сияқты

 әлеуметтік жағдайлардың тұтас бір жиынтығына  байланысты.  Қалыптасып  келе
жатқан   адамның   өз   ұмтылыс-талаптарына   тежеу   болатын   тәрбиелердің
авторитарлық жүйесі іс  жүзінде  дау-жанжалдар  туғызады,  ал  демократиялық
тәрбиелеуде  ондай  болмайды.  Алайда  әке-шешелермен  қарым-қатнастың   жас
өспірім кезінде елеулі түрде қайта  құрылатынын  көрмейтін  ғалымдардікі  де
дұрыс емес.

Қазіргі психолгия  есейген  балалардың  мінез-құлық  автономиясы,  эмоциялық
автономия, моральдық және құндылық автономиясы болады  деп  шектеп,  балалар
автономиясы туралы мәселені нақты тұрғыдан қояды.

Жеткіншектер  бәрінен  бұрын,  әлбетте,  белгілі  бір   шекте,   бос   уақыт
салаларында мінез-құлық автономиясына  жектісі  келеді.мәселен,  қалалардағы
мектеп оқушыларының көбі бос уақыттарын мектептен де, үйден де  басқа  жерде
өткізгенді ұнатады.

Эмоциялық  автономияның  үлкен  қиыншылықтары  бар.  Жас  өспірімдерге  әке-
шешелері  балаларында  болған  өзгерістерді  жете  бағаламайтындай,  олардың
толғаныстарын байыптап  қарамайтындай  болып  көрінеді  және  көбіне  бұлары
әлбетте дұрыс та.  Болмашы  бір  әдеп  сақтамаудың  өзінен-ақ  жоғары  класс
оқушысының ішкі жан дүниесі әке-шешелері  үшін,  егер  біржола  болмаса  да,
ұзақ  уақытқа  жабылуы  мүмкін.  Егер  тәртіп  тұрғысынан  жеткіншектік  жас
неғұрлым қиын болса, балаң жасөспірімдік кез көптеген эмоциялық  проблемалар
туғызып, балалардың ата-аналарынан психологиялық тұрғыдан жатсынып  кетулері
жиі кездеседі. Бұл жылдары әкемен  өзара  қарым-қатнас  ерекше  күрделенеді.
Еліміздегі және  шетелдердегі  көптеген  зерттеулер  бұл  жаста  да  шешенің
балаға әкеден гөрі жақын  болатынын  көрсетеді.  Алайда  әке-шешемен  қарым-
қатнаста біраз салқындық болып, оларға айтылмайтын сырлардың шығуы  әсте  де
жатсыну емес. Есейген  балалардың  интимдік  әлемін  күшейтуге  бармай,  екі
жаққа да сондай қажет  эмоциялық  жылылық  пен  өзара  түсінісудің  сақталу-
сақталмауы әке-шешенің сезімталдығы мен әдептілігіне байланысты.

Коллективизм және топ өмірі. Балаң жастық - өзіне-өзі  талдау  жасайтын  шақ
қана емес, сонымен бірге нағыз «коллективистік» шақ.  Кішкентай  жеткіншекке
коллективистік өмірге қатысқаны,  басқалармен  бірге  болғаны  жетіп  жатыр.
Жоғарғы  класс  оқушысы  үшін  бәріне  маңыздысы  құрбы-құрдастарының   мұны
қабылдауы, топқа өзін қажет сезінуі, онда белгілі  бір  бедел  мен  құрметке
жетуі. Коллективтегі статустың  төмен  болуы,  әдетте,  барынша  алаңдатады;
құрдастары онша бағаламайтын жас өспірімдердің жеке басын өзгертуге  тырысуы
басқалардан гөрі ана-ғұрлым жиі кездеседі.

Социометриялық  зерттеулер  кластарда  біртіндеп  белгілі  бір   поляризация
болатынын көрсетті: бір жағынан, неғұрлым танылғандар, ал,  екінші  жағынын,
таңдау бәрінен аз түсетіндер сараланады. Осының өзінде бұл  статус,  әсіресе
ұнамаушылық барыншы тұрақты болып,  көбіне  кластан  класқа  көшіп  отырады.
Мұның  өзі  жарыс  жағдайын  туғызып,  көптеген  психологиялық   проблемалар
жасайды.  Жағдайы  біршама  жақсы  балаларда   да   проблемалар   туындайды.
Кейбіреулері өздерінің беделін жоғары кластарда  өздерін  ығыр  қылып,  жеке
қасиеттеріне  үйлеспейтін  болып  көрінінетін  рольдерге  негіздейді.  Бірақ
жолдастарының  күткен  үміті   «жанбаса»   рольді   бойың   үйреніп   қалған
танымалдыққа жете  аласың  ба?  Осыдан  бұрын  жасөспірімдік  кезде  топтағы
өзінің  жағдайына  көбіне  көңіл  толмаушылық   және   өзін-өзі   бағалаудың
сәйкессіздігі келіп шығады.

Тәрбие жұмысында көшедегі стихиялы топтар мен  компаниялардың  ықпалын  еске
алу ерекше маңызды. Кейбір педагогтар оны елемеуге немесе  кездейсоқ   нәрсе
деп санауға бейім. Бұл қауіпті жаңылысу.

Мектеп жеткіншек ұрпақтың бүкіл өмірін қамтымайды. Сондықтан  оны  жастардың
әр түрлі ұйымдарының – саяси, спорт және мәдени-ағарту  ұйымдарының  қызметі
толықтырады.  Алайда  қарым-қатнастың  бұл  ұйымдасқан  формалары   жастарда
мектепте  қалыптасатын  достар  компаниясы  немесе  көшедегі  серіктестіктер
секілді  ресми  емес,  стихиялы  топтарды  қажетсінудің  орнын  түгел   баса
алмайды. Кластардағы коллективтердей емес, стихиялы  топтарда  әдетте  түрлі
жастағы  балалар  және  әлеуметтік  құрамы  жөнінен  көбіне  аралас  болады.
Құрамның  әр  қилылығы,  оған  қоса   ұйымдасқан   коллективтердегі   жоғары
кластардағы көбіне ығыр қылатын  үлкендердің  үнемі  бағып-қағуының  болмауы
себепті жас өспірімдер үшін  мұндай  топтар  ерекше  тартымды  болады.  Егер
жеткіншектерде  стихиялы  топтар  көбіне  мектеп   ішіндегі   коллективтерді
толықтырып, бұлардың екеуінде де лидер болатын балалар бірге  болса,  жоғары
кластарда  жағдай  өзгереді.  Жас  өспірімнің  көше  тобындағы  беделі  оның
мектептегі статусына  кері  қатнаста  және  керісінше  болады.  Бұл  қарама-
қарсылық   елеулі   педагогикалық   қауіп   туғызады.   Көшедегі    топтарды
біріктіретін құндылықтар кейде қарсы әлеуметтік тұрғыда  болады,  ал  оларда
басшы болатындарды  жақсы  балалар  деуге  мүлдем  келмейді.  Мұндай  топтар
қылмысты топтарға немесе бұзақылар тобына ауысатын жағдайлар кездеседі.  Бұл
орайда жас өспірімдердің жасқа  байланысты  конформдылығы  өте  зиянды  роль
атқарады. Үлкендерден тәуелсіздік алуға тырысып, жас  өспірім  құрдастарының
қауымынантірек пен қолдау іздейді. Бірақ оның өзі  іштей  әлі  дербес  емес,
ықпал мен психикалық еліктіруге  оңай  беріледі.  Топқа  қатыстылық  сезімі,
әсіресе, егер бұл қатыстылықты қорғауға тура келетін болса, сол  топтың  өзі
құрылатын құндылықтардың мазмұнынан да маңыздырақ  болады  «балалардың  бәрі
(қыздардың бәрі) өстеді» деген секілді дәлел  ол  үшін  кез  келген  қылықты
түсіндіру мен бірге оны  ақтайды.  Мұның  өзінде  «бәрі»  деген  өз  тобының
мүшелері, не өзі соған еліктейтіндер болып шығады.

Стихиялық топтар мен олардың атрибуттарын (өздеріне тән сөйлеу, менез  құлық
стилі, эстетикалық атлғамдар, сән) жоюға тырысудан әдетте  ештеңе  шықпайды.
Бұған қоса қарым-қатнастың бұл  түрі  инициатива  мен  ерлікке  тәрбиелейтін
әлеуметтік пайдалы міндет (әрине, бұзақылары айтылмайтыны  белгілі)  атқаруы
да мүмкін.

Достық.  Коллективтік  топтық  өмірдің  маңызы  артуымен  қатар,  балаң  жас
өспірімдік  жеке  интимдік  достықты  қажетсіну  күрт  өседі.   Қамқорлықпен
тәрбиеленген жас адамда пайда болатын алғашқы сезім  махаббат  емес,  достық
деп  Руссоның  өзі  жазған  болатын.  Л.Н.Толстой  өмірбаяндық   трилогияның
кейіпкерінің Дмитрий Нехлюдовпен достығын балаң жас  өспірімдік  жігіттіктен
бөліп тұрған символдық меже деп есептейді.

Достықты  барынша  іздеу  жеткіншектік  шақта-ақ   басталады.   Алайда   жас
өспірімдердің достық жеткіншектердің достығына қарағанда  анағұрлым  тұрақты
және ең бастысы неғұрлым терең. Кіші жастағы  жеткіншекті  досымен  көбінесе
басқалар үшін жабық ортақ мүдделер мен бірлескен  іс-әрекет  байланыстырады.
Жас өспірімдердің достығы бірінші қатарға интимдікті,  эмоциялық  жылылықты,
шыншылдықты қояды. өзіндік сананың дамуы мен оған  тән  қайшылықтар  қалайда
«сыр ашысу», өзінің күйініш-сүйінішінен  ортаға  салу  қажеттігін  туғызады.
Осыдан келіп ол досын өз olter  ego-сы  (екінші  бір  «мен»)  деп  түсінеді.
Мұндай қажеттік тұңғыш рет нақ осы жас өспірімдік кезде шығады.

әрине, достық туралы жас  өспірімдік  ұғым  мен  оның  интимділігінің  нақты
дәрежесі әр түрлі адамдардабірдей емес. Қыз балаларда олардың неғұрлым  ерте
толысатындығына байланысты интимдік достықты қажетсіну  ер  балалардан  ерте
басьалады. Егер жастары бір шамалас ер балалар  мен  қыз  балалардың  достық
мұраттарын салыстырса, қыз балалар ер балаларға қарағанда достыққа  неғұрлым
жоғары талаптар қоятыны көрінеді.

Өзі дербес таңдап алған  жеке  өзінің  ұнатуы  болғандықтан  жас  өспірімдік
достық басқадай қатнастарға, соның ішінде махаббатқа қайсыбір дәрежеде  алғы
шарт болады; достықтың  өте  эмоциялы  болатыны  осыдан.  «Алғашқы  махаббат
туралы  естеліктердің  жас  достық   туралы   естеліктерін   біршама   артық
бағаланатыны неліктен екенін  мен  білмеймін,-  деп  жазды  Герцен.  Алғашқы
махаббаттың хош иісті болатын себебінің өзі ол жыныс айырмасын  ұмытады,  ол
нағыз  құштар  достық.  Өз  тарапынан  жас  өспірімдер  арасындағы  достықта
махаббаттың  барлық  қызуы,  барлық  сипаты  болады;  өз  сезімдерін  сөзбен
қозғауға ұялатын жасқаншақтық, өзіне сенбеушілік, сөзсіз  берілгендік,  бір-
бірінен көрмесе тұра алмайтын сағыну, ерекше болсам  деген  тілек  бәрі  сол
махаббатқа ұқсас».

    Осы  себептен  де  толғаныстарын,  арман-мұраттарын  салыстырғанда,  өзі
туралы  айтуға  мүмкіндік  беретін  интимдік  достықтың  маңызды  мәні  бар.
Қазіргі  жас  өспірімдер  биік  сөздер   мен   мейірімділік   көріністерінен
қашқақтайды. Олардың  достық  қарым-қатнастары  көбіне  әдейі  бүркемеленіп,
дөрекілендірілген, бірақ мұны шынында осылай екен деп  жаңылысуға  болмайды.
Адамдардың қарым-қатынасында коммуникацияның  объективті  мағыналық  мазмұны
мен оның эмоциялық маңыздылығы арасында тікелей байланыс бола бермейді.

Ересек адамдармен қоса жеткіншектік жастағы ұрпақтар үшін де  достық  –  бұл
өздерінің ойларын,  сезімдерін,  біреуге  деген  өкпесін,  қамқорлығын  және
қауіпін жеткізе алатын сонымен қатар өздеріне  қатысты  құпияларын  сақтауға
сене алатын адамды айтамыз. Достықты сенімді интимділік қарым-қатнас деп  те
бөлуімізге болады. Достық қатнаста жауып тастайтын шекара  болмайды.  Достар
арасында текқана қуаныш емес сонымен қатар қайғы сезімі  де  болады.  Достық
деп өзім – бұл екінші бір  адамның  өз  досының  бақытына  ортақтаса  қуаныш
бөлісу деп ойлаймын. Себебі, досының қайғысына өтірік  дос  қуана  ортақтаса
алады ал, қуанышын көре алмайды. Достар арасында әр  кезде  тек  қана  ортақ
қызығушылық пен тақырыптар болады.

Махаббат сезімі. Жеткіншек  шақта  бір-бірінен  ұялып,  қысылып  жүретін  ер
балалар мен қыз балалардың  арасандағы  қарым-қатнас  балаң  жас  өспірімдік
шақта едәуір белсенді бола түседі. Жолдастық қарым-қатнастар  аясы  ұлғаяды:
бір жынысты компаниялар мен қатар аралас топтар көбейеді. Әсіресе,  қыздарда
аралас достыққа  қажеттілік  күшейеді.  Ұлдар  мен  қыздардың  өзара  қарым-
қатнасы басты тәрбиелік проблемалардың біріне айналады. Бұл  қарым-қатнастар
көңілді аулау, әзіл-қалжың сипатында бола ма немесе  біріне-бірі  көңіл  қою
бұдан гөрі ауқымды жолдастық және дара қарым-қатнас  ауқымында  өрістей  ме,
бұл көбіне бұған дейінгі  тәрбиеге  және  коллективтегі  моральдық  жағдайға
байланысты болады.

Еркектер мен әйелдердің тең праволылығы принципіне негізделген

совет қоғамының рухани ахуалы, бірлесіп оқыту, еңбек пен  қоғамдық  жұмыс  –
осының бәрі әлеуметтік-адамгершілік  бағдарлардың  қалыптасуын  жеңілдетеді.
Алайда осындай қолайлы жағдайлардың өзінде жастардың  балаң  жас  өспірімдік
қарым-қатнасында  біршама  психологиялық   қиыншылықтар   болмай   қоймайды.
Алдымен жыныстық  рольдердің  балалық  шақтан  келе  жатқан  саралануы  әсер
етеді. Қай жастағы болсын ұлдар ман қыздар әр түрлі ойындарды  жақсы  көреді
және серіктерін өз жынысынан іріктеп алады. Құрдас  қыздары  өзімен  ойнамай
қыз бала психолгиялық тұрғыдан алғанда ер  балалардың  арасында  сыйлы  бола
алады. Ер балалар үшін бұл мүмкін емес: өз жынысының  құрдастары  ғана  оның
«ерлігін» тануы мүмкін.

Терең қарым-қатынас пен өзара түсіністік мүмкіндіктерін ұлдар мен  қыздардың
жалпы толысуының қарқыны мен  психологиялық  айырмашылықтар  да  қиындатады.
Жеткіншектік кластарда қыздар ер балалардан дене жағынан ғана емес,  ақыл-ой
дамуы жағынан да біршама озық болады. Егер ұлдарда  заттық  және  техникалық
мүдделер басым болса, қыздар көбіне ішкі жан  дүние  мен  адамдардың  қарым-
қатнасы проблемаларына ден қояды.

Ересектер психологиясы
Жоспары:
   1. Ересектік кезеңге сипаттама (30 – 60  – 70 жас)
   2. Ересектік жастың классификациясына акмеологиялық көз – қарас.
   3.   Ересектік  кезендегі   танымдық   эмоционалдық   және   мотивациялық
      сипаттамалар.(40 жас дағдарысы)
   4. Интеллектуалды даму және әлеуметтенуің психологиялық мәселелері


1. Ересектік бұл адам өмірінің ең ұзақ кезеңі .  Оның  басталу  және  соңғы
   шегін көптеген авторлар әртүрлі сипатттайды:  25  жастан  65  -70  жасқа
   дейін. Әдетте бұл жасты  зейнеткерлікке  шығу  мен  байланыстырады  және
   тұрақты жас шамалары жоқ.
  Э.Эриксон бойынша ересектік кезең 25 жастан 65 жас аралығын қамтиды, яғни
бұл кезең ұзақтығы 40 жылға созылады.
  Ал   біз  бүгін  ересектік  кезеңді  шамамен   30  жастан  бастап,  сонау
зейнеткерлікке шығуға дейін қарастырамыз. Бұл  шамамен  60-70  жасқа  дейін.
Бірақ ересектік кезеңнің соңғы шегі  жеке  тұлғаның  жекелей  және  тұлғалық
ерекшеліктеріне байланысты.
  Кейбір адамдарда  40  жастан  кейін  дамуында  бәсеңдеу  процессі  жүрсе,
керісінше, екіншілерде   40  жастан  кейін  белсенді  іс-әрекетпен  айналысу
басталады. Тіпті кейбір адамдарда  шығармашылық дамуы өмірінің соңына  дейін
жүруі мүмкін.
  Осы кезеңде бір- бірімен байланысты, бірақ бір-біріне  сай  келмейтін  үш
жас түрін ажыратуға болады:
         • Хроникалық жас (төлқұжатта көрсетілген жасы);
         • Биологиялық жасы;
         • Психологиялық жас.
      Адамның биологиялық жасы төл құжатта көрсетілген  жасына  сай  келмеуі
мүмкін.  Мысалы:  адам  40  жаста  организімінің  жағдайына  байланысты  жас
көрінуіе болады немесе , керісіншіе, осы жаста  қартаюдың  белгілеріі  айқын
көрінуі мүмкін.
      Психологиялық жас дегеніміз- адам өзін қалай сезінетіндігі және  қалай
қабылдайтындығын сипаттайды.
2. «Акмеология» ұғымы  ХХ  ғасырдың  20-шы  жылдары  пайда  болды  және  ол
   «Үлкендерді  танып-  білуге  бола  ма  ?»деген  сұраққа  жауап  іздеумен
   байланысты болды. Оған жауап беру үшін  адамның  өмірлік  кезеңдеріндегі
   психофизиологиялық, интелллдектуалдық және жекелей дамуның  «нормаларын»
   талдау  керек  болды.  Ең   бірінші   ересектер   психологиясына   назар
   аударғанН.А.  Рыбников  болды.  Ол  1928  жылы  ересектер  психологиясын
   акмнология  деп  атауды  ұсынды  (акмэ  грекше-  өркендеу,  шың  дегенді
   білдіреді).   Дәл  осы  кезеңде  ересектікке  қол  жеткізеді  (ақыл-ойы,
   азаматтығы, еңбек етуі жағынан), кәсіби  іс-әрекетте  өзін  табады  және
   шығармашылық қабілеттерінің өркендеу шыңында болады.
      Ересектер   психологиясының   пәні-   ересек   адамның   онтогенездегі
конституциясының,         нейродинамикасының,          психофизиологиясының,
интеллектуалдығының, жекелігінің, жастық-жыныстық ерекшелігінің эволюциясы.
      Қазіргі кездегі зерттеулерде жастық  кезеңдегі  ересектіктің   жоғарғы
және төменгі сатылары біркелкі анықталмаған. Жастық шақтың шегін  анықтайтын
қалыптасқан пікір жоқ.
      Жастық  шектеулерді  анықтаудағы  әртүрлі   пікірлер   жас   кезеңдері
классификациясын     құру      принципімен      түсіндіріледі:физиологиялық,
антропологиялық, демографиялық және психологиялық ерекшеліктерді есепке  ала
отырып.
      Б.Г.  Ананьев  ересектердің  психофизиологиялық  және  интеллектуалдық
дамуын микрожастық интервалдың негізінде құруды ұсынды.
      18-46 жас аралығында естің, ойлаудың, зейіннің дамуы 3 макро  кезеңнен
тұрады.
      1 макро кезең-18-25 жас аралығы;
      2. 26-35 жас аралығы;
      3. 36-46 жас аралығы.
Бұл жастық кезеңдер әртүрлі даму темпімен сипатталады.
Таблица 1

|Кезеңдер     |Жасы, жылы                                                  |
|             |Ерте ересектік         |Орта ересектік 1  |Орта ересектік 2  |
|             |                       |-ші кезең         |-ші кезең         |
|Макро кезең  |18-25 жас              |26-35 жас         |36-46 жас         |
|Микро кезең  |18-21; 22-25.          |26-29; 30-33;     |36-40; 41-46.     |
|             |                       |34-35.            |                  |


Бұл таблица бойынша естің, ойлаудың және зейіннің жақсы дамуы тек екі  микро
кезеңде- 22-25; 30-33 жастарда көрінеді, дамудың  айрмашылығы тек бір  микро
кезеңде көрінеді, ол-34-35 жаста.
3.  40-50   жасында   адам   бұрынғы   кезеңдермен   салыстырғанда,   басқа
   психологиялық жағдайда болады. Осы  уақытқа  дейін  үлкен  өмірлік  және
   кәсіби тәжірибе жинақталады, балалары өседі, олармен қарым-қатынас  жаңа
   сипатқа ие, ата-аналары қартаяды және оларға көмек  керек.  Бұл  кезеңде
   адам  организімінде  заңды  физиологиялық  өзгерістер   болады,   оларға
   бейімделу керек: көру нашарлайды, реакциялар  бәсеңдейді,  ер  адамдарда
   сексуалды потенция әлсірейді, әйел адамдар климакс  кезеңін  уайымдайды.
   Осы аталғандарды ересектер физикалық және  психикалық  ауыр  қабылдайды.
   Көбінде денсаулығына байланысты мәселелер туындайды.
     Психофизикалық  функциялар  төмендегенімен,олар   адамның   когнитивтік
сферасына еш әсерін тигізбейді- жұмысқа  қабілетін  төмендетпейді,  еңбектік
және шығармашылық белсенділігін сақтайды.
      Бұл кезең адам үшін жанұялық, карьералық, шығармашылық  қабілеттерінің
дамуымен сипатталады. Бірақ, өлім мәселесі туралы, уақыттың өтіп  жатқандағы
жайлы жиі ойланады.
       Еңбек-  ересек  адамның  сезімдерінің   көзіне   айналады.    Адамның
эмоционалдық жағдайы, көңіл-күйі көбінесе еңбек  іс-әрекетінің   жемісті  не
жемісті еместігіне байланысты.
       Осы  кезеңде  адам  стресстік  жағдайға  жиі  ұшырап,  депрессия  мен
жалғыздық сезімін бастан кешіреді.
      38-40 жаста орта жас кризисі  болады.   Осы  кезеңде  адамды  мынандай
сұрақтар мазалайды: ары қарай қалай өмір сүру  қажет,   не  үшін  өмір  сүру
керек,  кіммен өмір сүру керек?
       40  жасқа  қарай  ересектер  армандары  мен   өмірлік   жоспарларының
қаншалықты іске асқандығына есеп береді.   Отбасылық  жағдайында  өзгерістер
болады: балалары ержетіп, өзбетінше өмір сүреді; жақын туысқандары мен  ата-
аналарының дүниеден өтуі  мүмкін.  Жақын  адамдарынан  айырылу,  балаларының
өміріне араласу, оларға қамқорлық көрсету ерлі-зайыптылар  қарым-қатынасының
 мағынасын аша түседі. Егер оларды балалардан басқа ештеңе  байланыстырмаса,
ондаерлі-зайыптылар айырылысуы мүмкін.
      40 жас кризисін басынан өткізген адам өмірін қайта  құрып,  мамандығын
ауыстырып, тіпті жаңа отбасын да құруы мүмкін.
      Кризистен шығудың жолдары  әр  түрлі:  конфликтілі  жағдайлар  туғызу,
жұмыс орынын ауыстыру,  басқа қалаға көшу, барлығын қайта жасауға ұмтылу.
      Ал кризистен шығудың деструктивті  жолы-  суицид  және  жеке  тұлғаның
ыдырауы.
      4.  Жеке  тұлғаның  қалыптасуы    мен   іс-әрекет   құрылымы   өмірлік
жағдайларға байланысты. Мінез  ерекшеліктері,  қызығушылықтары,  қабілеттері
осы  кезеңде  де  дами  түседі.   Ересек  адамның  индивидуалды   қасиеттері
балаларға қарағанда  жекелік сипатқа ие.
      Әлеуметтік ересектік- бұл  адамның  белсенді еңбек  іс-әрекеті.   Онда
адам іс-әрекет  субъектісі  ретінде  қалыптасады  және  өзінің  шығармашылық
мүмкіншіліктерін іске асырады.  Әлеуметтік ержетуде (оны  азаматтық  деп  те
атауға болады)  негізгі  роль  адамның   өндірістік,  қоғамдық  және  мәдени
өмірге араласуында.
      Оқыту әртүрлі жас кезеңдерінде   түрліше   болады.  Мысалы:  ересектік
жаста  адамдардың  көбі   еске   сақтаудың   төмендеп   кеткеніне,   жұмысқа
қабілетінің нашарлағанына, тез шаршайтындығына шағым жасайды.   Бірақ,  Б.А.
Греков деген ғалым 30-70-90 жастағы адамдардың   есіне  салыстыру  жүргізіп,
тек  90  жастағылардың  ғана  еске  сақтау  қабілеті  төмендейтінін   айтты.
Ересектік  кезеңдегі  барлық  басқа  өзгерістерді  жекелей  ерекшеліктерімен
түсіндіреді.
      Ересектік кезеңде мазмұндық еске қарағанда, механикалық  және  бейнелі
ес  тез төмендейді.  Ал  мазмұндық  ес  70  жастан  асқанша   тұрақты  болып
келеді.
      Осы кезеңдегі адамдардың кәсіби дамуын қарастыратын  болсақ,  көптеген
мамандықтағы адамдар өздерінің кәсіби шыңдалуы әртүрлі кезеңде  болатындығын
көрсетті. Мысалы: ұшқыштардың,  кәсіби  спортшылардың,  балет  артисттерінің
және т.б.  кәсіби шыңдалуы  ересектіктің алғашқы сатысында  басталады,  одан
кейін оларда  тұрақтану кезеңі  болады.   Ал  басқа  мамандықтарда,  мысалы,
дәрігер-хирург, авиадиспетчер, т.б. мамандарда кәсіби шыңдалуы  ересектіктің
орташа немесе тіпті соңғы кезеңіне келуі мүмкін.
      Барлық  осындый  жағдайларда  кәсіби  өнімділік  шеберлікке,  білімге,
тәжірибеге және функционалды дайындыққа байланысты.


 3 Практикалық және семинар сабағының сұрақтары.

1. Жас ерекшелік психологиясының зерттеу әдістері.

Ж.ер.п.зерттеудегі  қолданылатын  әдістердің  комплекстік  сипаты,   олардың
басқа психологиялық ғылым салаларынан шығуы.  Балаларды  зерттеуде  бақылау,
сауалнама әдістерін қолдану. Ж.ер.п.-дағы эксперимент әдісі.

2. Балалар психиксының дамуының негізгі принциптері.
Балалар психиксының дамуының негізгі бес принциптерін талдау.

3. Бір жастағы баланың даму ерекшелікері.
Бір жастағы баланың психикалық жаңа құрылымдары.

4. Сәбилік кездегі психологиялық жаңа құрылымдар.
Сәбилік кезеңдегі таным  процестері  сферасындағы  жаңа  құрылымдар.  Мен  –
концепциясының қалыптасуы.

5. Мектеп жасына дейінгі  баланың негізгі іс-әрекеті.
Ойын –  м.ж.д.  баланың  негізгі  іс-әрекеті.  Оның  негізінде  қалыптасатын
когнитивті сфераның дамуы.

6. Мектепке дайындық мәселелері.
Мектепте оқытуға баланы психологиялық  тұрғыдан  дайындау.  Мектепке  түсуде
қойылатын негізгі талаптар.  Мектепте  оқуға  дайын  баланың  жеке  тұлғалық
қасиеттері және баоаның даярлығының психодиагностикасы.

7. Бастауыш мектеп оқушысының оқу іс-әрекетінің қалыптасуы.
Оқытудың   алғашқы    этапының    психологиялық    ерекшеліктері.    Баланың
психологиялық дамуының резервтері және оны дұрыс пайдалану.

8.  Бастауыш  мектеп  кезеңіндегі  баланың   жеке   тұлғалық   қасиеттерінің
қалыптасуы.
Жетістікке  жету   мотивациясының   дамуы.   Қарым-қатынас   нормалары   мен
ережелерінің меңгеруі.

9. Жеткіншектің қарым-қатынасының даму ерекшеліктері.
Жеткіншектің тұлғалық дамуындағы әлеуметтік-психологиялық жағдаяттар. Қарым-
қатынастардың  жаңа  типінің  қалыптасуы.Жеткіншек  пен   ересектің   талас-
тартысының себептері.

10. Жеткіншектік кезеңдегі психологиялық жаңа құрылымдар.
Жеткіншектік кезеңдегі психологиялық жаңа құрылымдарды талдау.

11. Ерте жастық кезеңдегі өзіндік сананың дамуы.
Жеке бастың қасиеттерін ұғыну  мен өзін-өзі бағалау. Мен – концепциясы.

12. Ерте ересектік кезеңдегі тұрақтылықтың қалыптасуы.
Аффективті және мотивтік сферадағы тұрақтылықтың қалыптасуы.

13.  Ер  адам  мен  әйел  адамдардың   психологиялық   даму   ерекшеліктерін
салыстыру.
Физикалық, когнитивтік, аффективтік, мотивтік сфералардағы  айырмашылықтарды
салыстыру.

14. Ересектік кезеңдегі дағдарыстар.
Эриксон бойынша ересектік кезеңнің себептері.

15. Өмірлік циклдың аяқталуы.
Өмірлік циклдың аяқталуын мойындаудың сатылары.

    4  СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.
   Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)
1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа  қажетті  нақты  дағдыларға
(іштей  жылдам  оқи   білу,   библиографиялық   дағдылар,   түрлі   анықтама
әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.
2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын,       тиісті
әдебиеттер  мен   құралдардың   болуы   т.б.)   керек   етеді,   ең   дұрысы
кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты  белгілі
жоспармен, жүйемен жасауы керек.
4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан  ақыл-
кеңес алудың пайдасы зор.
5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
6.  Оқыған  материалды  мұқият  ұғатындай  етіп  ұғып,  түсінбеген  жерлерді
қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
7.  Анықтама  әдебиеттерді,  энциклопедияларды,   түрлі   сөздіктерді   қоса
пайдаланып отыру керек.

      Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
         • Жұмыстың көлемін шамадан тыс  асырмай,  оның  сапасын  арттыруға
           көңіл аудару;
         • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс
           ұштастыра білу;
         • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу  қабілетін
           жүйелі түрде дамыту;
         •  Өзіндік   жұмыстың   мазмұнына   күнделікті   өмірден   алынған
           материалдарды, хабарларды енгізу;
         • Студенттерді табиғат пен  қоғам  дамуының  жалпы  заңдылықтарын,
           сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды  өздігінен  талдап
           түсінуге үйрету;
         •  Студенттердің  алған  білімдерін  іс  жүзінде  қолдана   білуге
           дағдыландыру;
         • Студенттерді оқу  жұмысына  шығармашылық  тұрғыдан  қарауға,  әр
           уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
         • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын
           қалыптастыру.

4.2. СӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары
      Жас ерекшелік пстхологиясын зерттеу тарихы.
      Даму жөніндегі теориялар мен тұжырымдамалар.
      Бір жас ағымындағы баланың қозғалыс белсенділігінің дамуы.
      Ерте сәбилік шақтағы сөйлеуді жетілдіру құралдары.
      Балалардың мектепке психологиялық дайындығыныңжеке өзгешеліктері.
      Бастауыш мектеп оқушыларының интеллектуалды дамуына іс-әрекеттің
      негізгі түрлерінің әсері.
      Жеткіншек  және ерте жастық шаққа тән негізгі таным процестерінің
      өзгеруі.
      Жеткіншек  және ерте жастық кезең жалпы және арнаулы қабілеттердің
      дамуының сенсетивті кезеңі ретінде.
           Алғашқы махаббат- ол қалай келеді?
      Ерте ересектік кезеңдегі адамгершілік қасиеттердің қалыптасуы.
      Ересектік кезеңдегі мотивтің өзгеруі.
            Ер және әйел адам өміріндегі дағдарыстардың себептері.
      Гератология мәселелері.




Пәндер