Файл қосу
Халықаралық экономика
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ | |БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК | |УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |ОӘК | | | | |УМКД 042–18-1.1.3/02–2013 | |«Макроэкономика» пәні бойынша |№__ басылым | | |студенттерге арналған пәннің | | | |оқу жұмыс бағдарламасы | | | «Макроэкономика» пәні бойынша 5В051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 5В011500 «Құқық және экономика негіздері» мамандықтары үшін ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ Семей 2013 1. ҚҰРАСТЫРҒАН Қуантқан Б. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Экономика және бизнес» кафедрасының доцент м.а., э.ғ.к. 2. ТАЛҚЫЛАНДЫ 2.1. Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Экономика және бизнес» кафедрасының мәжілісінде Хаттама №1, « 29 » тамыз 2013 жыл Кафедра меңгерушісі ____________ Ш.Д.Жайлаубаева 2.2.Қаржы-экономикалық факультетінің оқу-әдістемелік бюроның мәжілісінде Хаттама № 1, « 5 » қыркүйек 2013 жыл Төраға ____________ С.Х.Тойкин 3. БЕКІТІЛДІ Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып және баспаға ұсынылды Хаттама № 1, « 18 » қыркүйек 2013 жыл ОӘК төрайымы ____________ Г.К.Искакова 4. ЕНГІЗІЛДІ №3 басылым 26.09.2012 №2 басылым орнына Мазмұны 1. Жалпы жағдайлар 2. Пәннің мазмұны және сабақ бойынша сағаттардың бөлінуі 3. Пәнді оқуға арналған әдістемелік нұсқаулар 4. Курс форматы 5. Курс саясаты 6. Баға қою саясаты 7. Әдебиеттер 1 ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАР 1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мағлұмат • Оқытушының фамилиясы, аты, жөні – Қуантқан Б., доцент м.а., э.ғ.к. • Кафедра – «Экономика және бизнес»; • Байланыс ақпараты – тел: 530373, №8 оқу ғимараты, №207 кабинет; • Сабақ өткізілетін орын – сабақ кестесі бойынша; • Пән аты - «Макроэкономика»; • Несие саны – 3; 1.2 Пәннің мазмұнының қысқаша сипаттамасы: «Макроэкономика» курсы — экономиканы бір тұтас жүйе ретінде қарастыра отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттеуге мүмкіндік туғызады. 1.3 Пәнді зерттеудің мақсаты: Осы курстың мақсаты – студентердің алған білімдері олардың ұлттық экономика деңгейдегі экономист ретіндегі болашақ жұмысына негіз қалайды, оларға қазіргі кездегі макроэкономикалық деңгейде болып жатқан құбылыстарды, процестерді сауатты кәсіби деңгейде талдауға мүмкіндік береді. 1.4 Пәнді зерттеудің негізгі міндеттері: Курстың міндеттері - жалпы ұлттық өнім, жалпы ішкі өнім, ұлттық табыс, өндіріс факторлары, тұтыну, жинақ, инвестициялар, тауар және ақша нарықтарындағы макроэкономикалық тепе-теңдік, бюджет және ақша саясаты, экономикалық өсу, ашық экономика модельдері сияқты негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді пайдалану әдістемесіне айрықша назар аудара отырып, магистранттарға заманғы макроэкономикалық талдаудың басты кағидаларын үйрету. 1.5 Оқу нәтижелері: - студент макроэкономиканың негізгі түсініктерін білуі қажет; - студент базалық экономикалық ұғымдарды меңгеруі тиіс; - студент нарықтық әрекет ету жағдайын басқаруға қатысты ұлттық деңгейде шешімдер қабылдау, табыстарды, бағаны болжау дағдысына ұмтылуы қажет. 1.6 Пәннің переквизиттері. - Экономикалық теория; - Микроэкономика; 1.7 Постреквизиттер. - Қаржы; - Ақша, несие, банктер; - Эконометрия; - Халықаралық экономика; 2. ПӘН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫ БӨЛУ Кесте 1 |№ |Тақырып атауы |Сағат саны |Әдебиеттер | | | |Дәрістер|Сараманд|ОЖСӨЖ |СӨЖ | | | | | |ық | | | | |1 |2 |3 |4 |5 |6 |7 | |1 |Макроэкономика пәніне|2 |1 |1,5 |4,5 |7.1.1, | | |кіріспе. | | | | |7.1.2, | | | | | | | |7.1.3, | | | | | | | |7.1.4, | | | | | | | |7.2.1, 7.2.2| |2. |Негізгі |4 |2 |3 |9 |7.1.1,7.1.2,| | |макроэкономикалық | | | | |7.1.3, | | |көрсеткіштер | | | | |7.1.4, | | | | | | | |7.2.1, 7.2.2| |3. |Жиынтық ұсыныс және |4 |2 |3 |9 |7.1.1, | | |жиынтық сұраныс. | | | | |7.1.2, | | |AD-AS үлгісі. | | | | |7.1.3, | | | | | | | |7.1.4, | | | | | | | |7.1.2, | | | | | | | |7.1.3, | | | | | | | |7.2.1, 7.2.2| |4. |Макроэкономикалық |4 |2 |3 |9 |7.1.1, | | |тұрақсыздық. Инфляция| | | | |7.1.2, | | |және жұмыссыздық. | | | | |7.1.3, | | | | | | | |7.1.4, | | | | | | | |7.1.2, | | | | | | | |7.1.3, | | | | | | | |7.2.1, 7.2.2| |5. |Игіліктер нарығы |4 |2 |3 |9 |7.1.1, | | | | | | | |7.1.4, | | | | | | | |7.2.1, 7.2.2| |6. |Ақша нарығы |4 |2 |3 |9 |7.1.1, | | | | | | | |7.1.4, | | | | | | | |7.2.1, 7.2.2| |7. |Тауар және ақша |3 |2 |2,25 |6,75 |7.1.1, | | |нарығындағы | | | | |7.1.4, | | |макроэкономикалық | | | | |7.2.1, 7.2.2| | |тепе-теңдік. IS-LM | | | | | | | |моделі | | | | | | |8. |Ашық экономика. |3 |1 |2,25 |6,75 |7.1.1, | | | | | | | |7.1.2, | | | | | | | |7.1.3, | | | | | | | |7.1.4, | | | | | | | |7.2.1, 7.2.2| |9. |Экономикалық өсу. |2 |1 |1,5 |4,5 |7.1.1, | | | | | | | |7.1.2, | | | | | | | |7.1.3, | | | | | | | |7.1.4, | | | | | | | |7.2.1, 7.2.2| | |Барлығы |30 |15 |22,5 |67,5 | | 3. ПӘНДІ ОҚЫТУ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ Студент өз бетiмен дайындалу үшiн ең бiрiншi осы пәнге арналған оқулықтар мен оқу әдiстемелiк құралдарды пайдалану қажет. Мерзімді басылымдарды, газет, журналдарды негiзге алу керек. Студенттер барлық жұмыстарын берілген уақытта орындап, тапсырулары керек. Кешігіп орындалған жұмыстар сәйкесінше автоматты түрде төмендетіледі. Берілген курстың тақырыптарын қарастырғанда студент сәйкес әдебиеттерді оқулары керек. Бұдан басқа, студентерге келесі мерзімді баспалардағы қосымша материалдарды қарастыру ұсынылады: Транзитная экономика, АльПари, Информационный бюллетень, Әль-Фараби атындағы Қаз ҰУ хабаршысы, Труд в Казахстане, Бизнес в Казахстане, Саясат және т.б. Жұмыстарды орындаған уақытта келесі ережелерді сақтау керек: - Жұмыстардың сұрақтары әдістемелік материалдарда көрсетіледі; - Жұмысты оқушы дәптерінде немесе альбом беттерінде, жазу барысын қатаң сақтай отырып, орындайды. - Жұмыстың басында мазмұнын немесе жоспарын көрсетеді. - Жұмыстың аяғында жұмысты орындаған кезде қолданылған әдебиеерді көрсету қажет. Әдістемелік нұсқауға сай орындалмаған жұмыс қайтарылып беріледі. 4 КУРС ФОРМАТЫ Дәрісханалық дәріс курсы студенттердің білімін жүйелейтін негізгі және маңызды құрал болып табылады. Дәрістер – оқу сабағының бір түрі, оның мақсаты мазмұндалатын пәннің теориялық сұрақтарын логикалық байланыс түрінде қарастыру. Дәрістердің негізгі мәні оқу сабақтарының барлық түрлерінің, оның ішінде суденттердің өздік жұмыстарының сипатын, негізгі мазмұны мен бағыттарын анықтай отырып, ғылыми білімнің негіздерін қалаудан көрінеді.. Берілген пәнді жемісті оқудың басты шарты практикалық-сарамандық сабақтарды өткізу. Практикалық және зертханалық сабақтар – оқу сабақтарының бір формасы, ол оқушының өз бетімен дамуына, дағдылар қалыптастыруына бағытталған. Пән бойынша практикалық сабақтар сарамандық сабақ түрінде өтеді, бұл судентердің ғылыми әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын қалыптастыруға және көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Практикалық (сарамандық) сабақтар жоспар бойынша жүргізіледі, студенттердің сабаққа жүйелі дайындалуын, олардың жауаптарын тыңдауды, теориялық білімдерді есептер мен ситуацияларды шешу арқылы бекітуді талап етеді. Практикалық сабақтар пәннің барынша күрделі сұрақтарын тереңдете оқуға ықпал етіп, студенттердің өздік жұмыстарын қортындылаудың негізгі формасы болып табылады. Осы сабақтар кезінде мәселелерді сауатты анықтап, өздерінің ойлары мен тұжырымдарын еркін білдіруді үйренеді, кәсіпқой біліктілікке үйрететін ситуацияларды қарастырады. Осының бәрі қазіргі заманғы маманға қажетті дағдылар мен білімдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді. «Макроэкономика» курсы пәнін оқу кезінде әрбір студент ОЖСӨЖ орындау керек. Бұл шығармашылық тапсырма, оның бір түрі –эссе болып табылады. Эссе берілген тақырыпқа «прозалық этюд» түрінде болады. Эссенің тақырыбын оқытушы ұсынады, немесе студент ұсынылған тақырыптардан таңдап алады.. оны жазудың мақсаты таңдалынған тақырыпты барынша толық қысқа түрде ашып көрсету. Эссені дайындау үшін студенттен оқу курсы шеңберінде алынған білімді ғана емес, сонымен қатар, арнайы сұрақтарды зерттеу, статистикалық материалдармен жұмыс істеуді, қаржылық нарықтардың қызмет ету мәселелері бойынша пікірталастардың материалдарын зерттеуді, ұлттық және әлемдік экономиканың өзара байланысы мен қатынасын, сондай-ақ, осы қарастырылатын тақырыпқа байланысты жалпы мәселелерді түсінуді талап ететін сұрақтар беріледі. Студент пәнді меңгеру барысында СӨЖ орындайды. Келесі СӨЖ тақырыптары ұсынылады. 1 Макроэкономикалық үлгілердің экономикалық мәні 2 Экзогенді және эндогенді айнымалылардың сипаты 3 Ұлттық есепшот жүйесінің мазмұны 4 Макроэкономикалық көрсеткіштер 5 Номиналды және нақты шамалардың сипаты 6 Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдіктер 7 Экономикалық цикл және оның фазаларының сипаттамасы 8 Жұмысшы күшінің экономикалық мәні 9 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары 10 Мемлекеттік жұмыссыздықпен күресу шаралары 11 Инфляцияға қарсы мемлекеттің саясаты 12 Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныстың мәні 13 «AD-AS» үлгісі 14 Тұтыну функциясының мәні 15 Мультипликатор және акселератордың экономикалық мазмұны 16 Ақша массасы және ақша агрегаттары 17 Баумоль-Тобин үлгісі 18 Фискалдық саясаттың мақсаттары 19 Салықтың экономикалық қызметі 20 Монетарлық саясаттың мақсаттары мен құралдар 21 Қазақстанның банктік жүйесінің дамуы 22 Игіліктер және ақша нарықтарындағы тепе-теңдік 23 IS және LM қисықтарының құрылуы 24 Ынталандыратын қазыналық саясаттың ұлттық табысқа әсері. 25 Экономикалық өсудің факторлары 26 Е.Домар мен Р.Харрод үлгісі 27 Солоу үлгісі 28 Девальвация және ревальвацияның экономикалық мәні 5 КУРС САЯСАТЫ Қатысу: Аудиторлық уақытқа дәрістер, оқылған материалдарды талдау, әртүрлі жатығуларды орындау уақыт кіреді. Әрбір сабаққа студент негізгі және қосымша әдебиеттерге сәйкес дайындалуы қажет. Бақылау жұмысына қатыспаған немесе кешігіп келген студенттерге бірден 0 балл қойылады. Бақылау жұмысын қайа тапсыру қарастырылмаған. Студентерге дәріс, семинар сабақтарына қатысу міндетті. Әрбір дәрісті өту барысында негізгі ұғымдар беріліп, түсіндіріледі. Дәріс кезінде студент осы ұғымдарды анықамасы және түсіндірумен бірге жазып алулары керек. Егер студент қандай да бір себептермен сабақтан қалса, онда дәріс материалын басқа студенттен көшіріп алуы керек. Оқытушы дәрістен басқа уақытта студенттерге дәріс материалын беруге міндетті емес. Егер суденттер қандай да бір мәселені ұқпаса, оқытушыдан қосымша түсіндіруін сұрай алады. Студенттердің Семей қаласы Шәкәрім атындағы МУ компьютер класын пайдаланып, кітапханада дайындалып, бекітілген ережелерге сәйкес үйге кітап алуға мүмкіндіктері бар. Тәртіп : Сабақ уақытында тәртіпті жүйелі бұзған студентті аудиториядан шығару немесе пәннің курсына «қанағаттанарлықсыз» баға қоюмен қатар басқа шаралармен жазаланады. Байланыс құралдарын пайдалануға болмайды. Межелік бақылау: Межелік бақылау қорытындысы сабаққа қатысу, берілген тапсырмаларды уақытында орындау, практикалық сабақтағы студенттің жазбаша және ауызша жауаптарын, сонымен қатар межелік бақылау нәтижесін ескеру арқылы қойылады. Көшіру және плагиат: Кез келген көшіру немесе плагиат (басқа студенттердің дайын жұмыстарын көшіру, қолдану) «қанағаттанарлықсыз» бағамен бағаланады. Емтихан: Қорытынды емтиханға жіберілген барлық студенттер емтиханды дәстүрлі түрде тапсырады. Әрбір билетте оқылған курстың бөлімдері бойынша сұрақтар болады. 6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ «Макроэкономика» пәні бойынша баллдың бөліну Кесте 2 |Жұмыс түрлері |Баллдар | |Семинар сабағында жауап беру ((15*6)+6+(12*7)) |180 | |ОЖСӨЖ тапсырмасын орындағаны үшін (әрбір ОЖСӨЖ |90 | |тапсырмасы максималды 15 балл, барлығы 6 ОЖСӨЖ | | |тапсырма) | | |СӨЖ тапсрымаларын орындау (әрбір СӨЖ тапсырмасы |130 | |максималды 35 балл, барлығы 4 СӨЖ тапсырма) | | |Межелік бақылау – 1 аралық бақылау бойынша – 70 балл |140 | |және 2 аралық бақылау бойынша - 70 балл) | | |Барлығы : |540 | Баллдардың апталар бойынша бөлінуі Кесте 3 |Балл | Апта |Барлығ| |түрінде | |ы | | |1 |2 |3 | |1 |2 |3 |4 | |А |Өте жақсы |4.00 |95-100 | |А- |Өте жақсы |3.67 |90-94 | |В+ |Жақсы |3.33 |85-89 | |В |Жақсы |3.00 |80-84 | |В- |Жақсы |2.67 |75-79 | |С+ |Қанағаттанарық |2.33 |70-74 | |С |Қанағаттанарық |2.00 |65-69 | |С- |Қанағаттанарық |1.67 |60-64 | |D+ |Қанағаттанарық |1.33 |55-59 | |D |Қанағаттанарық |1,00 |50-54 | |F |Қанағаттанарсыз |0.00 |0-49 | |I |Аяқталмаған |NA |- | |P |Пәнді өтті |- |Өтті | Студенттерге аттестатция нәтижесі қалай шығарылатындығын оқытушылыр барынша толық түсіндіреді. 7.ӘДЕБИЕТТЕР 7 .1 Негiзгi 7.1.1 Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика : Оқу құралы/ М. Ә. Тілеужанова. -Алматы: Экономика, 2008. -512 б. 7.1.2 Мамыров Н. Қ. Макроэкономика : окулық/ Н. Қ. Мамыров, М. Ғ. Тілеужанова. -Алматы: Экономика, 2003. -432 с. 7.1.3 Темірбекова А.Б. Экономикалық теория: Оқу құралы. – Алматы: «Экономика», 2008. 7.1.4 Қуантқан Б. Макроэкономика. Оқу құралы. – Семей. 2012. 7.2 Қосымша 7.2.1 Базылев Н. И. Макроэкономика : учебное пособие/ Н. И. Базылев. -Минск: Современная школа, 2007. -288 с. 7.2.2 Макроэкономика: учебник/ ред. : А. А. Абишев. -Алматы: Экономика, 2007. -666 с. 7.2.3 Агапова Т.А., Серегина С.Г. Макроэкономика: Учебник 3-е изд./ Под. общ. ред. д.э.н., профессор А.В. Сидоровича. - М.: МГУ им. М.М. Ломоносова, Изд. "Дело и Сервис", 2000. - 416 с. 7.2.4 Гальперин В.М. и др. Макроэкономика: Учебник / Общ. ред. Л.С. Тарасовича.- 2-е изд., перераб. и доп. - СПб.: СПб ГУЭФ, 1999.- 719 с. 7.2.5 Дорнбуш Р., Фишер С. Макроэкономика: Пер. с англ. -М.: ИНФРА-М, 1997. - 784 с. 7.2.6 Сапарбаев Ә.Ж. Экономика негіздер сызбаларда және кестелерде: Оқу құралы /Ә.Ж.Сапарбаев, А.Т.Мақұлова, В.Д.Шәріпова. -Алматы: Бастау, 2008, -343б. 7.2.7 Корниенко О. В. Деньги. Кредит. Банки: учебное пособие/ О. В. Корниенко. - Ростов н/Д: Феникс, 2008. - 347 с. 7.2.8 Сейткасимов Г. Банковская система Казахстана : учебное пособие/ Г. Сейткасимов, Ж. Бекболатулы, С. Каримжанов. -Алматы: Экономика, 2008. -185 с. 7.2.9 Тастандиева Н. Б. «Макроэкономика» курсы бойынша MacroSolve ver. 3.01 қолданбалы бағдармалар ортасындағы зертханалық жұмысты орындау жөніндегі оқу құралы: оқу құралы/ Н. Б. Тастандиева. -Алматы: Экономика, 2004. -94 б. 7.2.10 Утибаев Б. С. Государственный бюджет : учебник/ Б. С. Утибаев. -Алматы: Экономика, 2006. -412 с. 7.2.11 Ивашковский С.Н. Макроэкономика: Учебник-М.: Дело, 2000,- 472 с. 7.2.12 Тарасевич Л.С., Гребенников П.И., Леусский А.И. Макроэкономика: Учебник. - 5-е изд. испр. и доп. - М.: Юрайт - Издат, 2004. - 654 с. 7.2.13 Мэнкью Н.Г. Принципы макроэкономики - 2-е изд. СПб: Питер, 2003 - 576 с. 7.2.14 Бротский Б.Е. Лекции по макроэкономике переходного периода: Изд. Дом ГУ ВШЭ, 2005 - 233 с. 7.2.15 Бункина М.К. Семенов В.А. Макроэкономика (Основы экономической политики): Учебник - М.: ДИС, 1997.- 320 с. 7.2.16 Баймуратов У. К. Национальная экономическая система - Алматы: Ғылым, 2000 536 с. 7.2.17 Макроэкономика: Уч. пособия/ Под.ред. И.П. Николаевой - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2002 - 219 с. 7.2.18 Государство и бизнес в 4-х кн. Кн.1 Государство, предпринимательство и общество: учебник/ Н. К. Мамыров [и др.]. - Алматы: Экономика, 2002. - 452 с. 7.2.19 Торегожина М.Б. Государственной регулирование экономики : курс лекций/ М. Б. Торегожина. -Алматы: Экономика, 2007. -206 с. 7.2.20 Микро-,макроэкономика: практикум/ ред.: Ю. А. Огибин. -2-е изд., испр. и доп. -СПб.: Литера плюс Санкт-Петербург оркестр, 1997. -512 с.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz