Файл қосу

Аккредиттеу жөніндегі техникалық комитеттер



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                                                   |
|БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                                                |
|СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ                                            |
|МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                                                    |
|СМЖ 3-деңгейдегі құжаты  |ПОӘК                 |                            |
|                         |                     |ПОӘК 042–18-9.1.40/03-2014  |
|«Аккредиттеу және салалар|18.09.2013 ж.        |                            |
|бойынша өнімнің сапасын  |№ 1 басылымның орнына|                            |
|басқару» пәнінің         |                     |                            |
|оқу-әдістемелік          |11.09.2014 ж.        |                            |
|материалдары             |№ 2 басылым          |                            |







                        ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                  6М073200 «Стандарттау және сертификаттау
                    (салалар бойынша)» мамандығы бойынша
                      «Аккредиттеу және салалар бойынша
                      өнімнің сапасын басқару» пәнінен

                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР







































                                    Семей


                                     2014







                                   Мазмұны



    |1.  |Дәрістер …..……………………………………………………………..                             |4   |
|2.  |Тәжірибелік сабақтар ………………………………………………….                         |4   |
|3.  |Студенттердің өзіндік жұмыстары                                   |5   |



                                 1 Дәрістер



          1 дәріс.  Аккредиттеудің өнімнің бәсекеге қабілеттілігін


                              арттырудағы ролі


      Дәрістің мазмұны:
      1 Аккредиттеу ұғымы
      2 Аккредиттеудің нормативтік-құқықтық негіздері


      Дәрістің қысқаша конспектісі

      Аккредиттеу термині латын тілінен «сенімділік тудыру»  деп аударылады.
Басында аккредиттеу ұғымы  халықаралық  құқық  жүйесінде  қолданған  болатын
және аккредиттеу деп  елдің  шетел  жанындағы  немесе  халықаралық  ұйымдағы
өкілге жіберген мемлекет жағынан сенімділік тудыру және  екінші  мемлекеттің
оны қабылдау (құзыретін растау) процедурасын  айтатын.  Сондац-ақ  бұл  ұғым
халықаралық  ұйымдар  жанында  жұмыс  істейтін  тілшілерді  таныстыру   және
олардың құзыретін мойындау процедурасы үшін қолданылады.
      Бара-бара бұл терминді қолдану аясы кеңейе түсті.
      Қазіргі кезде аккредиттеу процедурасы;
      - білім беру мекемелері;
      - өкілдіктер;
      - журналистер;
      - зертханалар;
      - сәйкестікті растау жөніндегі органдар;
      - сынақ зертханалары үшін қолданылады.
      Соңғы үш саланы  біріктіріп  сәйкестікті  бағалау  саласы  деп  айтуға
болады.  Сондықтан   бұл   саладағы   аккредиттеуді   «Сәйкестікті   бағалау
саласындағы аккредиттеу» дейді.
      Халықаралық  құқық  жүйесінде  дипломатиялық   өкілдікті   аккредиттеу
процедурасына қабылдайтын мемлекеттің (немесе  халықаралық  ұйымның)  тиісті
органдары  немесе  ресми  тұлғасына  басқа  мемлекеттің  өкілінің  құзіретін
растайтын құжатты (актты) тапсыру рәсімі кіреді.
      Ұлттық құқық жүйесінде аккредиттеу деп мемлееттік органдармен  әртүрлі
субъектілердің  (білім  беру  мекемелерінің,  ғылыми  ұйымдардың,   медицина
мекемелерінің, коммерциялық банктердің және т.б.) ерекше құзіретін  мойындау
(растау) процедурасын айтады.
      Негізгі мәні бойынша акктедиттеу  ө  құзіреттілікті  ғылыми-техникалық
және ұйымдық – құқықтық жағынан өңдеу (құжаттау! Болып табылады.
      Білім беру саласында аккредиттеу – білім беру сапасына жан жақты  баға
беру процесі болып табылады. Оқу орнының  аккредиттелген  болуы  талапкерлер
және олардың ата-аналары жағынан сенімділік тудырады  және  жқмыс  берушінің
аккредиттелген мамандық бойынша  оқып  шыққан  маман  алып  шыққан  білімнің
толықтығына сенімділік болуына жағай жасайды.
      Жалпылап айтқанда аккредиттеу – заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің
белгілі салада  жұмыстарды  атқаруға  құзіреті  бар  екендігін  ресми  түрде
мойындау болып табылады.
       Журналистика  саласында  аккредиттеу  тілшілер  мен  үкмет   өкілдері
арасындағы қатынастарды реттейді.
      Сәйкесікті бағалау саласында  бастапқы  кезеңде  аккредиттеу  бір  рет
жасалған сынақтарды қайта жасамау  мақсатында  енгізілген   болған.  Қазіргі
күнде аккредиттеу мақсаты болып сәйкестікті  бағалауды  қайталамау,  бағалау
жөніндегі органдардың біліктілігіне  оларды  аккредиттеу  арқылы  сенімділік
тудыру табылады.
      Зертханалар үшін аккредиттеу – тапсырыс  берушілердің  сенімді  сынақ,
өлшеу  және  калибрлеу  қызметін  көрсететін  зертханаларды  таңдап   алуына
жәрдемдесетін процедура болып табылады.
      Зертханаларды  аккредиттеу,  сонымен  бірге  сауда  және  экономиканың
дамуына   септігін   тигізеді.   Өйткені   бірыңғай   тәсілдеме    негізінде
жүргізіледі.  Барлық елдердің  бірдей  сынау  және  өлшеуәдістерін  қолдануы
аккредиттелген зертханадан  шыққан  мәліметтер  тауарлардың  сыртқы  нарыққа
шығуын және онда өтімді  болуын,  яғни  бәсекеге  қабілеттілігін  қамтамасыз
етеді.
      Аккредиттеудің нормативтік-құқықтық негізі:
      - «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» ҚР Заңы;
      - «Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңы;
      - «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңы;
      - «Аккредиттеу жөніндегі органды белгілеу туралы» 27.08.2008 ж. № 773
        ҚР Үкіметінің Қаулысы;
      - ҚР СТ ИСО/МЭК 17011-2006 «Сәйкестікті бағалау жөніндегі  органдарды
        бғалау және аккредиттеу органдары. Негізгі талаптар.»
      - ILAK, IAF, EA ұйымдарының халықаралық құжаттары.
      Аккредиттеу критерийлері төмендегі стандартарда берілген:
      - сынақ, салыстырып тексеру және калибрдеу зертханалары үшін – ҚР  СТ
        ИСО/МЭК 17025-2007;
      - өнімдірдің сәйкестігін растау  жөніндегі  органдар  үшін  -  ҚР  СТ
        ИСО/МЭК 65-2001;
      - персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органдар  үшін  -  ИСО/МЭК
        17024-200-3 (ҚР СТ 1349-2005).
      Фирмада шығарылған өнім шетелдерде  сұранысқа  ие  болады,  егер  оның
сапасын растаушы сертификат беделгі, аккретиттеуден өткен  стандарттау  және
сертификаттау органымен берілген, яғни сертификациялық  сынақтар  шетелдерде
беделі бар аккредиттелген зертханада  жүргізілген болса.
      Аккредиттеу  құзыреттілікті,  ал  сертификат  нормативтік  құжаттардың
(стандарттардың) талаптарына сай екендікті көрсетеді.
      Аккредиттеу алынған нәтижелердің  сенімділіген  көрсетеді.  Зертханаға
сенімділік  тудырады  және  олардың  қызметінің  мойындалуы  үшін  жағдайлар
тудырады.



      Бақылау сұрақтары:
      1 Аккредиттеу қандай салалар үшін қолданылады?
      2 Аккредиттеудің маңыздылығы?
      3  Аккредиттеудің  нормативтік-құқықтық  негіздерін  қандай   құжаттар
құрайды?

      Қолданыладын әдебиеттер:


      Негізгі
      1  Основы  стандартизации,  метрологии,  сертификации  и   менеджмента
качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А.  Тазабекова  –  Алматы.:
Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003.  – 564 с.
      2  Лифиц  И.М.  Основы  стандартизации,  метрологии  и   сертификации:
Учебник. – М.:  Юрайт, 2000. – 285 с.
      3  Крылова  Г.Д.  Основы  стандартизации,  сертификации,   метрологии:
Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.–  711
с.


      Қосымша
      1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана,
2008
      2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі
ережелер
      3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.
Сертификаттау  жөніндегі  органдарды,   сынау,   салыстырып   тексеру   және
калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі
      4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау
зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар
      5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.
Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар
      6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы
/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р.  Сыздықов,  Л.И.  Сыздықова.  –  Алматы:
Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.
      7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:
Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.
      8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и
качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.



                   Лекция 2. Аккредиттеудің даму кезеңдері


      Аккредиттеу ертеден Австралия  мемлекетіндезертханалардың  практикалық
жұмысымен байланысты пайда болды. Сәйкстікті  бағалаудың  барлық  түрлері  –
сапа   менеджменті   жүйесін   сертификаттау,   кәсіпорындарды   экологиялық
стандарттарға сәйкесікке  сертификаттау,  персоналды  сертификаттау,  өнімді
сертификаттау,  өлшем   құралдарын   калибрлеу,   сынау   және   бақылау   –
аккредиттеуден өткен ұйымдардың көмегіиен жүхеге асырылады.
       Сертификаттау  жүйесі  аккредиттеумен   тығыз   байланысты,   өйткенә
аккредиттеу арқылы сертификаттау жөніндегі органның құзыреттілігі  расталады
және оның қызметіне сенімділік тадырады.
      Сәйкестікті бағалау  субъектілері  (сертифиакттак  жөніндегі  органдар
мен  сынақ  зертханалары)  міндетті  түрде   аккредиттелген   болуы   керек.
Аккредиттеу тәртібін техникалық реттеу және метрология  жөніндегі  уәкілетті
орган (Мемстандарт) орнатады.
      Алғашқы болып 1947 ж. Австралияда аккредиттеу жөніндегі ұлттық органды
құрылды. Оның жұмысы:
      -   жақсы (оң) тәжірибе алу мақсатында стандарттар белгілеу;
      -  стандарттарға сәйкес келетін зертханаларды анықтау;
      -  зертханалардың құзыреттілік деңгейін көтеруге үшін талаптар әзірлеу
бағыттарында жүргізілді.
      Содан кейін әртүрлі мемлекеттерде ұлттық органдар ашыла бастады.
      1964 ж. – Ұлыбританияда калибрлеу жүйесі құрылды.
      1970 ж. – АҚШ, Ұлыбританияда  аккредиттеу  жөніндегі  ұлттық  органдар
құрылды.
      1972  ж.  –  Жаңа  Зеландияда,  Данияда  ішкі  даму   және халықаралық
сенімділікке ие болу мақсатында  ұлттық  аккредиттеу  жүйесі  қалыптастырыла
бостады. 
      1980 ж. – Францияда, Голландияда,  Швецияда  және  өзге  де  еуропалық
елдерде, Гонконгте аккредиттеу жөніндегі ұлттық органдарды құрылды
      1990 ж. –  қалған  елдерде  аккредиттеу  жөніндегі  ұлттық  органдарды
құрыла бастады.
      Қазіргі кезде тек Дания, Швейцария, Жапония, Австралия, Норвегия  және
Финляндияда  бір  ғана  қлттық  аккредиттеу  жүйесі  жұмыс   істейді.   Өзге
мемлекеттерде бірнеше жүйе қалыптасқан, әсіресе  АҚШ-та  көп  санды  жүйелер
жұмыс істейді.
      Аккредиттеу    жүйелерінің    көптігі     халықаралық     экономикалық
байланыстарда,  сәйкестікті  бағалау  облысындағы  қарым-қатынастарға   әсер
ететін қиыншылықтардың пайда болуына апарып соғады. Осы  орайда  аккредиттеу
ережелерін  сәйкестендіру  б,ртұтас  қлттық   жүйелерді   құру   тенденциясы
қалыптасып  келеді.  Бұл  шаралар  ақырында  аккредиттеу  нәтижелерін  өзара
мойындауді жеңілдетуі керек.
      Зертханаларды   аккредиттеу   кезінде   арнай   жасалған    техникалық
құзіреттілікті бағалау үшін критерийлер мен процедуралар қолданылады.
      Сынақ нәтижелеріне ықпал ететін барлық факторларды эксперттік  бағалау
бүкіләлемдік деңгейде сынақ зертханаларын бағалау үшін қолданылатын  ИСО/МЭК
17025 халықаралық стандарты негізінде жүргізіледі.
      Қазақстан    Республикасында    аккредиттеу    критерийлері    ИСО/МЭК
нұсқаулықтарында, ТМД  мемлекеттері  арасындағы  аккредиттеу  облысында  жан
жақты    ынтымақтастық    туралы    Меморандумда    жазылған     талаптармен
гармонизацияланған.
      Аккредиттеу критерийлері Қазақстан Республикасының ұлттық стандартында
ИСО,  EN  стандарттары,  ИСО/МЭК   органымен   аккредиттеу   субъектілерінің
ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген нормативтік құжаттарда  бекітілген.
      2001-  жылға   дейін  қолданылған  сынақтарды   аттесттациядан   өткен
зертханаларда жүргізу практикасы Қазақстан  Республикасы  заңнамасына  қайшы
келетін болды, өйткені  техникалық  құзыреттілік  тек  аккредиттелген  сынақ
зертханаларымен расталуы керек. Осыған орай Мемстандарттың 27.06.2001  жылғы
№ 225- бұйрығы бойынша сынақ зертханаларын аттестациялауға тиым салынды.
      Қазіргі Қазақстан Республикасының  заңнамасы  және  техникалық  реттеу
және метрология жөніндегі Мемлекеттік жүйесінің негізін қалаушы  нормативтік
құжаттары бойынша (бұл құжаттар халықаралық және  еурорпалық  стандарттармен
гармонизацияланған  деп  жоғарыда  айтып  кеткенбіз)  аккредиттеуді  жүргізу
кезінде төмендегі жұмыстар атқарылады:    
      - өтінім беруші ұйымның техникалық құзыреттілігін эксперттік  бағалау,
оның ішінде аккредиттеу материалдарын сарасптау,  сәйкестігін  тексеру  және
техникалық құзыреттілігін  анықтау.  Бұл  жұмыстарды  фирманы  аккредиттеуге
дайындаушы ұйымдар жүргізеді;
      - аккредиттеу, аккредиттелгені туралы  аттестат  бері,  аккредиттеуден
өткен  ұйымдардың  тізілімін   жүргізу,   аккредиттеуден   өткен   ұйымдарды
мемлекеттік бақылау. Бұл  жұмыстарды  Мемстандарттың  аккредиттеу  жөніндегі
органы жүргізеді.
             Аккредиттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері
      Аккредиттеудің негізгі мақсаттары болып төмендегі мақсаттар табылады:
      1) өнімнің,  процестердің,  көрсетілетін  қызметтің  қауіпсіздігі  мен
сапасы мәселелерінде тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
      2) отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
      3) сәйкестікті бағалаудың сапасы мен дәйектілігін арттыру;
      4) саудадағы техникалық кедергілерді жою;
      5)   отандық   өнімнің   сыртқы   нарыққа   шығуына   және   Қазақстан
Республикасының аккредиттеу субъектілерінің  жұмыс  нәтижелерін  халықаралық
ұйымдардың және шет елдердің тануына жағдайлар туғызу.
      Аккредиттеу төмендегі принциптерді қолданады:
      1) еріктілік;
      2) аккредиттеу рәсімдері, критерийлері туралы ақпаратқа қолжетімділік;
      3) сәйкестікті бағалау  саласындағы  аккредиттеу  жөніндегі  қызметтің
ашықтығы;
      4) кемсітушілікке жол бермеу;
      5) құзыреттілік;
      6) аккредиттеу жүйесінің бірлігі мен тұтастығы;
      7) тәуелсіздік;
      8)  аккредиттеу  жөніндегі  қызметті  сәйкестікті  бағалау   жөніндегі
қызметпен қоса атқаруға жол бермеу;
      9) аккредиттеуді жүзеге асыру кезінде халықаралық (өңірлік) ұйымдардың
стандарттарын пайдалану басымдығы болып табылады.

      Қолданыладын әдебиеттер:

      Негізгі
      1  Основы  стандартизации,  метрологии,  сертификации  и   менеджмента
качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А.  Тазабекова  –  Алматы.:
Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003.  – 564 с.
      2  Лифиц  И.М.  Основы  стандартизации,  метрологии  и   сертификации:
Учебник. – М.:  Юрайт, 2000. – 285 с.
      3  Крылова  Г.Д.  Основы  стандартизации,  сертификации,   метрологии:
Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.–  711
с.


      Қосымша
      1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана,
2008
      2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі
ережелер
      3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.
Сертификаттау  жөніндегі  органдарды,   сынау,   салыстырып   тексеру   және
калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі
      4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау
зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар
      5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.
Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар
      6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы
/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р.  Сыздықов,  Л.И.  Сыздықова.  –  Алматы:
Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.
      7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:
Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.
      8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и
качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.

      Лекция 3.  Қазақстан Республикасы акктедиттеу жүйесінің құрылымы
       
      Қазақстан Республикасы акктедиттеу жүйесінің құрылымдық элементтері.
      Қазақстан  Республикасы  аккредиттеу   жүйесі   төмендегі   құрылымдық
элементтерден құралады:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
      2) уәкілетті орган;
      3) аккредиттеу жөніндегі орган;
      4) аккредиттеу субъектілері;
      5)  аккредиттеу,  сәйкестікті   растау   жөніндегі,   өлшем   бірлігін
қамтамасыз  ету  саласындағы  сарапшылар-аудиторлар,  техникалық  сарапшылар
кіреді.
      Енді осы құрылымдық элементтерді жеке қарастырайық. 
      Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  сәйкестікті   бағалау   саласында
аккредиттеу аясындағы құзыретіне:
      1) аккредиттеу саласындағы мемлекеттік  саясаттың  негізгі  бағыттарын
әзірлеу;
      2) аккредиттеу жөніндегі органды айқындау жатады.
      Уәкілетті орган болып  Қазақстан  Республикасы  Индустрия  және  сауда
министрлігі  Техникалық  реттеу  және  метрология   комитеті   (Мемстандарт)
табылады
      Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
      1) аккредиттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
      2) аккредиттеу жөніндегі органды айқындау немесе  оны  осы  мәртебеден
айыру жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
      3)   Қазақстан   Республикасының   сәйкестікті   бағалау   саласындағы
аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
      Аккредиттеу жөніндегі орган  мен  аккредиттеу  субъектілері  Қазақстан
Республикасы акктедиттеу жүйесінің  құрылымдық  элементтері  ретінде  алдағы
лекцияларда қарастырылады.
      Аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі, өлшем  бірлігін  қамтамасыз
ету саласындағы сарапшылар-аудиторлар және техникалық сарапшылар:
      1.  Аккредиттеу,  сәйкестікті   растау   жөніндегі,   өлшем   бірлігін
қамтамасыз ету саласындағы сарапшылар-аудиторлар және техникалық  сарапшылар
осы Заңға  сәйкес  сәйкестікті  бағалау  саласындағы  аккредиттеу  жөніндегі
жұмыстарды жүргізуге қатысады.
      2.  Аккредиттеу,  сәйкестікті   растау   жөніндегі,   өлшем   бірлігін
қамтамасыз ету саласындағы сарапшылар-аудиторлар және техникалық  сарапшылар
өз қызметін еңбек не азаматтық-құқықтық шарттың негізінде жүзеге асырады.
      «Сәйкестікті  бағалау  саласындағы   аккредиттеу   туралы»   Қазақстан
Республикасы Заңын ың 4-бабында  көрсетілгендей,  ҚР  аккредиттеу  жүйесінің
құрылымына аккредиттеу жөніндегі орган кіреді.
      Аккредиттеу жөніндегі орган:
      1) мыналарға:
      аккредиттеу, сәйкестікті растау жөніндегі, өлшем  бірлігін  қамтамасыз
ету саласындағы сарапшылар-аудиторларды, техникалық сарапшыларды және  басқа
да мамандарды аккредиттеу жөніндегі жұмыстарға қатысуға тартуға;
      аккредиттеу жөніндегі  халықаралық  (өңірлік)  мемлекеттік  емес  және
үкіметтік емес ұйымдар жұмысына қатысуға;
      өлшем  құралдарының  салыстырма  сынақтарын  және  оларды   салыстырып
тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыруды ұйымдастыруға;
      инспекциялық тексеру жүргізуге құқылы;
      2) мыналарға:
      аккредиттеу  аттестатының,  аккредиттеу   аттестатына   қосымшалардың,
аккредиттеу белгісінің нысандарын белгілеуге;
      аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге;
      аккредиттеу  жөніндегі  жұмыстарды  жүргізу  кезінде  белгілі   болған
коммерциялық   немесе   заңмен   қорғалатын   өзге   де   құпияны   құрайтын
мәліметтердің жария болуына жол бермеуге;
      аккредиттеу субъектілерінің тізілімін жүргізуге;
      веб-сайтты жүргізуге, онда аккредиттеу субъектілерінің тізілімін ресми
жариялауға  және  сәйкестікті  бағалау  саласындағы  аккредиттеу   жөніндегі
нормативтік құқықтық актілерді орналастыруға;
      аккредиттеу субъектілерінің шағымдарын қарауға және олар бойынша шешім
қабылдауға;
      аккредиттеу аттестаты  кері  қайтарып  алынған  немесе  аккредиттеуден
кейінгі шарт тоқтатылған жағдайда бұл  туралы  уәкілетті  органға  үш  жұмыс
күні ішінде жазбаша түрде хабарлауға;
      аккредиттеу  аттестатын  қайта  ресімдеу,  аккредиттеу   материалдарын
жаңарту туралы өтінімдерді қарауға;
      аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алуға, қайтаруға және  осы  Заңда
көзделген негіздер бойынша және тәртіппен аккредиттеу аттестатын жою  туралы
өтінішпен сотқа жүгінуге міндетті.


      Аккредиттеу материалдарын қарау және олар  бойынша  шешімдер  қабылдау
үшін аккредиттеу жөніндегі орган  басшысы  аккредиттеу  материалдарын  қарау
жөнінде  тұрақты  жұмыс  істейтін  комиссия   құрады.   Комиссия   шешімдері
ұсынымдық сипатта болады.
      Комиссияның сандық құрамы тақ болуға, үш  адамнан  кем  болмауға  және
кемінде аккредиттеу жөніндегі бір сарапшы-аудиторды қамтуға тиіс.


      Қолданылатын әдебиеттер:


      Негізгі
      1  Основы  стандартизации,  метрологии,  сертификации  и   менеджмента
качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А.  Тазабекова  –  Алматы.:
Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003.  – 564 с.
      2  Лифиц  И.М.  Основы  стандартизации,  метрологии  и   сертификации:
Учебник. – М.:  Юрайт, 2000. – 285 с.
      3  Крылова  Г.Д.  Основы  стандартизации,  сертификации,   метрологии:
Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.–  711
с.


      Қосымша
      1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана,
2008
      2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі
ережелер
      3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.
Сертификаттау  жөніндегі  органдарды,   сынау,   салыстырып   тексеру   және
калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі
      4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау
зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар
      5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.
Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар
      6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы
/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р.  Сыздықов,  Л.И.  Сыздықова.  –  Алматы:
Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.
      7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:
Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.
      8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и
качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.


                   Лекция 4.    Қазақстан Республикасының
                         Ұлттық аккредиттеу орталығы
       
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 27-  тамызындаға  №  773
Қаулысымен    Қазақстан  Республикасы  Индустрия  және   сауда   министрлігі
Техникалық реттеу және метрология комитеті ЖШС «Ұлттық аккредиттеу  орталығы
(ҰАО)» Қазақстан Республикасы сәйкестікті  бағалау  саласындағы  аккредиттеу
жөніндегі органы ретінде белгіленген.
      Ұлттық  аккредиттеу  орталығы   өз   қызметін   «Сәйкестікті   бағалау
саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының  Заңын  басшылыққа
ала отырып жүзеге асырады.
      Ұлттық аккредиттеу орталығының негізгі міндеттері болып табылады: 
      -  халықаралық  стандарттарға  сәйкес  сәйкестікті  растау   жөніндегі
органдарын және сынақ зертханаларын аккредиттеу;
      - Қазақстан Республикасы аккредиттеу субъектілерінің жұмыс нәтижелерін
халықаралық ұйымдармен және шетелдерде тану үшін жағдай жасау.
      НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ:
      - аккредиттеудің халықаралық жүйесіне көшу;
      -   аккредиттеу   саласында   заңнамалық   және   нормативтік   базаны
қалыптастыруға қатысу;
      - халықаралық стандарттарға сәйкес зертханалар және сәйкестікті растау
органдарының жүйесін дамыту;
      - ILAC, IAF  аккредиттеу  жөніндегі  халықаралық  ұйымдарына  және  ЕА
өңірлік ұйымының толық мүшелігіне ену.
      ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
      - сәйкестікті растау жөніндегі органдарын,  сынақ,  салыстырып-тексеру
(калибрлеу) зертханаларын аккредиттеу ;
      - сәйкестікті растау жөніндегі органдарын,  сынақ,  салыстырып-тексеру
(калибрлеу) зертханаларын инспекциялық тексеру;
      - аккредиттелген субъектілер  тізілімін  енгізу,  мүдделі  тараптардың
өтініштері бойынша ақпарат ұсыну;
      - салыстыру сынақтарын жүргізу;
      - аккредиттеу саласында  халықаралық  және  өңірлік  ұйымдармен  өзара
қызмет ету;
      - аккредиттеу саласында нормативтік құжаттар жобасын әзірлеу;
      - аккредиттеу саласында мамандар даярлау және біліктіліктерін арттыру;

      - аккредиттеу және сәйкестікті  бағалау  мәселелері  жөнінде  семинар,
конференция ұйымдастыру және жүргізу.
       АККРЕДИТТЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ:
       - тұтынушылардың сынақ, өлшеу және қазақстандық аккредиттеу  жүйесіне
  сәйкес сертификаттардың нәтижелеріне сенімдері;
       - саудада техникалық тосқауылдарды болдырмау;
       -   халықаралық   келісімдер   жүйесінің   көмегімен   аккредиттелген
  зертханалар шет елдерде олардың мәліметтерінің  қолайлығын  жеңілдететін,
  халыаралық тану нысандарына ие  болады.  Ол  басқа  елдерде  қайта  сынау
  қажеттілігін  төмендету  немесе  жою   есебінен,   сондай   зертханаларда
  өздерінің  бұйымдары  немесе  материалдарын  сынайтын,  өндірушілер   мен
  экспортқа шығарушылардың шығындарын төмендетеді.
         ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ:  
       -  МС  ИСО/ХЭК  17025   талаптарына   сәйкес   аккредиттелген   сынақ
  зертханаларының жүйесін дамыту;
       - МС  ИСО/ХЭК  17025  талаптарына  сәйкес  калибрлеу  зертханаларының
  жүйесін құру;
       - МС  ИСО/ХЭК  62,  65,  66  талаптарына  сәйкес  сәйкестікті  растау
  органдарының жүйесін дамыту;
       - ұлттық аккредиттеу жөніндегі органның жетекші  сарапшы-аудиторларын
  оқыту;
       - ILAC және IAF аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдарына ену;
       -   жетекші   бағалаушылардың   ұлттық   аккредиттеу    органдарының,
  зертханалардың және сәйкестікті растау жөніндегі  органдарының  бірлескен
  халықаралық бағалауларына қатысу;
       -  халықаралық  деңгейде  зертханааралық  салыстыру  сынақтарын  және
  салыстыруларын ұйымдастыру және жүргізу;
       - қазақстандық сертификаттарды шетелде тану;
       - қазақстандық экспорттардың еуропалық  нарықта  жылжуы  үшін  «жасыл
  коридор» құруды қамтамасыз ету;
       -  Қазақстан  Республикасының  аккредиттеу  жүйесін  жетілдіру   және
  дамыту.  
      Барлық жүйелерде аккредиттеу процедуралары ұқсас және мына кезеңдерден
  тұрады:  
      1.    өтінім берушінің аккредиттеуге арналған өтінімді беру;
      2.    аккредиттеу жөніндегі құжаттарға сараптама жүргізу және  ақпарат
  жинақтау;
      3.    кәсіпорын-өтінім берушіге орнында зерттеу жүргізу;
      4.     барлық  материалдарды  талдау  және  аккредиттеу  туралы  шешім
  қабылдау;
      5.    аккредиттеу туралы құжат беру;
      6.    аккредиттеу  аттестатының  қолданысының  барлық  мерзімі  ішінде
  аккредиттелген ұйымға кезеңді бақылау жүргізу.

      Қолданылатын әдебиеттер:


      Негізгі
      1  Основы  стандартизации,  метрологии,  сертификации  и   менеджмента
качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А.  Тазабекова  –  Алматы.:
Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003.  – 564 с.
      2  Лифиц  И.М.  Основы  стандартизации,  метрологии  и   сертификации:
Учебник. – М.:  Юрайт, 2000. – 285 с.
      3  Крылова  Г.Д.  Основы  стандартизации,  сертификации,   метрологии:
Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.–  711
с.


      Қосымша
      1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана,
2008
      2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі
ережелер
      3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.
Сертификаттау  жөніндегі  органдарды,   сынау,   салыстырып   тексеру   және
калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі
      4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау
зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар
      5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.
Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар
      6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы
/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р.  Сыздықов,  Л.И.  Сыздықова.  –  Алматы:
Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.
      7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:
Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.
      8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и
качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.


                    Лекция 5.    Аккредиттеу субъектілері

      Аккредиттеу субъектілеріне жатады:
      - сәйкестікті растау жөніндегі органдар;
       -сынақ, салыстырып тексеру және калибрлеу зертханалары (орталықтары);

      - өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды  жүзеге
асыратын заңды тұлғалар.
      Егер аккредиттеу субъектілері сәйкестікті бағалау процедурасын өткен
болса бұл жағдай Қазақстан Республикасының барлық аумағында танылады.
      Қазақстан  Республикасында  сәйкестікті  бағалау  жөніндегі   қызметті
жүзеге  асыратын  шетелдік  ұйымдар,  олардың  филиалдары  мен   өкілдіктері
олардың қызмет нәтижелерін тану үшін ҚР процедурасы  бойынша  аккредиттеуден
өтуі керек.
      Аккредиттеу субьектілері:
      1) аккредиттеу белгісін пайдалануға;
      2) аккредиттеу жөніндегі органға аккредиттеу  саласын  кеңейту  немесе
қысқарту туралы, аккредиттеу аттестатын  кері  қайтарып  алу,  қайтару  және
аккредиттеу аттестатының қолданысын тоқтату туралы өтінішпен жүгінуге;
      3) аккредиттеу жөніндегі  органға  оның  қызметкерлерінің  іс-қимылына
шағымдануға;
      4)  аккредиттеу  мәселелері  бойынша  даулар  туындаған  кезде   сотқа
жүгінуге құқылы.
      Аккредиттеу субъектілері:
      1)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасын   және   оларға   өздерінің
сәйкестігі аккредиттелген нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауға;
      2) аккредиттеу саласы шегінде жұмыстарды жүзеге асыруға;
      3) аккредиттеу саласы шегінде аккредиттеу аттестатына сілтеме жасауға;
      4) бекітілген аккредиттеу саласындағы қызметінің  тоқтатылғаны  немесе
алдағы   уақытта   таратылатыны   туралы   аккредиттеу   жөніндегі   органға
хабарлауға;
      5) анықталған аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктерді аккредиттеу
жөніндегі органның шешімімен белгіленген мерзім ішінде жоюға;
      6)  инспекциялық  тексеруді  жүзеге  асыратын   адамдардың   үй-жайға,
жабдыққа, ақпаратқа қол жеткізуін  қамтамасыз  етуге  және  оларға  өзге  де
қажетті көмек көрсетуге;
      7) өлшем құралдарының салыстырмалы сынақтарына және оларды  салыстырып
тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыруға қатысуға;
      8) аккредиттеу аттестатының қолданысы тоқтатылған не ол кері  қайтарып
алынған жағдайда  аккредиттеу  аттестатын  осы  Заңда  белгіленген  мерзімде
қайтаруға;
      9)  аккредиттеу  аттестаты  кері  қайтарып  алынған,  оның   қолданысы
тоқтатылған,  аккредиттеу  аттестаты  жойылған,  тоқтатыла  тұрған  не  одан
айырылған жағдайда аккредиттеуге сілтеме жасауды тоқтатуға міндетті.
      Өнімдердің сәйкестігін растау жөніндегі органдарға  қойылатын  негізгі
талаптар ҚР СТ ИСО/МЭК 65-2001 стандартымен белгіленеді.
      Менеджмент  жұйелерінің  сәйкестігін   растау   жөніндегі   органдарға
қойылатын  негізгі  талаптар   ҚР   СТ   ИСО/МЭК   17021-2008   стандартымен
белгіленеді.
      Персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі органдарға қойылатын  негізгі
талаптар  ҚР  СТ  ИСО/МЭК  17024-2003   (ҚР   СТ   1349-2005)   стандартымен
белгіленеді.
      Сәйкестікті  растау  жөніндегі  органдар  өнім  (көрсетілетін  қызмет)
өндірушілерден    (орындаушылардан),    өнімді    (көрсетілетін    қызметті)
берушілерден және тұтынушылардан тәуелсіз болуға тиіс.
      Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың  филиалдары   ҚР  аккредиттеу
жүйесінде аккредиттеуден өтуі керек.
      Сәйкестікті   растау   жөніндегі   органдардың   сәйкестікті   бағалау
процесінің әділдігіне  және  объективтілігіне  әсер  ететін  консультациялық
қызмет көрсетуге құқығы жоқ.
      Сынақ  жүргізу,  салыстырып  тексеру  және  калибрлеу  зертханаларының
сәйкестігін растау жөніндегі органдарға қойылатын  негізгі  талаптар  ҚР  СТ
ИСО/МЭК 17025-2007 стандартымен белгіленеді.
      Салыстырып  тексеру  зертханалары  (орталықтары)  өнім   (көрсетілетін
қызмет) өндірушілерден  (орындаушылардан),  өнімді  (көрсетілетін  қызметті)
берушілерден және тұтынушылардан тәуелсіз болуға тиіс.
      Сынақ,  салыстырып  тексеру,  калибрлеу   зертханалары   (орталықтары)
Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету  туралы  заңнамасына
сәйкес – шама  бірліктерінің  мемлекеттік  эталондарынан,  олар  жоқ  болған
жағдайда  басқа  елдердің  шама   бірліктері   ұлттық   эталондарынан   шама
бірліктерінің өлшемдерін  алу  арқылы  өлшемдердің  қадағалануын  қамтамасыз
етуге тиіс.


      Қолданылатын әдебиеттер:


      Негізгі
      1  Основы  стандартизации,  метрологии,  сертификации  и   менеджмента
качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А.  Тазабекова  –  Алматы.:
Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003.  – 564 с.
      2  Лифиц  И.М.  Основы  стандартизации,  метрологии  и   сертификации:
Учебник. – М.:  Юрайт, 2000. – 285 с.
      3  Крылова  Г.Д.  Основы  стандартизации,  сертификации,   метрологии:
Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.–  711
с.


      Қосымша
      1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана,
2008
      2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі
ережелер
      3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.
Сертификаттау  жөніндегі  органдарды,   сынау,   салыстырып   тексеру   және
калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі
      4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау
зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар
      5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.
Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар
      6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы
/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р.  Сыздықов,  Л.И.  Сыздықова.  –  Алматы:
Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.
      7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:
Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.
      8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и
качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.


      Лекция 6.  Аккредиттеу жөніндегі техникалық комитеттер


      Аккредиттеу жөніндегі органға қойылатын Халықаралық талаптарға  сәйкес
және аккредиттеу облысындағы  жұмыстарды  ұйымдастыру  мақсатында  төмендегі
аккредиттеу жөніндегі техникалық комитеттер құрылған:
      - сынақ зертханаларын аккредиттеу жөніндегі техникалық комитеттер;
      -  салыстырып  тексеру  және  калибрлеу  зерханаларын,  метрологиялық
        қызметтерді аккредиттеу жөніндегі техникалық комитеттер;
      -  сәйкестікті  растау  жөніндегі  органдарды  аккредиттеу  жөніндегі
        техникалық комитеттер;
      - зертханааралық  сәне  салыстырмалы  сынақтар  жөніндегі  техникалық
        комитеттер.
      Техникалық комитеттер аккредиттеу жөніндегі орган болып табылатын  ЖШС
«Ұлттық аккредиттеу орталығы»  негізінде  құрылады  және  тиісті  жұмыстарды
жүргізу үшін  қажетті нормативтік база мен біліктілігі жоғары мамандар  иесі
болуы керек.
       Техникалық  комитеттер  өз  жұмыстарын  орындау   кезінде   Қазақстан
Республикасында  жүретін  заңнамаға  және  мемлекеттік   техникалық   реттеу
жүйесінің нормативтік  құжаттарына,  халықаралық  және  өңірлік  нормативтік
құжаттарға сүйенуі тиіс.
      Аккредиттеу   жөніндегі   орган   техникалық   комиттердің    жұмысына
әдістемелік басшылық етеді және оның жұмысың үйлестіреді.
      Әр техникалық комитет үшін әрекеттер облысы тағайындалады.
      Техникалық  комитеті  оның  төрағасы  басқарады  және  олт  техникалық
комитеттің  бүкіл  қызметіне  жауапты  болып  табылады.  Төрағасынан   басқа
техникалық комитеттің құрамына жауапты хатшы және мүшелері кіреді.
      Техникалық  комитеттің  құрамына  аккредиттеу  субъектілері,   мүдделі
тапсырыс   беруші    кәсіпорындардың    (тұтынушы,    зерттеп    дайындаушы,
шығарушылардың),  қоғамдық  ұйымдардың,  ғылыми-техникалыұ  және  инженерлік
қағамдардың және басқа да үкіметтік емес ұйымдардың  (мекемелердің)  жетекші
мамандары және ғалымдары шақырылады.
      Техникалық комитеттің құрамында шағын комитеттер (подкомитеты) құрылуы
мүмкін.  Бұлар  техникалық  комитет  үшін  бекітілген  жұмыстардың   белгілі
бөлігін орындайды.
      Техникалық комитет жұмысын  жұмыстық  жоспарға  (бағдарламаға)  сәйкес
орындайды.
      Техникалық комитет органдары болып:
      - уәкілетті өкілдер - техникалық комитет мүшелерінің жиналысы;
      - техникалық комитет секретариаты;
      - техникалық комитеттің шағын комитеттері табылуы мүмкін.
      Уәкілетті өкілдер - техникалық комитет мүшелері ретінде:
      - ЖШС «Ұлттық аккредиттеу орталығы»;
      - РМК «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты»;
      - РМК «Қазақстандық метрология институты»;
      - өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді тұтынушы мекемелер;
      - ғылыми мекемелер;
      - зерттеп дайындаушы кәсіпорындар,  өнім  шығарушылар  немесе  қызмет
        көрсетушілер;
      - мемлекеттік қадағалау органдары;
      - сынақ орталықтары;
      - басқа да мүдделі мекемелер, жеке тұлғалар кіруі  мүмкін.
      Техникалық комитет мүшелілігіне ерікті түрде кіруге болады.
      Екі жылда бүр рет техникалық комитет мүшелері  қайта  түркеудеп  өтуі,
яғни техникалық комитеттегі  өз  жұмысын  ары  қарай  да  жүргізуге   ниетті
екендігін білдіруі тиіс.

      Техникалық комитеттердің функциялары:
       -   мемлекеттік   стандарттар   жобаларын   және   аккредиттеу   және
сертификаттау жөніндегі басқа да нормативтік  құжаттарды  зерттеп  дайындау,
қарастыру, келістіру және бекітуге дайындау, оларға өзгертулерді,  сондай-ақ
олардың күшін жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
      - жаңадан  зерттеп  дайындалатын  және  бұрыннан  зерттеп  дпйындалған
нормативтік құжаттарды халықаралыұ стандарттар мен ережелердің  талаптарымен
сәйкестендіру;
      - үкімет тарапынан дайындалатын  ғылыми-техникалық  бағрарламалар  мен
ғылыми-зерртеу  жұмыстар   жобаларын   зерттеп   дайындау   және   қарастыру
процестеріне қатысу;
      -  тиісті  шет  елдердің  стандарттау  жөніндегі  ұлттық  ұйымдарының,
халықаралық және мемлекетаралық техникалық стандарттар  зерттеп  дайындаумен
байланысты  техникалық  комитеттердің,   сондай-ақ   аккредиттеу   жөніндегі
теъхникалық комитеттерімен өзара байланыстар орнату;
және т.б.
      Техникалық комитет мүшелерінің құқықтары.
      Техникалық комитет мүшелері осы техникалық комитет  орындайтын  барлық
жұмыстарға қатысу құқығына ие болады:
      - техникалық комитеттің және халықаралық (өңірлік)  балама-комитеттің
        жұмыстар бағдарламасы туралы ақпарат алуға;
      - сараптамасын техникалық комитет жүргізетін стандарттардың жобаларын
        қарастыру үшін алуға және олар бойынша тұжырымдама беруге;
      - стандарттар жобаларын техникалық комитет (шағын  комитет,  жұмыстық
        тобы) отырысында талқылауға қатысуға және барлық  сұрақтар  бойынша
        дауыс беруге;
      - стандарттарды  зертеп  дайындау  жөнінде  ұсыныстар  енгізуге  және
        оларды зерттеп дайындауға қатысуға;
      -  техникалық регламенттерді талқылауға қатысуға
      - және т.б.

      Қолданылатын әдебиеттер:


      Негізгі
      1  Основы  стандартизации,  метрологии,  сертификации  и   менеджмента
качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А.  Тазабекова  –  Алматы.:
Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003.  – 564 с.
      2  Лифиц  И.М.  Основы  стандартизации,  метрологии  и   сертификации:
Учебник. – М.:  Юрайт, 2000. – 285 с.
      3  Крылова  Г.Д.  Основы  стандартизации,  сертификации,   метрологии:
Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.–  711
с.


      Қосымша
      1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана,
2008
      2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі
ережелер
      3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.
Сертификаттау  жөніндегі  органдарды,   сынау,   салыстырып   тексеру   және
калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі
      4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау
зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар
      5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.
Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар
      6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы
/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р.  Сыздықов,  Л.И.  Сыздықова.  –  Алматы:
Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.
      7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:
Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.
      8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и
качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.


        Лекция 7.  Қазақстан Республикасында аккредиттеу процедурасы
                                 (1- сағаты)


      Аккредиттеу  процедурасы  мынадай  негізгі  кезеңдер  бойынша   жүзеге
асырылады:
      1) өтінімді және ұсынылған құжаттарды қабылдау, қарау;
      2) аккредиттеу алдындағы шартты жасасу;
      3) ұсынылған құжаттарды сараптау;
      4) өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексеру;
      5)  аккредиттеу  туралы  не  аккредиттеуден  бас  тарту  туралы  шешім
қабылдау;
      6) аккредиттеуден кейінгі шартты жасасу,  аккредиттеу  саласын  бекіту
және аккредиттеу аттестатын беру не аккредиттеу алдындағы шартты тоқтату.
      Қайтадан аккредиттеу  2)  және  3)  тармақтарда  көзделген  кезеңдерді
сақтамастан жүргізіледі.
      Өтінімді ұсыну және оны қарау
      Өтініш беруші аккредиттеу жөніндегі органға  мынадай  құжаттар  ұсынуы
тиіс:
      1) аккредиттеуге өтінім;
      2) өтініш берушінің заңды мәртебесін анықтайтын  құжаттардың  нотариат
куәландырған көшірмелері;
      3) қағаздағы және электрондық жеткізгіштегі  мәлімделетін  аккредиттеу
саласы;
      4)    сынақ,    салыстырып    тексеру,    калибрлеу     зертханаларына
(орталықтарына),    өлшемдерді    орындау    әдістемелерін     метрологиялық
аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға арналған паспорт;
      5) сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды орындайтын персонал туралы
мәліметтер (сәйкестікті растау жөніндегі органдар үшін).
      Өтініш беруші өзі таңдап алған нормативтік құжатқа  байланысты  тиісті
ақпарат ұсынады.
      Өтінімді қоспағанда, құжаттардың барлығы екі данада ұсынылады.
      1), 3) – 5) тармақтарда көрсетілген құжаттардың  нысандарын  уәкілетті
орган белгілейді.
      Егер өтінім және (немесе)  оған  қоса  берілген  құжаттар  белгіленген
нысанға сәйкес келмеген не толық көлемде  ұсынылмаған  жағдайда  аккредиттеу
жөніндегі орган құжаттарды қайтарудың  себептерін  көрсете  отырып,  олардың
түскен күнінен бастап есептелетін бес  жұмыс  күні  ішінде  өтініш  берушіге
қайтарады.


      Аккредиттеу алдындағы шарт
      Аккредиттеу алдындағы шарт  аккредиттеу  жөніндегі  орган  мен  өтініш
беруші арасында жасалады.
      Аккредиттеу алдындағы шарттың елеулі талаптары болып табылады:
      1) шарттың мәні;
      2) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
      3) жұмыстардың құны;
      4) тараптардың жауаптылығы.
      Аккредиттеу алдындағы үлгі шартты уәкілетті орган бекітеді.
      Мынадай жағдайлар аккредиттеу алдындағы шартты тоқтатуға  негіз  болып
табылады:
      1) заңды тұлғаның таратылуы;
      2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шартты бұзу;

      3)  құжаттарға  сараптама  жасау  кезінде   немесе   өтініш   берушіні
орналасқан  жері  бойынша  тексерген  кезде   анықталған   сәйкессіздіктерді
аккредиттеу жөніндегі орган белгілеген мерзімде жоймауы;
      4) аккредиттеу жөніндегі органның құжаттарға қайта  сараптама  жасаған
кезде немесе өтініш берушіні орналасқан жері бойынша қайта  тексерген  кезде
тиісінше  сарапшы-аудитордың   алғашқы   қорытындысындағы   немесе   тексеру
жөніндегі топтың есебінде көрсетілген сәйкессіздіктерді анықтауы;
      5) аккредиттеу жөніндегі  органның  аккредиттеуден  бас  тарту  туралы
шешім қабылдауы.
       
      Құжаттардың сараптамасы
      Ұсынылған  құжаттардың  сараптамасы  шарт   жасалған   кезден   бастап
есептелетін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
      Сараптама  жүргізу  үшін  аккредиттеу  жөніндегі   орган   аккредиттеу
жөніндегі сарапшы-аудиторды тағайындайды.
      Аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитордың қорытындысында:
      1) ұсынылған құжаттардың аккредиттеу критерийлеріне сәйкестік бағасы;
      2) нақты критерийлер бойынша (сәйкессіздік болған  кезде)  құжаттардың
сәйкессіздігін көрсету;
      3) ұсынылған  құжаттарды  түзету  жөніндегі  (қажет  болған  жағдайда)
ұсынымдар және өтініш берушінің осы ұсынымдарды орындауын растау тәртібі;
      4) ұсынылған құжаттардың аккредиттеу критерийлеріне сәйкестігі  немесе
сәйкессіздігі туралы тұжырымдар қамтылуға тиіс.
      Аккредиттеу   жөніндегі   сарапшы-аудитордың   қорытындысы   негізінде
аккредиттеу жөніндегі орган мынадай:
      1) өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексеру туралы;
      2)  өтініш  берушінің   анықталған   сәйкессіздіктерді   жоюы   туралы
шешімдердің бірін қабылдайды.
      Шешімнің көшірмесі өтініш берушіге жіберіледі.
      Өтініш беруші шешімнің көшірмелерін алған  кезден  бастап  отыз  жұмыс
күні ішінде анықталған сәйкессіздіктерді жояды және  ол  туралы  аккредиттеу
жөніндегі органға хабарлайды. Аккредиттеу жөніндегі орган хабарламаны  алған
кезден бастап жеті күн ішінде құжаттарға қайтадан сараптама жүргізеді.
      Аккредиттеу жөніндегі  орган  өтініш  берушінің  себептерін  көрсеткен
жазбаша өтініші бойынша сәйкессіздіктерді жою мерзімін  екі  айдан  аспайтын
мерзімге ұзартады.


      Қолданылатын әдебиеттер:


      Негізгі
      1  Основы  стандартизации,  метрологии,  сертификации  и   менеджмента
качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А.  Тазабекова  –  Алматы.:
Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003.  – 564 с.
      2  Лифиц  И.М.  Основы  стандартизации,  метрологии  и   сертификации:
Учебник. – М.:  Юрайт, 2000. – 285 с.
      3  Крылова  Г.Д.  Основы  стандартизации,  сертификации,   метрологии:
Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.–  711
с.


      Қосымша
      1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана,
2008
      2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі
ережелер
      3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.
Сертификаттау  жөніндегі  органдарды,   сынау,   салыстырып   тексеру   және
калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі
      4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау
зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар
      5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.
Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар
      6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы
/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р.  Сыздықов,  Л.И.  Сыздықова.  –  Алматы:
Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.
      7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:
Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.
      8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и
качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.


      Лекция 8  Қазақстан Республикасында аккредиттеу процедурасы
                                 (2- сағаты)


      Өтініш берушіні орналасқан жері бойынша тексеру
      Өтініш берушіні  орналасқан  жері  бойынша  тексеру  өтініш  берушінің
біліктілігін, құжаттарда ұсынылған ақпараттардың нақты жағдайға  сәйкестігін
бағалау мақсатында жүргізіледі.
      Тексеруді аккредиттеу жөніндегі орган  жасақтайтын  тексеру  жөніндегі
топ жүзеге асырады.
      Тексеру жөніндегі топ кемінде үш адамнан құралуы керек, топ  жетекшісі
болып құжаттарға сараптама жүргізген аккредиттеу  жөніндегі  сарапшы-аудитор
тағайындалады.
      Тексеру жөніндегі топтың құрамына келісім бойынша:
      - өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы мамандар;
      -  сәйкестікті  растау  жөніндегі  сарапшылар-аудиторлар,   техникалық
сарапшылар, мемлекеттік  органдардың  және  өзге  де  ұйымдардың  мәлімдеген
аккредиттеу саласы бойынша мамандары енгізілуі мүмкін.
      Тексеру мерзімі бұл туралы шешім қабылданған күннен бастап есептелетін
он жұмыс күнінен аспауға тиіс.
      Тексеру  жөніндегі  топ  өз   жұмысының   қорытындысы   бойынша   есеп
дайындайды,  онда  өтініш  берушінің  аккредиттеу  критерийлеріне  сәйкестік
бағасы қамтылуы керек.
      Топ мүшелерінің барлық ескертпелерін есепке ала отырып  топ  жетекшісі
екі данада есеп жасайды және оған топтың барлық мүшелері қол қояды.  Есептің
бір данасы өтініш берушіге ұсынылады.
      Өтініш беруші тексеру жөніндегі топтың  есебімен  келіспеген  жағдайда
өзінің ескертпелерін  жазбаша  түрде  аккредиттеу  жөніндегі  органға  ұсына
алады.
      Тексеру  жөніндегі  топ  есебінің  негізінде  және  өтініш   берушінің
ескертпелерін  ескере  отырып  (олар  бар  болған   жағдайда),   аккредиттеу
жөніндегі орган бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мынадай:
      1) аккредиттеу жөніндегі жиналған материалдарды қарау туралы;
      2)  өтініш  берушінің   анықталған   сәйкессіздіктерді   жоюы   туралы
шешімдердің бірін қабылдайды.
      Шешімнің көшірмесі өтініш берушіге жіберіледі.
      Өтініш беруші шешімнің көшірмесін алған  кезден  бастап  жиырма  жұмыс
күні ішінде тексеру кезінде анықталған сәйкессіздіктерді жояды  және  оларды
жойғаны  туралы  аккредиттеу  жөніндегі  органға  хабарлайды,   одан   кейін
аккредиттеу жөніндегі орган оған қайта тексеру  жүргізеді.  Тексеру  мерзімі
тексеру жөніндегі топтың өтініш берушінің орналасқан жеріне  келген  күнінен
бастап есептелетін бес жұмыс күнінен аспауға тиіс.
      Аккредиттеу жөніндегі  орган  өтініш  берушінің  себептерін  көрсеткен
жазбаша өтініші бойынша сәйкессіздіктерді жою мерзімін  екі  айдан  аспайтын
мерзімге ұзартады.


            Аккредиттеу туралы не аккредиттеуден бас тарту туралы
                               шешім қабылдау


      Аккредиттеу  туралы  не  аккредиттеуден  бас  тарту   туралы   шешімді
аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі  комиссияға  жиналған  материалдар
түскен  кезден  бастап  есептелетін  отыз  жұмыс  күні  ішінде   аккредиттеу
жөніндегі орган қабылдайды.
      Оң шешім қабылданған жағдайда  аккредиттеуден  кейінгі  шарт  жасалады
және  жеті  жұмыс  күні  ішінде  аккредиттеу   саласын   айқындайтын   құжат
бекітіледі, аккредиттеу аттестаты және құжаттардың бір жиынтығы беріледі.
      Теріс шешім қабылданған жағдайда өтініш берушіге құжаттар  жиынтығымен
бірге дәлелді бас тарту жіберіледі.
       
                         Аккредиттеуден кейінгі шарт

      Аккредиттеуден  кейінгі   шарт   аккредиттеу   жөніндегі   орган   мен
аккредиттеу субъектісі арасында жасалады.
      Аккредиттеуден кейінгі шарттың елеулі талаптары:
      1) шарттың мәні;
      2) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
      3) жұмыстардың құны;
      4) инспекциялық тексерулерді  жүргізу,  аккредиттеу  аттестатын  қайта
ресімдеу, аккредиттеу материалдарын жаңарту тәртібі мен мерзімдері;
      5)  салыстырма  сынақтарды  жүргізу  және  (немесе)  өлшем  құралдарын
салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыру тәртібі;
      6) тараптардың жауаптылығы болып табылады.
      Аккредиттеуден кейінгі үлгі шартты уәкілетті орган бекітеді.
      Аккредиттеуден кейінгі шартты тоқтатуға мынадай жағдайлар:
      1) заңды тұлғаның таратылуы;
      2) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімінің аяқталуы;
      3) аккредиттеу аттестатынан айыруы;
      4) аккредиттеу аттестатының жойылуы;
      5)  аккредиттеу  аттестаты  кері   қайтарып   алынған   жағдайда   оны
қайтарылмауы;
      6)  аккредиттеу  аттестатын   кері   қайтарып   алуға   негіз   болған
сәйкессіздіктерді жоймауы;
      7) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шартты  бұзу
негіз болып табылады.
      5) және  6)  тармақтарда  көзделген  негіздер  бойынша  аккредиттеуден
кейінгі  шартты  тоқтату  датасы  тиісінше  аккредиттеу  аттестатын  қайтару
датасы не сәйкессіздіктерді жою мерзімі аяқталған күннен кейінгі  күн  болып
есептеледі.


      Қолданылатын әдебиеттер:


      Негізгі
      1  Основы  стандартизации,  метрологии,  сертификации  и   менеджмента
качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А.  Тазабекова  –  Алматы.:
Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003.  – 564 с.
      2  Лифиц  И.М.  Основы  стандартизации,  метрологии  и   сертификации:
Учебник. – М.:  Юрайт, 2000. – 285 с.
      3  Крылова  Г.Д.  Основы  стандартизации,  сертификации,   метрологии:
Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.–  711
с.


      Қосымша
      1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана,
2008
      2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі
ережелер
      3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.
Сертификаттау  жөніндегі  органдарды,   сынау,   салыстырып   тексеру   және
калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі
      4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау
зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар
      5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.
Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар
      6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы
/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р.  Сыздықов,  Л.И.  Сыздықова.  –  Алматы:
Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.
      7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:
Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.
      8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и
качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.


                      Лекция 9.   Аккредиттеу аттестаты

       Аккредиттеу жөніндегі орган берген аккредиттеу аттестаттары Қазақстан
Республикасының бүкіл аумағында жарамды және олардың қолданылу  мерзімі  бес
жыл.
      Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі аккредиттеу туралы  шешімді
қабылдаған кезден бастап есептеледі және  оған  аккредиттеу  аттестаты  кері
қайтарып алынған уақыт кезеңі енгізіледі.
      Аккредиттеу  жөніндегі  орган  бекіткен   және   аккредиттеу   саласын
белгілейтін құжат аккредиттеу аттестатына міндетті қосымша болып табылады.
      Аккредиттеу   аттестаты   аккредиттеу   субъектілерінің    тізілімінде
тіркелуге тиіс.
      Аккредиттеу аттестатында:
      1)   аккредиттеу   субъектісінің   атауы,   ұйымдық-құқықтық   нысаны,
орналасқан жері;
      2)   аккредиттеу   субъектісінің   оған   сәйкестігі    аккредиттелген
нормативтік құжат;
      3) аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі;
      4) аккредиттеу аттестатының  аккредиттеу  субъектілерінің  тізілімінде
тіркелген күні;
      5) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі;
      6) аккредиттеу аттестаты қосымшасының парақ саны көрсетіледі.
      6. Аккредиттеу аттестатының бланкілері  қатаң  есептілік  құжат  болып
табылады, олардың қорғанышы мен нөмірі болады.
      Аккредиттеу  аттестаты  жалғыз   дана   етіп   беріледі,   аккредиттеу
аттестатын басқа заңды тұлғаларға беруге тыйым салынады.
      Жоғалған,    бүлінген    аккредиттеу     аттестаттары,     аккредиттеу
аттестаттарына  қосымшалар  аккредиттеу  субъектісі  аккредиттеу   жөніндегі
органға жазбаша өтініш (аккредиттеу  аттестатының,  аккредиттеу  аттестатына
қосымшалардың  жоғалған,  бүлінген  фактісін  растайтын  құжаттармен   қоса)
берген күннен бастап жарамсыз деп саналады.
      Аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берілген күннен  бастап  бес  жұмыс
күні ішінде аккредиттеу аттестатының телнұсқасын,  аккредиттеу  аттестатының
қосымшаларын беруді жүргізеді.
       
                    Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу
      Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеуге:
      1) аккредиттеу субъектісін қайта ұйымдастыру;
      2) аккредиттеу субъектісінің орналасқан жерінің өзгеруі;
      3) аккредиттеу субъектісі атауының өзгеруі;
      4) аккредиттеу саласының кеңеюі  немесе  қысқаруы  туралы  аккредиттеу
субъектісінің өтініші негіз болады.
      Аккредиттеу субъектісі ҚР «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу
туралы» Заңының 22-бабының 1-тармағының 1) –  3)  тармақшаларында  көзделген
аккредиттеу  аттестатын  қайта  ресімдеуге  негіздердің  бірі  пайда  болған
кезден бастап есептелетін, сондай-ақ аккредиттеу саласы  қысқарған  жағдайда
күнтізбелік он күн ішінде  аккредиттеу  жөніндегі  органға  ҚР  «Сәйкестікті
бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 15-бабының  1-тармағының  3)
және 4) тармақшаларында көзделген жаңа  мәліметтер  мен  құжаттарды  көрсете
отырып, аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
      Аккредиттеу саласын кеңейту кезінде аккредиттеу  субъектісі  өтінішпен
бір  мезгілде  аккредиттеу  жөніндегі  органға  кеңейтілетін  салада  тиісті
мамандардың, жабдықтардың, үй-жайлардың бар екендігі туралы ақпарат береді.
      Аккредиттеу аттестатын қайта ресімдеген  кезде  аккредиттеу  жөніндегі
орган ҚР «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу  туралы»  Заңының  18-
бабында  көзделген  тәртіппен  аккредиттеу  субъектісінің  орналасқан   жері
бойынша:
      1) сынақ, салыстырып тексеру,  калибрлеу  зертханасының  (орталығының)
орналасқан жері өзгерген;
      2) аккредиттеу саласын кеңейткен жағдайда тексеру жүргізеді.
      5. Аккредиттеу жөніндегі орган аккредиттеу аттестатын  қайта  ресімдеу
туралы құжаттарды олардың түскен күнінен бастап  есептелетін  он  бес  жұмыс
күні ішінде қарайды.
      Осы тармақта көзделген мерзімге субъектінің  орналасқан  жері  бойынша
тексеру жүргізу  және  аккредиттеу  критерийлеріне  сәйкессіздіктерді,  егер
оларды аккредиттеу жөніндегі орган анықтаған болса, жою мерзімі кірмейді.
      Оң шешім қабылданған жағдайда аккредиттеу жөніндегі орган  аккредиттеу
аттестатын жеті жұмыс күні ішінде қайта ресімдейді және аккредиттеу  саласын
айқындайтын құжатты қайта бекітеді.
      Аккредиттеу  аттестатын  қайта  ресімдеуден  бас  тарту  туралы  шешім
ұсынылған құжаттар мен мәліметтерден дәйексіз ақпараттар  анықталған  кезде,
аккредиттеу  субъектісі  тексеру  барысында   анықталған   сәйкессіздіктерді
белгіленген мерзімде жоймаған кезде,  сондай-ақ  алғашқы  тексерген  кездегі
сәйкессіздіктер қайта тексергенде анықталған кезде қабылданады.
      Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі оны қайта ресімдеген  кезде
үзілмейді.


      Қолданылатын әдебиеттер:


      Негізгі
      1  Основы  стандартизации,  метрологии,  сертификации  и   менеджмента
качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А.  Тазабекова  –  Алматы.:
Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003.  – 564 с.
      2  Лифиц  И.М.  Основы  стандартизации,  метрологии  и   сертификации:
Учебник. – М.:  Юрайт, 2000. – 285 с.
      3  Крылова  Г.Д.  Основы  стандартизации,  сертификации,   метрологии:
Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.–  711
с.


      Қосымша
      1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана,
2008
      2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі
ережелер
      3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.
Сертификаттау  жөніндегі  органдарды,   сынау,   салыстырып   тексеру   және
калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі
      4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау
зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар
      5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.
Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар
      6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы
/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р.  Сыздықов,  Л.И.  Сыздықова.  –  Алматы:
Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.
      7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:
Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.
      8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и
качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.


       Лекция 10 Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып алу, қолданысын
         тоқтату, жою, тоқтата тұру, аккредиттеу аттестатынан айыру


      Аккредиттеу   аттестатын   аккредиттеу   жөніндегі    орган    мынадай
жағдайларда:
      1) аккредиттеу субъектісінің жазбаша өтініші бойынша;
      2)  сәйкестікті  бағалау   нәтижелерінің   дұрыстығына   әсер   ететін
аккредиттеу критерийлеріне сәйкессіздіктер анықталғанда;
      3) анықталған аккредиттеу критерийлеріне  сәйкессіздіктер  аккредиттеу
жөніндегі органның белгілеген мерзімі ішінде жойылмағанда;
      4) салыстырмалы сынақтардың және (немесе) өлшем құралдарын  салыстырып
тексеру, калибрлеу қорытындыларын салғастырудың теріс қорытындылары  бойынша
кері қайтарып алады.
      Егер  аккредиттеу   критерийлерінің   анықталған   сәйкессіздіктерінде
әкімшілік  құқық  бұзу  құрамының  белгілері  болған  жағдайда,  аккредиттеу
жөніндегі   орган   осындай   сәйкессіздіктер   анықталған   күннен   бастап
есептелетін, үш жұмыс күні ішінде тиісті шараларды  қабылдау  үшін  жиналған
материалдарды уәкілетті органға жібереді.
      Аккредиттеу аттестатын кері қайтарып  алу  туралы  шешімнің  көшірмесі
тиісті аккредиттеу субъектісіне  жіберіледі,  ол  оны  алған  күннен  бастап
анықталған сәйкессіздіктерді жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
      Аккредиттеу   аттестатын   кері   қайтарып    алуға    негіз    болған
сәйкессіздіктерді жойғаннан  кейін  аккредиттеу  субъектісі  оларды  жойғаны
туралы мәліметтерді аккредиттеу аттестатын  қайтару  туралы  шешім  қабылдау
үшін аккредиттеу жөніндегі органға жібереді.
      Анықталған сәйкессіздіктердің  жойылғаны  туралы  мәліметтерді  растау
қажет болған жағдайда аккредиттеу  жөніндегі  орган  осы  Заңда  белгіленген
тәртіппен инспекциялық тексеру жүргізеді.
      Аккредиттеу аттестатын қайтару туралы не қайтарудан бас  тарту  туралы
шешімді    аккредиттеу    жөніндегі     орган     аккредиттеу     субъектісі
сәйкессіздіктерді жойғаны туралы  мәліметтерді  ұсынған  күннен  бастап,  ал
инспекциялық  тексеру  жүргізген  жағдайда,  оның  біткен   күнінен   бастап
есептелетін бес жұмыс күні ішінде қабылдайды.
      Аккредиттеу аттестатының қолданысы мына негіздер бойынша тоқтатылады:
      1) аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімінің аяқталуы;
      2) аккредиттеуден кейінгі шарттың тоқтатылуы.
      Өтініш берушінің аккредиттеу аттестатын алу кезінде  жалған  ақпаратты
ұсынғаны анықталған жағдайда аккредиттеу жөніндегі органның өтініші  бойынша
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген  тәртіпте  сот  аккредиттеу
аттестатын жоюды жүргізеді.
      Аккредиттеу   аттестатын   тоқтата   тұру,   одан   айыру    Қазақстан
Республикасының әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы  заңнамасында  көзделген
тәртіппен жүзеге асырылады.


            Аккредиттеу саласында бекітілген құжаттар нысандары.
      Қазақстан Республикасында  аккредиттеу саласында төмендегі құжаттар
нысандары бекітілген:
      - аккредиттеуге өтінімнің нысаны;
      - өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі органның аккредиттеу облысының
нысаны;
       -  менеджмент  жүйесінің  сәйкестігін   растау   жөніндегі   органның
аккредиттеу облысының нысаны;
       -  персоналдың  сәйкестігін  растау  жөніндегі  органның  аккредиттеу
облысының нысаны;
      -  сынақ  орталығының  (зертханасының)  сәйкестігін  растау  жөніндегі
органның аккредиттеу облысының нысаны;
       -  салыстырып   тексеру   (калибрлеу)   зертханасының   (орталығының)
сәйкестігін растау жөніндегі органның аккредиттеу облысының нысаны;
      - сынақ зертханасының (орталығының) паспортының нысаны;
      - салыстырып тексеру зертханасының (орталығының) паспортының нысаны;
      - калибрлеу зертханасының (орталығының) паспортының нысаны;
       -  өлшеулерді  орындау  әдістемелерін  метрологиялық  аттестациялауды
жүзеге асырушы заңды тұлғаның немесе заңды тұлғаның құрылымдық  бөлімшесінің
паспортының нысаны;
      - персонал туралы мәліметтер нысаны;
      - сәйкестікті  растау  жөніндегі  органның  және  сынақ  зертханасының
(ортылығының),  өлшеу  құралдарын  салыстырып  тексеру,   калибрлеуді   және
өлшеулерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге  асырушы
заңды тұлғаларды аккредиттеу материалдарын актуализациялау туралы  өтінімнің
нысаны.

      Қолданылатын әдебиеттер:


      Негізгі
      1  Основы  стандартизации,  метрологии,  сертификации  и   менеджмента
качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А.  Тазабекова  –  Алматы.:
Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003.  – 564 с.
      2  Лифиц  И.М.  Основы  стандартизации,  метрологии  и   сертификации:
Учебник. – М.:  Юрайт, 2000. – 285 с.
      3  Крылова  Г.Д.  Основы  стандартизации,  сертификации,   метрологии:
Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.–  711
с.


      Қосымша
      1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана,
2008
      2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі
ережелер
      3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.
Сертификаттау  жөніндегі  органдарды,   сынау,   салыстырып   тексеру   және
калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі
      4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау
зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар
      5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.
Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар
      6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы
/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р.  Сыздықов,  Л.И.  Сыздықова.  –  Алматы:
Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.
      7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:
Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.
      8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и
качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.




           Лекция 11. Аккредиттеу саласындағы нормативтік құжаттар



      Аккредиттеу  процедурасына  қатысты  Ұлттық  аккредиттеу   орталығының
нормативтік құжаттары:
      1. СТ РК 7.9-2008 "Нормы времени на выполнение работ по  подготовке  к
аккредитации   органов   по   подтверждению   соответствия,   испытательных,
поверочных,   калибровочных   лабораторий   (центров),   юридических    лиц,
осуществляющих метрологическую аттестацию методик выполнения измерений"
             2.  Guide   ИСО/МЭК   43-1   “Проверка   компетентности   путем
межлабораторных  сравнений.  Часть-1.  Разработка  и   применение   программ
проверок компетентности лабораторий” (СТ РК ИСО/МЭК 43-1-2002)
      3. Guide ИСО/МЭК 43-2 “Проверка компетентности  путем  межлабораторных
сравнений. Часть-2. Выбор и использование программ  проверок  компетентности
органом по аккредитации лабораторий” (СТ РК ИСО/МЭК 43-2-2002)


      Аккредиттеу критерийлерін бекітуші нормативтік құжаттар:
      4. СТ  РК  ИСО/МЭК  17025  -2007  Общие  требования  к  компетентности
испытательных и калибровочных лабораторий
      5. СТ РК ИСО/МЭК 65-2001 Общие требования к  органам  по  сертификации
продукции
      6.  ИСО  17021-2006  Оценка  соответствия.   Требования   к   органам,
выполняющим аудит и сертификацию систем менеджмента
      7.  СТ  РК  1349-2005  «Управление  трудовыми  ресурсами.  Органы   по
подтверждению соответствия персонала».
      8.  СТ  РК  7.6-2003  Требования  и  порядок  аккредитации  на   право
метрологической аттестации методик выполнения измерений


           Менеджмент жүйелеріне талаптар бекітуші нормативтік құжаттар:
      9. СТ РК ИСО 9001-2001 Системы менеджмента качества. Требования.
      10.  СТ  РК  ИСО  14001-2006   Системы   экологического   менеджмента.
Требования и руководство по применению
      11. СТ  РК  1348-2005  (OHSAS  18001:1999,  MOD)  Система  менеджмента
профессиональной безопасности и охраны труда. Требования
      12.  СТ  РК  1352-2005  (SA  8000:2001)  Социальная   ответственность.
Требования
      13. СТ РК 1179-2003 Системы  качества.  Управление  качеством  пищевых
продуктов на основе принципов НАССР. Общие требования
      14. СТ РК ИСО 22000-2006  «Система  менеджмента  безопасности  пищевых
продуктов.  Требования  ко  всем  организациям   в   цели   производства   и
потребления пищевых продуктов»;
      15. СТ РК ИСО 26000- Система менеджмента информационной  безопасности.
Требования
        
      Қолданылатын әдебиеттер:


      Негізгі
      1  Основы  стандартизации,  метрологии,  сертификации  и   менеджмента
качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А.  Тазабекова  –  Алматы.:
Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003.  – 564 с.
      2  Лифиц  И.М.  Основы  стандартизации,  метрологии  и   сертификации:
Учебник. – М.:  Юрайт, 2000. – 285 с.
      3  Крылова  Г.Д.  Основы  стандартизации,  сертификации,   метрологии:
Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.–  711
с.


      Қосымша
      1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана,
2008
      2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі
ережелер
      3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.
Сертификаттау  жөніндегі  органдарды,   сынау,   салыстырып   тексеру   және
калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі
      4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау
зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар
      5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.
Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар
      6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы
/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р.  Сыздықов,  Л.И.  Сыздықова.  –  Алматы:
Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.
      7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:
Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.
      8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и
качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.







                Лекция 12.  Аккредиттеу нәтижелерін мойындау


      Сертификаттау процедурасы енгізілгеннен бері сертификатталған  тауарды
импорттау үшІн рұқсат  алуға  жүмсалатын  уақыт  қыскаратын  болды,  өнімді
қабылдаушы елде екінші рет тексеру (сынау) қажетсіз болатын болды.  Мүндағы
бір жағдай - сэйкестік  сертификатының  қабылдаушы  мемлекетпен  мойындалуы
керек.  Осыған  орай  импорттаушы  мемлекеттің   сэйкестік   сертификатының
мойындалуы өзара сауда байланыстарын нығайту сайманы болып  табылады,  яғни
халықаралық саудаға жэрдемдеседі.
      Сонымен қатар үлттық сертификаттау  жүйелерінің  көбеюі  олардың  бір-
бірінен ажырасылатынын анық көрсететін болды. Бүл айырмашалактар мемлекетте
қабылданған   сертификаттаумен   байланысты   стандарттармен,    заңдармен,
сертификаттау  ережелері  жэне  процедраларымен  байланысты.  Осыған   орай
сертификаттаудың  халыкаралык  саудадагы  екнші  ролі  -техникалық  кедергі
екендігі айқындалды.
      Сертификаттаумен байланысты кедергілердІң пайда болуы жоғарыда аталған
себептерден ғана емес болып табылады. Ішкі ранокты импортталған тауарлардан
корғау үшІн мемлекеттер импортталған тауарлар  үшін  арнаулы  сертификаттау
жэне   бақылау   ережелерІн,   стандарттарды   енгізеді.    Бүл    шетелдік
сертификттарды мойындау  тэртібіне  эсерІн  тигізеді.  Бүл  жерде  тағы  да
техникалық кедергілер орын алатын болады.
      Саудадағы техникалык  кедергілер  деп  тауар  алмасушы  мемлекеттердің
замнамасының, нормалары мен ережелерінІң  келіспеушілігін  (эртүрі  болуын)
айтады.  Тауар  өндіруші  эр   мемлекетте   шығарылатын   өнІмдердін   және
көрсетілетін қызметтердің олардың нормаларға,  заңдарға  жэне  үйғарымдарға
сәйкестігін   қамтамасыз   ету   жөніндегі   нормативтері   жүмыс   тстейді
(қабылданады).
      Сәйкестікті растаудың  техникалық  жэне  әкімшіліктік  аспектілері  де
ажырасады. Басқа  сөзбен  айтқанда  зертханаларда  жүргізІлетін  оақалаулар
әдістерін  жэне  бақылау,  сертификаттау,  аккредиттеуді   жүзеге   асырушы
мекемелердің жүмыс істеу принциптерІн жэне олардың қүзыреттілігін бағалауда
да айырмашылықтар кездеседі.
      Айтылған жағдайлардан  саудадағы  кедергілер  болып  өнімге  қойылат^н
талаптар ғана  емес,  сынау,  сертификаттау  жэне  аккредиттеуге  қойылатын
талаптар да табылатынын көруге  болады.  Соңғысы  тек  халықаралқ  деңғейде
гармонизациялау арқылы ғана жоюға болады.
      Саудадағы кедергілердің үш түрі кездеседі:
      1)    заңды күші жоқ эртүрлі үлттық өнеркэсіптІк нормалар. Бүл
нормалардан өнімді импорттау, сату немесе пайдалану тэуелді болып
табылады;
      2)    әртүрлі мемлекет Ішінде жүмыс істейтін (жүретІн) үйгарымдар. Бүл
үйғарымдар заң бойынша бекітІледі жэне денсаулык сақтау, кауіпсіздік емесе
қоршаған ортаны қорғау мақсатын орындаиды;
      3) сертификаттау жөніндегі қосымша сынау эдістері және  процедуралары.
Бүлар бұйымның ұлттық нормаға немесе үйғарымға сэйкестігін  қамтамасыз  ету
керек.
      БүгІнгі күнге  дейін  кездесетін  нормативтік  құжаттармен  байланысты
техникалық кедергілер импорттаушы мемлекетте енгізілетін тауарларды нарыққа
қосу  процедурасын  қайта  (екІнші  рет)  жүргізу  арқылы  жойылып  келедІ.
Шығарушы мемлекетте  онда  жүретін  ережелер  бойынша  бұндай  процедуралар
жүргІзгеніне қарамастан.
      Бұдан басқа, қиыншылықтар ортақ терминологияның болмауынан; сынау
эдістері гармонизацияланбағанынан, сондықтан сынаулар эртүрлі
мемлекеттерду    бір-бірімен      салыстыруға     келмейтін  эдістерІмен
жүргізілетінінен  туындайды.  ЕкІнші  жағынан  тауарлар  мен   кһрсетілетін
қызметтердің стандарттарға жэне басқа  нормативтік  құжаттарға  сэйкестігін
тек қана сынау барысында алынған сандық  мэліметтердІң  көмегімен  растауға
болады.
      Қазіргі кезде тауар жөнінд ақпараттың  көзі  болып  сертификат  немесе
сэйкестік  БелгісІ  табылады.  Сертификат   (сәйкестік   БелгісІ)   тауардың
қауіпсІздігінің кепілІ болып табылады.
      Сондықтан жоғарыда аталған кедергілердің ішінен сынақ нәтижелерін
және сертификаттарды мойындамауды ерекше айтып кету керек.


      Қолданылатын әдебиеттер:


      Негізгі
      1  Основы  стандартизации,  метрологии,  сертификации  и   менеджмента
качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А.  Тазабекова  –  Алматы.:
Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003.  – 564 с.
      2  Лифиц  И.М.  Основы  стандартизации,  метрологии  и   сертификации:
Учебник. – М.:  Юрайт, 2000. – 285 с.
      3  Крылова  Г.Д.  Основы  стандартизации,  сертификации,   метрологии:
Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.–  711
с.


      Қосымша
      1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана,
2008
      2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі
ережелер
      3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.
Сертификаттау  жөніндегі  органдарды,   сынау,   салыстырып   тексеру   және
калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі
      4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау
зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар
      5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.
Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар
      6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы
/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р.  Сыздықов,  Л.И.  Сыздықова.  –  Алматы:
Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.
      7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:
Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.
      8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и
качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.

      Лекция 13. Аккредиттеу нәтижелерін мойындау жөніндегі келісімдер

      Өнімді сертификаттау кезінде орын алатын техникалық кедергілерді  жою,
оның  нарыққа  үздіксіз  түсіп  тұруын  және  сертификаттарға   сенімділікту
арттыру үшін сертификаттау нәтижелерін  және  аккредиттеуді  өзара  мойындау
механизмін зерттеп дайындау мәселесі туындады.
      Осыған орай ұлттық  органдар  сертификаттау  және  акредиттеу  бойынша
жұмыстарды   мойындау   процедуралары   тағайындалып    жүзеге    асырылады.
Нәтижесінде шетелдік сертификаттау және  аккредиттеу  жөніндегі  органдармен
берілген сертификаттар  және  аккредиттеу  аттестаттары  немесе  оларға  тең
құжаттар ұлттық органмен мойындалуы мүмкін, егер  қолданылатын  процедуралар
мен талаптар бірдей болса.
      Сертификаттаулық  кедергілерді  жою  мақсатында  сертификатты  шетелде
мойындауға елдер арасында  жасасатын  өзара  мойындау  жөніндегі  келісімдер
көмектеседі.  Бұл  келісімдер  сәйкестікті   бағалау   және   оны   мойындау
процедураларын ауқымдайды.  Өзара  мойындауға  бұдан  басқа,  өзара  ақпарат
бері, түсініктеме беру және кеңес беру кіреді.
       Мойындау  жөніндегі  келісім  деп  бір  жақ  екінші  жақпен  берілген
сертификаттау  жүйесінің  бір  немесе   бірнеше   бекітілген   функционалдық
элементтерін қолдану арқылы  алынған  нәтижелерді  қабылдауында  негізделген
келісімді айтады.
      Импортталатын өнімдерге өз қнімдері үшін қолданылатын  режимнен  төмен
емес  режимдердің қолданылу принцибі  мойындау  жөніндегі  келісімнің  жалпы
принцибі болып табылады. Саудадағы кедергілермен және оларды жою  жолдарымен
байланысты болып табылатын бұл принцип тарифтер  және  сауда  жөніндегі  Бас
келісімнің (ГАТТ/ВТО) Ережелерінде де жазылған.
      Келісімдер ұлттық,  региондық  немесе  халықаралық  деңгейде  жасалады
және басқа жақтың (жақтардың)  қызметін  мойындайтын  мемлекеттердің  санына
байланысты бір жақтық, екі жақтық және көп жақтық болады.
      Бір жақтық  келісім  екінші  бір  жақтың  нәтижелерін  мойындау  болып
табылады.
       Екі  жақтық  келісім  екі  жақтың  жұмыстарының  нәтижелерінің  өзара
мойындалатынын көрсетеді (сурет).

               А мемлекеті
         В мемлекеті [pic]
                    Сурет. Өзара мойындау жөніндегі екі жақтық келісім

      Екі жақтық келісімің кемшіліктері:
      - келісімге отырған мемлекеттердің саны шамалы (екі мемлекетк қана)
      - келісімге отыру және оны күшінде  сақтауға  көп  уақыт  және  қаржы
        жұмсалады.
      Көп жақтық келісім – екіден көп жақ қатысатын жұмыстардың  нітижелерін
мойындау жөніндегі келісім.
      Еуропалық  бірлестіктерде  аккредиттеуді  өзара  мойындау  бірлестікке
мүшелікке кірумен бірге автоматты түрде  пайда  болмайды.  Мойындау  арнаулы
келісім, мысалы сертификаттау жөніндегі  органдарды  өзара  мойындау  туралы
көпжақтық келісім (MLA –  Multilateral  Recognition  Arrangement)  негізінде
жүзеге  асырылады.  Өзара  мойындау  ұйымды,  сапа  жүйесі  мен   практикада
қолданылатын процедураларды тексеру  нәтижесінде  осындай  келісімдерге  қол
қойылғаннан кейін ғана орын  алады.  Тексеру  арасына  бірнеше  жыл  өткізіп
қайталанатын болады.
      Халықаралық практикада көп жақтық  келісім  (MLA)  арнайы  құжаттардың
көмегімен, мысалы өзара түсінушілік жөніндегі меморандум (MoU  –  Memorandum
of Understanding) арқылы жүзеге асырылады.
      Көп жақтық  келісімге  кіру  мүмкіндігін  алу  үшін,  мысалы,  мынадай
талаптарға сай болу керек:
      -  ұлттық  аккредиттеуші  органның  аккредиттеу   облысында   белгілі
        тәжірибесі болуы керек;
      - бірегей аккредиттеу критерийлері қолданылуы керек;
      - сынақ зертханаларында  жүргізілетін  салыстырмалы  сынақтар  бірдей
        техникалық базада орындалуы керк;
      - өзара бағалау жұмыстарына қатысу керек; ашық болу керек.
      Бұндай келісімдер  бойынша  қатысушылардың  құқықтары  мен  міндеттері
бірдей болуы мүмкін. Бірақ мүмкіншіліктері  бірдей  болмауы  мүмкін.  Бұндай
жағдайда келісімге қатысушылардың қарым қатынастары  дұрыс  болмауы  мүмкін.
Әсресе екі жақтық келісімдерде.
      Аккредиттеу  жөніндегі  Халықаралық  форумы  (IAF)  өзара   мойындауды
аккредиттеуші  органдар  деңгейіде  жүргізуді   ұсынады.   Бұндай   жағдайда
қатысушылардың саны едәуір көп болуы мүмкін (сурет).


[pic]

    А – аккредиттеуші орган;   С  –  сәйкестігін  растаушы  орган;      Ж  –
жеткізуші

                 Сурет. Халықаралық өзара мойындау механизмі


      Қолданылатын әдебиеттер:


      Негізгі
      1  Основы  стандартизации,  метрологии,  сертификации  и   менеджмента
качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А.  Тазабекова  –  Алматы.:
Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003.  – 564 с.
      2  Лифиц  И.М.  Основы  стандартизации,  метрологии  и   сертификации:
Учебник. – М.:  Юрайт, 2000. – 285 с.
      3  Крылова  Г.Д.  Основы  стандартизации,  сертификации,   метрологии:
Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.–  711
с.


      Қосымша
      1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана,
2008
      2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі
ережелер
      3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.
Сертификаттау  жөніндегі  органдарды,   сынау,   салыстырып   тексеру   және
калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі
      4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау
зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар
      5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.
Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар
      6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы
/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р.  Сыздықов,  Л.И.  Сыздықова.  –  Алматы:
Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.
      7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:
Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.
      8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и
качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.

          Лекция 14. Халықаралық ұйымдардың аккредиттеу нәтижелерін
                              мойындаудағы ролі

      Сертификаттау жөніндегі келісімдердің  тиімді  жұмыс  істеуінің  алдын
ала  шарты  болып  қлттық  сертификаттау  жүйесінің   және   оған   қатысушы
мемлекеттердің техникалық құзыреттілігіне, сенімділігіне  өзара  сенімдіктің
болуы табылады.
      Келісімдерде мыналар қарастырылуы тиіс:
      - келісімнің ережелері мен міндеттерін қабылдауға дайын басқа елдердің
қатысуы үшін ашықтығы;
      - импортталатын және елде шығарылатын тауарларды  жеткізушілер  бірдей
жағдайда болуы және тауарлардың стандарттар талаптарына сәйкестігін  анықтау
режимінің бірдей болуы;
      - білікті персонал және  жеткілікті  сынақ  жүргізу  базасының  болуы.
Бұндай жағдай сәйкестікті растау процедурасы келісімнің  талаптарына  сәйкес
келуінің кепілі болып табылады және оған сенімділік тудырады;
      - қлттық стандарттарды гармонизациялау  (ұлттық  стандарттардың  өзара
гармонияда болуы).
      Біріккен Ұлттар Ұйымының  Еуропалық  экономикалық  комиссиясының  (БҰҰ
ЕЭК) «Сынақ нәтижелерін мойындау» Ұсынымы өзара мойындау жөніндегі екі  және
көп жақтық келісім жасалуына жәрдемдесу мақсатында қабылданған.  Бұл  Ұсыным
бір жағынан  халықаралық  және  ұлттық  сертификаттаудың  қалыптасуына  және
дамуына, екіншіден саудадағы техникалық кедергілердің жойылуына едәуір  үлес
қосып отыр. Бұл құжат сынақ зертханаларын аккредиттеу практикасының  дамуына
да үлес қосады.
      Бұдан басқа, БҰҰ ЕЭК өзара мойындауды жеңілдететін  негізгі  шараларды
белгілейді.  Ең  алдымен  бұл   ұлттық   сертификаттау   жүйелері,   олардың
техникалық мүнкіншіліктері, персоналының біліктілігі туралы ақпарат  алмасу,
сондай-ақ  әртүрлі мәселелер туралы бір-бірімен хабар алмасу,  бақылау  және
қадағалау жүйелерімен танысу үшін  сарапшылармен  өзара  алмасу,  техникалық
және ұйымдық ынтымақтастықты дамыту.
      Аталған Ұсынымда сертификаттау жөніндегі құжаттарға қойылатын талаптар
белгіленген   және   олар    бар    болған    жерде    халықаралық    немесе
гармонизацияланған ұлттық және өңірлік стандарттарды қолдану ұсынылған.
      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) мемлекеттері үшін  сертификаттау
жөніндегі қызметтің бағыттарын  белгілейтін  құжат  болып  1992  жылы  Минск
қаласында   стандарттау,    метрология    және    сертификаттау    жөніндегі
Мемлекетаралық   Кеңеспен   қабылданған   «Стандарттау,   метрология    және
сертификаттау облысында келісімді саясат жүргізу туралы Келісім» табылады.
      Келісімге қатысушылар «Сертификаттау жөніндегі жұмыстардың нәтижелерін
мойындау Тәртібі»  қабылдаған.  Бұл  құжат  сертификаттау  жөніндегі  ұлттық
органдардың  немесе  Келісім  мүшесі   болып   табылатын   елдердің   ұлттық
сертификаттау жүйесінде аккредиттелген сертификаттау жөніндегі органдар  мен
сынақ зертханалырың (орталықтарының) сертификаттау жұмыстарының  нәтижелерін
мойындау ережелері мен процедураларын бекітеді.
      Өзара мойындау шарттары болып табылады:
      -  мемлекетте  аккредиттелген   органдардың,   сынақ   зертханаларының
(оралылықтарының) және нормативтік құжаттардың ұлттық жүйесінің болуы;
      -  сертификаттау  жөніндегі  органдардың  және   сынақ   зертханалырың
(орталықтарының) харықаралық жүйеде аккредиттелген болуы;
      -  сертификаттау  жөніндегі  органдардың  және   сынақ   зертханалырың
(орталықтарының) Келісімге қатысушы мемлекеттермен  құрылған  мемлекетаралық
жүйеде аккредиттелген болуы.
      ТМД мемлекеттері арасында көп жақтық, немесе,  егер  мемлекеттер  оған
дайын емес болса, екі жақтық келісімдер жасалады.
      Келісімге  қолдарын   қойған   мемлекеттер   сертификаттау   жөніндегі
органдарды, сынақ зертханаларын  (орталықтарын),  сынау  және  сартификаттау
нәтижелерін, өзара алмастырылмайтын өнімдердің сертификаттары мен  сәйкестік
Белгілерін өзара мойындау туралы келісті. Нормативтік база ретінде  келісуші
мемлекеттермен мойындалған (мойындалатын) халықаралық,  мемлекетаралық  және
ұлттық стандарттар қабылданған.
      Сертификаттау облысында өзара мойындау туралы келісімдерде анықталады:
      -  ұлттық   аккредиттеу   жүйелерінде   аккредиттелген   сертификаттау
жөніндегі   органдар   және   сынақ   зертханаларын   (орталықтарын)   өзара
мойындаудың   нақты   мерзімдері   (сроки),   жағдайлары   (шарттары)   және
процедуралары;
      -  өзара  мойындау  туралы  келісім   шегінде   жеткізілетін   өнімнің
қауіпсіздігін раьау тәртібі;
      - шығарушының және сертификат берген органның  өнімнің  қауіпсіздігіне
жауаптылығы.
      Өзара  мойындау  келісімдеріне  сәйкес   экспорттаушы   мемлекеттердің
сертификаттарын  мойындау   қабылдаушы   жақпен   шетелдік   сертификаттарды
мойындау үшін тағайындалған тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
      Өнімнің  сертификаты  өнім  шығарушы  мемлекеттердің   стандарттарының
міндетті талаптарына сай болған жағдайда мойындалады.
      Енгізуші  жақ  өз  терріториясында  сертификатталған  өнімнің  үстінен
инспекциялық бақылау құқығын сақтап қалады.
      Импорттаушы мемлекетте сертификаттау  талаптары  бұзылғаны  анықталған
болса,  сертификаттау   жөніндегі   ұлттық   орган   өз   мемлекеті   ішінде
сертификаттарды мойындауды тоқтатуға  құқылы  және  ол  туралы  экспорттаушы
мемлекеттің  ұлттық  сертификаттау  жөніндегі  органына  және   стандарттау,
метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық  Кеңестің  техникалық
хатшысына мәлімдеме жіберуі керек.
      Сертификаттау және акккредиттеу жөніндегі жұмыстарды өңірлік  деңгейде
реттеу  мақсатында  стандарттау,  метрология  және  сертификаттау  жөніндегі
Мемлекетаралық Кеңеспн мемлекетаралық нормативтік құжаттар  қабылданды.  Бұл
нормативтік құжаттарда Келісімге кіретін мемлекеттер  үшін  бірдей  біртекті
өнімдер   топтарын   жіне   көрсетілетін   қызметтердің   кейбір    түрлерін
сертификаттау талаптары мен тәртіптері тағайындалған.


      Қорытындап  айтқанда,  сертификаттау  және  аккредиттеу   жұмыстарының
нәтижелерін  мойындау  немесе  өзара  мойындау  мәселелері  былайша  шешілуі
мүмкін:
      - сертификаттаудың халықаралық жүйелеріне және сертификаттау жөніндегі
халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу арқылы;
      - сертификаттау  жөніндегі  ұлттық  органдармен  сертификаттарды  және
сынақ нәтижелерін өзара мойындау туралы келісімге отыру арқылы;
      - шет мемлекеттерде техникалық орталықтар ашу арқылы;
      Шет   елдердің   сертификаттау   жөніндегі   органдарын   және   сынақ
зертханаларын ұлттық сертификатау жүйесінде аккредиттеу арқылы.
      Қазақстандық  сертификаттардың  сенімділігін   қамтамасыз   ету   үшін
республикада  сертификаттау  және  аккредиттеу  нәтижелерін  өзара  мойындау
механизмі зерттеп дайындалуы керек.
      Сенімділік  сертификаттау  жөніндегі   ұлттық   органдарында   бірегей
ережелер  мен  нормаларды  қолданылуымен  қамтамасыз  етіледі.  Бұл  бағытта
Қазақстанда техникалық реттеу  жүйесіне  көшу  бойынша  жұмыстар  жүргізіліп
отыр. Алдағы уақытта ұлттық  заңнаманы  және  нормативтік  құжаттарды  қайта
қарау  және  оларды  халықаралық  талаптармен  сәйкестендіру  бойынша  үлкен
жұмыстар жүргізілуі көзделіп отыр.
      Қазақстан Республикасының сертификаттау жүйесін жетілдіру бағыттарының
бірі болып қазіргі  кезде  сертификаттау  және  акктредиттеудің  нормативтік
базасын  халықаралық  ИСО,  ИСО/МЭК  стандарттарының   және   4500   сериялы
еуропалық стандарттардың EN талаптарына сәйкес өзгерту табылады.
      Осы мақсатта Қазақстан Республикасының мемлекеттік  стандарты  ретінде
халықаралық стандарттар қабылданған:
      -  ҚР  СТ  ИСО  17025-2001  «Сынау  және   калибрлеу   зертханаларының
құзыреттілігіне жалпы талаптар»;
      - ҚР СТ ИСО/МЭК 65-2001  «Өнімді  сертификаттау  жөніндегі  органдарға
жалпы талаптар».


      Қолданылатын әдебиеттер:


      Негізгі
      1  Основы  стандартизации,  метрологии,  сертификации  и   менеджмента
качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А.  Тазабекова  –  Алматы.:
Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003.  – 564 с.
      2  Лифиц  И.М.  Основы  стандартизации,  метрологии  и   сертификации:
Учебник. – М.:  Юрайт, 2000. – 285 с.
      3  Крылова  Г.Д.  Основы  стандартизации,  сертификации,   метрологии:
Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.–  711
с.


      Қосымша
      1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана,
2008
      2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі
ережелер
      3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.
Сертификаттау  жөніндегі  органдарды,   сынау,   салыстырып   тексеру   және
калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі
      4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау
зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар
      5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.
Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар
      6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы
/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р.  Сыздықов,  Л.И.  Сыздықова.  –  Алматы:
Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.
      7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:
Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.
      8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и
качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.


           Лекция 15. Аккредиттеу саласындағы халықаралық тәжірибе

      Аккредиттеудің басты мақсаттары  -  ұйымдардың  құзыреттілігін  растау
жолымен оған сенімді қамтамасыз ету, бір салада түрлі  ұйымдардың  іс-әрекет
нәтижелерін өзара тану үшін жағдай туғызу.
      Осы мақсатта 1978 жылы бірінші  рет  халықаралық  сынақ  зертханаларын
аккредиттеу жөніндегі конференция – ИЛАК, кейіннен,  1991  жылы  халықаралық
сертификаттау  жөніндегі  органдарды  аккредиттеу  жөніндегі  форум  -   ИАФ
құрылды.
      ИЛАК  әрекетінің  саласы  –  сынақ  және  калибрлеу  зертханалары  мен
қадағалау органдарын аккредиттеу.
      ИЛАК басты міндеті  ретінде  аккредиттелген  зертханаларда  орындалған
өлшеулер  мен  сынау  нәтижелерін  тану  жолымен  саудаға   көмектесу   үшін
халықаралық кооперацияны  дамыту  деп  қойды.  1996  жылы  ИЛАК  аккредиттеу
жөніндегі органдар арасында олардың қызмет  нәтижелерін  өзара  тану  туралы
келісім жүйесін құру құқығына ие кооперацияның ресми мәтребесін  алды.  ИЛАК
келісімі 22 жыл бойына созылған қарқынды жұмыстың шыңы.
      2000 жылы қараша айында 28 түрлі өңірлер аумағында әрекет ететін  ИЛАК
мүшелері – 36 зертханаларды аккредиттеу жөніндегі оргнадар Вашингтонда  ИЛАК
келісіміне қол қойды. Осы келісім мақсаты - өлшеу нәтижелері  мен  экспортқа
шығарылатын  техникалық  сынақтар  нәтижелерін  өзара  тануға  қол  жеткізу.
Келісімге қол қою рәсімі  ИЛАК Бас ассамблея шегінде өтті.
      ИЛАК келісімінің мақсаты  –  сынау  мен  өлшеулердің  нақты  және  дәл
нәтижелерін алуды қамтамасыз ете  алатын  аккредиттелген  сынақ  және  өлшеу
зертханаларының  барынша  үлкен  желісін  құру.  2001  жылғы   31   қаңтарда
қолданысқа  енгізілген  ИЛАК  келісімі  кез   келген   елде   аккредиттелген
зертханалар орындаған  сынақ  пен  өлшеулер  нәтижелерін  танумен  шекараның
түрлі  елдері  бойынша  саудаоперациялдарына  қатысушылардың  өзара  сенімін
нығайтуға көмектесіп, халықаралық  саудада  техникалық  кедергілерді  жояды.
Осы уақытқа дейін зертханаларды  аккредиттеу  саласында  өзара  тану  туралы
келісім болған емес. Бұл халықаралық саудада кедергі қызметін атқарды,  оның
ішінде елге  енгізген  кезде  импорттаушы  қайта  міндетті  сынаулар  немесе
өлшеулерге түсуі керек өнімдермен сауда  кезінде  қиындықтар  тудырды.  ИЛАК
келісімі осындай текті кедергіні жоюға негізделген.  Жүйелер – ИЛАК  шегінде
келісімше қатысушылар арасында сенімді нығайту үшін қажетті болатын  негізгі
шарттар төменде берілген. Осы шарттар  өзінің  негізінде  –  орындалуы  ИЛАК
мүшелері мен олар аккредиттеген  зертханалардың  техникалық  құзыреттілігіне
өзара сенімді белгілеу және қолдау үшін қажетті сол талаптар.
      Осы талаптарға:
      -  ИЛАК  мүшелері  қабылдаған  аккредиттеу  схемаларын  әзірлеу   және
қолданысы туралы ақпаратпен алмасу;
      -  Басассамблея  мен  ИЛАК  комитеттерінің  жұмысына,  сондай-ақ   осы
мекемелердің түрлі шешімдерді қабылдауға қатысу;
      - халықаралық зертханааралық салыстырмалы сынақтарға, кәсіби  сынақтар
бағдарламалары мен кәсібитестілеу бағдарламаларына қатысу;
      -  техниканың  түрлі  саласында  сынаулар  мен   өлшеулер   жүргізумен
байланысты мәселелерді талқылайтын  ИЛАК  сарапшылар  тобы  мен  проблемалық
топтар жұмысынақатысу;
      - келісімге қатысқысы келетін ұйымдарды инспекциялық тексеру және ИЛАК
келісіміне қатысушы-ұйымдарға жоспарлы қайталау инспекцияларын жүргізу;
      -  келісімге  қатысушы  аккредиттеу  жөніндегі  орган  беретін   өлшем
бірліктерін    метрологиялық    қамтамасыз    етудің    сапасын     растауды
аккредиттелетін  зертханаларға  беру.  Аккредиттелетін  зертханаларды   ВІРМ
немесе өңірлік метрологиялық  ұйымдар  жүргізетін  халықаралық  салыстырмалы
сынақтарға қатысуға тарту.
      Әр  аккредиттеу  жөніндегі  органды  келісімге  қатысушылар   қатарына
қабылдау  туралы   шешім   үміткерлердің   қызметін   егжей-тегжей   бағалау
нәтижелері   негізінде   қабылданады.   Бағалау    ИЛАК    жарияланымдарында
сипатталған ережелер мен процедуларға сәйкес жүргізіледі.
      Келісімге қол қоятын  әрбір  аккредиттеу  жөніндегі  орган  келісімнің
барлық  шарттарын  және  ИЛАК  оның  қызметін  бағалау  процедурасы  бойынша
талаптарды сақтау міндеттемелерін алады.
      Халықаралық сертификаттау жөніндегі органдарды  аккредиттеу  жөніндегі
форум - ИАФ
      ИАФ  әрекет  ету   саласы   –   сертификаттау   жөніндегі   органдарды
аккредиттеу.
      ИАФ  қызметінің  негізгі  бағыты  аккредителген   зертханаларда   және
сәйкестікті бағалау жүргізетін  органдарда  екіжақты  және  бірнеше  тарапты
келісімдерді бекіту  жолымен  нәтижелерді  тануға  көмектесуге  (ұйымдастыру
сұлбасы Б қосымшасында берілген) бағытталған.
      Нәтижелерді өзара тану үшін аккредиттеу критерийлері мен  процедуларын
үйлестіру қажет, осы бөлікте ИЛАК және ИАФ ИСО, МЭК,  ЕЭК,  ООН,  МОЗМ  және
өзге де халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастық етеді.
      Аккредиттеу жөніндегі органдарға қойылатын негізгі талаптарға:
      - аккредиттеу жөніндегі орган өзінің  жұмысын  кемсітпеушілік  негізге
құру керек; аккредиттеуге қол жеткізу кез келген өтінім берушілер үшін  ашық
болуы керек;
      - аккредиттеу жөніндегі орган қоғамдық, мемлекеттік немесе  жеке  ұйым
ретінде тіркелген болуы керек.
      Сыртқы  сауда  қатынастарыныңжәне   ұлттық   аккредиттеу   жүйелерінің
дамуымен өңірлік  аккредиттеу  ұйымдары  туындай  бастады  және  сынақ  және
калибрлеу   зертханаларын   және    сертификаттау    жөніндегі    оргнадарды
аккредиттеужүйелерінің қосылу дәстүрі байқалып отыр.
      Бұған мысал ретінде еуропалық ұйымдар бола алады. Тек  1994  жылы  ВЕС
калибрлеу  зертханаларын  және   ВЕЛАС   сынақ   зертханаларын   аккредиттеу
жөніндегі Еуропалық кооперациялар негізінде  ЕАЛ  зертханаларын  аккредиттеу
жөніндегі Еуропалық ұйым құрылды.
       
      Кейіннен 1991 жылы құрылған ЕАС  сертификаттау  жөқніндегі  оргнадарды
аккредиттеу жөніндегі  еуропалық  ұйым  мен  ЕАЛ  зертханаларын  аккредиттеу
жөніндегі Еуропалық ұйымдар 1997 жылғы қараша айында  бірігіп  ЕА  Еуропалық
аккредиттеу жөніндегі ынтымақтастықты құрды.
      ЕА мүшелері бірнеше тараптық келісімдер негізінде әрекет  ететін  және
ЕН 45000  сериялы  стандарттарға  сәйкесетін  ұлттық  аккредиттеу  жөніндегі
органдар болып табылады.


      Қолданылатын әдебиеттер:
      Негізгі
      1  Основы  стандартизации,  метрологии,  сертификации  и   менеджмента
качества: Учебное пособие /Под общей редакцией К.А.  Тазабекова  –  Алматы.:
Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003.  – 564 с.
      2  Лифиц  И.М.  Основы  стандартизации,  метрологии  и   сертификации:
Учебник. – М.:  Юрайт, 2000. – 285 с.
      3  Крылова  Г.Д.  Основы  стандартизации,  сертификации,   метрологии:
Учебник для вузов. - 2-е изд., перераб. и доп. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 1999.–  711
с.


      Қосымша
      1 «Сәйкестікті растау саласында аккредиттеу туралы» ҚР Заңы. – Астана,
2008
      2 ҚР СТ 7.0-99. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Негізгі
ережелер
      3 ҚР СТ 7.8-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.
Сертификаттау  жөніндегі  органдарды,   сынау,   салыстырып   тексеру   және
калибрлеу зертханаларын (орталықтарын) тіркеу тәртібі
      4 ҚР СТ 7.3-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі. Сынау
зертханаларына (орталықтарына) қойылатын талаптар
      5 ҚР СТ 7.2-2002. Қазақстан Республикасының тіркеу жүйесі.
Сертификаттау жөніндегі органдарға қойылатын жалпы талаптар
      6 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы
/Г.Х. Шәкібаева, Х.Қ. Оспанов, Р.Р.  Сыздықов,  Л.И.  Сыздықова.  –  Алматы:
Қазақ университеті, 2002. – 242 бет.
      7 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару:
Оқулық. – Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996, - 140 бет.
      8 Аубакиров Г.О. Русско-казахский словарь терминов стандартизации и
качество продукции. – Алматы: Казахстан, 1991. –328 с.














      2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР


                       № 1 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау
аумағындағы аккредиттеу туралы »заңы.Жалпы мазмұны.
Сабақтың мақсаты:Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау аумағындағы
аккредиттеу туралы »заңын оқып үйрену.

Тапсырма:
1.Заңның негізгі тарауларын оқу.
2.Аккредиттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері.
3. Қ.Р. Республикасының «Сәйкестікті бағалау аумағындағы аккредиттеу
туралы» (05.07.2008гN IV ) жаңа заңын және бұрынғы ҚР « Аккредиттеу туралы
»заңын салыстыру сипаттамасын беру.

Бақылау сұрақтары:
1.Аккредиттеу дегеніміз не ?
2. Аккредиттеудің негізгі мақсаттары мен принциптері?
3.Сәйкестікті бағалау аумағындағы аккредиттеу саласындағы ҚР өкіметінің
компетенциясы және аккредиттеу жүйесі?

                       № 2 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау
аумағындағы аккредиттеу туралы »заңы.Терминдер мен анықтамалар.
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау
аумағындағы аккредиттеу туралы »заңында пайдаланылатын негізгі терминдер
мен анықтамаларын оқып үйрену.

Тапсырма:
1.Заңда пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамаларды дәптерге көшіріп
жазу.
2.Терминдерді дұрыс оқи білу.
3.Терминдер мағынасын түсіну?

Бақылау сұрақтары:
1. Заңда пайдаланылатын терминдерге анықтама беру?
2. Сәйкестікті бағалау аумағындағы аккредиттеу туралы »заңының маңызы?






                       № 3 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының Аккредиттеу жүйесінің
құрылымы.
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының Аккредиттеу жүйесінің
құрылымымен танысу.

Тапсырма:
1.Қазақстан Республикасының Аккредитеу жүйесінің құрылымы.
2.Аккредиттеу жөнінідегі органның құқықтарымен міндеттері.

Бақылау сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының Аккредиттеу жүйесінің маңызы?
2. Аккредиттеу жөніндегі органның атқаратын қызметі?


                       № 4 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)


Сабақтың тақырыбы: Ұлттық аккредиттеу орталығының (НЦА) құрылымы және
қызметтік бағыттары.
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының Аккредиттеу жүйесінің
құрылымымен танысу.
Тапсырма:
1.Ұлттық аккредиттеу орталығының  құрылымын дәптерлеріне сызу.
















СО - сәйкестікті растау жөніндегі органдар
СЗ - сынақ зертханалары
КЛ - калибрлеу зертханалары
СТЗ - салыстырып тексеру зертханалары

Бақылау сұрақтары:
1.Аккредиттеу орталығының құрылымын білу?
2.Аккредиттеу жөніндегі комиссияның қызметі?
3.Шағым жөніндегі комиссиның қызметі?
4.Бас директор қызметі?



                       № 5 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)

Сабақтың тақырыбы: ҚР СТ ИСО/МЭК 65-2001.
Сабақтың мақсаты: ҚР СТ ИСО/МЭК 65-2001 мазмұнымен танысу.

Тапсырма:
1.Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты «Өнімді сертификаттау
жөнінідегі органдарға қойылатын жалпы талаптар» қолдану саласы.
2.Нормативтік сілтемелерді оқу.
3.Анықтамаларды оқып дәптерге жазу.

Бақылау сұрақтары:
1.ҚР СТ ИСО/МЭК 65-2001.қолдану саласы?
2.Сертификаттау жөніндегі орган?
3.Шағымдар ,арыздар мен даулы жағдайлар?
4.Сертификаттау туралы шешім?
5.Инспекциялық бақылау?


                       № 6 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)

Сабақтың тақырыбы:.ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 «Сынақ және калибрлеу
зертханаларының құзіреттілігіне қойылатын талаптар»
Сабақтың мақсаты: ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 мазмұнымен танысу.

Тапсырма:
1.«Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзіреттілігіне қойылатын талаптар»
ҚР СТ оқып,қолдану саласымен танысу.
2.Сызбаны сызып,талдау .
3.Терминдер мен анықтамалар.
4.Менеджментке қойылатын талаптар.
5.Қосалқы мердігерлермен сынақ және калибреу жүргізуге шарт жасау.
6.Зертхана қызметкерлерінің тапсырыс берушілеріне қызмет көрсету.
7.Белгіленген талаптарға сәйкес емес сынақ және /немесе калибрлеу
жұмыстарын басқару.
8.Сынақ,калибрлеу әдістері және әдістерді валидтеу.





































                                      –

(Шетелдік бағалаушылар  аккредиттеу  жөніндегі  халықаралық  ұйымдарға  кіру
бойынша  Республикалық  бюджеттік  бағдарлама  аясында  ISO/IEC   17025-2005
халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігіне  13  зертхананы  аккредиттеді.
Үстіміздегі  жылы  тағы  да  10  зертхананы  аккредиттеу  бойынша   жұмыстар
жүргізіледі)

Бақылау сұрақтары:
1.Терминдер мен анықтамалар?
2.Нормативтік сілтемелер?
3.ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 маңызы қандай?
4. ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007 қолдану саясы?

                       № 7 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)

Сабақтың тақырыбы: Техникалық комитеттер ережесі.
Сабақтың мақсаты: Сынақ зертханаларын аккредиттеу жөніндегі техникалық
комитет туралы ережесінің мазмұнымен танысу.

Тапсырма:
1.Техникалық комитет құрылымы мен құрамы.
2.Техникалық комитет қызметтері.
3.Техникалық комитет органдары мен құрамы.

 Бақылау сұрақтары:
1.Техникалық комитет ережесінің мазмұны?
2.Техникалық комитет қызметтері?
3.Құқықтары?
4.Міндеттері?

                       № 8 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)

Сабақтың тақырыбы: Аккредиттеу жөніндегі бланктер.Аккредиттеуге
өтініш,жолдама хаты.
Сабақтың мақсаты: Аккредиттеу жөніндегі бланкілердің маңызы мен танысу.

Тапсырма:
1 Өтінім беруші АО Қазақстан Республикасы Индустрия және  сауда  министрінің
22.08.08 жылғы № 322 бұйрығының (бұдан әрі – ҚР ИСМ Министрінің  бұйрығы)  1
қосымшасының  нысаны  бойынша  мыналардан  тұратын  аккредиттеуге   өтінімін
ұсынады  (А қосымшасы):
      1) өтінім беруші заңды тұлғаның атауы;
      2) аккредиттелуіне сәйкес нормативтік құжаттың негіздемесі
      3) өтінім берушінің негізгі қызмет  бағыты  немесе  сынақ  және  өлшем
  түрлеріне өтінілген өнімі;
      4) өтінім берушінің заңды мәртебесі:  атауы,  ұйымдастырушылар,  заңды
  тұлғаның басқару органы, тұрғылықты орны,  телефоны,  факсы,  электрондық
  поштасы, вебсайты, есеп шоты, СТН;
      5) өтінім беруші-ұйым басшысының тегі, аты-жөні;
      6) аккредиттеу  жөніндегі  органмен  байланысқа  жауапты  қызметкердің
  тегі, аты-жөні, телефоны;
      7) оның қайта аккредиттелу барысында аккредиттеу аттестатының  сериясы
  және нөмірі;
      8) өтінім беруші-ұйым басшысының қолы және мөрімен расталады.
2. Өтінімдер мен құжаттар  аккредиттеу  жөніндегі  жұмыстарды  жүргізу  үшін
анықтама хатымен АО жолданады.
      Жолдама хат:
      - өтінім берушінің фирмалық бланкісінде нысан бойынша (А қосымшасы);
      -   аккредиттелуіне   сәйкес    белгіленген    нормативтік    құжаттың
  көрсетілуімен;
      - өтінім беруші-ұйымның деректерімен;
      - өтінім беруші-ұйым басшысының қолының расталуымен рәсімделеді.
      Өтінім беруші жолдама хатында  АО  алдында  аккредиттеудің  талаптарын
  және міндеттерін орындайтындығына келісетіндігін көрсетеді.




3..Жолдама хаттың үлгісімен танысу.

Бақылау сұрақтары:
1.Өтінімдерге қойылатын талаптар?
2. Жолдама хатына қойылатын талаптар?
3. Аккредиттеу материалдарының жиынтығы?

                       № 9 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)

Сабақтың тақырыбы: Аккредиттеу жөніндегі бланктер.Аккредиттеу облысы
Сабақтың мақсаты: Аккредиттеу бланкілерінің маңызын білу.
Тапсырма:
1.Аккредиттеу облысы бланктерімен танысу.

Бақылау сұрақтары:
1.Аккредитеу бланкісінің маңызы?
2.Аккредиттеу бланкісінің толтыру тәртібі?

                       № 10 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)

Сабақтың тақырыбы: Аккредиттеу жөніндегі бланктер. Қызметкерлер туралы.
Сабақтың мақсаты:  Аккредиттеу  жөніндегі  жұмыстарды  орындайтын  қызметкер
туралы мәліметтің маңызымен танысу.
Тапсырма:
1. Жұмыс дәптеріне бланкіні сызу.

Бақылау сұрақтары:
1.Аккредитация органдарының маңызы?
2.Аккредиттеу жұмыстарының маңызы?

                       № 11 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)

Сабақтың тақырыбы: Аккредиттеу жөніндегі бланктер.Аккредиттеу алдындағы
және соңындағы типтік келісім шарттар.
Сабақтың мақсаты:  Аккредитттеу жөніндегі бланктермен танысып,практикада
қолдана білу.
Тапсырма:
1.Аккредиттеу алдындағы шарт бланкісімен танысу.

Бақылау сұрақтары:
1. Аккредиттеу алдындағы шарттың талаптары қандай?
2. Аккредиттеуден кейінгі шарттың талаптары қандай

                       № 12 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)

Сабақтың тақырыбы: Уақыт нормалары.
Сабақтың мақсаты: Аккредитация процесі.Аккредитация және калибрлық
зертханалар инспекциялық тексеру жүргізу жұмыстарына арналған уақыт
нормаларымен танысу.

Тапсырма:
1.Жалпы ережелерімен танысу.
2.Таралу аймағы.
3.Терминдер және анықтамаларды дәптерге жазу.

Бақылау сұрақтары:
1.Терминдер мен анықтамалар?
2.Аккредитацияға арналған уақыт нормаларын анықтау?

                       № 13 тәжірибелік сабақ (2сағ.)

Сабақтың тақырыбы: Нормативтік құжаттармен танысу.
Сабақтың мақсаты: Нормативтік құжаттардың түрі,маңызы,қолдану аясымен
танысу.

Тапсырма:
1.Төмендегі нормативтік құжаттармен танысу?
2.СТ РК 7.9-2008
3. СТ РК ИСО/МЭК 43-1-2002
4. СТ РК ИСО/МЭК 43-2-2002
5. СТ РК ИСО/МЭК 17025 -2007
6. СТ РК ИСО/МЭК 65-2001
7. ИСО 17021-2006
8.СТ РК 7.6-2003

Бақылау сұрақтары:
1.Нормативтік құжаттар тізімі?
2.Нормативтік құжаттар маңызы?
3.Нормативтік құжаттардың қолдану саласы?


                       № 14 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)

Сабақтың тақырыбы:ПМГ 06-2001.
Сабақтың мақсаты: ПМГ 06-2001 танысып,маңызын талқылау.

Тапсырма:
1.ПМГ 06-2001 Жалпы ережелерімен танысу .
2. ПМГ 06-2001 Келісімдермен танысу
3.ПМГ 06-2001 Нормативті сілтімелерімен танысу.

Бақылау сұрақтары:
1.ПМГ 06-2001 маңызы?
2.ПМГ 06-2001  мәні?
3.МПГ 06-2001 нормативтік сілтімелерінің маңызы?

                       № 15 тәжірибелік сабақ (2 сағ.)


Сабақтың тақырыбы: Аккредиттеу саласындағы ынтымақтастық жөніндегі
келісімдер  (тізімімен танысу)
Сабақтың мақсаты:

Тапсырма:
1. Халықаралық зертханаларды аккредиттеу жөніндегі кооперация ИЛАК
2. Халықаралық аккредиттеу жөніндегі форум ИАФ
3. Еуропалық аккредиттеу жөніндегі қоғамдастық ЕА
4. Мемлекетаралық стандарттау, метрология жәнен сертификаттау жөніндегі
кеңес (МАС)

Бақылау сұрақтары:
1.Аккредиттеу саласындағы ынтымақтастық келісім?
2.ИЛАК қай жылы құрылды?
3.ИЛАК  мақсаты қандай?
4.ЕА қай жылы  құрылды?
5.ЕА мақсаты?

Қолданылған әдебиеттер:
1.Қ.Р. «Сәйкестікті бағаалу аймағындағыф аккредиттеу туралы »заңы.
2.Қ.Р.СТ7.8.-2002  Сертификаттау  органдары  ,сынақ,тексеру  және  калибрлеу
зертханаларының аккредиттеу тәртібі.

    3 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ


    3.1  Студенттің  өзіндік  жұмысың  ұйымдастыру  жөніндегі   әдістемелік
нұсқаулар
      Өзіндік  жұмысын  орындау  кезінде  студент  нақты   тақырып   бойынша
ұсынылған әдебиеттерді қалданады, материалды өз бетімен игереді,  зерделеген
материалдың қысқаша  мазмұнын  дәптерге  түсіреді.  СОӨЖ  сабағында  студент
жазбаларын оқытушыға көрсетеді, ал оқытушы оны бағалайды.
    3.2 Рефераттар тақырыптарының тізімі:
    3.2.1 «Сәйкестікті растау  саласында  аккредиттеу  туралы»  ҚР  Заңының
негізгі қағидалары
    3.2.2 ҚР аккредиттеу жүйесінің мемле-кеттік стандарттары
    3.2.3 ИСО / МЭК 17021:2006 Халықаралық стандарты
    3.2.4 СТ РК ИСО/МЭК 65-2001
    3.2.5 СТ РК ИСО/МЭК 62-2001
    3.2.6 СТ РК ИСО/МЭК 66-2002









































































































































































































































































-----------------------
  А сәйкестікті растау органы

             1 - жеткізуші

                      Өзара мойындау жөніндегі келісім

                         В сәйкесікті растау органы

                                2 - жеткізуші

                          Өзара мойындау механизмі
                            (көп жақтық келісім)

                                      А

                                      А

                                      С

С

С

С

С

Ж

Ж

Ж

Ж

Ж

Ж

Ж

Ж

Ж

                                 А мемлекеті

                                 В мемлекеті

                                 С мемлекеті

                             ҚР СТ ИСО/МЭК 17025
                                 394 субъект


                                     354
                              Сынақ зертханасы

                                      7
                             Калибрлеу зертхана

                                     33
                        Салыстырып тексеру зертханасы

                    ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2001 стандартына
                                    283;
                     ҚР СТ ИСО/МЭК 17025-2007стандартына
                                     111


Пәндер