Файл қосу

Халықаралық құқық



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
           ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты    |ОӘК                       |ОӘК                     |
|                         |                          |042-18-20.1.102/01-2014 |
|«Халықаралық құқық»      |№1 басылым                |                        |
|пәнінің оқу-әдістемелік  |11.09.2014 ж.             |                        |
|кешені                   |                          |                        |















                      «Халықаралық құқық»  пәні бойынша
                  «5В030100»- құқықтану мамандығына арналған
                      ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ
                         ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ
























                                    СЕМЕЙ
                                    2014

                      Мазмұны


   1. Глоссарий
   2. Дәрістер
   3. Практикалық сабақтар
   4. Студенттердің өздік жұмысы






































    1. Глоссарий

|№  |Терминдік ұғым сөз      |Ұғымдық мазмұны                                   |
|1  |Халықаралық құқық       |Мемлекеттер арасындағы әр түрлі саяси,            |
|   |                        |экономикалық және өзге де қатынастарды, сондай-ақ |
|   |                        |халықаралық қатынастарға қатысушы басқа да        |
|   |                        |құрылымдарды реттейтін құқықтың бір бөлімі.       |
|2  |Қағидалар               |Қандай да бір жүйенің негізін қалайтын идеялар,   |
|   |                        |нақты жүйенің барлық нормалары бағынатын, әрекеті |
|   |                        |көлемді нормалар.                                 |
|3  |Халықаралық құқықтық    |Бұл халықаралық жария құқық субъектілері          |
|   |нормалар                |тәртіптерінің белгілі бір ережелері               |
|4  |Халықаралық құқықтың    |Халықаралық құқық субъектілерінің келісілген      |
|   |қайнар көздері          |еркінбілдіретін халықаралық құқық нормаларына     |
|   |                        |айналған нысандар.                                |
|5  |Индивид                 |Бұл жекеадам, жеке өмір сүретін тірі тіршілік     |
|6  |De-jure                 |Бұл толық көлемдегі заңдық салдар туындағанда,    |
|   |                        |құқық бойынша, тұтастай ресми тану.               |
|7  |De-facto                |Тануы көпжылдық қатынастар орнатуға, экономикалық |
|   |                        |және әкімшілік сипаттағы шарттар жасасуға         |
|   |                        |міндеттейтін тану.                                |
|8  |Ad hoc                  |Субъектінің танылуы жоқ, мемлекетке туындаған     |
|   |                        |мәселелерді реттеу үшін белгілі бір қатынастарға  |
|   |                        |түсу, яғни фактілік сипаттағы мойындау.           |
|9  |Құқықмирасқорлық        |Бұл бір субъектінің құқықтары мен міндеттерінің   |
|   |                        |белгілі оқиғалар мен жағдайлардың туындауы        |
|   |                        |нәтижесінде екінші біреуге өтуі.                  |
|10 |Халықаралық шарттар     |Шарттық-құқықтық нормалар жиынтығын құрайтын,     |
|   |ұғымы                   |халықаралық шарттардың жасалу тәртібін, жарамдылық|
|   |                        |шарттарын, әрекет етуі мен тоқтатылуын айқындайтын|
|   |                        |халықаралық жария құқықтың бір саласы.            |
|11 |Халықаралық шарт        |Бұл халықаралық құқық субъектілерінің, ең алдымен |
|   |                        |және негізгі орайда мемлекеттер еріктерінің       |
|   |                        |келісілген көрінісі, ол тараптардың өзара мүдделі |
|   |                        |мәселелері бойынша жасалады және қатынастарды     |
|   |                        |халықаралық құқықтың негізгі қағидаларына сай,    |
|   |                        |өзара құқықтар мен міндеттерді жасау жолымен      |
|   |                        |реттейтін шарттық ережелер                        |
|12 |Pacta sunt servanda     |“шарттар орындалуы тиіс” деген рим құқығынан      |
|   |                        |алынған шарттар құқығының негізгі ережесі.        |
|13 |Халықаралық шарттарды   |Бірнеше жүйелі сатылардан құрылатын күрделі       |
|   |жасау дегеніміз         |процесс.                                          |
|14 |Парафирлеу              |Шарттың түпнұсқасын жасау.                        |
|15 |Депоненттеу             |Бекіту грамоталарымен алмасу.                     |
|16 |Промульгациялау         |Шартты жариялау.                                  |
|17 |Шарт мәтінін қабылдау   |Дауыс берудің қажетті рәсімі, оның көмегімен      |
|   |                        |мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың      |
|   |                        |өкілетті тұлғалары мәтінімен келісілетіндіктерін  |
|   |                        |білдіру.                                          |
|18 |Мәтәннің түпнұсқалығын  |Шарттың қабылданған мәтіні түпкілікті деп         |
|   |бекіту                  |танылатын рәсім (грек сөзі authentikos–түпнұсқа,  |
|   |                        |алғашқы қайнар көзден шығады деген мағынаны       |
|   |                        |білдіреді).                                       |
|19 |Ad referendum           |Мемлекеттің шарттың өзіне міндетті екндігімен     |
|   |                        |келісу әдісі.                                     |
|20 |Ескерту дегеніміз       |Мемлекеттің кез келген нысанда және кез келген    |
|   |                        |атауда жасайтын бір тарпты жариялауы.             |
|21 |Ратификациялау          |Бекітушарт процессінің маңызды сатыларының бірі,  |
|   |                        |ол мемлекеттік биліктің жоғары органының          |
|   |                        |халықаралық шартты бекітуін көрсетеді.            |
|21 |Халықаралық жариялаудан |Ол қатысушы мемлекеттің бұқаралық ақпарат         |
|   |басқа ішкі мемлекеттік  |құралдарында халықаралық шартты ресми жариялау.   |
|   |промульгация            |                                                  |
|22 |Депозитарий             |бір немесе бірнеше мемлекеттер, халықаралық       |
|   |                        |ұйымдар немесе осындай ұйымның бас атқарушы       |
|   |                        |лауазымды адамы.                                  |
|23 |Депозитке беру деп      |Депозитарийге халықаралық шарттың, бекіту         |
|   |                        |грамоталарының,  халықаралық шарттқа қосылу туралы|
|   |                        |құжаттардың немесе шарттың бұзылғаны туралы       |
|   |                        |құжаттардың түпнұсқасымен сақтауға беруді айтамыз.|
|24 |Халықаралық шарттардың  |Шарт тараптарының қатысушылар ретінде заңды       |
|   |өз күшіне енуі дегеніміз|құқықтар мен міндеттерге ие болуы.                |
|   |                        |                                                  |
|25 |Шарттың әрекет етуінің  |Халықаралық құқыққа сәйкес барлық құқықтық        |
|   |тоқтатылуы дегеніміз    |қатынастардың тоқтауы.                            |
|   |                        |                                                  |
|26 |Консенсус               |Шешімдерді дайындау мен қабылдау рәсімі, оған мүше|
|   |                        |мемлекеттердің позициясын дауыс бермей-ақ         |
|   |                        |уйлестіру және қабылданатын шешімдерге толықтай   |
|   |                        |алғанда қарсылықтардың болмауы.                   |
|27 |Халықаралық ұйым        |Бұл белгілі бір міндеттерді орындау үшін          |
|   |                        |халықаралық шарт негізінде құрылған, тұрақты      |
|   |                        |әрекет ететін органдар жүйесі бар, халықаралық    |
|   |                        |құқық субъектілігіне және халықаралық құқық       |
|   |                        |номалары мен қағидалары негізінде құрылған        |
|   |                        |мемлекеттердің тұрақты бірлестігі.                |
|28 |БҰҰ Бас Ассамблеясы     |Оның барлық мүшелерінен тұратын Біріккен Ұлттар   |
|   |                        |Ұйымының басты органы.                            |
|29 |Хатшылық                |БҰҰ-ның әкәмшілік органы                          |
|30 |Халықаралық құқықтағы   |Бұл халықаралық құқықтық міндеттемелерді бұзған   |
|   |жауапкершілік           |жағдайда халықаралық құқық субъектілері үшін      |
|   |                        |туындайтын заңдық салдар.                         |
|31 |Зиян (залал)            |Мемлекеттің құқыққа қайшы тәртібінің салдары.     |
|32 |Реституция              |Бір мемлекеттің аумағынан тартып алынып, келесі   |
|   |                        |бір мемлекетке шығарылғанмүлікті қайтару.         |
|33 |Субституция             |Егер заттарды қайтара алмаған жағдайда келісім    |
|   |                        |бойынша соған тең бағалы немесе жақын келетін     |
|   |                        |затпен қайтару.                                   |
|34 |Репрессалий             |Басқа мемлекеттің бұзған өзінің құқықтарын қалпына|
|   |                        |келтіруге бағытталған мемлекеттердің мәжбүрлеу    |
|   |                        |әрекеттері.                                       |
|35 |Абсолюттік жауапкершілік|Бұл мемлекеттің жауапкершілігі.Мемлекет өзінің    |
|   |                        |органдары арқылы халықаралық аренаға шығады, яғни |
|   |                        |мемлекет өзінің атқарушы, заң шығарушы, сот       |
|   |                        |органдарының барлығының әрекеті үшін жауап береді.|


      2. Дәрістер
      Дәріс сабағының құрылымы

Тақырып 1.   Халықаралық құқықтың ұғымы.
1. Осы заманғы халықаралық қатынастардың негізгі белгілері және халықаралық
құқық - құқықтың ерекше жүйесі.
2. Қазіргі болмытағы халықаралық қатынастардың қызмет ету жағдайы және
жүйеленуі мен үдемелі дамуы.
1. Халықаралық құқық нормалары  мен  мемлекеттердің  тәуелсіздік  құқықтарын
құрметтеу  мемлекеттер  арасындағы  сапалы   өзара   қатынастардың   негізгі
алғышарты  болып   табылады.   Халықаралық   қүкык   нормалары   халықаралық
қатынастардың   пайда   болуынан   туындайды.    Халықаралық    қатынастарды
халықаралық құқық реттеп отырады, сонымен бірге оның нормаларына  өз  әсерін
тигізеді. Халықаралық құқық кез келген  қоғам  өмірінде  маңызды  орынға  ие
болатын  жан-жақты   және   дамыған   халықаралық   қатынастарды   реттейді.
Халықаралық   қатынастар    халықаралық    құқық    нормаларының    мазмұнын
айқындайды.Жеке зерттеулерді қажет ететін іргелі  проблемаларға  ең  бірінші
халықаралық жүйедегі халықаралық құқық пен  халықаралық  қатынастардың  орны
туралы  проблеманы  жатқызуға  болады.  Мәселен,  халықаралық   қатынастарды
зерттеушілер халықаралық қатынастарды маңызды және анықтаушы деп  есептейді,
оларды жүйе ретінде  қарастырады  (Г.А.Арбатов,  Н.И.Лебедев,  Ш.Г.Санакоев,
Д.Г.Томашевский, т.б).Халықаралық құқықтар  мағынасында  алғанда  мыналарды:
біріншіден, мемлекеттер мен мемлекет тәріздес  құрылымдарды;  екіншіден,  өз
тәуелсіздіктері  үшін   күресуші   халықтар   мен   ұлттардың,   мемлекеттік
құрылымдардың   орнығу   процесін;   үшіншіден,    халықаралық    ұйымдарды;
төртіншіден,  мемлекеттер  тобын;  бесіншіден,  осы  белгілердің  арасындағы
байланысты  білдіреді.Жоғарыда  аталғандардан  басқа,  халықаралық   жүйенің
құрамына  сондай-ақ  халықаралық  қатынастарда  әрекет  ететін  халықаралық-
құқықтық және өзге де әлеуметтік нормалар кіреді. Халықаралық  жүйеге  айқын
тұтастық,  басқа   компоненттерден   салыстырмалы   оқшаулық   сипаты   тән.
Халықаралық  жүйенің  ерекшелігі  -  оның   негізгі   белгісі,   мемлекеттің
біріншіден, халықаралық жүйенің бір бөлігі болып  табылатындығы,  екіншіден,
одан тыс та өмір сүре алатындығы.Сонымен,  халықаралық  құқықтың  даму  және
қызмет   ету   проблемаларын   айқындағанда,   осы    заманғы    халықаралық
қатынастардың  ерекшелігін,  халықаралық  жүйе  үғымы   мен   компоненттерін
анықтауға  тура   келеді.Халықаралық   қатынастар   -   бұл   мемлекеттердің
арасындағы саяси, экономикалық,  құқықтық,  дипломатиялық,  әскери,  мәдени,
ғылыми, идеологиялық және өзге де  байланыстар  жүйесі.Халықаралық  құқық  -
мемлекеттер  арасындағы  әр  түрлі  саяси,   экономикалық   және   өзге   де
қатынастарды,  сондай-ақ  халықаралық   қатынастарға   қатысушы   басқа   да
құрылымдарды реттейтін құқықтың бір бөлімі. Ол құқықтың ерекше  жүйесі  ғана
емес, ішкі мемлекеттік құқықтың барлық өзге салаларынан едәуір  айырмашылығы
бар. Халықаралық  құқық  халықаралық  қатынастарды  реттейтін  шарттық  және
нормалар мен қағидалар  жүйесін  және  мемлекеттің  салыстырмалы  келісілген
еркін көрсетеді.Халықаралық  құқық  өзінің  генетикалық  және  мәні  жағынан
мемлекетпен байланысты болғанына қарамастан,  жеке  бір  мемлекеттің  құқығы
болып  есептелмейді,  сондай-ақ   мемлекеттегі   жоғары   құқық   болып   та
табылмайды. Ол  мемлекеттердің  өзара  қатынасын  бекітуші  және  қамтамасыз
етуші мемлекетаралық құқық болып  табылады.Егер  ішкі  мемлекеттік  құқықтың
барлық салаларында субъектілер ретінде, яғни  құқықтар  мен  міндеттемелерді
иемденушілер  жеке  және   заңды   түлғалар   болса,   халықаралық   құқықта
субъектілер екі топқа бөлінеді: 1-топ -  негізгі  субъектілер:  а)  тәуелсіз
мемлекеттер; ә) өз тәуелсіздіктері үшін күресуші ұлттар мен халықтар;  2-топ
-  қосымша  субъектілер:  а)  халықаралық  ұйымдар;  ә)   мемлекетке   ұқсас
құрылымдар.  Халықаралық  құқықтың  соңғы  жылдардағы  дамуынан   индивидтің
халықаралық  құқықтың  субъективтілік  теориясы  көпшілік   алдында   таныла
бастады.Халықаралық  жария  құқық  -  бұл  құқық  субъектілерінің  еріктерін
үйлестіру жолымен жасалатын, әрі  заңдық  түрғыдан  міндетті  деп  танылатын
және  қажетті  жағдайларда  мәжбүрлеу  жолымен   қамтамасыз   етілетін   заң
нормаларының жүйесі.
2. Халықаралық құқықтың қызмет етуі  -  бұл  халықаралық  құқық  жүйесі  мен
құқықтық   ортаның,   яғни   халықаралық   құқық   жүйесі   компоненттерінің
әрекеттесуі  болып  табылады.  Мәселеге  бұл  тұрғыдан   қарау   халықаралық
құқықтың рөлін, оның дамуын бағдарлауға, оның әрекеттілігінің  бейбітшілікті
және  халықаралық  ынтымақты  арттыру  құралы  ретінде  одан  әрі  танылуына
септігін тигізеді. Сонымен бірге, қызмет ету дегеніміз халықаралық  құқықтың
мақсат-міндеттерін жүзеге асыру  процесі  болады.Халықаралық  құқық  адамзат
қоғамы  дамуының  әр  түрлі  сатыларында   түрлі   рөл   атқарған.   Белгілі
халықаралық заңгерлердің бірі Ф.Лист халықаралық құқықтың  көбіне  аяқ  асты
болып  келгенін  атап  көрсеткен.  Алайда   мемлекеттер   және   халықаралық
қатынастың басқа субъектілері халықаралық жария құқық нормаларының  міндетті
күшін  жоққа  шығара  алмайды.Халықаралық  құқықтың  басты  қызметі  -  оның
мемлекетаралық   қатынасының   негізгі   қатысушылары   мен   арақатынасынан
көрінеді. Мұнда құқықтық  қатынас  субъектілері  түрлі  құралдарды  қолдануы
мүмкін.Халықаралық жария құқықтың қызмет етуі үшін мынадай мәселелер  өзекті
болып табылады: біріншіден, халықаралық  құқық  мемлекеттін  көпшіліктаныған
нормалары мен қағидаларын сақтауын міндеттей келе,  олардың  сыртқы  саясаты
мен дипломатиясын  шектеп  отырады;  екіншіден,  халықаралық  құқық  сонымен
бірге  сыртқы  саясат  пен  дипломатияның  дамуы  үшін  негіз  бола   алады;
үшіншіден, халықаралық құқық сыртқы саясат  пен  дипломатиялық  қатынастарға
қатысушы органдардың қызметін реттейді.  Мәселен,  халықаралық  жария  құқық
өзінің жүйесінде дипломатиялық және елшілік құқық салаларын зерттейді.  Оған
халықаралық болсын, сондай-ақ ішкі мемлекеттік сипатта  болсын,  жетерліктей
нормативтік база бар, мәселен, 1961 ж.  дипломатиялық  қатынас  туралы  Вена
конвенциясы, 1963 ж.  елшілік  қатынас  туралы  Вена  конвенциясы,  2002  ж.
"Дипломатиялық   қызмет   туралы"   Қазақстан   Республикасының   Заңы.Шетел
сөздерінің осы заманғы сөздіктерінде жүйелеуді  былайша  түсіндіреді.Жүйелеу
(лат.codification) - құқықтың  жеке  салалары  бойынша  мемлекет  заңдарының
жүйеленуі, әдетте ол, әрекеттегі заңдарды қайта  қарап,  ескірген  заңдардың
күшін жою арқылы жасалады. Аталған анықтамаға сүйене отырып, біз  жүйелеудің
негізгі бағыттарын айқындай аламыз:
  1)  Әрекет  етуші  нормаларды,  институттарды,  қағидаларды,  халықаралық
құқық салаларының тура және нақты мазмұнын белгілеу;
Ескірген нормаларды өзгерту немесе қайта қарау;
Халықаралық  құқықтың  үдемелі  дамуын  ескере  отырып,   жаңа   нормаларды,
институттарды, қағидаларды, салаларды анықтау;
Халықаралық  құқық   нормаларын,   институттарын,   қағидаларын,   салаларын
нормативтік бекіту.
Халықаралық құқықты жүйелеумен  айналысатын  халықаралық  ұйымдардың  ішінен
Халықаралық құқық Институты  Штаб-пәтері  -Брюссель  мен  халықаралық  құқық
Ассоциациясы - штаб пәтері  -  Лондон  айрықша  орын  алады,  олар  1873  ж.
құрылған болатын.
 Осы заманғы халықаралық  құқық  халықаралық  жария  және  халықаралық  жеке
құқық болып екіге бөлінеді.  Бұл  оқу  құралында  халықаралық  жеке  құқыққа
қатысты  мәселелер  қамтылмағақ   сондықтан   олардың   арақатынасы   туралы
мәселелерді  айтып  өткеніміз   жөн   болар.Аталған   мәселе   көпке   дейін
халықаралық құқықтың теориясы мен тәжірибесінде  талас  тудырып  келді,  бұл
проблеманың гснезисі былайша сипатталады. Бұл  мәселеге  байланысты  мынадай
үш түрлі негізгі көзқарастар өмір сүріп келді:
  1)  Халықаралық жеке құқық ұлттық құқықтың бір бөлігі және құқық  ретінде
өз бетінше өмір сүре алмайды. Ол азаматтық  құқық  жүйесіне  жатады.  Мұндай
пікір алғаш 1926ж. И.С.Перетерскийдің еңбектерінде айтылды;
Интернационалдық позиция, Халықаралық жеке құқық - халықаралық құқықтың  бір
бөлігі, яғни Халықаралық  жеке  құқық  Халықаралық  жария  құқық-халықаралық
құқық.
Халықаралық жеке құқық кейде азаматтық  құқықтың  арнайы  салаларының  бірін
құрайды, бірақ негізінен Халықаралық жария құқықпен тығыз байланысты.
Халықаралық  жария  құқық  пен  халықаралық  жеке  құқық  арасындағы   толық
байланыс  халықаралық  жеке  құқықтың  мемлекетаралық   қатынастарды   емес,
халықаралық  өмірді  сипаттайтындығына  байланысты  болады.  Осыдан   келіп,
халықаралық жария құқықтың кейбір бастама негіздері халықаралық  жеке  құқық
үшін  де  белгілі  бір  мәнге  ие  болады.Мемлекет  шетел  элементтері   бар
азаматтық-құқықтық  қатынастарға  қатысы   бар   мәселелерді   өзінің   ішкі
заңдарымен   немесе   халықаралық   келісімдермен    шешкенде    халықаралық
ынтымақтастық  мәселелеріне  өз  көзқарасын  белгілейді,  халықаралық   жеке
құқықтың осы  ынтымақтастықты  ұйымдастыруға  қатысатынынан,  мемлекеттердің
халықаралық жеке құқық көлеміндегі актілері оның сыртқы саясатын білдіреді.
      Өзін өзі бақылау сұрақтары
1. Осы заманғы халықаралық қатынастардың негізгі белгілері және халықаралық
құқық - құқықтың ерекше жүйесі.
2. Қазіргі болмытағы халықаралық қатынастардың қызмет ету жағдайы және
жүйеленуі мен үдемелі дамуы.
                 Ұсынылатын  әдебиет
   1. Бирюков П.Н. Международное право: Учебное пособие. - 2-е  изд.  -  М.,
      2000.
   2. Додонов В.Н., Панов В.П., Румянцев О.Г. Международное право:  Словарь-
      справочник/Под общ. ред. В.Н.Трофимова. - М., 1997.
   3. Лукащук И.И. Международное право. Общая часть: Учебник. - 2-е  изд.  -
      М., 2001.
   4. Лукащук И.И. Международное право. Особенная часть: Учебник. - 2-е изд.
      - М., 2000.
   5. Международное право: Учебник / Под ред. Г.В. Игнатенко и О.И. Тиунова.
      - М., 2000.
   6. Международное право: Учебник / Отв. ред. Ю.М. Колосов, В.И.  Кузнецов.
      - М., 1998.

Тақырып  2.  Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
   1. Халықаралық құқықтың қағидаларының түсінігі.
   2. Халықаралық құқықтың  қағидаларының мазмұны
1. Халықаралық құқықтың дамуындағы маңызды белгілердің  бірі,  оның  негізгі
қағидалары рөлінің  үдемелі  дамуында,  басқаша  айтқанда,  ол  белгілі  бір
қатынастардағы халықаралық құқық субьектілерінің  тәртіптеріне  негізделген,
заңи оқшауланған нормалары болып шығады. Халықаралық  құқықтың  белгілі  бір
обьектісіне  қатысты   нақты   құқықтық   қатынастарды   реттеуге   арналған
нормаларға қарағанда, қағидалар өз  әрекетін  құқықтық  қатынастардың  тұтас
аумағына таратады. Құқықтық нормамен салыстырғанда,  қағида  ұзақ  мерзімді,
әрі өзгеріп тұратын мән-жайлардың әсеріне  көп  ұшырамайды.  Сонымен  бірге,
нормаларға қарағанда қағидалар ұзақ  мерзім  ішінде  қалыптасады.  Қағидалар
дегеніміз - қандай да бір жүйенің негізін қалайтын  идеялар,  нақты  жүйенің
барлық    нормалары    бағынатын,    әрекеті    көлемді    нормалар    болып
табылады.Халықаралық қуқықтың  негізгі  қағидалары  -  халықаралық  құқықтын
өзінің  пайда  болуы  кезеңімен  сәйкес  келмейтін  санатқа  жатады.  Мұндай
сипаттағы қағидалар осы құқық дамуының белгілі бір сатысында  пайда  болады.
Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары -  бұл  халықаралық-құқықтық  салада
болып жатқан түбегейлі өзгерістерді  айқын  бейнелейтін  негізгі  бастаулар.
Халықаралық құқықтың қағидалары оның басты ережелері  болып  табылады,  оның
халықаралық-құқықтық толық нормалары мен  арақатынасын  заңдағы  нормалардың
конституциялык  қағидаларының  арақатысымен  салыстыруға  болады.Халықаралық
құқықтың негізгі  қагидалары  —  өзіндік  сипаттамасы  бар  дербес  құқықтық
санатқа жатады.  Біріншіден,  қағидалар  барлык  құқықтық  жүйеге  таралады.
Екіншіден,  олар  міндетті  (императивті)  сипатта  jus  cogens.  Үшіншіден,
қағидаларға жүйе құраушы рөл сипаты тән. Төртіншіден,  қағидаларға  заңдылық
өлшемі тән болады.Халықаралық құқықта қағидалардың  екі  түрлі  санаты  бар:
жалпы, негізгі қағидалар; және тар мағынадағы  тәртіп  ережелерің  бекітетін
арнаулы  қағидалар.Осы  заманғы  халықаралық  құқықтың  негізгі  қағидалары,
біріншідеқ БҰҰ Жарғысында бекітілгеа Бірақ, БҰҰ  Жарғысы  халықаралық  құқық
қағидаларын түжырымдау жөнінде  арнайы  мақсатты  көздемегендіктен,  олардың
кейбіреулері  өте  қысқа  мазмүндалған.  Сондықтақ  бірқатар  мемлекеттердің
бастамасымен, бірнеше негізгі қағидалардың мазмүнын  айқындау  үшін  БҰҰ  да
бірсыпыра жұмыстар атқарылды. Бұл жұмыс 1970 ж. БҰҰ Бас  Ассамблеясының  БҰҰ
Жарғысына сай (мұнан былай, халықаралық құқықтың негізгі  қағидалары  туралы
Декларация) мемлекеттер арасындағы  достық  қатынастар  мен  ынтымақтастыққа
қатысты халықаралық  құқықтың  қағидалары  туралы  Декларацияны  қабылдаумен
аяқталды.1970 ж. Декларацияда халықаралық құқықтың 7 қағидасы мазмұндалған:
- Күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау
қағидасы; - Ішкі істерге араласпау қағидасы; - Халықаралық  дауларды  бейбіт
жолмен шешу қағидасы; - Мемлекеттердің өзара міндетті ынтымақтасу  қағидасы;
- Халықтардың теңдік  және  өзін-өзі  басқару  қағидасы;   -  Мемлекеттердің
дербес теңдік қағидасы; - Міндеттемелерді  адал  орындау  қағидасы.Дегенмен,
бұдан халықаралық құқықта тек осы 7 қағида бар екен деген ой  тумауы  керек.
1975 ж. Хельсинки кеңесінің Қорытынды  Актісінде  10  кағида  бар.  1970  ж.
Декларациядағы тізімге мыналар қосымша енгізілді:  шекаралардың  мызғымастық
қағидасы;  аумақтық  тұтастық  қағидасы;  адамның  құқықтары   мен   негізгі
міндеттерін қүрметтеу қағидасы. Айтып өтетін  бір  жайт,  халықаралық  құқық
халықаралық құқық субьектілерінің басшылыққа алатын  қағидаларының  барлығын
белгілеуді өзіне мақсат тұтпайды. Әрбір  жеке  тарихи  кезеңде  қолданыстағы
қағидалар жаңаланып, эволюция жүріп тұрады. Мысалы, халықаралық  экологиялық
құқықта қоршаған ортаға  залал  тигізбеу  сияқты;  қоршаған  орта  мен  оның
компоненттерін  еркін  зерттеу  және  пайдалану  қағидасы;  қоршаған  ортаны
тиімді  пайдалану  қағидасы  және  т.б.  бар.  Халықаралық   әуе   құқығында
халықаралық әуе  қатынасының  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  қағидасы;  әуе
кемелерін заңсыз қол сұғу  актісінен  қорғау  және  т.б.  қағидалар  негізгі
қағидалар болып  табылады.Халықаралық  құқық  доктринасы  халықаралық  жария
құқықтың негізгі қағидаларын былайша  жіктейді.Мемлекеттердің  экономикалық,
әлеуметтік және саяси жүйелерінен тәуелсіз, бейбіт қатар өмір сүру  қағидасы
басты орын алады.Келесі  топқа  халықаралық  бейбітшілік  пен  қауіпсіздікті
тікелей қолдайтын қағидалар кіреді. Мұндай қағидаларға күш қолданбау  немесе
күш  қолданамын  деп  қоқан-лоққы  жасамау  қағидасы;  халықаралық  дауларды
бейбіт жолдармен шешу қағидасы; мемлекеттердің аумақтық  тұтастық  қағидасы;
шекаралардың   мызғымыстық   қағидасы   жатады.Халықаралық   ынтымақтастықты
айқындайтын қағидалар тобына мыналар жатады:  мемлекеттердің  дербес  теңдік
қағидасы; қол сұқпау қағидасы; халықтардың теңқұқылық және өзін-өзі  басқару
қағидасы; мемлекеттердің ынтымақтасу қағидасы;  халықаралық  міндеттемелерді
адал орындау қағидасы.
2. Мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және саяси  жүйелерінен  тәуелсіз
бейбіт  қатар  өмір  сүру  қағидасы.  Осы   қағидаға   сәйкес,   мемлекеттер
халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға, сондай-ақ  өзара  тиімді
ынтымақтастықты дамытуға міндетті. Бұл қағиданың сипаттамалық белгісі  -  ол
халықаралық  құқықтың  көптеген   негізгі   қағидаларының   мән-маңыздарының
үйлесуі. Сондықтан осы заманғы халықаралық  құқықтың  негізгі  қағидаларының
барлық жүйесі бейбіт қатар өмір сүру қағидаларының жүйесі деп  атала  алады.
БҰҰ Жарғысында "бейбіт қатар өмір  сүру"  нақты  терминмен  негізделмегеніне
қарамастан, оның мазмұны Кіріспені толықтай қамтиды және  өзге  де  жарғылық
ережелерде мәні ашылады.  Бейбіт  қатар  өмір  сүру  қағидасы  бейбітшілікті
сүйетін   кез   келген   мемлекеттің   сыртқы   саясаттағы    конституциялық
қағидаларының негізін қалайды.
Осы қағиданың мазмүнына сәйкес, мемлекеттер азаматтық және саяси ғана  емес,
сонымен  бірге  әлеуметтік-экономикалық  құқықтарды  да  сақтауды   өздеріне
міндет  етіп  жүктейді.  Сөйтіп,  тәуелсіздікке  тән  дербес   теңдік   және
құқықтарды құрметтеу қағидаларын  орындай  отырып,  мемлекеттер  бір-бірінің
өздерінің саяси әлеуметтік, экономикалық және мәдени жүйелерін еркін  таңдау
және дамыту  құқықтарын  құрметтеуге  міндеттенеді.Осы  заманғы  халықаралық
қатынастарда, баяғы қалпынша адамның негізгі  құқықтары  мен  бостандықтарын
апартеид, геноцид, нәсілшілдік сипаттарында дөрекі және жаппай бұзу  әлі  де
орын алып келеді.
Халықаралық  міндеттемелерді  адал  орындау  қағидасы.  Халықаралық  құқықта
ертеден-ақ, шарттар орындалуы тиіс —pacta sunt servanda - деген қағида  бар.
Ол кейін БҰҰ Жарғысының Кіріспесінде көрініс  тапты.  Онда  БҰҰ  мүшелерінің
"халықаралық  құқықтың  шарттарынан  және   басқа   да   қайнар   көздерінен
туындайтын мінд  (еттемелердің әділдігі мен құрметтелуінің сақталуына  шарт-
жағдайлар қалыптастыруға" бел байлағандары атап көрсетілген. БҰҰ  Жарғысының
2-бабының  2-тармағына  сәйкес,  барлық  мүше  мемлекеттер   Жарғы   бойынша
қабылданған   халықаралық   міндеттемелерді   адал    орындауға    міндетті.
Мемлекеттер  өздерінің  ішкі  құқықтарына   қарамастан,   шарттың   мақсаты,
мазмұны, мерзімі және орындалу орны бойынша өздерінің  міндеттемелерін  адал
орындаулары  тиіс.Кейінгі  жылдарда  мемлекеттер  арасында  жасалып   жатқан
шарттар  мен  келісімдер  адамзатты   жаңа   дүниежүзілік   соғыс   қаупінен
арашалауға бағытталған.  Олар  мемлекеттер  арасындағы  түрлі  ынтымақтастық
жүйесін  қалыптастыруды  мақсат  тұтады.   Сондықтан   шарттық   ережелердің
орындалуы   халықаралық   бірлестіктегі   бейбітшілік   пен    қауіпсіздікті
қамтамасыз ету  мақсатында  жаңа  халықаралық  келісімдерге  қол  қойылуының
кепілі бола алады.


          Өзін өзі бақылау сұрақтары
   1. Халықаралық құқықтың қағидаларының түсінігі.
   2. Халықаралық құқықтың  қағидаларының мазмұны
                 Ұсынылатын  әдебиет
   1. Бирюков П.Н. Международное право: Учебное пособие. - 2-е  изд.  -  М.,
      2000.
   2. Додонов В.Н., Панов В.П., Румянцев О.Г. Международное право:  Словарь-
      справочник/Под общ. ред. В.Н.Трофимова. - М., 1997.
   3. Лукащук И.И. Международное право. Общая часть: Учебник. - 2-е  изд.  -
      М., 2001.
   4. Лукащук И.И. Международное право. Особенная часть: Учебник. - 2-е изд.
      - М., 2000.
   5. Международное право: Учебник / Под ред. Г.В. Игнатенко и О.И. Тиунова.
      - М., 2000.
   6. Международное право: Учебник / Отв. ред. Ю.М. Колосов, В.И.  Кузнецов.
      - М., 1998.

Тақырып  3.  Халықаралық құқықтың қайнар көздері.
1. Халықаралық құқықтық нормалар ұғымы және оның белгілері.
2. Халықаралық құқықтық нормалардың жіктелуі.
3. Халықаралық құқықтың қайнар көздері ұғымы және түрлері.
1 Халықаралық-құқықтық нормалар – бұл халықаралық жария  құқық  субъектілері
тәртіптерінің  белгілі  бір  ережелері.  Ондай  нормаларға   мынадай   сипат
тән:біріншіден, халықаралық құқық  субъектілерінің  арасындағы  қатынастарды
реттеуі; екіншіден, міндетті сипаты, яғни құқықтық нормалардың заңдық  күші,
себебі құқықтық емес нормалардың өзіндік міндетті  күші  болады;  үшіншіден,
жалпы  сипаты,  яғни  норманың  әрекет  етуі  көптеген  жағдайларды   ескере
қарастырылған.   Осы    заманғы    халықаралық-құқық   ғылымының     маңызды
мақсаттарының бірі халықаралық құқық  нормаларының  тиімділігі  проблемалары
болып отыр. Бұл проблеманың қолданбалы сипатта екені  сөзсіз.  Ол  тиімділік
объектілермен және реттеу әдістерімен қамтамасыз етіледі.  Себебі,  сараптау
объектісі ретінде халықаралық  субъектілердің  әрекеттері,  олардың  құқыққа
сай немесе құқыққа  қайшы  тәртіптерін  анықтау  болса,  зерттеудің  негізгі
әдістері болып әлеуметтік әдістер табылады. Халықаралық  құқықтық  реттеудің
сонғы нәтижесі тек субъектінің тәртібімен емес,  сонымен  қатар  халықаралық
қатынастардың  белгілі  бір  түрлерінің  қалыптасуынан  да   көрінеді.   Сол
себепті,  халықаралық  жария   құқықтың   тиімділігін   арттырудың   маңызды
шартының  бірі  норма  құру  процесін  жетілдіру  болып   табылады.   Бұған,
халықаралық   құқықтық   нормаларда   халықаралық   қатынастардың   дамуының
объективті заңдылықтары көрінгенде, нормативтік  ережелердің  айқындығы  мен
нақтылығы болғанда, құқықтағы олқылықтарды зерттегенде  ғана  қол  жеткізуге
болады. Халықаралық құқық  нормаларының тиімділігін анықтағанда осы  жүйенің
ерекшеліктерін ескеру қажет.Г.И.  Тункин  "маңызды  ерекшеліктердің  бірі...
деп норманы" бұл құқық жуйесі субъектілерінің өзара жасайтындығын әділ  атап
өткен. Осындай ерекшелігіне  байланысты  халықаралық  құқықтағы  норма  құру
процесін жеке мемлекеттердің ұлттық  құқықтарындағы  норма  құру  процесімен
салыстырғанда әлдеқайда күрделі болып шыға келеді.
2. Халықаралық құқықтық нормалар санының артуы оларды  жіктеу  қажеттілігіне
әкеледі. Оның ішінде көп таралғаны бұл  нормалардың  шарттық  және  әдеттегі
болып бөлінуі. Дегенмен, оның күрделілігіне және көп қырлылығына  байланысты
басқа да маңызды белгілерді ескеру қажеттілігі туындайды:
а)  әрекет  ету  өрісі  бойынша   -   әмбебаптық,   аумақтық,   партикулярлы
(бытыраңқы).
Әмбебаптық  нормалардың  болуы  халықаралық  әмбебап  актілермен  қамтамасыз
етіледі, олар халықаралық құқықтың көпшілік мақұлдаған нормалары деген  атқа
ие.  Әмбебап  нормалар   БҰҰ   Жарғысында,   1970   ж.   халықаралық   құқық
қағидаларының  Декларациясында  бар,   БҰҰ   Бас   Ассамблеясының   көптеген
қарарлары көпшілік мемлекеттердің оның  заңдық  күшін  қабылдағанынан  кейін
халықаралық  құқықтың   көпшілік   таныған   нормасына   айналады.   Әмбебап
нормалардың негізгі айырмашылық белгісі олардың әрекет  етуінің  әмбебаптығы
жалпыға бірдей міндетті күші болып табылады. Әмбебап норма ғана  императивті
бола алады және ерекше  әмбебап  міндеттемелерді  жасай  алады.Әмбебап  және
аумақтық құқықтық  нормалар  өзара  байланысты  және  олардың  тиімділігінің
маңызды мәні болып табылады.  БҰҰ  Жарғысында  "Аймақтық  келісімдер"  деген
арнайы VIII тарау бар. Халықаралық құқықтың аймақтық  нормаларының  көбеюіне
отарлау   нәтижесінде   тәуелсіз   мемлекеттердің   құрылуы   себеп   болды.
Аймақтықтың себебі әлеуметтік және  саяси  факторларға  ғана  емес,  сонымен
қатар жаңа  факторларға  да  байланысты.  Жаңа  құқықтық  нормалар  аймақтық
деңгейде жеңілірек жасалады.  Осы  деңгейде,  сондай-ақ  әмбебап  нормаларды
жүзеге асыру да анағұрлым тиімді.Доктринада  және  тәжірибеде  партикулярлық
(бытыраңқы)  құқықтық  нормалар  белгілі.  Партикулярлық  термині   (латынша
particularize -ішінара, жеке) оқшауланған жергілікті деген мағынаны  береді,
яғни  жалпы  мемлекеттікке  қарама-қарсы  деген  сөз.  Қарастырылып   жатқан
контексте бұл әмбебап нормаларға қарағанда шектелген сипатта  әрекет  ететін
нормаларды  білдіреді.  Құқықтық  нормалардың  мұндай  түрлері  белгілі  бір
географиялық орынмен,  шекарамен,  арналармен  байланысты  нақтылықты  қажет
еткен жағдайларда қолданылады. Ұлттар  Лигасының  халықаралық  әділ  сотының
Түрақты  Палатасының   тәжірибесі,   кейінірек   БҰҰ   Халықаралық   Сотының
тәжірибелері партикулярлық әдеттегі нормалардың  бар  екенін  растап  берді.
Партикулярлық  нормаларда  жалпылық  сипаты  жоқ,  дегенмен  құқықпен  тығыз
байланысты болады. Партикулярлық нормалар жалпы халықаралық  құқықтан  пайда
болған және халықаралық құқық негізінде қызмет етеді.
б) заңи күші бойынша - императивтік және  диспозитивтік.  Халықаралық  құқық
доктринасы "императивтік норма" және «jus cogens» терминдерін  тең  дәрежеде
қолданады.  Императивтік  нормалардың  пайда  болуының   алғышарттарын   БҰҰ
Жарғысы  жасады,  мәселен,  2-баптың  6-тармағы,  106-бап.  Онан   әрі   бұл
тұжырымдаманы  халықаралық  шарттардың  құқықтары  туралы  Вена  Конвенциясы
дамытты. Халықаралық  құқық  комиссиясы  императивтік  нормалардың  құқықтық
табиғатын   егжей-тегжейлі   талқылады.    Жалпы,    халықаралық    құқықтың
императивтік нормаларына халықаралық құқықтың негізгі  қағидаларын;  әлемдік
бірлестіктердің   халықаралық   құқықтың    қол    жеткізген    адамгершілік
стандарттарын —  әділдік,  адал  ниет  қағидаларын  тарихи  түрде  бекітетін
құқықтар мен нормалар; қол жеткізген гумандык деңгейді бекітетін  -  адамзат
құқығы, халықтар,  аз  ұлттар  құқығы  жөніндегі,  соғыс  құрбандарын  қоғау
жөніндегі қағидалар; атмосфераны жалпылай ластауға,  жер  бетін,  теңіздерді
былғауға тыйым салатын қағидалар мен нормалар;  халықаралық  кеңістіктердің,
ашық теңіздердің, ғарыштың, Антарктиканың режимін айқындайтын қағидалар  мен
нормаларды  жатқызуға  болады.Диспозитивтік   нормалар   халықаралық   құқық
субъектілерінің арасындағы келісім нәтижесінде тәртіп ережелерінен  ауытқуға
мүмкіндік береді.  Диспозитивтік  нормалар  мынадай  болып  көрінуі  мүмкін:
"тараптар келісімімен өзгеше көзделмесе, тараптардың...  мүмкіндігі  бар"  -
дегендей.  Нормалардың  диспозитивтігі  шектелген  міндетті  күшімен   емес,
субъектілердің өздерінің арақатынасын жалпы  нормада  бекітілгеннен  басқаша
реттеу  құқығын  көрсетеді.  Мәселен,  халықаралық  экономикалық  қатынастар
аумағында 1980 ж. халықаралық сатып алу-сату шарттары туралы Конвенцияның 6-
бабында диспозитивтік норма бар: тараптар Конвенцияны қолданбауы  да  мүмкін
немесе 12-баптың талаптарын сақтағанда, оның  кез  келген  ережелерінен  бас
тартуға немесе оның әрекет етуін езгертуге қүқылы,- делінген.
в)    халықаралық құқықтық реттеу тетігі  қызметі  бойынша-материалдық  және
іс жүргізушілік.Халықаралық құқықтағы іс жүргізу  нормаларының  мәні  ұлттык
жүйеден  өзгешелеу.  Ондай  нормаларды  арнайы  заң  шығарушы  және  құқықты
қолданушы мекемелер шығарады және іске асырады.Ал  халықаралық  құқықтың  іс
жүргізу нормаларын негізінен алғанда, құқық субъектілерінің өздері  шығарады
және іске асырады, яғни материалдық  және  іс  жүргізу  нормаларының  елеулі
ерекшеліктері жоқ.Халықаралық құқық Комиссиясы құқық қолдану процесін  қажет
ететін қандай да бір Конвенцияны дайындау барысында іс жүргізу  нормаларының
проблемалары  туындайды.  Сонымен  қатар  материалдық   нормаларды   қолдану
мәселелері де  бір  мезгілде  шешіле  береді.Басқаша  айтқанда,  іс  жүргізу
нормаларынан туындайды жоне олардың әрекет етуіне қызмет етеді.  Халықаралық
жария құқықта іс жүргізу нормалары ұлттық  құқықтың  саласы  -  мемлекеттік,
әкімшілік салалары  сияқты  жеке  салаға  бөлінбейді.  Олар  құқықтың  жалпы
жүйесінде де, сондай-ақ нақты халықаралық-құқықтық актілерде де  материалдық
нормалармен өзара байланысты.
г)    халықаралық-құқықтық нормалардың басқа түрлері.
Нормаларды жүйелеуге байланысты көптеген негіздер бар. Мәселен,  олар  тыйым
салатын, міндеттейтін, құқық беретін нормалар. Бұлай бөлуге  заңи  тәртіптің
деңгейі негіз болады. Мысал ретінде, халықаралық қатынастардың  қатысушылары
бекіткен, оларға қосылған немесе  қабылдаған  халықаралық  шарттарды  айтуға
болады.Сілтемелік   (бланкеттік)   халықаралық-құқықтық    нормалар    басқа
нормаларда көзделген ережелерді басшылыққа алуға міндеттейді.  Мұнан  басқа,
құқықтық емес нормаларға да сілтемелер жасалуы мүмкін.  Мысалы,  Халықаралық
Сот Статутының  38-бабында,  тараптар  келіскен  жағдайда  дауларды  әділдік
бастамасымен қарау қарастырылған.
3."Құқықтың қайнар көздері" деген термин  материалдық  және  ресми  (заңдық)
екі аспектіде қолданылады.Халықаралық құқықтың  материалдық  қайнар  көздері
ретінде халықаралық еңбек  бөлінісі  нәтижесінде  дамитын  және  халықаралық
құқық нормаларын түзетін  бүкіләлемдік  экономикалық  қатынастарды  айтамыз.
Осы заманғы халықаралық құқықтьщ мағынасындағы қайнар  көздері  -  бұл  оның
нормалары  мен  қағидаларының  көрінуі  мен  бекітілуінің  ерекше,   арнаулы
нысаны. Осы заманғы халықаралық құқықтың заңдық қайнар  көздері  халықаралық
құқық шығармашылықта ерекше орынға ие, атап  айтқанда  халықаралық  құқықтың
нормалары   мен   қағидаларының   қалыптасу   және   пайда   болу   процесін
қорытындылайды.Сөйтіп,  халықаралық  құқықтың  қайиар  көздерінің   -   заңи
мағынасы  -  бұл,   оның   субъектілерінің   келісілген   еркін   білдіретін
халықаралық құқық  нормаларына  айналған  нысандар.Қайнар  кездердің  жүйесі
негізгі және көмекші болып екіге бөлінеді. Негізгіге мыналар жатады:
-Халықаралық шарт;
 - Халықаралық дәстүр;
Халықаралық құқықтың кәмекші қайнар кездеріне мыналар жатады:
- Халықаралық ұйымдардың шешімдері, қарарлары;
- Халықаралық Соттың және Төрелік соттың шешімдері;
- Мемлекетішілік заңдар, ұлттық соттардың шешімдері;
- Халықаралық құқықтағы ғалымдар доктринасы;
- "өркениетті ұлттар таныған құқықтың жалпы қағидалары".
Халықаралық  құқықтың  өзіндік  қайнар  көздері   болып  табылмағанымен  де,
бұл  қайнар  көздер,  біріншіден  халықаралық-құқықтық  нормалардың   жасалу
процесінде белгілі  бір  сатылары  болып  табылады;  екіншіден,  заң  шығару
процесі барысына әсерін тигізеді; үшіншіден, халықаралық құқық  нормаларының
бар болуын немесе мазмұнын бекітеді.
Халықаралық шарт шарттасушы тараптар үшін  құқықтар  мен  міндеттер  түзеді,
бұлар оның заң нормаларында бекітіледі. Осы қайнар көз халықаралық  құқықтың
негізгі қағидаларына сәйкес  келетін  заң  нормаларын  жасайды.  Халықаралық
құқық нормаларын  жасайтын  мемлекеттердің  келісілетін  еріктері  аяқталған
нысанда болғанда шарт жасалады.  Соңғы  жағдайда  біз  мемлекеттер  арасында
жасалатын келісімдерді  де  айта  аламыз.  Ол  үшін  ереже  бойынша  жазбаша
бекітілген  немесе  ауызша  айтылатын  белгілі   бір   мәтін   болу   керек.
Халықаралық құқық доктринасы халықаралық  шарттардың  құқыққа  сай  болуының
басты белгісі ретінде оларды жасау барысындағы еріктілікті  айтады.  Сондай-
ақ, шарт тиісті мемлекеттердің  тең  қүқылы  ерік  білдіруі  болып  табылған
жағдайда құқықтың қайнар көзі болып саналуы мүмкін. Халықаралық  шартта  көп
мәрте  қолдануға  есептелген  жалпы  нормалар  немесе  бір   ғана   жағдайда
қолданылатын жеке нормалар да болуы  мүмкін.  Халықаралық  шарттың  құқықтық
табиғатына, жасалу сатыларына "Халықаралық  шарттар  құқығы"  деген  тарауда
кеңінен тоқталатын боламыз.
Халықаралық дәстүр шарттан  кейін  екінші  орынға  ие,  бұрындары  ол  басым
дәрежеге  ие  болатын.   Әдеттегі   нормалар   ұзақ   мерзімді   тәжірибенің
нәтижесінде, құқық субъектілерінің  ондай  норманың  заңи  міндетті  сипатын
мойындағанынан  кейін  пайда  болады.   Шарттық   және   әдеттегі   нормалар
халықаралық құқықтың жалпы жүйесін құрайды, олар бір-біріне қайшы  келмейді,
керісінше,  халықаралық  құқық  нормаларын   тиімді   қолдануды   қамтамасыз
етеді.Халықаралық  дәстүр  дегеніміз  халықаралық   тәжірибеде   қалыптасқан
тәртіп ережесі, халықаралық құқық субъектілері оның  заңи  міндетті  сипатын
мойындайды. Дәстүрдің шарттық нормадан айырмашылығы тиісті ережелерді  нақты
көрсететін  заңдық  құжат  еместігінде.   Дәстүр   барлық   немесе   бірнеше
мемлекеттердің  халықаралық  әрекеттерінің  ұқсастықтарының   күші   бойынша
жинақталады. Ол ұзақ мерзім бойында қолданылады және  заңдық  міндеттілігіне
сенім  сипатында  болады.   Сонымен,   мемлекет   тәжірибелерінің   ұзақтығы
салыстырмалы сипатта.  Бүгінгі  таңдағы  халықаралық  қатынастарда  әдеттегі
нормалардың қысқа мерзімде жасалуы да кездеседі,  мысалы,  ғарыш  құқығында,
теңіз құқығында.Сөйтіп, халықаралық дәстүрге мыналар тән:
- Қолданылу мерзімінің ұзақтығы.
- Мойындалуының жалпылығы.
- Заңдық міндеттілігінің сенімділігі.
Халықаралық  дәстүрдің  пайда  болуы   үшін   қайталанба   тәжірибе   керек.
Халықаралық-құқықтық   әдебиеттерде   кез   келген   қайталанудың   әдеттегі
нормалары  жасалмайтыны  жөнінде  аз  айтылып  жүрген  жоқ.  Қандай  да  бір
әрекеттердің қайталануы тәртіп нормасын жасауға әкелмеуі де мүмкін,  ол  жай
әдетке  айналып  кетеді.  Халықаралық   әдет   деп   мемлекеттердің   заңдық
міндеттілігі бар деп есептелінбейтін жалпы тәжірибелерін  айтады.Халықаралық
қатынастарда, әсіресе дипломатиялық қатынастар мен  теңіз  кеме  қатынасында
көп уақыттан бері  әрекет  етіп  келе  жатқан,  дегенмен  халықаралық  құқық
нормасы  болып  табылмайтын  нормалар  аз  емес.   Мәселен,   дипломаттардың
жүктерін кеден бақылауынан тексермей өткізуге, үшінші мемлекеттің  аумағында
дипломаттардың   кейбір   артықшылықтарының   болуына,    әдетте    көптеген
мемлекеттер рұқсат етеді. Алайда 1961 ж. дипломатиялық қатынас  туралы  Вена
Конвенциясы өз күшіне емгенге дейін  мұндай  нормалар  халықаралық  құқықтық
деп емес, халықаралық сыпайыгершілік нормалары  деп  есептелетін.Халықаралық
дәстүр мен халықаралық шарт  құқықтың  негізгі  қайнар  көздері  және  жалпы
халықаралық құқық нормаларын  жасаудың  екі  түрлі  тәсілі  болып  табылады.
Сөйтіп, халықаралық құқықтың әдеттегі нормаларын шарттық жолмен өзгерту  көп
кездссетінін, әсіресе халықаралық құқықтың  жүйеленуінде  кездесетінін  баса
айтқан жөн. Ал шарттық нормаларды әдеттегі  нормаларға  ауыстыру  жағдайлары
сирек кездеседі, яғни шарттық  тәжірибе  әдетте  оларды  өзгерту  ережелерін
немесе күшін жоюды қарастырады.
Халықаралық ұйымдардың шешімдері, қарарлары.  Халықаралық  құқықтың  аталмыш
қайнар көзінің маңызы  халықаралық  құқық  субъктісі  ретіндегі  халықаралық
ұйымдардың  рөлімен  бірге  арта  түседі.  Аталған  қайнар  көз  өз  бетінше
халықаралық  құқық  нормаларын   жасай   алмайды.   Халықаралық   ұйымдардың
қаулылары, ең бірінші Бас  Ассамблея  мен  Қауіпсіздік  Кеңесінің  қарарлары
норма жасау процесіне  қатысады.  Мәселен,  БҰҰ  Жарғысының  11-бабында  Бас
Ассамблеяның "БҰҰ немесе Қауіпсіздік Кеңесіне  мүше-мемлекеттерге  ұсыныстар
беру" құқығы ғана бар  екендігі  көрсетілген.  БҰҰ-ның  барлық  органдарының
ішінде Қауіпсіздік Кеңесіне ғана бейбітшілікті қолдану  мәселелері  бойынша,
барлық мүше мемлекеттерге міндетті  шешімдер  қабылдау  мүмкіндігі  берілген
және ол БҰҰ Жарғысының 25-бабында бекітілген.
Халықаралық Соттың және төрелік соттың сот шешімдері.  Халықаралық  Сот  пен
төрелік  сот  қолданыстағы  құқықтарды  қолданады,  талдайды,  алайда  құқық
нормаларын шығармайды. Халықаралық  Сот  Статутының  38-бабы,  d  тармағында
олардың шешімдерін  "құқықтық  нормаларды  анықтау  үшін  көмекші  қүралдар"
ретінде бейнелейді. Сот шешімдерінің маңызды   рөлі  мемлекеттердің  соттағы
тәжірибелерін көрсетуінен шығып отыр. Оның халықаралық құқықтың  жүйеленуіне
көмегін тигізері сөзсіз.
Халыкаралық  құқық  нормаларының  қалыптасуына  ұлттык  заңдар  зор   әсерін
тигізеді.  Дегенмен,  ұлттык  заңдар  халықаралық-құқықтық  норма  санатында
танылған кезде ғана халықаралық құқықтың қайнар көзі  болып  есептеле  алады
(халықаралық шарт арқылы немесе халықаралық дәстүр  арқылы).Халықаралық  Сот
Статутының 38-бабында Соттың істерді  шешу  барысында  "құқықтық  нормаларды
анықтау үшін  қосымша  құралдар  ретінде  түрлі  ұлттардың  жария  құқықтары
бойынша  ең  білікті   мамандарының    доктриналарын"   қолдану   мүмкіндігі
қарастырылған.  Мұндай  доктриналардың   маңызы   қолданыстағы   халықаралық
құқықтың қандай да  бір  нақты  қағидалары,  нормалары  мен  институттарының
мазмұнын айқындау үшін мамандардың ғылыми пікірлерінің  қосымша  материалдар
ретінде қызмет етуінен көрінеді.  Доктриналар  халықаралық  қатынастың  жаңа
ережелерін  дайындай  алады  және  қалыптастыра  алады.  Бірақ  олар  заңдық
тұрғыда міндетті болуы үшін халықаралық  тұрғыда  танылуы  керек,  яғни  бұл
ғылыми көзқарастар халықаралық  қатынас  қатысушыларының  ерік  білдірулерін
келісімге келтіруге негіз болулары қажет.
"Құқықтың жалпы қағидалары"  проблемасын  Ұлттар  Лигасы  қозғаған  болатын,
алғашында халықаралық әділ соттың Тұрақты  Палатасы  Статусының  38-бабында,
кейін  БҰҰ-ның  Халықаралық  Сот  Статусында  орын  алды.  "Құқықтың   жалпы
қағидалары"  деген  үғым  "құқықтың  негізгі   қағидалары"   деген   ұғымнан
өзгешелеу.  Мәселен,   "құқықтың   жалпы   қағидаларына"   ұлттық   құқықтық
жүйелерде,  сондай-ақ   халықаралық   құқықта   да   қолданылатын   құқықтық
нормаларды  түсіндіру  және  қолдану  процесіндегі  заңдық  түсініктер,  заң
логикасының,  техникасының  ережелері  жатады.Халықаралық   жария   құқықтың
қайнар көздерінің жүйесіне сәйкес, әдебиеттерде "қатаң құқық " және  "жұмсақ
құқық "  деген  ұғымдар  қолданылады."Қатаң  құқық  "  санатына  халықаралық
шарттарды және үкіметаралық  ұйымдардың  міндеттейтін  шешімдерін  жатқызса,
"жұмсақ құқыққа" -ұсыныстық қарарларды жатқызады.
      Өзін өзі бақылау сұрақтары
1. Халықаралық құқықтық нормалар ұғымы және оның белгілері.
2. Халықаралық құқықтық нормалардың жіктелуі.
3. Халықаралық құқықтың қайнар көздері ұғымы және түрлері.
                 Ұсынылатын  әдебиет
   1. Бирюков П.Н. Международное право: Учебное пособие. - 2-е  изд.  -  М.,
      2000.
   2. Додонов В.Н., Панов В.П., Румянцев О.Г. Международное право:  Словарь-
      справочник/Под общ. ред. В.Н.Трофимова. - М., 1997.
   3. Лукащук И.И. Международное право. Общая часть: Учебник. - 2-е  изд.  -
      М., 2001.
   4. Лукащук И.И. Международное право. Особенная часть: Учебник. - 2-е изд.
      - М., 2000.
   5. Международное право: Учебник / Под ред. Г.В. Игнатенко и О.И. Тиунова.
      - М., 2000.
   6. Международное право: Учебник / Отв. ред. Ю.М. Колосов, В.И.  Кузнецов.
      - М., 1998.

Тақырып  4. Халықаралық  құқықтың  субъектілері.
   1. Халықаралық құқық субъектілері ұғымы және түрлері.
   2. Халықаралық құқықтағы мойындау институты.
   3. Халықаралық құқықтық мирасқорлық институты
1. Халықаралық құқықтың кейбір ерекшеліктеріне қарамастан, теориядағы  құқық
субъектілеріне берілген түсінік оған да  бірдей  болып  келеді.  Субъективті
заңдық   құқықтары   мен   міндеттері   бар   халықаралық   құқық   қатынасы
қатынасушылары  халықаралық  құқық   субъектілері   болып   табылады.   Олар
халықаралық қатынастарға дербес күйде қатысуға; басқа субъектілермен  заңдық
әрекеттестікке тікелей түсуге қабілетті және  тәуелсіз  болады.  Халықаралық
құқық субъектілері екі топқа бөлінеді: алғашқы және  туынды.  Алғашқы  топқа
тәуелсіздігі бар мемлекеттер: өз тәуелсіздіктері үшін күресуші халықтар  мен
ұлттар кіреді. Соңғылары  өзінің  мемлекеттік  құрылысын  өзі  шешу  құқығын
жүзеге асырады. Субъектінің бұл екі тобы алғашқы  топқа  жалпы  белгілері  -
тәуелсіздігі арқылы біріккен. Мемлекетте ол белгі -  мемлекеттік  болса,  өз
тәуелсіздігі үшін күресуші ұлттар мен  халықтарда  -  ұлттық  белгі  болады.
Екінші топқа халықаралық ұйымдар мен мемлекет  тәріздес  құрылымдар  кіреді.
Жеке   тұлғалар   халықаралық    құқық    субъектілерінің    ерекше    тобын
құрайды.Мемлекеттер - халықаралық құқықтың негізгі  субъектілері.  Қазақстан
Республикасы - халықаралық құқық субъектісі.  Халықаралық  құқық  субъектісі
ретіндегі  мемлекеттер  үшін  ерекше  саяси-заңдық  сипат,  өз   аумағындағы
үстемдігі және халықаралық  қатынастардағы  тәуелсіздігі  тән.  Мемлекет  өз
тәуелсіздігінің күші бойынша  құқық  субъектілікке  ipso-facto-ға  ие,  яғни
өзінің өмір сүру фактісінің нәтижесінде  ие  болады.  Мемлекеттердің  әрекет
қабілеттігі   оның    халықаралық    шарттық    тәжірибелерге    қатысуынан,
дипломатиялық және  елшілік  қатынастарды  орнату  нәтижесінен,  халыкаралық
ұйымдарға мүше болу мәселелерінен көрінеді.  Мемлекеттің  халықаралық  құқық
субъектісі ретінде болуы халықаралық жүйенің өзгешелігін құрайды.  Мемлекет,
бір жағынан алғанда, халықаралық жүйенің бір бөлігі болса,  екінші  жағынан,
одан тыс та  дами  береді.  Мысалы,  XX  ғ.  60-жылдарының  басында  Албания
халықаралық ұйымдардың құрамынан шығып,  басқа мемлекеттермен  дипломатиялық
және елшілік  қатынастардың  бәрін  тоқтатып,  дербес  дамуға  бел  байлады.
Дегенмен,  халықаралық  құқықтың  даму  тарихында  мемлекеттердің  өз   ішкі
мүмкіндіктерін  түгелдей  тауысқан  кездері  сияқты  мысалдар  да  аз  емес.
Халықаралық  ынтымақтастықты  қажет  ететін  объективті  сұраныс  туындайды.
Осындай тарихи кезеңнен  Албания  да  өтті,  ол  бүгінгі  таңда  халықаралық
құқықтың  тең  құқылы  субъектісінің   бірі.Құқық   субъектілік   мәселелері
халықаралық құқық ғылымында әрқашан іргелі  орын  алып  келеді.  Олай  болуы
табиғи да, себебі  халықаралық  құқық  субъектілер  арасындағы  қатынастарды
реттейді, ал субъектілер шеңбері халықаралық өмірдің  маңызды  құбылыстарына
байланысты  өзгеріске  ұшырап   отыратыны   белгілі.Кеңес   Одағының   соңғы
кезеңінде  одақтас  республикаларда,  оның  ішінде  Қазақ   КСР-інде   нақты
тәуелсіздік үрдісі мен халықаралық құқық субъектілікке ұмтылу  байқалды.  Ол
одақ пен одақтас республикалардың құзыретін шектейтін  бірқатар  нормативтік
актілер  мен  заңдарды  қабылдаудан  көрінеді.  Дәл  осы   кезеңде   Одақтас
республикалардың  "КСРО  құрамынан  шығуына  байланысты   мәселелерді   шешу
тәртібі  туралы"  1990  ж.  3  сәуірінде  Заң  қабылданған  болатын.  Біздің
республикамызда бұл түрде мелекеттің сыртқы экономикалық қызметін  реттейтін
бірқатар  заң  актілерін  қабылдаудан,  нақтырақ  айтқанда,   1990   ж.   15
желтоқсанындағы  "Қазақ  КСР-інің  сыртқы  экономикалық  қызметінің  негізгі
қағидалары  туралы",  1990  ж.  30  қарашасындағы  "Қазақ  КСР-індегі  еркін
экономикалық аймақтар туралы", 1991 ж.  14  маусымындағы  "Қазақ  КСР-індегі
валюталық  реттеу  туралы"  қабылданған  заңдардан,  Қазақ  КСР   Президенті
шығарған  Жарлықтар   мен   Министрлер   Кабинетінің   кейбір   ережелерінен
көрінеді.Жоғарыда   аталған   заңдар   мемлекеттің    сыртқы    экономикалық
дербестігін қуаттайды. Бірақ, республикамыздың Жоғарғы Кеңесінің 1990 ж.  25
қарашасында Қазақ КСР-інің  мемлекеттік  тәуелсіздігі  туралы  Декларациясын
қабылдағаннан кейін Қазақстанның дербес және тәуелсіз  мемлекетке  айналғысы
келетінін, халықаралық қатынастың теңқұқықты субъектісі болатындығын  растап
берді.  Одақ  федерациясының  барлық  субъектілері  осыған   ұқсас   актілер
қабылдаған болатын, яғни  одақтық  басшылықтың  дағдарысқа  ұшырағаны  айқын
көрінеді. 1991 ж. 16 желтоқсанында  "Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік
тәуелсіздігі  туралы"  конституциялық  заң  қабылданды,   сөйтіп   Қазақстан
тәуелсіз,  дербес  мемлекет  болғанын  жария   етті.Қазақстан   Республикасы
әлемдік қауымдастыққа кірген соң,  өзінің  халықаралық  құқық  субъектілігін
дамытып және жүзеге асыра отырып, оның  нақты  мүшесінің  бірі  болуы  қажет
еді.  Халықаралық  құқықта   субъектінің   объективті   қасиеті   мыналардан
көрінеді:  біріншіден,  халықаралық  құқықтың  негізгі  субъектілеріне   тән
тәуелсіздік; екіншіден, дербес шарттық тәжірибесі; үшіншіден,  дипломатиялық
және елшілік өкілдіктерімен  шетелдік  мемлекеттермен  алмасу;  төртіншіден,
халықаралық  ұйымдардың  қызметіне  тәуелсіз  мемлекеттің  қатысуы.   Мұндай
қасиеттер  Қазақ  КСР-інде  де  болғанын,  алайда  оның  жанама  халықаралық
құқықсубъектіліктен ғана көрінгенін айтып өткен жөн. Тәуелсіз Қазақстан  тек
1991 ж. бастап тікелей  құқық  субъектілікке  ие  болды.  Соның  нәтижесінде
Қазақстан   Республикасы   дербес   халықаралық-құқықтық   мәртебе    алуға,
халықаралық  құқықтың   негізінде   құқықтар   мен   міндеттерді   иеленуге,
халықаралық    құқық    шығармашылықтың    қатысушысы    болуға    мүмкіндік
алды.Қазақстан  Республикасы  халықаралық   құқықсубъектілік   үшін   өзінің
мемлекеттік құрылысын өзі шешу құқығы  нысанындағы  тәуелсіздікке  ие  болуы
қажет еді. Егемендік - мемлекеттің сыртқы және  ішкі  қатынастарда  тәуелсіз
саяси  ұйым  болуына  мүмкіндік  береді.  Халықаралық   құқық   позициясынан
мемлекет жағдайын белгілегенде, біз оның таптық  мәнін  ғана  емес,  сонымен
қатар  халықаралық  құқықтық  негізін  және  билік,  аумақ,   халық   сияқты
элементтерін де  айқындаймыз.  ҚР  Конституциясының  2-бабының  2-тармағында
"Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз  аумағаның
тұтастығын,  қол  сұғылмауын   және   бөлінбеуін   қамтамасыз   етеді"   деп
бекітілген. 1958 ж. Египет және Сирия бірігіп, Біріккен  Араб  Республикасын
құрды. 1961 ж. 29 кыркүйегінде Сирия БАР құрамынан шығып,  қайтадан  БҰҰ-ның
дербес мүшесі болды. 1990 ж. Солтүстік және Оңтүстік Йемен  біріккен   кезде
 мүшелікке  өту осыған ұқсас жағдайда өткен болатын.
Тәуелсіз Мемлекетпер Достастығын қуру кезіндегі құқықмирасқорлық мәселелер.
КСРО-ның бұрынғы субъектілері - мемлекеттер - өздерінің  арасындағы  бұрынғы
барлық қатынастарды түбегейлі қайта қарау керек деп  шешті.  Ең  халықаралық
құқық субъектісі ретінде өмір сүруін тоқтатқаны  аян  болды.  Соған  сәйкес,
халықаралық құқықтың жаңа субъектілерінде  де,  сондай-ақ  мирасқор-мемлекет
Ресей Федерациясында да көптеген проблемаларды  жеделдете  реттеу  қажеттігі
туралы мәселе пайда болды. Бұл  проблемалар,  жоғарыда  айтып  өткеніміздей,
аумақ,  халық,  меншік,  шарттық   тәжірибелерге,   тұрақты   және   уақытша
халықаралық  ұйымдардағы  мүшелік  мәселелеріне  қатысты  болатын.   ТМД-ның
барлық мүше-мемлекеттері өздерінің құрылтай  құжаттарында  сыртқы  саясаттың
іс  жүзіндегі  мәселелерін   жүзеге   асыру   үшін   тиісті   шарт-жағдайлар
қалыптастыру  туралы  жариялап,   бұрынғы   Одақтың   мүліктерінен   тиісті,
бекітілген  әділ  үлестеріне   ТМД-ның   әрбір   мүше-мемлекетінің   иелену,
пайдалану,  билік  ету  құқығын  бекітіп  жатты.  ТМД-ның  барлық   мүшелері
халықаралық шарттардың мемлекеттер арасындағы қатынастарды одан  әрі  дамыту
және нығайту ісіндегі рөлі  туралы  мәселені  шешуге  ортақ  мәмілемен  келу
қажеттілігі  жөнінде  мәлімдеді.ТМД-ның  іс  жүзіндегі  тәжірибесі  көптеген
проблемалардың әлі күнге дейін шешімін таппай келе  жатқанын  көрсетеді.  Ол
біріншіден,  Каспий  теңізінің  мәртебесін  айқындай   алмаудан;   Қазақстан
Республикасы  мен  Өзбекстан  Республикасының  сыртқы   саясатындағы   даулы
аумақтық  мәселелерден;  Қазақстан  Республикасы   мен   Ресей   Федерациясы
арасындағы "Байқоңыр" ғарыш кешенің  ұзақ  мерзімге  жалға  алу  мәселесінің
толық  көлемде  шешілмеуінен  байқалады  және  біздің   ұлы   отандастарымыз
Ш.Уәлиханов  пен  Ә.Бөкейхановтың   қаламдарынан   шыққан   Мәскеу,   Санкт-
Петербург, Омбы, Томск қалаларының кітапхана  қорларында  жатқан  мұрағаттық
құжаттардың бірқатарын  беру  мәселелесі  шешілу  сатысында  тұр.1991  ж.  8
желтоқсандағы ТМД-ны құру туралы келісімде, 1991 ж. 21 желтоқсандағы  Алматы
Декларациясында, 1993 ж. 22 қаңтардағы  ТМД  жарғысында  жалпы  экономикалық
кеңістікті,  жалпы  еуропалық  және  еуразиялық  нарықты  қалыптастыру  және
дамыту; жұрт таныған нормалар мен  халықаралық  құқық  қағидалары  негізніде
демократиялық құқықтық мемлекеттер құруға ұмтылу;  ТМД  мүше-мемлекеттерінің
азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді сақтау жауапкершілігін  сезіну
мәселелерінде  ынтымақтастықтың  жолын  қуу  бірнеше   мәрте   бекітілді.ТМД
аясында   құқықмирасқорлықты   жүзеге   асыру   ТМД-ға   мүше-мемлекеттердің
мүдделерін, сондай-ақ ТМД мемлекеттерінің басқа  мемлекеттермеқ  халықаралық
ұйымдармен  қатынастарын  келістіру  үшін   уақыт   талап   ететін   күрделі
процесс.Сонымен, құқықмирасқорльқ дегеніміз - дамуына әлемдік аренада  болып
жатқан тарихи өзгерістер үлкен әсерін тигізетін халықаралық  жария  құқықтың
бір институты болып табылады.


      Өзін өзі бақылау сұрақтары
   1. Халықаралық құқық субъектілері ұғымы және түрлері.
   2. Халықаралық құқықтағы мойындау институты.
   3. Халықаралық құқықтық мирасқорлық институты
                 Ұсынылатын  әдебиет
   7.       Бирюков П.Н. Международное право: Учебное пособие. - 2-е изд.  -
      М., 2000.
   8. Додонов В.Н., Панов В.П., Румянцев О.Г. Международное право:  Словарь-
      справочник/Под общ. ред. В.Н.Трофимова. - М., 1997.
   9. Лукащук И.И. Международное право. Общая часть: Учебник. - 2-е  изд.  -
      М., 2001.
  10. Лукащук И.И. Международное право. Особенная часть: Учебник. - 2-е изд.
      - М., 2000.
  11. Международное право: Учебник / Под ред. Г.В. Игнатенко и О.И. Тиунова.
      - М., 2000.
  12. Международное право: Учебник / Отв. ред. Ю.М. Колосов, В.И.  Кузнецов.
      - М., 1998.


Тақырып  5. Халықаралық құқықтағы аумақ және басқа кеңістік мәселелері.
1  Халықаралық  құкықтағы  аумақ  ұғымы  және  оның   түрлері.   Мемлекеттік
шекаралар.
2. Халықаралаық өзендер мен бұғаздар. Антарктика мен Арктиканың  халықаралық
құқықтық режимі.
3. Аумақтық дауларды шешу әдістері.
1. Аумақ ұғымының халықаралық құқықтағы  кең  мағынасы  жер  шарының  құрлық
және су айдынын, жер асты қойнауы мен  әуе  кеңістігін,  сондай-ақ  ғарыштық
кеңістік пен ондағы  аспан  денелерін  білдіреді.Құқықтық  режимнің  негізгі
түрлеріне қарай барлық аумақ (территория) мынадай үш типке бөлінеді:
- мемлекеттік аумақ;
- халықаралық аумақ;
- аралас режимді (конвенциялық) аумақ.
Мемлекеттік аумақ белгілі бір мемлекеттің  тәуелсіздігімен  байланысты  және
осындай  аумақ,  шегінде   нақты   мемлекет   өзінің   аумақтық   үстемдігін
жүргізеді.Халықаралық режимдегі аумаққа белгілі бір мемлекетке жеке  -  дара
тиесілі  емес,  халықаралық  құқыққа  сәйкес,  барлық  мемлекеттердің  ортақ
пайдалануындағы   мемлекеттік   аумақтан   тыс   жатқан   жер   кеңістіктері
жатқызылады.Аралас режимдегі аумақ  -  бұл  бір  мезгілде  халықаралық  және
шекаралас   жатқан   мемлекеттердің    ұлттық    заңдары    әрекет    ететін
аумақ.Мемлекеттік аумақ құрамына құрлықтағы жер мен жер  асты  қойнауы  және
жер мен су үстіндегі әуе кеңістігі  кіреді  және  олардың  шегі  мемлекеттік
шекарамен  белгіленеді.  Мемлекеттің   құрлықтағы   жеріне   оның   шекарасы
көлеміндегі барлық  жер  кіреді.  Мемлекеттің  су  аумағын  ішкі  сулар  мен
аумақтық теңіздері құрайды. БҰҰ Конвенциясының 1982 ж. теңіз құқығы  бойынша
ішкі суларға мыналар жатады:
    - теңіз сулары, оның ішінде аумақтық теңіздердің енін есептеуге арналған
      бастапқы  түзу  сызықтардан  жағаға  қарай   орналасқан   мемлекет   -
      архипелегтардың (аралдар тобы) сулары;
    - порттағы сулар;
  - жағалаулары бір мемлекетке ғана тиесілі шығанақ  сулары,  егер  олардың
ені 24 теңіз милінен аспаса, сондай-ақ тарихи шығанақтар;
БҰҰ-ның  Халықаралық  Соты.  Халықаралық   дауларды   бейбіт   жолмен   шешу
құралдарының жүйесі ішінде БҰҰ-ның Халықаралық соты төрелік  соттан  кейінгі
орынды алады. Халықаралық сот пен төрелік соттың ұқсастығын екі жағдайда  да
соңғы шешімді шығару дауласушы  тараптардың  еркіне  байланысты  еместігінен
керуге  болады,  ал  келіссөздер  жүргізу,  ізгі  қызмет   пен   бітістіруде
керісінше сипатта. Шығарылатын шешімнің аяқталған сипаты мен  оның  тараптар
үшін міндеттілігі - төрелік сот пен  халықаралық  соттың  ортақ  және  басты
негізгі белгілерінің бірі, дегенмен өзіндік бір азғана өзгешелігі  болуы  да
мүмкін. Тараптардың сотқа және төрелік сотқа жүгінуі,  тек  бұл  органдардың
міндетті юрисдикциясын бекіткен дауларды қоспағанда екі жағдайда  да  ерікті
болады.Халықаралық сот  пен  төрелік  соттың  ұйымдастырушылық  -  қызметтік
сипаттағы  айырмашылықтары  бар.  Халықаралық  сот  төрелік  соттан   өзінің
тұрақты ұйымдық  нысанымен  ерекшеленеді,  яғни  ол  қандай  да  бір  даудың
болуынан тәуелсіз түрде тұрақты әрекет етеді және  барлық  даулар  үшін  сот
құрамы тұрақты болады. Халықаралық  сотта  дауларды  қараудың  тұрақты  және
жақсы белгілі рәсімі бар. БҰҰ-ның Халықаралық соты  халықаралық  жанжалдарды
бейбіт шешу құралдарының ішіндегі  ең  қатаңдауы  болып  келеді.  Ол  көбіне
мемлекеттер арасындағы дауларды қараудың  ең  соңғы  сатысы  және  оны  мәні
бойынша шешудің соңғы нысаны  болып  табылады.  Сондықтан,  Халықаралық  Сот
мемлекеттер арасындағы даулар мен алауыздықтарды  бейбіт  жолмен  шешу  және
әлемдегі  құқықтық  тәртіп  пен  заңдылықты  қамтамасыз  ету  стратегиясының
негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс.Аумақтық дауды  шешкен  кезде,  кез
келген дауды  шешудегі  сияқты  мән-жайдың  ақиқаттығын  анықтау  проблемасы
туындайды. Барлық дәлелдемелер мен тараптардың сөздерін зерттеп,  түпкілікті
қателікті тауып, кінәлы тарапты анықтау ең дұрыс  жағдай  болып  есептеледі.
Алайда, іс жүзінде әрқашан олай  бола  бермесі  анық  және  мұндай  жағдайда
аумақтық даулардың өте күрделі және шиеленіскен  оқиғаларын  көптеп  мысалға
келтіруге болады және онда заңи мәселелерге  қауіпті  саяси  проблемалар  да
қосылатындықтан, бастапқы оқиға тарих тереңіне кіріп кетеді. Мұндай  күрделі
жағдайларда  аумақтық  дауларды  шешу  үшін   халықаралық   құқықтың   түрлі
нормалары мен тұжырымдамалары қолданылады, олар шекараны анықтауға,  сондай-
ақ аумақтың кімге тиесілі екендігін бекітуге көмектеседі.




         Өзін өзі бақылау сұрақтары
1  Халықаралық  құкықтағы  аумақ  ұғымы  және  оның   түрлері.   Мемлекеттік
шекаралар.
2. Халықаралаық өзендер мен бұғаздар. Антарктика мен Арктиканың  халықаралық
құқықтық режимі.
3. Аумақтық дауларды шешу әдістері.
                 Ұсынылатын  әдебиет
   1. Международное право: Учебник / Под ред. Г.В. Игнатенко и О.И. Тиунова.
      - М., 2000.
   2. Международное право: Учебник / Отв. ред. Ю.М. Колосов, В.И.  Кузнецов.
      - М., 1998.
   3. Международное право: Учебник / Под ред. Г.И.Тункина. - М., 1994.
   4. Международное публичное право / Под ред. К.А.Бекяшева. - М., 1998; 2-е
      изд. - М., 2000.
   5. Оппенгейм Л. Международное право / Пер. с англ. - М., 1948-1950. -Т.І-
      ІІ.
   6. Ушаков Н.А. Международное право: Учебник. - М., 2000.
   7. .Хайд Ч. Международное право, его понимание и применение  Соединенными
      Штатами Америки англ. - М., 1950-1953. -Т.1-2.


  Тақырып  6.  Халықаралық шарттар құқығы
  1.  Халықаралық жария құқықтың бір саласы – халықаралық  шарттар  құқығы.
Халықаралық шарттардың құқықтық табиғаты.
Халықаралық шарттарды жасаудың негізгі сатылары.
Халықаралық шарттардың әрекет етуі және тоқтатылуы (қалпына келтірілуі)
Халықаралық шарттардың жарамсыздығы.
  1. Халықаралық  шарттар  құқығы  -  шарттық-құқықтың  нормалар  жиынтығын
құрайтын, халықаралық  шарттардың  жасалу  тәртібін,  жарамдылық  шарттарын,
әрекет етуі мен  тоқтатылуын  айқындайтын  халықаралық  жария  құқықтың  бір
саласы. Халықаралық  шарттардың  құқығы  осы  заманғы  халықаралық  құқықтың
негізгі  салаларының  бірі,  ол   халықаралық   құқықтың   барлық   құқықтық
нормаларымен,  институттарымен  және  салаларымен  тығыз  байланысты   болып
табылады.  Бұл  сала  осы  заманғы  халықаралық  құқықтың  қызмет  тәртібін,
шарттық нормаларды жасау тәртібін, олардың жарамдылығын, әрекет ету,  тоқтау
рәсімдерін, өзіне жүктелген міндеттемелерді орындамаудың  құқықтық  салдарын
айқындайды.  Шарттық   құқықтың   мұндай   басымдылық   рөлі   оның   реттеу
объектісінің   ерекшелігімен,   осы   заманғы   халықаралық   қатынастардағы
маңызымен, сондай-ақ  халықаралық  шарттар  құқықтарының  қайнар  көздерінің
өзгешелігімен  айқындалады.  Халықаралық  шарттың  өзі  халықаралық  шарттар
құқығыпың объектісі болып табылады, ол халықаралық құқықтың  негізгі  қайнар
көзі; әдеттегі ғана  емес,  сонымен  бірге  шарттық  ережелерді  де  өзгерту
құралы; халықаралық жария құқықтың барлық салаларында  халықаралық  құқықтың
маңызды  жаңа  нормаларының  жасалуына  мүмкіндік   береді.   Құқықтың   осы
саласының құрылымында, мазмұнында  болып  жатқан  өзгерістердің  халықаралық
құқықтың басқа салаларының мазмұнынан көрініс табары сөзсіз.  Жоғарыда  атап
етілгендер халықаралық жария  құқықтың  осы  заманғы  жүйесінде  халықаралық
шарттар құқығының ерекше орын алатынын көрсетеді.
Халықаралық шарт - бұл халықаралық құқық субъектілерінің,  ең  алдымен  және
негізгі орайда мемлекеттер еріктерінің келісілген көрінісі,  ол  тараптардың
өзара мүдделі мәселелері  бойынша  жасалады  және  қатынастарды  халықаралық
құқықтың негізгі қағидаларына сай,  өзара  құқықтар  мен  міндеттерді  жасау
жолымен реттейтін шарттық ережелер болып табылады. Мұнда  айта  кететін  бір
жайт, халықаралық құқықтағы  шарт  шарттық  процесс  қатысушыларының  ерікті
ғана емес, сонымен бірге бір-біріне маңызы бірдей жол берушілік  нәтижесінде
пайда болады. Халықаралық шарт  құқығының  теориясы  шарттарды  тең  құқықты
және тең құқықсыз деп екіге бөледі. Халықаралық жария құқық  субъектілерінің
сапалы шарттық тәжірибелері үшін тең құқықты  шарттардың  алар  орны  ерекше
скені дау тудырмайды, олар шарттық процесс қатысушыларының тәуелсіздігі  мен
дербестігін  өзара  мойындауға  негізделген.Ал,  өкінішке  орай  іс  жүзінде
кездесетін теңқұқықсыз шарттарды не сипаттайды?
 Халықаралық шарттың заңи жарамдылығы оның ерекше  қасиеті  болып  саналады.
Тек жарамды халықаралық шарт қана  халықаралық  құқықтың  субьектілері  үшін
міндетті қайнар көз болып табылады.Халықаралық шарттардың  құқықтары  туралы
1969  ж.  Вена  Конвенциясында  жарамдылық  мәселелері,  нақтырак   айтқанда
жарамсыздық  мәселелері  V  бөлімде  қарастырылған.  Халықаралық  шарттардың
жарамдылығы халықаралық құқық көздейтін  заңи  негіздері  ғана  ие.  Басқаша
айтқанда, жарамдылық оның халықаралық-құқықтық толыққандылығын, құқыққа  сай
екендігін айқындайды, соның күшімен шарт оның қатысушыларының орындауы  үшін
міндетті және шарттың талаптарына процестің  басқа  қатысушыларының  қосылуы
үшін мүмкіндік береді. Жарамды  халықаралық  шарттар  -  бұл  заңдық  күшіне
халықаралық құқық тұрғысынан  шәк  келтіруге  болмайтын  және  оларға  қарсы
ешқандай    халықаралық-құқықтық     қарсылықтар     келтіруге     болмайтын
шарттар.Халықаралық  шарттардың  жарамдылық  презумпциясы   1969   ж.   Вена
Конвенциясының 42-бабында қарастырылған.  Осы  бап  келісуші  субьектілердің
арасындағы шарттық қатынастардың тұрақтылығын бекітеді, pacta sunt  servanda
қағидасының қолданылуын растайды. Мұндай жағдайда жарамдылықтың  іс  жүргізу
және материалдық аспектілері тұтастай біріккен. Іс  жүргізу  аспектісі  шарт
жасау процесінің құқыққа сай  екендігін  көрсетеді,  яғни  тараптардың  шарт
процесіне  қатысу  құқықтары  болу  керек;   тараптар   шарттың   талаптарын
орындауға міндетті.  Шарттық  ережелердің  халықаралық  құқықтық  стандартқа
сәйкес келуі жарамдылықтың материалдық жағын  құрайды.1969  ж.  Конвенцияның
46-53-баптары    шарт    субьектілеріне    қатысты;    халықаралық     құқық
субьектілерінің ерік білдіруіне; шарттың обьектісі мен мақсаттарына  қатысты
жарамсыздық  талаптарын  айқындайды.  Шарттың  жарамсыздығы  абсолютті  және
салыстырмалы  болуы  мүмкін.  Абсолютті  жарамсыз  халықаралық  шарттар   ең
басында-ақ жарамсыз болады. Мұндай негіздерге  мыналарды  жатқызуға  болады:
мемлекет өкілін мәжбүрлеу; күш  қолданамыз  деп  қорқыту  арқылы  мемлекетті
мәжбүрлеу; жалпы халықаралық құқықтыц (jus  cogens)  императивтік  нормасына
қайшы келу. Өкінішке  қарай,  халықаралық  құқықтың  шарттық  қатынастарының
даму тарихында абсолютті жарамсыз шарттар кездесіп тұрады. Оған  Германияның
Чехословакиядан Судет облысын алу туралы 1938 ж. Мюнхен келісімін  жатқызуға
болады. Бұл шарт Гитлер үкіметінің Чехословакияда "неміс  мәселесін"  реттеу
үшін емес, Чехословакияны жаулап алудың келесі  сатысын  жүзеге  асыру  үшін
қолайлы жағдайды қамтамасыз  ету  мақсатында  жасаған  алдамшы  айласы  еді.
Салыстырмалы жарамсыз шартты даулауға мүмкіндік бар.  Салыстырмалы  жарамсыз
шарттардың негіздеріне: қателесу, алдау, өкілді сатып алу жатқызылады.
        Өзін өзі бақылау сұрақтары
  1.  Халықаралық жария құқықтың бір саласы – халықаралық  шарттар  құқығы.
Халықаралық шарттардың құқықтық табиғаты.
   2. Халықаралық шарттарды жасаудың негізгі сатылары.
   3.  Халықаралық  шарттардың  әрекет   етуі   және   тоқтатылуы   (қалпына
      келтірілуі)
   4. Халықаралық шарттардың жарамсыздығы.
                 Ұсынылатын  әдебиет
   1. Международное право: Учебник / Под ред. Г.В. Игнатенко и О.И. Тиунова.
      - М., 2000.
   2. Международное право: Учебник / Отв. ред. Ю.М. Колосов, В.И.  Кузнецов.
      - М., 1998.
   3. Международное право: Учебник / Под ред. Г.И.Тункина. - М., 1994.
   4. Международное публичное право / Под ред. К.А.Бекяшева. - М., 1998; 2-е
      изд. - М., 2000.
   5. Оппенгейм Л. Международное право / Пер. с англ. - М., 1948-1950. -Т.І-
      ІІ.
   6. Ушаков Н.А. Международное право: Учебник. - М., 2000.
   7. .Хайд Ч. Международное право, его понимание и применение  Соединенными
      Штатами Америки англ. - М., 1950-1953. -Т.1-2.

  Тақырып 7.  Халықаралық жария құқықтағы адам құқығы

     1.  Халықтар   жағдайын   халықаралық-құқықтық   реттеу.   Азаматтықтың
        халықаралық-құқықтық мәселелері.
     2.  Шетел  азаматтарының  құқықтық   жағдайы.   Баспана   құқығы   және
        босқындардын құқықтық жағдайы.
     3. Адам құқықтарын халықаралық-құқықтық реттеу.
     4. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері.
1.  Кез  келген  мемлекеттегі  халықтардың  құқықтық   жағдайы   оның   ішкі
заңдарымен  айқындалады.  Бұдан  мемлекеттердің  осы  саладағы   ынтымақтасу
мүмкіндіктері мен  мүдделілігі  болмай  қалады  деген  ой  тумауы  керек.Кез
келген мемлекеттің халқы нақты кезеңде қандай да бір  мемлекеттің  аумағында
өмір  сүріп  жатқан  индивидтердің  жиынтығын  көрсетеді.  Халықтың  құрамы,
әдетте,  өзінің  азаматтарынан,  шетел  азаматтарынан  және  азаматтығы  жоқ
адамдардан құралады. Сондай-ақ, "аралас мәртебесі" бар  халықтар  санаты  да
болуы мүмкін, яғни олар екі  азаматтығы  бар  адамдар  болып  табылады.  Тар
мағынадағы "халық" үғымынан басқа, кейде бұл сөзді кең  мағынада  талдау  да
кездесіп қалады, атап айтқанда, жер жүзіндегі барлық тұрғындарды  халык  деп
айтады.Халықаралық құқықта  азаматтық  мәселелерін  реттейтін  шарттық  және
әдет-ғүрыптық нормалар  жүйесі  бар.  Мысалы,  оларға  азаматтық  мәселелері
жөніндегі халықаралық-құқықтық нормалар, шетелдіктердін, қос азаматтығы  бар
адамдардың (бипатридтердің), азаматтығы жок адамдардың  мәртебесін  айқындау
жатқызылады.  Халықаралық-құқықтық  реттеу  мәселелерінде   адам   құқықтары
жөніндегі ынтымақтастық  проблемалары  мен  перспективаларына  айрықша  орын
беріледі. Мұнан өзге, халықаралық құқықтағы болып жатқан  барлық  өзгерістер
тікелей немесе жанама түрде  болсын,  халықтар  мәселесіне  ықпалын  тигізіп
отырады. Мәселен, мемлекет қылмыстылықпен  күрес  жүргізудегі  ынтымақтастық
мәселелерінде өз әрекеттерін үйлестіру кезінде бір мезгілде қылмыскерді бір-
біріне беру  туралы  мәселені  де  шешіп  отырады.  Егер  мемлекет  ғарыштық
зерттеу саласында  ынтымақтастық  жүргізсе,  онда  ғарыш  кемесі  экипажының
апат, бақытсыздық немесе  мәжбүрлі  түрде  қону  жағдайларында  көмектесудің
құқықтық проблемалары туындайды. Мемлекеттер, өкінішке қарай  қарулы  жанжал
жағдайында болса, онда соғыс құрбандарын қорғау мәселесі  екі  жақты  келісе
отырып, шешіледі. Соғысушы елдермен шекаралас мемлекеттер  үшін  босқындарды
баспанамен,   азық-түлікпен,   киім-кешекпен   қамтамасыз   ету   мәселелері
туындайды.  Халықаралық-кұқықтық  нормалардың  мемлекет  халқының  жағдайына
жанама  әсер  етуі  әр  түрлі  болатыны  сөзсіз,  осыған  орай   халықаралық
құқықтағы сапалық өзгерістердің ішкі заңдарға әсер ету дәрежесі  мен  сапасы
да артып  келеді.Сонымен,  халықаралық  құқықта  жеке  мемлекеттер  халқының
жағдайына халықаралық құқықтың ықпал етуінің екі бағыты  байқалуда.  Бірінші
бағыт, жалпы сипаттағы ықпал етумен сипатталады. Ол халықтың қандай  да  бір
бөлігінің халықаралық құқықтың әсер ету объектісі болмаған  кездерінде  орын
алады. Бірақ,  осылай  болғанымен,  халықаралық  стандарттар  мемлекеттердің
халықтың  қандай  да  бір  бөлігінің  құқықтық  жағдайын  өзгертуіне  қозғау
салады.
БЖКБ Бас  Ассамблеяның  рұқсат  беруімен  репатрациялау  және  орналастыруға
байланысты  міндеттерді  атқара  алады,  сондай-ақ  азаматсыздықты  қысқарту
туралы конвенцияға сәйкес азаматтығы жоқ  адамдарға  көмек  көрсету  жөнінде
белгілі бір қызметтер атқарады.БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелер жүйесі  өз
жұмысын адамның негізгі құқықтары мен  бостандықтарын  қорғауға  бағыттайды.
Мысалы, 1919 ж. Ұлттар Лигасына байланысты автономды ұйым  ретінде  құрылған
Халықаралық Еңбек  Ұйымы  (ХЕҰ)  еңбек  саласындағы  халықаралық  нормаларды
тұжырымдау мен оларды тиімді жүзеге асыруды өзінің негізгі  міндеті  ретінде
таниды. Еңбек саласындағы халықаралық конвенциялар  мен  ұсыныстар  мәжбүрлі
еңбекке тыйым салу, кәсіподақтар  құқығын  қоса  алғанда,  ұйымдасу  құқығын
қорғау;  еңбек  саласындағы  кемсітуді  жою,  ерлер   мен   әйелдердің   тең
еңбектеріне  теңдей  ақы  алу  қағидасын  қолдану,  еңбекпен  толық  қамтуды
колдау,   еңбек   гигиенасы   мен   қауіпсіздігі,    сондай-ақ    әлеуметтік
қамсыздандыру сияқты адам құқықтарына қатысты болып келеді. Біріккен  Ұлттар
Ұйымының білім, ғылым және  мәдени  мәселелер  жөніндегі  міндеттері  өзінің
Жарғысына сәйкес "бейбітшілік пен  қауіпсіздікті  нығайтуға  көмектесу,  БҰҰ
Жарғысында танылған нәсіліне, жынысына,  тіліне  немесе  дініне  қарамастан,
барлық халықтар  үшін  әділдік,  заңдылық,  адамның  негізгі  құқықтары  мен
бостандықтарын көпшіліктің құрметтеуін қамтамасыз ету  үшін   білім,   ғылым
және   мәдениет   жолымен   халықтар  ынтымақтастығын   күшейтуден   тұрады.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау  ұйымының  (БДҰ)  кіріспесіне  сәйкес,  жоғары
деңгейдегі денсаулыққа ие болу кез келген адамның негізгі құқықтарының  бірі
және үкімет өз халқының денсаулығы  үшін  жауап  береді,  әрі  ол  денсаулық
сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру салаларында  тиісті  шараларды  жасаған
уақытта ғана сақтала алады. БҰҰ-ның Азық-түлік және  ауыл  шаруашылық  ұйымы
(ФАО) әлемдік экономиканың дамуына және адамзатты ашаршылықтан  қорғауға  өз
үлесін қосып келеді. Бұл ұйым негізінен  алғанда  тамақтануды  жақсарту  мен
өмір сүру деңгейін арттыруға байланысты,  еңбек  өнімділігін  көтеруді  және
ауыл шаруашылығының азық-түліктері мен өнімдерін  тиімді  бөлуді  қамтамасыз
ету,  ауыл  тұрғындарының  өмір  сүру  жағдайларын  жақсарту   мәселелерімен
айналысады және сол арқылы әлемдік экономиканың дамуына  үлес  қосады,  оның
қызметі адамзаттың  жиі  кездесетін  проблемаларының  бірі,  атап  айтқанда,
әлемдік     азық-түлік     проблемаларын     шешуге     көмек      көрсетуге
бағытталған.Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым  (ЕҚЫҰ)
қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын жалпы еуропалық ұйым  болып  табылады.
Бұл аймақтық ұйым дау-жанжалдардың алдын алу, одан сақтандыруды,  Еуропадағы
дағдарысты  және  жанжалдан  кейінгі  жағдайды  қалпына  келтіруді  реттеуді
қамтамасыз етеді.  Қауіпсіздікті  қамтамасыз  етудегі  ЕҚЫҰ  қадамдары  жан-
жақтылы  сипатта  болып  келеді.  Ол  қарулануды   бақылауды   қоса-алғанда,
қауіпсіздікті орнықтыруға,  превентивті  (ескерту)  дипломатияға  байланысты
мәселелермен, сенім мен қауіпсіздікті нығайту шараларымен,  адам  құқықтары,
сайлау  барысын  бақылаумен,   сондай-ақ   экономикалық   және   экологиялық
қауіпсіздікпен  айналысады.  Тұтастай  алғанда,  ЕҚЫҰ  қызметінің   жоғарыда
аталған  барлық  бағыт-бағдарлары  қандай  да   бір   қатынастар   саласында
адамдардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын  қамтамасыз  етеді.  Тікелей
алғанда, бұл демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі  Бюроның
(ДИ АҚБ) қызметімен қамтамасыз етіледі. ЕҚЫҰ-ның  бұл  құрылымдық  бөлімшесі
сайлау өткізуді бақылайды және ұлттық сайлау органдары  мен  адам  құқықтары
жөніндегі институттардың қалыптасуына көмектеседі.


        Өзін өзі бақылау сұрақтары
     1.  Шетел  азаматтарының  құқықтық   жағдайы.   Баспана   құқығы   және
        босқындардын құқықтық жағдайы.
     2. Адам құқықтарын халықаралық-құқықтық реттеу.
     3. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері.
                 Ұсынылатын  әдебиет
     1.         Бирюков П.Н. Международное право: Учебное  пособие.  -  2-е
        изд. - М., 2000.
     2. Додонов  В.Н.,  Панов  В.П.,  Румянцев  О.Г.  Международное  право:
        Словарь-справочник/Под общ. ред. В.Н.Трофимова. - М., 1997.
     3. Лукащук И.И. Международное право. Общая часть: Учебник. - 2-е  изд.
        - М., 2001.
     4. Лукащук И.И. Международное право. Особенная часть: Учебник.  -  2-е
        изд. - М., 2000.
     5. Международное право: Учебник /  Под  ред.  Г.В.  Игнатенко  и  О.И.
        Тиунова. - М., 2000.
     6. Международное  право:  Учебник  /  Отв.  ред.  Ю.М.  Колосов,  В.И.
        Кузнецов. - М., 1998.


  Тақырып  8. Халықаралық гуманитарлық құқық
    1. Халықаралық гуманитарлық құқық ұғымы және  оның қайнар көздері.
    2. Халықаралық гуманитарлық құқықтың қағидалар жүйесі.
    3. Халықаралық  Қызыл  Крест  Комитетінің  (ХҚКК) құқықтық мәртебесі.
  1. Халықаралық гуманитарлық қуқық - бұл ізгілік қағидаларына  негізделген
және қарулы қақтығыстар салдарын шектеуге бағытталған құқықтық нормалар  мен
институттардың жиынтығы. Ол  әскери  қимылдарға  тікелей  қатыспаған  немесе
қатысуын тоқтатқан адамдарды  қорғайды  және  соғыс  жургізу  құралдары  мен
әдістерін таңдауды  шектейді.  Халықаралық  гуманитарлық  құкықты  сондай-ақ
"соғыс құқығы" немесе "қарулы жанжалдар құқығы" деп те атайды.
Халықаралық   гуманитарлық   құқық   мемлекеттер   арасындағы   қатынастарды
реттейтін  халықаралық  құқықтың  бір  бөлігі  болып  табылады.  Халықаралық
гуманитарлык құқықтың қалыптасуының  қайнар  көздері  ретінде  ережелер  мен
нормаларды айтуға болады, олар әлемнің барлық  діндері  мен  мәдениеттерінде
кездеседі.  Осы  заманғы  халықаралық  гуманитарлық  құқықтың  дамуы  ]860ж.
басталды. Сонан бері мемлекеттер осы  заманғы  жағдайлардағы  соғыс  жүргізу
тәжірибелеріне  негізделген   және   ізгілік   пен   мемлекеттердің   әскери
талаптарының  арасындағы  қатаң  тепе-теңдікті  орнатуға  арналған  әдеттегі
ережелердің  бірқатарын   мойындауға   келісті.   Халықаралық   гуманитарлық
құқықтын дамуына улес қосқан мемлекеттер саны артты.
Халықаралық гуманитарлық құқық екі құқықтық проблеманың зерттелуін қамтиды:
     1. әскери қимылдарға тікелей қатыспаған немесе  қатысуларын  тоқтатқан
        адамдарды қорғау;
     2. соғыс жургізу әдістеріне, атап айтқанда,  қарудын  кейбір  түрлерін
        және  әскери  тактиканы  қоса  алғанда,  әскери  қимылдар   жүргізу
        әдістеріне шектеулер қою.
Халықаралық гуманитарлық  құқық  әскери  қимылдарға  қатыспайтындарды,  атап
айтқанда:  азаматтық  халықты,  медициналық   және   рухани   қызметкерлерді
қорғайды.  Халықаралық-құқықтык  ормалардың  қорғауында   сондай-ақ   әскери
қимылдарға қатысуын ақтатқандар да болады.  Мұндай  санатқа:  жараланғандар,
кеме  апатына  ұшырағандар,   аурулар   мен   тұтқындар   кіреді.Халықаралық
гуманитарлық құқықтың құқықтық нормаларына орай оның қорғауындағы  адамдарға
шабуыл жасауға тыйым салынады. Олардың жеке адамдарына қол  сұғуға  болмайды
және олардың  ар-намысына  тиетін,  кемсітетіндей  қатынас  жасалмау  керек.
Аурулар  мен  жаралыларға  көмек  көрсету  қажет.  Конвенциялық   нормаларға
сәйкес,  қарулы  қақтығыстарға  байланысты  әскери  тұтқындар  мен  ұсталған
адамдарға тиісті тамақтандыру, тұрғын-үй  және  сот  кепілдіктері  беріледі.
Госпитальдар  мен  санитарлық-көлік  құралдары  сияқты  объектілер  қорғауда
болады және оларға шабуыл жасауға болмайды. Халықаралық  гуманитарлық  құқық
қорғауда болатын жерлер мен  адамдары  тану  ушін  қолданылуы  мумкін  турлі
эмблемалар мен сигналдарды  қарастырған.  Мұндай  эмблемаларға  Қызыл  Крест
және Қызыл Жарты ай эмблемасы жатады.Халықаралық гуманитарлық  құқық  әскери
қимылдардың кез келген ұралдары мен әдістеріне тыйым салады. Олар:
  - әскери қимылдарға қатыспайтындар арасында айырмашылықтардың болуына жол
бермейді, мысалы азаматтық тұлғалар мен оларға қатысатын адамдар арасында;
  - артық залалдар немесе артық қасіреттерге;
  - қоршаған табиғи ортаға елеулі немесе  ұзақ  мерзімді  залал  келтіретін
жағдайда.
  Халықаралық гуманитарлық құқық нормалары  паршалайтын  оқтарға,  химиялық
және биологиялық қаруларға, соқыр қылатын лазер қаруларына тыйым салды.
  Халықаралық гуманитарлық құқық қарулы жанжалдарға  ғана  қолданылады,  ол
ішкі тәртіпсіздіктерді қамтымайды  және  мемлекеттердің  куш  қолдануға  жол
беретін жағдайларына таралмайды. Бұл жағдайлар  халықаралық  құқықтың  жеке,
бірақ маңызды саласымен реттеледі, ол Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Жарғысында
бейнеленген. Халықаралық гуманитарлық құқық жанжал туған  кезде  қолданылады
және оны кімнің бастағанынан тәуелсіз турде жанжалдасушы  барлық  тараптарға
әрекет етеді.Халықаралық қарулы жанжалдар  мен  халықаралық  сипат  алмайтын
қарулы жанжалдардың арасында айырмашылықтар болады. Біршшісіне, кем  дегенде
екі мемлекет қатысатын жанжалдар жатқызылады. Олар төрт  Женева  Конвенциясы
мен Қосымша хаттамада мазмұндалған көптеген нормалардың әрекетіне  бағынады.
Халықаралық сипат алмайтын қарулы жанжалдарға қолданылатын құқьіқ  нормалары
көлемі  аздау.  Олар  жалпыға  ортақ  Конвенцияның  3-бабында,  II   Қосымша
Хаттамада мазмұндалған. Дегенмен, халықаралық  қарулы  жанжалдар  жағдайында
да, халықаралық сипат  алмайтын  қарулы  жанжалдарға  да  халықаралық  құқық
нормаларын барлық тараптар қатаң  сақтаулары  тиіс.Халықаралық  гуманитарлық
құқық пен адам құқықтарына қатысты құқықтың арасындағы  ерекшеліктер  туралы
айту  керек.  Кейбір  ережелерінің   ұқсастығына   қарамастан,   халықаралық
құқықтың  бұл  екі  саласы  жеке-жеке  дамыған  және  құқықтық  нормаларының
мазмұны әр түрлі  болып  келетін  Халықаралық-құқықтық  актілерінде  көрініс
тапқан.  Халықаралық  гуманитарлық  құқыққа  қарағанда,   адам   құқықтарына
қатысты құқық бейбіт кезеңдерде қолданылады, ал қарулы жанжал кезінде,  оның
кейбір нормаларының қолданылуы  уақытша  тоқтатылуы  мүмкін.Өкінішке  қарай,
халықаралық   гуманитарлық   құқық   нормаларының   әлемде   болып    жатқан
қатынастарда бұзылуы жиі кездеседі. Көбіне-көп қарулы  жанжалдардың  құрбаны
бейбіт   тұрғындар   болып   келеді.   Көпшілік   жағдайларда,   халықаралық
гуманитарлық құқық нормалары азаматтық  тұлғаларды,  тұтқындарды,  ауруларды
және жаралыларды қорғауда маңызды рөл атқарады, сондай-ақ  қаруды  қолдануды
шектеуге  жәрдемдеседі.  Өйткені,  халықаралық  гуманитарлық   құқық   соғыс
кезінде   қолданылады,   оның   құқықтық   нормаларын    орындау    көптеген
қиыншылықтарға тап болады. Сондықтан,  халықаралық  құқықтың  осы  саласының
құқықтық нормаларының  тиімді  пайдаланылуы  бірінші  кезектегі  маңызы  бар
мәселе болып қала беруде.Халықаралық  гуманитарлық  құқықтың  нормалары  мен
қағидаларының сақталуына жәрдемдесу  мақсатында  бірқатар  шаралар  жасалды.
Мемлекеттер халықаралық гуманитарлық  құқықтың  нормаларымен  өзінің  қарулы
күштерін  және  барлық  халықты  таныстыруға  міндетті.  Олар  осы  құқықтың
бұзылуының алдын алуы  керек,  ал  қажет  болған  жағдайда  оны  бұзушыларды
жазалап отыруы тиіс.  Оның  ішінде,  олар  Женева  Конвенциясы  мен  Қосымша
Хаттамаларды  елеулі  түрде  бұзатын  жағдайларда,  әскери   қылмыстар   деп
қарастырылатындарды жазалауды көздейтін заңдарды қолданысқа енгізуі  керек.I
Женева Конвенциясы  қабылданған,  1864  ж.  басталған  жүйелеу  процесі  осы
заманғы  бірқатар  қайнар   көздердің   қалыптасуына   әкелді.   Халықаралық
гуманитарлық құқықтың мазмұны түгелдей 1949 ж.  төрт  Женева  Конвенциясында
бейнеленген:  әрекеттегі  армиялардағы  жаралылар  мен  аурулардың  жағдайын
жақсарту туралы Женева Конвенциясы; Теңіздегі қарулы күштер  құрамынан  кеме
апатына ұшыраған жаралылардың, аурулардың және адамдардың жағдайын  жақсарту
туралы Женева  Конвенциясы;  әскери  тұтқындармен  қатынас  жасау  жөніндегі
Женева Конвенциясы; Азаматтық халықты соғыс  кезінде  қорғау  туралы  Женева
Конвенциясы.Женева Конвенцияларының  ережелері  1977  ж.  оған  қосымша  екі
хаттама қабылдау арқылы одан  әрі  дамытылды.Қарудың  кейбір  түрлерін  және
соғыс жүргізудің кейбір  әдістеріне  тыйым  салатын  бірқатар  шарттар  бар.
Оларға 1907 ж.  Гаага  Конвенциясы,  Бактериологиялық  (биологиялық)  қаруға
тыйым салу туралы 1980 ж. Конвенция, Химиялық қаруға тыйым салу туралы  1993
ж. Конвенция. қарулы жанжалдар кезінде мәдени құндылықтарды  қорғайтын  1954
ж. Конвенция жатады.Халықаралық  гуманитарлық  құқықтың  көптеген  нормалары
бүгінде әдеттегі нормалар ретінде, яғни барлық мемлекеттерге қатысты  әрекет
ететін жалпы нормалар ретінде мойындалып келеді.
2.  Гуманитарлық  құқықтың  қағидалары  алғаш  рет  1966  ж.   тұжырымдалған
болатын. Олардың төрт  тобы  бар:  негізгі,  жалпы,  жанжалдар  құрбандарына
қатысты  және   соғыс   құқығына   қатысты   қағидалар.Негізгі   қағидаларға
халықаралық құқық мазмұнының  негізін  қалайтын,  бастапқы  идеялар  жатады,
олар:
  - ізгілік қағидасы;
  - кемсітушілікке жол бермеу қағидасы;
  - қарулы қақтығыс құрбандарын қорғау және ізгі қатынас жасау қағидасы;
  - азаматтық халықты, азаматтық  объектілерді  әскери  қимылдардан  қорғау
қағидасы;
  - медициналық қызметкерлерге қол сұғылмаушылығы қағидасы;
  -  халықаралық  гуманитарлық  құқық  нормаларын  міндетті  түрде   сақтау
қағидасы;
  -  халықаралық  гуманитарлық  құқық  нормаларын  елеулі  бұзғандық   үшін
қылмыстық-құқықтық жауапкершілік қағидасы;
  - әскери қажеттіліктің адамға құрметпен үйлесімділік қағидасы;
  -  қақтығысушы  тараптардың  әскери  қимылдарды  жүргізу   әдістері   мен
құралдарын таңдауын шектеу қағидасы.
Адам құқықтарына байланысты жалпы қағидалар қатарына мыналар жатады:
  - жеке адамға қол сұғылмаушылық қағидасы;
  - азаптаулар, айуандық жазалауларға жол бермеу қағидасы;
  - адам құқығының заң алдында кепілді мойындалу қағидасы;
  -  ар-намыс,  отбасы  құқықтарын,  сенімдер  мен  дәстүрлерді   құрметтеу
қағидасы;
  - меншік құқығынан заңсыз айыруға жол бермеу қағидсы;
  - барлық адамдарға тең және құрметті қатынас жасау қағидасы;
  - жеке бас қауіпсіздігінің қағидасы;
  - репрессалий, ұжымдық жазалау, депортациялар, кепілге алуға  жол  бермеу
қағидасы;
  - гуманитарлық конвенциялар ұсынатын құқықтардан бас тартуға  жол  бермеу
қағидасы.
Жанжалдар құрбандарына қатысты қағидаларға:
  - медициналық қызметкерлерді қорғау қағидасы;
  - медициналық қызметкерлердің кез  келген  дұшпандық  әрекеттерден  аулақ
болу қағидасы;
  - аурулар мен жаралыларды күтіп-қарауына байланысты адамды қудалауға  жол
бермеу қағидасы;
  - ұлттық  билікте  де,  халықаралық  деңгейдегі  билікте  де  қарауындағы
адамдарды қорғауды қамтамасыз етудің мемлекеттік міндет қағидасы.
  Жанжалдасушы  тараптар  әскери   қимылдар   жүргізген   кезде   төмендегі
қағидаларды басшылыққа алуы тиіс:
  - бейбіт  халыққа,  азаматтық  тұлғаларға,  азаматтық  нысандарға  шабуыл
жасауға жол бермеу қағидасы;
  - қорғалмайтын нысандарға шабуыл жасауға жол бермеу қағидасы;
  - бейбіт халық үшін қауіпті болатын күштердің босатылу  қаупін  тудыратын
құрылыстарға шабуыл жасауға жол бермеу қағидасы;
  - бейбіт халықты  әскери  нысандарды  қорғау  үшін  және  шабуыл  жасауға
пайдалануға жол бермеу қағидасы;
  - бейбіт халыққа құрметпен қарау қағидасы;
  - қоршаған ортаға орны толмастай залал келтіруге жол бермеу қағидасы;
  - қарулы жанжал мақсаттарына  шамалас  келмейтін  залаларды  қарсы  жаққа
келтіруге жол бермеу қағидасы;
  - қарудың және соғыс жүргізудің  тыйым  салынғаи  түрлері  мен  әдістерін
қолдануға тыйым салу қағидалары жатады.
3. Халықаралық қарулы жанжалдар кезінде ХҚКК  төрт  Женева  конвенциясы  мен
оларға  Қосымша  I  хаттаманың   негізінде   әрекет   еді.   Бұл   шарттарда
қызметтердің кейбір түрлерін ХҚКК-нің жүзеге асыру құқығы танылған:
  - кеме апатына ұшыраған  әскери  қызметкерлерге,  жаралыларға,  ауруларға
және жәбірленушілерге көмек көрсету;
  - әскери тұтқындарға барып тұру;
  - бейбіт (азаматтық) халық мүдделері үшін әрекет ету;
  - қамқорлыққа алынған адамдармен қатынас жасау кезінде құқық нормаларының
сақталуын бақылайды.Елдің ішінде қарулы жанжалдар  болған  кезде  ХҚКК  төрт
Конвенцияға, сондай-ақ II Хаттамаға ортақ 3-баптың негізінде  әрекет  етеді.
Бұл құқықтық құжаттарда ХҚКК ұсыныстар ұсыну құқығы танылған,  мысалы  көмек
көрсету бойынша операцияларды жүзеге  асыру  мақсатында,  қарулы  қақтығысқа
байланысты  ұсталған  адамдарға   жолығу   сияқты   қызметтің   жанжалдасушы
тараптарға ұсыну туралы.Қарулы  жанжал  көлемі  қамтымайтын  зорлық-зомбылық
жағдайларында ХҚКК Қозғалыс Жарғысына сай әрекет  етеді,  онда  гуманитарлық
бастамашылық құқығы мойындалған. ХҚКК  бейтарап  және  тәуелсіз  бітістіруші
қажет болған барлық жағдайда  өз  қызметін  ұсынады.  Осы  құқықтардың  бәрі
жинақтала келіп, ХҚКК халықаралық қауымдастықтың  берген  мандатын  құрайды.
Сол  арқылы,  халықаралық  қауымдастық  Комитетінің  өз  тарихында   жасаған
бастамашылығын жоғары  бағалайтындығын  көрсетті.ХҚКК  жеке  бастамаға  орай
пайда  болған  еді.  Алайда  ХҚКК  өзіне  Женева  Конвенциясы  мен   Қосымша
Хаттамалар жүктеген әр түрлі міндеттерін орындап шықты, сөйтіп оның  қызметі
халықаралық сипатқа ие болды. Оның міндеті соғыс  құрбандарын  қорғау  болып
табылады.ХҚКК  мандаты  оған  делегацияларды  (өкілдіктерді)  ашып  және  өз
делегаттарын  мемлекеттер  мен  жанжалдасушы  тараптармен  диалог  жүргізуге
жіберуіне  мүмкіндік  береді.ХҚКК   халықаралық   құқық   субъектісі   болып
табылады, оған әдетте үкіметаралық ұйымдар пайдаланатын  барлық  жеңілдіктер
мен артықшылықтар беріледі. ХҚКК-ге юрисдикциялық иммунитет берілген,  соған
сәйкес  ХҚКК  әкімшілік  және  сот  қудалауына  ұшырамайды,  сондай-ақ  оның
ғимараттарына,    мұрағаттарына    және    басқа     құжаттамаларына     қол
сұғылмайтындығына  кепілдік  беріледі.Қызыл  Крест  және  Қызыл   Жарты   ай
Халықаралық қозғалысының  негізін  қалайтын  қағидаларға  ізгілік,  әділдік,
бейтараптық, тәуелсіздік, еріктілік, тұтастық, әмбебаптық  сияқты  қағидалар
жатады.
   Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
  1. Халықаралық гуманитарлық құқық ұғымы және  оның қайнар көздері.
  2. Халықаралық гуманитарлық құқықтың қағидалар жүйесі.
  3. Халықаралық  Қызыл  Крест  Комитетінің  (ХҚКК) құқықтық мәртебесі.
                 Ұсынылатын  әдебиет
   1. Международное право: Учебник / Под ред. Г.И.Тункина. - М., 1994.
   2. Международное публичное право / Под ред. К.А.Бекяшева. - М., 1998; 2-е
      изд. - М., 2000.
   3. Оппенгейм Л. Международное право / Пер. с англ. - М., 1948-1950. -Т.І-
      ІІ.
   4. Ушаков Н.А. Международное право: Учебник. - М., 2000.
   5. .Хайд Ч. Международное право, его понимание и применение  Соединенными
      Штатами Америки англ. - М., 1950-1953. -Т.1-2.
   6.   Абашидзе   А.Х.    Защита    меньшинств    по    международному    и
      внутригосударственному праву. - М., 1996.
   7. Авраменко И.М. Международное морское право: Учебное пособие. -  Ростов
      н/Д, 2001.


    Тақырып 9  Дипломатиялық және консулдық құқық

  1. Өркениетті әлемдегі дипломатия ұғымы. Дипломатиялық құқық  ұғымы  және
     қайнар көздері. Сыртқы қатынас органдары.
  2.   Дипломатиялық   өкілдіктердің   міндеттері,   артықшылықтары    және
     иммунитеттері.
  3. Сауда өкілдіктерінің, арнайы миссиялардың құқықтық мәртебесі.
4. Консулдық құкық  ұғымы,  қайнар  көздері.  Консулдық  артықшылықтар  мен
   иммунитеттер.
   1. "Дипломатия" ұғымы грек сөзі diploma - екі бүктелген бет, құжат деген
   мағынадан  шыққан.  Бұл  жерде  "дипломды  ұстаушы"  деген  сөз  алғашқы
   мағынасында қолданылып отыр, яғни провинцияларға немесе мемлекеттен  тыс
   шетелге кетіп бара жатқан ресми тұлғаларға берілетін ұсыныс немесе сенім
   грамоталары.
   Кең мағынадағы дипломатия ұғымы - бұл халықаралық құқық  субъектілерінің
өкілдіктері жөніндегі, бейбітшілік және бейбіт қатар өмір  сүру  жөніндегі,
халықаралық қатынас қатысушыларының құқықтары мен мүдделерін бейбіт  жолмен
қорғау жөніндегі ресми қызмет. Дипломатия - бұл халықаралық құқықта  рұқсат
етілетін арнайы  дипломатиялық  шаралар,  әдістер  мен  тәсілдер  көмегімен
мемлекеттің сыртқы саясатын жүзеге асырудың бір құралы болып табылады.
   Тар мағынадағы дипломатия ұғымы — бұл келіссөздер  жүргізу  мен  шарттар,
келісімдер жасау шеберлігі. Осындай шеберліктің қоғамның даму заңдылықтарын
білуге,  халықаралық  қатынас  тарихын,  жеке  елдер  тарихын,  халықаралық
құқықты, жеке елдердің конституциялық  құқықтарын,  шет  тілдерді  зерттеп-
білуге негізделетінін айту керек.
   Адамзат   қоғамының   даму   тарихында   мемлекеттердің   сыртқы   саясат
мәселелерінде оның маңызды құралының  бірі  -  дипломатия  әрқашан  бірінші
орында келеді.  Бір-бірімен  жанжалдасып  қалған  мемлекеттердің,  тұтастай
халықтардың тағдыры осындай мәселелердің тиімді шешілуіне  тікелей  тәуелді
болады.Барлық мемлекеттердегі орталық  және  шетелдердегі  орган  түріндегі
дипломатиялық   аппараттарды   (Сыртқы   істер   министрлігі,   елшіліктер,
миссиялар, консулдықтар) дипломатиялық қызметтердің негізгі жетекшісі  және
орындаушысы  ретінде  айтуға  болады,  оларда   арнайы   жасақталған   және
дайындалған дипломатиялық кадрлар тұрақты жұмыс істейді. Мұндай  кадрлардың
жұмыс жүйесі мемлекеттің дипломатиялық қызметін құрайды және ол мемлекеттік
қызметтің маңызды  бөлігі  болып  табылады.  Дипломатиялық  аппарат  -  бұл
мемлекеттік аппараттың бір  бөлігі,  оның  қызметінің  бағыты  мен  мазмұны
мемлекеттің        әлеуметтік-экономикалық,        саяси        құрылымымен
айқындалады.Дипломатиялық  аппаратты  жетілдіру,  дипломатиялық   кадрларды
іріктеу  мен  дайындауды  жақсарту,  дипломатияның  ен  озық  тәжірибелерін
зерттеу және пайдалану, оның  ғылыми  негіздерін  дайындау  және  дамыту  -
халықаралық мәселелерді бейбіт жолдармен шешу  үшін  және  бейбітшілік  пен
бейбіт қатар өмір сүру саясатын нығайту үшін дипломатияны қолдануға мүдделі
барлық мемлекеттердің алдына қойған маңызды міндеттері болып табылады.
Дипломатия — бұл  мемлекеттің  сыртқы  саясатының,  халықаралық  қызметінің
құрамдас бір бөлігі. Сыртқы саясат дипломатияның мақсаттары мен міндеттерін
айқындайды және сол арқылы іс жүзіндегі шаралар жиынтығын, сондай-ақ сыртқы
саясатта    қолданылатын     нысандарды,     құралдар     мен     әдістерді
айқындайды.Өркениетті    әлемдегі    дипломатиялық    тәжірибе     тәуелсіз
мемлекеттердің  сыртқы  саясаттағы  мүдделерінде  дипломатиялық   қызметтін
дәстүрлі әдістерінің және жаңа нысандар  мен  әдіс-тәсілдерінің  қолданылып
келе жатқанын көрсетіп отыр. Дипломатиялық қатынас  пен  талқылаудың  түрлі
нысандары ерекше маңызға ие болуда. Оларға мемлекет басшыларының  кездесуі,
мемлекеттер арасында жүргізілетін жоғары деңгейдегі көп жақты келіссөздерді
жатқызуға  болады.Дипломатиялық  қызмет   нормативтік   қамтамасыз   етуге,
халықаралық  құқықтың  басқа  субъектілеріне  қатысты  олардың  жүзеге  асу
тәртіптеріне мұқтаж болуда. Көптеген ғасырлар бойы  осы  құқықтық  нормалар
реттеу заты бойынша салыстырмалы түрде тұрақты  және  дербес  саланы  жасап
шығарды. Қазіргі таңдағы дипломатиялық құқық халықаралық құқық  салаларының
ішіндегі  анағұрлым  жүйеленген  және  үдемелі  дамыған  салалардың   бірі.
Дипломатиялық құқық - бұл құқықтың байырғы салаларының бірі. Ол ең  алдымен
елшілік құқық ретінде пайда болып, дамыған еді. XX ғ. басына қарай  елшілік
құқық дипломатиялық құқықка айналды.
 Дипломатиялық құқық - бұл халықаралық қатынасқа қатысушы халықаралық  құқық
 субъектілерінің еркін  білдіретін  қағидалар  мен  нормалардың  халықаралық
 құқық субъектілерінің келісім және қамтамасыз ету  нәтижелерінде  бекітетін
 жиынтығы; бейбітшілік пен бейбіт қатар  өмір  сүруді  қолдау  және  нығайту
 мақсатындағы ресми  органдарының  жағдайы  мен  қызметін  (функциялары  мен
 мәртебесін)  реттейді.Бірқатар  оқулықтар  мен  оқу  құралдарында   "сыртқы
 қатынас құқығы" деген ұғым кездесіп қалады.
Консулдық  мемлекеттердің   иммунитеттер   көлемі   дипломатиялық   өкілдік
иммунитетіне  жақын  келеді.  Штаттық  консулдардың  жеке  иммунитеттерінің
шеңбері мен көлемі дипломаттарға қарағанда тарырақ келеді,  консул  белгілі
бір жағдайларда жергілікті сотқа тартылады; тінту иммунитеті оның қызметтік
мекемесінде ғана болады, ал қол сұғылмаушылық иммунитеттері оның  қызметтік
хат жазысулары  мен  мұрағатында  ғана  болады.  Консулдық  конвенцияларға,
көптеген мемлекеттердің ішкі  мемлекеттік  заңдарына  сәйкес,  консул  жеке
хаттарын қызметтік хаттарынан бөлек ұстауы тиіс.Халықаралық құқыққа сәйкес,
консулдың қызметтік әрекетін орындауына қатысты  құжаттар  мен  ресми  хат-
хабарларға   қол   сұғылмайды.   Консулдық   үй-жайларға   абсолютті    қол
сұғылмаушылық  қағидасы  консулдық  шенеуніктер  туралы  1928   ж.   Гавана
конвенциясында, Бустаманте Кодексінде бекітілген. Консулдық қатынас  туралы
Вена Конвенциясының 31-бабына сәйкес, өрт және апат жағдайларында консулдық
мекеме  үй-жайларының  абсолютті  қол  сұғылмаушылық  қағидасының   бұзылуы
мүмкін.
Консулдың  жеке  басының   артықшылықтары   мен   иммунитеттері.   Консулдық
конвенциялар  мен  ұлтгық  заңдарда  консулды  аса   ауыр   қылмыс   жасаған
жағдайлардан  басқа,  алдын  ала  қамау  тәртібінде  ұстауға  болмайды   деп
белгіленген. Консулды әкімшілік тәртіпте де ұстауға болмайды.  Консулды  аса
ауыр қылмыс жасады  деп  ұстау  оның  экзекватурасынан  айырумен  байланысты
болады.Консулдық өкіл жеке артықшылықтар мен иммунитеттерге  ие  болғанымен,
оларды асыра пайдаланбауы тиіс және консулдық орналасқан мемлекеттің  барлық
заңдары мен ережелерін қатаң орындауы қажет. Әдетте,  консул  сот  органдары
сот немесе әкімшілік іс  жүргізу  бойынша  куә  ретінде  шақырғанда,  баруға
міндетті. Іс-тәжірибеде мұндай  жағдайда  консулға  сыпайылық  деп  аталатын
артықшылық беріледі. Мысалы,  сотқа  келу  туралы  шақырту  консулға  ерекше
хатпен және келмеген жағдайда  қандай  да  бір  санкциялар  қолданылады  деп
көрсетілмей жіберіледі. Егер, консул куәгерлік  жауап  беруден  бас  тартса,
оған мәжбүрлеу  шаралары  қолданылмайды.  Консулдық  эмблемаларды  дұшпандық
қастандықтан  қорғаудың  зор  маңызы  бар.  Консулдық  орналасқан   мемлекет
консулдарға өзара келісу негізінде ерекше  артықшылықтар  береді,  олар  қол
сұғушылықтан  қорғалуға  жатады.   Мұндай   артықшылықтарға   консулдың   өз
мемлекетінің тәртібі негізінде консулдық тіршілігі мен тұрмысын  ұйымдастыру
құқығы, өз атына  баспа  басылымдарын,  консулдық  орналасқан  елге  әкелуге
тыйым салынған басылымдарды қоса алғанда  жаздыртып  алу  құқығы;  консулдық
орналасқан жерде түрлі сипаттағы ресми салтанаттарға  шақырылу  құқығы  және
консулдың   өз   өкілдігімен    қатынасудағы    артықшылықтарын    жатқызуға
болады.Консулдық  конвенциялар  мен  көптеген   мемлекеттер   іс-тәжірибесін
саралап көргенде  байқалғанындай,  консулдық  иммунитеттің  көп  жағдайларда
дипломатиялық иммунитетпен сәйкес келетінін атап айту керек.

   Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

  1. Өркениетті әлемдегі дипломатия ұғымы. Дипломатиялық құқық  ұғымы  және
     қайнар көздері. Сыртқы қатынас органдары.
  2.   Дипломатиялық   өкілдіктердің   міндеттері,   артықшылықтары    және
     иммунитеттері.
  3. Сауда өкілдіктерінің, арнайы миссиялардың құқықтық мәртебесі.
  4. Консулдық құкық ұғымы, қайнар  көздері.  Консулдық  артықшылықтар  мен
     иммунитеттер.
                 Ұсынылатын  әдебиет
   1. Международное право: Учебник / Под ред. Г.И.Тункина. - М., 1994.
   2. Международное публичное право / Под ред. К.А.Бекяшева. - М., 1998; 2-е
      изд. - М., 2000.
   3. Оппенгейм Л. Международное право / Пер. с англ. - М., 1948-1950. -Т.І-
      ІІ.
   4. Ушаков Н.А. Международное право: Учебник. - М., 2000.
   5. .Хайд Ч. Международное право, его понимание и применение  Соединенными
      Штатами Америки англ. - М., 1950-1953. -Т.1-2.
   6.   Абашидзе   А.Х.    Защита    меньшинств    по    международному    и
      внутригосударственному праву. - М., 1996.
   7. Авраменко И.М. Международное морское право: Учебное пособие. -  Ростов
      н/Д, 2001.




Тақырып  10.  Халықаралық дербес құқықтағы коллизиялық нормалар мен
байламдар
    1. Коллизиялық ереженің түсінігі және маңызы
    2. Коллизиялық норманың құрылымы және оның түрлері
    3. Мазмұнын анықтау және шетел заңын пайдалану
    1. Халықаралық дербес  құқықты  реттейтін  шетел  элементі  бар  қарым-
қатынастарда кейбір кездерде коллизиялық мәселелер туындайды.  Бұл  мәселеде
кақтығыстағы екі заңның қайсысын қолдану керек  екені  туралы  сұрақты  шешу
керек. Коллизиялық мәселе - бұл белгілі бір құқықтық қатынастағы  қай  елдің
заңын қолдану керек екені  туралы  мәселе.  Бұл  мәселе  халықаралық  дербес
құқыққа  тән  ерекшелік   болып   табылады.   Халықаралық   дербес   құқықта
коллизиялық мәселе және  оны  шешу  осы  құқық  саласының  негізгі  мазмұнын
құрайды.  Халықаралық  дербес  құқықтың  өзіне  тән  реттеу  тәсілдері   мен
әдістері бар. Азаматтық қарым-қатынастарға қатысушылар арасында  коллизиялық
мәселелер туындайды. Мұндай проблемалардың мазмұнында қандай  құқық  қолдану
керек екені туралы мәселе  шешіледі,  яғни  қай  мемлекеттің  заңын  қолдану
керектігі мәселесі шешіледі.
    Бұл мәселелер белгілі бір коллизиялық ережелер қолдану  аркылы  шешілуі
мүмкін. «Коллизия» (латын сөзінен «collisio») - ол кақтығыс немесе  қайшылық
деген мағынаны  білдіреді.  Заңдардың  коллизиясы  деп  айтканда,  әр  түрлі
мемлекеттер   арасындағы   құқықты   таңдау   қажеттігін    айтады.    Құқық
коллизиясының екі себебі бар:
         - жеке құқықтық қатынаста шетел элементінің болуы;
         - қатынасқа байланысты әр түрлі  мемлекет  құқығының  мазмұндарынын
           ерекшілігі.
    Коллизиялық ереже белгілі бір мемлекетте немесе  белгілі  жағдайда  қай
мемлекеттің  құқығын  қолдану  керектігін  көрсетеді.  Коллизиялық  ереженің
кажеттілігі, біріншіден мына мәселеге  байланысты:  мемлекеттердің  құқықтық
жүйелері бір-біріне ұксамауы.  Бірақ  тәжірибе  жүзінде  қолданылатын  құқық
мәселесі құқық қолданушыда белгілі бір қиындықтар туғызады, себебі тек  қана
қандай коллизиялық ереже қолдануды, қай мемлекет құқығына  сілтеме  жасауды,
сонымен қатар, шетел құқығы  таңдалған  жағдайда,  істі  шетел  мемлекетінің
заңдарына сәйкес шешіп алу қажет.
    Коллизиялық ереженің  мақсаты  бәсекелестіктегі  екі  не  одан  да  көп
құқықтық  жүйе  арасындағы  коллизияны  шешу   және   шетел   элементі   бар
қатынастарды белгілі бір кұқық тәртібіне  бағындыру  болып  табылады.  Бірақ
коллизиялық ереже мәселені мәні бойынша өзі  шеше  алмайды,  ол  тек  тиісті
міндетті  қарастыратын  материалдық  ережеге  сілтеме  жасайды.  Осы  тәртіп
негізінде мәселе шешіледі. Осыдан коллизиялық  ереженің  заң  әдебиеттерінде
«даулы»,  «сілтемелік»  деген  анықтамалармен  неге   қолданылуын   байқауға
болады.
    Сілтеме жасалған материалдық құқықтық ережемен бірге коллизиялық  ереже
азаматтық   айналым   қатысушыларына   жүріс-тұрыс    ережесін    анықтайды.
Халықаралық дербес құқық құрамында  коллизиялық  және  материалдық  құқықтық
ереженің косылуы,  сипаты  бойынша  біртекті  карым-қатынастарды  екі  түрлі
әдіспен   реттеу   қажеттілігі   негізделеді.   Халықаралық   келісімдердегі
материалдық құқықтық ережемен бірге  халықаралық  дербес  құқық  ішіне  ішкі
заңнамадағы материалдық құқықтық ережелер кіреді. Олар  шетел  элементі  бар
азаматтық  қатынастарды  реттеу  үшін  арнайы  белгіленген.  Бұл  нормаларға
жататындар:  сыртқыэкономикалық  қызметті  реттейтін  ереже,   инвестициялар
режиміне қатысты  ережелер,  Қазақстан  азаматтарының  шетелдегі  мәртебесін
анықтайтын ережелер, Қазақстан Республикасында азаматтық,  неке  және  еңбек
пен іс жүргізу құқығы  аясында  шетел  азаматтары  мен  ұйымдардың  құқықтық
жағдайын анықтайтын ережелер.
    Коллизиялық  ережеге  заңды-техникалық  тұрғыдан  назар  аударсақ   бұл
халықаралық дербес  құқықтағы  қолданылатын  ең  қиын  ережелер  деп  айтуға
болады. Бұл мәселе коллизиялық ереженің  мазмұнын  анықтаудағы  белгілі  бір
ережелерді қарастыруды талап  етеді.  Бұл  ережелер  коллизиялық  нормаларды
тәжірибеде қолдану мәселесін шешуіне көмек көрсетеді.
    2. Коллизиялық норма халықаралық дербес  құқықта  қолданылатын  күрделі
ереже  болып  табылады.  Оның  жағдайын  түсіну  үшін,  бірқатар  өзіне  тән
ерекшеліктері  бар   коллизиялық   норманың   құрылымын   қарастыру   қажет.
Коллизиялық  норманың  ерекше  табиғаты   олардың   құрылымының   және   оны
қолданудың ерекшеліктерін алдын ала айқындайды.
    Әрбір коллизиялық  норма  басқа  жай  құқық  ережелерге  қарағанда  екі
бөлімнен тұрады. Коллизиялық норманың екі элементтен  құрылуы  екі  бөліктен
құрылатын гипотеза  және  диспозиция  немесе  гипотеза  және  санкция  жалпы
ереженің құрылымына сәйкес келеді. Құқық теориясында әдеттегі үш  элементтік
құрылым (гипотеза, диспозиция, санкция) тек әрекет ететін құқықты  логикалық
тұрғыдан  талдау  арқылы  құрылатын   логикалық   ережені   сипаттайды.   Ал
нормативтік актінің мәтінінде көрініс тапқан, шын  мәнінде,  нақты  құқықтық
ереженің екі элементтік құрылымы болады (гипотеза, санкция).
    Сонымен, коллизиялық  норманың  құрылымын  карастырайық.  Оның  бірінші
бөлігі коллизиялық норманың көлемі болып табылады, ол  коллизиялық  норманың
қандай  құқыққатынасында  қолданылатыны  туралы  анықтайды.  Мысалы:  меншік
құқығы, отбасы құқығы.
    Коллизиялық норманың екінші бөлігі коллизиялық байлам (қағидат,  бекіту
формуласы) деп аталады. Байлам -  бұл  тиісті  қарым-қатынаста  қолданылатын
заңға не құқықтық жүйеге нұсқау, яғни қай елдің заңын  қолдану  қажеттілігін
көрсетеді.
    Коллизиялық нормаларда кездесетін байламдардың келесі түрлері бар:
    Lex loci contractus - бұл коллизиялық байлам шарт қай елде бекітілгенін
анықтау керек кезде пайда болады. Бұл байлам бойынша, шартқа қай  мемлекетте
қол   койылса,   онда   сол   мемлекеттің   заңы   қолданылады.    Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес сыртқыэкономикалық мәміле бойынша  шартқа
қол  қойған  жақтардың  құқықтары  мен  міндеттері   қол   қойылған   жердің
заңнамасымен анықталады. Бірақ заң бойынша жақтарға заңды  таңдау  еркіндігі
берілген.
    Lex societatis - бұл  заңды  тұлғаның  ұлтына  байланысты  байлам.  Бұл
байлам, егер заңды тұлға бір елде тіркелген болып, екінші  мемлекетте  жұмыс
істеп, ал оның бас органы үшінші мемлекетте қызмет жасаса, сонда оның  ұлтын
анықтау қажет. Сонымен, заңды тұлғаның ұлтын анықтау үшін осы  төрт  ілімге,
қағидатқа сүйенеміз:
   1)  инкорпорация немесе тіркеу қағидаты  -  заңды  тұлға  қай  мемлекетте
      тіркелсе, онда сол мемлекеттің заңы қолданылады;
   2) отырықшылық қағидаты  -  заңды  тұлғаның  бас  органы  қай  мемлекетте
      орналасса, онда сол мемлекеттің заңы қолданылады;
   3)  қызмет ету қағидаты заңды тұлға қай мемлекетте  нақты  жұмыс  істесе,
      сол мемлекеттің заңы қолданылады;
    4)  бақылау  теориясы  -   бір   мемлекетте   орналасқан   кәсіпорынның
құрылтайшысы қай мемлекеттің тұлғасы  болса,  сол  мемлекеттің  заңын  негіз
ретінде алады.
    Lex voluntatis - бұл байлам бойынша шарт жақтары, өз  еріктері  бойынша
бір мемлекеттің заңнамасын таңдауға құқылы.Тараптар  қай  мемлекеттің  заңын
немесе қай конвенцияны қолданатын шартта нақты көрсету керек.
    Lex venditoris - бұл байлам бойынша сатушы  тұратын  мемлекеттің  заңын
қолдануды қарастырады. Бұл байлам сыртқыэкономикалық мәмілелеріне тән.
    Lex  rei  sitae  -  бұл  коллизиялық  кағидат  меншік  құқық  саласында
қолданылады. Бұл ереже бір мемлекетте,  белгілі  бір  затқа  меншік  құқығын
анықтауда көмек көрсетеді. Қазақстанның заңнамасында  мүлік  қай  мемлекетте
орналасса, сол мемлекеттің  заңнамасымен  меншік  құқығы  анықталады.  Бірақ
егер мүлік мұра  ретінде  қарастырылса,  онда  мұрагердің  соңғы  тұрғылықты
жерінің заңнамасымен реттеледі.
    Lex loci delictii comissii - бұл  коллизиялық  байлам  құқық  бұзушылық
жасалған жердің  заңнамасына  байланысты.  Яғни,  сот  қай  мемлекетте  зиян
келтірілген болса, онда сол мемлекеттің заңнамасымен істі қарастырады.
    Lex fori - сот заңы, яғни дау қай  мемлекетте  қарастырылса,  онда  сол
мемлекеттің заңы қолданылады. Бұл қағидатқа  сәйкес  сот  қатынастағы  шетел
элементіне қарамастан, өз елінің заңнамасын қолданады.
    Lex personalis - жеке тұлғаға байланысты  ереже.  Онын  өзі  екі  түрде
қарастырылады:  1.  Lex  patriae  -  азаматтыққа  байланысты  заң;  2.   Lex
domicilii - тұлғаның тұрақты тұру жеріне байланысты заң.
    Lex loci selebrationis - бұл байлам отбасы құқығында қолданылады,  яғни
қай мемлекетте неке киылды сол мемлекеттің заңы қолданылады.
    Жоғарыда  аталған   байлам   формулалары   сәйкес   карым-қатынастардың
қолдануға жататын мемлекет құқығымен заңды немесе фактілі  түрде  байланысын
ескереді. Тәжірибеде шетел элементімен  шиеленіскен  қарым-қатынасты  ұлттық
құқық ережелеріне бағындыру мысалдары кездеседі. Бұл ұлттық  заңның  қолдану
шектерін кеңейту, өзінің заңды және жеке тұлғалардың кұқықтарын  қорғау  мен
қызметін женілдетуге тырысуымен түсіндіріледі.
    Коллизиялық нормада байлам өз бетінше болуы мүмкін  емес  және  ол  көп
жағдайда көлемге байланысты болады.  Бұл  элементтер  арасында  белгілі  бір
байланыстар болады,  ол  қай  елмен  қатынас  тығыз  байланысты,  сол  елдің
құқығына   сілтеме   жасайтын   коллизиялық   формулаға   сілтеме   жасаудың
мақсаттылығын танудың кең өріс алуынан байқаймыз.
    Коллизиялық байламдар қатарына  кейбір  жағдайда  қатынас  тараптарымен
таңдалған  елдің  құқығына  бағынатын  ерік  автономиясын  жатқызады.  Бірақ
бұндай бір жағынан  ұксас,  екінші  жағынан  әр  түрлі  құқық  институттарын
теңестіру дұрыс емес болып табылады. «Ерік автономиясы»  кейбір  ғалымдардың
айтуы бойынша (мысалы Л.П. Ануфриева) коллизиялық  байламдардың  түрі  болып
саналмайды, ол қолданудың өзіне  тән  ерекшеліктері  бар,  кең  мағынаға  ие
қолдану  шарттары  басқаша  болатын,  халықаралық  дербес  құқықтағы  дербес
құқықтық институт болып  табылады.  «Ерік  автономиясы»  -  бұл  коллизиялық
байламдарды анықтау және  оны  тіркеу  тәсілінің  құқықтық  алғышарты  болып
табылады.
    Қазіргі халықаралық дербес құқықта коллизиялық нормалар көп түрлі  және
көп санды болып табылады. Оларды  түрлерге  бөлудің  критерийлері  кең.  Бұл
ерекшеліктер,  халықаралық  байланыстар  кезінде  пайда  болатын  қатынастар
топтардың ерекшеліктерін айкындайды және осы нормалардың тәжірибеде  қолдану
кезінде зор маңызға ие.
    Ең біріншіден, халықаралық-құқықтық  унификацияға  бағытталған,  ұлттық
заңдармен  бекітілген  және  халықаралық  шарттармен  көзделген  коллизиялық
нормаларды айыра  білу  қажет.  Олардың  арасындағы  айырмашылықтар  олардың
әрекет ету аясымен және оларды  қолдану  тәртібінен  байкалады.  Халықаралық
шарттармен бекітілген коллизиялық ережөнін  әрекет  ету  аясы,  бұл  шарттар
қатысушылардың  барлығынын  қолдануына  байланысты  кең  болады.  Ал   кұқық
қолданушы  органдардың  және  құқық  қолданушы   тәжірибенің   ерекшеліктері
екеуінің арасындағы айырмашылықты одан әрі нығайта түседі.  Бірақ  ішкі  заң
ережелері  мен   халықаралық-құқықтық   шарт   ережелерінің   болуы   қайнар
көздердің,  яғни  осыдан  туындайтын  тұжырым   халықаралық   дербес   құқық
ережелерінде де, екі жақтылық сипатына алып келмейді, себебі  бұл  ішкі  заң
пайдасына, халықаралық құқықтық  шарт  ережелерін  басшылыққа  алмауға  алып
келеді.  Көп  жағдайда  мемлекет  өзі  дербес  коллизиялық  норма   массивін
қалыптастырады. Бірақ қазіргі кезеңде, ерекше маңызға  халықаралық  құқықтық
кұралдар арқылы коллизиялық құқықтық реттеу, шарттық  тәртіп  арқылы  реттеу
дамуда.   Ол   мемлекеттердің,   біртұтас   халықаралық   дербес   құқықтағы
коллизиялық және өзге де норманың, сәйкес  халықаралық,  шарттарды  қабылдау
және дамыту, ұлттық құқықтық ережені унификациялау атына ие  болды.  Маңызды
сараланудың бірі  коллизиялық  байлам  нысанына  байланысты  саралану  болып
табылады. Бұл белгі бойынша коллизиялық ережелерді бір жақты және екі  жақты
деп екі топқа бөледі. Бір жақты - бұл қолдануға жататын елдің  қазакстандық,
неміс, ағылшын құқығын тікелей  атайтын  байлам  нормасы.  Бір  жақты  ереже
әдетте  ез  елінің   құқығын   қолдануды   белгілейді.   Мысалы,   Қазақстан
Республикасы Азаматтық кодексінің 1104-бабының 3-тармағында былай  делінген:
«Қозғалмайтын мүлікке қатысты мәміленің нысаны осы мүлік орналасқан  жердегі
елдің  құқығына,  ал   Қазақстан   Республикасында   мемлекеттік   тізілімге
енгізілген козғалмайтын мүлікке  қатысты  болса,  Қазақстан  Республикасының
құқығына  бағынады».  Бірақ  бұған  қарамастан,  екі  жақты   ережелер   кең
таралған. Екі  жақты  коллизиялық  ереже  нақты  мемлекетті  атамайды.  Оған
құқықты  таңдауға  мүмкіндік  беретін,  жалпы  белгінің  болуы  тән.   Мысал
ретінде,  ҚР  АК-не   сәйкес,   «мұрагерлік   бойынша   қатынастар...   мұра
калдырушының соңғы тұрақты  тұрғылықты  жері  болған  елдің  кұқығы  бойынша
анықталады».
    Бұл ереженің байламы, жалпы белгісі ретінде: «мұра  қалдырушының  соңғы
тұрақты тұрғылықты жерін көрсетеді».
    Реттеу тәсілі бойынша коллизиялық нормалар  императивті,  диспозитивті,
альтернативті болып үш  топқа  бөлінеді.  Императивті  нормалар  түпкілікті,
азаматтық-құқықтық қатынастардың  тараптарымен  өзгертіле  алмайтын  құқықты
қолдануға қатысты ұйғарымдар.
    Диспозитивті нормалар құқықты  таңдау  бойынша  жалпы  тәртіпті  бекіте
тұра,  тараптарға  оны   басқа   тәртіппен   өзгерту   мүмкіндігін   береді.
Диспозитивті нормалар әдетте тараптар құқығы, егер  тараптардың  келісімімен
өзгеше көзделмесе және т.б. нысандарда, көрініс табады.  Мысалы,  ҚР  АК-нің
1108-бабының  2-тармағына  сәйкес:  «Егер  тараптардың  келісімінде   өзгеше
көзделмесе, мәміленің нысанасы болып табылатын  мүлікке  заттық  құқықтардың
пайда болуы және тоқтатылуы, елдің осы мәміле бағындырылған  құқығы  бойынша
анықталады».
    Альтернативті нормалар - мазмұнында, ереже  көлемінде  көзделген,  жеке
құқықтық  қатынасқа  қолданылатын   құқықты   таңдауды   көздейтін   бірнеше
ережелері  бар  нормалар.  Құқық  қолданушы   орган   және   тараптар   онда
көзделгеннің  әрқайсысын  қолдана  алады.  Бірақ,  көрсетілген  тәртіптердің
біреуі бойынша қатынас реттелуі жеткілікті болады. Мысалы, мәміленің  нысаны
ол жасалған жердің құқығына  бағынады.  Алайда  шетелде  жасалған  мәмелені,
егер  Қазақстан  Республикасы  құқығының   талаптары   сақталса,   нысанының
сақталмауы салдарынан жарамсыз деп тануға болмайды. Яғни,  шетелде  жасалған
мәміле нысанына екі альтернативті байлам қолданылады: оның жасалу жері  заңы
және Қазақстан Республикасы құқығы.
    Альтернативті нормалар халықаралық дербес  құқықта  салыстырмалы  түрде
жақында пайда болған құбылыс болып табылады. Оның  пайда  болуы  халықаралық
байланыстардың дамуы, соңғы кездерде бұл  құқықтық  саланың  дамуымен  соның
ішінде  әр  түрлі   құрылымдардың   қүрделенуі,   реттелетін   қатынастардың
ерекшеліктерін   ескеруге   негізделген,   көлемдердің   және   байламдардың
бөлшектелуімен тығыз байланысты.
    Коллизиялық норманың мәніне қарай:  генералды  (бас)  және  субсидиарлы
(қосымша)  болып   екі   топқа   бөлінеді.   Генералды   норма   қолданудағы
артықшылыққа ие, қолданылатын құқықты таңдау кезіндегі басты ереже.  Мысалы,
егер ҚР-ның заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың  келісімімен
таңдалған  елдің  құқығымен  реттеледі.  Мұндағы  басты  ереже  ҚР-ның   заң
актілерінде  өзгеше  көзделмеуі  қажет.  Субсидиарлы  норма  басты  нормамен
байланысты бір немесе бірнеше  құқықты  таңдау  ережелері,  ол  басты  ереже
белгілі  бір  себептерге  байланысты  қолданылмаған  жағдайда   қолданылады.
Сонымен қатар,  субсидиарлы  нормалар  бірінші,  екінші,  үшінші  және  т.б.
дәрежелі болып бөлінеді. Басты және  барлық  дәрежелі  субсидиарлы  нормалар
бір-бірімен тығыз  байланысты  болып,  ішкі  байланысқа  негізделген  өзінше
ереженің ассоциациясын құрады.
    Сонымен катар, коллизиялық  нормалар  құқықтық  қатынастың  қүрделігіне
байланысты  бөлінеді.  Олар:  жалпы  және  арнайы  болып   бөлінеді.   Жалпы
коллизиялық нормалар қатынастың мәніне қолданылатын  құқықты  анықтайды.  Ал
арнайы нормалар бұл  қатынасты  жүзеге  асыру  барысында  туындаған  косымша
сұрақтарды шешуге арналған құқықтық қатынасты бекітеді.  Жалпы  және  арнайы
коллизиялық  нормалар  жүйесін   қолдану   кажеттілігі,   бірнеше   мемлекет
аумағында  орындалатын  шарттарды   карастырғанда   пайда   болады   мысалы,
(тасымалдау шарты).
    Қазақстан  Республикасы  үшін  ТМД-ға   мүше   мемлекеттердің   құқығын
унификациялау  мәселесі  ерекше  маңызды  болып  табылады.  Бұл  халықаралық
дербес құқық мәселесін шешетін жағдай. Қазіргі  кезде  осы  мәселені  шешуге
1995 жылы 13 мамырда  қабылданған  ТМД  елдері  үшін  заңнама  акті  ретінде
ұсынылған Үлгілі  азаматтық  кодекс  мүмкіндік  береді.  Осындай  актілердің
шығарылуы  біртұтас  құқық  кеңестігін  жасауға  мүмкіндік  береді.  Сонымен
қатар, құқық таңдау мәселесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.
    3. Коллизиялық нормаларды  пайдалану  тәртібі  ішкі  мемлекеттік  заңды
пайдалану  процесінен   өзгешеленеді.   Бұл   процестің   күрделілігі   оның
пайдалануындағы  әртүрлі  құқықтық  жүйелердің  өзара   байланысы   болуынан
көрінеді.  Сондықтан,  олардың  ерекше  бөлушілік  белгілері  мен  пайдалану
сатылары болады.
    Бірінші сатыда – осы жағдайға коллизиялық норма пайдаланылады ма  деген
сұрақ анықталады, егер пайдаланылса, онда ол қай мемлекет құқығына  сілтейді
деген сұрақ анықталады.
    Екінші  сатыда  –   коллизиялық   норма   сілтеген   мемлекеттің   заңы
пайдаланылады. Егер бірінші сатыда, коллизиялық норма  пайдаланылса,  екінші
сатыда, отандық не шетелдік материалдық құқық пайдаланылады. Екінші  сатыда,
жария тәртіп пен  шетел  заңының  мазмұнын  анықтаудың  құқықтық  сұрақтарын
түсініп, шешу керек.
    Осы екі құқық пайдалану тәртібі халықаралық дербес құқық шегінде жүзеге
асады.
    Коллизиялық норманы пайдалану кезінде шетел азаматы мемлекет  азаматына
қарағанда мөлшері жағынан көбірек құқыққа ие бола алмайтындығын есте  сақтау
керек. Бұл ереже халықаралық байланыстағы,  достастықтағы  жеке  және  заңды
тұлғалардың теңдігіне негізделген. Басқа сөзбен  айтқанда,  құқық  пайдалану
тәжірибесінде халықаралық дербес құқықтағы субъектілердің  арасындағы  өзара
байланыс өзаралықты тудырады.
     Бұл өзаралық материалдық және формальдық болады. Материалдық  өзаралық
тең  өкілеттілік  көлемін  білдіреді.  Формальдық   өзаралық   шетелдіктерге
мемлекетттегі азаматтар мен заңды тұлғаларға берілген  өкілеттіктерге  жақын
өкілеттіктерді беруді білдіреді.  Барлық  жағдайда  мемлекеттер  материалдық
өзаралықты  қамтамасыз  ете  алмайды,  оның   себебі   құқықтық   жүйелердің
өзгешелегі, сондықтан формальдық өзаралық қамтамасыз етіледі.
    Халықаралық дербес құқықтың әртүрлі аспектілерін реттейтін  халықаралық
келісім-шарттар бірдей  тұрғыны  ұстанбайды:  бір  келісім-шарттар  өзаралық
қағидасын  алып  тастайды,  басқалары  оларға  сілтеме   жасауды   қолдайды,
үшіншілері (оны ұстанушылар  саны  өте  көп)  оны  пайдалану  туралы  ештеңе
көрсетпейді.  Бұл  жерде,  мысал  ретінде   экономикалық   байланыс   туралы
қазақстан-мысырлық келісім 1993 жылғы, қызығушылық тудырады, мұнда  өзаралық
қағидасы үлкен орын алады.
    Басқа  мемлекет  аумағында  коллизиялық  норманың  сілтемесіне   сәйкес
шетелдің  заңы  пайдаланылса,  өзаралық  туралы  сұрақ  туады.  Бұл   жерде,
коллизиялық сілтеме негізінде шетел заңы  басқа  мемлекет  аумағында  өзінің
азаматтары мен заңды тұлғаларына беретін құқықтары сәйкес пе екені  анықталу
керек.
    Бұл жерде, басқа мемлекет қарсы шектеулер  қоюы  мүмкін,  егер  бірінші
мемлекет екінші мемлекеттің азаматтары мен  заңды  тұлғаларының  құқықтарына
шектеулер қойса.
    Көптеген мемлекеттердің құқықтық жүйелерінде өзаралық қағидасы бар. Көп
жағдайда, өзаралық  талабы  белгілі  бір  міндеттемелерді  орындаудың  шарты
болып келеді. Мәселен, Тауар таңбалары туралы  заңының  35-бабында  өзаралық
қағидасы туралы тура айтылған: «Шетелдің заңды  және  жеке  тұлғалары  Заңда
көзделген, халықаралық келісім-шарттардың күшіне  және  өзаралық  қағидасына
сәйкес  құқықтарды  пайдаланады».  АҚШ  заңнамасында   өзаралық   қағидасына
сілтеме сирек кездеседі, көбінесе бұл қағида  халықаралық  келісім-шарттарда
қаралады.  Коллизиялық  нормаға  түсініктеме  жасау  –  коллизиялық  норманы
саралау деп аталады. Соттар қызметінің тәжірибесі көрсеткендей, саралау  сот
заңы  арқылы  жүзеге  асады.  Бір  мемлекеттер  заңында  (АҚШ,  Ұлыбритания)
коллизиялық  нормалардың  саралауы  туралы   ережелер   бар,   екіншілерінде
(Швейцария, Австрия) ондай ереже  жоқ.  Коллизиялық  нормаларға  түсініктеме
бергенде  ұлттық  түсініктерді  пайдалана  отырып,   олардың   байламдарында
шатасуға болады. Мәселен, шарт жасасу орны ретінде Жапонияда  акцепт  жіберу
орны табылса; бұл жерде сөздің мағынасында  әртүрлі  ұғымдар  болуы  мүмкін,
оны  әдебиеттерде  «ашық  коллизиялар»  немесе  «саралаудың  қақтығысы»  деп
атайды.
    Саралаудың  қақтығысы  көбінесе  сот  заңы  (Lex  fori)  деп   аталатын
коллизиялық  байламмен  шешіледі.  Бұл  жерде,   сот   немесе   аралық   сот
коллизиялық  норманың  әртүрлі  түсінігімен  кездеседі,  сондықтан  олар  өз
мемлекетіндегі азаматтық құқық түсініктемесіне сәйкес саралайды.
     Кейбір жағдайларда, шетелдегі мүлікке  мұра  алу  мәселелеріне,  шетел
заңы қайтыс болған мұра қалдырушының азаматтығы заңымен шешуді көздейді,  ал
бұл мемлекеттің заңы мұра орналасқан  мемлекеттің  заңына  сілтейді.  Қайтыс
болған азаматтың мемлекетінің соты  «қайта  сілтемені»  қабылдау  керек  пе,
әлде  жоқ  па?  Біздің  пікірімізше,  мұндай  сілтемені  қабылдау   мақсатқа
лайықтылау болады.
    Шетел заңдары бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында қолданылмауы  да
мүмкін, себебі жария тәртіп ұғымы бар. Жария  тәртіп  туралы  ескерту  шетел
заңын пайдаланудан және шетел  заңының  әсерінен  пайда  болатын  құқықтарды
пайдаланудан қорғаушы ретінде келеді.
    Францияның азаматтық заңнамасында жария тәртіпті пайдалану  қажеттілігі
жеке келісімдер «қоғамдық тәртіп пен ізгі өнегелілікті» бұзбау  керектігімен
дәлелденеді.
    Жария  тәртіп  туралы  ескертулер,  1980  жылдың  Грецияның   азаматтық
кодексінің 32-бабында,  1978  жылдың  Австрияның  халықаралық  дербес  құқық
туралы Заңының 6 параграфында, 1986  жылдың  Қытайдың  Азаматтық  кодексінің
бас қағидаларының 150 бабында, 1985 жылдың Парагвайдың азаматтық  кодексінің
22-бабында көзделген.
    Германияның халықаралық дербес құқық туралы заңының 6-бабының мазмұнына
көңіл бөлген жөн: «Германия құқығының негізгі қағидаларына сәйкес  келмейтін
салдарға әкелетін шетел заңын пайдалануға жол берілмейді».  Бұл  ереже  1980
жылдың 19 маусымында қабылданған Шарттық міндеттемелерге қолданылатын  құқық
туралы Конвенцияның  16-бабын  ұқсас  ережені  білдіреді:  «Осы  Конвенцияға
сәйкес анықталатын құқық нормасын пайдалануға тыйым  салынады,  егер  мұндай
пайдалану сот мемлекетінің жария  тәртібіне  сәйкес  келмесе».  Шетел  заңын
пайдаланудан  бас  тарқан  мемлекет  өзінің  бас  тартуын   сәйкесінше   заң
қабылдаумен немесе басқа  актінің  қабылдауымен  заңдағы  тапшылықтың  орнын
толтыру керек.
    Халықаралық  дербес  құқық  саласындағы  практика  көрсеткендей,  жария
тәртіп туралы ескерту азаматтық процесс сұрақтарына да пайдалануға  бастады.
Бұл ереже көрсеткендей, азаматтардан  жауап  алу,  құжаттарды  тапсыру  және
өзге де іс жүргізу әрекеттері  бұл  мемлекетте  жүзеге  асуы  мүмкін,  бірақ
жария тәртіп туралы  ескертуге  сәйкес  осы  құжаттарда  мемлекеттік  немесе
әскери құпия болатын мәліметтер болса онда бұл әрекеттерге жол берілмейді.
    АҚШ, Франция, Англияда пайдалануға  жататын  шетел  заңы  дауды  шешуге
маңызы бар іс жүзіндегі мән-жай ретінде қарастырылады.  Басқа  мемлекеттерге
қарағанда   ағылшын-американдық   құқық   мемлекеттері   дәлелдеу    құқығын
қолданады. Бұл ережеге сәйкес, ек тарап  та  өзінің  іс  бойынша  дұрыстығын
көрсетіп, дәлелдеуге міндетті.
    Кейбір  мемлекеттерде,  мәселен,  Германияда  сот  өзінің  бастамасымен
мазмұнын анықтайтын және шетел заңын пайдаланатын,  егер  шетел  заңы  дұрыс
пайдаланылмаса,  онда  бұл  сот  шешімін  қайта  қараудың   негізі   ретінде
болмайды. Бірақ, Қазақстан мен Ресейде шетел  заңын  дұрыс  пайдаланбау  сот
шешімін қайта қараудың негізі болады. Қазақстандық заңнамада жария  тәртіпке
қатысты көзқарас қалыптаспаған, сондықтан мемлекеттің жария тәртібіне  қарсы
келген құқық оның аумағында пайдаланылмайды.
    Жалпы ереже бойынша, сот өзінің ұлттық заңын пайдаланады. Сот көбінесе,
шетел заңының күшіне сәйкес алынған құқықтарды тани  отырып,  шетел  құқығын
танымайды, ол белгілі  шетел  заңының  әсерінен  пайда  болған  субъективтік
құқықты таниды.
    Шетел  құқығының  белгілі   бір   нормаларын   дұрыс   пайдалану   үшін
пайдаланылатын норманың мазмұнын  ұғыну  керек,  құқыққатынастарды  реттеуге
қаншалықты бұл норма сәйкес келетіндігін анықтау керек. Бүгінгі  таңда,  сот
және іс бойынша тараптар шетел заңының мазмұнын өздері анықтайды. Сот  шетел
заңының   мазмұнын   анықтауға   міндетті;   бұл   жерде   ол    тараптардың
аргументтерімен  шектелмеу  керек,  ол  өзі  шетел  заңын  анықтап,   Әділет
органдары арқылы оның мәтіндерін талап ету тиіс.
    Шетел заңы өзінің отанында сияқты пайдаланылуы  тиіс  және  пайда  болу
мемлекетінде сияқты түсіндірілуі тиіс.
    Қазақстандық сот істің мазмұнынан қажеттілік туғанда ғана  шетел  заңын
пайдаланалады. Қазақстандық соттар шетел заңын пайдалана отырып,  оны  шетел
мемлекетіндегі түсініктемеге  сәйкес  түсіндіру  керек.  Осындай  тәртіп  ҚР
Сауда палатасының жанындағы Аралық сотқа да таралады.
    Студент әрбір жағдайда, шетел заңы болмағанда судья дауды  сот  заңымен
(Lex fori) шешетіндігін білу керек.
      Өзін өзі бақылау сұрақтары
    1. Коллизиялық ереженің түсінігі және маңызын ашу;
    2. Коллизиялық норманың құрылымы және оның түрлерін талдау;
    3. Мазмұнын анықтау және шетел заңын пайдалануды қарастыру.
    Ұсынылатын әдебиеттер:
     1. Богуславский М.М. Международное частное право. М., 1999.
     2.  Ануфриева П.К. Международное частное право: В 2 т. М.: Бек, 2000.
     3. Лунц Л.А., Марышева Н.И., Садиков О.Н. Международное частное право.
        М., 1984.
     4. Scoles E.P. Conflict of Laws. St. Paul: West Pub., 1982.
     5. Sukes E.I. International and Interstate Conflict of Laws, 2nd
        Edition. Sydney: Butterworths, 1981.


Тақырып  11.   Халықаралық дербес құқықтың субъектілері
    1. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі
    2. Халықаралық дербес құқықтағы заңды тұлғалардың мәртебесі мен қызметі
    3. Халықаралық дербес құқықтық қатынастарға мемлекеттің қатысуы
    1. Жеке тұлғаның жеке заңы. Жеке тұлғаның  жеке  заңын  қолдану  аясына
жеке  тұлғаның  азаматтық  құқықтық  мәртебесі,  оның  құқығы   мен   әрекет
қабілеттілігі, жеке құқықтары, неке және отбасы қатынастары  мен  мұрагерлік
қатынастарға  байланысты  құқықтары   жатады.   Жеке   заң   екі   вариантта
қолданылады: азаматтық заң (ұлттық заң)  Lex  patriae  және  тұрғылықты  жер
заңы Lex domicilii.
    Азаматтық заң бұл жеке тұлғаның азаматтығы болып табылатын  мемлекеттің
заңына бағынуды айтамыз. Ал тұрғылықты жер заңы бұл  жеке  тұлғаның  тұрақты
мекен-жайы орналасқан мемлекеттің заңын қолдануды айтамыз.
    Жеке тұлғаның азаматтық заңы соңғы кездері Еуропа мемлекеттерімен  қоса
алғанда көптеген  мемлекеттерде  үстемдік  түрде  қарастырылып  келеді.  Бұл
азаматтық  заңның  қолданылуына  себеп  болған  1804  жылғы  тарихи  Француз
Азаматтық  кодексі.  Онда  шетелде  жүрген  француз   азаматтарының   әрекет
кабілеттілігі пен азаматтық  жағдайы  ұлттық  заңымен  анықталады  делінген.
Кейіннен «ұлттық заң» мәселелері 1865 жылы Италияның  Азаматтық  кодексінде,
1896 жылы Герман Азаматтық заңдарында бекітілді.
    Қазіргі кезде Норвегия, Дания, Исландия  мемлекеттерінен  басқа,  латын
америкалық  (Куба,  Коста-Рика,  Панама  т.б.)  және  араб   мемлекеттерінде
(Алжир, Египет т.б.) азаматтық коллизия кағидасын қолданады.
    Ал  англо-американдық  құқықтағы  домицилия  концепциясы  басқа   құқық
жүйелеріне қарағанда ерекше, себебі ол Рим құқығына негізделген.
    Англо-саксондық жалпы құқық жүйесі бойынша  пайда  болу  (шыққан  тегі)
домицилиясы мен (domicil of origin) және таңдау  домицилиясына  (domicil  of
choice) бөлінеді.  Мысалы,  некемен  туылған  балаға  әкесінің  домицилиясы,
некесіз туылғандарға шешесінін домицилиясы тиісті болады.
    Таңдау домицилиясын қабылдау үшін тұлғаның ол жерде тұрақты өмір  сүру,
сонымен қатар, осыған сәйкес ниеті де болуы 0ажет.
    Дж. Чешир және П. Норт бұл  тезисті  растау  үшін  екі  сот  шешімдерін
мысалға келтіреді. Біріншіден,  шотландиялық  азаматтың  Үндістаңда  25  жыл
өмір сүруі, оның келешекте өз  еліне  қайту  ниетінің  барлығына  байланысты
Үндістанның домицилиясын қабылдауы мүмкін  еместігі  туралы  шешімі.  Екінші
шешімде шыққан тегі Жаңа Шотландия және осы ел  домицилиясына  ие  канадалық
тұлға, ағылшын әскери-әуе күштерінде қызмет етумен қатар, осы  елде  40  жыл
өмір сүруіне қарамастан өз елі Жаңа Шотландияға бір  кезеңде  оралу  ниетіне
байланысты Англия домицилиясын  қабылдаудың  мүмкін  еместігі  туралы  шешім
қабылданған.
    Осы домицилияға байланысты, өз көзқарасын М. Вольф былай  айтқан:  «кез
келген  тұлғаның  домицилиясын  анықтау  кей  жағдайларда  оның  азаматтығын
анықтауға қарағанда қүрделі болады.  Себебі,  домицилия  ниетке  байланысты,
сондықтан оны дәлелдеу қиын. Жалпы, домицилия концепцияларын бір-бірінен  әр
түрлі  мемлекеттер  шегінде  ғана  емес,  бір  мемлекет  ішінде  де  ажырату
қүрделі, сондықтан да соңғы кездері халықаралық дербес құқықта  жеке  заңның
аралас жүйесіне өту теңденциясы жүріп жатыр».
    Осыған мысал ретінде тұлғаның жеке  мәртебесіне  оның  азаматтық  заңын
қолданатын мемлекеттердің бірі Францияны алуға болады, сонымен катар  некені
бүзу да ерлі-зайыптылардың азаматтық  заңдарымен  қаралады.  Ерлі-зайыптылар
әр түрлі мемлекеттердің азаматтары, яғни азаматтықтары әр түрлі болса,  онда
олар некені бұзу кезінде екі мемлекеттің құқығына жүгінулеріне тура  келеді.
Соның негізінде, бір жұбайының қарсылығынан неке бұзылмай калатын  жағдайлар
болды.
    1930 жылы Италияда алғаш рет неке  бұзудың  шекті  жағдайларына  рұқсат
беру   туралы   Заң   қабылданды.   Осындай   азаматтық   заңға   байланысты
қайшылықтардың  негізінде  сот  тәжірибесі  бас  нормаларды  сақтай   отырып
(некені  бұзу  кезінде  ерлі-зайыптылар   азаматтық   заңдарына   бағынады),
субсидиарлық  коллизиялық  норма  жасап  шығарады:  егер  ерлі-зайыптылардың
жалпы,  ортақ  азаматтықтары  болмаса,  онда  жеке  заңның   екінші   нысаны
тұрғылықты жер (домицилия) заңына бағынады.
    Осыған орай, Латын Америка мемлекеттеріне ортақ  азаматтық  кағида  мен
тең дәрежеде домицилия қағидасын қолданатын  Бусманте  кодексін  карастыруға
болады.  Осы  кодекстің  7-бабына  сәйкес:  «Бұл  келісім   шартқа   отырған
мемлекеттер өз жеке заңы ретінде  домицилия  заңын  немесе  азаматтық  заңын
қолданулары тиіс».
    Қазіргі кезде мемлекеттердің  көпшілігі  жеке  заңның  аралас  жүйесіне
өтуде. Өйткені, онда реттеудің әр түрлі  жолдары  қарастырылған.  Сондықтан,
жеке заңның аралас жүйесіне өту халықаралық дербес құқықтың  дамуында  үлкен
маңызды рөл аткаруда.
    Соңғы кездері жеке заңның аралас  жүйесі  халықаралық  дербес  құқықтың
барлық жаңа кодификацияларында бекітілген.
    Мысалы, 1979 жылғы Венгрияның «Халықаралық дербес құқық туралы» Заңында
жалпы ереже ретінде бұл Заң «жеке заңды»  қолданады.  10-бапқа  (1)  сәйкес:
«Адамның құқық кабілеттілігін,  әрекет  қабілеттілігін  және  жеке  мүліктік
емес құқықтарын, сондай-ақ жалпы жеке мәртебесін  оның  жеке  заңына  сәйкес
қарастыру қажет».  Осы  заңнамада  жеке  заңның  келесі  түсінігі  берілген:
біріншіден, жеке заң осы тұлға  азаматы  болып  табылатын  мемлекеттің  заңы
(Lex  patriae),  екіншіден,  бұл  заң  тұлғаның  тұрақты  тұратын  мекенжайы
орналаскдн мемлекеттін заңы (Lex domicilii). Дәл осылай,  отбасы  және  неке
қатынастары, мұрагерлік қатынастар қаралады.
    Қазакстанның коллизиялық құқығы да осы  жолмен  дамып  келеді.  Әдетте,
қазақстандық құқықта  кеңестік  кезеңде  жеке  заңның  тұрғылықты  жер  заңы
нысаны қолданылған.
    Алғаш рет 1991 жылғы Негізгі заңнамада жеке заң азаматтық заң негізінде
қарастырылған: шетелдік азаматтың  әрекет  қабілетгілігі  ол  азаматы  болып
табылатын  мемлекеттің  заңымен  анықталады  (1606.  2  т.).  Аталған  үрдіс
Қазақстан Республикасының  жаңа  Азаматтық  кодексінің  «Халықаралық  дербес
құқық» бөлімінде дами түсті.
    ҚР АК-де «Жеке тұлғаның жеке заңы» атты арнайы 1094-бап бар. Бұл  бапта
жеке заңды анықтаудың әр түрлі жағдайлары қарастырылған. Осы кодекстің 1094-
бабы 1-тармағына сәйкес  жеке  тұлғанын,  азаматтық  әрекет  қабілетгігі  ол
азаматы нақты отаны болып табылатын мемлекеттің заңымен анықталады.
    Әдетте, тұлғаның бірнеше азаматтығы, яғни ол екі  немесе  одан  да  көп
мемлекеттің азаматы болған жағдайда, аталған тұлғаның жеке  заңын  азаматтық
заң нысанында анықтау қүрделенеді.
    Бұл жағдайда кейбір мемлекеттер мұндай мәселелерді әр  түрлі  жолдармен
шешеді. Мысалы, Австрия  және  Түркияның  Халықаралық  дербес  құқық  туралы
заңына сәйкес: «егер тұлға бірнеше мемлекеттің азаматы болса оның жеке  заңы
болып, «байланысы жақынырақ» мемлекеттің заңы табылады».
    Сондай-ақ,  ТМД-ға  мүше  мемлекеттер  азаматтық  заң  жобаларын  жасау
кезінде жеке тұлғаның жеке заңы азаматтық  заңымен  анықталатынымен  косымша
ретінде  келесі  ереже  қарастырылған:  «егер  тұлға  екі   немесе   бірнеше
мемлекеттің азаматы  болып  табылса,  онда  онын  жеке  заңы  ол  «жақынырақ
байланыстағы» мемлекеттің заңымен анықталады».
    КР АК-нің 1094-бабы, 2-тармағына сәйкес азаматтығы жоқ тұлғалардың жеке
заңы  ол  тұрақты  тұратын,  яғни  тұрғылықты  жері  орналасқан  мемлекеттің
заңымен анықталады. Осы баптың 3-тармағына сәйкес,  босқындардың  жеке  заңы
оларға  баспана  берген  мемлекеттін  заңымен  анықталады.  Сонымен   катар,
қазакстандық құқыққа Қазақстаңда  әрекет  қабілетсіз  деп  танылған,  әрекет
кабілеттілігі кеткен не елді деп жарияланған тұлғалар да бағынулары тиіс.
    Мұрагерлікке байланысты қатынастар ҚР АК-нің  1121-бабына  сәйкес  мұра
калдырушының  соңғы  тұрақты  мекен-жайы  орналасқан   мемлекеттің   заңымен
реттеледі.
    Халықаралық актілерге көңіл  аударар  болсақ,  Азаматтық,  отбасы  және
қылмыстық істер бойынша құқықтық  көмек  туралы  ТМД  елдерінің  1993  жылғы
Конвенциясы жоғарыда  аталған  азаматтық  мәселелер  бойынша  кажетті  құжат
болып табылады. Себебі, бұл конвенцияда алғаш рет көп  жақты  көлемде  құқық
қабілеттілік,  әрекет  қабілеттілік  және  домицилия   мәселелерін   шешудің
жағдайлары  қарастырылған.  Сонымен,  жеке  заңның   аралас   жүйесіне   өту
халықаралық дербес құқықтың казіргі кездегі дамуына үлкен үлес қосуда.
    Жеке тұлғаның  құқық  қабілеттілігі  және  әрекет  қабілеттілігі.  Жеке
тұлғаның құқықтық мәртебесі туралы  мәселе  әдетте  тұлға  бір  уақытта  екі
мемлекеттің азаматы болған кезде (қос азаматтық) күрделенеді.  Мысалы,  әке-
шешесі қазақстандықтар болып табылатын жаңа туылған бала шет елде, яғни  бұл
ел заңы бойынша өз жерінде туылғандардың барлығын мемлекет  өз  азаматтарына
жаткызатын («jus soli» қағидасы) мемлекет аумағында  туылған  жағдайда.  Бұл
жерде Қазақстан заңы бойынша қазақстандық ата-анадан туылған бала  Қазақстан
азаматы болып табылады («jus sanguinis» қағидасы).
    Жеке тұлғалардың азаматтық құқықтық қатынастағы құқықтық  жағдайы  оның
құқықтық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі  арқылы  анықталады  (ҚР  АК
1095-б).  Бірақ   бұл   екі   кабілеттіліктер   кейбір   құқық   жүйелерінде
терминологиясы   бойынша   ерекшелінеді.   Англия   мен   АҚШ-та    құқықтық
қабілеттілік  пен  әрекет  кабілеттілігі  бір  терминмен  анықталады  «құқық
қабілеттілігі»(legal capacity). Қазіргі  уақытта  заң  әдебиеттері  мен  сот
тәжірибесінде көбіне «пассивті құқықтық  кабілеттілік»  (passive  capacity),
яғни ағылшын заңгерлерінің түсінігімен құқықтық  кабілеттілік  және  (active
capacity), құқық актілерін шығару кабілеттілігі  (capacity  for  performance
of legal act) яғни әрекет кабілеттілігі терминдері жиі қолданылады.
    Франция мен Англияда әрекет кабілеттілігі  мен  құқық  қабілеттілігінің
араларында  нақты   терминологиялық   ерекшелік   жоқ.   Француз   азаматтық
кодексінде құқықтық қабілеттілік пен әрекет кабілеттілігі  (capacity),  яғни
«кабілеттілік» деген бір ғана терминмен аталады. Сот тәжірибесінде және  заң
әдебиеттерінде  әрекет  қабілеттілік  (capacity  d   exercict)   пен   құқық
қабілетгілігінің   (capacity   de   joussance)    арасында    айырмашылықтар
көрсетіледі. Француз және ағылшын  құқығынан  ерекшелігі,  Герман  азаматтыө
кұқығында  үш  термин  қолданылады,  ол   «әрекет   қабілеттілігі»,   «құқық
қабілеттілігі» және «деликт кабілеттілік».
    Деликт  кабілеттілік  -  бұл  азаматтардың  құқыққа  қайшы   әрекетінің
негізінде  келтірілген  шығынға  азаматтық-құқықтық   жауапкершілікте   болу
кабілеттігі.  Деликт  қабілеттілікті   әрекет   қабілеттілік   сияқты   жеке
жағдайларда қолдану Герман құқығының ерекшелігі  болып  табылады.  Ал  Ресей
Федерациясында құқықтық  кабілеттілігі  мен  әрекет  кабілеттілігінен  басқа
мәміле   кабілеттілігі   (сделкоспособность)   пен   деликт    қабілеттілігі
(деликтоспособность) терминдері қолданылады.
    Қазақстан Республикасында құқық қабілеттілігі мен әрекет  қабілеттілігі
туралы мәселе Қазақстан Республикасы  аумағындағы  шетел  азаматтары  немесе
шетелде жүрген қазақстандық азаматтарға қолданылған кезде қозғалады. Сондай-
ақ бұл мәселе апатридтер мен  бипатридтерді  сипаттау  кезінде  қолданылады.
Қазақстан Республикасы заңнамаларында шетел азаматтары  мен  азаматтығы  жоқ
адамдардың  (апатрид)  құқықтық  жағдайын  сипаттайтын  нормалар   бар.   Ал
бипатридтерге келетін болсақ бұл тұлғалардың құқықтық жағдайы туралы  мәселе
толық түрде бекітілген жоқ. Сондықтан да,  бипатридтердің  құқықтық  жағдайы
туралы коллизиялық  мәселелер  туған  жағдайда  халықаралық  келісім-шарттар
негізінде немесе заң ұқсастығын (аналогия  закона)  қолдана  отырып,  ұлттық
коллизиялық заңнамалармен шешу керек.
    Жеке тұлғаның кұқыктық жағдайы тұлғаның жеке  заңы  арқылы  анықталады.
Жеке тұлғаның жеке заңы өз алдына Азаматтық заң  және  тұрғылықты  жер  заңы
болып бөлінеді.
    Азаматтық заң - жеке тұлға азаматы болып табылатын мемлекеттің  құқығын
қолдану, тұрғылықты жер заңы бұл жеке тұлғаның тұрған жері, яғни  мекен-жайы
орналасқан мемлекеттің құқығы қолданылуы болып табылады.
    Әр түрлі құқық жүйелерінде жеке заңға  әр  түрлі  көзқараста  каралады:
мысалы,  «жалпы  құқық»   мемлекеттерінде   (АҚШ,   Ұлыбритания)   азаматтың
тұрғылықты жер заңы қағидасын қолданады, ал  «континенталдық  құқық  жүйесі»
мемлекеттерінде (Франция, Германия), сонымен  катар  Қазақстан  Республикасы
азаматтық заң кағидасын басшылыққа алады.
    Жеке заң азаматтың құқық кабілеттілігі мен  әрекет  қабілеттігін,  неке
мен отбасы және мұрагерлік  қатынастардағы  жеке  мүліктік  емес  құқықтарын
анықтау үшін қолданылады. Соңғы кездері көптеген мемлекеттер  заңнамаларында
жеке заңның «аралас» жүйесі  бекітілуде:  халықаралық  дербес  құқық  туралы
көптеген заңдарда.
    Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы  жоқ  адамдар
қазакстандық азаматтармен теңдей азаматтық әрекет кабілеттіліктеріне ие.
    Жеке тұлғаның әрекет қабілеттілігінің коллизиялық мәселелері көбіне  әр
түрлі мемлекеттердің заңдары  әрекет  кабілеттілігі  жасын,  яғни  кәмелетке
толу  жасын  әр  түрлі  белгілеу  салдарынан  туындайды.   Мысалы,   Франция
Азаматтық кодексінің 488-бабына сәйкес толық әрекет кабілеттілігі  18-жастың
соңғы күні біткен кезде  пайда  болады.  Ал,  Англияның  1969  жылғы  отбасы
құқығын реформалау туралы заңында адам 18 жасқа толған күні кәмелетке  толды
деп есептеледі. АҚШ штаттарында кәмелетке толу жасы  әр  түрлі  белгіленген,
ол 18 жас пен 21 жас аралығы. Қазақстан Республикасында ҚР АК-нің  17-бабына
сәйкес адам кәмелетке 18 жасқа толғанда ие болады.
    Сонымен катар, кәмелетке толғандардың әрекет қабілеттілігін  шектеу  де
мемлекеттерде  бірдей  бола  бермейді.  Францияда  кәмелетке  толмағандардың
құқықтық жағдайын көптеген азаматтық заңнамалар реттейді.
    Германияда азаматтық  заңға  сәйкес  жеті  жасқа  толмаған  бала  толық
түрдегі әрекетке кабілетсіз болып есептеледі. Жеті  жастан  он  сегіз  жасқа
дейін әрекет қабілеттілігі шектеулі. Жалпы  ереже  бойынша  бұл  жаста  бала
заңды өкілінің рұқсатымен мәмілелер жасай алады. Ал кейбір  мәмілелерді  өзі
жасауға құқылы.
    Англияда  адам  18  жасқа  толғанға  дейін  кәмелетке  толмаған   болып
саналады, ал әрекет кабілеттігін шектеу оның жасына байланыссыз танылады.
    Жеке тұлғаның әрекет қабілеттігін Италияда итальян статутариясы кезінде
жеке заң бойынша анықталған.
    Континенталдық  Еуропа  мемлекеттерінің  көпшілігінде   азаматтық   заң
қағидасы  және  ағылшын  «жалпы  құқық»   мемлекеттерінде   домилиция   заңы
қолданылады. Мұның маңызы мынада, егер тұлға өз жеке заңы  бойынша  әрекетке
қабілетті болса, онда ол  кез  келген  жерде  де  әрекетке  кабілетті  болып
танылуы тиіс. Сондай-ақ, егер жеке заңы бойынша әрекетке  қабілетсіз  болса,
онда басқа жерлерде де солай саналады. Заңнамалар  мен  сот  тәжірибелерінде
келтірілген ережелердің біріншісі ғана қолданылады: жеке заң  бойынша  тұлға
әрекетке қабілетті деп танылса онда кез келген елде ол солай танылуы тиіс.
    Бірақ жеке заңы бойынша әрекетке қабілетсіз деп  танылған  тұлға  басқа
мемлекеттерде  дәл  осындай  формада  таныла  бермейді.  Егер  жеке  заңының
мазмұны  мәміле  жасалған  мемлекеттің  заңнамасына  сәйкес  келмесе   сауда
айналым мүддесі шетел азаматының мәмілеге отырған  кезінде  өз  жеке  заңына
сілтеме жасап дауласуына келіспейді.
    1804 жылғы Франция Азаматтық кодексінің 3-бабына сәйкес шетелде  жүрген
француздардың  азаматтық  жағдайы  мен  қабілеттілігіне  байланысты   мәселе
тұлғаның өз ұлттық заңына сәйкес  шешілуі  тиіс.  Осы  біржақты  коллизиялық
нормадан француз тәжірибесі  екі  жақты  коллизиялық  норма  шығарды:  «жеке
тұлғаның  азаматтық  жағдайы  мен  кабілеттілігі  оның  ұлттық  заңы  арқылы
анықталуы тиіс».  Бірақ  кейіннен  бұл  коллизиялық  қағида  шектелуге  тиіс
болды. Өйткені 1861 жылы  француз  кассациялық  сотының  жеке  заңы  бойынша
кәмелетке толмаған  22  жастағы  мексикандық,  бірақ  француз  заңы  бойынша
кәмелеттік жасқа толған баланың француз  жерінде  сатып  алу-сату  мәмілесін
жасасу құқығы туралы дауды шешу кезінде қайшылық тудырды.
    Қалған еуропалық мемлекеттерде жеке  тұлғаның  әрекет  кабілеттілігінің
мәселесі азаматтық заң кағидасын басшылыққа ала отырып шешеді.
    ҚР  АК-нің  1015-бабы   2-тармағына   сәйкес   жеке   тұлғаның   әрекет
қабілеттілігі оның жеке заңы арқылы анықталады.
    ҚР АК-нің 1095-бабы  3,4,5-тармақтарына  сәйкес  шетелдік  азаматтардың
әрекет қабілеттілігі оның жеке заңы арқылы  анықталу  қағидасына  үш  шектеу
бар. Олар: біріншіден, Қазақстан  Республикасы  аумағында  шетел  азаматтары
мен азаматтығы жоқ тұлғалардың мәміле жасау мәселесі. Яғни, шетелдік  азамат
Қазақстаңда сатып алу-сату, кепіл, айырбастау  және  басқа  да  келісім-шарт
жасасқаннан кейін өз жеке  заңына  сілтей  отырып  яғни  жеке  заңы  бойынша
тиісті жасқа толмауына байланысты жасалған келісім-шарттардың дұрыстығы  мен
заңдылығына дауласа алмауы.
    Екіншіден, Қазакстан Республикасы аумағында  шетел  азаматтарының  зиян
келтіру салдарынан туған жауапкершілігінің азаматтық  әрекет  кабілеттілігін
қазақстандык құқықпен анықтайды.
    Үшіншіден,  Казақстан  Республикасындағы  шетел  азаматтарының   немесе
азаматтығы жоқ  тұлғалардың  әрекет  қабілеттілігін  шектеу,  оларды  хабар-
ошарсыз кетті немесе  қайтыс  болды  деп  тануды  Қазакстан  Республикасының
заңнамасы жүзеге асырады.
    Халықаралық келісім-шарттарға келетін болсақ Қазақстан  Республикасымен
жасалған кейбір келісім-шарттар, дәлірек  айтқанда  құқықтық  көмек  көрсету
шарттарында келісімге отырған бір мемлекеттің азаматтары осы шартқа  отырған
басқа мемлекеттің аумағында сол мемлекеттің азаматтарымен теңдей  жеке  және
мүліктік құқықтарының қорғалулары туралы бекітілген.
    Құқықтық көмек көрсету туралы  келісім-шарттар  құқық  қабілеттілігінің
тоқтатылуы туралы мәселелерді  қарастырған.  Азаматтарды  қайтыс  болды  деп
тану  туралы  істерді  шартқа  отырған  әр  мемлекеттің   соттары   өз   елі
азаматтарына өз заңдарын қолдана отырып шешеді. Азаматты  қайтыс  болды  деп
тану туралы істерді оның мекен-жайы орналасқан мемлекеттің соты  да  (қайтыс
болған адамның жақындарының  өтінішімен)  карай  алады.  Мысалы,  Болгарияда
тұратын қазақстандық азаматтың  хабар-ошарсыз  кетуіне  байланысты  әйелінің
өтініші бойынша істі Болгарияның соты немесе Қазақстан соты карауға  құқылы.
Бұл жағдайда істі қараған мемлекет өз заңын қолданады.
    1993 жылғы 22 қаңтардағы ТМД елдерінің құқықтық көмек көрсету жөніндегі
азаматтық, отбасы және қылмыстық істер бойынша  құқықтық  қатынастар  туралы
конвенциясында азаматтарды хабар ошарсыз кетті және қайтыс болды  деп  тану,
сонымен қатар, қайтыс болу фактісін анықтау туралы істерді  соттар  жоғарыда
көрсетіліп  кеткен   кұқықтық   көмек   көрсету   туралы   келісім-шарттарда
белгіленген тәртіптер негізінде шешеді.
    Құқықтық көмек көрсету туралы келісім-шарттарда  жеке  тұлғаның  әрекет
қабілеттілігі  ол   азаматы   болып   табылатын   мемлекеттің   заңнамасымен
анықталады. Олай  болса,  мысалы,  Болгария  немесе  Францияда  қазақстандық
азаматтың әрекет  қабілетгілігі  қазақстандық  заңнама  бойынша  анықталады.
Әдетте, тәжірибеде колайлы болу үшін кейбір келісім-шарттар  ұсақ  мәмілелер
жасалуына байланысты тұлғаның әрекет кабілеттілігін анықтау мәміле  жасалған
мемлекет заңы бойынша анықталады. Шындығында да,  дүкеннен  күнделікті  ұсақ
затты сатып алу  үшін  сатып  алушы  шетелдік  азаматтың  ол  азаматы  болып
табылатын  мемлекеттің  заңына  сәйкес  оның  әрекет  кабілеттілігін   әркім
тексере беру мүмкін емес.
    1993 жылғы 22 каңтардағы  ТМД-елдерінің  құқықтық  көмек  көрсету  және
азаматтық отбасы және қылмыстық істер  бойынша  құқықтық  қатынастар  туралы
конвенциясында  жеке  тұлғаның  әрекет  кабілеттілігі  тұлға  азаматы  болып
табылатын осы шартқа мүше мемлекеттің заңнамасымен анықталады.
    2. Заңды  тұлғалардың  мемлекетке  жатушылығы  және  сыртқыэкономикалық
қатынастардағы құқықтық мәртебесі. Практикада заңды тұлғаның қай  мемлекетке
жататындығын анықтау маңызды мәселе.
    Заңды тұлғаның қай мемлекетке жататындығы, жеке тұлғаның  азаматтығынан
мемлекеттік құқықтың  институты  ретінде  айырмашылығы  белгілі  мемлекеттің
жеке тұлғасына қатысты ғана пайдаланылады. Жеке тұлғаның  жұмыс  орны  қайда
орналасса да, ол бір ғана мемлекетпен байланыста болады. Сонымен  қатар,  ол
қатарынан екі  мемлекетте  орналаса  алмайды.  Ал  заңды  тұлға  оның  құқық
қабілеттігімен өзінің қызметіне байланысты  бірнеше  мемлекетпен  байланыста
болады.
    Халықаралық дербес құқықтың теориясында «заңды  тұлғаның  жеке  статуты
(мәртебесі)»  және  «заңды  тұлғаның  ұлты»   ұғымдары   бар   және   оларды
шатастырмаған жөн. Заңды  тұлғаның  жеке  статуты  келесі  сұрақтарға  жауап
береді: бұл ұйым заңды тұлғаға жатады ма, оның құқық қабілеттігінің  мөлшері
және  оның  органдарымен  жасалатын   келісім-шарттардың   тәртібі,   қандай
тәртіппен ол құрылады  және  таратылады,  қандай  заңға  сәйкес  таратылады.
Сонымен,  заңды  тұлғаның  жеке  статуты  бұл  ұйымның   құқықтық   жағдайын
сипаттайды, бірақ оның қызметінде пайда болатын барлық  құқықтық  сұрақтарды
қамтымайды.
    Өз кезегінде, «заңды тұлғаның ұлты» ұғымы ұлттық  және  шетелдік  заңды
тұлғаларды бөлу және  өзге  құқықтық  сұрақтарды  шешу  үшін  пайдаланылады.
Заңды тұлғаның ұлты ұғымы арқылы белгілі  мемлекеттің  аумағында  шаруашылық
қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру  жағдайларын  және  салық  салу  режимі,
валюталық операцияларды жүзеге асыру және өзге құқықтық  сұрақтар  шешіледі.
Сонымен, заңды тұлғаның ұлты деп белгілі  бір  заңды  тұлғаның  белгілі  бір
мемлекетке жататындығын айтамыз.
    Халықаралық дербес құқық әдебиеттерінде заңды тұлғаның ұлтын анықтаудың
үш қағидаты (критерийлері) бөлінеді: инкорпорация  қағидаты,  орналасу  орны
қағидаты және қызмет орны қағидаты. Осы қағидаттарды енді қарастырған жөн.
    Ағылшын-американдық  құқық  мемлекеттерінде  (АҚШ,  Ұлыбритания)  заңды
тұлғаның ұлтын анықтаудың үстем қағидаты ретінде оның құрылу орны  табылады,
яғни бұл заңды тұлғаға ол құрылған және оның жарғысы бекітілген  мемлекеттің
заңы пайдаланылады. Бұл  қағидат  барлығына  инкорпорация  қағидаты  түрінде
мәлім.
    Континенталдық Еуропа мемлекеттерінде  (Германия,  Франция,  Швейцария,
Австрия т.б.) заңды тұлғаның ұлтын анықтаудың қағидаты болып заңды  тұлғаның
орналасу орнының заңы пайдаланылады. Заңды тұлғаның  орналасу  орны  (тұрған
жерi) ретінде  заңды  тұлғаның  тұрақты  жұмыс  iстейтiн  органы  (әкімшілік
орталық, басқарма) тұрған жер танылады.
    Заңды тұлғаның ұлтын анықтаудың үшінші  қағидаты  ретінде  қызмет  орны
(қызмет  жері)  табылады.   Бұл   қағидат   көбінесе   Италия   заңнамасында
пайдаланылады.
    1956 жылы Шетелдік компаниялар, қоғамдастықтар және  мекемелер  артынан
заңды  тұлға  құқығын  тану  туралы   Гаага   конвенциясына   қол   қойылды.
Конвенцияға сәйкес заңды тұлғаның ұлты, ол  тіркелген  және  оның  жарғысына
сәйкес басқарма орналасқан  мемлекеттің  заңы  арқылы  анықталады.  Сонымен,
Конвенция  алғашқы  екі  дәстүрлі  тұжырымдаманы  жақындастыруға   ұмтылған.
Бірақ,  Конвенцияны  бірнеше  мемлекет  қана  ратификациялағандықтан  ол  өз
күшіне енген жоқ.
    Латын-америка  мемлекеттерімен  Монтевидеода  1979  жылы   қабылданған,
Коммерциялық компанияларға қатысты коллизиялық сұрақтар  туралы  Конвенцияға
сәйкес  заңды  тұлғаның  құрылуы,  қызметі  және   таратылуы   ол   құрылған
мемлекеттің заңы арқылы анықталады.
    Қазақстан   Республикасының    республикалық    заңнамасының    бірнеше
нормаларында  шетелдік  заңды  тұлғалар  туралы  сөз  көтерілген.   Мәселен,
«Шетелдiк инвестициялар туралы» Қазақстан  Республикасының  1994  жылдың  27
желтоқсанындағы Заңында шетелдiк заңды тұлғаға анықтама  берілген.  Шетелдік
заңды  тұлға -  шет  мемлекеттiң  заңдарына  сәйкес  құрылған  заңды   тұлға
(компания, фирма,  кәсiпорын,  ұйым,  қауымдастық  және  т.б.).  Бұл  жерде,
инкорпорация қағидаты пайдаланылатынын көріп отырмыз.
    Осыған  ұқсас  тұрғыны   Қазақстан   басқа   мемлекеттермен   жасасқан,
инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау  туралы  келісім-шарттардан  да
көре  аламыз.  Мәселен,  Қазақстан  мен  АҚШ  арасындағы  келісімге   сәйкес
«компания»  термині  ретінде  араптардың  бірінің  заңдары  мен  нормаларына
сәйкес құрылған кез келген корпорация,  қауымдастық,  бірлестік,  әріптестік
немесе  ұйым  түсіндіріледі.  Қазақстан  мен  Венгрия  арасындағы  келісімге
сәйкес «заңды тұлға» ретінде  әрбір  келісуші-тараптардың  заңдарына  сәйкес
құрылған кез келген кәсіпорын табылады. Бұл жерде де, инкорпорация  қағидаты
негізге алынған.
    Енді сыртқыэкономикалық қатынастардағы қазақстандық ұйымдардың құқықтық
мәртебесін қарастырған жөн.
    1988 жылдың 12  мамырында  Қазақстанда,  Үкімет  қаулысымен  ҚазССР-дің
Министрлер Кеңесінің жанынан «Қазақинторг»  деген  республикалық  шаруашылық
есептік сыртқы саудалық бірлестік құрылды.  Қазақинторгтің  құрамына  келесі
мамандандырылған   фирмалар   кірді:    Қазақпроминторг,    Қазақагроинторг,
Қазақпригранторг, Қазақсервис.
    «Қазақинтермед» республикалық сыртқыэкономикалық бірлестік туралы» 1992
жылдың 2 маусымында қабылданған  Министрлер  Кабинетінің  №  487  Қаулысымен
сыртқыэкономикалық   бірлестік   құрылды,   бірлестік    денсаулық    сақтау
жүйесіндегі  қызметті  басқару  және  шетелдік  фирмалармен  медицина   және
фармокология саласында өзара тиімді қатынастарды  орнату  мақсатында  қызмет
атқарады.
     1992 жылдың 5 маусымында Қазақстан Республикасының  сыртқыэкономикалық
байланыстар Министрлігі жанынан «Құрылыс»  республикалық  сыртқыэкономикалық
бірлестігін құру туралы» Министрлер Кабинетінің №  505  Қаулысы  қабылданды.
Бұл бірлестік құрылыс материалдары мен заттарын экспорттау  және  импорттау,
сондай-ақ  шетел  фирмаларымен   сыртқыэкономикалық   байланыстарды   дамыту
мақсатымен құрылған болатын.
    Ары   қарай,   «Қазақстан   Республикасы    Президентінің    «Қазақстан
Республикасының  сыртқыэкономикалық  қызметтегі  қосымша   шаралар   бойынша
ұйымдастыру туралы» Жарлығын жүзеге асыру туралы» Қазақстан  Республикасының
Министрлер Кабинетінің 1993 жылдың 20 тамызындағы №717 қаулысымен  Қазақстан
Республикасының сыртқыэкономикалық байланыстар министрлігіне 1993  жылдың  1
қазанына дейін, мемлекеттік маңызы бар өнімді экспорттауды ұйымдастыру  және
орталықтандырылған  өнімді,  тауарды  мемлекеттік  мұқтаждықтар  үшін  сатып
алуды жүзеге асыратын мамандандырылған  сыртқыэкономикалық  компанияны  құру
жөнінде тапсырма берілді.
    1993  жылдың  20  тамызындағы  Қазақстан   Республикасының   Министрлер
Кабинетінің №717 қаулысын орындау  мақсатында  «Ұлан»  республикалық  сыртқы
саудалық компаниясы құрылды.
    1994 жылдың 5  қаңтарында  қабылданған  №64  Қазақстан  Республикасының
сыртқыэкономикалық  байланыстар  министрлігінің  бұйрығына   сәйкес   келесі
сыртқыэкономикалық компанияларға өнімді сату, сатып-алу құқығы берілген:
    1. «Қазақстанимпекс» - минералды тыңайтқыштар, мақта, полистирол.
    2. «Қазвнешмаш» базасындағы «Отырар» - мыс,  глинозем,  ферроқортпалар,
феррофосфор.
    3. «Қазақинторг» - хромдық қазба, тас көмір, мұнай, бензин, мазут.
    4. «Қазметаллэкспорт» -цинк, қорғасын, магний, марганец, темір,  бағалы
тастар, өзге де қазбалар.
    5. «Қазинтерметалл» - цинк, қорғасын, магний, бағалы  тастар,  өзге  де
қазбалар.
    6. «Ұлан» - темір қазбалары, сирек кездесетін металлдар  және  өзге  де
радиациялық металлдар, полипропилен, уран, молибден, титан.
    7. «Қазақстан сауда» - цинк, ферроқортпалар,  қара  металлдар,  хромдық
қазбалар, қара металлдар сынықтары.
    8. «Қазмедимпорт» -  медициналық  жабдықтардың  және  дәрі-дәрмектердің
импорты.
    9. «Қазпищепромсырье» - мемлекеттік маңызы бар  өнімнің  экспроты  және
тамақ өнімдері мен азық-түліктің импорты.
    10. «Қазыбек» - темір, қара метталдар, ақ қаңылтыр, көмір, стирол,  мыс
сынықтары.
    11. «Қазагосауда» - дәнді-дақылдар, жұн, тері өімдері, маралдар мүйізі.
    Мұндай моноплизм негізсіз болды, себебі басқа  компаниялар  осы  делдал
компаниялардан  өнім  алуға  мәжбүр  болған.  Сондықтан,  1995   жылдың   11
қаңтарында   Қазақстан   Республикасы   Президентінің    «Сыртқыэкономикалық
қызметті  либерализациялау  туралы»  №2021  Жарлығымен  бұл  тәртіп   алынып
тасталды.  Бұл  Жарлықта   Қазақстан   Республикасының   барлық   шаруашылық
субъектілеріне, мемлекеттің жеке құзыретіне жататын мемлекеттік  маңызы  бар
стратегиялық ресурстарды экспорттау мен  импорттауды  есептемегенде,  сыртқы
саудалық қызметті жүзеге асыруға рұқсат берілген.
    Қайта құрылған жаңа сыртқыэкономикалық  қызметтегі  компанияларға  1994
жылдың  17  наурызында  Министрлер  Кабинетінің  №282  қаулысымен   құрылған
«Разноимпорт»  мемлекеттік   акционерлік   компаниясын   жатқызуға   болады.
Компанияның  негізгі   міндеттері   ретінде   шетелдік   фирмалармен   сауда
операцияларын жүзеге асыру және көтерме, бөлшектеп сатуды жүзеге асырады:
         -  мемлекеттің  мұқтаждарына  жеткізілетін  тауарлардың   тізбесіне
           жатпайтын тұтынатын және тұтынбайтын тауарлар;
         - мемлекеттің мұқтаждарына жеткізілетін тауарлар;
         -  «Разноимпорт»   акционерлік   компаниясының   құрамына   кіретін
           акционерлік қоғамдардың қызметін реттеуді басқару.
     1994  жылдың  9  маусымында  Министрлер  Кабинетінің  №607  қаулысымен
«Қазэкспортастық»  мемлекеттік  сыртқы   саудалық   акционерлік   компаниясы
құрылды. Компанияға келесілерге тапсырма берілді:
    - дәнді-дақылдар өнімдерін экспорттау,  реэкспорттау  және  импорттауды
жүзеге асыру, сондай-ақ өнімдерді, материалдарды, жабдықтарды және  өзге  де
өнімдерді импорттау;
    -  әлемдік  нарықта  тиімді  қатысуды  қамтамасыз  ету  мақсатында  нан
өнімдерін  шығаратын  кәсіпорындардың  сыртқыэкономикалық  қызметіне   көмек
жасау.
    1994 жылдың 16 маусымында №1815  Қазақстан  Республикасы  Президентінің
Жарлығымен  Қазақстан  Республикасының  Экспортты  импортты  банкі  құрылды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Экспортты импортты банкі  Қазақстанның
Әлем банкінің халықаралық міндеттемелері бойынша мирасқоры  болып  танылған.
Оның негізгі функциялары:
    - заемшы болу  және  Қазақстан  Республикасының  шетелдік  несиелерінде
агент ретінде қызмет көрсету;
    - технологиялар, жабдықтар және өнімдер импортын ынталандыру мақсатында
қазақстандық кәсіпорындарға несиелер беру;
    - экспорттаушыларға несиелер беру;
    - қазақстандық банктермен берілген экспортты  несиелердің  тәуекелдерін
сақтандыру (кепілдендіру);
    - өндірістің даму мақсатында кәсіпорындарды және  жобаларды  ұзақ  және
қысқа мерзімді қаржыландыру;
    - Қазақстан  Республикасының  мүдделерін  мамандандырылған  халықаралық
ұйымдарда білдіру.
    Сыртқыэкономикалық  қызметтің  ерекше  субъектілері   ретінде   шетелде
құрылған   қазақстандық   құрылымдар   табылады.   Атасақ,    Ұлыбританияда,
Германияда және Түркияда  Қазақстанның  сауда  үйлері  бар.  1993  жылдың  5
қазанында Министрлер Кабинеті «АҚШ-тағы Қазақстан  Республикасының  іскерлік
байланыс Орталығы туралы» Қаулысын қабылдады.
    Қазақстан Республикасындағы шетелдік  заңды  тұлғалар.  Шетелдік  заңды
тұлғалардың құқықтық жағдайы ұлттық заңнамамен қатар,  халықаралық  келісім-
шарттармен де анықталады.  Сауда  келісім-шарттарында  және  инвестицияларды
көтермелеу мен өзара  қорғау  туралы  келісімдерде  заңды  тұлғаларға  жалпы
режим белгіленген. Бұл режим не ең қолайлы режим, не  ұлттық  режим  түрінде
болады. Мәселен, Қазақстан мен АҚШ арасындағы инвестицияларды қорғау  туралы
Келісімінің 2-бабында,  әрбір  тарап  екінші  тарапқа  өз  аумағында  үшінші
мемлекеттің заңды  тұлғаларына,  азаматтарына  берген  режимнен  төмен  емес
қолайлы  режим  беруге  тиіс,  -   деп   белгіленген.   Бұл   жерде,   көріп
тұрғанымыздай ең қолайлы жағдай режимі белгіленген.
    Қазақстан  мен  Германия  арасындағы  инвестицияларды   қорғау   туралы
Келісімде керісінше, ұлттық  режим  белгіленген.  Осы  Келісімнің  3-бабында
былай  деп  жазылған:  «Әрбір  Келісуші  тарап   басқа   Келісуші   тараптың
салымдарына  өз  аумағында  осындай  жағдайда  үшінші  мемлекетке   берілген
режимнен, төмен емес режим беруге тиіс».
    Шетелдік заңды тұлғалардың құқықтық  режимін  қарастыра  отырып,  шетел
қатысатын кәсіпорын келесі нысандарда болатынын  қарастырған  жөн:  шетелдік
заңды тұлғалар, шетелдік кәсіпорын, бірлескен кәсіпорын және шетелдік  заңды
тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері.
    «Шетелдік инвестициялар  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңында  осы
ұғымдар  толығымен  ашылған.   Мәселен,   «шетелдiк   заңды   тұлға» -   шет
мемлекеттiң  заңдарына  сәйкес  құрылған  заңды  тұлға   (компания,   фирма,
кәсiпорын, ұйым,  қауымдастық  және  т.б.).  «Шетел  қатысатын  кәсiпорын» -
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы  аумағында
құрылған және шетелдiк кәсiпорын немесе бiрлескен  кәсiпорын  нысанында  iс-
қимыл   жасайтын   заңды    тұлға.    «Шетелдiк    кәсiпорын» -    Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағында  құрылған,
толығымен шетелдiк инвесторға тиесiлi шетел қатысатын кәсiпорын.  «Бiрлескен
кәсiпорын» -   Қазақстан   Республикасының   заңдарына   сәйкес    Қазақстан
Республикасы аумағында құрылған, мүлкiнiң (акциялардың, үлестiң) бiр  бөлiгi
шетелдiк инвесторға тиесiлi шетел қатысатын кәсiпорын.
    1998 жылдың 1  маусымына  Қазақстанда  Әділет  органында  953  шетелдік
кәсіпорын  тіркелген,  яғни  100%  шетелдік  қатысу.  Шетелдік  кәсіпорындар
ішінде  шетелдік  іскерлі  кәсіпорындар  да  көп:  «Королевская  Голландская
авиакомпания КЛМ», «ВМВ Компани», «Испат Кармет» т.б. Ұсақ  кәсіпорындар  да
бар. Мәселен, «Приключения в Центарльной Азии ЖШС» т.б.
    Енді шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің  құқықтық
мәртебесін  қарастырайық.  1998  жылдың  1   маусымында   респбуликада   416
филиалдар   мен   өкілдіктер   тіркеу    өткен.    Мәселен,    «Иран    Эйр»
авиакомпаниясының «Иран Эйр Алматы» филиалы, «Аджип  Карачаганак  Б.В.»  ЖШС
филиалы, Мицубиси Корпорейшн  АҚ  өкілдігі,  Шеврон  компаниясының  өкілдігі
т.б.
    «Шетелдік инвестициялар  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының  19-
бабында шетелдік  заңды  тұлғалардың  филиалдары  мен  өкілдіктерінің  ұғымы
берілген. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан  шетелдiк  заңды
тұлғаның филиалы оның Қазақстан Республикасында орналасқан  және  тiркелген,
осы заңды тұлға мiндеттерiнiң  бәрiн  немесе  бiр  бөлiгiн  атқаратын  оқшау
бөлiмшесi болып табылады.
    Қазақстан  Республикасынан  тыс  жерлерде  орналасқан  шетелдiк   заңды
тұлғаның өкiлдiгi оның Қазақстан Республикасында орналасқан және  тiркелген,
шетелдiк заңды тұлғаның мүдделерiн қорғайтын және оған өкiлдiк  ететiн  оның
атынан мәмiлелер мен өзге де құқықтық iс-әрекеттер жасайтын оқшау  бөлiмшесi
болып табылады.
    Филиалдар мен өкiлдiктер заңды тұлғалар болмайды. Оларға өздерiн құрған
шетелдiк тұлға мүлiк  бөледi  және  олар  осы  заңды  тұлға  бекiткен  ереже
негiзiнде iс-қимыл жасайды. Филиалдар мен өкiлдiктердiң басшыларын  шетелдiк
заңды тұлға тағайындайды және олар өздерiне берiлген сенiмхат негiзiнде  iс-
қимыл жасайды.
    Шетел қатысатын кәсіпорын  қызметін  лицензиялау  «Лицензиялау  туралы»
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі №2200  Заңымен  реттеледі.
Осы Заңның 8-бабына сәйкес «шетелдiк заңды немесе жеке  тұлғалар,  сондай-ақ
азаматтығы  жоқ  адамдар   лицензияны,   егер   заң   актiлерiнде   басқадай
көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына  қойылатын
шарттар бойынша және нақ сондай тәртiппен алады».
    Қазақстан Республикасының аумағында кәсiпкерлiк қызметтi  жүзеге  асыру
құқығына берiлетiн, шетел қатысатын кәсiпорындар алуға мiндеттi  лицензиялар
жалпы және арнаулы лицензиялар болып бөлiнедi.
    Жалпы лицензиялар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес  өздерiнiң
меншiк нысандары мен мемлекеттiк бағынысына қарамастан шаруашылық  жүргiзушi
барлық субъектiлер үшiн лицензия алу мiндеттi  болып  табылатын  кәсiпкерлiк
қызмет түрлерiне қатысты.Шетел  қатысатын  кәсiпорындардың  мұндай  қызметтi
жүзеге  асыру  құқығына  лицензия  алуы  Қазақстан   Республикасының   заңды
тұлғалары үшiн белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
    Арнаулы лицензиялар шетел қатысатын кәсiпорындар жөнiнде ғана  лицензия
алу қолданылатын қызмет түрлерiне қатысты. Мұндай қызмет  түрлерi  Қазақстан
Республикасының заң құжаттарымен белгiленедi.
    Заңның 5-бабында лицензиялауды  жүзеге  асырушы  органдар  белгіленген.
Өтiнiш берушiге лицензия берудi Қазақстан  Республикасының  заң  актiлерiнде
белгiленетiн және (немесе)  Қазақстан  Республикасының  Үкiметi  белгiлейтiн
лицензиарлар    жүргiзедi. Лицензиялау    саласындағы    тиiстi    уәкiлеттi
мемлекеттiк органдардың қызметiн  үйлестіруді  жүзеге  асыратын  мемлекеттік
органды  Қазақстан   Республикасының   Үкiметi   белгiлейдi.   Белгiлi   бiр
кәсiпкерлiк қызмет  түрiмен  айналысуға,  мұндай  қызметтi  жүзеге  асыратын
субъектiлерге қарамастан заңмен көзделгеннен басқа  жағдайларда  лицензиялар
берудi   бiр   орган   жүргiзедi.   Лицензиарларға   лицензиялау   жөнiндегi
өкiлеттiктерiн  лицензиялау  саласындағы  мемлекеттiк  органдардың  қызметiн
үйлестiрудi жүзеге асыратын  мемлекеттiк  органмен  келiсiм  бойынша  тиiстi
аумақтық  бөлiмшелерге  беруге  рұқсат  етiледi.  Мемлекеттiк   функцияларды
жүзеге  асыруды   мемлекеттiк   емес   ұйымдарға,   оның   ішінде   қоғамдық
бiрлестiктерге  бергенi  үшiн  мемлекеттiк  органдардың  лауазымды  адамдары
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылықта болады.
    Қазақстан  Республикасында  шетел  қатысатын  кәсіпорындардың   қызметі
белгілі бір салаларда шектелген.  Мәселен,  Қазақстан  Республикасының  2000
жылғы 18 желтоқсанындағы «Сақтандыру  қызметі  туралы»  №126-ІІ  Заңының  5-
бабына сәйкес «шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ  адамдар,  шетелдік  заңды
тұлғалар, оның ішінде өз қызмет Қазақстан Республикасының  аумағында  жүзеге
асыратындар сақтандыру  арқылы  қорғалу  құқығын  Қазақстан  Республикасының
азаматтарымен  және  заңды  тұлғаларымен   бірдей   пайдаланады.   Қазақстан
Республикасының  аумағында  орналасқан  заңды  тұлғалардың  немесе   олардың
оқшауланған    бөлімшелерінің    мүліктік    мүдделерін    және    Қазақстан
Республикасының  резиденті  болып  табылатын   жеке   тұлғалардың   мүліктік
мүдделерін сақтандыруды  тек  қана  Қазақстан  Республикасының  резиденті  –
уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы бар сақтандыру ұйымы жүзеге  асыра
алады».
    Банктік саланы да атаған дұрыс.  «Қазақстан  Республикасындағы  банктер
және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31  тамыздағы
№2444  Заңының  3-бабының  5-тармағына  сәйкес  «шетелдер  қатысушы  банк  -
орналастырылған   акцияларының   үштен   бiрiнен   астамы:   а)    Қазақстан
Республикасының резиденттерi  еместердiң;  б)  орналастырылған  акцияларының
немесе  жарғылық  капиталдарға  қатысу  үлестерiнiң  үштен  бірiнен   астамы
Қазақстан  Республикасының  резиденттерi   еместердiң   не   соларға   ұқсас
Қазақстан  Республикасы  резиденттерiнiң  -  заңды  тұлғаларының  иелiгiнде,
меншiгiнде   және/немесе   басқаруында   болатын   Қазақстан    Республикасы
резиденттерiнiң  -  заңды   тұлғаларының;   в)   Қазақстан   Республикасының
резиденттерi еместердiң не заңды тұлғалардың  қаражаттарына  билiк  етушiлер
(сенiм  бiлдiрiлген  адамдар)   болып   табылатын   Қазақстан   Республикасы
резиденттерiнiң  иелiгiнде,  меншiгiнде  және/немесе   басқаруында   болатын
екiншi  деңгейдегi  банк»,  -  делінген. Осы  аталған   шектеулерді   біздің
пікірімізше алып тастаған жөн болады.
    Қазақстандағы бірлескен кәсіпорындардың құқықтық жағдайын қарастырайық.

    Қазақстан Республикасы аумағында  бірлескен  кәсіпорындарды  құру  1991
жылдан  басталды.  1998  жылдың  1  қаңтарына  Қазақстанда  1388   бірлескен
кәсіпорын қызмет атқарды. Ең көп бірлескен кәсіпорындар, Ресейдің  қатысумен
– 237, Түркияның қатысуымен – 228, Германияның  қатысуымен  –  117,  АҚШ-тың
қатысуымен – 115, Қытайдың қатысуымен – 79, Ұлыбританияның қатысуымен  –  53
компания   құрылды.   Резидент   еместердің    бірлескен    және    шетелдік
кәсіпорындардың жарғылық капиталына салымдар мөлшері –  23061  млн.  теңгені
және 40,1% құрады.
    Ірі бірлескен кәсіпорындарға келесілер жатады: «Казвино» Алматы қ.  262
млн. теңге, «Арман» Маңғыстау обл. 175 млн. теңге,  «Веснет»  Павлодар  обл.
145 млн. теңге т.б.
    Енді бірлескен кәсіпорындарды құрудың құқықтық сұрақтарын қарастырайық.
Бірлескен кәсіпорындарды құру  тәртібі  Қазақстанда  Қазақстан  Республикасы
Азаматтық кодексімен және өзге заң акттілермен реттеледі.
    «Шетелдік инвестициялар  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының  14-
бабына  сәйкес  шетел  қатысатын   кәсiпорындар   шаруашылық   серiктестiгi,
акционерлiк қоғам нысанында, сондай-ақ Қазақстан  Республикасының  заңдарына
қайшы келмейтiн  өзге  де  нысандарда  құрылуы  мүмкiн.  Егер  Заңда  өзгеше
көзделмесе, шетел қатысатын  кәсiпорындар  Қазақстан  Республикасының  заңды
тұлғалары  құрылатын  тәртiп  бойынша  құрылады.  Бұл  тәртіп   ҚР   АК   2-
параграфында көзделген.
    Қазақстан Республикасында шетелдік заңды  тұлғаларға  қатысты  жарғылық
капитал мөлшері ұлттық заңды тұлғаларға белгіленген мөлшердей.
    Осы сұраққа  қатысты  басқа  мемлекеттердегі  тәжірибені  қарастырайық.
Мәселен, бұрын Польшада шетелдік инвестор  бірлескен  кәсіпорынның  жарғылық
капиталына 50 мың АҚШ  доллары  мөлшерінде  салым  салуға  міндетті  болған.
Қазір 1 мың АҚШ доллары жеткілікті. Бірақ бұл жерде, бір ерекшелік бар.  Бір
мың АҚШ доллары ЖШС  тіркеуге  жеткілікті  болады.  Егер  акционерлік  қоғам
құрылатын болса, онда шетелдік инвестор 22 мың АҚШ долларын салуға тиіс.
     «Шетелдік инвестициялар туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының  15-
бабына   сәйкес   шетел   қатысатын   кәсiпорынның   жарғылық    капиталының
қалыптастырудың  мөлшерi,  тәртiбi  мен  мерзiмi  Қазақстан  Республикасының
заңдарына сәйкес белгiленедi.
    Жарғылық  капиталға  салымдар  Қазақстан   Республикасының   заңдарында
белгiленген тәртiп  бойынша  үйлер,  ғимараттар,  жабдықтар  және  басқа  да
материалдық қазыналар, жердi, суды және басқа да табиғи ресурстарды, сондай-
ақ  интеллектуалдық  қызмет  нәтижелерiне  құқықты  қоса  алғанда,  өзге  де
мүлiктiк құқықтарды пайдалану  құқығы  түрiнде  енгiзiлуi  мүмкiн.  Жарғылық
капитал кәсiпорындардың шаруашылық қызметiн  алынатын  пайда  мен  басқа  да
түсiмдер есебiнен, ал қажет  болған  жағдайда  оған  қатысушылардың  қосымша
салымдары есебiнен де толықтырылып отыруы мүмкiн. Егер мұндай салымның  құны
жиырма мың айлық есептiк көрсеткiштiң мөлшерiне тең сомадан асып кетсе,  оны
бағалауды  тәуелсiз  сарапшы  растауға  тиiс.  Қазақстандық  және   шетелдiк
қатысушылардың  бiрлескен  кәсiпорынның  жарғылық   капиталындағы   мүлiктiк
салымдарының  үлестерi  қатысушылар  арасындағы  уағдаластық  бойынша  заңды
тұлға  тiркелген  күнгi   дүниежүзiлiк   рыноктың   бағасы   мен   Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген бағаларды қолдана отырып,  Қазақстан
Республикасының ұлттық валютасымен де, шетелдiк  валютамен  де  белгiленедi.
Жарғылық  капиталға  салымды   бағалауды   Қазақстан   Республикасының   заң
актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.  Жарғылық  капиталдың  ақшасы
Қазақстан Республикасында тiркелген уәкiлеттi банкiде сақталуға тиiс.
    Кейде, шетелдік инвестор  жарғыда,  барлық  жарғылық  қордың  салымдары
құрылыс қоры ретінде пайдаланылады, - деген ережені көздеуі  мүмкін.  Бірақ,
Қазақстанда  бірлескен  кәсіпорындарды  құру   тәжірибесі   жарғыда   келесі
қорларды ғана көрсетеді: резервтік қор, тозу  қоры,  өндірістің  даму  қоры,
жалақы қоры және тағы басқа даму  және  қызмет  қорлары.  Кейбір  жарғыларда
қорларды құру, оның мөлшері мен мақсаты көзделсе, екіншілерде  осы  сұрақтар
Директорлар Кеңесімен шешіледі, - деген сілтеме жасалады.
    Бірлескен  кәсіпорынның  органымен  (басқарма,  кеңес)  шешім  қабылдау
практикада  кейбір  қиыншылықтар  тудырады.  Біріншіден,  келесі  сұрақтарды
шешіп алған жөн: дауыстарды бөлу қағидасы, шешім қабылдайтын  кворум,  дауыс
беру қағидасы.  Жоғарғы  органда  (басқарма,  кеңес)  дауысты  бөлу  кезінде
бірнеше жағдайлар болуы мүмкін. Олардың бірі – қатысушылардың  әрбір  дауысы
олардың  салымына   сәйкес   анықталады.   «Өлшеп   дауыс   беру»   қағидасы
қатысушылардың салымдары бірдей болмағанда қолданылады.
    Бірлескен кәсіпорынның жарғысында өкілдердердің сандық теңдігі қағидасы
көзделсе, онда әрбір жоғарғы органның мүшесі бір  ғана  дауысқа  ие  болады.
Бұл жерде, олардың салымдарының мөлшері есепке алынбайды.
    Жоғарғы органда шешімдер көпшілік басым дауыспен қабылданады.
    Жер қатынастарының сұрақтары Қазақстан Республикасының  2003  жылғы  20
маусымдағы  №442-ІІ  Жер  кодексімен  реттеледі.  ҚР  ЖК-нің  35-бабының  2-
тармағына сәйкес уақытша өтеулі  жер  пайдалану  құқығы  қысқа  мерзімді  (5
жылға дейін) және ұзақ мерзімді (5 жылдан 49 жылға дейін) болуы мүмкін.
    Енді  бізге  осы  тақырып  ішінде  өзекті  тақырыптардың   бірі   болып
халықаралық  трансұлттық  корпорациялардың  (ары  қарай   -   ТК)   құқықтық
мәртебесі  табылады.  Шетелдік   заңды   тұлғалардың   құқықтық   мәртебесін
қарастыра отырып, әлемдік экономикаға трансұлттық  корпорациялардың  маңызды
екенін есепке алған жөн. 1994 жылы БҰҰ-ның «Әлемдегі  инвестициялар  туралы»
Баяндамасында 1990 жылы әлемде 37 мың аналық трансұлттық  корпорациялар  206
мың шетелдік филиалдарды  бақылаған.   100  жуық  трансұлттық  корпорациялар
дамыған мемлекеттерде орналасқан: Еуропалық қоғамдастықта  –  38,  АҚШ-та  –
29, Жапонияда – 16, ал қалған 17 Австралияда, Финляндияда, Жаңа  Зеландияда,
Норвегияда және Швейцарияда орын алған. Кейде  трансұлттық  корпорациялардың
ақша қаражаттарының  көпшілігі  шетелде  орналасады.  Мәселен,  ТК  «Солвэй»
(Белгия), оның ақша қаражаттарының 90%, яғни 7,2 млрд. доллар Белгиядан  тыс
орналасқан.
    ТК  үшін  Қазақстан  Республикасы  да  үлкен  қызығушылықты  білдіреді.
Мәселен, мұнай бизнесінде келесі компаниялар бар: Mobil (АҚШ) ақша  салымдар
мөлшері 1992 жылы – 22,6 млрд. доллар, шетелдік қызметкерлер 91  мың.  адам,
ELF Aquitaine (Франция)  ақша  салымдар  мөлшері  1992  жылы  –  45,1  млрд.
доллар,  шетелдік   қызметкерлер   87,9   мың.   адам,   British   Petroleum
(Ұлыбритания) ақша салымдар мөлшері 1992 жылы – 31,5 млрд. доллар,  шетелдік
қызметкерлер 71,1 мың. адам т.б.
    Қазақстанда қызмет істеуге бастаған шетелдік инвесторлар ішінен,  тағам
өнеркәсібінде «Phillip Morris» ТК атауға  болады.  Шетелдік  ақша  салымдары
1992 жылы – 13,8 млрд. доллар, ал қызметшілер саны – 70 мың адам болды.
    Сонымен, көрсетілген сандар Қазақстандағы шетел  инвестицияларының  кең
етек алғанын дәлелдейді.
    Екінші жағынан, ТК құқықтық реттелуі  үлкен  және  күрделі  сұрақтардың
бірі. Трансұлттық корпорациялардың жай компаниялардан  айырмашылығы  келесі:
оның  стратегиясын  бас  кәсіпорын  әзірлейді   және   басқа   мемлекеттерде
орналасқан шетелдік кәсіпорындардың бөлімшелерінің қызметін басқарады.
    Халықаралық құқықтың нормаларын  әзірлеу  және  кодификациялау  бойынша
қызметті  үйлестіретін,  сондай-ақ   Латын   Америка   мемлекеттерінде   заң
мәселелерінің  интеграциясын  зерттейтін   Америка   мемлекеттері   Ұйымының
Америкааралық заң комитеті ТК келесі анықтама берді: ««Трансұлттық»  термині
басқа  мемлекеттерде   операцияларды   жүзеге   асыру   үшін   корпоративтік
техниканы,  өзара  байланысты  мүдделері  бар   және   жоспарлауға,   мәміле
таңдауға, экономикалық және әкімшілік саясатқа бірыңғай  тұрғыны  қолданатын
корпорация  түсіндіріледі».   Бұл   корпорацияның   бақылау   орталығы   бір
мемлекетте, штаб-квартирасы және фирмасы басқа мемлекеттерде орналасады.
    ТК қызметі ішкі заңнамамен және екіжақты,  көпжақты  келісім-шарттармен
реттеледі. Екіжақты келісім-шарттарда  трансұлттық  корпорацияны  қабылдаушы
мемлекет пен трансұлттық корпорация  орналасқан  мемлекет  арасында  келісім
жасалады немесе қабылдаушы мемлекет  пен  трансұлттық  корпорацияның  өзімен
жасалады.
    Көпжақты келісім-шарттар қабылдаушы мемлекет  пен  бірнеше  трансұлттық
корпорация арасында жасалады немесе универсалдық, аймақтық және  субаймақтық
деңгейде жасалған келісім түрінде болады.
    Ішкі  заңнама  қатарына  «Шетелдік  инвестициялар   туралы»   Қазақстан
Республикасы Заңын атауға болады.  Заң  шетелдiк  инвестицияларды  Қазақстан
Республикасының экономикасына  тартудың  басты  құқықтық  және  экономикалық
негiздерiн  белгiлейдi,  шетелдiк  инвестицияларды   қорғаудың   мемлекеттiк
кепiлдiктерiн бекiтедi, оларды жүзеге асырудың ұйымдық нысандарын,  шетелдiк
инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртiбiн белгiлейдi.
    Екіжақты келісім-шарттар  қатарына  Қазақстан  Республикасы  мен  шетел
мемлекеттері арасындағы капитал  салымдарын  көтермелеу  және  өзара  қорғау
туралы келісімдер. Мәселен, қабылдаушы мемлекет пен  трансұлттық  корпорация
арасындағы келісім: «Эльф-Нефтегаз» (Франция)  фирмасымен  өнімді  тең  бөлу
шартында Ақтөбе облысындағы  жобалау  және  іздеп-жобалау  жұмыстары  туралы
шарт. Аталған келісім-шарттар халықаралық-құқықтық емес,  азаматтық-құқықтық
сипатта болды,  себебі  ол  қабылдаушы  мемлекетте  инвестицияларын  режимін
анықтады.
    Көпжақты келісім-шарттар қатарына, 1995 жылдың  2  наурызында  Алматыда
Қазақстан Республикасы  Үкіметі  мен  «Бритиш  газ»  (Ұлыбритания),  «Аджип»
(Италия), «ГазПром» АҚ (Ресей) және Мемлекеттік холдинг «Қазақгаз»  арасында
Батыс  Қазақстандағы  Қарашығанақ  мұнайгазконденсаты  кең  орнынан  алынған
өнімнің бөлу қағидасы туралы келісім жатқызуға болады.
    Көпжақты  халықаралық  келісім-шарттар  қатысушы   мемлекеттер   санына
байланысты универсалдық, аймақтық және субаймақтық деп бөлінді.
    Универсалдық реттелу БҰҰ-ның  арнайы  құрылған  органдарының  нұсқамасы
негізінде жүзеге асады: ТК және ТК  Орталығы  бойынша  БҰҰ-ның  Үкіметаралық
Комиссиясы. Бұл органның қызметі формалды қызмет, себебі реттеудің  актілері
әлі де қаралуда.
    Мәселен,  1975  жылғы  ТК  қызмет  Кодексі  әлі  талқылану  процесінде.
Негізінен, бұл  акт  ТК  қызметін  реттейтін  ережелер  жинағы  болуға  тиіс
болатын. Бұл актінің  қабылданбау  себебі  келесіде,  дамушы  мемлекеттердің
пікірінше,  кодекс  нормалары   ТК-ны   қабылдаушы   мемлекеттерге   қатысты
міндеттемелерге  байланысты  императивтік  сипатта  болуға  тиіс,  ал  үлкен
дамыған державалар үшін өзара міндеттемелер болу пайдалы.
    ТК қызметін шектеу мәселелеріне Латын Америка мемлекеттері үлкен  көңіл
бөлген. Бұл мемлекеттердің тұрғысы Панама қаласында 1981 жылы Латын  Америка
мен  АҚШ  арасындағы  қатынастарды  экономикалық   зерттеу   Латынамерикалық
экономикалық жүйенің қатысушы-мемлекеттерінің кеңесінде анықталды  және  БҰҰ
Экономикалық  Кеңесінің  XIX  сессиясында  қағида  түрінде  белгіленді.  Бұл
қағидаларды ТК қабылдаушы мемлекет аумағында сақтауға міндетті.
     ТК қызметін субаймақтық реттеуге  келесі  мысалдар  келтіруге  болады:
1969 жылы Картахендік келісім негізінде субаймақтық ұйымның  Анд  пактісінің
қатысушы-мемлекеттері.  Анд  тобының  құрамына  келесілер  кірді:  Колумбия,
Венесуэла,  Боливия,  Эквадор,  Перу  және  Чили.  Анд  пактісінің  мүшелері
шетелдік  компаниялардың  қызметін  реттейтін  екі  акті  қабылдады:  «Шетел
капиталын, тауарлық таңбаларды,  патенттер  мен  лицензияларды  пайдаланудың
жалпы  режимі»  №220  шешім  және  «Көпұлттық  кәсіпорындардың  режимі  және
субаймақтық капиталды пайдалануды реттеу» №46 шешім.
    Трансұлттық корпорацияларды құру процесі ТМД  мемлекеттеріне  де  ықпал
етті. Мәселен, 1998 жылдың 6 наурызында ТМД-ның жеті мемлекетінің  (Армения,
Беларуссия, Қырғыстан, Молдова, Ресей, Тәжікістан және  Украина)  үкіметінің
басшыларымен Трансұлттық корпорациялар туралы Конвенцияға қол  қойылды.  Бұл
акті осы корпорациялардың қызметін  реттейтін  бірден-бір  құжат.  Қазақстан
Республикасы  бұл  актінің  мүшесі  әлі  болған  жоқ,  бірақ  интеграциялану
процесін толық жүзеге асыру үшін ол оның мүшесі болуға тиіс.
    3.   Халықаралық   байланыстардың,   оның   ішінде   сыртқыэкономикалық
байланыстардың терең дамуы мемлекеттің  әртүрлі  құқыққатынастарға  белсенді
қатысуына әкелді. Осы құқыққатынастар екі түрлі сипатта болады.  Біріншіден,
мемлекет  билік  субъектісі  ретінде  болады,  яғни  бұл  қатынастар  жария-
құқықтық  сипатта  болады;  екіншіден,  мемлекет  жеке-құқықтық   қатынастар
субъектісі болады. Жеке-құқықтық  қатынастарға  мемлекеттің  қатысуына  ашық
мысал  ретінде  1992  жылдың  18  мамырындағы  Қазақстан  Республикасы   мен
америкалық   корпорация   «Шеврон»   арасындағы   «Теңізшевройл»   бірлескен
кәсіпорын құру жөніндегі құрылтай  келісімі  табылады.  Мемлекет  қызметінің
шеңбері өте кең, сондықтан ол қатынастарға екі субъект  ретінде  қатыспайды,
ол  тұтастай  қатысады.  Егер  мемлекетті  азаматтық-құқықтық  қатынастардың
субъектісі ретінде, яғни заңды тұлға ретінде  қарастырсақ,  онда  оны  басқа
заңды тұлғаларға теңегеніміз, ол өз кезегінде егемендік  қағидасына  қарама-
қайшы келеді.
    Егемендік -  әрбір  мемлекеттің  ажырамас  қасиеті.  1975ж.  Еуропадағы
қауіпсіздік пен  ынтымақтастық  жөніндегі  Кеңесте  Еуропаның  даму  жолдары
туралы  пікір-таласына  белгілі  бір  қорытынды  жасалды.  Хельсинки  Кеңесі
мемлекеттердің қарым-қатынасы  дербес  теңдік,  дербестікке  тән  құқықтарды
қорғау қағидаларына негізделулері қажет екендіктерін растап берді.
    Егеменді (дербес) теңдік қағидасы қарама-қайшы  қоғамдық  жүйелері  бар
мемлекеттердің тең құқықтарын мойындауды білдіреді. 1975ж. Қорытынды  Актіде
егемендікке  тән  құқықтардың  толық  тізімі  берілмеген.  Құжатта   әлемдік
бірлестіктің қауіпсіздігі үшін аса маңызы бар бірнешеуі ғана көрсетілген.
    Ең алдымен, егеменді теңдік элементтерінің  бірі  -  әрбір  мемлекеттің
заңи теңдік  құқығы  аталған.  Егеменді  теңдікті  мойындау,  мемлекеттердің
тәуелсіздігін құрметтеу - мемлекеттердің әлемдік аренада бейбіт  қатар  өмір
сүру саясатының басты элементі  болып  табылады.  Осы  қағиданы  халықаралық
құқықтың негізгі қағидалар жүйесіне енгізу бейбітшілікті  сүйетін  күштердің
халықаралық қауіпсіздік үшін күресінің  үлкен  жетістігі  болып  есептеледі.
Қазіргі заманның басты мақсаты - осы қағидалардың халықаралық  проблемаларды
шешу барысында сақталуын қамтамасыз ету. Бұл  қағиданы  халықаралық  құқықта
«тең алдында тең билік көрсете алмайды» деп атайды.
    Егеменді (дербес) теңдік  қағидасының  негізі  мемлекеттің  иммунитеті.
Әлемдік заң әдебиеттерінде және тәжірибеде мемлекет  иммунитетін  абсолюттік
және шектеулік  (функционалдық)  деп  бөледі.  Абсолюттік  иммунитет  –  бұл
барлық  егеменді  мемлекеттерге  және  оның   барлық   қызметіне   таралатын
иммунитет.  Мемлекет  иммунитетінің  бірнеше  түрі   бар.   Ерекше   атайтын
иммунитет, заңнама күшіне бағынбау иммунитеті, яғни  бір  егеменді  мемлекет
екінші егеменді мемлекеттің заңнамасына  бағынбайды,  мемлекет  өз  қызметін
ішкі заңнамаға және халықаралық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырады.
    Мемлекет иммунитеті халықаралық құқықта көбінесе мемлекеттің және  оның
бағынышты  органдарының  басқа  мемлекеттің   билігіне   бағынбауы   түрінде
түсіндіріледі. Осы жағдайда, мемлекет  иммунитетіне  сот  иммунитеті,  алдын
ала қамтамасыз етуден иммунитет және орындаудан иммунитет кіреді.
    Сот иммунитеті мемлекеттің басқа  мемлекет  соттарына  сотты  еместігін
көрсетеді, яғни сотта шетел мемлекетіне  қарсы  талап  берілмейді,  ал  егер
мұндай талап қозғалса, ол қаралмай тасталуы керек.  Осы  себепке  байланысты
«Мұнай» бірлескен кәсіпорны туралы істі қарастырайық.
    1991  жылдың  көктемінде  «Интеркаспий»  қауымдастығы   мен   «Бидерман
Интернешнл»  (АҚШ)  фирмасы  арасында  «Мұнай»  қазақ-американдық  бірлескен
кәсіпорнын құру жөнінде құрылтай келісіміне қол қойылды. Осы  шартқа  сәйкес
өндірілген және тасымдалдануға дайын мұнайдан нақты үлестер мөлшері  келесі:
ҚР – 20%; «Интеркаспий» қауымдастығы – 50,4%; «Бидерман Интернешнл» (АҚШ)  –
29,6%   болды.   1992   жылдың    қаңтар-ақпай    айларында    «Интеркаспий»
қауымдастығымен, қазу  және  технологиялық  жабдықтарды  «Мұнай»  БК-на  алу
мақсатында, 70000 тонна мұнай экспортталанды. Бірақ 70000 тонна  мұнай  үшін
ақша қаражаттары Бидерман мырзамен Қазақстанға  аударылған  жоқ.  Сондықтан,
Қазақстан  Республикасының  Министрлер  Кабинетінің  №756  қаулысымен   шарт
біржақты бұзылды. Осыдан кейін, АҚШ-тың Калифорния штатының Шығыс  Аймағының
аймақтық   сотына   «Харальд   Бидерман   энд   Бидерман   Интернешнл   ИНК»
компаниясымен Қазақстан Республикасына қарсы 1 млрд. АҚШ доллары  мөлшерінде
материалдық және моралдық зиянды өтеу туралы талап берілді. Бірақ,  Бидерман
өзінің талап арызын  кейіннен  алып  кетті,  бірақ  егер  талап  осы  сотпен
қанағаттандырылса,  онда  Қазақстан  Республикасы  өзінің  сот  иммунитетіне
байланысты сот шешімін орындаудан бас тартуға мүмкіндігі бар.
    Бұл мысалдан мемлекеттер осындай  талап  арыздарды  қарамайтын  сияқты,
бірақ  ол  бұлай  емес.  Жеке   тұлға   өзінің   мемлекетіне   дипломатиялық
келіссөздерді  шетел  мемлекетімен  жүргізуге  ынта  білдіруі  мүмкін.   Бұл
жағдайда дауды шешу халықаралық құқық қағидаларына сәйкес жүзеге асуы  тиіс.
Сонымен қатар, иммунитет қағидасының танылғанына қарамастан,  мемлекет  оған
қарсы  берілген  талап  арызды  шетел   мемлекетінің   сотында   қарастыруға
келісімін бере алады.
    Көбінесе жеке және заңды  тұлғалар  мемлекетпен  келісім-шарт  жасасқан
кезде шартта аралық сот (арбитраж) жөнінде  жағдайды  көздейді  (аралық  сот
(арбитраж) жөнінде ескерту). Бұл жерде де міндетті  түрде  нақты  анықталған
мемлекет келісімі қажет.
     Алдын ала қамтамасыз етуден  иммунитет  деп  шетел  мемлекетіне  талап
болған  кездің  өзінде,  мемлекет  шетел  мемлекетінің   мүлкіне   мәжбүрлеу
шараларын (мүлкін арестке алуға, банктағы қаражаттарына қол жеткізуге  тыйым
салуға т.б.) қолдануға  құқығы  жоқтығын  айтамыз.  Тек  шетел  мемлекетінің
нақты  анықталған  келісімі  болған  кезде  ғана  алдын  қамтамасыз   етудің
шараларын қолдану мүмкін болады.
    Орындаудан  иммунитет  деп  мемлекетке  қарсы  шығарылған  шешім   оның
келісімсіз мәжбүрлеп орындалмауын айтамыз. Мәжбүрлеп орындауды  қолдану  тек
мемлекеттің нақты анықталған келісімі болған кезде ғана мүмкін болады.
    Сонымен, иммунитеттің қарастырылған түрлерінің мазмұны  процестің  жеке
сатыларымен байланыста және әртүрлі. Сонымен  қатар,  иммунитеттің  үш  түрі
бір-бірімен  тығыз  байланысты.  Олардың  байланысы  мемлекет  егемендігінің
қағидасынан шығады. Араларындағы теңдік және мемлекеттердің  тәуелсіздігі  –
иммунитеттердің барлық түрлеріне негіз.
    Мемлекет және оның органдарының иммунитетімен қатар, заң әдебиеттерінде
иммунитеттің жеке түрі  ретінде  мемлекет  меншігінің  иммунитеті  табылады.
Мемлекет меншігіне ешкімнің қол сұғуына құқығы жоқ, яғни ол  меншік  иесінің
келісімінсіз мәжбүрлеп алына  алмайды  (арестке  т.б.),  оны  шетел  аумақта
мәжбүрлеп ұстауға болмайды; ол басқа мемлекеттің  және  оның  органдары  мен
жеке тұлғалары тарапынан талан-таражға салынбауы тиіс.
    XX  ғасырда  шетелдік  заң  әдебиеттері  мен   практикасында   мемлекет
иммунитетін шектеуге бағытталған  пікір  орын  алған.  Осы  теорияға  сәйкес
«функционалдық  иммунитет»  деп  –  мемлекеттің  кейбір  функцияларына  ғана
таралатын иммунитетті айтамыз, яғни  мемлекет  иммунитеті  тек  саяси  билік
субъектісі ретінде әрекет жасаған кезде ғана танылады (тек  мемлекет  өзінің
егемендігі  атынан  ғана  қызмет  атқарған  кезде  танылады).   Егер   шетел
мемлекеті  азаматтық  айналымда  сыртқы  сауда  мәмілелерін  жасасу  кезінде
өзінің флотын сауда мақсатында пайдаланса,  онда  ол  осы  мәмілеге  қатысты
иммунитетті қолдана алмайды. Мұндай жағдайда мемлекетке  мәжбүрлеу  шаралары
қолданылуы  мүмкін.  Сонымен,  бұл  теория  егеменді   мемлекеттерді   заңды
тұлғалар жағдайына қояды. Шетел мемлекетінің  әрекеттері  заңды  тұлғалардың
әрекеттері сияқты сот қарауына жатады.
    Бұл теория бірнеше халықаралық келісімдерде  бекітілді,  бірақ  кеңінен
қолданылмайды.  1926  жылдың  10  сәуірінде  Брюссельде  мемлекеттік   теңіз
кемелерінің иммунитетіне  қатысты  кейбір  ережелерді  унификациялау  туралы
конвенцияға қол  қойылды.  Брюссель  конференциясына  Бельгия,  Ұлыбритания,
Венгрия, Голландия, Германия,  Дания,  Испания,  Италия,  Норвегия,  Польша,
Румыния, Франция,  Швеция,  Югославия,  Жапония  мемлекеттері  қатысты.  Бұл
конвенцияның мағынасы мемлекеттің меншігіндегі  кемелер  жүк  тасымалдағанда
жеке   тұлғалар   сияқты   жауапкершілік   режимін   және    міндеттемелерді
көтеретіндігінен көрінеді, ал әскери кемелерге, мемлекеттік  яхталарға  және
жария қызметтерді жүзеге асыратын сауда емес, қорғау,  қамтамасыз  ету  т.б.
кемелерге мемлекет иммунитеті таралады.  Бұл  конвенция  тек  оған  қосылған
мемлекеттерге  ғана  заңды  күшінде  болады.   1926   жылғы   конвенция   15
мемлекетпен 2 Дүниежүзілік соғысқа  дейін  ратификацияланды,  ал  1955  жылы
оған Греция мен Франция қосылды. 1953 жылы Польша конвенциядан бас тартты.
    Халықаралық  актілерде  функционалдық  иммунитет  теориясын   бекітудің
келесі қадамы - Еуропалық  Кеңестің  шегінде  мемлекеттік  иммунитет  туралы
Еуропалық  конвенцияның  қабылдауы  табылады.  Бұл  конвенция  Базелде  1972
жылдың  5  мамырында  қабылданып,  1976  жылдың  2  маусымында   Австриямен,
Бельгиямен   және   Кипрмен   ратификацияланғанннан   кейін   күшіне   енді.
Конвенцияда мемлекет азаматтық-құқықтық қатынастардың  қатысушы  бола  тұра,
сот иммунитетіне жүктелуге құқығы жоқ жағдайлар көзделген (1-14 баптар),  ал
басқа жағдайларда мемлекеттік иммунитет танылады  (15  бап).  Англияда  1978
жылы қабылданған мемлекеттік иммунитет туралы Заң осы  конвенцияның  негізгі
ережелерін қайталайды.
    Осыған  ұқсас  заңдар  Канадада  (1981  ж.),  Пәкістанда   (1981   ж.),
Сингапурда  (1979   ж.)   және   ОАР   (1981   ж.)   қабылданды.   Қазақстан
Республикасында осындай заң қабылдау қажеттігі өмірдің желісі.  1991  жылдың
16 желтоқсанында Қазақстан одақтық  жартылай  тәуелді  мемлекеттен  егеменді
мемлекетке   айналды.   Осы   уақыттан   Қазақстан   Республикасының   толық
халықаралық  құқықсубъектілігі   басталады.   Қазақстан   Республикасы   кең
сыртқыэкономикалық   байланыстарды   жүзеге   асырып    келеді,    сондықтан
мемлекеттік  иммунитет  туралы  заңды   қабылдау   мемлекеттің   халықаралық
қатынастардағы тұрғысын толық бекітеді.
    Сонымен, тағы бір  атайтын  жайт,  мемлекетке  тиесілі  иммунитет  оның
органдарына да  (министрліктерге,  ведомстволарға,  тағы  басқа  мемлекеттік
мекемелерге) таратылады.
     Өзін өзі бақылау сұрақтары
    1. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін ашу;
    2.  Халықаралық  дербес  құқықтағы  заңды  тұлғалардың  мәртебесі   мен
қызметін сипаттау;
    3. Халықаралық дербес құқықтық қатынастарға мемлекеттің қатысуын қарау.
                 Ұсынылатын  әдебиет
         1. Богуславскиий М.М. Иммунитет государства. М., ИМО, 1962.
         2. Галкин И. Совместные предприятия в  Польше  //Внешняя  торговля,
            1991. №10.
         3. Деятельность совместных и  инностранных  предприятий.  –  Қаржы-
            Қаражат. Финансы Казахстана, 1998. №4.
         4. Лунц Л.А., Марышев  Н.А.,  Садиков  О.Н.  Международное  частное
            право: Учебник. М.: Юрид. лит., 1984.
         5. Международное частное право. Учеб. Пособие /Г.К. Дмитриева, А.С.
            Довгерт, В.П. Панов, Н.А. Шебанова и др. М.: Юрист, 1993.
         6. Хлестова И.О. Проблемы юрисдикционного иммунитета  инностранного
            государства в работе Комиссии Международного  права  //Советский
            ежегодник международного права, 1988. М., 1989.


    Тақырып  12.   Халықаралық дербес құқықтағы меншік және шетел
инвестицияларын құқықтық реттеу
    1. Меншік құқығы және халықаралық дербес құқық
    2. Халықаралық дербес құқықтағы ұлттандыру
    3. Шетелдік инвестицияларды құқықтық реттеу
    1.  Кез  келген  құқықтық  жүйеде  меншік  құқығы   институты   орталық
институттардың бірі, себебі ол басқа институттардың мазмұны  мен  нысандарын
ашады.  Сондықтан  да,  барлық  мемлекеттердің   Конституцияларында   меншік
институтының  мазмұны  ашылады.  1995   жылдың   Қазақстан   Республикасының
Конституциясы меншіктің нысанына қатыссыз қол сұғушылықтан қорғайды.
    Коллизиялық бастама - Lex  rei  sitae  –  мүліктің,  заттың  орналасқан
жерінің заңы ретінде сипатталады және меншік құқығында қолданылатын  негізгі
қағидат болып келеді. Бұл  қағидат  халықаралық  практикада  жалпы  танылған
қағидат.
    Меншік  құқығының  сұрақтары  бірнеше   халықаралық   келісім-шарттарда
көтерілген:   1958   жылғы   Халықаралық   сатып   алу-сату   туралы   Гаага
Конвенциясында,  1948  жылғы  Әуе  кемелеріне  құқықтарды  халықаралық  тану
туралы Женева Конвенциясында, Бустаманте кодексінде және т.б.
    1958  жылдың  Гаага  Конвенциясында  меншік  құқығы   туралы   сұрақтар
шешілген. Меншік құқығы  және  мүліктің,  тауардың  жойылу  қаупі  ауысқанда
мүлік, тауар орналасқан мемлекеттің құқығы  пайдаланылады,  -  деп  жазылған
Конвенцияда.  Сатылатын  тауарға  меншік  сұрақтары  1980  жылғы  Тауарларды
халықаралық сатып алу-сату шарттары туралы БҰҰ  Конвенциясында  өз  реттеуін
тапқан. 1948  жылғы  Женева  Конвенциясы  меншікке  қатысты  сұрақтарды  әуе
кемесі тіркелген  жерінің  құқығымен  реттейді.  Бустаманте  кодексі  меншік
құқығына  қатысты  сұрақтарды  мүлік  орналасқан  жерінің  заңы  қағидасымен
шешеді. Жылжитын және жилжымайтын мүліктің орналасқан жерінің  заңымен  оның
иелену мерзімі сұрақтары да шешіледі.
    Осы қағидамен көптеген мемлекеттердің меншік құқығы сұрақтары шешіледі.
Германия мен Швейцарияда иелену мерзімі 10 жыл; осы мерзім  өткен  соң  адал
иеленуші оның меншік иесі  болады  (Германияның  Азаматтық  ережесінің  937-
параграфы, Швейцарияның Азаматтық ережесінің 728-бабы). Бұл аталған  нормаға
сәйкес  адал  иеленуші  –  жеке  және  заңды  тұлғалар   Германияда   немесе
Швейцарияда орналасқан мүлікке меншік құқығын, осы мемлекеттердегі  заңдарда
көзделген иелену мерзіміне сәйкес оның меншік иесі  болады.  Қазақстанда  да
меншік құқығы мүлік орналасқан жерінің заңымен анықталады.
    Қазақстан  Республикасының  азаматтық  заңнамасы  заттарды   қозғалатын
(жилжитын) және қозғалмайтын (жилжымайтын) деп  бөледі.  Бұл  бөлу  маңызды,
себебі мұндай жіктеу затқа, мүллікке, тауарға қатысты қай  мемлекеттің  заңы
пайланылатындығын дұрыс анықтайды.
    Бұл жерде, аса көңілді мемлекеттің үкіметтерімен жасалған  концессиялық
шарттарға бөлу керек.  Қазақстан  тарихында  мұндай  бірнеше  шарттар  қазан
төңкерісіне  дейін  және  кеңес  өкіметі  кезінде  жасалған.  Кеңес  өкіметі
кезінде  жасалған  шарттар  заңды   түрде   бұзылмаған,   соның   салдарынан
концессионерлер  мемлекетті  тастауға  мәжбүр  болған.   Бұл   Қазақстандағы
концессиялық шарттардың кең етек алмауының себебі.
    Концессиялық шарттарды халықаралық деп атамауға болады. Бірақта,  қалай
болса да, мемлекет мұндай шарттарды бұзбау керек; егер  мұндай  шартты  бұзу
жария  мүддеге  байланысты  болса,  онда  мемлекет   концессионерге   барлық
залалдар мен жоғалтылған табыстың орнын толтыруға міндетті.
    Шетел мемлекеттері мен жасалған екі жақты  келісім-шарттарда  Қазақстан
әкелінген тауарларға  меншік  құқығының  ауысуын  Қазақстан  заңы  негізінде
шешеді. Мәселен, 1992 жылдың  2  қарашасында  жасалған  Қазақстан  мен  Иран
арасындағы сауда-экономикалық байланыс туралы келісімнен көруге болады.
    Қазақстан Республикасының АК 259-бабындағы норманы: «Меншiк иесi меншiк
құқығын тануды талап етуге құқылы», басқалай сипаттасақ, меншік иесі  меншік
құқығын  жер  бетінің  кез  келген  аумағында  тануды  талап  етуге  құқылы.
Қазақстанда  алынған  кез  келген  мүлік   оның   басқа   аумаққа   ауысуына
байланыссыз алған меншік иесінің меншік құқығында қала береді.
    Мүліктің орналасу  жерінің  заңы  адал  иеленушінің  мүдделерін  меншік
иесінің  виндикациялық  талабы  бойынша  қарсы  шыққанда  қорғауда   негізгі
басымдылық болып келеді.
    Егер қозғалмайтын мүлік Қазақстанның аумағында орналасса, онда меншікке
қатысты сұрақтар да мүліктің орналасу  жерінің  негізінде  шешіледі.  Сыртқы
сауда мәмілелеріне қатысты  Қазақстанның  заңы  таңдау  мүмкіндігін  береді:
шарт бойынша тараптар келісім  негізінде  мүліктің  орналасу  жерінің  заңын
немесе шарттың жасасу жерінің заңын пайдалану мүмкін.
    2. Ұлттандыру – деп арнайы мемлекеттік органның шешімі  негізінде  жеке
меншік иелерінің (отандық және шетел) мүліктерін мемлекеттің пайдасына  алу,
айналдыру. Шетел мемлекеттерінің заңнамасы  қоғамдық  мүдделердің  негізінде
өткізілетін  ұлттандыруды  өткізудің  тәртібі   мен   тәсілдерін   көздейді;
міндетті шарт ретінде ұлттандырылатын мүліктің отандық және шетелдік  меншік
иесіне оның  нақты  құнын,  адал  төлемақысын  төлеу  табылады.  Қазақстанда
отандық меншік иелерінің мүлігін ұлттандырудың  тәртібін  белгілейтін  норма
жоқ. Бірақ, республикалық заңнама шетел кәсіпкерлерінің мүлкін  ұлттандыруға
тыйым салады. Мәселен,  1994  жылдың  27  желтоқсанында  қабылданған  «Шетел
инвестициялары туралы» ҚР Заңының 7-бабында былай  деп  жазылған:  «Шетелдiк
инвестицияларды Ұлт меншiгiне алуға, экспроприациялауға  немесе  оларға  ұлт
меншiгiне алу мен экспроприациялау (бұдан  әрi  -  экспроприациялау)  сияқты
зардаптары бар өзге де шаралар қолдануға  болмайды,  бұған  экспроприациялау
тиiстi заң тәртiбiн сақтай отырып, қоғам мүдделерiне орай жүзеге  асырылатын
және  пара-пар  әрi  тиiмдi  өтем  кемсiтпей   дереу   төленетiн   жағдайлар
қосылмайды». Жалпы алғанда, халықаралық жария құқық та,  халықаралық  дербес
құқық та ұлттандыру сұрағына жағымсыз қарамайды. Бұл  мәселен,  1952  жылдың
21 желтоқсанында қабылданған «Жаратылыс байлықтары  мен  ресурстарына  еркін
үстемдік  ету  құқығы  туралы»   БҰҰ   Бас   Ассамблеясының   резолюциясында
көрсетілген, онда қоғамдық  мүдделерді  көздей  отырып,  ұлттандыру  жүргізу
нәтижесінде төлемақы жасалатын  мемлекеттің  ұлттандыруға  құқығы  танылған.
Бірақ,  біздің  мемлекетте  шетел  инвесторларының  мүліктерін  ұлттандыруға
тыйым салынады деген пікір қатаң ұстануда. Оның себебі, өткен  ғасырдың  20-
30 жылдары шетел  концессионерлердің,  кәсіпкерлердің  мүліктері  оның  құны
төленбей ұлттандырылды. Кеңестік құқықтық ғылым  мұндай  ұлттандыруды  заңды
деп таныды. Сонымен қатар,  кеңестік  ғылым  жоғарыда  аталған  халықаралық-
құқықтық актіге сілтеме де жасаған, шынында да, 1962  жылдың  Резолюциясының
4 тармағында мемлекеттің қоғамдық мүддеге қатысты  ұлттандыруды  оның  құнын
толтыра отырып, жүзеге асыруы көзделген. Бірақ, норманы  ары  қарай  оқысақ,
онда «меншік иесіне оның құны халықаралық құқыққа  сәйкес  мемлекеттің  заңы
негізінде төленеді», - деп  көрсетілген.  Қазіргі  таңда,  мемлекетке  үлкен
қаражаттар керек  жағдайда,  біздің  заңнама  шетел  азаматтарының  меншігін
ұлттандыруға тыйым салған.
    Ақырғы 10-15 жылдың ішінде бірнеше Қазақстанның ірі кәсіпорындары шетел
компанияларының  қолына  берілді.   Мәселен,   Қарағандының   металлургиялық
комбинаты  ағылшындық  «Испат  Интернэшнл»  фирмасына,  АҚ  Жезқазғанцветмет
Оңтүстік Кореяның «Самсунг» фирмасына берілді.
    3. Шетелдік инвестициялардың құқықтық  режимі.  Қазақстан  Республикасы
тәуелсіздік  алғаннан  кейін,  көптеген  саясаткер  және   іскер   топтардың
көңіліне ілінді. Сыртқыэкономикалық қатынастардың кеңеюіне байланысты  шетел
инвесторларының Қазақстандағы өзгерістерге көңіл бөлуі және мемлекеттің  кең
байлығы шетел  инвесторларының  қатысуымен  болатын  қатынастарын  реттейтін
заңнаманың ары қарай жетілдіруін талап етті.
    Ол өз  орнын  1995  жылғы  Қазақстан  Республикасының  Конституциясында
тапты. 4-баптың 3-тармағында көрсетілгендей, Қазақстанмен  ратификацияланған
халықаралық  келісім-шарттар  оның  заңдарына  қарағанда  басымырақ  болады.
Сонымен қатар, мемлекеттік  меншік  пен  қатар,  жеке  меншікте  мемлекеттің
кепілдендірілген қорғауында болатындығы жарияланған.  Шетел  инвесторларының
құқықтары  Конституцияның  26-бабының   3-тармағына   негізделеді:   «Соттың
шешiмiнсiз ешкiмдi де өз мүлкiнен айыруға болмайды. Заңмен көзделген  ерекше
жағдайларда мемлекет мұқтажы  үшiн  мүлiктен  күштеп  айыру  оның  құны  тең
бағамен өтелген кезде жүргiзiлуi  мүмкiн».  Осы  баптың  4-тармағы  әркiмнiң
кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне,  өз  мүлкiн  кез  келген  заңды  кәсiпкерлiк
қызмет үшiн еркiн пайдалануға құқығын бекітеді.
    Қазақстан   Республикасымен   алынған   шетел    несиелерін    тартуды,
пайдалануды, қызмет көрсетуді және оны жоюды  мемлекеттік  реттеуді  нығайту
мақсатында бір топ мемлекеттік органдар мен  мемлекеттік  банктік  мекемелер
құрылған.  1995  жылдың  19  қантарындағы   №2035   Қазақстан   Республикасы
Президентінің «Қазақстан Республикасы экономикасына  шетел  капиталын  тарту
процестерін реттеу және мемлекеттік басқарудың тиімділігін  көтеру  шаралары
туралы» жарлығында шетел инвестициялары саласында мемлекеттік  басқару  және
реттеудің орталық органына – Экономика министрлігі, ал  шетел  қаржы  көмегі
және  Қазақстанның   сыртқы   қарыздарын   басқару   бойынша   –   Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігі аталған. Осы жарлыққа сәйкес  Қазақстанның
қарыздарына  және  займдарына  қызмет  көрсететін  банктердің  қызмет  аясын
белгіледі.  Халықаралық  қаржы  ұйымдарының   және   шетел   мемлекеттерінің
несиелері бойынша заемшы  ретінде  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі
танылды.
    Қазақстандағы   инвестиция   саласындағы   бақылау   мен    басқарудағы
мемлекеттік реттеуді нығайту мақсатында 1997  жылы  Инвестициялар  жөніндегі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік комитеті құрылды. Бұл орган  Қазақстан
Республикасына келетін тікелей инвестицяларды қолдайтын бірінші  мемлекеттік
орган болды. Комитеттің міндеттеріне отандық және  шетелдік  инвестицияларды
тарту  жөніндегі  бірыңғай  саясатты  жүргізу,  мемлекеттің   экономикасының
басымды салаларына тікелей инвестицяларды тартуды  мемлекеттік  қолдау  және
заңда   көзделген   шектерде   өз   өкілеттігінің    мөлшерінде    Қазақстан
Республикасының мемлекеттік органдарын басқару жатады.
    Комитет Үкіметтің жер қойнауына лицензия  беретін  жұмыс  органы  болып
табылады және жер қойнауын пайдаланушылармен  контракт  жасасатын  Үкітеттің
жалғыз ғана органы.
    Комитеттің негізгі міндеттеріне жатады: Қазақстан Республикасының  даму
стратегиясының   мақсаттары   мен   басымдылықтарын    анықтау;    Қазақстан
Республикасының    инвестициялық    жағдайын    жақсарту    және     тікелей
инвестицияларды  ынталандыру   бойынша   мүдделі   мемлекеттік   органдармен
бірлесіп инвесторлармен жұмысты тиімді жүргізу жүйесін құру және т.б.  (1997
жылғы 4  желтоқсандағы  Инвестициялар  жөніндегі  Қазақстан  Республикасының
мемлекеттік комитеті туралы Ереженің 7-тармағы).
    Шетел  әріптестердің  сенімін  жоғалтпау  үшін   Қазақстанның   Үкіметі
үкіметтік  кепілдікке  берілген  несиелер  бойынша  қарыздарды  жою  бойынша
шаралар қабылдайды. Мұндай жағдайларды тууы  біріншіден,  алынатын  табыстың
белгісіз мөлшерде болуы,  үкіметтік  кепілдіктердің  негізсіз  берілуі  және
тәжірибенің  болмауы   табылады.   1995   жылдың   4   мамырында   Қазақстан
Республикасының премьер-министрімен  шетел  несиелері  бойынша  уақыты  өтіп
кеткен,  заемшы-кәсіпорындардың  қарыздарын  жоюды  қамтамасыз  ету  жөнінде
үкіметтік комиссия құру туралы өкімі  шығарылды.  Комиссияның  жұмыс  органы
болып   Қазақстан   Республикасының   Мемлекеттік    экспорт-импорт    банкі
белгіленді. Комиссия айына бір рет үкіметке есеп беруге міндетті болды.  Бұл
комиссия банкіге берілген несие алу бойынша жобаларды қарастыруды  тоқтатуға
құқылы және қарыздарды алу жөнінде шешім  қабылдайды.  Сонымен,  Қазақстанда
шетел инвсетицияларымен жұмыс істейтін қызмет бөлетін Экономика  министрлігі
және Қаржы министрлігі, Инвестициялар  жөніндегі  Қазақстан  Республикасының
мемлекеттік комитеті, екі банкі және бірнеше органдар қызмет істейді.
    Қазақстан Республикасының мемлекеттік  органдары  өзінің  инвестициялық
саясатын  және  бағдарламаларын  инвестицияларды  тарту  мақсатымен   жүзеге
асырады және мемлекет осы салада  заңдар,  қаулылар,  жарлықтар  қабылдайды.
Қабылданатын заңдар мен өзге  де  құқықтық  актілер  инвестициялық  саясатты
жүзеге асырудың құралы. Мемлекет сыртқыэкономикалық, инвестициялық  қызметті
монополиялаудан бас тартса  да,  шетел  мемлекетінің  капталының  қатысуымен
құрылған кәсіпорындарды бақылауға міндетті. Қазақстанның  бірінші  «Шетелдік
инвестициялар туралы»  заңы  1990  жылы  қабылданса,  екінші  заң  Қазақстан
Республикасы кезінде 1994 жылдың 27 желтоқсанында қабылданды, кейіннен  2003
жылдың 1 тамызында № 373 Заңымен күші жойылды.
    Бұл   заң   шетелдiк    инвестицияларды    Қазақстан    Республикасының
экономикасына  тартудың  басты   құқықтық   және   экономикалық   негiздерiн
белгiлеген, шетелдiк  инвестицияларды  қорғаудың  мемлекеттiк  кепiлдiктерiн
бекiткен, оларды жүзеге асырудың ұйымдық  нысандарын,  шетелдiк  инвесторлар
қатысатын дауларды шешу тәртiбiн белгiлеген. Заңда Инвестицияларға  анықтама
берілген: табыс алу мақсатында кәсiпкерлiк  қызмет  объектiлерiне  салынатын
мүлiктiк және санаткерлiк қазыналардың барлық түрi, оның iшiнде:
- жылжитын және жылжымайтын мүлiк пен мүлiктiк құқықтар, ұстап қалу  құқығы,
импортталған және өңдемей сатуға арналған тауарлардан басқалары;
- акциялар және коммерциялық ұйымдарға қатысудың өзге де нысандары;
- облигациялар мен басқа да борыштық мiндеттемелер;
-  ақша  сомаларын,  тауарларды,   қызмет   көрсету   және   инвестицияларға
байланысты шарттар бойынша кез келген өзге орындауды талап ету;
-  авторлық  құқықтарды,   патенттердi,   тауарлық   белгiлердi,   өнеркәсiп
үлгiлерiн,  технологиялық  процестердi,  ноу-хауды,  нормативтiк-техникалық,
сәулеттiк,  конструкторлық  және  технологиялық  жобалық  құжаттаманы  қоса,
санаткерлiк қызмет нәтижелерiне құқық;
- қызметтi жүзеге  асыру  үшiн  лицензияға  негiзделген  немесе  мемлекеттiк
орган өзге де нысанда берген кез-келген құқық. Қаралып отырған  заң  бойынша
шетелдiк инвесторға жататын тұлғалар  белгіленген,  оларға:  шетелдiк  заңды
тұлғалар; шетелдiк азаматтар, азаматтығы  жоқ  тұлғалар,  шет  елде  тұрақты
тұрғылықты жерi бар Қазақстан Республикасының азаматтары,  бұл  орайда  олар
шаруашылық  қызметтi  жүргiзу  үшiн   азаматтығын   алған   немесе   тұрақты
тұрғылықты жерi орналасқан елде  тiркелген  болуы  керек;  шет  мемлекеттер;
халықаралық ұйымдар жатады.
    Алғашқы рет қазақстандық заңнамада  бірлескен  кәсіпорынның  анықтамасы
осы  заңда  берілген.  Бiрлескен  кәсiпорын  –   Қазақстан   Республикасының
заңдарына  сәйкес  Қазақстан  Республикасы  аумағында   құрылған,   мүлкiнiң
(акциялардың,  үлестiң)  бiр  бөлiгi  шетелдiк  инвесторға   тиесiлi   шетел
қатысатын  кәсiпорын.  Заңның   екінші   бабында   шетел   инвестицияларының
объектілері анықталған.  Шетелдiк  инвестициялар  Қазақстан  Республикасының
заң  құжаттарында  осындай  инвестицияларға  тыйым  салынбаған  кез   келген
объектiлерге және қызмет түрлерiне салынуы мүмкiн.
    Шетелдік  инвестицияларды  құқықтық  реттеу  ішкі   заңнамамен   қатар,
халықаралық келісім-шарттармен реттеледі.  Қазіргі  таңда,  келесі  атаулары
бар келісім-шарттар бар: капитал салымдарын  көтермелеу  және  өзара  қорғау
туралы. Мемлекеттердің, оның ішінде Қазақстанның  да  инвестициялық  саясаты
шетел мемлекеттерінің капитал  салымдарын  көтермелеуге  бағытталған.  ҚР-сы
осындай келісім-шарттарды Түркиямен, Германиямен, Франциямен жасасқан.
    Осы келісімдер бойынша Қазақстан өзіне келесі міндеттемелерді алды:
    - шетел мемлекеттерінің фирмаларына қолайлы жағдай  режимін  қамтамасыз
етуді;
    - шетел фирмалары мен азаматтарының меншігіне тиісінше қорғау беру;
    - ақша табыстарының аударымын кедергісіз қамтамасыз етуді.
    Осындай  келісімдерің  маңызын  келесі  жағдайлардан   көруге   болады.
Біріншіден,  олар  арқылы  Қазақстан  шет   елдерде   өзінің   азаматтарының
құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігін  алады;  өз  кезегінде  шетел  мемлекеті
осындай мүмкіндікті өз азаматтарына  алады.  Екіншіден,  осындай  келісімдер
шетелдік  инвесторлардың  капиталдарына  кепілдік,  сенімділік  және  қорғау
дәрежесін береді. Олар өзінің капиталдарына  сенім  артады,  себебі  олардың
капиталын тек ішкі мемлекеттік заңнама ғана емес, сонымен бірге  халықаралық
құқықта  кепілдендіреді.  Үшіншіден,   шетел   мемлекетіндегі   қазақстандық
инвесторлар   өздерінің   капиталдарына   қорықпай-ақ,   олардың    жағдайын
ауырлататын ішкі мемлекеттік заңдар қабылданса да, халықаралық  келісім-шарт
қолданатындығына   сенім   артады.   Бұл    ереже    мемлекеттердің    өзара
байланысындағы тұрақты шарт – халықаралық құқықтың императивтік нормасы.
    Шетелдік инвестицияларды  реттейтін  келесі  топ  халықаралық  келісім-
шарттары: екі жақты табыстар мен мүлікке салық салуды  жою  туралы  шарттар.
Қазақстан  мұндай  келісім-шарттарды  АҚШ-пен,  Италиямен,   Ұлыбританиямен,
Польшамен, Венгриямен жасасты.
    ТМД мемлекеттері шетелдік инвестициялар  саны  ұлғайсын  деп  есептесе,
онда мемлекеттер  оның  ішінде  Қазақстан  үлкен  кепілдіктер  беруге  тиіс.
Қазақстан  1985  жылы  қабылданған  Инвестицияларды  кепілдендіру  жөніндегі
агенттік туралы  Сеул  Конвенциясын  қабылдады.  Агенттіктің  бас  функциясы
ретінде Сеул Конвенциясына қатысушы-мемлекеттердің  инвестициялармен  мүмкін
болатын коммерциялық тәуекелдерге қатысты сақтандыру және  қайта  сақтандыру
келісім-шарттарын   жасасу   табылады.   Агенттік    дамушы    мемлекеттерге
инвестицияларды тарту мақсатымен қосымша төлемдер  жасауға  құқылы.  Қазіргі
таңда, агенттіктің мүшесі болып 100-ден артық мемлекеттер табылады.
    1965  жылдың  18  наурызында   қабылданған   «Мемлекеттер   мен   басқа
мемлекеттердiң   азаматтары   арасындағы   инвестициялық   дауларды   реттеу
жөнiндегi» Вашингтон Конвенциясының (ИКСИД Конвенциясы) да маңызы  зор.  Бұл
Конвенцияның қатысушылар саны  да  100-ге  жуық.  Осы  халықаралық  келісім-
шартта осы Конвенцияның жүзеге асыру  механизмі  бар.  Мәселен,  бұл  актіде
Халықаралық салу және даму банкісінің (МБРР) жанында инвестициялық  дауларды
шешу жөнінде Орталықты құру жағдайлары көзделген.
    1992 жылы Қазақстан бірнеше халықаралық қаржы ұйымдарының  мүшесі  болу
туралы Заң қабылдады.
    Шетелдік  инвестормен  жасалған   инвестициялар   туралы   Келісім-шарт
инвестицияларды   жүзеге   асыруда    үлкен    роль    атқарады.    Шетелдік
инвестицияларды   реттейтін   шарттар   әртүрлі   түрлерге   бөлінеді:    1)
концессиялық шарт; 2) өнімді бөлу туралы шарт.
    Инвестиция деген не?  Бұл  ұғымды  сипаттайтын  әртүрлі  пікірлер  бар.
«Инвестиция» деген сөз  (investment)  қазақ  тіліне  аударғанда  «капиталдық
салым, капитал салымы» деген мағына береді. Инвестициялар  мемлекеттік  және
жеке болады. Олардың  арасында  келесідей  айырмашылықтар  бар.  Мемлекеттік
несиелер – бір немесе бірнеше мемлекеттермен бір мемлекетке  берілетін  заем
немесе несиелер. Жеке  инвестициялар  –  бір  мемлекеттің  жеке  және  заңды
тұлғаларымен екінші мемлекеттің осындай шаруашылық субъектілеріне  берілетін
инвестициялар.
    Шетелдік инвестицияларға анықтама берген жөн. Шетелдік  инвестициялар -
Қазақстан Республикасының заңды  тұлғаларының  жарғылық  капиталына  қатысу,
сондай-ақ  оларға  қатысты  шетелдік  инвесторлар  осындай  заңды   тұлғалар
қабылдаған шешімдерді белгілеуге құқығы бар Қазақстан Республикасының  заңды
тұлғаларына   заемдар   (несиелер)   беру   нысанында   жүзеге    асырылатын
инвестициялар  және  Қазақстан  Республикасының  лизинг  туралы   заңдарында
көзделген шарттармен лизинг нысаналарын беру.
    Шетел инвестициялары заем және  несие,  тікелей  және  портфельдік  деп
жіктелуі мүмкін. Бірінші топ инвестицияларды ссудалық  капитал  деп  атасақ,
екінші  топты  –  кәсіпкерлік  капитал  деп  анықтаймыз.  Тікелей   шетелдік
инвестициялар - оларға қатысты шетелдік инвесторлар осындай  заңды  тұлғалар
қабылдаған шешімдерді белгілеуге құқығы  бар  жаңадан  құрылған  және  жұмыс
істеп  жатқан   Қазақстан   Республикасының   заңды   тұлғаларына   шетелдік
инвесторлар   жүзеге   асыратын    инвестициялар.    Портфельдік    шетелдік
инвестициялар - шетелдік инвесторлар жүзеге асыратын  инвестициялардың  өзге
де түрлері (акция, облигация және өзге де бағалы қағаздарды сатып алу).
    Шетелдік  инвестициялар   келесі   нысандарда   жүзеге   асуы   мүмкін.
Инвестициялау пайда (табыс) алу мақсатында кәсiпкерлiк қызмет  объектiлерiне
шетелдiк   инвестициялар   салуды   жүзеге   асыруға   байланысты    қызмет.
Инвестициялау бірлескен кәсіпорынның акцияларын, басқа да бағалы  қағаздарын
сатып алу түріндегі үлестік қатысу нысанында  бола  алады.  Инвестициялаудың
келесі нысаны  –  шетелдік  капиталға  толығымен  тиесілі  кәсіпорынды  құру
табылады.   Қазақстандағы    шетелдік    инвесторларға    мемлекет    мүлкін
жекешелендіру процесіне қатысу мүмкіндігі берілген. Сонымен қатар,  шетелдік
инвесторлар  кәсіпорындар  құруға,  филиалдар  мен  өкілдіктер  ашуға   т.б.
заңдарда көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру құқылы.
    Шетелдік инвесторлардың қызығушылығын Қазақстан экономикасының  тау-кең
және –мұнай-энергетика  салалары  тудырады.  Осындай  көптеген  кәсіпорындар
бар.  Мәселен,  Семей  аумағында  НАК   Алтынмыс,   БК   Тенгизшевройл,   БК
Қазақтүркмұнай т.б.
    Сонымен, Қазақстан аумағында 1500 жуық бірлескен кәсіпорындар бар.
    Инвестордың мәртебесі. Шетелдік инвестордың  мәртебесін  анықтау  үлкен
практикалық маңызы бар мәселе. Егер қандай да бір заңды  немесе  жеке  тұлға
шетелдік  инвестор  деп  танылса,  онда  ол  жергілікті   және   халықаралық
заңнамамен  көзделген  кепілдіктер  мен  жеңілдіктерге  ие  және  шаруашылық
қызметті жүзеге асыруға құқық алады.
    Шетелдiк инвесторлар құрамына келесі тұлғалар кіреді:
    - шетелдiк заңды тұлғалар;
    -  шетелдiк  азаматтар,  азаматтығы  жоқ  тұлғалар,  шет  елде  тұрақты
тұрғылықты жерi бар Қазақстан Республикасының азаматтары,  бұл  орайда  олар
шаруашылық  қызметтi  жүргiзу  үшiн   азаматтығын   алған   немесе   тұрақты
тұрғылықты жерi орналасқан елде тiркелген болуы керек;
    - шет мемлекеттер;
    - халықаралық ұйымдар.
    Осылардың ішінде ең басты  инвестор  ретінде  шетелдiк  заңды  тұлғалар
танылған. Ұлттық заңнама бойынша шетелдiк заңды тұлға деп - шет  мемлекеттiң
заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлға  (компания,  фирма,  кәсiпорын,  ұйым,
қауымдастық және т.б.). Шетелдік инвестор ретінде көбінесе  шетел  қатысатын
кәсіпорындар    табылады.    Шетел    қатысатын    кәсiпорын -     Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы  аумағында  құрылған
және  шетелдiк  кәсiпорын  немесе  бiрлескен  кәсiпорын  нысанында  iс-қимыл
жасайтын  заңды  тұлға.  Шетелдiк  кәсiпорын -   Қазақстан   Республикасының
заңдарына  сәйкес  Қазақстан  Республикасы  аумағында  құрылған,   толығымен
шетелдiк инвесторға тиесiлi шетел қатысатын кәсiпорын. Бiрлескен кәсiпорын -
  Қазақстан  Республикасының   заңдарына   сәйкес   Қазақстан   Республикасы
аумағында құрылған, мүлкiнiң  (акциялардың,  үлестiң)  бiр  бөлiгi  шетелдiк
инвесторға тиесiлi шетел қатысатын кәсiпорын.
    Шетел   қатысатын   кәсiпорындарды   мемлекеттiк    тiркеу    Қазақстан
Республикасының заңды тұлғаларын тiркеуге  арналған  Қазақстан  Республикасы
заңдарында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Шетел қатысатын кәсiпорын  осы
тәртiп бойынша көзделген құжаттардан басқа мыналарды табыс  етуге  тиiс:  а)
шетелдiк заңды тұлға үшiн сол субъект өз елiнiң заңдары бойынша заңды  тұлға
болып табылатынын куәландыратын сауда  тiзiлiмiнен  алынған  көшiрме  немесе
басқа құжат, нотариат бекiткен қазақ немесе орыс  тiлдерiндегi  аудармасымен
бiрге;  б)  шетелдiк  жеке  тұлға  үшiн  жеке  тұлғаның  өзiн  куәландыратын
паспортының немесе басқа құжатының көшiрме нұсқасы, нотариат бекiткен  қазақ
немесе   орыс   тiлдерiндегi    аудармасымен    бiрге.    Шетел    қатысатын
кәсiпорындардың  кейбiр  түрлерiн  тiркеу  үшiн  Қазақстан   Республикасының
тиiстi заң құжаттарымен қосымша  құжаттарды  табыс  ету  қажеттiгi  көзделуi
мүмкiн.
    Келесі  топ  инвесторларға  шетелдік  жеке  тұлғалар  жатады.   Капитал
салымдарын көтермелеу және  өзара  қорғау  туралы  халықаралық  келісімдерде
«инвестор» ретінде бір  тараптың  заңнамасына  сәйкес  келісуші  тараптардың
бірінің азаматы болып келетін жеке тұлға түсіндіріледі. Бұл –  кең  таралған
ереже. Бірақ, ескертулер де болады. Мәселен, ТМД мемлекеттері  мен  Германия
арасындағы  келісім-шарттарда  инвестор  ретінде  мемлекет   азаматы   емес,
мемлекет аумағымен байланысы бар тұлға түсіндіріледі. Басқа  сөзбен  айтсақ,
оның негізі  ретінде  азаматтық  емес,  белгілі  бір  аумақта  тұрақты  тұру
қағидасы жатыр. ТМД мемлекеттерінің алғашқы заңдарында шетелдіктерге  ұлттық
режим берілген, қазіргі таңда ең қолайлы жағдай  режиміне  көшу  тенденциясы
байқалады.   Шетелдіктерге   болу   мемлекетінің   заңын    сақтауды    және
антимонополиялық заңнаманың  нормаларын  да  сақтауда  міндет  қояды.  Шетел
азаматын инвестор ретінде танудың бір негізі – шаруашылық қызметті  атқарушы
ретінде  азаматтығы  мемлекетінде  немесе  тұрақты  тұрғылықты  мемлекетінде
тіркелу табылады.
    Қазақстандағы  кәсіпкерлік  қызметтің  дамуы  туралы  заңнамада   шетел
азаматтарына   Қазақстан   аумағында   кәсіпкерлік   қызметпен    айналысуда
қазақстанның азаматтарымен бірдей тең құқықтар мен міндеттер берілген.
    Мемлекеттер  мен  халықаралық  инвесторлар   инвестор   ретінде   басқа
мемлекеттерде  бола   алады.   Мемлекеттің   жеке   құқықтық   инвестициялық
қатынастарға  қатысуынан   оның   халықаралық   инвестициялық   қатынастарға
қатысуынан айыра  білу  керек.  Мемлекет  туралы  сөз  көтере  отырып,  оның
инвестициялық қатынастарда иммунитеті болатындығын  ескерген  жөн.  Мәселен,
мемлекет   иммунитетін   пайдаланса,   онда   мемлекет   сыртқыэкономикалық,
инвестициялық қызметті жүзеге асыра отырып, әріптесімен қатынаста дау  туса,
әріптесі мемлекетті сотқа  жауапқа  тарта  алмайтын  болады.  Бұл  жағдайдың
себебі, мемлекет тәуелсіздік, егемендік және юрисдикция  сияқты  белгілермен
сипатталады. Қазіргі таңда, көптеген мемлекеттерге қатысты сотқа талап  арыз
беру мүмкіндігі туып отыр. Мұның  бұлай  болуы  мемлекет  жеке  қатынастарда
басқа субъектілермен тепе-тең түсуімен түсіндіріледі.
    Халықаралық ұйымдардың ішінде  шетелдік  инвестор  ретінде  халықаралық
банкілер табылады. Бұл  субъектіні  біз  халықаралық  есептер  мен  несиелер
тарауында толығымен қарастырамыз.
    Шетелдік инвесторлар үшін жағдай тудыру және  кепілдіктерді  қамтамасыз
ету. Ұлттық  режим  негізінде  шетелдік  инвесторлар  ұлттық  кәсіпкерлерге,
жергілікті инвесторларға теңестіріледі. Ең қолайлы жағдай  режимі  негізінде
барлық  шетелдік  инвесторлар  бір-біріне  теңестіріледі;  бір   мемлекеттің
шетелдік инвесторларына берілген инвестициялық  қызметтің  жағдайлары  басқа
мемлекеттің (мемлекеттердің) инвесторларына да беріледі.
    Осы  екі  режим  мемлекеттермен   өзара   бастауларда   инвестицияларды
көтермелеу  және  қорғау  туралы  мемлекетаралық  келісім  негізінде  жүзеге
асырылады.  Әртүрлі  мемлекеттермен  әртүрлі  режимдер  белгіленуі   мүмкін.
Белгілі бір режимді бергенде мемлекет шетел кәсіпкерлерінің салымдарына  тең
құқылы және әділді режимді беру жөнінде міндеттеме  алады.  Бірақ,  мемлекет
аралас  та  режимдер  белгілеуі   мүмкін.   Ұлттық   режимде   де   шетелдік
инвесторларға белгілі бір шектеулер қойылуы мүмкін.  Сонымен  қатар,  ұлттық
және  өзге  де  режимдерде  ұлттық  экономиканың  белгілі   бір   салаларына
жеңілдіктер мен артықшылықтар да берілуі ықтимал.
    Шетелдiк инвестициялардың кез келген нысандары мен соларға  байланысты,
Қазақстан Республикасының  қолданылып  жүрген  заңдарында  тыйым  салынбаған
қызмет осындай жағдайда  Қазақстан  Республикасы  жеке  тұлғаларының  немесе
заңды тұлғаларының, не өзге де кез келген шетелдiк жеке тұлғалар  мен  заңды
тұлғалардың  инвестицияларына  қаншалықты  қолайлы  жағдайлар   жасалатынына
қарай,  олардан  қолайлылығы  жағынан  кем  түспейтiн   жағдайларда   жүзеге
асырылады.  Бұл  Қазақстандағы  шетелдік  инвестициялардың  режимінің  жалпы
ережесі. Бұл режим: а) басқа мемлекеттердiң жеке және заңды тұлғаларына  осы
мемлекеттермен, не халықаралық конвенцияларға  сол  мемлекеттермен  бiрлесiп
қатысу арқылы жасалған халықаралық шарттарға сәйкес  Қазақстан  Республикасы
беретiн  артықшылықтарға;  б)  Қазақстан  Республикасының  заң  құжаттарында
тiкелей  көзделген  өзге  де  жағдайларда  қолданылмайды.   Сонымен   қатар,
экономика мен әлеуметтiк  саланың  басымдық  берiлген  салаларында  шетелдiк
инвестициялар үшiн белгiленуi мүмкiн. Ұлттық  қауiпсiздiктi  қамтамасыз  ету
қажеттiгiне  сүйене  отырып,  Қазақстан  Республикасының   заң   актiлерiнде
шетелдiк   инвесторлардың    немесе    шетел    қатысатын    кәсiпорындардың
инвестициялық  қызметi  шектелетiн  немесе  оған  тыйым  салынатын  аумақтар
белгiленуi мүмкiн.
    Қазақстан шетелдік инвесторларға қандай кепілдіктер береді?
 Жалпы ереже бойынша, Қазақстан соғыстың немесе басқа да  қарулы  жанжалдың,
революцияның, төтенше  жағдайдың,  азаматтық  қақтығыстардың  немесе  сондай
жағдайлардың салдарынан, сондай-ақ  заңсыз  қалыпты  құжаттар  мен  шешiмдер
қабылдауға  немесе  мемлекеттiк  органдардың  лауазымды  адамдарының  заңсыз
әрекеттерi  жүзеге  асыруына  байланысты  Қазақстан  Республикасында  нұқсан
келтiрiлген шетелдiк инвесторларға өтем төлеген  кезде  қолайлылығы  жағынан
жоғарыда  көрсетiлген   жағдайлар   салдарынан   зардап   шеккен   Қазақстан
Республикасының  заңды  және  жеке  тұлғалары   зиянының   орнын   толтыруда
қолданылатыннан кем емес  режим  жасалады  деген  кепілдік  береді.  Сонымен
қатар, Қазақстан экспроприациялаудан қорғау кепiлдiктерiн  береді.  Шетелдiк
инвестицияларды Ұлт меншiгiне алуға, экспроприациялауға  немесе  оларға  ұлт
меншiгiне алу мен экспроприациялау сияқты зардаптары  бар  өзге  де  шаралар
қолдануға  болмайды,  бұған  экспроприациялау  тиiстi  заң  тәртiбiн  сақтай
отырып, қоғам мүдделерiне орай жүзеге асырылатын және  пара-пар  әрi  тиiмдi
өтем кемсiтпей дереу төленетiн  жағдайлар  қосылмайды.  Экспроприацияланатын
инвестициялардың өтемi инвесторға  экспроприациялау  туралы  белгiлi  болған
кездегi әдiлеттi рыноктық құнға тең болуға тиiс. Өтем экспроприация  күнiнен
Қазақстан Республикасының  Ұлттық  Банкi  белгiлейтiн  ставка  бойынша  өтем
төленетiн күнге дейiнгi кезең iшiнде төленуге тиiстi ақшаны  пайдалану  үшiн
төленетiн ақыны қамтуға тиiс.
    Мемлекеттiк органдар  мен  лауазымды  адамдардың  заңсыз  iс-әрекетiнен
қорғау кепiлдiктерiн де Қазақстан шетелдік инвесторларға  берді.  Бұл  ереже
Заңның 8-бабында көзделген:  «Мемлекеттiк  органдар  мен  олардың  лауазымды
адамдарының  Қазақстан  Республикасының  заңдарын  бұзып   қабылдаған   және
шетелдiк инвестордың құқықтық жағдайын нашарлататын актiлерiнiң  заңды  күшi
болмайды».
    Шетелдік инвестициялар туралы Заңда заңдар өзгергендегі кепілдіктер  де
бар. Заңдардағы өзгерiстердiң нәтижесiнде және (немесе) халықаралық  шарттар
ережелерiнiң күшiне  енуiне  және  (немесе)  өзгеруiне  байланысты  шетелдiк
инвестордың жағдайы нашарлаған ретте шетелдiк инвестицияларға  10  жыл  бойы
инвестицияларды жүзеге асырған  кезде  қолданылған  заңдар  қолданылады,  ал
мемлекет уәкiлдiк берген  органдармен  жасалған  ұзақ  мерзiмдi  (10  жылдан
астам)  келiсiм-шарттар  бойынша  жүзеге  асырылатын  инвестицияларға,  егер
келiсiм-шартта   өзгеше   көзделмесе,   келiсiм-шарт   қолданылатын   мерзiм
аяқталғанға дейiн қолданылады.  Заңдардағы  өзгерiстердiң  нәтижесiнде  және
(немесе)  халықаралық  шарттар  ережелерiнiң  күшiне  енуiне  және  (немесе)
өзгеруiне байланысты шетелдiк инвестордың жағдайы жақсарған  ретте  шетелдiк
инвестор мен  республиканың  өкiлi  болып  табылатын  уәкiлеттi  мемлекеттiк
органның арасындағы келiсiм-шарттардың  жекелеген  ережелерi  қатысушылардың
экономикалық мүдделерiн  теңдестiруге  қол  жеткiзу  мақсатымен  тараптардың
өзара келiсiмi бойынша өзгертiлуi мүмкiн. Лицензия  негiзiнде  инвестициялық
қызметтi жүзеге  асыру  кезiнде  осы  баптың  бiрiншi  тармағында  көзделген
кепiлдiк  бiрiншi  тармақта  белгiленген   мерзiм   iшiнде   -   лицензияның
қолданылуы  тоқтатылғанға  дейiн,  ал   оны   ұзартқан   жағдайда   лицензия
ұзартылған  мерзiм  аяқталғанға  дейiн  сақталады.  Бұл  талаптар   қорғаныс
қабiлетiн, ұлттық  қауiпсiздiктi  қамтамасыз  ету  саласындағы,  экологиялық
қауiпсiздiк пен  денсаулық  сақтау  және  адамгершiлiк  аясындағы  Қазақстан
Республикасы заңдарына енгiзiлген өзгерiстерге қолданылмайды.  Заңдарға  осы
салаларда шетелдiк инвестордың жағдайын нашарлататын  өзгерiстер  енгiзiлген
кезде   шетелдiк   инвесторға   инвестицияланған   валютаға,   не   шетелдiк
инвестордың  Қазақстан  Республикасымен  келiсiмiнде  белгiленген   шетелдiк
валютаға пара-пар және тиiмдi өтем кiдiрiссiз  төленуге  тиiс.  Осы  ережеде
белгiленген  кепiлдiктер  акцизделетiн  тауарларды  импорттау  мен  (немесе)
өндiру, және (немесе) өткiзу, сондай-ақ өңдемей сатуға  арналған  тауарларды
импорттау тәртiбi мен шарттарын  (оның  iшiнде  салық  салу  мәселелерi  мен
мемлекеттiк   реттеудiң   өзге   де    шараларын)    өзгертетiн    Қазақстан
Республикасының   заңдарындағы   өзгерiстерге   және   (немесе)    Қазақстан
Республикасы қатысатын халықаралық шарттардың күшiне  енуiне  және  (немесе)
өзгерiстерiне қолданылмайды.
    Шетелдік инвесторлар кірістерді  өз  қалауы  бойынша  пайдалана  алады,
соған байланысты Заң кiрiстердi пайдалану  кепiлдiктерiн  береген.  Шетелдiк
инвесторлар өз қызметiнен  алған  кiрiстердi  өз  қалауы  бойынша  Қазақстан
Республикасының аумағында қайта инвестициялау үшiн, тауарлар сатып алу  үшiн
және  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  тыйым  салынбаған   басқа   да
мақсаттар үшiн пайдалануға құқылы. Шетелдiк инвесторлар кiрiстерi мен  басқа
да  қаражаттарын  сақтау  және  пайдалану  үшiн  Қазақстан   Республикасының
банкiлер туралы және валюталық  реттеу  туралы  заңдарына  сәйкес  Қазақстан
Республикасының  аумағындағы  банкiлерде  ұлттық  және  шетелдiк   валютамен
есепшот ашуға құқылы.
    Шетелдiк   инвесторлар   валюта   операцияларын    Заңда    белгiленген
ерекшелiктердi ескере отырып,  Қазақстан  Республикасының  валюталық  реттеу
туралы заңдарына  сәйкес  жүргiзедi.  Қазақстан  Республикасының  заңдарында
белгiленген рәсiмдерге  сәйкес  салықтар  мен  басқа  да  мiндеттi  төлемдер
төленген   жағдайда,   шетелдiк   инвестицияларға    байланысты    Қазақстан
Республикасына және одан шетелдiк валютамен ақша аударымдарының  бәрi  еркiн
және кiдiрiссiз  жүзеге  асырылады.  Мынадай  аудармаларға,  атап  айтқанда,
мыналар енгiзiледi: а) кiрiстер; б) келтiрiлген зиян  үшiн  алынған  өтемдер
мен төлемдер; в) өз мүлкiн сатудан алынған қаражат; г) инвестициялардың  бiр
бөлiгiн немесе бәрiн сатудан немесе жойып жiберуден түскен  ақша;  д)  басқа
да  көздерден  заңды  түрде  алынған  қаражат.  Шетел  қатысатын   кәсiпорын
валюталық  реттеу  туралы  заңдарда   белгiленген   тәртiп   бойынша   шетел
валютасымен есеп  айырыса  алады.  Шетелдiк  инвестор  мен  шетел  қатысатын
кәсiпорын өзiне тиесiлi ұлттық валютаға еркiн билiк жүргiзуге хақылы.
    Қазақстанда  шетелдік  инвестицияларға  рұқсаттық  тәртіп   енгізілген.
Лицензиялық (рұқсаттық) тәртіптің ерекшелігі шетелдік  инвестордың  жағдайын
анықтап оны бақылаудан көрінеді.
    Қазақстандағы кәсікерлердің  қызмет  бақыланатындығы  сияқты,  шетелдік
инвесторлардың қызметі де бақыланады.  Сондықтан,  Заң  тексеру  кезінде  де
шетелдік инвесторларға кепілдіктер  берген.  Шетелдiк  инвестордың  қызметiн
тексерудi,  бақылауды  және  қадағалауды  жүзеге  асыру  құқығын   Қазақстан
Республикасының заң  құжаттарымен  осы  құқық  арнайы  берiлген  мемлекеттiк
органдар   мен   заңды   тұлғалар   ғана   пайдаланады.   Шетел    қатысатын
кәсiпорындардың    қаржы-шаруашылық     қызметiн     тексерудi     Қазақстан
Республикасының  заңдарында  белгiленген  тәртiппен   мемлекеттiк   органдар
жүзеге асырады. Мемлекеттiк салық, санитариялық және басқа инспекциялар  мен
мемлекеттiк  бақылау  және  қадағалау   органдарының   тексерулерi   олардың
құзыретiне сәйкес жүзеге асырылады. Шетелдiк инвесторлар бұл органдардың  өз
құзыретiне  жатпайтын  мәселелер  жөнiндегi  талаптарын   орындамауға   және
олардың қызметi мәнiне қатысы жоқ материалдармен таныстырмауға құқылы.
    Инвестициялау процесі әртүрлі нысандарда  болады.  Олардың  бірі  болып
және  үлкен  қызығушылықты  тудыратын   мәселе   ретінде   шетел   қатысатын
кәсiпорындарды құру  және  тарату  табылады.  Шетел  қатысатын  кәсiпорындар
шаруашылық серiктестiгi, акционерлiк қоғам  нысанында,  сондай-ақ  Қазақстан
Республикасының  заңдарына  қайшы  келмейтiн  өзге  де  нысандарда   құрылуы
мүмкiн.  Егер  Заңдарда  өзгеше  көзделмесе,  шетел  қатысатын  кәсiпорындар
Қазақстан  Республикасының  заңды   тұлғалары   құрылатын   тәртiп   бойынша
құрылады. Шетел қатысатын кәсiпорынның жарғылық капиталының  қалыптастырудың
мөлшерi, тәртiбi мен  мерзiмi  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сәйкес
белгiленедi.   Жарғылық   капиталға   салымдар   Қазақстан   Республикасының
заңдарында белгiленген тәртiп  бойынша  үйлер,  ғимараттар,  жабдықтар  және
басқа  да  материалдық  қазыналар,  жердi,  суды  және   басқа   да   табиғи
ресурстарды, сондай-ақ  интеллектуалдық  қызмет  нәтижелерiне  құқықты  қоса
алғанда, өзге де мүлiктiк  құқықтарды  пайдалану  құқығы  түрiнде  енгiзiлуi
мүмкiн. Жарғылық капитал кәсiпорындардың шаруашылық қызметiн алынатын  пайда
мен  басқа  да  түсiмдер   есебiнен,   ал   қажет   болған   жағдайда   оған
қатысушылардың қосымша салымдары есебiнен  де  толықтырылып  отыруы  мүмкiн.
Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық  есептiк  көрсеткiштiң  мөлшерiне
тең сомадан асып  кетсе,  оны  бағалауды  тәуелсiз  сарапшы  растауға  тиiс.
Қазақстандық және шетелдiк қатысушылардың  бiрлескен  кәсiпорынның  жарғылық
капиталындағы  мүлiктiк   салымдарының   үлестерi   қатысушылар   арасындағы
уағдаластық  бойынша  заңды  тұлға  тiркелген  күнгi  дүниежүзiлiк  рыноктың
бағасы мен  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкi  белгiлеген  бағаларды
қолдана отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық  валютасымен  де,  шетелдiк
валютамен де белгiленедi. Жарғылық  капиталға  салымды  бағалауды  Қазақстан
Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.  Жарғылық
капиталдың ақшасы  Қазақстан  Республикасында  тiркелген  уәкiлеттi  банкiде
сақталуға  тиiс.  Шетелдiк  инвесторлар  Қазақстан   Республикасының   заңды
тұлғасы ретiнде құрылған акционерлiк қоғамнан акциялар жабық  не  шаруашылық
серiктестiктен  үлес  сатып  алу  жолымен  шетелдiк  инвестицияларды  жүзеге
асырған жағдайда  бұл  заңды  тұлғалар  шетел  қатысатын  кәсiпорын  ретiнде
белгiленген тәртiп бойынша қайта тiркелуге тиiс.
Шетел қатысатын кәсiпорындарды мемлекеттiк тiркеу Қазақстан  Республикасының
заңды  тұлғаларын  тiркеуге  арналған  Қазақстан   Республикасы   заңдарында
белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.  Шетел  қатысатын  кәсiпорын  осы  тәртiп
бойынша көзделген құжаттардан басқа мыналарды табыс етуге тиiс: а)  шетелдiк
заңды тұлға үшiн сол субъект өз елiнiң заңдары  бойынша  заңды  тұлға  болып
табылатынын куәландыратын сауда тiзiлiмiнен  алынған  көшiрме  немесе  басқа
құжат, нотариат бекiткен қазақ немесе орыс тiлдерiндегi аудармасымен  бiрге;
б) шетелдiк жеке тұлға үшiн жеке  тұлғаның  өзiн  куәландыратын  паспортының
немесе басқа құжатының көшiрме нұсқасы, нотариат бекiткен қазақ немесе  орыс
тiлдерiндегi аудармасымен бiрге.
    Қазақстан Республикасының аумағында кәсiпкерлiк қызметтi  жүзеге  асыру
құқығына берiлетiн, шетел қатысатын кәсiпорындар алуға мiндеттi  лицензиялар
жалпы және арнаулы лицензиялар болып бөлiнедi. Жалпы  лицензиялар  Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес өздерiнiң меншiк нысандары мен  мемлекеттiк
бағынысына қарамастан шаруашылық жүргiзушi барлық субъектiлер үшiн  лицензия
алу мiндеттi болып табылатын кәсiпкерлiк  қызмет  түрлерiне  қатысты.  Шетел
қатысатын кәсiпорындардың мұндай қызметтi  жүзеге  асыру  құқығына  лицензия
алуы Қазақстан  Республикасының  заңды  тұлғалары  үшiн  белгiленген  тәртiп
бойынша жүзеге асырылады. Арнаулы лицензиялар шетел  қатысатын  кәсiпорындар
жөнiнде ғана лицензия алу  қолданылатын  қызмет  түрлерiне  қатысты.  Мұндай
қызмет түрлерi Қазақстан Республикасының заң құжаттарымен белгiленедi.
    Сонымен қатар, шетелдік заңды  тұлғалардың  жүзеге  асыру  нысандарының
бірі ретінде филиалдар мен өкілдіктер табылады.
    Қазақстан  Республикасынан  тыс  жерлерде  орналасқан  шетелдiк   заңды
тұлғаның филиалы оның Қазақстан Республикасында орналасқан  және  тiркелген,
осы заңды тұлға мiндеттерiнiң  бәрiн  немесе  бiр  бөлiгiн  атқаратын  оқшау
бөлiмшесi болып табылады. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде  орналасқан
шетелдiк заңды тұлғаның өкiлдiгi оның Қазақстан  Республикасында  орналасқан
және тiркелген, шетелдiк  заңды  тұлғаның  мүдделерiн  қорғайтын  және  оған
өкiлдiк ететiн оның атынан  мәмiлелер  мен  өзге  де  құқықтық  iс-әрекеттер
жасайтын оқшау бөлiмшесi болып  табылады.  Филиалдар  мен  өкiлдiктер  заңды
тұлғалар болмайды. Оларға өздерiн құрған шетелдiк тұлға  мүлiк  бөледi  және
олар осы заңды тұлға бекiткен ереже негiзiнде  iс-қимыл  жасайды.  Филиалдар
мен өкiлдiктердiң басшыларын шетелдiк заңды  тұлға  тағайындайды  және  олар
өздерiне берiлген сенiмхат  негiзiнде  iс-қимыл  жасайды.  Қазақстаннан  тыс
жерлерде орналасқан шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары  мен  өкiлдiктерiн
Қазақстан  Республикасында  шетел   қатысатын   кәсiпорындарды   мемлекеттiк
тiркеудi  жүзеге  асырушы  органдар  тiркейдi.  Шетелдiк  заңды  тұлғалардың
филиалдары   мен   өкiлдiктерiн   тiркеу   Қазақстан   Республикасы    заңды
тұлғаларының филиалдары мен өкiлдiктерiн тiркеу үшiн Қазақстан  Республикасы
заңдарында  белгiленген  ортақ  ережелер   бойынша   жүргiзiледi.   Тiркеуге
арналған  құжаттар  нотариат  бекiткен  қазақ   немесе   орыс   тiлдерiндегi
аудармасымен  бiрге  табыс  етiледi.  Шетел  қатысатын  кәсiпорын   заңдарда
белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан  Республикасының  аумағында  және  одан
тыс жерлерде заңды  тұлға  құқықтары  бар  еншiлес  кәсiпорындар,  сондай-ақ
филиалдар  мен  өкiлдiктер  құра  алады.  Шетел  қатысатын   кәсiпорындардың
филиалдары мен өкiлдiктерi заңды тұлға болмайды  және  өздерi  туралы  шетел
қатысатын кәсiпорындар бекiтетiн ережелер негiзiнде жұмыс iстейдi.
    Мемлекеттер    көптеген    халықаралық    келісім-шарттар     жасасады,
инвестициялық  даулар  да  олардың   ішінде   үлкен   роль   атқарады.   Заң
инвестициялық   даулардың   тәртібін   анықтаған.   Инвестициялық    даулар,
мүмкiндiгiнше, келiссөздер арқылы шешiледi. Егер мұндай  дауларды  дауласушы
кез келген бiр  тараптың  екiншi  тарапқа  жазбаша  өтiнiш  жасаған  күнiнен
бастап  үш  ай  iшiнде  келiссөз  арқылы  шешу  мүмкiн   болмаса,   шетелдiк
инвестордың жазбаша келiсiмi болған жағдайда дау кез келген тараптың  қалауы
бойынша: 1) Қазақстан Республикасының сот органдарына; 2)  дауларды  шешудiң
келiсiлген,  соның   iшiнде   келiсiм-шартта   немесе   дауласушы   тараптар
арасындағы кез келген өзге  келiсiмде  белгiленген  рәсiмге  сәйкес  мынадай
төрелiк органдарының бiрiне: а) егер инвестордың мемлекетi  Вашингтонда  қол
қою  үшiн  1965  жылғы   18   наурызда   ашылған   Мемлекеттер   мен   басқа
мемлекеттердiң   азаматтары   арасындағы   инвестициялық   дауларды   реттеу
жөнiндегi   конвенцияның   (ИКСИД   Конвенциясы)   қатысушысы   болса,   сол
Конвенцияға  сәйкес  құрылған  Инвестициялық   дауларды   реттеу   жөнiндегi
халықаралық орталыққа; б) егер инвестордың  мемлекетi  ИКСИД  Конвенциясының
қатысушысы болмаса, Орталықтың Қосымша (Қосымша органның  Ережелерi  бойынша
жұмыс iстейтiн) органына; в)  Бiрiккен  Ұлттар  Ұйымының  Халықаралық  сауда
құқығы  жөнiндегi  Комиссиясының  (ЮНСИТРАЛ)  Төрелiк  регламентiне   сәйкес
құрылатын төрелiк органдарына; г) Стокгольмдегi  Сауда  Палатасының  Төрелiк
институтында төрелiк  етiп  қарауға;  д)  Қазақстан  Республикасының  Сауда-
өнеркәсiп палатасы жанындағы Төрелiк  комиссиясына  шешуге  берiлуi  мүмкiн.
Шетелдiк инвестор дауларды қараудың 2-тармағының 2) тармақшасында  көзделген
рәсiмiн таңдаған жағдайда Қазақстан Республикасының келiсiмi  алынған  болып
топшыланады. Шетелдiк инвестордың  келiсiмi  уәкiлеттi  мемлекеттiк  органға
кез келген уақытта жазбаша өтiнiш  беру  арқылы  немесе  төрелiкке  жүгiнген
кезде берiлуi мүмкiн. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган дауды шешудiң  бастамашысы
болған,  ал  шетелдiк  инвестор  дауларды  қараудың  белгiлi   бiр   рәсiмiн
таңдаудан   жалтарған   жағдайда,   уәкiлеттi   мемлекеттiк   орган    дауды
бiтiмгершілiкпен реттеу мақсатымен шетелдiк инвесторға бiрiншi  рет  жазбаша
хабарлаған күнiнен бастап үш ай өтiсiмен  уәкiлеттi  орган  дауды  Қазақстан
Республикасының сот органдарына қарауға беруге хақылы. Шетелдiк инвестор  2-
тармақта көзделген дауларды шешудiң өзге рәсiмiн  таңдағаны  туралы  жазбаша
өтiнiш берген жағдайда iстi қараушы сот iс жүргiзудi  тоқтатады.  Осы  жерде
кез  келген  төрелiк  iстi  қарау,  егер  шетелдiк  инвестор  мен  уәкiлеттi
мемлекеттiк орган арасындағы келiсiмде  өзгеше  көзделмесе,  1958  жылғы  10
маусымда Нью-Йоркте қол  қойылған  Шетелдiк  төрелiк  шешiмдердi  тану  және
орындау туралы Конвенцияға (Нью-Йорк Конвенциясы) қатысушы мемлекетте  өтуге
тиiс. Осы жерде  шығарылған  кез  келген  төрелiк  шешiм  инвестициялық  дау
тараптары үшiн түбегейлi және  мiндеттi  болады.  Қазақстан  Республикасында
мұндай шешiм Қазақстан Республикасы сот органдарының  шешiмдерi  ретiнде  де
орындалады. Шетелдiк инвесторлардың Қазақстан Республикасының  азаматтарымен
және заңды тұлғаларымен, оның iшiнде Қазақстан  Республикасының  мемлекеттiк
органдарымен  инвестициялық  дау  санатына  жатпайтын  дауларын,  егер   заң
актiлерiнде немесе  тараптардың  келiсiмiнде  өзгеше  көзделмесе,  Қазақстан
Республикасының сот органдары  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сәйкес
шешедi.
      Өзін өзі бақылау сұрақтары
     1. Меншік  құқығы  және  халықаралық  дербес  құқықтың  ара  қатынасын
талдау;
    2. Халықаралық дербес құқықтағы ұлттандыру мәселесін сипаттау;
    3. Шетелдік инвестицияларды құқықтық реттеу сұрағын талдау.
         Ұсынылатын  әдебиет
   1. Богатырев А.Г. Инвестиционное право. М.: Российское право, 1992.
   2. Gastel J.G. Extraterritoriality in International Trade Canada and  USA
      compared. Toronto: Butterworths, 1988.
    Leckey A. The 20 Hottest Investments for  the  21st  Century.  Chicago:
Contemporary Book, 1994
Тақырып  13.   Сыртқыэкономикалық мәміленің коллизиялық мәселелері
    1. Сыртқыэкономикалық мәміленің жалпы сипаттамасы және оның түрлері
    2. Сыртқыэкономикалық мәміленің коллизиялық ережелері және  оларды  жою
шаралары
    3.Англия, германия, ақш  және  франция  құқығындағы  сыртқыэкономикалық
мәміленің коллизиялық ережелері
    1. Сыртқыэкономикалық мәміле  бұл  халықаралық  құқықтағы  ең  күрделі,
ауқымды  және  маңызды  тақырыптардың  бірі  болып  табылады.  Себебі,   бұл
кәсіпкерлік құқық аясында жүргізіледі және мемлекеттің экономикалық  дамуына
үлкен үлес қосады. Тағы бір айта кететін  жайт  ҚР-ның  АК-нде  керсетілген,
көзделген шарттардың барлығын қамтиды. Осы  себептен  де  сыртқыэкономикалық
мәмілердің  тиімділігі  және  маңыздылығы  арта  түседі.   Бұл   коллизиялық
мәселенің өзі де қарастыруға тұрарлық мәселе деп түсінеміз.  Сонымен  қатар,
коллизиялық мәселелер, яғни ережелер және  оларды  жою  шаралары,  сондай-ақ
тараптардың   еркіндік   кағидасы    және    сол    еркіндіктің    Қазакстан
Республикасының   заңдарымен   шектелуі,   сонымен   катар   өзге   елдердің
құқығындағы    сыртқыэкономикалық    мәміленің     коллизиялық     ережелері
қарастырылады.  Сыртқыэкономикалық  қызметтің  ішіне  мемлекеттердің  сыртқы
сауда  қызметі,  халықаралық  инвестициялық,  валюталық  және  қаржы,  несие
операциялары, өндірістік кооператив және де өзге де қызмет түрлері кіреді.
    Сыртқы  сауда  қызметі  Қазакстан  Республикасының  заңнамасы   бойынша
кәсіпкерлік қызмет ретінде  танылады  және  ол  халықаралық  тауар,  қызмет,
жұмыс,  интеллектуалдық  қызмет  нәтижелерін  және   оларға   деген   меншік
кұқықтары алмасу түрінде жүзеге асырады.
    Сыртқы сауда қызметінің субъектілері  ретінде  оның  қазақстандық  және
шетелдік  қатысушылары  танылады.  Сыртқы  сауда   қызметінің   қазақстандық
қатысушыларына Қазакстан Республикасынын  заңдары  негізінде  құрылған  және
сол жерде  тұрақты  қызмет  атқаратын  жеке  тұлғалар  да  жатады.  Шетелдік
қатысушылар  ретінде  шетел  мемлекетінде  тіркеліп  құрылған   және   құқық
қабілеттілігі және әрекет кабілеттілігі олар азаматы болып  табылатын  шетел
мемлекетінің   құқығымен   анықталатын   шетел   азаматтары    және    құқық
қабілеттілігі мен әрекет кабілеттілігі тұрғылықты жері  бойынша  анықталатын
азаматтығы жоқ жеке тұлғалар танылады.
    Сыртқыэкономикалық  мәмілеге  қатысты  коллизиялық  нормалар  негізінен
сыртқы саудаға қатысты зерттелді.
    Сыртқы сауда ретінде ғылыми доктриналарда кем дегенде бір тарабы  шетел
азаматы  немесе  шетел  заңды  тұлғасы  болып  табылатын   және   тауарларды
шекарадан алып өтуге немесе әкелуге байланысты мәмілелер  танылады.  Аталған
анықтамадан біз сыртқы саудаға тән белгілерді көруімізге болады.
    Олар: 1) тараптардың бірі  шетел  тұлғасы  болып  табылады  және  басқа
мемлекетте орналасуы керек.
    2) мәміленің пәні сыртқы саудаға байланысты операциялар болып табылады.
Мысалы: тауар жеткізу, мүлік жалдау, жүк тасымалдау т.б.
    Л.А. Лунц «Сыртқыэкономикалық  мәміленін  түрлері  көбеюі,  күрделенуі,
өзгеруі мүмкін,  осыған  байланысты  сыртқыэкономикалық  мәміленің  түсінігі
тұрақты болуы қиын.  Сондықтан,  осы  көбейтуді,  күрделенуді,  өзгерістерді
қамтитын жалпы анықтама  табу  керек»  деген.  Біздің  ойымызша,  М.С  Зыкин
сыртқыэкономикалық   мәмілеге   ұтымды   анықтама   берген.   Оның   ойынша,
сыртқыэкономикалық  мәміле  дегеніміз  кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге   асыру
барысында   екі   мемлекетке   орналасқан   тұлғалар   немесе   коммерциялық
кәсіпорындар  арасында  жасалатын  шарттар  болып  табылады.  Бұл   анықтама
сыртқыэкономикалық мәмілеге жалпы мінездеме береді.
    Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1113-бабының мазмұнынан біз
сыртқыэкономикалық мәміленің түрлерін  көре  аламыз.  Олар:  сатып  алу-сату
шарты, сыйға тарту шарты, мүлікті жалға беру шарты, мүлікті тегін  пайдалану
шарты, мердігерлік шарты, тасымалдау шарты, көлік экспедициясы шарты,  карыз
немесе өзге де несие шарты, тапсырма шарты, комиссия  шарты,  сақтау  шарты,
сақтандыру шарты, кепілге алу шарты,  айрықша  құқықтарды  пайдалану  туралы
лицензиялық,  шарттар.  Бұл  шарттар  сыртқыэкономикалық  мәмілені   білдіре
алады,  егер  олар  мәміле  жасасушы  тараптар  екі  мемлекетте   орналасса.
Сыртқыэкономикалық мәміленің жоғарыда көрсетілген түрлері нақты  деп  айтуға
болмайды, олардың қатары өзгеруі мүмкін.
    Енді осы  шарттардың  маңыздыларына  тоқталсақ:  Сатып  алу-сату  шарты
бойынша  бір  тарап  (сатушы)  мүлікті  (тауарды)  екінші  тараптың   (сатып
алушының) меншігіне шаруашылық жүргізуіне  немесе  жедел  басқаруына  беруге
міндеттеңді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға  және  ол  үшін
ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндеттеңді.
    Сыйға тарту шарты бойынша бір  тарап  (сыйға  тартушы)  басқа  тараптың
(сыйға алушының) меншігіне затты немесе өзіне немесе үшінші адамға  мүліктік
құқықты (талапты) тегін береді немесе беруге  міндеттенеді,  не  оны  өзінің
немесе үшінші тұлғаның алдындағы мүліктік міндеттен  босатады,  не  босатуға
міндеттенеді.
    Жүкті тасымалдау шарты бойынша бір  тарап  (тасымалдаушы)  өзіне  басқа
тараптың  (жүк  жөнелтушінің)  сеніп  тапсырған  жүгін  белгіленген  мекенге
жеткізуге  және  жүкті  алуға  уәкілетгі   адамға   (алушыға)   оны   беруге
міндеттенеді, ал  жүк  жөнелтуші  жүкті  тасымалдағаны  үшін  шартқа  немесе
тарифке сәйкес ақы төлеуге міндеттенеді.
    Жолаушы  тасымалдау  шарты  бойынша  тасымалдаушы   жолаушыны   баратын
мекеніне, ал жолаушы теңдеме  жүкті  апаратын  мекенге  жеткізуді  және  оны
теңдеме жүкті алуға  құқық  берілген  адамға  беруге  міндеттенеді;  жолаушы
жолына, ал теңдеме жүгін тапсырған кезде - теңдеме  жүгін  алып  баруға  ақы
төлеуге міндеттенеді.
    Енді сыртқыэкономикалық  мәмілелерді  ішкі  мәмілелерден  ажырата  білу
ерекшеліктеріне келсек, олар мыналар:
    1. Тараптардың коммерциялық кәсіпорындары міндетгі түрде екі мемлекетке
орналасуы керек.
     2.  Олардың екі құқықтық жүйесі болуы керек.
     3.  Сатып алу-сату шартына байланысты тауарлар бір  мемлекеттен  екінші
        мемлекетке ауысқан жағдайда олар міндетті түрде шекараны кесіп  өтуі
        керек.
     4. Тараптар арасында дау туындаған жағдайда тараптардың өздері  келісім
        бойынша  қай  елде,  қандай  процедура  бойынша  және  кандай  тілде
        карастыруға болатынын өздері шешеді.
    2.  Халықаралық   дербес   құқықтың   субъектілерінің   кұқықтары   мен
міндеттерін  анықтайтын  және   тікелей   реттейтін   материалдық   құқықтық
нормалардан  ерекшелігі  коллизиялық  норма  осы  қатынасқа  байланысты  қай
мемлекеттің құқығын қолдану керек екендігін көрсетеді.
    ҚР АК-нің 1112-бабы тараптардың сыртқыэкономикалық мәміледегі құқықтары
мен міндеттерін тараптардың келісімімен таңдалған  елдің  құқығына  бағынады
деп көрсетеді.
    Сыртқыэкономикалық  мәмілеге  байланысты  тараптардың   кұқықтары   мен
міндеттері  бағынатын  құқықты  анықтау  ҚР-ның   заңнамасында   тараптардың
еркіндігі қағидасына негізделеді (lex voluntatis).  Бұрынғы  Кеңес  Одағының
заңында да бұл қағида көзделген, бірақ ол өзгеше жазылған болатын:
    «Сыртқыэкономикалық  мәмілеге  байланысты  тараптардың  құқықтары   мен
міндеттері егер тараптар өзгеше  келіспесе  шарт  жасалған  елдің  құқығымен
анықталады» делінген.
    Ал ҚР заңы мұны нақтылап, толықтырып көрсетеді, яғни тараптың өздерінің
бекітілген мәмілелеріне қолданылатын  құқықты  өздері  шарт  жасап  жатқанда
немесе одан кейін өзара келісімдері негізінде таңдап алуға құқылы  делінген.
Бірақ  ҚР  заңы  бойынша  шарттардың  кейбір  түрлеріне  қолданатын  құқықты
тараптардың  таңдап  алуына  жол  берілмейді,  яғни  императивтік   нормалар
бекітілген. Ол ҚР АК-нің 1113-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген:
    1. Нысанасы қозғалмайтын зат болып табылатын шарт  бойынша,  сондай-ақ,
мүлікті  сенімгерлікпен   басқару   туралы   шарт   бойынша   кұқықтар   мен
міндеттемелерге сол мүлік тұрған елдің құқығы, ал Қазақстан  Республикасында
мемлекеттік тізімге енгізілген  мүлікке  қатысты  Қазақстан  Республикасыньщ
кұқығы қолданылады.
    2. Бірлескен қызмет және  құрылыс  мердігерлігі  туралы  шартқа  мұндай
қызмет жүзеге асырылатын немесе шартта көзделген нәтижелер  жасалатын  елдің
құқығы қолданылады.
    3.     Конкурстық сауда-саттықтың (теңдердің, аукционның) қорытындылары
бойынша немесе биржа орналасқан елдің құқығы қолданылады.
    Егер бұрын тараптар «бірлескен өнеркәсіп» кұру туралы бірлескен  қызмет
шартын жасай отырып, қай елдің құқығын  қолданатынын  таңдап  алатын  болса,
қазіргі жағдайда мұндай еркіндік шектелген.
    Егер  тараптар  жасасқан  мәлімдеме  олардың  қай  мемлекеттің  құқығын
қолданатындығы туралы келісімі болмаған кезде  ол  шартқа  ҚР  АК-нің  1113-
бабының ережелері қолданылады.
    Олар:
    1) сатып алу-сату шартында - сатушы;
    2) сыйға тарту шартында - сыйға тартушы;
  3)  мүлікті жалға (арендаға) беру шартында - жалға беруші;
  4)  мүлікті тегін пайдалану шартында - несие беруші;
  5)  мердігерлік шартында - мердігер;
  6)  тасымалдау шартында - тасымалдаушы;
  7)  көлік экспедициясы шартында - экспедитор;
  8)  карыз немесе өзге де несие шартында - несие беруші;
    9) тапсырма шартында - сенім білдірілген адам;
10)  комиссия шартында - комиссионер;
11)  сақтау шартында - сақтаушы;
 12)  сақтандыру шартында - сақтандырушы;
 13)  тапсырма беру шартында - тапсырма беруші;
14)  кепілге салу шартында - кепілге салушы;
15)  айрықша құқықтарды пайдалану  туралы  лицензиялық  шартта  -  лицензиар
   болып табылатын тараптар құрылған, тұратын жері болады.
    Азаматтық  кодекстің  1113-бабында  көрсетілген   шарттың   15   түріне
байланысты  15  түрлі  байламдармен  қатар  азаматтық  заңнамада  өндірістік
әріптестік, құрылыс және басқа да күрделі құрылыстарды жүргізуге  байланысты
ережелер  көрсетілген.  Оған  сәйкес  егер  тараптардың  келісімінде  өзгеше
керсетілмесе ондай жағдайда осындай қызметтің жүзеге асырған жер құқығы
немесе шарт бойынша нәтиже жасалған жердің құқығы қолданылады.
    Егер тараптардың қолданылуға  тиісті  құқық  туралы  келісімі  болмаған
кезде, мұндай шарттың мазмұны  үшін  шешуші  маңызы  бар,  орындауды  жүзеге
асыратын тараптар құрылған, тұрғылықты жері немесе қызмет орны болған  елдің
құқығы қолданылады.
    Сонымен, 1995 жылғы қабылданған  Азаматтық  кодексте  жаңа  халықаралық
шарттардың түрі және даму дәрежесі ескерілген өзге  де  мәмілелерге  қатысты
бекітілген  жер  заңын  қолдануға  байланысты  коллизиялық,  нормалар   бар.
Азаматтық кодекстің 1113-бабының 5-тармағына сәйкес, шарт бойынша  орындауды
қабылдауға  қатысты  тараптар  өзгеше  келіспегендіктен,  осындай   қабылдау
өткізетін орынның құқығы ескеріледі.
    Шарт  жасасу  барысында  онда  тәжірибеде,  яғни  шарттың  өзінде  шарт
жасалған мемлекетті немесе елді көрсетеді. Егер  ондай  мемлекет  немесе  ел
көрсетілмесе шарттың мәнінен оны анықтауға болады. Сол  арқылы  шартқа  егер
тараптардың арасында өзгеше түрде көзделмесе  шарт  жасалған  елдің  құқығын
қолдануға болады.
    Сыртқыэкономикалық мәмілеге құқықты таңдау  жолымен  мәмілеге  міндетті
статут   бекітіледі.   Міндетті   статут   негізінде   тараптардың   шарттық
міндеттерін орындамаған жағдайда  пайда  болатын  құқықтары  мен  міндеттері
анықталады  және   міндетті   статут   негізінде   жауапкершіліктен   босату
жағдайлары да қарастырылады, талап ету мерзімі де көрсетіледі.
    Сонымен қатар, міндетті статут сыртқы сауда шартының кол  қою  нысанына
қолданылмайды,  өйткені  заң  бұл  мәселелерге  байланысты  ерекше  ережелер
бекітеді.
    Халықаралық  сатып  алу-сату  шартын  реттейтін  материалдық   құқықтық
норманың болмауы ол коллизиялық нормаларды қолдануға итермелейді, ал  ол  өз
негізінде халықаралық сауда-саттықтың дамуына кедергі жасайды.
    БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 1966 жылғы 17  желтоқсандағы  резолюциясында
халықаралық   саудадағы   байланысты   мемлекеттің    заңдарының    арасында
қайшылықтар оның дамуына кедергі келтіреді делінген.
    Ұлттық заңдар бір-бірінен ерекшелінеді  және  бір  мәселеге  байланысты
әртүрлі ережелерді бекітеді.
    Әр түрлі халықаралық ұйымдар және  де  жеке  мемлекеттер  сыртқы  сауда
айналымын реттейтін біріздендірілген норма  жасауға,  қалыптастыруға  әрекет
жасады.
    Бұндай біріздендіру мына жолдармен жүзеге асуы мүмкін:
   1)   ұлттық  заңдарға  халықаралық  заңдар  шарттар  шеңберінде  жасалған
      нормативтік ережелерді енгізу;
   2)  біркелкі заңдарды қалыптастыру;
   3)  әр түрлі топтық шарттарды қолдану;
    4) халықаралық ұйымдардың қалыптасқан сауда-саттыққа  байланысты  әдет-
ғұрыптарын сауда-саттық терминдердері деп аталатын құжатқа біріктіру.
    Осыған байланысты 1964  жылы  өткен  Гаага  конвенциясының  сессиясында
халықаралық сатып алу-сату  шартын  жасасуға  қолданылатын  біркелкі  заңдар
туралы Гаага конвенциясы және тауарларды халықаралық сатып алу шарты  туралы
Гаага  конвенциясы  қабылданды,  бірақ  күшіне  енеді.  Себебі,  бұл   батыс
елдерінің заңына сүйене отырып, жасалған еді.
    БҰҰ-ның халықаралық сауда комиссиясы өз алдына құқықтық жүйесі әр түрлі
көптеген елдерге қолайлы болатын унификацияланған  ережелерді  жасау  туралы
мақсат  қойды.  Осы  Комиссияның  жұмысының  нәтижесінде  1980  жылы  Венада
қабылданған халықаралық сатып  алу-сату  шарты  туралы  Вена  конвенциясының
жобасы жасалды.  Бұл  конвенцияның  кіріспе  бөлімінде  әр  түрлі  коғамдық,
экономикалық және құқықтық жүйені қамтитын және халықаралық сатып алу,  сату
шартын реттейтін біркелкі норманың қабылдануы  халықаралық  сауда-саттықтағы
кедергілерді жоюға және оның дамуына ықпал етеді делінген.
    Бұл конвенцияда талап ету мерзімі және дауды шешу тәртібіне  байланысты
ештеңе  айтылмаған.  Бірақ  талап  ету   мерзімі   1974   жылы   қабылданған
халықаралық  сатып  алу-сатудағы  талап  ету  мерзімі  туралы   конвенциямен
реттеледі.
    Ешқандай коллизиялық нормаларды  қамтымайтын  1980  жылғы  конвенцияның
қабылдануы сол конвенциямен  қамтылмаған  басқа  да  материалдық  нормаларды
қолдау кажеттігін  туғызды.  Содан  кейін,  1985  жылы  кезектен  тыс  Гаага
конференциясында  халықаралық  сатып  алу-сату  шартына  қолданылатын  құқық
туралы конвенция қабылданды.
    Коллизиялық проблемаларды жоюдың тағы бір жолы - типтік контракт  болып
табылады. Бұл  көбінесе  ірі  экспортерлар  мен  импортерлар  арасында  және
олардың бірлестіктері мен ассоциация арасында қолданылады.
    Бұл негізінде XIX ғасырдың соңында қолданыла бастаған.
    Теңіз  тасымалына  қатысты  сатып  алу-сату  шартын   бекіткенде   және
орындағанда тараптардың  құқықтары  мен  міңдеттеріне  қатысты  қолданылатын
әдет-ғұрыптың  маңызы  зор.  Осы  әдет-ғұрып  негізінде  халықаралық   сауда
тәжірибесінде  «фоб»,  «сиф»,  «фас»  және  де  «каф»  жағдайындағы  шарттар
қолданыла бастады Бұл терминдер ағылшын сөзінің  бас  әріптерінен  құрылған:
«фоб» free on board (бортта еркін); «сиф» сөзі,  insurance,  freight  (баға,
сақтандыру, фрахт); «фас»  free  along  side  ship  (кеменің  бортына  дейін
еркін);  «каф»  cost  and  freigtht  (баға  және  фрахт).  Бұл  терминдердің
түсінігі Халықаралық сауда палатасы шығарған сауда әдет-ғұрыптары  жинағында
(«Trade Terms»)  жазылған.  Бұдан  басқа  халықаралық  терминдерді  талқылау
ережесін  -  «Халықаралық  сауда  палатасы  сауда   терминдерін»   Incoterms
қабылдады. Осы көзге дейін Инкотермске жеті өзгеріс енгізілген,  ең  соңғысы
2000 жылы енгізілген. 2000 жылы аса көп өзгеріс енгізілген жоқ ол  негізінен
екі терминге байланысты, олар FSA және DEQ, ҒSA бойынша кедендік  рәсімдеуді
сатушы жүргізеді, ал DEQ бойынша кедендік рәсімдеуді сатып алушы жүргізеді.
    Сонымен   қатар,   материалдық-құқықтық   нормалар   жеткізудің   жалпы
ережесінде  де  кездеседі.  Бұған   байланысты   екі   мемлекеттің   үкіметі
халықаралық нормативтік сипатқа ие шарт жасасады.  Шартта  тауар  жеткізудің
жалпы ережелері көрсетіледі. Осы екі мемлекеттің кәсіпорындары  өзара  сатып
алу-сату шартын жасасқан кезде осы мемлекетаралық шартта  көрсетілген  тауар
жеткізудің жалпы ережелерін негізге алады.
    3.  Коммерциялық  контрактіге  міндетті  статутты  бекіткенде   Англия,
Германия, АҚШ және Франция соттарының негізге алатын мәселесі  доқтриналарда
үлкен  танымалдықпен  қолданылатын  тараптардың  еркіндігі  қағидасы   болып
табылады.   Ол   бойынша   тараптар   өздерінің   шарттық   міндеттемелеріне
қолданылатын құқықты таңдауға ерікті.
    Тараптардың шарттық тығыз  байланысты  ел  заңын  қолдануға  байланысты
таңдауы  шектелген  бе?  Бұл  сұраққа  аталған  мемлекеттердің   коллизиялық
доктриналары тәжірибеге сүйене отырып, көп  жағдайда  шектелген  тараптардың
еркіндігін  қолдайды.  Кейбір  коллизионистер  уәкілетті  құқыктық  тәртіпті
таңдаған жағдайда тараптардың шектелмеген еркіндігіне қарсы шығады.
    Коммерциялық шарттарда тараптардың шарттық міндеттемелерінің  жекелеген
бөліктері әр түрлі құқық жүйесімен реттелетін жағдайлар да кездеседі.
    Доктрина  тараптар   шарт   жасасқан   кезде   өркениетті   халықтардың
құқықтарының  жалпы  кағидаларын  қолдануға  жол  береді.  Жасасқан  шарттың
мазмұнынан және одан туындайтын жағдайлардан  тараптардың  нақты  еркіндігін
біле  алмаса,  Франция,  Англия,  Германия  және  АҚШ  соттары   тараптардың
болжамды еркіндігін немесе осы жағдайларда әділетті және ақылды адам  қандай
құқықты таңдайтыны жайлы сұрақты  шешеді.  Жаңа  ағылшын  сот  тәжірибесінде
тараптардың болжамды еркіндігін теріске шығарып, «әділетті және ақылды  адам
бұл жағдайда қандай құқықты  таңдар  еді»  дегенді  басшылықка  алғанды  жөн
көреді.
    Тараптардың болжамды еркіндігін және ақылды адам еркін  теріске  шығара
отырып,  жоғарыда  аталған   мемлекеттердің   соттары   кей   жағдайда   сот
тәжірибесінде көп кездесетін презумпцияны қолданады.
    Өздерінің  клиенттеріне  жалпы  тәртіпте  қызмет  көрсететін  мекеменің
орналасқан жер заңына қатысты презумпция үлкен мәнге ие  болды.  Банктердің,
сақтандыру ұйымдарының, транспорттық мекемелердің және басқа  да  ұйымдардың
клиенттері жалпы тираждағы шығарылған нысанда шарт  жасасу  туралы  ұсынысты
қабылдағанда сол шарттың нысанын жасаған кәсіпорынның орналасқан  жер  заңын
шарт нысанына қолдануға келіскен деп танылады.
    Нысанда көрсетілген талаптарды қабылдау «шартқа  қосылу»  деп  аталады.
Бұл терминді алғаш рет француз цивилисті Салейлем 1901 жылы қолданған.
    Мұнда негізінен  клиент  шарттық  талаптарын  жасауда  және  талқылауда
қатыспайды, ол тек оған қол қою аркылы шартқа «қосылады».
    Қосылу шарттары бойынша кейінгі  кездері  Германия,  АҚШ  тәжірибесінде
онда көрсетілген клиентке тиімсіз талаптарды жарамсыз  деп  жариялауда.  Бұл
негізінен,   шарт   талаптарындағы   «тараптардың   еркіндігі»    қағидасына
байланысты болып тұр.
    Ал Германия  және  Италияның  соттары  тараптардың  жалпы  азаматтығына
немесе жалпы домицилиіне назар аударады.
    Әр түрлі елдердің соттары даулы міндеттемелерге  қолданылатын  көптеген
құқық  жүйелерінің  ішінен  кажетті  құқықтық  жүйені  таңдағанда   көптеген
жағдайларда сол даулы міндеттеме  қай  құқық  жүйесінде  жарамды  болса  сол
құқықтық жүйені таңдайды. Соңғы  кезде  тәжірибеде  және  теорияда  міндетті
статутты анықтау негізінде бір ғана критерийді қолданып қана қоймай,  қандай
да  бір  жағдайда  басымдық   бермей,   критерийлердің   жиынтығын   қолдану
басшылықка алынуда. Чешир бұл презумпцияны  колдайды.  Өйткені,  бүкіл  шарт
жағдайларын  негізге  алудың  орнына  оның  белгілі   бір   жағдайына   ғана
басымдылық беріліп,  сол  арқылы  ол  дау  дұрыс  шешілмейді  дейді.  Шартты
талқылау оның барлық объективті белгілері негізге алына  отырып,  жүргізілуі
керек.
    Міндетті  статутты  белгілеу  кезінде  көптеген   жағдайларда   шарттың
жасалған жері немесе жүзеге асқан жері негізге  алынады  және  олар  тұрақты
деп саналады. Бірақ,  Германияда  шартта  тараптар  таңдаған  құқықтық  жүйе
көрсетілмесе,  онда  оған  шарттың  орындалған  жер  заңы  қолданылады.  Бұл
критерий коллизиялық мәселелерді шешкенде  үлкен  қиыншылықтарға  соқтырады.
Бұл әсіресе сатып алу-сату  шартына  байланысты  және  де  синаллагматикалық
шарттардың коллизиялық мәселелерін шешкенде  үлкен  қиындықтарға  соқтырады.
Көптеген жағдайларда сатушының және  сатып  алушының  міндеттері  екі  түрлі
құқықтық жүйеге бағынышты болады,  бұлардың  бір-біріне  байланысты  болуына
қарай күрделі конструкцияның кажеттілігі туындайды.
    Біз жоғарыда шарттық міндеттемелердің статутына байланысты  коллизиялық
мәселелерді   және   олардың   Англия,   АҚШ,   Франция   және   Германияның
тәжірибелерінде калай шешілетіндігі  жайлы  айттық,  енді  шарттың  нысанына
тоқталсақ, Англия, Франция және  Германияның  тәжірибесінде  шарттық  нысаны
шарт жасалған елдің  құқығына  немесе  шартта  қолданылады  деп  көрсетілген
басқа елдің құқығына сәйкес болса, бұл негіздер бойынша сот шартты  жарамсыз
деп тани алмайды.
    Шарттың нысанына байланысты мәселелерді шарт  жасалған  жер  заңы  (lex
loci  contractus)  бойынша  шеше  отырып,  сот  бірнеше  қиыншылықтарға  тап
келеді.
    Мысалы:  тараптар  қатыспай  жасалатын  (договор  между  отсутствующим)
шарттын нысанына қатысты қиыншылықтарға тап келеді.
    Батыс  елдерінің,  әсіресе  ағылшын-американдық  тәжірибеде   мәміленің
нысанына  байланысты  шетелдік  заңның  ережелерінің   сипатына   байланысты
сұрақтар кездеседі. Ол: мәміленің нысаны процессуалдық па, әлде  материалдық
құқықтық сипатта ма деген сауалдар.  Егер  құзыретті  шетелдік  заң  шарттың
жазбаша жасалып, гербтік салыммен жасалуын талап  етсе,  онда  бұл  талаптың
сақталмауы ертеңгі күні шарттың дәлелдеме ретінде қолданбай, сот  қорғауынан
айырылатындығын білдіреді. Бұл  жағдайларда  Англия  мен  АҚШ  соттары  мұны
қолданылуға жатпайтын процессуалдық норма деп таниды.
    Егер де осы талаптарды сақтамау, белгілі бір  шетел  заңнамасы  бойынша
шарттың жарамсыздығына алып  келсе,  бұл  жағдайда  соттар  оны  эксаумақтық
қызмет етуші материалды норма деп түсінік берген.  Мұндай  түсініктің  дұрыс
еместігі  айкьш,  егер  коллизиялық  сауал  шетел   заңнамасының   пайдасына
шешілсе, онда қалған барлық заңның құқықтық институттары шетел  заңнамасының
негізінде ғана қолданылуы мүмкін.
    Заттық құқықтарды  орнатудың  пәні  болып  табылатын  мәміленің  нысаны
заттың орналасқан жерінің заңына бағынады. Германдық  Азаматтық  заңдар  мен
француздық  тәжірибенің  Кіріспе  заңдарының  11-бабының   екінші   абзацына
сәйкес, жалпы ережелерден ерекше  жағдайларды  барлық  заттың  сипаттамадағы
мәмілелеріне қолданылады, ал ағылшын-американдық құқық мұны тек  жылжымайтын
мүлік  мәмілесіне  ғана  қатысты  қолданады.   Сауда   мәмілелерін   жасауға
байланысты тұлғаның кабілеттігі  бойынша  түрлі  елдердің  соттарының  жалпы
теңденцияларына шолу жасадық. Олар заңның қолданылуын  тұлғаның  жеке  заңын
қолдануға дейін тарылтады немесе шарттың жасалған жер заңын қолдануға  дейін
оны кеңейтіп жіберуі мүмкін. Бұл сауалдар АҚШ  пен  Англияның  тәжірибесінде
корпорациялық  құқық  кабілеттілігіне  байланысты   шыкқан   «жалпы   құқық»
доктринасының шығуына байланысты маңызға  ие  бола  бастады.  Қазіргі  таңда
корпорациялық мәмілені жасау  бойынша  қабілетгілігіне  байланысты  сауалдар
коллизиялық құқық аспектісінде келесідегідей  шешіледі:  негізінен  capacity
корпорацияны құру заңына, яғни қай мемлекеттің немесе штаттың  заңы  бойынша
корпорация   құрылды,   соған   байланысты   болып   келеді.   Аталған   заң
корпорацияның құқық қабілеттілігінің шектерін айқындайды, өйткені  Гудричтың
айтуы  бойынша  «жасаңды  түрде  жасалған   ұйымның   -корпорацияның   құқық
қабілеттілігі онын сыртта  мәміле  жасауынан  кеңейіп  кетпейді,  бірақ  бұл
ретге мәміле нысаны бойынша корпорацияға ертеңгі күні арыз қойылатын  болса,
корпорация шарт корпорациясының құқық кабілеттілігінен асырып  жасалған  деп
үәж айта ала  ма  деген  сұраққа  жауап  береді.  Сонымен  катар,  жекелеген
жағдайларда инкорпорацияның жерінде шығарылған жалпы  сипаттағы  норма  оның
белгілі бір әрекеттерді жасауына шектеу болып табылады  ма?  Осы  сұрақтарды
шешіп алуымыз керек. Бірінші жағдайларда корпорацияның құқық,  кабілеттілігі
барлық жағдайда шешілетіндігі айтылады;  ал  екінші  жағдайда  тек  аумақтық
сипаттағы тыйым туралы сөз болады.
    Мәмілелердің  мәні   бойынша   жарамдылығына   байланысты   коллизиялық
сұрақтарды  шешуде  үлкен  қиындықтар  туындайды.  Бұлардың  қатарына   ерік
білдіруді бұзу, заңдылықты және  шарттың  сол  немесе  басқа  бір  шарттарын
орындамауды жатқызуға болады.
    Ағылшындық соттар мен  Германияда  шарттың  жарамдылығын  міндеттемелік
статут бойынша  шешетін,  яғни  шарт  жарамды  деп  танылған  жағдайда  оның
әрекеттері реттелетін заңмен шешеді. Сондықтан да,  мәселен,  екі  жақты  да
қанағаттандыру  бойынша  ағылшындық  құқық  нормалары  бойынша  емес,  басқа
шетелдік құқық нормаларымен жасалған болса, қолдануға жатпайды.  Келесі  бір
мысал:  егер  ағылшындық,  француздық  фирмалар   арасында   жасалған   шарт
ағылшындық заңнамаға сәйкестендіріліп жасалса  және  ағылшындық  материалдық
кұқықта  оған  шек  қойылмай,  бірақ  француз  заңнамасына  сәйкес   жасалса
британдык сот оны заңсыз деп танымайды.
    Бірақ  бұл  жағдайда,  мұндай  француздық  шек   кою   Францияда   шарт
орындалатын болса онда француз заңы ескерілуі тиіс.
    Бұл жағдайда шетелдік заң фактілік жағдайдағы маңызға ие болады. Бірақ,
бұл  тұста  ағылшындық  заң  жауапкердің  міндеттемені  тиісінше  орындамауы
туралы мәселені шешкен кезде материалдық құқықтық нормаларын ескеруі тиіс.
      Өзін өзі бақылау сұрақтары
    1. Сыртқыэкономикалық мәміленің жалпы сипаттамасы  және  оның  түрлерін
сипаттау.
    2. Сыртқыэкономикалық мәміленің коллизиялық ережелерін және оларды  жою
шараларын талдау.
    3. Англия, Германия, АҚШ және  Франция  құқығындағы  сыртқыэкономикалық
мәміленің коллизиялық ережелерін ашу.
                 Ұсынылатын  әдебиет
1. Звеков В.П. Международное частное право. М., 2000.
2. Лунц Л.А. Курс международного частного права. М., 1975.
3. АнуфриеваЛ.А. Международное частное право. М., 2000.
4.Розенберг. Международная купля-продажа товаров. М., 1995.
5.Испаева Г.Б. Право, подлежащее применению в  международной  купли-продажи.
Алматы, 1998.

Тақырып 14. Халықаралық дербес көлік құқығы
   1. Халықаралық дербес көлік құқығының түсінігі.
   2. Халықаралық тасымалдау.
   3. Жүкті тасымалдау шарты бойынша жауапкершілік және жолаушы мен  теңдеме
      жүкті тасымалдау
1. Халықаралық көлік құқығы – халықаралық құқық бөлігі.  Халықаралық  дербес
көлік құқығы халықаралық дербес құқықтың бөлігі  ретінде  ұлттық  заңнамада,
халықаралық  көлік  конвенциялары  мен   келісім-шарттарында   мазмұндалған,
тасымалдау қатынастарын реттейтін құқықтық қағидалар  мен  нормалар  кешені.
Халықаралық дербес көлік құқығының пәні ретінде  жеке  және  заңды  тұлғалар
қатысушысы болып келетін көлік міндеттемелері табылады. Жүкті,  жолаушыларды
және теңдеме жүкті тасымалдаудың  құқықтық  реттеуіндегі  ерекшелік  ретінде
оның халықаралық сипаттағы нормалар  мен  әдет-ғұрыппен  қатар,  коллизиялық
және ұлттық заңнама нормаларымен реттелуі табылады.
    Бұл  нормалар  мүліктік  қатынастарды  реттейді,  сондықтан   азаматтық
құқыққа жатады. Ол өзбетінше ерекше қатынастар тобын құрайды және  азаматтық
құқықтың бір бөлігі болып келетін, халықаралық дербес құқықпен реттеледі.
    Халықаралық дербес көлік құқығында ерекше бір сұрақ  халықаралық  көлік
ұйымдары. Халықаралық  құқық  халықаралық  ұйымды  үш  егеменді  мемлекеттен
тұратын, тұрақты органдары бар және  өкілеттігі  анықталған  қызмет  тәртібі
бар  түрінде  сипаттайды.  Бұл   бірлестік,   байланыстың   мақсаттары   мен
қағидалары көзделген, бірлесіп әзірленген шартқа негізделеді.
    Енді халықаралық дербес көлік  құқығы  нормаларының  әзірленуіне  табыс
жасаған көлік ұйымдарын қарастырайық.
    1. Теңіз көлігі саласында – халықаралық теңіз  комитеті  (ХТК)  –  1897
жылы құрылған. Кемелердің соқтығысуы үшін жауапкершілік және кеме  иелерінің
жауапкершілігін  шектеу  сұрақтарымен  айналысады.  Бұл  комитет   20   жуық
конвенцияны әзірлеуге ат салысқан. ХТК-ның  бастамасымен  «Гаага  ережелері»
деген  атпен  белгілі  1924  жылғы  коносамент  жөнінде  кейбір   ережелерді
унификациялау туралы Брюссель конвенциясы қабылданды.
    Халықаралық теңіз ұйымы (ХТҰ)  БҰҰ-ның  мамандандырылған  мекемелерінің
бірі, 1958 жылы құрылған. ХТҰ халықаралық  теңізде  жүзу  сұрақтары  бойынша
көпжақты келісімдердің жобаларын  дайындаумен  айналысады.  Мәселен,  келесі
Конвенциялар қабылданды: 1969 ж. Мұнаймен  қоршаған  ортаны  ластағаны  үшін
азаматтық жауапкершілік туралы Конвенция; 1974  ж.  Жолаушылар  мен  теңдеме
жүкті теңіз бойынша тасымалдау туралы Афиндік Конвенция және т.б.
    Халықаралық сауда құқығы бойынша БҰҰ Комиссиясы (ЮНСИТРАЛ), БҰҰ  арнайы
органы 1966 жылы құрылған.
    2. Әуе көлігі саласында – Азаматтық авиация халықаралық  ұйымы  (ИКАО),
1947 жылы құрылған. ИКАО «Халықаралық авиациялық регламенттер» деп  аталатын
халықаралық азаматтық  авиация  қызметіндегі  сұрақтар  бойынша  халықаралық
стандарттар мен практиканы әзірлейді.
    ИКАО-дан  басқа  азаматтық  авиация  саласында  аймақтық  авиа  ұйымдар
халықаралық қатынастардың дамуына үлкен ықпал етеді –  Азаматтық  авиацияның
Еуропалық  конференциясы  (ЕКАК),  Қауіпсіздікті  қамтамасыз   ету   бойынша
Еуропалық  ұйым  (Еуробақылау),  Азаматтық  авиацияның   Африка   комиссиясы
(АФКАК), Аэронавигацияға қызмет көрсетудің Орталық америка ұйымы  (КОКЕСНА),
Азаматтық  авиацияның  Латынамерикандық   комиссиясы   (ЛАКАК)   және   Араб
мемлекеттерінің азаматтық авиация кеңесі (КАКАС).  Сонымен  бірге,  көптеген
үкіметтік  емес  авиа  ұйымдар   бар.   Мәселен,   Әуе   тасымалдаушыларының
халықаралық   қауымдастығы   (ИАКА),   Әуе   чартерлі    тасымалдаушыларының
қауымдастығы (АККА) және т.б.
    3. Теміржол көлігі саласында арнайы халықаралық ұйымдар белсенді қызмет
атқарады: Теміржолдардың байланыс ұйымы (ТБҰ) және  Жүк  вагондарының  жалпы
паркі (ЖВП). ТБҰ-ның  негізгі  мақсаты  –  халықаралық  жолаушылар  мен  жүк
қатынастары туралы  келісімдердің  істерін  жүргізу.  ЖВП  –  қатысушылармен
жалпы  паркіге  берілген,  теміржол  вагондарының  бірлескен   пайдаланылуын
қамтамасыз ету үшін құрылған  еуропалық  мемлекеттердің  арнайы  халықаралық
ұйымы.
    Теміржол саласында тағы бір ұйым ретінде Бернде орналасқан  Халықаралық
теміржол қатынастарының орталық  бюросы  табылады.  Бұл  ұйымның  мақсаты  –
халықаралық келісім-шарттар бойынша істерді жүргізу және әзірлеу  мен  қайта
қарау табылады. Бұл ұйым құқықтық материалдар мен  сот  практикасын  кешенді
түрде жариялайды.
    Үкіметтік емес ұйымдар да үлкен рөль атқарады  -  Берндегі  Теміржолдар
көлігінің халықаралық комитеті.
    Еуропалық экономикалық комиссияның ішкі  көлік  бойынша  комитеті  1947
жылы  БҰҰ-ның  Экономикалық  және  Әлеуметтік  Кеңесінің   4   сессиясындағы
шешімімен құрылған. Бұл Комитет теміржол, автожол және су  көлігі  сұрақтары
бойынша Еуропалық экономикалық комиссияның кеңесші органы және оның  мақсаты
– көлік саласындағы  қатысушы-мемлекеттер  арасында  байланыстарды  дамытуға
көмек көрсету табылады.
    Азия және Қиыр Шығыс мемлекеттерінің  Экономикалық  комиссиясының  ішкі
көлік бойынша комитеті  1951  жылы  құрылған.  Бұл  ұйым  Еуропадағы  сияқты
мақсаттарды аз дамыған және дамушы мемлекеттерде жүзеге асырады.
    Теміржолдардың халықаралық одағы (ТХО) 1922 жылы құрылды. 1951 жылдың 1
қаңтарында ТХО-мен бір жағынан және Жолаушылар  мен  теңдеме  жүк  вагондары
бойынша Халықаралық  одақ,  Жүк  вагондары  бойынша  Халықаралық  одақ,  Жүк
поездарының  кестесі  бойынша  Еуропалық  конференция,  Теміржол   көлігінің
халықаралық  комитеті  және  Еуропалық  жолдарда  автожол  қызметін  көрсету
бойынша одақ  екінші  жағынан  қызметтерді  тығыз  басқару  және  сұрақтарды
шешуде келісімге келді.
    4. Автокөлік саласында арнайы  мамандандырылған  халықаралық  үкіметтік
ұйымдар жоқ. Үкіметтік емес ұйымдар ішінде халықаралық автокөліктің  дамуына
үлкен үлесін қосып келе жатқан ұйым – Автокөліктің халықаралық  одағы  (АХО)
табылады, ол 1948  жылы  құрылған.  Орналасу  жері  –  Женева  қаласы.  Одақ
мақсаты – барлық мемлекеттерде ұлттық және халықаралық  автокөліктің  дамуы,
кәсіби тасымалдаушылардың мүдделерін қорғау және олардың  еңбегін  жеңілдету
табылады. Негізгі міндеттер қатарына  кедендік  қиындықтарды  жою  табылады.
Бұл  міндеттерді  жүзеге  асыру  үшін  Еуропалық  экономикалық   комиссияның
шегінде АХО-ның  бастамасымен  «ТИР  Конвенциясы»  қабылданды.  Конвенциямен
белгіленген   МДП   кітапшаларын   қолдану    жүктердің    транзитті    авто
тасымалдауының  дамуына  әкеледі.  1955  жылы   АХО-ның   бастамасымен   тез
бұзылатын азық-түліктердің тасымалдауы бойынша  халықаралық  ұйым  құрылған.
Осындай тауарлардың ірі тасымалдаушылары осы ұйымның мүшелері.
    Экспедициялық қауымдастықтардың халықаралық  федерациясы  (ФИАТА)  1926
жылы құрылған  ұйым.  Бұл  ұйымның  негізгі  мақсаты  –  экспедициялық-көлік
қызметтердің сапасын жоғарлату және кеңейту  табылады.  ФИАТА  экспедиторлық
фирмалардың мүдделерін  БҰҰ-ның  экономикалық  және  әлеуметтік  ұйымдарында
білдіреді.
    2. Халықаралық тасымалдау шарты, түрлері, нысаны.
    Тасымалдау шартын жасасудың экономикалық мақсаты жүктер  мен  адамдарды
бір  жерден  екінші  жерге   апару   кажеттілігі   болып   табылады.   Көлік
ұйымдарының,  жүк  жөнелтушінің  жүкті  алушының  жолаушылардың  мемлекеттер
арасында жүкті тасымалдауды жүзеге  асыруда  пайда  болатын  осы  қатынастар
тасымалдау шартымен негізделген және осы шартпен реттеледі.
    Осы тараптар арасындағы құқықтық қатынастар ең алдымен,  олардың  өзара
жасасқан шартымен және сонымен қатар, осы  шартты  реттейтін  заңдылықтармен
анықталады.
    Тасымалдау шартын жасасу мен орындау  нәтижесінде  туындайтын  құқықтық
қатынастардың жалпы жиынтығын білу үшін оны құрайтын элементтерді  қарастыру
кажет, әсіресе, жүкті тасымалдау мен жолаушылар  қол  жүгін  ажырата  білген
дұрыс.
    Тасымалдау шартын жасаудың  негізі  жүк  тасымалдаушының  жүкті  немесе
жолаушыны бір орыннан екінші жерге  белгілі  бір  көлік  құралымен  сыйақыға
өткізуге міндеттенуі болып табылады.
    Сонымен,   халықаралық   тасымалдау   дегеніміз   -   мүліктерді   және
жолаушыларды бір мемлекеттен екінші  мемлекетке  жеткізу  немесе  транзитпен
жүктерді, жолаушыларды өткізу.
    Халықаралық тасымалдауды ішкі тасымалдаудан айырудың негізгі белгілері:
         - жүк, жолаушы кеден шекарасынан өтуі керек;
         -  жүкті  немесе  жолаушыны   шекарадан   өткізбей-ақ   халықаралық
           тасымалдау шарты  аркылы  халықаралық  тасымалдау  деп  есептеуге
           болады;
         - халықаралық тасымалдауда ұлттық валютадан басқа  шетелдік  валюта
           қолданылады;
         - халықаралық  тасымалдаудың  қайнар  көздері  ретінде  халықаралық
           конвенциялар, ұлттық заңдар, халықаралық әдет-ғұрып танылады.
    Халықаралық тасымалдау шарты жасалған болып, шарттын екі жақ  тараптары
да  өзара  еркіндік  білдіруі  болған  кезде  есептеледі.  Осылайша,   жүкті
тасымалдау шарты ереже бойынша,  консенсуалдық  шарт  болып  табылады,  яғни
шарттың мазмұны мен екі  тарап  танысқан  сәттен  бастап  құқықтық  нәтижені
тудырады, бірақ басқа да  жағдайлар  бар,  олар  әр  түрлі  ұлттық  заңдарда
бекітілген.
    Жүкті тасымалдау шарты бойынша бір  тарап  (тасымалдаушы)  өзіне  басқа
тараптың  (жүк  жөнелтушінің)  сеніп  тапсырған  жүгін  белгіленген  мекенге
жеткізуге  және  жүкті  алуға  уәкілетті   адамға   (алушыға)   оны   беруге
міндеттенеді, ал  жүк  жөнелтуші  жүкті  тасымалдағаны  үшін  шартка  немесе
тарифке сәйкес ақы төлеуге міндеттенеді.
    Жолаушы мен теңдеме жүкті тасымалдау шарты тиісінше жол жүру  билетімен
және теңдеме жүк түбіртегімен рәсімделеді. Жол жүру билеті мен  теңдеме  жүк
түбіртегінің  нысаны  көлік  туралы  заң  актілерінде   көзделген   тәртіпте
белгіленеді.
    Шарт нақты болып табылады және жүк жөнелтушінің жүкті  белгілі  мекенге
жеткізуге тасымалдаушыға беріп, оның осы мақсатты  жүзеге  асыруды  қабылдап
алған сәтінен жасалған деп танылады.
    Жолаушыны тасымалдауға қатысты шарт жасасқан кезде келісім  қай  кезден
басталатынын анықтау  қажет.  Құқықтық  доктрина  және  сот  тәжірибесі  бұл
сұрақты шешудің  бірнеше  жолын  ұсынады  (билетті  сатып  алу  сәті,  көлік
құралына отырғызу басталған сәтте және т.с.с).
    Халықаралық дербес көлік құқығында тасымалдау шарты екі  жақты  сипатқа
ие және көліктік жабдықтауды қайтарумен байланысты  бола  бермейді,  сонымен
катар,  кұқықтық  доктрина   және   сот   тәжірибесі   тасымалдау   шартының
қайтарымсыздығын білдіреді.
    Сондықтан әр мемлекеттердегі тасымалдау шартының нақты анықтамасы өзара
ұқсас, дегенмен, өзара айырмашылықтарға ие.
    Тасымалдау шартында әр түрлі құқықтық субъектілер қатысады. Халықаралық
тасымалдау талаптарының субъектісі  ереже  бойынша  жеке  және  заңды  тұлға
табылады.  Шарттың  бір  тарабы  ретінде  тасымалдауға  мүдделі   және   осы
тасымалдау үшін белгілі бір акшалай сыйақыны төлеуге дайын  тұлға  танылады;
тасымалдау шартының  екінші  тарабы  ретінде  көлік  құралын  иеленуші  және
сондықтан, белгілі бір сыйақы үшін жөнелту бойынша қызметті  жүзеге  асырушы
тұлға қатысады. Шарт бойынша бір тарап болып табылатын тасымалдаушы  ретінде
көлік ұйымы, яғни тасымалдаушы танылады, бірақ «тасымалдаушы» деген  ұғымның
өзі эволюцияға ұшырады. Англо-саксондық, француз, неміс құқығы  бойынша  тек
қана тасымалдау шартын жасасқан  көлік  құралын  меншіктенуші  (Shipowner  –
англ;  Ship  Her  –  неміс;  le  bourdeois  -француз).  Француз  және  неміс
құқығында  «көлік  иеленушімен»  (armature,  Reeder)  қатар   «фрахтователь»
(freteur, Verfracher) термині пайда  болады,  осындай  өзгерістер  Солтүстік
Еуропаның көптеген елдерінде  және  Голландияда  пайда  болды.  АҚШ-та  олар
freight/con tractors деп аталады.
    1921   жылы   Гаага   ережесінде   «тасымалдаушы»   термині   енгізілді
(transporteur - франц., carrier - ағыл.; transportowiec - поляктық).
    «Қазақстан Республикасының Көлік туралы» Заңына сәйкес  тасымалдаушы  -
бұл меншік құқығы негізінде немесе басқа да заңдылық негізде  көлік  құралын
иеленетін жүкті, жолаушыны, теңдеме жүкті  және  поштаны  өтемақыға  немесе,
сәйкесінше, рұқсат  не  белгіленген  тәртіпте  берілген  лицензия  негізінде
жалдауды ұсынатын жеке немесе заңды тұлға.
    Халықаралық тасымалдауда тасымалдаудың бірнеше түрі бар.
    1.Теңіз тасымалдауы.
  2. Әуе тасымалдауы.
  3. Теміржол тасымалдауы.
  4. Автокөлік тасымалдауы.
  5. Аралас тасымалдау.
Теңіз тасымалдауы
    Ең  күрделі  құқықтық  мәселелер   халықаралық   теңіз   тасымалдауында
уындайды. Бұл осы алдағы қатынастардың әр түрлілігімен және кұқықтық  қайнар
көздердің әр түрлі сипатта болуымен түсіндіріледі.
    Көптеген мемлекеттердің заңдылықтарында жүкті теңіз  тасымалдауына  қай
елдің заңы қолдану керектігін қарастыратын  коллизиялық  нормалар  жоқ.  Бұл
мәселелер сот тәжірибесімен шешіледі. Ұлыбритания  және  Франция  соттарында
(француз заңдылығына сәйкес) кеменің жалау  заңы  қолданылады,  ал  Германия
соттарында  мүлікті  қабылдаған  жердің  заңы  қолданылады.  Польша   елінің
заңдылығына  сәйкес  тараптардың  еркіндік  заңы   қолданылады.   Тасымалдау
шарттарында еркіндік болмаса, тасымалдаушының заңы қолданылады.
    Жүкті теңіз тасымалдауы әр түрлі негізде жүзеге асырылуы  мүмкін.  Егер
мұндай тасымалдау теңіз  тасымалдаушысының  бүкіл  немесе  жарты,  яғни  бір
бөлігін  беруді   ұсынбайтын   болса,   онда   тасымалдауға   қатысушылардың
арасындағы қатынас коноссаментпен рәсімделеді.
    1924 жылы Брюссельде коносамент туралы кейбір ережелерді  унификациялау
туралы конвенция  жасалды.  Бұл  конвенцияны  қысқаша  «Гаага  ережесі»  деп
атайды. Қазіргі заманда  бұл  конвенцияны  қолдануға  байланысты  өзгерістер
енгізілген.
    Тасымалдау шартының екінші тарабы  болып  жүк  жөнелтуші,  фрахтователь
танылады.
    Жүкті қабылдап алушы тұлға болып белгіленген жерде  оған  жүкті  беруін
немесе жолда келе жатқан жүкті беруді талап ете алатын танылады.
    1924 жылы Гаага ережелері бойынша қарастырылған мәселелер:
   1)  коносаменттің мәртебесі;
   2)  тасымалдаушының жауапкершілігі;
   3)  тасымалдаушының жауапкершіліктен босатылуы;
   4)  арыз беру жағдайы.
    Егер тараптар Гаага ережесін қолданатын болса - бұл ереже  бойынша  аса
қауіпті жүктерді және жануарларды тасымалдамайды.
    Гаага ережесі бойынша тасымалдаушының міндеттері:
    1) тасымалдаушы кемені жүзуге дайындық жасау керек. Ол үшін  техникалық
құралдарын қарап, калай жүретінін карастыру керек;
    2)  экипажды дайындау керек;
    3)  егер тез бұзылатын тағамдар болса, олар үшін арнайы бір  бөлме  бөлу
       керек.
    Егер тасымалдаушы жүк берушіден жүкті қабылдаған кезде жүктің саны  мен
сапасы  инвойс  бойынша  сәйкес  келмесе,  онда  тасымалдаушы  коносаменттің
шетіне  жүктің  саны  мен  сапасы  сәйкес  емес  деп  жазады  да  бұны  «Лас
коносамент» деп атайды. Егер құжат бойынша және фактілі түрде  тексерілгенде
саны мен сапасы сәйкес болатын болса, онда тасымалдаушы «Таза  коносаментті»
жүк жөнелтушіге ұсынады.
    Гаага  ережесі  бойынша  тасымалдаушы  13   жағдайда   жауапкершіліктен
босатылады. Жалпы бұны форсмажорлық жағдай деп атайды және  де  новигациялық
кателіктер  бойынша  да  босатылады.  Ал  егер   тасымалдаушы   кінәсіздігін
дәлелдей алмайтын болса, жауапкершілікке  тартылады.  Жүк  қабылдаушы  жүкті
қабылдағаннан  кейін  жүкті  қарап  шығуы  керек.  Жүктің  саны  жетіспеуіне
байланысты жүк тасымалдаушыға  үш  күн  ішінде  жазбаша  түрінде  хабарлауға
міндетті. Талап мерзімі -  1  жыл.  Гаага  ережесіне  1968  жылы  өзгертулер
енгізіліп, ол 1978  жылы  күшіне  енді.  Осы  конвенцияны  қысқаша  «Правила
Висби» деп атайды.
    Висби  ережелерінің  ерекшеліктері  -  тек  қана  конвенцияға  қосылған
мемлекеттер арасында қолданылады және тасымалдаушы  жауапты  болатын  болса,
ол жүктің ақысын төлеу керек. Осы  ереже  бойынша  әр  жүктің  орнына  10000
франк төлеу керек. Ал егер жүктің орнын анықтай алмаса,  онда  әрбір  жүктің
брутто кг. бойынша өлшенеді.
    1 кг брутто 30 франк пуанкаре
    1 франк пуан каре 65,5 мг. 900 алтын бұйым сынамасы.
    Қазіргі заманда сауда жүгін жеткізу үшін  теңіз  тасымалдауында  чартер
шарттары қолданылады. Бұл көбінесе  делдалдық  арқылы  жасалатын  шарт  және
бірнеше  міндеттейтін  жағдайлары  бар:  стивидорлық  жұмысқа   ақы   төлеу,
диспачқа, демереджге.
    Мұнда фрахт жүктің салмағына қарай төленеді. Фрахттың бірнеше түрі бар:
    1.     Егер кеменің ішінде жүк толығымен  орын  алып  тұрса,  ол  нақты
фрахт деп аталады.
   2.  Ал егер жүк жартылай толтырылса, оның  жартысы  бос  болған  жағдайда
      мұндай фрахтты «өлік» фрахт деп атайды.
   3.  Аванс берілген фрахт.  Мұнда  жүкті  тиер  алдында  алдын  ала  фрахт
      төлейді.
   4.  Алдын ала фрахт. Алдын ала фрахттың аванс фрахтынан айырмашылығы  100
      % төлеу керек.
    Әрбір жүктің орнына 835 СДР төленеді, ал әрбір брутта кг/ға  -  25  СДР
төленеді.
    1СДР - 1,37$.
    Францияда 100 кг/ды - квинтал дейді, ал Германияда -  двойной  центнер.
Мұнайды мұндай тасымалдауда баррельмен, ал бидайды бушельмен есептейді.
    1 баррель - 42 галлон.
    1 галлон - 4,546 л.
Халықаралық әуе тасымалдауы
    Әуе тасымалдауы жаңа тасымалдаудың  бір  түрі.  XX  ғасырдың  басы  XIX
ғасырдың  соңында  әуе  тасымалдауына  байланысты  ең  бірінші   1929   жылы
конвенция   қабылданды.   Ол   «Әуе   тасымалдауының    кейбір    ережелерін
унификациялау» туралы Варшавалық конвенция.
    1944 жылы «Азаматтық авиация» туралы Чикаго конвенциясы қабылданды. Осы
конвенцияға Қазакстан Республикасы да косылған.
    Қазақстан Республикасы мен Германияның  арасында  әуе  қатынасы  туралы
келісім жасалды. Қазіргі таңда, әуе қатынасы бойынша Казақстан  Республикасы
20 мемлекетпен шартқа кол қойған.
    Варшава конвенциясы мынадай жағдайларда қолданылмайды:
    а) аралас тасымалдауында;
    ә) пошталық корреспонденцияны тасымалдамайды.
    Әуе тасымалдауында жүкке қатысты әуе жүк құжаты  қолданылады,  оны  жүк
жіберуші  үш  данада  толтырады.  Әуе   жүк   құжатында   жүк   жөнелтушімен
тасымалдаушының қолы болуы керек. Қазіргі кезде «Штемпель» қолданылады.
    Тасымалдаушы егер тауарды уақытында  жеткізбесе  немесе  жоғалтып  алса
жауапкершілікке тартылады.
    Жүк қабылдаушы тауарды қабылдап алғаннан кейін,  тауар  жетіспесе  жеті
күн ішінде хабарлауы керек. Егер тауар уақытында жеткізілмесе  онда  қосымша
20 күн беріледі.
    Әуе  тасымалдауында  чартерлік  тасымалдау  колданылады.   Бұл   шартта
фрахтователь - тасымалдаушы, фрахтовщик - жүк жіберуші.
Теміржол тасымалдауы
    Көп уақыт бойы теміржол тасымалдауы аясында  ең  маңызды  келісімдердің
бірі  болып  «Жүкті  және  жолаушыны  теміржол  тасымалдауы   туралы»   Берн
конвенциясы   танылды.   1980   жылы   Берн   конвенциясын    қайта    қарау
конференциясында  жаңа  халықаралық  теміржол  тасымалдауы  туралы   келісім
(КОТИФ) қабылданды. Оған 38 мемлекет қатысты.
    КОТИФ ережесі бойынша жүкті мерзімінен кешіктіріп жеткізгені үшін жүкті
қабылдап алушы зиян шеккен жағдайда оған жүкті тасымалдау өтемақысы  үш  есе
етіп қайтарылады.
    Біздің Қазақстан Республикасывда  2001  жылы  8  желтоқсанда  «Теміржол
көлігі туралы» Заң қабылданды.
    Осы  Заңның  65-бабына  сәйкес:  «жолаушыны  тасымалдау  шарты  бойынша
тасымалдаушы оған жол жүру құжатына (билетіне)  сәйкес  поезде  орын  беріп,
оны баратын жеріне, жеткізуге  міндеттенеді,  ал  жолаушы  жол  жүру  ақысын
төлеуге міндетті».
    Тасымалдау  жөніндегі  міндеттемелерді   орындағаны   немесе   тиісінше
орындамағаны үшін тасымалдаушылардың өзара жауапкершілігі болады.
Автокөлік тасымалдауы
    Жол жүру ережелері 1949 жылғы 19 қыркүйектегі Жол жүру  белгілері  және
сигналдар туралы хаттамалармен реттеледі. Сонымен қатар,  халықаралық  жүкті
тасымалдау туралы Кеден конвенциясы қолданылады (1975 жыл).
    Еуропалық елдер арасындағы жүкті  халықаралық  автокөлікпен  тасымалдау
шартының талаптары 1956 жылғы 19 мамырдағы жүкті халықаралық жол жүру  шарты
туралы Конвенциямен реттеледі.
    Автокөлік тасымалдауында автокөлікпен  үшінші  тұлғаға  зиян  келтіруде
кепілдік беруді қамтамасыз ету маңызды болып табылады.
    Осылайша автокөлік хабарламаны ұйымдастыру туралы  келісімдер  бойынша,
яғни  екі  жақты,  автокөлік   тасымалдауында,   Азаматтық   жауапкершілікті
сақтандыру міндетті түрде карастырылуы кажет.
    Бұндай жағдайды қарастыру жауапкершілікті айқындау
кезінде үлкен рөлге ие болып табылады.
    3. Жүкті тасымалдау шарты бойынша жауапкершілік.
    Тасымалдау   шарты   бойынша   тасымалдау    жөніндегі    міндеттемелер
орындалмаған   немесе   тиісті   дәрежеде   орындалмаған   жағдайда    жүкті
тасымалдаушы, жүк жәнелтуші, жүкті  алушы  мүліктік  жаупкершілікте  болады.
ТМД елдерінде шектеулі жауапкершілік кағидасы қолданылады.
    АҚШ-тың заңдылығы: белгілі бір жағдайларға  байланысты  тасымалдаушының
шарттың   жауапкершілігіне   шектеуге   жол   береді.   Германияның    жүкті
автокөлікпен тасымалдау туралы заңы алыс жолға тасымалдау  кезінде  кәсіпкер
заңдылық бойынша белгіленген немесе  тариф  бойынша  белгіленген  тасымалдау
шартында көрсетілгендіктен жауапкершілікті шектей не алып тастай алмайды.
    Француз заңдылығы:  тасымалдау  шартында  тек  қана  жүкті  жеткізудегі
мерзімнің өтіп кетуіне байланысты жауапкершілік қана әрекет етеді.
    Жүкті халықаралық тасымалдау кезінде тараптардың жауапкершілігін шектеу
немесе жоғарылатуға жол берілмейді.
    Кейбір  елдердің  ұлттық  заңдылығында  және  халықаралық  келісімдерде
белгіленген шектеу немесе жауапкершіліктен босату, егер  тасымалдаушы  алдын
ала ойластырып немесе немқұрайдылығына байланысты залал  келтірген  жағдайда
қолданылмайды деп қарастырылған.
    Жүкті  халықаралық  тасымалдау  кезінде  тасымалдаушы  жүкті  жөнелтуге
қабылдап алған  сәттен  бастап,  оны  жеткізгенге  дейін  жүктің  сақталуына
жауапты болады (жоғалуы, жетіспеушілігі,  бүлінуі  немесе  зақымдануы).  Бұл
жауапкершілік кінә қағидасы бойынша құрылады.
    Тасымалдау кезінде арақашықтықты анықтау және  көліктің  жүру  маршруты
әрқалай анықталады. Кейбір елдерде оны  тасымалдаушының  өзі  анықтайды,  ал
кейбір кезде келісім-шартта көрсетіледі.
    Жолаушыны және теңдеме жүкті тасымалдау.
    Жолаушыны және теңдеме жүкті тасымалдаудағыдай  сияқты  шарт  негізінде
жүзеге асырылады. Жолаушыны тасымалдау шарты -  ол  бір  тарап  тасымалдаушы
жолаушыны  мекенге  жеткізуге  міндеттенеді,  ал  екінші  тарап   жолаушының
белгіленген жолақысын төлеуге міндеттенуі.   і
    Жолаушыны тасымалдау шарттың тараптары болып жеке тұлға (жолаушы)  және
тасымалдаушы танылады. Жолаушыны тасымалдау шарты ауызша және жазбаша  түрде
жүзеге асырылады.
    Жолаушыны автобустарда тасымалдау жол жүру билетімен рәсімделеді.
    Ағылшын кұқығы бойынша осы рейске берілген  билет,  егер  онда  шарттар
көрсетілген болса, шарт құжат болып табылады. Бірақ та, кдла ішіндегі  билет
бұл  жолаушының  билет  ақысын  төлеп,  шарт  талаптарын  орындады   дегенді
білдіреді.
    Жолаушыны халықаралық тасымалдауда да тасымалдау шартын жасау  билетпен
бекітіледі.  Халықаралық  келісімдер  билеттің   мазмұнына   кейбір   ерекше
талаптарды кояды.
    Жолаушы құқықтары:
1)  өзімен бірге балаларды тегін немесе өзге де жеңілдікті жағдайларда  алып
   жүруге кұқылы;
2)  белгіленген нормалардың шегінде  өзімен  бірге  қол  жүгін  ақысыз  алып
   жүруге құқылы;
3) теңдеме жүкті тариф бойынша  ақы  төлеп,  тасымалдауға  тапсыруға  құқығы
   бар;
    Құқықтарымен катар, жолаушы міндеттерге де  ие.  Оның  негізгі  міндеті
болып, жол ақысын төлеу міндеті табылады. Жолаушылардың  жол  ақысын  төлеуі
сәйкесінше, тариф негізінде жүзеге асырылады.
    Жалпы ереже бойынша теңдеме жүкті тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы
белгіленген мекенге жеткізуге міндеттенуі, ал екінші тарап  жолаушы  теңдеме
жүкті тасымалдауына ақы  төлеуіне  міндеттенеді.  Теңдеме  жүкті  тасымалдау
құқығы жолаушыны тасымалдаушы шарты негізінде жүзеге асырылады.
    Енді  жолаушыны   және   теңдеме   жүкті   тасымалдау   шарты   бойынша
жауапкершілікті сипаттайық.
    Жолаушыны тасымалдау шарты бойынша екі тарап  та  нормативтік  тәртіпте
белгіленген ретте  мүліктік  жауапкершілікте  болады.  ТМД  елдері  арасында
теңдеме жүкті тасымалдау  кезінде  шектеулі  жауапкершілік  қағидасы  әрекет
етеді. Жолаушыны тасымалдайтын көлік  құралын  жөнелтуді  кідірткені  немесе
мұндай көлік құралынын баратын жеріне кешігіп  барғаны  үшін  (қалалық  және
қала маңы қатынастарындағы тасымалдауды  қоспағанда)  тасымалдаушы,  мысалы,
кідірту немесе кешігу дулей  күштің  салдарынан  орын  алғанын  дәлелдемесе,
жолаушыға көлік туралы тиісті заң актілерінде белгіленген  мөлшерде  айыппұл
төлейді.
    Жолаушы көлік құралы жөнелтілуінің кідіруі себебінен тасымалдаудан  бас
тартқан  жағдайда,  тасымалдаушы  жолаушыға  кіре   ақысын   толық   көлемде
қайтаруға,  сондай-ақ  жолаушыға  осындай  кідіруге  байланысты  ол   шеккен
залалдың орнын толтыруға міндетті.
    Басқа елдерде (Англия, Франция т.б.) бұған  жол  берілмейді.  Осылайша,
Францияда тасымалдаушының жолаушыны  тасымалдау  кезіндегі  жауапкершіліктен
босату әр жақта  қарастырылған.  Англияда  жауапкершіліктің  талаптары  шарт
негізінде жүзеге асырылады.
    Халықаралық тасымалдаудағы жолаушыны тасымалдау  немесе  теңдеме  жүкті
тасымалдау бойынша жауапкершіліктің нақты талаптары  көлік  конвенцияларыңда
нақты  көрсетілген.  Бірақ,   ескеретін   нәрсе,   керсетілген   халықаралық
келісімдер жауапкершілікке байланысты мәселені шешпейді, ол тек қана  ұлттық
заңдылық  нормаларына  сілтеме  жасайды.  Жүкті  және  жолаушыны  тасымалдау
бойынша  шарт  негізінде  белгіленетін   жауапкершіліктің   көлемін   немесе
талаптарын тараптар не өзгерте алмайды, не алып тастай алмайды.
      Өзін өзі бақылау сұрақтары
    1. Халықаралық дербес көлік құқығының түсінігін ашу.
    2. Халықаралық тасымалдаудың жеке түрлерін ашу.
    3. Жүкті  тасымалдау  шарты  бойынша  жауапкершілік  және  жолаушы  мен
теңдеме жүкті тасымалдау сұрағын сипаттау.
                 Ұсынылатын  әдебиет
1. Лунц А.А. Курс международного частного права. Особенная часть. М., 1975.
2. Садиков О.Н. Правовое регулирование международных перевозок. М, 1981.
3. Гуреев С.А. Коллизионные проблемы морского права. М., 1972.

Тақырып  15.  Халықаралық дербес құқықтағы отбасы құқығы
    1. Отбасы құқығы саласындағы коллизиялық сұрақтар
    2. Некеге отыру және некені тоқтату
    3.Ерлі-зайыптылар арасындағы және ата-ана мен бала арасындағы  құқықтық
қатынастар
    4. Халықаралық  дербес  құқықтағы  бала  асырап  алу,  қамқоршылық  пен
қорғаншылық институттары
1.  Қазақстан  Республикасының  отбасы   және   неке   заңында,   сондай-ақ,
халықаралық  дербес  кұқықтағы  отбасы  және  неке  қатынастарын   реттейтін
нормаларда отбасы құқығы, некелесу, туыстық, бала  асырап  алу  және  баланы
отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай пайда болатын,  яғни
отбасы қатынастарын өзіндік және  соған  байланысты  мүліктік  қатынастарды,
яғни отбасы қатынастарын зерттейтін құқық саласы болып табалады.
    Халықаралық дербес құқықтағы отбасы және  неке  қатынастарын  реттейтін
нормалар катарына Балалар құқықтарын  корғау  және  халықаралық  бала  (қыз)
асырап алу туралы  1993  жылғы  29  мамырдағы  халықаралық  Конвенция,  Адам
құқықтары туралы Жалпыға бірдей Декларация,  Экономикалық,  әлеуметтік  және
мәдени кұқықтарды корғау туралы Халықаралық пакт, Азаматтық, отбасылық  және
қылмыстық істер бойынша кұқықтық қатынастар және құқықтық көмек туралы  1993
жылғы 1 каңтардағы Минск конвенциясы, Қазақстан  Республикасы  заңымен  1999
жылғы 30 желтоқсанда ратификацияланған Шет елден алимент өндіріп алу  туралы
1962 жылғы 5 қыркүйектегі Конвенция, Балаларды қорғау және шет  елдегі  бала
(қыз) асырап  алу  қатынастары  жөніндегі  қызметтестік  туралы  1993  жылғы
Конвенция, Некеге тұруға келісім беру, неке жасы және некеге  тіркеу  туралы
1966 жылғы халықаралық Конвенция, сонымен бірге, 1966 жылғы  азаматтық  және
саяси құқықтар туралы пактінің факультативті протоколы, Бала  құқығы  туралы
1959 жылғы халықаралық  Декларация,  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  1959  жылғы
балалар  құқығы  туралы  Конвенциясы,  балаларды  халықаралық   ұрлау   және
азаматтық   туралы   Конвенциялар   жатады.   Қазақстан   осындай   көптеген
конвенцияларды мойындап, осы  бағыттағы  халықаралық  ұйымдарға  мүше  болып
табылады.
    Отбасы - қоғамның  ең  басты  ұясы.  Сондықтан,  мемлекет  оған  ерекше
камқорлықпен  қарайды,  мүмкіндігіне  қарай  көмектеседі,  кімкімнің  болсын
сырттан заңсыз араласуына жол бермейді және корғайды. Әрине некеге  отырған,
отау тіккен адамдарға мемлекетте белгілі бір  талаптар  қояды.  Тек  осындай
талаптар орындалған жағдайда ғана, мемлекет неке, отбасына  қамқорлық  жасау
туралы  міндеттемелер  қабылдайды.  Мұндай  талаптар  кездейсоқ  емес,  олар
азаматтардың кемелденуіне және коғамның  мүдделеріне  байланысты  туындайды.
Сондықтан, отау тігу үшін заңда көзделген  шарттарды  сақтау  кажет.  Отбасы
құқығы бойынша неке бұл ерлі-зайыптылар арасындағы  мүліктік  және  мүліктік
емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасы құру мақсатымен, заңда  белгіленген
тәртіппен тараптардың  ерікті  және  толық,  келісімі  жағдайында  жасалатын
еркек пен әйел арасындағы тен құқықты одақ.
    Отбасы құқығының  материалдық-құқықтық  нормалары  түрлі  мемлекеттерде
үлкен алуандылықпен көзге түседі, ал бұл өз  кезегінде  бұл  саладағы  шетел
қатысуымен болған құқықтық қатынастарда коллизиялардын  пайда  болуына  алып
келеді. Экономикалық құрылымның ерекшеліктерімен қатар  отбасы  қатынастарын
реттеуге, сонымен катар, ұлттық,  тұрмыстық,  діни  ерекшеліктер  мен  салт-
дәстүр әсер етеді.
    Отбасы және неке мәселесі коллизиялық сауалдардың ішіндегі ең күрделісі
десе де болады. Некеге тұрушылардың екеуінің екі мемлекетте  болуы,  олардың
некелеріндегі жастарының  айырмашылығы,  яғни  әрекет  қабілеттігі,  сонымен
қатар, некенің қай уақытта  тоқтатылатындығы  туралы  мәселелер  де  шешілуі
қиын мәселелердің бірі болып табылады.
    Халықаралық дербес құқықта неке  және  отбасы  қатынастарына  токталып,
неке  және  отбасы  қатынастарындағы  коллизиялық  сұрақтарға  жауап  беріп,
некеге отыру, некені тоқтатудың ерекшеліктеріне назар аударамыз.
    Неке  -  бұл  ерлі-зайыптылар  арасында  жасалатын   шарт,   осы   ерлі
зайыптылардың арасындағы  қатынас,  олардың  бір  жағы  шетелдің  қатысуымен
болады, осы ерекшеліктері зерттеу объектілерінің бірі болып табылады.
    Сонымен қатар,  отбасындағы  бала  құқықтары,  оларды  асырап  алу  мен
қорғаншылық,  қамқоршылық  институттарының   халықаралық   дербес   құқықтың
деңгейінде ерекшеліктері бар.
    Коллизиялық сұрақтарды шешуден бұрын біздің заңнаманың  осы  неке  және
отбасы қатынастарына байланысты  қандай  ережелерді  қолданатындығына  назар
аудару қажет. Біріншіден, Қазақстан Республикасының  Конституциясына  сәйкес
ер адамдар мен әйелдердің тең құқықтарға  ие  екендігін  алға  тартқан  жөн.
Отбасылық  қатынастар   үшін   ерлі-зайыптылардың   отбасындағы   сұрақтарды
шешудегі тең құқықтық жағдайда болуы үлкен маңызға ие  болып  табылады  және
бұл отбасындағы бала тәрбиесіне де қатысты болып келеді. Біздің отбасы  және
неке  құқығы  саласындағы  заңнама  бала  мен   ананы   жан-жақты   корғауға
бағытталғандығын айту  керек.  Отбасылық  қатынастарда  тегіне,  әлеуметтік,
мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына,  тіліне,  дінге  көзқарасына
байланысты  кез  келген   өзге   жағдаяттар   бойынша   кемсітушілікке   жол
берілмейді.
    Бірқатар мемлекеттердің отбасы құқығына ер адамның басшылығы тән  болып
табылады; көптеген мемлекеттерде осы күнге дейін  отбасындағы  әйел  мен  ер
адамнын теңсіз құқықтық жағдайлары орын алып келе жатыр. Бұл  мемлекеттердің
отбасылық  заңдарында  неке  шарты  деген  түсінік  бар,  бұл  жерде  некеге
тұрғанша неке  шарты  бекітіліп,  ер  адамның  әйел  адамның  мүлкіне  деген
кұқықтарын анықтайды.
    Көптеген мемлекеттердің заңнамасы бір ғана некенің  (моногамия)  болуын
бекітеді.  Бірақ,  казіргі  күнге  дейін   Азия   мен   Африканың   көптеген
мемлекеттерінде көп әйел алушылық (полигамия) танылады, некеге тұру  кезінде
қалындыкқа ақы төлеу және басқа да  архаикалық  әдет-ғұрыптар  күні  бүгінге
дейін  сақталуда.  Бұның   барлығы   отбасы   құқығындағы   әйелге   қатысты
дискриминацияның  болуын  білдіреді.   Бірқатар   елдердің   заңнамасы   мен
тәжірибесі  нәсілдік  кемсітушілікке  жол  береді;  түрлі  нәсіл  мен  дінге
көзқарастары бөлек адамдарға некеге отыруға тыйым салынады.
    Осы жекелеген отбасы заңнамасындағы әр түрлі жағдайда  екі  мемлекеттің
азаматы некеге отырған уақытта коллизиялық сұрақтарды шешу үлкен маңызға  ие
болып  табылады.  Батыс  мемлекеттерінде  отбасы   құқығы   қатынастарындағы
коллизиялық  нормалар  алуандылықка  ие  болып  табылады.   Некелік   құқық,
қабілеттілік, яғни некеге тұру жасы, некеге тұруға кедергілердің  болмауы  -
мұның  барлығы  түрлі  мемлекеттерде   ерлі-зайыптылардың   өздерінің   жеке
заңдарымен анықталады. Некені тоқтатқан кезде  түрлі  азаматтыққа  ие  ерлі-
зайыптылар  арасында  біркатар  мемлекеттерде  ер  адамның  азаматтық   заңы
қолданылады.
    Бір мемлекетте сол елдің заңының талаптарын сақтай отырып жасалған неке
сол мемлекетте танылғанымен, басқа мемлекеттерде танылмауы да  мүмкін,  бұны
халықаралық дербес құқықта «ақсандаған  неке»  («хромающие  браки»)  деп  те
атайды.
    Некедегі ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары бірқатар мемлекеттерде
ер адамның жеке заңымен анықталады.
    Біркатар мемлекеттерде түрлі коллизиялық мәселелер шешіледі. Венгрияның
халықаралық  дербес  құқық  туралы  Заңының  30-параграфына  сәйкес  некенің
жарамдылығының  материалдық-құқықтық  шарттары  некеге  тұрушылардың  «ортақ
жеке заңдарымен» анықталады. Егер де бұл тұлғалардың  жеке  заңдары  түрліше
болып келсе, онда некенің жарамдылығы сол екі тараптың  да  жеке  заңдарымен
жарамды  деп  танылса  (өзара  түсіністік  негізінде),  жарамды  болып  баға
беріледі.
    Венгрияда некенің нысанына некеге отыру жерінің құқығы қолданылады. ҚХР-
да Қытай азаматы шетел азаматымен некеге тұратын болса,  онда  некеге  отыру
жер заңы қолданылады, ал некені токтату  кезінде  -  некені  тоқтату  туралы
мәселені шешетін  орган  сот  елінің  құқығы  қолданылады  (Кытай  Азаматтық
құқығының жалпы ережелерінің 147-бабы).
    Венгрия мен  Румынияда  некені  тоқтату  туралы  сауалды  шешу  кезінде
негізгі кағиданың бірі болып, ерлі-зайыптылардың заңдары танылады.
    2. Некені заңды түрде ресімдеу дегеніміз халықаралық  дербес  құқықтағы
отбасы  және   неке   қатынастары   туралы   заңнамалар   мен   Қазакстанның
заңнамаларына сәйкес азаматтық хал актілерін жазу органдарында тіркеу  болып
табылады.  Белгілі  бір  тәртіппен  тіркелген  некенің  ғана  құқықтық  күші
болады. Бұл ереже неке отбасы заңдарынын негіздерінің бірі.  Бұл  мән-жайдың
халықаралық  дербес  құқықтағы  неке  және   неке   қатынастарын   реттейтін
заңнамаларда да ерекше маңызы бар. Ерлі-зайыптылардың заңдық  кұқықтары  мен
міндеттері  неке  АХАЖ-да  тіркелген  кейін  ғана  ерлі-зайыптыларды  қорғау
туралы  міндеттеме  алады,  оларды  ерлі-зайыптылар  ретінде  ресми  таниды,
сондай-ақ бұл отбасыға қамқорлық көрсетеді.
    Халықаралық дербес құқықтағы отбасы және  неке  қатынастарын  реттейтін
жалпыға танымал заңнама талаптарын негізге ала отырып,  отбасы  қоғамның  ең
басты ұясы болғандықтан, мемлекет оған ерекше қамқорлықпен қарайтының  колда
бар  мүмкіндіктеріне  қарай   көмектесетінін   кімде-кімнің   болса   заңсыз
араласуына тыйым сала отырып, корғайтынын,  ол  үшін  некеге  отырған,  отау
тіккен адамдарға мемлекет некеге,  отбасына  қамқорлық  жасау  туралы  өзіне
міндеттеме  қабылдайтынын  білдік.  Мұндай  талаптар  кездейсоқ  емес,  олар
азаматтардың кемелденуінен сондай-ақ қоғамның өнегелі отбасы - игілік
негізі  мүдделерінен  туындайды.  Сондықтан  халықаралық  дербес   құқықтағы
отбасы және неке қатынастарын ретгейтін заңдар бойынша отау тігу үшін  заңда
көзделген шарттарды сақтау керек.
    Қазақстан Республикасында Қазақстан азаматтарының  шетел  азаматтарымен
некеге  отыруы.  Қазіргі   заман   жағдайында,   халықаралық   қатынас   пен
әріптестіктің дамуы кезінде қазақстандық  азаматтардың  шетел  азаматтарымен
некелесуі көптеп,  орын  алып  отыр.  Мұндай  некені  бекіту,  өз  кезегінде
балалармен  олардың  ата-аналарының  түрлі  азаматтықта   болу   жағдайларын
көбейтеді.
    Қазақстан Республикасында  қазақстандық  азамат  пен  шетел  азаматының
некесі, сонымен қатар  шетелдіктердің  де  некесі  бекітіле  береді.  Біздің
заңнама, өз азаматтарымыздың басқа шетел мемлекетінің азаматымен  некелесуге
тыйым салып, ол үшін рұқсат сұрауды талап етпейді.
    Біздің азаматтардың шетел азаматтарымен некелесуі, сонымен қатар  шетел
азаматтарының    өздерінің    арасында    некелерін    бекітуі     Қазақстан
Республикасының заңнамасына бағынады.  Басқа  сөзбен  айтқанда,  бұл  салада
«некеге отыру жер заңы» немесе «lex loci  selebrationis»  деген  коллизиялық
қағида қолданылады. Неке біздің заңнамада кезделген нысан бойынша  жасалады,
яғни  азаматтық  хал  актілерін  жазу  органдарында,  осы  некені  тіркеудің
бекітілген ережелерін сақтай  отырып  тіркеледі.  Қазақстан  Республикасында
некені діни жолмен бекіту  қандай  да  бір  құқықтық  салдарға  жетелемейді,
бірақ бұны адамдар өз арасында тануы да мүмкін.
    Қазақстан   Республикасында   некеге   тұру   туралы   келісім   некеге
тұрушылардың  өздерімен  жасалуы  тиіс  болып  табылады.  Бірқатар   елдерде
(Испания, Перу т.б.) некеге тұрушылар сенімхат  беріп,  өкіл  арқылы  некеге
тұруларына жол беріледі. Біздің заң мүвдай өкілдік етуге жол бермейді.
    Шетелдіктердің де  некеге  тұруларынын.  материалдық  шарттары  олардың
ұлттық  заңнамасымен  емес,  біздің  заңнама  бойынша  анықталады.  Мәселен,
казақстандық неке және отбасы  заңнамасына  сәйкес  некеге  отыру  үшін  екі
жақты келісім, белгілі бір жасқа толу және тағы басқа талаптар қойылады.
    «Неке және отбасы туралы»  Заңның  11-бабында  «Егер  тұлғалардың  бірі
басқа некеде тіркелген болса, онда ол жаңа некеге отыра  алмайды»  делінген,
яғни егер шетелдіктің өз заңы көп әйел алушылыққа жол берсе, онда ол  біздің
республикамызда некеге отыра алмайды.
    Шетелдік азамат, егер оның өз заңы екі некеге рұқсат  бергеннің  өзінде
бізде  некесін  тіркеуді  талап  ете  алмайды.  Кейбір  мұсылмандық  елдерде
(Түркия, Ирак) екі некеге рұқсат етілмейді.
    Шетелдіктер, сонымен  катар,  біздің  азаматтар  некеге  тұрған  кезде,
некеге  тұруға  ешқандай  кедергі  жоқ  екендігі  тексеріледі  және   мұндай
тексерістің ең бастысы оның  басқа  некеде  тұрған-тұрмағандығы  анықталады.
Некеге тұруға кедергілердің бар екендігін айту  міндеті  некеде  тұрушыларда
болып келеді.
    Некеге тұрушының басқа некеге тұрмағандығы дәлелдейтін бірден-бір дәлел
оның басқа некесі  туралы  Азаматтық  хал  актілерін  жазу  органдарында  ол
туралы жазбаның болмауы болып табылады. Егер  шетелдік  біздің  Республикада
некеге  отыру  ниетін  біддіретін  болса,  ол  өзінің  мемлекетінің   тиісті
органынан  өз  мемлекетінде  ешкіммен  некеде   тұрмайтындығын   дәлелдейтін
анықтама қағазын алып келуге міндетгі.  Тәжірибеде  әдетте  мұндай  анықтама
қағаздары Қазақстан Республикасындағы тиісті мемлекеттің елшілігімен  немесе
консулдығымен беріледі.
    Біздің құқыққа  белгісіз  басқа  мемлекеттердің  шектеулері  (нәсілдік,
діни, ата-ана келісімінің болмауы, т.б.) біздің елде  некені  тіркеуден  бас
тартуға   негіз   болып    табылмайды.    Бұл    шетелдіктердің    Қазақстан
Республикасында  тіркейтін  некелеріне   де   байланысты   болып   табылады.
Тәжірибеде  шетелдікпен  некеге  отыруға  толық  емес,   ішінара   шектеулер
қойылатыны  анық.  Мысалы,  некеге  отыру   үшін   рұқсат   алу   Венгрияда,
Үндістаңда, Иракта, Италияда және тағы басқа да мемлекеттерде бекітілген.
    Біздің азаматтардың  шетелдік  азаматтармен  некелерін  тіркеу  кезінде
бірқатар жағдайда некеге отырушы шетелдіктің де заңнамасы басшылыққа  алынуы
керек, өйткені, бұл жағдайда некені жарамсыз деп тану басқа мемлекетге  орын
алмауы анық.  Мынадай  мысалды  келтірсек  болады:  егер,  некеге  тұрушының
елінің заңнамасы бойынша ол келісім алмаған  кезде  неке  ол  елде  жарамсыз
болып  қалуы  мүмкін.  Мұндай  жағдайларда  біздің  АХАЖ  органдары   некеге
тұрушыларда оның мұндай некеге отыруға келісім бар-жоқтығын анықтауы  керек.
Егер де  мұндай  келісім  болмаса,  некеге  отырушылармен  келісіле  отырып,
шетелдіктің  осындай  келісімді  алуы  үшін  уақыт  беріледі.  Егер  де  осы
белгіленген уақытта органға қажет  келісімді  алып  келмейтін  болса,  бірақ
некеге тұрушылар некені тіркеуді талап  етіп  отырса,  неке  тіркеуші  орган
мұндай  келісімнің  болмауына  қарамастан  некені  тіркеуге  міндетті  болып
табылады.  Мұндай  неке  біздің   заңнама   бойынша   танылғанымен,   тиісті
шетелдіктің мемлекетінде  бұл  неке  танылмайды.  Бұл  өз  кезегінде  біздің
мемлекеттін  азаматынын  езінін  некелескен  адамынын,  мемлекетіне   барған
уақытында  құқығының  шектелуіне  алып   келуі   мүмкін.   Бұндай   жағдайда
түсіндірудің рәсімі  үлкен  маңызға  ие  болып  есептеледі,  өйткені  біздің
азамат шетелдікпен некеге отырған  кезінде  бұл  некенің  басқа  мемлекетте,
онын ішінде некелескен адамының  мемлекетінде  танылмай,  оның  белгілі  бір
шекте мүліктік құқықтары шектелетіндігін білуі шарт болып табылады.
    80-жылдары Болгариямен, Вьетнаммен, Венгриямен, Финляндиямен бекітілген
құқықтық  көмек  көрсету  туралы  шарттарда  некені   бекіту   нысаны   неке
бекітілген мемлекеттің заңымен анықталатындығы айтылады.
    Материалдық шарттар жағдайын да құқықтық көмек көрсету шарттары  қамтып
кеткен.  Мысалы,  Вьетнаммен  КСРО-ның  арасында  жасалған  құқықтық   көмек
көрсету шарттарында ерлі-зайыптылардың мүліктік жағдайы  сол  азаматы  болып
табылатын мемлекеттің заңнамасымен шешіледі деп көрсетілген.
    Қазақстан   Республикасының   Азаматтық   туралы   Заңында    Қазақстан
Республикасы азаматының шетел азаматымен некеге тұруы немесе  онымен  некені
тоқтатуы азаматтықтың өзгеруіне алып келмейді деп көрсеткен.
    Бір   некелесушінің   өз   азаматтығын   өзгертуі   екінші    азаматтың
азаматтығының өзгеруіне алып келмейді.
    Консулдық некелер. Біздің заңнама Қазақстан  Республикасының  аумағында
консулдық   некелерді,   яғни   шетелдік   дипломатиялық   өкілдіктер    мен
елшіліктерде  жасалатын  некені   таниды.   Шетел   азаматтарының   арасында
Қазақстан Республикасының аумағында елшіліктер  мен  өкілдіктерде  жасалатын
некелер екі жақты танудың негізінде ғана жарамды  болып  танылады.  Ол  үшін
елшілік жіберіп  жатқан  елдің  Қазақстан  Республикасымен  тиіслі  келісімі
болуы кажет.  Бұған  коса  мұндай  некелердің  жарамдылығына  тағы  бірқатар
талаптар қойылады: а) екі жақты келісімнің болуы,  яғни  шетел  мемлекетінде
осындай консулдықтардағы некенің танылуы; ә) некеге тұрушы екі тұлға да  сол
елшілік пен консулдықты жіберген мемлекеттердің азаматы болуы.
    Басқа мемлекеттермен жасалған  консулдық  ковенциялар  өз  мемлекетінің
азаматының  некесін  консулға  тіркеуге  рұқсат  етеді.   Мұндай   консулдық
конвенциялардың көпшілігінде консул сол  келуші  мемлекеттің  заңына  сәйкес
некені тіркеуі тиіс деп көрсетілген.  Тек  кейбір  консулдық  конвенцияларда
ғана консул некені өзінің келген мемлекетінің заңнамасына қарсы болмаса,  өз
мемлекетінің  заңы  бойынша  тіркеуіне  болады  деп  керсетілген.  Куба  мен
Финляндия арасындағы консулдық конвенцияларға сәйкес, консул некені тек  езі
келген мемлекеттің заңнамасына қайшы болмаған жағдайда ғана өз  мемлекетінің
заңы бойынша тіркеуі тиіс болып табылады.
    Консулдық   конвенцияларда   осындай   некенің   тіркелгендігі   туралы
жергілікті өзін-өзі басқару  органдарына  хабарлау  қажеттігі  туралы  жазба
жасалуы мүмкін.
    Қазақстан Республикасы азаматтарының  шетелдіктермен  басқа  мемлекетте
некеге отыруы. Қазақстан Республикасының  азаматтары  шетелдіктермен  біздің
аумақта да, сонымен катар, басқа мемлекет  аумағында  да  некелесуі  мүмкін.
Мұндай  некелер  сол  некеге  отырушы  мемлекеттің  заңдарының  талаптарымен
қойылған   неке   нысанына   сәйкес   болуы   шарт.    Тиісті    мемлекеттің
муниципалитетінде,  мэриясында  немесе  басқа  да  органдарында  және   діни
ғұрыптарды  сақтай  отырып  жасалған  неке  сол   мемлекетте   танылғанымен,
кейіннен, біздің мемлекетте танылуы мүмкін  бе  деген  сұрақ  туады.  Біздің
заңнама бұл орайда нақты жауапты беріп отыр.
    Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы»  Заңының  ережесіне
сәйкес, егер  неке  Қазакстан  Республикасының  аумағынан  тыс,  сол  тиісті
мемлекеттің заңнамасы бекіткен нысанда тіркелетін болса  және  ол  Қазақстан
Республикасының некені тіркеуге байланысты заң талаптарына  қайшы  болмайтын
болса, ол неке заңды деп танылуы ықтимал болып табылады.
    Басқаша  айтканда,  мұндай  неке  заңды  болып  танылуы   үшін   біздің
мемлекеттің некелесу бойынша заңынын материалдық  нормалары  бұзылмауы  тиіс
болып табылады. Бұл айтылғанның мазмұнын ашатын  болсақ  біздің  мемлекеттің
азаматтығында  тұрған  азаматтың  некесі  жарамды  болуы  үшін   ол   біздің
заңнаманың қоятын материалдық шарттарын сақтауы  керек.  Шетелдікке  қатысты
айтар  болсақ,  қазақстандық  азаматпен  некеге  тұру   үшін   оған   біздің
заңнаманың талаптарын сақта деп  айта  алмаймыз,  өйткені,  ол  неке  біздің
мемлекеттің  аумағында  емес,  басқа  мемлекеттің  аумағында  жасалуы  тиіс.
Осыған сәйкес некенің жасалған  орнының  заңы  қолданылуға  жатады.  Некенің
нысанына байланысты айтар болсақ,  оның  жарамды  деп  танылуының  негіздері
басқа да болып қалуы мүмкін. Өткеннен мысал келтірер болсақ,  1937  жылы  Л.
деген  азамат  Тегеранда  ирандық  қалындық   Амалиямен   некелеседі.   Неке
Тегерандағы орыстың  Православиелік  шіркеуінде  жасалады,  өйткені  ирандық
заңнама бойынша діни нысанға жол берілген. 1958 жылы Тбилисиде тұрып  жаткан
Л. Раиса дегенмен некелеседі. 1960 жылы Л.,  қайтыс  болып  кеткеннен  кейін
Амалия мұраға бірден мұрагер бола отырып, Л-дің екінші  некесін  заңсыз  деп
тануды сұрап  Грузиялық  сотқа  талап  арызын  береді.  Сот  талап  қоюшының
пайдасына істі шешеді.
    Егер Қазақстан Республикасының азаматы  мен  шетел  азаматының  некесін
тиісті мемлекеттің жергілікті органдарында тіркеу кезінде  біздің  азаматтың
шетел азаматымен некелесуге құқығын танитын кағазды талап етсе, онда  мұндай
анықтама қағазын Қазақстан Республикасының тиісті  мемлекеттердегі  елшілігі
бере алады.
    Сонымен қатар, жоғарыда атап  кеткеніміздей,  консулдық  конвенцияларда
консулдың  мемлекетінің  азаматы  некеге  тұрғандығын  тіркеп  тұру  міндеті
көрсетіледі.  Мысалы,  кейбір  мемлекеттердің  консулдық  жарғылары   мұндай
міндетті  тікелей  көрсетуі  мүмкін.  Мысалы,  бұрынғы  Кеңес   мемлекетінің
заңнамасында бұл тікелей көзделген болатын.
    Қазақстан Республикасы азаматтарының  арасында  шет  мемлекетте  некені
бекіту.   Қазақстан   Республикасының   шегінен   тыс   тұратын    Қазақстан
Республикасы азаматтарының арасындағы  неке  тиісті  мемлекеттегі  Қазакстан
Республикасының елшіліктерінде жүзеге  асырылады.  Некені  тіркеу  азаматтық
хал   жағдайының   бірден-бір    актісі    болып    есептеледі.    Қазақстан
Республикасының консулдықтарында шет  ел  аумағында  некені  бекіту  кезінде
толығымен біздің мемлекеттің заңдары басшылыққа  алынуы  тиіс,  өйткені  екі
азамат та біздің республика азаматы болып табылады.
    Консулдық,  мұндай  некелерді  бекіту  құқығы  біздің  заңнама  бойынша
анықтайды. Ол дегеніміз: а) біздің елшілікте немесе  өкілдіктерде  тіркелген
неке азаматтық хал  актілерін  жазу  органдарында  некені  тіркеумен  бірдей
күште танылады;  ә)  некені  консул  тіркеген  кезде  ол  біздің  заңнаманың
бекітетін материалдық талаптарын сақтауға міндетті.
    Мұндай некені келуші мемлекетте (страна пребывания) тану ол мемлекеттің
материалдық нормаларының сақталуына тікелей байланысты.
    Шетелде жасалған шетелдіктердің некесін Қазақстан Республикасында тану.
Осы уақытқа дейін біздің азаматтардың шетелде жасаған некелері туралы,  яғни
аралас некелер туралы сөз қозғаған болатынбыз. Біздің мемлекеттің  аумағынан
тыс, шетелдіктердің  жасалған  некелері  туралы  айтар  болсақ  олар  біздің
мемлекетте  танылады.  Сонымен,  шетелдерде  жасалған  неке,  егер  ол   сол
мемлекеттің  талаптарын  сақтайтын  болса,  олар   заңды   болып   табылады.
Сәйкесінше, егер шетелдіктердің арасындағы  неке  солардың  жеке  заңдарының
талаптарын және некеге  отыру  жерінің  талаптарын  сақтай  отырып  жасайтын
болса, ол біздің республикада да сөзсіз  танылады.  Бұл  аталғанымыз  біздің
мемлекетіміздің  жария  тәртіп  туралы  ескертпесімен  қаншалықты   дәрежеде
шектелуі мүмкін?
    Бұл сұраққа да біздің «Неке және отбасы туралы» Заң жауап береді.  Оған
сәйкес,  егер  жасалған  неке  біздің  Қазакстан   Республикасының   негізгі
құрылысына қайшы болатын болса, онда шетелде  шетелдіктердің  арасында  неке
танылмауы мүмкін. Осы  ережеге  сәйкес,  жекелеген  жағдайларда  сауал  туып
отырады: шет елдердің заң талаптарын сақтай отырып жасалған полигамдық  неке
біздің  мемлекетте  танылуы  мүмкін  бе?  Біздің  ше,  мұндай  неке   біздің
мемлекетте танылмайды деп айтуға болмайды, бірақ мұндай некенің  болуы,  кез
келген басқа некенің болуы сияқты Қазақстан Республикасында  некені  жасауға
кедергі болып табылады.
    Некені жарамсыз деп тану. Қазақстан Республикасында шетелдік пен біздің
азамат арасында жасалған неке біздің  заңнама  ережелеріне  сәйкес  жарамсыз
болып табылуы мүмкін, өйткені бұл тұста некенің жасалу  орны  үлкен  маңызға
ие болып табылады. Кейбір жағдайларда фиктивті некелер де  кездесіп  қалады.
Ол біздің заңнаманың талаптарын айналып  өту  мақсатында  жасалады.  Мысалы,
Қазақстан Республикасына кіру-шығу ережелерін айналып өту мақсатында.
    3. ҚР-ның «Неке және отбасы  туралы»  Заңының  29-бабына  сәйкес  ерлі-
зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады: тегін таңдау  құқығы,  қызмет
түрін,  мамандығын,  тұрғылықты  жерді  таңдау  құқықтары,  отбасы  өмірінің
мәселелерін бірігіп шешу құқығы.
    Халықаралық дербес құқықтағы отбасы және  неке  қатынастарын  реттейтін
заңнамалар бойынша ерлі-зайыптылар тең кұқыктарды  пайдаланады  және  отбасы
өмірінің барлық жалпы мәселелерін олардын бірлесіп және өзара келісе  отырып
шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-зайыптылардың ешқайсысы  да  жеке  құқықтары
мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылық пайдалануға тиіс емес.
    Қазақстан   Республикасының   аумағында   тұратын    ерлі-зайыптылардың
арасындағы  мүліктік  және   жеке   қатынастарына   біздің   мемлекетіміздің
заңнамасы қолданылуға жатады. Конституцияда бекітілген ер адамдар  мен  әйел
адамдар   арасындағы   теңдік   ерлі-зайыптылардьщ    арасындағы    көптеген
қатынастарды реттейді: әйел  адам  некеге  отырғаннан  кейін  өзінің  некеге
дейінгі фамилиясын сақтап қалуға құқылы, ол өз  азаматтығын  сақтап  қалады,
кәсіп пен қызмет  аясын  таңдауда  еркін  болып  табылады,  өзінің  мүліктік
қатынастарын толықтай сақтап калады және  некеге  тұрғаннан  кейін  табылған
мүлікке ортақ меншікте  үлесін  сақтайды  және  т.б.  Біздің  заңның  талабы
бойынша  ортақ  шаруашылықты  жүргізу  ерлі-зайыптылардың   өзара   келісімі
негізінде  жүзеге  асырылады.  Қазақстан  Республикасындағы  шетелдік  күйеу
отбасылық шаруашылықты жүргізуге байланысты  басшы  орынды  иелене  алмайды.
Біздің құқыққа сәйкес, ерлі-зайыптылар тұрғылықты жерді таңдауда  да  ерікті
болып табылады. Сонымен катар, ерлі-зайыптылар бірге  де,  бөлек  те  тұруға
құқылы. Бір тұлғаның өзінің тұрғылықты жерін ауыстыру екінші  тұлғаға  соның
артынан ілесуді талап етпейді. Ерлі-зайыптылар бір-біріне материалдық  көмек
көрсетіп тұруға міндетті.  Егер  ерлі-зайыптылардың  бірі  еңбекке  жарамсыз
болып  қалатын  болса,  онда  біздің  заңнама  бойынша  оның  екіншісі  оған
материалдық көмек көрсетуге міндетті болып табылады. Қолданып  жүрген  заңда
және халықаралық дербес құқықтағы отбасы және  неке  қатынастарын  реттейтін
заңнамалар бойынша текті таңдаудың екі жолы ұсынылған. Некеге  тұру  кезінде
ерлі-зайыптылардың қай-қайсысы да өздерінің некеге отырғанға  дейінгі  тегін
калдыра алады. Сонымен бірге, ерлі-зайыптылар  өз  қалаулары  бойынша  ортақ
бір тек таңдауға құқылы.  Ондай  тек  ерінікі  болмаса  әйелінікі  де  болуы
мүмкін.
    Тәжірибеде  ерлі-зайыптылар  ортақ  бір  текті  (әдетте  ерінің  тегін)
таңдайды.
    Кейбір елдердің, оның де алуына мүмкіндік жасайды, яғни  өзінің  тегіне
жұбайының тегін  қосуына  жағдай  жасайды.  ҚазақКСР-ның  Неке  және  отбасы
туралы Кодексі бұған жол берген жоқ еді. Ал, енді «Неке және отбасы  туралы»
Заңның 30-бабы жұбайлардың біреуінің некеге тұрғанға дейінгі  тегі  қосарлас
болған болмаса, басқа жағдайда екі текті де алып жүруге рұқсат етеді.
    Қызмет  пен  мамандықты  еркін  таңдау  құқығы  ерлі-зайыптылардың  оқу
орындарына түсу, мамандық таңдау, сол таңдап алған  мамандық  бойынша  жұмыс
орнын табу жөніндегі  мәселелерді  жеке  өздерінің  шешулеріне  болатындығын
көрсетеді. Әдетте, қызмет пен мамандық таңдау ерлі-зайыптылардың  екі  жақты
келісімдері бойынша отбасы мүддесін ойластыра отырып, жүзеге асыратын іс.
    Тұрғылықты  жерді  таңдау  еркі  дегеніміз  мынаны   білдіреді:   ерлі-
зайыптылардың  жеке  тұруларына  болады  немесе  әр  түрлі  тұрғын   үйлерді
иемденуге  кұқылы.  Бірақ,  еркек  пен  әйел  басын  біріктіру  үшін  некеге
тұрғандыктан, отбасын құруға және оны нығайтуға мұндай  кұқықтардың  пайдасы
болмайды.  Заңда  көрсетілген  тұрғылықты  жерді  таңдау  еркіне   ие   болу
құқығының мәні ерлі-зайыптылардың ешкдйсысы да бірбірін  белгілі  бір  жерде
тұруға мәжбүр ете алмайтындығында, ал таңдау екі  жақтың  өзара  келісімімен
жүзеге асырылуы керек.
    Заң ерлі-зайыптылардың бірге тұруына  жағдайлар  жасайды  және  бірінің
басқа бір тұрақты мекенге көшуі  жағдайында  екіншісінің  де  сонда  баруына
мүмкіндік  туғызады  (қоныс  аударушының  жұбайына  және   отбасының   басқа
мүшелеріне  көтерме  ақы  жәрдемін  төлеу,  жас  мамандарды   бөлу   кезінде
отбасының мүддесі ескеріледі т.б.).
    Отбасының өмірлік мәселелерін бірлесіп шешу кұқығы  отбасының  бюджетін
бөлісуі, балалар тәрбиесі, үй  шаруашылығын  жүргізуі,  туған-туысқандарымен
бірге немесе бөлек тұру шешілетінін білдіреді. Ерлі-зайыптылардың  ешқайсысы
да өзінің еркін екіншісіне тануға құқылы емес. Егер  ерлі-зайыптылар  кейбір
меселеде келісімге келе алмаса,  онда  олар  өз  дауларын  шешу  үшін  заңда
көрсетілген  органдарға   шағымдануға   құқылы.   Мәселен,   ерлі-зайыптылар
арасында балалар тәрбиесі мен тек таңдауда  келісім  болмаса,  бұл  мәселені
қорғаншы және қамкоршы органдары шеше алады.
    Ерлі-зайыптылардың мүліктік қатынастары оларға тиесілі  болған  мүлікті
меншіктеу және бір-бірлеріне өзара материалдық қолдау көрсету  міндеттерінен
туындайды. Құқықтық қатынастардың бірінші  түрі  Заңның  «Ерлі-зайыптылардың
мүліктік   құқықтықтары   мен   міндеттері»   деп   аталатын   7-тарауындағы
нормалармен, ал екіншісі - Заңның  «Ерлі-зайыптылардың  және  бұрынғы  ерлі-
зайыптылардың  алименттік  міндеттемелері»   деп   аталатын   18-тарауындағы
нормаларымен реттеледі.
    Ерлі-зайыптылардың  меншік  құқығының  регламентациясы  немесе  басқаша
айтканда олардың мүліктік режимі жаңа заңда елеулі  кездейсоқтыққа  ұшырады.
Бұрынғы заңдарда тек бір ғана режим  қарастырылған  еді.  Жаңа  заңда  ерлі-
зайыптылардың  заңды  мүліктік  режимі  де,  ерлі-зайыптылар  мүлкінің  неке
шартымен бекітілген шарттық режимі де көзделінеді.
    Дегенмен, некеге тіркеу кезінде неке шарты жиі қолданып жүрсе  де,  көп
жағдайда ерлі-зайыптылар мүлкінің  заңды  режимі  олардың  бірлескен  меншік
режимі қолданылады.
    Бұған дейін де аталғандай, «Неке және  отбасы  туралы»  Заңның  2-бабы,
халықаралық  дербес  құқықтағы  отбасы  және  неке  қатынастарын   реттейтін
заңнамалар  ерлі-зайыптылар  отбасындағы  құқығының  тең   болу   қағидалары
айкындайды.  Осы   ортақ,   кағиданың   пайда   болуына   ерлі-зайыптылардың
некелескеннен кейінгі бірге тұрған ғұмырында  жинаған  мүлікке  тең  құқығы:
ықпал етеді.  «Неке  және  отбасы  туралы»  Заңның  32-бабына  сәйкес  ерлі-
зайыптылардың некеде тұрған кезде  жинаған  мүлкі  олардың  бірлескен  ортақ
меншігі болып табылады. Ерлі-зайыптылар мұндай меншікке тең  кұқықпен  билік
етеді және пайдаланады, екінші  бір  затты  -  тұтынады,  үшінші  бір  затты
олардың екеуі де  пайдаланады.  Бірақ  сырт  көзге  олардың  ортақ,  мүлкіне
жататын заттардың барлығы да  ерлі-зайыптылардың  екеуіне  де  бірдей  болып
саналады.
    Заңда ерлі-зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүліктерінің жалпы
тізімі берілген. Бұған ерлі-зайыптылардың табыстары (жалақысы,  зейнетақысы,
материалдық  көмек,  кәсіпкерлік  қызметтен  тапкан  табыстары,  т.б.),  осы
табыстардың  негізінде  жиналған  мүліктер  (ортақ  мүлік,  сондай-ақ  ерлі-
зайыптылардың әрқайсысының мүлкі) т.б. жатады.
    Жалпы тәртіп бойынша және халықаралық дербес құқықтағы отбасы және неке
қатынастарын  реттейтін  заңнамалар  бойынша   ерлі-зайыптылардың   құқықтық
жағынан тең болуы олардын қайсысы кандай затты иемденуіне, ол заттың  кандай
мақсатқа арналғанына және кімнің атына жазылғанына  байланысты  емес.  Ерлі-
зайыптылардың құқықтық жағынан тең болуына олардың  отбасы  табысының  жалпы
сомасына қаншалықты үлес қосқаны  да  әсер  ете  алмайды.  Заң  (32-бап,  3-
тармақ) ерлі-зайыптылардың ортақ мүлікке кұқығы  некеде  тұрған  кезеңде  үй
шаруашылығын жүргізуді, балаларды бағып-күтуді жүзеге асырған  немесе  басқа
да тиесілі дәлелді себептермен  жеке  кірісі  болмаған  жұбайға  да  тиесілі
екендігін арнайы ескертеді.
    Бірге тұрған кезде жинаған  ортақ  мүліктен  басқа,  ерлі-зайыптылардың
әрқайсысына тиесілі жеке мүлкі болады және оған  өздері  дара  билік  етеді.
Мұндай неке дара мүліктерге ері мен әйелдің некеге тұрғанға  дейінгі  немесе
ерлі-зайыптылардың  некеге  отырғаннан  соңғы  жеке  міндеттемелері  бойынша
алған заттары, ері мен әйелінің сый ретінде алған немесе мұрагерлік  жолымен
иемденген заттары, жеке пайдаланатын заттары  (сырт  киім,  аяқ  киім  т.б.)
ерлі-зайыптылардың некеге тұру кезінде ортақ каржысына сатып  алынған  болса
да қымбат заттар мен басқа да сән-салтанат заттарын  қоспағанда,  басқасының
бәрі жатады. Мысалы, әйелінің кұндыз  пальтосы,  ерінің  алтын  сағаты  т.б.
ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі болып саналады.
    Некенің іс жүзінде тоқтатылуына байланысты  бөлек  тұрған  кезде  ерлі-
зайыптылар  өзара  келісім  бойынша   мүлікті   иелік   ете   алады.   Ерлі-
зайыптылардың әрқайсысы жалпы мүлікке байланысты өз  бетінше  келісім  жасай
алады. Бұл жерде жаңа Заңның талап етуі  бойынша  басқа  жұбайдың  келісімін
алуы кажет. Ортақ мүлікке  байланысты  нотариалды  рәсімдеуді  талап  ететін
мәміле жасау үшін  (мәселен,  тұрғын  үйді  сату  кезінде)  екінші  жұбайдың
жазбаша келісімі қажет.
    Ерлі-зайыптылардың  әрқайсысы  некені  токтатқан  сәтте  де,  сондай-ақ
некеде тұрған кезінде де жалпы ортақ мүлікті бөлісуді  талап  етуге  құқылы.
Ерлі-зайыптылардың ортақ  мүлкін  бөліске  салғанда,  олардын  үлестері  тең
болуы  тиіс.  Жоғарыда  көрсетілгендей,  отбасының  жалпы   табысына   ерлі-
зайыптылардың  әрқайсысының  косқан  үлесінің  көлемі  жалпы  ереже  бойынша
ескерілмейді. Сонымен бірге жекелеген  жағдайларда  сотқа  кәмелеттік  жасқа
толмаған   балалардың   мүдделерін   немесе   ерлі-зайыптылардың   біреуінін
мүдделерін ескере отырып,  ерлі-зайыптылардың  үлестерінің  теңдігі  негізін
ескермеу құқығы берілген («Неке және отбасы туралы» Заңның 37-бабы).
    Ерлі-зайыптылардың талап етуінен басқа ортақ мүлікті бөлу несие  беруші
ерлі-зайыптылардың біреуінін үлесінен өндіріп  алу  үшін  ерлі-зайыптылардың
ортақ мүлкін белу туралы несие берушінің  талабын  мәлімдеуі  жағдайында  да
жүргізілуі мүмкін.
    Ортақ мүлікті бөлген кезде ерлі-зайыптылардың әрқайсысына қандай затгын
берілетінін сот айкындауы керек. Егер ерлі-зайыптылардын біріне беретін  зат
құны жағынан оның үлесінен артып  кетіп  жатса,  онда  екіншісіне  бұл  үшін
тиісті өтемақы төлейді.
    Ерлі-зайыптылардың заң бойынша жеке кұқыктары  мен  мүліктік  құқықтары
болады. Осы жерде осы құқықтарының туындау негізі болып, олардың  үйі  болып
некеге тіркелген күні саналады. Ол неке міндетті түрде жергілікті  Азаматтық
хал актілерін тіркеу органдарында жүргізіледі.
    Ерлі-зайыптыларды тіркеу күнінен соң отбасындағы теңдігіне  негізделген
неке қатынастары басталады. Халықаралық дербес құқықтағы  отбасы  және  неке
қатынастарын реттейтін заңнамалар  бойынша  ерлі-зайыптылар  тең  құқықтарды
пайдаланады және  тең  міндеттер  аткарады.  Ал  қазақтың  әдет-ғұрып,  салт
дәстүрінде де,  мұсылмандық  шариғат  заңында  да  ер  адамдарға  басымдылық
берген. Адамдар қауымдасып жасайтын қоғамдар  күшті  әрі  берік  болуы  үшін
әйел  мен  еркектің  өзара  қарым-қатынасын  неке  аркылы  шариғи   тәртіпке
келтірді, қажеттіліктерінің қамтамасыз етілуіне осы  үлгіде  рұқсат  береді.
Қазақстанның заңнамасы бойынша да және халықаралық дербес  құқықтағы  отбасы
және неке  қатынастарын  реггейтін  заңнамалар  бойынша  да  бірлескен  өмір
кезінде жиналған мүлік ортақ  меншік  болып  табылады.  Әдетте,  отбасындағы
мүлік ерлі-зайыптылардың  екеуінің  еңбегінің  нәтижесінде  жиналады.  Кейде
зайыбы  жұмыс  істемеуі,  үй  шаруасында  және  бала  тәрбиесімен  айналысуы
мүмкін. Әрине, егер отбасында мүліктің кімдікі  екендігі  туралы  дау  туған
жағдайда, олар мүліктің  тағдырын  шешу  жөніндегі  өтінішпен  сотқа  жүгіне
алады. Сот мүліктің пайда болуына қатысты барлық  мән-жайды  ескере  отырып,
мәселені әділетті шешуі тиіс. Сот ерлі-зайыптылардың тәртіп жағдайын  (екеуі
де өмір салтын ұстана ма  немесе  бір  жағымсыз  қылықтарға  бой  ұрған  ба,
ішімдікке  салынған  емес  пе  т.б.),  бір-біріне  деген,  балаларына  деген
қатынасын ескереді. Ортақ мүліктегі кейбір заттар (пәтер, машина т.б.) ерлі-
зайыптылардың бірінің атына жазылады.  Тіпті  осындай  жағдайдың  өзінде  ол
ортақ мүлік болып табылады. Сондықтан  ерлі-зайыптылардың  бірі  екіншісінің
келісімінсіз  ол  заттарды  сатуға,  алмастыруға,   сыйлауға   және   мұраға
қалдыруға құқығы жоқ. Ерлі-зайыптылар ортақ  мүлік  тағдырын  өзара  келісіп
шешуі тиіс.
    Өз мүлкіне келтірілген зиян үшін ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өзі  жеке
жауап береді. Егер ерлі-зайыптылардың  біреуі  қылмыс  жасаудың  нәтижесінде
басқаның мүлкін бүлдірсе, ол өзінің жеке мүлкімен жауап береді, ал  егер  ол
жетпесе, онда ортақ мүліктегі аз үлесінен төлейді. Егер  жалпы  ортақ  мүлік
жасалған қылмыстың нәтижесінде пайда болса немесе көбейсе,  онда  екіншісіне
келтірілген  зияннын  орны  жалпы  мүлік  есебінен  толтырылады.  Әрине  бұл
мәселелердің бәрі осы іске  қатысты  барлық  деректер  жан-жақты  тексерілуі
негізінде сот арқылы шешіледі.
    Айтылғандардан кергендей, ерлі-зайыптылар  арасындағы  қатынас  жалпыға
мәлім моральдық нормаларға ғана емес, заң нормаларына да орай құрылады.  Дау
туған жағдайда, мүліктің тағдырын сот шешеді, сот алдында олардың  кұқықтары
мен міндеттері, сондай-ақ жауаптылығы да бірдей болады.
    Жалпы, бұл мәселе бойынша арнайы ережелер құқықтық көмек туралы  арнайы
келісімдерде  болуы  мүмкін.  Мысалы,  Венгрия,  Болгария   және   Польшамен
жасалған келісімдерге сәйкес егер ерлі-зайыптылар бір мемлекет азаматы  бола
түрып,  басқа  мемлекеттің  аумағында   түрып   жататын   болса,   онда   ол
қатынастарда олардың тұрып  жатқан  мемлекетінің  заңы  колданылады.  Мұндай
шарттар, сонымен қатар,  мұндай  азаматтардың  бөлек  мемлекеттерде  тұратын
кездегі қатынастарын да реттейді. Егер,  Қазақстан  Республикасы  азаматы  –
Ресейде тұрып, ал  оның  зайыбы  -  Польшада  тұратын  болса,  онда  олардың
арасындағы некелік қатынастар олардың азаматтығына сәйкес шешіледі.
    Бірақ, сонымен қатар некедегілер бірдей азаматтықта да болмауы  мүмкін.
Мысалы,  Қазақстан   Республикасындағы   тұрып   жатқан   азамат   Қазақстан
Республикасы азаматы болып, оның зайыбы Ресейдің азаматы бола отырып,  Ресей
Федерациясында тұрып жататын болса, онда бұл жағдайды өзара  келісім  реттеп
отыр. Оған сәйкес, олардың қатынастары  олар  соңғы  тұрған  жердің  заңымен
анықталуға жатады.
    Балалармен  ата-аналардың  арасындағы  қатынастар.   Баланың   кұқықтық
жағдайы оның азаматтығымен анықталуы керек. Балалардың  құқықтарын  қорғауға
байланысты  Қазақстан  Республикасы  үшін   1989   жылдың   20   карашасында
қабылданған Бала құқықтары жөніндегі Конвенцияның күші тарайды.
    Қазақстан Республикасының  Азаматтық  туралы  Заңына  сәйкес  14  жасқа
дейінгі  балалардың  азаматтығы  ата-аналарының   азаматтығымен   байланысты
болады. 14 пен 18 жас аралығындағы балалардың  азаматтығы  олардың  келісімі
болған жағдайда ғана өзгертілуге жатады.
    Балалардың  азаматтығы  олардың  ата-ана   құқығынан   айырылған   ата-
аналарының азаматтығы өзгерген жағдайда өзгертуге  жатпайды.  Ал  балалардың
азаматтығын өзгерту үшін ата-ана  құқығынан  айырылған  ата-ананың  келісімі
қажет болып табылмайды.
    Сонымен,  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  жалпы   мойындалған
принцип қызмет етуде, оған сәйкес 14  жасқа  дейінгі  балалардың  азаматтығы
автоматты  түрде  олардың  ата-анасының   азаматтығымен   байланысты   болып
табылады. Ал 14 пен 16  жас  аралығындағы  азаматтар  өздерінін  азаматтығын
өзгерту үшін келісім берулері шарт болып табылады. Бұл  құжат  өз  кезегінде
нотариалдық бекітілуге жатады.
    Егер екі ата-ана да Қазақстан Республикасының азаматтығын алатын  болса
егер оларда Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылатын болса,  осыған
сәйкес оның балаларының да азаматтығы өзгереді.
    Егер екі ата-ана да немесе балаға қамкоршы ретінде  танылған  Казакстан
Республикасында   тұратын   жалғыз   ата-ана    Қазақстан    Республикасының
азаматтығынан шығатын  болса,  онда  ата-анасының  арызы  бойынша  Қазақстан
Республикасының азаматтығын сақтап қалуы мүмкін.
    Кейбір жағдайларда ата-ананың екеуі де  азаматтықтан  шыға  отырып,  өз
баласына ынта  білдірмеуі  мүмкін,  бұл  жағдайларда  баланың  қамқоршысының
арызымен ол  Қазакстан  Республикасының  азаматтығын  сақтап  қалуы  мүмкін.
Бірақ, бұл өз кезегінде кейіннен баланың ата-аналарының артынан  азаматтығын
өзгертуіне кедергі болып табылмайды.
    Егер оның ата-анасының біреуінде Қазақстан  Республикасының  азаматтығы
тоқтатылатын болса, онда бала Қазақстан Республикасының  азаматтығын  сақтап
қалады. Ата-ананың өтініші бойынша онын баласыныңда  Казақстан  Республикасы
азаматтығы тоқтатылып, өз азаматтығын алдыртуы мүмкін.
    Мемлекет  калған  жағдайдың  барлығында  өзінің  азаматтығында  қалатын
азаматтың құқықтарын корғауға міндеттенеді. Сонымен қатар, егер баланың ата-
анасы белгісіз бола отырып,  ол  бала  Қазақстан  Республикасының  аумағында
болатын болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
    Қазақстан Республикасында көлікті тану ата-ана мен баланың азаматтығына
қарамастан біздің елдің құқығы бойынша жүргізіледі.
    Қазақстан Республикасындағы ата-ана  мен  балалардың  арасындағы  өзара
қарым-қатынастар бала Қазақстан Республикасының азаматы болып  табылады  ма,
әлде  жоқ  па,  оған  қарамастан  барлық  жағдайда   казақстандық   құқықпен
реттеледі. Ата-аналар балалардың тәрбиесіне карауға міндетті,  ез  кезегінде
балалар ата-аналарының жағдайына қарап, оған көмек көрсетуге міндетті.
    Ата-аналық, құқықтардың барлығы балалардың пайдасына шешілуі тиіс болып
табылады.
    Қазақстан Республикасының заңнамасы ата-аналарға  өз  балаларын  оларды
заңсыз ұстап жүрген адамдардан  сот  тәртібінде  талап  етуге  құқылы  болып
табылады. Шетелдік ата-аналар да осы құқыққа ие.
    Ата-аналар өздерінің  кәмелетке  толмаған  балаларын  қамтамасыз  етуге
міндетті, сонымен катар, еңбекке кабілетсіз балаларды да  асырауға  міндетті
болып табылады. Егер  отбасы  ажырасатын  болса,  Қазакстан  Республикасының
заңнамасына сәйкес оларға алимент төлеу қарастырылған. Егер тұлға  Казақстан
Республикасының   аумағынан   тыс    шығып    кететін    болса,    Қазақстан
Республикасының аумағында  қалған  өз  баласына  алимент  төлеуге  міндетті.
Мұндай алименттерді төлеу міндеті Қазақстан  Республикасының  аумағынан  тыс
тұратын балаға да төленуі тиіс болып  табылады.  Алименттік  міндеттемелерге
байланысты нормалардың қолданылуын анықтайтын  коллизиялық  нормалар  біздің
заңнамада жоқ. Бірақ ресейлік халықаралық  дербес  құқық  теориясында  бұған
байланысты ресейлік заң қолданылады деп шешілген болатын.
    Ата-ана мен  баланың  арасындағы  қатанастардың  реттелуіне  байланысты
қолданылатын  нормалар  құқықтық  көмек  көрсету  туралы   түрлі   шарттарда
көрсетіледі. Бұл шарттарға сәйкес ата-ана мен балалардың арасындағы  қатынас
ата-ана мен бала қай елде тұрады, сол мемлекеттің заңымен реттелуге жатады.
    Бірақ  келісімге   келуші   мемлекеттердің   бірінде   ата-ана   тұрып,
екіншісінде баланын өзі тұратын болса, онда олардың арасындағы  қатынас  сол
бала тұрып жатқан мемлекеттің  заңы  бойынша  анықталатындығын  айту  қажет.
Мысалы, егер әкесі - Ресейде тұрып жатқан болса, ал  оның  баласы  Қазақстан
Республикасының  аумағында  тұрып   жаткан   болса,   онда   әкенің   барлық
міндеттері, сонымен катар  оның  алименттік  міндеттемелерінің  барлығы  осы
Казакстан  Республикасының  заңнамасы  бойынша   анықталатын   болады.   Бұл
шарттардағы баланың құқығын қорғаушы бір элемент болып табылады.
    Сонымен, баланың  анасы,  әкесі  Қазақстан  Республикасынан  тыс  тұрып
жатқан  бала  әкесінен  өз  елінің  соты  бойынша   алименттерді   мәжбүрлеп
орындатуы мүмкін.
    4.  1989  жылғы  бала  құқықтарын  қорғау  Конвенциясына  сәйкес   «Бұл
конвенцияға кол коюшылар баланы асырап алу жүйесінің өмір сүріп  жаткандығын
мойындайды және ен  бірінші  ретте  баланын  мүддесінің  қамтамасыз  етілуін
кездейді» делінген.
    Сонымен катар ол:
    1) бала асырап алынуды тек  кана  сол  мемлекеттің  баланы  асырап  алу
туралы мәселені шешетін істі органдары шешуі тиіс.
   2)  баланы басқа мемлекетке  асырап  алуға  беру  бұл  Конвенция  бойынша
      балаға жағдай жасаудың балама түрі болып табылады және  бұл  тек  кана
      бала сол мемлекеттің өзінде асырауға беріле алмайтын болған кезде ғана
      қолданылады;
   3)  баланы бір мемлекетте асырап алу баланы асырап алу туралы мемлекеттің
      өзінде қолданылатын ереженің қолданылуын анықтайды;
   4)  баланы асырап  алғанда  осы  балаға  байланысты  пайда  табу  мақсаты
      ешқандай да тараптың бірінде болмауы тиіс.
    «Неке және отбасы  туралы»  Заңның  ережелеріне  сәйкес  шетелдіктердің
Казақстан Республикасында бала асырап алуы, сонымен  қатар,  шетелде  жүрген
Қазақстан  Республикасының  азаматы  қазақстанның  азаматы  болып  табылатын
баланы  асырап   алынуы   мүмкін.   Мұндай   бала   асырап   алу   Қазақстан
Республикасының заңнамасы бойынша анықталады. Аталған  асырап  алуды  жүзеге
асыру үшін Қазакстан Республикасыныңтиісті органының рұқсатын алуы керек.
    Қазақстан Республикасының азаматы болып  табылатын  баланы  асырап  алу
Казақстан Республикасының консулдық мекемелері арқылы жүзеге асырылады.  Бұл
жағдайда асырап алушылар Қазақстан Республикасының азаматы болып  табылмаса,
атқарушы органның келісімін сұрауы тиіс болып табылады.
    Жеке адамдар мен мемлекеттік емес ұйымдардың бала асырап алу жағдайында
делдалдық қызметтермен айналысуына жол берілмейді.
    Бала асырап алу үшін бала асырап алушыға  бірқатар  талаптар  қойылады.
Бала асырап алушы баланы  өз  мемлекетінде  асырап  алуға  құқылы  екендігін
куәландыратын құқықты көрсетуге міндетті.
    Қорғаншылық  пен  камкоршылықты  орнату  егер  азамат  өз   әрекетеріне
басшылық жасай алмайтын жағдайларда орнатылады және мұнда ҚР  АК  басшылықка
алынуы тиіс. Ал 1980 жылдың соңында шетел азаматтарының басқа елдерден  бала
(қыз) асырап алуы әлемдік денгейде,  қалыпты  тәжірибеге  айналған  болатын.
«Халықаралық бала (қыз) асырап алу» алғаш рет осы кезде орын алған  болатын.
1965  жылы  қабылданған  Гаага  конвенциясының  болуына   қарамастан   шетел
азаматтарының бала (қыз) асырап алу  тәжірибесі  өте  кең  қолданыста  болып
келді. Алайда, бала (қыз) асырап алудың құқықтық  және  іс  жүргізу  жақтары
жеткілікті дәрежеде толық реттелмеген болатын. Сол себептен де,  халықаралық
деңгейде  жаңа  Конвенция  қабылдау  кажеттілігі  пайда  болды.  Оның  басты
себептерінің бірі бала (қыз) асырап алудың халықаралық  кұқықтық  ережелерін
әлемнің басқа мемлекеттерінің  мойындауына  ықпал  жасау.  1988  жылы  Гаага
конвенциясының тұрақты бюросы бала (кыз) асырап алудың халықаралық  құқықтық
ережелерін реттейтін  алғашқы  Конвенция  жобасын  жасап  шығаруға  міндетті
болып  табылады.  Бұл  халықаралық  Конвенция   1993   жылдың   29   мамырда
қабылданды.
    Гаага конвенциясының ережелері бойынша бала (қыз) асырап алу  18  жасқа
дейінгі азаматтарға ғана қолданылады.
    Жалпы  қорыта  айтканда,  неке  және  отбасы  қатынастарын  халықаралық
реттеудің маңызы ерекше зор.
    Сонымен, халықаралық дербес құқықтың реттеу үшін бағытталған бір саласы
осы  неке  және  отбасы  қатынастары  екендігін  білдік.  Неке  және  отбасы
қатынастарында біз байқағандай, көптеген  коллизиялық  мәселелер  туындайды.
Мысалы:  некеге  отыру  жасына   байланысты   (некеге   отыру   үшін   кұқық
қабілеттілігі   мәселесі),    ерлі-зайыптылардың    мүліктік    қатынастарын
реттеудегі мәселер, ата-ана  мен  бала  арасындағы  өзара  қатынастар,  ата-
аналардың  баланы  асырауға  байланысты  міндеттемелері,  бала  асырап   алу
жөніндегі  қатынастар,  міне  осылардың  барлығы   коллизиялық   мәселелерді
туындатады.
    Осы аталған коллизияларға байланысты бірқатар  мәселелерді  қарастырып,
оларды шешу жолдарын талдап, зерделедік. Некені тоқтату немесе некеге  отыру
шындығында да белгілі  бір  құқықтық  салдарға  жетелейтіні  анық.  Құқықтық
салдар, әсіресе, тұлғалардың мүліктік жағдайларына  қатысты  бірақатар  жаңа
міндеттер мен құқықтар косылатыны анық.
    Бұл  тұрғыда  біз   Қазақстан   Республикасының   заңнамасы,   әсіресе,
Конституция бекіткен қағидалары  мен  негізгі  нормаларға  тоқталдық.  Олар:
ерлі-зайыптылардың теңдігі, бала құқықтарының кемсітілмеуі, баланың өз  ата-
анасының асырауында болу құқығының басым болуы т. б.  Бұл  қағидалар  сөзсіз
халықаралық дербес құқықта басты орынға ие болып табылады.
      Өзін өзі бақылау сұрақтары
    1. Отбасы құқығы саласындағы коллизиялық сұрақтарды сипаттау.
    2. Некеге отыру және некені тоқтатуды қарастыру.
    3. Ерлі-зайыптылар арасындағы және ата-ана мен бала арасындағы құқықтық
қатынастарды талдау.
    4. Халықаралық  дербес  құқықтағы  бала  асырап  алу,  қамқоршылық  пен
қорғаншылық институттарын сипаттау.
   1. Ұсынылатын  әдебиет
   2. Қазакстан Республикасының Конституциясы. 1995 ж. 30 тамыз.
   3. Казакстан Республикасының Азаматтық кодексі. 1999 ж. 1 шілде.
   4.  Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы 1998 ж.
   5. «Қазақстан Республикасындағы  шетел  азаматтарының  құқықтық,  жағдайы
      туралы» Қазакстан  Республикасы  Президентінің  Жарлығы,  1995  ж.  19
      маусым.
   6. Богуславский М.М. Международное частное право. М. 1994 г.


Тақырып 16.  Халықаралық құқық қатынастарындағы интеллектуалдық меншік
    1. Интеллектуалдық  меншіктің  қазіргі  халықаралық-құқықтық  түсінігін
қалыптастыру тарихы
    2. Интеллектуалдық меншіктің нормативтік түсінігі
    3.Интеллектуалдық меншік бойынша әрекет ететін халықаралық конвенциялар
    4. Интеллектуалдық меншікті қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар
    5. Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау тәсілдері
    1.   Шығармашылық   ретінде   қандай   да   бір   жаңа   және    өзінің
қайталанбастығымен  тұпнұсқалығымен  анықталатын  нәрсені  тудыратын  қызмет
түсіндіріледі. Шығармашылық  адамға  тән  нәрсе,  себебі  оның  жасаушысы  –
шығармашылық қызметтің субъектісі бар.
    Шығармашылық процесі  әлеуметтік  құқықтық  қызмет  емес.  Шығармашылық
процестің өзі құқықтық нормалардың шегінен тыс жатыр. Бірақта,  шығармашылық
қызметтің ұйымдастырушылық әдістері туралы көптеген баспалар бар:  «іскерлік
ойын», «аналогия», «аналогияны қабылдамау», «ұжымдық генерация» т.б.  Осының
арқасында  көптеген  бір  маманның  немесе   әртүрлі   мамандардың   топтары
тартылады. Осындай топтарда  құқықтық  та  қатынастар  пайда  болуы  мүмкін.
Бірақ бізге қажеті бұл қатынастар емес, шығармашылық  нәтиженің  пайда  болу
процесі  негізгі.   Осы   процестің   нәтижесі   өзінің   жаңалығымен   және
қайталанбастығымен сыртқа көрінеді. Ол ретінде  ғылыми  жаңалық,  өнертабыс,
әдеби және өнер туындысы, өнеркәсіптік үлгі, ноу-хау болуы мүмкін.
    Шығармылық рухани қызмет,  ол  идеалды-жеке  сипатта  болады  және  осы
қасиетіне қатысты заңдар мен құқықтық  актілердің  әрекет  етуіне  жатпайды.
Заңнаманың бұл  жердегі  рөлі  шығармашылық  еңбектің  нәтижелеріне  құқықты
тану, осындай нәтижелерге билік ету жағдайы, оны  тудырушылардың  құқықтарын
қорғау табылады.
    «Интеллектуалдық меншік», «өнеркәсіптік меншік», «интеллектулдық меншік
құқығы» сияқты ұғымдардың КСРО-ның  кең  кеңістігіне  қайту  мерзімі  болып,
1991  жылдың  31  мамырында  КСРО  мен  одақтас  республикалардың  Азаматтық
заңнама негіздерін қабылдау мерзімі табылады.
    Қазақстан Республикасында аталған  ұғымдарды  толық  қолдану  егемендік
алғаннан  кейін  жүзеге  асты.  Мәселен,  1990   жылдың   15   желтоқсанында
қабылданған «Қазақстан Республикасындағы меншік туралы»  ҚазКСР-нің  Заңының
9-бабына сәйкес  азаматтардың  жеке  меншігі  ретінде  интеллектуалдық  және
материалдық қызметтің өнімі табылады деп айтылған. Бірақ позитивті  мағынада
«интеллектуалдық меншік», «интеллектуалдық  меншік  құқығы»  сияқты  ұғымдар
КСРО-ның заңнамасында пайдаланылған  жоқ.  Кеңес  дәуірінде  интеллектуалдық
меншік объектілерінің көпшілігі оның авторларының айрықша  құқығында  болған
жоқ, оның бір ғана авторы болды мемлекет.
    Осы  саладағы,  қазіргі  таңдағы  ең   үлкен   ерекше   өзгеріс   болып
шығармашылық  қызмет  нәтижелеріне  айрықша  құқықтың  жеке   тұлғалар   мен
ұйымдарға ауысуы табылады.
    Сонымен  қатар,   бұрынғы   КСРО   мемлекеттерінде   және   Қазақстанда
интеллектуалдық меншік объектілерінің белсенді  қалыптасу  процестері  жүріп
жатты.  Осы  бағыттарды  толығымен  түсіну  үшін   дамыған   мемлекеттердегі
интеллектуалдық меншік құқығының қалыптасу мен  дамудың  тарихи  тәжірибесін
білген жөн.
    Біздің пікірімізше, интеллектуалдық  меншік  құқығының  әлемдік  тарихи
эволюциясын үш кезеңге бөлуге болады.
    Бірінші кезең XY ғасыр мен  XYIII  ғасырдың  ақырғы  төртінші  тоқсанын
қамтиды және монополиялық артықшылықтар кезеңі деп аталады.
    Екінші кезең 1790 жыл мен 1883 жылдарды  қамтиды  және  интеллектуалдық
меншікті қорғаудың ұлттық жүйелерінің пайда болу кезеңі деп аталады.
    Үшінші кезең 1883 жылдан басталады және әлемдік конвенциялар кезеңі деп
аталады.
     Монополиялық артықшылықтар кезеңі сол кездегі техникалық жетістіктерді
әкелген тұлғалардың құқықтарын қорғау қажеттілігімен бізге қызықты.
    Жеке деректер бойынша, Англияда жетістіктер  шығарған  адамдардың  және
шетелдік тауардың жаңа түрлерін әкелген  адамдардың  құқықтарын  қорғау  XIY
ғасырдан басталады.
    Ең ертедегі артықшылық құқықтар, мәселен Венециялық  Республикада  1474
жылы «Парте  Венеция»  атымен  атақты,  бірақ  өнертапқыш  пен  оны  шетелде
енгізген тұлға арасында айырмашылықтар көзделмеген.
    Мұндай адамдарға айрықша  монополиялы  түрде  өзінің  жетістігін  өзіне
табыс тапқанға  дейін  мерзімде  қолдануға  мүмкіндік  берілді.  Бұл  жағдай
монополистке  бәсекелестік  күресте  үлкен  қолдау  болды.  Монополияны  алу
тәртібі де  қызығушылық  тудырады.  Монополияны  куәландыратын  құжат  болып
Letters  Patent  –  «ашық  мадақтама»  деп   аударылатын   құжат   табылады.
Артықшылық берілгені туралы жария түрде айтылатын,  оның  мерзімі  аяқталған
соң, монарх оны соза алмайтын.
    Артықшылықтар жүйесі ары  қарай  дамытыла  берді.  Мәселен,  1628  жылы
монополиялар туралы корольдік мәртебе  қабылданды,  онда  патент  артықшылық
беретін жалғыз  құжат  болып  саналды  және  оның  мерзімі  14  жылмен  ғана
шектелді. Ақыры  артықшылық  алу  үшін  өнертабысты  техникалық  сипаттаудың
ережесі қалыптасты.
    Сонымен,  өнертабысқа  қатысты   монополиялар   кезеңінде   өнертабысты
техникалық сипаттаудың ережесі мен мемлекетке табысты  патенттің  қалыптасуы
және үшінші тұлғалар алдында монополияның  қорғалатындығы  туралы  қорытынды
жасауға болады.
    Тауарлық белгілерді құқықтық  қорғаудың  тарихы  өнертабысқа  қарағанда
жас, бірақ жеке объектілеріне қатысты ежелгі тарихы бар.
    Тауарлық  белгілердің  тарихы  ғасырларға  тереңдеп  кетеді,  сондықтан
алғашқы тауарлық белгілердің пайда болу  кезеңін  анықтау  өте  қиын.  Бірақ
шамамен екі үш мың жыл бұрын адамдар алғашқы құмырлар  сатуға  бастады.  Осы
құмырларда таңбалар болды, оны біз  қазір  тауарлық  белгілер  деп  атаймыз.
Қытайда  алғашқы  шыққан  ыдыстарда  нақты  таңбалар  болды,  онда  мемлекет
басқарған императордың аты-жөні жазылған.
    Сонымен қатар, үш мың жыл бұрын Үндістаннан шығарылған  қолөнершілердің
қолжазбасы бар заттары табылған.
    Рим империясында мыңдаған таңбалар  болған,  олардың  ішіндегі  ең  кең
таралғаны фабрикалық таңба – Fortis табылады.
    Қазақстанға қатысты мұндай қатынастардың жинақталуы ежелгі тарихта бар:
«Тауке- хан ережесінде», «Жеті-жарғыда». Онда былай деп жазылған: «Әрбір  ру
және тайпада өзінің таңбасы (тамга – белгісі, елтаңбасы) болу  керек.  Нақты
кімнің меншігі екенін білу үшін, таңба арқылы мал, мүлік белгіленеді».
    Жер шарының басқа  бөліктерінде  қолөнершінің  тұлғасын  және  мүліктің
шыққан жерін анықтау мақсатында тауарлық  белгілер  қару-жараққа,  тұрмыстық
мүлікке, бағалы заттарға соғылды.
    Біздің пікірімізше, «таңба»,  «тамга»,  «тавро»,  «клеймо»,  ағылшындық
бранд сөздері тауарлық белгінің негізін  құрап,  тауар  шығарушы  мен  тауар
арасындағы байланысты көрсеткен. Бұл  сөздер  белгі  мағынасын  атқарса  да,
бірақ экономикалық рөльді әлі атқарған жоқ.  Бұл  таңбалар  жеке  топ  тауар
шығарушылардың цехтік  мүдделерін  қорғау  мақсатында  Батыста  гильдия  деп
аталатын адамдармен қолданылды.  Сол  кезде  осы  тауардың  таңбасын  заңсыз
қоланса, адам қатаң жазаланатын (мамандығынан айыру, өлім жазасы т.б.).
    Ұлттық жүйелер кезеңі  диалектика  заңы  белгілегендей  оның  алдындағы
кезең сын көтермегеннен  кейін  басталды.  Бұл  сын  бір  жерлерде  төңкеріс
түрінде, бір жерде бейбітті түрде феодализмнен  капитализмге  өту  кезеңінде
болды.
    Интеллектуалдық меншік объектілерінің түсінігі мен рөлін қайта қараудың
идеялық негізі болып сол  кездегі  жаратылыс  құқығының  теориясы  табылады.
Барлығына мәлім болғандай, бұл теория адам мен  қоғамның  өзара  қатынасының
терең сұрақтарын қайта қарауға ат салысты. Батыс  мемлекеттерінің  буржуазия
идеологтары  Г.  Гроций,  Б.  Спиноза,  Т.  Гоббс  феодалдық   қатынастардан
арылудың  бағыттарын  ұстанған.  Олардың   негізгі   идеялары   Ресейде   Ф.
Проковичпен, В.Н. Татищевпен қолдау тапты.
     Адам өмірінің құдаймен сыланғанына адам құқықтары мен бостандықтарының
табиғатпен ұсынылғаны келді. Жаратылыс құқықтарының қатарына  жеке  меншікте
жатқызылды.
    Мемлекет пен адам қоғамдық келісімнің тең тараптары болып табылады,  ол
бойынша бір тарап мемлекет жоғарғы игіліктерді – адам өмірін, оның  меншігін
қорғауға міндетті болды. Адамның табиғат жаратылысынан туындайтын  құқықтары
жаратылыс  құқығы  болса,  ал  оған  сәйкес  қабылданған  мемлекет   заңдары
позитивтік құқық деп аталды.
    Авторлық құқық саласында артықшылықтар жүйесін  сынға  алудың  нәтижесі
болып 1709 жылы Англияда қабылданған  Анна  патшасының  Мәртебесі  табылады.
Бұл акті авторлық құқық туралы алғашқы дерек  болып  саналды.  Осы  кезеңнен
бастап автордың айрықша құқығы туралы (туынды жарияланғаннан бастап  28  жыл
бойы  қорғалатын),  өз  құқықтарын  басқаға  беру  туралы,  құқық  бұзушының
әрекеттерін сотқа шағымдану туралы айтуға болады.
    Францияда  болған  көптеген   төңкерістер   арқасында   қоғамдық   және
идеологиялық өзгерістер болды. Соның арқасында феодалдық қана  емес  сонымен
қатар, кітап шығарушылардың да артықшылықтары  тоқтатылды.  1791  және  1793
жылдары Құрылтай Кеңесінің Декреттері автордың туынды шығаруға деген  құқығы
оның  өмірі  бойы  және  ол  қайтыс  болғаннан  кейін  10  жыл   бойы   оның
мұрагерлеріне берілетіндігін бекітті. Бірақ авторлық құқық пайда  болу  үшін
туындыны міндетті тіркеудің талабы бекітілмеген.
    Осыған ұқсас авторлық құқыққа қатысты өзгерістер  АҚШ-тың  заңнамасында
да болды. АҚШ-та қазіргі таңға дейін Анна патшысының Мәртебесі  күшінде,  ал
1790 жылы қабылданған заң (кітаптар мен басқа да объектілерді әрбір  14  жыл
сайын депондау туралы) 1976 жылы Авторлық  құқық  туралы  заң  қабылданғанға
дейін күшінде болды.
    Көптеген сол кездегі дамыған мемлекеттерде терминологиялық  және  нақты
айырмашылықтарды  есепке  алмағанда,  авторлық  құқық  туралы  заңнама   осы
құқықтарды меншік құқығы ретінде  қарастырды.  Осыған  қатысты,  И.А.  Зенин
интеллектуалдық  меншік  объектілеріне  байланысты  құқықты   «проприетарлық
тұжырым» немесе «проприетарлық тұрғы» деп атады, ол ағылшын  тілінен  меншік
деп аударылады.
    Шығармашылық объектілері саласында материалдық  және  материалдық  емес
құқықтарға  қатысты  түсінікке,  И.  Канттың  философиялық  ойларының  қатты
әсерінен авторлық құқықтар автор меншігі  ғана  емес,  сонымен  бірге  автор
мүдделерінің бірі болып  табылады.  Автор  өз  туындысына  құқығын  қорғауға
мүмкіншілік алды, себебі ол автор тұғасының бөлігі  болды.  Осы  аспекті  И.
Канттың пікірінше, негізгі болды, ал материалдық  құқық  моральдық  құқықтың
жалғасы болды. Со кездегі заң әдебиеттерінде  және  заңнамасында  «моральдық
құқық» термині болды, ол автордың экономикалық емес  құқықтарын  анықтайтын.
Қазіргі қазақстандық заңнамада ол жеке мүліктік емес құқықтар деп аталады.
    Авторлық құқықа қарағанда патенттік құқық ілгері дамыған жоқ.  Көптеген
Еуропа  мемлекеттерінде  артықшылықтар  жүйесін  ары  қарай  дамыту   арқылы
патентік қатынастар  дамыды.  Мысалы,  Англияда  артықшылықтар  объектілерін
пайдалануға қатысты сот  практикасы  1711  жылы  келесі  қорытындыға  келді:
монополия   алу   үшін   басқа   құжаттармен   қатар,   оның   «сипаттамасы»
тапсырылатын.
    Францияда монополияның кез келген  түрімен  күресу  мақсатында,  патент
иелері  өздерінің  өнертабысын  бір  жыл  ішінде  қолданбаса,  оған  құқықты
жоғалтады  деген  ереже  бекітілді.  Қазіргі  таңда,   өнеркәсіптік   меншік
объектілеріне   құқықтың    мерзімділігі    патенттік    құқықтың    негізгі
принциптерінің бірі.
    Осы және  басқа  да  әкімшілік  және  сот  практикасы  бірыңғай  ұлттық
патенттік заңдарға енгізілді. Мұндай  заңдар  АҚШ  пен  Францияға  қарағанда
азаматтық заң төңкеріс негізінде өзгерген мемлекеттерде ерте қабылданды.
    Сол кездегі патенттік заңдардың  негізінде  белгіленген  жалпы  принцип
болып заңда белгіленген  формальды  және  материалдық  сипаттағы  талаптарды
орындаған өнертапқыштарға патенттің берілуі табылады.  Осы  принциптер  1790
жылы АҚШ-та және 1791 жылы  Францияда  патенттік  заңдарда  орын  алды.  Осы
заңдар толығымен автордың меншік құқығын бекітті. Мәтінде франция  дерегінің
1-бабында былай деп жазылған:  «Кез  келген  жаңалық  немесе  өнертабыс  кез
келген түрінде автор меншігі  болып  табылады;  осының  арқасында  заң  оған
толық және жан-жақты кепілдендірілген пайдалануды қамтамасыз етеді».
    Осы қатынастарды сипаттайтын келесі белгісі ретінде патенттік қорғаудың
ұлттық  сипаты  табылады.  Мәселен,  АҚШ-тың  патенттік  заңына  1793   жылы
жасалған өзгерістер бойынша,  патент  тек  қана  сол  мемлекет  азаматтарына
берілген. Францияға өнертабыс кіргізген адамдар оның авторы сияқты  құқықтар
мен міндеттерге ие  болған.  Сонымен  қатар,  Францияда  өнертабысқа  патент
алған өнертапқыш басқа мемлекетте патент алса, онда өзінің мемлекетінде  оны
пайдалану құқығынан айырылатын. Ақырғы ережеге  сәйкес  біздің  пікірімізше,
сол кездегі патенттік құқықтың негізгі функциясы болып ішкі  нарықты  қорғау
табылады.
    Осы және басқа да талаптар халықаралық экономикалық қатынастар  дамыған
сайын жұмсара бастады және патент берудің  саны  ұлғая  түсті.  Өнертабыстың
ұғымы мен маңызына қатысты пікірлер күрт өзгере түсті. Жаңа техниканы  әкелу
жаңа инновацияға  теңестірілуден  бас  тартылды.  Өнертабысқа  қатысты  оның
жаңалығына талаптар қойыла бастады және техникадағы деңгейі  ұғымы  енгізіле
бастады.
    Ресей империясында және оның бөлігі болып табылатын  Қазақстанда  ұқсас
процестер  жүріп  жатты,  бірақ  кейбір   өзгешеліктермен.   Зерттеушілердің
пікірінше, ресейдің интеллектуалдық  меншік  құқығының  тарихында,  авторлық
құқықта, оның ерекшеліктері бөлінеді:
             - XYIII ғасырға дейін  кітап  басуға  мемлекеттік  монополияның
               үстемдігі, алғашқы жеке типография тек қана  1771  жылы  ғана
               пайда болды;
             - тек қана шығарушыларға мемлекетпен  артықшылықтардың  берілуі
               және авторлар мен  шығарушылардың  арасында  құқықтық  реттеу
               пәні бойынша құқық қатынастардың болмауы;
             - Ресейдің авторлық құқығы мен цензуралық заңнаманың арасындағы
               тығыз байланыс;
             - XIX  ғасырда  авторлық  құқықты  меншік  құқығының  объектісі
               ретінде  тануы  және  әдеби,  шығармашылық  меншік  құрылысын
               енгізу;
             - авторлық құқықтың қазіргі түсінігін енгізу тек қана 1911 жылы
               мүмкін болды.
    Ресейдің патенттік құқығы  еуропалық  және  американдық  жолмен  дамыды
(63,42). Оның  ерекшеліктері  жеке  артықшылықтар  жүйесінің  ұзақ  мерзімді
болуынан көрінеді. Ресейдің алғашқы патент заңы 1812 жылы қабылданды.  Бірақ
Александр 1 1812 жылдың 17 маусымында қабылданаған  манифесті  «Шығармашылық
пен қолөнердегі әртүрлі өнертабыс  пен  жаңалықтарға  артықшылықтар  туралы»
деп аталған. Артықшылық деп өнертабысқа айрықша құқықты  куәландыратын  және
қорғайтын құжатты айтатын. Яғни, «артықшылық»  деген  термин  ретінде  қазір
патент деп аталатын құжат түсіндірілген.
    Аталған Манифесттің бірінші  бөліміне  сәйкес  өнертабысқа  артықышылық
ретінде артықшылықта көрсетілген тұлғаға зат  меншігі  болып  табылатындығын
және  үкіметке   кезінде   ұсынылғанын   куәландыратын   куәлік   табылатын.
Артықшылық  толығымен   артықшылықта   көрсетілетін   тұлғаға   өнертабыстың
жататындығын көрсетпейді, сондықтан кез  келген  үшінші  тұлға  осы  құқықты
тану үшін дауға түсе алатын және өз құқықтарын сотта қорғай алатын.
    1833 жылдың 22 қарашасында император Николай 1  кезінде  «Артықшылықтар
туралы Ереже» деген құжатпен аталған  құжатқа  өзгерістер  мен  толықтырулар
енгізілді.
    Ереже  қазіргі  патенттік  заңдарға  жақын  принциптер  мен   ұғымдарды
енгізді. Мәселен, артықшылықтарға ұсыныс жасалғанда және  оны  пайдаланғанда
ресей мен шетел тұлғалары бірдей құқықтарға  ие  болады.  Ресейге  әкелінген
объектілерге айрықша құқық артықшылықпен, тек басқа мемлекетте оның  мерзімі
аяқталмағанға дейін ғана қорғалады.  Сонымен  қатар,  артықшылық  объектісін
уақытша қолданудың да түсінігі енгізілді, ол қазіргі  лицензиялық  шарттарға
ұқсас.
    Осы ережеде қазіргі  заңнамаға  ұқсас  заң  талаптарын  табуға  болады:
өнеркәсіптік  қолданушылығын;  техникалық  шешімнің   қоғамның   талаптарына
сәйкестігін; артықшылық  алуға  құжатта  өнертабыстың  толық  сипаттамасының
болуы сияқты.
    Ресейдің  патенттік  заңнамасының  одан   кейінгі   ары   қарай   дамуы
артықшылықтар түсінігінен өнертабысты қорғау заңды түсінігіне  көшті  («Жаңа
жаңалықтар мен өнертабысқа артықшылықтарды беру бойынша іс жүргізу  тәртібін
өзгерту туралы» 1870 жылдың 30 наурызында қабылданған заңы).
    1896  жылдың  20  мамырындағы  «Өнертабыспен  ары  қарай   жетілдірудің
артықшылықтары туралы Ереже» қазіргі терминдерге  ұқсас  ұсынылған  шешімнің
техникалық  сипатын  анықтады.  Ақыры  аяғы  елеулі   ерекшеліктер   қазіргі
өнертабыстың формуласына ұқсас бола бастады.
    Артықшылықтар құқығын алу туралы  арызды  алғаннан  кейін,  Сауда  және
мануфактура  Департаменті  арыз  берушіге  «Қорғау  куәлігі»  деп   аталатын
құжатты  беретін.  Ол  ресми  баспада  шығарылды  және  арыз   берушіге   өз
өнертабысымен белсенді әрекеттер жасауға жағдай тудырды.
    Сонымен, сол кездегі патенттік заңнама қорғау куәлігін  енгізе  отырып,
уақытша құқықтық қорғаудың түсінігін енгізді  және  құқықтар  жөнінде  жария
етудің рөлін көтерді деген қорытындыға келуге болады.
    XIX ғасырдың аяғында өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық  аяда  бірнеше
мемлекетте құқықтық қорғауды алудың мақсаты тұрды. Нақты  жағынан  көліктің,
байланыстың дамымағанына байланысты бұл мүмкін бола алмады.  Бір  мемлекетте
ұсынылған патенттік мәлімдеме өнертабыстың  екінші  мемлекеттегі  жаңалығына
күмән тудыратын.
    Осы саладағы қатынастардың тежеуіші ретінде ұлттық патенттік  заңдардың
ережелеріндегі  айырмашылықтар  табылады.  Сонымен  қатар,  технологиялардың
интернационализациясы мұндай формальды патенттік кедергінің  жойылуын  талап
етті.
    Ұзақ мерзімді патенттік  заңдардың  біріктірілуі  және  интеллектуалдық
меншік құқығының қорғау жүйесінің қалыптасуына байланысты жұмыстар,  кезекті
1873 жылы Венадағы халықаралық  техникалық  көрменің  болмай  қалуына  қауіп
тудырды.  Мемлекет  өкілдері  өз  өнертабыстарын  жоғалту  қауіптеріне  және
қажетті құқықтық қорғаудың болмауына байланысты бас тартты.
    Жағдайды сақтап қалу мақсатында австриялық билік органдары өнертабысты,
өнеркәсіптік үлгіні және тауарлық белгілерді уақытша қорғау үшін арнайы  заң
қабылдады. Бұл акті өз бетінше прецедент  болды  және  шетелдіктерге  ұлттық
режим берудің қажеттілігін енгізді.
    Бұл  мәселені  қарастыру  мақсатында  1873  жылы  Патенттік  реформалар
жөніндегі Вена конгресі шақырылды, онда шығармашылық  объектілеріне  әртүрлі
мемлекеттерде бірдей режим берудің принципі қаралды.
    Қосарланған күш біріктіру арқасында Париж конгресінде (1878 жылы)  одан
кейін  Париж  конференциясында  (1880  жылы)   және   француздық   үкіметтің
көмегімен халықаралық конвенцияның жобасы әзірленді.
    1883 жылы 11 мемлекеттің өкілдері Парижде конвенция қабылдап  оған  қол
қойды, ол конвенция  тарихқа  Өнеркәсіптік  меншікті  қорғау  бойынша  Париж
Конвенциясы ретінде мәлім.
    Одан кейінгі кезеңде қатысушы-мемлекеттер саны ұлғая түсті де,  қазіргі
таңда 140 мемлекетті құрайды.
    Қазақстан аумағына Париж конвенциясы Ресей империясының  және  КСРО-ның
құрамында болғанда таратылды, себебі олар сол келісімнің қатысушысы  болған.

    Қазақстан   тәуелсіздік   алғаннан   кейін,   алғашқы    болып    Париж
Конвенциясының Қазақстан аумағына ары  қарай  таратылатындығы  жөнінде  1993
жылдың 5 ақпанындағы «Өнеркәсіптік меншікті қорғау  саласындағы  Халықаралық
келісімдер туралы» Декларациясында бекітті.
    2. Қазақстан Республикасының  нормативтік  актілерінде  интеллектуалдық
меншік немесе интеллектуалдық меншік құқығы  объектілерінің  анықтамасы  бар
норма жоқ. Біздің  пікірімізше,  бұл  Батыс  мемлекеттерінің  заңнамасындағы
және  халықаралық  конвенциялардағы  сияқты  мұндай  анықтаманың   болмауына
байланысты түсіндіріледі. Екінші  жағынан,  кез  келген  түсініктеме  шартты
және объектілердің барлық аспектілерін ашпайды. Заң жағынан мұндай  анықтама
практикалық мағынада болмайды. Ғылыми жағынан мұндай түсінік қажет және  біз
оны беруге біз ат салысамыз.
    Интеллектуалдық меншік деген не, деген сұраққа жауапты біз халықаралық-
құқықтық және ұлттық заңнама сияқты қайнар көздерден таба аламыз.
    Интеллектуалдық меншіктің Дүниежүзілік ұйымының аталған  конвенциясының
2-бабының мағынасынан «интеллектуалдық меншік» құрамына келесі  объектілерге
қатысты  құқықтар  жатады:  әдеби,  шығармашылық  және  ғылыми  туындыларға;
артисттердің   орындаушылық   қызметіне,   дыбыс   жазбаға,   радио,    теле
бағдарламаларға; адам қызметтің барлық  саласындағы  өнертабыстарға;  ғылыми
жаңалықтарға; өнеркәсіптік үлгілерге; тауарлық белгілерге  қатысты  құқықтар
және сонымен қатар, өндірістік, ғылыми, әдеби және шығармашылық  саласындағы
интеллектуалдық қызметке қатысты өзге де құқықтар жатады.
    Қазақстандық ұлттық заңнамада да аталған объектілердің мағынасын ашатын
нормалар бар. Бұл біріншіден, Қазақстан Республикасының  Азаматтық  кодексі,
Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Қазақстан Республикасының  Заңы
1996 жылғы 10 маусымында қабылданған.
    Интеллектуалдық меншіктің түсінігіне қалай да болса,  анықтама  беретін
нормалар ҚР АК-нің  14,  59,  115,  119,  125,  126,  961-970  –  баптарында
көзделген.
    ҚР  АК-нің   961-бабына   сәйкес   интеллектуалдық   меншiк   құқығының
объектiлерiне:
    1) интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi;
 2) азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе  қызмет
көрсетулердi дараландыру құралдары жатады.
    Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiне: 
    1) ғылым, әдебиет және өнер туындылары;
    2)  эфирлiк  және  кәбiлдiк  хабар  тарату  ұйымдарының  орындаушылығы,
қойылымдары, фонограммалары мен хабарлары;
    3) өнертабыс, пайдалы үлгiлер, өндiрiстiк үлгiлер;
    4) селекциялық жетiстiктер;
    5) интегралдық микросызба топологиялары;
    6) ашылмаған ақпарат, оның iшiнде өндiрiс құпиялары (ноу-хау);
    7) осы Кодексте немесе  өзге  де  заң  актiлерiнде  көзделген  реттерде
интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң басқа да нәтижелерi жатады.
    ҚР АК-нің 961-бабы мен  Интеллектуалдық  меншіктің  Дүниежүзілік  ұйымы
конвенциясының  мәтінін  салыстарғанда  көптеген  объектілер   ұқсас   болып
келеді.
    Аталған жоғарыда қайнар көздер  интеллектуалдық  меншік  объектілерінің
нормативтік  анықтамасын  толығымен   бермейді,   ол   үлкен   кең   көлемді
сипаттамаларды ғана белгілейді.
    Аталған объектілердің авторлық түсінігін бергенге дейін, олардың  заңды
және өзге де түсінігін анықтаған жөн.
    Азаматтық   заңнаманы   талдағаннан    кейін,    біздің    пікірімізше,
интеллектуалдық меншіктің,  интеллектуалдық  меншік  құқығының  объектілерін
сипаттайтын 4 негізгі құрылымды анықтауға болады.
    Аталған құқықтық феномендер келесідей түсіндіріледі:
    - мүлік түрі, меншік құқығының объектісі;
    - шығармашылық нәтижесі және дараландыру құралы;
    - азаматтық құқық қабілеттіліктің элементі;
    - азаматқа немесе ұйымға тиесілі айрықша құқық.
    Интеллектуалдық меншікке қатысты заң шығарушының жалпы пікірін екі ойға
байланысты  келесі  тұрғыларға   бөлуге   болады:   интеллектуалдық   меншік
объектілеріне  жататын  объектілер  шегі  және  белгілі  объектіге   қатысты
азаматтық құқықтар түрі ретінде интеллектуалдық меншікке құқықтың өзі.
    Қаралып отырған объектілер шегінен қарағанда  оны  мүлік  түрі  ретінде
анықтайтын тұрғы бар.
    Ол ҚР АК-нің 115-бабына сәйкес анықталады, бұл  бап  бойынша  азаматтық
құқық объектілері келесі түрлерге бөлінеді: мүліктік құқықтар мен  игіліктер
және мүліктік емес құқықтар мен игіліктер.
    Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде
шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет,  шығармашылық-интеллектуалдық
қызметтiң  объектiге  айналған  нәтижелерi,   фирмалық   атаулар,   тауарлық
белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге  де  құралдары  мүлiктiк  құқықтар
мен  басқа  да  мүлiк   жатады. Осы   аталған   объектілер   қатарында   заң
шығармашылық-интеллектуалдық  қызметтiң  объектiге   айналған   нәтижелерiн,
фирмалық атауларын, тауарлық белгiлер мен  бұйымды  дараландырудың  өзге  де
құралдарын жатқызады.
    ҚР АК-нің 117-бабына сәйкес қозғалмайтын заттарға жатпайтын мүлiк, оның
iшiнде ақша мен бағалы  қағаздар  және  интеллектуалдық  меншік  объектілері
қозғалатын мүлiк деп танылады.
    Осындай аспектінің тағы бір дәлелі ретінде Авторлық құқық және сабақтас
құқықтар  туралы  заңының  2-бабы  мен  ҚР  АК-нің   125-бабында   көзделген
«Интеллектуалдық меншік» деп анықталған тараудың болуы табылады.
    Осындай баптардың екі аталған нормативтік актіде бірдей  көзделуі  оның
түсінушілік мағынасында  күдік  тудырмайды.  Мәселен,  Авторлық  құқық  және
сабақтас құқықтар туралы заңының 2-бабында тікелей  «интеллектуалдық  меншік
дегеніміз   шығармашылық-интеллектуалдық   қызметтiң   объектiге    айналған
нәтижелерiне меншік» көрсетілген.
    ҚР АК-нің 125-бабы өз атауында бұл объектілерді меншік деп атайды  және
ол ҚР АК-нің меншік құқығы туралы жалпы ережелер параграфында көзделген.
    Интеллектуалдық  меншік  объектілерінің  азаматтық  құқық   объектілері
сияқты азаматтық айналысқа түсетіндігін дәлелдейтін ҚР АК-нің  59-бабы  бар:
«ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқық, санаткерлiк қызмет  нәтижесi
құқығын қоса алғанда және өзге де мүлiк шаруашылық  серiктестiктiң  жарғылық
капиталына салынатын салым бола алады». 
    Интеллектуалдық  меншік  объектілерінің  заңды  түсінігі   шығармашылық
нәтижесі ретінде ҚР АК-нің 125-бабында  және  нақты  ҚР  АК-нің  961-бабында
көзделген. Осы баптарды талдай  келе,  азамат  пен  заңды  тұлғаның  айрықша
құқығы азаматтық құқықтың кез келген объектісіне таралады деген  қорытындыға
келуге болады.
    Қазақстан Республикасының азаматтық  заңнамасы  интеллектуалдық  меншік
құқығын азаматтық құқық қабілеттіктің элементі ретінде түсінеді.
    Нақты осындай мағына ҚР АК-нің  14-бабында  көзделген.  Онда  азаматтың
құқық қабілеттігінің бөлігі ретінде өнертабысқа, ғылым,  әдебиет  және  өнер
туындыларына   және   өзге   де    интеллектуалдық    меншік    нәтижелеріне
интеллектуалдық меншік құқығы табылады.
    Азаматтың  интеллектуалдық  меншік  құқығын   субъективтік   мағынадағы
интеллектуалдық  меншік  құқығы  деп  тануға  болады,  екінші   жағынан   ол
объективтік мағынада нормалар жиынтығы ретінде  қаралып  заңнаманың  тәуелді
саласы ретінде қаралады.
    Интеллектуалдық меншіктің айрықша құқық ретіндегі  түсінігі  ҚР  АК-нің
125-бабында көзделген. ҚР АК-де және өзге  де  заң  актiлерiнде  белгiленген
реттер мен тәртiп  бойынша  азаматтың  немесе  заңды  тұлғаның  шығармашылық
интеллектуалдық  қызметтiң  нәтижелерiне  және  оларға  теңестiрiлген  заңды
тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның  өзi  орындайтын
жұмысының  немесе  қызметiнiң  өнiмдерiне  (фирмалық  атау,  тауар  белгiсi,
қызмет көрсету белгiсi және т.б.) ерекше құқығы танылады.
    Осы баптың екінші тармағында интеллектуалдық меншіктің заң  шығарушымен
маңызын  түсіндірудің  ережесі  белгіленген.  Шығармашылық   интеллектуалдық
қызметтiң нәтижелерi  мен  ерекше  құқықтардың  (интеллектуалдық  меншiктiң)
объектiсi болуы мүмкiн даралану құралдарын пайдалануды үшiншi  жақтар  құқық
иеленушiнiң келiсiмiмен ғана жүзеге асырылады.  Бұл  жерде,  интеллектуалдық
меншік  объектілері  мен  айрықша  құқық  объектілерінің  сәйкестігі   айқын
көрінеді.
    ҚР АК-ның Ерекше бөлімі қабылданғанға дейін, бұл норма  интеллектуалдық
меншіктің заңды анықтамасы болған.
    Бұл объектілерді айрықша құқық  объектілері  ретінде  танудың  түсінігі
интеллектуалдық меншіктің субъективтік азаматтық құқықтар жүйесіндегі  орнын
анықтайды. Бұл  біздің  пікірімізше,  зерттелген  объектілердің  динамикалық
сипаттамасы.
    Біз  интеллектуалдық  меншіктің  заңды  анықтамасын  қарастырдық,  енді
біздің  пікірімізше  бұл  құқықтық  құбылыстарды  динамика   мен   статикада
қарастырған  дұрыс.  Біз  Р.О.  Халфинаның  пікірін  ұстанамыз:  «бар  құқық
қатынастар жүйесі тұрақты қозғалыста болады және қоғам дамуының  динамикасын
анықтайды, ал құқық қатынастар  динамикасы  модель  мен  нақты  іс-әрекеттің
(тәртіптің) динамикасын айқындайды».
    Интеллектуалдық меншік объектілеріне қатысты азаматтық құқық қатынастар
жүйесінің даму динамикасын есепке  алсақ,  онда  әртүрлі  анықтамалар  пайда
болады.
    Біздің  пікірімізше,  нақты   құқықтық   құрылыс   азаматтық   құқықтық
қатынастардың дамуында, белгілі  жағдайларда  әртүрлі  функциялар  атқарады.
Мысалы,  жарияланған  құқық   әлеуетті   сипатта   және   құқық   нормасының
құрылысында болады; осы құқық реттеушілік құқық қатынастарда болса, онда  ол
субъективтік құқық болады (белгілі  объектіге  меншік  құқығы);  субъктивтік
құқық қорғаушылық қатынастарда болса, онда ол қорғалатын сипатқа ие  болады.
Құқықтық  норма  санкциясы   өзінің   жазалау   әлеуетті   қабілеттігі   мен
превентивтік шарасынан жауапкершілік шарасына айналады.
    Р.О. Халфина өзінің пікірін  дұрыс  айтқан:  «құқық  нормасы  азаматтық
құқық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне және тоқтатылуына  заңды  негіз
болады..., ол келесі шарттардың, мән-жайлардың болуында құқықтық  байланысты
қозғалысқа  келтіреді».  Осыған  сәйкес  интеллектуалдық  меншік   құқығының
нормативтік  түсінігін  бағалауды  азаматтық  құқық  қабілеттілік   элементі
ретінде құқықтың түсінігінен бастаған жөн.
     ҚР АК-нің  14-бабындағы  норманы:  «азаматтың  Қазақстан  Республикасы
шегiнде де, одан тыс жерлерде  де  мүлiктi,  соның  iшiнде  шетел  валютасын
меншiктенуге; мүлiктi мұраға алып, мұраға  қалдыруға;  республика  аумағында
еркiн жүрiп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс  жерлерге
еркiн шығып кетуге және  оның  аумағына  қайтып  оралуға;  заң  құжаттарында
тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес  өзi  немесе  басқа
азаматтармен  және  заңды  тұлғалармен  бiрiгiп  заңды  тұлғалар  құру;  заң
құжаттарында тыйым салынбаған кез  келген  мәмiле  жасасып,  мiндеттемелерге
қатысу;   өнертабыстарға,   ғылым,   әдебиет   және   өнер    шығармаларына,
интеллектуалдық  қызметтiң  өзге  де  туындыларына  интеллектуалдық   меншiк
құқығы болуға; материалдық және  моральдық  зиянның  орнын  толтыруды  талап
етуге құқығы болады; басқа да мүлiктiк және жеке құқықтары  болады»,  -  біз
дұрыс және қайталанбас деп бағалаймыз.
    Салыстырмалы түрде РФ АК-нің 18-бабында құқық қабілеттіліктің мазмұнына
азаматтың  құқығы  көрсетілген:  «ғылым,  әдебиет  және  өнер  туындыларына,
өнертабысқа  және  өзге  де   заңмен   қорғалатын   интеллектуалдық   қызмет
нәтижелеріне автордың құқығына ие болу» жатады.
    Өзбекістан АК-нің 18-бабында осыған ұқсас норма белгіленген:  азаматтар
««ғылым, әдебиет және өнер туындыларына, өнертабысқа  және  өзге  де  заңмен
қорғалатын интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне  автордың  құқығына  ие  бола
алады».
    Бұл мемлекеттердің азаматтық кодекстеріндегі  интеллектуалдық  меншікті
азамат құқық қабілеттігінің көлеміне енгізуде қауіптілік тудырады.  Заңдарда
тек қана автордың құқығы  ғана  белгіленген,  ал  интеллектуалдық  меншіктің
объектілеріне  автордың  ие  болу  құқықтары  мен   барлық   мүліктік   емес
игіліктері тыс қалып қойған.
    Біздің пікірімізше, ҚР АК интеллектуалдық меншік құқығын  азамат  құқық
қабілеттігінің  элементіне  енгізуі,  мемлекетіміздің  оған   конституциялық
мағынада көңіл бөлгенін көрсетеді. Осындай енгізу ары қарай азаматтық  құқық
объектілерінің жүйесіндегі аталған объектілердің рөліне әсер етеді.
    Осындай   енгізу,   1995   жылдың   30   тамызында    қабылданған    ҚР
Конституциясының,   интеллектуалдық   меншік   туралы    ешқандай    норманы
бекітпеген,  жеткізіліксіздіктің  орнын  толтырды.  Салыстырмалы  түрде   РФ
Конституциясының 44-бабында интеллектуалдық меншік  заңмен  қорғалады  деген
норма бар.
    Интеллектуалдық меншік құқығы азаматтық құқық қабілеттіліктің  элементі
ретінде  объектілерді  өздері  тудыратын  нақты  құқық  қатынастарда  жүзеге
асады. Азаматтық құқық  объектілерінің  жүйесінде  оның  орны  туралы  сұрақ
пайда болады.
    Әртүрлі мемлекеттерде ол әр қалай шешіледі. ҚР АК-нің  115,  117,  125-
баптарындағы ұсыныстар интеллектуалдық  меншікті  мүлік  қатарына  жатқызып,
мәселені шешудің жолы тиімді ме?
    Біздің  пікірімше,  мұндай  енгізу  қазақстандық  азаматтық   құқықтағы
мүліктің оқшаулығымен, жаңалығымен түсіндіріледі. Бұл нақты түрде ҚР  АК-нің
115-бабынан көрінеді. Оның мазмұнын  талдай  келе,  М.К.  Сулейменов  өзінің
«Вещные  права  в  Республике  Казахстан»  атты  еңбегінде  мүліктің  келесі
құрылымын бөледі:
    - заттар (ақша мен бағалы қағаздарды қоса алғанда);
    - жұмыс пен қызметтер;
    - интеллектуалдық меншік;
    - мүліктік құқықтар (талап ету құқығы);
    - міндеттер (қарыздар).
    Яғни, интеллектуалдық меншік  объектілері  «мүлік»  деген  категориямен
қамтылады.  Азаматтық  құқық  объектілерін  сыныптаудың   негізгі,   базалық
түрлерінен автор келесін бөледі: 1) заттар (ақша мен бағалы қағаздарды  қоса
алғанда); 2)  жұмыс  пен  қызметтер;  3)  интеллектуалдық  меншік;  4)  жеке
мүліктік емес құқықтар.
    Сонымен қатар, автор заттар мен қызметтерді азаматтық құқықтың мүліктік
объектілері  категориясына,  ал  шығармашылық  қызмет  нәтижелері  мен  жеке
мүліктік емес игіліктерді – азаматтық  құқықтың  мүліктік  емес  объектілері
категориясына жатқызудың тұрғысын ұстанады.
    Сонымен, ғылыммен  берілген,  азаматтық  құқық  объектілерінің  идеалды
сыныпталуы мен ҚР  АК-нің  115-бабында  көзделген  заңмен  анықталған  нақты
сыныпталу теңбе-тең келмейді.
    М.К.   Сулейменовтың    пікірінше,    «ақырғы    сыныпталу    Қазақстан
Республикасының заңнамасы тұрғысынан дұрыстау емес». Бұл  жерде,  республика
заңнамасы бұл сұрақты идеалды шешпейтін шығар? - деген сұрақ туады.
    Енді  осыған  ұқсас  сұрақ  басқа  мемлекеттердің  заңнамасында   қалай
шешілетіндігін қарастырайық, мәселен, РФ АК-де.
    Кодекстің 128-бабында  «Азаматтық  құқық  объектілерінің  түрлері»  деп
аталатын тарауда  құрылымды  түрде  объектілердің  төрт  тобы  бөлінеді:  1)
мүлік;   2)   әрекеттер;   3)   интеллектуалдық   (шығармашылық)   қызметтің
нәтижелері; 4) материалдық емес игіліктер. Бұл жерде, ҚР АК-нің  115-бабында
көзделген тұрғыдан басқа тұрғы  белгіленген,  интеллектуалдық  меншік  мүлік
шегінен тыс алынып тасталған.
    РФ АК-не түсініктеме бере отырып, авторлар «мүлік»  терминін  азаматтық
құқықта әртүрлі түсінеді. Заңмен анықталған түсініктің шегі өте кең.
    Мәселен, мүлікке әрбір жеке  жағдайда:  жеке  мүліктер  немесе  олардың
жиынтықтары (РФ АК-нің 15-бабының 2-тармағы, 46-бабының 2-тармағы);  заттар,
ақша, бағалы қағаздар  (РФ  АК-нің  302-бабының  1-тармағы,  307-бабының  1-
тармағы); заттар, ақша, бағалы қағаздар, мүліктік құқықтар  (РФ  АК-нің  18-
бабының   1-тармағы,   56-бабы);   барлық   мүліктік   құқықтар   жиынтығына
субъектінің міндетін қоса алғанда. Осы нұсқаулықты қолдана  отырып,  «мүлік»
терминінің мағынасын түсінген жөн.
    Л.В. Щенникова тар мағынада мүлік деп  заттар  жиынтығын  түсінсе,  кең
мағынада оған – талап ету құқығы мен қарыздарды,  немесе  азаматтық-құқықтық
міндеттерді түсінетін.Соның пікірінше, «заңды  мағынада  мүлік  деп  ақшалай
бағаланатын   нақты   тұлғалар    түсетін    заңды    қатынастар    жиынтығы
түсіндірілерді». Осы терминнің түсінігіндегі  келіспеушіліктің  көп  болуына
байланысты автордың нұсқаулығы  бар:  «қазіргі  заңгердің  «мүлік»  ұғымының
ғылыми теориясы қаруында болу керек».
     Қазақстан мен Ресейдің  заңнамасында  азаматтық  құқық  объектілерінің
құрылымы және «мүлік» терминінің мағынасы әртүрлі түсіндіріледі.  ҚР  АК-нің
115-бабында мүліктің кең мағынасы белгіленген: заттар,  ақша,  соның  iшiнде
шетел валютасы, құнды  қағаздар,  жұмыс,  қызмет  және  жеке  мүліктік  емес
құқықтарға жататын кез келген құқықтар жатады.
    Осыған қатысты, «мүлік» терминін қандай шектерге дейін толтыруға болады
және оның  құрамына  интеллектуалдық  меншік  құқығы  объектілерін  енгізуге
болады ма? деген сұрақ туады.
    Бұл сұрақ, теориялық  және  практикалық  мағынаға  ие.  Интеллектуалдық
меншік  объектілерінің  азаматтық  құқық  объектілерінің  жүйесіндегі  орнын
анықтаудан  ҚР  АК-мен  және  басқа  да  заңнамалармен  ары  қарай   реттеуі
байланысты  болады.  Мәселен,  осы  сұрақты  шешуден  нақты  интеллектуалдық
меншік объектісіне нақты  субъектінің  айрықша  құқығының  заңды  белгіленуі
айқындалады, яғни барлық субъективтік құқықтардың  сатылары.  Өз  кезегінде,
субъективтік  құқықтар  сатысында  мәселені  шешу,  интеллектуалдық   меншік
объектілерінің тез арада азаматтық айналымға енуіне әсер етеді.
    М.К. Сулейменовтың  пікірінше,  «мүлік  түсінігімен  адамға  (азаматқа,
заңды тұлғаға, мемлекетке) тиесілі заттар, талап ету құқығы  және  міндеттер
қамтылады».  Ол  өзінің  осындай  пікірімен   Г.Ф.   Шершеневичтің   пікірін
растайды: «мүлік дегеніміз бағаланатын мүліктік қатынастар». Сонымен  қатар,
Нидерландының  АК-нің  3  кітабының  1-бабында  мүлік  түсінігі  бекітілген:
«мүлік – бұл барлық заттар мен мүліктік құқықтар».
    Осындай түсінікке сүйене отырып, біздің  пікірімізше,  ҚР  АК  115-бабы
қалыптасқан. Осы құрылысқа сәйкес жеке мүліктік емес құқықтар мен  игіліктер
экономикалық  мазмұны   жоқ   және   тұлғадан   ажырамас   азаматтық   құқық
объектісінің түрлеріне айналды. Бұлардың қатарына адам өмірі,  денсаулығымен
қатар, адам есіміне, авторлығына құқығы  мен  туындының  қол  сұғылмаушылығы
құқықтары енді. Осыдан интеллектуалдық меншік объектілері  мүліктік  сипатта
да, мүліктік емес сипатта да бола алады.
    Интеллектуалдық  меншік  құқығы  объектілерінің  екінші  бөлігі,   яғни
мүліктік мазмұнға ие  бөлігі  біздің  пікірімізше,  мүліктік  игіліктер  мен
құқықтарға азаматтық құқық  объектісі  ретінде  біздің  азаматтық  заңнамаға
енді.
    Осы саладағы күдіктің негізгі  себебі  ретінде  интеллектуалдық  меншік
қызметінің нәтижелеріне  құқықтардың  күрделі,  кешенді,  бірқалыпты  сипаты
толығымен есепке алына ма? – деген сұрақ туады.
    Егер  мүліктің  мазмұнын  меншік  құқығының  объектісі   құраса,   яғни
материалдық объекті, ал  интеллектуалдық  меншік  құқығының  негізгі  сипаты
ретінде олардың материалдық еместігі, идеалды, «ұстауға  келмейтін  заттар»,
«ұстауға  келмейтін   мүлік»,   ойлау   және   сезім   қызметінің   нәтижесі
философиялық немесе техникалық міндеттің нақты шешімі болады.
    Интеллектуалдық  меншік  объектілеріне  құқықтардың  негізгісі  ретінде
айрықша құқық деп аталатын пайдалануға мүліктік құқық табылады.
    «Интеллектуалдық меншік» терминінің жақтаушылары мен  қарсыластары  бұл
өкілеттікті шығармашылық нәтижелеріне құқықтың мазмұнын сипаттайтын  негізгі
деп  есептейді.  Зерттелген  объектілерге  қатысты  осы  терминді  қолданып,
«интеллектуалдық меншік» терминінен бас тартуда ұсынылды.
    Интеллектуалдық меншік –  бұл  ғылым,  техника,  әдебиет,  дизайн  және
тауарлық белгіні қалыптастырудың саласындағы,  интеллектуалдық  шығармашылық
қызметтің нәтижелеріне айрықша құқықты қамтитын, синтетикалық түсінік  деген
пікір сынсыз нақты барлығымен қабылданып таралған.
    Сонымен қатар, тұрақты  ресейлік  заңнама  мен  халықаралық  шарттармен
интеллектуалдық   меншік   ретінде   интеллектуалдық   шығармашылық   қызмет
нәтижелеріне  және  өзге   де   халықаралық   міндеттемелермен   қабылданған
заңанамамен белгіленген тізімдер объектісі,  жеке  және  мүліктік  сипаттағы
айрықша құқықтар жиынтығы түсіндіріледі деген тұжырым нақты болып келеді.
    Біз бұл автордың  тұжырымын,  азаматтық  құқықтық  қатынастар  дамуының
динамикасына қатысты алсақ, онда интеллектуалдық меншік  айрықша  құқықтарға
жататындығына  әкелетін  құқықтық  құбылыс   деген   пікірінің   дұрысытығын
түсінеміз.
    Бұл қорытынды ҚР АК-нің 115-бабында белгіленген интеллектуалдық  меншік
құқығының  объектілерін  мүлікке   жатқызатын   тұжырымды   дәлелдейтіндігін
көреміз. Біз Шершеневич, М.К. Сулейменов, Л.В. Щенникова сияқты  ғалымдардың
мүлікке қатысты пікірін қолдаймыз.
    «Интеллектуалдық меншік құқығы»  терминінің  логикалығы  мен  дұрыстығы
сұрақ тудырады.
    Ұлттық және халықаралық қайнар көздердің мәтіндерін  салыстырсақ,  онда
ақырғыларында интеллектуалдық меншік ретінде  материалдық  емес  объектілер,
яғни осы объектілерге қатысты құқықтар түсіндірілетіндігін  көреміз.  Мұндай
жағдайда, оның субъектілері қатынастарға түсіп  құқықтарға  қатысты  құқыққа
ие болады, яғни құқыққа байланысты құқық.
    Бұдан келесі қорытындыға келуге болады: «интеллектуалдық меншік құқығы»
оның  мағынасын  ашқанда  «құқыққа  құқық»  деп  түсіндіріледі,  мұның   өзі
тавтология. Сондықтан,  біздің  пікірімізше,  ҚР  АК-нің  осындай  терминдер
қолданылатын баптарына өзгерістер енгізу керек.
    Мәселен,  ҚР  АК-нің  14-бабында  азаматтардың  құқық  қабілеттілігінің
негізгі мазмұнына қатысты, «Азаматтың Қазақстан аумағында... құқықтарға  ие»
деген сөзбен басталатын бапты келесідей  өзгертуді  ұсынамыз:  «өнертабысқа,
ғылым,  әдебиет  және  өнер   туындыларына   интеллектуалдық   меншік   және
интеллектуалдық қызметтің өзге де нәтижелері» деп  «құқықтары  бар»  дегенді
алып тастаймыз.
    Осыған сәйкес ҚР АК-нің «Интеллектуалдық меншік құқығы» деп аталатын 5-
Бөлімінің атауының дұрыстығы туралы сұрақ туады.
    Тавтология болмауы  мақсатында  бұл  бөлімді  «Интеллектуалдық  меншік»
немесе «Айрықша құқық» деп атаған дұрыс. Осы  ұсынысты  нақты  жүзеге  асыру
үшін бізді АК-тің Жалпы Бөліміндегі «интеллектуалдық  меншік  құқығы»  деген
ұғым ұстап тұр.
    Сонымен,  біздің   пікірімізше,   интеллектуалдық   меншік   объектісін
азаматтың  құқық  қабілеттігі  мен  мүлкіне  және  азаматтық  құқықтың  өзге
субъектісінің  мүлкіне  кіретін,  интеллектуалдық  шығармашылық   қызметінің
объективтендірілген нәтижелеріне және заңды тұлғаны дараландыру  құралдарына
теңестірілген,  жеке  және  заңды  тұлғаның  өнімі,  орындалған  жұмысы  мен
қызметіне айрықша құқық ретінде анықтауға болады.
    3. Кез келген жүйе сияқты интеллектуалдық меншік жүйесі де оны құрайтын
бөліктерден  тұрады.  Әлемдік  жүйенің  негізгі  бас   элементтері   ретінде
нормативтік және институционалдық бөліктері (бөлімдері) табылады.
    Нормативтік  бөлігін  күшіндегі  интеллектуалдық   меншік   саласындағы
конвенциялар мен мемлекеттер  арасындағы  шарттар  құраса,  институционалдық
бөлігін     қатысушы-мемлекеттер,     қатысушы-мемлекеттердің      одақтары,
Интеллектуалдық меншік бойынша Дүниежүзілік ұйым (ВОИС) құрайды.
    Интеллектуалдық меншік бойынша конвенциялардың барлығын үш топқа бөлуге
болады.
    Бірінші топты интеллектуалдық  меншік  құқықтарын  қорғауды  қамтамасыз
ететін шарттар құрайды. Бұл топтың өзін бірнеше топшықтарға  бөлуге  болады:
авторлық және  сабақтас  құқықтардың  қорғауын  қамтамасыз  ететін  шарттар;
өнеркәсіптік меншіктің қорғауын қамтамасыз ететін шарттар.
    Екінші топты бірнеше мемлекетте өнеркәсіптік меншіктің  қорғауын  алуға
жеңілдететін шарттар құрайды.
    Үшінші топты халықаралық сыныпталуды бекітетін шарттар құрайды.
    Аталған топтарға енетін көпжақты конвенцияларға нақты тоқталайық.
    Интеллектуалдық  меншік  бойынша  Дүниежүзілік  ұйымның  авторлық  және
сабақтас құқықтардың қорғауын  қамтамасыз  ететін  шарттарға  жатады:  Әдеби
және шығармашылық туындыларды  қорғау  бойынша  Берн  конвенциясы  1886  ж.,
Орындаушылардың,  фонограмма  шығарушылардың  және   жариялау   органдарының
мүдделерін   қорғау   бойынша   Рим   конвенциясы   1961   ж.,    Фонограмма
шығарушылардың мүдделерін фонограмманы  заңсыз  жаңғыртудан  қорғау  бойынша
Женева конвенциясы 1971 ж.
    Осы   топтағы   шарттар   басқа   мемлекеттерде    қатысушы-мемлекеттер
азаматтарның мүдделерін қамтамасыз ететін, халықаралық-құқықтық  материалдық
және процессуалдық нормалардан тұрады.
     Өнеркәсіптік меншіктің қорғауын  қамтамасыз  ететін  шарттарға  келесі
халықаралық шарттар  жатады:  Өнеркәсіптік  меншікті  қорғау  бойынша  Париж
конвенциясы 1883 ж., Тауардың шығу  тегіне  қатысты  жалған  және  қателікке
әкелетін мәлімдемелерді кесу бойынша Мадрид келісімі 1891  ж.,  Олимпиядалық
символды қорғау бойынша Найроба шарты 1981  ж.,  Тауарлық  белгілер  бойынша
заңдар туралы Шарт (ТЛТ) 1994 ж.
    Бұл конвенциялар  нақты  көрінетін  қорғау  функциясын  атқарады.  Олар
мемлекеттермен келісілген заңды қорғаудың қайнар көзі болып табылады.
    Бірнеше мемлекетте өнеркәсіптік меншіктің қорғауын  алуға  жеңілдететін
шарттар қорғау объектісіне байланысты бөлінеді.
    Патенттер саласында оларға жатады:  Патенттік  кооперация  туралы  Шарт
(РСТ) 1970 ж.,  Микроағзаларды  патенттік  тәртіп  мақсаты  үшін  депондауды
халықаралық тану туралы Будапешт шарты 1977 ж.
    Тауарлық белгілер саласына, Белгілерді халықаралық тіркеу туралы Мадрид
келісімі  1891  ж.  және  Белгілерді  халықаралық   тіркеу   туралы   Мадрид
келісіміне Хаттама 1989 ж. жатады.
    Тауарлардың шығу тегінің орындарының  түр-түріне  қатысты,  Тауарлардың
шығу  тегінің  орындарының  түр-түрін  және  олардың  халықаралық   тіркелуі
бойынша Лиссабон келісімі 1958 ж. қолданылады.
    Өнеркәсіптік  үлгілерді   халықаралық-құқықтық   қорғаудың   сұрақтарын
Өнеркәсіптік үлгілерді  халықаралық  депондау  туралы  Гаага  келісімі  1925
жылғы реттейді.
    Аталған  топтағы  конвенциялар  ұлттық  қорғау  құжаттарын  бір  немесе
бірнеше мемлекетте  алуын  жеңілдетеді.  Осы  конвенцияларды  пайдаланушылар
саны жылдан-жылға өсуде, бұл осы саладағы глобализацияның көрінісі.
     Үшінші топты халықаралық сыныпталуды және олардың ары қарай  жетілдіру
тәртібін  бекітетін  шарттар  құрайды.  Осы   саладағы   шарттарға   жатады:
Халықаралық  патенттік  сыныпталу  туралы  Страсбургтік  келісім  1971   ж.,
Белгілерді тіркеу үшін  тауарлар  мен  қызметтердің  халықаралық  сыныпталуы
туралы Ницц келісімі 1957 ж., Белгілердің бейнелеу  элементінің  халықаралық
сыныпталуын құру бойынша Вена  келісімі  1973  ж.,  Өнеркәсіптік  үлгілердің
Халықаралық сыныпталуын құру бойынша Локарлық келісім 1968 ж.
    Осы күшіндегі конвенциялардың ары  қарай  жетілдірілуі  тұрақты  жүзеге
асуда және ВОИС мүшелерінен белсенділікті талап етеді.
    Халықаралық байланыстағы дамудың көрсеткіші  ретінде  жұмыс  топтарымен
және сарапшылардың  тұрақты  комитеттерімен  әзірленген  конвенция  жобалары
табылады. Олардың саны өте көп, оның барлығын атамаймыз.  Сондықтан,  біздің
пікірімізше аса өзектілерін қарастырған жөн.
    Патенттік қорғауды тез арада алуды және қолданудың  тиімділігін  көтеру
мақсатында, ВОИС-тың  патент  сарапшыларының  Комитетімен  Патенттік  заңдар
туралы шарт (ПЛТ) жобасы әзірленді. ПЛТ жобасы ұлттық және  аймақтық  заңдар
арасындағы түсінбеушілікті реттеуші ретінде де табылады.
    2000   жылдың    мамыр-маусым    айларының    арасында    Дипломатиялық
конференцияда,  ПЛТ-ның  патенттік  құқықтың  процессуалдық  нормалары  бар,
бірінші бөлігі бірнеше мемлекеттермен  және  аймақтық  патенттік  ұйымдармен
қабылданды. Дипломатиялық конференция шарт  мәтінімен  келіссе  де,  ПЛТ-ның
өзі  әлі  де  жетілдіруді  талап  етеді.  Қазақстан   Республикасы   ПЛТ-ның
мемлекеттің    экономикасына    пайдасы    түсетіндігін    ұғынғанда    ғана
ратификациялайды.
    Келесі ВОИС-тың сарапшылары жұмыс жүргізіп жатқан жобаның бірі авторлық
саладағы жоба, ол Берн конвенциясына Хаттама.
    Осы  саладағы  практикаға  сәйкес  ұлттық   заңнама   мен   Берн,   Рим
конвенцияларының арасында келіспеушіліктер пайда болуда.
    Сондықтан, осы жағдайды түсініп сарапшылар комитеті Берн  конвенциясына
хаттаманы әзірлеуге  бастады.  Бұл  жобаны  әзірлегенде,  авторлық  құқықтың
азаматтық құқыққа (рим және континенталдық) және  жалпы  (ағылшын-саксондық)
құқыққа негізделген жүйелерінің арасында байланыс орнатуды мақсат тұтқан.
     Өнеркәсіптік үлгілерді халықаралық  депондау  туралы  Гаага  келісімін
алпыс    жыл    қолданудың    тәжірибесі,    оның     қатысушыларының     аз
ынталандыратындығын көрсетті, соның нәтижесінде  осы  Конвенцияға  қатысушы-
мемлекеттер саны өте аз.
    Сарапшылар  комитеті  өнеркәсіптік  үлгілерді  халықаралық  депондаудың
санын ұлғайта алады және қатысушы-мемлекеттер санын ұлғайта алады,  егер  үш
топ мәселені шешетін болса:
    - жүйе пайдаланушыларына және  депондау  нысанына,  депозитормен  бажды
төлеуге әкелетін және соған қатысты мәселелер;
    - ұлттық ведомствоның мәселелеріне қатысты мәселелер;
    -  өнеркәсіптік  үлгілерді   қорғаудың   аймақтық   жүйелерінің   болуы
арқасында, олар ұлттық жүйелерді ауыстырып Конвенцияға  қатысушы-мемлекеттер
санын азайтады.
    Қазіргі таңда, Гаага одағының қатысушы-мемлекеттер өкілдерінен  тұратын
сарапшылар Комитеті өз қызметін жалғастыруда. Олар осы аталған  үш  мәселені
шешуді мақсат қойған  және  соның  нәтижесінде  жүйеге  жеңілдіктер  берудің
арқасында конвенцияға қатысушы-мемлекеттер санын ұлғайтпақ.
    ВОИС-тың сарапшылар комитеті жұмыс  істеп  жатқан  келесі  құжат  болып
Интеллектуалдық меншік саласындағы мемлекеттер  арасындағы  дауларды  реттеу
бойынша ВОИС Шартының жобасы табылады.
    Осындай келісімді қабыладудың  себебі  ретінде  интеллектуалдық  меншік
саласындағы мемлекетаралық қатынастарды реттейтін  шарттардың  түсінігі  мен
қолдануында туындайтын, даулар табылады. Осы ереженің  болмауына  байланысты
мемлекеттер туындаған дауларды  халықаралық  принциптерге  негізделе  отырып
шартта тараптар келісілген дауды шешу құралын қолданып келеді.
    Осы жобаланып  жатқан  шарттың  мақсаты  болып  интеллектуалдық  меншік
саласындағы  халықаралық  міндеттемелерді  орындауды  қамтамасыз  ету   үшін
интеллектуалдық меншікті қорғауға көмек табылады (16,625).
    Осындай дауларды шешу үшін  тиімді  тәртіпті  белгілеу  интеллектуалдық
меншікті қорғаудың негізі болады.
    Интеллектуалдық меншіктің құқықтық  реттелуін  қарастыра  отырып,  оның
енді интеллектуалдық меншікті қорғаудың  әлемдік  жүесінің  институционалдық
бөлігін қарастырған жөн.
    Қазіргі  таңдағы  интеллектуалдық  меншік  саласындағы   тұрғылар   мен
тәртіптердің ұқсастығына  байланысты,  халықаралық  стандарттау  және  өзара
құқықтар мен міндеттерді тану арқылы практикалық тәртіпті  жеңілдетуге  көшу
керек. Осы тұжырым  мемлекеттер  арасындағы  келіссөзге  әкелді  және  соның
нәтижесінде көпжақты  шарттар  (конвенциялар)  қабылданды.  Әрбір  конвенция
әрбір салада мемлекеттер одағынан тұрады.
    Сондықтан, әртүрлі мемлекеттер одағының үлкен  саны  жиналады,  мысалы,
Париж  одағы,  Берн  одағы,  Мадрид  одағы,  т.б.  Әрбір  одақты   әкімшілік
басқарудың қажеттілігі пайда болады (мүшелік сұрақтары, мүшелік үшін  төлеу,
отырыстарды ұйымдастыру, құжаттарды толтыру т.б.).  Осы  мақсаттарды  жүзеге
асыру үшін Париж және Берн конвенцияларының саласында халықаралық  хатшылық,
қысқаша БИРПИ құрылды.
    1967 жылы Интеллектуалдық меншік бойынша Дүниежүзілік ұйымды (ВОИС-тың)
құрылуын бекітетін Стокгольм конвенциясы қабылданды, кейіннен бұл  ұйым  БҰҰ
арнайы ұйымы ретінде енді.
    ВОИС  қызметі  интеллектуалдық  меншікке  қадірлеушіліктің  өсуін  және
өнеркәсіптік мәдениеттің қалыптасуын қамтамасыз етуге міндетті.
    Осы қызмет негізінен үш бағытта жүзеге асуда:
    - интеллектуалдық меншіктің әкімшілік  сұрақтары  бойынша  үкіметаралық
байланысты қамтамасыз ету;
    - бағдарламалық қызмет;
    - тіркеу қызметі.
    Осы үш бағыт ВОИС-тың БҰҰ арнайы  ұйымдарынан  айырмашылығын  көрсетеді
(мысалы, ЮНЕСКО-ға, МОТ-қа, ВОЗ-ға т.б. қарағанда).
    ВОИС-тың негізгі қызметін  бағдарламалық  қызмет  құрайды.  Ол  қазіргі
таңда, бар конвенциялардың кеңінен қолданылуын,  оны  қажет  болғанда  қайта
қарауын, жаңа ережелердің қабылдауын және «даму мақсатында байланыс  бойынша
қызметтің» жүзеге асуымен шектеледі.
    Біздің республика 1993 жылдан бастап ВОИС өткізетін барлық іс-шараларға
белсенділікпен   қатысуда   және   халықаралық    ұйым    тарапын    қажетті
интеллектуалдық меншік  құқығы  саласында  құқықтық  және  техникалық  көмек
алуда.
    Қазақстан тәуелсіздік алған кездің алғашқы  жылдары  мемлекет  алдында,
интеллектуалдық меншік жүйесін қалыптастыру мен қатар, әлемдік жүйе  дамуына
сәйкес келудің қиын міндеті тұрды.


    4. Интеллектуалдық меншікті қорғау саласында халықаралық деңгейдегі  ең
негізгі институт және бірқатар  ұйымдар  бар.  Негізгі  халықаралық  ұйымдар
Бүкіләлемдік интелектуалдық меншік  ұйымы  (БИМҰ)  және  Бүкіләлемдік  сауда
ұйымы  (БСҰ)  болып  табылады.  Аймақтық  ұйымдар  арасында  Еуропалық  Одақ
маңызды орын алады. Бұл ұйымдар өте маңызды қызмет атқарады. БИМҰ  және  БСҰ
интелектуалдық меншікті корғау  саласындағы  негізгі  халықаралық  шарттарды
жасау мен қайта құру үшін жауап береді. Олар  мұндай  шарттарды  жасап  қана
қоймай,  кейбір  жағдайларда  олардың  күштеп  орындалуын  жүзеге   асырады.
Европалық  Одақ  тауар  таңбалары  жөніндегі  аймақтық  бюро  ашып,  қазіргі
уақытта тауар таңбалары туралы аймақтық заңнама жасаумен шүғылданады.
    Бүкіләлемдік интелектуалдық меншік ұйымы (БИМҰ).
    Интеллектуалдык меншікті қорғау саласындағы  халықаралық  әріптестіктің
қажетті бөлігі БИМҰ қызметіне қатысу болып табылады.
    Бүкіләлемдік интеллектуалдық  меншік  ұйымы  -  интеллектуалдық  меншік
мәселелерімен айналысатын халықаралық ұйымдардың ежелгісі және  ірісі.  БИМҰ
тамырлары Иоганн Брамс  өзінің  Үшінші  симфониясын,  Роберт  Луи  Стивенсон
«Остров сокровищ» еңбегін жазғанда, ал Джон  мен  Эмили  Рэблинг  Нью-Йоркта
Бруклин көпірінің құрылысын аяқтап жатқанда 1883 жылға кетеді.
    Яғни, бұл ұйымның құрылу тарихы  XIX  ғ.  аяғында  «Өнеркәсіп  меншігін
қорғау жөніндегі Париж конвенциясы»  мен  «Әдеби  және  көркем  шығармаларды
корғау   туралы   Берн   конвенцияларын»   жүзеге   асыру   үшін    құрылған
құрылымдарының  қосылу  кезеңіне  жатады.  14   мемлекет   қатысатын   Париж
конвенциясы  1884  жылы  күшіне   енді.   Оның   ережелеріне   сәйкес   мүше
мемлекеттердің  мәжілістерін  ұйымдастыру   сияқты   әкімшілік   міндеттерді
орындау үшін Халықаралық бюро құрылды.  1886  жылы  халықаралық  құқық  және
онымен бірге  Берн  ковенциясы  пайда  болды.  Берн  конвенциясы  шеңберінде
әкімшілік міндеттерді орындау үшін де Халықаралық бюро  құрылды.  1893  жылы
бұл екі  шағын  бюро  Интеллектуалдық  меншікті  қорғау  жөніндегі  біріккен
халықаралық бюро деп аталатын  бір  халықаралық  ұйымға  бірікті  (бұл  ұйым
француз тілінде қысқартылған нүсқасымен белгілі  БИРПИ).  Швейцарияның  Берн
қаласында  орналасқан  штаб-квартирасы  бар,  жеті   адамнан   тұратын   бұл
кішігірім ұйым бүгінгі Бүкіләлемдік интеллектуалдық меншік ұйымының  алғашқы
бейнесі болды.
    1967 жылдың  14  шілдесінде  Стокгольмде  Бүкіләлемдік  интеллектуалдық
меншік  ұйымын  қалыптастыратын  конвенцияға  қол  қойылды.   Онда   ұйымның
мақсаттары, қызметтері, құрылымы және ондағы меншік анықталды.  1974  жылдан
бастап БИМҰ Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
    БИМҰ  құратын  конвенция  4  түрлі  органның  құрылуын  көздейді:   Бас
Ассамблея,  Конференция,  Координациялық  комитет  және  БИМҰ   Халықаралық,
бюросы.
    БИМҰ құрылымында ұйымның хатшылығы болып табылатын Халықаралық  бюромен
катар, Патенттік ақпарат жөніндегі  тұрақты  комитет  (ПАТК)  пен  Патенттік
құжаттама орталығы әрекет етеді.
    ПАТК акпараттық  іздеу  саласында  қызметтестік  жөніндегі  халықаралық
комитеттің мирасқоры ретінде 1977 жылдың қазаң  айында  құрылды.  ПАТК-да  4
жұмыс тобы  әрекет  етеді:  жоспарлау,  дамушы  елдерге  арналған  патенттік
ақпарат, жалпы акпарат және іздеу ақпараттық бөлімдері. ПАТК  БИМҰ  қатысушы
мемлекеттер  арасында  патенттік   ақпаратқа   қатысты   мәселелер   бойынша
қызметтестікті ұйымдастырады. ПАТК келесі бағыттарда жұмыс атқарады:
   1)  патенттік ақпарат саласында  БИМҰ-ға  қатысушы-мемлекеттердің  патент
      ведомстволары қызметін стаңдарттау;
   2)  патенттік ақпарат саласында автоматизация;
   3)  патенттік құжаттама іздеу қорын ұйымдастыру және сақтау;
   4) өнеркәсіптік меншік саласында статистикалық мәліметтерді жинау,  өңдеу
      және тарату.
    Қазіргі кезде штаб-квартирасы Швейцарияның Женева қаласында  орналасқан
БИМҰ Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде 16 мамандандырылған мекемелерінің  бірі
болып   саналады.   Ол   интеллектуалдық   меншікті   корғаудың   әр   түрлі
аспектілеріне қатысты 23 халықаралық шарттың  әкімшілік  қызметтерін  жүзеге
асырады. 182 мемлекет Ұйымның мүше мемлекеттері болып  табылады.  Бұл  бүкіл
әлемдегі  мемлекеттердің  90  пайызын  құрайды,  ұйым   қызметінің   айрықша
маңыздылығы мен мәнділігін көрсетеді.
    Бүкіләлемдік сауда ұйымы (БСҰ).
    Бүкіләлемдік сауда ұйымы 1995 жылы Тарифтер  мен  сауда  жөніндегі  Бас
келісімді жетілдіру туралы көп  жақты  келіссөздердің  нәтижесінде  құрылды.
Бұл келісім еркін сауда дамуында маңызды орын алады.  Бірақ  оның  ережелері
қызметтерді  сату  туралы   және   интеллектуалдық   меншікті   алу   туралы
мәселелерді қамтымайды. Оған қоса ГАТТ  шеңберінде  оның  ережелерін  күштеп
орындау институттары мен механизмдер құрылмаған болатын.
    1986 жылдан 1994 жылға дейін созылған халықаралық келісімдердің Уругвай
раунды  БСҰ-ның  құрылуы  туралы  келісім  де,  өзге  келісімдер  де  кірген
Қорытынды актіні қабылдаумен аяқталды.  Қорытынды  актіге  кірген  тағы  бір
келісім - интеллектуалдық меншік  құқытарының  сауда  аспектілері  жөніндегі
келісім (Trade Related Aspects of Intellectual  Property  Rights  -  TRIPS).
Интеллектуалдық меншік  құқықтарының  сауда  аспектілері  жөніндегі  келісім
ТРИПС  мемлекеттің  интеллектуалдық  меншік  жөніндегі  негізгі  халықаралық
шарттарды ұстану, сәйкес шарттар бойынша талап етілетіндей оның  қорғалуының
деңгейін қамтамасыз ету дайындығы  және  ең  бастысы,  шарттық  міндеттемені
күштеп орындаудың тиімді механизмдерін қолдану БСҰ-ға мүшеліктің  талаптарын
көрсететін ережелері бар.
    Заң жобасы «Авторлық кұқық және сабақтас құқықтар  туралы»,  «Қазақстан
Республикасында  селекциялық  жетістіктерді   қорғау   туралы»,   «Қазақстан
Республикасының Патент Заңы», «Тауар  таңбалары,  қызмет  көрсету  таңбалары
мен тауар шығарылған жерлердің атаулары  туралы»  Қазақстан  Республикасының
Заңы және «Интегралды микротәсімдер топологияларын құқықтық  қорғау  туралы»
сияқты  Қазақстан   Республикасының   бірнеше   заңдарына   өзгерістер   мен
толықтырулар енгізуді көздейді.
    Заң жобасы Қазақстанның интеллектуалдық меншік  объектілерінің  кажетті
деңгейде қорғалуын және бұл салада ұлттық заңнаманың интеллектуалдық  меншік
құқықтарының сауда аспектілері жөнівдегі  БСҰ  Келісіміне  сәйкестендірілуін
талап  ететін  Бүкіләлемдік  сауда  ұйымына  енуге  дайындалуына  байланысты
жасалды.
    Заң жобасы әрекеттегі  заңдардың  негізгі  қағидаларын  сақтай  отырып,
оларды біздің мемлекетіміз соңғы жылдары жасасқан  «Таңбаларды  тіркеу  үшін
тауарлар  мен  қызметтерді  халықаралық   классификациялау   туралы»   Ницце
келісімі,  «Халықаралық   патенттік   классификациялау   туралы»   Страсбург
келісімі т.б. сияқты халықаралық шарттар талаптарына сәйкестендіреді.
    «Қазакстан Республикасындағы селекциялық жетістіктерді қорғау  туралы»,
«Қазақстан Республикасының Патент Заңы», «Тауар  таңбалары,  қызмет  көрсету
таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» және  «Интегралды
микротәсімдер топологияларын құқықтық корғау туралы»  Заңдарына  енгізілетін
өзгертулер  мен  толықтырулар  әрекеттегі  нормалардың  бірқатар  ережелерін
нақтылайды, құқықтық әрекеттің шекараларын анықтап, олардын бір  мәнді  емес
талқылануына жол бермейді.
    Заң жобасы еліміздің заңнамасының өзгерістерін, сонымен қатар,  аталған
заңдардың интеллектуалдық меншік  объектілеріне  қорғау  беру  тәжірибесінде
қолданылуын ескереді және жұмыс істемейтін ережелерді жою мен неғұрлым  жаңа
реттеу механизмдерін енгізуге бағыггалған.
    Бүкіләлемдік  санаткерлік  меншік  ұйымымен  Бүкіләлемдік  сауда  ұйымы
арасындағы байланыстар.
    Бүкіләлемдік сауда  ұйымы  (БСҰ)  ГАТТ  шеңберіндегі  көп  жақты  сауда
келіссөздерінің Уругвай раундының сәтті аяқталуы нәтижесінде 1994 жылдың  15
сәуірінде құрылды. 1995 жылдын 1  қантарында  күшіне  енген  Интеллектуалдық
меншік құқықтарының сауда  аспектілері  туралы  келісім  (ТРИПС)  сол  кезде
жасалған келісім  болып  табылады.  ТРИПС  келісімі  интеллектуалдық  меншік
құқықтарын  қорғауды  қамтамасыз  ету  саласында  жаңа  кезеңді   белгіледі,
сонымен қатар  БИМҰ  жұмысы  бағдарламасының  маңыздылығын  арттырды.  ТРИПС
келісімінің авторлық құқыққа және сабақтас  құқықтарға,  патенттерге,  тауар
таңбаларына,   өнеркәсіптік   үлгілерге   және   интегралды    микротәсімдер
топологиясына қатысты ережелері БИМҰ  хатшылығы  және  оның  алдында  болған
ұйымдары  100  жыл   бойы   қызмет   көрсеткен   халықаралық   шарттар   мен
конвенцияларды тікелей толықтырады.
    1995 жылдың 1 қаңтарынан  бастап  Бүкіләлемдік  интеллектуалдық  меншік
ұйымы мен Бүкіләлемдік сауда ұйымы арасындағы келісім күшіне  енді.  Келісім
ТРИПС келісімін жүзеге асыруда, атап айтқанда, заңдар  мен  ережелер  туралы
ескертулер, дамушы мемлекеттер мүддесіне құқықтық-техникалық  көмек  көрсету
және техникалық  қызметтестікті  жүзеге  асыру  нысандарында  қызметтестікке
бағытталған.
    Еуропалық Одақ.
    Еуропалық Одаққа ұзақ мерзім бойы  интеллектуалдық  меншікті  корғаудың
мықты  жүйесі  әрекет  ететін  мемлекеттер  кіреді.  Еуропалық  Одаққа  мүше
мемлекеттер мен Еуропалық Одақ басқарушы органдары интеллектуалдық  меншікті
қорғау саясатында мына мақсаттарды алға қояды:
    - интеллектуалдық меншікті қорғауды күшейту;
    -  интеллектуалдық   меншікке   құқықтың   адал   емес   бәсекелестікте
қолданылуынын алдын алу;
    - интеллектуалдық меншік туралы заңнаманы үйлестіру;
    -  тауар  таңбаларымен  айналысатын  ұлттық  патенттік  қызметтер   мен
құрылымдардын күштерін қайталау деңгейін төмендету.
    Бұл  мақсаттарға  жету  үшін  Еуропалық   Одақ   бірқатар   механизмдер
қолданады:
   1) міндетті директиваларды жариялау;
   2) негізгі халықаралық ұйымдар жұмысы мен шарттарын дайындауға қатысу;
   3)  еуропалық, Одақка мүше мемлекеттері үшін  косылу  шарттарын  дайындау
      (кейбір жағдайларда басқа мемлекеттер үшін де ашық);
   4) жеке институттарды, атап айтқанда, Еуропалық патенттік бюро мен  Тауар
      таңбалары жөніндегі Еуропалық бюроны құру.
    5. Интеллектуалдық меншікті қорғау жүйесі авторлық-құқықтық, патенттік-
құқықтық және аралас тәсілдер болып бөлінеді.  Біздің  пікірімізше,  бұл  үш
категорияны  да  екі  түрге  сыныптауға  болады:  универсалды  және   арнайы
тәсілдер деп. Бұл жерде,  универсалды  тәсіл  болып  интеллектуалдық  меншік
объектілерін қорғаудың авторлық-құқықтық тәсілі табылады.
    1. Авторлық-құқықтық тәсіл. Негізгі бірлік  ретінде,  авторлық  құқықта
туынды табылады. Қазақстанның және Ресейдің заңнамасында туныдының  түсінігі
жоқ,  тек  Заң  санаткерлiк  меншiк  саласында  ғылым,  әдебиет  және   өнер
туындыларын     (авторлық     құқық),     қойылымдарды,      орындаушылықты,
фонограммаларды, эфирлiк және кабельдiк хабар тарату ұйымдарының  хабарларын
(сабақтас  құқықтар)  жасауға   және   пайдалануға   байланысты   туындайтын
қатынастары реттейдi деп қана көрсетілген.
    Қорғаудың  авторлық-құқықтық  әдісі  оның  мағынасын  емес,   туындының
нысанын қорғайды дегенді көрсетеді.  Заң  жағынан  оның  мағынасы  келесіден
көрінеді:  «авторлық  құқық  идеялардың,  тұжырымдамалардың,  принциптердiң,
әдiстердiң, жүйелердiң, процестердiң,  жаңалықтардың,  фактiлердiң  өздерiне
қолданылмайды» (Авторлық құқық  және  сабақтас  құқықтар  туралы  заңның  6-
бабының 4-тармағы).
    Қорғаудың авторлық-құқықтық әдісі туындының нысанына ғана емес, сонымен
қатар оның мазмұнына да таратылады. Сонымен бірге,  ол  айрықша  құқықтардың
басқа субъектіге беруінен де қорғалуымен сипатталады.
    Сонымен, біздің пікірімізше,  авторлық-құқықтық  әдіс  нысанмен  қатар,
онымен  байланысты  мазмұн  элементтерінің  барлығын  қорғауға  көмектеседі.
Бірақ, мұндай  қорғау  объектінің  мазмұнынан  туындайтын  айрықша  мүліктік
құқықтарды бермейді.
    Универсалды авторлық-құқықтық әдіс шығармашылық  қызметтің  кез  келген
нәтижесіне таратылады, бірақ ҚР АК-нің  961-бабында  көзделген  -  азаматтық
айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе  қызмет  көрсетулердi
дараландыру  құралдарына  таратылмайды.  Бұл  түсінікті   де,   себебі   бұл
объектілер шығармашылық  қызмет  нәтижесінде  емес,  патенттік  ведомствомен
тіркелгенде ғана пайда болады.
    2. Патенттік тәсіл және патенттеу жүйесі. 1992 жылдың 18 маусымында  ҚР
Президентінің Жарлығымен ҚР Ұлттық  патенттік  ведомствосы  құрылды.  Осыдан
кейін, біздің республикамыздың аумағында өнеркәсіптік меншік  объектілерінің
патенттік қорғауы жүзеге асуға бастады.
    «Патент» термині кеңінен қолданылып жүр. Ол латын  сөзі  «patere»  -ден
ашық болу, көрінуге ашық деп аударылады.  Алдынғы  бетінде  мөрі  бар  құжат
«ашық мадақтама» деп аталды.
    Патент әртүрлі заңды және әдеби анықтамалардан  тұрады,  сондықтан  біз
оған толық анықтама беріп көрелік:
    патент деп заңнама нормаларына сәйкес  уәкілетті  мемлекеттік  органмен
патент иесіне берілетін, белгілі уақыт ішінде белгілі  аумақта  патенттелген
техникалық  шешімді  өз  қалауы  бойынша   қолдануға   айрықша   құқықтардың
бергендігін куәландыратын қорғау құжаты табылады.
    Патенттік  қорғаудың  пайда   болуынан,   екі   ғасыр   бойы   көптеген
әдебиеттерде патенттің  экономикалық  және  құқықтық  рөлі  туралы  көптеген
тұжырымдар болды. Мысалы, патент  құқықтарды  беру  туралы  акті  және  шарт
болып   есептелінді.   Кейбір    әдебиеттерде    патент    монополия    және
интеллектуалдық меншік объектісі ретінде де қаралды.
    Қазақстан Республикасында патент  интеллектуалдық  меншік  объектілерін
қорғаудың  ерекше  тәсілі,  ол  заңнамамен  толық  реттелген   және   өзінің
аспектілерімен  сипатталады.   Қазақстандық   патенттік   жүйе   тұпнұсқалы,
сондықтан оның аспектілерін қарастырған жөн.
    ҚР Патенттік жүйесіне келесі белгілер тән:
    - қорғалатын объектілердің шектелген тобы. ҚР  Патент  заңының  бірінші
бабынан  бастап  осындай  объектілердің   шектелген   тобы   көрсетілген   -
өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіп  үлгілері.  Оны  қысқартылған
түрде өнеркәсіптік меншік объектілері деп атайды. Заңның 5-7 баптарында  осы
объектілер нақтыланады.
    1999 жылдың 13 шілдесіндегі «Селекциялық жетістіктерді  қорғау  туралы»
Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан  кейін,  патентпен  қорғалатын
объектілер саны  кеңейді.  Заңның  3-бабына  сәйкес  селекциялық  жетiстiкке
құқық  Қазақстан  Республикасының  заңдарымен   қорғалады   және   патентпен
расталады. Патент селекциялық жетiстiктi пайдалануға патент иесiнiң  айрықша
құқығын, оның басымдығын және селекционердiң авторлығын куәландырады. 
    2001 жылдың  29  маусымындағы  «Интегралды  микротәсімдер  топологиясын
құқықтық қорғау туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының  10-бабына  сәйкес
құқық иесіне «Топологияны тіркеу туралы куәлік» деп аталатын  қорғау  құжаты
беріледі;
    - патенттік құқықтар пайда болуының ерекше тәртібі.  Бізбен  анықталған
патенттеу  объектісі  техникалық  немесе   шығармашылық-техникалық   шешімді
білдіреді, ол авторлық  құқық  объектілеріне  қарағанда  қайталанатын  болып
келеді.
    Патенттеу тәртібін схемалық түрде келесідей көрсетуге болады: патенттік
ведомствоға өтінім беру - өтінімді қабылдау бөлімінде формальды сараптама  -
өнертабыс және пайдалы модельдер бөлімінде сараптама – қорғау  құжатын  беру
туралы  шешім  –  берілетін  патент  туралы  мәліметтерді  басу   –   патент
иеленушіге қорғау құжатын беру.
    Патенттеу жүйесін таңдау  сұрағы  біздің  республикамызбен  тәуелсіздік
алғаннан бері шешіліп келген.
    Барлық белгілі ұлттық жүйелерді екі негіз  бойынша  сыныптауға  болады:
патент иелері  болуға  құқықтары  бар  субъектілер  бойынша  және  патенттік
сараптама тәртібі бойынша.
    Бірінші негіз бойынша авторлық және арыздық жүйелерді бөлуге болады.
    Авторлық жүйеде патент иесі ретінде автор  не  оның  мирасқорлары  ғана
бола алады. Мұндай АҚШ-та қолданылады.
    Арыздық жүйеде патент иесі ретінде кез келген арыз  берген  тұлға  бола
алады – автор оның мирасқорлары немесе өзге  де  тұлғалар.  Көптеген  Еуропа
мемлекеттері осы жүйені таңдаған. Қазақстан да осы жүйені таңдады.
    Екінші негіз бойынша патенттеудің келушілік, тексерушілік  және  аралық
жүйелерін бөлуге болады.
    Келушілік  жүйе   (Греция,   Италия,   Швейцария   т.б.   мемлекеттерде
қолданылады) бойнша  патент  қажетті  құжаттар  мен  талаптар  орындалғаннан
кейін, оның жаңалығы мен өнертабыс деңгейін анықтамай-ақ беріледі.
    Бұрыңғы Кеңес Одағында тексерушілік жүйе қолданылған. Кез келген өтінім
оның жаңалығына, өнертабыстық  деңгейіне  және  өнеркәсіпте  қолданушылығына
толығымен тексеріледі. Осы  тексерушілік  жүйе  қазір  Ресей  Федерациясында
қолданылады.
    Қазақстан  Республикасы  тексерушілік  жүйені   енгізе   алмағандығының
себебі, сараптамалық патенттік қордың болмауынан болды.
    Сондықтан, патенттеудің жаңа жүйесін құру қажет болды, біз  оны  аралас
деп атадық, яғни екі жүйенің элементтерін біріктіретін жүйе.
    Таңдалған патенттеу жүйесі тіркеулік-тексерулік болып  келеді.  Пайдалы
модельге патент өтінiм берiлген күннен бастап бес жыл бойы  күшiн  сақтайды,
патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы  мүмкiн,
бiрақ ол үш жылдан  аспауы  керек.  Өнеркәсiптiк  үлгiге  алдын  ала  патент
өтiнiм берiлген күннен бастап бес  жыл  бойы  күшiн  сақтайды.  Өнеркәсiптiк
үлгiге патент өтiнiм берiлген күннен бастап  он  жыл  бойы  күшiн  сақтайды,
патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы  мүмкiн,
бiрақ ол бес жылдан аспауы керек ( ҚР Патент заңының 5-бабы).
    Берілетін  қорғау  құжаттарына  сәйкес  өтінімді  сараптаудың   тәртібі
белгіленген. Олардың саны екеу  –  формальды  сараптама  және  мәні  жағынан
сараптама.
    Өнертабысқа  өтiнiмнiң  ресми  сараптамасын  еткiзу  барысында  қажеттi
құжаттардың   бар-жоғы   және   оларға   қойылатын   талаптардың   орындалуы
тексерiледi, өтiнiмнiң берiлген күнi, ұсынылған өтiнiмдi  өнертабыс  ретiнде
қорғалатын   объектiлерге   жатқызу   мүмкiндiгi   айқындалады,    сондай-ақ
өнертабыстың бiрлiгi тексерiледi. Өтiнiм  берiлген  өнертабыстың  Заңның  6-
бабының   1-тармағында   белгiленген    патент    қабiлеттiгi    талаптарына
сәйкестiгiне тексеру жүзеге асырылмайды. Алдын ала патент  өтiнiм  берушiнің
тәуекелiмен және жауапкершiлiгiмен берiледi. 
    Формальды сараптама жүргiзу барысында қажеттi құжаттардың бар-жоғы және
оларға қойылатын талаптардың орындалуы  тексерiледi,  өтiнiм  берiлген  күн,
мәлiмделген ұсынысты пайдалы модель ретiнде қорғалатын объектiлерге  жатқызу
мүмкiндiгi айқындалады, сондай-ақ пайдалы модельдiң бiрлiгi тексерiледi.
    Алдын ала патент беру туралы мәлiметтер жарияланғаннан кейiн, алдын ала
патенттiң  қолданылу  мерзiмiн  ұзарту  жағдайында  өтiнiм  берiлген  күннен
бастап бес жылдан  кешiктiрмей  берiлетiн  өтiнiм  берушiнiң  немесе  үшiншi
тұлғалардың өтiнiшi бойынша сараптама  жасау  ұйымы  өтiнiмге  мәнi  бойынша
сараптама  жүргiзедi.  Өтiнiмге  мәнi  бойынша  сараптама  техника  деңгейiн
анықтау үшiн өтiнiм мәлiмделген  өнертабысқа  қатысты  ақпараттық  iздестiру
жүргiзудi, мәлiмделген шешiмнiң өнертабыс бiрлiгiнiң талабына және  патентке
қабiлеттiлiк шарттарына сәйкес келетiнiне  тексеру  жүргiзудi  қамтиды  және
өтiнiмге мәнi бойынша сараптамаға ақы төленгенiн растайтын құжат,  сондай-ақ
өтiнiштi өтiнiм  берушi  жасаған  болса,  алдын  ала  патенттiң  қолданылуын
күшiнде ұстап тұруға ақы төленгенiн растайтын құжат табыс  етiлген  жағдайда
жүзеге асырылады.
    Мәнi бойынша өтiнiм  сараптамасын  жүргiзу  кезеңiнде  сараптама  жасау
ұйымы өтiнiм берушiден  онсыз  сараптама  өткiзу  мүмкiн  болмайтын  қосымша
материалдарды,  оның  iшiнде  өнертабыстың  өзгертiлген  формуласын  сұратып
алуға құқылы.
    Сараптама жасау ұйымының сұратуы бойынша қосымша материалдар,  сұратуға
немесе өтiнiмге қарсы қойылатын материалдардың  көшiрмелерiн  өтiнiм  берушi
оған сараптама жасау  ұйымының  сұратуы  жiберiлген  күннен  бастап  екi  ай
iшiнде  сұратқан  жағдайда,  аталған  көшiрмелер  жiберiлген  күннен  бастап
өнертабыстың мәнi өзгертiлмей  үш  ай  мерзiмде  табыс  етiлуге  тиiс.  Егер
өтiнiмге мәнi бойынша сараптама  жасау  нәтижесiнде  сараптама  жасау  ұйымы
өтiнiм берушi сұрап отырған құқықтық қорғау көлемiндегi  мәлiмделген  ұсыныс
Заңда  айқындалған  өнертабыстың  патент  қабiлеттiлiгi  талаптарына  сәйкес
келетiнiн  анықтаса,  онда  сараптама  жасау  ұйымы  белгiленген  басымдықты
көрсете отырып патентке өтiнiм берушiмен келiсiлген  өнертабыс  формуласымен
оң қорытынды береді.
    Өтiнiм  берiлген  өнертабыс  өтiнiш  берушi  сұраған  құқықтық   қорғау
көлемiнде өнертабыстың патент қабiлеттiлiгi  талаптарына  сәйкес  келмейтiнi
анықталған кезде сараптама жасау ұйымының терiс қорытындысы берiледi.
    Өтiнiм берушi сараптама жасау  ұйымының  терiс  қорытындысы  жiберiлген
күннен  бастап  үш  ай  мерзiмде  уәкiлеттi  органға  қарсылық  бере  алады.
Қарсылықты шағым кеңесi ол түскен күннен бастап  төрт  ай  мерзiмде  қарауға
тиiс.
    Өтiнiм берушi өтiнiм қаралуының кез келген сатысында, сондай-ақ  патент
иеленушi және үшiнші  тұлғалар  алдын  ала  патент  беру  туралы  мәлiметтер
жарияланғаннан кейiн техника деңгейiн салыстыру арқылы  өнертабыстың  патент
қабiлеттiлiгiн бағалау жүзеге асырылатын анықтау үшiн  ақпараттық  iздестiру
өткiзу туралы өтiнiш жасай алады.
    Өтiнiм  беруші  сараптаманың  қарсы   қойған   барлық   материалдарымен
таныстырылуы мүмкiн. Өтінiм берушi сұратқан  материалдарды  сараптама  жасау
ұйымы оған сұрау салынған күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде жiбередi.
    Мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiштi өтiнiм  берушi  өткiзiп  алған
мерзiм бiткен күннен бастап он екi айдан кешiктiрмей  беруi  мүмкiн.  Мұндай
өтiнiш сараптама жасау ұйымына сараптаманың сұратылған  құжаттарымен  немесе
шағым кеңесiне жасалған қарсылықпен бiрге тапсырылады. Егер  өтiнiмдi  қарау
кезiнде онда мемлекеттiк құпияларды құрайтын  мәлiметтер  анықталса,  өтiнiм
Қазақстан   Республикасының   мемлекеттiк   құпиялар    туралы    заңдарында
белгiленген тәртiппен құпияландырылады.
    ҚР Патент заңының 32-бабына сәйкес шағым кеңесi  берiлетiн  қарсылықтар
бойынша  дауларды   сотқа   дейiн   қарау   жөнiндегi   уәкiлеттi   органның
мамандандырылған құрылымдық бөлiмшесi болып табылады.  Шағым  кеңесi  туралы
ереженi,  шағым  кеңесiне  қарсылықтардың  берiлу   және   қаралу   тәртiбiн
уәкiлеттi орган бекiтедi.
    Берiлген қарсылық шағым кеңесiнiң алқа  отырысында  белгiленген  мерзiм
iшiнде қаралуға тиiс. Қарсылықтарды қарау мерзiмi қарсылық  берген  адамның,
сондай-ақ патент иеленушiнiң өтінішi  бойынша  ұзартылуы  мүмкiн,  бiрақ  ол
қарсылықты қарау үшiн белгiленген мерзiм  өткен  күннен  бастап  алты  айдан
аспауы керек.
    Шағым кеңесiнiң шешiмiне қарсылық берген адам  немесе  патент  иеленушi
өздерi шешiмдi алған күннен бастап алты  ай  iшiнде  оған  сотқа  шағымдануы
мүмкiн;
    -  патент  иеленушіге  кешенді  құқықтардың,  оның   ішінде   объектіні
пайдалануға айрықша құқықтардың бекітілуі.
    Сонымен, патенттеу процесінің финалы ретінде алдын ала  патенттің  және
патенттің берілуі табылады.
    - қорғаудың уақытша және аумақтық сипаты.
    Патенттер   мен   алдын   ала   патенттердің    қолданылуы    Қазақстан
Республикасының  аумағымен  шектелген.  Патенттік  монополия   уақытпен   де
шектелген. Ол ҚР АК 999-бабында көзделген: алдын ала  берiлетiн  патент  пен
патент патенттiк органына (ұйымына) өтiнiм түскен күннен бастап  қолданылады
және заң актiлерiнде белгiленген талаптар сақталған жағдайда:
    1) өнертабысқа алдын ала  берiлетiн  патент  -  бес  жыл  бойы,  патент
иесiнiң өтiнiшi бойынша бұл мерзiмдi патент органы (ұйымы)  ұзартуы  мүмкiн,
бiрақ үш жылдан аспауы керек;
    2) өнертабысқа патент - жиырма жыл бойы; 
    3) пайдалы модельге патент -  бес  жыл  бойы,  патент  иесiнiң  өтiнiшi
бойынша бұл мерзiмдi патент органы (ұйымы) ұзартуы мүмкiн, бiрақ  үш  жылдан
аспауы керек;
    4) өнеркәсiптiк үлгiге алдын ала берiлетiн патент - бес жыл бойы; 
    5) өнеркәсiптiк үлгiге патент - он  жыл  бойы  күшiн  сақтайды,  патент
иесiнiң өтiнiшi бойынша бұл мерзiмдi патент органы (ұйымы)  ұзартуы  мүмкiн,
бiрақ бес жылдан аспауы керек.
    Өнертабысты,  пайдалы  модельдi,  өнеркәсiптiк  үлгiнi  қорғау   патент
органына  (ұйымына)  өтiнiм  келiп   түскен   күннен   бастап   қолданылады.
Құқықтарды қорғау тек патент берiлгеннен кейiн ғана жүзеге асырылуы  мүмкiн.
Патент беруден бас тартылған жағдайда қорғауға алынбаған болып есептеледі;
    - айрықша құқықтардың заңды шектелуі  мен  патент  иесіне  міндеттердің
жүктелуінің қабілеттілігі.
    Патенттік құқықтардың айрықшалығы және абсолюттігі сипаты түсінікті. Ол
ҚР АК-нің 992, 993-баптарында көзделген.
    Патент  иесi  кез  келген  тұлғаға   өнертабысты,   пайдалы   модельдi,
өнеркәсiптiк үлгiнi пайдалануға лицензия (ашық лицензия)  алу  құқығын  беру
туралы патенттiк органына  (ұйымына)  өтiнiш  бере  алады.  Ашық  лицензияны
пайдалануға ниет бiлдiрген тұлға патент иесiмен төлем туралы  шарт  жасасуға
мiндеттi.  Мұндай  шарттың  талаптары  туралы  дауларды  сот  шешедi.   Ашық
лицензияға  құқық  беру  туралы  патент  иесiнiң  өтiнiшi   қайтарып   алуға
жатпайды.
    Патенттік қатынастарда патент иесінің және  үшінші  тұлғалардың  қорғау
шешіміне құқықтарының параллельді  болуы  да  мүмкін.  Ол  ҚР  АК-нің  1004-
бабында немесе ҚР Патент заңының 13-бабында көзделген.
    Өнеркәсiптiң меншiк объектiсiнiң басымдық алған күнiне дейiн  Қазақстан
Республикасының  аумағында  оның  авторына  тәуелсiз  жасалған  өнеркәсiптiк
меншiк  объектiсiне  ұқсас  шешiмдi  адал  пайдаланған  немесе  бұған  қажет
дайындықтар жасаған тұлға мұндай пайдалану  көлемiн  ұлғайтпай  оны  өтеусiз
пайдалану құқығын (бұрын пайдалану құқығын) сақтайды.
    Бұрын пайдалану құқығы басқа адамға ұқсас шешiмдi пайдалану орын  алған
немесе оған қажеттi әзiрлiк жасалған өндiрiспен бiрге ғана берiлуi мүмкiн.
    Өнеркәсiптiк меншiк объектiсiн басымдық берiлген күннен  бастап,  бiрақ
өнертабысқа, өнеркәсiп үлгiсiне, пайдалы  модельге  алдын  ала  патент  беру
туралы мәлiметтер ресми жарияланған күнге дейiн пайдалана  бастаған  адамдар
патент иеленушiнiң талап етуi бойынша одан әрi пайдалануын тоқтатуға тиiс.
    Патент иесінің негізгі міндеттерінің бірі  ретінде  техникалық  шешімді
пайдалану міндеті табылады.
    ҚР Патент заңының 11-бабына сәйкес патент иеленушi өнеркәсiптiк  меншiк
объектiсiн пайдалануға мiндеттi.
    Қорғау құжаты бiрнеше адамға  тиесiлi  өнеркәсiптiк  меншiк  объектiсiн
пайдалану  жөнiндегi  өзара   қатынастар   олардың   арасындағы   келiсiммен
айқындалады.  Ондай  келiсiм   болмаған   жағдайда   патент   иеленушiлердiң
әрқайсысы қорғалатын объектiнi өз  қалауынша  пайдалана  алады,  бiрақ  өзге
патент иеленушiлерiнiң келiсiмiнсiз басқа адамдарға лицензия  немесе  қорғау
құжатын беруге құқығы жоқ.
    3. Аралас тәсіл. Ол  аталған  екі  тәсілдердің  элементтерінен  тұратын
модификацияланған тәсіл болып табылады. ҚР  АК-нің  961-бабында  типсіз  деп
көрсетілген объектілерге қатысты қолданылады.
    Типсіз  сыған   қатысты   құқықтардың   заңды   бекітілуінің   тәсіліне
сипатталады.
    Біздің пікірімізше, типсіз объектілерді қорғауды жүйелемекпіз. Авторлық
тәсілге интегралды микротәсімдер топологиясын қорғау  жақын,  ал  патенттік-
құқықтыққа селекциялық жетістіктерді қорғау жақын болады.
    Әртүрлі мемлекет заңнамасында және әдебиеттерінде типсіз институттардың
тізімін әртүрлі анықтайды.
    Селекциялық  жетістіктерге,   ашылмаған   ақпаратқа   және   интегралды
микротәсімдер топологиясына РФ тағы ғылыми жаңалықтар мен  рационализаторлық
ұсыныстарды жатқызады.
    Мәселен,  интегралды  микротәсімдер   топологиясы   авторлық   құқықтың
элементтері  сияқты  тұпнұсқалы  болуға  тиіс.  Авторлық  құқық  идеялардың,
тұжырымдамалардың,  принциптердiң,  әдiстердiң,  жүйелердiң,   процестердiң,
жаңалықтардың, фактiлердiң жеке өздерiне қолданылмайды. Сол сияқты  құқықтық
қорғау  интегралды   микротәсімдердің   мазмұнды   бөлігіне   –   идеяларға,
тәсілдерге, жүйелерге, технологияларға қолданылмайды.
      ҚР  АК-нің  1017-бабында  ашылмаған   ақпаратты   қорғау   көзделген.
Техникалық,  ұйымдық  немесе  коммерциялық  ақпаратты,  оның  iшiнде  үшiншi
тұлғаларға белгiсiз  (ашылмаған  ақпарат)  өндiрiстiк  құпияларды  (ноу-хау)
заңды түрде иеленетiн тұлғаның, осы ақпаратты заңсыз  пайдаланудан  қорғауға
құқығы бар.  Ашылмаған  ақпаратты  заңсыз  пайдаланудан  қорғау  құқығы  осы
ақпаратқа қатысты  қандай  да  болсын  шарттылықты  орындауға  (оны  тiркеу,
куәлiк алу және т. б.)  қарамастан  туындайды.  Ашылмаған  ақпаратты  қорғау
туралы ережелер, заң актiлерiне сәйкес қызметтiк немесе  коммерциялық  құпия
бола  алмайтын  мәлiметтерге  (заңды  тұлғалар  туралы  мәлiметтер,  мүлiкке
құқықтар   және   олармен   мәмiлелер   туралы    мәлiметтер;    мемлекеттiк
статистикалық  есеп  беру  ретiнде   ұсынылуға   жататын   мәлiметтер   және
басқалары) қатысты қолданылмайды. 
    Ашылмаған  ақпаратты  заңсыз  негiзде  алған  немесе  таратқан  не  оны
пайдаланушы тұлға  осы  ақпаратқа  заңды  түрде  иелік  етушiге  оны  заңсыз
пайдаланудан келтiрiлген залалдарды өтеуге мiндеттi. 
    Егер ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланушы тұлға оны  таратуға  құқығы
жоқ тұлғадан алса, ол  туралы  ақпаратты  алушы  бiлмесе  және  бiлуге  тиiс
болмаса (адал ниеттi алушы), ашылмаған ақпараттың  заңды  иесi  адал  ниеттi
алушы оны пайдалану заңсыз екенiн бiлгеннен кейiн одан  ашылмаған  ақпаратты
пайдаланудан келтiрiлген залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы. 
    Ашылмаған ақпаратқа заңды иелiк етушi тұлға оны кiм заңсыз  пайдаланса,
содан оның пайдаланылуын дереу тоқтатуды  талап  етуге  құқылы.  Алайда  сот
ашылмаған ақпаратты адал ниеттi алушының оны пайдалануға жұмсаған  қаражатын
ескере отырып, оны айрықша тегiн лицензия талаптарымен одан әрi  пайдалануға
рұқсат беруi мүмкiн. 
    Ашылмаған ақпараттың мазмұнын құрайтын  мәлiметтердi  өз  бетiнше  және
заңды түрде алған тұлға бұл мәлiметтердi тиiстi  ашылмаған  ақпарат  иесінің
құқықтарына қарамастан пайдалануға құқылы және мұндай  пайдалану  үшiн  оның
алдында жауап бермейдi. 
    Интеллектуалдық меншік объектілерінің азаматтық-құқықтық сипаты айрықша
құқықтарды қорғаудың тәсілдерін анықтады. ҚР АК-нің  9  және  970-баптарында
көзделген арнайы қорғау тәсілдері толығымен  осы  объектілерге  қолданылады.
Айрықша құқықтарды  қорғау  АК-тің  9-бабында  көзделген  әдiстермен  жүзеге
асырылады. Айрықша құқықтарды қорғау:
    - пайдалану арқылы айрықша құқықты бұзған материалдық объектiлердi және
осындай бұзушылық нәтижесiнде жасалған материалдық объектiлердi алып қою;
    - жiберiлген кемшiлiктер туралы, оған бұзылған құқықтың  кiмге  қатысты
екендiгi туралы мәлiметтердi қоса отырып, мiндеттi жариялау жолымен;
    - заң актiлерiнде көзделген өзге әдiстермен де жүзеге асырылуы мүмкiн.
    Сонымен қатар, арнайы қорғау әдістері басқа  да  нормативтік  актілерде
көзделген. Мысалы, Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңының  49-
бабына сәйкес Қазақстан Республикасының  заңдарымен  белгiленген,  ең  төмен
жалақының  жиырмадан  елу  мыңға  дейiнгi  мөлшерi,   ал   ЭЕМ-ға   арналған
бағдарламаның немесе деректер базасы авторларының құқығын бұзғаны  кезде  ең
төмен жалақының бес жүзден елу мыңға дейiнгi мөлшерi  сомасында  өтем  төлеу
арқылы жүзеге асырылады. Зиянның орнын  толтырудың  немесе  табысты  өндiрiп
алудың орнына өтемақы мөлшерiн сот белгiлейдi.
      Өзін өзі бақылау сұрақтары
    1. Интеллектуалдық  меншіктің  қазіргі  халықаралық-құқықтық  түсінігін
қалыптастыру тарихын сипаттау.
    2. Интеллектуалдық меншіктің нормативтік түсінігін ашу.
    3.Интеллектуалдық   меншік   бойынша    әрекет    ететін    халықаралық
конвенцияларды сипаттау.
    4. Интеллектуалдық меншікті қорғау  саласындағы  халықаралық  ұйымдарды
талдау.
    5. Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау тәсілдерін талдау.
                 Ұсынылатын  әдебиет
 1.  Қазақстан  Республикасының  азаматтық  кодексі  (Жалпы   және   ерекше
    бөлімдері). – Алматы: ЮРИСТ, 2006.
 2. Основы гражданского законодательства Союза ССР и республик  от  31  мая
    1991.
 3.   «Авторлық   құқық   және   сабақтас   құқықтар   туралы»    Қазақстан
    Республикасының 1996 жылдың 10 маусымындағы заңы.
 4. «Қазақстан Республикасының патент заңы» Қазақстан Республикасының  1999
    жылдың 16 шілдесіндегі заңы.
 5. «Селекциялық жетістіктерді  қорғау  туралы»  Қазақстан  Республикасының
    1999 жылдың 13 шілдесіндегі заңы.
 6.  «Тауарлық белгілер, қызмет белгілері  және  тауарлардың  шығу  тегінің
    атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 26  шілдесіндегі
    заңы.
 7.  Положение  о  Комитете  по   правам   интеллектуальной   собственности
    Министерства  юстиции  Республики   Казахстан.-   Утв.   постановлением
    Правительства Республики Казахстан от 29 марта 2001 г. № 411.
 8. Введение в интеллектуальную собственность.- Публикация  ВОИС-Женева.  -
    1998.
 9.  Вещные права в Республике Казахстан /Отв.  редактор  М.К.  Сулейменов.
    -Алматы: Жеті-жарғы, 1999.
10. Гражданское право. Учебник. Часть  3  /Под  ред.  А.П.  Сергеева,  Ю.К.
    Толстого.- М.: ПРОСПЕКТ, 1998.
11.  Гражданский  кодекс.  -   Модель.   Часть   третья.   Рекомендательный
    законодательный акт СНГ- Санкт-Петербург, 1995.
12. Иващенко  И.В.  Понятие  и  содержание  интеллектуальной  собственности
    //Юрист. 1999, № 2.
13.  Каудыров  Т.Е.  Гражданско-правовая   охрана   объектов   промышленной
    собственности: Монография. – Алматы: Жеті-жарғы,
14.  Сергеев  А.П.  Право  интеллектуальной  собственности   в   Российской
    Федерации. - М.: Теис, 1996.
15.  Халфина Р.О. Общее учение о правоотношении. -М.: Юрид. лит, 1975.
Щенникова Л.В. Вешные права в гражданском праве  России.-  М.  :Издательство
БЕК, 1996.

3.Практикалық сабақтың құрылымы
Тақырып 1.  Халықаралық құқықтың ұғымы.
1. Осы заманғы халықаралық қатынастардың негізгі белгілері және халықаралық
құқық - құқықтың ерекше жүйесі.
2. Қазіргі болмытағы халықаралық қатынастардың қызмет ету жағдайы және
жүйеленуі мен үдемелі дамуы.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1. Осы заманғы халықаралық қатынастардың негізгі белгілері және халықаралық
құқық - құқықтың ерекше жүйесі.
2. Қазіргі болмытағы халықаралық қатынастардың қызмет ету жағдайы және
жүйеленуі мен үдемелі дамуы.
                 Ұсынылатын  әдебиет
  2. Бирюков П.Н. Международное право: Учебное пособие. - 2-е  изд.  -  М.,
     2000.
  3. Додонов В.Н., Панов В.П., Румянцев О.Г. Международное право:  Словарь-
     справочник/Под общ. ред. В.Н.Трофимова. - М., 1997.
  4. Лукащук И.И. Международное право. Общая часть: Учебник. - 2-е  изд.  -
     М., 2001.
  5. Лукащук И.И. Международное право. Особенная часть: Учебник. - 2-е изд.
     - М., 2000.
  6. Международное право: Учебник / Под ред. Г.В. Игнатенко и О.И. Тиунова.
     - М., 2000.
  7. Международное право: Учебник / Отв. ред. Ю.М. Колосов, В.И.  Кузнецов.
     - М., 1998.

Тақырып 2.  Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
   1. Халықаралық құқықтың қағидаларының түсінігі.
   2. Халықаралық құқықтың  қағидаларының мазмұны
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
   1. Халықаралық құқықтың қағидаларының түсінігі.
   2. Халықаралық құқықтың  қағидаларының мазмұны
                 Ұсынылатын  әдебиет
  1. Бирюков П.Н. Международное право: Учебное пособие. - 2-е  изд.  -  М.,
     2000.
  2. Додонов В.Н., Панов В.П., Румянцев О.Г. Международное право:  Словарь-
     справочник/Под общ. ред. В.Н.Трофимова. - М., 1997.
  3. Лукащук И.И. Международное право. Общая часть: Учебник. - 2-е  изд.  -
     М., 2001.
  4. Лукащук И.И. Международное право. Особенная часть: Учебник. - 2-е изд.
     - М., 2000.
  5. Международное право: Учебник / Под ред. Г.В. Игнатенко и О.И. Тиунова.
     - М., 2000.
  6. Международное право: Учебник / Отв. ред. Ю.М. Колосов, В.И.  Кузнецов.
     - М., 1998.

Тақырып 3. Халықаралық құқықтың қайнар көздері.
1. Халықаралық құқықтық нормалар ұғымы және оның белгілері.
2. Халықаралық құқықтық нормалардың жіктелуі.
3. Халықаралық құқықтың қайнар көздері ұғымы және түрлері.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1. Халықаралық құқықтық нормалар ұғымы және оның белгілері.
2. Халықаралық құқықтық нормалардың жіктелуі.
3. Халықаралық құқықтың қайнар көздері ұғымы және түрлері.
                 Ұсынылатын  әдебиет
   1. Бирюков П.Н. Международное право: Учебное пособие. - 2-е  изд.  -  М.,
      2000.
   2. Додонов В.Н., Панов В.П., Румянцев О.Г. Международное право:  Словарь-
      справочник/Под общ. ред. В.Н.Трофимова. - М., 1997.
   3. Лукащук И.И. Международное право. Общая часть: Учебник. - 2-е  изд.  -
      М., 2001.
   4. Лукащук И.И. Международное право. Особенная часть: Учебник. - 2-е изд.
      - М., 2000.
   5. Международное право: Учебник / Под ред. Г.В. Игнатенко и О.И. Тиунова.
      - М., 2000.
   6. Международное право: Учебник / Отв. ред. Ю.М. Колосов, В.И.  Кузнецов.
      - М., 1998.

Тақырып 4. Халықаралық  құқықтың  субъектілері.
   1. Халықаралық құқық субъектілері ұғымы және түрлері.
   2. Халықаралық құқықтағы мойындау институты.
   3. Халықаралық құқықтық мирасқорлық институты
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
   1. Тұрғын ұй иесі отбасы мұшелерінің тұсінігі, негізгі құқықтары мен
      міндеттері.
   2. Ипотекалық тұрғын ұйлер.
   3. Тұрғын ұйге жеке меншік құқығын жұзеге асыру шарттары.
   4. Тұрғын үйге ортақ меншiк құқығы
   5. Тұрғын үй иесi отбасының мүшелерi
   6. Тұрғын үй иесi отбасы мүшелерiнiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi
   7. Тұрғын үйге меншiк құқығын күштеп тоқтату
                 Ұсынылатын  әдебиет
         1. Басин Ю.Г. Жилдищные права и обязанности граждан- Алма-
Ата:Казгосиздат, 1957.
      2.Богомолов А.М., Голощапов Н.А.,  Помазкова  С.И.  Договоры  жилищно-
   коммунального хозяйства-М, 1999.
       3.Владимирская А.С. аренда жилых и нежилых помещений – М., 1999
       4.Гражданское право  под ред. Ю.К.Толстого и  А.П.  Сергеева.  –  М.,
1997 г.

Тақырып 5.  Халықаралық құқықтағы аумақ және басқа кеңістік мәселелері.
1  Халықаралық  құкықтағы  аумақ  ұғымы  және  оның   түрлері.   Мемлекеттік
шекаралар.
2. Халықаралаық өзендер мен бұғаздар. Антарктика мен Арктиканың  халықаралық
құқықтық режимі.
3. Аумақтық дауларды шешу әдістері.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1  Халықаралық  құкықтағы  аумақ  ұғымы  және  оның   түрлері.   Мемлекеттік
шекаралар.
2. Халықаралаық өзендер мен бұғаздар. Антарктика мен Арктиканың  халықаралық
құқықтық режимі.
3. Аумақтық дауларды шешу әдістері.
                 Ұсынылатын  әдебиет
   1. Международное право: Учебник / Под ред. Г.В. Игнатенко и О.И. Тиунова.
      - М., 2000.
   2. Международное право: Учебник / Отв. ред. Ю.М. Колосов, В.И.  Кузнецов.
      - М., 1998.
   3. Международное право: Учебник / Под ред. Г.И.Тункина. - М., 1994.
   4. Международное публичное право / Под ред. К.А.Бекяшева. - М., 1998; 2-е
      изд. - М., 2000.
   5. Оппенгейм Л. Международное право / Пер. с англ. - М., 1948-1950. -Т.І-
      ІІ.
   6. Ушаков Н.А. Международное право: Учебник. - М., 2000.
   7. .Хайд Ч. Международное право, его понимание и применение  Соединенными
      Штатами Америки англ. - М., 1950-1953. -Т.1-2.


Тақырып 6. Халықаралық шарттар құқығы
  1.  Халықаралық жария құқықтың бір саласы – халықаралық  шарттар  құқығы.
Халықаралық шарттардың құқықтық табиғаты.
   2.Халықаралық шарттарды жасаудың негізгі сатылары.
   3.  Халықаралық  шарттардың  әрекет   етуі   және   тоқтатылуы   (қалпына
      келтірілуі)
   4. Халықаралық шарттардың жарамсыздығы.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
  1.  Халықаралық жария құқықтың бір саласы – халықаралық  шарттар  құқығы.
Халықаралық шарттардың құқықтық табиғаты.
Халықаралық шарттарды жасаудың негізгі сатылары.
Халықаралық шарттардың әрекет етуі және тоқтатылуы (қалпына келтірілуі)
Халықаралық шарттардың жарамсыздығы.
                 Ұсынылатын  әдебиет
   1. Международное право: Учебник / Под ред. Г.В. Игнатенко и О.И. Тиунова.
      - М., 2000.
   2. Международное право: Учебник / Отв. ред. Ю.М. Колосов, В.И.  Кузнецов.
      - М., 1998.
   3. Международное право: Учебник / Под ред. Г.И.Тункина. - М., 1994.
   4. Международное публичное право / Под ред. К.А.Бекяшева. - М., 1998; 2-е
      изд. - М., 2000.
   5. Оппенгейм Л. Международное право / Пер. с англ. - М., 1948-1950. -Т.І-
      ІІ.
   6. Ушаков Н.А. Международное право: Учебник. - М., 2000.
   7. .Хайд Ч. Международное право, его понимание и применение  Соединенными
      Штатами Америки англ. - М., 1950-1953. -Т.1-2.


  Тақырып 7.  Халықаралық жария құқықтағы адам құқығы

           1.Халықтар  жағдайын  халықаралық-құқықтық  реттеу.  Азаматтықтың
халықаралық-құқықтық мәселелері.
     2.Шетел  азаматтарының   құқықтық   жағдайы.   Баспана   құқығы   және
     босқындардын құқықтық жағдайы.
     3.Адам құқықтарын халықаралық-құқықтық реттеу.
     4.Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері.
   Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
        1.  Шетел  азаматтарының  құқықтық  жағдайы.  Баспана  құқығы   және
           босқындардын құқықтық жағдайы.
        2. Адам құқықтарын халықаралық-құқықтық реттеу.
        3. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері.
                 Ұсынылатын  әдебиет
        1.  Бирюков П.Н. Международное право: Учебное пособие. - 2-е изд. -
           М., 2000.
        2. Додонов В.Н., Панов В.П.,  Румянцев  О.Г.  Международное  право:
           Словарь-справочник/Под общ. ред. В.Н.Трофимова. - М., 1997.
        3. Лукащук И.И. Международное право. Общая часть:  Учебник.  -  2-е
           изд. - М., 2001.
        4. Лукащук И.И. Международное право. Особенная часть: Учебник. - 2-
           е изд. - М., 2000.
        5. Международное право: Учебник / Под ред. Г.В.  Игнатенко  и  О.И.
           Тиунова. - М., 2000.
        6. Международное право: Учебник /  Отв.  ред.  Ю.М.  Колосов,  В.И.
           Кузнецов. - М., 1998.


  Тақырып 8. Халықаралық гуманитарлық құқық
  1. Халықаралық гуманитарлық құқық ұғымы және  оның қайнар көздері.
  2. Халықаралық гуманитарлық құқықтың қағидалар жүйесі.
  3. Халықаралық  Қызыл  Крест  Комитетінің  (ХҚКК) құқықтық мәртебесі.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
  1. Халықаралық гуманитарлық құқық ұғымы және  оның қайнар көздері.
  2. Халықаралық гуманитарлық құқықтың қағидалар жүйесі.
  3. Халықаралық  Қызыл  Крест  Комитетінің  (ХҚКК) құқықтық мәртебесі.
                 Ұсынылатын  әдебиет
     1.Международное право: Учебник / Под ред. Г.И.Тункина. - М., 1994.
   2.Международное публичное право / Под ред. К.А.Бекяшева. - М., 1998;  2-е
   изд. - М., 2000.
   3.Оппенгейм Л. Международное право / Пер. с англ. - М., 1948-1950.  -Т.І-
   ІІ.
   4.Ушаков Н.А. Международное право: Учебник. - М., 2000.
   5.Хайд Ч. Международное право, его понимание  и  применение  Соединенными
   Штатами Америки англ. - М., 1950-1953. -Т.1-2.
   6.Абашидзе    А.Х.    Защита    меньшинств    по     международному     и
   внутригосударственному праву. - М., 1996.
     7.Авраменко  И.М.  Международное  морское  право:  Учебное  пособие.  -
Ростов н/Д, 2001.

    Тақырып 9. Дипломатиялық және консулдық құқық

  1. Өркениетті әлемдегі дипломатия ұғымы. Дипломатиялық құқық  ұғымы  және
     қайнар көздері. Сыртқы қатынас органдары.
  2.   Дипломатиялық   өкілдіктердің   міндеттері,   артықшылықтары    және
     иммунитеттері.
  3. Сауда өкілдіктерінің, арнайы миссиялардың құқықтық мәртебесі.
  4. Консулдық құкық ұғымы, қайнар  көздері.  Консулдық  артықшылықтар  мен
     иммунитеттер.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

     1.Өркениетті әлемдегі дипломатия ұғымы. Дипломатиялық құқық ұғымы  және
қайнар көздері. Сыртқы қатынас органдары.
  2.Дипломатиялық    өкілдіктердің    міндеттері,    артықшылықтары    және
  иммунитеттері.
  3.Сауда өкілдіктерінің, арнайы миссиялардың құқықтық мәртебесі.
  4.Консулдық құкық ұғымы,  қайнар  көздері.  Консулдық  артықшылықтар  мен
  иммунитеттер.
                 Ұсынылатын  әдебиет
   1. Международное право: Учебник / Под ред. Г.И.Тункина. - М., 1994.
   2. Международное публичное право / Под ред. К.А.Бекяшева. - М., 1998; 2-е
      изд. - М., 2000.
   3. Оппенгейм Л. Международное право / Пер. с англ. - М., 1948-1950. -Т.І-
      ІІ.
   4. Ушаков Н.А. Международное право: Учебник. - М., 2000.
   5. .Хайд Ч. Международное право, его понимание и применение  Соединенными
      Штатами Америки англ. - М., 1950-1953. -Т.1-2.
   6.   Абашидзе   А.Х.    Защита    меньшинств    по    международному    и
      внутригосударственному праву. - М., 1996.
   7. Авраменко И.М. Международное морское право: Учебное пособие. -  Ростов
      н/Д, 2001.


Тақырып 10. Халықаралық дербес құқықтағы коллизиялық нормалар мен байламдар
    1. Коллизиялық ереженің түсінігі және маңызы
    2. Коллизиялық норманың құрылымы және оның түрлері
    3. Мазмұнын анықтау және шетел заңын пайдалану
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
    1. Коллизиялық ереженің түсінігі және маңызын ашу;
    2. Коллизиялық норманың құрылымы және оның түрлерін талдау;
    3. Мазмұнын анықтау және шетел заңын пайдалануды қарастыру.
    Ұсынылатын әдебиеттер:
     1. Богуславский М.М. Международное частное право. М., 1999.
     2.  Ануфриева П.К. Международное частное право: В 2 т. М.: Бек, 2000.
     3. Лунц Л.А., Марышева Н.И., Садиков О.Н. Международное частное право.
        М., 1984.
     4. Scoles E.P. Conflict of Laws. St. Paul: West Pub., 1982.
     5. Sukes E.I. International and Interstate Conflict of Laws, 2nd
        Edition. Sydney: Butterworths, 1981.

Тақырып 11. Халықаралық дербес құқықтың субъектілері
    1. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі
    2. Халықаралық дербес құқықтағы заңды тұлғалардың мәртебесі мен қызметі
    3. Халықаралық дербес құқықтық қатынастарға мемлекеттің қатысуы
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
    1. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесін ашу;
    2.  Халықаралық  дербес  құқықтағы  заңды  тұлғалардың  мәртебесі   мен
қызметін сипаттау;
    3. Халықаралық дербес құқықтық қатынастарға мемлекеттің қатысуын қарау.
                 Ұсынылатын  әдебиет
1.Богуславскиий М.М. Иммунитет государства. М., ИМО, 1962.
2.Галкин И. Совместные предприятия в Польше //Внешняя торговля, 1991. №10.
3.Деятельность  совместных  и  инностранных  предприятий.  –  Қаржы-Қаражат.
Финансы Казахстана, 1998. №4.
4.Лунц  Л.А.,  Марышев  Н.А.,  Садиков  О.Н.  Международное  частное  право:
Учебник. М.: Юрид. лит., 1984.
5.Международное частное право. Учеб. Пособие /Г.К. Дмитриева, А.С.  Довгерт,
В.П. Панов, Н.А. Шебанова и др. М.: Юрист, 1993.
6.Хлестова   И.О.   Проблемы   юрисдикционного   иммунитета    инностранного
государства в работе Комиссии  Международного  права  //Советский  ежегодник
международного права, 1988. М., 1989.

    Тақырып 12. Халықаралық дербес құқықтағы меншік және шетел
инвестицияларын құқықтық реттеу
    1. Меншік құқығы және халықаралық дербес құқық
    2. Халықаралық дербес құқықтағы ұлттандыру
    3. Шетелдік инвестицияларды құқықтық реттеу
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
    1. Меншік құқығы және халықаралық дербес құқықтың ара қатынасын талдау;
    2. Халықаралық дербес құқықтағы ұлттандыру мәселесін сипаттау;
    3. Шетелдік инвестицияларды құқықтық реттеу сұрағын талдау.
         Ұсынылатын  әдебиет
   1. Богатырев А.Г. Инвестиционное право. М.: Российское право, 1992.
   2. Gastel J.G. Extraterritoriality in International Trade Canada and  USA
      compared. Toronto: Butterworths, 1988.
   3.  Leckey A. The 20 Hottest Investments for the 21st  Century.  Chicago:
      Contemporary Book, 1994
.


Тақырып 13.   Сыртқыэкономикалық мәміленің коллизиялық мәселелері
    1. Сыртқыэкономикалық мәміленің жалпы сипаттамасы және оның түрлері
    2. Сыртқыэкономикалық мәміленің коллизиялық ережелері және  оларды  жою
шаралары
    3.Англия, германия, ақш  және  франция  құқығындағы  сыртқыэкономикалық
мәміленің коллизиялық ережелері
   Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
    1. Сыртқыэкономикалық мәміленің жалпы сипаттамасы  және  оның  түрлерін
сипаттау.
    2. Сыртқыэкономикалық мәміленің коллизиялық ережелерін және оларды  жою
шараларын талдау.
    3. Англия, Германия, АҚШ және  Франция  құқығындағы  сыртқыэкономикалық
мәміленің коллизиялық ережелерін ашу.
                 Ұсынылатын  әдебиет
1. Звеков В.П. Международное частное право. М., 2000.
2. Лунц Л.А. Курс международного частного права. М., 1975.
3. АнуфриеваЛ.А. Международное частное право. М., 2000.
4.Розенберг. Международная купля-продажа товаров. М., 1995.
5.Испаева Г.Б. Право, подлежащее применению в  международной  купли-продажи.
Алматы, 1998.

Тақырып 14. Халықаралық дербес көлік құқығы
   1. Халықаралық дербес көлік құқығының түсінігі.
   2. Халықаралық тасымалдау.
   3. Жүкті тасымалдау шарты бойынша жауапкершілік және жолаушы мен  теңдеме
      жүкті тасымалдау
   Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
    1. Халықаралық дербес көлік құқығының түсінігін ашу.
    2. Халықаралық тасымалдаудың жеке түрлерін ашу.
    3. Жүкті  тасымалдау  шарты  бойынша  жауапкершілік  және  жолаушы  мен
теңдеме жүкті тасымалдау сұрағын сипаттау.
                 Ұсынылатын  әдебиет
    1. Лунц А.А. Курс международного частного права.  Особенная  часть.  М.,
       1975.
    2. Садиков О.Н. Правовое регулирование международных перевозок. М, 1981.
    3. Гуреев С.А. Коллизионные проблемы морского права. М., 1972.


Тақырып  15.  Халықаралық дербес құқықтағы отбасы құқығы
    1. Отбасы құқығы саласындағы коллизиялық сұрақтар
    2. Некеге отыру және некені тоқтату
    3.Ерлі-зайыптылар арасындағы және ата-ана мен бала арасындағы  құқықтық
қатынастар
    4. Халықаралық  дербес  құқықтағы  бала  асырап  алу,  қамқоршылық  пен
қорғаншылық институттары
      Өзін өзі бақылау сұрақтары
    1. Отбасы құқығы саласындағы коллизиялық сұрақтарды сипаттау.
    2. Некеге отыру және некені тоқтатуды қарастыру.
    3. Ерлі-зайыптылар арасындағы және ата-ана мен бала арасындағы құқықтық
қатынастарды талдау.
    4. Халықаралық  дербес  құқықтағы  бала  асырап  алу,  қамқоршылық  пен
қорғаншылық институттарын сипаттау.
   7. Ұсынылатын  әдебиет
   1. Қазакстан Республикасының Конституциясы. 1995 ж. 30 тамыз.
   2. Казакстан Республикасының Азаматтық кодексі. 1999 ж. 1 шілде.
   3.  Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы 1998 ж.
   4. «Қазақстан Республикасындағы  шетел  азаматтарының  құқықтық,  жағдайы
      туралы» Қазакстан  Республикасы  Президентінің  Жарлығы,  1995  ж.  19
      маусым.
   5. Богуславский М.М. Международное частное право. М. 1994 г.


Тақырып 16.  Халықаралық құқық қатынастарындағы интеллектуалдық меншік
    1. Интеллектуалдық  меншіктің  қазіргі  халықаралық-құқықтық  түсінігін
қалыптастыру тарихы
    2. Интеллектуалдық меншіктің нормативтік түсінігі
    3.Интеллектуалдық меншік бойынша әрекет ететін халықаралық конвенциялар
    4. Интеллектуалдық меншікті қорғау саласындағы халықаралық ұйымдар
    5. Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау тәсілдері
      Өзін өзі бақылау сұрақтары
    1. Интеллектуалдық  меншіктің  қазіргі  халықаралық-құқықтық  түсінігін
қалыптастыру тарихын сипаттау.
    2. Интеллектуалдық меншіктің нормативтік түсінігін ашу.
    3.Интеллектуалдық   меншік   бойынша    әрекет    ететін    халықаралық
конвенцияларды сипаттау.
    4. Интеллектуалдық меншікті қорғау  саласындағы  халықаралық  ұйымдарды
талдау.
    5. Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау тәсілдерін талдау.
                 Ұсынылатын  әдебиет
   1.  Қазақстан  Республикасының  азаматтық  кодексі  (Жалпы  және   ерекше
      бөлімдері). – Алматы: ЮРИСТ, 2006.
   2. Основы гражданского законодательства Союза ССР и республик от  31  мая
      1991.
   3.   «Авторлық   құқық   және   сабақтас   құқықтар   туралы»   Қазақстан
      Республикасының 1996 жылдың 10 маусымындағы заңы.
   4. «Қазақстан Республикасының патент заңы» Қазақстан Республикасының 1999
      жылдың 16 шілдесіндегі заңы.
   5. «Селекциялық жетістіктерді қорғау  туралы»  Қазақстан  Республикасының
      1999 жылдың 13 шілдесіндегі заңы.
   6.  «Тауарлық белгілер, қызмет белгілері және  тауарлардың  шығу  тегінің
      атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 26 шілдесіндегі
      заңы.
   7.  Положение  о  Комитете  по  правам   интеллектуальной   собственности
      Министерства  юстиции  Республики  Казахстан.-   Утв.   постановлением
      Правительства Республики Казахстан от 29 марта 2001 г. № 411.
   8. Введение в интеллектуальную собственность.- Публикация ВОИС-Женева.  -
      1998.
   9.  Вещные права в Республике Казахстан /Отв. редактор  М.К.  Сулейменов.
      -Алматы: Жеті-жарғы, 1999.
  10. Гражданское право. Учебник. Часть 3  /Под  ред.  А.П.  Сергеева,  Ю.К.
      Толстого.- М.: ПРОСПЕКТ, 1998.
  11.  Гражданский  кодекс.  -  Модель.   Часть   третья.   Рекомендательный
      законодательный акт СНГ- Санкт-Петербург, 1995.
  12. Иващенко И.В.  Понятие  и  содержание  интеллектуальной  собственности
      //Юрист. 1999, № 2.
  13.  Каудыров  Т.Е.  Гражданско-правовая  охрана   объектов   промышленной
      собственности: Монография. – Алматы: Жеті-жарғы,
  14.  Сергеев  А.П.  Право  интеллектуальной  собственности  в   Российской
      Федерации. - М.: Теис, 1996.
  15.  Халфина Р.О. Общее учение о правоотношении. -М.: Юрид. лит, 1975.
Щенникова Л.В. Вешные права в гражданском праве  России.-  М.  :Издательство
БЕК, 1996.


4. Студенттердің өздік жұмысы
4.1.Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы  әдістемелік нұсқаулар
   Өздік  жұмысының  кең  таралған  және  маңызды  түрлерінің  бірі   –   ол
тәжірибелік   сабақтарға   және   ғылыми   конференцияларға    студенттермен
әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі  өте  қызықты
және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми  зерттеулерге  баулиды.  Рефератты
дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі  ретінде  оларды
аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының  бәрі,  студенттердің
рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады.
   Рефераттың  тақырыбын  таңдап  алу  өте  маңызды  орын   алады,   өйткені
студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы,  алынған  тақырыпқа  байланысты
болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына  көмек
жасап, рефератты әзірлеу  барысында  оған  жалпы  басқаруды  қамтамасыз  ету
қажет.
   Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс  таңдау,  ол  үшін
кітапханадағы  каталогтарды   және   басқада   библиографиялық   нұсқауларды
қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин –  аудармалармен,
әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет.
   Екінші кезең – танысу,  мәліметті  топтастыру  және  талдау.  Ең  алдымен
тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып,  оларды  зерттеуден  бастау  керек.
Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары  біліне  бастайды,  олардың
реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан  кейін,  жоспардың  сұрақтары  арқылы
барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет.
   Барлық мәлімет жиналғаннан  кейін,  жоспарды  ретке  келтіріп,  рефератты
құрастыруға және жазуға кірісуге  болады.  Бұл  реферат  әзірлеуінің  үшінші
соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет.
   Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті  жоқ,  керісінше  олардың
ынтасын марапаттау қажет.
   Реферат  толығымен  әзірленбей  тұрып,  оқытушы   студенттің   дайындаған
жоспарын қарап шығу қажет.
   Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн.
   Рефераттың  титулды  бетіне  университеттің  және  факультеттің   атауын,
мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет.
   Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі.
   Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн.  Рефератты  жазу
барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек.
   Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың  жазылуын
алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады.
   Реферат  жұмысы  аяқталғаннан  кейін,  оны  студент  тексеруге  оқытушыға
тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа : «сыналды», «сыналған  жоқ»  немесе
«қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі.
    Рефераттық жұмыстардың  есепке  алуының  жеке  журналы  болғаны   немесе
рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін  оқу  залында  сақтаған
жөн.



Пәндер