Файл қосу
Ақпараттың түрлері
5В050400 «Журналистика» мамандығына арналған «Журналистикаға кіріспе» пәнінің ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ 2013 Мазмұны 1. Глоссарий................................................................... ........................................3-5 2. Дәрістер.................................................................... ..........................................5-28 3. Практикалық сабақтар.................................................................... ..................28-29 4. Студенттердің өздік жұмыстарының тақырыбы...........................................29-30 5. Пәннің оқу-әдістемелік картасы..................................................................... .30-31 6. Әдебиеттер.................................................................. .......................................32-33 1 ГЛОССАРИЙ 1. АББРЕВИАТУРА – сөздерді шартты түрде қысқарту немесе оны бастапқы әріптермен белгілеу. Мысалы, АҚШ – Америка Құрама Штаттары. 2. АБЗАЦ – жаңа жолдан әрі кейін шегеріліп басталатын текс бөлігі. Ол бірнеше жолды қамтып, сөйлемдер мағынасын біріктіріп тұрады. 3. АБСТРАКЦИЯ – зат пен құбылыс туралы нақты ойламай, ауытқушылық, дерексіз ұғымға ұрыну. 4. АВТОБИОГРАФИЯ – қандай да бір тұлғаның өмірбаяндық өз туындысы. 5. АВТОР – түрлі салаларда шығарма жасаушы тұлға. Әдебиеттегі, өнердегі, ғылымдағы, т.б. твочестволық еңбек иесі. 6. АГИТАЦИЯ – ауызша немесе баспасөз арқылы қалың көпшілікке идеялар мен лозунгілер таратып, саяси тұрғыдан үгіттеп, әсер ету қызметі. 7. АКСИОМА – дәлелдеуді қажет етпейтін, онысыз да белгілі ақиқат. 8. АКТУАЛЬНЫЙ – бүгінгі күні уақыты пісіп жетілген, тез шешімді қажет ететін, маңызды да, өзнкті мәселе. 9. АЛЬМАНАХ - әр түрлі авторлардың әдеби шығармалар жинағы. Кезең – кезең сайын шығып тұруы мүмкін. 10. АНАЛИЗ – тиісті оъектіні жан – жақты талдап көрсететін, ғылыми – логикалық тұрғыдан ой – топшылаулар жасайтын зерттеу әдісі. 11. АНОНИМ - өз есімін жасырушы шығарма авторы. 12. АРГУМЕНТ – бір нәрсені дәлелдеуге негіз болатын логикалық тұжырым. 13. БРИФИНГ – белгілі бір мәселелер жөнінде үкімет ұстаған бағытты арнаулы өкілдің бұқаралық ақпарат құралдары журналистері алдына шағын мәжіліс өткізіп, баяндап беруі. Мысалы, халықаралық келіссөздерде болған мәмілені мәлімдеу, түсіндірме жасау. 14. БРОШЮРА – шағын көлемдегі шығарма берілген, жұмсақ мұқабамен шығатын жұқа кітап. 15. ВЕРСИЯ – факті немесе оқиға туралы бір-бірінен айырмашылығы бар әрқилы түсіндірмелер, ұғымдар. 16. ВЕРСТКА – терілген материлдар гранкілері арқылы типографияда газет, журнал беттерін дайындау. 17. ВУЛЬГАРИЗМ - әдеби тілде қолданылмайтын дөрекі сөздер. 18. ГОНОРАР – бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдары үшін авторға берілетін қаламақы. 19. ГРАНКА - әлі верстка жасалмаған баспаханалық терімнің бір бөлігі. Әдетте жүз жолдай көлемнен аспайды. 20. ДЕЗИНФОРМАЦИЯ – жалған хабар арқылы жаңылыстыру. 21. ДЕНЬ ПЕЧАТИ – дәстүрлі баспасөз күні. Жыл сайын 28 маусым күні аталып өтеді. “Түркістан уалаяты” газетінің 1870 жылы алғашқы нөмірі шыққан күнге орай белгіленген. Аталмыш мерекелік күні творчестволық арнайы сыйлықтар тапсырылады. 22. ЖАНР - әдеби немесе публицистикалық шығарма түрлері. 23. ЖУРНАЛИСТ – бұқаралық ақпарат қүралдарында тұрақты жұмыс істейтін, арнаулы кәсіби мамандығы бар қызметкер. Оның жұмысы идеологиялық, қоғамдық саланы қамтып, творчестволық тұрғыда еңбек етеді. Отанға, халыққа қызмет етіп, публицистика саласында шығармалар береді. Ішкі-сыртқы мәселелерге белсене араласып, қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысады. 24. ЗАМЕТКА – бір оқиғаның, фактінің негізінде жазылатын қысқаша хабар. 25. ИДЕОЛОГИЯ – қоғамдық санадағы идеялар жүйесі, ілім. Саясат, мораль, ғылым, өнер, дін жөніндегі ұғымдар мен көзқарастар жиынтығы. Ол қоғам дамуына белсене әсер етеді. Идеология прогресшіл немесе реакцияшыл болуы да мүмкін. 26. ИЛЛЮСТРАЦИЯ–кітап, газет, журналдар тексіне орай берілетін суреттер. 27. ИНТЕЛЛЕКТ – ақыл, адамның ойлау қабілеттілігі. 28. ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ – ой еңбегінің адамдары. Мәдениет пен ғылымның әр түрлі салаларынан арнаулы білімі бар адамдар. 29. ИНТЕРВЬЮ – сұрақ-жауап түрінде белгілі бір тұлғаның оқиға мен факті жөнінде журналистке айтқан әңгімесі, сұхбаты. Оның зәру мәселе бойынша пікірлері мен көзқарасын, берген мәліметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін журналистің жазып алуы. 30.ИНТЕРПРЕТАЦИЯ – бір нәрсенің мәнін ашу, ұғындыру,. Қайсыбір текстке түсіндірме жасау. ҚазТАГ – Қазақстан мемлекеттік телегреф агенттігі. Республиканың бұқаралық ақпарат құралдарын информациямен қамтамасыз етеді. Ішкі-сыртқы хабарларды жинап таратады. 31. КАЛЛИГРАФИЯ – анық, әдемі жазу өнері. 32. КОНЦЕПЦИЯ - өмір құбылысына көзқарас білдіріп, тұжырым жасау. Жазушының, ғалымның, журналистің т.б. негізгі түйінді ойлары. 33. КОРРЕКТОР – баспасөз материалдарын баспаханада теру кезінде кеткен қателерді гранкіден, не версткалау кезінде беттерден жөндеп, түзететін қызметкер. Ол саяси, орфографиялық, стильдік тұрғыдан сауатты болуы тиіс. Типографиялық техникадан хабары болуы керек. 34.КОРРЕКТУРА – баспаханалық терімнен кейін оттискіде байқалған қателерді жөндеу. 35. КОРРЕСПОНДЕНТ – бұқаралық ақпарат құралдарының жер-жерден хабар жинап беріп тұратын тілші қызметкері. 36. КОПИЯ – түпнұсқаның тура көшірмесі. 37. КУРСИВ–формалық тұрғыдан қолжазба әріптерге ұқсайтын типографиялық қаріп. 38. ЛЕТУЧКА – редакция ұжымының жедел әрі қысқаша өткізетін өндірістік жиналысы. 39. МАКЕТ – арнаулы бланкіге сызықтар арқылы түсірілген газет беттерінің дәл жасалынған жоспары.Сонын үлгісінде шығатын газет беттері дайындалып ,безендіріледі. 40. ОФСЕТ – типографияда жасалынған цинк қаңылтырдағы газет бетінін бейнесі сол күйінде резина пленкасына түсіріледі де, одан соң қағазға басылатын тәсіл. 41. ОЧЕРК – көркем жанрға жатады, публицистикалық сарында жазылады. Негізінен фактіге құрылады,ойдан шығарылмайды. Оқиға,фактілер зерттеліп,баяндалады. Оныңкейіпкерлері өмірде бар адамдар, нақты деректер баяндалады.Көбіне кейіпкерлер бейнесі суреттеліп беріледі. 42. ПАМФЛЕТ – заманға кереғар, қоғамдық- саяси өмірдегі кейбір келеңсіз құбылысты, сондай-ақ әлдебір жеке қайраткерлер туралы әшкерлеу, келемеж мақсатындағы актуальды да, көркем публицистикалық шығарма. 43. ПАРАДОКС - әдеттегі қалыптасқан жағдайдан бөлек, күтпеген тосын пікір, құбылыс. 44. ПЕТИТ – ұсақ типографиялық шрифтің түрі. 45. ПОЛЕМИКА – баспасөзде, жиналыста бір нәрсеніталқылау кезінде болатын айтыстар. 46. ПОЛИГРАФИЯ – баспа өнімдерінің барлық түрін шығаратын өндіріс саласы. 47. ПРЕССА – мерзімді басылымдар, газеттер мен журналдар т.б. 48. ПРИНЦИП – негізгі идеалға сай ауытқымай іс-әрекет көрсету тәртәбі. 49. ПРОБЛЕМА – теориялық және практикалық мақсаттағы шешімін күткен өзектіде, аса қажетті мәселе. 50. ПРОГРЕСС – алға жылжу, қоғамда неғұрлым жақсы жағдайға жету, дамудың жоғары сатысына өту. 51. ПРОПАГАНДА – ілімді, саяси теорияны, көзқарасты, идеяны баспасөзде және ауызша түрде тарату мен түсіндіру, насихаттау. 52. ПУБЛИКАЦИЯ – баспасөзде жалпыға арналып жарияланған хабар, жазылған материал. 53. ПУБЛИЦИСТ – қоғамдық-саяси мәселелер туралы қалам тартып жүрген журналист, қаламгер. 54. ПУБЛИЦИСТИКА – мерзімді басылымдарда саясат пен қоғамдық өмір мәселелерінің жазылып,жариялануы. Журналистика саласының материалдары. 55. ПСЕВДОНИМ – жазушы. журналистердің баспасөзде шын аты-жөнінің орнына ойдан шығарылған бүркеншік есімді пайдалануы. 56. РЕДАКТОР – мерзімді басылымның жетекшісі, редакция коллективінің басшысы. Газет,журналдардың саяси бағытына, идеясы мен мазмұнына, жалпы оқырмандар үшін тартымды шығуына жауап беретін тұлға. Сонымен бірге тиісті мәселелерді шешіп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуші. 57. РЕКЛАМА – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әлдебір нәрсені кеңінен білгізу мақсатында жарнамалау. 58. РУБРИКА – газет бетіндегі біріктіріліп берілген материалдарға, сондай- ақ жүйелі түрде жарияланып тұратын кезеңдік материалдарға тағылатын ортақ айдар. 59. СТАТЬЯ – мақалада ірі өмір құбылыстары мен фактілері терең анализ жасалып, теориялық және практикалық тұрғыдан жинақталып, қорытылады. 60. ХРОНИКА - әдетте тақырыпсыз берілетін қысқаша хабар түрі. 61. ЦЕНЗУРА – баспасөзде жарияланатын шығармаларға ерекше бақылау жасау. 62. ЭТИКА – адамдардың моральдық адамгершілік қасиеттер жөніндегі нормалар жүйесі. Отанға, қоғамға және өзара қарым – қатынас мәселелерін, міндеттерін айқындайтын болмыс, әдет-ғұрып. 2 ДӘРІСТЕР 1-Дәріс. Журналистиканың қоғамдық құбылыс ретінде пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы Журналистиканың қоғамдық қызметтің түрі ретінде пайда болуы және журналистика теориясының ақпаратты таратудағы әдістері, функциялары мен міндеттері, прициптері туралы білім ретінде дамуы. Журналистика білімінің қазіргі жай-күйі, құрылымы мен проблемалары. Журналистика әлеуметтік басқарудың құралы. «Журналистика», «Публицистика», «БАҚ» атауларының мазмұны. Журналистика – қоғамдық-саяси және ақпараттық қызметтің саласы. Ақпарат туралы жалпы түсінік. Ақпараттың түрлері. Бұқаралық ақпараттың мәні негізгі ерекшеліктері. Журналистиканың әлеуметтік құрылым ретінде даму жолдары. Баспасөз – «төртінші өкімет», «төртінші билік». Журналистиканың ақпараттық қызметі. Журналистиканың қоғамды басқарудағы ақпараттық маңызы. Журналистиканың мемлекет басқаруға қатысуы. Журналистік қызметтің құқықтық негіздері. ҚР-ң баспасөз және БАҚ туралы заңдары (1991, 1999, 2003). Журналистика және журналистің құқықтық статусы. Журналистика және халықаралық құқық. ҚР- ң журналистикаға байланысты басқа заңдары. Шет елдердің құқықтық нормалары. Журналистикадағы авторлық құқық. БАҚ заңы журналистің құқықтары мен міндеттері туралы. Журналистика – өмір айнасы. Ол өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс-әрекеттер жөнінде ой тастайды, қоғамға жол сілтейді, бағыт-бағдар алуына көмек етеді. Осылайша журналистика маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Журналистік қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Журналист бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласады. Журналистика – халықтық болып саналады. Өйткені, журналистика – халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Қандай мәселені көтермесін журналистика соның бәрін халықтық тұрғыда қозғауға, халықтың сөзін сөйлеуге күш салады. Әрқашан халықтың жағында болып, халықтық позиция ұстайды. Бүгінгі қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының басты парызы бұқараның санасын билеу, оларға уақыт кезеңдерінің міндеттерін жан-жақты түсіндіру, жас ұрпақты тәрбиелеу т.б. толып жатқан сан-саладағы көкейкесті міндеттерді бойларына сіңіру болуға тиісті. Осы сан-саладағы көкейкесті мәселелерді қоғамға жеткізуде бұқаралық коммуникация құралдарының ішінде болжам бойынша жетекші орынға ие болатын – интернет. Интернеттің бірқатар коммуникация мен ақпараттық ерекшеліктеріне байланысты интернетке сүйене отыра жаңа бұқаралық ақпарат құралының түрі интернет-БАҚ дүниеге келді. Дәстүрлі БАҚ-тан айырмашылығы бірден байқалды. Ол ақпаратты тарату оперативтілігі мен интерактивтілігі еді. Сондықтан көптеген елдердің ғалымдары жаңа бұқаралық ақпарат құралын зерттеу нысаны ретінде таңдауда. Интернет-БАҚ-тың алғашқы нұсқасы 1987 жылы АҚШ-та пайда болған. “The San Jose Mercury News” газеті тұңғыш рет көпшілік қауымға электронды нұсқасын ұсынған. Қазіргі таңда, АҚШ-тағы күнделікті басылымдардың тиражы жарты жылда қазан айынан наурыз айына дейінгі аралықта 2,5%, ал апталық (жексенбілік) газеттердің тиражы 3,1% азайған. Керісінше, онлайн БАҚ күннен-күнге қарқынды түрде даму үстінде. Сауалнаманы Американың газет ассоциациясы (Newspaper Association of America, NAA) 770 күнделікті, 610 апталық газеттер бойынша жүргізген. Ассоциация мәліметтеріне сүйенсек, АҚШ-та газет сайттарын пайдаланушылар тоқсан ішінде 56 млн. немесе интернетке кіретін адамдардың 37% құраған. Ал, Қазақстанда әзірге 3 мыңға таяу интернет сайттары тіркеліпті. Оның 20-25 пайызы БАҚ құралдарының меншігі болса, қалғаны әр түрлі бағытта. Оның ішінде банк те бар, сауда нүктелері де бар, ішінара жекелеген адамдардың сайттары да кездеседі. Ал қазақ тіліндегі сайттар кенжелеп дамып келе жатыр десек те, кей сәттері әжептәуір үміт күттіріп қояды. Бақылау сұрақтары: 1. БАҚ туралы заң 2. Журналистика және халықаралық құқық Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Амандосов Т.С. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. А.,1978 2. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары, Алматы 2004 3. Нургожина Ш.И. Введение в журналистику: учебное пособие.–Алматы:Қазақ университеті,2001 4. Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики.М:1989 5. Елеукенов Ш.Р. Кітаптану негіздері. А.,1999 6. Ворошилов В.В. Журналистика. Учебник-СПб.:1999 7. Б.Жақып Публицистиканың шығармашылық негіздері 8. Б.К.Барманкулов Телевидение: деньги или власть. А.,1998 2-Дәріс. Қазіргі кезеңдегі Қазақстан журналистикасының функцияларын іске асырудың принциптері мен пішіндері Журналистика маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі болып табылады. Онсыз қоғам өмірін көзге елестету мүмкін емес. өз тарихында журналистика бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі ретінде ұзақ жолдан өткені белгілі. XVI ғасырда адамдардың бір-бірімен хабар алмасу құралы ретінде пайда болғанымен, оның негізгі ерте кезді мегзейді. Сол уақыттардан бері журналистика даму, қалыптасу жолдарынан өтті. әртүрлі қоғамдық формация дәуірлерін бастан кешірді. Сөйтіп, өзінің тарихи рөлін толық ашып берді. Бұлай дейтін себебіміз, ешқандай басқа құрал дәл осы журналистика секілді халықты әлеуметтік-саяси тұрғыда жылдам әрі жан-жақты, белсенді түрде әртүрлі хабарлармен қамтамасыз етіп көрген емес. Бұл ретте адамның сана- сезіміне, іс-әрекетіне әсер етіп, олардың көөзқарастары мен мақсаттарының қалыптасуына ықпалы тиген. Сөйтіп, ол барлық уақытта қоғам өміріне араласа отырып, пайымдаулармен, баға берумен, қорытындылар жасаумен, ұсыныстар айтумен зор қозғау салады. Әсіресе, саясат, экономика, экология, қоғамдық- әлеуметтік қатынастар т.б. көптеген салаларда шешім жасап, жүзеге асыруға ықпалы болады. Сөйтіп, журналистика қоғамның әлеуметтік институттарының бірі болып саналады. Сондай-ақ, ол адамдарды идеялық тәрбиелеу құралы. Журналистика адам санасын көтеруге, рухани әлемді байытуға себепкер болады. Яғни, баспасөз, радио, телевидениенің негізгі міндеті – жалпы ақпаратты жинап, өңдеп, халыққа ұсыну. Ал жалпы «Бұқаралық ақпарат құралдары» деген атаудың өзі мына жайларды білдіреді. 1. Бұқараға бағыт немесе арнау. Яғни, барлық ақпарат мәселелері қоғамға, халыққа, көпшіліктің аудиториясына арналмақ, олармен тікелей байланыс орнатылмақ. 2. Бүкіл ақпарат көпшіліктің сұраныс-қажеттілігін, талап-талғамын, қанағаттандыру үшін берілмек. 3. Қоғамдық істерге байланысты әрі халық күткен мәселелерге белсенді позиция ұстап, соған жұртты жұмылдыруға ат салысу болмақ. 4. Көпшіліктің пайдалануына ақпараттың тиімді, қолайлы әрі арзан болуын қарастыру. Жұрт ақпаратты қиналмай қабылдайтын болу керек. 5. Жұртшылықтың бәрі бірдей және тұрақты түрде ақпарат хабарларды алып отыруға мүмкіндік туғызу. 6. Қажет еткен жағдайда әркімнің ақпарат орындарына қатысуына жол ашу, т.б. Журналистика тек қана хабарларды берумен шектелмейтінін ескеру керек. Ол сонымен бірге насихаттық рөл атқаратынын да ұмытпау керек. Бақылау сұрақтары: 1.Функция сөзінің түп-төркіні 2.Оның түрлері Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Амандосов Т.С. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. А.,1978 2. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары, Алматы 2004 3. Нургожина Ш.И. Введение в журналистику: учебное пособие.–Алматы:Қазақ университеті,2001 4. Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики.М:1989 5. Елеукенов Ш.Р. Кітаптану негіздері. А.,1999 6. Ворошилов В.В. Журналистика. Учебник-СПб.:1999 7. Б.Жақып Публицистиканың шығармашылық негіздері 8. Б.К.Барманкулов Телевидение: деньги или власть. А.,1998 3-Дәріс. Қоғамдық пікір және БАҚ: қалыптасуы мен көрініс табу процестері Қоғамдық пікір: жалпы мінездеме. Қоғамдық пікір функциялары. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы қоғамдық пікірдің көріну ерекшеліктері. БАҚ-тың қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі. Қазақстандағы қоғамдық пікірдің қазіргі жағдайы. Қоғамдық пікір: жалпы мінездеме. Қоғамдық пікір функциялары. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы қоғамдық пікірдің көріну ерекшеліктері. БАҚ-тың қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі. Қазақстандағы қоғамдық пікірдің қазіргі жағдайы. БАҚ Тіл – күрделі жүйе, тұтас құрылым. Тіл шынайы өмір де екі түрлі формада ауызша және жазбаша түрде қолданылатын қатынас құралы. Тілдің бұл екі түрінің пайда болып дамуына Адам баласы әрекетінің түрлі мақсаттары себеп болады. Күнделікті әрекет үстіндегі көзбе-көз тілдесуді жүзеге асыратын ауызша тіл адамның о бастағы қатынас құралы болады. Кейіннен жинақтаған өмірлік тәжірибесімен білімдерін ұрпақтан-ұрпаққа сақталып жетуін, сондай- ақ алыстағы қоғам иелерімен тілдесуді көздеген адамбаласы жазба тілді қажететті. Сөйтіп ауызша тілден кейін пайда болған және тілдің бөлшегі болып табылатын жазба әдеби тілдіңде, публицистикалық стильдің де өзіндік жүйесімен құрылымы бар. Және де осы жазбаша тіл ең алдымен тарихи қызмет атқарды, бірте-бірте оның қызмет аясына адамдармен мемлекеттер арасындағы ресми қатынасты қамтамасыз ету де кірді. Жоғарыда көрсетілген мақсатына қарай ауызша тілдің өзіндік ерекшеліктері болады. Ең алдымен ауызша тілдің құралдары тыңдарманға бағытталып құрылады, яғни қарым-қатынастағы серігіне сөйлеушінің әсеретуі есту қабілеті арқылы жүзеге асады. Демек, қандайда бір коммуникативтік мақсатпен айтылған сөз тыңдарманға, біріншіден, дұрыс естілу шарт, екіншіден, ондағы мақсат айқын көрініп, соған сәйкес таңдалған тілдік лексика- грамматикалық құралдар / сөз,с өзтіркестері, жалғаулықтар мен шылаулар/ интонациялық жағынан дұрыс ұйымдасуы /әуен, қарқын, дауыс күші, әуез, пауза/ керек. Публицистика – жалаң ақпарат хабардыңт ізбегі емес, қоғамда болып жатқан оқиғалардың, өмірдің саналуан тіршілігінің « жанды» ақпарат айнасы. Ол–тыңдарманның ойына әсер қалдырарлық жаңалықтың жаршысы болғандықтан, ақпарат–хабарды өмірдің нақты, айшықты бояулары мен жеткізеді. Тіл – өзінің табиғатында үнемі өзгеріске түсіп отыратын, сол өзгерістердің нәтижесінде әрқашан дамып, жетіліп отыратын құбылыс десек, оның даму процесі еңалдымен, тек өзіне тәнқасиеттермен мүмкіншіліктерді пайдалану, кеңейту, өрістету негізінде жасалады. Бұқаралық ақпарат құралдары тілдік жүйені қалыптастырудың маңызды факторы. Ол мына реттерде көрінеді: Біріншіден, баспасөз, телеарна, радиоматериалдары өзінің ақпараттық мазмұнына сәйкес кең географиялық кеңістікті қамтиды, демек, сол ортадағы сөйлеу тілінің жекелеген диалектілік элементтерімен суарылады. Екіншіден, кез – келген бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдары қатарында ресми ақпараттардан бастап, әртүрлі дәрежедегі лауазымды адамдармен сұхбаттарға дейін ресми тіл, дипломатиялық тіл, кеңсе қағаздарының тілі элементтері қатысады. Үшіншіден, газет авторларымен журналистер жекелеген мақалаларда суреттелетін оқиғалардың шытырмандық реңкін қанықтыра түсу үшін «жаргон» сөздер қолданылатын реттер аземес. Төртіншіден, газеттегі мемлекеттік және бірлескен кәсіпорын атаулары, жарнама жаңалықтары да сағат сайын, тіпті минут сайын ақпарат эфиріне тарауда. Бесіншіден, кез – келген кәсіби басылымдар мен таралымдар сол салада қолданылатын терминдерді кейде өңдеп, кейде өңдемей ақпарат арнасына қосады. Мәселен, бұл көріністер спорттық басылымдар мен музыкалық арналарда «Спорт+», «Европа+», тағы басқа болып жалғаса береді. Бұқаралық ақпарат құралдары арналарының баспасөз, радио, телевизия тәжірибесінде тіл қолданылымдарының ішкі ерекшеліктері, мәселен телеарнада эфирге жіберілетін ақпарат тиімділігі мен әсерлілігінің басты көрсеткіші ұсынылатын бейнесюжет болатын жағдайлар жиі кездеседі. Мұнда авторлық баяндау ауызекі сөйлесудегідей, көрсетілген сюжеттің мақсатын, маңызын немесе жетістігімен кемшілігін сипаттап түсіндіруге құралады. Қазіргі заманда телевизия, радионың жалпы қоғамға, аудиторияға тигізер ықпалы зор. Қазіргі кезде радиохабарлардың бұқаралық сипаты мен жеделдігі қарқын ала түскен. Мемлекттің ішкі, сыртқы саясаты жөнінде, ел ішіндегі, әлемдегі маңызды оқиғалармен жаңалықтар жөнінде қалың жұртшылыққа деркезінде хабар – ошар таратып отыру бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтік мәнділігін одан сайын күшейтіп отыр. Оның үстіне, қазіргі кезде инженерлік технологияның даму қарқынымен байланысты БАҚ – тың өнімдері оқуға, тыңдауға, көруге жағымдылығы, қолайлығы артып келеді. Алайда, техникалық құрал жетіле түскенмен БАҚ – ның тілі аса қиын жағдайда қалды. Радио, телеэфирден естілер сөздің мәдениеті төмендеп кеткендей. Сөздің дыбысталу нақышы, сөйлеу сазы төмен, нашар, өздеңгейінде дыбысталмаған себептен де радио ,теле эфирден естілер сөздің тым төмендеуіне әкеліп соқты . Бақылау сұрақтары: 1.Қоғам және журналистика 2.Қоғамдық пікірді қалыптастырудағы журналистиканың рольі Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Амандосов Т.С. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. А.,1978 2. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары, Алматы 2004 3. Нургожина Ш.И. Введение в журналистику: учебное пособие.–Алматы:Қазақ университеті,2001 4. Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики.М:1989 5. Елеукенов Ш.Р. Кітаптану негіздері. А.,1999 6. Ворошилов В.В. Журналистика. Учебник-СПб.:1999 7. Б.Жақып Публицистиканың шығармашылық негіздері 8. Б.К.Барманкулов Телевидение: деньги или власть. А.,1998 4-Дәріс. Журналистика –шығармашылық қызметтің саласы. БАҚ аудиториясы: қалыптасуы мен үйретудің проблемалары Әрбір кәсіптің өз мамндығы болатыны секілді, журналист мамандық та өз саласы бойынша пайда болған. Ал қандай мамандық болса да өз ерекшелігімен көрінетіні белгілі. Демек, журналист басқаға ұқсамайтын, өзгелерден айырмашылығы бар мамандық. Ол өз шығармашылығы арқылы қоғамға, адамға қызмет етеді. Әрбір мамандық сияқты, журналистің де өзіне қатысты білім, іс- тәжірибесі болмақ. Кезінде ұлы ғалым М.Ломоносов журналист туралы өзекті ойларын айтқан. Оның еңбегі «Журналистік дәреже туралы диссертация» деп аталған. Жалпы журналист қандай дәрежеде жұмыс істесе де, қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол әркез жаңаны жақтаушы, бар жақсылықты қолдаушы болып табылады. Сөйтіп, газет-журнал немесе радио телевидениенің жұмысын атқарып, шығармашылық қызмет жасайды. Ол редакция жұмысында бірінші – ұйымдастырушылық, екінші - әдеби өңдеу, үшінші – шығармашылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек. Оған қоса өмірдегі құбылыстардың мәнін түсіне білу де үлкен қасиет болып саналады. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жазатын болуы керек. Жұртқа өмір жайлы толғап айта білу де үлкен өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану қажет. Тағы бір айтарлық жайт, журналист қоғамдық қайраткер бола алса, тіпті жақсы. Ол уақыт, заман ағымын жақсы түсінуі тиіс. Әсіресе, идеяға толы материалдар жазып, жұрттың назарын аудара білгені жөн. Журналистің тағы бір қасиеті – оның саяси-әлеуметтік қызметінде, дүниеге деген көзқарасына, позициясына байланысты. Бұл – жан-жақты білімділік пен саяси-азаматтық тұрғыдан өсу, кемшіліктерге төзбеу, өз өмірін халық ісі үшін арнауға келіп тіреледі. Әрбір журналист өз елінің шын патриоты болумен бірге, сол мемлекеттегі және жер жүзіндегі оқиға- құбылыстарға сергектікпен қарап, жедел жариялап отыруы міндет. Журналист өз ісіне адал берілген маман болуы тиіс. Журналистің өз қызметін жемісті атқаруы үшін интеллектуалдық, психологиялық, шығармашылық қабілетін толық пайдаланып, сонымен бірге табанды, әділ, батыл қасиетімен де танылуы тиіс. Ал ақыл-ой, эрудиция бірінші орында тұруы керек. Сондай-ақ, журналистің жеке бас мәдениеті көп нәрсені аңғартады. Әсіресе, журналистің мәселені терең білушілігі аса қажет. Онсыз журналистің табысты жұмыс істеуі екіталай. Өмірде журналист әртүрлі жағдайға кездесуі мүмкін. Соның бәрінде жан-жақты хабардарлық, білімділік болмаса кей нәрсенің анық-қанығына жету, ақ-қарасын ашу оңай емес. Оқиға, фактіге жеңіл-желпі қарамай, оның түпкі мәніне, себеп- салдарына назар аудару керек. Ол үшін сол саладағы арнайы мамандармен кеңесу артық емес. Жаңа мәліметтерді салыстырып қарау жөн. Бәрі анық болғанда ғана журналист мақала жазу керек. Бұл орайда жақсы дайындық, жаңа мәселелерді тез аңғару, проблеманы байқай білу шарт. Сөйтіп ашық түрде өз көзқарасын да білдірген жөн. Сондықтан журналист әрқашан өз білімін теориялық тұрғыдан толықтырып, тәжірибелік тұрғыдан ізденіп, еңбек ете білгені дұрыс. Журналист болу үшін рухани және өмірлік дайындықтар болуы керек. өзіңді журналистік мамандыққа арнап, таңдағаннан кейін, сол жолда аянбай қызмет ету лазым. Ол принципті түрде, қайсарлықпен, бұқаралық ақпарат құралдары алдындағы өзінің міндетін, борышын бар күш-қайратын салып орындайтын маман. Бұл ретте журналист өзінің ұстамды мінезімен, қиындыққа қарсы тұратын күрескерлігімен, инициатива танытқыштығымен, тез арада шешімдер жасай білумен ерекшеленеді. Ол қай істе болсын нәтижеге жетуге тырысуы керек. Бұған қоса журналист кең пейілді, жаны жомарт, жақсылыққа құштар, мейірімді, жақсы дос, қиналғанда қол ұшын беретін жан болуы да үлкен қасиет. Ол менмендіктен аулақ болуы керек, өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекеті арқылы өзгелерге үлгі-өнеге бола білгені ғанибет. Журналист жұртпен тіл табысқыш болса, тіпті жақсы. Ол қашанда жинақы, қиын жағдайдың өзінде жұмыс істей алатын, аңғарымпаз және сезгіш болуы керек. Оған есте сақтағыш қабілет те өте қажет. Тез ойлап, тез жазу да жақсы нышан. Журналистің өз жұмыс істеу тәсілі, өз ерекшелігі болуы заңды. әркімнің, сондай-ақ өзі қалайтын тақырыбы да болуы мүмкін. Журналистің стиль қалыптастыруы да үлкен жетістік. Ал жалпы кәсіби және шығармашылық қасиет пен ерекшелік бір- бірімен ұштасқанда нағыз журналист қалыптаспақ. Журналист өз қызметінде тек қана шындықты жазып, барлық мәселені объективті түрде қарау керек. Нағыз журналист өнеге болуы тиіс. Журналистің жұмысы халықтың сынына түседі, оған халық төрелік етеді. Сондықтан журналист өз мамандығының, қызметінің халыққа керек екенін терең сезініп, жуапкершілігін, борышын адал атқаруы міндет. Бақылау сұрақтары: 1. Әдеби өңдеу 2. Журналист шығармашылығындағы тапқырлық, сенімділік Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Основы творческой деятельности журналиста. Редактор құраст. Корконосенко С.Г. СПб.:2000 2. Корконосенко С.Г. Введение в журналистику. Уч. Пособие. Кишинев:1990 3. Любосветов В. Основы журналистики.М.:1984 5-Дәріс. Журналистік этика Журналистің кәсіби ерекшелігі оган көптеген әлеуметтік жауапкершілігі жүктейді. Этика – деген адамгершілік келбетті айқындайтын моральді тәртіпті талап ететін ғылым салаларының мінез – құлқы мен олардың сана – сезім ерекшеліктерімен, қоғамдағы ережелері, формалары, заңдары, талаптары орындау өзгешелігімен, сондай – ақ қоғам пікірімен айқындалады.Журналистік этика қазіргі кездегі журналистік мамандды игерген әрбір азаматқа өзіндік кәсіби талап – тілектерді қояды.Журналистік этика ұғымын 2 мағынасы бар: 1. Ж.Э. тар мағынасында – журналистің адамгершілігі, ізеттігі, инабаттылығы т.б. қасиеттерімен айқындалады. 2. Ж.Э. Кең мағынада – журналистің шыншылдық және обьективтілік принциптеріне тікелей байланысты, яғни ж.э нормаларын сақтау делінген – шындық фактілерді жазу, ақиқар өмір құбылысын бейнелеу, өтірік, дәлелсіз өсекке, жала жабу шындық фактілерді бұрмалап жазуға жол бермеу болып саналады. Ж.Э журналистік қызметтің көптеген жағдайда көрініс тауып отырады. Мысалы, журналист пен аудитория арасындағы байланысты журналист информация көздерін пайдалануда, шығарманың кейіпкерімен тілдескенде материалдың авторын, редакторын, ұжым мүшелерін, әріптестерімен қарым-қатынасын түсіндіруде журналистік этика нормалары сақталуы қажет. БАҚ туралы заңда журналистік әтиканың мәселелері сөз және баспасөз бостандығы арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ 32-бапта Біз және БАҚ туралы заңды бұзғандығы үшін жауапкершілік белгіленген. Сөз бостандығы теріс пайдалану шындыққа сай келген жеке азаматтың немесе ұйымдардың ар-ожданы мен қадір-қасиетіне кір келтірген мәліметтер тарату Ақпарат құралы сот-а ықпал етуі ҚР заңына сәйкес қылмыстық немесе өзге жауапкершілікке әкеп соқтырады. 42-бабында: моральдік заңдарда былай делінген: БАҚ азаматтарының ар-ожданы; қадіріне кір келтірген шындыққа сай келмеген немесе мүліктік емес нұқсан келтірген мәліметтер тарату азаматтарға келтірген моральдік зиянды сол шешім бойынша БАҚ және кінәлі лауызымды адамдар өтейді. Ж.Э бұзбау мақсатында ақиқат дерек жинау үшін: 1. Факт жинаудың ашық түрі. 2. Информациялық байланысқа түсудің жабық түрі. Журналистика этикасын айтпас бұрын этиканың өзіне тоқталып кетеді. Этика – грек тілінен енген термин сөз. Мағынасы – салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жол-жорағы, ырым, үрдіс. Зерттеу объектісі – мораль қазақша баламалары әбептілік, инабаттылық, имандылық, адамгершілік, ізгілік, сыпаылық. Ал осы журналистің кәсіби моральдық, этикалық принциптері деген қалай талданады. Ол үшін а) халықтығы, ә) бұқаралығы, б) шыншылдық, объективтілік. Яғни, журналистің жеке басының этикасы жалпы принципінен туындайды екен. Принцип – латын сөзі – негіз, қағида, ереже немесе бір нәрсенің бастауы. 1. Журналист өз ұжымына, өз басылымына адал қызмет етуі тиіс. 2. Журналист өз сөзіне, өз ой-пікіріне жауапкершілікпен қараумен қатар халықтың да ой-пікіріне жауапкершілікпен қарау керек. 3. Журналистің алдында әрдайым аудитория үшін не істеу керек? Бұл шығармам аудиторияға қажет пе? Олардың арман-мүддесін қолдаймын ба? делінген этикалық сұрақтар тұру керек. 4. Факт мәліметтері көп, ақиқат шындығы әбден жеріне жете зерттеліп, жан- жақты ойластырылған материалды ғана аудиторияға ұсынуды толық моральдік этикалық құқы бар. 5. егер материалдың фактісіне күдігі, күмәні болса, онда журналист ол материалды кейінге қалдыруы тиіс. 6. Журналист біреуді қаралап та, өтірік мақтап, мадақтап та жазуға құқы жоқ. Ондай жағдайда журналист аудитория алдында жауапты. Объектілерді зерттеу, адамдармен әңгімелесу барысында болмашы елеусіз, дөрікіліктен шындық ашылмай қалуы мүмкін, журналист мұндай жағдайда дөрекілік туғызбауға тырысуы қажет. Этика тұрғысынан объектілерді зерттеудің факт, мәлімет жинаудың екі түрі бар: ашық және жасырын т. зерттеу. Материалдан, деректерден ашық түрде жинау тәсілінде – журналист белгілі органдарға барып, шаруасын ашық айтуы тиіс. Көптеген жағдайда шындық ашылмай жатады. Ондайда журналист олардың тілін тауып алған мәлімет, деректерге басымен жауап беретіндерге сөз арасында әдеппен еске алуы тиіс. Ал объекті зерттеудің жасырын түрі немесе құпия түрін адамдар білмейді. Мұндайда журналист такси айдаушы, сатушы, жол серіктері болуы мүмкін. Бірақ, қандай жағдайда әдеп, этикадан озбауы керек. Мәлімет алу барысында журналист шындыққа көзі жетпейінше, ішкі қарсылығында мәселеге қосылатын, қосылмайтынын да білдіруі тиіс. Қандай жағдай болмасын, кіммен сөйлеспесін журналист алдында отырған адамның кей жағдайда салт-дәстүрін ескеріп, жеке басының кемшілігін көзге шұқымай, керісінше оны мұқият тыңдауға, дауыс көтермеуге, денсаулық жағдайын ескеру керек. Әдепті журналист (мысалы мен сияқты) мәлімет алу барысында адамдарды қалдырмау үшін қай жерде, қандай уақытта әңгімелескеніміз дұрыс болады деп олардың өзімен ақылдасады. Қажет болған жағдайда уақыт белгілейді. Оған дейін ойын жинақтайды, көтерер мәселесәне толықтай дайындалады. Адамдардың ішкі істеріне араласу да журналисттік әдепке жат. Жасырын тексеру барысында журналист өзін қалай ұстау керек, мұның да өз әдеп, нормасы бар. Журналист алынған мәліметтің барлығы да материалда тексеріледі, қамтылады деп уәде беруін беріп, кейін ойланып қалуы мүмкін. Ондай жағдайда уәдесін жұтпау үшін, адам, жер, су атауларын өзгертіп, фактілерді толық қамтуға болады. Журналист біреудің сілтеуімен, біреудің иек қағыуымен жазбай, өз жүрегінің қалауымен өз көзімен көрген нәрсесін жазу керек. Кім туралы жазса да журналист мақалын кейіпкеріне көрсетіп алғаны абзал. Цитат (дәйекті сөз) – қа өте қатты мұқият болған жөн. Журналист көңілшек бломауы тиіс. Әрбір материал жазу барысында өз т мамандығына құллай беріліп, адал жұмыс істеуі керек. Хабарға ойдан ештеңе қоспау керек. Жинаған материалын көбінесе құпия ұстауы керек. Ғылымда көркем өнерді қабылдау, қабылдаушының қыр-сырымен айналысатын рецептивті эстетика саласы қалыптасуда. Қабылдаушының (оқушы, тыңдаушы, көрермен) шығарманы қалай қабылдайтыны, қабылдау механизмдері, шығарманың қабылдаушыға қалай әсер ететіндігі, сол кезеңде іске асатын процестер, қабылдаушылардың әлеуметтегі типтерін жіктеу, ажырату, анықтау мәселелері рецептивті эстетиканың зерттеу нысаны болып табылады. Қабылдаудың әлеуметтік-психологиялық мәселелерін зерттеу, бір ғана мәдениетте өнерді қабылдаудың түрлі типтері өмір сүретіндігін көрсетеді. Қазіргі заманғы зерттеулер өнерді тұтынудың уәждерін (мотивтерін) ажыратуға, анықтауға мүмкіндік жасайды. 1988 жылы Ресей Мемлекеттік Өнертану институты мен Білім академиясының социологтарының бірлесе отырып жасаған зерттеулерінен, төрт топтан тұратын қабылдаушылардың типологиясы анықталған. Бірінші топқа, мәселелерді шешуді көздеуге бағытталған қабылдаушы (25-27%), екінші топқа, әдептілікке бағытталған қабылдаушы (14- 15%), үшінші топқа, гедонисті бағытталған қабылдаушы (40% жоғары) және соңғы төртінші топқа, эстетикалы бағытталған қабылдаушы (16% шамасында) жатады. Бірінші, (мәселелерді шешуге бағытталған топқа) топ қабылдаушылары өнерден өз өмірлік тәжірибелерін арттыруды, байытуды көздейтіндер, өз өмірінде кездесе бермейтін жарқын әсерлерді іздеу, басқа біреулердің орнына өзін қойып көру сынды сезімдер аясындағылар. Екінші, (әдептілікке бағытталған) топты бірінші кезекте қиын кезеңдерде, қиын жағдайларда өзін қалай ұстау керектігі, мәселеден қалай шығу керектігін көрсететін үлгі, модельдердің іс-әрекеттері қызықтырады. Бұл топ өкілдерінің өнерге құмарлығы адамгершілік, әдептілік қатынастарында байыпты тұрақтылықты табу, қарым-қатынас жасаудың қыр-сырын меңгеруіден туындайды. Үшінші, (гедонисті бағытталған) топ - қабылдаушылардың ең көп бөлігін құрайды. Бұл публика, өнерден ләззат, сауық-сайран, қызық күтетін топ. Бұл өзінің өмірінде күнделікті кездесе бермейтін қызықтардың орнын толтыратын, демалуына, көңіл көтеруіне, жауыр еткен не көңіл-күйін түсіретін ауыр мәселелерден шығуды іздейтіндер. Бұл топтағы тұтынушылар өнер өздерінен ешнәрсе талап етпей, өзімен-өзі жеңіл күйде, ойлануға мәжбүрлемей өтуін қалайды. Төртінші, (эстетикалы бағытталған) топ қабылдаушысы өнер тілін жақсы түсінетін, өнер туындыларына байланысты көптеген көркемдік түрлерді, стильдерді білетін және әр өнер туындысына өзіне қажетті межемен келуші, бағалаушы. Эстетикалы бағытталған қабылдаушының танымдық, әдептілік те, гедонистік те қажеттіліктері бар болғанымен, ол әрқашан ең алдымен көркем мәтін қажет етіп тұрған мәселелерге, не айтқысы келіп тұрғандығына басты назар аударады. Ол көркем қабылдау актін, әлдебір прагматикалық мәселелерді шешу деп емес, өз алдына, өзінің құндылығы бар мақсатты акт деп есептейді. Осындай бақылаулардан, зерттеулерден шығатын қорытынды: өнер туындысы әр адамға оның одан қаншалықты дәрежеде ала алатынына байланысты бере алады. Қабылдаушының түрлі жіктерге бөлінуі заңдылық. Қалың көпшіліктің бәрі эстетикалы бағытталған қабылдаушы болуы мүмкін емес. Алайда қай қоғамда болмасын, автор алдында өз қабылдаушыларын тәрбиелелеу, рухани-моральдық, біліми, эстетикалық, саяси-экономикалық танымдарының өсуіне, жетілуіне ықпал ету мәселесі тұрады. Өнердің табиғаты да осыған жетелейді. Бақылау сұрақтары: 1. БАҚ туралы заңнан журналистік этика туралы бабын конспектілеу. 2. Этика тұрғысынан объектілерді зерттеу 3. Журналистік этика ұғымы Ұсынылатын әдебиеттер: 1. 1. «Заң газеті» 27-қараша, 1996 жыл. 2.С.Сейфуллин «Тар жол тайғақ кешу» кітабынан «Баспасөз туралы» мақаласын конспектілеу 3. М. Дулатов Шығ. Мен «Баспасөз үмесі» мак. Конспект 4. М. Әуезов «Қазақстанның қалам қайраткеріне» мақала конспект ІІ. А) Берік Бейсенұлы Ш. Мұртазамен сұхбат.»Мен енжарлықтан қорқам» «Жас Алаш» 24.02.01. Ә) Ф.Оңғарсынова «Ана тілімізде сөйлеуге неге қорланамыз» «Ег.Қаз- н» 23.02.01. Б) «Қасиетсіздік» «Егемен Қазақстан» 23.02.01. Ғ.Мүсірепов «Журналистік этика жайлы» «Ег.Қазақсан» 31 қазан 1997 Қ.Р.Мәдниет туралы заңы «Ег. Қаз – н» 28.12.96ж. 6-Дәріс. Журналистика –қоғамдық-саяси және ақпараттық қызметтің саласы Қоғамдық пікір: жалпы мінездеме. Қоғамдық пікір функциялары. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы қоғамдық пікірдің көріну ерекшеліктері. БАҚ-тың қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі. Қазақстандағы қоғамдық пікірдің қазіргі жағдайы. Журналистика принциптері. Принциптер – журналистік қызметтің теориялық-методологиялық негізі. Шыншылдық пен объективтілік – баспасөзге қойылатын жаңа талаптар кезеңіндегі негізгі принциптер. Журналистикадағы жалпыадамзаттық принциптер: халықтығы, интернационализм, гуманизм. Баспасөздің партиялылығы туралы пікірлер. Баспасөзбен журналистік қызметтің бостандығы. Журналистика қызмет бостандығының проблемалары. «Баспасөз бостандығы» ұранының нақты тарихи мәні. Баспасөз бостандығы – саяси бостандықтардың бірі. Баспасөз бостандығының әлеуметтік-тарихи, экономикалық және заңдық қырлары. Баспасөз бостандығы туралы түсінік. «Қажеттілік», «жауапкершілік» және «бостандық» ұғымдарының арасындағы байланыс. Баспасөз туралы заң және баспасөз бостандығы. Баспасөз бостандығы және тәуелсіз баспасөз. Журналистік қызметтік нәтижелік проблемалары. Журналистиканың жоғарғы нәтижелілігі. Журналистиканың тиімділігі мен пәрменділігі туралы түсінік. Нәтижеліліктің өлшемдері. Нәтижеліліктің екі түрі. Журналистиканың қызмет ету проблемалары. Ақпараттық материал «Не болды, кім жасады, қашан, қалай, неге, енді болмақ?»деген негізгі алты сұраққа қысқа, түсінікті жауап береді. Газетке жаңа келген журналистті тығырыққа тірейтін нәрсе – жазатын тақырып, жаңалық табу. «Мәссаған!» дегізетін ақпаратты қиналмастан табудың рецепті бар болса, журналист мамандық болудан қалар еді. Өйткені, журналистикадағы негізгі проблеманың өзі де осы. Қоғамды ақпаратпен қамтамасыз ету журналистиканың міндеті. Өйткені, кез келген қоғам мүшесі үкіметте, парламентте, жергілікті басқару органдарында немесе елдің өзге аймақтарында не болып жатқанын өздігінен барып біле алмайды. Сондықтан, өз мақалаларыңда ақпаратты алып отырған ақпарат көзіне нақты сілтеме жасауды естен шығармаған жөн. Америкалық журналист Маргарэт Фрини сілтеме жасауда және мақалаға белгілі бір адамның пікірін қосарда мына бір ережеге сүйенуге шақырады: 1. Ақпаратты қайдан алдың? 2. Бұл фактіні саған кім айтты? 3. Сен айтқан ақпараттың шындыққа сай екендігін оқырманың қалай біледі? 4. Берілген ақпаратты тағы да тексеріп ал! Екінші ақпарат көзінен не болмаса, үшінші ақпарат көзінен нақтылап алуға тырыс. Бәлкім, бұл ақпарат негізсіз шығар? Ақпараттың маңыздылығы сол – сенің жазған мақалаңнан ақпарат алу арқылы, оқырман әрі қарай шешім қабылдауға мүмкіндік алады. Ақпарат жинау үшін журналиске толып жатқан органдардың, ұйымдардың, компаниялардың, лауазымды қызметкерлердің, танымал адамдардың телефон нөмірлерінің тізімі қажет. Ақпаратпен айналысатын тілші төтенше оқиғаны өзгелерден бұрын білудің сан түрлі жолдарын табуы керек. Ол маңызды мәлімет беретін адамдармен үнемі қарым-қатынаста болады. Журналистің «ақпарат берушілер жүйесі» осылай қалыптасады. Сонымен, ең басты ақпарат көзі – адамдар. Яғни мәселені білетін, қатысы бар немесе жағдайды көзімен көрген кісілердің аузынан шыққан фразалар. Негізгі ақпарат қалтарыста, сөйлеушінің сөз арасында айта салған мәліметтерінде жатуы мүмкін. Ақпаратты мүмкіндігінше мол етіп жинау керек. Оқиға орнынан келген соң журналист ақпаратты іріктеп, талдауға кіріседі. Тастауға қимай, тапқан фактіңіздің бәрін тықпалай берсеңіз, материалыңыз оқырманды жалықтырады. Ақпарат дайындалып болғаннан кейін материалдың құрылысын жоспарлау керек. Жалпы айтқанда, бұл – фактілердің берілу реті. Бірақ материалдың сәтті шығуы оның құрылымына байланысты. Ақпаратты аса қажет етудің өте бір жақсы мысалын көркем шығармадан, Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романынан кездестіруге болады. Онда Әмір Темір өз құрметіне ханымының салдырған мұнарасын көргеннен кейін, оны салған шеберді зынданға тастап, әрі қарай, қала халқына оның ханымы мен шебер жайлы әлдебір ақпарат таралып кетпеді ме деп алаңдауы, ақпарат жинау үшін қалаға, базар маңына, жұрт жиналатын жерлерге жансыз жіберіп, ұзақты күнді кеш қылып, хабар күтетіні өте әдемі көрсетілген. Бұл әрине, көркем шығарма. Бірақ, ақпараттың алар орнынан хабар береді. Яғни, бұл мысал да ақпараттың аса маңыздылығын суреттейді. Ақпаратпен қаруланған адам, ақпаратсыз адамның жанында көш ілгері тұратыны белгілі. Бірақ, ол ақпараттың анық-қанығы тексерілген болуы шарт. Бізде, өкініштісі сол, әзірше ақпараттан бұрын журналистің өзіндік ойы жүреді. Бақылау сұрақтары: 1. Журналистиканың қоғамды ақпаратпен қамтамасыз етуі 2. Ақпараттық блоктар дегеніміз не? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Основы творческой деятельности журналиста. Редактор құраст. Корконосенко С.Г. СПб.:2000 2.Корконосенко С.Г. Введение в журналистику. Уч. Пособие. Кишинев:1990 3. Любосветов В. Основы журналистики.М.:1984 7-Дәріс. Журналистік қызметтің құқықтық негіздері Журналистика: авторлық құқық және әдеп әлемі. Авто-гректің «өзін» деген сөзінен шыққан.Авторлық құқық дегеніміз- шығармаларды пайдалану тәртібін реттеуге арналған құқық рәміздердің жиынтығы. Авторлық құқық қызметі: авторлық шарт, авторлық қаламақы(ганарар), авторлық құқық, авторлық куәлік болып бір неше салаға бөлінеді. Авторлық шарт дегеніміз- автор мен немесе мүрагерлермен баспа арасындағы өзара шарт.Келісім шарт жазбаша түрде болады. Авторлық шарттың 2түрі бар: 1Шығарманы пайдалануға беретіні туралы. 2Авторлық рұқсатнама. 1-де автордың шығармашылығына қол тимейді, яғни өңделмейді, қортындыланбайды. 2-де радлоинсинировка, киноинсинировка жасау үшін автордан рұхсат сұрайды. Авторлық қаламақы: авторлық қаламақы мөлшерін республикалық өкмет белгілейді.Егер заңда қаламақы мөлшері белгіленбесе онда шартта көрсетілген мөлшермен төленеді. Шығармаларды пайдалану тәртібін реттеуге арналған құқық рәсімдерінің жиынтығы пайда болады.Мысалы: автор қайтыс болса, оның шығармасы 25 жылдан кейін мемлекет қарауына өткізіледі.Автор келісімінсіз оның шығармасына өзгерістер енгізуге толықтырулар, илюстрациялар жасауға рұхсат етілмейді. Авторлық куәлік: бұл өнертабыс иесіне автор өзінің авторлық құқын осы куәлік арқылы қорғайды. 1996ж (ВААП) ҚР-ң авторлық және сабақтас құқықтар жөнінде мем лекеттік агентік болып өзгреді.Авторды қорғайтын авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заң. Агенттіктің міндеті, мақсаты айналып келгенде көзді, көзі жоқ қаламгерлер мен өнер адамының қаламақы, еңбекақыларын қадағалау соңғы кездегі ақын жазушылардың шығармашылығын тегін орындап сахнаға шығып жүргендер, сондай-ақ компазиторлар әндерін таспаға түсіріп т.т көбейтіп кетті.Олардың біразы ұсталып авторлық құқық заңдылық арқылы шара қолданып баспасөз беттеріне жазыла бастады. Қазақстанда Тәуелсіз пресса 1994 жылдың жазында пайда болды. Ол кезде жекеменшік телекомпаниялар, радиостанциялар, газет, журналдар шыға бастады. Сол жылдары “Коммерсантъ” шетел кәсіпкерінің “Кеңес Одағында хабарды заңды ретінде ала алмайсың, тек басқа жолмен ғана аласың” деген, онысы рас болды. Содан бері он жылдан астам уақыт өтті, бірақ БАҚ қазірде осы ойда. Мәлімет алу мүмкін емес, мәліметтерді тек бір батылдық істер жасап, қауіпті жағдайларда алуға болады. Бұл құпия, коммерциялық және қызметтік хабарлар емес, жай күнделікті, қоғамға маңызды мәліметтер алу үшін. Мемлекеттік органдарда және коммерциялық құрылымдарда пресса қызметкерлерінен (пресс- служба) керекті мәліметтер алуға мүмкін емес. Себебі олардың хабарлауға басшыларының сәйкес бұйрығы бар, ал басшылардан, лауазымды адамдардан фактілер алуға қиын. Олар қорқады, журналистермен байланыс жасамайды. Мысалы, ойлап өз орнынан басшыларды таба алмайды, жазбаша түрінде жазған сұрақтарға жауапсыз қалдырады. Ақырғы жылдарда БАҚ-мен байланыс жасауы реттеуші азаматтық, құқықтық және әкімшілік нормалары қолдана бастады. Олар практика жүзінде күнделікті пайдалана бастады. Әрине, журналистика мамандық қызметін қорғау нормаларында бар, соның ішінде мәліметтер алу. Сонда да мәліметтер алу және жариялау қазіргі таңда бизнес қана емес, ол азаматтардың мәліметтерді алуға құқықтылығы. Ол Бұқаралық ақпарат құралдары туралы “Қазақстан Республикасының 18, 2, 2.1, 20 баптарында және конституцияның 20 бабында жазылған. Бұл заңға сәйкес мемлекеттік органдар және жеке меншіктік формасына қарамастан басқа да ұйымдар бұқаралық ақпарат құралдарына мемлекеттік құпиядан басқа мәліметтер беруге міндетті. Мәліметтерді алуға құқығы бар, сұраудағы мәліметтерді бермеген себепте тиісті органдарға немесе лауазымды адамға, содан соң сотқа шығам жазуға құқығы бар. Журналистке міндеттелген құқығы лауазымды адамдар үшін де сәйкес міндетті. Қоғамға маңызды мәліметтерді журналистерге бермеген себепте мемлекеттік органның лауазымды адамы “Мемлекеттік қызмет туралы” 9-б. (3 т.) заңын бұзу туралы өзінің негізгі міндеттері: азаматтар мен заңды тұлғалардың құқын қамтамасыз ету мен қорғауын” бұзады. Өз қызметін пайдаланып, журналист өміріне қауіпті мысалы, аппаратура құралдарын бұзу, киімін жырту, ұрып-соғу т.б. 180 сағаттық жұмысқа немесе 3 жылға сотталып, өз лауазымынан босатылуға дейін барады. Заңды түрде журналист маманының қызметіне кедергі болатын, цензурадан басқа, бұқаралық ақпараттық қызметін заңсыз тоқтату және уақытша тоқтату, мәліметтерді алуда редакцияның сұрауы бойынша құқығы бұзылған кезде, басшылар өз жұмыскерлеріне тілшілеріне мәліметтер беруге тыйым салынғандары жатады. Лауазымы жоғары адамдар өз істерімен үлгі береді. Мысалы, қыркүйек айында Қазақстан Республикасының премьер-министрдің мемлекеттің БАҚ – басшыларымен кездесу болып өтті. Кейбір газеттердің тілшілерін оған қатыстырмай қойды. Пресс-служба, тек бас редакторларды шақырдың деді. Әкімнің пресс-хатшысы “Мен сіздердің газеттеріңізді оқымаймын...” деген екен. БАҚ өтірік мәліметтер бергені үшін әкімшілік міндеттер бар: Әкімшілік құқық бұзу туралы Кодекстің 3476 т. – азаматтар үшін 15 көлемінде, лауазымды адамдарға 25 айлық көрсеткіштер көлеміне дейін айыппұл төленеді. “Журналистерді заңды қызметтеріне кедергі жасаған үшін” 352 статья бойынша – кінәлі адамдар 50 айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Заңды түрде нормалар көрсетілген, ал практика түрінде оларды қолдану әлі жоқ. Мысалы: Алматы соты бойынша осындай істер әлі қаралмаған, кімде-кім сотқа шағым жазғаны болса, істер қарастырылмай созылып, содан соң, негізінен екі жақтың келісімге келгендіктен жабылған. Журналистердің құқықтық қорғауы бар, бірақ олардың күштері жоқ. Мысалы, тілші коммуналдық қызмет көрсетуде тарифтің неге көтерілгені туралы мәліметтер алғысы келді. Алматы қалалық антимонополия департаменті жағдайды түсіндіруге міндеттеме берді, бірақ оны орындаған жоқ. Жазбаша түрде түсініктеме беруге ұсындық. Жауабын бекітуге Астанаға жіберілді – республикалық агенттіктің басшылығының жаңа ережелеріне сәйкес. Мәліметтер дайындалғанша бұл істер жабылды, ал осындай жағдайлар көп. Біз неліктен өз құқығымызды қорғау үшін прокуратураға, сотқа барамыз? Әр адам ішкі істер органдар, соттар мен прокуратура жұмысымен кездескен кезде, оларға осы ұйымдардың істейтін жұмыстары заңға сәйкес талап ететіндері көп машықтандырмайды. Практика жүзінде заң екінші жаққа кетті, көп қызметкерлер үшін бастықтың бұйрығы – ең маңызды, ол даусыз белгілі нәрсе. Соттарда журналист қауымын жақсы көрмейді. Себебі, соттың өздері адамдар, олар да шешім қабылдау кезінде қате жіберулері мүмкін. Ал журналистер бұл фактілерді оларға проблема шығарып жарыққа шығарулары мүмкін. Соған қарамастан, соттың және құқық қорғау ұйымдар жақсы болса дегіміз келеді, басқа құрылымдар бізде жоқ. Идилия ретінде қарастырмай, нақты адамдар ретінде қаралуы керек. Сондықтан журналистер мен редакторлар соттарда өз құқықтарын заңды жолмен шешулері қажет. Бүгінгі таңдағыдай соттар осындай жағдайларда осындай істерден қорықпай сот практикасында қарастырады, ал қызметі лауазымды адамдар өз істеріне қоғамдық маңызды мәліметтер беруде заңға сәйкес талап етуде. Өз күштерін газет, журналдар беттерінде, журналистердің шағымдары бойынша қарастырылатын істерді қолдау үшін эфирді пайдалану керек. Осындай қызмет етуді стратегияны қолдану керек. Содан соң ғана қазіргі нормалардың тиімділігі немесе қарастыруды талап ететіні, түсіндіру туралы айтуға болады. Қазір Қазақстан Республикасының құқық қорғау кодексі, Әкімшілік Кодексін қайта қарастыруды талап етеді. Мысалы, журналист маманы қызметкерлеріне кедергі жасауда, Әкімшілдік құқық бұзушылық жағында айырмашылығы жоқ. Журналистерді қызметтік лауазымы жоғары адамдармен бірге жағдай жасаған кезде, заңның өзгеруінде, жаңа қабылданған нормаларды талап етуде ғана бірдей болады. Ал қазір әр қайсымыз әр түрлі ауыр категорияда тұрмыз. Журналист өмірінің қауіпсіздігін қорғау жолдары Барлығымыз білеміз, журналистердің бүкіл ғұмырын өз кәсібіне өлшеусіз арнап жүрген адамдардың өмірі өте қауіпті. Бізге айтатындар – олар да жерде жүрген бір пенде, олар да қайтыс болады. Олардың өлімін жұмыстарымен байланыстыруға болмайды. Олар – өмірде шапшаң терезеден секіреді, автокөліктің дөңгелегінің астына түседі, сол керек емес уақытта жолдан өтеді, снайпердің оғына ілінеді, жұмыс орнында жарылыс болады – деп. Журналист маманы болу – өте қауіпті кәсіп. Журналистерді өлтіру, жарақаттандыруда істер қозғалмайды, қозғалса аяғына дейін айыпталушыны таба алмайды. Істер жабылмай қалады да, қылмыскер анықталмай қалады. Ондай да болады, сөзсіз. Кейде біреуді қолынан ұстап алады, бірақ қылмыскерді емес басқа қатысты емес адамдарды ұстайды. Мысалы, Евгений Мойнингер “Обозрение” газетінің бас редакторын өлтіргені үшін, содан соттың шешімі бойынша босатылған, бірақ 6 жыл түрмеде отырған. “Сендерге қылмыскер рөлінде біреу керек пе, жоқ па?” – деп ренжігендері де бар. Бірақ ешқашан өлтірушіні таба алмайды. Құқық қозғаушылар қылмыскерлерді іздемейтіндеріне біз үйренгенбіз. Осылай “Советская Калмыния” газетінің газетінің бас редакторы Лариса Юдинаны 1998 жылы және “Новая газетадан” Игорь Домниковты 2000 жылы өлтіріп, “Вечерний Казань” газетінің бас редакторының 19 жасар ұлы Хазбулат Шамсутдиновты 2006 жылы ұрлап алған кезінде де болған. Бұл тізімді әлі де жалғастыруға болады, бірақ ешқашан анықтаушылар өлтірушінің артында кім тұрғанын анықтамаған. Казань қаласындағы адамды ұрлау туралы жағдайда барлық орындаушы мен ұйымдастырушылар анықтаушылардың қасында болған, бірақ кезекті түрде берілген мәліметтер өзгертіліп, іс жабылды. Домников “Новая газета” тілшінің өміріне қауіпті жасаған үшін қылмыскер ретінде болатын адам қорықпай, тығылмай сот болып жатқан залда куәгер ретінде отырған. Ресей генпрокуратурасына 2004-2007 жылдар аралығында 238 журналистер, БАҚ-тағы қылмыстық өлтіру, өртеу, ұру-соғу туралы мәліметтер жинап берілген. Бірақ, тек бес жағдайлар бойынша қылмыстық істер ашылып, қылмыскерлер сотталды. Құқық қорғаушылардың бұл туралы мәліметтері басқа шығар, олар бізбен бөліспейді. Тағы айта кетейік – 238 істен тек 5-уі ғана ашылды. Осыған қосатын “Мое побережье” Хабаровский край, Ванино қаласының газетінің бас редакторы Татьяна Седыхтың хатынан үзінді: “Үш жыл ішінде маған және менің отбасыма қатысты қылмысты істер ашылмай жатыр. Менің үйімді, автокөлігімді өртеді, редакция құралдарын және барлық газет тиражын жойды, қызымның мүлігін ұрлады. Баспа күні уақытша пәтеріме кіргізген таныс адамдарды ұрған. Газетті таратуға кедергі жасайды. Редакция орналасқан ғимаратты екі рет тартып алғылары келді. Кеше кешке қарай, итімді шығарып жүргенде машинамен оқыстан басып кете жаздады. Біреулерге менің Ванинода тұрып, оның өмірі туралы әңгімелеуім ұнамайды. Бірақ мен осы жерден кетпеймін. Мен партия мүшесі емеспін, бірақ Ресейдің барлық партия өкілдеріне айтатыным – менімен болған оқиғалар мемлекетте болып жатқан істерге көздері ашылып, ойландыруға әкелсін”, - дейді. Прокурор қызметкерлеріне Татьяна Седых ісі туралы сұраныс жіберілді. Жауап тосайық. Генпрокуратураның бұрын берілген жауаптарынан басқа болса керек. Ол не деген? Себебі: 2004 жылдың 23 қаңтарында редактордың үйі мен автокөлігін өртеген кезде генпрокуратура былай жауап берді: 7 мамыр 2004 жыл: “Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық жағдайлар анықталуда”. 6 тамыз 2004 жыл: “Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық жағдайлар анықталуда”. 9 қараша 2004 жыл: “Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр”. 8 ақпан 2005 жыл: “Айыпталушы адамдарды анықтамаған жағдайда тергеу жұмыстары уақытша тоқтатылды”. “1992 жылдан бастап біз 219 журналистердің қайтыс болуын анықтадық” дейді. Ал, 2007 жылдың 4 айында – 5 журналистердің өлімі. Не үшін Ресейде журналистерді өлтіреді. Оны осы журналистердің қандай тақырыпқа істер жүргізгендері мәлім. Вячеслав Звонарев Курск қаласының “Такт” телекомпаниясының редакторы, 1997 жылы 12 ақпанда өлтірілген, жергілікті бастықтардың үлкен коттедждер салуы туралы телебағдарлама дайындаған. Николай Мозолин “Новый Петербург” газетінің тілшісі, сол жылдың наурыз айында белгісіз біреулердің ұруынан қайтыс болды. Халықаралық балаларды асырап алу мәселесі туралы материалдар жариялады. Валерий Кривошеев Липецк қаласындағы “Комсомольская правда” газетінің меншікті тілшісі, 1997 жылдың қыркүйек айында белгісіз біреулердің қолынан қайтыс болды. Мемлекеттік лауазымды басшылардың саяжай салуын зерттеген. Анатолий Левин-Уткин “Юридический Петербург сегодня” газетінің бас редакторының көмекшісі, 1998 жылдың 24 тамызында басына зақым келтірген үшін ауруханада қайтыс болды. Газетке Санкт-Петербургтегі банктердің сыбайластығы туралы материалдар туралы жазған. Алексей Сидоров “Тольяттинское обозрение” газетінің бас редакторы 2003 жылдың 9 қазанында қылмыс пен сыбайластық туралы жазғаны үшін қаза тапты. Юрий Бугров “Провинциальный телеграф” газетінің редакторы қылмыскерлер проблемасы туралы жазған үшін 2003 жылы 30 қазанда өлтіріледі. Бірақ, құқықсақтаушылардың сөзімен барлық жағдайларда журналистердің өлімі жай қылмыстық іс ретінде қаралады. Көбінесе, милиция қызметкерлері кінәлі адамдарды таба алмай, журналистикаға мүлде байланысты емес дейді. Барлық айтулары болған оқиғадан кейін айтылады. Болған іске олар көздерін жабады. Жасалған мониторинг бойынша, барлық журналистердің өміріне қауіпті емес, тек зерттейтін, үкіметті айыптайтын журналистер ғана өлімге ұшырайды. Журналистика өмірін қақатығыс пен шиеленіс жағдайында қорғау туралы Европа Кеңесінің 15 бабына сәйкес министрлік комитеті мынандай нұсқаулар береді. БАҚ-тың азаттылығы және журналистік мамандықтың демократиялық қоғамдағы ең маңызды, әсіресе қоғамды хабарлау ісінде, өз ойларын арттырып, мемлекеттік биліктің қызметін қадағалауда өте маңызды екендігін айтады. Журналистер қоғамға ұлттық және Халықаралық құқықты бұзудағы адамдардың бейнетін көрсетіп, бұзушылық және қайғы, бейнеттерді алдын алуға көмектеседі. Олардың қоғамдағы рөлінің маңызды екенін айтады. Осындай журналистік зерттеулерде олардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіріліп, репортаж жасауға құқықтары бұзылуымен кездеседі. Журналистер өмірінің қауіпті жағдайлары әр түрлі болады, байланыс құралдарын тартып алудан батап, қорқыту, ұстау, өлтіруге дейін барады. Халықаралық адам құқығын қорғау фактілерін маңызды екенін дәлелдеп әлемдік және еуропалық көлемде журналистерді қорғау үшін Адамның құқықтарының әлемдік деклорациясы, Халықаралық азаматтық және саяси құқық факті, адамдардың құқығы бойынша Еуропалық конвенцияға сәйкес маңыздылығын айтады. Тағы айтатын жағдай, 1949 жылы 12 тамызда және 1977 жылдың 8 маусымында қабылданған Женева конвенциясының Хаттамасының 79 бабаныда айтылғандай журналистерді азаматтық тұлға ретінде қорғауға қажет. Осы міндеттер халықаралық емес әскери конференция кезінде қолданылатынын айтады. Журналистік жұмысқа әр түрлі кедергілер жасау әр жағдайларда жеке қарастырылады. БАҚ ұйымдары, кәсіптік ұйымдар және журналистердің өздері қауіпсіздіктерін сақтау керек. Шаралардың алдын алу, өзін-өзі қорғау жолдары арқылы, “Журналист” термині бұл жерде барлық БАҚ өкілдеріне келісті: хабарлар мен мәліметтер жинап, оны өңдеу мен жариялау, оның ішіне телеоператорлар, фотосуретшілер, оларды қолдайтын әріптестер, машина жүргізушілер және тілмаштар да жатады. Журналистердің қауіпсіздігін сақтау Халықаралық институтының (JNSI) директоры Родни Пиндердің айтуынша, жуналистерді өлтірген қылмыскерлерді табу туралы сұрағы шешілмегенше, өлтіру саны азаймайды. Осы маманға сәйкес әлемде мыңнан астам журналистер қаза тапты. Осындай мәліметтер (JNSI) журналистердің қауіпсіздігін сақтау Халықаралық институты баяндамада жасады. “Убить вестника” баяндамасында екі жылдық жаһанды зерттеуде, журналистер әр мемлекеттерде, бейбітшілік заманында қаза тауып жатқанын мәлімдейді. Төрт репортердың біреуі ғана соғыс жайында материал жүргізгенде қаза тапты. “657 еркек пен әйелдер өз мемлекетінің көлеңкелі жағдайын көрсетуін тырысқан кезде өлтірілген” – дейді баяндамада. Әр жағдайда қылмыскер табылмаған, БАҚ-тың қызметкерлері мен журналистерді өлтіруді зерттеу әлі қолға толық алынбағаны мәлім. Қылмыскерлердің бос жүргендігі – баяндаманың ең бірінші қорытындысы. Әр мемлекеттерде журналистерді өлтіру – ең жай, арзан және ең тиімді әдіс болып кетті. Қылмыскерлердің жасалған қылмыстан қашу саны көбейген сайын өлтіру спиралі көбейе береді. ЮНЕСКО баяғыдан бұл проблеманы шешуге қолға алды. 2003 жылдың 3 мамырында JNSI құрылған күні, оның бас директоры Киотиро Мацуура қылмыскерлерге соғыс жариялады. “Әр жағдайда журналистті қорқытып, зорлау немесе түрмеге отырғызу бұл – адамдарға қоғамдағы жақсы, жаман жақтарын көрсетуге кедергі жасау, ар-ұяттан айрылған деген, барлық азаматтар өз құқығынан түгел айрылып, өз ойларын білдіре алмайды.” Бұндай істерге қалай әсер ету керек? 2006 жылдың аяғында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 1738 журналистерді қорғау резонациясын қабылдады. Резонацияда мемлекеттердің қылмыстық істі тоқтатып, бұзушылардағы кінә болған адамдарды соттауға міндет етеді. Бірақ мына шаралар тек соғыс болып жатқан жердегі журналистерге ғана қатысы бар. Еуропа Кеңесінің Парламент ассомблеясы биыл қабылданған 1535 резонациясында мемлекет-мүшелерге журналистік өлімдерге зерттеулер жүргізуді міндеттейді. “Журналистердің өміріне қол (сұққандар) көтергендер бос жүрсе – демократия мен құқықтың басшылығы өзінің күшсіз екенін білдіреді” – дейді резонацияда. Журналистер өмірінің қауіпсіздігін көтеру мақсатында JNSI бірнеше нақты шаралар қарастырады. Бұл шаралар қабылданған 1738 резонациядағыдай оны нығайтуға пайдаланады. Мысалы, Әлемдік банк, Халықаралық валюта қоры және басқа да Халықаралық ұйымдар журналистерді өлтіру санын қаржы көмекті бағалау көрсеткіші ретінде көру керек. Дамыған елдерде мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарда өткізілетін медиа-тренингтер бағдарламасының қауіпсіздігі бойынша курстар қосылу керек. Жас журналистерді қорықпауға үйретудің амалы жоқ. Оларға өз қауіпсіздігін сақтау туралы түсіндіру керек. Бірақ көптеген мемлекеттерде мұндай қауіпсіздік сақтау курстар өткізудің кейде пайдасы жоқ дейді. Халықаралық ұйымдардың қолдауымен, оның ішінде ЮНЕСКО, Журналистердің қауіпсіздігін сақтау Халықаралық институты (JNSI) көмегімен БАҚ-да 700 қызметкерлерді 13 мемлекеттерде ақысыз осындай курстар жүргізіледі. Біреуге өз өмірінің қауіпсіздігін сақтауын міндеттеу жеңіл, бірақ бұл шешілетін жағдай емес. Біріншіден, журналистер өз өмірінің қауіпсіздігі туралы өздері ойлау керек. JNSI барлық редакцияларға өзі құрастырған қауіпсіздігін сақтау Кодексін тәртіпке алуға шақырады. Барлық жаңалық беретін команда мүшелерінің жұмысындағы қауіпсіздік жағдай жасауды жөн көреді. Редакциялар соғыс кезінде, бейбітшілік кезінде өз қызметкерлерін керекті құралдармен қамтамасыз етіп, сәйкес қауіпсіздік туралы тренингтер өткізу қажет. Сонымен қатар БАҚ-тың басшылары жұмыс уақытында психологиялық зақым, стресс алған журналистерге кәсіптік қолдау көрсете білу керек. Соңында айтатын мәселе, журналистер сапалы және тәуелсіз репортаж жасағанда қоғамның да қолдауы маңызды. Мәскеу қаласында, Пречистенка ауданының шіркеуден екі аттам жерде 2009 жылы 19 қаңтар күні “Новая газетаның” тілшісі Анастасия Бабурова мен адвокат Станислав Моркеловты өлтірді. Екеуі де жарақат алғаннан қайтыс болды. Негізгі себеп: адвокаттың қызметімен байланысты. Ол шешен қызы Эльза Кунгоеваны өлтірген үшін сотталған подполковник Будановты уақытынан ерте шығару туралы пресс-конференция жүргізген, ал тілші қызға қылмыскердің артынан жүгірген кезде оқ тиген. Қылмыскерлер өздерінің ешкімнен қорықпайтынын көрсетіп, дәл қала орталығында, бейнекамералар құрылған жерде өлтірген. Ол маскада болып, метроға қашып кеткен. Атысқанына қарағанда бұл қылмыскер қарумен пайдалануды біледі. Қазіргі күнде осы адамдарға арнап Грибоедов ескерткішінің алдында еске алу акциялары өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар қоғамдық активистер, журналистерге қарсы теоррорға қарсы келе алмайтындығына үкіметті кінәлайды. Қазір мемлекетте құқық қорғаушы немесе журналист болу – өте қауіпті. “Біз қылмыскердің атын білмейміз, бірақ кім айыпты екендігін білеміз. Ол – өз азаматтарын қорғай алмайтын мемлекет.” Осыған сәйкес акциялар Пермь, Биробиджан, Уфа, Омск қалаларында өтіп жатыр. Ал Нижний Новгород қаласында үлкен жарнама-баннер созылып жазылған “Адамдар үндемегенше, жүйе өлтіреді”, акцияны не себеппен жүргізгендері туралы ұйымдастырушылар қағаздар таратты, бірақ оқыстан милиция қызметкерлері келіп ұйымдастырушыларды қуа бастады. Сондан соң жастар басқа алаңға барып, акцияларын аяқтады. Үйсіз-күйсіз жүрген адамдарға тамақ таратты. 15-20 адам тамақтанды. Сондай-ақ акциялар Германияда, Бронденбург қақпасының алдында, Ресей елшілігінің алдында өтті. Ұйымдастырушылар өлген журналистердің (Анна Политковская, Анастасия Бабурованың) суреттерін ұстап, шам шырағын жақты. Өтіп жатқан көліктер ақырын жүре бастады. Бұл акцияның аты “Репортеры без границ” және “Халықаралық амнистия”. Акцияны өткізу себебі Политковская мен Бабурованы өлтірген қылмыскерлер әлі бостандықта жүргені. “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” Қазақстан Республикасының заңнамасы шыққаннан бері журналист кәсібінің құқығы мен мамандық қызығушылығын қорғау үшін көп шаралар атқарылып жатыр. Журналистер өз материалдарында тек шынайы мәліметтерді мамандық әдептілігіне сай жазу керек. Хабарды бекіту деген аудио және бейне жазулары. Бұл құралдармен арнайы рұқсат арқылы қолдануға болады. Бұл репортер жұмысына қиындық туғызады. Жаңа заңнама осы мәселені шешеді. Рұқсат сұрауға керегі жоқ. Қазіргі таңда журналистті диктофон және бейнекамерасыз елестету мүмкін емес. Жаңа заңнамада журналистердің хабарды алу жеңілдетті. Қазір, лауазымды адамдардан жауап алмаған себепте жоғарыдағы басшыларға, содан соң сотқа беруге мүмкіндік бар. Жаңа заңнама бойынша журналистер бірініші рет бас тарту жағдайы болса, сотқа лезде баруға құқылы. Қазақстан Республикасының Парламенті қолдайтын болса, қазақстандық қоғамның ары қарай демократтық жолға түседі. Болатын өзгерістер үкімет пен бұқаралық ақпарат құралдары еуропалық стандартқа жақын болу керек. Бірақ журналистер мемлекет алдында өздерінің міндеттерін білу керек. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. «Свет звезды. Элита отечественной журналистики» кітабы 2. «Отандық журналистика» Сағымбай Қабашұлы 3. «Қазақстан журналисінің анықтамалығы» (интернет желісі http://typo 38.unesco.org./index.phpsid=804. 98 and L=3) 4. «Жұлдыздар жорығы. Отандық журналистика таңдаулылары» кітабы 5. «Журналистика: техника безопасности» Борис Лозовский 6. «Егемен Қазақстан» газеті, 7 ақпан 2009 ж 7. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңнама 8. «Страна и мир» газеті, 15 қаңтар 2009 ж 9. «Семей таңы» газеті, 5 ақпан 2008 ж 10. СМИ и общество, Журналист №6. 15-16 бет, 2008 ж 11. «Әділ сөз» халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры 8-Дәріс. Журналистика принциптері Принциптер – журналистік қызметтің теориялық-методологиялық негізі. Шыншылдық пен объективтілік – баспасөзге қойылатын жаңа талаптар кезеңіндегі негізгі принциптер. Журналистикадағы жалпыадамзаттық принциптер: халықтығы, интернационализм, гуманизм. Баспасөздің партиялылығы туралы пікірлер. • Өз ойыңды оқырманыңа таңушы болма! Сенің міндетің ақпарат беру. Атқарушы билік сот, заң билігі мен қоғам арасындағы модераторсың, бірақ, сен қоғамға сабақ үйрететін мұғалім, қоғамды емдейтін дәрігер емессің! Сен тек қана ақпаратпен қамтамасыз ететін маман иесісің. • Дау-жанжал жайлы ақпарат таратсаң, микрофоныңды екі жаққа да теңдей ұсын! • Таратқан ақпаратың дәлелді болсын! Өздігіңнен тон пішпе! Болжам жасама! Өзіңнің не ойлайтыныңды емес, өзіңнің не білетіңді (дәлелденген, анықталған, зерттелген, көзің жеткен ақпаратты) ғана репортажыңа енгіз. • Бір ақпарат алсаң, оны екінші, тіпті реті келсе, үшінші ақпарат көзінен тексеріп ал! • Тексерілмеген ақпаратты жазушы болма! • Скептик бол! Таратылған ақпаратқа бірден сенудің орнына, күдікпен қара! Бәлкім, ақпараттың сыртында бір нәрсе жасырынып тұрған шығар!!! • Ұялшақтықты ұмыт! o Ақпаратқа әуестік немесе кез келген нәрсені білгісі келетін қасиет журналистік зерттеулерге мұрындық болады. o Төзімділік – сіздің алдыңыздағы есік жабылып, ақпараттан құр қалдырған кезде қажет қасиет. o Скептик болуыңыз – ақпаратты жан жақты талдауға көмектеседі. Толық картинаға көз жеткізбейінше, әртүрлі ақпарат көздерін қопарудан жалықтырмайды. Естіген нәрсе түгілі, көзбен көрген нәрсенің өзін толық зерттемейінше тыным таптырмайтын қасиет. «Ақпаратты – өсек-аяң (тексерілмеген ақпарат), пікір (әлдебір адамның әлдекім нәрсе жайлы ойлауы), ресми ақпараттан айыра біл. Сен сол үшін де журналиссің», дейді Маргарэт Фрини. Жаңалық – жұртшылықтың назарын аударатын, қызықтыратын және пайдалы мәлімет. Жұртшылыққа сіздің таныстарыңыз достарыңыз, отбасыңыз да жатады. Олар газет оқымауы мүмкін. Бірақ теледидардан жаңалық қарай қалса, не нәрсеге ерекше қадалады? 1. Баршаға танымал адамға қатысты жаңалық 2. Сирек, біртүрлі немесе төтенше оқиғалар. 3. Қылмыс хроникасы. 4. Көпшіліктің мүддесіне тікелей қатысты проблема (мысалы, метро, айналма жолдар, жаңа заңдар мен шешімдер). 5. Адам сезіміне әсер ететін жағдайлар (мәселен, ерекше тағдыр). Кез келген жаңалық қандай да бір оқиға туралы болады. Демек, біз осыған қарап, жақсы жазылған жаңалықтың критерилерін шамалап айтуымызға болады. 1. Оқиғаға қанықтығы 2. Дәйектілігі, деректілігі 3. Логикалық тізбекпен тарқатылуы 4. Дәлдігі. Шартты түрде жаңалықты бірнеше түрге, мысалы, ресми, экономикалық, спорт, мәдени, қылмыс тақырыбындағы жаңалықтар деп бөлуге болады. Жаңалық жазу үшін бізге ақпарат керек! Ал кез келген ақпарат фактілерге жүгінуі тиіс. Журналист үшін жаңалықты ғана айтып қою аз – бұл базардағы өсек сияқты. Америкалық журналист Чарльз Райз жаңалықтың не екеніне мынадай түсіндірме береді. Ақпарат немесе жаңалық: - Оқырманыңа қызықты, - Оқырманыңа әсер ететіндей күші бар, - Оқырманыңа бірнәрсе жайлы айтатын дүние. Батыс журналистикасы оқиға туралы жаңалықты жазарда, репортер «журналистиканың негізгі сауалдары» деп танылатын сіздерге белгілі алты сауалға жауап беруі тиіс деп есептейді. «Бес W бір H» деп аталатын кәсіби жаргонды Редьярд Киплинг деген ағылшын енгізген делінеді. Себебі ағылшын тілінде сол алты сауалдың бесеуі W әрпінен басталады. Олар сіздерге таныс, яғни; 1. Who – кім? 2. What – не? 3. When – қашан? 4. Where – қай жерде? 5. Why – неге, не үшін? 6. How – қалай? Жаңалықты жазу үшін осы алты сауалға жауап алынды делік. Енді жаңалықтағы оқиғаны қандай тізбекпен өрбітуі керектігін анықтауымыз керек. Егер бәрі түсінікті болса, жаңалықты жазуға кірісуге болады. Және біз жаңалықты кіріспе (кейде оны лид деп те атайды) жазудан бастауымыз керек. Лид – қарапайым да түсінікті жазылған ең бірінші, не алғашқы екі сөйлем. Лидтің мақсаты – оқырман назарын баурап алу, онда «мақаланы оқиыншы» деген ынта ояту. Лидте оқырманға мақалада не күтіп тұрғаны туралы хабар беріледі. Сіздің жазған мақалаңыздың алғашқы жолы осы жаңалықты оқырманға «сатуы» керек. Ол қысқа да нұсқа болуы, «екпінді» түрде «ондыққа тиуі» тиіс. Блог сөзі «сайттар туралы есеп» деген түсініктен (web-log) алынған сөз. Бұл кері хронологиялық тәртіппен жазылған үздіксіз жазбалар лентасы дегенді білдіреді. Оны бір пайдаланушы, яғни, блоггер жүргізіп отырады. Белгілі бір блог-сервиске тіркелген блоггер тұтыну келісімшарты негізінде жұмыс істейді. Жазба лентасын жазу қиын емес: алдымен веб-пішін (редактор панелі бар терезе), оған мәтін жазылып, сілтемелер, бейне-фотосуреттер салынады. Кейін осының бәрі интернетке жарияланады. Блогты пайдаланушы қалауына қарай әр жазбаның астына пікір жаза алады. Пікірді бүркеншік атпен немесе өзге блоггерлердің атынан беруге болады. Екі миллионнан астам блоггер (блогты жүргізуші) оқиға орнына ресми тілшілерден бұрын барып, ақпаратты елден бұрын таратып отырады. Олар барлық салада, барлық жерде жұмыс істеп машықтанған сарапшылар сияқты. Блогтардан еш жерден, тіпті Интернеттен де табылмайтын қызықты дүниелерді табуға болады. Соңғы кезде біздің ҚазНет (негізінен Мегалайн-Хит тарифі пайда болғаннан кейін) үлкен қарқынмен дамып келеді. Соған сәйкес блогтар да, кез- келген адам пайдалана алатын осы ақпарат ортасының да асқан жылдамдықпен алға ілгерілеуі мүмкін. Бірақ біз орыс тілді блоггер Рунетке тоқталғанымыз жөн шығар. Блоггер ресейлік компанияларға тиесілі. Сонымен қатар әр блоггердің жеке френд-тізбегі болады. Бұл өзі оқығысы келетін блоггерлер тізімі. Ол да кері хронологиялық тәртіппен орналастырылады. Сол арқылы әрбір пайдаланушы өзін қызықтырған топтамаларды оқи алады. Көріп отырғандарыңыздай, блог жүргізудің қиындығы жоқ. Оның тиімді жағы да бар. Өйткені: 1. Блогты жүргізу үшін компьютерді егжей-тегжейлі білудің қажеті жоқ 2. Ұсынылатын сервистердің басым көпшілігі тегін жұмыс істейді 3. Қазіргі блог-сервистер барлық саланы қамтиды. Одан Шумер тарихына қызығатындардан бастап, «Ласковый Май» тобының фанаттарына дейін өз іздегенін таба алады. Біздің заманымызда өз көзқарасыңды әсіресе, саяси көзқарасыңды білдіру қиын. Ал, ондай ойларды блогтарға емін-еркін түсіруге болады. Сондықтан, блогтарда бүгінгі өмір шындығы түгел бейнеленеді десек те болады. Ендеше, блогтар – барлық әлеуметтік топтар мен ағым өкілдерінің пікірлесу алаңы болып табылады. Көптеген факторларға байланысты блогтар бірнеше түрге бөлінеді: 1. Автор санына қарай ▪ Жекеше ▪ Топтық 2. Тегіне қарай ▪ Жеке меншік 3. Орналасқан жеріне қарай ▪ Блог платформа ▪ Stand-alone блогы Блогтар бірінші кезекте жеке күнделік қызметін атқарады. Бірақ, көптеген адамдар оны жеке пиар, саяси үгіт-насихат, хабарландыру тақтасы, ғылыми пікірталас пен кәсіби кеңес алаңы ретінде пайдаланады. Негізгі түсініктер: Пост – блогқа жазу Блоггер – блогты жүргізетін адам Френд – сіздің оқу үшін жазылған блоггеріңіз Блог-сервис немесе блог-платформа – блогтар орналастыратын сайт. 2008 жылдың көктемінде әлеуметтік желілерді 45 млн адам пайдаланған; ал, 2007 жылдың басында тұтынушылар саны 3 миллионға жуық қана болатын; яғни, әлеуметтік блогтарды пайдаланушылар саны бір жылда 15 есе артқан. Интернетті ұялы телефондар мен смартфондар арқылы пайдалану мүмкіндігі артты. Зерттеулердің қай-қайсысы да интернетті үйде отырып пайдалану мүмкіндігінің артқанын дәлелдеп береді. Мәселен, 2001-2007 жылдар аралығында Интернетті үйде пайдаланушылар саны 9,5 есе, ал офисте қолдану тек қана 3,5 есеге артқан. Зерттеулерге сәйкес, Ресейде интернет- тұтынушыларының 27%-ға жуығы блогтарды оқиды екен. Ал, Қазақстанда бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен. Өйткені, блогтар онша беделді емес және Интернетке деген қызығушылық аз. Журналистиканың қоғамды шынайы, тексерілген ақпаратпен қамтамасыз ететін функциядан гөрі, ақыл айтушы, жөн сілтеуші, қолдағы ақпараттан субъективті түрде қорытынды жасаушы қызметін мықтап тұрып қолға алуын ең алдымен Кеңес Одағы идеологиясынан қалған әдет десек, қателеспеппіз. Адамдардың өздігінен ойлауын, өзіндік позицияға ие болуын қажет деп таппаған жүйе барлығын да бақылауда ұстаған болса, журналистикасы да сол жүйеге сай қалыптасқан. Батыс журналистикасында журналист өзі жеткізіп тұрған ақпараттың салмағын, сөздің құдіретін жете түсінеді. Әр ақпарат немесе мақала Кім, Не, Қайда, Қашан, Неге және Қалай деген сауалдарға жауап беруі керек. Сонда ғана, оның мақаласы толыққанды болып шығады. Жаңалық дегеніміз өзінше бөлек жанр ретінде қызық. Жаңалық дегеніміз кез келген мақаланың да, сұхбаттың да құрамдас бөлігі. Сондықтан, журналист жаңалық жаза алатын болса, ол басқа да жанрларда сауатты да, кәсіби шеберлік таныта алады. Жаңалық жазу үшін бізге ақпарат керек! Ал кез келген ақпарат фактілерге жүгінуі тиіс. Қазіргі заманғы техникалық блогтар мәтіндерді ғана емес, интернетке дыбыстық файлдар мен бейне жазбаларды да орналастыруға мүмкіндік береді. Бірақ, блогтың мазмұны қандай болатынын пайдаланушының өзі таңдайды. Жалпы, блог-сферада өзіңді биязы ұстаған жөн. Онда атыңның құпиялығына, жазадан құтылып кетуге болады деп үміттенудің қажеті жоқ. Интернетте жазылғанның бәрі сақталып қалады. Бақылау сұрақтары: 1.Принцип сөзінің мағынасы 2.Журналистика пинципі неше түрде қалыптасқан? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики.М:1989 2. Елеукенов Ш.Р. Кітаптану негіздері. А.,1999 3. Ворошилов В.В. Журналистика. Учебник-СПб.:1999 4. Б.Жақып Публицистиканың шығармашылық негіздері 5. Б.К.Барманкулов Телевидение: деньги или власть. А.,1998 9-Дәріс. Баспасөз бен журналистік қызметтің бостандығы ХІХ-ХХғғ аралығында Европа мен Америкада еңбекшілердің көңіл ауанын басқа жаққа аудару мақсатынтымен үстемтап түрлі айла-шаралар болды. Демократтар соны байқап журналистердің кәсіптік этникасына байланысты кодекстер болды.Кейінірек, яғни 20ж көптеген елдердің журналистік корпарациялары ондай кодекстерді ақыры қабылдады. І-ші жазған кодекс 1818ж қабылдады.Ол француз журналистикасының әдептілік хартиясы деп аталады.Демек әдептің хартиясы аса құнды құжат болып табылады. 20ж әр түрлі баспслар мен журналистер ұйымдарының инциативасы бойынша халықаралық журналистер ұйымының кездесулері жиі-жиі өткізілді.Олардың бірі 1921ж Гонолуну қаласында өтті.Онда Американың Джеймс Броун халықаралық журналистер этикасының тәртібін қабылдау жөнінде ұсыныс білдірді.Ол «этика кодекстері және журналистикалық практиканың нормалары» деп аталады.Бұл идеяны қолдау арқылы Швеция, Бразилия, Финляндия сияқты елдер журналистік кәсіп этникасының нормаларын жасады. 1923ж Америкада «журнализм канондары» деп аталатын кодекс пайда болды.Оны қабылдаған Американдық басылымдар редактордың қауымдастығы «ассоциация» журнализм канонының әлі күнге дейін Америкада өмір сүріп келеді. 1 Баспасөз қоғамның немесе жартылай қоғамның иниституты.Оның басты мақсаты оқырмандарға дұрыс мағұлмат беру, үкілеп бақылап отыру. 2Баспасөз әр кімнің игілігі және әркім газет шығаруға ерікті. 3Баспасөз органдары бақылауда. 4Ғайбаттап жазыуға болмайды. 5Хабар-ошарлар, дерек , мәліметтерді бұрмалау, жалпы адамзат, ізгілік нормаларынан шықпау. 6Өзіңді ыңғайсыз жағдайға қалдыратын болса да 7Ешкімнен ештеңе дәметпеу. 8Ағаттық, қателіктер болса түзеу. 9Демократиялық инструсиялар мен маральдің принциптерін сақтап, құрметтеу. Этика деген де-ең бірінші шындық, ақиқатқа қол жеткізу деген ұғымдар алға тартады.Ал шыншылдық деген өзі сөз бостандығы, баспасөздің БАҚ-ның тәуелсіздігі. Экономист және нобель силығының лауреаты Ашартинаннің сөзіне қарағанда «Егер адамдар қоғамдар не болып жатқанын білмесе, өздерін басқаратындардың әрекеттері жасырын болса, қоғам мен мемілекет істеріне қажырлықпен қатыса алады.Ақпарат азаматтарға жай ғана керек емес, ол сондай-ақ демократиялық үкіметтің мағызды сипаттамасы.Нашар үкмет, аман қалу үшін қушылықты қажет етеді.Қушылық мемлекеттік билік қызметінің тиімділігін арттырмайды және жемқорлықтың гүлденуіне септігін тигізеді»-дейді. ОБЕС-нің халықаралық қағидаларында былай деген «Заңнаманың ең жоғарғы мақсаты іс жүзінде ақпараттың ашықтылығын іске асыру болып табылады сөз бостандығы – рухани бостандықтың қайнар бұлағы» Бақылау сұрақтары: 1. Журналистиканың жоғарғы нәтижелілігі деген не? 2. Кәсіптік этникаға байланысты кодекстер алғаш қай елде пайда болды? 3. Нәтижеліліктің түрлері дегенді қалай түсінесіз? 4.Нәтижелікке жету жолдары 5.Журналистика тиімділігін арттырудың қандай түрлері бар? 6.Журналистиканың пәрменділігін неден көруге болады? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Амандосов Т.С. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. А.,1978 2. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары, Алматы 2004 3. Нургожина Ш.И. Введение в журналистику: учебное пособие.–Алматы:Қазақ университеті,2001 10-Дәріс. Журналистік қызметтің нәтижелік проблемалары Журналистиканың жоғарғы нәтижелілігі. Журналистиканың тиімділігі мен пәрменділігі туралы түсінік. Нәтижеліліктің өлшемдері. Нәтижеліліктің екі түрі. Журналистиканың қызмет ету проблемалары. Журналистік қызметтік нәтижелік проблемалары. Журналистиканың жоғарғы нәтижелілігі. Журналистиканың тиімділігі мен пәрменділігі туралы түсінік. Нәтижеліліктің өлшемдері. Нәтижеліліктің екі түрі. Журналистиканың қызмет ету проблемалары. Баспасөз бостандығы журналистің құқықтары мен міндеттері және әдеп әлемі. ХІХ-ХХғғ аралығында Европа мен Америкада еңбекшілердің көңіл ауанын басқа жаққа аудару мақсатынтымен үстемтап түрлі айла-шаралар болды. Демократтар соны байқап журналистердің кәсіптік этникасына байланысты кодекстер болды.Кейінірек, яғни 20ж көптеген елдердің журналистік корпарациялары ондай кодекстерді ақыры қабылдады. І-ші жазған кодекс 1818ж қабылдады.Ол француз журналистикасының әдептілік хартиясы деп аталады.Демек әдептің хартиясы аса құнды құжат болып табылады. 20ж әр түрлі баспслар мен журналистер ұйымдарының инциативасы бойынша халықаралық журналистер ұйымының кездесулері жиі-жиі өткізілді.Олардың бірі 1921ж Гонолуну қаласында өтті.Онда Американың Джеймс Броун халықаралық журналистер этикасының тәртібін қабылдау жөнінде ұсыныс білдірді.Ол «этика кодекстері және журналистикалық практиканың нормалары» деп аталады.Бұл идеяны қолдау арқылы Швеция, Бразилия, Финляндия сияқты елдер журналистік кәсіп этникасының нормаларын жасады. 1923ж Америкада «журнализм канондары» деп аталатын кодекс пайда болды.Оны қабылдаған Американдық басылымдар редактордың қауымдастығы «ассоциация» журнализм канонының әлі күнге дейін Америкада өмір сүріп келеді. 1. Баспасөз қоғамның немесе жартылай қоғамның иниституты.Оның басты мақсаты оқырмандарға дұрыс мағұлмат беру, үкілеп бақылап отыру. 2. Баспасөз әр кімнің игілігі және әркім газет шығаруға ерікті. 3. Баспасөз органдары бақылауда. 4. Ғайбаттап жазыуға болмайды. 5. Хабар-ошарлар, дерек , мәліметтерді бұрмалау, жалпы адамзат, ізгілік нормаларынан шықпау. 6. Өзіңді ыңғайсыз жағдайға қалдыратын болса да 7. Ешкімнен ештеңе дәметпеу. 8. Ағаттық, қателіктер болса түзеу. 9. Демократиялық инструсиялар мен маральдің принциптерін сақтап, құрметтеу. Этика деген де-ең бірінші шындық, ақиқатқа қол жеткізу деген ұғымдар алға тартады.Ал шыншылдық деген өзі сөз бостандығы, баспасөздің БАҚ-ның тәуелсіздігі. Экономист және нобель силығының лауреаты Ашартинаннің сөзіне қарағанда «Егер адамдар қоғамдар не болып жатқанын білмесе, өздерін басқаратындардың әрекеттері жасырын болса, қоғам мен мемілекет істеріне қажырлықпен қатыса алады.Ақпарат азаматтарға жай ғана керек емес, ол сондай-ақ демократиялық үкіметтің мағызды сипаттамасы.Нашар үкмет, аман қалу үшін қушылықты қажет етеді.Қушылық мемлекеттік билік қызметінің тиімділігін арттырмайды және жемқорлықтың гүлденуіне септігін тигізеді»-дейді. ОБЕС-нің халықаралық қағидаларында былай деген «Заңнаманың ең жоғарғы мақсаты іс жүзінде ақпараттың ашықтылығын іске асыру болып табылады сөз бостандығы – рухани бостандықтың қайнар бұлағы» Журналистика: авторлық құқық және әдеп әлемі. Авто-гректің «өзін» деген сөзінен шыққан.Авторлық құқық дегеніміз- шығармаларды пайдалану тәртібін реттеуге арналған құқық рәміздердің жиынтығы. Авторлық құқық қызметі: авторлық шарт, авторлық қаламақы(ганарар), авторлық құқық, авторлық куәлік болып бір неше салаға бөлінеді. Авторлық шарт дегеніміз- автор мен немесе мүрагерлермен баспа арасындағы өзара шарт.Келісім шарт жазбаша түрде болады. Авторлық шарттың 2түрі бар: 1Шығарманы пайдалануға беретіні туралы. 2Авторлық рұқсатнама. 1-де автордың шығармашылығына қол тимейді, яғни өңделмейді, қортындыланбайды. 2-де радлоинсинировка, киноинсинировка жасау үшін автордан рұхсат сұрайды. Авторлық қаламақы: авторлық қаламақы мөлшерін республикалық өкмет белгілейді.Егер заңда қаламақы мөлшері белгіленбесе онда шартта көрсетілген мөлшермен төленеді. Шығармаларды пайдалану тәртібін реттеуге арналған құқық рәсімдерінің жиынтығы пайда болады.Мысалы: автор қайтыс болса, оның шығармасы 25 жылдан кейін мемлекет қарауына өткізіледі.Автор келісімінсіз оның шығармасына өзгерістер енгізуге толықтырулар, илюстрациялар жасауға рұхсат етілмейді. Авторлық куәлік: бұл өнертабыс иесіне автор өзінің авторлық құқын осы куәлік арқылы қорғайды. 1996ж (ВААП) ҚР-ң авторлық және сабақтас құқықтар жөнінде мем лекеттік агентік болып өзгреді.Авторды қорғайтын авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заң. Агенттіктің міндеті, мақсаты айналып келгенде көзді, көзі жоқ қаламгерлер мен өнер адамының қаламақы, еңбекақыларын қадағалау соңғы кездегі ақын жазушылардың шығармашылығын тегін орындап сахнаға шығып жүргендер, сондай-ақ компазиторлар әндерін таспаға түсіріп т.т көбейтіп кетті.Олардың біразы ұсталып авторлық құқық заңдылық арқылы шара қолданып баспасөз беттеріне жазыла бастады. Бақылау сұрақтары: 1.Шығармаларды пайдалану тәртібі 2.Авторлық құқық және әдеп әлемі 3. Авторлық қаламақы Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики.М:1989 2. Елеукенов Ш.Р. Кітаптану негіздері. А.,1999 3. Ворошилов В.В. Журналистика. Учебник-СПб.:1999 4. Б.Жақып Публицистиканың шығармашылық негіздері 5. Б.К.Барманкулов Телевидение: деньги или власть. А.,1998 11 -Дәріс. БАҚ жүйесі мен типологиясы Журналистика – шығармашылық қызметтің саласы. БАҚ аудиториясы: қалыптасуы мен үйретудің проблемалары. БАҚ аудиториясы. Бұқаралық ақпарат процестерінің әлеуметтік- психологиялық проблемалары. БАҚ аудиториясының талап-тілектері мен қажеттіліктері. Аудитория мүддесін білудің пішіні мен әдісі журналистика тиімділігін арттырудың факторы. БАҚ жүйесі мен типологиясы. БАҚ-ң жіктелісі. Қазақстан БАҚ жүйесі. Баспасөз. Газет-журналдар. Кітап баспалары. Ақпарат агенттіктері. Баспасөз қызметі. Баспасөз орталықтары. Электронды ақпарат құралдары. Радиохабар. Теледидар. Интернет. Электронды газеттер. Электорнды журналдар. Журналистік қызметті ұйымдастыру. Журналистік қызметтің түрлері. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет.Ұйымдаструшылық қызмет. Публицистік қызмет. Журналист шығармашылығының түрлері. Журналистика – шығармашылық қызметтің саласы. Журналистік қызметте кездесетін объективті және субъективті факторлардың бірлігі. Шығармашылық ұжым. Еңбек бөлінісі және ұжымдық шығармашылық. Публицистика – журналистикадағы шығармашылықтың негізгі түрі. Журналистикадағы ғылыми және әдеби шығармашылық. Журналистік шеберлік. Теледидар – еш жерде аялдауға, артыңа қайырылып қарайлауға мүмкіншілік қалдырмайды. Мұның өзі тележүргізушілерге айрықша жауапкершілік жүктейді. Шет ел хабарларындағы жүргізушінің орны осындай жағдайларға байланысты айрықша жауапты болып келеді. Олардың қоғамдық пікірді қалыптастырудағы ерекше рөлі президент пен премьердің, небір өнер жұлдыздарының, небір спорт саңлақтарының күн сайын жұрт алдына шығатын осынау телевизиялық тұлғалармен санасуына мәжбүр етеді. Оның себебіне үңілетін болсақ, тележүргізушінің үлкен саясаткер, білікті экономист, кемел заңгер, сонымен қатар қарапайым көрерменге әбден түсінікті адам бола алатынын көреміз. Бұл тұрғыдағы мықты тележүргізушілер Мәскеудің телевизиялық каналдарында да, Санкт – Петербургтің телеарналарында да көптеп кездеседі. Любимов пен Невзоровтың, Позднер мен Сагалаевтың, Молчанов пен Якубовичтің және басқаларының есімдерін бедел рейтінгіне салатын болсақ, Ресейлік көрермендер оларды мемлекет басшыларымен партия жетекшілерінен кейін қоймасы анық. Өйткені, елдегі барлық мәселелер мен жаңалықтар, басшылар мен жетекшілердің іс - әрекеттері көрермендерге нақ сол тележүргізушінің көзқарасы арқылы жетіп жатады. Телехабардағы жүргізушілерді әрбір елде әрқалай атайды. Мәселен, Германияда олардың «Модератор», АҚШ – та «Шоумен», Англияда «Энкормен» деген есімдері теледидар көрермендеріне жақсы таныс. Энкорь сөзінің түбірі «Якорь» (зәкір). Ол хабардың барлық тыныс – тіршілігін қолында ұстаушы, соған бақылау жасаушы. Шет елде «Шоумен», «Энкормендердің» жүргізушілік даралығы, шеберлік қарымы, алымдылығы мен шалымдылығы жүз миллиондаған көрермендердің көз алдында тікелей өтіп жатады. «Энкормендер» - теледидардың қоғамға, халыққа әсер етуінде теңдесі жоқ ерекше, зор құбылыс «СИ-БИ-ЭС» - тің жаңалықтар қызметіндегі Дэн Рауер «энкормендердің» немесе «тележұлдыздардың» бірі. 1984 жылы Разердің жылдық табысы 2,2 миллион долларды құраса, 1990 жылы бұл көрсеткіш 4 миллионға немесе аптасына 76 мың долларға жеткен. Дэн – аса талантты, қарымды, өткір тұлға. Ол өзі жүргізетін әрбір хабарға мұқият дайындала, оны қызғылықты жайлармен әрлей, өте тартымды, аса тартысты жүргізеді. Тікелей оқиға өтіп жатқан «отты нүктелерден» репортаж бере отырып, әлем таныған ірі айтулы тұлғалармен экранда бетпе – бет келіп, азулы айтысқа түседі. Білімі мен біліктілігін, таланты мен интеллектуалын әрбір хабарда соңына дейін сарқа пайдаланады. Шындығында, бағдарлама жүргізушісі болу аса ауыр, әрі азапты жұмыс. Күн сайын әрбір қимылың мен сөзіңді, ақыл – ойың мен парасат – пайымыңды қалт жібермей қадағалап, таразылап, ой - өлшеміңе баға беріп жатады. БАҚ-ның ең бірінші пайда болған түрі. Баспа-дегеніміз кітап, газет- журнал, плакат, брашура т.б. баспа өнімдерін шығаратын мемлекеттік мекемелер. Қазақстанда кітап шығару 1932ж. бастап шығады. Ал, бұған дейін қазақ тіліндегі кітаптар Қазан, Санкт-Петербург, Ташкент, Мәскеуде басылып шығарылды. 1918ж. Батыс Қазақстандағы Орда қаласында баспа бөлімі құрылып, онда қазақ және орыс тілінде газет-журналдар, листовкалар, кітапшалар, үндеулер болып табылады. Қазақ автономиялы республикасы құрылғаннан кейін 1920ж. 3 қарашадаЕжелгі Інжіл,Таурат т.б. кітаптардың дүниеге келуі. Қазақстандағы кітап басу ісінің қалыптасып, дамуы. Баспа кітаптың маңыздылығы. Қазіргі жекеменшік кітап баспаларының өнімділігі. Кітап саудасы. ХҮ ғ. Қолжазба кітаптар. Біздің қоғамымыздағы аса зор рөл атақаратын БАҚ. әсіресе бүгінгі таңда оның қызметі алдыңғы орында. Себебі, тікелей мемлекет ісіне қатысты маңызды мәселелерді талқылап, күн сайын бұқараға жеткізіп отырғаны бір болса, екінші бір жағынан алып қарайтын себебіміз сол қоғамымыздағы өзекті проблемалардың барлығын талқылай келе оның жауабын шығарып, жүзеге асуына, проблемадан шығудың жолдарын қарастырып қоймай, яғни оның тікелей қолдаушысы бола алатыны оның пәрменділігін аңғартады. Ақпарат құралдары әрқайсысы ір кезде дүниеге келген. Міне осы ір кезде қалыптасқан, дамыған БАҚ ты біз біртұтас жүйе ретінде қарастырамыз. Оларға: газет, журнал, кітап баспалары, теледидар, радио, ақпарат агенттіктері жатады. Миллиондаған газеттер күн сайын оқырман қолына түседі, жүздеген радиостанциялар толық эфирді жаулап алып, әлемнің түпкір түпкірінен хабарлар жеткізеді. Осыдан ақ БАҚ бүгінгі таңда атқарып отырған қызметінің орасан зор екенін аңғартпақ. Қоғамда әртүрлә көзқарастар болады. Олардың біреулері журналистиканың белсенділігін, кемшілігін ашық сынайды, қолдайды да. Тағы бір тобы олардың жұмыстарына қанағаттанбайтынын байқатады. Үшіншіден; газет журнал, телерадио хабарының жаңаша бет бейнесіне өз көзқарасын ашық білдіретін, болып жатқан өзгерістерді, сабырлықпен сырттай бақылайды. Еліміз егемендік алғаннан кейін тоталитарлық кезеңдегі БАҚ тың міндеті қоғамдағы экономикалық саяси және рухани мәселелер БАҚ та толық қамтыла бастады. Енді осы газетжурналдарға және басқа да БАҚ тың қоғам өмірінде алатын орнына анықтама берелі; Бірінші сөз ететініміз газеттер. Жалпы БАҚ тың үлкен бір саласы газет, журнал радио, теледидар, телефон. Газеттің бет бейнесін айқындайтын факторлар; а) газеттің шығарушысы, құрылымы б) оның әлеуметтік мақсат мүддесі в) қандай аудиторияға лайықталғандығы сондай ақ газеттер: қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттер мен ведомостволардың, шығармашылық одақтардың кооперативтер мен акционерлік қоғам органдары ретінде шығарылып, түрлерге бөлінеді. Газет өзінің шығарылу мерзіміне қарай а) ертеңгілік б) кешкілік болып бөлінеді. Газеттің төменгі буыны деп көп тиражды, қабырға газеттерін атайды. Қазір апталық газеттер мен қосымшалар шығарыла бастады. Газеттің тиімдігі мен әсерлілігі олардың сапасын анықтайды. Қазір қазақстан журналистикасы ерекше қызықты әрі күрделі құбылыс. Онда жетпіс жыл бойы қызмет еткен кеңес журналистикасының дәстүрлері бар. Сонымен қатар Қазақстан журналистикасында БАҚ туралы қабылданған екі заңға байланысты журналистік қызметтің қазіргі тенденциялары айқындалып, қазақ баспасөзінің қайта жаңғырған ұлттық дістүрлері көрініс табуда. Қазақстан журналистика ғылымының үлкен тарихы бар, ол зерттеудің ғылыми бағыттарын қалыптастырды, ғылыми ізденістердің негізін қалады. Курстың теориялық және методологиялық негізін құрайтын ҚР БАҚ тың ақпараттық талдамалы материалдары, ҚР ның БАҚ туралы заңы журналистика мектебінің әр түрлі өкілдерінің еңбектері. Қазақстан журналистика ғылымының мектебі коммунистік журналистика институты құрылған 1934 жылдан бастау алады. Института Қазақстан тарихының белгілі қайраткерлері дәріс оқыған. Олардың арасында С.Мұқанов, С.Асфендияров, С.Сейфуллин т.б. болды. ҚазМҰУ де филология факультетінде журналистика бөлімі, кейіннен факультет болып құрылған оқу орнында Қазақстанның журналистика тәжірибесінің барлық сферасында қызмет жасайтын ғылыми зерттеулер айрықша бағыт болып қалыптасты. Осы сферадағы ғылыми ізденістердің бүгінгі күні де негізгісі болып табылады. Кеңестік журналистика ғылымы кезінде Мәскеу мемлекеттік университетінің ғылыми мектебінің айтарлықтай ықпалы зор болды. Себебі ғылыми және методологиялық орталық Мәскеуде болғандықтан жоғары журналистік білім Мәскеу университетінің ғалымдары дайындаған принциптерге негізделді. Сондықтан Қазақстан үшін де журналистика теориясының негізі болып өала бермек, Қазақ журналистикасы тарихын оқытудың негізін қалаған Қазақстан ғылымының ,алымдары, журналистика факультетінде қызмет еткен Х.Бекхожин, Т.Амандосов, Т.Қожакеев, М.Арғынбаев, Ш.Елеукенов, Ә.Ыдырысов болды. Журналистика ғылымының әр түрлі саласында зерттеу жасаған ғалым профессорллар М.Барманқұлов, С.Қозыбаев, Н.Омашевтардың еңбектері өз жалғасын табуда. Қазіргі қазақ журналистикасы белгілі бір бағытта зерттеу жасап қана қоймай, жаға аралас ғылымаралық және пәнаралық зерттеулер жасауда. Адамзат қызметінің барлық түріне журналистика ықпалының артуына байланысты көптеген зерттеулер еліміздің БАҚ бейнеленген мемлекет ішіндегі саяси экономикалық әлеуметтік қоғамдық процестерге арналуда. Соңғы он жылдағы зерттеулердің бірқатары республиканың егемендігі мен тәуелсіздігіне байланысты. Қазақстан ақпарат кеңістігінде пайда болған БАҚ ның қызмет етуі мен ұйымдастыруының жаңа пішіндеріне арналды. Нарық заманы кеңістігіне де жаңа үрдіс пен жаңа екпін ала келді. Көптеген зерттеушілердің ғылыми еңбектерінде БАҚ болып саналатын мерзімді баспасөз, радио, телевизия мәселелеріне біршама назар аударғанмен, оларға материал әзірлеумен айналысатын ақпарат агенттіктері жөнінде аса көп айта қоймаған. Бұл бір жағынан ақпарат жұмысының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болса керек, дегенмен ақпарат кеңістігіне олардың өзіндік орны бар екендігі даусыз. Ақпарат агенттіктері өз материалдарын бір уақытта барлық БАҚ-қа бірдей етіп әзірлейді., жұмыстағы басты нәрсе, нақтылық пен шапшаңдылық. Ақпарат агенттігі таспаның «күн тәртібін» құрған кезде ақпарат агенттігі журналистері қандай қағидаларға сүйенетіндігін саралап көрелік: 1. Басты назар таспаның сауатты түрде құрылуына аударылады; таспаға түсетін материалдар да қозғалған тақырыпты спецификалық тұрғыдан алғанда білімді журналистің жазғандығына баса назар аударылады. Бақылау сұрақтары: 1.Ақпарат агенттіктерінің рольі 2.Әлемдік ірі ақпарат агенттіктері 3.Қазақстанның ақпарат агенттіктері ақпарат тарату аймағы 4.Газет өзінің шығарылу мерзіміне қарай неше түрге бөлінеді? 5.Қазақстан журналистикасы қазіргі бет –бейнесі 6.Қолжазба кітап деген не? 7.Алғашқы баспаханалар 8.БАҚ жүйесі мен типологиясы 9.Газет-журналдар 10.Теледидар, Радиохабар, Интернет, Электронды газеттер Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Амандосов Т.С. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. А.,1978 2. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары, Алматы 2004 3. Нургожина Ш.И. Введение в журналистику: учебное пособие.–Алматы:Қазақ университеті,2001 12- Дәріс. Журналистік қызметті ұйымдастыру Журналистік қызметті ұйымдастыру. Журналистік қызметтің түрлері. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет.Ұйымдаструшылық қызмет. Публицистік қызмет. Журналист шығармашылығының түрлері. Журналистер де жазушылар секілді шығармашылықпен айналысатын болғандықтан, көп жағдайда бір – біріне ұқсас процестер бастан өтіп жатады. Творчество – шығарма жасау, шығарма туғызу, шығармашылыққа байланысты ұғым болса, «творчестволық лаборатория» ұғымы ХІХ ғасырда орыс әдебиеттануында ғылыми айналымға енген термин ретінде қабылданды. Міне, содан бері осы атау өмірде үзбей қолданылып келеді. Онымен қоймай, бұл сөздер журналистика саласында да жиі қолданыла бастады. Мұның өзі, әрине, заңды нәрсе еді, өйткені журналистің де еңбегі туралы осылай айтуға толық мүмкіндік береді. Сондықтан, журналистің «творчестволық лабораториясы» (шығармашылық шеберханасы) деген ұғымдағы сөз тіркестерін қолдануды ғылыми ортада жатсынбай, қайта өмірдің қажеттілігі ретінде өзінен - өзі қалыптасып келеді. Егер қазақ журналистикасының тарихына үңілсек, жалпы публицистиканың дамуына назар аударсақ көп жайды аңғаруға болады. Ал мұның бәрі өздігінен болған нәрсе емес, қайта көптеген тұлғаларымыздың басқа да елдердегі секілді, қазақ журналистикасының негізін салып кеткеніне байланысты өткен ғасырдағы Шоқанның «Жоңғария очерктерінен» бастап, Абай мен Ыбырай еңбектеріндегі публицистикалық сарындар мен элементтер қазақ журналистикасының бастау бұлақтары десе де болады. одан соң мерзімді басылым ретінде дүниеге келген «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты» газеттерінің, «Шолпан», «Сана», «Садақ» журналдарының атқарған рөлі қалай айтуға да тұрарлық. Бақылау сұрақтары: 1. Ақпарат тарату құралы түрлері: радио, баспасөз, теледидар 2. Жанрлық мамандану деген не? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Амандосов Т.С. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. А.,1978 2. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары, Алматы 2004 3. Нургожина Ш.И. Введение в журналистику: учебное пособие.–Алматы:Қазақ университеті,2001 13- Дәріс. Журналистика –шығармашылық қызметтің саласы Журналистің шығармашылық ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сай белгілі бір жүйе қалыптасқан. Ғылыми еңбектердегі солардың кейбірі былай жіктелген: - ақпарат тарату құралы түрлері: радио, баспасөз, теледидар, т.б.; - жергілікті орнына байланысты: орталық, облыстық, қалалық, аймақтық, халықаралық; - функциясы бойынша: арнаулы немесе жалпы саяси, жалпы ұлттық... - қай әлеуметтік топқа арналғаны: балаларға, жастарға, әйелдерге, т.б. - мерзімі бойынша: күнделікті, апталық, айлық, кешкі; - салалары бойынша мамандану: саясат, мәдениет, ауыл шаруашылық, экономикалық, қоғамдық - саяси; - жанрлық мамандану: очеркші, репортер, фельетоншы. Қазіргі кезде журналистиканың негізгі міндеті – информациялық қызметпен бірге, қоғамның саяси - әлеуметтік мәселелеріне бұрынғыдан да батыл араласу болып отыр. Оның жиі айтылып жүргендей «төртінші өкімет» рөлі қоғамдық өзгерістер мен тәуелсіздік жағдайында онан сайын бел ала түсуі – заман алға қойып отырған талаптан туындайды. Сондықтан беріліп жатқан әрбір хабар мен әрбір сөздің саяси өткір, шығармашылық көркем, әлеуметтік актуальді әрі проблемалы болуы кезек күттірмейтін міндеттер. Журналистің ойы, сөзі мірдің оғындай көздеген жеріне дөп тиіп жатуы жөн. Мұның өзі оперативтілікке, жедел де жылдамдыққа ұласып жатса журналист еңбегінің жанғаны деп ұғу керек. Журналистің өз инициативасы, белсенді әрекеті де көп нәрсені шеше алады. Ол қоғам дамуына қызу атсалысып, жұртшылықтың қоғамдық пікіріне зор әсер етеді. Бүгінгі күнде халықтың өзі де белсенді өмір кешуде. Неге десеңіз, заман, қоғамның жылжуы осындай кезеңге әкеліп отыр. Ендеше, журналистің де жайбарақат күй кешуіне, жайбасарлыққа салынуына құқы жоқ. Күнделікті өмірде адамдар теледидар көріп, радио тыңдап, газет - журналдар оқып, қарбалас - қарекетті мол сәттерді бұқаралық ақпарат құралдарының қай түрі болсын өз жұмысын әдеттегіден өнімді де, сапалы іс танытуына тура келеді. Кім болса да журналист болып тумайды. Демек, қандай мамандық иесін алсаңыз да өмірді көре келе, білім – ғылымнан сусындай отырып, тәжірибе жинақтау арқылы қажетті саланы үйренеді, меңгереді. Бұл орайда журналист туралы сөз, ой – пікір тіпті күрделі десек артық айтқандық емес. Себебі аталмыш мамандықтың оңайлықпен қолға түсе бермейтін қыр – сырлары баршылық. Соның ең бастысы, әрі бірегейі – тың творчествосы қай заманнан – ақ адамзатты ойландырып, толғандырып келген мәселе екені белгілі. Творчество ақыл – ойға, ілім – білімге терең бойлағанда ғана пайда болатын құбылыс. Сонымен бірге осынау мамандықтың тағы бір қасиеті – ол табиғи қабілет дарынға, яғни талантқа байланысты екендігі. Бұл ретте көп сөз айтуға болады. Өйткені осы жолда талай ғалымдар зерттеу жасаған, ой – пікірлер қорытқан. Сондықтан бұл проблемаға үңіліп, талдаулар жасап, қажетті көзқарас, танымдарға ұмтылыс жасап көрелік. Ол үшін назар аударатын мәселелер де аз емес. 14- Дәріс. Журналистиканың негізгі функциялары «Функция», «Әлеуметтік функция», «Журналистиканың функциялары» ұғымдарының мәні. Журналистика функцияларының жүйесі. Тікелей ұйымдастырушылық және мәдени функциялар. Қоғамдық пікірді қалыптастыру – журналистиканың маңызды функциясы. Анықтамалық және жарнамалық функциялар. Баспасөз бен радио және телевизия арқылы берілетін материалда тақырыптың көптігі, ішкі және сыртқы өмір жайларын беруде кең көлемде әрекет етіп, географиялық тұрғыдан шектеліп қалмауды қарстыру абзал. Әрбір БАҚ берген материалдарда хабарлардың толық әрі жеткілікті болуы өте қажет. Бұл ретте мына жүйе бойынша жұмыс жүргізілмек. «Журналист – ақпарат - аудитория». Журналист шығармашылық тұлға – ол айтады, жазады, ал оны халық тыңадйды, көреді, оқиды. Міне, бұл байланыс үзілмей жүріп отырмақ. Сонда ғана бұқаралық ақпарат құралдарының ісі ойдағыдай жүзеге асады. Демек, жұртшылық газет оқып, радио тыңдап, теледидар көрген кезде әлемдегі жаңалықтар мен өзгерістерді біліп қана қоймай, сонымен бірге сол жайларға өзінің де қаншалықты қатысы бар екенін сезініп, сол құбылыстардың неге, қалай, не үшін болғанына анық көзі жетуі тиіс. Сол оқиғалардың болу процесін аңғарып, даму тенденциясына ой жіберіп, қандай заңдылығы барын пайымдап, өзі де іштей дайындықта болуына, қажет жағдайда нақты іс-әрекетке араласуына әсері болуы керек. Журналистика ең алдымен өмір көрінісін беретінін есте сақтаған жөн. Журналистика өмірді сипаттап қана қоймай, онда болып жатқан іс- әрекеттерге адамның өзінің де бағыт-идеалға жетуіне ой тастайды. Мақсатына жол сілтейтін бағыт-бағдар алуына көмек етеді. Осылайша журналистиканың ақпарттық қызметі маңызды қоғамдық- саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Сондықтан журналист бұл салад қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен белсене араласуы – күн тәртібінен түспейтін мәселе. Жалпы журналистика – халықтық болып саналады. Өйткені журналистика – халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Сондықтан халықтың жағдайын ойластыруы журналистика әркез назардан тыс қалдырған емес. Қандай мәселені көтермесін, журналистика соның бәрін халықтық тұрғыда қозғауға, халықтың сөзін сөйлеуге күш салады. Әрқашан халықтың жағында болып, халықтық позиция ұстайды. Бұлыс дұрыс та. Себебі, жеке біреулерге қызмет етпей, немесе азын- аулақ топтың мүддесін көздемей, осылайша бүкіл жұртшылықтың, жалпы адамдардың мүддесін көздейтін мақсат анағұрлым ақылға сыйымды, адамгершілікке жататын іс болса керек. Тар көлемде белгілі біреулердің ғана идеясын жақтамай, нағыз адамзатқа қызмет ету – биік моральдық этикалық қасиет екені ақиқат. Журналистиканың халыққа қызмет етуі – сол халықтың реалды қажеттерін өтеу үшін, оны прогреске бастайтын, жақсылыққа жеткізетін жолды таңдау деген сөз. Дүниеде бірер адамның бақытты болғанынан ештеңе бітпейді, ал бүкіл халық бақытты болса, онан асқан арман-мақсат жоқ шығар. Міне, журналистика да осы жағдайды ескеріп, осы бағытта жұмыс істемек. Халық өмірінде қандай жаңалықтар, өзгерістер, бастамалар болып жатыр? Осының бәрі журналистикада айнадағыдай көрініп отыруы керек. Сондай-ақ, халықтың пікірі, ойы, мақсаты журналистиканың ең бір мұқият назар аударып отыратын тұсы. Ал өмірде жақсылықтар болып жатса, соны журналистика ең бірінші көре біліп, ізін суытпай жариялап отыруы тиіс. Оны кең насихаттап, қолдап, таратып отыруы жөн. Ал егер, қажет болған жағдайда, оны тіпті, тез өмірге енгізуге күресіп отырудың да артықтығы жоқ. Өмірдегі нағыз заңдылықтардың өзі халықтың шынайы қажетін қанағаттандыратын болуы керек. Сол үшін де халықты біріктіріп, оның жетімсіз нәрсесін жеткізуге ұмтылу үлкен жауапкершілік. Ал журналистер жан-тәнін аямай, қате идеяларды немесе астарында жалған мақсат жатқан істерді халық алдында әшкерлеп, кемшілігін ашып айтып, оны толықтыруға, түзетуге тырысу керек. Мүмкін жалған идея халық алданып қалған шығар, осы жағын ойластыру жөн. Халық өміріне кедергі келтіретін нәрсенің бәрін журналистика дер кезінде көріп-біліп, ескертіп-отыруы, қоғамдық пікір туғызуы қажет екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан өмірде сенімсіз нәрсеге жол бермеу керек. Мұндай жайларды айтқанда, жазғанда, әрине оның қарапайым халыққа түсінікті болуын ойластыру керек. Бұл ретте ауыл адамы үшін де, қала адамы үшін де, сондай-ақ интеллигентке де қозғалып отырған мәселе ортақ әрі екі жаққа бірдей түсінікті, ұғынықты болуы өте маңызды. Жалпы, журналистикада екіұшты ойдан, бір-біріне қайшы пікірден сақтану керек. Ондай жағдайда оқырманды не тыңдаушыны шатастыру оңай. Ал бұл журналисиканың беделін түсіретіні белгілі. Журналист үшін түсінікті тіл, анық ой қажет. Сөзді, сөйлемді ауырлатпауға тырысу керек. Халық әрбір мақаланы оқығанда, не тыңдағанда қиналмай ұғатындай дәрежеде болуы тиіс. Әртүрлі терминдер мен шетелдің сөздерін және түсініксіз ұғымдарды журналистикаға тықпалай бермей, тиімді тәсілдерді қолдану қажет. Келесі бір білуге тиіс нәрсе – журналистиканың демократиялылығы. Яғни, журналистика шынайы демократия үшін еңбек етеді, күреседі. Халықтың еркіндігі, өз ісін атқаруы мен мемлекет ісіне араласуы баспасөз, радио, телевидениенің үздіксіз жүргізіп отыратын мәселесіне айналуы қажет. Демократия – саяси құрылыстың формасы ретінде азаматтардың теңдігі мен бостандығын, өкіметті басқаруға араласуын, әртүрлі орындарға сайлануға қатысуын, Конституцияда адам құқықтарын қамтамасыз етуді көздейтін бағыт. Ол қоғамдық ұйымдар қызметін, өкіметті, мемлекеттік мәселелерді бүкілхалықтық етіп талқылауды жүргізуге пайдалы. Демократия жағдайында барлық адам заң алдында бірдей құқыққа ие болады, олардың әділ өмір сүруіне кепілдік береді. Біреуге біреу қысым жасау демократияға жатпайды. Сондықтан қоғам жан-жақты демократияға көшкенде ғана шынайы өмір қатынастары орнығады. Демократияның тағы бір пайдасы – жариялылықты күшейтіп, әділетсіздікке қарсы сынды дамытуға жағдай жасайды. Демократия мен журналистика тығыз байланысты болуы тиіс. Демократия кезінде журналистиканың рөлі онан сайын артып, қоғамдық пікірдің ұйымдастырушысы мен жариялаушысы ретінде көрінеді. Қоғамдық пікріді туғызатын да, жасайтын да халық, әлеуметтік топтар. Қоғамдық пікір – өз кезегіндегі әлеуметтік өмірдің маңызды мәселелеріне байланысты туады. Өткен мен бүгінге байланысты процестер мен фактілерге байланысты өріс алады. Актуальді оқиғалар мен құбылыстар, іс-әрекеттер мен идеялар бағаланып, нақты мақсаттар мен міндеттер және оған жету жолдары жөнінде қоғамдық пікір пайда болады. Ол көзқарастар мен тарихи санаға қатысты болып келеді. Жалпы қоғамдық пікір – өмірдің нақты жағдайларын байқай отырып, оны қалай өзгертудің жолдарын қарастыратын жүйе болып табылады. Қоғамдық пікір тарихи жағдайларға байланысты өзгертіп отырады. Ол ғылым, саясат, экономика, мәдениет, яғни барлық саланы қамти береді. Демек, журналистика болса, сол қоғамдық пікірдің туып, дамуына, жариялануына қызу араласып отырады. Егер демократия болмаса, қоғамдық пікір де еркін дами алмайтыны белгілі. Қоғамдық пікір – қоғамдық санадан туып, әртүрлі пікірлер арқылы қалыптасады. Журналистиканың халықтығы мен демократиялығы – оның қалың көпшілікпен байланысында. Сол арқылы журналистика өз жұмысы туралы халықтың қатысын әрі пікірін біліп отырады және халық арасында демократиялық құбылыстардың ашық, екпінді жүруіне мүмкіндік туғызады. Қазір Қазақстан журналистикасы тек өз республикамызбен ғана шектеліп қалмайды. Бүгінгі заманда олай болуы мүмкін де емес. Әрине, уақыт талабы да басқа екені белгілі. Өйткені, бұрынғыдай емес, әр ел өз тәуелсіздігін алғанмен, жер шарының бүкіл елдерге, халықтарға мәселесі аз емес. Мысалы, бейбітшілік, табиғат апатына тосқауыл, экология, экономика, саясат, мәдениет, ғылым, халықтар достығы еш уақытта тар шеңберде қалып қоймайды, оған қоса, ондай мәселелерді тек бір елдің, бір республиканың шешуіне де мүмкіндік бола бермейтіні бегілі. Сондықтан бүкіл адамзаттық мәселелер бәрібір ортақ тіл табысуға, бірлесуге, өзара келісімдер жасауға әкелетіні белгілі. Осы ретте Қазақстан журналистикасы да жер жүзі журналистикасы секілді даму, қалыптасуды бастан өткеріп отыр. Кейде өзара байланыстар да болып, бір-біріне әсер ету арқылы жаңа жетістіктерге жол ашылуда. Баспасөз, радио, телевидение ұжымдарымен бірге, жекелеген журналистер де шетелдерге шығып, тәжірибелер алмасып тұрады. Ал енді нақты мысалдарға келетін болсақ, Қазақстанда алдымен көпұлтты халықтар тұратыны белгілі. Соған орай әрбір ұлттың, мысалы, орыс, неміс, ұйғыр, корей т.б. халықтардың өз тілдерінде газеттері шығып, радио, телевидение арқылы арнаулы бағдарламалар беріліп тұрады. Сондай-ақ, театрлар мен ұлттық орталықтар жұмыс істейді. Енді қазақ журналистикасындағы шетел тақырыбына тоқталсақ, мына жайларды айтуға болады. Мәселен, баспасөздің «қара шаңырағы» саналатын «Егемен Қазақстан» газеті күнделікті нөмірінде шетел жаңалықтарын міндетті түрде беріп отырады. Бұл ең басты қоғамдық-саяси газет болғандықтан, әлемде болып жатқан оқиғаларды назардан тыс қалдырмайды. Идеология, саясат саласында және мемлекет басшылары жайлы материалдарға мол орын беріледі. Ондай материалдар мүмкіндігінше бірінші бетке орналастырылады. Мұнда, әсіресе, дипломатиялық қарым-қатынастар туралы жиі айтылады. Президент Бақылау сұрақтары: 1.Ұйымдастырушылық функция не үшін қажет? 2.Журналистік ұйымдастырушылық деген не? Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Амандосов Т.С. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. А.,1978 2. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары, Алматы 2004 3. Нургожина Ш.И. Введение в журналистику: учебное пособие.–Алматы:Қазақ университеті,2001 15- Дәріс. Мемлекеттік, ұлттық жалпыадамзаттық мүдделер және журналистика Адамдардың топтасуына, қауымның қалыптасуына жеке тұлғалардың өзара эканомикалық, саяси әлуметтік және ақпараттық тұрғы қарым-қатынасы әсер етеді.Қоғам-бұл өзара байланысы нықталған және қоршаған ортаға сәйкес дербестігі орныққан адамдар бірлестігі. Ақпараттық байланыс-қоғамдағы маңызды қарым-қаиынастардың бір түрі.Себебі, ақпарат адамдардың бірлестігінің мақсат-мүддесін анықтауға, олардың өзара түсінісуіне жөне ортақ ісәрекетке жұмылдыруына әсерін тигізеді.Сондықтан да аұпараттың қоғамдағы ролі ерекше. Біздің қоғамымыздағы аса зор рөл атақаратын БАҚ. әсіресе бүгінгі таңда оның қызметі алдыңғы орында. Себебі, тікелей мемлекет ісіне қатысты маңызды мәселелерді талқылап, күн сайын бұқараға жеткізіп отырғаны бір болса, екінші бір жағынан алып қарайтын себебіміз сол қоғамымыздағы өзекті проблемалардың барлығын талқылай келе оның жауабын шығарып, жүзеге асуына, проблемадан шығудың жолдарын қарастырып қоймай, яғни оның тікелей қолдаушысы бола алатыны оның пәрменділігін аңғартады. Ақпарат құралдары әрқайсысы ір кезде дүниеге келген. Міне осы ір кезде қалыптасқан, дамыған БАҚ ты біз біртұтас жүйе ретінде қарастырамыз. Оларға: газет, журнал, кітап баспалары, теледидар, радио, ақпарат агенттіктері жатады. Миллиондаған газеттер күн сайын оқырман қолына түседі, жүздеген радиостанциялар толық эфирді жаулап алып, әлемнің түпкір түпкірінен хабарлар жеткізеді. Осыдан ақ БАҚ бүгінгі таңда атқарып отырған қызметінің орасан зор екенін аңғартпақ. Қоғамда әртүрлә көзқарастар болады. Олардың біреулері журналистиканың белсенділігін, кемшілігін ашық сынайды, қолдайды да. Тағы бір тобы олардың жұмыстарына қанағаттанбайтынын байқатады. Үшіншіден; газет журнал, телерадио хабарының жаңаша бет бейнесіне өз көзқарасын ашық білдіретін, болып жатқан өзгерістерді, сабырлықпен сырттай бақылайды. Еліміз егемендік алғаннан кейін тоталитарлық кезеңдегі БАҚ тың міндеті қоғамдағы экономикалық саяси және рухани мәселелер БАҚ та толық қамтыла бастады. Енді осы газетжурналдарға және басқа да БАҚ тың қоғам өмірінде алатын орнына анықтама берелі; Бірінші сөз ететініміз газеттер. Жалпы БАҚ тың үлкен бір саласы газет, журнал радио, теледидар, телефон. Газеттің бет бейнесін айқындайтын факторлар; а) газеттің шығарушысы, құрылымы б) оның әлеуметтік мақсат мүддесі в) қандай аудиторияға лайықталғандығы сондай ақ газеттер: қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттер мен ведомостволардың, шығармашылық одақтардың кооперативтер мен акционерлік қоғам органдары ретінде шығарылып, түрлерге бөлінеді. Газет өзінің шығарылу мерзіміне қарай а) ертеңгілік б) кешкілік болып бөлінеді. Газеттің төменгі буыны деп көп тиражды, қабырға газеттерін атайды. Қазір апталық газеттер мен қосымшалар шығарыла бастады. Газеттің тиімдігі мен әсерлілігі олардың сапасын анықтайды. Қазір қазақстан журналистикасы ерекше қызықты әрі күрделі құбылыс. Онда жетпіс жыл бойы қызмет еткен кеңес журналистикасының дәстүрлері бар. Сонымен қатар Қазақстан журналистикасында БАҚ туралы қабылданған екі заңға байланысты журналистік қызметтің қазіргі тенденциялары айқындалып, қазақ баспасөзінің қайта жаңғырған ұлттық дістүрлері көрініс табуда. Қазақстан журналистика ғылымының үлкен тарихы бар, ол зерттеудің ғылыми бағыттарын қалыптастырды, ғылыми ізденістердің негізін қалады. Курстың теориялық және методологиялық негізін құрайтын ҚР БАҚ тың ақпараттық талдамалы материалдары, ҚР ның БАҚ туралы заңы журналистика мектебінің әр түрлі өкілдерінің еңбектері. Қазақстан журналистика ғылымының мектебі коммунистік журналистика институты құрылған 1934 жылдан бастау алады. Института Қазақстан тарихының белгілі қайраткерлері дәріс оқыған. Олардың арасында С.Мұқанов, С.Асфендияров, С.Сейфуллин т.б. болды. ҚазМҰУ де филология факультетінде журналистика бөлімі, кейіннен факультет болып құрылған оқу орнында Қазақстанның журналистика тәжірибесінің барлық сферасында қызмет жасайтын ғылыми зерттеулер айрықша бағыт болып қалыптасты. Осы сферадағы ғылыми ізденістердің бүгінгі күні де негізгісі болып табылады. Кеңестік журналистика ғылымы кезінде Мәскеу мемлекеттік университетінің ғылыми мектебінің айтарлықтай ықпалы зор болды. Себебі ғылыми және методологиялық орталық Мәскеуде болғандықтан жоғары журналистік білім Мәскеу университетінің ғалымдары дайындаған принциптерге негізделді. Сондықтан Қазақстан үшін де журналистика теориясының негізі болып өала бермек, Қазақ журналистикасы тарихын оқытудың негізін қалаған Қазақстан ғылымының ,алымдары, журналистика факультетінде қызмет еткен Х.Бекхожин, Т.Амандосов, Т.Қожакеев, М.Арғынбаев, Ш.Елеукенов, Ә.Ыдырысов болды. Журналистика ғылымының әр түрлі саласында зерттеу жасаған ғалым профессорллар М.Барманқұлов, С.Қозыбаев, Н.Омашевтардың еңбектері өз жалғасын табуда. Қазіргі қазақ журналистикасы белгілі бір бағытта зерттеу жасап қана қоймай, жаға аралас ғылымаралық және пәнаралық зерттеулер жасауда. Адамзат қызметінің барлық түріне журналистика ықпалының артуына байланысты көптеген зерттеулер еліміздің БАҚ бейнеленген мемлекет ішіндегі саяси экономикалық әлеуметтік қоғамдық процестерге арналуда. Соңғы он жылдағы зерттеулердің бірқатары республиканың егемендігі мен тәуелсіздігіне байланысты. Қазақстан ақпарат кеңістігінде пайда болған БАҚ ның қызмет етуі мен ұйымдастыруының жаңа пішіндеріне арналды. Бақылау сұрақтары: 1.Газеттің бет бейнесін айқындайтын факторлар 2.Ақпараттық байланыс-қоғамдағы маңызды қарым-қаиынастардың бір түрі Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Амандосов Т.С. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. А.,1978 2. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары, Алматы 2004 3. Нургожина Ш.И. Введение в журналистику: учебное пособие.–Алматы:Қазақ университеті,2001 | Тәжірибелік сабақтар | |Қазақ журналистикасының пайда болу |1+0,5 | | |ерекшеліктері. | | | | Қазақ публицистикасының бастаулары.|1+0,5 | | |Ауыз әдебиетіндегі публицистикалық | | | |сарын | | | | Журналистикадағы бұқаралық ақпарат |1+0,5 | | |ұғымы | | | | Журналистиканың тиімділігі және |1+0,5 | | |пәрменділігі | | | | Мемлекет және ұлт анықтамасы |1+0,5 | | | Баспасөз бостандығының |1+0,5 | | |әлеуметтік-тарихи, экономикалық және| | | |заңдық қырлары | | | | Журналистикадағы авторлық құқық |1+0,5 | | | Газеттер. Олардың жіктелісі. |1+0,5 | | |Баспасөз қызметтері | | | | Кітап баспалары |1+0,5 | | |БАҚ-тағы маркетинг және менеджмент |1+0,5 | | | Ақпарат агенттіктері |1+0,5 | | |Жарнама және БАҚ |1+0,5 | | |Электронды БАҚ |1+0,5 | | |Журналистиканың негізгі функциялары |1+0,5 | | | Мемлекеттік, ұлттық жалпыадамзаттық|1+0,5 | | |мүдделер және журналистика | | | 5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ Журналистикаға дейінгі құбылыстар. Журналистиканың пайда болуы 2. БАҚ жүйесінің қалыптасуы 3. Журналистика әлеуметтік институттар жүйесінде 4. Журналистика және басқару жүйесі 5. Журналистиканың тарихи түрлері 6. Баспасөз бостандығына қазіргі көзқарас 7. Журналистиканың функциялары 8. Журналистиканың принциптері 9. Қазақстан журналдарының бүгінгі жіктелісі 10. Қазақстан газеттерінің бүгінгі жіктелісі 11. Салалық газеттер және журналдар 12. Қазақстанның ақпарат агенттіктері 13. Шет елдік ірі ақпарат агенттіктері 14. Қазақ теледидарындағы құрылымдық өзгерістер 15. Тәуелсіз телеарналар 16. Қазақ радиосындағы құрылымдық өзгерістер 17. Тәуелсіз радиостанциялар 18. Кітап басу ісіндегі жаңалықтар 19. Қазақстан баспалары 20. Жеке меншік кітап баспалары 21. Қазақстандағы облыстық газеттер 22. Қазақстандағы аудандық газеттер 23. Қазақстандағы көптиражды газеттер 24. Қазақстан Рсепубликасының «Баспасөз және бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңдары» 25. Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңы» 26. Қазақстан Рсепубликасының «Мәдениет туралы Заңы» және журналистиканың мәдени функциясы 27. Міржақып Дулатов баспасөз туралы 28. Ахмет Байтұрсынов баспасөз хақында 29. Мұхтар Әуезов баспасөз жайында 30. Сәкен Сейфуллин баспасөз туралы 31. Ілияс Жансүгіров баспасөз жайында 32. Журналистік этика туралы 33. Қазақстан Журналистер Одағы (өткені мен бүгіні) 34. Шығармашылық туралы түсінік 35. Публицистік шығармашылық 36. Президент Аппараты баспасөз қызметінің жұмысы туралы 37. Қазақстан Республикасы Үкіметі баспасөз қызметінің жұмысы туралы 38. Қоғамдық пікір және журналистика 39. Әзілхан Нұршайықов журналист мамандығы туралы 40. Журналистиканың тиімділігі 41. Журналистиканың пәрменділігі 42. Қазіргі қазақ журналистикасының ақпараттық қызметі 43. Публицистика. Қазіргі қазақ публицистикасы 44. Журналистика және халықаралық құқық 45. Журналистикадағы авторлық құқық 46. Шыншылдық және обьективтілік жаңа кезеңде 47. Журналистикадағы жалпыадамзаттық принциптер; халықтығы, интернационализм, гуманизм 48. «Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі бет-бейнесі, айдарлары 49. «Жас алаш» газетінің беттері, айдарлары 50. «Қазақстан–Заман» газетінің беттері, айдарлары 51. «Ана тілі» газетінің беттері, айдарлары 52. «Қазақ әдебиеті» газетінің беттері, айдарлары СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫМЕН ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ 5.1. Қазақ журналистикасының пайда болу ерекшеліктері. 5.2. БАҚ жүйесі туралы түсінік 5.3. Қазақ зиялылары баспасөз жайында (20 жылдардың материалдары бойынша) 5.4. Журналистикаға дейінгі құбылыстар. Көне Грек, Рим, Мысыр, Қытай, Үндістан тарихынан мысалдар 5.5. Қазақ публицистикасының бастаулары 5.6. Қазақ ауыз әдебиетіндегі публицистикалық сарын 5.7. Шешендік өнер үлгілері 5.8. Көне түркі жазба ескерткіштері. Орта ғасырлық ойшылдар шығармалары. 5.9. Журналистикадағы бұқаралық ақпарат ұғымы 5.10. «Ж-Т-А» жүйесінің мәні 5.11. Журналистік қызметтің үш кезеңі 5.12. Мемлекет және ұлт анықтамасы 5.13. Ұлттық идеология туралы түсінік 5.14. Бұқаралық сана және журналистика 5.15. Журналистиканың идеологиялық функциясы 5.16. Қоғамдық пікір және журналистика 5.17. Журналистиканың ұйымдастырушылық және мәдени ререативті функциялары. Функцияның жаңа түрлері 5.18. Журналистиканың негізгі принциптері. Баспасөздің шыншылдығы мен обьективтілігі 5.19. Баспасөздің тиімділігі мен пәрменділігіне жетудің жолдары 5.20. БАҚ аудиториясының талап-тілектері мен қажеттіліктері 5.21. Баспасөз бостандығы туралы түсінік 5.21. Журналистикадағы авторлық құқық 5.22. Журналистика – шығармашылық қызметтің саласы 5.23. БАҚ Заңы журналистің құқықтары мен міндеттері туралы 5.24. Журналистік шеберлік 5.25. БАҚ-ның жіктелісі. Қазақстан БАҚ жүйесі 6 ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ 3-Кесте Пәннің оқу-әдістемелік картасы |Дәріс сабағының |Семниар сабағының |Көрнекі |Өз бетімен |Бақылау | |тақырыбы |тақырыбы |құралдар, |дайындалу |түрі | | | |плакаттар, |сұрақтары | | | | |лаборатория-лы| | | | | |қ стендтер | | | |1 |2 |4 |5 |6 | |1.Журналистиканың |1.Қазақ |Дәріс тезисі, | |Жазбаша, | |қоғамдық құбылыс |журналистикасының | | |ауызша | |ретінде пайда болуы,|пайда болу | | | | |қалыптасуы мен дамуы|ерекшеліктері. | | | | |2.Қазіргі кезеңдегі |2.Қазақ |Дәріс тезисі, | |Жазбаша, | |Қазақстан |публицистикасының | | |ауызша | |журналистикасының |бастаулары. Ауыз | | | | |функцияларын іске |әдебиетіндегі | | | | |асырудың принциптері|публицистикалық сарын | | | | |мен пішіндері | | | | | |3.Қоғамдық пікір |3.Журналистикадағы |Дәріс тезисі, | |Жазбаша, | |және БАҚ: қалыптасуы|бұқаралық ақпарат | | |ауызша | |мен көрініс табу |ұғымы | | | | |процестері | | | | | |4.Журналистика |4.Журналистиканың |Дәріс тезисі, | |Жазбаша, | |–шығармашылық |тиімділігі және | | |ауызша | |қызметтің саласы. |пәрменділігі | | | | |БАҚ аудиториясы: | | | | | |қалыптасуы мен | | | | | |үйретудің | | | | | |проблемалары | | | | | |5.Журналистік этика|5. Мемлекет және ұлт |Дәріс тезисі, | |Жазбаша, | | |анықтамасы | | |ауызша | |6. Журналистика |6.Баспасөз |Дәріс тезисі, | |Жазбаша, | |–қоғамдық-саяси және|бостандығының | | |ауызша | |ақпараттық қызметтің|әлеуметтік-тарихи, | | | | |саласы |экономикалық және | | | | | |заңдық қырлары | | | | | 7. Журналистік | 7.Журналистикадағы |Дәріс тезисі, |Тест |Жазбаша | |қызметтің құқықтық |авторлық құқық |бақылау |тапсырмалары-мен| | |негіздері | |тапсырмалары |жұмыс | | | 8. Журналистика | 8.Газеттер. Олардың |Дәріс тезисі, | |Жазбаша, | |принциптері |жіктелісі. Баспасөз | | |ауызша | | |қызметтері | | | | | 9. Баспасөз бен |9.Кітап баспалары |Дәріс тезисі, |Психологиялық |Жазбаша, | |журналистік | | |оқулықтармен |ауызша | |қызметтің бостандығы| | |жұмыс | | | 10. Журналистік |10.БАҚ-тағы маркетинг |Дәріс тезисі, | |Жазбаша, | |қызметтің нәтижелік |және менеджмент | | |ауызша | |проблемалары | | | | | | 11. БАҚ жүйесі мен |11. Ақпарат |Дәріс тезисі, | |Жазбаша, | |типологиясы |агенттіктері | | |ауызша | | 12. Журналистік |12.Жарнама және БАҚ |Дәріс тезисі, | |Жазбаша, | |қызметті ұйымдастыру| |кесте | |ауызша | | 13. Журналистика | 13. Электронды БАҚ |Дәріс тезисі, | |Жазбаша, | |–шығармашылық | | | |ауызша | |қызметтің саласы | | | | | |14. Журналистиканың | 14. Электронды БАҚ |Дәріс тезисі, | |Жазбаша, | |негізгі функциялары | | | |ауызша | | 15. Мемлекеттік, |15. Мемлекеттік, |Дәріс тезисі, |Тест сұрақтарына|Жазбаша | |ұлттық |ұлттық жалпыадамзаттық|бақылау |жауап беру | | |жалпыадамзаттық |мүдделер және |тапсырмалары | | | |мүдделер және |журналистика | | | | |журналистика | | | | | 7 ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ КАРТАСЫ 4-Кесте Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз етілу картасы |Оқулықтардың, оқу |Саны |Студенттердің |Қамтамасыз ету | |құралдарының атауы | |саны |пайызы | |1 |2 |3 |4 | | Б.Жақып |2 |7 |16% | |Публицистиканың | | | | |шығармашылық негіздері | | | | | Амандосов Т.С. Совет |1 |7 |10% | |журналистикасының | | | | |теориясы мен | | | | |практикасы. А.,1978 | | | | | Ворошилов В.В. |2 |7 |16% | |Журналистика. | | | | |Учебник-СПб.:1999 | | | | | Елеукенов Ш.Р. |2 |7 |16% | |Кітаптану негіздері. | | | | |А.,1999 | | | | |Корконосенко С.Г. |2 |7 |16% | |Введение в | | | | |журналистику. Уч. | | | | |Пособие. Кишинев:1990 | | | | | Прохоров Е.П. Введение|1 |7 |11% | |в теорию | | | | |журналистики.М:1989 | | | | |Любосветов В. Основы |1 |7 |11% | |журналистики.М.:1984 | | | | |Основы творческой |1 |7 |11% | |деятельности | | | | |журналиста. Редактор | | | | |құраст. Корконосенко | | | | |С.Г. СПб.:2000 | | | | |Орлова Т.Д. Введение в |1 |7 |11% | |теорию | | | | |журналистики.Минск1989 | | | | |Ученова В.В. У истоков |1 |7 |11% | |журналистики. М.:1989 | | | | |Жақып Б. Қазақ |1 |7 |11% | |публицистикасының | | | | |қалыптасу, даму | | | | |жолдары, Алматы 2004 | | | | |Нургожина Ш.И. Введение|1 |7 |11% | |в журналистику: учебное| | | | |пособие.–Алматы:Қазақ | | | | |университеті,2001 | | | | |Б.К.Барманкулов |2 |7 |16% | |Телевидение: деньги или| | | | |власть. А.,1998 | | | | 8. Негізгі әдебиеттер 1.Амандосов Т.С. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. А.,1978 2. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары, Алматы 2004 3. Нургожина Ш.И. Введение в журналистику: учебное пособие.–Алматы:Қазақ университеті,2001 4. Прохоров Е.П. Введение в теорию журналистики.М:1989 5. Елеукенов Ш.Р. Кітаптану негіздері. А.,1999 6. Ворошилов В.В. Журналистика. Учебник-СПб.:1999 7. Б.Жақып Публицистиканың шығармашылық негіздері 8. Б.К.Барманкулов Телевидение: деньги или власть. А.,1998 8.1.1. Қосымша әдебиеттер 8.1.1. Ученова В.В. У истоков журналистики. М.:1989 8.1.2. Орлова Т.Д. Введение в теорию журналистики.Минск1989 8.1.3. Основы творческой деятельности журналиста. Редактор құраст. Корконосенко С.Г. СПб.:2000 8.1.3. Корконосенко С.Г. Введение в журналистику. Уч. Пособие. Кишинев:1990 8.1.4. Любосветов В. Основы журналистики.М.:1984
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz