Файл қосу
Рухани келісім
№1-дәріс Тақырыбы: Өзін-өзі тану пәнінің ғылым ретіндегі жалпы түсінігі. Жоспары: 1. Өзін-өзі тану ұғымына жалпы түсінік 2. Рухани-адамгершілік құндылықтар жайында жалпы түсінік. 3. Өзін-өзі тану ғылымының обьектісі және пәні. 1. Философиялық көзқарастар тарихындағы тұлғаның өзін-өзі тануының негіздерін Хилон мен Фалес аузынан шыққан дана сөз немесе даналық формуласы “өзіңді-өзің таны” ұғымы ретінде Сократқа дейін пайда болды. Ең алғаш Греция тарихында теориялық ойлаудың жаңа кезеңінде адам проблемасы, философия проблемасын өзін-өзі тану арқылы түсінуге болатындығына көз жеткізілді. Кейін бұл идея кімде-кім өзін -өзі тани білсе ол өзінің не істей алатынын және не істей алмайтынын түсіне біледі. Соның нәтижесінде бақытты өмір сүре отыра өзін қанағаттандыра алады, білмейтін нәрсесінен аулақ болып, өмірде қателікке бой алдырмай бақытсыздықтан айналып өте алады. Осы артықшылығының арқасында біреудің құндылығын көре алады және оны өз қажеттілігіне қолдана алады” - деп, Сократ еңбектерінде өз жалғасын тапты. Өзін-өзі тану философиялық тұрғыда - бүкіл дүниені ойлау, оның шығу тегін білуге ұмтылу, адамның дүниедегі орнына үңілу, адамның ішкі дүниесінің сырын ашу, табиғат пен қоғамның негізгі заңдарын танып білу, адам өмірінің мәнін айқындау т.с.с. жүйе ретінде қарастырылады. Бұдан шығатын қорытынды сол кездегі көзқарастарға тоқтала келе, өзін-өзі тану көзқарастарын зерделей отырып, олардың адамның ішкі дүниесі мен сыртқы дүниенің бірлігі үндестік тапқанда ғана табиғат пен қоғамның талабына сай тұлғаның қалыптасуына көз жеткізуге болады. Өзін-өзі тану арқылы тұлғаның өзіндік дамуына, білімдік және танымдық әрекеттеріне ықпал ету, өзара адамгершілік құндылықтары мен өзіндік бағдарын таңдауға мүмкіндік жасалу идеялары алынатындығы белгілі болды. Аристотель: “Адам өмірінің мақсаты бойындағы рахымшылдық сапаларын дамытса, онда ол мейірімділік мінез танытады”-деп, рақымшылдығы басым адам өзін үнемі дұрыс ұстай білетіндігін, ол табиғатынан мейірімді, сондықтан да өзін адамгершілікке бейім ұстайтындығын сипаттайды. Әбунасыр әл-Фараби өзінің философиялық трактатында ақыл, қайрат, жүрек жайлы егжей-тегжейлі түсінік бере келіп: “Жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ үстемдігі біріншісі емес”, -дей келе өзінің әлеуметтік, рухани құндылықтарының негізіне адамның ішкі сана сезімінің даму ерекшеліктерін алады. “Тек қана өзіндік еркін әрекеттене алатын белсенді пенде қоғамдық пайдалы қызметімен жеке бақытын жасай алады- деп, ... “бір халық екінші халықтан табиғи үш қасиетімен ерекшеленеді: болмысы, мінезі және тілі”. Ғұлама ғалым әртүлі халықтың музыкасын, мәдениетін, тілін, әдетін, болмысын, мінезін зерттегенде рухани құндылықтарға зор мән бере отырып адам бойындағы осы қасиеттердің дамуына ерекше көңіл қояды. Себебі адамның бойындағы ізгілігі, қайырымдылығы, мейірімділігі ол оның бойындағы өнері мен мәдениетінің дауына тікелей байланысты. Адам мінезге бай, болмысы биік, тілі құдіретті болатын болса оның рухани-адамгершілік даму сатысы өте жоғары болатындығын дәлелдейді. Қазір Республикада жастарды тәрбиелеу мәселесінде адамның ішкі жан дүниесін, рухани әлемін танып, дамыту, жетілдіру бағытында көптеген ғалымдар С.А. Назарбаева, психол.ғ.д. Х.Т. Шерьязданова, п.ғ.к. Т.А. Левченко, п.ғ.д. М.Х. Балтабаев, профессор Б.Қ. Дамитов, п.ғ.к. А.А. Семченко, ф.ғ.д. Е.Е. Бурова, п.ғ.к. Л.К. Көмекбаева, психол. ғ.к. З.Б. Мадалиева т.б. үлкен ізденістер үстінде. Және бұл тұрғыда өзін-өзі тану ілімінің философиялық негізін қалаған ғалымдар А.Н. Нысабаев, Г.Г. Соловьева өз еңбектерінде ұстанған басты қағида - адамның кісілік келбеті мен адам деген атқа лайықты бола білуін қалыптастыру, адамның табиғатпен, әлеммен үйлесуі, халықтық дәстүр, рухани мәдениет негізінде болашақ ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін жаңа сатыға көтеру міндеттерін жүзеге асыруды көздейді. Бүгінгі білім жүйесінде, С.А. Назарбаева атап өткендей «үлкен өзгерістер» басталуда. С.А. Назарбаева оқытушылардың біліктілігін көтеру семинарында сөйлеген сөзінде . Білім беру жүйесі тұлғаның өзін-өзі тануына «Мен кіммін? Шексіз әлемге менің қандай қарым - қатынасым қалыптасуы керек? Маған қалай өмір сүру керек? Кез- келген жағдайда жаман мен жақсыны қалай айыра білу керек?» деген сұрақтардың төңірегінің мәнін ашуға бағытталуы тиіс. Білімнің мазмұнын, оның құрылымын тұлға өзіне соншалықты керек екендігін сезінген уақытта ғана білім беру мақсатына жетеді» - деп саралап өтті. Адам өзін-өзі тануға талаптанбаса, оның қолынан өзге адамдарды танып түсіну және оларға нақты көмектесе алу келмейді. Қоғамдық дамудың өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсетін әрбір адам өзін-өзі тануын тереңдетуі шарт, бірақ Джерсиидтің байқауынша бұған жеткілікті мөлшердегі жүректілік қажет, өз рефлексиясының нәтижелері қандай болса да, оларды әділ түрде қабылдауға мүмкіндік берерлік белгілі мөлшердегі объективтілік қажет. Студент тұлғасының өзін-өзі тануы білім беру жүйесінде жетекші мақсаттардың бірі дәрежесін алуы қажет. Студенттің “Менін” позитивтік өзгерту қазіргі таңда педагогика мен психологияға деген гуманистік көзқарастың бірден-бір маңызды саласы, оқыту мен тәрбиелеу ісіне қатысы бар әр адамның өзін-өзі адамгершілік тұрғыда дамытуын қамтамасыз ететін басты құралы. Болашақ маманның өзін- өзі дамыту қағидаларын меңгеруі қажет, әйтпесе ол өзгелерге бұл процесте қажетті көмек бере алмайды. Оқытудың тиімділігі тұлғаның психикалық дүниесінің жалпы үйлесімділігіне, әсіресе оның “Менінің” көтеріңкілігіне, позитивтілігіне тәуелді. Сондықтан студенттің тұлғалық дамуының сипаты мен өз бойындағы рухани-адамгершілік құндылық бағдарының мән-маңызы оның академиялық жетістіктерінің маңызынан кем емес. Қазіргі уақытта жоғары білім берудің кредиттік жүйеге көшірілуі оқытудың дәстүрлі әдістерімен қатар жаңа технологияларын ендіру негізінде білімді шығармашылықпен меңгеруге, өздігінен білім алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мәселесі алдыңғы орынға шығарылып отыр. 2. Бүгінгі таңда қоғам өзгерістерінің шешуші факторы-Адам. Адамның қарым-қатынасының үйлесімділігін қамтамасыз етуде адамгершілік құндылық жетекші орын алады. Жалпы «Адам-Қоғам», «Адам-Әлем» қатынасының адамның дүниеге деген көзқарасы қандай ұстанымдарға, принциптерге арқа сүйетінінен құндылықтарды анықтауда үлкен маңыздылыққа ие болғанын көреміз. Әлемді рухани-адамгершілікті игеру процесі барысында адам болмысты өз құндылықтары арқылы қарастырады. Бұл қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстар тұлғаның сезімдеріне, қызығушылық ұмтылыстарына сәйкес келетін әлемге деген ерекше эмоциональдық реңкке ие болатын қатынасты білдіреді. Адамның әлемге қатынасының ерекшелігі оның өзін және өзге адамдарды, қоршаған дүниедегі заттарды, сұлулық, еңбекқорлық, еркіндік т.б. тұрғысынан бағалап, адамгершілік құндылықтар арқылы қарастыруымен сипатталады. Рухани-адамгершілік құндылықтар адамзат пайда болған кезден бастап адам санасына еніп дамып отырды десек те болады. Себебі рухани-адамгершілік құндылық адамның өзіне, қоршаған әлеуметтік ортаға бір-біріне деген қарым- қатынасы, өмір сүру салты, даму деңгейін бейнелейтін құрлымдық элемент. Рухани құндылықтың сапасы жан дүниесінің дамуы, сана сезімінің деңгейі білімділігі, өнерлілігі, ақылдылығы, мәдениеттілігі т.б. көптеген сапалары арқылы өлшенетін болса, адамгершілік құндылық адамның адами қасиеті, бір- біріне деген қайырымдылық көрсетуі, мейірімділік сезімі, іс-әрекеттегі адалдығы, әділдігі, өмір сүру салтындағы туыстық, достық қарым-қатынасымен бірігу идеясымен ерекшеленеді. Ал құндылықтық қатынас әрқашан да субъектінің бойында белгілі бір эмоцияларды -қуану, сүйсіну, таңдану, табыну т.б. қамтып дүниетаным ықпалымен қалыптасып келген. Оның ішінде ең жоғарғысы - қасиеттерге табыну бала кезден, ана сүтімен бірге, өзінің ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет- ғұрыптары мен салт- дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығып, кезеңге сай дамып отырды. Бірақ осы құндылықтардың өмірдегі мәнін түсініп, талдап, саралап қабылдайтын бұл - адам санасы. Адам санасында бірінші құндылықты анықтау үшін белгілі бір себепке байланысты қажеттілік оянады, әрі қарай сол қажеттілікті қанағаттандыру жолында өз алдана мақсат қойып өзі үшін құндылық негізін анықтап алады. Негізгі рухани-адамгершілік құндылықтар бұл адам бойынан бастау алады десек те болады. Себебі рухани-адамгершілік құндылықтар адам жаратылысы, олардың өмірге қарым қатынасы, тұрмыс тіршілігі, саналы іс-әрекеті мен сезімі арқылы өлшеніп, сараланып отырады. Сондықтан ең жоғары құндылықтардың өзегі - бұл адами қасиеттер және адам екендігі қоғам дамуында әрдайым дәлелденіп келген. Бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты адамгершілік адами құндылықтарға жалпы сипаттама беріп, оның өмірдегі маңызы мен мәніне тоқталу. Құндылықтар- сезіммен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс- әрекет бағдарын белгілейді. Құндылықтар тек объективті, яғни шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, солай бола тұра, субъективті, өйткені ол адам санасында орын алады. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылық бағдарды игереді де, іс-әрекет етеді. №І-ші кесте. Құндылықтардың жіктелуі. |Жалпы адамзаттық |Жоғары сапа деңгейіндегі|Рухани - адамгершілік | |құндылықтар |құндылықтар |имани құндылықтар | |-адам өмірі, бостандық, |-адам конвенциясы, |-мәдениет, саясат, | |отбасы, қарым-қатынас, |демократия, азаматтық |әдебиет, Отан, Ана, Жер,| |адам бақыты, ұрпақ |қоғам, мәдениет т. б. |дін, діл, ар- ождан, | |жалғастыру, еңбек ету, | |парыз, ерік, жігер, күш,| |табыс, ынтымақтастық, | |махаббат, қайырымдылық, | |белсенділік, тәуелсіздік| |мейірімділік т.б. | |т.б. | | | Қоғамды ізгілендіру - XXI ғасырдың табалдырығындағы өркениетті дамудың талабы, мұның өзі әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың тиімді нысандарына қол жетуіне байланысты болып отыр, әрі бұл қатынастарда алдымен әлемнің тұтқасы ретінде адам аса айшықтана көрінеді. Ендігі жерде ізгілендіру мақсатына жету құралы зиялылықты қалыптастыруды, сезім, көңіл- күй мәдениетін тәрбиелеуді, өмірлік құндылықтар мен бағдарлардың белгілі бір жүйесін орнықтыруды көздейтін сан қырлы процесс болып табылады. Өйткені, біздің ертеңгі күні осы қазіргі мәдениетті, бүгінгі білім, тәрбие берудің аясында өзіміз қалыптастырған қоғамға қадам басатындығымыз айқын. Құндылықтар - тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар. Оларға шындық, қайырымдылық, тұлға, пайда, бостандық, махаббат, шығармашылық, т.б. жатады. Құндылықтар- идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой сана арқылы қабылданады. Құндылықтар - құрметтеу, қошеметтеу, қабылдау тәрізді бағдарды білдіреді. Сонымен “Рухани-адамгершілік құндылық дегеніміз” адамның өзінің табиғи жаратылысы мен өзін-өзі тану, қабылдау, сезіну арқылы сарапқа түсіп дамыған, сыртқы ортаның ықпалы нәтижесінде қалыптасқан, тұлғаның тұрақтылығы мен жетілу деңгейін, қоғамдағы орнын, даралық қасиеттерінің сипатын айқындайтын ішкі құрылымдық элемент- деп білеміз. Студенттің рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі тану негізінде қалыптастыру үрдісін студенттің бойындағы тұлғалық өзгерістер және оның өз деңгейін дамыту әрекеттерімен тығыз байланысты. Өйткені, бүгінгі жаңа қоғамда білім алушы студентке жаңаша қойылатын талаптар оның жеке тұлғалық қасиеттерін, тек қана өз басы үшін емес, сонымен бірге өз айналасындағы жолдастарына, жалпы адамдар үшін үлгі болуын қажет етеді. Студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі тану арқылы қалып-тастыру олардың бойында төмендегі қасиеттердің пайда болуына ықпал етеді: - жаңашылдық, шығармашылық, еңбекқорлық; - интелектуальдық сипаты: ой биіктігі мен тіл байлығы, логикалық өріс- өресі, терең танымдық, өзін-өзі сыни ойлау қабілеті; - ашықтық, сабырлылық, табандылық, мейірбандық; - өз көзқарасының сипаты: ізгіліктік, сүйіспеншілік, талап қоя алушылық, көмек көрсетуге даярлық; - болашаққа көзқарас сипаттары: өз біліміне, тәжірибесіне, білігіне, адамгершілік қасиетіне сыни көзқарас, өзінің адами даму сапасына жоғары талап қоя білу, жауапкершілік, өзін-өзі дамытуға, өздігінен білім алуға қажеттілігінің болуы; - өз мамандығы бойынша студенттер өз бойындағы адамгершілікке жатпайтын олқылықтарды зерттеп, түзетудің жолын табуға ұмтылуы; Осы орайда өзіндік таным жобасының авторы С.А. Назарбаеваның. “Қазіргі уақытта қоғамдағы балалар мен жас жеткіншектердің тұлғалық дамуында рухани - өнегелі тәрбиесі, гормониялық дамуын зерттеу аса қажет” - деп көрсетеді. Бұл орайда С. Назарбаева қазіргі жастар тәрбиесінде этика, эстетика, рухани жан азығын өмірге деген көзқарасты өзгертіп, барлығына тек қана сүйіспеншілікпен, махаббатпен, ізгілікпен қарауға, өзінің ішкі жан дүниесін өзгерткенде, толықтырғанда ғана ол адамнан жоғары білікті азамат шығатынын “Путь к себе” еңбегінде көрсетіп кетеді. “Быть здоровым человеком значит привести в равновесие тело, разум дух, установить мир и спокойствие в самом себе. Найти путь к себе. Без духовной любви всякое обучение бесполезнодеп, бұл тұрғыда ғалым, білім алуда оны сүйе білуге, талпынысқа шақырады. 2. Ғылым - білім негіздері, негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер не пәндер саласы. Ғылым табиғат, қоғам, ой жүйесі туралы жаңа білімдерді жасауға бағытталады. Ғылыми зерттеу - жаңа біліммен қаруландыру процесі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың обьективті заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекеттің түрі. Ғылыми зерттеудің үш деңгейі сараланады: эмпирикалық - ғылымда жаңа фактілер белгіленеді, теориялық - бұрын ашылған фактілерді түсіндіруге және олардың дамуын болжауға мүмкіндік беретін негізгі, жалпы заңдылықтар ұсынылып қалыптастырылады; әдістемелік-тәжірибелік зерттеулер негізінде құбылыстарды зерттеудің жалпы қағидалары мен әдістері, теория құрылымы қалыптасады. Өзін-өзі тану ғылымның объектісі - білім беру, тәрбиелеу. Білім беруді тек өзін-өзі тану пәні ғана емес, сонымен қатар философия, педагогика, әлеуметтану, психология, экономика және т.б. зерттейді. Мысалы, экономист жұмысшылардың шынайы мүмкіншілік деңгейін зерттей отырып, оларды дайындауға қажетті шығынды есептейді. Әлеуметтанушы білім беру жүйесінің адамды әлеуметтік ортаға бейімделуге, ғылыми-техникалық прогрестің дамуына көмектесуге дайындайтынын білгісі келсе, философ білім берудің жалпы өмірдегі мақсаты, орны жайындағы мәселелерді қарастырады. Психолог білім берудің психологиялық жақтарын зерттейді. Саясаттанушы мемлекеттік білім саясатының тиімділігін анықтауға бағытталады. Бұл ғылымдардың білім беру де, зерттеуде тигізер көмегі өте зор болғанмен, олардың біреуі де адамның өзін-өзі адами тұрғыдан тануы мен ішкі дүниесінің ізгілік бағытта тәрбиеленіп қалыптасу қырларын, осы қарым- қатынасқа түсу процестерімен байланысты білім берудің мәндік аспектілерін қарастырмайды. Осы аспектілерді зерттеу білім берудің белгілі саласы-пәні ретінде танылады. Өзін-өзі тану пәні - жалпы білім беру мектептерінде, институттарда, университетте (жанұяда, білім беру, мәдени, тәрбиелеу орталықтары) ұйымдастырылатын педагогикалық процесс. Осы мағынада, өзін-өзі тану -адамның өзін-өзі тануының факторы және құралы болып табылатын педагогикалық процестің мәнін, заңдылықтарын, дамуын зерттейтін ғылым. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар. 1. «Өзін-өзі тану» ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама беріңіз. 2. Өзін-өзі тану пәнін сіз қалай түсінер едіңіз? 3. Өзін-өзі тану пәнінің ғылым ретінде дамуына не түрткі болды? 4. Ғылымның обьектісі және пәні дегеніміз не? 5. Өзін-өзі тану пәнінің тәжірибесі мен пәнін негіздеңдер. №2-дәріс Тақырыбы: Өзін-өзі тану адам тану туралы ғылымдар жүйесінде. Мақсаты: өзін-өзі тану пәнінің ұғымдық аппараты туралы ұғым беру; өзін- өзі тану пәнінің басқа ғылымдалмен байланысын көрсету. Тірек ұғымдар: өзін-өзі тану пәнінің категориялары, категориялық аппарат, ұғым, адамгершілік тәрбие, адами қасиеттерге тәрбиелеу, оқыту, жүйе. Жоспар. 1. Өзін-өзі тану пәнінің ұғымдық аппараты. 2. Өзін-өзі тану адам тану туралы ғылымдар жүйесінде. 1. Өзін-өзі тану пәнін және оның зерттейтін салаларын толық түсіну үшін ең алдымен негізгі өзін-өзі тану ұғымдарын қарастырайық: Өзін-өзі тану пәнінің болмыс ұғымдарына тәрбие, үйрету, оқыту жатады. Ұғымдар - объективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Өзін-өзі тану арқылы тұлғаның өзіндік дамуына, білімдік және танымдық әрекеттеріне ықпал ету, өзара адамгершілік құндылықтары мен өзіндік бағдарын таңдауға мүмкіндік жасалу идеялары алынатындығы белгілі болды. Өзін-өзі тану ұғымдары: Елімізде 2002 жылы шыққан «Педагогика және психология» саласының түсіндірме сөздігінде «Өзін- өзі тану» ұғымына төмендегідей түсінік берілген: «Өзін-өзі тану» - өзін-өзі бағалау секілді интероспекциядан маңызды өзекшелігі бар /өзін-өзі бақылау әдісі секілді, психиканы субъективтілік тұрғыдан танып білу/: 1/ интроспекцияның әдеттегі актілеріне қарағанда бұл процестер әлдеқайда күрделі және ұзағырақ, жинақталған және өңделген өзін-өзі бақылау мәліметтері бұларға тек бастапқы материал ретінде ғана енеді; 2/ адам өзі жайлы мәліметтерді өзін-өзі бақылау арқылы ғана емес, сондай-ақ сыртқы бастау-көздер - өз әрекеттерінің объективті нәтижелері, өзге адамдармен қарым- қатынасы арқылы да алады». Өзін-өзі тану ұғымдары арқылы адамның ішкі дүние танымындағы құбылыстарды, олардың өзара байланысын көреміз. Өзін-өзі тануда «өзін-өзі тану», «өзін-өзі өзектілеу», «өзін-өзі жетілдіру», «өзін-өзі тәрбиелеу» «өзін-өзі басқару», «даму» және «қалыптасу» «саналы пайымдау», «өзінді талдау» сияқты ұғымдар да кездеседі. Педагогика ұғымдарының бірі - өзін-өзі тәрбиелеу. Өзін-өзі тәрбиелеу - жеке тұлға болып қалыптасудың негізгі маңызды бөлігі. Оның нәтижесі қоғамдық талаптарға адамның өзіндік жауап қайтаруы, яғни реакциясы арқылы көрінеді. Өзін-өзі тәрбиелеу - ол моральдық және этикалық нормалардың қалыптасуы және олардың әдетке айналуы. Өзін-өзі тәрбиелеу - адамды дамытуға арналған тәрбие үрдісі. Кез-келген тәрбие жүйесінде адам өзін әлеуметтік тұлға ретінде сезініп, қоғаммен және табиғатпен біртұтас тіршілік етеді. Өзін-өзі тәрбиелемей жеке тұлға қалыптаспайды. Өзін-өзі тәрбиелеу барысында адам өз білімін дамытады. Өздігінен білім алу - мәдени мұраны игерудің өзіндік жүйесін жасау, өзін дамытушы жүйе құру. Өздігінен білім алу білімді дамытушы қозғаушы күш болып табылады. Өздігінен оқу- адамзат тәжірибесін өзінің ынтасымен, өзі таңдаған әдіспен игеру үрдісі. Осы өздігінен білім, тәрбие алу, оқу адамның ішкі жан- дүниесінің қажеттілігінен туындап, өздігінен дамуға өзін-өзі жетілдіруге тұлғаны бағыттайды. Өзін-өзі оқытуды оқу орындарының оқу бағдарламасы мен оқу жоспарынан тыс қоғамдық және өзіндік қажеттіліктер негізінде жүйелі және белгілі бір мақсатқа құрылған жеке тұлғаның танымдық іс-әрекеті деп тануға болады. Өзін- өзі оқыту - жалпы және кәсіби білімнің үздіксіз жалғасы, өйткені білімнің жан-жақты болып кеңеюіне және адамның рухани баюының жетілуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар интеллектуальдық арсеналының үнемі жаңалануына, кәсіби шеберлігінің шыңдалуына әсер етеді. Өзін-өзі тануды өзін-өзі тәрбиелеуден ажыратып қарауға болмайды. Ол педагогиканың негізігі бөлігі ретінде қарастырылады және ол берілген тәрбиенің қорытындысы. Ол жалпы жеке тұлғаның рухани даму үрдісінде де байқалады. Өзін-өзі тану түсінігінен жалпы мәдени дамуды да бөліп қарастырмаймыз. Өзін-өзі оқыту мәселесінде теориялық материалдарға анализ жасау және өзін-өзі тәрбиелеу барысында анықталғаны жоғары курс студенттерінің көбінесе өзін- өзі басқару тәртібі сәйкес келсе, ал қалған пайызы өз-өзімен жалпы жүйесіз жұмыс жасайды. Сонымен бірге өз-өзімен жүйелі жұмыс жасау қатары университет ішіндегі студенттердің бойында күннен күнге сиреп барады. Оның себебі, студенттер өзін-өзі басқару үрдісіне даярланғанымен, оның әдіс-тәсілдері үйретілмейді. Егер мұғалім мектеп оқушыларының өзін-өзі тәрбиелеуіне басшылық жасауда қиындықтар сезінсе, онда оның өзі де өзін-өзі дамытуды дұрыс біле бермейді. Мұның себебі, педагогикалық курстарда өзін- өзі тәрбиелеу мәселесі бойынша дәріс өте аз оқылады, ал практикалық-тәжірибелік сабақтар дұрыс жүргізілмейді. Осы тұрғыдан студенттердің өзіне өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі тануға қатысты тәжірибе аз екенін ескерген жөн. Тәрбие - қоғамның негізгі жеке адамды мақсатты жүйелі қалыптастыру принципі болып табылады. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіңдірушілерде бар. Бұл жағдайда бала пассивті обьект түріңде қарастырылады. Ол субъекті бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс - әрекет жасау рөлін атқармайды. Студенттердің өзін-өзі тану және өздігінен оқу, өзін-өзі тәрбиелеуді қалыптастыру өзінің жеке даму жолында пайдалану үшін мыналарды білуі қажет: 1) Осы үрдісті басқару принциптерін; 2) Оның негізгі салаларын; 3) Өзін-өзі тану мен өзін-өзі тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін. Студенттерді өз таңдаған жолында даярлауда өзін-өзі оқыту мен өзін-өзі тәрбиелеу, оқытудың ролі мен мәнін студенттерге жеткізу; ақпараттандыру (педагогикалық-психологиялық білім беру); Оларды өзін-өзі жетілдіруде бағытталған іскерлікпен және дағдымен қаруландыру; өзін-өзі тану мен тәрбиелеудің жолдарын қалыптастыру; студенттердің өзін-өзі тану мен тәрбиелеу барысындағы жұмыстарын ынталандыру, қанағаттандыру. 2. Студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын өзін-өзі тану негізінде қалыптастыруда «тұлға» ұғымына тоқталмай айналып кету мүмкін емес. Себебі, рухани-адамгершілік құндылықтарды, тұлғаның өзін-өзі тануы арқылы қарастырғалы отырмыз. Сол себептен «Тұлға» ұғымына тоқталуымыз керек. Бүгінгі күнге дейін тұлға теориясының ортақ пікірі жасалған жоқ. Тұлға қоғамда өз орны мен ролін жеткілікті мойындайтын саналы әрекетпен айналысатын даралық қасиеттерге ие жеке адам. Бостандық, ақыл-парасат, қозғалысты өмір салты, индивидуализм және кәсіпкерлік рух - қалыптасу үстіндегі тұлғаның басты көрсеткіштері. Тарихшылардың пікірінше, “индивидуальдық” сөзінің өзі “тұлға” ұғымы ретінде бұдан 200-300 жыл бұрын, яғни ағартушылық дәуірінде пайда болған. Адамдардың мінез-құлқы, ішкі жандүниесі, бар нәрсені қабылдауы, түсінігі әртүрлі болады. Бірақ бұл қасиеттерінің өзін адамгершілік тұрғысында, қоғамдық қатынастарда өз ерекшеліктерін басқалардың бойындағы қасиеттерімен салыстырып, өзгелерді тани білуінде, өзінің артықшылығын сана- сезім өлшемімен бағалай білуде тұлғаға тән болмысты аңғарамыз. Қазақстанның өркениетті елдер қатарында болып, өсіп-өркендеуі үшін жан-жақты, үйлесімді білім беретін мектептің болуы сонымен қатар бұл мектептерде өзін-өзі тани білетін табанды тұлға тәрбиелейтін ұстаздар қауымын даярлауда қазіргі таңда үлкен жауапкершілікпен қараудың қажеттілігіне байланысты қазіргі уақытта көптеген ғалымдар тың құнды пікірлерді жиі айтып отыр. “Қазір қоғам адам болмысындағы мейірім, шапағат, төзім, махаббат... сияқты құндылықтардың жаңғыруына зәру болып отыр”. Адамдарға сенім арту және оларды сүйе білу, олардың сыртынан ғайбат сөйлемеу, олар туралы жағымсыз танымына, тұлға мен ортаның дамуы көзқарасы мен қарым-қатынасына тікелей байланысты болып отыр. Адам өз бойындағы қараулықты, жалқаулықты, масаттануды, ашкөздікті, үрейді, екіжүзділікті, менмендікті жеңе білудің жолы ол адамның өзін-өзі тануы болып табылады. Тұлғалық өзін-өзі тану бағыттарын саралау оның ішкі дүниесіне өзінің үңіліп, болашаққа берік сеніммен, биік адамгершілік тұрғыдан дайындалуына негіз болады. Бұл тұрғыда Ә.Мұқанбетжанова “Тұлғаны дамыту-өзекті мәселе” - атты, Қазақстан мектебі журналында жарық көрген мақаласында Ш. Амонашвилидің тұлға туралы айтқан ой пікірін келтіреді: “... тұлға өз-өзімен күресте болады, өзін-өзі тану және өзін-өзі анықтау үрдісінде туады, тәрбие және оқыту тұлғаның тұрақтану жолына бағытталады, сол жолда жеңіске жету үшін көмек беруге тиіс...” - деп келтіреді. Сөйтіп, студент тұлғасының бойында рухани-адамгершілік құндылықтардың қалыптасуы тұлғаның өзін-өзі тануына бағытталуы оның ең тиімді құрылымы бар өзіндік даму жүйесінің болуын қажет етеді. Осы орайда студенттің өзін-өзі тануы мен өзін-өзі түсінуінің қалыптасуын зерттейтін салалар тұлғаның біліктілігін көтеру мен оларды өмірге даярлау сапасын көтерудің тың көкжиектерін ашады. Себебі психикалық өмірдің бұл жағын қалыптастыру тұлғаның еңбек, қарым-қатынас және таным субъектісі ретіндегі адамгершілік тұрғыдан жетілуінің алғы шарты болып саналады. Өзін-өзі танудың тағы бір қырын жеке тұлғаның белгілі бір іс- әрекетке бағыттаушы, бағдарлаушы ролін арнайы зерттеу ісін Ю.Н. Кулюткин, Г.С. Сухобская, В.Д. Шадринов және т.б. бастады. Болашақ маман ретінде өзін-өзі осы жолға бағыттап отырған студенттердің өзін-өзі тану дегеніміз нақты осы жолдағы оқу түрінің шарттары мен талаптарын, сонымен қатар болашақ мамандық иесінің мінез-құлық пен қатынастарының белгілі үлгісін қабылдау мен ұғынуды ғана емес, таңдап алынған әлеуметтік қарым-қатынастар саласындағы тұлғаның өзінің ролін, міндеттері мен мүмкіндіктерін тану мен пайымдауды білдіреді. Бұл процесс тұлғаның өзін іс-әрекет субъектісі ретіндегі тану үрдісіне негізделген. Қазіргі заманғы психология ғылымында өзін-өзі тану мәселесі одан ауқымы кеңірек ұғым-тұлғаның өзіндік сана /өзін-өзі түсіну, самосознание/ ұғымымен берік байланыста қарастырылады. Өзіндік сана мәселесін зерттеудің педагогикалық-психологиялық аспектісі өзіндік сананың /өзін-өзі түсінудің/ адам психикасының ерекше бір процесі ретіндегі табиғатын анықтау болып табылады. Бұл процесс жеке тұлғаның өзін- өзі тану мен өзіне деген эмоционалдық құндылық қатынасы негізінде іс-әрекет пен тіршілік әрекеттері санасындағы өзін-өзі ұйымдастыруына бағытталады. Өзін-өзі түсінуді меңгерген тұлғаның өзінің не істеп, не қойғанын түсінуге, саналы түрде өндірістік міндеттерді алға қойып, оларды шешуге, өз іс-әрекеттерін жоспарлап, міндеттемелерді орындауға, өз сәтсіздіктерінің себептерін саралауға, өз іс-әрекеттеріне түзетулер енгізуге қабілетті. Өзін-өзі түсіну - тұлғаның өзін-өзі билеп, өз тағдырын өзі шешудің белгілі деңгейі. Өз өмір сүріп отырған ортада өз жүрер жолын анықтаған тұлға - өзінің өмірлік мақсаттарын, өз потенциалын толық пайдаланумен байланысты жоспарларын, өз қалауларын, өзінің тұлғалық және физикалық қасиеттерін, өз мүмкіншіліктерін, қабілеттерін, таланттарын, сондай-ақ, өзі таңдаған осы оқу орнының ортасында өзінің білім игеруіндегі әзірлік шама - шарқын ұғынатын тұлғаны қалыптастыру. Осы студент тұлғасы ретінде ішкі өсумен қатар, өзін-өзі түсіну де өзгереді. Ол игеруге талпынған мамандық түрінің жаңа белгілерінің іске қосылуының арқасында кеңейеді. Студенттердің өзін-өзі түсінудің құрамындағы маңызды компоненттерінің бірі-сол тұрғыда өзін-өзі тану. Ол белсенді танымдық іс-әрекеттің нәтижесі, танушы сана. Алайда танушы сананың дүниеге келуі сана дамуының белгілі деңгейін талап етеді, сонымен қатар ол өзінің мақсатын қамтамасыз ететін нақты жағдайларды талап етеді. Ең алдымен, тұлға өзін таным объектісі ретінде бөліп қарастыруы қажет, сонымен қатар осы мақсатта өзінің бар ішкі мүмкішіліктерін пайдалана білуі шарт. Қалыпты психикалық денсаулығы өз деңгейіндегі адам өзі мен өз іс- әрекеттерін танып- ұға алады, бірақ бұл таным процесі сыртқы сабақтаса жүретін ықпалдарға да тәуелді болады. Жалпы, авторлардың көпшілігі өзін-өзі түсінудің дамуы мен қалыптасуы арнайы зерттеуді қажет ететіндігін атап көрсетеді, алайда көп жағдайда ол стихиялы түрде өрбиді. Өмірдің жан-жақты, алуан түрлі құбылыстарының кез-келген тұрмыс-тіршілік ортада өзі туралы ұғымдарының өсу процесін толықтай белгілі бір қалыпқа келтіруге жол бермеуі-табиғи нәрсе. Бірақ бұл процестің тиімділігін арттыруға деген қажеттілік әркез студенттің бойынан сезіледі. Сондықтан тұлғаның танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру оны дамытудың педагогикалық қағидаларын бұлжытпай орындау ұтымды нәтижелер беруі мүмкін. Қазіргі өзін-өзі тану мәселелері тұлғаның перцевтивтік- коммуникативтік қабілеттерін В.К. Елманованың психология ғылымдарының кандидаттық диссертациясиялық зерттеу еңбектеріндет.б. көруге болады. Бұл бағыттағы еңбектерде өзі мен өзгелер туралы білімге адам дамуына ортаның белгілі ықпалы бар екендігі туралы идея нақтыланады. /А.А. Бодалев, О.Г. Кукосян, И.А. Вишняков, Л.Н. Суетова/. Өзін-өзі тану деңгейі ортаға кері әсер етуі мүмкін екендігі жөнінде де айтылады, яғни тұлға іс-әрекеттердің бағыт- бағдары мен табыстылығына әсер етеді. Дегенмен мәселенің бұл жағы жеткілікті түрде зерттелмеген. Студент тұлғасының өзін-өзі тану мәселесіне деген көзқарастарды саралап көрелік. Алғаш рет студенттің тұлғалық тұрғыдан өзін-өзі тану мәселесі Г.И. Метельскийдің еңбектерінде орын алды. Ол тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін зерттеген болатын. Өзінің тәжірибелік зерттеуінде тұлғаның өзін-өзі тану процесінде жинақталатын білімдер, қабілеттер және дағдылар жүйесі алуан түрлі педагогикалық міндеттерді шығармашылық тұрғыдан шешудің маңызды шарттарының бірі екендігі туралы болжамды негіздейді. Педагогикалық шеберліктің алуан түрлі деңгейлеріндегі тұлғаның қомақты тобын зерттей келе, Г.И. Метельский олардың өзін-өзі тануындағы, өзінің даму үрдісі мен нәтижесінің, оның жетістіктері мен кемшіліктерінің ерекшеліктерін танудағы да өзекті айырмашылықтарды көрсетіп берді. Г.И. Метельскийдің зерттеуі студенттің болашақ педагог тұлғасы ретінде өзін-өзі тануы - оның өз тұлғасы мен іс-әрекетінің алуан жақтарын объективті, шынайы қабылдау мен түсінуге түрткі болар рефлексиялық гностикалық міндеттердің белгілі бір жиынтығын шешу процесі екендігін көрсетті. Г.И. Метельский тұлға бойындағы рефлексияға, өзін-өзі тануға қабілеттіліктің дамуының үш сатысын жіктеп көрсетті. Тұлға өз іс- әрекеттерінің ішкі бір бөлігін көріп-біліп, пайымдап, тек жекелеген жақтарына ғана түзетулер енгізу-төменгі деңгейге тән құбылыс. Адам тұлғасы туралы мағлұматтардың көбірек болып, оның ерекшеліктерін шынайырақ тануы- орташа деңгейдің сипатында жатады. Жоғарғы деңгей - болашақ педагог тұлғасының өзін-өзі тану кезінде көрінетін мағұлматтық және бағдарлау қызметтерінің бірлігінің көрнекті үлгісі. Г.И. Метельскийдің зерттеуі тұлғаның өзін-өзі тану процесінде қалыптасатын мағлұматтар мен қабілеттер жүйесі педагогикалық мәселелерді шығармашылық тұрғыдан шешудің маңызды шарттарының бірі болып табылып, тұлғаның еңбек, таным және қарым-қатынас субъектісі ретіндегі өсіп- жетілуіне ықпал ететіндігі туралы болжамды дәлелдеп берді. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 1. Өзін-өзі тану ұғымына анықтама беріңіз. 2. Адамның өмір сүру мен мақсат-міндеттерін атаңыз. 3. Адам мақсатының анықталуына қандай факторлар әсер етеді? 4. Мақсат пен міндет терминдерінің айырмашылығы неде? №3-дәріс Тақырыбы: Өзін-өзі тану ілімінің ғылыми негіздері. Мақсаты: өзін-өзі тану іліміне ғылыми тұрғыдан баға беру; өзін- өзі тану пәнінің дамуындағы ғылыми ұғымдарының тарихи аспектілері мен байланысын көрсету. Тірек ұғымдар: өзін-өзі тану, өзін-өзі басқару, өзін-өзі дамыту, ар, ождан, бақыт ұғымдары. Жоспар. 1. Өзін-өзі тану ілімінің тарихи даму аспектілері. 2. Өзін-өзі тану туралы ғалымдардың педагогикалық-психологиялық ой- пікірлері. 3. Жан мен тән байланысы. Ар-ождан ұғымы. 1. Тұлғаның өзін-өзі тануы мен өзін -өзі түсінуі терминологиялық статусқа Е.М. Боброваның, Н.И. Кузьминнің, Ю.Н.Кулюткиннің, В.Н. Козиевтің, С.В. Васильковскаяның, Л.М. Митинаның, А.К. Маркованың, В.А. Якуниннің еңбектерінде ие болды. Мысалы, Е.М. Боброва өзін-өзі түсінуді, яғни студенттің болашақ педагогикалық қабілет дағдыларды игеру деңгейін тұлғаның өз бойында бар білім мен тәжірибені педагогикалық үрдісте мақсаттарына жету үшін пайдаланады деп түсіндіреді. В.Н. Козиев болашақ педагог тұлғасының өзін-өзі түсінуін ол тұлға өзін ұғына отырып, өз ісін белгілі бір жүйеге бағыттап отырады деп қарастырады. Бұл іс-әрекетінің арқасында студент тұлғасының бойында белсенді түрде өзіндік жетілу, өз бойында саналы түрде жеке тұлғаның маңызды қасиеттері мен өз шеберлігін қалыптастыру процесі жүреді. Ю.Н. Кулюткин өзін-өзі түсіну-қол жеткен жетістіктерді бағалау, өзіндік өсіп-жетілу бағыттарын жоспарлап, оларды жүзеге асыру жолындағы іс-әрекеті деп көрсетеді. Бүгінгі студент болашақта өз бойында қандай рухани- адамгершілік қадір-қасиеттерді тәрбиелеп дамыту қажеттігін, екінші жағынан ол қасиеттердің өз бойында қаншалықты өсіп жетілгенін білгенде ғана ол аталмыш қабілеттерді қалыптастыру мен дамытуға саналы түрде ұмтылуы мүмкін. Тек тұлға өзінің психологиялық ерекшеліктерін танып-біліп, оларды өз даму жолымен салыстырып, сәйкестендіре алған жағдайда ғана оның бойында қажетті адамгершілік қадір-қасиеттер мен дағдыларды тәрбиелеу мен жетілдіруге бағытталған белсенділік туындайды. Ұсынылған анықтамалардың көрсеткеніндей, көптеген зерттеуші - ғалымдар өзін-өзі түсінуді өзін-өзі тану, өз бойындағы ерекшеліктерді пайымдап, оларды нақты іс-әрекет саласының талаптарымен сәйкестендіру үрдісі ретінде қарастырады. Е.М. Боброва студенттердің өзін-өзі түсінуінің мазмұндық жағына көп көңіл бөледі. Ол бұл аспектіні студенттердің оқыту үрдісінде қалыптастыратын дағдылардың үш тобына жіктейді: жалпы педагогтық дағды, арнаулы және тұлғалық дағдылар. Л.М. Митинаның пікірінше, студенттің өз мамандығында өзін-өзі түсіну деңгейінің төмен болуы оның тек жекелеген қасиеттер мен қабілеттерді түсінуінен туындайды. Өзін-өзі түсінудің жоғарғы деңгейіне қол жеткізген студенттердің ұғымындағы “Меннің” біртұтас бейнесі оның құндылық бағытының жалпы жүйесіне кіреді. Бұл бағыт оның өз дамуы мен алға қойылған мақсаттарына жетуде басты негіз болады. Егер бұдан ертеректе болашақ педагог шеберлігінің критериі ретінде оның, негізінен, арнаулы әдістемелік және педагогикалық саладағы білімі мен дағдылары қарастырылса, соңғы кезде зерттеуші ғалымдар болашақ педагог тұлғасының психологиялық қасиеттеріне баса көңіл аударады, әсіресе тұлғаның қайталанбас бітім болмысы мен тұлғаның өзін-өзі қабылдап ұғынуын сараптауға мүмкіндік беретін перцевтивтік-рефлексиялық қабілеттеріне ерекше мән береді. Н.В. Кухарев еңбетерінде шебер педагог жұмысын қатаң қадағалау олардың өз тәрбиеленушісінің жеке тұлғасына айрықша нәзік сезімталдықпен қарайтындығын көрсетті. Тұлғаның мұндай сезімталдығы олардың жоғары байқағыштығы мен көрегендігінің жемісі. Бұл қабілет олардың болашақ педагог жолындағы шығармашылық табысының алғы шарты. Олай болса, бүгінгі студенттің өзін-өзі үнемі танып, қадағалап отырып, олардың бойында қырағылық, жоғары сезімталдық, соның арқасында жаманнан жиреніп, жақсыға ұмтылысы жоғарлайтыны сөзсіз. А.К. Маркованың пайымдауынша, бұл қабілеттер - қайтадан қалпына келмейтін қабілеттер. Тұлға бойындағы олардың мардымсыздығы немесе мүлде дамымағандығы оның жеке бітімінің жағымсыз жаққа өзгеруіне әкеліп соғады. Н.В. Кузьминаның зерттеу еңбегінде шеберліктің жоғары деңгейін меңгерген студент үздіксіз өзін-өзі тану процесіне жететіндігін көрсетті. Бұл үрдіс тәжірибенің өзге адамдар мен өзін- өзі танудың барлық компоненттерінің бір-бірімен үйлесе ұштасуына негізделген. Оларға өзін-өзі әділ бағалау, өзінің жеке тұлғасының жетістіктері мен сәтсіздіктерінің себептерін түсіне білу, өз іс- әрекетінің нәтижелерін пайымдай және сараптай білу, өз іс-әрекеті мен өзге іс-әрекеттерін салыстыру қасиеттері тән. Жоғары деңгейдегі студент тұлғасы өз мүмкіндіктерін әділ бағалай білудің арқасында өзінің іс-әрекеттерін тиімді қадағалайды, оқу-тәрбиелік мәселелерді шешуде жоғары деңгейге қол жеткізеді, жеке тұлғаның бойында рухани-адамгершілік құндылықтары мен қасиеттері қалыптасады. Перцептивтік- рефлексиялық, диагностикалық және алдын-ала анықтау дағдылары студент тұлғасының кейбір психологиялық қасиеттерімен тығыз байланысты. Г.М. Метельскийдің зерттеу еңбегінде студенттің жоғарыда аталған дағдылары мен оның санасының сынилығы, өзіне талап қоюы, оның өзін-өзі бағалауының әділдігі, өз уақытын ұйымдастыра білуі, өз мінез-құлқын және дағдыларын тәрбиелеу жүйесін жобалауға көмектеседі, яғни рефлексиялық міндеттерді тиімді орындай білу студент тұлғасында рухани-адамгершілік құндылықтарының табысты жетілуіне жетелейді. Қазіргі кезге дейін тұлғаның өзін-өзі түсінуін зерттеу еңбектері негізінен теориялық негіздері терең сарапталмаған. Бұл жөнінде шектеулі мәселелер қарастырылады. Олар өзін-өзі түсінудің деңгейлері мен бірліктері секілді мәселелерге бағытталады. Тұлғаның өзін-өзі түсінуінің құрылымын теориялық сараптау оның үш құрама бөлімнен /когнетивтік, аффективтік және мінез- құлықтық компоненттер/ тұратын өзін-өзі толықтырушы бірлік екендігін көрсетті. /Л.М. Митина, А.К. Маркова/. Когнитивтік құрылымдық бөлімнің ішіне тұлғаның өзін педагогикалық саладағы тұлғааралық қарым-қатынастар жүйесіндегі және өзінің тұлғалық даму жүйесіндегі өзін-өзі түйсінуі /сезінуі/ кіреді. Біртіндеп, жекелеген педагогикалық ситуациялардағы өз бітімі туралы ұғым - түсінігі негізінде, әріптестерінің пікірі негізінде тұлғаның бойында тұрақты “Мені” қалыптасады. Ол тұлғаға өз-өзіне деген сенімділік туғызады немесе керісінше, ол сенімді яки мүлде жояды. “Мен”- негізінде тұлға өзіне қатысты құбылыстарға баға береді. Тұлғаның өзіне деген аффективтік - бағалаушылық қатынасы тұрғысынан - өзінің қазіргі бойындағы қасиеттері мен мүмкіндіктерін бағалауы /өзін-өзі ретроспективті бағалау/ және болашақ жетістіктерін бағалау /өзін-өзі потенциальді немесе идеальді бағалау/, сонымен қатар өзі туралы өзгелердің ой-пікірін бағалауы /рефлексиялық бағалау/ жіктеліп - бөлінеді./Ю.Н. Кулюткин, В.Н. Козиев, А.К. Маркова/. Егер өзекті бағалау ретроспективті бағалаудан, ал идеальдік бағалау- өзекті бағалаудан жоғары болса, бұл өзін- өзі түсінуінің өз бойында өсуі-жетілгендігін дәлелдейді. Өзіне жағымды көзқараспен қарайтын студент тұлғасының бойында өзіне деген сенімі ұлғайып, өз бойындағы адамгершілік-рухани құндылық бағдарына көңілі толу сезімі туындап қабілеттің жалпы тиімділігі артады. Мұндай студент тұлғасы өзінің рухани- адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға деген қабілет мүмкіндіктерін толықтай іске асыруға ұмтылады. Айрықша маңызы бар бір жайт тұлғаның өзі туралы позитивтік, көтеріңкі “Мені” оның өз бойында осындай көтеріңкі “Менін” тәрбиелеуге ықпал етеді. /Р.Бернс,1986/. Өзін сенімді де, салмақты , байсалды сезінетін тұлға әріптестерінің бәріне де бірдей мейірлі әрі тең көзқараспен қарайды. Өз қабілетінің әлсіз, дамымаған жақтарын түсініп, оларды түзесем деген ниет өзіне деген жалпы көтеріңкі көзқарасқа кері әсер ете алмайды. Керісінше өзін-өзі бағалау деңгейі төмен тұлға қорғансыз күйге еніп өзінің қорқынышы мен стрестері әсерінен қоршаған ортаны теріс қабылдап, психологиялық өзін-өзі қорғау құралы ретінде авторитарлық стильге көп жүгінеді. Соңғы жылдардағы зерттеулер студент тұлғасының өзіне деген қызығушылық деңгейі төмен екендігін, өз “Менін” қорғауға бейімдігінен қарағанда, олардың өзге адамдарға жоғары талап қоятындығын көрсетті. Сондықтан да студент тұлғасының өзі туралы көтеріңкі көзқарасын жетілдіруі өз бойындағы рухани-адамгершілік қадір-қасиеттерінің, өсіп-жетілу мүмкіндігі туралы өзін толыққанды көрсетсем деген ниетін бекітуі “өз әріптестері үшін маңызды тұлғаға айналып, өзінің және олардың өсіп-жетілуіне ықпал етіп, осыған байланысты өзіне деген құрмет адамгершілік сезімінің туындауы - осының бәрі адам тұлғасының сипаттамасы ретіндегі көтеріңкі “Менін” жетілдірудің маңызды компоненттері. Бұл сипаттамалар жас студент тұлғасының өзін-өзі түсінуі мен өз шеберлігінің өсу барысын анықтайды. Өзін-өзі түсіну, яғни өзіндік “Мен” тұлғаның өзін-өзі тану процесінде қалыптасады. Студент тұлғасының өзін-өзі тануы оқу процесінде жүзеге асады. 2. Шетелдік педагог ғалымдардың зерттеулерінде болашақ педагог тұлғасының өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, оның “Меніне” арналған бірқатар зерттеу еңбектері бар: А.Комбс, 1962; М.Розенберг, 1965; С. Мецер, 1968; Ф. Куолтер, 1974; К. Паркер, 1977; Т. Кейт, 1986; Р. Бернс, 1986; М. Харрис, 1986 және т. б. Ф. Куолтер /1974/ студенттердің - болашақ педагогтардың педагогикалық сараман уақытындағы өздерін көрсету, ұстау ерекшеліктерін зерттеді. Осының нәтижесінде ол мынандай шешімге келді: егер студенттердің өзі туралы ұғым түсініктерін қалыптастыру бағытында арнайы жұмыстар жүргізілетін болса, бұл ұғымдар өзге студенттер ұғымынан әлдеқайда терең әрі толық, студенттердің өз тұлғасы туралы ұғымдарын қалыптастыруды басқаруға болатындығы тәжірибе негізінде дәлелденді. №2 Кесте. К.Р. Левинтан мен С.Г. Верловский көзқарасы бойынша өзін-өзі танудың басты тәсілдері мен мазмұны. |Өзін-өзі тану тәсілдері |Мазмұны | |Тұлғалық өзін-өзі сараптау |Тұлғаның жетістіктері мен | | |сәтсіздіктерінің себеп-салдарлық | | |байланысын ашуға көметеседі. | | |Өзін-өзі сараптаудың қай бағытта | | |өрбуі тұлғаның өз бойында | | |адамгершілік рухани қадір- | | |қасиеттердің қаншалықты тереңдігі | | |оның тұлғалық шығармашылық | | |потенциялының дамуын, тұлғалық | | |өсіп-жетілуін анықтайды. Осындай | | |ішкі жан- дүниедегі жұмыс | | |аналитикалық ойлау қабілетін | | |дамытады, тұлғалық рольдік мінез- | | |құлықына дер кезінде түзету енгізуді| | |қамтамасыз етеді. | |Педагогикалық рефлексия |-тұлға саласының өз-өзіне қарай | | |бағытталуы, оның өз бойына үңілуі, | | |болашақ педагогтық қызметі туралы | | |ұғымдарын ескеру. Бұл тұлғаның | | |белгілі бір ситуация туралы пайда | | |болған ұғымдарының бейнесінің көз | | |алдына ойша келтіріп, соның | | |арқасында өзі туралы ұғымды нақтылау| | |қабілеті. Өзінің әрбір іс-әр | | |екетін оның мақсатқа сәйкестігі | | |тұрғысынан саралай келе, ол өзін | | |әркез түзеп отырады. Рефлексияның | | |негізінде осындай үздіксіз өзін- өзі| | |түзеу процесі жатыр. Онсыз /болашақ | | |педагог/ студент тұлғасын | | |дайындаудың жемісті болуы мүмкін | | |емес. | |Өзін-өзі бақылау |оқу барысындағы белгілі бір | | |ситуациядағы өз қалпын көз алдына | | |елестетуге тырысуы. Өзін-өзі | | |бақылаудың, болжаудың басты | | |критериі - адамгершілік-рухани | | |құндылық бағдарын жан-жақты сараптау| | |қабілеті мен осы негізде шешімдердің| | |көптеген мүмкіндіктерін дайындау, | | |сонымен қатар іс-әрекеттің алдағы | | |мүмкін нәтижесін алдын- ала көру. | |Өзін-өзі қабылдау |-бұл процесс кезінде нақты | | |ситуацияға байланысты өзі және өз | | |құлқының жекелеген бейнелері, | | |қалыптасады. | |Өзін-өзі қадағалау |түрлі ситуациялар кезінде өзін- өзі | | |саналы немесе еріксіз түрде бақылау.| | |Мұның арқасында белгілі бір | | |айтарлықтай тұрақты өзінің “Мені” | | |туралы ұғым қалыптасады. | Р. Гарвей жоғарғы курс студенттерінің “Меннің” ерекшеліктері мен оларды оқыту тиімділігі мәселелерін зерттеді. “Жоғары академиялық үлгерім деңгейін игерген жоғарғы курс студенттерінің бойындағы олардың өзі туралы ұғымдарындағы қайшылықтар мен өзіне деген сенімсіздік деңгейі әлдеқайда төмен”. Студенттердің педагогикалық қызметінің табыстылығы әркез олардың өзін- өзі көтеріңкі бағалауымен, өзі туралы ұғымдарындағы бұлыңғырлықтың, түсініксіздіктің жоқтығымен және олардың бейімделуге деген жоғарғы қабілеттілігімен ұштасып, сабақтасып жатады. Бұл тұлғаның өзін-өзі бағалау қызметінің қажеттілігін дәлелдеді. Өзін-өзі бағалау әрбір тұлғаға өз тиімді стилін тауып, оны дамытуға мүмкіндік береді. Д. Доуэрти және К.Паркер студенттердің өзін-өзі бағалауы олардың экстраверттілігі мен нейротизміне тәуелді екендігін анықтады. Студенттердің өздерін қоршаған ортасы олардың көбінесе интроверттікке бейімделуіне ықпал етеді, ал интраверттердің экстраверттерге қарағанда өзін-өзі бағалау шамасы төмендеу, қалыпты эмоциялық деңгейдегі студенттен нейротизмнің жоғары деңгейіндегі студенттің өзін-өзі бағалауы жоғарырақ. Болашақ педагог өміріндегі өзін-өзі көтеріңкі бағалаудың маңызы туралы А. Комбс, М. Розенберг, Р. Бернс және т.б. жазды. Тұлғаның өзін позитивтік тұрғыдан қабылдауы оның қызметінің тиімділігінің маңызды факторларының бірі ретінде тұлғаның көтеріңкі “Менінің” дамуына әсер етеді. Өзіндік “Мен” мен “Менінің” тиімді оқыту арасында айқын байланыс бар. Тиімді оқытудың қажетті шарттарының бірі- тұлғаның өзінің жеке және өз біліктілігіне деген сенімділік деңгейі. Сынып ішінде өзін сенімді сезіне отырып студент өз кемшіліктері мен оқушылардың кемшіліктерін оңай, тез ұғынады. “Өзінің бойында әділдік, шынайылық, өз тұлғасының адамгершілік- рухани құндылығы сезімі бар және оқушыларға позитивтік көзқараспен қарауға әзір тұлға оқушылардың өзін-өзі түсінуі мен олардың тұлғалық қалыптасуына тиімді ықпал ете алады, оларды өзіне сенуге үйретеді, құндылықтарды жеңіп, оқудағы өз мүмкіндіктерін толықтай қолдауға үйретеді. Алайда түрлі зерттеулердің нәтижелері /Бернс/” тұлғаның мұндай маңызды қасиеттерінің даму деңгейі төмендігін көрсетті. Адам өзін-өзі тануға талаптанбаса, оның қолынан өзге адамдарды танып түсіну және оларға нақты көмектесе алу келмейді. Қоғамдық дамудың өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсетін әрбір адам өзін- өзі тануын тереңдетуі шарт, бірақ Джерсиидтің байқауынша бұған жеткілікті мөлшердегі жүректілік қажет, өз рефлексиясының нәтижелері қандай болса да, оларды әділ түрде қабылдауға мүмкіндік берерлік белгілі мөлшердегі объективтілік қажет. Студент тұлғасының өзін-өзі тануы білім беру жүйесінде жетекші мақсаттардың бірі дәрежесін алуы қажет. Студенттің “Менін” позитивтік өзгерту қазіргі таңда педагогика мен психологияға деген гуманистік көзқарастың бірден-бір маңызды саласы, оқыту мен тәрбиелеу ісіне қатысы бар әр адамның өзін-өзі адамгершілік тұрғыда дамытуын қамтамасыз ететін басты құралы. Болашақ маманның өзін- өзі дамыту қағидаларын меңгеруі қажет, әйтпесе ол өзгелерге бұл процесте қажетті көмек бере алмайды. Оқытудың тиімділігі тұлғаның психикалық дүниесінің жалпы үйлесімділігіне, әсіресе оның “Менінің” көтеріңкілігіне, позитивтілігіне тәуелді. Сондықтан студенттің тұлғалық дамуының сипаты мен өз бойындағы рухани-адамгершілік құндылық бағдарының мән-маңызы оның академиялық жетістіктерінің маңызынан кем емес. Сөйтіп, педагогикалық жоғары оқу орындарының бағдарламаларындағы өзін- өзі тану мен өзгелерді түсінудің алар орнын, маңызын айтып жеткізу мүмкін емес, себебі “болашақ маман біреуді өмір бойы бір нәрсеге оқытады”. 3. Осы тұрғыдан Ш.Құдайбердінің “Үш анық” атты философиялық еңбегінде тұлғаны рухани қалыптастыру мәселесіндегі маңызы ерекше екеніне тоқталуға болады. Ол өзінің ұзақ жылдар бойы ізденіп, зерделенген ой түйінінде философиялық танымның екі бағыты терең зерделенді. Материализм жолындағы таным-бірінші анық, дін жолындағы идеалистік таным- екінші анық деп ара жігі ажыратылады. Ол өзінің көрегендігімен тек логикалық ойлау жүйесі арқылы дүниені тану мүмкін емес екендігін атап өтеді. Ол ... адам жанының көрінісі ынсап, әділет, мейірім - үшеуі қосылып ар-ұждан деген ұғым беретінін, ол ар ілімінің негізі болатынын, оның үшінші анық екенін қисынды түрде тұжырымдады. Тән мен жанның үйлесімділігін, жанның саналы толысуын түсініп, ар-ұжданның өмірге таяныш екенін сезген адам ғана жүрегіндегі таза кіршіксіз махаббаты арқылы жаратушыны танып, өмірдің мәнін, өзінің өмірге не үшін келгенін саналы түрде ұғынып, жарқын болашаққа жететіндігінің ақиқаттылығына көзін жеткізді. Ш.Құдайбердіұлының еңбектеріндегі “жан, рух” жайындағы тұлғаның руханилық санасы - өмірдің мәнін, өзінің өмірдегі орынын, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, жақын адамдардың алдындағы жауапкершілігін сезіну, өзінің жеке басына тән азаматтық және адамгершілік парызын орындау т.б. ой жетегінен адамгершілік рухани қадір қасиеттердің біртұтастығын және оның қалыптасуы жан мен рухтың, тәннің үйлесімділігінен туындайтынын ұғынуға болады. Ш. Құдайбердиевтің “Үш анық” шығармасы жан мен тәннің өзара байланысын көрсете отырып, ақылдылыққа, ынсаптылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, ақыл мен мінез үйлесімділігін қалыптастыру сияқты парасаттылыққа шақырады. Шәкәрім рух пен нәпсі, ақыл мен ой, сенім мен махаббат, ақиқат, жүрек жылуы сияқты рухани ілімді талдап берді. Адам өміріндегі мақсатты - өзін-өзі танып, таза ақылына салып, ақ пен қараны /жақсы ой мен жаман ойды/ ажыратып, тура жолын, өмірдегі өз орнын таба білу рухын өсіріп, нәпсісін тиып тәрбиелеу Шәкәрімнің басты қағидасы болды. Яғни, адамның кез-келген іс- әрекеті ол - жаны мен тәнінің ықыласынан туындайды, адам парасатты болу үшін ол өзінің ішкі жаны мен тәнінің тылсымын түсіну қажет екендігін өз ойларында дәлелдейді. Бұдан біздер, тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі биік адамгершілік тұрғыда көтерілгенде ғана тұлға өзін-өзі танып, өз мақсаттарын іс-әрекет түрінде жүзеге асыра алады - деп ұғынуға болады. Ал, рухани сананың мақсаты-өмірдің құндылығын түсіну, ақыл- ой арқылы үнемі адамгершілік тұғырлары шындықты, ақиқатты іздеу; сезім арқылы сұлулықты сезініп, түсіну; ерік арқылы мейірімділікке, рахымдылыққа ұмтылу. Рухтың ұясы-жүрек. Ақыл жүрекпен нұрланса, неғұрлым рахымға толы болса, соғұрлым адамды ізгілендіреді. Жүрек жылуынсыз тек қана ақылмен қабылданған білім адамның өзіне де, қоғамға да болашаққа да теріс ықпал етеді. Жастардың даму кезеңдерінде адамның рухани өзегін қоректендіруші ретінде тәрбие, біліммен қатар қолға алынуы тиіс, яғни білімге адами және рахымдылық сипат беріліп, ақылды жүрек жылуымен нұрландырған жөн. Жалпы, рухани жан көрністерін бақылау арқылы адамның ішкі дүниесіне көз жіберу немесе тексеру арқылы адамды тану біздің халқымызда өте жоғары деңгейде қалыптасқан. Мәселен, көру құралы - көз туралы мынандай тіркестер бар:”үлкендеу келген қоңырқай саналы көздер , нұрлы көз , ойлы, оты бар жанған көздер”, “ұялы қара көз” Бұлар ойлылық, ақыл мен парасат, ізгілік пен ізеттілік, көңіл күйініші мен сүйенішін білдіреді, яғни жақсы адамгершілік көріністер белгісі. Ал енді “суық”, “жалтыраған”, “сығыр, “түссіз”, “жасқаншақ”, “қомағай”, “өлі қозғалыссыз” көздер ыза, ашу, нұрсыздық, ойсыздық тәрізді адам жанының ішкі көрінісін айқындайды. Сондықтан болар, ата-бабамыз: “Көреген болса балаңыз, күйіңді көзден болжайды” деген. Адамның тәрбиелігі - оның таза, ұқыпты жүруді түсінгендігімен ғана емес, осы қасиеттердің ол үшін табиғи қажетке айналғандығымен өлшенеді - дейді халық даналары. Ол үшін әрбір тұлға өзінің осы қасиеттерін терең түсінуі қажет. Қазіргі ұрпақ тәрбиесінде тұлғаның өзін-өзі тану жолындағы ізденісі басым. Мәселен, “Мен кіммін”, “Мен қандаймын” Мен дүниеге неге келдім? Менің өмірім қандай болуы керек? - деген сұрақтарға жауап беру үшін адам алдымен өзін-өзі тануы арқылы, өзгеге және өмірге қатынасын айқындауы тиіс. Адам қолымен жасалатын заттың бәрі оның өзіне қызмет атқарса ғана құндылығын сақтайды. Ал адамның құндылығы неде? Оның қабілеті мен өмірде көздеген мақсаты қалай анықталады? Әр адам дүниеге келгеннен кейін, өсіп жетіліп, тұлғалық ерекшелікке ие болады. Оның ерекшелігі, құндылығы - оның қайталанбас даралық сипатында. Тіпті өмірде егіз туған балалар да бірдей бола бермейді. Адамның даралық сипаты оның өмірге беретін үлесімен, сіңіретін қызметімен ерекшеленеді. Адам өзінің құндылық сапасын білу үшін өзінің даралық сипатын сақтап, оны жетілдіруі керек. Адамның даралық қасиеттері оның адамгершілік рухани құндылық сипатын көрсетеді, сол даралық қасиеті өзгелердің назарына ілініп, төңірегіндегі адамдар оны сол адамгершілік рухани қадір-қасиеттері үшін құрметтейді. Студенттің мінезін дұрыс қалыптастыру үшін ата-ана, оқытушы студенттің тәндік және жандық жаратылыстарын ажырата қарастырмай, бірдей ескеруі тиіс. Отбасында жастардың денсаулығын, материалдық қажеттіліктерін өтеп, қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жастардың жандық сипаты, яғни ішкі “Мен”-нің қажеттілігін қамтамасыз ету көбіне ескеріле бермейді. Жеке тұлғаның сыртқы бейнесі - тән, ал оның ішкі жан дүниесі - оның ішкі “Мен”- інің қажеттілігі. Тұлғаның үлгілі-өнегелі мінезін қамтамасыз ету көбіне ескеріле бермейді. Ал адамды өз мәнінде танып, онымен дұрыс қарым-қатынас орната білу үшін біз оның жандық сипатын, яғни даралық ерекшелігін көре білуіміз керек. Рухани сана тәндік санамен тығыз байланысты. Адам санасы үш түрлі қызмет атқарады, олар - ақыл-ой, ерік, сезім. Адамгершілік рухани сананың мақсаты - өмірдің құндылығын түсіну, ақыл-ой арқылы үнемі шындықты, ақиқатты іздеу; сезім арқылы сұлулықты сезініп, түсіну; ерік арқылы мейірімділікке, рақымдылыққа ұмтылу. Адамның қиялы, өзіндік санасы, ар-ұяты, шығармашылық ұмтылысы бәрі де сананың қызметіне жатады. Осындай рухани қасиеттер болмаса, біз кісілік келбетімізді мүлде жоғалтар едік. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 1. Е.М. Боброваның өзін-өзі түсіну ұғымына сипаттама беріңіз. 2. Ш. Құдайбердиевтің “Үш анық” шығармасын «хрестоматия» бойынша сипаттап ар-ұждан ұғымын түсіндіріңіз. 3. ААдам санасы үш түрлі қызметіне сипаттама беріңіз. Оған әсер ететін факторларға тоқталыңыз? 4. “Менің” ішкі сыртқы бейнесі мен қажеттілігі, өмірдегі орнына анықтама беріңіз. 5. К.Р. Левинтан мен С.Г. Верловский көзқарасы бойынша схема құрыңыздар. 6. Төлқұжат бойынша сурет құрастырып, сипаттама жазыңыздар. №4-дәріс Тақырыбы: Болашақ бүгіннен басталады. Мақсаты: Құндылық, адамгершілік, адами қасиеттің бағасы, өмір сүру жолдары мен болашаққа дұрыс көзқарас қалыптастыру. Тірек ұғымдар: Құндылық, адамзат бастаулары, отаншылдық, адамгершілік сапалар, адами қасиеттер, намыс, әділдік т.б. Жоспар. 1. Адамгершілік өмір бастауы. 2. Қазақ философиясындағы өзін-өзі тану. Абай тағылымдары. 3. Қазақ ағартушыларының ой-өсиеттері мен тұжырымдамалары. 1. Адамгершілік адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аяушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды, сондай-ақ кішіпейілділік, адалдық шыншылдық та адамгершілікке жатады. Осыдан келіп адамгершілік ұғымы ізгілік, гуманизмінің синонимі ретінде, адамның игілігі мақсатқа айналғанда пайда болатын қарым- қатынастар жүйесі мен қоғамдық ахуал ретінде неғұрлым кең мағынада қолданылады. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек - адамгершілік қоғамдық қатынастардың дамуы мен тарихи-мәдени, рухани қажеттіліктің нәтижесі. Адамгершілік туа біткен қасиет емес. Адамгершіліктің моральдан айырмашылығы мораль сыртқы қоғамда жазылған заңдар мен нормалар жүйесін қамтып сырттай әсер ететін болса, адамгершілік адамның ішкі дүниесінде қалыптасады. Адамгершілік адамның ішкі еркінің сезімі. Адамгершілік принциптері бірлікте өмір сүру, бақытқа талпыну, мүдделерді үйлестіру мен ұжым болып жұмылудың, жоқ-жітік пен ауру- кемтарға, бала мен кәріге жәрдемдесудің қажеттігін сезіну мен мойындау сияқты факторлар негізінде қалыптасады деп ой түйіндей келе адамгершілік ұғымына келесі анықтама беруге болады. Адамгершілік дегеніміз - тұлғаның өз бойындағы негізгі ізгі сезімдер мен терең руханилықтан туындап, моралдық нормаларға бағынатын еркін қарым-қатынас жүйесі. Адамгершіліктің көрніс табуы әрбір тұлғада әртүрлі. Себебі әр тұлға өзіне әртүрлі жеке өзінің құндылық мақсаттарын таңдайды. Соған бағыттап өз бойында рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады (Г.А. Брандт, А.М. Лобок). 2. Қазақтың рухани мәдениеті қола дәуірінен қалыптасып, бірнеше тарихи кезеңдерден өтіп біздің халқымызға жетті. Көне түркілерден келе жатқан көшпенді ата бабамыздың негізгі рухани мәдениетінде дін арқылы бірлесу, топтасып қалың қол жинап елдің бірлігін сақтап отырған. Шапқыншылық кезеңдерде тек қана білектің күшімен емес, жүректің, діннің , өткір сөздің, ақыл-ойдың ұшқырлығымен халықты біріктірген. Содан білекті бірді жығар- деген нақыл сөзбен өсиет қалдырған. Қазақстан халқының үш ғасыр бойы рухани мәдениеті сонау сақ, ғұн дәуірі одан кейін жалпы түрікі, қазақ хандығы Рессей мәдениеті, Кеңес үкіметі кезеңдерінің тарихи мәдени даму қалыптарынан өтті. Осы кезеңдерде әрбір даму кезеңі өз кезегінде рухани мәдениеттің дамуына жолдар салды. Сақ, ғұн мәдениетінде көшпенді халықтың әдет ғұрпы қалыптасса, жалпы түркі дәуірінде көшпенді жартылай отырықшы халықтың мәдениеті, Рессей мәдениетінде бодандық, қазақ хандығында рулық, Кеңес үкіметі жылдарында жалпы адамзатты жеке ұлтты материалды үрдіс деп тану т.с.с рухани мәдениеттің негізгі кезеңдері өзгеріске ұшырап келер ұрпаққа жеткізіліп отырған. Қазақтар ерте заманнан бастап, Отанын сүю, қорғай білу соған рух жинап тұтастықты қамту ел бірлігін ұстау сияқты рухани адамгершілік мәдени құндылықтарды сақтаған. Қазақ халқының бүгінге дейін жетіп отырған негізгі рухани мәдени құндылықтарына: 1) Атамекен, атакәсіп, атамұра ; 2) Кісілік қасиеттеріне: дінге табыну, шаруашылық, өнеркәсіп өнеріндегі, ішкі дүниесіндегі қол жеткен табыстарын құндылық деп санаған. 3) Отбасын сақтау; ата баба тарихы, шежірені білу, жеті атаны сақтау қазақтың отбасын сүттей ұйытуға, әрі қарай ата бабасының салып кеткен ізімен жүретін рухта тәрбиелеу; 4) Сөзінде тұру, уәжде тұру, халықты жұмылдыратын өтімді сөз айту ұлт үшін маңызды құндылықтарға жатқан. Арабтар ислам дінін Орталық Азияға алып келді. Мысалы, көк тәңірге сиыну наурыз мейрамын тойлау т.б. Сол кезде төбелерге шығып шыққан күнді күтіп, сол күнге сиынып, отбасының , халқының амандығын сұрау арқылы ұлы Жаратушығы сиыну, осы кезге дейін ұрысып, кикілжіңге келген, арасы алыстаған адамдарды жақындастырып табыстыру адамгершілік ізгілікке жол тауып отырған. Ислам дінін таратушы миссионер Қ.А. Яссауи ерлік, ел алдындағы ұят, абырой, тазалықты сақтауға шақырып отырған. Осының бәрі тоқырау заманында әсіресе Кеңестік заманның 20 жылдарында қазақтар өз рухани мәдениетінен бірте-бірте айрылып, дінде, тілде шұбарлылық пайда болып, рухқа шабуыл болғандықтан қазақтың рухы әлсіреп қалды. Әлеуметтік ортаның дамуы ғарышпен қарым-қатынас, өзге елдермен араласу қазіргі кезде егеменді елдігімізді алған шағымызда жастарымыздың рухани - адамгершілік мәдениетін жаңадан бұрынғы әдет ғұрып салт сананы сақтай отырып дамытатын рухани жаңартатын тәрбие керектігі өте айқын. Оған дәлел біздің зерттеулеріміздегі жоғары оқу орнындағы жүргізілген тәжірибе қортындысынан көруге болады. “Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Өзіне немқұрайлы қарайтын кейбір қоғам мүшелері, басқалар қалай өмір сүрсе, мен де солай өмір сүремін деген принципті ұстағанымен шын мәнінде өмірде олай емес. Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз ол оның өзіне тән мінез- құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы - деп көрсетеді профессор С.Қалиев Қазақ тарихындағы ғұламалардың ой пікірлері жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға арналады. А.Йассауи, А.Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, Ы. Алтынсарин, М.Жұмабаев, Ж. Аймауытов, сияқты ұлы ғұламалар адамды аса жоғары құндылық ретінде бағалайды. Оны табиғаттың, тірі дүние дамуының керемет нәтижесі, сондықтан да ол керемет пен марапатқа әбден лайық деп түсіндіреді. Ұлы Абай адам проблемасына, оның табиғи және әлеуметтік жақтарының арақатынасын, адамгершілік, кемелдену, гуманизм идеяларын өзгеше пайымдайтын сананы тудырды. Ұлы ғұламаның жарық дүниеге келген адам баласының маңдайына жазылған тағдыры жайлы, оның дүниеден алатын орны мен рөлі жайлы философиялық пайымдауға, сан қилы да күрделі адам болмысын жан- жақты әлеуметтік қарым - қатынасы адамдарды түзу жолға түсіреді-деп тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарына адамның адами қасиетінің дамуын негізге алып, келер ұрпаққа бір сөзбен “Адам бол!” - деген ойларынан нағыз адам болу үшін тек қана өзіңді тану арқылы сыртқы мәдениетке, тілге дінге мән бере отырып дамуға сол арқылы адамгершіліктің негізгі принциптері- қайырымдылық, биік талғам, шындық, әділдік негіздерін қабылдауға итермелейді немесе “Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның өзінің замандастарының бәрі кінәлі” деп рухани-адамгершілік құндылықтың келесі жағы қарым-қатынас құндылығын суреттесе, өзінің отыз жетінші сөзінде: Мен заң қуаты қолымда бар кісі болсам, «адам мінезін түзеп болмайды» деген кісінің тілін кесер едім немесе “Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады -деп келесі рухани- адамгершілік құндылықтарына мәдени- этикалық құндылықтардың мәнін ашып көрсетеді. ” Тағы бір сөзінде Абай «шынайы байлық бұл адамдардың бір-бірін және өзін терең түсініп, өзара түсіністік қалыптасқанда ғана адамдар үйлесімді тіршілік құрып, дами бастайды» - деп адам бойындағы ең жоғары қалыптасқан құндылықтар бұл олардың ішкі рухани дүниесінің байлығы мен асыл қасиеттерін көрсете білу екендігін дәлелдеп береді. Адамның өзін-өзі тану арқылы адамгершілікті өрбітетін игіліктеріне: - сезім; - сана, - ой; Тыныштық қуаты - жүректе, келісім қуаты - қайратты, ерікті, иманды кісіде. Адамның кісілігі: - әсерлі, әдепті, табысты өнерінде; Адамның ең биік қасиеті-Адам бола білу; Биік қүндылыгы: жан, тән, рух; мінез, әрекет, тәжірибе, білім, өнер, кәсіптік икемділік; бостандық; бірігу идеясы; азаттық; даналық; ақыл, өнер, бедел ; таза өмірдің бастауы, адамгершілікті өрбітетін бұл адам бойындағы келесі қасиеттер: адамшылық, адалдық, әділеттілік, білімділік, еңбекқорлық, терең ой, кісілік, рахымдылық, махаббат, арлылық, намысқойлық, сертке беріктік, татулық, тәуекелшілдік, имандылық т.б. жатады. Ал осы адамгершіліктің дамуына кері әсерін тигізетін адам бойындагы негізгі қасиеттер: арамдық, азғындық, арызқойлық, сараңдық, сайқалдық, әділетсіздік, әдепсіздік, пәлеқорлық, өсекшілдік, надандық, менмендік, еріншектік, жалақорлық, залымдық, жылпыстық, қанағатсыздық, жиіркенішті мінез-құлық т.б. бөліп көрсетеді. Абайдың рухани-адамгершілікті өрбітуге байланысты осындай көрсеткіші ақыл мен білім, рухтың тазалығын әрбір адамның санасына, тәрбиесіне пайдаланса, болашақ жастарымыздың ақыл- парасаттылығы мен ой тазалағы мүдделеріне сай келетініне көз жеткізуге болады Абай ұғымына адамтануды өрбітетін негізгі игіліктер: сезім, сана, ой; адамдықты көрсететін қасиеттер мен құндылықтар: жан мен рух; мінез, әрекет, тәжірибе, білім, өнер, кәсіптік икемділік. Құндылықтардың осы төрт тобы салыстырмалы түрде адамды өз-өзін тануға итермелейді, оны өз-өзімен табыстырады...» әрі қарай адам туғаннан ер жету және бүкіл өмірінде негізінен тәрбие арқылы өзгерістерге ұшырайды. Өмір қоршаған орта оның дамуына, қалыптасуына, дүниетанымына, өзін-өзі тануына әсер ететіндігі сөз болады. Жаңа дәуірдің, халықтың ұлттық сана сезімінің ояну дәуірінің жаршысы өзінің бүкіл қоғамдық - саяси әрі ағартушылық қызметі қараңғылық пен надандыққа, діни мұсылмандық фанатизмге қарсы қажырлы күреске өзек болған Ш. Уалихановтың моральдық идеяларының негізі - қазақ қауымындағы зұлымдыққа қарсы күресте, патша шенеуніктерінің, жергілікті билеушілердің жалған, әрі “жабайы” мінездеріне орай адам қасиеттерін сипаттайтын адамгершілік құндылықтарына: - “намыс”, - “әділдік”, - “парыз” т.с. түсініктерді өздерінің саяси мақсаттарына жетуде пайдалана отырып мәнін ашып берді. Ағартушы-демократ, қоғамдық қайраткер әрі ойшыл, реалист- ақын, ғылым және озық жаңашыл педагог Ы.Алтынсарин, білім берудің толып жатқан мәселелерімен қатар халық ағарту ісінің рухани-имандылық негіздерін жасап, өз еңбектерінде мектеп пен отбасы тәрбиесінің моральдық негіздерін көрсетіп берді. Адамгершілік адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты гуманизм принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет. Мораль адамзат қоғамының белгілі бір кезеңінде немесе адамзат индивидуумы дамуында, яғни филогенез бен онтогенезде пайда болады. Оған адамзат “Мені” қалыптасуының екі сатысы ықпал етеді: а) адамның әлеммен тұтастығын білдіретін, “Біз” феноменінен көрінетін адамның әлем мен өзге адамдардан ажырамастығын, дүниетаным бірлігін білдіретін культ (табыну) сатысы; ә) адам әрекеті мен адам индивидуалдығының әр алуандығы жағдайында мәдени формаларды іріктеуді білдіретін культура (мәдениет) сатысы [9]. Абай бүкіл шығармашылық күш- қуатын адамдық ақиқатты, адамдық болмысты іздеуге, адамға лайық өмірге ұмтылуға сарп етсе, оның ізбасарлары - Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытұлы өздерін ұлы қазақ ойшылының шәкірттеріміз деп есептеп, оның ісін ілгері жалғастырды. Қазақ ойшылдарының шығармаларындағы адам және қоғам мұраты проблемасын тарихи дамуына орай бірнеше кезеңге бөлуге болады. Оның біріншісі-Асан қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау және тағы басқа да ақын -жыраулардың, ойшылдардың көзқарастары. Олар аталған проблеманы өмір салтымен, жер мұратымен, бостандық, теңдікпен, ел билеушілер мен төрелердің, батырлардың, қарапайым адамдардың жеке басымен, от басындағы қарым- қатынасымен, үлкендерге, әйелдерге деген құрметпен тікелей байланыстыра қарастырады. Мысалы, Асан қайғы Желмаяға мініп, ну орманды, көкорай шалғынды, сулы жер- қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын жерұйық қонысты іздеп, соған жетуді арман етеді. Сондай-ақ, ол халық үшін “Жерұйықты” іздеп табуға бар күш- жігері мен ақыл-ойын жұмсайтын адамды мұрат тұтқан. Сонымен Абай адамның жан-жақты жетілуіне толық адам болуы үшін адамға ең керегі: “ақыл, қайрат, жүрек” деп, адамның ішкі дүниесіне үңілуге өзін- өзі тануға шақырады. Өзін-өзі тану әдіснамасын зерделеу арқылы оқу үрдісіндегі тәрбиенің заманға сай бағыт бағдарын дүниетанымдық жаңа ұстанымдарын қалыптастыру білім беру жүйесіндегі жаңаша тәрбие беру қырларын ашу өзекті мәселенің бірі. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 1. Студент хрестоматиясынан А.Құнанбаев қара сөздерінің мән- мағанасын түсіндіріңіз 2. Қазақ зиялы ағартушылардың еңбектеріндегі адамгершілік ұғымын сипаттаңыз.. 3. Адамның өзін-өзі тану арқылы адамгершілікті өрбітетін игіліктерін ата? 4. Адамның биік цұндылыгына не жатады? 5. Ш.Уалихановтың моральдық идеяларының негіз неде?. 6. Абай қара сөздеріне шығарма жазыңыз. №5-дәріс Тақырыбы: Махаббат келбеті. Мақсаты: студенттердің өзара сыйластық пен сыпайылыққа, сөйлеу мәдениетін дамытуға, үйлесімді қарым-қатынас, адамды құрметтеу, қарым- қатынаста шынайы болуды, жақсылық жасау, достықты қадірлеу, жолдасыңа көмек көрсету, өзара ұйымшылдық пен бірлікке т.с.с адамгершілік-рухани қадір- қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етеді. Тірек ұғымдар: “махаббат”, “қарым-қатынас”, “Отан”, “Ана”, “Туған Жер” т.б. Жоспар. 1. Жүрек мәңгі мекенім. 2. Сезім сапаларының қырлары мен қарым-қатынас түсінігі. 3. Рухани келісім ұғымына түсінік. 1. Жастарға рухани тәрбие, білім беру адам дамуының тәндік, жандық, рухани үйлесімділігін, өмірді құндылық деп түсінуін өзін Жаратқанмен, табиғатпен үйлесімділікте ұстай білуін, жердегі тіршілікті сақтау үшін өзінің қажеттігін түсінуді қамтамасыз етеді. Рухани тәрбие адамның ізгілік, имандылық ұстанымдарын тәрбиелейді, адамның ақыл-ойы мен іс-әрекеттерін жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмірдің күрделілігін түсінуге рухани көзқарас қалыптастырады. Әр адам өзін-өзі рухани жетілдіру үшін өзін-өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өздігінен оқуға ұмтылуы тиіс. Студенттердің рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың нәтижелігі, олардың бойына биік адамгершілік мінез-құлық нормаларын сіңдіруге және моральдық сананың қалыптасуын жақсартуға ықпал етуші-нақты орта, объективті жағдай мен субъективтік факторларды /оқу-тәрбие процесі, қарым-қатынас, көзқарас, т.б./ үнемі есепке алып отыруға тікелей байланысты. Сондықтан да университет жоспарына еніп отырған бүгінгі “Өзін- өзі тану” тәжірибелік курсы және философия, мәдениеттану, саясаттану педагогика, психология пәндеріне қосымша арнайы курс, арнайы семинар, арнайы ғылыми конференция бөлімдер жанынан ашылған үйірмелер негізгі рухани-адамгершілі құндылық-тарын қалыптастыруды жүзеге асырудың негізі болып табылады. Осыған байланысты, ел басымыздың: “Адамгершілік ұстанымдар ортаның өмір салтына сәйкес қалыптасуға тиіс. Біз қалыпты, дұрыс тәрбие алдық. Бізде көшеден бір таба нан немесе тұз сұрап алу, өзара көмектесу дәстүрі сақталған. Осынау адамгершілік қасиеттерді жоғалтуға болмайды. Ал, жаңа адамдық ұстанымдар жастар тәрбиесінен басталуы керек. Ол үшін Отанды, Қазақстандық құндылықтарды тәрбиелеу қажет. Осы орайда идеологиядан гөрі насихат туралы баса айтқан жөн. Адамдарды ұлтына, дініне, тіліне қарап бөлуге болмайды. Халықтардың достығы, теңдігі, өзара келісім мен сенім- біздің идеологиямыз осылар болуға тиіс”- дей келіп Елбасы мемлекеттік идеологияның, тәлім-тәрбиенің өзегі, негізгі діңгегі ретінде бес мәселені айрықша атап көрсетті. Олар: достық, ұлттық, идея мен мәдениет, діни төзімділік, халықты заңға бағынуға тәрбиелеу және Экономика. Осы міндеттер жүзеге асар болса, ол мемлекетіміздің өркендеуінің кепілі болмақ”. Рухани-адамгершілік құндылық тәрбиесіндегі басты нысана тұлғаны құрметтеу. Оның рух иесі, бойында Жаратқанның ұлы қуаты бар-Кіші ғарыштық әлем, ғарыштың тіршілік иесі екенін және дүние мен, әлеммен біртұтастығын саналы түрде түсініп, оған бой ұсынуы, оны мұғалім солай қабылдауы шарт. Адамгершілік сапалары: адалдық; махаббат; сүйіспеншілік; парасаттылық; ізгілік; моральдық сана сезім. Адамгершілік тәрбие беруде жеке тұлғаның әлдебір әрекетке баруына түрткі болатын сенімді туғызатын сана мен мінез-құлық қалыптасады. Олар өз кезегінде түрлі іс-әрекеттер арқылы көрніс тауып, тұлғаның өз қызметінде тікелей басшылыққа алынып отырады. Мұндай іс-әрекеттер мен себептер әрбір тұлғаның адамгершілік қасиеттерінің сапасын ашып көрсетіп отырады. Адамгершілік моральдық қадір - қасиеттеріне: Қоғамға: идеялық; ұжымдық; отаншылдық; еңбекке, оның нәтижелеріне: еңбекқорлық; тәртіптілік; ұқыптылық; өзіне және өзге де адамдарға: қайырымдылық мейірімділік; принциптік; табандылық; Әрине, адамзат тарихында пайда болған адамгершілікке байланысты көптеген категориялар - жомарттық, батылдық, шыншылдық, сыпайыгершілік, әділдік пен достық, ар мен намыс, т.б. сонау көне дәуірден басталып, күні бүгінгі күнге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. Сондай-ақ адамзаттың, әрбір адамның ішкі рухани - адамгершілік дүниесінің негізгі нысандары - үміт, сенім және махаббат үнемі даму үстінде. 2. Сезім күйлері (жайлы немесе жайсыз) адам өмірінің қалпына әсер етеді. Ішкі сезім, көңіл күйдің бұзылуы адамның адамдық негізгі қасиеттерінің көрінісіне өз әсерін тигізеді. Бұндай уақытта адам өз сезімін қолына ұстап басқара алатындай жағдайда болу қажет. Сонда ғана студент үшін жайсыздық туындап тұрса да ол басқа адамдармен қарым-қатынас уақытында өз сезімін қолға алып басқара алу негізінде өз күйін өзге адамға көрсетпей біркелкі дұрыс қарым- қатынас жасай алады. Осы арада педагог Н.В Данилов: «Егер сезім адамды басқаратын болса, онда бұндай жағдайда күйзеліс пайда болады» - деп суреттейді. Сол себептен біздер зерттеу барысында ішкі сезім күйін студенттің өзі басқара алатындай жағдай туғызу жолдарын “Өзін-өзі тану” сабағындағы жетістікке жету, сәтсіздіктен қорқу әдістерін реттеп отыруға қолдандық. Сезімді реттеу, бойындағы күйзелістік жағдайды тарқату, бұл үнемі өзін қандай күйде де (қатты ашулану, өкпелеу, шексіз қуану) үлкен шыдамдылықпен, өзін-өзі жеңе білумен ішкі және сыртқы әрекеттерге қарсы тұра алу төзімділігін қалыптастыруға өз әсерін тигізеді. Сезім толқыныстары адамның бойындағы ішкі және сыртқы өзгерістердің пайда болуына әкеліп соғады. Сыртында: адамның келбеті, тұрысы, ымдауы, ишараты, дем алуы, дауысының өзгерісі, көзінің қозғалысы, терінің түсі, күлуі, жылауы т.б. өзгерістерге әкеліп соғады. Ал ішкі өзгерістерге: - организмде ішкі секреция бездерінің бөлінуі, адреналиннің қанға көптеп шығуы, жүрек жүйесінің кеңеюі, қан ұюының күшеюі, ас қорыту жүйесінің жұмысының тежелуіне т.б. әкеліп соғады. Осы жағдайларды студент біліп қана қоймай, осы кезеңде сезім күйін қалай реттеу жолының әдістерін игере білуі оның рухани мәдениетінің дамуына, интелектілік жоғарлауына, адамгершілік сапаларының артуына тікелей ықпал жасайды. Бұл үшін әрбір студент өзін-өзі тану әдістері арқылы өзіндік сезім, көңіл күй, белсенділік диагностикасын өткізу арқылы бойындағы адамгершілік қасиеттерін дамытуға бірден-бір әсер ететін өзіндік сезімін қалыпқа келтіріп, басқару жолдарын есепке алуды үйрету қажет. Өзін-өзі тәрбиелеу процесі үлкен ауқымды қамтиды. Тұлғаның интелектік дамуы, адамгершілік сапасын арттыру, білімділік, еңбексүйгіштік, еңбекке икемділік т.б. қамтиды. О.М. Анисомованың көзқарасы бойынша “...өз бойындағы адами қасиеттерін тізіп шығып, әрі қарай бағдарлама жасау тұлғаның бойындағы адамгершілік сапалардың қалыптасуына ерекше әсерін тигізеді- деп сипаттайды. Олай болса педагогика пәнінен ұйымдастырылған арнайы семинарларда студенттің өз жеке басымен жұмысының ролін күшейтіп. Өзіне күнделік ашқызып, өз алдына жоспар құрғызу студенттің өз бойындағы төмен бағаға ие адамгершілік сапаларын дамыту жолдарына арналған бағдарлама жасау, студент бойындағы адамгершілік сапаларын дамытуға көмектеседі. Бұл жағдайда студенттер жекелеген адамгершілік сапалардың өз бойында дамуына өзін-өзі тәрбиелеу әдістері арқылы (өзін-өзі бағалау, бақылау, сынау, қадағалау, түзету, сендіру, көндіру т.б.) қол жеткізеді. Жеке тұлғаны қалыптастырудың қазіргі жаңа тұжырымдамасы: тұлғаның өзін- өзі тәрбиелеу қажеттілігіне баса назар аударады. Ол ішкі және сыртқы факторлардың қарама-қайшылықтарын үйлестіре, кіріктіре отырып, өзін-өзі дамытуы керек. Ішкі дегеніміз адамның өзі, оның ішкі дүниесі, көңіл-күйі. Осы ішкі көңіл-күй әсері, Гегельдің айтуынша, сыртқы әсерге қарсы шығып оны жояды да өзінің ішкі рухани дүниесіне айналдырады. Жеке тұлғаның адамгершілік тәрбиесіне ықпал ететін факторлар- қоршаған өмір құбылыстары, табиғат адамдар еңбегінің түрлері, қоғамдық , әлеуметтік қатынастар, экономикалық жағдайлар т.б. оның әр өсу кезеңінде мінез- құлқының тұлғалық болмысының, тәртібінің өзгеруіне, моральдық жағынан бекінуіне мүмкіндік жасайды. Бір сөзбен айтқанда тұлғаның қалыптасуына саяси экономикалық, рухани, моральдық факторларда әсер етеді, ал тұлғаның бітім болмысының мәні оның әлеуметтік сипатынан көрінеді. 3. Адамгершілікке тәрбиелеу-белсенді үрдіс. Ол жастардың бойына биік адамгершілік қадір-қасиеттерді сіңіруді ғана емес, сонымен бірге олардың бойын жағымсыз қоғамға жат қылықтардан арылтуды талап етеді. Әсіресе, студенттің азаматтық бағдары, биік адамгершілік тұрқы, өмірлік белсенді позициясы, олардың патриотизмі, туған жерге деген етенелігі қалыптасып, өзін-өзі тану арқылы өз бойын жат қылықтардан аулақ ұстап, салауатты өмір салтын, биік адамгершілік нысандарын қалыптастырып, болашақта өз ісіне адал, жас ұрпақты биік мақсат мұраттарға талпындыратындай, үлгі-өнеге бола алатын тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік туады. Студенттердің бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру үшін рухани-адамгершілік нормаларының белгілі бір түрлерінің студенттердің бойында, атап айтқанда, іс-әрекет үстінде/рольдік ойындар, аутотренинг жаттығулар/, құрбы- құрдастарымен қарым-қатынас барысында, ұлтаралық қатынастағы басқа ұлт өкілдеріне деген, жалпы адамға деген құрмет пен сыйластық сезімдерінде, сондай-ақ биік адамгершілік қадір- қасиеттердің ең қарапайым нормалары болып саналатын әдептілік, қарапайымдылық пен сыпайылық, қайырымдылық, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету, моральдық сана тұрғысынан сапалығын үнемі байқап, реті келгенде өнегелік үлгі ретінде тұлғалық қасиеттерін құрметтеп, өзіндік ”Менін” көтермелеп отыру қажет. Бұл олардың болашақ мамандығында өз бойында қалыптасқан игі қасиеттермен жас ұрпақты осы тұрғыда терең тәрбиелеуге және оларды сүюге, құрметтеуге, өз ісіне өзінің қолға алған қандай-да бір жұмысын аяғына дейін тек қана биік адамгершілік тұрғыда жасауына мүмкіндік туғызады. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 1. Адамгершілік сапаларына сиапаттама беріңіз 2. Қазақ зиялы ағартушылардың еңбектеріндегі адамгершілік ұғымын сипаттаңыз.. 3. Адамгершілік моральдық қадір - қасиеттерін ата? 4. Адамның сезім күйлері (жайлы немесе жайсыз) адам өмірінің қалпына әсер ете ме? 5. Эссе тақырыбы: «Адамгершілікке тәрбиелеу-белсенді үрдіс» 6. Адамгершілік қадір-қасиеттердің ең қарапайым нормаларын атаңыз №6-дәріс Тақырыбы: Өзін-өзі тану әдістері. Мақсаты: студенттерді өзін-өзі тану әдістерімен таныстыру және оны практикада қолдану мәселелері. Тірек ұғымдар: “өзін-өзі қадағалау”, “өзін-өзі бақылау”, “өз- өзіне есеп беру”, т.б. Жоспар. 1. Өзін-өзі тану әдістері. 2. Өзін-өзі тәрбиелеу жолдары. Педагогикалық шығармашылық психологиясы бағытындағы зерттеулер көрсеткендей, тұлғаның өзін-өзі тануында оның өздік жетілуінің таусылмас мүмкіндіктері жатыр. /В.А. Кан-Калик, Н.Д. Никандров, 1990/. Өзін-өзі тану - көпжақты, белгілі уақыт аралығын қамтитын күрделі процесс. Ол әр түлі сезіну түрлерімен сабақтаса жүреді. Өзін-өзі танудың бірінші деңгейінде бұл процесс өзін-өзі өзге адамдармен салыстырудың алуан түрлері арқылы жүзеге асады. Бұл өзін-өзі танудың бірінші сатысы. Оның екінші деңгейінде тұлға өзінің жетістіктерімен салыстырады. Өзін-өзі және өз іс-әрекеттерін өз тарапынан және өзгелер көзқарасы тарапынан саралай келе бұл сала өз бітімі туралы, өз “Мені” туралы түсінікті қалыптастырады. Осы әлеуметтік “айна” арқылы студент өз бойындағы рухани- адамгершілік құндылықтарын арттырып, өзін-өзі адами тұрғыдан таниды. Өзін-өзі түсіну мөлшері, өзін-өзі тану сипаты көптеген факторларға байланысты, соларға тәуелді. Өзін-өзі тану үрдісіне адамның өзінің ішкі әлеміне қаншалықты деңгейде үңілуі, оған деген қажеттілігінің мөлшері, тұлғаның рефлексияға деген қажеттілігінің мөлшері - бәрі де әсер етеді. К.Р. Левитанның, С.Г. Верловскийдің және т.б. пікірінше, болашақ педагог мамандығына дайындалып отырған студенттің өзін-өзі тануының басты тәсілдері мыналар: өзін- өзі қадағалау, педагогикалық өзін-өзі сараптау, педагогикалық рефлексия, өзін-өзі сынау және өзін-өзі бағыттау. Өзін- өзі қадағалау - тұлғаның өзіне, өз іс-әрекеті мен қарым - қатынастарына сырт көзбен қарай білу қабілеті. Өзінің ішкі күйі қалпына қайта-қайта назар аудара отырып, тұлға әртүрлі жағдайларда /ситуация/ өзін қалай ұстайтындығын жете түсінеді. Өзін-өзі қадағалау тұлғаға өзі туралы өзге адамдар көріп-біле бермейтін құнды мағлұмат береді. Ол өзінің дамыған және әлсіз жақтарын тереңірек білуге көмектеседі. Көптеген ғалымдардың зерттеулерін саралай келе К.Р. Левинтанның, С.Г. Верловскийдің өзін-өзі тануының басты тәсілдерін басшылыққа алуды жөн көрдік. Себебі бұл зерттеулерде болашақ мұғалім мамандығына дайындалып отырған студенттерге арналып, оның нәтижелері оң баға беріп отырғандығын зерттеу жұмысының нәтижесінен көруге болады. Рефлексия арқасында тұлғаның өзін-өзі түсінуінің пайдалы әсері аз элементтерін өзге элементтермен ауыстыруға деген, өзі мен өз мінез - құлқын өзгертуге деген қажеттілік ұғынылады. Тұлғаның өзіне деген көзқарасы қаншалықты сыни тұрғыдан болса, оның өзін-өзі тану деңгейі де соншалықты жоғары. Керісінше, тұлғаның өзінің болашақ маман ретіндегі әзірлік деңгейі терең болған сайын, оның қызмет барысындағы өзін-өзі бағалауының сынилығы да арта түседі. Н.Е. Шафажинская өзін-өзі бағалаудағы өзіндік өсіп- жетілу құралы ретінде қолдану студенттерді болашақ мамандығына даярлаудың тиімділігін арттырудың маңызды факторы болып табылатындығын көрсетті. Міні сондықтан да тұлғаның өзін-өзі сынауын қалыптастыру, оның өзін-өзі тануын дамытумен шұғылдануды оның ЖОО-да студент кезінде-ақ бастау қажет. Тұлғаның өзін-өзі тануының тағы бір әдісі-өзін-өзі бақылау. Адамгершілігі биік, жан-жақты жетілген студент тұлғасы өзіне деген жоғары талаптарымен, оның ішкі өзін-өзі ба-қылауымен ерекшеленеді. Тұлғаның өзін-өзі бақылай, бағалай, түзей және өзін-өзі ұстай алуы - биік мәдениет пен жетік парасатылықтың көрсеткіші, өзін-өзі бақылаудың көмегімен нақтылы мінез-құлықтың, қарым-қатынастың, іс-әрекеттің өз мақсаттарына сәйкестігі әркез сарапталып отырады. Тұтастай алғанда көптеген авторлардың пікірі бойынша, тұлғаның өзін-өзі тануы - студенттің өзін-өзі тәрбиелеуінің, өз білімін жетілдіру мен өз тұлғасының өсіп-жетілуінің қажетті шарты. Декарттың дәлелдеуіне сүйенсек, өзін-өзі танудан өткен жемісті жұмыс жоқ, бірақ бұл үшін көрегендік пен ержүректік қажет. “Өзін- өзі адам ретінде зерттеп - білмеген адам өзге адамдарды да терең зерттей алмақ емес”. 2. Тәрбие мақсатының педагогикалық процесс пен қоғам қажеттілігіне қарай өзгеріп отыратыны баршамызға мәлім. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ, бірегей мінез-құлық, қасиет болмайды.Адамдар тұлға ретінде өзіндік жеке ерекшеліктерімен дүниеге келмейді.Әрбір адамның жеке тұлға ретінде қалыптастырылып, тәрбиеленуі оның өзіндік іс-әрекеттеріне де тікелей байланысты. Ол үшін әрбір адам өзін-өзі үнемі жетілдіріп, тәрбиелеп отыруы керек.. Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуінде «мен» ұғымының мәні зор. Тәрбие барысында адамдарды бірдей, инкубаторлық тұрғыдан тәрбиелеу дұрыс емес. Көптеген жағдайда адамдар тәрбиесі қоғаммен, ортамен үйлеспей жатады. Мұндай жағдайда әрбір адам өзін-өзі тәрбиелеумен саналы түрде айналысуы тиіс. Бұл педагогикалық процесте - өзін-өзі тәрбиелеу деп аталады. Өзін-өзі тәрбиелеу - жеке тұлға болып қалыптасудың негізгі бөлігі. Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз — адамның өзінің теріс қылықтарын жойып, жағымды қасиеттерін жетілдіруге байланысты саналы, мақсатты іс-әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеу - ол моральдық және этикалық нормалардың қалыптасуы және олардың әдетке айналуы. Өзін-өзі тәрбиелеу -- адамды дамытуға арналған тәрбие үрдісі. Кез- келген адам тәрбие жүйесінде өзін әлеуметтік тұлға ретінде сезініп, қоғаммен және табиғатпен біртұтас тіршілік ете алады. Өзін- өзі тәрбиелемей жеке тұлға қалыптаспайды. Өзін-өзі тәрбиелеу барысында адам өз білімін дамытады. Өзін-өзі тәрбиелеу окушы тұлғасын жан-жақты тәрбиелеу мен дамытуға ықпал етеді. Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін басқаруда олардың жас ерекшеліктерін есепке алуы керек. Өзін-өзі тәрбиелеу нышандары кіші мектеп жасындағы окушылар бойынан байқалады. Мысалы: бастауыш сыныпта оқушылар күшті батыл болғысы келеді немесе теріс қылықтарына кешірім сұрап жақсы боламын дейді. Бұл олардың өзін өзгертуге, жақсы болуға, түзелуге деген алғашқы ынтасы болып табылады. Жастар өз еркін тәрбиелеуге ерекше назар аударады. Соның ішінде қыздар мен бозбалалар өзін-өзі тәрбиелеуге саналы түрде ұмтылады. Олар барлық нәрсені жоғары сезіммен қабылдап, сәл нәрсені өз дербестігіне құрметсіздік деп қарайды. Жоғары сынып оқушыларына өз білімдерін байыту, өздерінің ақыл- ой қабілеттерін дамыту ұмтылысы тән. Оқушылардың өздерін өздері тәрбиелеуін ұйымдастыру мақсатында мұғалім ең алдымен төмендегідей өзара байланысты міндеттерді жүзеге асыруы керек: • оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуге ұмтылуын жандандыру; • өзіне-өзі ықпал ету құралдарын меңгеруге көмек беру; • өзін-өзі тәрбиелеудегі қоғамдық құнды іс-әрекеттерді тудырып отыру; Өзін-өзі тәрбиелеуді көбіне ұнамсыз жайды сезініп, сонымен күресуден бастайды. Біреуі бойындағы берекесіздіктен, екіншісі- дөрекіліктен, үшіншілері-тұйықтықтан, ұялшақтықтан арылғысы келеді. Мақсат қою, күш-жігер жұмсау, өзін-өзі бақылау мен өз ісіне талдау жасап отыру - өзін-өзі тәрбиелеудің басты элементі. Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеу программасын қалай жасауды жақсы елестете алмайтындықтан оларға жиі-жиі көмек көрсетуге тура келеді. Олар өзінің ойлау ерекшелігі мен мінез-құлқына талдау жасауға қиналады. Тәрбиешілер оқушыларға өзін-өзі тәрбиелеудің маңыздылығын түсіндіретін арнаулы әңгімелер немесе дискуссиялар өткізеді. Өзін-өзі тәрбиелеу әдістері: Жеке міндеттеме — белгілі мерзім аралығында өзі атқаратын міндеттерді таңдап алып, есеп жүргізу, өзіне-өзі құрмет көрсету. Өзіне-өзі міндеттеу әдісі иландыруға ұқсас. Оны бала өз кемшілігін жою үшін қолданады. Үй тапсырмасын әркез орындауға, таза жазуға, оларды байсалдылықпен ойланып істеуге жаттықтырып, оны әр уақытта қайталап, орындауға күш-жігерін жұмылдырады. Оқушы белгілі бір міндетін орындауда енжарлық көрсеткенде өзін- өзі міндеттеу, өзіне-өзі бұйыру әдісін қолданады. Өзіндік есеп беру — қоғамдық жұмысты атқару, баланың өз іс- қылығына жауаптылығы, жолдастарымен тәжірибе алмасуы. Өз іс-цылыгына талдау жасау — өзінің кейбір қылықтарына сын көзбен қарап, себебін білгісі келуі, оны жоюға тырысуы. Өзін-өзі бақылау— кемшіліктерін болдырмау үшін жағымды мінез-құлықтарын дамыту мақсатында күнделік жүргізу. Өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі — тәрбиеші өзін-өзі тәрбиелеуге баланың ынтасын оята алғанда тәрбие жұмысы нәтижелі жүреді. Өзіне баға беру— мінез-құлықтарының кемшіліктерін жою үшін баланың өзін өзі тәрбиелеуі. Қазіргі қоғамдағы белсенді өмір сүрудегі жеке тұлғаның тәрбиесін ең алдымен әрбір тұлғаның өз- өзіне деген үлкен талап қоя білуі өз ісіне жауапкершілікпен қарауы, сонымен қатар бойындағы ізгі қасиеттерді дамытудағы саналы іс- әрекеті құрайды. Ғалымдардың зерттеулері бойынша бұндай үрдісте өзін-өзі тәрбиелеу маңызды рөл атқарады. Өзін-өзі тәрбиелеу мәселесін әр түрлі қырынан тануға болады. Л.И. Рубинский өзін-өзі тәрбиелеуді “адамның өзін-өзі өзгерту мақсатындағы іс-әрекеті” деп қарастырады. А.И. Кочетков өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін тек жеке бастың қызығушылығынан емес, қоғамдық талаптардан да туындайды деп таниды. Өз еңбегінде “өзін-өзі тәрбиелеу жеке тұлғаға саналы түрде бағынышты өзіндік даму. Адам бойындағы күш-қуаты және қабілеті қоғам тудыратын талап, мақсат-мүдде, қызығушылықтар қалыптастырады”, - деп көрсетеді. Ал В.П. Киселев өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі саналы түрде өзін- өзі тану барысында өзін биікке жетелейтін жолдарды, ерекшеліктерді жете тани білуде деп есептейді. Өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінің ішкі құрылымы мен негізін. Мына кестедегідей етіп ұсынады: №3-ші кесте. Өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінің негізі мен құрлымы. |Бөлім |Мазмұны | |Алғашқы |Өзін-өзі тәрбиелеуге бейімделудің туындауы | |Екінші |Өзін-өзі тәрбиелеуде саналы түрде қалыптасқан нақты ішкі | | |шешім | |Үшінші |Өзіндік анализ /талдау/ жасау, өз-өзіне сыни көзқараспен | | |қарау, өзін-өзі бағалау негізінде өзін-өзі тәрбиелеудің | | |бағдарламасын құру. | |Төртінші |Үнемі жүріп отыратын өзіндік сараптама жасау, өзін- өзі | | |бағалау арқылы аталмыш бағдарламаның жүзеге асуы және сол| | |үрдіске қажет деп есептелетін барлық әрекет түрлерінің | | |енгізілуі | Сонымен, жоғарыдағы авторлардың анықтамаларын басшылыққа ала отырып, төмендегідей түйіндер жасауға болады. Өзін-өзі тәрбиелеу - жеке тұлғаға болып қалыптасудың негізгі маңызды бөлігі. Оның нәтижесі қоғамдық талаптарға адамның өзіндік жауап қайтаруы, яғни реакциясы арқылы көрінеді. Өзін-өзі тәрбиелеу - ол моральдық және этикалық нормалардың қалыптасуы мен олардың әдетке айналуы. Өзін-өзі тәрбиелеу - адамды дамытуға арналаған тәрбие үрдісі. Кез- келген тәрбие жүйесінде адам өзін әлеуметтік тұлға ретінде сезініп, қоғаммен және табиғатпен біртұтас тіршілік етеді. Өзін-өзі тәрбиелемей жеке тұлға қалыптаспайды. Өзін-өзі тәрбиелеу барысында адам өз білімін дамытады. Өздігінен білім алу - мәдени мұраны игерудің өзіндік жүйесін жасау, өзін дамытушы жүйе құру. Өздігінен білім алу білімді дамытушы қозғаушы күш болып табылады. Өздігінен оқу- адамзат тәжірибесін өзінің ынтасымен, өзі таңдаған әдіспен игеру үрдісі. Өздігінен білім, тәрбие алу, оқу адамның ішкі жан-дүниесінің қажеттілігінен туындап, өздігінен дамуға өзін-өзі жетілдіруге тұлғаны бағыттайды. Өзін-өзі оқытуды оқу орындарының оқу бағдарламасы мен оқу жоспарынан тыс қоғамдық және өзіндік қажеттіліктер негізінде жүйелі және белгілі бір мақсатқа құрылған жеке тұлғаның танымдық іс-әрекеті деп тануға болады. Өзін-өзі оқыту - жалпы және кәсіби білімнің үздіксіз жалғасы, өйткені білімнің жан-жақты болып кеңеюіне және адамның рухани баюының жетілуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар интеллектуальдық арсеналының үнемі жаңалануына, кәсіби шеберлігінің шыңдалуына әсер етеді. Өзін-өзі тануды өзін-өзі тәрбиелеуден ажыратып қарауға болмайды. Ол педагогиканың негізігі бөлігі ретінде қарастырылады және ол берілген тәрбиенің қорытындысы. Ол жалпы жеке тұлғаның рухани даму үрдісінде де байқалады. Өзін-өзі тану түсінігінен жалпы мәдени дамуды да бөліп қарастырмаймыз. Өзін-өзі оқыту мәселесінде теориялық материалдарға анализ жасау және өзін-өзі тәрбиелеу барысында анықталғаны жоғары курс студенттерінің көбінесе өзін- өзі басқару тәртібі сәйкес келсе, ал қалған пайызы өз-өзімен жалпы жүйесіз жұмыс жасайды. Сонымен бірге өз-өзімен жүйелі жұмыс жасау қатары университет ішіндегі студенттердің бойында күннен күнге сиреп барады. Оның себебі, студенттер өзін-өзі басқару үрдісіне даярланғанымен, оның әдіс-тәсілдері үйретілмейді. Егер мұғалім мектеп оқушыларының өзін-өзі тәрбиелеуіне басшылық жасауда қиындықтар сезінсе, онда оның өзі де өзін-өзі дамытуды дұрыс біле бермейді. Мұның себебі, педагогикалық курстарда өзін- өзі тәрбиелеу мәселесі бойынша дәріс өте аз оқылады, ал практикалық-тәжірибелік сабақтар дұрыс жүргізілмейді. Осы тұрғыдан студенттердің өзіне өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі тануға қатысты тәжірибе аз екенін ескерген жөн. Студенттердің өзін-өзі тану және өздігінен оқу, өзін-өзі тәрбиелеуді қалыптастыру өзінің жеке даму жолында пайдалану үшін мыналарды білуі қажет: 4) Осы үрдісті басқару принциптерін; 5) Оның негізгі салаларын; 6) Өзін-өзі тану мен өзін-өзі тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін. №4-ші кесте. Өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі әдістері |Өзін-өзі тәрбиелеу |Мазмұны | |әдістері | | |өзін-өзі қадағалау |Өз тұлғасымен жұмыс үстінде студент біртіндеп өз| | |іс-әрекеттерін меңгере алар қабілетке ие болады.| | |Өзін-өзі қадағалаудан /болған жайтты байқау, | | |ойша сараптауға фактілер әзірлеу өзін-өзі | | |бақылаудың айырмашылығы: ол осы шақта өтіп | | |жатқан немесе болашақта өтетін ойлар мен іс- | | |әрекеттермен ілесе жүреді. Оның ерекше | | |қызметтері бар: тек қана болып жатқан жайтты | | |қабылдап, көріп, байқау ғана емес, оны бағалау, | | |оған түзету енгізу. | |өзін-өзі бақылау |Сыртқы орта құбылыстарын бақылай алу қабілетінен| | |келіп шығады. Меңгеріле отырып, өзін-өзі | | |бақылаудың әрекеттері адамның өз мінез - құлқы | | |мен іс- әрекеттеріне ықпал етеді. Жоғары | | |деңгейде өзін-өзі бақылау өзін-өзі тәрбиелеудің | | |құралы мен тәсілі ретінде пайдаланылады, ол | | |бақылау қызметін жүзеге асырады, тұлға | | |қасиеттеріне түзетулер енгізіп, оларды қалыпқа | | |келтіреді, тұлғаның өзіне бағытталған | | |іс-әрекетін жүзеге асырады. | |өз-өзіне есеп беру |Өзінің іс-әрекеттері жайлы өзіне-өзі есеп беру | | |дегеніміз-өз мінез -құлықына түзетулер енгізу, | | |оны қажетті орынға бағыттау, сөйтіп өз тұлғасын | | |өз санасы мен еркінің нысаны ету. | |өзін-өзі сендіру |Өз өмірінің фактілерін сараптау негізінде және | | |нақты логикалық дәлелдемелердің арқасында | | |студент өз алдына саналы түрде мақсат қойып, | | |өзінің дамытқан ісін нақты сенімділікпен | | |жалғастыруы мүмкін. Өзін-өзі сендіру арқылы | | |өзін-өзі түсінуді қайта құруға , өмірдің түрлі | | |құбылыстарына деген көзқарасты өзгертіп, сол | | |арқылы өз мінез- құлқын өзгертуге болады. | |өз-өзіне бұйрық беру |Өмірде сәтсіздіктер әр адамға кездеседі, ал | | |өмірде өзі сенетін тірегі болмай, үміт шоғын | | |сөндіріп алған адам өмірден түңіліп яғни адам | | |тұлғасы өмір соққысына шыдамай, сынып кетуі | | |мүмкін. Ал, өзін-өзі сендіру арқылы өз | | |мінез-құлқы мен өз дамуының басты қағидасын | | |ұғынған адам сенімді түрде шешім қабылдай алады.| | |Бұл шешім өзін-өзіне берген бұйрық түрінде | | |жүзеге асуы мүмкін. Өз-өзіне бұйрық түрінде | | |ықпал ету өзін-өзі сараптау деңгейі өткен соң | | |жүзеге асады. Себебі, шешім қабылдайды, | | |көңілдегі күдік пен күмән белсенді іс-әрекет пен| | |белсенді | | |түрдегі өзін- өзі тәрбиелеуге кедегі жасайды. | | |Ойға алған жоспарды орындауға өзін-өзі итермелеу| | |қажеттілігі туындайды. | |өзін-өзі көндіру |Түрлі ойлар жетегіндегі жақсы мен жаман | | |дәлелдемелерін ойында қорыта отырып, адам | | |ақиқатқа көзі жетеді және оны өз өмірі мен | | |қызметінде жетекші орынға қояды. Өзін-өзі | | |көндіру үшін студент сендіру нысаны туралы | | |жеткілікті мәлімет алуы тиіс. | А.Я. Арет өзін-өзі көндіру - өзін-өзі тәрбиелеудің басты құралы деп санайды. Ол адамға өз бойына қажетті қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі. Оның пайымдауынша: өзін-өзі көндіру - адамның өзін-өзі белгілі бір іс-әрекет жасауға итермелеуі, ал оған сәйкес, қатарлас ұғым”өзін-өзі жеңу” - адамның өзін- белгілі бір әрекетке итермелеу бағытындағы ерік-жігерін қолдану. /Арет/ Өзін-өзі көндіруге деген қабілет адамға өмір тәжірибесі -арқылы келеді. Студенттік кезде бұл қабілет толықтай берік қалыптасуы тиіс. Бұл қабілеттің қалыптасуы парыз бен жауапкершілік, ізгі саналылықтың қалыптасуымен сәйкес келеді. Сондықтан өзін-өзі көндіруді тек мінез-құлық түрі ретінде ғана емес, тұлға ретінде де қарастыру қажет. Адамның өз-өзіне, өз тұлғасына ықпал етудің келесі түрі өзін-өзі сендіру туралы ерекше атап өткен жөн. Сендіру мен өзін-өзі сендіру педагогикалық теорияда толық зерттелмеген. Педагогикалық сараманда да бұған сенімсіздікпен қарайды. Соған қарамастан, олар - өмірде бар құбылыстар. Белгілі бір сендірусіз ешбір педагогикалық әрекет жүзеге аспас еді. Өзін-өзі сендіру - психиканың қалыптарын сөз арқылы реттеудің әдісі. Өзін-өзі сендіру керекті психика қалпын туғызу мақсатында белгілі бір сөз бен сөйлемді бірнеше рет қайталау арқылы жүзеге асады. Бұл адам санасының деңгейін күдік пен күмәнннан арылту, жаман келеңсіз ой жетегінен алып шығу. Өз бойындағы адамгершілік қасиеттерге нық сеніммен қарау. Адамның психикалық қалпын реттеу әдісі ретінде аутотренинг студенттерге саналы түрде эмоциялық ширығу деңгейін көтеріп- түсіруге жол береді; өзіне деген сенімін арттыруға, қорқыныш иелену сезімін азайтуға не түгелдей жоюға көмектеседі, өз жетістіктері мен кемшіліктерін анықтау мақсатында өз мінез-құлқын сараптауға, адами қасиеттердің түрткісін жоғарлатуға, өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін ұйымдастырудың тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. Нақты іс-әрекеттер деңгейінде адамның өз әрекеттерін реттеуі, әлеуметтік талаптар тұрғысынан қандай мағыналы болса да өзін-өзі тәрбиелеуге жатпайды. Өзін-өзі тәрбиелеу дегеніміз - өз іс-әрекетін, ішкі талаптарымен тек қана сәйкестендіріп қою емес, сонымен бірге жеке тұлғаның өзіндік рухани-адамгершілік құндылықтарын жетілдіру. Студенттерді өз таңдаған жолында даярлауда өзін-өзі оқыту мен өзін-өзі тәрбиелеу, оқытудың рөлі мен мәнін студенттерге жеткізу; ақпараттандыру /педагогикалық-психологиялық білім беру/; Оларды өзін-өзі жетілдіруде бағытталған іскерлікпен және дағдымен қаруландыру; өзін-өзі тану мен тәрбиелеудің жолдарын қалыптастыру; студенттердің өзін-өзі тану мен тәрбиелеу барысындағы жұмыстарын ынталандыру, қанағаттандыру. Өзін-өзі тәрбиелеудің тұлғаға бағытталған ережелері болуы керек. Әрине, өзін-өзі тәрбиелеудің өзіндік ережелерінің болуы тұлғаның рухани жан дүниесінің деңгейімен анықталады. Біз тек дарынды педагог К.Д.Ушинскийдің өзін-өзі тәрбиелеу ережесімен танысайық. • Асқан сабырлылық, ең болмағанда сырт көзге. • Сөзде және қылықтарда турашылдық. • Әрекетті жан-жақты ойластыру. • Батылдық. • Өзі жөнінде қажетсіз бір сөз айтпау. • Санасыз бос уақыт өткізбеу, ретсіз емес көңілдегі іспен айналысу. • Әуесқойлық, құмарлыққа емес қажеттікке немесе сүйініске шығындану. • Әр кеште өз қылықтары жөнінде есеп беру. • Болғанды, бүгінгі болатынды айтып еш мақтанбау. Бұл ережелердің әр жолына түрлі мағына беріп, байыта беруге болады. Өзін-өзі тәрбиелеудің міндеттемесі оқушыны өз тұлғалық сапаларын өзі талдауына мәжбүр етеді. Бұған итермелейтін аға ұрпақтың өнегелі өмірі, іс- әрекеті, қарым-қатынасы болады. Мұғалім оқушыға өзінің орынды немесе орынсыз сапалары мен кемшіліктерін түсінуге көмектесуі міндетті, яғни өзінің кім екенін өзі ұғынуға көмек беруі қажет. Бұған мұғалімнің оқушының жүріс-тұрыс тәртібі мен мінез-құлық қылықтарына баға беруі, оны басқалармен салыстыруы әсер етеді. Мұғалім тұлғалық сапалар мен қылықтардың арасындағы байланыстың сырын оқушыға ашып береді. Өз тұлғасын ұғынудың өзі кейде оқушыны өзін-өзі тәрбиелуге жетелей бермейді. Өз кемшшштершщ немқұрайлы пайымдаушысы болып қала береді. Оларды түзетуге тырыспайды. Бұл жағдайда түсіндіру ұжым тарапынан сынау арқылы, өз кемшіліктерін түсініп күйзеліске келтіру арқылы сезіміне қозғау салу қажет. Өзіндік міндеттеменің орындалуына, өз кемшіліктерін түзетуге оқушының бүкіл еркін жұмылдыруға өзіндік бұйыру көмектеседі. Тұлғаға сөз түрінде берілген: “қажет”, “жетеді”, “орындау керек”, “шыдау керек”, “тұр”, “өзіме бұйырамын” және басқа өзіндік бұйыру еркін жұмылдыруға және қиындықтарды жеңуге мүмкіндік береді. Өзіндік бұйырумен орынды қылықтарды орындаудың сапалы жаттығулары өзін-өзі тыңдаудың берік дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Өзіндік бұйырумен таңертең белгілі уақытта тұруға, күнделікті жұмыс ырғағын орындауға, тәртіп сақтауға және т.б. орындауға болады. Өзін-өзі тәрбиелеуде алдын-ала дайындық негізгі іс-әрекеті, қарым- қатынасы жөнінде ұжымда өзіндік есеп беру де қолданылады. Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуіне педагогикалық басшылық оралымды, икемді болу керек және олардың өзін-өзі тәрбиелеу құралдарын меңгеру барысындағы түрі өзгеріп отыруы керек. Алғашқы кезде мұғалімдер арнайы ұйымдастырылған іс-шараларына, өзін-өзі тәрбиелеудің ұйымдастырылған ұжымдық іс-әрекеттерге сүйенеді. Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеудің құралдарын меңгере түсу барысында бұл шаралар бәсеңси түседі. Әрине, бұл оқушыларды бетімен қоя беру деген емес. Онан әрі де ұжымда бірлескен іс-әрекет, қоғамдық пікір ықпалы, бетпе- бет пікірлесу арқылы көмектесіп отырған жөн. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 1. Өзін-өзі тану әдістеріне сипаттама. 2. Өзін-өзі тану ұстанымдары дегеніміз не?. 3. Өзін-өзі тәрбиелеу жолдары қандай?. 4. К.Д.Ушинскийдің өзін-өзі тәрбиелеу ережесін түсіндіріп беріңіз? 5. А.Я.Арет өзін-өзі көндіру -өзін-өзі тәрбиелеудің басты құралы деп нені санайды? 6. Өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінің негізі мен құрлымы. 7. Нақты іс-әрекеттер деңгейінде адамның өз әрекеттерін реттеуін жаттығулар арқылы сипаттаңыз. №7-дәріс Тақырыбы: Қазақстан ортақ мекенім Мақсаты: студенттерді отансүйгіштікке, өз елінің сүйікті азаматы болуға, елін қорғауға тәрбиелеу. Тірек ұғымдар: “Отан”, “Туған жер”, “Бейбітшілік”, “Бостандық”, ”Еркіндік”, ”Ынтымақтастық”, “Тәуелсіздік” “Адамзат”, “Өркениет”, т. б. Жоспар: 1. Патриотизм ұғымына түсінік. 2. Отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыру. 3. Жалпыадамзаттық құндылықтар негіздері. Бүгінгі таңда қоғам мен мемлекеттің білім беру жүйесінің алдына қойып отырған міндеттерінің бірі-жас жеткеншектерді қазақстандық патриотизм мен Қазақстанды мекендейтін халықтардың ұлтаралық ынтымақтастығы рухында тәрбиелеу болып табылады. Ұлттық бірегейлікті сақтаудың басты жолдарының бірі - жас жеткеншектерге патриоттық тәрбие беруде өлке тарихи мәдени естеліктері мен халық тұлғаларының ерлік мұрасын пайдалану. Жас жеткеншектердің азаматтық, патриоттық қасиеттерін жастайынан қалыптастыру проблемасына Қазақстан Үкіметі құжаттарында және Елбасы Жолдауында аса үлкен мән берілген. Елбасы өзінің жолдауларының бірінде «Өз тарихымыз Бен ерекше жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз де бар» (1997) десе, екіншісінде «Біз бірлесе отырып, ерлікті ұлт жасақтау жолында алға жылжуымызға қажетті берік негіз қаладық»(2005) деп өзіміздің тарихымызды, ділімізді, ұлттық қасиеттерімізді алғы шепке шығарады. Президенттің патриоттық сезімге толы осы ой-пікіріне сәйкес, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында жас жеткеншектер тәрбиесіндегі ең маңызды міндеттер (өз Отанын сүю, туған өлке тарихи тұлғаларын білу, азаматтық пен патриотизмді қалыптастыру, мемлекет рәміздері мен халықтардың салт-дәстүрлерін құрметтеу, Ата Заң мен қоғамға қайшы келетін көрністерге төзбеу, әлемдік және отандық жетістіктерді игеру, қазақ және республикада мекендейтін басқа да халықтардың әдет-ғұрып, салт- дәстүрлерін, тарихын жете білуге тәрбиелеу) сараланып көрсетіледі. Қазақстан Республикасының жаңа экономикалық, әлеуметтік, саяси жағдайға көшуі еліміздегі түбегейлі өзгерістер педагогика ғылымының алдына шешімін күттіретін күрделі практикалық міндеттерді жүктеп отыр. Педагог жаңашыл өзгерістерге орай жаңа ұрпақ тәрбиелеу мәселесін көтеріп, олардың бойындағы жауапкершілігі арта түсуде. Қазіргі Қазақстандағы түбегейлі өзгерістер адамның еркін дамуды таңдауы, егеменділік жоғары білім беру жүйесінің құрылымына өзгерістер енгізуде. Елімізде қалыптасқан нарықтық қатынастарға байланысты республикамыздағы бастауыш мектепте жүргізілетін тәрбиелік шаралардың сапасына жаңа талаптар қойылуда. Тек қана оқу жүйесінің жаңаруы ғана емес, сонымен бірге жалпыадамзаттық құндылықтар ар, ождан, шындық, қайырымдылық, ұлтжандылық т.б. сана сезімнің өзгерісі байқалып отыр. Бұл мәселеге байланысты Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «... жаңа жағдайларға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе - білімді, кәсіби даярлығы бар адамды тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті, рухани адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады» - деп атап көрсетілген. Сондықтан әр саладағы педагог-кадрларға жастарға патриоттық тәрбие беруде негізгі методологиялық принциптерге сүйену қажет. Негізгі патриоттық тәрбиені қалыптастырудағы принциптерге біздер: 1. ғылыми; 2. ізгілік; 3. демократиялық 4. Қазақтан Респуликасының мәдени салт сана, әдет-ғұрыптары мен атамекен, атакәсіп, атамұра құндылықтары; 5. жүйелі түрде ұрпақтан - ұрпаққа халқымыздың құндылықтарын жеткізу; 6. патриоттық тәрбиенің тиімділігін арттырудағы қолданылатын әдістер т.б. Патриоттық тәрбие беруде бұл принциптерді шешу мақсатында келесі міндеттер алға қойылады: 1) патриоттық тәрбие жүйесінің қызметінің әдістемелік және басқару формасын жетілдіру; 2) патриоттық тәрбиені жетілдірудіде аудиториялық және аудиториядан тыс уақытты тиімді пайдалану жолдарын анықтау; 3) жағдай туғызу; 4) тұлғаның жеке қоғамдық маңызды сапаларын Отанға деген сүйіспеншілік, өз елін, жерін құрметтеу, қорғау т.б.) жетілдіру, 5) жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, 6) жаңа түрде жаңа заманға сай өз Отанының патриоты, жауапты тұлғаны тәрбиелеуде әрбір тұлғаның қызығушылығын арттыру; 7) жанұя жағдайын, жастардың топ орталарының, жоғары оқу орнының іс әрекетін үнемі бақылауға алу. Патриоттық тәрбие өз мазмұны жағынан барлық тәлім тәрбиенің негізгі жүйелерін құрайды. Патриоттық тәрбие адамгершілік тәрбиесімен астасып жатады. Өз Отанын сүю, еліне, халқына деген үлкен жауапкершіліктің болуы жоғары сапалы адами қасиет. Тұлғаның саяси сауаттылығына, белсенділігіне тікелей байланыс, тәрбиенің барлық түрінде қамтылуы қажет. Дегенмен патриоттық тәрбиені жетілдіру қырлары өзіне тән кешенді әдістер мен формалардың жиынтығынан тұрады. Соның ішінде қазіргі тәрбие процесінің нәтижелі болуы тұлға сана сезіміне тікелей байланысты. Ең алдымен тұлға өзін-өзі танып, өзінің өмірдегі орны мен негізгі мақсат міндеттерін анықтап алу басты мәселе. Сондықтан патриоттық тәрбиені меңгерту тұлғаның ішкі сезімі, мінез құлқына тікелей әсер етумен, өзін-өзі тануына ықпал жасаудан басталады. Педагогикалық сөздікте: құндылық - адамның ішкі құқы, ізгілігі, адамдармен қарым-қатынасы, іс-әрекет кезіндегі көрсететін қайырымдылығы тұрақтылығы, мейірімділік жүйесі тәрбие негізі - делінген. Ал, адамның ізгілік қасиеттері туралы педагог Мағжан: ...“Әр адамның өзін-өзі сүюі, яғни жақсылық тілеуі, туысқанын сүюі, оларға жақсылық тілеуі, өз елін сүюі, яғни еліне жауыздық тілемей, ізгілік тілеуі, пайда келтіруі, зиян келтірмей, басқаларға да зиян жасамауы - бұл ең басты міндеті болуы тиіс” - деген ой тұжырымдарынан өзін- өзі сүй дегенде, өзінің іс-әрекеті мен ішкі сезіміне үңілу, өзін-өзі тану сол арқылы рухани- адамгершілік құндылықтарын игертуге шақырады. Егер болашақ ұрпақ тәрбиесінің қамын ойласақ, бұдан бірнеше ғасыр бойы ұрпақ тәрбиесіне өз идеяларын қалдырған осы ғұламалардың, парасатылыққа, адамгершілікке, тәрбиеленген озық үлгілерін қазіргі кезде пайдалану өмірдің өзекті мәселесі болуы тиіс. Қазақтың рухани мәдениеті қола дәуірінен қалыптасып, бірнеше тарихи кезеңдерден өтіп біздің халқымызға жетті. Көне түркілерден келе жатқан көшпенді ата бабамыздың негізгі рухани мәдениетінде дін арқылы бірлесу, топтасып қалың қол жинап елдің бірлігін сақтап отырған. Шапқыншылық кезеңдерде тек қана білектің күшімен емес, жүректің, діннің, өткір сөздің, ақыл-ойдың ұшқырлығымен халықты біріктірген. Содан білекті бірді жығар- деген нақыл сөзбен өсиет қалдырған. Қазақстан халқының үш ғасыр бойы рухани мәдениеті сонау сақ, ғұн дәуірі одан кейін жалпы түркі, қазақ хандығы Ресей мәдениеті, Кеңес үкіметі кезеңдерінің тарихи мәдени даму қалыптарынан өтті. Осы кезеңдерде әрбір даму кезеңі өз кезегінде рухани мәдениеттің дамуына жолдар салды. Сақ, ғұн мәдениетінде көшпенді халықтың әдет - ғұрпы қалыптасса, жалпы түркі дәуірінде көшпенді жартылай отырықшы халықтың мәдениеті, Рессей мәдениетінде бодандық, қазақ хандығында рулық, Кеңес үкіметі жылдарында жалпы адамзатты жеке ұлтты материалды үрдіс деп тану т.с.с рухани мәдениеттің негізгі кезеңдері өзгеріске ұшырап келер ұрпаққа жеткізіліп отырған. Қазақтар ерте заманнан бастап, Отанын сүю, қорғай білу соған рух жинап тұтастықты қамту ел бірлігін ұстау сияқты рухани адамгершілік мәдени құндылықтарды сақтаған. Қазақ халқының бүгінге дейін жетіп отырған негізгі рухани мәдени құндылықтарына: 1. Атамекен, атакәсіп, атамұра ; 2. Кісілік қасиеттеріне: дінге табыну, шаруашылық, өнеркәсіп өнеріндегі, ішкі дүниесіндегі қол жеткен табыстарын құндылық деп санаған. 3. Отбасын сақтау; ата - баба тарихы, шежірені білу, жеті атаны сақтау қазақтың отбасын сүттей ұйытуға, әрі қарай ата - бабасының салып кеткен ізімен жүретін рухқа тәрбиелу; 4. Сөзде тұру, уәжде тұру, халықты жұмылдыратын өтімді сөз айту, ұлт үшін маңызды құндылықтарға жатқан. Арабтар ислам дінін Орталық Азияға алып келді. Мысалы, көк тәңірге сиыну, наурыз мейрамын тойлау т.б. Сол кезде төбелерге шығып шыққан күнді күтіп, сол күнге сиынып, отбасының, халқының амандығын сұрау арқылы ұлы Жаратушыға сиыну, осы кезге дейін ұрысып, кикілжіңге келген, арасы алыстаған адамдарды жақындастырып табыстыру, адам-гершілік ізгілікке жол тауып отырған. Ислам дінін таратушы миссионер Қ.А. Яссауи ерлік, ел алдындағы ұят, абырой, тазалықты сақтауға шақырып отырған. Осының бәрі тоқырау заманында, әсіресе, Кеңестік заманның 20 - жылдарында қазақтар өз рухани мәдениетінен бірте-бірте айрылып, дінде, тілде шұбарлылық пайда болып, рухқа шабуыл болғандықтан қазақтың рухы әлсіреп қалды. Әлеуметтік ортаның дамуы ғарышпен қарым-қатынас, өзге елдермен араласу қазіргі кезде егеменді елдігімізді алған шағымызда жастарымыздың рухани - адамгершілік мәдениетін жаңадан бұрынғы әдет ғұрып салт сананы сақтай отырып дамытатын рухани жаңартатын тәрбие керектігі өте айқын. Оған дәлел біздің зерттеулеріміздегі жоғары оқу орнындағы жүргізілген тәжірибе қорытындысынан көруге болады. Педагогика ғылымының негізін салушылар Я.А. Коменский, К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский, т.б өз қажеттігін тануды жеке тұлғаның кемеліне келуінің, кәсіби жетілуінің басты көрсеткіші ретінде есептеп, бұл ұғымның аспектілерін әр кезеңде әр тұрғыдан қарастырған. Мысалы Ян Амос Коменский жеке тұлғаның өз бойындағы рухани күшін дамытуға мұғалім көмектесе алатынын көрсете келе, ол: «Тек ақылды адамдар тәрбиелеу емес, жеке тұлғаны түгелдей дамыту - оқудың ең басты міндеті»,-дей келіп, оның жүйесінің негізі жеке тұлғаға бағытталған - негізгі құндылықтар - ақыл-ой, адамгершілік және діни тәрбиені жүзеге асыруды көздеген. Тәрбиені ізгілендірудегі басты мақсат - студенттерді ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы дамытуға, мәдени дағдыларды игеруге, өзіне және өзгелерге жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға назар аудару. Тұлғаға бағытталған тәрбиеде рухани - адамгершілік ұстанымдарын жүйелі түрде жүргізу тиімділікке жеткізеді. Ол үшін студенттердің мәдени құндылықтарды игеруіне, өзін-өзі дамыту дағдыларына, өмір сүре білуге бейімділігіне, тұлғааралық қатынастарды, дағдыларды игеруіне, өзіне және өзгеге жауапкершілікпен қарауына көмектесу басты нысана болып табылары сөзсіз. 2. Азаматтық тәрбие сана-сезімді, дүниетанымды қалыптастырудан басталып саяси идеялық тәрбие арқылы отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа әкеледі. Отансүйгіштік, ұлтжандылық екеуі егіз ұғым. Патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуатын, білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту. Патриотизм грекше patriotes- отандас, patris- отан, туған жер деген ұғымды білдіреді. Отансүйгіштік - адамның бойындағы сезімге байланысты. Шәкірттердің сол сезімін ояту, өзін өз елінің азаматымын деп сезіне білу, өзінің бүкіл елімен және халқымен туысқандығын сезу, адамды қолдап, отыратын өзінің күші мен мүмкіндіктерін, сенімін нығайтатын ең күшті сезім болып саналады. Отансүйгіштік ұғымы елдің саяси құрылысына, оның саяси мекемелеріне сүйіспеншілік пен халықтың құрамын, өзі өмір сүріп отырған мәдени ортаға (мәдениетке, адамгершілікке, елдің әдет-ғұрпына) халықтың сүйіспеншілігін, өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортаға (елдегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарға, оның еңбек жағдайларына) халықтың сүйіспеншілігі мен құрметін қамтиды. Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу міндеттеріне: - Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір ұлт өкілдеріне ұлтжандылық, отансүйгіштік сезімді түсіндіру; - Қазақстанда қызмет етуді мойындату; - Қазақстанды ішкі немесе сыртқы жаудан қорғауға дайындау. Қазір буржуазиялық, пролетариаттық патриотизм жоқ. Әр мемлекет өз мүддесін қорғайды. Сондықтан елдік, отандық патриотизм немесе отансүйгіштік тәрбие бар. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген қоғамда жаңа идеология қалыптастыру керек болды. Бұл идеологиялардың негіздерін «патриотизм», «қазақстандық патриотизм» және «ұлтжандылық» ұғымдары құрайды. Ежелгі грек жерінде пайда болған патриот сөзі дүниежүзілік қауымдастықтың даму тарихына және мемлекеттерді саяси жағдайға байланысты сан алуан сипат пен мағынаға ие болып отырған. Ежелгі грек ғұламалары Аристотель, Платон, Цицерон, 18-ғасырда француз матералистері, неміс философтары, орыс революционер- демократтары, қазақ ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев т.б. еңбектері мен шығармаларын еліне, жеріне деген ұлтжандылық және патриоттық сүйіспеншілік көрініс тапқан. Патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты-жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың патриоттық іс-әрекеттерін саналы түрде меңгеріп алудағы талпынысын айқындайтын саяси моральдық, кәсіптік шынықтыру салаларымен қалыптастыру. Қазақ халқының батыры, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы «Патриотизм- Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз- мемлекет деген ұғымды, оны жеке адам мен барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағы мен қарым-қатынасын біріктіреді»,- деп атап көрсеткен болатын. Сондай-ақ соңғы жылдардағы педагогикалық зерттеулерде жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің теориялық тұстарының ескерілмей келгені де байқалады. Міне, осы проблемалардың бәрі патриоттық тәрбие мәселесінің белсенділігін көрсетсе керек. Қазіргі егменді ел жағдайында жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу, олардың елін, жерін сүйетін, ана тілін ардақтайтын, ұлтын пір тұтатын азамат болып өсуін қамтамассыз ету-бүгінгі мектептің басты мақсаты деуге болады. Жоғарыда патриотизм ұғымына берілген сипаттамалар мен зерттеушілер, ұлы ойшылдардың, қазақ зиялыларының пікірлеріне сүйене отырып, біз өз пайымдауымызды білдірдік. Патриотизм-ол өзінің туған жеріне, тіліне, еліне, мемлекетке деген сүйіспеншілік сезімі, сол мемлекеттің, Отанның гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосу, қызмет ету. Ел Президенті Қазақстан халқына жолдауында:-Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз,-деген болатын. Қазақстан түрлі тарихи аласапырандарды басынан өткізіп барып, тәуелсіздікке қолын жеткізген, көп ұлтты республика. Сондықтан оның берік болуы патриоттық тәрбиені дұрыс жолға қоя білуге байланысты болмақ. Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа Конституциясында да республика қызметінің түбегейлі қағидаларының бірі- қазақстандық патриотизм деп атап көрсетілген. Қазақстандық патриотизм ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған Отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді. Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм-Отан- анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік,өнеге көрсетушілік,бойдағы білім мен білікті,ақыл- парасатты ел игілігіне жұмсау,атамекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кірсе керек. А.Абижанов - «патриотизмнің мәні өте күрделі. Бір жағынан,ол ізгілікті саяси үрдіс, яки жеке тұлға һәм қоғамдық сана элементтерінен тұрса,екінші жағынан,Отанды қорғауға,нығайтуға бағытталған сезім болып табылады»- деген.Мұнда автор патриотизм деген ұғымды адамның санасы және сезімімен байланыстырып отыр,демек, болашақ азаматтардың бойына патриоттық сана-сезім орнықтыру қажет.Қазақстандағы мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу тақырыбы көптен бері зерттеліп келеді. Сондай еңбектердің бірі ретінде С.Қ.Нұрмұқашеваның «Қазақстан мектептеріндегі оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің дамуы» еңбегі атауға тұрарлық. Онда,білімнің мазмұнын жаңғырту, оқулықтарға қазақстандық материалдар енгізу; оқытудың әдіс- тәсілдерін жаңғырту; оқушыларға тарихи ерекшеліктерді іздеп табу оларды оқу- тәрбие ісіне пайдалану секілді іс-әрекеттерін ұйымдастыру секілді ұсыныстар берілген. Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір оқушыда патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ. Психологияда адамның жан- дүниесі, сезім әрекеттеріне екінші сигналдық жүйенің ықпалы мол екендігі айтылады. Бұл ретте мектептердің патриотизмге тәрбиелеу жолдарын қарастыра келіп, олардың, жалпы оқушылардың сана - сезіміне ықпал ету, іс- әрекеттерін ұйымдастыру бағыттарында жүргізілгендігін анықтадық. Ұйымдастыру жұмыстарын осы бағыттар бойынша топтастырсақ, олар былайша бейнеленеді: лекторий, соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесулер, әңгіме кітаптар бойынша оқырман конференцияларын ұйымдастыру, ойын-сауық кештері, мұражайларға материалдар жинау, фото қалқаншалар, фотоальбомдар жасау тағы басқа іс-әрекеттерді ұйымдастыруға бағытталған. Тәрбиелік іс-шараның бағыттары «ұлтжандылық,ұлттық патриотизмдік» сананы қалыптастыру болса,ол- ар,намыс,ождан,қарыз,парыз секілді тағы басқа ұғымдар мен түсініктерді нақтылауды;олар туралы оқушы білімдерін жетілдіруді және олардың ауқымын кеңейтіп,тереңдетуді; сөйтіп Отан, мемлекет, ел, ұлт,халық,атамекен секілді киелі ұғымдармен байланысын ашып көрсетуді талап етеді. Өсіп келе жатқан жас буындардың бойында ұлттық патриотизмді қалыптастыруда, олардың әрқайсыларының «өзін ұлтының перзентімін» деп сезінуін нысанаға ала отырып, Қазақстандағы дәл бүгінгі жағдайда «ұлтты сақтап, одан әрі өркенін өсірудің кепілі»,-деп білген жөн. Мұның өзі «ұлт дегеніміз - ұлттың өзін-өзі билеу идеясы басын құраған адамдардың шынайы жүрек жарды бірлестігі» деген идеядан өрбиді. Патриоттық сезім- келтірілген киелі ұғымдармен байланысты: қуаныш, мақтаныш, күйіну, сүйсіну секілді т.б. эмоция спектілеріне қозғау салу, ояту, дамыту, қалыптастыру мәселелерін шешуді де көздейді. Патриоттық сезім- жоғары сезімдер тобына кіреді деген пікірдеміз. Өйткені ол «қоғамдық мәнді және көңіл күйге байланысты моральдық сезімдерге» қатысты болып келеді, ол сананың жетілуімен тығыз байланысты дамиды. Қоғамдық тәрбиенің ықпалымен патриоттық сезімдер тұрақтанып, оқушының іс-әрекеті, мінез-құлқынан, сөзі мен ісінен көрініс беріп, ұлты, халқы, Отаны үшін қызмет етуге дайын тұрады. 3. ҚР «Білім туралы» заңында білім беру мазмұнына жалпы талаптар анықталған, олар мәдениеті өркендеген демократиялық қоғамға үйлесімді жаңа адам үлгісін тәрбиелеуге бағытталуға тиісті. Болашақ қоғамның азаматы мыналарды меңгеруге міндетті: • дүниеге диалектикалық көзқарастың негізі болып саналатын белгілі мөлшердегі ғылыми білім жүйелерін; • ана тілі мен ұлтаралық қатынас тілдерін, өзінің және басқа халықтардың тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлердің қайнар көзі болып табылатын рухани адамгершілік байлықты; өздігінен денсаулығын нығайтуға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға, әлеуметтік белсенділік көрсетуге, азаматтық, нарықтық қатынастар жағдайындағы әр қилы өмірде өз бетімен еңбек етуге дайын болуға. Қазіргі білім мазмұнын қалыптастырудың ортақ негіздеріне гуманитаризация, гуманизация, экологизация, дифференциация, интеграция, әлемдік және ұлттық мәдениет мұраларын кең қолдану, жаңа ақпараттық технологияларды кең пайдалану, көпкомпонентті, толыққанды оқыту үрдісінің шарты және нәтижесі ретінде шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру жатады. Реформация үрдісі білім мазмұнын интеллектуалдық, моральдық, және рухани жетілуді жеке тұлғалық ізденуді жүзеге асырушы адам типін жобалайтын жаңа модель болып табылатын интеграциялауға негізделеді. Құндылықтар мәселесі қоғамның идеологиялық тұғырлары дискредитацияға ұшырап, мәдени дәстүрлері құнсызданған кезде, әрбір халық өзін мазалаған сансыз сұрақтың ең болмағанда бір бөлігіне жауап табу үшін өзінің өткен тарихы мен мәдениетіне бет бұрған кезде, тарихтың өтпелі, дағдарыстық кезеңдерінде өткір қойылып отырған. Әдеби шолуларға сүйенсек құндылықтар жіктелуі әртүрлі: философиялық тұрғыдан витальды (өмір, денсаулық, игілік, экология және т.б.); әлеуметтік (әлеуметтік статус, жағдай, байлық, отбасы, тәуелсіздік және т.б.); діни (Құдай, сенім ғұрып, шіркеу және т.б.); моральдық (қайырымдылық, достық, сүйіспеншілік, парыз, адалдық, әділеттік және т.б.) эстетикалық (сұлулық, идеал, үйлесімділік, және т.б.); саяси (заңдылық, мемлекеттік, ата заң, азаматтық еркіндіктер және т.б.) Осылайша құндылықтар жалпы динамикамен сипатталатын мәдени реттеушіліктің қозғалмалы саласын білдіреді. Педагогикалық тұрғыдан рухани-адамгершілік құндылық тәрбие арқылы жүзеге асады. Негізінен рухани адамгершілік құндылықтар адам бойынан бастау алады. Себебі адам жаратылысы өмірге өзіне қарым-қатынасы, тұрмыс тіршілігі саналы іс-әрекеті мен сезімі арқылы өлшеніп сараланып отырады. Бірақ осы құндылықтардың өмірдегі мәнін түсініп, талдап, саралап қабылдайтын бұл -адам санасы. Адам санасында бірінші құндылықты анықтау үшін белгілі бір себепке байланысты қажеттілік оянады, әрі қарай сол қажеттілікті қанағаттандыру жолында өз алдына мақсат қойып, өзі үшін құндылық негізін анықтап алады. Негізгі рухани-адамгершілік құндылықтар бұл адам бойынан бастау алады десек те болады. Себебі рухани-адамгершілік құндылықтар адам жаратылысы, олардың өмірге қарым-қатынасы, тұрмыс тіршілігі, саналы іс-әрекеті мен сезамі арқылы өлшеніп, сараланып отырады. Сондықтан ең жоғары құндылықтардың өзегі - бұл адами қасиеттер және адам екендігі қоғам дамуында әрдайым дәлелденіп келген. Философиялық, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде тұлғаның өзін- өзі тануы мен рухани адамгершілік құндылықтар төмендегі бағыттарда қарастырылған: Рухани-адамгершілік құндылықтар, тұлғаның өзін-өзі тануы және оның дамуындағы философиялық көзқарастар /Сократ, Әл-Фараби, Ж. Баласұғұни/. Тұлғаның өзін-өзі тануына қоғамның ролі және өзара қатынас сипаты туралы: /Я.А. Коменский, И. Песталоции, К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко, В.А. Сумомлинский, т.б./ . Қазақ тарихындағы ғұламалардың адам тәрбиесіндегі өзін-өзі тануы туралы ой-пікірлер А.Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, т. б./. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 1. Патриотизм ұғымына түсінік беріңіз. 2. Отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыруға сіздің көзқарасыңыз?. 3. Жалпыадамзаттық құндылықтар негіздері деп нені айтамыз? 4. Қазақстандық патриотизм ұғымын қалай түсінесіз? 5. «Қазақстан ортақ мекенім» тақырыбына өзбетімен жұмыс жасау. №8-дәріс Тақырыбы: «Өзін-өзі тану» пәнінде қарым-қатынас мәдениетін дамыту Қазақ халқының қарым-катынас мәдениетіне деген көзкарастың өзіндік ерекшеліктері бар. Келешек ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән беріп, балаларды ата- баба дәстүрінде тәрбилеуді мақсат тұтқан қазақ отбасылары баласын мәдениеттілікке, зерделілікке баулып, халқының рухани құндылықтары мен әдет- ғұрыптарын тәрбиенің бұлжымас құралы ретінде ұс-танған. Бұл ретте қазақ ауылындағы отбасы тәрбиесі туралы алғаш еңбек жазған Н.Құлжанова болды. Қ.Т.Шериязданова мен оның шәкірттері қарым-қатынасты болашақ педагогтарды кәсіби дайындау негізі ретінде қарастырған. Алайда казіргі кезде казақ студенттерінің қарым-қатынас мәдениетін игеруін, оның өзіндік ерекшеліктерін карастырған еңбек жоқтың қасы екені анықталды. Сонымен, жоғарғы оқу орындарында қарым-катынас мәдениетін игеру, оны студенттердің оқу-тәрбие үрдісіне енгізу деңгейінің төмендігі мен жастардьщ қарым-қатынас мәдениетін бүгінгі өмір талабына сай, ұлттық сипатта игеруін жүзеге асыру қажеттігі мен оны ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік бағыттарының жеткіліксіздігі аралығында қарама-қайшылықтар туып отырғандығы анықталды. Адамды түсіну үшін әр түрлі сапалы әдістер қолданылады: физиогномикалық редукция - адамды түсінудің қарапайым таралған түрі. Адамның түр сипатына, өзін ұстауына, бет әлпетіне, тұрпатына, дене құрылымына, жүрісіне қарап ішкі психологиялық қорытынды жасау. Барлық ұлттық мәдениетте көптеген физиогномикалық пайымдаулар мен ырымдар көп. Адамның мандайына, ерініне, көзіне, қолына қарай ол адам туралы алғашқы пайымдаулар болады. Австрия пасторы Лафатер және оның досы корреспондент Карамзин адамдардың мінездерін, қабілеттерін, тіпті тағдырларын анық анықтаған. Физиогномикалық редукция механизмі пайдалы, егер оның абсолютті дәлдігіне және сенімділігіне талап қойылмаса. Енді қарым-қатынасты мәдениетпен байланыстыра қарастырайық. Мәдениет дегеніміз не? - деген сұраққа жауап беру үшін бұл сөздің этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сөздің шығу тегіне тоқталуды жөн көрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың «Маданият» қала, қалалық деген сөзінен енген. Қазіргі заманғы сөздіктердегі мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: а) мәдениет - белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; ә) мәдениет - адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері; б) мәдениет - адамдық әрекеттің белгілі бір санасының жетілу деңгейі; в) агромәдениет Мәдениет және оның өзіндік ерекшеліктері әрқашан философиялық ізденістер мен зерттеулердің негізгі жайты болып келеді. Сондықтан мәдени даму барысын онда қалыптасқан ойлау тәсілі, дүниетаным түрі арқылы түсіндіруге тырысқан көптеген философиялық үрдістерді байқауға болады. Мысалы, мәдениетті рәміздік ойлау түрі арқылы анықтаған. Э.Кассирердің мәдениетті психофизиологияны негізде қарастырған 3.Фрейдтің және т.б. концепциялары соның куәсі. XX ғасырдың ойшылдарының арасында мәдениетті тілмен теңдестіре қарау әдісі кең етек жайып, олардың барлығы дерлік «тілді адам тіршілігінің негізгі, маңызды анықтауышы деп бірауыздан қолдап отыр». Бүгінде тіл — негізгі коммуникативтік құрал ғана емес, адамның бүкіл болмысын, адамның мәдениетін аңғартатын әмбебап ұғым. Фрейдизм, феномология экзистенциализм, аналитикалық философия, герменевтика, структурализм, семиология, т.с.с. бір ауыздан мәдениетті тілдік қарым-қатынас саласы ретінде анықтайды. Адам қарым-қатынасының маңызын, құрылымын, типологиясын қарым-қатынастың әлеуметтік концепциясы қарастырады. Қарым-қатынастың ғылыми концепциясы - оқыту процесі кезінде бізге осы мәдениет жетпейтінін В.И.Вернадский ашып көрсетті: «Ғылым тарихын және оның өткенін келер ұрпақ сын көзімен қарамау керек, білім қоры өзгереді жаңа ақпараттар пайда болады. Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік және психологиялық негізі, ең алдымен, адамның күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен байланысты. С.Елеусізова бойынша қарым-қатынас орнатудың екі бөлшектен тұратынын ажыратып көрсеткен еді. Оның бірі - адамның ішкі дүниесіне қатысты қасиеттері, ойлауы мен саналы әрекеті. Ал келесі бөлшегі - адамның жүріс- тұрысы мен өзгелермен тілдесіп, бірлесіп әрекет істейтін қатынас сипаттарын білдіреді. Сонымен қарым-қатынас - ғылым әрі өнер болып табылады. Бұл - шығармашылық үрдіс. М.И.Лисина пікірінше, қарым-қатынас, бұл - екі немесе одан да көп адамның қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттері екендігін атап көрсетті. Біздің елімізде қарым-қатынас мінез-құлықтық және жеке тұлғалық мәселелерімен біршама ғалымдар айналысса да (Шериязданова Қ.Г, Ауталипова Ұ.И, Елеусізова С.М. т.б) қазақ студенттері арасындағы қарым-қатынас мәдениеті жете зерттелінбеген мәселелердің қатарында тұр. Қарым-қатынас мәдениеті адамзаттың ғасырлар бойы қалыптастырған белгілі ережелерін сақтауға негізделеді. Ондай ережелерді әдеп деп атаймыз. Ал осы әдеп сөзі - казақ тіліне араб тілінен енген сөздердің бірі. Әдеп - адамдар арасындағы қарым-қатынаста сыпайы болу; Ғалымдар С.А.Козлова, Т.А.Кулшсовалар (1998) қарым-қатынас мәдениетін мінез- құлықтық және жеке тұлғалық мәдениетінің құрамдас бөлігі екендігін атап керсетеді. Шериязданова Қ.Т. (1996) студент жастардың қарым-қатынасындағы мәдениетін газет-журнал, кітап оқу, ертегі, әңгімелер тыңдау, кино, театр, музей, көрмелерге бару арқылы қалыптастыруға болады дейді. Отбасындағы ата-ананың сөйлеген сөздері, мінез-құлықтарындағы олқылықтар жас адам бойында тұрпайы сезімдерді ұялатады, нашар мінездің қалыптасуына негіз болады. Қазақтардың рухани әлемі, негізінен, ауызекі поэзия дәстүрінің ықпалымен қалыптасып отырған. Кәсіби салалардың қатаң заңына бейімделе бермейтін казақ тілінің синкреттілігін де осы тұрғыда пайымдауға болады. Тілдің шығармашылық арқылы әрбір қазақ өз мәдениетінің «оқшаулығын» өзінің «Мен» дегізерлік қасиеттерін және төл мәдениетінің сыр-сымбатына қатысының бар екенін тікелей сезініп отырған. Қазақ тілінің әдебиетшілдігі дегеніміз, түптеп келгенде, ойлаудың ұлттық ерекшелігі болып шығады. Дауға салса, алмастай қиған, сөзімге салса қырандай қалқыған, ойға салса, қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырға, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы. Ана тілінен артық қазақ үнгін бұл дүниеде қымбат не бар екен?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйтқы болған - оның ғажайып тілі. Сонымен бірге, қазақ болмысының жаңалық атаулыны жатсынбайтынын да атап өтпей болмайды. Сұхбаттасқан адамының жан-дүниесін тануға деген құлшыныс, оның ой сезіміне деген құлықтылық, әсіресе сырласының жүрек түпкіріндегі мұң-сырға ортақтасуға бейім тұру — әрбір қазақтың қарапайым қарым-қатынас мәдениетінен бастап, барша болмысына дейін айқын көрініс тауып отырады. Қазақ қоғамында ұлттың жадын сабақтастыратын тетіктер де болады. Бұл ең алдымен, әдет-ғұрып кқұқығының жүйесі — әдет. Яғни патриархалды және рулық қарым-қатынастың мән-жайы. Қазақ өз тағдырының тізгінін өзгеге ұстатқан кезден бастап әдет-ғұрып құқығының жүйесі күйреуге ұшыраған. XIX ғасырдың өзінде-ақ даланың әдет- ғұрып құқығын әкімшілдік және сот реформалары іс жүзінде ауыздықтап үлгерді. Ал XX ғасыр болса дәстүрлі даланың қарым-қатынасын реттеп отыратын, осынау тиімді тетікті қолдануға ешқандай саңылау қалдырмайды. Ұлттық тарихтың әлеміне өзінің жасымен де, басымен де бір табан жуық тұратын дана шежіре қарттардың беделіне шек келтірмеген. Ұлттық рухты сақтауда ақсақалдар институтының орасан рөлі болды. Өз руын, тайпасын, ата-бабасын жеті атасына дейін білу әрбір қазақтың ру аясындағы міндеті және сол білігі арқылы өз халқының дәстүрін сабақтастырып отырудың шарты болған. Қазақстан осы ғасырдың бас кезіне дейін тарих көшінің табиғи даму жолында қалыптасқан құндылықтарымен біте қайнасқан тұтастығын сақтай білген дәстүрлі көшпелі қоғам еді. Көшпелілер қоғамының өзіне тән жағдайында казақ халқы өзін орнықтыру үшін өз ішінде ғажайып тірек қалыптастыра білген. Сол тірегі міне 10 ғасыр бойы біртұтастығына кепіл болып келеді. Ол тірек -қазақтың жеті аталық зердесі. Көшпелі қазақтың өз шықкан тегін және рулық байланыстарын міндетті түрде білуі шарт болған. Жекжат-жұрағаттардың сондай-ақ ру аралық туыстық қарым-қатынастардың құқықтары мен міндеттері, сый-сияпаттарының деңгей дәрежелері, қадір- құрметтерінің шек-шекаралары, тиым-талқыларының ауқым аясы әрбір адамға арналған қатал әдепке бағынып отырған. Күні бүгінге дейін, сахараның жазылмаған заңы бойынша жеті атаға дейін бір- бірімен үйленуге рұқсат етпейтін қазақтан басқа жер бетінде бір де бір ел жоқ. Міне, қазақ халқының даналығын тудырған қуатты генетикалық тамыр ешқайда жоқ. Ұзатылған қыз келін болып түскен жеріне өз елінің тәрбиесін, қарым-қатынас мәдениетін ала келген. Әрбір қазақ өз қандастарының арасында туысқандық парызын неғұрлым терең тамырластықпен сезінсе, соғұрлым жақын жұрағатының аясы кеңейіп, өзгелердің де оған деген мейірім шапағаты молая түседі. Мұндай қарым-қатынастың аясы отбасы мен рудан әрі асып, тайпалық, жүздік, одан әрі бүкілхалықтық еремен астасып кетеді. Сонымен, қазіргі біздің студенттер осы ата-баба дәстүрлерін ұстана ма? Ұстанса, қаншалықты дәрежеде? Олардың қарым-қатынас мәдениетін игеруі қалай? Осы сұрақтарды ойластыра келе: егемендік пен еркіндіктің күн тәртібін де терең талдау мен талқылауды уақыт ететін мәселелер бар. Олар: - Әлеуметтік және этникалық фақторлардың ара салмағы. - Этникалық және педагогикалық-психологиялық тәжірибелердің ара қатынасы. - Этнопсихология мен этнопедагогикадағы адамгершілігін, ұлтжандылығын, қарым-қатынас мәдениетін тәрбилеу міндеттері. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы студенттерге ізгілік білімін беру. Жоғары мектепте өтетін «Өзін-өзі тану» пәні сөйлеу, ойлау мәдениетінің қағидаларын меңгерту арқылы адам рухын шыныктырып қана қоймай, ұлттық мінез- құлықты қалыптастырады. Студент жасындағы адамның қоғамдағы белсенділігі артады. Оның сана- сезімі өседі. Жан қуаттары шыңдала түседі. Қоршаған ортаға сын көзбен қарай бастайды. Бұл жастағыларда өзін-өзі бағалауға ынталану, рухани өмірге қызығу имандылық пен адамгершілік идеялары ояна, кемелдене бастайды. Жас адамның бүкіл кескін-келбеті, жұртпен қарым-қатынасы мәдениетті болу керек. Есі кіріп, ойы мен бойы танысқан кезде адам өзін-өзі ұдайы тәрбиелеп отыру керек. С.Торайғыров: «Жақсылық көрсем, өзімнен, жамандық көрсем, өзімнен, тағдыр қылды деулерді шығарамын сөзімнен», - деген. Адамның білімі тек сабақта ғана қалыптаспайды. Өзгелермен пікірлесу оны дамытады. Жастық шақта қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа түсу үрдісіндс адам күнделікті өзі таңдаған шешімді қабылдауды талап ететін жағдайларға түсіп отырады, яғни шешім қабылдаудың мүмкін деген жолдарын қарастырып, тандау қажеттілігі туындайды. Ұлттық мінез-құлықты сомдауда мәдени қарым-қатынастың орны ерекше. Өйткені мәдени қарым-қатынаста эстетикалық, әлеуметтік, моральдік талаптар сақталады. Мәдени қарым-қатынас іскер жандар арасында туындайды. Ол істі алға бастырып, өркениетке қол жеткізеді. Қазіргі іскер адамға мәдени қарым- қатынас керек. Олар өз ойларын түсіндіре, дәлелдей, жеткізе алулары керек. Біздің қоғамымызға қазір ізгілікті, мейірімді, адамгершілігі мол, мәдениетті азаматтар қажет. Жоғары мектепте студенттермен өтетін «Жантану» пәні сөйлеу, ойлау мәдениетінің қағидаларын меңгерту арқылы адам рухын шынықтырып қана қоймай, ұлттық мінез-құлық қалыптастырады. Халқымыздың рухани қазынасы - бүгінгі күнмен жалғасқан өткен дәуірлер шежіресінің куәсі, ұлтымыздың, тұрмыс-тіршілігіміздің айнасы. Сондықтан оның Егеменді ел болғаны Құдайға шүкір, көптеген жастарымыз имандылыққа бет бұрып, қарым- қатынас мәдениетін игеруде. Ата дәстүріміз қайта жаңғыруда. Осы үрдіс дәстүрге айналса, нұр үстіне нұр болар еді. Әдебиеттер: Ғабитов Т., Мүталіпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану оқулық-Алматы.: Дәнекер, 2002. Нұржанов Б. Мир как игра языка в концепций Deppuga Exlibris //Б. Нұржанов, Алматы.: 1996 г. Назарбаев Н. Тарих толқынында-Алматы.: Атамұра, 1999,- 296 б. Разумный В.А. Клуб и культура общения: Пособие для клубных работников. М.:1989 -92с. Абалкина М.А., Агеев B.C. Анатомия взаимопонимания. М.: 1990 - 64с. №9-дәріс Тақырыбы: Рухани құндылықтар Мақсаты: жан мен тән тазалығы, жан, рух, тән құмарлығын ажырата білу, рухани қазынаны байыту мен сақтау. Тірек ұғымдар: “рух”, “жан”, “тән” “руханилық”, т.б. Жоспар. 1. Рухани құндылықтар ұғымына түсінік. 2. Рухани келісім. Үйлесімділік әлем тұғыры. 3. Дін және оның даму тарихы. 1. Рухани даму дегеніміз-өзінің өмірдегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі үздіксіз, бірқалыпты жетілдіру. Жастарға рухани тәрбие, білім беру адам дамуының тәндік, жандық, рухани үйлесімділігін, өмірді құндылық деп түсінуін өзін Жаратқанмен, табиғатпен үйлесімділікте ұстай білуін, жердегі тіршілікті сақтау үшін өзінің қажеттігін түсінуді қамтамасыз етеді. Рухани тәрбие адамның ізгілік, имандылық ұстанымдарын тәрбиелейді, адамның ақыл-ойы мен іс-әрекеттерін жүрек арқылы ізгілік мұраттарға бағыттап, өмірдің күрделілігін түсінуге рухани көзқарас қалыптастырады. Әр адам өзін-өзі рухани жетілдіру үшін өзін- өзі тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға, өздігінен оқуға ұмтылуы тиіс. Рухани-адамгершілік құндылық тәрбиесіндегі басты нысана - студент тұлғасын құрметтеу. Оның рух иесі, бойында Жаратқанның ұлы қуаты бар-Кіші ғарыштық әлем, ғарыштың тіршілік иесі екенін және дүние мен, әлем мен біртұтастығын саналы түрде түсініп, оған бой ұсынуы, оны мұғалім солай қабылдауы шарт. Әлемдік діндерге сипаттама 1) Дін жайында жалпы түсінік 2) Әлемдік діндер A) Буддизм B) Хрестшншылдъщ C) Ислам діні 3) Жастардың көзбояушылыққа бой алдыруы 4) Қорытынды Дін мемлекеттің негізін құраушы факторлардың бірі, ішкі тұрақтылықтың кепілі. «Дін» термині religio деген латын сөзінен шыққан. Дін мәселелері қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды да күрделі болып табылады. Дін қоғам өмірінің барлық жақтарына әсер етіп, қоғамдық дамуға зор ықпал етеді. Сондықтан дін жайлы дұрыс көзқарасты, түсінікті қалыптастыру зайырлы діни білім берудің басты мақсаттарының бірі болып табылады. Әрбір адам өзінің дүниені түсінуіне, дүниеге көзқарасына және сеніміне байланысты дінді қабылдауы немесе қабылдамауы, тіпті әуелі одан теріс айналуы мүмкін. Әртүрлі халықтарда және тарихи дамудың әр кезеңдерінде этнографтар мен тарихшылар наным-сенімдердің және әдет- ғұрыптардың таңғаларлық өзгешеліктерін кездестіріп отырған. Тарихта көптеген нақты діндер шын мәнінде өмір сүрген және қазірде өмір сүріп келеді. Бірақ барлық халықтар үшін отақ сипат - діннің өмір сүру фактісінң өзі болып отыр. Жалпы алғанда, әлемдік діндерге будда, хрестиандық және ислам жатқызылады. Әлемдік діндерге [pic] Христиан «Әлемдік» деген ұғымның өзі оларды әртүрлі халықтардың ұстанатынын және бұл діндердің бір ұлттың немесе туыстас этностардың шеңберінен асып, бүкіл дүние жүзіне жайылғанын дәлелдейді. Буддизм — ең ежелгі әлемдік дін. Б.з.б 1 мыңжылдықтың ортасында Үндістанда пайда болды. Бірақ Үндістанда гүлденіп, өркендеу дәуірінен соң, Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс, Орталық Азия, Қиыр Шығыс аймақтарын мекендеген халықтардың санасы мен тұрмысында орнығып қалды. Қазір әлемде буддизимді 800 млн-ға жуық адам ұстанады. Буддизм тарихына терең үңілсек, оның негізін салуға аңыздық кейіпкердің артында нақты өмір сүрген адам тұрған тәрізді. Аңызға сай, Шакья тайпа бірлестігінің ауқатты мүшесі - «ханзада» Сидхартха Гаутама (Гатама руынан) уайым-қайғысыз, бақытты жастық шағынан соң өмірдің өткіншілігі мен шарасыздығын сезінеді, үндінің өзіндік санасы үшін әмбебапты болған жанның мәңгілік көшіп-қонуы идеясы оның бойына үрей мен қорқынышты ұялатады. Гаутамаға түскен аян оны Будда («Буддха» - көзі ашылған, нұрланған) етті. Будда Шакьямуни (шакья тайпасынан шыққан данышпан) қоғам үмітін түсінікті де нанымды түрде жеткізе алды. Өмір сүру азап, азаптан құтылуға болады. Будда осы жолды тауып, басқаларға көрсетті. Ұстаз – Будда Ілім - Дхарма Ақиқат сақтаушылары - сангха Буддизм іліміне сай, өмір өзінің барлық көріністерінде - материалдық емес бөлшектер - дхармалардың әр түрлі комбинациялары немесе «ағындары » Дхармалардың түзілімі адамның, жануардың, өсімдіктің, тастың және т.т болмысын айқындайды. Бұл түзілімдердің ыдырауы өлімді, ажалды білдіреді. Будда ілімінің негізін, дәстүрге сай сидхардаха Гаутамаға ашылған «төрт ұлы ақиқат» құрайды. 1) Өмір деген азап, 2) Азаптық себебі адамның құмарлықтары мен мұқтаждықтары 3) Осы жоғарыда айтылғандардан арылу арқылы азапты тоқтатуға болады. 4) Азапты тоқтату үшін дұрыс өмір сүру керек. Соңғысы буддизмнің сегіз тармақты жолы арқылы жүзеге асады. Бұл жол «дұрыс әрекеттен» және «шынайы білімнен» туады. «Дұрыс әрекет» дегеніміз адам өлтірмеу, тірі жанға зиян келтірмеу,(ахимса), ұрлық істемеу,өтірік айтпау, ақылдан адастыратын ішімдіктерді ішпеу сияқты принциптерден тұрады. «Шынай білім» - өзіне-өзі үңілуді, ішкі пайымдау - медитацияны білдіреді. Осы екеуінің тұтастығы адамға өмір мен өлімнің мәңгілік шеңдерінен шығып, Нирванаға жетуге мүмкіндік береді. Будда ілімінің дамуы барысында оның негізгі екі тармағы: 1)Хинаяна 2) махаяна қалыптасты. Хинаяна манахтық өмір салтын ұстанып, будда ілімін терең игеруге басты назар аударады. Махаянада кез-келген адам Нирванаға жете алады делінеді. II мыңжылдық басындағы мұсылман шапқыншылығы буддизмді Үндістаннан түпкілікті ығыстырып шықты. Олар буддалық білімділіктің соңғы тірегі болған монострь-Университеттерді қиратты. Аман қалған монахтар өздерімен бірге баға жетпес қол жазбаларды сақтапқалу үшін Непал мен Тибетті паналады. Кеңес дәуірінде буддизм діні орны толмас шығынға ұшырады. Билік тарапынан оған тыйым салында. Бірақ соңғы жылдардағы ұлттық сананың оянуы дәстүрлі құндылықтардың жаңғыруына жол ашты. Буддизм дәстүрі кең таралған аймақтардан басқа жерлерде де махаяна мен хинаянангың әртүрлі бағыттарын ұстанатын қауымдар құрылды. 2)Христианшылдық Христианшылдық діні б.з 1ғасырында Помпей шапқыншылығынан кейін Ресей империясының құрамына кірген Палестинада пайда болды. Христиан діні - құлдық тәртіпті айыптап, қарапайым халықтың мүдделерін қорғауға талыпынанды. Сөйтіп, адамдарға Христос әкелген құдайлық ақиқатты тану арқылы әрбір адам бостандыққа жете алады деп жариялайды. Адам төзгісіз қоғамдық қатынастарға қарсы шығып, әр адамға түсінікті адамгершілік құндылықтарды ұстануға шақырған христиан діні тез арада үлкен идечлық күшке айналды. Христианшылдықтың идеялық негіздерінің қалыптасуы Христиан апологетикасы христиан діні адамдар ойлап тапқан жоқ, ол адамзатқа құдайдың жіберген діні дейді. Бірақ діни ілімдердің салыстырмалы тарихы христиан дінінің пайда болына діни, философиялық, этикалық ықпалдардың болғанын айғақтайды. Хрисиан ілімі Қасиетті жазу Библия мен Қасиетті Аңызға - шіркеу әкелерінің айтқандарына соборлардың шешімдеріне негізделеді. Алайда ерте христиандықта бұл негіздер болған жоқ. Христианшылдық ұзақ уақыт бойы ауызша дәстүрге негізделген уағыздар айту, аңыз-әңгімелер «игі хабарлар» арқылы таралды. Христиан шіркеулерінің бөлінуі Христианшылдық біртұтас діни ағым бола алмады. Рим империясының көптеген провинцияларына таралу барысында әр елдің жағдайына қалыптасқан әлеуметтік қатынастарға жергілікті дәстүрлерге бейімделді. Рим мемлекетінің орталықсыздануының (ыдырауының) нәтижесінде алғашық төрт автокефальды (тәуелсіз) Константинопольдық, Александриялық, Антиохиялық, Иерусалимдік шіркеулер пайда болды. Христиан дінідегі ең ірі жіктелудің бірі негізгі екі бағыттың проваславия мен католизмнің пайда болуы болды. 1) Православия 2) Католизм Православиелік ілім дүниенің пайда болуы, мақсаты мен ақыры адам мен оның күнәкәр табтиғаты, құдайшылық шарап туралы догматтарды қамтиды. Осы догматтардың барлығын шіркеу сөзсіз ақиқат, беделді, қарсылық тудырмайтын, өзгермейтін деп жариялайды. Православиелік культтің маңызды элементтерінің бірі - мейрамдар. Олардың ішіндегі ең салтанаттысы Пасха болып табылады. Католиктік ілім мен Католик шіркеуі ерте христиандық аясында біртіндеп қалыптасты. «Католикос» ұымы грек тілінен «әлемдік», «жалпы» деп аударылады. Алғаш рет антиохиялық епископ Игнатий Богоносец II ғасырдың ортасында қолданған бұл ұғым Батыс христиандығының атауы ретінде сақталып қалды. Ислам Ислам (араб, өзін Аллаһқа тапсыру, мойынсұну) - үшінші, ең жас әлемдік дін. Ислам жер бетіндегі ең көп таралған діндерге жатады. Әлемде 1,3 млрд адам ислам дінін ұстанады. 35 мемлекетте мұсылмандар тұрғындардың басым көпшілігін құрайды. 28 елде ислам мемлекеттік дін деп жарияланған (Египет, Сауд Арабиясы, Марокко, Кувейт, Иран, Пәкістан және т.б) 120 елде мұсылман қауымдары бар. Ислам - қуатты әлеуметтік-мәдени, белсенді саяси күш. Исламның негізін қалаған Мұхаммед 570 жылы, исламға дейінгі Арабияның ең ірі сауда және діни орталығы Мекке қаласында дүниеге келген. ол күреіш тайпасының кедейленген хашім руынан шықты. Исламның негізгі багыттары. Ислам үш бағытқа бөлінеді - мұсылман әлеміндегі ең көп жақтастары бір сунниттік бағыт, шииттік және хариджиттік бағыт. Олардың пайда болуы, ең алдымен, мұсылман қауымындағы билік үшін күреске және саяси мотивке байланысты еді. Хариджиттер ислам тарихындағы ең ежелгі діни-саяси топ болған. VIII ғ екінші жартысының басында хариджиттер арасында бір-бірімен бәсекелес топтар шыға бастады -азракиттер, ибадиттер, суфиттер. Хариджиттердің өз ішіндегі бытыраңқылық олардың күшін әлсіретті. Хариджиттер Исламдағы билік теориясына байланысты догматикалық сұрақтарды даярлауға көп үлес қосты. «Тайпалық десократия» тұғырнамасын ұстана отырып, олар халиф жоғарғы билікті тек қана сайлану жолымен алуы тиіс деп есептеді. Егер де, ол өзіне қойылған талаптар деңгейінен көріне алмаса, онда қауым оны алып тастауға, ал керек болған жағдайда - өлтіруге дейін бара алады. Халиф болып кез келген дінді ұстанған адам тегіне, әлеуметтік статусына және ұлтына қарамай сайлана алады. Билікке үміткер жанға қойылатын басты талаптар - оның Құран мен Суннаны қатаң ұстануы, мұсылман қауымының өкілдеріне әділетті қарауы және сол қауымның мүддесін қолына қару алып қорғауға шамасының келетініндей болуы керек. Халиф - мұсылман қауымының басты өкілетті тұлғасы және де әскер басшысы болып есептелінеді. Хариджиттер заңды халифтар деп Абу Бакр мен Омарды есептеген. Келіссөз жүргізу арқылы Муавиямен ортадағы дауды шешуге ұмтылған Али, хариджиттер түсінігінде, өзінің халифатқа иелік ету құқығын жоғалтты. Өйткені оны «Алла ғана соттай алады» деген принципті бұзса керек. Саяси тұрғыдан алғанда хариджиттер радикалды көңіл күйлер тудырушылар болды, ал діни тұрғыдан алғанда олар исламның «тазалығын» сақтауда және әдет+- ғұрыптарды қатаң қадағалауда ештеңеден тайынбайтын топ еді. Шииттер мен сунниттер Исламдағы шииттік бағыт Мұхаммед пайғамбардың жалғыз мирасқоры «тақуа халиф» Али мен оның ұрпақтарын ғана мойындайтын мұсылмандардың басын біріктіреді. Шиизм (ар. «шиа»- топ, партия) де, исламның өзі сынды, өз алдына біріккен біртұтас жүей болып табыл-майды. Ол - көптеген секталар мен бағыттарға бөлініп кеткен бытыраңқы бағыт. Шииттердің жіктелуі діни-саяси көшбасшылық мәселесіне байланысты қақтығысулар, алауыздықтар нәти-жесінде жүріп отырды. Шииттер, суннитер сияқты, Суннаны мұсылман дін ілімінің екінші көзі, бастау деп есептейді. Бірақ олардың сунниттерден ерекшеліктері мынада.: олар бірінші топтағы аса абыройлы тұлғалар деп «тақуа халиф» Алиді, оның жақын әріптестерін, сонымен бірге Али әулетінен шыққан адамдарды таниды. Шииттер, суниттерге қарағанда қасіретшеккенді, азап тартқан жанды пір тұту кең тараған. Дін жолында азартану иедясына, Али мен оның баласы Хусейіннен басталған біраз шииттік имамдардың қайғылы тағдырларына шииттер басты назар аударады. Шииттік тәжірибеде кең орын алған принцип такия «байқампаздық, естілік, ақылдылық» - «өз сеніміңді ақылмен жасырып-жабу» принципі, яғни адамның жеке басының қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда, әлде жамағаттың ортақ мүддесін көздеу мақсатында өз дініңе, сеніміңе жан дүниеңде берік бола тұра, іс жүзінде - оған қарсы келетін нәрселер жасау мен айтуға рұқсат етіледі.Шииттер бұндай жағдайға жол беріп отырған жоқ. Өйткені олар - өз тарихында саны жағынан азғантай болып, көбіне біраз қысым көрген жандар. Суниттер Исламдағы ең ірі бағыт - сунниттер. Әлемдегі мұсылмандардың 90 пайызы сунниттік бағытты ұстанады. Сунниттердің толық атауы - «Сунна мен қауым бірлігінің адамдары» - дәстүрлі ислманың маңызды принциптерін танытады. Сунниттерге тән белгілердің негіділеріне: төрт «тақу халиятердің» заңды билігін мойындау,; алты «қағидалы» хадис жинақтарының дәйектілігіен күмән келтірмеу; сунниттік төрт құқықтық мектептердің біріне тиесілі болу. жатады (маликиттік, шафииттік, ханифиттік немесе ханбалиттік) Шииттерден сунниттердің айырмашылығы - олардың Алла мен адам арасында Мұхаммед пағамбардан соң елшілік етуші жан жоқ деген идеяны жоққа шығаратындығы. Суннизмнің аясында ерекше секталар пайда болған жоқ. Бұл жағы оны шиизмнен бөлектеп тұрады. Шиидтік секталар Кең тараған исламдық жіктемелердің бірреуіне сай, шиитік бес үлкен секталар бар олар өз алдына одан да кішірек құрылымдарға бөлінген екен. Оларға: Кайсаниттер, зейдиттер, имамиттер, «шеткі» шииттер және исмаилиттер жатады. 3) Жастардың көзбояушылыққа бой алдыруы Қазір дін мен дәстүрді былықтырып, өзгеше ұлттық дін жасағысы келіп жүргендер бар, яғни олар әр ұлттың өз діні болу керек дегенді қағида қылып ұстанады. Міне, осы т ұрғыдан қарағанда әртүрлі діни ағымдар өздерін ұлттық дінді ұстап жүрген біздерміз деп халықтың басын қатырады. Қазіргі ең өзекті мәселе - көп мұсылман жастардың сектаға кетуі. Көпшлігі оның не екенін түсініп білмей кіріп, содан соң басын алып шыға алмайды. ақша табудың қиындауы, өмірден өз орнын таба аламау - жастардың психологиясын мүлдем өзгертуде. Секта - діннің ең қауіпті бағыты. Онда адам психологиясын өз дініне, өмірге, еліне, жеріне теріс бағыттайды. Сектанттар қарапайым адамдарға үгіт -насихат жүргізіп, бірдеңемен қызықтыру арқылы өз қатарына , өз ортасына тартады. Сетаға кірсе, мұқтаждықта жүрген жандарға қамқорлық ретінде ақша, үй, көлікке дейін береді екен. Ал, алған мүліктер үшін ол жандар сектаға кіріп, есінен адасады. Үйінен қашып, сектаға кіріп кеткен балаларын өз отбасына қайтара алмай жүрген ата-аналар аз емес. Ислам атын жамылған діни ағымның бірі - «Хизбут - Таһрир» партиясы . Бұл ұйымда мұсылмандар арасына жік салуда. Өкіншке орай, кей жастарымыз мәселенің мән-жайына бармастан теріс уағызға көзсіз көбелектей ілесіп олардың қатарына қалай қосылып қалғанын аңғармай жүр. Жастарымыздың осындай көзбояушылыққа бой ұсынуы жыл сайын артып келеді. Мұның бәрі біздің иманымыз бен діни сауатымыздың қаншалықты төмен дәрежеде екендігін көрсетеді. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 1. Рухани құндылықтар ұғымына түсінік беріңіз?. 2. Рухани келісім. Үйлесімділік әлем тұғырын қалай түсінесіз?. 3. Дін және оның даму тарихын сипаттаңыз?. 4. Әлемдік діндерге сипаттама беріңіз олардың ерекшеліктері неде? 5. Секталар ұғымын қалай түсінесіз? №10-дәріс Тақырыбы: Тұлға қалыптасуындағы өзін-өзі танудың рөлі. Мақсаты: Тұлға бойындағы биік сезім, адами қасиеттердің қалыптасуына негіз салу. Тірек ұғымдар: “тұлға”, “даму”, “өсу” “тұлғалық қасиет”, “сапа”, т. б. Жоспар. 1. Тұлға ұғымына түсінік. 2. Тұлға дамуы мен қалыптасуына өзін-өзі танудың рөлі. 1. Тұлға - 1) дербес әрекет жасайтын субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. тұлғаның мәні нақты индивидтің өзіндік ерекшелігінде, оның әлеуметтік жүйе шеңберіндегі өзімен-өзі болу қабілетінде ашылады; 1) адамдар арасындағы өзінің ұстаным-орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым-қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам әлеуметтену процесінде тұлғаға айналады. Индивид (лат. individuum - бөлінбейтін) - 1) жекелей табиғи тіршілік иесі. Homo sapiens түрінің өкілі филогенездік және онтогенездік дамудың, туа біткен және жүре біткеннің біртұтастығының өнімі, тән сипатты даралық белгілердің иесі ретіндегі адам; 2) адамзат қауымдастығының жеке бір өкілі; табиғи шектелу шеңберінен асып шыққан, құралдарды, белгілерді пайдаланатын және осылар арқылы өзінің мінез-құлқы мен психикалық процестерді меңгеретін әлеуметтік тіршілік иесі. Индивидтің сипаттамалары: - психофизиологиялық ұйымдасуының тұтастығы; - қоршаған ортамен өзара әрекетестіктегі орнықты тұрақтылығы; - белсенділігі. Тұтастық белгісі индивидтің өмірлік қатынастарын жүзеге асыратын сан алуан функциялар мен механизмдер арасындағы байланыстардың жүйелі сипатын көрсетеді. Тұрақтылық индивидтің шындық болмысқа деген негізгі қатынастарының сақталуын анықтайды. сонымен қатар, икемділік, вариативтілік жайттарының болуын көздейді. Белсенділігі оның өзін өзгертуге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Жеке тұлғалық (индивидуальность) - 1) жеке адамның қайталанбас, өзіндік ерекшелігі, тек соған тән ерекшеліктердің жиынтығы; 2) басқа адамдардан өзінің әлеуметтік мәнді ерекшеліктері тарапынан сипатталатын адам; индивидтің психикасы мен тұлғасының өзіндік ерекшелігі, оның қайталанбастығы. Жеке тұлғалық темперамент, мінез белгілерінде, мүдделер сипатында, перцептивтік процестер мен зият санасында, қажеттіліктері мен қабілеттерінде көрінеді. Тәрбиенің негізгі мақсаты - қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан-жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның даму мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген. Адам - өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан да табиғат заңдары оның дамуына әсер етеді. Адам табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның тектілігі тек биологиялық жағынан емес, сонымен қатар, тарихи даму нәтижесінде де пайда болады. Адамның жалпы дамуында, осылайша, негізгі екі бағыт байқалады: биологиялық және әлеуметтік. Адам биологиялық тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады. 2. Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықтан, жеке тұлғаның «дамуы» мен «қалыптасуы» ұғымдары қолданылады. Даму табиғатқа, қоғамға, жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму - төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге қарай қозғалыс. Даму кезінде барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, Бұл қозғалыс, өзгеріс жеке тұлға дамуының қозғалыс күші болып келетін қарама- қайшылықтар күресі арқылы жүзеге асады. Жеке тұлғаның дамуы - оның қасиеттері мен сапасындағы сандық және сапалық өзгерістер процесі (адамның анатомиялық- физиологиялық жетілуі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуы, танымдық және шығармашылық іс- әрекетіндегі, оның дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенімдерінің кеңеюі). Қалыптасу - бір нәрсеге пішін мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір түр беру; жеке тұлғаның дамуының нәтижесі және оның пайда болып, тұтастыққа, бірқалыпты қасиеттер мен сапаларға ие болуы. Бұл арада тұқымқуалаушылықтың мәні өте зор. Тұқымқуалаушылық - баланың ата-анасынан немесе ата- бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Ол екі түрге бөлінеді: жалпы адамзаттық (тік жүру, сана, ақыл, сезім мүшелерінің даму бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық- физиологиялық бейімділіктер). Жеке тұлғаның қалыптасуына қоршаған орта да әсер етеді, яғни адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар. Оның екі түрі бар: макро және микро. Макроорта - адамға әлеуметтік- экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпарат құралдары). Микроорта - адамның ең жақын қарым-қатынас ортасы. 2. Тұлға деген түсінікті жеке адам деген түсінікпен шатастырмау керек. Жеке адам дегенімізді - ол әлеуметтік немесе биологиялық бірліктің жеке өкілі деп түсінеміз. Тұлға дегеніміз ғылыми термин сөз. Жеке адамның қоғамның мүшесі ретінде саналы ісі мен қатынасының субъектісін тұлға деп түсінеміз. Педагог-ғалымдар бүгінгі таңдағы ілім жетістіктеріне сүйене отырып, қоғамның материалдық өмірі мен санасын дамытуда адамның атқаратын қызметінің рөлін анықтау үшін тұлғаны қалыптастыру объективті және заңды үрдіс екендігін көрсетеді. Адамның тұлғасы оны қоршаған ортада белсенді ету үрдісінде қалыптасып, ашылатындығы ғылымда дәлелденген. Психологиялық анықтама бойынша тұлға-қоғамдық қатынастардың жиынтығы делінген. Соңғы зерттеулерде тұлға ұғымына әр түрлі анықтамалар берілген. Белгілі психолог -ғалым Қ.Б. Жарықбаевтың еңбегінде: “”Жеке адам - тарихи әлеуметтік жағдайдың жемісі, ол әлеуметтік ортада /белгілі қоғамда, коллективте/ ғана қалыптасады. Орыс тіліндегі “личность” терминін соңғы кезде “кісі”, “Жеке тұлға” деп те алып жүр. Бұл анықтамаларда жаңа туған нәрестені адам деп атауға болады, бірақ ол әлі де болса жеке адам тұлға емес, себебі онда тәжірибе білім, іс-әрекет жоқ- ғалым өзінің ой-тұжырымын осылай деп пайымдаған. Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз - ол өзіне тән мінез - құлқындағы, іс әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы-деп көрсетеді профессор С.Қалиев. Жеке тұлғаның жан-жүйесі мен сана сезімінің дамуы, айналасы мен қоғамдық өмірге тәуелді. Осындай жағдайда оның дүниетанымы мен сенімі, арманы мен талғамы, кісілігі қалыптасады. Адам тұлға, кісі болуы үшін өзін сүю, жақындарын сүюмен шектелмей жалпы адамзатты сүю шарт” Жеке тұлғаны қалыптастыру барысында оның өзіне тән ерекшелігін ескере отырып, көзқарасындағы даралықты анықтап, өмірде болып жатқан өзгерістерге, қоғамның дамуына немқұрайлы қарамайтын шын мәнінде өмірдегі өзін қоршаған адамдарға жанашырлықпен, сүйіспеншілікпен, жауапкершілікпен қарау рухани- адамгершілік сезімін бойына сіңіру үлкен абыройлы іс. Осы орайда педагогика ғылымдарының докторы Ә. Мұқанбетжанова өзінің «Дүниенің ғылыми бейнесін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздері» - атты монографиясында: «... дүниені қабылдау, тану, сезіну адамның тек тұлға ретіндегі сана мүмкіндігі болып табылады»- деп тұжырымдайды. Әрі қарай өзінің монографиясында Ә.Мұқанбетжанова .”тұлға ” ұғымы тек қоғамдық қатынастар жүйесінде, адамның әлеуметтік рөлі туралы ғана айтуға болатын жағдайда емес, әрі оның даралығын сақтауда да мағынаға ие болады- деп тұлғаның өз бойындағы даралық қасиеттерінің өмірдегі маңызына тоқталады. Тұлға тек жай - жеке тұлға ретінде ғана емес, ол - өзін-өзі тану арқылы рухани ішкі дүниесін байыту арқасында жан-жақты жетілгенде ғана дара, шын мәніне ие болатындығын көруге болады. Тұлғаның негізгі даму ерекшеліктерін толықтай қарастыра келе, А.В. Петровскийдің “Тұлға” ұғымына жасаған көзқарасын зерттеу негізіне алып бөліп көрсетуге болады: 1. Тұлға - оның “жеке” дүниесінің мазмұнын құрайтын өзінің мотивтері мен ұмтылыстары жағынан, яғни тұлғалық мағыналарының ерекше жүйесімен, сыртқы әсерленуі мен ішкі толғаныстарын тәртіпке келтірудің жеке өзіндік тәсілдерімен сипатталуы мүмкін. 2. Тұлға - салыстырмалы тұрақты, сырттай байқалатын даралық, сипаттамалар, яғни субъектінің өзі туралы пікірлерінде , сол сияқты ол туралы басқа адамдар пікірінде сақталатын белгілер жүйесі ретінде қарастырылады. 3. Тұлға- субъектінің қайраткерлік -әрекеттік “мені” ретінде бастапқы жоспарынан тыс оның мінез-құлқын тәртіпке келтіретін жоспарлар, бағыттар, мағыналық құрылымдар жүйесі ретінде сипатталады. 4. Тұлға- даралану субъектісі, яғни индивидтің басқа адамдарда өзгеріс тудыратын қасиеттері мен қабілеттері ретінде қарастырылады. Тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарының қалыптасу жолын өзін-өзі түсіну мен өзін-өзі тану үрдістерінен бөліп-жарып қарауға болмайды. “Адам жаны өзін-өзі тек өз іс-әрекеттері үстінде ғана тани алады, оның өзі туралы білімі, сыртқы табиғат құбылыстары туралы білік секілді, қадағалаудан құралады”, - деп жазды. 2. Сана қалыптастыру әдістері Тәрбие процесінің жалпы құрылымынан байқағанымыздай, дұрыс ұйымдастырылған тәрбиенің бірінші сатысы- оқушылардың өздерінде қалыптасуы қажет әрекет-қылық нормалары мен ережелерін білу (түсіну). Ең алдымен қандай да сапаны туындатып, орнықтыру үшін, сол сапаның мән-мағынасын жете түсініп алу міндетті. Адамның көзқарастарын, ұғымдарын, наным-сенімдерін кемелдендіруге бағытталған әдістер тұлға санасын қалыптастыру әдістері атамасын алған. Бұл топ әдістері екінші кезеңде іске қосылатын - сезім, көңіл-күй толғаныстарын қалыптастыруда аса қажет. Егер оқушы педагогикалық ықпалға бейтараптылық пен немқұрайлылық танытатын болса, тәрбие процесі шабандайды, мақсатқа жете алмайды. Егер оқушы қабылдаған идеясын өзін толғантқан жарқын бейнеге айналдыра алса ғана, оның бойында ізгі де жарқын сезімдер туады. Өткен жылдар оқулықтарында бұл әдістер тобы сендіру әдістері деп аталған, себебі олардың міндеті - тұрақты наным-сенімдер қалыптастыру болған. Оқушы әрекет-қылығына дем беретін оның білімі мен білігі емес, ең алдымен ол көзделген адами сапаның қоғамдық қажеттігі мен өзіне пайдалылығын танып, оны өз нанымы негізінде әрекет-қылыққа айналдыруы, ал бұл сана қалыптасуымен бірге жүретін психикалық құбылыс. Тәрбие мазмұнымен белгіленген іс-әрекетке бала белсенді араласуға дайын болған жағдайда ғана қолданылатын әдіс өз нәтижесін береді. Наным-сенімге оқушыны әрқилы әдістермен жеткізу мүмкін. Өткен ғасыр басындағы мектептерде бұл үшін тағылым-тарихи өсиеттер, хадистер мен мысалдар кең қолданылған. Ал қорытынды шығару баланың өз еркіне берілді. Өкініштісі, бүгінде біз мұндай аса құнды әдістерді пайдаланудан мүлде қалғанбыз, олардың орнына тура, қарабайыр, ойға жетелемейтін уағыздау әдісіне көшкенбіз. Құрғақ уағыз айтып, шексіз бір жақсы көрсетпе-нұсқау беруден түскен өнім шамалы. Сондықтан, ұмыт болған әдістерді жаңғыртып, мұғалімдер өз сабақтарында ислам хадистерін, ақын-жыраулар тағылымдарын, шешен билердің ұлағатты кеңестерін, ғұлама Абайдың «Қара сөздерін» және т.б. тағылым-тәрбие көздерін молынша пайдалануда. Сондай-ақ әдептілік-имандылық тақырыбындағы әңгімелер, ұғындыру, түсіндіру, әдептілік сұхбаттары, насихаттау, сендіру, көрсетпе беру әдістері де өз қолданымын табуда. Сендірудің аса маңызды әдісі - өнеге- үлгі. Әдістердің әрқайсысы өз ерекшелігі мен қолданымына ие. Сырт көзге қарапайым көрінгенмен, бұл топ әдістерінің бәрі де жоғары педагогикалық бірлікті қажет етеді әрі жүйелі түрде басқа әдістермен бірге қолданылады. Этикалық тақырыптағы әңгіме - инабаттық мазмұнға негізделген деректер мен оқиғалардың үлкен көңіл көтеріңкілігімен әсерлі баяндау әдісі. Сезімге ықпал ете отырып, әңгіме моральдық бағамдар мен әрекет-қылық нормаларының мәнін түсініп, ұғуға жәрдемдеседі. Ол адамгершілік ұғым, түсініктерінің мазмұнын ашып қоймастан, оқушылардың инабаттылық талаптарына сәйкес болымды тұлғалық әрекеттеріне деген ұнамды қатынас өрбітіп, мінез-құлықтың оңды өзгерісіне ықпал жасайды. Әдептілік әңгімелері бірнеше қызмет жасайды: 1) білім көзі; 2) тұлғаның адамгершілік сапаларын басқалардың имандылық қасиеттерімен толықтырады; 3) тәрбиелік ұнамды үлгі- өнегені өрнек ретінде ұсынады. Әдептілік әңгіме тиімділігі келесі шарттарға байланысты: әңгіме оқушылардың әлеуметтік тәжірибесіне сәйкес болу қажет. Ол - қысқа, түсінікті, балалар толғаныстарына орай; әңгіме көрнекілік әдісін бірге қолдану арқылы жүргізіледі (көркемөнер туындылары, көркем фотосуреттер, халық қолөнер бұйымдары), әңгіме мазмұнын қабылдауға ән-күй үлкен жәрдем береді. әдептілік әңгіме өткізу үшін қолайлы үй-жай, жағдай қажет. Қоршаған жай-жағдайлардың әсемдігі мен ондағы дүние заттары, олардың адам көңіліне көтеріңкі әсері әңгіме тақырыбы мен мазмұнына сәйкес болуы қажет шарт. Педагогикалық құрал- жабдықтар қорында қай жағдайда да жарасымды әңгімелер молшылық (шеру алаулары төңірегі, автокөлікті саяхат барысында, кең дала төсінде не жайлы бөлмеде, үлкен қала алаңында немесе көктем бағында). әңгіменің әсері кәсіптік дайындыққа байланысты. Ебедейсіз, дөрекі тілді адамнан шешен әңгімеші шықпайды, ондайдан бала құлағы тынып, қашуға мәжбүр болады. әңгіме мазмұны тыңдаушыларды еліктіруі шарт. Одан алған эсер көп уақытқа дейін ұмытылмауы тиіс. Ұғындыру - тәрбиеленушілерге эмоционал-сөздік ықпал жасау әдісі. Бұл әдістің қолданылуы сынып ұжымы мен әр баланың тұлғалық сапаларын танып, білуге көзделген. Бастауыш мектеп балаларына қарапайым тәсілдер мен құрал- шараларды пайдаланудың өзі жеткілікті. Кіші жастағы оқушы «Осылай істеу керек», «Осылай істеп жатыр» - деп жай ескерткеннің өзінде-ақ, педагог айтқанына ере салады. Ұғындыру әдісі, егер тәрбиеленуші қандай да талаптың мәніне жете алмай жатса, жаңа адамгершілік сапа жөніндегі ақпараттарды ой елегіне түсіріп, қабылдауға қиналса, яғни қалай болғанда да оның санасы мен сезіміне түрткі салу қажетінде қолданылады. Ал мектепте қоғамдағы жай, айқын да ақиқат ережелерді ежелеп түсіндіре ұқтырудан аулақ болған жөн, мысалы, партаны сызба, тұрпайы сөз айтпа, еденге түкірме және т.б. Бұл орайдағы ұғындыру емес, шектеу әдістерін қолданған дұрыс. Аталған әдіс негізінен: а) жаңа моральдық сапа мен әрекет-қылық формасын қалыптастыру әрі бекіту үшін; б) тәрбиеленушілердің қандай да болған қылыққа дұрыс көзқарас-қатынасын қалыптастыру ниетімен - қолданылады. Қандай да ұғымның орнығуы, баланы оған сендіре білуге байланысты. Сенім кейде мұғалім сөзін сын-сарапқа сала алмаудан шалыс, қателікті болуы мүмкін. Сенімнің санаға еніп жатқанын адам сезе бермейді, осыдан ол ырықсыз сеп-түрткілер жетегінде қалып, тұтастай тұлғалық сапаларын өзгертуіне тура келеді. Педагог сендіру әдісін оқушыға нақты нұсқау-талапты қабылдату үшін, басқа тәрбие әдістерінің ықпал әсерін күшейту мақсатында қолданады. Тәрбие тәжірибесінде ұғындыру мен сендіруге қоса үгіттеу әдісіне де жүгінуге тура келеді. Үгіттеу әрекеті тәрбиеші ұстанған қатынас формасына түгелдей тәуелді. Үгіттеу арқылы педагог тәрбиеленуші тұлғасында ұнамды қалыптарды жобалайды, жақсылық сезімін ұялатады, жоғары нәтижелерге жететініне сендіреді. Үгіттеуден болатын тиімділік тәрбиеші абыройына, оның жеке адамгершілік болмысына тәуелді, өз сөздері мен әрекеттерінің дұрыстығына кепіл бола алған жағдайда ғана оның үгіті мақсатына жетеді. Бала тәрбиесінде ұнамды үлгі-өнегеге арқа сүйеу, мадақ, өз қадірін сезіну, ар-намысты қолдан бермеу секілді алғы шарттарды пайдаланған педагог қай күрделі жағдайда да үгіт жұмысының өз нысанына жетіп, жемісті боларына толық сенуіне болады. Үгіттеу арқылы кейде оқушыны өз қылығынан ұялу, өкіну сезіміне келтіруге болады. Педагог баланың мұндай сезімдерін оятып қана қоймастан, келеңсіз әрекеттерін түзетудің жолдарын да көрсетеді. Бұл жағдайларда орынсыз әрекеттің, оның салдарының мәнін дәлелді ашып берумен бірге тәрбиеленуші мінезіне ұнамды ықпал жасаушы тәрбие көздерін тауып, қолданады. Кейде орынсыз қылық білместіктің салдарынан болады. Мұндайда үгіт ұғындыру және сендірумен бірге қолданылып, оқушы өз қателерін мойындап, мінезін оң қалыпқа келтіргендей әсерде жүргізіледі. Әдептілік сұхбаты - екі тарап өкілдері - тәрбиеші және тәрбиеленуші қатысуымен болатын жүйелі де бірізді білімдер талқысы. Сұхбаттың әңгімелеу мен көрсетпе беруден айырмашылығы - тәрбиеші өз сұхбаттасы - тәрбиеленушінің пікірін тыңдайды және онымен есептеседі, олармен болған өз қатынасын құқық теңдігі және қызметтестік принциптері негізінде түзетеді. Әдептілік сұхбаттарының негізгі арқауы адамгершілік, инабаттық- имандылық проблемалары. Сұхбат мақсаты - ізгілік ұғымдарын нығайту, тұрақтандыру бұл бағыттағы білімдерді қорытындылау және бекіту, адамилық көзқарастар мен сенімдер жүйесін қалыптастыру. Әдептілік сұхбаттары тәрбиеленушілерді өздерін толғантқан барша сұрақтар бойынша дұрыс баға беріп, пікір жүргізуге жәрдем береді. Болған жағдай, оқиғалар мен әрқандай қылықтарды талқыға сала отырып, балалар олардың мән-мағынасын жеңіл түсінуге мүмкіндік алады. Көп жағдайларда әдептілік сұхбаттарды да өткізуге нақты дерек, оқиға, балалардың қылығы себеп болады. Мұндай сөйлесулерді болған оқиғалардың «ізін суытпай» не сол оқиғаның кінәкәрі сәл өзіне келіп, «жүрегі орнына» түсіп, мән-жайды аңғаратындай болған соң ұйымдастырған жөн. Әдептілік сұхбаттарының тиімді болуы келесідей маңызды шарттарға тәуелді: 1. Сұхбаттың проблемді сипатта болғаны өте маңызды. Осыдан көзқарастар, идеялар, пікір сайыстары өрбиді. Тәрбиеші тосын, қалыпқа келмейтін сұрақтардың туындауына себепші болып, өз шәкірттерін оларға жауап іздеп, табуға баулиды. 2. Сұхбаттың жаттанды дайын не үлкендердің құлаққа салған жауаптары бойынша өтуіне жол бермеңіз. Балаларды не ойлағанын ашық айтуға тартыңыз, басқалар пікірін сыйлауға үйретіңіз, шыдаммен дәлелді тұжырымдар топшылауға жетелеңіз. 3. Сұхбатыңыз тәрбиеші көпіре сөйлеп, тәрбиеленушілер үндемей тыңдайтын дәрісбаянға айналып кетпесін. Сұхбат барысында ашық та анық айтылған пікір балаларды дұрыс қорытындыға келтіреді. Әңгіме-сұхбат нәтижелілігі екі адам ортасындағы көңіл табысудан, пейіл жылуынан шығады. 4. Сұхбат үшін таңдалған материал тәрбиеленушінің эмоционалдық кейіпіне сай болғаны жөн. Талқыланатын тақырып оқушыларға жете түсінімді болмай, олардан сөз жарыс, пікірталас белсенділігін күту не талап етуге болмайды. Шынайы тәжірибеге негізделген сұхбат қана өзінің болымды нәтижесін береді. 5. Сұхбат барысында барша көзқарастарды айқындап, салыстыра білу қажет. Ешкімнің де пікірін жоққа шығаруға болмайды - бұл әділдік шынайылылық, қатынас мәдениетінің ізгілікті белгілері. 6. Әдептілік сұхбатында дұрыс басшылық - мәні - тәрбиеленушілерге өз ынта, әрекетімен дұрыс шешім қабылдауға жәрдем беру. Бұл үшін тәрбиеші болған оқиғаларға тәрбиеленуші тұрғысынан көз салып, оның ойы мен сезімін түсінуге тырысуы қажет. Сұхбат өзінен өзі бола қалады деу - қате пікір. Жоғары маманданған педагогтар әдептілік сұхбаттарын не болса соны сылтау қылып, өткізе салмайды, оған тыңғылықты дайындық көреді, шәкірттерін де байыппен дайындайды. Мектепте әдептілік сұхбаттары жалқылау (индуктив) не жалпылау (дедуктив) жолымен жүргізіледі: нақты деректер талқыланады, баға беріледі, соңынан жалпы қорытынды жасалады немесе алғашқыда үлкен проблема қойылып, кейін ол дара бөлшектеніп, шешіледі. Жазықты балалармен сұхбаттасу үлкен кәсіби шеберлікті қажет етеді. Мұндай әңгімелесу кезінде екі ортада психологиялық кедергі, түсініспестік болмауы тиіс. Егер оқушы болған жағдайды дұрыс түсінбейтіні байқалса, оның намысына тимей, кемшілік-қателігін бетіне баспай, әрекет-қылығының шалыс екенін ұғындырып бағу қажет, көпшілік кезінде бұл сұхбат қысқа да нұсқа, байсалды, әжуа- сықақсыз өткені дұрыс. Өз тәрбиешісінің шынайы көңілін, жәрдем пиғылын сезінсе ғана, ол айтқан ақыл-кеңеске құлақ түреді, жазатайым болған келеңсіз ісін енді қайталамауға уәде береді, қайтып ондай әрекетке бармайды да. Оқушымен жекелеп сұхбаттасу тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы кейіп түсінігімен өтсе, оның толық нәтижеге жеткені. Үлгі-өнеге - өте әсерлі тәрбие әдісі. Бұл әдіс негізінде жатқан заңдылық: көрумен қабылданған санада тез әрі жеңіл бекиді, себебі оны ойланып сөзбен таңбалап не таңбасын ауыстырып жатудың қажеті жоқ. Үлгі- бірінші, ал сөз - екінші сигналдық жүйе деңгейінде эсер етеді. Үлгі еліктеу үшін нақты өрнек беріп, сана, сезім, сенімді белсенді қалыптастырып, іс- әрекетке қозғау салады. «Уағыз жолы ұзақ, үлгі жолы қысқа» - деген байырғы Рим ғұламасы Сенека. Бала өміріндегі тұңғыш жанды өрнек - ата-ана, тәрбиеші, дос-жаран. Әдебиет, фильм кейіпкерлері, тарихи қайраткерлер, ұлы ғалымдар да үлкен тәрбиелік ықпал жасайды. Үлгінің психологиялық негізі - еліктеушілік. Осыған орай бала әлеуметтік және инабаттық тәжірибе жинақтайды. Мектеп жасындағы балалар өздері аса ұнатқан адамдарға еліктейді. Сондықтан, баланың адамгершілік дамуына қамқорлық жасауда оның өнегелі ортаға араласуына басты назар аудару қажет. Өмір өнегесі ұдайы оңды болса, тіпті жақсы, бірақ олай бола бермейді, балаға эсер етуші кері өрнек аяқ астында. Оқушылар назарын өмір, адам келеңсіздіктеріне аударып бару, болымсыз қылықтар салдарын талдап, олардан қорытынды шығару -міндетті шарт. Мезетімен орынды пайдаланған ұнамды үлгі тәрбиеленушіні жаман қылықтан сақтандыруға жәрдем беретінін де ескерген жөн. Тәрбие тәрбиешінің жеке басы үлгі-өнегесіне, оның қылық- әрекетіне, қамқорлығындағы балаларға қатынасына, дүниетанымына, іскерлігі мен абыройына тәуелді. Ұстаз үлгісінің оңды ықпалы оның сөзі мен ісінің жарасымдылығына, балалардың бәріне бірдей ақ пейілді қатынасына орай арта түседі. Бұл тәрбиешінің беделіне, ол бастаған істің жүйелілігі мен бірізділігіне де байланысты. Сонымен, сана қалыптастыру әдістері тұлғаның ізгілену тәрбиесінде маңызды рөл атқарады. Мұндай әдістер түрі: әдептілік әңгімелері, түсіндіру, ұғындыру, әдептілік сұхбаттары, үгіттеу, сендіру, көрсетпе нұсқау, үлгі тәрбие әдістерінің тиімділігі олардың қалай қолданылуына, педагог таңдаған гуманистік бағытқа тәуелді. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 1. Тұлға дамуының мәні неде? 2. «Жеке тұлға» және оның құрылымдық ұғымдарының мағынасын ашыңыз. 3. Жеке тұлғаның қалыптасуымен байланысты негізгі ұғымдарды сипаттаңыз. 4. Тұлға дамуының қозғаушы күштері қандай? 5. Тұлға дамуы мен қалыптасуының негізгі теориялық- әдіснамалық амал- тәсілдерінің сипаттамаларын беріңіз. 6. Тұлға қалыптасуына әсер ететін негізгі факторларды атаңыз. 7. Тәрбие мен дамудың өзара байланысты екенін дәлелдеңіз. 8. Өз бақылауларыңызға сүйене отырып (отбасындағы, мектептегі, қоршаған ортадағы), әртүрлі факторлардың оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етуінің нақты мысалдарын келтіріңіз. 9. Әлеуметтену процестерін атаңыз, олардың мәні неде? 10. Әлеуметтену кезеңдері қандай және олар тұлғаның әлеуметтік даму кезеңдерімен қандай байланыста? №11-дәріс Тақырыбы: Табиғат құндылықтарын сақтау жолдары. Мақсаты: қоршаған ортаның адам өміріндегі ролі, адамзат қауымын жарқын өмір сүруге, салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақыру. Тірек ұғымдар: “табиғат”, “экология”, “өмір”, “тіршілік”, қорықтар, табиғат ескерткіш-тері, ұлттық парктер.т.б. Жоспар. 1. Экология ұғымына түсінік. 2. Қазақстандағы апат аймақтардың адам өміріне зияны. 3. Ерекше қорғауға алынған аймақтардың түрлері мен маңызына тоқталу. Негізгі сөздер: 1. Жер планетасындағы ең ірі экожүйе - биосфера. Ең алғаш «Биосфера» терминін тіршілік бар жердің қабықшасын анықтау үшін 1875 жылы атақты австрия геологы Э.Зюсс қолданған болатын. Биосфера туралы ілімнің негізін 1926 жылы В.И. Вернадский салған. В.И.Вернадский биосфера деп планетаның тіршілік бар немесе болған, үнемі тірі ағзалардың әсеріне ұшырайтын не ұшыраған бөлігін айтады. Жердің биосферасы ғаламдық ашық жүйе болып табылады. Биосфера өздігінен реттелетін кибернетикалық жүйе. Биосфераның тепе-теңдігінің сақталуын гомеостаз деп атайды. Жер биосферасының негізгі көптүрлілігін тірі ағзалар жасайды, биосфераның өмір сүруі барысында 1 млрд.-тай тірі ағзалар болған. Биосфераның тағы бір белгісі - оның космоспен тығыз байланыстылығы әсіресе күнмен. Экология тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым- қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы. «Экология» (гр. oikos - үй, тұрақ, мекен; logos - ғылым) терминін ғылымға алғаш 1866 ж. неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді. Экологиялық зерттеу обьектісіне биологиялық макрожүйелер (популяция, биоценоз, экожүйе) және олардың кеңістіктегі динамикалық өзгерістері жатады. Экология ғылымының мақсаты - биосфера шегінде әлемдік жағдайларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам-қоғам-биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу. Экология ғылымының негізгі міндеті - популяция, биоценоз және экожүйені динамикалық зерттеу, экологиялық үрдістердің заңдылықтарын ашу, индустриализация және урбанизация жағдайындағы ғаламшар проблемаларын зерттеу. 2. Экология биологияның саласы ретінде ХІХ ғ. ортасында пайда болғанмен, жеке ғылым ретінде ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында қалыптасты. Экологияға қызғушылық ертеден басталды деуге болады. Сол кездің адамдары жеке-жеке емес, бірлесіп, қауымдасып өмір сүргенде ғана орта қарсылығын (жауынан қорғану, ауа-райының күрт өзгерістеріне төтеп беру т.б.) тіршілік үшін күресте жеңіп шығатынын ұғынды. Ертедегі адамдардың тіршілік жағдайларын біз бүгінде тас бетіне түсірген суреттерінен және археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында тастан, ағаштан жасалған қаруларын табу арқылы көз жеткіземіз. Жаратылыс туралы көптеген мәліметтер антика дәуірінің ғалымдары Гераклитттің, Гипократтың, Аристотельдің еңбектерінде келтіріледі. Мысалы, Аристотель «Жануарлар тарихы» деп аталатын еңбегінде өзі білетін 500-ден астам жануарларды зерттеп, мінез- құлығына талдау жасайды. Ғылымды дамытудың алғашқы алғы шарттары - нақты материалдар жинау мен оны жүйелеудің тұңғыш тәжірибесі осылай жүзеге асады. Аристотель шәкірті Т.Эрезийский қазіргі Жерорта теңізінің жағалауындағы өсімдіктерге топырақтың және ауа райының әсерін баяндады. Т.Эрезийскийдің еңбектерінде әртүрлі ағаштардың, бұталар мен жартылай бұталардың қандай топырақта жақсы өсетіні туралы алғашқы деректер келтірілді. Орта ғасырларда табиғатты зерттеуге деген ұмтылыс бәсеңдеп қалды, себебі, бұл кезде діни схолостиканың кең өріс алуына байланысты құдайға қарсы шықққандарды «әулие отына» өртеп отырды. (Джордано Бруно «гелиоцентризм»). Қайта өрлеу дәуірінің келуімен қалыптасқан жағдай өзгерді. Бұл өзгеріс Альберт Великий еңбектерімен байланысты. Ол «Алхимия жөніндегі», «Металдар мен минералдар жөніндегі» деген шығармаларда жердің климаты, оның географиялық орны мен теңіз деңгейінен биіктігіне, күн сәулесінің түсу бұрышына, топырақтың қызу дәрежесіне байланысын атап айтқан. Атақты итальян мүсіншісі Леонардо Да Винчи өсімдіктер морфологиясын зерттей отырып, олардың өсуі мен функциясына жарықтың, ауаның, су және минералды заттардың әсер ететінін байқаған. XV ғ. аяғы мен XVI ғ. басы Ұлы географиялық ашылулар дәуірі деп аталады. 1492 ж. итальян теңіз жүзушісі Христофор Колумб Американы ашты. 1498 ж. португалдық Васко до Гамма Африканы айналып, теңіз жолымен Индияға жетті. Ал 1519-1521 жж. Фернан Магеллан бастаған испандықтар тұңғыш рет жер шарын айналып шықты. Бұл саяхаттар жер туралы білімнің кеңеюіне септігін тигізді. XVffi ғ. соңы мен ХІХ ғ. басында қоршаған ортаны зерттеушілер саны арта түсті. 1807 ж. Гумболдь Орталық және Оңтүстік Америкада жүргізген көптеген зерттеулері негізінде «Өсімдіктер географиясы туралы ойлар» еңбегін жарыққа шығарды. Онда ғалым өсімдіктердің өсуі мен өркен жаюы ауа- райы жағдайына, температураға байланысты екенін ашып көрсетті. Бертін келе бұл ойлар орыс ғалымы К.Ф.Рульенің, Н.А.Северцевтің, А.Н.Бекетовтың еңбектерінде тереңдетіле түсті. Экологиялық ғылымның одан әрі дамуына Ч.Дарвин, В.В.Докучаев, В.И.Вернадский, В.Н.Сукачев, Н.Ф.Реймерстің үлесі жоғары болды. 3. Қазақстанның барлық жер көлемі 2724,9 мың км2. Жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан топырақ деградацияға ұшырап, құнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәліметтер бойынша Республика жерінің 180 млн. га немесе 60% шөлге айналған. Барлық жердің 235 млн. га жазық жерлер, 185 млн.га жайылым және 34 млн. га таулы аймақтар алып жатыр. Жоғарыда аталған 235 млн. га құнарлы жердің 180 млн. га жері жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30 млн. га топырақ эрозиясы, 60 млн. га тұздану, 10 млн. га химиялық және радиоактивті заттармен ластанған. Республиканың 30 млн. га жерлерін өнеркәсіп, көлік, байланыс, елді мекендер алып жатыр. Қазақстандағы егістікке пайдаланатын жерлердің де экологиялық жағдайы нашар. Ол республика бойынша 26610,7 мың га жерді алып жатыр. Соңғы жылдары байқалып отырған әлемдік климаттың өзгеруі Қазақстанның шөл, шөлейтті белдемдерініе әсерін тигізіп, ондағы егіс алқаптарының сапасын төмендетіп жіберді. Бұл жерлерде топырақтың құнарсыздануы, бүлінуі және шөлге айналуы прогрессивті түрде жүруде. Оның үстіне топырақты қорғаудың агротехникалық шаралары, қар тоқтату, органикалық және минералды тыңайытқыштар беру, гербицидтер мен пестицидтерді қолданбаудан арам шөптердің қаулап өсуі, шегіртке тәрізді зиянкестердің шексіз көбеюіне жол беріліп, жердің сапасын төмендетті. Топырақтың ауыр металдармен және радионуклидтермен ластануы барлық аймақтарды қамтып отыр. Әсіресе, Қазақстан бойынша ірі өнеркәсіптер, кен орындары, қазба байлықтарды өндіру, соғыс-өндірістік қалдықтарды сақтау және оларды көму аймағында ерекше жылдам жүруде. Республика жерінде химиялық қалдықтар 2,3 млрд. т жетсе, ал 529 обьектіде радиоактивті қалдықтар сақталған. Батыс Қазақстан аймағында 1966-1979 жылдар аралығында 24 ядролық қару сыналған, олар Маңғыстау облысында - 3, Батыс Қазақстанда - 4 және Атырауда - 17 рет жасалған. Соның ішінде ең ірісі Азғыр полигоны ғана 6,1 мың га жерді алып жатыр. Бұл жерлерде топырақ беті өте қауіпті улы гептил жанармайы мен және ракета қалдықтарымен ластанған. Гептил өте улы болғандықтан адамдардың өкпе-тыныс жолдарына, жүйке жүйесіне әсер етіп, бүйрек, бауыр мүшелерін зақымдайтыны анықталған. Сол сияқты ракета, космос корабльдерінің ұшуы «қышқыл жауындар» жаудырып қоршаған ортаның тірі комплексінің 30-50% биомассасын жойып жібереді. Қазіргі кезде Қазақстан жерінің 33,6 млн. га жері соғыс полигондарының кесірінен бүлінгені анықталды. Сол сияқты республика аймағында барлығы 16 млрд. тонна радиоактивті қалдық жинақталған. Нәтижесінде, бүгінгі таңда Қазақстанда радиациялық апат аймақтары мен ондағы қазіргі қалыптасқан жағдайлары келтіріліген фактілер арқылы көруге болады. Қазақстанның құрғақ климаты жағдайында радионуклидтер топырақта баяу қозғалып, ұзақ сақталып, экожүйелерді бүлдіреді. Осылайша топырақ негізгі ластану көзі ретінде радионуклидтерді өсімдіктерге одан жануарларға, адамға жеткізіп отырады. Ал, адам баласы өз кезегінде генетикалық, соматикалық, онкологиялық ауруларға ұшырап, зардап шегеді. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн. адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Атырау облысында 32 мың адам анемия, сүйек рагі, туберкулез, жүйке ауруларымекн ауырып зардап шегуде. Техносфераның биосфераға жасайтын қысымының маңызды көрінісі - табиғи экожүйелердің кедейленуі, яғни, биоалуантүрлілігінің кемуі болып табылады. Биоалуантүрлілік тек маңызды шаруашылық ресурсы ғана емес, ол биосфераның тіршілік етуінің шарты болып табылады. 1992 ж. Рио де Жанейрода өткен БҰҰ конференциясында қабылданған үш арнайы Мәлімдемелер мен Конвенциялардың екеуі биологиялық ресурстар мен биологиялық алуантүрлілікті сақтаусыз тұрақты даму мүмкін емес екенін көрсетті. Қазір адамның азық- түлігі ретінде қолдануға бірнеше мың түрлер белгңлң. Бірақ іс жүзінде өсімдіктер мен жануарлардың 200-250ден аспайтын түрлері пайдаланады. Ауылшаруашылық өнімдерінің басым көпшілігі 12-15 өсімдік береді. Биоалуантүрлілілік - адамзатты шексіз ұзақ уақыт бойы энергетикалық, техникалық және басқа ресурстармен қамтамассыз етудің жалғыз көзі. Қарапайым жүйелердің тіршілігін сақтау үшін көп энергия жұмсау қажет. Мысалы, қышқылдық жаңбырлардың әсерінен тіршілігі жойылған су қоймасы сырттан табиғи күйге келтіретін энергия жұмсалмаса қалдықтардың қоймасына айналады. Жердің геологиялық тарихында бір түрлер жойылып, басқалар олардың орнын басып отырған. Биосфераның жасы ұлғайған сайын түрлердің саны да артып отырады. Адамның геологиялық күшке айналуынан бастап жеке түрлердің жойылу жылдамдығы эволюциялық табиғи құбылыспен салыстыруға келмейтін жылдамдықпен жүре бастады. Халық санының өсуіне байланысты барлық негізгі табиғи бірлестіктердің бөліктерін бастапқы түрінде сақтап қалудың маңызы артып отыр. Табиғатты қорғаудың маңызды формаларының бірі - ерекше қорғауға алынған территориялар. Осындай территориялардың түрлері көп: қорықтар, қорғалымдар, табиғат ескерткіштері, ұлттық және табиғат саябақтары, ботаникалық бақтар, биосфералық резерваттар. Қорықтар - табиғатты қорғаудың бір түрі. Қазіргі кезде қорықтық территориялар Жер шарының шамамен 1,6-2,0% -ын құрайды. Дүние жүзіндегі ең ірі ұлттық саябақ Гренландияда. Оның ауданы 7 млн. га. Қорықтар - толық қорғаудың жетілдірілген түрі, себебі, оған табиғи комплекс кіреді де, табиғат ресурстарын пайдалануға рұқсат берілмейді. Қазіргі заманда «қорық - өзгермеген табиғаттың эталоны» деген принцип бұзылып отыр. Атмосфераның өндірістік улы қосылыстармен, радиациялық ластану, олардың тасымалдануы - біздің планетамыздың кез келген бөлігіне міндетті түрде әсер етеді. Белгілі бір шаруашылық жұмыстарын жүргізе отырып, табиғаттың ерекше обьектілерін қорғауға алынған жүйені ұйымдастыру түрі - қорғалымдар болып табылады. Табиғи тіршілік ортасын қорғайтын категориялардың біріне табиғи (ұлттық) саябақтар жатады. Олардың негізгі міндеті - халықты рекреациялық қамтамассыз ету. №5-ші кесте. Қазақстандағы қорықтар мен ұлттық табиғат саябақтарының тізімі. |№ |ЕҚА |Көлемі |Қорғайтын нысаны |Орналасу |Құрыл | | |аттары. |(мың | |аймағы |ған | | |Қорықтар: |га.) | | |мер- | | | | | | |зімі | |1. |Ақсу - |85,4 |Талас Алатауы |Оңтүстік |1926 | | |Жабағылы | |ландшафттары. |Қазақстан | | | | | |Өсімдіктері - 1400, |облысының | | | | | |сүтқоректілері - 43, |Түлкібас, | | | | | |құстар - 240, бауырымен |Сайрам | | | | | |жорғалушылыр - 9, |аудандары | | | | | |балықтар - 4түрі. | | | |2. |Алакөл |12,5 |Су экожүйесі. |Алматы |1998 | | | | |Өсімдіктері - 107, |облысының | | | | | |сүтқоректілері -21, |Алакөл ауданы. | | | | | |құстар - 98, бауырымен | | | | | | |жорғалушылыр - 4, | | | | | | |қосмекенділер -2. | | | |3. |Алматы |73,3 |Іле Алатауы. Өсімдіктері|Алматы |1934 | | | | |- 930, сүтқоректілері - |облысының | | | | | |38, құстар - 200, |Талғар ауданы | | | | | |бауырымен жорғалушылыр -| | | | | | |4, қосмекенділер -3, | | | | | | |энтомофауна- 800 түр. | | | |4. |Барса- |30,0 |Барсакелмес аралы. |Қызылорда |1939 | | |келмес | |Жейран, сайғақ және |облысы, | | | | | |құланды қайта қалпына |Барсакелмес | | | | | |келтіру үшін құрылған. |аралы. | | | | | |Өсімдіктері-165, | | | | | | |сүтқоректілер-12, | | | | | | |құстар- 202. | | | |5. |Батыс- |56,1 |Батыс Алтай таулы |Шығыс |1992 | | |Алтай | |ландшафтары. Өсімдіктері|Қазақстан | | | | | |- 145, сүтқоректілері - |облысының | | | | | |28, құстар - 108. |Лениногорск | | | | | | |ауданы. | | |6. |Қорғалжын |258,9 |Көл экожүйесі. |Ақмола |1968 | | | | |Өсімдіктері - 331, |облысының | | | | | |сүтқоректілері -37, |Қорғалжын | | | | | |құстар - 294, бауырымен |ауданы. | | | | | |жорғалушылыр -3, | | | | | | |балықтар - 11 түрі, | | | | | | |қосмекенділердің -2, | | | | | | |энтомофауна-288. | | | |7. |Марқакөл |75,0 |Оңтүстік алтай таулы |Шығыс |1976 | | | | |ландшафттары. Марқакөл |Қазақстан | | | | | |көлі. Өсімдіктері -2000,|облысы, | | | | | |сүтқоректілері -59, |Марқакөл | | | | | |құстар |ауданы. | | | | | |250, бауырымен | | | | | | |жорғалушылыр -4, | | | | | | |қосмекенділер-3, | | | | | | |балықтар | | | | | | |4түрі. | | | №5-ші кестенің жалғасы |1 |2 |3 |4 |5 |6 | |8. |Науырызым |87,7 |Қарағайлы борлар, дала |Қостанай |1959 | | | | |мен көлдер. |облысының | | | | | |Өсімдіктері -687, |Науырызым | | | | | |сүтқоректілері -30, |ауданы. | | | | | |құстар -230, бауырымен | | | | | | |жорғалушылыр -3, | | | | | | |қосмекенділер-3, | | | | | | |балықтар -6түрі. | | | |9. |Үстірт |223,3 |Дала ландшафты. |Маңғыстау |1984 | | | | |Өсімдіктері - 300, |облысының Ералы | | | | | |сүтқоректілері -27, |ауданы. | | | | | |құстар -111, бауырымен | | | | | | |жорғалушылыр -30. | | | | |¥лттық | | | | | | |табиғат | | | | | | |саябақтары: | | | | | |1. |Алтын-емел |212,1 |Алтынемел, Қалқан тау |Алматы облысы, |1996 | | | | |жоталары. Құлан, жейран |Кербұлақ | | | | | |кездеседі. Туризм, |ауданы. | | | | | |рекреация және | | | | | | |лицензиялық аңшылық | | | | | | |рұқсат етілген. | | | |2. |Іле-Алатау |164,4 |Су экожүйелері, шыршалы |Қарасай, Талғар |1996 | | | | |ормандар, жануарлар |ауданы. | | | | | |әлемі, табиғат | | | | | | |ескеркіштері, кең көлемді| | | | | | |рекреация, туризм, спорт,| | | | | | |лицензиялық аңшылық. | | | |3. |Баянауыл |50,7 |Қарағайлы-қайыңды |Павлодар |1985 | | | | |аудандар. Флора және |облысы, | | | | | |фауна, рекреация, туризм.|Баянауыл | | | | | | |ауданы. | | |4. |Көкшетау |205,8 |Қарағайлы-қайыңды |Солтүстік |1996 | | | | |аудандар. Флора және |Қазақстан | | | | | |фауна, рекреация, туризм |облысының | | | | | |. |Арықбалық, | | | | | | |Зеренді | | | | | | |аудандары. | | |5. |Қарқаралы |83,8 |Қарқаралы ормандары. |Қарқаралы |1998 | | | | |Флора және фауна, |ауданы, | | | | | |рекреация, туризм. |Қарағанды | | | | | | |облысы. | | Мемлекеттік табиғат ескеркіштеріне айрақша немесе белгілі бір жерге тән, ғылыми, мәдени-танымдық және денсаулық сақтау тұрғысынан бағалы табиғат обЪектілері кіреді. Оларға: ормандар, көлдер, жазықтар мен жағалаулардың бөліктері, тау, сарқырамалар, сирек геологиялық жыныстар, үңгірлер, әсем жартастар және т.б. жатады. Табиғат ескеркіштеріне, сонымен қатар жасанды шығу тегі бар табиғат обьектілері - ертеден келе жатқан аллеялар мен саябақтарды және т.б. жатқызуға болады. Тірі табиғат ескерткіштеріне жекеленген ұзақ өмір сүріп келе жатқан ағаштар да жатады. Бұл ағаштардың жылдық сақиналарын зерттей отырып, климатологтар бірнеше ғасырлар барысындағы ауа райының өзгерулерін, астрофизиктер - жаңа жұлдыздардың пайда болу уақытын, физиктер - жердің магнит өрісінің өзгерістерін анықтайды. Алып ағаштар да табиғат ескерткіштеріне жатады. Африкада биіктігі 189 м, диаметрі 44 м болатын баобаб табылған. Оңтүстік Қазақстан облысының территориясында 39 табиғат ескерткіштері орналасқан. Палеолит пен неолиттің материалдық және рухани мәдениетінің ескерткіштері - үңгірлер. Оларда адамдар орта ғасырларға дейін тұрып келген. Дәубаба шатқалындағы үңгірлердің біріне Қазақстандағы ең бірінші жер асты мешіті орналасқан. Соынмен, қатар «Қараүңгір», «Көкбұлақ», «Жылауықата» және т.б. үңгірлерді атауға болады. Мемлекеттік қорғалымдар. Мемлекеттік қорғалымдар табиғаттың жекеленген немесе бірнеше компоненттерін сақтау, қалпына келтіру, көбейту және жалпы экологиялық балансты ұстап тұру мақстаныдағы құрылады. Қорғалымдар ландшафттық, биолгиялық, гидрологиялық, геологиялық, палеонтологиялық болуы мүмкін. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 1. Экология ұғымына түсінік беріңіз?. 2. Қазақстандағы апат аймақтардың адам өміріне зияны қандай?. 3. Ерекше қорғауға алынған аймақтардың түрлері мен маңызына сипаттама беріңіз. 4. Мемлекеттік табиғат ескеркіштері дегенімізді қалай түсінесіз? 5. Мемлекеттік қорғалымдар туралы өз бетімен жұмыс. Метаплан құрастыру. 6. Экология ғылымының негізгі мақсаты мен міндеттерін сиппаттаңыз? №12-дәріс Тақырыбы: Өзін-өзі танудың философиялық аспектілері Мақсаты: өзін-өзі тану мен философияның бірлігі, студенттерді ғылыми көзқарастармен, біліммен толықтыру, өзін-өзі танудың философиялық аспектілерін түсіндіру. Тірек ұғымдар: өзін-өзі тану , өзін-өзі дамыту , өзін-өзі жетілдеруі”,“өзін-өзі өзектілеу”, т.б. Жоспар. 1. Өзін-өзі тану ұғымының философиялық қырлары. 2. Құндылықтарға философиялық тұрғыда сипаттама. 3. Өзіндік таным философиясы. 1. «Өзіңді өзің таны»- бұл «жеті дананың» /әсіресе Хилон мен Фалес/ аузынан шыққан дана сөз немесе даналық формуласы. Дельфия шіркеуінің маңдайшасына ойып жазылған. Дельфиялық дана сөз Сократқа дейін белгілі болатын кейін ол Сократқа танылды. Бұл кездейсоқтық емес еді, себебі Сократқа дейін антикалық бірде - бір ойшыл адам қызметінің басқару принципінің бірден бір бөлігі өзін-өзі тану екенін Сократтай бағалай алған жоқ. Греция тарихында теориялық ойлаудың жаңа кезеңінде адам проблемасы, философия проблемасын өзін-өзі тану арқылы түсінуге болатындығына көз жеткізді. Ксенофонт Сократты былайша сөйлейді: “Кімде-кім өзін - өзі тани білсе ол өзінің не істей алатынын және не істей алмайтынын түсіне біледі. Соның нәтижесінде бақытты өмір сүре отыра өзін қанағаттандыра алады білмейтін нәрсесінен аулақ бола өмірде қателікке бой алдырмай бақытсыздықтан айналып өте алады. Осы артықшылығының арқасында біреудің құндылығын көре алады және оны өз қажеттілігіне қолдана алады”. /Ксенофонт Воспоминания IY.2.26-27/. /б.э.д. 470-399 ж.ж./ аралығында өмір сүрген антикалық ойшыл, бірінші афиналық философ Сократтың ауызша таратқан даналық ойларының туындыларында өзіндік танымның негізін: философия танымының үлкен мақсаты: адамның танымы, оның іс- әрекеті, ой - өрісі, тұрмысы деп білді. Бұл таным, тек өзін-өзі тануда ықтимал екенін айтты “өз-өзіңді тани біл” бұл тұжырымды дәлелдеу үшін Сократ өз өмірін зерттеді. Мен білем, ештеңе білмейтінімді жақсылық ойлаушы кім екенін де білмеймін... Сонда да мен сіздермен бірігіп не екенін пікірлесіп түсінгім келеді. Сократ ойынша Адам рухы әулиелік болғанда ғана әулиелік білімге жетеді: айқын нәрсе, әрқашан да айқын. Сонымен қатар рух- білім сақшысы, адам танымы - бұл өткен істердің, бұрынғы білімдер жиынтығының еске түсуі. Даналық- бұл білім, бірақ адам барлығын білуге күші жетпейді. “Адам дейді Сократ- барлығына дана болуы мүмкін емес тиісінше кім білсе сол дана” Сократ танымында барлығы Құдайдан тарайды, жалғыз ғана шындық адам күш-жігерінің бағыты-білімді танудан бастау алады. Адам білімінің формалары, қоғамдық, саяси өмірі танымның жеке бір бөлшегі ғана. Сократша таным үрдісінде білім, мысалы жарылқаушының әділетті адамның өзі. Сократ мейрімділік жарылқауының үш негізін белгілейді. 1. Деңгейлік “Өз деңгейінен жоғары ештеңе жоқ” 2. Танымдық 3. Әділеттік Сократ табиғатты зерттеуде мүлдем қарсы болды. Бұл тұрғысында ол адамның іс-әрекеті құдай ісіне қайшы деп есептеді. Сократша әлем-құдайдың сыйы, Сократ мейлінше құдайға құлшылық еткен ол Афин жұртшылығымен бірге құдайға құрбандық шалып барлық діни жоралғыларды мүлтіксіз орындаған. Өзін- өзі тану арқылы Сократ мейірімділікке, әділеттілікке, заңдылыққа жетуге болатындығын айқындайды. Бірінші кезекте адам рухы, табиғат, білімділік деп есептеген. Оның мына сөзіне қарап: “Мен ештеңені білмеймін. Дегенмен сенімен бірге пікірлесіп, ізденгім келеді”- оның философиялық формуласы, ізденісінің құдіреті екенін танытуға мүмкіндік береді. Ол өзінің білмейтіндігін ең соңында білетіндігіне айналатынын толық сезінген. “Пікірлесіп ізденгім келеді” қағидасы өзін-өзі тануына итермелейді және сол арқылы өзінің ойын түсіндіргісі келеді. Сократ туралы айтқанда оның философиялық пәл сапасы адамзаттың даму тарихымен бірге біте қайнасып бүгінгі күнге дейін маңыздылығын сақтап келеді. Ежелгі философтардың ойынша өзін-өзі тану ол адамның жан дүниесімен өзін айқындауының жалпы ізденісі. Сократтың пайымдауынша мейірімділік пен зұлымдылық жолында дұрыс таңдау жасау және әлемдік ортада өзінің орныңды табу мен өзіңді айқындау өзіңді-өзің тани білгенде ғана орындалатын айқын нәрсе. 2. Қазіргі кезеңде біз адамның рухын соңына дейін өлшедік, негізін орнаттық, адамда табылған мазмұнды бастапқы жүйе, ғылыми жүйе болып қаланды. Философия МЕН деген ұғымды табуға үйретеді. Бастапқыда МЕН арқылы жансыз, түрсіз көпшілікке тәртіп, ой сананың өсуі енеді. Бірлік адам басқару ережелерінен тұрады. Бақылау шекарасына дейін таратады, және ол оны қалай жүргізеді, солай әрі қарай ой өрістің өсуі, тәртіп тарайды. Оның бақылауы көптің әлемде әр адамға өз орнын табуға нұсқау береді, басқаны шығарып жібермес үшін, ол бірлікті шексіз әртүрлілікке енгізеді. Сол әлемдік денелер бір-біріне жақын тұрады, бірқалыпты жүйелі дене болады. сол арқылы жарықтар нұсқаған жолдармен айқындалады. МЕН арқылы үлкен баспалдақ орнатылады, онда-әлемге қажетті күш жинауға, болашақты жалпы айқындауға құқылы. МЕН арқылы адамзаттың мәдениеті артса, әлемнің де мәдиниеті артады. Ол заттарға керекті тәртіпті орнатып қана қоймай, ол соған қажетін де береді, өзі таңдағандай: ол басқан жерде табиғат оянады, оның көз қарасынан жаңашылдық кереметтер орын алады. Оның денесі рухты, сені қоршаған бұйымнан пайда болатын, оның тіршілігінде ауа жеңілдей түседі, ауа - райы жұмсақ, табиғат сол арқылы тіршіліктің панасына айналады. Адам шикізатты өз қалауынша пайдаланып, қажетті материал жасайды. Ол үшін бұрынғы өлі салқын болған көрініс нәр беретін дән-дақыл боп, қорек беретін жеміс боп, тіршілік беретін жүзім боп өсіп-өнеді. Оның айналасына жануарлар пайда болады, оның жылы көзқарасынан олар жабайылықтан айрылып, адамның қолынан тамақтанады, оның дегенімен жүреді. Адамның айналасында жандар топтасады-ол адамдар. Сол адамдарға ол әсерін тигізеді, адамгершіліктің мәнін көрсетеді, оның іс әрекеті адамзатпен бағаланады, әр адал ісіне айналадан адам қасиеті мол үлкен жүректі адамдар пайда бола береді. Адамдардың қасиеттері күшейіп бірігіп әр денелерде бір рух орнатуға бағышталады, бір ой өріс, бір күш -жігер адамзаттың ұлы бірлігіне жоспарына көмекші болады. Ұлы адам өз ғасырында бар күшімен адамзаттың ең үлкен баспалдағына шығуды мақсат етеді, кейін қарағанда сол биікке шыққанда таң қалады, артында зындан тұрғандай сезінеді, содан өтіп шыққанына артын қарап сескенеді, содан өтіп шыққан Ұлы адамзаттың шежіресінен үлгергенінше барлық қасиеттісін алады.. Оның жоспарын бұзыңдар, кедергі келтіріңдер! Сіздер оны қалай ұстап тұра аласыңдар, бірақ мың жыл, көп мың жыл деген адамзаттың шежіресіне не жатады? Бұл тағы бір таңды оятарда көрген түсіңмен бірдей. Ұлы адам тіршілік ете береді, іс-әрекетін жалғастырады, сіздер жоқ болып кеткен, ол үшін танымның кеңейгені, сіздерге ажал-оның жоғары өмірге дамығаны. Оның жоспарының сәні, түрі ол үшін жойылғанымен сол күйінде қала береді. Оның тіршілік еткен әр кезінде ол өзі алып сол шеңберге сыртқы қоршаған ортадан іс-әрекетін жүргізе береді. Осындай адам өз-өзіне былайша айта алады. Мен адаммын. Ол өз-өзінен қорықпай, өзінің ұлылығынан сескенбеу керек? Осылай әр адам, осындай барлығы қайсысы -Мен жетеумін деп айта алады. Сен қай жерде тіршілік етсең де сен адамзаттың кейпін ұстайсың; жануарға жақындасаң да, айдаумен жұмыс істесең де, отты жердің жағасында отқа қыздырынсаң да, сен оны өзің жаққан жоқсың, ол сөніп қалғанша қарап отырып жылайсың, ұзақ жанбағанына, сен ең аянышты немесе қатыгез, жексұрын болсаң да, сен де менсің, сондықтан сенде жетеумін деп айта аласың. Қанша дегенмен сен менің жолдасымсың, бауырымсың, мен де МЕН тұрғанда баспалдақта тұрдым, бұлда адамзаттың баспалдағы. Мүмкін мен өте тез, асығыс көтеріліп кеткен болармын, бірақ мен сонда сен тұрғанда тұрдым. Мүмкін сенде бір күні мен тұрған жерге жетерсің, оған көп миллиарттаған уақыт өтсе де осылай бір- бірімізге әсер етеміз. Сен бір күні менің шеңберіме енесің, ал мен - сенің. Сонда ұлы мен де сені өзімнің жоспар құрудағы пікірлесім деймін. Қалай мен сескенбеймін, адамзат бейнесінің алдында, құдай алдында шіркеуде тұрып адам бейнесін сақтаймын. Менің жүйемді білмей тұрып, менің ой-пікірімді спинозмге теңеу мүмкін емес. Таза рухтың бірлігі мен үшін жеткізбейтін сана. Соңғы мақсат, ешқашанда іс-жүзінде орындалмайтын құбылыс. Осылай алғашқы кезеңде теологиялық ұғыммен адамның өзін-өзі тануы қалыптасады. Әрбір тарихи кезең ауыспалы және одан кейін басқа кезең пайда болады. Бұл жерде өткеннен қалатын жалғыз нәрсе, ол әр түрлі тұжырымдамалар мен көзқарастардан тұратын мәдениет. Әрбір кезеңде адамзат тарихы қайта құрылып, ол үшін бәрінен бұрын жаңа кезеңге жаңаша қадам басатын жетілудің жаңа бейнесі қалыптасып отырады. Бұл орайда Гегельдің “рух феномологиясы” еңбегінде таным үрдісін: “Өзін-өзі танудың” субстанциясы тек индивидуальды түйсікте ғана пайда болуы мүмкін деп астын сызып көрсетеді. Абдо Мухамед /1948 ж/ Адам баласы өзін-өзі тану үшін алла тағаланың ақиқатын, тануы қажет. Табиғат алланың сыйы. Алланың заңдылығына табиғат заңдылығына адам қоғамының заңдылығы бағынышты болуы тиіс. Осы ұлы заңдылыққа сай адам баласы өзін- өзі және қоршаған әлемді таниды. Бұл арада ғалым өзіндік танымның шекарасын теологиялық жолмен түсіндіре келе, адам мен қоғамның байланысын заңды түрде айқындап, адамның өзін-өзі тануы табиғатпен, қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста дамитындығын көрсете білді. Өзін-өзі тану арқылы табиғат пен қоғам заңдылықтарына бағына отырып, оны түйсініп белгілі бір болып жатқан өзгерітер мен қайшылықтарға жоғары деңгейде төтеп бере алатындығын баяндайды. Абиляр /1855 ж/ өзінің “Өзіңді-өзің таны” еңбегінде өзінің ары мен scito-te-ipsym тұлғаның құқығы ол этикалық принцип болып табылады. Ақиқат критериесі әділет заңдылығымен өлшенеді. Бұл қасиет өзін-өзі және айнала ортаны танимын деген адамдардың бәріне тән болуы тиіс- деп барлық адамзат атаулының барлығының негізін өзін-өзі тануға, өз ісінің ақиқатына және өлшеміне зер салуға үйретеді. Олай болса, бұл өзін-өзі тану үрдісі барлық дүниені түсінем, танимын, әрі қарай дамимын, тұлға ретінде қалыптасамын, шын мәніндегі өмірдің ақиқатына жетемін деген адамдардың бәріне тән болуы шарт. Д.С. Аничков /1952/ ”Адам танымының қасиеті туралы бір сөз” еңбегінде - таным процесіне түсінік бере отырып тән және рух арасындағы байланыста сезіну түсінікке айнала алады. Сондықтан бірінші бастама ол адамның ішкі әлемі. Олай болса адам рухы сыртқы факторлардың әсерінен өз-өзіне түсінікті туындата алады деп көрсетеді. Ол өз еңбегінде адамның ішкі әлемі бұл бірінші кезектегі бастама, ол өз-өзін түсінгенде ғана сыртқы ортамен сабақтасып нәр алатындағын көрсеткен. Әлем үлгісін өмірде бар заттар мен құбылыстарды түйсіну үлгісін құру және үйрену адам санасының көне формасына да, қазіргі формасына да тән. Ф.Энгельс Аголь И.И. цитаты бойынша “Анти - Дюринг” адамның таным мүмкіншілігі шекарасыз және оның таным процесінің өзі де шексіз. Әлемді тану негізі әлемнің материалдылығында, әлемнің кеңестіктегі және уақыттағы шексіздігінде. Ал кеңестік пен уақыт әрбір болмыс формасының негізі. Материя қозғалыссыз, қозғалыс-материясыз болмайды -деп адам танымының шексіздігін, оның шекарасының жоқтығын замананың кешегісі мен бүгінгісіне қарамай таным деңгейінің шексіз дами беретіндігін дәлелдейді. А.М. Антонов адамның өзіндік танымын былай сипаттайды: Кант агностицизм және апоризмін сынай отыра - ол сезім адамды қоршаған ортамен байланыстырады және адам танымының бастапқы кезеңі болып саналады. Сезім негізінде адамның түсінігі бүкіл психикалық өмірі әлемдік және өзіндік танымы қалыптасады. Ежелгі дүние даналарының әлем жөніндегі көзқарастарына гормония өзін- өзі тану түсінігі интуитивті қалыпта болса да көрініс табады. Пифагор, Платон және Аристотель секілді алғашқы философтар бұл ұғымды құдіретті күшпен байланыстыра отырып сипаттаған. Сондықтан да оған ғылыми категория ретінде қарамай, мифтік, тіпті мистикалық анықтама жасаған. Аристотель адам санасы бір-біріне ұқсамайтын әртүрлі құбылыстарды бір-бірімен байланыста тани алады. Ол үшін адам байланыс заңдылығын тануы тиіс. Адамдар және оны қоршаған орта да бір-біріне ұқсамайтын қасиеттердің бірлігінен құралады. Оның бәрін де біртұтастық ретінде қарауға болады - десе Аджита Кеша-кам- балин Baskam аль цитаты бойынша, “Адамның тағдыры әлем тәртібінің құпиясы төрт бастамадан судан, жерден, ауадан, оттан басталады. Олар ешқашан жойылмады. Карма, сансара және мокшинді миф ретінде қарастыруымыз керек. Сондықтан Брахман дініндегі құралдардың еркіне байланысты әлемнің танылмайтын универсум догмасы ешқандай сын көтермейді”. Адам санасы құдай заңдылығын табиғат заңдылығын танып білу үшін жаратылған деп адамзаттың танымын жоғарыдан іздеп жаратушы күшке құдайға табынып содан іздеуге үйретеді. Бедиль М.А. Муминов И. цитаты бойынша “Ирфан таным дегеніміз- тұтас әлемді және құдайды танимын деген адамның жанындағы қасиетті ынта. Алла ғаламды жаратушы болғанымен әлемнің күрделінеуі, ол табиғи процесс. Табиғат бастауы жоқ мәңгілік ақиқат. Бір нәрсенің өлімі, екінші бір нәрсенің өлімін туындатады. Өлім ол жойылып кету. Жойылу пайда болудан туындайды. Осы заңдылық бойынша табиғатта өзгерістер болып отырады”. Бертін келе философия саласында өзіндік таным теологиялық жолмен ғалымдар арасында жалғасын тауып отырады: Хачатур Абовян “Махаббат әлемді жаратушыға тән, ал адам баласы құдайдың қайталануы емес және қасиетті рух оған тән емес, шындыққа келетін болсақ, дүниеге келген кісіден біз қызыл шаранадан басқа еш нәрсені көрмейміз. Жылдар өте бара адам баласы жүреді, сөйлейді , есте сақтау, ойлау қасиеттері қалыптасады. Содан кейін барып айнала ортаны өзін танып, сол заңдылықты түсіну үшін ғылымға ұмтылады, ғылымнан осы заңдылықтардың реттілігін табады” немесе Аскаков К.С. В.Г. Белинский цитаты бойынша ақиқат құдай салған жолмен жүріп жетіледі. Ол үшін құдайға деген махаббат болуы тиіс. Адам баласы жаратылысты ешқашан тани алмайды, ол тек жаратушының құдіреттілігін тани алады. Қалай болғанда да адамның өзіндік танымын бірнеше тұрғыда әр кезеңнің тұрғысынан сипаттауға тырысады. 3. Өзіндік таным тұрғысы күрделі болғандықтан әр түрлі адам түрлі жағдайда форма әртүрлігіне байланысты оны әртүрлі сипаттап жазады. Осыған орай өзіндік таным тұрғысын зерттеген ғалымдардың ойларын ары қарай келтіре кететін болсақ: А.Г. Баумгартен Н.В. Самсонов цитаты бойынша “Адамның дарындылығы, сезімнің инстинкті қажеттілігінен туындайды. Адам баласы табиғаттың ұлы сұлулығына тамсанып, оны қайталауға тырысады. Мұндай талпыныстар адамдарды суретші, мүсінші болуға жетелейді. Менің ойымша адамның екі танымы болады: бірінші әдемі ойлау арқылы сұлулықты тану; екінші сезімді қабылдап ойлау. Ол біріншіден мазмұннан; екіншіден реттіліктен; үшінші сипаттаудан тұрады. Осы үш элементтің әрбіреуі бір- бірімен тығыз келісімде болады”. Ал келесі Bauer идеясы бойынша “Философияның негізгі сұрағы субстанция мен өзіндік таным арасындағы қарама -қайшылық Гегельдік абсолюттік идеясын жоққа шығарып, өзіндік танымды абсолют деп жариялады. Адам қоғамы адам танымын өзгерту арқылы қайта құрылып жаңа биіктерге өрлейді”-деп санаған. Адам танымы мен танылған дүниенің арасындағы айырмашығы адамның өз ішіндегі ойлау шеберлігінен туындайтынын және өзін-өзі тану үрдісі жеке нәрсе емес ол табиғатпен біте қайнасып жалғасын адамның ішкі ортасынан табылатын құбылыс екенін келесі ғалымдардың зерттеулерінен көруге болады. Берксон Андрей А., Г.Б. Плеханов цитаты бойынша ол адам индукциясын қоршаған ортаны тану құралы ретінде көрсетеді. Тану актісі-растық тану актісімен сәйкес келеді. Одан соң танушының және танылғанның арасындағы айырмашылық жойылады. Таным процесінде негізгі құрал тану интуиция деп түсіну, ол объективтік және субъективтік болмыс арасындағы шекараны жояды. Осындай таным түрі субъективтік діни фантастикаға есігін айқара ашады. Интуиция Берксон айтуы бойынша таным ойға қарама-қайшы мистикалық құпия акт немесе жоғары эстетикалық қабілеттіліктің инстинкті-қарапайым формасы қоршаған ортаны және өзінің рухани болмысын танудағы интуитивтік болмыс көрсеткіші ретінде шығармашылықты суретшілікті атайды. Шығармашылық пен суретшілік утелитарлық мақсаттан еркін құбылыс деп көрсеткен. Өзін-өзі таным процесі суретшілерде айқын көрніс табады. Ол үшін суретші өзінің субъективтік әлемінен шықпай отырып өз рухының түбіне көп күш салып терең бойлайды. Сол арқылы жаратылыстың табиғаттың адам санасындағы бастамасын көреді. Және соны сипаттауға тырысады. Берксон айтуы бойынша бұл құбылыс адам танымының ең қарапайым формасы болып саналады. Адам танымының шекарасын өте кең түрде қарастыруға болады. Ағылшын ғалым Bernard L.L. “Адам танымының немесе болмысының өзінше жүйелі жіктелуін келесі тұрғыда қарастырады. Адам баласы бір-біріне және қоршаған ортаға бейімделгіш келеді. Адам баласын табиғи және мәдени орта қоршап тұрады. Табиғи орта органикалық емес және жаратылыс ортасына /космостық, климаттық, географиялық және органикалық емес ресурс факторларына бөлінеді және органикалық табиғи орта, мәдени ортаның өзін Bernard L.L. төрт типке бөледі: материалдық, ашық әрекет ортасы, психо- мәдениеттік орта, немесе символдық орта, мәдени қоршаған орта, ара қатынасын өздігінен қадағаланатын мәдени орта. Адам баласы өзін қоршаған ортаны осылай тануы тиіс”- деп есептеген. Қарап зерттей келе адам танымының өзектілігі сонда, ол қоғамның дамуымен бірге әрдайым ғалымдардың назарынан тыс қалған емес. Ол әрдайым толықтырылып, жан-жақты қарастырылып, сомдалып отырған. Дамудың әр сатысын алсақ та, таным процесін қарастырмай оған тоқталмай кеткен ғалымдар аз. Өмірдің қай саласын зерттесе де олар ең алдымен адам танымына өз биігінен қарап теңеу беріп отырған. Оған келесі келтіретін зерттеулеріміз куә. Сеченов И.М. “Таным адамның психикалық әрекетінің еркін көзі болып табылады. Ол адамның санасынан сапалық құбылыс ретінде ерекшеленеді. Әлемдік процесс немесе философия, ол санасыз танымға бағытталған процесс. Таным аса сезімтал адам әрекетінің және болмыстың негізі, әлемдік даму процесінің себебі. Адам танымын әрқашан да материалдық рухани дүниенің, идеалдық- реалдық, субъективтік және объективтік қарама-қайшылық арасынан іздеген” Brito Ф /Carvalho L/ цитаты бойынша “Адамның өзін тануы философиядағы ең күрделі сұрақ. Адам өзін тану үшін тіршіліктің түпкі мақсатын және адамның қоғамдағы моральдық әрекетін түсінуі тиіс”. Brito әлемнің түпкі мақсаты таным. Ал ақиқат дегеніміз ол таным құралы және моральдық мақсат. Осылай адам танымының ең жоғарғы критериясы моральдық реформа-деп көрсетеді. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 1. Адамның өзін-өзі тануы философиялық қырлары? 2. Философияның негізгі сұрағы субстанция мен өзіндік таным арасындағы қарама-қайшылықтың мағанасын ашыңыз? 3. Ежелгі дүние даналарының әлем жөніндегі көзқарастарын сипаттаңыз? 4. Сократ ілімі бойынша таным үрдісіндегі білім сапасына түсінік беріңіз? №13-дәріс Тақырыбы: Өзін-өзі тану ілімінің психологиялық қырлары. Мақсаты: Өзін-өзі танудың психологиялық қырларын ашу, ғылыми көзқарастарға сипаттама бере отырып, өзін-өзі тану мен психология арасындағы байланысты түсіндіру. Тірек ұғымдар: “өзін-өзі тану механизмдері”, “ауыстыру”, “интероризация” “идентификация”, “таңдау”, т. б. Жоспар. 1. Өзін-өзі тану ұғымының психологиялық қырлары. 2. Өзін-өзі тану, танымдық іс-әрекет түрлері. 3. “Мен” бейнесі мен тұжырымдамаларына сипаттама. 1. Табиғи мәдениет пен қолдан жасалған өркениеттің үшінші мыңжылдығы тарихтағы адам факторының орны мен маңызын нақты айқындап, Дара тұлға қалыптастыру мәселесіне зор мән беріп отыр. Ғылыми -техникалық революцияның қазіргі кезеңі “Табиғат-Қоғам- Адам” төңірегіндегі орасан зор мәселені көтеруде. Қазіргі психологтар адам тақырыбының аясын кеңейтіп адам мен табиғаттың “тікелей тереңірек жанасуы” табиғаттағы өзгерістерді түсіне қабылдауына зер салуын қамтамасыз ету мақсатында ұрпақ тәрбиесіне үңілу керек екендігін алдарына қойып отыр. Сондықтан болашақ мамандарды қызметке психологиялық жағынан дайындау қазіргі кезеңде тұрған өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Қоғамдағы әлеуметтік- экономикалық жағдай адам психикасына әсер беретін стрестердің жиеленуі, жастардың өмірдегі бағдарының өзгеруіне байланысты бүгінгі күні оқушыларды рухани-имандылыққа тәрбиелеу мәселесінің белсенділігі артуда. Сол себептен қазіргі кезеңде болашақ мамандарға қойылатын талаптар жоғарлап келеді. Жоғарыда аталған жәйттер бүкіл мамандық иелеріне ортақ. Дегенмен педагогтарды дайындау мамандығы бойынша стрестік жағдайлар күрт өзгерістер қатары тәрбие оқыту процесінде жиі кездесіп отырады. Педагогтардың психологиялық дайындығын арттыру мәселелерін зерттеумен көптеген ғалымдар 1989-2000 жылдар аралығында айналысып келген. /Л.Г. Ахтареева, А.Д. Альферов, А.А.Бодалев, А.А. Бербидский Ф.Н. Гоноболин, Г.Б Заремва, Е.И. Исаев, Ю.Н. Кулюткин Н.В. Кузмина, М.Я.Меркулинская, А.К.Маркова, Л.М. Митина, А.Б.Орлов, А.В.Петровский, А.З.Рахимов, Д.В.Ронзин, Л.А.Регуш, В.А Сластинин., Г.С.Суховская, А.Э.Штейнмец, В.Ф. Шмургун, А.И.Щербаков т.б./. Жоғары оқу орындарында психология пәнінің оқыту сапасының төменділігі және оның негізінен теорияға бағытталып көп көңіл бөлінуіне байланысты, оқытушы мен оқушы арасында біріншіден өзін-өзі тануға бағытталған пәндердің қажеттілігі туралы К.Д. Ушинский, Л.С. Высодский өз еңбектерінде айқын көрсетеді. /М.Я. Микулинская / цитаты бойынша А.К. Маркова педагогтың өз- өзінің психологиялық құзыреттілігінің яғни психологиялық дайындығының төменділігін сезінуі оның ішкі дүниесінде үрей тудырып мазасыздану деңгейінің жоғарлануымен сипатталады. Бұл жағдай жүйке психикалық тежеліске әкелетін риска фактор болып саналады. Адамның өзінің психикалық деңгейін жетік білмеуі және комуникативтік өзін-өзі қадағалау тәжірибелік ептілігінің қалыптаспауы педагогтардың басым көпшілігінің “стресс” “соматикалық” және жүйке психикалық ауруларына әкеліп соғады. Бұл жағдай өз кезеңінде оқушылардың жүйкесінің жұқаруын туындатады. Өзіндік таным пәнінің субъектінің жаңа мәлімет алу үрдісі үстінде өзін -өзі қадағалауды үйрету арқылы үрейлік деңгейін төмендету педагогтарды өз мамандығы бойынша жұмыс жасауға дайындаудың тиімді жолы болып табылады. Көптеген ғалымдар оқушылардың бойындағы үрейлік дәрежесін төмендету мәселерін психология саласында жиі зерттеген. Альферов А.Д. пайымдауынша оқытушының мамандығына қарай психологиялық компитенттілігінің өз дәрежесінде қалыптасу қажеттілігін - атап, отырып оның негізгі көріну компоненттерін ажыратып берген: 1. Оқытушының жұмысындағы айқын психологиялық позициясының болмауы. 2. Оқушылармен жұмыс істеу кезеңінде психологиялық әдістерді дұрыс қолдана алмауы; 3. Жеке баланың немесе балалар тобының психологиялық жағдайын сезінбеу және сол дағдарыстан қалай шығу керек деген сауалға жауап бере алмау. И.Ф. Демидова өзінің зерттеулер тұжырымдамасы бойынша педагогикалық жоғарғы оқу орнындағы студенттердің психологиялық дайындығындағы үш аспектіні атап көрсеткен: 1. мотивациялық; 2. Когнетивтік және мінез - құлықтық; Бірінші аспектісі бойынша психологиялық дайындықтың корытындысы- деп оқытушының сол жұмысқа қаншалықты дәрежеде дайын болуын қадағалауды сипаттайды. Когнетивтік аспетісінде мінез құлық әрекет психологиясының қыр сырын білуін және психологиялық орындау шеберлілігін көрсетсе, ал үшінші аспект педагогикалық жоғары оқу орынындағы студенттердің психологиялық жалпы дайындығын алады. Жоғары педагогикалық оқу орынындағы студенттердің психологиялық дайындығының төмендігі жан-жақты субъективтік және объективтік мәселелерге байланысты. Біріншіден, психологиялық тәжірибенің сараманының болмауы, техникалық оқыту құралдарының болмауы және дидактикалық материалдардың жетіспеушілігі, психология пәнін оқыту кезеңінде проблемалық зерттеу жаттығуларының болмауы./ Е.И. Исаев, А.Э. Штейнмец/. 2. Психологиялық дайындықтың тиімділігі педагогтың оқыту үрдісін ұйымдастыруынан байқауға болады. Бұл жағдай әсіресе оның оқушылармен, жұмыстағы әріптестермен, ата-аналар қарым- қатынасынан ерекше көрінеді /Г.С. Суховская/. Сонымен жоғарғы оқу орындарындағы психология пәнінің курсы студенттердің профессионалдық қажеттіліктерімен ерекшеліктеріне лайық болуы тиіс. Студенттерге ол пәннің қызықты болуы және қосымша психология саласындағы пәндердің оқытылуы студенттердің психологиялық дайындылығын арттыратындығы сөзсіз. /Л.Я.Ляудис/. Педагогтың психологиялық дайындығына қатысты мәселелері Спилберг өз жұмыстарында нақты қарастырған /1966-1983/. Ол мазасызданудың екі түрін анықтаған: ситуациялық және реактивтік үрей; және оны Ү-қалпы деп эмоционалдық деңгейде қарастырады. Бұл жағдай объективтік, саналық түрде, қозуды төнген қауіпті қабылдап отырып, автономдық жүйке жүйесінің белсенділігімен сипатталады. Ү-қалпы қайталанған стимуляциядан туындайды және оған бейімделу мүмкін емес деп көрсетеді. Спилберг зерттеуінің нәтижесі бойынша “...тұлға ситуациялық үрейлікті жиі басынан кешсе, ол жағдай тұлға үрейлігіне әкеліп соғады. Сондықтан да зерттеу процесінде ситуациялық үрейлікті бірінші кезекте қарастыру керек. Тұлға үрейлігінің жоғарлауы ситуациялық үрейлікті сезінуін жоғарлатады. Сол себептен үрейлікті актуализациялау кезеңінде тұлға үрейлігін бірінші эмоционалдық қалыпты айқындайтын параметр деп қарастыру қажет. Мінез құлық деңгейіне шықпаған тұлға үрейлігі тек қана ситуациялық үрейлік арқылы байқалады.”. Мұғалім оқушымен жұмыс үстінде әрдайым қоғамды жалпы адамзаттық құндылықтармен толықтырып отыруы тиіс. Баланың бойынан әртүрлі жолмен құндылықтарды дарытып отыруы тиіс. Ал бүгінгі ұсынғалы отырған жаңа қоғамның талпынысы “өзіндік таным” пәні оқушы мен мұғалім арасындағы тікілей байланысты орнататын психологиялық және педагогикалық тәжірибелер жиынтығын ұсынады. Оқытушы - оқыту процесінде студенттің өмірінде реалды дамуды жағдайды туғызып сол жағдайдан ізденіс үстінде қалай шығу керек екенін өзі ойлап табу процесіне жол ашуы тиіс. Психологиялық тұрғыда өзіндік таным процесінің қажеттілігі сонда - ол студент пен оқытушы арасында жүректен жүрекке ұлы сезім арқылы ену болып табылады. Осы орайда Эйнштейн өз еңбегінде былай келтіреді: «Интуиция - это не результат глубокого сознания или какой-то программы, но она приходит прямо от сердца. Это значит, что не нужно много работать, надо работать от сердца». Олай болса бүгінгі ұрпақ тәрбиесін жалаң қалпында емес, бір жүректен екінші жүрекке жеткізіп, сол арқылы саналы өмірге қажет ұрпақ дайындау болып табылады. Баланы қалай оқыту керек? Оның санасы мен сезімін жан-жақты қамту үшін қандай процестермен ерекше әсер беру қажет? Ол үшін баланың жүрегіне тіке жол салу мен оның танымына тікелей әсер беру керек. Ол үшін біздің жас психологтарымыз дайын ба? Егер ауызша оқыту формасының жұмысының нәтижесі 10 пайыз нәтиже берсе, жазбаша оқыту процесі 90 пайыз, ал оқытудың таным арқылы әсер ету әдісімен оқыту 100 пайызға нәтиже бере алады. Бұл әдіс мэта метич (через сознание) деп аталады / К.Н.Шамшиденова /. Таным қабылдау процестері психология саласында өте ежелден бастап қарастырылып келеді. Бірақ та оқыту жүйесіне сай баланың бойындағы қабылдау ерекшеліктерін анықтап, оны шығармашылық белсенділігіне қарай жетілдіру психология саласында зерттелмеген мәселелерге жатады. Таным қабылдау жайындағы ассоциация теориясының мәні баланың жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне ұқсас деуге болады. Мұндай түсінік баланың туған күнінен басталып, оның бүкіл өміріндегі психикалық дамуымен тығыз ұштастырылып, оның бойында сол ассоциация байланыстары негізінде жаңа қасиеттер қалыптасады. Дәстүрлі ассоциация психологиясының принциптеріне сәйкес бөбектің қабылдауы бастапқы кезінде нәрселердің бытыраңқы бейнесі /түйсік/ сипатында болып, ол К. Бюлердің айтуынша шашыраңқы түсініктердің тағылық бейнесіне ұқсайды дейді. Егер біздер кейбір жалпы жағдайларға жүгінетін болсақ, онда баланың даму деңгейі сол әсерлену сипатына қарай бейімделіп отыратындығын байқаймыз. Бала әлеуметтік ортада өмір сүретін болғандықтан, оның сыртқы нәрселермен құбылыстарға әсерленуі өзіндік әрекеттері мен танымын дамытудағы қуатты фактор болып саналады. Сондықтан баланың дамуын зерттеу үшін оның жан- дүниесінің сырына терең үңілу керек. Адамның жан-дүниесінің сыр сипатын терең зеттеген Л.С. Выготский адам психикасының мәдени-тарихи дамуы және “бала психикасының жақын арадағы даму аймағы” деп аталатын тұжырымдарын айрықша атап көрсетуді қажет етеді. Мәдени-тарихи теория туралы Высотский іліміндегі жүйе, ең алдымен, адамның әлеуметтік өміріндегі тіршілік бейнесі қоғамның даму дәрежесіне, екіншіден, ондай даму дейгейі сол әлеуметтік өрістің заттарды ұстап- тұтыну деңгейіне тәуелді, үшіншіден, адамның жарық дүниеге келуінен өмірінің соңғы кезеңіне дейін ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде қалдыратын өмір тәжірибесіне, іс- әрекеті мен мінез-құлық бейнесіне, бір сөзбен айтқанда, бүкіл жан- дүниесінің өзгеріп өрістеуіне, қалыптасуына ықпал етіп отыратын тарихи фактор ретінде қарастырады. Тұлғаны қалыптастыру оның дүниетанымын қалыптастыру үнемі табиғи даму деңгейімен бірге оздырып отыруды талап етеді. Мұнда талап біріншіден, тұлғаның психикасын, оның жан-дүниесінің дамуын, ақыл ой парасатының деңгейін замана ағымына сай өрістетіп, оны жетілдіруде, оны өздігінен ойлантып-толғантуға әрбір зат пен құбылыстың мазмұн-мағанасын пайымдап білуге жетектеу болып табылады. Тұлға оқу-тәрбие үстінде өз санасын неғұрлым күрделендіріп, заттар мен құбылыстар арасындағы себептер мен байланыстарды зерделеп танитын міндеттерге машықтанулары керек. Бұл тұрғыда мына ғалымдар келесі ой тізбегін келтіреді. /В.П.Кузмин, Б.Г.Ананьев/. “... Егер баланың табиғи дамуында оның психикасы күрделеніліп, сана сезімі жетілетін болса, ал оқу-тәрбие жұмыстары арқылы оның өзіндік танымы мен білімінің шеңбері кеңейеді. Оның өзіндік танымы , сыртқы ортадан түйсініп, қабылдаған, көріп білгендерін ой елегімнен өткізіп санасының өрістеуіне әсер етуін сыртқы факторлардаң /экстериоризация/ ішкі факторларға /интериоризация/ айналуымен белгіленеді” Бұл ғалымдар жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуындағы психологиялық ерекшеліктер мен адам проблемасының шешу жолдарында тек қана психика емес, сонымен бірге жеке тұлғаны да зерттеу үшін жаңа методологиялық тұжырымдамалар ұсынады. Мясищев В.Н. “Әрбір адам өзінің бірінші күнінен бастап қоғамға еніп, адамдардың қарым-қатынасында болып, тыныс -тіршілік шындығын өзгелердің сөзінен, тәлім-тәрбиесінен үйреніп үнемі даму үстінде болады . Бұл қарым- қатынас бірте-бірте өзінің күнделікті өміріндегі дербестігін жеке бастың психикалық қасиеттерін өрістетеді Әлеуметтік ортадан меңгерген білімі мен әр алуан мағлұматтары оның ішкі дүниесінің өзіндік танымының қалыптасуына әкеліп соғады”. Жеке тұлғаның дамуы ғалымдардың көрсеткеніндей сыртқы оқиғалар мен болмысты белгі, таңбалар ретінде танып-біліп, олардың мән- жайын түсініп, әрбір процестерді өз ойымен, ақылымен пайымдап білуімен қалыптасады. Танымның бір көрінісі бұл материалдық дүниенің жоғарғы психикалық қызмет арқылы мәдени факторларға айналуы яғни сыртқы ортаны тану, білу қабылдау болып табылады. Сондай-ақ қарапайым нәрселердің бейнесі сол зат жайындағы ойлау әрекетіне алып келеді, немесе бұлар шығармашылық қиялға айналады, қарапайым қимыл-қозғалыстар ерікті қимыл-әрекеттерге ауысады. Ішкі процестердің бәрі сыртқы әсерлер нәтижесінде пайда болып, қайтадан ішкі процестерге айналады. Осы орайда белгілі психолог В. Штерн қабылдаудың дамуын әр қилы деңгейлерде топтастырады. Нақтылы зерттеу тәжірибелеріне қарағанда авторлардың басым көпшілігі аддардың қабылдауы негізінен төрт түрлі сатыдан құралады дейді. Алғашқы сатысы - дара заттарды қабылдау, бұл заттың басқышы; екінші сатысы- дара заттармен жасалатын әрекет; үшінші сатысы - дамудың алғашқы кезеңінде нәрселердің белгі қасиеттері мен сапасын көрсетуі; төртіншісі - заттардың бөліктерін біріктіріп тұтас түрінде қабылдауы. Осындай тәжірибелерге сүйене отырып /Германияда Штерн, Т.Нийт, М. Хейдметс, Ю. Крусвал/. Ресейде П.П.Блонский, П.Я. Гальперин, Грузида Д.Н. Прангишвили, Узнадзе, адам дамуындағы мағыналық қасиетін анықтауды көздейді. Блонскийдің пікірінше алғашқы кезеңде адам баласы картиналарды көріп, өзінше қабылдап, нәрселердің жиынтығын байқайды, одан әрі оның қимыл- қозғалысы мен әрекетін көреді, ең соңында бұл суреттердің тұтастығын қабылдап, болмыстағы шындықты біледі, өзіндік танымы оянады. Блонский тәжірибелерінің шындығы шетел психологтары Штерн, Нейман, М.Роллоф т.б. зерттеу қортындыларымен айқындала түседі. Өзіндік таным процесінің қалыптасуы бұл нәрселердің шама- шарқы мен түр- түсінің, тұлғасының тұрақтылығына қатысты өзге де қасиеттермен толықтыруға болар еді. Бұл мәселелердің бәрі тікелей бақыланатын қасиеттер құрлымы деп аталады. Тікелей бақылаудың өзі тағы да заттарды дұрыс қабылдай білу оны өз бетінше тану. Сондықтан біздер тікелей бақылау нәтижесінде нәрселер мен құбылыстардың құлпырып өзгеруі кеңестікте орналасу жағдайына қарамастан, оларды бұрмаламай дәл сол күйінде тұрақты жағдайында қабылдаймыз, солай ішкі дүние мен сыртқы құбылыстың ұштасуымен тұлғаның негізгі қасиеттері дамуы қалыптасады. Сондықтан өзіндік таным процесінде нәрселерді айқын қабылдау оларды реттеп отыруға байланысты көптеген өзекті мәселелерді қарастыру біздің басты мақсатымыз. 3. Жеке тұлғаны қалыптастыру проблемасында сыртқы ортадағы өзіндік МЕН-ді дамытуда қолайлы жоғарғы дамыған тұлғалармен араласу керектігін келесі ғалымдар еңбектерінен көруге болады. Ұлы оқытушы, көрнекті тәрбиеші А.С. Макаренко “...ресми қарым қатынаста ең маңызды мәселе болып, талап жоғарлаған сайын оған деген құрмет жоғарлау керек” [80] -деп өз ойын білдіреді. Осы принципке сай күнделікті адамдарды ұйымдастыру және оларға әсер ету жұмысы барысында адамның ерекшелігін, соның ішінде, жеке ерекшелігін ескеруіміз қажет. Егер сізде басқа адамды тану қабілеттілігіңіз жоқ болса, басқа адамның ерекшелігін кездейсоқ аңғара аласыз. Осы сапалық қабылдау қабілетін қалыптастыру үшін сол адамдарды қабылдаудың шетіне емес, ортасына қойып қарастыру керек. Мұның бәрі гипертропияланған “МЕН”, “СЕН”, “БІЗ” бұл елеусіз процесс емес, ол адамдармен қарым-қатынас орнатуға және басқа адамға терең үңілуге жол ашатын процесс. Өзге адамды терең түсіне білу, адамның айналасындағы адамдарға деген қызығушылығынан туындайды. Басқа адамның болмысын түсіне білу, өзге адамдармен толық қанды қатынас, байланыс орнатудың негізгі жолы. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша, өзге «Сенді» өзіндік менін сезіну күші мен сезіну ол көптеген адамдарға тән емес. А.А.Арзуманян кәсіпорын басшыларының психологиясын зерттей келе, келесі қызықты жағдайларды анықтаған: көптеген басшылардың өзге адамға бағытталған танымдық қызығушылығы әлсіз дамыған, ондай адамдардың қызығушылық танымы техникаға, кәсіпорын шығаратын өнімдерге бағытталған; екінші топтағы басшылардың негізгі қызығушылығы өнімдерген қарағанда басқа адамдарды тануға, яғни басшыларын тануыға бағытталған, ондай адамдардың техника, экономика, кәсіпорын шығаратын өнім туралы таным түйсігі дұрыс қалыптаспаған; үшінші топтағы басшылардың танымы, негізінен жұмысшыларға, техникаға өндіріс экномикасына бағытталған; ондай басшылар басқарған мекемелерде өндістік жетістіктер жоғары болған. Сондықтан бізді бұл авторлардың тұжырымдамасы келесі ойға итермелейді: адамның өзіне қоршаған ортаға айналасындағы адамдарға, өзінің жұмыс әрекетіне бағытталған таным қызығушылығының керекті байланыста қалыптастыру - олардың болашақтағы тек қана рухани емес сонымен бірге өндірістік, әлеуметтік жетістіктерге жеткізетіндігі сөзсіз. Б.Г. Ананьев сөздерінің түп мағнасын былай түсіндіруге болады. Ол өзінің “Человек как предмет познания” еңбегінде біріншіден өзіңді-өзің тани біл және оған тырыс , сол дәрежеде өзге адамды таны, ол қоғамдық адамның сәттілігінің бір кепілі - деп сипаттайды. Өзін-өзі тану және қоршаған ортаны тану ойлау қабілеттілігінің өнім туындысы болып саналады. А.А. Брудный өзінің “О смысловых компонентах общения” еңбегінде “.таным тереңдігі - ойлау ерекшелігінің тереңдігіне байланысты” - деп., әрбір адамның танымын ойлау әрекетінің ерекшелігімен байланыстырып қарастырады. Таным психологиясы ойлау түрлеріне байланысты дамиды. Адам баласы қоршаған ортадан әртүрлі бағдарлама алады, көреді, естиді, сезеді, дәм сезеді т.б. хабарлардың барлығы қабылданып, сол бір объект арқылы психологиялық ойлау шеңберінің нәтижесінде таным қалыптасады. Олай болса, танымның тағы бір мәселесі ол ойлау. Біз бұл мәселеге қатысты теориялық көзқарастарды талдай отырып, оларды белгілі бір жүйемен іздестіруді жөн көрдік. Ассоциация психологиясының өкілдері ойлаудың негізгі мақсаты мен қисынды жүйесін тәжірибе жүзінде жаңа ұғымды қолдана отырып, қалайда түсіндіріп беруді қолға алып, өздерінше тырысып бақты. Олар ғылымға қажырлылық/латын тілінде-персеверация-қажырлылық, табандылық/ деген мағынаны білдіреді. Соның көмегімегімен ойлау әрекеттерін ассоциация принциптеріне сүйеніп шешуді мақсат етті. Бұл ұғымның мәнін Н.Б. Шкопоров, В.В. Столин т.б. былай түсіндірген: ассоциация психологтардың айтуынша, біздің санамызда ассоциалық бағытпен бірге, оған қарсы тұратын бағдар да бар. Сол бағдар адам санасында ірге теуіп бекиді. Егер мұндай бағдар өзге бағдармен ығыстырылатын болса, онда олардың өзара байланысты нәтижесінде қажырлық пен табандылық көрсететін бағдар пайда болады. Ассоциация принциптеріне орай, ол бұрынғы өз орнына барып жайғасады деген дәйек келтіреді. Бұл ғалымдардың еңбектері арқылы өзіндік танымды ойлау табандалықпен қажырлылыық арқылы өзіңді - өзің танып, сол қасиеттердің адам бойында қаншалықты дәрежеде кездесетіндігін анықтауға болатындығын көруге болады. Бұл процесті Эббингауз былай деп жазды: Сіз өртеніп жатқан үйдің жабық бөлмесінде қалып қойған адамды көз алдыңызға елестетіңіз және ондай қатерлі жағдайдан құтылу жолын қарастырыңыз. Сол адам осындай қауіпті жағдайда өзін қалай ұстай алар еді?, ол қандай күйде болады? Ондай адамның ойы бір жағынан өкпесі алқынып, өз ойымен өзі әуреленіп далбалақтап жүгіріп келе жатқан ауру адамның кейпін еске түсіреді емес пе?. Ол есігі жабық қалған бөлмеде өрттен құтылу айласын іздестіріп, терезе мен есік арасында ары-бері жүгіріп алақтайды, әлдебір сырттан көмек бола ма екен деп үміттенеді, оған шыдамы жетпесе, онда ол терезеден, қандай хауіпті болса да, сыртқа секіріп түсуге мәжбүр болады. Осындай қауіпті жағдайда оның ойы дегбірсізденіп жай таппай бір нәрседен екінші нәрсеге секірмелі күйге түседі. Ал екінші жағынан алғанда, оның құлқындағы мұндай қауіпті жағдайға қарсы тұратын қажыры мен табандылығы санасына саңлақ түсіріп, денесін қыздырып бара жатқан оттан аман-есен құтылудың айла-шарқын іздейді. Ойлау әрекеті адамда сабырлы сезім тудырып, қауіпті жағдайға қарсы тұрса, онда бұл табандылық пен қажырлылық көрнісі. Біздің сөз етіп отырған мәселемізге қатысты ойлау қасиетінің өзін-өзі тануға әсері, өзін-өзі тану арқылы өзіндегі кейбір жалаң осал тұстарды ойлау арқылы қалыптастыруға болатындығын баяндай келе ойлау процесінің бір жақты немесе бірден туындамай, ол бірте-бірте адам әрекетімен бір қатар зерттелініп, үнемі толықтырылып отырғандығын келесі көзқарастар мен ағымдардан көруге болады. Ойлау туралы ассоцияция психологиясының негізгі жүйесін сақтап қалу ниетімен соңғы рет теориялық көзқарастың іргесі қаланды. Бұл көзқарасты тұжырымдаған неміс психологі Н.Ах болды. Ахтың ойлауға арналған алғашқы зерттеулерінде ассоцияция мен қажырлылық бағыттары тұрғысынан бұл процеске берген түсініктерді жеткіліксіз деп тапты. Өйткені бұл екі бағыт та ойлаудың ақылмен байланысты болатындығын жете түсіндіре алмады және ассоциациялық байланыстардың өздері де жан-жақты болатындығы ескерілмеді. Соның салдарынан мұндай көзқарастар сәтсіздікке ұшырап, адамның ойлауын зерттеу мынандай үш түрлі арнаға бөлініп кетті. Оның бір арнасы-қазіргі бихевиоризм. Бұл арна негізінен бұрынғы ілімді жоққа шығарды. Бұл арнаны Д. Уотсон және оның жақтастары негіздеген теорияны басшылыққа алады. Уотсон теориясы мұндай пікірді аяғына дейін жеткізу мақсатымен ассоциациялық және қажырлылық бағыттарын біріктіре отырып, оны байқап көру мен қателесу теориясына әкеп тіреді. Мұндай теория бастапқы кезінде жәндіктердің қылығының шиеленісті жағдайларда қандай болатындығын түсіндіру үшін қолданылған болатын. Бұл теория бойынша жәндіктер психологиясында әр алуан әрекеттер жасауының, әдіс-тәсілдерін байқап көруі мен қателесуі, адамдардың белгілі бір мәселені шешудегі, Эббингуаз айтқандай, болжамы сипатында болып отыратындығын көрсетеді. Ах адам ойлауының ақылды сипатының тірегі неде екенін ашып көрсету ниетімен, оны ерік процесімен ұштастырғысы келді. Ол өзінің алғашқы еңбегі “Ерік әрекеті және ойлау” деп аталатын шығармасында бұл екі процестің арақатынасын ашып көрсетуді мақсат етіп қойды. Ах адамның ерікті әрекетін сол кездегі тәжірибе психологиясындағы қалыптасып, ірге тепкен ассоциация мен қажырлық ағымынан басқа, үшінші бір жаңа бағдар- детерминация байланысы деген пікір айтты. Осы үш түрлі ағымды біріктіріп, Ах адам ойлауының және сыртқы ортаны тануының, оны тани отырып, өз ішкі дүниесін жетілдірудің мәнін түсіндіруге тырысты. Детерминация мәнісі адамда өзге де бағдарлар сияқты жекелеген нәрселердің себепті байланыстары және оның реттеуші күші болады, солар арқылы біздер нәрселерді ассоциация процестері мен саналы түрдегі ерікті әрекетімізбен ойымыздың шашырап кетпеуі үшін оларды сол детерминация күшімен реттеп отырамыз деген пікір айтты. В.Н.Князев “Тұлғаның таным дәрежесінің дамуы мен қабылдау түрлерінің /мағыналық қабылдау, біріктіріп қабылдау, тікелей бақылап қабылдау/ бәрі де оның сөздерінің мағынасын қаншалықты деңгейде түсіне алуына байланысты” - деп келтіреді. В.А.Лабунская “...сананың құрлысы мен психикалық қызметтердің барлық түрлерінің дамып жетілуіндегі өзекті мәселесі сананың даму деңгейі. Бұл мәселе тұлғаның әр алуан іс әрекеттері мен ақыл - ойының дамуымен де өзектес екендігін айқын көрсетеді”. Ойлау процесіне қатысты мұндай тұжырымдамалар адам танымының ой арқылы жүзеге асатындығын, әрбір нәрсенің мәніне ой жүгіртіп түсінуге ұмтылатындығынан туындайтынын дәлелдейді. Қалыптағы үйреншікті әрекеттерінен мінез-құлығындағы ерекшеліктерін танып біледі. Мұның бәрі тұлғаның ойлау деңгейінің өсіп жетілуіне қолайлы жағдай тудыратын қажетті факторлар деп білеміз. Э.Н. Алферова өзінің “Об изменении порогов зрительного узнавания у школьников”- атты еңбегінде адамның даму кезеңдеріндегі ақыл- ойының өсуі мен танымының жетілуі оның ғылым негіздерін қандай деңгейде меңгере білуіне жол ашып береді. Сөйтіп, бала өзінің өмір тәжірибесі мен ішкі жан дүниесінің дамуына да ой жүгіртіп, оны өзі бақылап басқара алатындай қабілетке ие болатыны сөзсіз”-деп адам танымының жетілуіне бірден - бір әсер беретін нәрсе-қоғам, ондағы білім, ғылым көздері екендігіне баса назар аударады. Келесі ғалымдар А.А. Бодалев, Р.Л. Кричевский, Л.А. Петровская тұлғаның таным процесінің дамып жетілуін өз еңбектерінде былай келтіреді: Тұлғаның дамуы мен таным процесінің жетіліп қалыптасуы ойлау әрекетін жетілдіруде көзделетін жеке сипаттағы мәселелердің бірі- политехникалық оқу мен тәрбиеге икемдеу міндеттері болса, екіншісі-ғылым негіздерін тиянақты меңгертудің әдіс-тәсілдерін психологиялық тұрғыдан негіздеу. Олай болса, мұндай іргелі де ізгі мәселені шешуде баланың ойлау әрекеттерін дамыту, әсіресе оның сөйлеуінің мағыналық жағына жете назар аударып, мүмкіндігінше жетілдіре түсу, жалпы алғанда, баланың іс- әрекетін дамытумен тығыз ұштастырыла отырып жүзеге асырылуы тиіс. Психология тұрғысында өзіндік таным процесін тірі заттардың қасиеттері ретінде облысқа бөліп қарастырып отырады. Онда жеке адамдардың өзіне тән ерекшеліктерін зерттейді. Олардың сол ерекшеліктеріне сай, сыртқы сезім мүшелерінің жай-күйі, /көру, есту, иіскеу, тату, сипау сезімдері/ түйсік өткірлігі, ойлау, қиял, сөйлеу т.б. адамның жекелеген қасиеттерін психикалық тұрғыдан зерттеуге арналған. Осы орайда Л.С. Выготскийдің тарихи даму кезеңдерінде адам психикасы өзгеріске түсіп отырады, әсіресе оның ойлауы мен сөйлеуінің өрістеу сатыларын жан-жақты іздестіру қажет деп, өз еңбебінде қамтып кетеді. Психология саласында өзіндік таным процесінде жеке бастың психикасын зерттеу арқылы анықтап оған сипаттама беріп отырады. Өзіндік танымның философиялық, теологиялық және психологиялық жағына жалпы шолу жасай келе, адам танымы өте күрделі процесс екендігіне көз жеткіздік. Ол ежелден қоғам дауымен бірге өрбіп, сол кезеңге сай әрдайым зерттеліп отырған өзекті мәселелер қатарына жатады. Осы уақытта адам танымын ұғынып, ұрпақты алға қарай жетелейтін, әр адамның жекелеген қасиеттері мен жеке бас ерекшеліктерін ескере келе, оның өзіндік танымының шығармашылық деңгейін өрбітіп педагогикалық тұрғыда тәрбиелеу - ол болашақ ұстаздардың үлесіне тиеді. В.С. Мерлин бұл дамудың төрт сатысын ұсынады: Өзін өзгелерден бөлектеп, қарастыру, /туғаннан бір жасқа дейін/; “Менін” сезіну, /2-3 жас/- өзін іс әрекет субъектісі ретінде түсіну; Өз-өзін бақылау нәтижелерін сана таразысынан өткізуден шығатын өзінің психикалық қабілеттерін түсіну; Өзін рухани-әлеуметтік тұрғыдан бағалау /жасөспірімдік кезең/. Өзге авторлар бұл сатыларға өзге де процестерді қойды: өзгелердің көзқарастарын өзіне қабылдау, өзгелердің өзі туралы пікірін сараптау, талаптану деңгейлері мен стандарттарының қалыптасуы, өзін-өзі бақылаудың дамуы, ананың тікелей тәрбиесі мен ықпалынан “босанып”, өзінің отбасының тегін сезінуі, жыныстық және рольдік ерекшеліктерді түйсіне бастауы, келер шақ, өткен шақ, осы шақ туралы ұғымдардың қалыптасуы және т. б. Бірақ мұнда келтірілген кезеңдік бірізділік бір сатының жүйелі түрде келесі сатыға ілесе өтетіндігін білдірмейді. И.И. Чеснокованың пікірінше, өзін-өзі тануды екі түрлі деңгейде қарастыруға болады: біріншісі-өзін өзгелер тұлғасымен салыстырудың алуан түрлері арқылы тану, яғни оның өзі туралы ұғымының дамуына, кеңеюіне сыртқы ортадан алынған ақпарат негіз болады. /”Мен”-“өзгелер”/. Өзі туралы ақпаратты меңгерумен қатар, осы берілген қоғамда қабылданған нормативтік, эталондық ұғымдарда меңгеру жүзеге асады. Өзін-өзі танудың бұл түрінің басты тәсілдері-өзін-өзі қабылдау және өзін-өзі қадағалау. Екінші деңгей - белгілі мөлшердегі өз “Мені” туралы қалыптасқан ұғымдардың болуын талап етеді. Бұл деңгейді “өзі туралы білімді аутокомуникация ауқымында /”мен”-“мен”/ меңгеру. Өзін-өзі танудың бұл түрінің әдістері -өзін-өзі сараптау, салалау. Бұл деңгейдің әдістерінің /өз- өзіне ақпарат беру, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру/ бойынан ерік-жігер компоненті айрықша көрінеді, ол өзі туралы ұғымның одан әрі дамуына кең жол ашылады. Ғалымдардың көптеген еңбектерінде тұлғаның өзі мен өз әрекеттерінің нәтижесіне деген дұрыс көзқарастарының қалыптасуы, оның жан-жақты дамуы, оның негізділігін, объективтілігін, сәйкестілік секілді жақтарының дамуы тұлғаның өзін-өзі тануының тиімді механизмі екені, тәжірибе негізінде дәлелденген. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар Өзін-өзі тану ұғымының психологиялық қырлары. Өзін-өзі тану, танымдық іс-әрекет түрлері. “Мен” бейнесі мен тұжырымдамаларына сипаттама. Психологиялық дайындықтың тиімділігі педагогтың оқыту үрдісін ұйымдастыруына сипаттама беріңіз? 5. В. С. Мерлин еңбегі бойынша дамудың төрт сатысына түсінік беріп, мәнін ашыңыз? 6. Келесі ғалымдар: А.А. Бодалев, Р.Л. Кричевский, Л.А. Петровская тұлғаның таным процесінің дамып жетілуін өз еңбектеріне талдау жасаңыз. №14-дәріс Тақырыбы: Өзін-өзі тану арқылы адамгершілікке тәрбиелеу Мақсаты: болашақ мамандардың бойында адами қасиеттерді қалыптастыру. Тірек ұғымдар: ақыл, қайрат, жігер талап, терең ой, “кемелдену”, “ізгілік” т.б. Жоспар. 1. Ізгілік тәрбие негіздері. 2. Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымдарында жүзеге асады. 3. Өзін-өзі танудың отбасы тәрбиесіне ролі. 1. Данышпан Әбу - насыр әл-Фарабидің пікірі бойынша, бір халық екінші халықтан табиғи үш қасиетімен ерекшеленеді: болмысы, мінезі және тілі. Әл- Фараби өзінің әлеуметтік, этикалық көзқарастарының кіндігіне адамды алады. Тек қана өзіндік еркін әрекеттене алатын белсенді пенде қоғамдық пайдалы қызметін жеке бақытын жасай алады. Музыканы, тіл білімін және логиканы педагогикалық ғылымға біріктіре отырып, осы арқылы Әл-Фараби дара тұлғаның жан-жақты үйлесімді дамуындағы тәрбие мәселесіне айтарлықтай мән берген. Тұлғаны тәрбиелеу, оған кешенді білім беру, машықтануға дағдыландыру және мүмкіндікті дамытудың тарихы әріде жатыр. Алғашқы адамды тәрбиелеу процесі тіпті алғашқы қауымдық құрлыста қалыптасты десек те қателеспейміз. Себебі, алғашқы құрылған жанұя ондағы бала тәрбиесі бертін келе ашылған мектептер, бұлардың барлығының объектісі ол дара тұлғаны қалыптастыру тәрбиесі. Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде өздігінен пайда болып, жасалмай, тұлғаны қалыптастырып оны өмірге дайындаудың және оған қажетті қоғамдық сана мен қасиеттері дамытудың құралы болып табылады. Осыдан келіп тәрбие заңдылықтары, оның сипаты мен әдістемелік негіздері тәрбиелік қызметтің өзінде ғана көрінбей, әлеуметтік тұлға сипатына ие, адамның даму және қалыптасу заңдылықтарына негізделеді. Қазіргі қоғамда тұлғаның дамып қалыптасуында рухани - өнегелі тәрбиенің жетіспеушілігі айқындалуда. Өзін-өзі тану дегеніміз-ол өзін тану, өзінің ішкі дүниесін тану, сол арқылы өзін-өзі тәрбиелеу, өзінің көзқарасын қалыптастыру, өзін-өзі сезіну және өзін-өзі бағалау. Өзін-өзі тану негізінен педагогтар дайындайтын мамандықтарға қажетті ілім болып табылады. Себебі, оқытушы және оқушы арасындағы байланыс кезеңінде мұғалім баланың ішкі дүниесін көріп және оның ішкі қуатын сезініп, сол арқылы табиғи түрде оны дамыта білуі қажет. Жан дүниесінің жалпы ағынымен таныс болу, әр адамның өз жан құбылыстарымен танысып, зерттеуге пайдасы бар. Өйткені, жан жүйесінің мақсаты: жалпы адамның жан құбылыстарын, олардың қатынасын, себебін тексеру. Бірақ, жалпы адамдарда тиісті жанның қасиеттерінен басқа, әр адамға қас, өзгеше сипаттар да бар. Адам өзін және өзгелерді ұғыну үшін ғылымнан жол басшылық керек. Ондай жол басшы болуға жарайтын ғылым “Өзіндік таным” пәні адамның жан жүйесінің ішкі дүниесіне жол ашатын, ішкі толқыныстар мен сезімдерді жеке адамдар өзгешелігін зерттейтін ғылым. Рас, бұл курс әлі жас, жеке адамда болатын алуан-алуан мінез қасиеттерін түгел тексеріп, ішкі күш, қуат пен жан заңдарын түгел ашты деуге болмайды. Бұл бөлімнің болашағы алдында. Бірақ жас та болса әр адамның өзгеше сипаттары мен сан қилы қырларын тексеріп, жеке адамды дамытуға бұл бөлімнен көмек табылады. Өзімізді бақылау, сынау үшін қақ жарылуымыз керек. Өзімізді ірі сыншының, ірі сыналатын заттың орнына қоя білуге үйрететін бұл ғылымның саласына өзіңді өзің тани отырып сол арқылы өз бойыңдағы шығармашылық белсенділікті арттыруға икемдейтін модельдер қалыптастыру артық етпейді. Ал, өзіндік танымның шығармашылық белсенділігін ХХ ғасырдың ұлы ойшылдары Сай Баба және Ошо былай сипаттап көрсетеді «шығармашылық белсенділік бұл өзіндік танымның жетем деп көздеген жұлдызды мақсаты», яғни өзіндік таным арқылы шығармашылық белсенділікті қалыптастыру керек. Себебі, шығармашылықта дамыту үшін адамда топтың бөлшегі емес, оны жеке тұлға ретінде бөліп алып қалыптастыру қажет. Өзінің көзқарасы жоқ топтың немесе қоғамның меңзеуімен жүретін, солардың идеасын қайталаумен жүретін адамның бойында шығармашылық белсенділігі болмайды. Шығармашылық дегеніміз-жеке “меннің” бостандығы, еркіндігі. Өзіндік таным шығармашылығы дамыған адам, кез -келген құбылысты ерекше көреді. Олар өзгелерге естілмейтін дыбысты жанымен сезініп, ішкі дүниесі жүрегі арқылы қабылдап, өзгеден ерекше естиді. Көрініс, құбылыс, дыбыс, ой іс -әрекет қарама- қайшылықтарынан үндестік, гормония, тұтастық өзара байланысын тауып, оны өз алдына бөлек ешнәрсеге ұқсамайтын қайталауы жоқ, шығарма ретінде дамытады. 3. Отбасы тәрбиесінің мазмұны демократиялық қоғамның басты мақсатымен анықталады, яғни, жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Отбасы денелік және психикалық жағынан сау, адамгершілік, интеллектуалдық, дамыған, болашақ еңбектік, қоғамдық және отбасылық өмірге даяр тұлғаны қалыптастыруға міндетті. Отбасы тәрбиесінің мазмұнының құрамдас компоненттері: денелік (салауатты өмір салты, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, спортпен айналысу, организмді шынықтыру), адамгершілік (мәңгі адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу - сүйіспеншілік, адалдық, борыш, әділеттілік т.б.), интеллектуалдық (оқушылардың біліммен сусындауына, оқуға деген сұраныс-ты тәрбиелеуге ата-аналардың қатысуы), эстетикалық (балалардың талантын және дарындылығын, өмірдегі әсемдік туралы білімдерін дамыту), еңбек /болашақ еңбекқор адамның негізін қалыптастырады/ тәрбиесі. Олар экономикалық, экологиялық, саяси, жыныстық білім берумен толықтырылады. Отбасында балаларды тәрбиелеудің әдістері - бұл ата-аналардың балалардың санасына және мінез-құлығына мақсатты бағытталған педагогикалық әсердің тәсілдері. Олардың өздерінің ерекшеліктері бар: нақты қылықтарға негізделген және тұлғаға үйлестірілген, сәйкестендірілген балаға жекелік әсер; әдістерді таңдау ата- аналардың педагогикалық мәдениетіне байланысты (тәрбиелеу мақсатын түсінуі, ата-аналар рөліне, отбасындағы қатынастар стиліне т. б.). Отбасы тәрбиесінің әдістері: сендіру (түсіндіру, ақыл-кеңес, иландыру); жеке өнеге; мадақтау (мақтау, сыйлық, балалар үшін қызықты перспектива); жазалау (достықтан бас тарту, рақаттылыққа рұқсат бермеу, денелік жазалау). Кейбір отбасыларында педагогтың кеңесі бойынша тәрбиелеушілік ситуациялар қолданылады. Отбасында тәрбиелік міндеттерді шешуде әртүрлі құралдар баршылық: сөз, ата-ана беделі, оқу, табиғат, үй тұрмысы, ұлттық салт-дәстүр, қоғамдық пікір, отбасының рухани және моральдық ахуалы, күн тәртібі, әдебиет, спорт, мейрамдар, символ, атрибуттар, т.б. Қазіргі қоғамда барған сайын отбасы дағдарысы көріне түсуде және одан шығудың жолы әлі де бұлыңғыр. Дағдарыстың бір көрінісі - отбасы өзінің басты функциясы, яғни бала тәрбиелеуді нашар жүзеге асыруда. Дағдарыстың себептері: елдегі экономикалық жағдайдың нашарлауы, қоғамдық өмірде мәдениетінің төмендігі, отбасында әйелге көп жүктеменің түсуі, ажырасудың жоғары пайызы, ұрпақ арасындағы тартыстың асқынуы, отбасы мен мектептің байланысының нашарлауы т.б. Отбасының тәрбиелік әсерін арттырудың жолдары: отбасындағы қатынасты гуманизациялау, мектеп, діни ұйымдардың және отбасының бірлескен қызметі, гуманитарлық фондылармен, қоғамдармен жұмысын үйлестіру т.б. Тәрбие көзделген әрекет-қылық (поведение) типін қалыптастыруы міндетті. Тұлға тәрбиелілігі түсінік, ұғымнан көрінбейді, ол адамның нақты іс- әрекетімен бағаланады. Бұл тұрғыдан іс-әрекет ұйымдастыру мен қылық қалыптастыру тәрбие процесінің өзегі ретінде қарастырылады. Аталған топтағы әдістердің бәрі тәрбиеленушілердің практикалық іс-әрекетіне негізделген. Мұндай іс-әрекетті басқару үшін педагог оны құрамды бөліктерге - нақты істер және қылықтарға жіктейді. Қажетті тұлға сапаларын қалыптастырудың жалпыланған әдісі - жаттықтыру. Балада қалыптасатын қылық, әрекеттің қай-қайсысы да жаттығып, дағдыланудан. Балаға басқалардың қалай жазатынын әңгімелеп, жазуға, атақты күйші өнерін көрсетіп, домбыра тартуға үйрету мүмкін емес. Тәрбиеленушіні мақсатты бағытталған белсенді әрекетке ынталандырмай, жоспарланған мінез бітісін де орнықтыруға болмайды. Жаттықтыру мәні - талап етілген әрекеттерді көп мәрте қайталаумен автоматты орындалу дәрежесіне жеткізу. Жаттығулар нәтижесі - тұлғаның бекіген сапалары: әдеттер мен дағдылар. Жаттықтыру істерінің тиімділігін келесі шарттар анықтайды: 1) жаттығулар жүйесі; 2) олар мазмұны; 3) түсініктілігі мен жеңілдігі; 4) көлемі; 5) қайталау жиілігі; 6) бақылау мен түзету; 7) тәрбиеленушілердің тұлғалық сапалары; 8) жаттығулардың орындалу мерзімі мен орны; 9) жеке-дара, топтық, ұжымдық жаттығулар формасы; 10) жаттығу сеп- түрткілері мен оған деген ынта себептері. Жаттығулар жиілігі, көлемі және жетіскен нәтижелер арасында тікелей тәуелділік бар: жаттығу неғұрлым көп орындалса, олар жәрдемімен қалыптасушы сапалар дамуы да соғұрлым жоғары келеді. Бұл тәуелділік тұлғалық ерекшеліктерімен реттеліп отырады. Бірдей тең деңгейлі сапаны қалыптастыру үшін әр оқушының орындайтын жаттығуларының саны әрқилы: бір бала көзделген сапаға аз санды жаттығудан жететін болса, екінші біреуінде ондаған, жүздеген жаттығу әрекеті қажет. Сапа неғұрлым күрделі келсе, оған байланысты әдеттерді қалыптастырып, тұрақтандыру үшін соғұрлым көп жаттығу орындап, көп мәрте қайталау керек. Жаттығулар жүйесін жоспарлауда тәрбиеші, ең алдымен, өз тәрбиеленушілеріне қандай дағдылар мен әдеттерді қалыптастыруы қажет болатынын ойластырып алғаны жөн. Жаттығулардың көзделген қылық-әрекетке сәйкес болуы (адекватность) - әдісінен баланың өмірлік қажетті, мәнді және пайдалы дағдылары мен әдеттері қалыптасады. Сондықтан жаттығулар қалай болса, солай ойдан шығарылмай, өмірден алынуы тиіс. Бірінші кезекте жалпы адамзаттық ізгілі сапалар тұрғызушы жаттығулар пайдаланылады. Тұрақты дағдылар мен әдеттер қалыптастыру үшін жаттығуларды мүмкін болғанша ерте жастан қолданған дұрыс. Жас организм қай әсерді де тез қабылдайды. Әдеттенген адам өз сезімін басқара біледі, құмарлықтарына тоқтау береді, өз ниеттерін басқалар мүдделерімен салыстырып, бағалай алады. ұстамдылық, өзіндік бақылау, ұқыптылық, тәртіптілік, қатынас мәдениеті - бәрі де тұрақтанған әдеттер негізінде туындайтын ізгілі адам сапалары. Жаттықтыру әдістерінің тиімділігіне себепші маңызды шарттардың бірі- біртұтас жаттығулар жүйесінің біртіндеп күрделеніп баруы. Кіші сынып оқушыларында мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруда, келесідей шамалап түзілген ілгерілі жаттығулар жоспарын ұсынуға болады. Гуманистік тәрбиеде де қатаң әдістер қолданылады. Бірақ әңгіме оны қалай пайдалануда. Осындай шешімді әдеттердің бірі - талап. Тәрбие барысындағы талап тәрбиеленуші әрекетінің ынталылығын көтеруге не оны тежеуге қажет талаптар тікелей не жанамалы болып келеді. Тікелей талап - анық, дәл, нақты. Жанамалы талапта әрекетке келтіретін талаптың (кеңес, өтініш, сенім, қолдау, құлақ-қағыс және т.б.) өзі емес, ал сол талаптан туындайтын психологиялық жағдаяттар: толғаныс, күйзеліс, мүдде, ұмтылыс. Жанама талаптар арасында аса көп қолданылатындары: Кеңес-талап. Бала санасына ықпал жасаумен педагог қойған талаптың қажеттігін, пайдасын түсіндіреді. Мұндайда кеңестің қабылдануы не қабылданбауы педагог беделіне, оның оқушымен қатынасына тәуелді. Ойын талап. Әрқандай талаптарды қою үшін тәжірибелі мұғалім баланың ойынға құштарлығын пайдаланады. Бала ойынды қызығушылықпен орындай жүріп, өзі байқамай талаптарды да қабылдайды. Бұл талап әдісінің өте ізгілікті және тиімді формасы, бірақ оны қолдануда аса жоғары педагогикалық шеберлік қажет. Сенім талап. Мұндай әдіс, әдетте, сыйластық жайлаған ортада іске асады. Өтініш талап. Педагог пен тәрбиеленуші арасында достық, жолдастық қарым- қатынас болған жағдайда өз тиімділігін береді. Үйретіп көндіру - көзделген сапаны жылдам әрі жоғары деңгейде қалыптастыру үшін қолданылады. Кейде бала мұндай талапты ауырсынады, өжеттікпен қарсы шығады. Солай болса да, көндіру баланың өзі үшін қажет. Гуманистік педагогика адам құқына қарсы қатаң әдістерді қолданудан аулақ, дегенмен орынды жерінде бұл әдісті жұмсарта, басқа әдістермен, әсіресе ойынмен бірлестіре пайдаланғанды жөн санайды. Үйретіп көндіру және оны ойынмен бірлестіру бала табиғатына сай келеді. Үйретіп көндіру тәрбие процесінің барша кезеңдерінде де тиімді, бірақ бала дамуының алғашқы сатысында әбден қажет. Бұл әдісті пайдалану шарттары: Тәрбие шарттарын екі тараптың да анық, дұрыс түсінуі. Егер тәрбиеші алдына қойған көндіру мақсатының мәнін, пайдасын жете пайымдамаса, онда әдіс баланы түгелдей бағындырумен орындалады. Баланың өзі нені қажетсінетінін түбегейлі түсінген жағдайда ғана әдіс өз нәтижесін береді. Қандай да талапқа көндіруде, айтар ойыңызды сөзбен анық, түсінімді өрнектеңіз, ерекше пікіріңізді «олай бол да, солай бол» деп қайырмаңыз. Дұрысы «Көршіңе сәлем берсең - ол да жылы сәлемдеседі», «Салақтың болашағы жоқ, тырнағы өскен, құлағы кір - адам шоршытады» сияқты насихат жолымен ұғындырған жөн. Әрбір уақыт аралығына қонымды, оқушы мүмкіндігіне сай әрекет жоспарлаңыз. Асығыстық мақсатты жақындатпайды, керісінше, алыстатады. Алғашында дәл орындауға, кейін тез орындауға үйретіңіз. Қалай орындалуын, одан болар нәтижені көрсете біліңіз. Салақтық пен тазалықты, ұқыптылық пен салғырттықты нақты мысалмен көрсете түсіндіріп, бала жанын қозғаңыз, өз тәрбиесіздігінен ұялып, оқушыны өзінің келеңсіз әрекетінен жеркенуге мәжбүр етіңіз. 5. Көндірудің бірізді - параллель схемасын қолданыңыз. Егер тұлға сапаларын біртіндеп, кезегімен тәрбиелейтін болсаңыз - уақыт жеткізе алмаймыз. Барша сапаларды параллель де қалыптастырып болмайды. Сондықтан, қай сапалар өзара табиғи байланысты болатынын анықтап, оларды бірқатар тәрбиелеңіз, екіншіде қай сапа қандай қасиетке негіз боларын біліп алып, оларды бірінен соң екіншісін қалыптастырыңыз. 6. Көндіру тілектестік пен мүдделілікке негізделген, бірақ бірқалыпты қатаң, үздіксіз бақылау бар жерде нәтижесін береді. Бақылау оқушының өзіндік бақылауына ұласуы қажет. 7. Көндірудің педагогикалық тиімді нәтижесі ойынмен бірге келеді. Бала белгілі қағидаларды ойын барысында еш зорлықсыз-ақ, өз қалауымен орындайды. Көндіру үшін баланы ойынға тартудың себептері: 1) қажетті іс-әрекет мақсаты оқушылар үшін тартымсыз болса; 2) мақсатқа жету жолы іс логикасына орай баланы жалықтыратын, қолайсыз болса. Тапсырыстар беру - балаларды ұнамды қылық-әрекеттерге жетелеудің тиімді жолы. Тапсырыстар түрі әрқилы: сырқат жолдасынан хабар алып, оның оқуына жәрдемдесу; қамқорлыққа алынған балабақшаға ойыншықтар дайындау; сынып бөлмесін мейрамға безендіру және т.б. Қажетті сапаларды дамыту үшін де тапсырмалар қолданылады, мысалы, нақтылығы мен ұқыптылығы кем балаларға - дәл әрі орынды жасау әрекеті, шыдамсыздарға - байсалдылық талап ететін жұмыстарды тапсырып тәрбиелеуге болады. Тапсырыстың орындалуын ежелеп, түсіндіріп жатудың қажеті жоқ. Тәрбиелік жағдайлар - арнайы жасалған шарттарға орай тәрбиеленуші іс- әрекеті мен мінез-қылығын қалыптастыру әдісі. Тәрбиелік жағдайлар (ситуация) тиімділігін көтерудің екі жолын еске ұстаған жөн: - жағдай жалған, жасанды болмай, нақты өмірде кездесетін қарама- қарсылықтары мен қүрделіліктерден құралуы тиіс. Тәрбиеші әдейі жағдай туындатушы шарттарды түзеді, ал ситуациялар табиғи қалпында өтуі тиіс. Мектеп өмірі мұндай ситуацияларға бай: «Оқушы - мұғалім», «Оқушы - жол тәртібінің сақшысы», «Оқушы - ертеңгі серуен басшысы» және т.б. тосын жағдайлар. Мұғалім ескертпесін күткен тәрбиеленуші оған алдын ала дайындалады, ал әрекет тосын болса, көп жағдайда бала мұғалім айтқанына көнеді. Оқушының тосын қылығына мұғалім кеңпейілділік, қайырымдылық танытуы лазым. Бірақ бұл жағдайдағы басты шарт: бала мұғалім әрекетін дұрыс түсініп, оны әлсіздік, сенімсіздік демей, жоғары адамгершілік тұрғысынан қабылдауы тиіс. Қай жағдайда да мұғалімнің ситуация дамуына тікелей араласпағаны жөн. Аталған әдіс басқа тәрбие әдістерінің баршасымен тығыз байланысты. Тұлға мінез-қылығын қалыптастыру әдістері тәрбиеде өте қажет. Олардың бәрі тәрбие процесінің өзегін құрайды. Атап айтсақ, бұл әдістер: жаттықтыру, талап, көндіру, тәрбиелік жағдайлар (ситуациялар). Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 1. Ізгілік тәрбие негіздеріне сипаттама беріңіз? 2. Тұлғаны тәрбиелеу, оған кешенді білім беру, машықтануға дағдыландыру және мүмкіндікті дамытудың тарихына сипаттама? 3. Отбасы тәрбиесінің мазмұнының құрамдас компоненттерін ата? 4. Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымдарында жүзеге асу жолдары?. 5. Өзін-өзі танудың отбасы тәрбиесіне ролі. №15-дәріс Тақырыбы: Әрқашан мейірімділік жолмен жүр. Мақсаты: студенттердің бойында шынайы таза сезім қалыптастыру, әлемге қайы-рымдылық, шынайы махаббат негіздерін орнату ұғымдарын бекіту. Тірек ұғымдар: мейірімділік, қайырымдылық, тазалық, “сабырлылық”, ”әсерлі”, “әдепті”, “білім”, “өнер”, “кәсіптік икемділік” т.б. Жоспар. 1. Өзін-өзі тану адамгершілікті өрбітеді. 2. Биік құндылықты таңдау жолы. 3. Өзін-өзі тану моделі. 1. Студенттің рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде өзін- өзі тәрбиелеу үрдісін қолдаушылар (Ш. Амонашвили, Унадзе, В.В. Краевский, С.Назарбаева, Х.Г. Шерьязданова, З.Б. Мадалиева, т.б.) олардың бойында төмендегі қасиеттер мен сапалардың пайда болуына ықпал ететіндігін айқындайды: - жаңашылдық, шығармашылық, еңбекқорлық; - интелектуальдық сипаты: ой биіктігі мен тіл байлығы, логикалық өріс- өресі, терең танымдық, өзін-өзі сыни ойлау қабілеті; - ашықтық, сабырлылық, табандылық, мейірбандық; - өз көзқарасының сипаты: ізгіліктік, сүйіспеншілік, талап қоя алушылық, көмек көрсетуге даярлық; - болашаққа көзқарас сипаттары: өз біліміне, тәжірибесіне, білігіне, адамгершілік қасиетіне сыни көзқарас, өзінің адами даму сапасына жоғары талап қоя білу, жауапкершілік, өзін-өзі дамытуға, өздігінен білім алуға қажеттілігінің болуы; - өз мамандығы бойынша студенттер өздерінен адамгершілікке жатпайтын олқылықтарды зерттеп, түзетудің жолын табуға ұмтылуы; --студенттердің моральдық жігерлік сапасы; - рухани-адамгершілік тәрбиені алу мақсатына талпыныс; - өзін-өзі бағалау және сыни тұрғыдан өзін түзетуге талпынысы; - өз-өзіне шынайы әділ баға беруге ұмтылысы; - өз қылықтарын саралап ақылға жеңдіру нәтижесінде адами қасиеттерді дамытуға ұмтылыс жасау. Адамгершілік эмоциялық сапалар: нақтылық, өзге жанын түсінуге ыңғайлылық, шыдымдылық, бірбеткейлік, қуатты, ізетті, намысшылдық. Әлемге деген көзқарастар сапасы: барлық дүниені сүйе білу, патриотизм, ізгілік. Тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, оның өзіндік “Менін” анықтау мәселесі А.Комбс, М.Розенберг, С. Мецер, Ф. Куолтер, К. Паркер, Т. Кейт, Р. Бернс, Харрис және т. б. ғалымдардың еңбектерінде орын алған. Өзін-өзі тану, біздің түсінігімізше, ең алдымен адамның жалпы тануының бір ерекше түрі объектісі таным субъектісінің өзі болатын танымдық іс- әрекет. Өзін-өзі танудың мақсаты - адамның өзі туралы өзінің іс-әрекет субъектісі ретіндегі -шынайы мағлұмат алуы. Бұл жерде танымның объектісі мен субъектісі - бір ұғым, бір құбылыс, өзін-өзі тануды танымдық іс-әрекет ретінде қарастыра келе, біз оның тиімділігі көп жағдайда жеке тұлғаның өзінің белсенділігіне, оның белсенділігінің өзін-өзі тану үрдісіне қаншалықты бағытталғандығына тәуелділігін атап көрсеткіміз келеді. Бұдан өзге, қандай да болмасын іс-әрекет секілді, өзін-өзі тануда да көптеген танымдық іс-әрекет пен операциялар арқылы жүзеге асады. Олардың ішіндегі ең негізгілері- сараптау, жинақтау, салыстыру, сәйкестендіру және бағалау операциялары. Өзін-өзі тану, сонымен қатар, сыртқы ортаны тану арқылы да әсіресе, яғни, сезім, қабылдау, өзін-өзі қадағалау, ойлау секілді үрдістерді тану арқылы да іске асады. Өзін- өзі танудың негізгі бастаулары - іс-әрекет және қарым-қатынас. Өзін- өзі тану үрдісінде адамның іс-әрекет субъектісі ретіндегі өзі туралы бітімі қалыптасады, тұлғаның ішкі мүмкіндіктерінің шекарасы ашылып, оның өзін-өзі бағалауының әділдігі сарапқа түседі, сараланады. Қарым-қатынас үрдісінде өзін өзге адамдармен салыстыру іске асады, өзіне өзге адамдардың берер бағасы пайымдалады. Бірінші кезекте әлеуметтік сынға жиірек түсетін және іс-әрекеттің табыстылығын анықтайтын қабілеттер мен қасиеттер саласына түседі. Сонымен, “Өзін-өзі тану”- адамның өзінің іс-әрекет субъектісі ретіндегі өз тұлғалық ерекшеліктерін біртіндеп түсіну үрдісі. Бұл үрдістің нәтижесі - “Мен” образының түрлі аспектілерінің қалыптасуы. Тәжірибе көрсеткендей тұлғаға сырттан әсер ету арқылы тәрбиелеу үнемі жетістікке қол жеткізе бермейді. Өйткені ол кейде жағымды, кейде кереғар әсер етуі тіпті кей жағдайда тұлғаны ешқандай әсерсіз қалдыруы мүмкін. Ал, егер сырттан тәрбиелеу тұлғаға жоғары талап қою арқылы тұлғаның ішкі жан дүниесіне әсер етіп, оның ішкі өзгерісіне септігін тигізсе ғана, өз тағдыры үшін ойланып, әрекет ете бастаса ғана ол нағыз тәрбие заңдылығы болып табылмақ. Мұндай жұмыс дамытушылық, қалыптастырушылық ықпал жасайды. Тәрбие үрдісінде тұлғаға жоғары талап қоюшылықпен бірге педагогтың тәрбиелік ықпалында өзара құрмет, сенім, мейірімділік және ізгіліктік көзқарас, педагог пен тәрбиеленуші тұлғаның қарым- қатынастар сипаты тұлға бойында белгілі бір ішкі толғаныстарды есепке алу және оның іскерлігі мен дамуына тікелей әсер етуді біртұтас жүйе ретінде қарастыру мәселесі В.А.Петровский, И.Ф.Исаев, М.И.Ситникова, И.Б.Котова, Е.Н.Шиянов, Ю.М.Орлов еңбектерінде орын алған. Дегенмен, бүгінгі тәрбие үрдісінде тұлғаны ізгілікке тәрбиелеу жолдары қарастырылғанмен, оған өз бетімен бағыт алу, өзін-өзі адамгершілікке, ізгілікке, мейірімділікке, өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу мазмұны мен өзіндік ерекшеліктері, ұйымдастыру бағыттарын әлі де болса талдап, нақтылау қажеттілігі туындап отыр. Өзін-өзі тәрбиелеу - қалыптасқан идеалдар мен сенімдерге мойындалып қойылған мақсаттарға сәйкес жекелік өзгеріске бағытталған адам әрекеті. Өзін-өзі тәрбиелеу адамның даму кезеңін, санасын анықтайды, өз қылықтары мен өзгелердің қылықтарын салыстыра отырып қорытынды шығара алатындығын болжайды. Адамның өзінің әлеуеттік мүмкіндігіне қатынасы, өзінің кемшіліктерін көре білуі адамның есейгендігін көрсетеді және өзін- өзі тәрбиелеу орталығының дәнекері болады. Қазіргі қоғамдағы белсенді өмір сүрудегі жеке тұлғаның тәрбиесін ең алдымен әрбір тұлғаның өз-өзіне деген үлкен талап қоя білуі өз ісіне жауапкершілікпен қарауы, сонымен қатар бойындағы ізгі қасиеттерді дамытудағы саналы іс-әрекетін Л.И. Рубинский, А.И.Кочетков, А.К.Громцева, М.А.Донцев, М.Ш.Сагаутдинова т.б. ғалымдардың зерттеулерінен көруге болады. Өзін-өзі тәрбиелеу мәселесін әр түрлі қырынан қарастыра отырып Л.И. Рубинский өзін- өзі тәрбиелеуді “адамның өзін-өзі өзгерту мақсатындағы іс- әрекеті” деп көрсетеді. А.И. Кочетков өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін тек жеке бастың қызығушылығынан емес, қоғамдық талаптардан да туындайды деп таниды. Зерттеу өзін-өзі тәрбиелеудің өзін-өзі тану, өзін-өзі ұмтылдыру, өзін- өзі өзектілеу әдістері арқылы жүзеге асырылды. Тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарының қалыптасу жолын өзін-өзі түсіну мен өзін-өзі тану үрдістерінен бөліп-жарып қарауға болмайды. Өзін- өзі тану ұғымына психологиялық тұрғыда “Адам жаны өзін-өзі тек өз іс- әрекеттері үстінде ғана тани алады, оның өзі туралы білімі, сыртқы табиғат құбылыстары туралы білік секілді, қадағалаудан құралады”- деп келесі тұрғыда түсініктеме беріледі. Сонымен, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде студенттердің өзін- өзі тәрбиелеуі дегеніміз - тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі, өз мүмкіндіктерін толығымен пайдалана алуы, рухани тазаруы, өркениеттің мыңдаған жылдар бойы жинақтаған адамгершілік құндылықтарына өздігінен тартылуы. 2. Жан-жақты жетілген студент тұлғасы өзіне деген жоғары талаптарымен, оның ішкі өзін-өзі бақылауымен ерекшелінеді. Тұлғаның өзін-өзі бақылай, бағалай, түзей және өзін-өзі ұстай алуы - биік мәдениет пен жетік парасатылықтың көөрсеткіші өзін-өзі бақылаудың көмегімен нақтылы мінез-құлықтың, қарым- қатынастың, іс-әрекеттің өз мақсаттарына сәйкестігі әркез сарапталып отырды. Тұтастай алғанда көптеген авторлардың пікірі бойынша, тұлғаның өзін-өзі тануы - студенттің өзін-өзі тәрбиелеуінің, өз білімін жетілдіру мен өз тұлғасының өсіп-жетілуінің қажетті шарты Декарттың дәлелдеуіне сүйенсек, өзін-өзі танудан өткен жемісті жұмыс жоқ, бірақ бұл үшін көрегендік пен ержүректік қажет,. “Өзін- өзі адам ретінде зерттеп - білмеген адам өзге адамдарды да терең зерттей алмақ емес”. Студенттердің педагогикалық қызметінің табыстылығы әркез олардың өзін- өзі көтеріңкі бағалауымен, өзі туралы ұғымдарындағы бұлыңғырлықтың, түсініксіздіктің жоқтығымен және олардың бейімделуге деген жоғарғы қабілеттілігімен ұштасып, сабақтасып жатады. Бұл тұлғаның өзін-өзі бағалау қызыметінің қажеттілігін дәлелдеді. Өзін-өзі бағалау әрбір тұлғаға өз тиімді стилін тауып, оны дамытуға мүмкіндік береді. Д. Доуэрти және К.Паркер студенттердің өзін-өзі бағалауы олардың экстраверттілігі мен нейротизміне тәуелді екендігін анықтады. Студенттердің өздерін қоршаған ортасы олардың көбінесе интроверттікке бейімделуіне ықпал етеді, ал интраверттердің экстраверттерге қарағанда өзін-өзі бағалау шамасы төмендеу, қалыпты эмоциялық деңгейдегі студенттен нейротизмнің жоғары деңгейіндегі студенттің өзін-өзі бағалауы жоғарырақ. Болашақ педагог өміріндегі өзін-өзі көтеріңкі бағалаудың маңызы туралы А. Комбс, М. Розенберг, Р. Бернс және т.б. еңбектінде келтіріледі. Тұлғаның өзін позитивтік тұрғыдан қабылдауы оның қызметінің тиімділігінің маңызды факторларының бірі ретінде тұлғаның көтеріңкі “Менінің” дамуына әсер етеді. Өзіндік “Менмен” мен тиімді оқыту арасында айқын байланыс бар. Тиімді оқытудың қажетті шарттарының бірі- тұлғаның өзінің жеке және өз біліктілігіне деген сенімділік деңгейі. Сынып ішінде өзін сенімді сезіне отырып студент өз кемшіліктері мен оқушылардың кемшіліктерін оңай, тез ұғынады. “Өзінің бойында әділдік, шынайылық, өз тұлғасының құндылығы сезімі бар және оқушыларға позитивтік көзқараспен қарауға әзір тұлға оқушылардың өзін-өзі түсінуі мен олардың тұлғалық қалыптасуына тиімді ықпал ете алады, оларды өзіне сенуге үйретеді, құндықтарды жеңіп, оқудағы өз мүмкіндіктерін толықтай қолдауға үйретеді. Алайда түрлі зерттеулердің нәтижелері /Бернс/” тұлғаның мұндай маңызды қасиеттерінің даму деңгейі төмендігін көрсетті. Адам өзін-өзі тануға талаптанбаса, оның қолынан өзге адамдарды танып түсіну және оларға нақты көмектесе алу келмейді. Қоғадық дамудың өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсетін әрбір адам өзін- өзі тануын тереңдетуі шарт, бірақ Джерсиидтің байқауынша, бұған жеткілікті мөлшердегі жүректілік қажет, өз рефлексиясының нәтижелері қандай болса да, оларды әділ түрде қабылдауға мүмкіндік берерлік белгілі мөлшердегі объективтілік қажет. Студент тұлғасының өзін-өзі тануы білім беру жүйесінде жетекші мақсаттардың бірі дәрежесін алуы қажет. Студенттің “Менін” позитивтік өзгерту қазіргі таңда педагогика мен психологияға деген гуманистік көзқарастың бірден-бір маңызды саласы, оқыту мен тәрбиелеу ісіне қатысы бар әр адамның өзін-өзі адамгершілік рухани дамытуын қамтамасыз ететін басты құралы. Болашақ маманның өзін- өзі дамыту қағидаларын меңгеруі қажет, әйтпесе ол өзгелерге бұл процесте қажетті көмек бере алмайды. Оқытудың тиімділігі тұлғаның психикалық дүниесінің жалпы үйлесімділігіне, әсіресе оның “Менінің” көтеріңкілігіне, позитивтілігіне тәуелді. Сондықтан студенттің тұлғалық дамуының сипаты мен өз бойындағы адамгершілік рухани құндылықтарының мән-маңызы оның академиялық жетістіктерінің маңызынан кем емес. Сөйтіп, педагогикалық жоғары оқу орындарының бағдарламаларындағы өзін- өзі тану мен өзгелерді түсінудің алар орнын, маңызын айтып жеткізу мүмкін емес, себебі “болашақ маман алдымен біреуді, сонан-соң бір нәрсеге оқытады”. Өзін-өзі дамыту тұлғаны өзгеден дараландыратын басты ерекшелік. Дүниені өзінше түсіну, сезіну адамдарды өзгелерден ерекшелендіреді. Осыдан туындайтын тәрбиенің мақсаты - студент өзінің даралық сипатын дамытып, бойындағы ерекшелігін өзгеге көрсетуі және оны басқаға үйрете білуі керек. Болашақ ұстаздарды өз бойындағы өз даралығына сенуге баулу, олардың қайталанбас даралық сипатына құрмет білдіру, осы қасиеттерді студенттің санасында орнықтыруы оқытушының бірден-бір мақсаты болуы тиіс. Сонда ғана оқытушы өз міндетін біршама орындап шығады. Студент өзінің даралық сипатын түсінуі арқылы өзін-өзі танып білуге, өзін-өзі дамытуға, шығармашылыққа, жағымды қарым-қатынас орнатуға жол ашады. Болашақ ұстаздар әрдайым өз қабілеті, жетістігі туралы ойлауы тиіс. [pic] № 1 -ші сурет. Рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуінің құрылымдық моделі. Модель мазмұнында студент тұлғасының өзін-өзі зерттеу барысында тұлғаны қалыптастыру үшін өзіндік сапаларының деңгейлерін анықтау, іріктеу, құру, стандарттау, түзету әрі қарай эксперимент барысында диагностикалық болжам арқылы дамыту өзін-өзі басқарудың педагогикалық шарттары мен әдістемесі беріледі, оны жүзеге асыру студенттердің тұлғалық қалыптасуының өзін-өзі басқаруының жаңа қоғамға сай тәрбиеленуінің сапасын көтереді. Оқу-тәрбие үрдісінде студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуімен, студентке оқытушының өзін-өзі басқаруға жағдай туғызуымен ғана шектелмей, студент дайындығының жан-жақты дамуын, олардың бойында, қоғамдық талаптар алдындағы жауапкершілігін, білім алуға, ғылымға, техникаға, өнерге ұмтылысын, тұлғалық өзін-өзі дамыту арқылы адамгершілік құндылықтарға өзін-өзі тәрбиелеудің құрылымдық жүйесін жасау мәселесінің жаңа жолдарын анықтады. Модель бойынша бұл үрдіс студенттің жеке тұлғалық қасиеттердін дамытуды көздеу, сол арқылы олардың жауапкершілігін арттыруда, өзін-өзі тану және өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін пайдалану жолдары мен педагогикалық шарттарының орындалу бағыттары жүйеленіп сипатталды. Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар 1. Рухани-адамгершілік құндылықтар анықтамасына түсінік беріңіз? 2. Модель мазмұнынын сипаттаңыз? 3. Адамгершілік эмоциялық сапаларға не жатады? 4. В.А.Петровский, И.Ф.Исаев, М.И.Ситникова, И.Б.Котова, Е.Н.Шиянов, Ю.М.Орлов еңбектеріне ғылыми шолу жасаңыз? 5. “Өзін-өзі тану” анықтамасына сипаттама беріңіз? №16-дәріс Тақырыбы: Өзін-өзі тану мұғалімінің кәсіби құзыреттілігінің құрамы Педагог – тәрбие беру басымдылықтарының негізгі жолсерігі. Тәрбие үрдісінің ақырғы нәтижесі оның кәсіби-тұлғалық қасиеттеріне байланысты. Мейірімділік, кішіпейілділік ортасы, педагогикалық қолдауды күшейту, балаларға белсенді сенім арту – бала тұлғасының адамгершілік-рухани қалыптасуының негізін қалаушы жағдайлар. Тәрбиеленушілерге жүргізілген сауалнамалардың нәтижесі бойынша олар, ең алдымен, басқа адамдардың бойында мейрімділік, сүйе алу қасиеттерін бағалайды. Достық, адалдық, ақ жүректік, қайырымдылық, көпшілдік, адамдарға құрмет сезімі, жауапкершілік, өзін-өзі құрметтеу сезімі де маңызды болып табылады. Әрбіп педагог өзінің оқушыларының қандай болғанын тілесе, өзі де сондай болуы тиіс. Бұл кәсіби іс-әрекетте құзыретті әдісті іске асыруға мүмкіндік береді. Ұстанымдар: • өз-өзіне сенім – бұл өмірдің негізі; • педагогтың әсері саналы стратегиялық мақсатқа бағынуы тиіс; • кәсіби рефлексия, өзін-өзі тану және өзін-өзі дамытуға қабілеті; • балалардың өзін-өзі көрсетулерінің алуан түрлілігіне дене және сөз реакцияларының вариативтілігімен жауап беру қабілеті; • психологиялық-педагогикалық білімдерді меңгеруі, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру; • а жарқындылық және балалармен қарым-қатынас жасаудың табиғи дарыны, жан жүрегімен қызмет етуге дайындылығы. Өзін-өзі тану мұғалімінің этикасы: • педагог өзін-өзі тануға, өзін-өзі жеңуге және өзін-өзін өзгертуге дайын және қабілетті болуы керек; • баланы сөзсіз қабылдау; • баланың тұлғасын және өмірлік тәжірибесін құрметтеу; • Өзінің іс-әрекетін құпиялыққа негіздеу; • без-келген жағдайда баланы жақтау, қорғау, өйткені баланың үлкендерге қарағанда қателесу құқығы бар; • жылы, шынайы өзара қарым-қатынастың дамуына ықпал ету; • баланың сеніміне мұқият қарау. Балалардың құпияларын сақтай алу; • балалар мен әріптестеріне мейірімді, сабырлы, шынайы бола білу; • балалардың оңды көріністерінде жетістік жағдайын құру; • бшық көзқараспен қарап, күлімсіреуді, мақтауды, қолдауды, жылы сөздерді, ақыл айтуды пайдалану; • баланың мәселесін шешуде басымдылық балаға берілетінін есте сақтау; • баланың мәселені ұғынып, жағдайдан шығу үшін лайықты жолдарды іздеуі үшін жағдайлар жасау; • баланың қайталанбас бірегейлігін мойындау, оның өзекті және ықтималды мүмкіншіліктерін ашуға ықпал ету; • сезімдерді көрсету мен тәрбиешінің мінез-құлқында шынайылықты, ашықтықты, адалдықты сақтау; • тыңдау және мән беру, көру және бақылау қабілеті, бағаламай, сынамай, тек өзінің көзқарасы түрғысынан (мұғалімнің емес) түсіне алу; • зиянын тигізбеу. Істеуге болмайды: • қайсыбір ағымға немесе бағытқа жататын белгілері бар ала-құла, ашық- шашық киімдерді киюге болмайды. Киім елеусіз, жылы түстен болуы тиіс; • сөйлесу кезінде көзіңізге қара көзәйнек кимеңіз – көздер қарым-қатынас жасауда маңыхды рөл атқарады; • танысуды жылдамдатпаңыз, алғашқы кездесуде бала туралы барынша көп біліп алуға тырыспаңыз. Бірден көптеген сұрақтар қоймаңыз – алдымен өзіңіз туралы, өзіңіздің жұмысыңыз туралы әңгімелеңіз; • танысудың алғашқы кезінде отбасы, мектеп, тұратын жері, уыт заттарды пайдалануы, жеке бас мәселелері секілді тақырыпта сұрақтар қоймаңыз. Одан да баланың пікірі бойынша көмекті қажет ететін басқа балалар туралы әңгімелескен жөн; • алғашқы кездесуде бірден балаға көмек беруге тырыспаңыз (көмек көрсетем деп қыстамаңыз) - жұмысыңыз бойынша өзіңіз көмек сұрасаңыз жақсы болады; • жасөспірімге аяушылық сезіміңізді көрсетпеңіз, бұл кемсітушілік болып көрініп, сіз бен баланың арасын алшақтатуы мүмкін; • көмектесу қолыңыздан келмесе, уәде етпеңіз; • өтірік айтапыңз, алдамаңыз, шынайы емес мәліметтерді ешқашан хабарламаңыз. Өтірік ерте ме, кеш пе, бәрібір ашылып қалады, бұл сіздің беделіңізге нұқсан келтіріп, баламен және оның достарымен арақатынасыңызға кері әсерін тигізеді; • ешқандай «саяси ойындарды» жүргізбеңіз: біреуге қарсы ешкіммен бірікпеңіз, әрқашан бейтарап болуға тырысыңыз; • ешкімді ешқашан кінәламаңыз және сөкпеңіз – баланы осы қалпында қабылдаңыз. Оның көзқарастарына, мінез-құлқына, сыртқы түріне сабырлы болыңыз. Бір нәрсе туралы өзіңіздің пікіріңізді сабырлы және дәлелді айту керек; • баланың пікірлеріне немқұрайлы қарамаңыз – керісінше, ол сіздің қызығушылығыңызды, оның пікіріне деген құрметіңізді сезінуі керек; • баланың сұрақтары мен тілектерін назарсыз қалдырмаңыз – егер жауабыңыз болмаса, бірден айтыңыз; • баланың сөзін бөлмеңіз, аяғына дейін тыңдауға тырысыңыз; • азғыруға бой бермеңіз – ауытқушылық, азғындыру мінез-құлқының себебін түсінуге тырысыңыз; • араларыңызды қысқартпаңыз және алшақтатпаңыз, ол әрқашан орынды болуы тиіс. Баланың сізді басынып алуына жол бермеңіз. Дөрекілікке дөрекілікпен жауап бермеңіз, әрқашан сыпайы және сабырлы болыңыз; • бір сұрақты талқылау отырып алмаңыз. Балаға қызықты болуы мүмкін тақырыптар өте көп; • арзан бедел үшін ешқашан балаға темекі, сыра бермеңіз – бұл заңға қайшы келеді. Ең бастысы, сіз – салауатты өмір салтын уағыздаушы екеніңізді ұмытпаңыз; • ғибрат айтпаңыз – сіз тек бала мен әлеуметтік ортаның арасындағы көпірсіз, баланың таңдау жасауына мүмкіндік беріңіз; • блаға немесе жасөспірімге өзіңіздің ортаңызды қыстамаңыз. Егер сізден сөйлескісі келмесе, қинамаңыз. Сіздің оны көруге әлі де уақытыңыз болады; • қатал бағадан қашыңыз. Сөйлегенде әрқашан сыпайы, әрі әдепті болыңыз (жауласқан топтар, басқа бала, ата-аналар туралы). Сіздің олардың өмірін сынауға құқығыңыз жоқ; • балалардың арасындағы дау-дамайларда олардың рұқсатынсыз (келісімінсіз) әділқазы рөлін атқармаңыз; • жұмысыңызға байланысты күйзелістеріңізді жасырмаңыз – мәселелі жағдайларды әріптестеріңізбен талқылауға тырысыңыз; • балалармен қарым-қатынаста талапты, зілденген дауыспен сөйлепеңіз. Әрқашан ымыраға келуге тырысыңыз, қарым-қатынасты құрылымды диалогқа ауыстырыңыз. Тапсырманы орындап, сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Өзін-өзі бағалау деңгейіңізді анықтаңыз. 2. Аталған ұстанымдардың қайсысы Сізге жақын? 3. Бір парақ бетінің сол жағына педагогқа қажетті қасиеттерді, оң жағына болдыруға болмайтын қаситеттерді жазыңыз. 4. Өзіңізге тән қасиеттердің астын сызыңыз. Талдаңыз. 5. Зерделеңіз. Чем проповедь выслушивать, мне лучше бы взглянуть. И лучше проводить меня, чем указать мне путь. Глаза мои внимательны, заметят без труда: Слова порой запутаны, пример же никогда. Тот лучший мой учитель, кто веру в жизнь провел. Добро увидеть в действии – вот лучшая из школ. И если мне все показать, я выучу урок, Понятней мне движенье рук, чем быстрых слов поток. Я, может, и поверю хорошим словесам. Но будет лучше посмотреть, что делаешь ты сам. Вдруг я неправильно пойму прекрасный твой совет, Зато пойму, как ты живешь: по правде или нет [3]. Мектепте және балабақшада өзін-өзі тану пәнінің мақсатын толыққанды іске асыру үшін ерекше сенімділік, ашықтық, құрмет және толеранттылық атмосферасы құрылады. Сабақ кезінде балалар әріптестік етуге, ойлануға күрделі өмірлік жағдайларды шешу жолдарын іздеуге үйренеді. Бұның бәрі баланың тұлғалық өсуіне, өзін-өзі тануына, өзін-өзі іске асыруға көмектеседі. Сабақтарда мұғаліммен, әлеуметтік-рөлдік ойындар мен тренингтерде ашық диалог жүргізіледі, адамзаттық қарым-қатынас әлемі зерделенеді, өмірлік бақылаулармен алмасады, қоғаммен практикалық өзара әрекеттестік дағдылары дамытылады. Оқыту үрдісінде түрлі интерактивті формалар, әдістемелік тәсілдер мен жаттығулар пайдаланылады: қуаныш шеңбері, өзімен-өзі жалғыз болғанда, әңгімелесу, рөлдік ойын, топтық өзара әрекеттестік, жағдайларды шешу, жобалық іс-әрекет т.б. Оқыту мен тәрбие берудің қазіргі заманға сай, дәстүрлі және дәстүрліге жатпайтын интерактивті формалары мен әдістерін жетік меңгерген мұғалімге ерекше рөл беріледі. № 17-дәріс Тақырып: Педагогтің жеке тұлғасы. 1. Мұғалімнің жеке тұлғасының бағыты. 2. Жеке тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттері. 3. Мұғалімнің педагогикалық ептілігі. 4. Педагогикалық этика. 1. Мұғалімнің жеке тұлғасының бағыты. Ғаламды білім берудегі мұғалімнің жеке тұлғасы – дегеніміз ол мәдениетті жеткізуші, оның атқарушысы оның мұрагері және әлемдік педагогикалық тәжірибенің жасаушысы болмақ. Әлемдік стандарттар бойынша – қазіргі заманғы мұғалім - ол шығармашылықты жеке тұлға, ол проблемалық-педагоикалық және критикалық ойды игерген, ол көпвариативтік бағдарламаны құрушы, алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибеге жәнебілім берудің жаңа технологиясына сүйенген, оларды ол нақты педагогикалық жағдайларда диагностикалық мақсатты рефлекция бойынша іске асырушы. Педагогтың әлеуметтік позициясы жалпы білім беру мектептеріндегі көзқарасынан, сенімнен және құндылықтық бағыттары арқылы қалыптасқан. Олардың негізінде кәсіби даярлау барысында педагогикалық кәсіпке оның мақсаты мен педагогикалық әрекетіне деген мотивациялық-құндылықтық қарым-қатынас құрылады. Қазіргі заманғы мұғілімнің алдында сыртқы әсерді жеңуге қабілетті, және өзінің жеке стилінің арқасында әлемдік педагогикалық ғылым мен практиканы жеткізу үшін оның нақты тәуелсіз және жауапты тұлға екенін көрсететін ғылыми болжамдарды жеңу міндеті тұр. Педагогикалық қызмет шындығында «жалпылық сипатта». Ол «оқытушылық- оқушылық» феноменіңнің онтологиялық сипатта екенімен түсіндіріледі, оныз адамзаттың өзінің өмір сүруі, адамдық мәдениеттің дамуынң өзі мүмкін емес. Қандайда бір тіпті күнделікті жұмыстың өзінде адамдық қандайда бір әрекетке , операцияларға, оны орындау ретіне, нәтижеге жетуге, оны жетілдіруге үйрету керек. Қандай болмасын әрекетте жұмыста оықтатын адам мен оқитын адам болады. Біріншісі соңғыны оқытушы, педагог болады. Қандай да болмасын басқа адамммен қарым-қатынас жасайтын кәсіби істе педагогикалық аспект бар. Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеу мен білім берудің жүйесін тиімді тіүрде іске асыру оқытушының жеке ұлоғасына тікелей қатысты болады. Ол ең басы болап табылатын мынандай жекелік қасиеттерге көңіл аударады. Біріншіден, балаларды олдар қандай болса солдай жақсы көру. Тіл алмайтын, тіл алғыш, түсінігі мол, түсінігі аз, жалқау және жақсы балалардың барлығын бірдей жақсы көру керек. Балаларды жақсы көру мен оларға деген қайырымдылық көзқарас оларға қатты сөз айтудан сақтандырады, олардың өздерін бағалауын төмендетпейді және жеке баланың жетістігіне ғана қуанудан сақтайды. Екіншіден, балаларды түсіне білу және олардың жағына шыға білу, олардың жұмысын мәселесн дұрыс қабылдап, түсіне білу. Олардың көзқарастарын сыйлай білу. Балаларды түсіну – оларды өз билігімізге көндіру емес, олардың бүгінгі күнгі өміріне сүйене отырып олардың ертеңгі өміріне дән себу. Баланың уайымын түсіну, оның сезімін және талпынысын сезіну, бала өзін тәрбиелеу барысында педагогпен жақтас болса тәрбие де маңызды болады. Үшіншіден, оптимист болу керек, тәрбие берудің күшіне сену керек. Бұл жерде оқытушы қолын алдына салып баланың өзінің түсінігі оянғанша тосып оыратын филантропикалық оптимизм туралы айтып отырған жоқпыз, оның санасын дамытуға кірісіп кету туралы айтып отырмын. Бұл жерде педагог баланың ішкі сезімін танып сезініп – ол арқылы оны тәрбиелеу жолдарын іздеуді айтып отырмыз. Төртіншіден, Оқытушының бойында барлық адамдарға ұнайтын жақсы қасиеттер болу керек, қаталдық, байсалдылық, қарапайымдылық, шынайылық, интелегенттік, сезімталдық және өмірге құштарлық. Осындай мұғалім болуға талпыну өте маңызды. Ол – бала мен өткен өмірдлің және қазіргі заманғы ұрпақ арасындағы рухани құндылықты жеткізуші. Осы құндылықтар, білім, моральдық-эткалық норма балаларға таза күйінде жеткізлмейді, ол мұғалімнің жеке тұлғалық сипатында болады, оныңбағасымен жеткізіледі. Гуманды педагог балаларды білімге тарта отырып оларға өзінің мінезін де береді, олардың алдында адамдықтың үлігіс ретінде көрінеді. Бала үшін білім тек қана мұғалім арқылы ғана беріледі, оның мұғалімге деген махаббаты арқылы көрінеді, ол арқылы білімге есік ашады, қоғамның моральдық құндылықтарын иегереді. Бастауыш мектеп жасында бала үшін ең үлкен бедел ол –мұғалім. Кәсіби компонетті деп мұғалімнің педагогикалық әрекеті толығымен жоғары деңгейде жүргізілетін жағдайды айтуға болады, педагогикалық қарым-қатынас барысында мұғалімнің жеке тұлғасы қалыптасады, оның барысында оқушыларды оқыту мен білім берудің жоғары деңгейіне қол жеткізіледі. Психологтар педагогтың субъектілігінің келесідей қасиеттерін бөліп қарастырады: 1) психофизиологиялық (жеке) субъектінің қасиеттері (задаткалар); 2) ептілік; 3) бағыттылық; 4) кәсіби-педагогикалық білім мен ептілік. Жеке тұлғаның бағыттылығы – ол әрекеттің, қылықтың,адамның барлық өмір сүруі барысындағы барлық әрекеттерінің мотивациялығы, оның негізі қажеттілік, қоғамдық талаптар т.б. Педагогикалық бағыттылық—оқытушының оқушыларға деген қызығушылығы арқылы сипатталады, әр түрлі педагоикалық міндетті шешу барысындағы шығармашылықтық көзқарас, өзінің педагогикалық кәсібіне деген қызығушылығы, онымен айналысуға деген бейімділігі, кәсіби өзін-өзі тану деңгейі арқылы сипаталады. Өзін-өзі тану – мұғалімнің педагогикалық өзін-өзі ұстауын, оның формасын, ережесін танумен байланысты процесс; кейбір кәсіби эталлондарды тануы мен өзін соларен қатар өзін-өзі бағалау арқылы қатар қюды сезінуі арқылы келетін процесс. Педагогикалық бағыттылықтың түрлері (Н.В. Кузьмин бойынша) 1) нақты педагогикалық; 2) атүсті педагогикалық; 3) жалған педагогикалық. Педагогикалық қызметтің басты мақатына қол жеткізуге бағытталуы – жеке тұлғаның жан-жақты, гормонды түрде дамуы гуманикалық болып табылады. Педагогикалық қызмет гуманикалық бағытта болуы керек.Ол педагогтың барлық әрекеттерінің жеке тұлғаның, баланың, оқушының, үлкен адамның нақты қызығушылығына тәуелді екенін көрсетеді. Педагог тек қана сауатын ашып қана қоймай басқа адамдарды да тәрбиелейтін әрекеттер ұйымдастыруы керек, және де ол қоршаған ортамен адамның өзінің ішкі қақтығысы мен келіспеушілігін тудырмауы керек. 2. Жеке тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттері. Педагогикалық әрекеттің тиімділігіне мұғілімнің жеке қасиеттері маңзды болып табылады. Мұғалмнің барлық жеке қасиеттері кәсіби маңызды болмақ. Жақсы оқытушы – ең бірінші жақсы адам: ұқыпты, адал, қайырымды, шыншыл т.б. Мұғалімнің жеке тұлғасының кәсіби-маңызды қасиеттері кәсіби-педагогикалық қызметке көп әсер етеді әне педагогтың жеке стилін көрсетеді. Педагогтың негізгі педгогикалық қасиетін көрсететін қасиетін атауға болады, олар кәсіби-маңызды. 1) Доминантты педагоикалық қызметті тиімді іске асырудың мүмкін еместігін көрсететін қасиет: - әлеуметті белсенділік- кәсіби-педагогикалық саладағы қоғамдық мәселелерді шешуге әзірлік. - мақсаттылық - өзінің жеке қасиеттерін алға қойылған педагогикалық міндетті шешуге бағыттай білу. Байсалдылық- қандай да болмасын педагогикалы жағдаяттарда өз қылығын бақылай білуі. Оқушылармен жұмыс істеуге тартылуы; Экстремалды жағдайларда саспау; - тартымдылық- рухани бірлік, тартымдылық пен талғам; - адалдық; - әділдік; - заманына сай болу- оқушылырдың мұғілімді өз заманына сай екенін мойындауы; - гумандылық; - эрудиция; - педагогикалық такт – жалпы адамзаттық норманы балалармен қарым- қатынас жасау нормаларын олардың жеке және жастық ерекшеліктерін сақтау; - толеранттылық – балалармен жұмыс істеу барысындағы шыдамдылық; - педагогикалық оптимизм. 2) Перифериялық қасиеттер – қызметтің тиімділігіне шешуші әсер етпейтін қасиет. Алайда оның жетістікке жетуіне әсер етуші: - қайырымдылық; - -ашықтық; - қалжыңды түсіну; - әртістік; - көрегендік (өмір тәжірибесінің болуы); - сыртқы тартымдылық. 3) Педагогикалы еңбектің тиімділігін төмендететін теріс қылықтар: - бас июшілік («сүйіктіні» бөліп қарау немесе керсінше); - байсалдылығының жоқтығы – өзінің психологиялық жағдайын бақылай алмау; - өш алушылық - оқушылармен есеп айырысу; - өзін жоғары ұстау - өзінің оқушылардан артықтығын көсету; - жігерсіздік- ұмытшақтық, жинақтылығының болмауы. 4) Кәсіби-қол жетпеушілік қасиеттер оқытушының кәсіби жарамсыздығына әкеліп соқтырады - жалпыға қауіпті болып саналатын жаман қылықтарының көптігі (арақ ішу, анаша шегу т.б.); - адамдық тазалығының болмауы; - қол жұмсау; - дөрекілік; - принциптерінің болмауы; - білім беру мен тәрбиелеу барысындағы компетенттігінің болмауы; - жауапкершілігінің болмауы. Сонымен қазіргі заманғы педагогтың кәсіби маңызды жеке қасиеттерін білуі және оның кәсіби қызметі барысындағы рөлі әрбір оқытушының өз қасиеттерін дамытуға тырысуына әсер етеді, ол ең соңында келіп балалармен оқу-тәрбие беру жұмыстарын сапалы жүргізуге әсер етеді. 3. Мұғалімнің педагогикалық ептілігі Педагогикалық ептілік оқытушының әр түрлі әрекетерінің бірлігін көрсетеді, олар педагоикалық әрекеттермен қатысты болады, оқытушының жеке- психологиялық ерккшеліктеріне әсер етеді және де оның пәндік-кәсіби жарамдығын көрсетеді. Негізгі дидактикалық жоспар бойынша барлық педагогикалық ептіліктер мына түрлерге бөлінеді: 1) оқытушының білімін жеткізе білуі. Жаңа педагогикалық жағдаяттар барысында білім беру және тәрбие беру жолдарын табуы; 2) әрбір педагоикалық жағдайларда жаңаша шешімдер таба білу. 3) Педагогикалық білімнің және идеяның жаңа элементтерін құра білу оларды нақты педагогикалық жағдайда қолдану. Педагогикалық ептіліктер (А.К.Марков бойынша). 1.Топ. Психлолгиялық-педагоикалық ептілік: а) педагоикалық жағдаятты басқара білу - педагоикалық жағдаяттағы мәселені көре білу; педагогикалық міндетті қою барысында оқушыға бағытталу; түсініксіз жағдайда оптималды педагоикалық шешім қабылдай білу; қиын педагогикалық жағдаяттан абыроймен шыға білу. б) «Неге үйету керек» Топтамасы. - оқу материалының мазмұнымен жұмыс істей білу (психологиялық- педогоикалық әдебиеттің жаңалықтарынан хабардар болу); - оқу пәнінің негізгі ойларын бөліп алу; - оқу пәнін жаңарту; - ақпаратты педагогикалық интерпретацияға бейімділік (түсіндіру), БАҚ түсетін материалдардан; - оқушылардың бойына жалпы білім беретін және арнайы ептіліктер мен дағдыны қалыптастыру; - пән аралық байланысты іске асыру, в) «кімді оқыту керек» шағын топтамасы - оқушыларды диагностирлей білу; - оқушының үлгерімі мен жеке қасиеттерін айыра білу; - оқушылардың мүмкін деген қиындықтарын көре білу оларды жою шаралары; - оқу-тәрбие беру ұмысын жоспарлау барысында оқушылардың мотивациясын ескеру; - үлгерімі нашар және үлгерімі жоғары оқушылармен жұмыс істей білу. с) «қалай оқыту керек» шағын топтамасы. - білім беру мен тірбие берудің тәсілдерін мен формаларын таңдай білу; - оқушы мен мұғалімнің оған жіберетін күші мен уақытын есепке алу; - оқушыларға жеке және дифференциялы түрде қарауды қолдану; - педагогикалық міндетті шешудің бірнеше жолдарын таба білу; - психологиялық-педагогикалық білімді және алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені қолдана білу; - өз еңбегінің нәтижесін диагностикалай білу; -оқушылардың қиындықтарын өзінің қате себебінен таба білу. 2. Қарым-қатынас орната білу ептілігі топтамасы: - қарым-қатынас жасауда өзініңқарым-қатынас жасаушыың ішкі қорын қолдануын іске асыруы үшін және қарым-қатынас барысында психологиялық дұрыс жағдай қалыптастыру білу; - басқа адамның көзқарасы түсіне білу; - оның жеке басына қызығушылық көрсету; - әсер етуді арттыратын көздерді қолдана білу (әдістер риторикалар); басшылық етудің демократиялық стилін көп қолдану; оқушыға алғысын білдіру және өз қателігін мойындай білу. 4. Педагогтың жеке тұлғасының өзін-өзі көрсету тобы.. - өзінің педагогикалық ептілігін іске асыру және дамыту ептілігі; - өзінің эмоциялық жағдайын басқара білу; - шығармашылық ізденісті іске асыра білу; - өзінің кәсіби дамуының перспективасын сезіну (өзінің күшті жақтарын бекіте білу, және әлсіз жақтарын жоя білу). 5. Оқушының жекелік дамуын болжау, оны бағалай білу. Тобы. - оқушының білім сипатын анықтай білу (әркет ету жағдайын, өзін өзі бақылауын, оқушыға көмек беру түрін және оны қорғау себебін білу т.б.). - мұғалімнің оқушының тәрбиелілігін және тәрбиеге көнетіндігін анықтау; - оқушының жеке тұлға екенін көре білу; - оқушының әлсіз жақтарын дамытуға жағдай жасау. 4. Педагогикалық этика. Педагогикалық әрекетті іске асыру барысында оқытушы оқушының еке тұоғасына жан-жақты көп факторлы түрде әсер етеді.Ол тәрбиеленушінің құндылықтардың оларға деген көзқарасытың берілуі негізінде олардың әлеуметтік позициясын қалыптастыруға әсер етеді. Өзін-өзі ұстау үлгісіне әсер етеді. Ол осындай әсер барысында және пелагогтың педагогикалық әсер етуін іске асыра алуының арқасында олардың одан арғы әрекеттестікері байланысты болады. Қызметтестік және баланың қоршаған ортамен өзара әрекеті. Баланың жеке тұлғасына әсер ете отырып және балалармен өзара әрекеттесе отырып оқытушы үнемі баланың ішкі әлемімен байланыс жасайды. Бұл байланыс өте жауапты және педагогтан кәсіби терең білім мен ептіліктен басқа жалпы мәдениетті болуын, адамгершілігінің мол болуын талап етеді. Сондықтан мұғалімге педагогикалық білім алу барсында негізгі кәсіби-педагогикалық этика негізін білу қажет. Педагогикалық этиканың элементтері педагогикалық қызмет пайда болғанннан бюастап бар. Педагогикалық этика талаптары мен оны бағалаудың алғышарттары мақала түрінде болды. Мәтелдер мен жазылмаған нормалар мен ережелер түрінде болды Одан кейін педагоикалық процесттің адамгершліктік аспектілері педагогикалық әдебиеттерден көрініс тапты. Спарта. Балалармен қарым-қаынас барысындағы қатулық пен қаталдық- құлдармен қатаң қарым-қатынас жасайтын өжет адамдар тәрбиелеу. Тәрбие беру барысында адамгершіліктік қарым-қатынас жасауға М.Монтень, Я.А. Коменский, .Ж.Ж. Руссо, К.Гелвецкий, Д.Дидро, И. Песталоцци т.б. ататы ойшылдар В.Г. Белинский, К,Д. Ушинский, Л.Н.Толстой, А.С.Макаренко, Ш.А.Амонашвили т.б. көп көңіл бөлді. Педагогикалық этика – ол жалпы этиканың құрамды бөлігі, ол философияның ең бір көне саласы, ол адамдардың өміріндегі адамгершіліктік мәселені зерттейді, қайырымдылық пен қаталдыққа анықтама береді, адам аралық қарым- қатынстар мәселесін зерттейді осы қарым –қатынастардың нормаларын мен ережелерін қалыптастырады. Педагогикалық этиканың негізгі категориялары: Педагогикалық адалдық – ол моралдық сана түсінігі. Ол педагогикалқ қызмет барысындағы адамдық өзара қарым-қатынасты реттейді. Ол педагогикалық процестегі барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасын олардың ережелері мен міндеттерн қамтиды. Кәсіби педагогикалық парыз – ол әрбір оқушының педагогикалық процеске қатысушының адамдық қасиеттерін мүлтіксіз құрметтеуге бағыттау. Тәрбиеленушінің құрметтелуін және оған деген талаптың бірлігін іске асыруды нақтылайды. Кәсіби әділдік адамға өзі барлқ педагоикалық процеске қатысушылар тарапынан жеңіп алған сыйын көрсетудің нормативтік талаптарын көрсетеді. Мұғалімнің кәсіби ақыл-ойы- ол өзінің парызын өз оқушыларының қоғам алдындағы алдындаы жауапкершілігін субъективті түрде сезінуі. Педагоикалық этиканың мақсаты тұтас жүйе ретіндегі оқытушының жеке тұлғасының адамгершіліктік мәдениетін қалыптастыру. Оған этикалық ойлау, сезім мәдениеті, ойын, білімін, сезімін іске асыру барысындағы моральдық тәжірибесінің өзін-өзі ұстау мәдениетін оларды күнделікті нормаға айналдырудағы әрекеттерін көрсетеді. Сонымен, педагогикалық такт – ол оқытушының өзін-өзі ұстаудағы жекелеген фактілері емес оның оқытушының адамгершілігінің бар екенін және қайырымды екенін білуіндегі өзндік стилі. Негізгі әдебиет: 2,7,8,11 Қосымша әдебиет: 2,6,7,8. Сұрақтар: 1. Мұғалімнің жеке тұлғасының бағыты қандай? 2. Жеке тұлғаның кәсіби маңызды қасиеттері қандай? 3. Мұғалімнің педагогикалық ептілігі дегенді қалай? №18-дәріс Тақырып: Педагогтың кәсіби компетенттілігі. 1. «Педагогтың кәсіби компетенттігі» түсінігінің негізі. 2. Педагогтың кәсіби компетенттігі құрылымы. 3. Мұғалімнің теориялық дайындығының мазмұны. Педагогикалық ептілік топтамасының сипаттамасы. 1. «Педагогтың кәсіби компетенттігі» түсінігінің негізі. «Педагогтың кәсіби компетенттігі» түсінігі негізі. Компетенция ретінде лауазымды тұлғаның жеке мүмкіндіктері қарастырылады, оның қандайда бір шешім қабылдаудағы немесе өзінің қандай да бір білімі мен ептілігінің арқасындағы біліктілігі, ептлігн (білімі, тәжірибесін) мүмкіндігін айтамыз. Педагогтың кәсіби біліктілігі түснігі оған өз бетімен және неғұрлым тиімді түрде педагогикаық міндетті шешуге мүмкіндік беретін мұғалімнің, тәрбиешнің жеке мүмкіндіктеін көрсетеді. Ол үшін педагогикалық теорияны білу керек, оны тәжірибеде қолдануға дайын блу керек. Сонымен мұғалімнің педагоикалық компетенттік ретінде оның теориялық білімінің бірлігін және педагогикалық әрекет абрысында оны практикалық түрде қолдану білуін айтамыз. Қажетті психологиялық-педагоикалық білім мазмұны мемлекеттік білім беру жоғары білім бойынша стандарттары арқылы анықталады жән тиісті оқу бағдарламасына нақтыландырылады. Психологиялық-педагогикалық және арнайы білім – қажет, алайда кәсіби компетенттік жағдайы жеткіліксіз. 2. Педагогтың кәсіби компетенттігінің құрылымы. Құрылым педагогикалық ептілік арқылы ашылады да одан арғы әрекетердің бірлігін көрсетеді, олардың жартсы автоматтандырылған болуы мүмкін (ептілік), олар теориялық білімге негізделген және педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған. Мұғалімнің кәсіби компетенттігінің моделі оның теоретикалық және практикалық дайындығының бірлігі ретінде болады. В.А. Сластенин педагогикалық ептіліктің 4 тобын ашып көрсетеді: 1) нақты процестегі мазмұнды тәрбие беру барысында немесе нақты педагогикалық міндет барысында «ауыстыру алу»: жаңа білімді белсенді түрде игеріп алу үшін жеке тұлғаны және ұжымды зерттей білу және осы негізде ұжымды дамытуды және жекелеген оқушыларды дамытуды жобалау, білім берудің, тәрбие берудің және дамыту міндеттерін нақтылау және алғышарттарды анықтау. 2) Логикалық түрде аяқалған жүйені қолданысқа енгізу оны құра білу: білім беру-тәрбиелеу міндеттерін кешенді жоспарлай білу, оны ұйымдастырудың формасын, әдістері мен құралдарын таңдай білу. 3) Тәрбие берудің компоненттерімен және факторларымен өзара байланысын айыра білу оны анықтау; қажетті жағдай жасау (матриалдық, моральдық- психологиялық, ұйымдастырушылық, гигеналық т.б.); оқушының жеке тұлғасын жандандыру, оны объектіден субъектіге айналдыратын оның әрекетін дамыту, өзара әрекетті ұйымдастыру және оны дамыту; мектептің ортамен байланысын қамтамасыз ету, сыртқы жоспарланбайтын әсерлерді реттеу. 4) педагогикалық әрекеттің нәтижесін есепке алу және оны бағалау: білім беру процесін сараптау; доминирлеуші және педагогикалық міндеттерге бағынышты кешенді анықтау. 3. Мұғілмнің теориялық дайындығының мазмұны. Педагогикалық ептілік тобының сипаттамасы. Оқытушыың теориялық дайындығының мазмұны педагогикалық түрде ойлана білудің жалпыланған ептілігіне дайындығы болып табылады, ол педагогтың аналитикалық, прагностикалық жобалық рефлексивтік ептілігінің болуы. Аналитикалық ептілік бірнеше жеке ептіліктерден тұрады. - педагогикалық құбылысты сараптай білу; - әрбір элементті басқалармен байланыста қорыта білу; - педагогикалық теориядан қаралып отырға құбылысқа сәйкес келетін ережені, заңдылықты, табу; - педагогикалық құбылысты дұрыс диагносикалау; - доминирлеуш педагогикалық міндетті қалыптастыру; - оны шешудің оптималды жолдарын қарастыру. Болжамдық ептіліктер білім беру процесін басқарумен байланысты және мұғалімнің санасында басқару субъектісі болып табылатын оның міндеттерімен байланысты. Педагогикалы болжау негізді және педагогикалық процестің логикасын толық білуге, жастық жән жекелік дамуы заңдылығына сүйенеді. Педагогикалық болжау мұғілімнен моделдеу, гипотеза ұсыну, ойша эксперимент, экстраполирлеу т.б. талап етеді. Жобалау ептіліктері білім беру процесінің жобасын жасау арқылы жүзеге асады. Рефлексивті ептіліктер педагогтың бақылау-бағалау әрекетін іске асыру барысында қолданылады, ол өзіне бағытталған мына түрлерді қолдануды меңзейді • алынған нәтижелерді біріктіру негізіндегі бақылау; • әрекеттің болжанған нәтижесі негізіндегі бақылау, ол ойша жоспар құру арқылы орындалған. • Сұрақтарды түсінікті және әсерлі етіп құрау; • БТҚ-ын тиімді қолдану ( білім берудің техникалық құралдары), ЭЕТ (электронды есептеу маашиналарын) және көрнекі құралдарды (кесте, диаграмма, графика, суреттер); • Оқушылапдың оқу материалдарын меңгеру түрін және меңгеру сипатын жедел үрде диагностикалау; • Материалды түсіндірудің логикасы жедел түрде өзгерту (қажет болған жағдайда). Дамыту ептіліктеріне мыналар жатады: • жеке оқушлардың, кластың «жақын арадағы даму зонасын» анықтау; • оқушылардың сезімі мен ерік-жігерін дамыту барысында проблемалық жағдаяттар құру; • бұрын алған блімдерін қолдануды талап ететін мәселе туғызу. Жеке ерекшеліктердің дамуына жағдайлар жасау, осы мақсатты іске асыру т.б. Бағытталған ептіліктер тәрбиеленушілердің моралдық-құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған және олдардың ғылыми танымына, оқу әрекетене тұрақты қызығушылығын көрсетуіне, жеке ептіліктеріне сәйкес келетін кәсіби әрекетін көрсетуге; өзара шығармашылық әрекетті ұйымдастыруға бағытталған. Мұғалімнің коммуникативтік ептілігі – ол өзара байланысқан ептіліктердің бірлігі және педагогикалық ептіліктің дағдының техникасы. Прецептілік ептілік, қарым- қатынас жасаудың бастапқы кезеңінде көрініп басқаларды толығырақ түсінуге бағытталған (оқушыны, мұғілімді, ата-ананы). Ол үшін басқа адамның құндылықтылық бағытын білу керек, ол оның идеялы арқылы, қажеттілігі мен мүддесі арқылы көрінген. Одан басқа оқушының өзі туралы түсінігін білу керек, ол нені қабылдайтынын және неге қарсы болатынын білу керек. Прецептілік ептілікті «енгізу» барырысында аоылған оқушылар туралы мәліметтер педагогикалық қарым-қатынас жасаудың жетістігін көрсетеді. Педагогикалық түрде тіл табыса білу коммуникативтік шаьуыл жасаумен байланысты, яғни өзіне төрт әдіс арқылы көңіл аудартумен байланысты (В.А. Кан-Калик бойынша). • Тілдік вариант (оушыға вербалды түрде тіл қату); • Белсенді түрде ішкі үзіліс (көңіл бөлуді талап ету); • қозғалысты-белгілік вариант (кестені ілу, көрнекілікті ілу, тақтаға жазу т.б.); • Аралас вариант, үш алдыңғы элементтер кіреді. Педагогикалық әрекетті жетістікпен іске асыру үшін мұғалім қандайда бір қолданбалы ептліктердің біреуін жетік білуі керек: көркем (ән айту, сурет салу, музыкалық аспапта йнау т.б.); ұйымдастырушылық, әркім де игере алады (бірнеше спорт түрі, туризм инструкторы, экскурсовод, лектор-үгіттеуші, үйірме жетекшісі т.б.). Негізгі әдебиет: 3,4,7,9. Қосымша әдебиет: 3,5,6,7. Сұрақтар: 1.«Педагогтың кәсіби компетенттігі» түсінігінің негізі қандай? 2. Педагогтың кәсіби компетенттігі құрылымы қандай? № 19-дәріс Тақырып: Мұғалімнің кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуі. 1. Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеудің негізі. 2. Өзін өзі бағалауды қалыптастыру. 3. Өзін-өзі тәрбиелеуді ынталандырушы факторлар. 1. Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеудің негізі. Өзін-өзі тәрбиелеу және кәсіби өзін-өзі жетілдіру жұмысына кіріспес бұрын бастаушы мұғалім ең алдымен өз жұмысының қандай бір мерзіміне сараптамасы болуы керек, оның дұрыс бағалануына және өз жұмысын одан әрі жетілдіруге деген жетекшісінің ұсынысы болуы керек. Өзінің әрекетінің қорытындысын сараптай отырып мұғалім рефлекция жасайды онсыз білім беру процесінің заңдылығын түсіну мүмкін емес, педагогикалық шеберлікке бастайтын қозғалыс жоқ. Кәсіби өзін-өзі дамытудың бастапқы компаненті өздігінен білімін көтеру болып табылады, біз бұл жерде «мақсатты түрдегі жалпы адамдық құндылықтарды әдістемелік және арнайы білім арқылы, кәсіби ептілігі мен дағдысы арқылы игеру бойынша педагогтың танымдылық әрекеті». «Орыс оқытушыларының оқыушысы» деген атақ алған К.Д. Ушинский оқытушы оқу барысында ғана өмір сүреді деп санаған, қазіргі кезеңгі белгілі ғалымдардың бірі Д.С. Лихачев жастарға «Үнемі оқу керек. Барлық ірі ғалымдар тек қана біреуді оқытып қойған жоқ өздері де оқыды. Оқуды тоқтатқан күні – оқыта да алмайсың. Себебі білім үнемі өсіп жетіліп отырады » деген. Өзін-өзі жетілдіру білімі мен тәжірибесі өзін-өзі тәрбиелеудің алғышарттарын құрайды, ол өз кәсіби жекелігін дамытудағы үш бағытын меңзейді: А) өзінің жеке-қайталанбайтын ерекшелігін педагогикалық әрекеттер талаптарына бағыттау; Б) кәсіби компетенттігін үнемі арттырып отыру; В) жеке тұлғаның әлеуметтік-адамгершіліктік басқа да қасиеттерін үнемі арттырып отыру. Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу, ол басқа да әрекеттер сияқты өзінің негізгі күрделі жүйесі, мотивтері, белсенділік мотивтері бар. Әдетте мұғалімдердің өзін-өзі тәрбиелеудің қозғаушы күші мен көзі жетілуге деген қажеттелік арқылы түсіндіріледі. Алайда бұл қажеттілік қажеттілік арқылы талаптар арасындағы қарсылықты шешуді құрамайды. Оқытушыға ұсынылатын Талаптар «өзін өзі ынталандырады немесе оқытушыны осы қарама-қайшылықты шешетін қандайда блмасын әрекеттті олдануға итермелейді». Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу негізінде оқытушының әрекеті негізіндегі сияқты мақсат пен мотив арасында қарама-қайшылық туындап отыр. Мотивтің мақсатқа қара жылжуын қамтамасыз ету - өзін-өзі тәрбиелеуге деген нақты қажеттілік деген сөз.Оқытушының өзн-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілгі одан әрі жеке белсенділгі арқылы көрініп отырады (сенімі; парызын сезіну, жауапкершілік, кәсіби адалдық, дұрыс бағалай білу т.б.). 2. Өзін-өзі бағалауды қалыптастыру. Ғылым өзін-өзі бағалаудың екі тәсілін көрсетеді. Біріншісі өзінің қызығушылығын қол жеткен нітижеге жатқызу, екіншісі - әлеуметтік салстыру, қоршаған ортаның өзі туралы ойын әлеуметтік түрде салыстыру. Осы тәсілдрді қолдану барысында үнемі адекватты өзін-өзі бағалау туындай бермейді. Аздаған үйреніп қалушылық өзн-өзі жоғары деңгейде бағалауға әкеліп соғуы мүмкін тек қана алдына жоғары міндеттер қоятын тәрбиешілер ғана қиындықтарға жолығады.Шығармашылықпен жұмыс істейтін оқытушыны қанағаттандыра алмайды. Өзін-өзі бағалаудың негізгі тәсілі (оның ішінде болашақ) - өз нәтижелерін жеке тұлға идеялымен, тәрбиеші-оқытушының әрекетімен салыстыру осындай жұмыстар алғашқы курстан басталуы керек. Кәсіби идеялды қалыптастырудың ең қарапайым және сенімді тәсілі ол - әлеуметтік әдебиеттерді өз бетімен оқу, атақты педагогтар өмірімен өз идеялын табу мақсатында танысу. Бұл оны өзін-өзі тәрбиелеуге деген жағдайдың тиімді түрі. Осы бағытта еліктеуге тұрарлық ерік жігері мол адамның идеялы тиімді рөл атақарады. Өзін-өзі дұрыс бағалау мен дұрыс есеп беруге жеке күнделік жүргізу де жатады, бұл жерде өзін-өзі тәрбиелейтін субъект өз ептіліктерінің дамуын қадағалай алады. 3. Өзін-өзі тәрбиелеуді ынталандырушы факторлары. Өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандыратын сыртқы факторларға педагогикалық ұжым, мекепті басқару стилі мен бос уақыт факторы жатады. Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеу прцесі мүлдем жеке түрде. Алайда одан үш өзара байланысты деңгейді таңдап алуға болады.; • өзін-өзі ану; • Өзін-өзі жоспарлау; • өзара әрекет ету. Кәсіби өзін-өзі тану еріктік дамуды меңзейді, эмоционалдық саланы, темперамент пен мінезді, танымдылық прцестерінің ерекшеліктерін меңзейді (қабылдау, түсінік, қиялдау, ойлау), сөйлеуді, және адам қасиеті ретіндегі көңіл қоюды меңзейді. Жеке тұлғаның дамуындағы өзін-өзі жоспарлау процесі өзінің өзіндік жекелігін жетілдіруі туралы болжамын іске асыру. Өзін-өзі тәрбиелеудің жоспарын құруға әдетте «өмір ережесі» жүйесі алғышарт болады, ол ақырындап жеке тұлғаның өзін ұстауы мен әрекетінің приниптерін айналады. Мысалы ешқашан ешқайда кешігіп бармау; ешкімге «иә» немесе «жоқ» деген сөзбен жауап бермеу – жауап берудің басқа формаларын іздеу; ешкімге көмек беруден бас тартпау т.б. Өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасымен қоса өзін түзету бойынша жоспар құру жұмысын да атап айтуға болады: ұзақ мерзімге арналған максимум-жопар және қысқа мерзімге арналған минимум-жомпар (бір күнге, бір жұма неесе бір айға). Өзін-өзі тәрбиелеу жұмысын енді ғана бастаған тәжірибесі жоқ адамдарға неғұрлым қарапайым жоспар ұсынылады ол үш тараудан тұрады: өзін-өзі тану және өз білімін көтеру; жоғары оқу орнының оқу материалдарын игеріп алу; өзін-өзі тәрбиелеу. Өзін-өзі тәрбиелеу жұмысының мақсатын дұрыс қою үшін өзінің әлсіз және күшті жақтарын білу керек яғни өзін-өзі толық тану керек. Өзін-өзі танудың маңызды әдістерінің бірі - өзінің дұрыс және теріс тәжірибесін сараптау. «қиындықтар қателіктерінің төлі» тәжірибесі –ең дұрыс оқытушы, үйретуші, ол қымбатқа түседі алайда, өзінен сабақ алады. Екінші әдісі өзіңді таны- өзіңді басқамен салыстыр. Өзара әсер етудің жолдары мен құралдары әр түрлі. Өзіндік ерекшеліктерін және нақты жағдайды есепке ала отырып әр адам оның оптималды бірлігін қабылдайды. Релаксация – тыныштықтың жалпы жағдайы, қатты уайымнан кейінгі немесе дене еңбегінен кейінгі тыншу болмақ. Өзін-өзі тану құралдарының қатарына өзінің психикалық жағдайын игеру де жатады, яғни өзін -өзі реттей білу. Оған әр түрлі тәсілдер, өзінің көңілін басқаға аудару, өзін-өзі тыншыту мен бұлшық еттерін босату (релаксация), сондай-ақ өзін-өзі сендіру, өзіне бұйрық беру, өзін бақылау мен өзін сендірулер т.б. жатады. Интергалды ептілікті жетік меңгеру және педагогикалық тұрғыда ойлау мен әрекет ету байқағыштықты, алдын-ала көре білуді және өз әрекетін және тәрбиеленушілердің әрекетін шығармашылықты түрде жобалау мен дамытуға бағытталған арнайы жаттығуларсыз мүкін болмайды. Соңғы кездері педагогакалық ғылымда студентті мектепте жұмыс істтеуге және басқа да білім беру мекемелерінде жұмыс істеуге дайындаудың жекелік- бағытталған технологиялары жасалып жатыр. Осындай кәсіби түрде толықсудың авторлық бағдарламаның жалпы түрінде мұғалімнің болашағы былай ұсынылады: 1. Жоғар оқу орындарының пәндерін игеру: а) міндетті; б) таңдау бойынша; в) ақылы – жалпы университеттік және профилді. 2. Одан әрі олардың авторлық бағдарламаларын жекелендіру мақсатында біліктілік сипатталудың негізгі тарауларымен танысу. 3. Өзінің кәсіби маңызды жекелік қасиеттерін (КМЖҚ) тестілеу және кемшілігі бар жерлерін толықтыруды белгілеп қою. 4. Жеке қасиетерінің ішіндегі кемшілікті жерлерін жоюды және оны сараптауды белгілеп қою. 5. Өінің кәсіби өміріне жекелікті түрде талаптар қою: денсаулығына, интелектуалды өсуіне т.б. 6. Атақты мұғалімдердің жаңашылдық тәжірибесін зерттеу, оны өзінің болашақ жұмысында қолдану жолдарын ескеру. 7. Авторлық бағдарламаның басқа да тараулары. Педагогикалық қызметкерлердің негізгі талаптары тіркелген негізгі нормативтік құжаттарға, оның ішінде оқытушыларға да қатысты, маманның біліктілігін сипаттау болмақ. Мұғалімнің біліктілігін саралауды көрсетеміз. Мұғалімнің лауазымдық міндетіне мыналар кіреді: • өз пәні бойынша оқытушыларға білім беруді жоғары ғылыми және әдістемелік деңгейде жүргізу • алған білімін тәжірибе түрінде қолдануда ептіліктер мен дағдыны қолдануды қалыптастырып отыру; • оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру және оны бақылап отыру; • тиісті пән бойынша оқу материалын жоспарлау оқу бағдарламасын орындауды қамтамасыз ету; • әдістемелік жұмыстарға қатысу; • оқушыларды тәрбиелеу, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жүргізу; • оқушылардың үлгрімін сараптау, олардың оқа пәнін қадағалауын қамтамасыз етіп отыру; • оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеу, ондай жұмыстарға ата-аналарын қатыстыру; • оқу құралдарын тасу барысында қауіпсіздік талаптарын және өндірістік санитария талаптарын сақтауды қадағалау. Біліктілік талаптарын сәйкес мұғалім мыналарды білуі керек: • өз пәнін, оның мазмұнын және тәжірибе түрінде қолданылуын білуі керек; • білім беру жүйесндегі өз пәнінінң алатын орнын және оқушылардың ғылыми танымын қалыптастыруы; педагогика мен педагогикалық психологияны; • оқушыларды оқытудың формалары мен әдістерін; • еңбек заңнамасының негізін. Оқытушының біліктілігі талаптарының ең маңыздысы жоғары және орта кәсіби- педагогикалық білімінің болуы. Біліктілік сипаттаманы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекітеді және ол педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждердің мазмұнының негізі болып табылады. Осы көрсетілген ережелерге сәйкес студент өзінің жеке авторлық бағдарламасын жасайды, оған өзінің кәсіптік қалыптасуы барысындағы өзінің түзетулерін енгізеді. Студенттердің өзін-өзі тәрбиелеуі мен ерік жігеріне және мінезіне, әдеттеріне және ақыл ойының тәрбиесіне ерекше көңіл бөліну керек. Психология мен басқа да ғылымдардың бүгінгі күнгі жетістіктері осы жұмыстарды жоғары біліктілікпен құруға мүмкіндік береді. Біз болашақ мұғалмдердің өздерінің педагогикалық кәсібиліктерін қалыптастырудағы өздігінен білім алу мен өзін-өзі тәрбиелеу жүргізудегі жұмыстарының кейбір мәселелеріне ғана тоқталып өттік. Олар студенттерге өздері туралы ойлануға, өзінің педагогикалық білімі туралы ойлануға оны тәжірибеге айналдырудағы нақты варианттарды ескеруге мүмкіндік береді. Негізгі әдебиеттер: 3,4,11,12. Қосымша әдебиеттер: 2,3,5. Сұрақтар: 1. Кәсіби өзін-өзі тәрбиелеудің негізі дегенде қалай түсінесің? 2. Өзін-өзі тәрбиелеуді ынталандырушы факторлар қандай? №20-дәріс Тақырып: Мұғалімнің педагогикалық стилінің жеке даралығы 1. Қазіргі заманғы қоғамның мұғалімге қойылатын талаптары. 2. Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық қызметінің жеке даралық стилі. 3. Жеке даралық стилінің негізін құраушы педагогтың компетенттігі. 4. Педагогтың қасиеті ретіндегі рефлексия. Рефлексия түрлері. 5. Педагогикалық әрекеттің жеке стилінің қалыптасу деңгейі. 1. Қазіргі заманғы қоғамның мұғалімге қоятын талаптары. Бүгінгі күні біздің қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық және рухани қайта жаңару жағдайында адамның жеке даралық дамуына көп көңіл бөлініп отыр, оның өзіндік бір қайталанбайтындығына, бірегейлігіне көп көңіл бөлініп отыр. Неғұрлым белсенді, шығырмашылығы көп, сауатты шешімдерді тез қабылдай алатын және оларды өз тәжірибесінде қолдана алатын адамдарға сұраныс артып отыр. Осындай жеке дара адамдарды тек қана бәсекелестігі жоғары, шығармашылықпен жұмыс істейтін жоспарлау мен болжау негіздерін білетін өз кәсібін меңгерген оны жетілдіріп отыратын кәсіби-педагог қана тәрбиелей алады. Мұғілімнің миссиясы қоғамның әлеуметтік-педагогикалық саласын әлеуметтік мәдени түрге ауыстыру болмақ. Бұл жерде әлеуметік тұрғындардың қызметін атқарады, әлеуметтік адаптация мен қоғамның қалыптасуы мен онық құрылу процесін реттеуді іске асырады. Ол осы мәселенің ең басты ғаламдық деңгейі. Осы педагогикалық қоғамға деген талаптар барлық блім беру жүйесін реформалауға итермелейді, ең бірінші ол кәсібиліктің жоғары деңгейі талап етілетін педагогтың жеке тұлғасына көңіл бөледі. Себебі оқушының оқытушы ғана тәрбиелейді,сондықын әрбір оқушының нақты білімі әрбір мұғалімнің нақты білімі мен кәсіби шеберлігіне байланысты болады. Мұғалім білім беруді дамытудың міндеттерін шешетін негізгі субъект болып қала береді. Бұл осы мәселенің екінші бір жекелік деңгейі. Бұл жерде педагогикалық біліктілікті арттыру жүйесін жаңарту нақты мұғілімнің жеке тұлғасының дамуына сұраныс туудан басталуы керек, ол педагогтың перспективті бағытталуына негізделген блуы керек. Келесі қарама-қарсылықтардың туындауы байқалуда: Педагогтың кәсіби қызметінің талаптарына өсіп отырған талаптар арасындағы және мұғалімнің жеке оқу бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ететін және әлеуметтік компетенцияларды құруға педагогтың кеңестікті құруға дайын болмауы; Педагогтың кәсіби қалыптасқа қызметі мен модель ретінде құрылған дәстүрлі «білімділік» педагогикалық қызмет парадигмасына негізделген кәсіби білім беру арасындағы; Білім беру процесіндегі субъектілерінің дамуындағы үзіліссіз ауысып отыратын талаптарға аяқ асты әсер ету мен педагогты даярлаудағы қалыптасқан жүйе арасындағы; Жоғары компетентті маманға деген әлеуметтік тапсырыс пен осындай теріс құбылыстарды жоюға құрылған, бұрынғы педагогикалық критерилер сияқты механизмдердің жоқтығы арасындағы, педагогикалық көнеру, педагогтың кәсіби өсуінің кемуі мен тоқтауы сияқты. Педагогикаық қызмет өзінің табиғаты жағынан әлеуметтік бола отырып жеке тұлғаның мүмкіндігіне байланысты оның өз кәсіби компетенттігін қаншалықты іске асыра алына байланысты болады. Б.М. Тепловтың айтуынша: «Қабілет деп жеке дара бір адамды екінші адамнан айырып көрсететін психологиялық ерекшелікті айтамыз.Қабілет қандай да болмасын жеке даралық ерекшелікті атауға болмайды, тк қана қандайда бір немесе бірнеше әрекеттерді жетістікпен атқара алатын ерекшелікті айтуға болады. Қабілет осы адамдағы қолдан құрылған білімге жатпайды». Компетенттік – бұл адам бойындағы қандай да бір сала бойынша жинақталған білім мен тәірибе, яғни қызметке «өз ісін біле» кірісе алатын ептілікті жалпы бағалаушы термин. Әдетте ол нақты бір әлеуметтік-кәсіби статусы бар адамдарға қолданылады, оның түсінігінің, білімі мен ептілігінің өзі атқаратын міндеттердің күрделігіне және шешетін мәселесінің күрделігіне сәйкес келетін адамды айтамыз. Негізгі компетенттікті айырып көрсету бірнеше себептерге байланысты: Біріншіден, олар өз бойына білімді құрайтын интеллектуалды және дағдылықты жинақтаған; Екіншіден, «компитенттіктің негізгі көрсеткіші» түсінігіне нәтижеден құрылатын білім беру мазмұнынын интерпретациялау идеясы кіреді; Үшіншіден, негізгі компитенттік интегративтік түрде болады, оған мәдениет пен әрекеттің кең түрдегі саласына кіретін бірнеше ептіліктер мен білім кіреді (ақпараттық, құқықтық т.б.) 2. Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық қызметінің жеке даралық стилі. Төменгі сынып мұғалімінің ПҚЖС (педагогтық қызметтің жеке дара стилі) оның қызметінің, қызметінің, ирархиялық құрылымының жүйесі ретінде мына сипатар арқылы ұсынылады. Мазмұндық сипаттар: 1) болашақ оқытушының алғышартты бағыты: а) оқу процесіне; б) оқу нәтижесі мен процесіне; в) білім беру нәтижесіне; 2) адекваттық – адекваттық емес түрде оқу-тәрбие процесін жоспарлау; 3) оперативтік- педагогикалық қызмет түрлері мен құралдарын қолдану барысындағы консервативтік; 4) рефлективтік –интуитивтік. Динамикалық сипаттама: 1) икемділік – дәстүрлілік; 2) импульстық- сақтық: 3) тұрақтылық - өзгеріп отыратын жағдайларға деген тұрақсыздық; 4) оқушыларға деген бір қалыпты эмоционалды-дұрыс қарым-қатынас – тұрақсыз эмоционлды қарым-қатынас; 5) жеке басының алаңдаушылығы – жеке басының алаңдаушылығының болмауы; 6) қолайсыз жағдайда рефлексияны өзіне бағыттау – жағдайға бағыттау-басқа адамдарға бағыттау. Нәтижелі сипаттар: 1) бірегейлік – оқушылардың білімінің бірегейсіздігі (белгілі бір уақыттағы); 2) Тұрақтылық – оқушылардың білім деңгейінің бірегей еместігі; 3) пәнді оқуға деген жоғары –ортаңғы – төмен деңгейдегі қызығушылықар. Жоғарыда айтылғандар болашақ төменгі сынып оқытушыларының педагогикалық әрекеттің стилінің интегрирленгендігін көрсетеді. Жекелік стилдің интегрирленген сипатына басқа мұғалімдер қалай қарайды. 3.Жеке даралық стилінің негізін құраушы педагогтың компетенттігі. Педагогикалық қызметтегі жеке дара стилді құру үшін педагогтың мына компетенттері маңызды болап саналады.: Жеке тұлғаның құндылықты-мағналық бағыт алуы. • өзінің ісіндегі өз рөлін сезіну • өзін-өзі көрсетуге деген қажеттілік • өмірін және кәсіби қызметін қызығушылықпен құру Коммуникативтік компетенция: • әр тілде ауызша және жазбаша түрде сөйлеудің технологиясын білу • оның ішінде компьютерлік бағдарламаны, Интернет арқылы сөйлесу жолдарын білу Ақпараттық компитенция: • өз бетімен іздену, сараптау және қажетті ақпаратты таңдай білу; • педагогикалық қызметті нормативті-құқықтық түрде қамтамасыз ету; • ақпараттық технологияны меңгеру Жалпы мәдени компетенттік: • ұлттық, жалпы адамдық мәдениетті білу; • өзіндік жеке аксиологиялық жүйені рефлектирлей білу; • әр түрлі этномәдениетке деген толеранттық. Өзіндік дамудың компетенциясы: • өзінің жеке даралық потенциалын жандандыруға деген қажеттілік; • өзін-өзі дамытуға деген ептілік Танымдылық-шығармашылықтық компетенция: • мақсатты анықтай білу, жоспарлау, оқу-танымдылық қызмет рефекциясын білу; • шығармашылық ептілігін дамыту; • өз бетімен жаңа білімдер алуға деген ептілік Әлеуметтік-еңбек компетенттігі: • өзіне жауапкершілік ала білу; • қоғамның талабы мен өзінің қажеттілігін ұштасуын көрсету; • кәсіби қызметті өз бетімен орындауға деген дайындығы. Педагогтың кәсіби компетенттігі: • белсенді өмір сүру; • кәсіби білім мен ептілік; • кәсіби жекелік қасиеттер; • шығармашылықтық ептіліктер. Бұл жерде жалпы мәдени коптетенттік жалпы негізде болады. 4. Педагогтың қасиеті ретінде рефлексия. Рефлексия түрлері. Жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде педагог оқушыларды тани отырып, оларға өздерін шығармашылықты жеке тұлға ретінде тани отыруға шықыра отырып олдармен қарым-қатынас жасау жүйесін құрады педагогикалық қызметті әрбір оқушының жекелік негізін дамытуға қарай бағыттайды және өзін жеке тұлға ретінде және кәсіби тұлға ретінде дамытады. Бұл үрдіс педагог өзіне-өзі рефлексияны қолданған кезінде ғана мүмкін болады. Рефлексия – ол өзіне өзі бағытталу, өзін объекті ретінде басқара білу, өзінің спецификалық білімін игеру - өзін-өзі тану ептілігі. Бұл жерде педагогикалық қызметтің рефлексиясын педагогикалық қызметті атқарып жүргендердің барлығына тән қасиет ретінде қарау керек. Рефлексия мен ептілігі жоғары болған сайын, мәдени педагогикалық қызметтің де жалпы мәдениеті жоғары болады. Педагогикалық рефлексияның келесі деңгейлерін ерекше атауға болады: Репродуктивті– педагог өзінің педагогикалық әрекеттерінің нәтижесн қарапайым тұрмыстық тілде жеткізіп бере алады. Бұл жерде педагог педагогикалық мәселенің актуалдығын және күрделілігін бағалай алмайды; қандай болмасын педагогикалық міндет тез шешіледі деп санайды; оқушылардың өздерін ұстауы мен интеллектуалдығын субъективті тіүрде бағалайды (ұнайды- ұнамайды); Аналитикалық – педагог өзінің педагогикалық қызметін осы мезетте игеріп алған алгоритмдермен сәйкестендіріп шеше алады. Бұл жерде неғұрлым таныс психологиялық-педагоикалық ғылымды қолданады, мақсатты педагогикалық бақылау жүргізеді, тәжірибесі бар жұмыс ұйымдастырады; оқу-бағдарламалық құжатты түзете алады (жобалайды); оқушылардың әрекетін нәтиже бойынша бағалай алады; Болжамды – педагог педагогикалық мәселені мұғалім өз бетімен құрып сараптай алады, оның өзектілігі мен күрделілігін бағалай алады; өзіне белгілі педагогикалық процестердің ішінен педагогикалық процесті сараптау әдісін таңдап ала алады; педагогикалық және білім беру қызметін сараптау үшін жалпы ғылыми әдістерді жүйелі түрде қарап, таңдап ала алады. Жүргізлген сараптау негізінде педагогикалық әсер ету жолдарын белгілейді. Ал жалпы ғылыми әдістерді қолдану осы әсердің нәтижесін көп немесе кем дәлдікпен әсер еткенін болжауға мүмкіндік береді. Философиялық-конструктивтік – педагог өз қызметінің әлеуметтік, жалпы адамзаттық мағынасын анықтайды. 5. Педагогикалық әрекеттің жекелік стилінің қалыптасу деңгейі. Педагогикалық қызмет ғылым мен өнердің тоғысуы бола отырып үнемі шығармашылықты меңзейді, мәселені шешуге стандартты емес жағдайда келуді меңзейд; жаңа әдістер құруды, әдістер мен құралдар формаларын жәнебірегей үйлесімдіктер құруды меңзейді; қолда бар тәжірибені тиімді қолдануды; белгілі әдістерді жаңа міндеттерге сәйкестендіре отырып модернизациялау мен жетілдіруді; нақты білім мен компетенттік есепті сәтті импровизациялауды; қандай да бір мәселені шешуде «варианттардың бастысын» көре білуді; әдістемелік ұсыныстарды, нақты бір педагогикалық әрекетке айналдыра білуді т.б. көрсетеді. Сондықтан жеке дара стилдің негізгі көрсеткіштік деңгейі– креативтік көрсеткіш, белсенді түрде атқарушылық пен қате құрылған әрекетке технологиялық даярлылық. Педагогикалық қызметтің жекелік стилі бірнеше қалыптасу деңгейінде болады: Адаптивті деңгей педагогтың педагогтық шынайылықққа тұрақсыз түрде қарауы, нақты педагогтық қызметтің міндеті мен мақсаты олардың жалпы түрімен анықталған жағдайда олар қызеттің бағытталуы мен критериі болады. Кәсіби-педагогикалық қызметті педагог алдын ала құрылған алгоритмім болып кеткен кесте бойынша жасайды шығармашылық оған тән емес. Репродуктивті деңгейдегі педагог педагогикалқ шынайылыққа құндылықты түрде тұрақты қарауға бейім, педагогикалық процеске қатысушылар арасында субъективті-субъективтлік қарым-қатынастар құрады, оған педагогикалық қызметтің қанағаттанарлығының жоғары индексі тән. Шығармашылықтық белсенділік қызмет ету шектерімен шектелген, алайда жаңа шешімдер іздеу элементтері туындап отырады. Қажеттіліктің педагогикалық бағыттары, қызығушылығы, бейімділіктері қалыптасады; ойша репродуктивтік формадан ізденіс фомасына ауысу байқалады. Креативтік деңгей – көбіне мақсатты бағытпен сипатталған, кәсіби қызметтің тұрақтылығы мен жолдары және әдістері арқылы сипатталады. Педагогтың оқушылармен, әріптестермен, айналасындағы адамдармен өзара қарым- қатынасыкөрініп тұрған гуманитаклық бағыт арқылы ерекшеленеді. Педагогикалық ойлаудың құрылымында педагогикалық рефлексия, эмпатия маңызды орынға ие ол тәрбиеленушінің жеке даралығын толық түсінуді қамтамасыз етеді, оның әрекеттері мен қылықтарын толық түсінуді қамтамасыз етеді. Креативтік деңгей педагогикалық қызметтің жоғары деңгеймен, психологиялық-педагогикалық біліммен, қызметтестік қарым-қатынасқа деген және оқушылар мен әріптестеріне деген қарым-қатынастарын бекітумен ерекшеленеді. Сонымен Жеке тұлғаның құрылымында ғылыми және педагогикалық қызығушылықтар және қажеттіліктер үйлесмді түрде беректерелген; дамыған педагогатық рефлексия мен шығармашылықтық өзінділік жеке-психологиялық тиімді түрде өзін-өзі көрсетуге жағдай жасайды жеке тұлғаның интеллектуалдық мүмкіндіктерін көрсетеді. Негізгі әдебиет: 1,3,4,8,9. Қосымша әдебиет: 3,4,5,7,9. Сұрақтар: 1. Қазіргі заманғы қоғамның мұғалімге қойылатын талаптары қандай? 2. Бастауыш сынып мұғалімінің педагогикалық қызметінің жеке даралық стилі қандай? 3. Рефлексия дегеніміз не? №21-дәріс Тақырыбы: Өзін-өзі тану мұғалімінің портфолиосы және оқушының портфолиосы Портфолионың мақсаты: педагогтың және оқушының жеке кәсіби жетістіктері мен жұмыстарының нәтижелігін ұсыну. Мұғалімнің портфолиосы – бұл педагогтың жұмысын бағалаудың баламалы формасы ретінде қарастырыла алатын педагогтың жеке жетістіктерінің жиынтығынан тұратын құжаттар жинағы. Портфолионың міндеті: 1. Педагогтың кәсіби-тұлғалық сипаттамасын қалыптастыру; 2. Кәсіби өзін-өзі ұйымдастыруды, негізгі құзыреттіліктерді дамыту; 3. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелігін арттыру; 4. Мұғалімнің педагогикалық шығармашылығына көмектесу. Портфолионың құрылымы: 1. жалпы мәліметтер: • фотосурет (қызықты, отбасымен, балалармен түскен фотосуреттер де жарайды); • аты-жөні, тегі; • туған жылы; • жұмыс орны; • білімі (дипломның көшірмесі); • гтүрлі саладағы жетістіктері; • грамоталар, дипломдардың, құрметті атағы мен деңгейлерінің болуын растайтын құжаттардың көшірмесі; • біліктілікті арттыру куәлігінің көшірмесі. 2. Өзін-өзі презентациялау (өзі туралы мәліметтер). Еркін формада, қызықты түрде, әрбір блок бойынша диагностикалық материалдар мен нәтижелерді беру, сондай-ақ жеке өсуінің даму болашағы туралы өзінің пікірін жазу. • Мен – адаммын (табиғи қасиеттер, сырт бейнесі, жеке-даралығы т.б.). • Мен – тұлғамын (мінезі, қалауы, жарқын бейнесі т.б.). • Мен және менің отбасым (еркін түрде). • Мен – кәсіби маман (қызығушылығы, қажеттілігі, жетістігі, «Өзін-өзі тану» пәтуралы). • Мен және қоғам (Мен әлемнің ішінде, әлем менің ішімде, менің ерекше қасиеттерім). • Өз-өзімен әңгімелесу, өзіне өзі туралы айту (өзінің мақсаты туралы, өмірдік мәні туралы, тағдыры туралы, қарым-қатынастар туралы, жетістіктері туралы, талдау, бағалау, болжам, рефлексия т.б.). • Менің өмірлік ұстанымым (ол туралы әңгімелеу, талқылау және негіздеу т.б. • Менің бағдарым және идеалым (өмірлік, маңызды). 3. Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелері. Аталған бөлім адамгершілік-рухани тәрбие беру бойынша педагогикалық іс-әрекеттердің нәтижелер қарқынын көрсететін материалдардан тұрады. • Балалардың білім бағдарламаларын меңгеру нәтижелері бар және олардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуы туралы материалдар. • Үш жылғы іс-әрекет туралы салыстырмалы талдау (диагностиканың нәтижелері). • Балалардың - олимпиадалар, фестивальдер, жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздарының тізімі. 4. Ғылыми-әдістемелік іс-әрекет. Бұл бөлім педагогтың кәсібилігі туралы куәлік беретін материалдардан тұрады. • «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуды таңдау негізделетін материалдар. • Пән бойынша өткізілген шеберлік сыныптарының, семинарлардың тізімі. • Конференциялар мен педагогикалық кеңестердегі баяндамалар. • Сайыстарға қатысу. • Жарияланымдар тізімі. • Адамгершілік-рухани тәрбие беру бойынша үздік сабақтардың, шаралардың материалдар (бейнематериалдар). • Өздігінен білім алу бағдарламасы. • Басқа құжаттар. 5. Сабақтан тыс іс-әрекет. • Өзін-өзі тану мәселелері бойынша ата-аналармен, әріптестермен өзара әрекеттесу. • Өткізілген шаралар бойынша материалдар 6. Оқу-материалдық база. Бөлімде пән бойынша білім үрдісінің оқу-әдістемелік және техникалық жабдықталуын растайтын құжаттар болады. • Кабинеттегі анықтама және энциклопедиялық әдебиеттердің тізімі. • Оқытудың техникалық құралдарының болуы. • Көрнекілік құралдардың тізімі. • Оқу үрдісін қамтамасыз ететін тәрбие беру технологияларының, ойындардың т.б. құжаттардың тізімі. Портфолионы рәсімдеу Өзін-өзі тану мұғалімінің портфолиосы аталған мектепте қабылданған форма және құрылымға сәйкес жинақтау папкасында рәсімделеді. Педагогтың папкаға өзінің даралығын сипаттайтын материалдарды, қосымша бөлімдерді қосуға құқығы бар (өзінің қалауы бойынша). Портфолионың материалдарына айы, күні жазылуы керек. Директордың орынбасары немесе тәжірибелі әдіскер мұғалім педагогтарға жинақтау папкасын әзірлеу бойынша көмек көрсетеді. Портфолионың презентациясы Портфолионың презентациясы шығармашылық топтың отырыстарында, семинарларда өткізіледі. Презентация көрме, слайд-шоу, баяндама түрінде өткізілуі мүмкін. Презентацияның мақсаты – қысқа уақытта педагогтың нақты кезеңдегі іс-әрекетінің негізгі нәтижелерін ұсыну. Оқушының портфолиосы Портфолионы құру бойынша ұсыныстар Адам жетіле түсу үшін кез-келген іс-әрекет бағалауды қажет етеді. Бағалау – өте көлемді ұғым: ол үрдістен және жұмыс нәтижесінен тұрады. Сонымен қатар бағалау әртүрлі іске асырылуы мүмкін: 1. Сандық көрсеткіш түрінде: • баға; • балл; 2. Сапалық көрсеткіш түрінде: • жұмыс үрдісі мен оның нәтижесі туралы ауызша баға беру; • эмоционалды реакция. Осылайша, бағалау тек баға қоюмен шектелмейді. Қазіргі білім беру барынша дараланған, дифференцияцияланған бола түсуде және оқушылардың білім нәтижелерін бағалауда жаңа әдістерді талап етеді. Сондықтан портфолионы енгізу осы мәселені шешуде қажетті жағдай болып табылады. Портфолио (франц. porter - баяндау, айту, folio - бет, парақ) - жетістіктердің жиынтығы, досье. «Портфолио» ұғымы бізге Батыс Еуропадан XV-XVI ғасырлары келген. Қайта жаңғыру дәуірінде сәулетшілер «портфолио» деп аталатын ерекше папкадағы өздерінің құрылыс жобаларының әзірлемелері мен дайын жұмыстарын тапсырыс берушілерге ұсынған. Қазіргі уақытта бизнес саласында портфолио фирманың жетістіктерін көрсету үшін қолданылады, ал фотосуретшілер мен фотомодельдер арасында фотосуреттер альбомы ретінде пайдаланылады. Білім беру саласында портфолионы пайдалану идеясы АКШ-та 80-жылдардың ортасында пайда болды. Өткен ғасырдың аяғында мектептерде портфолионы пайдалану бүкіл әлемде әйгілі болды. Портфолио – бұл оқушылардың жеке жетістіктерін белгілеу, жинақтау және бағалау тәсілі, ол бағалау үрдісіне ғана емес, өзін-өзі бағалау үрдісіне де бағытталған [1]. Портфолионың негізгі мақсаты - оқушыларға өздерінің іс-әрекеттерін талдай алу қабілеттерін дамытуда көмек көрсету, оны жалпы қабылданған стандарттармен салыстыру және оның негізінде өзінің энергиясын қайта қарастыру, жетілдіру, қайт бағыттау, жетістікке жету үшін бастаманы қолға алу. Портфолио бағалаудың қазіргі тиімді түрі ғана емес, сондай-ақ маңызды педагогикалық міндеттерді шешуге көмектеседі: • оқушылардың жоғарғы оқу мотивациясын қолдау, • олардың белсенділіктерін және дербестіктерін ынталандыру, оқыту және өзін-өзі оқыту мүмкіндіктерін кеңейту; • оқушылардың рефлексивті және бағалау (өзін-өзі бағалау) іс- әрекеттерінің дағдыларын дамыту; • оқу, мақсат қою, өзінің іс-әрекетін жоспарлау және ұйымдастыру іскерлігін қалыптастыру; • оқушыларға білім беруді жеке-дараландыруға ықпал ету; • тиімді әлеуметтену үшін қосымша алғышарттар мен мүмкіндіктердің негізін қалау. Бағалаудың аталған түрі тек негізіг мектептеде ғана емес, сондай-ақ бастауыш сыныптарда және мектепке дейінгі мекемелерде пайдаланылады [3]. Портфолионың мәні: 1. оқу, жеке жетістіктерді және бағалауды кіріктіреді; 2. алуан түрлі іс-әрекеттердің нәтижелерін талдау арқылы оқушылардың қабілеттерін, олардың тұлғалық қасиеттерін сандық және сапалық бағалауын біріктіреді; 3. бағалауды, өзін-өзі бағалауды, өзара бағалауды, өзін-өзі талдауды және өзін-өзі бақылауды ынталандырады; 4. педагог пен оқушыны әріптестікке бағыттайды; 5. үздіксіз білім беру үрдісінде үздіксіз бағалауды құрады. Портфолионы құру кезіндегі ұсыныстар 1. Портфолионы рәсімдеу және материалдарды жинақтау кезінде тек «еріктік» (ең алдымен, баланың көзқарасы бойынша) ұстанымы пайдаланылуы керек. Өзінің портфолиосына материалдар жинақтайтын оқушы жеке жетістіктер папкасына қандай құжаттар мен материалдарды салатынын өзі шешеді. 2. Портфолионы рәсімдеу және материалдарды жинақтау кезінде ата-аналардың және басқа үлкендердің көмегі мен қолдау қажет, алайда бұл үрдісте баланың орнын толық басуға болмайды. Баланың өзі белгілі бір күш-жігер салу керек, өйткені портфолионы жинақтау кезінде тек ақырғы нәтиже ғана маңызды емес, сондай-ақ оқушы өзінің жетістіктерін ұғынуы, қол жеткізген нәтижелеріне жеке қарым-қатынасын қалыптастыруы қажет. Бұл балаға өзінің мүмкіндіктерін ұғынуға көмектесетін маңызды педагогикалық талап. 3. Оқушы өзінің портфолиосының материалдарымен өз бетінше жұмыс істеуі керек, алайда үлкендер белсенді көмек көрсеткені жөн. Ең алдымен, портфолио үшін материалдарды жинақтау мен жүйелеудің қажеттілігі туралы есіне түсіріп отыру арқылы. Оқушыға өзінің жетістіктерін көрсетудің түрлі әдістерін пайдалануға кеңес беруге, оқушылардың ғылыми конференцияларына баяндама немесе хабарлама дайындаудың мүмкіндігі және орындылығын көрсетуге болады. Осындай жұмыстарды кез- келген педагог, өзінің пікіріне мәжбүрлемей, атқара алады, сонымен қатар бағалау оқушылардың белсенділіктерін ынталандырады. Мысалы, оқушыға қызықты әлеуметтік жобамен айналысатын топтың жұмысына қосылуға кеңес беру. Осылайша, оқушының портфолиоға материалдар жинақтау туралы мәселені өз бетінше шешу құқығынан айыруға болмайды, сондай-ақ оны қажетті психологиялық және практикалық қолдаусыз да қалдырмау керек. 4. Портфолионы әзірлеу кезінде қосымша және кәсіби білім беру ұйымдарына, балалардың қоғамдық ұйымдарына жиі бару керек, оқушыны олар өткізетін шараларға қатысуға ынталандыру қажет. Бұл мектептер ұсынатын олимпиадалар, сайыстар және викториналардың тар шеңберінен шығуға мүмкіндік береді. Өйткені бұл шараларға пәндерге деген қызығушылықтары бар болса да, әрбір оқушы қатыса алмайды. Сондықтан аталған әлеуметтік орталарға бару оқушының портфолиосы үшін материалдарды джинақтау мен жеке жетістіктерін көрсетуде мүмкіншіліктерін кеңейтеді. 5. Портфолионы әзірлеу кезінде материалдарды көптеп жинақтаумен және басқа оқушылармен «ал менде екі пікірге артық» деген ұстаным бойынша жарысумен елігуге болмайды. Портфолио үшін құжаттар мен материалдарды жинақтауға барынша мұқият болу керек. Өйткені олардың саны емес, сапасы маңыздырақ. Портфолионың құрылымы 1. Алғашқы бет (түсқабы); 2. мазмұны; 3. бірінші бөлім: «Менің портретім»; 4. екінші бөлім: «Құжаттар портфолиосы»; 5. үшінші бөлім: «Жұмыстар портфолиосы»; 6. үшінші бөлім «Пікірлер портфолиосы»; 7. бесінші бөлім: «Жинақ сандықша» (жадынамалар, нұсқаулар, пайдалы ақпараттар). Бөлімдер 1. Менің портретім - жеке мәліметтерден, автобиографиядан және балаға мінезін, қабілеттерін талдауға, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тану, өзін- өзі талдау әдістерін, мақсат қоюды білуге, осы мақсатқа қол жеткізу жолдарын айқындауға көмектесетін психологиялық диагностиканың нәтижелерінен тұрады. 2. Құжаттар портфолиосы – сертификатталған (құжатталған) жеке жетістіктердің жинағы. Құжаттардың көшірмесін беруге болады. 3. Жұмыстар портфолиосы – түрлі шығармашылық, зерттеу жұмыстарының, рефераттардың, жобалардың (пайдаланылған әдебиеттері көрсетілген), қысқаша сипаттамасы бар модельдер мен макеттердің, тізімі көрсетілген шығармашылық жұмыстардың жинағы, сондай-ақ ғылыми конференцияларға, оқу семинарларына, мектептік мейрамдарға, шараларға қатысу. 4. Пікірлер мен ұсыныстардың портфолисы – оқушының мұғалім ұсынған іс- әрекеттің әлуан түріне қарым-қатынасының сипаттамасы, оқушының өзінің нақты іс-әрекеті мен оның нәтижелеріне жазбаша өзіндік талдауы. Бөлім оқушының адамдарға, оқиғаларға, іс-әрекеттің түрлеріне қарым- қатынасының сипаттамасынан тұрады (БАҚ мақалалары, мақалаға пікір, мұғалімнен, ата-ананың, достарының пікірлері). Назар аударыңыз! 1. Портфолио бағдарламасын іске асыру бірнеше жылдарға есептелген, бұл маңызды білім нәтижелерінің траекториясын құруға мүмкіндік береді, баланың жеке дамуын бақылауды қамтамасыз етеді, алған білім, білік, дағдыларын тәжірибе жүзінде пайдалана ару қабілеттерін көрсетеді. 2. Портфолиомен жұмыс істеу технологияны пайдалануды (іскери ойындар, тренингтер, топтың іс-әрекеттер), баланың өз бетінше жұмыс істеуі мен педагогпен жеке өзара әрекеттестігін қарастырады. 3. Портфолиомен жұмыс істеуге ата-аналар, пән мұғалімдері, қосымша білім беру педагогтары, психологтар тартылады. Жұмысқа сынып жетекшісі жетекшілік етеді. Әдебиеттер 1. Гайтукаева И.Ю., Юдина И.Г. Тірі бағалау: «Мектептегі портфолио» бағдарламасы. - Панорама , 2006. 2. Жайтапова А.А. Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің кәсіби өсуі. – Алматы, 2006. 3. Новикова Т.Г. Портфолионың түрлі модельдерін құрастыру. // Әдіскер. – 2005. - №3. 4. Мектептегі тәрбие беру үрдісін басқару. // Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының ғылыми-әдістемелік журналы. – 2005. - №5 ----------------------- Будда ----------------------- 97
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz