Файл қосу

Қолданбалы физика



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                                                 |
|БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                                              |
|ШӘКӘРІМ атындағы                                                          |
|СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                                            |
|3 денгейлі СМЖ құжаты   |ПОӘК                    |                        |
|                        |                        |ПОӘК 041-18-6.1.65/     |
|                        |                        |02-2013                 |
|ПОӘК                    |                        |                        |
|Студенттерге арналған   |2013 ж. «__»_______     |                        |
|пәннің бағдарламасы     |№ 1 басылым             |                        |
|«Қолданбалы физика»     |                        |                        |









                     ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
                             «Қолданбалы физика»
               «5В072300» – «Техникалық физика» мамандығы үшін

                  СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ





















                                    Семей
                                    2013
                                   Кіріспе


      1 ҚҰРАСТЫРҒАН
      Құрастырушы   ________ «__»_______ 2013 ж.
      Сейсенбаева М.К., «Техникалық физика және жылуэнергетика» кафедрасының
аға оқытушысы.


      2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
      2.1 «Техникалық физика» кафедрасының отырысында.
      «__» ______ 2013 жылы, № 1  хаттама.
      Кафедра меңгерушісі ___________ О. Степанова.


      2.2  Инженерлік  -  технологиялық  факультеттің  оқу-әдістемелік  бюро
отырысында
      «__» _______ 2013 жылы, № 1  хаттама.


      Төрайымы ______________ С. Толеубекова


      3 БЕКІТІЛГЕН
      Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында  қабылданған  және
баспадан шығаруға кеңес берді.
       « __» _______ 2013 жылы, № 1  мәжілісхат.


      ОӘК төрайымы, проректор __________  Г. Искакова


      4 АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН.

                                   МАЗМҰНЫ

  1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР    4
  1.1 Оқытушының және пәннің жалпы мағлуматтар.   4
  1.2 Пәннің мазмұның қыскаша сипаттау 4
  1.3 Пәнді оқудың максаты  4
  1.4 Пәнді оқып-білудің негізгі міндеті     4
  1.5 Оқып-білудің нәтижесі 4
  1.6 Курстың пререквизиттері     5
  1.7 Курстың постреквизиттері    6
  2 САБАҚТАР ТҮРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПӘН САҒАТТАРЫНЫҢ БӨЛІНУІ ЖӘНЕ ПӘН МАЗМҰНЫ
  6
  3 ПӘНДІ ОҚЫП-БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР     7
  4 КУРС ФОРМАТЫ 8
  5 КУРС САЯСАТЫ 8
  6 БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ     9
  7 ӘДЕБИЕТТЕР   10
  7.1 Негізгі әдебиеттер    10
  7.2 Қосымша әдебиеттер    10











1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


      1.1 Оқытушының және пәннің жалпы мағлуматтар.

      Оқытушы – Сейсенбаева Маржан Касымхановна, аға оқытушы.
      Кафедра – Техникалық физика және жылуэнергетика.
      Байланыс ақпараты  – тел: 53-82-50, №9 ғимарат, №201 кабинет.
      Сабақты өткізу орны – дәрісхана № ____
      Берілген пән бойынша кредиттер саны – 2;

      1.2 Пәннің мазмұның қыскаша сипаттау

      «Қолданбалы физика» пәні техника мен ғылымның жаңа бағыттарын дамытуға
қосқан үлесі мол. Соның ішінде физиканың, құралжасаудың, ғарыштың,  биология
мен медицинаның дамуына айтарлықтай әсер етті.  Осыған  байланысты  бірқатар
жаңа бағыттар қалыптасты. Олар криэлектроника, криобиология,  криоэнергетика
т.б.   Қатты,   сұйық   және   газ   тәріздес   денелердің    жылуфизикалық,
электрөткізгіштіктері температураға тәуелді. Олардың төмен  температураларда
қасиеттері шұғыл өзгереді. Жеке жағдайларда жаңа  құбылыстар  пайда  болады.
Сондықтан, қолданбалы  жылу  физикасы  пәні,  осындай  жүйелерге  байланысты
есептерді шешу, жобалау, құрал-жабдықтарды  құрастыру  кезінде  ерекше  орын
алады.

      1.3 Пәнді оқудың максаты

      120 К дейін және одан төмен  температураларда  болатын  процестер  мен
құбылыстарды,   және   осы   температураларда    заттардың    жылуфизикалық,
механикалық және электрлік қасиеттерін оқып үйрену. 120 К  дейін  және  одан
төмен   температураларға   орталарды   суыту   сұрақтары,   және      сондай
температураларды ұстауға арналған  циклдардың  динамикалық  негіздерін  оқып
үйрену.

      1.4 Пәнді оқып-білудің негізгі міндеті

      Болашақ маман  инженерлік  ойлау  мен  нақтылы  жағдайлардағы  негізгі
термодинамикалық түсініктері мен  заңарды,  криогендік  жүйелердің  жұмыстық
заттарының қасиеттері, төмен температураларды алу  негізгі  әдістері,  төмен
температураларды   алуға   негізделген    циклдардың    динамикасы,    төмен
температураларда  конструкциондық  материалдардың   механикалық   қасиеттері
туралы дағдыларды қалыптастыру болып табылады

      1.5 Оқып-білудің нәтижесі

      Пәнді оқып үйрену нәтижесінде студент мыналарды:
      Білу керек:
      - заттың  сәулеленумен  әсерлесуі  және  радиоактивтіліктің  негізнһгі
ұғымдары;
      - иондаушы сәулеленудің түрлері мен өлшеудің әдістері;
      - сәулеленудің дозиметрлік бірліктері;
      -  дозиметрлік  құрылғылардың  жұмыс  істеу  принципі,  сонымен  қатар
иондаушы сәулеленудің көздерімен жұмыс істеудің санитарлы ережелері;
      Меңгеру керек:
      - мүмкін болатын радиациялық ортаның әдістерін болжау және бағалау;
      Игеру:
      -  Иондаушы  сәулеленудің   көздері   мен   тұрғындардың   радиациялық
қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының заңдары;
    Істей білу керек:
      - сәулеленудің  экспозициялық,  жұтылған,  эффективті  және  күтілетін
мөлшерінің анықтаудың есептеулерін жүргізу;
      Түсіну керек:
      - дозиметрлік басқаруды жүзеге асыратын негізгі принциптері;
      Хабардар болу керек:
      - сәулеленудің биологиялық іс әрекеттері туралы;
      - матаға иондық сәулеленумен әсер  еткенде  пайда  болатын  өзгерістер
туралы;
      - АЭС – ның қоршаған ортаға әсері туралы;
      - иондаушы сәулеленудің көздерінен қоршаған ортаны ластау  дәрежесінің
әсері туралы;
      Іс тәжірибелік дағдыларға ие болу:
      - иондаушы сәулеленудің түрлерінен қорғану туралы  білімі  мен  талабы
туралы.
      -  криогендік  жүйелердің  жұмыстық  заттарының   қасиеттерін,   төмен
температуралы процестер  туралы  ақпараттар  алу  әдістері  мен  тәсілдерін,
криогендік жүйелердің негізгі кең  таралған  процестерін  есептеу  әдістерін
білуі;
      - температура мен қысым өлшеуіш  құралдарын  қолданып,  жылутехникалық
өлшеулерді  жүргізуді,  жұмыстық  заттардың  термодинамикалық  диаграмаларын
қолдана  отырып,  төмен   температураларды   алуға   негізделген   циклдарды
есептеуді пайдалана біліуі;
      - тәжірибелілік  жұмыстарды  жобалауды  мен  жүргізуді,  және  зерттеу
әдістерін, төмен  температураларды  алуға  негізделген  циклдардың  тұрғызып
есептеуді меңгеруі;
      - тәжірибемен алынған нәтижелерді бір күйге келтіру дағдыларын қолдана
білуі.
      - жұмыстық заттарының қасиеттері, төмен температураларды  алу  негізгі
әдістері, төмен температуралық техника  жүйелері  және  төмен  температуралы
процестер туралы ақпараттар алу әдістері мен  тәсілдерін  саналы  қолданудан
түсінігі болуы тиіс.

      1.6 Курстың пререквизиттері

      1.6.1 математика;
      1.6.2 атомды физика;
      1.6.3 ядерлы физика;
      1.6.4 химия;
      1.6.5 информатика.

      1.7 Курстың постреквизиттері

      1.7.1 дипломдық жобалау.


      2 САБАҚТАР ТҮРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ПӘН САҒАТТАРЫНЫҢ БӨЛІНУІ ЖӘНЕ ПӘН МАЗМҰНЫ


       Сабақтар түріне байланысты пән сағаттарының бөлінуі және пән мазмұны
2 кесте көрсетілген.

                                                                     1-кесте

|№  |Тақырып-                             |Сағаттар саны         |Әдебиет  |
|   |тың аталуы                           |                      |         |
|   |                                     |ДС  |ЗС  |ОСӨЖ  |СӨЖ |         |
|1  |2                                    |3   |4   |5     |6   |7        |
|1  |Радиоактивтілік туралы негізгі       |1   |    |3     |3   |7.1.1,   |
|   |түсініктер.                          |    |    |      |    |7.2.1    |
|2  |Сәулелендірудің затпен байланысы.    |1   |2   |2     |2   |7.1.1,   |
|   |                                     |    |    |      |    |7.2.1    |
|3  |Сәулелендірудің биологиялық әсері.   |1   |    |1     |2   |7.1.2,   |
|   |                                     |    |    |      |    |7.2.1    |
|4  |Дозиметриялық бірліктер              |1   |2   |3     |3   |7.2.1,   |
|   |                                     |    |    |      |    |7.1.3    |
|5  |Табиғи радиоактивтілік               |1   |    |1     |1   |7.1.3,   |
|   |                                     |    |    |      |    |7.2.1    |
|6  |Сәулелендіру кезінде                 |1   |2   |1     |1   |7.1.1,7.2|
|   |радионуклидтердің қолданылуы.        |    |    |      |    |.3       |
|7  |Иондық сәулелендіруді өлшеу әдістері |1   |2   |2     |2   |7.2.1,   |
|   |                                     |    |    |      |    |7.2.3    |
|8  |Адамның сәулелену кезіндегі          |1   |    |1     |2   |7.1.1,   |
|   |регламентация                        |    |    |      |    |7.1.2    |
|9  |Рубеждік бақылау                     |    |    |2     |    |7.1.3,   |
|   |                                     |    |    |      |    |7.2.1    |
|10 |Дозиметриялық құрылғылар             |1   |2   |2     |3   |7.2.1,   |
|   |                                     |    |    |      |    |7.2.2    |
|11 |Иондық сәулелендіруден қорғану       |1   |    |2     |2   |7.2.1,   |
|   |                                     |    |    |      |    |7.2.3    |
|12 |Радиоактивті заттармен жұмыс         |1   |2   |2     |1   |7.1.1,   |
|   |жасаудағы санитарлы ережелер         |    |    |      |    |7.1.2    |
|13 |Радиоактивті заттармен тәжірибелік   |2   |    |5     |4   |7.1.3,   |
|   |жұмыстар және оларды басқару         |    |    |      |    |7.2.1    |
|   |Радиациондық апаттардың сұрақтары    |2   |    |1     |    |7.1.3    |
|   |Рубеждік бақылау 2                   |    |    |      |4   |         |
|14 |Объектіде тәжірибелік жұмыс жасау    |    |3   |2     |    |7.2.3    |
|   |БАРЛЫҒЫ                              |15  |15  |30    |30  |         |



      3 ПӘНДІ ОҚЫП-БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР

      Студенттің  берілген пәнді оқып үйренуін  қамтамасыз  ететін  кеңестер
мен түсіндірмелер  жиынтығы.  Кеңесті  асаған  кезде,  курстың  бір  бөлігін
студенттің  өздік  оқып  үйренуімен  жүретінін  ескеру  керек.   Әдістемелік
кеңестің мазмұны:
      Пәнді оқып үйренуге қажетті уақытты жоспарлауға және оны ұйымдастыруға
керекті ақыл-кеңестер.
      Бұрын пәннің теориялық бөлігіне бөлінген жалпы сағат санының  60-70%-і
бөлігі қарастырылса қазір оған небәрі 15-30 %  қана,  ал  қалған  70-85  %-і
студенттің оқытушының қадағалауымен жүретін өздік жұмысына (ОСӨЖ)  және  тек
студент өзі  ғана  жасайтын  СӨЖ   (студенттің  өздік  жұмысы)  жұмсалатының
ескерту керек.
      Дәріс – оқудың ең маңызды түрі. Ғылыми- техникалық  ақпаратдың  көлемі
күннен күнге өскендіктен, дәрістің мазмұнын  кеңейтіп  және  оған  қойылатын
талапты да жаңартып, жақсартып отыру керек. Дәрістің студенттің  пәнді  оқып
үйренуін ұйымдастыруға тигізетін пайдасы көп.  Бірақ  діәріс  алушы  дәріске
иек артып алмауы шарт. Дәріс  өздік  жұмысты  алмастыра  алмайды.  Сондықтан
студент дәріске өз бетімен  дайындалуы  керек.  Ол  оқулықтан  немесе  басып
шығарылған дәрістер жинағынан дәрістің  мазмұнымен  танысып,  оны  ар  қарай
дамытып конспект жазуы керек. Барлық дәріске дайындалу уақыты кемінде  20-40
минуттан  кем  болмауы  қажет.  Бұл  уақытты  үнемдеуге  мүмкіндік   береді.
Практикалық сабаққа және зертханалық  жұмысқа дайындық пәнді  оқып  үйренуде
студенттің білімінің жетіле беруіне қол жеткізеді.
      Екі сағаттық практикалық сабақтың кемінде  бір сағат дайындалу  керек.
Практикалық  сабаққа  дайындықты  тексеру  әр  сабақтың  басында   болатынын
студент  білуі  керек.  Практикалық  сабақта  көрсетілген   өздік   жұмыстың
творчествалық  элементі   ескерусіз   қалмайтының   студент   білуі   керек.
Практикалық сабақта есепті әр  студент  оқытушының  қадағалауымен  өзі  жеке
шығарады.  Студенттің  жұмысы  аралық  үлгерімді  тексеру   арқылы   жүреді,
сондықтан  студент  әрбір  жіберілген  (босатылған)  сабақтың  оған  тигізер
залалы үлкен екенін естен шығармауы керек.
      Оқу әдістемелік  кешеннің  (ОӘК)  материалдарын  пайдалануға  арналған
кеңес.
      Студент оқу материалдарымен бірінші рет  таныса  отырып,  оның  берген
жаңалықтарын, ерекшелік  нысандарын  қабылдап,  сол  арқылы  пәннің  негізгі
жағдайын түсінуі керек.
      Оқу процесіндегі негізгі рольге  оқытушының  материалдарды  түсіндіруі
және пайдаланылатын  көрнекті  құралы  жатады.  Ары  қарай  жаңадан  алынған
ақпарат бұрынғы  алынған  білімдермен  араласып,  олардың  арасында  пайдалы
байланыс құралына айналады. Сонда барып  студентте  оқытылатын  пән  бойынша
белгілі бір түсінік (ұғым) пайда болады.
      Студент оқу пәнінің негізгі ережелерін және заңдылықтарын иеленіп, оқу
материалдарын  жалпы  түрде  меңгеріп   оны   күнделікті   жұмыста,   өмірде
пайдалануға дайын тұрады.
      Оқулықтар мен қосымша оқу құралдарымен жұмыс істеуге арналған кеңес.
      Егер студент берілген материал көрсетілген оқулықта жеткіліксіз  түрде
берілген деп есептесе немесе онда  берілген  материалды  оқып  зерттеу  қиын
екенін  білсе,  онда  ол  берілген  басқа   оқулықтардағы   немесе   қосымша
құралдардағы материалдарды пайдалану керек. Жақсы оқулықты  дұрыс  таңдаудың
алатын орны зор. Сондықтанда оқулықтар негізгі және қосымша болып  бөлінеді.
Егер негізгі оқулықтарда берілген материал жеткіліксіз болса,  онда  қосымша
оқулықтарды пайдаланғаны жөн.
      Оқулықтар тізімі стандарт бойынша жасалады.
      Берілген тақырып бойынша  оқулықтарды  және  басқа  ғылыми  көпшілікке
арналған материалдарды оқыған соң, конспект құру керек.  Онда  пайдаланылған
оқулықтардың  реттік  нөмірі,  беті,  кестелері   және   т.б.   берілгендері
көрсетілуі шарт.

      4 КУРС ФОРМАТЫ

      Аудиториялық  сабақтар  келесі   түрлерде   болады:   дәрістер   (ДР),
зертханалық (ЗЖ) және оқытушымен студеннтердің өздік жұмыс жасауы (ОСӨЖ).
      Бір қатар тақырыптарды студенттер сабақ үстінде оқиды, ал бір  бөлігін
өзбетімен оқиды.

      5 КУРС САЯСАТЫ

      Сабаққа қатнасу  студенттің  міндеті.  Егер  қандай  да  бір  себеппен
студент сабаққа қатнаса алмаса, ол  қарастарылмаған  материал  үшін  жауапты
болады.
      Сабақ жүріп жатқан уақытта тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылады
немесе курс бойындағы бағасы «қанағаттанарлықсыз» деп жазаланады.
      Бақылау  жұмыстары  міндетті  түрде  орындалып,  уақытында  тапсырылуы
керек. Уақытында орындалмаған жұмыстар, автоматты түрде төмен бағаланады.
      Аралық сынақтың қортындысында сабаққа қатнасуы,  студенттің  уақытында
өздік жұмыстарды  орындауы,  ауызша  немесе  жазба  түрде  сабақтарда  жауап
беруі, аралық бақылаудың өзінің нәтижесі ескеріледі.
      Көшіріп алу немесе плагиатқа  (басқа  студенттердің  есептерін  немесе
дайын тапсырмаларды көшіру, пайдалану) жол берілмейді және сол үшін  студент
аудиториядан шығарылады немесе «қанағаттанарлықсыз» бағамен жазаланады.
      Ұялы телефондар сабақ уақытында өшіру қажет.

      6 БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ

      Курстың  жеке  компоненттары  бойынша   келесідей   бағалар   (балдар)
қарастырылады:
      сабаққа қатысу 1 сағ – 1 балл;
      практикалық сабақтағы жұмыс (сұраққа жауап беру, есептерді  шешу  және
қорғау) – 20 балл;
      зертханалық жұмыс (зертханалық жұмысты орындау және қорғау) – 30 балл;
      ОСӨЖ (тапсырманы орындау және қорғау) – 20 балл;
      СӨЖ (орындау және қорғау) – 10 балл;
      аралық бақлау – 50 балл.
          Бақылаулар түріне қарай және апталар бойынша  баллдар  үлестірілуі
2 кестеде көрсетілген.
                                                                     2 кесте
|апталар               |3                                                    |
|ЗС1                   |20                       |                           |
|Сабаққа қатысу        |30                       |30                         |
|БАРЛЫҒЫ               |300                      |300                        |



7 ӘДЕБИЕТТЕР


      7.1 Негізгі әдебиеттер

      7.1.1  Андрющенко  А.И.  Основы   термодинамики   реалных   процессов.
–М.:Наука.-1975-260 с.
      7.1.2 Архаров А.М. и др. Кригенные системы. Основы теории и расчета.-2-
е изд., перераб. и доп. – М.: Машиностроение, 1988.-464 с.
      7.1.3 Базаров И. Термодинамика. Изд.  4-е.-М.:Высшая  школа.-1991.-226
с.
      7.1.4 Ерохин В.Г., Маханько М.Г.  Сборник задач по основам  гидравлики
и теплотехники. - М.: Энергия, 1979. – 240 с.

      7.2 Қосымша әдебиеттер

      7.2.1 Микулин Е.И. Криогенная техника.М:– Энергия, 1979. – 332 с.
      7.2.2 Дрыжаков Е.В.,Исаев С.И.  идр.  Техническая  термодинамика  –М.:
Высш. школа, 1981. – 439 с.
      7.2.3  Кириллин   В.А,   Сычев   В.В.,   Шейндлин   А.Е.   Техническая
термодинамика.-М.: Энергоатомиздат, 1983. – 346 с.
      7.2.4 Справочник по  физико-техническим  основам  кригеники./Под  ред.
М.П. Малкова - М.: Энергоатомиздат, 1985. – 432 с.
      7.2.5 Уайт Г.К. Экспериментальная техника в физике низких температур.-
М.: Физматгиз.-1961.
      7.2.6 А.И. Шальников. Физика низких температур.-М.:Ил.-1959.
      7.2.7 Общие требования к оформлению текстовых документов СТУ 042-РГКП-
СГУ-6-2005.



Пәндер