Файл қосу
Шарты және шартсыз рефлекстер
«Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы» ГЛОССАРИЙ Анатомия - организмнің ішкі және сыртқы құрылысын зерттейтін ғылым. Аккомодация (көздің икемділігі) - көздің түрлі қашықтықтағы нәрселерді айқын көрінуге мүмкіндік беретін сәулелерді сындыру күшінің өзгеруін атайды. Астигматизм- деп торлы қабықта нәрсе бейнесінің анық болмауын атайды. Анализ - мида әркелкі сигналдарды айыру, бөлу, организмге тиетін әралуан әсерді ажырату. Ассимиляция - жасушалар құрамына кіретін күрделі және арнайы заттардың жаңадан түзілуі (синтезделуі). Анализаторлар (талдағыштар) - белгілі ақпаратты қабылдауға және тануға арнайы құрылған құрылымдардан тұратын жүйке жүйесінің күрделі (қабылдағыш, өткізгіш жолдары, орталықтар) бөлігі. Акселерация -бала организмінің морфофункционалдық дамуының жылдамдауы. Антропометрия - дене көрсеткіштерін өлшеуді атайды. Аксон - жүйке жасушасының ұзын талшығы. Афференттік (сезімтал) жүйке - қозуды орталыққа жеткізетін жүйке. Бипорлярлы - қос тармақты нейрон . Вегетативті жүйке жүйесі -ішкі ағза қызметін, заттар алмасуын, өрбу үрдістерін реттейді. Гемостаз (грек. haemo-қан, stasis-тоқтау) деп қанның сұйық қалпын және эндотелтийдің бүтіндігін, тамырдағы қан ағысының сақталуын, сондай-ақ сыртына шықпауын не ағып тұрған қанның тоқтауын қамтамасыз ететін күрделі биохимиялық және биофизикалық үрдісін атайды. Гемоглобин - құрамында темір бар белок тектес зат. Гемолиз ( грек,. haima-қан, lysis-еру) - деп эритроциттің қабығы жарылып немесе еріп ішіндегі гемоглобиннің плазмаға шығуын атайды. Гигиена (грек. hygieinos-дені сау) - денсаулықты сақтау жөніндегі ғылым. Гормон - ішкі секреция бездері жасап шығаратын биологиялық белсенді заттар. Гомеостаз - деп қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығы, тяғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы, дене температурасы) атайды. Гиперметропия - көздің алыстан көргіштігі. Дендрит - жүйкенің тармақталған қысқа өсіндісі. Диастола - жүректің босаңсу кезеңі. Диссимиляция - деп зат алмасуға қатысқан заттардың тотығуы арқылы қарапайым химиялық заттарға айналуы.- Дистанциялық қабылдағыштар - бұл ақпаратты тітіркендіргіш көзінен әлдеқайда алыстан қабылдайды. Иммунитет - деп иммунды жүйенің денеден бөгде заттарды шығарып тастау қасиетін айтады. Инспирация - ол демалу. Инстинк - тұқым қуалайтын әрбір жануарға тән, оның күйіне қарай немесе тап осы жағдайда жүзеге асырылатын, күрделі туа біткен мінез -құлығының жиынтығы. Интерорецепторлар - ішкі ағзаларда, ұлпаларда, қан тамырларда орналасады, ішкі мүшелердегі өзгерістерді қабылдайды. Карбогемоглобин - гемоглобин көмірқышқылымен байланысқан тұрақсыз қосылыс. Контакты қабылдағыштар - бұл тітіркендіргішпен тікелей жанасқанда мәлімен алады. Лейкоцит (leucocytus) - қанның ақ жасушасы. Лейоцитоз - ден қанда лейкоцит санының көбеюі. Лейкоцитопения - деп қанда лейкоцит санының азаюы. Лимфоцит - анрнамалы иммунитет қалыптастырып, бүкіл ағзадағы иммунитет жайын қабылдайды. Мектеп гигиенасы - өсіп келе жатқан ұрпақтың, балалардың, жасөспірімдердің денсаулығын қорғау, нығайту және дамыту жөніндегі ғылым. Морфология (грек. morphe- форма) - деп адам және жануарлар денесінің құрылысы мен формасын зерттейтін ғылымды атайды. Миопия - көздің жақыннан көргіштік кемістігі. Медиатор - қозу үрдісін жеткізетін химиялық зат, жүйке бүршігінің везикулаларында болады. Меланхолик (саудайы) - жұмсақ мінезді, әлсіз, өкпешіл, дегбірсіз, дәрменсіз, мұңды, жасқаншақ, жауапкершілікпен сескнгіш, дегенін орындата алмайтын, шалалық қасиетті болады. Мультиполярлы -деп көп тармақты нейрондарды атайды. Нутрициология - тамақтану туралы ғылым. Нефрон - бұл бүйректің морфофункционалдық құрылымы, маьпиги шумақтары мен бүйрек түтікшелерінен тұрады. Нейрон - деп жүйке жасушасын атайды. Нейроглия - нейрондар аралығын толтыратын жасушаларды атайды. Оксигемоглобин - гемоглобин өкпеде оттегімен байланысқан тұрақсыз қосылыс. Өкпенің тіршілік сиымдылығы дегеніміз - терең дем алып, терең дем шығарған кезде сыртқы шығатын ауаның көлемі.қозу үрдісін жеткізетін химиялық зат, жүйке бүршігіндегі везикулаларда болады. Панкреас - ол ұйқы безінің бөлетін асқорыту сөлі. Проприорецептор - сіңірде, буын қабында орналасады. Планцета ( лат. plancenta, грек. placus- бала орны) - әйел жүкті болған кезде түзіліп, ұрық пен ана организмінің көпқырлы байланысын қамтамасыз етеді. Рефлекс (лат. reflecsus-тойтарыс беру)- деп орталық жүйке жүйесінің қатысуымен сыртқы және ішкі тітіркендіргішке беретін күрделі жауабы. Сангвиник (ширақ) - мінезі жайдарлы, іскез, қызу қанды, пысық, көпшіл, елгезек, көңілшек адам. Систола- жүректің жиырылу кезеңі. Синтез - біріктіру, талдап, қорыту, ми қыртысының әртүрлі бөліктерінде туатын қозуларды бірлестіру. Синапс - өзара жүйке жасушалары не жүйке мен шеттегі қызмет атқарушы жасушас түйіскен жерінде серпіністі өткізетін арнай ұласуды атайды. Тромбоцит - екі жағы дөңес, дөңгелек не сопақша құрылымды қан пластинкасы. Тыныс алу деп - ауадан оттегін сіңіріп, көмір қышқыл газын шығаруын қамтамасыз ететін өзара байланысты процестерді атайды. тыныстың минуттық көлемі . бір минут ішінде окпе арқылы өтетін ауаның көлемі. Темперамент - бұл ресми мінездің нейродинамикалық сипаты. Униполярлы - бір тармақты нейрон. Фагоцитоз (грек. phagien- жұту, қармалап алу, cytus-жасуша) - деп денеге түскен бөгде заттарды қармалап алып ферменттерімен қорыту. Флегматик (салғырт) - сабырлы, байсалды, енжар, сылбыр мінезді, самарқау, салмақты, шабан қимылды келеді. Физиология (грек. phisis-табиғат, logos-ілім) - тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары әрекетін, функциясын зерттейтін юиологиялық ғылым. Фонокардиография - жүрек тондарын (дыбысын) жазып алу. Холерик (ұстамсыз) - албырт, қызба, ашушаң, кейігіш, еліктегіш адам. Электрокардиография - жүрек биотогін жазып алу. Экспирация - ол дем шығару. Экстерорецепторлар (грек. exterus-сыртқы) - дене сыртында, теріде, ауыз және көздің кілегей қабықтарында орналасқан, сырттан келіп түскен тітіркендіруші әсерлерді қабылдайды. Этология - мінез-құлықты жете тексеретін, оның шығу тетіктерін зерттейтін ғылым. Эритроцит (грек. erytros-қызыл, cytos-жасуша) - қанның қызыл түіршіктері. Эритроцитоз - эритроцит санының қалыптан тыс басым болуы. Эритроцитопения - эритроцит санының қанда аз болуы. Эфференттік (қозғалтқыш) - қозуды орталықтан эффекторға жеткізетін жүйке. Эндокриндік бездер (грек. endon-ішкі, crineo-бөлемін немес шығарамын) - сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан, лимфа капиллярларымен торланған бездер. Дәріс 1. Тақырыбы: Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигинасы Балалар мен жасөспірімдедің өсу және даму заңдылықтары. Дәріс мақсаты: Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәнінің мақсат-міндеттерін, маңызын, балалар ағзасының жас кезеңдеріне байланысты өсу және даму заңдылықтарын қарастыру. Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны: 1. Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы пәні және басқа ғылымдармен байланысы. 2. Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму заңдылықтары туралы түсінік. Акселерация. Физиология – функциялар туралы, яғни мүшелердің, системалардың және тұтас организмнің тіршілік әрекеттері туралы ғылым. Оның түпкі мақсаты қалған бағытта пәрменді әсер етуге мүмкіндік беретін функцияларды жете таңып білу болып табылады. Физиология негізінде өліден тіріні сапалық жағынан айыратын маңызды тіршілік процестері жататын заңдылықтарды зерттейді. Ол өсімдіктер, жануарлар және адам физиологиясына бөлінеді, ал соңғысы – еңбек, дене жаттығулары мен спорт, тамақтану физиологиясы, жас ерекшеліктері физиологиясына және басқаларға бөлінеді. Медицина институттарында, мысалы, қалыпты және патологиялық физиологияны оқиды. Қалыпты физиология дені сау адам организміндегі тіршілік әрекеттері процестерін, ал потологиялық физиология ауру адамды сау адамдардан ажырататын заңдылықтарды түсіндіре отырып сипаттайды. Жас ерекшеліктері физиологиясы организмнің бүкіл өмірі бойындағы функциялардың қалыптасуы мен даму заңдылықтарын зерттейді. Педагогика институттарының жас ерекшеліктері физиологиясы курсында жас балалар мен жасөспірімдер организмміндегі тіршілік әрекеттерінің сандық және сапалық белгілері оқылады, сондықтан балалар мен жасөспірімдер физиологиясын өздігінше ғылым деп санауын және оқуға ыңғайлы болу үшін балалар мен жасөспірімдер гигиенасымен бір оқу пәніне біріктіру дұрысырақ болар еді. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын қорғау және нығайту туралы ғылым. Ол жалпы гигенамен тығыз байланысты және өсіп келе жатқан организм мен қоршаған ортаның өзара әсерін зерттейді. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы организмді табиғи (оқу сабақтары, демалыс, ойын т.б. кезінде), сол сияқты лабораториялық жағдайларда зерттейді, мұның өзі организмнің клеткаларында, тканьдерінде, мүшелерінде және системаларында жүретін процестердің табиғатын терең тануға мүмкіндік береді. Организмде жүретін процестерді зерттеу үшін әр түрлі: электрофизиологиялық, биохимиялық, микроскоптік, гистохимиялық т.б. әдістер қолданылады. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы, психологиялық- педагогикалық ғылымдар негізін құрады және балалардың аурулары мен оларды емдеу туралы ғылым педиатриядан бөлінбейді. Онан басқа, балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы бірқатар дәл (физика, химия, метерология т.б.) және әлеуметтік ғылымдармен, олардың әдістері мен заңдарын пайдалануымен ғана емес, сол сияқты денсаулықты қорғау ұсыныстарымен де байланысты. Осының арқасында өсіп отыратын организмнің тіршілік әрекеттері, ортаның табиғи факторларымен тығыз байланыста қаралады: диалектикалық тәуелділік ашылады және өсіп жетілген организмнің формалары мен функцияларының қалыптасу процесі баяндалады: адамның психикалық процестерінің материалистік негізі терең танылады, ол нақтылы шыңдықтың мәні туралы дүниеге дұрыс көзқарас қалыптасырады. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының әлеуметтік гигиена және эпидемиологиямен (адамдар арасында жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуының объективті заңдылықтары, профилактикалық әдістер және ол ауруларды жою туралы ғылым ) көп ортақтастығы бар, өйткені олар организмнің биологиялық табиғатының қоғамдық ортаға қатынасын зерттейді және керісінше. Балалар мен жасөспірімдер гигинеасы сол сияқты зияңды әсер ететін факторларды жою немесе әлсірту және еңбек, оқу, өмір жағдайларын жақсарту, денсаулықты нығайту жөнінде ұсыныстар жасауға міндетті. Адам гигиенасы мен физиологиясының дамуы ерте уақыттан басталады. Көне медицина оқымыстыларының ішіндегі ең белгілісі Гиппократ, ал феодализм дәурінде – Европада Авиценна деп атаған атақты тәжік дәрігері әрі философы Абу-Али Ибн-Сина. Оның «Дәрігерлік ғылымның ережелері» деген кітабы көптеген европалық және шығыс тілдеріне талай рет аударылған. Балалар мен жасөспірімдердің отандық гигиенасы көне замандағы «Владимир Мономахтың балаларға нақылы» (XI ғ.), Епифаний Славинецкийдің «Балалар әдеттерінің азаматтығы» (XVII ғ.) Феофан Проконовичтің «Жастытың адал айнасы немесе күнелтіс жүрістерінің көрсеткіші» (XIII ғ.) сияқты ескерткіштермен тамырлас. М. В. Ломоносов, оның замандастары әрі прогресшіл қайраткерлер И. И. Бецкой, Н. И. Новиков Россиядағы халықтың, соның ішінде балалардың денсаулығын жақсатуды жақтады. А. Н. Радищев Россиядағы өскелең ұрпақтың тұрмысын жақсарту және денсаулығын сақтауды крепостнойлық қоғамды жоюмен, оқытумен, дене шынықтырумен және балалардың мұңтаздайлығын арттырумен байланыстырады. Россиядағы балалар мен жасөспірімдер гигиенасының негізгі проблемаларын экспиременттік жолмен шешу, сол сияқты арнаулыф құралдар басып шығару тек Петербург дәрігерлік – хирургиялық академиясында гигиена кафедрасы ашылған соң (1871) ғана мүмкін болды. Кафедраны А. П. Доброславин (1842 – 1889) басқарды. А. П. Доброславин гигиенаның басты мақсаты «қоғамдық іс - әрекеттің әр түрлі жағдайларында, организмдегі физиологиялық тепе – теңдік заңдарын зерттеу және организмнің өндіргіш күштерінің сақталуы мен дамуы ең қолайлы жағдайларын зерттеу»деп есептеді. 1884 жылы Москва университетінде гигиена кафедрасы ашылды. Оны Ф. Ф. Эрисман (1842 – 1915) басқарды, ол экспериментке негізделген ғылым ретінде гигиенаның негізгі міндеттерін анықтады және балалардың денсаулығын қоршаған орта жағдайлары мен тұрмысты ұйымдастыруға тәуелді екендігін дәлелдеді. Оқушылармен бірлесе отырып, ол арнаулы мектеп үйлерінің құрлыстарын және мектеп жанындағы учаскелерді жақсылап жабдықтау керектігінің негізін қалады, класс бөлмесінің; балаларға арналған әр түрлі мебельдің, оның ішінде мектеп партасының моделін жасады, балаларды жұқпалы аурулардан алдын ала сақтандыру үшін нұсқаулар құрастырады. 1887 жылы Ф. Ф. Эрисманның «Ой және дене еңбегінің кәсіптік гигиенасы» деген еңбегі шықты. Ол К. Маркстың «Капиталының» тікелей әсерімен жазылды. Мектеп гигиенасы жөніндегі бірінші ғылыми орталық – мектептік- гигиеналық комиссия – Россияда 1875 жылы Әскери – оқу мекемелерінің педагогикалық музейінде пайда болды (С. Е. Советов). Комиссияның жұмысына А. П. Доброславин, Ф. Ф. Эрисман, П. Ф. Лесгафт және басқа ғалымдар белсене қатысты. 1906 жылы училище дәрігері және Россиядағы училищелер дәрігерлері Қоғамының басшысы д. Д. Бекарюков (1861 – 1934) «Мектеп гигиенасының негізгі бастамалары» атты оқу құралын жариялады. Өзінің мол тәжірибесіне және отандық, шетелдік әдебиеттердің мәліметтеріне сүйене отырып, ол балалар мекемелерін жоспарлау және аббаттандырудағы, мектептерде сабақ берудегі балалардың жұқпалы ауруларын алдын ала сақтандырудың гигиеналық талаптарын жазды; балаларға дәрігерлік көмекті кеңейту жөніндегі шараларды белгіледі. Балалардың денсаулығын қорғау жөніндегі көп жақты табысты еңбектері үшін Совет үкіметі 1926 жылы Д. Д. Бекарюковке «Еңбек Ері» құрметті атағын берді. Бала организмінің анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктерін Россияда бірінші рет Петербург дәрігерлік – хирургиялық акдемиясындағы балалар кафедрасының меңгерушісі, профессор Н. П. Губдобин (1860 – 1906) зерттей бастады. Оның тәжірибесі «Балалар жасының ерекшеліктері» (1906) кітабында қорытылады, ол кітап балалар анатомиясы мен физиологиясы жөнінде Россияда бірінші еңбек болып саналады. Балаларды шынықтыруға, мектептегі оқу режиміне және басқа мәселерге ғалым үлкен мән берді. Балалар мен жасөспірімдердің физиологиясы және гигиенасын дамытуда И. М. Сеченов пен И. П. Павловтың зерттеулері мен ашқан жаңалықтарының маңызы зор. Олардың рефлекстер, жоғарғы дәрежелі нерв қызметі және синтездеу әсеріне материалистік түсінік берді, ми мен психикалық процестер арасындағы диалектикалық өзара байланысты ашып берлі. Жоғарғы дәрежелі нерв қызметінің жасқа байланысты ерекшеліктерін Н. И. Красногорский, В. М. Бехтеров, А. Г. Иванов – Смоленский, Н. И. Касаткин, Н. М. Шелованов, П. К. Анохин, А. Н. Кабанов, А. А. Волохов, И. А. Аршавский, А. А. Маркосян және басқаларды да зерттеді. Балалар мен жсаөспірімдердің екінші сигнал беру жүйесінде алғашқы зерттеулер жүргізген А. Г. Иванов – Смоленский жәнек М. М. Кольцова екендігін атап өткен жөн. Орталық нерв жүйесіндегі басылымдық процестері туралы А. А, Ухтомскийдің зерттеулері ойлау әрекеттерінің бірқатар құбылыстарын түсіндіруге негіз салды, онсыз балалар мен жасөспірімдерді оқыту және тәрбиелеу процесі мүмкін емес. 1972 жылы Белорус ғылыми – зерттеу санитарлық – гигиеналық институты (Бел НИСГИ) ашылды, 1959 жылы оның ішінен мектеп гигиенасы лабораториясы құрылып, 1963 жылдан бастап ол балалар мен жасөспірімдердің гигиена бөлімі болып қайта құрылды. Республикада мектептік – гигиеналық проблемаларды өте кең көлемде зерттеу Ұлы отан соғысынан кейін басталды. 1964 жылы М. Т. Мотюшоноктың «Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы» кітабы жарыққа шықты, 1970 жылы педагогика училищелері үшін оқулық шығарды, 1975 жылы педагогика институттары үшін оқу құралын (басқа авторлар Г. Г. Турик және А. А. Крюковамен бірлесіп) шығарды, бұл кітап оның қайта басылуы болып табылады. Балалар мен жасөспірімдердің жас ерекшеліктері физиологиясы және гигиенасы бойынша жүргізілген зерттеулер практикаға айтарлықтай нәтижелер берді. Балалар ауруларын алдын ала сақтандыру да үлкен табысқа жетіп, балалар өлімі едәуір азайды. Бұл пәнді оқу келешек мұғалімдердің ғылыми – теориялық деңгейін көтереді. Өсу және даму. Басқа ғылымдарға қарағанда, балалар және жасөспірімдердің жас ерекшелігі физиологиясы мен гигиенасында, өсу және даму ұғымдары тым нақтылы, айқын айтылған. Өсу – бұл анатомиялық және морфологиялық көрсеткіштердің, яғни дененің ұзындығы мен салмағының өзгеруі. Ол негізгі жас ерекшелік-жыныстық белгілердің бірі болып табылады және бала организміндегі сандық өзгерістерді сиппатайды. Даму – тканьдердің, мүшелердің, жүйелердің және бүкіл организмнің физиологиялық қалпын, яғни белгілі бір уақыт кезеңінде олардың қызметінің жетілуін сипаттайтын, саналық өзгерістердің көрсеткіші. Адам организмінде бүкіл организмнің қанша өмірі болса, сонша өмір сүретін көбеймейтін клеткалар болады. Оларды ұзақ жасайтын клеткалар деп атайды. Олар – нерв жүйесінің клеткалары. Бұл клеткалар организммен бірге туады, ал оның өсіп жетілуі процесінде ол белгілі шекте тек көлемін ғана ұлғайтады әрі функциясы жетіле береді. Егер бұл клеткалар өлсе, олардың орнына жаңалары пайда болмайды. Балалардың өсіп-жетілуін қадағалау. Оқушылардың өсіп-жетілуін сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша жылына бір не екі рет қадағалайды. Өсіп жетілу көрсеткіштердің алу процесі антропометрия (гр. антропос. – адам, метрео - өлшеймін), көрсеткіштердің өзі - антропометриялық немесе негізгі деп аталады. Антропометриялық көрсеткіштері бойынша оқушылар денесінің жетілуін бағалау – бойын, салмағын, кеуде қуыстарының шеңберлеріне қосылған үстемдерді есептеу, осы көрсеткіштердің аудан, облыс, республика бойынша орта мәліметтерін салыстыру жолымен жүргізіледі. Негізгі өлшеулердің техникасы мен методикасы белгілі білім мен ептілікті талап етеді. Сол сияқты құралдардың дәлдігі, қызметкерлердің ұқыптылығы мен ықыластылығы, өлшеу ережелерін сақтай білуі қажет. Мысалы, кеуде қуысының шеңберін өлшеуді тек жалаңаш қалпында жүргізеді: бойды тұрған күйде аяқ киімсіз (парта таңдау үшін бой аяқ киіммен өлшенеді) бой қолдары түсірілген және бой өлшегіштің платформасында өлшейді. Мұнда бала қолдары түсірілген және бой өлшегіштің пленкасында үш нүктемен: өкшемен, бөксемен және жаурын аралығымен жанасып тік тұруы керек. Баланың басы, көз шарасының жоғары шеті мен құлақ қалқанының жоғары шеті горизонталь бір сызықтың бойында жатқан кездегі қалыпта болуы қажет. Салмақты дәлдігі 50 г дейін болатын иінді системалы ондық медициналық таразыларда өлшейді. Балалар мен жасөспірімдерденесінің дамуы туралы толытырақ ұғым алу үшін кеуде қуысының шеңберін және қол динамометрімен саусақтардың қысу күшін өлшейді. Антропометриялық мәліметтер оқушының жеке дамуының арнаулы картасына жазылады, ол мектепте немесе емтиханың жеткішектер кабинетінде сақталады. Мәліметтер статистикалық әдістермен өңделеді және солардың негізінде дамудың пропорциональдығы туралы соңғы жорамалдар мен қажетті қорытындылар жасайды. Балалар мен жасөспірімдер денесі дамуының мәліметтерін зерттеу мынаны көрсетеді: олардың бойының орташа өсуі соғысқа дейінгі балалар бойынан 10 см-ге дерлік артық. Бойдың өсуі салмақтың өсуіне жеткізеді. Балалардың сүт тістері тұрақты тістерге ертерек ауысады, жыны-стық жетілуі тезірек басталады және аяқталады. Осы уақытқа дейін жалпы қабылданған акселерация теориясы (тезірек даму) жасалған жоқ, көптеген гипотезаларға қарамастан, шартты түрде оны төрт негізгі топқа бөлуге болады. 1. Физикалық-химиялық гипотезалар қазіргі балалар күннін, радиоактивті және электромагнитті радиациялардың өте күшейген әсеріне ұшырайды деп есептейді. 2. Нутритивті гипотезалар – тұрмыс жағдайларының өзгеруін, соның ішінде жануардан шығатын майлар мен белоктарды пайдаланудың көбеюі есебінен балалардың тамақтарының жақсаруына, анасы мен баланың тамағы құрамына витаминдердің қосылуын ескереді. Балалар ауруларын төмендеткен педиатрияның, гигиенаның т.б. табыстарына белгілі маңыз беріледі. 3. Гетерозийлер – гетерозистің биологиялық цикльді өзгерістерінің нәтижесі, әлеуметтік, діни және ұлт аралық шекараларды бұзуға әкелген, өмірдің қоғамдық өзгерістері мен байланысты. Бұл осыған дейін оқшауланған адам топтары арасында некелесудің географиялық мүмкіндігін кеңейтті, тұқым қуалаушылықтың тез өзгеруіне және дамудың жылдамдауына әкелді. 4. Урбанизация гипотезалары – қалалардың тез дамуы және село халқының қалаларға ауысуымен, қала өмірінің барлық комплексінің, сол сияқты кино, радио, теледидардың баланың нерв системасына қоздырушы әсер етуімен байланысты. Келтірілген гипотезалардың ғылыми маңызы бар, бірақ әрқайсысы түйінді қарсылықтарға кездескендіктен, олардыфң біреуі де акселерацияның бірден-бір немесе негізгі себебі бола алмайды. Акселерация проблемасын, сірә, келтірген факторлардың үйлесімінде қарау керек болар. Акселерацияның әлеуметтік шарттарының ерекше маңызы бар. Халықтың әлеуметтік-тұрмыс жағдайлары тез жақсарған социалистік елдерде, акселерация қарқыны өсті; осындай тенденция дамын келе жатқан елдерде де байқалады. Акселерацияның қолайлы да, қолайсыз да жақтары бар. Психикалық функциялардың нетұрлым тез дамуы, өмірінің ұзаруы т.б. оның қолайлы жақтары деп есептеуге болады. Сонымен бірге осындай балалардың тыныс алу мүшелерінің ауруға ұшырауы тонзиллитпен, ревматизммен, аллергиялық аурулармен көбірек ауыратындықтары туралы мәліметтер бар. Акселерация шешімін әлі таппаған көптеген проблемаларды мектепте оқытудың, жоғары оқу орындарына түсудің, некелесудің басталу мерзімін өзгерту т.б. қойып отыр. ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР: 1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990 2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985. 3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986. 4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973. 5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982. 6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983. 7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988. 8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978. Дәріс 2. Тақырыбы: Жүйке жүйесінің физиологиясы. Дәріс мақсаты: Жүйке жүйесінің құрылыс, қызметі, жүйе жүйесінің бөлімдері, физиологиясы туралы теориялық білімдерін кеңейту, тереңдету. Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны: 1. Жүйке жүйесінің құрылысы., қызметі. 2. Жүйке жүйесінің қозу өткізу заңдары. 3. Рефлекс, оның түрлері. 4. Орталық жүйке жүйесінің бөлімдерінің функционалдық маңызы. 5. Вегетативті жүйке жүйесі. Жүйке жүйесі тұтас ағзаны байланыстырып, тіршілік қызметін реттеп отырады. Жүйке жүйесі орталық жүйке жүйесі және шеткі (перифериялық) жүйке жүйесі болып бөлінеді. Орталық жүйке жүйесі дегеніміз - нейрондардың жиынтығын айтады. Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық мүшелермен, физиологиялық жүйелер қызметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен процестердә сыртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бір бағытта өтуін қамтамасыз етеді. Орталық жүйке жүйесіне ми және жұлын жатады. Ми мен жұлынды кескенде, оның ақ және сұр заттан тұратынын көруге болады. сұр зат жүйке клеткаларынан, ал ақ зат миелин қабығымен қапталған жүйке талшықтарынан тұрады. Шеткі жүйке жүйесі (перифериялық) дәнекер қабықпен қапталған жүйке талшықтарының шоғырынан түзілген. Оған жүйке түйіндері мен гангли жатады. Нейрон - ол жүйке жасушасы. Нейрон арасын нейороглия толтырады. нейрондар пішіні мен көлемі жағынан әр түрлі. Ол дене және денеден шығатын өсінділерден тұрады. Нейронның ұзын өсіндісін аксон деп, ал қысқа тармақталған талшығын дендрит дейді. Аксонның нейрон денесінен басталатын жерін аксон төмпешігі дейді. Сезімтал нейронның шеткей орналасқан аксонның ұшында рецептор (қабылдауыш) болады. Ал орталық жүйке жүйесіндегі жүйке талшығының ұшы жуандап бүршікке ұқсайды. Нейрондардың осындай ұштары бір-бірімен түйісіп синапс құрайды. Қозу серпінісін рецептордан жүйке орталығына бағыттап өткізетін жүйке талшығы сезімтал (афференттік), ал орталықтан қозуды шеткі мүшелерге жеткізуші талшықты қозғалтқыш (эфференттік), сезімтал жүйке мен қозғалтқыш жүйке жалғастыратын жүйкені аралық жүйке деп атайды. Жүйке талшықтарының майлы жұмсақ қабықтарының болу-болмауына байланысты миелинді және миелинсіз деп ажыратады. Нейроглия нейрон аралығын толтырып жататын жасушалар, нейрондарға қаннан қорек заттарын алып, зат алмасу өнімдерін нейрондардан қанға өткізеді, сұйықтықтың иондық құрамын, медиаторлар мен судың деңгейін бір қалыпта сақтап нерон тіршілігіне қажетті жағдай жасайды. тармақтарының санына қарай нейронның бірнеше түрлерге бөледі: көп тармақты нейрон - мультиполярлы, қос тармақты нейрон- биполярлы, бір тармақты нейрон- униполярлы. Атқаратын қызметтеріне қарай нейронды бірнешеге бөледі: сезімтал, қозғалтқыш, аралық, тежеуші нейрондар. Нейрондар барлық клеткалар сияқты ішкі және сыртқы орта факторларының әсеріне тітіркенгіш келеді, яғни тыныштық күйден әрекет күйіне көшеді. Нейронның тітіркендіргіші басқа нейрондардан немесе рецепторлардан келетін жүйке импульстары болып келеді. Тітіркендіргіштердің табиғатына қарай бірнеше түрлері бар: механикалық, температуралық, электрлік, химиялық. Қозу дегеніміз организмнің сыртқы ортаның тітіркендіргішін қабылдап, оған күшті қозу арқылы жауап беру қасиетін айтады. Тірі ағзада ұлпаларды 2 бөледі.. қозғыш ұлрпалар (жүйке, бұлшықет, секреторлы жасушалар), қозбайтын ұлпалар (шеміршек, дәнекер ұлпасы, тері эпителиі). Тітіркендіру әсерінен қозғыш ұлпаларда қозу процесі туады. Бір жасушадан екінші жасушаға қозу тек бір бағытта ғана жүреді, аксоннан жасуша денесіне және басқа нейронның дендритіне. Синапс - өзара жүйке жасушалары не жүйкемен шеттегі қазмет жасушасы (эффектор) түйіскен жерінде серпіністі өткізетін арнайы орын. Синапс ұғымын физиолоогия ғылымына енгізген ағылшын ғалымы Ч. Шерингтон болатын Бір нейрон денесіндегі синапстар саны 100 немесе оданда көп болады. Синапс құрылымы күрделі, ол екі мембранадан түзілген: пресинапстық және постсинапстық, аралығында синапс саңылауы болады. Синапс түрлері: нейронаралық, ет-жүйкелік. Жүйке талшығының ұшы синапс құрар алдында кеңейіп жуандап гүл шоғырына немесе бұтақ бүршігіне ұқсайды, жүйке бүршігінде медиаторлар болады. Қозу процесі пресинапстық мембранадан постсинапстық мембранаға жүйке ұшынан бөлінетін химиялық зат медиаторлардың қатысуымен өтеді. Постсинапстық мембранада медиатормен әрекеттесетін арнайы белок- рецептор орналасқан. Синапс медиаторы ацетилхолин болса, оның постсинапстық рецепторы - холинрецептор болады. Рефлекс - орталық жүйке жүйесінің қатысуымен ағзаның сыртқы және ішкі тітіркендіргіштеріне беретін күрделі жауабы. Рефлекс сөзін тұңғыш қолданған француз ғалымы Рене Декард (1664), оған ғылыми сипаттама берген чех ғалымы Прохаска (1817), рефлекс теориясын пайымдаған орыс ғалысмдары И.М. Сеченов, И. П. Павлов, П. К. Анохин. Организмнің рефлекторлық әрекетінің арқасында организм сыртқы және ішкі ортаның түрлі өзгерістеріне жауап береді. Рефлекстің морфологиялық негізі рефлекторлық доға, яғни қозудырецептордан жүйке орталығына, одан шеткі ағзаға жеткіщзетін жол. Рефлекстік доға бүтін болған жағдайда ғана рефлекс қызметін атқарады, яғни доғаның бүтіндігі бұзылса рефлекс бір жола жоғалып кетеді. Биологиялық юбағыттануы бойыншарефлекс түрлері: қорғану, қоректік, жыныстық және ұрпағына қамқорлық, бағдарлау немесе зерттеу, И. П. Павлов бойынша "Бұл не?" рефлексі, ол жаңа, бұған дейін кездеспеген тітіркендіргішке жауап ретінде пайда болады. Орталық жүйке жүйесінің ең көрнекті және маңызды қызметтерінің бірі рефлекстерді келістіру, үйлестіру, координациялау болып табылады. Орталық жүйке жүйесінің бөлімдері - жұлын және ми. Жұлын омыртқа бағанының каналында орналасқан. Жұлын сұр және ақ заттан тұрады. Сұр зат рефлекстік қызмет атқарса, ақ зат қозуды өткізеді. Жұлында дене (құрсақ), аяқ-қол және мойын бұлшықеттерінің рефлекторлы орталықтары орналасқан, олардың қатыфсуымен бұлшықеттердің жиырылуы (тізе, ахиллов рефлексі), созылу рефлекстері, бүгу рефлекстер орналасқан. Мысалы, дәрет жіберу және дефекация, аталық жыныс мүшелерінің әрекеті, , асқорыту бездерінің сөл бөлінуі, асқорыту жолдарының қимылының қызметін реттейтін орталықтары жұлында орналасқан. ми әрқайсысы жарты шарға ұқсас қос ми сыңарынан, мишық пен ми бағанынан тұрады. Вегетативті жүйке жүйесі ішкі мүшелер қызметін сыртқы және ішкі әсеріне бейімдеп, реттеп отырады. Вегетативті жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелері болады. Парасимпатикалық және симпатикалық жүйкелер мүшелеріне қарама-қарсы әсер етеді. Мысалы, симпатикалық жүйке жүректің соғуын жиілетіп, күшейтсе, парсимпатикалық жүйке керісінше оны сиретіп, әлсіретеді. Вегетативті жүйке жүйесі орталықтағы басқа бөлімдерімен бірлесіп, адамның көңіл күйін, (эмоция) қалыптастыруға қатысады. Симпатикалық жүйке жүйесі қозса, қанда эмоция гормоны - адреналин көбейеді. Жүйке жүйесінің дамуы. Жүйке жүйесі эмбрионалдық дамудың үшінші аптасында, ұрықтық сыртқы жапырақшадан (эктодермадан) дамиды. Алдыменен жүйке тақтасы түзіледі, сонан соң оның жиегі көтеріледі, тақта бірте-бірте астаушаға айналады. Мұнан кейін астау жиектері бір-біріне жақындап, жанасып жүйке түтігін түзеді. Бұл түтіктің тқменгі бөлімінен жұлын тұзіледі, ал жоғарғы бөлімі кеңейіп мидың барлық бөлімдері дамиды. ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР: 1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990 2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985. 3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986. 4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973. 5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982. 6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983. 7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988. 8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978. Дәріс 3. Тақырыбы: Жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесі. Дәріс мақсаты: Жоғарғы дәрежелі жүйке жүйесінің қызметі, И. М. Сеченов және И. П. Павлов шартты және шартсыз рефлекстер туралы ілімі, үлкен ми сыңарларының аналитикалық-синтетикалық қызметі, бірінші және екінші сигналдық жүйелер, олардың сыртқы дүниені танып білудегі маңызын, жүйке жүйесінің типтерінің функциясын қарастыру. Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны: 1. Жоғарғы дәрежелі жүйке қызметі іліміндегі И. И. Сеченов пен И. . Павлов еңбектерінің маңызы. 2. Шарты және шартсыз рефлекстер. 3. Шартты рефлекстегі тежелу түрлері. 4. Баланың жоғарғы ждәрежелі жүйке қызметі және типтік ерекшеліктері. Ми сыңарларының дамуы. Үлкен ми сыңарлары мидың ең жас түзінділері болып табылады. Олар алғашында маңдай, одан соң төбе және шүйде, ақырында, самай бөлігінде үлкейе бастайды. Ми сыңарларының бұлайша әркелкі өсуі, қабықшамен және бас сүйгімен шектелуі қатпарлардың түзілуіне себепші болады. Мұндай қатпарлардың арасындағы ойыстарды сайлар деп, ал көтеріңкі бөліктерін – иірімдер деп атайды. Ірі сайлар (орталық, самай, иіс т.б.) бала өмірге келгенге дейін-ақ пайда болады. Бұлар бірінші категориядағы сайлар (53-сурет). Орташа шамадағы сайлар кейінірек пайда болады да екінші категориядағы сайлар деп аталады. Сонымен қатар, бала өмірінің алғашқы жылында ұсақ және өте ұсақ сайлар өсіп жетіледі. Сайлар мен иірімдердің бәрі бірігіп, ми қыртысының бетін едәуір арттырады, ми сыңарлары бетінің рельефін түрлендіріп, оны күрдделендіреді. Алайда олардың саны да, өлшемі де, оған қоса нейрондардың мөлшері мен мидың жалпы салмағы да адамның ақыл-ой дарындылығының көрсеткіштері бола алмайды. Ми сыңарларының горизонталь және көлденең кесіндісінен (54-сурет) сұр зат – ми қыртысы, ал олардың астыңғы жағынан сұр зат араласқан ақ зат – қыртыс асты ядролары көрінеді. Ақ заттан талшықтарды байқауға болады, олардың арасынан екі ми сыңарының қыртысын байланыстыратын комиссуралық (ми қыртысының жабысқан жері – мүйізгек дене арқылы өтеді), бір ми сыңарының әр түрлі учаскелерін байланыстыратын ассоциациялық және қыртысы ми діңімен байланыстыратын проекциялық талшықтарды ажыратады. Қыртыс асты ядролары – мидың ежелгі пайда болған түзінділері. Олар ми қыртысына функциональды түрде тәуелді. Нерв функцияларының жайылуы. Неғұрлым кұрделі нерв функциялары нерв системасының жоғары және кеш жетілетін бөлімін – үлкен ми сыңарлары қыртысына өтетін нерв функцияларының жайылуы (кортикализациялануы) деп атайды. Әр түрлі жануарлардың ми сыңарларын немесе олардың қыртысын алып тастау жөніндегі тәжірибелер осы айтылған фактині дәлелдейді. Мұндай жағдайда балық пен бақаның көру қызметі бұзылған жоқ, ал ит соқыр болып қалды. Ми қыртысын алып тастаған соң бақа мен тасбақада шартты рефлекстер қалыптастыруға болады, ал иттің бұрын қалыптасқан рефлекстерінің бәрі жойылып кетеді және аралық ми болғанда шартты рефлекстер қалыптасады, ал иттерде бұл мақсат үшін үлкен ми сыңарлары қыртысының функциясы бұзылмауы тиіс. Адамның ми қыртысы зақымдануының аса ауыр зардаптары болады. (ол ми қыртысының қай учаскесі және қаншалықты зақымдануына байланысты). Мысалы, күрделі қимыл актілері ішінара немесе толығымен жойылады, жатталған өлеңдер, зартап шеккен адам қатысқан оқиғалар естен шығып қалады. Бұл адам организмі функциясының ми қыртысына тәуелді екенін дәлелдей түседі. Ми сыңарларынсыз туған балалар (анэнцефалдар) өмірге келе салысымен немесе көп кешікпей қайтыс болатынын бақылаулар көрсетуде. 1913 жылы мұндай кемтар бала 4 жылдай өмір сүрген ерекше жағдай сипатталады. Ол үнемі дерлік ұйықтаумен болады. Аузына емізік салғанда кәдімгідей дұрыс қимыл жасаған. Дыбыс пен әдеттегі жарық әсер етпеген, ал күшті жарық түсіргенде көзін жұмған. Бала өлген соң сойып қарағанда үлкен ми сыңарларының орнынан жұқа қабырғалы екі көпіршік байқалған. Ми дінінің барлық барлық бөлімдерінде өзгеріс болмаған. Сондықтан анэцефал ему, көзді ашып – жұму сияқты шартсыз рефлекстердің шегінен шықпайтын, қарапайым әсер жасай алатын болған. Электроэнцефалография. Ми қызметі процесінде оның электрлік потенциалдарын тіркеу электроэнцефалография деп, ал жазудың жиынтық нәтижесі фотосурет шығаратын қағазда немесе әдеттегі қағаз лентада пайда болатын қисық сызық электроэнцефаллограмма (ЭЭГ) деп аталады. XX ғасырдың 40-жылдарынан бастап адам мен жануарлардың шартты рефлекторлық қызметін зерттеуде электроэнцефафалография қолданылуда. Кейнірек бұл әдісті жоғары дәрежелі нерв жұмысын зерттеуде, неврологиялық және қияли аруруларға диагностика жасауда қолдана бастады. Электроэнцефалографияның жәрдемімен ми құрылымы қызметінің сипаты мен ондағы ауытқулар дәрежесін неғұрлым дәл әрі нақты анықтауға, өзгерістер динамикасын қадағалап, байқалатын зақымдану ошағын көрсетуге болады. И.М.Сеченов пен И.П.Павлов ми рефлекстері туралы. Адамның психикалық қызметі мидың анатомиялық тұтастығы мен атқаратын қызметіне тәуелділігін ежелгі уақыттан-ақ жорамалданған. Ми зақымданғанда сананың, естің, сөздің және т.б. бұзылатыны мәлім болады. Бұл ми жайында саналы қызмет ету мүшесі туралы ойлауға мәжбүр етті. Отандық физиологияның негізін қалаушы И.М.Сеченов 1863 жылы «Ми рефлекстері» деген жұмысын жазып, онда психиканың аса күрделі құбылыстары сыртқы ортаның әсерімен қалыптасады, олар негізінен алғанда орталық нерв системасының рефлекторлық әсерлері болып табылады деп тұжырымдады. Мұнда адам мен жануарлардың рефлекстері жеке алынған бір мүшеге ғана таралатын тар шеңберлі әсерлер емес, бүкіл ортамен байланысын қамтамасыз ететін нерв әсерінің неғұрлым ортақ механизмдері ретінде қабылданды. И.М.Сеченов адамның бұлшық ет қимылдарын ғана емес, сондай-ақ мидың қызметін білдіретін сөзді де рефлекстерге жатқызды. И.М.Сеченовтың кітабы – сол кездегі философия мен жаратылыстанудың озат идеяларының алғашқы талантты синтезі. Ол орыстың ағартушы- демократтарының (Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, В.Г.Белинский және т.б.) ұлы идеяларының әсерімен жазылған. И.П.Павлов бұл кітапты «Сеченов ойының кемеңгер шарықтауы» деп атады. Бұл – барлық тіршілік құбылыстарына, оның ішінде организмнің сыртқы ортамен өзара әсеріне табиғи-ғылыми анализді қолдануға шақыру болды. И.М.Сеченовтың кітабы жарық көргенге дейін физиологтар психикалық процестерді мидың физиологиялық қызметі арқылы түсіндіру мүмкіндігі туралы еске алудан да қорқатын. Үлкне ми сыңарларының қызметін объективті және эксперимент арқылы зерттеуге И.М.Сеченов пен оның ізбасарлары ғана жол ашты, мұның өзі кейін жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы ілімді құруға мүмкіндік берді. И.П.Павловтың рефлекстерді зерттеуі. И.П.Павловтың орталық нерв системасының едәуір ерте пайда болған түзінділері рефлекторлық әсерлерді тума (тұқым қуалайтын) нерв жолдары арқылы, ал үлкне ми сыңарларының қыртысы - жаңадан, яғни организмнің жеке тіршілігі процесінде сансыз көп тітіркендіргіштердің әсерімен қалыптасқан, яғни «жасалған» нерв жолдары арқылы жүзеге асыратынын эксперимент жүргізу негізінде дәлелдеді. И.П. Павловтың физиологиядағы ғылыми қызмет кезеңі павловтық кезең деп аталады. Физиологияның таза физиологиялық деп есептелген процестерді зерттеуден психикалық процестерді зерттеуге көшуі осы кезеңнің бастамасы болды. Жалпы айтқанда бұл кезеңге мынадай ерекшеліктер тән: 1) организмді оның біртұтас күйінде және табиғи жағдайларда зерттеу; 2) организмнің ортамен өзара әсер етуі мен барлық тіршілік процестерінде ми қыртысының жетекші роль атқаратынын тану; 3) нервизм идеясы, яғни нерв системасының организм қызметінің әр түрлі көрінісіндегі жетекшілік ролін тану. И.П.Павловтың астың түрі, иісі немесе ол туралы әңгіменің өзі сілекей бездерін қоздыратын адамның психикалық қозу күйі деп аталатын құбылыс қызықтырды. Сілекей бездерінің өзектері сыртқа шығарылған (ұзақ мерзімдік фистула қойылған) жануарларға эксперимент жүргізу арқылы ол қоршаған ортаның, белгілі бір жағдайлардың сілекей бөлінуіне әсер ететінін байқады. Мәселен, егер итті әлденеше рет азықтандыруда электр шамын жақса немесе қонырау соқса, бұлайша ұштастыруды бірнеше рет қайталаудан кейін онда осы тітіркендіргіштердің әсеріне ғана сілекей бөлінеді. И.П.Павлов организмнің мұндай әсерінен үлкен ми сыңарлары қыртысының атқаратын қызметін, яғни алдын ала көру немесе есту мүшесін тітіркендіру арқылы алғашында дәм рецепторларын тітіркендіруге, ал кейінірек алдыңғы тітіркендіргіштің тек біреуінің әсеріне рефлекторлық жауап қайтару құбылысын көрді. И.П.Павловтың өзі жазғанындай, шартты рефлекстер туралы ілімнің құрылуы тамақ ішу алдында әсер ететін агенттерге сілекей бөлінуіне табиғи- ғылыми талдау жасаудан басталады. Ғалым бұл актіден сонымен бірге тұтастай және толық дәрежеде ғана физиологиялық құбылыс бола алатын қарапайым психикалық құбылысты көрді. И.П. Павлов өзін «сыртқы құбылыстармен және олардың өзара қатынасымен ғана айналысатын объективті сырттай бақылаушы және эксперимент жүргізуші» орнына қойып, сілекей бездерінің психикалық қозуын «сапа жағынан алғанда айрықша рефлекстер» ретінде түсіндіре бастады. Ол мұны әрбір индивидуумның тіршілігі барысында қалыптасып, жоғары сатыдағы организмдердің бүкіл қызметін айқындаған жаңа рефлекторлық актілердің түзілуін басқаратын заңдылықтарды ашып көрсете отырып түсіндірді. Материалистік негізде құрылған шартты рефлекстер туралы ілім арқылы И.П.Павлов биологияның, философияның, педагогика мен медицинаның дамуында жаңа дәуір ашты, өйткені ол жоғар құрылымды материяда – мида - өтетін процестердің механизмін ашты. Оның психикалық процестерді жаңа тұрғыдан түсіндіру ғылымдағы физиологиялық процестерді өмірде жоқ жанның әрекет ету формасына дейін көтеріп, организмнің барлық тіршілік ету актілеріндегі мидың реттеуші әсерін теріске шығаратын идеалистік бағыттың негізсіздігін дәлелдейді. И.П.Павловтың жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы материалистік ілімі медицина мен биологияда төңкеріс жасады, ғылыми проблемалар мен міндеттерді батыл қойып, шешуге мүмкіндік берді. Ол маркстік-лениндік философияның тазалығы жолында идеализммен және басқа реакциялық ілімдермен күресте қуатты идеологиялық қару болды. Шартсыз рефлекстердің шартты рефлекстерден ерекшеліктері мен айырмашылықтары. Шартты рефлекстерді қалыптастыру және классификациялау (жіктеу) Шартсыз және шартты рефлекстер. Организмнің сыртқы және ішкі тітіркендіруге қайтаратын барлық жауап әсерлері рефлекстер деп аталады. Олар шартсыз және шартты рефлекстер деп аталатын екі топқа бөленеді. Шартсыз рефлекстер – бұлар организмдердің осы түрінің өкілдеріне тән, іштен туа болған, тұрақты, тұқым қуалай берілетін әсерлер. Мысалы, қарашық, тізе, ахиллов және басқа рефлекстер. Сонымен қатар, белгілі бір жаста, көбею кезеңінде және нерв системасы қалыпты дамығында ғана жүзеге асатын шартсыз рефлекстер болады. 18 апталық ұрыққа тән ему және қимыл рефлекстері шартсыз рефлекстердің қатарына жатады. Шартсыз рефлекстер жануарлар мен адамда шартты рефлекстерді қалыптастырудың негізі болады. Олар балалар есейген сайын синтездік рефлекстер комплексіне айналып, организмнің сыртқы ортаға бейімделушілігін арттырады. Шартты рефлекстер - бейімделуші, уақытша және қатаң түрдегі жеке рефлекстер. Олар үйретілген немесе табиғи ортаның әсеріне ұшырайтын түрдің бір немесе бірнеше өкілдеріне ғана тән болады. Шартты рефлекстер біртіндеп, белгілі бір ортада түзіліп, үлкен ми сыңарларының қалыпты жетілген қыртысы мен мидың төменгі бөлімдерінің атқартын функциясы болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда, шартты рефлекстер шартсыз рефлекстермен байланысты, өйткені олар белгілі бір материалдық субстраттың – нерв тканінің жауап әсері болып саналады. Егер ұрпақтан-ұрпаққа рефлекстерді қалыптастыру жағдайлар тұрақты болса, онда рефлекстер тұқым қуалау, яғни шартсыз рефлекстерге айналуы мүмкін. Қызылшақа және қанаттанбаған балапандардың оларды азықтандыруға ұшып келген құстың ұяны қимылдатуына тұмсығын ашуы осындай рефлекске мысал бола алады. Ұяның қимылдауы азықтандырумен ұштасқандықтан, ал мұның өзі барлық ұрпақта қайталанатындықтан шартты рефлекс шартсыз рефлекске айналады. Алайда шартты рефлекстердің бәрі де жаңа сыртқы ортаға бейімделу әсерлері болып табылады. Ми қыртысын алып тастағанда шартты рефлекстер жойылып кетеді. Ми қыртысы зақымданған жоғары сатыдағы сүтқоректілер мен адам нағыз мүгедекке айналып, қажетті күтім болмаса, өлімге душар болады. Шартты рефлекстердің түзілуі. Олардың түзілуі үшін мынадай жағдайлар қажет: 1) индифферентті (келешектегі шартты) тітіркендіргіш шартсыз тітіркендіргіштен бұрын әсер етуі тиіс (қорғану қимыл рефлексі үшін ең аз уақыт айырмашылығы 0,1 секундқа тең). Бұдан өзгеше реттілікте рефлекс қалыптаспайды немесе өте әлсіз болады да, тез сөнеді; 2) шартты тітіркендіргіштің әсер етуі белгілі бір уақыт бойы шартсыз тітіркендіргіштің әсер етуімен ұштасуы тиіс, яғни шартты тітіркендіргіш шарттсыз тітіркендіргішпен бекітіледі. Тітіркендіргіштердің осылайша ұштаса әсер етуін әлденеше рет қайталау керек. Сонымен қатар үлкен ми сыңарлары қыртысының қалыпты функциясы организмде ауру процестері мен бөгде тітіркендіргіштердің болмауы шартты рефлекс қалыптастырудағы міндетті шарт болып табылады. Олай болмаған жағдайда, қалыптастырылатын және бекітіле түсетін рефлекстен басқа, бағдарлау немесе ішкі мүшелер (ішек, қуық және т.б. ) рефлексі де пайда болады. ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР: 1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990 2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985. 3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986. 4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973. 5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982. 6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983. 7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988. 8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978. Дәріс 4. Дәріс тақырыбы: Анализаторлар, олардың жасқа байланысты ерекшеліктері. Дәріс мақсаты: Анализаторлар, олардың құрылысы мен қызметі, көру және есту анализаторлары, олардың гигиенасы, мектептің жарық режиміне қойылатын гигиеналық талаптарды қарастыру. Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны: 1. Анализаторлар туралы түсінік И. П. Павлов ілімі. 2. Анлизаторлардың құрылысы мен қызметі. 3. Балалар мен жасөспірімдердің көру қабілетінің бұзылмауын және естімеушілікті болдырмау. Анализаторлар немесе сенсорлық жүйе - жүйке жүйесінің бір бөлігі. Анализаторлар бір-бірімен тығыз байланысты үш бөлімнен тұрады.: шеткі бөлім - рецепторлар, өткізгіш немесе аралық бөлім және орталық бөлім. Организмге әсер ететін әртүрлі тітіркендіру рецепторлар қабылдайды, тітіркендірудің түріне қарай талғамалы жауап қайтарылады. Мысалы, көз рецепторлары жарық тітіркендіруін, құлақ рецепторлары дыбыс тітіркендірулерін, тері рецепторлары механикалық, температуралық тітіркендірулерді қабылдайды. Осыған орай көру, есту иіс сезу, дәм сезу, сипап сезу мүшелеріне ажыратады. Дененің кез-келген жерінде орналасқан рецепторларды сезім мүшелеріне жатқызады. Мысалы, жиырылу мен созылуды қабылдайтын бұлшықет рецепторлары, қан қысымын және химиялық құрамын бейнелейтін қан тамырларының қабырғаларының рецепторлары т.б. Сезім мүшелерінің әрекеті объективті тұрғыдан алғанда олардың рецепторларында қозудың, субъективті тұрғыдан алғанда түйсіктің пайда болуынан байқалады. Түйсік пайда болу үшін қозу сезім мүшелерінен орталыққа тебетін жол арқылы орталық жүйке жүйесіне келуі керек. И. П. Павлов осының негізінде физиологияға анализаторлар ұғымын енгізді, бұл барлық анатомиялық түзінділердің жиынтығын білдіреді, түйсіктің пайда болуы анализаторлардың қызметіне байланысты. Анализаторлар функциясы жөнінен өзара байланысқан, мынандай бөлімдерден тұрады: шеткі, өткізгіш, ми қыртысының тиісті аймағынан тұратын қыртысты бөлім. Шеткі бөлім жүйке ұштары рецепторлардан тұрады, ол тітіркендіргіштерді қабылдайды. Өткізгіш бөлім қозуды орталық жүйке жүйесіне өткізеді. Ми қыртысының ядролары анализаторлардың ең жоғарғы бөлімі болып табылады. Бұл бөлімде қозуға анализ жасалып, ол түйсік ретінде қабылданады. Әсер ететін тііркендіргіштердің физиологиялық табиғатына сәйкес рецепторлары бірнешеге бөлінеді: фонорецепторлар (дыбыс), фоторецепторлар (жарық), механорецепторлар (механикалық), хеморецепторлар (химиялық), барорецепторлар (қысым), терморецепторлар (жылу, суық). Түйсік пен жауап әсерлерінің сипатына қарай көру, есту, иіс, дененің кеңістіктегі қалпы т.с.с. анализаторларға ажыратылады. Тікелей рецепторлармен жанасатын тітіркендіруді (дәм, ауырсыну, сипап сезу) қабылдайтын мүшелерді - жанасу сезім мүшелері деп атайды. Тітіркендіруді оның шығу көзінен едәуір қашықтықта қабылдайтын көру, есту, иіс рецепторларының мүшелерін - дистантты сезім мүшелері деп атайды. Сезім мүшелерінің рецепторларының қозғыштығы бірдей болмайды. Ол рецепторалрдың күйіне, Орталық жүйке жүйесінің қызметіне, рефлекторлық доғадағы нейронның күйіне, адам жасына, дене құрылысының жетілуіне, психикалық ұстамдылығынан байланысты. Анализаторларлардың (көру, есту, қимыл т.б.) қызметінің бұзылуы адамды жартылай немесе толық мүгедек етеді. Сондықтан анализаторлардың өзара бірін-бірі алмастыруының маңызы зор. Мысалы, көзі көрмейтін адамда қалыптан тыс ұлғайған есту және қимыл анализаторлары белгілі дәрежеде қоршаған дүниені танып білудегі көру кемістігін толықтырады. Оларда сипап сезу мүшелері жақсы жетіледі. Мұның өзі Брайль әдісімен басылған трафаретті кітапты саусақтарының ұшымен оқуға мүмкіндік береді. Мұнда анализаторлардың қыртысты аймақтары арасында жойылған қызметін ішінара толықтыратын уақытша байланыстар түзіледі. Көру анализаторы көз алмасынан, көру жүйкесінен, қосымша аппараттардан тұрады. Көз алмасы бас сүйектің алдыңғы жағындағы көз шарасының ішінде орналасқан. Көз алмасы 3 қабаттан тұрады: сыртқы ақ қабық немесе склера, ортаңғы - тамырлы қабық, ішкі - торлы қабық. Тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі нұрлы қабық деп аталады. Нұрлы қабықтан кейін екі жағы дөңес мөлдір линза - көз бұршағы орналасқан. Көздің ішкі қуысын шыны тәрізді дене толтырады. Жарық сәулесін сындыратын орта - нұрлы қабық, көз бұршағы, шыны тәрізді дене және торлы қабық (ретина) көздің негізін құрайды. Есту анализаторы орналасуына қарай, атқаратын қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы және ішкі құлаққа бөлінеді. Сыртқы құлақ дыбыс толқынын жинақтап ортаңғы құлаққа өткізеді, ортаңғы құлақ ішкі құлақтың қабылдау рецепторларына береді. Ішкі құлақта есту (кортиев) мүшесімен басқа тепе- теңдік аппаратында жатады. ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР: 1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990 2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985. 3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986. 4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973. 5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982. 6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983. 7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988. 8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978. Дәріс 5. Дәріс тақырыбы: Мектептегі оқу және тәрбие процесінің гигиенасы. Дәріс мақсаты: Мектептегі оқу және тәрбие процесін ұйымдастыру, мектеп оқушыларының шаршауын және зорығуын болдырмау шараларын, мектеп режиміне, оқытуға қойылатын гигиеналық талаптарды, оқу-жазу, сурет, ән-күй сабағының гигиенасы, сыныптан тыс жұмыстарға қойылатын гигиеналқ талаптардың негізін қарастыру. Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны: 1.Сабақ пен үзілісті ұйымдастырудың гигиенасы. 2.Мектеп режиміне қойылатын гигиеналық талаптар. 3.Сабақ кестесіне қойылатын гигиеналық талаптар. 4.Оқу және жазу гигиенасы. 5.Емтихан және бақылау жұмыстарын өткізуге қойылатын гигиеналық талаптар. Жалпы оқу-тәрбие жұмыс, оның жеке бөліктері оқушылардың дене және психикалық жағынан дамуының ең жақсы нәтижелерін қамтамасыз ететіндей ұйымдастырылуы керек. Балалар мен жасөспірімдердің оқу жұмысы ми қабығының және сезім мүшелерінің қызметімен байланысты ақыл-ой еңбегі болып табылады. Ми қабығының жұмыс істеу қабілетінің белгілі бір шегі бар, сондықтан бұл шектен артық тапсырма беру оқушыны шаршатады. Қазіргі заманғы физиология шаршау деген терминді тек жұмыс істеуші орган ғана емес, сонда-ақ бүкіл организм қызметінің уақытша нашарлауы деп түсінеді, бұл шаршау белгілі бір уақыт бойы жұмыс істеудің нәтижесінде үлкен ми сыңарлары қабығының клеткалары тежелудің пайда болуына байланысты туады. Сонымен организм қызметінің кез келген түрі белгілі бір уақыт өткеннен кейін шаршау туады. Жалпы қимыл тынышсыздығының пайда болуы шаршаудың басталуының алғашқы белгісі болып саналады. Бұл төмен сынып оқушыларында айқын байқалады, балалар жан-жағына алаңдап, сөйлесе бастайды, есінейді керіледі. Егер бұл қозғалыс таратпаса және басқа жұмыс формаларына ауыспаса, егер ақыл-ой жұмысы әрі қарай жүргізіле берсе, ал мұғалім шаршауды сөзбен ғана таратуға әрекет жасаса, тежелу процесінің жайыла түсуі анық байқалады. Шаршаудың одан әрі күшейе түсетін ескертуші тежелу құбылыстары жалпы енжарлықтың және маужыраудың дамуынан көрінеді. Қалжырау - шаршаудың субъективтік көрінісі, әрі ол организмнің әлсіреуі, аздап мең-зеңдікті сезінуі және жұмыс істегісі келмеушілікпен ілесе жүреді. Организмнің шаршағыштығы бірқатар факторларға, ең алдымен денсаулық жағдайына, тамақтануға, педагогикалық процесті өткізудің сыртқы орта жағдайларында да, сондай-ақ оқу материалының мазмұны, мен оқу әдістеріне де байланысты. Ой еңбегі мен дене еңбегі кезінде организмнің шаршағыштығын кеміту және шаршаудың басталуы кезін кещеуілдету елеулі дәрежеде жұмыстың бұл түріне жаттығуға және ашықтануға байланысты болады. Күн режимін, мектеп режимін, оқу жылының режимін, сабақ кестесін дұрыс құру, қиын және оңай пәндерді және сабақтың басқа түрлерін дұрыс ұштастыру, үзілістер ұйымдастыру, оқушылардың үй тұрмысындағы қолайлы жағдайлар және т.б. мидың үлкен сыңарлары қабығының ғылым негіздерін ойдағыдай игеруді, сондай-ақ саналы, әрі тәртіпті мінез-құлықта болуды қамтамасыз ететін қалыпты жұмыс қабілетінің аса маңызды алғы шарты болып табылады. Оқушылардың мектептегі дұрыс ұйымдастырылған режимі қалыпты жұмыс істейтін әрбір мектептің міндетті шарты болып табылады. Мұндай режим - оқушылардың күш-қуаты мен денсаулығын сақтаудың негізгі шарттарының бірі. Мектеп режимін дұрыс ұйымдастырмау немесе оның орындалуына нұқсан келтіру мектеп оқушыларының жұмыс қабілетін нашарлатып, оларды шаршатуға әкеледі. Мектептегі дұрыс ұйымдастырлған режим оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттырып, саналы тәртіпті күшейту және мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мен нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Мектеп режимінің негізгі элементтері: 1. Оқу жылының ұзақтығы және календарлық жылдың барысындағы үзілістер (демалыстар); 2. Мектепке балалар қабылдауды дұрыс ұйымдастыру; 3. Оқу күнінің ұзақтығы; 4. Сабақтың ұзақтығы және оны тек педагогикалық жағынан ғана емес, гигиеналық жағынан да дұрыс құру. 5. Пәндерді олардың ауыр-жеңілдігіне қарай дұрыс бөлу: оңай және қиын сабақтар мен жұмыстарды ұштастыру; 6. Сабақтар арасындағы үзілістерді тиімді ұйымдастырып, таза ауаны барынша пайдалану; 7. Оқу күні бойында уақытында тамақтандыру және бұл процесті дұрыс ұйымдастыру; 8. Мектеп бөлмелеріндегі үлгілі тазалықты, сыртқы тәртіпті және мектеп гигиенасының барлық талаптарын орындауды қамтамасыз ету; 9. Балалар мен жасөспірімдердің сыныптан тыс жұмысын дұрыс ұйымдастыру және уақыт жағынан нормалау; 10. Үйге берілген тапсырмаларды нормалау: сабқтарды әзірлеуге қажет уақыт, тапсырма берілетін пәндердің сандары; тапсырмалардың сипаты (бірыңғай ауызша немесе бірыңғай жазбаша тапсрымалар беруге болмайды); 11. Мектеп режимінің оқушылардың тәуліктік режимімен табиғи байланысы. Мектептегі оқу жылының ұзақтығы оқушылардың жасына және қыс, көктем, жаз кезінде үзілістер жасау қажеттігіне сәйкес белгіленеді. Балаларды мектепке жүйелі түрде 6 жастан басталады. Балаларды мектепке қабылдаудың дұрыс ұйымдастырудың тек мектептегі сабақтарды ойдағыдай бастау үшін ғана емес, сондай-ақ алдағы бүкіл оқу-тәрбие жұмыстары үшін маңызы зор, сонымен қатар балалар денсаулығын сақтау және нығайту жұмысын жеңілдетеді. Мектепке қабылданатын балалар дәрігерлік мұқият тексеруден өткізіледі, балаларды қабылдауда оқушылардың оқуына мектеп үйін дұрыс әзірлейді. Оқудың басталуына бірнеше күн қалғанда балаларды мұғалімдерімен кездестірулері керек. Сынып жетекшісі өзінің болашақ оқушыларын мектеппен таныстыруы және жаңа оқу жылында олардың алдында тұрған міндеттерді түсіндіруі, олар нені үйренетіндігін, олардың күн режимі қандай болуға тиіс екендігін және т.б. айтуы қажет. Мектеппен алдын ала танысу айланысты белгілі бір рефлекстерді қалыптаса бастайды. Оқу күнін дұрыс ұйымдастыру сабақ кестесін дұрыс жасауды талап етеді. Оқушылардың денсаулығын сақтауда мектеп режимін, мектеп үйіне,оқытуға, сабақ кестесіне, санитарлық-техникалық тетіктеріне, жабдықтарына, оқу-құралдарына қойылатын гигиеналық талаптарын орындау қажет. ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР: 1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990 2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985. 3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986. 4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973. 5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982. 6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983. 7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988. 8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978. Дәріс 6. Дәріс тақырыбы: Тірек-қимыл аппараты, оның жасқа байланысты ерекшеліктері. Дәріс мақсаты: Тірек-қимыл аппартының құрылысы мен қызметі, олардың жасқа байланысты даму ерекшеліктері, тірек-қимыл аппаратының бұзылуларын алдын алу, жетілдіру жолдарын меңгеру. Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны: 1. Тірек-қимыл аппаратының құрылысы мен қызметі. 2. Балалар қаңқасының өсу ерекшеліктері. 3. Бұлшық ет жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктері. 4. Сүйек-ет системасының гигиенасы. Тірек-қимыл аппараты мүшелердің 3 жүйесінен тұрады: сүйектерден, олардың қосылыстарынан, бұлшықететерден. Сүйек туралы ілім – osteologia, остеология. Қаңқа (sceleton грек тілінде – кептірліген скелет) – механикалық маңызы бар, мезенхимадан дамитын тығыз түзілістердің жиынтығы болып табылады. Олар өзара дәнекер, шеміршек немесе сүйек ұлпаларының көмегімен байланысқан жеке сүйектерден тұрады. Қаңқаның механикалық қызметі тірек, қорғаныш және қозғалысты іске асыру қабілетінен көрінеді. Тірек болу – жұмсақ ұлпалар мен мүшелердің қаңқаның түрлі бөліктеріне бекінуі арқылы іске асады. Қозғалыс жылжымалы бунақтармен қосылған және жүйке жүйесі арқылы басқарылатын бұлшықеттің көмегімен қозғалысқа келтіретін ұзын және қысқа рычагтар түріндегі сүйектердің құрылысы арқасында мүмкін болады. Қорғау қызметі жеке сүйектерден сүйек қуысын, жұлынды қоғайтын омыртқа қуысын, бас миын қорғайтын ми сауытын, көкірек қуысының басты мүшелерін (жүрек, өкпе) қорғайтын көкірек қуысын, түрдің одан әрі сақталуы үшін қажет көбею мүшелерін қорғайтын сүйекті орын – жамбас астау түзу арқылы іске асырылады. Сүйек жүйесінің жалпы функциясы қаңқаның зат алмасуға, әсіресе, минералды алмасуға қатысуына байланысты. Сүйек заты химиялық заттардың 2 түрінен тұрады: органикалық, бейорганикалық заттардан тұрады. Бала сүйектерінде органикалық заттар көп, сондықтан олардың сүйегі иілгіш, эластикалық болып келеді. Жасы келе минералды заттар артады. Сүйектің құрылымдық бірлігі остеон, яғни тамырлары мен жүйкелер бар, орталық каналды айнала сақиналы орналасқан сүйек пластинкалары жүйесі болып табылады.Остеондар бір-біріне тығыз жабысып жатпайды, олардың арасы аралық сүйек пластинкаларымен толтырылған. Сүйек сүйек қабығы, сүйек ұлпасы, сүйек қызыл майы, қан және лимфа тамырлары мен жүйкелерден тұрады. Сүйек қабығына буындар мен бұлшықеттер бекиді, ішкі қабаты бөлінетін жасушалардан тұрады, бұл клеткалар сүйекті қалыңдатады. Жас сүйектер ұзына бойы шеміршек көмегімен өседі, сүйек өсуі аяқталғанда шеміршек сүйек ұлпасына айналады. Бала өскен сайын, оның сүйегінде сү азайып, минералды заттар артады. Ер адамда сүйектің дамуы 20-24 жаста аяқталады, әйел 2-3 жыл бұрын аяқталады. Қаңқаны 2 бөлімге бөледі: білікті (осевой) (бас қаңқасы, омыртқа бағанасы, кеуде сүйектері), қосымша (қол және аяқ сүйектері). Қаңқа бөліктері: - бас қаңқасы (ми сауыт, бет сүйектері); - тұлабой қаңқасы (омыртқа сүйектері, қабырғалар, төстік); - қол сүйектері (иық белдеуі – бұғана, жауырын, қол бас сүйектері- тоқпан жілік, шыбық және шынтақ сүйек, білезік сүйектері, алақан, саусақ сүйектері); - Аяқ сүйектері (жамбас белдеуі, ортан жілік, асықты жілік, тізе тобығы, табан, башпай сүйектері). Ересек адам қаңқасына кіретін жекелеген сүйектердің саны 200-ден асады, олардың 36-40 дененің орта сызығы бойымен орналасқан. Сырқы пішіндері жағынан сүйектерді ұзын, қысқа. Жалпақ және аралас деп ажыратады. Буындардың құрылысы мен қызметі: қозғалмайтын- сүйек бұдырлары бір- бірімен тігіс тәрізді бекиді (бас сүек), аз қозғалатын – сүйек арасындағы берік шеміршектер жатады (омыртқа сүйектері), қозғалатын – сүйек ұшы гиалинді шеміршекпен жабылған, бұл шеміршек эластикалық, жылтыр, тегіс болып келеді. Омыртқа бағанасы. Омыртқа бағанасы жоғарғы жағы баспен, төменгі жағы жамбас сүйекпен бекиді. Омыртқа жотасы 5 бөлімнен: мойын омыртқалары – 7, арқа омыртқалары-12, бел омыртқалары – 5, сегізкөз омыртқалары -5, құймышақ 4-5 омыртқа сүйектерден тұрады. Жаңа туған баланың омыртқа жотасының сырттай иілулері байқалмайды. ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР: 1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990 2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985. 3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986. 4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973. 5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982. 6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983. 7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988. 8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978. Дәріс 7. Дәріс тақырыбы: Қан және қан айналу жүйесінің физиологиясы, оның жасқа байланысты ерекшеліктері. Дәріс мақсаты: Қан, оның құрамы, қызметі, қан топтары, қанның қан тамырлар арқылы қозғалуы, жүрек құрылысы мен қызметі, жүрек-тамыр жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктерін, гигиенасы туралы білімдерін кеңейту. Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны: 1. Қан құрамы және топтары. 2. Жүректің құрылысы мен қызметі. 3. Қан айналу жолдары. 4. Жүрек-тамыр жүйесінің гигиенасы. Қан, лимфа және жасуша аралық сұйықтық организмнің ішкі ортасын құрайды. Қан дегеніміз формалы элементтер (эритоциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) мен плазмадан тұратын сұйық. Плазма құрамы күрделі ерітінді болып табылады (тұздар, ақуыздар, зат алмасу өнімдері т.б.). Плазма қан құрамының 52-58 %-іне, қан клеткалары - 42-48 %-не тең. Жаңа туған баланың организміндегі Қан дене салмағының 14,75% құрайды, 15 жастағы балада - 8,25,% ал ересек адамда салмағының 8,3 %құрайды. Қан әртүрлі қызмет атқарады: зат алмасу мен сыртқы тыныс алу процесіне белсене қатысады, барлық организм мен ұлпаларды оттегімен қамтамасыз етіп, көмір қышқыл газын шығарады, организмде қышқыл-сілті тепе- теңдігін сақтайды, организмді инфекциядан қорғайды, қоректік заттарды ұлпаларға жеткізіп, одан зат алмасу өнімдерін алып кетеді, дене температурасын тұрақты сақтайды. Гомеостаз деп қан көлемі мен құрамының және физикалық, химиялық, биологиялық қасиеттерінің тұрақтылығын, яғни барлық биологиялық константаларды (артериялық қан қысымы, дене температурасы) айтады. Бұл терминді 1929 жылы америка физиологі В. Кэннон ұсынған. Эритроциттер - (грекше eritros - қызыл, cytos- клетка) қанның қызыл түйіршіктері. Бұл формасы жағынан екіге бүктелген дискаға ұқсас қанның ядросыз клеткасы, олардың құрамы гемоглобин ерітіндісі мен оның қосындылары арқылы көрсетілген. Жаңа туған нәрестеде орта есеппен эритроциттер 1 мл кубте 7,2 млн., 5-6 айлықта 4-4,5 млн болады. Бір жастан кейін олар кәмелетке толғанға дейін бірте-бірте көбейе береді де ересектердегі секілді 1 куб. мл-де 4,5-5 млн-ға жетеді. Олар 30 күннен 120 күнг дейін өмір сүреді. Организмнен тыс кездің өзінде белгілі бір жағдайда олар бір айдан кем өмір сүрмейді. Гемоглобин - құрамында темір бар белок тектес зат Ол эритроциттер мен қанға қызыл түс береді. Гемоглобин 1 молекула глобиннен, 4 гем молекуласынан тұрады. Әрбір гем молекуласында екі валентті темір атомы бар. Гемоглобиннің бір молекуласы оттегінің 4 молекуласымен әрекеттеседі. Гемоглобин өкпеде оттегімн байланысып, тұрақсыз қосылысты - оксигемоглобинді құрайды, ал ұлпаларда оттегінің шамалы бөлігін беріп көмір қышқыл газымен байланысып карбогемоглобинге айналады. Организмде ол тыныс алу қызметін атқарады. Мектеп жасына дейінгі балалардың қанында гемоглобин құрамы 80-81%, 10-11 жастағыларда ересектердегі сияқты 85 % дейін болады. Құрамы 100 болғанда 100 мл қанда 17,3 г гемоглобин болады. Оның мөлшерінің 70 төмен болуы (100 мл қанда 14г) қан азайғандық немесе анемия деп аталатын ауруды көрсетеді. Егер пробиркаға құйылған қанға ұйытпайтын зат қосса, біраз уақыттан соң эритроциттер шөге бастайды - бұл қызмет эритроциттер тұну жылдамдығы деп аталады. Ер адамдарда - 1-10 мм/сағ., әйел адамдарда - 2-15 мм/сағ., жаңа туған балаларда - 1-2 мм/сағ., 3 жаста - 2-17 мм/сағ., 7- 12 жаста 12 мм/сағ. Бұл медициналық практикада ауруды анықтау үшін қолданылады, өйткені көптеген аурулар кезінде ЭТЖ жылдам жүреді. Эритроцит функциясының маңызы: 1. тыныс алу; 2. қан реакцияларының тұрақтылығын қамтамасыз етеді; 3. осмостық буфер; Лекоциттер. Бір литр қанда 4,5 - 9*10 лекоцит болады. Лейкоцит () қанның ақ клеткасы, ядросы бар, дм 12 мкм, амеба сияқты протоплазмасынан жалған аяқтарын шығарып (псевдоподий) қозғалады. Қанда лейкоцит санының көбеюі лейкоцитоз деп, азаюы лейкоцитопения деп аталады. Лейкоцит саны сау адамда да ауырған адамда да өзгеріп отырады. Лейкоцит түрлері: 1. гранулоцит немесе түйіршікті лейкоцит 2. агронулоцит немесе түйіршіксіз лейкоцит. Гранулоцит түрлері: эозинофиль, базофиль, нейтрофиль, ал агронулоцит лимфоцит, моноцит деп ажыратылады. Бір куб мм жас балалар қанында 7-10 мың, ересектерде 6-8 мың лейкоцит болады. Лейкоцит қорғаныш қызметін атқарады. Олар организмге еніп кеткен бөгде заттар мен микроптарды сіңіріп жоюға қабілетті, оны фагоциоз деп атайды. (И. И. Мечников). Қанның түзілуі. Қан ұрықтық дамудың 2-ші айының аяғына дейін уыздық қапшықтағы капиллярлық тамыр қабырғаларында жасалады. Алғашқы түзілген клеткаларында пигмент болмайды, біраздан соң гемоглобині бар алғашқы эритроциттер түзіледі. Бұл кезеңге дейін лейкоциттердің түзілуі жүрмейді. 2- ші айдың аяғынан бастап, қан түзілуінің бауырлық кезеңі басталады: бауырда ядролы және ядросыз эритроциттер жасалады. Лейкоциттер мен тромбоциттер де бауырда жасалады, бірақ қарқыны баяу болады. 2 айлық эмбрионда көкбауыр мен лимфа түйіндерінінің түзілуі басталады. Бұларда 3 айдан бастап эритроциттер мен дәнді лейкоциттер жасалады. Сүйек кемігінің түзілуі де ұрықтық дамудың 2 айында басталады, 4-5 айда бұлар қан жасай бастайды. Сүйек кемігінің бұл қызметі өмір бойы сақталады. Бауырдың қан жасау қызметі ұрықтық дамудың 5-6 айында баяулайды да, бұл туғаннан кейін соң бір жылдан кейін тоқталады. Көкбауырдың дәнсіз лейкоциттер жасауы ұрықтық дамудың 3-ші айынан басталып, туғаннан кейін де жалғаса береді.Бала ауруға шалдықса, онда оның ұрықтық кезіндегі қан жасаушы ағзалары бұрынғы қызметіне қайта көшеді, сонымен қатар айырша без, бүйрек, ішек т.б. ағзалар қатысады. Қан түзілу жүйкелік және гуморалдық жолмен реттеледі, оған сытқы және ішкі факторлар әсер етеді. Қан топтары. Жарақаттанып қаны азайған адамға қан құйып, ағып кеткен қанның орнын толтырады. Эритроциттердің желімденуін Прага университетінің профессоры Ян Янский ашты. Ол адам қанында эритроциттің мембранасында 2 түрлі (А және В) агглютиноген, ал плазмада агглютинин желімдейтін альфа және бетта болатынын анықтады. А- агглютиногені бар эритроцитті плазмалық - агглютинин жабыстырса, В агглютиногені бар эритроциттерді - агглютинин жабыстырады. Қан араластырған кезде аттас агглютиноген мен агглютинин бір- бірімен кездес қалса, эритроциттер бір-бірімен желімденіп, үйме-агрегат құрады. Желімделген эритроцит жарылып, оның ішіндегі гемоглобин плазмаға шығып, сөйтіп осыдан эритроцит гемолизге ұшырайды. Осыған сәйкес адамның қанын 4 топқа бөледі. І топтағы қанын барлық қан топтарына құюға болады, ал IV топқа қай топтың болсын құюға болады. Қаны І топқа жататын адамды әмбебап донор, IV топты әмбебап реципиент деп атайды. Қан айналу. Қан қызметі қан айналу жүйесі арқылы орындалады. Ол жүйеге жүрек және қан тамырлары жатады. Жүректен шығатын қан жолдары артериялық тамырлар, ал жүрекке келетін қанның жолдарын веналық тамырлар деп атайды. Қан жүрек қарыншаларынан шығып, жүрекшелерге құяды. Қан айналысының үлкен шеңбері жүректің сол қарыншасынан шығып ең үлкен артериялық тамырға - қолқаға өтеді. Қолқадан артериялық тамыр тармақталады. Артериялық тамырлар артериолаларға, ал олар капиллярларға тармақталады. Капиллярлар ағзалар мен ұлпаларды торлап жатады. Капиллярлар бір-бірімен қосылып веноздық жіңішке тамырларды - венулаларды түзеді. Венулалар өзара бірігіп веналық тамырлаға айналады. Қан айналудың кіші шеңбері оң қарыншадан басталады. Оң қарыншадан қан өкпе артериясына өтеді. Өкпе артериясы екіге тармақталып қанды өкпенің оң және сол бөліміне апарады. Өкпеде бұл тамырлар бірнеше рет тармақталып, өкпе капиллярына айналады. Бұл жерде газ алмасу жүреді: оттегі альвеоладан қанға, көмір қышқыл газы қанға қаннан альвеолаға өтеді. Өкпе артериясымен келген вена қаны артериялық қанға айналады. Бұл қан өкпе венасы арқылы сол жүрекшеге құйылады. Жүрек (лат. соr, гр. cardia) - қалың жолақты еттен тұратын төрт қуысты ағза. (250-300 г) Жүрек көкірек қуысында екі өкпе аралығының алдыңғы жағында орналасқан, ірі қан тамырларға ілініп тұрады. Ұзындығы 12-15, ені 8- 11см, жүрек үшы көкірек қуысында сол жақтағы бесінші қабырға не қабырға аралығына тіреледі. Жүрек қуысын бітеу перде екіге бөлді. Жүрекше мен қарынша арсында ативентрикулярлық тесік болады. Бұл тесікті жабатын екі, үш жақтаулы атривентрикулярлық қақпақшалар бар. Жүрек жақтаулары 3 қабаттан тұрады: эндокард, миокард, эпикард,. Жүрек қабы перикард. Балалардың эпикарды ересектерге қарағанда жұқа және мөлдір, сондықтан оның астында орналасқан қан тамырлары анық көрінеді. Эндокард жүректің ішкі ішкі жағын қаптайды. Одан екі жақты жүрек қақпақшалары жасалған. Бала жүрегінің эндокарды әлдеқайда іркілдек келеді. Миокард талшықтары балаларда ағұрлым жіңішке, нәзік келеді, ол нашарлау дамыған, қысқа әрі тығыз болады. Балалар миокардында май клеткалары жоқ. 7-12 жас аралығында балалардың жүрек өсуінің жалпы жылдамдығы салыстырмалы түрде түрде баяулайды, қарыншалар жүрек қалқаншаларынан жылдамырақ өседі, ұл балалар мен қыз балалардың жүректерінің салмағы бірдей өседі. Осы мерзімде қан тамырларының шеңбері де артады, 11-12 жасқа дейін өсіп келе жатқан жүрек пен қан тамырларының тесігі арасында тұрақты қатынас сақталады. Жыныстық кезеңде жүрек қан тамырлардан гөрі жылдамырақ өседі, сол себепті қан жіңішке тамырлармен жүреді. Бұл миды өттегімен қамтамасыз етуге және қоректендіруге қолайсыз жағдайлар туғызады, қан қысымы жоғарылайды, жүректің қағуы, ырсыл, жүректің ауруы, тез қалжырауы болады. Сыртқы түрі бойынша сәбидің жүрегі ересектің жүрегінен көлемі, жақтауларының қалыңдығы, жүрек тесіктерінің көлемі бойынша т.б. айырмашылықтары болады. Жүрек циклының ұзақтығы 6-7 жасар балада 0,63 сек., 12 жаста 0,75 сек., ересек адамда 0,8 сек. тең. 6-7 жасар баланың жүрегі минутына 95-100 рет, 12 жаста 80-90 рет, ересек адамда 68-70 рет жиырылады. Бір мезгілде жүректің оң және сол жақ бөлігі арқылы бірдей мөлшерде қан өтеді. Жүректің бір секунд ішінде айдап шығатын қан мөлшері систолалық немесе жүрек соғуының көлемі деп аталады. Бір минуттағы барлық систолалық көлемі жүректің минуттық көлемі дет атайды. Белгілі бір уақыт аралығында бірінен соң бірі кезекпен қайталанып отыратын жүректің жиырылуы мен босаңсуы жүрек жұмысының ырғағы деп аталады. Жүректің жиырылу кезеңін систола, ал босаңсу кезеңін диастола деп атайды. Жүрек жиырылған кезде байқалатын систола мен диастоланың және керісінше алмасып отыруын жүрек циклі немесе жүрек жұмысының циклі деп атайды. Жасөспірімдер жүрек, қан тамырлары жүйесінің ерекшелігін дене шынықтыру, еңбек сабақтарын, экскурсиялар ұйымдастыруда мұқият есепке алу керек. Жүрекке шектен тыс салмақ салудан аулақ болу үшін эмоциялық тітіркенуцден, спорт жаттығуларын шамадан тыс орындаудан, тұзды, майлы тағамдардан бас тартқан дұрыс. ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР: 1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990 2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985. 3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986. 4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973. 5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982. 6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983. 7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988. 8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978. Дәріс 8. Дәріс тақырыбы: Тыныс алу жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктері. Дәріс мақсаты: Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі, жасқа және байланысты ерекшеліктерін, гигиенасы туралы білімдерін кеңейту. Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны: 1.Балалар мен жасөспірімдердің тыныс алу органдарының құрылысы мен қызметінің ерекшеліктері. 2.Тыныс алу қозғалысы жиілігі мен тереңдігінің, өкпенің тіршілк сиымдылығының, тыныс алудың минуттық көлемінің жасқа сай өзгерістері. 3.Тыныс алу мүшелдері мен дауыс аппаратының гигиенасы. Тыныс алу – организмнің өмірлік маңызы бар қызметтерінің бірі. Ол сыртқы орта мен организм арасындағы газ алмасуды қамтамасыз етеді. Тыныс алу организмде бір мезгілде өтетін, бір-бірімен тығыз байланысқан үш процестен тұрады. Бұл сыртқы немесе өкпе тынысы, ішкі тыныс алу, газдардың қанға өту процесі. Сыртқы тыныс алу дегеніміз - өкпе түйіршіктерінде жүзеге асатын атмосферадағы ауа мен қанның газ алмасуы болып табылады. Ішкі тыныс алу – бұл ұлпалар мен қандағы газ алмасуы, нәтижесінде ұлпалар жаңа заттарды алып, қажет еместерінен айырылады. Оны ұлапалардағы тыныс алу деп атайды. Тыныс алу мүшелерімен иіс сезу, дауыс және сөз құрау қызметтері тығыз байланысты. Тыныс алу жолдарының кілегейлі қабықтары ауамен бірге енген бөгде заттардан қорғайды. Мұрын арқылы тыныстау тазалықтың кепілі, жұтылған ауа мұрын қуысында жылынады, бөгде заттарды ұстап қалады, ылғалданады. Тыныс алу деп ауадн оттегін сіңіріп, көмір қышқыл газын шығаруын қамтамасыз ететін өзара байланысқан көптеген процестерді атайды. Тыныс алу негізінен 5 кезеңнен тұрады: 1. Сыртқы тыныс алу – ауадағы газдарды өкпеге әкеліп, өкпеден қайтадан атмосфераға шығарып тұру. 2. Өкпе көпіршіктеріндегі (альвеола) газдар мен қан құрамындағы газдардыңғ алмасуы. 3. Газдардың өкпеден ұлпаға, ұлпадан өкпеге қан ағысымен тасымалдануы. 4. Ұлпа мен қан арасындағы газ алмасуы. 5. Ішкі тыныс алу – жасуша құрамындағы органикалық заттардың тотығуы. (бұл биохимиялық процес). Тыныс алу мүшелері: мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек (трахея), бронхылар, өкпе. Көмекей – 4-6 мойын омыртқаларының тұсында орналасқан, бір- бірімен буындар арқылы байланысқан шеміршектерден құралады. Көмекейдің ортаңғы бөлігінде екі түп қатпарлы бар жоғарғысы қарыншалық және төменгісі дауыстық. Дауыстық қатпарлар көмекейдің кеніресінен едәуір шығып тұрады. Олардың кілегейлі қабықшасының астында дауыс желбезектері мен дауыс бұлшықеттері орналасқан, ол бұл қарыншалық қатпарда болмайды, сол себепті оларды жалған желбезектер деп атайды. Екі дауыстық қатпардың арасында көмекейдің шіңішке бөлігі дауыс қуысы орналасқан. Дауыс қатпары 1 жасқа толғанша және мутация кезеңінде қарқынды өседі. Көмекей 3 қызмет атқарады: тыныс алу, қорғаныш, дауыс құрау. Тыныс алу кезінде ол ауа өткізгіш қызметін атқарады. тарамдала бөлініп, қан тамырларына және жүйкелермен өкпеге ұласады. Тыныс алу актісі өзара алмасып тұратын екі фазадан – тыныс алу (инспирация) және тыныс шығару (экспирация) тұрады. Жаңа туған нәрестенің алғашқы тыныс алуы бірқатар факторлардың нәтижесінде организмнің өзеріске ұшырауына байланысты: планцетарлы қан айналудың тоқтауы және жаңа туған нәрестенің қанында көмір қышқыл газының жинақталуы; ол тап болған ауа ортасының анағұрлым төмен болуы, ауа атмосферасы қысымының анағұрлым жоғарғы болуы. Тыныс тарту бұлшықеттері жиырылу арқылы кеуде қуысының көлемін кеңейтеді де, тыныс жолдары, ауа түйіршіктері ауаға толады, оның химиялық құрамы тыныс алу процесін ұдайы өзгертіп отырады. Тыныс алу актісі – бұл қабырға аралық бұлшық еттер жиырылуының белсенді процесі. Сыртқы бұлшықеттерінің жиырылуы тыныс алуды, ал ішкі бұлшықеттерінің жиырылуы тыныс шығаруды қамтамасыз етеді. Сыртқа қабырға аралық бұлшықеттері бөлек тыныс алу актісіне диафрагма, ал тыныс шығару актісіне кеуденің көлденең бұлшықеттері қатысады. Тыныс алу кезінде қабырғаның көтерілуі есебінен кеуде қуысының көлемі көлденең және алға, артқа қарай, желбіршектердің төмен түсуі нәтижесінде жоғарғы жаққа қарай ұғаяды. Бұл кезде көк ет қуысының қысымы төмендейді, өкпе көлемі ұлғаяды да атмосфералық ауа түйіршіктерге еркін енеді. Терең тыныс алу актісіне кеуде қуысы қоршап тұрған барлық бұлшық еттер: кеуденің үлкен, кіші, арқаның тіс тәрізді, аса жалпақ және ұзынша бұлшықеттер қатысады. Тынысалу тыныс шығаруға ұласады да, нәтижесінде қабырға аралық бұлшық еттер босаңсып, кеуде қуысы төмен түседі, өкпе ұлпасы қысылып, түйіршіктерден, кеңірдек тарамдарынан, түйіршік қуысынан ауаны шығарады. Бұл жағдайда өкпе ұлпа серпінділігі мен кеуде қуысының көлемінің кішіреюінің арасан зор маңызы бар. Тыныс алу кезіндегі кеуде қуысының көлемінің өзгеруіне қарай тыныс алудың 3 типі болады: кеуделік, қарындық, аралас немесе кеуделі-қарындық. Жаңа туған баланың тыныс алуы қарындық тыныс, 7 жасар баллада тыныс алудың кеуделік типі байқалады, 10 жастан бастап тыныс алудың жыныстық ерекшеліктері көрініс бере бастайды: қыз балаларда тыныс алудың кеуделік типі, ұл балаларда қарындық типі орныға бастайды. Тыныс алуды жиілігі кеуде қуысы немесе қарын бұлшықеттерінің бір минута жасаған қозғалысымен анықталады және ол организмнің оттегіне деген физиологиялық сұранысына тәуелді болады. Жаңа туған бала минутына 40-60 рет тыныстайды, төменгі сынып оқушылары 22- 20, 12 жаста – 18, жоғарғы сынып оқушылары нормаға жақын – минутына 16 рет тыныстайды. Тыныс алудың тереңдігі организмнің сыртқы тыныс алу аппараты қызметінің көрнекі көрсеткіштерінің бірі. Ол бір тыныс алу кезеңінде өкпеге келіп түскен ауаның мөлшері арқылы анықталады. Өкпенің бір минуттағы ауа айналымы немесе бір минуттық көлемі деп бір рет тыныс алу көлемінің бір минута жасалған тыныстау жиілігіне қатынасын атайды. Мысалы, ол 5 жасар баллада – 6400 мл тең. Ересектерде 6000-8000 мл, әйелдерде 5000 мл. ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР: 1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990 2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985. 3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986. 4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973. 5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982. 6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983. 7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988. 8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978. Дәріс 9. Дәріс тақырыбы: Асқорыту жүйесі, оның жасқа байланысты ерекшеліктері. Дәріс мақсаты: Асқорыту жүйесінің құрылысы мен қызметі, оның жасқа байланысты ерекшеліктері, зат және энергия алмасу, тамақтану гигиенасы туралы білімдерін тереңдету. Дәріс жоспары және қысқаша мазмұны: 1. Асқорыту мүшелерінің құрылысы мен қызметі. 2. Тістер. Тістің алмасуы. 3. Зат және энергия алмасу. 4. Тамақтану гигиенасы. Ас құрамындағы қоректік заттар адам денесіндегі ұлпалардың жаңаруына, жасуша түзілуіне, адамның өсу-дамуын қамтамасыз ететін құрылыс материалы, тіршілікке жұмсалатын энергия көзі. Тағам құрамындағы қоректік затарды қарапайым қосынды – мономерлерге дейін ыдыратуды асқорыту деп атайды. Асқорыту – өте күрделі процесс. Ол алдымен физикалық жолмен өңделеді, соңынан химиялық реакцияға түсіп, қорытылып организмге сіңетін сатыға жетеді. Физикалық өңдеу барысында ас кесектері ұсатылып, бөлшектенеді, сілекей шырынымен шыланып, жұмсарады. Химиялық өңдеуге ішек-қарын ферменттері қатысады, бұлардың әсерін күрделі заттар қарапайым заттарға ыдырайды. Су, минералды тұздар, ас құрамындағы кейбір қарапайым органикалық заттар ішек-қарында өзгерместен тікелей қанға сіңеді. Гидролаза ферменттері түзілу ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөлінеді: 1. Аутолитикалық ферменттер – тағамдық заттар (ана сүті құрамындағы ферменттер). 2. Симбионттық гидролазалар – бактериялар мен бір клеткалы жасушалы жәндіктердің қатысуымен гидролиздік процестерді іске асырады (мысалы, күйіс қайыратын малда клечатканы ыдырататын ферменттер). Адамда симбиоттық гидролиз тоқ ішекте ғана кездеседі. 3. Меншікті гидролазалар – жануарлар, адам организмінде осқорытуға қатысатын ішек-қарын сөліндегі негізгі ферменттер. Гидролиз ферменттерінің орналасуына қарай жасуша ішіндегі және одан тысқары жердегі асқорыту болып екіге бөлінеді: жасуша ішіндегі асқорытуда фагоцитоз, пиноцитоз арқылы жасушаға өтетін қоректік заттар лизосомалық ферменттердің қатысуымен гидролизге ұшырайды (лейкоцит, лимфоциттерде, ретикулоциттер және гистоциттерде ас осылай қорытылады). Жасушадан тыс жерде асқорыту – дистанттық (қуыстық) және контактық (мембраналық) асқорыту болады. Дистанттық асқорыту ферменттер түзілетін жасушадан оқшау жерде, ішек-қарын түтігінде өтеді, ал контактық асқорыту дегеніміз ішек түтігінің ішкі бетінде, онымен жанасқан эпителий жасушаларда гликолистік ферменттердің әсерінен болатын гидролиз. Қуыстық гидролиз кезінде пайда болған өнімдер гликоликс қабатынан өтіп, мембрана бетінде бірнеше мономерлерге айналады да, ішек эпителий бетіндегі микротүтіктер арасында орналасқан микроканалдар арқылы ішек жасушаларына өтеді. Асқорыту жүйесі ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, он екі елі ішек, аш ішек, тоқ ішек, сөл шығаратын бездер, бауырдан тұрады. Асқорыту жүйесінің қызметі: 1. Сөл шығару (секреция, секреторлы қазмет) қызметі. Оны асқорыту, сілекей, ішек-қарын бездері, ұйқы безі, бауыр атқарады. Сөл құрамында органикалық қоректік заттарды ыдырататын ферменттер (гидролазалардан) тұрады: протеаза (белоктарды пептид, амин қышқылдарына ыдыратады), липаза (майды – май қышқылы мен глицеридке), карбогидролазалар – полисахаридтерді (крахма, гликоген) моносахаридтерге дейін ыдыратады. 2. Қимыл (моторлық қызмет) қызметін бірыңғай салалы еттер атқарады. Салалы ет талшықтары сақина тәрізді және бойлай тартылған екі түрлі талшықтардан құралған. Асқорыту жолының бір бөлімі екінші бөлімімен түйіскен жерінде салалы ет талшықтары сақина тәрізденіп топталып, сфинктер еттерін құрады. Сақина тәрізді ет талшықтары жиырылса, өңеш, ішек-қарын түтігі тарылып, ұзарады, ал ұзыннан орналасқан ет талшықтары жиырылса түтік кеңейіп қысқарады. Бұл қимылдар ас кесегінің ішек-қарын сөліне шыланып ондағы ферменттер әсерімен ыдырауға, бұдан пайда болған өнімдердің денеге сіңуіне септігін тигізеді. Ішек-қарын біресе жиырылып, біресе жазылып толқын тәрізді қимылдар жасайды (перистальтика), мұның нәтижесінде ішектегі заттар жоғарыдан төмен тоқ ішекке қарай жылжиды, қорытылмаған, бойға сіңбеген заттар сыртқа шығарылады. 3. Қоректік заттарды сіңіру қызметі. Адамға қажетті қоректік заттар қарапайым қосындыларға ыдырап, биологиялық мембраналардан өтіп, қанға немесе лимфаға сіңеді. Жалпы алғанда қоректік заттар ащы ішекте сіңеді. 4. Экскреторлық қызмет- тіршілікке қажетсіз заттарды сыртқа шығару қызметі. 5. Эндокриндік қызмет. Ішек-қарын кілегейлі қабығында, қарын пилорусы мен он екі елі ішекте (ұлтабарда) көптеген гормондар түзіледі. Олар қанға енеді де, алдымен асқорыту процесін, зат алмасу, өсіп-өну, есею процестерін реттеп, басқарып отырады. Мұндай гормондар – гатроинтестиналдық гормондар деп атайды. (гастрин, секретин, панкиреозимин – холецистокинин, энтерокинин, гастрон). Сонымен ішек-қарын гастроинтестиналдық гормондары: 1. Асқорыту бездерінің сөл шығару қабілетін күшейтіп, қоректік заттардың қорытылуын үдетеді. 2. Арэнтерин деп аталатын гормон жасөспірім денесінде ассимиляция (түзіліс) процесін күшейтеді, сөйтіп, өсу, есею қарқынын үдетеді, адамның тәбетін жақсартады, диэнтерин гормоны зат алмасу қарқынын реттейді. 3. Түрлі ағзаларда қан айналысын қалпына келтіреді, биологиялық мембрананың өткізгіштік дәрежесін реттеп отырады, сөйтіп пофилактикалық әсер етеді. Асқорыту түтігінің қабырғасы күрделі 3 қабаттан тұрады: ішкі- шырышты, ортаңғы-етті, сыртқы –дәнекер ұлпасы, ір қабаты. Тамақтану- адамның қалыпты тіршілік қызметтері мен дамуы үшін қажет бірден-бір әлеументтік және биологиялық фактор болып табылады. Рационалды тамақтану – ол ғылыми негізінде құрылған, ағзаның өсуі мен қалыптасуын, денсаулықты сақтау мен жұмыс қабілетін арттыруын қамтамасыз етеді. Тамаққа қойылатын гигиеналық талаптар: 1. Адам организмінің барлық энергиялық шығынын толық қалпына келтіретіндей болуы керек. 2. Тамағамның құрамында ағза үшін қажетті ақуыз, май, липид, көмірсу, минералды заттар, дәрумендер, су жеткілікті мөлшерде және оптималдық арақатынаста болу қажет. 3. Тағам алуан түрлі болып келуге тиіс. Оның құрамына өсімдіктен және жануарлардан алынатын сүт, ет, балық т.б. тағамдар енуі керек. 4. Ас жақсы сіңірілетін, тәбетін ашатын, дәмді, жақсы иісі, көлемі және калориясы жағынан да жеткілікті болуға тиіс. 5. Тамақ сапалы болуға тиіс және құрамында зиянды қоспасы, ауру тудыратын микробтары, улы заттар болмау керек. 6. Тамақты бір күнге дұрыстап бөлу керек. Тамақты үнемі белгілі бір сағаттарда ғана ішу қажет. Тамақтану – зат алмасуы мен энергия алмасуының физиологиялық негізі. Сапасыз немесе жеткіліксіз тамақтану организмнің тіршілік қызметін бұзу мүмкін: өсудің кешеуілдеуі, жұмысқа қабілеттілігінің нашарлауы, түрлі ауруларға деген қарсылығының кемуі, қоршаған ортаның зиянды әсерлері алдындағы организмнің төзімділігінің төмендеуі. ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР: 1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990 2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985. 3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986. 4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973. 5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982. 6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983. 7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988. 8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978. Дәріс 10. Дәріс тақырыбы: Зәр шығару жүйелері, оның жасқа байланысты ерекшеліктері. Дәріс мақсаты: Зәр шығару жүйесінің құрылысы мен қызметі, оның жасқа байланысты ерекшеліктері, гигиенасын қарастыру. Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны: 1. Зәр шығару мүшелерінің құрылысы мен қызметі. 2. Зәр шығару жүйесін аурудан сақатандырудағы жеке бастың гигиенасының ролі. Адам организімінде зат алмасу үздіксіз жүреді. Оның барысында түзілген өнімдердің кейбірін организм пайдаланбайды, сондықтанда олар сыртқа шығарылуы керек. Сыртқа шығару мүшелері: бүйрек, тер бездері, өкпе, асқорыту түтігі. Экскрециялық мүшелердің негізгі қызметі – денедегі зат алмасудың соңғы өнімдерін өзге текті басқа заттарды, мысалы, дәрі – дәрмектерді сыртқа шығарып отыру. Гомеостаздық – қан құрамы мен қасиеттерін лимфаның интерстициялық сұйық пен ликвар құрамының тұрақтылығын сақтайды. Сыртқа шығару ағзаларының қан құрамындағы және денедегі басқа сұйықтар құрамындағы иондар концетрациясының тұрақтылығын (изоиония) және қан мен басқа биологиялық сұйықтықтардың осмостық қысымының тұрақтылығын (изоосмия). Денедегі қышқылдар мен негіздер тепе-теңдігінің тұрақтылығын (изогидрия) қамтамасыз етеді. Экскрециялық ағзалар денедегі басы артық қышқылдар мен сілтілерді сыртқа шығарып отырады. Мұнымен қатар жасуша ішіндегі және сыртқы сұйықтармен әрдайым алмасып тұратын қанның тамырдағы көлемдік тұрақтылығын (изоволемия) сақтайды. Денедегі белгілі бір жағдайда су мен тұздар тепе-теңдігін (балансын) қамтамасыз етіп олардың артығын организмнен шығарады. Тері бездері дене температурасын тұрақтылығын сақтауға (изотермия) қатысады. Бүйрек. Бүйректің негізгі қызметі – несеп түзу. Несеп түзілуі, оны сыртқа шығару үрдісі диурез (несеп шығарушы) деп аталады. Қалыпты жағдайда тәуліктік диурез мөлшері сыртқы қоршаған ортаның температурасына, желінген тамақтың құрамына, мөлшеріне және ішкен су мөлшеріне байланысты. Ересек адамда тәулігінде 1000-1800 мл несеп түзіледі. Ауруға шалдыққан кезде кейде тіпті сау адамда да диурез өзгеріп отырады. Физиологиялық жағдайда оның 3 түрін байқауға болады: алигурия – тәуліктік диурездің азаюы; полиурия – тәуліктік диурездің көбеюі; анурия – несеп түзілуінің тоқтайы. Ауруға шалдыққан кезде туатын өзгерістер – энурез (түнде несеп ұстамау), никтурия (түнде несептің шектен тыс көп болып түзілуі). Бүйрек жұп мүше, салмағы 120 – 200 г. Бүйректің негізгі морфофункционалдық құрылымы – нефрон, ол мальпигий шумақтары мен бүйрек түтікшелерінен тұрады. Әрбір бүйректе 1 млн – ға жуық нефрон бар. Олар қан, лимфа тамырларымен жиі торланған және араларында интерстицияльдық сұйықтық болады. Нефрон құрылысы - өте күрделі. Ол Шумлянский – Боумен капсуласымен, артериялық капилляр шумағынан, яғни Мальпигий шумағынан және түтікшелерден тұрады. Нефронның шумақтық бөлігі гиомерулалық бөлім деп аталады. Шумлянский – Боумен капсуласы бүйрек түтікшелеріне айналады (нефронның түтікше бөлігі деп аталады). Бұл құрамында (проксималь) және (дисталь) ирек түтікшелері бар, бүйректің құрылысты бөлімінде, ал гекле ілмешегі және несеп жиналатын түтікшелер ми бөлімінде болады. Бүйрекке ағып келетін қанның 85% -ке жуығы, бүйректің қыртыс қабатындағы қан тамырларында. Қанды алып келуші артериялы тамыры қабырғасында, оның шумаққа кіретін жерінде микроэпителиялық жасушадан пайда болатын тығыз түйін. Оны юкстагломеруларлық (шумақ қасы) аппарат деп аталады. Егер де бүйректің қанмен қамтамасыз етілуі нашарласа, бұл аппарат ренин бөледі. Ренин артерия қан қысымын реттеп, қандағы электролиттың мөлшерін қалыпты жағдайға келтіреді. Бүйректің қан әкелуші тамыры бүйрек артериясынан басталады. Бүйрек артериясы іш қалқасының бір бұтағы. Мальпигий шумағы капиллярында қан қысымы жоғары (с.б.б. 78-80 мм). Бүйректің қан әкелуші тамырына қарағанда қан әкетуші тамырының дм екі есе тар. Нефрон түтікшелерінің ұзындығы 35 – 50 см, ал бүйректің жалпы барлық түтікшелерінің ұзындығы 70 – 100 см. Нефрон түтікшелерінің құрылымдық ерекшелігі , оның жоғарғы бөлімі цилиндр тәрізді эпителийден тұрады, олардың ішкі бетінде микробүрлер, яғни кері сіңіру қабілеті күшті протоплазмалық өсінділер бар. Кейін эпителилердің пішіні өзгеріп куб тәрізді болады. Микробүрлер бүйрек аппаратын түтікшелерінің ішкі ауданының көлемін бірнеше рет ұлғайтады. Ферменттік жүйелер түтікше эпителиінің әр бөлімінде әркелкі орналасады: гексокиназа жоғары иірім түтікшелерінде көбірек болады, сукцинатдегидроза негізінен гекле ілмешегінің жоғарғы бөлімі эпителиінде көбірек, ал төменгі бөлігінде өте аз шоғырланған. Гиалуронидаза ферменті көбіне көп мөлшерде жинайтын түтіктің эпителиінде орналасады. Бұл айтылған ерекшеліктер несеп түзілу нефронның қай бөлімінде болса да өте күрделі үрдіс екенін көрсетеді. Алғашқы (провизорлық) несеп пен соңғы (дефинитив) несеп айырмашылықтары: 1) Алғашқы несептің көлемі – 150-180 л, соңғы несеп көлемі 1,5 – 2 л, орта есеппен 1 – 1,5 л. 2) Соңғы несеп құрамында қант, амин қышқылы, альбуминдер болмайды, мочевинаның, несеп қышқылының және т.б. белок аломасу барысында пайда болатын заттың мөлшері бірнеше есе көп, кейбір тұздар (хлорид, сульфат, фосфат) концентрацияда көп болады. 3) Соңғы несеп құрамында қанда жоқ заттар – гиппур қышқылы, аммоний тұзы, пенциллин, диодраст, ПАГ (пара – амингиппур қышқылы). Түтікшелерде несеп түзілу барысында алғашқы несептену, кейбір заттар қайта сіңеді. 150- 180 л алғашқы несептегі судың орнына, 1,5 л таяуы (1%) сыртқа шығады, ал 99% қайта сіңеді. Зәр - өзіне тән иісі бар, сарғыш түсті сұйық. Оның меншікті салмағы 1,010- 1,025, реакциясы әлсіз қышқылды. Оның құрамында 98 – 99 % су және 150 түрлі химиялық заттар болады. Зәрдің құрамында белок алмасуының өнімдері (мочевина, несеп қышқылы, креатин), минеар тұздар (ас тұзы), пигменттер (урохром,уробилин) болады. Тәуліктік зәрдің мөлшері 1,5 л. Зәрдің түзілуі.Бүйректе зәрдің түзілуі 2 фазада өтеді. Алғаш 1-ші фазада алғашқы зәр, 2-де соңғы зәр түзіледі. Алғашқы зәр нефронда пайда болады. Капсуладағы тамырлар шоғырында қан қысымы жоғары, сондықтан қанның сұйық бөлімі капсула ішіне сүзіледі. Капсула қуысына сүзілген сұйықтықты алғашқы зәр деп атайды. Ересек адамда тәулік ішінде нефрондық тамырлар шумағы арқылы 2000 л қан өтеді де, 150 – 180 л жуық алғашқы зәр түзіледі. Екінші фазада каналдарындағы алғашқы зәрдің құрамындағы организмге қажетті су, глюкоза, амин қышқылы, минералдық тұздар қанға сіңеді. Организмге қажетсіз мочевина, несеп қышқылы, сульфат т.б. кері сіңбейді. Кері сіңу каналдар қабырғасындағы эпителий клетканың қызметіне байланысты, нәтижесінде соңғы зәр түзіледі. Зәрдің сыртқа шығарылуы. Соңғы зәр жинағыш каналдарға, одан ағыс жолдарына өтіп емізікшелерге, одан тостағаншаға, одан бүйрек түбегіне, бұдан несепағар арқылы қуыққа жиналады. Несепағар ұзындығы 30 см жуық түтік. Зәр жолы арқылы қуықтағы зәр сыртқа шығады. Зәр жолы түтігінің ұзындығы әйелдерде 3-4 см, ал ер адамдарда 18 см шамасында. Қуықтың зәр жолы басталар жерінде оны сақина тәрізді қоршап тұратын 2 сфинктер бар. Қалыпты жағдайда олар зәр жолын жауып тұрады. Бұл сфинктер ашылған кезде қуықтағы сұйық зәр шығару жолына ағады. Нефрон мен оның каналының қан тамыры нерв талшықтарын мол жабдықталған, Симпатикалық нерв зәрдің түзілуін күшейтеді. Зәрдің түзілуіне гумаральдық әсерлер бар: нейрогипофиздік антидуретикалық гормон, бүйрек үсті бездің қыртыс қабат гормоны - минералокортиноид зәр түзілуін азайтады, ал бүйрек үсті безінің ми қабаты гормоны – адреналин оны көбейтеді. Жаңа туған баларда бүйректің массасы 11-12г, 1 жаста 36-37г, 3 жаста 55-56г. Бүйрек өсуінің алғашқы 3 жыл ішінде, жыныстық жетілуі кезеңінде және 20-30 жас аралығында байқалады. Жаңа туған балаларды бүйректің сыртқы беті бөлікті болып келеді. 2 жаста балаларда бөліктер едәуір тегістеледі, 5 жасар балаларда мүлде байқалмайды. Бүйректің қыртыс қабатының қалыңдығы жаңа туған балаларда 2 мм-ге тең, ал ми қабатының қалыңдығы 8 мм. Жаңа туған балалардың бүйрегінде нефрондар көп, бірақ майда, каналдардың иірімделуі аз. Иірім каналдарының өсуі 1-ші жылы қарқынды жүреді, 3-4 жаста саңылаулар кеңдігі, канал қабырғасының клеткалары құрылысы мен қызметі ересектерге ұқсас. ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР: 1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990 2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985. 3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986. 4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973. 5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982. 6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983. 7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988. 8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978. Дәріс 11. Дәріс тақырыбы: Ішкі секреция бездерінің физиологиясы. Дәріс мақсаты: Ішкі секреция бездері, олардың қызметі, бөлетін гормондарының ағза тигізетін әсерін, жыныстық жетілу және жыныстық тәрбие беруді қарастыру. Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны: 1. Ішкі секреция бездері туралы түсінік. 2. Гормондар гумарльдық реттелудің факторы. 3. Жыныстық жетілу кезеңінің ерекшеліктері және бұл кезеңнің гигиенасы. Ішкі секрециялы бездердің сыртқы секрециялы бездерден айырмашылығы, олардың бөлген сұйықтығын шығаратын түтікшелері болмайды. Сол себептен сұйықтығын тікелей ішкі ортаға қанға, лимфаға бөледі.Олар өте қан тамырлы келеді. Ішкі секрециялық бездердің қанға бөліп отыратын сұйықтығын гормон деп атайды. Гормондар организмдегі түрлі тіршілік процестеріне (зат алмасу, даму, өсу, жыныстық жетілуне т.б.) қатты әсер етеді.Оларды не үдетіп, не тежеп отырады. Осы гормондар арқылы организмге тигізетін химиялық әсерін гуморальдық реттеу деп аталады. Эндокриндік бездердің (гр.endon – ішкі, crineo - бөлемін немесе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа капиллярымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады. Ішкі сөлініс бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқанша серік бездері, айырша без, бүйрекүсті безі, ұйқы және жыныс бездері жатады. Ұйқы және жыныс бездері – аралас бездерге жатады. Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық ұлпалар мен мүшелерге және бүкіл организмге әсер ете алады: 1) метаболизмдік – зат алмасу процестердің түрлі жағдайлары мен жиілігіне әсері; 2) морфогенетикалық – конформациялық құрылымдық процестерде ажырату (дифференциялық, ұлпалардың өсуіне, өзгеріске, метаморфозға); 3) кинетикалық – қызмет орындаушы ағзалардың белсенділігіне және оларды қызметке қосуға немесе тежеуші факторалға әсері; 4) түзетілуші (коррекциялық) – ұлпалар мен ағзалар қызметінің қарқынын өзгертуге әсері (жоғарылауы, төмендету, жылдамдату, тездету, бәсеңдету қозғалыстары). Адам мен жоғары сатыдағы жануаралардың гормондарын химиялық құрылым ұқсастығын, физико – химиялық, биологиялық қасиеттердің ортақтығын негізге ала отырып 3 класқа бөледі. 1) Белоктың – пептидті қосылымдар (инсулин, глюкоген, сомататропин т.б.); 2) Стероидтар (бүйрек – үсті безі қабығының және жыныс безі гормондары); 3) Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламиндер – адреналин, норадреналин). Гормондардың түзілуі арнайы эндокриндік құрылымдардың генетикалық аппаратында жоспарланған, сондықтан әр ішкі секреция бездері тек белгілі бір гормондарды жасап шығарады. Организм ішкі сұйықтық ортасына өткен гормондардың белгілі бір мөлшері бас қалпында, ал шамалысы қан плазмасы белоктарымен қосылған күйде болады. Мысалы, транскортизон, альбумин және α – глобулинмен бірігеді, бұдан белсенділігі төмен байланысқан гормон бөлінеді. Эндокринология ішкі секреция бездердің физиологиясы мен патологиясы ғылым ретінде ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында қалыптасқан. Бұл бағытта ғылыми зерттеулердің негізін А. Бертольд салды. Гормондар өте активті заттар. Олардың қанға бөлініп отыруы вегетативті жүйке жүйесімен, жоғарғы ми қызметіне байланысты болып кетеді. Бұл бездердің көлемі өте шағын, жалпы салмағы 100 г-нан аспайды. Эндокринді бездер жұмысы өзара өте күрделі байланыста болады. Сол себепті бір бездің бұзылуы басқа да бездердің жұмысына әсер етеді. Аденогипофизде бірнеше гормондар түзіліп қанға құйылады: - сомататропин және өсу гормоны (СТГ); - тиреатропин (ТТГ) - адренакатикатропин (АКГТ) (бүйрек үсті безі); - гонотдотропин (ГТГ) – лютеинді (ЛТГ), лютеотроп (ЛТГ), фалликуластимулдаушы (ФСГ). Эндрокринді бездерді орналасқан жағдайы мен шығу тегіне байланысты 5 топқа бөлінеді: 1) нейрогенді бездер – гипофиз және эпифиз; 2) бронхиогенді бездер – қалқанша безі, қалқанша маңы безі, айырша безі; 3) хромофинді бездер – бүйрек үсті безі, параганглиялар; 4) қарын асты безі (ұйқы безі); 5) жыныс бездері (эндокринді бөлігі жатады). Без қызметінің кенеттен тыс күшейіп, қанға гормондық көп бөлінуін гиперфункция деп атайды, ал без қызметінің нашарлап, гормонның аз шығуын – гипофункция деп атайды. ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР: 1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990 2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985. 3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986. 4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973. 5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982. 6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983. 7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988. 8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978. Дәріс 12. Дәріс тақырыбы: Мектеп ғимараты мен ондағы санитарлық-техникалық тетіктеріне қойылатын гигиеналық талаптар. Дәріс мақсаты: Мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау және оқу-тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру ммақсатында болашақ мұғалімдердің мектеп үйіне, онддағы санитарлық-техникалық тетіктеріне қойылатын талаптар білу қажеттілігін меңгерту. Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны: 1.Мектеп ғимаратты салатын орынды таңдау. 2.Жылыту және жылу құралдарына қойылатын гигиеналық талаптар. 3.Мектептегі жарық режимі, желдетуге қойылатын гигиеналық талаптар. Мектеп үйін жоспарлау, оның жабдықталуы, микроклиматтық жағдайлары және жарық режимі оқу-педагогикалық процесс пен балалардың денсаулығына белгілі ықпалын тигізеді. Осыған байланысты мұғалімдер мектеп үйіне және жабдықталуына қойылатын негізгі гигиеналық талаптарды білуі тиіс. Мектеп үйлерін зиянды газдар мен түтін шығатын фабрика және зауытқа жақын жерлерге орналастыруға болмайды. Егер салу жағдайында жел бағытын екеру қажет. Сонымен қатар, көлік көп жүретін магистралдардың бойына, адамдар көп жүретін базар, бекеттердің бойына салмаған жөн. Мектептерді орналастыру ең қолайлы жерлер – кварталдардың іші, бұрылыстардағы тыныш көшелер мен тұйық көшелер. Мектептің маңындағы жер участогы жаратылыстану, география пәндері бойынша оқу сабақтары өткізу үшін, дене шынықтыру мен еңбек пәндері бойынша оқу және оқудан тыс сабақтар жүргізу үшін қажет. Мектеп участогында мыналар болуға тиіс: құрылыс салуға арналған алаң, оқу-тәжірибе зонасы, демалыс зонасы, шаруашылық зонасы. Мектептің үйі мен бөлмелері белгілі бір гигиеналық талаптарға сай болуға тиіс. Мектеп үйіне қойылатын негізгі гигиеналық талап – онда сапасы жақсы ауа ортасын, жылу және жарық режимін қамтамасыз ету. Мектеп үйінің гигиеналық құрылысының қолайлық мәселесі, яғни оның этаждылығы, жоспарлау принциптері, жеке бөлмелердің орналасуы, басқыштардың құрылысының да және т.б. маңызы кем емес. Мектеп үй-жайлары өздерінің атқаратын қызметтеріне қарай оқу үйлері, көмекші үйлер, тұрғын үйлерге бөлінеді. Мектеп үйіне қойылатын аса маңызды бір гигиеналық талап – онда сапалы ауаның болуы. өзінің сапасы жағынан ластанбаған атмосфераға жақындайтын немесе оған толық дерлік сәйкес келетін ауа сапалы, гигиеанлық жағынан жарамды ауаға саналады. Мектеп үйі гигиенасының негізгі мәселелерінің бірі – сынып бөлмелерінің жақсы жарықталуы. Сынып бөлмелеріндегі дұрыс жарық режимінің бәрінен бұрын көру зейінін қорғауда мәні бар. Мектеп оқушыларының оқу жұмысы көздің едәуір зорланып жұмыс істеуімен байланысты. Жарық жеткіліксіз болған жағдайда көру органына түсетін күш артады да, алыстан көре алмаушылықтың пайда болуына жағдай жасалады. Сонымен қатар сынып бөлмелерінің жарық болуы мектеп оқушысының жүйке жүйесіне де жақсы әсер етеді. ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР: 1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990 2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985. 3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986. 4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973. 5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982. 6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983. 7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988. 8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978. Дәріс 13. Дәріс тақырыбы: Мектеп оқу жыбдықтары мен оқу құралдарына қойылатын гигиеналық талаптар. Дәріс мақсаты: Мектеп оқу жабдықтары, оқу құралдары, олардың дұрыс таңдау, қойылатын гигеналық талаптарын білу. Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны: 1.Оқу жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар. 2.Оқу партасы мен орындықтарын дұрыс таңдау және оны дұрыс орналастыру. 3.Оқулықтар, қалам, қарандаш, көрнекі қралдар гигиенасы. Мектеп жабдығына жиһаз (столдар, парталар т.б.), дене шынықтыру құралдары, вестактар және оқу мастерскойларының станоктары, ауыл шаруашылық инвентары, оқулықтар, көрнекі құралдар, мектеп-жазу жабдықтары жатады. Мектептің оқу үйлері мен басқа да үйлерін жабдықтау педагогикалық, гигиеналық және өндірісті техникалық талаптарға сай болуы тиіс. Мектеп жабдықтары оқушыларының бойы мен жасерекшеліктеріне сай болуы, оқушылардың денесінің дұрыс дамуын, олардың қалыпты жұмыс қабілетін сақтауды және оқушылардың партада дұрыс отыруын қамтамасыз ететіндей болуы керек. Жабдықтар балар жарақаттанып қалмайтындай қауіпсіз болуы, шеттері үшкір және өткір болмауы керек, ықшамды, тез тазартылатын болуы қажет. Жабдықтың әрбір түрі сырт көрінісі, құрылысы мен бояуы жағынан мүмкіндігінше көркем жасалған болуы тиіс. Мұндай эстетикалық талаптың балалардың жүйке жүйесі үшін белгілі маңызы бар және көңілдің сергек болуына көмектеседі. Оқу партасы - сыныптағы жабдықтың негізгі түрі. Оған қойылатын негізгі талап – оқушының бойына және денесінің пропорциясына сәйкес келуі. Ол оқушы орын алғанда немесе тұрып кеткенде көршілеріне кедергі жасамйтындай, жауап бергенде ол үшін парталар аралық жолға шықпай-ақ, орнына емін-еркін тұра алатындай қолайлы және артық күш жұмсатпайтындай болуы тиіс. Мектеп оқушыларының дұрыс отыруы, олардың сымбатының бұзылмауы, омыртқа жотасының қисаймауы, сондай-ақ оқушылардың қалыпты көруі бұзылмауы парта құрылысының дұрыс жасалуына және оның элементтерінің оқушылардың дене пропорцияларына, бойына сәйкес келуіне байланысты. Парта өзінің құрылысы жағынан берікте орнықты болуы және сыныпты жинастырғанда оңай жылжитын болуы қажет. Парталар мен орындықтарының сыртқы беті жақсы өңделген, жылу өткізгіштігі төмен, аса берік материалдардан жасалуы керек. Парталар қылқан жапырақты ағаштардан, қандыағаш, қайың, буктан, арнаулы синтетикалық материалдардан, парта бір орынды немесе екі орынды етіп жасалады жасалынады. Оны тазалау үшін қолданылатын құралдарға төзімді болу керек. Оқу жиһазына қойылатын гигиеналық талаптар конструкциясын алғаш рет Э. Э. Эрисман жасаған. Мектеп оқушыларының партада, оқушылар столына дұрыс отыруға үйретудің ерекше маңызы бар. Мектеп оқушысы басын алға қарай болар-болмас қана еңкейтіп, тік отырса, көзінен кітапқа немесе дәптерге дейінгі аралық 35 см- дей болса, дұрыс отырған болып саналады. Бұл жағдайда оқушының белі міндетті түрде қосымша сүйенішке тиіп тұруы керек. Оқушының көкірегі мен парта шетінің арасында алақанның еніндей қашықтық қалуы керек. Иықтарды стол қақпағының шетіне параллель етіп ұстаған жөн: шынтақтың екеуі де партаның қақпағында жатуы тиіс. Оқушының аяқтары тік бұрыш жасай немесе біраз доғалдау бұрыш (110-1000) жасай бүгіліп, табандары еденге немесе партаның баспалдығына түгел тиіп отыруы тиіс. Бұлайша отыру ең ыңғайлы, ең аз шаршататын отырыс болып саналады; ол оқушының оқу материалын көзбен дұрыс қабылдауын қамтамасыз етеді, сондай-ақ омыртқаның қисаю мүмкіндігін болдырмау. Парталар (оқушылар столы, орындықтар) дұрыс жасалғанда және мектеп оқушыларының бойына сәйкес таңдап алынғанда ғана мектеп оқушысы дұрыс отыра алады. Мектеп оқушыларының дұрыс отыруының бұзылуы ұзаққа созылған, оның үстіне бір сарынды оқу жұмыстарын орындаудың нәтижесінде шаршаған кезде болады. Талығуды жою үшін немесе жұмыс қабілеттілігін ішінара қалпына келтіру үшін жұмыстың түрін өзгерту немесе дене шынықтыру үзілісін өткізу жеткілікті. Мектеп мұғалімінің міндеті – сабақ уақытында мектеп оқушыларының дұрыс отыруын қатаң қадағалау. Сынып тақтасы – оқу бөлмелері жабдықтарының ажырамас бір бөлігі. Сынып тақтасына қойылатын гигиеанлық талаптар ең алдымен көздің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Сынып тақтасының беті тегіс, жарық шағылыспайтындай күңгурт түсті (қара, қоңыр) болу тиіс. Тақтаға жазылған жазулар оқушылар оңай көрінетіндей болуы крек. Оған жазуға ыңғайлы және класс ауасы бор тозаңымен ластанбайтындай немесе бор тозаңы өте аз шығатындай болу қажет. Сынып тақтасы қабырғаға қағылатын және жылжымалы болады. Ол сыныптың алдыңғы қабырғасының ортасына орналастыру қажет. Сынып тақтасының астыңғы жиегіне науасы бар кішкентай жиек жасалынады және бор мен губканы салып қоюға арналады. Сынып тақтасының төменгі жиегінің еденнен есептегендегі деңгейі мектеп оқушыларының бойына сәйкес болуы және тақтадағы жазуды бүкіл сыныптың көруін қамтамасыз етуі тиіс; 1-4 сыныптарда тақта еденнен 85 см биітікке, ал 5 және одан жоғарғы сыныптарда 95 см биіктікте орнатылады. Мектеп дене шынықтыру, лабораториялар, шеберхана жабдықтары мектеп жасындағы балалар организмінің анатомиялық-физиологиялық жас ерекшеліктеріне сәйкес келуге және ол жабдықты пайдаланған кезде мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс. Мектеп оқулықтарына қойылатын гигиеналық талаптар олардағы текс пен суреттерді көзбен көріп қабылдау процесін жеңілдетеді, сол арқылы кітапты немесе оқулықты оқыған кездегі көру анализаторының қызметін жеңілдетуді мақсат етеді. Нашар қағазға, атап айтқанда, жұқа жылтыр қағазға, ұсақ шрифтермен немесе анық емес етіп басылған оқулықтардан балалар мен жасөспірімдер тез шаршайды, ол көз ішілік қысымның артуына, көрудің нашарлауына және бас ауруына себепкер болады. Ұқыпсыз қапталған кітаптар оңай тозады және пайдалану басында тез кірлейді. Мектеп дәптері ақ, тығыз, тегіс, жарық өткізбейтін және ұқыпты түрде желімденген, сия жайылып кетпейтін жылтыр емес қағаздан жасалуға тиіс. Қалам және қарандаш ұзындығы, диаметрі және салмағы мектеп оқушылардың сүйек-ет системасның жас ерекшеліктеріне сай болуы керек. Мектеп дәрігерлері мен санитарлық-эпидемиологиялық станциялардың дәрігерлері мектептегі жазу-сызуға керекті құралдарын және оқулықтарының санитарлық-гигиеналық күйін қадағалау қажет. ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР: 1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990 2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985. 3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986. 4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973. 5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982. 6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983. 7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988. 8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978. Дәріс 14. Дәріс тақырыбы: Күн тәртібінің гигиенасы. Жеке бас гигиенасы. Дәріс мақсаты: Күн тәртібі, оны дұрыс ұйымдастыру, құруды, жеке бас гигиенасын қалыптастыруды қарастыру. Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны: 1.Күн тәртібі. 2.Дене күтімі. 3.Киім мен аяқ киімге қойылатын гигиеналық талаптар. Балалар мен жасөспірімдердің мектептен тыс жұмыстарының түрлі жақтарын: сабақ әзірлеуді, әдеттегі оқу күндері, демалыс күні және күзгі, қысқы, көктемгі, жазғы каникулдар кезіндегі демалысты қамтиды. Балалар мен жасөспірімдердің бүкіл тұрмысы олардың денсаулығының қорғалуы және нығайтылуы, әрі қалыпты дамуы толық қамтамасыз етілетіндей болып ұйымдастырылуы тиіс. Оқкшылардың тұрмысы мен демалысын ұйымдастырған кезде гигиеналық талаптарды орындамау олардың денсаулығы мен сабақ үлгеріміне қолайсыз әсер етеді. Балалар мен жасөспірімдердің жанұядағы күн режимі мектеп режимімен табиғи байланыста болуы тиіс. Жанұяда тиімді гигиеналық режимінің болмауы мектпе режиміне де теріс әсерін тигізеді. Осыған байланысты мұғалімдер оқушылардың жанұядағы режимін жақсы біліп, оны дұрыс құруға көмегін тигізіп отырылулары тиіс. Ата-аналар мекте режимін білукерек. Балалар жанұядағы режимі ең алдымен мектептегі сабақтан кейін дем алуды белгілеуі тиіс, ал бұл демалыс олардың тек күш-қуатын қалпына келтіру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін ғана емес, сондай-ақ берілген сабақтарды ойдағыдай әзірлеуге мүмкіндік беру үшін де қажет. Бұл режим баланың белгілі бір сабақтан тыс іспен (көркем әдебиет, ғыылми әдебиет оқу, сурет салу) айналысу арқылы өзін-өзі дамытуына, сондай-ақ үй шаруашылығы мен өзіне-өзі қызмет көсету жөніндегі кейбір жұмыстарды орындауына көмектесу керек. Күн режимі таңертеңгі жуынып-киіну, таңертеңгілік гигиеналық гимнастика, таңертең үйден тамақ ішу, мектепке дер кезінде жету үшін жеткілікті уақыт болу керек. Мектептен үйге келісімен міндетті түрде жуынуы және тамақтануы тиіс. Түскі тамақтан кейін дем алуы керек, өйткені бұл кезде асқорыту процесі жүреді.Әсіресе бастауыш сынып оқушылары түскі тамақтан кейін ұйықтап алған немесе жарты сағат не бір сағат жатып тұрғаны жөн, ал дене жағынан әлсіреген, қаны аз немесе жуық арада қатты ауырып тұрған балалар үшін ол міндетті болып саналады. Түскі тамақтан кейінгі демалыс баланың өз қалауы бойынша бір нәрсемен айналыскы болуы мүмкін. Ең жақсысы таза ауада серуендеу. Түскі тамақтан кейінгі демалыс аяқталысымен үйге берілген сабақтарды әзірлеу уақыты басталады. Сабақ әзірлеп болған соң, оқушы түстен кейінгі тамақ: күлше нан мен шай немесе басқа бір жеңіл тамақ ішеді. Сабақтарды әзірлеп болып, түстен кейінгі тамақты ішкен соң, тағы да дем алу – оқушы өз қалауынша пайдаланатын бос уақыт қажет. Тұрғын үй гигиенасына қамқорлық жасау – балалар мен жасөспірімдердің жанұядағы режимін ұйымдастырудың міндетті шарттарының бірі. Бала тұратын бөлме күніне бірнеше рет желдетілуі тиіс. Үйді шаңдатпай ұстау керек, онда шаң оңай жиналатын басы артық заттар мен басы артық әшекейлер болмауға тиіс. Бөлмені дымқыл нәрсемен тазартқан жөн. Ата-аналар мектеппен бірлесе отырып, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыруға қамқорлық жасауы, олардың таза ауада қимыл жасайтын ойындармен және спорт ойындарымен айналысуын қамтамасыз етуі тиіс. Тұрғын үйдің немесе топ үйлердің қасында тек балалар алаңы ғана болып қоймай, қысқы уақытта мұз айдыны, қар төбешіктері және т.б. жасалғаны жөн. ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР: 1. 1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990 2. 2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985. 3. 3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986. 4. 3.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973. 5. 4. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982. 6. 5. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983. 7. 6.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988. 8. 7. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978. Дәріс 15. Дәріс тақырыбы: Кәсіптік оқыту мен еңбек гигиенасы. Дәріс мақсаты: Кәсіптік оқыту және мектепте еңбек сабақтарына қойылатын гигиеналық талаптарды қарастыру. Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны: 1.Еңбек сабақтарына қойылатын гигиеналық талаптар. 2.Еңбек сабағы жүргізілетін бөлменің жарықталуы, желдету, жылытуы, құрал жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар. 3.Оқушылардың еңбек әрекетін ұйымдастыру. 4.Мектеп жанындағы оқу-тәжірибелі үлескесінде жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар. Кәсіптік оқу оқуды өмірімен жақындастырады, мектеп оқушыларының оқу материалын меңгеруін жеңілдетеді. Кәсіптік оқу мектеп оқушыларының дене еңбегіне қатысуымен тығыз байланысты. Дене еңбегінің орасан зор гигиеналық маңызы бар, егер ол дұрыс ұйымдасса және қарқындылығы мен ұзақтығы жағынан балалар мен жасөспірімдердің күшіне және мүмкіндіктеріне сәйкес келсе, онда мектеп оқушыларының денсаулығын нығайтып, оларды еңбекті құрметтейтін және сүйенетін саналы да тәртіпті азамат етіп тәрбиелейді, оларға өзіне өзі қызмет көрсету дағдысын сіңіреді. Мектептің төменгі сыныптарынң өзінде-ақ қол еңбегі сабақтары өткізіледі. Орта мектептің орталау және жоғарғы сыныптарда кәсіптік оқуда дене еңбегінің ролі айтарлықтай артады. Еңбек оқушылары жүйке жүйесінің күйіне игі әсерін тигізеді, бұрыннан бар шартты рефлекторлық байланыстардың жетілуіне және жаңа байланыстардың орнауына әсер етеді, қозғалыс дағдылары мен іскерліктерін дамытады, тыныс алу, қан айналысы мүшелерінің қызметін арттырады, зат алмасуды айтарлықтай күшейтеді және мектеп оқушыларының жұмысқа қабілеттілігін жақсы сақтауға көмектеседі. Мектептегі еңбек сабақтарын енгізу мынандай гигиеналық мәселелерді шешуді талап етеді: еңбек сабақтары өткізілетін орынының гигиеналық сипаттамасы, материалдарға, саймандарға қойылатын талаптар; еңбек сабақтарының гигиенасы, еңбек сабақтарындағы оқушылардың жеке басының гигиенасы және олардың еңбегін қорғау. Бастауыш сыныптатарда қол еңбегі сабақтары кәсіптік оқудағы алғашқы қадам болып саналады. Қол еңбегі сабақтары оқу жоспарындағы барлық пәндермен тығыз байланысты бола тұра, арифметика, өлшеу жайлы білімдерін практика жүзінде игеруге көмектеседі. Бұл теориялық және практикалық білімдердің белгілі бір бірлігін жасайды. Қол еңбегі сабақтарының барысында оқушылар заттардың шама, форма, көлем, салмақ және т.б. қасиеттері туралы бірқатар нақты түсініктер алады. Бұл оқу материалдарын игеруді жеңілдетеді, мұның гигиеналық тұрғыдан алғанда маңызы зор. Қол еңбегі сабақтары көлбеу қақпағы бар партада, сынып бөлмелерінде өткізіледі. Еңбек сабақтарын өткізу жағдайларына қойылатын гигиеналық талаптар сынып бөлмесіне қойылатын талаптармен ауданы, ауа температурасы, ылғалдылығы, жарықтың түсуі, вентиляция сәйкес келуі керек. Еңбек сабақтарында оқушылардың отыруын, станоктарда жұмыс жасауларын, құралдарды дұрыс қолданып отыр ма, қауіпсіздік техникасы ережесін сақтап отыр ма екендерін мұғалім қадағалау қажет. V-VII сынып және жоғарғы сынып оқушыларының слесарлық және столярлық шеберханаларда өтілетін апта сайынғы екі сағаттық еңбек сабағы еңбек дағдыларын, тәртіптілікті қалыптастыруды, еңбекке деген ынтаны дамытуды көздейді, сөйтіп олар осы арқылы мектептегі оқуды өмір талаптарына жақындастырады. Еңбек сабақтарының гигиеналық жағынан нәтижелілігі бір қатар жағдайларға: оларды өткізу жағдайларына, оқушылардың жұмыс режиміне, сабақтарының құрылымына, оқушылардың ынтасына байланысты. Еңбек сабағының алғашқысында оқушыларды еңбек құралдарының жұмыс істеу ережелері, оларды дұрыс қолдану, жұмыс орындарын таза ұстаумен, қауіпсіздік техникалық ережелерімен таныстыру қажет. ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР: 1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990 2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985. 3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986. 4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973. 5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982. 6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983. 7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988. 8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978. Межелік бақылау №1. 1. Мектеп гигиенасы пәні, мақсаты мен міндеттері. 2.Гигиена ғылымында қолданылатын әдістер. 3.Организмнің өсі және даму заңдылықтары. 4.Жас кезеңдері. 5.Сыртқы ортаның факторларының гигиеналық маңызы. 6.Ауаның, күннің, топырақтың және судың гигиеналық маңызы. 7.Сыртқы орта факторларымен организмді шынықтыру: шынықтыру принциптері, ауа, күн және сумен шынықтыру. 8.Мектеп жер участогына қойылатын гигиеналық талаптар. 9. Мектеп үйіне қойылатын гигиеналық талаптар. 10.Мектеп үйіндегі ауа және жарық режиміне қойылатын гигиеналық талаптар. 12.Мектепті сумен жабдықтау. 13.Мектепті жылыту. Межелік бақылау №2. 1.Мектеп жабдығына қойылатын гигиеналық талаптар. 2.Мектеп партасына қойылатын гигиеналық талаптар. 3.Парталарға оқушыларды дұрыс отырғызу. 4.Класс тақтасына қойылатын талаптар. 5. Шеберханалар мен лабораториялар жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар. 6.Мектептегі дене шынықтыру жабдықтарының гигиенасы. 7.Оқу құралдарына қойылатын гигиеналық талаптар. Тест тапсырмалары 1. Балалардың физикалық өсіп – дамуын өлшейтін әдіс: А) Соматометрия. В) Соматоскопия. С) Физиология. D) Антропометрия. Е) Геронтология. 2. Қан қысымын қандай құралмен өлшейді: А) Периметр. В) Тахометр. С) Пульсометр. D) Тонометр. Е) Спирометр. 3. Аста А дәруменнің жетіпеуінен туындайтын ауру: А) Цинга. В) Ақшам соқыр. С) Бери-бери. D) Пеллагра. Е) Анемия. 4. Қандай дәруменнің жетіспеуінен цинга ауруы пайда болады: А) Д В) С С) К D) А Е) В 5. Қалқанша безінің жұмысының бұзылуынан пайда болатын ауру: А) Лейкоз. В) Дальтонизм. С) Қант диабеті. D) Базедов ауруы. Е) Гипертония. 6. Жас кезеңнің критерилері: А) Бойы және дене салмағы, өзін реттеу деңгейі. В) Ойлау және сезу деңгейінің көрсеткіші. С) Ішкі мүшелердің даму деңгейінің көрсеткіші. D) Дене және мүшелердің көлемі, салмағы, қаңқаның сүйектенуі. Е) Дене және мүшелердің көлемі, салмағы, сүйектің сүйектенуі, тістің өсуі, қаңқа бұлшықеттері және ішкі секреция бездерінің дамуы. 7. Қыз баланың жыныстық жетілуі қай жаста басталады: А) 9-10 жаста. В) 11-12 жаста. С) 12-13 жаста. D) 15-16 жаста. Е) 17-18 жаста. 8. Бинокулярлы көру – бұл: А) Екі көзбен затты бір уақытта қарау. В) Екі көзбен затты біртіндеп көру. С) Затты қарағанда көру осінің конвергенциялануы. D) Затты қарағанда көздің көру осінің дивергенциясы. Е) Затты көлемді көру. 9. Шарты рефлекстерді тез және мықты меңгеру қабілеті кімде байқалады: А) Холериктерде. В) Меланхолик. С) Флегматик . D) Санигвиник. Е) Астеник. 10. Әр түрлі қашықтықта көздің жақсы көру қабілеті: А) Көру өткірлігі. В) Көздің сындыру күші. С) Алыстан көргіштік. D) Аккомадация. Е) Жақыннан көргіштік. 11. 70 кг салмақтағы адамда қанша литр қан болады: А) 7л. В) 7,5л. С) 7,8л. D) 6,5л. Е)5-5,5л. 12. Универсалды донор қанның қандай тобы: А) 1 және 2. В) 3 және 4. С) 2 және 5. D) 2 және 4. Е) 1. 13. Қарын сөліндегі тұз қышқылының қабілеті: А) Ферментті. В) Антибактериалды. С) Гормонды. D) Ішектік. Е) Қарын. 14. Бас миының бөлімдері: А) Рефлекторлы және өткізгіш. В) Артқы, ортаңғы ми, мишық, ми бағанасы және алдыңғы ми. С) Сопақша ми, Варолиев көпірі, артқы ми, ортаңғы ми, мишық, аралық ми, артқы ми. D) Сопақша ми, артқы ми (көпір, мишық), ортаңғы ми, аралық ми, шеткі ми. Е) Сопақша, ортаңғы, аралық, алдыңғы ми және үлкен ми шарлары, лимбиялық жүйе. 15. Үлкен ми сыңарларының қай бөлігінде естудің сенсорлы аймағы шоғырланған: А) Маңдай. В) Төбе. С) Самай. D) Шүйде. Е) Инсулярлы. 16. Бас миы неше бөліктен тұрады: А) 5 В) 6 С) 4 D) 2 Е) 3 17. Без қызметінің күшеюі: А) Гипофункция. В) Гиперфункция. С) Гипертрофия. D) Атрофия. Е) Гипокинезия. 18. Дені сау адамның 1 мм куб қанында эритроциттер саны қанша: А) 4,5 млн. В) 3 млн. С) 4 млн. D) 5млн. Е) 5,5 млн. 19. Қорғану және қоректену рефлекстері рефлекстің қай түріне жатады: А) Шартсыз. В) Шартты. С) Рефлекторлы. D) Шартты-рефлекторлы. Е) Шартсыз-рефлекторлы. 20. Бас миы мен жұлын құрамына: А) Ақ зат. В) Сұр зат. С) Сұр және ақ зат. D) Жүйке түйіндері. Е) Постсинаптикалы мембрана. 21. Жүйке клеткаларының негізгі бөліктері: А) Дене және аяшықтары. В) Қабығы, ядро, протоплазма. С) Сома, дендрит, аксон. D) Қабық, ядро, митохондрии, аксон, дендрит. Е) Ақ зат және сұр зат. 22. Иммунитеттің гуморалды механизмін реттейтін зат: А) Антиген. В) Антидене. С) Антогонист. D) Адреналин. Е) Ацетилхолин. 23. Күшті жүйке процесі ұшқалақ бала: А) Меланхолик. В) Сангвиник. С) Флегматик. D) Ретардант. Е) Холерик. 24. Биологиялық католизатор – бұл: А) Фибриноген. В) Ферменттер. С) Гемоглобин. D) Гормон. Е) Дәрумендер. 25. Ұйқы безінің гормоны – инсулин: А) Су мен минералдың алмасуына әсер етеді. В) Белок алмасуына әсер етеді. С) Май алмасуына әсер етеді. D) Көмірсулардың алмасуына әсер етеді. Е) Энергия алмасуына әсер етеді.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz