Файл қосу

Мәтіннің тіл білімінде зерттелуі







                          5 В 020500 « Филология: қазақ тілі » мамандығына
                                  арналған
                    «Шешендік сөздердің дискурсы» пәнінің
                          ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ



                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

















                                    СЕМЕЙ
                                    2014







                                   Мазмұны


1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
4  Курстық  жұмыс (жоба)
5 Студенттің өздік жұмысы




































1 ГЛОССАРИЙ

1.1 Айтылым – мәтіннің ең кіші бірлігі.
1.2 Дискурс –  экстралингвистикалық  ,  яғни,  пардигматикалық,  әлеуметтік,
мәдени, психологиялық факторлармен байланыста  болатын  мәтін.  Белгілі  бір
оқиғаны баяндайтын мәтін.
1.3   Дискурсивті   талдау   –    дәстүрлі   екі   түрі   болған.   Дәстүрлі
этнолингвистикалық, мәтіннің коммуникативтік ұйымдасуы.
1.4 Дискурс құрылымы –макро және микро құрылымдары.
1.5 Диалог  –    дискурс  ұғымына  ең  жақын  түсінік.  Дискурс  кез  келген
коммуникативтік  акт ретінде негізгі екі ролден – адресант  сөйлеуші  немесе
автор пен  адресаттан  (қабылдап алушы немесе тыңдаушы) тұрады.
1.6 Дәйексөз –  интермәтін  теориясына  қатысты айтылатын термин.
1.7 Мәтін – тілдік  таңбалардың   мағыналық  және  тұлғалық   байланыстылығы
негізінде түзіледі.
1.8  Мәтін  категориялары  –   хабарлау,  қосымша  хабар,   уақыт   бірлігі,
модальдылық т.б.
1.9  Мәтіндік таңба – тақырып,  мәтіндегі метамәтін,  дәйексөз
1.10 Күрделі синтаксистік тұтастық –  тұтас шығарманың өз ішінде құрылымдық-
 мағыналық бөліктерге бөлінуі.


2 ДӘРІСТЕР                                  Дәріс 1
           Тіл біліміндегі мәтін мәселесі.  Дискурстың зерттелу бағыттары
Дәріс сабағының мазмұны:
   1. Мәтіннің  тіл білімінде зерттелуі
   2. Мәтін анықтамалары, дискурсты зерттеу бағыттары

    Ұзақ жылдар бойы тілдік жүйені зерттеуге  ден  қойып  келген  лингвистер
кейінгі кезде  тілдік  жүйенің  сөйлеу  кезіндегі  көрінісін  зерттеуге  бет
бұрды.  Антропологиялық  ізденістердің  нәтижесінде  адам,  оның  іс-әрекеті
бірінші кезеңде  тұрды.  Адам  өзін  қоршаған  ортаны   мәтін  арқылы  танып
біледі. Өзіне қажетті ақпаратты  мәтін арқылы алып, мәтін  арқылы  жібереді.
Мәтін әрқашан  коммуникативтік  жағдайларға,  сөзді  айтушы  мен  тыңдаушыға
байланысты   болады.   Ол   адамдар   қарым-қатынасының   алғышарттары   мен
ұйымдастырылуын сипаттайды.
    Мәтін лингвистикасы  ХХ  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  қалыптаса
бастаған, соңғы жылдары қарқынды дамып  келе  жатқан  тың  сала.  Ол  барлық
гуманитарлық,   философиялық   ойлаудың   негізі   болумен    бірге    мәтін
лингвистикасы пәнінің шығуына түрткі болған.   Мәтін  лингвистикасы  пәнінің
филология ғылымдарының бір саласы  болып қалыптасуы  қазіргі  лингвистиканың
даму бағытын көрсетеді.
    Қазірде мәтін ұғымы жаңаша сипатқа ие болды.  Соның  нәтижесінде,  мәтін
терминін дискурстық терминологияға, мәтіннің статикалық қалпынан  динамикаға
көшіріп, басқаша зерттеуді қолға алды. Ғылымда дискурс,  дискурсивті  талдау
сияқты ұғымдар көрініс тапты. Екі негізгі  бағыт  белең  алды.  Олар:  мәтін
лингвистикасы және дискурс. Аталған дискурс  терминін  қолдануда  осы  кезге
дейін бірізділік  жоқ.  Соған  орай  дискурске  түрлі  анықтамалар  беріліп,
тұжырымдар жасалуда.
   Мәтін туралы ілім – мәтіннің мағыналық, құрылымдық жақтарынан зерттейтін
тіл білімінің іргелі саласы. Мәтін лингвистикасының өзге пәндермен
байланысы. Мәтінді лингвистикалық талдау аспктілері: әдебиет теориясы,
психология, мәдениеттану.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
   1.Мәтінге берілген анықтамаларды саралап, өзіндік тұжырым жасаңыз
     2. Мәтіннің анықтамаларына сүйене отырып, белгілерін жазыңыз

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Гальперин.И.Р. Текст как обьект лингвистического исследования . –Москва,
   1981. – с 356. ( 25-30сс.)
2. Лингвистика текста. – Москва,1978. – с 369.  (36-40 сс.)
3. Новиков Л.А. Художественный текст и анализ. – Москва, 1987. – с 412 .
   (45-47 сс.)
4. Солганик И.Я. Стилистика текста. – Москва,2000.– с 335. (45-56 сс.)
5.  Смағұлова Г., Күркебаев К.,Жұмағұлова Ә. Шешендік сөздердің дискурсы.–
Алматы: Арыс, 2008.– 184 б.


                                   Дәріс 2
              Дискурс және оның  дефиницалары. Дискурс құрылымы
Дәріс сабағының мазмұны:
   1. Тіл біліміндегі дискурске берілген анықтамалар
   2. Дискурс белгілері туралы. Дискурс құрылымы

    Қазақ тіл білімінде дискурстың кейбір негізгі белгілерін  Қ.  Жұбановтың
30-жылдардағы зерттеулерінен аталмыш терминді қолданбаса  да  кездестіреміз.
Ғалым: «Сөз бұйымын жасап шығару үшін де  оның  жасалу  жолын,  материалының
сыр-сипатын білу керек. Сөзді дұрыс құраудың жолын білу  –  жазылатын  сөзге
ала-бөтен қарау. Өйткені, ауызекі сөйленетін сөздердің андай-мұндай  қисығын
елетпейтін басқа жағдайлар бар. Дауыстап сөйлеген сөздердің олқысы  көбінесе
ыммен толады. Дұрыс айтылмағанын сезсе сөйлеушінің өзі де сөзін қайта  түзеп
айтып, түсінікті  қылады.  Мұның  бәрі  де  жеткіліксіз  болса,  ауызба-ауыз
сөйлескен адам қайта сұрап алуына болады. Жазулы  сөзде  бұл  кемшіліктердің
бірі де жоқ. Кітаптың  сөзі  қисық  болсын,  дұрыс  болсын,  қалай  жазылған
болса, солай оқылады,  солай  түсініледі  немесе  түсініксіз  күйімен  қалып
қояды. Мұнда жазған кісіден қайта сұрап алуға болмайды. Сөзді қалай  құрудың
тетігін білу ауызекі сөз үшін де аса керекті»,– деп көрсетеді
    Ал қазіргі қазақ тіл білімінде  дискурс термині  соңғы  кезде  сөйлеудің
дәстүрлі ұғымын модификациялап, мәтін, диалог, стиль аясында  тіл  ғылымында
ерекше орын ала бастады.
     Шешендік сөздер табиғаты айырықша феномен болғандықтан,  мәтін  ретінде
лингвистикалық талдауға негіз болады.
    Мәтін – қимыл әрекеттегі тіл. Тілдің негізгі бірлігі сөз, сөйлем емес  –
мәтін. Мәтін лингвистикасын дискурсивті  талдаудың  бір  бөлімі,  компоненті
ретінде тану, сөйлеу мен мәтіннің өзара байланысы – дискурс мәтін  талдаудан
басталады. Ғалым Н.Уәлиев атап көрсеткендей, «Мәтін –  дискурстық  әрекеттің
өнімі, нәтижесі, туындысы
    Дискурс  туралы  түсінікке  берілген   сан   алуан   пікірлер.   Дискурс
типологиясы. Дискурс құрылымы.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
   1. Дискурс ұғымын шешен сөйлеумен байланыстырыңыз.
   2. Дискурс ----сөйлеу сызбасын нақты мысалдармен көрсетіңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Сыздықова  Р., Шалабай Б. Көркем тексті лингвистикалық талдау.–Алматы,
1989. – 236 б. (28-33 бб.)
2.Смағұлова Г. Мәтін лингвистикасы.– Алматы, 2002.– 239 б. (22-34 бб.)
3.Тураева З.Я. Лингвистика текста. –Москва, 1982.– с 335. (236-240 бб.)
4. Смағұлова Г., Күркебаев К.,Жұмағұлова Ә. Шешендік сөздердің дискурсы.–
Алматы: Арыс, 2008.– 184 б.


                                   Дәріс 3
                   Шешендік өнер. Шешендік сөздер табиғаты
Дәріс сабағының  мазмұны:
1. Шешендік өнер туралы. Зерттелуі
2. Шешендік сөздер табиғаты


    Мәтін жазбаша түрде ғана емес,   сөйлеу  әрекеті  жағдайында  да   пайда
болады.  Сондықтан  қарым-қатынас   үстіндегі    сөйлеу   әрекеті    өзіндік
ерекшеліктері арқылы даралана отырып түрлі қасиеттерге ие болады. Ол  термин
ретінде  тіл білімінде « дискурс», «дискурстық талдау»  деп беріліп жүр.
    Осыған  орай  Ю.А.  Левицкий:  «Речь   можно   осуществляться   в   двух
формах–устной и письменной. Следовательно и  тексты  могут  быть  устными  и
письменными» ,– деп атап көрсетеді
    Сонымен  тіл  білімінде  дискурс,  дискурсивті  анализ  (талдау)  сияқты
ұғымдар қалыптасты. Екі негізгі бағыт белең алды. Олар: мәтін  лингвистикасы
және дискурс.
    Дискурс туралы ойлар қазақ тіл білімінде де, дәл сол терминмен  аталмаса
да қолданыста  болған  деуге  болады.  «Дискурс»  сөзінің  алғашқы  мағынасы
«ақылды ойлану»  (разумные  размышление)  деген  ұғымға  да  жақын.  Дискурс
терминінің жан-жақты кеңеюіне, әр түрлі  сипатқа  ие  болуына  Д.  Ван  Дейк
мектебі әсер етті. Мектеп өкілдері дискурс табиғатын толық ашуда когнитивті-
прагматикалық әдіс-тәсілдерді пайдалануға болатынын айтқан. Бүгінде  дискурс
сөйлеуші----  мәтін-----тыңдаушы    тұрғысында   қарастырылып,   тыңдаушының
қабылдауына айрықша көңіл бөлініп отыр.
     Дискурс ХХ ғасырдың 70-80  жылдарынан  бастап  лингвистикада  алғашында
«сөйлеу»мағынасында қолданылса,  жалпылама  түрде  «коммуникативтік  оқиға»,
«коммуникативтік жағдай» терминдерімен берілуде.Сондай-ақ, дискурс  дәстүрлі
стиль ұғымын  ары қарай нақтылау үшін және  жеке  жазушы,  ақынның   мысалы,
Абай  тілі,  Әуезов  стилі  дейтін  бұрыннан  қалыптасқан  тіркес  мағынасын
жаңалап айтатындар. Мәселен, қазіргі орыс саяси дискурсы,   ғылыми  дискурс,
педагогикалық дискурс, публицистикалық  дискурс,  көркем  әдебиет  дискурсы,
әдеби сын дискурсы деп аталып жүр.
    Мәтіннің  қатысымдық  табиғаты  –  дискурс.  Дискурс  –  тілдік  әрекет,
сөйлеудіңғ жолы,  тәсілі.  Дискурс  –  іс-әрекет,  сұхбаттасушылардың  өзара
қарым-қатынасы.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Мәтін мен дискурстың ұқсас жақтарын көрсетіңіз
2. Сұхбаттасушылардың арасындағы дискурс орнын түсіндіріңіз.

Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Залевская А. Текст и его понимание. –Тверь, 2000.– с 269. (269-270сс.)
2.Лотман Ю. Анализ поэтического текста. – Ленинград, 1972.– с 356. (129-131
сс.)
3.Метафора в языке и текста. – Москва,1988.– с 456 . (123сс.)
4. Смағұлова Г., Күркебаев К.,Жұмағұлова Ә. Шешендік сөздердің дискурсы.–
Алматы: Арыс, 2008.– 184 б.


                                   Дәріс 4
                        Шешендік дискурс типологиясы
Дәріс мазмұны:
   1. Мәтін талдаудың әдістері, типология
   2. Шешендік сөздер дискурсының типологиясы

    Гносеологиялық аспект
|1.Мәні тікелей    бақылауға алынбайды|1.Көрініс, құбылыс,сезім мүшелерінің |
|2.Психикалық                         |қабылдауы арқылы бақылауға болады.   |
|                                     |2. Материалды ( дыбыстар мен әріптер |
|                                     |тізбесі)                             |


                                          Онтологиялық аспект
| 1. Статика  ( пассив түрде )        |1.Динамика (актив түрде)             |


                                          Прагматикалық аспект
|Код  (сигналдар жүйесі)              |1.Хабардар ету                       |
|Қару                                 |2. Жекелік (индивидуальды)           |
|                                     |3.Тұлғаның қару ретінде пайдаланылуы |


    Сөйлеу кезінде сөздер тілде қалыптасқан тура  мағынада  ғана  қолданылып
қана қоймай, тек мәтін арқылы ғана  түсінуге  болатын  ауыспалы,  келтірінді
мағынада қолданыла береді.
    Мәтін  мен дискурс теорияларының   негізгі  нысандары   болып  табылатын
прагмалингвистика да тіл  білімінде  айрықша  көрініс  табуда.  Осы  уақытқа
дейін мәтін тек жазбаша материалдарға қатысты  қолданып,  жазуға  байланысты
қарастырылып келді. И.Р. Гальперин, Л.М. Лосева сияқты зерттеушілер  мәтінді
тек жазба тілге тән деп көрсетіп келді. Ол кезде дискурсқа мән берілмеген.
    Мәтіннің ауызша және жазбаша формада келуіне А.А.  Залевская  былай  деп
пікірін білдіреді: «Как отмечается в работе  (О.Б.  Сиротинина  и  др.)  это
один из дискуссионных вопросов, по-разному решаемый  лингвистами:  некоторые
из  них  признают  текст  только  в  письменной   речи,   другие   допускают
существование текста и в  устной,  но  только  монологической  речи,  третьи
считают возможным говорит о  тексте  в  диалогической  речи  как  реализации
любого речевого замысла. Большинство ученых все же  считает  текстом  только
определенным образом построенную, организованную речь»

Өзін-өзі тексеру  сұрақтары:
    1.Гносеологиялық, онтологиялық аспектілер   тұрғысынан  зерттеуге  мысал
келтіріңіз.
    2. Прагматикалық аспект тұрғысынан зерттеуге мысал келтіріңіз

Ұсынылатын  әдебиеттер:
1.Гальперин.И.Р. Текст как обьект лингвистического исследования.  –  Москва,
1981.- с 356. (45-50сс.)
2.Лингвистика текста. – Москва,1978.– с 425. (74-80сс.)
3.Новиков Л.А. Художественный текст и анализ. – Москва, 1987.–с 412. (41с)
4.Солганик И.Я. Стилистика текста. – Москва,2000.– с 356. (23-33 сс.)
5.Смағұлова Г., Күркебаев К.,Жұмағұлова Ә. Шешендік сөздердің дискурсы.–
Алматы: Арыс, 2008.– 184 б.


                                   Дәріс 5
              Шешендік сөздердің мазмұндық-тақырыптық  топтары
Дәріс мазмұны:
   1. Бүгінгі тілтанымдағы негізгі бағыттар
   2. Шешендік сөздердің мазмұндық-тақырыптық  топтары

    Тіл білімінің аумағына кіретін жас сала прагмалингвистика өткен ғасырдың
70-жылдары қалыптаса бастады. Прагматика (гр.  іс-әрекет)  –  лингвистиканың
бір  саласы.  Ол  тілдегі  белгілер  қызметін  зерттейді.  Бұл  терминді  ХХ
ғасырдың 30 жылдарында  Ч.У.  Моррис  ұсынған.  Прагматиканы  лингвистикалық
зерттеу 60-70 жылдарда Ч.С.  Пирс  идеяларынан  кейін  басталады.  Оған  игі
әсерін тигізген Дж. Остин, Дж. Р. Серл,  З.  Вендлердің  логика-философиялық
сөйлеу  актілері  туралы  теориясы,  П.Грайстың  мағыналардың  прагматикалық
теориялары және Л.  Линский,  П.Ф.  Строссоның  референцияның  прагматикалық
теориясы болатын. Лингвистикалық прагматиканың  нақты  белгіленген  шекарасы
жоқ, оған сөйлеуші мен тыңдаушы  арақатынасынан туындайтын мәселелер  кіреді
.
    Прагматика адамның коммуникативтік іс-әрекетінің ауызша  (дискурс)  және
жазбаша (мәтін) екі формасын да қарастырады. Дискурс  пен  мәтіннің  негізгі
мәселелерінің қатарынан прагматика да орын алады.
     Осыған орай  ғалым З.Ш Ерназарова: «Қазіргі  сөйлеу  тілі  синтаксистік
бірліктерінің  прагматикалық  негіздер»  атты  еңбегінде  мәтіннің   ауызша,
жазбаша да формасында сөйлеуші пен тыңдаушының  сұхбаттасуы,  коммуникацияға
түсуі,  қандай   мақсатта   қолданылуына,   пайда   болуына   алып   келеді.
Коммуникация бейвербалды, вербалды түрде екі немесе  одан  да  көп  тұлғаның
бір-бірімен  ақпарат  алмасуы  прагматикаға  қатысы  арқылы  жүзеге   асады.
Прагматиканың  негізгі  зерттеу  саласының  бірі  –  дискурс.  Прагматика  –
динамикадағы мәтін – дискурсты  оны  дүниеге  келтіруші  адаммен  байланысты
қарастыратын ғылым деп, атауға болады – деген тұжырым жасайды .
      Дискурсты сөйлеу тұрғысынан алып қарастырсақ  та,  сөйлеу  ең  алдымен
ауызша формада жүзеге асырылатыны мәлім.
  Мәтін  талдаудың  негізгі   бағыттары:   мәтін   лингвистикасы,   мәтіннің
лингвостилистикасы, поэтикалық лингвистика.
      Өзін-өзі тексеру  сұрақтары:
   1.Мәтін талдаудың лингвистикалық бағыттарына мысал келтіріңіз
   2. Бүгінгі тілтанымдағы бағыттың бірнешеуіне мысалдар келтіріңіз

   Ұсынылатын әдебиеттер:
   1.Залевская А. Текст и его понимание. –Тверь, 2000.–с 326.(36-40сс)
   2.Лотман Ю. Анализ поэтического текста.  –Ленинград,  1972.–с  345.  (45-
   50сс.)
   1. Метафора в языке и текста. –Москва,1988.–с 369. (74-80сс)
     4. Смағұлова Г., Күркебаев К.,Жұмағұлова Ә. Шешендік сөздердің
дискурсы.– Алматы: Арыс, 2008.– 184 б.


                                   Дәріс 6
    Бата-тілек пен шешендік сөздер суггестиясы. Киелі сандар суггестиясы

Дәріс мазмұны:

1.Бата-тілек пен шешендік сөздер суггестиясы. Киелі сандар суггестиясы
2.Стилистикалық  әдістер


    Мәтін лингвистикасын  соңғы  10-15  жыл  ішінде  қарқынды  дамып  келеді
деуіміздің бір реті – лингвистика мен мәтін стилистикасының  аражігін  ашып,
бірін-бірі толықтыратын тең дәрежелі ғылым деп ұсынуға болатындығы. Мәтін  –
күрделі категория. Оны бір әдіс шеңберінде зерттеп,  тануға  келмейді.  1985
жылы 25-27  қыркүйекте  Қазан  университетінде  мәтін  стилистикасы  бойынша
өткізілген бүкілодақтық мәжілісте профессор М.Н. Кожин мәтін  лингвистикасын
«лингвистиканың   перспективалы   бағыты   »    ретінде    бағалап,    мәтін
лингвистикасын функционалды стилистика дамуының заңды жалғасы деп таниды
    Сонымен, қазірде мәтінді түрлі әдістермен,  әр  қырынан  алып  қарастыру
кең өріс алып отыр. Мәселен:
    – Онтологиялық тұрғыда – мәтіннің болмысы, алатын орны
    – Лингвистикалық тұрғыда – мәтіннің тілдік ұйымдасуы
    – Психологиялық тұрғыда – мәтінді қабылдау
    – Прагматикалық тұрғыда  –  мәтін  авторының  обьективті  болмысқа  және
мазмұнға деген қатынасы сипатталады.
Мәтін талдау – таксономдық жүйелеуден басталады.  Мәтіннің  хабарламалылығы.
Семантикалық әдіс. Стилистикалық әдіс. Стильдік маркерлер қызметін  анықтау.
Синтездеу.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
   1. Көркем мәтінді сатылы талдауға мысал келтіріңіз
   2. Стилистикалық әдіс түрлеріне мысалдар келтіріңіз
Ұсынылатын әдебиеттер:
   1.Гальперин.И.Р.  Текст  как  обьект  лингвистического  исследования.   –
   Москва, 1981.–с 356.(23-33сс.)
   2.Лингвистика текста. – Москва,1978.–с 451. (45-47сс.)
   3.Новиков Л.А. Художественный текст и анализ. – Москва, 1987.–с 423. (36-
   40сс.)
   4.Солганик И.Я. Стилистика текста. –Москва,2000.–с 456.(33-36 сс.)
     5.  Смағұлова Г., Күркебаев К.,Жұмағұлова Ә. Шешендік сөздердің
дискурсы.– Алматы: Арыс, 2008.– 184 б.



                                   Дәріс 7
                               Дәріс мазмұны:
           Шешендік сөздер дискурсындағы диалогтық құрылым
1. Диалог-дискурс
2. Шешендік сөздер дискурсындағы диалогтық құрылым
           .
      Мәтін лингвистикасын соңғы 10-15  жыл  ішінде  қарқынды  дамып  келеді
деуіміздің бір реті – лингвистика мен мәтін стилистикасының  аражігін  ашып,
бірін-бірі толықтыратын тең дәрежелі ғылым деп ұсынуға болатындығы. Мәтін  –
күрделі категория. Оны бір әдіс шеңберінде зерттеп,  тануға  келмейді.  1985
жылы 25-27  қыркүйекте  Қазан  университетінде  мәтін  стилистикасы  бойынша
өткізілген бүкілодақтық мәжілісте профессор М.Н. Кожин мәтін  лингвистикасын
«лингвистиканың   перспективалы   бағыты   »    ретінде    бағалап,    мәтін
лингвистикасын функционалды стилистика дамуының заңды жалғасы деп таниды
    Сонымен, қазірде мәтінді түрлі әдістермен,  әр  қырынан  алып  қарастыру
кең өріс алып отыр. Мәселен:
    – Онтологиялық тұрғыда – мәтіннің болмысы, алатын орны
    – Лингвистикалық тұрғыда – мәтіннің тілдік ұйымдасуы
    – Психологиялық тұрғыда – мәтінді қабылдау
    – Прагматикалық тұрғыда  –  мәтін  авторының  обьективті  болмысқа  және
мазмұнға деген қатынасы сипатталады.
    Мәтіндердің   ең   ауқымды    және   лингвистикалық   типологиясы   оның
функционалдық стилі болып табылады.   Кез-келген  мәтін  түрін  белгілі  бір
стиль түріне негіздеуге болады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Мәтіндердің функциональды-стильдік типологиясына мысал келтіріңіз
2. Сөйлеу мәтініне мысал  жазыңыз
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Гальперин.И.Р. Текст как обьект лингвистического  исследования.  –Москва,
1981.– с 356.( 23-30сс.)
2.Лингвистика текста. – Москва,1978. – с 369. (29-39сс.)
3.Новиков Л.А. Художественный текст и анализ. – Москва,  1987.–  с  369.(23-
35сс)
4.Солганик И.Я. Стилистика текста. – Москва,2000.– с 412. (43-44сс).
5.Смағұлова Г., Күркебаев К.,Жұмағұлова  Ә.  Шешендік  сөздердің  дискурсы.–
Алматы: Арыс, 2008.– 184 б.

                                   Дәріс 8
                    Шешендік сөздер дискурсының құрылымы
Дәріс мазмұны:
   1. Мәтін талдау түрлері
   2. Шешендік сөздер дискурсының құрылымы

      Ал ХХ ғасырдың  соңғы  ширегінде  тіл  білімінде  мәтін  лингвистикасы
қарқынды  дами  бастады.   ХХI   ғасырда,   әлемдік   лингвистикада    мәтін
лингвистикасының ілгері қадамдар жасайтынына  сеніміміз мол.
      Қазіргі  мәтін  лингвистикасында  мәтіннің  бірнеше   даму   бағыттары
көрсетіліп жүр. Олардың бірнешеуі төмендегідей болып келеді:
 –   мәтінді  жоғары дәрежедегі  жүйе  деп  қарап,   оның  басты  белгілері
   тұтастылық  пен байланыстылық  екендігін назарда ұстау;
 –  лингвистикалық белгілерге сүйене  отырып  коммуникативтік   параметрлер
   бойынша  мәтін типологиясын құру (айтып жеткізу мен мазмұн бірлігі);
 –  мәтінді құрайтын бірліктерді анықтау;
 –  негізгі  мәтіндік категорияларды анықтау.
 Мәтінді  аспектілі  талдау,  мәтінді  тақырыптық  талдау,  мәтінді  кешенді
талдау, мәтінді филологиялық талдау.
Өзін-өзі тексеру  сұрақтары:
   1. Көркем мәтінді талдау түрлеріне мысал келтіріңіз
   2. Шағын мәтінге кешенді талдау жүргізіңіз
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Гальперин.И.Р. Текст как обьект лингвистического исследования.  –  Москва,
1981.–с 356.(52-53сс.)
2.Лингвистика текста. – Москва,1978.–с 451. (75-77сс.)
3.Новиков Л.А. Художественный текст и анализ. – Москва,  1987.–с  423.  (66-
70сс.)
4.Солганик И.Я. Стилистика текста. –Москва,2000.–с 456.(337-340с.)
5.Смағұлова Г., Күркебаев К.,Жұмағұлова  Ә.  Шешендік  сөздердің  дискурсы.–
Алматы: Арыс, 2008.– 184 б.


                                   Дәріс 9
                Күрделі синтаксистік тұтастық, абзац мәселесі
Дәріс мазмұны:
1.Күрделі синтаксистік тұтастық, абзац мәселесі

    Эпитет – заттың не құбылыстың айрықша белгісін  білдіретін,  бейнелі  де
әсерлі сөз. Ол арқылы тек  жеке  бір  ұлтқа  қатысты  ұлттық  бояу,  бедерді
көруге болады. Мәселен, шешендік сөздердің ішінде ел аузында  жиі  айтылатын
қонақтың   төрт   түрін   эпитет   арқылы   көрсетуде   қазақ   ұлтына   тән
«қонақжайлылық», «қонағын  құдайындай  сыйлау»,  «құтты  қонақ»,  «қонақ  аз
отырып, көп сынайды», «құтты қонақ келсе, қой  егіз  табады»  деген  керемет
тәлімдік мәні мол сөздер көп кездеседі. Мына бір шешендік дискурста:
    Сырым батыр үйіне қонып отырған қадірменді қонағы Төленді биден:
    Биеке, қазақтың қонағы неше түрлі болады? – деп сұрапты.
    – Қазақтың қонағы төрт түрлі болады:
    – Арнайы қонақ
    – Құдайы қонақ
    – Қыдырма қонақ
    – Қылқыма қонақ, – деп жауап беріпті
    Берілген шешендік тағлымы мол сөзде «қонақ» сөзін, оның мәнін,  қасиетін
ерекше «арнайы», «құдайы»,  «қыдырма»,  «қылқыма»  деген  эпитеттермен  беру
арқылы тыңдаушының   ойлауына,  танымына  ықпал  еткен.Сонымен  қатар  қазақ
халқы қонақтың көп келуін қалаған, қонақтың  қасиеті болады,  Қырықтың  бірі
– Қыдыр деп білген. Қонақтың келуіне,  оның  қасиетіне  деген  илану,  сенім
яғни, суггестия орын алған.
    Сондай-ақ  шешендік  сөздер  дискурсында  эпитеттің   көптеген   түрлері
анықтауыш мәнде жұмсала отырып, ел, жер,  ата-ана  бейнесін  беруде  көрініс
табады.
    Алтын ұяң – Отан қымбат,
    Құт берекең – атаң қымбат,
    Аймалайтын – анаң қымбат,
    Мейірімді – апаң қымбат.
    Асқар таудай – әкең қымбат
    Туып-өскен – елің қымбат,
    Кіндік кескен – жерің қымбат.
    Ұят пенен ар қымбат.
    Өзің сүйген жар қымбат (Ел аузынан)
      Ежелгі дәуірден бүгінге дейін тілдің лексикалық  құрамы  дамуының  бір
факторы ретінде  халық  фантазиясында   ертеден,  жазу-сызу  өнері  болмаған
кезден бері,  керемет  шешендік  сөздерімізде  де  сөз  ауыстыру  қызметінде
кеңінен қолданылып, ерекше байқалатын  көркемдік  амал  тәсілдердің  бірі  –
метафора. Ол  тілде ерекше танымдық қасиеті бар құбылыс ретінде   ақиқаттағы
бір заттың, құбылыстың, уақиғаның атауы ұқсас белгісі бар екінші  бір  затқа
телінуі арқылы көрінеді. Оны тілдік құбылыс ретінде  зерделеуде  қолданылған
семасиологиялық,  гносеологиялық  т.б.  бағыттармен  қатар  соңғы   кездерде
когнитивтік бағытта да қарастырыла бастады.Тілдік  бірліктердің  когнитивтік
тұрғыда  қарастырылуы  адамның  қоршаған  әлемді  қабылдауымен   байланысты.
Метафора  когнитивтік  санадағы  ең  іргелі  ұғым,  жаңа  тілдік   атауларды
қалыптастырудың универсалды тәсілі.
    Метафора адамның ойлауымен  тікелей  байланысты.  Сондықтан  болар  олар
барлық стильде, барлық жанрда жалпылама кездесе  бермейді.  Көбіне  поэзияда
жиі   ұшырасады.   Ақындар   мен   жазушылардың,   танымал   қайраткерлердің
шығармаларында кездесетін әдемі сөз  өрнектерін  поэтикалық  метафора  болып
табылады. Оны жалпы тілдік категория ретінде, образды  ойымыздың  дамуы  мен
қалыптасуын көрсететін элементі ретінде, сөйлеудің  мәдени-тілдік   көрінісі
ретінде арнайы қарастыру маңызды мәселелердің бірі болып саналады.
    Метафоралануға  заттардың  түрлі  белгілерінің  ұқсастығы,  түс,  қалып,
көлем, қызмет, кеңістік пен уақыттағы алатын  орны  және  т.б.  бола  алады.
Бірақ, кез келген салыстыру, ұқсату метафораға айнала алмайды.   Метафоралық
мағына   сөзді  тірілтіп,  оған  өмірлік  күш  береді.  Метафора   екі   сөз
мағынасының өзара қарым-қатынасын көрсетеді. Метафоралы сөз  саптауға  таныс
емес зат пен құбылыс міндетті түрде жақсы таныс нәрсемен салыстырылады.
    Европалық  ғылыми  дәстүрде,  әлемді  тануда  және  білімді  тіл  арқылы
көрсетуде метафораның  қызметі  туралы  мәселені  алғаш  сөз  еткен  адам  –
Аристотель. Ол метафораға ғылыми баға беруге  талпыныс  жасаған.  Аристотель
«Поэтика»,   «Риторика»   атты   еңбектерінде   семантикалық    өзгерістерді
басқаратын механизмді ашуға талпынып, өзіндік талдау жасайды. Ол  метафораны
ең  алдымен  шешендік  және  поэтикалық  тіл  стилінің  компонентті  ретінде
қарастырып,  жалпы  қолданыстағы  сөздерге  қарама-қарсы  қояды.  Аристотель
«Риторика» атты еңбегінде: «Метафорада  жұмбақ  қасиет  бар,  демек,  жұмбақ
дегеніміз  –  жақсылап  құрастырылған  метафоралар»,  –  деп,  ол   теңеуді,
әсерлеуді және мақалды метафораның түрлері ретінде  қарастырады.  Метафораны
«жасырын теңеу» деп  атайды
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
   1. Шешендік сөздер мәтінен антоним, синоним сөздердің қолданысын мысалдар
      арқылы түсіндіріңіз
   2.  Шешендік  сөздер  мәтінен  эпитет,  метафорның    қолданысына   мысал
      келтіріңіз

Ұсынылатын әдебиеттер:я
1. Смағұлова Г., Күркебаев К.,Жұмағұлова Ә. Шешендік сөздердің дискурсы.–
Алматы: Арыс, 2008.– 184 б.


                                  Дәріс 10
              Шешендік сөздер дискурсындағы қаратпалар қызметі
Дәріс мазмұны:
   1. Көркем мәтінді талдау жолдары.
   2.Шешендік сөздер дискурсындағы қаратпалар қызметі



      Сихронды, диахронды талдау әдістері.  Көркем мәтіндегі  ескірген  және
окказионал  перифраздар.  Семантикалық  жүйедегі  жеке  авторлық   сөзжасам.
Сөзтіркесім үлгілері.
      Лингвистикалық  талдаулардың енді бір түрі  –   стилистикалық  талдау.
Тілдік талдаудан  мүлдем өзгешеленетін  мазмұндық жағы,  талдаулардың  соңғы
нәтижелері сипатында  аңғарылатыг талдау түрі.   Стилистикалық  талдау  таза
лингвистикалық  талдаудан  тереңдеу,  оның  көркем  мтіндегі  идеяға  қатысы
бар.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Сихронды, диахронды талдау әдістері
2. Жеке авторлық сөзжасам. Сөзтіркесім үлгілері.
Ұсынылатын  әдебиеттер:
1.  Смағұлова Г., Күркебаев К.,Жұмағұлова Ә. Шешендік сөздердің дискурсы.–
Алматы: Арыс, 2008.– 184 б.
2. Шалабай Б. Қазақ көркем прозасының тілін зерттеудің  ғылыми-теориялық
негіздері.– Алматы: Ғылым,1997.– 369 б.

                                  Дәріс 11
             Шешендік сөздер дискурсындағы көркемдеуіш құралдар
Дәріс мазмұны:
1.Өлең мәтіндерінің лексикалық ерекшеліктері
2. Шешендік сөздер дискурсындағы көркемдеуіш құралдар

      Өлең мәтіндерінің лексикалық ерекшеліктері.   Өлең  мәтіндерін  түзуде
өлеңнің тақырыптық ерекшеліктері.  Өлең контексі.
Өлең  мәтіндерінің  лексикалық  ерекшеліктері  оны  құрайтын  сөздік   қорға
байланысты.  Өлең мәтіндерін  түзуде   өлеңнің  тақырыптық   ерекшелігі  мен
жеке автордың  сөз таңдау мәнеріне қарай  тілдің   лексикалық   қабаттарының
барлығы қатысады. Өлең  мәтіндерінде  грамматикалық   тұлғалардың  өзгерісі,
жаңа сөзжасам үлгілері де назардан  тыс  қалмауы  тиіс.  Мәселен,  жекелеген
сөз  таптарының   өлең  мәтіндерін  құрудағы   ерекшеліктері  жайлы   тілдік
зерттеулерде   жақсы  талданып   жүр.   Поэзиялық   шығармаларда    дыбыстар
гармониясы – эвфония  туралы да аз айтылып жүрген жоқ.
            Өлең контексті  поэтикалығының  прагматикасы  –  оқушы  сезіміне
әсер ету. Мұнда өлең мәтіндерінде  синтаксистік  заңдылықтар  үнемі  сақтала
бермейді. Өлең  мәтініндегі   поэтиканың  оқушыға  жеткізілу  амалдары   мен
сипаты – поэтиканың  басты белгілерінің бірі саналады.
            Өлең авторы оқушысының   әр түрлі  сезімдік   қабылдауына  қарай
қатынас  орнатады.  Өлеңдегі  коммуникацияда    автор   оқушысының    шындық
дүниемен  барлық   қарым-қатынасын   грамматикалық  категориялармен   жүзеге
асыруымен  қатар,  сөйлеудегі  оқшау  сөздер   әсіресе   қаратпа   сөздердің
қолданылу маңыздылығын  бірден байқатады. Өлең  мәтінінде қаратпа  сөздердің
 қолданылу ерекшеліктері мен маңызы арнайы қарастыруды қажет етеді.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Өлең мәтіндерінің лексикалық ерекшеліктері.
2. Өлең мәтіндерін түзуде өлеңнің тақырыптық ерекшеліктері.
3. Өлең контексіне мысал келтіріңіз

Ұсынылатын  әдебиеттер:
1.Смағұлова Г., Күркебаев К.,Жұмағұлова  Ә.  Шешендік  сөздердің  дискурсы.–
Алматы: Арыс, 2008.– 184 б.
2.Таусоғарова А.  Өлең   мәтінінің   синтаксистік   ерекшеліктері.–  Алматы,
2004.– 369 б.


                                  Дәріс 12
                      Шешендік сөздердегі қайталамалар
Дәріс мазмұны:
1.Шешендік сөздердегі қайталамалар
2.Көркем әдебиет тілін талдау


      Бұл талдау  көркем әдебиет стилистикасының үлесіне тиеді. « Автор
      бейнесі».  Баяндау түрлері.  Кейіпкер тілі.  Диалог. Монолог. Полилог.
Ауызша  қарым-қатынас  тарихи  жағынан  жазбашаға  қарағанда  ертерек  пайда
болды. Осыған орай мына бір пікірді  келтіре  кетейік:  «Невозможно  понять,
что такое язык и как он развивается, если не  исходить  постоянно  и  прежде
всего из процесса говорения и слушания и если хотя бы на мгновение забыть  о
том, что письмо – только заменитель устной речи»
      Ауызша қарым-қатынас жағдайында сөйлеудің диалогтық түрі ең  бастапқы,
алғашқысы болып  табылады.  Диалог  екіжақты  қарым-қатынас  түріне  жатады.
Мұнда қарым-қатынасқа түсуші екі адам бірін-бірі түсінуге тырысады. Ол   екі
одан да көп адамдардың өзара әңгімелесуі, сөйлесуі  деген  сөзінен  алынған.
Тақырыбы алдын-ала көрсетілмейді,еркін  болады.  Ол  әртүрлі  болуы  мүмкін,
себебі диалог үстінде әңгіменің тақырыбы өзгеріп отыруы  да  мүмкін.  Демек,
диалог өмірдің барлық саласынан орын алады  да,қарым-қатынасқа  түсушілердің
бірдей уақыт аралығында  кезек-кезек  алмасып  сөйлесуі  нәтижесінде  жүзеге
асырылады.Диалог  қандай  да  болмасын  бір  жағдайға  қатысты  туып,  дамып
отырады. Оның репликалары бірі арқылы бірі  дамып,өзара  байланыста  болады.
Диалогқа қатысушылардың ойлары әр түрлі  болады:  келісу,  талқылау,  сұрақ-
жауап,  ойдың  бірдей  шығуы,  әңгіме  бір  тақырыптың  төңірегінде   өтеді.
Мағынасы жағынан да тиянақты  бола  отырып  шешеннің  мінез-құлық  басқа  да
қырларын таныта біледі. Диалог арқылы адамдардың ішкі сыры аңғарылады.
        Зерттеушілер   диалогты   тұлғасына,   мағынасына   қарай    түрліше
қарастырады.   Солардың    бірі    ретінде    Г.Иманғалиеваның    «Типология
диология»атты  кандидаттық  диссертациясында  диалогты  тақырыптық  сипатына
қарай   былайша   топтастырады:   Хабарламалық,   прагматикалық,   модальдық
.Бұлардың өзі әңгімелесу,  хабарлау,  сұрасу,  өтініш,  пікірталас,  қоштасу
т.б. түрлерге жіктеледі.
    Жоғарыда көрсетілген сөйлеу типтерінің бірі  –  ауызша  диалогта  қарым-
қатынасқа түсушілер – сөйлеуші мен тыңдаушы.   Сөйлеуші  әрқашан  да  біреу,
тыңдаушылар бірнешеу. Қарым-қатынасқа түсушілердің  сөзі  белсенді  әрекетке
құрылып, сөйлеуші мен  тыңдаушы  ауысып  отырады.  Сөйлеуші  бір  мезеттерде
тыңдаушы  болса,  керісінше  тыңдаушы   сөйлеуші   болады.   Қарама-қарсылық
байланыс   қарым-қатынас   жағдайында:   тура,   жанама,   тілдік,    тілдік
емес(бейвербальды )түрде  болады .
    Шешендік сөздер дискурсының бөлінбес бір бөлшегі диалог болып  табылады.
Дискурстағы  диалогта  шешен  (сөйлеуші  тұлға)  өзін  қайталанбастай  күйде
танытады. Нені түгел  айтып,  нені  бүгіп  отырғаны,  оның  ұғымынша  қандай
нәрсені атамаса да  түсінікті  екенін  сөйлеу  кезінде  қандай  мүмкіндіктер
байқалатындығын біледі. Диалог–табиғи құбылыс,  ал  осы  диалогке  қарағанда
монологті қабылдау,түсіну тыңдаушыға ауырлау,  күрделілеу  болады.  Шешеннің
коммуникативтік  тұспалын  (интенция)  тыңдаушының  аңғара  білуі  диалогтің
ойдағыдай өтуіне септігін тигізеді.
    Ғалым   Н.Уәлиев   диалогтің   ойдағыдай   өтуі   лингвистикалық    және
лингвистикалық емес факторларға  байланысты  деп  көрсете  келе,  диалогтегі
сәттілік пен  сәтсіздік,  диалогтің  өрбуі  мен  үзілуіне  коммуниканттардың
көңіл  күйі  де  ерекше  әсер  ететінін  былайша  пайымдайды:  «   Диалогтің
ойдағыдай  өтуі  лингвистикалық   және   лингвистикалық   емес   факторларға
байланысты.
    Диалогтегі  сәттілік  пен  сәтсіздік  а)  коммуниканттардың  әлеуметтік-
стереотиптік  ерекшеліктеріне   ә)  коммуниканттардың  аялық  біліміне    б)
коммуниканттардың   құзыретіндегі   жақындыққа,   я    болмаса    алшақтыққа
в)коммуниканттардың  жыныс,   жас,   тұлғалық   ерекшеліктеріне   байланысты
жайттарды  ескеру,  ескермеуден  болуы  ықтимал.  Диалогтің  өрбуіне  немесе
үзілуіне коммуниканттардың көңіл күйі де ерекше әсер  етеді.  Бөгде  адамның
қатысуы да диалогтің өрбуіне кері әсерін тигізуі мүмкін »
    Әдеби туындының идеялық-эмоционалдық, сюжеттік-композициялық жүйесіндегі
диалогтың алатын орны ерекше.  Сондай-ақ  диалог  сюжет,  конфликті  дамыту,
характерлерді ашуда айырықша сапаларға ие болады. Диалог арқылы сыртқы  әлем
бейнеленеді. Диалог заман көрінісінен хабар береді.  Монолог  сияқты  диалог
та түсініктемелермен көмкеріледі. Интонациялық құрылым, жекелеген  сөздердің
айтылуы өң, көзқарас немесе жымиюы  тәрізді  дәлсіздіктерді  диалогсыз  тану
мүмкін емес. Диалог – айтпауға болмайтын,  жасыруға  келмейтін  қажеттілікті
жария етеді. Диалог  адамдардың  әр  алуан  көзқарасын,  өмір  құбылыстарына
деген әр басқа қарым-қатынастарын да танытады. Адам өз өмірін сөз  жүйесімен
қорытып отырады,  ал  іштегі  сөздер  сыртқа  шығуға  дайын  тұрады.  Диалог
негізінен ауызекі сөйлеудің  бірлігі.  Осыған  орай  диалогтық  бірліктердің
мынадай  ерекшеліктерін  атап  көрсетуге  болады:  сөйлеуден  тыс,  сөйлеуді
қостаушы  тұспалдардың  қолданылуы,  айтылымның  қысқа,  ықшам  болатындығы,
интонация, просодикалық  өзгешеліктер,репликадағы  немесе  сөйлеу  жағдайына
байланысты    толымсыз    сөйлемдердің    алуан    түрлі    өзгешеліктерімен
қолданылуы,басым көпшілік жағдайларда  жай  сөйлемдердің  қолданылуы,  жазба
тіл  нормасынан  тыс  сөйлем  қолданыстары,алдын-ала  дайындалмаған   сөйлеу
ретінде синтаксистік норманың бұзылуы.
    Диалогта қарым-қатынасқа  түсушілердің  сезімі  мен  көңіл-күйлері,  сол
сәтте тоқталмай  кетуге  болмайтын  үзілістер,  интонациялық  бедерлер,  бет
жүзіндегі өзгерістер мен ым-ишара қалтарыстары түгел қамтылады.

Өзін-өзі бақылау  сұрақтары:
   1. Көркем мәтіндегі диалогке мысалдар келтіріңіз
   2. Диалогтың берілу сипатына  мән беріңіз

Ұсынылатын  әдебиеттер:
1. Смағұлова Г., Күркебаев К.,Жұмағұлова Ә. Шешендік сөздердің дискурсы.–
Алматы: Арыс, 2008.– 184 б.
2. Серғалиев М.  Көркем әдебиет тілі. – Астана, 2006.– 269 б.


                                  Дәріс 13
                                  Шешендік сөздер дискурсындағы сұраулы
сөйлемдер
Дәріс мазмұны:
   1. Шешендік сөздер дискурсындағы сұраулы сөйлемдер
   2. Көркем мәтіндегі троптардың қолданысы
    Сөйлеу әрекеті кезінде бір сөзді,  сөз  тіркесін,  сөйлемдерді  қайталап
қолдану жиі кездеседі. Қайталама – тілдік жүйеге тән лингвистикалық  құбылыс
болып  саналады.  Дыбыстардың,  сөздердің,  сөз   тіркестерінің   қайталануы
дүниежүзіндегі тілдердің барлығында  кездеседі.  Әлемде  бірде-бір  тіл  осы
тәсілсіз өмір сүре алмайды.   Осы  құбылысты  Ж.  Вандриес  былай  деп  атап
көрсетеді: «Повторение это один из приемов, вышедших из языка  аффективного»

    Қайталама термині қазақ тіл  білімінің  негізін  салушы  А.  Байтұрсынов
еңбегінде «қайталақтау» деп берілген. «Бір  сөзді  яки  бір  лебізді  қайта-
қайта айту қайталақтау деп аталады. Онда  қайта-қайта  айту  нәрсенің  өзіне
яки  ғамалына  көбірек  назар  салыну  үшін  істелінеді.   Сондай-ақ   автор
қайталаманың  «еспелей қайталау» деген түрін көрсетеді»
    Бүгінде  қайталама  процесі  жан-жақты  зерттеліп,  қарастырылуда.  1980
жылдардан  бастап  қайталама  тақырыбына   байланысты   бірнеше   докторлық,
кандидаттық диссертациялар жарық  көрді.  Олардың  қатарына  қайталамалардың
лингвистикалық жүйесін қарастырған О. Бүркітовтың  докторлық  диссертатциясы
қайталамалардың    лексика-семантикалық    құрылымын    қарастырған     Т.Б.
Қалабаеваның  қайталамалардың табиғатын тануға арналған Н.  Қожабергенованың
, қайталамалардың қазақ ертегілеріндегі қолдану  ерекшелігін  сипаттаған  З.
Керімбаеваның   ,    Ж.Аймауытов    шығармаларындағы    лексика-синтаксистік
қайталамалардың стильдік қызметін сипаттайтын Р.А.  Досжанованың  ,  қазіргі
қазақ  тіліндегі  бір  сөздің  қайталануы  арқылы  жасалған  сөз  тіркестері
тақырыбындағы
Ы. Балқыбекованың кандидаттық диссертацияларын   айтуға болады.
    Қайталамалардың ауызекі сөйлеудегі  көрінісі  қазақ  тіл  білімінде  әлі
толық зерттелмеген  мәселе.   Ғалым  Р.С.  Әміров  қазақтың  ауызекі  сөйлеу
тілінің   синтаксисіне   арналған   еңбегінде   ауызекі   сөйлеу   тіліндегі
қайталамалардың диалогтарда ғана көрініс таппайтынын, тек  бір  ғана  қызмет
атқарумен шектелмейтінін атап көрсетеді. Ғалым түркі  тілдеріндегі  негіздің
(түбірдің) қайталануын ауызекі сөйлеу тіліндегі өнімді тәсілдердің бірі  деп
есептейді.  Негіздің  қайталануы  ауызекі  сөйлеу  стилінде  бірнеше  қызмет
атқара алатындығын айта келіп, ол қызметтердің қатарына  ойды  үнемді  беру,
ойды эмоционалды өрнектермен  беру,  диалогтарда  сөйлеуші  мен  тыңдаушының
арасын байланыстыратын репликаларды беру  қызметтерін жатқызады
     Орыс тіл білімінде қайталамаларды  осы  бағытта  зерттеген  ғалымдардың
бірі – Н.Ю. Шведова. Ол қайталамаларды  ауызекі  сөйлеу  тілінде  қолданылуы
тұрғысынан бір ғана қырынан алып, оларды «реплика» қайталамалар деп  атайды.
«Повтор – это построения по правилам разговорной речи,  входящая  в  сложное
образование   (диалогическое   единство)   и   потому    синтаксически    не
самостоятельная вторая реплика, имеющая в  качестве  своей  основы  элементы
словестного состава первой реплики и подчиняющаяся ее форме »
Н.Ю. Шведова орыс ауызекі сөйлеу тіліндегі  қайталамаларды  бір-ақ  қырынан,
сөздің  немесе  фразаның  қайталану  процесі   жағынан   ғана   қарастырады.
Сондықтан   ғалым  өз  еңбегінде  «реплика  –  қайталама»  терминін  кеңірек
қолданады.
    Ең алдымен қайталану – адамзатқа тән қимылдың бір түрі. Қайталама  ұғымы
адамдардың санасы мен ойында  пайда  болып,  тіл  құралдары  арқылы  көрініс
табады. Мұның өзі қайталама процесінің ерекше  құбылыс  екендігін  және  оны
тіл аясынан да кең философиялық,  дүниетанымдық  деңгейде  алып  қарастыруға
болатындығын көрсетеді. Қайталама процесіне алғаш назар аударған көне  дәуір
философтары  болды.  Қайталама  процесі  ғұлама   Аристотельдің   диалектика
негіздерінің  бірі  болып  саналады  және  оның  атақты  10   категориясының
сипатының құрамына  кіреді.  Демек,  қазіргі  тілдегі  қайталама  процесінің
негізі көне дәуірде пайда  болған.
    Бұл процесс адамның  ойлау  қабілетімен  тығыз  байланыста  қалыптасқан.
Сөйлеуші өзінің ойын тыңдаушыға бірден жеткізе бермейді. Ол  сөйлеу  процесі
барысында өз ойын нақтылау,  тыңдаушыға  түсіндіру  мақсатымен  белгілі  бір
сөзді немесе сөз тіркесін қайталап қолданады. Бұл процесті тілдік  деңгейден
де кеңірек алып, психолингвистикалық құбылыс ретінде қарауға болады.
    Қайталаманың күрделілігі – тілдің барлық деңгейінде  кездесетіндігі.  Ал
оның мәтін құрылымында қолданылып, стилистикалық қызмет атқара алатындығы  –
бүгінгі стилистика ғылымында толық дәлелдеген.
    Мәтін мен қайталама категориясы тығыз байланыста келетін бірліктер болып
саналады.  Қайталамалар мәтінді құру, ондағы  белгілі  бір  оқиғаны  дамыту,
мәтін сюжетіне түрткі  болу,  мәтін  оқиғаларын  шиеленістіру,  байланыстыру
мәтінді аяқтау қызметтерін атқарады. Мәтін ұғымы бар жерде  қайталамалар  да
болады.   Қайталама – тілдің көркемдеуіш тәсілдерінің  ішіндегі  ең  көнесі.
Оның көнелігін түркі тілдерінің тарихи ескерткіштері мәтіндеріне назар  сала
отырып  анықтауға   болады.   Бұл   процесті   В.И.   Еремина:   «Повторение
представляет собой  древнее  языковые  выразительное  средство,  присущее  и
живой разговорной речи и устному народному творчеству» – деп бағалайды
    Қайталамалардың о  баста  қалыптасқан  ортасы  –  ауызекі  сөйлеу  тілі.
Қайталамалар осы стиль  арқылы  нормаланып,  кейін  әдеби  тілдің  басқа  да
функционалды стильдеріне  көркемдеу  тәсілі  ретінде  енген.  Ауызша  сөйлеу
түрінің жоғары сатысы болып  табылатын  шешендік  сөздерде   қайталамалардың
алатын орны  ерекше.
    Қайталамалар  диалогтарда  да  ерекше  мәнге   ие   болады.   Диалогтағы
қайталамалардың өзі белгілі дәрежеде стильдік қызмет атқара  алады.  Біреуді
келекелеу, сол адамның айтқан  сөзін  қайталау  арқылы,  сол  адамның  ойын,
сөзін мысқылдау кез келген тілде кездесетін тәсіл.  Бұл  тәсіл  мимезис  деп
аталады. Мимезис те қайталамалардың бір түрі, алайда оның қолданылу  мақсаты
басқа қайталамалар түріне мүлде ұқсамайды.  Жалпы  қайталама  категориясының
басым  түрлері  ойды  әсерлі  беру,  белгілі  бір   айтылар   сөзге   ерекше
стилистикалық мән беру, оқырманға оқиғаны саралап  жеткізу,  көркем  мәтінді
дамыту және жүйелі  желімен  беру  секілді  сан  алуан  қызметтер  атқаратын
болса, мимезис кейіпкер тіліндегі келеңсіз  қолданыстарды  сынау,  келекелеу
мақсатында қолданылады.
  Көркем  мәтіндегі  троп  түрлері.  Эпитет,  теңеу,  метафора,   метонимия,
синекдоха.  Қайталамалар  тілдік  деңгейдің  барлық   қабатында   кездесетін
құбылыс.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
   1.Көркем мәтіннен  қайталамаларға  мысал келтіріңіз
   2.  О.  Бүркіттің  «Қайталамалардың   лингвостилистикалық  жүйесі»   атты
   еңбегінің  20-44 бб конспектілеңіз.
Ұсынылатын  әдебиеттер:
1. Смағұлова Г., Күркебаев К.,Жұмағұлова Ә. Шешендік сөздердің дискурсы.–
Алматы: Арыс, 2008.– 184 б.
2.Бүркіт О. Қайталамалардың  лингвостилистикалық жүйесі. – Алматы: Ғылым,
2001.– 456 б.


                                  Дәріс 14
                    Қазіргі шешендіктанудың ерекшеліктері
Дәріс мазмұны:
1. Қазіргі шешендіктанудың ерекшеліктері
2..Ауызекі сөйлеу стилінің мәдениеті

      Ауызекі  сөйлеудің  үш  түрлі  шарты,  ерекшелігі.   Диалог  түріндегі
қолданысы.
Жалпы сипаттамасы. Ауызекі сөйлеу стилінің шағын түрлері,  бейресми  ауызекі
сөйлеу шағын стилі.
   Ауызекі сөйлеу стилінің  фонетикалық-интонациялық  ерешеліктері.  Ауызекі
сөйлеу стилінің   лексикасы  мен  фразеологиясы.   Ауызекі  сөйлеу  стилінің
лексикасы мен синтаксисі.
   Ауызекі  сөйлеу  стилінің  мәдениеті.  Ойдағыдай  қарым-қатынас  жасаудың
шарттары(коммуникативтік     қажеттілік,     әңгімелесушінің     көңіл-күйі;
тыңдаушының айтушы көңілін түсіне білуі; айтушының әңгіме  нысанын   жеткізе
алуы; сөйлеу кезіндегі сыртқы жағдай; сөйлеушінің сөз  әдебін  сақтай  білуі
т.б). коммуникативтік  сәтсіздіктердің  себептері  (коммуникативтік  ортаның
ықпалы; әңгімелесушілердің  арасындағы сәтсіздік;  сөз  арасындағы  қисынсыз
ескертпе т.б.) коммуникативтік  мақсат,  сөйлеу  стратегиясы  мен  тактикасы
тәсілдері. Тілдік қарым-қатынастың  жанрлары (ақылдасу,  әңгімелесу,  талас,
әңгіме, тарих, хат, күнделік, т.б.) тілдік қатынастағы әдеп.
   Ауызекі  сөйлеу   стилінің   лингвистикалық   және   экстралингвистикалық
белгілері.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
   1. Ауызекі сөйлеу стилінің мәдениеті
   2. Ауызекі сөйлеу мәтінін құрастырыңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Смағұлова Г., Күркебаев К.,Жұмағұлова Ә. Шешендік сөздердің дискурсы.–
Алматы: Арыс, 2008.– 184 б.
2. Әлкебаева Д. Қазақ тілінің  прагмастилистикасы.- Алматы,2007.– 456 б.


3 Тәжірбиелік сабақтар
                             1-тәжірбиелік сабақ
Қазақ тіл біліміндегі мәтін мен дискурс зерттеушілердің еңбектеріне  талдау.

Сабақ мазмұны:
1. Тіл біліміндегі  мәтін  мен дискурске берілген анықтамалар.
2. Жалпы тіл  біліміндегі  мәтін  мен  дискурс  зерттеушілердің  еңбектеріне
шолу.
3. Бүгінгі қазақ тіл біліміндегі мәтін  мен  дискурс  зерттеушілер  еңбегіне
шолу.
Сабақтың мақсаты:


Бақылау сұрақтары:
1. Тіл біліміндегі  мәтін  мен дискурске берілген анықтамалардың  бірнешеуін
 жазып, салыстырып, өзіндік тұжырым жасаңыз.
2.   Бүгінгі   қазақ  тіл  біліміндегі   зерттеушілер  Р.Сыздық,  Б.Шалабай,
Г.Смағұлова еңбектерімен танысып, мәтінге қатысты ойларын конспектілеу.

Әдістемелік нұсқаулық:
1.
2.
3.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Смағұлова Г., Күркебаев К.,Жұмағұлова Ә. Шешендік сөздердің дискурсы.–
Алматы: Арыс, 2008.– 184 б.
2. Шалабай Б. Көркем тексті лингвистикалық талдау. – Алматы, 1985.– 123 б.
3. Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. – Алматы: Санат, 1995.– 385 б.




                            2- тәжірбиелік сабақ
            Мәтін және дискурс.  Дискурс және оның  дефиницалары.
Сабақ мазмұны:
1. Мәтін  құрастыру белгілері
2. Дискурс. Дискурс дефиницалары
3. Мәтін мен дискурс белгілері

Сабақтың мақсаты:


Бақылау сұрақтары:
1. Мәтін белгілерін сызба жасау арқылы көрсетіңіз
2. Дискурс белгілерін сызба жасау жасау арқылы көрсетіңіз
Әдістемелік нұсқаулық:
1.
2.
3.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Сыздықова  Р., Шалабай Б. Көркем тексті лингвистикалық талдау.–Алматы,
1989. – 236 б. (28-33 бб.)
2.Смағұлова Г. Мәтін лингвистикасы.– Алматы, 2002.– 239 б. (22-34 бб.)
3.Тураева З.Я. Лингвистика текста. –Москва, 1982.– с 335. (236-240 бб.)
4. Смағұлова Г., Күркебаев К.,Жұмағұлова Ә. Шешендік сөздердің дискурсы.–
Алматы: Арыс, 2008.– 184 б.


                            3- тәжірбиелік сабақ
                 Дискурс  пен мәтін бірлігінің ерекшеліктері

Сабақ мазмұны:
1. Дискурстың негізгі  белгілері
2. Мәтіннің негізгі белгілері
3. Мәтін мен дискурстың  бірліктерінің өзара байланысы


Сабақтың мақсаты:


Бақылау сұрақтары:
1. Мәтіннің негізгі белгілерін лингвистикалық сөздіктің көмегімен жазыңыз
2.  Дискурс терминімен тіркесіп қолданылып жүрген атауларға мән беріңіз
Әдістемелік нұсқаулық:
1.
2.
3.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Гальперин.И.Р. Текст как обьект лингвистического исследования.  –  Москва,
1981.–с 356.(52-53сс.)
2.Лингвистика текста. – Москва,1978.–с 451. (75-77сс.)
3.Новиков Л.А. Художественный текст и анализ. – Москва,  1987.–с  423.  (66-
70сс.)

                            4- тәжірбиелік сабақ
                       А.Байтұрсынов – мәтін   туралы

Сабақ мазмұны:
1. Тіл білімі және А.Байтұрсынов туралы
2. А.Байтұрсыновтың « Тіл-құрал» еңбегіндегі мәтінге қатысты ойлар

Сабақтың мақсаты:



Бақылау сұрақтары:
1.  А.Байтұрсыновтың  «Тіл-құрал»  еңбегіндегі   мәтінге   қатысты   ойларды
конспектілеу (112-119 бб)
2.  А.Байтұрсыновтың   «Тіл-құрал»   еңбегіндегі   мәтін   бірлігі   күрделі
синтаксистік тұтастық  қатысты ойларды конспектілеу (211-250 бб)

Әдістемелік нұсқаулық:
1.
2.
3.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Байтұрсынов А. Тіл-құрал.– Алматы, 1992.– 439 б.
2. Байтұрсынов А. Ақ жол.– Алматы: Жалын, 1991.– 460 б.


                            5- тәжірбиелік сабақ
                      Қ.Жұбанов – мәтін, дискурс туралы
Сабақ мазмұны:
1. Қазақ тіл білімі және Қ.Жұбанов еңбектері туралы
2. Қ.Жұбанов – мәтін туралы
3. Қ.Жұбанов – дискурс туралы

Сабақтың мақсаты:


Бақылау сұрақтары:
1. Қ. Жұбановтың «Қазақ тілі білімінің өзекті мәселелері»  атты  еңбегіндегі
мәтінге қатысты тұстарын конспектілеу (221-225 бб)
2. Қ. Жұбановтың «Қазақ тілі білімінің өзекті мәселелері»  атты  еңбегіндегі
дискурске қатысты тұстарын конспектілеу (236-323 бб)

Әдістемелік нұсқаулық:
1.
2.
3.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 1966. – 356 б.
2. Шалабай Б., Ахметова М.  Мәтін  лингвистикасының  негізгі  мәселелері  //
Тілтаным,2002.– № 1.–44-45 бб.


                                   6- тәжірбиелік сабақ
               Мәтіндердің функциональды-стильдік типологиясы

Сабақ мазмұны:
1. Ауызекі сөйлеу мәтінінің тілі
2. Ғылыми мәтін тілі
3. Ресми мәтін тілі

Сабақтың мақсаты:


Бақылау сұрақтары:
1. Сөйлеу стиліне тән  мәтін үлгісін құрастырыңыз
2. Терминжасамдағы  морфологиялық тәсілдерге талдау жасаңыз
Әдістемелік нұсқаулық:
1.
2.
3.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Әлкебаева Д.   Қазақ тілінің прагмастилистикасы.– Алматы, 2007.- 456 б.
2. Бүркіт О. Қайталамалардың  лингвостилистикалық  жүйесі.–  Алматы,  Ғылым,
2001.–369 б.
3. Смағұлова Г. Көркем мәтін лингвистикасы. – Алматы, 2007. – 152б.

                                   7- тәжірбиелік сабақ

             Мәтін мен дискурс талдаудың стильдік ерекшеліктері
Сабақ мазмұны:
1. Мәтін түрлерінің лингвистикалық маңыздылығы
2.Мәтін, дискурс түрлеріндегі  лексика-грамматикалық,  тілдік  единицалардың
қызметін анықтау
3. Подтекст категориясы. Қосымша мағына жасау техникасы


Сабақтың мақсаты:



Бақылау сұрақтары:
1. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау талаптары қандай?
2. Подтекст категориясы дегеніміз не? Анықтамасын жазыңыз.
Әдістемелік нұсқаулық:
1.
2.
3.
Ұсынылатын әдебиеттер:
 1.Залевская А. Текст и его понимание. –Тверь, 2000.–с 326.(36-40сс)
2.Лотман Ю. Анализ поэтического текста. –Ленинград, 1972.–с 345. (45-50сс.)
3.Метафора в языке и текста. –Москва,1988.–с 369. (74-80сс)

5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
5.1 Студенттің өздік жұмысының ұйымдастырылуына  әдістемелік нұсқаулық
      Студент «Шешендік сөздердің дискурсы»  пәнінде  тәжірибе  жүзінде  кең
қолданылатын, әрі жан-жақты  игерілген  мәтін  талдаудың  негізгі  әдістерін
білуі  қажет.   Ғылыми   ой-өрісті   қалыптастыруда    дискурс   пен   мәтін
лингвистикасының ғылыми білім ретінде  пайда  болуы  ерекше  роль  атқарады.
Мәтін  лингвистикасыи  мен  дискурс  қазіргі   тіл   білімі   ғылымының   әр
сатысындағы философиялық дүниетаныммен және ғылыми  методологиялық  таныммен
терең байланысын, тіл теориясының  әр  түрлі  мектептерге,  бағыттарға  және
концепцияларға  тән  процестерге  тәуелділігін  түсінуге  мүмкіндік  береді.
Мәтін линвистикасы мен дискурс әр кезеңдегі ғылым  алдына  қоятын  қоғамдағы
әлеуметтік-мәдени шарттардың шектес  ғылымдармен  және  олардың  практикалық
шешімдерімен тікелей байланысы постулатын түсінуге көмектеседі.


 Реферат тақырыптары
М.Әуезов  еңбектеріндегі  шешендік өнер туралы.
Р.Сыздықова еңбектеріндегі  шешендік өнер туралы
Шешендік сөздер мәтініндегі метафоралық қолданыстар.
Шешендік сөздердегі мақал-мәтелдер.
5.2.5 Шешендік сөздердегі фразеологизмдер.
5.2.6 Шешендік сөздердегі  мағынасы күңгірт сөздер.
5.2.7 Шешендік сөздердегі  мәдени лексика
5.2.8 Шешендік сөздердегі  табу мен эвфемизмдер
5.2.9 Шешендік сөздердегі  қайталамалар
5.2.10 Шешендік сөздердегі  киелі сөздер мағынасы
5.2.11Шешендік сөздердегі діни лексика
5.2.12Шешендік сөздердегі бейвербалдық амалдар
 13. Шешендік сөздердегі  суггестия
 14. Шешендік сөздердегі  теңеулердің жасалу жолдары
 15. Шешендік сөздердегі  модаль сөздер.

  2. Ұсынылатын әдебиеттер:
5.3.1  Гальперин.И.Р. Текст как обьект лингвистического исследования .–
Москва, 1981.– с 356
5.3.2 Лингвистика текста. –Москва,1978.– с145
5.3.3 Новиков Л.А. Художественный текст и анализ. –Москва, 1987.–с 369
5.3.4 Солганик И.Я. Стилистика текста. –Москва,2000.–с 465
5.3.5 Сыздықова  Р, Шалабай Б. Көркем тексті лингвистикалық талдау.
–Алматы, 1989.– 256б.
   6. Смағұлова Г. Мәтін лингвистикасы.–Алматы, 2002.–225 б.
5.3.7 Тураева З.Я. Лингвистика текста. –Москва, 1982.– с 321
5.3.8 Смағұлова Г., Күркебаев К.,Жұмағұлова Ә. Шешендік сөздердің
дискурсы.– Алматы: Арыс, 2008.– 184 б.

5.4 Қосымша пайдаланылатын әдебиеттер:
5.4.1 Залевская А. Текст и его понимание. –Тверь, 2000. –с 457
5.4.2 Лотман Ю. Анализ поэтического текста. –Ленинград, 1972.–с 369
5.4.3 Метафора в языке и текста. –Москва,1988.–с 387.




Пәндер