Файл қосу
Азия мемлекеттерінің экономикалық даму ерекшеліктері
|Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі | |Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті | |3 деңгейлі СМЖ құжаты |ПОӘК | | | | |ПОӘК 042-16-02.1.44/03- | | | |2013 | |«Тарихи үдерістегі | | | |Азияның рөлі» |№1 басылым | | |пәні бойынша | | | |оқу-әдістемелік кешені | | | «ТАРИХИ ҮДЕРІСТЕГІ АЗИЯНЫҢ РӨЛІ» пәнінің оқу- әдістемелік кешені ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫ 5В020300: «Тарих» мамандығына арналған Семей -2013 МАЗМҰНЫ 1 Глоссарий 2 Дәрістер тақырыбы 3 Практикалық сабақтар 4 Студенттердің өздік жұмыстары 1 ГЛОССАРИЙ Альтернатива-бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талдап алу. Альянс-ортақ амақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы, бірлестігі. Анархизм-жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік-саяси ағым. Апатридтер-ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар. Ассамблея-халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы. Ассимиляция- бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана- сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі. Ассоциация- белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелер бірлестігі. Абсентеизм-халықтың саяси өмірге немқұрайды қарайтындығы Автономия-бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық құрылым Абсолютизм-жоғары өкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың түрі.. Азаматтық қоғам- әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани адамгершілік қатынастары мен мемлекеттің қызмет ету қажеттігін мойындау негізінде құралатын қоғам. Әлеуметтік-саяси институттар- біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік және саяси жүйелік түзілім. Әлеуметтік-саяси элита- қоғамның иерархиялық әлеуметтік құрылымындағы негізгі бұқара көпшіліктен белгілі бір ерекшеліктерімен айрықшаланып, жетекшілігі, жеңілдіктері бар және мемлекеттік билікке салмақты ықпал жасайтын немесе оны жүзеге асыратын адамдар тобы, жігі. Бедел- белгілі бір тұлғаның немесе адамдардың салмақты ықпал жасаудағы әрекеті. Бихевиоризм- жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделген әдістемелік бағыт. Буржуазиялық-демократиялық партиялар- ХІХ ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды. Бюрократ-азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп өз міндеттерін формалды түрде атқаратын қызмет адамы. Волюнтаризм-саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты. Геноцид-адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау. Геосаясат-сыртқы саясатты географиялық факторларға байланысты жүргізетін саясат. Глобальдылық-бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт. Гуманизм-адамзаттың еркін жетілуне негізделген мақсатты әлеуметтік қозғалыс. Депортация-жеке адамдарды, халықтарды еріксіз, күшпен жер аудару. Диверсификация-мәселенің әр түрлі, жан-жақты қаралуы, дамуы, саяси қызметтің көп түрлілігі. Диктатура-қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік. Еуропарламент-еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын мемлекетаралық саяси мекеме. Егемендік-мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі. Идеология-белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі. Импичмент-жоғарғы лауазымды адамдарды конституцияны бұзғаны үшін немесе басқа қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі. Инновация-жаңалық енгізу Иделды тип-дәуірге сәйкес ұтымды құндылықтар бағытының эталоны және саяси - әлеуметтік ақиқатты тану туралы қызметі атқарушы. Негізін салған-М.Вебер. Инагурация -мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты кірісуі Охлократия-қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік мекемелерді басып алып, ойран салған, демократияны теріс түсінген тобыр билігі. Парадигма-жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі. Прагматизм-алға қойған мақсатқа іс жүзінде жету үшін ұстаған бағыт. Коалиция -ортақ жауға қарсы немесе мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін бірлескен мақсатты партиялар мен қоғам қайраткерлерінің бірігіуі. Конституция-мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң. Көппартиялылық-мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрі Легитимдік-халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы. Можаритарлық жүйе-сайлау нәтижесінде үміткердің округ бойынша көпшілік дауыс алуы. Маргиналдар-белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар. Меморандум-дипломатиялық хат жазысудың бір түрі. Мороторий-ішкі жіне сыртқы міндеттемелерді орындауды уақытша тоқтату, үзіліс жариялау. Саясаттану –қоғамның саяси дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары туралы ғылым Саясаттану зерттеуі-қоғамтану зерттеуінің бір түрі, қоғамды саяси- идеологиялық тұтас жүйе ретінде қарастырады. Саясаттану сауалдамасы-жеке адамдар мен топтарға ауызша және жазбаша түрінде сұрақтар қою жолымен алғашқы саяси- әлеуметтік ақпарат алу тәсілдері Саяси- әлеуметтік байланыс- адамдардың немесе топтардың тәуелділігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет. Саяси даму-жаңа қоғамдық қатынастардың, институттардың, нормалардың, құндылықтардың қалыптасқан өзгерістері Саяси- әлеуметтік қауымдастық – ортақ әлеуметтік белгілердің болуымен біріккен, бірлескен, адамдар жиынтығы. Саяси нормалар – адамдардың іс-әрекетін реттейтін ереже. Саяси прогресс – қоғамдық дамудың бағыты. Саяси -әлеуметтік төңкеріс – қоғам дамуындағы сапалық, терең және жоғары прогрессивтісімен алмастыру тәсілі. Саяси- әлеуметтік заңдар- қоғамның, мемлекеттің т.б. топтардың даму бағытын анықтайтын әлеуметтік және саяси құбылыстар мен процесстердің арасындағы тұрақты өзара байланыстар. Саяси- әлеуметтік институттар – біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік саяси түзілім. Саяси- әлеуметтік коммуникация – тікелей және қарым-қатынастар мен әлеуметтік және саяси субьектілер арасындағы өзара әрекет актісі мен процесі. Саяси- әлеуметтік конвергенция – түрлі әлеуметтік және саяси жүйелердің біртіндеп жақындасуы. Саяси- леуметтік қозғалыс – адамдардың әлеуметтік және саяси қолдау мен қарсылық көрсетуге бағытталған ұжымдық әрекетімен байланысқан әлеуметтік және саяси процестердің формасы. Саяси- әлеуметтік мүдделер – қоғамның, әлеуметтік топтардың, қауымдастықтардың, субьектілердің әлеуметтік-саяси әрекеттерінің себептері, қайнар көздері, талаптары, мотивтерінің қызметі. Саяси теңсіздік – адамдардың әлеуметтік және саяси жағдайларының біркелкі еместігі. Урбанизация –қалалардың, қала халқының өсуінің, қоғам дамуындағы ролінің артуы және өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі. 2. ДӘРІС (ЛЕКЦИЯ) САБАҚТАРЫ 1 тақырып. Кіріспе. Азия мемлекеттерінің халықаралық аренадағы рөлі Лекцияның жоспары: 1.Тарихи үдерістегі Азия елдерінің тарихы 2.Азия елдерінің саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуы 1. Азия елдерінің мәдени, саяси, әлеуметтік және экономикалық даму процесттері сонау ерте кезден бір-біріне ұқсас дамып келеді. Олар бір- біріне бақталас та, бәсекелес те, қарсылас та болды. Әр түрлі саясат пен идеологияның ықпалына түсті. Аймақ өзінің геосаяси жағдайымен әрқашан сартқы күштерді қызықтырған. Жергілікті халықтың баста мақсаты аймақтыныштығы ме ұрпаөқ амандығы. Оған тарих дәлел. Бүгінгі таңдағы жағдайй өткен тенденциялардың қайталамасы десек, артық айтқан болар едік. Өйткені жаһандану заманыда жоспарлы экономикадан қатал нарық ықпалына түскен Азия елдерінің жағдайы алаңдаушылық тудыруда. Қарулы қақтығыстар аймақ елдерінің саяси-экономикалық және әлеуметтік ынтымақтастығы мен мәдени-рухани құндылықтары мен салт-дәстүр өзегін сақтап қалу, өз тарихын ұмытпай, әлемдік қауымдастықта өз позициясын нақтылау болып отыр. Осы орайда тәуелсіздігін алған Азия құрылығндағы елдің бірегейі Қазақстан Республикасы ұстанған саясаты дүниежүзі елдеріне аса үлгі боларлық ұстаным болып отыр. Бұл ел тарихындағы басты назар аударатын өзекті мәселе. Азия елдерінің тарихи дамуы саяси, экономикалық әлеуметтік дамуы территориялық, аймақтық орналасуынан қарасақ та, туысқандық түркілік жағынан қарасақ та оқылатын тақырыптың өзекті тақырыбы болмақ. Нарық саласында жаңа пайда болған егеменді Азия елдері аумалы- төкпелі қиын-қыстау кезеңін бастарынан өткізді. Яғни тарих толқынындағы дағдарыстар . Бұл жағдайлар тарихи зерттеулерді қажет ететін мәселелер. Бес мемлекет (Қазақстан, Қырғызсатн, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан) ғасыр соңында тәуелсіздігін алғаннан кейін саяси-экономикалық және әлеуметтік даму ерекшеліктері біршама шиеленісе түсті. Себеп: әрине нарықтық экономикаға көшуде ішкі әлеуметтік-этникалық, шекаралық қайшылықтармен қоса діни мәселелердің кері әсері болды. Әлемдік ынтымақтастық пен жаһандану Азия елдерінің даму нышандарын әлемдік даму процестеріне тәуелді етті. Сыртқы күштердің әсері аймақты Балқан, Таяу Шығыстағыдай ойын алаңына айналу қаупін туғызатындай жайттар пайда болды. Мұндай геосаяси жағдайлар мен саяси жүйедегі өзгерістерді қылмыстық топтар пайдаланып қалғысы келді. Ондай жағдайлар тарихта болатындығы белгілі. Кеңес Одағы кезінде әкімішілік басшылықтар мен маңызды жұмыс орындары, маман иелері болып отырғандар әрине басқа ұлт өкілдері. Бұл да саясат тарихына кері әсер ететіндігі түсінікті. Кейде бұл жайттар мемлекет аралық кикілжіңдердің бастамасына айналып саяси күштердің қарама қарсылығын тудырады. Яғни ұлтышлыдқ пен этникалық қайшылықтар отын тұтандырады. Мысалы. әлемдегі елдердің бірі Кореяны алатын болсақ. Міне сондықтанда аймақтық проблемаларды зерттегенде әлемдік рынокқа шығу қиыншылықтарын, батыстық демократизациялау мәсеелесін мамандар жан- жақты қарастырып, Азия мемлекеттерінің негізгі мәселелерін ұлттық мәселелерді және қазіргі заманауи жағдайындағы саяси-тарихи мәселелердің шешу жолдарын қарастырған дұрыс болады. Бүкіл 90-шы жылдар бойы Азия мемлекеттерінің негізгі саяси жағдайы КСРО-ның құлауы, Ресейдің Оратлық Азиядан шегінуі геосаяси ваккум қалдырды. Ресей ықпалының төмендеуі АҚШ, Батыс Еуропа мен дамыған Азия мемлекеттерінің қызығушылықтарын айтарлықтай арттырды. Олар Азияда өздерінің экономикалық мақсаттарын қанағаттандыратын саяси мүдде көздеді. ХХІ ғасырда бүкіл адам баласы дамудың жаңа бір сатысына қадам жасады. Трансформация процесі қазіргі өркениеттің барлық саласын қамтыды. Бұрынғы мәдени-тарихи типтердің көптүрлі орнын жалпыға бірдей өмірлік материалды-рухани стандартты жүйе ауыстырды. Бұл планеталық деңгедегі «мобализация» деп аталды. Бұл жүйенің эпицентрі-Орталық Азия. КСРО-ның құлшауымен аймақтың биосаяси болашағы бұлыңғыр болды. Бұл мәсеелелр глобальды және геосаяси жағдайы тек ғалымдары ғана қызықтырмай тіпті бүкіл әлем жұртышылығн өз назарына аударды. 2 тақырып. Азия елдерінің саяси-әлеуметтік дамуы Лекцияның жоспары: 1.Әлем қайшылықтары 2.Азия аймағының глобальды және геосаяси жағдайы 3.Қытай мен Қазақстан: шекара мәселесі 1. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, әлемде қарулы қақтығыстардан гөрі саяси ойындар етек алды. Ойын ошағы әрине Орталық Азия елдері болды. Бүкіл 90-шы жылдар бойы Азия мемлекеттерінің негізгі саяси жағдайы КСРО-ның құлауы, Ресейдің Оратлық Азиядан шегінуі геосаяси ваккум қалдырды. Ресей ықпалының төмендеуі АҚШ, Батыс Еуропа мен дамыған Азия мемлекеттерінің қызығушылықтарын айтарлықтай арттырды. Олар Азияда өздерінің экономикалық мақсаттарын қанағаттандыратын саяси мүдде көздеді. ХХІ ғасырда бүкіл адам баласы дамудың жаңа бір сатысына қадам жасады. Трансформация процесі қазіргі өркениеттің барлық саласын қамтыды. Бұрынғы мәдени-тарихи типтердің көптүрлі орнын жалпыға бірдей өмірлік материалды-рухани стандартты жүйе ауыстырды. Бұл планеталық деңгедегі «мобализация» деп аталды. Бұл жүйенің эпицентрі-Орталық Азия. КСРО-ның құлшауымен аймақтың биосаяси болашағы бұлыңғыр болды. Бұл мәсеелелр глобальды және геосаяси жағдайы тек ғалымдары ғана қызықтырмай тіпті бүкіл әлем жұртышылығн өз назарына аударды. Азияның посткенеңстік республикалары жүйелі дағдарысты бастарынан кешіруде болды. Бұл тұрақсыздықтың негізгі ұғымы-экономика және идеология. Әрине бұл мәселелені өз еліміз Қазақстаннан бастаймыз. Жеріміз табиғи ресурстарға бай, экономиканы реттеуді қолға алдық, бүгінде өз нәтижесін беуде. Біршама саяси реформалар жүзеге асырылды. Әлеуметтік мәселелер ретімен шешілуде. Қырғыз елінде демократия жоғары екені белгілі, бірақ саяси билік пен халық арасындағы түрлі шиеленістерді тудырды. Оппозицияның күшеюі елде қарама-қарсылық төңкерісін тудырды. Ал, Түркменстанда Ниязовтың жеке билігі қалыптасқан болса, ол сыртқы әлемнен алшақтатылған. Халық наразы болмас үшін арзан энерго көздерімен қамтамасыз ету, т.б. игілікті істер атқарылуда, дегенмен де аймақтың тұрақсыздық бұғауына түспеуіне және одан құтқаруына ешкім кепіл бола алмайды. Тәжікстанда азамта соғысы, аймақтағы халықтың кедейленіп, саяси тұрақсыздықтың қалыптасуынадағы жағдайында баз кешуде. Өзбекстанда шиеленістің негізгі эпицентрі радикалды топтар, ірі державалардың ішкі-сыртқы саясатқа араласуы, көршілес елдердің діни экстремистік бағытты таратуы т.б. мәселелер . Бұлардың бәрі-әлемдік мәселелер. Батыс елдері Орталық Азияда өз позициясын нығайтту үшін бұрынғы қатаң тоталитарлық жүйемен тәрбиеленген халықтық демократиялық және нарықтық жолға түсуге көмектесеміз деген ұранды ұстануда. Ең ірі ел АҚШ мұндай жағдайда лидер. 2.1996 жылы шілде айында Бішкек пен Қытай арасында шекара мәселесі бойынша (900 км. Ұзындық) келісімге қол қойылды. Келісім бойынша Қырғызстан Қытайға өз территориясының 87 мың га жерін беруге мәжбүр болды. Шекара мәселесі бойынша Қытай мен Қазақстан арасында 1994 жылы сәуір айында екіжақты келісімге қол қойылды. Келісім бойынша екі ел арасындағы шекара (ұзындығы 1782 км) анықталып, 944 км2 созылған аймақ бойынша даулы жерлер талқыға салынды. Ол Талдықорған, Семей облыстары территориясы. Хан- Тәңірі таулы шыңын Қытай Қазақстанға берді. Сол екі ел арасында шекара мәселесі өз шешімін тапты. Осылайша Қытай өзіне көршілес елдермен шекара мәселесін толықтай бейбіт саясатпен шешті деуге болады. Мұнымен өзекті мәселелер аяқталды деуге болмайды. Әлі де шешімін таба алмай жатқан түткіл мәселелер көп-ақ. Ол Орталық Азия аймағының әлемдік саясаттағы рөоін анықтаған жөн. 3. 1990 жылдарға дейін КСРО мен Қытай арасында Орталық Азия территориясында (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан) байланысты шекара дауы шешілмей келген болатын. Ал тәуелсіздігін алған елдерде бұл мәсеелер келе- келе өзінің аймақтық тарих мәселелерін еш қақтығыссыз шешті. Дегенменде Қытай елінің басқа Азия елдерімен шекара мәселесін әлі де өз шешеімн таппай отыр. Мұндай қадамдар Қытаймен туындауы мүмкін проблемалардың алдын алары сөзсіз. АҚШ пен Батыс Еуропа елдері Орталық Азияны өздерінің саяси блогына айналдыру арқылы жоғары қарқынмен дамып кле жатқан Қытай және осы аймақта саяси билігінің нышаны бар. Ресейдің ықпалына шек қою көзделуде. Бірақ дұрыс саясат емес. АҚШ т.б. алпауытты мемлекеттердің Азия аймағына қызығушылығының себептері: -аймақтағы мемлекеттер тәуелсіздігін алып, жеке сыртқы саясатын жүргізуде, -аймақта-бай энергетикалық және табиғи ресурстар -уран рудасы мен ядролық технологияларға ие т.б. Бұдан туындайтын саясат мақсаты- мемлекеттердің бірігу қажеттілігін тудырады. 3 тақырып. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты Лекцияның жоспары: 1.Қазақстан дипломатиясының құрылуы 2.Әскери-саяси мемлекетаралық келісімдер 3.Қазақстандағы ядролық қару мәселесі 1. Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болады және оның даму барысында да бола бермек. Ол алдымен қоғамдық өндірісті ұйымдастыру үшін керек. Алғашқы қауымдық қоғамда билік қоғамдық сипатта болды. Негізінде саяси билік құлдық қоғамда пайда болды. Сондықтан саяси биліктің пайда болуын қазіргі саясаттану негізінде мемлекеттің пайда болуымен байланыстырады. Саяси биліктің ең басты түріне жатады. Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Оны мынадан байқаймыз: 1.Экономикалық қор: (қоғамдық өндіріс пен тұтынуға керек басқа да материалдық құндылықар, құнарлы, шұрайлы жерлер, пайдалы қазба байлықтары және т,б.) 2.Әлеуметтік әдіс-құралдар-үстемдік етіп отырған билік өзіне қолдау іздейді. 3.Күш жұмсау құралдары- мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. 4.Ақпарат құралдары-қоғамдық пікір тудырып, саяси өмірге ықпал ету жағынан оны 4-ші билік деп атайды. 5.Информациялық қор- білім мен ғылыми мағлұматтарды тарату т.б. Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін, әдетте, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігі. Олардың өзіндік атқарар қызметі мен әрекеттері бар. Билік - әлеуметтік феномен (Кесте -1) |1.Билік |2.Билік |3.Билік |4.Билік жүргізу | |типтері |атрибуттары |формалары |құралдары | |1.Интегралды |-Экстентивті |-Үстемдік |-күштеу арқылы | |2.Өзара әрекет |-Аумақты билік |-басқару |-құқық арқылы | |билігі |-Интенсивті |-басшылық |-салт-дәстүр | |3.Харизмативтік | |-ұйымдастыру |арқылы | |билік | |-бақылау |-бедел арқылы | | | | |-қысым жасау | | | | |арқылы | Мемлекеттерді басқару түрі өзіндік құрылысымен ғана емес саяси тәртібі жағынан да ерекшеленеді. Саяси тәртіп деп-саяси билік, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығын, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің демократиялық дәрежесін айтады. Саяси тәртіп екіге бөлінеді. Демократиялық және антидемократиялық. Демократиялық: а) адал, шынайы сайыс арқылы түрде өткізілетін сайлау; ә) үкіметтің сайлау арқылы дүниеге келуі; б) Жеке тұлғалар мен аз ғана адамдардың да құқығын қорғайды. Антидемократиялық: а).тоталитарлық –бақылауға алынған мемлекеттік- саяси құрыым, авторитарлық- күштеуге, жеке адамның билігіне негізделген мемлекеттік-саяси құрылыс. Қазақстан Республикасындағы саяси жүйе – Конституцияның қабылдануына байланысты биліктің жаңа жүйесі қалыптасты. Қазақстан халқы мемлекеттік өкімет билігін тікелей және өз өкілдері арқылы жүзеге асыратын күш. Сондықтан Ата Заңның 2-бабында: «Қазақстан Республикасы Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет » деп көрсетілген. Мемлекеттік құрылымға жаңаша сипат беретін бұл қағида Конституцияның ең басты жаңалығы. Қазақстан Ренспубликасының билік тармақтары: заң шығарушы-парламент, атқарушы-үкімет, қорғаушы-сот және соттар төрелігі деп белгіленген. Мемлекетте жергілікті билік өкілді орган - маслихат, атқарушы орган - әкімшілік деп бөлінеді. 3.Ядролық зерттеу полигонын құру туралы шешім ССРО Министрлер Кеңесінің және КОКП Орталық комитетімен 1947 жылы 21 тамызда қабылданды. Полигон «Оқу полигоны» ауызша аталды, шифр әскери бөлім 52605. Полигонның қалыптасуы Москва облысының Звенигород қаласында басталды. Алғашқы әскери бөлімдер мен жеке бөлімшелер 1947 жылғы 1 маусымнан бастап Павлодар облысының Майский ауданының Молдары поселкесіне қоныс аудара бастады. Полигон Қазақстан Республикасының Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының аумақтарында орналасқан. Жалпы ауданы-18500км кв., периметр-600 км-ге жуық. Аталған облыстардың тәрбітіне 54%, 39%, және 37% полигон аумағы тиіс келеді. Полигон сынақтарына дайындық жұмыстары 1949 жылғы шілде айында аяқталды. Сол жылдың 29 тамыз айында ССРО-да алғаш ядролық құрылғының сынағы өткізілді. Сынаққа тікелей ғылыми жетекшілік И.В. Курчатов атқарды. 1953 жылғы 12 тамызда полигонда алғаш термоядролық құрылғы , 1955 жылы 22 қарашада – сутегі бомбасы сыналды. Ядролық сынақтар ядролық жарылыс құрылғылары және қарулардың үлгілерін сынау мақсатында өткізілді. Кейіннен халық-шаруашылық мақсатта өткізілді. Полигон күрделі ғылыми-зерттеу кешені болып саналды. Құрылымы жағынан ол базалық Курчатов қаласынан тұрды. Сынақ алаңдары құрылысымен қатар сынақ алаңынан 130 км Семей қаласынан батысқа қарай орналасқан тұрғын әкімшілік орталық салына бастады. Алғашқыда тұрғын қалашық әскери гарнизон қызмет істеді, Семей- Конечная бекеті теміржол магистралі құрылысының аяқталуынан соң айрықша құпиялылығына байланысты «Москва-400» атауына ие болды. 1947 жылдан бастап қала статусына ие болып, Курчатов аталынды. Әлемге Семей-21 ретінде белгілі (пошта бөлімшесі). Қаланың тарихы ядролық қару базасының құрылу тарихымен ажырамас байланыста. Семей қаласынан шамамен 130 км, ағыстан төмен қарай тұрғын-үйлердің, әкімшілік ғимараттардың, техникалық құрылғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіле бастады. Бос орында құрылыс бастау қиынға соқты. Жеке құрам үшін шатырлы қалашық, өзен ағысына жақын жерде су ысыту үшін темір бөшкелері бар моншалар жасалды. Сонымен қатар әскерлерге жертөлелер жасау үшін жер қазылып, фашиналар тоқылып, орманнан тіреулер алынып, жертөлелерді фашиналармен жауып, үстінен құм себілді. Офицерлер жертөлелері тақтайшалармен жабылып, ішінен фанералармен қоршалды. Отынның жеткілікті мөлшерде болмауы офицерлер үйінің қабырғаларында шық қырау қабаттарымен қапталатын. Қыс (әсіресе 1948 жылы) өте қатты болды, 40-50 градусқа дейін жететін және қол және аяқ саусақатарының үсініп, кестіру жағдайлары жиі болған. Ақпан айларының аязынан, боранынан жертөлелер есіктері жабылып қалып, көбінесе аршып алуға тура келетін. Жеке құрамға азық-түлік жеткізу үшін автожолдардың болмауынан күніне 300гр. Нан ғана жеуге рұқсат етілген. Полигондағы өмір сүру жағдайы майдандағыдан кем болған жоқ: сол сияқты жертөлелер, жол қазандық азықтану, заттық, саудалық аттестаттар, жанұядан алыстатылу, қатаң жағдай режимі. Қойылған мәселелерді орындау, үлкен ерік күші, шыдамдылық, жеңімпаз елге деген сүйіспеншілік, әскери құрылысшыларға, командирлерге подполковник Барсуков В.М.,, Подполковниктер Евтиков М.А., Евдокимов А.А., Тран В.И. және басқаларына өте қысылтаяң мерзімде , 1949 жылдың шілде айына дейін ядролық қаруларды сынау құрылғылары мен объектілерін дайындауды аяқтау қажет болды. Қатарлас құрамына 2 құрылыс полкі кіретін 31516 әскери бөліміне жүктелген тұрғын қалашық құрылысы басталды. Әскери құрылысшалардың алдына заманға сай, толық ыңғайластырылған әскери қалашық салу міндеті қойылды. Бұл міндетті 53 инженерлік-құрылыс полкі орындады. Біртіндеп қалашық өсе бастады, адамдар өмірі ыңғайлана бастады. Жеке құрам жертөлелерден тұрғын үйлер мен казармаларға көшті және алғашқы құрылыс болып Ленин көшелеріндегі үйлер және ЖПО, 52605 ә-б гарнизондық штабы болды. Полигон басшысына арналып коттедж салынды, бірақ оған бірінші жарылыста Л.П. Берия өз қорғаушыларымен қоныстанды. 1949 жылы «Офицерлер үйі» пайдалануға енгізілді. 1950 жылы –су тазалау құрылығысының барлық кешенімен су алу бекеті құрылысы аяқталды. Ең алғашқы 36 пәтерлік үйлер 1952 жылдың жазында берілді. Бұл Первомайская 32, (құрылысшылар үйі) және Молодежная,2 (Победы). Екі қабатты казарма, госпитальдің хирургиялық бөлімі 1953 жылы аяқталды. Ертіс жағасындағы жағалау сатыларымен тас қалауларыман 1954 жылы құрылған. Офицерлердің жанұяларына келуге 1952-1953 жылдары ғана рұқсат етілді. Тұрғын үй мәселелерін шешу үшін 2-3 айға созылған үлкен бетондардан үйлер кварталдарын салу басталды. 1956-1958 жылдары гарнизонда моншалық-кір жуу комбинаты, монша, жаңа наубайхана, Универмаг салынған. 1955 жылдан бастап кең көлемде тұрғын қалашықты жасылдандыру және көркейту басталды. 1960 жылы жасыл алқаптар 95 га. ауданды алды, 35 сәндік және 2 мың жеміс ағаштары сонымен қатар көптеген гүл түрлері болды. 1957 жылдың маусым айында 31516 ә/б құрамына Шаған бекетінде орналасқан (240 объект) бөлімдер кірді. Олардың құрамында 7-ші, 16-шы бөлек аэродромдық-құрылыстық полктер, 708 участок арнайы жұмыстар, 412 жеке монтаждау ротасы және 1008 әскери госпиталь болды. Бұл бөлімдер 1946-1947 жылдары құрылды және 1954 жылы объектіге қорғаныс құрылысының айрықша маңызды жұмыстарын орындау үшін келді. Көптеген арнайы және ұрыс кешендері салынды, ал 240 обьект ресми емес атауы «Половинкада» біздің қалашыққа кіші ағайын біздің қалашығымыздан көлемі жағынан біраз кішірек қалашық келді. «О» алаңы Ертістен шамамен бір жарым километрдей жерде сынақ полигонының ғылыми-тәжірибелік бөлімі (ҒТБ) салынып, қоршалды. Бұл аумаққа бірнеше қызметтік ғылыми-зерттеу лабораториялары (биологиялық, радиохимиялық, физикалық өлшеу ) ғимараттар және әскери техниканы сынау секторы, қазіргі уақытта –Радиациялық Қауіпсіздік және Экология Инсититуты салынды. «Ш» алаңы 1949-1962 ж.ж. мерзімінде атмосфералық сынақ жүргізу үшін қызмет етті. Барлығы 130 атмосфералық сынақ жүргізіліп,оның 30- жерүсті ядролық сынағы болды, кейіннен алаң ядролық физика саласының тәжірибелерін өткізуге, және әскери техникаларды сынауға пайдаланылды. Алаңда зерттеу ядролық реакторы, «Сияние» стендтік кешені , 330 орынға арналған 6 қонақ үйі, 4000 адамдық казарма орналасқан. «Балапан» алаңы Жерасты бұрғылау сынақтарын өткізуге және кәдімгі жарылғаш заттармен моделдік тәжірибе жасауды өткізуге қызмет еткен. Алаңда 131 жерасты бұрғылау сынақтары, 33 шахталық жіберу қондырмаларымен, сынауға арналған кең масштабты эксперимент өткізілген, қондырмалардың және инженерлік байланыстардың арнайы форты болды. 850 орындық 5 қонақ үйі,1100 адамдық казарма болды.1988 жылы ССРО мен СҚШ арасындағы келісім бойынша (1974 жылғы 3 шілдедегі жерасты ядролық қаруларын сынауды шектеу туралы) бақылау жөнінде біріккен эксперимент өткізілді (ББЭ). ББЭ жерасты жарылыстарының параметрлері болды. «№ 10» алаң. Атомдық реакторлар мен жаңа технологиялардың мемлекеттік ғылыми орталығының базалық алаңы болды. (« Луч» ғылыми-өнеркәсіптік бірлестігі). Мұнда екі зерттеу реакторлары, 3 7000 орындық қонақ үйі, 524 адамдақ казарма болды.«Дегелен» алаңы. Жерасты штольнядағы ядролық сынақ өткізуге арналған. Барлығы 233 сынақ өткізілген. Алаң физикалық тәжірибелер өткізуге перспективалы болған. Таулы- техникалық және құрылыс-монтаждық өндірістік-техникалық базасы, 1200 орындық қонақ үйі, 1100 адамдақ казарма болды. Барлық тәжірибелік алаңдарда жауынгерлік клуб, монша, орталық жылу беру, су құбыры, су жіберу құбырлары болды.Курчатовта ғылыми-зерттеу лабораторялар, жинақталды, дәрігерлер және биологтар, математиктер мен физиктер сонымен қатар шахта құрылысшылары өндірістік базасы , бұрғышылар, геологиялық барлаушылар, құрылысшылар орталығы жинақталды. Бұл ағаштармен көмкерілген, фонтандары бар, бақтары, балалар алаңы, аэродром, теміржол. Автобус бекеттері бар сонымен қатар Мәдениет сарайы, музей, өзінің теледидары, газеті бар әдемі қала болған. Тәулік бойына күнімен , түнімен сынақ алаңдарымен,орталықпен байланысты ұстау және қорғау жөніндегі күзет антеннелеры, радарлық құрылғылардың айналары аспанға қарап тұратын. Бұл Әскери-өндірістік кешеннің (ӘӨК) гүлденіп келе жатқан жабық қалашығы болатын. Мұнда зерттеу және тәжірибе жасауға арналған барлық жағдай жасалды. Қалада белгілі кеңес физактері И. Курчатов, Ю. Харитон, А. Сахаров , Я. Зельдович өмір сүріп, қызмет еткен. Оларды ядролық қарудың әкелері деп атайды.1990 жылы қала халқа 200 мың адамда құрады. Курчатво сынаушылардың бас лабораториялық-эксперименттік базасы болып саналды. Қаланың тұрғын үй қоры 175056 кв.м, оның 69500 әскерилерге арналды. Қалада грунталған қону жолымен аэродром, 10 тонналық сүт зауыты, 143 тонналық нан зауыты, тәулік бойы өнімдер, 1150 орындық 8 мектепке дейінгі мекеме, 3000 орындық мектеп, 50 койкалы әскери госпиталь, дәрігерлік- санитарлық бөлім, «Болшевичка» тігін фабрикасының филиалы, ұсақ кәсіпорындар мен кооперативтердің бірқатары болды. Радиактивті газадардың сынақтан соң жер бетіне тастау 1989 жылғы 19 ақпандағы ядроға қарсы күшті қозғалыс «Невада- Семей» пайда болуына себеп болды. ҚР Президентінің 29.08.1991ж. № 409 Семей полигонын жабу туралы Жарлығынан кейін қалада күрделі жағдай пайда болды. Ресей әскери бөлімдерінің полигондардан тездетіп жиналуы және дислокациялануы барлық ғылыми-өндірістік құрылым мен қаланың әлеуметтік саласын толығымен бұзылу қатеріне әкелді. Ел басшылығының Курчатов қаласы аумағында орналасқан сәйкес ғылыми ұйымдар мен объектілері және бұрынғы Семей сынақ полигоны кешенінің базасында ҚР ұлттық ядролық орталығын ұйымдастыру туралы шешімі ғылыми потенциалды сақтап қалуға себеп болды. ҚР ҰЯО қалада маңызды шетел инвестициясын тартуға және қосымша жұмыс орындарының пайда болуына септігін тигізді. Полигон дамуының ғылыми-техникалық потенциалды конверсиялау және жаңа технологияларды пайдалану мақсатында 1995 жылы қазақстан-американдық «СЕМТЕХ» кәсіпорын құрылды. 1996 жылы–«КК Интерконнект» негізігі профилі электронды құрылғылар мен печатті платаларды өндіру болып табылатын кәсіпорны құрылды. Геологиялық барлау жұмыстарымен қазақстан-американдық «ФМЛ Казахстан» кәсіпорны айналысады. ССП аумағына болашағы зор қазба байлықтары концентрациясы сипат алып келеді, бірінші кезекте, алтын мен мыс, сонымен қатар руда емес шикізаттары да байқалған. Қала аумағында «габбро» табиғи тасын қазу және өңдеу жұмыстарымен «Дегелен» кәсіпорны айналысады. Курчатов қаласы - бұрынғы Семей сынақ полигонының орталығы. Шығыс Қазақстан облысының батысында орналасқан. Қаланың геофизикалық координаттары СШ 50 44.3-5046,2 және ВД 7830,5-7833,7 құрайды. 11 мың гектар ауданды құрайды. Курчатов қаласының құрамына Курчатов қаласының өзі, Дегелен бекеті (2 км) және Молдары селосы (3-4км)кіреді. Көрсетілген тұрғын пункттері ерікті емес, және есепке кірмейді.Климат. Курчатов қаласы Павлодар облысының Ертіс өзенінің сол жағалауында құрғақ агроклиматты зонада ГТК 0,3-0,5 –ке тең (жазық бозалы-бетегелі дала кіші зонасына жатады) орналасқан. Мұнда климат күрт континентті. Оған тән : көктем-жазғы мерзімде құрғақшылық, жыл бойына атмосфералық жауын-шашынның мөлшері жеткіліксіз әрі тұрақсыз, жыл бойына әсіресе көктем мезгілінде желді болады, жазды жоғары, қыста төмен ауа температурасы тән. Орташа көпжылдық жауын-шашын мөлшері 250 мм-ге дейін, мұнымен қоса интенсивті вегетациялану кезінде (мамыр-шілде) 90 мм-ге дейін ғана жетеді. Қар жамылғысының биіктігі көп емес, қыста ашық алаңдарда 13 см-ді құрайды. Жылдық орташа температура қалыпты және +2,4градус. Өзге жылдарда максималды температура +40-42 градус, минимальды –48,-49. Ең жылы ай-шілде, ең суық айлар- қаңтар және ақпан.Басым желдер оңтүстік-батыс және батыс бағыттағы желдер, олардың күшеюі сәуір, мамыр, маусым айлары болып табылады. 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға қарағанда қалада 9900 адам, 2003 жылмен салыстырғанда халық саны 400 адамға көбейген. Ұлттық құрам: Қазақтар- 3,14 мың адам (31,7%), орыстар-5,96 мың адам (60,2%), басқа ұлттар –0,8 мың адам (8,1%).Қаланың өмір суруі мен барлық қызметін қамтамасыз ету көзі республикалық бюджет.Қалада 2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 104 барлық меншіктік нысандағы заңды тұлғалар тіркелген, олардың : шағын-92, орташа-8, ірі-4. Әрекеттегісі-74 кәсіпорын. Өндіріс: Курчатовта 6 әрекеттегі өндірістік кәсіпорын бар: “Коммуналдық көпсалалы пайдалану кәсіпорны” МҚК (сумен, жылумен қамтамасыз ету), ШҚ АЭК Курчатов филиалы (электрэнергиясын өндіру), “КК Интерконнект” (электронды құрылғылар мен печатті платаларды өндіру), «Азот» ӨК (газтәрізді және сұйық оттегін, ацетилен өндіру), «Луч» КИП ЖШС (салмақты өлшеу жүйесін өндіру және қызмет көрсету), «Дегелең тас» ЖШС (табиғи тастар мен өңдеу плиталарын өндіру). Ауылшаруашылығы. Қала аумағында ауылшаруашылығы және шаруа қожалығы тіркелмеген, бірақ халықтың қосымша шаруашылығы мен саяжайлық кооперативтері бар. Кәсіпкерлік. Салық комитетінің мәліметтері бойынша қалада 629 адам айналысатын 292 шағын кәсіпкерлік субьектісі, тіркелген. Оның ішінде : 29 шағын кәсіпкерлік, 98 жеке тұлға патентпен жұмыс істейді, 98- куәлікпен, 67- жай декларациямен жұмыс істейді. 4 тақырып. Саяси элита Лекцияның жоспары: 1. «Элита » ұғымы және саяси элитаның қалыптасуы 2.Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар 3.Азия аймағы саясатындағы тарихи тұлғалар рөлі 1.«Элита» термині француз тілінен алынған. Тарихи жағынан алғанда адамдарды ел билеуші таңдаулыларға және олардың дегенін істейтін бағыныштыларға бөлу идеясы дегенді білдіреді. Бұл ілімді қалыптастырған ХХ ғасыр басындағы италия ғалымдары Г.Моска, В.Парето, неміс ғалымы Р.Михельс. Саяси элитаны тудыратын факторлар: 1.қоғамға арнайы білімі мен тәжірибелері бар кәсіби басқарушылар. 2.адамдардың психологиялық және әлеуметтік теңсіздіктері 3.қоғамда басқаруда еңбегі жоғары бағаланғандар 4.бұқара халықтың қолдауына зор жеңіспен ие болғандар Саяси элита маңызды мәселелерді шешуге араласады. Ондай мәселені қарастыратын ғылымды саясаттануда элитология деп атайды. Ол элиталардың қалыптсауы мен қоғамдағы ролін, әлеуметтік-саяси процестерге ықпал ету әдіс- тәсілдерін зерттейді. Саяси элита әр түрлі келеді және былайша жіктеледі. 1.Басқарушы элита. 2.Контрэлита. Қазақстандағы элитаға келсек, еліміз егемендігін алғанымен билеуші топ онша өзгере қойған жоқ. Олардың көбі Кеңес Одағы заманындағы номенклатуралық қызметтер атқарылды. Қазақстанның қазіргі элитасына Президент және басқару аппараты мен министрліктер жатады. Аймақтық элитаға облыс әкімдері кіреді. Саяси топ бастаушылар әдетте мынадай қызметтерді атқарады: қоғамның түбегейлі құндылықтары мен әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіреді. Қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырады. Қажетті өзгерістерді іске асырады. Саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз етеді. Заңдылықпен саяси тәртіпке кепіл болады. Саяси жетекшіге қарама-қарсы саяси бастаушы немесе көсемсымақтар болады. Ол ұғым ХІХ ғ пайда болған. Саяси бастаушы көбіне бүлдірушілік идеяларды пайдаланып мансап құрады. Бүгінгі таңда олай емес-ті. Ел басымен әкімшілік жағдайындағылар билік пен саяси жетекшілік немесе саяси басқарушылық адам мен қоғам мүддесі үшін болмақ. 2.Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар Мемлекет ұғымы кең және тар мағынада қолданады. Мемлекет саяси жүйенің басты элементі, негізгі ұйымы. Арнаулы күштерді пайдалана отырып, өз аумағындағы азаматтардың мүддесін қорғайды. Мемлекет құл иеленушілік қоғамда пайда болды. Ол туралы мынадай пікірлер бар.1.Теологиялық –құдайдың күшімен пайда болды. 2.Патриархтық- тайпа-рулардың қауымдастығы арқылы. 3.Қоғамдық келісімі- адамдар мен мемлекеттің арасындағы өзара келісім арқылы пайда болды. 4.Зорлық жасау -басып алу арқылы. 5.Географиялық –мемлекеттің орналасуы арқылы пайда болды. 6.Психологиялық- бағыну мен құлшылық ету арқылы пайда болды. т.б. Мемлекет деп-саяси ұйымды айтамыз. Яғни белгілі территориясы, халқы, саяси билік тармақтары бар. Осылайша мемлекеттің басты белгілері анықталады. Оған: : 1.Әкімшілік-аумақтық (территориялық) бөлінуі, 2.Ерекше өкімет аппараты (жариялы билік) 3.Мемлекеттің егемендігі 4.Ашық күш қолдану, зорлықпен еріксіз көндіру. 5.Салық салу. 6.Мемлекет азаматының болуы. 7.Мемлекет рәміздерінің болуы Мемлекеттің тағы бір маңызды мәселелері: азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құруы. Алғашқысы ерте кезеңде пайда болды. түрлі пікірлерде бар. Азаматтық қоғам деп-мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Азаматтық қоғам экономикасының негізі- көп укладты экономика. Сонымен бірге азаматтық құқықтарды жүзеге асырады. Осылайша бұл қоғам мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады. 5 тақырып. Азия мемлекеттерінің экономикалық даму ерекшеліктері Лекцияның жоспары: 1.Аймақ елдерінің экономикалық даму бағыттары 2.Қазақстан-сыртқы инвестицияның негізгі орталығы 3.Қазақстанның саяси-тарихи және экономикалық дамуы –ғасырлар тоғысында 1. Тарих- бүкіл адамзаттың тарихында жасалған материалдық және рухани байлықтың жиынтығы. Өткен мәдениетіміздің жаңа мәдениетке ауысуы қоғам тарихының заңды, мәдениттті жаңаша түрленуі болып саналады. Мәдениет сананың, білім мен тәрбиенің, қоғамның жаңашыл даму кезеңіндегі дәрежесін көрсетеді. Өткен замандағы музыка өнерінің негізгі мазмұны халық мұңы, оның ауыр тұрмысы еді. Ел мұңы ән мен күй арқылы түрлі музыка аспаптарының сазымен елден елге, жұрттан-жұртқа жайылып, өз арнасымен таралып жатты. Оны таратушылар халықтың ішінен суырылып шыққан өнер иелері: әнші, күйші, жыршы, қобызшы, сырнайшы сияқты өнерпаздар болды. Еуразияда түркі тілдес халықтар қоныстанған жер аумағы, солтүстік-шығыста сонау мұзды мұхиттан оңтүстік-батыста Босфор шығанағына дейінгі ,шамамен алғанда13-14 миллион шаршы километр аймақты алып жатыр. Түркі тілдес халықтар Еуропа мен Азияда қатар қоныстанып, Шығыс пен Батысты байланыстырып тұрған ежелгі көшпелі қауымнан құралғаны тарихтан белгілі. Кең байтақ өлкеде көшіп-қонған олар оңтүстік шығысында қытайлармен, солтүстік-батысында славяндармен, ал оңтүстігінде парсылармен шектесіп, олардың отырықшы мәдениетінің арқасында арасында дәнекер бола отырып, жан- жақты өркендей бастады. Орта Азия халықтарының көп ғасырлық дамыған мәдениеті XIV-ғасырдың екінші жартысынан бастап қайтадан өрлей бастады. Тарихымызды дамытудағы жаңа өрлеуге жағдайлар жасалды. ХV-XVII ғасырда Самарқан, Бұқара қалаларында кітап миниатюрасы өркендеді. Орта Азия өнерінің тарихында Бұхарадағы кітап және ағаш пен тасқа ою-өрнек салу мектебі ашылып көрнекті орын алды. Сондай-ақ сәулет өнерінде әсемдік элементі ретінде қолданылған каллиграфия да асқан шеберлікке қол жеткізді 2. Инвестиция тақырыбын қарастырғандағы мақсат еліміздің инвестициялық саясаттың ролін, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін атап көрсету . Оған дәлел 2005 жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның іщкі өнімінің екі есе ұлғаюына, нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды. Жолдауда «Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді» деп айтылуы инвесторлармен қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз қаржысын салғысы келетінін көрсетеді. Өйткені инвестиция дегеніміз табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады, яғни қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін жұмысты немесе іске жұмсалынуы тиіс. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ең алғашқы, яғни 1997 жылы 10-қазанда Алматы қаласында өткен Республика белсенділерінің жиналысындағы «Қазақстан–2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында шетел инвестициясы тоқталды. «Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында ұсталады.» -деп атап өтілуі инвестициялардың еліміздің экономикасын дамытуға қажеттілігін көрсетеді. 2003 жылдың 9-сәуірдің Президенттік Қазақстан Жолдауында үкімет 2015 жылға дейінгі Индустриялық - инновациялық даму бағдарламасын әзірлеген: Инвестициялық сипаттағы тікелей мемлекеттік шығасылардың жылына орта есеппен 38 миллиард теңге (250 миллион доллар) болатынын жоспарлап отырмыз. Бұл қаражаттың едәуір бөлегі өндірістік және ғылыми инфрақұрылымды жасақтау мен жаңартуға жұмсалатын болады. Ғылыми - техникалық және кәсіпкерлік салалардың тұрақты өзара іс - қимылын қамтамасыз ету мақсатында Инновациялық қор құрылып, оған инновациялар мен венчурлық кәсіпкерлікті дамыту мен енгізу жөнінде неғұрлым кең өкілеттіктер жүктеледі. 3.Он жылдықта әлеуметтік – экономикалық салада жалпы ішкі өнімді екі есе ұлғайтуды, сөйтіп, негізінен алғанда, кедейшілік мен жұмыссыздық проблемасын шешуді міндетімізге алған. Экономика саласында 2004 жылы экономикалық өрлеудің барынша жоғары қарқынына жету басты міндет ретінде алға қойылып отыр. Мұның өзі инвестициялардың тез өсуіне және жалпы ішкі өнімдегі жинақтау нормасының артуына тікелей байланысты. 2003 жылы мемлекеттік бюджеттің асыра орындалатыны, сөйтіп көкейге қонымды маңызды деңгейге - бір триллион теңгеге жақындайтыны қазірдің өзінде білініп отыр. Сондықтан, 2003 жылдың ішінде–ақ бюджетті нақтылай түсу қажет, ал экономиканың стратегиялық салаларында жұмыс істейтін мемлекеттік ірі кәсіпорындар акцияларының пакеттерін сатудан алынған жоспардан тыс түсімдерді Ұлттық қорға жіберу керек. Осыған орай мен Үкіметке 2003 жылдың бюджетін Парламентте нақтылаған кезде артылған қаражатты жинақтауға, сондай-ақ әлеуметтік дамуға бағыттауды тапсырамын. Мемлекеттік инвестициялар . Индустриалық- инновациялық даму бағдарламаның іске асырылуын қамтамасыз ететін қаржы институттарын құру мен капиталдандыру мақсатында : - Даму банкінің жарғылық капиталын ұлғайтуда және оның кредиттік жадығатын молықтыруға – 12 миллиард теңге; - құрылатын Қазақстан инвестициялыққорының жарғылық капиталына – 23 миллиард теңге ; - құрылатын Инновациялық қорға – 36 миллиард теңге; - Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация құру үшін -7.7 миллиард теңге жіберуді ұсынамын. Жеке инвестициялар .Біздің экономикамыздағы жеке сектордың рөлі барған сайын арта беруге тиіс. Бүгінгі таңда зейнетақы жинақтау жүйесінің жиынтық капиталы 300 миллиард теңгеге жуықтап отыр. Банк жүйесіндегі депозиттер 600 миллиард теңгеден асып түсті. Банктердің жиынтық меншік капиталы бір жылдың ішінде үштің біріне ұлғайып, миллиард доллардан асып түсті, ал экономикаға берілген кредиттер соңғы үш жылда 4.5 есе көбейді. Мұның бәрі де экономикалық өрлеудің жоғары қарқынын қамтамасыз етеді және демеп отырады. 6 тақырып. Экономика мен саясаттың Қазақстандық үлгісі Лекцияның жоспары: 1.ХХІ ғасырдағы Қазақстандық экономика моделі: жетістіктер мен сынақтар 2.Әлемдік қаржы дағдарысы және «Жол картасы» 1.Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде көшпелi мал шаруашылығына негiзделдi. Тауар-ақша қатынастары қазақ ауылына дендеп енiп, бiр жағынан, шаруалардың шаруашылық қызметiнiң ауқымын кеңейттi, екiншi жағынан, өсiмқорлық сауда-саттықтың дамуына жол ашты. Дәулеттiлер бүкiл малды, қауымдық жерлердi өз қолдарына шоғырландырып, барлық су көздерiн, қыстақтар мен жайлауларды иемденiп алды. Қазақ қоғамының көпшiлiгi iс жүзiнде өндiрiс құрал-жабдығы жоқ кедейлер едi. Сауда-саттықты кәсiп етушiлер мен өз шаруашылығында жалдама еңбектi пайдаланушылардың қатары молайып, саудагерлiк-кәсiпкерлiк өрiс алды. Сөйтiп, қазақ жерiндегi нарықтық қатынастардың алғашқы нышандарының шаруашылыққа, шаруаның жеке тұтыну қажетiне ықпалы күшейдi. Тауар-ақша қатынастарының дамуына, қазақ ауылының экономикасындағы басқа да өзгерiстерге байланысты, жер жекелеген адамдардың жеке меншiгiне айнала бастады. Республика қара және түстi металлургия, химия өнеркәсiбiнiң iрi орталығына айналды. 90-жылдардың басында экономиканың тежелуi экон. дағдарыстың ушығуы, соның салдарынан тұрмыс деңгейiнiң төмендеп кетуi одақтас республикаларды тәуелсiздiк жолындағы белсендi қимылға бастады. Саяси саланы демократияландыру күшейген сайын экон. жағдай күрделiлене түстi. Қоғамды демократияландыру соц. теңгермешiлiкпен жарасым таба алмады. Экономиканы түбiрiмен реформалау — мемл. меншiкке негiзделген соц. жоспарлы экономикадан нарықтық көп меншiктi экономикаға көшу қажеттiгi туды. Қазақстан экономикасында, басқа одақтас республикалардағы сияқты, нарықтық қатынастар орнай бастады, әр түрлi кооперативтер, жеке меншiк фирмалар мен шағын кәсiпорындар пайда болды. 80-жылдардың аяғына қарай орталықтың республиканы бақылауының әлсiреуi салдарынан, шет елдермен тiкелей экономика және сауда байланыстарын орнатуға мүмкiндiк туды. Қазақстан бұрын да өз өнiмдерiн шетке шығарып отырған, оның 97%-ы шикiзаттар, материалдар мен жартылай шикiзаттар болатын. Экономикаға түбiрлi реформа жасау және меншiктiң көп түрлiлiгi негiзiнде нарықтық қатынастар орнату үшiн бiрқатар заңдар қабылдау керек болды. Орталыққа бағынған кезiнде Қазақстанда “Қазақ КСР-iндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы”, “Қазақ КСР-iндегi шет ел инвестициялары туралы”, т.б. заңдар қабылданды. Республикада Сыртқы экономика мин. құрылды, Сыртқы экономика банкi ашылды. Әр түрлi экон. қауымдастықтардың, корпорациялардың дүниеге келуi өзара әрiптестiк сауданың дамуына жағдай туғызды, оның көл. 1990 ж. 1,5 есе өстi. Жаңа құрылымдардың пайда болуымен бiрге адамдардың iскерлiк белсендiлiгi артты. Бiрлескен кәсiпорындар мен банктер ашыла бастады. 1990 ж. қарашада Сауд Арабиясымен бiрiккен “Әл- Барака банк Қазақстан” банкi құрылды, Оңт. Кореяның “Самсунг” корпорациясымен iскерлiк байланыс орнатылды. Сеулдiк кәсiпкерлер Алматыдан мейрамхана ашты. Қазақстан — Қытай әуе жолы мен Жаркент — Құлжа (Инин) автожолы жұмыс iстедi. 1991 ж. Қазақстанда әлемнiң 25 елiнiң қатысуымен құрылған 35 бiрiккен кәсiпорын ресми түрде тiркелдi. Республикадағы тоқыраған экономиканы шет мемлекеттердiң экон. және технол. көмегiнсiз қалпына келтiру қиын едi. Шет ел капиталын тарту үшiн республика жаңа заңдар қабылдап, инвесторларды 5 жыл бойы табыс салығын төлеуден босатты. Қайта құру идеяларын өмiрге енгiзу жеңiл болған жоқ. Басқарудың орталықтанған жүйесiнен бас тартпай, әкiмшiл-әмiршiл пиғылдан арылмай, түбегейлi құрылымдық өзгерiстер жасамай тұрып, реформаны одан әрi дамыту мүмкiн болмады. Қоғамды демократияландыру iсi орт. пен республикалар арасындағы, одақтас республикалардың өз арасындағы қалыптасқан экон. қарым- қатынасты, сондай-ақ, бұл қарым-қатынастың мемл.-құқықтық негiздерiн қайта қарауды қажет еттi. Қазақстанда Президенттiк басқарудың енгiзiлуi мемл. билiк әлсiреп, экономикадағы дағдарыс тереңдей түскен жағдайда елдегi экон. және саяси ахуалды тұрақтандыруға бағытталған заңды құбылыс едi. Қазақстанның мемл. егемендiгi туралы Декларацияның қабылдануы (25.10.1990) нәтижесiнде материалдық-тех., сыртқы экон. қатынастар, қаржы салаларында жаңа мүмкiндiктер туды. Орт. органдарды жанай өтiп, бұрынғы кеңiстiктегi республикалармен тiкелей экон. байланыстар орнай бастады. Шет мемлекеттермен байланыстарды жолға қоюға мүмкiндiк туды. ҚР Президентi одақтық бағыныстағы мемл. кәсiпорындарды Қазақстан Үкiметiнiң құзырына алу, Қазақ КСР-iнiң алтын және күмiс қорын жасау туралы жарлықтар, сыртқы экон. қызмет пен мекемелердiң тәуелсiздiгiн қамтамасыз ететiн басқа да жарлықтар шығарды. Ендi бұрынғы одақтас республикалар өзара тiкелей дипломатиялық және экон. қарым-қатынас орната бастады. Қазақстан да 1990 — 91 ж. Беларусьпен, Әзербайжанмен, Қырғызиямен, Өзбекстанмен, Ресей Федерациясымен және Украинамен экон. шарт жасасып, достық пен ынтымақтастық туралы әр түрлi келiсiмдерге қол қойды. Қазақстан мен Ресей Федерациясының арасында да бiрсыпыра келiсiмдер жасалып, өзара мiндеттемелер қабылданды. Қазақстанның тәуелсiз мемлекет болып жариялануы (16.12.1991) нәтижесiнде осы уақытқа дейiн шикiзат аймағы және арзан жұмыс күшiнiң көзi саналып келген республика экономикаға меншiктiң көп түрлiлiгiне негiзделген нарықтық қатынастарды енгiзе отырып, дербес экон. өрлеу жолына түстi. 2. Елбасымыз Н.Назарбаевтың халыққа арнаған биылғы Жолдауында жаңа экономикалық өрлеу кезеңiн жүзеге асыру мақсатында “Бизнестiң жол картасы- 2020” бағдарламасына биылдан бастап басымдық берiлгелi отыр. Осы мақсатта “Жол картасы” мемлекеттiк бағдарламасын одан әрi жалғастыру үшiн биылғы жылы аудандағы 34 нысанда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргiзiледi, олардың жалпы сомасы 2921,4 млн. теңгенi құрайды. Сөйтiп, осы салаларда 2764 адам жұмыспен қамтылмақ. Бұл күндерi барлық салалар бойынша мемлекеттiк сатып алу конкурстары өткiзiлiп, келiсiм-шарттар түзiлдi. Оның iшiнде аудандық бюджет есебiнен 28 нысанның мемлекеттiк сатып алу тендерi өткiзiлiп, жеңiмпаз мердiгерлер анықталды. Сондай-ақ “Жол картасы” шеңберiнде 100 жұмыссыз жас кәсiби оқуға жiберiлдi. Бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi аясында 20 кәсiпорын және 10 жеке кәсiпкер меморандумға қол қойды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі №301 қаулысымен экономиканың шикі зат емес саласындағы аймақтық кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерілімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленген «2020 бизнестің Жол картасы» бағдарламасы бекітілді. Бағдарлама үш бағыт бойынша жүзеге асырылады: 1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау 2. Кәсіпкерлік секторын жандандыру 3. Экспортқа бағытталған өнідіріс саласын қолдау. 7 тақырып. Сауда-экономикалық байланыстары Лекцияның жоспары: 1.Посткеңестік кеңістігіндегі экономика 2.Экономикалық дағдарыс және әлеуметтік мәселелер 1.Қоғам әлеуметтік-экономикалық жүйесі, адамдардың жиынтығы, олардың бірігуі мен бір-біріне деген қарым-қатынасынана құралады. Социолог П.Сорокиннің айтуынша қоғам дегеніміз ол бір адам емес, бір-бірімен байланысты екі адам. К.Маркс «Қоғам дегеніміз- адамдардың өзара әрекеттесуінің нәтижесі» дегенді пайымдайды. Қоғамды бар деп тану үшін адамдардың бірігуіне мынадай жағдайлар қажет: 1.Өмір сүру ұшін адамдардың тұрғылықты жер территориясының ортақтығы,ол мемлекет территориясымен сәйкес келеді. 2.Қауымдастықтың бүтіндігі мен тұрақтылығы 3.Өздігінен ұдайы өндіру, өзін-өзі қамтамасыз ету, өзін-өзі басқару. 4.Халықтың дамуына қажетті мәдени деңгейдің болуы. 2. Экономикадағы әлеуметтік құбылыстар: олар адамдар меншігі мен өндіріс орындары, бөлу мен айырбас, тұтыну т.б. Экономика әлеуметтануының негізі-адамдардың қажеттіліктері мен мүдделері, құндылықтары мен еңбекке деген адам көзқарастары т.б. мәселелер. Экономика саласындағы әлеуметтік топтар: 1.үлкен кәсіпорындардың менеджерлері, экономиканы басқару саласының жауапты қызметкерлері 2.Орта деңгейлі техникалық мамандар, 3.Коммерциялық тап. 4.Ұсақ меншік иесі. 5. Бақылау бойынша техниктер 6.Кәсіби білікті жұмысшылар 7.Кәсіби жұмысшылар т.б. «Адамды адам еткен-еңбек» деп Ф.Энгельс анықтама берген. Жалпы еңбек деп- адамның өз қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат заттарының түрін өзгертуге және оны өз керегіне бейімдеуге бағытталған мақсатқа сай атқарылатын қызметін айтамыз. Қоғамның өмір сүру негізі, адамдардың өзінің қалыптастырудағы шешуші факторы. Еңбек процесінің негіздері: мақсатты еңбек, еңбек заттары, еңбек құрылымы. Адамның еңбек ету құбылысы –тарихи процесс. Еңбек биржасы деп- жұмысшы күшін сату, сатып алу кезінде жұмысшылар мен кәсіпкерлер арасындағы делдалдық (посредник) қызмет түрін атқаратын мекемені айтамыз. Алғаш батыс Европада ІХ ғасыр басында пайда болды. Ресейде ХХ ғасырда пайда болған. Еңбек өнімі- өндіріс құралдар көмегімен формасын өзгертіп, адамның қажетіне бейімделген табиғат заты. Адам еңбегінің нәтижесінде өнім дайын күйінде қоғамдағы адамдарға жетеді. (Әрине тұтыну заты ретінде) Еңбек өнімі-өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттары. Осындай өзара байланыстардан шығатын қорытынды еңбекті қорғаудың заңдылықтары болып табылады. Еңбекті қорғау дегеніміз- еңбек етуге және қауіпсіз жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатында жасалатын шаралар жүйесін айтамыз. Еңбекті қорғау- жұмысы- ірі кәсіпкерлік мекемелер мен әкімшіліктерге жүктеледі. Олар үшін бекітілген, жинақталған заңдар, көмекші бола алады. Заң негізінде барлығы адам қоғамының игілігі үшін жасалуы керек. 8 тақырып. Тәуелсіздіктің әлеуметтік-мәдени негіздері Лекцияның жоспары: 1.Мемлекеттік әлеуметтік саясат 2.Қоғамдық өмір 3.Этнодемографиялық үдерістер 1. Әлеуметтану пәнін оқыту 90 жылдардың басынан басталды. Оны оқып үйренудегі мақсаттар:- бейтаныс адамдар мен ұйымдардың арасындағы қарым- қатынастарды жаңа тұрғыдан дұрыс түсінуге және әлеуметтік мәселелерді зерттеуге ұмтылу. Себебі қоғамдық мәселелердің байыбына бармай енжарлық таныту қоғамдағы қордаланған мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді. Оны жан- жақты зерттеп сараптамайынша мәселелерді шешудің жолын қалау аздық етеді. Социологияның қарастыратын мәселелерін анықтау үшін алдымен «әлеуметтік» сөзінің анықтамасы грек-латын тілдерінен «socitias» және «logos» яғни қоғам туралы ілім дегенді білдіретіндігін анықтаймыз. Әлеуметтік қатынастардың бір ерекшелігі сол, олар біртұтас комплексті сипатта болады да, тек жекеленген экономикалық немесе тек саяси, рухани ғана болмайды. Жеке адам, тап, ұлт, демографиялық, кәсіптік топтар әруақытта қоғамдық қатынастардың барлық жиынтығының субьектісі болып табылады. Бұл өзара қатынастар мәселелері субьектілермен бірге біртұтас қоғамдық өмір заңдылығы болады. Әлеуметтанудың зерттеу объектісі мен пәні, таным процесі. Қоғамның құрылысы өмір сүруі мен дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары жайлы адамдар мен олардың бірлестіктерінің өзара қарым-қатынастарында іске асырудың жолдары, формалары, әдістері қарастырылған. Американдық социолог Нейл Смезлер «Соцология қоғамды және әлеуметтік қатынастарды зерттеу ғылымы» дей келе, адамдарды танып білу, мінез- құлқы мен жүріс- тұрысын анықтауға тырысады деп анықтама берген. Социологияның негізгі категориясы «Әлеуметтік» ұғымы. Бұл ұғымдарға «әлеуметтік жүйк», «әлеуметтік құрылым», «әлеуметтік институт», «әлеуметтік топ», «әлеуметтік әрекет» т.б. Бұлардың әрқайсысы өз алдына маңызды категорияларға бөлінеді. Әлеуметтік заңдар адамдар мен топтардың мінез - құлқын реттеп, олардың қоғамдастықтар арасындағы қарым-қатынастарды анықтайды. Бұған әлеуметтік жіктелу , бірігу, әлеуметтік мобильдік, әлеуметтік интернационалдану, жеке адамның әлеуметтенуі т.б. жатады. Әлеуметтік заңдарды түрліше белгілері бойынша классификациялауға болады. Жалпылығына қарай жалпы және ерекше деп бөлінсе, Сипатына қарай динамикалық және статистикалық деп бөлінеді. Динамикалық заңдар нақты жағдайда өз ретімен болатын оқыиғалар арасындағы бір мәнді, оның бағытын, түрлері мен факторларын анықтап береді. Статистикалық заңдар әлеуметтік құбылыстарды қатаң жіктеп анықтайды. Осыған орай пәннің құрамдас бөліктері: - жалпы –теориялық социумның өмір сүруі мен дамуының жалпы заңдылықтарын анықтап, макросоциологиялық зерттеулер болып табылса, - орташа социология- әлеуметтік жүйенің құрамдас бөліктерін (қала, ауыл, білі, еңбек., экономика, саясат т.б.) арақатынасын қарастырады. - микросоциология- жекеленген адамдардың қимылы мен өзара әлеуметтік құбылыстар мен процесстер байласынысын қарастырады. Әлеуметтанудың қоғамдық қызметі әр түрлі. Олар теориялық-танымдық, саяси-практикалық, идеялық-тәрбиелік деп бөлінеді. Олардың мәселелері мынада: 1. Теориялық-танымдық қызметі- қоғам мәніне, құрылысы мен заңдылықтарына, қызметі мен даму бағыттарына, тенденцияларына социологиялық зерттеулер жасайды. 2. Саяси-практикалық қызметі- әлеуметтік болмысты танумен бірге қоғам өмірін жетілдіруге бағытталған саяси және практикалық ұсыныстарды тұжырымдайды. 3. Идеялық-тәрбиелік қызметі - әлеуметтік топтар мен қауымдастықтар мақсат-мүддесін белгілеп анықтайды.Социолоогиялық зерттеулерде обьективтік- ғылыми тұрғыдан түсіндіру мен идеологиялық мүдделердің арасалмағын анықтауда сыңаржақ пен бұрмалаушылық жасауға болмайды. Әлеуметтану ғылымы өте жас ғылым болып табылады, қалыптасуы ХІХ ғасырдың 30-40 жж. Оның ғылым ретінде қалыптасуының өзіне қоғамдық дамудың белгілі кезеңінде ғана қажеттілік туды. Яғни адамдар арасындағы әлеуметтік қатынасты борыш пен заңды мойындайтын, оны бірінші орынға қоятын Адам мен өз пайдасын көздейтін адамды салыстыра отырып, олардың адамдық образдарындағы айырмашылықтарды ашу арқылы көрсетеді. 2. Адамзат қоғамын басқару мен билік қатар пайда болды. Және даму барысында. Оның негізі адамдардың өзін-өз билеуінен басталады. Басқару адамдар мен қоғам арасындағы реттеуші, қоғам тұтастығы мен бірлігі болып табылады. Қоғам атынан билік пен басқарумен айналысатын адамдардың ерекше тобы болуы мүмкін. Басқару әлеуметтануы- әлеуметтік инститтуттар арқылы жұмыс істейді. Себебі қоғамдық қабылдауларды ұйымдастыру, реттеуді қамтамасыз етумен байланысты болғандықтан. Басқарудың қайнар көздері- бедел, күш, байлық, заң, адам орны, ұйымдар, мүдде, білім, ақпараттар т.б. Билікті жүргізу үшін өзіндік қызметтер қажет. Олар: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру, саяси өмірді ұйымдастыру, басқару т.б. мәселелерді шешуде өте қажет-ақ. 9 тақырып.. ХХ ғасыр –технологиялық даму ғасыры Лекцияның жоспары: 1.Континентті және трансконтинентті мемлекеттер одақтарының ынтымақтастығы 2.Аймақтағы нарықтық реформа 1.Әлемдік саясат - мемлекеттердің және басқа халықаралық субьектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығы. Ол әлемдік қауымдастықтың өміріне қатысты шешімдерді шығару және оларды жүзеге асыруды, мемлекеттердің түбегейлі мүдделеріне сәйкес ұстанымдар мен мақсаттарды қамтиды. Әлемдік саясат халықаралық қатынастардың өзегін құрайды. Оған сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар және халықаралық саясатқа бөлінеді. Сырқы саясат –жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде іс- әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа Мемлекеттік мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар т.б. арасындағы қоғамдық қатынастарды айтамыз. Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер Мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саясаттар жиынтығын айтады. Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келеді. Халықаралық қатынастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады. Мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы жағдайы, ондағы орны көптеген себептерге байланысты. Солардың ішінде ең бастысы-мемлекеттер күшінің арақатынасы, арарсалмағы. Бұл мәселелер Қазақстан өз алдына егемендігін алғаннан кейін өзгере бастады. Тілге мемлекеттік мәртебе беріліп, өренді өзгерістер жүруде. Көп ұлтты Қазақстанда саяси, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық, мәдени жетістіктеріне байланысты. Халық осы тұрған жері мен заңын, саяси өміріне жауаптылықпен қарауы да заңдлықтарда айтылған. Қоғамның саяси өмірінде орын алатын мәселенің бірі-дін. Мысалы АҚШ- тағы ұлт-азаттық күрес кезінде діни қайраткерлердің көбі реолюцияға қатысып, түрлі азаматтық құқық жағдайлары жөнінде болды. Мұсылман елдерінде ислам мемлекетін құру, ел Конституциясының Құранға сәйкес келуін талап ету, шариат заңдарн сақтау идеялары діннің саяси процесіне ықпал ететіндігін байқатты. Қазақстан Республикасында заң баптарына сай әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Мұның бәрі елімізде дінге деген көзқарастар түбегейлі өзгеріп, халқымыз адамзат өркениетінің, рухани байлығының бір көзі-дінімен қайта қауышуда. 2. Аймақтық нарықтық экономика халықаралық саясатпен тығыз байланысты ұғым «ұлттық мүдде». Бірақ әлемдегі мемлкекеттердің көпшілігі көпұлтты. Сондықтан Мемлекеттік мүдде мен ұлттық мүдде сәйкес келе бермейді. Ұлттық мүддемен етене байланысатын ьағы бір ұғым «ұлттық қауіпсіздік». Сыртқы саясаттың қалыптасуына әр түрлі жағдайлар ықпал жасайды. Оның ең маңыздысы-мемлекеттің орналасқан географиялық ортасы. Халықаралық саясатты қалыптастыруға идеологияның да қатынасы бар. Қазақстанның сыртқы саясатының негізнде өзінің қауіпсіздігін, егемендігі мен территориялық тұтастығын қамтамасыз ететін, мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастыққа енуіне, республика ішіндегі реформаларды жүзеге асыруға, оның тиімді және өсіңкі экономика, тұрақты демократиялық инститтуттар жасауға, Барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр. Жеке адамдардың саяси белсенділігі мен ететін ықпалды әр түрлі. Саясатқа қатысу шамасына қарай олард мынадай түрлерге бөледі.Қоғамның қарапайым мүшесі. Саяси жұмысқа тура араласпайтындар. Өз еркімен саяси жұмысқа араласатындар. Саяси қайраткерлер. Кәсіби саясаткерлер. Жеке адамдардың саяси белсенділікке қатысу мүмкіндігі мол болса, қоғамдағы орны өте жоғары болады. Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материалдық, әлеуметтік-мәдени, саяси-құққтық алғышарттар қажет. Сондықтан да демократиялық мемлекет өз мүшелерінің жалпы мәдениетін, оның ішінде саяси сауатын көтеруге тырысады. Саяси ғылымда негізгі орын алатын және мәні бар мәселелердің бірі- адам бостандықтары мен құқықтары. Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосып, тарихта өшпес аттарын қалдырған ойшылдар: Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо. т.б. Олар адам құқығының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап, белгілеп бергендер болды. Қазақстанның қазіргі сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптеріне мыналар жатады: - Мемлекеттік мүддені қорғау; - экономикалық реформаларды жалғастыру; - демократиялық институттарды күшейту; - сыртқы жағдайды барынша қамтамасыз ету; - әлем елдерімен тұрақтылықта болу; - серіктестік қатынастарды дамыту; - ғаламдық және аймақтық интеграциялық процестерге белсене араласу; - халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты тереңдету. Қазақстан Республикасы сыртқы саясатты шынайы жүргізумен бірге, өз елінің ішкі ахуалында жақсартып, әлем елдерінің (50 алпауыт елдер ) қатарынан шығуды және болашаққа өркениетті, құқықтық қоғам орнатуына сенімі мол егеменді елге айналуды жоспарлап қана қоймай оны өз халқының қолдауымен жүзеге асыруды да саяси бағдарламалармен қызмет жасауда. 3.Қазақстандағы этнодемографиялық үдерістер мәселесі қазақ қоғамының маңызды мәселелерінің бірі. ХХғ. Екінші жартысында Қазақстанда 5 рет халық санағы жүргізілген. 1989 жылы халық саны 39,7 пайызды құрады. Қазақстандағы барлық халық саны 16 млн. 475 мың болса, бүгінгі күні 17 млн-ға жетіп отыр. Яғни елдегі демографиялық үдерістер мәселесінің шешілуі мемлекет жеке азаматтар тарапынан да дұрысталды деуге болады. Ол мәселенің шешілуінің себептері мынада. 1.1991 жылдан бастап миграцияда жаңа құбылыс ТМД елдерінен және алыс шетелдерден қазақ ұлты өкілдерінің келе бастағанынан болды 2.Халықттың тууы артты, әрине экономикалық және әлеуметтік жағдайлар дұрысталғаннын кейін 3.Оралмандар есебінен көбейді. 4.Шетелдердегі қазақ диаспорасының өмірге келуінен 5.Қазақ ирредентасы мен диаспорасы-біздің мемлекетіміздің олар тұратын елдермен жүргізетін сыртқы саясатының маңызды компоненттерінің бірі 10 тақырып. Қазақстан және қазіргі әлем Лекцияның жоспары: 1.Ядролық қарудан бас тарту және қауіпсіздікті нығайту 2.Әлемнің жетекші елдерімен стратегиялық байланыс 1.Қазақстанның ядролық қаруды таратпаудағы алғашқы қадамы 1991 жылы Семей ядролық сынақ полигонын жабудан басталды. КСРО өмір сүріп отырған кездің өзінде жасалған бұл батыл қадам-Қазақстанның әлем алдындағы абройын асқақтатып, беделін өсірді. КСРО ыдырағаннан кейінде Қазазстан аумағында әрқайсысы 10 оқтұмсықтан тұратын 108 зымыран қарулы кезекшілігін атқара берді. Олардан өзге 240 қанатты ядролық зымыраны бар ТУ-95 МС-40 стратегиялық бомба тастағыш ұшақтары қалды. Байқоңыр, Семей және Сарыөзекте ядролық құрылғыларды сынауға және зымыран-ғарыштық техниканы ұшыруға арналған ерекше нысандар орналасты. Республика басшылығына ядролық қаруды елден шығару талап етіле бастады. 1991 жылы наурызда Қазақстанға ресми сапармен келген АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Д.Бэйкер, Ұлыбритания және т.б. Қазазқстанның ядрллық қарудан бас тарқаны жөн болатынын ескертіп айтты. Осылайша, Қазақстан елімізді әлемдік қауымдастыққа мойындатқан оң шешімі болды. 1993 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі «Ядролық Қаруды Таратпау Шартын» бекітті. 1994 ж. 5 желтоқсанда ЕҚЫҰ-ның Будапешт саммитінде ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылған мемлекеттерге «Қауіпсіздік кепілдігін беру туралы меморандумға» Ресей, АҚШ, Ұлыбритания қол қойды. 1994 ж. 14 ақпанда Қазақстан Атом энергиясы жөнінідегі халықаралық агентікке мүшелікке қабылданды. 1995 жылы шілде айының 29-ында Қазақстанның Семей полигонында, Қазақстанның ядрофизигі әлем мемлекеттерінің бақылауында басқару орталығындағы қызыл кнопканы басты, сол сәтте Семей полигонының ең соңғы сынақ құдығы 10 тонна жарылғыштың жарылуымен бүтіндей күйреді. Бұл Семей полигонында енді сынақ жасалмайтындығының белгісі болды. 2.1990 ж. басында Қазақстанның халықаралық жағдайы «Егемендік» туралы Декларация қабылданды. Тарихи құжатта қазақ КСР-інің халықаралық дербес субьектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге, дипломатиялық және консулдық өкілдіктер алмасуға, халықаралық ұйымдардың, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымының және оның мамандандырылған мекемелерінің қызметіне қатысуға құқығы бар екені жан-жақты айқындалды. Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы обьекивті және субьективті себептерге орай қиыншылықтармен жүрді. Халықаралық қатынастардың бұрынғы ұстанымдары түбірімен өзгертті. Онда: -Қазақстан Республикасының жаңа сипатын тану; -Қазақстанды халықаралық дәрежеде мойындату, -ҚР-ның қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету; -Әлемдік деңгейдегі шаруашылық жүргізу және экономикалық байланыстарға белсене араласу; -Тәуелсіздік алғаннан кейін екі айдың ішінде Қазастанды әлемнің 92 елі таныды. Сөйтіп дипломатиялық қатынастар орнады. 11 тақырып. Қазақстан және халықаралық ұйымдар Лекцияның жоспары: 1.ТМД-ның құрылуы. Қазақстан ТМД және Орталық Азия кеңістігінде 2.ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨСШК қарым-қатынас жүйесінде 1. 80-інші жылдардың аяғы мен 90-ыншы жылдардың басында бірқатар республикаларда қабылданған "егемендік туралы декларациялар" мен "экономикалық дербестік туралы" зандар Кеңес Одағының федеративтік құрылым нысанына тосқауыл қойды. 1991 жылдың август айында Кеңес Одағының болашақ құрылымы туралы келісімнің соңғы варианты дайындалғанды және ол барлық республикалар ойынан шығатындай-ақ еді. Бірақ, сол жылдың август айында Мәскеу қаласында болған көтеріліс бұл келісімге қол қоюға мүмкіндік бермеді. Осыдан кейін-ақ Кеңес Одағының мемлекет ретінде жойылуының соңғы сатылары жүзеге аса бастады. Литва, Латвия, Эстония өздерінің тәуелсіздігін жариялап, ресми түрде Кеңес Одағы құрамынан шығып, халықаралық қауымдастық тарапынан егемен мемлекеттер ретінде танылды. Ал, 1991 жылдың 7-8 желтоқсанында Ресей, Белоруссия және Украина басшылары ұзақ уақыт келіссөздерден кейін "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру" туралы келісімге қол жеткізді. Бұл оқиғаның тарихи факт ретінде қалыптасуына бұрынғы Кеңес Одағындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік себептер негіз болатын. 1991 жылдый, 8 желтоқсанында Ресей, Украина, Белоруссия басшылары тарапынан Беловеж келісіміне қол қойылды. Бұл кездегі жағдай былай тұғынды: Кеңес Одағының бөлінуі этникалық негізде славян және түркі республикаларының бір-біріне қарсы тұру жолымен дамып, күтпеген оқиғаларға әкеп тіреуі мүмкін еді. Екінші жағынан алғанда, бұрынғы Кеңес Одағы республикалары арасында мемлекет аралық қатынастар жүйесінің және ТМД елдерінің алыс шетелдермен және халықаралық ұйымдармен қатынастар жүйесінің болмауы да өз әсерін тигізбей қоймады. 1991 жылдың 13 желтоқсанында Орталық Азия республикаларының басшылары Н.Назарбаев, С.Ниязов, И.Каримов, А.Акаев, Р.Набиев Беловеж келісімін талқылауға және болашақта осы республикаларға қандай бағыт және даму жолын ұстану керек, деген оймен Ашхабад қаласында жиналды. Ұзақ та ауыр келіссөздерден кейін Н.Назарбаев ұсынған және И.Каримов тарапынан қолдау тапқан, славян республикаларының басшыларымен келіссөз жүргізіп ТМД-ға құрылтайшылар ретінде кіру туралы пікір қолдауға ие болды. Күннен күнге өршіп келе жатқан тұрақсыздықты және республикалар арасындағы түсінбеушілікті ауыздықтау мақсатымен Н.Назарбаев Қазақстанда бүкіл мүлделі мемлекеттердің кездесуін өткізу туралы ұсыныс жасады. 1991 жылы 21 желтоқсанда Азербайджан, Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан және Украина басшылары Қазақстанның бұрыңғы астанасында кездесіп "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы" Алматы Декларациясына қолдарын қойды. ТМД құруға экономикалық негіз болған жағдайлар мыналар: сексенінші жылдардың ішінде КСРО экономикасының құлдырауы өз шегіне жетіп, халық шаруашылығының әр саласында төмендеу нышандары байқала бастады. Бұл құжаттың ТМД-ға мүше боламын деген мемлекеттер (бұрыңғы КСРО мүшелері де бар) үшін ашық екені көрсетілген. Үш мемлекеттің 1991 жылдың 8 желтоқсанында жариялаған арызының соңғы тармағында ТМД мемлекеттері халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға, бұрыңғы КСРО шарттары мен келісімдерінен тарайтын халықаралық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге, ядролық қару және оның таралмауын қажағалауға бағыт ұстайтынын да ашық айтқан. Тәуелсіз мемлекеттер достастығының құрылу уақыты екіге бөлінеді. Алғашқысы ретінде 1991 жылдың 8 желтоқсаны /Белорусь, Ресей және Украина/ болса, екіншісі ретінде 1991 жылдың 21 желтоқсаны белгіленуде. ТМД құрылтай құжаттарына келетін болсақ, олар үшеу - 1991 жылдың 8 желтоқсанындағы ТМД құру туралы келісім, 21 желтоқсандағы осы Келісімге деген Хаттама және Декларация. Бұл құжаттар өз нысандары және заңи міндеттері бойынша әртүрлі. Себебі, "келісім барлық қатысушы тарапынан бекітілетін /ратификация жасалатын/ болса, декларация үшін оған қол қойылса жеткілікті. Дегенмен, бұл үш құжат толық біртұтастықты құрайды. 1992 жылмен 1993 жылдың бас кезендерінде Достастықтың ұйымдастыру құрылымы - мемлекеттер басшыларының кеңесі, үкіметтер басшыларының кеңесі, ТМД парламент аралық ассамблеясы құрылды. 1993 жылдан бастап Минск қаласында ТМД атқару хатшылығы қызмет істейді. Бұл уақыт ішінде сыртқы істер министрлері кеңесі, қорғаныс министрлері кеңесі де құрылды. 1993 және 1994 жылдар аралығында ТМД елдері өзара қатынастарының Құқықтық негізін қалайтын жұмыстар жүзеге асырыла бастады. Жүздеген келісімдерге қол қойылды. Солардың арасынан сапалы бір құжат ретінде 1993 жылы қол қойылған "Экономикалық одақ туралы" шартты атап өтуге болады. Дегенмен, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы дағдарыстан шығуға жол іздесе де, әлеуметтік-экономикалық жағдай қиындай берді. Әлеуметтік, экономикалық және саяси дағдарыс ТМД мемлекеттерінің барлығында да терендей түсті. Мұның салдары ретінде ішкі этникалық толқу арта түсті, тіпті кейбір елді мекендерде мемлекет аралық қақтығыстарға ұласты. Мұндай жағдай ТМД идеясын жоққа шығаруға барды және кейбір ТМД мемлекеттері бір-біріне қарсы (мысалы, Армения - Азербайжан) әскери қимылдарды да жүргізе бастады. Бұл кезенде көптеген міндеттемелер мен келісімдер де қабылданды, бірақ та олардың басым көпшілігі іс жүзінде орындалмады. ТМД органдары өз функцияларын жүзеге асыра алмады және қабылданған шешімдерді де іске асыруға мүмкіндіктері болмады. ТМД өзінің құрылу сатысында сөз жоқ жағымды рөлін де атқарды, яғни КСРО республикаларының қирап, тоқтаусыз дағдарысқа ұшырауынан құтқарды. Дегенмен, мемлекеттердің экономикалық дербестігі олардың әрқайсысының ішкі мәселесі еместігі де айқын болды. Қазіргі дүниеде әр мемлекеттің әрқайсысының жеке, дербес дамуы қиын да болса шындық. Басқа ешқандай елмен қарым-қатынас жасамай мемлекеттің тек қана өзі өмір сүру талпыныстары бізге тарихтан мәлім және оның немен аяқталып, қандай нәтижеге жеткені де аян. 1994 жылы ТМД алдында баламалы екі мәселе тұрды. Біріншісі, оның қызметін тоқтату болса, екіншісі ТМД-ны дұрыс жұмыс істейтін ұйымға, бірлестікке қайта өзгерту. Соңғы ой, бірлестіктің қажеттігі бұрыңғы заманды көксеу мақсатынан немесе субъективтік ойлардан емес, экономикалық пайдалылығы тұрғысынан туғанды. ТМД елдерінің экономикалық жақындасу мәселелерін шешетін құжат ретінде 1995 жылдың 6 қаңтарында Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы арасындағы, кейіннен 1995 жылдың 20 қаңтарында Қазақстан республикасы қол қойған "Кеден одағы туралы" келісімді айтуға болады. Кеден одағын құрушы тараптар өздерінің мақсаттары ретінде мыналарды атап көрсетті: - Кеден одағына мүше мемлекеттердің шаруашылық субъектілері арасындағы еркін экономикалық өзара ынтымақтастықты дамыту үшін қолдан келетін бар мүмкіндіктерді пайдалану; - экономиканың, тауар алмасудың және әділетті бәсекелестіктің тұрақты дамуына кепілдік ету; - өз елдерінің экономикалық саясатын ұйымдастыруды нығайту және ұлттық шаруашылықтың жан-жақты дамуын қамтамасыз ету; - ортақ экономикалық кеңістіктің қалыптасуы үшін жағдайлар жасау; Кеден одағын және Ортақ экономикалық кеңістік туралы шарттың құқықтық негізі болып жалпыға танымал болған халықаралық құқықтың нормалары мен қағидалары, сонымен қатар, тараптардың ұлттық заңдары табылады. Алғашқыда Ресей, Беларусь арасында жасалған Шартқа, кейіннен Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан қосылды. Кеден одағы туралы Шарт жобасы дайындалып жатқан кезде Ресей жағы қосымша "Ортақ экономикалық кеңістік шеңберінде қабылданатын шарттар мен шешімдерді дайындау, қабылдау және жүзеге асыру механизмін" ұсынған болатын. Бұл актінің негізгі мақсаты Кеден одағы мен Ортақ экономикалық кеңістік көлемінде қабылданатын заң актілерінің орындалу механизмін жүзеге асыру болатын, себебі, ТМД шеңберінде қабылданып, бірақ та іс жүзінде орындалмай жатқан келісім-шарттар аз емес. 2. "Ортақ экономикалық кеңістік" ұғымы қайдан пайда болды деген сұрақ туындауы мүмкін. 1998 жылдың қаңтар айында "төрттік" (Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей) мәжілісіне Қазақстан Президенті Н.Назарбаев "қарапайым адамдарға деген 10 қадам" идеясын ұсынды және бұл идея төрт елдің үкіметтері тарапынан қолдау да тапты. Қазақстан тарапынан 1998 жылдың ақпан айында "Ортақ экономикалық кеңістік құру туралы шарт" жобасы ұсынылған болатын. Интеграциялық комитет (бұл органға жұмыстың екінші бөлімінде тоқталамыз) бұл жобаны талдай келе 1998 жылдың маусым айында Шарттың мәтінін негізінен қолдай отырып "Кеден одағы мен Ортақ экономикалық кеңістік (КО және ОЭК) туралы" Шарт ретінде мақұлдады. Мұндай шартты қабылдауға алып келген оқиғалар желісі былай сипатталады: 1993 жылың қыркүйек айында — "Экономикалық одақ туралы" Шартты және 1994 жылғы сәуірде "Еркін сауда аймағын құру туралы" Келісімді 12 мемлекет қабылдады. 1995 жылдың қаңтарында - "Кеден одағы туралы" Келісімді Беларусь, Ресей, сәл кейіннен Қазақстан қабылдады. Бірінші саты - еркін сауда аймағын құру болса, екінші саты - ортақ кеден территориясын құру болатын. 1996 жылдың наурыз айында - "Экономикалық және гуманитарлық салаларда интеграцияны тереңдету туралы" Шартты Беларусь, Қазақстан, Ресей қабылдап тауарлар, қызметтер, еңбек және капиталдың ортақ рыногын құруды басты мақсат ретінде алға қойды. 1998 жылдың аяғында Кеден одағы мен Ортақ экономикалық кеңістік Шартына Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қол қойды. Бұл құжаттардың негізгі мақсаты, ортақ экономикалық интеграцияны дамыту болып табылады. Дүние жүзілік қатынастар жүйесіне кіру үшін Достастықтың өз ішінде тұрақтылық болуы керек екені анықтала бастады, соның ішінде саяси, экономикалық тұрақтылық пен қауіпсіздік алдыңғы орынға шықты. Сол кездердегі қателіктердің бірі ретінде-ұлттық мемлекеттілік пен интеграцияны бір-біріне қарама-қарсы қоюды айтуға болады. Олар, бір-біріне сыйымсыз, қарама-қайшы ұғымдар ретінде қарастырылды. Дегенмен, экономикалық жағдай, сонымен қатар сананың бірте-бірте өзгеруі бұрынғы Кеңес кеңістігінде орналасқан республикалардың ары қарай даму мәселелеріне басқа көзқараспен қарау қажеттігін де туғызды. Бұл тұрғыдан келгенде, интеграцияны жүзеге асырудың бір сатысы ретінде Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның Орталық Азия Одағын құруын алуға болады. Мысалыға, бұл мемлекеттер арасындағы азаматтық алу мәселелерін тез арада шешу, басқа мүше-мемлекет аумағында жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату сұрақтарына қатысты келісімдердің қабылдануы адамдар арасындағы психологиялық кедергі мен басқа да көптеген мәселелерді оң шешуге бағыт берді. Әлеуметтік экономикалық, ғылыми- техникалық және мәдени ынтымақтастық салалары бойынша сұрақтар да оң шешімін табуда. Қазақстан, Қырғызстан жөне Өзбекстан арасында қабылданған мұндай құжаттар ТМД қағидаларына еш қайшы келмейді. 12 тақырып. Қазақстан және түркі елдері әлемі Лекцияның жоспары: 1.Қазақстан және Түркия арасындағы қатынастар 2.Жаһандық әлемдегі Қазақстан тұғырының ұстанымы 1.Мәдениет- бүкіл адамзаттың тарихында жасалған материалдық және рухани байлықтың жиынтығы. Түркі тілдес халықтар Еуропа мен Азияда қатар қоныстанып, Шығыс пен Батысты байланыстырып тұрған ежелгі көшпелі қауымнан құралғаны тарихтан белгілі. Кең байтақ өлкеде көшіп-қонған олар оңтүстік шығысында қытайлармен, солтүстік-батысында славяндармен, ал оңтүстігінде парсылармен шектесіп, олардың отырықшы мәдениетінің арқасында арасында дәнекер бола отырып, жан-жақты өркендей бастады. Орта Азия халықтарының көп ғасырлық дамыған мәдениеті XIV-ғасырдың екінші жартысынан бастап қайтадан өрлей бастады. өзбекстан мен Қазақстандағы философия мен қоғамдық ой ертедегі Орта Азия мен Иранда мекендеген халықтардың рухани мұраларының дәстүрінде қалыптасып дамыды. Оған ғылыми философиялық ойдың өкілдері әл-Хорезми, Әбу Насыр әл-Фараби, ИбнСина , Әбу Райхан Бирунилердің ықпалы зор болды. Алдыңғы қатарлы ұлы ойшыл ақын Әлішер Науаидың (1441-1501ж.) шығармаларында дамытылды. Темір мен Темір әулеттері билеген жылдары «Үндістанға жорық күнделігі», «Темір жорығы жайындағы кітап», «Шайбанинама», «Шайбанияда» т.б. көлемді шығармалар пайда болды. Адамзат адамзат болып жаралғаннан бері, бірі қанап, бірі қаналғаннан бері одан кейін де ұлт, халық ,ел саналғалы бері қаншама мыңдаған жылдар өтіп келеді. Жер-Ана перзенттерінің арасындағы туыстықты, бір-бірінің мәдени рухани дүниесіндегі үндестіктерден, сыйластықтардан қимастықтар туып отыр. Ұлы мекен түркі тілдес халықтар достығы арасында міне бүгінгі таңда яғни ХХІ-ғасырға аман-есен жетіп ауызбірлік, ынтымақтастыққа келіп отырмыз. Мұның бір жолы-халықаралық мәдени қарым қатынас, оның көпірі- бауырмашылдық . Орта Азия мен Қазақстанның мәдениеті өркендеп әлемнің төрінен орын алып, заман талабына сай үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Бүгінгі таңда Орта Азия мен Қазақстан халықтарының достықтары әлемдік арнаны құрап, рухани байлықтары мен ұлттық сана сезімдері өрістеп, дамыған өркениетті халықтар қатарына еніп отыр 2.Жаһанданудағы Қазақстанның саяси беделі: Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін Германия Федеративті Республикасына жасаған төрт мәрте сапарындағы әр кездесудің өзіндік орны бар. Әсіресе, Қазақстан басшысының 2004 жылғы 17-20 сәуірдегі Германияға сапары жемісті болды. Осы сапар барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Германияның сол кездегі Федералдық канцлері Герхард Шредермен кең көлемде келіссөз жүргізіп, мемлекеттердің ынтымақтастығын әрі қарай дамытуға қатысты мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, Президент Германияның көрнекті саясаткерлерімен және іскер топ өкілдерімен кездесті. Қазақстан басшысы содан кейін 2006 жылы тамызда Санкт-Петербургте өткен “Үлкен сегіздік” саммитінде Германияның жаңа Федералдық канцлері Ангела Меркельмен кездескен еді. Кездесу қорытындысында Қазақстан Президентіне Германия тарапынан осы елге сапармен келу туралы шақырту түскен болатын. Қазақстан мен Германияның сауда-экономикалық байланыстары жыл өткен сайын артып келеді. Әрі Германия Қазақстанның әлемдегі негізгі сауда әріптестерінің бірі болып табылады. Өткен жылдың қаңтар-қараша айлары ішінде екі ел арасындағы сауда айналымы 2,2 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл 2005 жылға қарағанда едәуір көп. Жалпылай алғанда, Германия – Қазақстанның Ресей, Италия, Швейцария, Қытай және Франциядан кейінгі алтыншы орында тұрған сенімді сауда әріптесі. Екі елдің экспорт-импорт мәселесінде алыс-берістері баршылық. Мысалы, Германия біздің елге автомобильдер, электр тауарларын, медициналық дәрі-дәрмектер экспорттаса, Қазақстан Германияға мұнай, металдар мен химиялық шикізаттар жөнелтіп келеді. Германия Федеративті Республикасы “үлкен сегіздік” құрамына кіреді. Еуропалық Одақта Франциямен қатар құрлықта ықпалдасу үдерісінің негізгі қозғаушысы болып табылады. Ал 1990 жылдың басынан бастап Германия басшылығы Қазақстанмен, сондай-ақ бұрынғы КСРО-ның өзге де мемлекеттерімен олардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында екі жақты байланыстарды дамытуды қолдап келеді. Әсіресе, Қазақстанмен. Өйткені, ГФР елімізді Орталық Азиядағы ғана емес, ТМД-дағы ең маңызды әріптесі деп есептейді. Қазақстан мен ГФР арасында экономикалық ынтымақтастықты кеңейту үшін зор әлеует бар, әрі маңызы ерекше. Бұл негізінен Қазақстан мен Германияның экономикалық жүйелерінің бірін-бірі құрылымдық жағынан толықтыра алатындығымен түсіндіріледі. Өйткені, Германия Қазақстанмен сауда-экономикалық қатынастары жеткілікті және тұрақты дамыған еуропалық мемлекет болып табылады. Сонымен қатар, Қазақстанда көптеген неміс фирмасы мен банктері жұмыс істейді. Олардың ішінде әлемге танымал “Мерседес-Бенц”, “Сименс”, Дойчебанк, Дрезденбанк, Коммерцбанк, т.б. бар. 13 тақырып. Тарих ғылымындағы «Қазақстан жолы» Лекцияның жоспары: 1.Әлемдік өркениет тарихындағы Қазақстан 2.Еуразия құрлығындағы мегаполис 3.Дипломатиялық елшілер саясаты 1. Бiр үлкен империяның құрамынан шығып, ұлттық мемлекетiн ендi-ендi орнатып келе жатқан Қазақстан, көз ашпастан, күллi жиһанды қоршаған һәм бопсалаған әлемдiк тұтастану барысының өтiнен шыға келдi. Бiздi қатты толғандыратын шекара, топырақ, ұлттық егемендiк, унитарлық мемлекет, ұлттық құқықтың үстемдiгi, тiл, дiн және мәдениет мәселелерi толық шешiмiн таппай жатқанда, әлемдiк тұтастанудың талаптары бүйректен сирақ шығарғандай көрiне бастады. Әлемдiк тұтастанудың қалыптасуының тарихи және экономикалық себептерiне қарағанда, оның алғышарттарының сонау француз төңкерiсi мен өнеркәсiп саласындағы жаңалықтардың қауырт жиiленуi дәуiрiнен басталғаны аңғарылады. Екiншi жиһан соғысынан кейiнгi гео-саяси һәм гео-экономикалық өзгерiстер, дүние жүзiндегi инфляцияның артуы, мұнай және энергия дағдарыстары, технологиялық өндiрiстiң бұрын-соңды болмағандай көбеюi, құрлықтар арасы фибер-оптикалық байланыс жүйелерiнiң 1989 жылы iске қосылуы, жер серiктерi арқылы бұқаралық ақпарат қүралдарының кез келген жерден ақпаратты күллi жиһанға таратуы, екi блокты дүниенiң Кеңестер Одағының ыдырауымен Американың басшылығындағы бiр блокты дүниеге айналуы, ұлтасулы (транснационалдық) фирмалардың төрткүл дүниеге тармақталуы әлемдiк тұтастанудың әсерлерiн күшейткен факторлар. Аймақтық тұтастану: Әлемдiк тұтастану барысында ұлттық мемлекеттердiң өзiн- өзi сақтауды қамсыздандыру мақсатының нәтижесi ретiнде аймақтық тұтастану (regionalization) ұғымы пайда болған. Бұған мисал ретiнде аймақтық тұтастанудың ең озық формасы саналатын Еуропа Одағын айтуға болады. Оңтүстiк-шығыс Азия елдерi ASEAN (Оңтүстiк-шығыс Азия мемлекеттерi достастығы) ұйымын, ал, АҚШ, Канада және Мексика елдерi бiрiгiп NAFTA (Солтүстiк Америка еркiн сауда келiсiмi) ұйымын құрған. Ендi, бұл екi ұйым бiрiгiп, құрамына 18 мемлекет кiретiн APEC (Азия–Тынық Мұхит экономикалық әрiптестiк ұйымы) ұйымын ұйымдастыруда. Бiздiң елiмiз де ТМД, Шанхай бестiгi, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы, Кеден Одағы сияқты аумақтық ұйымдар арқылы аймақтық тұтастану процестерiне атсалысуда. Аймақтық тұтастану негiзiнде әлемдiк тұтастану әрекеттерiнiң табиғи жемiсi, бiр жағынан қарағанда, оған қарсы әрекет... Әлемдiк тұтастану дегенiмiз не?: Әлемдiк тұтастанудың, яғни глобализацияның нақтылы тағрифы әлде де болса жоқ. Экономистер, саясаткерлер, заңгерлер, мәдениеттанушылар, әлеуметтанушылар, философтар осы терминдi әр түрлi түсiндiруде. Әлемдiк тұтастануды жақтаушылар мен оған қарсылардың тағрифтары (сипаттамалары) да әр қилы. Мәселен, жақтаушылардың пiкiрiнше әлемдiк тұтастану – «әлеуметтiк, мәдени, саяси һәм ықтысаттық (экономикалық) құндылықтар уә осы құндылықтар негiзiнде пайда болған табыстар мен нәтижелердiң ұлттық шекаралардан асып, күллi жиһанға таралуы; алуан мәдениеттер уә сенiмдердiң танылуы һәм сiңiсуi (синкретизм); тауарлар мен қызметтердiң еркiн айналуы; халықаралық қатынастар мен ықпалдастықтың нығаюы және иделогиялық жiкшiлдiкке негiзделген айырымшылықтардың жойылуы» болып табылады. Ал, әлемдiк тұтастануға қарсылар оны былайша тағриф етеді: «Әлемдiк тұтастану дегенiмiз Батыс әлемiнiң үстемдiгiнiң дүние жүзiне таралуы; осы мақсатқа жету үшiн саяси, ғылыми һәм технологиялық әдiстердiң пайдаланылуы; Батыстың өзiнiң мәдениетi уә өркениетiн дүние жүзiне үлгi етiп, күшпен мойындатуы; ұлттық мемлекеттердiң iшiндегi алуан этнос және көп тiл мәселелерiн өз мүддесiне пайдаланып, iшкi қырқыстар мен ұлтаралық араздықтарды өршiтуi; сөйтiп, ұлттық мемлекеттердi күйрету арқылы өз мақсаттарына жетуi; Батыс экспансионизмiнiң жаңа әлемдiк сатысы; халықаралық капитал иелерiнiң дүние жүзiн бiр базарға және адамзатты тұтынушыларға айналдыруы және экономикалық iс-әрекеттердi өз монополиясында ұстауы; қысқаша айтқанда, Батыс империализмiнiң заманауи ұстанымдармен бекiтiлуi». Еуропалық ғалымдар Батыс ұғымына Еуропамен қатар осы құрлықтан шыққан Америкалар мен Австралияны, Жаңа Зеландия мен Оңтүстiк Африканы қосатынын ескерген жөн. Ал, Азия құрлығындағы Израилдiң Батыс әлемiнiң ұйымдарынан көрiнуi бiраз нәрсенi аңғартса керек... 2.Әлемдiк тұтастанудың бағыттары: соңғы 20 жылдық тәжiрибе бойынша әлемдiк тұтастану мынандай салаларда жүзеге асырылуда: 1. Әлемдiк экономикалық тұтастану: Дүниежүзiлiк Банктiң 1997 жылғы қорытынды есебiнде келтірілген мәлiметтер бойынша: әлем жансанының 16 пайызын ғана құрайтын 26 дамыған мемлекет дүние жүзiлiк өндiрiстiң 81 пайызын иемденген. Осы елдерде адам басына шаққанда орташа табыс 22 мың доллардан асады. Әлем халқының 28 пайызын құрайтын орташа ауқатты 58 мемлекет болса, әлемдегі өндiрiстiң тек 5-ақ пайызына ие. Бұл елдерде орташа табыс 2,5 мың доллар. Ал, әлем жансанының 56 пайызын құрайтын көпшiлiк дүние жүзiлiк iшкi өнiмнiң 16 пайызын ғана бөлiсуде. Бұл елдерде орташа табыс – адам басы 430 доллар. Тiкелей салымдар (инвестициялар) мен капитал айналымына қарағанымызда ақшаның бай мемлекеттер арасында жүретiнiн байқау қыйын емес. Соңғы 20 жылда дамыған мемлекеттер мен кедей елдер арасындағы қашықтық 3 есе артқан. Бұл деректердiң барлығы да әлемдiк экономикалық тұтастанудың бай һәм дамыған мемлекеттердiң мүддесiне ғана қызмет еткенiн көрсетедi. Тұтастанудың осы саладағы мақсаты капитализмге негiзделген еркiн базар экономикасын мойындату. 1995 жылғы GATT (Сауда тарифтерi жөнiндегi жалпы келiсiм) және Дүние жүзiлiк сауда ұйымы (ДСҰ/WTO) қатарлы көптеген халықаралық ұйымдар мен конвенциялар, Дүние жүзiлiк банк (ДБ/WB) пен Халықаралық ақша қоры (ХАҚ/IMF) сияқты қаржы институттары, халықаралық концерндер мен салымшылар (инвесторлар) ылғи да еркiн базар экономикасының енгiзілуiн талап етуде. Дүние жүзiлiк тiкелей салымдарда либерал капитализмге қарсы саналатын Қытайдың бiрiншi орынды алуының өзi әлемдiк экономикалық тұтастанудың қайшылықты жақтарының бiрi. Экономикалық даму бойынша үш алып күштiң қалыптасқаны байқалады: Америка, Еуропа Одағы және Қыйыр Шығыс (Жапония-Қытай-Корея). Долларды халықаралық айырбас һәм сатып алу құралына айналдырған халықаралық экономикалық тұтастану ұлттық ақшалардың бiрте-бiрте айналымнан тыс қалуына және даму жолындағы елдердiң тiкелей долларға тәуелдi болуына апарып соқтырғаны жасырын емес. Әлемдiк ықпалды күштер мен салымшылар ылғи да дәстүрлi емес ағымдар мен конфессияларды демейтiн, қорғаштайтын талаптарды алға тартуда. 3.Ұлттық мемлекет: Әлемдiк тұтастану барысында ұлттық мемлекет ұғымының әлсiрегенi шындық. Еуропаның ұлттық мемлекеттерi ортақ мүдделерi үшiн шекара мен ұлттық ақшаларын жойып та жiбердi. Ортақ қарулы күштер, ортақ парламент, ұлттық соттардың шешiмдерiн қарайтын ортақ соттар бүгiнгi күнi жиi естiлетiн сөздерге айналды. Еуропа Одағы мүше мемлекеттердiң ұлттық егемендiктерiн шектей отырып, ортақ христиан құндылықтары негiзiнде әлемдiк экономикалық, саяси бәсекелестiкте Батыстың мүдделерiн жүзеге асыруда. Ұлттық мемлекет дегеннен бiр ғана ұлттың меншiгiндегi мемлекеттi түсiну дұрыс емес сияқты. Ұлттық мемлекеттiң екiншi маңызды сипаты оның бiртұтас, яғни унитарлық мемлекет болуында. Өйткенi, унитарлық мемлекетте ғана ел бойынша бiрдей азаматтық, әкiмшiлiк құқық орындалады. Қазақстан жағдайында азаматтар арасындағы қатынас құралы ретiнде қазақ тiлiнiң қолданылысын күшейтуiмiз ләзiм. Бұл әлемдiк тұтастану барысындағы ұлттық мемлекеттiң келешегiне бағыт-бағдар беретiн маңызды мәселе. 14 тақырып. Мемлекеттік стратегия бағыттары Лекцияның жоспары: 1. «Қазақстан-2030» стратегиясы: қабылдануы мен маңызы 2.Даму стратегиясының басымдықтары мен нәтижелері 1997 жыл келді. Тәуелсіз Қазақстанды жан-жақтылы дамытудың бағдарламасы жасалды. Ел басы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030 стратегиясы» атты жолдауы жарияланды. Бұл бүкіл қазақстандықтарға арналған және тәуелсіз Қазақстанды өркендетудің негізгі іс-қимыл жоспары болды. Жолдаудың басты ұстанымы: «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» еді. Яғни «Қазақстан -2030 стратегиясы» қоғамымыздың болашағы мен мемлекетіміздің мұраты. Онда ұзақ мерзімді 7 басым мақсаттар баса көрсетілді : Олар: [pic] 1. Ұлттық қауіпсіздік адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы мен тұрақты өсуі ең маңызды мәселелердің бірі. Аумақтық тұтастығымызды қамтамасыз ету үшін және көрші елдермен берік те достық қарым-қатынаста болуға тиіспіз деп көрсетілген. Алдымен өз ішкі әскерімізді құру, барлық қазақстандықтардың бойында отаншылдық сезім мен елге деген сүйіспеншілікті дамыту қажеттігі айтылған. Халық пен мемлекет арасында түсіністік болғаны керек. Жеріміз де, қазынамыз да жеткілікті, ал дәулетті өз еңбегімізбен еселей береміз. Сол арқылы Орталық Азия мемлекеттерімен интеграциялық процестерді күшейтеміз. Таяу және Орта Шығыс елдерімен де достық байланыс нығаю керек. Қазақстандық барлық азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігі болуы қажет. Қауіпсіздік пен ел тұтастығы мәселелеріне біз қазақстандықтар өте қырағы болуға тиіспіз. Бұл демографиялық көші-қон саясатын шығарылуға тиіс. Сондықтан да мемлекеттік қауіпсіздік мәселе ең елеулі мәселе. 2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы дегенді түсінер болсақ...бірінші көршілік , азаматтығымызды дамытуға кепілдік беру, барлық этникалық топтар құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету, бұның дәлелеі Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылуы, басқа ұлт өкілдеріне барлық еркіндіктер берілді. Адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыту, әр түрлі конфессиялар арасындағы өзара құрметті нығайту айтылған. Оның мәселелері шешілді, біздің тәуелсіз Қазақстанда. Бұл проблемаларды стратегиялық тұрғыдан экономикалық ілгерлеу арқылы шешуге болады. Яғни Қазақстан әр азаматына барынша көп мүмкнідік береді. Олар: білім алуға, денсаулық сақтауға, спортпен айналысу, шығармашылықпен айналысу, өз қалаған кәсібімен айналысу т.б. Осыған сүйене отырып, тарихымызға, жаңа дамудың кезеңдерін еске ала отырып, өзіміздің жеке даму жолымызды белгілейтін боламыз. Олда шындыққа айналды. 3.Шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу –біз саналы да жігерлі халықпыз. Қазақстан азаматтары тез арада нарықтық экономикаға тез бейімделуі керек. Азия барысына айналуы қажет. Жеке меншіктің дамуына еркіндік беру, ашық экономика мен еркін сауданы дамыту. Экономикалық өрлеу еліміздің дамуы үшін қаншалықты маңызды екенін баршамыз қазір жақсы түсіндік. Себебі экономика жақсарса әлеуметтік жағдайымыздың да жақсарғаны. Оның табысы жетерлік. Мысалы: жыл сайынғы 25- 30 пайыздық үстемелерді алайық, табыс көзінен түскен салықтан мемлекеттік қор көзі молайды. Ұлттық қор «Самұрық-Қазына». Ал ол қордың барлық көзі қазақстандық азаматтардың және халық мүддесімен ел қамы жағдайын жақсартуға жұмсалуда. 4.Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын арттыру - салауатты өмір сүру, дене тәрбиесі, тазалық пен санитария ережелерін насихаттау, нашақорлықпен наркобизнеске қарсы кұрес, темекі мен алкогольді тұтынуды қысқарту, ана мен бала денсаулығын жақсарту, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту. «100 мектеп, 100 аурахана», немесе 12 жылдық білім беру, Астана қаласындағы «Кардиология орталықтары», Семейдегі онкологиялық ауруларды емдеу орталықтары т.б. 5.Энергетика ресурстары- Қазақстан өзіміз білетіндей табиғи ресурстар, соның ішінде энергетика ресурстарына өте бай. Оған ие болып қана қоймай, оны ұқсата білу керек. Онда халықаралық технологиялар, ноу-хау, технопрактер, кластерлер ұйымдастыру, ірі капиталдар тарту арқылы ұзақ мерзімді әріптестікке барамыз. Мұнай мен газды экспорттау, сыртқы сауданы дамыту, энергетикалық инфрақұрылымды құру. Оның бәрі болашақ ұрпақтарымыз үшін. Одан тек игеру мен пайда табу ғана емес, үнемдеуді де ұмытпаған жөн. Көбейту білу. Бұл экономикалық мәдениетке жатады. Қазақстанның экспортқа шығатын өнім пайызы тек 18 пайыз, ал шетелдік импорт 80 пайызды құрайды. Ендеше қай елден кембіз? Бар байлық көзін игеретін кез келді. 6.Инфрақұрылым, әсіресе көлік пен байланыс - Адамға абырой әперетін үш іс бар: құмда қазылған құдық, өзенге салынған көпір, жол жағасына отырғызылған саялы ағаш. Олар Ұлттық экономикаларды шоғырландырады, аймақтың ауқымын кеңейте отырып, әлемдік экономикалық байланыстарды нығайтады. Сыртқы саудасы мен байланысы бар ел ғана дамиды. Оны тарих көрсетті де. Әсіресе темір жолды дамыту, себеп неде? (Студенттер ойын тыңдау). Ал байланыс желілеріне келетін болсақ... қандай деңгейде екендігін күнделікті өмірден байқаймыз. Ол интернет, факс, ақпарат көздері: теледидар мен баспасөздер т.б. 7.Негізгі міндеттермен ғана шектелетін кәпісқой мемлекет: Ел қамын ойлайтын ықшам әрі кәсіпқой Үкімет құру. Олда жүзеге асты. Атқарушы орган ретінде Үкімет пен әр саланың жұмыстарына басшылық жасайтын 17 Министрлік қызметі халық игілігіне бағытталуда. Жергіліті жерде билік жасайтын атқарушы өкілді орган (маслихат) мен атқарушы билік орган (әкім) бар. (ШҚО әкімі Б.Сапарбаев, қала әкімі –М.Айнабеков). Осындай саяси реформалардың жетістігі мемлекетпен халықты байланыстыра отырып, мемлекет мүддесі үшін де, халық болашағына қызмет жасайды. Алдағы уақытта да солай болмақ. Осылайша Азия барысына айналуы- ол өзіне тән текті, алғыр, жасқануды білмейтін, тәкаппар, батыл, айлалығымен дараланатын ел болуы қажет. Олда шындыққа айналуға барынша алға жылжуда. 15 тақырып. «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыттары Лекцияның жоспары: 1.Жаңа-әлемдегі-жаңа Қазақстан 2.Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға 3.Мемлекеттік сыртқы саяси стратегиясын қалыптастырудың рөлі 1. Ел басының жылдағы жолдауларында қаралған негізгі мәселелердің бірі- экономика және саясат мәселелері болып табылады. Тақырыптың негізгісі- Қазақстанның саяси дамуына бағыт берген жолдауда маңызды мәселелер жан- жақты қаралған. Өз тәуелсіздігімен егемендігін алғаннан бастап, өзінің саяси дамуына баса назар аударды. Алдымен ұлттық қауыпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Өз әскери бөлімдер, аймақтық қауыпсіздік мәселелері басты назарда болды. Себеп ел болу үшін алдымен күш керек. Ол ішкі және сыртқы саясаттың тұрақты болуына таптырмас аса қажетті шаралар еді. 1997 жылғы Қазақстан халқына алғашқы Жолдауда елеміздің 2030 жылға дейінгі дамудың стратегиясы-қоғамымыздың келешектегі келбеті мен мемлекетіміздің мақсат-мұраты баян етілген. Және де қоғамдық міндеттер қойылды. Қазақстанды жан-жақты дамытудың Жаңа кезеңіндегі басты басымдықтары ретінде ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағытын айқындау міндеттелген. 1.Мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану. Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіруге бағытталған мемлекеттік саясат. 2.Әлемдік шаруашылық жүйесінде қазастандық «тауашарларды» іздестіру, оларды қолға қарату және жасақтау 3.Іргелі және «серпінді» жобаларға қатысу 4.Мемлекеттік холдингтердің қызметін шоғырландыру және олардың жұмысын халықаралық стандарттарға сәйкес ұйымдастыру 5.Өндіруші секторладың тиімділігі мен макроэкономикалық қайтарымдылығн едәуір арттыру 6.Бәсекеге қабілеттілігінің жаңа деңгейі 7.Қазақстан үшін тиімді жағдайларда БСҰ-на кіру т.б. маңызды мәселелер қаралды. Әлемдік шаруашылықтың жаһандық жүйесі-өзінің ережелері бойынша жұмыс істейтін қалыптасқан әрі орнықты тетік болды. Халықаралық рыноктарға қатысатын транұлттық корпорацияларға салыстырмалы талдау жүргізу. т.б. Қазақстан бизнесінің сыртқы рыноктарға шығуы үшін нысаналы жүйелі қолдауды ұйымдастырудың маңызы зор делінген Жолдауда. Жоғары технологиялық жаңа өндірітерді дамыту. Яғни солтүстік Қазақстанда біздің ТМД-дағы көршілерімізде баламасы жоқ биоэталон өндіретін бірегей кәсіпорын ашқанымыз мәлім. Ал Қытаймен шекарада қазақстандық шикізатты өңдеп, энергиямен, отынмен және басқаларымен Қытайдың алым алынбайтын сауда аймақтарын қамсыздандыра алатын кәсіпорындар құру тиімді дамыту қажет деп айтылған, т.б. 2.Заң бойынша жыл сайын ел басы елдің дамуымен әлеуметтік мәселелерге және қоғамдық саяси өмірді өркендетудің бағдарламасы жасалып, қазақстандықтарға жарияланады. Сондай жолдаудың бірі биылғы «Болашақтың іргесін бірге жасаймыз» атты жолдауы (28.01.2011жыл) Онда: Биыл – біз үшін ерекше қастерлі жыл. Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық. Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық. Естеріңізде болар, 1997 жылғы халыққа алғашқы Жолдауымда мен былай деген едім: «2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады». Осы сөздерге кезінде күмән келтіргендер аз болған жоқ. Дегенмен, діттеген бұл межеге біз 33 жылда емес, бір мүшел жаста ғана жеттік! Күні кеше Астанада 56 елдің басшылары мен халықаралық ұйым өкілдерінің басын қосқан Саммит – соның айшықты айғағы. Жұлдызымызды жарқырата түскен бұл мерейлі белестен бұрын да біз біршама биіктерді бағындырдық. Біз талайлы заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарын атамекенге жинаған әлемдегі үш елдің бірі болдық. Осы жылдары шет елдерден 800 мыңнан астам отандасымыз келіп, халық саны бір жарым миллионға артты. Біз Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен Астана салдық. Есілдің жағасына серпінді дамуымыздың символы болған еңселі Елорда қондырдық. Халқы тату-тәтті, саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады. Қазақстанның халықаралық резерві бүгінде 60 миллиард долларға жуық қаржыны құрайды. Ырыс – ынтымаққа жолығады, дәулет – бірлікпен толығады. дегендей Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасына 120 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды. Сонымен қатар біз әлемнің 126 еліне 200-ден астам өнім түрін шығарамыз. Бүгінде ұлттық дәулетіміздің үштен бір бөлігі шағын және орта бизнестен құралады. Ауыл шаруашылығы саласы да дамып келеді. Жалпы ішкі өнім өсімі 2010 жылы 7 пайыз, өнеркәсіп өндірісі – 10 пайыз, өңдеу өнеркәсібі 19 пайыз мөлшерді құрады. Орташа айлық жалақы 2007 жылғы 53 мыңнан 2010 жылы 80 мың теңгеге дейін артты. Ұлттық әл-ауқат деңгейі жөнінен әлем мемлекеттерінің рейтингінде Қазақстан өткен жылы 26 сатыға ілгерілеп, 110 ел арасынан 50-ші орынға көтерілді. Біздегі орташа айлық жалақы 5 жарым есеге, зейнетақының орташа көлемі 4 есеге көбейді. Біз дүниені дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл жолына батыл бет бұрдық. Алдымызға ұланғайыр мақсаттар қойдық және оларға қысқа мерзімде қол жеткіздік. Тәуелсіздік жылдарында 500-ге жуық жаңа денсаулық сақтау нысандары салынды. Медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жақсарды. Еліміз білім беру ісін дамытуда 129 елдің арасында көш бастаушылар қатарында келеді. Өткен онжылдықта білімге бөлінетін қаражат 10 есеге көбейді. Осы жылдары 750 жаңа мектеп салынды. Сонымен қатар, 5 302 мектепке дейінгі мекемелер, 1 117 балабақша мен 4 185 орталық ашылды. Астанада ғылым мен білім индустриясының жаңа ғасырдағы орталығы болатын университет ашылды. Біз осылайша аз жылда алапасы артқан айдынды елге, қуатты ұлтқа айналдық. Осының бәрі жұртымызды жаһандық ауқымда ойлауға баулу мақсатында жасалуда. 3. ҚР-ның Конституциясы бойынша жыл сайын ел басы өз мемлекетімен халқының саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуын ескере келе, кезекті жолдауын халқына жолдайды. Биыл 14 желтоқсан 2012 жылы кезекті жолдаудың қабылдануының мәні, оның мақсаттары туралы жан-жақтылы оқушыларға түсініктер беріп, мазмұнымен толық таныстыру. Саяси-құқықтық және интеллектуалды тәрбие беру. ЖОЛДАУ бірнеше тараудан және көп түрлі мәселелерді қамтыған құжат . Ондағы қаралған мәселелер: 3 тараудан тұрады [pic] І тарауда қамтылған мәселелер: 1.Қуатты да дамыған мемлекет.2. Демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі. 3. Түрлі әлеуметтік, этностық және діни топтардың келісімі мен татулығы. 4. Ұлттық экономика. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің рөліміз. 5. Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін күшті әлеуметтік саясат. 6. Әлемдік қоғамдастық таныған ел,7. Ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді рөліміз.8.Қазақстан-2030 стратегиясы. Негізгі қорытындылар ІІ. ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері [pic] ІІІ. «Қазақстан-2050» стратегиясы- жедел өзгермелі тарихи жағдайлардағы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты туралы болды. [pic] 3 ПРАКТИКАЛЫҚ (СЕМИНАР) САБАҚТАРЫ 1 тақырып. Кіріспе.Орта Азия мемлекеттерінің халықаралық аренадағы рөлі 1.Тарихи үдерістегі Азия елдерінің тарихы 2.Азия елдерінің саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуы 2 тақырып. Азия елдерінің саяси-әлеуметтік дамуы 1.Әлем қайшылықтары 2.Азия аймағының глобальды және геосаяси жағдайы 3.Қытай мен Қазақстан: шекара мәселесі 3 тақырып. Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясаты 1.Қазақстан дипломатиясының құрылуы 2.Әскери-саяси мемлекетаралық келісімдер 3.Қазақстандағы ядролық қару мәселесі 4 тақырып. Саяси элита 1. «Элита » ұғымы және саяси элитаның қалыптасуы 2.Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар 3.Азия аймағындағы тарихи саясат тұлғалар рөлі 5 тақырып. Азия мемлекеттерінің экономикалық даму ерекшеліктері 1.Аймақ елдерінің экономикалық даму бағыттары 2.Қазақстан-сыртқы инвестицияның негізгі орталығы 3.Қазақстанның саяси-тарихи және экономикалық дамуы –ғасырлар тоғысында 6 тақырып. Экономика мен саясаттың Қазақстандық үлгісі 1.ХХІ ғасырдағы Қазақстандық экономика моделі: жетістіктер мен сынақтар 2.Әлемдік қаржы дағдарысы және «Жол картасы» 7 тақырып. Сауда-экономикалық байланыстары 1.Посткеңестік кеңістігіндегі экономика 2.Экономикалық дағдарыс және әлеуметтік мәселелер 8 тақырып. Тәуелсіздіктің әлеуметтік-мәдени негіздері 1.Мемлекеттік әлеуметтік саясат 2.Қоғамдық өмір 3.Этнодемографиялық үдерістер 9 тақырып.. ХХ ғасыр –технологиялық даму ғасыры 1.Континентті және трансконтинентті мемлекеттер одақтарының ынтымақтастығы 2.Аймақтағы нарықтық реформа 10 тақырып. Қазақстан және қазіргі әлем 1.Ядролық қарудан бас тарту және қауіпсіздікті нығайту 2.Әлемнің жетекші елдерімен стратегиялық байланыс 11 тақырып. Қазақстан және халықаралық ұйымдар 1.ТМД-ның құрылуы. Қазақстан ТМД және Орталық Азия кеңістігінде 2.ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨСШК қарым-қатынас жүйесінде 12 тақырып. Қазақстан және түркі елдері әлемі 1.Қазақстан және Түркия арасындағы қатынастар 2.Жаһандық әлемдегі Қазақстан тұғырының ұстанымы 13 тақырып. Тарих ғылымындағы «Қазақстан жолы» 1.Әлемдік өркениет тарихындағы Қазақстан 2.Еуразия құрлығындағы мегаполис 3.Дипломатиялық елшілер саясаты 14 тақырып. Мемлекеттік стратегия бағыттары 1. «Қазақстан-2030» стратегиясы: қабылдануы мен маңызы 2.Даму стратегиясының басымдықтары мен нәтижелері 15 тақырып. «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің саяси бағыттары 1.Жаңа-әлемдегі-жаңа Қазақстан 2.Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға 3.Мемлекеттік сыртқы саяси стратегиясын қалыптастырудың рөлі 4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ (СӨЖ) |№ |Тақырыптық тапсырмалар атаулары |Оқыту |Сағат | | | |факторы |саны | |1. |Орта Азия мемлекеттерінің халықаралық |хабарлама |2 | | |аренадағы рөлі | | | |2. |Әлем қайшылықтары. Азия аймағының глобальды |конспекті |2 | | |және геосаяси жағдайы | | | |3. |Қазақстандағы ядролық қару мәселесі |Тезис жазу |2 | |4. |Азия аймағындағы тарихи саясат тұлғалар рөлі|Реферат |2 | |5. |Қазақстанның саяси-тарихи және экономикалық |Баяндама |2 | | |дамуы –ғасырлар тоғысында | | | |6. |Әлемдік қаржы дағдарысы және «Жол картасы» |хабарлама |2 | |7. |Посткеңестік кеңістігіндегі экономика |конспкет |2 | |8. |Тәуелсіздіктің әлеуметтік-мәдени негіздері |Реферат |2 | |9. | ХХ ғасыр –технологиялық даму ғасыры |Ауызша журнал |2 | |10. |Әлемнің жетекші елдерімен стратегиялық |Тезис жазу |2 | | |байланыс | | | |11. |Қазақстан ТМД және Орталық Азия кеңістігінде|Реферат |2 | |12. |Жаһандық әлемдегі Қазақстан тұғырының |хабарлама |2 | | |ұстанымы | | | |13. |Тарих ғылымындағы «Қазақстан жолы» |баяндама |2 | |14. |«Қазақстан-2030» стратегиясы. Даму |Реферат |2 | | |стратегиясының басымдықтары мен нәтижелері | | | |15. |Мемлекеттік сыртқы саяси стратегиясын |тест |2 | | |қалыптастырудың рөлі | | | | |БАРЛЫҒЫ | |30 сағ | 1. Саясат дегенiмiз не? А. Қоғамда билiктi жүзеге асыратын қызмет пен қатынастарды зерттеу; В. Ортақ мүддеге жету үшiн ұлттардың күш бiрiктiруi; С. Көпщiлiктiң хұқының құрметтелуi; D. Ақыл - ойдың сипаты; Е. Билiктi ұйымдастыру,ұлттар мен мемлекеттер арасындағы қарым - қатынастар саласындағы әрекеттер жиынтығы. 2.Саясаттанудың негiзгi зерттеу объектiлерi: А. Саяси билiктiң қалыптасуы мен дамуының, оның мемлекеттi, қоғамды жасау түрлерi мен әдiстерiнiң және қолданылуының заңдылықтары. В. Адамдар арасындағы қарым - қатынас формаларын зерттеу; С. Партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың қызметтерiн бақылау, қадағалау; D. Саяси лидерлiкке баулу; Е. Жауаптар дұрыс 3. "Государь" еңбегiнiң авторы ... А. Н. Макиавелли; В. Әл – Фараби; С. Ф. Аквинский; D. Т. Мор; Е. Т. Компанелла. 4 Саясаттың негiзгi мазмұны: А. Билiк үшiн күрес В. Экономикалық қатынастарды жолға қою; С. Тұрғындардың өмiр сүру деңгейiн жақсарту; D. Мәдени қатынастарды жетiлдiру; Е. Бұлардан басқа. 5. ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының саяси - әлеуметтiк ойларына зор үлес қосқан қайраткерлер: А. Ш. Уалиханов; В. Әл –Фараби, М. Қашқари; С. М. Шоқай, А. Байтұрсынов; D. О. Сулейменов, М. Шаханов; Е. Н. Назарбаев, М. Тажин. 6. "Қоғамдық келiсiм" атты еңбектiң авторы кiм ? А. Ж.-Ж. Руссо; В. А. Смит; С. К. Маркс; D. Платон; Е. Әл-Фараби; 7.Қайсы ғылымдар саясаттану ғылымымен тығыз байланысты: А. Әлеуметтану, философия, құқықтану; В. Тарих, лингвистика, логика; С. Психология, дiнтану, статистика; D. Жүйелеу теориясы, кибернетика; Е. Механика, физика, информатика. 8.ХVII – ХVIII ғасырдағы қазақ халқының саяси - әлеуметтiк ойлар тарихы өкiлдерiн анықтаңыздар: А. Абай Құнанбаев, Балқа Базар; В. Қазтуған, Бұқар жырау, Шалкиiз; С. А. Байтұрсынов, М. Шоқай; D. А. Бөкейханов, Ш. Уалиханов; Е. Ы. Алтынсарин, А. Иманов. 9.Балама сайлау: А. басқарушы орынға екi немесе бiрнеше үмiткерлерден тұратын сайлау процесi; В. Можаритарлық, пропорционалдық, аралас сайлау жүйелердiң типтерi; С. Сайлауда көп дауыс жинаған партиялар; D. Сайлауда бiрдей дауыс жинаған партиялардың жиынтық дауыс саны; Е. Депутаттардың сайлаушылармен қарым - қатынастары. 10.Демократиялық режимдер: А. Монархия мен конституциялық монархия; В. Басқарудың президенттiк және парламенттiк түрлерi; С. Авторитарлық тәртiп; D. Тоталитарлық тәртiп; Е. Олигархия, плутократия және диктатура. 11.Мемлекет дегенiмiз не? А. Қоғамдық өмiрдi ұйымдастыратын, саяси жүйенiң негiзгi институты;. В. Зорлық аппараты; С. Шартты шектерi бар территория; D. Адамзат қиялының жемiсi; Е. Бұлардан басқа. 12."Саяси жүйенiң" анықтамасы: А. Билiк; В. Мемлекет; С. Саяси институттардың, қатынастардың, ережелердiң, саяси мәдениет пен сананың бiртұтас реттелген жиынтығы; D. Сайлау жүйелерiнiң жиынтық бейнесi; Е. Қоғамның партиялық жүйесi. 13.Қазақстандағы басқару түрiн ата. А. Конституциялық монархия; В. Президенттiк-парламенттік басқару; С. Парламенттiк басқару; D. Аралас басқару түрi; Е. Хандық билiк жүйесi. 14.Менталитет деген не? А. Қоғам санасының әр түрiнде – саясатта, құқықта,дiнде көрiнетiн идеялардың, ұйымдардың жүйесi; В. Бiрлесу одақтасу; С. Ойдың бақыты мен тән өзгешелiгi, ақыл шабыты, сана қисындылығы; D. Рухани өмiрдiң дамуы; Е. Әлеуметтiк өзгерiстер мен саяси құбылыстар. 15."Қазақ ССР – нiң мемлекеттiк егемендiгi туралы декларациясы" қашан қабылданды? А. 25 қазан, 1990 ж.; В. 1 желтоқсан, 1991 ж.; С. 16 желтоқсан, 1991 ж; D. 28 қаңтар, 1993 ж.; Е. 4 маусым, 1992 ж. 16.Монархиялық басқарудың ерекше белгiсi: А. Бiрнеше императордың болуы; В. Феодалдық меншiк; С. Жоғарғы мемлекеттiк билiк мұрагер- монархта болатын басқару формасы; D. Ақсүйек байлардың билiк етуi; Е. Билiк бұтақтарының болуы, сайлау жүйесiнiң бекiтiлуi. 17. Саяси белсендiлiк дегенiмiз не? А. Саяси режимдi, институттарды дамытуға немесе өзгертуге тырысқан әлеуметтiк топтардың немесе жеке тұлқалардың әрекеттерi; В. Билiк үшiн күреспен байланысты тұлғаның қызметi; С. Қоғам өмiрiне индивидтер мен әлеуметтiк топтардың қатысуы; Д. Азаматтардың сайлауға қатысуға тырысулары; Е. Бұлардан басқа. 18."Саяси сана" ұғымына анықтама берiңiз: А. Кейбiр ойдағы объективтi реалдық; В. Қоршаған әрекеттердiң объективтi көрiнiсi; С. Азаматтың позициялық тұрақтылығын бiлдiретiн ұғым; D әртүрлi деңгейдегi психологиялық - рухани бейнесiнiң жиынтығы; Е. Бұлардан басқа. 19. Қазақстанда 1995 ж. 30 тамызда қабылданған Конституция бойынша парламент екi палаталы: А. Сенат және Конгресс; В. Сенат және өкiлдер палатасы; С. Сенат және мәжiлiс; D. Ақсақалдар алқасы мен ұлттық Кеңес; Е. Сенат және Жоғарғы Кеңес. 20 "Саяси мәдениет" дегенiмiз не? А. Саяси бiлiмнiң, Тәртiптiң, құндылықтар мен дәстүрлердiң сипаты мен жиынтығы; В. Материалдық - ұлттық мәдениет.; С. Моральдық құндылықтар жүйесi; D. Азаматтардың саяси әлеуметтенуi; Е. Мемлекеттегi дiни сананың үстемдiгi. 21."Демократия" – бұл … А. өз ойын дәлелдi түрде айта бiлу қабiлетi; В. Тапсыз қоғам; С. Билiктi зорлық немесе күш қолдану арқылы жүзеге асыратын институттар мен ұйымдар жүйесi; D. Халық билiгі,саяси режимнiң түрi; Е. өтпелi кезеңде тиiмдi деп саналатын басқару түрi. 22. "Қоғамдық пiкiр" ұғымы ненi бiлдiредi: А. Қоғамдық - саяси, мәдени, экономикалық қайшылықтар негiзiнде құралатын, адамдардың осы жағдайларға қатынасын көрсететiн көпшiлiк санасының өзектi түрi; В. Ақпарат құралдары арқылы таралатын пiкiрлер; С. Қоғамда қалыптасқан ой. D. Парламенттiк пiкiр –таластар нәтижесiнде қалыптасатын көзқарастар; Е. Саяси элитаға жағымды саяси пiкiр. 23 "Егемендiк" деген сөзге ненi сыйғызуға болады: А. Дербес элитамен басқарылатын мемлекеттiң құрылымы; В. Мемлекеттiң саяси тәуелсiздiгi, билiктiң халықта, ұлттта болуы; С. Билiктi нығайтуға арналған мемлекет саясатының желiсi; D. Бұлардың ешқайсысы емес; Е. Саяси белсендi президент. 24 Плюралистiк демократия дегенiмiз не? А. Негiзгi партиялар мен ұйымдардың ара - қатынасы мен "қарсылықтары" негiзiнде, пiкiр алуандығы қағидасына сүйенiп құрылған билiк жүйесi; В. Азаматтарды» өз пiкiрiн еркiн айту мүмкiндiгi; С. Тұлғаның өзiн бiреудiң көзқарасы мен әрекетiне қарсы қоюы; D. Ой құрылысы, ақыл қоры; Е. Пiкiрлердiң бiтiспес қайшылығы. 25 "Ұлттық қатынасқа" анықтама берiңiз: А. Мемлекеттер арасындағы қарым - қатынас; В. Егемендiк принципiне, өзара сыйластыққа негiзделген ұлттар мен халықтар арасындағы қарым - қатынас. С. Мемлекеттiң сыртқы саясаты. Д. Егемендiк, тәуелсiздiк, ұлттық мемлекеттердiң сыртқы саяси iстерi; Е. Белгiлi бiр ұлт өкiлдерiнiң арасында болатын қақтығыстарды шешу. 26 "Ұлт" ұғымы – бұл … А. Аумақтың тілдің, экономикалық т.б. ерекшеліктерінде топтастқан адамдар бірлестігі В. Биологиялық ұқсастыққа негiзделген адамдардың әлеуметтiк қауымдастығы; С. Бiр территорияда өмiр сүруiне негiзделген адамдардың қауымы; D. Экономикалық байланыстарға негiзделген адамдардың әлеуметтiк қауымдастығы; Е. Жауаптары дұрыс. 27 Құқықтық мемлекеттiң ажырамас бөлiгi: А. Қарулы күштер, құқық қорғаушы органдар; В. Идеология, ұлттық сана – сезiм; С. Азаматтық қоғам, заң үстемдiгi, билiк бөлiнiсi; D. Стратегиялық жоспар, реформалар; Е. Бұлардан басқа 28 «Әлеуметтiк саясат» ұғымын анықта: А.Әлеуметтiк ресурстардың өндiрiсiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiң iшкi саясатының маңызды бағыты; В. Халықаралық мәселердi шешуге бағытталған саясат; С. Мемлекеттiң зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы саясаты. D. жауаптар дұрыс емес. Е. Әлеуметтiк топтарды, таптарды саясатқа енгiзу мәселелерi. 29 "Тұлға" түсiнiгi – бұл… А. Адамдағы әлеуметтiк – психологиялық жиынтық; В. Билiкке жеткен индивид; С. 2 жасқа жеткен бала; D. Бұлардан басқа; Е. 18 жасқа жеткен азамат. 30 Ұлтшылдық деген ұғым ненi бiлдiредi: А. Бiр ұлтты екінші ұлтқа қарсы қоюға бағытталған саясат; В. Әртүрлi мемлекет пен ұлттарды бiрiктiруге бағытталған көзқарастар мен саясат. С. Саяси партиялар мен ұйымдардың ара - қатынасы "қарсылықтардың" негiзiнде құралған билiк жүйесi; D. ұлттық жаушылық пен жеккөрушiлiктi туғызатын саясатттың бiр түрi; Е. Дұрыс жауабы жоқ 31 Саяси режим – бұл… А. Ортақ мақсатқа жету үшiн тұлғаның белгiлi бiр әлеуметтiк топты басқаруы; В. Белгiлi бiр мемлекеттерге тән саяси қатынастар жиынтығы, басқару әдiстерiнiң сипаты. С. Зорлық күшiмен бiр адамды өз ықпалына көндiру қабiлетi; Д. Саяси институттар мен индивидтердiң арасындағы байланыстарды реттейтiн заңдар жинағы; Е. Саяси оқиғалардың белгiлi бiр мерзiмде қайталанып отыруы. 32 Халықаралық саяси қатынастар дегенiмiз: А. Әртүрлi ұлт өкiлдерiнiң арасындағы достық қатынастар; В. Мемлекеттiң мүдделерi мен құқықтарын қорғау мен iске асыру мақсатындағы мемлекет басшыларының шет елдердегi ресми қызметтерiнiң жиынтығы; С. Халықтар мен ұлттардың арасындағы қатынастар; D. Мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясаты; Е. Халықаралық терроризм 33 Сайлау жүйесi – бұл… А. Құрылымдар мен саяси институттар жиынтығы; В. Саяси қатынастардың әдiстерi мен формалары; С. Заңшығарушы билiк тармағыныңи жұмыс iстеу тәртiбi; D. Билiк бұтақтары арасындағы тепе – теңдiк жүйесi; Е. Жауаптар дұрыс 34 Саяси бостандықтар мен құқықтар дегенiмiз... А. Жұмыс күнi сағатының азайтылуы, төлем ақының көбейтiлуi үшiн күрестер әдiстерi; В. Азаматтың мемлекеттегi орынын анықтайтын құқықтық нормалар (сөз, одақ құру т.б бостандықтар мен сайлау, сайлану т.б. құқықтары); C. өз қалауыңды өз пiкiрiң бойынша анықтау. D. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану мүмкiндiгi; Е. Халық арасында атын шығаруға ұмтылғандарға мемлекет тарапынан қолдау. 35 Еуропарламент дегенiмiз не? А. Еуропалық қоғамдастықтың 12 елi жинақталған мемлекетаралық және ұлтаралық саяси мекеме; В. Еуропалық қоғамдастықтың 5 елi жинақталған мемлекетаралық және ұлтаралық саяси орган; С. Еуропалық қоғамдастықтың 3 елi жинақталған мемлекетаралық және ұлтаралық саяси орган; D. Әскери одаққа бiрiккен еуропалық мемлекеттер бiрлестiгi; Е. БҰҰ - на қарсы балама ретiнде ұйымдасқан еуропа елдерiнiң саяси одағы. 36 Мемлекеттiң толық белгiлерi қайсы: А. Белгiлi бiр территориядағы жоғарғы егемендi билiк В. Құқық және заңдар,нормалар шығару; С. басқаруға, шешiмдер қабылдауға, жазалауға монополия, D. Жұрттан салық - алымдар жинау құқы Е. Жоғарыда көрсетiлгендер. 37 Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша билiк тармақтарының жоғарғы органдарының дұрыс құрамы: А. Парламент, Президент, үкiмет, Сот , Конституциялық Кеңес В. Соттар, үкiмет; Конституциялық Кеңес, әкiмдер; С. Парламент, министрлiктер, әкiмдер; D. Президент, Жоғарғы сот, үкiмет; Е. Парламент, үкiмет, Жоғарғы сот. 38 Саяси билiк дегенiмiз ... А. Таптың, топтың, жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркiн жүргiзу мүмкiндiгi; В. Сайланбалы саяси билiк түрi; С. Халықтың билiкке араласуы; D. Демократиялық жолмен басқару формасы; Е. Сот билiгi. 39 "Азаматтық қоғам" дегенiмiз ... А. Адамдардың бiрлесiп өмiр сүруi; В. Мемлекет жұртының бiршама ауқатты бөлiгi; С. Жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамның күйі D. Саяси билiктi мойындамайтын реакцияшыл топтар; Е. Бұлардың ешқайсысы азаматтық қоғам мәнiн аша алмайды. 40 Адам құқығының жалпыға бірдей Декларациясы қашан қабылданды: А. 1945ж. В. 1943ж. С. 1948ж. D. 1949ж. Е. 1953ж. 41 Сыртқы саясаттың маңызды құралы: А. Дипломатия В. Әскери араласу С. Экономикалық блокада D. Бұдан басқа Е.жауаптар дұрыс 42 Қоғамдағы төртiншi билiк… А. Партия; В. қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар; С. Бұқаралық ақпарат құралдары; D. Қазақстан Халықтар Ассамблеясы; Е. Сенат. 43 БҰҰ - на Қазақстан қай жылы қабылданды: А. 1945 ж. В. 2000 ж. С. 1991 ж. D. 1992 ж. Е. 1995 ж. 44 Ресми және бейресми қоғамдық ұйымдардың негiзгi айырмашылығы неде? А. Ресми ұйымдардың мақсатын анықтайтын саяси платформасы анық болады; В. Сол мемлекеттiң заңдарына сәйкес ашық қызмет жасауы С. Екi типтегi ұйымдар тек мақсаттарына қарай ажыратылады; D. Негiзгшi ерекшелiк олардың мүшелерiнiң санына байланысты болады; Е. Ресми ұйымдар сол мемлекеттiң толық қамқорлығында болады. 45 Бүкілхалықтық дауыс беру: А.референдум В.декларация С.демонстрация D.аристократия Е.пакт 46. Мемлекет басқару түрімен құрылысына қарай нешеге бөлінеді? А.3-ке В.4-ке С.5-ке D.6-ға Е. Бөлінбейді 47 Жария ету, мәлімдеу қалай аталады? А.референдум В.декларация С.деспотия D.монархия Е.жауаптардың дұрысы жоқ 48 Гипотеза дегеніміз не? А.ғылыми түсіндірме жазу В.ғылыми тұжырымдарды жинау С.шындықты бағалау D.зерттеулер жүргізу Е. Бәрі де 49 Әлеуметтік қауымдастыққа тән: А.саяси сана В.саяси үрдіс С.саяси мәдениет D.саяси процесс Е.саяси бейімделу 50. Өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініпп-сезінетін адамдардың түсініктерімен көзқарастарының жиынтығы: А.саяси сана В.саяси мәдениет С.саясм процесс D.саяси жүйе Е.саяси идеология 51 Саяси идеология қызметтері: А.танымдық В.жауаптар дұрыс С.бағдарламалық D.жұмылдыру Е.Амортизациялық 52. Нұр-Отан партиясының сипаты: А.Республикалық-демократиялық В.коммунистік С.патриоттық D.ұлттық Е.таптық 53.Мемлекеттің пайда болуының қоғамдық келісім теориясын қалағандар: А.А.Августин, Ф.Аквинский В.Роберт Филмер С.Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо D.В.Соловьев және т.б. Е.жауаптар дұрыс емес 54 Демократия сөзінің мәні: А.шағын адамдар билігі В.халық билігі С.топ билігі D.жеке адам билігі Е.жауаптар дұрыс 55.Саяси билiк дегенiмiз не: А. Таптың, топтың, жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркiн жүргiзу мүмкiндiгi; В. Сайланбалы саяси билiк түрi; С. Халықтың билiкке араласуы; D. Демократиялық жолмен басқару формасы; Е. Сот билiгi. 56. Құқықтық мемлекеттiң ажырамас бөлiгi: А. Қарулы күштер, құқық қорғаушы органдар; В. Идеология, ұлттық сана – сезiм; С. Азаматтық қоғам, заң үстемдiгi, билiк бөлiнiсi; D. Стратегиялық жоспар, реформалар; Е. Бұлардан басқа 57. «Әлеуметтiк саясат» ұғымын анықта: А.Әлеуметтiк ресурстардың өндiрiсiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiң iшкi саясатының маңызды бағыты; В. Халықаралық мәселердi шешуге бағытталған саясат; С. Мемлекеттiң зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы саясаты. D. жауаптар дұрыс емес. Е. Әлеуметтiк топтарды, таптарды саясатқа енгiзу мәселелерi. 58.Ұлтшылдық деген ұғым ненi бiлдiредi: А. Бiр ұлтты екінші ұлтқа қарсы қоюға бағытталған саясат; В. Әртүрлi мемлекет пен ұлттарды бiрiктiруге бағытталған көзқарастар мен саясат. С. Саяси партиялар мен ұйымдардың ара - қатынасы "қарсылықтардың" негiзiнде құралған билiк жүйесi; D. ұлттық жаушылық пен жеккөрушiлiктi туғызатын саясатттың бiр түрi; Е. Дұрыс жауабы жоқ 59. Саяси режим – бұл… А. Ортақ мақсатқа жету үшiн тұлғаның белгiлi бiр әлеуметтiк топты басқаруы; В. Белгiлi бiр мемлекеттерге тән саяси қатынастар жиынтығы, басқару әдiстерiнiң сипаты. С. Зорлық күшiмен бiр адамды өз ықпалына көндiру қабiлетi; D. Саяси институттар мен индивидтердiң арасындағы байланыстарды реттейтiн заңдар жинағы; Е. Саяси оқиғалардың белгiлi бiр мерзiмде қайталанып отыруы. 60. Мемлекеттің ішкі функциясын атаңыз: А. Жауаптардың бәрі де дұрыс В. Экономикалық С. Әлеуметтік D.Заңдық Е.Мәдени-тәрбиелік 61. Пропорционалдық сайлау жүйесінің айырмашылығы: А.абсолютті сайланады В.жеңіп алынған дауыспен С.сайлаушылар қолдауымен D.жауаптар реті жоқ Е.дауысы 50 пайыздан асса 62.Сыртқы саясат деп: А.өз ішіндегі саясат В.әлеуметтік топтар арасындағы саясат С.жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежедегі саясаты D.топтық мүдделер саясаты Е.жауаптар толық емес 63.Мемлекеттер арасындағы дүниежүзілік деңгейдегі қатынас түрі: А.сыртқы саясат В.ішкі саясат С.халықаралық қатынас D.дипломатиялық байланыс Е.халықаралық саясат 64.Халықаралық саясатпен тығыз байланыстағы ұғым мазмұны қалай аталады? А.саясат В.ұлттық мүдде С.саяси жүйе D.саяси қатынас Е.саяси тәртіп 65. Ұлттық мүддемен етене байланысты ұғым: А.ұлттық қауыпсіздік В.ұлттық мәдениет С.ұлттық сана D.ұлттық бейімделу Е.ұлттық тәрбие 66. Сыртқы саясаттың қалыптасуына ықпал етуші маңызды мәселе: А.ашық күрес В.географиялық орналасу С.табиғи байлығы D.билігі Е. Жауаптардың бәрі де 67.Регресс деген не? А.алға жылжушылық В.кері кетушілік С.реформалар жасау D.саясаттық байланыстар Е.жауаптар дұрыс емес 68. Коррупция дегеніміз не? А.параға сатып алу В.біріне-бірі қайшы келу С.адамдар ығына жығылу D.басқарудың бір түрі Е. Принципшіл болу 69. Мемлекет дегенiмiз ... А. Қоғамдық өмiрдi ұйымдастыратын, саяси жүйенiң негiзгi институты;. В. Зорлық аппараты; С. Шартты шектерi бар территория; D. Адамзат қиялының жемiсi; Е. Бұлардан басқа 70 Демократиялық режимдер: А. Монархия мен конституциялық монархия; В. Басқарудың президенттiк және парламенттiк түрлерi; С. Авторитарлық тәртiп; D. Тоталитарлық тәртiп; Е. Олигархия, плутократия және диктатура. 71. "Невада - Семей" қозғалысы негiзiнде қандай саяси партия дүниеге келдi? А. Табиғат; В. Жасылдар партиясы; С. Қазақстан Халық Конгресi; D. Қазақстан Халық Бiрлiгi партиясы; Е. Азат партиясы. 72.Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша саяси партияларға қай жерлерде қызмет етуге тыйым салынады: А. өндiрiс пен бiлiм жүйесiнде; В. Мемлекеттiк басқару органдарында (парламенттен басқа), прокуратура мен сотта, қарулы күштерде, мемлекеттiк мекемелерде; С. Экспорт – импортқа байланысты шетелдiктермен iстес кәсiпорындарда, ауруханаларда. D. Шетелдер территориясындағы елдi мекендерде. Е. Дiни ұйымдармен байланыста болуға. 73.Төмендегi белгiлердiң қайсысы тоталитарлық саяси режимдi сипаттайды? А. Дамыған демократиялық заңдар жүйесi, мемлекет басшысының билiгi заңмен шектелген, сайланбалы органдардың болуы. В. Өмiрдiң барлық салалары бiр ғана үстем идеологияға бағындырылған, саяси оппозицияға жол берiлмейтiн, мемлекеттiң абсолюттi монополияға айналуы; С. Заң жүйесi мардымсыз саяси жүйе; D. Қаржы немесе өндiрiстiк алпауыттардың билiгiне сүйенген жоғарғы тап өкiлдерiнiң билiгi; Е. Саяси өмiр саласында билiктiң монополияға ие болатындығына қарамастан экономикадағы салыстырмалы еркiндiкпен сипатталатын саяси жүйе. 74. Федеративтi мемлекеттi көрсетiңiз: А. Қазақстан, Франция; В. Ресей, АҚШ; С. Вена, Оттава; D. Италия, Греция, ҚХР; Е. Ауғанстан, Югаславия, Палестина, Ингушетия. 75. Қазақстан Конституциясы бойынша үкiмет құрамын анықтап, Президенттiң бекiтуiне кiм ұсынады? А. Парламент спикерi; В. Мемлекттiк хатшы; С. Премьер – Министр; D. Жоғарғы сот; Е. Конституциялық Кеңес төрағасы. 76. Таптардың жойылуына байланысты мемлекет те жойылады деген уағызды қай әлеуметтiк – саяси ой бағыты насихаттайды: А. Анархизм; В. Социал – реформизм; С. Ленинизм; D. Марксизм; Е. Либерализм. 77.Азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы қарым - қатынас туралы қайсы ой дұрыс болып табылады: А. Олар бiрiн – бiрiне тең ұғымдар; В. Олар бiр – бiрiне байланысы жоқ категориялар; С. Азаматтық қоғам болуын мемлекет айқындайды; D. Азаматтық қоғам болуын мемлекет айқындайды, оның қызметi демократиялық формамен сипатталады; Е. Мемлекеттiң болуын азаматтық қоғам айқындайды. 78. Төмендегi мемлекеттердiң қайсылары авторитарлы басқару тәртiбi орнатылған: А. Ирландия, Швеция, Франция, Австрия; В. Кувейт, Сауд Аравиясы, Иран, Ирак; С. Болгария, Ресей, Люксембург, Бельгия. D. АҚШ, Канада, Сингапур, Греция; Е. Италия, Испания, Ұлыбритания. 79. Қандай белгiлер жиынтығы құқықтық мемлекеттi нақты бейнелейдi: А. Республикалық басқару формасы, жариялылық, партиялардың болуы, сайлаудың уақтылы өтуi, үкiметтiң бiлiктiлiгi; В. қоғамдағы заң үстемдiгi, мемлекеттiң заңға бағынуы, азаматтардың негiзгi құқықтарының қорғалуы, билiк тармақтарының бөлiнуi қағидасының iске асуы; С. Саяси плюрализм, саяси шешiмдердi қабылдау кезiндегi ымырашылдық, қандай да болмасын саяси ұйымдардың қызметiне тыйым салмау; D. Әкiмшiлiк – аймақтық құрылымда ұлттық факторды есепке алу, жеке адамның толық бостандығы, сөз бостандығына цензураның болмауы; Е. Саяси плюрализм, адам құқығын қоғам алады, демократиялық саяси режим орнатылады. 80. Жариялылық деген не? А. Барлығына рұқсат барды білдіретін, біздің мәдениетке сырттан келген ұғым В. Іс-әрекет бостандығы С. Сөз бостандығы ұғымына жақын, бірақ оған сәйкес емес ашық саяси пікір ұғымы D. Өз ойын ашық айту, ешқандай шек қойылмау Е. Бұдан басқа 81. Ұлттық сана ұғымын қай сөйлем нақты анықтайды? А. ұлттық - этникалық қауымдастықтың тарихы, қазiргi жағдайы, болашақ дамуы туралы көзқарастардың, ой – пiкiрлердiң жиынтығы; В. ұлт тағдырына қатысты пiкiрлердiң демократиялық принциптермен құрылуы; С. ғасырлар бойы бiрге өмiр сүру нәтижесiнде территориялық, экономикалық және тiл мәселесi жөнiнде қалыптасқан рухани өмiр келбетi; D. ұлттық тәуелсiздiкке қол жеткiзу үшiн күресуге шақыратын идеялар жиынтығы; Е. ұлтшылдықтың шектен шыққан түрi. 82.Мына белгілер: дамыған азаматтық қоғам, қоғамдық тәртіп, тұлғаның бостандығы мен құқығын қорғау, азаматтардың құқылық теңдігі, мемлекеттік заңдардан адам құқығының жоғары болуы, Мемлекет егемендігі қандай мемлекетке тән? А. монархиялық В. социалистік С. коммунистік D. демократиялық Е. құқықтық 82. Егемендi мемлекет анықамасын қай сөйлем нақты бередi? А. Экономикалық дамудың белгiлi бiр сатысына шыққан мемлекет; В. Демократиялық даму жолын таңдаған мемлекет; С. Iшкi және сыртқы саясатта дербес, саяси тәуелсiз мемлекет; D. Күштi армиясы бар, халықаралық саясатта өз орыны бар ел; Е. Белгiлi бiр этникалық - ұлттық негiзде құрылған республика. 84. Сайлау жүйелерiнiң негiзгi түрлерiн атаңыз: А. Пропорционалды, мажоритарлы; В. Шетел бақылаушыларының қатысуын құптайтын сайлау жүйесi; С. Баламалы сайлау жүйесi; D. Тiкелей немесе жанама сайлау; Е. Референдум немесе плебисцит: 85. Төменгi ұйымдардың қайсысы БҰҰ- ның арнайы бөлiмше ұйымы болып табылады: А. ЮНЕСКО; В. НАТО; С. Саяси ғылымдардың халықаралық ассоцияциясы; D. ЕҚЫҰ (ОБСЕ); Е. ОПЕК 86.. Конституция дегенiмiз… А. Заңдар жинағы; В. Мемлекеттiк және қоғамдық құрылыстың негiзгi қағидалары, принциптерi бiлдiретiн негiзгi заң; С. Мемлекеттiк заң; D. Саяси-экономикалық заңдар жинағы; Е. Билiктi жүзеге асыру туралы заң. 87. Қазақстанда қандай партиялық жүйе қалыптасқан? А. Қоспартиялық; В. Көппартиялық; С. Аралас; D. Бiрпартиялық; Е. Қазақстанда партиясыз саяси жүйе. 88. Саяси көсемнiң дұрыс анықтамасы… А. Қоғамдық, саяси - әлеуметтiк мәселердi шешуде халықтың саяси көзқарасына ықпал ете алатын тұлға; В. Лауазыма байланысты қонатын қасиет; С. Қаржылық мүмкiндiгi мол, билiк басындағы тұлға; D. Күшпен ықпал ете алатын адам; Е. Мемлекеттi экономикалық дағдарыстан шығара алатын тұлға. 89. Төмендегi мемлекеттердiң қайсылары авторитарлы басқару тәртiбi орнатылған: А. Ирландия, Швеция, Франция, Австрия; В. Кувейт, Сауд Аравиясы, Иран, Ирак; С. Болгария, Ресей, Люксембург, Бельгия. D. АҚШ, Канада, Сингапур, Греция; Е. Италия, Испания, Ұлыбритания. 90. Билiктiң атқарушы тармағы қайсы? А. Бұқаралық ақпарат құралдары; В. Сенат; С. Мәжiлiс; D. Үкiмет; Е. Сот. 91 Қазақстан 2010 жылы қандай халықаралық ұйымға жетекшілік жасады? А. НАТО; В. БҰҰ; С. ЕҚЫҰ (ОБСЕ); D. ОПЕК; Е. Араб Елдерiнiң Лигасы: 92. Патриотизм дегенiмiз не? А. өз үкiметiн қолдау; В. Отанға деген адамгершiлiк және азаматтық сүйiспеншiлiк сезiмi; С. Халықаралық қатынастардағы жеке адамның ұстанымы; D. өз елiн жақтау; Е. Жеке адамның өз мемлекетiнiң әлеуметтiк дамуына үлес қосуы. 93 Унитарлық мемлекеттi көрсетiңiз. А. АҚШ, Үндiстан; В. Мексика, Бразилия; С. Германия, Австрия; D. Польша, Франция; Е. Ресей, Австралия. 94 Саяси жүйенiң басты элементі қайсы? А. Мемлекет; В. Саяси партиялар; С. Саяси мүдде; D. Саяси күрес; Е. Саяси режим. 95. Президент ҚР Конституциясы бойынша қандай тетiк арқылы билiктен аластатылады: А. Сенiмсiздiк вотумы; В. Күш қолдану арқылы; С. Парламент тарапынан болатын айыптау-импичмент; D. Үкiмет тарапынан болатын сенiмсiздiк; Е. Референдум арқылы халық еркiмен билiктен ажырату. 96. Қазақстан Республикасының заң шығарушы жоғарғы мемлекеттiк орган: А. Премьер- министр В. Үкiмет; С. Парламент; D. Президент; Е. Жоғарғы сот. 97 Атқарушы билiк дегенiмiз … А) Демократиялық басқару формасы; В) Билiк бөлiнiсi теориясы негiзiнде қызмет iстейтiн мемлекеттiк органдар жүйесi; С) Үкiмет органдары; D) Билiктi келiсiп жүзеге асыру; Е) Жергiлiктi өкiмет органдары. 98. Автономия дегенiмiз ... А. Мемлекеттiк басқару формасы; В. Бiр мемлекеттiң шеңберiнде өзiн-¼зi басқаруға берiлген саяси-ұлттық құрылым; С. Жеке дара басқару; D. Демократиялық басқару формасы; Е. Саяси билiк түрi. 99. Көппартиялылық дегенiмiз… А. 2-3 немесе одан да көп партиялардан құралған билiк құрамының болуы; В. Мемлекеттiк билiк үшiн күрес барысында бiрнеше саяси партиялардың болуы; С. мемлекеттiң саяси құрылымы; D. Түрлi саяси партиялардың одақ құруы; Е. Демократиялық басқару режимi 100. Инагурация дегенiмiз не? А. Салтанатты мәжiлiс; В. Мемлекет басшысының өз қызметiне салтанатты түрде кiрiсуi; С. Халықаралық деңгейдегi жиналыс; D. Мемлекеттiк маңызды оқиғаны жариялау; Е. ұлттық мейрам. 101. Интеграция дегенiмiз… А. Мемлекеттегi заңдар жүйесi; В. Саяси партиялар одағы; С. Мемлекетаралық саяси, экономикалық, әскери, мәдени жақындасу; D. Қоғамдық ұйымдардың одағы; Е. Жауаптар дұрыс 102 Инфрақұрылым дегенiмiз… А. Экономикалық немесе саяси құрылымдар бөлiгi; В. Белгiлi бiр қоғамдық органның сыртқы көрiнiсi; С. Экономикалық, әлеуметтiк саясат нәтижесiнде болатын өзгерiстер; D. Қоғамның сыртқы келбетi; Е. Елдiң жалпы өркениеттiк бейнесi. 103 Саяси қызметтегi күрес жолдары: А. Революция, контрреволюция, билiк, реформа, саяси төңкерiс; В. Саяси партиялардың билiкке ұмтылуы; С. Экономикалық, әлеуметтiк саясаттың нәтижесiнде болатын өзгерiстер; D. Сыртқы саясат желiсiн қалыптастыру; Е. Жиналыстар, шерулер арқылы көсемдердiң бағдарламаларын азаматтарға бiлдiру. 104 "Элита" түсiнiгiнiң мағынасы: А. Саясаттағы, рухани өмірдегі таңдаулы адамдар В. Адамдардың кәсiбiне, мамандығына сай бiрiккен ерекше тобы; С. Белгiлi бiр саяси мақсатқа жету жолында ортақ бағдарламасы бар топ; D. ХV ғ.- ғы адамдардың саяси құқығына байланысты оқшауланған топ; Е. Жоғарғының бәрі дұрыс 105.Демократиялық – құқықтық мемлекеттердегi билiк бөлiнiсi қандай: А. Атқарушы, жазалаушы, заңшығарушы билiк тармақтары; В. Парламент, әкiмшiлiктер, министрлiктер; С. Атқарушы, заң шығарушы, сот ; D. Сот, құқық қорғау органдары, президент; Е. Конституция, азаматтық кодексi, әртүрлi заңдар. 106. Конфедерация дегенiмiз ... А. Мемлекетердiң экономикалық одағы В. Басқару формасы; С. Белгiлi бiр мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы және с.с.) жүзеге асыру үшiн бiрлескен егемендi елдердiң саяси одағы; D. Мемлекеттердiң кедендiк одағы; Е. Федерациялық мемлекеттердiң бiр конституция астына бiрiгуi. 107. Демографиялық процесс дегенiмiз… А. Қоғамдағы түрлi топтардың өз мүдделерi үшiн күресi; В. Туу, өлу, табиғи өсiм, неке , айырылысу, көшi - қон үрдiстерiнiң жиынтық өзгерiстерi; С. Қоғамның дамуына әсерi бар маңызды оқиалар мен факторлар; D. Оралмандарға жан – жақты қолдау көрсету; Е. Қоғамның даму процесi. 108.. Әлеуметтiк мәртебе деп... А. Әлеуметтiк топтың немесе тұлғаның қоғамдағы орынын айқындайтын көрсеткiш; В. Белгiлi бiр әлеуметтiк субъектiге қалыптасқан көзқарас; С. Әлеуметтiк дамудың өлшемi; D. Жеке адамның қоғамдық белсендiлiгі; Е. Халақаралық қатынастардағы мемлекеттiң даму деңгейiнiң өлшемi. 8 ӘДЕБИЕТТЕР 8.1 Негізгі әдебиеттер: 8.1Қазақстан тарихы, 5-томдық. А.,1996…. 8.2 Қазақстан тарихы очерктері.А., 1994. 8.2 Қосымша әдебиеттер: 8.2.1 Абылай хан и батыры. А., 2001. 8.2.2 Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана ХХвв.А.,1997. 8.2.3Абдиров М. Завоевание Казахстана царской Россией и борьба казахского народа за независимости ХҮІ-начала ХХ вв.Астана., 2002. 8.2.4.Ал-Халел Карпык Белая кость прошлого.Наши современники. А.,1994. 8.2.5.Аманжолов Қ. Түркі халықтарының тарихы.А.,1999. 8.2.6.Әбілтайұлы Т. Рысқұлов-Моңғолияда. А.,1994. 8.2.7.Әбілғазы Б. Түрік шежіресі. 1992. 8.2.8.Байпақов К., Нұржанов М., Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан.А., 1992 8.2.9.Байбатша Ә.Қазақ даласының ежелгі дүние тарихы. 8.2.10.Бурбаев Г.Ұлт менталитеті. Астана., 2001. 8.2.11.Вопросы история Казахстана.А.,2002. 8.2.12.Вяткин Сырым батыр.А., 1947. 8.2.13.Гумилев Л. Көне түріктер. А.,1994. 8.2.14.Исин А. Казахское ханство и Ногайская Орда во второй половине ХҮ- ХҮІв. Семей., 2002. 8.2.15.История Казахстана: народы и культуры. А., 2000. 8.2.16.Кенжебаев Б. Казахские писатели, демократы начала ХХвв. А., 2000. 8.2.17.Кадырбаев Казахстан в эпоху Чингиз хана и его премников ХІІ-ХІҮ вв.А.,1992. 8.2.18. Карр Э. Русская революция от Ленина до Сталина 1917-1929гг. М., 1990. 8.2.19.Касымбев Ж.Города Восточного Казахстана 1861-1917гг. А., 1992. 8.2.20.Кузембайулы А., Абил Е., История Республики Казахстан. Астана.,2000. 8.2.21. Қасымбаев Ж. Кенесары хан. А.,1993. 8.2.22.Қазақ даласының ұлы ойшылдары. А., 2002. 8.2.23.Қазақтар-Казахи. А., 1998. 8.2.24.Құрбанғали Х. Тауарих хамса.А, 1992 8.2.25.Құдайбердіұлы Ш. Түрік-қырғыз хам хандар шежіресі. А.,1991. 8.2.26.Қойшыбаев Б. Әлихан Бөкейханов. А., 2001. 8.2.27.Қоңыратбаев О. Т.Рысқұловтың қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі. А.,1999. 8.2.28.Маймақов Ғ. Қазақстан Республикасының саяси-құқықтық тарихы.А., 2000. 8.2.29.Малышева М.., Познанский В., Казахи-беженцы от голода в Западной Сибири. 8.2.30.Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М., 1995. 8.2.31.Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті. А., 2002. 8.2.32.Нұрғалымова Г. Шығыс Қазақстанның көне тарихы мен мәдениеті. А., 2002. 8.2.33.Нүрпейсов К. Алашорда. А., 1994. 8.2.34.Нұржекеев Б. Өзендер өрнектелген өлке (ғұндар туралы). А., 1984. 8.2.35.Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. А., 1997. 8.2.36.Омарбеков Т. Зобалаң. А.,1995. 8.2.37.Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы.А., 1999. 8.2.38.Сабыров С. Қазақстан тарихы: тарихи оқиғалар, ұлттық дәстүр. А., 2002. 8.2.39.Сейсенұлы Д. Шежірелі Шыңғыстау. Семей., 2004. 8.2.40.Сиверс И., Фальк И.П., Письма из Сибири.А., 1999. 8.2.41.Сыдыков Е.Б., Русско-казахские отношения. А., 1999. 8.2.42.Сыдыков Е.Б. Казахстан в составе Российской Федерации. 8.2.43.Төреқұлов Н., Қазбеков Ә. Қазақтың би-шешендері. А., 1995. 8.2.44.Тулибаева Ж. Казахстан и Бухарское ханство в ХҮІІІ-первой половине ХІХв. А., 2001. 8.2.45.Толыбеков С. Қазақ шежіресі.А.,1992. 8.2.46.Шәлекенов У. Құм астындағы қала (Баласағұн). А., 1999. 8.2.47.Шонанұлы Т. Жер -тағдыры, ел-тағдыры. А., 1995. 8.2.48.Чокаев М. Туркестан под властью Советов. А.,1993. 8.3. Құжаттар мен материалдар: 8.3.1.Из истории казахов (ХҮІІІ-ХІХғғ және 1916жж.) А., 1999. 8.3.2.История Советского Конституции в декретах и постановлениях Советского правительства (1917-1936гг.) М., 1936. 8.3.3.Қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдары.А.,1996. 8.3.4.Материалы по истории казахских ханств. А., 1969. 8.3.5.Материалы по истории Казахской ханств (1785-1828)7 М.,1940. 8.3.6. Материалы по истории политического строя Казахстана.,А.1960. 8.3.7.Неизвестные страницы истории Семипалатинского Прииртышья (20- 30гг.ХХв.). Семипалатинск. 2002. 8.3.8.Новейшая история Казахстана (сборник документов). А.,1999. 8.3.9.Новые материалы по древней и средневековой истории Казахстана. А., 1999. 8.3.10.Өмірзақов Ө.Ресейге қосылғаннан не ұттық? (зерттеулер, құжаттар). А., 1999. 8.3.11.Образование Казахской АССР. Сборник документов и материалов. А.,1957. 8.3.12.ХҮІ-ХҮІІІғғ. Орыс-қазақ қатынастары.А., 1961. 8.3.13.ХҮІІІ-ХІХғғ. Орыс-қазақ қатынастары.А., 1964. ----------------------- 7.Кәсіби мемлекет құру 6.Инфра- құрылым ды дамыту 5.Энергети ка ресурс- тарын пайдалану 4.Әлеумет тік мәселелер 3.Экономи- калық өсу 2.Ішкі саяси тұрақты-лық 1.Ұлттық қауіпсіз- дікті сақтау «Қазақстан - 2030» (33 жылға арналған) 10 сын-қатер: 1.тарихи уақыттың жеделдеуінен 2.жаһандық демографиядан теңгерімсіздігінен 3. жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер 4. судың тапшылығынан 5. жаһандық энергетикалық қауіпсіздік 6. табиғи ресурстардың сарқылуынан 7. Үшінші индустриялық революция 8. үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық 9. өркениет құндылықтар дағдарысынан 10. жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупі
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz