Файл қосу

Пәлсапалық психология

















                        ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ





        Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы  пәні


                    6М010300 «Педагогика және психология»


                   мамандығының  магистранттарына арналған



                         ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

































                                 Семей  2013


                                   Мазмұны


       1. Глоссарий
       2. Дәрістер
       3. Практикалық сабақтар
       4. Магистранттың өздік жұмысы













































1 ГЛОССАРИЙ
Анимизм –  (латын тілінде-жан, рух)-жан мен рухтың бар  екеніне  мәлім,  дін
элементі.
Антропология – адамның шығу тегі мен эволюциясы  туралы  ғылым.  Жеке  ғылым
ретінде ХІХ ғасырдың ортасында қалыптасты.
Ассоцианизм – екі немесе  одан  да  көп  психикалық  құрылымдарда  туындаған
психологиядағы байланыс. Ассоциация кеңістік, уақытқа, ұқсастық бойынша  деп
бөледі. Терминді 1698 ж. Дж. Локк енгізді.
Ассоциация – бір нәрсені қабылдау барысында екіншінің пайда боуына  әкелетін
психикалық құбылыстар арасындағы байланыс.
Биогенетикалық заң – баланың құрсақта  даму  кезеңдерінің  және  биологиялық
даму кезеңдерінің арасындағы қатынасын  сипаттайтын  заң.  Негізін  Ф.Мюллер
мен Э.Геккел ашқан.
Буддизм – жанды жоққа шығарды.
Буддистер – белгілі бір қабылдау-ол  интелектінің  ықпалымен  бұзылғандықтан
бұл қабылдау емес.
Волюторизм  –   (латынша-ерік)   терминді   1883   жылы   Ф.Тенис   енгізген
философиядағы   еріктік   тұрмыстың   жоғары   принциптерінде   қарастыратын
философиялық бағыт.
Гилозоизм – (грек тілінде-материал, өмір)-материяны жанды  деп  қарастыратын
философиялық  ілім.  Термин  ХVIІ   ғасыр   енді.   Гилозоизм   ерте   ғасыр
философиясына тән.
Гомеостаз   (грек   тілінде-қозғалыссыз,   күй)   –   организмнің    негізгі
физиологиялық фукнциясының тұрақтылығы мен ішкі орта қасиетінің  динамикалық
тұрақтылығы.
Генезис – қалыптасу, пайда болу тарихы.
Генетикалық зерттеу – даму үрдісінде психикалық процесті немесе
Гуманизм – Қайта өрлеу дәуірінде пайда болған мәдени қозғалыс.
Гетерохронды – психикалық үрдістің өз уақытында дамуы туралы ұғым.
Детерменизм   –   психикалық   құбылыстардың   себер-салдарлық    байланысын
түсіндіру.
Даосизм – Қытай діні б.э. д. 1-ші мыңжылдықта пайда болған.
Джайнизм – тән жанның бостандық алмауының көзі деп санады.
Жетекші  әрекет  –  онтогенездің  берілген  кезеңінде   маңызды   психикалық
жаңарудың пайда болуын қамтамасыз ететін іс-әрекет түрі.
Жақын арадағы даму аймағы – ақыл  ой  дамуы  мен  актуальді  даму  аймағының
арасындағы айырмашылық.
Жүйелілік  принципі  –  психикалық  құбылыстарды  талдаудағы  методологиялық
негіз.
Интроспекция  (өзін-өзі  бақылау)  –  адамның  өзінің  ішкі  жан  дүниесінің
психикасын бақылау.
Интроспективті  психология   (ішке  қараймын,  қадағалаймын)  –  субьектінің
өзінің санасы мен мазмұнын қадағалайтын психиканы зерттеудің бір әдісі.
Идентификация  – өзін біреумен немесе бір нәрсемен ұқсастыру.
Интериоризация  –  сыртқы  тәжірибені   меңгеру   арқылы   психиканың   ішкі
әрекеттердің қалыптасуын айтамыз.
Индивидуалды айырмашылық – топтық эксперименттегі сенімсіздіктің негізгі
кездері. Сол арқылы ішкі валидтылық бұзылады.
Логос – ертедегі-грек  философиясының  негізгі  түсінік  терінің  бірі.  Бір
мезгілде «сөз, тіл, мағына, түсінік» дегенді білдіреді. Геркалит енгізген.
Мотив – қажеттілікті өтеуге құштарлықтан туындаған іс-әрекетке түрткі.
Методология  (грек  сөзі)   –   теориялық   және   практикалық   іс-әрекетті
ұйымдастырудың негізгі әдістер жүйесі.
Монизм – (грек тілінде біреу, жалғыз). Монизмге қарама қарсы-дуализм.
Мәдени-тарихи теория – 20-30 жылдары Ресей  пситхологы  Л.С.  Выготский  мен
оның оқушылары; А.Н. Леонтьев және А.Р. Лурия құрастырған концепция.
Меңгеру – индивидтің қоғамдық тарихи тәжірибені қабылдаудың негізгі жолы.
Мнемикалық функциялар – есте сақтау функциялары.
Нейролингвистикалық  бағдарламалау  –    психологияның   жаңа   прогрессивті
бағыты.
Онтогенез   –   балалық   шақ   кезеңінде   индивид   психикасының   негізгі
құрылымдарының қалыптасу үрдісі.
Пән – адам іс-әрекетінің танымдық  үрдісін  бейнелейтін  категория.Практика-
адам іс-тәжірибесін білдіретін әрекет.
Психотерапия – адам санасында психосоматикалық,  жүйкелік,  психикалық  т.б.
ауруларға байланысты емдеудің  комплексті әсер ету арқылы емдеу.
Психиканың дамуы – психикалық үрдістердің белгілі-бір заңдылықтарға  бағынып
өзгеруінің сандық, сапалық және құрылымдық  жаңа  құрылымдарда  бейнеленетін
өзгерістер.
Рекапитуляция теориясы –  балалардың  психикалық  дамуы  мен  биогенетикалық
заңның әсерін қарастырған С. Холл теориясы.  Бұл  теория  бойынша  онтогенез
дегеніміз- филогенездің қысқаша қайталануы екендігін дәлелдейді.
Сана психологиясы – психологиялық  білім  жүйесі,  психика  сананың  негізгі
критерийі.
Стратегия – басқаруды жоспарлау қабілеті.
Сана – психикалық бейнелеудің жоғарғы деңгейі.
Тест – анықталған психологиялық қасиеттің даму деңгейін тез және  объективті
өлшеуге арналған стандарттандырылған тапсырмалар жүйесі.
Теория – ғылыми принциптер жүйесі.
Тәртіп психологиясы (бихевиоризм) – 20 ғ. америкада пайда болған ағым.
Теория – ғылыми принциптер жүйесі.
Фактілер – шындық ,ақиқат, қорытынды дегенді білдіреді; шындығы  дәлелденген
білім.
Феномен – құбылыс дегенді білдіреді.
Фрустрация –  мақсатқа  жету  үрдісінде  қиыншылықтардан  туындаған  адамның
психикалық жағдайы.
Іс-әрекет теориясы – психикалық бейнелеуде индивидтің  құрылысын  анықтайтын
теория.
Этология – жануарлардың мінез-құлқының заңдылықтары  мен  жалпы  биологиялық
негіздері жайлы ғылым.


















      2 ДӘРІСТЕР


      №1 Психологиялық білімнің құрылымдық бейнесі тарихи психология ретінде
      Жоспары:
        1. Психология  пәні  туралы  эволюциялық  түсініктер  психологиялық
           тарих ретінде
        2. Психология тарихының дамуындағы қарама-қайшы бейнелеу  ретiндегi
           бүгiнгi психологиялық мектептердiң әртүрлiлiгi
        3. Адамзат мәдениетiнің жалпы үрдiсiндегi  психологияның  қызметтiк
           қисыны
        4. Психологиялық түсініктердің туындау негіздері


      Психология адам жайлы ең негізгі ғылымдардың бірі.  Оның  пайда  болуы
адамға және оның іс-әрекетіне  деген  қызығушылықпен  шартталған.  Алғашқыда
психология діни наным-сенімдермен,  мифтер,  аңыздармен  байланысты  болған.
Ерте заманда пайда  болып,  ғасырлар  бойы  соқыр  сенім-нанымдармен  кейбір
зиялылардың көзқарастарында насихатталып келген түсініктер  бойынша,  адамда
тәннен тәуелсіз  «жан»  болады,  мәңгі  бақи  жасайтын  жан  адамның  барлық
психикалық тіршілігінің иесі де,  себепшісіде.  Жан  туралы  осындай  жалған
түсініктің болуы алғашқы адамдардың табиғат сырларын дұрыс  түсіне  алмауына
байланысты болды.
      Психология психологияға қатысты және оның салаларына қатысты теориялар
негізін  қарастырады.  Бұл  оның  психология  ғылымындағы  орыны  мен  ролін
айқындайды. Психология бұл жүйенің жалпы теориялық, методологиялық бөлімі.
      Психика ежелгі грек сөзі «жан» деген мағананы білдіреді. Тек қана  жан
емес, сонымен бірге «тұлға» деген мағананы білдіреді.
      Психика – ішкі дүние процестерінің қалыптасуы (сырқы дүниенің моделі).
      Психика – ішкі дүниенің мазмұны және процестердің жандануы.
      Психика – әрекетті ұйымдастыру, жүзеге асыру, басқару процесі.
      Психология мектептері шеңберінде психологияның зерттеу пәні бір  келкі
емес. Карл Юнг бойынша: «Психика,  ғылыми  бақылау  және  бағалау  объектісі
бола отырып, оны бағалауды жүзеге асыратын субъектісі, құралы да болады».
      Аристотель ежелгі жан  туралы  ілімдерді  қарастырып,  жүйеледі.  Оның
«Жан» туралы шығармасы адам психикасын жалпылап көрсеткен теория болды.
      «Психология» термині ХVІ  ғасырдың  аяғында  пайда  болды.  1590  жылы
ГОКЛЕНИУС-тың алғаш «психология» атты кітабы жарық  көрді.  1594  жылы  оның
шәкірті Гасман осы атаумен екінші кітап шығарды.
      Параллелді түрде басқа ғылымдар шеңберінде: философия, дінтану, тарих,
заңтану, экономикада психология жайлы білімдер  жинақталып  жатты.  Көптеген
философтар сонымен қатар психологта болды. Олардың қатарында Френсис  Бэкон,
Джон Локк, Бенедикт Спиноза, Иммануил Кант, Георг Гегель және т.б.
      Олардың кейбіреулері психологиялық жұмыстар жазды:
      Георг Гегель – «Жан феноменологиясы және жан философиясы»;
      Иммануил Кант – «Прагматикалық көзқарастағы антропология»;
      Адам Смит – «Адамгершілік сезімдер теориясы» атты психологиялық тамаша
еңбектер жазды.
      Басқа ойшылдар мысалы, Рене Декарт тек қана  психологиялық  шығармалар
мен  ғана  емес,  сонымен  бірге   психологиялық   даму   жолдарын   анықтау
идеяларымен де танымал болды.
      Рене  Декарттың  әсерінен  психология  Зигмунд  Фрейдке   дейін   сана
психологиясы ретінде дамыды.
      Психологиядағы эмоция теориясының дамуында Бенедикт Спинозаның  еңбегі
де орасан зор. ХІХ ғасырда психология  ғылымы  қарқынды  дами  бастады.  Осы
кезеңде психология бойынша көптеген кітаптар мен құралдар жарық көрді.
      Зерттеудің бірінші бағыты: «Физиологиялық психология»,  екінші  бағыты
«Халықтар психологиясы» атауларына ие болды.
      В.Вундттың еңбектерінің қатарына 1879 жылы Лейпциг қаласында  Әлемдегі
алғашқы психологиялық лабораторияны ашуы жатады. Ол соңынан  ғылыми  зерттеу
институтына айналды. Онда көптеген атақты психологтар, соның  ішінде  атақты
Ресей психологы және психиатры Владимир Михайлович Бехтерев білім алды.  ХІХ
ғасырдың аяғынан бастап психологияда бірнеше  ғылыми  мектептер  пайда  бола
бастады.
      Ең алғаш психологияның пәні мен міндеттерін басқаша қойған психоанализ
немесе  Фрейдизм  болды.  Психоанализ  психологияның   пәні   ретінде   адам
психикасының  санасыздық  механизмдерін  зерттеді.  Фрейдтің  ойынша,адамдар
иррационалды және аморалды күштермен  басқарылады.  Олардың  мінез-құлықтары
ішкі күштермен : инстинкттер, түрткілер, қажеттіліктіліктермен  басқарылады.
Бұл түрткілер санасыз.  Бұлардың  арасында  үнемі  өздігінен  шеше  алмайтын
қақтығыстар  болады.   Адамның   мінез-құлқын   өзгертудің   негізгі   әдісі
психотерапия. Психоанализ тұжырымдамасы  бойынша  адам  кемелденбеген,  азап
шегуші. Фрейдизмнің базасында тереңдетілген психология қалыптасты:
      Альфред Адлер – индивидуалды психология;
      Карл Густав Юнг – аналитикалық психология;
      Эрих Фромм, Карен Хорни – неофрейдизм және т.б.
      ХХ ғасырдың екінші жартысында  тағы  да  бір  психологиялық  мектеп  –
бихевиоризм  –  мінез  –құлық  психологиясы  қалыптасты.  Мектептің  негізін
салушы   Джон   Уотсон   бақылау   және   эксперимент   арқылы   мінез-құлық
заңдылықтарын ашу  мақсатын  қойды.  Адамның  мінез-құлқы  толығымен  сыртқы
ортамен басқарылады деген постулат қойылды. Адамның неге  талпынатынын  және
неден қашқақтайтынын -  осы  сыртқы  орта  белгілейді.  Адам  мінез-құлқының
құрылымы белгілі мөлшерде сыртқы орта құрылымының көшірмесі болып табылады.
      Қазіргі бихевиоризм өкілі Беррис Скинердің  ойынша,  адам  мінез-құлқы
генетикалық қаныққандық, физикалық орта және әлеуметтік ортамен  байланысты.
Адамның ішкі жағдайы терістелмейді  және  мінез-құлықты  талдау  үшін  қажет
екендігі ескеріледі.
      Беррис Скинердің тұжырымдамасы: «Адам қоршаған басқарылады,  бірақ....
орта толығымен адаммен қалыптасады», яғни,  мінез-құлық  өзінің  нәтижесімен
қалыптасады және тұрақталады.
      Егер әрекет нәтижесі адам үшін маңызды болса, ол адамның  мінез-құлқын
басқарады. Әрекет нәтижесінің келесі мінез-құлқына әсер етуі, «нығайту»  деп
аталады.  Адамға  әлеуметтік  орта  әсер  етсе,  әлеуметтік  ортаны  өзгерте
отырып, адамға әсер етуге болады. Қоршаған  ортада  адамға  әсер  ететін  оң
бағыттау көп болуы қажет.
      ХХ  ғасырдың  ортасында  психологияның   үшінші   мектебі   когнитивті
психология қалыптасты. Когнитивті психология психиканы танымдық  операциялар
жүйесі ретінде, ал адамды - ақпаратты өңдеуші субъект ретінде қарастырды.
      Когнитивті психологияның негізін салушылар Фриц Хайдер – танымдық тепе-
теңдік теориясы, Леон Фестигнер  –  когнитивті  диссонанс  теориясы,  Джордж
Брунер –  әлеуметтік  қабылдаудың  перцептивті  болжамдар  теориясы,  Джордж
Келли  –  тұлғалық  конструкттар  концепциясы,  Герман  Виткин  –   тұлғаның
когнитивті стилін зерттеу.
      Психика мен оның дамуының пайда болу  мәселесі,  яғни  генезисі  тығыз
байланысты болады. Сондықтан, психиканың даму үрдісіне деген жалпы  көзқарас
психиканың  пайда  болу  мәселесінің  теориялық  шешімінің  ерекшеліктерімен
сипатталады.
      Бұл мәселені принциптік тұрғыдан бірнеше жолдары бар.  Ой  философиясы
тарихындағы «антропсихизм» деп аталатын бұл  көзқарас  Р.  Декарттың  атымен
байланысты. Оның мағынасы  мынада:  психиканың  пайда  болуы  адамның  пайда
болуымен байланысты, психика тек адамда ғана болады.
      Айтылған мәселені шешетін тағы да бір көзқарас ол психиканы кез-келген
тірі материяның қасиеті емес, жүйке-жүйесі  бар  ағзалар  ғана  таниды.  Бұл
көзқарасты нейропсихизм концепциясы деп атайды.
      Материялистік психология бұл коцепциялардың біреуін де сөзсіз қабылдай
алмайды. Психология ғылымы мүлдем басқа жағдайлардан пайда болып, өз  алдына
психиканың шығу  тегі  туралы  жауап  іздеуге,  өмірдің  бұл  күрделі  түрін
тудыратын шарттарды сипаттауға  тырысады.  Өмірдің  пайда  болуының  негізгі
шарты болып, қоршаған орта мен зат алмасусыз тіршілік ете алмайтын,  ақуызды
күрделі молекулалардың пайда болуы саналатыны белгілі.
      Өмірлік маңызды әсерлерге қатысты  тітіркену  үрдістері,  тітіркенудің
арнайы жоғары түрлерін білдіру және оларды  келесі  ұрпақтарға  бере  отырып
сақтау,  әдітте  өсімдіктер  өмірі  деп  аталған,   өмірдің   даму   кезеңін
сипаттайды. Психикалық бейнелеудің бастапқы түрінде болатын сезімталдық кез-
келген, тіпті өте қарапайым, өміршең денеге тән болатын  тітіркенудің  дамуы
арысында   пайда  болады  деген  жорамалды  А.Н.  Леонтьев   енгізді.   А.Н.
Леонтьевтің  жорамалы  бойынша,  жануарлар,  тікелей  зат  алмасуға   енетін
биологиялық маңызды әсерлерге ғана емес,  өмірге  қажетті  әсерлердің  пайда
болуын білдіретін болса, биологиялық маңызы  жоқ,  «бейтарап»  әсерлерге  де
жауап  қайтарады.  Басқаша  айтқанда,  жануарлар  қоршаған  ортаға  белсенді
бейімделіп, тіршілікке қажетті жағдайларды іздейді және  ортаның  кез-келген
өзгерісіне жауап қайтарады.
      Биотикалық әсерлерге қатысты, сезімталдықтың және  тіршілікке  маңызды
әсерлердің пайда  болуы  мен  олардың  іздерінің  жай  сақталуын  білдіретін
бейтарап  тітіркендіргіштерге  қатысты  тітіркенудің  сипатталған  үрдістері
біржасушалы   жануарлардың   тірлігін   қолдауға   жеткілікті,   бірақ   көп
жасушалыларға ауысқанда олар жеткіліксіз болады.
      Жүйке жүйесінің эволюциясының келесі  кезеңі  жоғары  омыртқасыздарда,
әсіресе, жәндіктерде неғұрлым күрделі  болатын  ганглиозды  жүйке  жүйесінің
пайда болуына әкеледі. Гангилозды жүйке жүйесінің пайда болуы сияқты,  соның
көмегімен мінез-құлықты қалыптастыру  да  тіршілік  эволюциясындағы  маңызды
көтерілісті   білдіреді.   Неғұрлым   қарапайым   омыртқасыздардан,    өткен
кезеңдегімен салыстырғанда, жүйке  жүйесінің  мүлдем  жаңа  принцип  бойынша
ұйымдасқанын байқауға болады.
      Мінез-құлықтың кейінгі  эволюциясы  сыртқы  ортадан  арнайы  ақпаратты
қабылдауға мүмкіндік беретін күрделі рецепция аппараттарының пайда  болуымен
және  ортаның  тұрақты  күрделі   жағдайларына   жануарлардың   бейімделуіне
көмектесетік күрделі бағдарламалардың дамуымен байланысты болады.
      Жәндіктерде күрделі фоторецептормен қатар, арнайы тактильді – химиялық
рецепторлар, дәм сезгіш рецепторлар,  вибрациялық  рецепторлар  болады.  Бұл
рецепторлық аппараттардың  қозулары  жүйке  талшықтарының  бойымен  таралады
және осы серпілістерді  туа  біткен  мінез-құлық  бағдарламаларының  күрделі
жүйесіне аударатын алдыңғы ганглиеға келеді.
      Сонымен,    инстинктивтік    әрекеттердің     бағдарламалары     түрлі
тітіркендіргіштердің көпшілігін  қарастыра  алмайды,  осылайша  жануарлардың
қабылдау  мүмкіншіліктері  шектеледі.  Бұл  жағдайдағы   шындықты   қабылдау
жекелеген әсер етушілерге сезімталдықты, қарапайым сезінуді білдіреді.  А.Н.
Леонтьевтің ұсынысы  бойынша,  психика  дамуының  бұл  кезеңін  жануарлардың
бірқатар түрін қарастыратын қарапайым сенсорлық психика кезеңі деп атайды.
      Адам әрекетінің белгілі бір аймағы «ғылым» деген атаққа ие  болу  үшін
үш негізгі талапқа жауап беруі тиіс:
 - өзінің зерттеу объектісі болу тиіс;
 - өзінің зерттеу объектісі мен методологиясының болуы;
 - өзінің ғылыми қарым-қатынас тілінің болуы;
      ХІХ ғасырдың екінші жартысында жоғарыда аталған жағдаяттар  туды.  Бір
жағынан  сол  кездегі  өмір  сүріп  отырған  ғылымдар  –  физика,  биология,
медицина «жанды» зерттеу мақсатын  түсіндіре  алады.  Жан  немесе  психиканы
түсіндіретін принципиалды, жаңа ғылыми  түсініктің  пайда  болу  қажеттілігі
туды. Қоғамның өзгеруі, өнеркәсіәптің дамуы  да  енді  практикалық  мақсатты
туғызды. Осы құбылыстардың  бәрі  жаңа,  ғылыми  психологияның  пайда  болып
дамуына әсер етті.
      «Психология» термині 1500 жылы Марбург қаласының профессоры  Гокленнус
есімімен байланысты. Келесі бір дерек бойынша  «психология»  терминін  неміс
философы  Ломоносовтың  ұстазы  Христиан  Вольф  1732  жылы   енгізген.   Ол
Афродитаның баласы Эросқа ғашық  болған  гректің  Психея  атты  мифологиялық
әңгімесін пайдаланады.
      Психологияның даму жолы ұзақ болды.
1. Ғылымға дейінгі психология. Бұл кезеңде адам өзін  және  басқа  адамдарды
   әрекет пен қарым-қатынас үрдісінде тікелей танып  білдіреді.  П.  Жаненің
   айтуынша,   «Бұл   халықтың   психологтарға   дейін    өздері    жасайтын
   психологиясы»,- дейді.
2. Пәлсапалық психология. Психология пәлсапалық жүйеде қарастырылады.
3. Ғылыми психология 1860 жылы неміс ғалымы Г.Т. Фехнер өзінің  «Психофизика
   элементтері» деген еңбегін жариялайды. Х.  Вольф  пен  Гальтон  идеяларын
   Фехнер бірінші болып эксперименталды әдіс реттеуде  қолданып,  психикалық
   құбылыстардың зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеуден өткізеді.
4. 1879 жылы Лейпцигте В. Вундт алғашқы  психологиялық  лаборотория  құрады.
   Фехнерге қарағанда Вундттың ғылымға тигізген әсері ол жүйелі  лаборотория
   құрып, ғылыми мектептердің пайда болуына әсерін  тигізді.  Сондықтан,  В.
   Вундт  ғылыми психологияның атасы болып есептеледі.
      2)  А.В.  Лазурский  психологияның  дамуына  үлкен  үлес  қосқан  орыс
психологы.
      Эксперименталды психология –  психологиялық  пәндер  құррылатын  басқа
эксперименталды психология негізін меңгеру психологиялық кез-келген  саласын
түсінуге  қажет.  В.В.  Никандровтың  айтуынша  «эксперимент»   категориясын
әртүрлі авторлар, әр түрлі түсіндіреді.  Дәстүрлі  түрде  экспериментті  тар
мағынада емес  кең  мағынада  түсінуу  керек,  себебі  жаңа  ғылыми  білімді
анықтауға құрылған экспериментті эксперименталды психология қарастырады.
      Ғылыми психология  бос  жерден  пайда  болған  жоқ.  «Ғылымға  дейінгі
кезеңін» алып  қарастырсақ  та,  онда  зерттеулер  жүргізілгенін  көруімізге
болар, мысалы: ІІІ ғасырда б.э. Немеций  көз  3-4  элементті  бір   мезгілде
 бірден  қабылдай алатынын анықтаған.  К.А.  Рамуль  алғашқы  эксперименттер
ХVІ ғасырда жасалған деген деректер  бар  дейді.  Ал  ХVІІІ  ғасырда  бұндай
деректер көптеген кездеседі. Оның айтуынша:
1.  Алғашқы  психологиялық   тәжірибелер   ғылыми   мақсатқа   сәйкес   емес
   кездейсоқтық мінездемеге ие болған.
2. ХVІІІ ғасыр  зерттеушілері  ғана  психологиялық  эксперименттерді  ғылыми
   мақсатқа байланысты жүйелі пайдалана бастады.
      Бұл зерттеулер көбінесе қарапайым көру түйсіктеріне байланысты.
      Алғашқы  психологтар  физиолог  (Вундт,  Бине,  Павлов)  болуы,  кейде
дәрігерлер (Бехтерев) немесе физиктер  (Бугер,  Вебер,  Фехнер,  Гельмгольд)
облды. Олар психологиялық проблемаларды жаратылыстанушы ретінде  қарастырды.
Алғашқы 1860 жылы «Психофизика элементтері»  атты  Г.Т.  Фехнердің  туындысы
эксперименталды  психология  алғашқы  еңбегі   болып   табылады.   Осылайша,
психофизиканы жан мен тән қарым-қатынасының нақты теориясы яғни  дене  әлемі
мен психика әлемі қарым-қатынасы деп қарастырды.
      Алғашқы  ірі  психологиялық   трактат   Вундт   (1873-1874)   трактаты
«физиологиялық психология» деп аталды, алғашқы француз лабораториясы  (1889)
Бонк, кейін Биненің физиологиялық психология лабороториясы деп аталды.
      Осылайша, алғашқы қадамын жеке дара ғылым ретінде  жасауды  психология
әлі де болса өзінің қайнар көзі – физиология мен  физикадан  бөліне  алмады.
В.  Вундт  (1832-1920)  «эмпирикалық»  экспериментке  дейінгі   психологияны
эксперименталды   психологияға   айналдырды.   1879   жылы   пайда    болған
психологиялық  лабороторияда  дүйние  жүзінің  көптеген  психологтары  білім
алды.   Фехнер   Вундтан   бұрын   зерттеу   жұмысын   жүргізгенімен   Вундт
лабораториясында  ғана  алғашқы  психологиялық  мектеп  пайда  болды.  Вундт
объективті бақылауды интроспекция әдісімен үйлестіруді белсенді  пайдаланды.
Объективті бақылау ғана интроспективті әдісті психологиялық эксперимент  деп
атайды. Өзінің  психофизикалық  эксперименттерінде  Фехнер  мына  талаптарды
орындады:
      а) арнайы әзірлеген психофизикалық әдістерді пайдалану; б) қайта-қайта
қайталау  негізінде  эксперименттің   дәлдігіне,   беріктігіне   жету   оның
нәтижесін математикалық әдіспен өңдеу.
      Өзінің  «Ес»  туралы  (1885)   еңбегінде   Эббингауз   эксперименталды
психологиялық мақсатын белгілі бір құбылыстар мен факторлардың  функционалды
байланысын өзін-өзі  бақылау  арқылы  емес,  белгілі  бір  мақсаттарды  шешу
жетістігіне байланысты түсіндіру деп қарастырады.
      Ресейде  психологиялық  дамуы  физиология  саласынан  басталады.  И.М.
Сеченов «Психологияны кім және қалай дамытады?» деген мақала жазады.  «Кім?»
деген сұраққа ол: физиологтар, «қалай» деген сұраққа –  релекстерді  зерттеу
арқылы деп жауап береді. И.П. Павлов Сеченевтің  шәкірті  болмаса  да   оның
 еңбектерінің  әсері  терең  болды. И.П. Павлов (1903)  шартты  рефлекстерді
ашады. Алғашында оны психикалық деп атаған болатын. В.М. Бехтерев 1907  жылы
Санкт-Петербургте Психоневрологиялық институт  құрады.  1910  жылы  Бехтеров
«Объективті  психология»,  ал  1917  жылы  «Адам  рефлексологиясының   жалпы
негіздері» атты  еңбектері  жарық  көрді.  Бехтеров  рефлексология  терминін
еңгізді. Рефлексология – ішкі және  сыртқы  тітіркенгіштерге  жауап  қайтару
реакциясын зерттейтін ғылыми пән.
      Осылайша, Павлов пен Бехтерев Уотсыннан  бұрын  объективті  психология
негізін қалаған. Оны психология деп  атамаса  да  тәртіп  туралы  ғылым  деп
атаған.
      3)  Кез-келген  ғылымның   өзінің   методология   ретінде   анықтайтын
принциптері болады. Эксперименталды психологияның да  өзінің  методологиялық
принциптері бар.
      Детерменизм принциптері.
      Психологиялық құбылыстар организмнің сыртқы  орта  байланысымен  алдын
ала анықталған. Сыртқы ортаның жүйелі  байланыссыз  психика  адекватты  емес
болып жұмыс істей бастайды. Психикалық құбылыстар сыртқы  ортадан  тыс  бола
алмайды.  Механистік  детерменизмнен  айырмашылығы  онда,  себеп   салдардың
алдында болады. Психика ортамен  байланысты  яғни  сыртқы  себептер  әрекеті
ішкі шарттармен жанамаланады.
      Физиологиялық және психикалық бірлік принципі.
      Жүйке жүйесі психикалық процесстердің пайда болуын  қамтамасыз  етеді.
Психикалық құбылыстарды физиологиялық процестермен  бірдей  деп  түсіндіруге
болмайды.   Психикалық   құбылыстардың   психологиялық   модель    құрылысын
физиологияға сілтеме жасамай-ақ зерттеуге болады.
      Сана мен іс-әрекет бірлігі принципі.
      Іс-әрекет жеке бастың ортамен байланыс жүйесін құрайды. Жеке  бас  бұл
жағдайдан тыс өмір сүре алмайды. Бұл жүйе саналы және  мақсатты  түрде  жеке
басты қалыптастырады.
      Даму принципі. (тарихи принцип, генетикалық принцип).
      Даму материяның қасиеті болып табылады.  Ми  –  жүйке  жүйесінің  ұзақ
тарихи даму нәтижесі. Психика – тарихи және әлеуметтік-экономикалық  шарттар
негізінде  қалыптасты.  Даму  принципі  құбылыстарды   үздіксіз   қозғалыста
қарастырады.
      Объективтілік принципі.
      Объективтілік  принципінің   мазмұны   объектіні   тануда   субъектіге
тәуелсіздіген мойындау.
      Құрылыстық принцип.
      Б.Б. Коссовтың айтуынша  “кез-келген  психикалық  құбылыстар  біртұтас
жүйелі процесс ретінде қарастырылуы тиіс. Субъекті мен ортаның байланысы іс-
әрекетте көрінеді”. Кез-келген құбылыс біртұтас, жүйе  ретінде  түсіндірілсе
онда оның өзінің бірнеше құрылысқа біріккен  әлеуметтері  болып,  байланыста
болады.  Кез-келген  біртұтас  құрылысты  жүйелі  құрылыстық  анализ  арқылы
қарастырады.
      4) К. Хольцкамп эксперименталды деректер мен  теориялық  түсініктердің
жаңа теорияның пайда болуына тигізетін әсерінің ара қатынасын  талдайды.  К.
Хольцкамптың айтуынша, “қазір және осында” атты  формада  деректерді  талдау
қажет.
      Бағыттаушы теориясыз ғалымдар бағытқа ие баға алмайды. Олар  әр  түрлі
деректерді жинаумен ғана шектеледі. Ч. Дарвин: “Теориясыз  бақылаудың  болуы
мүмкін емес”, деген.
      Біздің теория пайдалы болады егер ол:
1. Көптеген бақылауды нәтижелі ұйымдастырса.
2. Анық болжамдарды теориялық тексеру немесе  практикалық  тапсырма  кезінде
   қолданылса.
      К.  Хольцкамп  эксперименттердің   төрт   “формалды   басымдылықтарын”
ажыратады:
1. “Эксперименталды болжауды” теориялық негізде қалыптастыру,  экспериментті
   жоспарлау.
2. Экспериментті ұйымдастыру және өткізу.
3.   Эксперименттің   экологиялығын   бағалау    (эксперимент    жағдаятының
   зерттелінетін шындыққа сәйкестік деңгейі).
4. Эксперименталды нәтиженің теориядан ауытқуын бағалау.
      Б.Г.  Ананьев  эксперименттің  рөлін  психологиялық  зерттеуде  ерекше
екенін атап көрсетеді.
      В.Н. Дружинин психикалық регуляция деңгейлік пен эмпирикалық суреттеме
әдістерінің байланысын қарастырып, мынандай деңгейлерге бөледі:
 - физиологиялық деңгей
 - психофизикалық
 - сенсорлы-прецептивті процесс
 - психиканың интегративті деңгейі (ойлау, мотивация)
 - жеке бас.

      Өз білімін тексеруге арналған сұрақтар:
        1. Психология  пәні  туралы  эволюциялық  түсініктер  психологиялық
           тарих ретінде
        2. Психология тарихының дамуындағы қарама-қайшы бейнелеу  ретiндегi
           бүгiнгi психологиялық мектептердiң әртүрлiлiгiн атап беріңіздер
        3. Адамзат мәдениетiнің жалпы үрдiсiндегi  психологияның  қызметтiк
           қисыны қандай
        4. Психологиялық түсініктердің туындау негіздерінің себептері


      №2 Психология тарихындағы ғылыми таным әдістеріне талаптар  және  оның
таралуы
      Жоспары:
        1. Психологиядағы жаратылыстану – ғылымының әдіснамасындағы алғашқы
           дағдарыс ретіндегі интроспективті психологиялық дағдарыс  туралы
           түсінік
        2. Санадағы табиғилық тәсілді сынау және ақиқат мәселесі
        3. Пәнді зерттеу және обьектіні моделдеу мәселесі
      Ғылым алдымен зертеу болып табылады, сондықтан ғылымның пәнін анықтау,
оның сипаттамасын жоққа шығармайды, оған оның әдістерін  анықтау  да  енеді.
Әдістер – ғылым пәнін таныстыратын  тәсілдер.  Психология  –  жеке  әдістері
немесе әдістемелері бар бітұтас жүйе. Ғылым  әдістері  заңдылықтарды  вшвды,
бірақ олардың өздері ғылым пәнінің негізгі заңдылықтарына сүйенеді.
      Психология  жеке  ғылым  ретінде  қалыптасқаннан  бері   психологияның
эмпирикалық әдістерінің тобы негізгі болып саналады. Эмпирикалық әдіс  өзіне
бақылау және өзін-өзі бақылау, эксперименталдық әдістерін енгізеді.
      Бақылаудың психологияда екі  негізгі  түрі  болады:  өзін-өзі  бақылау
немесе инторспекциялық және сыртқы,  немесе  объективтік  бақылау.  Дәстүрлі
инторспекциялық психология өзін-өзі бақылауды психологиядағы  жалғыз  немесе
негізгі әдіс деп есептейді. Бұл  психиканы  өзіне  тұйықталған  ішкі  әлемге
айналдыратын жалпы принципінің  зерттеу  әдістерінде  қолданумен  байланысты
болады.
      Өзін-өзі бақылау арқылы өз психикасын тану, қалау да  болмасын  сыртқы
әрекеттің бақылауы арқылы, жүзеге  асырылады.  Сонымен,  өзін-өзі  бақылауды
психологиялық танымның негізі немесе жалғыз әдісіне айналдыру орынсыз  болып
табылады.
      Эксперимент -  себеп-салдар  байланыстарын  қалыптастыру  мақсатындағы
зерттеу әрекеті. Оның мәні мынады: зерттелетін құбылысты өзі  тудырады  және
оған белсенді ықпал етеді; эксперимент жасаушы құбылыс  жағдайларын  өзгерте
алады;  эксперимент  нәтижелерді  бірнеше  рет  шығара  алады;   эксперимент
математикалық формулалар арқылы белгіленетін санды заңдылықтарды орнатады.
      Эксперимент  психология  әдісі  ретінде  психофизика  мен   психология
саласында пайда болып, психологияда кең таралды.  Эксперименттің  қолданылуы
қарапайым түйсік үрдістерінен бастап  жоғарғы  психикалық  үрдістерге  дейін
таралады.
      Әңгімелесу әдісі зерттелінетін мәселені  толықтыру  үшін  қолданылатын
қосымша  амал.  Әңгімелесу  зерттеу  міндеттеріне  байланысты  жобалы  түрде
ұйымдастырылуы қажет. Әңгімелесуде қойылатын сауалдар, зерттелетін  үрдістің
сапалық  ерекшеліктерін  анықтауға  бағытталған  тапсырмалар  түрінде  болуы
мүмкін. Алайда мұндай  тапсырмалар  неғұрлым  табиғи,  әрі  стандартты  емес
болуы қажет. Әңгімелесу жобалы бола тұрып,  стандартты  сипатта  болмай,  ол
әрқашанда неғұрлым идеялы болып, басқа объективті әдістермен үйлесуі  керек.

      Сауалнаманың  мақсаты  сыналушылардың  объективтік  және  субъективтік
айғақтар туралы ақпарат алу. Психологиялық зерттеулерге қойылатын  сауалнама
әдістері екі негізгі түрге бөлінеді: бетпе-бет сауалнама алу –  белгілі  бір
жоба бойынша зерттелуші жүргізетін сұхбат; сырттай сауалнама  -  өз  бетінше
арналған  анкеталар.  Ауызша  сауалнама   алу   психологиялық   зерттеулерде
дәстүрлі қолданылатын әдіс болып саналады.
      Тест деген ағылшын сөзі сынақ деген  мағынаны  білдіреді.  Бұл  ұғымды
америкендық ғалым Дж. Кэттел өткен ғасырдың аяғында  енгізді.  А.  Бине  мен
Т.Симонмен бірге балалардың  ақыл-ойының  дамуын  анықтау  үшін  өз  жүйесін
жасаған кезден бастап тестілер тәжірибелік  мағынаға  ие  болып  кең  тарала
бастады. Тест әдісі бастапқыда бірқатар теріс көзқарастар  туғызды.  Олардың
біреуінің мәні мынада: егер екі адам бірдей тестіні шешссе  немесе  шешпесе,
онда бұл айғақтың психологиялық мәні әртүрлі болуы мүмкін – бірдей  жетістік
әртүрлі психологиялық жетістік-  түрлі  психологиялық  үрдістер  салаларынан
болуы мүмкін.
      Тесттің диагностикалық құндылығы  ғылыми  эксперимент  деңгейіне  және
құндылығы  ғылыми  эксперимент   деңгейіне   және   психологиялық   айғақтың
растығына байланысты болады.  Жеткілікті  негізделмеген  және  тексерілмеген
психологиялық тестілер педагогикалық тәжірибені шығынға ұшырататын  маңыздық
 қателіктердің себебі болуы мүмкін.




      Өз білімін тексеруге арналған сұрақтар:
        1. Психологиядағы жаратылыстану – ғылымының әдіснамасындағы алғашқы
           дағдарыс ретінде
        2. Санадағы табиғилық тәсілді сынау және ақиқат мәселесілелері
        3. Пәнді зерттеу және обьектіні моделдеу мәселесі қандай


      №3 Эксперимент және ғылыми психологияның қалыптасуы
      Жоспары:
        1. Жаратылыстанудағы эксперимент және заңдылық
        2. Зертханалық эксперименттегі өзі-өзі бақылау және психотехникалық
           жұмыстар. Өзін-өзі бақылау және «ішкі қабылдау» (Вундт)
        3. Эксперимент  ретінде  психологияда  өзін-өзі  бақылауды  қолдану
           жағдайы
        4. Өзін-өзі бақылау және интроспекция (Титченер)


      1. Корреляциялық зерттеу біріне бірі бағынбайтын өлшемдер зерттеушілер
тобына  бөлінеді.   Корреляциялық   зерттеу   жоспары   квазиэксперименталды
жоспардың түрі болып есептеледі.  Тест  өтетін  топтар  эквивалентті  шартта
болуы  қажет.  Зерттеу  жұмыстарының   практикасында   параметрдің   уақытша
корреляциясын анықтайды.
      Бұндай зерттеудің үлгісі болып лонгитюд зерттелуі есептеледі.
      Лонгитюдті зерттеу – ол уақы  таралық  вариант.  Квазиэксперимент  пен
корреляциялық зерттеулер бағынышты жеке анықтау қажет.
      Корреляциялық  жоспар  зерттелуі  параллелепипед  ретінде,   әр   шеті
зерттелуші, операция, уақытша этапы болып есептеледі.
      Негізгі коррелляциялық зерттеулердің түрлерін анықтауға болады.
   1. Екі топты салыстыру.
      Бұл жоспарды  шартты  түрде  корреляциялық  зерттеуге  жатқызады.  Бұл
зерттеу екі табиғи топтың психологиялық  қасиетін  анықтау  үшін  қолданады.
Мысалы,  ер  адам  мен  әйел  адам  арасында  экстроверсиялық  айырмашылығын
анықтау. Ол үшін  екі  репризентті  таңдау  жасап,  ЕРА  тест  арқылы  өлшеу
өткізуіміз керек. 2 топтың орта нәтижесі Стюдент   t-  критеримен  салыстыру
керек. Керек  жағдайда  дисперсия  көрсеткіші  мен  экстраверсия  критерииін
салыстырады. 2 топты салыстыру артефакт қатарын корреляциялық  зерттеулеріне
қатысты. Біріншіден, топтың таңдап алған критериіне бөлінеді.
   1. Тізбектелген эфектті нәтижесі екі факторлық анализбен 2х2 өтеді.
   2. Бір топты әр түрлі кезде зерттеу. Бұл жоспар  алдыңғыға  ұқсас.  Бірақ
      мағынасына қарай экспериментке жақын. Мысал ретінде бала бақшадан 1-ші
      сыныпқа баратын баланың көңіл күйі, топ біреу болса да өтетін  жағдайы
      әр түрлі. Бұл жоспардың схемасы өте жай. А ОI В О2- А мен В  әр  түрлі
      жағдай.
   3. Эквиэлементті топтардың жұптап  корреляциялық  зерттелуі.  Бұл  жоспар
      егіздерді  зерттеуді  қолданады.  Егіздер  екі   топқа   бөлінеді   де
      егіздердің психикалық параметрлары өлшенеді.  Параметр  10  корреляция
      және егіздер арасындағы Р корреляция есептеледі.
   4. Көп өлшемді корреляциялық зерттеу. Топ алынып тестер беріледі.
      Осы  уақытта  негізгі  артефакт  пайда  болады  тізбектелген,   үйрену
эффектілері.
   5. Структуралық корреляциялық зерттеу.
      Зерттеуші маңызды корреляцияның айырмашылығын көрсете білу қажет.
   6. Лонгитюдты корреляция зерттеулері. Бұл зерттеу  уақытша  тест  топтары
      мен  әртүрлі  мезгілде  құрылады.  Зерттелушілердің  барлығын   бірдей
      тексерудің  мүмкіндігінің  жоқтығы,  біраз  уақыттан  кейін  тексеруге
      болады. Корреляциялық зерттеудің негізі зерттелушілер х тестілер.  Бұл
      зерттеу   статистикалық   мағынасының   бір   бірінен   бағыныштылығын
      көрсетеді.
   2.   Кроссмәдени   зерттеулер   топтардың   салыстыру   болып   табылады.
      Психогенетика  сақталған  жерде  кроссмәдени   психология   басталады.
      Психологиялық зерттеудің нәтижесі  болып  белгілі  генотиптің  косылуы
      болады.
      Әрбір зерттеудің гипотезасы  психиканың  қасиетіне  жақындауға  қажет.
Кроссмәдени  зерттеулердің  гипотезалары  мәдени  факторлар  мен  психикалық
ерекшеліктерінің арасындағы себеп салдар қатынастарды көрсетеді.
      Психикалық ерекшеліктер халықтың  мәдиниетінің  мінезіне  әсер  етеді.
Осындай гипотезалар интелектуаллды, темпераментті психикалық  ерекшеліктерге
қатыстыруға болады. Биофизикалық факторлар да жеке психикалық  айырмашылыққа
әсерін тигізеді. Бұл  зерттеулер  парадигма  шеңберінде.  «Мәдениет-  себеп»
психикалық   ерекшеліктер   оның   соны.Эксперимент   жүргізушісі   мәдениет
факторларымен басқара алмайды.  Сондықтан  «Мәдениет-психика»  ерекшеліктері
арасында әдістік негізде байланыс жоқ деп есептеуге болады.
      Жалпылау  зерттеу  нәтижесінің  ауысуына  байланысты  бұл   зерттеулер
теорияға сүйенеді, олар универсалды гипотезаларды  толықтыруға  қолданылады.
Мәдени және психикалық өзгерістерде гипотезалар тексереді.
      Бірақ  психологиялық  айырмашылық   зерттеулерде   кездеседі.   Мәдени
факторлар жоспарлау кезенде  еске  алынбайды,  тек  алынған  интерпретацияға
қосылады. Кез келген психологиялық өлшеуіш әдістеме мәдениеттің іс  әрекетті
бола алады.
      Зерттеушінің ең алғашқы мақсаты әдістеменің маңызды жоғарғымен жеткізе
білу.
      Корреляциялық зерттеу теориясы Пирсон ойлап топқан  корреляциялық  деп
аталу себебі бұл зерттеуде  екі  немесе  бірнеше  статистикалық  байланыстың
бекітумен теріске шығару гипотезасы зерттеледі.
      Екі ауыспалы корреляцияның  болуы  гипотезаны  шығаруды  ұйғарады.  Ал
корреляцияның жоқ болғандығы  себеп  салдар  ауыспалы  байланыс  гипотезасын
жоққа әкеледі.
      Екі  өлшем  арасындағы  корреляциялық  байланысын  ажырататын  бірнеше
интерпретация болады.
      3. Психология  ғылымының әдісін жоспарлауда зерттеудің  4  облысы  бар
деп есептеледі. Бірінші облысы көп өлшемді эксперимент.
      Бұл зерттеу дәстүрлі схемалардың  қортындысы  ретінде  көрсетеді.  Жай
эксперимент кезінде бір ауыспалы тәуелсіз емес эксперимент екінші  тәуелдіге
әсерін тигізеді. Көп өлшемді эксперимент m x n схемасына сәйкес мұнда   m  –
тәуелсіз ауыспалы саны, n – тәуелді ауыспалы саны
      2  тәуелді,  х  тәуелсіз  ауыпалы   қолдануы   байланысын   көрсетеді.
Психикалық көп өлшемді  эксперимент  өте  қиын  және  автоматты  жоспарлауды
қажет етеді және компьютерде бағдарлама нәтижесін  көрсету керек.
      Екінші   зерттеу   облысы   болып   жеке   психологиялық   эксперимент
дифференциалды психологиядағы эксперимент болады.
      Бұл  эксперименттің  мақсаты  бір  қалыптағы   ситуациядағы   жекелеме
айырмашылығын көрсету. Көп өлшемді зерттеу негізі  гипотезасы  болып  шартты
ой ретінде шығады.
      Дифференциалды психологиялық эксперимент  деген  ол  қосымша  ауыспалы
негізі болады, іс әрекеттің детерминанты жеке адамды зерттеу.  Статистикалық
көрсеткіш  болып  бұл  зерттеуде  орталық  тенденция,  ол   көрсеткіштерінің
мағынасы тәуілсіз ауыспалы.
      Дифференциалды  психологиялық   зерттеу   тағы   бір   эксперименталды
психологияның тармағы.
      Үшінші  облысы  болып  кроссмәдени  зерттеулер  жатады.  Бұл   зерттеу
индивитің  іс  -әрекетін  салыстыруға  пайдалану  үшін  өткізіледі.   Табиғи
дамудың  факторлары  мен  фоны  (тарихи)  бұл  зерттеуде  тәуелсіз  ауыспалы
болады.  Мағынасына  қарай  эксперимент  сауалнамалары  болады.   Әр   түрлі
мәдениеттің  маңызды  өте  зор  психикалық   дамудың   ерекшеліктері   болып
экспериментталды психология табылады. Төртінші  бөлігі  болып  психогенетика
болады.   Психологияда   осы   термин   мынадай    ұғымдарды    түсіндіреді:
Социоэкономикалық, мәдени және әлеуметтік психологиялық шарт  коррелляциялық
зерттеулерде барлық өлшемдер  ауыспалы  тәуелсіз.  Корреляциялық  зерттеулер
өлшеулер ретінде бірінен бірі  тәуелсіз зерттеулер тобына жатады.
      Эксперименттің  нәтижесіне  білім  деңгейі,  кіріс,  нәсілділігі  әсер
етеді.    Проблеманың    шешілуі     зерттеудің     жоспарынан,     талаптың
репрезентантығына байланысты.
      2. Зерттеу жағдайы. Психологиялық  зерттеуде  зерттеушінің  іс  әрекет
жағдайы, тапсырманың ерекшеліктері маңызды орын алады. Эксперимент  нәтижесі
болып зерттелушінің психофизикалық зерттелуі әсер етеді.
      3.  Зерттеуші.  Психология  басқа  ғылымдарға  қарағанда  зерттеушінің
мінезін, білімділігін шығарып  тастай  алмайды.  «Екінші  жасырын  тәжірибе»
зерттеушінің зерттеуінің нәтижесін бақылауға рұқсат етеді. Ал толық  бақылау
зерттеушінің жеке ерекшеліктерне  мына  факторлы  жоспарға  қосымша  ретінде
зерттеушінің  жынысы,  ұлтына,   жасына,   жеке-психологиялық   ерекшелігіне
байланысты.
      Қорытындылай келе, зерттеуші  гипотезаға  байланысты  2  қате  жіберуі
мүмкін:
   1) жасалған эксперименталды гипотезаны қабылдау
   2) дұрыс гипотезаны теріске шығару.
      Зерттеушіні зерттеу нәтижесін қорытындылаған кезде қауіп тосып тұрады.
   1) Таңдау ерекшіліктері
   2) Эксперименттің маңызы
   3) Зерттеушінің жеке тұлғасы
      Зерттеудің екі стратегиясы болуы мүмкін:
   1) генерализацияның шеңберін азайту
   2) индуктивті жол таңдау
      Эксперимент-сын мен идеяларды жинақтауда жақсы әдіс.
      2. Әр зерттеу жұмысы болып ғылым қоғам қабылданған нәтиже  есептеледі.
Өңдеу   формаларының   нәтижесін   негізі   екі   формаға   бөлуге   болады:
квалификациялық және ғылыми-зерттеу.
      Квалификациялық жұмыс- курстық, дипломдық жұмыс, диссертация т.б.  -өз
жұмысын көрсеткен зерттеушінің алған құжатты еңбегінің жемісі.
      Ғылыми- нәтиже беретін жұмыстарды 3 түрге бөлуге болады.
   1) Ауызша мазмұндама
   2) Публикация
   3) Компьютерлік нұсқаулар.
      Бұлардың барлығы  мәтіндік,  символикалық  және  графикалық  ақпаратқа
жатады.  Сондықтан  ғылыми  жұмыстардың  нәтижесін  көрсету  үшін,  берілген
жазудың әдістемелік мінездемесін бастау керек.
      Ақпараттың мына түрлерін  белгілеуге  болады:  вербалды  түрі  (мәтін,
сөйлеу);   символикалық   (белгілер,   формалар);   графикалық    (схемалар,
графиктер); зат-бейнелік   (макеттер, модельдер, фильмдер т.б.).
      Адамдар қоғамында ақпарат берудің негізгі құрамы сөз  болып  табылады.
Сондықтан  кез-келген  ғылыми  хабарлама-бұл  белгілі  бір   ереже   бойынша
ұйымдастырылған мәтін.
      Мәтін түрлерін екіге бөледі:  табиғи,  және  ғылыми  тіл.  Бірақ,  бұл
тілдерді бір-бірінен айыруға болмайды,  ғылыми  тіл  күнделікті  тілмен,  ал
табиғи тіл ғылыми тілмен араласып тұрады. Табиғи тілге қарағанда ғылыми  тіл
біржақты маңызы болады.
      Психологияда ғылыми терминдер  мен  күнделікті  терминология  арасында
жіңішке  бөлек  болады.  Ғылыми  мәтінге  қойылатын  талап;ол  мазмұндалудың
логикалық ойы  және  мағыналығы.  Ғылыми  мәтін  әдебиет  мәтінінен  тұрақты
құрылым және  сөзтәркестерінен  қолданылады.  Айтылудың  негізігі  логикалық
формалары болады:
   1) Индуктивті- эмпирикалық материалды жинақтайды;
   2) дедуктивті-жалпыдан жекеге логикалық қорытынды немесе алгоритмді жазу.
   3) аналогия-«трансдукция»
   4) түсіндірме немесе комментарий- «аударма», бір мәтіннің мазмұнын  басқа
      мәтін құру арқылы ашу.
      Келесі қорытындыны суреттеу формасы-геометриялық.  Геометриялық  жазу-
көрнекі, ол мәтінді толықтырып, түсіндіреді.
      Психологияда ғылыми ақпараттың бірнеше  негізгі  графикалық  формалары
қолданылады:   топологиялық   және   метрикалық   мінездемелерге   сүйенеді.
Ақпаратты таратудағы негізгі әдісте топологиялық  мінездеме  қолданылады-бұл
графалар.  Графа  көптеген  нүктелерден  тұрады,  бұл  нүктелер  бір-бірімен
сызықты қосылады.  Графалар  психологиялық  зерттеулерде  нәтижені  жазғанда
кездеседі.
      Ориенталды графалар жүйелерді  жазған  уақытта  кездеседі.  Ориенталды
емес  графалар  коррекциялық  байланыста   қолданылады.   Графалармен   қоса
графикалық   жазулар   да   кездеседі,   диаграмма,   гистограмма,   әртүрлі
графикалар.
      Гистограмма-«бағанды» диаграмма, координата жүйесі.  Бұл  психологияда
зерттеуші әр түрлі сапалы ерекшеліктерімен бар зерттеушілерді алуға  болады.
Шартты түрде графиктер мазмұнына қарай екі түрге бөлінеді.
   1) параметрдің өзгеруі
   2) тәуелді және тәуелсіз байланысы
      График салудағы бірнеше кеңестер бар.
      Л.В. Куликов жаңадан зерттеу бастағандарға мынадай кеңестер береді:
      1. График және мәтін бір-бірімен толықтырылуы керек.
      2. График түсінікті болуы қажет
      3. Бір графикте төрт қисықтан көбірек салу рұқсат етілмейді.
      4.  Параметрдің  мағыналығын  графиканың   сызығында   көрсете   білу,
маңыздысын санмен белгілеу керек.
      5. Осьтағы жазуды жоғарыда және сол жақта жазу керек.
      6.  Сызықтағы  нүктелерді   дөңгелектермен,   квадрат,   үшбұрыштармен
белгілеу керек. Ғылыми жұмыстың нәтижесі болып сан мағынасы келеді:
   1) орталық тенденцияның көрсеткіші
   2) абсолюттік жиілік
   3) жан-жаққа шашу көрсеткіші
   4) критерий мағынасы
   5) линейлік байланыстың коэффициенті.
      Алғашқы  нәтижелер  кестенің  суреті  жазу  жолы-зерттелетін   бағана-
параметрлердің  өлшеуіш  мағынасы.  Математикалық   статистикалық   нәтижесі
кестеде көрінеді.
      Қазіргі кезде зерттеушілер  жаңа  математикалық  аппараттардың  барлық
түрімен жұмыс жасайды.
      3. Зерттеу жүргізу шешімі әрбір психологтың  психологиялық  ғылым  мен
адамның   туғызуда   өз   үлесін   қосуына   бағытталуы    тиіс.    Психолог
жауапкершілікпен адамның  мүмкіндіктеріне  қажетті  энергияны  қайдан  алуға
болатынын әртүрлі бағыттарды қарастырады.
      Зерттеу  жүргізу  туралы  шешімді  қабылдай  отырып,  психолог  өзінің
ойларын  жүзеге  асыру  үшін,  адамдармен  дұрыс   қарым-қатынаста,   оларға
қамқоршы бола білуі керек.
      1. Тәжірибені жоспарлар алдында зерттеуші зерттеу принциптеріне сүйене
отырып, оның этикалық жарамдылығына, дәл құрастырылуына жауап  береді.  Егер
осы  бағалауға  сүйенсе,  ғылыми  және  адамдық   қасиеттерді,   таразыласа,
зерттеуші  принциптерден  бас   тартуды   ұсынады,   ал   қосымша   этикалық
ұсыныстарды талдау бойынша өзіне жауапты  міндеттеме  алады  және  зерттеуге
қатысушылардың құқығын қорғауда басқа шара қабылдайды.
      2. Әр зерттеуге әрқашанда жарамды этикалық  зерттеулердің  орнауы  мен
көтермелеу   жауапкершілігі   жатады.    Зерттеуші    сондай-ақ    қатысатын
әріптестерімен,  ассистенттері  студенттер  және  т.б.  қызметкерлерінің  де
этикалық қарым-қатынас жасауына жауап береді,
      3.  Этика  зерттеушінің  зерттеушіні  эксперименттің  барлық   жағынан
хабарлар етуін, зерттеудің сұрақтарына толықтай жауап беруін талап етеді
      4. Зерттеуші мен зерттелушінің қарым-қатынасындағы әділдік пен  шындық
өте маңызды.
      Егер де зерттеу әдісінде өтірік айту   қажет  болса,  онда   зерттеуші
зерттеулушіге   олардың   қарым-қатынасын   орнатуда   мұндай   іс-әрекеттің
себептерін түсіндіру қажет.
      5. Этика, егер клиент зерттеу үрдісін кез-келген   уақытта  тоқтатқысы
келсе, онда зерттеуші оның құқығына құрметпен қарауын талап етеді.
      Осы құқықты қорғау міндеттілігі ерекше қырағылықты талап етеді.
      6.  Этикалық  зерттеулер  зерттеуші  мен   экспериментке   қатысушылар
арасындағы  екі  жақтағы   жаупкершілікті   түсіндіретін   әділ   келісімнен
басталады.
      Зерттеуші осы келісімге кірген барлық серттерді есепке алуға міндетті.
      7.  Этикалық  зерттеу  өзінің   клиенттерін   әртүрлі   қауіптер   мен
қолайсыздықтардан  қорғайды.  Егер  қауіп  төніп   тұрса,   онда   зерттеуші
зерттелушіге хабар беріп, қауіпсіздік шарасын қолдануы қажет.
      8.  Этикалық   жұмыста   зерттеушіден   экспериментке   барлық   қажет
мәліметтердің не үшін қажет екендігін сыналушыға  түсіндіруді  талап  етеді.
Егер  ақпарат  ұрланса,  онда  зерттеуші  өзінің  клиентінің   қолайсыздықта
болмауы үшін жауап береді.
      9. Егер зерттеу үрдісі қатысушы үшін  зардап  әкелсе,  онда  зерттеуші
мұндай қорытындылардағы кедергілерді жоюға жауап береді.
      10. Зерттеу барысында алынған ақпарат құпия болып табылады.
      Зерттеудің эмпирикалық бөлігінде алынған мәліметтерді өңдеу нәтижелері
өз бетінше  ешқандай  құндылықты  көрсетпейді.  Осы  мәліметтерді  қорытынды
теориялық  концепциялар  шеңберінде  интерпретациялау  істелінген   жұмыстың
мәнін үстемелейді.
      Интерпретация зерттелетін обьектіні суреттеу негізінде жасалады. Өңдеу
кезінде алдын-ала сипаттама беріледі. Ары  қарай  интерпретация  зерттелетін
құбылысты  кәдімгі  тілде,  қажет  болған  жағдайда  арнаулы  терминологияны
қолданып суреттеуден басталады.
      Мәліметтерді өңдеу зерттелетін обьектіге байланысты кейбір  фактілерді
белгілеуге ғана мүмкіндік береді. Сипаттама обьект туралы жалпы  тұрақталған
түсінік береді.
      Интерпретация деп екі процедураны түсінеді: түсіндіру және жалпылау .
      Түсіндірудің мағынасы-обьект мәнін анықтау.
      Түсіндірудің  мынадай  түрлері  бар:   субстанционалды,   атрибутивті,
генетикалық және құрылымдық.
      Субстанционалды   түсіндіру   обьектімен   заңды   түрде   байланысқан
субстратты  ашудан  тұрады.  Психологияда   бұл   психиканың   физиологиялық
негізіне, оның материалды  субстраты-  жүйке  жүйесіне  нұсқау  арқылы  іске
асырылады.
      Атрибутивті   түсіндіру   обьектінің   оның    атрибуттарымен    заңды
байланыстарын ашады, яғни обьект мәнін оның қасиеттері (атрибуттары)  арқылы
түсіндіру болады.
      Генетикалық (себепті) түсіндіру обьектінің алдыңғы күйіне көңіл аудару
арқылы жүзеге асады: себеп-өткен уақытта, салдар- қазіргі уақытта.
      Контргенетикалық (салдарлы)  түсіндіру  обьектінің  алдыңғы  күйлеріне
шағымданады.  Қазіргі  уақыттағы  салдарды  біле  отырып,  өткен  уақытттағы
себепті түсіндіру  мүмкін болады.
      Құрылымдық түсіндіру обьектінің құрылымын (оның элементтерінің  құрамы
мен олардың байланыстарын) құру  арқылы  немесе  обьектінің  неғұрлым  жалпы
сыртқы құрылымға енуін анықтау арқылы жүзеге асырылады.
      Түсіндірудің келтірілген түрлері кешенді түрде  (аралас  түсіндірулер)
жиі қолданылады.
      Түсіндірудің   түрлеріне   сәйкес   генетикалық,    құрылымдық    және
интерпретациялық әдістерді анықтауға болады.
      Ж. Пиаже түсіндіруді психологияға екі негізгі тип бойынша енгізді:
1.  Редукционизм-  жеңілдететін  түсіндірулер.  Психологиялық   редукционизм
   психология  көлемінде  күрделіні  қарапайымға  келтіруден,  психологиялық
   құбылыстардың кейбір жиынын  тіпті  осы  құбылыстарды  түрлендіру  немесе
   дамыту барысында өзгермейтін бір себептік принциппен түсіндіруден тұрады.
2.  Конструктивизм-  редукционистік  түсіндірулерді  толықтыратын  түсіндіру
   модельдерін  құру.  Тірісіндегі  модельдердің,  туғаннан  пайда   болатын
   тәжірибелердің модельдері, абстрактілі модельдер дараланады.
      Жалпылау деп обьектілер (құбылыстар) тобы үшін олардың маңызды сапалық
сипаттамаларын  анықтайтын  неғұрлым   маңызды   ерекшеліктерін   айқындауды
айтады.  Жеке обьектілер үшін ерекше қасиеттер алынып  тасталынады.  Процесс
индуктивті- жекеден жалпыға. Статистика тілінде –  бұл  нәтижені  іріктеуден
тұтас жалпы жиынтыққа тасымалдау.
      Жағдайды жалпылау- нәтижелерді хал-ахуалдардың неғұрлым кең  шеңберіне
тасымалдау.
      Жауаптарды жалпылау- әр түрлі  реакцияларды  оларды  біріктіретін  бір
категорияға жинақтау.
      Жеке  адам  деңгейінде  жалпылау-   іріктеменің   репрезентативтілігін
мойындау.
      Қарым-қатынасты жалпылау- айнымалылар арасындағы байланыстарды іргелік
құбылыстар  мойындағанға  дейін  бейнелеудің   әртүрлі   деңгейлері   арқылы
байланыстың бар болу фактін құрғаннан байланыс деңгейінің жоғарылауы.
      Нәтижелерді интерпретациялау қандай да  бір  аралық  шешімдер  жасауға
мүмкіндік береді . Олардың негізінде соңғы шешім  тұжырымдалады.  Бұл  кезең
зерттеуді  аяқтайды.  Бұл  жерде  заңды  емес  қорытындылардың   қауіптілігі
туады.Осыдан  артефактілі  қорытындылар  сияқты   дұрыс   емес   жалпылаулар
проблемасын тудырады.
      Артефактілі қорытындылар мынадай болуы мүмкін:
1. Дұрыс емес статистикалық шешімдерге байланысты дұрыс емес қорытынды.
2.  Эксперимент  валидтілігін  қатаң  бағалауға  назар  аудармау   себебінен
   тәуелсіз айнымалының әсері  туралы  дұрыс  емес  қорытынды,  ал  оның  ар
   жағында эксперименталды гипотезаның «дұрыс» расталуы ретінде  артефактілі
   ңәтижені  қабылдау  қатесі  немесе  экспериментте   ақиқат   тәуелділікті
   «байқамау» мүмкіндігі жатыр.
3.  Маңызды  қосымша   айнымалыларды   ескермеуден   немесе   эксперименттік
   гипотезадағы  теориялық  пайымдау  мен  эмпирикалық   базистік   пікірдің
   арақатынасын түсінудегі қате салдарынан болған дұрыс емес жалпылаулар.
4.   Эксперименттік   қорытындының   қарастырылған   нормативтерін   бағалық
   пайымдаулармен,  беделге  шағым  жасаумен  және  мазмұнды   негізделмеген
   критерийлерге  пайымдау  логикасының  басқа  түсініксіз   «көнушілігімен»
   алмастыру  немесе  бұрмалау.  Бұл  қателер  мәселенің  мазмұнына   немесе
   қорытындыға құнды  көңіл  бөлумен  және  зерттеуде  жіберілген  қателерге
   жеткіліксіз сындармен байланысты.
      Неғұрлым жиі кездесетін қателердің мысалдары.
      Себепті түсіндірулердегі «жетіспейтін звенолар».
      Қандай да бір феноменнің пайда болуына болжаулы түрде  жауапты  немесе
айнымалылар байланысын шарттандыратын каузалды  факторлар,  жеткілікті  жете
қарастырусыз-ақ суреттеле  алады,  бұл  түсіндіру  мен  жалпылау  арасындағы
«жетіспейтін звеноның» пайда болуына әкеледі.
      Мысалы, себеп күрделі тәуелсіз айнымалы  ретінде  қарастырылады,  оның
әрбір  құрамдас  бөлігінің  өзі  тәуелді  айнымалының  салдарын  бақылаушыға
негізгі себеп бола алады.
      Негізгі себептің заңсыз бөлініп шығуы.
      Эмпирикалық   тәуелділіктерін   түсіндірулерін   қамтитын   жалпылауды
тұжырымдаған кезде қандай да бір дербес себеп негізгі және таусылатын  себеп
ретінде қабылдануы мүмкін. Мысалы, IQ  мәнін  әлеуметтік  кластың  құрамында
болушылығымен немесе ұлтымен түсіндіру.
      Бір пікірді екіншісімен ауыстыру.
      Зертттеудің авторы өзі белгілеген  бір  жағдай  екіншісінің  мазмұнына
кепілдеме береді деп сыни емес  түрде  ұйғарып,тек  соңғысы  жайлы  хабарлай
алады.
      Мысалы,  «сыналушының  өзі  туралы  пікірін»  «нағыз  сыналушы»ретінде
қабылдау.
      Құнды пайымдаулар қатесі.
      Психологиялық гипотезаның тәжірибелік мәліметтермен  қуаттануы  туралы
мазмұнды қорытындылар құнды  байланыстар  контексіне  эффект  маңыздылығының
мүдделі  бағасы  әлеуметтік  немесе   этикалық   сын   тұрғысында   автордың
психологиялық сілтемелерінің «дәлелдемесі» мәселесімен байланысатындай  етіп
енгізіледі.
      Мысалы,  тұрмыстық  этикалық  түсініктерге  сәйкес  нәрсе  дәлелдеусіз
қабылданады.
      Қорытындылар редукционизмі.
      Құбылыстар жиынының бір  принципке  әкеліну  арқылы  түсіндіру  немесе
психологиялық түсіндірулерді психологиялық елестермен алмастыру.
      Қорытындылар  мәселенің  мәнін  бейнелеуге  және  қысқа  болуға  тиіс.
Қорытындылар қойылған мақсат пен міндеттермен келісілген болуы қажет.
      Жүргізілген зерттеудің сыншысы қалыпты  қабылдай  алатын  қорытындының
тиімді саны 3-4 –тен 7-9 –ға дейін болуға тиіс.


      Өз білімін тексеруге арналған сұрақтар:
        1. Жаратылыстанудағы эксперимент және заңдылық ұғымдары
        2. Зертханалық эксперименттегі өзі-өзі бақылау және психотехникалық
           жұмыстарын атаңыздар
        3.   Өзін-өзі   бақылау   және   «ішкі   қабылдау»    түсініктеріне
           тоқталыңыздар
        4. Эксперимент ретінде психологияда өзін-өзі  бақылауды  қолданудың
           жағдайы
        5. Өзін-өзі бақылау және интроспекция дегеніміз не


      №4 Психологияның дербес ғылым ретіндегі қалыптасуы
      Жоспары:
        1. Психологияның жеке ғылымға бөлінуінің табиғи ғылыми алғышарттары
        2. Г. Гельмгольц, Э. Вебер ашылымдары
        3. Г. Фехнердің психофизика негізін қалаушы


      Вундтың психология пәні мен ондағы эксперименттің ролі жайлы  түсінігі
жан дүниесі заңдары. Вундттың «халық психологиясы»  гуманитарлық  психология
бағдарламасы. И.М. Сеченов психолог ретінде. Сеченовтың психологияны  дамыту
бағдарламасы. Алғашқы психологиялық лабораториялар.
      Орталық жүйке жүйесі мен сезім мүшелері физиологиясының  жетістіктері.
Орталық жүйке жүйесі мен сезім  мүшелері  физиологиясының  жетістіктері.  Г.
Фехнердің  психофизика  негізін  қалауы.  В.  Вундттің  психологияның  ғылым
ретінде дамуына қосқан үлесі. И.М. Сеченов психолог  ретінде.  ХІХ  ғасырдың
екінші жартысында психологияның дербес  ғылым  ретінде  бөлініп  шығуы  үшін
объективті жағдайлар жасалады.
      ХІХ ғасырдың көрнекті физиологтарының бірі Иоганес Мюллер  (1801-1858)
болды. Ол жаңа физиологияның негізін салушы болды. Оның оқушыларының  ішінде
Г.  Гельмгольц,  Э.Дюбуа-Реймон,  К.  Людвиг  және  басқалары  болды.  «Адам
физиологиясы бойынша басшылық» атты еңбегі үлкен мәнділікке  ие  болды.  Бұл
еңбекте жалпы физиология сұрақтарымен  қатар  жүйке  жүйесінің  физиологиясы
мәнді  орынды  алады.  Бұл  кітапта  рефлекторлық  акт  және   жұлын   минығ
рефлекторлы табиғаты жайлы білім тереңдей түсті.
      Механикалық материализм шеңберінде дамыған  физиологияда  ХІХ  ғасырда
тірі организмнің специафикалық іс-әрекетін түсіндіруде  үлкен  күрделіліктер
жинақталды:
       • сезім мүшелерінің;
       • жүйке жүйесі;
       • бұлшық ет талшықтарының жұмыстары.
      ХІХ ғасырда көптеген физиологтар бұл күрделіліктермен кездесе  отырып,
оларды  меңгеру  құралдарының  жоқтығына  байланысты  теориядан  бас   тарту
позициясын алды және сезім мүшелірінің іс-әрекетін сипаттаумен айналысты.
      ХІХ ғасырдың соңында Э.  Геринг  түс  көрудің  фотохимиялық  теориясын
ұсынды. Көзде үш фото рецептор бар. Әрқайсысында түсті түйсінетін  заттардың
жұптары бар: ақ-қара; қызыл-жасыл, сары-көк. Әрбір жұптың ішінде  бір-біріне
қарама-қарсы  бағытталған  химиялық  процестер   ассимиляция,   диссимиляция
жүзеге асады: заттардың диссимиляциясы  ақ,  қызыл,  сары,  ал  ассимилияция
қара, жасыл, көкті түйсіндіреді.
      Сезім  мүшелерінің  физиологиясының  дамуына  Лейпциг  университетінің
анотомия және физиология профессоры Э.Х. Вебер үлкен үлес  қосты.  Ол  сипап
сезумен жұмыс істеді. Вебер тері түйсігінің үш түрін көрсетті:
      -  Қысым,  сипап  сезу,  температура  және  локализацияны  өлшеу  үшін
эстезиометр немесе Вебер циркулі  деп  аталатын  арнайы  құрал  жасап,  оның
көмегімен сипап сезуге эксперименталды зерттеулер жүргізді.
      Қабылдау  мен  түйсік  физиологиясына   байланысты   психологияға   Г.
Гельмгольц үлкен үлес қосты.
      ХІХ ғасырдың ортасынан бастап  психологияда  эксперимент  орын  алады.
Алғашқы психологиялық  экспериментті  неміс  психофизиологтары  Эрнст  Вебер
және Густав  Фехнер  1840  жылдан  1855  жыл  аралықтарында  жүзеге  асырды.
Олардың  тәжірибелерінің  негізінде  қабылданатын  сигналдардың   күші   мен
түйсінетін түйсіктің қарқындылығының сандық тәуелділігі анықталады.
      Густаф  Теодор  Фехнер  (1801-1887)   түйсіктің   тітіркендіргіштерден
тәуелділігі заңдылығын өңдеп келесі идеяларды ұсынды:
      1)  бірдей  стимулдан  туындағын  түйсіктер   арасындағы   айырмашылық
тітіркендіргіштердің алғашқы көлеміне байланысты;
      2) түйсік табалдырығы және айырма сезгіштік терминдерін енгізді;
      3) түйсіктің қарқындылығы тітіркендіргіш  қарқындылығының  логарифміне
пропорционалды: түйсікті қарқындылығы арифметикалық прогрессияда  өсу  үшін,
стимул көлемінің геометриялық прогрессияда өсуі қажет.
      Психофизика және психометрия теорияларының  пайда  болуына  байланысты
зерттеу әдістерін қолдану психологияның дербес ғылым болуына ықпал жасады.
      Осы фактордыњ бірінші негізді шеңбері  психофизика  атымен  бірлескен.
Оның негізін салушысы болып келетін ғалымы Густав Теодор Фехнер болды (1801-
1887) Ол сезім  мөшелерін  зерттейтін  басқа  ғылымның  зерттеулеріне  дейін
аударды – Эрист Вебер физиолосқа (1795-1878).
      Эрист  Вебер:  психофизиологияныњ  пайда  болды.  Тітіркенудің   күшін
қалайша өзгеру керек субъект аз көрінетін түйсінуді ұстап қалу үшін.  Сондай
сұрақты Вебер өз алдына қояды. Осылайша,  акцент  орын  ауыстырды:  Вебердің
алдында  өткен  зерттеулерді  түйсінудің  жүйке   субстраттан   тәуелділігін
қызықтырды,  оның  өзін  –  түйсіну   континуумі   мен   олардың   физикалық
стимулдарды  шақыратын  континуумдар   арасындағы   тәуелділік   қызықтырды.
Алғашқы және келесі  тітіркенудің  арасында  нақты  анықталған  қатынас  бар
екені анықталды, онда субъект байқалды түйсінудің  басқаша  болып  қалғанын.
Есту сезімділігі үшін, мысалы, осы қатынас 1/160,  салмақ  түйсінуі  үшін  –
1/30 құрайды және тағы басқа.
      Густав Теорор Фехиер: психофизика негіздері. Неміс  физигі,  психолог,
философ, Лейпцигтік университеттегі  физика  профессоры  Г.Т.  Фехнер.  Оның
қызығулардың орталығында бір қатар бақылаушылар мен  тұрақтанған  түйсінулер
арасындағы өзгешіліктер фактісі, яғни асардың тітіркенудің алғашқы  көлеміне
қарағанда. Бір қоңыраудың екінші дауыс шығарған қоңырауға  қосқанда  басқаша
естіледі,  егер  де  бір  қоңыраудың  он  қоңырауға  қосқанда,  Фехнер  оның
отандасымен Э. Вебермен жүргізілген ұқсас экспериментке зейінді аударды.  Э.
Вебердің «сәл байқалатын ерекшелік»  түсінігі  бүкіл  түйсіну  түрлері  үшін
бірдей емес. Түйсіну табалдырығы туралы көрініс пайда болды, яғни  түйсінуді
айырбастайтын тітіркенудің көлемі туралы. Тітіркенудің  көлемінің  ықтималды
өсуі жағдайларында әртүрлі табалдырықтар  туралы  айта  бастады.  Түйсінудің
интенсивтігі арифметикалық прогрессияда өсу  үшін  оны  шақыратын  стимулдың
көлемінде геометриялық прогрессияның өсуі қажет. Осы қатынас Вебер –  Фехнер
заңының атын алды. Өзінің  тәжірибесінен  шығарылған  жалпы  форманы  Фехнер
келесідей белгіленеді: түйсінудің  интенсивтілігі  стимулдың  (тітіркенудің)
логарифміне пропорционалды. Түйсінудің  табалдырықтар  арасындағы  машиналды
ерекшеліктерді бекіту үшін Фехнер эксперименттер техникасын  жақсылап  тұрып
өңдеді. Фехнер басқа да түйсінуді өлшеу  әдістерге  ие  (тірлік,  көру  және
тағы басқа).
      Берілген зерттеулер бағыттары психофизика  деп  аталды,  өйткені  оның
мазмұны  психологиялық  қалыптардың  физикалық  әсер  етулерден  тәуелділігі
эксперименталды зерттеумен және өнумен анықталды.
      Фехнер мен шығарылған жалпы формула психологияға  қатал  математикалық
өлшемдерді кіргізудің кестесі болды.
      Психофизикалық дамуы  локалды  психологиялық  феномендерден  басталған
сияқты, бірақ ол білімдердің бүкіл корпустарында орасан  зор  методологиялық
және методикалық резонасты қожа етті. Психологияға эксперимент,  сан,  өлшем
енгізілетін. Логарифмдер  таблицасы  жаңдық  өмір  құбылыстарына,  субъектің
жүріс – тұрысына сәйкестендіре ала алатын.
      Психофизиологиядан  психофизикаға  өтуі   себептілік   және   заңдылық
принциптерімен де әйгілі болатын. Психофизиология субъективті факты  ағзаның
құрылуынан  себепті  тәуелділігін  анықтаумен  айналысқан.  Ал  психофизика,
психологияда демек субъекттар туралы білімдер болмаса да  қатал  эмперикалық
заңды ашулар болуы мүмкін деп дәлелдеді.
      Франц Дондерс: реакция уақыты.  Ескі  психофизиологияның  «анатомиялық
бастауымен» физиологтардың µздерімен  екінші  жағынан  шайқалған.  Голландық
физиолог Ф. Дондерс (1818-1889) психикалық  процесстердің  ағу  жылдамдыѓғын
зерттеумен  эксперименталдық   түрде   айналысты.   Г.   Гельшалық   ертерек
импульстың  жүйемен  өту  жылдамдығын  ашты.  Осы  ашылу  ағзаның   ішіндегі
процеске жанатын. Дондерс субъектімен  қабылдаған  объектілерді  оның  жауап
қайтару  жылдамдығын  зерттеуге  көңіл  бөлді.  Зерттеушіге   одан   әртүрлі
тітіркендіргіштерге тез  реакция  көрсете  білетін  жаттығу  берілетін.  Осы
тәжірибиелер психикалық процесті физикалық процесс  сияқты  өлшеуге  болатын
көрсетті.
      Кешірек И.М.  Сеченов  бас  миының  тұтастығын  талап  ететін  процесс
ретінде   реакция   уақыттың   зерттеуге   қарағанда,   бөліп   көрсететіні:
«Психологиялық  іс-әрекет  әрқайсы  жердік  құбылыс  ретінде  уақытта   және
кеңістікте болып  отырады».  Герман  Людвиг  Гельигольц:  психофизиологияның
негізін  салушысы.  Г.  Гельигольц  психологияның  негізін  құрауда,   ғылым
ретінде, орталық фигура болды  (1821-1894).  Гельигольц  энергияның  сақталу
заңын ашты. Біз бәріміз  күшінің  балаларымыз,  деп  айтып  ол,  өйткені  ол
физика позициясынан, тірі ағза бұл – эмперияның қайта құруынан басқа  ештене
жоқ жүйе.  Осымен  органикалық  денелердің  жүріс-тұрысын  органикалық  емес
денелерден айрықшаланатын өзгеше виталды  күштер  туралы  көрініс  ғылымынан
шығатын.
      Сезімдерді зерттеумен айналысып, Гельигольц  түсініктер  принципі  деп
энергетикалық емес, анатомиялық бастауды қабылдады. Дәл соңысына  ол  өзінің
түсті көру концепциясына  сүйенеді.  Гельигольц  3  жүйке  талшылықтары  бар
гипобезасынан  шығып,  оның  қозу  әртүрлі  кескінді  толқындармен   негізгі
түстерді түйсінуді құрайды: қызылды, жасылды және күлгінді.
      Гельгольц түйсінуден айналадағы кеңістікте тұтас объектілердің  анализ
қабылдануынан өткен, кезде осындай тәсіл жарамды емес болып қалды.  Осы  оны
2 жаңа факторды енгізе итермелейді:
      а) көз бұлшықеттерінің қозғалысы;
      б) осы қозғалыстардың өзгеше ережелерге бағынушылық.
      Өйткені, осы ережелер санадан тәуелсіз әрекет етеді. Гельигольц оларды
«санасыз  ойынша  байымдау»  деп  атады.  Осылайша   эксперименталды   жұмыс
Гельигольцты жаңа себепті  факторларда  енгізу  қажеттілігімен  кездестірді.
Осыдан бұрын ол оларға физикалық энергияның айналуын немесе түйсінудің  ағза
тетігінен тәуелділігін жатқызуы.
      Енді осы екі себепті «торларға» үшіншісі қосылды.
      Психикалық бейненің  көзі  сыртқы  объект  болды.  Шығатын  психикалық
эффектінің себебі ағзаның тетігінде емес, одан сырт тұйықталған.
      Гельигольцтың тәжірибесінде сөздің  және  объекттің  арасында  объекті
қабылдауды  бұзатын   призмалар   қойылатын.   Осыдан   келіп,   бұлшық   ет
қозғалыстары механикалық қана емес, танымдық жұмысты да атқарады.
      Ғылыми анализдің зонасында өзгеше  себептілік  формасы  туралы  куәлік
ететін  феноменалды  пайда  болды:  физикалық  емес,  физиология-анатомиялық
емес, психикалық. Санада бейнелер санадан тәуелсіз механизіммен  тудырылады,
олар психикаға және санаға бөлуге әкелу керек еді.
      Эдуард Пфлюгер: сенсорлы функциялар. Психикалық факторды ағзаның жүріс
тұрыс регуляторы ретінде енгізу неміс физиологы  Э.  Пфлюгердің  (1829-1910)
жұмыстарымен  байланысты  болған.  Ол  доға  ретінде   рефлекстің   схемасын
эксперименталды   санаға   апарды,   ондағы   орталық   ұмтылыс    жүйкелері
орталықтандырғандардың байланысынан бірдей стандартын бұлшықеттік  реакцияны
тудырады.
      Алдыңғы мидан айырылған бақамен  жүргізілген  Пфлюгердің  тәжірибелері
үлкен таластарды әкелді. Оны әртүрлі жағдайларға сидыратын, бірақ  ол  өрісі
рефлекторлы автомат ретінде көрсеткен  жоқ.  Егер  оны  лабораторлы  үстелге
сидырған кезде ол  еңбектеген,  егер  суға  лақтырса  –  жүзген,  яғни  өзін
өзгерген жағдайларға сәйкес ұстады.
      Пфлюгер осны, басқада сенсорлы функция  бар  екендігімен  түсіндірген,
сондықтан орта жағдайларын айыруға көмектеседі  және  сырттан  келген  жүріс
тұрысты ауыстыру сигналын  сәйкесінше  алады.  Кері  физиологтар  Пфлюгердан
келетін ол «арқа мидың жаны» туралы ілімнің  жақтасы  деп.  Бірақ  кейінірек
Пфлюгердің  қорытындылары   алдыңғы   қатарлы   физиологтармен   қолданыпты.
(әсіресе  И.М.  Сеченовпен).   Олардың   айтуынша,   Пфлюгер   тәжірибесімен
қарапайым психика мен сананың арасындағы ерекшеліктерді дәлелдеді.
      Қашан уақыт келеді, Гетенің айтуынша, бір уақытта  әртүрлі  бақшаларда
алмалар құлайды. Енді өзіндік ұғым ретінде психология статусын анықтау  үшін
«уақыт келді» - бірден бір уақытқа оны өңдеу бірнеше  программалар  құрылды.
Олар психологияның пәні, әдістерін және міндеттерін  әртүрлінше  анықтайтын,
оның даму бағытын анықтайтын.
      Вильгельн  Вундт:  «эксперименталды  психологияның»   «әкесі».   Неміс
психологы,  физиологы,  философы   В.   Вундт   (1832-1920)   Тюбингегендегі
медициналық факультеті аяқтаған  соң  Берлинде  И.  Мюллерде  жұмыс  істеді,
Гейдельбергте   диссертацияны   қорғады,   онда   Гельигольцтың   ассистенті
сапасында  физиологиялық  оқытуының  орнын  алды.   Лейпципте   философияның
профессоры болып, Вундт  әлеміндегі  бірінші  эксперименталды  психологияның
лабораториясын құрды, соңында институтқа ауысты.
      Физиологиямен айналысып, Вундт  өзіндік  ғылыми  ретінде  психологияны
өңдеу программаға  келді.  Өзінің  бірінші  кітабында  «Материалы  к  теории
чувственного  восприятия»  (1862),  ағза  сезімдер  және   қозғалыстар   іс-
әрекетіне жататын факторларға  сүйеніп  Вундт  эксперименталды  психологияны
құру идеясын шығарды, оның жоспары  «Лекция  о  душе  человека  и  животных»
деген кітапта жазылған. Жоспар екі зерттеу бағыттарын өзгеше қосады:
      а)  субъекттің  өзінің   түйсінулеріне,   сезімдеріне,   көріністеріне
эксперименталды  тексеруші  бақылаудың    көмегімен   индивидуалды   сананың
анализі;
      б) «Ұлт  психологиясын»  зертеу,  яғни  тіл,  ауыз,  нрав  мәдениеттің
психологиялық аспектілері.
      Осы  оймен  жүріп  Вундт  субъекттің  санасын  зерттеуде   шоғырланды,
психологияны  «ырықсыз  тәжірибе»  туралы  ғылым  ретінде  анықтап  ол   оны
физиологиялық психология  деп  атады,  өйткені  субъектпен  сыналып  отырған
қалыптар   арнайы   эксперименталды   процедуралармен   зерттелген,   кәбісі
физиологиямен өңделген. Осы  ағзалардың  өнелі  іс-әректі  болып  субъектпен
санадан  өткізген  психикалық  образдарды  табылса,  онда  тек  олар,   дене
ұйымынан  айырықша,  психологияға  жатқызылған  өзгеше   зерттеу   объектісі
ретінде  қарастырылады.  Осының  міндеті,  осы  бейнелерді  жақсылап   тұрып
талдады, олар құрылатын жай  бастапқы  элементтерді  шығару.  Вундт  сонымен
бірге екі басқа жаңа білім бөлімдерін қолданды. Физикалық  тітіркендіргіштер
мен   олармен   шаршылған   түйсінулер   арасындағы    заңды    қатынастарды
эксперименттің негізінде және сандық әдістер көмегімен зерттеу,  және  басқа
бағытты көрсетілген стимулға субъекттің уақыт реакциясын  тәжірибелі  жолмен
анықтау. Осы екі бағыт психофизикаға жатады.
      Психологияның міндеті, барлық басқа ғалымдардікі сияқты, Вундт бойынша
келісімден тұрады:
      а) талдау жолымен бастапқы элементтерді бөлу,
      б) олардың арасындағы байланыс мінезін орнату,
      в) осы байланыстың заңы табу.
      Анальдау субъекттің ырықсыз тәжірибесін бөлу  дегенді  білдіреді.  Бұл
интроспекция жолымен жетеді, оны жай өзін-өзі  бақылаумен  араластыру  керек
емес. Интроспекция арнайы дайындықты  қажет  ететін  ерекше  процедура.  Жай
өзін-өзі  бақылауда  адамға  қабылдауды  қабылданған  заттан   психологиялық
процессті жекешелендіру қиынға  соғады.  «Ежелгі  сана»  «материясына»  жету
үшін  зерттеуші  барлық   сыртқыдан   көңіл   бөле   алуы   керек.   Соңғысы
элементарлыдан  сосын  бөлінбейтін  «құрылымды  жіп  бөліктерінен»   тұрады.
Оларға  модальдылық  сияқты  және  интенсивтілік  сияқты  өзіне  тән.   Сана
элементіне сезімдер де жатады. Эмоционалды қалыптар. Құндылықтың  гипотезасы
бойынша әрбір сезім үш өлшеуді ие етеді:
      а) рахаттану – рахатсыздық;
      б) қысымдылық – босану;
      в) қозу – демалу.
      Қарапайым  сезімдер  психикалық  элеметтер   сияқты   сапасымен   және
интенсивтілікпен  өзгерді,  бірақ  олардың  белгілі  бір  үш  аспектіде   де
мінезделуі мүмкін. Осы гипотеза көптеген эксперименталды жұмыстарды  дүниеге
әкелді.
      Вундттың теоретикалық көзқарастары  сынау  пәні  болды  және  ғасырдың
алдына қарай көптеген психологтармен бетбұрылды.  Оның  ең  басты  қателігі.
Субъекттің өзі  интроспекция  арқылы  өзінің  ішікі  әлемі  туралы  хабарлау
мүмкін. Осымен субъективті әдістің күштілігі  бекітілген.  Ғылымның  міндеті
арнайы эксперименталды құралдарды қолдану жолымен  осы  әдісті  әртүрлендіру
Вундтпен қарастырылады. Психологияның өз  пәнін  табу  қауымы  өзінде  жабық
сана туралы пікірге айналды. Вундт дұрыс есептеді психология өзіндік  ғылыми
мәнге ие болуға қажет емес,  егер  ол  оның  динамикасын  анықтайтын  ерекше
себептік  факторларды  ашпаса  және  зерттемесе.  Бірақ  оның  психологиялық
себептілікке көзқарас психологиялық  процесстердің  жүйелі  түрде  және  заң
бейнелі  ағым  олармен  детерминацияланған   сананың   сыртқы   объекттерден
тәуелділігі,  бас  ми   іс-әрекетпен   психиканың   шартастығы,   әлеуметтік
байланыстар әлеміне индивидтің психикалық  өмірінің  қосылуы  –  бұның  бәрі
ғылыми анализ сферасының жойылатын.
      Сонымен қоймай философ А. Шопенгауэрдің ізімен Вундт  айтып  сендірген
адамзаттың тұрмыс-күйінің алғашқы абсалютті күші болып  ерік  табылады.  Осы
ерік  күшке  «шығармашылық  синтез»  заңы  бойынша  саналатын  әлемдіктердің
тұтасқа бірлесуі сендірілген. Ерікке саланың құрылымында бастапқы  ең  басты
ролі бергенде Вундт вонотетаризмнің  позициясына  тұрады.  Осы  философиялық
концепция  адамның  психикалық  өмірінің  динамикасына  және  ісіне  себепті
түсіндірмені беруін күшсіз,µйткені осы өмірде болғанның бәрі  ерекше  ырықты
күшке әкелді.
      Вундттың жүйені айыратын интроспекциализм  волюнтаризммен  үйлестіруде
оны көптеген психологтар жағынан  қатты  сынау  объектісін  істеді  және  де
Вундттың мектебінде эксперименталды әдістерді үйренетіндер  де  сынады.  Осы
әдістердің кең қолданулы психика туралы  білімдерді  байытты,  психологиялық
ғылымның репутациясын нығайтты. Бірақ Вундттың теоретикалық  линиясы  жолсыз
болып шықты.
      Вундтан психологияны өздік пән ретінде жүргізу алынды. Ол деп ғылымның
тарихында ең ірі мектепті құрды. Осы мектепті бітірген  әртүрлі  елдегі  жас
зерттеушілер, өзінің еліне қайтып, онда жаңа  обылыс  білімінің  принциптегі
және идеяларын байытатын лабораторияларды  және  орталықтарды  ұйымдастырды.
Вундт зерттеушілер қауымдастығының консолидациясында маңызды ролді  ойнайды.
Оның теоретикалық позициясы бойынша дискуссиялар, эксперименталды  әдістерді
қолдану  перспективаларды, психологияның пәннің  және  көптеген  басқа  оның
мәселелерін  түсіну  психологияны  жаңа   ғылыми   көріністермен   байытатын
концепциялардың және бағыттардың пайда болуын ынталандырды.
      Психологиялық жұмыстардың орталықтары  әртүрлі  елдерде  пайда  болған
арнайы лабораториялар болды.  Алғашқыда  артықшылық  неміс  университеттерге
тән болды. Параллельді түрде  интенсивтік  зерттеулер  Ресейде  және  АҚШ-та
жүргізілетін, аз көлемде – Францияда Англияда, Италияда  және  скандинавттық
елдерде. Нақтылы ғылыми –зерттеулік практикада бағыттар өсетін.
      Г.   Эббингауздың   «Ес   туралы»   еңбегі   (1885)    эксперименталды
психологияның дамуында жаңа эпоханы ашты.
      Герман Эббингауз: мағынасыз буындар әдісі.  Эббингауз  эксперименталды
психологиялық  дамуында  атақты  роль  тән.  Ол  осымен  осы  ғылымның  пәні
субъекттің  сана  процестері  және  акттары,  ал  әдіс  –  құралдары  арқылы
контрольденген  интроспекция  болғанда  айналысты.   Эббингауз   субъективті
әдістің орнына объективті әдісті қолданды, оны сандық берлгендер  талдауымен
қосып. Сол уақытта эксперименталды түрде тек  ағза  сезімдерінің  іс-әрекеті
ғана зерттеуге болады деп  есептелген.  Күрделі  психологиялық  процестер  –
ойлау және ес  сияқты,  оларды  ешкім  тәжірибелі  лабораториялы  әдістермен
зерттеген жоқ. Эббингауздың еңбек сіңірулуі алдымен  ол  есті  экспериментке
салуға ерлік көрсетті.
      Эббингауз естін заңын «таза түрде» тұрақтануын естігісі келді және сол
үшін ерекше материалды ойлар шығарды.
      Осы материалдың бірлігі сөздер емес, ал және мағынасыз буындар  болды.
Әрбір екі  дауыссыздан  және  олардың  арасындағы  дауысты  дыбыстан  тұрады
(мысалы:  бов,  иіс,  лоч).  Американдық  Э.  Тиченердің   бағалауынша   бұл
Аристотельдың уақытынан бастап ең атақты  ойлап  шығарушылық  болды.  Жоғары
баға мағыналы мазмұнынан тәуелсіз ес процестерге зерттеу мүмкіндігі  ашылды,
олармен адамның қалыпты сөйлеу реакциялары қатты байланысты.
      2 300-ге жақын мағынасыз буындардың тізімін құрап 5 жыл  бойы  олармен
эксперимент жасады.
      Осы зерттеудің негізі қорытындыларын Эббингауз «Ес туралы» классикалық
кітапта мазмұндады. Ес алдымен  ол  мағынасыз  буындардың  тізімін  жаттауға
қажетті қайталауға тәуелділігін айқындады, оқып шыққаннан ережедегідей  жеті
буын есте сақталады деп  орнатты.  Тізімді  үлкейту  көп  қайталаулар  талап
етілді, алғашқы тізім буындарына қосылған санға қарағанда. Қайталау  сандары
есте сақтау коэффициент ретінде қабылданды.
      Ерекше даңықты Эббингауздың «ұмытылу қисығы»алды. Тез түсіп осы  қисық
пология  болып  қалды.  Материалдық  көп  бөлігі  жаттаудан  кейіін  алғашқы
минуттерда естен шығарып кетеді. Жақын  минуттерде  және  одан  аз  –  жақын
күндерде  аз  ұмытылады.  Сонымен  бірге  текстерді  жаттау  және  мағынасыз
буындардың тізімін жаттау  салыстырылады.  Эббингауз  «Байраның  «Дон  Жуан»
текстін және оған тең көлем буындар тізімін жатады. Мағыналы материал 9  есе
тез жатталатын. «ұмытылу қисығы» ол  2  жағдайда  да  жалпы  формалы  болды,
мағыналы материалдың қисық түсуі жай болды.
      Эббингауз  еске  әсер  ететін  басқа  да  факторларды  эксперименталды
зерттеуге әкелді (мысалы жаттау  уақытында  тұтас  және  таратып  үлестірген
эффектілігін салыстырады).
      Эббингауз ең жоғары бағасы үлкейтіп  көрсетілген  болуы  мүмкін  емес.
Эббингауздың ойларынан тәуелсіз оның  әдісі  экспериментатордың  іс-әрекетін
тамырымен өзгертті. Экспериментаторды енді зерттеушінің айтулары ғана  емес,
оның    шын    әрекеттері     қызықтырады.     Инторспекционализмде     жаңа
эксперименттердің ағылымен кеңейтілген бері пайда болды.
      Дағдыларды зерттеу, Эббингауз дағдыларды эксперименталды түрде зерттеу
жолын ашты. Мағына бойынша  ол  өзі  оныңњ  басында  тұрады,  біз  айтқандай
онымен тандалған жаттау объектісінің сапасының  ассоциациясы  сенсорлы  және
маторлы болып табылады.

      Өз білімін тексеруге арналған сұрақтар:
        1. Психологияның жеке ғылымға бөлінуінің табиғи ғылыми алғышарттары
           туралы түсініктер
        2. Алғашқы психологиялық лабораториялар атаңыздар
        3.  Орталық  жүйке  жүйесі  мен  сезім   мүшелері   физиологиясының
           жетістіктерін атап беріңіздер


      №5 Орта ғасыр мен Қайта өркендеу дәуіріндегі психология
      Жоспары:
        1. Жан концепциясы
        2. Шектеулі идолдардың типтері
        3. Бэкон идеяларының психологиялық мәні


      Орта ғасыр психологиясындағы материалистік идеялар Р. Бэкон,  В.Оккам,
Д.Скотт. номиналистер мен реалистердің  дау  –  таласы.  Психологияның  діни
философия  шеңберіндегі  дамуы.  Түркі  мұсылмандық  психологиясының  дамуы.
Ортағасырлық дәргерлер, анатомдар зерттеулерінің психология үшін маңызы.
      Фрэнсис  Бэкон  (1561-1626)  –  ағылшын  философы,   қазіргі   ағылшын
эмпиризмінің  негізін  салушы,  жан  табиғаты  жайлы  сұрақтар  емес,   оның
құрамынан   органикалық   функцияларды   алып   тастап,   оның   процестерін
эмпирикалық сипаттау қажет екендігін айтты.
      Жан концепциясы. Жанның екі типін және оларға  тән  қасиеттерді  бөліп
көрсетті:
      1. Рационалды, құдайлық жан:  (немесе  рух)  ес,  ақыл,  ойлау,  қиял,
тілек, ерікке ие.
      2. Сезімдік, рационалды емес жан түйсіну және  таңдау  қабілетіне  ие,
яғни жағымсыздық жағдайдан жағымдыға талпыну және шартты  қозғалыстар  жасау
мүмкіндігі.
      Таным теориясы. Сезім алғашқы таным элементі ретінде  бөлініп  шығады.
Бірақ ол толығымен  объективті  дүние  сипатын  бермейді.  Объективті  таным
рационалды әдісті сезімдік мәліметтерде қолдана алумен сипатталады.
      Эмпирикалық таным, шектеулі  жаңсақтық (идолдар) адамды алдауға ие.
      Шектеулі идолдардың төрт типін бөліп көрсетті:
      1. ру идолдары – адам табиғатымен берілген;
      2. үңгір идолдары – жекелеген адамның индивидуалды  шатасулары;
      3. алаң идолдары - адамдардың бірігуінен және  өзара  байланыс  күшіне
байланысты пайда болатын шатасу;
      4. театр идолдары – философияның әр түрлі догматтарының адамдар жанына
ұялауы.
      Бэкон идеяларының психологиялық мәні:
      1. Психологияның зерттеу пәні жан болған кезді аяқтап,  басты  зерттеу
пәні сана болған жаңа кезеңді дамытты.
      2.  Пәннің   практикалық  зерттеулерінің  нақты   тәсілдерін   ұсынды:
тәжірибе, эксперимент.
      3. Адам туралы бірегей ғылымды ұсынды, оның  бір  тармағы  психология,
философия  адамды  жалпы  қарастырады,  азаматтық   философия   оның   басқа
адамдармен   өзара   әрекетін   зерттейді,   ғылымдық   пәндер    арасындағы
принциптілік негізін салды.
      4. Адам туралы   ғылымдардың  тұлғаны  оқыту  және  жаны  мен  тәнінің
байланысын оқыту болып бөлінуіне ықпал жасады, пәні  мен  міндеттерін  бөліп
көрсетті, психология пәнінің нақты міндеттерге сәйкес бөлінуіне әкелді


      Өз білімін тексеруге арналған сұрақтар:
        1. Жан концепциясы
        2. Шектеулі идолдардың типтері
        3. Бэкон идеяларының психологиялық мәні


      №6 XVII ғасырдағы Европалық психология
      Жоспары:
        1. Сананы психиканың критерии ретінде бөлуі
        2. Б. Спинозаның психологиялық көзқарастары
        3. Неміс эмпирикалық психологияның қалыптасуы
        4. Санасыз психика туралы түсініктер


      Психика – даму процесінде пайда  болған  материя  қасиеттерінің  бірі.
Органикалық емес материяның мұндай қасиеті болмайды: ол түсіне де, ойлай  да
алмайды. Органикалық дүние көлемінде де материяның  бәрінде  бірдей  психика
бола  бермейді.  Түсіндіре  және  ойлай  алатын  материяға  жсту  үшін  тірі
табиғаттың ұзақ уақыт дамуы керек  болды.  Адам  психикасы  жоғары  дәрежеде
ұйымдаскан  материяның  ерекше  қасиеті  –  мидың  қасиеті.  Бұл  қасиет   –
айналадағы дүниені бейнелендіру. Дүниеге материалистік  көзқарас  материяның
дамуы жөніндегі ғылымға негізделеді.  Тіршіліктің  пайда  болуы,  яғни  тірі
немесе органикалық материяның шығуы  –  материяның  дамуыкдағы  белгілі  бір
кезең  больга  саналады.  Органикалық  емес  материядан  пайда  болған  тірі
материяның  өзінің  өлі  материяға  карағанда  ерекше  қасиеттері  бар.  Бұл
қасиеттердің ішіндегі ең бір бастысы-тітіркенушілік.  Сонымен  психика  тірі
материяның барлығында  бірдей  бола  беретін  қасиет  емес.  Ол  органикалык
материяның жоғарғы формаларының қасиеті болып табылады.
      Сана – объективті шындыкты тану, адам психикасының  ең  жоғарғы  түрі.
Сана  адамның  өзіне,  табиғатка,  басқа  адамдарға  қарым-қатынасын  сезіне
алдына мақсат қоя білуге, оны жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды.  Сана  әрбір
жеке  адамға  тән  дара  қасиет.  Жеке  санамен  қатар  өмір  сүрген  ортаға
байланысты қалыптасатын қоғамдық санада  болады,  адам  сапасының  мазмұнына
оның өскен ортасы, қоғамдық болмыс ықпал жасап отырады.  Адамның  психикасы,
санасы оның қоғамдық қызметтері мен түрмыс жағдайларына  байланысты  дамиды.
Қарастыруға оңай болу үшін психологияның негізгі  түйіндері  үш  категорияға
біріктіріледі:   психикалық   процестер,   психикалыц   күйпер,   психиканың
ерекшеліктер, қасиеттер. Әдетте,  психикалық  процестерге  таным  процестері
жатады: түйсік пен қабылдау - сезім мүшелерін  тікелей  әсер  ететін  заттар
мен  тітіркендіргіштер  бейнесі;  елестеу  мсн  ойлау   -   адам   санасында
жалпыланған және өвделінген жай  санада  болмайтын  шындық  ерекшеліктерінің
бейнесі; эмоциялық процестер (сезімдердің пайда болуы,  кажеттілікті  етеуге
байланысты  динамикасы  т.б.).  Психикалық  процестер  деп,  сезімді  бастан
кешіру  (көңіл-күй,   аффект),   зейін   (зейінділік,   зейінсіздік),   ерік
(сенушілік,  сенбеушілік,  күдік)  және  тағы   басқаларын   айтады.   Тұлға
ерекшеліктері немесе психикалық касиетке:  ақыл,  ойлау  сапалары;  мінезде,
темпераментте   және   қабілетте   бекінген    ерік    сферасының    тұрақты
ерекшеліктері; белгілі жолмен әрекет жасауға қалыптаскан  және  қайта  пайда
болатын түрткілер, сезім ерекшеліктерін  (ашушаңдық,  сентиментальдық)  және
т.б. айтуға болады. Бүл  психиканың  барлық  көріністерінің  үш  категорияға
белінуі шартты турде «психикалық процесс» түйіні  психологиямен  анықталатын
деректің динамикасын, процессуалдығын айқындайды.
      Бір ғана психикалық дерек, мысалы аффект, яғни жүйке жүйесінің  ерекше
қозуынан туындайтын күшті эмоция, психикалық  процесс  ретінде  де  (себебі,
мұнда  сезім  дамуының  динамикасы   көрсетіледі   және   бірін-бірі   кезек
алмастыратын кезеңдер  айқындалған),  психикалық  күй  (себебі,  ол  белгілі
уақыт  аралығындағы  психикалық  әрекет  сипатын  бейнелейді)  және  адамның
психикалық ерекшеліктерінің көрінісі ретінде  (мұнда  тұлғанын  ұстамсыздық,
ашушаңдық, кекшіл сипаттары) анықталады.  Психологияның  негізгі  сұрақтарын
қарастырудың жолын тұлға әрекетінің даму принципі ашады. Тек осы ғана  жалпы
психологияны мазмұндаудың негізі болуы тиіс.  Бұл  принцип  тұлғаның  қарым-
қатынаста және әрекетте зерттелуін, олардың  негізгі  көрінісін  талқылауды,
адам тұлғасы мен іс-әрекетінің танымдық, эмоционалдық жэне  ерік  сферасының
қарастырылуын алдыңғы қатарға кояды.
      Өзіндік сана –  сананың  өзіңді  білу  мен  өзіңе  қатынастың  бірлігі
ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім  сыртқы  ортаны  жэне  өзінді
өзің танудың бейнеленуінен біртіндеп қалыптасады.
      «Баланың өзін-өзі аңғаруынаи кейін,-деп жазды И.М. Сеченев – есейгенде
адамның өз санасының актілеріне сын көзбен қарауға, яғни өзінің  бүкіл  ішкі
дүниесін сырттан келіп қосылатын  барша  күбылыстардан  бөліп  қарауға,  оны
талдауға  жэне  сыртқымен  қатар  қоя  қарауға  (салыстыруға)   бір   сөзбен
айтқанда, ез санасының актін зерггеуге мүмкіндік беретін өзіндік  сана-сезім
пайда  болады».  В.С.   Мерлиннің   пікірінше,   өзіндік   сананың   күрделі
психологиялық құрылымы: біріншіден-өзінің  тендестігін  ұғынуды;  екіншіден-
белсенді іс-эрекетшіл негіз ретінде  өз  «менін»  ұғынуды;  үшіншіден-өзінің
психикалық   қасиеттері   мен   сапаларын   ұғынуды;    төртіншідеи-өзін-өзі
әлеуметтік-адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды.


      Өз білімін тексеруге арналған сұрақтар:
        1. Сананы психиканың критерии ретінде бөлуі дегеніміз не
        2. Б. Спинозаның психологиялық көзқарастарын атап көрсетіңіздер
        3. Санасыз психика дегеніміз не
      №7 Психологияның дамуында психоанализ  практикаға  бағытталған  саласы
ретінде
      Жоспары:
        1. Психоанализдің басталуының тарихи алғы шарттары.
        2. Психоанализдің қалыптасуындағы
        3. З. Фрейдтің тұлғалық ерекшелігі және рөлі.
        4.  З.  Фрейдтің   концепциясындағы   психикалық   құрылым   туралы
           көзқарастардың дамуы.
        5. Психоанализдің дамуы және еркін  ассоциациялық  әдіс  және  оның
           қалыптасуы үшін маңыздылығы.
        6.  Неофрейдизм  және  психоанализ   шеңберіндегі   психотерапевтік
           процедуралардың даму тенденциясы


      Зигмунд  Фрейдті  тұлғалық  деңгейде  көтерген  көптеген  биографиялық
очерктер мен кітаптар бар. Алайда осы шығармалардың көбінде авторлардың  бір
жақты пікірге бой алдыратындықтарын  байқаймыз.  Мысалы,  бұл  мәселе  жайлы
А.М. Рудкевич былай жазады: Австриялық дәрігер  психолог  Зигмунд  Фрейд  ең
атақты психологтардың біріне саналады.  Ол  1856  жылы  6  мамырда  Фрейбурк
қаласында, қарапайым тері сатушының отбасында дүниеге келген.  Психологиялық
талдаудың негізін қалаушы. 17 жасында гимназияны өте  жақсы  аяқтап,  әйгілі
Вена  университетіне  оқуға  тапсырады.  Университетте  атақты  профессорлар
дәріс береді. Сол жерде оқып жүріп Зигмунд Фрейд студенттік  одаққа  қосымша
тарих, политика, философия жайлы үйрену  мақсатында  кіреді.  Бірақ  көбірек
оны   жаратылыстану   ғылымдары   қызықтырады.   Биология    және    физика,
жаратылыстану принципі бойынша нақты тәжірибелі  маман  ретінде  қалыптасты.
Бұл үшін ол алдымен клиникаға жұмыс істеуге бару керек болды.  Өйткені  оның
ол кезде медициналық тәжірибесі жоқ  болатын.  Клиникада  Фрейд  диагностика
әдістерін миына зақым келген балаларды сондай-ақ  әр-түрлі  тілдік  ақаулары
бар балаларды емдеу әдістерін меңгерді. Оның  ғылыми  еңбектері  медициналық
зерттеулер ортасында белгілі бола бастайды.
      Зигмунд Фрейд жоғары білікті невропатолог  дәрігер  ретінде  танылады.
Өзіне келген науқастарды ол жылу, су, электр тогы арқылы  яғни  физиотерапия
әдістерімен емдейді. Алайда Фрейд көп ұзамай бұл  физиотерапиялық  әдістерге
қанағаттанбайды, өйткені  емдеудің  тиімділігі  жақсартуды  қажет  етті.  Ол
басқа әдістерді іздестіре  бастады.  Соның  ішінде  сол  кездің  дәрігерлері
жақсы нәтижеге қол жеткізіп жүрген  гипноз  арқылы  емдеуді  қолданады.  Сол
дәрігерлердің ішінде Ю.Брейрде бар. Ол жас З. Фрейдке зор ықпал  етті.  Олар
өздеріне келген ауру адамдардың ауруларының  себептерін  және  оларды  емдеу
жолдарын бірге талқылады. Көбінесе оларға қояншық ауруымен  ауратын  әйелдер
емделуге  келетін.  Бұл  аурудың  көріну  себептері  –   қорқыныш   (фобия),
сезімталдықтарды жоғалту, тамаққа тәбеті  болмау,  екі  адам  сияқты  әрекет
ету, елестер т.б. Жеңіл  гипноз  түрін  қолдану  арқылы  (түс  көру  тәрізді
ұйқылы-ояу күй) Брейр мен Фрейд ауру адамдарға сол аурумен ауырар  алдындағы
оқиғаларды айтқызды. Аурулар сол оқиғаларды есіне түсіре  алса  және  сөзбен
жеткізе алса бұл ауру шамалы уақытқа бәсеңдейді. Мұндай жағдайды Брейр  көне
грекше «катарсис» (тазару) деп атаған.  Көне  заман  философтары  бұл  сөзді
адам өнер туындыларын қабылдағанда пайда болатын және  оның  жанын  жағымсыз
күйлерден тазартатын сезім күйлерінің атауы ретінде қолданған. Ғылыми  білім
– бұл білім өте мұқияттылықты  қажет  ететін  құбылыстар  себебін  білу.  Ол
құбылыстарға  сипаттама  беріп  қана  қойған  жоқ,  олардың  себептері   мен
заңдылықтарын  іздеді.  Психология  саласына  көшкен   кезде   де   ол   осы
принциптерді  ұстанды.  Ол  медицина  факультетінде   оқыды.   Оның   ұстазы
еуропаның әйгілі физиологы Эрнст Брюкке болды. Оның  зертханасында  көптеген
елдердің ғалымдары жұмыс істеді оның ішінде  орыс  физиологиясы  мен  ғылыми
психологияның негізін салған И.М. Сеченов  болды.  Брюккенің  жетекшілігімен
студент Фрейд Вена физиология институтында жұмыс істеді. Ол жерде ол  күніне
бірнеше сағат  микроскоппен  жұмыс  істеді.  Қартайған  шағында  бүкіл  әлем
мойындаған психолог болған  ол  достарының  біріне  зертханада  жануарлардың
арқа жұлынының  жүйке  жасушаларының  құрылымын  зерттеген  жылдар  оның  ең
бақытты сәттері екендігін айтты.  Осы  кезеңде  қалыптасқан  оның  бойындағы
ғылымға деген қызығушылық  пен  табандылықты  З.  Фрейд  өмірінің  соңғы  10
жылдығында да жоғалтқан  жоқ.  Вена  университетін  бітірген  соң  З.  Фрейд
кәсіби ғылым қызметкері болуды мақсат етті.  Бірақ  физиология  институтында
Брюккенің қол астында мұндай жұмыс  орны  болған  жоқ.  Осы  кезде  Фрейдтің
материалды жағдайы да болған жоқ. Өзі сияқты кедей  отбасынан  шыққан  Марта
Бернейге үйленген соң қиындығы көбейе түсті. Фрейд ғылымды тастап өмір  сүру
үшін жұмыс істеуге мәжбүр болды. Бұдан шығар бір жол бар еді –  ол  тәжірибе
жинақтаушы дәрігер болу. Қалайда бұл мамандыққа  ол  қызығушылық  танытпады.
Ол невропатолог ретінде жеке тәжірибе жинақтауға шешім қабылдады. Брейр  бұл
терминді  эстетикадан  алып  психотерапияға  ауыстырды.  Адам  саналы  түрде
сезінбейтін бұрынғы әсерлер, еске  түсірулер  елестетулердің  адам  санасына
ықпалы философтар мен психологтарға бұрыннан ақ белгілі  болған.  Брейр  мен
Фрейдттің жаңа  идеяларының  мәні  мынада:  адам  саналы  түрде  сезінбейтін
күйлерге қарсылық білдіреді. Ал бұл күй  сезім  және  қозғалыс  органдарының
түрлі ауруларға шалдығуына әкеледі. (тіпті уақытша дәрменсіздік күй  тудыруы
мүмкін). Гипноз  әдісін  әсіресе  француз  ғалымдары  өте  сәтті  қолданған.
Олардың тәжірибелерін зерттеу үшін Фрейд  Парижге  атақты  невролог  Шаркоға
барады (бүгінде ол дәрігер физиотерапия әдісінің бір  түрі  –  «Шарко  жаны»
әдісімен байланысты медицинада белгілі). Бұл дәрігердің  «Невроз  Наполеона»
деген аты да бар. Ол европаның  көптеген  король  отбасыларын  емдеген.  Бұл
атақты  дәрігерді  ауруларды  тексеру  кезінде  гипнозбен  емдеу   сеанстары
кезінде тәжірибе жинақтаушы дәрігерлер тобы қаумалап жүретін. З.  Фрейд  жас
веналық дәрігер сол тәжірибе  жинақтаушылардың  бірі  еді.  Фрейдті  Шаркоға
жақындастырған  жағдай  оның  Шаркоға  ол  оқыған  дәрістерді  неміс  тіліне
аударуын өтініп жолыққан сәті еді. Бір  әңгімелесу  үстінде  Шарко  невротик
мінез құлқындағы негізгі ерекшеліктердің бір көзі оның жыныстық  құрылымында
жатанын айтты. Осы ескертуді есінде сақтаған Фрейд  бірнеше  жыл  өткен  соң
осы болжамдар мен бақылауларға сүйене отырып  адам  мінез  құлқындағы  басты
қозғаушы күш  ретінде  оның  сексуалды  өмірінің  рөлі  туралы  идеяны  алға
тартты. З.Фрейд адам өміріне дәл осы сексуалды  бастамалардың  тікелей  және
жанама әсер ететіндігін адам өміріндегі барлық проблемаларға әкелер жол  деп
ұқты. Фрейдтің осы ілімі  көптеген  батыс  елдерінде  әйгілі  бола  бастады,
сонымен қатар психологиядан тыс ілімдерде қолданды
      Біршама уақыттан соң Фрейд тұлға проблемаларын  зерттеумен  шұғылданды
және неврозды  емдеудің  ерекше  әдісін  ойлап  тапты.  Фрейд  теориясы  мен
практикасында санасыз күй мәселелері ерекше орын  алды.  Адам  саналы  түрде
қабылдамайтын  процестерге   деген   қызығушылық   Фрейдтің   бойында   оның
дәрігерлік қызметінің бастапқы кезеңінде пайда болды.  Бұған  сонымен  қатар
пост гипноздық күй қалыбын айқындауы әсер етті.
      Фрейд өзінің санасыздық күйі теориясын жасады. Емдеуші дәрігер ретінде
ол саналы түрде  қабылданбайтын  сезім  күйлері  мен  уәжедері  адам  өмірін
елеулі түрде қиындатып  тіпті  жүйке-психика  ауруларының  себебі  болуы  да
мүмкін екендігіне бірнеше рет  көз  жеткізді.  Бұл  жағдай  оның  өзі  емдеп
жүрген ауру адамдардың саналы әрекеті мен санасыздық сезім  күйі  арасындағы
қарама-қайшылықтан арылту  жолдарын  іздестіруге  бағыттады.  Фрейдтің  адам
жанын  сауықтыру  әдісі  мен  теориясы  психоанализ  деп  аталады.   ХХ   ғ.
психологиясында әйгілі  ілім  ретінде  танылды.  Кейінірек  Фрейд  тек  ауру
адамның емес сонымен  қатар  сау  адамның  да  сезім  күйімен  мінез  құлқын
психиканың  санасыздық  күйі  арқылы  түсіндіретін  теориясын  құрды.  Фрейд
психологияға келгенде бұл ілім сана туралы  ғалым  деп  саналды.  Бұл  жерде
сана деп – адамның өз жанындағы (ішкі дүниесіндегі) өтіп  жатқан  құбылыстар
туралы тікелей білуі аталады. Психологияның негізі де білудің дәл  осы  түрі
еді. Фрейд өзінің медициналық тәжірибесіне  сүйене  отырып  санасыздық  күй,
күштерін зерттей бастады. Ол емдеген адамдар өздерін не қызықтыратынын,  жан
дүниесін  не  ауыртқанын  білмегендіктен  ауруға  ұшыраған.  Тек   гипноздың
көмегімен  сана  бақылауын  қадағалау  арқылы  тұлғаны  ауруға  шалдықтырған
оқиғалар ізін табуға мүмкіндік туды. З.Фрейдтің  бұл  жердегі  батыл  қадамы
санасыздық күйі психикасының түрі  қалтарыстарын  зерттеуде  болды.  Адамның
жан  дүниесінің  құпияларына  барар  жолды  ол  сана   психологиясынан   да,
физиологиясынан да  емес  санасыздық  күйі  психологиясынан  іздей  бастады.
Емдеу процесінде санадан жасырын ойлар мен сезім күйлерін тану қажет  болды.
Бастапқыда ең басты және жалғыз қару гипноз  болатын.  З.Фрейдтің  шеберлігі
Брейрге  қарағанда  жеткіліксіз  еді.  Гипнозға  қанағаттанбаған  ол   басқа
құралдарды іздестіре бастады. Фрейд  тапқан  жаңа  терапиялық  құрал  «еркін
ассоциация» деп аталатын ассоциация түрлері еді. Олар көптеген жылдар  бдойы
психоанализдің  негізі  болып  келді.  «Ассоциациялар»  ұғымы  –  психология
ғылымындағы көне  ұғымдардың  бірі.  Бұл  термин  Платон  мен  Аристотельдің
еңбектерінде кездеседі. Ассоциациялардың  құрылу  заңдылығын  ғасырлар  бойы
психологияда ең басты нәрсе еді. Мысалы адам бір  затқа  қарай  отырып  оның
иесін есіне алады. Өйткені бұрынырақта олар бір мезгілде қабылданса  олардың
мидағы  іздері  арасында  өзара  байланыс,  яғни  ассоциация  пайда  болған.
З.Фрейд ассоциацияларды санасыз түрдегі іс-әрекеттерді  зерттеуге  жол  табу
үшін қолданған. Бұл  үшін  ассоциациялар  еркін  болуы  тиіс.  Яғни  сананың
қабылауынан тыс болады. Психоанализдің басты үрдісі осылай  туған.  Емделуші
адам бей-жай күйде (жатқан қалпы) ойына келген нәрсенің барлығын емін  еркін
айту, миында туындаған ойлар алуан түрлі болсада өз  ассоциацияларын  сыртқа
шығаруы тиіс болды. Емделуші  кедергіге  тап  болғанда  мүдіре  бастады  бір
сөзді бірнеше рет қайталап ойындағыны еске түсіру  мүмкін  еместігін  айтты.
Бұл жердегі  Фрейдтің  болжамы:  Ауру  адам  өзінің  кейбір  құпия  ойларына
еркінен тыс қарсылық танытады.  Сонымен  қатар  мұны  ол  санасыз  түрде  өз
ырқынан тыс жасайды. Адам мінез құлқын  меңгерудегі  санадан  тыс  уәждердің
атқарар рөлін  анықтай  отырып  Фрейд  психологияда  жаңа  бағыттың  негізін
салды.  Бірақ  оның  адамға  тән  бүкіл  қиыншылық,  қызығушылық,   құмарлық
атаулының басты  себебі  адам  бойындағы  санадан  тыс  сексуалды  күштердің
әрекеті болып табылатындығына деген нық сенімі  онық  көптеген  зерттеушілер
ішінде өз жақтастыры мен қызметтестерінің қарсылығын  тудырды.  З.  Фрейдтің
ұстанған принциптерімен көзқарастарына қарама-қайшы пікірлер орын  алды.  Ал
оның теориясы әуелден  ақ  сынға  алынды,  тіпті  жоққа  шығарылды.  Бірнеше
ондаған жылдар бойы күн сайын 8-10 сағаттан З. Фрейд дәрігерлік  тәжірибесін
шыңдады. Осы тәжірибелерінен алған  фактлері  арқылы  ол  толғақ  құрылымына
сипаттама  берді.  Тәжірибе  жүргізуші  дәрігер  ретінде  Фрейд  қолда   бар
фактлерді  өте  мұқият  қолданды.  Бұл  фактілердің  білгірі  деуге  болады.
Фактілерді  жинақтай  отырып  олардың  негізінде  өз  теориялық  қағидаларын
құрды. Алайда кейінірек ол көбінесе теория жасаумен шұғылданып оларды  нақты
фактлері негізінде дәлелдеуге аз көңіл бөлді. Бұл  жерде  Фрейд  даңқы  арта
түскен сайын өз көзқарастары дұрыс дегенге әбден сеніп өзін  жоғары  бағалай
бастағандай  еді.   Фрейдтің   мінезі   бір   беткей   болатын   және   оның
тұжырымдамасын  өзгертуге  немесе  толықтыруға  тырысқан  өз   шәкірттерінің
барлығын дерлік  алыстатып  алды.  Психоанализге  жолдың  кең  ашылуы  үлкен
еңбектен келгендіктен  әр  шегіністі  Фрейд  сатқындық  ретінде  қарастырды.
Психоаналитикалық ассоциациядан өз жақтастарымен қатар  Фрейдтің  шәкірттері
де – А.Адлер, К.Г. Юнг, К. Хорни, М. Клейн, Ж. Лакан сияқты зерттеушілер  де
қуылды. Мұндай атмосфера З. Фрейд салған ізге және оның  беделіне  мүлтіксіз
бас шұлғуды танытты. Психоанализде адам ойлары мен сезім күйлерінің  санадан
тыс түрін анықтау  әдісі  ретінде  түс  көруді  талдау  әдісі  табылды.  Бұл
әдістің мәні  мынада:  психоаналитик  емделушінің  көрген  түстерін  талқыға
салады.  Фрейдтің  есептеуінше,   түс   көру   қаншалықты   бос   көріністер
болғанымен,  оның  «сценарийі»   –   бұл   түстің   бейне-белгілері   арқылы
қанағаттандырылатын  түпкі   тілек-қалаулар   коды.   Бұл   болжамына   өщзі
таңырқаған З. Фрейд оның тіпті қандай жағдайда туындағанын да  есіне  сақтап
қалады.  Бұл  1895  жылдың  24  шілдесіндегі  кешқұрым  мезгіл,  бейсенбіде,
веналық мейрамханалардың бірінің солтүстік-шығыс бұрышында еді. Бұл  жөнінен
З.Фрейд бірде: «осы жерде дәрігер Фрейд түс көру құпиясын ашты» деген  жазуы
бар тақтай іліп қойса да болады», – деп әзілдей айтқан екен. 1900 жылы  «Түс
жору» кітабы жарық көрді. Оны З.Фрейд өзінің басты  еңбегі  санады.  Кітапта
түстегі бейнелердің қалыптасу тәсілдері: олардың кешенді  қабаттасуы,  тұтас
бейненің бөлшек бейнемен алмасуы, кейіптеу және  т.с.с.  сипатталды.  Осының
барысында ол барлық адамдар үшін бірдей мәнге ие символдар бар  деп  санады.
Мұндай символдар ретінде ұшу, құлау, суды,  үшкін  заттарды,  тістің  түсуін
көру  қарастырылды.  Тәуелсіз  авторлардың  бұл  қағиданы  тексеруі   мұндай
тұжырымды  растамады.  Фрейд  түс  көрудегі   бейнелерді   эмоциалды   сезім
күйлерінің деңгейлері ретінде түсіндірді. Олардың туындау  көздері  күндізгі
қалыптан тыс сезім  күйлерінде,  қызығушылықтарында,  қорқыныш  күйлері  мен
санадан тыс әрекеттерінде жасырылған. Олар өздері  туралы  ерекше  символдық
тілде сөйлейді. Фрейд олардың сөздік қоры мен оның  құрылу  тәсілін  қалпына
келтіруге тырысты.  1901  жылы  оның  «күнделікті  тұрмыс  психопатологиясы»
кітабы жарық көрді, мұнда ол түрлі бұрыс әрекеттерді  түсіндірді:  есімдерді
ұмыту, сөзден таю, санадан  тыс  уәждердің  көрінуі.  Фрейд  бойынша,  мұның
себептерін санадан тыс  импульстерден,  шұғылданатын  әрекеттерінен  іздеген
жөн. Бұлардан кейін оның «Даналық және оның санадан тыс құбылысқа  қатынасы»
(1905), «Сексуалдылық теорияисы бойынша үш очерк» (1905), «Тотем және  табу»
(1913) еңбектері жарық көрді.  Фрейдтің  халықаралық  деңгейдегі  атақ-даңқы
З.Фрейдтің танымалдығы арта берді: халықаралық  деңгейде  де  атақты  болды.
1909 ж. оны  АҚШ  шақырады,  оның  дәрістерін  көптеген  ғалымдар,  солардың
ішінде америкалық психология атасы Вильям  Джемс  те  тыңдаған.  З.  Фрейдті
құшақтап тұрып ол: «Болашақ – сіздің қолыңызда», – деген  екен  (Ярошевский,
1989, 21 бет). 1910 жылы Нюрнбергте психоанализ бойынша Бірінші  халықаралық
конгресс  өтті.  Оған  қатысушылар   психоанализді   психологиядан   өзіндің
ерекшелігі бар жеке, айрықша ғылым деп  жариялады.  Алайда  көп  ұзамай  осы
қоғамдастың ішінде оның таралуына әкелген қарсы пікірлер туындады.  Фрейдтің
көптеген  жақын  жүрген  жақтастары  онымен  арақатынасын  үзіп,   өздерінің
мектептерін ашып, бағыттарын қалыптастырды. Солардың  ішінде  Альфред  Адлер
мен Карл  Юнг  те  бар,  олар  соңынан  атақты  психологтар  болды.  Олардың
көпшілігі сексуалды инстинктің басым рөлге  ие  екендігін  мойындамады.  Көп
ұзамай З.Фрейдтің өзі де өз тұжырымдамасына  түзетулер  енгізді.  Бұған  оны
өмір мәжбүрледі. Бірінші дүниежүзілік  соғыс  басталды.  Емдеушілердің  көбі
сексуалды сезім күйлеріне емес, соғыс  уақытында  оларды  күйзелткен  сынақ,
қиыншылықтарға байланысты невроз ауруымен  ауырды.  ХХ  ғ.  соңында  веналық
бұқара халықты емдеу  кезінде  туындаған  З.Фрейдтің  бұрынғы  тұжырымдамасы
кешегі солдаттар мен  офицерлердің  соғыс  жағдайында  туындаған  психикалық
күйзеліс  күйін  түсіндіруге   жарамсыз   болып   шықты.   З.Фрейдтің   жаңа
емдеушілерінің  өлімді  көп  көруден  туындаған  психикалық   күйзеліс   пен
соққылары ерекше инстинкт бар деген болжам жасауға себеп болды.  Ол  Танатос
деген атауға  ие  болды.  Бұл  жерде  Танатос  деп  не  өзгелерді,  не  өзін
өлтіруге, жоюға деген ерекше  құмарлықты  түсіндірді.  З.Фрейдтің  көзқарасы
бойынша, бұл инстинкт сексуалды инстинктпен қатар мінез-құлықтың кез  келген
түрінің негізіне алынған. З.Фрейдт бұл мәселені  зерттеуге  интермелеген  өз
өміріндегі жағдайлар да болды. 20-жылдардың басында  ол  көп  шылым  шегуден
туындаған өте ауыр ауру  түрімен  ауырды.  Бір  операциядан  соң  екіншісіне
шыдамдылықпен  төзіп,  жұмыс  істеуін  тоқтатпады.  1915-1917  жж.  ол  Вена
университетінде «Психоанализге кіріспе  дәрістер»  деген  атпен  жарияланған
курс оқыды. Бұл курс олықтыруды қажет етті, оларды ғалым 1933 жылы  8  дәріс
түрінде  жариялады.  З.Фрейд  шығармашылығының  осы  соңғы  кезеңінде   оның
«Бұқара психологиясы және  «Мен»  талдауы»  (1921),  «Мен  және  Ол»  (1923)
еңбектері жарық көрді.

      Өз білімін тексеруге арналған сұрақтар:
        1. Психоанализдің басталуының тарихи
        2. З. Фрейдтің тұлғалық ерекшелігі және рөлдері қандай
        3.  З.  Фрейдтің   концепциясындағы   психикалық   құрылым   туралы
           көзқарастардың дамуы
        4.  Психоанализдің  дамуы  және   еркін   ассоциациялық   әдістерін
           атаңыздар
        5.  Неофрейдизм  және  психоанализ   шеңберіндегі   психотерапевтік
           процедуралардың даму тенденциясы дегеніміз не

      №8 Когнитивті психологияның даму тенденциясы, жағдайы, тарихы
      Жоспары:
        1. Таным процестеріне жалпы сипаттама және оның әртүрлі  деңгейдегі
           жетілуі
        2.  «Ес  және  ойлау»,  «түйсік   және   қабылдау»жаратылыстанудағы
           хабарлардың өңделу процесінің тиімді ерекшеліктері.
        3. Танымдық процестер іс-әрекеттің әр түрі  ретінде.
        4.  Танымдық  іс-әрекеттің  әр   түрлерінің   қызметінің   нәтижесі
           ретіндегі  субъективизм.
        5. Тұлға субьективтіліктің интеграторы және субъективизмнің көрінуі


      А.Н. Леонтьев, А.А. Смирнов,  .В. Занков,  П.И.  Зинченко  және  басқа
зерттеушілер еңбектерінде  субъектінің  іс-әрекет  мазмұнынан  есте  қалдыру
тәуелді екені көрсетіледі. Мұнан басқа, есте  сақтау  процестерінің  өздері-
есте қалдыру, тану және  қайта  жаңғырту-ерекше  түрдің  іс-әрекеті  ретінде
мінездеме берді. А.А. Смирнов ырықсыз есте қалдырудың мәселесін   тұжырымдап
берді және іс-әрекет затты болып  табылатын  және  іс-әрекет  бағыттылығымен
сәйкестіктің барлығы ырықсыз есте қалдырылатынын анықтайды. А.А.  Смирновпен
тағы есте қалдырылатын материалдың іштей қайта өңделеуін  қамтамасыз  ететін
ойлау процестерінің рөлі  көрсетіледі,  онда  мағыналы  белгі  немесе  тірек
болатын пунктілер бөлінді. Сонымен  бірге,  А.А.  Смирновтың  зерттеулерімен
келісе  отырып,  жағдайлар  қатарында  есте  қалдыру  процесінде  материалды
мағыналап  қана  емес,  сонымен  бірге  қайталау,  сонымен  қоса  қайталауды
уақытында және мазмұны бойныша түрлендіру қажет.
      Келесі зерттеулерде ырықты және  ырықсыз  есте  сақтау  мектеп  жасына
дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларда едеәуір  дамитындығы  көрінеді.
Есте сақтаудың әбден жетілуі есте  қалдыратын  материалдың  көлемінің  даму,
оны ұстап  қалу  беріктілігінің  өсуі,  біртіндеп  қалыптасқан  жанама  есте
қалдырудың тәсілдерін қолдану іскерлігі көрінеді. Жеке нақты  елестетулермен
қатар балаларда  жалпы  елестетулер  қалыптасуы  қажет.  Мысалы,  бала  есте
сақтағанын  суретке  салғанда,  бұл  жалпы  елестетулержемісті  қалыптасады.
Сосын балалар  бейненің  дұрыстығын  тексеру  үшін  оны  үлгімен  салыстыруы
қажет. Балалар мұндай салыстырумен айналысқанды онша ұнатпайды. Объекті  мен
бейнелердегі айырмашылықтарды көрсетіп,  мұндай  салыстыруларды  ұйымдастыру
қажет. Сонда балалар  жиі  заттың  және  суреттің  бөлшектеріне  сондай  бір
ұмтылыспен қарайды және оларды нақты бейнелеуге тырысады.  Егер  олар  үнемі
жалпы суретпен байланыстырмайды,  олар  басты  назарды  бөлшектер  бейнесіне
бөлсе, онда ол  қорқынышты  жағдай,  емес,  бұл  әсіресе  I  және  II  класс
оқушылары үшін тән. Кейін заттар қатарынан ұқсас  белгілерді  көре  бастайды
және  (жалпы)  түсінік  қалыптасуы  үшін   үлкен   маңыздылығы   бар   жалпы
елестетулер жасалады.
      Ескеру қажет,  жинақтау  әртүрлі  ерекшеліктерді  алып  жүруі  мүмкін.
Жинақтаудың бірінші түрінде бұл топтар үшін мәнді заттар бөлінеді,  екіншіде
белгілерді араластыру болады, нәтижесінде әр  түрлі  заттар  бірдей  ретінде
қабылданады.
      Тәжірибелер көрсетеді,  есте  жалпылар  аса  берік,  айқын  сақталады.
Балаларда жөке ағашы мен қайыңның  жапырақтарының  формаларын  есте  қалдыру
ұсынылады. Бірнеше уақыт  өткеннен  соң  олар  екеуінде  қайта  жаңғыртулары
қажет. Нәтижесінде екі жапырақта бірдей түрде салынды.
      Мұндай жағдайда, балаларға  қатал  бейнеленген  өзгеше  белгілері  бар
жапырақтарды  қайта  жаңғырту  ұсынылды,  мысалы,   үйеңкі   жапырағы,   бұл
жапырақтағы кесіктері суретте арттыру. Жинақтау типі  екінші  түрімен  ұқсас
И.П. Павловтың жануарларға эксперименталды зерттеуі болды.  Жинақтаудың  бұл
типі онымен генерализацияланған шартты рефлексі деп  атанды.  Эксперименттің
негізі келесіні құрайды.  Азықпен тітіркену дыбысы 40  кал/сек  қуаттанылса,
ит  тек  оған  ғана  әсер  білдіре   бастайды.   Көптеген   жағдайда   ұқсас
тітіркендіргіштер иттер үшін бірдей биологиялық маңызды болады.  Оқушылардың
есте  қалдырулары,  біз  көргендей,   бұл   ережелерге   бағынады.   Балалар
ұқсастарды өте жақсы есте қалдырады (айырмашылық жоқтай мән  бермейді),  бұл
айырмашылықтарды ескермей. Қандай да мәні барлар бекітіледі.
      Бұдан оларды есте қалдыру кезінде объектілерді дифференциалауға үйрену
қажеттілігі   шығарады.   Осы   мақсатпен   заттың   бұл    ерекшеліктерінің
маңыздылығын көрсету маңызды, мысалы жануарлардың  аяқтарының  айырмашылығын
олардың өмір бейнесімен  байланыстыру:  иттің  дараланған  аяғы  және  аттың
тұяғы, мысықтың тырнақты аяғы және қоянның  алдыңғы  және  артқы  аяқтарының
ұзындықтарының  әр  түрлігі.  Оқушыларға  мұндай   айырмашылық   маңыздылығы
түсінікті болғанда, олар берік және ұзаққа дейін есте қалады.
      Байқаусыздан есте қалдырудан басқа,  мәнді  маңыздылығы  барды  дамыту
қажет. Балаларды есте қалдыру тәсілімен үйрету қажет. Зерттеулер  көрсетеді,
балалармен мұндай жұмыс жүргізілмейді, сондықтан олар дұрыс емес  тәсілдерді
қолданады. Ойлаудың онан әрі дамуы есте  қалдыратын  материалдан  мәнділерін
бөліп, көрсете алу, арқа сүйеу болатын  пункттарының  астын  сызып  көрсету,
олармен қалғандарын байланыстыру қажет.
      Отандық  психологтардың   зерттеулерінің   арқасында   есте   сақтауды
функциялау және оны дамытудың толық концепциясы шықты.
      Л.С. Выготский мен есте сақтаудың, психиканың дамуы  сияқты  толығымен
әлеуметтік табиғат көрсетіледі. Аламның  мәдени  дамына  ерекше  мән  беруде
ойлап шығарған және белгілерді қолдану, және  олардың  көмегімен  психикалық
процестегі тікелей  арғымды  жанамаға  айналдыру  жасалады,  Л.С.  Выготский
белгінің көмегімен белсенді еске сақтаудың мәнділігін көрді. Сонымен, Л.  С.
Выготский  бойынша, адамның тарихи  және  жекелей  дамуында  біртіндеп  ішкі
белгілерді ішкі  сөйлеудің  сөзімен  бейнесі  түрінде  ішкі  сүйенішті  есте
қалдыру  және  қайта  жаңғырту  үшін   құралына   айналдыру   болады.   Л.С.
Выготскийдің көзқарасына негізделе, А.Н. Леонтьев тікелей және  жанама  есте
қалдырудың арақатынасында жастық өзгерісті көрсетті, ал А.Р. Лурия  –  мидың
зақымдалған  ауруларда  есте  қалдыру  үшін  құралын  қолданудың  әр   түрлі
мүмкіндігін көрсетті.
      Жанама   есте   қалдыру   тәсілдеріне    қазіргі   шетелдік    балалар
психологиясында белгілі маңыздық береді басталады. Мынадай тәсілдер  бөлініп
шықты: мектеп жасына дейінгі балалар үшін  еске  қалдыруға  жататын,  шынайы
әрекеттерді заттармен орындау, қабылданатын  белгілі  білдіру  ретінде  есте
қалдыру нәтижелелігін жоғарлату, және елестеген әрекеттерді ойдағы  бейнелер
жолымен операция жасау –  бұл  кіші  мектеп  жасындағы  балаларға  арналған.
Кейбір зерттеулерде материалмен есте қалдыруға жататын  ойлау  іс-әрекетінен
есте сақтаудың нәтижелігі тәуелді екеніне көңіл аударылады. Сонымен қоса іс-
әрекет міндетті шешуге ұқсастырылады:  балалар,  материалды  талдай  отырып,
мәселені  анықтайды,  болжамды  тұжырымдайды,  қажетті  информацияны  таңдап
алады  және  т.б.  Егер  оларды  белгілі  стратегияға  және   есте   қалдыру
техникасына үйретуде, балалардың есте сақтауын  едеуір  жақсарту  мүмкіндігі
көрсетіледі.
      Есте сақтауды қарастырудың негізгі аспектісі, аса зерттелгенді ырықсыз
есте қалдыру мәселесіне қолдану,  есте  сақтау  нәтижелігімен  адам  жекелей
ерекшеліктерінің, оның мотиві, қызығушылығы,  қажеттілігі,  қоршаған  ортаға
қатынасы оның бағдарлары арасында байланыс құру. XIX ғасырдың аяғы  және  XX
ғасырдың басында психологтардың тағы бір зерттеулерінен белгілі,  адам  үшін
барлық  жекелей  маңыздылар  ересектердегі  сияқты,  балаларда   да   орташа
қарағанда есте едәуір берік сақталады. Бұдан басқа, баланың есте  сақтауының
даму онда ерік күштеріне әдеттердің  қалыптасуынан  тікелей  тәуелді,  солай
болғандықтан  есте  қалдырудың   мағыналы   және   жанамалы   ерекшеліктерін
қамтамасыз ететін ойлау іс-әрекеті сияқты ырықты  қайта  жаңғыртыру  әрекеті
көптеген қиыншылықтарды жеңу қажеттілігімен кездеседі.
      Есте сақтаудың қарастырудың жаңа аспектісі информация және кибернетика
теориясы дамуымен байланысты пайда  болды.  Машина  құрылысын,  информацияны
кодтайтын және кодтай алмауды жасаудың  қажеттілігін  әр  түрлі  мамандардың
адамның есте сақтаудың заңдарына қызығушылығын едәуір өсірді.


      Өз білімін тексеруге арналған сұрақтар:
        1. Таным процестеріне жалпы сипаттама және оның әртүрлі  деңгейдегі
           жетілуін атаңыздар
        2.  «Ес  және  ойлау»,  «түйсік   және   қабылдау»жаратылыстанудағы
           хабарлардың өңделу процесі түсініктері
        3. Танымдық процестер қызметін атаңыздар
        4.  Танымдық  іс-әрекеттің  әр   түрлерінің   қызметінің   нәтижесі
           ретіндегі  субъективизм дегеніміз не
        5. Тұлға субьективтіліктің интеграторы және субъективизмі дегеніміз
           не


      №9 Психологиядағы ХІХ – ХХ ғасыр шебіндегі теориялық тұжырымдамалар
      Жоспары:
        1. Вундт идеясының Америкада дамуы туралы айтып беріңіздер
        2. В.  Джемс.  психиканы  бейімделу  механизмі,  сананы  психикалық
           автоматизмдер туралы теориялық көзқарастары
        3. Т. Рибоның психологиялық теориясы
        4. В.М. Бехтеровтың объективті психологияны  рефлексологияны  жасау
           әрекеті
        5.  Н.Н.  Лангеніңэксперименттік  психологиялық   зерттеулері   мен
           теориялық тұжырымдамалары


      Х ғ. 60 жылдарында психология дербес ғылым ретінде танылды.  Вильгельм
Вундт (1832-1920) 1879 жылы Лейпцигте Тұңғыш экспериментальды  психологиялық
лабораторияны ұйымдастырды. Вундт  психологияны-сана  құрылым  ғылымы  деді,
бұл  бағытты  құрылымдық  көзқарас  деп  атады.  Зерттеуші  нақтылы   сыртқы
жағдайларды жасай отырып, осы кездегі  үрдістер  ағымын  бақылайды.  Алайда,
адамның  өзін-өзі,  жеке  ішкі  күйлерін,   сезімдерін,   ойларын   бақылауы
түріндегі бұл  бақылаулар  интроспекция  («ішке  үңілу»),  өзін-өзі  бақылау
әдісін  қолданды.  Мұндай   бақылауда   басты   ғылыми   талап-обьективтілік
болмайды.  осының  нәтижесінде  ХХ  ғасырдың  басында,  біріншіден,   ғылыми
обьективтік  білімнің  дамуы  сұрауларының  салдарынан  және  әлеуметтік   –
экономикалық   талаптардың   салдарынан,   екіншіден,   -    интроспективтік
психологияның дағдарысқа ұшырайтыны белгілі болды.
      У. Джемс американдық психолог «Функционалдық  көқарас».  «Сана  ағымы»
деген  теориясы  бар.  Сана  функциясының  адам  өміріндегі  ролі  зерттеуді
жалғастырды. Олар: интроспекция, өзін-өзі  бақылау,  уақытша  міндетті  шешу
фиксациялық әдістерін қолданды. Джемс «үздіксіз сана» түсінігі- мазмұны  мен
күйінің үздіксіз өзгерісі сана қозғалысының процесі.
      Эббингауз (1850-1909)  ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басында,  белгілі
неміс психолог Г. Эббингауз психологияның тарихы қысқа, ал  тарих  алдындағы
кезеңдері ұзақ деп психология туралы қысқа да нұсқа айтты Бұл  жерде,  тарих
ретінде,  философиядан  бөлініп  табиғи  ғылымдарға   жақындау   және   жеке
эксперименттік  әдістерді   ұйымдастыру   кезеңі   деп   аталған   психиканы
зерттеудің кезеңі айтылған. Эббингауз – есті зерттеу ғылымы  психологиясында
ең бірінші болып табылады. Ең алғаш эксперименталды әдісті қолданды.
      Спенсер Жаратылыстану ғылымының  ХІХ  ғасырда  одан  әрі  дамуында  Ч.
Дарвин жасаған эволюциялық ілім аса маңызды кезең болды, адам  соған  сәйкес
органикалық дүниенің дамуының тұтас жүйесіне енді. Психикалық өмір  эволюция
нәтижесі деп танылды. Дарвинмен қатар бұл ойды  Г.  Спенсер  де  (1820-1903)
айтты және дамытты және Рибо, Бине т.б. дамытты. Ағылшынның  ұлы  ғалымы  Ч.
Дарвин (1809-1889) -  біздің арғы тегіміз  адам  тектес  маймылдардан  пайда
болғанын дәлелдегенімен,  мұндағы  еңбек  процесінің  шешуші  рөлін  көрсете
алмады.
      Отандық ғылымының негізін салушы психолог  Сеченов  И.М.  (1829-1905)-
«Рефлексы головного мозга» кітабында (1863)  негізгі  психологиялық  процесс
физиологиялық трактовкадан алады.
      Психикаға деген материалистік көзқарастың дамуы ағылшын сенсуалистері:
Т. Гоббс (1588-1679), Д. Гартли (1705-1757), Д.  Пристли  (1733-1804),  және
француз энциклопедистері: Д. Дидро (1713-1784), П. Гольбах  (1723-1789),  К.
Гельвици (1715-1771) еңбектерінде айқын аңғарылады.
      Психология-мінез-құлық туралы  ғылым.  Бихебиоризм  (ағылшынша-«мінез-
құлық») бағытының негізін салушы  американ  психологы  ^  Дж  Уотсон  (1873-
1958). 1913 жылы Уотсонның  психологияны  мінез-құлық  жөніндегі  ғылым  деп
қарастырған кітабы жарық көрді. Оған психика да емес, сана да емес,  сырттан
бақыланбайтын,  адамның  қозғаушы  жауап  қайтаруларының  жиынтығы   ретінде
түсіндірілетін  мінез-құлық  енді.  Субьективтік  әдістің  (интроспекцияның)
орнына – обьективті әдісті пайдалануды қажет деп жариялады. Қоршаған  ортаға
бейімделуші тіршілік иесінің мінез-құлқын зерттеуді психология  міндеті  деп
білді. Бір онжылдың  ішінде  ғана  бихевиоризм  бүкіл  әлемге  таралды  және
психология ғылымының ең  басты  ықпал  етуші  бағыттарының  біріне  айналды.
Расында  да,  мінез-құлықты  бақылай  отырып,  біз   шындығында   обьективті
фактілерді зерттейміз, бірақ мұндай обьективтік алдамшы немесе біздің  әрбір
қылығымыздың, мінез-құлық актілеріміздің артында біздің  ойымыз,  сезіміміз,
тілектеріміз тұрады. Ойды, сезімді, ниетті білмей тұрып, мінез-құлықты  білу
мүмкін емес. Зерттеу  пәні  өзгерді  (сананың  орнына  мінез-құлық  алынды),
сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды.  «Сана»,  «түйсік»,  «қабылдау»,  «ерік»
деген  және  басқа  терминдер  ғылыми  мазмұны  жоқ  сөздер  ретінде   жоққа
шығарылды. «Стимул» (сыртқы орта қоздырғышы), «реакция» (организмнің  қозуға
қайтаратын  жауабы)  және   стимул   мен   реакция   арасындағы   «байланыс»
(ассоциация, коннексия) негізгі психологиялық ұғымдарға  айналды.  Сондықтан
да   бихебиоризмді   көбінесе    стимул-реактивті    теория    немесе    С-Р
ассоциационизмі деп атайды, адам мінез-құлқында туа біткен ештеңе  жоқ  және
оның кез келген көрінісі – сырттан ынталандырудың өнімі деп айтты. Ол мінез-
құлық  ұғымына  бір  жақты  ғана  мағына  берді,  яғни  ғылымды  «психикасыз
психологияға» айналдырды.
      Гештальт  психология  Германиядағы  психикалық  мектеп.  Оның  негізін
қалаған Макс Вертгейлер (1880-1943) жәнет  В.  Келер  (1887-1967),  К.Коффка
(1886-1941) Ассоциативті психологияға қарсы болды. Мақсаты: жеке  психикалық
процестің құрылымын тәжірбие жүзінде  зерттеу.  гуманистік  бағыттың  негізі
болып табылады. тұлғалық қасиеттерінің өсуіне  негізделеді.  Гештальт  деген
сөзді неміс тілінен аударғанда «форма» сөз, яғни  барлық  ұсақ  бөлшектердің
бірігуі және органикалық бүтінді құрайды.
      Психоанализ (З.Фрейд, А. Адлер, К. Юнг, К. Хорни)
      Гуманистік психология (А. Маслоу, Роджерс)
      Когнитивті психология (Дж. Брунер, Д. НОрман, Л. Фистингер).
      Интерактивная психология (Э. Берн). адамды  зат  ретінде  қарастырады,
адамдармен өзара әрекет, қарым-қатынас негізгі мінездемесі  болып  табылады.
Психологияның  мақсаты-қарым-қатынас,   өзара   қатынас,   қақтығыс,   өзара
әрекеттестіктің заңдылығын үйретеді.


      Өз білімін тексеруге арналған сұрақтар:
        1. В. Джемс. психиканы бейімделу механизмдерін атаңыздар
        2. Сананы психикалық автоматизмдер туралы  теориялық  көзқарастарды
           атап беріңіздер
        3. Т. Рибоның психологиялық теориясы анықтамасы
        4. В.М. Бехтеровтың объективті психологияны  рефлексологияны  жасау
           әрекеті қандай
        5.  Н.Н.  Лангенің  эксперименттік  психологиялық  зерттеулері  мен
           теориялық тұжырымдамалары дегеніміз не


      №10  Психологиядағы  жүйелік  -  іс-әрекеттік  тұрғының  тарихи   және
гносеологиялық алғышарттары
      Жоспары:
        1. Психологиядағы жүйелік іс-әрекет тәсілінің қалыптасуы
        2. Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдарының рөлі


      Л.С. Выготскийдің сана мен іс-әрекеттің  бірлігі  принципі  психикалық
құбылыстарды  талдаудағы  негізгі  принцип  ретінде.  Психологиядағы  заттық
принцип және даму принципі іс-әрекет тәсілінің маңызды құрылымы ретінде. Іс-
әрекет  тәсілінің   түсініктілік   аппараты.   «Іс-әрекет»    категориясының
мәнділігі туралы қазіргі  көзқарастар.
      Лев Семенович Выготский (1896-1934) ең көрнекті психологтарының  бірі.
1917ж  ол  Тюменьде  мұғалім  болады,  ол  Сеченов   және   Павлов   іліміне
бейімделген жаратылыс ғылымды психологиялық жақтаушысы болады.
      1924ж ол Мәскеуге көшеді. Алдына  марксизм  философиялық  негізңіндегі
мәселесі қойылған психология институтының қызметкері болады.
      «Сознание  как  проблема  поведения»-  «Таным  мінез  құлық   мәселесі
ретінде» деген мақаласында  ол  психологиялық  функцияның  зерттеу  жоспарын
құрады.  Маркстік  инстинкт  және  таным  арасындағы  айырмашылыққа   сүйене
отырып, Выготский еңбек арқасында «Тәжірибенің екі еселенуін»  және  адамның
бірінші ойда, содан іске құра алатын қабілетін иемденіп алатынын дәлелдеді.
      Бала дамуының параметрлері және оның әртүрлі  ғылыми  концепциялардағы
түсінігі. Сөзді іс әрекет ретінде түсініп  Выготскийдің  индивит  және  әлем
арасындағы ерекше мәдени әлеуметтік делдалын қарастырады.  Ол  оның  белгілі
табиғатына ерекше мән береді, өйткені  оның  арқасында  адамның  ішкі  сезім
көңіл өмірінің құрылымы  және  оның  психологиялық  фунциялары  элементарлық
жоғары болып өзгереді. Онтогенездегі психикалық даму заңдылықтарына  қатысты
өзінің теориялық қортындыларының бір вариантын, Выготский өзінің  1931  жылы
жазған « Жас психологиялық функциялардың  дамуы»  жұмысында  баяндаған.  Бұл
жұмыста белгілерді  пайдалану  процесінде  адам  психологиясының  қалыптасуы
сызба  нұсқасы  психологияның  іс   әрекетінің   реттелу   ретінде   бірінші
индивидтің басқа адаммен сыртқы байланыста,  содан  бұл  процестің  сыртынан
ішке қарай ауысуы нәтижесінде  субъект  өзінің  әрекетінен  билеу  қабілетін
кемдеп алады. Бұл процесс интериоризация деп  аталады.  Келесі  жұмыстарында
Выготский  белгінің  мағынасын  зерттеуіне  ерекше  көңіл  аударады.  Осының
арқасында  ол  өзінің  оқушыларымен   бірге   балалық   ақыл   ой   дамуының
эксперементальді теориясын өңдеп оны басты еңбегінде «Мышления и речи»  -  «
Ойлау және сөйлеу» 1934 жазған.
      Бұл зерттеулерді ол оқыту мәселесімен және оның ақыл ой дамуына әсерін
тығыз байланыстырады. Ол жоспардағы алға шығарған идеялар  арқасында  ерекше
мезгілділігін «Зона ближайшего развития» - «Таяу  даму  заңы»  жайлы  жағдай
алып  тұр,  бұл  бойынша  тек  «Дамудың  алдына  шығатын»,  өзінің   артынан
тарататын,  яғни   педагог   көмегімен   бір   мәселені   шешудегі   баланың
ерекшеліктерін көрсететін оқыту  ғана  эффективті  болып  табылады.Выготский
баланың дамуындағы дағдарыстарға, баланың  бір  жастан  келесі  жасқа  өткен
кездегі басанан өткізетін жай күйге маңызды мән берді.
      Таяудағы даму заңы – ол баланың актуальді даму  деңгейімен  және  даму
мүмкіндігінің деңгейінің арасындағы арақашық. «Актуальді даму  деңгейі  даму
жетістігін сипаттайды, өткен күнгі арналған даму қортындылары , ал  таяудағы
даму, ол ертенгі күнгі дамуды сипаттайды ». Таяу даму түсінігі балалық  және
педагогикалық психологияда  маңызды  теоретикалық  мағынаны  білдіреді  және
негізгі фундаментальді мәселелермен байланысты.
      Таяудағы даму аймағы –  біріккен  іс  -  әрекет  құрылуындағы  жоғарғы
психикалық функциялардың заңдық логикалық құрылымы, басқа  адамдармен  қарым
–  қатынаста  бірте  –  бірте  субьектінің  ішкі  психикалық  процесс  болып
қалыптасады.  Біріккен  іс  -  әрекетте  психикалық  процесс   құрылғанда,ол
таяудағы даму аймағында болады, құрылғаннан кейін ол  субьектінің  актуальді
дамуы болып қалыптасады. Л.С. Выготский – « Оқу даму  алдында  жүрген  кезде
ғана жақсы » және « Педагогика –  ол  бала  дамуының  бүгінгі  күніне  емес,
ертенгі күніне бағдарлану керек » деген.
      Выготский еңбектері жоғарғы педагогикалық мәдиниетпен ерекшеленеді. ХХ
ғасырдың басы ойлау, сөйлеу, эмоциялар жайлы жұмыстармен айқын көрінеді.  Ол
дағдарыстың тарихи мәні  бар  деп  есептеген.  Бұл  мән  Выготскийй  бойынша
психологиялық әр түрлі бөлек бағыттарға бөлуін көрсетеді.
      Психолог П.П. Блонскийдің  айтуынша  психология  педагогиканың  негізі
болу үшін өзінше дербес зерттеу  жұмысын  жүргізудің  қажеті  жоқ,  бұл  тек
жалпы психологиялық жәйттерді  мектептегі  оқыту  және  тәрбие  жұмыстарында
қолдану керек делінген. Осы пікірге  Выготский  қарсы  шығып,  педогогикалық
психологияны дұрыс жолға қою үшін жалпы психологияға негізделу  жеткіліксіз,
бұл үшін сабақ үстінде не тәрбие жұмысында балалардың  ұғыну  не  тіл  алғыш
процестерін зерттеп, осы арқылы табылған  мәліметтерге  оны  негіздеу  қажет
деген.
      Л.С Выготский осындай дәлелді келтіргенде  мынандай  дерекке  сүйенді:
жалпы  психология  өзінше  ғылымның  бір  түрі.  Ал   ғылым   жетістіктеріне
негізделе отырып, оқыту тәрбие жұмысына пайда келтіру мүмкін емес.
      Ж. Пиажие француз тілінде  аударылған  еңбегінде  баланы  оқытсақ  та,
оқытпасақ  та  психикасының  дамуына  ықпалын  тигізбейді  деді.  Пікір  сол
кездегі психологтардың көбіне жаңалық болатын. Сондықтан  Ж.  Пиажені  сынға
алушылардың  саны  көбее  бастады,  солардың  бірі  Выготский.  Ол  Пиаженің
пікіріне қарсы шығып,  бала  психикасы  тек  оқудың  негізінде  қалыптасады,
осыған орай ықпалын дамыту үшін алдымен оны оқыту керек  деді.  Выготскиидің
айтуынша, оқыту  баланың  есейуін  тездетеді.  «Егер  баланы  ақылды  етемін
десеңдер,  оқыту  тәсілдерін  оны  қолайлы  жолмен   даму   дәрежесіне   дәл
ықшамдамай, шамалы алға  қарай  оздырып  жүргізу  керек.  Сонда  ғана  оқыту
баланың ой өрісін алға қарай сүйрейтін болады» деді.
      Выготскийдің оқыту дегеніміз бала психологиясының дамуынан аздап  озып
отыру керек  деген  қағидасына  сүйенеді.  Пихологиялық  даму  мен  оқытудың
өзаракөлемін түсінуде келтірілген осы жөніндегі  әр  түрлі  пікірлердің  бар
екенін білу өте қажет. Себебі олардың ішінен  қажет  екенін  басшылыққа  алу
мүмкіндігі туады. Егер бала  дамудың  ең  алғашқы  сатысында  эгоцентрикалық
сөйлеу бір мәселе шешудегі әдіс тәсілдерден тұрмаса, онда бала үлкен  кісіге
сөйлеммен көмек сұрайды. Бала шарасыздан мақсатқа жету үшін  үлкендерге  өзі
іске асыра алмайтын, қандай әдіс керек екенін сөзбен  жеткіздіреді.  Балалар
дамуындағы   үлкен   өзгерістер   мына   кезде   басталады,   егер    сөйлеу
жерментерілсе,  егер  мәселе  шешу  үшін  экспериментарлы  емес  өз  бетінше
әдістер тануында. Осы кезде сөйлеу интер психикалық  категориядан  функцияға
айналады. Бала әлеуметтік тип бойынша өз  мінез  құлқын  ұйымдастыра  отырып
бұрын басқаға қолданған мінез құлық әдісін енді  өз  өзіне  қолданады.  Ерте
жас кезенінде адам санасында – қабылдау , мектепке  дейінгі  кезенде  –  ес,
мектептегі кезенде ойлау жақсы дамиды. Ал қалған психикалық  процесстер  осы
кезендердің барлығында дамиды.
      Бала әлеуметтік сөйлеудің интеризациясына өтуде қиын жол  кешеді.  Бұл
процесстің тарихы балалық практикалық интелектісінің  әлеметтенуінің  тарихы
және  сол  кезде  оның  символдық  фунцияларының  әлеуметтік  шындығы  болып
табылады.
      Л.С. Выготскийдің ғылыми жұмыстары  психологияның  «құрылыстарды  таза
сипаттаудан, эмпирикалық және феноменологиялық зерттеуден  олардың  болмысын
ашуға»  өтуге  бағытталды.  Ол  психикалық  құрылыстарды   зерттеудің   жаңа
экспериментальді генетикалық әдісін енгізді, «әдістің  мәселесі  болып  басы
мен негізі табылыды, бала  дамуының  мәдени  тарихының  альфа  және  омегасы
болып табылады.
      Л.С. Выготский жас мөлшері туралы оқытуды бала дамуының бірлік анализі
ретінде ойлап шығарды. Ол өту жағдайда формалар  спецификалар  және  баланың
психикалық дамуын қозғайтын күштерге өзге  түсінік  енгізді,  бала  дамуының
сатылрының және фазаларының  эпохасын  суреттейді  сонымен  қатар  онтогенез
кезінде олар арасындағы өтулерді  сипаттайды;  баланың  психикалық  дамуының
негізгі заңдарын тап және  құрастырды.  Выготский  бала  психологиясы  толық
және жетілген болу  үшін  бәрін  жасады;  ол  оқытудың  негізгі  практикалық
мәселелерін шеше алатын және балаға тәрбие беру  психикалық  дамудың  жастық
нормативтік диагностика мәселесіне жаңаша қарауды негіздеді.
      Выготскийдің   теориясының    негізгі    қазіргі    заманғы    дамудың
биологизаторлық теориялардың дамуын сипаттады. Л.С.  Выготскийдің  айтуынша,
«  оқытуда  бір   қадам,   дамуда   жүз   қадам   дегенді   білдіреді».Мұнда
зерттеушілер, сана құрылымында тек қана  таным  процесстері  қарастырып,  ал
мотивациялы – қажеттіліктер аймағында саналы тұлға зейінінде  қалдырды.  Осы
тұжырымдарда Л.С. Выготскийдің идализм  концепциясы  қарастырылды.  Көптеген
жылдарға созылған Л.С. Выготскийдің  болжамы  ғажайып  (гениальді)  интуиция
болып қалды. Л.С. Выготский өз зерттеулерін  «  психология  шыңы»  ре  тінде
анықтады (ес психологиясы) және ол басқа екеуіне  қарсы  тұратын  –  «беткі»
(жүріс-тұрыс теориясы) және «түбкі» (психоанализ).  Ол  «есті  жүріс-  тұрыс
құрылымының мәселесі»  деп  қарастырды.  Бүгінгі  таңда  адам  баласының  үш
сферасы: сезім, интеллект және жүріс – тұрыс психологиялық концепцияларды  –
психоанализде интеллект және бихевиоризм  теориясында  зерттелуде  деп  айта
аламыз.
      Терең философиялық анализ негізінде Л.С. Выготский психологияның қайта
құрылуын  жасады.  Л.С.  Выготский  үшін  мынадай  сұрақтар  маңызда  болды:
қалайша адам өзінің дамуында «өзінің жануарлық» табиғатының шегінен  шығады?
Қалайша өзінің қоғамдық процессінде ол мәдени және еңбек ететін жан  ретінде
дамиды? Л.С. Выготский бойынша адам өзінің тарихи  даму  процессінде  өзінің
жүріс тұрысының қозғаушы күштерінен жоғары болады; адамның  қоғамдық  өмірге
ғана оның жаңа қажеттіліктері пайда  болады,  қалыптасты  және  жетілді,  ал
адамның тарихи қасиеттіліктері көптеген өзгерістерге ұшырады .
      Л.С. Выготский ең алғашқы болып бала психологиясының  облысына  тарихи
принципті енгізді. Мәдени даму,  мәдени  жүріс  –  тұрыс  формаларын  тарихи
азаматтық тану нәтижесі деп қарастырды. Табиғи  материалдың  тарихи  формаға
айналуы әрқашанда  даму  типінің  күрделі  өзгеріс  процессі  деп  саналады.
Выготский бала дамуындағы  дағдарыстарға  баланың  бір  жастағы  келесі  жас
кезеніне өткен кезендегі басынан өткізетін жай күйге,  маңызды  мән  береді.
«Дамудың ішкі процессі мен сыртқы жағдай үйлесімділігі» ол әр  жас  кезеніңе
тән және сол жас кезеніне  тән  психикалық  даму  динамикасымен  шарттасады.
Соныңда   өзіндік   психологиялық   жаңалықпен   байланысады.   Выготскийдің
еңбектері педагогикалық жоғары мәдениет  пен  ерекшеленеді.  С.Л  Рубинштейн
Выготскийдің  позициясын  нақтылай  отырып  даму   мен   оқытудың   бірлігін
анықтайды. Оқыту баланың нақты даму мүмкіндігіне  сәйкес  келуі  керек.  Бұл
мүмкіншіліктерді   оқыту   барысында   тарату   жоғарғы   деңгейдегі    жаңа
мүмкіндіктерге жол ашады.
      Л.С. Выготский сөзді іс - әрекет  ретінде  түсініп  индивид  пен  әлем
арасындағы ерекше мәдени әлеуметтік қарым – қатынасты қарастырды.  Ол  белгі
табиғатына ерекше мән беріп адамның ішкі сезім өмірінің  құрылымы  мен  оның
психологиялық функциясының  өзгерістеріне  назар  аударады.  Л.С.  Выготский
психикалық  дамудағы  оқытудың  жетекші  рөлі  жағдайын   жылжытты.   Жоғары
психологиялық функция алғашқыда өз ара іс - әрекетте  ынтымақтастықта  басқа
адамдармен қарым – қатынаста қалыптасады және бірте –  бірте  ішкі  жоспарға
айналып баланың ішкі психикалық  процесстерін  құрады.  Бұл  Л.С.  Выготский
бойынша әлі жетілмеген жетіліп келе жатқан психика  процесстерді  білдіреді.
Бұл  процесстер  қалыптасқанда   оларға   тесті   тапсырмалардың   көмегімен
диагностика   жүргізуге   болады.   Бұл   міндеттерді   баланың   қаншалықты
жетістікпен  орындағанын  тіркей  отырып,  біз   актуальді   даму   деңгейін
анықтаймыз.
      Выготский  Л.С.,  Леонтьев  А.Н.,  Петровский  А.В.,  Рубинштейн  С.А.
психологтардың айтуы бойынша азаматтың  «личность»  дамуы  шығармашылықтарда
үлкен табыс алады, яғни  шығармашылық  элементтерге  толы  адамдардың  жұмыс
істеу ынтасын қалыптастырады. Барлық шығармашылықтардың,  еңбектердің  дамуы
азаматтылықтың дамуын қалыптастырады. Адамның  еңбекке  деген  көзқарасы  үш
фактордан   құралады:   әлеуметтік   –   экономикалық;   техникалық   немесе
функционалдық; психо-педагогикалық. Белгілі кәсіпке сай мамандықты  таңдауда
бағалы  ориентация   көрінеді.   Бағалы   ориентация   -   әлеуметтік   және
индивидуалдық белсенділіктің күрделі білімі.
      Л.С. Выготский бұл зерттеуді оқыту мәселесімен оның  ақыл  ой  дамуына
әсерін тығыз байланыстырады. Ол жоспардағы алға шығарған  идеялар  арқасында
ерекше дамудың аймағы, дамудың таяудағы аймағын  ерекше  атап  өтеді.Дамудың
таяудағы аймағының  заңы  бойынша  өзінің  артынан  тарататын  яғни  педагог
көмегімен бір мәселені  шешудегі  баланың  ерекшеліктерін  көрсететін  оқыту
тиімді болып табылады.
      Л.С. Выготский бала дамуындағы дағдарыстарға баланың бір жастан келесі
жас кезеніңе өткен  кезендегі  басынан  өткізетін  жай  күйге,  маңызды  мән
береді.


      Өз білімін тексеруге арналған сұрақтар:
        1. Психологиядағы жүйелік іс-әрекет тәсілінің қалыптасуы  дегеніміз
           не
        2. Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдарының рөлі қандай
        3. Л.С. Выготский бойынша оқыту дегеніміз не

      № 11. Сана мен тұлғаның іс-әрекеттік  тұжырымдамасының дамуы
      Жоспары:
        1. Индивидуалды сана ақиқаттар жүйесі ретінде
        2. Әдеттегі ақиқат құрылымы
        3. Индивидуалды сананы экспериментік зерттеу міндеттері
        4. Ойлау психологиясындағы іс-әрекет тәсілінің дамуы
        5.   Іс-әрекеттің   жүйелік   қасиеттері    мен    сипаттамаларының
           өзарабайланысы
        6. Тұлға іс-әрекет субъектісінің  жүйелі  «жоғарысезімтал»  қасиеті
           ретінде


      Тұлға деген сөзді І. Кеңесбаев қазақ тілінде батырлықты,  ел  қорғаны,
басқаның сүйеніші, таянышы болғанды белгілейтін ұғым  деп  анықтаған.  Тұлға
орыс тіліндегі “индивидуальность” ұғымына сәйкес келеді деп анықтауға  толық
негіз бар.
      Азамат ұғымын пайдалана  отырып,  философия  адамның  тәрбие,  өзіндік
тәрбие, рухани-практикалық іс - әрекет  нәтижесінде  қалыптасқан  әлеуметтік
қасиеттерін  түсіндіреді.  Өзіндегі  дара,  жеке   индивидуалдық   болмысына
қарамай, шындық қисынына сәйкес әрекет ету мүмкіндігіне сүйене отырып,  адам
өзін - өзі қалыптастыру қабілетіне ие бола алады. Өзін ерікті,  шығармашылық
сипатта қайта құра алады, қалыптастырады, кемелдендіреді.
      Адам - бұл, ең  алдымен,  тірі  жүйе,  ол  руханилық  пен  биологиялық
негіздердің бірлігі болып  табылады.  Бұл  жүйеде  адамның  биологиялық  түр
ретінде өмір сүруін қамтамасыз ететін организмдік -  құрылымдық  негіз  бар,
оған адамның әртүрлі органдары  кіреді.  Психикалық  деңгей  -  бұл  адамның
орталық жүйке жүйесінің іс - әрекеті. Оның сана - сезімдік  деңгейі  әртүрлі
күрделі ойлау процестерінің түрінде көрініс табады.
      Адам табиғатынан белсенді, іс - әрекетке бейім. Ол  өзінің  өмірі  мен
тағдырын өзі жасайды. Әртүрлі түрдегі  іс  –  икем  әрекетке  икем.  Әртүрлі
түрдегі іс-әрекет (еңбек ету, саясат, таным,  тәрбие)  адамның  жаңа  әлемді
тудырушы ретіндегі  тіршілігінің  негізгі  тәсілі  болып  табылады.  Осындай
белсенділігі арқылы ол өзінің өмірде бар екенін, осы өмірдегі тіршілік  иесі
екенін басқаларға білдіруді мақсат етеді. Адамның мүмкіндігі өте  мол.  Адам
өзі де, өзімен бірге қоршаған ортаны да өзгертіп отырады, үздіксіз  өзгеріп,
дамып, құбылып  тұратын  жаратылыс  әлемін  жүйелейді,  тәртіпке  келтіреді,
тұрақты, маңызды құбылыстарды саралайды, таразылайды,  сезіне  отырып,  сыр-
сипатына үңіледі, зерттейді, таниды.  Осы  толғау,  таңдау  ерекшелігімен-ақ
адам баласының  айқын  мақсаты,  табиғатқа  “өзіндік  қатынасы”  (Л.Толстой)
көрінеді.
      Іс-әрекет адамдардың негізгі  тәрбиешісі,  жол  бастаушысы.  Іс-әрекет
арқылы  ғана  адам  жанға  айналды.  Ол  –  мәңгі  бітпейтін,  аяқталмайтын,
мүмкіндік, өйткені, ол  әр  уақытта  ізденіс  үстінде,  ұдайы  тынымсыз  іс-
әрекетте. Ғаламның  суық  та,  қатал,  әрі  үйлесімді  заңдылықтары  адамның
рухани энергиясымен жылына бастады, түрлене, құлпыра түсті.
      Француз психологы Пьерон (1881-1964)  егер  біздің  планетамыз  апатқа
ұшырап, соның нәтижесінде барлық ересек адамдар өліп, тек кішкентай  балалар
тірі қалса, онда адам тегі өзінің өмір  сүруін  тоқтатпағанымен,  адамзаттың
мәдениет тарихы өзінің бастауларына қарай кейін  шегіріліп  тасталған  болар
еді,  өйткені  мәдениетті  қозғалысқа  түсіретін,   оған   адамдардың   жаңа
ұрпақтарын жеткізетін, оларға оны ұдайы өндірудің  құпияларын  ашып  беретін
ешкім болмас еді дегенді айтты.
      Сана, оның мәні мен ерекшеліктері Көне заман философиясында  сана  деп
адамның өмірінде аса маңызды роль атқаратын ішкі әлем-жан есептелінді.  Орта
ғасырларда сана мен ақыл құдайдың  маңызды  атрибуттары  ретінде,  ал  қайта
өркендеу дәуірінде табиғаттың қасиеті деп қарастырылды.
      Орыс философиясында сана мен психика  теориясына  И.И.  Сеченов,  В.М.
Бехтерев, И.П. Павлов үлкен үлес қосты. Олар  сананы  адамның  іс-әрекетінде
қоғамдық қатынастарды айқын бейнелейтін  әлеуметтік  феномен  деп  анықтады.
Сана дегеніміз - тек адамға ғана  тән  сыртқы  дүниені  бейнелеудің  жоғарғы
формасы. Сана-объективті  Әлемнің  субъективті  образы.  Сана,  ең  алдымен,
адамның табиғатқа, қоғамға, басқа  адамға,  сонымен  қатар‚  өз-өзіне  деген
қатынасы. Сана-болмысты түсіну, ұғыну, бейнелеу. Ол болмыстан келіп  шығады.
Сана тек қоғамда ғана қалыптасады. Өйткені адамның шын мәніндегі адам  болуы
оның қоғамдық қатынастарды толық меңгеруімен  тығыз  байланысты.  Сана-мидың
негізгі функциясы. Мидың дамуымен сананың, психиканың дамуының арасында  өте
тығыз байланыс бар. Ми - сыртқы  әлемді  бейнелейтін  және  адамның  күрделі
тәртібінің бағдарламасын қамтамасыз ететін өте күрделі  жүйе.  Сондықтан  да
оның қызметінің  кейбір  бөліктерінің,  әсіресе  бас  ми  қабатының  қызметі
бұзылса адамның  санасында,  тәртібінде  психикалық  функцияларында  күрделі
ауытқушылықтар болып тұрады.  Ми  қызметі  -  адам  санасының  физиологиялық
негізі.
      Әрекет, белсенділік - бұл заттарды қабылдау  мен  қоғамда  жинақталған
тәжірибені меңгерудің белгілі еңбек дағдыларын  игерудің  негізгі  шарттары.
Практикалық дағдылардың жетілу  жолында  адамдар  ойлау  операциясын  өндіру
бейімділігін дамытады. Ойлау  қабілеті  дегеніміз  -адамның  сыртқы  дүниеге
деген белсенді қатынасының нәтижесі.
      Адамның әлеуметтік тәжірибені игеруінің маңызды құралы - сөйлеу. Тіл -
“екінші сигналды жүйе”  (И.П.Павлов).  Тіл-адам  ойлауының  білдіру  тәсілі,
немесе Гегельше айтсақ, ойлаудың  тәні.  Тіл  арқылы  адам  өзінің  сезімдік
қабылдау процесінен шығып, объективті дүниені  түсінуге,  оның  мәнін  ұғуға
ұмтылды. Тіл өзара ұғынысу, араласудың маңызды құралы болды, сонымен  қатар,
басқаның да ойын қабылдап, өз  пікіріңді,  түсінігіңді  жеткізуге  мүмкіндік
жасады.
      ХХ ғасырда ғылыми-техникалық есептегіш  машиналар  пайда  болды,  олар
біраз күрделі ойлау операциясын іске асыра алады. “Жасанды  интеллект”  бола
ма  деген  сұрақ  туындап,   машинаның   ойлау   мүмкіндігі,   оның   адамды
ауыстыруының өрісі туралы мәселелер  қойыла  бастады.  Электронды  есептегіш
машиналар көптеген операцияларды адамнан да  тез  орындай  алады.  Дегенмен,
машина адамды еш уақытта  толық  алмастыра  алмайды.  Сезім  байлығы-адамның
рухани  өмірінің  жоғары  әрі  жан-жақты  дамуының  қажетті   шарты.   Сезім
жұтаңдығы мен кедейлігі  ұсақ,  сүреңсіз,  отбасы-ошақ  қасындағы  адамдарға
тән. Адамның санасының қалыптасуында өзіндік  сананың  маңызын  арнайы  атап
өткен жөн. Өзіндік сана адамның өзін-өзі түсінуін, дамытуын, сонымен  қатар,
айнала қоршаған дүниеге деген қатынасын, алдына қойған  мақсаттарын,  өзінің
дүниедегі, қоғамдағы орнын бағалауды негіздейді. Өзіндік санасы арқылы  адам
өзінің коллективтегі  орнын  тауып  алады,  өзінің  іс-әрекетін  ұйымдастыра
алады. Өзіндік сана дегеніміз - адамның өзін-өзі  танып,  білуінің  деңгейі.
Сана, өзіндік сана туралы айта отырып, қоғамдық сана ұғымын  да  анықтауымыз
қажет. Өйткені‚ қоғамда олар бір-бірімен  біте  қайнасқан.  Өзіндік  сананың
қалыптасып, дамып жетілуінде қоғамдық сананың да ықпалы өте зор.
      Қоғамдық сана дегеніміз - бұл адамдардың  өзінің  материалдық  болмысы
мен өмір сүру жағдайы туралы сезімдері мен  көзқарастарының,  дағдылары  мен
идеалдарының, ілімдері мен теорияларының  күрделі  жүйесі.  Қоғамдық  болмыс
дегеніміз - қоғамдағы барлық материалдық  қатынастардың  жиынтығы.  Қоғамдық
болмыстың өзегі-экономикалық қатынастар. Соның  негізінде  және  төңірегінде
қоғамның басқа қатынастары  өрбіп  отырады.  Қоғамдық  болмысқа  әлеуметтік-
таптық, ұлттық, экологиялық, саяси, тұрмыстық  қатынастар  кіреді.  Қоғамдық
сана-қоғам дамуының керемет рухани күші. Тарих көшінің  кейбір  дәуірлерінде
ол   күрделі   өзгерістерге   жетелейді.   Қоғамдық   сананың   күші    оның
функцияларында көрініс береді..
      Адам  өмірінде  бейсаналық  та  үлкен  роль  атқарады,  оның  реттеуші
ролінсіз адам мүмкіндіктері әлдеқайда жеткіліксіз болар еді.  Біз  өзіміздің
кейбір  аса  маңызды  әрекеттерімізді   түсінеміз,   ол   көптеген   қосалқы
әрекеттерімізді реттеу санадан тыс іске асып  отырады.  Бейсаналық,  адамның
мінез-құлқын  реттей  отырып,  оны  шығармашылық  жаңа  мәселелерді   шешуге
жетелеп  отырады.  Бейсаналықтың  шындықты   танудағы   маңызын   да   естен
шығармаған жөн. Адам  өзінің  өмірі  бойында  сыртқы  әлемнен  көп  мөлшерде
ақпарат алып отырады. Көптеген психологтардың  айтуы  бойынша,  адам  өзінің
есіне, жадына енген нәрсенің  ешқайсысын  ұмытпайды.  Кей  жағдайда  қажетті
информацияны  еске  түсіре  алмауымыздың  негізгі  себебі  -  жаңа   ақпарат
бұрынғыны көлеңкелеп, ығыстырып жіберуі. Ал  ол  күтпеген  жағдайда  адамның
еркінен  тыс  көрініс  беруі  мүмкін.  Адамның  есінде  ақпараттың  сақталуы
бейсаналық процесс болып табылады.
      Адамда сананың болуы оны әлемде ақылды және  шығармашылық  іс-әрекетке
қабілетті жан екенін сипаттайды. Сана адамның дүниені танушы  және  өзін-өзі
танушы субъект ретінде қалыптасуының негізі, тірегі болып табылады.
      Іс-әрекеттің үш түрін бөліп көрсетуге болады: ойын,  оқу  және  еңбек.
Олар  өздерінің  нәтижелері,  ұйымдастырылуы,   мотивациялық   ерекшеліктері
бойынша айырықшаланады. Ойын психология үшін өте қиын әрі  маңызды  проблема
болды.  Ойын  іс-әрекет  ретінде  тұлғаның  қоршаған  шындыққа  нақтылы  бір
қатынасын көрсету болып табылады. Әлемді  бейнелей  отырып,  оны  түрлендіру
қабілеттілігі – адам ойының мәні.  Адамның  бұл  қабілеттілігі  бірінші  рет
ойында пайда болады  және  ойында  қалыптасады.  Ойын  әрекеті  бұл  тікелей
қызығушылық тудыратын әрекет. Ойында мақсаттары маңызды әрекеттер  жасалады.
Баланың  ойын  әрекеті  сөйлеуді   меңгерумен   тығыз   байланыста   дамиды.
Балалардың өсіп-жетілуіне орай ойын да өзгереді. Сәби өмірінің  алғашқы  екі
жылында қимылдарды  игереді.  Бұл  функционалдық  ойындардың  пайда  болуына
жеткізеді. Ұжымдық ойын баланың қарым-қатынас шеңберін  кеңейтеді.  Ол  ойын
үстінде өзіне қойылатын талаптарға, ережелерге бағынуға дағдыланады.
      Оқу  іс-әрекетінің  негізгі  түрлері  алмаса  отырып,  әрбір   адамның
өмірінде жүзеге асырылып, ойыннан  кейін  болып,  еңбекке  даярлайды.  Жалпы
мақсаты бойынша  еңбекке  жақындап,  ойыннан  ерекше  түрде  айырықшаланады:
оқуда еңбек сияқты тапсырмаларды орындау, тәртіпті  сақтау  керек  және  оқу
жұмысы міндеттерден құралады. Оқудың негізгі мақсаты – бұл  болашақ  өзіндік
еңбек әрекетіне дайындау, ал негізгі амалы - адамның алдыңғы еңбегі  жасаған
қорытынды нәтижелерді меңгеру.
      Оқу   мыналардан   құралады:   қоршаған   заттар   мен   құбылыстардың
ерекшеліктері туралы  ақпараттарды  меңгеру  (білім);  іс-әрекеттің  негізгі
түрлерін  құрайтын   амалдар   мен   операциялар   (бейімділік);   іс-әрекет
мақсаттары мен жағдайларына сәйкес амалдар мен  операцияларды  дұрыс  таңдау
үшін, көрсетілген ақпаратты пайдалану әдістерін меңгеру (икемділік). Оқу іс-
әрекетін қалыптастырудың бірінші басты шарты – балада белгілі  бір  білімді,
икемділікті және дағдыны меңгерудің саналы мотивтерін қалыптастыру.
      Адам іс-әрекетінің алғашқы тарихи түрі  еңбек  болып  табылады.  Еңбек
жалпы  психологиялық  емес,  әлеуметтік   категория.   Еңбек   іс-әрекетінің
психологиялық жағының ерекшелігі: еңбек  өзінің  объективтік  қоғамдық  мәні
бойынша,  қоғамға  пайдалы  өнімді  жасауға  бағытталған   іс-әрекет   болып
саналады. Еңбек әрекетінің барлық бөліктері оның соңғы  бөлігіне,  қорытынды
нәтижесіне бағынатындықтан еңбек іс-әрекетінің  мотивациясына  арнайы  сипат
беріледі: іс-әрекет мақсаты оның өзі емес, оның өнімі болып табылады.  Еңбек
дегеніміз – адамдардың материалдық  және  рухани  қажетін  қанағаттандыратын
қоғамдық  пайдалы  өнім  өндіруге  бағытталған  іс-әрекет.  Еңбекте  адамның
қабілеті мен мінез-құлқы, жалпы жеке басының қасиеті ашылып, қалыптасады.
      Отандық психология ғылымында А.Н. Леонтьевтің “Адам мотивациясының іс-
әрекеттік тегі” теориясының  маңызы  зор.  Бұл  теоия  адамның  мотивациялық
сферасының өзгеру динамикасы мен шығу тегін түсіндіруге бағытталған.
      Психиканың  даму  анализі,  адам  санасының   гензистегі   қалыптасуға
көзқарасынан мотивация проблемасын шеше отырып ол былай дейді: “Адам  өзінің
жеке адам ретінде қалыптасуының  психикалық  көрінісін  өзінің  мотивациялық
сферасының дамуынан табады”. Мотивация 2 топ моттивтерден құралады:  мағына-
мотивтер және стимул-мотивтер. 1-ші топ мотивтері іс-әрекеттің жеке  адамдық
мағынасын анеықтайды. 2-ші  топ  мтоивтері  де  іс-әрекетті  себептендіреді,
оның орындалуының стимулдары ретінде көрінеді.
      А.Н. Леонтьев бойынша іс-әрекет схемасы, қажеттілік – мақсат, таңдау –
қажеттіліктің қанағаттануы. Ол мақсатты,  қажеттілікті  туғызатын  іс-әрекет
мотивінің пайда болуының қажетті шарты ретінде анықталады.
      А.Н. Лонтьев теориясы бойынша, адамның мотивациялық сферасы оның басқа
да  психологиялық  ерекшеліктері  сияқты  өзінің  практикалық  іс-әрекетінен
басталады.  Адам  жүріс-тұрысының  қозғаушы  күші  осы  іс-әрекет  барысында
жүзеге асатын қажеттіліктермен сипатталады. Бұл  теория  бойныша,  іс-әрекет
құрылымы мен адамның мотивациялық сферасы изоморфизм қатынасына, яғни  өзара
сәйкестілікке   негізделеді.   Адамның   мотивациялық   чферасында   болатын
динамикалық өзгерістер өз кезегінде қоғамның обьективті заңдарына  бағынатын
іс-әрекет жүйесінің даму бағытына байланысты.


      Өз білімін тексеруге арналған сұрақтар:
        1. Индивидуалды сана ақиқаттар жүйесі дегеніміз не
        2. Әдеттегі ақиқат құрылымын атаңыздар
        3. Индивидуалды сананы экспериментік зерттеу міндеттері қандай
        4. Ойлау психологиясындағы іс-әрекет тәсілі дегеніміз не
        5.   Іс-әрекеттің   жүйелік   қасиеттері    мен    сипаттамаларының
           өзарабайланысы қандай
        6. Тұлға іс-әрекет субъектісінің жүйелі «жоғары  сезімтал»  қасиеті
           дегеніміз не


      №12 Психология тарихындағы ойлау мәселелері
      Жоспары:
        1. Ерте ғасыр философиясындағы ойлау мәселесі
        2. Ойлау мәселені шешу ретінде
        3. Ойлау мінез құлық ретінде
        4. Когнитивті психологиядағы ойлау
        5. Ойлау танымдық іс-әрекеттің жоғарғы формасы  ретінде:  белгілер,
           ойлау формалары, ойлау операциялары


      Ойлаудың бастапқы формасы болып-ұғым – заттар  мен  құбылыстар  туралы
ой. Ұғымдар жалпы және дара болып бөлінеді. Жалпы ұғым бірыңғай  заттар  мен
құбылыстарды білдіреді. Мысалы: «стол», «Ғимарат». Дара құбылыстар  қандайда
бір  затты  білдіреді.  Мысалы:  «Енесей»,   «Венера».   Шындықтағы   заттың
қарапайым байланысы пікірлерден көрінеді. Пікір дегеніміз  –   бұл  бір  зат
туралы мақұлдау не оны бекерге шығаруда көрінетін  ойлау  формасы.  Ойлаудың
күрделі формасының бірі-ой қорытындылары-ол  бірнеше  пікірлерден  жаңа  бір
пікір шығару тәсілі.  Қорытынды  шығару  үшін  оны  белгілі  тәртіпке,  бір-
бірімен  байланыстыруымыз  керек.   Қатар   тұрған   кездейсоқ   пікірлерден
қорытынды шықпайды. Ой қорытындысының 3 түрі болады:  Дедукциялық-  жалпыдан
жекеге қарай жүретін ой  қорытындысы.  Индукциялық-  жекеден  жалпыға  қарай
жүретін ой қорытындысы. Аналогиялық-ұқсастық бойынша ой қорытындысын  жасау.

      Ойлаудың негізгі белгісі – түсіну. Түсінудің 2 түрі болады. 1. Тікелей
түсіну-жанама ой операциясын керек етпейтін  қабылдауға  ұқсас  процесс.  2.
Жанама түсіну- бірнеше аралық басқыштардан тұратын  ой  операцияларын  керек
ететін, нәрсені анық, айқын етіп  бейнелеуде  бірнеше  ой  түйіндерін  талап
ететін процесс. Ол сұрақ қоюдан басталады. Ойлау дегеніміз-  мәселені  шешу,
оның мәнісіне түсіне білу деген сөз.  Жанама  түсіну  жаңа  затты  құбылысты
белгілі ұғымға жанастыра барып түсіну деген сөз.
      Ойлау операциялары:
      Салыстыру- шынайы әлемдегі заттар мен құбылыстар  арасындағы  ұқсастық
пен айырмашылығын ажыратушы операция.  Анализ-ой  арқылы  түрлі  заттар  мен
құбылыстардың мәнді  жақтарын  жеке  бөліктерге  бөлу.  Осылай  бөлу  арқылы
анализ заттың қасиеттерін, түсін, формасын, процестің жылдамдығын және  т.б.
білуге  мүмкіндік  береді.  Синтез-  ой  арқылы  құбылыстар  мен   заттардың
бөліктерін тұтас ету. Ол анализге қарама-қарйшы операция жерде жатқан  затты
көріп, біз оны түсінеміз. Оның қалай жұмыс істейтінін  білеміз.  Анализ  бен
синтез негізінде салыстыру пайда болады. Ойлау операцияларының күрделі түрі-
абстракция  мен  нақтылау.  Абстракция-шындықтағы  заттар  мен  құбылыстарды
жалпылау арқылы оның  елеулі  қасиеттерін  басқа  қасиеттерінен  ойша  бөліп
алуды абстракция деп атайды. Нақтылау- жеке нәрселер мен заттар  туралы  ой.
Мысалы: қандайда бір  затты  елестету  керек  болса,  біз  оны  алуан  түрлі
белгілерімен елестетеміз.Мысалы, «үстел» десе, жазбаша үстел,  жұмыс  үстелі
т.б.
      Шығармашылық  ойлау.  Шығармашылық  ойлау  механизмдері.   Психологтар
адамның ерекше, жаңа шығармашылық  тапсырмаларды  қалай  шешу  қажет  екенін
түсіну үшін көп күш жұмсаған. Шығармашылық ойлау дегеніміз не деген  сұраққа
алғаш жауап бергендердің бірі  болған  ДЖ.  Гилфорд  болған.  Шығармашылыққа
арнаған жұмыстарында,  ол  креативтіліктің  даму  деңгейін  анықтайтын  адам
ойлауындағы 4 ерекшелікті көрсететін концепциясын ұсынды:
      Интеллектуалды жаңалыққа ұмтылу, айтылған ойдың ерекше және оргениалды
болуы. Шығармашылыққа қабілетті адам әрқашан және барлық  жерде  өз  шешімін
табуға тырысады.
      Шығармашылық  адам  семантикалық  иілгіштігімен  айрықшаланады,   яғни
обьектіні жаңа бұрышынан қарай білу, жаңа қолдануды таба білу.
      Шығармашылық ойлауда әрқашан  образды  бейімделген  икемділік  болады,
яғни обьектіні қабылдауды оның жаңа жабық жақтарын  көре  алатындай  өзгерту
қабілеті
      Шығармашылық ойлауын адам басқа адамға қарағанда  түсініксіз  жағдайда
әртүрлі идеяларды талдай алады.  Шығармашылық  ойлаудың  бұл  қабілетін  Дж.
Гилфорд семантикалы, спонтанды гипность деп атады.
      Шығармашылық ойлаудағы кедергілерді  көрсеткен  Линдсит,  К.Холл  және
Томпсон болған. Олар шығармашылық қасиеттің кедергі болған тұлғалық  қырлар,
сонымен қатар комформизм, басқаның алдында  күлкілі  болып  қалам  ба  деген
сезім және т.б.
      Сонымен, ойлау - сыртқы дүние заттары мен  құбылыстарының  байланыс  -
қатынастарының жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
      Ойлау процесі бір мәселелі жағдайлар пайда болғанда, сол мәселені шешу
керектігінде айқын көрінеді.
      Ойлау сұрақтан басталады да,  оның  жауабы  ойлаудың  мақсаты  болады.
Ойлаудың маңызды ерекшелігі - оның сөзбен байланыстылығы.
      Ойлау түрлері:
      1. Ойлау формасы бойынша үш түрге бөлінеді:
      Нақты әрекеттік ойлау;
      Нақты бейнелік ойлау;
      Абстрактылы логикалық ойлау-ең негізгі қасиеттері б-ша ойлау.
      2. Мәселелерге қатысты екі түрге бөлінеді:
      Теориялық ойлау;
      Практикалық ойлау.
      3. Анықталуына қатысты екі түрге бөлінеді:
      диструктивті ойлау-логикалық дәлелдеу арқылы;
      интуитивті ойлау- сезімге жүгіну.
      4. Оригиналдылығына байланысты екі түрге бөлінеді:
      репродуктивті ойлау-қайта жаңғыртушы (Мысалы, 2х2=4)
      продуктивті ойлау - жасампаз ойлау (2х Х=4)
      Ойлау операциялары
      Анализ (талдау);
      Синтез (жинақтау);
      Нақтылау (шие, алмұрт, алма);
      Жалпылау (жеміс-жидек);
      Салыстыру (8>5);
      Абстрация.
      Ойлаудың физиологиялық негізі
      Ойлаудың физиологиялық  негізі  И.П.  Павловтың  Жоғары  жүйке  жүйесі
іліміне байланысты түсіндіріледі.
      Ойлау  –  ми  қабығының  күрделі  формадағы  анализдік   –   синтездік
қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал  (сөйлеу)  жүйесінің  уақытша  нерв
байланыстары жектеші рөл атқарады.
      Ойлау формалары: ұғым, пікір, ой қортындысы.
      Ұғым - біртекті бір атаулы заттар мен құбылыстарды түсіндіреді.
      Пікір – заттар мен құбылыстардың арасындағы  байланыстардың  бекітілуі
(қыс келді-қар жауды).
      Бір немесе бірнеше пікірден жаңа пікір шығаратын ойлау  формасы  -  ой
қорытындылары деп аталады.
      Ой қорытындыларының үш түрі болады:
      1.Дедукциялық - жалпыдан жекеге қарай жүретін ой қорытындысы.
      2.Индукция - жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы.
      3. Аналогия дегеніміз - ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау.


      Өз білімін тексеруге арналған сұрақтар:
        1. Ерте ғасыр философиясындағы ойлау мәселесі дегенімі не
        2. Когнитивті психологиядағы ойлау дегеніміз не
        3. Ойлау танымдық іс-әрекеттің жоғарғы формасы  ретінде:  белгілер,
           ойлау формалары, ойлау операциялары атаңыздар


      №13 Тұлғаның қазіргі психологиялық  концепциялары.
      Жоспары:
        1. К. Левиннің тұлға теориясы туралы түсінік
        2. Тұлға  және   Маслоудың  психологиялық  концепциядағы  мотивация
           деңгейлері
        3. Леонтьевтің қажеттіліктер және  финоменологиялық  және  құндылық
           айырмашылығының концепциясы
        4.  В.  Франклдың  тұлға  теориясы.  Келлидің  тұлғааралық  құрылым
           концепциясы


      Мотивациялық теориялардың дамуының келесі күрделі  кезеңі  xx  ғ.30-шы
жылдарынан басталды. Бұл тек адам мотивациясының қозғаушы күшін  түсіндіруге
бағытталған мотивацияның арнайы психологиялық теориялары.  Бұл  сол  кездегі
психология   ғылымындағы   негізгі    психологиялық    бағыттардың    немесе
мектептердің ғылыми зерттеу жұүмыстары мен тікелей байланыста дамыды.
      Гештальт психологиясының өкілі - К. Левиннің “мотивацияның динамикасы”
теориясы. К. Левин мотивация динамикасын  алғаш  индивидуалды  жүріс-тұрыста
,кейіннен   коллективті   жүріс-тұрыста   қарастырды.    Өз    теориясындағы
“өріс”ұғымын  “психологиялық  кеңістік”ұғымымен  сәйкестендірді.  К.   Левин
концепциясы бойынша адам  жүріс-тұрысының  негізгі  қозғаушы  күші  -өмірлік
психологиялық кеңістіктегі адамдардың мотивтерінің ішкі шиеленісі. К.  Левин
және Э. Толмен көзқарастары негізінде жүріс-тұрыс екі өзгермеліден:  а)  бір
нәрсені күту: ә)мотивтерге айналатын құндылықтар ретінде қарастырылады.
      К. Левин бойынша, адам өзіне-өзі берген тапсырмалар  негізінде  “квази
қажеттіліктер”-соны орындауға деген қажеттілік  пайда  болады.  Ол  қойылған
мақсатқа  жетуге  бағытталған,іс-әрекетте  шынығатын   шиеленістер   жүйесін
шақырады. Ал, егер де  жаңа  тапсырма  енгізсе,  онда  бұл  іс-әрекет  қайта
оралуына деген ұмтылысты туғызады.
      Психологиядағы  мотивацияға  байланысты  күрделі  теориялардың   бірі,
америкалық психологтар  Д.Макклелланд,  Д.  Аткинсон  және  неміс  психологы
Хекхаузен  ұсынған  іс-әрекет  түрлеріндегі  -  “табысқа  жету  мотиві”.  Д.
Аткинсон және К.  Берчтің  “аисторическая  и  афизологическая”  мотивациялық
теориялары.
      “Үшінші күш” ретінде танылған жеке тұлғаны зерттеудің тағы бір  бағыты
“өркендеу  теориясы”  деп  аталады.  Бұл  теорияны   гуманистік   психология
өкілдері А.Маслоу, К. Роджерс және К. Голдштейн  ұсынды.  Өркендеу  теориясы
адамның жетілуге тапынуын өз мүмкіндігін жүзеге асырылуын белгіледі.
      А. Маслоудың мотивацияның  “тұлғалық”  теориясының  негізінде  өз-өзін
актуализациялау  концепциясы  жасалған.  Негізгі  еңбектері:  “Мотивация   и
личность” (1954,1957). А. Маслоу  осы  уақытқа  дейін  адамның  психикасының
дамуын зерттеуге жануарларға тәжірибе жасау арқылы  қол  жеткізуге  толықтай
қарсы шықты.
      Маслоу концепциясы бойынша ,әрбір адамда өмірге келген  сәттен  бастап
,бегілі-бір  қажеттіліктер  жүйесі   бірге   дамып   отырады.   Олар   өзара
иерархиялық  деңгейлерге  бөлініп   орналасқан.   Қажеттіліктердің   деңгейі
неғұрлым төмендеген сайын,оның адам өмір сүруі үшін маңызы күрделеніп  ,адам
жүріс-тұрысының  қозғаушы  күші  ретінде  маңызы   артады.   Осы   төмендегі
деңгеідегі  қажеттіліктер  өтелген  кезде  ғана   одан   жоғары   орналасқан
қажеттіліктері бой көрсете бастайды.
      - Физиологиялық қажеттіліктер (тамақ, демалу, шөл,жыныстық қатынас);
      - Қауіпсіздік қажеттіліктері  (өзін  сәтсіздік,қорқыныш  жағдайларынан
қауіпсіз сезіну, өз-өзін қорғау қажеттілігі):
      - Сүйіспеншілік және өзін қабылдау  қажеттілігі  (өзінің  белгілі  бір
ортада қабылдануы,ұнатуы сезімдеріне бөлену қажеттілігі):
      -    Өзін    құрмет    тұтуға    қажеттілік    (өзінің    қажеттілігін
сезіну,біліктілік,табысқа жету,құптау,жетістігін мойындату):
      -   Өзін   жүзеге   асыруға   немесе   жетілдіруге   қажеттілік    (өз
мақсатын,қабілеттерін жүзеге асыру,жеке тұлғасын дамыту)
      Бұл теория бойынша,  ең  маңыздысы  өз-өзін  актуализациялауға  жүзеге
асыруға  бағытталған.  Өзін-өзі   актуализациялау,   олар   арқылы   адамның
даралығының қалыптасуы бастапқы мотивациялық негіз ретінде анықталады  өзін-
өзі  актуализациялаудағы  қажеттілік  негізінде  адамда  белгілі  бір   жеке
адамдық  қасиеттердің  жиынтығын  дамытуға  мүмкіндік  беретін  мотивацияның
ерекше типі қалыптасады. Жүріс-тұрыс қажеттіліктермен  қабілеттерге  тәуелді
және ішкі, сыртқы мотивтер арқылы анықталады.
      XХ ғ. 2-ші жартысында адам  жүріс-тұрысының  мотивациясын  түсіндіруде
“әлеументтік қажеттіліктер” мен “гуманистік” теориялардың маңызы зор  болды.
Оның өкілдері  Д.Актинсон,  Ю.Роттер,  Г.Маррей,  Г.Хекхаузен,  Г.Келли,  А.
Маслоу т.б. мотивация  сферасының  жан-жақты  феномендерін  қарастырғанымен,
бәріне бірдей ортақ жақтары бар олар:
      - Адам және жануар жүріс-тұрысын бірдей түсіндіретін біртұтас, әмбебап
мотивациялық теория жасау мүмкін еместігін мойындау:
      - Адамның мотивациялық қозғаушы күші  тек  ішкі  шиеленісу  деңгейімен
сипатталмайтындығына сендіру:
      -  Адам  мотивациясының  қозғаушы  күші  оның  белсенділік  приципінің
негізінде адам психологиясына байланысты екенін бекіту:
      - Адам жүріс-тұрысының сана арқылы реттеліп отыратындығы:
      -   Адам   мотивациясына   ғана   тән    ерекшеліктерді    (әлеуметтік
қажеттіліктер,мотив,өмірлік мақсат,танымдық фактор)бөліп шығару:
      - Адамның  мотивациялық  сферасын  зерттеу  үшін  жануарлардың  жүріс-
тұрысын зерттеуде қолданылатын әдістерді теріске шығару:
      - Адам  мотивациясын  зерттеуге  арналған  әдістерді  іздеу  және  оны
санамен,тілмен байланыстыра отырып жүргізу:
      Мотивацияның  адам  жүріс-тұрысын  түсіндірудегі  жаңа   психологиялық
концепциялары арасында адам білімі мен санасына ерекше маңызды орын  беретін
мотивацияның когнитивті  теориялары  жоғары  орын  алады.  Іс-әрекетке  ынта
адамдарда тек эмоцияның әсерінен ғана емес,сонымен бірге танымның  ықпалымен
де пайда болуы мүмкін. Осы кезде дүниеге  келген,қазіргі  кезге  дейін  адам
жүріс-тұрысын   түсіндіруде   көп   қолданылатын   теориялардың    бірі    -
“Мотивацияның когнитивті” теориясы. Бұл теория бойынша негізгі  мәселе  адам
санасы  мен  біліміне,оның   танымымен   байланысты   феномендерге   тікелей
байланысты болып саналады.  Бұл  теорияның  негізгі  ұғымдары  –  когнитивті
диссонанс, табысты күту, табыстың  жеке  адам  үшін  құндылығы,  сәтсіздікке
ұшырау  қорқынышы,  талаптану   деңгейі.   Бұлар   бір-бірімен   өте   тығыз
байланыста, өзара әрекеттестікте болатын мотивациялық феномендер.
      Бұл факторға алғашқылардың бірі болып  көңіл  аударған  –  “Когнитивті
диссонанс” теориясының негізін салушы Л.Фестингер. оның  мотивация  теориясы
әлеуметтік психология мен биология негізінде қалыптасқан. Негізгі  еңбегі  –
“Теория когнитивного диссонанса”  (1958).  Оның  пікірінше,  адам  бойындағы
жалпы әлем туралы және өзі туралы білімдер жүйесі өзара келісімге  ұмтылады.
өзара келіспеушілік немесе дисбаланс орнаған жайдайда  адам  оны  шеттетуге,
бәсеңдетуге ұмтылады.
      Бұл теория бойынша, адамда өзі қабылдаған  шешіміне  маңызды  құндылық
беру  және  осы  таңдауының  жалғыз,   дұрыс   шешемі   екендігін   ақтайтын
психолоогиялық қорғаныс жүйесі  жұмыс  жасайды.  Сонымен  қатар  қабылданған
шешімді жоққа шығараруға, жармсыздығын дәлеледеуге қосымша  фактілер  іздеп,
сол арқылы өз  шешеімінің  дұрыстығына  көңіл  қояды.  Когнитивті  диссонанс
барлық уақытта  туындамайды.  Ол  тек  адам  өзін  келіспеушіліктің  негізгі
себепшісі ретінде түсініп, өзін тікелей жауапты сезініп, уайымдағанда  пайда
болады.


      Өз білімін тексеруге арналған сұрақтар:
        1. К. Левиннің тұлға теориясы дегеніміз не
        2. Тұлға  және   Маслоудың  психологиялық  концепциядағы  мотивация
           деңгейлерін атаңыздар
        3. Леонтьевтің қажеттіліктер және  финоменологиялық  және  құндылық
           айырмашылығының концепциясы дегеніміз не
        4. Келлидің тұлғааралық құрылым концепциясы дегеніміз не


      №14 Қазақ психологиясы тарихының елеулі кезеңдері  және  Қазақстандағы
психологияның бүгінгі жағдайы
      Жоспары:
        1. Ежелгі түрік жазбаларындағы психологиялық ойлар.
        2. 15-18 ғғ. Қазақ зиялыларының психологиялық көзқарастары
        3. 19-20 ғ. Қазақ ағартушыларының психология ғылымына қосқан үлесі
        4.  Қазақстанның  тәуелсіз   мемлекет   ретінде   дамуынан   бастап
           психологиядағы жетістері
        5. Қазақстанда психология ғылымының дамуының алғышарттары


      Өлкеміздегі психологиялық іргелі ғылыми зерттеулер тек  Кеңес  өкіметі
жылдарында өркен жайып  дами  бастады.  Психология  ғылымының  дами  түсуіне
Қазан  төңкерілісіне  дейінгі  он  төрт  ғасырлы  ұзақ   мерзімде   жасалған
ізгілікті  алғышарттар  басшылық  етті.  Қазақстандағы   психологиялық   ой-
пікірлердің  тарихы  Иоллыг  –  тегін  (  Орхан-Енисей  ежелгі  түркі  жазба
ескеткіші), Қорқыт-ата, әл- Фараби, Асан- Қайғы, Қадырғали,  Жалайри;  Бұқар
жырау,   Дулат,   Махамбет,    Ш.Уалиханов,    Ы.Алтынсарин,    А.Құнанбаев,
С.Торайғыров, Шәкәрім, Жүсіпбектерден тұратын рухани аса бай құнарлы орта  –
аталмыш ғылымның бірден қанат жайып, өркендеуіне ізгі әсерін тигізді.  Шығыс
республикаларының ішінде педагогикалық басылымдардың («Мұғалім»-1919,  «Жаңа
мектеп»-1925.)  бірінші  болып  қазақ  жерінде   жарық   көруі,   Ғ.Қарашев,
М.Ж.Көпеев  сияқты  зиялыларымыздың  психология   саласына   сол   кездердің
өзінде–ақ қалам тартуы – осы айтылғандардың жақсы айғағы.
      Қазақстандағы психологиялық ғылыми  жұмыстар.  Қазақстанда  психология
ғылымы, әсіресе соғыстан кейінгі  жылдары  елеулі  қарқынмен  дами  бастады.
Оған бірнеше сәтті жағдайлар себеп болды. 1946 жылы орта мектептерде  логика
мен психология оқытыла бастады. Осы  кездері  қазақ  университетінде  логика
мен психология пәні мұғалімдерін дайындайтын бөлім ашылды.
      1951-1953 жылдар арасында осы бөлімді жүзге жуық адам  бітіріп  шықты.
Олардың көпшілігі психологиядан мамандық  алып,  республиканың  жоғары  және
арнаулы оқу орындарына жолдама алды. Кейбірі кейін  психолог  –  ғалымдардың
қатарына қосылды. Соғыстан  кейінгі  жылдарда  психология  саласында  ұлттық
кадрларды  даярлауда  академик  Төлеген   Тәжібаевтің   (1910-1964)   еңбегі
айтарлықтай еді.  Осы  ғалымның  жетекшілігімен  елуінші  жылдары  Е.Суфиев,
М.Мұқанов, Т.Темірбековтар диссертация қорғады.
      Республикада алғаш рет диссертация қорғаған – Е.Суфиев болды. Ол  1952
жылы  Қазақ  университетінің   кеңесінде   «Қазақ   мектептерінің   бастауыш
сыныптарындағы  оқушылардың  орыс  тілін  меңгеруінің  психологиясы»   деген
тақырыпта диссертация қорғады. Мұнда автор  қазақ  оқушыларының  орыс  тілін
меңгеруін,   шәкірттердің    ауызекі    сөйлеуінің    даму    ерекшеліктерін
психологиялық  тұрғыдан  талдайды.  Автор   оқушылардың   ұғынуына   қиындық
келтіретін орыс тіліндегі кейбір атауларына  тоқталып,  мұның  табиғи-ғылыми
жағынан  И.П.  Павловтың  жоғары  жүйке  қызметі  туралы  іліміне   негіздей
түсіндіріледі,  оқушылардың  кейбір  психикалық  функцияларын  (   қабылдау,
зейін, ойлау  және  т.б.)  дамыту,  орыс  тілін  оқыту  әдістерін  жетілдіру
жөнінде біраз ұсыныс – кеңестер береді.
      М.  Мұқанов  «Совет  жауынгерлерінің  ерлік  істерінің   психологиялық
ерекшеліктері» (1953) атты диссертациясында  көптеген  жергілікті  әскери  –
архивтік  материалдарға  сүйеніп,   Ұлы   Отан   соғысында   қазақстандықтар
көрсеткен  ерлік  істеріне  психологиялық  талдау  жасады.   50-60   жылдары
республика  тақырыбына  арналған  басқа   да   ондаған   зерттеу   жұмыстары
психологияның түрлі салалары бойынша (жалпы,  жас,  педагогикалық,  заң-сот,
этникалық, спорт және т.б.) жүргізілді. Ұлттық тілде  біраз  еңбектер  жарық
көрді.
      1946 жылы ҚазПи-де дербес психология  кафедрасы  құрылып,  аспирантура
ашылды. Көп ұзамай Қазақ университетінде  де  психология  мамандығы  бойынша
аспиранттар  даярлана  бастады.  Республикада  психология   ғылымының   дами
түсуіне  1973  жылығы  Алматыда  өткен  «Ойлау  және   қарым-қатынас»   атты
Бүкілодақтық симпозиумның, сондай-ақ  Ақмоладағы  республикалық  конференция
мен Шортандыдағы  (Көкшетаудағы)  жас  психолог  ғалымдардың  конференциясы,
1980  жылы  Алматыда  ұйымдастырылған  КСРО   Психологтар   қоғамы   Орталық
кеңесінің  көшпелі  сессиясының  мәжілісі,  1990  жылы  өткен  республикалық
«Қазақстандағы педагогика және психология ғылымдарының  өміршең  мәселелері»
атты  ғылыми-теориялық  конференция  елеулі  орын  алды.  Республикада  1958
жылдан  бастап  Қазақ  ССР-і  Психологтер  қоғамының,  жастар   мен   мектеп
оқушыларына   кәсіби-бағдар   беретін   (Алматы)   «Отбас   қызметі»    атты
консультациялық кабинет жұмыс  істейді.Психологиялық  проблемаларды  зерттеу
ісімен педагогикалық институттар  мен  университтердің  арнаулы  кафедралары
аналысады. Үш жүзге жуық ғылыми қызметкер Қазақ ССР-і  Психологтер  қоғамына
бірігіп отыр.
      Қазақстандағы психология ғылымының  қазіргі  жағдайы.  Соңғы  кездері,
қайта құру, жариялылық,  демократиялық  бетбұрыстар  кең  өріс  алған  кезде
психологиялық зерттеулердің кешенді тақырыптары қолға  алынып,  ұлт  өміріне
байланысты соңғы ізденістер жүргізу колға  алынды.  Ауыл-село  мектептерінің
әлеуметтік психологиялық мәселелерін, мал  шаруашылығының  түрлі  салаларына
қажетті  мамандықтың  психологиялық  ерекшеліктерін,  жетімдер  үйлері   мен
мектеп-интернаттардағы, гимназия, лицей, медресе оқушыларының, алыстағы  мал
жайылымдарындағы кешендік  мектептерде  –  тәрбиеленіп  жатқан  шәкірттерді,
ақыл-есі кежелеу дамыған балаларды оқыту және  тәрбиелеу,  ұлттық  мектептер
бағыт-бағдарына   өзгерістер   енгізу,   кешкі,   сырттай   оқытатын    орта
мектептердің, кәсіптік-техникалық училищелердің оқу мазмұнын анықтау,  орта,
арнаулы, жоғары оқу  орындарының  көптеген  психологиялық  мәселелерін  шешу
көзделуде.


      Өз білімін тексеруге арналған сұрақтар:
        1. Ежелгі түрік жазбаларындағы қандай психологиялық ойлар болды
        2. 15-18 ғғ. Қазақ зиялыларының психологиялық көзқарастары қандай
        3. 19-20 ғ. Қазақ ағартушыларының психология ғылымына қосқан үлесін
           атаңыздар
        4.  Қазақстанның  тәуелсіз   мемлекет   ретінде   дамуынан   бастап
           психологиядағы жетістерін атап беріңіздер
        5. Қазақстанда психология ғылымының дамуының алғышарттары қандай


3 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СЕМИНАР САБАҒЫНЫҢ СҰРАҚТАРЫ

№1 Психология тарихына кіріспе
        1. Психология тарихының пәні және міндеттері. Оның қазіргі  заманда
           алатын орны.
        2. Психология ғылымының функциялары және принциптері.
        3. Психология тарихының даму кезеңдері. Зерттеу әдістері.


№2 Ежелгі шығыс ойшылдарының психологиялық идеялары
        1. Ежелгі Египет кезеңіндегі рухани жағдай.
        2. Ежелгі Индиядағы индуистік ағымдар  және олардың  тарихи  қайнар
           көзі.
        3. Психологиялық білімдердің ежелгі Қытай философиясындағы дамуы.
        4. Сюнь Цзы адамдық мәннің табиғаты туралы.
        5.   Қазіргі   шығыс   елдерінде   психологиялық   ойлардың    даму
           ерекшеліктері


№3 Антикалық ойшылдардың психологиялық идеялары
        1. Алғашқы қоғамда және Антика кезеңінде психика туралы түсініктер
        2. Антикалық психологиядағы идеалистік көзқарастар
        3. Антикалық психологияда материалистік ілімнің негізгі қағидалары
        4. Материалистік психология бағытының өкілдері
        5. Антика дәуіндегі психологиялық көзқарастың дамуы
        6. Антика дәрігерлерінің жетістіктері


№4 Психологияның қолданбалы салалары
        1. Педагогикалық психологияның қалыптасып дамуы
        2. Педагогикалық психологияның негізгі зерттеулері мен ашулары.
        3. Медициналық психология және эксперименталды психологияның  өзара
           байланысы.
        4. Еңбек психологиясы және оның басты мәселелері .


№5 Бихевиоризмдегі ғылыми зерттеулердің бастауы мен дамуы
        1. Бихевиоризм пайда болуының алдыңғы тарихы.
        2. У. Джеймстің және Дж. Дьюидің функционализмі.
        3.  В.М.  Бехтеревтің  және   И.П.   Павловтың,   И.М.   Сеченовтың
           еңбектеріндегі бихевиоризнің жаратылыстық-ғылыми алғы шарттары.
        4.  Дж.  Уотсонның  «радикалдық  бихевиоризмінен»   Б.   Скиннердің
           «ортодоксалды бихевиоризміне» дейін


№6 К. Левин еңбектеріндегі тұтастылық идеясының дамуы
        1. Психикалық процестерді оқытудың эксперименттік генезін үйретудің
           алғы шарттары
        2. К. Левин зерттеулеріндегі зерттелетін процестердің  жаратылыстық
           – ғылыми түсініктерінің мүмкін еместігі және  “классикалық  емес
           жағдаяттарды талдау мәселесі”
        3. Диалогтық эксперименттік жағдайлардың мәселелері
        4.  Әртүрлі  эксперименттік  жағдайлардағы  псевдо-диалогтық   және
           псевдо- бірлескен моделдеудің түрлері


№ 7 Гештальтпсихологияның басталуы мен дамуы
        1. Сократ, Платон и Аристотель еңбектеріндегі тұтастық идеясы.
        2. В.Вундттың «апперцепциядағы»  тұтастық  идеясының  көрінуі  және
           Ахтың «детерминациялық тенденциясы».
        3. «Гештальт» ойлау мен қабылдаудағы жүйе құрушы фактор ретінде.
        4. В.Келер бойынша үйрету инсайт жетістігі ретінде.
        5. Гештльтпсихологиядағы шығармашлық ойлау мәселесі.
        6. Дункер зерттеулеріндегі классикалық емес жағдайларды бейнелеудің
           мәселелері.
        7. Гештальт-терапияның дамуы және  гештальт-психологияның   негізгі
           бастауы ретінде.


№8 И.М. Сеченов және оның психологиядағы идеялары және эксперименттік
психологияның бастауы
        1. И.М.Сеченов психолог ретінде.
        2. Сеченовтың психологияны дамыту бағдарламасы.
        3. "Бас миының  рефлекстері"  еңбегінің  орыс  және  дүние  жүзілік
           психологияның кейінгі дамуы үшін мәні мен маңызы.
        4. Психологияның жеке ғылымға бөлінуінің ғылыми алғышарттары.


№9 Іс-әрекеттік тұрғының жаңа түсіндіруші мүмкіндіктері
        1.  Тұлғаның  «жоғарғы   нормативтік   белсенділігі»   жалпы   және
           әлеуметтік психологияның мәселесі ретінде.
        2. Жоғарғы нормативтік  белсенділіктің  псевдоиндивидтік  іс-әрекет
           түрі ретінде көрінуі
        3. Қабілеттегі псевдо бірлескен (псевдо –жалған) іс-әрекет  ретінде
           нышандардың бастапқы қайта құрылу жағдайы
        4.  Бірлескен  іс-әрекет  қызметінің   нәтижесі   ретінде   алғашқы
           қабілеттердің қалыптасуы
        5. Бірлескен –  жеке  іс-әрекет  дамуы  -  таланттың  психологиялық
           негізі қалыптасуы.
        6. Талант және дарындылықтың психологиялық мәселелері.


№10 Іс-әрекеттің жалпы психологиялық тұжырымдамасының дамуы
        1. Аристотелдің «энтелехия»-сынан  іс-әрекет категориясына дейін.
        2. А.Н. Леонтьевтің сематикалық кеңістіктегі психологиялық ойлары.
        3. Іс-әрекетті талдауға қазіргі тәсілдер.
        4.  Іс-әрекет  психологияның   пәні   және   психология   ғылымының
           категориясы ретінде.
        5. Тұлғаның бірлігін талдау ретіндегі
        6. А.Н.Леонтьевтің идеялары және оның мектебінің істері туралы.
        7. Жүйе ретінде  іс-әрекетті психологиялық талдау.


№11 Танымдық процестерді жүйелік-іс-әрекеттік талдау мәселелері
        1.  Іс-әрекет  танымдық  процестер  жүйесінің  жүйеқұраушы  факторы
           ретінде.
        2. Перцептивті іс-әрекет құрылымы.
        3. Мнемикалық іс-әрекет ес ерекшеліктері ретінде.
        4. А.Н.Леонтьевтің психологиялық іс-әрекет теориясы және білім беру
           гуманизациясы.
        5. Онтогенездегі танымдық іс-әрекеттің даму деңгейі.
        6. Қарым-қатынас танымдық іс-әрекеттің әртүрлі даму деңгейлеріндегі
           жүй құрушы фактор ретінде.
        7. Оқыту  процесіндегі  жүйе  құрушы  фактор  ретінде  бірлескен  –
           диалогтық танымдық іс-әрекет.


№12 Р. Декарт, Дж. Локк және Б. Спинозаның психологиялық ілімдері
        1. Сананың психиканың критерии ретінде бөлуі.
        2. Рефлекс түсінігінің анықтамасы
        3. Р. Декарттың рационалистік психологиясы. Дуализм.
        4. Б. Спинозаның психологиялық көзқарастары.
        5. Неміс эмпирикалық психологияның қалыптасуы.
        6. Дж. Локк жан туралы идеясы.


№ 13 ХХ ғасыр психологиясындағы Л.С. Выготскидің идеяларының дамуы
        1. Эксперименттік зерттеулердің феномені және психиканың әлеуметтік
           детерминациясы философиялық мәселе ретінде.
        2. Психологиядағы классикалық  тәсіл  мәселесіне  Л.С.  Выготскидің
           классикалық  емес  түрде  келуі.  «Адамның   жоғары   психикалық
           функциясы» және олардың генезисін оқытудың міндеттері.
        3. «Даму» табиғи емес процесс  ретінде,  психотехникалық  әрекеттің
           жасанды  белгі  құралдарын  қолдану  мен  нақты   компонентерден
           тұрады.
        4. Мәдени –тарихи психологиядағы талдаудың бірлік мәселесі.


№14  Қазақ  психологиясы  тарихының  елеулі  кезеңдері  және   Қазақстандағы
психологияның бүгінгі жағдайы
        1. Ежелгі түрік жазбаларындағы психологиялық ойлар.
        2. 15-18 ғғ. Қазақ зиялыларының психологиялық көзқарастары.
        3. 19-20 ғ. Қазақ ағартушыларының психология ғылымына қосқан үлесі.
        4.  Қазақстанның  тәуелсіз   мемлекет   ретінде   дамуынан   бастап
           психологиядағы жетістері.


                Практикалық сабаққа қалай дайындалуға болады?

      Магистранттар   дәріс   материалдарына,   ұсынылған    еңбектер    мен
әдебиеттерге сүйену қажет. Жиналған  материалдарды  бір  жүйеге  келтіріңіз.
Әрбір автордың негіздемелерін зерттеп, танысыңыз. Өзіңізді  осы  авторлардың
позициясына қойып көріңіз.
      Сабақ барысы.
      Магистранттар  белгілі  бір  психологиялық   мектептердің   позициясын
көрсетуге байланысты топтарға бөлінеді. Әрбір топ  15-20  минутта  дискуссия
барысында  өздерінін  көзқарастарын  дәлелдеп   шығатын   сұрақтар   тізімін
белгілейді. Қарсылас жақты мұқият тыңдап, олардың келтірген  дәлелдемелердін
дұрыс,  бұрыстығын  анықтаңыз.  Осындай  көптеген  көзқарастардың  балаларға
білім беру  мен  оларды  тәрбиелеуде  алатын  орны  қандай?  Бір  проблемаға
байланысты бірнеше көзқарастардың болуы неліктен? т.б. сұрақтар  төңірегінде
ойланып көріңіз.


     Практикалық сабақтарды өткізуге арналған жалпы  әдістемелік нұсқау
      Сабақ бірнеше кезеңнен тұрады.
      1-кезең. 10- минут. Зерттелетін проблемаға кіріспе.
      Осы  кезеңде  тақырыптың  өзектілігі  айқындалып,  оның   күрделілігі,
практикамен теорияда шешілу  деңгейі  ашылуы  қажет  және  ағымдағы  өмірдің
түрлі аспектілерімен болашақ әрекетімен  байланысы  проблемалары  көрсетілуі
тиіс.


      2-кезең.  3- минут. Мақсат қою.
      Топ  бірнеше  шағын  топқа  бөлінеді.  Әр  топтың   тапсырма   шеңбері
анықталады (жағдаятты зерттеу. өз жауабымен шешімін нақтылау, өз  көзқарасын
публикалық қорғауға даярлану),  шешім  іздеу  және  талдау  шекарасы,  өздік
жұмыс уақыты белгіленеді.


      3-кезең.  10-15 минут. Жағдаятпен топтық жұмыс.
      Оқытушы топтың жұмысын бақылайды, туындаған сұрақтарға  жауап  береді,
нұсқаулар береді.
      4-кезең.  15-20 минут. Топтық пікірталас.
      Шағын   топтардың   өкілдері   кезек-кезек   жұмыс   нәтижесі   туралы
хабарламаларымен таныстырады, жағдай туралы  жалпы  көзқараспен  таныстырып,
қойылған сұрақтарға жауап береді, ұсынылған альтернативті шешімдерге  талдау
жасайды.
      Топ өкілдері сөздерінен кейін, жалпы пікірталас басталады. Көзқараспен
шешімді талдау, нәтижені талдауды бағалау, мәселені шешу  жолын  қарастыру,,
тиімді шешімге келу.
      5-кезең.  10 минут. Қорытынды әңгіме.
      Оқытушы жағдаятпен жұмыс барысындағы ұжым  жұмысының  жақсы  нәтижесін
ерекше көрсетеді. Дұрыс және қате шешімдерді бөліп көрсетеді.


4 МАГИСТРАНТТЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ


      4.1. МӨЖ және МӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.
      Магистранттардың өздік жұмысы (МӨЖ) олардың индивидуалды  және  топпен
оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді,  бұлар  оқытушының  көмегінсіз  іске
асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).
      Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының  көмегінсіз,  магистранттардың
міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде  қолдану  оның  қандай
да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.
      МӨЖ– өзінің білімін  жетілдіру  әдісі,  оқытудағы  әртүрлі  әдістермен
дедактикалық  байланысы.  Магистрант  өздік   жұмысы   процесінде   белсенді
шығармашылық  жеке  тұлға  ретінде  көрінеді,  өзінің  мәдениетін  таратушы,
бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.
      І. Берілген тақырыпты конспектілеу.
      Негізгі талаптар:
   1.  Жазып  отырған  тақырыптан  алшақтамай,  оның  мазмұнын  нақты  ашуға
      талпыну.
   2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.
   3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын  жоспарға  сай  рет-
      ретімен жүйелі баяндауы қажет.
   4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.
   5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.


                        Реферат жазуда не ескеріледі?
   1.  Таңдап  алған  рефераттың  тақырыбына   қатысты   студент   кішігірім
      зерттеулер жасайды. Магистрант осы алғашқы ғылыми  жұмысқа  байланысты
      мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды.
   2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал.
   3. Реферат жазуда магистрант негізгі  мәселені  ажыратуға,  тақырыптардың
      өзара сабақтастығын тануға дағдыланады.
   4. Фактілер,  фактілік  материалдарды  іріктеу  және  жинақтау  негізінде
      таблицалар, графиктер, схемалар жасалады.
   5.  Пайдаланған  деректер,  материалдар,  әдебиеттердің  тізімін,  қайдан
      алғанын  (сілтеме)  қайда,  қашан,  қандай  баспадан  жарық   көргенін
      көрсетуі қажет.
   6. Магистранттардың жазған рефераты аудиторияда талқыланады.  Ең  алдымен
      оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен,  негізгі  идеясымен  таныстырады.
      Тақырыпты зерттеуші студен  реферат  мазмұнын  аудиторияда  баяндайды,
      сұрақтарға жауап береді.
      Жұмыстың  мұндай  түрі,  формасы,   нұсқасы   студенттердің   танымдық
белсенділігін арттырып, алдағы ізденіске құлшындырады.
      Рефератты  талқылау  –  шығармашылық  жұмыстың  бір   көрінісі,   яғни
білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік  мән-мазмұны  зор  әрекет,
жұмыс. Бұл кезде сөйлеушілер негізгі мәселеден ауытқымай,  нақты,  тұжырымды
ой айтуға көңіл бөлуі тиіс.
      Рефератты талқылып, қорытындысын шығару  –  маңызы  зор  жауапты  сәт,
белгілі бір тақырып төңірегінде  ғылыми  дәйекті  тұжырымдар  жасап  үйрену.
Соңында оқытушы  реферат  жазған  студенттің,  пікір  айтушылардың  сөздерін
жинақтап,  қажетті  толықтырулар  енгізеді,  мәселенің  түсініксіз  тұстарын
анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді.


      Магистранттардың  өздік  жұмыстарды   орындауларына   жалпы   кеңестер
(нұсқаулар)
      1. Өздігінен  білім  алу  үшін,  алдымен  сол  жұмысқа  қажетті  нақты
дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі  анықтама
әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.
      2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті
әдебиеттер  мен   құралдардың   болуы   т.б.)   керек   етеді,   ең   дұрысы
кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
      3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық  біліп,  ол  жұмысты
белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.
      4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан,  кітапханалардан
ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.
      5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс  жасамай  жүргізген
жөн.
      6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып,  түсінбеген  жерлерді
қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
      7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды,  түрлі  сөздіктерді  қоса
пайдаланып отыру керек.


      Магистранттардың  өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
         • Жұмыстың көлемін шамадан тыс  асырмай,  оның  сапасын  арттыруға
           көңіл аудару;
         • Магистранттардың өздік жұмысын оқу  жұмысының  басқа  түрлерімен
           дұрыс ұштастыра білу;
         •  Магистранттардың  дербестігін  арттырып,  өзіндік   білім   алу
           қабілетін жүйелі түрде дамыту;
         •  Өзіндік   жұмыстың   мазмұнына   күнделікті   өмірден   алынған
           материалдарды, хабарларды енгізу;
         • Магистранттардың табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын,
           сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды  өздігінен  талдап
           түсінуге үйрету;
         • Магистранттардың алған  білімдерін  іс  жүзінде  қолдана  білуге
           дағдыландыру;
         • Магистранттардың оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға,  әр
           уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
         •  Магистранттардың  өздігінен  дербес  жұмыс  істеу,  еңбек   ету
           дағдыларын қалыптастыру.


      4.2. МӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары
      МӨЖ тақырыптарының тізімі
      Психология тарихы пәні және логикасы
      Европа және АҚШ та 70-80 жылдардағы психологиялық мектептердің дамуы.
      Психологиялық ойлардың дамуының себептеріне психологиялық талдау.
      Психологиялық ойлардың негізгі кезеңдері.
      И.М. Сеченова, Т.Т. Тажибаев еңбектеріндегі психологияның
методологиялық негіздері.
      ҚР психологиялық ғылымдар дамуының қазіргі тенденциялары
      Психологиядағы Л.С. Выготский идеяларының дамуы.
      Психология тарихындағы эмоция және мотивация мәселелері.
      Психология  ғылымының  дамуына  Б.М.  Теплов,  В.Д.  Небылицин,   А.В.
Запорожец қосқан үлесі.
      Мәскеу мен Ленинградтың психологиялық мектептерін  салыстырмалы  түрде
талдау.
      Ж.  Аймауытов,  Т.  Тәжібаев,  М.  Мұқановтың  Қазақстанда  психология
ғылымының қалыптасуындағы қосқан үлестері.
      Гештальпсихология тарихы
      Ежелгі Қытай ойшылдарының психологиялық идеялары
      Психологиядағы функционализм
      Әлеуметтік бихевиоризм.


                              Бақылау сұрақтары


   1. Санадағы табиғилық  тәсілді сынау және ақиқат мәселесі.
   2. Пәнді зерттеу және обьектіні моделдеу мәселесі.
   3.  Зертханалық  эксперименттегі  өзі-өзі  бақылау  және  психотехникалық
      жұмыстар.
   4. Өзін-өзі бақылау және «ішкі қабылдау» (Вундт).
   5. Эксперимент ретінде психологияда өзін-өзі бақылауды қолдану жағдайы.
   6. Өзін-өзі бақылау және интроспекция (Титченер).
   7. Г.Фехнердің психофизика негізін қалауы.
   8. Вундтың психология  пәні мен ондағы эксперименттің ролі жайлы түсінігі
      жан  дүниесі заңдары.
   9. Вундттың «халық психологиясы» гуманитарлық психология бағдарламасы.
  10. Сеченовтың психологияны дамыту бағдарламасы.
  11. Алғашқы психологиялық лабораториялар.
  12. Психологияның діни философия шеңберіндегі дамуы.
  13. Түркі мұсылмандық психологиясының дамуы.
  14. Б.Спинозаның психологиялық көзқарастары.
  15. Неміс эмпирикалық психологияның қалыптасуы.
  16. Санасыз психика туралы түсініктер
  17. Психоанализдің басталуының тарихи алғы шарттары.
  18. З.Фрейдтің концепциясындағы психикалық құрылым  туралы  көзқарастардың
      дамуы. Психоанализдің дамуы және еркін ассоциациялық  әдіс  және  оның
      қалыптасуы үшін маңыздылығы.
  19.   Неофрейдизм   және    психоанализ    шеңберіндегі    психотерапевтік
      процедуралардың даму тенденциясы.
  20. Танымдық іс-әрекеттің  әр  түрлерінің  қызметінің  нәтижесі  ретіндегі
      субъективизм.
  21.   В.Джемс.   Психиканы   бейімделу   механизмі,   сананы    психикалық
      автоматизмдер туралы теориялық көзқарастар.
  22. Т.Рибоның психологиялық теориясы.
  23. В.М.Бехтеровтың объективті психологияны рефлексологияны жасау әрекеті.
      Н.Н.Лангенің эксперименттік психологиялық  зерттеулері  мен  теориялық
      тұжырымдамалары.
  24. Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдарының рөлі.
  25. Психологиядағы заттық принцип және даму принципі  іс-әрекет  тәсілінің
      маңызды құрылымы ретінде.
  26. Іс-әрекет тәсілінің түсініктілік аппараты.
  27. Тұлға іс-әрекет субъектісінің жүйелі «жоғарысезімтал» қасиеті  ретінде
      (А.Н. Леонтьев).
  28. Ерте ғасыр философиясындағы ойлау мәселесі.
  29. Когнитивті психологиядағы ойлау.
  30. В.Франклдың тұлға теориясы.
  31. Келлидің тұлғааралық құрылым концепциясы.
  32. Бірлескен – жеке іс-әрекет  дамуы  -  таланттың  психологиялық  негізі
      қалыптасуы.
  33. Талант және дарындылықтың психологиялық мәселелері.
  34. Жүйе ретінде  іс-әрекетті психологиялық талдау.
  35. Оқыту процесіндегі жүйе құрушы фактор ретінде  бірлескен  –  диалогтық
      танымдық іс-әрекет.
  36. 19-20 ғ. Қазақ ағартушыларының психология ғылымына қосқан үлесі.
  37. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуынан бастап  психологиядағы
      жетістері.


      «Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы» пәнінен
            магистранттардың білімін бағалауға арналған сұрақтар

 1. XVIII ғ. қандай ғалымның жұмысында «Психология» сөзі пайда болды?
 A) Ф.Гальтон
 B) В.Вундт
 C) Х.Вольф
 D) О.Хрисман
 E) З.Фрейд

 2. Психологияның ғылым ретінде даму кезеңдері:
   A) Жан туралы ғылым, сана туралы ғылым, мінез-құлық туралы ғылым, психика
      туралы ғылым
   B) Жан туралы ғылым, психика туралы ғылым, мінез-құлық туралы ғылым, сана
      туралы ғылым
   C) Мінез-құлық туралы ғылым, сана туралы ғылым, іс-әрекет туралы ғылым
   D) Іс-әрекет туралы ғылым, сана туралы ғылым, мінез-құлық туралы ғылым
   E) Сана туралы ғылым, мінез-құлық туралы ғылым, жан туралы ғылым




 3. «Психологияның даму жолы ұзақ, бірақ даму тарихы қысқа», - деген сөздің
    авторы кім?
      A) Эббингауз
      B) Дж.Ланге
      C) Ф.Аквинский
      D) В.Вундт
      E) Р.Уотсон


 4. Алғашқыда психология ғылым ретінде қандай ғылымның шеңберінде дамыды?
   A) Жаратылыстану
   B) Экономика
   C) Биология
   D) Философия
   E) Медицина


 5. «Жан туралы» алғашқы түсініктер қай кезеңде пайда болды?
     A) Антика
     B) Орта ғасыр
     C) Көне ғасыр
     D) Қайта өрлеу кезеңі
     E) Жаңа заман


 6. Платонның негізгі түсінігі, бұл:
   A) Атом
   B) Идея
   C) Диалектика
   D) Материя
   E) Тәжірибе

 7. Гиллозаизм дегеніміз не?
     A) әр заттың жаны бар
     B) психика тек барлық материаларға тән
     C) жан мен тән бір-бірінен бөлек өмір сүреді
     D) жан тек қана нақты материаларға бағынады.
     E) психикалық мәселелерді шешу әдісі


 8. «Жанды тәннен бөлуге болмайды», - деген жағдайды кім айтты?
     A) Платон
     B) Сократ
     C) Аристотель
     D) Плотин
     E) Гегель

 9. Аристотель қандай үш түрлі жанды көрсетті:
     A) өсімдік, жәндік, адам
     B) адам, от, жануар
     C) өсімдік, жануар, адам
     D) жер, су. От
     E) адам, өсімдік, жәндік

10. Грек философтарының ішінде ең бірінші рет болып төрт темперамент туралы
    ойларын дамытқан ойшы:
     A) Эпидокл
     B) Гиппократ
     C) Платон
     D) Аристотель
     E) Гераклит

11. Аристотельдің қай еңбегінде алғашқы рет психологиялық түсініктердің
    жүйесі беріледі?
     A) «Ес туралы»
     B) «Түс көру туралы»
     C) «Жануарлар бөліктері туралы»
     D) «Жан туралы»
     E) «Мемлекет туралы»

12. «Жан атомдардан тұрады» деген кім?
     A) Сократ
     B) Демокрит
     C) Эпикур
     D) Платон
     E) Аристотель

13. «Өзінді-өзін тани біл» сөзін кім айтқан?
     A) Платон
     B) Аристотель
     C) Пифагор
     D) Сократ
     E) Эпикур

14. «Мемфистік теология ескерткіштері» шығарманың елі:
     A) Қытай
     B) Греция
     C) Египет
     D) Үндістан
     E) Арап


15. Қытайдың қай мектебінің пікірінше, білім және психикалық процесстер
    адамның тума сапалары:
     A) Лао-цзы
     B) Мао-цзы
     C) Конфуций
     D) Йога
     E) Ньяя


16. Үндістанның алғашқы мәтіндері қалай аталды?
     A) «Мемфистік теология ескерткіштері»
     B) Веда
     C) Упанишида
     D) «Ішкі туарлы кітап»
     E) «Дао дэ цзин»
17. Ежелгі Үндістан дәрігерлерінің пікірінше, психикалық әрекеттің басты
    мүшесі болып не саналады?
     A) ми
     B) жүрек
     C) бауыр
     D) қан
     E) ауа


18. Қай ғасырда джайнизм және буддизм кең тарады?
     A) б.з.д. VIII ғ.
     B) б.з.д. IV ғ.
     C) б.з.д. Vғ.
     D) б.з.д. Vғ.
     E) б.з.д. Xғ.

19. Мектептегі этика діни идеалының негізін қалаушы кім?
     A) Мо-цзы
     B) Лао-цзы
     C) Ван Чун
     D) Конфуций
     E) Фань Чжэне

20. Қай елдердің өкілдері темпераменттің негізіне үш затты жатқызды:
     A) Египет және Қытай
     B) Үндістан және Греция
     C) Қытай мен Үндістан
     D) Үндістан мен Египет
     E) Қытай және Греция

21. Орта ғасырда психология қандай сипатта болды?
     A) этикалық
     B) діни
     C) этико-теологиялық
     D) теологиялық
     E) мистикалық


22. Араб елдерінің қай ғалымы Аристотельдің іліміне қарсы шықты, жанның
    мәңгілігін жоққа шығарып жан мен тәнді бөлген?
     A) Авицена
     B) Аверроэс
     C) Альгазен
     D) Аль-Фараби
     E) Ибн-Сина


23. Ф.Аквинскийдің католизм бағытының қазіргі заман ізбасарлары болып кім
    саналады?
     A) реалистер
     B) материалистер
     C) неотомистер
     D) идеалистер
     E) логистер
24. Аристотельдің жан туралы ілімін сынға ала отырып, діни көзқарас
    тұрғысынан түсіндірген бағыт –
     A) Номенализм
     B) Рационализм
     C) Гуманизм
     D) Геллозаизм
     E) Томизм


25. Р.Бэкон жан құбылыстарын қандай түсініктер арқылы түсіндіреді?
     A) биологиялық
     B) механикалық
     C) сенсорлық
     D) физиологиялық
     E) физико-математикалық


26. Қайта өрлеу кезеңі қай ғасырды қамтиты және қай елде пайда болды?
     A) Англия XVIғ.
     B) Франция XIVғ.
     C) Италия XIVғ.
     D) Партугалия XVIIғ.
     E) Германия XIVғ. соңы

27. Қайта өрлеу кезеңінің ерекшеліктері:
     A) гуманизм, өнер, білімнің дамуы, «адамның ашылуы»
     B) діни бағыттылық
     C) отбасы құндылықтары, жеке меншік бағыттылығы
     D) әкімшілік билікке бағыттылығы
     E) қоғамдағы мәселелерге бағыттылығы

28. «Божественная комедия» еңбегінің авторы кім?
     A) Г.Коперник
     B) Леонардо да Винче
     C) Р.Бэкон
     D) А.Данте
     E) Дж.Бруно

29. Қайта өрлеу кезеңінде пайда болған ғылымдарының бірі:
     A) математика
     B) геометрия
     C) натурофилософия
     D) логика
     E) тарих

30. Қайта өрлеу кезеңінде білім және ғылым қай салада дамып отырды;
     A) шіркеуде
     B) қоғамдық мекемелерде
     C) университеттерде, сурет шеберханаларында және т.б.
     D) көшелерде
     E) қалалар мен ауылдарда


31. Қайта өрлеу кезеңінің «титаны»:
     A) Гален
     B) Б.Телезео
     C) Леонардо да Винче
     D) П.Помпонаций
     E) Л.Валл

32. «Ойлаймын, яғни мен тіршілік етемін», - деген мәнді сөзінің авторы кім?
     A) Декарт
     B) Спиноза
     C) Лейбниц
     D) Локк
     E) Бекон


33. Спиноза эмоция теориясының дамуына елеулі үлес қосты. Ол мінез-құлықтың
    қозғаушы күштерінің 3 түрін ажыратты:
     A) аффект, түрткі, қажеттіліктер
     B) құмарлық, қуаныш, қайғы
     C) интеллект, аффект, жеке бастың өсуі
     D) инстинкт, қажеттілік, мақсат

34. Декартқа қарсы, адам – тұтас рухани тәндік тіршілік иесі деп
    тұжырымдады:
     A) Лейбниц, Локк
     B) Гоббс, Спиноза
     C) Спиноза, Лейбниц
     D) Бекон, Оккам
     E) Юм, Беркли

35. Алғаш рет психология іліміне рефлекс түсінігін енгізген кім?
     A) Р.Декарт
     B) У.Гарвей
     C) И.П.Павлов
     D) О.Конт
     E) Г.Гельвице


36. Рационалистік психологияның мәні неде?
     A) дүниенің қос негізі бар
     B) қоршаған ортаны тану «ішкі көру» арқылы жүзеге асырайды.
     C) адам қоршаған ортаға таза тақтай ретінде келеді, ал ол оқыту мен
        тәрбиелеу, даму барысында өз қалпына әкеледі
     D) дүниетану мен ақиқат танудың жалғыз ғана дұрыс жолы – ақыл-ой
     E) сезімдік танымның үстемдігі


37. Психофизикалық өзара әрекеттесу түсінігі арқылы Р.Декарт қандай
    байланысты түсіндірді?
     A) қан айналымын
     B) сыртқы ортаның тітіркендіргіштеріне жауап беру реакциясын
     C) дене жанға әсер ете отырып онда қабылдауды, эмоцияларды тудырады,
        ал жан ақыл мен ерік арқылы денені қозғалыс жасауға және өзгеруге
        итермелейді
     D) жан денеге кірер алдындағы көрген көріністерімен денеге еніп, оны
        өзіне тәуелді етеді
     E) психика вибрация түсінігімен түсіндіріледі, яғни сыртқы вибрациялар
        жауап ретінде ішкі вибрацяны тудырады


38. Адамға қоршаған орта және оның даму заңдылықтарын ашып көрсететін
    идеялар:
     A) тума идеялар
     B) жүре пайда болған идеялар
     C) адам тудырған идеялар
     D) жеке дара идеялар
     E)  ешқандай идеялар жоқ


39. Дуализмнің мәні неде?
     A) дүниенің екі қос негізі бар, бірақ олар бірге, қатарласып жүрмейді
     B) сезімдік танымның үстемдігі
     C) таза сана алдындағы тәжірибе
     D) жан барлық құбылыстар мен адамдарға тән
     E) қоршаған ортадан келген тітіркендіргіштер рефлекс доғасына жетіп
        тізбекті ассоциацияны құрайды


40. Адамның біртұтастығы тек жан мен тәнді байланыстырмайды, сонымен қатар
    қоршаған ортаны танудың негізі болып келеді – деп дәлелдеген:
     A) И.Кант
     B) Б.Спиноза
     C) К.Кондильяк
     D) Гельмгольц
     E) Дж.Милль

41.  Б.Спиноза танудың қандай түрлерін ажыратты:
     A) интуитивті тану, қисынды тану
     B) біріншілікті тану, екіншілікті тану, объективті тану
     C) объективті тану, интуитивті тану, субъективті тану
     D) біріншілікті тану, екінішілікті тану, интуитивті тану
     E) біріншілікті тану, объективті тану, интиутивті тану

42. Әлемде физика заңына бағынып қозғалыс жасайтын материалды денелерден
    басқа ештене жоқ – деген пікірді кім ұсынды?
     A) Р.Декарт
     B) Б.Спиноза
     C) Дж.Милль
     D) Х.Вольф
     E) Т.Гоббс


43. Психология іліміне санасыз психика түсінігін енгізген –
     A) Г.Лейбниц
     B) Р.Декарт
     C) В.Вундт
     D) Сеченов
     E) И.П.Павлов


44. Т.Гоббс психологияға нені енгізді:
     A) интроспекцианизм
     B) эмпиризм
     C) волюнтаризм
     D) сенсуализм
     E) эмпириокритизм

45. Адам дүниеге келгенде оның жаны «таза тақта» тәріздес болады деп айтқан
    кім?
     A) Р.Декарт
     B) Д.Дидро
     C) Дж.Локк
     D) Т.Гоббс
     E) Спиноза


46. Ассоциативті психология қай ғасырда пайда болды және оның қалаушысы:
     A) XVIII ғ. басында Д.Гартли
     B) XVII ғ. Т.Гоббс
     C) XVIII ғ. Ж.Локк
     D) XIX ғ. А.Галлер
     E) XVII ғ. екінші жартысында Д.Гартли


47. Сенсуализм – бұл –
     A) таза сана алдындағы тәжірибе
     B) сезімдік танымның үстемдік етуі
     C) қоршаған ортаны танудың жалғыз ғана жолы – ақыл-ой
     D) жан тек субъект болып келеді де, басқа қасиеттерді қабылдауды
        қамтасыз етеді
     E) әрбір ғылымның негізіде эксперимент, тәжірибе және математика болуы
        тиіс


48. Эмпиризм дегеніміз –
     A) таза сана алдындағы тәжірибе
     B) сезімдік танымның үстемдік етуі
     C) қоршаған ортаны танудың жалғыз ғана жолы – ақыл-ой
     D) жан тек субъект болып келеді де, басқа қасиеттерді қабылдауды
        қамтасыз етеді
     E) әрбір ғылымның негізіде эксперимент, тәжірибе және математика болуы
        тиіс

49. Француз материалистері Кондильяк, Ламетри, Кабанис былай тұжырымдады:
     A) психика – бұл әлеуметтік шарттардың, әдеттер мен дәстүрлердің,
        адамдардың рухани өмірінің әсерлерінің нәтижесі ретінде
     B) психика вибрация түсінігімен түсіндіріледі, яғни сыртқы вибрациялар
        жауап ретінде ішкі вибрацяны тудырады
     C) психика түйсіктің бірнеше элементтерінен тұрады: көріністер мен
        сезімдер
     D) дене жанға әсер ете отырып онда қабылдауды, эмоцияларды тудырады,
        ал жан ақыл мен ерік арқылы денені қозғалыс жасауға және өзгеруге
        итермелейді
     E) психика-бұл жоғары дамыған материаның - бас миының функциясы

50. Алғаш рет психология тарихында өзінің «Эмиль немесе тәрбие туралы»
    еңбегінде баланы тәрбиелеу мен дамудың біртұтас жүйесін құрастырған
    кім?
     A) Дж.Локк
     B) Ж.Руссо
     C) Дистерверг
     D) Д.Дидро
     E) Т.Гоббс


51. Гельвеций бойынша қабілеттер тума болып келмейді, бірақ олар қандай
    процесс арқылы қалыптасады:
     A) тәрбиелеу
     B) тану
     C) қарым-қатынас
     D) оқыту
     E) дамыту


52. Психофизика заңының құрастырушысы:
     A) Аристотель
     B) Вебер-Вехнер
     C) М.Г.Ярошевский
     D) И.П.Павлов
     E) Д.Гартли


53. Психологияны эмпирикалық және рационалды деп бөлген неміс ғалымы:
     A) Г.Лейбниц
     B) И.Кант
     C) Х.Вольф
     D) И.Гербарт
     E) Дистерверг


54. Қай ғасырда психология физиологияның негізінде дами бастады:
     A) XIX ғ. басында
     B) XX ғ. басында
     C) XIX ғ. 30-40 жж.
     D) XVIII ғ. екінші жартысында
     E) XVIII ғ. басында


55. И.Мюллер ашқан «сезім мүшелерінің ерекше энергия заңы» бойынша:
     A) жұлынға апаратын сенсорлық және моторлық жүйке жолдары арасындағы
        ерекшеліктер
     B) психиканың орталық жүйке жүйесіне тәуелділігі
     C) адамның әртүрлі қабілеттері бас миының әр түрлі бөліктерінде
        орналасқан
     D) жүйке ұлпаның физикаға ғана белгілі энергиядан басқа энергиясы жоқ
     E) жүйкелердің рефлекс доғасы арқылы байланысы

56. Ф.Галль бойынша, әр түрлі қабілеттер бас миының әр түрлі бөліктерінде
    орналасқан, ал ол бас сүйегін сипат сезіп, «түйіндер» арқылы жеке
    дараның ақыл-ойы, есі және басқа функциялары қаншалықты дамығанын
    анықтауға болады. Ол қай ілімге тән?
     A) Эмпиризм
     B) Психофизиология
     C) Психоневрология
     D) Френология
     E) Флюрология

57. Ф.Галль негізін  салған  френология  ілімінің  түсініктері  дұрыс  емес
    екендігін дәлелдеген дәрігер:
     A) П.Флуранс
     B) И.Мюллер
     C) Ф.Галль
     D) А.Бэн
     E) К.Бернар

58. Психологизм ілімінің салушысы:
     A) А.Бэн
     B) И.Кант
     C) Джон Милль
     D) Джеймс Милль
     E) Ф.Галль


59. Қай ілім бойынша ассоциация адамдық феномендер мен мәселелерінің кілті
    ретінде қарастырылды:
     A) психологизм
     B) ассоциациялық психология
     C) эволюциялық психология
     D) психофизика
     E) психогенетика

60. Психика – бұл қоршаған ортаға бейімделу механизм деген кім?
     A) И.Гербарт
     B) Ч.Дарвин
     C) Г.Спенсер
     D) Эббингауз
     E) И.Мюллер

61. Психофизиканың өкілдері:
     A) Фехнер, Вебер, Дондерс
     B) Гельмгольц, Эббингауз, Флюгер
     C) Брэд, К.Левин, В.Вундт
     D) Дондерс, Ч.Дарвин, Спенсер
     E) Беркли, Д.Юм

62. Э.Вебер тері түйсігінің қандай түрлерін ашты:
     A) тигізуді, температураны, көлемді түйсіну
     B) қысымды, тарамауды, көлемді түйсіну
     C) қысымды, температураны, тарамауды түйсіну
     D) қысымды, көлемді, сипап түйсіну
     E) тигізуді, температураны, сипап түйісу


63. Вебер-Вехнер заңының мәні неде?
     A) түйсіну күші мен қозу көлемінің арақатынасы
     B) температуралық бейімделу эффекті
     C) қозудың түйсіну күшіне тәуелділігі
     D) түйсіну күшінің қозу көлеміне тәуелділігі
     E) қозу мен тежелудің арақатынасы


64. И.Мюллер жүйкенің кейбір бөліктерін қоздыра отырып бұлшықет
    реакциясының жылдамдығын өлшеу арқылы нені анықтады:
     A) қозудың рефлекс доғасына жету жылдамдығын
     B) жүйке процесінің жауап беру реакциясын
     C) қозу мен тежелудің арақатынасын
     D) қозу реакцияларының көлемін
     E) жүйке процесінің таралу жылдамдығын


65. Мидың іс-әрекетінің көрінісі ретінде психикалық процестердің
    жылдамдығын өлшеу схемасын ұсынған кім?
     A) В.Вундт
     B) И.Мюллер
     C) Ф.Дондерс
     D) Гельгольц
     E) Э.Вебер


66. Алғашқы эксперименталдық психологияның лабораториясын кім ашты және қай
    жылы:
     A) 1876 ж. Дж.Уотсон
     B) 1879 ж. В.Вундт
     C) 1908 ХВольф
     D) 1879 ж. Г.Лейбниц
     E) 1889 ж В.Вундт

67. Эксперименталды психологияда «дербес сөздік ассоциациялар» әдісін кім
    ұсынды:
     A) Дж.Кеттелл
     B) Ф.Дондерс
     C) Ф.Гальтон
     D) В.Штерн
     E) В.Вундт


68. Г.Эббингауз психология ғылымына қандай зерттеу әдісін ұсынды:
     A) дербес сөздік ассоциациялар әдісі
     B) зейін көлемін және оқу дағдыларын зерттеу әдісі
     C) интеллект тесттері
     D) ес заңдарын зерттеудің эксперименталды әдісі
     E) жеке дара ерекшеліктерді зерттеу әдісі


69. Алғаш рет жоғары психикалық функцияларды, әсіресе есті зерттеуде
    эксперимент әдісін кім қолданды?
     A) Г.Эббингауз
     B) В.Вундт
     C) Э.Титчинер
     D) Ф.Гальтон
     E) Ч.Спирмен

70. В.Вундт бойынша эксперименталды зерттеу арқылы нені ғана зерттеуге
    болады:
     A) жоғары психикалық функциялар
     B) ойлауды
     C) мінез-құлық
     D) қарапайым психикалық процесстер
     E) түйсік пен қабылдау

71. Ресейде бірінші рет эксперименталды лабораторияны ашқан ғалым:
     A) А.П.Нечаев
     B) Г.И.Челпанов
     C) Н.Н.Ланге
     D) В.М.Бехтерев
     E) А.А.Токарский

72. Отандық ғылыми психологияның салушысы:
     A) И.П.Павлов
     B) А.А.Ухтомский
     C) Н.Н.Ланге
     D) И.М.Сеченов
     E) В.М.Бехтерев

73. Құрылымдық мектептің салушысы:
     A) В.Вундт
     B) О.Кюльпе
     C) Ф.Брентано
     D) К.Бюлер
     E) Э.Титченер

74. Психологияның қандай бағыты, психологияның басты міндеті - сананың
    құрылымын эксперименталды зерттеу деп тұжырымдаған:
     A) Структурализм
     B) Гештальпсихология
     C) Вюрцбург мектебі
     D) Бихевиоризм
     E) Ассоционизм

75. Э.Титченер сана құрылымында қандай категорияларды ажыратады:
     A) түйсік, бейне, сезім
     B) түйсік, қозғалыс, сезім
     C) түйсік, қабылдау, ойлау
     D) қабылдау, бейне, сезім
     E) түйсік, бейне, ойлау

76. Структурлизм бойынша психологияның негізгі әдісі:
     A) эксперимент
     B) аналитикалық интроспекция
     C) бақылау
     D) ассоциациялар
     E) тест

77. Вюрцбург мектебінің салушысы:
     A) В.Вундт
     B) О.Кюльпе
     C) Ф.Брентано
     D) К.Бюлер
     E) Э.Титченер

78. Вюрцбург мектебінің өкілдері (дұрыс емес жауапты белгілеңіз):
     A) О.Кюльпе
     B) Г.Уотт
     C) К.Бюлер
     D) Ф.Брентано
     E) Н.Ах

79. Қандай психологиялық мектептің зерттеулерінің нәтижесінде - ойлауды
    зерттеуі психологиялық нұсқа бейнесінде көріне бастады:
     A) Структурализм
     B) Гештальпсихология
     C) Вюрцбург мектебі
     D) Бихевиоризм
     E) Ассоционизм

80. У.Джеймс психологияның қандай бағытының салушысы болып келеді?
     A) Структурализм
     B) Функционализм
     C) Вюрцбург мектебі
     D) Бихевиоризм
     E) Ассоционизм

81. Структурализмге қарсы сананы оның мінез-құлқындағы функциялары  бойынша
    қарауды талап ететін бағыт:
     A) Структурализм
     B) Функционализм
     C) Вюрцбург мектебі
     D) Бихевиоризм
     E) Ассоционизм

82. Дифференциалды психологияның пәні –
     A) адам психикасының әр түрлі сатылардағы дамуы мен қозғаушы күштері
     B) адамдардың немесе топтардың қарым-қатынас ету ерекшеліктері
     C) жануарларда психикалық процестердің дамуы
     D) белгілі бір белгі бойынша біріккен адамдардың немесе топтардың жеке
        дара ерекшеліктері
     E) жеке дара, жеке тұлға және даралық арасындағы ерекшеліктер

83. Статистика әдісін ұсынған кім?
     A) В.Штерн
     B) Д.Кеттелль
     C) Ф.Гальтон
     D) А.Бине
     E) Ч.Спирмен

84. Егіздер әдісін ұсынған кім?
     A) Э.Торендайк
     B) Д.Кеттелль
     C) Ф.Гальтон
     D) А.Бине
     E) Ч.Спирмен

85. Балалар психологиясының салушысы?
     A) Тидеман
     B) Дж.Локк
     C) В.Прейер
     D) С.Холл
     E) В.Штерн

86. Қандай ғалым өзінің еңбегінде алғаш рет баланың туғанынан 3 жасқа
    дейінгі психологиялық және биологиялық дамуын сипаттаған:
     A) С.Холл «Баланың рухани қабілеттерінің дамуын бақылау»
     B) В.Прейер «Бала жаны»
     C) Ч.Дарвин «Бала жаны»
     D) В.Штерн «Тұңғыш қадам»
     E) Э.Геккель «Баланы зерттей келе»

87. Зоопсихологияның өкілдері (дұрыс емес жауапты белгілеңіз):
       A) Ч.Дарвин
       B) С.Холл
       C) Ж.Леб
       D) Дж.Романес
       E) К.Ллойд-Морган

88. Ашық дағдарыс салдарынан психология қандай бағыттарға бөлінді:
       A) гештальпсихология, бихевиоризм,француз әлеуметтік мектеп
       B) гештальпсихология, бихевиоризм, терең психология, суреттеу
          психология, француз әлеуметтік мектеп
       C) гештальпсихология, бихевиоризм, терең психология, гуманистік
          психология, француз әлеуметтік мектеп
       D) гештальпсихология, бихевиоризм, терең психология, гуманистік
          психология, когнитивті психология, француз әлеуметтік мектеп
       E) гештальпсихология, гуманистік психология, француз әлеуметтік
          мектеп

89. Қандай психологиялық бағыт сананы психологиялық зерттеу пәні ретінде
    жоққа шығарады және психиканы мінез-құлық формасында түсіндіреді:
     A) функционализм
     B) дарвинизм
     C) реактология
     D) бихевиоризм
     E) когнитивті психология

90. Неоихевиористік психологияның өкілдері (дұрыс емес жауапты белгілеңіз):
     A) Э.Толмен
     B) К.Халд
     C) *К.Коффт
     D) Ф.Скиннер
     E) Дж.Мидт

91. Гештальпсихологияның салушысы:
       A) Э.Торендайк
       B) Дж.Уотсон
       C) Ф.Зандер
       D) К.Коффт
       E) В.Дильтей

92. Терең психологияның негізгі ағымы –
     A) жеке дара психология
     B) психоанализ
     C) психоаналитика
     D) бихевиоризм
     E) гештальпсихология

93. «Толымсыздық кешені» мәселесін қарастырған кім?
     A) К.Юнг
     B) З.Фрейд
     C) А.Адлер
     D) К.Хорни
     E) Э.Фромм

94. Психологияның «Өріс теориясының» авторы кім?
     A) Л.С. Выгодский
     B) Ж.Пиаже
     C) К.Левин
     D) В.Вундт
     E) З.Фрейд

95. Француз әлеуметтік мектебінің салушысы:
     A) Л.Леви-Брюль
     B) Дж.Уотсон
     C) Ш.Блондоль
     D) Э.Дюркгейм
     E) М.Гальбвакс

96. Суреттеу психологиясының негізін салушысы –
     A) К.Левин
     B) Ж.Пиаже
     C) Э.Торендайк
     D) В.Дильтей
     E) З.Фрейд

97. Э.Дюркгейм аз мәдениеттің халықтардың әдептерін, моралды және заң
    нормаларын, көзқарастарын зерттей келе келесі қорытындыға келді:
     A) олардың адамның психикалық дамуының негізгі факторлары
     B) олардың әрбір жеке адамның санасын басқаратын күш ретінде келеді
     C) әрбір халықтың санасы тұрмыстық көзқарасқа тәуелді
     D) адам қоғамының даму барысында білімдердің жиналуымен қатар ойлау
        түрлері ауысады
     E) олар сезімдермен қозулардың басқаратын күш ретінде келеді


98. Гуманистік психологияның өкілдері (дұрыс емес жауапты белгілеңіз):
     A) К.Роджерс
     B) Р.Мей
     C) А.Маслоу
     D) Уотсон
     E) Г.Олпарт

99. Бихевиоризм мен психоанализдің жеке тұлғаны дамыту ілімдеріне қарсы
    шыққан психологиялық бағыт:
     A) гештальпсихология
     B) гуманистік психология
     C) когнитивті психология
     D) аналитикалық психология
     E) неофрейдизм

100. Кеңес өкіметінде іс-әрекеттің жалпы теориясын құрастырған кім?
     A) Н.Унадзе
     B) С.Л.Рубинщтейн
     C) А.Н.Леонтев
     D) И.П.Павлов
     E) В.М.Сеченов


101. Ұлы Отан соғыс жылдары Қазақстан жеріне қандай психолог ғалымдар қоныс
    аударылды:
     A) В.М.Бехтерев, Г.С. Костюк, А.П. Нечаев
     B) Леонтьев, И.П.Павлов, П.М. Рубинштейн
     C) Г.С. Костюк, И.П. Павлов, П.М. Рубиншетейн
     D) Г.С. Костюк, П.М. Рубинштейн, А.П. Нечаев
     E) П.М. Рубинштейн, А.П. Нечаев, Леонтьев

102. Қазақстанның бірінші ғалым-психологы:
     A) Қ. Жарықбаев
     B) Т. Тәжібаев
     C) Ж. Аймауытов
     D) П.М. Рубинштейн
     E) С. Мұқанов

103. Қазақстанда бастапқы кезде психологияның қандай мәселелері
    қарастырылды:
     A) жалпы психология және психология тарихы
     B) педагогикалық психология
     C) жалпы және педагогикалық психология
     D) жалпы психология
     E) жалпы психология және халық психология

104. V-VIII ғ.Қазақстанда психологиялық ойдың дамуы неден көрініс
    алды(дұрыс емес жауапты белгілеңіз):
       A) ауыз әдебиеті
       B) *жазба әдебиет
       C) аңыз-ертегілер
       D) мақал-мәтелдерде
       E) фольклер

105. Қазақстанның бірінші әйел ғалым-психологы:
       A) Намазбаева
       B) М.О.Резванцева
       C) Ф.С.Ташимова
       D) Қ.Т. Шариязданова
       E) Н.Күлжанова
106.  1923 ж. Қазақстанда алғаш рет психология ғылымынан орыс тілінде
    жазылған кітап басылады. Оның авторы кім?
       A) А.Ф. Лазурский «Психология»
       B) В.М.Бехтерев «Орталық жүйке жүйесі»
       C) В.Я. Струминский «Психология»
       D) А.П. Нечаев «Қазіргі эксперименталды психология»
       E) Ж. Аймауытов «Психология»







Пәндер