Файл қосу

Жасушалар биологиясы



|Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі                      |
|Семей  ҚАЛАСЫНЫҢ   шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті                |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты          |ПОӘК            |                           |
|                               |                |ПОӘК 042-18-22-1.111/02    |
|                               |                |-2013                      |
|ПОӘК                           |№    басылым    |                           |
|Студентке арналған «Экологиялық|«___»____20    ж|                           |
|биология» пәннің жұмыс оқу     |                |                           |
|бағдарламасы                   |                |                           |








                        ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

                           «Экологиялық биология»
                    5B060700 – «Биология» мамандығы үшін


                          СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ
                                БАҒДАРЛАМАСЫ


















                                 СЕМЕЙ  2013



                                  Алғы сөз


1. ӘзірленГен
Әзірлегендер : _____________ «____»___________20____  А.Исмагулова
П.Рахимгалиева  «Мал шаруашылығы және аңшылықтану морфология негіздерімен»
кафедрасының биология магистрі

2. талқыланды
 «Мал шаруашылығы және аңшылықтану морфология негіздерімен» кафедрасының
отырысында
Хаттама  №__    «__»_____20___ж

Кафедра меңгерушісі ___________  С.Тугамбаева

2.2. Аграрлық  факультеттің оқу - әдістемелік кеңесінің отырысында
Хаттама  №__    «__»_____20___ж

Төрағасы  __________ А.Тлеубаева

3. бекітілді
Университеттің оқу - әдістемелік кеңесінің
отырысында қаралып, баспаға ұсынылды
Хаттама  №__    «__»_____20___ж

ОӘК төрағасы _____________Г.Искакова

   АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ















                                   Мазмұны

          1 Колдану саласы
        2 Пәндердің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу
          3  Пәндерді оқып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
          4  Курс форматы
          5  Курс саясаты
          6  Баға қоюдың саясаты
        7 Әдебиеттер






































1. Колдану саласы
      1.1 Оқытушы және пән туралы мәліметтер
      - Исмагулова  Алтынай Бигазыевна, Рахимгалиева Пакизат Сармановна
      - «Мал шаруашылығы және аңшылықтану морфология негіздерімен»
      -Байланыс ақпараты - телефоны  44-28-98, № 7 оқу ғимараты
      - Сабақ өтетін бөлмелер -№ 203
          -Пәннің аты- «Экологиялық биология»
      -Кредит саны- 3

1.2.  Пән мазмұнының қысқаша сипаттамасы.
    Экологиялық биология – бұл ілім биологияның маңызды  салаларының  бірі.
Теориялық пәндердің жинағы, ғылым саласы  ретінде  организмдер  мен  ортаның
өзара қатысының  жалпы  заңдылықтарын  зерттейді.  Ол  организмнің  тіршілік
әрекетін,   олардың   ерекшнліктерін,   биологиялық    маңызын    анықтайды,
организмнің қарым-қатынастарын  және   заңдылықтарын  зерттейді.   Бұл  ілім
өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер биоәртүрлілігі,  фитоценология  пәні
және тағы басқа да биологиялық пәндерді өтуге керек ғылыми  негізді  жасауға
қатысады.                   1.3. Пәнді оқытудың мақсаты:
Экологиялық  биология  -  студенттердің  білім  деңгейін   тереңдетіп,   осы
мағұлматтарды  болашақта   игеріп,   жалпы   өмірде   кездесетін   тұрмыстық
жағдайларда  сауатты  пайдалануға  бейімдейді,  организмде  жүретін  күрделі
процестердің биологиялық мәнін ұғындырады.
   4. Пәнді зерделеудің негізгі міндеттері:
 Студенттер пәнге  тән  терминдер  мен  ұғымдарды  білу  қажет.  Практикалық
сабақтарда  студенттер   жұмыс   жасау   әдістерін   үйренеді.   Мемлекеттік
талаптарға  сай,   жалпы   жаратылыстану   ғылымдары   пәндерінің   блогінде
орналасқан биология мен экологияның негізгі  бөлімдері  саласының  теориялық
негізін нық  меңгеру;  табиғаттың  бір  бөлігі  ретінде  адам  туралы  жалпы
түсінікті, барлық  тірілер  бірлікте  және  өзін-өзі  бағалауды,  адамзаттың
биосфераны  сақтамаса,  тіршілік  етуі  мүмкін  емесін  қалыптастыруды,  әрі
биологиямен байланысты практикалық проблемаларды сауатты қабылдауға  үйрету,
оның ішінде–адамның денсаулығы, табиғатты  қорғау,  экологиялық  дағдарыстан
өту, экологиялық мәдениетке дағдыландыру.
1.5. Пәнді игеру нәтижесінде студент міндетті:
-  білу  студенттер  организм  мен  ортаның  өзара  қарым-қатынасының  жалпы
заңдылықтарын білу қажет
- игеру  қазіргі экологияның  басты  қағидалары,  биосфераның  құрылысы  мен
эволюциясы, биосферадағы тірі зат рөлі негізін зерделеу;
-  меңгеру  биосфераға  организмнің  негізгі  тіршілік  ортасына,   дарақтар
экологиясына, популяцияға, бірлестікке, экожүйеге бейімделу әдетін  меңгеріп
алу.
- істей білу ноосфера тұжырымын, қазіргі экологиялық проблемаларды,  олардан
шығу жолдарын әзірлеуді істей білуі керек.
- иемдену табиғатты  пайдалануды  ғылыми  негізде,  қоршаған  ортада  өтетін
барлық күрделі процесстерді қорғауды түсінуі қажет.
1.6.  Курстың пререквизиті:
         3.5.1. «Зоология»
         3.5.2  «Анатомия»
         3.5.3  «Адам және жануарлар физиологиясы »
         3.5.4 «Жалпы биология»
1.7.  Курс постреквизиті:
         3.6.1 «Фитоценология»
         3.6.2 «Микроорганизмдер биоәртүрлілігі»

 1.  Пәндердің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу
                                                                     1 кесте
|     |Дәрістердің тақырыптары және қысқаша    |Дәріс  |Зертха|СОӨЖ |СӨЖ  |Әдебиет|
|№ рет|мазмұны                                 |       |налық |     |     |тер    |
|саны |                                        |       |      |     |     |       |
|1    |                                     2  |3      |4     |5    |6    |7      |
|                     Модуль 1 Экологиялық биология курсы, зерттеу       |       |
|әдістері.                                                               |       |
|                     Блок1 Жасушалар, организмдер биологиясы                    |
|1    |Кіріспе. Тірі мен өлі. Жаратылыстану    |       |2     |1.5  |4.5  |8.1.1. |
|     |және гуманитарлық білімдерді            |       |      |     |     |       |
|     |байланыстырушы ретіндегі биологиялық    |1      |      |     |     |       |
|     |ғылым. Тірі жүйелердің құрылысы мен     |       |      |     |     |       |
|     |құрылымының деңгейлері мен              |       |      |     |     |       |
|     |фундаментальды қасиеттері. Тірі жүйелер |       |      |     |     |       |
|     |заттар, энергия және ақпараттар         |       |      |     |     |       |
|     |ағымындағы тірі жүйелер.                |       |      |     |     |       |
|2    |Жасушалар биологиясы. Жасушалар         |1      |2     |1.5  |4.5  |8.1.2. |
|     |түрлерінің бірлігі және әртүрлілігі.    |       |      |     |     |       |
|     |Жасушалар, организмдер. Жасушалар       |       |      |     |     |       |
|     |түрлері бірлігі мен әртүрлілігі.        |       |      |     |     |       |
|     |Жасушалар құрылымының принциптері,      |       |      |     |     |       |
|     |ондағы зат алмасуды реттеу. Биологиялық |       |      |     |     |       |
|     |жүйенің мекендеу ортасымен              |       |      |     |     |       |
|     |қарым-қатынасының негізгі принциптері.  |       |      |     |     |       |
|3    |Организм биологиясы, оның қызметін      |1      |2     |1.5  |4.5  |8.1.3. |
|     |бөлу,біріктіру, оның көптүрлілігі.      |       |      |     |     |       |
|     |Организм мен ортаның ара                |       |      |     |     |       |
|     |қатысы.Организмнің бір және көп         |       |      |     |     |       |
|     |жасушалығы, құрылымы, қызметі. Көп      |       |      |     |     |       |
|     |жасушалы жануарлардың дамуы. Нақтылану. |       |      |     |     |       |
|     |Биологиялық қартаю. Жүйке, эндокринді   |       |      |     |     |       |
|     |жүйелер ортаға бейімделумен             |       |      |     |     |       |
|     |мінез-құлқының үйлестірушісі.           |       |      |     |     |       |
|     |Төтемелілік (иммунитет).                |       |      |     |     |       |
|4    |Биологиялық түрдің көптүрлілігі. Жіктеу |1      |2     |1.5  |4.5  |8.1.4. |
|     |қағидалары. Жердегі тіршіліктің         |       |      |     |     |       |
|     |әртүрлілігі. Биосфераның құрылым негізі,|       |      |     |     |       |
|     |тұрақтылығы. Жүйелеу, таксономия        |       |      |     |     |       |
|     |принциптері. Биологиялық туыстықты      |       |      |     |     |       |
|     |анықтау әдістері. Биологиялық құрылымның|       |      |     |     |       |
|     |табиғатты дүниелерге бөліп, анықтайтын  |       |      |     |     |       |
|     |негізгі белгілері. Түрлі дүние          |       |      |     |     |       |
|     |өкілдерінің типологиялық ерекшеліктері. |       |      |     |     |       |
|     |Тірі организмдердің макрожүйеленуі.     |       |      |     |     |       |
|              Модуль 2 Жердегі тіршілік тарихы.                                 |
|              Блок  1   Экожүйе мен биосфера, генетика мен тіршілік тарихы      |
|5    |Қауымдастықтар. Экожүйе және биосфера.  |1      |2     |1.5  |4.5  |8.2.2. |
|     |Организмдер арасындағы қоректік         |       |      |     |     |       |
|     |қатынастар. Қоректену тізбесі, торабы,  |       |      |     |     |       |
|     |пирамидасы. Организмдер қауымдастық     |       |      |     |     |       |
|     |тар(биоценоз)құрылымы.Қауымдастықтағы   |       |      |     |     |       |
|     |биологиялық қатынас типтері.            |       |      |     |     |       |
|     |Бәсекелестік, қатар өмір сүрушілік.     |       |      |     |     |       |
|     |Экожүйе, жіктелуі, құрылымы. Биосфера   |       |      |     |     |       |
|     |глобальды экожүйе.                      |       |      |     |     |       |
|6    | Ұдайы өндіру, жеке даму. Генетика,     |1      |2     |1.5  |4.5  |8.2.3. |
|     |биологиялық эволюция заңдары. Жыныссыз, |       |      |     |     |       |
|     |жынысты көбею. Қызтекелік               |       |      |     |     |       |
|     |(гермафродитизм). Жыныс жасушаларының   |       |      |     |     |       |
|     |пайда болуы. Партеногенез. Клондау      |       |      |     |     |       |
|     |туралы түсінік.                         |       |      |     |     |       |
|7    |Жердегі тіршілік тарихы. Адам           |1      |2     |1.5  |4.5  | 8.2.4 |
|     |биологиялық түр, оның физиологиялық     |       |      |     |     |       |
|     |негізі. Тірі жүйенің жеке, тарихи дамуы.|       |      |     |     |       |
|     |Жеке даму биологиясы. Биологиялық уақыт,|       |      |     |     |       |
|     |жас. "Қатерлі кезең" ілімі, ауытқудың   |       |      |     |     |       |
|     |пайда болу себептері. Ортаның табиғи,   |       |      |     |     |       |
|     |антропогендік факторларының организм    |       |      |     |     |       |
|     |көбеюіне, дерттану пайда болып, дамуына |       |      |     |     |       |
|     |тигізетін әсері.                        |       |      |     |     |       |
|8    |Жүйелік құрылым, адам, жануарлар негізгі|1      |2     |1.5  |4.5  |8.1.1. |
|     |тіршілік қызметін қамтамасыз ету.       |       |      |     |     |       |
|     |Организмнің тұтастығы, жүйкелік,        |       |      |     |     |       |
|     |эндокриндік реттеуі. Органикалық әлемнің|       |      |     |     |       |
|     |эволюциясы, қазіргі механизмдерін       |       |      |     |     |       |
|     |түсіну. Ч.Дарвин ілімі. Адам мен        |       |      |     |     |       |
|     |жануарлар жүйелерінің құрылымы, негізгі |       |      |     |     |       |
|     |тіршілік қызметін қамтамасыз ету.       |       |      |     |     |       |
|     |Орталық, вегетативтік жүйке жүйесі.     |       |      |     |     |       |
|     |Сезім жүйелері. Бейімделу.              |       |      |     |     |       |
|                    Модуль  3 Адам экологиясы                                   |
|                    Блок 1  Организм, тұлға.Биотика                             |
|9    |Организм, тұлға: адамның сана, денелік  |11     |2     |1.5  |4.5   |8.1.4.|
|     |бастамасы.Адам, жануарлар сана          |1      |      |     |      |      |
|     |физиологиясы мен әлеуметтік мінез-құлқы.|       |      |     |      |      |
|     |Адамның биологияда дәлелденген          |       |      |     |      |      |
|     |қажеттілігі. Биоэтика. Адамның психалық,|       |      |     |      |      |
|     |денелік бастамасы: тұлға, организм. Адам|       |      |     |      |      |
|     |мен жануарлардың жүйке жүйесінің негізгі|       |      |     |      |      |
|     |принциптері, психикасын, мінез-құлқын   |       |      |     |      |      |
|     |қалыптастыратын физиологиялық           |       |      |     |      |      |
|     |факторлары.  Адамның мекендеу ортасы,   |       |      |     |      |      |
|     |оның сапасы.                            |       |      |     |      |      |
|10   |Денсаулық және ауру. Бейімділік         |1      |2     |1.5  |4.5   |8.2.  |
|     |мүмкіншілігі, шегі. Адам популяциясын   |       |      |     |      |      |
|     |көшірмелеу: генетика және адам          |       |      |     |      |      |
|     |онтогенезінің кезеңдері. Жеке           |       |      |     |      |      |
|     |тіршіліктің кезеңдері, ұзақтылығы. Адам |       |      |     |      |      |
|     |тіршілігінің қатерлі кезеңдері, оның    |       |      |     |      |      |
|     |ерекшеліктері. Адамның биоырғақтығы,    |       |      |     |      |      |
|     |оның космос циклімен байланысы. Адам    |       |      |     |      |      |
|     |денсаулығы, ұзақ өмір сүруі, биологиялық|       |      |     |      |      |
|     |жасы. Өлу, оның биологиялық мағнасы.    |       |      |     |      |      |
|11   |Адам экологиясы, оның негіздері. Заттар |1      |2     |1.5  |4.5   |8.2.1.|
|     |айналымы, табиғаттағы қуаттың алмасуы.  |       |      |     |      |      |
|     |Экология негіздері. Заттардың әмбебап   |       |      |     |      |      |
|     |(глобальды) айналымы, табиғаттағы       |       |      |     |      |      |
|     |қуаттың алмасуы. Тірі организмдердің    |       |      |     |      |      |
|     |биогеохимиялық циклдегі рөлі. Өсімдік   |       |      |     |      |      |
|     |пен жануарлардың бірін-бірі толықтыруы. |       |      |     |      |      |
|     |Тірінің мекендеу ортасын өзгертуге      |       |      |     |      |      |
|     |арналған әсері.                         |       |      |     |      |      |
|12   |Экожүйелер (құрылымы, динамикасы,       |   1   |2     |1.5  |4.5   |8.2.2.|
|     |тұрақтылық шегі). Тіршілігіндегі        |1      |      |     |      |      |
|     |биологиялық әралуандық және әртүрлілік. |       |      |     |      |      |
|     |Экожүйелер, олардың құрамы. Біртіндеп   |       |      |     |      |      |
|     |бір биоценоздың басқаға алмасуы         |       |      |     |      |      |
|     |(сукцессия). Биоөнімділік. Экожүйелердің|       |      |     |      |      |
|     |әртүрлілігі, олардың топырақ, ландшафт  |       |      |     |      |      |
|     |типологиясына орай, негізгі типтері.    |       |      |     |      |      |
|     |Климат аумақтары, тіршілік тобы (биом). |       |      |     |      |      |
|     |Биологиялық алуантүрлілік экожүйе       |       |      |     |      |      |
|     |тұрақтылығының басты факторы. Тіршілік  |       |      |     |      |      |
|     |жағдайының айырмашылығына сай, түрлердің|       |      |     |      |      |
|     |әртүрлілігі.  Түр түзілуінің, өлуінің   |       |      |     |      |      |
|     |қарқыны және түрлер әртүрлілігі         |       |      |     |      |      |
|     |қысқаруының зардабы.                    |       |      |     |      |      |
|                 Блок 2 Биосфераның эволюциясы                           |      |
|13   |Биосфера, оның эволюциясы. Табиғатқа    |1       |2     |1.5  |4.5  | 8.2.4|
|     |әсер ететін антропогендік факторлар.    |        |      |     |     |      |
|     |Биосфера, оны тұрақтылығын қамтамасыз   |        |      |     |     |      |
|     |ететін көптеген, аз түрлердің рөлі.     |        |      |     |     |      |
|     |Табиғатқа антропогендік әсер ету.       |        |      |     |     |      |
|     |Табиғатты ластау процессінің, табиғи    |        |      |     |     |      |
|     |экожүйе қысқаруының, халық тығыздығының,|        |      |     |     |      |
|     |кенттенудің экологиялық маңызы. Ауыл    |        |      |     |     |      |
|     |шаруашылығын қарқындату проблемалары.   |        |      |     |     |      |
|     |Климат жылынуынан болатын зардаптар.    |        |      |     |     |      |
|14   |Табиғатты тиімді пайдалану, қорғау.     |1       |2     |1.5  |4.5  |8.1.1.|
|     |Экологиялық дағдарыс, оны жеңу жолдары. |        |      |     |     |      |
|     |Табиғатты пайдаланудағы экологиялық     |        |      |     |     |      |
|     |принциптер. Биоалуантүрлілікті қорғау.  |        |      |     |     |      |
|     |Әмбебапты экологиялық дағдарыс, оның    |        |      |     |     |      |
|     |аумақтағы ахуалы. Тұрақтылыққа,         |        |      |     |     |      |
|     |өсімдіктердің, жануарлардың,            |        |      |     |     |      |
|     |микроорганизмдердің өсуіне тигізетін    |        |      |     |     |      |
|     |әсерлер. Демография бұзылуы, биосфера   |        |      |     |     |      |
|     |ресурстық проблемалары, қуат, қорек     |        |      |     |     |      |
|     |ресурстары әлсіреуін болдырмау          |        |      |     |     |      |
|     |мүмкінділігі. Радиоактивтік, химиялық   |        |      |     |     |      |
|     |техногендік ластану түрлері. Тұрмыстық, |        |      |     |     |      |
|     |өндірістік қалдықтарын жою проблемалары.|        |      |     |     |      |
|     |Табиғатты бұзбайтын технологиялар жасау |1       |2     |1.5  |4.5  |8.1.2.|
|15   |мүмкіншіліктері, қағидалары. Биология   |        |      |     |     |      |
|     |дамуының негізгі тұжырымдамалары,       |        |      |     |     |      |
|     |заңдары және болашағы. Экологиялық      |        |      |     |     |      |
|     |сараптама, мониторинг, болжам,          |        |      |     |     |      |
|     |тұжырымдама немесе “тұрақты” даму.      |        |      |     |     |      |
|     |Биотехнология. Гендік, жасушалық,       |        |      |     |     |      |
|     |ұрықтық инженерия. Адам, жануар және    |        |      |     |     |      |
|     |өсімдіктердің қолдан ұрпақтану          |        |      |     |     |      |
|     |проблемалары, табиғатты қорғау және адам|        |      |     |     |      |
|     |денсаулығын сақтаудың биотехнологиялық  |        |      |     |     |      |
|     |әдістері.                               |        |      |     |     |      |
|Барлы|                                        |15      |30    |22.5 |67.5 |      |
|ғы   |                                        |        |      |     |     |      |




 2.   Пәндерді оқып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар
    “Экологиялық биология” студенттер үшін қазіргі биологияда ғылым ретінде
дербес пән болып келеді. Бұл курс күндізгі және сырттай оқитын  студенттерге
арналған, міндетті түрде оқылады.
    Экологиялық биология - теориялық пәндердің жинағы, ғылым саласы ретінде
организмдер мен  ортаның  өзара  қатысының  жалпы  заңдылықтарын  зерттейді,
студенттердің  биологиялық  ойлау  қабылетін  қалыптастырады,  жаратылыстану
ғылымдарын тұтастырып, оның бағытында магистранттарды дайындайды.  Сондықтан
студенттер биосфераны сақтауға қажет  тіршілік  әлемін,  ол  туралы  білімді
толық меңгереді.
    Пән барысы. Оқылатын дәрісте  кейінгі  жылдардағы  ғылымның  көкейтесті
мәселелері,  қазіргі   жетістіктері,   жаңалықтары   айтылады.   Өткізілетін
практикалық  сабақтарда  экологиялық  білімнің  қалыптасу  тарихын,   Жердің
негізгі экожүйесінің қалыптасуының басты факторы –  климатты,  атмосферадағы
газ құрамын, қазіргі атмосфераның қалыптасуындағы  тірі  организмдер  рөлін,
дарақтар  мен   популяциялар   экологиясын,   т.   б.   зерттейсіздер.   Бұл
студенттерді  өз бетімен оқуға, іздену әдетін қалыптастыруға, қисынды  пікір
дамытуға, ғылыми зерттеу жұмысына дағдылануға, пәннен  алған  білімді  басқа
пәндерді оқығанда,  оны  пайдалана  білуге  үйретеді.  Студенттер  басқа  да
көрнекi құралдарды анықтайды, осы саладағы  терминдер  мен  ұғымдарды  алған
бiлiмi, дағдысы, шеберлiгi деңгейiнде көрсетуi керек. Ол үшiн арнайы  сөздiк
дәптер ашып, әр дәрiс пен практикалық сабақтан  кейiн  жаңа  сөздердi  жазып
алып,  жаттау  қажет.  Сабақ  үстiнде  ластанған   экологиялық   биологияның
көрiнiсiн   түрлi-түстi   қарындашпен   альбомға   салып   алып,    әдiстеме
нұсқауларына  сай  белгiлерiн   қойып,   оларды   салыстырып,   айырмашылық,
ерекшелiктерiн байқаған жөн. Пәннiң әр дәрiсiнен  кейiн  ұсынылған  сұрақтар
мен  тестерге  жауап  берiп,  оған  қайтаратын  жауапты  жинақтап   қорытып,
күмәндiк туса, алдын ала дәрiстен оқып, оны толық түсiнiп, дәрiске,  сабаққа
дайын болып келген жөн. Сонда ғана әр тақырыпты жақсы меңгерiп,  экологиялық
биология келешек  магистранттарға  қажет  биология  iлiмiнiң  негiзi  екенiн
түсiнесiздер.  Студенттердің  дайындығы  тұрақты  әр  сабақ  үстінде  жаппай
сұралуда бақыланады. Оқытушының сұрауынан кейін,  әрі  берілген  сұрақтардың
жауабын нақтылағаннан соң  студенттер  өз  беттерімен  практикалық  сабақтың
тақырыбына сай, тапсырмаларды орындайды.
      Зертханалық   сабақтарды   өткізуге   толық    нұсқаулар,    ұсынылған
әдебиеттерде толық берілген. Жұмысты бастамас  бұрын  сабақтың  мақсаты  мен
міндеттерін анықтап алып, ұсынылған әдебиеттерден  теориялық  материалдармен
танысу қажет. Жұмысты жасаған соң міндетті түрде  қорытынды  жазып,  суретін
салу керек.  Оқулықтағы  тақырып  соңында  берілген  сұрақтарға  жауап  беру
керек.








 3. Курс форматы
         Қатынасу: дәрiс, практикалық сабақтарға  мiндеттi  түрде  қатынасу
керек. Егерде қандайда болмасын себептермен сiз оларға  қатынаса  алмасаңыз,
онда барлық меңгере алмаған материалға жауапкер боласыз.
    Мiнез – құлық: Студент әр кодексiн: мiнез-құлық этикасын сақтауы керек.
Сабаққа  кешiгу  кешiрiлмейтiн  қылық.  Сабақ  үстiнде  оқу   тәртiбiн   жиi
бұзушылар дәрiсханадан  шығарылып  жiберiледi,  немесе  бүкiл  курс  бойынша
«қанағаттанарлықсыз» бағамен жазаланады.
    Бақылау  тапсырмалары.  Олар  сөзсiз  орындалып,  белгiленген  мерзiмде
тапсырылуы қажет. Кешiгiп орындалған жұмыстардың бағасы өзiнен -  өзi  төмен
болады.
    Межелiк  бағалау:  Межелiк  бағалаудың  қортындысы  сабақ  қатысуы  мен
үлгерiмiне, студенттердің белгiленген мерзiмге өз бетiмен жұмыс  орындауына,
сабақта  ауызша  немесе  жазбаша  түрде  берген  жауабына,  межелiк  бақылау
қортындысына байланысты қойылады.
    Көшiрiп алу және бiреудiң шығармасын  толық  немесе  жарым-жартылай  өз
атымен ұрлап пайдалану: Қандай  да  болмасын  көшiрiп  алу  немесе  бiреудiң
шығармасын  толық,  не  жарым-жартылай  өз  атымен  ұрлап  пайдалану  (басқа
студентерден дайын тапсырма,  шешiмдер  көшiрмесiн  пайдалану)  дәрiсханадан
шығарумен  тоқтатылады,  «қанағаттанарлықсыз»  бағамен   жазаланады.   Ұрлап
пайдалану мен алдауды болғызбау керек.
    Ұялы телофон: Сабақ үстiнде оны үзiп  тастау,  немесе  ұялы  телефонмен
байланысты болғызбау керек.


 4. Курс  саясаты.
Бірігіп жұмыс істеу барысында біз келесідей тәртіпті  ұстанамыз:
    • Оқытушымен студент бір-біріне сыйластықпен қарау керек.
    • Кез келген тәртіп бұзушылықтар жазаланады, ал белсенді жұмыс керісінше
      мадақталады.
    • Сабаққа кешікпеу және сабақты босатпау.
    • Білімді бағалау баллды-рейтингті жүйе бойынша жүргізіледі.

 5.   Баға қоюдың саясаты
       «Экологиялық биология» пәнінен балдық көрсеткіш
                                                                     2 кесте
|Апта      |Бақылау түрі                           |Балл саны|Ескерту        |
|1         |2                                      |3        |4              |
|          |1-мен 7 апта аралығындағы барлық сабақ |         |               |
|          |түрлеріне қатысуы                      |         |               |
|1         |Ағымдағы бақылау 0 балл.               |0        |               |
|2         |Ағымдағы бақылау 20 балл               |20       |               |
|3         |Ағымдағы бақылау 20 балл. СОӨЖ 21 балл.|77       |               |
|          |СӨЖ 36 балл                            |         |               |
|4         |Ағымдағы бақылау 20 балл.              |20       |               |
|5         |Ағымдағы бақылау 20 балл.              |20       |               |
|6         |Ағымдағы бақылау 16 балл. СОӨЖ 21 балл.|73       |               |
|          |СӨЖ 36  балл                           |         |               |
|7         |1 аралық бақылау                       |60/270   |               |
|1-мен 7 апта аралығындағы оқу нәтижелері бойынша  |300      |               |
|қорытынды баллдар                                 |         |               |
|          |8-бен 15 апта аралығындағы барлық сабақ|         |               |
|          |түрлеріне қатысуы                      |         |               |
|8         |Ағымдағы бақылау 15 балл.              |15       |               |
|9         |Ағымдағы бақылау 15 балл.              |15       |               |
|10        |Ағымдағы бақылау 15 балл.              |15       |               |
|11        |Ағымдағы бақылау 15 балл. СОӨЖ 18 балл.|68       |               |
|          |СӨЖ 35 балл                            |         |               |
|12        |Ағымдағы бақылау 15 балл.              |15       |               |
|13        |Ағымдағы бақылау 15 балл.              |15       |               |
|14        |Ағымдағы бақылау 15 балл. СОӨЖ 17 балл.|67       |               |
|          |СӨЖ 35 балл                            |         |               |
|15        |2 аралық бақылау                       |60/270   |               |
|8-бен 15 апта аралығындағы оқу нәтижелері бойынша |300      |               |
|қорытынды баллдар                                 |         |               |
|Емтихан бойынша қорытынды баллдар                 |400      |               |
|Академиялық мерзгіл бойынша қорытынды баллдар     |1000     |               |


7. Әдебиеттер

7.1.Негізгі әдебиеттер
7.1.1. Степановских А.С. Биологическая экология. М., 2009ж
7.1.2. Бигалиев А.Б., Биоэкология. Алматы 2012ж.
7.1.3. Бейсенова А.С., Шилдебаев  Ж.Б.,  Саутбаева  Г.З.  Экология.  Алматы,
2001ж.
7.1.4. Пехов А.П. Биология с основами экологии. Санкт-Петербург, 2000ж.
7.2. Қосымша әдебиеттер
7.2.1. Звягинцев Д.Г. Почвы и микроорганизмы. М., 1987ж.
7.2.2.  Бигон М. и др. Экология. Особи, популяции и сообщества. М., 1989ж.
7.2.3. Кречвалуш В.В., Комендар В.И. Биологическая  экология  редких  видов.
Львов, 1990.
7.2.4. Одум Ю. Экология в 2-х томах. М., 1986ж.




Пәндер