Файл қосу

Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                         |
|ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                             |
|3 деңгейдегі СМЖ құжаты      |ПОӘК              |                           |
|                             |                  |                           |
|                             |                  |                           |
|                             |                  |ПОӘК                       |
|                             |                  |042–14.1.04.01.20.01/03    |
|                             |                  |-2009                      |
|ПОӘК                         |                  |                           |
|«Метрология» пәнінен         |26.09.2008 ж.     |                           |
|оқу-әдістемелік материалдар  |№ 2 басылым       |                           |










             050732 «Стандарттау, метрология және сертификаттау»

                     мамандығының студенттеріне арналған

                            «Метрология» пәнінен


                           ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР










































                                    Семей


                                     2009







                                   Мазмұны



    |1   |Дәрістер                                                          |3   |
|2   |Тәжірибелік сабақтар                                              |36  |
|3   |Зертханалық сабақтар                                              |39  |
|4   |Курстық жұмыс                                                     |42  |
|5   |Студенттердің өздік жұмысы                                        |43  |



1 ДӘРІСТЕР


                             № 1 дәріс (1 сағат)
                  Тақырыбы: Метрология пәні. Метрологияның
                             қысқаша даму тарихы


      Дәріс жоспары:
1 Метрология пәні және оның басқа ғылымдардың ішіндегі орны
2 Метрологияның қысқаша даму тарихы
3 Қазақстандағы метрологияның даму тарихы
4 Метрологияның құрылымы


      «Метрология» деген сөз гректің «метрон» - өлшем және  «логос»  -  ілім
дейтін екі сөзінен құралған.
      Метрология тәжірибелік қызмет ретінде ерте заманнан бері  келе  жатыр.
Адам қоғамының даму барысында өлшеулер адамдар  арасындағы,  олардың  сыртқы
ортамен, табиғатпен қарым-қатынаста негізгі рөл атқарды. Сол  кезден  бастап
өлшемдер, пішіндер,  заттардың,  құбылыстардың  қасиеттері,  сонымен  оларды
салыстыру туралы ережелер мен әдістер дайындалып шығарылды.
      Бұрын  өлшеу  бірліктері  мен  олардың  өлшемдерінің  атаулары  арнайы
қоңдырғыларды қолданбай, қол, аяқ астында болған  заттардың  атауына  сәйкес
қойылды. Мысалы: Ресейде ұзындықтың негізгі  бірліктері  ретінде  пядь  және
локоть  қолданды.  Кейінірек,  аршин  атты  бірлік   пайда   болғанда   пядь
қолданыстан алынды.
      Атаулары бар өлшемдердің бірліктерін біріктіру  үшін  үлгілі  өлшемдер
шығарыла басталды. Оларға  өте  ұқыпты  қарады:  бұл  өлшемдер  шіркеулерде,
басқа да құнды заттарды сақтауға болатындай жерлерде сақтады.
      Францияда 1840 жылдың басында өлшемдердің  метрлік  жүйесі  енгізілді.
Метрлік жүйенің маңыздылығын Д.И.  Менделеев  терең  бағалады.  Менделеевтің
арқасында 1875 жылы Парижда өткен Дипломатиялық метрологиялық  конференцияда
Метрлік конвенция қабылданды, конференцияға 17 ел қатысты.
      Қазақстандағы  өлшемдер  мен  өлшеу   техникасының   дамуы   Ресейдегі
метрологияның   дамуы   мен   қалыптасумен   тығыз   байланысты.   Қазақстан
аймағындағы ең алғашқы мекеме 1923 жылы Семейде  Омбылық  салыстырып-тексеру
палатасының Семейлік бөлімшесі ашылды. Ол аспаптарды қолдануға  жарамдылығын
анықтау сияқты мәселелермен айналысты. Яғни нақты дәл жүретін  өлшемдер  мен
аспаптардың көрсеткіштері мен саудада, кәсіпорындарда қолданылатын  өлшемдер
мен  аспаптардың  көрсеткіштерін  салыстырды.  Бұл  салыстырып-тексеру   деп
аталды,  ал  мұндай  мекемелер  салыстырып-тексеруші  мекемелер  деп  аталып
кетті.
      1925  жылы  Семейлік  бөлімшесі  бөлек   салыстырып-тексеру   палатаға
өзгертілді, бұл  бөлімше  Семей  және  Жетіғария  аймақтарына  қызмет  етті.
Қазақстанның  қалған  аумағына  Қазақстан   Республикасынан   тыс   жерлерде
орналасқан  салыстырып-тексеру  мекемелер  қызмет   етті,   нақты   айтқанда
Саратов, Оренбург және Орта-азиялық өлшемдер және таразылар палаталары.
      1929 жылдың 1 қазанында  Семейлік  өлшемдер  және  таразылар  палатасы
Қазақ  өлкелік  өлшемдер  мен  таразылардың  салыстырып-тексеру   палатасына
ауысты.
      1930 жылы Қазақ өлкелік палатасы Семейден Алматыға көшірілді.
      Осы кезде Қазақстанда тек қана қарапайым аспаптар: таразылар, гирилер,
ұзындық  және  сиымдылық  өлшемдері,   манометрлер   сияқтылар   салыстырып-
тексеріліп, таңбаланды.
      1931 жылы Қазақ өлкелік өлшемдер және таразылардың  салыстырып-тексеру
палатасы Қазақ өлкелік стандарттау бюросына өзгертілді.
      1955 жылы  Алматылық  мемлекеттік  бақылау  зертханасы  құрылды,  оған
бірінші дәреже берілді, біраз соңыра ол Республикалық мемлекеттік  қадағалау
зертханасы деп аталды.
      1972  жылы  Қапшағайда  радиайиялық  бақылау  аспаптарын   салыстырып-
тексеруге  арналағн  зертхана  салынды.  Бұл  зертхана  үлгілі  жабдықтармен
жабдықталды, олардың  көмегімен  өлшеу  құралдары  энергиясы  бойынша  толық
диапазонмен  α,  β,  гамма-сәулелерімен   салыстырып-тексерілді   және   осы
зертханада изотоптарды сақтау үшін барлық жағдайлар жасалды.
      1975  жылы  Қазақ  республикалық  стандарттар  мен  өлшеу   техникасын
мемлекеттік  қадағалау  зертханасы  Қазақ  республикалық   метрология   және
стандарттау орталығына ауысты, оның басты  мақсаттары  стандарттарды  енгізу
мен олардың орындалуына, өндірілетін өнімнің  сапасына,  өнімнің  дайындалып
шығарылуы  мен  өндірістің   метрологиялық   қамтамасыз   етілуінің   күйіне
мемлекеттік қадағалау жасау болды.
      1977 жылдан бастап Кеңес Одағының Мемстандарттың бұйрығымен  Алматылық
стандарттау және метрология орталығында (АСМО) түсті  металдардың  құрамының
мемлекеттік   стандартты   үлгілерін   өндірді.   Бұл   орталықта   тіркеуге
мемлекеттік стандартты  үлгілердің  35  түрі  енгізілді  және  олардың  9000
данасы іске асырылды.
      1992 жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болғанына, Кеңес
Одағының республикаларымен қатынасының үзілгеніне  байланысты  республиканың
экономикасында және  Мемстандарт  жүйесінде  маңызды  құрылымдық  өзгерістер
пайда болды.
      Мұндай өзгерістерге сай  республика  Мемстандартының  алдында  күрделі
мәселелер  тұрды,  олар  негізгілері  республикадағы  қалыптасқан   өлшеулер
деңгейін сақтау, Қазақстанда Ұлттық эталондық базасын құру және оны  дамыту,
ұлттық  нормативтік   құжаттамаларды   әзірлеу   және   оларды   халықаралық
талаптармен үйлестіру.
      1996  жылға  дейін  бұл  республикадаға  жалғыз  зертхана  болды,   ол
мемлекеттік  дозиметриялық  және  радиометриялық  аппараттураны  мемлекеттік
салыстырып-тексеруін қамтамасыз етті.
      Қазақстан Республикасының Үкіметімен аталған мақсаттарды жүзеге  асыру
үшін 1993 жылы 18 қаңтарда ҚР  «Өлшеу  бірліктері  туралы»  заң  қабылданды.
Қазіргі кезде ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету  туралы»  заң  өзінің  күшін
сақтап отыр.
      Ғылым мен техниканың даму  барысында  жаңа  өлшемдер  мен  жаңа  өлшем
бірліктері қажет етілді, сол себептен теориялық және  қолданбалы  метрология
жетілді.
      Теориялық пен  қолданбалы  метрологиямен  бірге  заңды  метрология  да
дамыды.
    Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Метрологияның құрамына қандай үш түрі кіреді??
2 Қазақстандағы метрологияның дамуы жөнінде не білесіз?
3 «Өлшеу бірліктері туралы» заң қашан қабылданды?
4 «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы қашан күшіне енді?
    Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации  и  менеджмента  качества:
Учебное  пособие  /  Под  общей  редакцией  К.А.   Тазабекова   –   Алматы.:
Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003.  – 564 с.
2 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу  құралы  /  Г.Х.
Шәкібаева, Х.К. Оспанов, Р.Р. Сыздықов,  Л.И.  Сыздықова.  –  Алматы:  Қазақ
университеті, 2002. – 242 бет.
3 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару: Оқулық.  –
Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996. – 140 бет.



                             № 2 дәріс (1 сағат)
        Тақырыбы: Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз
                       етудің Мемлекеттік жүйесі (МӨЖ)

   Дәріс жоспары:
1 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесі.
2 Негізгі міндеттері мен нысандары.
3 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің құрылымы.


      Өлшем  бірлігін  қамтамасыз  етудің  Мемлекеттік  жүйесі  –  Қазақстан
Республикасында  өлшем  бірлігін  қамтамасыз  ету  жөніндегі  субъектілерді,
нормаларды, құралдарды және әрекет (қызмет) түрлерін басқарудың  мемлекеттік
жүйесі.
      Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің негізгі мақсаты
- өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді  шешу  үшін  құқықтық,
нормативтік,  ұйымдастыру,  техникалық  және  экономикалық  жағдайлар  жасау
болып табылады.
      Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің нысандары болып
табылады:
      - шама бірліктері;
      - шама бірліктерінің эталондары;
      - өлшем құралдары;
      - өлшем құралдарына, әдістеріне және нәтижелеріне қойылатын талаптар;
      - өлшеулерді орындау өдістемелері;
      - нормативтік құжаттар.
         Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің  нысандарына
қысқаша тоқталайық.
      Шама бірліктер. Қазақстан Республикасы территориясында Халықаралық  SI
бірліктер жүйесі қолданылуға  рұқсат  етілген.  ҚР  техникалық  реттеу  және
метрология жөніндегі Комитеттің шешімі бойынша SI жүйесініне кірмейтін  шама
бірліктерін қолдану рұқсат етілуі мүмкүн.
      Шама бірліктерінің Мемлекттік  эталондары  өлшем  бірлігін  қамтамасыз
етудің  Мемлекеттік  жүйесінің  техникалық  негізін   құрайды.   Мемлекеттік
эталондар шама бірліктерін ұдайы қайталау және  сақтау  үшін  арналады  және
Қазақстан Республикасы  территориясында  шама  бірлігінің  өлшемлерін  басқа
өлшеу құралдарына беру мақсатында бастапқы құрал ретінде қолданылады.
      Өлшеу құралдары бірліктері Қазақстан Республикасында қолдануға  рұқсат
етілген  шамаларды  анықтау  үшін  қолданылады   және   өздеріне   қойылатын
талаптарға және қолдану жағдайларына сай болуы керек.
      Өлшеулер жүргізу өдістемелері  мемлекеттік  метрологиялық  қадағалауды
жүргізу сфераларында  қолданылатын  жағдайда  міндетті  түрде  аттестациядан
өтуі  және  өлшем   бірлігін   қамтамасыз   етудің   Мемлекеттік   жүйесінің
тізілімінде тіркелуі керек. Өлшеулер жүргізу  өдістемелерін  әзірлеуші  және
аттестациядан өткізуші метрологиялық қызметтер бекітілген тәртіп  бойынша  .
ҚР техникалық реттеу және метрология жөніндегі  Комитетінде  аккредитациядан
өтуі керек.
      Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін  қамтамасыз  етудің  Мемлекеттік
жүйесі ұйымдастыру, техникалық және нормативтік негіздерінің жиынтығы  болып
табылады.
      Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін  қамтамасыз  етудің  Мемлекеттік
жүйесінің ұйымдық негізі болып Қазақстан Республикасы Метрологиялық  қызметі
табылады.
      Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік
жүйесін мемлекеттік басқару Қазақстан Республикасы  техникалық  реттеу  және
метрология жөніндегі уәкілетті органға - Қазақстан  Республикасы  техникалық
реттеу және метрология жөніндегі Комитетке (ҚР Мемстандартына) жүктелген.
      Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін  қамтамасыз  етудің  Мемлекеттік
жүйесінің техникалық негізін құрайды:
      -  шама   бірліктерінің   мемлекеттік   эталондары   және   Қазақстан
        Республикасы Метрология қызметтері  қолданатын  шама  бірліктерінің
        эталондары жүйесі;
      -   өлшеу   құралдары,   оның   ішінде   республика   территориясында
        қолданылатын заттар мен материалдардың   құрамы  мен  қасиеттерінің
        стандарртық үлгілері;
      - физикалық тұрақтылар  және  заттар  мен  материалдардың  қасиеттері
        туралы стандарттық анықтамалық мәліметтер.
      Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін  қамтамасыз  етудің  Мемлекеттік
жүйесінің нормативтік негізі төмендегілерді реттейді:
      - шама бірліктерін;
      - шамалардың  мемлекеттік  эталондарын  және  мемлекеттік  салыстырып
        тексеру схемаларын;
      - өлшеу құралдарын салыстырып тексеру  және  калибрлеу  әдістері  мен
        құралдарын;
      - өлшеу құралдарының нормаланатын сипаттамаларының номенклатурасын;
      - өлшеу дәлдігі нормаларын;
      - өлшеу нәтижелерін және өлшеудің дәлдік көрсеткіштерін белгілеу және
        оның формаларын ұсыну;
      - өлшеу жүргізу әдістемелерін;
      - заттар мен материалдардың  құрамы  және  қасиеттерінің  стандарттық
        үлгілеріне қойылатын талаптарды;
      - өлшеу құралдарын  сынау,  метрологиялық  аттестациялау,  салыстырып
        тексеру   және   калибрлеу,   нормативтік   құжаттарды,    жобалық,
        конструкторлық   және   технологиялық   құжаттарды    метрологиялық
        сараптамадан өткізу жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу тәртібін;
      - метрология саласындағы терминдер мен анықтамаларды.
    Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің негізгі  міндеттері
қандай?
2  Өлшем  бірлігін  қамтамасыз  етудің  Мемлекеттік  жүйесінің  объектілерін
атаңыз.
3 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің  құрылымына  қандай
органдар кіреді?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1     Основы  стандартизации,   метрологии,   сертификации   и   менеджмента
качества. Учебное пособие под  редак.  Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.
2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау  және  метрология  негіздері–
Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б.


                             № 3 дәріс (1 сағат)
               Тақырыбы: Өлшем бірегейлігін қамтамасыз етудің
                           ұйымдастырушылық негізі
      Дәріс жоспары:
1 Өлшем бірегейлігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негізі
2 Мемлекеттік метрологиялық қызметтің құрылымы

       Өлшем  бірегейлігін  қамтамасыз   етудің   ұйымдастырушылық   негізін
Қазақстан  Республикасының  метрологиялық  қызметі  құрайды,  оның  құрамына
келесілер кіреді:
      - мемлекеттік метрологиялық қызметтер;
      - уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметтері;
      -   заттар мен материалдардың  құрамы  мен  қасиеттерінің  стандарттық
үлгілерінің мемлекеттік қызметтері;
      -     заттар  мен  материалдардың  физикалық  тұрақты  шамалары  және
        қасиеттері  туралы  стандарттық  анықтама  деректердің  мемлекеттік
        қызметтері;
      -    мемлекеттік басқару органдарының, жеке  және  заңды  тұлғалардың
        метрологиялық қызметтері;
      -    өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы сарапшы-аудиторлар;
      -    өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында  консалтингтік қызметтер
        көрсететін заңды тұлғалар.
      Мемлекеттік метрологиялық қызметтің құрамына мыналар кіреді:
      - техникалық реттеу және метрология  жөніндегі  уәкілетті  орган  мен
        оның аумақтық бөлімшелері;
      - шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасауды,  сақтауды  және
        қолдануды, шама бірліктерінің  мөлшерлерін  беру  жүйелерін  құруды
        қамтамасыз  ететін,  өлшем  бірлігін   қамтамасыз   ету   жөніндегі
        нормативтік құжаттарды әзірлейтін, шама бірліктерінің  эталондарын,
        өлшем  құралдарын  салыстырып  тексеру  мен  калибрлеу  нәтижелерін
        салғастыруды, шама бірліктерінің эталондарын және  жоғары  дәлдікті
        өлшем құралдарын салыстырып тексеруді,  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын,
        кадрлардың біліктілігін  арттыру  мен  қайта  даярлауды  жүргізетін
        мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық..
       Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан
Республикасында өлшем  бірегейлігін  қамтамасыз  ету  жөніндегі  жұмыстардың
мемлекеттік басқаруын жүргізеді.
      Мемлекеттік   ғылыми   метрологиялық   орталықтың    мақсаттары    мен
қарастыратын мәселелері келесі:
      -  метрология  саласында   іргелі   зерттеулерді,   ғылыми-техникалық,
тәжірибелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстарды жүргізу;
      - Қазақстан Республикасының шама бірліктерінің эталондық базасын  құру
және жетілдіру;
      - шама бірліктерінің өлшемдерін тапсыру жүйелерін құру;
      - өлшем бірегейлігін қамтамасыз ету жөніндегі  нормативтік  құжаттарды
жасау және жетілдіру, оларды халықаралық талаптармен үйлестіру;
      - өлшем бірегейлігін қамтамасыз ету саласында жүргізілетін мемлекеттік
саясатқа  сай  Қазақстанда  метрологияның  дамуына  бағытталған   жұмыстарды
жүргізу.
      Уақыт  пен  жиіліктің   мемлекеттік   қызметтерінің   мақсаттары   мен
қарастыратын мәселелері келесі:
      - уақыт пен жиіліктің  өлшем  бірегейлігін  қамтамасыз  ету  жөніндегі
жұмыстарды аймақаралық және салааралық үйлестіру;
      - уақыт пен жиіліктің бірліктерінің  өлшемдерін  тудыру,  сақтау  және
тапсыру;
      - Қазақстан Республикасының үйлестірілген уақыт шкаласын қалыптастыру;
      - Қазақстан Республикасының аймағында  уақытты  есептеудің  орнатылған
тәртібін сақтауға бақылау жасау.
      Заттар  мен  материалдардың  құрамы  мен   қасиеттерінің   стандарттық
үлгілерінің   мемлекеттік   қызметтерінің   мақсаттары   мен    қарастыратын
мәселелері келесі:
      - аймақаралық, салааралық үйлестіру  және  заттар  мен  материалдардың
құрамы  мен  қасиеттерінің  стандарттық   үлгілерін   жасау   мен   енгізуге
байланысты жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ету;
      -  заттар мен материалдардың құрамы мен  қасиеттерінің  қажетті  өлшеу
дәлдігі мен бірегейлігін қамтамасыз ету;
      - заттар  мен  материалдардың  құрамы  мен  қасиеттерінің  стандарттық
үлгілерін әзірлеу, дайындау, аттестациялау және енгізу.
      Заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары  және  қасиеттері
туралы   стандарттық   анықтама   деректердің   мемлекеттік    қызметтерінің
мақсаттары мен қарастыратын мәселелері келесі:
      - өңіраралық, салааралық  үйлестіру  және  заттар  мен  материалдардың
физикалық тұрақты  шамалары  және  қасиеттері  туралы  стандарттық  анықтама
деректерді жасау мен енгізуге қатысты жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ету;
      - ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және жобалық  жұмыстардың
тиімділігін жоғарлату;
      - физикалық  тұрақтылардың  нақты  мәндерін  орнату  және  заттар  мен
материалдарының қасиеттері жөніндегі нақты деректерді әзірлеу;
      -  шартты  белгіленулердің,  терминдердің,  анықтамаларының   бірыңғай
принциптерін  жасау  және  заттар,  материалдар  мен  олардың  қасиеттерінің
атауларын кодтау.
      Заттар мен материалдардың физикалық тұрақты  шамалары  мен  қасиеттері
туралы стандарттық  анықтама  деректердің  мемлекеттік  қызметі  аймақаралық
және  салааралық  үйлестіруді  жүзеге  асырады,  заттар  мен  материалдардың
физикалық  тұрақты  шамалары  мен  қасиеттері  туралы  стандарттық  анықтама
деректерді  әзірлеуге  және  өндіруге  байланысты   жұмыстардың   орындалуын
қамтамасыз етеді.
      Мемлекеттік  басқару  органдарының,  жеке   және   заңды   тұлғалардың
метрологиялық  қызметтері   құрылымдық  бөлімшелері  түрінде  құрылады  және
оларды бас метрологтар басқарады.
      Метрологиялық қызметтердің негізгі қарастыратын мәселелеріне келесілер
жатады:
      - өлшеулердің бірегейлігі мен қажетті дәлдігін қамтамасыз ету;
      -  қызметтердің  негізгі  бағыттарын  анықтау  және  өнімді  зерттеу,
        әзірлеу,  өндіру,  сынау  бойынша  метрологиялық   қамтамасыз   ету
        жұмыстарын жүргізу;
      - белгілі талаптарға сай метрологиялық бақылауды жүргізу.
      Өлшем бірлігін қамтамасыз  ету  саласындағы  сарапшы-аудиторлар  өлшем
бірлігін  қамтамасыз  ету  саласындағы,  соның  ішінде   жеке   және   заңды
тұлғаларды  лицензиялау  және  аккредиттеу   кезіндегі   жұмыстарды   жүзеге
асырады.
    Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Өлшем бірегейлігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негізін не құрайды?
2  Қазақстан  Республикасының  метрологиялық  қызметінің   құрамына   қандай
органдар кіреді?
3  Техникалық  реттеу  және  метрология  жөніндегі  уәкілетті  орган  қандай
жұмыстарды атқарады?
4 Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтың  мақсаттары  мен  қарастыратын
мәселелерін атаңыз.
5 Уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметтерінің мақсаттары мен  қарастыратын
мәселелері неде?
6  Заттар  мен   материалдардың   құрамы   мен   қасиеттерінің   стандарттық
үлгілерінің мемлекеттік қызметтері немен айналысады?
7 Заттар мен  материалдардың  физикалық  тұрақты  шамалары  және  қасиеттері
туралы   стандарттық   анықтама   деректердің   мемлекеттік    қызметтерінің
мақсаттары мен қарастыратын мәселелері қандай?
8  Мемлекеттік   басқару   органдарының,   жеке   және   заңды   тұлғалардың
метрологиялық қызметтерін кімдер басқарады?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1     Основы  стандартизации,   метрологии,   сертификации   и   менеджмента
качества. Учебное пособие под  редак.  Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.
2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау  және  метрология  негіздері–
Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б.
3 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу  құралы  /  Г.Х.
Шәкібаева,  Х.К.  Оспанов,  Р.Р.  Сыздықов,  Л.И.  Сыздықова–   Алматы:Қазақ
университеті, 2002. – 242 б.
                             № 4 дәріс (1 сағат)
                    Тақырыбы: Физикалық шамаларды өлшеу.
                        Өлшеу түрлері мен принциптері

      Дәріс жоспары:
1 Физикалық шама, оның бірлігі
2 Өлшеу. Өлшеудің түрлері
3 Өлшеудің принциптері


      Физикалық шама – физикалық объекттің сапа жағынан  көптеген  физикалық
объектілерге ортақ, ал сандық  жағынан  олардың  әрқайсысы  үшін  өзіне  тән
болып табылатын қасиеті.
      Өзіне тән қасиеті  дегенде  біз  бұл  қасиет  бір  объект  үшін  басқа
объектілерге қарағанда бірнеше есе көп немесе аз болуы мүмкүндігін  айтамыз.
Физикалық шама мысалдары ретінде  тығыздық,  балқу  температурасы,  жарықтың
сыну корсеткішін және тағы басқаларды келтіруге болады.
      Физикалық шаманың бірлігі – мөлшері  бекітілген,  сандық  мәні  шартты
түрде 1-ге тең тағайындалған физикалық шама.
      Өлшеу – физикалық шаманың мәнін тәжірибелік жолмен  арнайы  техникалық
құралдың көмегімен табу.
      Өлшеуді жүзеге асыру үшін мыналардың болуы қажет:
      - физикалық шаманың;
      - өлшеу әдісінің;
      - өлшеу құралының;
      - оператордың;
      - өлшеуді жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлардың.
      Өлшеуді жүзеге асырудың мақсаты – физикалық  шаманың  мәнін  қолдануға
ыңғайлы түрде алу.
      Физикалық шама мөлшерімен, мәнімен, сандық  мәнімен,  нақты  және  дәл
мәндерімен сипатталады.
      Физикалық шаманың мөлшері – нақты материалдық  объект,  жүйе,  құбылыс
немесе процеске тән физикалық шаманың сандық белгісі.
      Физикалық  шаманың  мәні  –  физикалық  шаманың   мөлшерін   ол   үшін
қабылданған бірліктің бірнеше саны түрінде беру (25 кВт).
      Физикалық шаманың сандық мәні – шама мәніне кіретін сан.
      Өлшеу түрлері
      Физикалық шаманың сандық мәнін табу әдісі бойынша  барлық  өлшеулер  4
негізгі түрге бөлінеді: тура өлшеу,  жанама  өлшеу,  совокупный  өлшеу  және
совместный өлшеу.
      Тура  өлшеу   кезінде  физикалық  шаманың  мәні  тікелей   тәжірибелік
мәліметтерден  алынады  (мысалы,  салмақты   таразымен,   бөлшек   ұзындығын
микрометрмен өлшеу).
      Жанама өлшеу – физикалық шаманың мәнін өлшенетін шамамен  функционалды
байланыстағы  басқа  физикалық  шаманы  тура  өлшеу  нәтижесінің   негізінде
анықтау.
      Жанама өлшеу мына жағдайларда жүргізіледі:
      - өлшенетін шаманың мәнін тура өлшеуге қарағанда жанама өлшеу  арқылы
        табу жеңілге түседі;
      - шаманы тура өлшеу мүмкүн емес;
      - жанама өлшеу тура өлшегенге қарағанда төмендірек қателік береді.
      Жанама өлшеудің теңдеуі:
                                    [pic]
мұндағы:  y –  ізделетін  шама,  тура  өлшеу  арқылы  табылған  х1,  х2,  хn
аргументтердің функциясы болып табылады.
      Жанама өлшеу мысалдары: металдың қаттылығын (НВ) диаметрі (D)  белгілі
болат шарикті белгілі салмақпен (Р) басып,  ойылған  жердің  тереңдігін  (h)
алу арқылы мына формула бойынша табу: [pic]
      Біріккен өлшеу – бірнеше аты бір шаманы бір уақытта  өлшеу.  Өлшенетін
шаманың мәнін тура өлшеу  жолымен  алынған  теңдеулер  жүйесін  шешу  арқылы
табады.
      Мысалы, наборға кіретін әр гирянің массасын олардың біреуінің  белгілі
массасы бойынша  және  гирялардың  әртүрлі  сочетаниесінің  массаларын  тура
салыстыру нәтижесінде табу.
      Қатарынан  жүргізілетін  өлшеу  -  екі  немесе  бірнеше  аттары  басқа
шамаларды  олардың  арасындағы  функционалдық  тәуелділікті  табу  үшін  бір
уақытта  өлшеу.  Мысалы,  дененің  ұзындығының  температурадан  тәуелділігін
табу, қайнау және балқу температурасының  қысымнан  тәуелділігін  табу  және
т.б.
      Өлшеу  принциптері.     Өлшеу  принципі  -  өлшеу  негізіне  қойылатын
құбылыс немесе эффект.
      Кейбір өлшеулер негізіне қойылатын принциптерді қарастырайық.
      Егер әртүрлі  материалдан  жасалған  екі  электродтың  қосылған  жерін
қыздыратын болсақ, онда электр қозғалтқыш  күш  пайда  болады.  Бұл  құбылыс
температураны жоғарғы дәлдікпен өлшеу негізіне қойылған (термопара).
       Электр  өткізгіш  және  жартылай  өткізгіштерді  қыздыратын   болсақ,
олардың тартылысы өзгереді. Бұл құбылыс та температураны  жоғарғы  дәлдікпен
өлшеуге мүмкүндік береді, әсіресе платина қолданған кезде.
       Кейбір  материалдарды  созу  несесе  қысу  кезінде   олардың   электр
тартылысы өзгереді. Бұл құбылыс аз мөлшердегі дене деформациясын,  сондай-ақ
жоғары және өте жоғары қысымдарды өлшеу үшін қолданылады.
      Метал  және  жартылай  өткізгіштің  шекарасында   сәуле  түскен  кезде
электр қозғалтқыш күш  пайда  болады  (фотоэффект).  Фотоэффект  құбылысында
көптеген   өлшеу   құралдарында   қолданылатын   фотоэлементтердің    жұмысы
негізделген.
      Дененің жарық беруі температурадан тәуелді, ал  соңғысы  (температура)
өз кезегінде денені қыздырушы токтың күшінен  тәуелді  болып  табылады.  Бұл
құбылыс  температураны   контактсыз   өлшеу   әдісінің   негізіне   қойылған
(оптикалық пирометр).
    Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Физикалық шама дегеніміз не?
2 Өлшеуді жүзеге асырудың мақсаты неде?
3 Физикалық шама қандай мәндермен сипатталады?
4 Нақты және дәл мәндердің бір-бірінен айырмашылықтары бар ма?
5 Өлшеулер қандай түрлерге бөлінеді?
6 Өлшеу принципі дегеніміз не?
7 Өлшеудің қандай принциптерін білесіз?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1     Основы  стандартизации,   метрологии,   сертификации   и   менеджмента
качества. Учебное пособие под  редак.  Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.
2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау  және  метрология  негіздері–
Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б.
3 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу  құралы  /  Г.Х.
Шәкібаева,  Х.К.  Оспанов,  Р.Р.  Сыздықов,  Л.И.  Сыздықова–   Алматы:Қазақ
университеті, 2002. – 242 б.


                             № 5 дәріс (1 сағат)
                          Тақырыбы: Өлшеу әдістері
      Дәріс жоспары:
1 Өлшеу әдісіне жалпы сипаттама
2 Өлшеу әдістердің жіктелуі
      Заттардың құрамын немесе қасиетін өлшеу немесе физикалық шаманы  өлшеу
үшін белгілі өлшеу әдісі қолданылады.
      Өлшеу әдісі  –  өлшенетін  заттың  құрамы  немесе  қасиеттерін  немесе
өлшенетін физикалық шаманы белгілі заттың құрамы  немесе  қасиетімен  немесе
физикалық шама бірлігімен таңдалған өлшеу принципіне сәйкес салыстыру  амалы
немесе амалдар жиынтығы.
      Өлшеу әдістері былайша жіктеледі.
      А) Өлшеу нәтижесін алудың жалпы амалдары бойынша:
     1) тура әдіспен өлшеу – тура өлшеу кезінде жүзеге асырылады;
     2) жанама әдіспен өлшеу – жанама өлшеу кезінде жүзеге асырылады;
      Б) Өлшеу жағдайлары бойынша:
      1)  контактты  әдіспен  өлшеу  -  өлшеу  құралының   сергіш   элементі
         объектімен  контактта  болады  (дене  температурасын   термометрмен
         өлшеу); 2)  контактсыз  әдіспен  өлшеу  -  өлшеу  құралының  сергіш
         элементі объектімен контактта болмайды (объектке дейінгі қашықтықты
         радиолокатормен өлшеу,  домна  пешінің  температурасын  пирометрмен
         өлшеу).
      В) Өлшенетін шаманы оның бірлігімен салыстыру тәсіліне байланысты:
     1) тікелей бағалау әдісі; 2) өлшеммен салыстыру әдісі.
      Тікелей бағалау әдісі бойынша шаманың мәнін  тікелей  өлшеу  құралының
 көрсетуі бойынша анықтайды  (термометр,  вольтметрдің).  Бұл  өдіс  бойынша
 өлшеу жылдам жүргізіледі, бірақ оның дәлдігі шектеулі б.т.
      Аса дәлдікпен өлшеу керек болған  жағдайда  өлшеммен  салыстыру  әдісі
қолданылады. Бұл әдіс бойынша өлшенетін  шаманы  өлшеммен  берілетін  (ұдайы
қайталанатын)  мөлшермен  салыстырады.  Мысалы,  тұрақты   токтың   кернеуін
қалыпты элементтің электр қозғалтқыш күшімен компенсатор арқылы өлшеу.
      Өлшеммен салыстыру әдісінің түрлері болып мына әдістер табылады:
      1) қарсы қою әдісі; 2) дифференциалдық әдіс;
      2) нольдік әдіс; 4) сәйкестік әдістері;
     5) орынбасу әдісі.
      Қарсы қою әдісінде өлшенетін шама мен өлшеммен ұдайы қайталанатын шама
салыстыру құралына бір уақытта   әсер  етеді.  Мысалы,  тең  иықты  таразыда
салмақты оны гирялармен теңестіру арқылы өлшеу.
      Дифференциалдық әдісте өлшенетін шама мен өлшеммен ұдайы  қайталанатын
шаманың айырымы анықталады. Мысалы, бөлшектің ұзындығын  эталондық  өлшеммен
компораторда салыстыру арқылы анықтау. Айырымды өлшеу  үшін  аса  дәл  өлшеу
құралы керек болмайды.
      Нольдік әдіс - өлшенетін шама және өлшеммен ұдайы қайталанатын шаманың
салыстыру құралы көрсететін нәтижелік эффектін нольге  теңестіру.  Мысалы  –
салмақты рычагты таразымен  өлшеу,  электр  тұрақтылығын  көпір  арқылы  оны
толық теңестіру жолымен өлшеу.
      Дифференциалдық әдісте шаманың мөлшері өлшенетін мөлшерге  жуық  болуы
керек болса, нольдік әдістің жақсы жері - өлшенетін  мөлшерден  көп  есе  аз
өлшемді қолдануға болады. Мысалы, рычагты таразыда  1  кг-дық  гирямен  100,
1000 кг және одан да үлкен массаны теңестіруге болады.
      Сәйкестік әдісінде өлшенетін шама  және  өлшеммен  ұдайы  қайталанатын
шаманың  арасындағы  айырымды   шкаладағы   белгілердің   немесе   периодтық
сигналдардың сәйкес болуы бойынша өлшенеді.
      Бұл принцип штангенциркульдің нониусын құрудың негізіне қойылған.  Осы
әдісі уақыт сигналдарын қабылдау кезінде, судың интерференцияны,  стробоскоп
эффектін пайдалану кезінде қолданылады.
      Орынбасу  әдісінде  өлшенетін  шаманы  өлшеммен  ұдайы  қайталанылатын
шамамен орын алмастырады (бір иықты таразымен өлшеу).
    Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Өлшеу әдісі дегеніміз не?
2 Өлшеу әдістері қалай жіктеледі?
3 Тікелей бағалай әдісінің кемшілігі неде?
4 Өлшеммен салыстыру әдісі қандай түрлерге бөлінеді?
5 Қарсы қою әдісі қандай принципке негізделген?
6 Нолдік әдісіне мысал келтіріңіз.
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1     Основы  стандартизации,   метрологии,   сертификации   и   менеджмента
качества. Учебное пособие под  редак.  Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.
2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау  және  метрология  негіздері–
Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б.

                             № 6 дәріс (1 сағат)
              Тақырыбы: Физикалық шама бірліктерінің эталондары
      Дәріс жоспары:
1 Эталондарды жіктеу
2 Эталондарды құрудың тәртібі
3 Мемлекеттік эталондарды бекітудің тәртібі
4 Метрологиялық қызметтердің  эталондарын   бекітудің тәртібі
5 Эталондарды сақтау және қолдану тәртібі

      Шама  бірліктерінің  эталондары,  оларды  құру,  бекіту,  сақтау  және
қолдану тәртібі ҚР СТ 2.3 орнатылады. Эталондарды құру мен қолданудың  басты
мақсаты,  Қазақстан  Республикасында  өлшемнің  қажет  етілген  дәлдігі  мен
бірлігін қамтамасыз ету болып табылады.
      Эталонның көмегімен бір шама бірлігін немесе бірнеше өзара байланысқан
бірліктерді қайталайды және (немесе) сақтайды.
      Қайталауға Қазақстан Республикасында техникалық реттеу және метрология
жөніндегі Комитет қолдануға жіберілген шама бірліктері жатады.
      Эталондарды жіктеу
      Эталондар пайдалану сипатына қарай бастапқы және тәуелді эталон  болып
бөлінеді.
      Бастапқы  эталондар,  қолда  бар  эталондардың  ішіндегі  ең   жоғарғы
метрологиялық сипаты бар эталон.
      Тәуелді эталондар бірлік мөлшерін бастапқы эталондардан алады.
      Эталондар дәлдігіне қарай алғашқы, екінші эталондар және  жұмыстық  0-
ші, 1-ші, 2-ші, З-ші және одан кейінгі разрядтағы эталондар болып  бөлінеді.
Өздерінің   метрологиялық   сипаттарына   қарай   олар   мемлекеттік    және
мемлекетаралық салыстырып тексеру сұлбасына сай келуі тиіс.
      Шама бірліктерінің мөлшерін беру бір-біріне өзара тәуелді эталондардың
разрядтарының  тізбегі  арқылы  жүзеге  асырылады.  Бұл  ретте  әдетте,  осы
тізбектегі соңғы эталоннан  бірліктің  мөлшері  жұмыстық  өлшем  кұралдарына
беріледі.
      Қазақстан           Республикасының           эталондары   мемлекеттік
эталон және мемлекеттік метрологиялық қызметтің  бөлімшелеріне,  мемлекеттік
басқару   органдарының   метрологиялық   қызметтеріне,   жеке   және   заңды
тұлғалардың метрологиялық қызметтеріне жататын эталондар болып бөлінеді.
      Қазақстан Республикасының шеңберінде  уәкілетті  мемлекеттік  органның
шешімімен бастапқы ретінде танылған және оның  қарауында  болатын  эталондар
мемлекеттік эталондар болып табылады.
      Топтык эталондар, бірлікті қайталаудың дәлдігін жоғарлату  немесе  оны
сақтау  үшін  қолданылатын,  бір  типтегі  өлшем  құралдарының,   номиналдық
мәнінің немесе өлшем ауқымының жиынтығынан тұрады.
      Эталондық жиынтыктар, көрсетілген  өлшем  құралдардардың  ауқымдарының
бірігіуін көрсететін бірлікті  ауқымда  қайталауға  және  (немесе)  сактауға
мүмкіндігі бар, өлшем құралының жиынтығы.
      Эталондық жиынтықтарды физикалық  шама  мәнінің  белгілі  бір  саласын
қамту қажеттілігі үшін құрылады.
      Эталондарды құрудың тәртібі
      Мемлекеттік эталондарды құрудың негіздері:
-  берілген  өлшем  түрін  метрологиялық  қамтамасыз  ету   үшін   эталонның
қажеттілігі;
- эталон құрудың техникалық мүмкіндігі және  оның  бірлік  мөлшерін  қажетті
дәлдікпен қайталап беруі;
- мемлекеттік жоғарғы тұрған эталондарды мерзімінен бұрын  тозуын  болдырмау
қажеттілігі;
- салыстырып тексеру жұмыстарын мейлінше оңтайлы ұйымдастыру мүмкіндігі;
-    эталондарды            салыстыруды            қамтамасыз            ету
қажеттілігінен;
- мемлекеттік  жоғары  тұрған  эталондармен  қайталанған  бірлік  мөлшерінің
өзгермеуін бақылау қажеттілігі негіз болып табылады.
      Метрологиялық қызметтердің эталондарын құрудың негізі өлшем құралдарын
салыстырып тексеру жөне калибрлеу болып табылады.
      Мемлскеттік эталондарды бекітудің тәртібі
      Мемлекеттік  эталондар  мемлекеттік  ғылыми  метрологиялык  орталықтың
ұсынысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органда бекітіледі.
      Мемлекеттік эталондарды  бекіту  үшін  уәкілетті  мемлекеттік  органға
келесі құжаттарды ұсынады:
- баяндама;
- мемлекеттік   эталонды   құруға   арналған   техникалық тапсырма;
- мемлекеттік эталондарды сақтау және қолданудың тәртібі;
-  мемлекеттік  салыстырып  тексеру  сұлбасына  арналған  нормативтік  құжат
жобасы;
- метрологиялық аттестатталуы туралы сертификаты;
- мемлекеттік эталонның аттестаттау бағдарламасы (салыстыру әдістемесі);
-мемлекеттік эталонды Қазақстан Республикасының  өлшем  бірлігін  қамтамасыз
ету жүйесінің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы мәлімет;
-  мемлекеттік           эталонның            ғалым-сактаушысын   тағайындау
туралы ұсыныс;
- мемлекеттік алғашкы эталонның төлкүжаты;
- комиссияның мемлекеттік эталонды бекіту мүмкіндігі туралы қорытындысы.
      Уәкілетті мемлекеттік орган берілген  құжаттарды,  берілген     күннен
    бір    ай    аралығында    қарайды     және мемлекеттік эталонды  бекіту
туралы шешімін шығарады.
      Мемлекеттік эталондар белгісінде "МЭ" индексі және ҚР  СТ  2.7  сәйкес
тіркеу нөмір қолданылады.
      Бұл кездерде мемлекеттік  алғашқы  эталонның  белгіленуіне  "МАЭ",  ал
мемлекеттік екінші эталондарға "МЕЭ" индекстері қолданылады.
      Метрологиялық қызметтердің  эталондарын   бекітудің тәртібі
      Метрологиялық  қызметтердің  бастапқы  эталондары,  өлшем   құралдарын
салыстырып тексеру жөне калибрлеу құқығына аккредиттеудің  нәтижесі  бойынша
мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықпен бекітіледі.
      Бекітілген  мемлекеттік  эталондар  және  метрологиялық   қызметтердің
эталондары Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін  қамтамасыз  ету  жүйесінің
мемлекеттік  тізбесіне   белгіленген   тәртіпте   тіркеледі.   Метрологиялық
қызметтердің эталондарына 'МҚЭ" индексінен тұратын  белгі  және  ҚР  СТ  2.7
сәйкес тіркеу номірі беріледі.
      Эталондарды сақтау және қолдану тәртібі
      Шама  бірліктерінің  эталондары  тек  мөлшерін   берумен   байланысқан
(салыстырып тексеру, калибрлеу және салыстыру) жұмыстар үшін қолданылады.
      Мемлекеттік  эталондарды  мемлекеттік   салыстырып   тексеру   сұлбасы
талаптарына  сәйкес   және   де   осы   жұмыстарды   жүргізудің   бекітілген
тәртіптеріне сәйкес сақтайды, зерттейді және қолданады.
      Егер мемлекеттік алғашқы эталонды  қолдану  мүмкін  болмаған  жағдайда
(жоғалуы,  бас  тартуы  және  т.б.),  оның  міндетін  уәкілетті  мемлекеттік
органның шешімі бойынша уақытша мемлекеттік екінші эталондарға береді.
      Мемлекеттік  эталондардың  барлық  қызмет  ету   мерзімінде,   олардың
қайталаған және (немесе)  сақтаған  бірлігінің  мөлшерін  өзгеріссіз  қалуын
қамтамасыз ету және мемлекеттік  эталонның  дәлдігін  жоғарлату  мақсатында,
зерттеулер жүргізіліп түрады.
      Мемлекеттік эталондар халықаралық салыстыруға түсіп түрады.
      Мемлекеттік   эталондарды   салыстыру,   аттестаттау   және    зерттеу
нәтижелерін  сәйкес  эталондармен  жұмыс  журналына  және  эталонмен   бірге
сақталатын, эталонның төлқұжатына жазу керек.
      Метрологиялық қызметтердің  эталондарын,  метрологиялық  аттестаттауды
жүргізгендегі белгіленген қосымша талаптарға сай және салыстырып  тексерудің
нормативтік  құжаттарында  және  де   пайдалану   құжаттарында   белгіленген
тәртіпте және қолданудың дұрыстығын қамтамасыз ететін  шарттарда  қолданылуы
және сакталуы қажет.
      Метрологиялық   қызметтердің   эталондарын   қажет   болған   жағдайда
салыстырып  тексеру  қондырғысының  құрамына  қосады.  Оларды   төмендегідей
бөлуге болады:
-   метрологиялық          қызметтердің            эталондарының    қүрамына
қосылған,  одан,  бір  немесе  бірнеше  шама  бірлігінің  мөлшерін  жүмыстық
эталондардан жүмыстық өлшем қүралдарына беруге арналған  салыстырып  тексеру
қондырғысы. Мұндай салыстырып тексеру  қондырғысына  мемлекеттік  салыстырып
тексеру сұлбасына сөйкес, разрядтар тағайындауға болады;
- басқа  шаманың  бірлігін  сақгайтын,  метрологиялық  қызметтердің  тәуелді
эталондарына  және  жүмыстық  өлшем  қүралдарына  функционалды   байланысқан
қайталайтын,   және    мөлшерін            беретін,            метрологиялық
қызметтердің  эталондарының  көмегімен  жанама  өлшем  өдісімен  бір  немесе
бірнеше шама бірлігінің  мөлшерін  қайталауға  арналған  салыстырып  тексеру
қондырғысы.
    Салыстырып  тексеру  қондырғысына  кіретін  метрологиялық  қызметтердің
эталондары  метрологиялық  аттестатталуы   туралы   және/немесе   салыстырып
тексеру туралы күші бар сертификаттары бар болуға тиісті.
    Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Шама бірліктерінің эталондары, оларды құру, бекіту,  сақтау  және  қолдану
тәртібі қандай стандартқа сай орындалады?
2 Эталондар қалай жіктеледі?
3 Мемлекеттік эталондарды құрудың негіздері қандай?
4 Мемлекеттік эталондар қайда бекітіледі?
5  Мемлекеттік эталондарды бекіту үшін уәкілетті мемлекеттік органға  қандай
құжаттарды ұсынады?
6 Мемлскеттік эталондарды бекітудің тәртібі қалай жүреді?
7 Метрологиялық қызметтердің  эталондарын қандай орган бекітеді?
8   Эталондарды сақтау және қолдану тәртібі қандай?

      Ұсынылатын әдебиеттер:
1     Основы  стандартизации,   метрологии,   сертификации   и   менеджмента
качества. Учебное пособие под  редак.  Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.
2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау  және  метрология  негіздері–
Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б.
3 ҚР СТ  2.3  ҚР  МӨЖ.  Физикалық  шама  бірліктерінің  эталондары.  Негізгі
ережелер. Жасау, бекіту, тіркеу, сақтау және қолдану тәртібі

                             № 7 дәріс (1 сағат)
                          Тақырыбы: Өлшеу құралдары
      Дәріс жоспары:
1 Өлшеу құралдарына сипаттама
2 Өлшеу құралының метрологиялық сипаттамасы
3 Өлшеу құралдарының жіктелуі


      Өлшеу құралы, біріншіден, нормаланған метрологиялық сипаттамаларға  ие
болу керек. Нормаланған метрологиялық сипаттамалар  -  өлшеу  құралының  осы
типінің, өлшеу құралының нормативтік құжатында  тағайындалған  метрологиялық
сипаттамаларының жиынтығы б.т.
      Екіншіден, анықтамаға сәйкес, өлшеу құралы шама бірлігін сақтай немесе
ұдайы қайталай алады (қайталауды «біледі»).
      Үшіншіден, сақталатын бірлік өз мөлшерін өзгертпейді.
      Аталған факторлар өлшеу жүргізуді  орындауға  мүмкүндік  береді,  яғни
техникалық құралды өлшеу құралы қылады.
      Өлшеу  құралының   метрологиялық   сипаттамасы   -   өлшеу   құралының
қасиеттерінің біреуінің сипаттамасы, өлшеу нәтижесіне және  оның  қателігіне
әсер етеді.
      Нормаланатын өлшеу құралының метрологиялық сипаттамасы  –  нормативтік
құжаттармен тағайындалған метрологиялық сипаттамалар.
      Эксперимент  арқылы  анықталған  метрологиялық  сипаттамаларды   өлшеу
құралының нақты метрологиялық сипаттамалары деп атайды.
      Өлшеу құралдарының жіктелуі келесі.    Өлшеу құралдары  стандартталған
және стандартталмаған болып бөлінеді.
      Стандартталған өлшеу құралдары  –  стандарттардың  талаптарына  сәйкес
жасап шығарылған және қолданылатын өлшеу құралдары.
      Стандартталмаған өлшеу құралдары  –  бұл  өлшеу  құралдары  талаптарды
стандарттау қажет емес деп есептеледі.
      Өлшем – физикалық шаманың бір немесе бірнеше берілген  мөлшерін  ұдайы
қайталау және (немесе) сақтауға арналған  өлшеу  құралы.  Физикалық  шаманың
мөлшері  (мөлшерлері)  тағайындалған  бірліктерде  берілген   және   қажетті
дәлдікпен белгілі болуы керек.
      Өлшемдер бір мөлшерлі  (физикалық  шаманың  бір  ғана  мөлшерін  ұдайы
қайталайтын) және көп мөлшерлі (физикалық шаманың әртүрлі молшерлерін  ұдайы
қайталайтын) болуы мүмкүн.
      Өлшемдер  жиынтығы  –   бір   физикалық   шаманың   әртүрлі   мөлшерлі
өлшемдерінің комплексі. Ноборға кіретін өлшемдер жеке де әртүрлі қосылып  та
қолданыла алады.
      Өлшемдер магазины – конструкциясы бойынша бір құрылғыға біріктірілген,
оларды әртүрлі комбинацияда қосуға арналған приспособлениелері бар  өлшемдер
жиынтығы.
      Өлшегіш  аспап  -  өлшенетін  физикалық   шаманың   мәндерін   белгілі
диапазонда өлшеуге арналған өлшеу құралы болып табылады.
      Өлшегіш сапаптар индикация деңгейі бойынша көрсетуші және тіркеуші деп
бөлінеді, ал амалы бойынша интегрирующий және суммирующий болады.
      Бұнымен  бірге  өлшегіш  аспаптар  тура  өлшегіш  (прямого  действия),
салыстыру  аспаптары,  аналогты,  цифралық,  өзі  жазушы  және  басушы   деп
бөлінеді.
      Өлшегіш қондырғы –  бір  жерде  финкционалды  біріктірілген  өлшемдер,
өлшегіш  аспаптар,  өлшегіш-өзгерткіштер  және  басқа,  бір  немесе  бірнеше
физикалық шамаларды өлшеуге арналған қондырғылардың жиыньығын айтады.
      Өлшегіш  машина  -  өлшеулерді  үлкен  бұйым  сипатталатын   физикалық
шамаларды дәл өлшеуге арналған  өлшегіш  қондырғыны  айтады  (күшті  өлшегіш
машина, бөлгіш (делительная) машина, үлкен ұзындықтарды өлшегіш машина  және
т.б.).
      Өлшегіш жүйе – осы объкттің әртүрлі нүктелерінде бақыланатын объектіге
тән бір немесе бірнеше  физикалық  шаманы  өлшеу  және  әртүрлі  мақсаттарда
өлшеу   сигналдарын   шығару   мақсатында    орналастырылған    функционалды
біріктірілген өлшемдер, өлшегіш аспаптар,  өлшегіш-өзгерткіштер,  электронды
есептегіш машиналар және басқа да техникалық құралдар болып табылады.
      Өлшегіш жүйелер арналуы  бойынша  информациялық,  өлшегіш-  бақылаушы,
өлшегіш-басқарушы және т.б. жүйелерге бөлінеді.
      Өлшеу міндетіне байланысты қайта құрылуға  жарамды  өлшегіш  жүйелерді
гибкий өлшегіш жүйелер деп атайды.
      Өлшегіш-өзгерткіштер  нормаланған  метрологиялық  сипаттарды  иеленеді
және  өлшенетін  шаманы  басқа  шамаға  немесе  өлшеу   сигналына   аударуға
арналады. Аударылған шама немесе  сигнал,  әдетте,  өңдеу,  сақтау,  ары  да
өзгертуге немесе беруге ыңғайлы болып табылады.
      Өлшегі-өзгерткіштер өлшегіш техниканың құрамына  кіреді  немесе  өлшеу
құралдарымен бірге қолданылады.
      Өзгерту  сипаты  бойынша  (қалай  өзгертетініне  байланысты)  өлшегіш-
өзгерткіштер аналогты, цифра-аналогты,  аналог-цифралы  өлшегіш-өзгерткіштер
деп бөлінеді, ал өлшеу  тізбегінде  алатын  орны  бойынша  –  бастапқы  және
аралық өлшегіш-өзгерткіш  деп  бөлінеді.  Бұдан  басқа  өлшегіш-өзгерткіштер
аумақтық және тапсыратын болады.
      Бір өлшеу құралында бірнеше бастапқы өзгерткіш болуы мүмкүн.
      Бастапқы өлшегіш-өзгерткіш деп  өлшенетін  физикалық  шама  біріншіден
оған әсер ететін өзгерткішті айтады.
      Өлшеу  құралы  неғұрлым  жоғары  дәлдікпен  өлшейтін  болса,  ол  үшін
соғұрлым көп метрологиялық сипаттамалар нормаланады.
    Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Нормаланатын өлшеу құралының метрологиялық сипаттамасы?
2 Жұмыс істеу принципі бойынша өлшеу құралдары қалай бөлінеді?
3 Түрлері бойынша өлшеу құралдары қалай бөлінеді?
4 Әрбір өлшеу құралдарына қысқаша сипаттама беріңіз.
5 Өлшеу құралдарының нормаланатын метрологиялық сипаттамаларына не жатады?
              Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Федюкин В.К. Основы квалиметрии. Управление качеством  продукции.  Учебное
пособие. – М.: Информационно-издательский дом «Филинъ», 2004. – 296 с.
2 Фомин В.М. Квалиметрия. Управление качеством. Сертификация. Курс  лекций.
– М.: ЭКМОС, 2000. – 320 с.
3 Шишкин И.Ф., Станякин В.М. Квалиметрия и  управление  качеством:  Учебное
пособие. - М.:Изд-во ВЗПИ, 1992.-255 с.




                             № 8 дәріс (1 сағат)
       Тақырыбы: Өлшеу құралдарының бірегейлігіне қол жеткізу амалдары


      Дәріс жоспары:
1 Өлшеу құралдарының бірегейлігіне қол жеткізу амалдары.
2 Өлшеу құралдарын сынау.
3 Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялау.
4 Өлшеу құралдарын калибрлеу.
5 Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру.

      Өлшеу құралдарының бірегейлігіне мына амалдарды жүргізу арқылы  жетуге
болады:
      - мемлекеттік сынаудан өткізу;
      - салыстырып тексеру;
      - метрологиялық аттестациялаудан өткізу;
      - калибрлеу.
      Өлшеу құралдарын сынау. Сериялап шығаруға  арналған  немесе  Қазақстан
Республикасы аймағына шет елдерден партиялап  енгізілетін  өлшеу  құралдары,
егер оларға Мемлекеттік қадағалау таралатын болса сынаудан өткізілуі  керек.
Соңынан сынаудан өткен өлшеу құралдарының типі бекітіледі.
      Өлшеу  құрылын  сынау  -  өлшеу  құралының  тағайындалған   нормаларға
сәйкестігін сынау  объектілеріне  әртүрлі  сынау  әсерлерін  қолдана  отырып
деңгейін  анықтау  үшін  жүргізілетін  операциялардың   жиынтығы.   Сынаудан
өткізгенде  өлшеу  құралдарын  пайдалану  немесе  тасымалдау  кезінде  ықпал
ететін факторлардың әсері тексеріледі.
      Сынау екі мақсатта: өлшеу құралының типін бекіту мақсатында немесе оны
бекітілген типіне сәйкестігіне сынау жүзеге асырылады.
      Өлшеу құралдарын метрологиялық  аттестациялау.  Егер  өлшеу  құралының
санаулы  даналары  шығарылған  немесе  шет  елінен  енгізілген  болса,  олар
метрологиялық аттестациялаудан өтуі тиіс.
      Метрологиялық аттестациялау – метрологиялық қызметтің  берілген  өлшеу
құралдарын,  олардың  қасиеттерін  зерттеу  негізінде,  қолдану  заңды   деп
майындауы.
      Метрологиялық аттестациялауды Мемлекеттік метрологиялық қызметтің және
заңды тұлғалардың осы топтағы өлшеу құралдарын салыстырып  тексеруге  құқығы
бар метрологиялық қызметтің бөлімшелері жүзеге асырады.
      Метрологиялық аттестация мыналардан құралады:
      - техникалық құжаттарды қарастыру;
      - өлшеу құралдарын эксперттік зерттеу;
      - өлшеу құралын салыстырып тексеру әдістемесін тексеру;
      - өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялау нәтижесін өңдеу.
      Метрологиялық аттестациялаудан өткен өлшеу құралдары пайдалану кезінде
салыстырып тексеруден өткізіліп отыру керек.
      Өлшеу  құралдарын  калибрлеу.  Салыстырып  тексеруге  жатпайтын  өлшеу
құралдары зауыттан  (өндірістен),  жөндеуден  шығарылғанда,  импорт  бойынша
енгізілгенде,  пайдалану  барысында  калибрлеуден  өтуі   керек.   Калибрлеу
тәртібін  шығарушы  зауыт,  осы  өлшеу  құралын  иеленуші  немесе   тұтынушы
белгілейді.
      Қазақстан Республикасы өлшеу құралын калибрлеу жүйесі  өлшем  бірлігін
қамтамасыз ету жүйесінің құрылымдық бөлігі болып табылады.
      Өлшем құралдарын калибрлеу дегеніміз - өлшем  құралының  метрологиялық
сипаттамасының  шын  мәнін  немесе  мемлекеттік  метрологиялық  бақылау  мен
қадағалауға  жатпайтын  өлшем  құралының  қолдануға   жарамдылығын   анықтау
мақсатында сол өлшем  құралының  көмегімен  алынған  шама  мәні  мен  эталон
арқылы анықталған шаманың тиісті мәні арасындағы ара  қатынасты  белгілейтін
операциялар жиынтығы.
       Салыстырып  тексеруге  жатпайтын  өлшем  құралдары  өндіруден  немесе
жөндеуден шыққанда,  импорт  бойынша  әкелінгенде,  пайдалану  кезінде,  осы
өлшем құралдарының әзірлеуші, иесі немесе  тұтынушысы  белгілеген  тәртіппен
калибрленеді.
      Өлшем құралдарын  калибрлеу  нәтижелері  өлшем  құралдарына  басылатын
калибрлік белгімен,  немесе  метрологиялық  сипаттамалардың  шынайы  мәндері
міндетті  түрде  көрсетілетін  калибрлеу  туралы  сертификатпен,   сондай-ақ
пайдалану құжаттарындағы жазумен куәландырылады.
      Калибрлеудің  енгізілуіне  бәсекелестіктің  болмауы  кедергі  жасайды.
Мұнда  белгілі  анықталған  қарсылық   көрсетіледі.   Бірақ   заңға   сәйкес
кәсіпорындар өлшем құралдарын калибрлеуді өздері ұйымдастыруға  құқылы  және
олар калибрлеу жұмысын жүргізу үшін аккредиттеудің құрастырушы  органдарында
аккредиттелуге қызығушылық білдірмейді.
      Калибрлеу жұмыстарының орындалуына келесі нұсқаулар мүмкін болады:
      -  кәсіпорын  өз  бетімен  өзінде  калибрлеу  жұмысын   ұйымдастырып,
        ешқандай жүйеде аккредиттелмейді;
      - өнімнің бәсекелестігін арттыруға  қызығушылығы  бар  кәсіпоырн  оны
        аккредиттелген ұйымның атымен калибрлеу жұмысын жүргізу құқығына өз
        елінің калибрлеу жүйесінде аккредиттеледі;
      - кәсіпорын сауда негізінде калибрлеу жұмысының  орындалу  мақсатымен
        аккредиттеледі;
      - өлшем құралдарын тексеру  құқығына  аккредиттелген  кәсіпорын,  бір
        уақытта  сол  өлшем  түріне  калибрлеу  жұмысын   жүргізу   құқығын
        аккредиттеу аттестатын алады;
      -   Мемлекеттік   метрологиялық   қызмет   көрсететін   метрологиялық
        институттары мен органдары бір  мезгілде  аккредиттеу  органы  және
        калибрлеу ұйымы ретінде калибрлеу жүйесінде тіркеледі.
      Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру.
       Салыстырып  тексеруді  мемлекеттік  метрологиялық  қызмет  пен  қатар
бекітілген  тәртіп  бойынша  техникалық  реттеу  және  метрология  жөніндегі
Комитет аккредитациядан  өткен  заңды  тұлғалардың  метролгиялық  қызметтері
жүзеге асыра алады.
        Өлшеу   құралдарын   салыстырып   тексеру   -   өлшеу   құралдарының
тағайындалған  техникалық  талаптарға  сәйкестігін   анықтау   және   растау
мақсатында жүргізілетін операциялардың жиынтығы болып табылады.
       Салыстырып  тексеру  нәтижесі  бойынша  өлшеу  құралдары  пайдалануға
жарамды немесе жарамсыз дап танылады.
       Өлшеу  құралдары  салыстырып  тексеру   аралық   интервалдың   ішінде
пайдалануға жарамды деп танылады, егер  оларды  салыстырып  тексеру  олардың
нақты өлшеу құралдарына қойылатын метрологиялық және  техникалық  талаптарға
сәйкестігін  көрсететін  (дәлелдейтін)  болса.  Салыстырып  тексеру  арнаулы
(салыстырып тексеруге арналған) нормативтік құжаттардың  талаптарына  сәйкес
жүргізіледі.
       Салыстырып  тексеру  бірліктің  мөлшерін  эталоннан  жұмыстық   өлшеу
құралына  беру  процесінің  сатыларының  бірі  болып   табылады.   Эталонмен
байланыстығы өлше бірлігінің қажетті шарты болып табылады.
      Салыстырып тексерудің төмендегі түрлері кездеседі:
      - алғашқы;
      - периодтық;
      - кезектен тыс;
      - инспекциялық;
      - сараптамалық.
      Көптеген жағдайларда салыстырып тексеру кезінде  хаттама  толтырылады.
Хаттаманың формасы салыстырып тексеру бойынша нормативтік құжатта беріледі.
      Салыстырып тексеру аяқталып,  хаттамаға  талдау  жүргізілгеннен  кейін
өлшеу құралының пайдалануға жарамдығы немесе жарамсыздығы  туралы  қорытынды
шығарылады және осы туралы хаттамаға тиісті жазу енгізіледі.
      Салыстырып тексеру  хаттамасы  заңды  күші  бар  негізгі  құжат  болып
табылады, сондықтан оны мұқият толтыру қажет.
      Егер реттегіш тораптарға ешкім  соқтыртпайтындай  керек  болса,  өлшеу
құралына номерленген пломба немесе салыстырып тексеру таңбасының суреті  бар
номерленген  қағаздар  (наклейка)  ілінеді.  Бұл  жағдайда  өлшеу  құралының
механизмін таңбаны бұзбай ашу мүмкін емес болып табылады.
      Өлшеу құралына таңба қоюмен бірге, салыстырып  тексеру  нәтижелері  оң
болған  жағдайда  бекітілген  үлгі   бойынша   салыстырып   тексеру   туралы
сертификат  беріледі.  Сертификатта  өлшеу  құралының   қандай   нормативтік
құжаттың  талаптарына  сәйкестігі  туралы  ақпарат  беріледі  немесе   өлшеу
құралының көрсетулеріне енгізілетін сілтемелер көрсетіледі.
      Салыстырып тексеру  нәтижелері  теріс  болған  жағдайда  өлшеу  құралы
қолдануға жарамсыз екендігі туралы хабарлама жазылады.
      Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Өлшеу құралдарының бірегейлігіне қол жеткізу амалдарын атаңыз.
2 Өлшеу құралдарын сынау қалай жүргізіледі?
3 Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялауды қандай тәртіпте жүргізеді?
4 Өлшеу құралдарын калибрлеудің жүргізу тәртібі қандай?
5 Өлшеу құралдарын салыстырып тексерудің қандай әдістері болады?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1     Основы  стандартизации,   метрологии,   сертификации   и   менеджмента
качества. Учебное пособие под  редак.  Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.
2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау  және  метрология  негіздері–
Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б.
3 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу  құралы  /  Г.Х.
Шәкібаева,  Х.К.  Оспанов,  Р.Р.  Сыздықов,  Л.И.  Сыздықова–   Алматы:Қазақ
университеті, 2002. – 242 б.

                             № 9 дәріс (1 сағат)
                Тақырыбы: Өлшеу қателіктерінің сипаттамалары
      Дәріс жоспары:
1 Өлшеу қателіктерінің түрлері

      Өлшеудің дұрыстығын бағалау үшін оның қателіктерін  білу  керек,  яғни
өлшеу нәтижесінің өлшенетін шаманың нағыз  дәл  мәнімен  ауытқуын.  Өлшеудің
қателіктері абсолюттік және жанамалық болып бөлінеді.
      Өлшеудің  абсолюттік  қателігі  деп  өлшенетін  шаманың  бірліктерінде
белгіленетін қателік және оны формула бойынша анықтайды:
                              Δ Х = Х өлш – Х,

      мұндағы: Х өлш - өлшеу кезінде алынған мән;
                          Х - өлшенетін шаманың нағыз мәні.
      Бірақ өлшенетін шаманың нағыз мәні  белгісіз  болғандықтан,  тек  қана
тәжірибе жүзінде өлшеу  қателіктерінің  аздап  жақын  мәнін  табуға  болады.
Сонымен қатар өлшенетін шаманың нағыз  мәні  ретінде  эталон  арқылы  немесе
қолданатын  өлшеулерге  қарағанда  жоғары  дәлдіктері  бар  әдістер   немесе
аспаптарды қолданып алынған мәнді келтіруге болады.
      Өлшеудің жанамалық қателігі  деп  өлшенетін  шаманың  нағыз  мәні  мен
абсолюттік  қателіктің  қатынасын  анықтайтын  қателікті  айтады,  ол  пайыз
бойынша белгіленеді:
                                  Х өлш – Х
                        Δ Х = -----------------* 100
                                      Х
      Өлшеу қателіктері жүйелік, кездейсоқ және дөрекі болып бөлінеді.
      Жүйелік қателіктер бұл өлшеу қателіктерінің құрамды бөлігі,  олар  бір
шаманы  қайта-қайта  өлшеу  кезінде  бірқалыпты  болып  қалатын  немесе  бір
уақытта  өзгеретін  қателіктер.  Жүйелік   қателіктерге   өлшеу   әдістердің
қателіктері, инструменталды қателік, санау кезінде пайда болатын  қателіктер
жатады. Жүйелік қателіктер болуы мүмкін, бірақ оларды жоюға болады.
      Кездейсоқ қателіктер – бір шаманы қайта-қайта өлшеу кезінде  кездейсоқ
өзгеретін  өлшеу  қателіктердің  құрамды  бөлігі.  Олар   көрсететін   өлшеу
құралдардың  өзгеруінен,  артық  электромагнит  құралдардың  болуынан  пайда
болады. Олардан құтылу үшін бір шаманы бірнеше рет өлшеп, өлшеу  нәтижелерін
арнайы математикалық әдістермен өңдеп алады.
      Дөрекі қателіктер – берілген жағдайларда бірнеше  мәнге  жоғары  өлшеу
қателіктердің құрамды бөлігі. Нәтижелерді өңдеу кезінде оларды санамайды.
      Өлшеудің сапалығы тек  қана  қателіктердің  бар  болуымен  бағаланбай,
өлшеулердің дәлдігімен, дұрыстығымен бағаланады.
      Өлшеулердің дәлдігі  - бұл өлшеудің сапасы, ол өлшенетін шаманың нағыз
мәніне нәтижелердің жақындығын көрсетеді.
      Өлшеулердің жоғары дәлдігі кішкентай қателіктердің  барлық  түрлеріне,
сонымен қатар жүйелік, кездейсоқ қателіктерге сәйкес болады.  Дәлдікті  мына
формула бойынша анықтауға болады.





Δ Х
                             Е = | ------- | -1
                                        Х
      Сонымен, егер  өлшеу қателігі 10 -2 % болса,  онда  дәлдік  10  4  тең
болады.
      Өлшеулердің дұрыстығы дегеніміз жүйелік қателіктердің нөлге жақындығын
көрсететін өлшеу сапалығы.
      Өлшеу   қателіктері   біріншіден   өлшеу   құралдардың   қателіктеріне
байланысты  болады.   Өлшенетін   аспаптардың   немесе   өлшеу   құралдардың
қателіктері өлшенетін шаманың нағыз мәніне ұқсамайды.
      Аспаптың көрсетулері мен өлшенетін шаманың  нағыз  мәнінің  арасындағы
айырмасы өлшенетін аспаптың  (өлшеу  құралдардың)  абсолюттік  қателігі  деп
аталады. Ол формула бойынша анықталады:
                               Δ Х = Х к  – Х,
      мұндағы: Х к  - аспаптың көрсетулері;
                      Х - өлшенетін шаманың нағыз дәл мәні.
      Өлшенетін аспаптың абсолюттік қателігі  мен  өлшенетін  шаманың  нағыз
мәніне қатынасы жанамалық қателік деп  аталады  және  ол  өлшенетін  шаманың
пайызымен  белгіленеді.  Тәжірибе  жүзінде  абсолюттік  қателікті  өлшенетін
аспаптың көрсетулеріне жатқызады:
                                                                           Х
к  – Х
                             Δ Х = ------------
                                         Х к
      Кейде жанамалық қателікті өлшеу құралдардың дәлдік сипаттамасы ретінде
қолданады.  Көптеген  техникалық  өлшеу  құралдардың   дәлдік   сипаттамасын
негізгі және қосымша қателіктердің шектерімен анықтайды.
      Негізгі  қателік  деп  бір  қалыпты   жағдайларда   қолданатын   өлшеу
құралдардың қателігін айтады.  Жұмыстың  бірқалыпты  жағдайлары  мемлекеттік
стандарттарда немесе өлшеу құралдардың техникалық шарттарында беріледі.
      Қосымша қателік дегеніміз өлшеу құралдардың қателіктері,  олар  сыртқы
жағдайлар әсер еткенде және бір қалыпты жағдайлардан ауытқыған  кезде  пайда
болады. Бұларға температура  өзгеру  нәтижесінде,  аспаптың  жұмыс  қалпынан
ауытқыған кезде пайда болатын қателіктер жатады.
      Негізгі және қосымша қателіктердің  шамасы  өлшеу  құралдардың  дәлдік
тобына байланысты болады.
      Дәлдік топтары дәлдік үшін өлшеу  құралдардың  қасиеттерін  көрсетеді,
бірақ  осы  құралдармен  жасалған  өлшеулердің   дәлдік   көрсеткіші   болып
саналмайды.  Дәлдік  топтары  келесі  сандар  тізбегінен   алынады:   1*10n;
1,5*10n; 2*10n;  2,5*10n;  4*10n;  5*10n;  6*10n;  мұндағы n =1; 0;  -1;  -2
т.б.
    Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Өлшеудің қандай қателіктерін абсолюттік және жаңамалық деп атайды?
2 Жүйелік қателіктер деп қандай қателіктерді айтады?
3 Кездейсоқ қателіктер неден пайда болуы мүмкін?
4 Өлшеулердің дұрыстығы дегеніміз не?
5 Негізгі және қосымша қателіктердің шамасы неге байланысты болады?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации  и  менеджмента  качества:
Учебное  пособие  /  Под  общей  редакцией  К.А.   Тазабекова   –   Алматы.:
Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003.  – 564 с.
2 Сергеев А.Г., Крохин В.В. Метрология: Учебное пособие  для  вузов.  –  М.:
Логос, 2000. - 408 с.

3 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу  құралы  /  Г.Х.
Шәкібаева, Х.К. Оспанов, Р.Р. Сыздықов,  Л.И.  Сыздықова.  –  Алматы:  Қазақ
университеті, 2002. – 242 бет.

                             № 10 дәріс (1 сағат)
                Тақырыбы: Өлшеу құралдарын салыстырып-тексеру
      Дәріс жоспары:
1 Өлшеу құралдарын салыстырып-тексеру
2 Салыстырып тексерудің түрлері және оларды жүргізу тәртібі
3 Салыстырып тексеруді ұйымдастыру
       Қазақстан  Республикасы  аймағында   өндірілетін   немесе   Қазақстан
Республикасы  аймағына  енгізілетін,  сондай-ақ  жөндеуден  шығарылған  және
қолданыстағы және сақтаудағы өлшем құралдарына салыстырып-тексеру  жүргізуді
ұйымдастыруға  және  тәртібіне  қойылатын  негізгі  талаптар   ҚР   СТ   2.4
белгіленеді.
      Өлшем құралдарын салыстырып  тексеруді  өлшем  құралдарын  белгіленген
техникалық талаптарға  сәйкестігін  анықтау  және  растау  және  де  олардың
қолдануға жарамдылығын бекіту мақсатында жүргізеді.
      Салыстырып тексеру кезінде салыстырып тексеруге қолданылатын эталондар
Қазақстан  Республикасының  шама  бірлігінің  эталондарына  бағынышты  болуы
керек.
      Салыстырып тексеруге мемлекеттік  метрологиялық  қадағалау  саласында
колданылатын, өндірістен немесе жөндеуден шыққан, типі  бекітілгеннен  кейін
пайдаланылатын және шеттен әкелінетін  немесе  метрологиялық  аттестатталған
және Қазақстан Республикасының өлшем  бірлігін  қамтамасыз  ету  мемлекеттік
жүйесінің тізілімінде тіркелген өлшем қүралдары кіреді.
      Өлшем қүралдарының тізімі және салыстырып тексеру кезенділІгі, сондай-
ақ, оны жүргізу тәртібін уәкілетті орган белгілейді.
      Салыстырып тексеруге жатпайтын өлшем құралдары калибрленеді.
      Шама бірліктеріндегі физикалық шама  мәндерін  бағалауға  арналмаған,
тек өзгеруін бақылау  үшін  нормаланған  дәлдікпен  қолданылатын  техникалық
қүралдар индикаторларға жатады және салыстырып тексеруге жатпайды.
      Салыстырып  тексеруге  жатпайтын  өлшем  құралдары  иесінің   өтініші
бойынша салыстырып тексерілуі мүмкін.
      Өлшем  құралдарын  салыстырып   тексеру   мемлекеттік   метрологиялық
  қызметпен           іске           асырылады,           сондай-ақ,  ҚР  СТ
ИСО/МЭК  1702  5  талаптарына  сәйкес   аккредиттелген   заңды   түлғалардың
метрологиялық қызметімен іске асырылады.
      Салыстырып   тексерушілерді    аттестаттау    белгіленген    тәртіпте
жүргізіледі.
      Өтініш  берушінің  өтініші  бойынша  салыстырып  тексеру   нәтижелері
талаптарына сәйкес келісім-шарт негізінде өлшемдердін белгісіздік  бағасымен
ұсынылады.
      Салыстырып тексеруді ресімдеу тәртібі салыстырып тексеру әдістемесіне
сәйкес іске асырылады.
      Салыстырып  тексерудің  оң  нәтижелері   сәйкес   өлшем   құралдарына
және/немесе   пайдалану   құжаттамаларына   басылатын   салыстырып   тексеру
таңбасымен және/немесе салыстырып тексеру туралы сертификатпен расталады.
      Салыстырып тексеру туралы сертификаты, уәкілетті органмен  бекітілген
тәртіп  бойынша,   мамандандырылған   бағдарламалык   қамсыздандыру   арқылы
толтырылады.
      Өлшем құралдарын салыстырып тексеру бойынша жұмыстарға төлем  жүргізу
келісім-шарт негізінде жүргізіледі.
      Өлшем қүралдарын салыстырып  тексеру  жұмыстарының  бағасын  белгілеу
кезінде ҚР СТ 2.48 сәйкес талаптар мен нормалар қолданылуы мұмкін.
      Салыстырып тексеру түрлері және оларды жүргізу тәртібі
      Өлшем құралдарына бастапқы,  мерзімдік,  кезектен  тыс,  инспекциялық
және сараптамалық салыстырып тексерулер жүргізіледі.
      Бастапқы салыстырып тексеру
       Бастапқы салыстырып  тексеруге  Қазақстан  Республикасының  аймағында
өндірілетін немесе Қазақстан  Республикасының  аймағына  әкелінетін,  ҚР  СТ
2.21 сәйкес  типті  бекіту  мақсатында  және  бекітілген  типке  сәйкестікке
сынаудан    немесе    ҚР    СТ    2.30    сәйкес    метрологиялык ҚР СТ 2.4-
2007 аттестаттаудан   өткен   және    ҚР    МӨЖ    тізіліміне    енгізілген,
сондай-ақ жөндеуден шығарылған өлшем құралдары жатады.
       Өлшем құралдарының әр бірлігі бастапқы  салыстырып  тексеруден  өтуге
тиіс.
       Кейбір жагдайларда, салыстырып тексерудің  әдістемесінде  көрсетілген
өлшем құралын таңдап алып салыстырып  тексеруге  болады.  Тандап  салыстырып
тексеру ГОСТ 18242 және ГОСТ 20736 талаптарының нұсқауы  бойынша  жүргізілуі
керек.
       Мерзімдік салыстырып тексеру
       Мерзімдік салыстырып  тексеруге  қолданыстағы  және  сақтауда  түрған
өлшем құралдары  жатады,  олар  белгілі  бір  салыстырып  тексерудің  аралық
интервалдары арқылы жүргізіледі және салыстырып тексерудің аралық  кезеңінде
қолдануға жарамдылығын қамтамасыз етуді есепке ала отырып бекітіледі.
       Ұзақ сақтауда тұрған өлшем құралдарының сақталған мерзімі  салыстырып
тексеру  аралык  интервал  мерзімінен  асатын  болса,  бірақ   сақтау   және
консервілеу талаптары орындалған болса,  онда  оларды  мерзімдік  салыстырып
тексеру жүргізбеуге болады.
       Кезектен тыс салыстырып тексеру
         Кезектен  тыс  салыстырып  тексеруді  өлшем  құралын   пайдалануда
(сақтауда)  салыстырып  тексерудің  аралық   интервалы   аяқталғанға   дейін
жүргізеді.
        Кезектен тыс салыстырып тексеру мына жағдайларда жүргізіледі:
       -    салыстырып  тексерудің  аралық  интервалын  реттеу  қажеттілігі
болғанда;
       -     өлшем  құралын  қолдануға  жарамдылығын   растау   қажеттілігі
болғанда;
       -     салыстырып  тексеру  таңбасының,   өзі   жабысатын   лейблдің,
пластикалық пломбаның закымдануын,  сондай-ақ  өлшем  құралдарының  бастапқы
және мерзімдік салыстырып тексеруден еткенін,  олардың  сақталуын  растайтын
құжаттың жоғалу кезінде;
       — сақтаудан кейінгі өлшем құралдарын қолданысқа енгізу кезінде өлшем
құралын консервациялау  немесе  өлшем  құралдары  бар  бұйымдарға  қойылатын
талаптарға байланысты сол сақтау мерзім ішінде өлшем  құралдарына  мерзімдік
салыстырып тексеру жүргізілмеген болса;
       -    өлшем құралдарын, өлшем құралдары қолданылатын бүйымдар жинағын
қайта консервациялау барысында;
       -    өлшем  құралдарын  салыстырып  тексерудің  аралық  интервалының
жартысы өткеннен кейін ұзақ сақтауға берген жағдайда;
       -     өлшем  құралдарын  салыстырып  тексеру   аралық   интервалының
жартылай ғана аяқталуына орай, әзірлеуші айналымға түсіріп үлгермеген  өлшем
құралын түтынушыға жіберген жағдайда.
       Инспекциялық салыстырып тексеру
       Мемлекеттік қадағалау және  метрологиялық  бақылау  жүргізген  кезде
олардың жарамдылығын, дүрыстығын, қабылданған салыстырып  тексерудің  аралык
интервал  дәлдігін  және  өлшем  қүралын  пайдаланудың  дұрыстығын  бекітуде
инспекциялық салыстырып тексеру жүргізіледі.
        Инспекциялық   салыстырып   тексерудің   нәтижесі   актіде    еркін
түрде келтіріледі.
       Инспекциялық салыстырып тексеру өлшем қүралдары  иегері  өкілдерінің
қатысуымен жүргізіледі.
       Сараптық салыстырып тексеру
       Сараптық  салыстырып   тексеруді   өлшем   құралдарының   бұзылғаны,
қолдануға жарамсыздығы туралы тиісті  метрологиялық  сипаттардың  мәселесіне
келіспеушіліктер туындаган жағдайларда жүргізеді.
       Сараптық  салыстырып  тексеру   өлшем   құралдарының   метрологиялық
сипаттарының дүрыстығына, өлшем құралдарының  қолдануға  жарамдылығына  және
өлшем құралдарын пайдаланудың дүрыстығына келіспеушілік  туындаған  жағдайда
мемлекеттік органдардың жазбаша түрдегі  талабы  (арызы),  жеке  және  заңды
түлғалардың жазбаша түрдегі арызы бойынша жүргізіледі.
        Өлшем қүралдарын  салыстырып  тексеру  шарасына  өтініш  берушілер,
сондай-ақ мүдделі тараптардың өкілдері қатыса алады.
       Заңды және жеке  тұлғалардың  өтініші  бойынша  сараптық  салыстырып
тексеруді жүргізу үшін төлемді өтініш беруші жүргізеді.
       Соттың және  қүқық  қорғау  органдарының  талабы  (отініші)  бойынша
сараптық салыстырып тексеру жүргізу кезінде, салыстырып тексеру  үшін  төлем
жүргізетін  тарапты  сараптық  салыстырып  тексеруге  өтініш  берген   орган
белгілейді.
       Салыстырып тексеруді ұйымдастыру
       Өлшем қүралдарын салыстырып тексеру;
       - тұрақты салыстырып тексеру зертханаларында;
       - жылжымалы салыстырып тексеру зертханаларында;
       -     салыстырып  тексерушілерді  іссапарға  жіберу   арқылы   өлшем
қүралдарының орналасқан жерінде;
       - өлшем құралдарының иелерінің БСП-да жүргізіледі.
    Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1  Өлшем  құралдарына  салыстырып-тексеру   жүргізуді   ұйымдастыруға   және
тәртібіне қойылатын негізгі талаптарды қандай стандарт белгілейді?
2 Салыстырып тексерудің қандай түрлерін білесіз?
3 Бастапқы салыстырып тексеруге қандай өлшеу құралдары жатады?
4 Мерзімдік салыстырып тексеруді қалай жүргізеді?
5 Кезектен тыс салыстырып тексеру қандай жағдайларда жүргізіледі?
6 Сараптық салыстырып тексеруді қандай жағдайда жүргізеді?
7 Салыстырып тексеруді қалай ұйымдастырады?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации  и  менеджмента  качества:
Учебное  пособие  /  Под  общей  редакцией  К.А.   Тазабекова   –   Алматы.:
Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003.  – 564 с.
2 ҚР СТ 2.4 ҚР МӨЖ. Өлшеу құралдарын салыстырып-тексеру. Ұйымдастырылуы  мен
жүргізу тәртібі

                            № 11 дәріс (1 сағат)
                   Тақырыбы: Салыстырып-тексеру схемалары
      Дәріс жоспары:
1 Салыстырып тексеру схемаларының түрлері
2  Салыстып тексеру схемаларының мазмұны мен кұрылуы

      Салыстырып тексеру схемалары (сұлбалары) мемлекеттік  немесе  бастапқы
эталоннан жұмысшы өлшем құралдарына өлшем мөлшерін беру  жүйесін  белгілейді
                                                                     Аумағы,
қолдану  жағдайлары  және  салыстырып  тексеру   әдістері   бойынша   елеулі
айырмашылығы  бар,  бір  шамадағы  өлшем  кұралдарына  арналған,   сондай-ақ
бірнеше физикалық шамалардағы өлшем құралдарына арналған салыстырып  тексеру
сұлбасын бөлімдерге бөлу мүмкін.
      Салыстырып тексеру  сұлбаларын  таралу  салаларына  байланысты  келесі
түрлерге бөледі:
      -   мемлекетаралық салыстырып тексеру сұлбалары;
      -   мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары;
      -   жергілікті салыстырып тексеру сұлбалары.
      Мемлекетаралық салыстырып тексеру сұлбалары
      Мем лекетаралык салыстырьш тексеру  сұлбалары  мемлекет-қатысушылармен
тура немесе мемлекетаралық салыстырып  тексеру  сұлбалары  құжатына  қарама-
қайшы келмейтін елдің нормативтік құжатын дайындау жолымен колданылады.
      Мемлекетаралык салыстырып тексеру  сұлбалары  стандарттау,  метрология
және  сертификаттау  жөніндегі  Мемлекетаралық  Кеңес  белгілеген   тәртіпте
дайындалады.
      Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары
      Мемлекеттік салыстырып  тексеру  сұлбалары  Қазақстан  Республикасында
салыстырып тексерілетІн берілген шамадагы өлшем құралдарына таралады.
      Мемлекеттік  салыстырып  тексеру  сұлбасы  Қазақстан   Республикасының
мемлекеттік     стандарты     түрінде     рәсімделеді.
      Өлшем  құралдарына арналған  мемлекеттік салыстырып тексеру  сұлбалары
 мемлекеттік ғылыми  метрологиялық орталыкпен дайындалады.
      Мемлекеттік     ғылыми     метрологиялық      орталық      мемлекеттік
салыстырып   тексеру   сұлбаларын   дайындауға   орындаушы   ретінде   заңды
тұлғалардың метрологиялық қызметтерін тарта алады.
      Мемлекеттік салыстырып  тексеру  сұлбалары  мемлекетаралык  салыстырып
тексеру сұлбаларына қарама қайшы келмеуі тиіс.
      Жергілікті салыстырып тексеру сұлбалары
      Жергілікті       салыстырып        тексеру        сұлбасы        заңды
тұлғалардың  метрологиялық  қызметтерімен   салыстырып   тексерілетін  өлшем
құралдарына таралады.
      Жергілікті салыстырып тексеру сұлбалары мемлекеттік немесе мемлекеттік
болмаған жағдайда мемлекетаралық сол шамалардағы өлшем құралдарына  арналған
салыстырып  тексеру  сұлбаларына  қарама  қайшы  келмеуі  тиіс.   Жергілікті
салыстырып тексеру  сұлбалары  мемлекеттік  және  мемлекетаралық  салыстырып
тексеру сұлбалары болмаған жағдайда құрыла алады.
      Жергілікті салыстырып  тексеру  сұлбасын  заңды  тұлғаның  нормативтік
кұжаты  ретінде  дайындайды  және  хабарында  шама  бірлігінін   мемлекеттік
эталондары бар мемлекеттік ғылыми метрологиялык орталықпен келістіріледі.
      Жергілікті салыстырып тексеру сұлбаларын өлшем  кұралдарын  салыстырып
тексеруді  іске  асыратын   заңды   тұлғалардың   метрологиялык   кызметтері
дайындайды.
      Жергілікті  салыстырып  тексеру  сұлбасын  сызба  түрінде  рәсімдейді.
Сызбаны мәтіндік бөліммен толықтыруга болады.
      Мазмұны және кұрылуы
      Салыстырып тексеру сұлбасы сызбасында:
      -   өлшем құралдарының және салыстырьш тексеру әдістерінін атаулары;
      -   шама мәнінің аумағы немесе номиналды мәні;
      -  өлшем құралдары қателіктерінің мүмкіндік мәні;
      -     салыстырып  тексеру  әдістері  қателіктерінін   мүмкіндік   мәні
көрсетілуі қажет.
      Жергілікті салыстырып  тексеру  сұлбаларында  өлшем  құралдарының  дәл
белгілеулерін көрсету мүмкін.
      Салыстырып тексеру сұлбасы сызбасы бір бірінің астына орналасқан  және
штрихті линиялармен бөлінген аландардан тұруы қажет.
      Мемлекеттік         эталонмен         басқарылатын         мемлекеттік
салыстырып  тексеру  сұлбалары  сызбасының  жоғарғы  алаңында,   бағынушылық
тәртібінде эталондардың атауы көрсетіледі.
      Жергілікті салыстырып  тексеру  сұлбасы  сызбасының  жоғарғы  алаңында
бастапқы жұмысшы эталондар атауы көрсетіледі.
      Эталондар атауларының  астында  шама  мәнінің  номиналды  мәні  немесе
аумағы және олардың қателіктерінің мәні көрсетіледі.
      Эталондар алаңдарының астына 0 санаттағы жұмысшы эталондар алаңы (егер
мемлекеттік  немесе  мемлекетаралық  сұлбаларды  қайта   қарау   кезінде   1
санаттағы эталондарға бірлік  мөлшерін  берудің  қосымша  сатысын  алдын-ала
ескеру қажет болса), 1 санаттағы және әрі қарай келесі  санаттардағы  жұмышы
эталондар алаңдары орналастырылады.
       Жұмысшы  эталондардың  атауларының  астында  өлшем   аумақтары   және
қателіктер мәні көрсетіледі.
      Мемлекетаралық  салыстырып  тексеру  сұлбасы  бойынша  екінші   немесе
жұмысшы эталондардың деңгей дәлдігі бойынша сәйкес келетін эталонды  қолдану
кезінде алғашқы  эталоны  ретінде  5.9.2  сәйкес  қателіктер  сипаттамаларын
көрсету мүмкін.
      Екінші эталондар үшін ГОСТ  8.381  сәйкес  олардың  жалпы  қателігінің
сипаттамасы көрсетіледі — п тәуелсіз  әлшемдердің  санын  көрсетумен  екінші
эталонды біріншімен салыстыру кезінде SЕ  (SE0))  өлшем  нәтижесінің  орташа
шаршылык ауытқуы мүмкіндік мәнінің шектігі, немесе 0,99  сенімді  ықтималдық
кезінде    өлшем  нәтижесі  қателігінің  сенімді   шекараларының   мүмкіндік
мәнінің   шектігі.   Екінші   эталонның   жойылмаған   жүйелік   қателігінің
сипаттамасын  және  (немесе)  оның  тұрақсыздығының  алғашқы  эталон    үшін
қабылданған салыстырып тексеру арасындағы аралық үшін бөлек көрсету мүмкін.
      Жұмысшы  эталондардың  және  жұмысшы  өлшем   күрделі   қателіктерінің
сипаттамаларын оларды салыстырып тексеру кезіңде шама мөлшерін беру  әдісіне
байланысты көрсетеді.
      Өлшем      құралдарының      қолдануға       жарамдылығын   салыстырып
тексеру    кезінде,    салыстырып     тексеру  сұлбасы   өлшем  құралдарының
қателігінің мүмкіндік шегі көрсетіледі.
      Эталондар  және  жұмысшы  өлшем  құралдары  қателігінің  сипаттамалары
ретінде салыстырып тексеру сұлбасында олардың негізгі қателік  сипаттамалары
көрсетілуі ұсынылады. Негізделген жағдайларда ГОСТ  8.009  сәйкес  қателікті
құрайтын басқа сипаттамаларды немесе оның жалпы  қателігінің  сипаттамаларын
көрсету мүмкін (негізгі жоне косымша қателіктер қосындылары).
      Осы  әдіспен  салыстырып  тексерілетін  өлшем  құралдарын   салыстырып
тексеру әдісі қателіктерінің сенімді  шекараларына  сәйкес  келетін  сенімді
ықтималдықтар бірдей болуы қажет.
      Салыстырып тексеру әдісі қателігінің  сипаттамасын  көрсетпеу  мүмкін,
егер ол абсолюттік  мән  бойынша  салыстырып  тексеру  кезінде  қолданылатын
эталон қателігінің сипаттамасынан 15%-тен көп емес болса.
      Алғашқы    эталон     атауын     қос     сызыктан     пайда     болған
тікбұрышта қорытындылайды. Екінші және  жұмысшы  эталондардың  және  жұмысшы
өлшем  құралдарының  атауларын   бір   сызықта   пайда   болған   тікбүрышта
қорытындылайды.   Салыстырып   тексеру   әдістері   атауларын,   егер   олар
көрсетілетін  болса  бірлік  мөлшерін  беретін  эталондар  және   салыстырып
тексеру объектілер атаулары арасына орналастырылған горизонталды  жұмырларда
қорытындылайды.
      Бірлік мөлшерін жоғарыдан төмен қарай беруді бірлік мөлшері  берілетін
сәйкес келетін құралдармен  салыстырьш  тексеру  объектілерін    біріктіруші
тұтас сызықтармен  бейнелейді,  соған  қоса  осы  сызықтардың   ажыралымында
салыстырып   тексерудің   негізгі     әдістерін     көрсетумен    жұмырларды
орналастырады.     Эталондар     алаңынан     төмен     тұратын   жұмырларды
сұлбаның   сәйкес   келетін   алаңдарын    бөлетін     штрихті   сызыктардың
ажыралымында орналастырады.
      Салыстырып  тексеру  сызбаларының  форматы  ГОСТ   2.301   көрсетілген
форматқа сәйкес болуы қажет.
      Салыстырып тексеру сұлбасының  мәтінді  бөлігі  қосымша  ақпараты  бар
салыстырып  тексеру  сұлбасы  элементтеріне   түсініктемелей   мен   кіріспе
бөлімнен құрылуы қажет.
      Салыстырып тексеру сұлбасы сызбасының бос жерлерінде сұлбаны қолдануды
жеділдететін қосымша ақпаратты орналастыруга болады.
      Жергілікті салыстырып тексеру сұлбалары салыстырып тексеру  сұлбасының
және  техникалық,  ұйымдастырушылық  және  экономикалық  сипаттағы   қосымша
акпараттың бір құжаттағы бірлестігін ұсына алады.
    Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Салыстырып тексеру схемаларының қандай түрлері сізге белгілі?
2 Мемлекетаралық салыстырып тексеру схемалары қалай қолданылады?
3  Мемлекеттік  салыстырып  тексеру  сұлбалары  қандай   өлшем   құралдарына
таралады?
4  Жергілікті  салыстырып  тексеру  сұлбалары   қандай   өлшем   құралдарына
таралады?
5   Салыстып тексеру схемаларының мазмұны қандай?
6   Салыстып тексеру схемаларының қалай кұрылады?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации  и  менеджмента  качества:
Учебное  пособие  /  Под  общей  редакцией  К.А.   Тазабекова   –   Алматы.:
Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003.  – 564 с.
2 ҚР СТ 2.39 ҚР МӨЖ. Салыстырып-тексеру схемалары. Мазмұны мен құрылуы
                            № 12 дәріс (1 сағат)
     Тақырыбы: Өлшем құралдарына сынақ жүргізу және типін бекіту тәртібі


      Дәріс жоспары:
1 Өлшем құралдарына сынақ жүргізу тәртібі
2  Өлшем  қүралдарының  типін  бекіту  мақсатында  және   бекітілген   типке
сәйкестікке сынақтар жүргізу тәртібі және өлшем  құралдарының  типін  бекіту
тәртібі

      Өлшем құралдарына сынақ жүргізу және типін бекіту тәртібі ҚР СТ  2.21-
2007 сәйкес орындалады. Бұл  стандарт  өлшем  құралдарына  сынақ  жүргізудің
және типін бекітудің тәртібін және  оны  ұйымдастырудың  негізгі  талаптарын
бекітеді.
      Қазақстан  Республикасының  аймағында   сериялы   өндірілетін   немесе
Қазақстан Республикасы аймагына  партиямен  енгізілетін  өлшем  кұралдарының
типі сәйкес бекітуге жатады.
      Өлшем құралдарының типін бекіту туралы шешімді типті бекіту мақсатында
және  бекітілген  типке  сәйкестікке   өлшем   құралдарын   сынаудың   дұрыс
нәтижелерінің негізінде техникалық реттеу және метрология жөніндегі  Комитет
қабылдайды және 5 жыл мерзімге,  сәйкес  пішін  бойынша  өлшем  құралдарының
типін бекіту туралы сертификатпен расталады.
      Бекітілген типке  сәйкестікке  өлшем  кұралдарын  сынау  типті  бекіту
туралы  сертификаттың  мерзімі  аяқталганда  жүргізіледі,  сондай-ақ   типті
бекіту туралы сертификаттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін мына  жағдайда
жүргізіледі:
-     мемлекеттік   метрологиялық   қадағалау   кезінде    іске    асырылған
тексерулердің теріс нәтижелері;
-  құқық қорғау органдарының жазбаша талаптары;
-   бекітілген типтегі өлшем құралдарының модификациялары.
      Шет  елдерде  жүргізілген  сынақ  нәтижелерін  мойындау   және   өлшем
құралдарының типін бекіту, Қазақстан Республикасы қатысушы  болып  табылатын
сәйкес  халықаралық  келісімдер   негізінде   уәкілетті   органдармен   іске
асырылады.
      Сынақ нәтижелері және типті бекіту мойындалған өлшем құралдарына пішін
бойынша сертификат беріледі.
      Типі     бекітілген     өлшем     құралдарына    және/немесе     өлшем
құралдарының  әр  данасын  сүйемелдейтін  пайдаланылатын  құжаттарға  өтініш
беруші, пішін және  көлемдер  бойынша  өлшем  құралдарының  типін  бекітетін
белгі қойылады.
      Егер  өлшем  құралдарына  белгіні  қою  конструкциясының  өзгешілігіне
байланысты  тиімді  болмаса,   белгіні   өлшем   құралдарының   әр   данасын
сүйемелдейтін пайдалану құжаттарына қоюға болады.
      Өлшем құралдарының типін  бекіту  туралы  ақпарат  уәкілетті  органның
ресми басылымдарында жарияланады.
      Типті  бекіту  мақсатында  және  бекітілген  типке  сәйкестікке  өлшем
құралдарына   сынақтар   жүргізуді,   сондай-ақ   сынау   нәтижелерін   тану
процедурасын  жүргізу  кезінде  сараптау  және  өлшем   құралдарының   типін
бекітуді келісім шарт негізінде  мемлекеттік  ғылыми  метрологиялық  орталық
жүргізеді.
      Мемлекеттік  метрологиялық  қадағалау  және  бекітілген  типті   өлшем
құралдарын  модификациялау  кезінде  іске  асырылған   тексерулердің   теріс
нәтижелері  жағдайында  жүргізілетін  бекітілген  типке  сәйкестікке   өлшем
құралдарын  сынауды,  өлшем  құралдарының  типін   бекітуге   ынталы   болып
табылатын өтініш беруші төлейді.
      Өлшем құралдарын өндіруші болып табылатын заңды тұлға  қайта  құрылған
жағдайда, оның атауына байланысты үйлесу, қосылу, бөліну немесе  қайта  құру
түрінде типті бекіту туралы сертификаттың немесе  өлшем  кұралдарының  типін
бекітуді мойындау туралы сертификаттың  қолдану  мерзімі  аяқталғанға  дейін
отыз күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органға еркін пішінде  қайта  ресімдеу
себептерін  көрсетіп  және  көрсетілген  қайта   құруды   растайтын   сәйкес
құжаттармен қоса өтініш беруі тиіс.
      Сертификатты қайта  ресімдеу  кезінде  ертеректе  берілген  сертификат
номері тіркеу номері және сертификаттың қолдану мерзімі сақталады.
      Өлшем құралдарының  типін  бекіту  мақсатында  және  бекітілген  типке
сәйкестікке сынақтар жүргізу тәртібі және өлшем  құралдарының  типін  бекіту
тәртібі
      Өлшем құралдарының  типін  бекіту  мақсатында  және  бекітілген  типке
сәйкестікке сынақтар жүргізу тәртібі.
      Шет елдік өндірушінің өлшем қүралдарының типін бекіту мақсатында  және
типінің сәйкестігіне сынаулар  жүргізуге  құжаттар  мемлекеттік  және/немесе
орыс тілдеріндегі аудармасымен ұсынылады.
      Құжаттар жинағы уәкілетті органмен тіркелгеннен  кейін  сынау  жүргізу
үшін МҒМОға жіберіледі.
      Қажет болған жағдайда өтініш беруші  МҒМОға  өлшем  құралдарын  ұсынуы
тиіс.
      Өтініш  беруші  өкілінің  қатысуымен  типті  бекіту  мақсатында  өлшем
құралдарына сынақ жүргізу үшін, өндірушінің  техникалық  бақылау  қызметімен
қабылданған саннан өлшем құралдарының үлгілерін іріктеп алады.  Іріктеу,  үш
үлгіден кем емес сынақ бағдарламасымен белгіленген санда,  кездейсоқ  таңдап
алу әдісімен іске асырылады.
      Дәлелдөнген жағдайларда өлшем  құралдарының  үштен  кем  емес  үлгісін
іріктеп алуға болады.
      Өлшем  құралдары  шектеулі  көлемде   дайындалған   немесе   партиямен
енгізілген  жағдайда,  уәкілетті  органның  келісімімен   өтініш   берушінің
ұсынған өлшем құралдарының үлгілерінде сынақтар жүргізуге болады, бұл  кезде
үлгілер саны сынақ бағдарламасымен белгіленген санға сәйкес келуі тиіс.
      Типті  бекіту  мақсатында  өлшем  құралдарын  сынау  сынаудың   типтік
бағдарламасы  бойынша  жүргізіледі,  онда  белгіленген  тәртіпте  бекітілген
өзгерістер немесе толықтырулар енгізілуі мүмкін.
      Бекітілген типке сәйкестікке өлшем  құралдарын  сынауды  типті  бекіту
мақсатында өлшем құралдарына сынаулар  жүргізу  кезінде  МҒМОмен  бекітілген
бағдарлама бойынша  жүргізеді.  Қажет  болған  жағдайда  МҒМОмен  бекітілген
бағдарламаға өзгерістер мен толыктырулар әзірленеді.
      Мемлекеттік   метрологиялық   қадағалау   кезінде    іске    асырылған
тексерулердің  кері   нәтижелерінде   іске   асырылатын   бекітілген   типке
сәйкестікке өлшем құралдарын сынау жағдай төмендегені туралы ақпарат  түскен
сипаттамаларға тексеруді қосатын бағдарлама бойынша жүргізіледі.
      Модификациялау кезіндегі бекітілген типке сәйкестікке  сынаулар  өлшем
құралдарын  дайындау  конструкциясына   немесе   технологиясына   енгізілген
сипаттамалар  мен  параметрлерді  тексеруді   қосатын   бағдарлама   бойынша
жүргізіледі.
      Өлшем құралдарын сынауды  осы  өлшем  құралдарына  нормативтік  немесе
техникалық  құжаттарда   регламенттелген   метрологиялық   және   техникалық
сипаттамалармен өлшем құралдарының сыналатын  үлгілеріне  сәйкес  келмеуінің
анықталғанына дейін жүргізу керек.
      Сәйкес келмеу  табылғаннан  кейін  сәйкес  келмеу  тармақтары  бойынша
үлгілердің екі еселенген санында сынаулар жүргізіледі.
      Типті бекіту мақсатында бекітілген типке сәйкестікке өлшем  құралдарын
сынау нәтижелері бойынша типті бекіту тәртібі.
      Сынақ нәтижелері бар сынақ материалдары және өтініш берушінің  сынауға
ұсынған құжаттары бекіту  немесе  өлшем  құралдарының  типін  бекітуден  бас
тарту туралы шешімді кабылдау үшін уәкілетті органға жолданады.
      Типті бекіту туралы дұрыс шешімде өлшем құралдарының типін  сипаттауда
уәкілетті   органның   келісімі,   өлшем   құралдарын   салыстырып   тексеру
әдістемесін  МҒМО  бекітуі  іске  асырылады,  оны  әзірлеу   кезінде   өлшем
құралдарының типін бекіту туралы сертификат  және  белгіленген  тәртіпте  ҚР
МӨЖ тізілімінде тіркеу ресімделеді.
      Типті бекіту туралы теріс шешімде өтініш  берушіге  өлшем  құралдардың
типін бекітуде келіспеудің себептері көрсетілген хабарлама жібереді.
      Сынақ нәтижелеріне мойындау  жүргізу  және  өлшем  құралдарының  типін
бекіту тәртібі.
      Шет  елдерде  жүргізілген  сынақ  нәтижелерін  мойындау   және   өлшем
құралдарының  типін  бекіту  келісімдермен  белгіленген  немесе  нормативтік
құжаттармен ресімделген тәртіпте уәкілетті органмен іске асырылады.
      ТМД  елдерінде  дайындалған  сынақ  нәтижелерін  мойындау  және  өлшем
құралдарының типін бекіту сәйкес іске асырылады.
      Сынақ нәтижелерін мойындау және өлшем қүралдарының типін бекіту
уәкілетті органмен МҒМО жүргізген, өтініш берушінің ұсынған құжаттарын
талдау нәтижелерінің негізінде іске асырылады.
      Сынақ нәтижелерін мойындау және өлшем құралдарының типін бекіту туралы
дұрыс шешімде өлшем қүралдарының типін бекітуді мойындау  туралы  сертификат
ресімделеді және белгіленген тәртіпте ҚР МӨЖ  тізілімінде  тіркеледі.  Типті
бекіту туралы теріс шешімде өтініш  берушіге  сынақ  нәтижелерін  мойындауда
және  өлшем  құралдарының  типін  бекітуде  келіспеу  себептері  көрсетілген
хабарлама жіберіледі.
    Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1  Өлшем  құралдарына  сынақ  жүргізу  және  типін  бекіту  тәртібі   қандай
стандартқа сәйкес орындалады.?
2 Сынақтан өткен және типтері  бекітілген  өлшем  құралдарына  қандай  құжат
беріледі?
3  Өлшем  қүралдарының  типін  бекіту  мақсатында  және   бекітілген   типке
сәйкестікке сынақтар жүргізу тәртібі және өлшем  құралдарының  типін  бекіту
тәртібі қалай жүргізіледі?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1 ҚР СТ 2.21-2007  ҚР  МӨЖ.  Өлшем  құралдарына  сынақ  жүргізу  және  типін
бекіту тәртібі

                            № 13 дәріс (1 сағат)
            Тақырыбы: Қазақстан Республикасының калибрлеу жүйесі
      Дәріс жоспары:
1 Қазақстан Республикасының калибрлеу жүйесінің құрылымы
2 Ұйымдастыру құрылымы
3 Өлшем құралдарына калибрлеу жүргізу тәртібі және ұйымдастыру

       Қазақстан Республикасының  калибрлеу  жүйесінің  мақсаты,  мәселелері
және құрылымы ҚР СТ 2.11 сай орнатылады.
      Қазақстан Республикасының калибрлеу жүйесінің құрылымы
      ҚР КЖ  өзінің  дамуында  өлшем  құралдарын  калибрлеудегі  мәселелерін
жинақты шешілуін қамтамасыз ететін  құқықтық,  техникалық  және  ұйымдастыру
негіздеріне тіреледі.
      Құқықтық негіз өлшем құралдарын калибрлеуін өткізу және  ұйымдастыруын
талаптарды  реттейтін,  заң  шығару  және  нормативтік  құжаттар  жиынтығына
енгізеді.
      Ұйымдастыру құрылымы
      Қазақстан Республикасының калибрлеу жүйесі, өлшем құралдарын калибрлеу
жөнінде және осы өлшем-құралдарды жеке-меншік түріне  қарамастан  қолданатын
заңды тұлғалардың еркі бойынша жасалады.
      ҚР КЖ ұйымдастыру құрылымына өкілетті  мемлекеттік  орган,  КҒӘО,  ДО,
калибрлеу жүйесінің Кеңесі, калибрлеу зертханалары кіреді.
      КҒӘО, ДО, ҚР КЖ Кеңесінің әрекеттері,  өкілетті  мемлекеттік  органмен
бекітілген негізіне сәйкес ҚР КЖ-мен жүзеге асырылады.
      КҒӘО мен ДО өкілетті мемлекеттік органмен анықталады.
      ҚР  КЖ  Кеңесі  өкілетті  мемлекеттік  орган,  КҒӘО,   ДО,   калибрлеу
зертханаларының және экономика, қоғам бірлестіктер саласының  басшылары  мен
мамандарынан құралады.
      Калибрлеу зертханалары басқару  мемлекеттік  органдарды  метрологиялық
қызметтері мен калибрлеу  жұмыстарын  өткізуге  аккредиттелген  басқа  заңды
тұлғалардың негізінде құралады.
      Негізгі функииялары
      Өкілетті  мемлекеттік  орган   ҚР   КЖ   субъектілерінің   әрекеттерін
үйлестіреді, ДО, КҒӘО тіркейді, ҚР КЖ тізілім жүргізіп  олардың  әрекеттерін
қадағалайды, калибрлеу жөніндегі нормативтік құжаттарды бекітеді,  калибрлеу
зертханалары мен калибрлеумен байланысты ұлттық, аймақтық  және  халықаралық
ұйымдарымен қатынасады.
      Калибрлеу туралы ғылыми-әдістемелік орталық КҒӘО  калибрлеу  аумағында
ғылыми-әдістемелік  жұмыстар  жүргізеді,   калибрлеу   жөнінде   нормативтік
құжаттарды  өндейді,  калибрлеу  әрекеті  туралы   нормативтік   құжаттардың
мәліметтер жиынтығын  жүргізеді,  ҚР  КЖ  әрекеті  ақпараттық  материалдарды
шығарады, калибрлеу әдістемелерінің метрологиялық пайдалануын  ұйымдастыруын
үйлестіреді және ақпаратпен қамтамасыз етеді.
      ҚР КЖ Кеңесі - ҚР КЖ әрекетінің  негізгі  сұрақтарын  шешуге  арналған
орган жүйесі. ҚР КЖ Кеңесі, ҚР КЖ жұмыс істеу  кезінде  негізгі  принциптері
мен  ережелеріне  ұсыныс  құрады,  ҚР  КЖ  әрекетінің  жетілуіне   мінездеме
өңдейді, калибрлеу аумағында тексеруді  өткізу  кезінде  негізгі  бағыттарды
анықтайды, нормативтік құжаттардың жобаларын  қарастырып  олардың  бекітілуі
жөнінде ұсыныс дайндайды.
      Калибрлеу  зертханалары  өлшем  құралдарының   калибрлеуін   өткізеді,
калибрлеу әдісін жасап шығарады,  осы  стандартпен  және  калибрлеу  әрекеті
аумағында басқа да нормативтік құжаттар қабылдаған ережелерді сақтайды.
       Калибрлеуден  сәйкес  мемлекеттік  метрологиялық   қадағалауга   және
салыстырып тексеруге жатпайтын өлшем құралдары өтеді.
      Өлшем   құралдарын   калибрлеу  кезінде   мынадай    міндеттер    іске
асырылады:
       -      калибрленетін        өлшем        құралдарына         талаптар
орнатылады (метрологиялық сипаттамаларга);
-    калибрлеу құралдары және әдістері белгіленеді;
-    калибрленетін өлшем құралдарының Қазақстан Республикасының  мемлекеттік
эталондарына байланысы іске асырылады;
-    калибрлеу нәтижелері  бойынша  өлшем  құралдарын  пайдалану  мүмкіндігі
туралы шешім қабылданады.
      Өндірістен шығару кезіндегі калибрленген  өлшем  құралдарын  қолдануга
және жай-күйіне жауапкершілік дайындаушыға жүктеледі,  пайдалану  кезінде  -
осы өлшем құралдарын пайдаланушыларга жүктеледі.
      Өлшем құралдарына калибрлеу жүргізу тәртібі және ұйымдастыру
      Калибрлеуге  жататын  өлшем  құралдар  тізімі  сәйкес  оларды  қолдану
саласындағы өлшем  құралдарын  пайдаланушылармен  немесе  ұйым-дайындаушымен
анықталады.
      Өлшем   құралдары   калибрлеуге    заңды    тұлғалар    бөлімшелерінен
метрологиялық   қызметпен   калибрлеу   кестесімен   белгіленген    мерзімде
қабылданады. Калибрлеу кестесі заңды  тұлғалардың  метрологиялық  қызметімен
әзірленеді, өлшем құралдарының иелерімен жәнс пайдаланушыларымен  келісіледі
және  заңды тұлғаның басшысымен бекітіледі.
      Басқа заңды және жеке тұлғаларға жататын өлшем құралдары  калибрлеуге,
калибрлеу  жұмыстарын  жүргізуге   келісім   шартта   керсетілген   мерзімде
қабылданады.
      Өлшем  құралдарын   калибрлеу   аралығының   интервалы   метрологиялык
сипаттамалар,   қолдану   саласы,   өлшем   құралдарын   пайдалану   мерзімі
шарттарының тұрақтылығына  байланысты  өлшем  құралдарын  пайдаланушыларының
келісімі бойынша - калибрлеу зертханасымен белгіленеді.
      Өлшем құралдарын калибрлеу кезіндегі шеттен  келген  заңды  және  жеке
тұлғалар үшін өлшем құралдарын  келесі  калибрлеу  мерзімі  осы  калибрлеуді
орындайтын калибрлеу зертханаларымеп белгіленеді.
      Калибрлеу  туралы  қолданыстагы  сертификаты   бар   өлшем   құралдары
пайдаланушының дарауы бойынша қайтара калибрлеуден өткізуге болады
      Калибрлеу  зертханаларындағы  өлшем  құралдарын   калибрлеуді   сәйкес
курстарды  бітіргені  туралы  құжаттармен  расталган  кәсіби  дайындыгы  бар
тұлгалармен жүргізіледі.
      Өлшем құралдарын калибрлеу Бірліктердің халықаралық  жүйесіндегі  шама
бірліктерін   жаңғыртатын   эталондарга   теңдес   байланысқан   мемлекеттік
эталондардың      жоқ      кезінде      немесе       шама      бірліктерінің
мемлекеттік эталондарына    теңдес    байланысқан    калибрлеу    құралдарын
пайдалану және калибрлеу әдістемелеріне сәйкес жүргізіледі.
      Заңды тұлғалардың метрологиялық  қызметімен  -  осы  өлшем  құралдарын
дайындаушымен немесе пайдаланушымен әзірленетін калибрлеу  әдістемесі  заңды
тұлғамен белгіленген тәртіпте бекітіледі.
      Бұл жағдайларда өлшем құралдарында  қолдану  саласын  көрсететін  анық
жазу ыемесе шартты белгілеулер болуы тиіс.
      Сәйкес жазулар пайдалану құжаттарында және калибрлеу туралы  пайдалану
құжаттарында болуы тиіс.
      Калибрлеу нәтижелері бойынша қажет болған жағдайда калибрлеу хаттамасы
рәсімделеді, оған калибрлеуді орындаушы қолын қояды.
      Калибрлеу    хаттамаларының    мазмұны    ҚР    СТ    ИСО/ХЭК    17025
талаптарына сәйкес келуі тиіс.
      Егер калибрлеу нәтижелері бойынша өлшем құралдары  қолданысқа  жарамды
болып табылса, онда өлшем құралдарына  сәйкес  калибрлеу  белгісі  қойылады,
және ҚР СТ ИСО/ХЭК 17025  талаптарына  сэйкес  калибрлеу  туралы  сертификат
рәсімделеді.
      Шеттен  келген  занды  және  жеке  тұлғалармен   калибрленетін   өлшем
құралдарына калибрлеу сертификатын рәсімдеу міндетті.
      Калибрлеу әтижелері  бойынша  қолданысқа  жарамсыз  өлшем  құралдарын,
оларды қайта қалпына келтіру  немесе  есептен  шығару  іс-шараларын  жүргізу
үшін айналымнан алып тастау керек.
      Шеттен келген заңды және жеке тұлғаларға калибрлеуге  ұсынылған  өлшем
құралдарының жарамсыздығы белгіленген  жағдайда,  тапсырыс  беруші  міндетті
түрде калибрлеу хаттамалары  беріледі,  оларға  орыңдаушыдан  басқа  қосымша
калибрлеу зертханасының басшысы қол қояды.
    Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Қазақстан Республикасының калибрлеу  жүйесінің  мақсаты,  мәселелері  және
құрылымы қандай стандартқа сай орнатылады?
2 Қазақстан Республикасының калибрлеу жүйесінің құрылымы қандай?
3 Өлшем құралдарына калибрлеуді жүргізу тәртібі  мен  ұйымдастырылуы  жүзеге
қалай асырылады?
4 Калибрлеу әдістемесінде қандай ақпараттар болуы тиіс?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1 ҚР СТ 2.11  ҚР МӨЖ. ҚР калибрлеу жүйесі. Негізгі ережелер
2 ҚР СТ 2.12  ҚР  МӨЖ.  ҚР  калибрлеу  жүйесі.  Ұйымдастырылуы  мен  жүргізу
тәртібі


                            № 14 дәріс (1 сағат)
                  Тақырыбы: Өлшеу құралдарын метрологиялық
                       аттестациялауды жүргізу тәртібі
      Дәріс жоспары:
1 Өлшем құралдарын метрологиялық аттестациялаудың негізгі сатылары
2 Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялауды жүргізу тәртібі

      Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялауды жүргізу тәртібі  ҚР  СТ
2.30 сай жүргізіледі.
      Метрологиялық   аттестаттауға   республика   аймағында   жеке   данада
енгізілетін немесе әзірленетін (бір  жыл  ішінде  бір  өтінушімен  үш  өлшем
құралынан көп емес) және мемлекеттік метрологиялық  қадағалауды  іске  асыру
саласында қолданылатын өлшем құралдары жатады, оның ішінде:
-  автоматтандырылған  бақылау,  басқару  жүйелеріне  және  басқа  жүйелерге
(кешендер) кіретін өлшеуіш каналдар;
- республикада жеке данада әзірленетін және жабдықталатын эталондар;
-   осы шарт пен режімнен айырмашылыгы  бар  олар  үшін  метрологиялық  және
техникалық сипаттары нормаланган немесе осы сипаттарға  әсер  етуші  олардың
конструкциясына өзгерістер  енгізілген,  шарттар  мен  режімде  қолданылатын
сериялап шығарылған өлшем кұралдарының жеке даналары;
-   сериялап шығарылатын өлшем құралдарының жеке даналары,  олар  үшін  жеке
метрологиялық сипаттамалар белгіленеді.
      Өлшем  құралдарын  метрологиялық  аттестаттауға  мемлекеттік   басқару
органдары, өлшем құралдарын өндіретін, пайдаланатын, жабдықтайтын жеке  және
заңды түлғалар ұсынады.
      Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттауды сәйкес мемлекеттік ғылыми
метрологиялық орталық (МҒМО) іске асырады.
      Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау мынадай сатылардан тұрады:
-   метрологиялық аттестаттауга ұсынылатын техникалық құжаттарды қарау;
-   өлшем құралдарын эксперименттік зерттеу;
-   өлшем құралдарының салыстырьш тексеру әдістемелерін байқау;
-   өлшем кұралдарының метрологиялық аттестаттау нәтижелерін ресімдеу.
      Қажет  болған  жағдайда  эксперименттік  деректер  бірнеше   сатыларда
жүргізілуі мүмкін.
      Қажет болған жағдайда өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау басқа
заңды тұлғалардың базасында олардың мамандарымен жүргізілуі мүмкін.
      Метрологиялық  аттестаттау  нәтижелерін  тану  Қазақстан  Республикасы
қатысушы болып табылатын халықаралық келісімдерге (шарттарға)  және  олардың
дамуына нормативтік кұжаттарға сәйкес  іске  асырылады.  Өлшем  құралдарының
нәтижелерін  тану  жөніндегі  шешімді  техникалық  реттеу  және   метрология
жөніндегі уәкілетті орган қабылдайды.
      ТМД елдерінде әзірленген өлшем құралдарын-  метрологиялық  аттестаттау
нәтижелерін тану сәйкес іске асырылады.
      Метрологиялық   аттестаттаудан   өткен   өлшем   құралдары   пайдалану
процесінде  және   өлшем   құралдарын   метрологиялық   аттестаттау   туралы
сертификатта көрсетілген салыстырып тексеру  әдістемесіне  сәйкес  жөндеуден
кейін салыстырып тексеруге жатады.
      Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау жөніндегі  жұмыстар  немесе
онын жеке сатылары келісім-шарт негізінде іске асырылады.
      Метрологиялық аттестаттаудың оң нәтижелері  бойынша  эталондар,  өлшем
құралдары, салыстырьш тексеру әдістемелері Қазақстан  Республикасының  өлшем
бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесі тізілімінің  сәйкес  тарауларында
тіркеледі.
      Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі
      Өлшем құралдары метрологиялық аттестаттауға  МҒМОға  мынадай  құжаттар
жинағымен ұсынылады:
-   өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізуге өтініш;
-   өлшем құралдарын әзірлеуге техникалық тапсырма немесе  оны  алмастыратын
өлшем құралына талаптары бар қүжат  және  техникалық  шарттар  (егер  оларды
әзірлеу қарастырылған болса);
-   пайдалану құжаттары (техникалық тапсырмамен қарастырылған көлемде);
-   өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау бағдарламасының жобасы;
-   өлшем құралдарын салыстырып  тексеру  әдістемесінің  жобасы  (салыстырып
тексеру әдістемесінің пайдалану құжаттарында жоқ кезінде);
-     әзірлеушімен   алдын-ала   жүргізілген   зерттеулердің   (сынаулардың)
хаттамасы, егер олар техникалық тапсырмамен қарастырылған болса.
      Автоматты басқару және басқа да жүйелерге (кешендер)  кіретін  өлшеуіш
каналдар үшін қосымша ұсынады:
-   жүйеге техникалық құжаттар (кешендер);
-    метрологиялық  аттестаттауга  жататын   өлшеуіш   каналдардың   тізімі,
метрологиялық  аттестаттау  туралы  сертификаттар  немесе  өлшеуіш  каналдың
құраушы элементтері болып табылатын өлшем  құралдарын  салыстырып  тексеруді
растайтын құжаттар.
      Метрологиялық   аттестаттауға    ұсынылатын    салыстырып    тексеруші
қондырғылар  үшін  қосымша,  олардың  құрамына  кіретін   өлшем   құралдарын
салыстырьш тексеру немесе  метрологиялық  аттестаттау  туралы  сертификаттар
ұсынылады.
      Эталондарға  метрологиялық  аттестаттау  жүргізуге  арналған  құжаттар
жинағында  қосымша  ҚР  СТ  2.3  талаптары  есебімен  құжаттар  болуы  тиіс.
Мемлекеттік  эталондар  үшін  салыстырып  тексеру   әдістемелерінің   орнына
салыстырулар әдістемесі ұсынылады.
      Жеке  данада  енгізілетін  өлшем  құралдарына  кұжаттар  метрологиялық
аттестаттауға мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен ұсынылады.
      Метрологиялық  аттестаттау  бағдарламасы   және   салыстырып   тексеру
әдістемесі   өлшем   құралдарын   әзірлеушімен   немесе   оны    тұтынушымен
(жабдықтаушымен)   әзірленеді   және   МҒМОмен   бекітіледі,   Метрологиялық
аттестаттау  бағдарламасын  және   өлшем   құралдарын   салыстырьш   тексеру
әдістемесін келісім-шарт  негізінде  МҒМОның  әзірлеуіне,  өлшем  құралдарын
салыстырып  тексеру  әдістемесі  жобасының  орнына  аттестаттауға  ұсынылған
өлшем құралдары үшін шет елдермен әзірленген салыстырьш тексеру  әдістемесін
ұсынуға болады.
      Салыстырып тексеру әдістемесі ҚР СТ 2.63 талаптарын есепке ала  отырып
әзірленеді және ресімделеді.
      Эксперименттік зерттеулер кезінде қолданылатын жұмыс эталондары, өлшем
құралдары, стандарттық үлгілер (эталондық ерітінділер)  және  аттестатталған
үлгілер Қазақстан Республикасында қолданысқа  жіберілуі  тиіс,  қолданыстағы
сертификаты  және  (немесе)  оларды  салыстырып  тексеруді  (аттестаттауды),
типті бекітуді растайтын таңбалар оттискілері болуы тиіс.
      Әр    метрологиялық    сипаттауды    анықтау    кезінде    орындалатын
аттестатталатын  өлшем  құралдарын  эксперименттік  зерттеу  нәтижелерін   В
қосымшасьгаың   пішіні   бойынша   эксперименттік   зерттеулер   хаттамасына
енгізеді.
      Өлшем кұралдарын салыстырып тексеру  әдістемесін  немесе  қолданыстағы
құжатты шет елдердің салыстырьш  тексеруі  бойынша  байқау  кезінде  МҒМОмен
анықталған кемшіліктер аттестаттау жүргізу кезеңінде  өтінушімен  шеттетілуі
тиіс.
      Метрологиялық  аттестаттаудың  оң   нәтижесінде   МҒМО   метрологиялық
аттестаттау туралы сертификатты ресімдейді және сәйкес  өлшем  кұралын  және
салыстырып тексеру  әдістемесін  Қазақстан  Республикасының  өлшем  бірлігін
қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеуді іске асырады.
      Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттаудың теріс нәтижелерінде МҒМО
өлшем кұралдарын қолдануға жарамсыздығы туралы хабарламаны ресімдейді.
      Метрологиялық   аттестаттау    нәтижелерін    тану    үшін     өтінуші
мынадай құжаттар жинағын ұсынуы тиіс:
- метрологиялық аттестаттау нәтижелерін тану процедурасын жүргізуге өтінім;
- метрологиялық аттестаттау туралы сертификат немесе куәлік түпнұсқасы;
-  өлшем құралына пайдалану құжаттары;
-  өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесі;
-  метрологиялық аттестаттау хаттамалары.
      Метрологиялық аттестаттау нәтижелерін тану кезінде  техникалық  реттеу
және метрология жөніндегі уәкілетті  орган  өлшем  құралын  және  салыстырып
тексеру  әдістемесін  ҚР  МӨЖ  тізілімінде  тіркеуді  іске  асырады.  Өтінім
берушіге ҚР МӨЖ тізіліміне өлшем құралын енгізу туралы  белгімен   ұсынылған
метрологиялық  аттестаттау  туралы  сертификаттың   (куәліктің)   түпнұсқасы
қайтарылады.
    Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Өлшеу құралдарын  метрологиялық  аттестациялауды  жүргізу  тәртібі  қандай
стандартқа сай жүргізіледі?
2 Метрологиялық аттестаттауға қандай өлшем құралдары жатады?
3 Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау қандай сатылардан тұрады?
4 Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі қандай?
5 Метрологиялық   аттестаттау   нәтижелерін   тану   үшін    өтінуші  қандай
құжаттар жинағын ұсынуы тиіс?

      Ұсынылатын әдебиеттер:
1     Основы  стандартизации,   метрологии,   сертификации   и   менеджмента
качества. Учебное пособие под  редак.  Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.
2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау  және  метрология  негіздері–
Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б.
3 ҚР СТ 2.30 ҚР МӨЖ. Өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялауды  жүргізу
тәртібі

                            № 15 дәріс (1 сағат)
             Тақырыбы: Мемлекеттік метрологиялық қадағалау және
                            метрологиялық бақылау
   Дәріс жоспары:
1 Мемлекеттік метрологиялық қадағалау.
2 Метрологиялық бақылау.
3 Метрологиялық ережелер мен нормалар бұзылғаны үшін жауапкершілік.

       Метрологиялық  ережелер  мен   нормалардың   сақталуына   Мемлекеттік
метрологиялық қадағалау және метрологиялық бақылау жүргізіледі.
      Мемлекеттік  метрологиялық  қадағалау   –   техникалық   реттеу   және
метрология  жөніндегі  уәкілетті  мемлекеттік  органның   өлшем   құралдарын
шығарылуын,  олардың  жай-күйін   және   қолданылуын,   өлшемдерді   орындау
әдістемелерін   қолданылуын,   метрологиялық   ережелер   мен    нормалардың
сақталуын, сату кезінде тауарлардың санын, сондай-ақ  бума  тауарларды  ашу,
сату және импорттан алу кезінде кез келген түрдегі  бума  тауарлардың  санын
қадағалау жөніндегі жүзеге асыратын қызметі.
      Метрологиялық бақылау – мемлекеттік басқару  органдарының,  жеке  және
заңды  тұлғалардың  метрологиялық  қызметтері  метрологиялық  ережелер   мен
нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асыратын қызмет.
      Мемлекеттік метрологиялық қадағалау және метрологиялық бақылау тексеру
түрінде жүзеге асырылады. Тексерулер: жоспарлы  (периодтық),  жоспардан  тыс
(кезектен тыс) және қарымта тексеру деген түрлерге бөлінеді.
      Мемлекеттік метрологиялық қадағалау кезінде:
      - жоспарлы тексерулер кемінде үш  жылда  бір  рет  тесерулер  жүргізу
        графигіне сәйкес жүзеге асырылы керек;
      - жоспардан тыс тексерулер  мемлекеттік  басқару  органдарының,  жеке
        және  заңды  тұлғалардың  метрологиялық  ережелер  мен  нормалардың
        бұзылғаны туралы ұсыныстар бойынша жүргізіледі;
      -  қарымта  тексерулер  өкімдердің  орындалуын   бақылау   мақсатында
        жүргізіледі.
       Метрологиялық  бақылалуды  жүзеге  асырғанда   тексерулерді   жүргізу
тәртібін   мемлекеттік   басқару   органдарының   және   заңды   тұлғалардың
метрологиялық қызметтері тағайындайды.
      Метрологиялық ережелер мен нормалар бұзылғаны үшін жауапкершілік
      Бұзушылық табылған кезде жеке  және  заңды  тұлғаларға,  ескерту  және
басқа төмендегі шаралар қолданылуы мүмкін:
      - лицензияның күшін уақытша тоқтату;
      - аккретитациялау аттестатын алты айға дейін қайта шақырып алу;
      - кінәлілерді қылмыстық жауапқа тарту үшін материалдарды сотқа беру.
      Заңнаманы бұзушылық үшін төмендегі мөлшерде айып салынады:
      - азаматтарға  - 5-10 айлық есептік көрсеткішке дейін;
      - қызметік тұлғаларға – 50-100 айлық есептік көрсеткішке дейін;
      - заңды тұлғаларға – 200 айлық есептік көрсеткішке дейін.
      Жоғарыда көрсетілген айыптар бұзушылықтың мына түрлері үшін салынады:
      1)  мемлекеттік  санаудан   немесе   метрологиялық   аттестациялаудан
         өтпеген, сондай-ақ салыстырып тексерілмеген және жөнделмеген өлшеу
         құралдарын айналымға шығарғаны үшін;
      2) тиісті рұқсатсыз өлшеу құралын шығару, салыстырып тексеру, жөндеу,
         сату және жалдауға бергені үшін, сондай ақ  стандарттық  үлгілерді
         метрологиялық аттестациялаудан өткізу үшін;
      3)   мемлекеттік   қадағалауға   жататын,   бірақ   сол   мемлекеттік
         қадағалаудан өтпеген өлшеулерді орындау  әдістемелерін  қолданғаны
         үшін;
      4) өлшеу құралдарын пайдалану ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін;
      5) стандарттар және техникалық  шарттардың  талаптарының  орындалуын,
         сертификаттау   ережелерінің   және   метрологиялық    ережелердің
         сақталуын  мемлекеттік  қадағалауды  жүзеге  асырушы   органдардың
         ұйғарымдарын  орындамағаны үшін.
    Өздікбақылауға арналған сұрақтар:
1 Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды кім жүргізеді?
2 Метрологиялық бақылауды не үшін жүргізеді?
3 Метрологиялық ережелер мен нормаларды бұзғаны үшін қандай  жауапкершілікке
тартылады?
4 Заңнаманы бұзғаны үшін қандай айыптар салынады?
5 Қандай бұзушылықтар үшін айыптар салынады?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1     Основы  стандартизации,   метрологии,   сертификации   и   менеджмента
качества. Учебное пособие под  редак.  Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.
2 ҚР СТ 2.15 ҚР МӨЖ. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау  мен  метрологиялық
бақылау. Жалпы ережелер


2 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
                            № 1 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы. Негізгі ұғымдар
Сабақтың мақсаты: «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңының  негізгі
ұғымдарын оқып үйрену.
Бақылау сұрактары:
1 Заңның бірінші бабында қандай сұрақтар қарастырылады?
2 Заңның қабылданған уақытын айтыңыз?
3 Осыдан бұрын осы заңға сәйкес заң қабылданды ма? Егер  қабылданса  ол  қай
жылы және заң қалай аталды?


                            №2 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңы. Жалпы ережелер
Сабақтың мақсаты: «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы»  ҚР  заңының  жалпы
ережелерін окып үйрену.
Бақылау сұрақтары:
1 «Өлшем бірлігін  қамтамасыз  ету  туралы»  ҚР  заңынын  таралу  аймақтарын
айтыныз?
2 Қазакстан Республикасындағы  өлшем  бірлігін  қамтамасыз  етудегі  баскару
әрекеттерін қандай мемлекеттік орган жүзеге асырады?
3 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаттарын атаңыз?

                            №3 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің  мемлекеттің  жүйесінің  құрылымы
мен объектілері
Сабақтың мақсаты: ҚР МӨЖ құрылымы мен объектілерін оқып үйрену.
Бақылау сұрақтары:
1 ҚР МӨЖ объектілерін атаңыз?
2 ҚР МӨЖ негізгі ұйымдық құрылымын не құрайды?
3 ҚР МӨЖ техникалық негізіне қандай элементтер кіреді?
4.ҚР  стандарттау  жүйесіндегі  аралық  салада  ҚРМӨЖ   стандарттары   қалай
белгіленеді?
5.ҚР МӨЖ міндеттерін айтыңыз?

                            №4 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Нормативтік реттеуге жататын метрологиялық қызметтің түрлері
Сабақтың мақсаты: Нормативтік  реттеуге  жататын  метрологиялық  қызмет  мен
танысу, оқып-үйрену.
Бақылау сұрақтары:
1. Нормативтік реттеуге жататын метрологиялық қызмет түрлерін атаңыз?
2.  ҚР  өлшеу  бірлігін  қамтамасыз  ету  жүйесінің   мемлекеттік   реестрда
тіркелген өлшеу құралдары,қандай тізім формасының графаларына кіреді?
3. Өлшеу  бірлігін  қамтамасыз  ету  жүйесінің  мемлекеттік  реестрда  өлшеу
құралдарын шығаруға лицензиялық  құқығы  бар  кәсіп  орындар   қандай  тізім
формасының графаларына кіреді?
4. Өлшеу  бірлігін  қамтамасыз  ету  жүйесінің  мемлекеттік  реестрда  өлшеу
құралдарын  жөндеуге  лицензилық  құқығы  бар  кәсіпорындар   қандай   тізім
формасының графаларына кіреді?

                            №5 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Өлшеулерді орындау әдістемелері
Сабақтың мақсаты:Өлшеулерді  орындау  әдістемелері  стандартының  мазмұнымен
танысу.
Бақылау сұрақтары:
1. Өлшеулерді орындау әдістемелерінің маңызы ?
2. ҚР СТ 2.18-2003 анықтамалары?
3. ӨОӘ қолдану тәртібі қандай?

                            №6 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Қазақстан республикасының эталондық базасы
Сабақтың мақсаты: ҚР эталонды базасының жағдайын меңгеру.
Бақылау сұрақтары:
1. Эталонды базаның деңгейі еліміздегі өлшеу деңгейіне қалай әсер етеді?
2. ҚР эталонды базасына қанша мемлекекттік эталон кіреді?
3. ҚР эталондық базасы физикалық шама бірлігінң қандай эталондарынан
қалыптасады?
4. Физикалық шама бірлігінің эталонын қолдану қандай жұмыстардың орындалуы
мен байланысты?
5. Мемлекеттік эталондарды қолдану және сақтау ережесін қадағалаудағы
жауапкершілікте кім болады?
6. Заңды тұлғалардың метрологиялық қызметінің эталондарын қолдану және
сақтау ережесі қандай?
                            №7 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Физикалық шама эталондарының жіктелуі
Сабақтың мақсаты: Физикалық шама эталондарының жіктелуін меңгеру.
Бақылау сұрақтары:
1. Эталондар қандай белгілер бойынша жіктеледі?
2. Халықаралық эталон дегеніміз не?
3. Алғашқы эьалондарды құру үшін не негіз болып табылады?
4. 2-ші ретті эталондарды құру үшін не негіз болып табылады?
5. Мемлекетаралық эталондар не үшін қызмет етеді?

                            №8 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Мемлекеттік метрологиялық қызмет
Сабактың мақсаты: Мемлекеттік метрологиялық қызметтің құрылымымен танысу.
Бақылау сұрақтары:
1. ҚР метрологиялық қызметтің құрылымы қандай?
2. Мемлекеттік метрологиялық қызмет.
3. Уақыт және жиілік мемлекеттік қызметінің мақсаттары неде?
4.  Заттар  мен  материалдардың   құрамы   мен   қасиеттерінің   стандарттық
үлгілерінің мемлекеттік қызметінің қандай функцияларын білесіздер?
5.  Мемлекеттік  басқару   органдарының,   жеке   және   заңды   тұлғалардың
метрологиялық қызметінің функцияларын атыңыз?
6.  Өлшем  бірлігін   қамтамасыз   ету   саласындағы   сарапшы-аудиторлардың
функциялары неде?
7.  Өлшем  бірлігін  қамтамасыз  ету   саласында   консалтингтік   қызметтер
көрсететін заңды тұлғалар қандай жұмыс атқарады?

                            №9 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Заттар мен материалдардың  құрамы  мен  қасиеттерінің  стандарттық
үлгілерінің мемлекеттік қызметі
Сабақтың мақсаты:  Заттардың  қасиеті  мен  құрамының  стандарттық  үлгілері
бойынша Мемлекеттік қызметтің негізгі мақсаттарымен тапсырмаларын меңгеру.
Бақылау сұрақтары:
1.  Заттардың   қасиеті   мен   құрамының   стандарттық   үлгілері   бойынша
мемелекеттік  қызметтің  негізгі   мақсаттары   мен   міндетемелері   қандай
нормативтік құжаттама бойынша реттеледі?
2.  Заттардың  қасиеті  мен  құрамының  стандарттық  үлгілері  бойынша   Бас
орталығының негізгі жұмыстарын сипаттаңыз?

                           № 10 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы:  Заттар  мен  материалдардың  физикалық  тұрақты   шамалары   және
қасиеттері туралы стандарттық анықтама деректердің мемлекеттік қызметі
Сабақтың мақсаты: Заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары  және
қасиеттері туралы стандарттық анықтама  деректердің  мемлекеттік  қызметінің
негізгі мақсаттары мен міндеттерін оқу.
Бақылау сұрақтары:
1. Уақыт пен жиіліктің Мемелекттік қызметі мен шешілетін  негізгі  есептерін
атап көрсетіңіз?
2.  Ресей  Федерациясының  эталондары  мен  мемлекеттік  өлшеу   нәтижелерін
салыстырғанда нәтижелердің қателіктері қандай?

                            № 11тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі
Сабақтың тақырыбы: Уақыт және жиілік бойынша Мемлекеттік  қызметтің  негізгі
мақсаттары мен міндеттемелері.
Бақылау сұрақтары:
1. Уақыт пен жиіліктің Мемелекттік қызметі бойынша  негізгі  міндеттемелерін
атаңыз?
2. РФ мен Мемелекеттік эталондардың өлшеу нәтижелерін  салыстырғанда  қандай
қателіктер бар?

                           № 12 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Салыстырып тексеру әдістері
Сабақтың мақсаты: Өлшем  құралдарын  салыстырып  тексеру,  ұйымдастыру  және
жүргізу тәртібінің маңызын меңгеру.
Бақылау сұрақтары:
1. Өлшем құралдарын салыстырып тексерудің маңызы?
2. Қандай анықтамалар мен терминдер қолданылады?
3. Салыстырып тексеру түрлері және оларды жүргізу тәртібі қандай?

                           № 13 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Өлшеу құралдарын калибрлеу
Сабақтың мақсаты: ҚР СТ 2.11-2000 стандартымен жұмыс істеу.
Бақылау сұрақтары:
1. ҚР СТ 2.11-2000 стандартындағы анықтамалар?
2. Нормативтік сілтемелер?
3. Өлшеу құралдарын калибрлеудің маңызы неде?

                           № 14 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы: Мемлекеттік метрологиялық қадағалау және метрологиялық бақылау
Сабақтың мақсаты: Мемлекеттік  метрологиялық  қадағалау  және  метрологиялық
бақылауға қатысты Заң бабтары мен танысу.



Бақылау сұрақтары:
1. Мемлекеттік метрологиялық қарау нысандарына қандай талаптар қойылады?
2.  Түрлі  нысандарға  Мемлекеттік  метрологиялық  бақылау  жүргізу  кезінде
қандай жұмыстар атқарылады?


                           № 15 тәжірибелік сабақ
Тақырыбы:  Өлшем   құралдардың   шығарылуын,   жағдайын   және   қоланылауын
мемлекеттік метрогиялық қадағалау
Сабақтың    мақсаты:   Бақылау   нәтижесі   бойынша   құрылған   мемелкеттік
метрологиялық бақылауды іске асыруды  меңгеру.
Бақылау сұрақтары:
1. Алдын-ала жазу қандай жағдайда кешіріледі?
2. Алдын-ала жазуды кім жазады?
3. Тексеру актісі қандай жұмыстың нәтижесі болып табылады?
4. Тексеру актіні кім жазады?

3 ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР
                            № 1 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Өлшеулерді жіктеу.
Сабактын максаты: Өлшеулерді жіктеудің принциптерін оқып үйрену.
Бакылау сұрақтары:
1. Қандай белгілер бойынша өлшеулерді жіктейді?
2. Акпарат алу әдісі бойынша өлшеулердің жіктелуін көрсетіңіз?
3. Өлшеу бірлігінің өзгеру сипатына байланысты өлшеулердің жіктелуін
көрсетініз?
4. Өлшеу ақпараттың санына байланысты өлшеулердін жіктелуін көрсетіңіз?
5. Негізгі бірліктердің катынасына байланысты өлшеулердің жіктелуін
көрсетініз?

                            №2 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Өлшеудің негізгі операциялыры мен сатылары.
Сабақтың мақсаты: Өлшеудің негізгі операциялыры мен сатыларының мазмұнын
оқу.
Бакылау сүрактары:
1.  Негізгі олшеу операцияларын атаңыз?
2. Физикалык бірліктің өлшеу процестері неше сатыдан түрады. Өлшеу
сатыларын атаңыз?
3. Өлшеу сатыларын жобалау қандай тізбек бойынша жасалады?
4. Өлшеу есептерінің сатылары кандай элементтерден тұрады?
5. «Өлшегіш сараптама» сатыларына көшкен кезде қандай тізбек бойынша
жасалады?
6. Сараптамалық мәліметтерді өндеу сатысындағы тізбектің жүйелігі?

                            №3 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Өлшеу қателіктері.
Сабактың мақсаты: Өлшеу қателіктерінің түрлерін оқып үйрену.
Бақылау сүрактары:
1. Өлшеу кателіктері неше нышан бойынша жіктеледі?
2. Өлшеу кателіктерінің жіктелу нышандарын атаңыз?
3. Қандай кателіктер кездейсоқ деп аталады?
4. Қандай қателіктер систематикалыкқа жатады?
5. Қателесу дегеніміз не?
6. Өрескел қателік дегеніміз не?
7. Сыртка қандай факторлар әсер етеді?
                            №4 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Өлшеуде систематикалык кателіктерді болдырмау.
Сабақтың мақсаты: Өлшеуде систематикалык қателіктерді болдырмау әдістерін
окып үйрену.
Бақылау сурактары
1. Систематикалық қателіктердін болдырмаудың негізгі әдістерін көрсетініз?
2. Систематикалық кателіктердің шекаралық бағалау қалай жүзеге асады?
3. Инструменталды кателіктерді қандай әдіс арқылы болдырмауға болады?
4. Қандай әдіс арқылы өлшеу алдында температуранын, әсерін жоюға болады?

                            №5 зертханалық сабақ
Тақьірыбы: Өлшеу әдістемелерінің жіктелуі.
Сабақтың мақсаты: Өлшеу әдістемелерінің жіктелуін окып үйрену.
Бақылау  сұрақтары:
1. Дифференциалды өлшеу әдістеріне мысал келтірініз?
2. Дифференциалды әдісті қолдану аркылы өлшеу теңдеуін жазыңыз?
3. Тікелей бағалау әдісіне мысал келтірініз?
4. Дифференциаддык пен нөлдік эдістердің айырмашылығы неде?
 5. Нөлдік әдіске мысал келтірініз?
6. Қатысу (замещение) әдістеріне мысал келтірініз?
7. Дәл келу әдістеріне мысал келтірініз?

                            №6 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Өлшеу жағдайы. Өлшеудін сапасы.
Сабақтың мақсаты: Өлшеу жагдайынын сипаттамасын оқу, «Өлшеу сапасының»
үғымын түсіну.
Бақылау сұрақтары:
1.  «Өлшеу жағдайының» мәніне анықтама берініз?
2.  Қалыпты өлшеу бірлігі дегеніміз не?
3. Жұмыстық өлшеу жағдайын қалай түсінесіз?
4. «Экстремалды өлшеу жағдайы» дегеніміз не?
5. Өлшеу  нәтижесінін негізгі сипаттамаларын атаныз?

                            №7 зертханалық сабақ

Тақырыбы: Өлшеу күралдары.
Сабақтын мақаты: Өлшеу қүралдардын негізгі қасиеттерін оқу және әрбір
көрсеткіштері
бойынша олардын жіктелуі мен түрлері.
Бақылау сұрақтары:
1.Кестеде көрсетілген көрсеткішдерден баска өлшеу кұралдары қалай
жіктеледі?
2 Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету жүйесінде өлшеу құралдары қандай түрлерге
бөлінеді?
3. Автоматизацияга байланысты өлшеу қүралдары қалай бөлінеді?
4. Стандарттауға байланысты өлшем күралдары калай белінеді?
5. Өлшенетін физикалық шамаға байланысты өлшеу құралдары қалай бөлінеді?







                            №8 зертханалық сабақ
Такырыбы: Қарапайым және кешенді өлшеу кұралдары.
Сабақтын максаты: Қарапайым жэне кешенді өлшем кұралдардың кестесі мен
белгілеу
пршшиптерін оқу.
Бақылау сұрактары:
1. Қарапайым және кешенді өлшеу кұралдарды калай белгіленеді?
2. Қарапайым өлшеу құралдары қалай бөлінеді?
3. Кешенді өлшеу құралдарының түрлері? '
4. Өлшеу құралдарының орындайтын функциясына және өлшеу процесі кезіндегі
рөліне байланысты қалай жіктеледі?

                            №9 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамасы.
Сабақтың мақсаты: Өлшеу күралдарының метрологиялык сипаттамасын оку
Бақылау сұрақтары:
1. Өлшеу құралдарьшың метрологиялык сипаттамасы дегеніміз не?
2.  ӨЖ метрологиялық сипаттамасы қалай жіктеледі?
3. ӨЖ метрологиялық сипаттамасы каңдай бірліктер бойынша анықталады?
4.  Негізгі және абсолюттік қателіктер дегеніміз не?

                            №10 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Өлшеу кұралдарының дэлдік классы.
Сабақтын мақсаты: Өлшеу құралдарының дэлдіпн көрсету тэсілдерін меңгеру.
Бақылау сұрақтары:
1. Өлшеу кұралдардын дәлдік классы дегеніміз не?
2. Дәлдік класын көрсетудің қандай түрлі тәсілдері бар?

                            №11 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Физикалық шамалардың эталондарының классификациясы.
Сабақтың  мақсаты:  Физикалык  шамалардың   эталондарының   классификациясын
меңгеру.
Бақылау сұрақтары:
1. Эталондар кандай белгілер бойынша жіктеледі?
2. Халықаралык эталон дегеніміз не?
3. Алғашкы эталондарды кұру үшін не негіз болып табылады?
4. 2 -ші ретті эталоңдарді құру үшін не негіз болып табылады?
5.Мемлекет аралык эталондар не үшін қызмет етеді?

                            №12 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Тексеру сызбанұсқалары.
Сабақтын тақырыбы: Тексеру сызбанұскаларының мазмүның жэне түрлерін
меңгеру.
Бақылау сұрақтары:
1.  «Тексеру сызбанұсқасы» терминіне аныктама берініз?
2. Тексеру сызбанұскасы қандай мақсаттарга қызмет етеді
3. Тексеру сызбанұскасының түрлерін тізіп берініз
4. Қандай мемлекеттер мемлекетаралық тексеру сызбанұсқасын қолдана алады?
5. Мемлекеттік тексеру сызбанұскасын қолдану аймағын атаңыз?
6. Локальді тексеру сызбанұсқасын қолдану аймағын атаңыз?
7. Тексеру сызбанұсқасыңда қанша сатылы (минимум) болуы тиіс?
8. Тексеру сызбанұсқасының сызуы қанша жолға бөлінуі керек?
9. Тексеру сызбанұсқасының сызуында кандай көрсеткіштер көрсетілуі керек?
10. Қаңдай кателік сипаттамалары көрсетіледі:
а) бірлік эталондар үшін;
б) 2-ші ретті эталондар үшін;
в) Жұмысшы эталондар жэне жұмысшы тексеру сызбанүскасы үшін;
11.Тексеру сызбанұскасында қандай тексеру әдісі көрсетіледі?
12.Тексеру сызбанұскасында колданылатын тексеру әдістемелерінің
сипаттамалары калай көрсетіледі
13. Қандай жағдайларда әдістің кателігінің сипаттамасын керсетуге болады?
14. Эталондарды сақтаушы ғалымдардың функциялары қандай?
15. Эталондарды сақтаушы ғалымдардың функциялары қандай құжатпен
анықталады?

                            №13 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Жалпы қолдануга арналған зертханалық таразыда өнімдердің салмағын
өлшеу.
Сабақтың мақсаты:.Таразының күрамы мен пайдалану ережелерімен
танысу.Өнімдердің салмағын өлшеп, нөтижелерін өңдеу.
Бақылау сұрақтары:
1.   Зертханалык таразылардың жіктелінуі.
2.   Таразылардын нормаланған метрологиялык сипаттамалары.

                            №14 зертханалық сабақ
Тақырыбы:  Термоэлектрикалық  түрлендіргішпен  еттің  температурасын  өлшеу.
Сабақтың    мақсаты:Термобулаңдырғыштың  градустеуін    тәжірибелік   жолмен
меңгеру,  градустеудің  температурасын   термоэлектрикалық   түрлендіргішпен
өлшеу.
Бақылау сұрақтары:
1.   Қатынасты термометрлердін жіктелуі.
2.   Ұлғайту, кернеу термометрлердің жұмыс істеу принциптері, кұрылымы.
3.   ТХК термобулаңдырғыштың кұрылымы мен жұмыс істеу принципі.

                            №15 зертханалық сабақ
Тақырыбы:«Лактан  1-4»  кұралынын  паспорты  меп   жұмыс   істеу   принципін
қарастыру. Сабақтың   мақсаты:«Лактан   1-4» кұралының   паспорты мен  жұмыс
істеу   принципін қарастырып меңгеру.
Бақылау сұрақтары:
1.«Лактан  1-4»   құралының   паспортында   кандай   негізгі   метрологиялық
мәліметтері берілген.
2.   «Лактан 1-4» құралының құрылымы.
3.   «Лактан 1-4» кұралының жұмыс істеу принципі.

4 КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
      Курстық жұмыстың мақсаттары
      Курстық жұмысты орындау мақсаты өнімді өндіру  процесінде  шикізаттың,
аралық өнімдердің, жартылай фабрикаттардың және дайын өнімнің  параметрлерін
бақылау және өлшеу үшін қажетті өлшеу құралдарын таңдау болып табылады.
      Өлшеу құралдарын таңдау белгілі бір  өнімнің  технологиялық  процесіне
талдау  жасау,   өлшеу   жағдайына   және   Қазақстанда   бекітілген   өлшем
құралдарының каталогын оқу негізінде таңдап алынады.
      Курстық жұмыс түсіндірме жазбасынан және плакаттан тұрады.  Түсіндірме
жазбада  өнім  өндірудің  технологиялық  процесіне  талдау  жазылады  (өлшеу
параметрлерінің диапазоны, өлшеу параметрлері  көрсетіледі).  Өлшеу  жүргізу
жағдайына талдау жасалады.
      Өлшеу  жүргізудің  жағдайларына  ерекше  талаптар  айқындалады.  Өлшеу
нақтылығына талаптарды нақтылайды.  Көрнекелік  үшін  құрал-жабдықтары  және
бөлек  машиналардың  арасындағы  технологиялық  байланысты  көрсете   отырып
технологиялық схема сызылады.  Технологиялық  схемада  шартты  белгілер  мен
параметрлердің  өлшеу   нүктелері   көрсетіледі.   Технологиялық   процестің
параметрін  өлшеуге  қолданылатын  ҚР  бекітілген  құрал-жабдықтарға  талдау
жүргізіледі. Өлшеу өткізу  шарттарының  талаптарын  қанағаттандыратын  нақты
өлшем  құралдарына  таңдау  жазылады.  Нәтижесі  кестені   толтыру   жолымен
жинақталады. Бөлек беттерде таңдап  алынған  құрал-жабдықтардың  әрқайсысына
технологиялық және  метрологиялық  сипаттамалар  беріледі.  Өлшем  құралдары
туралы мәліметті өлшем құралдарына арналған құжаттардан алуға болады.
       Плакатта  өнімнің  технологиялық   схемасы   сызылады   (параметрлер)
өлшемдерін  бақылау  нүктелері,  бөлек  машиналар  арасындағы  технологиялық
байланыс жазылады.
      Курстық жұмыстың реттілігі:
1) Өнімнің өндіру технологиясын оқыңыз;
2)  Технологиялық  схеманың  қандай  операцияларында   параметрлерді   өлшеу
өткізуін анықтаңыз, сонымен қатар  өлшенетін  параметрлердің  объектісі  мен
номенклатурасын (атауын) анықтап алыңыз;
3)  Өлшем  шамаларының  мәні  ауытқитын  аралықтағы  өлшем  ауқымын  анықтап
алыңыз;
4) Өлшем өткізу жағдайын анықтаңыз. Өлшеуге ерекше талаптар қойыла  ма,  жоқ
па айқындау керек. Өлшем нақтылығына талаптарды анықтаңыз;
5)  Құрал-жабдықтары  және  бөлек  машиналардың   арасындағы   технологиялық
байланыс көрсетілген өнімнің технологиялық схемасын сызыңыз;
6) Технологиялық схемада шартты белгілер мен  өлшеу  өткізілетін  нүктелерді
көрсетіңіз. Әрбір параметрге өзінің шартты белгісін енгізіңіз;
7) ҚР бекітілген өлшем  құралдарының  каталогы  бойынша  өлшеудің  шарттарын
және талаптарын қанағаттандыратын өлшеу құралының типтерін таңдап алыңыз.
      Түсіндірме жазба А4 (297*210 мм) форматтағы жазу қағазында  қою  түсті
(көк қара) сиямен жазылады. Парақта  рамка  сызылады,  сол  жағынан  20  мм,
қалғандары 5 мм, мәтін парақтың шетінен 10 мм тасталып жазылады.  Түсіндірме
жазба (мәтін, кестелер) МЕСТ 2.104 талаптарына сәйкес рәсімделеді.
      Курстық жұмыстың құрылымы:
      Кіріспе
1 Өнімнің қысқаша сипаттамасы
2 Өнімнің өндіру технологиясы
3 Өнімді өндіру технологиясына талдау (бұл талдау өлшем құралдарын,  өлшеуге
қойылатын талаптарды және метрологиялық қамтамасыз ету,  нүктелері  белгілеу
мақсатында жүргізіледі)
4 Өлшем құралдарын таңдау
      Қорытынды

5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
    5.1 Курс бойынша өзіндік жұмысты келесі тәртіпте жүргізіп тұруы  қажет.
Курстың әрбір тақырыбы бойынша ұсынылатын  әдебиетті  оқып,  теориясына  көп
тоқталмай, оқылатын сұрақтардың мәніне ғана  тоқталып,  түсініксіз  жерлерін
белгілеу керек.
    Содан кейін материалды  мұқиятты  түрде  игеру  қажет,  яғни  теориялық
ережелерді, керекті негізгі мәліметтерді арнайы дәптерге жазып тұрады.
    Курсты оқу барысында студент СӨЖО мен СӨЖ реферат немесе үй  тапсырмасы
түрінде орындайды, оның басты мақсаты өткен тақырыпты толық меңгеру үшін.
    Студенттердің өзіндік жұмысы тақырыптарының тізімі:
1 Батыс Еуропа елдеріндегі метрология
2 Шығыс Еуропа және ТМД мемлекеттеріндегі метрология
3 Метрология жөніндегі негізгі халықаралық нормативтік құжаттар
4 Халықаралық өлшемдер және таразылар ұйымы
5 Заңнамалық метрология жөніндегі халықаралық ұйым
6 Метрология жөніндегі өңірлік ұйымдар
7 Тағам өнімдеріндегі кейбір компоненттердің мөлшерін өлшеу
8 Ұзындықты өлшеуге арналған өлшеу құралдары
9 Қысымды өлшеуге арналған өлшеу құралдары
10 Тығыздықты өлшеуге арналған өлшеу құралдары
    5.2 Оқу - әдістемелік әдебиеттердің тізімі:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации  и  менеджмента  качества:
Учебное  пособие  /  Под  общей  редакцией  К.А.   Тазабекова   –   Алматы.:
Казахстанская ассоциация маркетинга. 2003.  – 564 с.
2 Сергеев А.Г., Крохин В.В. Метрология: Учебное пособие  для  вузов.  –  М.:
Логос, 2000. - 408 с.

3  Шишкин  И.Ф.  Основы  метрологии,  стандартизации  и  контроля  качества:
Учебное пособие. – М.: Издательство стандартов, 1987. - 320 с.

4 Лифиц И.М. Основы стандартизации, метрологии и  сертификации:  Учебник.  –
М.:  Юрайт, 2000. – 285 с.
5 Крылова Г.Д.  Основы  стандартизации,  сертификации,  метрологии:  Учебник
для  вузов. – 2-е  изд.,  перераб. и доп. - М.:  ЮНИТИ-ДАНА, 1999. - 711  с.

6 Маркин Н.С., Ершов В.С.  Метрология.  Введение  в  специальность:  Учебное
пособие для техникумов. - М.: Издательство стандартов, 1991. - 208 с.
7 Тюрин Н.И. Введение в метрологию:  Учебное  пособие.  -  М.:  Издательство
стандартов, 1985. - 248 с.
8 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу  құралы  /  Г.Х.
Шәкібаева, Х.К. Оспанов, Р.Р. Сыздықов,  Л.И.  Сыздықова.  –  Алматы:  Қазақ
университеті, 2002. – 242 бет.
9 Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім сапасын басқару: Оқулық.  –
Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1996. – 140 бет.
10 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және  метрология  негіздері–
Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б.
11 Самсаев М.Б. Өзара-ауыстырымдылық  стандарттау,  сертификаттау  негіздері
және техникалық өлшеу. Сапа менеджменті – Алматы, 2008 ж. – 300 б.
12 Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы ҚР заңы (2000 жылдың 7 маусымы № 53-
11 ( 09.06.2004 ж. өзгерістер мен толықтырулармен)
13 ҚР СТ 2.3  ҚР  МӨЖ.  Физикалық  шама  бірліктерінің  эталондары.  Негізгі
ережелер. Жасау, бекіту, тіркеу, сақтау және қолдану тәртібі
14 ҚР СТ 2.4 ҚР МӨЖ.  Өлшеу  құралдарын  салыстырып-тексеру.  Ұйымдастырылуы
мен жүргізу тәртібі
15 ҚР СТ 2.11  ҚР МӨЖ. ҚР калибрлеу жүйесі. Негізгі ережелер
16 ҚР СТ 2.12 ҚР  МӨЖ.  ҚР  калибрлеу  жүйесі.  Ұйымдастырылуы  мен  жүргізу
тәртібі
17 ҚР СТ 2.15 ҚР МӨЖ. Мемлекеттік метрологиялық қадағалау мен  метрологиялық
бақылау. Жалпы ережелер
18 ҚР СТ 2.20 ҚР МӨЖ. Салыстырып-тексеру таңбалары.  Дайындау,  сақтау  және
қолдану тәртібі
19 ҚР  СТ  2.30  ҚР  МӨЖ.  Өлшеу  құралдарын  метрологиялық  аттестациялауды
жүргізу тәртібі
20 ҚР СТ 2.39 ҚР МӨЖ. Салыстырып-тексеру схемалары. Мазмұны мен құрылуы

Пәндер