Файл қосу

Оқыту процесінің құрылымы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 деңгейлі СМЖ құжаты
ПОӘК

ПОӘК 042-18-16.1.41/03-2013
«Педагогикалық психология» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар
№4 басылым 18.09.2013 ж.











ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Педагогикалық психология»
«050503» – «Психология» мамандығына арналған


ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР











Семей
2013


Мазмұны
 1 Глоссарий
 2 Дәрістер
 3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
 4 Курстық  жұмыс (проект)
 5 Студенттің өздік жұмысы





































1 ГЛОССАРИЙ

№
Термин атауы
Термин мазмұны
1
Ақыл-ой әрекеті
Сананың ішкі  жоспарында  орындалатын  адам  әрекеті.
2
Ақыл-ой іс-әрекеті 
Адамның танымдық жан  қуаттарының  жалпылама атаулары 
3
Аналогиялық  экспермиент
Грек тілінен аударғанда  ұқсас, тура деген  мағынада  қолданылады, эксперименттік зерттеуге алынған объектілердің  ұқсастығы.
4
Анализатор,
талдағыш
Организмнің  сыртқы және ішкі  ортасынан  келетін  тіріркендіргіштерді талдау  және  синтездеу қызметін  атқаратын жүйке  аппараты.
5
Анкета
Зертетудің  негізгі  міндетімен  логикалық  түрде  байланысты сұрақтар  жүйесінен  тұратын  алғашқы әлеуметтік-психологиялық  ақпараттарды  алудың  әдістемелік құралы.
6
Ассоциация 
 (лат.)1) неғұрлым жалпы  мағынасы – екі (не одан да көп) элементтердің  арасындағы  анықталған кез келген  функциялық байланыс.
5) Психологияда -  сыртқы және ішкі  тітіркендіргіштердің  әсер  етуінен туатын  адамның   психикалық  процестері мен  қимыл- әрекеттерінің  байланысы.
7
Әлеуметтік  мотивтер
Оқушының  басқа  адамдармен  әр түрлі өзара  әрекеттерге  түсуі.
8
Әлеуметтік  ынтымақтасу мотиві
Оқушы басқа  адамдармен  қарым-қатынас жасап және  өзара  әрекеттескісі  ғана  келмей, сонымен  қатар,  сынып  бойынша жолдастарымен  немесе  мұғаліммен  өзінің  ынтымақтастығының  және  өзара әрекетінің  формасын  сапалауға, талдауға, бұл  формаларды  әрқашан  жетілдіруге  ұмтылады. 
9
Әлеуметтік  ұстаным
Субъектінің мінез-құлық  стилін  анықтайтын топ  ішіндегі орны.
10
Әрекеттің  бағдарлаушы  негізі
Орындалатын  немесе жүзеге  асатын  әрекеттің  мақсаты, жоспары және  құралдары жайлы  адамның  түсініктерінің жүйесі. Бұл терминді П.Я.Гальперин енгізді (ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру теориясы).
11
Бағдар	
Белгілі бір  объектінің  қайта  жаңғыртлуы жағдайында  соған  бағытталған  әрекетке  дайындық  күйі.
12
Бақылау
Жұмыстың  басталуы алдында  болатын  бақылау
13
Бихевиоризм
ХХ ғасырдың  басында  АҚШ-та қалыптасқан психологияның  пәні  ретінде  сырттай  бақыланатын, мінез-құлықты түсінетін  механикалық  түсініктегі  психологияның  классикалық  бағыттарының бірі.
14
Өзін-өзі болжаушы, перспективалы, жоспарлаушы генетикалық  әдіс
Грек тілінде туылуға, шығу тегіне  тқатысты айтылады. Психогенетика  адамның  жеке  психологиялық  ерекшеліктерінің  пайда  болуын, олардың қалыптасуында орта мен  генотип  рөлін  анықтау  болып табылады.
15
Елес
Бұрын қабылданған  заттардың  мидағы  жалпылама  бейнелері
16
Жастық  дағдарыстар
Шұғыл психологиялық  өзгерістермен сипатталатын  онтогенездің  салыстырмалы  қысқа  мерзімді (шамамен бір жылға дейін) айырқша  кезеңі.
17
Жасөспірімдік кезең
Балалық  шақтан  балаң  жасқа  өту  кезеңі (11-15 жас аралығын қамтиды).
18
Жетекші іс-әрекет
Тұлға  дамуының  берілген кезңінде  оның  психикалық  қасиеттерінде  мәнді  өзгерістер тудырып,  психологиялық  жаңа  түзілістердің  пайда  болуын  шарттандыратын  іс-әрекет түрі.
19
Иллюстративтік рөл
Жаңа материалдарды  меңгерту кезінде  көрнекілікті рөлді  пайдалану.
20
Индивид
1)жеке  табиғи мақұлық ретінде  Адам, Homo sapiens өкілі, филогенетикалық  және онтогенетикалық  дамудың  өкілі; 
2)адамзат қауымының  жеке  өкілі.
21
Индукция 
Білімнің  жеке-жеке  пайымдаулардан  жалпы  қағидаларға  қарай  ілгерілеуі. Индукция дедукциямен тығыз байланысты.
22
Интериоризация
Сыртқы  әлеуметтік  қызметтің  игеруі арқасында  адам  психикасының  ішкі  құрылымындарының  қалыптасуы.И.ұғымын француз психологтары  П.Жане,Ж.Пиаже, А.Валлон т.б. енгізді.
23
Кең әлеуметтік мотивтер
Білім  алуға  ұмтылу. Отанға, қоғмға қажетті  болу, өзінің  міндеттерін  орындауға ықылас, оқудың  қажеттілігін  және  жауапкершілік  сезімін  түсіну.
24
Кинестезиялық түйсік
(грек)дененің  жеке  мүшелерінің  бір  күдегі қалпын,  қозғалысын білдіреді. К.т.кейде қозғалыс түйсігі деп  атайды.
25
Қадамдық,  операциялық өзін-өзі бақылау
Жұмыстың барысын  бақылау
26
Қарым-қатынас 
Бірлескен іс-әрекет қажеттілігімен  және  ақпарат  алмасумен  тудрылатын  адамдар  арасындағы  байланыс орнатудың  күрделі, көпсатылы  процесі.
27
Қорытынды өзін-өзі  бақылау
Жұмыстың нәтижісі бойынша  бақылау
28
Қызығушылық 
Тұлғаның  іс-әрекет мақсатын  саналауға бағыттылығын  қамтамасыз  ететін  танымдық  қажеттіліктердің көрініс табу түрі.
29
Логика
(гр) – философияның  нормативті  саласы; ойлаудағы  сәйкестік  критерийіне, дұрыс предикация заңдарына, ой тұжырымдау принциптеріне қатысты.
30
Мақсат
Бұл оқу  іс-әрекетіне  кіретін  жекелеген  әрекеттерді  орындауға  оқушының  бағыттылығы.
31
Манипуляция
(гр) жануарлардың  кеңістіктегі  орта  компоненттерінің барлық  формаларымен  белсенді  араласуын  қамтитын  қимыл-қозғалыс белсенділігінің туындауы.
32
Мотивация
Тұлғаның  мотивтер  жүйесі
33
Өзін-өзі бағалау 
Оқушының  оқу  кезеңдерінің өзі үшін  тең  өлшемін бағалау.
34.
Оқу іс-әрекеті
Ғылыми   түсініктерді меңгеруде әрекеттің  қорытынды тәсілдерін  игерудің  өзінің  мазмұнына  кіретін , бағытталған  іс-әрекет (Д.Б.Эльконин).
35
Психикалық  жаңа құрылымдар
әрбір  жас  кезеңінде  психикалық  даму  нәтижісінде  қалыптасатын  оның  бүкіл  алдыңғы  дамуын  анықтайтын  сапалы  өзгерістер.
36
Разряд
Ондық бөлшектердің  өлшемдік  дәрежесі
37
Рефлексия
 (лат) субъектінің психикалық  акты мен  күйлерді  өзінше  талдау  және  тану  процесі.
38
Тест
Сынақ.
39
Топ
 әлеуметтік ортадан  белгілі  бір  нышандары негізінде бөлінетін  адамдардың шектеулі  шамадағы  бірлестігі.
40
Тұлға 
өзіне-өзі  тұтас дүниемен  өзара  қатынастарын  ылғи  баяндайтын және   ойдағы әңгімелесушімен  ішкі  полемика  барысында  өзін-өзі анықтайтын, кінәлайтын, қоғайтын, өзін-өзі  жетілдіріп, өзгертетін  адам.
41
Ұғым 
Заттар  мен  құбылыстардың мәнді  белгілері  мен  ерекшеліктерін  бейнелейтін  жалпылаушы ойлау  формасы.
42
Ұстаным 
Ақиқаттың  белгілі  бір жақтарына  тұрақты  қатынастар  жүйесі

2 ДӘРІСТЕР
1-тақырып: Педагогикалық психология ғылым ретінде
Жоспар:
	Педагогикалық психология пәні, мақсат-міндеттері
	Педагогикалық психологияның құрылымы
	Педагогикалық психологияның қалыптасу кезеңдері
1. Педагогикалық психология ұғымы зерттеушілердің пікірлері бойынша ғылыми айналымға 1877 жылы орыс педагогы П.Ф.Каптеревтің (1849-1922) «Педагогикалық психология» атты кітабы жарық көрген соң енгізілген.
Педагогикалық психология – оқыту мен тәрбиелеу барысында солардың болмысының  даму  заңдылықтарын зерттейтін, танымдық қызметі мен қоғамдық қасиеттерін жүйелейтін психология  ғылымының саласы.
«Педагогикалық психология жалпы психологияның заңдылықтарын, баланың оқу – тәрбие ісінде психикасын түсінуге тікелей әкеліп қана қоймай, оқушының психикасын оқу әрекеті үстінде зерттеп, оның ерекшеліктерін, заңдылықтарын өзінше бөлек мақсат деп есептейді» (Л.С.Выготский).
«Педагогикалық психология білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеру заңдылықтарын, осы процестердегі жеке даралық өзгешеліктерді, оқушылардың өз бетімен  шығармашылық ойлауын қалыптастыру заңдылықтарын, бала психикасында оқыту мен тәрбиелеу әсерінен пайда болатын өзгерістерді зерттейді» (В.А.Крутецкий).
«Педагогикалық психология оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді» (А.В.Петровский).
«Педагогикалық  психология белгілі даму кезеңдеріне сәйкес қоғамда қалыптасқан іс-әрекет тәсілдерін меңгеру заңдылықтарын зерттейді.Сонымен қатар ол үйрету  процесі мен даму процесі арасында байланыс орнатып, қандай жағдайда үйрету даму мүмкіндіктерін тудыратындығын анықтайды» (Т.В.Габай).
«Педагогикалық психология оқыту мен тәрбиелеу жағдайындағы адамның даму заңдылықтарын зерттейді» (Л.И.Божович).
«Әлеуметтік – мәдени тәжірибені адам тарапынан  игеру фактілері, механизмдері, заңдылықтары және осыдан туындаған оқу әрекеті субъектісі ретінде адамның интеллектуалдық және жеке тұлғалық даму деңгейіндегі өзгерістерді меңгеру, білім беру процесінің әр түрлі жағдайда ұйымдастарылуы педагогикалық психологияның пәні болып табылады» (И.А.Зимняя).
«Педагогикалық психологияның пәні – білім алушы, тәрбиеленуші сондай-ақ, осы оқыту мен тәрбие процестерін ұйымдастырушылар (педагог,тәрбиеші) тарапынан оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу» (И.Логвинов, С.Сарычев,А.Силаков).
«Педагогикалық психология балалар психикасының оқу – тәрбие жұмысындағы өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, мектеп тәжірибесінің дамуына үлес қосып отырады. Педагогикалық психология сабақ үстінде оқу материалдарын балалар қалай ұғынады, не тәрбие жұмысында үлкендердің тілін алып, тәртіп сақтауға  қалай көнеді, міне осымен шұғылданады.Осыған орай педагогикалық психология бұл мәселелермен айналыса отырып, өзінің ізденетін объектісін мынадай үш түрге бөледі: оқыту психологиясына, тәрбие психологиясына және ұстаздық психологияға» (М.М.Мұқанов).
Педагогикалық психология тәрбие мен оқытудың психологиялық заңдылықтарын зерттейтіндіктен осы ұғымдарға тоқтала кетейік.
Тәрбие мен оқытуға әр тұрғыда түсінік берілгенімен олар педагогикалық әрекеттің бір – бірімен тығыз байланысқан екі жағы. Ақиқатта тәрбие мен оқыту үнемі бірге жүзеге асырылады, сондықтан оларды бір-бірінен  ажырату да мүмкін емес. Баланы тәрбиелей отырып, біз оны  бірдеңеңге  үйретеміз,оқытамыз,оқыта отырып тәрбиелейміз. Әйтсе де, мақсаттары, мазмұндары, әдістері және т.б әр түрлі болғандықтан болар осы прцестер педагогикалық психологияда жеке – дара оқытылады. Мәселен, оқыту әдістері адамның әлемді,материалдық мәдениетті қабылдауымен  түсінуіне негізделсе, тәрбие әдістері – адамның адамды, адам моралын, рухани мәдениетті қабылдауы мен түсінуіне негізделген.
Тәрбие көбінекей адамдардың өзара  іс-әрекеттері арқылы жүзеге асады да дүниеге көзқарасты, мотивацияның және жеке тұлғаның мінезін дамытуды, сондай – ақ оның қасиет – сапалары мен адами қылықтарын қалыптастыруды көздейді. Оқыту пәндік теориялық және практикалық іс-әрекеттің  әр түрлері арқылы жүзеге асырыла отырылып, баланың интеллектуалдық және когнитивті дамуына бағытталған.
Педагогикалық психологияның зерттейтін  мәселелері:
	Оқыту мен тәрбиелеудің өзара байланысы мәселесі;
	Дамудағы сензитивтік кезең мәселелері;
	Балалар дарындылығы мәселесі;
	Бала дамуының жүйелік  сипаты және педагогикалық ықпал етудің кешенділігі мәселесі;
	Баланы педагогикалық қараусыз қалдыру мәселесі;
	Балаларды мектептегі оқуға даярлау мәселесі;
	Оқытуды жекелендіру (индивидуалдандыру) мәселесі;
	Психологиялық – педагогикалық диагностика мәселесі;
	Мұғалім мен тәрбиешіні психологиялық – педагогикалық даярлау мәселесі;
	Әлеуметтік адаптация және әлеуметтік реабилитация мәселелері және т.б.
Педагогикалық  психологияның міндеттері:
	Оқу – тәрбие процесінде білім алушылардың интеллектуалдық және жеке тұлғалық даму заңдылықтары мен психологиялық ерекшеліктерін зерттеу,анықтау;
	Білім алушылардың әлеуметтік – мәдени тәжірибені, оның құрылымын меңгеру механизмдері мен заңдылықтарын анықтау, өзіндік санасында сақтау;
	Оқыту мен тәрбиелік әсер ету форма, әдістерінің білім алушының интеллектуалдық және жеке тұлғалық даму деңгейлері арасындағы байланысына әсерін анықтау;
	Білім алушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру мен басқару ерекшеліктерін және осы процестердің интеллектуалдық, жеке тұлғалық дамуы мен іс-әрекеттің психологиялық негізін зерттеу;
	Дамыта оқытудың  фактілерін, заңдылықтарын, механизмдерін анықтау;
	Білімді меңгеру, заңдылықтарын, шарттарын, критерийлерін (өлшем), осылар негізінде іс-әрекеттің құрамын анықтау;
	Меңгерудің диагностикалық деңгейі мен сапасының психологиялық негізін анықтау және білім беру стандартына  сәйкестендіру.
	Педагогикалық психология  принциптері:
	Детерминизм принципі;
	Сана мен іс-әрекеттің бірлігі принципі;
	Жеке тұлғаның дамуы принципі және т.б.
2. Педагогикалық психология құрылымы:
	Оқыту психологиясы;
	Оқу психологиясы;
	Тәрбие және өзін-өзі тәрбиелеу психологиясы;
	Педагогикалық іс-әрекет және ұстаз тұлғасы психологиясы.
	Оқыту психологиясы
Пәні: Жүйелі оқыту (білім беру) жағдайында танымдық сфераның дамуы.
Негізгі міндеттері:
	Әр түрлі дидактикалық жүйе жағдайында танымдық әрекеттің ерекшелігін ажырататын сыртқы және ішкі факторлардың өзара байланысын ашу;
	Оқыту жағдайында мотивациялық жіне тұлғалық дамудың өзара байланысын зерттеу;
	Баланың дамуы мен оқыту процесін басқару мүмкіндіктерін ашу;
	Оқыту тиімділігінің психологиялық – педагогикалық критерийлерін бөліп алу.
	Тәрбие психологиясы
Пәні: Бала мен ұжым іс-әрекеттерін мақсатты үйымдастыру жағдайында жеке тұлғаның дамуы.
Негізгі міндеттері:
	Оқушының мотивациялық сферасы мазмұнын, оның бағытын,адамгершілігін,т.б, зерттеу;
	Әр түрлі жағдайда тәрбиеленіп жатқан тәрбиеленушілердің өзіндік санасының ерекшелігін анықтау;
	Балалар  мен жасөспірімдер ұжымының құрылымы мен олардың жеке тұлғаның қалыптасуына әсерін зерттеу.
	Педагогикалық іс – әрекет және ұстаз психологиясы
Пәні ; Кәсіптік педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуының психологиялық аспектілері, сондай-ақ осы әрекеттің қарқынды дамуына немесе тежелуіне әсер ететін жеке тұлғалық ерекшеліктер.
Негізгі міндеттері:
	Педагогтың шығармашылық әлеуетін және олар арқылы педагогикалық стереотиптерді жою мүмкіндіктерін анықтау;
	Ұстаздың эмоционалдық тұрақтылығын зерттеу;
	Ұстаз бен оқушы қарым – қатынасы даралық стилінің оңды ерекшеліктерін анықтау.
	Педагогикалық психологияның басқа ғылым салаларымен байланысы. Педагогикалық  психологияның басқа ғылым салаларымен байланысу себептері:
Біріншіден, ол ғылыми білім үшбұрышының ортасында орналасқан жалпы психологиялық білімнің нақты саласы болып табылады.Ғылыми білім үшбұрышының Б.М.Кедров ұсынған түсіндірмесі (оның шыңы – жаратылыстану ғылымдары,оның тағандарының бұрыштары – философия және қоғамдық ғылымдар, ал ортасында осы ғылымдармен психология түйісіп тұр).
Екіншіден,білім беру  процесі өз мақсаты мен мазмұнына  сәйкес әлеуметтік мәдени тәжірибені тасымалдаушы болып табылатындығында және осындай мәдениетте өркениеттік білімдердің таңбалық,тілдік формада шоғырлануында.
Үшіншіден, пәннің өзі танып білуші, тануға үйретілуші, басқа да көптеген ғылымдар тарапынан зерттелетін адам болып табылуында.
	Педагогикалық жас ерекшелігі психологиясының өзара байланысы зерттелу объектісі – бала, жеткіншек,жасөспірім – ортақтығымен түсіндіріледі.Жас ерекшелігі психологиясы әр жас кезеңдеріндегі адам психикасының дамуын зерттесе, педагогикалық психология оқыту мен тәрбиелеу жағдайындағы адамның даму заңдылығын зерттейді.
	Жас ерекшелігі психологиясының принциптері:
	Белгілі бір жас кезеңі жеке дара зерттелмейді, ол жалпы тенденция  бойынша осы жасқа дейінгі мен кейінгілерді ескере зерттеледі;
	Жас ерекшелігі (хронологиялық шеңбер және мазмұн) статистикалық емес, олар қоғамдық – тарихи факторлар арқылы анықталады;
	Әрбір жастың қоршаған ақиқат орта мен өзінің  іс-әрекетіне қатысты  ұйымдастырылған даму резервтері болады;
	Бір жастан екінші жасқа өту ондағы психологиялық жаңа сапалардың қалыптасуымен, яки басты әрекет типінің өзгеруімен, дамудың әлеуметтік жағдаяттарымен, адамның қоршаған ортамен қатынас типімен және т.б. анықталады.
3. Педагогикалық психологияның қалыптасу кезеңдері.
I кезең. XVIIғ.ортасы – XIX ғ.аяғы (жалпы дидактикалық) Ян- Амос- Коменский (1592-1670), Жан – Жак-Руссо (1713-1778), Генрих Песталоцци (1746-1827), Иоганн Гербарт (1776-1841); Адольф Дистервег (1790-1866), П.Ф.Каптерев (1849-1922). Қарастырылған проблемалар даму,оқыту және тәрбие ұғымдарының өзара байланысы,оқушының шығармашылық белсенділігі,баланың қабілеттілігі және оны дамыту,мұғалімнің рөлі,оқытуды ұйымдастыру.Демек, аталған ұғымдардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіндіруге алғашқы әрекеттердің жасалуы.
II кезең. XIX ғасырдың аяғы мен ХХғ.ортасы.Бұл кезеңде педагогикалық психология алдыңғы кезең ғалымдарының педагогикалық ойларының жетістіктерін пайдаланып, психологиялық , психофизиологиялық, эксприменталдық зерттеулердің нәтижелеріне бағытталып, дербес сала болып қалыптаса бастады.А.П.Нечаев, А.Бине (1896-1990) мен француз психологы  Бергсон Анри (1859-1941),М.Оффнер, Э.Мейман,В.А.Лай,Г.Эббингауз, Женевадағы генетикалық психология мектебінің негізін салушы швейцар психологы Ж.Пиаже (1886-1980), француз психологы Анри Валлон (1872-1962), Дж.Дьюи (1859-1952), С.Фрэне өз зерттеулерінде есте сақтау ерекшеліктері, тіл дамыту,интеллектіні дамыту,дағды қалыптастыру ерекшеліктері және т.б. мәселелерді  қарастырды.
ІІ кезең ерекше психологиялық-педагогикалық бағыт -  педологияның пайда болуымен сипатталады.Педология (грек. Paidos-бала, logos- ілім) ұғымын 1893 жылы американдық психолог О.Хризман ұсынды.Осы ағымның негізін қалаушылар -  С.Холл, Дж.М.Болдуин, Э.Киркпатрик, неміс психологы Эрнст Мейман (1862-1915), В.Прейер,П.П.Блонский (1884-1941), Л.С.Выготский (1896-1934) және т.б. Бұл ағымның мазмұның жасөспірімдердің дамуы туралы психологиялық анатомиялық – физиологиялық,биологиялық,әлеуметтік сияқты көзқарастардың жиынтығы құрады.
Негізгі идеясы: бала – тұтас жүйе. Ол жеке – жеке зерттелуге, демек бір бөлігін физиология, бір бөлігін психология, бір бөлігін неврология зерттеуге тиіс емес.
	Баланы оның психикасына ғана емес, дамудың антропоморфиялық көрсеткішіне әсер ететін әлеуметтік ортасын ескере отырып қана зерттеуге болады.
	Бала туралы ғылым теориялық қана емес, практикалық та болуы тиіс.
	Баланы, оның үнемі даму үстінде екендігін ескерген кезде ғана түсінуге болады.
Генетикалық принцип дамудың динамикасы мен тенденциясына зейін қоюды білдіреді.
ІІІ кезең. ХХғ. 50-60-90 жылдары.Б.Ф.Скиннер, Л.Н.Ланда, В.Оконь, М.М.Махмутов, П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов және т.б.
Оқытудың психологиялық  теорияларының, яғни педагогикалық психологияның теориялық негізін  қалау кезеңінде 1954 жылы Б.Ф.Скиннер бағдарламалық оқыту идеясын ұсынса, 60-жылдары Л.Н.Ланда алгоритмдеу теориясын ұсынды, 70-80 жылдары В.Оконь, М.М.Махмутовтар  проблемалық оқытудың тұтастай жүйесін құрды. Ол бір жағынан Дж.Дьюидің оқыту проблеманы шешу арқылы жүргізілуі қажет деген жүйесін жалғастырушы  болса, екінші жағынан – О.Зельц, К.Дункер, С.Л.Рубейнштейн, А.М.Матюшкиндердің ойлаудың проблемалық сипатының, оның кезеңдерінің, проблемалық жағдайда әрбір ойдың пайда болу мүмкіндігі туралы көзқарастармен байланыста болды.
1957-1958 жж. П.Я.Гальпериннің, 70-жылдардың  басында Н.Ф.Талызинаның  ақыл – ой әрекетінің кезеңдеп қалыптасу теориясының негізгі позициялары жарық көрді,онда педагогикалық психологияның негізгі жетістіктері мен өрістері көрсетілгенді. Осы кезеңде Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтардың еңбектерінде  дамыта оқыту теориясы да пайда болды.
Қазақстанда педагогикалық психологиядан тұғғыш рет еңбектер  жазып, педагогикалық,  психологиялық ғылымдар саласында ғылыми  қызметкерлер даярлауға үлес қосқан қазақтың тұңғыш психолог-ғалымы, жоғары және арнаулы орта білім Министрлігінің педагогика және психология саласындағы  ғылыми – әдістемелік кеңестің төрағасы болған және т.б. қоғамдық жұмыстар атқарған, Қазақ ССР Ғылым Академиясының академигі, профессор Т.Т.Тәжібаев (1910-1964). Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы саласында адамның сөйлеу, ойлау және рефлексивтік іс-әрекетін  кең тұрғыда зерттеген ғалым – зерттеуші, психология ғылымдарының докторы М.М.Мұқанов. Әл-Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, 2003 жылы «Қазақ психологиясының дамуы мен қалыптасуы» атты психологиядандокторлық диссертация қорғаған психология ғылымдарының докторы Қ.Б.Жарықбаев .Әлеуметтік  - психологиялық жағдайларды және оқыту процесіндегі  танымдық іс-әрекеттің тиімділік механизмдерін  зерттеумен; полиэтностық  орта құндылық бағдарлардың қалыптасу және даму  механизмдерін  кешенді зерттеумен; адамдардың  бірлескен  іс – әрекетіндегі, соның ішіндегі  моноэтностық  және полиэтностық өзара әрекет пен қарым-қатынастағы мағына, мотив, және мақсат құрылым  механизмдерін зерттеумен кең көлемде айналысушы  психолог – ғалым С.М.Жақыпов . Қазіргі  психологияның өзекті мәселелерімен  айналысушы ғалымдар психология ғылымдарының докторлары Ж.Ы.Намазбаев,Х.Т.Шерьязданова, және т.б.

Негізгі ұғымдар: педагогикалық психология,  оқыту психологиясы, тәрбие психологиясы, ұстаз психологиясы.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
	Педагогикалық психология пәнін анықтаудағы педагог ғалымдардың анықтамалары.
	Педагогикалық психологияның құрылымы қандай?
	Педагогикалық психологияның қалыптасу кезеңдерін атаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
	Столяренко Л.Д.Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004
	Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, ВЛАДОС, 2002
	Крутецкий В.А.Основы  педагогической психологии.М.,1972
	Курс общей, возрастной и педагогической психологии.Вып.3/Под ред.М.В.Гамезо.М.1982.Гл.ХХ
	Талызина Н.Ф. Педагогическая психология.М.,1998.
	Выготский Л.С. Педагогическая психология.
	Сламбекова Т.С. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Семей, 2008


2-тақырып: Педагогикалық психология категориялаы мен зерттеу әдістері
Жоспар:
	Педагогикалық психологияның категориялары
	Педагогикалық психологияның зерттеу әдістері
1. Категория ( грек Kategoria- пікір айту; белгі) – белгілі ақиқаттың құбылыстары туралы қатынас пен мәнді қасиеттерін беретін  ғылыми ұғым. Ғылым әдебиеттерде категориялар термин, ұғым деп те беріледі.
Педагогикалық терминология – білім, тәрбие, оқыту  теориясы мен практикасында қолданылатын кәсіптік  сөздер жүйесі. Педагогикалық  терминология  белгілі ұғымды  анықтауда мұғалімдерге жеңілдік туғызып, уақыт  пен ой әрекетін  үнемдеуге септігін тигізеді. Тәлім аппараты  түсініктерін қалыптастыру педагогикалық құбылыстар мен мәнін ұғынуға себепші болады.
Ғылым тілін түсіну  үшін категорияларды  білу міндетті.
Педагогикалық психологияда қолданылатын категориялар (ұғымдар)
Философиялық:
	Жалпы және жеке;
	Мән және құбылыс;
	Қарама – қайшылық;
	Байланыс;
	Себеп және салдар;
	Форма;
	Мазмұн.
Жалпы ғылыми:
	Жүйе;
	Құрылым;
	Функция (қызмет);
	Элемент;
	Мақсат;
	Іс-әрекет;
	Жеке тұлға.
Жеке ғылыми:
Педагогикалық психологиямен тікелей байланыстағы ғылыми ұғымдар:
	Білім беру;
	Білім беру мазмұны;
	Оқыту;
	Тәрбиелеу;
	Әлеуметтендіру;
	Жеке даралық;
	Бейімделу(адаптация);
	Әлеуметтік тәжірибе.
Арнайы педагогикалық психология категориялары:
	Оқу;
	Оқу іс-әрекеті;
	Тәжірибе жинақтау;
	Әлеуметтік тәжірибені меңгеру;
	Дағды;
	Білім;
	Іскерлік;
	Педагогикалық қабілеттер.
2.Әдіс (грек metodos – зерттеу немесе таным, теория, оқыту жолы) – таным жолы;  ғылыми білімді құру тәсілі және негіздеу; ғылым пәнін анықтауға ықпал етуші тәсіл.
Педагогикалық зерттеу әдістері – оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың объективті заңдылықтарын танып білудегі  амалдар мен тәсілдер жиынтығы.
Педагогикалық психология зерттейтін мәселелер  туралы  мәліметтер 3 негізгі мәлімет көздері  арқылы алынады: олар – L-,Q – және Т -  деректер.Мәлімет алудың бірінші көзі L – деректер – бақылау нәтижесінде адам өмірін тіркеп отыру арқылы  алынған деректер, мұнда сараптамалық  бағалау да кіреді. Мәлімет алудың екінші көзі Q – деректер – сауалнамалар  мен өзін – өзі бағалаудың  басқа әдістері негізінде алынады. Аталған мәлімет көзіне ММР – Минесоттық көпсалалы тұлғалық тізбе, Кэттелдің 16-факторлық тұлғалық тұлғалық сауалнамасы, т.б. жатады.
Мәліметтің үшінші  көзі – Т – деректер – бұл объективті тестердің мәліметтерді, олардың  ішіндегі  негізгі 12 топ Р.Б.Кэттел мен В.Ф.Варбуртондар бойынша педагогикалық психологияда тестілеу әдісін қарастырғанда келтіріледі.
Педагогикалық психологияның зерттеу әдістері бойынша туындайтын мәселелер:
	Психологиялық – педагогикалық зерттеудің  әдіснамалық негізгі мәселесі;
	Педагогикалық психологияда  жалпы ғылыми  және жалпы психологиялық  зерттеу әдістерін  қолдану  мүмкіндіктерін  анықтау мәселесі;
	Педагогикалық психологияға ғана тән зерттеу әдістерін құру мәселесі;
	Педагогикалық психологияда экспрерименттік әдісті қолдану ерекшелігі мәселесі;
	Жеке тұлғаның дамуын психологиялық – педагогикалық зерттеу мақсатында диагномстикалық (анықтау) әдістемелерін құру мәселесі.
Психологиялық зерттеу әдістерінің жүйесі 
(Б.Г.Ананьев бойынша):
	Ұйымдастырушылық 
	Салыстырмалы;
	Лонгитюдті;
	Кешенді;
	Эмпирикалық 
	Обсервациялық (бақылау),
	Бақылау;
	Өзін – өзі бақылау;
	Эксперимент;
	Қалыптастырушы;
	Даладағы;
	Табиғи.
	Психодиагностикалық
	Қызмет нәтижесін талдау;
	Модельдеу;
	Биографиялық.
	Мәліметті өңдеу тәсілдері
	Мәліметті  математикалық – статистикалық саралау әдістері;
	Мәліметтің сапасын саралау әдістері.
	Интерпретациялық
	Генетикалық әдіс;
	Филогенетикалық әдіс;
	Онтогенетикалық әдіс;
	Құрылымдық әдістер
	Жүйелеу;
	Типтеу.
Педагогикалық психологияны зерттеу әдістері
(И.А.Зимняя бойынша):
	Ғылыми танымдық деңгейге қарай:
	Теориялық немесе эмпирикалық теориялық зерттеу әдістері
	Аппроксимация;
	Аксиоматизация;
	Экстраполяция;
	Мольдеу және т.б.
	Эмпирикалық зерттеу әдістері:
	Бақылау;
	Әңгімелесу;
	Эксперимент;
	Тест.
	Объектімен әрекеттесу сипатына қарай:
	Объектіні зерттеу ( аталған теориялық және эмпирикалық әдістердің барлығы жатады);
	Алынған деректерді өңдеу
	Сапалық және сандық өңдеу;
	Коррекиялық талдау;
	Факторлық талдау;
	Кластерлік талдау;
	Зерттеудің мақсаты мен ұзақтығына байланысты
	Көлденең кесінді әдіс;
	Лонгиюдті әдіс (ұзақ уақыттық);
	Зерттеу объектісінің ерекшелігіне байланысты:
	Бақылау (күнделік жазу);
	Әңгімелесу (анкета, сұхбат);
	Тест;
	Іс-әрекет нәтижесін саралау;
	Референтометрия;
	Социометрия.
Педагогикалық психологияның арнайы әдістері:
	Психологиялық – педгогикалық эксперимент;
	Арнайы психологиялық – педагогикалық тестілеу;
	Бақылау;
	Әңгімелесу;
	Сұхбат;
	Сауалнама;
	Іс – әрекет (шығармашылық) өнімін талдау.
Бақылау мен экспериментті салыстыру:
	Сұрақтар (сауалдар) табиғатына орай бақылауда ашық күйінде қалдырылады. Бақылаушы  сауалдың жауабын білмейді немесе жартылай ғана меңгерген (түсініксіз).
Эксперименте – сауал гипотеза ( болжам) түрінде беріледі. Эксперименттің мақсаты болжамды тексеру.
	Жағдаятты бақылау бойынша:
Жағдаятты бақылау экспериментке қарағанда қатаң емес.
Экспериментте жағдаят нақты анықталған.
	Зерттелушінің әрекетін тіркеу  нақтылығы бақылауда экспериментке қарағанда қатаңдығы әлдеқайда төмен, экспериментте бақылаушы әрекеті нақты тіркелген.
Педагогикалық – психологиялық зерттеулердің негізгі кезеңдері
1. Проблеманың (мәселенің) жағдайын зерттеу. Проблеманы қоя білу, зерттеу объектісі мен пәнін анықтау.
2. Кеңінен таралған зерттеу концепциясын нақтылау немесе құру.Гипотеза (болжам) жасау.
3. Зерттеу жоспарын құру.
	Зерттеу мақсаты мен міндеттерін анықтау;
	Эксперимент жоспарын анықтау;
	Зерттеу әдістері мен әдістемелерін тадау;
	Мәліметті өңдеуде қолданылатын математикалық әдістерді жіне т.б. анықтау.
4. Мәліметті жинақтау және  фактілер бойынша жазу.
5.Нәтижені (мәліметті) өңдеу.
6. Гипотезаның дәлдігін нәтиже бойынша бағалау,зерттеу концепциясы шеңберінде нәтижені интерпретациялау (талдау беру, түсіндіру).
7. Алынған нәтижені ғылымдағы концепция және теориялармен байланыстыру.Жалпы қорытынды  жасау.Проблеманың перспективасын бағалау.

Негізгі ұғымдар: категория, мән, құбылыс, педагогикалық жүйе, құрылым, педагогикалық қызмет, педагогикалық іс-әрекет.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
	Педагогикалық психологияның философиялық, жалпы ғылыми, жеке ғылыми, арнайы педагогикалық категорияларын атаңыз.
	Педагогикалық зерттеу әдістерінің өзіндік жетістіктері мен кемшіліктері қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
	Столяренко Л.Д.Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004
	Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, ВЛАДОС, 2002
	Крутецкий В.А.Основы  педагогической психологии.М.,1972
	Курс общей, возрастной и педагогической психологии.Вып.3/Под ред.М.В.Гамезо.М.1982.Гл.ХХ
	Талызина Н.Ф. Педагогическая психология.М.,1998.
	Выготский Л.С. Педагогическая психология.
	Сламбекова Т.С. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Семей, 2008


3-тақырып: Білм беру көпаспектілі феномен ретінде
Жоспар:
	Білім беру ұғымы
	Білім беру түрлері моделдері
	Білім беру  жүйесінің компоненттері

	«Білім беру- жеке тұлға мен қоғам мүддесі бойынша жүзеге асырылатын педагогикалық ұйымдасқан әлеуметтену процесі» (Б. М. Бим-Бад, А. В. Петровский).
«Білім беру- қоғамда арнайы ұйымдастырылған адамның дамуына қажетті жағдай жасау жүйесі» (В. С. Безрукова).
«Білім беру- білімнің, іскерліктің, дағдының, ойлау тәсілдерінің оқыту процесіндегі жетістігі жүйесі» (И. П. Подласый).
«Білім беру- адамзаттың әлеуметтік маңызды тәжірибесін меңгерумен байланысты білім, іскерлік, шығармашылық әрекеттерде жүзеге асырылатын жеке тұлғаның дамуы мен өзін-қзі дамыту процесі» (Үлкен энциклопедиялық сөздік).
	Білім беру түрлері
Мазмұнының типі бойынша
	Биологиялық;
	Математикалық;
	Дене тәрбиелік;
	Экономикалық;
	Филологиялық және т.б.
Доминантты мазмұнына байланысты
● Теориялық
- гуманитарлық;
- жаратылыстану ғылымы;
● Қолданбалы
- гуманитарлық;
- жаратылыстану ғылымы;
Адамзат әрекетін меңгеру шеберлігі мен түріне байланысты
	Музыкалық;
	Көркемдік;
	Техникалық;
	Технологиялық;
	Педагогикалық;
	Медициналық және т.б.
● Білім берудің жүйе ретінде 3 өлшемде қарастырылуы
Білім берудің әлеуметтік ауқымы, яғни әлемдегі, белгілі бір елде, қоғамда, аймақта, ұйымда, т.б. бұл жерде сонымен қатар мемлекеттік, жеке меншік, қоғамдық, қоғамның жоғарғы сатысындағы, клерикалдық және т.б. білім беру жүйесі;
Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі білім беретін оқу бағдарламаларының үздіксіздігі мен сабақтастығы принципі негізінде мынандай білім беру деңгейлерін қамтиды:
	Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту;
	Бастауыш білім беру;
	Негізгі орта білім беру;
	Орта білім беру (жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру);
	Орта білімнен кейінгі білім беру;
	Жоғары білім беру (бакалавриат, университет, академия, институт және оларға теңестірілгендер (консерватория, жоғары мектеп, жоғары училище);
	Жоғары оқу орнынан кейін білім беру (магистратура, аспирантура, докторантура).
˅ Білім беру бейімі
	Жалпы;
	Арнайы (математикалық, гуманитарлық, жаратылыстану т.б.);
	Қосымша кәсіптік.
● Осы позициялар бойынша білім беру сипаттары
Білім берудің жүйе ретінде ақсүйектік немесе клерикалды, мемлекеттік, жеке меншік, муниципалды немесе федералды екендігі;
Білім беру жүйе ретінде деңгейлігімен, сатылығымен сипатталады. Оның негізіне, басым көпшілік жағдайда, жас ерекшеліктік өлшемдер алынады. Барлық мемлекеттерде жеткілікті деңгейде мектепке дейінгі білім, үш сатылы мектептік (бастауыш, орта, жоғары) жүйе қалыптасқан.
Білім беру жүйесіне деңгейлердің сабақтастығы, басқаруға икемділігі, тиімділігі, бағыттылығы тән.
Білім беру жүйесінің ұсақ жүйелеріне сапалық және сандық сипат тән. 
Білім беру жүйе ретінде А. И. Субетто мен Н. А. Селезневалар бойынша дуалистік принципке сәйкес бір мезгілде қызмет ету және дамумен анықталады. Бұл көрсеткіштер әлеуметтік-экономикалық және жалпы педагогикалық болғанмен психологиялық-педагогикалық аспектілерді де белгілейді.
Психологиялық-педагогикалық аспектілер мынадай сұрақтарға жауап беруден тұрады:
	Адам (бала) немесе оның ата-аналары білім беру жүйесі кезеңдерінің барлық иерархиясын көз алдына келтіре отырып, дұрыс таңдауды қалайша жүзеге асырады;
	Әрбір білім беру құрылымының (кіші, орта, мектептегі жоғары кезең, гимназиялық, лицейлік) оқыту субъектісі- білім алушыға қатынасы қалайша жүзеге асырылады;
	Бір құрылымдағы алдыңғы дайындықтың келесі кезеңде білім алуды жалғастыруға мүмкіндігі, оның әрқайсысындағы әрекеттің тиімділік критерийлері, осы жүйені басқару ерекшелігіндегі жетістіктерді тестілеу көмегімен анықтау.
● Білім беру процесс ретінде:
˅ Оқыту процесінде тұлғаның дамуы және өзін-өзі дамыту және білім берудің үздіксіздігі арқылы танылады.
● Білім берудің нәтижесі болып:
˅ Нақты білім беру жүйесі арқылы алынатын және білім беру стандарты формасында тіркелетін нәтиженің бейнесі табылады.
˅ Белгілі білім беру жүйесінде білім алған адамның өзі. Бұл тұрғыда білім беру нәтижесі білім болып табылады.
● Қазіргі заманғы білім берудің негізгі тенденциялары (А.А. Вербицкий бойынша)
Бірінші тенденция- білім берудің әрбір кезеңін үздіксіз халықтық білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде ұғыну (мектеп пен жоғары оқу орны, ЖОО мен студенттердің болашақ өндірістік қызметі);
Екінші тенденция- «оқытуды индустрияландыру», яғни қазіргі заманғы қоғамның интеллектуалдық әрекетін іс жүзінде күшейтуге мүмкіндік беретін оқытуды компьютерлендіру және оны технологияландыру.
Үшінші тенденция- басым мәлеметтік формалардан проблемалық элементтер, ғылыми ізденістер, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қорын кеңінен қолданулары қамтылған оқытудың белсенді әдістері мен формаларына көшу.
Төртінші тенденция- оқу-тәрбие процесін қатаң тәртіппен ұйымдастыру мен алгоритмделген әдістерден осы процесті дамытушы, белсендіруші, жылдамдатушы, ойын және т.б. әдістеріне ауысудың психологиялық-дидактикалық шарттарын қарастыру.
Бесінші және алтыншы тенденция- оқушы мен оқытушының өзара әрекеттесуін ұйымдастыруға қатысты және оқытуды ұжымды, оқушылардың бірлескен әрекеті ретінде ұйымдастыру қажеттілігін атап өтеді, бұл жерде басты назар «оқытушының оқыту әрекетінен оқушының танымдық әрекетіне ауысады».
Білім берудің психологиялық принциптері:
	Қоғамның барлық тәрбиелеуші күштерінің, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсатындағы (мектеп пен басқа арнайы институттар) бірлігі;
	Ізгілендіру- қоғамның ең жоғары әлеуметтік құндылығы ретінде әр балаға көңіл аударуды күшейту, жоғары интеллектуалдық, адамгершілік қасиеттері және дене қуаты жетілген азаматты қалыптастыруға бағдар беру;
	Жіктеу (дифференциация) және даралау (индивидуализация), әрбір оқушының қабілеттілігін толық анықтау және дамытуға дейін жағдайлар жасау;
	Демократияландыру, оқушылар мен педагогтардың белсенділігін, шығармашылығын дамыту үшін алғышарттар құру, оқушылар мен мұғалімдердің мүдделерінен туған өзара әрекеттесу, жұртшылықтың білім беруді басқаруға кеңінен қатысуы.
	Білім беру моделдері:
	Білім беру моделі мемлекеттік-ведомстволық ұйым ретінде. Білім беру жүйесі мемлекеттік билік құрылымындағы халық шаруашылығының басқа да салалары сияқты өз алдына бөлек бағыт. Оның ведомстволық принцип бойынша қатаң түрде орталықтандырылған мақсаты болады. Білім беру мазмұны оқу мекемесінің номенклатурасы мен білім беру жүйесінің типіне сәйкес оқу пәндерін анықтаудан құралады.
	Дамыта оқыту моделі (В.В. Давыдов, В.В. Рубцов және т.б.). Білім беруді ұйымдастыруды білім беру жүйесінің әртүрлі ранг, тип және деңгейлерінде кең түрде іс-әрекет кооперациясы арқылы жүзеге асырылатын ерекше инфрақұрылым ретінде қарастыруды меңзейді. Осындай құрылым білім беру қызметінде халықтың қажеттілігін қанағаттандыра алмақ және тез арада білім беру міндеттерін шешіп, білім беру спектрін кеңейтуді қамтамасыздандырмақ. 
	Дәстүрлі модель (Ж. Мажо, Л. Кро, Ж. Капель, Д. Равич, Ч. Финн т.б.). Жүйелі академиялық білім беру моделі мәдениеттің әмбебап (универсалды) элементтерін тасымалдау тәсілі ретінде қарастырылады. Дәстүрлі концепцияға сәйкес білім беру жүйесі базалық білімді, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру міндетін шешуі тиіс.
	Рационалистік модель (П. Блум, Р. Ганьэ, Б. Скиннер т.б.). Білімді іскерлікті, дағдыны меңгеруді қамтамасыз ету арқылы қоғамға жас ұрпақты практикалық түрде бейімдеуді ұйымдастыруды шамалайды. Аталған модель аймағында жас ұрпаққа ауыртпалықсыз қоғамдық құрылымға енуге мүмкіндік беретін мәдени құндылықтарды тасымалдау-меңгерту жүзеге асырылады.
	Феноменологиялық модель (А. Маслоу, А. Комбс, К. Роджерс және т.б.). Оқытудың тұлғалық сипаты білім алушылардың индивидуалдық-психологиялық ерекшеліктерін ескеруді, олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне мұқияттылық пен құрметпен қарауды болжайды. Оның өкілдері мектепке «білім беру конвейері» деп қарауды теріске шығарады. Білім беруді гуманистік тұрғыда қарастырады.
	Институционалдық емес модель (П. Гудман, И. Иллич, Ж. Гудлэнд, Ф. Клейн, Дж. Уолт, Л. Бернар және т.б.). Білім беруді әлеуметтік институттардан, соның ішінде мектеп және ЖОО тыс ұйымдастырудың қажеттігіне бағытталған, демек білім беру «табиғатта», интернет көмегімен, «ашық мектеп» жағдайында, дистанттық оқыту және т.б. жүзеге асырылады деген қағиданы ұстайды.
Білім беру жүйесінің негізгі компоненттері (И.П. Раченко бойынша):
1.  Жүйенің қызметін анықтайтын мақсаттар мен міндеттер;
2. Оқыту мен тәрбиенің мазмұны;
3. Педагогикалық кадрлар:
4. Ғылыми кадрлар;
5. Оқушылар;
6. Материалдық-техникалық жабдықтау;
7. Жүйенің қаржымен қамтамасыздандырылуы және оның тиімділік көрсеткіштері;
8. Жағдайлар (психофизиологиялық, санитарлық-гигиеналық, эстетикалық және әлеуметтік);
9. Ұйымдастыру және басқару.
● Білім беру жүйесінің негізгі компоненттері (Ф.Г. Кумбас бойынша):
1. Жүйедегі әрекетті анықтайтын мақсаттар мен алғашқы міндеттер;
2. Оқушылар;
3. Жүйедегі әрекетті үйлесімді басқару, жетекшілік жасау және бағалау;
4. Оқу уақытының құрылымы мен бөлу, әртүрлі тапсырмаларға сәйкес оқушылардың бөлінуі;
5. Мазмұн;
6. Оқытушылар;
7. Оқу құралы;
8. Оқу процесіне қажет ғимарат;
9. Технология;
10. Білімді тексеру және бағалау;
11. Ғылыми-зерттеу жұмысы;
12. Жүйе тиімділігінің көрсеткіші, шығыны.

Негізгі ұғымдар: білім беру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш білім беру, орта білім беру, жоғары білім беру, білім беру моделдері.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
	Білім беру түрлеріне талдау жасаңыз.
	ҚР білім беру үйесінің өзіндік ерекшеліктері
Ұсынылатын әдебиеттер:
	Айсмантас Б.Б. Теория обучения: схемы и тесты, москва, ВЛАДОС, 2002
	Крутецкий В.А.Основы  педагогической психологии.М.,1972
	Курс общей, возрастной и педагогической психологии.Вып.3/Под ред.М.В.Гамезо.М.1982.Гл.ХХ
	Талызина Н.Ф. Педагогическая психология.М.,1998.
	Выготский Л.С. Педагогическая психология.
	Сламбекова Т.С. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Семей, 2008


4-тақырып: Оқыту психологиясының негіздері
Жоспар:
	Оқыту, оқыту процесі және концепциялары
	Оқыту процесінің құрылымы
	Оқыту даму проблемалары және оларды шешудегі негізгі бағыттар

	Ерте және ортағасыр ойшылдары «оқыту», «оқыту процесін» сабақ беру деп түсіндірді.
ХХ ғ. Басында оқыту ұғымы 2 компоненттен тұрды, олар сабақ беру немесе оқыту (преподавание) және оқу (учение). Ондағы оқыту- оқу материалын қабылдау үшін ұйымдастырылған мұғалімнің іс-әрекеті, ал оқу- оқушылардың білімді қабылдаудағы іс-әрекеттері.
Біраз кешірек оқыту (обучение) ұғымы танымдық әрекетті қалыптастырудағы оқытушының басқару әрекеті және оқытушы мен оқушының арасындағы бірлескен әрекет деп те қарастырылды.
Оқыту, оқу түсініктерін анықтаудың көп жақтылығы:
«Оқу- әртүрлі тапсырмаларды шешу арқылы білім мен икемділікті меңгеру» (Я.А. Коменский).
«Оқу- білім, икемділік пен даму және жалпы танымдық процестерді жетілдіру» (И. Гербарт).
«Оқу- белгілі бір пәндер бойынша білім, икемділік пен дағдыларды меңгеру» (А. Дистервег).
«Оқу- педагогикалық процестің ішкі жағы болып табылатын оқушының ішкі әрекетінің белсенді процесі» (П.Ф. Каптерев).
«Оқу-  сыртқы қимылдардың  қажетті қатысуымен сезімді және ойлы мазмұнның элементтерінен жаңадан пайда болған қасиеттер құрудың белсенді процесі» (В. Лай).
«Оқу- үш негіздеме бойынша тәжірибе жинақтаудың түрлері: біртіндеу-секіріс; саналы түрде ұғыну- аңғармаушылық; нақты көрінетін- сырт көзге көрінбейтін байланыстарды ұғыну» (Ж. Пиаже).
«Оқу- мінез-құлықтың өзгеруі, «стимул-реакция» схемасы (Дж. Уотсон) және міндетті түрде нығайтылуымен «стимул-жауап беруші реакция» схемасы бойынша (Э. Торндайк , Б. Скиннер, К. Холл) өзгеретін стимулдарға сыртқы реакциялардың өзгеруі, «стимуларалық ауыспалы (бейне, карта, жоспар) реакция» «Э. Толмен) формуласы бойынша проблемалық жағдаяттарда жаңа жоспарлар, мінез-құлықтың когнитивтік картасын меңгеру».
«Оқу- мағынасын меңгеру, яғни кейбір тітіркендіргіштер арқылы (ең алдымен, сөйлеу белгілерімен) объект-тітіркендіргіші жағдайындағы туатын реакцияларды туғызу қабілеттілігін игеру, сонымен қатар инструменталдық реакцияларды меңгеру» (Ч. Осгуд).
«Оқу- тәжірибенің бұрынғы құрылымын қайтадан құрылымдау, онда екі фаза бар- білім беру әрекетінің (алғашқы рет) жаңа формаларын құру және әрекеттің жаңадан пайда болған формаларын қайтадан құру және есте сақтау» (К. Коффка).
«Оқу- әрекет түрі, мұндай әрекет түрінде субъект берілген жағдаятта сыртқы шарттардың әсер етуінен және өзінің жеке әрекетінің нәтижесінде өзгереді, ол өз мінез-құлығын және өзінің психикалық процестерін жаңа ақпаратпен өз-өзіне сенімсіздік дәрежесін төмендетіп, өзін-өзі ұстаудың адекватты ережесін немесе дұрыс жауап табу мақсатында құрайды» (И. Лингарт).
«Оқу- ақпарат алу процесін кодтау, сақтау және пайдалану» (Р. Гэгни).
«Оқу- білім алу мен проблемаларды шешу» (К.Д. Ушинский).
«Оқыту- жеке тұлғаны дамыту мен тәрбиелеу міндеті шешілетін, педагогикалық негіздемесі бар оқыту актілерінің бірізді ауысуы» (И.Я. Лернер).
«Оқыту- жаттығуларды арқау ететін, оны бұрынғы жаңа жеке жаттығулар мазмұнымен байланыстыра толықтыратын жеке тұлғаны және ұжымды қалыптастыру түрі» (К.К. Платонов).
«Оқыту- оқушыларға білім беру міндеті шешімін табатын оқытушы мен оқушының біріккен әрекеті» (Ю.К. Бабанский).
«Оқыту- басқарылатын таным, қоғамдық-тарихи тәжірибені меңгеру, қайта жаңғырту, жеке тұлғаны қалыптастыру негізіне жататын нақты немесе кейбір әрекеттерді меңгеру процесіндегі қарым-қатынас» (П.И. Пидкасистый).
«Оқыту- оқыту процесіндегі оқытушының әрекеті» (Н.Ф. Талызина).
«Оқыту- отбасы, мектеп, ЖОО, қоғамдастық жағдайында қоғамдық-тарихи, әлеуметтік-мәдени тәжірибелерді басқаларға (адамзатқа) мақсатты, жүйелі түрде тасымалдау түсінігін білдіреді» (И.А. Зимняя).
«Оқыту- оқушылардың ғылыми білімді, дағдыны меңгерудегі, шығармашылық қабілетті, дүниетанымды және адамгершілік-эстетикалық көзқарас пен сенімді дамытудағы белсенді оқу-танымдық әрекетті ұйымдастыру мен ынталандырудағы мақсатты педагогикалық процесс» (И.Ф. Харламов).
«Оқыту- оқыту мен оқу процесінде жүзеге асатын оқитындарға оқытушылық және тәрбиелік ықпал ететін бірыңғай жүйе» (С.М. Жақыпов).
Бұгінде оқыту, оқу төмендегіше түсіндіріледі:
● Оқыту- педагогтың басшылығымен оқушыларды әлем туралы ғылыми білім жүйесімен және ғылыми негіздемесі бар әрекет құралдарымен қаруландыру.
● Оқыту- ғылыми негіздемесі бар әрекет құралдары арқылы білім жүйесін меңгеру, білім алушының интеллектуалдық сферасын, танымдық қабілеттері мен қызығушылықтарын дамыту.
● Оқыту- оқу материалын меңгеру негізінде жеке тұлғаны дамыту құралы.
Оқу- оқушының алдағы іс-әрекеті үшін білім, білік, дағдылары мақсатты түрде меңгеру процесі. Мектеп жағдайында оқу оқытумен өзектес жүреді. Оқу оқушының ақыл-ой (байқау, оқу, тапсырма орындау, т.б.) және дене (шеберханада, мектеп жанындағы үлескіде жұмыс істеу, т.б.) жұмысының жиынтығын бейнелейді. Мұғалімнің оқытқанын оқушы оқуда жүзеге асырады: тапсырманы көшіру, орындау және шығармашылық өзіндік әрекеттер орындалады.
Оқыту, оқу- білім, білік, әрекет дағдыларын үйрету мен меңгерту процесі, өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құралы. Оқу процесінде білім мен тәрбие мақсаттары жүзеге асырылады. Түрлі оқу орындарында оқу білім берудің басты жолы. Оқу- екі жақты процесс: мұғалім- білім беруші, оқушы- білім алушы. Оқу құрылымына оқушылардың өзінің жеке әрекетін және оқу әрекеттерін ұйымдастыру, оқушылардың білімді меңгерудегі белсенділігі мен саналылығын ынталандыру және білімді меңгеруінің, оқу әрекеттерін орындаудың сапасын реттеу, бақылау, оқу нәтижесін талдау мен оқушы тұлғасының әрі қарай дамуын болжау жатады.
Оқыту үйренуге қарағанда көбінекей бір қалыпта жоспарлы түрде ұйымдастырылуымен және саналы түрде басқарылуымен ерекшеленеді, үйрену жасырын (стихиялы) да болу мүмкін.
Оқыту және оқу- саналы процестер, ал үйрену болса санасыз деңгейде де жүзеге асады. Адамдардың өз бойынан мақсат етіп қоймаса да басқаларға тән дағды, сөз, әдет, қозғалысты байқауы үйренуге мысал бола алады.
Олай болса, үйрену кез келген іс-әрекеттің жемісі.
Егер, негізгі іс-әрекет мотиві- танымдық қызығушылық немесе индивидтің психологиялық дамуы болса, онда оқу іс-әрекеті туралы сөз болады. Егер мотив индивидтің басқа қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталса, онда «үйрену» ұғымы қолданылады.
	Педагогикалық процесс 5 элементтен тұратын жүйені құрайды (Н.В. Кузьмина)
	Оқыту мақсаты (оқу не үшін қажет);
	Оқу ақпаратының мазмұны (нені оқыту қажет);
	Оқыту әдістері, тәсілдері, педагогикалық коммуникация құралдары (қалай оқыту қажет);
	Оқытушы;
	Оқушы.
● Педагогикалық процесс күшінде болу үшін оған басқару компоненті қажет.
Педагогикалық басқару- мақсатқа сәйкес педагогикалық жағдаяттарды, процестерді бір жағдайдан екіншісіне аудару.
Педагогикалық басқару келесі компоненттерден тұрады:
▪ мақсат қою;
▪ ақпараттандыру (оқушылар ерекшеліктерін диагностикалау);
▪ мақсатқа сәйкес міндетті табу;
▪ мақсатқа жетуде іс-әрекетті жобалау, жоспарлау;
▪ жобаны іске асыру;
▪ орындау барысын басқару;
▪ түзету;
▪ қорытындылау. 
˅ Оқыту процесі дидактикалық жүйелер деп аталатын психологиялық-педагогикалық концепцияларды тірек етеді. 
Дидиктикалық концепциялар:
	Дәстүрлі
	Педоцентристік
	Дидактиканың қазіргі жүйесі
Дидактикалық оқыту жүйесінде доминантты роль- оқытуда, мұғалімнің іс-әрекетінде.
Оны Я.А. Коменский, И. Песталоцци, И. Гербарт сынды педагогтардың дидактикалық концепциялары құрайды.
Гербарт дидактикасын басқару, мұғалімнің жетекшілігі, орегламентация, ереже, бұйрық беру ұғымдары сипаттайды.
Оқыту құрылымы дәстүрлі түрде 4 кезеңнен тұрады:
˅ мазмұндау
˅ түсіну
˅ жалпылау
˅ қолдану.
Гербарт дидактика үшін маңызды мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға және жүйелеуге ұмтылады.
● ХХ ғ. Басында жаңа бағыт туындады- соның бірі педоцентристік концепция.
Бұнда басты роль- оқытудағы – баланың іс-әрекетіне берілді.
Осы концепция негізіне- американ педагогы Д. Дьюи, Г. Кершенштейннің, В. Лайдың мектептері жатқызылады.
Д.Дьюи оқыту процесін баланың қажеттілігін, қызығушылығын, қабілеттілігін негізге ала отырып, оларды «еңбек, өмір мектебінде» ақыл-ой қабілетін және әртүрлі іскерліктерін дамытуға ұмтыла отырып, сондай-ақ іспен шұғылдана отырып үйренуге, білім алуға ұйымдастырған.
Оқыту құрылымы:
	Қиындықты іс-әрекет процесінде түйсіну;
	Проблеманы және қиындық мәнін түсіну;
	Қорытындылау және алынған білім негізіндегі жаңа іс-әрекет.
Оқыту процесінің кезеңдері ойлануды, ғылыми ізденісті тудырады.
Баланың іс-әрекеттері:
˅ мазмұндама;
˅ сурет салу;
˅ театр;
˅ практикалық жұмыстар.
Осындай жүйенің барлық пәнде қолданылуы оқыту іс-әрекетіндегі жүйелілікті жоюға, кездейсоқ материалдарды қолдануға, уақыттың мөлшерден тыс бөлінуіне, оқу деңгейінің төмендеуіне әкелді.
● Қазіргі дидактикалық жүйеде- оқыту мен үйрету оқыту процесін құрайды. Және бүгінде дидактикалық концепцияны мынадай бағыттар құрайды:
˅ бағдарламалық оқыту;
˅ проблемалық оқыту;
˅ дамыта оқыту;
˅ гуманистік психология;
˅ когнитивті психология;
˅ педагогикалық технология;
˅ ынтымақтасу педагогикасы.
Осы концепциялардағы оқыту мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, олардың жалпы дамуы, интеллектуалдық, еңбектік, бейнелеу, іскерлігін кеңейту, танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру, алған білімді тиісті жағдайда қолдану.
Ғылымда оқытудың тәрбиелік және адам дамуының негізін ашатын және сипаттайтын теориялар жеткілікті болғанымен, бүгінгі күнде маңызды оқыту теориялары мен тұжырымдамалар қатарына жататындар:
˅ танымдық тұжырымдарды дамыту тұжырымдамасы (Г.И. Щукина т.б.);
˅ дамыта оқыту тұжырымдамасы (Л.В. Занков т.б.);
˅ проблемалық оқыту тұжырымдамасы (М.И. Махмутов);
˅ ақыл-ой әрекетін кезеңдеп қалыптастыру теориясы (П.Я. гальперин т.б.);
˅ білім беру мазмұны теориясы (Л.Я. Лернер);
˅ мазмұнды толықтыру теориясы (В.В. Давыдов);
˅ оқу процесін тиімдендіру теориясы (Ю.К. Бабанский);
˅ оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру теориясы (Т.И. Шамова);
˅ оқыту әдістерінің теориясы (М.И. Махмутов, В.А. Онищук);
˅ өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру теориясы (М.А. Зарина, М.К. Журавлев);
˅ біртұтас педагогикалық процесс теориясы (Н.Д. Хмель т.б.);
˅ оқытудың тұжырымдылық теориясы (В. Дьяченко т.б.).
        3. Оқыту процесін құрайтын құрылымдар
          ● Педагогикалық
           ˅ Мақсат;
           ˅ Принциптер;
           ˅ Мазмұн;
           ˅ Әдістер;
           ˅ Құралдар;
	 ˅ Формалар.
	 ● Психологиялық 
	 ˅ Қабылдау, ойлау, есте сақтау, қорыту, мәліметті меңгеру процестері;
 	 ˅ Оқушыларда қызығушылықтың, оқу мотивациясының тууы;
	 ˅ Дене, жүйке-психикалық күштің жоғарылауы, төмендеуі, белсенділік
 	  Тің динамикасы, жұмысқа қабілеттілік, шаршау (күш жұмсау).
 	● Әдістемелік
	 ˅ Педагогикалық мақсат педагог пен оқушының жүйелі әрекет кезең
 	 Дері арқылы анықталатын міндеттер қатарынан тұрады.
	Оқыту процесінің компоненттері мен негізгі міндеттері
˅ Оқыту процесінің міндеттері:
           ●  Білім алушылардың оқу-танымдық белсенділігін стимулдандыру;
	 ● Ғылыми білім мен іскерлікті меңгертуде оқушылардың танымдық      
	 Әрекетін ұйымдастыру;
	 ● Ойлау, ес, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
	 ● Оқу іскерлігі мен дағдысын жетілдіру;
	 ● Адамгершілік-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру.
˅ Оқытуды ұйымдастыруда мұғалім атқаруға тиіс компоненттер:
 ● оқу мақсатын қою;
 ● оқушы меңгеруге тиіс материал мазмұнын анықтау;
 ● материалды меңгеруге деген қажеттіліктерді қалыптастыру;
 ● оқу-танымдық әрекетті ұйымдастыру;
 ● оқушылардың оқу әрекетіне эмоционалды-жағымды сипат беру;
 ● оқушылардың оқу әрекетін реттеу және бақылау;
 ● оқушылар әрекеті нәтижесін бағалау.
 ˅ Оқытудағы оқушы әрекетінің компоненттері:
 ●  оқу мақсаты мен міндеттерін сезіну;
 ● оқу-танымдық әрекет мотивтері мен қажеттіліктерін тереңдету және дамыту;
 ● меңгерілуге тиіс материалдың тақырыбы мен негізгі сұрақтарын ой елегінен өткізу;
 ● оқу материалын қабылдау, қорыту, есте сақтау, практикада қолдану, қайталау;
● оқу-танымдық әрекетке эмоционалдық қатынас пен ерік-жігер туындату;
● өзін-өзі бақылау және оқу-танымдық әрекетті түзету;
● өзінің оқу- танымдық  әрекетін бағалау.
Оқыту процесінің компоненттері:
˅ Дидиктикалық компонент- процестің дидактикалық мазмұнын жалпылайды, олар оқытудың мақсат, мазмұн, түр, әдіс, құрал, тәсіл, формалары т.б.
˅ Гнесеологиялық компонент- оқытушының басшылығымен оқушылардың объективті шындықты, табиғат пен қоғам фактілері мен заңдарын, өзін-өзі танумен анықталады.
 ˅  Психологиялық компонент- оқыту процесінде оқушының ішкі психологиялық танымдық әрекетінің аумағын қамтиды.
˅ Кибернетикалық компонент- оқыту процесіндегі байланыс түрлерінің көптігі, мәліметтік ағымдар циркуляциясы, мәліметті меңгеруді басқару. 
˅ Әлеуметтік компонент- оқыту процесіне қатысушылардың өзара қарым-қатынасын бейнелейді. Мұнда оқушы мен оқытушының арасындағы байланыс қана емес, олардың әлеуметтік ортамен байланысы, оқытудың әлеуметтік маңызы енеді.
˅ Ұйымдастырушылық компонент- оқытуды және оқытушы еңбегін ұйымдастыру, оларды материалды-техникалық жабдықтау, өнім шығару, рентабельділік.
5. Оқыту мен психикалық даму проблемалары:
˅ Даму мен оқыту ұғымдарының өзара қатынас проблемалары;
˅ Оқыту, тәрбие, даму ұғымдарының өзара байланыс проблемалары;
˅ Оқу процесінде жеке тұлғаның интеллектуалдық және жеке тұлғалық даму проблемалары;
˅ Дамудағы сензитивті кезеңдер проблемалары;
˅ Оқыту процесінде психикалық дамудың көрсеткіштері мен критерийлері проблемалары;
˅ Оқыту процесіндегі психикалық дамудың негізгі бағыттары мен тенденциялары.
Оқыту және даму проблемаларын шешудегі негізгі бағыттар
● Дамытушы ретінде оқу іс-әрекеттерін анықтау;
● Балалардың ақыл-ойын жоғары деңгейге жеткізетін оқытудың нақты формаларын анықтау;
● Оқытудың мазмұнын өзгертуге басты назар аудару (Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов);
● Оқытуды дамыту тиімділігінің оны жан-жақты жетілдіру арқылы жүзеге асырылуы (Л.В. Занков және т.б.);
● Ақыл-ой әрекеті құралдарын өзгерту арқылы меңгеру тиімділігінің артуы (Н.А. Менчинская, Д.И. Богоявленский, Е.Н. Кабанова-Меллер т.б.);
● Интеллектуалдық дамуға ақыл-ой әрекетінің кезеңдеп қалыптасуы әсерін зерттеу (П.Я. Гальперин, Н.Ф. Талызина т.б.);
● Әр түрлі оқыту әдістерінің әсерін зерттеу (Б.Г. Ананьев, А.А. Люблинская т.б.);
● Проблемалық оқытудың рөлін зерттеу (Т.В. Кудрявцев, А.М. Матюшкин).
Оқыту мен даму ұғымдарының өзара байланысы проблемаларын шешу бағытындағы ағымдар:
● Психологиялық даму ішкі өзіндік заңдылықтары бар дербес тәуелсіз процесс (У. Джеймс, Ж. Пиаже, З. Фрейд);
˅ Бала дамуы табиғат заңдарына бағынышты және толысу барысында жүзеге асырылатын процесс;
˅ Оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі процесс ретінде қарастырылады;
˅ Оқыту дамудың сыртқы ерекшеліктеріне ғана әсер етеді, ол психологиялық өзгешеліктермен жүйелілігін өзгертпестен дамудың заңды кезеңдерін тездетуі немесе тежеуі мүмкін.
● Психикалық даму табиғи тұқым қуалаушылық, әлеуметтік, тәрбиелік факторлардың өзара байланысының нәтижесі ретінде (Б.Г. Ананьев).
˅ Оқыту және тәрбиелеу психологиялық функциялар мен жеке адам қасиеттерінің байланысын реттейді, өзінің кезеңдері мен сипаты бар коррелятивтік (ара қатынастық) тәуелділікті басқарады.
● Психикалық даму- нақты тарихи-әлеуметтік табиғаты бар процесс (П.П. Блонский, Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, П.Я. Гальперин, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов).
 ˅ Тәрбие мен оқыту- бала психикасын дамытуға қажетті жалпыға бірдей форма;
˅ Интеллектуалдық даму кезеңдері мен олардың психологиялық ерекшеліктері нәтижесінде индивид қоғамдық-тарихи тәжірибені тасымалдау құралдары мен оны ұйымдастыру жүйесін меңгереді. Ойлау әрекетінің барлық формалары мен ерекшеліктерінің қарым-қатынас процесінде меңгерілетін объективті қоғамдық талапқа сәйкес үлгілері болады.
6. Л.С. Выготскийдің оқыту және дамыту концепциясы
Л.С. Выготский (1896-1934) бала психикасы дамуының заңдары қатарын қалыптастырды:
˅ Бала дамуының өзіне тән ритмі және темпі болады, ол бала өмірінің әрбір жылдарында өзгеріске ұшырайды (нәрестелік кездегі бір жыл жеткіншектік кезеңдегі бір жылға тең емес);
˅ Даму бұл сапалы өзгерістердің тізбегі және бала психикасының ересектер психикасынан сапалы негізде өзгешелігі бар;
˅ Бала дамуының біркелкі дамымау заңы: бала психикасының әрбір жағының өзіне тән қолайлы даму кезеңдері бар;
˅ Жоғары психикалық функциялардың даму заңы.
● Жоғары психикалық функциялардың басты ерекшеліктері: жанамалығы, саналы түрде меңгеруі, еркіндік, жүйелілік; олар қоғамның тарихи дамуы барысында пайда болған арнайы құралдарды меңгеру процесінде өмір бойында қалыптасады; жоғары психикалық функция дамуы оқыту процесінде, берілген үлгілерді меңгеру процесінде жүзеге асады.
Бұл теорияның ерекшелігі сол бала айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасауда тарихи тәжірибелерді, тыныс-тіршілік шындығын өзгелердің сөзінен, тәлім-тәрбие өнегесінен жанамалай үйренеді. Осылайша бала өзінің дербестігін, жеке басының психикалық қасиеттерін өзгертеді, әлеуметтік ортадан меңгерген білімі мен әр алуан мағлұматтары оның ішкі дүниесінің, психикасының дамуындағы ең жоғары функция, яғни болмыстың бала санасындағы бейнеленуі деп аталады.
Бала басынан кешірген әрқилы оқиғалар мен болмысты белгі, таңбалар ретінде танып-біліп, олардың мән-жайын түсінуі оның жан дүниесін байытады, яғни мұндай процесс баланың әрбір нәрсенің мазмұнын өз ойымен, ақылымен пайымдап білуін қалыптастырады. Дамудың осы жолы Л.С. Выготский пікірінше материалдық (заттық) дүние жоғары психикалық функция арқылы мәдени факторға (оның бейнесін) айналады.
Ішкі процестердің бәрі сыртқы әсерлер (экстериоризация) нәтижесінде пайда болып, қайтадан ішкі процестерге (интериоризацияға) айналады. Психикалық құбылыстардың пайда болуы туралы осы пікір баланың мәдени дамуындағы кез келген қызметтің сыртқы көрінісінің байқалуы екі түрлі бағытта анық байқалады.
Оның бірі- әлеуметтік сипатта, екіншісі- психологиялық сипатта.
● Адам психикасының мәдени-тарихи дамуы.
Мәдени-тарихи теория туралы жүйе, біріншіден, адамның әлеуметтік өміріндегі тіршілік бейнесі қоғамның даму дәрежесіне, екіншіден, даму деңгейі сол әлеуметтік өрістіің заттарды ұстап-тұтыну деңгейіне тәуелді, үшіншіден, адамның жарық дүниеге келуінен өмірдің соңғы кезеңіне дейін ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде қалдыратын өмір тәжірибесіне, іс-әрекеті мен мінез-құлық бейнесіне, яки бүкіл жан дүниесінің өзгеріп өрістеуіне, қалыптасуына ықпал етіп отыратын тарихи фактор ретінде қарастырылады.
● Баланың дамуы биологиялық заңдарға емес, қоғамдық-тарихи заңдарға тәуелді, демек баланың дамуы мен өсіп жетілуі, азаматтық қасиетке ие болуы, кісілік сипаттарының жетілуі де өрістеп отыратын тарихи жағдайларға, әлеуметтік ортаға, іс-әрекет тәсілдеріне байланысты.
Адамның дамуының қозғаушы күші- оқыту болып табылады. Бірақ оқыту дамумен бірдей емес, ол жақын арадағы даму аймағын туындатады, басында тек ересектердің қатысымен және дос-жолдастарының ынтымақтасуымен мүмкін болатын, бірақ дамудың барлық ішкі жолдарына өтіп баланың өзінің жетістігіне айналатын дамудың ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді.
● Бала дамуының жақын арадағы аймағы- баланың белсенді даму деңгейі мен ересектердің қатысуымен жүретін оның мүмкіндігінше даму деңгейі арасындағы аралық, «дамудың жақын арадағы аймағы пісіп жетілмеген, бірақ жетілу процесі үстіндегі функцияларды анықтайды, ертеңгі күнгі ақыл-ой дамуын сипаттайды». Дамудың жақын арадағы аймағының феномені баланың ақыл-ойын дамытуда оқыту ролінің маңызды екендігін дәлелдейді (Л.С.Выготский).
● Адам санасы- жеке процестердің бірігуі емес, оның жүйесі, олардың құрылымы. Ерте балалық шақта сана орталығында- қабылдау болса, мектепке дейінгі шақта- ес, мектептегі кезде- ойлау болады. Ал қалған психикалық процестер әрбір жаста санадағы доминантты функциялар әсерінен дамиды. Психикалық даму процесі мәндік құрылымның өзгерісімен яки дамудың қорытындылау кезеңдерімен байланыстырылған сананың жүйелі құрылымын қайта құрудан тұрады.
Санаға тек сөз арқылы ғана енуге болады және сана құрылымының біреуінен екіншісіне өту қорытынды сөздің дамуына байланысты жүзеге асырылады.
Қорытындылауды қалыптастыра отырып, демек оны жоғарғы деңгейге жеткізуде, оқыту бүкіл сананың жүйесін қайта құруға қабілетті («...оқытудағы бір қадам дамудағы жүз қадамды беруі мүмкін»).

Негізгі ұғымдар: оқыту, оқу, педагогикалық процесс, педагогикалық басқару.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
	Оқыту концепцияларың негіздері
	Оқыту процесінің құрылымы қандай?
	Оқыту даму проблемалары және оларды шешудегі негізгі бағыттарды атаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
	Зимняя А. Педагогикалық психология. А., 2005
	Столяренко Л.Д. Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону
	Выготский Л.С. Баланың жас ерекшеліктері мен кемтар бала психологиясы туралы таңдамалы еңбектер. Алматы, 1999
	Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10-томдық. 1-том. Мәдени-тарихи тұжырымдама. Алматы, 2005

5-тақырып: Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттердің дамуы
Жоспар:
	Оқыту процесіндегі психикалық дамудың негізгі тенденциялары
	Оқытуда танымдық процестердің дамуы
Бірінші  тенденция – еріксіздіктен, бірбеттіліктен,албырттықтан, импульсивтіліктен, ситуациялықтан еріктілікке қарай «қозғалыста» байқалады; бұл тенденция өз мінез-құлқын басқару,саналы түрде мақсат қою, қиындық пен кедергілерді жене отырып, мақсатқа жету жолдарын алдын – ала іздеу мен табу іскерліктерінен көрінеді.
Екінші тенденция – интеллектінің анализдік-синтездік функцияларын дамытуда,тұрақтандыруда,қалыптастыруда байқалады.
Үшінші тенденция – ақиқатты бейнелеудің көрнекі-қозғалыстық,көрнекі – бейнелі формаларының абстрактілі-логикалық(теориялық ойлау) формасына біртіндеп ауысуынан тұрады.
Төртінші тенденция – әрбір танымдық процестің өзіне тән функцияларды атқаруы интеллектінің тұтастай дамуына әкелетіндіктен танымдық процестерді біртіндеп «интеллектуалдандырудан» тұрады. Мұнда даму  психикалық функциялардың салыстырмалы автономдылығынан оларды  біртұтас құрылымға шоғырландыру бағытында жүзеге асады.
Бесінші тенденция – сыртқы реттеудің (регуляция) біртіндеп өзін-өзі  реттеуге ауысуында көрінеді,әсіресе бұл тенденция зейінді өзі реттеуге ауысуында көрінеді, әсіресе  бұл тенденция зейінді  дамытуда, бақылауда, өзін-өзі бақылауда ерекше байқалады.
2. Оқыту процесіндегі психикалық дамудың негізгі бағыттары
	Танымдық сфераның (интелект, сана механизмдердің)дамуы;
	Жеке тұлғаның дамуы (бағыттылық, эмоция,құндылық);
	Іс-әрекеттің психологиялық құрылымының (мақсаттар, мотивтер,олардың өзара байланысы,әдіс-тәсілдер,құралдар) дамуы.
	Психикалық дамудың қозғаушы күштері
	Қажеттілік және сыртқы жағдайлар арасындағы қарама-қайшылық;
	Жаңа қажеттілік пен оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылық;
	Дене қабілеті, рухани мүмкіндіктер мен іс-әрекеттің ескі формалары арасындағы қарама-қайшылық;
	Іс-әрекеттің жаңа талаптары мен қалыптаспаған іскерлік пен дағдылар арасындағы қарама-қайшылық;
	Психикалық дамудың факторлары. Индивидтің тіршілік әрекетін анықтаушы:
	Сыртқы факторлар (орта);
	Ішкі факторлар (адамның биогенетикасы);
	Индивидтің психикалық дамуына белгілі мөлшерде әсер етуші сыртқы және ішкі жағдайлар
	Сыртқы жағдайлар
	сыртқы (оқыту және тәрбие)
	ішкі жағдайлар
	адамның белсенділігі,мүддесі, мотиві, еркі, мақсатқа ұмтылушылығы
	Психикалық ( ақыл-ой) дамуының деңгейлері
	Белсенді даму деңгейі- оқушының қандай да бір тапсырманы өз бетінше орындауымен сипатталады;
Білімділігі (оқушының білімі, іскерлігі,дағдының қалыптасуы);
Тәрбиелілігі (оқушының адамгершілік  туралы білімі, адамгершілік сенімі, мотиві, мақсаты, эмоциясы);
Дағдығандығы (оқытудың міндетін өз бетінше қоя алуы, өзін-өзі бағалау);
	Дамудың жақын арадағы аймағы  - оқушы тапсырманы өз бетінше орындай алмаса да, кішігірім көмек арқылы орындаумен сипатталады.
Үйрету,оқыту (білімді меңгерудегі қабілеттілік, басқалардың көмегімен қабылдау, жаңа жағдайларға белсенді бейімделу, оқу жұмысының бірінен келесісіне ауысу, жаңа түсініктердің және әрекеттердің пайда болу жылдамдығы, темп, жұмысқа қабілеттілік, шыдамдылық);
Тәрбиелеу (жек тұлғаның дамуы,жаңа әлеуметтік жағдайларға бейімделу белсенділігі, жаңа жағдайлардағы мінез- құлық тәсілдерінің тасымалдануы және икемділігі);
Даму  (кейінгі ақыл-ой дамуының пайда болуына үлесі, ойлау формаларының біреуінен екіншісіне ауысуы);
2. Оқыту процесінде ойлаудың дамуы
Ойлауды дамыту дегеніміз – ол: ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамыту және олардың біреуінің екіншісіне ұласу процесін ынталандыру болып табылады.
Ойлау түрлері мен формалары:
-практикалық – әрекеттік;
-көрнекі – образдық;
-эмпирикалық;
-теориялық;
-репродуктивтік;
-продуктивтік;
-дискурсивті;
	Іскерлікті дамыту. Іскерлік түрлері:
	Заттың негізгісін қосымшасынан бөліп алу іскерлігі;
	Зат мен қоршаған ортадағы құбылыстардың қатынастарындағы басты байланысты табу іскерлілігі;
	Өз пікірінің ақиқаттығын дәлелдей алу және  жалған ой қорытындысын жоққа шығару іскерлігі;
Өзінің ойын мағыналы және дәлелді жеткізу іскерлігі;
	Іскерлікті тудыру:
	Ойлау операциясы мен тәсілдерін бір алаптан екіншісіне тасымалдауын жүзеге асыру;
	Құбылыстың дамуын алдын-ала көре білу;
	Дәлелді тұжырымдар жасау.
	Ойлау операциясын қалыптастыру және толықтай жетілдіру
	Анализ;
	Синтез;
	Салыстыру;
	Жалпылау;
	Жүйелеу және т.б.
	Формальды логикаға негізделген ойлаудың диалектикалық логикаға негізделген ойлауға ауысу процесін ынталандыру.
	Ойлауды дамыту критерийлері
Оқушылардың белгілі ойлау деңгейіне жетудегі жетістіктерін айғақтайтын көрсеткіштер:
	Ойлау әрекетінің операциялары мен тәсілдерін игеру дәрежесі, оларды оқу және оқудан тыс танымдық процестерде қолдана алу іскерлілігінің деңгейі ;
	Ойлау әрекетінің операциялары мен тәсілдерін саналы түрде сезіну деңгейі;
	Ойлау операциялары мен тәсілдерін , сондай-ақ оларды қолдану дағдыларын басқа ситуациялларға және басқа заттарға тасымалдауды жүзеге асыру іскерлілігі деңгейі;
	Ойлаудың әр түрлерінің, сондай-ақ ойлаудың бір түрінің екіншісіне ұласу процесінің қалыптасу деңгейі;
	Міндетті шығармашылықпен шешу, жаңа жағдайға бейімделу әрекетіндегі жинақылық дәрежесі;
	Тезаурус көлемі, яғни білім қоры, оның жүйелілігі, сондай-ақ білімді меңгерудің жаңа тәсілдерінің пайда болуы;
	Әртүрлі ойлау сапаларының жағдайы мен өсу бағытындағы динамикасы: дербестік, тереңдік, сыншылдық, орамдылық, ұшқырлық, логикалық, жүйелілікті, жылдамдық және т.б.
	Ақыл-ой міндетін шешу кезеңдері:
	Проблемалық ситуацияны сезіну;
	Міндет қоя білу;
	Іздену аймағын іздеу;
	Болжам (гипотеза) жасау;
	Болжамды тексеру;
	Әрекет пен нәтижелерді рефлексиялау.
	Оқу процесіндегі есте сақтаудың нәтижелілігіне әсер етуші себептер
	Субъективті:
	Есте сақтау типі;
	Бұрынғы жинақталған тәжірибе;
	Бағыт-бағдар;
	Қызығушылық;
	Организмнің жағдайы.
Объективті:
	Материалдарың сипаттамасы;
	Мағынасын сезіну;
	Байланыстылығы;
	Түсініктілігі;
	Көрнекілігі;
	Бір қалыптылығы;
	Материалдардың көлемі;
	Материалдық жағдай.
Логикалық есте сақтаудың кезеңдері:
	Есте сақтаудың мақсатын сезіні;
	Есте сақтайын материалдардың мағынасын түсіну;
	Материалдарды саралау;
	Мәнді-мағыналы ойларды бөліп алу, жинақтап қорыту;
	Осы жинақтап қорытуды есте сақтау.

Сабақ барысында оқушылардың танымдық процестерінің даму ерекшеліктерін зерттеу. Ойлау
	Сабақтың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес оқушыларды ақыл-ой әрекеттерінің жүзеге асырылуы деңгейі.
	Педагогтың оқушыларды сабақтың мақсатын анықтауға үйретуі.
	Белгілі тапсырманы орындауда оқушылардың оқу міндеттерін ажырата алу деңгейері.
	Мұғалімнің басқару әрекетінің оқушылардың ақыл-ой әрекетінің заңдылықтарына сәйкестігі.
	Ойлау мотивтерінің сабақ барысында қалыптасуы. Танымдық мотивтердің қалыптасуының рөлі.
	Мұғалімнің меңгерілетін материалға және ойлау процесіне қызығушылықты қалыптастыруда қолданған құралдары.
	Сабақ барысында ақыл-ой әрекетінің рефлексивті компоненттерінің қалыптасуы.
	Сабақ барысында оқушыларды ақыл-ой әрекеті тәсілдерінің қалыптасу деңгейі.
	Сабақ барысында оқушылардың материалды логикалық және мағыналық өңдеуге үйретілуі.
	Оқушылардың жолдастарының жұмыстарын, өзінің ақыл-ой әрекетін бағалауға, талдауға, үйретілуі.
	Оқу процесінің барысының дұрыстығы туралы мұғалімнің ақпарат алуы (кері байланыс). Алынған мәліметтің педагогтың бақылауы мен басқаруына әсері.
	Түсіндіру (әңгімелесу ) кезінде (және оқушы жауабында) негізгі мәселені бөліп алудың жүзеге асырылуы.
	Сабақ материалы мен оқушының жекелей іс-тәжірибесі арасындағы байланысты орнату.
	Оқушының материалды меңгеру деңгейін анықтау үшін меңгеру критерийлерін мұғалімнің қолдануы.
	Сабақ материалына оқушылардың эмоционалдық қатынастарын туындату, сабақ мазмұнының оқушылардың мотивтерімен байланысы.
	Мұғалімнің оқушыларды ойлануға дайындауы. Оқушыларды өздерінің ақыл-ой әрекетін басқаруға деген ниетін туындату жолдары.
	Сабақта ұжымдық ақыл-ой әрекетінің қолданылуы.
	Сабақты жоспарлау мен ұйымдастыруды оқушылардың жақын аралық даму аймағына бағыттауы. Мұғалімнің оқушылардың әр түрлі деңгейдегі топтарына көмек формаларын қолдануы.
	Оқушыларға қойылатын талап деңгейлері мен олардың нақты мүмкіндіктері арасындағы сәйкестік.
	Оқу тапсырмасын орындауда мұғалімнің білім деңгейлері әр түрлі оқушыларға көмек көрсету түрлері.
	Оқушылардың ойлауының дербес ерекшеліктері мен білім деңгейлері туралы мұғалімнің нақты түсінігі.
	Оқу процесін ұйымдастыруда оқушылар ойлауының жекелей көрсеткіштерінің ескерілуі.
	Оқушылардың ойлау сапалары (ақылдың тереңдігі, икемділігі, тұрақтылығы, өзбеттілігі, сапалылығы) арасындағы айырмашылықтарды ескеруі.
	Педагогтың оқушылардың ойлау жылдамдығын, қарқынын қалыптасуы
	Оқушыларда шығармашылық ойлау элементтерін қалыптастыру деңгейі.
	Оқушыларда өзін-өзі бақылау дағдысының қалыптасуы.
	Мұғалімнің оқушылардың ақыл-ой әрекеттерін бақылау формаларын қолдануы.
	Проблемалық мазмұндау, проблемалық тапсырма элементтерінің қолданылуы.
	Педагогтың оқушылар білімін бағалауда ақыл-ой қабілетін ескеруі.
	Мұғалімнің оқушылармен сабақты жекелеп өткізу формасын қолдануы.
	Оқушылардың белсенді ақыл-ой әрекетін құралдарды қолдану арқылы ынталандыру.
	Оқушылардың және жекелей оқушы ойлауының деңгейін бағалау.
	Оқушылармен әңгімелесе отырып сабақтың білім беру (ұғымды меңгеру, дағдыны қалыптастыру және т.б.) және дамыту мақсаттарына жету тиімділігін бағалауға тырысуы. Оқушылармен әңгімелесе отырып олардың нені және қандай деңгейде меңгергендңгін анықтау.
	Жеке оқушының ойлау қабілетін бөліп алып, оның ақыл-ой әрекеті тәсілін және оның басқалармен ұқсастығын бағалау. Сыныптың және оқушылардың ойлау белсенділігі деңгейін бағалау.

Зейін
	Мұғалімінің оқушылардың сабақтың мазмұнына деген қызығушылықтарын ынталандыруы.
	Сабақ үстінде зейінді болудың қажеттілігі туралы нұсқаудың берілуі.
	Берілген материалдарын практикалық мәнінің ашылуы.
	Оқушылардың зейінін аудару үшін көрнекіліктердің безендірілуі (ашықтығы, жаңалығы, құрылымы және т.б.).
	Материалды түсіндіру ерекшелігі (баяндаудың түсініктілігі, бейнелігі, сөздің эмоционалдығы, интонацияның ауысуы, сөйлеу формасындағы жаңалық).
	Әрекет түрлерінің бір- біріне ауысуының ұйымдастырылуы.
	Оқушылардың белсенділігінің ұйымдастырылуы.
	Сабақта іс-әрекет мақсатының қалыптасуы.
	Оқугылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес зейінді ескеру.
	Сабақ өткізу темпінің таңдап алынуы.
	Зейінді дамытуду дербес ерекшеліктердің ескерілуі.
	Зейіннің жеткіліксіздігі байқалған балалардың іс-әрекетінің ұйымдастырылуы.
	Оқушылар зейінін ұйымдастырудағы мұғалімнің дербес ерекшеліктері.
Қабылдау
1.Сабақта қабылдауға еген нұсқаның берілуі;
2.Сабақ барысында қалыптасатын бейненің нақтылығы мен толықтығының ескерілуі мен бағалануы;
3.Қабылдау объектісіне оқушы зейінін аударту үшін қолданылатын құралдар;
4.Сабақтағы материалдарды түсінуде қабылдау фонының ескерілуі;
5.Оқушының бұрыннан жинақтаған тәжірибесінің қабылдауды ұйымдастыруда қолданылуы;
6.Перцептивті міндеттерді шешуде оқушылардың біріккен іс-әрекеттерінің ұйымдастырылуы;
7.Қабылдауға үйретудің ұйымдастырылуы;
8.Перцептивті әрекет құрылымы мен деңгейін қалыптастыруда дербес ерекшеліктердің ескерілуі;
9.Қабылдауды дамыту заңдылықтарының ескерілуі;
10.Қабылдаудың әр түрінің қолданылуы;
11.Қабылдаудың процессуалды сипатының ескерілуі;
Елес және қиял
1.Сабақта қолданылатын мысалдардың, сөздік және көрнекі құралдардың елестетуге әсері.
2.Елесті жинақтауға мұғалімнің қолданған тәсілдері.
3.Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда жекелей оқушылар елестерінің ескерілуі.
4.Елестер мен бейнелердің түрлері мен олардың даму деңгеәлерінің сәйкессіздігінің ескерілуі;
5.Оқу әрекетін ұйымдастыруда елес мен бейнелердің жыныстық және жас ерекшеліктерінің ескерілуі;
6.Кеңісті қабылдау ерекшеліктері;
7.Оқушылардың ғылыми елестерін қалыптастыру үшін аналогияның (ұқсастық) қолданылуы.
8.Қосымша бейнелерді толықтыруға жеткізуде оқушылардың тәжірибесі мен білімі арасындағы өзгешеліктердің қолданылуы.
9.Сабақта елесті нақтылау үшін оқушылардың қолданған тәсілдері.
10Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда елестерді тұрақтандырудағы дербес ерекшеліктердің ескерілуі.
11.Әрбір оқушыда қосымша бейнелердің қалыптасу жылдамдығын ескеру.
12.Бейнелер мазмұнындағы өзгешеліктерің ескерілуі.
13.Сабақтағы шығармашылық атмосфера.
Мнемикалық қабілеттілік
Адамның мнемикалық қабілеттері- адам есінің түрлері мен үрдістерінің көрініс беретін қабілеттері , материалды сақтау мен қайта бейнелеудің жылдамдығы, нәтижелілігі ,нақтылығы т.б.
	Сабақта есте сақтауға деген бағдардың сақталуы.
	Есте сақталуға тиіс материалдарға оқушылар зейінінің қандай да бір тәсілдер арқылы аударылуы.
	Жекелей оқушылардың мнемикалық қабілетінің дамуы жөнінде мұғалімдегі түсінік.
	Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда естің орташа көрсеткішінің ескерілуі.
	Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда естің дербес көрсеткіштерінің ескерілуі.
	Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда естің жыныстық және жастық ерекшеліктерінің ескерілуі.
	Естің бірнеше түрлері ( бейнелік, сөздік – логикалық, қимыл-қозғалыстық, эмоционалдық) өзгешеліктердің ескерілуі.
	Проактивті және ретроактивті тежелу эффектісінің ескерілуі.
	Есте сақтаудың ұйымдастырылуы : материалдың көлемі, уақыт бойынша бөлу, материалды құру, тілдік  көркемделуі.
	Пысықтаудың ұйымдастырылуы.

Негізгі ұғымдар: психикалық даму, танымдық процестер, белсенді даму деңгейі, дамудың жақын арадағы аймағы.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
	Психикалық дамудың оқыту процесіндегі ролі қандай?
	Дамудың жақын арадағы аймағы дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
	Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, ВЛАДОС,2002

6-тақырып: Оқу іс-әрекеті психологиясы
Жоспар:
	Оқу іс-әрекеті туралы түсінік
	Оқу іс-әрекеттінің пәндік мазмұны
	Оқыту процесіне әсер ететін психологиялық факторлар
1.Оқытудың жалпы теорияларының негізін салушылар Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, А.Дистервег, И.Гербарт, К.Д.Ушинский, Л.Ф.Кагперев, С.Т. Шацкий, П.П.Нечаев, М.Я.Басов, П.П.Блонский, Л.С.Выготский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, сондай-ак, XX ғ. ортасында өмір сүрген кеңестік және шетел ғалымдары Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, И.Лингарт, И. Ломпшер және т.б. Аталған ғалымдар еңбектері негізінде оку іс-әрекетінің психологиялық  теориясы пайда болды.
Оның авторлары Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, А.К.Маркова, П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина іс-әрекет теориясын кең контексте қарастырса, нақты психологиялық негізін Л.С.Выготский, С Л Рубинштейн, нақты мазмұнын А.НЛеонтъев берген.
	•	Оқу іс-әрекеті - кең мағынада үйрету, уйрену, оқыту ұғымдарының синонимі ретінде қолданылады.
Тар мағынада (Д.Б.Элькоиин бойынша) - кіші мектеп жасындағылардың іс-әрекетінің басты типі.
	Д.Б. Эльконин, В.В.Давыдов, А.К.Маркова еңбектерінде «оку іс-әрекеті» ұғымы әрекеттік мазмұн мен мағынада толықтырылып барлық жас кезеңдеріне тән екендігі айтьшады, сондай-ақ оқушылар мен студенттердін диалог (полилог) және дискуссияны пайдалана отырып теориялық білімдерді және олармен байланысты ғылым, өнер, адамгершілік, мораль және дін сынды коғамдық сана сфераларында іскерлік пен дағдыны меңгеруге бағытталған іс-әрекеттүрлерінің бірі.
	С.Л.Рубинштейн  бойынша,  оку  іс-әрекеті  субьекттіц  оцыту
пәніне қатынасы деп түсіндіріледі.
	•	Оқу іс-әрекеті - оқу әрекетінің жалпьшай тәсілдерін меңгерудегі окытушы тарапынан қойылған оку міндеттерін шешуде сыртқы бақылау мен бағалау негізінде, өзін-өзі бакылау мен бағалау процестеріне ауысатын өзін-өзі дамытудағы субъектінің әрекеті.
	Оку іс-әрекеті іс-әрекеттің ерекшеленген түрі ретінде қолданылды. Ол білім алушыға субъект ретінде оны жетілдіру, дамыту, қалыптастыру бағытында қоғамдық пайдалы, танымдық, теориялық және практикалық әрекеттердін сан алуан түрлері мен формаларындағы қоғамдық тәжірибені меңгеруге бағытталған. Білім алушының әрекеті де терең білім жүйесін меңгеруге бағытталған.
	И.И.Ильясов бойынша, оку іс-орекетінің оқытудың басқа формаларынан айырмашылыгы ретінде 5 негізгі сипаты:
	Оку іс-әрекеті - ол арнайы оку материалы мен оку міндеттерін шешуге бағытталған;
	Оқу іс-әрекетінде әрекеттің жалпы тәсілдері мен ғылыми ұғымдар меңгеріледі;
	Әрекеттің жалпы тәсілдері міндеттерді орындаудың алдын алады;
	Оқу іс-әрекеті субъектінің өзін өзгертуге әкеледі (Д.Б.Эльконин анықтамасы бойынша ол оның негізгі сипаттамасы);
	Нәтижесінде білім алушылардың психикалық қасиеттері дамиды және мінез-құлқында өзгерістер байқалады (И.Лингарт).
• Оқу іс-әрекетініц әрекеттік сипаты:
•	Оқу процесінің қоғамдық сипаты мазмұнына қарай адамзат жинақтаған мәдени және ғылыми құндылықтарды меңгеруге бағытталған; мағынасына қарай қоғамдық мәнді және қоғамдық бағалаушы болып табылады; формасына қарай қоғамда жинақталған құқықтық нормаларға сәйкес болғандықтан, ол арнайы қоғамдық мекемелерде, мысалы, мектептерде, гимназияларда, колледж, институттарда жүзеге асырылады. Кез келген басқа іс-әрекетгер сияқты оқу іс-әрекеті субъективтілігімен, белсенділігімеп, пәнділігімен, мақсатқа бағытталғандығымен, саналылығымен сипатталады.
2. Оқу іс-әрекетінің әэндік мазмұны
Оқу әрекетінің пәндік (психологиялық) мазмұны оның пәнін яғни оның әрекетінің неге бағытталгандығын анықтаудан басталады: оқу іс-әрекетінің пәні - білімді меңгеру, іс-әрекет тәсілдері мен амалдарын меңгеру, бағдарламаларын, алгоритмдерін өндеу.
Білім алушылардың дамуы;
Субъектілік өзгерісті интеллектуалдық тұлғалық тұрғыда жақындастыру.
Оқу іс-әрекеттің құралдары. Оку іс-әрекетінің құралдары - нені, қандай құралды қолдану арқылы білім аламын деген сұрақтарға жауап береді.
Оку іс-әрекетінің не арқылы жүзеге асатындығын 3 түрлі аспектіде қарастыруға болады.
Біріншіден,   ол   интеллектуалдық   әрекеттер   (СЛ. Рубинштейн терминдерінде анализ, синтез, жалпылау, классификациялау т.б.). Екіншіден, белгілік, тілдік, вербальдық кұрылдар, осы формалар негізінде білім меңгеріледі, рефлексияланады, дербес тәжірибе қалыптасады.
Үшіншіден, негізгі білімді меңгеру және оларға жаңа білімнің қосылуы негізінде оқушылардың дербес тәжірибесі, тезаурусы құрылады.
Оқу іс-әрекетінің тәсілдері: репродуктивті (қайта жаңғыртушы), проблемалық-шығармашылық, зерттеушілік-танымдық әрекеттер (В.В.Давыдое, В.В.Рубцов).
Оқу іс-әрекетінің тәсілдері - қалай оқимын, қандай тәсілмен білім аламын деген сұрактарға жауап береді.
Кең түрде тәсілге сипаттама ақыл-ой әрекетінің кезендеп қалыптасуы теориясында ашылған (Л.Я.Гальперин, Н.Ф. Талызина). Оқу іс-әрекетініц нәтижесі - ғылым салалары мен практикада кең көлемде қолданылатын құрылымдыц және белсенді білім, психикадагы ішкі жаца өзгерістер, әрекеттіц мотивациялық, құндылық, мәндік бағыттары. Оқу іс-әрекетінің нәтижесі даралық тәжірибе құрамында.
Оның құрылымдық ұйымдасуынан, жүйелілігінен, тереңдігінен, беріктігінен адамның кәсіби іс-әрскетінің, қарым-қатынасының табыстылыгы байланысты. Оқыту нәтижесі: 1. Психологиялық білім (үғым, факті, көзқарас, психология ғылымның зандары, психикалық әрекет тәсілдері туралы);
2. Психологиялық іскерлік (оқьпу процесі барысында игерілген білім мен әрекет тәсілдерінін адамның бойындағы жиынтығы);
3. Дағды (психологиялық мәдениетпен байланысты ойлау мен әрекет әдеттері);
4 Өзіндік шығармашылық әрекет тәжірибесі;
5. Психикалық іс-әрекет мәдениітін игеру:
6. Психологиялық ақиқатқа және тұтастай ақиқатқа эмоционалды-құнді,  қатынас қалыптастыру;
7. Жеке тұлға сапаларын қалыптастыру (озініц біліміне деген жауатершілік, дағдылы заттар мен құнды инновацияларға жаңаша қарау іскерлкі, мәселені шеше білу, сенімділік, эмоционалды тұрақтылық).
Оқыту нотижссі субъективті факторлармен ғана емес обьективті факторлар бойынша да анықталады: S Оқу матсриалының мазмұны.
Оку материалынын формасы. Ол пәндік, бейнелік, сөздік және символикалық болуы мүмкін.  Оқу материалының құрделілігі.
Оку материалынын мазмұны. Кейбір материалдың мазмұны гностикалық (танымдық), практикалық (іскерлік), этикалық (адамгершіліктік), эстетикалық, әлеуметтік (қоғамдық), тәрбиелік (педагогикалық) болуы мүмкін.
Мағынасына жету.
Құрылымы, яки оның бөлімдерінің логикалық, семантикалық және синтаксистік байланысы.
Оқу материалының көлемі.
Оку материалының эмоционалдық ерекшеліктері.
Кері байланыс негізінде оқу барысының реттелуі, яғни нәтижені бақылау, есепке алу.
•	Оқу іс-әрекеттің басты жемісі окушыларда теориялық сана мен ойлауды калыптастыру. Эмпирикалық ойлауға ауысатын теориялык сананың қалыптасуынан ары карай окыту барысында менгерілетін білім сипаттамасына байланысты.
•	Оқу іс-әрекетінін сыртқы құрылымы:
	мотивация;
	бслгілі ситуациялардағы әр түрлі тапсырма формасындағы оку міндеттері;
	оку іс-әрекеті;
	өзін-өзі бақылауға үласатын бақылау;
	өзін-өзі бағалауға ұласатын бағалау.
•	Оқу іс-әрекеті табиғатына орай интеллектуалдық әрекетке жататындықтан, кез келген интеллекту алдық акт ретінде келесі құрылымда сипатталады. Олардың негізгілері:
- мотив;
- жоспар;
- орындалу;
- бақылау.
•	Оқу іс-әреке гінің жалпы құрылымы
Танымдық қажеттілік
Пән аймағы бойынша теориялық білімді меңгеруге окушының ұмтылысы (бұл білім белгілі аймақтағы пәндердің шығуы, қалыптасуы және даму зандылықтарын бейнелейді).
Оқу міндеттері
Оқу міндеттерінің спецификасы окушының оны шеішуде біркелкі жекелей   міндеттердін   тұтастай   класын   шешу   жолдарын меңгеруінен тұрады.
Міндеттерді орындау кезендері:
	міндетті түсін;
	міндетті «қабылдау»;
- эмоционалдық күй және өз міндетін қою мен орындау ниетін тудыру.
Оқу мотивтері
Оку мотивіне деген қажеттілік нақтыланады. Теориялық білімді менгеруте окушының жалпы ұмтылысы кейбір жекелей міндеттерді белгілі тәсілдер арқылы меңгеруге бағытталуында.
Оқу іс-әрекеті
Операциялар
Өз мақсаты көрсетілген белгілі бір шарттарға жауап беретін әрекеттер тәсілі (А.Н.Леонтьев).
• Оқу іс-әрекеттің түрлері
Оқытудағы іс-әрекет субъектісі позициясы бойынша:
	мақсатты ұйғару;
	бағдарлама жасау;
	жоспарлау әрекеттері;
	жүзеге асьфу;
	бақылау (өзіндік бақылау);
	бағалау (өзіндік бағалау).
Оқу іс-әрекеті пәнінің позициясы тұрғысынан:
>	қайта түрленуші;
>	 зерітеуші әрекеттер болып бөлінеді.
Бұл әрекеттер екі түрлі болуы мүмкін
1) жекс (ерекше) материалдағы жалпылама, бастапқы қатынасты анықтау үшін оку әрекеті;
2)бұрын анықталған жалпылама қатынастың нақтылық дәрежесін анықгау үшін оқу әрекеті;
Оқушының психикалық іс-әрекетіне қатысты
>	ойлау:
>	перцептивтік (тануды, сәйкестендіруді) «рекеттерді қамтиды;
>  мнемикалық әрекеттерді (әсер қалдыру, ақпаратты талдау, т.б.) қамтиды.
> Қайта жаңғырту (атқарушы, қайта өндіруші әрекеттер).
> Онімді әрекеттер.
	Оку мақсаты. Мотивін жүзеге асыруға апаратын оқушының әрекетінен күтілетін соңғы және аралық нәтиже
	Мақсат түрлері:
	Аралық мақсаттар.
	Соңғы мақсаттар
•	Мақсат деңгейлері:
	Кен көлемдегі танымдық мақсаттар;
	Өзіндік білім алу мақсаттары;
	Оқу - танымдық мақсаттар;
	Әлеу меттік мақсаттар.
•	Мақсатқа же ту кезеңдері
	Мақсат қою, оны негіздеу;
	Ойша нәтижені және оған жету жолын көре білу;
	Мақсатты әрекетті анықтап қабылдау;
	Соңғы мақсатты аралық түрде нақтылау;
	Бірнеше мақсаттан ақиқат бір мақсатты таңдау;
	Уақыт пен күштің жұмсалуын негіздеу;
	Іс-әрекет жоспарын құру;
	Мақсатқа жету;
	Мақсатқа жету деңгейін талап пен тілек бойынша және сондай-ақ нақтылы нәтижелер байланысы бойынша тексеру.
3  Оқыту процесіне әсер етуші психологиялық факторлар
Нәтижелі (жемісті) оқытудың психологиялық формуласын мына тұрғыда беруте болады: М + 4Қ + Ж
Мұндағы, М - мотивация, 1Қ - мәліметті (немесе ізденіс) қабылдау, 2Қ - мәліметті түсіну, ЗҚ - есте сақтау, 4Қ - мәліметті қолдану, Ж - сабақтын жүйелілігі.
Мотив (франц. Motif - себеп, лат. моvео - қозғаймын) – субъектінін өмір   сүру   жағдайы   ықпалымен   қалыптасатын   және   оның белсенділігінің бағытын аныктайтын әрекетті туғызушы.
Мотив   үғымы   субъектінің   белсенділігін   тұғызатын   түрлі құбылыстар мен күйлерді білдіру үшін қолданылады.
Мотив - адамды түрлі іс-әрекетке итермелейтін күш, себеп, түрткі.
Мотив түрлері: А.К. Маркова мотивтердің келесі тобын көрсетеді:
1.	 Танымдың мотивтер - оку іс-әрекетінің мазмұны және оны орындау үлгісімен байланысты.
Кең танымдық
	мәселені шешуді кабыл алу;
	қосымша мәлімет алу үшін мұғалімнің көмегіне сүйену және т.б.
Оқу-танымдық
	әртүрлі шешім қабылдау тәсілдерін іздестірудегі дербес іс-әрекет;
	жұмыстың әртүрлі тәсілдерін салыстыру барысындағы мұғалімнің көмегі және т.б.
Өз бетімен білім алу мотивтері
	оқу еңбегін үтымды үйымдастыру жөнінде мұғаліммен сұхбаттасу;
	өз бетімен білім алудағы нақты әрекеттер және т.б.
2.	Әлеуметтік мотивтер - окушының басқа адамдармен әлеуметтік өзара қарым-қатынасымен байланысты.
Кең әлеуметтік мотивтер
-	окушының  борыш пен жауапкершілікті  түсінуін дәлелдейтін қылықтары және т.б.
Тар әлеуметтік мотивтер
-	құрбыларымен қарым-қатынасқа түсу және   олардың   арасында беделге ие болуға ұмтылыс;
-	жолдастарына көмек корсету және т.б.
Әлеуметтік ынтымақтасу мотивтері
-	Ұжымдық жұмысқа ұмтылыс пен оны жүзеге асырудың ұтымды тәсілдерін сезіну.
Білім алуға деген мотив үш басты қызметті атқарады:
	Талпындырушы (іс-әрекетті бағыттайды);
	Бағыттаушы (мінез-қүлқын бағыттап, ұйымдастырады);
	Мән-мағыналық (іс-әрекетке жеке тұлғалық мән мен мағына беру).
Мотивтер ішкі және сыртқы дen те бөліяеді.
Сыртқы мотив. Сыртқы мотив баланың нитей озінің талпынуынан кездеспейді. Көбіне өзгелерден сескенуінен туындайды.
> жазалау;
>	мадақтау;
> сес көрсету және талап ету;
> материалдық пайда табу;
> топка қысым түсіру.
Ішкі мотив. Ішкі мотив баланың өзіндік ықыласы және сан алуан құбылыстардын езіне тән сырларын білуге ұмтылуынан тұрады.
Ішкі мотив оқу тапсырмасын орындамай тұрып, соған ұмтылу ретінде де кездеседі.
> білімге деген қызығушылығы;
> мәдени және кәсіби деңгейді көтеруге деген ұмтылыс;
> зеректік;
> жаңа мәліметті меңгеруге деген қажеттілік.
Мотивация - субъектіні белгілі әрекет жасауға іштей ынталандырушы күш.
Адамды барлық тіршілік иесі сияқты белсенді іс-әрекетке итермелейтін күш - бұл қажетсіну, яғни индивидтің өзінің тіршілік ету мен даму жағдайларының тәуелділігінің көрсеткіші.
Мотивация ұғымына талаптанудың барлық түрі енеді: адамзаттын іс-орекстін тікелей негіздейтін мотивтер, қажеттіліктер, қызығушылықтар, ұмтылыстар, мақсаттар, идеалдар.
Мотивация құрылымынан 4 компонента бөліп алута болады:
	іс-әрекетке канағаттану;
	іс-әрекет нәтижесінің жеке адам үшін маңыздылығы;
	іс-әрекет үшін сыйлық алуды мотивтендіретін күш;
	жеке басқа еріктен тыс қысым түсіру.
	Мотивация құрылымына ықпал етуші факторлар: Ынталандырушы мотивтік   факторлардық   бірінші   түрі (қажеттілік және инстинктер) белсенділіктің қайнар көзі болып келеді   Оларға талдау жасау арқылы организм не себептен белсенділік күйге түседі деген сұраққа жауап алуға болады.
Ынталандырушы мотивтік факторлардын екінші түрі организм белсенділігінін бағыттылығын анықтайды.
Ыиталандырушы мотивтік факторлардын үшінші түрі - бұл эмоциялар, сезімдер мен бағдарлар. Бұлар мінез-құлықты басқару динамикасын жүзеге асыру туралы сұраққа жауап береді.
Мотивтерді топтастыру
	Өзекті және мүмкін болатын (потенциалды) мотивтер. Өзекті мотив - жеке тұлғаның таңдап алган және шынайы әрекеттердін мотиві. Мүмкін болатын мотив - әрекетті ұйымдастыра ататын мотив.
	Даму бойынша негізгі және қосалқы мотивтер. Непзгі мотивтер жеке адам үшін маңызды, ол адамнын мінез-құлқында көрініс беріп нсгізгі орын алады. Қосалқы мотивтер жекс адаммен тығыз байланыста болмайды. Олар адамда әлсіз дамыған.
	Мағынаны құраушы және ынталандырушы мотивтер. Мағынаны құраушы мотивтер іс-әрекетке жеке тұлғалық мағына береді.
Мұндай   мотивтер   арқьшы   адам   өзінше   дүниеге.   қоршаған адамдарға, қоғамға және өз-өзіне деген қатынасын білдіреді. Ынталандырушы мотивтер мағынаны құраушы мотивтермен бірге жүріп, қосымша ынталандырушы фактордын рөлін аткарады, олар жағымды және жағымсыз болуы мүмкін.
4.	Заттық   мазмұны   бойынша   заттық,   функционалды   және нормативтік мотивтер болады.
Заттық мотивтер іс-әрекеттің максатты бағытын құрайтын мотивтер. Ол үнемі нәтижені көрсетіп отырады (мысалы, ұздік оқу). Функционалды мотивтер - іс-әрекетпен бірге жүреді, бірақ сонғы нәтиже көрінбейді (мысалы, қарым-қатынас мотиві). Бұл мотив сонғы нәтижемен емес, іс-әрекет барысында қанағаттандырылады Нормативті мотивтер - кедергі болатын мотивтер. Ол іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, оны белгілі шектеулерге бағындырады. Бұған адамгершілік немесе құқыктық мотивтер жатады.
	Жалпылау деңгейі бойынша жалпыланган және нақты мотивтер болады. Жалпыланған мотивтер өз ықпалын іс-әрекет түрлеріне тигізеді. Нақты мотивтер жеке әрекет-қылықтың құрамдас бөлігі.
	Саналылық деңгейі бойынша саналы түрде қабылданатын және сапалы түрде қабылданбайтын мотивтер.
Саналы түрде қабылданбайтын мотивтер әрекет жасаушы адамның санасында айқын көрініс береді. Кей жағдайда адам өзін әрекет жасауға итермелейтін мотивтерді толық сезіне бермейді, бұл саналы қабылданбайтын мотивтер.
Г.Розенфельд мотивацияның үш аспектісін қарастырады: құндылық, мақсаттылық және бағыттылық. Құндылық аспектісінде автор мотивтердің топтарын көрсетеді:
	Оқу қуаныш сезімі ретінде.
	Оқу жеке бас пайдасына ие болу ретінде (материалдық пайда).
	Оқу әлеуметтік статусқа ие болу, сәтсіздіктен қашу ретінде.
	Оку әлеуметтік идентификация (негізінде достарының әсері және баскаларғa еліктеу).
5.	Күштеудін, күш көсетудің салдарынан оқу.
6. Жауапкершілік сезімінен оқу.
7.	Өмірлік тәжірибенін маңыздылығын түсіну негізінде оқу (мамандық, өмірлік мақсат).
8. Қоғамдық қажеттіліктер негізінде (қоғамдық нормалар,принцптермен теңестіру) оқу.

Негізгі ұғымдар: оқу іс-әрекеті, пәндік мазмұны, интеллектуалдық әрекеттер, тіл, оқу іс-әрекетінің нәтижесі.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
	Оқу іс-әрекетіне психологиялық-педагогикалық түсінік беріңіз.
	Оқу іс-әрекеттінің пәндік мазмұнын ашыңыз.
	Оқыту процесіне әсер ететін психологиялық факторлар қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
	Столяренко Л.Д . Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004
	Ильин Е. П.  Мотивация и мотивы. СПб, Изд-во Питер, 2000
	Курс общей, возрастной и педагогической психологии.Вып.3/Под ред.М.В.Гамезо.М.1982.Гл.ХХ
	Талызина Н.Ф. Педагогическая психология.М.,1998.
	Сламбекова Т.С. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Семей, 2008

7-тақырып: Білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеру процесі
Жоспар:
	Меңгеру теориясы мәселелері
	Білім, іскерлік дағды ұғымдарының өзара байланыстары
	Білім түрлері. Олардың педагогикалық-психологиялық негіздері
	Дағдыны қалыптастыру деңгейлері 

Меңгеру теориясының зерттеу мәселелері
	Әлеуметтік тәжірибенің (интеллектуалдық, эстетикалық, өндірістік) әр түрлерін меңгеру механизмдері және заңдылықтары проблемасы.
	Білімді және оларға сәйкес іскерлік пен дағдыны меңгеру табиғаты, механизмдері және заңдылықтары проблемасы.
	Әр түрлі пәндер материалдарын меңгеру проблемасы.
	Меңгеру кезеңдерін сипаттау проблемасы.
	Білімді меңгеру сапасы мен деңгейі критерийі; көрсеткіштері, іскерлік пен дағдының қалыптасу проблемалары.
	Білімді меңгеру сапасы деңгейін, іскерлік пен дағдының қалыптасуын диагностикалау проблемасы.
Білім :
	Қоғамдық-тарихи тәжірибеде тексеруден өткізілген ақиқатты тану процесінің нәтижесі.
	Ақиқаттың адам санасында ұғым, пікір, теория түріндегі адекватты бейнесі.
Іскерлік:
	Қамтылған білім мен дағды бірлігінде адам тарапынан меңгерілген әрекетті орындау тәсілдері.
          Дағды:
	Жаттығу нәтижесінде автоматтандырылған әрекет.
	Білімді психологиялық-педагогикалық саралау
	Пәндік (арнайы) құрылым – нақты ғылымның заңдылықтары, фактілері және әдістері.
	Логикалық құрылым – ереже бойынша логикалық операциялар және логикалық ойлау тәсілдерінің қатаң түрде пәндік аймаққа тәуелді еместігі және әр түрлі міндет түрлерін шешуде бірдей де болуы мүмкін екендігі.
	Психологиялық құрылым – өз әрекетін жоспарлау, оның барысын бақылау, қажет жағдайда түзету енгізу және міндетке сәйкес соңғы нәтижені бағалау іскерлігі.
	Білім түрлері
	Ұғым және терминдер
	Фактілер туралы білім
	Заңдар туралы білім
	Теориялар туралы білім
	Таным әдістарі мен іс-әрекет амалдары туралы білім
Білім түрлерінің өзара байланысы
Ұғым – заттар мен құбылыстар туралы санадағы бейне.
Пікір – бір зат туралы не мақұлдау, не теріске шығаруда көрінетін ой.
Ой қорытындысы – бірнеше пікірден жаңа бір пікір туындату тәсілі.
Дәлелдеу – ақиқаттағы дәлелденген басқа пікірлерді негізге ала отырып өз көзқарасыныңақиқаттығын дәлелдейтін ой.
Түсіндіру – зат, құбылысқа тән қасиеттер, құрылым, функцияларды негізге ала отырып, олардың байланыстарын заңды факторлар негізінде негіздеу.
Гипотеза – құбылыс немесе топты құбылыс жөнінде алдын ала шартты түрде ұсынатын ой; кейбір құбылыстардың бар екендігі туралы болжам.
Теория – белгілі ақиқат аймағы жөнінде мәнді байланыс пен заңдылықтар жөнінде тұтастай көзқарас қалыптастыратын білімді ұйымдастырудың дамыған формасы.
	Білімді меңгеру кезеңдері (этаптары):
	Тану:
	Қайта жаңғырту;
	Түсіну;
	Таныс жағдаяттарда қолдану;
	Таныс емес жағдаяттарда қолдану;
	Бағалау.
	Меңгеру деңгейлері:
	Репродуктивті
	Родуктивті
Білім өлшемдері
	Білімнің кеңдігі –ұғымның белгілері мен олардың бір-бірімен байланысын ажырату қабілеттілігі;
	Білімнің жеделдігі – әр түрлі жағдаяттарда меңгерілген білімді қолдануда шапшаңдық көрсету қабілеттілігі;
	Білімнің тереңдігі – ұғымдардың мәнді белгілері мен олардың байланысын ажырата алу қабілеттілігі;
	Білімнің икемділігі – бір міндетті шешуде бірнеше шешім жолын тауып өз бетімен қолдана білу немесе ұқсас міндеттерге жетуде дәстүрлі емес жолды табу;
	Білімнің нақтылығы және жалпылығы – жалпы түрдегі білімді бөліп алу, нақтыны жалпыға жақындату, жекені жалпыға ығыстыру;
	Білімнің жинақылығы – ойды жинақы түрде, жүйелі жеткізу;
	Білімнің жүйелілігі – ұғымдар иерархиясын, оның жүйелілігі мен өзара байланысын анықтау іскерлігі;
	Білімнің саналылығы – материалды қайта топтаумен қайта өңдеу, құбылыс, заң т.б. туралы деректерді шығармашылықпен қолдану іскерлігі.
Меңгеру – тарихи жолмен қалыптасқан қабілеттің, мінез-құлықтың, білім мен іскерліктің қоғамда жинақталған түрлерінің индивидте индивидуалды – субъективті іс-әрекет формасына айналу процесі. Меңгеру процесі адамның туғаннан бүкіл өмір бойғы психикасының дамуының негізі болып табылады.
Меңгерудің негізгі формалары:
	Тікелей-эмоционалдық қарым-қатынас;
	Заттық-манипуляциялық әрекет;
	Ойын әрекеті;
	Қоғамдық-пайдалы іс-әрекет;
	Оқу іс-әрекеті;
	Еңбек әрекеті.
Меңгерудің негізгі компоненттері:
	Қабілетті, білімді адамның іскерлігі мен дағдысын іске асыратын мәдени құралдар;
	Тапсырма түрлерінің оны меңгеру формаларына сәйкестігі;
	Мәдени салада іске асырылатын тәжірибелік, танымдық, адекватты әрекеттер.
Дағдының даму заңдары
Тиімділік (эффект) заңы – 1921 жылы Э.Торндайк ашқан. Дағдыны дамыту үшін әрбір пысықтаудың нәтижесін білу қажет, сонда ғана келесі пысықтауда оны жетілдіруге деген ниет туады.
Дағды дамуындағы жылдамдықтың өзгеру заңы – алғашқы пысықтаудағы дағды өнімділігін жетілдіру, қарқыны көп кешікпей өз қарқындылығын баяулатады.
Дағды дамуындағы біркелкі еместік заңы – дағдының ілгерілеуі олардың өнімділігіне әсер ететін субъективті және объективті себептер қатары әсерінен уақытша дағдының төмендеуімен алмасады.
Дағды дамуындағы плато (үстірттік) заңы – уақытша дағды өнімінің жақсаруы немесе төмендеуінің байқалмауы олардың психологиялық құрылымының қайта құрылуы туралы түсінік береді. Демек, дағдылану процесі табандап бір орында тұрып қалады немесе тіпті бастапқы кезінен төмендеп кетуі мүмкін. Осыны психологияда плато (француз сөзінен «platean» - бірыңғай) деп атайды.
Дағды дамуының шексіздігі заңы – дағды дамуындағы соңғы плато дағды құрылымын қайта құру есебінде жүріп оның нәтижелілігін аз да болса жақсарта алады.
Дағдының сөну заңы – пысықтау жоқ жерде дағды кері қарай дамуға ұшырайды, бірақ пысықтаудың қайтадан қалпына келуі, дағдыны алғашқы пысықтауға қарағанда жылдамырақ қалпына келтіреді.
Дағдыны тасымалдау заңы – қалыптасқан дағдылар психологиялық құрылымы бойынша ұқсас дағдылардың дамуын жеңілдетеді (оң тасымал) және құрылымы әр түрлі дағдылардың дамуын қиындатады (теріс тасымал).
Дағдыны қалыптастыру деңгейлері
	Дағдыны ойластыру – әрекетті орындау мақсаты белгілі, бірақ оған жету жолы түсініксіз.
	Дағдыны сезіну – мақсатқа жету жолы туралы түсінік пен зейінді шоғырландыру болғанымен әрекет өте баяу жүреді, қажет емес қозғалыс пен қателіктер байқалады.
	Дағдыны автоматтандыру – зейін мен ерік біртіндеп төменгі концентрацияны (шоғырлануды) қажет еткенмен, қозғалыс рационалды болмақ.
	Дағдыны жоғары деңгейде автоматтандыру – әрекет рационалды нақты және сенімді түрде орындалады, жаңа және күрделі дағдылардың алғы шарты пайда болады.
Дағдының жасалу деңгейі Н.А.Бернштейн бойынша
I кезең – дағдыны меңгеру
I фаза – жетекші деңгейді анықтау;
II фаза – қимылдың қозғалыстық құрамын анықтау, ол басқа адамның қимылын бақылаумен талдау деңгейінде болуы мүмкін;
III фаза - «осы қимылдарды іштей өзіндік түйсіну» ретінде, сәйкес түзетулерді айқындау;
IV фаза – фондық түзетулердің төменгі деңгейлерге ауысуы, яғни автоматтандыру процесі.
II кезең – дағдылардың тұрақтануы
I фаза – түрлі деңгейлердің бір мезгілде жұмыс істеуі(синергетикалық);
II фаза – стандарттау;
III фаза – тұрақтану, яғни түрлі кедергілерге төзімділіктің қамтамасыз етілуі.
Оқу процесінде дағдының өнімділігіне әсер етуші себептер:
Объективті 
	Жабдық (құрал-сайман, құрылысы);
	Жабдық жағдайы;
	Жұмыс жағдайы.
Субъективті – ол өз ішінде психикалық және физиологиялық деп екіге бөлінеді:
	Психикалық
	Өз күшіне сенімділік;
	Көңіл-күй;
	Дағдының динамикасы;
	Іс-әрекетке қатынас.
	Физиологиялық
	Қажу;
	Денсаулық жағдайы.
Дағды қалыптасуына ықпал етуші факторлар:
	Жаттығуды уақыт бойынша дұрыс бөлу. Жаттығу кезінде дағдының өріс алуы графикалық сызықтармен өлшенеді.
	Үйретушінің әрекетті орындаудың негізгі жоспарын, принципін түсінуі;
	Орындалған әрекеттің нәтижесін білу;
	Бұрын игерілген білімдер мен қалыптасқан дағдыларды үйренудің қазіргі сәтіне әсер етуі. Оқушының үйреншікті дағдысы екінші  нәрсені меңгеруге жәрдемін тигізетін болса, онда мұны дағдының тасымалдығы деп атайды. Сонымен қатар бір дағды екінші дағдының қалыптасуына жәрдемін тигізудің орнына кейде кедергі жасайтыны да белгілі. Мұны дағдының интерференциясы деп атайды. 
	Қайта өндірушілік пен сенімділіктің ұтымды ара қатысы.
Негізгі ұғымдар: меңгеру, ұғым, пікір, дәлелдеу, түсіндіру, гипотеза, теория.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
	Меңгеру ұғымына түсінік.
	Білім, іскерлік дағды ұғымдарының өзара байланыстарын ашыңыз.
	Білім түрлерінің педагогикалық-психологиялық негіздері
	Дағдыны қалыптастыру деңгейлерін атаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
	Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, ВЛАДОС, 2002
	Платонов К.К. Краткий словарь системы психологических понятий.  М., 1984

8-тақырып: Оқу-іс-әрекеті субъектілерінің жас ерекшелік сипаттамалары
Жоспар:
	Жас кезеңдерін жіктеу параметрлері
	Оқу-ісәрекеті субъектілерінің психологиялық ерекшеліктері
Жас ерекшелігі физиологиясы
	Жаңа туған бала (алғашқы күн 10 күн)- бөпелік кезең
	Омыраудағы кезең(10куннен – 1 жасқа дейін)- нәрестелік езең
	Ерте балалық кезең (1-3жас аралығы) – сәбилік кекзең
	 Алғашқы балалық кезең (3-7 жас аралығы)
	 Екінші балалық  кезең (8-12 жас аралығы)
	Жеткіншек жас (13-16 жас арасы - ұлдар),(12-15 жас арасы-қыздар)
	Жасөспірімдік кезең (17-21 жас арасы –ұлдар)-бозбала, (16-20 жас арасы –қыздар)- бойжеткен
Медицинада
	Жаңа туған бала (алғашқы 3-4апта)- бөпе
	Омыраудағы кезең (4 аптадан -1 жасға дейін)- нәресте
	Мектепке дейінгі кезең (1-3жасқа дейін) –сәби
	Нақты мектепке дейінгі кезең (3-7жасқа дейін)
	Төменгі сынып оқушысы (7-12жас аралығы)
	Жеткіншектік жас
	Жоғары сынып оқушысы (12-18 жас аралығы)
Психологияда
	Жаңа туған бала( туылғаннан 1 жасқа дейін) –нәресте
	Мектепке дейінгі балалық (1-3 жасқа дейінгі)- сәби
	Нақты мектепке дейінгі кезең (3-6 жасқа дейін) 
	Төменгі сынып оқушысы (6-10 жас аралығы)
	Жеткіншектік (орта буын) жасы (10-15 жас арасы)
	Бозбалалық кезең
I кезеңі 15-17 жас арасы
II кезең 17-21 жас арасы
	Толысқан шақ (21-60 жас)
	Егде жас (60-75 жас)
	Кәрілік жас ( 75-90 жас)
	Ұзақ өмір сүрушілер (90 жастан жоғары)
Педагогикада
	Жаңа туған бала (алғашқы 1 жыл)
	Мектепке дейінгі балдалық ( 1 жастан 3 жасқа дейін)
	Мектепке дейінгі жас  (3жастан 6 жасқа дейін)
-кіші мектепке дейінгі жас (3-4 жас)
-орта мектепке дейінгі жас (4-5жас)
Жоғары мектепке дейінгң жас (5-6жас)
	Кіші мектептегі жас (6жастан 10жасқа дейін)
	Орта мектеп жасы (10 жастан 15 жасқа дейін)
	Жоғары мектеп жас (15 жастан 18 жасқа дейін)
А.Валлон бойынша  жас сатысындағы даму кезеңдері
А.Валлон психикалық эволюцияның кезеңдерін бір кезеңдерде  белгілі функциялардын күшеюі немесе  бәсеңдеуі  байқалатын  қайта ұйымдастыратын үздік жолы деп қарастырды, ол даму барысындағы конфликтілерді, қарама- қайшылықтарды зерттеу қажет екендігін айтады. А.Валлон бойынша, когнитивті процесстердің дамуы эмоционалды және жеке тұлғалық дамумен тығыс байланысты және психикалық тірлік генезисінде эмоция бәрінен де бұрын  көрінеді және бала психикалық  тіршілік етуге тек эмоцияның арасында ғана қабілетті, тек эмоция ғана баланы оның әлеуметтік  ортасымен байланыстыра алады. Валлон барлық балалар үшіг даму ритмінің бірдей екендігін мойындамасы да өзінің белгілерімен сипатталатын,  баланың басқа адамдармен  қарым-қатынасымен ерекшеленетін кезеңдерді бөліп өарастырады. 
А.Валлон бойынша балалықтың бірізді кезеңдері:
1.  Импульсивті кезең (6айға дейін)
2. Эмоционалды кезең (6 айдан 10 айға дейін) эмоция (қорқу, ашулану,қуану т.б) арқылы басқалармен қарым-қатынас жасай бастайды . Эмоционалдық қимыл- қозғалыстың тікелей байланыстылығы.
3. Практикалық ойлаудың басы (10айдан 14 айға дейін)- дыбыс, сөз, қимыл –қозғалысты тани бастайды, өз тілегің қимыл-қозғалыс, сөз арқылы білдіреді.
4. Прективті кезең (14 айдан 3 жасқа дейін) – еркіе сөйлеу, сөйлеуді меңгеруге байланысты бала дамуының тәуелсіздігі; бала обьектілерді зерттеуге қабілетті және осы заттын атын оның қасиетімен бірге танып біледі, істің ойға ауысуы еліктеу барысында мүмкін болады.
5. Дербестік кезең (персоналистік) (3 жастан 6 жасқа дейін ) – ол сөз ішінде  
   3 кезеңнен тұрады:
	Қарама-қарсы қойып салыстыру кезеңі ( 3жас) – бала өзін басқаларға қарсы қояды ,өзін- өзі бекітеді, ересектерді танымайды, Валлон бойынша осы кезден бастап бала өзінің ігкі әлемін сезіне бастайды. Сондай ақ балада заттарды формасына, түр түсіне қарай ажырату қабілеті пайда болады. 
	Нарциссизм кезеңі (4 жас) өзіне деген қарқынды қызығушылық байқалады, өзіне жақсы жақтан көрсеткісі келеді, өзінің ерекше қабілеттілігіне сенеді (мысалы, ол тақтайдан күшті), когнитивтілік жағынан қабылдау абстрактілікке айналады, сызық, графикалық белгілерді ажыратуға қабілетті.
	Еліктеушіліе кезеңі (5жас)- бала адамдарға, әлемге зейін қоя бастайды, адамдарға үйірсектікті сезәнеді, сондықтан осы кезеңдегі тәрбие « симпатияға толы болуы қажет».  Бұл кезеңде балада еләктеушілік пайда болады және рөльдерді меңгереді. Кейіпкерлерді өз ойынан туындатады. Бала ойлауында  синкретизм, демек тұтасты жеке бөліктерге бөліп алғанымен, оларды қайта байланыстырып тұтас күйге келтіре алмау байқалады.
6. Оқу  кезеңі (6жастан 12 жасқа дейін)  бала сыртқы әлемге бет бұрады, заттар, олардың қасиеттері, белсенділіктің әр түрлі формалары туралы білімді меңгереді; ойлау обьективті бола бастайды, ақыл –ой іскерлігі мен операциялары қалыптасады.
7. Жыныстық жетілу кезеңі: жеткіншектің зейіні өзіне, өз қажеттілігіне, мүмкіндігіне бағытталған. Оның тәуелсіздігін және ерекше екендігін дәлелдемек.
	Туғаннан жасөспірімдік шаққа дейінгі дамудың жалпы үлгісі (Қосымша А);Баланың интеллектуалдық дамуы (Ж.Пиаже бойынша) (Қосымша Ә);Жек тұлғаның даму сатылары (Э.Эриксон бойынша) (Қосымша Б);Адамгершіліктің даму кезеңдері (Л.Кольберг бойынша)(Қосымша В);Мақсаттың қалыптасуы мен оған жетуге байланысты тіршілік циклының фазалары (Ш.Бюллер бойынша) (Қосымша Г); Д.Б.Эльконин бойынша жас кезеңдері (	Қосымша Д)
Б.Г.Ананьев бойынша жас сатысындағы жас кезеңдер:
	Мектепке дейінгінің алдындағы кезең (3-5жас)
	Мектепке дейінгі (5-7 жас) кезең
	Кіші мектеп жасы (7-11жас)
	Жеткіншек (орта мектеп) жасы (11-15 жас)
	Ерте жастық шақ немесе жоғары мектеп жасы (15-18 жас)э
	Студенттік кезең (кеш жастық шақ, ерте кемелді жас) –(17-18-22-23жастар)
Л.С.Выготскийдің жасерекшелік дамудағы дағдарысты кезеңдерге бөлуі:
	Нәреселік дағдарыс;
	Сәбилік жас (2 ай- 1 жыл);
	1 жас дағдарысы;
	Ерте балалық (1-3 жас);
	3 жас дағдарысы;
	Мектепке дейінгі жас (3-7жас);
	7жас дағдарысы;
	Мектеп жасы (8-12жас);
	13жас дағдарысы, пубертанттық жас (14-18жас)
	17жас дағдарысы;
3.Мектепке де	дейінгі кезеңдегі балалардың (3-6жас) психологиялық ерекшеліктері
	Басты іс-әрекет түрі – ойын,мінез –құлық нормалары мен адамдардың іс-әрекетін меңгеру;
	3-4 жас – өзән таныту, мүмкін реакциялар: тыңдамау,қиқарлық, басқанын дегеніне көнбеу, қарама-қарсы теріс әрекет (негативизм), «ересектерге ат тағу» («Мен –өзім», «Мен өзім білемін», нарциссизм – өзін мадақтау);
	Жалғыз ойнау(заттық, конструкторлық, сюжеттік рөлдік)
	5-6жас – ересектермен қарым-қатынаста ымыраға келу , балалармен қарым-қатынастың дамуы, балалармен бірлесе ойнау, лидерлік қатынастың қалыптасуы және балалар арасындағы бағынушылық , «ойын-жарыс»:
	Конструкторлық ойынның дамуы, практикалық ойлаудың дамуы;
	Сурет салу және музыкалық қабілеттердің (музыканы түсіну, өлең айту, би билеу), шығармашылықтың дамуы;
	Ойлаудың эгоцентрлығы (өзіне бағытталуы)
	Қабылдаудың (перцептивті әрекеттерді меңгеру, перцептивті эталондарды меңгеру), зейіннің, естің мағынасыз формаларын мағыналы формаларға қарай дамуы, еріктің дамуы
	Білім құмарлық (4-5жас «неге, неліктен» деген сұрақтарын көп қоюшылар);
	Қиялдың дамуы ( репродуктивті фирмадан шыңармашыл продуктивті қиялға қарай; танымдық –интеллектуалдық және  аффективті – қорғаныш функцияларын орындау);
	Балалармен диалогтық сөйлеудің дамуы (6жаста –бала лексикасында 14 мың сөз, тілдің грамматикалық нормаларын толық меңгерген) іштей сөйлеуге ұласуы;
	Ұғым –түсініктердің дамуы;
	Ойлаудың дамуы операцияға дейінгі кезеңнен (Ж.Пиаже бойынша) тұрады, операциялық кезеңге баяулап өту байқалады;
	Жыныс мүшелеріне, балалардың туылуына деген қызығушылық,
А)психосексуалдық дамудың фаллистік кезеңі (3-4жас)
Б)Эдип комплексінің қалыптасуы мен жеңіп шығуы (5-6жас), ішкі ардың, әдептің, моральдық көзқарастың қалыптасуы;
	Инициативалықтың, белсенділіктің, мақсатқа ұмтылушылықтың, өзбеттіліктің дамуы, негативті даму барысында пассивтілік, кәнәсін сезіну, еліктеуге бейімділіктің қалыптасуы;
	Мектепке даярлықтың қалыптасуы;
Бастауыш  мектеп жасындағылардың психологиялық дпмуы
	Басты іс-әрекет –оқу;
	Танымдық процесстердің қайта құрылуы- еркіндіктің, нәтижеліктің және тұрақтылықтың қалыптасуы-ырықты зейіннің, қабылдаудың, есте сақтаудың (ең алдымен механикалық естің), ойлаудың (көрнекі-образды ойлаудың нақты ұғымдар деңгейінде сөздік-логикалық ойлауға ауысуы) дамуы;
	Мінез-құлықты, ерікті, өздігінен реттеуді дамыту;
	Оқи алу, жаза алуе арифметикалық есептерді меңгеру, білім қорын жинақтау;
	Үйдегі еңбек дағдарысын меңгеру;
	Қарым- қатынас сферасын кеңйту, жаңа беделді адамдардың әсерінің артуы;
	Дамытушы ойындар оқудан кейінгі екінші орында;
	Мұғалімнің бағалауы мен оқудағы жеткен жетістіктері негізінде өзін-өзі бағалаудың қалыптасуы, не өзін-өзі бағалаудың төмендеуі.

	Өзіне деген сенімнің қалыптасуы, мұғалім мен ата-ананың сынынан өз күшіне деген сенімсіздіктің, фрустрацияның қалыптасуы ,оқуға қызығушылықтың төмендеуі, «мектепкі невроз».

Жеткіншек оқу іс- әрекетінің сәбьектісі ретінде
Америкагндық психолог А.Гезель жеткіншектік және жасөспірімдік кезеңдегі балалардың билологиялық толысуы мен олардың қызығушылықтары және мінез-құлық ерекшеліктеріне тоқталады. Ғалым пікірінше, балалықтың ересектікке өту  11жастан 2 жасқа дейін созылмақ, ондағы әсіресе алғашқы 5жыл аса маңызды (11жастан 16 жасқа дейінгі аралық).
10жастағы- бала- салмақтылық, сенгіштік, ата- анасымен қарым-қатынасының үйлесімділігі, сыртқы келбетімен аз айналысуы, өмірді жеңіл қабылдауы.
11жастағы бала- импульсивті көңіл-күйдің өзгермелілігі, әке –шешесіне қарсы бүлік шығаруы, құрбыларымен  кикілжіңге баруы.
12 жастағы бала- ашушандық, көбіне өалыпты әлемге қатынасының позитивтілігі, отбасынан алшақтап өсуі, құрбылары әсерінің артуы, сыртқы келбетінің көр толғандыруы, қарсы жынысқа қызығушылығының артуы.
13 жастағы жеткіншек- ішкі әлемнің толғандыруы (интераверттілік),өзіндік сынның пайда болуы, сынға сезімталдылығы, ата-анаға сыни тұрғыда қарауы, дрстығының таңдаулылығы,
14 жастағы- жеткіншек. Экстраверсия, күштілік, көпшілдік, өзіне сенімділік, өзе адамдарға деген қызығушылықтың байқалуы,өзін талқыға салуы және ірі тұлғалармен салыстырылуы.
15 жастағы-жеткіншек. Дербес ерекшеліктердің «пайда болуы»; тәуелсіздік сезімі, сыртқы бақылаудан арылу, саналы түрде өзін-өзі тәрбиелеудің басталуы. Сезімталдық, жағымсыз әсерлеге төзімділік.
16 жастағы –жеткіншек.Бір қалыптылық, сабырсыздық, сотқарлық, ішкі өзбеттіліктің артуы, эмоционалды тұрақтылық, көпшілдік.

Жеткіншек жасындағылардың психологиялық ерекшеліктері
	Қарқынды жыныстық жетілу және даму, организмдегі қарқынды физиологиялық қайта құру;
	Эмоционалды сфераның тұрақсыздығы, эмоция мен көңіл – күйдің басқаруға келмеуі;
	Өзінің өзбеттілігін, жеке дарындылығын нығайту барысында ересектермен конфликтілі қатынас туындауы мүмкін;
	 Басты іс-әрекет – құрбылармен қарым-қатынас, жаңа мінез- құлық нормаларын меңгеру, қажет болған жағдайда өзін мойындату, құрбыларын оның өзін құрметтеуге ұмтылуы, құрбыларының ықыласына бөлнеу;
	Өзін-өзі бағалау мен мінездің қалыптасуы;
	Мінез акцентуациясының жіне мінез-құлықтың дезадаптивті формаларының пайда болуы мүмкін;
	Өз пікірінің қалыптасуы, ересектердің өктемшілдіктеріне қарсы келуғ референттік топты өз бетімен таңдау;
	Жасанды өзбеттіліктің жоқтығы, құрбыларына жоғаоы деңгейде сенім тудыру мен конформизмнің көрінуі;
	Логикалық ойлаудың дамуы;
	Өзін- өзә бақылау және іс –әрекетті жоспарлаудың әлде де қиындық тудыруы;
	Тәеклге бел бууы, агрессивтілік –өзін –өзі бекітудің бір жолы ретінде;
	Жыныстық әуестік (құштарлық) пен қызығушылықтың пайда болуы;
	Өзіндік «Меннің», өзіндік сананың қалыптасуы;
	Оқудағы таңдау, жалпы және арнацы қабілетті дамытудағы сензитивтілік.
	Л.С.Выготский жеткіншектің басты қызығушылықтарының бірнеше негізгі топтарын атап көрсеткен, ғалым оларды доминанта деп атаған;
-эгоцентрлік доминанта (жеткіншектің өз жеке басына деген қызығушылығы);
-қашықтықтық доминантасы (жеткіншектің жақын, бүгінгі масштабқа емес, кең де алыс – үлкен масштабқа ұмтылысы);
-күш салу доминантасы ( жеткіншектің  кейде сотқарлық, қиқарлықта көрінетін қарсыласуы, оны жоюдағы еріктік шиеленіске ұмтылысы т.б)
-романтика доминантасы (жеткіншектің белгісіздікке, ерлік жасауға,тәуелсіздікке ұмтылысы)
Жасөспірімдік кезеңдегі балалардың негізгі психологиялық ерекшеліктері (14-18жас)
	Өзіндік сананың қалыптасуы – өзіне –өзі дәлелдеу, сыртқы  келбетін, ақыл-ой, моральдық, ерік –сапаларын бағалау;
	Өзін идеалмен  байланыстырудың жүзеге асуы, өзін-өзі тәрбиелеу мүмкіндігінің пайда болуы;
	Ерікті реттеудің күшеюі;
	Зейіннің шоғырлануының артуы, естің көлемі, оқу материалының қонымдылығы, абстрактілі- логикалық ойлаудың қалыптасуы;
	Күрделі сұрауларды өз бетімен талдау іскерлігінің пайда болуы;
	Өзіндік көзқарастың қалыптасуы, өзінің өмірлік  философиясына көзқарас, білім-сенімдердің тұтастай жүйе ретінде дамуы;
	ЖЖалған ғылыми теориялармен әуестенуі, өзінің өмір, махаббат, саясат туралы теориялврын тудыруы, пікірлердің  максималдылығы.
	Өзінің тәуелсәздігін, ерекше екендігінң өз-өзіне дәлелдеуге ұмтылыс;
	Ересектердің ақыл-кеңестерін елемеу;
	Мінегештік (критиканство), сенімсіздіктің көрінуі;
	Құрғақ ақыл-парасаттылық (рационализм), теорияға немқұрайды қарамау(практицизм);
	Өзін –өзі басқаруға ұмтылыс, қайтадан қоршаған ортаны ұғыну, адамның өмірлік анықталуының жүзеге асуы, психологиялық толысудың белгілі бір дәрежесіне жету;
	Мамандықты меңгеруге деген ұмтылыс- танымдық іс-әрекеттің негізгі мотиві;
	Жалған өзбеттіліктің жоқтығы, құрбыларының әсеріне шалдыққандық және құрбыларына деген қатынастағы конформизмі;
	Жыныстық жетілудің аяқталуы;
	Эмоционалдық сферадағы мәнді қайта құрулардың жүзеге асуы;
	Өз қылықтарының салдарын толық деңгей-де сезінбеу.
Студент- оқу іс-әрекетінің субьектісі ретінде (18-25жас)
	Ақыл-ой, адамгершілік тұрғысынан толысу;
	Сенімділік, дүниеге қалыптасқан көзқарас;
	Жаңаны сезіну- қайсарлық , табандылық;
	Әуестенуге қабілеттілік-оптимизм;
	Өз беттілік –бірбеткейлік;
	Сыни қарау және оқу орындарындағы режимге деген сыни көзқарас;
	Екіжүзділік, дөрекілікті қабылдамау, дауыс көтеру арқылы әсер ету;
	Ересектердің ақыл –кеңестеріне теріс қатынас;
	Интеллектуалдық және танымдық мүмкіндіктер шыңы;
	Жауапты шешім қабылдау: мамандықты таңдау және маман болу, өмірде өз орнын, стилін таңдау;
	Отбасын құру, жыныстық сферадағы белсенділік.

Негізгі ұғымдар: жас даму сатылары, физиологиялық даму, әлеуметтік даму, психологиялық даму.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
	Жас кезеңдерін жіктеу параметрлері
	Б.Г.Ананьевтің, Л.С.Выготскидің жас кезеңдерін жіктеу негіздері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
	Столяренко Л.Д. Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004
	Возрастная и педагогическая психология/Под ред. А.В.Петровского.– М.,1981.  

9-тақырып: Тәрбие психологиясы
Жоспар:
	Тәрбиенің психологиялық және педагогикалық мәселелері
	Тәрбие парадигмасы
	Тәрбие түрлері, әдістері, құралдары
Адам –қоғамдық –тарихи прогрестің жер бетіндегі материалдық және рухани мәдениеттің субьектісі, генетикалық жақтан өмірдің басқа формаларымен байланысты және ол формаларымен байланысты және формалардан  еңбек құралдарын өндіру қабілетінің арқасында бөлініп шыққан түсінікті сөйлей, ойлай алатын, саналы биоәлеуметтік тіршілік иесі.
Тәрбиесіз адамзат тіршілігін елестету мүмкін емес, тіпті тәрбие- жинақталған білімнің, тәжірибенің келер ұрпаққа тасымалдауы. Тәрбиесіз адамзат прогрессі мүмкін емес.Міне,сондықтан да тәрбие жалпыазаматтық ,мәңгілік категориялар құрамына енеді. 
Тәрбие адамзат қоғамымен  бірге дамиды: тәрбие мақсаты, мазмұны, құралдары, әдістері қоғамның дамуына байланысты өзгеріп отырады. Ертеде «тәрбие» сөзі «тамақтандыру» емізуді аңғартты. Бірақ, адамзат адам баласының тамақтанып қана қоймай, демек, физикалық (дене) материалдық қана емес, рухани азықтың да қажеттілігін түсінген.
Сондықтан да тәрбие материалдық емес, рухани мәнег ие.
«Тәрбие- адам жанының жетілуі.Тәрбиеде адам  табиғатын жетілдірудің ұлы құпиясы жатыр.(Кант)
«Тәрбие- кімді тәрбиелейміз, солардың жүрегіне әсер ету. Тәрбие –бір адамның тәрбиеленушілерге белгілі адамгершілік әдеттерін меңгеру мақсатында әсер етуі» (Л.Н.Толстой)
«Тәрбиелік әрекет адамның ақылды, саналы әрекет аймағына жатады,ал тәрбие ұғымы тарихтың жемісі, табиғатта ол жоқ..» (К.Д.Ушинский)
«Тәрбие –кең  мағынада үнемі толығу мен жаңарудың көпқырлы процесі» (Сухомлинский В.А)
«Тәрбие – мақсатқа жетуге бағытталған, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірлескен жеке басты және ұжымды қалыптастыру мен дамытуға ықпал ететін іс-әрекет процесіндегі қарым-қатынас» (Н.И.Болдырев)
«Тәрбие- өскелең ұрпаққа қоғамдық –тарихи тәжірибені, диалектикалық- материалистік көзқарасты, жоғары моральды, терең идеялықты, қоғамдық белсенділікті, ақиқатқа шығармашылық қатынасты, жоғары еңбек және мінез-құлық мәдениетін тасымалдау әрекеті» (Қысқа психологиялық сөздік 1985)
«Тәрбие- адамдарды еңбекке және қоғамға пайдалы әрекетке , әр түрлі әлеуметтік функцияларды орындауға даярлайтын обьективті заңды процесс» (1988(жылы шыққан «Пропагандистің қысқа педагогикалық сөздігі»)
«Тәрбие- қоғамдық маңызы бар әлеуметтік тәжірибені меңгеру» (Г.Нойцер)
«Тәрбие-  мақсатты түрде жеке бастың дамуын басқару прцессі»(Х.И.Лийметс)
«Тәрбие- кәсіби машықтанған педагог тарапынан баланы қазіргі қоғам мәдениетінің ұшар басына шығару, оның қоғамда өмір сүруге қабілеттілігін дамыту және адамзатқа тән саналылық пен өз өмірін құруға үйрету» (Н.Е.Щуркова)
«Тәрбие- адам дамуына жағдай жасайтын мақсатты әрекетке меңзейтін әлеуметтендіру прцессінің педагогикалық компоненті» (М.И.Рожков)
«Тәрбие- баланың субьектіленуіне ,мәдени идентификациялануына (теңестіру), әлеуметтенуіне, өмірлік өзін-өзі анықтауына педагогикалық жәрдемдесу процесі»(Е.В.Бондаревскиий)
«Тәрбие- педагогтың оқушының базалық қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған психологияялық-педагогикалық жағдай жасаудағы іс-әрекеті»(В.П.Созонов)
«Тәрбие –жеке тұлғаның әлеуметтік рольдер жүйесін  меңгеруін мақсатты реттеуде жүзеге асатын тану прцессі» (Н.М.Таланчук)
«Тәрбие деп үлкендердің кішілерге азаматтық қасиетін қалыптастыруға тигізетін әсерін айтады.Тәрбиенің өзң неше түрлі саладан, айталық, моральдық, интеллектуалдық, эстетикалық және еңбекке үйретуден , дене шынықтырудан құрастырылады.(М.М.Мұқанов)
«Тәрбие – қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған жеке адамды қалыптастырудың жүйелі процесі» (Қазақ энциклопедиясы).
«Тәрбие-тәлім,үлгі-өнеге» (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі).
Бүгінде педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде тәрбиеге 5 түрлі түсінік беріледі:
	Адамға әлеуметтік құрылым мен қоршаған ортаның әсері.
	Ұрпаққа жинақталған қоғамдық-тарихи тәжірибелерді тасымалдау.
	Білім беру мекемелеріндегі оқу-тәрбие процесі.
	Белгілі сенім мен көзқарас жүйесін қалыптастырудағы арнайы тірбие жұмыстары.
	Адами сапалардың қалыптасуы.

Тәрбиені қалыртастыратын ғылым салалары
Әлеуметтану- әр түрлі тәрбие функцияларын  орындайтын әлеуметтік  топтар мен институттардың әрекет мазмұны мен құрылымын қарастырады.
Философия- қоғамның, яғни адамның қалыртасу кезеңіндегі тәрбие мен оның білім беру жүйесіндегі орнын қарастырады.
Педагогика- тәрбие мақсатын, міндетін, құралдарын, мазмұнын және прктикаға оны енгізу жолдарын қарастырады.
Психология-Тарих кезеңдеріндегі тәрбие мақсаты, мазмұны, әдістерін, сондай-ақ оқу-тәрбие институттарының қалыптастыруын  қарастырады.
Тәрбие психологиясы проблемалары
	Адамгершілік нормаларын, принциптерін меңгеру заңдылықтары мен механизмі проблемасы, мектептегі оқу-тәрбие прцнсінде көзқарас, сенім қалыптастыру проблемасы.
	«Тәрбие», «оқыту», «әлеуметтендіру» ұғымдарының ара қатынасын ашу проблемасы.
	Жеке тұлғаның қасиеттерінің қалыптасуы және  олардың жас және дербес ерекшеліктермен байланыс проблемасы.
	Балалар және жасөспірімдер ұжымының құрылымы мен оның оқушының жеке тұлғасын қалыптастырудағы рөлі проблемасы.
	Оқушының мотивациялық сферасы проблемасы, оның бағыттылығы, адамгершілік қалпы.
Тәрбие белгілері:
	Мақсаттылық- барлық тәрбие прцесінің және оның жетекші элементтерінің мақсаты. Мақсат қоя білу-> стратегиялық тактикалық міндет-> мақсат міндеттерді тәрбиеленушілердің ішкі жоспарына айналдыру->осы негізде тәрбиеші мен тірбиеленушінің әрекетін жоспарлау->қорытынды мақсаты: 1)қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылығын игеру; 2) тәрбиеленушінің жеке даралығын, өзіндік құндылығын дамыту.
	Үш бірлік бейнелі түрде «үш алыптың» бірігуі.
	Тәрбие-  жеке тұлғаның дамуын стимулдандыратын фактор, құрал. Жеке тұлғаны жан-жақты, қалыпты дамыту үшін педагогта  құрал арсеналдары болуы қажет.
	Тәрбие секунд сайын, минут сайын, күн сайын, жыл бойы жүзеге асырылатындықтан, тәрбиеші мен тәрбиеленуші тұлғаларында өзгерістер туындататындықтан, ол –процесс.
	Тәрбие нәтижеге, тәрбиеленушілерге үнемі ісер ету процесінде адам бойында позитивті сандық және сапалық қасиеттер пайда болады, бұл тәрбие процесінің диалектикалылығын байқатады.
	Тәрбие-  тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара қарым-қатынас процесі.
«Кез келген адамда екі тәрбие түрі болады: бірі оған басқалар беретін тәрбие, екіншісі  өзіне өзі беретін тәрбие» (Э.Гибсон)
Мектептегі білім беру мен мен тәрбиелеудің мәні – өзін –өзі дамытуда, өзіне- өзі білім беруде және  өзін-өзі тәрбиелеуде.
Сыртқы күш, табығат адам ағзасына қозғалыс, әрекетке ақпарат бергенімен,әрекеттің өзі –тек адамдыкі ғана.
Тәрбие кең және тар мағынада түсіндіріледі.
	Кең әлеуметтік мағынада –қоғамда жинақталған әлеуметтәк мәдени тәжірибені, адамгершілік нормалары мен құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруды қамтамасыз ететін қоғамдық институттардың қауымдасуы.
	Кең педагогикалық мағынады- арнайы ұйымдастырылған жүйеде, ьәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ететін мақсатты түрде жеке тұлғаны қалыптастырудағы бағытталған прцесс.
	Тар педагогикалық мағынада – тәрбие мақсаты мен мақсатты шешуге бағытталған тәрбие субьектілерінің арнайы тәрбие әрекеті (сынып жетекшісі, тәрбиеші, балалар ұйымының жетекшісі, ата-ан т.б)
Тәрбие процесініің маңызды белгісі- оның мақсаты мен стратегиялық міндеттері негізінде мазмұнын анықтау. Мазмұны – екі жақты. Біріншіден, қоғамның әлеуметтік-мәдени құндылықтарын игеруді ұйымдастыру: экономика, саясат, ғылым, өнердің барлық түрі т.б бұндағы орталық ұғым «мәдениет». Екіншіден, мәдени  құндылықтарды меңгеруде де оқушының дербестігін дамыту.
	Тәрбие шығармашылық процесс. Бұл көптеген себептермен түсіндіріледі. Ең бастысы мәдениетті меңгеру шығармашылқ сипатта. Екіншіден, тәрбиеленушінің жеке дербестігі, әрбір педагогикалық әрекеттің спецификасы стандарттан алыс және шығармашылықты қажет етеді. Үшіншіден, «педагог»  тұлғасы үлкен шығармашылық потенциалға ие.
	Тәрбие процесі білімді, арнайы дайындықтан өткен мамандар тарапынан жүзеге асырылады.
Тәрбие прцесінің ерекшеліктері:
	Тәрбие- мақсатқа сәйкес жеке басты қалыптастырушы процесс.
Тәрбие – арнайы ұйымдастырылған ,басқаруды, бақылауды, қажет ететін тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің арасындағы  қарым-қатынасты тудыратын.,қоғамға,ортаға қажетті процесс. Мұнда оқытушы мен оқытушының арасындағы бірлескен әрекет екеуінің де мақсатының бірлігімен ерекшеленеді.
	Тәрбие процесі- көп факторлы, ол обьективті және субьективті факторлардың жиынтығынан тұрады. Субьективті факторларға жеке бастың ішкі қажеттіліктері жатса, обьективті факторларға жеке бастың тіршілік ететін және қалыптастыратын ортасы жатады. 
	Тәрбиенің тәрбиешінің әрекетіне, оның дербес ерекшеліктеріне, мінезіне олардың тәрбиеленушілерге қарым-қатынасына байланыстылығы.
	Тәрбие процесінің нәтижесін оқыту прцесіндегі сияқты тез арада көре алмау.
	Тәрбие процеісінң қозғалмалылығы( динамикалылығы), өзгермелілігі.
	Тәрбие процесінің ұзақтығы.Тәрбие процесі адамның өмір бойына созылады.
	Тәрбие процесінің үздіксіздігі. Мектептегі тәрбие процесі үзіліссіз, жүйелң түрде жүзеге асады. Бір ғана «тәрбие сағатын» өткізіп, оқушыларды тәрбиелеп тастадым деуге болмайды, балада көзқарас қалыптастыру үшін бірнеше жұмыс жүйелері қажет. Егер жұмыста үзіліссіз болып қалса, келесі жолы тәрбиешіге баланың санасындағы материалдарды жаңалап отыруға тура келеді.
	Тәрбие процесінің кешенділіг( комплектсілігі). Комплекстілік дегеніміз- жеке басты дамыту мақсатында мақсаттың, міндеттің, мазмұн, форма, әдіс-тәсілдерінің бірлігі. Комплексті мазмұн тәрбие процесінде бірқатар педагогикалық талаптарды орындауды, тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің қарым-қатынасының дұрыс ұйымдастырылуын талап етеді.
	Нәтиженің белгісіздігі, біркелкі еместігі.
	Тәрбие процесінің екі жақтылығы. Тәрбие процесі екі бағытта жүзеге асырылады: тәрбиешіден тәрбиеленушіге қарай тура  байланыс, тәрбиеленушіден тәрбиешіге қарай кері байланыс.
Тәрбие процесінің заңдылықтары
Заңдылық- қоғамдық өмір сферасында обьективті түрде тіршілік ететін, қайталанатын, құбылыстар арасындағы мәнді байланыс.
	Тәрбиелік қатынасқа байланыстылық заңдылығы. Тәрбие процесінде баладағы көзқарас, өмірлік позиция, мәнез-құлық мотивтері – тәрбиеге қатынас деп аталады.
	Мақсатқа жету барысындағы іс-әрекет пен оны ұйымдастыру заңдылығы. «Ұйымдастыру» ұңымына педагогикалық әсер ету, қарым-қатынас, жағдай тудыру, жұмыс формалары мен әдістері жатқызылады.
	Әлеуметтік тәжірибе мен оның мазмұнының, бағыттылығының бірлігі заңдылығы.  Адам ойланады және ойға байланысты әрекет етеді, білім алады және оны тәжірибеде қолданады т.б, сөз бен істің бірлігі.
	Обьективті және субьективті факторлардың бәрлескен әрекеті заңдылығы. Субьективті факторларға: тәрбиеші, оқушы, олардың арасындағы қарым-қатынас;психологиялық климат жатады.Обьективті факторларға: тәрбие жағдайлары (материалдық-техникалық, әлеуметтік, санитарлық-гигиеналық)
	Тәрбие  мен өзін-өзі тәрбиелеудің интенсивтілігі заңдылығы Өзін-өзі тәрбиелеу жемісті болу үшін бала өзін дұрыс бағалай білу және психологиялық сапаларын болжай білуі керек.
	Педагогикалық әсер ету барысында процесске қатысушылардың белсенділік заңдылығы.
	Даму, оқыту процестерінің тиімділігі заңдылығы.
	Тәрбиешінң тәрбиеленушілерге әсер ету жұмысынң сапалығы заңдылығы (мотив, эмоция, интеллектуалдық даму,іс-әрекет, қарым-қатынас,ұйымдастыру мақсатқа байланысты).
	Бала «жан дүниесіне» әсер ету интенсивтілігі (децентрация)
	Тәрбиешінің бала дамуының вербальдық (сөйлеу) және сенсомоторлық (қимыл-қозғалыс) процестеріне әсері. Білімді толық меңгермеген бала қоршаған ортаның сұлулығын сезіне алмайды, қарапайыи практикалық әрекет жасай алмайды, жұмысқа епсіз т.б
	Тәрбиеленушінің арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту заңдылығы.
Тәрбие принциптері:
«Принцип»- латын тіліндегі аудармасы-негіз, бастапқы дегенді білдіреді. Сөз принцип жайлы болғанда, белгілі бір теорияның негізгі, бастау барлық жағдайлары, басшылық ететін  идеялары, негізгі мінез-құлық ерекшеліктері, әрекеттірі меңзеледі.
Тәрбие принциптері – жаңа адамның тәрбиесінің мазмұны мен ұйымдастырылуының негізгі бағыттарын анықтауды  басшылыққа алынған идеялардың жиынтығы.
	Тәрбие процесінің қоғамдық бағыттылығы приципі;
	Тәрбие процесінің өмірмен, еңбекпен байланыстылығы принципі;
	Тәрбие процесін баланың жағымды сапаларына (қасиеттеріне) тірек ету принципі;
	Тәрбиенің адамгершілікке негізделу принципі;
	Жеке басқа ықпал ету (оқушыларыдың жас және дербес ерекшеліктерін меңгеру) принципі;
	Тәрбиеге әсер ету бірлігі (отбасының, жолдастарының, қоғамдық ұымдардың , т.б. әсер етуі)принципі;
Тәрбие функциялары:
2)Мәдениетті сақтау, ұрпаққа жеткізу;
3)Жеке басты әлеуметтендіру.Әлеуметтендіру ол баланың тіршілік етуіне жағдай жасау.
4)Жеке бастың шығармашылық потенциалын дамыту, баланы қорғау.
2. Тәрбие парадигмасы
Парадигма- 1) (грек.-үлгі) шындық болмыстың мәнді сипаттарын білдіретін ұғымдар жүйесінде тұлғаланған қатаң ғылыми теория; 2)Белгілі бір тарихи кезең ішінде ғылыми қоғамдастықта үстем болатын зерттеу әдістерінің, проблемалар қою мен оларды шешудің бастама тұжырымдамалық схемасы, моделі.
Тәрбие парадигмасы сменінің ауысуының мәні, әміршілдік-әкімшілдік педагогикалық процесс әсерінің бала тұлғасын қалыптастыру эталонына бұрылуы, демек қажеттілік пен потенциалды мүмкіндіктер негізінде-қоғамға пайдалы, өз орны, көзқарасы, дүниетанымы бар., жан-жақты гуманистік идеяда дамытып жетілуі.
Жаңа парадигманың теориялық негіздемесі  көптеген ғылым  салалары туралы білім жүйесінің болуында: тәрбие философиясы,педагогикалық мәдениеттану,акмеология, аксиология, синергетика, антрополлогия, психология, педагогика, тәрбие әдістемесі мен қазіргі педагогикалық технологиялар.
   Тәрбиенің мазмұндық аспектісі біріккен ғылымдар жүйесінің өзегіне- этика, эстетика, экономика, экология, саясаттану, медицина, валеология, сексология, және т.б әкеледі.
Тәрбие процесі құрылуға тиіс бірнеше прогрессивті идеялар:
	Бала қазіргі гуманистік тәрбие парадигмасында ең жоғарғы құндылық  ретінде қарастырылады. Оны тәрбие процесінде өзін-өзі дамытуға мүмкіндігі жоғары. Мұндағы басты принцип тәрбиеленушілерді жағымды және жағымсыз сапалармен бірге нақты тұтастай қабылдау , тәрбиеленуші бойындағы жағымды қасиеттерге иек арту.
	Тәрбие мақсаты ұжымдық  шығармашылық әрекет жағдайында жеке тұлғаны үйлесімді дамытуға негізделеді. Осы негіздегі тәрбие жүйесі:
	Педагог пен тәрбиеленушінң ішкі бостандығы тәрбие мәдениетінің өзегі ретінде ,ол-ересектер мен баланың гуманызмі мен демократизміне негізделеді.
	«Бостандық педагогикасы» (О.С.Газман) .Баланы қолдау мен ықпал ету жағдайы оның бойында позитивті мінез-құлық формасын қалыптастырып қан қоймайды, ол – мәдени және адамгершілік тұрғысында ересектермен жоғары қарым-қатынас ынтымақтасу деңгейін жеткізеді.
3. Тәрбие мәні- тәрбиеленушінің қоршаған ортаға көзқарасы:Отанына, қоғамға, адамзатқа, тірі және тірі емес (өлі) табиғатқа, материалдық және рухани құндылықтарға, өзіне, т.б өмірлік позицияның қалыптасуы. Әлемге деген  құндылық қатынасы жүйесіндегі орны.
4. Тәрбие мазмұны,оның негізгі педагог тарапынан ұйымдастырылатын тәрбие әрекетінде тәрбиеленушінің белсенді позициясы:танымдық, құндылық- бағыт-бағдарлық, қоғамдық, еңбек, сурет, дене шынықтыру, еріті қатынас түрі.
5. Білім беру жүйесінің жеке тұлғалық  бағытқа негізделуі,демек, «педагогтың тәрбиеленушіге жүйелі түрде өз дамуына жауапты субьектісі ретінде жеке тәрбиелік әсер ету субьектісі ретінде қатынасы».
Мұндағы педагог позициясы- бала өміріне жауапкешілік, табиғилық, бағыт берушілік.
	Тәрбие процеіндегі позициясының нәтижесі-педагогикалық қолдау. Педагогикалық қолдау арқылы индивидуалдық проблемаларды, бала денсаулығына байланысты проблемаларды, оқудағы жетістіктерді, өмірлік розицияны анықтау.
	Педагог пен тәрбиеленушінің диалогтық қарым-қатынасы. М.М.Бахтин: «Шындық бір адамның басында туындалмайды, ол шындықты бірге іздейтін адамдар арасында, диаогтық қарым-қатынас прроцесінде туындайды». Міне, сондықтан да тәрбие практикасына: «диалог мәдениеті» , «диалогтық қатынас», тәрбиеші-тәрбиеленуші т.б жатады.
	Тәрбиешінің тағайындалуы мен оның позициясы.
3.Тәрбие түрлері
	Мазмұны бойынша:
	Еңбекке тәрбиелеу;
	Ақыл-ой тәрбиесі;
	Дене тәрбиесі;
	Институттық белгісі бойынша:
	Отбасылық;
	Мектептегі;
	Мектептен тыс;
	Діни;
	Балалар мен жасөспірімдер ұйымындағы тәрбие;
	Тұрғылықты жердегі тәрбие; жабық және арнайы мекемелердегі тәрбие;
	Тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым –қатынас стилі мен доминантты принциптері бойынша:
	Авторитарлы;
	Бостандық;
	Демократиялық;
	Тәрбие процесінің аспектілері бойынша:
	Дене;
	Әскери-патриоттық;
	Құқықтық;
	Адамгершілік;
	Экологиялық;интернационалдық;
	Эстетикалық;
	Жыныстық;
	Экономикалық;
	Еңбекке тәрбиелеу;
	Тәрбиенің әдіс –тәсілдері, құралдары:
Қазіргі тәрбие теориясында тәрбие әдістері- тәрбие  мақсатына жету жолы.
Тәрбие әдістері-ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы. Ол балалардың тірщілік, әрекет, қарым-қатынастарын ұйымдастырып, белсенділігін арттырып, тәртіпке келтіруді  көздейді. Тәрбие әдістерінде тәрбиешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптік құзырлық деңгейі анықталады.
Тәрбие тәсілдері- жалпы әдістің бір бөлігі, жеке әрекет, кезең, мақсатқа жету қадамы.
Әр жылдарда тәрбие әдістері әр түрлі критерийлер бойынша классификацияланады:
	Т.Е.Конникова, Г.И.Щуркова:
	Баланы жете түсіну және мінез-құлқы бойынша;
	Іс-әрекеттің басты бағыттары бойынша;
	Баланың іс-әрекетін ұйымдастыруға деген қатынас бойынша
	В.А.Караковский:
	Тәрбие құралдары бойынша:
	Т.А.Ильина, И.Т.Огородников:
	Сананы қалыптастыру бойынша;
	Мінез-құлықты қалыптастыру бойынша;
	Оқушыларды ынталандыру бойынша;
	С.А.Смирнов:
	Балалардың әлеуметтік тәжірибесі бойынша:
-Жаттығу;
-Тапсырма беру;
-Үлгі;
-Еркін таңдау жағдаяты;
	Іс-әрекет және мінез-құлық мотивациясы бойынща:
-әңгіме;
-әңгімелесу;
-дисскусия (диспут);
	Баланың жеке тұлғасын өзіндік анықтау бойынша:
-өзін-өзі тану;
-өзін-өзі тәрбиелеу;
	Іс-әрекетті және қарым-қатынасты ынталандыру бойынша:
-жарыс;
-мадақтау;
-жазалау;
	Гуманизациялау мен демократияландыру деңгейіне қарай тәрбие әдістері
	Авторитарлы педагогика әдістері
-ақпаратттандыру;
-Педагогикалық талап;
-Жаттығу;
-сендіру;
-жекелей бағалау;
-жазалау;
-еліктеу;
-кәнәлалаушылық  (айыпталушылық);
-күштеу (мәжбүр етушілік);
	Гуманистік педагогика әдістері
-Талап қою;
- үлгі;
- оқу ситуациясын құру;
-ойын;
-үйрету;
-сендіру;
-жекелей үлгі;
-дәріс;
-мадақтау;
-құптау;
- Жаттығу;
-ҮЖӘ;
-коррекция;
-диспут;
-түсіндіру;
-мақтау;
-жарыс;
-перспективалық линия жүйесі;
-моральдық жетістік жағдаяты;
-тәрбие беруші жағдаят;
Оқыту және тәрбиелеу құралдары
	Сөз:
-«жанды» сөз;
-аудиожазба;
-басылымдағы  сөз
	Бейне:
-иллюстрациялар;
-макеттер;
-видиоөнім;
Табиғи обьектілер;
	Құрал-жабдықтар:
-Құрылыс орны, жиһаз, құрал –жабдықтар;
-ЭВМ (ЭЕМ) аудио-видиотехника:
-лабараториялық-техникалық құрал –жабдықтар:
-материалдар,инструменттер:
	Оқушының тәрбиелілігіне жалпы баға берудің жеке көрсеткіштері:
	Отбасындағы мінез-құлық
	Отбасындағы іс-шаруаға, ондағы проблемаларға көңіл бөлуі
	Отбасындағы қиыншылықтар мен қуанышты жағдайларды бөлісуі
	Өз-өзіне қызмет көрсетуге үйрену
	Үлкендердің тапсырмасын орындауы
	Ескертулерді дұрыс қабылдауы
	Отбасындағы барлық мүшелерге құрметпен қарау 
	Мектептегі мінез-құлық
	Сабақтағы зейінділік
	Тапсырманы орындауға ынталандыру
	Оқудағы еңбек сүйгіштік, ұқыптылық
	Оқудағы жетістікке және сәтсіздікке ақылмен қарау
	Тапсырылған қоғамдық іс-шараны орындаудағы жауапкершілік сезімі
	Мектептегі құрал-жабдықтарға қарау
	Демалыс сәтіндегі мінез-құлықтағы тәртәптәләк
	Үлкендерге деген қатынас
	Құрбыларына деген қатынас
	Қоғамдық орындар мен көшедегі мінез-құлық
	Өзіне деген қатынас
Моральдық тәрбиелілік-моральдық тәрбиелілік деңгейімен анықталатын жеке тұлға қасиеті.
Моральдық тәрбиелілік деңгейі-белгілі критерийлер бойынша жеке тұлғаның моральдық тәрбиелілігін бағалау.
Жеке тұлғанын моральдық тәрбиелілік деңгейі:
	Үздік (үштік) тәрбиелілік.
Психологиялық құрылымы: адамгершілік нормаларын орындауға қажеттілік ретінде адамгершілік әдеттері мен моральдық сезімінің болуы және олардың бұзылуын болдырмау.
Мінез-құлқындағы көрініс: өнегелі қылықтары іске асырып қана қоймай, белсенді түрде адамгершілік нормаларына кері қылықтарға қарсылық көрсету.
Қалыптастыру міндеттері: бойындағы адамгершілік әдеттерін бекіту.
4.Тәрбиесі (сырттай) жақсы.  
Психологиялық құрылымы: жоғары деңгейде автоматтандырылған адамгершілік дағдысының болуы, адамгершілік нормасы туралы жақсы меңгерілмеген білімді қолдану.
Мінез-құлқындағы көрініс: адамгершілік  нормасына сәйкес келетін ырықсыз әрекеттер.
Қалыптастыру міндеттері: адамгершілік әдеттерін тәрбиелеу.
	Ситуациялық тәрбиелілік.
Психологиялық құрылымы: адамгершілік нормасы туралы білім болғанымен оларды пайдаланбаған жағдайда қолайсыздыққа ұшырайтын ситуацияларда ғана ерікті түрде қолдану.
Мінез-құлқындағы көрініс: адамгершілік нормасына сәйкес әрекетті ерікті түрде орындау, моральға қарсы әрекет те орындалуы мүмкін.
Қалыптастыру міндеттері: адамгершілік дағдыларын бекіту.
	Тәрбиелілігі төмен.
Психологиялық құрылымы: адамгершілік нормасы туралы бәләм болғанымен ,оларды орындауға дағдыланбау.
Мінез-құлқындағы көрініс: моральға кері әрекеттер көрініс беруі мүмкін.
Қалыптастыру міндеттері:адамгершілік дағдысын оқыту.
	Тәрбиесіздік.
Психологиялық құрылымы: адамгершілік нормасы мен дағдылары туралы бұлыңғыр түсініктің болуы.
Мінез-құлқындағы көрініс: адамгершілік нормасына қайшы келетін әрекеттердің жиі байқалуы.
Қалыптастыру міндеттері: адамгершілік тіралы білім беру.

Негізгі ұғымдар: тәрбие, тәрбие процесі, тәрбие заңдылықтары, парадигма, тәрбиенің психологиялық негіздері.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
	Тәрбиені психологиялық және педагогикалық тұрғыдан негіздеңіз.
	Тәрбие парадигмасын талдаңыз.
	Тәрбие түрлері, әдістері, құралдары.
Ұсынылатын әдебиеттер:
	Подлысый И.П.Педагогика:Новый курс .Кн.2.
	Психология и педагогика .Под ред.А.А.Бодалева 
	Платонов К.К.Краткий словарь системы психологических понятиий М.,1984
	Маленкова Л.И. Воспитание в современной школе. М.1999.
	Поляков С.Д. Психопедагогика воспитания. М.1996.


10-тақырып: Жеке тұлғаны әлеуметтендіру
Жоспар:
	Әлеуметтендіру. Кезеңдері.
	Әлеуметтендіру факторлары.
	Әлеуметтендірудің негізгі бағыттары және оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру 
	Әлеуметтендіру институттары

Әлеуметтендіру ұғымының авторы американдық социолог  Ф.Г.Гиддинсге. Ол өзінің 1887жылы жазылған «Әлеуметтену теориясы» еңбегіндеәлеуметтенуді әлеуметтік табиғаттың немесе индивид мінез-құлықтың дамуы, адамзаттың тіршілік етуге даярлығы деп түсіндірген.
● Жеке тұлғаны әлеуметтендіру (лат.қоғамдық)-әлеуметтік құндылықтар мен әлеуметтік  нормалары меңгеру негізінде жеке тұлғанын қоғамдағы әрекетке қабілеттілігін қалыптастыру.
● Әлеуметтендіру –әлеуметтік  ақиқатты жеке тұлғаның меңгереді,әлеуметтік рольдерді орындау тәсілдерді мен қоғамдық мінез-құлық дағдыларын  игереді.
● Әлеуметтендіру жеке тұлғаға қоғамда тең құқылы мүше санатында болуына мүмкіндік берді.
● Әлеуметтендіру жеке тұлғаны  жан-жақты қалыптастыу жеткіншек ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу процесінде белгілі бір тәртіпке келтіріп жинақталған  қажетті ғылыми білімдерді дағды-іскерліктерді,біліктілікті рухани байлықтарды мүдделерді мен  салт- дәстүрлерді  әлеуметтік  рөлдер жүйесіне қосу.
Жастарды әлеуметтендіру процесі, академик  И.С.Конның  зерттеуінше 11-12-23-25 жас аралығын қамтиды.Бұл кезең бозбаланың яғни балалық балалықпен жігіттің екі аралығындағы әлеуметтендіру кезеңіне жатқызылады.Бозбалалық шақ осы сөздің биологиялық мағынасында алып қарағанда жас азаматтын жыныстық жағын пісіп-жетілуі. Бұл жастағылардың негізгі іс-әрекеті –оқу.
II кезеңі 14-15-17-18жас аралығын қамтиды.Бұл мезгіл адамның аралық әлеуметтену немесе жасөспірімнің әлеуметтенуі деп аталады.Биологиялық тұрғыдан ,бұл мезгіл адамның –пісіп жетілудің аяқталу кезеңі.Бұл шақта жасөспірімдердің әлеуметтік жағдайы әр қилы.Біреулері-жалпы орта білім беретін мектептердің не кәсіптік техникалық училишилердің оқушылары екіншілері –арнаулы орта білім беретін оқу орындарының студенттері,ал үшіншілері болса-дербес ерекшелік жолын бастаған жасөспірімдер. Бұл шақта жасөспірімдердің әлеуметтік жағдайлары оте қиын.14жасында ер балалар мен қыздар түрлі жастар ұйымдарының қатарына өтсе 16 жасында жеке куәлікті  алады ал 18 жасында депутаттарды сайлауға қатыысуға құқылы.
III  кезең 17-18-23-25жас аралығын қамтиды.Бұл екі аралық орнықты яғни біржола әлеуметтендіру кезеңіне жатқызылады.17-18-23-25жас аралығындағы азамат биологиялық  тұрғыдан да әлеуметтік  тұлғалық жасына қарап емес керсінше мамандығына әлеуметтік орнына қарап анықталады.Оларға білім беру жалпылама емес,арнаулы кәсіптік сипатта жүргізіледі.Оның үстіне кәсіптік –техникалық училищедегі арнаулы және жоғарғы оқу орнына оқу еңбектенудің белгілі бір түрі ретінде қаралады.Жас азаматтардың басым көпшілігі отбасы иесі атанады.Жаплпы қоғам бұл екі аралықтағы жастарға тек әлеуметтендірудің обьектісі ретінде ғана емес сонымен қатар қоғамдық –өндірістік қызметтің белсенді субьектісі ретінде қарайды. Олардың еңбектегі жетістерін  үлкендерін өлшемімен бағалайды.
Еңбек әрекетіне деген қатынасқа қарай ғылымда әлеуметтендіру ұғымы. Әлеуметтік ұғымының мазмұнын «индивидтің әлеуметтік ортаға енуі», «әлеуметтік әсерлерді игеруі», «әлеуметтік байланыстар жүйесіне араласуы», т.с.с. процестерден түсінуге болады. Әлеуметтену процесі, жеке тұлғаның қоғам мүшесі ретінде өмір сүруіне мүмкіндік тудыратын құндылықтар мен нормалар жүйелерінен игеруіне қажет бүкіл әлеуметтік процестерінің жиынтығы.
Әлеуметтенудің мәнісі, ол – екі жақты процесс екендігінде, біріншіден, әлеуметтік ортаға кірудің арқасында индивидтің әлеуметтік тәжірбиені игеруі, екіншіден, индивидтің осы әлеуметтік байланыстар әлеуметтік ортаға белсенді араласуының арқасында, сол әлеуметтік байланыстар жүйесін белсенді түрде қайта жасау процесі. Біріншісі — әлеуметтік тәжірбиені игеру ортаның адамға әсерін сипаттаса, екіншісі, адамның өз іс-әрекетінің арқасында ортаға әсер етуін көрсетеді.
Әлеуметтену процесінің мазмұны: жеке тұлғаның қалыптасуы тұрғысынан қарағанда, негізінен үш сферада; Іс-әрекетте, қарым-қатынаста, өзіңдік сананың қалыптасуында іске асырылады.
Әлеуметтену процесінің барысында индивид іс-әрекет «каталогының» молаюымен (А.Н.Леонтьев) айналысады, яғни неғұрлым жаңа іс-әрекет түрлерін игерумен болады. Осы жағдайда өте маңызды тағы да үш түрлі процестер іске асырылады. Біріншіден, әрбір іс-әрекет түрлері мен оның әртүрінің арасындағы байланыстар жүйесінде бағдарлану (бағыттану). Ол әрбір жеке тұлға үшін маңызды іс-әрекет аспектілерін айқындаумен қатар, оны игеру арқылы іске асырылады, немесе мұндай бағдарлануды – іс-әрекеттің жеке тұлғалық таңдалуы деп атауға болар еді. Осыдан туындайтын екінші процесс – жетекші, таңдалынған іс-әрекетке баса назар аудара отырып, басқаларын соған бағындыру. Және үшінші процесс, барысында жеке тұлғаның жаңа рөлдерді игеруі мен олардың маңыздылығын түсінуі. Осының бәрін индивидтің іс-әрекет субъектісі ретіндегі мүмкіндіктерінің кеңею процесі деп тұжырымдауға болады. Бұл бағытта жүргізілетін эксперименттік зерттеулер, негізінен әлеуметтік және жас ерекшелігі психологиясының ара жігінде іске асырылады.
Екінші – қарым-қатынас сферасы іс-әрекетпен тығыз байланыты болғандықтан, оның кеңею және тереңдету бағытында қарастырады. Қарым-қатынастың кеңеюін, адамның басқалармен контактілерінің көбеюі, әрбір жас кезеңіндегі осы контактілер ерекшеліктері тұрғысынан түсіну қажет. Қарым-қатынастың тереңдеуін, ең алдымен монологтық қарым-қатынастан  диалогтыққа көшуі, партнерге бағыттану, оны неғұрлым дәл қабылдаумен байланысты. Эксперименттік зерттеулердің міндеттері: біріншіден, қарым-қатынас байланыстарының көбеюі қандай жағдайларда және қалай іске асырылатынын екіншіден, жеке адам осындай процесте қандай нәтижеге жететінін анықтау. Мұндай зерттеулер де пәнаралық болып келеді, себебі жас ерекшелігі психологиясы үшін де, әлеуметтік психология үшін де бірдей маңызды. Әсіресе, мектепке дейінгі және жеткіншектік кезеңдерге жүргізілген зерттеулер көп.
Әлеуметтенудің үшінші сферасы-жеке тұлғаның өзіндік сана-сезімінің дамуы. Бұл проблема жеке тұлғаның «Мен» бейнесінің қалыптасуымен байланысты.
Көптеген эксперименттік зерттеулер (лонгитюдті) көрсеткеніндей, адамның «Мен» бейнесі бірден қалыптаспайды, өмір сүру барысында, әртүрлі әлеуметтік әсерлер негізінде қалыптасады. Әлеуметтік психология тұрсынынан, әсіресе, осы процеске жеке тұлғаның әртүрлі әлеуметтік топтарға енуі қалай әсер ететінін анықтау маңызды. Адамның өзіндік сана-сезімі оның қылығында қалай көрінеді, бұл қасиеттің қалыптасуына топтардың саны, немесе сапасы әсер ете ме деген сұрақтарға әлеуметтену процесін зерттеуде жауаптар алынуы қажет.
«Мен» құрылымын түсінуде психология ғылымында бірнеше тұрғы бар. Көбірек тараған құрылымның үш компоненті бар: танымдық (өзін танып түсінуі), эмоциялық (өзін бағалауы), қылықтық (өзіне деген көзқарасы). Негізгі факт ретінде, өзіндік сана – жекеленген сипаттамалар тізімі емес, жеке тұлғаның өзн тұтас, бірыңғай адам деп түсінуі алынады. Өзіндік сананың екінші бір қасиеті, әлеуметтену барысында оның дамуы іс-әрекет пен қарым-қатынасты кеңейту жайында әлеументтік тәжірибені әрқашан игеруімен анықталатын, бақылауға болатын процесс екендігінде.
Өзіндік сана адам тұлғасының өзіндік, тереңдегі сипаттамасы болғанымен, оның дамуы тек іс-әрекет үстінде көрінеді: іс-әрекетте өзі тұралы елестерді біршама «түзететін» (коррекция), басқаларда пайда болған елестермен салыстыру іске асырылады.
Сондықтан да әлеуметтену процесін барлық аталған үш сферасының тұтастай байланысты түсінуге болады. Олар тұтастай алғанда индивид үшін «кеңейтілетін болмысты» құрайды, соның арқасында ол өзіне жақын ортаны да (микроорта), барлық әлеуметтік қатынастар жүйесін де игереді. Игере отырып, индивид оған өз тәжірибесін, өзіндік шығармашылық көзқарасын кірістіреді: сондықтан да, болмысты игерудің оны белсенді түрде өзгертуден басқа жолы жоқ. Демек әлеуметтенудің әрбір сатысында көрінетін осы қайта құруды туындататын «қоспаны» анықтау қажеттігін көрсетеді. Бұл міндетті шешуде, әлеметтену процесінің кезеңдерін (сатыларын) және ол процестердің іске асырылатын аумағы — әлеуметтік институттарды анықтау қажет.Әлеуметтену прцесінің сатыларын негізінен үш кезеңге бөліп қарастыруға болады: еңбек тану кезеңдегі, еңбектен кейінгі (Адреенкова, 1970, Гилинский,1971).
Еңбекке дейінгі кезең адамның еңбектенуіне дейінгі бүкіл кезеңді қамтиды. Бұл кезеңнің өзі де екі кезеңге бөлінеді:
а) ерте кезеңдегі әлеуметтену – баланың туған кезінен бастап, мектепке дейінгі уақытты қамтиды, жас ерекшелігі психологиясында оны – ерте балалық шақ деп атайды (мектепке дейінгі шақ).
ә) оқыту кезеңі, кең мағынадағы бүкіл жастық кезеңін қамтиды, оған мектеп кезеңі тұтастай жатады. Орта арнаулы оқу орнында оқу кезеңі туралы, оның өзіндік ерекшеліктеріне (оқудың еңбекпен ұштастырылуына) байланысты екі түрлі көзқарас бар. Дегенмен де, бұл проблема теориялық жағынан да, практикалық тұрғысынан да өте маңызды: студенттік кезең – қоғамның өте маңызды әлеуметтік топтарының бірі, сондықтан да бұл топтың әлеуметтену проблемалары өте өзекті.
Әлеуметтенудің еңбек кезеңі – адамның ер жету, кемеліне келіп, толысу кезеңін қамтиды, яғни адамның бүкіл еңбектік іс-әрекет кезеңі. Осы кезеңде әлеуметтік тәжірибені игерумен қатар, оны қайта құруы-кезеңнің маңыздылығын көрсетеді.
Қазіргі кездегі үздіксіз білім беру, оның ішінде ересектерге білім беру көзқарастарына байланысты, бұл кезеңдегі әлеуметтену проблемасының маңызы арта түседі. Осы тұрғыдан қарастырғанда бұл проблеманы шешуге, педагогика ғылымымен (еңбекке тәрбиелеу бөлімі) тығыз байланыста зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері бар. Кейінгі кезде акмеология, кемелденген жас кезеңін қарастыратын ғылымның зерттеулері өзекті болып отыр.
Еңбектен кейінгі кезең өте күрделі мәселе, себебі әлеуметтік психология үшін бұл проблема әлеуметтену проблемасына қарағанда әлі жаңа. Бұл мәселе қоғам дамуының барысында туындаған, әлеуметтік психолгияға қойылған объективті талаптармен байланысты. Мосқал адамдар кезеңінің проблемасы қазіргі қоғамдағы көптеген ғылымдар үшін өзекті болып отыр. Өмір сүру ұзақтығын ұзарту, бір жағынан мемлекеттің әлеуметтік саясаты болса, екінші жағынан (зейнеткерлік жүйесі) халық санының өсуінде мосқалдық кезең айтулы орын алуда, себебі, біріншіден, оның өзіндік салмағы артуда. Сонымен бірге, зейнеткерлердің әлеуметтік тобының көінде, мүшелерінің еңбкке жарамдылығы сақталуда.
Әлеуметтік психологияда бұл проблема әлеуметтенудің еңбектен кейінгі кезеңі проблемасы түрінде көрінеді. Э.Эриксонның тұжырымдауы бойынша, 65 жастан кейінгі (жас кезеңдегі: сәбилік, балалық шақ кезеңі, мектептік кезең, жастық шақ, орта жас, мосқалдық кез
5.Әлеуметтендіру институттары-жеке тұлғаны норма мен құндылықтар жүйесін меңгеруге икемдейтін әлеуметтік тәжірбиені тасымалдаушы нақты топтар
●Отбасы 
●Мектеп 
●Еңбек ұжымы
●Жоғарғы оқу орындары
●Микроорта
●Әлеуметтік топтар
●Қоғамдық ұйымдар

Негізгі ұғымдар: әлеуметтендіру, әлеуметтендірудің мега, макро, мезо, микрофакторлары, әлеуметтендіру институттары.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
	Әлеуметтендіру процесі ұғымына түсінік беріңіз.
	Жеке тұлғаның қалыптасуындағы әлеуметтендіру институттардың ролі қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
	Кон И.С.Ребенок и общество М.1998 
	Мудрик А.В.Введение в социальную педагогику М,1997
	Психология и педагогика .Под ред.А.А.Бодалева 
	Маленкова Л.И. Воспитание в современной школе. М.1999.
	Поляков С.Д. Психопедагогика воспитания. М.1996.


11-тақырып: Кәсіби білім беру психологиясы
Жоспар:
	Кәсіби білім беру психологиясы пәні, міндеттері
	Мамандықтардың жіктелуі
	Кәсіптену жолдары

Кәсіби білім беру психологиясы педагогикалық психологияның саласы ретіндегі кәсіби білім беру жүйесіндегі оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық механизмін,мамандықты меңгеру механизмдерін зерттейді.
"Кәсіби білім беру "ұғымы арнайы білім берумен теңестіріледі және ол кәсіби техникалық,арнайы және жоғары білім беру мекемелерінде алынады. Кәсіби білім алу нақты мамандық бойынша белгілі білім алу және қалыптастырумен байланысты.
*Кәсіби білім беруді ұйымдастыру бірнеше принциптерден тұрады:
-Кәсіби білім берудің қазіргі әлемдік тенденциядағы арнайы білім берумен сәйкестігі принципі.
-Кәсіби білім берудің беріктігі принципі әлем туралы түсініктерді қалыптастырудағы психологиялық прцестерді жүйелі білім алу мәселесімен байланыстыруды талап етеді.
-Кәсіби білім берудің жекелену принципі сол кәсіпке сәйкес кәсіби маңызды сапаларды қалыптастыру проблемаларын зерттеуді талап етеді. Осы аталғандардан кәсіби білім беру психологиясының пәндік аймағы туындайды.
-Кәсіби білім беру жүйесінде жеке тұлғаның жас және дербес ерекшеліктерін зерттеу.
-Кәсіби іс- әрекеттің субъектісі ретінде адамның өмірлік және кәсіби жолын зерттеу.
-Кәсіби оқыту және кәсіби тәрбиелеудің психологиялық негізін зерттеу.
-Кәсіби іс әрекеттің психологиялық аспектілерін зерттеу
*Кәсіби білім беру психологиясы әдістері
-Бақылау
-Эксперимент
-Анкета
-Қызмет нәтижесін зерттеу
-Профессиография
Профессиография нәтижесінде профессиограмма құрылады,немесе нақты еңбек процесі,оны ұйымдастыру жөнінде мәлімет құрастырылады(техникалық, санитарлық-гигиеналық,технологиялық,психологиялық,психофизиологиялық сондай-ақ мамандық психограммасы) құрылады Психограмма психологиялық және психофизиологиялық іс-әректті белсендіретін және оны орындауды қамтамасыз ететін кәсіби маңызды сапалардан тұратын нақты еңбек әрекетін психологиялық талдау негізінде құрылған мамандық "портреті".
*Кәсіби білім беру психологиясының зерттеу бағыттары:
-мамандықты психологиялық апектіде зерттеу және профессиограма құру;
-кәсіби іскерлік пен кәсіби білім беру процесінде дағдының қалыптасу заңдылықтарын зерттеу;
-кәсіби іскерлікті жетілдіру мен қабілеттілікті дамыту проблемаларының кәсіби іскерлікті жетілдіру мен кәсіби қабілеттілікті дамытуға(сенсорлық,интеллектуалдық,моторлық)әсері проблемалары;
-кәсіби оқытудың психологиялық проблемаларын теориялық өңдеу.
*Кәсіби білім берудің психологиялық мәселелерінің даму тарихы 3кезеңнен тұрады:
1кезең. "Психотехникалық" - ХХғасырдағы 20-30 жылдар. Алғаш рет кәсіби  білім беру психологиясы туралы мәселелер20-жылдары психотехника шеңберінде еңбек туралы ғылым ретінде туындаған.
2кезең.ХХ ғасырдағы 30-жылдардың аяғынан бастап 50жылдардың ортасына дейін.
Еңбек психологиясының алдында жоғары маманданған мамандарды даярлау да әлеуметтік тапсырмаға жауап беру міндеті тұрды. Ондағы басты проблемаларлың бірі еңбек іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру заңдылығын анықтау мен одан әрі жетілдіру,оларды жаңа жағдайда қайта құру,кәсіби-қабілеттілік процесін қалыптастыру,кәсіби білім беруде психологиялық сұрақтарды анықтау.
3кезең. ХХ ғасырдағы 50-жылдардың ортасынан 70-жылдарға дейін. Отандық психологиясы іс-әрекет пирамидасының одан әрі дамуда білім мен іскерлікті қалыптастыру идеяларының дамуымен байланысты педагогикалық психологияның теориялық және қолданбалы аспектілерін құруға әкеледі.
80-90 жылдардағы психологиялық зерттеулерде кәсіби білім беру проблемалары жеке тұлғаны зерттеу контектісінде талданды. Кәсіби маңызды сапа ретінде жеке тұлғаның ерекшелігі кәсіби іс-әрекеттің жетістігінің және сенімділігінің факторы бола алады.
2. Мамандық-белгілі бір даярлықты қажет ететін іс-әрекеттің түрі,тіршілік көзі болып табылады. 
Мамандық-белгілі адамға тиесілі білім,іскерлік және дағды жүйесі ретінде де сипатталады.
Мамандықты суреттеудің жалпы схемасы 4аспектіні қамтиды:
1. әлеуметтік-эканомикалық(мамандықтың қысқаша тарихы,оның халық шаруашылық жүйесіндегі орны,мамандарды даярлау туралы мәлімет,перспективасы,еңбек жалақысы,мамандықтың мәртебесі).
2. өндірістік-техникалық(технологиялық прцесс,объект,еңбек құралы,жұмыс орны,еңбекті ұйымдастыру формалары туралы мәліметтер).
3. санитарлық-гигиеналық(климат жағдайлары туралы мәлімет,жарықтандыру сипаты және басқа да санитарлық факторлар,еңбек режимі мен ритмі,медицинаға кері көрсеткіштер).
4. психофизикалық(мамандықтың психикалық процестер мен тұлғаның қасиеттеріне қоятын талабы).
*Мамандықтардың еңбек пәні бойынша бөлінуі(А.Н.Леонтьев бойынша):
-биономикалық(табиғат);
-техномикалық(техника);
-сигномикалық(белгіліер);
-артономикалық(көркемдік бейнелер);
-социономикалық(адамдардың бірлесіп әрекет етуі немесе өзара қатынасы).
*Е.А.Климов бойынша кәсіби іс-әрекеттің 5 схемасы:
1."Адам -Табиғат"(аграном,зоотехник,ветеринар,микробиолог,биолог...);
2."Адам-Техника" (слесарь,техник-механик,техник-технолог,инженер-электрик,электрослесарь);
3."Адам-Белгі"(программист,математик,картограф);
4."Адам-Көркемдік бейне"(суретші,балет әртісі, актер, архитектор);
5. "Адам-Адам"(дәрігер, мұғалім,әлеуметтік қызметкер,сатушы,шаштараз).
-"Адам-Табиғат" мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары: дамыған қиял,көрнекі-образдық ойлау, жоғары деңгейдегі көру есі,байқағыштық,өзгермелі табиғи факторларды көре білу және бағалау қабілеті,маман шыдамы,табанды болуы керек; ұжымнан тыс жұмыс жасауға әзір,кейде қолайсыз табиғат жағдайларында да,т.б.
- "Адам-Техника"мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары:қозғалыстың жақсы координациясы,нақты көру,есту,вибрациялық  және кинестезиялық қабылдау,дамыған техникалық және шығармашылық ойлау мен қиял,зейіннің бөлінушілігі мен шоғырлануы,байқағыштық.
-"Адам-Белгі жүйесі" мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары: жақсы опперативті және механикалық ес,зейінді ұзақ уақыт бойы шоғырландыру қабілеті,зейінді бөлу және ауыстыру,қабылдаудың нақтылығы,шартты белгі астарын көре білу іскерлігі,ынталылық,шыдамдылық,логикалық ойлау.
-"Адам-Көркемдік бейне"мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары:көркемдік қабілеттер,көру есі,көре отырып қабылдау,көрнекі образдық ойлау,шығармашылық ойлау,шығармашылық қиял,адамға эмоционалды әсер етудің эмоционалдық заңдары туралы білім.
-"Адам-Адам"мамандық типінің адамға қоятын психологиялық талаптары:қарым-қатынасқа ұмтылыс,танымайтын адамдармен қарым-қатынасқа жеңіл түсу іскерлігі,адамдармен жұмыс барысында өзін тұрақты түрде жаұсы сезіну,жақсылық тілеуші,елгезектік,шыдамдылық,эмоциясын тежей алу шеберлігі,адамдардың және өзінің мінез-құлқын саралау қабілеттілігі,басқа адамдардың ой -ниеттерін және көңіл-күйлерін түсіну,кикілжіңді шеше біліу іскерлігі,ойша өзінің басқа адамның орнына қоя білу қабілеттілігі,басқа адамды тыңдай білу,оның ой-пікірімен санасу іскерлігі,сөз,мимика, жесті орынды қолдану,әр түрлі адамдардың тілін табу,адамдарды сендіре білу,жинақылық, тиянақтылық,дәлдік,нақтылық,адамдар психологиясы туралы білім.
* Адам-Адам"мамандығы топтарына сипаттама
1.Басқару,оқыту,тәрбиелеу іскерлігі"адамдардың әр түрлі қажеттілігін қанағаттандырудағы пайдалы іс-әрекеттермен шұғылдану".
2.Тыңдай алу іскерлігі.
3.Кең ауқымыд білім.
4.Сөйлеу мәдениеті
5.Ақылдың бағыттылығы, басқалардың орнына өзін қоя білу,оның ішкі әлемін сезіну,өзінің ойын біреудікі ретінде қабылдамау іскерлігі.
6.Адамның деңгейі бұдан да жоғары болады деген сенімге негізделген бағыт.
7.Байқағыштық.
8.Халыққа қызмет етудің дұрыстығы жөніндегі терең де оптимистік сенімі.
9.Стандарт емес жағдаяттарды шешу.
10.Өзін-өзі реттеу деңгейінің жоғарылығы.
11.Төзімділік іскерлігі.
* Кәсіпті(мамандықты) таңдауға ықпал ететін 8 негізгі факторлар(Е.А.Климов бойынша):
1)ересектер,отбасы көзқарасы;
2)құрбылардың көзқарастары;
3)мектептегі педагогикалық ұйым көзқарастары;
4)жеке кәсіби және өмірлік жоспарлар;
5)қабілеттіліктер мен олардың көрінісі;
6)қоғамдық мойындауға талаптану;
7)кәсіби әрекет туралы мағлұматтану;
8)бейімділік.
* Психологтар бойынша мамандықты таңдауға негізгі факторлар субъективті факторлар:
-қызығушылықтар(танымдық,кәсіби,мамандыққа қызығушылық,бейімділік);
-қабілеттіліктер(белгілі іс-әрекетте жетістікке жетуге қажет психологиялық механизмдер);
-темперамент;
-мінез.
Объективті факторлар:
-даярлық деңгейі(үлгерімі);
-денсаулық жағдайы;
-мамандық әлемі туралы ақпарат алу.
Әлеуметтік мінездеме:
-әлеуметтік орта;
-үй-тұрмыс жағдайы;
-ата-анасының білім деңгейі.
3.Д.Сюпери бойынша кәсіби жол кезеңдері:
Зерттеушіні индивидтің бейімділігі мен қабілетін анықтау,кәсіби "Мен" концепциясын белсендіретін өзіне тиесілі мамандықты іздеу қызықтырған.
I-даму кезеңі(туғаннан 14жасқа дейін). Балалық шақта "Мен"концепциясы дами бастайды. Балалар ойын кезінде өздеріне не ұнайды ,неменеге икемді екендіктерін әр түрлі ролдерді ойнай отырып анықтайды. Оларда болашақ кәсіби карьераға әсер ететін қызығушылықтар байқалады.
II-зерттеу кезеңі(15жастан 24 жасқа дейін).Қыздар мен бозбалалар өз қажеттіліктерін,қызығушылықтарын,қабілетін,құндылықтары мен мүмкіндіктерін анықтап,түсінуге ұмтылады. Осындай өзіндік саралауды негізге ала отырып олар кәсіби карьераның мүмкін вариантттарын қарастырады.
III-карьераны жеңілдету кезеңі(25 жастан 44 жасқа дейін).Қызметкерлер таңдап алған іс-әрекеттерінде берік орын алуға тырысады.Еңбек етудің алғашқы кезеңдерінде жұмыс орнын немесе мамандықты өзгертуі мүмкін,бірақ осы кезеңнің екінші жартысында таңдап алған мамандығын сақтап қалу тенденциясы  байқалады. Адамның еңбек ету биографиясында осы жылдар шығармашыл жылдар болып табылады.
IV-жеткен жетістікті сақтау кезеңі(45 жастан 65 жасқа дейін). Қызметкерлер алдыңғы кезеңде жеткен дәрежені сақтап қалуға тырысады.
V-құлдырау кезеңі(65 жастан кейін). Дене және ақыл-ой күші төмендей бастайды. Еңбек әрекеті тоқтайды.
* Хейверхерст бойынша кәсіби жол кезеңдері:
Адамдарға толыққанды қызмет етуге мүмкіндік беретін әрекетті құру мен еңбек дағдысын игеру кәсіби жол кезеңдерін анықтау критерийлері болып табылады.
1.Жұмысшылармен (қызметкерлермен)теңестіру (5 жастан 10 жасқа дейін) кезеңі.Балалар өздерінің жұмыс істейтін әке-шешелерімен теңестіріледі және болашақта жұмыс істеуге деген ниет "Мен"-концепциясының бір бөлігіне айналады.
2.Негізгі еңбек дағдысын игеру мен еңбек сүйгіштікті қалыптастыру(10 жастан 15 жасқа дейінгі )кезеңі.Оқушылар әр түрлі міндеттерді шешуде өз уақыттары мен күш қуатын дұрыс ұйымдастыруды үйренеді. Мысалы, үй тапсырмасын орындау немесе үйдегі жұмыс. Олар:алдымен -жұмыс,одан кейін-ойын принципі бойынша жүре бастайды.
3.Нақты кәсіби бірегейлікке ие болу (15 жастан 25 жасқа дейін)кезеңі. Адам мамандық таңдап сол мамандыққа өзін даярлай бастайды.Ол таңдау мен карьераны бастауға көмектесетін белгілі еңбек тәжірибесін жинақтайды.
4.Кәсіби маманның қалыптасу (25жастан 45 жасқа дейін)кезеңі.Ересектер өзінің кәсіби қабілеттілігі мен мүмкіндік шеңберіндегі шеберлікті жетілдіре отырып қызмет баспалдағында жоғары өрлей бастайды.
5.Қоғам игілігі үшін жұмыс жасау (40 жастан 70 жасқа дейін)кезеңі. Жұмысшы -қызметкерлер өз кәсіби карьерасының шыңына жетеді.Олар  өзінің  азаматтылығы мен әлеуметтік жауапкершілігі туралы ойлана бастайды және күштерін қоғам алдындағы міндеттерін орындауға жұмсайды.
6.Кәсіби әрекеттің жемісті кезеңі туралы толғану(70 жастан кейін).Зейеткерлікке шыққаннан кейін адамдар кәсіби жүріп өткен жолын ой елегінен өткізіп,ондағы жеткен жетістіктерін қанағаттана отырып есіе алады.
* Кәсіптенген маман дамуының негізгі фазалары(Е.А.Климов бойынша)
-Оптант фазасы. Адам мамандық таңдауға қам жеген кейіп танытады. Бұл фазаның нақты уақыттық шекарасы басқа фазалар сияқты жоқ,өйткені олар тіршілік жағдайы мен мәдениеттің дамуымен байланыстырылады.
-Адепт фазасы-мамандықты меңгеру үстіндегі адам.
-Адаптант фазасы. Жас маман өзі келіп түскен ұжымның нормаларына бейімделеді,шығармашылық міндеттерді шешуге үйренеді.
-Интернал(немесе интервал)фазасы. Өз ісін тұрақты,жақсы көретін,негізігі кәсіби функцияларды өзбетті орындай алатын тәжірибелі маман.
-Шебер-жұмысшы қарапайым және ең күрделі міндеттерді шеше алады. Ол өзінің белгілі бір сапаларымен, іскерлігімен кәсіби аймақта кең де терең біліммен ерекшеленеді. Оған қайталанбайтын,ерекше іс-әрекет стилі тән,оның жұмыс нәтижелері үнемі ерекше және өзін алмастыруға келмейтіндердің қатарына қосуына негіз бар.Өз біліктілігінде формальды көрсеткіштерге ие.
-Авторитет-өз ісінің шебері,көпке танымал(белгілі салада,салааралық деңгейде,мемлекетте).Кәсіби міндетін мол тәжірибесі,іскерлігі,жұмысын ұйымдастыру шеберлігі арқасында шешеді.
-Үйретуші-беделді,өз ісінің шебері,шәкірттерін,ізбасарларын үйретуге әзір.

Негізгі ұғымдар: кәсіби білім беру, оптант, мамандық, профессионал, қабілет, шеберлік.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
	Кәсіби білім беру психологиясы пәні, міндеттері қандай?
	Мамандықтардың жіктелуі (Е.А.Климов, Д.Сьпери)
	Кәсіптену этаптары қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
	Климов Е.А. Психология проффессионального самоопределения: учеб. Пособие для студентов вуз. – М., 2007
	Столяренко Л.Д.Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004

12-тақырып: Ұстаз психологиясы және мұғалімдік қызмет
Жоспар:
	Педагогикалық іс-әрекет 
	Педагогикалық іскерлік
	Педагогикалық іс-әрекет стилдері және кәсіби сапалар
1.Педагогикалық іс-әрекет – оқушының  тұлғалық, интеллектуалдық, іс-әрекеттік  дамуына  бағытталған, сонымен  бірге өзін-өзі  дамыту мен өзін-өзі жетілдірудің негізі болып  табылатын мұғалімнің оқушыға (оқушыларға) ықпалы.
	Педагогикалық іс-әрекет сипаттамалары
	мақсаттылық;
	түрткі;
	пәнділік;
	өнімділік.
	Педагогикалық   іс-әрекет формалары
	әңгіме (сократтың әңгіме) немесе майевтика;
	шеберханадағы жұмыс;
	сабақ;
	лекция;
	семинар;
	сынақ;
	практикум;
	тренингтер және т.б.
	Н.В.Кузьмина  бойынша педагогикалық  іс-әрекет дәрежесі
I (минималды) репродуктивті;  педагог өз білгенін өзгелерге айтып бере алады; продуктивті емес.
II (төмен) бейімделуші; педагог өз хабарламасын аудитория ерекшелігіне бейімдей алады; аз продуктивті.
III (орташа) локальды модельдеуші ; педагог  оқушыларды курстың әр бөлімдері  бойынша  білімге , дағдыларға, іскерліктерге уйрету стратегияларына  ие ; орташа продуктивті.
IV (жоғары) – оқушылардың  жүйелі модельдеуші білімдері ; педагог жалпы пән бойынша оқушылардың дағдылар , іскерліктер, ізденісіндегі білімдер жүйесін қалыптастыру стратегиясын меңгерген; продуктивті.
V (ең жоғарғы) – оқушылардың  жүйелі модельдеуші  іс-әрекеттері мен мінез-құлықтары; педагог өз пәнін оқушы тұлғасын қалыптастыру, оның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі оқыту,өзін-өзі дамыту қажеттіліктерін  қалыптастыру құралына  айналдыру стратегиясын меңгерген; жоғары продуктивті.
	 Педагогикалық іс-әрекеттің  пәндік  мазмұны:
	мотивация;
	мақсат;
	пән;
	құралдар;
	тәсілдер;
	өнім;
	нәтиже.
	Педагогикалық  іс-әрекет тәсілдері:
	түсіндіру;
	көрсету (иллюстрация);
	оқушылармен бірігіп атқарылатын жұмыс;
	оқушы тәжірибесі;
	тренингтер және т.б.
	Педагогикалық іс-әрекет психологиясы проблемалары:
1.Педагогтың  шығармашылық потенциалы мен педагогикалық стереотипті жою мүмкіндіктері проблемасы;
2. Мұғалімнің кәсібилігі (профессионализм) проблемасы.
3. Мұғалімді психологиялық дарярлау проблемасы.
4. Дамыта оқыту жүйесіне мұғалімді даярлау проблемасы.
5. Мұғалімнің кәсіби деңгейін көтеру проблемасы.
6.Мұғалімнің инновациялық  процестерді жете ұғыну проблемаласы.
	Педагогикалық іс-әрекеттегі негізгі қарама-қайшылықтар
	 Кәсіби міндеттер динамикасы мен оны жүзеге асырудағы мұғалімнің ішкі даярлығы арасында;
	Білім беру саясаты динамикасы мен мұғалімнің нақты және жүйелі позицияны ұстануға ұмтылысы арасында;
	Шығармашылық өзін-өзі реттеудегі жеке тұлғалық қажеттілік пен оны қанағаттандыру мүмкіндіктері арасында;
	Күнделікті өзекті ақпарат көлемі мен оны саралау, меңгеру,  сақтау, тасымалдау қабілеттілігі арасында;
	Қоғамның білім беру қызметіне қажеттілігі мен мұғалімнің жұмыс уақыты резервінің қысқаруы, сондай-ақ оқытушы кадрларының азаюы мен материалдық деңгейлерінің төмендігі арасында;
	Әлеуметтік – кәсіби топтың көпшілігінің бос уақыттарының көбеюі мен педагогикалық кәсіп өкілдерінің бюджеттегі уақыттары өзгерісінің тенденциясы арасында.
Мұғалім  функциялары
	Оқыту, тәрбиелеу, дамыту, қалыптастыру процестерін басқару: мақсатқа жету, диагностикалау, болжау, өзінің және оқушының іс-әрекетін жобалау және жоспарлау;
	Мәліметтік (ақпараттық), ұйымдастырушылық,бақылау және коррекциялық функциялар;
	Аналитикалық функциялар;
	Педагогикалық білімді насихаттаушы функция.
А.И.Щербаков бойынша  педагогикалық іс-әрекеттің психологиялық функциялары:
	Ақпараттық функция (материалды меңгеру және оны бере білу өнері);
	Дамытушы (оқушының тұлғалық дамуын басқару);
	Бағыт беру функциясы (жеке тұлғаның оның мотивінің, идеалының бағыттылығы);
	Жұмылдыру функциясы (оқушылардың ақыл-ой әрекетін белсендіру , олардың өзбеттілігін дамыту);
	Зерттеу (педагогикалық процестегі шығармашылық ізденіс , тәжірибе жүргізу іскерлілігі , тәжірибесін жалпылау және өз шеберлігін үнемі жетілдіру).
Окытушы мен окушылар қарым-қатынасындағы негізгі функциялар
Koнcmpvкmивтi. Білім мазмұны мен пәнің практикалық мәнің талдау мен түсіндірудегі оқытушы мен окушынын педагогикалық әрекеттері .	Ұйымдастырушылық. Бірлесе мағмұлаттандыру мен оку-тәрбиелік әрекет нәтижесіне  жауапкершілікпен жетудегі  оқытушы мен окушылардың біріккен оқу іс-әрекетін ұйымдастыру. 
Коммутікативті-стимулдандыру. Оку-танымдық іс-әрекетгш әр түрлі формаларынын үйлесімі (индивидуалдық, топтық, фронтальдық)    педагогикалық  ынтымақтасу   мақсатында  өзара   комек  көрсетуді ұйымдастыру; оқушыларға нені білуі, түсінуі, үйренуі керектігі жөнінде түсінік беру.
		Ақпараттық - білім берушілік. Қоғамдық өмір аумағындағы жаңалыктарға оқушыларды бағыттау, әлемді дұрыс қабылдатуда оқу пәнінің практикамен байланысын көрсету; оқу пәні аумағы деңгейінің қозғалмалылығы мен оқу материалының эмоционалды түсіңдірілуі, оқушылардың бейнелі-сезімдік сферасына иек арту.
		Эмоционалдық түзетушілік. Оқыту процесінде оқу іс-әрекеті түрлерін қолдану барысында, оқытушы мен окұшылардын сенімділік қатынасында «ашық перспектива» және «жеңіске жету» принциптерін жүзеге асыру.
		Бақылау-бағалау функциясы. Оқытушылар мен окушылардын өзара бірін-бірі бақылауын ұйымдастыру және өзін-өзі бақылау, бағалау арқылы бірлесе отырып мұғалімнін кәсіби қасиеттерін жетілдіру.
2. Іскерлік - белгілі жағдайда белгілі іс-әрекетті орындауға мүмкіндік беретін білім мен икемді дағдының жиынтығы. Педагогикалыц іскерлік - мұғалімнің түрлі әрекеттерінің жиынтығы, олар, ең алдымен, педагогикалық іс-әрекет функцияларымен теңестіріледі, елеулі мөлшерде мұғалімнің даралық-психологиялык ерекшеліктерін айқындап, оның пәндік:кәсіби құзырлығы жөнінде дәлел келтіреді.
  Педагогикалық іскерліктің А.КМаркова 9 тобын сипаттаған.
	1-топ. Педагогикалық міндетті анықтау кезінде өз мотивтері мен мақсаттарын, оқу-тәрбие беру процесін белсенді даму үстіндегі оқушыға бағыттау; педагогикалық ситуадияны зерттеу және қайта түрлендіру; педагогикалық міндеттерді сатылы және же дел түрде нақтылау, белгісіздік жагдайда оңтайлы педагогикалық шешім
қабылдау,	педагогикалық мақсаттар мен міндеттерді педагогикалық жағдаяттардын өзіеру шамасына қарай икемдеп бейімдеу; қиын педагог икал ық жағдаяттардан абыроймен шығу: педагогикалық міндеттерді орындаудың жақын және алыс нәтижелерін болжай алу, т.б. іскерліктер.
2-топ: 3 топшадан тұрады.
I топша: «Нет оқыту керек». Оқу материалымен жүмыс жасай білу іскерлігі (оқыту туралы жаңа концепциялар мен технологияларды меңгеру), оку пәні бойынша негізгі қағидаларды бөліп алe оқу пәнін жаңарту (үғым, термин, дискуссияларды пайдалану арқылы), педагогикалык жаңалықтарды талдау қабілетплігі, мектеп оқушыларында жалпы білімділік және арнайы ептілікті, дағдыны қалыптастыру, пән аралық байланысты жүзеге асыру. 
II топиіа: «Кімді окыту керек». Оқушылардың жеке психологиялық процестерін зерттеу (ес, ойлау, зейін, сөйлеу т.б.), іс-әрекет түрлеріне сипаттама (оқу, еңбек); оқушылардың білімділігі мен тәрбиелілігін зерттеу, оқушының окуға шынайы мүмкіндіктерін зерттеу; оқу үлгерімі және жеке бас сапаларын ажырату, жас ерекшеліктеріне байланысты бір кезеңнен екінші кезеңге өтуді зерттеу, үлгермеушілермен және дарынды оқушылармен жоспар бойынша жұмыс т.б.
III топша: «Қалай оқыту керек». Оқыту және тәрбиелеу формаларын, әдістерін дұрыс тандап алу іскерлігі, оқытушы мен оқушының жұмсалатын күшін, уақытын есепке алу; педагогикалық ситуацияны салыстыра алу, жалпылай алу, біріктіру; оқушының өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастыру; педагогикалық міндетті шешудің бірнеше жолдарын іздестіру; қолайлы жол таңдау.
3-топ: Психологиялық-педагогикалық білімді қолдана білу іскерлігі, педагогикалық тәжірибелерді қолдану; өз еңбегінің қорытындысын тіркеу, еңбегінің күшті және әлсіз жақтарын көре білу, оқушылардың қиындықтарын өз жұмысындағы кемшіліктерімен байланыстырып отыру; өзінің жеке бас стилін бағалау, өз тәжірибесін саралау, басқа мүғалімдердін тәжірибесімен салыстыру, алмастыру; педагогикалық әрекетті дамыту барысында жоспар жасай білу іскерлігі.
4-топ: Кең спектрдегі коммуникативті міндеттерді шешу. Психологиялык қауіпті болдырмау, жою.
5-топ: Жоғары дорежедегі қарым-қатынас тудыратын жолдарды іздестіру, қолдану. Оған мыналар жатады: қарым-қатынаста басқаның позициясын түсіну іскерлігі, оған деген қызығушылықты арттыру, оқушыны дамытуға бағыт, мінез-құлық бойьшша оқушының ішкі жағдайын түсіну (мимика, жест), өзін оқушының орнына қоя білу («децентрация»); сенімді, жайлы атмосфера қалыптастыру, басқарудын демократиялық стилінің басымдығы; окушыны мақтауға, кешірім сұрауға дайын болу, окушының сөзін бөлмеу, окушының қарым-қатынастық әрекетінен қорықпау; көпшілік алдында сөз сөйлей білу.
6-топ: Кәсіби позициясын сақтай алу іскерлігі, яғни өз кәсібінің мәңділігін түсінетін, онын әлеуметтік және жалпы адамзаттық құндылыгы жолында қиындықтарға төтеп бере алуға қабілеті: өзінін педагогикалық қабілеттерін, олардың перцептивтік (басқа адамды түсіну және зерттеу, оньш көзқарасымен қарау) және басқару (оқушының тек мінез-құлқы мен қылықтарына ғана емес сондай-ақ оның түрткілеріне, мақсаттарына әсер ету) компоненттерін қамти отырып жүзеге асыру және дамыту; өзінін эмоционалдық күйін бас кару; өзінің және окушылардың позитивті мүмкіндіктерін қабылдау және осылайша өзінін «Мен»-тұжырымдамасын нығайтуға ықпал ету; еңбек эталондарын меңгеру (педагогикалық шеберлік); шығармашылық ізденісті іске асыру.
7-топ: Кәсіби дамуды сезіне алу іскерлігі, өзінің жеке бас стилін анықтау, күшті жақтарын нығайту, әлсіз жақтарын ығыстыру жаңалық енгізуге ізденіс, новаторлық деңгейге өте білу. 
8-топ: Оқу жылының басы мен аяғында окушының білім деңгейіне сипаттама бере злу; өзін-өзі тексеру, бағалау; дағдылану, оқыту көрсеткіштерін  табу   (оқушыға  көмек  көлемі,   үлгермеушілік себептерін ашу, жеке және жал пылай әсер ету), кезеңдерге сай оқудың және оқытудың компоненттерін даярлау; өз бетімен білім алуға, үзіліссіз білім алуға дайындықты ынталандыру. 
9-топ:  Оқушының тәрбиелілігін мұғалімнін бағалау іскерлігі; мінез-құлық   арқылы   окушының   адамгершілік   нормасы мен көзқарасын болжау. Әлсіз дамыған мінез көріністерін дамытуға жағдай жасау (мысалы, белсенділікті арттыру, аландаушылык коэффициентін төмендету, лидерлікке жетуте жағдай жасау). 
Іскерліктің қалыптасу кезендерімен психологияқ құрылымы: 
Іскерлік өз қалыптасуында бірнеше кезеңдерден өте отырып, соңында шеберлік пен шығармашылыққа айналады. 
1-кезең.  Бастапқы   іскерлік  -  іс-әрекет  мақсатын  ертеректе қамтылған білім мен дағдыға  негіздей отырып сезіну және оған жету қүралын іздестіру; іс-әрекет байқап көру - қателесу жолымен орындалады.
2-кезең. Іскерліктің жеткіліксіздігі - іс-әрекетке қатыссыз ертеректе жинақталған білім мен оны іске асыру тәсілдерін қолдану.
3-кезең. Жекеленген жалпы іскерлік - әртүрлі іс-әрекет түрлеріне қажетті, дамыған бірақ ауқымы тар іскерлік қатары (өзінің іс-әрекетін жөспарлау іскерлігі, ұйымдастырушылык, іскерлік).
4-кезең. Жоғары деңгейдегі іскерлік - нақты іс-әрекетте білім мен дағдыны шығармашылықпен қолдану; мақсатын ғана емес, оған жету тәсілдерін таңдау мотивтерін сезіну.
5-кезең. Шеберлік - әртурлі іскерлікті шығармашылықпен қолдану.
3. Қабілет - алған білімді белгілі бір іске нәтижелі етіп жұмсай білуінде және сол ісін белгілі бір дәрежеде дағдыға айналдыра білудегі адамның индивидуалдық психологиялық ерекшеліктері. 
Нышан - қабілетгің бастапқы табиғи негізі ретінде адамда туа пайда болатын нерв қызметінін ерекшелігі.
Дарындылық - нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттін түрі. 
Талант - белгілі іс-әрекетті шығармашылықпен орындау мүмкіндігін қамтамасыз ететін қабілет.
Кемецгерлік - шығармашылық қабілеттің ен жоғарғы деңгейдегі көрінісі.
• Негізгі педагогикалық қабілеттілік сапалары:
	балаға білімді кыска жэне қызықты формада жеткізу қабілеттілігі;
	баланы бақылай отырып түсіну қабілеттілігі;
	өз бетімен және творчестволық ойлай алу қабілеттілігі;
	тапқырлық немесе тез және нақты бағыт алу;
	ұйымдастыру қабілеттілігі.
Педагогикалық қабілеттілік (В.А. Крутецкий бойынша):
	Дидактикалық қабілеттілік - оку материалын окушыға нақты, түсінікті етш бере білу; пәнге қызығушылық тудыру; белсенді өзбетілік ой тудыру. Қиын материалды жеңіл, түсініксізді-түсінікті қылып бере білу қабілеттілігі. Окушыны өзбетімен еңбек етуге үйрету, білім алуға жол сілтеп отыру.
	Академиялық қабілеттілік - нақты ғылым бойынша (математика, физика, биология, әдебиет) қабілетті мұғалімнің өз пәнін, курсын көлемі бойынша ғана емес, терен де ауқымды түрде меңгеруі, ғылыми жаңалыктарды үнемі бақылап отыру, шағын болса да ғылыми жұмыс атқару;
	Перцептивті қабілеттілік - окушының ішкі жан дүниесіне үңіле білу қабілеттілігі; психологиялық байқағыштық, түсіну, талдау.
4.Сөйлей алу қабілеттілігі – ойды нақты, анық, түсінікті түрде жеткізе алу қабілеттілігі , мимика, понтомимиканы қолдану. Ұстаз сөзі  үнемі оқушыларға арналуы керек.
5.Ұйымдастырушылық қабілеттілігі- оқушы ұжымын  ұйымдастыру ; өзінің ұйымдастыру жұмысын дұрыс жүргізу.
6.Беделдік қабілеттілігі.Оқушылар арасында беделге ие болу.
7.Коммуникативті қабілеттілік. Оқушылармен қарым-қатынастың жолдарын дұрыс табу.
8.Педагогикалық қиял немесе прогноздық қабілеттілік. Оқушының болашағын  болжау.
9.Зейін бөлгіштік қабілет. Бір  мезгілде ұстаздың бірнеше әрекетті атқара алуы.
4. А.К.Маркова бойынша кәсіби сапалар:
	педагогикалық  эрудиция (білімдарлық);
	ғылым салаларын терең меңгеру;
	педагогикалық мақсат қоя білушілік ;
	педагогикалық (практикалық және диагностикалық) ойлау;
	педагогикалық интуиция (сезімталдылық);
	педагогикалық импровизация (суырып салмалық,жанынан жедел шығару, шешім қабылдау);
	педагогикалық байқағыштық;
	педагогикалық көрегендік.
Митина Л.М бойынша кәсіби сапалар: 
	әдептілік;
	сыпайылылық;
	сезімталдық;
	тәрбиелілік;
	зейінділік;
	ізденімпаздық;
	шыдамдылық;
	адамгершілік;
	іскерлік;
	тәртіптілік;
	белсенділік;
	саяси сауаттылық;
	сыншылдық;
	патриоттық;
	болжағыштық;
	өзбеттілік;
	принципшілдік;
	батырлық;
	кешірімшілдік;
	кішіпейілдік;
	балаға деген сүйіспеншілік.
М.М.Мұқанов бойынша  педагог мамандығына лайықты  сапалар:
	педагогикалық идеялық сенімі;
	педагогтың қабілеті;
	педагогтың ұстамдылығы;
	әділеттілік және абырой;
  Осының ең ортасы, өзегі, жеке  бас сапасының ядросы – бағыттылығы, бейімделушілігі, өзін-өзі бағалау,»Мен» бейнесі.
Мұғалімнің кәсіби қасиеттері:	
	Ұйымдастырушылық – ұйымдастырушылық, іскерлік, белсенділік, талап қойғыштық, өзіндік сын, т.б.
	Коммуникативтік – зейінділік, қайырымдылық, ашықтық,мейірбандық, қарапайымдылық, сезімталдық, әдептілік.
	Экспрессивті – перцептивті - - байқағыштық , креативтілік, интеллектуалдылық , белсенділік,зерттеушілік стилінің ерекшелігі, сыншылдығы,икемділік.
	Кәсіби қабілеттілігі.
	Дене және психикалық денсаулығы – эмоционалды- еріктік тонустың жоғарылылығы, оптимистік, эмоционалдық төзімділік, елгезектік.
	Педагогтың субъективті қасиеттері (П.Ф.Каптерев бойынша):
Объективті мазмұндағы: мұғалімнің пәні туралы білімі (меңгеруі) , ғылыми дайындығы,қосымша пәндер туралы білімі; пәннің методологиясымен, дидактикалық принциптерімен танысу, баланың ерекшеліктерін меңгеру.
Субъективті мазмұндағы: сабақ бере алу шеберлігі, таланты, өнері.
	Педагогтың субъективті қасиеттерін анықтаушы бағыттар (Роджерс бойынша): 
Гуманистік бағыт – ұстаздың оқушының мұқтаждығы мен қажеттілігіне көңіл аударуы;
Эгоцентрлік   бағыт   -   ұстаздын   тек   өзше,   оз   мұлдесіне, қажеттілігіне назар аударуы; 
Бюрократтық (төрешілдік) бағыт - ұстаздын окімшіліктің нұскауларын, жоғарыдаы келген құжаттарды өзіне бағыт етуі. 
 Конформистік багыт - ұстаз әрекетінің ұжым өмірімен, өзінің әріптестерімен қатынас жасауға негізделуі. 
Авторгітеттік бағыт - ұстаз оқушының ата-аналарына, олар қоғамдағы орнына сүйенуі. 
Когитивтік багыт - ұстаздың өзі беретін пәннің мазмұнына сүйенуі. 
• Кәсіби ұстаным (позиция) типологиясы ( М.Тален бойынша):
«Сократ»     пікірталасты мақсатты түрде туындатушы ретінде танымал педагог. Үнемі конфронтацияны туындатушы болғандықтан жекешелену, оқу процесін ұйымдастыруда жүйесіздік тән; оқушылар өз позицияларын қорғай алуға ұмтылады, қорғауға үйренеді.
«Генерал» - екі ойльшықтан аулақ, талап қойғыш, өзін тыңдатуға қатан түрде жететін педагог, өйткені ол өз көзқарасын дұрыс дей келе, окушыны армиялық тәртіпке, бұйрыққа бағынуы тиіс деп есептейді.
«Топ дискуссиясынын жетекшісі» - оқу-тәрбие процесіндегі нәтиже, оқушылар арасында келісімге, ымыраласуға келу деп есептейді, демократиялық келісу жолын іздеу, дискуссия нәтижесіне қарағанда басты орында деп қарап өзі бағыттаушы рөлді атқарады.
«Менеджер» - белсенділікті, өзбеттілікті жақтайтын, сыныпты тиімді әрекетке бағыттайтын педагог. Педагог жеке оқушымен шешілуге тиіс міндет-мазмұнды сапалы бағалауға, талдаута ұмтылады.
«Шебер» өзінің өмірге қатынасы, көзқарасы арқылы үлгі ретінде көрінеді.
«Жаттықтырушы» - бірлескен рух негізінде сыныпта қарым-қатынас атмосферасын қалыптастырушы. Оқушылар мүнда бір команданың мүшесі сияқты, эрқайсысы жеке индивид ретінде маңызды емес, ші бірлікте барлығына қол жеткізе алады. Педагог -топқа дем беруші. мүндағы ен басты сонғы нәтиже - жеңіс, табыс. 
«Гид» білімді, жан-жакты, энциклопедист бейнесінде. Қыска сөйлейтін, тура, өзін-өзі ұстай алатын адам. Берілген сұракқа жауабы үнемі дайын.
Педагогикалық іс-әрекет стилі
Іс-әрекет стші  объектінің өзінін қабілеттерін айқындай отырып және онын даралық-психологиялық, тұлғалық ерекшеліктерімен анықтала отырып, онын операционалдық құрамын, іскерліктері мен дағдыларын қамтиды (В.Э. Чудновский). 
Педагогикалык іс-әрекет стиліне әсер етуші факторлар: іc-әрекет  субъектісі  мұталімнің  жеке  даралык-психологиялық ерекшеліктерін,   ол   даралық-типологиялык, тұлғалық, мінез-құлықтық ерекшеліктерді қамтиды; іс-әрекеттің өзіндік ерекшеліктері; окушылардың ерекшеліктері. 	
Педагогикалық  іс-әрекет стгадерінің  түрлері     (А.К.Маркова бойынша)
Өктемшілдік стиль. Оқушы тен құқылы серіктес емес, педагогикалық әсер ету объектісі ретінде қарастырылады. Мұғалім біржақты шешім қабылдайды, шешеді. Өзі қойған талагггарының орындалуына қатаң бақылау орнатады. Қалыптасқан жағдайлар мен шэкірттердің пікірлерін есепке алмай, оз құқықтарын пайдаланады. Осының салдарынан шәкірттері белсенділіктерінен айырылады, езін-өзі томен багалайды, бойларында агрессия пайда болады. Окушылардың күші білімді игеру мен өзін-өзі дамытуға емес, психологиялық тұрғыда өзін-өзі қорғауға бағытталған. Мұндай мүғалімнін әсер етуінің негізгі әдісі - бұйрық ақыл айту. Мұталімге өз кэсібіне қанағаттанудың төмендігі және кәсіби тиянақсыздық тән.
Демократиялық стшь. Окушымен қарым-катынаста тең серіктес, бірігіп білім іздеуде әріптес. Мұгалім окушыларды шешім қабылдауға тартады, олардың пікірлерін есепке алады, ой-пікір білдіруін бағалайды. Оқушылардың оқу үлгерімін ғана емес, олардын түлғалық сапаларын да есепке алады. Оқушыға  әсер ету әдістері - түрткі болу, кеңес, өтініш. Осы стильдегі мұғалімнің оқушылары байыпты қанағаттан;, өзін-озі жоғары бағалау күйін сезінеді. Мұғалімдер өзінін психологиялық іскерліктеріне көбірек назар аударады, оларга кәсіби орныктылық, оз мамандығына қанағаттану тән.
Либералдық стиль. Мұғалім шешім қабылдаудан қашып, бастаманы оқушыларға, әріптестеріне береді. Оқушылардын іс-әрекетін ұйымдастыру мен қадағалауды жүйесіз орындайды, жалтақгаушылық, толку байқалады. Сыныпта ауытқымалы микроклимат  жасырын қатынастар байқалады.
	Қазіргі заман мұғалімін сипаттушы даралық стильдердің 4 түрі:
	 Эмоционалды-импровизациялық стиль
	Эмоционалды-әдісқойлық стиль
	 Пайымдаушы-импровизациялық стиль
	 Пайымдаушы-әдісқойлық стиль.
Педагогикалық ұжымдағы психологиялық климат (хал - ахуал). Педагогикалық ұжымның іс-әрекетінің тиімділігі ондағы моральдық-психологиялық климатқа байланысты. Осы моральдық-психологиялық климатқа мұғалімнің мектептегі көңіл-күйі, оның педагогикалық әрекетте бар ынтасымен жұмыс істеуі байланысты. Өзінің әлеуметтік-психологиялық мазмұны бойынша ол психологиялық жағдайлардың бірлігінде байқалатын, біріккен нәтижелі іс-әрекет пен топта жеке тұлғаның жан-жақты дамуына мүмкіндік туғызатын тұлға аралық қарым-қатынастың сапалы жағын береді.
Педагогикалық ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық сипат топтың даму деңгейіне байланысты және әрбір мұғалімнің шығармашылығының өлшемін анықтайды. Педагогикалык ұжымның психологиялық климатына оның бірнеше жағының тиімді сабақтастығы тән, атап айтқанда:
	мектеп әкімшілігінің басқару стилі;
	еңбек ету жағдайы;
	мұғалімдер   -   ұжым   мүшелерінін   әлеуметтік-психологиялыж сәйкестігі;
	әлеуметтік - психологиялық мақсатты мұғалімнің жүзеге асыруы;
	әкімшілік тарапынан жүзеге асырылатын әлеуметтік - психологиялық мақсат.
		Жайлы  психологиялық  атмосфера -  педагогикалық ұжымда төмендегі сапалардын болуын болжайды:
	еңбек куанышы; 
	оптимизм;
	сергектік; 
	қорғаныш сезімі;
	қарым-қатынастағы қуаныш; 
	сенім;
	сүйеніш сезімі.
Жалпы мақсат қана емес, достық, бір-бірін құрметтеу, ұнату негізінде   қалыптасқан  педагогикалық  ұжым  балаларға  білім береде, тәрбиелейде алады. 
Педагогикалық ұжымдағы іс-әрекет жетістігінің критерийлері: 
	окушылардың білімділігі; 
	окушылардың тәрбиелілігі; 
	педагогтардың кәсіби біліктілігі;
	 педагогикалық ұжымның туындаған міндеттерді жедел шешу қабілеттілігі;
	педагогтардың жеке тұлғалық сапаларының жетілуі.

Негізгі ұғымдар: педагогикалық іс-әрекет, педагогикалық іс-әрекет дәрежесі, мұғалім функциялары.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
	Педагогикалық іс-әрекет  дегеніміз не?
	Педагогикалық іскерлік дегеніміз не?
	Педагогикалық іс-әрекет стилдері қандай? 
	Ұстаз мамандығына қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
	Маркова А.К. психология труда учителя. – М.,1993.
	Митина Л.М. Учитель как личность и профессионал. – М.,1994.
	Петровский А.В. Новое педагогическое мышление. – М.,1989.
	Сламбекова Т.С. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Семей, 2008

13-тақырып: Білім беру процесіндегі қарым-қатынас
Жоспар:
	Қарым-қатынас – өзара әрекеттесу формасы ретінде
	Педагогикалық қарым-қатынастың ерекшеліктері
	Қарым-қатынас стилдері
1. Қарым – қатынас немесе коммуникация процесі кең, ауқымды ұғым, ол – саналы және санасыз байланыс, ол – мәліметті тасымалдау және қабылдау,ол – барлық жерде және үнемі байқалатын процесс.
«Қарым – қатынас – біріккен іс – әрекетке деген қажеттіліктен туындайтын адамдар арасындағы байланысты құрайтын және дамытатын күрделі, көп жоспарлы процесс» (Қысқаша психологиялық сөздік)
«Қарым – қатынас- адамдар арасындағы байланысты құру мен дамытуда, жеке тұлғалық қарым-қатынасты қалыптастыруда көрінетін  және біріккен іс-әрекетке деген қажеттілікті  туындататын жеке тұлға белсенділігінің универсалды формасының бірі (таным,еңбек,ойынмен бірге)» (А.И.Конюхов)
«Қарым-қатынас – бір адамның екінші адамға әсер ету нәтижесі болып табылатын,адамдар арасындағы байланыс» (М.В.гамезо, И.А Домашенко).
Қарым – қатынас функциялары
	Ынтымақтастық. Қарым –қатынаста орынды (рационалды) эмоционалды және еріктік  өзара әсер етулер және индивидтердің өзара әрекеттері жүзеге асырылады және көңіл – күйдің, ойдың, көзқарастың жалпылығы қалыптасады,өзара  түсінушілік  туындайды,манера,әдет, мінез-құлық стилі меңгеріледі, топтық және ұжымдық іс-әрекетті сипаттайтын бірлік пен ынтымақтастық құрылады.
	Қалыптастырушы. Қарым – қатынас жеке тұлғаның жағымды жағының ашылуы, санасының және өзіндік санасының  қалыптасуы,оның дамуының  стимуляторы, басқа адамдармен қарым-қатынасқа  түсе отырып,өзіне  басқалардың қатынасын саралай келе, адам өз бойында өзін-өзі  жетілдіруге деген қажеттілікті  байқайды және осы қажеттілікті өзін-өзі тәрбинлеу процесінде жүзеге асырады.
	Дамытушы. Қарым – қатынаста байқалатын «жұқтырудың» әлеуметтік-психологиялық механизмі мен еліктеу, адам идеалындағы сапа, қасиеттерімен қоса бейнені қалыптастыруға ықпал етеді – бұл өзін –өзі дамытуға деген үлкен  стимул!
	Танымдық. Қарым – қатынас қоршаған ортаны тану мен түрлендіру,прцесі жүзеге асырылатын бірлескен шығармашылықтың формасы.
	Мәліметтік. Қарым – қатынас мәлімет (дерек) көзі және ақпарат арнасы: қарым – қатынас процесінде (коммуникация) адам фактілерді, түсініктерді, идеяларды ғана емес, онда құнды қатынастар, қызығушылықтар , көңіл – күй, сезім де  меңгеріліп, тасымалданады.
	Ұйымдастырушылық. Қарым – қатынас – адамды тәрбиелеу үшін жағдай тудырады: тәрбие өнері ең алдымен – қарым – қатынас өнері деп педагогтар әділ пікір айтады, қарым – қатынаста жеке тұлғаның өзінің әлеуметтік рөлін, ұйымдастырушылық және серіктік сапаларын жүзеге  асыруға  деген  ұмтылысы орындалады.
Қарым – қатынас әлемі (М.С.Каган бойынша).
	Нақты серікпен (партнер) қарым – қатынас
	Тұлға аралық  қарым – қатынас
	Өкілдік қарым – қатынас;
	Мәдени қарым – қатынас;
	Топтағы қарым – қатынас:
	Сағымдағы (иллюзиядағы) серікпен қарым – қатынас
	Жануарлармен қарым – қатынас;
	Затпен қарым – қатынас;
	Ойдағы серікпен қарым – қатынас
	Өзінің екінші «Мен» - імен қарым – қатынас;
	Мифологиялық немесе көркем бейнемен қарым – қатынас:
	Ақиқатта (болмыста) жоқ адам бейнесімен қарым – қатынас.
	Қиялдағы  серіктердің қарым – қатынасы (көркем персонаждар – квазисубъектілермен).
Қарым – қатынас түрлері
	Қарым – қатынасқа түсушілер құрамы бойынша
	Тұлғааралық – іскерлік және жеке тұлғалық қарым – қатынас
Адам – Адам жүйесінде;
Өзара қатынас сипатына қарай:
	Қызметтік;
	Қызметтік – жолдастық;
	Достық;
	Жеке тұлғалық – топтық – іскерлік, Адам – Топ жүйесіндегі қарым – қатынас;
Өзара  өатынас сипатына қарай:
	Қызметтік және қызметтік – жолдастық;
	Жетекшінің ұжыммен,топпен қарым – қатынасы;
	Топаралық – Топ – Топ жүйесіндегі іскерлік қарым – қатынас, екі немесе бірнеше қауымдастықтың контактісі.
	Жақындасу деңгейі бойынша:
	Тікелей – «бетпе – бет» қарым – қатынасқа түсу, әрбір қатысушының қарым – қатынастың барлық құралдарын қолдана отырып басқа адамдармен байланысқа түсуі және сол арада кері байланысқа түсу мүмкіндігі де.
	Жанама – үшінші адам, немесе пошталық байланыс, техникалық құрал, зат, естелік т.б арқылы қарым – қатынастын жүзеге асуы.
	Ұзақтығына байланысты:
	Қысқа уақыттық;
	Ұзақ уақыттық;
	Аяқталуына байланысты:
	Аяқталған;
	Аяқталмаған.
Қарым – қатынас құрылымы:
	Коммуникативті – қарым – қатынас субъектілерінің арасында  мәлімет алмасу;
	Интерактивті – жалпы өзара әрекет стратегиясын құру,факті, қатынастардың ғана емес әрекеттердің де алмасуы.
	Перцептивті – серіктестік қарым – қатынаста бір-бірін  қабыдауы, зерттеуі, түсінуі,бағалауы.
Қарым – қатынас коммуникация ретінде
	Вербальды (сөз)
	Сыртқы;
	Ауызша;
	Монологты;
	Диалогты;
	Іштей 
	Вербальды емес
	Кинетикалық (вербальды емес құралдардың көмегімен қарым – қатынасқа түсу,жест,мимика,пантомимика);
	Параэкстралингвистикалық (қосымша мәліметті  дауыс ырғағын өзгерту арқылы беру, диапазон, тондық өзгеріс);
	Визуальдық (көз арқылы мәліметтік байланыс);
	Проксемикалық (қарым – қатынасқа түсушілерді орналастыру, қарым – қатынастың уақыты);
2. Педагогикалық қарым – қатынас – оқудағы өзара іс- әрекет формасы, оқушы мен оқытушылардың ынтымақтастығы. Педагогикалық қарым – қатынаста  вербпльдық,көркемдік, символикалық, кинетикалық құралдарды пайдалана отырылып коммуникативті,перцептивті және интерактивті функциялар жүзеге асырады.
	Педагогикалық қарым – қатынас кең контексте «... оқушылардың мотивациясының дамуы мен оқу іс-әрекет шығармашылық сипаты үшін, мектеп оқушысы тұлғасының дұрыс қалыптасуы үшін ең  жақсы жағдай жасайтын,оқытудың эмоциональдық қолайлы климатын қамтамасыз ететін,мұғалімнің (кеңірек алсақ – педагогикалық ұжымның) оқыту процесіндегі оқушылармен қарым-қатынасы» (А.А.Леонтьев).
	Педагогикалық қарым – қатынас – оқыту мен тәрбиелеу мақсаты мен міндеттерінің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін педагог пен оқушылардың өзара әрекетіндегі құралдар мен әдістер жиынтығы (Л.Д.Столяренко).
Педагогикалық қарым – қатынас функциялары бойынша бөлінеді:
	Контактілі;
	Дистантты;
	Ақпаратты;
	Түрткі болу;
	Координациялық;
	Үйлестіруші өзара әрекеттесу.
	Педагогикалық қарым-қатынас ерекшелігі
	Педагогикалық қарым – қатынас бағыттылығы
	Педагогикалық қарым – қатынас білім алушылардың өзара әрекеттесуінің  өзінде олардың тұлғалық дамуы мақсатына бағытталған;
	Педагогикалық жүйенің өзіне негіз болып табылатын, оқу білімдерін игеруді ұйымдастыруға және осы негізде шығармашылық іскерліктерді қалыптастыруға, демек игеру пәніне (меңгеру) бағытталған;
	Білім алушыларға (олардың актуальды жағдайларына, дамудың болашақтағы бағыттары) бағытталған.
	Педагогикалық қарым – қатынас субъектілердің 3 жақты бағыттылығы 
	Жеке тұлғалық;
	Әлеуметтік; 
	Пәндік;
	Оқыту (білім беру) функциясын жүзеге асыру
А.А.Брудный бойынша, оқыту функциясы тасымалдаушы функциямен теңестірілуі мүмкін. Педагогикалық қарым – қатынаста оқыту функциясы жетекші болғанымен,ол басты функция емес, бұл мұғалім мен оқушылардың, оқушылардың бір-бірімен жан –жақты әрекеттесуінің табиғи бөлігі.
	Педагогикалық қарым – қатынастың «Адам-Адам» типіне суреттелген адамдардың өзара әрекеттесу өзгешілігінің бейнеленуі;
	Қарым –қатынасты жеңілдету және фасилитация функциялары (К.Роджерс). Мұғалім қарым – қатынас фасилитаторы, демек мұғалімнің оқушыға өзін және өз бойындағы жағымды (жақсы) қасиеттерін қөрсетуге көмектесуі.
	Қарым – қатынас стилі адамдардың бір-бірімен өзара әрекеттесу  тәсілдері мен құралдарының тұрақты формасы.
	Оқытушының қарым – қатынас стилі
	Оқушылардың ойлау процесіне зейін аударып, қалт еткен ойдың туындауы дереу қолдауды қажет етеді, кейде ойды байқадым деген белгінің өзі де жеткілікті;
	Эмпатияның болуы – өзін оқушының орнына қоя білу ептілігі – оның іс-әрекеті мақсаттарын, түрткілерін және оның өзін түсіну,бұл белгілі бір дәрежеде оқушы іс-әрекетін болжауға,алдын ала басқаруға мүмкіндік береді;
	Жақсылық тілеуші,оқушы жетістігіне әріптестің қызығушылығы позициясы;
	Рефлексия – педагогикалық өз іс – әрекетін қатаң түрде үздіксіз талдау және оқу процесіне неғұрлым мол және жылдам түзетулер енгізу.
Қарым – қатынас:
	Педагогикалық қарым –қатынас оқудағы өзара әрекет формасы,педагог пен оқушының ынтымақтастығы;
	Педагогикалық қарым – қатынас бір мезгілде оның үш жақты: коммуникативтік,интерактивтік және перцептивтік болуы;
	Педагогикалық қарым – қатынас вербальдымен қатар басқа да тәсілдердің,яғни көркемдік,кинетикалық,символикалық тәсілдердің кең түрде көрінуі.

Негізгі ұғымдар: педагогикалық қарым-қатынас, коммуникация, интерактивті және перцептивті қарым-қатынас.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
	Педагогикалық қарым-қатынас құралдары атаңыз.
	Педагогикалық қарым-қатынас ерекшеліктері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
	Кан-Калик В.А. Учителю о педагогическом общении. – М.,1987.
	Петровский А.В. Новое педагогическое мышление. – М.,1989.
	Сламбекова Т.С. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Семей, 2008
	Столяренко Л.Д.Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004
	Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, ВЛАДОС, 2002

14-тақырып: Сабақты психологиялық талдау педагогтың проективті-рефллексивті іскерліктерінің бірліктері ретінде
Жоспар:
	Сабаққа қойылатын талаптар жүйесі
	Сабақты талдау түрлері

1.Педагогикалық іс-әрекет түрлі формаларда жүзеге асырылады, солардың ішінде ерекше орынды оқытудың негізгі формасы – сабақ алады.Сабақта мұғалім мен оқушылардың біріккен іс-әрекеті жүзеге асырылады.
Сабаққа қойылатын талаптар жүйесі:
дидактикалық,тәрбиелеуші,дамытушы,психологиялық,гигиеналық  және сабақ техникасы.
Жалпы талаптардың ішінен,бүгінгі  сабаққа сәйкестендірілген, жоғарғы сапаға жауап беретін мына талаптарды бөліп алуға болады:
	Ғылымның жаңа жетістіктерін,озық педагогикалық тәжірибені қолдану,оқу-тәрбие процесінің заңдылықтарын негізге ала отырып сабақ өткізу.
	Сабақ барысында барлық дидактикалық принциптер мен ережелерді іске асыру.
	Бүрынғы біліммен байланыстыруда, жаңа білімді меңгеру де оқушылардың икем-қабілетін және қызығушылығын дамытуда, білім сапасын арттыру барысындағы тіректік ұғымдарға сілтеме жасау.
	Оқушылардың санасын қалыптастыруға әсер етерлік пән аралық байланысты бекіту.
	Жеке бастың барлық сферасын  дамытудағы мотивация мен белсенділігін арттыру.
	Педагогикалық құралдарды ұтымды қолдану
	Алған білім мен өндірістік қызметті өмірмен байланыстыра іскерлікті жүзеге асыру
	Білімін,іскерлігін,қабілетін тәжірибеде қалыптастыру,оны ойлау амалы мен іс-әрекетте тиімді қолдану
	Оқи алу іскерлігін, білім қорын молайту қажеттілігін сезінуді қалыптастыру
	Әрбір сабақты диагностикалау,жоспарлау,жобалау және болжай алу.
	Оқу-тәрбие әрекетінің логикалылығы және эмоционалдығы.
Әрбір сабақ тұтас педагогикалық процестің оқыту,дамыту,тәрбиелеу функцияларын жүзеге асыруға бағытталған.Осыған байланысты сабаққа қойылатын жалпы талаптар дидактикалық,тәрбиелік,дамытушылық сонымен қатар психологиялық,гигиеналық және сабақты ұйымдастыру техникасына қойылатын талаптар болып  бөлінеді.
1.Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:
	Әр сабақтың оқыту міндеттерін, олардың дамыту,тәрбиелік міндеттерімеен байланысын анықтау;
	Сабақты тиімді мәліметтермен толықтыру;
	Танымдық белсенділіктің жаңа технологиясын енгізу;
	Сабақтың мазмұның оқу бағдарламасындағы талап пен сабақ мақсатына және оқушылардың даярлық деңгейіне байланысты анықтау;
	Оқытудың түрлі формалары мен әдіс – тәсілдерін тиімді үйлестіру, дұрыс таңдап алу,оқушылардың ғылыми білімді меңгеру деңгейі мен оның жеке кезеңдеріндегі іскерлік пен дағдының қалыптасуын болжау;
	Сабақтың құрылымына шығармашылықпен қарау;
	Оқушылардың өзіндік жұмысы мен топтық жұмыстарының үйлесімділігін қамтамасыз ету;
	Кері және өзара қарым – қатынастарды қамтамасыз ету;
	Оқу процесін басқару мен бақылау және бағалауды тиімді жүзеге асыру,сабақта дидактикалық принциптерді іске асыру;
	Оқушыларға нәтижелі  оқыту жағдайын жасау;
	Сабақ өткізудегі іскерлік пен ғылыми дағдыға есеп беру;
II. Сабаққа қойылатын  тәжірибелік талаптар:
	Оқу материалдарының тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтау;
	Оқытудың мақсаты мен мазмүнына қатысты тәрбиелілік мақсаттарды қоя білу;
	Оқушыларды жалпы адамгершілік құндылықтардың негізінде төзімділікке,жауапкершілікке,әділдікке,еңбек сүйгіштікке,тазалыққа, көпшілдікке тәрбиелеу;
	Оқушыларға жауапкершілік пен зеректілікпен   қарау педагогикалық қарым-қатынас мәдениетін сақтау,оқушылармен  ынтымақтастықта болу және олардың жетістігіне көңіл бөлу;
III.Барлық сабақта іске асырылуы тиісті дамытушы талаптар.
	Оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін,шығармашылық іскерлігін қалыптастыруға бағытталған мотивтерін дамыту;
	Оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес даму аймағын құру;
	Оқушылардың саяси – әлеуметтік, интеллектуалдық  эмоционалдық  дамуындағы  серпілістерді  болжау және дер кезінде өзгерістерге ыңғайлана білу;
	Оқушылардың дамуындағы жаңаша өзгерістерге лайықты сабақ өткізу.
IV.Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар:
Сабақтың психологиялық құрылымы:
	Нақты оқу пәні мен нақты сабақты игеруде оқушылардың даму жолдарын жобалау;
	Тақырып пен нәжижелерін игеруде психологиялық міндеттерді анықтау;
	Психологиялық – педагогикалық әсер  етудің жеке құралдарын  алдын – ала анықтау.
Сабақтағы педагогтың іс-әрекет стилі
1. Дамыта оқыту принципі бойынша сабақтың мазмұны мен құрылымын анықтау:
	Дамыта оқыту принципі бойынша сабатың мазмұны мен құрылымын анықтау;
	Оқушының есте сақтауына,ойлауына түсірілетін қысым;
	Дайын түрдегі білімді мұғалім сөз арқылы,кітап,қосымша құрал және жеке ізденіс процесінде меңгеру;
	Оқытушы мен оқушы тарапынан проблемалық – эвристиквлық  оқытуды жүзеге асыру;
	Оқытушының оқушылар әрекетін бақылауы, бағалауы, саралауы, оларға сыни баға беруі.
2.Мұғалімнің өзін – өзі ұйымдастыру ерекшеліктері:
	Сабаққа даярлық, ең бастысы – психологиялық мақсатты сезіну мен оған жетуге іштей даярлық;
	Сабақтың басы мен барысындағы әрекеттілік;
	Педагогикалық такт;
	Сабақтағы психологиялық климат (хал-ахуал).
3.Оқушылардың  танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру:
Оқушыларда нәтижелі ойлау мен қиялын қамтамасыз ететін жағдайды анықтау:
	Меңгерілуге тиісті объект пен жағдайларды қабылдауға  жолдарын  жоспарлау,оларды тиянақтау;
	Сендіру, иландару формаларын қолдану;
	Оқушылардың тұрақты зейіні мен зейінің шашыратпау жағдайын жоспарлау;
	Есте сақтауды белсендіруде жаңа материалды қабылдауға қажетті әр түрлі жұмыс формаларын қолдану.
	Жаңа білім мен іскерлікті игеруде оқушылардың ойлау, қиял әрекетін ұйымдастыру:
	Оқушылардың білім мен іскерліктерінің қалыптасу деңгейін анықтау;
	Ұғым, түсіну деңгейлеріне  сәйкес  ойлауды дамытуда психологиялық  заңдылықтарға сүйену;
	Оқушылардың өзбеттілігі мен белсенділігін қамтамасыздандыратын тәсіл, формаларды жоспарлау;
	Түсіну деңгейін жоғарлатуға және  ойлау, ой қортытындысын қалыптастыруға  басшылық;
	Шығармашылық жұмыстың әр түрін қолдану.
	Жұмыстың нәтижесін бекіту
	Жаттығуды орындау барысында дағды қалыптастыру;
	Бұрынғы меңгерілген іскерлік пен дағдыны жұмыстың жаңа жағдайына бағыттау, механикалық тасымалдаудан  сақтандыру.
	Оқушыларды ұйымдастыру:
	Оқушылардың сабаққа қатынасы, өздерін – өздері ұйымдастыру және ақыл – ой дамуының деңгейі;
	Оқу деңгейлері бойынша топ мүмкіндіктері , топ жағдайларын индивидуалдық, топтық, көпшіліктік форманы таңдауда ескеру;
	Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру;
	Сабақты оқушылардың дербес және жас ерекшеліктерін ескере отырып жоспарлау;
	Білімі  жоғары және төмен деңгейдегі оқушыларды ескере отырып сабақ өткізу;
	Күшті және әлсіз оқушыларға дифференциалды қатынас орнату.
V. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар:
	Температуралық режим;
	Ауаның физика – химиялық қасиеті;
	Жарық мөлшері;
	Шаршау, қажудың алдын алу;
	Әрекет түрлерін ауыстыру;
	Дене шынықтыру уақытын сапалы өткізу;
	Оқушылардың жұмыс қалпын сақтау ережелері;
	Сынып жиһаздарының оқушылардың бойына сәйкестігі.
VI. Сабақ өткізу техникасына қойылатын талаптар:
	Сабақтың эмоционалды түрде, оқушылардың білім алуға, тәрбиеленуге қызығушылығын туғызу. Және  білімнің қажеттілігін сезіндіре отырылып сабақтың ұйымдастырылуы;
	Сабақтың темпі мен ритмінің тиімділігі;
	Оқытушы мен оқушылар арасындағы толық қатынастың  болуының қажеттігі , педагагикалық такт пен педагогикалық оптимизмнің сақталуы;
	Ізгілік пен шығармашылық еңбек белсенділігі атмосферасының қалыптасуы;
	Мүмкіндігінше оқушылардың әрекет түрлерін өзгерту, оқудың әртүрлі әдістері мен тәсілдерін орынды қолдану;
	Оқушылардың бәріне тән мектептің тәртібін, ережесін сақтауды қамтамасыз ету;
	Оқытушыныңәрбір оқушының бойында белседілікті туындатуы.
2. сабақты талдауға жеткілікті деңгейде психологиялық, педагогикалық және әдістемелік жұмыстар арналған (Т.Ю.Андрюшенко, Н.Ф:Добрынин,С.В.Иванов,Е.С.Ильинская,И.В.Карпов,Ю.Л.Львова, Л.Т.Охитина,Е.И.пассов және т.б). зерттеушілер сабақ талдауының көп объектілігін, мұғалім тарапынан педагогикалық әрекеттесудің барлық жақтарын,оның субъектілері мен олардың іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін есепке алудың маңыздылығын атап көрсетеді.
Сабақты психологиялық аспетіде  талдаудың көп қырлығы (Н.Ф.Добрынин бойынша):
	Бұл мұғалімнің психологиялық ерекшеліктері;
	Оқыту процесінің заңдылықтары;
	Оқушы тұлғасының ерекшелігі;
	Жалпы сыныптың психологиялық ерекшеліктері мен заңдылықтары,
	Мұғалім мен оқушылардың қарым – қатынас заңдылықтары,психологиялық ерекшеліктері.
Сабақтың сапалы да нәтижелі өтуі,көбінесе, мүғалімнің өзінің және басқалардың жетістіктері мен кемшіліктерін дұрыс  талдай алуына байланысты. Өз жұмысын талдауды  мұғалімнің сабақ өткізе салысымен  және келесі сабақтың алдында, яғни сабақтың конспектісінің негізі дайын болған кезде жүргізуі тиімді.Өйткені сол кезде мұғалім өткен нәтижелеріне  сүйене отырып, келесі сабаққа дайындығы  кезінде жіберген олқылықтарының  барлығының ескерілуін ойластырады.Өзін – өзі бағалау да өткен сабақты талдауға негізделеді,яғни мұғалім жасаған жоспарын  тағы қайтара талдап,сәтсіздіктерінің себебін табуға тырысып, дидактикалық тұрғыдан ұтымды тұстарын қайталауға тырысады. Педагогикалық  іс-әрекет ретінде өзінің мінез-құлқын, күшті және әлсіз жақтарын ұғыну – мұғалімнің пәндік – тұлғалық рефлексия мен  проективті  қабілеттерінің көрінісі  және нәтижесі болып табылады.
Қазіргі сабақты саралаудың негізгі түрлері:
	Қысқа;
	Құрылымдық;
	Аспектілік;
	Толықтай; 
	Кешенді.
Қысқа саралау – сабақтан кейін өткізіледі және соңғы шешім болып табылмайды.Мабақты бақылай отырып саралаушы болжамдалған мақсат, міндеттерді іске асырылған мақсат – міндеттермен салыстырады.
Құрылымдық саралау -  барлық саралаудың негізі және ол қысқа саралаудан кейін жүреді. Сабақтың құрылымдық элементтерінің жүйелілігінің логикалық бірізділігін анықтап, сабақтың доминатты кезеңдерін бөліп алады.
Аспектілік саралау – аспектілі  саралаудың жүйесі мұғалімді  аттестациялауда, педагогикалық тәжірибелерді жинақтауда,оқытушылармен конфликтілі жағдаяттар  туындағанда ұйымдастырылады.Төменде сабақты саралау жолдарын ашатын сұрауларды (В.С.Кукушин бойынша) ұсынамыз. Осы схема бойынша  кез – келген саралау түрін құруға болады.
Сабақты толық саралаудың мөлшерлік схемасы.
I. Сабақ  мақсатын саралау.
1. Сабақ мақсатының  ақиқатттығы және негізділігіне байланысты:
	Бағдарлама  талабына сәйкестігі;
	Материал мазмүнына сәйкестігі;
	Оқушылар білімі мен іскерліктерінің қажетті деңгейі;
	Тақырып бойынша сабақ жүйесінің ішіндегі сабақтың орны;
	Сыныптың даярлығы;
	Мұғалымнің мүмкіндігі;
	Оқытудың нәтижесін болжау.
2. Оқушыларға мақсатты жеткізу формалары мен әдістері. Формалар  мен әдістердің мақсатқа сәйкестігі.
3. Мақсатқа жету деңгейі.
II. Сабақтың құрылымы мен ұйымдастыруын саралау.
1. Сабақ құрылымының  оның мақсаты мен типіне сәйкестігі;
2. Сабақ кезеңдерінің қисынды жүйелілігі және өзара байланысы;
3. Сабақ кезеңдеріне байланысты уақытты бөлу;
4.Кабинет жабдықтарын тиімді қолдану;
5. Мұғалім мен оқушылардың ғылыми еңбегін ұйымдастыру;
6.Сабақтың басы мен соңын ұйымдастыру;
7. Сабақты ұйымдастырудың оңтайлы жолы;
8.Жоспар , оның деңгейі, орындалуы.
III. Сабақ мазмұныңн саралау. Саралау сұрақтары:
1. Сабақ мазмұнының мемлекеттік стандарт талабына сәйкестілігі;
2. Баяндаудың қисындылығы;
3.Материалдың  ғылымилығы;
4.Материалдың түсініктілігі;
5. Сабақ мазмұнының өмірмен байланысы, материалдың кәсіптік бағытталуы;
6.Тақырып барысында басты идеяларды бөліп алу;
7. Сабақ мазмұнының оқушылардың қажеттілігі, қызығушылығымен байланысы;
8.Сабақ мазмұны негізінде оқушыларда  өз бетін ойлауды,белсенді оқу әрекетін және танымдық қызығушылықты қалыптастыру.
IV. Сабақты өткізу әдістемесін саралау(мұғалімнің әрекеті).
1. Оқытудың әдіс, тәсіл, құралдарын  таңдау дұрыстығы байланысты:
	Сабақ тақырыбына;
	Сынып мүмкіндіктеріне;
	Мұғалім мүмкіндігіне;
	Оқу – материалдық базаға.
2. Сабақта қолданылатын әдіс, тәсілдердің әр түрлілігі.
3. Оқушыларда жаңа ұғымдардың қалыптасуы (мұғалімнің тақырып бойынша басты жаңа ұғымдарды анықтауы).
4.Таласты тудыратын  білімнің өзектілігі (сабақ тақырыбына байланысты мұғалімнің әр түрлі  көзқарастармен жұмысы).
5. Жаңа материалды  сапалы меңгеру (меңгеру сапасы мұғалім тарапынан қалай анықталады).
6.Оқыту құралдарын қолдану (көрнекілік, техникалық құралдардың оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне байланысты қолдану).
7. Оқушылардың өзбетті жұмыстарын ұйымдастыру (жаттығу сипаты, өзбетті жұмыс түрлері, күрделілік дәрежесі,инструктаж,т.б).
8.Мұғалімнің педагогикалық техникасы: Сөйлеу темпі, дикциясы, эмоционалдығы,арнайы ұғымдарды дәл қолдану, қарым – қатынасы, оқушыларға әсер ету тәсілдері.
V. Сабақтағы оқушылардың жүмысын саралау.
1. Сабақ әрбір кезеңдеріндегі оқушылардың белсенділігі және жұмысқа қабілеттілігі;
2. Тақырыпқа,сабаққа деген қызығушылық;
3. Сабақтағы еңбек мәдениеті;
4.Оқушылардың мұғалім талаптарын орындауы;
5.Өзін – өзі бағалау дағдысының қалыптасуы;
6. Оқушылар білімі мен іскерлік сапалары (тереңдігі, білім қажеттілігін сезінуі басты мәселені бөліп алуы, білімді әр түрлі ситуацияларда қолдана білу).
7.Оқушылардың  өзбетті түрде білімді  меңгеру іскерлігі; ой тұжырымының өзбетті жүзеге асуы;
8. Жеке бас аралық қарым – қатынас мәдениеті;
9. Мұғалімнің бағалауына оқушылардың реакциясы.
VI. Үй тапсырмасын саралау.
1. Үйтапсырмасын тексеру әдістері,тәсілдері.
2. Үй тапсырмасын берудегі мақсат,себептер.
3.Үй тапсырмасының көлемі(қалай анықталады).
4.Үй  тапсырмасының сипаты (жаттығу, шығармашылық жұмыс, бекіту, дамыту, саралау).
5. Оқушылардың үй тапсырмасын орындау мүмкіндігі.
6.Сабақ  барысында үй тапсырмасын  орындауға дайындық.
7. Үй тапсырмасын орындау әдістемесі,инструктаж.
8. Үй тапсырмасының неліктен берілгендігін білу.Үй тапсырмасының нәтижесі.
VII. Сабақтың санитарлық – гигиеналық жағдайын бағалау.
1. Сынып тақтасы (формасы, түрі, тазалығы, бормен жүмыс жасау және көрнекіліктерді бекіту жағдайы).
2. Жиғаздың оқушылар жасына сәйкестігі.
3. Жарық түсу, бөлменің тазалығы.
4.Оқу аудиториясында оқушылардың денсаулық ерекшеліктерін ескере отырып жайғастыру.
5. Оқушылардың дене келбеті бойынша жүмыс тәсілдері,әдістері.
6.Ауаны тазарту,дене шынықтыру минуты, релаксация фрагменттері, аутотренинг элементтері.
7. Нормаға сәйкес  көрнекіліктерді қолдану( әріп көлемі, түрі, жазу нақтылығы).
8. Назар аударуды қажет ететін келеңсіз жағдайлапды шешу.
9. Еңбекті қорғау ережелері мен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.
VIII. Сабақты психологиялық саралау (мектеп психологиясымен бірлікте).
Сабақты талдаудың психологиялық негіздері.Сабақ ғана  мұғалімнің барлық іс-әрекетін  координациялау мен интеграциялау жүзеге асады, тек сабақта ғана мұғалім білім беру мен тәрбиелеудің талаптарын тұтастай дерлік оқушыға жеткізеді.
Сабақты психологиялық  талдау негізінде оқушылардың  психологиялық дамуын нақты түрде болжауға болады. Сабақты  психологиялық талдау сабақтағы психологиялық аспектілерге  назар аудару  немесе  негативті сипатты байқау емес, сәтсіздіктерін белгілеу, кездейсоқ  және алдын – ала  болжамданған, даярланған жетістіктерді талдау.
Мұндай жетістік  мұғалімнің оқыту мен тәрбиелеудің  психологиялық заңдылықтарын меңгеруіне, өз білімін  сабақ өткізуде  шеберлікпен қолдануына  байланысты.
Охитина Л.Т пікірінше, сабақтағы оқыту мен тәрбиелеудің  тиімділігі сыртқы және ішкі  жағдайға, оқушылардың ерекшеліктеріне  байланысты:
	Сыртқы жағдайлар
	Мұғалімнің  педагогикалық шеберлігі;
	Оқу бағдарламасын, оқулықтарды , оқу құралдарын тиімді қолдану;
	Оқыту әдістері;
	Оқытудың техникалық құралдармен жабдықталуы және т.ю.
	Ішкі жағдай
	Оқушылардың  танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру;
	Оқу материалын еркін меңгеру;
	Мұғалімнің  жұмысқа  деген  шығармашылық көңіл-күйі.
	Оқушының ерекшеліктері
	Ақыл – ойының даму деңгейі;
	Сабаққа (оқуға)  қатынасы;
	Ақыл – ой әрекетін өз бетімен ұйымдастыру;
Саралау сұрақтары:
1.Оқушылардың сабақ барысындағы психологиялық жағдайы (даярлығы, жинақылығы, көңіл – күйі, себептері, эмоциясы).
2. Зейіннің дамуы, тұрақтылығы, зейінді аудару мен  тұрақтылығын қамтамасыз ететін  тәсілдер,ерікті және еріксіз зейіннің байланысы.
3.Есте сақтауды дамыту мен жаттықтыру,есте  сақтау түрі (механикалық, мәндік, ырықты, ырықсыз,қысқа көру есі), есте сақтаудың негізгі принциптерін белсендіру, қабылдау,есте қалдыру,есте сақтау,қайта жаңғырту.
4.Оқушылардың ойлау процесін дамыту: проблемалық ситуация тудыру, ойлау операцияларының параметрін қалыптастырушы
тапсырманы қолдану: салыстыру, анализ, синтез, жинақтау, нақтылау, жүйелеу, абстракция, шығармашылық ойлауды дамытушы жағдай.
5.Материалды бейнелі беру арқылы қиялды дамыту;
6.Материалды саналы қабылдауды ұйымдастыру тәсілдері.
7.Оқыту процесіндегі оқушылар эмоциясы.
8. Сабақтың ұжымның қатысуына, дамуына әсері.
9. Мұғалімнің жас ерекшелігі  психологясы және  сыныппен  психологиялық қатынас туралы білімі. Мұғалімнің оқушылардың ой қозғалысы мен  әрбір оқушының  сезімін бақылауы, педагогикалық  такт.Осылайша, қазіргі уақытта да сабақ оқушылардың мектепте білім алуын ұйымдастыру формасының ең негізгісі болып қала береді. Сабақтың нәтижелігі мұғалімнің дайындық  деңгейіне, оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыра алуына және ол оқу әрекетінің  нәтижесін болжай алуына байланысты.
Мектептегі психологиялық қызметтің  негізгі функциялары мен жұмыс бағыттары.
Психологиялық қызмет – мамандандырылған деңгейде психологиялық көмек көрсету үшін мекемелер мен ұйымдарда құрылған арнайы қызмет жүйесі. Қазіргі мектепте  оқу-тәрбие процесін тиімді жүзеге асыру үшін жеке түлғаның, ұжымның, танымдық процестердің даму заңдылықтарының қалыртасуының теориялық  негіздерін біліп қана  қоймай,сондай-ақ осы процестердің нақты  оқу орны жағдайында,нақты ұжымға және нақты баланың жеке тұлғасына  қатысты шарттары мен ерекшеліктерін  анықтау педагог – психологтардан талап етіледі.
Осы міндеттерді шешуде мектептегі психологиялық қызмет оқу – тәрбие процесіне көмек көрсетуі тиіс.
Мектептегі психологиялық қызмет – экспертиза,кеңес беру және диагностиканың кешенді міндеттерін шешуде психологияны іс-тәжірибеде  қолдану жүйесі болып табылады.
Педагогтар,мектеп әкімшілігі өздерінің потенциалды мүмкіндіктері жөнінде, оқу – тәрбие процесінің психологиялық ресурсы жөнінде нақты түсінік алулары қажет. Фундаментальды білімдерін, ұғымдарын психология ғылымының жеке тұлғаны, ұжымды қалыптастыруға бағытталған психологиялық – педагогикалық әсер ету әдістерін қолдануға жұмсауы тиіс.Мектептегі психологиялық қызметтің функциялары:
	Психодиагностика (психологиялық мәліметті қабылдап алу);
	Психокоррекция (психологиялық мәліметті енгізу);
	Психологиялық ағарту (психологиялық білімдермен таныстыру).
	Мектептегі психологиялық қызметтің бағыттары:
	Оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін зерттеу;
	Сынып жетекшісіне  сынып ұжымын қалыптастыруға  көмектесу;
	Балаларды тәрбиелеу мен оқыту ісінде отбасына психологиялық көмек көрсету;
	Кәсіби бағыттылық бойынша іс – шараларды жүзеге асыру;
	Мінез – құлқында ауытқуы бар оқушылармен коррекциялық іс – шаралар ұйымдастыру;
	Психикалық ауытқуды диагностикалау, сақтандыру, коррекциялау (түзету).
Негізгі ұғымдар: дидактикалық талаптар, диагностика, жобалау, жоспарлау, бағалау, сабақты талдау.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
	Сабаққа қойылатын дидактикалық, тәрбиелеуші, дамытушы, психологиялық және гигиеналық талаптар қандай?
	Сабақты талдау этаптары қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
	Кукушин В.С. Дидактика. Учебное пособие.М.,2003
	Столяренко Л.Д.Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004
	Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, ВЛАДОС, 2002

15-тақырып: Ұстаздың кәсіби құзырлығы
Жоспар:
	Құзырлық, кәсіби құзырлық ұғымына психологиялық түсінік
	Кәсіби құзырлықтың компоненттілік мазмұны
1.  «Компотенттілік» ұғымы  (қазақша құзырлық) әр түрлі түсіндіріледі. Шетел сөздері түсіндірмелі сөздігінде «компетенттілік» ұғымы қандай да бір мәселені жан-жақты меңгерген адам, франуз тілінде (Competent) – компетентті, құқылы. Ағылшын тілінде қабілеттілік, латын тілінен аударғанда (Competentia) «дегеніме жетемін», «сәйкеспін», «лайықпын» деген, яғни белгілі бір саладағы толық игерілген білім мен жинақталған тәжрибені білдіреді. Адамдағы таным мен тәжрибесі бар аймақ сұрақтарының ауқымы. Белгілі бір аймақтағы компетенттілік – осы аймақ көлеміндегі материалды білім мен қабілеттілікке  сәйкес меңгеру және осы аймақтағы негіздемеге орай өзінің көзқарасын еркін білдіру мен әрекет ету.
 	С.И.Ожегов сөздігінде компетенттілік қандай да бір саладан хабардардық, жете білушілік.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде компоненттілік – белгілі бір саланы жетік білуші, өзінің білімі жағынан мәселені шешуге, ол жөнінде пікір айтуға құқы, уәкілдігі бар адам. Сонымен қатар ғылымда кәсіби компетенттілік деген ұғым бар. Бұл ұғымға зерттеуші ғалымдар әр түрлі бағытта өз пікірлерін білдірген. 
«Кәсіби компетенттілік – кәсіби педагогикалық әрекетті өзіндік ұйымдастырудың жоғарғы деңгейі»  (Н.Н.Тарасевич).
«Кәсіби компетенттілікті мұғалім меңгерген объективті қажетті білім, іскерлік, психологиялық сапалардың қзара байланысы және олардың процесс пен педагогикалық әрекеттің нәтижесіне әсері ретінде қарастырған» (А.К.Маркова).
«Кәсіби компотенттілік – тапсырманы орындау қабілеті мен әзірлігі» (Бергоун).
«Кәсіби компетенттілік – психологиялық-педагогикалық даярлықтың жоғары деңгейімен ерекшеленетін жеке тұлғаның белгілі сапаларының жиынтығы» (Н.В.Кухарев).
«Кәсіби компетенттілікті үш компонентке бөлінеді: кәсіби – білім берушілік, кәсіби – әрекеттік, кәсіби – жеке тұлғалық» (Н.Н.Лобанова).
«Кәсіби компетенттілік – педагогикалық өзара әрекет процесінде көрінетін біллім, практикалық іскерлік, мінез-құлық арасындағы өзара келісімділік» (М.И.Лукьянова).
«Кәсіби компетенттілік – маманның білім, іскерлік және дағдыларды меңгеруін көрсететін сапаларының жиынтығы» (Л.Ю.Кривцов).
«Кәсіби компетенттілік – кәсіби кәмелеттілік, кәсіби іс-іс әрекетті шығармашылық деңгейде қазіргі сәтте социумда қабылданған нормалар мен стандартқа сәйкес жүзеге асыру» (Педагогикалық әдебиет).
Сонымен кәсіби компетенттілік – ерекше міндетіне және оны жүзеге асыруда қолданылатын барлық білім мен дағдының жиынтығын құрайтын нәтижелі кәсіби іс-әрекетке деген қатынас. 
 Кәсіби компетенттілік – мамандық иесіне, мамандыққа, мамандандыруға қойылатын талаптарға және біліктілік стандартына сәйкес маманның дене, психикалық және рухани жағдайының сапасы, қасиеті мен жағдайы. 
Жалпы түрде кәсіби компетенттілік – белгілі еңбек фукцияларын өз бетті, жауапкершілікпен және сапалы орындау қабілеттілігі.
2. Психологияда компетенттілік арнайы, әлеуметтік, тұлғалық, даралық «индивидуалды) кәсіби компитенттіліктен тұратын кешенді білім ретінде қарастырылады.
	Арнайы
Өзіндік кәсіби әрекет іскерлігі мен дағдыларын ең жоғарғы деңгейде қалыптастыру, өзінің кәсіби дамының перспективасын анықтау қабілеттілігі.
	Тұлғалық
Өзінің кәсіби деңгейін арттыруда өзін-өзі дамыту және өзін-өзі игеру тәсілдерін меңгеру.
	Әлеуметтік 
Өзіндік кәсіби әрекет іскерлігі мен дағдысын, кәсіби қауыммен байланысты игеру, өзінің кәсіби еңбегінің нәтижесіне әлеуметтік жауапкершілік.
	Даралық (индивидуалдық)
Өзінің даралық ерекшеліктеріне сәйкес өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі реттеу тәсілдерін таңдап алу мен жүзеге асыру қабілеттілігі.
Арнайы компетенттілік мазмұнын төмендегілер құрайды:
	Әлеуметтік контексте таңдап алған мамандығының рөлін, орнын, спецификасын түсіну;
	Таңдап алынған кәсіби әрекеттің шегі туралы білім және басқа мамандықтармен өзара байланысы;
	Кәсіби сана (кәсіби әрекеттік белгілерін сезіну – пәнін, құралын, еңбек нәтижесін);
	Кәсіби ойлау (кәсіби міндеттерді қоя және шеше білу қабілеттілігі), кәсіби интуиция;
	Кәсіби әрекеттің нормасы мен амал-тәсілдерін игеру;
	Кәсіби әрекеттің түрі мен тәсілдерінің оның нәтижесімен байланыстыру қабілеттілігі;
	Өзінің кәсіби әрекетін бағалай білу іскерлігі, оны әріптестер әрекеті және көрсеткіштері мен салыстыра білу;
	Кәсіби өсу, кәсіби шеберлік;
	Кәсіби әрекетті үнемдеу (еңбек нәтижесіне жетуде күш-жігер мен шығынды минимумға жеткізі);
	Кәсіби еңбек мәдениетін игеру;
Әлеуметтік компитенттілік мазмұнын төмендегілер құрайды:
	Өзін кәсіби қауымға енгізу;
	Кәсіби қарым-қатынас, этикалық норманы игеру;
	Кәсіби әрекет нәтижесінің адамзаттың игілігіне бағытталуы;
	Өзінің кәсіби әрекеті салдарына әлеуметтік жауапкершілік;
	Өзінің кәсіби әрекеті нәтижесін көрсете білу іскерлігі;
	Мәселені шешуде өз көзқарасының ақиқаттылығын дәлелдей алу іскерлігі;
	Кешенді кәсіби міндеттерді шешуде әріптестерге кәсіби көмек беру және қабылдау, өзара байланыс жасау іскерлігі («горизонтальды» өзара байланыс);
	Басшылар және қармағындағылармен іскерлік қатынас орнату, оларды қолдау іскерлігі («вертикальды» өзара байланыс);
	Басқара алу және басқара білу іскерлігі;
	Ұжымдажқмыс істей білу іскерлігі (топ айналсып жатқан жалпы міндетті сақтай отырып өзіне берілген тапсырманы орындай білу қабілеттілігі);
	Басқа адам позициясын көше білу іскерлігі (децентрация, эмпатия);
	Социумда өзінің кәсіби іс- әрекетіне және оның нәтижесіне деген қызығушылықты тудыра білу іскерлігі;
	Өзгеріске даяр болу, өзара қарым-қтынас  процесінде әрекеттесу іскерлігі;
	Өзара бәсекелестікке қабілеттілік.
Тұлғалық компитенттілік мазмұнын мыналар құрайды:
	Кәсіби мотивацияның тұрақтылығы;
	Позитивті «Мен – концепциясының» болуы;
	Кәсіби міндеттерді қоя және шеше білудегі өзбетілік;
	Мінез-құлық еріктілігі, кәсіби әрекет процесінде сыртқы және ішкі кедергілерді жеңе білу қабілеттілігі;
	Саналы кәсіби шығармашылық;
	Өз мамандығын саналы түрде байыту;
	Өзін мамандыққа, мамандықты өзіне бейімдеу;
	Икемді бейімділік;
	Кәсіби әрекетті орындау барысындағы жағымды эмоционалды көңіл күйдің басымдылығы;
	Кәсіби еңбекке қанағаттану;
	Кәсіби білім мен іскерлікті дербес жітілдіру қабілеттілігі,
	Өзінің кәсіби іс-әрекетін жоспардау, бақылау, реттеу және түзету қабілеттілігі.
Даралық кәсіби компитенттілік мазмұнын төмендегілер құрайды:
	Тұтастай кәсіби өзіндік сана;
	Кәсіби әрекеттің дара стилін құру;
	Кәсіби қабілеттілігін өздігінен дамыту;
	Өзін кәсіби деңгейі жоғары маман ретінде қабылдау;
	Өз бойындағы жетістігі мен кемшілігінің туындау сабептерін іздеу;
	Кәсіби өзін-өзі анықтау процесінің үнемі тереңдеуі;
	Өзіндік мотивация, кедергіге тұрақтылық;
	Өзіндік кәсіби жетілу стратегиясын құру мен жүзеге асыру;
	Кәсіби деңгейдің жетілуіне сәйкес дараланудың артуы;
	Кәсіби іс-әрекеттің мотивациялық және әрекеттік аймағындағы келісімділіктің болуы;
	Кәсіби сауатттылық;
	Кәсіби тәжірибелерді тірек ету;
	Қиын жағдаяттарда өзін-өзі қолдау мүмкіндігі, өзін-өзі реттеуінің жоғары деңгйлігі.
	Психологиялық-педагогикалық компитенттіліктің негізгі компоненттері үш блокта қарастырылады:
	Психологиялық-педагогикалық білімділік – жалпы кәсіби деп аталатын білім.
	Дифференциалды-психологиялық, демек оқу материалын балалардың жас және дербес ерекшеліктері сипатына қарай меңгерту ерекшеліктері туралы білім;
	Әлеуметтік психологиялық – топтық және оның жеке мүшесінің оқу-танымдық және комуникативтік әрекеті ерекшелігі туралы және мұғалімнің білім алушылармен өзара қарым-қатынасы, қарым-қатынас заңдылығы туралы білім;
	Аутопсихологиялық – ол өз іс-әрекетінің жетістігі мен емшілігі және өз жеке басына тән сапалардың жиынтығы туралы білім.

Негізгі ұғымдар: құзырлық-компетентілік, тұлғалық-даралық компетентілік.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
	Кәсіби құзырлық дегеніміз не?
	Кәсіби құзырлыққа сйкестілік дегеніміз не?
	Кәсіби құзырлықтың компоненттілік мазмұнына талдау жасаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
	Столяренко Л.Д.Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004
	Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, ВЛАДОС, 2002
	Маркова А.К. Психология профессионализма. М.,1996.
	Маркова  А.К.Психология труда  учителя. М.,1993.
	Митина  Л.М. Учитель  как личность и профессионал. М.,1994.

3 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАР
	
Практикалық сабақтың тақырыбы №1 Педагогикалық психология – зерттеу пәні, міндеттері, құрылымы, зерттеу әдістері
Мақсаты: Педагогикалық психология – зерттеу пәні, міндеттері, құрылымы, зерттеу әдістерін талдау.
Бақылау сұрақтары:
	Педагогикалық психология ғылым саласы ретінде.
	Педагогикалық психологяның құрылымы
	Педагогикалық психологияның арнайы зерттеу әдістері.
Қолданылатын әдебиеттер:
	Столяренко Л.Д.Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004
	Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, ВЛАДОС, 2002
	Крутецкий В.А.Основы  педагогической психологии.М.,1972
	Курс общей, возрастной и педагогической психологии.Вып.3/Под ред.М.В.Гамезо.М.1982.Гл.ХХ
	Талызина Н.Ф. Педагогическая психология.М.,1998.
	Выготский Л.С. Педагогическая психология.
	Сламбекова Т.С. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Семей, 2008

Практикалық сабақтың тақырыбы №2 Қазіргі кезеңдегі  білім  беру үрдісі
Мақсаты: Қазіргі кезеңдегі  білім  беру үрдісінің ерекшеліктерін талдау.
Бақылау сұрақтары:
	Білім беру көп аспектілі,әлеуметтік институт ретінде. 
	Білім берудің функционалды дамуы. Білім беру мен мәдениеттің байланысы.
	Оқытудың дәстүрлі және гуманистік парадигмасы принциптері.
Қолданылатын әдебиеттер:
	Столяренко Л.Д.Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004
	Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, ВЛАДОС, 2002
	Крутецкий В.А.Основы  педагогической психологии.М.,1972
	Курс общей, возрастной и педагогической психологии.Вып.3/Под ред.М.В.Гамезо.М.1982.Гл.ХХ
	Талызина Н.Ф. Педагогическая психология.М.,1998.
	Выготский Л.С. Педагогическая психология.
	Сламбекова Т.С. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Семей, 2008

Практикалық сабақтың тақырыбы №3 Қазіргі  замандағы  оқытудың  негізгі  бағыттары
Мақсаты: Қазіргі  замандағы  оқытудың  негізгі  бағыттарын жан-жақты қарастыру арқылы оларды өзара салыстыру.
Бақылау сұрақтары:
	Қазіргі  замандағы оқытудың негізгі  бағыттары. 
	В.Оконь бойынша  оқытудың  көпжақтылығы 
	В.А.Крутецкий бойынша  оқытудың  проблемалығы  деңгейлерінің  схамасы. 
Қолданылатын әдебиеттер:
	Айсмантас Б.Б. Теория обучения: схемы и тесты, москва, ВЛАДОС, 2002
	Крутецкий В.А.Основы  педагогической психологии.М.,1972
	Курс общей, возрастной и педагогической психологии.Вып.3/Под ред.М.В.Гамезо.М.1982.Гл.ХХ
	Талызина Н.Ф. Педагогическая психология.М.,1998.
	Выготский Л.С. Педагогическая психология.
	Сламбекова Т.С. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Семей, 2008

Практикалық сабақтың тақырыбы №4 Білім беру процесінің  субъектілері
Мақсаты: Білім беру процесінің  субъектілерінің өзара қарым-қатынасы мен олардың сапалық ерекшеліктерін қарастыру.
Бақылау сұрақтары:
	Білім беру  іс-әрекетінің  біріккен субъектісі. 
	Білім  беру  іс-әрекеті  субъектілерінің  мотивациялық аясы. 
	Білім беру  процесіндегі  субъект  іс-әрекетінің  пәні. 
	Субъектілердің  дамуы  және  өзін-өзі дамытуы. Субъект қатынастар  жүйесінде.
Қолданылатын әдебиеттер:
	Зимняя А. Педагогикалық психология. А., 2005
	Столяренко Л.Д. Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону
	Выготский Л.С. Баланың жас ерекшеліктері мен кемтар бала психологиясы туралы таңдамалы еңбектер. Алматы, 1999
	Психология. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. 10-томдық. 1-том. Мәдени-тарихи тұжырымдама. Алматы, 2005

Практикалық сабақтың тақырыбы №5 Үйрету
Мақсаты: Үйрету ұғымының психологиялық мәнін ашу.
Бақылау сұрақтары:
	Үйрету, үйрену ұғымдарының өзара байланысы
	Үйрену типтерінің жіктелуі
	Үйрену түрлері, деңгейлері және формалары
Қолданылатын әдебиеттер:
	Зимняя А. Педагогикалық психология. А., 2005
	Столяренко Л.Д. Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону
	Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, ВЛАДОС, 2002
	Сламбекова Т.С. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Семей, 2008


Практикалық сабақтың тақырыбы №6 Оқу психологиясы 
Мақсаты: Оқу психологиясы теориялық аспектілерін талдау.
Бақылау сұрақтары:
	Оқудың  жалпы  теориясындағы  оқу  іс-әрекетінің  теориясы. 
	Оқу  іс-әрекетінің  анықтамасы. Оқу іс-әрекетінің  негізгі  сипаттамалары. 
	Оқу іс-әрекетінің  пәндік  мазмұны. 
	Оқу іс-әрекетінің  сыртқы құрылымы.
Қолданылатын әдебиеттер:
	Столяренко Л.Д . Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004
	Ильин Е. П.  Мотивация и мотивы. СПб, Изд-во Питер, 2000
	Курс общей, возрастной и педагогической психологии.Вып.3/Под ред.М.В.Гамезо.М.1982.Гл.ХХ
	Талызина Н.Ф. Педагогическая психология.М.,1998.
	Сламбекова Т.С. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Семей, 2008

Практикалық сабақтың тақырыбы №7 Оқу мотивациясы
Мақсаты: Оқу мотивациясының маңызын ашу.
Бақылау сұрақтары:
	Мотивация психологиялық  категория ретінде. 
	Оқу  мотивациясының  жалпы  сипаттамасы. 
	Оның  жүйелі  ұйымдасуы.
Қолданылатын әдебиеттер:
	Столяренко Л.Д . Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004
	Ильин Е. П.  Мотивация и мотивы. СПб, Изд-во Питер, 2000
	Курс общей, возрастной и педагогической психологии.Вып.3/Под ред.М.В.Гамезо.М.1982.Гл.ХХ
	Талызина Н.Ф. Педагогическая психология.М.,1998.
	Сламбекова Т.С. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Семей, 2008

Практикалық сабақтың тақырыбы №8 Әлеуметтік тәжірибені меңгерудің жас ерекшеліктері
Мақсаты: Әлеуметтік тәжірибені меңгерудің жас ерекшеліктерін талдау.
Бақылау сұрақтары:
	Оқушы  жас ерекшелік  кезеңнің  өкілі ретінде. 
	Жас ерекшелік кезеңдерге  бөлу – оқу  іс-әрекеті  субъектерін  жеке  ыңғайдан  қарастыру  негізі  ретінде.
Қолданылатын әдебиеттер:
	Столяренко Л.Д. Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004
	Возрастная и педагогическая психология/Под ред. А.В.Петровского.– М.,1981.  

Практикалық сабақтың тақырыбы №9 Тәрбие психологиясы жеке адамды қалыптастырушы мақсатты процесс ретінде
Мақсаты: Тәрбие психологиясы жеке адамды қалыптастырушы мақсатты процесс ретінде қарастыру.

Бақылау сұрақтары:
	Тәрбие психологиясының өзекті мәселесі. 
	Тұлғалық қасиеттер қалыптасуның психологиялық механизадері. О
	қушылардағы моральдық және дүниетанымдық тәрбиенің алғышарттары.
	Оқушылардың кәсіби өзіндік анықталуы.
Қолданылатын әдебиеттер:
	Подлысый И.П.Педагогика:Новый курс .Кн.2.
	Психология и педагогика .Под ред.А.А.Бодалева 
	Платонов К.К.Краткий словарь системы психологических понятиий М.,1984
	Маленкова Л.И. Воспитание в современной школе. М.1999.
	Поляков С.Д. Психопедагогика воспитания. М.1996.


Практикалық сабақтың тақырыбы №10 Психикалық даму және оқыту
Мақсаты: Психикалық даму және оқытудың заңдылықтары туралы педагогикалық психология ғалымдарының тұжырымдамаларын талдау.
Бақылау сұрақтары:
	Оқушы тұлғасы қалыптасуы мен психикалық дамудың динамикасы және заңдылықтары. 
	Л.С Выготский, Ж.Пиаже, Б. Скиннер, Д.Ж Бруне, П.Я Гальперин, Д.Б Эльконин, В.В Давыдов концепциялары.
Қолданылатын әдебиеттер:
	Кон И.С.Ребенок и общество М.1998 
	Мудрик А.В.Введение в социальную педагогику М,1997
	Психология и педагогика .Под ред.А.А.Бодалева 
	Маленкова Л.И. Воспитание в современной школе. М.1999.
	Поляков С.Д. Психопедагогика воспитания. М.1996.

Практикалық сабақтың тақырыбы №11 Кәсіби білім беру психологиясы
Мақсаты: Кәсіби білім беру психологиясы маңызын анықтау және кәсіби жарамдылықты анықтау іскерліктерін қалыптастыру.
Бақылау сұрақтары:
	Кәсіби білім беру негіздері.
	Жоғары сынып оқушыларының кәсіптік анықталу мәселелері
	Кәсіптік жарамдылықты анықтау әдістемелері
Қолданылатын әдебиеттер:
	Климов Е.А. Психология проффессионального самоопределения: учеб. Пособие для студентов вуз. – М., 2007
	Столяренко Л.Д.Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004

Практикалық сабақтың тақырыбы №12 Ұстаз психологиясы және мұғалімдік қызмет
Мақсаты: Ұстаз психологиясы және мұғалімдік қызметке қойылатын талаптар жүйесін талдау.
Бақылау сұрақтары:
	Мұғалімнің  психологиялық портреті.
	Ұстаз біліктілігі.
	Мұғалімдік қызметке қойылатын кәсіптік-этикалық талаптар жүйесі.
Қолданылатын әдебиеттер:
	Маркова А.К. психология труда учителя. – М.,1993.
	Митина Л.М. Учитель как личность и профессионал. – М.,1994.
	Петровский А.В. Новое педагогическое мышление. – М.,1989.
	Сламбекова Т.С. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Семей, 2008

Практикалық сабақтың тақырыбы №13 Білім беру  процесіндегі оқу педагогикалық бірлестік және  қарым-қатынас
Мақсаты: Білім беру  процесіндегі оқу педагогикалық бірлестік және  қарым-қатынастың психолгиялық негіздерін талдау.
Бақылау сұрақтары:
	Қарым-қатынастың  жалпы  сипаттамасы.
	Педагогикалық  қарым-қатынас білім беру  процесі субъектілерінің өзара  әрекетесу  формасы ретінде. 
	Әлеуметтік психологиялық инструментарилер.
Қолданылатын әдебиеттер:
	Кан-Калик В.А. Учителю о педагогическом общении. – М.,1987.
	Петровский А.В. Новое педагогическое мышление. – М.,1989.
	Сламбекова Т.С. Педагогикалық психология. Оқу құралы. Семей, 2008
	Столяренко Л.Д.Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004
	Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, ВЛАДОС, 2002

Практикалық сабақтың тақырыбы №14 Сабақты психологиялық талдау педагогтың проективті-рефллексивті іскерліктерінің бірліктері ретінде
Мақсаты: Сабақты психологиялық талдау педагогтың проективті-рефллексивті іскерліктерінің бірліктері ретінде қарастыру.
Бақылау сұрақтары:
	Мұғалімнің проективті-рефлексивті іскерлігі.
	Педагогикалық-психологиялық талдаудың түрлері мен мазмұны.
Қолданылатын әдебиеттер:
	Кукушин В.С. Дидактика. Учебное пособие.М.,2003
	Столяренко Л.Д.Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004
	Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, ВЛАДОС, 2002

Практикалық сабақтың тақырыбы №15 Ұстаздың кәсіби құзырлығы
Мақсаты: Ұстаздың кәсіби құзырлығының психологиялық алғы шарттарын қарастыру.
Бақылау сұрақтары:
	Ұстаздың арнайы кәсіби құзырлығының психологиялық негізлері. 
	Ұстаздың даралық және әлеуметтік кәсіби құзырлықтарының педагогикалық-психологиялық негіздері.
Қолданылатын әдебиеттер:
	Столяренко Л.Д.Педагогическая психология для студентов вузов. Ростов-на-Дону, 2004
	Айсмантас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. Москва, ВЛАДОС, 2002
	Маркова А.К. Психология профессионализма. М.,1996.
	Маркова  А.К.Психология труда  учителя. М.,1993.
	Митина  Л.М. Учитель  как личность и профессионал. М.,1994.


5 СТУДЕНТЕРДІҢ ӨЗДІК  ЖҰМЫСТАРЫ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ 
	Педагогикалық психология тарихы 
	Педагогикалық психологияның әдістері
	Мектепті ізгілендіру және демократияландыру мәселелері
	Қазіргі кезеңдегі  білім  беру үрдісі 
	Психикалық  даму және оқыту
	Қазіргі  замандағы  оқытудың  негізгі  бағыттары
	Дәстүрлі және дамыта оқытудың принципиалды айырмашылықтары
	Әлеуметтік тәжірибені меңгерудің жас ерекшеліктері
	Тәрбиелеу психологиясы мен өзін-өзі тәрбиелеу
	Оқу мотивациясы
	Кәсіптік анықталу мәселелері
	Оқушылардың  білімін, дағдылыры мен ептіліктерін  анықтау әдістері. 
	Білім беру  процесіндегі оқу педагогикалық бірлестік және  қарым-қатынас
	Оқытуды  бағалау жүйесінің дамуы
	Педагог психограммасы





ПОӘК 042-18-16.1.41/03-2013

№1 басылым 18.09.2013 ж.
123 беттің - 4 шісі

Пәндер