Файл қосу

Жыныстық айырмашылықтар





|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                                                   |
|БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                                                |
|ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                             |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты    |ПОӘК                     |                         |
|                         |                         |ПОӘК 042-14.05.01.20.35  |
|                         |                         |/03-2012                 |
|«Гендерлік психология»   |                         |                         |
|пәні бойынша             |Редакция № 2 02.09.09.   |                         |
|оқытушыға арналған пәннің|орнына Редакция №3       |                         |
|жұмыс оқу бағдарламасы   |13.09.12.                |                         |
|                         |                         |                         |












                        ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


                            «Гендерлік психология»


                «050503» – «Психология» мамандығына арналған



                         ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР






















                                 Семей  2012


    Мазмұны
     1 Глоссарий
     2 Дәрістер
     3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
     4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау
     5 Студенттің өздік жұмысы














































    1 ГЛОССАРИЙ


    |№    |Термин атауы       |Термин мазмұны                                           |
|1    |Адаптация          |Бейімделу                                                |
|2    |акцепт             |Екпін                                                    |
|3    |антипатия          |Сүйкімсіздік, жиренішті                                  |
|4    |амбиция            |Шамданғыш, ызақор                                        |
|5    |апатия             |Енжарлық, селқостық                                      |
|6    |база               |Негіз                                                    |
|7    |валидті            |Жарамды                                                  |
|8    |гипотеза           |Ғылыми болжам                                            |
|9    |диаграмма          |Кесте                                                    |
|10   |диагностика        |Анықтау                                                  |
|11   |интеллект          |Ақыл-ой                                                  |
|12   |инструкция         |нұсқау                                                   |
|13   |Интервал           |Арақашықтық                                              |
|14   |интерпритация      |Түсіндіру, талдау беру                                   |
|15   |классификация      |Жүйеге келтіру                                           |
|16   |конфиденциалды     |Жасырын                                                  |
|17   |корректив          |Түзету                                                   |
|18   |критерии           |Белгі                                                    |
|19   |корреляция         |өзара байланыстылық                                      |
|20   |концепция          |Пікір                                                    |
|21   |компетенттілік     |Хабардарлық, жете білушілік                              |
|22   |манипуляция        |Басқару                                                  |
|23   |мотив              |Себеп, дәлел                                             |
|24   |мода               |Үлгі                                                     |
|25   |норма              |Норма, ереже, шама, мөлшер                               |
|26   |потенция           |Бір істі істеуге мүмкіншілік, қабілеттілік немесе күшінің|
|     |                   |жеткіліктілігі                                           |
|27   |реприза            |Сайыс кезінде қайта сілтеу, қайталау                     |
|28   |репрезентативті    |Дәлдігі                                                  |
|29   |фиксация           |Жазып алу, белгілеп қою                                  |
|30   |этап               |кезең                                                    |

    2 Дәрістер
Гендрлік психологияға кіріспе
   1. Гендрі психология пәнінің міндеттері.
   2. Гендерлік психология  әдістері.
      «Гендер» деген сөз әлеуметтік жыныс деген мағынаны білдіреді. Гендрлік
      психология  ерлер  мен  әйелдердің  айырмашылықтарын  және  ұқсастығын
      зерттейтін ғылым. Жыныспен байланысты болатын психиканың ерекшеліктері
      гендрлік   психологияның  пәні  болып  табылады.  Оларды   нақтылаумен
      гендрлік психологияның  бөлімдері айналысады:  Үлкен  6  бөлімді  атап
      көрсетуге болады:
   1. Ерлер мен әйелдерді салыстыру;
   2. Әйелдер психологиясы;
   3. Ерлер психологиясы;
   4. Гендрлік әлеуметтану
   5. Гендрлік қарым – қатынас психологиясы
   6. Лидерліктің генрдлік психологиясы.
   1. Ерлер мен әйел адамдарды салыстыру. Гендрлік  психологияның  тарихында
      бұл бөлім әртүрлі атауларға ие болған:
   Жыныстық диформизм
   Жыныстық дипсихизм
   Жыныстық айырмашылықтар
   Гендр айырмашылығы
   Ерлер мен әйелдер, ұлдар мен қыздар  әртүрлі  параметрмен  салыстырылады.
Бұл  жерде  тек  айырмашылықтар  ғана  емес  сонымен  қатар  ұқсастықтарында
тапқан жөн. Бұндай салыстырудың мақсаты жыныстардың  өзіндік  ерекшеліктерін
ерлер мен  әйелдердің спецификалық ерекшелігін табу.
   2. Әйелдер психологиясы. Әйел адамдардың психологиясы мен мінез-құлығының
ерекшелігін зерттейді: Бұл бөлімде әйелдердің минстриуалдық  цикл,  жүктілік
кезеңінде,  босану   кезеңінде,   климакс   кезеңінде   психикалық   жағдайы
баяндалады. Сонымен қоса әйелдер психологиясы пәні реті. Ана   болу  әсіресе
жанұяда   әйелдер  іскерлігі,    әйелдерге  тән  мамандықтар,   оларға   тән
жұмыссыздық, әйелдерге тән девиантты  мінез  –  құлық   және  әйелдерге  тән
спецификалық  аурулар қарастырылады.
   3. Ерлер психологиясы. Бұл бөлімнің пәні  әйел адамдарда  жоқ  психикалық
ерекшеліктер болып табылады. Ерлер гармондары  олардың  қабілеттеріне  қалай
әсер ететіндігі  жайлы тек ерлдерге  ғана  тән  аурулар  жайлы  қарастырады.
Сонымен  қоса  ерлер  өлімінің  психологиялық  факторларын  зерттеу  де  өте
маңызды.  Ерлерге  тән   мамандықтарды  зерттеуге  болады.  Сондай-ақ  ерлер
топтары – іскерлік, кәсіби топтар,  клубтар,  компанияларды  да  қарастыруға
болады. Ондай жерлерге әйелдер жіберілмейді.
   4. Гендрлік әлеуметтану. Бұл бөлімнің пәні  әлеуметтану  болып  табылады:
гендрлік рөлдерді меңгеру, гендрлік  мендік  немесе  осы  процеске  гендрлік
стериотиптерді қалай әсер ететіні қарастырылады.
   5. Гендрлік қарым – қатыснас психологиясы. Бұл бөлімде  гендрлі  қарым  –
қатынас түрлері, ерекшеліктері қарастырылады:
   достық, сексуалды, ерлі  –  зайыпты  қатынастар.  Сонымен  қоса  жыныстар
арасындағы дивиантт қарым – қатынас.
   6. Лидерлік: Бұл бөлімді қарым – қатынас деп  атау  дұрыс  емес,  себебі,
      мұндағы  ерлер  мен  әйелдер  лидерліктері,  олардың  бір   –   біріне
      болымдылығы, тәуелділігі жеке – жеке зерттеуді талап етеді.
     Гендрлік психология міндеттері  болып-  теориялар  мен  консепцияларды,
әдіс және әдістемелерді  зерттеу және кең түрде   зерттеу  өткізу,  ал  оның
қолданбалы аспектісінің міндеті практикаға  жетістіктер  мен  қорынытындылар
енгізу. ХХ ғасыр басында Гендрлік психологияда  зерттеу әдісі қолданылды.
     1. Дөрекі индукция. Бұл әдістің  көмегімен  әйелдер мен  ерлер   жайлы
        айтылған тұрмыстық  пікірлер  айырмашылықтары  талданады.
     2. Эксперимент. Бірақ бұл әдіс көп қолданылмайды.
     3.  Дидукция  әдісі.  Жалпы  психикалық   жетістіктері   мен    ондағы
        заңдылықтар зерттеушілерге жыныстарын  ескеру  арқылы  қолданылады.
        Бірақ мұнда  спицификалық  еркшеліктері  ескерілмейді.  Бұл  әдісті
        көбінесе Франция ғалымдары қолданады.
     4. Географиялық әдіс. Бұны тарихи  ағартушыларды  талдауға  қолданады.
        Әсіресе  әйелдерге  қолданады.  Себебі  әйелдер  арасындағы  тарихи
        тұлғалар  аз, өйткені  ерлерге қарағанда әйелдерге атаққа  ие  болу
        қиындық әкеледі.
     5.  Анкета  –  құнды  әдіс  саналады.  Бірақ   зерттеушілерге   кейбір
        ерекшерілтерін ескеру қажет  болды.  Мысалы,  олардың  эмоциялық  –
        қазіргі кезде гендрлі психологияда  психологиялық   әдістердің  көп
        түрі қолданылады.
      Бақылау,  эксперимент,  анкета,  интервью,  тест,   модельдеу.   Бірақ
      бұлардың  барлыы гендрлік мәселені шешуге тиімді бола бермейді.

2 Индивидуалды сипаттамалар.
   1. Бойы.
   2. Салмағы.
   3. Зат алмасу мен энергияны жинақта-таратуға бағдарлануы.
   4. Тамақтану және тамаққа көзқарасы.
   5. Дене бітімі.
   6. Кейбір физиологиялық көрсеткіштері.
Бой.
    Бұл көрсеткіш бойынша әйел адамдар мен ер адамдар ерекшеленеді.  ХХ  ғ.
басында алынған мәліметтер бойынша қазіргі уақыттың жыныстық  айырмашылықтар
бойынша тенденцияларды атауға болады:  жас  кезінде  ұл  балалар  салмақтары
бойынша ауыр болып келеді, қыз балалар тез дамиды.
    ХХ ғ. ІІ жартысында алынған  мәліметтер  бойынша  бойдың  көрсеткіштері
акселерация немесе секулярлы тренд құбылысымен шарттас. Бұл ұғымды  1935  ж.
Е.В.Кох енгізген.
    Г. Гримм бойынша акселерация құбылысы қала балаларында ауыл балаларымен
салыстырғанда жиі кездеседі. Қыз балаларда бойдағы  жылдам  өсу  құбылысының
басталуы мен аяқталуы ұлдарға қарағанда ерте болады.


    Салмақ.
    Бұл көрсеткіш бойынша да жыныстық айырмашылықтар байқалады. Осы уақытқа
дейін он жасқа дейін қыз балалардың және  ұл  балалардың  салмақтары  бірдей
болатыны, ал 10-16 жас  аралығында  қыздардың  салмақтары  үлкен  болып,  16
жастан кейін ұлдардың салмақтары айтарлықтай үлкен болады.
    Қыз балалар мен әйел адамдар ұлдар мен ер адамдарға қарағанда  салмақты
көп қосады. Әйел адамдарда, ер адамдарға қарағанда энергетикалық  қажеттілік
төмен және салыстырмалытүрде зат алмасу процесі тұрақты.
    Энергияны  жұмсауға  байланысты   жыныстық   айырмашылықтар   қарапайым
зерттеленушілерде жоқ, бірақ бұл үрдіс лидерлерде байқалады: әйел  адамдарда
энергожұмсау байқалса, ер адамдарда, керісінше, энергияны  сақтау,  күштерді
минимализациялау.
    Ер адамдар көп тамақ ішеді. Олар тағамның құндылығына көп көңіл бөледі.
Ал әйел адамдар пайдалы тағамды қорек етеді, дене салмағын бақылап  отырады,
көптеген арылуға арналған диеталарды ұстанады.
    Адамның    дене    бітімі    биологиялық    факторларға     (гормондар,
тұқымқуалаушылық),  әлеуметтік   факторларға   (тағам,   қозғалмалылық)   да
байланысты.
    Ұл балалардың өкпелері үлкен болады да, өмір барысында бірқалыпты  өсіп
отырады.  Ал  қыздарда  бұл  көрсетікіш  секірмелі  болады.  Ер   адамдардың
қаңқалары берік болып келеді, өмір бойында өз беріктілігін жоғалтпайды.




       3 Гендерлік демография
     1. Денсаулық және аурулар.
     2. Жыныстардың қоғамдағы пропорциясы.
     3. Өмір ұзақтығы мен өлм мәселесі.


      Бұл бөлімде біз денсаулықтағы  жыныстық  айырмашылықтарды,  ауруларды,
сондай-  ақ  жыныстардың  –  туылу  мен  өлуіне   байланысты   әсер   ететін
демографиялық көрсеткіштерді айтамыз.
      Денсаулық және аурулар
      Адамның денсаулығы оның өмірге деген қанағаттанушылық сезімімен  тығыз
байланысты. Кім көп ауырады-  еркектер  ме  немесе  әйелдер  ме?  Сәйкесінше
кімнің денсаулығы мықты. Бұл сұраққа жауап беру  үшін  көптеген  факторларды
ескеру қажет: мемлекетті,  мәдениетті  аурудың  түрін,  жасерекешілік  тобын
т.б.
      Г.Гейманстың зерттеулері  бойынша  екі  жыныста  ауырғанда  дәрігерлік
көмекті қажет етуде, бір- бірінен айырмашылықтары  болған  жоқ.  Бірақ  әйел
адамдардың пікірінше әйелдер бұны  тез  орыныдайды.  Осылайша,  дәрігерлерге
деген  махаббат  туралы  мифті  әйелдер  өздері  шығарып  алған.  Гейманстың
зерттеуінде ер адамдар саны 2519 адам облса, ал  әйелдер-  бар  болғаны  147
болды.
      Денсалықтағы  жыныстық  айырмашылықтарды  анықтауда  әйелдер  мен   ер
адамдардың әлеуметтік жағдайын ескеру қажет болды.
      Э.Лахелма және оның әріптестері Ұлыбританиямен  Финляндияның  әйелдері
мен  еркектерінің  денсаулығы  мен  ауруларының  көрсеткіштерін  салыстырды.
Мұндай денсаулық үшін  үш  фактор  анықталыныды:  мәдениет  (мемлекет),  жас
ерекшелігі және өзара әрекетіндегі гендер. Еркектер мен  әйелдер  денсаулығы
жағынан, ауру жағынан да бірдей болды.
      Бірақ ағылшын әйелдері мен  финдық  еркектер  өздерін  төмен  сезінді.
Ұлыбританияда гендерлік теңсіздік еңбек нарығында  байқалады.  Себебі,  онда
үйшаруашылығымен  айналысатын-  әйелдердің  көптігі.   Финдық   әйелдер   ер
адамдармен бірдей жұмыс  істейді  және  бұл  оларды  өздерін  біршама  жақсы
сезінулеріне көмектеседі.
      Жыныстардың  қоғамдағы  пропорциясы.  Жыныс  пропорциясы   еркектердің
санымен өлшенеді, 100  немесе  1000  әйелге.  Бұл  көрсеткіштердің  3  түрін
көрсетеді, бірінші (ұрықтанудағы әйелдер мен еркектер  зиготаларының  сәйкес
келуі), екінші (жаңа туылған ұл бала мен қыз баланың  сәйкес  келуі)  үшінші
(еркектер мен әйелдердің жеке жас ерекшелік  топтары  немесе  репродуктивтік
жастағы сәйкес келуі).
      1915 ж. шыққан Л.П.Кочеткованың  кітабында  қызықты  анықтамалар  бар.
Оның жалпы бағыттылығы және кітаптың аты «Вымирание  мужского  пола  в  мире
растений животных и людей», деп аталды.
      Л.П.Кочеткованың пікірінше  баланың  жынысына  келесі  факторлар  әсер
етеді.
      Экономикалық жағдай, яғни баланың ата-  анасы  тұратын  жер.  Өте  бай
қалаларда қыз балалар көп туылады.
      Әке- шешесінің жас ерекшелігі  мен  денсаулығының  жағдайы.  20-25  ж.
әйелдер көбінесе қыз  бала  әкеледі,  ал  өте  жас  және  кәрілер-  ұл  бала
әкеледі.
      Әке- шешесінің өмірінің жақсару жағдайы.
      Теңіз дейгейдегілер- көбінесе қыз бала туады.  Л.П.Кочеткова  мынандай
қорытындыға келеді, қыз балалар жағымды жағдайда дүниеге келсе,  ұл  балалар
жағымсыз  ортада,  бірақ  олардың   табиғаты   түсініксіз.   Қазіргі   кезде
жыныстардың екінші пропорциясына әсер  ететін  басқа  факторларда  қосылады.
Көбінесе бұл жанұядағы баланың туылу ретінде (некедегі немесе  некеде  емес)
және соғысқа байланысты.
      Қазіргі кезде техникалық және  ғылыми  жетістіктерге  байланысты  әке-
шешелері өздерінің болашақ баласының туғанға дейін оның жынысын  алдын-  ала
білуге мүмкіндіктері бар.
      Өмір мен өлімнің жалғасымдылығы Й.Стюарт-  Гамильтон  бойынша  өмірдің
жалғасымдылығына  әсер  ететін  факторларды  екі  топқа  бөліп   қарастырды:
биологиялық және әлеуметтік.
      Біріншісіне тұқымқуалаушылық жатады (көп өмір сүрушілердің  тұқымы  да
көп өмір сүреді) туғаннан ауру (мысалы,  жүрек  ауруы),  бойы  (төмен  бойлы
адамдар бойы ұзындарға қарағанда ұзақ өмір сүреді) және т.б.
      Екіншіден- өмір образы (тамақтану, алкоголді  шылым  шегуді  қолдануы,
қозғалыс белсенділігі), әлеуметтік- экономикалық  жағдайы,  мәдени  әдеттері
және т.б.
      Бұл барлық факторлар жыныстық апйырмашылықтардың  өмірлік  жалғасымына
жатады, бірақ, қайсысы неғұрлым мағыналы, қайсысы түсініксіз.
      Соңғы уақыттарда тымау ауруынан өлім саны күрт өсіп кеткені байқалады.
Күштеу себептері (өзін-  өзі  өлтіру,  өлтіру).  Көбінес  еңбекке  қабілетті
болған кезде өлім көп болады: 35-39 жаста- екі  жыныстың  да  шегі.  Қазіргі
кезде (1997-1999) әйелдер мен еркектердің  15-29  жас  аралығында  өлім  сны
күрт ұлғайды.
      Әйелдерде бірінші  орында-  қан  айналымы  жүйесінің  аурулары  (бұдан
әйелдердің 56 пайызы өледі). Күштеп өлтіру мен  өзін-  өзі  өлтірушілер-  19
пайыз. Қосымша фактор ретінде әйелдер үшін ауылдық жерде тұруы.
      1994  ж.  ер  адамдар  өлімнің  себебі  күштеп  өлтіру,  қай  айналымы
жүйесінің бұзылуы, аяқ- астынан болатын жағдайлар, өзін- өзі өлтіру.
   1) Күштеп өлтіру- бұл криминогендік ситуацияға байланысты.
   2)  Аурулар-  1960  ж.  ортасында  негізінен   ұқпалы   аурулар,   демалу
      органдарының ауруы, ал қазір- қанайналым жүйесінің бұзылуы, бүкіл әлем
      бойынша (осы себеп бойынша ер адамдардың 35 пайызы өледі)  өлімнің  ең
      танымал себептері туберкулез, ішкі ағза аурулары.
   3) Аяқ- астынан болатын жағдайлар- жол транспорттық соғылулар. Ер адамдар
      әйелдерге қарағанда өмірімен денсаулығына қауіпті мамандықты таңдайды.
      Олар көбінесе санитарлы- гигеналық жағдайы жоқ жерлерде жұмыс жасайды.


   4) Негізгі фактор-  алкогольден  аяқ-  астынан  улану.  Неге  бұл  фактор
      тұрақты? Көбіне алкгольге тыйым  салуға  байланысты  стресс  (массалық
      қанағаттанбаушылық)  және  қиындықтар.  Егер  әйел  адамдардың   өлімі
      ауылдық жерде көп болса, ол ер адамдардыкі- керісінше болады.

4 Психомоторика
1. Балалық шақтағы психомоторика.
2.   Еркектер   психомоторикасы:   тремор,   күш,   бұлшықеттер    қысымының
дифференцациясы, ерік- жігер.
3. Психомоторика дайындығы, жылдамдығы, дәлдәгі.
4. Қолайсыз жағдайдағы моторика мен күрделі әрекеттер.
5. Лифтинг және моторикадағы жыныстық айырмашылықтардың себептері.

      1) Ерлер мен әйелдер арасындағы моторлық қылық- әрекет  ерекшеліктерін
Г.Гейманс зерттеді. Өзінің зерттеулерінде ол ұл  балаларды  өте  қозғалмалы,
бір орында әзер шыдап отырады, белсенді  ойындарды  таңдайды  деп  көрсеткен
(бірақ бұл шын мәнінде тек гимназияда оқитын ұлдарға ғана тән, ал  училищеде
оқитын  ұлдар  мен  қыздар  арасында  еш  айырмашылық  жоқ).  Өз   кезегінде
гимназист- қыздар байсалды мінезді деп сипатталады.
      Әр жынысты балалардың моторикасын Маккоби, Жаклин, Аркин зерттеген.
      Тамурнды  өз  зерттеуінен  мынандай  нәтиже  алған:   ұлдар   қыздарға
қарағанда  жылдам  жүрумен,  ал  қыздар  ұлдарға   қарағанда   саусақтарының
қимылының жылдамдығымен ерекшеленген.
      2)  Үлкендердің  моторикасын  суреттеуде  эргографиялық   индекс  және
эргограмма деген ұғымдар қолданылған.
      Эргографиялық индекс- зерттелінушінің шыдамдылығын көрсетеді.
      Эргограмма-  адамның   жүйке   жүйелік-   бұлшықеттік   ұймдастырылуын
сипаттайды.
      Аркин бойынша әйел адамдарды ерлерге қарағанда  эргографиялық  индексі
жоғары болады.
       Психомоторика дайындығы, жылдамдығы, дәлдігі.


       В.П.  Багруновтың  (1980  ж.)   зерттеуі   бойынша   ер   адамдардың
   психомоторикасы әйел адамдардың психомоторикасынан екі параметір  бойынша
   ерекшеленеді:
       ─  жылдамдық;
       ─ дәлдік немесе нақтылық;
       Бірақта бұл екі параметір жаттығу эффектісі кезінде  әйел  адамдарда
   белсенді болады. Ер адамдар жаңа сексомоторлы жаттығуларды әйел адамдарға
   қарағанда тез орындайды.


       |                                                                      |
|В.П. Багрунов зерттеуі:                                               |
|                                                                      |
|5 сериялы эксперимент жүргізілді (341 ер адам, 268 әйел адам).        |
|Психомоторикадағы жыныстық айырмашылықтар зерттелінді.                |
|                                                                      |
|1-ші бөлім: қарапайым әрекет жылдамдығы. Бұл зерттеуге Ленинград      |
|университетінің психология факультетінің 97 ер адамы мен 89 әйел адамы|
|қатысты. Олар тор клеткаға қарандашпен тез сызбалар салу керек        |
|болатын. Эксперименттің зерттеуі бойынша тез жылдамдықпен             |
|зеріттелінушілер 24 сызба сызған. әр 15 секунт сайын жаңа жылдамдық   |
|бастау керек.                                                         |
|                                                                      |
|2-ші бөлім: қарапайым сенсамотлы әрекет жылдамдығы (48 ер адам, 47    |
|әйел адам) 20 – 40 жас аралығындар горизонтальді сызбаларды 240 рет   |
|қақ бөлген.                                                           |
|                                                                      |
|                                                                      |
|3-ші бөлім: кішкентай дөңгелектерді жылдамдыққа кигізу (88 ер адам, 56|
|әйел адам) 18 – 25 жас.                                               |
|                                                                      |
|4-ші бөлім: баскетбол қақпасына допты дәл салу (3ші бөлімдегі         |
|қатысушылар).                                                         |
|                                                                      |
|                                                                      |
|5-ші бөлім: әрекет көлемі (20 ер адам, 20 әйел адам) 18 – 25 жас 10,  |
|80, 160 мм. амплитудамен 80 рет бір әрекетті қайталаған, барлығы 240  |
|әрекет.                                                               |




       Әрекет  функциясында  ер  адам  мен  әйел  адам  бір-біріне   сәйкес
   келмейді. әйел адам әр түрлі әрекеттерді жасау  кезінде  «өз  -  өздеріне
   ұқсамай кетеді». Әйел адам мен ер адамның айырмашылығына көп көңіл бөлген
   В.М. Аллахбердов (1993 ж). Оның айтуы  бойынша  әйел  адам  ер  адамдарға
   қарағанда өзгермелі.
       Спорт кезіндегі  ерекшеліктер  спортты  қаншалықты  меңгергеніне  де
   байланысты. Мұнда жынысқа көп көңіл бөлінбейді.
       Б.И. Струк садақ атқыштарға зерттеу жүргізген.  Эксперимент  кезінде
   әйел адам ер адамдарға қарағанда  сәл  қателік  жіберген.  Бірақ  олардың
   спорттық деңгейлері бірдей болған.
       К.А. Кеберлинск  гандбол  –  спорт  шеберлеріне  зерттеу  жүргізген.
   Қойылған шарт ер адам мен әйел адамға бірдей болған.


       |                                                                      |
|К.А. Кеберлинск зерттеуі:                                             |
|                                                                      |
|Зерттелінушілер: 3 деңгейлі гандбол – спорт шеберлері а) 2 ер адам    |
|тобы; б) 2 әйелдер тобы; в) 2 ерлер тобының командалары: жас өспірім  |
|деңгейлі (разряд) әр топта 11 адамнан, барлығы 66 адам (22 әйел адам; |
|44 ер адам) қақпаға дәлдеп доп салу мен қателіктер зерттелінеді. Әр   |
|зерттелінуші 270 рет доп лақтырды.                                    |
|                                                                      |
|Қорытынды: (4.3 және 4.4 кестесінде ).                                |
|Лақтыру дәлдігі спорт шеберінің кволификациясына байланысты болады.   |
|Мұнда жыныстық айырмашылықтар мүлде байқалмады.                       |


       4.3 кесте.
       Гандбол қақпасына допты лақтырған кездегі кеткен қателіктер.
       (К.А. Кеберлинск бойынша)


       |Зерттеліну|Эксперименттік топтар             |Контрольді топтар       |
|-шілер    |                                  |                        |
|          |Экспериментке   |Эксперименттен   |Экспериментк|Экспериментт|
|          |дейін           |кейін            |е дейін     |ен кейін    |
|Ер – спорт|25.5            |14.1             |25.5        |21.6        |
|шебер     |                |                 |            |            |
|Әй. –     |27.0            |16.9             |27.6        |24.6        |
|спорт     |                |                 |            |            |
|шебер     |                |                 |            |            |
|Жас өсп. -|29.5            |22.3             |30.0        |27.3        |
|разряд    |                |                 |            |            |




       4.4 кесте.
       Гандбол қақпасына дәл түскен доптардың проценті.


       |Зерттеліну|Эксперименттік топтар             |Контрольді топтар         |
|-шілер    |                                  |                          |
|          |Экспериментке   |Эксперименттен   |Экспериментк|Экспериментте|
|          |дейін           |кейін            |е дейін     |н кейін      |
|Ер – спорт|39.0            |72.0             |38.0        |44.4         |
|шебер     |                |                 |            |             |
|Әй. –     |36.0            |65.6             |35.0        |40.2         |
|спорт     |                |                 |            |             |
|шебер     |                |                 |            |             |
|Жас өсп. -|31.0            |57.2             |30.4        |35.5         |
|разряд    |                |                 |            |             |


       Н.В. Ирбеник баскетбол – спорт шеберлерінің ойын кезіндегі секірісте
   жыныстық ерекшелігін атап өтті. Секіріп допты шеңберге  салған  кезде  ер
   адамдар дәл  салған,  ал  әйел  адамдарда  қателік  көп  байқалған.  Дене
   ерекшеліктеріне байланысты әйел  адамдарда  секірген  кезде  қиыншылықтар
   байқалады.


       |                                                                      |
|Н.В. Ирбеник зерттеуі:                                                |
|                                                                      |
|Зерттелінушілер: баскетбол – спорт шеберлері (3 топ; ер, әйел, І -    |
|разряд; жас өспірім ІІ – разряд) секіріп қақпаға доп кіргізу.         |
|                                                                      |
|Қорытынды: (4.5 кестесінде ). Жыныстық айырмашылықтар. Өз денесін     |
|көтеру әйел адамдарда ер адамдарға қарағанда қиынырақ.                |


       4.5 кесте.
       Баскетбол добын қоржынға лақтырған  кездегі  процент  (Н.В.  Ирбеник
   бойынша)
|Лақтыру-    |Ер адам-дың І      |Әйел адам-дың ІІ   |Жас өсп-дің ІІІ   |
|лар         |разряды            |разряды            |разряды           |
|                                                                      |


       |                                                                      |
|Н.А. Розе зерттеуі:                                                   |
|                                                                      |
|«Линеограмма» субтестінің нәтижесі бойынша: оң қолдың орташа сызбасы  |
|33.8 мм, сол қол сызбасы 34.9 мм.                                     |
|«Зигзаг» субтесті 3 топта зерттелінеді 18 – 22 жас. Ленинград         |
|университетінің 60 студенті, театр институтынан 60 адам, Авиация      |
|училищесінен 20 адам.                                                 |
|«Лестница» субтесті; 5 топ барлығы 177 адам 10 – 12 жас; 30 – 35 жас; |
|18 – 35 жас аралығы 69 адам; 10 – 12 жас 30 адам; 16 – 17 жас 16 адам.|
|                                                                      |




            «Лаберинт» су – деп қолмен жасалған қателіктер.
       (Н.А. Розе бойынша)
|Жастары    |әйелдер                      |ерлер                        |
|           |бағыттың      |бағыттың      |бағыттың      |бағыттың      |
|           |жоғалуы       |жоғалмауы     |жоғалуы       |жоғалмауы     |
|18         |3.6           |2.4           |3.1           |3.4           |
|19         |4.3           |2.0           |1.3           |2.8           |
|20         |5.3           |1.7           |2.4           |4.0           |
|21         |2.2           |1.8           |-             |-             |
|22-24      |2.1           |2.0           |2.5           |2.3           |
|30-35      |-             |-             |2.1           |-             |
|-          |3.7           |1.85          |2.1           |-             |


       Дене өзгерісі  кезіндегі  қолдың  тұрақтылығы  –  бұл  қол  әрекетін
   зерттеудегі  ең  күрделі  нұсқасы.  Розе  жүргізген  зерттеуден  жыныстық
   айырмашылықтың маңызын аңғарамыз. 7 жасқа дейін қол әрекеті ұл балаларда.
   Бұндай айырмашылықтар 30 жасқа дейін тұрақты болады.

|                                                                      |
|Н.А. Розе зерттеуі:                                                   |
|1-ші он зерттелінуші 2 – 3 жастан 25 – 30 жасқа дейін. Қол қозғалысын |
|зерттеу методикасы.                                                   |
|● (Қорытынды) нәтиже:                                                 |
|1. екі қолдың тұрақты қозғалысы                                       |
|> 7 ж. дейін – ұл;                                                    |
|> 10 ж. – 18-25 ж. – қыз;                                             |
|> ересек ер адамдарда әйел адамдардан көп.                            |
|2. ер адам сен әйел адамдарда сол қолға қарағанда оң қолдан аз қателік|
|кеткен.                                                               |
|3. әйел адамның сол қол әрекеті ер адамға қарағанда тұрақты (20-21    |
|ж.).                                                                  |
|4. оң қол тұрақтылығы ер адамдарда әйел адамдардан жақсы (18-19 ж.).  |
|5. әйел адамның тұрақтылығы 18-25 жаста төмендейді, ер адамдарда 19   |
|жаста көтеріледі, 20-21 жас төмендейді, 22-28 жас көтеріледі.         |
|6. максималды дәлдеп тию – оң қол әйел адамда 7-12 мм., ер адамдарда  |
|20-21 жас және 26-30 жаста нашарлайды.                                |
|7. қателіктер:                                                        |
|> жоғары: 2-12 жас қыздарда қателіктер көп. Максималды көрсеткішті    |
|20-21 жаста күшейеді;                                                 |
|> оңға – оң қолмен қыз балаларда 2-3 жас;                             |
|> сол – 26-30 жас ер адамдардың сол қол әрекеті тұрақталып дамиды.    |
|● Қорытынды:                                                          |
|7 жасқа дейін екі қолдың да әрекеттері ұл балаларда жақсы дамиды.     |
|10 жас – қыз балаларда;                                               |
|30 жас – ер балаларда.                                                |


        4.7 кестесі
        Максималды дәлдеп тиілген аймақтар
        (Н.А. Розе бойынша).
|Жасы       |Оң қол                       |Сол қол                      |
|           |Ерлер         |Әйелдер       |Ерлер         |Әйелдер       |
|18         |7-12          |7-12          |7-12          |7-12          |
|19         |7-12          |7-12          |13-18         |7-12          |
|20-21      |19-24         |7-12          |7-12          |13-18         |
|22-25      |7-12          |7-12          |13-18         |13-18         |
|26-30      |13-18         |7-12          |13-18         |7-12          |

       Қол әрекетінің тұрақтылығындағы жыныстық айырмашылықтар
       (Н.А. Розе бойынша)
|Жастары    |Орталықтағы алшақтық мм                                   |
|           |Оң қол                      |Сол қол                     |
|           |Ерлер         |Әйелдер       |Ерлер         |Әйелдер       |
|2-3        |69.0          |-             |71.4          |-             |
|6-7        |44.7          |56.6          |44.9          |50.7          |
|10-12      |24.8          |20.7          |26.2          |23.8          |
|18         |16.7          |17.7          |22.9          |19.6          |
|19         |16.7          |17.4          |22.9          |19.6          |
|20-21      |20.6          |16.9          |18.4          |20.6          |
|22-25      |19.8          |17.4          |22.4          |18.6          |
|26-30      |16.4          |14.6          |21.1          |17.3          |

       4.9 кесте тұрақтылық көрсеткішіндегі жыныстық айырмашылықтар.
       (Н.А. Розе бойынша)
|Жасы       |Нұсқалық, %                                               |
|           |Оң қол                       |Сол қол                      |
|           |Ерлер         |Әйелдер       |Ерлер         |Әйелдер       |
|2-3        |48.6          |-             |54.0          |-             |
|6-7        |73.0          |47.4          |53.7          |48.3          |
|10-12      |53.0          |47.0          |54.0          |48.0          |
|18         |49.0          |52.6          |46.1          |49.0          |
|19         |53.3          |48.3          |54.1          |48.4          |
|20-21      |47.1          |45.6          |46.7          |44.1          |
|22-25      |52.5          |40.0          |58.9          |42.4          |
|26-30      |56.1          |54.1          |63.0          |65.9          |

       4.10 кесте
       Дәлдеп тиюдегі жыныстық айырмашылықтардың проценті.
|Жасы       |Оң қол                       |Сол қол                      |
|           |Ерлер         |Әйелдер       |Ерлер         |Әйелдер       |
|2-3        |62            |-             |68            |-             |
|6-7        |67            |65            |46            |50            |
|10-12      |62            |42            |59            |55            |
|18         |47            |65            |53            |69            |
|19         |58            |65            |44            |64            |
|20-21      |62            |74            |51            |71            |
|22-25      |72            |51            |74            |61            |
|26-30      |56            |46            |64            |44            |


Лифтинг және моторикадағы жыныстық айырмашылықтардың себептері.
       Мұнда біз енді Л. Линдбек пен К.  Кельберт  мақалаларына  сүйенеміз.
   Олардың айтуы бойынша лифтингтің жүзеге асуында  жыныстық  айырмашылықтар
   маңызды орынға ие  (ерлер  бастарын  көп  алдығы  еңкейтеді,  ал  әйелдер
   аяқтарын сиырады).
       Ерлер мен әйелдер моторикасындағы айырмашылықтар тікелей биологиялық
   факторларға байланысты.
       Д.   Кимурдиу   зерттеуі   бойынша   ерлер   мен    әйелдердің    ми
   локолизациясындағы  моторлы  функцияларында  айырмашылықтар   бар.   әйел
   адамның қолы мен  ауыз  қозғалысы  сол  жарты  шардың  алдыңғы  бөлімінде
   орналасуына  байланысты,  ал  ерлерде  олар  (оң  шар)  артқы   бөлімінде
   орналасқан.
       Гендерлік әлеуметтенуде тұлғалық ерекшеліктер маңызды орынға ие.
       Физикалық тұрғыдан қарастырғанда күшті  әйелдер  мен  әлсіз  ерлерді
   байқауға болады. Бірақта ерлер күші әйелдерге қарағанда басым болады.  Ер
   адамның аяғының күші – 100 % болса, әйел адамның аяқ күші – 65-75 %.

5 Түйсіну және қабылдау.
   1. Көру модальдігі.
   2. Көру-кеңістіктік қабілеттер.
   3. Есту модальдігі.
   4. Тактильдік иодальдік.
   5. Әлеуметтік перцепция.


      Бұл  тарауда  сезінумен  қабылдаудың   мінездемесі   арқылы   жыныстық
айырмашылықты  қарастырамыз.  Көбінесе  ерлермен  әйелдердің  жас  ерекшелік
айырмашылығы болғандықтан біз оларды әрқайсысын бөліп қарастырамыз.
    Көру модальдігі.Басқа моделдердің ішінде көру сезіну,  қабылдау  арқылы
жыныстық  айырмашылығы  қарастырылған.  Жаңа  туған   балаларды   зерттеуден
өткізгенде оларда жыныстық айырмашылық көрінбейді.  Жаңа  туған  қызда  және
ұлда көру, есту және әртүрлі көру  тітіркендіргіштерді  сезінбейді.  Фридман
және оның серіктестіктері бірінші болып стимул  аумағының  адаптациясында  :
ұлдарда кішкентай квадратқа адаптация тез жүреді, ал  қыздарда  үлкенге  тез
жүреді.
     Біріншіден, бұрын аңыз болған жыныстардың біреуінде  <<көру  >>  ,  ал
екіншісінде   <<есту  >>  факторлары  дамыған.  Екіншіден,  қыздар   туғанда
әлуметті болмайды, ал ұлдар инструментальды болмайды.Сәбиді  1-3  айында  үш
әртүрлі топқа бөлуге болады, а) жыныстық  ерекшеліктер  болмайды,  б)  ұлдық
артықшылық  байқалады,  в)  қыздық  артықшылық   байқалады.   Кейкезде   бір
зерттеуде екі  түрлі  ерекшеліктер  болады.Осы  берілулерді  қарастырсақ  ең
қызықтысы  жыныстық   айырмашылықтар   жоқ.Көптеген   зерттеулерге   қарасақ
жыныстық  айырмашылықтар  байқалмайды.  Көру  стимулдарының  реакциясы-  өлі
затпен, тірі затқа деген ұлдарда және қыздарда бірдей болады. Қарама  –қайшы
белгілер әртүрлі жас  ерекшелікте  байқалады,олар  жаңа  туған  балада  көру
анализаторларының дамуымен, және  ұлмен  қыздың  әр  түлі  темпттік  дамуына
байланысты.
    Ұлдар кішкентай квадраттан көздерін  алмай  ұзақ  қараса  қыздар  үлкен
квадратқа ұзақ қарайды. Егер алдынғы екі берілгендерді  салыстырып  қарасақ,
ұлдармен қыздарда квадраттын аумақтық қабылдауында  қарама-қайшы   тенденция
байқалады. Басында қыздар бірінші кіші квадратқа көңіл аударады сонан  кейін
үлкенге көп  көңіл  аударады,  ал  ұлдарда  барлығы  керсіше  .Ұлдарда  жаңа
стимулға  деген айқын реакция  бөлінеді.Бұл ерекшеліктер, ерлерде  кезкелген
жаста  жаңа  бір  нәрсені  тез  қабылдайды,  ал  қыздарда  бұл   үйреншікті.
Аналогиялық заңдылықтарда  маторлық  әдетті  салыстырғанда  белгіленген.  Ол
гендірлік стеоритипте көрсетілген.  Зерттеу  кезінде  қарама-қайшы  белгілер
көрсетілген.
      Уотсон  2,5  ай  кезде  қыздарда  дауыстық  стимулдың  ерекшеліктерін
айырса , ал ұлдарда көру стимулымен ерекшеленеді деген. Бірақта  Доман  және
оның серіктестіктері  ұлдар мен қыздарда көру стимулы  ерекше  рол  атқарады
деген. Реми және Уотсон дыбыстық стимулмен ерекше орын алады деген.Ал  басқа
зерттеулерді бұндай ерекшеліктер жоқ.
      Бірақ Э.Маккоби және К.Жаклиннің көрсеткіші  бойынша  келісу  қарама-
қайшы.  Олар өте қызықты және ары қарай  жалғасы  бар.  Ерте  және  мектепке
дейінгі балалық шақты қарастырсақ .Егер  жастық  ерекшеліктердің  қоршауында
қарастырсақ әр елде әртүрлі сондықтан біз бір  жастан  бастап   жеті-  сегіз
жасқа дейін қарастырамыз . Бұнда Гейінстың түсті қабылдау  зерттеуі  көңілді
аударады. Бес –алты жастағы балалар негізгі түсті ажырата алады .
            Зерттеу нәтижесінде көрсетілгендей ұлдар жасыл  мен  сары  түсті
жақсы айыра алады, ал қыздар фиолетовый  түсті  жақсы  айыра  алады.Өкінішке
орай бұл жалғыз зерттеулер .Көптеген зерттеуде  түстік   қабылдаулар  жастық
ерекшеліктерге  байланысты дамиды. Бұл процесс әйелдердің  киімдерінің  түсі
бай   гамма  болуына  әкеледі,  ерлерге  қарағанда  түстер  арқылы  тұлғалық
мінездеме беріледі. Ерлер көру күйінің тітіркенгішіне өте сезімтал олар  тез
шаршайды.    Мүмкін     бұлар     жүйке-жйесінің     процесінің     инертіне
байланысты.Бірақта жыныстық  айырмашылықты  көру сезінумен және  қабылдаумен
қаратыру дұрыс емес . Жыныстық  айырмашылық   алты  жастағы  балаларда  көру
өткірлігімен   белгіленген  .Көру  өткірлігі  қыздарда  ересек  адамдыкіндей
болады, ал ұлдарда  жоқ.  Ананевтің  ойынша   мектепте   оқу   кезінде  көру
анализаторына көп күш түсірсе онда ұлдарда  көру өткірлігі төмендейді.  Егер
алты жастағы ұлдарда шындығымен осылай  болатын  болса  онда   оларға  көңіл
аудару қажет .Ұлдар қыздардан қарағанда  ақырын дамиды.
       Глазомер – бұл көру кеңістігінің айырмашылығына  қатысты.  Ананевтың
ойынша глазомер бұл әрекеттің және дағдыларға әсер етеді ,сонымен  қатар  ол
жыныстық айырмашылықтарға әсерін тигізеді, глазомер қыздардың оң  көздерінің
жақсы көретінің көрсеткен.
        Қазіргі кездегі генділік психология   глазомерге  былайша  анықтама
береді-   бұл   генділік   әлеуметтенудің   мінездемесі    ,және    жыныстың
ерекшеліктері деген.
      Бірақта қыздар ұлдардан психикалық тұрғыдан қарастырғанда  барлығында
бірінші  орында тұрмайды.Әрбір  психикалық  құбылыстарда  өзіндік  ерекшелер
бар.  Тұтастай  қарастырғанда  екі  мағналы  көру  жүйесінің   заңдылықтарын
қарастыруға  болады:  гетехронологиялық  дамулар   және  ұқсас   жыныстардың
ұқсастығы.
    Көру-   кеңістігінің   қабілеттері.   Бұл   психикалық    көріністермен
байланысты;  кеңістікті  қабылдау,   ойлау,  кеңістік  қабілетімен  хабардар
болу.Онда  басты  ролді  көру  анализатор  басқарады.  Бұнда  көбінесе  көру
қабілетінің   бөлімдерін   қарастырады.Ол   көру   сезіну   және   қбылдауда
қарастырылды.Сонымен   қатар   солар    арқылы    жыныстық    айырмашылықтар
алынған.Маккоби   жәнеЖаклин   қабілет   кеңістігін    екі   типке   бөлген:
аналитикалық емес және аналитикалық.   Екі типте көру моделіне  негізгі  рол
атқарады.Сонымен қатар  бұлар  зерттеуде  екі  топқа  бөлінеді.Зерттеуде  40
мыңнан астам әр жастағы адамдар қатысты. Ғалымдар сонымен  қатар  әдістемеде
әр жастағы ұлдар мен қыздар, ерлермен  әйелдерді  салыстырды  ,  нәтижесінде
ерекше басқаларынан айрықша нәтиже  алды.  Басқа  зерттеулердің  нәтижесінде
жыныстық айырмашылықтар жоқ деп белгілеген болатын. Э.Маккоби және  К.Жаклин
белгілегенұлдардың ерекшелігі ололардың жастық ерекшелігіне байланысты  және
ол сол қалпында қалады деген.
       Көру кеңістігінің даму кезінде ұлдар жеткіншектік  кезенде  қыздарды
қуып жетеді.Алпыс  жасқа  келген  кезде  әйел  адамдар  ерлерді  қуып  жетіп
салыстырылады .Алынған зерттеулерде қабылдауғана зерттелмеген сонымен  қатар
, ми және ойлау қабілеттері  зерттеліп  қарастырылған.  Бұнда  керекті  ғана
әдістемелер ғана алынған . Зерттеу кезінде  санырау  адамдарда  болған.  Бұл
параметр бойынша үш катигоридегі нәтиже алынған: ерлердің артықшылығы  ,әйел
адамның артықшылығы, және олардың арасындағы айырмашылықтың болмауы.
    Бұндай жағдайда бұл функциялар ұлдармен қыздарда бір қалыпта дамымайды.
Өйткені қыздар ұлдардан бұрынырақ  дамиды.Ұлдармен  ерлердің  дамуы  белгілі
бір  механизмдіе  жүреді.  Ананев  көбінесе  құрылым   заңдылығына   былайша
анықтама берген :  көбінесе  жыныстық  айырмашылық  болмайды,  ол  тек  қана
жастық жыныс мінездемесіне байланысты деген. Ең   қолданбалы  болжам   бұнда
жыныстық айырмашылықты көру кеңістігінің қабілетіне сүйене отырып  беріледі:
1) гормональды ,2) генетикалық, 3) ми  жүйесімен  байланысты,  4)  гендірлік
әлеуметтенуі ,  5) мәдени.
             Гормональды   болжам,   бұнда   ерлердің   артықшылығы     көру
кеңістігінің  қабілеттерінің  антрогендармен   байланысты.    Бұл   болжамды
көптеген  зерттеушілер  қолдады.   Қыздарда   кеңістік   қабілетінің   дамуы
ұлдардыкіне байланысты. Канадалық зерттеуші   Э.Хемсон   басқа  факторлардың
әсерін  қарастырмады.Зерттелуде  гормоналдық  кемістігі  бар   топ   әйелдер
зерттелінді  Нәтиженің  сәттілігі  гормоналдық   бұзығушылықтың   нәтижесіне
байланысты.  Әйелдердің эстрогендік деңгейдің жоғарлауы   бұл  менуструалдық
циклдық   кезіндегі   олардың    тапсырманы    орындауы    қйынға    түскені
анықтайды.Француз психологы Э.Шпиц және В. Дюран   жыныстық  дамуына  жастық
ерекшеліктердің әсері  жоқ  деп  көрсеткен  .Швец  зерттеушісі  Ю.Йонкер  өз
зерттеуінде антрогендік  деңгейдің жоғары  екенін  көрсетті.  Қазіргі  кезде
гормональды болжамда: андрогендік деңгей төмендейді,  ал  ең  үлкен  –  көру
кеңістік тапсырмасы   нәтижесі  төмен  екенін  көрсеткен.  Индия  зертеушісі
С.Кунджави   кеңістік    тапсырмаларын    әйел    адам    жақсы    шешетінің
көрсеткен.Әйелдердегі  маскулиндік идентикалық көріністер  тек  қана  жоғары
деңгейлі ерлер жынысының  гормондарын  көрсетіп  қана  қоймайды  ол  сонымен
қатар маскулиндік әрекеттерді білдіреді.
          Гендірлік  болжам  ,  бұнда  жыныстық  айырмашылықтар  кеңістіктік
қабілеттер  тұқым  қуалаушылық  арқылы  беріледі   және   олар   генетикалық
механизмге байланысты . Р.  Стаффордтың  ойынша  қабілет  кеңістік  қиялымен
байланысты және ата-анадан  баласына  белріледі  деп  көрсеткен.Бір  жағынан
Д.Гудинаф өз серіктестіктермен  кеңістік  қабілеттердің  әртүрлі  комплексін
көсеткен.
    Ми ұйымдары және жыныстық айырмашылықтармен байланысты болжамында  әйел
адамның ми  шарларының  ара-қатынасының  байланысы  тығыз,  ал  ерлерде  –ми
шарлары асимметриялық бөліне белгіленеді.Эмбрионалды  даму  кезінде  ұлдарда
ми шарының оң жағы  сол  жағынан  қарағанда  үлкенрек  .  Осыған  байланысты
ерлерде  кеңістікті   айналу  тапсырмасында  оң   жақ   шардың   үлкендігіне
байланысты деген.  Бірақта  бұл  тапсырманы  орындау  кезіде  ерлерде   күрт
өзгерістер байқалады жағдайы нашарлайды.
      Гендірлік  әлеуметену  болжамы  кеңістік   қабілетінің   айырмашылығы
ұлдармен қыздардың әртүлі тәрбиелінуіне  байланысты  деп  көрсеткен.Американ
зерттеушісі Дж.Крамер көрсеткендей қыздардың қабылдауы ұлдардыкінен  қараған
да басқаша екенін көрсеткен.
    Мәдениеттің   әсерету   болжамы   алдынғыларды   толықтырады.Ол   басқа
болжамдарға  қарағанда  жаңа  болжам,  онда  жыныстық  айырмашылықтар  көру-
кеңістік   қабілетімен   байланысты.Басқа   елдерде   басқандай    гендірлік
стериотиптер  болады  олар   әйелдермен   ерлердің   қатынастарын   кеңістік
тапсырмалар арқылы  анықтайды.Бір  мәдениетте   қыздар  мен  ұлдарды  бірдей
әдеттермен ұйретеді, ал  басқа  мәдениетте-  білімдер  менсабақтар  керсінше
жыныстық айырмашылықта жүргізіледі.
     Тактильдік модальдік. Бұнда зерттеу екі  топқа  бөлінеді,а)  тактилдік
сезіну ,в) тактилдік перцептика.
    Тактилдік сезіну  бұл  жаңа  туған  балаларда  қарастырылады.  Ұлдармен
қыздарда тактикалык сезінуді қарстырғанда, қыздарда бұл сезім дамыған .
               Басқа модальдіктер.
  Бұл басқа моделдерге қараған  да  өзгеше  бұнда  иіс  сезіну,  органикалық
сезіну  хронометрдік  мінездемеге  ие.  Г.Бренд   және  Ж.Л.  Милло  француз
психологтары иіс сезінуді қарастырған.
     Швед психологтары  Д.Броман және С.Нордин өз зерттеулерінде  әйелдердің
басқаларға қараған да иіс сезінуде өтте төмен    екенін  көрсеткен.  Адамның
иіс сезуі   редуцирланған  тамақта  және  сексуалды  әрекетте  маңызды  орын
алады. Әйел адамның  иіс сезінуі аяғы ауыр кезінде  өтте  жоғары  болады.Бұл
жағдайда иістің эмоционалды бағасы субъекті болады.С.Кроос  және  Л.  Медсон
органикалдық  сезінуді  қарастырған.   Зерттеулер  бойынша   ер   адамдардар
орғаникалық сезіну өтте жоғары .
      Ауруды сезіну бір жақты емес  .  Тіс  ауруы  жүрек  ауруына  қарағанда
басқаша болады. Ауру солқылдау, өткір   қақсау  болады.  Дәрігер,  психолог,
психотерапевт,  әйелде және ер адамда  ауру  процесі  қалай  жүріп  жатқанын
және ауруды жеңілдету жолын білуі керек.
     Негізгі жыныстық айырмашылықтар аурудың   типтері  бойынша  зерттеледі:
қаңқа  сүйектермен  және  бұлшықеттер,  асқазан   және   ішек    бас   ауруы
бойынша.Осы ауруды сезіну  типтері бйынша зерттеу жүргізген, нәтижесінде  ер
адамға   қарағанда   әйел   адам   өте   сезімтал   болады.Жалпы    заңдылық
қалыптастырған  :  ерлармен  әйелдерде  ауруды  сезіну   жасына   байланысты
төмендейді. Швед психологы Б.Хеллстрём ерлермен әйелдердің  ауруды  сезінуді
менструалды цикл кезінде қарастырған. Әйелдерде эстрогенді   деңгейі  жоғары
.
          Генетикалық  болжамды  американ  психологы   Дж.Модуджун  ерлермен
әйелдерде   анальгетикалық  реакцияға   және   сензитивті   аурулар   гендік
айырмашылыққа   байланысты.     Гормоналды   болжам.    Ауруды      сезінуде
гормоналді деңгейге  байланысты.    Дж.  Моуджилдың  экспериментінде  ауруға
жауап беретін ген эстрогенбен байланысты. Эстроген  ми  ауруының  орталығына
әсер  етеді   сол  кезде  ауру  басқашалай  сезінеді.  Әлеуметтік   тәжірибе
болжамы.Психологтың ойынша  эмоцианалды уайымдаушылық бұл аурудың  күшейуіне
әкеп соғады, ал басқа реакциялары керсінше әсер етуі аурудың мүлдем  жоғалуы
мүмкін.  Гендірлік  әлеуметтену   болжамы    арқылы  жыныстық   айырмашылығы
ауруды  сезінуін   қарастыруға   болады.Ұлдармен   қыздарда   ауруға   деген
тәрбиелері әр  түрлі  .  Ұл  ауруды  сезініп  жыласа  :  (  Шыда  сен  еркек
емесінбе).  Ерлергеде  осылай  айтады.Көбінесе   дәрігерлер   айтады   ерлер
әйелдерге қарағанда шыдамсыз  дейді  .  Ауруды  сезінумен  және  оны  жазуға
байланысты аспектер бар. Диагнозды қойған  пациенттің  жынысына  байланысты,
және қойған диагнозды қалай қабылдағанына байланысты.
    Әлеуметтік перцепция . Э. Маккоби  және  К.Жаклин  қыздар  мен  ұлдардың
өмірінің  бірінші  жылдары  әлеуметтік  және  әлеуметтік  емес  айырмашылығы
болмайды.  Көру  –кеңістігінің  қабілеттігі  және   әлеуметтік   перцепцианы
салыстыра қарыстырғанда   ерлер  картаны  жақсы  оқиды  ал  қыздар  бетті  .
Француз  психологы  Л.Шабидің  эксперименті  бойынша.  Әйелдерде  әлеуметтік
перцептикалық қабілет жасына байланысты төмендейді. Әйелдердің  (түрді  оқуы
) ерлерге қарағанда кей жағдайда  төмен  ол  қойылған  жағдайға  байланысты.
А.Ф.Кони өз зертеулерін  студентерге  өткізген  25жыл  бойы.Нәтижесі  жылдан
–жылға өзгеріп отырған .  Кони-  қыздар  ұлдарға  қарағанда  сырт  киімдерді
жақсысуреттеп берген . Ал бір ұлдан оның  қасындағы  көршісі  қандай  киімде
екенін сұрағанда ол былай жауап берген: “сүр түстілеу  ғой  деймін  деген”де
бүкіл аудитория күлген. Ақырындап өзгере бастаған .Қазіргі кезде  ерлер  мен
әйелдердің айырмашылығы киімдерді таңдау да етене жоқ екені  көрінеді.Мысалы
ерлер киімдердің модасын  қалай  киіну  керегін  біледі,сол  сияқты  әйелдер
автокөліктер   туралы   айта   алады.Бұнда   екі   жыныстың    айырмашылығын
айталмаймыз кесінше олардың артықшылығын көреміз.

6 Интеллектуалды, сөздік және эмоцианалдық сипаттамалар
   1. Зейін және ес.
   2. Жалпы интеллект, сөз және математикалық қабілеттер.
   3. Эмоционалды жағдайлар.


 Зейін мен ес.
      Г. Гейманс (1911) ең бірінші зейіннің жыныстарда әртүрлі болады.  Оның
айтуы бойынша әйелдерде зейін  қолдануы  өте  төмен,  өйткені  әйелдерсөйлем
және белгілі бір  істер  немесе  қимылдар  жасай  алмайды.   Шынында,  бұнда
басқасында себептер болуы  мүмкін,  яғни  зейінмен  қолдана  алмау  қабілеті
болуы  мүмкін.  Яғни  әңгімеге  эмоциональды  құштарлығы  тым  жоғары  болып
зейіннін оңша қолдана алмайды. Гейманс бойынша  әйелдер  өздеріне  қызығатын
нәрселерге ғана зейін аударып көрсетеді.
       Куәгерлердің  зейіні  жанама  жағынан  қарастырған   Ресейлік   юрист
А.Ф.Кони  (1913).  Ол  куәгерлердің  көрсеткіштерін  зерттеп,   әйелдер  мен
еркектер  арасындағы   айырмашылықтарын   көрсеттеді.   Ересектер   көбінесе
техникаға  байланысты  заттарға  зейін   аударады,   ал   әйелдер   көбінесе
қылмыстардың  әшекейлер  мен  киімге  мән  береді.Бірақ  бұл  эксперименттен
зейінді естен айыру қиын.
В.П.Багрунов   (1981)   зейінді    зерттеп,    гипотезаны    тексеру    ұшін
көрсеткіштердің  өзгерісін  қарастырды.  Оның  зерттеуі   бойынша   еркектер
жұмыстарында   жаңа   стимулдарымен   артықшыланатын,   ал   әйелдер    ескі
дағдыларымен байқалынды.
Эксперимени  қатары,  жыныстық  айырмашылығына  арналған:  әлеуметке  немесе
коммуникативтілікке зейін.
Диадағы білмейтін адамдармен қарым қатынасын зерттеген Икс.  Сонда,  әйелдер
өз  еркектерімен  қарым  қатынас  кезінде  іс  әрекеттеріне  оның   ойларына
сезімдеріне көп көңіл бөледі. Бұны  бәрін  өз  партнерларына  көрсеткісілері
келеді. Ол соған зейінаударсын  дейді.  (сөзбен,  көзқарасымен  және  оданда
жақын дистанциялар арқылы). Бұл зерттеулердің  барлығы  аз,  осыларға  қарап
жыныстық  айыпмашылықта  зейін  әртүрлі  көрсеткіші  нақты   қортынды   айта
алмаймыз.
Әйелдер де, еркектерде зейіні мен байқағыштары жоғары болуы  мүмкін.  Егерде
оларға объект қызықты болса, дегенмен  де  әйелдер  қоршаған  ортамен  өзара
қарым қатынас жасағанда үлкен қызығушылықтары байқалынады.
       Жыныстық  ерекшелікте  зейінге  қарағанда  ес  зерттеулері   күшьірек
болады. Г.Гейманс зерттеу бойынша әйелдердің ес  сақтауы  күштірек,  өйткені
оларды қызқтыратынзаттарды естеріне жақсы сақтайды.
Вербальды ес зерттеулер: Э. Маккоби мен К.Жакмен  кітаптарында  2,5  нан  75
жасқа дейінкөрсетілген. Бұл зерттеудің  ешқайсында  ұлдар  мен  еркектердің,
яғни  жастар  деңгей  айырмашылығы  жоқ.  Қыздар  мен  әйелдер   материалдар
көрнекті, есту және де сөз  бен  сөйлемдерге  және  ертегілерге  жақсы  есте
сақтайды.Олардың байқағыштығы үш жастан көрінеді.
      Вербальды  материал   сөз,  сөйлем,  ертегілер  екі  жыныста  белсенді
игереді. Оларсыз қоғамда тіршілік ету  мүмкін  емес.  Белгілерге  байланысты
есте  сақтау  көбінесе  еркектер  мен  ұлдарда  болу  керек.   Математикадық
қабілеттілік және сандар еркектерде байқалынады. Бестен  сексен  төрт  жасқа
дейін  ешқандай  сандарды  есте  сақтау  қабілеттері  көрінбейді.  Латиндік,
еврейлік әріптерді жетіден он бір жасқа дейін және  түзетулерді  алты  жаста
сақтаулары көрінеді.
      Заттардың және кеңістікке тұрғандағы есте сақтау зерттеулері.үш  айдан
он үш жасқа дейін зерттеулер жасалды. Сонда ондай үлкен  айырмашылық  болған
жоқ. Бұл эксперименте ұлдар қыздарға қарағанда  зат  пен  кеңістікте  тұрған
жерін есте сақтауы күштірек көрсетеді. Көрнекті есте сақтау зерттеуде  ұлдар
үштен жиырма  жасқа  дейін  байқағыштығы,  ал  суреттердің  атынын  айтқанда
көбінесе  қыздар  соған  көңіл  аударды  бестен  жиырма  бір  жасқа   дейін.
Сондықтан,  қыздардың   ерекшелігі   қайта   байқалынады,   яғни   вербальды
информация кезінде көрінеді.
      Қысқа мерзімді ес бойынша екі жыныстарда да  балалар  мен  ересектерде
айырмашылықтары көрінбейді. А.Херлитц шведтік  зерттеушінің  экспериментінде
жыныстардың  арасындағы   қысқа   мерзімді   ес   ересектерде   байқалынады.
Қортындылар вербальды және вербальды  емес  болды.  Топтағы  ақыл  ой  дамуы
төмен жыныстарда күштірек көрінеді.  Экстроген  деңгейде  (әйелдік  жыныстық
гормаондар), қысқа мерзімді  есте  өте  жоғары  болады.  Ал  вербальды  және
көрермен кеңістік қабілетінде көрінбейді.
      Келесі  категория  әлеуметтік  ес.  Маккоби  мен  Жаклин  бойынша  бұл
түсінік 1957 жылдан кейін пайда болды. Ол жылы кейс  қыздар  студенттер  мен
ұлдар  студенттердің   айырмашылығын   байқады.Қыздар   студенттер   адамдар
аттарын, суреттерін, қарым қатынасқа түскен  адамдар  аттарын  есте  сақтауы
жоғары болады. Бұл зерттеуден  кейін  Мессик  пен  Дамарин  зерттеуді  қайта
жүргізгенде әлеуметтік есті  байқаған  жоқ.  Бұл  зерттеулерге  қарап  нақты
қортынды жасай алмаймыз. Сонымен, қыздарда  вербальды  ес,  әйелдерде  қысқа
мерзімді ес байқалынды, Ал басқа жағдайларда материалдың айырмашылық  әсерін
көрсеткен жоқ.
      Дж. Грусек зерттеу бойынша: ұлдар техникалық материалдарды жақсы  есте
сақтайды.(вербальдыға қарағанда), ал қыздар екеуінде жақсы меңгереді.  Мұнда
қортындылауға болады. Ұлдардың әлсіз жерлері бұл вербальды  материалды  есте
сақтау, қыздар түсіндіреді. Бірақ мұнда мынандай  сұрақтар  туындау  мүмкін,
сонда   ұлдарда   қабілеттілігіне   байланысты,    вербальды    информацияға
қызығушылығы төмен болғандықтан.
      Басқалар және өзін туралы  қабылдауды  қарастырайық.  Адам  басқаларға
қарағанда өзін туралы информацияны жақсы есте  сақтайды.  Бұл  феноним  өзін
референтті эффекті  деп  атайды.  Ол  өзін  бағалауымен  жоғары  байланысты.
Бірақ, Джозеф мен жолдастары бұл байланысты тек қана  өзіне  бағалау  жоғары
әйелдерде сөз  сақтау  жақсы,  яғни  өз  жақын  достарына  қатысты.  Сонымен
әйелдер  информацияны  адамдармен  және  олармен   өзара   қарым   қатынаста
байланыстығын жақсы есте сақтайды.
Эмоцианалды күй
     Бұл жерде біз  балалар  мен  үлкендердің  эмоциясының  көріністеріндегі
жыныстық ерекшеліктерді қарастырамыз.
     Біз  балалардағы  аландаушылық  пен  жылаудан  бастаймыз.  Ең  алдымен,
өткізілген  эксперименттерде  керемет  тырысушылық  пен  настойчивость,  сол
сияқты баланың жылағанын табиғи жағдайда немесе әдейі  ситуацияны  моделдей,
яғни жуан дауыспен сөйлеп, қорқытатын стимул  ұсынып  баланы  анасыз  немесе
бейтаныс  адамдардың  қасында  жалғыз   қалдыра   отырып   бақылауда   ойлап
шығарушылықты ғалымдар көрсеткендігін ескеру қажет. Әдетте бұлар  лонгитюдті
зерттеулер болған. Нәтижесінде өте құнды, әрі қызықты  эмпирикалық  материал
алынды.
        Э.Маккоби   және   К.Жаклиннің   кітаптарындағы   өздерінің   кейбір
зерттеулеріне  қосқан  міндеттері  мен  нәтижелерінің  топтастырылуы  келесі
заңдылықты көруге мүмкіндік береді.
      Көп жағдайда бұл мінездеме бойынша жыныстық ерекшеліктер  байқалмайды.
Олар жылау ұзақтылығына, аландаушылық  көрінісіне,  анасының  және  бейтаныс
адамның  қасында  болуы  немесе  болмауына  реакциясында   жоқ,   және   бұл
байқауынша, табиғи құбылыс. Баланың жылауы  және  аландаушылығы  ситуацияның
өзгергенін байқап, оған эмоционалды реакция беретіндігінін  себепшісі.  Және
де  ең  қызықтысы  азға  жуық  жығдайда  зеттеушілер  ұлдар  мен   қыздардың
арасындағы өзгешеліктерді байқаған.
      Тіпті 3 аптаның өзінде – ақ ұл балалар қыздарға қарағанда аз  ұйықтап,
көп уақытын аландаушылыққа бөледі.  Көбінесе  олар  жаңа  немесе  қорқынышты
стимулдың пайда  болуында  жылайды,  ұлдардағы  мұндай  ерекшелік  басқа  да
қабылдау, түйсік, интеллектуалды қабілет  бойынша  зерттеулерде  бақыланған.
Сондықтан  бұл  зерттеулерде  де  ұлдардың  аландаушылығы  мен  жылауын  тек
эмоционалды   ғана   емес,   сол   сияқты   зеттелінуші   реакция    ретінде
интерпретациялауға болады.
         Қыздар   басқа   ситуцияда   жылайды,    нақты    айтқанда,    олар
айналадағылармен қарым – қатынасты айыруға туындаған себептерге  байланысты.
Эксперимент:  қыздар  басқа  балалармен  ұрысқанда  жалғыз  қалдыруда  қатты
жылаған.   Осындай негізде ұлдардың жылағанын «зерттелуші»,  ал  қыздардікін
«комуникативті»  деп  атауға  болады.  Бұл  екі  жыныс  үшін  гендернотиптік
болатын инструменталды және экспрессивті стилдерге сәйкес келеді.
       Берілгендердің нәтижесі қорқынышқа қатысты, яғни кішкентай  балаларға
шынымен  қауіпті  болуы  мүмкін  ситуациялар,  ұлдар  да,  қыздар  да  бірге
қорқынышты  сезінуге  қабілетті.  Олардың  бейтаныс  адамдармен  кездесудегі
әрекет – қылығында, анасынан қызықты ойыншық алуға алыстап кетуде,  жоғарыға
шығуда,  т.б  жағдайларда   маңызды   өзгешеліктер   фиксацияланбаған.   Екі
жыныстағы мектепке дейінгі балалар  ауруханаға  жатқызуда  бірдей  қобалжуды
сезінеді. Олар бірдей қорқыныштарын да айтады.
      Бұл  нәтиже   заңдылық.   Эмоциялы   қорқыныш   –   үлкендер   әлеміне
адптацяландырады, қорқыныш алдындағы байқампаздылығы – адаптациялы  реакция.
Бірақ ешбір зерттеулерде  қыздарға  қарағанда  ұлдар  тым  үлкен  қорқынышты
демонстрацияламады және сезінбеді.

|                                      Қорқынышты зерттеу                  |
|      18 зерттелу (1935 – 1973 жж)                                        |
|Зерттелушілер екі жыныстағылар туған сәбиден 21 – ге дейінгілер.          |
|Әдістеме:                                                                 |
|бейтаныс адамдарға реакциясын зерттеу;                                    |
|ашық және шырылдайтын ойыншықтарға және тартылымды ойыншық үшін анасынан  |
|алшақтау алдындағы латентті кезеңнің ұзақтылығын зерттеу;                 |
|стимулдарға реакциясын зерттеу ( жуан дауыс, қызықтыратын заттар);        |
|таныс емес ситуцияларға реакциясын зерттеу (емделу алдындағы қобалжу);    |
|мектепке дейінгі мекемелердегі балалар әрекет – қылығын бақылайтын        |
|адамдарды бақылау;                                                        |
|ата – анасының куәләнуі;                                                  |
|зерттелушілердің өздерінің пікірлері;                                     |
|потенциалды қорқыныш тудыратын ситуацияларды моделдеу;                    |
|Нәтижелер: бірде бір зерттеуде ұлдар мен ерлер әйелдерге қарағанда        |
|қорқыныш бойынша үлкен реакцияларды демонстрацияламайды. Қыздар мен       |
|әйелдер үшін бейтаныс адамдардың пайда болуында тез арадағы қорқыныш      |
|жастық шақта байқалады. (8 және 9,5 аралығы), үлкен қорқыныш моделденген  |
|ситуацияда (2 – 6 жас), үлкен қорқыныш ересектермен өзара әрекеттесуде (8 |
|жас), сол сияқты қорқыныштың жиі байқалуы мұғалімнің айтуынша (8 – 11 жас)|
|және өзіндік бақылау бойынша (8 – 11 және 18 – 19 жаста) байқалады.       |
|Жыныстық өзгешеліктері байқалмады:                                        |
|сыртқы қорқыныштың көріністері бойынша ( дүниеге келгеннен 6 жасқа дейін);|
|бейтаныс адамдарға реакциясында: бейтаныс ер адамға (4, 5,6 және 9 ай)    |
|және бейтаныстың балалардың үйіне келуінде (лонгитюдтік зерттеулер – 8    |
|және 9,5 ай);                                                             |
|ашық ойыншықтарға реакциялар (9,5 ай), шырылдайтын ойыншықтар ұстаудағы   |
|сенімсіздік (9,5 ай және 1 жас), анасын қызықты ойыншық үшін тастаудағы   |
|латенттік кезең (9,5 ай);                                                 |
|стимулға реакциялар жуан дауыс жаққа ұмтылудағы латенттік кезеңнің        |
|ұзақтылығы (13 – 14 ай) және қызықты заттарға жақындауы(1 жас);           |
|емделу алдындағы қобалжу (2 – 5 жас) және анасының анықтамасы бойынша     |
|қорқыныштың жиілігі (6 – 17 жас);                                         |
|балалық мекемелерді аралаудағы бастапқы әрекет – қылық (3 – 5 жас);       |
|үлкендермен өзара әрекеттесудегі қорқыныш (8 жас);                        |
|зерттелінушілердің өздерінің қорқынышы туралы айтулары (5 – 12 жас);      |



     Бұл нәтижелер нені айтады?  Егер  19  жастағы  қыздар  мен  тіпті  кіші
мектеп оқушыларын ескерсек, онда бұл  жерде  гендрлі  стереотиптердің  әсері
туралы айтуға болады. Бірақ 8  айында  шын  мәнінде  гендрлі  стереотиптерді
ескеру оңай емес. Мүмкін бұл   жерде  ата  –  аналардың  өздерінің  гендрлік
стереотиптерінде шығар. Олар қыздар мен ұлдардың  қорқынышына  әртүрлі  әсер
етеді: біріншілерін қорғап, аялау керек, ал екіншілерін  –  бұл  эмоционалды
бастан өткізуде көңілін көтеру.
       Г.Гейманстың  еңбектерінен  бастап  жаңарған  публикацияларға   дейін
үлкендердің  эмоционалдылығын  зерттеуде  көбінесе   әйелдердің   құндылығын
демонстрациялайды. Бірақ  бұл  сұрақты  біріңғай  шешілген  деуге  болмайды.
С.Кросс  пен  Л.Мэдсонның  статьяларында   келтірілген   нақты   нәтижелерді
қарастырайық.
      Әйелдердің  жоғарғы  эмоционалдылығының  себепшісі  келесі  эмпатиялық
фактілер:
   1.   ұлдар   мен   ерлерге   қарағанда   әйелдердің   жоғарғы    қобалжуы
      (А.Фейнгольдтің метаанализі, 1994);
   2. ұлдар мен ерлерге қарағанда қыздар мен әйелдер үшін тұлғааралық  қарым
      – қатынас пен эмоцияның байланысы аса маңызды болып келеді (Шилдс);
   3. ерлерге қарағанда әйелдер достары  мен  жақындарының  бастан  кешірген
      өмірлік  негативті  жайттарына  көбінесе  аландайды  (  Кесслер   және
      әріптестері);
   4. әйелдер депрессияға тым ұшырайды (Кенни және әріптестері);
   5. әйелдер ұайым және қорқыныш  сияқты  өздерінің  негативті  эмоцияларын
      көбірек айтады (Фуджита және әріптестері);
   6. жағымды эмоцияларды әйелдер аса жарқын бастан кешіреді (Гурнер);
   7.   қыздар    мен    әйелдер    өздерінің    эмоционалды    реакцияларын
      демонстрациялауға ұялмайды (Эмбеди және әріптестері);
   8. әйелдер ерлерден вербалсыз  экспрессия  аймағында  асып  түседі:  олар
      вербалсыз  эмоция   білдіргенде   дәл   және   басқалардың   вербалсыз
      эмоционалды сигналдарын керемет декодирациялайды.
   Әйелдердің жоғарғы эмоционалдығының  жанама  себептері  ерлердің  жоғарғы
эмоционалдылығының аздығы жайлы берілгендер болып табылады.
   1. ұлдар мен  ерлер  эмоциясын,  оның  ішінде  негативтілігін  көрсетуге
      тырыспайды (Фушс және әріптестері);
   2. олар тіпті өз жынысындағы достармен эмоционалды ұстанымды (Хейес);
   3.  эмоционалдықобалжу   жайлы   демонстрациялайтын   қоршаған   ортаның
      регламентациясына  әелдерге  қарағанда   олар   қаталдыққа   ұшырайды
      (Лафранс және әріптестері);
      Дегенмен  эмоционалды  қобалжу  аймағындағы  гендрлі   өзгешеліктердің
жоқтіғі жайлы  басқа  да  мәліметтер  бар:  Дж.Марточчио  және  Э.О  Лиридің
метаанализі  мекемелердегі  кәсіби  стреске  қобалжудағы  гендрлі   тепе   –
теңдікті демонстрациялайды.
     Эмоционалды сферадағы жыныстық өзгешеліктерді  зерттеу  жалғасу  керек,
себебі олар теоретикалық және қолданбалы маңызды мағынаға ие. Екі  хынысқада
эмоционалды  қобалжу  мен   эмоционалды   әрекет   –   қылықты   коррекцияда
психологиялық көмек қажет.

   7 Тұлғаның мінездемесі.
   1. Жетістік мотивациясы және аффилиация.
   2. Билік пен басымдылық мотивациясы.
   3. Жеке тұлғаның басқа да сипаттамалары.


    Бұл тұрғыда тұлғаның  жыныстық және балалық кезеңдегі  айырмашылықтарына
сәйкес ерекшеліктерін  қарастыруға  болады,  мәселен  жетістік  мотивациясы,
доминанттылық, агрессивтілік, мазасыздық, қамқорлық, реттеу локусы т.б.
    Гендерлік психологияда гендерлік иденттілік ұғымы бар. Бұл  сөз  тіркесі
адамның өзін белгілі жыныстың иесі  ретінде  ұсынуын  білдіреді  және  соған
сәйкес қылық әрекеттер көрсетеді.
 Гендерлік идеология- әйелге немесе  еркекке  сәйкес  қасиеттерді  толытумен
ерекшеленеді.
Гендерлік талаптар ұғымы бір жыныс өкілінің  өз  жынысына  және  өзге  жыныс
өкіліне деген қатынасы.
Қызықты заңдылықтар әлеуметтік «мен»  концепциясы  мен  өзін  өзі  бағалауды
талдауда  көрінеді.  Әлеуметтік  «мен»  концепциясы  әйел  жыныстыларда   1О
жастан  бастап қалыптасады.Олар  өздерінің   әлеуметтік  қасметтерін  жоғары
бағалайды.
   Өзін-өзі бағалауға  сәйкес оның  келесі аспектісі- тұрақтылық .  Өзін-өзі
 бағалау көп жағдайда өзгелердің әсерінен өзгеруі  мүмкін.  Бұл  қасиет  көп
жағдайда ұлдарда  және ересек ер адамдарда  әйелдерімен  қыздарға  қарағанда
тұрақта болып келеді.
    Ашынуға   бейімділік.  Ұл  балалар    өздерінің    жеке   ойларын   және
сезімдерін ата-анасына, достарына оп-оңай  айта салмайды,  ал  қыз   балалар
бұл қасиетке бейім келеді.  Ашық  немесе  жабық  болудың  өз  минустары  мен
плюстары болады. Қыз балалар  ұл балаларға  қарағанда  ерте  жетілгендіктен,
әлемге ерте бейімделіп, ересектердің өміріне ерте  араласа бастайды,  сәйкес
 қыз балалар  ересектерге сене алады.
   Қайтарымды  байланыс  реакциясы.  Жас  ер  адамдар  негативті  қайтарымды
байланысқа реакция танытпайды,  керісінше  позитивті  қайтарымды  байланысқа
реакция қайтарады. Бұл  тұрғыда  әйелдер   сезімтал  болғандықтан  олар  екі
байланысқа да  реакция танытады.
   Қарым-қатынастағы стресс. Қыздар мен  ересек  әйел  адамдар  да  өзін-өзі
төмен бағалау көптеген   уайымдаулармен  жақын  адамдармен  қарым-қатынастың
қиындауынан туындайды. Ал еркектерде мұндай  мәселелер  өзін-өзі  бағалауына
әсер етпейді.
   Қорғаныс механизмдері. Ер адамдарда басым болып келеді. Олар  табиғатынан
  көп  ашыла   бермейтіндіктен  жағымсыз  қайтарымды   байланысқа    реакция
танытпайды. Оларда есе қайтару,  өзінің  бағалауына  кері  әсерін  тигізетін
факторлармен күресу басым болады.
   Жетістік мотивациясы және аффилиация.
    Ер адамдар бала кезінен тұлғаның ерекшелікке емес,  керісінше  физикалық
тұрғыдан жетістікке  жетуге  ұмтылады.Ал  әйелдер  адамдармен  қарым-қатынас
өзгелерге бағытталу өзгелердің толқымауынан  қашу  сынды  мотивацияларға  ие
болып келеді.
   Оқу және академиялық табыстармен байланысты мотивация негізінде  4  тен14
жас аралығында қыздар мен ұлдар көп жағдайда оқуға  деген,  меңгеруге  деген
мотивациясы бойынша ажыратылмайды жеткіншектік кезеңде  нәтиже  басқа  жаққа
өзгереді. Өздерінің шынайы жетістіктеріне байланысты ұлдар мен  қыздар  төрт
бес жасында бөлінбейді.
   Билік пен басымдылық мотивациясы.
Әдетте  ер адамдарға билік  пен  басымдылық  мотивациясы  жазым  келеді,  ал
әйелдерде ол мүлде кездеспейді. Ұл  балалар  алты  жастан  бастап  есейгенге
дейін өздерін өктем әрі  басым  сезінеді  де  сондықтан  өз  қылық  әрекетін
жоғары бағалайды.
   Басымдылық көп жағдайда жануарларда кездеседі,  кейде  оны  көсемдік  деп
атайды. Балаларда кездесетін басымдылық келесі типке бөлінеді:
-Агрессивті басымдылық- бұл  көп  жағдайда  физикалық  тұрғыдан  күшті  және
агресивті ұл балаларға тән.
- Өзімшілдік және әлеуметтік доминанттылық- бұл  типке  көп  жағдайда  үштен
алты жас аралығындағы қыз балалар жатады. Кейін жеті,  он  бір  жас  аралығы
кезеңдерінде бұл типке қыздар да ұлдар да қатысты болады
- Макиавеллит басымдылық.  Бұл термин италияндық ойшыл Николо  Макиавеллидің
есімімен   байланысты.Басымдылықтын   бұл   түрінде   қыздар   мен   ұлдарда
айырмашылық кездеспейді.
-  Контр  басымдылық-  яғни  бұл  тип  қыздарға  тән  яғни  қыздар   ұлдарға
басымдылық танытпайды және басындырмайды.
     Екі  жыныс  өкілдерінің  арасында  айтарлықтай  айырмашылықтар   немесе
ұқсастықтар жоқ тек олар басымдылықтың формаларын түрліше көрсетеді.


8 Гендрлік айырмашылық және әлеуметтену.

   1. Әлеуметтік норма және гендерлік айырмашылықтар.
   2. Нормативті қысым рөлі.
   3. Гомосексуалдылық гендрлік нормаларды бұзу ретінде.
     4. Ақпараттық қысым рөлі.

        Адамдардың  көпшілігі  әрекет-қылықтағы  гендрлік  айырмашылық  және
әлеуметтік рөл жыныстар арасындағы биологиялық айырмашылықтан туындайды  деп
есептейді. Орта  адам  гендрлік  айырмашылық  тәрбиелеудің  емес,табиғи  күш
жұмысының нәтиежесі деп  есептейді.  Әлеуметтік  психологтар  ер  және  әйел
адамның арасындағы биологиялық  айырмашылық  жеткіліксіз,  мұнымен  гендрлік
айырмашылықты түсіндіруге болмайды. Олардың биологиялық айырмашылығы  әрекет
қылыққа әлсіз  әсер  етеді.  Бұл  бөлімнің  мақсаты-  ер  немесе  әйел  адам
арасындағы тума айырмашылықтан қарағанда,  гендрлік  айырмашылықты  мәдениет
тұрғысынан және әлеуметтенужағынан қарастырамыз.
      Әлеуметтік норма және гендрлік айырмашылық.
         Әлеуметтік  норма-  адамның  қоғамдағы  әрекет-қылығын   анықтайтын
негізгі  ережелер  жиынтығы.  Әлеуметтік  психологтардың   ойынша   гендрлік
айырмашылықты гормон және хромосомадан іздеу  дұрыс  емес,  мұны  бізге  тән
түрлі әрекет-қылықтың әлеуметтік нормасынан, аттитюдтан қарастыру керек.  Әр
жынысқа дарыған қасиеттер жайлы жалпы  ақпараттардың  мазмұны  бар  нормалар
жиынтығы жыныстық  немесе гендрлік рөл  деп  аталады.  Бұл  нормалардың  бір
бөлігін санаға теледидар арқылы,  әдебиет арқылы енгіземіз,  келесі  бөлігін
қоіам тарапынан қабылдаймыз.
          Игли  бойынша,  гендрлік  стериотип  бұл  әлеуметтік  норма  болып
табылады дегнді айтып өткен.  Яғни, әр адам бойында   ер  және  әйел  адамға
тән қасиеттер, саплар және әрекет-қылық моделі жайлы белгілі бір  түсініктер
қалыптасқан.  Соған  сәйкес  өзінің  жынысына  тән  әрекет-қылық  ережелерін
ұстанады. Әлеуметтік психологтар бойынша, екі  негізгі  себеп  әсерінен  біз
гендрлік күтілімге(ожидание) сәйкес келуге тырысамыз.  Ол-  нормативті  және
ақпараттық қысым (Бұл терминді Дойч және Жерар 1955ж. енгізді ).

       Нормативті қысым рөлі.
       «Нормативті  қысым»  термині  адамның  қоғам  немесе  топ  күтіліміне
(ожидание) сәйкес өзін соларға сай етіп, оны қоғамнан  бөліп  тастамау  үшін
әрекет ету механизімін білдіреді. Бірқатар зерттеулер көрсеткендей,  әрекет-
қылықтағы гендрлік ролге сәйкессіздік  негізінен  ер  балалар  арасында  жиі
байқалады және ата-аналар  қарама-қарсы  жыныстыға  тән  өзінің  балаларының
осындай ойындарына негативті қарайды.
           Өкінішке  орай,  нормативті  қысым  рөлі  ересек   адамдарда   аз
зерттелінген. Адамның кез келген бір немесе бірнеше норманы өзгерту,
мысалы, ер адамның тырнағын қызыл  түске  бояуы,  юбка  киуі  қоғамда  үлкен
қарсылық тудырады. Көптеген әйел адамдар агрессивті болып көрінуге  қорқады.
Гендрлік рөлге бағынбау  үшін  жаза  өте  қатал  болады.  Мысалы,  1979-1980
жылдары  басшылық  еткен  Иран  басшысы  А.Хомейни  әйелдерге  қандайда  бір
еркіндік беретін барлық  ережелерді  алып  тастап,  бағынбаған  әйелді  өлім
жазасына кескен.
      Гомосексуалдылық гендрлік нормаларды бұзу ретінде.
       Гендрлік норманы бұзудың бір факторы-  бұл  гомосексуалдылық.  Мысалы
Америкада қасиетті Патрикке арналган (Бостонда 1994 ж.)  шеуді  мүлдем  алып
тастауды шешті, мұның себебі сот шешімі бойынша онда гейлердің де  қатысуына
мүмкіндіктері болған. Халық бұған наразылығын көрсеткеннен кейін бұл  шеруді
өткізу  толығымен тоқтатылды. Ерте  жастан  социум  адамдарды  жанұя  құруда
қарама- қарсы жыныстымен түсуге, одан  балалы  болуға  үйреткен.   Ал  жанұя
құрмай,  бір  жынысты  қатынас  әрдайым  социумде   негативті   әсер   етіп,
қабылданбаған. Гомосексуалдылық бұл  әлеуметтік,  гендрлік  норманы  бұзудың
максималды шегі. Кайт  және  Дойкс  (1987)  және  Тейлор  (1983)  «сексуалды
инверсия теориясын» негіздеген,  яғни  гомосексуалдар  қарама-қарсы  жынысты
гомосексуалга ұқсас. Бірақ  мұндай  зерттеулер  реалдылықтан  алыс.  Мысалы,
гомосексуалды қатынасқа қатысты  жалпы  қабылданған  стериотип  бойынша  бір
партнер әйел рөлінде, келесісі ер адамның рөлінде болады. Бірақ,  зерттеулер
нәтиежесі бойынша екі партнер  бірдей  табыс  тауып,  бірдей  үй  шаруасының
жұмысын   атқаратынын   көрсеткен.   Гомосексуалдардың   жұмысқа    тұруында
дикриминация, күлкі, мазақ,  қоғамның  қабылдамауы  үнемі  болатын  құбылыс.
1974 жылы Америкалық психиатриялық ассоциация гомосексуалдылықты  психикалық
аурулар тізімінен алып тастады. Адам  өзін  гей  деп  танып,  оның  қоғаммен
қақтығысу салдары жиі  фрустрацияға  әкеледі.   Мұның  өзі  стресске,  жақын
туыстарымен конфликтілі жағдайға әкеклді.
      Ақпараттық қысым рөлі.
         Біз  қоғамның  сынаунан  қорқамыз  деп  ойлаймыз,  ол  олай   емес,
басқалардың бағыттаушы әсерінсіз біз не ойлауды, не сезінуді білмейміз.
     Әлеуметтік тексеріс(проверка)- адам референтті топ мүшелерінің  әрекет-
қылығын бақылай отыра өзінің әрекетін дұрыс бағалауы.
    Арсон бойынша, нормативті қысымға бағыну біздің  басқаларға  ұнауымыздан
туындайды, ал ақпараттық қысымға бағыну-  біздің  дұрыстығымызды  тілеу  деп
түсіндіреді.
      Конформдылық- ой үйлесімділігі. Әлеуметтік нормаға  бағын  тенденциясы
уақытты үнемдейді.

9 Гендірлі қатынас
   1. Балалар тобындығы гендерлік сегрегация.
   2. Іскерлік әлемдегі ерлер мен әйелдер.
   3. Достық және сексуалдық гендерлік қарым-қатынастар.
   4. Ерлі-зайыптылар қарым-қатынасы.
   5. Отбасындағы ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасы.
   6. Девиантты қарым-қатынастыр.


      Гендірлі қатынасты балалар топтарында, іскерлік  топтарында,  интимдік
топтарда (достықты және сексуалды), жұбайларарасында, отбасында  (ата-ана  –
бала), конфликті және девиантты жағдайларда қарастырамыз.  Бұл  топтар  үшін
балалық шақта да, ересектік шақта екі тенденцияның болуы  тән:  а)  жыныстық
немесе  сегрегациялық  (өзінің  жынысындағы  өкілдерімен  қатынас)  және  б)
жыныстардың конвергенциясы (басқа жыныстың өкілдерімен қатынас).
      Гендерлі сегрегация көбінесе мынаған тән:
         1) Достық балалық топтар;
         2) Мектеп жастағы балалардың өзара еркін  араласуы  (ата-аналардың
            болмаған жағдайда, серіктесті еркін таңдау шарттарында);
         3)  Ересектердің  іскерлік   әлемі   –   формалсіз   қарым-қатынас
            жағдайларында;
         4) Ересектіктегі достық (көбінесе бір жыныстылардың арасында);
         5)    Сексуалды    гомогендірлі    байланыстар    (гомосексуалдар,
            лесбиянкалар).
     Бұл сегрегацияның болуы, біріншіден, екі түрлі субмәдениетінің  құрылуы
– еркектік және әйелдік, екіншіден жыныстар арасында  кофронтацияның  болуы,
бұл  қыздар  мен  ұлдардың  арасында,  еркектер  мен  әйелдердің  арасындағы
күрделі немесе қирғи қабақ қатынастарда көрінеді.
     Қарама-қарсы тенденция –жыныстардың ковергенциясы – көбінесе көрінеді:
        1)  Балалар  ойындарында  (1  жастан  басталады,  кейін  ересектікте
           әртүрлі кезеңдерде болады);
        2) Кіші мектеп жасында  қарама-қарсы  жынысқа  қызығушылықтың  пайда
           бола бастауында;
        3) Жеткіншектік, жасөспірімдік шақтағы бір-біріне «махаббаттық қарым-
           қатынастарының»  (ғашықтық,  романтикалық   махаббат)   қалыптаса
           бастауында;
        4)   Жастықтағы,   ересектіктегі   махаббаттық    және    сексуалдық
           қатынастарында;
        5) Жұбайлық қатынастарында;
        6) Ата-аналық рольдерді орындауда – «ата-ана – бала» қатынастарында;
        7) Ересектердің іскерлік қатынастарында.
     Бұл тізімді жалғастыра түсуге болады. Екінші  тенденцияның  пайда  болу
себебі жыныстар арасында жақсы, гармониялық қарым-қатынастың орнауы.
     Балалық топтардағы гендірлі сегрегация
     Маккоби бойынша, балалықта 2 тенденция бар: жыныстық  немесе  гендерлі,
сегрегация және конвергенция. Бұл тенденциялардың жастық спецификалары  бар.
Бірақ сегрегация – көп тараған құбылыс. Ол қыздарда  үш  жаста,  ал  ұлдарда
төрт жаста көрінеді және мектептік кезеңде өте айқын көрінеді.
     Мектептегі оқу  басталғаннан  кейін  гендерлі  сегрегацияның  деңгейіне
мәдениетүлкен ықпал етеді.  Маккоби мен Жаклин анықтағандары,   қарама-қарсы
жыныстағылармен партада отыру, және де екіден тұрып, бір-бірінің  қолдарынан
ұстау талаптар балаларға ұнамайды, бұл үлкен әйгілілікпен танылмайды.
     Қыздардың ұлдарға қатысты қауіптілікті және абайлау сезімдерін сезіну
     Э. Маккоби және К. Жаклин зерттеулері  бойынша,  қыздар  3  жас  шамасы
кезінде ұлдармен бәсекелестікке түсуге қорқақтайды. әдемі ойыншықты  бірінші
боп тап беру керек болған кезде, қыздар бір жынысты диадада өздерін  сенімді
ұстады, бірақ ұл және  қыз  бар  жұпта,  көбінесе  қыздар  қолдарын  тартып,
ұлдарға ойыншықты алуғ құқығын қалдырып, анасына  баратын  немесе  ұл  барда
өзін пассивті  ұстады.  Бұл  қыздардың  ұлдарға  қатысты  қауіптілікті  және
абайлау сезімдерін сезіну ойын дәлелдейді.
     Басқа жыныстың өкілінің ойнау стиліне реакциялар
     Жыныстардың конфронтациясының бірден-бір  себебі  олардың  сегрегациясы
болып табылады. Олар өседі және бір-бірін байқамай тұрғандай күй  танытады..
басқа жыныстағы өкілдерді білмейді, сонымен қатар оларға сенбейді.  Және  де
бұл жағдайда каузальді атрибуция бар:  өзінің  жынысындағы  жоқ  қасиеттерді
басқа жынысқа жапсыру.  Қыздар ұлдарды адал емес, қатты, шулы, ал  ұлдар   -
қыздарды  жылауық   деп   есептейді.   Басқа   жыныцстағының   қылық-әрекеті
ұнамсыздықты тудырады.
     Б. ифэгот бойынша, қыздар екі жыныстағылардың ықпалына түсе  алады,  ал
ұлдар тек өзінің жынысындағылардың ықпалына түседі.
     Жыныстардың конфронтациясы әртүрлі факторларға байланысты.
     Қатынастың  таңдау  еркіндігі   және   басқа   жыныстағылармен   қылық-
әрекетіндегі шектеулер
     Ұлдар басқа ұлдардың арасында өздерін дөрекі ұстайды, бұл  әрекеттермен
ойын ережелеріне  адал  екендігін  көрсететіндей.  Сондай-ақ  көптеген  дене
дамуы жақсы дамыған қыздар  ұлдар  сияқты  атлетикалық  ойындарды  ойнағанды
ұнатады.  Б.  Сорни  бір  афроамерикандық  қызды  сипттады,  олұлдардың  да,
қыздардың да ойындарын ойнады, дене дамуы және вербалды  жағынан  ассертивті
болды. Ол қыздармен де ұлдармен де дос болды және өзінің ықпалын  пайдаланып
бірнеше қыздарды ұлдардың компаниясына қабылдатты. Бұл  мысал  қыздарға  тән
қатынасудағы үлкен таңдаудың бар екенін көрсетеді. Басқа да  мысал  бар:  ұл
бала – лидердің қыздармен олардың ойынын ойнаған, мұнда да ол лидер  болған.
Бұл сирек ерекше жағдай, ол ұлдың үлкен статусымен  түсіндіріледі.  Көбінесе
ұлдар  қыздармен  ойнайтындардан  теріс  бұрылып  кетеді.   Мұнда   лидерлік
психологиясында танымал  құбылыс  байқалады:  лидер  емеске  істеуге  болмай
қылық-әрекеттер лидерге рұқсат етілген (бірақ белгілі бір шегі болады).
     Жыныстар арасындағы қатынастардың сексуализациясы  және  ондағы  қылық-
әрекеттер ережелері
     Кіші мектеп жасындағы балалар ұл  мен  қыздың  араындағы  байланыстарды
романтикалық және сексуалды ретінде түсіндіре бастайды.
     Ұл-қыздар кейбір ойындарды романтикалық және сексуалдық ретінде  түсіне
бастайды – мысалы, ұл бала қызды  қуып  жетіп,  итеріп  қалса.  Шоуфилд  бұл
қылық-әрекет формасын «итеру арқылы ұнатқанды білдіру» деп атады.
     Шроуф және әріптестері  8  –  10  жастағы  балалар  үшін  жыныс  аралық
қатынастар ережелерін анықтады:
         ▪ Қатынас еріксіз жасалу қажет (мысалы, бұл оқыс  қақтығысу  болуы
           мүмкін);
         ▪ Қатынас кездейсоқ  болуы  керек  (мысалы,  ұл  бала  екі  қыздан
           кейін лимонадқа өз кезегін күтіп тұр);
         ▪  Қатынас  бір  қажеттілікпен  жасырынылуы  тиіс  (мысалы,  басқа
           үстелде отырғанға лимонадты беріп жіберуді сұрау,  бұл  міндетті
           түрде сезімді білдірмей істеу керек);
         ▪  Бұл  қатынасқа  үлкендер  итермелегенде  тиімді  (мұғалім  ұлды
           қыздан бірденені алып келуге жібергенде);
         ▪ Баланың қасында өзінің жынысындағы  біреу  болған  кезде  тиімді
           (екі қыз екі ұлмен әңгімелесіп тұруы мүмкін);
         ▪   Байланыс    объектісі    нәтижесінде    дезавурланады    (оның
           сүйкімсіздігі туралы айту керек, кемсіту, итеруге дейін бару);
     Сонымен балалық шақта жыныстар арасындағы өзара қатынаста  екі  қарама-
қайшы тенденциялар бар: сегрегацияны  (бөлек  қатынас)  және  конфронтацияны
сақтау,  жыныстар   арасындағы   қырғи   қабақтылық   және   керісінше   бұл
сегрегацияны бұзу.
     Іскерлік әлеміндегі ер адамдар мен әйелдер
     Мұнда да қарама-қайшы тенденциялар бар: айқын немесе жасырын сегрегация
және конвергенция. Соңғысы  - қоғамда болған күрделі өзгерістердің  нәтижесі
(өйткені ер адам мен әйелдің бірге жұмыс істеуге тұра келгендіктен).
     Осы мәселеге байланысты көптеген зерттеулер жүргізілді, олар үш негізгі
гипотизаны  ұсынды.  Дж.  Маршлдың  гипотизасы  бойынша,  әйелдер  мұнда   –
келімсек, «басқа ғаламнан келгендер», олар бұл  ортаға  сәй  келмейді.  Одан
арғы  зерттеулер  бұл  гипотизаны  дәлелдей  түспеді,  өйткені  әйелдер   ер
адамдарға жақсы бәсекес бола бастады.
     Кең  таралған  гипотиза  –  «шыны  төбе»,  мұнда   әйелдердің   жұмыста
сәттілікке  жету  жолында  көрінбейтін,  бірақ  шынайы  бөгетті  айтады.  Ер
адамдар үшін мұндай бөгет жоқ. Әйелдерді лидер ретінде топ мойындамайды,  ал
еркектер оларға бөгет болуға тырысады.
     Үшінші гипотиза Г.  Штайстікі  «жұлдыздың  ауруы»  деп  аталады.  Әйел-
менеджердің басқада әйел үміткерлерге көмектеспеуі.  Қазір  мұндай  жағдайды
«реверсивті гендерлі  стериотип»  деп  атайды:  күткендей  болмады,  әйелдер
туралы ойларды ер адамдар емес, көбінесе әйелдер білдіреді.
     Көбінесе топ құрамы бойыша екіге бөлінеді: көпшілігі –  доминантты,  ал
саны азы - токендер (ағыл. тілінен token– белгі).  Ерлер  тобындағы  бір-екі
әйел, әйел өкілінің  бар  екнінің  белгісі  ғана.  Соған  ұқсас  жағдай,  ақ
нәсілді адамдар тобындағы бір-екі қара нәсілді адамдардың болуы.
     Кентер формалсіз әйелдер-токендердің 4ролін анықтады:
        1) «ана» (одан  іскерлі  белсенділікті  емес,  эмоционалды  қолдауды
           күтеді);
        2) «қызықтырушы»:  мұнда  ол  сол  ұйымдағы  жоғарғы  жұмыс  орнында
           отырған  ер  адам  үшін  сексуалды  объект  қана,  ал  әріптес-ер
           адамдарда алаңдаушылықты тудырады;
        3) «бой тұмар» - сүйкімді, бірақ іскер емес, сәттілікті әкелетін;
        4) «темірдей ханым» - оларға әйелге тән емес қатты мінезді жапсырады
           және олар топтан ерекше бөлектенген.
     Достық және сексуалдық гендірлі қатынастар
     Достық интимдік қатынастар
     Достық интимділікпен байланысты. Балалық шақта сенушілікпен, бір  сырды
айтумен сипатталады. Есейген шақта өз-өзін және  өзі  туралы  серігіне  жеке
ақппараттарды ашуды меңзейді.
     Мұндай өз-өзін ашудың екі түрін ерекше көрсетеді:
        1) «сипаттау»: өзі туралы  әңгімелеп  беру,  брақ  фактілерді  ғана
           айтады;
        2) «бағалау»:  серіктес  өзінің  ойлары,  сезімдері,  көзқарастары,
           бағалаулары туралы хабарлауы.
     Ерлерге көбінесе біріншісі, ал әйелдерге екіншісі тән.
     Балалардың және жасөспірімдердің сексуалды бағдарлары
     Дж. Хелстед және С. Вейт зерттеулері кіші мектеп жасындағыларда әртүрлі
екі сексуалды субмәдениетін көрсетті, олар әртүрлі жыныстағыларға жатады.

     9-10  жастағы  ағылшын  балалардың  сексуалды   бағдарлардың   жыныстық
ерекшеліктері
|Мінездеме              |Қыздар                 |Ұлдар                  |
|Сексуалды сөйлеу       |Детальдард санының     |Қысқа сөйлемдер,       |
|                       |көптігі, шынайы        |қалжындар, сексуалды   |
|                       |рефлексия              |сленгтер               |
|Сексуалды              |Жанұя                  |Дос-ұлдар, бұқаралық   |
|ақппараттардың көзі    |                       |ақпарат көздері        |
|Қызығушылық            |Адамдардың сексуалды   |Контрацепцияға,        |
|                       |өзара қатынастарға     |абортқа, жыныстық      |
|                       |                       |ұрықтанудың            |
|                       |                       |механизмдеріне,        |
|                       |                       |балалардың тууына      |
|Қорқыныштары           |Мүмкін болатын бала    |Қорқыныштың жоқтығын   |
|                       |жоғалтудан, ерте       |көрсетті               |
|                       |жүктіліктен болатын жан|                       |
|                       |күйзелістерін бастан   |                       |
|                       |шегу                   |                       |
|Анаша, алкоголь,       |Шынайы түсіну          |Қалжынды               |
|зорлық-зомбылық        |                       |                       |
|қауіптеріне қатынастары|                       |                       |


      Қыз-ұлдардың ересектік шаққа өтер кезде, оларда  секс  және  сексуалды
қатынастар туралы бағдарлары  болады.  Бұл  тұрғыдан  көп  конфликтер  пайда
болады.
     Ересек ер адамдар мен әйелдер махаббат стилдерін көрсетіп білдіреді.
     Бүгінгі күні махаббат стилдерінің әйгілілері К. және  С.  Хендрик  1986
жылы жасаған типологиясы. Онда 6 махаббат түрін көрсетті.
        1) Эрос – сезімге толы махаббат:
        2) Людос – ойын-махаббат:
        3) Мания – серіктесіне  ауру  тәрізді  тәуелді  болу,  оны  ешкіммен
           бөліспей иелену құлшынысы;
        4) Прагма – серіктесті твңдаудағы ақылға негізделген махаббат;
        5) Агапэ – альтуристтік, құрбандық махаббат;
        6)  Сторге  –  мықты  достыққа  және  серігін  силауға   негізделген
           махаббат.
     Сексуалды өзара қатынаста маңызды элемнті көзге шөп салу және айырылысу
қаупі түріндегі экстремалды жағдайлар  болып  табылады.  Мұнда  ерлерді  де,
әйелдерді де қосымша қиыншылықтар күтеді, өйткені олар бұл жағдайға  әртүрлі
қарауы, ұстауы мүмкін.
     Көзге шөп салу және айырылысуға әйелдердің және ерлердің реакциялары
     Американдық психологтар В. Абрахам, Р. Креймер  және  оның  әріптестері
бұл бойынша бірнеше зерттеулер  жүргізді.  Көзге  шөп  салушылықта  көбінесе
ерлерде дистресс болады,  ал  әйелдер  үшін  күтпеген  жағдай  (олардікі  де
дистресске дейін баруы мүмкін). Сонымен  қатар  көзге  шөп  салудан  кейінгі
қылық-әрекеттерде  де  айырмашылықтар  бар.  Ерлер  өздерін  күтпеді,  әдемі
болуға тырыспады. Ал әйелдер көпке дейін  жұмыс  істегілері  келмеді.  Басқа
жақтың басымдылығы оның  осал  жері  болады,  яғни  әдемілік  -  әйелдердің,
ерлердің – жұмысы басымдылық болып табылады.
     Айырылысуға  көбінесе  ерлер  барады,  бірақ  үлкен  дистресстіде  олар
сезінеді. Айырылысудан кейін тасталып кеткен адам өзін  өте  осал  сезінеді.
Ерлер айырылысудан кейін тез өз-өзін жұбатады,  яғни  ажырасудан  кейін  жиі
екінші рет үйленеді. Бұл ерлердің үлкен мүмкіншілігі тұралы айтады.
     Сексуалды қылық-әрекеттегі жыныстық айырмашылықтар
     Р. Бауместер және К. Соммер бойынша,  ерлер  кең  әлеуеметтік  топтарға
бағдарланған, мұның себептерінің  бірі  –  бұл  сексуалды  серіктес  ретінде
әйелдерге көп қол жеткізе алады.  Ерлер  промискуиттерге  бейім  (бейбірекет
сексуалды байланыстар). Әйелдердің басымдылығы – әдемілік,  бұл  әлеуеметтік
статусын жоғарлатуға көмектеседі, ал бұл  арқылы  оларды  жоғары  статустағы
ерлер таңдайды. Билік әйелді сексуалды қылмайды.
     Гомогенді сексуалды қатынастар
     Нидерландта  гомосексуалдарға   деген   толеранттылықтың   ең   жоғарғы
көрсеткішті көрсетті.
     Әйел  мен  ерлер  еркектер  арасындағы   гомосексуалдылыққа   негативті
реакцияны көрсетті.
     П.   Блумштейн   және   П.   Шварцтың   байқағаны   бойынша,   көбінесе
лесбиянкалардың жұптары берік емес және ұзаққа бармайды.
     Жұбайлық қатынастар
     Неке түрлері
     Көбінесе кездесетін неке түрлері:
        1) Бір мезгілдегі полигиния – бір ер адамда бірнеше әйелдің болуы;
        2) Бірмезгілдегі полиандрия – бір әйелде бірнеше күйеудің болуы;
        3) Бірмезгілдегі многамия – бір ер адамда бір әйелдің болуы;
     Көп таралмаған неке түрлері бар, кейбірлеулерін атап өтейік:
        1) Топтық неке – бірнеше әйел мен бірнеше ерлер заң бойынша  некені
           тіркейді, ортақ балалары болады;
        2) Некені көру (азаматтық неке депте аталады): заңды тіркелмеген.
        3) «қонақтық» неке (басқа атауы «уик-эндтік):  жұбайлар  екі  түрлі
           үйде, тіптім екі түрлі қалада тұруы мүмкін, ғашықтық  сезімдерін
           сақтап қалу үшін жасайды, ортақ шаруаны жүргізбейді.
     Европада неке түрлерінің ерекшеліктері:  кеш  тұрмыс  құру  (24  жастан
кейін), көпшіліктің неке құрмауы (көбінесе әйелдер).
     Азияда: керісінше ерте тұрмыс құру,  тұрмысқұмағандар  санының  өте  аз
болуы.
     Иерархиялық құрылымдағы қоғамдағы сексуалды қатынастардың байланыстары
     Қаз рулық қоғамында жұбайы өзінің статусына сай болуы  керек.  Кедейлер
мен байлардың әйелдер саны әртүрлі болды.
     Австралия   абригендерінде   ересек   жастағы   ең   жақсы   аңшыларға,
жауынгерлерге үшінші немесе төртінші  әйел  ретінде  ең  әдемісі  берілетін.
Жеңілдергендердің әйелдері жеңгендердің әйелдері болатын.
     Кәзіргі заманның отбасының ерекшелігі тең құқылық . 1960  ж.ж.  батыста
басталған сексуалдық ревалюция әйел мен ерлердің сексуалды бағдар мен қылық-
әрекеттердің өзгеруіне әкеп соқты.
     Жұмыс істеуші немесе үйшаруасындағы әйел
     С. Парасураман және әріптестерінің  зерттеулері  бойынша,  жұмыс  істеп
жүрген әйелдің күйеуінің үйшаруасындағы әйелдің күйеуімен  салыстырғанда  өз
жұмысымен,  некемен,  өмірмен  балаларды  тәрбиелеуде   қанағаттанбаушылықты
сезінеді. Бірақта зерттеудің авторлардың қорытындысында бойынша жұмыс  істеп
жүрген әйелдің ықпал факторы  ерлердің  психологиясына  әсері  сондай  үлкен
емес делінген
      Отбасындағы лидерлік
      Біз моногамді  отбасылардың  жағдайын  ғана  қарастырамыз.  Лидерлікті
бөлісу бойынша үш түрін ажыратамыз: 1)дәстүрлі (ерлер – лидерлер, әйелдер  –
еруші  –  патриархалды  стиль);  2)   дәстүрлі   емес   (матриархалды);   3)
эгалитарлы(екеуі де – лидер).
      Т. Парсонс қылық-әрекеттің екі стиліне сәйкес отбасындағы  лидерліктің
екі  стилін  ерекшелеп   көрсетті:   а)   «құралды»   (ортақ   тапсырмаларды
ұйымдастыру)  және  б)»экспрессивті»  (эмоционалды  бірауыздылықты  сақтау).
Ерлерге біріншісі, ал әйелдерге екіншісі тән.
      Лидерлік басқв адамда да болуы  мүмкін:  балаларының  біреуінде,  ата-
енесінде, әке-шешесінде т.с.с.
      Отбасылық лидерліктің кросс-мәдени зерттелуі
      К.  Атанасиади  өзінің  зерттеулерінде  анықтағаны,  Грецияда  әйелдер
құндылықтар конфликтерін  сезінеді.  Қоғам  оларға  қарама-қайшы  талаптарды
қояды. Бір жағынан  –  бұл  аналық.екінші  жағынан,  акдемиялық  сәттіліктер
бағаланады. Нәтижесінде аспирант-әйелдеғр карьера мен отбасы арасында  қаққа
жарылуда болды.
      Нидерландыда дәстүрлі стериотип таралған, ол бойынша  ерлер  отбасында
да, одан тыс та лидер болу керек.  Мұндай мемлекеттерде көпке дейін  күйеуге
шыққан әйелдерге жұмыс істеу тыйм салынған, бірақ  қазірдің  өзіндеде  қоғам
жұмыс істеп жүрген әйелдерді мақұлдамайды., әсіресе басқару  орындарында  ал
Польшада керісінше бұл іс үшін мақтан тұтады.
      Қазақ жұптарында лидерлік қылық-әрекет мәдени  нормалармен  байланысты
болды (ерлердің басымдылығы).
      Сонда да кәзіргі күнде эгалитті лидерліктің моделі көп тарала бастады.
      Отбасындағы ата-ана мен балалардың өзара қатынасы
      Э. Маккобимәліметтері бойыншы, балаларға деген  қатынастағы  әке  және
шешенің гендірлі рольдерінің ерекше айырмашылықтар келесі аспектілерде:
        1) Балалар үшін жауаптылықты бөлісу түрлері;
        2) әке және шеше қылық-әрекетінің стильдері;
        3) қылық-әрекетте өзінің жынысына тән гендірлі жақтарын көрсету;
        4)  ұлына  және  қызына   деген   қатынасы   бойынша   қылық-әрекет
           стильдеріндегі айырмашылық;
        5)   жыныстық   сегрегацияны   күшейту   немесе   балаларға   деген
           қатынасындағы конвергенция тілектері.
     Бұл барлық ерекшеліктер әке мен шешенің балалармен қатынасындағы  өзара
қатынасқа әсер етеді. Олар сонымен қатар жұбайлық қатынастарға әсер етеді.
     Әке және шеше қылық-әрекеттерінің стилдері
     Ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылықтар мынадан көрінеді:
        1) құралды немесе экспрессивті лидерлік стилін қолдануда;
        2) қатты күшпен өзара әрекеттесу деңгейінде;
        3) балаларда эмоционаларының көрінулеріне әртүрлі сенситивтілігінде;
        4)  өзара  түсінушілікте  немесе  талаптарды  қойған   кезде   мықты
           ассертивтіліктің көрінуінде;
        5) конфронтацияда және дисциплинада;
        6) балаларды ақпараттандыруда және оқытуда.
     Конфронтацияны күшейту немесе отбасындағы  өзара  қатынастағы  жыныстық
гормонияға құлшыныс
     Эмпирикалық   түрде   балаларды   тәрбиелеуде    жұбайлардың    әртүрлі
стратегиялары байқалды. Маккоби бірнешеуін келтіреді:
        1) ата-аналардың күштерді біріктіруі;
        2) әке шешенің көмекшісі ретінде;
        3) әке әйелден басым екнін, билігін көрсету үшін баланы қолданады;
        4) ана жасырын түрде әкенің балаға ықпалын бұзады;
        5) ана әке мен баланың арасындағы байланыстырушы;
        6) ата-ананың балаға әсер етуде әртүрлі мақсаттары болады.
     Девиантты қатынастар
     Әйелдер мен ерлердің өзара қатынастағы конфликті  мен  құқық  бұзушылық
жағдайлардағы қылық-әрекеттер.
     Конфликті   жағдайларда   қылық-әрекеттің   жыныстық    ерекшеліктердің
көрінулері:
        1) гендерлі стериотиптерінде, оның конфликке қатысушыларға әсері;
        2) әйел мен ерлерде конфликқа апаратын жақтардың болуы;
        3) конфликтерді шешу тәсілдерінде;
        4)  келіссөздер  кезінде  әртүрлі  паттерндерді  қолдану,   олардың
           түсінбеушілікке әкелуі мүмкін.
     Гендерлі стериотиптер  конфликке  қатысушылардың  қылық-әрекетіне  әсер
етеді. Көбінесе ерлерге  үлкен  агрессивтілік,  ассертивтлік,  бәсекелестік,
доминанттылық,   тән   дейді,   ал   әйелдерге   –   эмоционалдылық,   төиен
агрессивтілік, кооперативті қылық-әрекет.
     Осы стериотиптерге сәйкес конфликтерді шешуге тырысады.
     Іскерлік және интимдік келссөздерде ерлер көбінесе  көп  сөйлейді,  жиі
сөзді бөледі, ал әйелдер көп сұрақ қояды және оларды  жиі  қайталайды.  Және
де  вербалсыз  айырмашылықтарда  байқалған  әйелдер  ерлерге  қарағанда  жиі
жымияды және күледі.
     Кейде  бір  жыныста  да,  екі  жыныс  арасында  да   конфликтер   құқық
бұзушылыққа  дейін  барады.  Отбасында   әйелдер   ерлерге   қарағанда   көп
кемсітулерге т.с.с. ұшырайды.  Бірақ осыған қарамастан қоғам  кінәнә  әйелге
тағуға бейім болып тұрады. Қазіргі күнге дейін айтылатыны  «  әйелді  зорлау
мүмкін емес, егер ол өзі қаламаса», бірақта бұл ой баяғыда кері шығарылған.
     Т. Амстронг және әріптестері  дене  зорлық-зомбылығы  бар  конфликтерді
зерттеді,  мұндай конфликтер қатты эмоционалды реакцияны бергені  анықталды.
Бұл конфликтер жайлы әйелдер  ерлерге  қарағанда  жақсы  естеріне  сақтаған.
Конфликте әрқайсысы өзінікіі рас деп есептеді. Егер де күйеуі  әйелін  ұрып,
ол  тұралы  ұмытса,  әйел  ұсақ  түйекке  шейін  есіне  сақтайды  және  егер
күйеуінің ұмытып қалғанын білсе, оның жан күйзелісі үдейе түседі.
     Әдебиеттер мәліметі бойынша, мұндай зерттеулердің  нәтижесін  келесідей
бөлуге болады: а) ерлердің басқаларға зорлыққа деген  үлкен  биімділігі;  б)
әйелдердің өзіне қарсы зорлық; в) жыныстық ерекшеліктердің болмауы.
     Екі жыныстағыда зорлық-зомбылық жасай алады, бірақ бұл көбінесе ерлерге
тән деп қабылданған, өйткені ерлер  дене  бітімі  жағынан  әйелдерден  мықты
болып келеді.  Ерлер  көбінесе  біреуді  өлтіреді,  ал  әйелдер  өз-өздерін.
әйелдер суицидтік жағдайларға ерлерге қарағанда биім келеді.
     Екі жыныста да өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін факторлар:
        1) әкенің алкоголизмі, балаларды ұрып-соғумен жалғасатын;
        2) ананың психикасының сау болмауы;
        3) анашаны шегуі, әсіресе жасөспірімдік кезінде;
        4) балалық шақта дистрессті және жан күйзелісін бастан кешуі;
        5) депресивті эмоционалды  жағдай  көбінесе  екі  жыныста  да  анаша
           шегушелерде байқалған.
     Әйелдер ерлерге қарағанда өзінің суициттік ойлары  туралы  жиі  айтады.
Ерлерде мұндай ойлар  балалық  шақта  қатты  психологиялық  жарақат  алғанда
пайда болады.
     Ерлер мен әйелдердің дивиантты  қылық-әрекетінде  ұқсас  белгілер  бар,
айырмашылықтарда бар.


     Әйелдер рөлдерінің дәстүрлік шектеулері.
1. Үй   ошағын сақтаушы.
2. Іскер әйел.
3.  Үй ішіндегі еңбек және жұмыстағы әйел.
4. Ерлер мен әйелдердің жұмыс ақыларындығы айырмашылықтар.
5. Ұйымдарда әйелдің төмен статусы және оларда биліктің болмауы.

      Бізде әйел орны –ошақ басында даген ой қалыптасқан,  бірақ  әйелдердің
40% ғана үйде отырады (бұл санға зейнеткерлік жастағы әйелдер кіреді).  АҚШ-
та көптеген жанұяларда  күйеулері жұмыс істейді ал әйелдері  екібала  немесе
одан көп балаларды тәрбиелейді, олардың барлығы 7% -ті құрайды. Бірақта  бір
қарағанда күнделікті жұмысқа барып келгеннен ,жақсы сияқты үйдегі әйел  адам
аз жұмыс істейді деген ойымыз қате .Шынында да  әйел  үй  жұмысына  аптасына
48-70 сағат кетіреді. Сонымен қатар еңбек ақылы жұмыс тек қана  экономикалық
және  әлеуметтік  қажеттіліктерді   қанағаттандырмайды,  ол  сонымен   қатар
құрметтеу, сыйлауды , статуста және стимулды қанағаттандырады..
     Үйде   отырған   адамда   ,бұл   қажеттілікті   қанағаттандыру   қиынға
түседі.1963жылы  Бетти  Фридан”Әйелдің   ерекше   қабілеті”   деген   кітабы
шықты.Фридан  <<әйелдің   ерекше   қабілеті   >>   сөзтіркесінде   қолданған
америкадағы әйелдер туралы жалпы жағымды ерекшеліктерін  көрсеткісі  келген.
Фридан ,бұның қиындығы көптеген әйелдер қанағаттанбаушылықты  сезінеді  және
одан ұялады.  Фридан  өз  “  Үй  ошағын  сақтаушы”интервьюында  ол  көптеген
әйелдерде әйел  және  ана  ролі  олардың  арманы  болған  мен  олар  өздерін
ққанағаттанбаушылықты  сезінеді.  Негізінде  проблема  олардың   басқалардың
керектерін қамтамасыз етеді ,  олар  өздерін  көп  ойламайды.Басқа  проблема
<<Үй  ошағын  сақтаушы  >>  рөлімен  байланысты.Фриданның  айтуынша   үйдегі
әйелдер өз өміріндегі адамның маңыздысәттерде шетте  қалып  қояды  сондықтан
олар өздерін толық сезіне алмайды.<<Махаббат, балалар, және үй бұл жақсы  ал
бұл бүкіл әлем емес>>. Фриданның кітабы 30 жыл бұрын  жарықа  шыққан,  бірақ
осы  күнге  дейін  “әйел  қабілетінің   ерекшелігі’’проблемасын   қарастырып
келген. Мысалы:Кросби  былай  деп  айтқан  «көптеген  жас  ерлермен  әйелдер
бірінші  балаларының  дүниеге  келуін  қуанышпен  тосады,   өз   қиялдарында
идилликалық  уақытты  елестеді.  Көбінесе  сіздерді  солай   ойлайсыздар  ал
сіздер ұйқысыз түндерді, сасық баланың жайлықтары, олардың бітпес  ауруларын
көз алдынызға елестете аласыз ба?».
    Таврис және Оффер көп әйелдердің үй  әйелі  роліне  арнайы  термині  –үй
әйелі синдромын үсынған болатын. Барлық жұмыс  еш  уақыт  аяқталмайды,  және
қызықсыз адамды жалықтырып жбереді.Ал баланы ойласан бұл  өмірдегі  ең  азал
болып табылады.Шындығында өмірде оларды  тамақтандырып  киіндіру,  жуындыру,
ал өскен кезде олар бір-бірімен ұрсысады,сізбен ұрысады,  одан  кейін  сізді
керекте қылмайды.Ферри ұй әйелдері  көбінесі  өздерін  әлеуметік  оқшалануын
сезінеді. Зерттеушілердің ойынша жұмыстағы әйелдерге қараған үйдегі  әйелдер
депрессияға бейім.Өйткені олардың  жұмысы  жалықтырып  жібереді   күнделікті
қайталанып  отырады.Ал  басқа  зерттеушілердің  айтуынша    үйдегі   әйелдер
депрессияға бейім емес  өйткені  олар  өз  өмірлеріне  қанағаттанады.  Шихан
айтқан жұмыс  істемейтін  әйелдер  өз  үй  жұмысын  қызықсыз  және  қоршаған
ортадан оқшаланғанымен олар психалогиялық  дискомфортты  сезбейді,өйкені  үй
әйелдері  көпбос  уақыттарын  бар  ,  клуб  және  қоғамдық  ұйымдарға  барып
сергуіне болады. Ферри көрсеткен үй жұмысында көптеген қуанышты  сәттер  бар
олар өзі  жақсы  көретін  адамдарына  жақсы  іс  жасасан  және  жақсы  жұмыс
жүргізгенде көрінеді.<<Үй әйелдері>><<жұмыстағы әйелдер>>  жанұяға  әкелетін
кірісі, олардың религиялық сенімі, себебі,  үйде  отыруының  немесе  жұмысқа
бару жас және бала саны барлығы әр түрлі . Осы факторлардың барлығы  жұмыста
және үйдегі ролдері қанағаттану деңгейіне  әсерін  тигізеді.Кроуздың  ойынша
үй әйелінде кезінде әйел ролі туралы түсінік дәстүрлі емес  болса,  ал  оның
күйеуінде дәстүрлі түсінік қалыптасқан  болса,  онда  ол  әйелде  өз  роліне
деген  қанағаттанбаушылық   пайда   болады,және   олар   депрессияға   бейім
тұрады.Перри Денкинс әйелдердің үйде немесе жұмыста өз роліне қандай  мағына
беретінін көрсеткен. Мысалы:жұмыс  істейтін  әйелдің  ойынша  оның  отбасына
әкелетін кіріс оның күйеуіндікіндей  бірдей  боғанда  онда  қанағаттанушылық
көрінеді.Ғылымдардың айтуынша үй әйелінің роліне  қарағанда  жұмыс  істейтін
әйелдің  ролі  жанұяда  басымдырақ.   Жанұядағы   билік   теориясы   бойынша
қарастырсақ ерлі-зайыптылардың қайсысы экономикалық мүмкіндігі жоғары  болса
соның қолында үлкен билік болады.Бірнеше зерттеушілер жұмыстағы әйел  ұйдегі
әйелден  қарағанда  өз  отбасында  күштірек  әсер  етеді.Эриксен  және  оның
серіктестіктерінің айтуынша егер күйеуінің жұмысы абыройлы  болса.  Онда  ол
өз отбасы өмірінде  басты  рөл  атқарады.Стейл  және  Туретцкидің  пікірінше
<<отбасындағы  жыныс  тенсіздігі,  отбасындағы  талаптарының  тең  болмауына
әкеледі>>.Үй ошағын сақтаушы ,әйел  адам-телеэкрандағыдай  идиллиялды  емес,
бұндай ролді шынайы өмірде ойнатын адам біздің құрметімізге ие болуы тиіс
      Үйдегі еңбек және іскер әйел
      Қазіргі күндегі әйелдің дәстүрлі ролі, оның жұмыс істеп жүріп,  үйдегі
тіршіліктің  жүгін  өз  мойныңа  артуы,  балалрды  бағу   және   олар   үшін
жауаптылық. Үйден тыс жұмысты тындырып келіп, әйел  үйдегі  екінші  жұмысына
кіріседі, яғни екі жұмысты істеп  жүріп  демалуға  деген  уақыты  қысқарады.
Үйде ер адамның әйелге көмектескенмен басым  көпшілік  жұмысты  әйелдің  өзі
атқарады. Бұл жағдай әйелді стресске  ұшыратады  деген  пікірде  бар,  бірақ
зерттеулер бойынша жұмыс істеп жүрген  әйелге  қарағанда,  үйде  отырып,  үй
шаруасымен айналысқан әйелдер стресске жиі ұшыраған.
      Ерлер мен әйелдердің еңбек ақы алудағы айырмашылықтар
      Тегі европалық американ ерлер  мен  әйелдердің  бір  жыл  бойғы  алған
жалақылылары салыстырылды, әйелдер  ерлердің  жалақысының  68%  ғана  алған.
Мұндай  мысалдар  өте  көп.  Әйелдер  ерлер  істейтін  тура  сондай  жұмысты
істеседе,  ерлерден  аз  жалақы  алады.  Бірақ  әйелдердің  жалақылары  өсіп
келеді, сонда да ерлердікіне жетпейді.
      Мұндай өзгешіліктердің  себептерін  қарастырайық.  Оның  ішіндегі  көп
таралған екуін айталық: біріншісі, әйелдерге аз ақша төленетіндігі,  өйткені
олардың өздері аз төленетін жұмыстарға орналасады, екіншісі,  әйелдер  құнды
жұмыскер болып табылмайды,  өйткені  керекті  тәжірибе  мен  квалификацияның
жоқтығынан. Тағыда бір пікір әйелдер аз алады, өйткені аз алуды күтеді.
      Әділдік теориясына  сәйкес,  егер  сіз  төлем  ақы  жағынан  кемсітуді
сезінсеңіз, онда сізде әділдікті орнатуға құлшынысыңыз пайда болады.
      Ұйымдарда әйелдің төмен статусы және оларда биліктің болмауы
      Төмен жалақыны алумен қатар олар статус жағынанда ерлерден төмен. Оған
көптеген мысалдарды келтіруге болады.Соның бірі саясатта әйелдердің  өте  аз
болуы. Мұндай жағдайларда «көрінбейтін төбе»  құбылысы  бар,  бұл  кедергіні
ерлерде болмайды.
      «Көрінбейтін  төбе»  терминін  Лин  Мартин  ұсынған  қолмен   жасалған
кедергілерді белгілеу үшін.
       Әйелдердің  неге  төмен  қызметтерде  жұмыс  істейтінін  көп  тараған
түсіндірмелерді қарастырайық:
        1. Ұйым жұмысының адамдық қорына аз үлесін қосады. Бұл адамдық  қор
           концепциясына негізделген.
        2. Әйел ерлер сияқты істі жақсы  жүргізе  алмайды.  Әйелдің  тиімді
           қызметте жоғарлау жолдары ерлермен  басып  алынған.  Бұны  былай
           түсіндіреді, әйелдердің басқарушылықтың кейбір қасиеттері  болса
           да, нағыз лидер  болу  үшін  керекеті  қасиеттері  жоқ.  Бірақта
           әйелдер ерлерден  кем  емес  басшы  бола  алатыны  және  олардың
           мотивацялары мықтырақ  болатыны  туралы  дәлелдер  бар.  Сонымен
           қатар әйелдер конфликті жағдайларды  жақсырырақ  шешетіні  жайлы
           мәліметтер бар.
        3. Қоғамда таралған әйелдерді қабылдау туралы стериотиптер себептер
           болуы  мүмкін,  яғни  жұмысты  басқарушы   және   лидер   роліне
           әйелдердің  келмейтіні  тұралы.  Кейбір  зерттеулер   бұл   ойды
           дәлелдейді, лидерлерде  ерлерге  тән  қасиеттердің  болуы  керек
           туралы. Мұндай стериотиптерге тек ерлер ғана емес, сонымен қатар
           әйелдер де келіседі.
        4. Ұйым ішінде ешқай жерде  жазылмаған  нормалар  бар,  ол  бойынша
           жоғарғы қызметтерге ерлерді қойған жон деген. АҚШ –та 1991  жылы
           жүргізілген сұрақнама бойынша адамдар көбі  бұл  мәселе  бойынша
           жауапта ойланып  қалды,  мұндай  нормалардың  бар  екені  туралы
           айтқандары да болды, олар  бұл  нормалармен  үндемей-ақ  келісіп
           отырды. Бұл норманы сақтамасақ,  тіптім  басшылардың  өздері  де
           осылай ойлайды, жұмысқа карераға кері әсер етеді.
        5. Ұйымда әйел жұмыс істеу  кезінде  қызметін  өсіру  үшін  керекті
           тәжірибе жинамайды.көбінесе  әйелдерге  жұмыста  ілгері  жылжуға
           мүмкіндігі жоқ жұмыстарды береді.
        6. Әйелдерге олардың жанұяға және үйге байланысты міндеттер жұмыста
           жоғарлауға  кедергі  болады.  жүргізілген   зерттеулер   бойынша
           шынында  да  кейбір  әйелдерге  бұл  жағдай  жұмыста  жоғарлауға
           кедергі болады.  827  жұмыс  істеп  жүрген  әйелдерді  салыстыру
           кезінде,  әйел-басқарушылар  көбінесе  басы  бос  әйелдер  болып
           шықты.  Әйелдер-басшы    мен   ерлер-басшыларды   салыстырғанда,
           менеджерлік қызметте  көбінесе  үйленген  ерлер  және  басы  бос
           әйелдер болып шықты.
        7. Әйелдің басты міндеті  –  үй,  жанұя,  олардың  қызметте  ілгері
           жылжуда  кедергі  болуы  мүмкін  деген  көпшіліктің   ой-пікірі.
           Әйелдердің ерлерге  қарағанда,  статистикаға  сүйенсек,  жұмысты
           үлкен құлшыныспен істейді.  Отбасының  мәселесімен  басы  қатып,
           жұмысты  дұрыс  істей  алмаған  жағдайдың   өзінде,   үйленбеген
           ерлермен бірдей жұмыс істейді,
      Сонымен,  әйелдердің  ерлерге  қарағанда  нашар  жұмыс  істейді  деген
пікірлерге ешқандай негіз жоқ, бұл тек стериотиптер ғана, ал  олармен  күрес
жүргізілуде.  Соның  нәтижесінде  салыстырмалы  түрде   әйелдердің   статусы
жоғарлауда. Оған дәлел басқару орындарда әйелдер санының өсуі.


      Дәстүрлі ерлер рөлдерінің шектеулері.
      Ер адам ролінің бір компоненті –сәттілік/статус нормасы.  Ол  ер  адам
құндылығы  оның  жалақысының  мөлшерімен   және   жұмысындағы   сәттілігімен
анықталады дегенді білдіреді. Бұндай норма өзіндік  актуализация  процесіне,
ер адамның өзіндік бағалауына және оның әкелік қасиеттерінің көрінуіне  кері
әсерін тигізеді. Егер ерлер сәттілік/статус нормасына сай өмір сүре  алмасы,
оларда  компенсаторлы  батылдық  (мужественность)  қасиеті  көріне  бастайды
(батылдықтың шеткі және деструкциялық варианты).
      Ақыл-ой қатаңдығының нормасы  (норма  умственной  твердости)  ер  адам
үнемі білгір, компетентті және жағдайды басқара алатын  болу  керек  дегенді
білдіреді. Осы норма жаға ақпаратты қабылдауға кедергі болуы  мүмкін,  үлкен
қателіктердің  себепшісі  болып,  өзара  қарым-қатынас  саласында  мәселелер
тудырады.
      Физикалық қатаңдық нормасы  (норма  физической  твердости)  және  оның
серігі – «посылай все к черту, и вперед» нормасы ер  адам  физикалық  күшті,
батыл  және  қауптіліктерді  айналып  өтпейтін  болады  дегенді   білдіреді.
Бұндай нормалар агрессия  мен  тәуекелдік  мінездің  (стероидтарды  қолдану,
ішімдік  пен  нашақорлыққа  әуес  болу,дәрілік  заттарға  әуес  болғандығына
немесе дәрігерлік көмекке уақытында  жүгінбегенде  туындайтын  физиологиялық
дисфункциялар, абайсыз көлік жүргізу және жауапсыз жыныстық  тәртіп)  себебі
болып табылады.
      Эмоционалды  қатаңдық  нормасы  (норма  эмоциональной  твердости)   ер
адамдар  сезімдерін,  эмоционалдық  әлсіздігін  көрсетпеуі  керек  және   өз
мәселелерін өздері шешуі керек дегенді көрсетеді. Ер  адамдар  басқа  жақтан
аз эмоционалдық сүйенішті  алуының  және  жақын  қатынастардың  аз  болуының
себебі осы нормаға байланысты.
      Әйелдікке қарсы нормасы (норма антиженственности)  ерлерге  әйелдермен
байланыстырылатын әрекеттер мен жеке мінез-құлықтан қашу дегенді  білдіреді.
Эмоционалды  қатаңдық  нормасын  сәйкес  осы  норма  да  эмоцияны  жасыруды,
армандайтын бірақ  стереотипті  түрде  әйелдік  деп  саналатын  (нәзіктілік,
эмпатия)  тәртіп  моделін   көрсетпеуді   көздейді.   Ол   үйге   байланысты
жұмыстардың әділ бөлінуіне кедергі болады.
      Ұзақ уақыт бойы ер адам батылдық туралы дәстүрлі көзқарастарға  сәйкес
болатын болса, психологиялық  жағынан  дені  сау  деп  есептелеген.  Қазіргі
уақытта ерлік гендерлік рөл оның кейбір  аспектілерінің  дисфункционалдылығы
мен  қарама-қайшылығына  байланысты  үрей  мен  стресс  көзі  болады   деген
көзқарас туындайды.
      Зерттеулер көрсетеді: біздің заманымызда дәстүрлі ер адам  ролі  әлсіз
қабылданады.  Алайда  ерте  кездегі  әлеуметтену  (социализация),   қоршаған
адамдар дәстүрлі ролді жақтайтын сияқты  болып  көрінгенуі  және  әлеуметтік
мекемелердің тәртіптің жаңа тәсілдерін жақтамауы –бұлардың барлығы  ер  адам
роліндегі фундаменталды  өзгерістерді  тежейді.  Клиникалық  психология  мен
психиатрия  да  дәстүрлі  ер  адам  ролінің  жан   саулығына   кері   әсерін
тигізетіндігін қабылдауға тырыспайды.


      Гендерлік рөлдердің өзгеруі.
      Когнитивті категориялар (схема деп те аталады) бізге  өңдеуге  қажетті
ақпарат көлемін азайта алады.  Біздің  схемалармен  сәйкес  келетін  ақпарат
жеңіл қабылданады, жинақталады және бейнеленеді.
      Гендерлік стереотиптер схемалар қызметін атқарады, соларға  байланысты
біз  гендерге  байланысты  өзіміздің  тұрақты   сенімділігімізді   растайтын
мысалдарды жоғары мүмкіндікпен байқаймыз және есімізде сақтаймыз.  Гендерлік
схемалар үнемі «қосылған жағдайда» («во взведенном состоянии»)  болады  және
біздің  қоғамда  гендерлік  айырмашылықтар  туралы  айтылатын   табандылыққа
байланысты ақпарат өңдеу процестерін басақруға дайын болады.
      Адамдар  схемаларына  жат   жағдайлармен   кездескенде,   олар   жалпы
стереотиптерді  сақтайтын  подкатегорияларды  (категория  асты)  құрастырады
немесе оларды ережеге сай келмейді деп жіктейді. Схеманы  өзгерту  үшін  көп
күш жұмсалу керек.
      Біз  күткен  жағдайлар  мен  стереотиптер  біздің  неге  сенетінімізді
дәлелдейтін жағдайларды ғана байқап, қабылдауымызға  әкеледі,  сонда  гендер
мен белгілі дағдылардың, қабілеттер  немесе  тәртіптің  арасында  иллюзорлық
корреляция туындайды. Адамдар көп жағдайда сирек  кездесетін,  бірақ  жарқын
мысалдарға негізделіп осынай корреляцияларды көреді.
      Біздің гендерлік стереотиптер біздің басқаларға байланысты  көрсететін
мінез-құлығымызға әсер етеді, басқалар  да  біздің  стереотипке  сай  мінез-
құлық   көрсете   бастайды.   Ол   өзіндік    реализацияланатын    болжамдар
(самореализующимися пророчествами)деп аталады.
      Әлеуметтік ролдерді бөлу мен достарды таңдау сұрақтарындағы  гендерлік
сегрегация біздің басқа жыныстағы адамдарға бізге қарама-қайшы нәрсе  сияқты
қабылдауымызға ықпал етеді.  Гендерлік  ерекшеліктерді  айқындау  өз  тобына
жақындылық қатынаспен, ал бөгде топқа  әділетсіз  қатынаспен  қарауға  себеп
болады, сөйтіп гендерлер арасында шиеленістің тууына әкеледі.
      Туғаннан бастап бізге тән болып келетін  ақпаратты  өңдеу  тенденциясы
мен   гендерлік    ерекшеліктер    айқындалатын    бізідң    мәдениетіміздің
айырмашылықтары жартылай  гендерлік  категоризацияға  жауап  береді.  Осыдан
басқа, тұлғаның гендерлерді түрлі қылып көретін қызығушылығы болады,  себебі
оның әлеуметтік ұқсастығы (идентичность)  гендерлік  категориялардан  бастау
алады.
      Топпен қатты идентификация  ұқсастық  сезімінің  қалыптасуының  қуатты
көзі болып табылады, ал басқа топтардың қасиеттерін кемсіту  өзіндік  бағаны
жоғарылатып, әлеуметтік өзгерістерге жетуге бағытталған күресті  туындатады.
Осы   кезде   топтар   арасындағы   шиеленістер   топтық    айырмашылықтарды
жоғарылатумен және қуатты идентификация мен басқа топтарды кемсітумен  бірге
жүретін агрессияны сезінумен байланысты туындайды.
      Мәдениетті универсалийлер (этика)- әлемдегі көптеген  қоғамдастықтарда
кездесетін  салттар  –гендерлік  айырмашылықтардың  биологиялық  негізі  бар
деген тұжырым қалыптасқан. Алайда бұлар эволюциялық  факторлармен  шақырылды
ма, немесе мәселелерді әлемге таралған шешу жолдарымен  шақырылды  ма,  айту
белгісіз.
      Жыныстық түріне байланысты еңбекті  бөлінісі  гендерлік  стереотиптер,
ұлдар мен қыздардың дифференциалданған  социализациясы,  әйелдердің  ерлерге
қарағандағы өте төмен статусы мен төмен  басқарушылық  мүмкіндіктері  сияқты
көптеген мәдениеттерге тән.
      Жыныс белгісіне байланысты еңбек бөлінісі  балалық  шақтан  басталады.
Әкелері балаларына аналары өткізетін уақытының 1/3  бөлігін  ғана  жұмсайды.
Бар әлемде әйел адамдар  үйден  тыс  жұмыс  істесе  де,  үй  шаруасының  көп
жұмысын атқарады.
      Мәліметтер гендерлік стереотиптердің жалпы  мәдениеттік  ұқсастықтарын
көрсететінін білдіреді. 25 елде өткізілген зерттеулер (әр елдің тұрғыны  осы
сипаттамалар  бойынша  жыныс  арасында  дифференицялауды   (ажыратуды)   қай
дәрежеде  көрсететіндігі  бойынша  мәдениеттік  ерекшеліктер  анықталса  да)
ерлер – іскер, ал әйелдер – үй шаруашылығын  тындыратындар  деп  саналатынын
көрсетеді. Әрбір елде  әйелдерді  өте  әлсіз  және  пассивті  (енжарлы)  деп
көрсету стереотипті болды.  Діндерінде  әйелдер  жоғары  орын  алатын  елдер
әйелдік жағымды стереотипімен діндегі басты орынды ерлер алатын және  барлық
салттар ерлермен өткізілетін елдерге қарағанда ерекшеленді.
      Әрбір  қоғамның  дәстүрлі  гендерлік   ролді   қалай   қолдайтындығына
байланысты біршама мәдениетаралық  ығысулар  бар.  Алайда  әлемде  гендерлі-
ролдік идеология бойынша әйелдер ерлерге қарағанда эгалитарлы  көзқарастарға
ие болады.
      Эмиктер (мәдени өзінділік -культурная специфика)  гендерлік  ролдердің
өзгеруі  кезінде  өте  маңызды  болады.  Өзгерістер   топтық   мәдениеттерге
қарағанда  жекешелік  мәдениеттерде,  сонымен  қатар   саяси   және   мәдени
идеологиясы  тепе-теңдік  пен  минималды  әлеуметтік   тапқа   бөлінушілікке
(расслоение) бағытталған қоғамдарда тез  жылдамдықпен  өтуі  мүмкін.  Осыдан
басқа, гендерлік теңдікке бағытталған жолдың белгілі бір мәдениетке  тәуелді
өзінің ерекшеліктері болады, АҚШ-та  өзгерістерге  әкелегн  факторлар  басқа
елдердегі өзгерістерге әкелетін фактордан ерекшеленуі мүмкін.
      Біз қандай  да  бір  мәдени  салт-дәстүрдің  біздікінен  ерекшеленуіне
байланысты оны жаман деп санауымызға болмайды. Бірақ бізге этникалық  немесе
гендерлік  дискриминацияға   байланысты   мәдени   әртүрлілікті   бас-көзсіз
құптауымызға болмайды.
      Қоғамдық көзқарасқа байланысты сұраулар жағдайдың  гендерлік  теңдікке
қарай бетбұрылғандығын көрсетеді,  бірақ  еңбекақысы,  әйелдердің  басқаруға
қатысуы, үйге байланысты  міндеттердің  бөлінуі,  БАҚ  әйелдер  мен  ерлерді
бейнелеу, т.б.  бойынша  осы  өзгерістер  бұдан  да  үлкен  болу  керектігін
дәлелдейді.
      Жұмыстың  икемді  графигі,  ана-атасы  үшін  балаларын  күту   бойынша
төленетін  дем  алыстар,  өндірістегі  субсидиялық  сапалы  балаларды   күту
жұмыстары,   жалақыларды   теңдестіру   және   тірек    болатын    әрекеттер
бағдарламалары – осылардың барлығы жыныстық дискриминацияны жою  және  еңбек
пен  отбасылық  өмірдің  сәйкестілігін   жоғарылату   мақсатымен   қойылатын
өндірісті қайта құрылымдау әдістері ретінде ұсынылады.
      Гендерлік теңдікке жету үшін сапалы және арзан  түрде  балаларды  күту
жұмыстары ұйымдастырылу керек. Көптеген  зерттеулер  бойынша  аналары  үйден
тыс жұмыс істейтін балалардың интеллектуалды,  әлеуметтік  және  эмоционалды
дамуы аналары  өндірісте  істемейтін  балаларды  дамуымен  бірдей  болатынын
көрсетеді.
      Тіректік әсер көрсететін әрекеттір бағдарламасын тиімді жүзеге асыруда
келесі  пікірлер  кедергі  болады:  олардың  рецепиенттері   қажетті   түрде
квалификацияланбаған, сонымен қатар  әлеуметтік  тіректің  болмауы.  Сонымен
бірге ұйымдардағы әйелдер  мен  аз  топтардың  өкілдерінің  саны  өте  төмен
болады, бұл  «ережеге  сай  емес»  принципі  бойынша  ойлауға  қарсы  тұруға
жетпейді. ААР тиімділігін жоғарылату әдістері: тіректік әрекеттердің  мүмкін
болатын  салдарларын  түсіндіру,  тіректік  әрекеттер  бағдарламасы  бойынша
қабылданған адамдардың квалификациясына байланысты  ақпаратты  жұмыскерлерге
ұсыну,  осындай  қызметкерлер  мен  басқалары  арасындағы  жеке  қатынасының
теңдікте болуын қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді тудыру.
      Үй  бойынша  міндеттерді  дәстүрлі  түрде  бөлу  гендерлік   теңсіздік
симптомдарының  бірі  болып  табылады,  ол  балаларда  гендерлік-стереотипті
ойлаудың және шиеленістердің қалыптасуына әкеледі. Адамдар міндеттерді  әділ
бөлу жүйесін жақтайды,  алайда  белгілі  себептерге  байланысты  (әлеуметтік
нормалар, бәсекелестік тұжырымдар, үй шаруасын атқара алмау) тұжырымдар  мен
іс-әрекет арасындағы сәйкессіздік сақталып келеді.
      Педагогтер мен ата-аналары балалардың айналасында гендерлік  бостандық
бар орта жасауы  тиіс,  тең  құқылы  гендерлік-ролдік  қарым-қатынас  жасап,
балаларының   БАҚ   бейнеленетін   гендерлік   стереотиптерді   қабылдамауын
қадағалау керек.
      Өзгерістерге гендерлер туралы 5 жалған бөгет кедергі  жасайды.  Оларға
келесі көзқарастар жатады: 1) гендерлік айырмашылықтар үлкен;
      2) гендерлік айырмашылықтар фундаменталды  биологиялық  айырмашылықтар
болып табылады;
      3) биологиялық  ролдер  ерлер  мен  әйелдердің  түрлі  ролдерді  жақсы
орындауға бейімделуіне жағдай жасайды;
      4) гендерлер бір-бірінен ажыратылған, бірақ олар тең;
      5)   дәстүрлі    гендерлік    ролдер    қоғам    сұраныстарын    толық
қанағаттандырады.




2. Практикалық және лабораториялық сабақтар
Гендерлік психология тарихы.
Жыныстардың жекелей ерекшеліктері.
Гендерлік демография
Психомоторика
Психомоториканы зерттеу әдістері.
Психомоториканы зерттеу әдістері.
Түйсіну мен қабылдау
Түйсіну мен қабылдау. Оларды зерттеу әдістері.
Интеллектуалдық, сөздік сипаттамалар.
Эмоционалдық сипаттамалар.
Әлеуметтік нормалар мен гендерлік айырмашылықтар.
Дифференциалды әлеуметтену.
Әлеуметтік мінез-құлықтарды зерттеу әдістемелері.
Дәстүрлі әйелдер рөлдерінің шектеулері.
Конфликт жағдайындағы гендерлік шарттар.
Гендерлік рөлдердің өзгеруі.


    4  СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
4.1. СӨЖ және СӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.

      Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға
(іштей  жылдам  оқи   білу,   библиографиялық   дағдылар,   түрлі   анықтама
әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.
2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын,       тиісті
әдебиеттер  мен   құралдардың   болуы   т.б.)   керек   етеді,   ең   дұрысы
кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.
3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты  белгілі
жоспармен, жүйемен жасауы керек.
4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан  ақыл-
кеңес алудың пайдасы зор.
5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.
6.  Оқыған  материалды  мұқият  ұғатындай  етіп  ұғып,  түсінбеген  жерлерді
қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.
7.  Анықтама  әдебиеттерді,  энциклопедияларды,   түрлі   сөздіктерді   қоса
пайдаланып отыру керек.

      Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.
         • Жұмыстың көлемін шамадан тыс  асырмай,  оның  сапасын  арттыруға
           көңіл аудару;
         • Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс
           ұштастыра білу;
         • Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу  қабілетін
           жүйелі түрде дамыту;
         •  Өзіндік   жұмыстың   мазмұнына   күнделікті   өмірден   алынған
           материалдарды, хабарларды енгізу;
         • Студенттерді табиғат пен  қоғам  дамуының  жалпы  заңдылықтарын,
           сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды  өздігінен  талдап
           түсінуге үйрету;
         •  Студенттердің  алған  білімдерін  іс  жүзінде  қолдана   білуге
           дағдыландыру;
         • Студенттерді оқу  жұмысына  шығармашылық  тұрғыдан  қарауға,  әр
           уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;
         • Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын
           қалыптастыру.












4.2. СӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары
|СӨЖО                                               |СӨЖ               |
|Аудиториялық               |Аудиториядан тыс       |                  |
|2                          |3                      |4                 |
|Текстпен жұмыс.            |«Кілттті сөз»          |Сұрақтарды        |
|Гендер-әлеуметтік құрылым  |технологиясы           |тексеру. Жұппен   |
|немесе биологиялық         |пайдаланылған статья   |жұмыс: сұраққа    |
|императив.                 |текстіне талдау. Статья|жазбаша жауап.    |
|                           |текстінің кем дегенде  |Жекелей           |
|                           |үш сұрағына талдау     |сұхбаттасу.       |
|                           |жасау.                 |                  |
|Диагностикалық анкетаны    |Ұсынылған анкета       |Ванкетанаң        |
|өткізу.                    |бойынша эмпирикалық    |жүргізілуін       |
|                           |ақпарат жиынтығы.      |тексеру.          |
|                           |                       |Студенттердің     |
|                           |                       |зерттеу қабілетін |
|                           |                       |талдау.           |
|Текстермен жұмыс. Ребров   |Статья текстерін       |Бақылау сұрақтары.|
|Н.П. Жеке тұлғаның         |талдау. Ұсынылған      |Семинар-тренингті |
|биологиялық және           |материал бойынша       |өңдеуде және      |
|психологиялық мінезіндегі  |семинар-тренинг        |жоспарлауда       |
|өзара байланысындағы       |бағдарламасын құру.    |жекелей және      |
|гендерлік аспект. Е.В.     |                       |топтық сұхбат.    |
|Иоффе. Әлеуметтік интеллект|                       |                  |
|мінезіндегі гендерлік      |                       |                  |
|айырмашылық.               |                       |                  |
|Гендерлік стереотипті жеке |Зерттеу жүргізу.       |Психологиялық     |
|тұлғалық семантикалық      |Нәтижені безерлендіру. |қорытындыны       |
|дифференциал әдісімен      |                       |тексеру.          |
|зерттеу.                   |                       |                  |
|Гендерлік семинар-тренинг. |Семинар-тренинг        |Семинар-тренинг   |
|                           |конспектісінің өңдеуі. |конспектісін      |
|                           |Конспектіні            |тексеру. Жекелей  |
|                           |безерлендіру.          |презентация.      |
|«Жанұяның                  |Таблица мазмұнын       |Топтық талқылау.  |
|дәстүрлі-патриархаттық және|талдау. Таблица        |Салыстырмалы      |
|қазіргі эголитарлы типтері»|сұрақтарына жазбаша    |талдау.           |
|таблицасымен жұмыс.        |жауап.                 |                  |
|Жеткіншектерге арналған    |Семинар-тренинг жоспары|                  |
|семинар-тренинг            |мен мазмұнын,          |Семинар-тренингтің|
|конспектісін өңдеу.        |бағдарламаларын        |бағдарламаларын   |
|Жеткіншектік топта         |нақтылау. Жүргізілу    |бекіту.           |
|семинар-тренинг жүргізу    |графигін құру.         |                  |
|                           |                       |                  |
|                           |Тренингті жүргізу      |                  |
|                           |бойынша қосымша мәлімет|                  |
|                           |жиынтығы. Тренингтің   |Семинар-тренингтің|
|                           |өткізілуінің тиімді    |жүргізілуі.       |
|                           |технологиялық жиынтығы.|Жүргізілуін       |
|                           |Кәсіпкерлік өзіндік    |талдау.           |
|                           |бағалау және өзіндік   |                  |
|                           |талдау.                |                  |
|                           |                       |                  |
|«Сексуалды тәжірибе»       |Сауалнама сұрағына үй  |Студенттермен     |
|сауалнамасы.               |жағдайында жауап беру. |бірге жүргізілген |
|                           |                       |талқылауға        |
|                           |                       |қатысуы.          |
|Гендерлік экспертиза.      |Гендерлік экспертизаның|Алынған нәтиже    |
|                           |оқулықтарын, журнал,   |презентациясы.    |
|                           |әдеби шығармаларымен,  |Талдау.           |
|                           |газет статьяларымен    |                  |
|                           |жүргізілуі.            |                  |



Пәндер