Файл қосу

Балалардың дене тәрбиесі




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                          |
|СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                    |
|ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ФАКУЛЬТЕТІ                                                    |
|ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ                                                         |
|СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты  |ПОӘК                   |ПОӘК                     |
|                           |                       |042-18.30.1.37/03-2014   |
|«Мектепалды даярлық тобыда |№ 1-басылым 03.09.2014 |                         |
|тәрбие жұмысын ұйымдастыру |                       |                         |
|мен басқару» пәнінің       |                       |                         |
|оқу-әдістемелік кешені     |                       |                         |
|(оқу әдістемелік           |                       |                         |
|материалдар)               |                       |                         |








     «Мектепалды даярлық тобыда тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен басқару»
                           ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
          5В010200-Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
                             мамандығына арналған

                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР





















                                Cемей – 2014


1.ӘЗІРЛЕГЕН:
Құрастырушы:  28.08.2014
п.ғ.м., аға оқытушы Мухметова Раукен женисовна

2.ТАЛҚЫЛАНДЫ:
2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Педагогика
кафедрасының мәжілісінде қаралды.
Хаттама № 1  04.09.2014ж.
Кафедра меңгерушісі:  ______________ /Джанбубекова М.З./

2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында.
Хаттама № 1  «05» 09.2014ж.
Төрағасы: ________________ /Ахметова Т.Ш./

3. БЕКІТІЛДІ:
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік
кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды.
Хаттама №1   18.09.2014ж.
ОӘК төрағасы: ____________ /с.ғ.д. Искакова Г.К./

4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 18.09.2014ж. басылымның орнына)






















МАЗМҰНЫ


1. Пән бойынша негізгі түсініктер (глоссарий).
2. Пәні бойынша дәрістер кешені.
3. Пәні бойынша практикалық сабақтар кешені
4. Пәні бойынша cтуденттердің өзін-өзі тексеруге арналған тапсырмалар




































    1. «Мектепалды даярлық тобыда тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен басқару»
                       пәні бойынша негізгі түсініктер
                                 (глоссарий)

    Активті оқыту әдістері (белсенді)   оқушы  оқытудың  «субектісі»  болып
шығады  (өзіндік  жұмыс,  шығармашылық   жұмыс,   лабораториялық-практикалық
жұмыс);
            Әдiстеме /методика/ -  1)  бiр  нәрсенi  практикалық  орындаудың
әдiстерiнің, тәсілдерінің  жиынтығы;  2)  қандай  да  бiр  ғылымды  оқытудың
әдiстерi туралы iлiм.
      Әдіс  –  оқу-тәрбие  жұмыстарының  алдында  тұрған  міндеттерді  дұрыс
орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс  істеу  үшін  қолданатын
тәсілдері.
    Бiлiм беру - қoғaм  мүшелеpiнiң  aдaмгepшілiк,  интеллектуалдық  мәдeни
жәнe дeне дaмyы мен кәciби білiктiлiгiнiң  жoғapы  дeңгейiнe  қoл  жeткiзyдi
мaқcaт eтeтiн үздiкciз тәpбиeлey мeн oқытy пpoцeci.  Білім  беру  ұғымын  ең
алғаш рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Песталоцци.
    Бiлiм берудi информатизациялау - білім беру  жүйесін  микропроцессорлық
техникаға негізделген ақпараттық ӛніммен, құралдармен және  технологиялармен
қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың комплексі.
    Белсендiлiк - әлеуметтiк және  психикалық  белсендiлігiнiң  турi:  жеке
адамның белгiлi бiр iс-әрекетке бағытталғандығының  қарқыны.  Тiршiлiк  және
iс-әрекеттерi барысында адамның қарым-қатынас  жасау,  таным  және  өзiн-өзi
тәрбиелеу белсендiлiгi дамиды
    Білім беру – білім, іскерлік, дағдыны игеру процесі мен нәтижесі.
    Білім беру технологиясы - қатысушылардың комфорттық жағдайды қамтамасыз
етіп, нақты нәтижеге жету  мақсатындағы  білім  беру  процесін  жобалаудағы,
ұйымдастырудағы,  бағдарлаудағы  және  коррекциялаудағы  мұғалімдер  мен  20
оқушылардың бірлескен іс-әрекетінің  процестік  жүйесі.  Б.Б.Т.  кіретіндер:
мақсаттық  бағытталғандық,  сүйенетін  ғылыми  жүйесі,  нәтижені  бағалаудың
ӛлшемдері, нәтижесі, қолданудағы шектеуліктер.

      Гуманизм  (лат. Gumanus – адамгершілік) –  дүниетаным  принципі.  Оның
негізіне адамның мүмкіншілігінің шексіздігіне,  өзін-өзі  дамыту  қабілетіне
деген сенімі мен ерік бостандығын, абыройын  қорғау,  адамның  бақытқа  жету
жолындағы құқығы  мен  оның  барлық  сұраныстарын  қамтамасыз  ету  қоғамның
түпкілікті мақсаты деген мұрат жатады.

    Ғылым – 1) білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде  қолдану
нәтижесінде алынған негіздер; 2) негізгі принциптер мен жалпы  заңдылықтарды
қорытып шығаруға  жұмылдырылған  зерттеулер  не  пәндер  саласы;  3)  табиғи
құбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың  ғылыми  принциптерге
негізделген жүйесі.
    Дамыту –  адам  ағзасындағы  сапалық  және  сандық  өлшемдердің  өзгеру
процесі.
    Дамытып оқыту - оқушылардың  таным  іс-әрекетін  барынша  дамыту,  яғни
олардың ой-өрісін дамыту, өз бетімен жаңа  білімді  іздеп  табуға  және  оны
еркін игеруге үйрету.
    Дарынды  балалар  –жалпы  және  арнайы  дарындылығын  (музыкаға,  сурет
салуға, техникаға және т.б.) байқатқан балалар.
    Дәстүрлі емес сабақ - бұл орнатылмаған құрылымы бар импровизациялық оқу
жұмысы.  Түрлері:  интегралды  сабақтар,  аукцион,  парламенттегі  дебаттар,
ойын, саяхат, музыкалық-театрландырған, сайыс т.б. сабақтар.
    Дәстүрлі оқыту - ең  алдымен  оқытуды  ұйымдастырудың  кластық-сабақтық
жүйесі  тусініледі.  Ол  Я.А.Коменский  белгілеген  дидактика  принциптеріне
негізделіп XVIII ғ. қалыптасып,  дүние  жүзінің  мектептерін  де  осы  күнге
дейін оқытуды осылай ұйымдастыру  басым  болып  келеді.   Оқытудың  дәстүрлі
жүйесіндегі басты ролді білім  беру,  мұғалімнің  іс-әрекеті  атқарады.  Оны
Я.А.Коменскийдің,    Н.Пестолоцци,    И.Гербарт    секілді     педагогтардың
тұжырымдамасы құрайды.
    Жазалау –келеңсіз қылықтарды шектеп, тежеу үшін, басқалар  алдында,  өз
тұрғысынан   айыбын   мойындау   сезімін   ояту   мақсатында    қолданылатын
педагогикалық ықпал əдісі.
    Жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге  асыруға
талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік,  әлеуметтік
тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және  тағы  басқа  құдыреттіліктердің
жоғары деңгейімен сипатталатын рухани-  адамгершілікті,  азаматтық  жауапты,
белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
    Жаңашыл – мұғалімдер – жаңа педагогикалық жүйелердің авторы,  жаңартуды
және жаңалықтарды жасаушы, жүзеге асырушы.
            Жаңашылдық (новация) – бұл шығармашылық ғылыми – зерттеу  немесе
өндірістік қызметтің  өнімі,  кез  –  келген  құбылыс,  оны  пайдалану  адам
өмірінің нақты өмір сүру сферасында  белгілі  бір  нәтижеге  қол  жеткізеді.
Жаңашылдық – бұл ерекше сипаты болып  қоғамға  бұрынырақта  белгісіз  болған
өнімдерді тұрақты іздеу  мен  жасап  шығару  болып  табылатын,  шығармашылық
қасиеті  бар  тұлғалар  қызметінің  қорытындысы.  Жаңашылдық  болып  мыналар
табылуы мүмкін: бұйым түрі, техника мен технология
    Жеке адам (тұлға) /личность/ - қоғамда белгілі  бір  жағдайға  ие  және
белгілі бір қоғамдық роль атқаратын, саналы индивид. Ол  өзінің  өмір  жолын
таңдай алады. Тұлға  -қоғамдық-тарихи  категория.  Оның  қоғамдық  мәні  мен
әлеуметтік функциясы жеке адам сипаттамасының ең басты  көрсеткіштері  болып
табылады.  Жеке  адам  тарихы,  философия,  социология,   этика,   эстетика,
психология, педагогика т.б. зерттеу объектісі.
    –  Жекелеген  әлеуметтік  шарттар:  нақты  мемлекеттік   және   қоғамдық
      институттардың  әрекеті  бұқаралық  ақпарат  құралдары,   білім   беру
      ұйымдары, өнерпаз шығармашылық педагогикалық бірлестіктер;
    –  Жекелік  факторлар:  педагогикалық  инноватиканы  жасаушылардың  және
      насихатшылардың тұлғалық ерекшеліктері.
    Имидж (бейне, тұлғаның фасадтық бөлігі, оның сыртқы эффектісі) – арнайы
бағытталған қалыптастырушы  бейнесі,  танымдылық,  эмоционалды-психологиялық
тұрғыдан өзгеге әсер ету үшін қолданылады.
             Инновациялық   қызмет   -   нәтижесi   экономикалық   ұсу   мен
бәсекелестiк  қабiлетiлiгi  үшiн  пайдаланылатын  жаңа   идеяларды,   ғылыми
бiлiмдi, технологияларды және  ӛнім  түрлерiн  ұндiрiстiң  түрлi  салаларына
және қоғамды басқару салаларына ұңгiзуге бағытталған қызмет.
    Интуиция  (сезу)  –  объективті  шындықтың  екінші  белгісін  көрсетуде
ойлаудың ерекше түрі
    Кәсіби  қабілеттер  -  адам  тұлғасының  жеке  психологиялық  сапаларын
тәрбиелеуде өзгеретін, тұрақты қатынас
    Кәсіби намыс – адамның өз-өзіне  және  қоғамның  оған  деген  қатынасын
ашады
    Кәсіби  стресс  –   күрделі   еңбек   жағдайында   физиологиялық   және
психологиялық реакцияларда көрінетін көп өлшемді феномен
    Қалыптастыру – әр түрлі факторлардың әсерінен  индивидтің  тұлға  болып
қалыптасу процесі.
    Қарым-қатынас – адамдар арасындағы байланыстың күрделі түрі.
Мақсат – бұл ғылыми  түсінік,  ол  белгілі  бір  әрекеттің  түпкі  нәтижесін
сезіну деп түсіну керек. Оны ойдан шығаруға болмайды. «Мақсат – белгілі  бір
межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой – санадағы көрінісі.
    Мәдениет – қоғамның белгілі бір тарихи  дамуының  белесі,  шығармашылық
күш пен адам қабілетінің өмір мен шығармашылықта көрініс табуы,  материалдық
және рухани әлемнің бірлігі
      Миға шабуыл әдісі  –топта  жұмыс  істеуде  шығармашылық  белсенділігін
жігерлендіру  негізінде  студенттерге  ситуация  шешімі  жауабының   бірнеше
жолынайтуға   мүмкіндік   беретін,   идеялармен    шешімдерді    қабылдаудың
оперативтіәдісі.
    Мұғалім – оқушыларға сабақ беретін  оқытушы,  ұстаз.  Ол  педагогикалық
қабілеттілігі, психикалық ерекшеліктері, сөйлеу шешендігі,  жүйке  жүйесінің
мықтылығы сияқты сипаттардан басқа, балалармен тіл  табыса  алу  қабілетімен
де ерекешеленеді.
    Мұғалімнің кәсіптік әлеуметтендірілуі   -  мұғалімнің  кәсіптік  ортаға
енуі;  педагогикалық   тәжірибені   меңгеруі,   педагогтар   қауымдастығының
стандарты мен құндылықтарын игеруі,  жинақталған  тәжірибені  белсенділікпен
жүзеге асыруы.
    Мінез-құлық мәдениеті – адамшылық  қарым-қатынастың  негізгі  талаптары
мен ережелерін сақтау, айналасындағылармен дұрыс  қарым-қатынас  құра  білу.
Адамның жүріс-тұрыс, іс-әрекетінің жиынтық көрінісі мінез-құлық  ерекшелігін
айқындайды. Мінез-құлықты ерекшеліктер моральдық категорияға жатады.  Ол   –
адамның  қоғамдағы  мінез-құлқын  реттеу   қызметін   атқаратын   әлеуметтік
институт, қоғам түгелдей мақұлдаған  заңды  талаптардың  орындалу  барысымен
анықталады. Құқықтың моральдан айырмашылығы:  біріншіден,  қоғам  мойындаған
адамгершілік  талаптарын  әр  адамның  орындауын  барлық  қоғам  мүшелерінің
қадағалауына байланысты, екіншіден, мораль  талаптарын  орындау  тек  рухани
әсер  ету  формаларымен  (қоғамдық  баға   беру,   көрсетілген   мінез-құлық
ережелерінің  орындалуын  мақұлдау  немесе  айыптау)  өлшенеді.  Мінез-құлық
мәдениеті адамның өскен ортасына,  адамдармен  күнделікті  қарым-қатынасына,
білім өресіне, көрген –түйгеннен алған үлгі -өнегесіне байланысты.
    Оқыту –  оқушылар бойында білім, іскерлік,  дағдыны,  ойлау  тәсілдерін
қалыптастыруға бағытталған мұғалім мен оқушылардың  өзара  әрекеттесулерінің
процес.
             Оқыту  әдiстерi  -  бұл  мұғалiм  мен  оқушылардың  оқу  тәрбие
жұмысының  мiндеттерiн  шешуге  бағытталған  өзара  бiрлескен  iс-әрекетiнiң
тәсiлдерi.
      Оқыту технологиясы /педагогикалық технология/ -  дидактикадағы  бағыт,
оптимальды  жүйелердiң  принциптерiн  анықтаудың  және  жасаудың,  алдын-ала
сипаттамалары   берiлген   қайталауға   келетiн   дидактикалық   процестердi
конструкциялауды ғылыми зерттеу аясы.
    Өзін-өзі жетілдіру – жеке  идеяларды  ұғу,  онымен  өзіңді  салыстырып,
өзіңді өзгертуге тырысу
    Өзін-өзі сендіру – бұл әрдайым  өз-өзімен  дауласу,  түрлі  жоспарларды
және қойылған мақсатқа жету анализі
    Пассивті оқыту әдістері – оқушы  оқытудың  «объектісі»  ролін  атқарады
(тыңдау және көру);
      Педагог–жаңашыл – жаңа педагогикалық жүйелердің авторы, жаңартуды және
жаңалықтарды жасаушы, жүзеге асырушы.
    Педагогикалық әрекет - оқу пәнінің мазмұнына сай келетін, сабақ жайында
оқу  кеңістігінде  жүзеге  асатын  мақсатқа  жетуге   бағытталған   біртұтас
психофизикалық процесс
    Педагогикалық  басқару   –  қойылған  мақсатқа   сәйкес   педагогикалық
жағдайды, процесті немесе жүйелерді бір  қалыптан  екінші  қалыпқа  ауыстыру
процесі.
    Педагогикалық біліктілік – ол іс-  әрекетке  деген  дайындық  және  іс-
әрекеттің көзі. Мұғалімнің педагоги калық біліктілігі бірлесе  педагогикалық
шеберлікті   айқындайды.   Мұғалімнің   педагогикалық    біліктілігі    оның
мамандығына, дипломына , сапасына сәйкес анықталады.
    Педагогикалық жүйе – адамды дамыту мақсатындағы жетістіктерге жеткізуші
барлық факторлардың біртұтас бірлігі. Педагогикалық  жүйенің  белгілері:  1)
мақсатқа  жету  үшін  қажетті   құрауыштардың   толықтығы;   2)   құрауыштар
арасындағы байланыстар мен өзара  тәуелділіктердің  болуы;  3)  құрауыштарды
біріктіретін жетекші буын, жетекші идеяның  болуы;  4)  құрауыштар  арасында
ортақ қасиеттердің пайда болуы.
    Педагогикалық  зерттеулер  –  оқыту  мен   тәрбиелеудің   заңдылықтары,
құрылымы,  механизмі,  педагогиканың   теориясы   мен   тарихы,   оқу-тәрбие
жұмысының ұйымдастырылу әдістемесі, оның мазмұны, принциптері, әдістері  мен
ұйымдастырылу нысандары  туралы  қоғамдық  тұрғыдан  маңызды  жаңа  білімдер
алуға бағытталған ғылыми қызмет процесі мен нәтижесі.
             Педагогикалық  инноватика  -   Педагогикалық   жаңа   енгізулер
(инновациялар)  -  мақсатты  бағытталған   өзгерістер,   олар   білім   беру
мекемесінің әрекетіне  жаңа,  салыстырмалы  тұрақты  элементтерді  енгізеді,
сөйтіп оның дамуына және қызметіне тиімді  әсер  етеді.  Педагогикалық  жаңа
енгізулердің тарауының факторлары:
    Педагогикалық қабілеттілік – педагогикалық  жүйенің  талаптарын  сезіне
отырып, осы талаптардың оқушыларда  бейнелену  ерекшеліктьерін  аңғару  және
қажетті  нәтижеге жету үшін оқушыларға әсер  етудің  мүмкін  болатын   әдіс-
тәсілдерін орынды қолдана білі қабілеттілігі болып  табылады.  Педагогикалық
қабілеттілігі бар студент педагогикалық іс- әрекетті  тез  меңгеріп  кетеді.
Болашақ   шебер   педагогтың   кәсіби   қалыптасуы,    оның    педагогикалық
қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады.
    Педагогикалық қарым- қатынас шеберлігі – педагогикалық   шебер  мұғалім
кім- кіммен болса да жақсы қарым- қатынас  жасай білуі тиіс. Қарым-  қатынас
адамдармен , ұжыммен, топпен, жекелей түрде де болуы мүмкін.
    Педагогикалық  мамандық  –  адамзаттың  өмір   сүре   бастауын   өзінің
мамандығымен  басқа  адам  тұлғасын  қалыптастыруды  басқару   өнері   болып
табылатын әрекет түрі.
    Педагогикалық ойлау  –  бұл  ұстаздың  кәсіби  ақылы  және  практикалық
шығармашылығы, этикалық нормалардың сапалығы,  ғылыми  білім,  педагогикалық
технология, тұлғалық сапалардың оқу-тәрбие процесінде көрініс табуы
    Педагогикалық  позиция  –  жағдай,  ой   арқылы   оқытушының  студентке
көзқарасы және олармен қарым-қатынас барысында бағыты анықталады
    Педагогикалық  такт  -  педагогикалық  үдерістің  моральдық  реттеушісі
ретінде  оқытушының  құлықтық-психологиялық  қасиеттеріне  негізделеді  және
кәсіби компетенттілікті танытудың деңгейі болып табылады.
    Педагогикалық  талап  –  студенттің  тәрбиеленуі  кезіндегі   тәртібіне
қойылатын ұсыныс
    Педагогикалық  техника-   өз-  өзін  басқара  білу  және  педагогикалық
мәселелерді  шешу   процесі   барысында   өзара   әрекеттестік   жасай   алу
қабілеттіктерінен тұратын,  мұғалімнің  жүріс-  тұрысының  ұйымдастырылуының
ерекше формасын көрсететін педагогикалық шеберліктиің элементі.
    Педагогикалық технология – бұл жеке қасиеттердің  көрінуі  мен  мәдени-
әлеуметтік мөлшердің үйлесімділігі және  баланың  өмірге  деген  көзқарасын,
өмірмен қарым-қатынасын қалыптастыру мақсатында, балаға әсер  етудің  кәсіби
негізделген педагогикалық шеберлік бөлігі
    Педагогикалық технология шеберлігі – білімдарлық үрдісті көтеру,  оқыту
мен  тәрбиенің  тиімділігін  қамтамасыз  ету,   оқушылардың   жұүмыс   істеу
ерекшеліктерінеп  ,  әдістемелік  тәжірибесіне,  жаңашыл  әдістерін  кеңінен
пайдалануға үлкуен  мән беру болып табылады.
    Педагогикалық тұлға – ұстаздың  шәкіртіне  өзінің  жеке  бас  үлгісімен
ықпал етуі. Ол идеяның тұңғыш негізін салушы Лейпциг қаласындағы  (Германия)
қыздар мектебінің директоры Г.Гаудиг (1860 – 1923 ж.ж.)  болды.  Ол  XIX  ғ.
екінші жартысында ұстаздың жеке бас үлгісінің  педагогикалық  негізі  туралы
арнайы еңбек жазды.  Гаудигтің  теориясы  бойынша,  мұғалім  арнайы  ережені
немесе әдістемелік нұсқауды басшылыққа алмай, өзінің білімі  мен  іскерлігін
жеке басының үлгісімен шығармашылықпен іске асыру арқылы шәкірттеріне  ықпал
етуі керек.

      Педагогикалық ұжым –  оқу-тәрбие  мекемесі  қызметкерлерінен  құралған
ұжым.   Педагогикалық   ұжым   қызметін   директор   үйлестіріп   басқарады.
Педагогикалық ұжымның  жоғарғы органы – педагогикалық кеңес.

    Педагогикалық шебер мұғалім  –  педагогтың  берілген  уақыт  аралығында
тиімді нәтижеге  жетуінде көрінетін,  балаларды   үнемі  түсінетін,  ұғатын,
өзгелердің пікірін тыңдайтын, өзгелерді сыйлайтын шебер адам.  Педагогикалық
шебер мұғалім болу өте қиын. Ол үшін аянбай тер төгіп, еңбек ету керек.
 • Педагогикалық шебер  мұғалімнің  оқушылардың  өзіндік  басқаруының  ролін
   көтеруге тырысуы т.б.
 • Педагогикалық шебер мұғалімнің оқушылардың өмірге, түрлі іс- әрекеттеріне
    көзқарасын, белсенділігін, ынтасын арттыру;
 • Педагогикалық шебер мұғалімнің сынып құжаттарында оқушылардың  әлеуметтік
   пікірін қалыптастыруы;
      Педагогикалық  шеберлiк  -  кәсіптік  педагогикалық  іс-әрекетті   өзі
ұйымдастырудың жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін жеке адамның  қасиеттердің
комплексі.   Оның   элементтері:   гуманистік   бағытталғандығы;    кәсіптік
білімдері; педагогикалық қабілеттері; педагогикалық техника.

    Педагогикалық  шеберлік   –  педагогикалық  қызметтің  жоғары  деңгейде
меңгерілуі; педагогтың  оқушылардың  оқу  -  танымдық  іс-әрекетін  пәрменді
басқарып, мақсаткерлік педагогикалық әсер мен  өзара  әрекеттестікті  жүзеге
асыруына   мүмкіндік   беретін   арнаулы   білімдерінің,    біліктері    мен
машықтарының, тұлғалық кәсіптік маңызды қасиеттерінің кешені.

    Педагогикалық шеберлік - өз жұмысын жетік білетін және балаларды  жақсы
көретін әрбір педагогқа тиімді жоғары әрі тұрақты  жетіліп  отыратын  тәрбие
мен оқудың өнері
    Педагогикалық  шеберлік  деструкциясы  –  бұл  тұлғаның   психологиялық
құрылымда пайда болатын бұзылыс, өзгеріс немесе деформация  болып  табылады.
Педагогикалық шеберлік деструкциясының пайда болуы және дамуы  іс-  әрекетті
орындау  өнімділігін  төмендетеді,  мотивация  мен  педагогикалық  позицияға
негативтьі  әсер  етеді.  Педагогикалық  шеберлік   деструкциясының   дамуын
детерминациялайтын факторлардың көп болуын объективті және субъективті   деп
бөлуге болады.
    Педагогикалық шығармашылық - саналы және интуициялық интеграция үрдісі,
сондықтан оқытушымен  педагогикалық  суырып-салмалылықтың  игерілуі  маңызды
технологиялық сәттердің бірі болып табылады.

    Педагогикалық  ықпал  -   мектеп   әкімшілігінің,   мұғалімнің,   сынып
жетекшіснің,  тәрбиешінің  оқушылардың  дұрыс  білім  және  тәрбие   алуына,
қоғамда өз орнын айқын табуына ықпал етуі.

    Педагогикалық ықпал етудің тәсілдері – бұл  тәрбие  әдісін  толықтырып,
тәрбиеленушінің тәртібін реттейтін тәсілдер
    Педагогикалық іскерліктер  оқытушының  кәсіби  бағытының  қалыптасуына,
педагогикалық техниканың жетілуіне  көмектеседі,  мақсатқа  сай  нәтижелерге
жетуге мүмкіндік береді.
    Педагогикалық  эмпатия  –  ол  гректің  «empatheia»   ,   әсерленулерге
ортақтасу, жаңашырлық, адамның әсерленуіне  ортақтасу барысында сол  адамның
ішкі әлеміне еніп кету болып  табылады.  Эмпатия  ұғымдарына  түсініктемелер
берген ғалымдаро қатарына В.Дильти, К.Юнг, У.Е.Мелибруда, Х.Хекхаузен т.б.
    Рефлексия – ойлау, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тану, адам танымының  өз-
өзіне,  ішкі  жан  дүниесіне,   психикалық   ерекшеліктері   мен   жағдайына
бағытталуы, өз-өзіне есеп беруге бейімділік.
      Сабақ - оқытудың мiндеттерiн, яғни  бiлiм  беруiн,  тәрбиеленуiн  және
дамуын шешуге жүйелi түрде қолданатын белгiлi бiр уақыт  аралығында  тұрақты
құрамдағы мұғалiмдер мен  оқушылардың  iс-әрекетiн  ұйымдастырудың  формасы.
Сабақты дидактикалық мақсатына қарай жіктеудің 5 түрі (типі) бар:  жаңа  оқу
материалын өту сабағы; білім, дағды, қабілетті  жетілдіру  сабағы;  жинақтау
және жүйелеу  сабағы;  аралас  сабақ;  бақылау,  білімге,  дағды,  қабілетке
түзету енгізу сабағы.
    Сөз  –  белгілі  бір  мағынаға  ие,  заттар  мен  құбылыстардың  атауын
білдіретін тілдің негізгі формасы. Мысалы: сөзі  мірдің  оғындай,  сөзі  бір
жерден шықты, сөзінің жаны бар.
    Сынып  дегеніміз-жас   ерекшелігіне   қарай   тұрақты,   бірге   оқитын
оқушылардың  құрамы,  бұл  жүйеде  оқушылар  мұғалімінің  тапсырмасын  сабақ
барысында және үйге берілген тапсырманы орындайды.
    Тактикалық шеберлік – ол қандай да бір мақсатқа жетудің жолдары  немесе
әдістері,  міндеттер  жүйесі  болып   табылады.   Мысалы,   тәрбиелеу   және
оқушыларды еңбекке баулу  мәселелері  жөнінде  педагогикалық  шебер  мұғалім
мынадай тактикалық міндеттерді іске асыру тиіс:
    Талап  –  педагогикалық  ықпал  етудің  негізгі  әдістерінің  бірі.  Іс
-әрекетке  итермелейтін  талап   (кесімділік   дәрежесіне   қарай   -өтініш,
тапсырма, бұйрық) және әрекет етуге  тыйым  салатын  талап  (нұсқау,  сәйкес
бұйрық, жазалау) болып бөлінеді.
    Тәрбие  –  адамзаттың  тарихи  қалыптастырған  әлеуметтік   тәжірибесін
мақсатты түрде ұрпақтан ұрпаққа алмастыру процесі.
    Тәрбие әдістері  – ересектер  мен  балалар  арасындағы  қоғамдық  қарым
–қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы.
    Тәрбие –жеке тұлғаның адамдық бейнесін қалыптастырып,  өмірге  бейімдеу
үшін жүргізілетін игі әрекет.
     Тәрбие технологиясы - процестегі жекелеген  педагогикалық  міндеттерді
орындауға  бағытталған  әдістер  жүйесі;  ұжымдық  жоспарлардың   орындалуын
ұйымдастыру  тәсілі;  оқушылармен  байланыс  орнату  тәсілі;   педагогикалық
диагностика тәсілі.
    Тәртіптілік –  адамның  адамгершілік  бағыттылығын,  өз  тәртібін  ойша
жобалау  қабілетін  және  өзіндік  күнделікті  әрекетін  қамтитын  тәртіпке,
ұйымшылдыққы әдеттенуі. Тәртіптілік –  адамдардың  қоғамдық  ортада  белгілі
бір  тәртіп  жүйесін  сақтауын  және  олардың  игеруге  міндетті  нормаларды
(құқықтық, моральдық, саяси –этностық) берік сақтауын талап ететін жүйе.
            Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау,  оқушылардың
зейінін  сабаққа  аудару,  оқушылардың   мұғалім   көрсеткен   іс-қимылдарды
қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу  материалын  түсінуге
үлес қосады.
    Теория – практика  мен  тәжірибені  қорыта  келіп,  әр  алуан  қоғамдық
құбылыстар мен фактілерді түсіндіретін және оларға  әсер  ете  алатын  жалпы
ғылыми принциптерді білдіретін ілім.
      Тренинг  (ағылш.  «to  train»  -  оқыту,   жаттықтыру).   Егер   оқыту
интерактивті  жүргізілсе,  яғни  ақпарат  ала  отырып  түсініксіз   сәттерді
талқылауға, сұрақ қоюға мүмкіндік  алса  берілген  ақпаратты  тез  меңгереді
және алған білімдерін бекіте отырып, мінез-құлық дағдылары қалыптасады т.б.
    Тұлға – 1) –дербес әрекет ететін  субъект  ретіндегі  нақты  және  адам
болмысының қайталанбас, адамның қоғамдық өмірінің дара  нысаны;  2)  адамдар
арасындағы өзінің ұстаным – орнын еркін  және  жауапкершілікпен  анықтайтын,
қоғамның өкілі ретіндегі адам. Тұлға қоршаған ортамен, қоғамдық  және  адами
қарым –қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара  әрекеттестікте  қалыптасады.
Адам, тұлға болып туа қалмайды, әлеуметтену процесінде тұлға болып шығады.
    Ұстаздық әдеп – мұғалімнің аса бағалы педагогтық қасиеті,  адамдар  ара
қатынасының түрлі мағынасында қолданылады.
    Шеберлік – ол өте көп мағынада қолданылады. Мысалы: іскерлік,  өнерпаз,
іскер, ұста, білімпаз т.б. Шебердің қолы ортақ деуге болады.
    Эмоционалды тұрақтылық – жеке тұлғаның ұғымы  психологиялық  тұрақтылық
ұғымымен ерекше үйлесім табады.
    Этика (әдеп)  –  мораль,  мінезділік,  олардың  философиялық  пән  және
идеологияның бір түрі ретінде қоғамдағы  орны  мен  нормалары  мен  мінездік
ережелірдің жиынтық жүйесі









 2. «Мектепалды даярлық тобыда тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен басқару» пәні
                          бойынша дәрістер кешені.

   «Мектепалды даярлық тобыда тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен басқару» пәні
                          бойынша дәрістер кешені.

1-тақырып Мектепке дейінгі педагогика ғылымы.
Мектепке  дейінгі  педагогика  –мектеп  жасына  дейінгі  балаларды   дамыту,
тәрбиелеу, оқыту және оның негізгі заңдылықтары туралы ғылым.
Мектепке дейінгі педагогиканың дамуы, қалыптасуы.
Мектепке дейінгі тәрбиенің маңызы, сапасы.

   Мақсаты: Студенттерді мектепке дейінгі педагогика пәнін оқытудың  мақсат-
міндеттерімен   таныстыру,   теориялық   түсініктерін   тереңдету,   негізгі
педагогикалық  ұғымдарды  түсініп,  тәжірибеде  қолдана   білуге,   мектепке
дейінгі педагогиканың басқа ғылым салаларымен  байланысын  айқындап,  ғылыми
жүйесіндегі орнын нақтылай білуге үйрету.


   Мектепке   дейінгі  педагогика  пәні  мектеп   жасына   дейінгі   баланың
физиологиялық және психологиялық  жағынан  мазмұны  жа  жалпы  педагогикадан
өзгешелеу. Бұл кезеңде бала ағзасының дамуы тез,  үдемелі  болғанмен,  әлсіз
де нәзік,  кінәшіл  келеді.  Алайда  бала  осы  шақта  қимылдауды,  ойлауды,
сөйлеуді меңгере ьастайды. мектепке дейінгі  педагогика  пәні  алты  жастақа
дейінгі  балаалрды  үй-іші  мен  балабақшада  өмір  талабына  сай  жетілдіру
процестерін  зерттеп,  оларды  оқыту  мен  тәрбиелеудің  ең   тиімді   әдіс-
тәсілдерін,   сондай-ақ,   балабақшадағы   тәрбие    жұмыстарын    жан-жақты
ұйымдастырудың   теориялық,   тәжірибелік   жақтарын,   ойын,   оқу,   еңбек
әрекетттерін, күн тәртібін, бөбекжай (ясли)  мен  балабақша  тәрбиешілерінің
ата-аналарымен өткізілетін жұмыстарының түрлерін де қарасытарады.
      Адамзат  қоғамы  ылғи  да  тәрбие  мәселесіне  мән  берді.  әлеуметтік
функцияда  тәрбие,  аға  ұрпақтың   іні   ұрпаққа   қалдырған   дүниетанымы,
білімділігі, іс – тәжірбиесімен қалдырған. Сондықтан да,  аға  ұрпақ  қандай
білім алса, келер ұрпаққа берер тәжірбиесі соғұрлым мол болады.  Ең  бастысы
адамға әсер ететін ол тәрбие. Тәрбиені адам қоршаған ортадан,  айналасындағы
қоғамнан алады.
      Педагогика – адам тәрбиесінің заңдылықтары, өсіп келе жатқан  ұрпақтың
ең бірінші  алдыға қоятын  мақсаты  тәрбие  мәселесі.  Педагогикада  жетекші
мәселенің бірі тәрбие. Тәрбие ұзаққа созылған  процесс.  Сондықтан  да  адам
өмір бойыбиеленеді.
      Педагогиканың дамуы ерте кезден басталған. Педагогиканың ғылым ретінде
дамуына әсер етуші әлеуметтік құбылыс. Ең алғаш ( Сократ, Платон,  Демокрит,
Аристотель)   тәрбиелеу   мен   қоғамның   талаптарын   біріктіру    секілді
философиялық пікір айтты. Ең алғаш  пеадгогика  философиялқ  система  туралы
пікір ретінде қалыптасты.
      Европада ортағсырларда педагогика тәрбие  мәселесіне  діни  көзқараста
болды. Педагогикаға деген көзқарас ең  алғашқысында субективті болды.
      Одан  кейін  ол   обьективті   көзқарасқа   ие   болды.   Оған   деген
дифференцианальдық  ғылым.  Педагогика  ғылым  ретінде  қалыптасуына  Я.  А.
Коменский (1582-1670) үлкен ат салысты.( «Ұлы диадактика»  1632  ж,  «Аналар
мектебі» 1633ж).
      Я.А. Коменский тәрбиені ерте жастан бастап жанұяда берілуі тиіс  деген
пікір айтты. Я.А. Коменскийдің «табиғи ойлау» тәрбиесі, кішкентай  балаларды
жан – жақты дамытуға Ж.Ж. Руссо  (1712-1778)  және  И.Г.  Пестолоцци  (1746-
1827).
      Швейцарияныың педагогі И.Г.Пестолоцци – ең   алғаш  сөзінің  қарапайым
элементтік  білімдерін  ұсынды.  Алғашқы   рет   ана   тілі,   арифметиканың
методикасын ұсынды. Мектепке дейінгі « балалар класын» ұсынды.
      Мектепке дейінгі балалар білім мен  тәрбие  мәселесіне  өз  еңбектерін
арнаған неміс педагогі Ф.Фребель (1782-1852), ағылшын  социалист  –  утописі
Р. Оуэн( 1771- 1858), итальян педагогі М.Монтессори (1870-1952).
      Ф.Фребель оқыту мен тәрбие мәселесіне  ұйымдастырап  мекеме  ашты,  ол
алғаш рет бала – бақша деген ұғым енгізді.  Дидактикаға,  ойын  мен  ақыл  –
ойдың дамуына көп көңіл бөлді. Бірақ, Фребельдің   бір  қателігі  болды.  Ол
мектепке дейінгі діни идеологияны ұсынды.
      Р. Оуэн адамды қайта тәрбиелеуге болады деген пікірді ұсынды.  К.Маркс
пен Ф.Энгельстің пікірін құптамады.
      Сонымен қатар М.В Ломоносовтың, А.  Н.  Радищевтің,  Н.Н.  Новиковтың,
А.И. Герценнің, Л.Н.  Тлостойдың,  Н.И.  Пиорговтың  т.б.  мектепке  дейінгі
педагогикаға қосқан үлестер зор.
      К.Д.Ушинский бүкіл әлемдік  педагогикамен  психологияға  ХІХ  ғасырдың
ортасында халықтық педагогикаға өз үлесін қосты.
      Атақты марксистік педагогиканы Н.К.Крупская мен В.Луначарски екеуі  әр
жастағы мектеп ойындарын құрады.
      А.С. Макаренко (1888-1939) ұжым туралы еңбегі,  тәрбие,  балалар  ойны
сияқты көңіл бөлді.
      Мектепке дейінгі педагогиканың ең маңыздысы ол баланы 1 жастан 6 жасқа
дейін тәрбиелеу мәселесін қарастырды.
   Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие-адам қалыптасуының алғашқы  баспалдағы.
Осы кезде игерген баланың рухани байланысы өмір  бойына  із  қалдырып,  оның
дұрыс жетілуіне негіз болады. Сол  себептен  де  мектепке  дейінгі  қоғамдық
тәрбие орындарында мамандар даярлау ісіне ерекше  көңіл  бөлінеді.  Айтылған
ой-аікірлер ауызша толықтырылып,  ойды  жүйелеп  тиянақтау  үшін  оқушыларға
сауал қойылады, оны төмендегідей сызба үлгілер арқылы дәлелдеп көрсетеді:
      1.  Мектепке дейінгі педагогика ғылымы нені оқытады?
        [pic]


      2. Бұл жастағы баланың ерекшелігі қандай?
      [pic]




      Сонымен корыта келе, мектепке дейінгі педагогика пәні - мектеп  жасына
дейінгі балалардың  дамуы, тәрбиесі, оларды  оқыту  және  оның  заңдылықтары
туралы ғылым. Мектепке дейінгі педагогиканы  оқи  отырып,  мектепке  дейінгі
жастағы баланың психологиялқ, физиологиялық  даму  ерекшелдігін,  адамдармен
қарым-қатынасы,   адамдар   өмірі,   айналасы,   табиғат   туралы    алғашқы
түсініктерінің  калыптасуы  туралы   мағлумат   алады.   Сондай-ақ   негізгі
педагогикалық   ұғымдармен   танысып,   олардың   айырмашылығын    ажыратып,
тәжірибеде қолдана білгуге жаттығады. Мектепке дейінгі  педагогиканың  басқа
ғылым  салаларымен  байланысымен  танысып,   оның   зерттейтін   мәселелерін
анықтайды.

2-тақырып Мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы.
      Шет   елдердегі   қоғамдық   мектепке   дейінгі    тәрбиенің    тарихи
дамуы.(Я.А.Коменский, Г.Пестолоций, Р.Оуэн, Ф.Фребель)
Ресейдегі алғашқы балабақшалар (Л.К.Шлегер, А.С.Симонович, Е.Н.Тихеева.)
Қазақстандағы алғашқы балабақшалар. Қазіргі ҚР да қоғамдық мектепке  дейінгі
тәрбиенің дамуы.мектепке дейінгі ұйым типтері және олардың ерекшелігі.
      Мақсаты: Студенттерді мектепке дейінгі  педагогиканың  даму  тарихымен
таныстыру. Мектепке  дейінгі  педагогиканың  негізгі  қалаған  ғалымдар  мен
көрнекті педагогтардың ой-пікірлеріне теориялық  тұрғыдан  өздігінен  талдау
жасау және оны тәжірибеде колдана білуге  дағдыландыру.  Өздігінен  ізденіп,
шығармашылықпен еңбек етуге бағыттау.


      Ғылыми  педагогика  дамытуды  бастаған  ұлы  славян  педаогы  Ян  Амос
Коменский( 1592-1670). Мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие  беруге  үлкен
көңіл бөлді. Коменский феодалдық езгіге қарсы шыққан, католик  дініне  қарсы
шыққан   ағартушы,  ол  дінге  сенетін  адам  еді,   бірақ  шіркеудің   адам
күнаһарлығы туралы ойларын жоққа шығарды.  Табиғи  жан  иесі  ретінде   адам
үнемі дамуда болады деп  есептейді.  Коменский  тәрбие  арқасында  қай  және
қандай баланы болса да адам етіп шығаруға болады деп атап  көрсетті.  Табиғи
дарындылық  принципін  негізге  ала  отырып  оны  табиғат  пен   адам   даму
заңдылықтарының жан  –  жақтылығы  жалпыға  бірдей  ортақтағы  деп  түсінген
Коменский жас кезеңдерін талдады. Адам дамуды  кезеңдерін  сипаттай  отырып,
ол солардың ішіндегі 6 жылға созылған  біріншісіне ерекше көңіл бөлді.  Оның
ойынша дене  шапшаң  өсіп  сезім  организмнің  жедел  даммитын  бұл  кезеңде
кішкентай балалар  педагогикалық қабілет  бар  өз  тәрбиеленушілерін  сүйеті
дана адамдар  басқаратын  ана  мектептерінде,  яғни  отбасында  тәрбиеленуге
тиіс. Мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие  беру  туралы  «  Ана  мектебі»
деген  атты  еңбегі  мектеп  дейінгі  тәрбие   жөнінен   дүниежүзінде   1-ші
бағдарлама құралы болды. Коменскийдің балалардың денсаулығына мұқият  қамқор
жасауға шақырды. Ол әйелдің жүкті кезіндегі  өмір  салты  туралы  бір  қатар
маңызд бастамалы нұсқаулар берді. Жаңа  туған  сәбиді  күтіп  бағу  жөнінде,
оның тамағы  мен  киімі,  режимі  және  т.б.  туралы  халық  тәрбиесімен  өз
заманындағы медецинаға сүйенетін  ұсыныстар  жасады.  Коменский  «балалардың
денесі өсіп – дамуы үшін жағдай жасауға тиіс. Балаларға орынсыз  шек  қоймау
керек. Қайта  керісінше  басын  тік  ұстап  отыруы  қажет.  Осы  және  басқа
дағдыларды іскерліктерді игеру тек қана  ойын  түрінде  асырылуға  тиіс.  Ал
ойын балаларды дамытудың негізгі құралы» , - деді Коменский.
      Мектепке дейінгі тәрбие теориясын дамытуға Швейцарияның  аса  көрнекті
ғалымы Генрих Пестолоцци(1746-1817)  үлкен  үлес  қосты.  Халықтың  жағдайын
жақсаруын армандай отырып Пестолоций бұған дұрыс тәрбие және жалпыға  бірдей
білім  беру  нәтижесінде  қол  жеткізуі  мүмкін   еді.   Оның   көзқарасының
утопиялығы: білім берудің өзі халық бұқарасының жақсы өмір сүруіне  кепілдік
береді деген бұлдыр сенімде болды.
      Пестолоций табиғи дарындылық принциптері  басшылыққа  ала  отырып,  ол
педагогтан балалардың жас мүмкіншіліктерін  және  ерекшеліктерімен  санасуды
талап етті. Пестолоций оқыту  процесін  балалардың  қабылдау  ерекшеліктерін
есепке ала отырып, құрылуға тырысушылардың  бірі болды. Балалардың  қабылдау
ерекшеліктерін   есепке  ала  отырып,  ол  оқыту   процесінде   бөлшектерден
бүтінге, жақыннан алысқа,  қарапайымнан  күрделіге   бірте  –  бірте  көшуді
соның өзінде үздіксіздікті  дәйетілікті сақтауды ұсынды.
         Пестолоций тәрбие жүйесінің алдына барлық  балалардың   дене  еңбек
адамгершілік ақыл – ой жағынан үйлесімді даму міндетін қойды. Ол  бала  үшін
неғұрлым  тән табиғи  қозғалыстарға  негізделген  «элементарлық  гимнастика»
жүйесін ұсынды.
      Р. Оуэннің          кішкентай балаларға    арналған мекті       Роберт
Оуэн   (1771—1858) аса көрнекті социал-утопистердің қатарында  болды.    Ол
капиталистік  құрылысты қатал сынға алды  және  өндіріс  құрал-жабдықтарына
қоғамдық меншік орнатылу  қажеттілігін жариялады.
      Оуэн жұмысшы балаларын мектепке дейінгі  қоғамдық  тәрбиелеуде  тұңғыш
талпынысты ойдағыдай жүзеге асырды. Басқарушы, ал содан соң  Нью-Ланарктегі
(Шотландия)  мақта  жіп  фабрикасының  иесі   болған   Оуэн   жұмысшылардың
тіршілігін жеңілдету үшін  бірқатар  шаралар  жүргізді:  жұмыс  күнін  10,5
сағатқа дейін (14—16 орнына) қысқартты, 10 жасқа дейінгі балаларды  жұмысқа
қабылдауға  тыйым  салды,  жалақыны  көбейт-ті,  жаңа   үйлер   салды.   Ол
капиталистік  құрылыстың   кеселдерінен   азат,   та-за   жаңа   адамдардың
қалыптасуына үлкен  көңіл  бөлді.  Ол  Нью-Ланаркте  ұйымдастырған  «Мінез-
құлыққа арналған жаңа институт» осы мақсатқа қызмет етуге тиіс  болды,  бұл
институтқа 1-ден 3 жасқа дейінгі балалар үшін ясли 3-тен  5  жасқа  дейінгі
«кішкентап балалар үшін  мектеп»,  5-тен  10  жасқа  дейінгі  балалар  үшін
бастауыш  мектеп  кірді,  «Жаңа  институтта»  жұмыс  істейтін  жастар  үшін
сабақтар жүргізілді, жұмысшылар мен олар-дың семьялары үшін лекциялар  және
мәдени ойын-сауықтар өткізілді.
      ХІХ ғасырдың ІІ жартысында ХХ ғасырдың басында Еуропада неміс педагогы
Фридрих Фребель  (1782-1852)  мектепке  дейінгі  тәрбие  теорияның   кеңінен
таралды.  Фребельдің  педагогикалық  жүйесінің   қарама   қайшылығы   болды.
Фребель тәрбиені адам тумасынан болатын инстикттердің  дамуы  деп  есептеді:
1. іс-әрекет 2. таным 3. көркемдік 4. діни.
      Тәрбие мақсаты баланың бойында әуел бастан Құдай берген барлық  адамға
тән қасиеті анықтап білу. Табиғи дарындылық принципіне нақ  осындай  түсінік
берді.  Ол  тәрбие  табиғаттың  бергеніне  ештеңке  қоспайды.   Тек   өзінің
бойындағы қасиеттерді дамытады деп есептеген.
      Мектепке дейінгі тәрбие орасан  зор  маңыз  бере  отырып,  оны  ойынды
дамытудың  негізгі  деп  санады.  Баланың  дене  мен  психикасының   жағынан
қалыптасуында  оның үлкен   роль  атқаратындығын  көрсетті.  Баланың  табиғи
ерекшеліктерін сүйеніп, Фребель баланың іс - әрекеті және  басқа  балалармен
араласуындағы  қажетсінулерін   қанағаттандыру   үшін,   оны   құрдастарының
қоғамында тәрбиелеу керек деп санады. Ол бұл  идеяны  педагогикалық  жағынан
терең негіздеді. Бұл бүкіл дүниежүзінде жаппай қабылданды.  Ол  дидактикалық
ойындар мен алуан түрлі сабақтардың жүйесін құруды бастады.  Оларды  жүргізу
негізіндегі әдістемелік нұсқауларға талдау жасады.
      Балабақшаның алғашқы келуі шет елдерде ағылшын  педагогы  Роберт  Оуэн
(1771-1858)  есімімен  байланысты.  Ол  1802ж  пролитарист  балабақшаларында
қоғамдық  тәрбие беретін мектеп балабақша алып « қоғамдық тәрбие  ғана   жан
– жақты дамыған адамды қалыптастыруға мүмкіндік береді.»
      Кейіннен неміс педагогы Фребель 1837  жылы  мектепке  дейінгі   мекеме
ұйымдасдастырып, оны балабақша деп атаған. Осындай шет елдік  тәжірбиелердің
  негізінде  Ресейде  ХІХ  ғасырдың  60  жылдары  төлемақылы  жеке   адамның
меншігіндегі ең алғашқы  балалар  бақшалары  дүниеге  келе  бастады.  1-  ші
балабақша 1859 ж Гельсингфорста; 2- ші 1863 ж  Петербургте,  3-  ші  1863  ж
Гельсингфорста  Седмиградский,;  4-ші  1866ж  Петербургте    «Детский   сад»
журналының   редакторы   Симонович   ашқан   бағытта   жүргізілген    кейбір
балабақшаларда Фребель жүйесімен  жүргізілген.  Фребельде  мектепке  дейінгі
тәрбие  жүйесі  әсіресе,  Ресейде  неміс  әйелдер  тұратын  немесе   әйелдер
семинарларын Германияда  бітірген  Фребель  балабақша  тәжірбиесімен  таныс,
орыс әйелдері ашқан  балабақшаларда  бұл  жүйе  үлкен  орын  алған.  Фребель
жүйесі көптеген сын пікірлерге ұшырағандықтан басқа  балабақшалар  өздерінше
ізденіс жасар Ушинскийдің, Толстойдың ой пікірлеріне  сүйене  отырып   жұмыс
жасаған.  Мысалы:  1863-1869  жж  Люгибельдің  Симоновичтің   балабақшаларда
тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезінде уақыт  жүйесіне  шек  қоймай,  балалардың
дербес әрекетіне  сүйікті ісіне мүмкіндік жасап,  жыл  мезгіліне  байланысты
тәрбие жұмысының мазмұнын өзгерістер енгізіп отырған. Сол  кезде  ақпараттар
Симоновичтің   ақылды,  тиімді  деп  жариялаған.   1866-1870   жж   Воронеж,
Иркуртск, Москва, Петербург т.б. жерлерде меншікті (балабақша)  төлем  ақылы
балабақша  ашыла  бастады.  Мектепке  даярлау  ісін  алғаш  балабақша  жолға
қойған. Мысалы:  1869ж  Иркутскіде,  Москвада.  18722  ж  Тулада   балабақша
мектеп тәріздес ашылған балабақшаларда  тәрбие  жұмысын  ойынмен  аяқталатын
сауат ашу,  жазу,  шет  тілдерін  үйрету  т.б.  тәрбие  жұмыстарымен  мектеп
дейінгі жүзеге асырылған.
      Швейцариядағы балалар бақшаларының жұмысымен алдын ала  танысқан,  XIX
ғасырдың   60-жылдарда-ғы   қоғамдык-педагогикалық   қозғалыстың   көрнекті
қайраткері  Аделаида  Семеновна  Симонович  (1840—1933)  1866  жылы  ерімен
бірлесіп  Пе-тербургте  интеллигенция  балаларына  арналған  ақылы  балалар
бақшасын ашты  және  Россияда  мектепке  дейінгі  тәрбие  жөнінде  «Балалар
бақшасы» деген тұңғыш журнал шығара бастады. Балалардың ерекшеліктерін зерт-
тей отырып, ол Фребель жүйесі бойынша баланы дұрыс  тәрбиелеу  мүмкін  емес
екендігіне көзі жетті де К. Д. Ушинский  ұсынған  халықтық  тәрбие  идеясын
қолдана бастады.
      А. С. Симонович былай деп есептеді: 3 жасқа дейінгі балалар  анасы-ның
белсене қатысуымен семьяда тәрбие алуға тиіс, ал  3-тен  8  жасқа  де-йінгі
тәрбиелеуде семьяға бала бақшасы көмектесуі қажет.
      Балалар бақшасына «семья  мен  мектеп  арасын  байланыстырушы  зве-но»
ретінде карай отырып ол, балалар бақшасы балаларды мектепте оқуға даярлауға
тиіс, деп  жорамалдады.  Оның  пікірі  бойынша,  балалар  бақшасындағы  оқу
ойындық сипатта болуға тиіс. Мектепке дейінгі  жоға-ры  жаста  жай  арнаулы
класта неғұрлым жүйелі даярлау  енгізіледі.  Ойын  ойнап  жүріп,  бала  бір
мезетте орнықтылыққа дағдыланадьі, әліппемең, жазумен,  санаумен  танысады.
Жай кластағы оқу мектептегі сабақ балаға қуаныш  беретіндей  етіп  құрылуға
тиіс.
      Балалар бақшасы жұмысының табысты болуы  көбіне-көп  тәрбиешінің  жеке
басына байланысты, ал А. С. Симонович оған зор талаптар қойды. Оның айтуына
қарағанда, «балалар баулаушысы» білімді,  ширақ,  сергек,  көңілді,  қатаң,
бірақ кекшіл емес,  талап  қойғыш,  бірақ  қазымыр  емес  болуға  тиіс.  Ол
балалардық табиғатын тани білуі тиіс. А. С.  Симоновичтің  пікірі  бойынша,
балалар бақшасының сипаты мен бағыты баулаушы-ның ақыл-ой және адамгершілік
жағынан даму дәрежесіне байланысты,
      А. С. Симоновичтің  қызметі  орыстың  мектепке  дейінгі  педагогикасын
дамытуға дұрыс әсер етті.
      Елизавета   Николаевна   Водовозова   (1844—1923)   мектепке   дейінгі
педагогика саласында  К.  Д.  Ушинскийдің  жолын  қуушы  болды.  «Есі  кіре
бастағаннан мектеп жасына  дейін-гі  балаларға  ақыл-ой  және  адамгершілік
тәрбие беру» деген  өз  еңбегінде  ол  Фребель  жүйесін  сынға  алды,  оның
кемшіліктерін көз жеткізе көрсетті және балалармен оқу  мен  ойын  өткізуге
арналған өзі талдап жасаған тамаша әдістерді  ата-аналарға,  балалар  бақша
кызметкерлеріне ұсынды.
      Е. Н. Водовозова балалар үшін  бірқатар  кітаптар  шығарды,  олар  жиі
кайта басылып отырды. Оның «Европа  халықтарының  өмірі»  деген  кітабы-мен
Володя Ульянов гимназияда үздік оқығаны үшін наградталды.
      Өзінің  педагогикалық  жүйесінде  Е.  Н.  Водовозова  К.  Д.  Ушинский
тұжырымдаған халыктық принципті дәйекті түрде  жүргізді.  Ойын  таңдау  мен
оқуды жоспарлауды, ол балалардың өмірі кызық та мазмұнды бо-латындай,  орыс
дәстүрлері рухында құрылатындай етіп жүзеге асырды,  айналадағыларға  деген
ынтаны   оятып,   қанағаттандырды.   Ол   ұсынған   балалардың   серуендеу,
экскурсиялар мен  бақылау,  творчестволық  іс-әре-кеті,  дене  жаттығулары,
халықтық қимыл ойындары, балалардың шамасына қарай еңбек етуі жөнінде  және
т. б. программалары да осы мақсатқа қызмет  етті.  Барлық  оку  бірте-бірте
күрделене түсетін жүйеде орналастырылды.
      Е.  Н.  Водовозованың  бағдарламаларында  ақыл-ой  және   адамгершілік
тәрбиесіне үлкен орын берілді. Ақыл-ой дамуының құралы ретінде  таби-ғатпен
танысуға көп көңіл бөле отырып, оның мазмұнына қоршаған өмір-мен,  халықтың
еңбегімен  және  тұрмысымен  танысуды  енгізді.  Оның  адам  жөніндегі  60-
жылдардағы  прогрестік  идеялардың   әсерімен   калып-тасты.   Адамгершілік
тәрбиесі жөніндегД ұсыныстары балалардың бойын-да еңбек сүйгіштікті, тілек-
талабын басқару іскерлігін қалыптастыруға бағытталды.
      Е. Н. Водовозованың  әлеуметтік  және  педагогикалық  көзқарастары  өз
заманы үшін  прогресті  болды,  ал  «Балаларға  акыл-ой  және  адамгершілік
тәрбиесін беру» атты оның еңбегі Россияда балалар бақшалары  тәрбиеші-лерін
даярлау кезінде негізгі кұралдардың бірі болды„
      Луиза Карловна  Шлегердің (1863—1942) педагогикалық қызметі 1882  жылы
басталып, ал 1905 жылы Москва кедейлерінің балалары үшін  тәрбие  шараларын
жүргізетін «Сетлемент» және «Бала еңбегі мен тынысы» қоғамдарының  белсенді
қатысу-шысына  айналды.  Москваның  жұмысшылар  тұратын  шет   аудандарының
бірінде балалар бақшасы ашылып, онда  Л.  К.  Шлегер  және  қоғамның  басқа
мүшелері ақысыз жұмыс істеді. Олар Фребельдің дидактикалық материалын қайта
қарап, балалардың өмір жоспары деп аталып жүрген  тәрбие  жұмысының  негізі
етті, онда сол кезде кең тараған   еркін тәрбие теориясына үстемдік  берді,
ойын мен сабақ үстінде балаларға толық ер-кіндік жасалды. Алайда көп ұзамай-
ақ олар балаларға ұйымдасқан түрде ықпал ету элементтерін  орнатуға  мәжбүр
болды, ал одан соң ұсынылған деп аталатын және тәрбиешінің жоспары  бойынша
жүргізілетін міндетті сабақтарды енгізе отырып халықтық балалар  бакшасының
жұмысын жоспарлауға іс жүзінде көшті. Сонық өзінде тәрбие жұмысы қандай  да
бірыңғай программаға немесе мақсатқа біріктірілмеді.
      Л. К. Шлегердің бірқатар еңбектерінде («Кішкентай  балалармен  әңгі-ме
өткізуге арналған материалдар», «Балалар бақшасындағы  практика-лық  жұмыс»
және  т.  б.)  мектепке  дейінгі  балалармен  әңгіме  өткізуді  ұйымдастыру
методикасы, балаларды зерттеу, жеке-дара  жұмыс  істеу,  се-зім  органдарын
дамыту үшін арнаулы жаттығулар колдану жөнінде ба-ғалы  ақыл-кеңестер  бар.
Л. К. Шлегер мектепке дейінгі теорияны дамы-туға елеулі  ықпал  жасады.  Ол
кеңестік мектепке дейінгі  тәрбие  теориясы  мен  практикасын  дамытуға  ат
салысты.
      Елизавета  Ивановна  Тихеева  (1867—1943)  мектепке   дейінгі   тәрбие
проблемасымен 1907 жылдан бастап айналыса  бастады.  Ол  1913—1917  жылдары
мектепке  дейінгі  тәрбиеге  жәрдемдесетін  Петербург   коғамының   балалар
бақшасын және сол ко-ғамның мектеп комиссиясын басқарды. Е. И.  Тихеева  К.
Д.  Ушинскийдің  жолын  қуушы  және  оның  идеяларын  насихаттаушы   болды,
балаларды мектепке даярлауға, балалар бақшасымен бастауыш мектеп программа-
ларының үйлесімділіғіне жәые сабақтастығына ерекше көңіл бөлді.
      Өз еңбектерінде («Ана тілі және оны дамыту жолдары»,  «Қазіргі балалар
бақшасы, оның маңызы және жабдықталуы»  «Римдегі  балалар  үйлері,  олардың
теориясы мен практикасы» және т. б.)  ол  өзінің  мектепке  дейінгі  тәрбие
теориясын дамытты,  сонымен қатар  М. Монтессоридің  жүйесін  мықтап  сынға
алды. Е. И. Тихеева балалар үйлеріндегіге қарағанда,  балалар  бакшасындағы
атмосфера кеңілді болуға тиіс,  бұл  ойындарды,  жандандыра  сөйлеуді  және
жұмыстың коллективтік түрлерін кең пайдаланған жағдайда мүмкін  болады  деп
есептеді.
      Еркін  тәрбие  теориясын  жақтаушыларға  қарама-қарсы  ол  былай   дел
пайымдады: баланың өсіп  жетілуінде  жоспарға  сәйкес  ұйымдастырылған  іс-
әрекеттер жетекші орын алады; білім-тәрбие беру жұмысына, оның мазмұы   мен
формаларын жалпы түрде анықтай және тәрбиешіні егжей- тегжейлі шектелмейтін
перспективамен   қаруландыра   отырып,   бағыт   берерліктей   бағдарламаны
пайдалану қажеттігін көздеді. Е. И. Тихеева тәрбиешінің жеке басына  жоғары
талаптар қойды. Ол балалар бақшаларында тәрбиеленушілер күн сайын  таңертең
ыстық тамақ ішуге, әрбір балалар бақшасының өз кішкене бағы  немесе  ауласы
болуға тиіс деп есептеді.
      Сезім органдарының дамуы  үшін  Е.  И.  Тихеева  жасаған  дидактикалық
материалдар жүйесі, балаларға  ақыл-ой,  адамгершілік,  эстетикалық  тәрбие
беру жөніндегі ұсыныстары қазіргі заманғы балалар  бақшалары-нық  жұмысында
да пайдаланылуда. Ол тіл дамыту методикасын  талдау  жасауға  көбірек  үлес
косты. Оның тіл дамыту жөнінде  ұсынған  көрнекі  материалы  мен  кұралдары
қазірде де мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыста пайдаланылуда.

3-тақырып   Балаларды    мектепалды    дайындыққа    бейімдеу     әрекетінің
педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
Жоспары:
Бейімдеу  әрекетінің педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
Балаларды мектептегі  оқуға  қалыптастыру  мезгіліндегі  олардың  психикалық
қасиеттерін өлшеудің шкалалары
Балаларға  психодиагностикалық  зерттеулер  жүргізгендегі  моральді-этикалық
сипаттамасы бар ең негізгі талаптар


    1. Мектепке дейінгі тәрбие мен  оқыту  үздіксіз  білім  беру  жүйесінің
алғашқы деңгейі  ретінде  қазіргі  тұрақты  өзгеріп  тұрған  әлемде  табысты
бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен  дамуы  үшін  жағдайлар
жасайды. Шетелдік және отандық жетекші  ғалымдар  мен  практиктер  жүргізген
көптеген  психологиялық-педагогикалық  зерттеулер  нақты  мектепке   дейінгі
жастың  зияткерлік,   тұлғалық,   әлеуметтік   және   эмоциональдық   дамуын
анықтайтын шарт екендігін дәлелдейді.  Уақытында  алынған  мектепке  дейінгі
білім мен тәрбиенің әр бала үшін де, еліміздің  әл-ауқаты  үшін  де  өмірлік
маңызды мәні бар. Мектеп жасына дейінгі  балаларды  дамыту  мәселесі  ұлттық
даму  стратегиясымен  үздіксіз   байланысты   екендігін   және   мемлекеттік
саясаттың ажырамас бөлігі  болып  табылатындығын  ескере  отырып,  Қазақстан
Республикасының  мектепке  дейінгі  білім  беру  жүйесін  жаңғырту   векторы
ретінде стандарттар әзірлеу қажеттілігі туындады. Осыған сәйкес  қабылданған
жаңа  стандартта  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту   ұйымдарында   және
мектепалды  даярлық   топтарында   балалармен   жүргізілетін   педагогикалық
жұмыстардың мазмұны көрсетілген.
    Балаларды  мектептегі  оқуға   бейімдеп,   жетілдіруде   психологиялық-
педагогикалық диагностикаға қатысты негізгі жағдайларды белгілі бір  қисынға
келтіруге болады:
    - Мектепке жетілдіру мен оқуға бейімдеу  барысы  деңгейінің  өлшемдері,
оқу бағдарламасындағы оқыту мен  тәрбиелеу  мақсаттарымен  байланысты  болып
табылады;
    - Балаларды мектептегі оқуға және  жағдайларға  бейімдеуде,  педагогтар
мен  психологтардың  психодиагностикалық   іс-әрекеттері,   жалпы   бүтіндей
педагогикалық  үрдістерге  бағытталуы  қажет  және  негізгі  құзыреттілікке,
жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде  тұлғалық  мәдениетке  ие
бала тұлғасын дамытудың құрамды бөлігі болуы тиіс;
    -    Мектепке    жетілдірудегі    педагогтар     мен     психологтардың
психодиагностикалық әрекеттерінің ең бірінші міндеті, балалардың  мектептегі
оқуға бейімделу деңгейі бала жетілуіне түрткі болатын педагогикалық  шаралар
жайлы  нәтижелер  жасауға  болатынын  сынып  ұжымы  немесе   балалар   жайлы
психологиялық ақпаратты алу болып табылады.
    Оқуға бейімделу әрекетін талдау психологиялық диагностиканың  қолданылу
бөлігін анықтайды.
    Оның  қолданылуын  қажет  ететін  негізгі  мынандай  мәселелерді   атап
көрсетуге болады:
    І. Психологиялық-педагогикалық үрдістегі диагностика негізінде мектепке
даярлықты  қалыптастыру.  Тәрбиешілер  мен  мұғалімдер  үнемі  оқу   үрдісін
бағалап, орындап және жоспарлап отыруы тиіс. Ол бүтіндей топты  немесе  жеке
баланы мектептегі оқуға бейімдеуде, оқытудың алғы шартын өткізу барысы  және
нәтижелері жайында ақпараттарды қажет етуі тиіс.
    П. Мектептегі оқуға балаларды бейімдеуде, оқытудың  алғы  шарттары  мен
дамуының   жеке   ерекшеліктерінің   диагностикасы.   (балаларды   бағалау).
Тәрбиешілер мен мұғалімдер өз  уақытында  өздері  балалардың  даму  деңгейін
үнемі бағалап отыруы қажет.
    Ш. Дамудағы артта қалудың түрлі формаларының диагностикасы және  оларды
түзету жұмыстары дамуда артта қалудың екі негізгі түрі  ерекшеленеді:  жүйке
жүйесінің  органикалық  бұзылыстары   мен   байланыстары   және   клиникалық
психологиялық немесе  медициналық  диагностиканы,  терапеяны  қажет  ететін,
негізінде  дені  сау  балалардың  дамуындағы  жағымсыз  сыртқы  немесе  ішкі
міндеттермен байланыста уақытша артта қалуы және  жағымсыз  мінез-құлықтары.
Теориялық диагностика негізінде бұл жерде екі міндетті  шешу  қажет:  ерекше
педагогикалық  шараларды  қажет  ететін  жағымсыз  мінез-құлықтарды   түзету
жұмыстарын қолдану арқылы қалыпқа келуге көмектесу және күшейту  тенденциясы
байқалған (профилактикалық шараға қарамастан) балаға  қатысты  шешімге  келу
мақсатында диагносикалау мен артта қалу  профилактикасы  мақсатында  дамудың
жағымсыз ішкі және сыртқы жағдайларды өз уақытында анықтай білу.
    2.  Психологтар  өздерінің  үйрету  диагносикасының  жұмыстарын  саналы
түрде, Л.С.Выготскийдің «үйрету кезінде  баланы  зерттеу»  деген  принципіне
сүйеніп, оны психодиагностиканың тіліне аударғанда, «оның  үйретуін  талдап,
баланы диагностикалау» дегенді білдіреді, яғни даму  немесе  үйрену  үрдісін
модельдеу  және  үйрету  барысында  талдау.  Оқу  әрекетінің  диагностикалық
талдауында екі аспект бар:  қабілеттілік  аспектісі  және  ұғыну  аспектісі.
Алдын-ала  және  соңғы  тесттерді  қолданып   оқуға   кетірген   тырысуларын
салыстырып және осылардан алынған  жетістіктерден  нәтиже  шығарып,  баланың
интелектуалды  қабілеттілігін  білуге  болады.  Үйрету   диагностикасы   екі
бағытта  дамуы  керек:  әр  түрлі  заттарды  ұғынуға  қолданылатын  үйретуді
шығаратын әдістерді өңдеу керек және сонымен қатар, тек баланың оқуға  деген
интелектуалды қабілеттілігін ғана емес, сонымен бірге  оқудың  мотивациясын,
араласа істеуін және  т.б.  ұғыну  қабілеттілігін  диагностикалауға  болатын
әдістерді қолдану.  Осылармен  бірге  (баланың  білімді  ұғып  алуының  жеке
ерекшеліктерін,  ептілігін  және  т.б.)  оқыту  үрдісінің   өзін   адекватты
бейнелей отырып әдістерді өңдеу керек.
    С.Л.Рубинштейн және оның шәкірттері,  ойлау  психологиясына  байланысты
ойларын эксперименталды зерттеулерінде көрсете  білді.  Осындай  диагностика
балалардың  мектептегі  оқуға  бейімделуінің  потенциалды  мүмкіндігін,  сол
сияқты оқу мәліметін жеке ұғып алу қасиетін көрсете білу керек, өйткені  оны
үйретуге таратқан тырысуларын, сонымен  бірге,  баланың  жеке  басын  дамыту
кезіндегі мақсатында көрсеткен көмегі туралы да  пікір  айту  үшін,  осындай
тәсілдермен  диагностикалаудың  жаңа  аспектілері   пайда   болады.   Іздену
экспериментінің өту барысында үйренудің тесттегі қосымша,  мектепке  баратын
балада үйрену фазасындағы  өзгергіштіктердің  өлшемдерінде,  алдын-ала  және
соңғы зерттеу  тесттеріне  қарағанда  жоғарғы  көрсеткіш  байқалады.  Түзету
шараларын  дұрыс  таңдаудың  маңызды  алғы  шарты,  жағымсыз  мінез-құлықтың
себептері  мен  жағдайларын   психодиагносикалық   тұрғыда   анықтау   болып
табылатынын айтты.
    Оқуға бейімделу үрдісінің тиімділігін диагностика  негізінде  салыстыру
оқу  үрдісіне  бейімделу,  оқу  бағдарламасының   өту   барысының   орындалу
нәтижелері жалпы  тиісті  ақпараттарды  қажет  етеді.  Осындай  ақпарат  оқу
үрдісімен  басшылық  жасайтын,  педагогтарға,  кеңесшілерге  (әдіскерлерге),
балабақша меңгерушілері мен мектеп  директорларына  қажет.  Олар  балалардың
оқуға бейімделуін,  мектептегі  жағдайға  баланың  қалыптасуын  салыстырудың
стандартты тәсілдерін жасауға тиіс,  ол  өте  маңызды  міндет,  оның  шешімі
жолында психологтар мен оқытушылар  және  әдіскерлермен  бірге  жұмыс  жасау
қажет.
    Балаларды мектептегі оқуға қалыптастыру мезгіліндегі олардың психикалық
қасиеттерін өлшеудің төрт түрлі шкаласы бар.
    1. Атаулар шкаласымен өлшеу кезіндегі жіктемесі сапалы белгілер бойынша
жүргізіледі.  Мысалы,  «дене   шынықтыруға   қызығушылықтарын»,   «музыкалық
қызығушылықтарын»,   «математикалық    қызығушылықтарын»    дифференциялауға
болады. Мысалы, балаларда дене шынықтыруға қызығушылықтары  айқын  көрінетін
болса, баланың осы қасиетіне тиісті ойлар жинағының көмегімен жүргізіледі.
    2. Рангілі шкалада,  топтар  мен  сыныптарды  иерархиалық  баспалдақтар
бойынша орналастыруға  болады,  мысал  ретінде  бағалар  шкаласын  келтіруге
болады.   Рангілі   шкалада   шкалалардың   жеке    мағаналары    арасындағы
арақашықтықтар  бірдей  болмауы  мүмкін,  сондықтан   оқушының   үлгерімінің
жақсаруына психометрия тұрғысында орта  бағалар  және  орта  баға  көмегімен
түрлі сыныптар арасындағы оқушылар үлгерімін салыстыруға жол берілмейді.
    3. Интервалдар  шкаласында  тек  сандық  топтастыру  ғана  бола  алады,
өйткені  шкала  мағыналары  арасындағы  ара   қашықтықтарды   өлшеу   сәйкес
бірліктерімен анықталады. Мұндай шкалалар психометрикалық  деп  те  аталады.
Ең танымал интервалдар  шкаласы,  ол  бағалаудың  стандартты  шкаласы  болуы
мүмкін, мысалы, педагогтар  практикасында  психометрикалық  тұрғыда  сенімді
мәліметтерді беретін психодиагностикалық әдістер аз кездеседі.
    4. Психометрикалық шкаланың басқа түрі ол  пропорционалды  шкала  болып
табылады. Интервальдар шкаласына  қарағанда  ол  тіпті  нолге  тең.  Мысалы,
бойды өлшеу,  шкалада  нолге  тең  болса  да,  бірақ  бойы  нолге  тең  адам
болмайды. Өлшеу жүргізілетін шкаланы таңдау,  оның  зерттеуінің  әдіснамалық
қиындықтары мен проблема сипаттамасына байланысты.
    Диагностикалық  әдістерді  құрау   мүмкіншілігіне   өлшеудің   бара-бар
стандартты шкалаларын қолдану  қажет.  Психометрикалық  шкалаларды  жасауда,
балалардың алғашқыдағы ішкі орналасуын қалыпты орналасуға қайта құру  қажет.

    Диагностика негізінде балалардың дамуын,  мектепке  жетілу  жағдайларын
талдауда, психодиагностикалық әдістер көмегімен нақты мәліметтер  жасалынады
және олардың негізінде балалардың белгілі бір талаптарды  орындау  барысында
іс-әрекеттерінің психикалық жүйелі даму жолы және  деңгейі  жайлы  нәтижелер
жасауға болады. Педагогикалық диагностика бөлімінде әрбір  диагноз  мынандай
көзқарастар тұрғысында қарастырылуы тиіс:
    а)  мектепке  баратын  балалар  тобына  берілетін  тәрбие   мен   оқыту
мақсаттарын,  баланың  жеке  басының   дамуының   актуалды   деңгейі   жайлы
салыстырылған мәліметтерден;
    ә)  осы  жастағы  балалардың  дамуындағы  жеке   айырмашылықтар   жайлы
мәліметтерден;
    б)  алдыңғы  жас  кезеңдеріндегі  дамуы   жайлы   мәліметтерден   (даму
детермикациясы);
    в) болашақтағы дамуы  жайлы  мәліметтерден:  дамуы  үшін  қажет  ететін
нәрселерді, балалардың ары қарай жақсы дамуына қолайлы  жағдайларды  анықтау
(өзгерістер аспектісі).
    Балаларды мектептегі оқуға бейімдеп, мектеп жағдайларына жетілдіру үшін
педагог пен психологтар арасында  әрбір  баланың  оптималды  дамуы  үшін  ең
жақын жолды іздестіріп, ортақ  мақсатпен  анықталатын  серіктестік  қатынасы
орнығуға   тиіс.   Осындай   әдістемелік   принциптен    психодиагностикалық
әдістердің қолданылуы мен жасалуы үшін екі негізгі қорытынды  келіп  шығады.
Педагогикалық  нәтижелерді  жасауға  мүмкіншілік  беретін  әдістерді   жасау
қажет. Психодиагносика педагогикалық  үрдістермен  тығыз  байланыста  болып,
психодиагностикалық диагноз негізінде  құрылатын  мектепке  баратын  балалар
дамуының педагогикалық стратегиясын қарастыруда жауапкершілікті болады.
    Психологиялық диагностика – жеке баламен  немесе  топтың  психологиялық
даму күйін  немесе  деңгейін,  қасиеттерін,  мектептегі  оқуға  бейімделуін,
мектеп жағдайларына қалыптасуын  нақты  бағалау  үшін  теорияны,  әдістемені
және әдісті қарастырумен байланысты  арнайы  білімдерді  психодиагностикалық
бағалаудың объектісі  ретінде  психология  балалардың  түйсінуімен  басталып
және бір-бірімен өзара әрекеттескенде сонымен бірге,  қарым-қатынас  үстінде
пайда  болатын  күрделі  әлеуметтік-психологиялық  үрдістерге  дейін   болуы
мүмкін.
    Мектепке дейінгі мекемелерде, мектепке  баратын  балаларға,  мектептегі
жағдайларға сәйкес мынандай психодиагностикалық жұмыстарды жүргізу қажет:
    - мектепке баратын балалардың  психологиялық  (танымдық,  интелектуалды
және т.б.) дамудың динамикасын зерттеу. Әр бала  үшін  жылдық  немесе  айлық
дамудың көрсеткіштері кіретін психодиагностикалық карта болуы керек.
    - әр баланың психикалық және мінез-құлық дамуының жеке  ерекшеліктерін,
орта стандарттан, нормадан, жағымды немесе жағымсыз жаққа ауытқуын  анықтау.

    -  Мектепке  баратын  балаларға,  мектептегі  оқуға  бейімделудің  және
тәрбиелеудің  жетістіктерін  анықтау  мақсатында,  практикалық  мінездеменің
негізінде, дамуға психологиялық эксперименттерді қамтамасыз ету.
    -  балалардың  мектептегі  оқуға   қабілеттілігін,   бейімделуін   және
қалыптасуын  анықтау,  олардың  өз  уақытында   дамуына   шаралар   қабылдау
мақсатында жүргізілуі.
    -  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеуге  арналған  әдістерді  таңдап  алу
мақсатында, тәрбиеші, мұғалім мен ата-аналар үшін бала психологиясының  күйі
туралы жан-жақты хабардар болуы қажет.


    3.  Балаларға  психодиагностикалық  зерттеулер  жүргізгенде,   мынандай
моральді-этикалық   сипаттамасы   бар   талаптар   қойылады,   олардың    ең
негізгілері:
    1.  Психодиагностикалық  зерттеулердің  нәтижелері   балаларға   зиянын
келтірмеуі керек.
    2. Балаларға диагностикалық зерттеулер, тек балалардың  өздерінің  және
олардың ата-анасының рұқсатымен жүргізілуі тиіс.  Балалар  мектепке  баратын
кезге дейінгі уақытта ата-аналар балаларынсыз рұқсат беруіне болады.
    3. Ата-ана құқығынан айырылған ата-аналар өз балаларының  психологиялық
зерттеулерінің нәтижелерінің қорытындысын психолог маманнан  білуге  болады,
сонымен бірге психолог, ата-аналарға өз  балаларының  психологиясына  тиісті
білгісі келген сұрақтарына дұрыс және нақты жауапты беруі тиіс.
    4.  Психодиагностикалық   зерттеудің   нәтижесінде   анықталған   басқа
факторлардан баланың тағдырын, яғни мектептегі оқуға бейімделуі  мен  тәрбие
мүмкіндігін,  ата-аналар  мен  психолог-педагогтардың  пікірінсіз  шешілмеуі
тиіс.
    5. Мектепке дейінгі мекемелер мен мектепте қызмет атқаратын психологтар
психодиагностикалық жұмыстарды тәрбиешілер  мен  мұғалімдермен  бірге  тығыз
байланыста болып атқаруы қажет.
    Психодиагностикалық әдістердің көпшілігі  мектепке  баратын  балалардың
түсінігіне байланысты психологиясы мен  физикалық  жағынан  сау  балалардың,
зерттелініп  отырған  қасиеттер  дамуының  орта  деңгейін  сипаттайды   және
осындай зерттеулердің нәтижелерінен ауытқуы бар балалардың да  қасиеттерінің
даму деңгейі де анықталады. Егер оның  жеке  көрсеткіштері  нормадан  жоғары
болса, онда осы бала өзінің дамуы жағынан құрдастарынан  жоғары  болады,  ал
керісінше,  егер  оның  жеке   мәліметтері   нормадан   төмен   болса   онда
құрдастарынан қалып қояды.
    Психодиагностикада   балалардың   мектептегі   оқуға    қабілеттілігіне
байланысты  жүргізілетін  эксперименттердің  қиыншылығының  ең  бір  негізгі
себебі, баланың белгілі қабілеттерін психологтар тапсырма беру кезінде,  осы
тапсырманы орындауы оның қабілеттілігіне ғана байланысты  болмайды,  сонымен
бірге,  мотивацияға,  мектептегі   оқуға   бейімделіп,   қалыптасуына   және
дағдыларына байланысты.
    Мектепке баратын балаларды зерттеу үстінде  ғылыми-зерттеу  жұмыстарына
барлық әдістерді қолдануға болады.  Бірақ,  кейбіреулері  өте  күрделі  және
арнайы бір құралдарды қажет ететіндері де  кездеседі.  Сондықтан  практикада
салыстырмалы жеңіл тесттерді сұрақнамаларды, бақылауды, құжаттарды  талдауды
және психодиагностикалық эксперименттерді қолданады.
    Психодиагностиканың  негізгі  құралы  –  тесттер.   Олардың   көптігіне
байланысты,  мынандай  негізгі  бөліктерге  бөлінеді:   жеке   және   топтық
(ұжымдық),   вербальды   және   вербальды   емес,   сапалылығы   мен   саны,
альтернативті мен градуальды, жалпылама және арнайы тестер.  «Тест»  ағылшын
тілінен  аударылған  мынандай  мағананы   білдіреді:   «тексеру»,   «сынау»,
«сыналу».
    Интеллект тесттерінің арасында өз  уақытында  әйгілі  Стенфорд  шкаласы
қолданылды.   Сонымен   бірге,   Д.Векслер   шығарған    шкалалар    кеңінен
пайдаланылды. Бұл шкалалар әртүрлі жастағы  балаларға  арналған,  олар  жеке
қабілеттерді және оның ұқсастығына, арифметикалық әрекеттердің  шығарылуына,
вербальды есептерді шығаруға,  сонымен  бірге,  есте  сақтауға,  аяқталмаған
суреттерді аяқтауға,  конструкциялауға  бағытталған.  Мектепке  дейінгі  5-6
жастағы  балаларға  Д.Векслердің   шкаласы   көп   қолданылады.   Балалардың
үлгерімін тексеруге пайдаланылатын тесттер арқылы,  көптеген  психологтардың
мәліметтерінен оқудың табыстылығын алдын ала білуге болады.
    Интеллектуалды тестте қоршаған ортаның әсерін  ескеру  қажет.  Көптеген
жеке  тесттерде,  баланың  жеке  қасиеттерін   анықтау   үшін   қарастырылып
зерттелген. Жаңа шарттарға бейімделу тесттің ең қажетті талабы. Белгілі  бір
жасқа арналған тесттер басқа жастағы балаларға қолдануға болмайды.
    Балаларды мектептегі жағдайға жетілдіріп, оқуға бейімделу  мәселелеріне
байланысты психологтар  мен  педагогтардың  көп  жағдайларда  ынтымақтастығы
көрінеді,  әсіресе  мектеп  практикасында  психологиялық  міндеттерді   шешу
маңызды жағдайда болады.
    Мектепке қабылданар баланың  психологиялық  даярлық  деңгейін  тексеру;
диагноз қою; дамыту жолдарын белгілеу – қысқа мерзімдік диагностикалық  шара
болып табылады. Осы даярлық диагностика мазмұнын  үнемі  жаңа  ізденістермен
жетілдіріп отыру – теорияның жемісі.  Сондықтан  да  мектепке  психологиялық
даярлықты анықтау мазмұнын теориялық ғылым,  тәжірибелік  іс-әрекет  ретінде
қарастырады.

4-тақырып. Мектеп жасына дейінгі баланың жазу мен оқуға дайындығын
қалыптастыру.
Балаларды мектепте оқуға даярлау және оларды әлеуметтендіру.
Жазуға үйретудің негізгі міндеттері. Баланы мектепке даярлау барысында
басты назар аударатын негізгі сәттер.

      Жоспар:
      1.Балаларды мектепте оқуға даярлау және оларды әлеуметтендіру.
   1. Жазуға үйретудің негізгі міндеттері.
   2.  Баланы  мектепке  даярлау  барысында  басты  назар  аударатын негізгі
      сәттер.
      1. Мектепке дейінгі мекемелерде білім беру ортасы мен оның тәрбие және
білім беру мазмұнын дамыту сауатты ұйымдастырылмаса, баланың оқу мен  жазуды
игеру мәселесін түпкілікті шешу мүмкін емес.  Кез  келген  мектепке  дейінгі
білім беру мекемелерінің ортақ мақсаты – балаларды  мектепте  оқуға  даярлау
және оларды әлеуметтендіру.
      Бала мектепте жақсы оқуы үшін, оған белгілі білік пен  дағдылар  қажет
(алғашқыда саналы орындауды қажет  ететін  іс-әрекет  бөліктерінің  қайталап
жаттығудың  нәтижесінде  автоматталануын.  Мектепте  оқуға  қажетті   білік,
дағдылардың белгілі бір пәндерге қажет  арнайы  (қосу,  азайту,  оқу,  жазу,
сурет салу және т.б.) және кез келген сабақтарға қажетті жалпы түрлері  бар.
Бұл дағдылар толыққанды кейінірек қалыптасады, бірақ  олардың  алғышарттарын
осы мектепке дейінгі кезеңнен бастап қалыптастыруды бастаған жөн.
      Оқушының жетекші іс-әрекеті – оқу іс-әрекеті. Балабақшада жүйелі түрде
ұйымдастырылатын сабақтарда балалардың алған білімдері  мектептегі  оқу  іс-
әрекетінің  біршама  элементтерін   игерудің   негізін   құрайды.   Мектепке
даярлауда балабақшада ересек топ балаларын  симметриялық  формаларды  салуда
орталық сызықты  салуға  үйретеді.  Бұл  өз  кезегінде,  1-сыныпта  бейнелеу
сабақтарында  негізгі  сызықтан  бастап  вертикальді,  горизонтальді,  қиғаш
сызықтарды, симметрияның осі, заттың көрінбей тұрған бөлігін  салуға  үйрету
болып табылады. Балабақшадағы сурет, жапсыру, мүсіндеу  сабақтары  мектептің
бейнелеу, математика, еңбек сабақтарына дайындауға септігін  тигізеді.  Жазу
мен сурет салуда балада денесін тік ұстау,  қаламды  дұрыс  ұстау  дағдылары
қалыптасады.  Балабақшада  балалармен  жұмыс  жасауда  оларға  білім  беріп,
дағдыларды қалыптастыруға ерекше мән беріледі.
      Балалардың  сауатын  ашу  және   математикалық   білім   беру   арнайы
ұйымдастырылған  сабақтарда  жүзеге  асырылады.  Олардың  басты  мақсаты   -
балаларда жазу мен санауды үйретудің алғашарттарын қалыптастыру.
      Жазу келешекте бүкіл  оқу  үдерісі  құрылатын  базалық  дағды.  Жазуға
үйрету тек мақсатты түрде ұйымдастырылған оқыту барысында жүзеге асырылады.
      Сауат ашу – баланың көптеген психикалық қызметтерінің  жетілуін  талап
ететін, күрделі ақыл-ой әрекеті. Жазу  –  психологиялық  және  физиологиялық
тұрғыдан алғанда өте қиын күрделі үдеріс, сондықтан да жазу  дағдысын  игеру
үдерісінің көпкомпонентті психофизиологиялық құрылымы бар.  Бір  сөзді  жазу
үшін  балаға  көптеген  амалдар  жасау  керек,  сол  себепті  баланы  жазуға
үйретуді жазудың  барлық  функцияларын  жүзеге  асырудан  көп  бұрын  бастау
қажет.
      2. Жазуға үйретудің негізгі міндеттері:
      * фонематикалық есту  және  сөздің  дыбыстық  құрамын  талдау  білігін
дамыту;
      * қолдың және саусақтардың майда бұлшық еттерін дамыту;
      *  ішкі  және  сыртқы  сөйлеуді,  сөздік-логикалық  ойлаудың  бастапқы
кезеңдерін дамыту;
      * есте сақтау қабілетін дамыту;
      * жазу құралдарын еркін ұстай білу дағдысын дамыту;
      * парақтың бетінің кеңістігін бағдарлауды қалыптастыру.
      Балабақшадағы интеграциялық сабақтар:
      1. естігенді тез ой елегінен өткізіп,  жылдам  жауап  қайтару  (доппен
ойын – «Сұрақты қағып ал да, жауапты бер», «Ертегіні ата», және т.б.);
      2. сөзге дыбыстық талдау жасау, оларды модельдің көмегімен жазу,  жеке
әріптерді құрастыру (пластилиннен, таяқшалардан, қағаздан және т.б.);
      3.  парақтың  бетінің  кеңістігін  бағдарлау  («Графикалық   диктант»,
«Нүктелерге қарап заттың суретін сал» және т.б. жаттығуларды орындау);
      4.  колдың  саусақтарының  қимылы  мен  синхронды  сөйлеу   (саусақтық
имитациялар, доппен ойын және т.б.);
      5.  қолдың  қимылдарын  бақылау  (  «Ережеге  сай  ою-өрнекті   салуды
жалғастыр», «Суретті шрихта» және т.б.);
      6. жазу жазатын құралды дұрыс ұстау білігі, - жазуға дайындалып жүрген
балаға көп көмеген тигізеді.
      Баланы  жазуға   үйрету   интеграциялық   сабақтармен   қатар   арнайы
сабақтарда, жүйелі жаттығулар мен  ойындардың  көмегімен  жүзеге  асырылады.
Баланың қолын жазу  дағдыландыру  жаттығуларымен  қатар,  оқу  іс-әрекетінің
дағдыларын  қалыптастыру  міндеті  де  қойылады:  үлкендерді  мұқият  тыңдау
білігі, оолардың нұсқауы бойынша әрекет жасау, өз  бетінше  алдына  қойынған
ақыл-ой міндеттерін шешу, өз әрекетін бақылау және т.б.
      Балабақшада  5-6  жастағы  балаларды  сауат  ашуға  дайындауда  келесі
міндеттер қарастырылады:
      1. көргенді, естігенді, сезінгенді түсініп, оның мазмұнын  айтып  беру
білігін қалыптастыру;
      2.  айтылатын  нәрсенің,  әңгіменің  логикалық  жүйесін  құру  білігін
қалыптастыру: жоспар түзу, әңгімені неден  бастайтынын  анықтау,  оны  немен
аяқтау, бір ойдан келесі ойға бірізділікпен өту;
      3. балалардың сөздің қорымен жұмыс жасау (жаңа  сөздер  мен  ұғымдарды
синонимдерді, антонимдерді игеру,  кітап  суретерімен  және  көркем  әдебиет
тілімен танысу);
      4. сөйлеудің дыбыстық жағын дамыту: дыбысты таза айту, дауыстың ырғағы
мен күшін реттеу, мәнерлілік, фонематикалық есту.
      5.  Балаларды  ауызша  және  схемалық  жазбаша  сөйлеуден  сөйлемдерді
анықтауға үйрету, берілген сөздерден сөйлем  құрау,  сөздерді  буынға  бөлу,
балаларды сөздің дыбыстық құрылымымен таныстыру [3].
      Баланың  мектепке  дайындығы  немесе  дайын   еместігі   оның   сөйлеу
қабілетінің даму деңгейімен анықталады. Себебі, бала мектепте оқу  барысында
игеретін білім жүйесі ауызша және жазбаша сөйлеу  арқылы  жүзеге  асырылады.
Егер ауызша сөйлеуді ол мектепке дейін  игерсе,  ал  жазбаша  сөйлеуді  алда
үйренетін болады. Жазбаша сөйлеуді толыққанды үйрену  үшін,  мектепке  дейін
кезеңде баланың ауызша сөйлеу қабілеті жоғары деңгейде дамуы қажет. [4].
      Баланы оқу мен жазуға  үйрету  -  мектептің  міндеті,  бірақ  көптеген
дағдылар мен біліктерді бала мектепке келіп, алдына оқу  мен  жазудың  нақты
мақсаты қойылғанға дейін игере алады. Сонда  ғана  оның  мектепке  келгеннен
кейін оқу мен жазуды толыққанды игеруі жеңіл  болады.  Ал  мектепке  даярлау
барысында игерген  дағдыларын  ол  өзіне  жаңа  іс-әрекет  барысында  жүзеге
асырады дегіміз келеді.
      Болашақ бірінші сынып оқушысы нені білуі керек?
      Көптеген ата-аналар дайындық дегенді баласы  оқу,  санау  және  жазуды
білсе болды деп біледі. Шындығында, бұл тек  басы  ғана.  Мектепке  дайындық
сіз бен біз ойлағаннан  да,  әлдеқайда  маңызды  әрі  күрделі  мәселе  екен.
Негізі мектепке барғанға дейін теория жүзінде баланың оқи алуы, жаза  білуі,
санай алуы міндетті  емес. Алайда,  тәжірибе  жүзінде  мұның  бәрін  білгені
өзіне  пайдалы,  өйткені  оқудың  қарқынына  ілесу  қиындап,  бала  «алдыңғы
қатарлы»  құрдастары  арасында  өзін  қолайсыз  сезінуі  мүмкін.  Бала  өзін
«ақсаусақ», қолынан ешнәрсе келмейтін  оқушы  ретінде  сезінбес  үшін,  ата-
аналарына  мектепалды  даярлыққа  айтарлықтай  мән   беруге   тура   келеді.
Сондықтан  да,  ерінбестен  баламен  даярлық   сабақтарын   өткізіп,   үлкен
жауапкершілік таныту не болмаса қолайлы уақыт пен  ақша  тауып,  оны  кәсіби
мамандарға – дайындық курстарына (өзіңіз  баланы  апаратын  мектеп  ішіндегі
курстар ең қолайлысы), баланы ерте  бастан  дамыту  мекемелері  немесе  жеке
педогогтар мен психологтарға  тапсырған  дұрыс  болады.  Әйтсе  де  есіңізде
болсын, мектепке дайындық  бірден  жасала  салатын  нәрсе  емес,  оны  кезең
кезеңімен іске асыру керек!
      3. Баланы мектепке даярлау барысында сіз басты назар аударатын негізгі
сәттер:
    ➢ Жалпы ой-өрісін дамыту (баланың таным  көкжиегін  кеңейтудің  ең  озық
      тәсілі — онымен «өмір  жайлы»  әңгіме  жүргізу,  кітап  оқу  және  оны
      талдау);
    ➢  әріптер  мен  сандарды,  геометриялық  кескіндерді   және   түстерді,
      оңға/солға, үлкен/кіші, кең/тар түсініктерін үйрену және т.б.;
    ➢ мүмкіндігінше – оқи білуді (ең  болмағанда  буынға  бөліп  оқу)   және
      санауды үйрету (ең болмағанда10-ға дейін);
    ➢  міндетті  түрде  кіші  қозғауыштарды  дамыту,  яғни,   сүйектер   мен
      саусақтардың икемділігін дамытуға арналған сабақтар өткізу. Бұл жазуға
      да, сондай-ақ тілді дамытуға да қажет болатын дүниелер (бала  миынының
      құрылымында бұл екі орталықтың орны бар).  Дәлірек  айтқанда,  баланың
      көбірек  сурет  салуы,  конструктормен  ойнауы,   бірнәрсені   жасауы,
      жапсыруы, ұсақ заттармен, мысалы, моншақ,  тиын,  сіріңке,  тісшұқығыш
      сынды заттармен  жұмыс істеуді  меңгеруі керек, олардан картина немесе
      аппликация, тіпті олардан әр  түрлі  тізбектер  жасап  үйренуі  керек,
      мұның бәрі оларды бір нәрсені істеу үшін, ұзағырақ  отырып  айналысуға
      үйретеді;
    ➢ есте  сақтау  қабілетін  жаттықтыру  –  яғни,  әндер  мен  тақпақтарды
      жаттауды үйрету (мектепте болатын ертеңгіліктер мен жиындарда  баланың
      жарқырап көрінуіне септігін тигізеді,  бұл  оның  мектептегі  өмірінің
      дұрыс жолға бағытталуына көмектеседі);
    ➢ сараптауды, жіктеуді дұрыс меңгеруге  жаттықтыру  –  бұл  баладан  бір
      оқиғаны айтуды, яғни ең алдымен не болғанын, одан кейін қандай  жағдай
      орын алғанын (себептік-жалғаспалы байланыстар)  сұрау,  түрлі  картина
      бөліктерінен бүтін нәрсе құрастыру, заттарды қандай да бір белгілеріне
      қарай орналастыруды, жинақтауды тапсыру.
      Алайда, баланың үйренуі оның мүмкіндіктері  мен  психикалық  жетілуіне
сәйкес келмейтінін ұмытпаған жөн. Сондай-ақ, оның  үйрену  қабілеті  баланың
танымдық белсенділігінің жоғарылығы деп айтуға болмайды, көп  жағдайда  ата-
аналар өз баласына  біліммен  толтыру  қажет  бір  ыдыс  қана  деп  қарайды.
Расында,  «оқысаңыз  балалар,  шамнан  шырақ  жағылар»   дегендей,   баланың
жарқырай жануға дайын тұрған шырақ екенін, оны тек тұтату қажеттігін  ескере
бермейміз.
      Оның үстіне тұтас беттегі тақпақты жатқа айтқан бала жақсы  оқушы  деп
бағаланғанымен, шын мәнінде ол мектепке  дайындығы  бойынша,  психологиялық,
тұлғалық, қарым-қатынас тұрғысынан, әлеуметтік-психологиялық жағынан  әлсіз,
тіпті дайын емес  те  болуы  мүмкін.  Дәлірек  айтсақ, білім  қорынан басқа 
балаға:  коммуникативтік  және  әлеуметтік  дағдыларды  меңгеру,ияғни,   өзі
тұратын  қоғамда  қабылданған,  күнделікті  өмірдегі  моральдық-адамгершілік
қағидаларды пайдалана отырып, өз ортасымен түсінісе, араласа білуі керек;

5- тақырып. Мектеп  алды  даярлық  тобында  тәрбие  жұмысын  жоспарлау  және
есепке алу.
Жоспарлаудың педагогикалық негіздері.
Тәрбие  жұмысын жоспарлаудың мазмұны.
Тәрбие  жұмысын жоспарлау мен есепке алудың формалары.
Мақсаты:    Студенттерді    жоспарлаудың    педагогикалық    маңыздылығымен,
құрылымымен  таныстыру.    Педагогикалық   жоспарлау   негізінде    мектепке
дейінгі балаларды тәрбиелеу, дамыту мүмкіндіктерін анықтау.

   Мектепке дейінгі  балабақшада  білім-тәрбие  жұмысын  жоспарлау  мектепке
дейінгі   педагогиканың   маңызды   шаралары   Балалармен   тәрбие   жұмысын
жоспарлауда  мектепке  дейінгі  педагогикабаланың  жеке  басын  тәрбиелеумен
дамытудың негізгі заңдылықтарына  сүйенеді.  Тәрбие  дамудың  шешуші  фактоы
болып  табылады.  Тәрбие  процесінде   баланың   білімдері,   дағдылар   мен
іскерлікті,  іс-әрекет  тәсілдерін,  адмгершілік  нормалары  мен  ережелерін
бағалай білуді игеру жүзегеасырылыдады. Тәрбие мазмұны  оның  мақсатына  сай
іріктеледі. Сол арқылы тәрбие бағарламалық сипатқа  ие  болады.  Демек,  оны
жоспарлауға болады. Балаларға ықпал жасаған кезде тәрбиеші алуан түрлі әдіс-
тәсілдерді пайдаланады. Оларды балаларды тәрбиелеу  мен  дамытудың,  олардың
жеке ерекшеліктерін жалпы заңдылықтарын білу негізінде жоспарлайды.
   Педагогикалық  жұмыстың  жоспары  белгілі  бір  уақыт  ішінде  балалармен
жүргізілетін нақты міндеттерін, формалары мен  міндеттерін  айқындайды.  Бұл
педагогикалықпроцеске ұйымдасқан сипат береді. Тәрбиешінің жұмысын  мақсатты
әрі  нәтижелі  етеді.  Баланы  тәрбиелеуде   ересектердің   басшылық   рөлін
күшейтеді.
   Педагогикалық жұмысты жоспарлаудың  негізгі  мақсаты  балалар  бақшасында
тәрбие бағдарламасының әрбір жас  топтарында  орындалуын  қамтамасыз  ету.Бұ
лмақЖоспарлау сатқа жету үшін бірқатар талаптарға жауап беруі керек.
     1. Жоспарлау балаларға жүргізілетін  бүкіл  тәрбие  жұмысының  идеялық
        бағытталуын қамтамасыз ету керек. Тәрбиелеу  мен  оқытудың  мазмұны
        баланың өмірді  ұйымдастыру  формалары  педагогикалық  ықпал  жасау
        әдістері  мен  тәсілдері  қоғамдық  тәрбиенің   баланың   жан-жақты
        жарасымды дамытудың  мақсаттары  мен  міндеттеріне  сүйене  отырып,
        сұрыпталады да жочспарда бейнеленеді.
     2. Жоспарлау  тұтас  алғанда  қандайда  бір  топтағы  тәрбие  процесін
        ұйымдастыруға көмектесетін болуы тиіс.
     3. Жоспарда тәрбиелеу мен оқытудың мазмұны менәдістерін балалардың қол
        жетерлігін  ескере  отырып,  олардың   іс-әрекеттерін   бірте-бірте
        күрделендірудікөздеу қажет.
     4. Егер жоспар шынында нақты болса, оны басшылыққа алуға болады.
   Тұтас  алғанда  мектепке  дейінгі  жәнеәрбір   жас   топтарының   ж9мысын
жоспарлаудың тікелей негіздері болып табылады. Оның мазмұны белгілі  уақытқа
арналған   білім   тәрбие   жұмысының   жоспарында   одан   әрі    нақтылана
түседі.Балалар бақшасында оқытудың негізгі формасы  –  оқу  сағаттары  болып
табылады. Қандайда бір әдіс арқылы ұсынған оқу-сағаттарының жүйесі  жоспарда
нақты  жайларды  балалардың  даму  дәрежесі  мен  қарқынын   ескере   отырып
белгіленеді. Сонымен жоспарда оқытудың  мазмұны  оны  ұйымдастыру  формалары
негізгі әдістері мен тәсілдері бейнеленеді.
1. Мінез-құлық пен мәдени өмірлік  дағдыларын  тәрбиелеу  жөніндегі  жұмысты
 жоспарлау – жеке баланың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, балалармен
 жүргізілетін бүкіл тәрбие  жұмысы  процесінде  :оқу  сағаттарында,  ойында
 жүзеге асырылады (адамгершілік тәрбиесі жеке жоспарланбйды).
2. Балалар ойынына басшылықты жоспарлау.
Балалар ойынына басшылықты  толық   жоспарлау  тәрбиешілерден  ойынды  жақсы
білуді сондай-ақ өз тобының балалары қандай кімнің-кіммен ойнағысы  келетіні
ойында балалалардың қаншалықты тәуелсіз екендігі қандай  ойыншықтарды  артық
көретінін т.б. жөнінде хабардар болуды талап етеді. Ойын жастан жасқа  қарай
дамитынын білу керек.
  Балалардың еңбек әрекетін жоспарлау.
  Балалалар  бақшасындағы  мерекелерді  жоспарлау.   Ата-аналармен   жұмысты
жоспарлау. Балалар бақшасындағы білім-тәрбие  жұмысын  моспарлау  бірін-бірі
өзара толықтыратын міндетті 2 формада толықтырады.
1). Балалар бақшаның жылдық жоспарында.
2). Тәрбиеші жұмысының күнтізбелік жоспарында. Бұл 6-12 күнге арналған.

6-тақырып. Балалардың дене тәрбиесі.
Мектеп  алды  даярлық  тобында   балалардың   дене   тәрбиесінің   теориялық
негіздері.
Мектеп алды даярлық тобында балалардың дене тәрбиесінің міндеттері.
Дене тәрбиесі құралдары. Қимыл -қозғалас  белсенділігі.
   Мақсаты: студенттердің мектепке дейінгі жастағы дене  тәрбиесін  берудегі
теориялық алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуге  үйрету.  Студенттердің
мектепке  дейінгі   жастағы  дене  тәрбиесі  туралы   түсініктерін   бекіту,
балабакшадағы дене тәрбиесінің мақсат-міндеттерін және оны ұйымдастыру әдіс-
тәсілдерін меңгерту.

      Мектепке дейінгі шакта бала организмі шапшаң дамиды. Оның нерв, сүйек-
бұлшық ет жүйелері белсенді қалыптасады, тыныс  аппараттары  жетіледі.  Бұл
кезедде жақсы денсаулық пен дене бітімінің дұрыс дамуының негізі қаланады.
      Мақсатты дене тәрбиесі сәбилердің ақыл-ойы дамуына дұрыс ықпал  етеді:
қоршаған заттар мен құбылыстар жөніндегі білімдері толысады,  кеңістік  пен
уақытты бағдарлауы жетіледі; жағымды  мінез-құлық  белгіле-рі  қалыптасады.
Балалар  құрбы-кұрдастары  коллективінде  әрекеттенуді   үйренеді;   оларда
шыдамдылық, дербестік, белсенділік,  инициатива,  жол-дастық,  өзара  көмек
сезімі және т. б. қасиеттері калыптасады.
      Мектепке дейінгі балалардың  дене  тәрбиесінің  негізгі  міндеттері  —
олардың денсаулығын сақтау   және  нығайту, дене бітімін  дұрыс     дамыту,
 организмді  шынықтыру,  қимыл  және    мәдени-гигиеналық  дағдылары    мен
іскерліктерін қалыптастыру.
      Өмірге келген соң сәби тұрақты күтімді, ана сүтін  керек  етеді,  ұзақ
уақыт өздігінен қозғала алмайды. Бала  өмірі  толығымен  оның  денсау-лыгын
сақтау жэне нығайту, дене бітімін дұрыс дамыту жөнінде  қамқорлық  жасайтын
адамға байланысты.
      Дұрыс  ұйымдастырылған  күн  тәртібі,  гигиенаның  қажетті  ережелерін
орындау, балалардың біршама қимыл белсенділігі —  міне,  осының  бәрі  оның
көңіл күйінің көтеріңкі  болуына,  куаныш  сезіміне  бөленуіне  игі  әсерін
тигізеді.  Дені сау баланың ұйқысы қатты, тәбеті жақсы болады. Күн тәртібін
бала тәрбиесінің дұрыс әдістемесімен ұштастыра  отырып  орындау  балалардың
шаршап-шалдығуын болдырмайды.
      Дене тәрбиесінің көздейтін маңызды мақсаты—  бала  ағзасын  шынықтыру.
ІІІынықтыру арқылы балалардың салқын тиюден болатын және жұқпалы  ауруларға
төтеп беру қабілеті күшейтіледі. Жүйелі  шынықтыру  ағзаға  сыртқы  ортаның
түрлі жағдайына және өзгерістеріне: температураның  ауытқуына,  желді  және
жауын-шашынды ауа райына бейімделу қабілетін қалыптастырады.
      Дене  тәрбиесінің  елеулі  міндеті  —  балалардың  қимыл   дағдыларын,
іскерлігін, дене күші сапаларын калыптастыру.
      Қимыл өсіп келе жатқан организмнің жетілуіне елеулі әсер етеді.  Алуан
түрлі белсенді қимыл  іс-әрекеті  сүйек-бұлшық  ет  системасының  дамуы-на,
балалар организмі қызметінің жетілуіне септігін  тигізеді,  сыртқы  ортаның
түрлі жағдайына бейімделуіне көмектеседі.
      Мектепке дейінгі балаларда негізгі қимыл (жүру, жүгіру, секіру,  өрме-
леу, лақтыру) ерте  бастан  қалыптасады.  Алайда  тәрбиелеу  процесі  дұрыс
ұйымдастырылған жағдайда ғана  балалардың  дамуы  неғұрлым  толық  дәрежеде
болады.  Қимылдың өмірге қажетті негізгі түрлеріне  коса  мектепке  дейінгі
балалар бұлшық  еттің  белгілі  бір  топтарын  (қолдың,  аяқтың,  кеуденің)
нығайтуға бағытталған жаттығуларды орындайды.
      Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде  баланың  организміне  белсенді
түрде жан-жақты әсер ету  мақсатымен  колданылатын  дене  жаттықтыруларының
белгілі бір жүйесі қалыптасты. Ол дене тәрбиесі жөніндегі  оқу  сағаттарын,
қозғалмалы ойындарды,  таңертеңгілік  гимнастиканы  мақсатты  ұйымшылдықпен
пайдаланудан, оондай-ақ дене  шынықтыру  жаттығуларын  және  балалардың  өз
бетімен қимыл жасайтын ойындарын кеңінен қолданудан тұрады.
      Мәдени-гигиеналык дағдыларды тәрбиелеу баланың  денсаулығын  нығайтуға
бағытталады. Сонымен бірге ол маңызды адамгершілік міндетті  —  мінез-құлық
мәдениетін тәрбиелеуді — камтиды.
      Балалар  мәдени-гигиеналық  дағдыларды  үлкендердің  басшылық  етуімен
үйренеді. Ол басқа балалармен бірге қолын жууға, төкпей-шапшай тамақ ішуге,
киімін таза ұстауға, түрлі заттарды ұқыпты сақтай білуге дағдыланады.  Оның
бойында  өзін-өзі  билеушілік,  жинақылық,  ұқыптылык,   құнттылық   сияқты
қасиеттер қалыптасады, үлқендер мен  құрдастары  ара-сында  әдепті  болуға,
оларды құрмет тұта білуге тәрбиеленеді.
      Дене  тәрбиесінің  барлық  міндеттері  балалар  бақшасының  тәрбиелік-
білімдік  жұмысының  барысында  бірыңғай  шешіліп,  балалардың  бірка-лыпты
нығайып, өсуін қамтамасыз етеді.
      Дене тәрбиесінің шарттары  қоғамда дене тәрбиесі   мемлекеттің ана мен
балаға деген әрдайым өсіп  отыратын  қамқорлығына,  әлеуметтік  жағдайының,
халықтың әл-ауқатының артуына негізделеді.
      Балалардың дұрыс нығайып, өсуі үшін гигиеналык  жағдай  туғызу,  дұрыс
тамақтану, қимыл және ағзаны шыныктыру жөнінде  шараларды  камтитын  ғылыми
жағынан негізделген  балалардың  күнделікті  күн  тәртібін  міндетті  түрде
орындап отыру кажет.   Сонымен бірге   медициналық  қызметкерлер  тарапынан
үнемі бакылау орнатылып,  қажетті  профилактикалық  және  емдеу  жұмыстары,
мақсатты   тәрбие   жұмысы   жүргізілуі тиіс.  Мектепке    дейінгі  балалар
мекемесі мен  отбасы  арасындағы тығыз  байланыс — балалардың дене  бітімін
дұрыс дамытудың маңызды шарты.
           Мәдени-гигиеналық   калыптастыру шарттары мен тәсілдері.  Мәдени-
гигиеналық дағдыларды қалыптастырудың  табысты  болуының  негізгі  шарттары
қатарына   жақсы    жағдайдың туғызылуы, аиқын күнделікті күн  тәртібі  мен
үлкендер тарапынан басшылық болуы жатады.
      Жақсы ұйымдастырылған жағдай дегенді таза,  біршама  кең,  барлық  күн
тәртібі элементтерін  (жуыну,  тамақтану,  ұйқтау,  оқу  және  ойнау)  іске
асыруға мүмкіндік беретін қажетті  жабдықтары  бар  белмелердің  болуы  деп
түсінеміз.
      Жағдайдың тұрақты болуының, күнделікті қажет бұйымдардың тұратын  және
қолданылатын орнын білудің сәбилер үшін маңызы ерекше.
      Күнделікті  атқарылатын   гигиеналық   процедуралардың   бір   уақытта
атқарылуын күн тәртібі  қамтамасыз  етіп  отырады,  мұның  өзі  мінез-құлық
мәдениеті дағдылары мен әдеттерінің біртіндеп қалыптасуына себін  тигізеді.
Оларды орнықтыру ойындарда,  еңбекте,  оку  сағаттарыпда,  тұрмыста  жүзеге
асырылады.
      Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру үлкендердің —  ата-аналардың
және тәрбиешінің басшылығымен іске асып отырады. Сондықтан мектепке дейінгі
балалар мекемесі мен  отбасы   тарапынан  қойылатын  талаптар  өзара  толық
келісілген болуы қажет.
      Мектепке дейінгі балаларда нақты, көрнекі-бейнелеп ойлау басым. Осыған
байланысты оларда гигиеналық дағдыны қалыптастырудың табысты болуы үшін к ө
р с т у және түсі н д і р у керек.
      Бақылау әсіресе дағдыны қалыптастырудың  бастапқы  кезеңінде  маңызды.
Онан әрі тәрбиеші қимылдың мүқият және шын ықыласпен орындалуын  тексереді.
Қажетті бақылаудың болмауы балалардыи теріс дағдылануына әкеп соқтырады.
      Мектепке  дейінгі  балалар  еліктегіш  келеді,  сондықтан  дағдылардың
калыптасуына үлкендердің жеке басының ү л г і с і  н  і  ң  тигізетін  ролі
үлкен. Тәрбиешілер мен ата-аналардың  сыртқы  пішіні,  олардың  мінез-қүлқы
балаларға үлгі болуы керек.  Дағдыларды  тәрбиелеуде  балалардың  өздерінің
жақсы үлгілеріне де сүйену керек. Алайда, тәрбиеші жаксы өнегені  пайдалана
отырып, әдептілік керсетуге, балаларды бір-біріне қарсы қойып алмауы тиіс.
      Мәдени-гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу ісінде педагогикалық б  а  ғ  а
берудің, яғни баланың мінез-құлқы, жекелеген іс-әрекет жөніндегі педагогтың
ұнамды немесе ұнамсыз пікірінің ролі орасан зор. Педагог  өзінің  жұмысында
жағымды  бағаны  көбірек  пайдаланады:  құптайды,  көтермелейді,  мақтайды.
Құптау балалардың бұдан кейін де солай істеуге, тіпті одан да жақсы істеуге
деген талпынысын тудырады. Егер балалар қандай да бір  ережені  орындағанда
қате жіберетін болса, педагог  оларға  қалай  жасау  керек  екенін  айтады,
ескерту жасауға немесе кінәлауға асықпайды.
      Мәдени-гигиеналық дағдыларды тәрбиелеуде ойын  тосілдері  ерекше  роль
атқарады. Оларды пайдалана отырып, тәрбиеші  балалардың  күнделікті  өмірде
үйренген дағдыларын бекіте түседі.
      Дағдыларды қалыптастыруда балаларға жеке-дара қатынас  жасау  маңызды.
Бұл  міндеттің  күрделі,  жүйелілікті,  табандылықты,  талғампаздықты  және
төзімділікті қажет  ететіндігін  есте  сақтау  қажет.  Балаларға  берілетін
барлық нұсқау  олардың  әдетіне  айиалатын  іс-әрекеттерге  дұрыс  көзкарас
тудыратын достык лебізбен, байсалды түрде айтылуы керек.
      Күн тәртібі  ұғымы және оның тәрбиелеудегі   маңызы  Күн тәртібі  дене
тәрбиесінің табысты болуының   маңызды  шарты. Күн тәртібі  дегеніміз    іс-
әрекет пен    демалыстың алуан  түрін  уақыты  мен  кезекпен  қарай  тиімді
болуды көздейтін ғылыми жағынан негізделген өмір тәртібі.
      Режимге қойылатын талап  балалардың  жасына  қарай  психофизиологиялық
ерекшеліктерге,  тәрбиелеу  міндеттеріне,  жағдайға  байланысты   анықталып
отырады.
      Режимге  қойылатын  негізгі  талап  —  балалардың  жас  ерекшеліктерін
есептеу.
      Рсжимді орындау процесінде  балалардың  денсаулығы  жағдайын,  олардың
психиялық даму дәрежесін ескеру керек.  Денсаулығы  осал  немесе  сырқаттан
айыққан   балалардын  ұйктайтын  уақыт және  таза ауада  серуендеу  мерзімі
ұзартылады, тәрбиелік-білімдік жұмыстар  мазмұнына  да  кажетті  өзгерістер
енгізіледі.
      Келесі талап —  режимнің  тұрақтылығы:  дер  кезінде  тамақтану,  оқу,
ойнау, ұйқтау. Ол балалардың кайталанып отыратын құбылыстарға  дағдылануына
көмектесіп, балалар жөн-жосыққа,  тәртіпке  үйретіледі.  Режим-нің  бұзылуы
балалардың денсаулығына және олардың мінез-құлқына теріс әсер  етеді:  олар
қызынып, қыңырлыкка салына бастайды, олардың арасында  ұрыс-керістің  болуы
да мүмкін. Режим белгілегенде жыл мерзімдері ескеріледі.
      Дұрыс жасалған режимнің гигиеналық және педагогикалык маңызы үлкен. Ол
күн  сайын  қайталана  отырып,  балалардық  ағзасын  белгілі  бір   ырғаққа
үйретеді, іс-әрекетінің алмасып отыруын  (ойын,  сабақ,  еңбек)  камтамасыз
етеді, сөйтіп жүйке жүйесін шаршаудан сақтайды. Режимнің орындалуы  мәдени-
гигиеналық   дағдылардың   қалыптасуына,   ұйымшылдық   пен   тәртіптілікке
тәрбиелеуге көмектеседі. Режимнің дәл орындалып отыруы  балалардың  уақытты
сезіну сезімін тәрбиелеп, олар уақытты бағалай бастайды.
      Мектепке дейінгі  балалар  өздерінің  дұрыс  дамуы  үшін  қажетті  күн
тәртібі   тек  үлкендердің  басшылығымен  ғана  орындай  алады.  Әрбір  жас
шамасына қарай  бөлінген   топта  дұрыс  күн  тәртібінің   болуын  тәрбиеші
ұйымдастырады. Ол күн тәртіп  талаптарды   үйренуінің    алғашқы  қадамынан
бастап белгілі  бір  дербестікке  жеткенге  дейін  балаларды  күн  тәртібін
орындауға үнемі үйрете береді.
      Балалардың дене бітімі дұрыс дамуы мен  тәрбиеленуінің  қажетті  шарты
отбасында күн тәртібінің   сақталуы  болып  табылады.  Бұған  ата-аналардың
көзін жеткізу  және  режимді  ұйымдастыруда  оларға  кемек  көрсету  қажет.
Тәрбиеші ата-аналарды баласы келіп жүрген  топтағы  режиммен  танысты-рады,
оларға  балалардың  үйде   болатын   кешкі   сағаттардағы   және   дема-лыс
күндеріндегі режимін ұйымдастыруға кемектеседі. Семьядағы  режимді  жасауда
семьяның жағдайын және баланың мүмкіндігі мен ынта-ықыласын  ескеру  кажет.
Балалар бақшасы мен отбасы тарапынан бірдей талап қойған жағдайда ғана дені
сау                баланы                тәрбиелеуге                болады.

      Балалардың таза ауада болуыпың оның дене құрылысының дамуы үшін  үлкен
  маңызы    бар.    Серуендеу  —        бала  ағзасын    шынықтырудың    ең
бастапқы   және неғұрлым оңайға түсетін құралы. Ол баланың  сыртқы  ортаныц
қолайсыз әсеріне, әсіресе, салқын тиюден болатын ауруларға тәзімділігі  мен
көнбістігін арттырады.
      Серуенге шыққанда балалар ойнайды, көп қозғалыста  болады.  Қимыл  зат
алмасуын, қан айналымын, газ алмасуын күшейтеді, тәбетін жақсартады.
      Серуендеу баланың  ақыл-ой  тәрбиесіне  әсер  етеді.  Олар   айналадан
көптеген жаңа нәрсені көреді және біледі:  үлкендердің  еңбегі,  транспорт,
көшеде жүру тәртібі жөнінде және т. б. түсінік алады. Бақылау  арқылы  олар
табиғат маусымына  байланысты  өзгерістер  ерекшеліктерін  білетін  болады,
түрлі   құбылыстар    арасындағы    байланыстарды    байқайды,    қарапайым
тәуелділіктерді анықтайды. Байқау оларды білуге, түрлі сұрақтардың  жауабын
табуға құлшындыра түседі.
      Мұиың бәрі балалардың байқағыштығын дамытады, айналадағылар  женіндегі
ұғымын кеңейтеді, ой мен қиялын оятады.
      Серуендер адамгершілік тәрбиесі міндеттерін шешуге  мүмкіндік  береді.
Тәрбиеші балаларды  туған  қаламен,  оның  көрікті  орындарымеи,  көшелерін
көгалдандырып, сәулетті үйлер салып, жолдарды асфальттап жүрген үлкендердің
еңбегімен таныстырады. Осыдан келіп, еңбектің ұжымдық  сипаты  мен  маңызы:
барлығы да біздің адамдарымыздың жайлы,  әдемі  және  куанышты  тұруы  үшін
екендігі атап көрсетіледі. Айналадағылармен танысу балаларды  туған  қалаға
деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге көмектеседі.

7-тақырып. Балалардың  ақыл- ой тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі.
“Ақыл –ой тәрбиесі”, “Ақыл- ой дамуы” ұғымдарына анықтама.
Ақыл- ой тәрбиесінің маңызы мен міндеттері.
Ақыл- ой тәрбиесінің құралдары мен шарттары.
Мектеп алды даярлық тобында балаларды оқыту үрдісі және ерекшеліктері.
Ақыл- ой тәрбиесінің негізі – сенсорлық тәрбие.
“Сенсорлық тәрбие”, “Сенсорлық даму” ұғымдары.
      Мақсаты: Студенттерді мектепке дейінгі жастағы  ақыл-  ой  тәрбиесінің
мазмұнымен таныстыру,  Ақыл-  ой  қабілетін,  дағдысын,  ойлаудың  қарапайым
тәсілдерін, дамыту жолдарын тәжірибеде пайдалана білуге үйрету.

      Акыл-ойдың  дамуы  —  бүл,  баланың  жасына,  тәжірибенің  молаюы  мен
тәрбиелік   ықпалдардың   әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда  болатын
сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы.  Мектепке  дейінгі  шақта  білімнің
қорлануы шапшаң қарқынмен жүргізіледі, тіпті қалыптасады.  Таным  процестері
жетіледі, бала ақыл-ой әрекетінің қарапайым  әдістерін  меңгереді.  Мектепке
дейінгі баланың ақыл-ойы дамуын қамтамасыз етудің оның  барлық  кейінгі  іс-
әрекеті үшін зор маңызы бар.
      Баланың  ақыл-ойын  дамыту   әлеуметтік   ортаның   ыкпалымен   жүзеге
асырылады. Ол  айналадағылармен  араласу  процесінде  тілді,  сонымен  бірге
қалыптаскан ұғымдар жүйесін игереді.  Соның  нәтижесінде   мектепке  дейінгі
бала тілді меңгеріп алатындығы  сондай,  оны  қарым-катынас  кұралы  ретінде
еркін пайдаланады.
      Мектепке дейінгі баланың ақыл-ойының дамуы алғашында  қарымқа-тынаста,
заттық әрекеттерде, ойындарда, ал сонан соң оқу, еңбек, өнімді жұмыс  (сурет
салу, мүсін жасау, аппликация, кұрастыру) процесінде жүзеге асырылады.
Ақыл-ойдың  неғұрлым   тиімді   дамуы   оқыту   және   тәрбиелеу   ықпалымен
жүргізіледі.
      Қазіргі педагогика ғылыми ақыл-ой  дамуының  негізгі  керсеткіштері  —
білімдер жүйесін игеру, олардың қорын жинау, творчестволық ойды дамыту  және
жаңа  білімдер  алуға  қажетті  танымдық  қызмет   әдістерін   меңгеру   деп
есептейді.
      Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ойын  тәрбиелеуді  дұрыс  ұйымдастыру
үшін олардың ақыл-ой дамуының заңдылықтары мен  мумкіндіктерін  білу  керек.
Осыларды   ескере   отырып,   ақыл-ой   тәрбиесінің   міндеттері,   мазмұны,
ұйымдастырылуы мен әдістері белгіленеді. Психология  мен педагогика  акыл-ой
тәрбиесі  міндеттерін  тиімді  шешу  жолдарын  табу:  бір  жағынан,  баланың
мүмкіндігін  барынша  пайдалану  және,   екінші   жағынан,   ағзаны    жалпы
қажытатын, шамадан тыс міндеттер жүктеуді болдырмау  үшін  мектепке  дейіигі
шактағы  ақыл-ой  дамуының  мүмкіндіктері   мсн   заңдылықтарын   зерттеумен
шұғылданады.
      Ақыл-ой  тәрбиесі  -  балалардың  белсенді  ойлау  қызметінің  дамуына
ересектердің мақсатты   ықпалы. Ол қоршаған  дүние  туралы  түсінікке  жеңіл
білімдерді  хабарлауды,  оларды   жүйелеп   отыруды,   танымдық   мүдделерді
интеллектуальдық   дағдылар   мен   іскерлікті   қалыптастыруды,    танымдық
қабілеттерді дамытуды камтиды.
      Балаларды мектепке дайындауда акыл-ой тәрбиссінің ролі  ерекше  үлкен.
Білім  қорын  игеріп,   ақыл-ой   белсенділігі   мен   дербестігін   дамыту,
интеллектуальдық іскерлік пен дағдыларға ие  болу  —  бұл  мектепте  табысты
оқыту үшін және алда  тұрған  еңбек  қызметіне  даярлау  ушін  маңызды  алғы
шарттар.
        Балалар  бақшасындағы  тәрбие  бағдарламларында   мектепке   дейінгі
балаларды  ақыл-ой  жағынан  тәрбиелсудің  мынадай  міндеттері  белгіленген.
Қоршаған өмірдің қарапайым құбылыстары жайлы дұрыс  ұғымдарды  калыптастыру,
танымдық   психикалық   процестерді;   түйсінуді,   қабылдауды,    сақтауды,
қиялдауды,  ойлауды,  сөйлеуді  дамыту:  білуге   құштарлығы   мен   ақыл-ой
қабілетін дамыту; интеллектуальдың іскерлігі мен дағдыларын дамыту;  ақыл-ой
әрекетінің карапайым тәсілдерін қалыптастыру.
      Қоршаған өмір      жайлы  ұғымдарды     қалыптастыру.   Бала  мектепке
дейінгі жылдарда күн сайын өзі үшін жаңа     заттармен,        құбылыстармен
      ұшырасады.
      Алайда тиісті басшылықсыз білім мен  ұғымды  жинақтау  жүйесіз  жүреді
олар  үстіртін,  көбінесе  жақсақ  болуы  мүмкін.  Бала  «бұлтты—мақта»,  ал
«жұлдыздарды—электр шамдары» деп ойлайды. Айналадағы өмірді бақылай  отырып,
ол өзінше тұжырым жасауға тырысады.
      Балалардың білім қорын дәйекті түрде ұлғайту,  оларды  ретке  келтіру,
нақтылау, жүйелеу оқытушының  міндеті  болып  табылады.  Бала  төңірегіндегі
заттар, олардың қолданылуы,  кейбір  сапасы  (түрі,  кәлемі,  формасы)  және
қасиеттері (соғылу, сыну, үзілу, төгілу  және  т.  б.)  жайлы,  оның  қандай
материалдан жасалғаны туралы айқын түсінік алуы керек. Сондай-ақ  ол  кейбір
табиғат кұбылыстары, олардың  өзара  байланыстары  мен  заңдылықтары   жайлы
білім  алады.  Өлі  табиғат  кұбылыстарын  өсімдіктердің  ,  жәндіктердің  ,
хайуанаттардың дамуын бақылау процесінде тәрбиеші балалардың  бойыида  дүние
жайлы ұғымдардың бастамасын қалыптастырады.
      Танымдық психикалық процестерді  дамыту.  Ақыл-ой тәрбиесінің  маңызды
міндеті    танымдық  психикалық    процестерді  —  түйсінуді,    қабылдауды,
есте сақтауды, киялдауды,    ойлауды,    сондай-ақ   сейлеуді  дамыту  болып
табылады.
      Қоршаған дүниені тану түйсіну мен қабылдаудан басталады. Олардың  даму
деңгейі неғұрлым жоғары  болған  сайын  қоршаған  болмысты  тану  мүмкіндігі
соғұрлым мол болады. Сондықтан да балалар бакшасында сенсорлық тәрбиеге  көп
көңіл белінеді.
      Мектепке дейінгі шақта тіл  дамытудың  ролі  ерекше.  Адам  ана  тілін
өзінің ойын айтуға және өзгенің айтқанын түсінуге пайдаланады.  Сейлей  білу
балаға заттарды немесе  құбылыстарды  тікелей  кабылдау  арқылы  ғана  емес,
сондай-ак болмыс туралы білімдерін  жанама  түрде  алуға  мүмкіндік  береді.
Балалар   бакшасында   сездік   корын   көбейту,   грамматикалық   құрылымды
қалыптастыру, байланыстырып сейлеуді дамыту сияқты міндеттер шешіледі.
      Мектепке дейінгі балалардың  саналы  есте  сақтауы  қалыптасады,  есте
сактау ауқымы ұлғаяды; мұның міндеті есте  еркін  сақтауға  жаттықтыру,  оны
пайдалы білімдермсн толыктыру болып табылады.
      Білуге құштарлықты және акыл-ой кабілетін дамыту.  Білуге құштарлық  —
балаға тән касиет. Ол қоршаған дүниеге  деген  белсенді  қызығудан,  олардың
бәрін қарап  көруге,  ұстауға,  қозғалысқа  келтіруге  ұмтылуынан  көрінеді.
Кәптеген сұрақтар  да  білуге  құштарлықты  байқатады.  Тәрбиеші  балалардан
шыкқан  сұрақ-тарға  дер  кезінде   жауап   беруге   тырысып,   жауапты   өз
бетінше.іздестіруге  бағыттай  отырып,  балдырғандардың  білімге  кұмарлығын
қолдайды.  Ақыл-ой  тәрбиесінің  міндеті  балалық  әуестенушілікті,  ақыл-ой
талпынысын  дамыту  және   олардың   негізінде   тұрақты   танымдық   ынтаны
қалыптастыру.
      Тәрбиеші осы сапаларды  дамытуға  көмектесу  үшін  балалардың  ақыл-ой
кызметін  осылайша  үйымдастырады.  Саналылыкты  дамыту  үшін  жылдам  жауап
кайтаратын,  күрделі емес  мәселелерді    тез  шешетін    ойындар  өткізеді,
акыл-ойдың сыншылдығын дамыту үшін, балалардын  өз    жүмыстарын  жауаптарын
талдауға тартады. Мектепке  дейінгі    балалардың     акыл-ой    тәрбиесінің
міндеттерінің  бірі  интеллектуальды  іскерлік  пен   дағдағдыларды   дамыту
дамыту, яғни ақыл-ой қызметін:  заттарды тексеру, олардың нақты, накты  емес
белгілерін ажырату, өзге заттармен салыстыру және  т.  б.  сиякты  қарапайым
әдістерін калыптастыру болып табылады. Бүл іскерлік пен   дағдьглар    таным
  әрекетінің  кұрамды  элементтері  болып  табылады,  олар  баланын  білімді
ойдағыдай игеруіне көмектеседі.
      Мектепке дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесі ойын, оку, еңбек,  тұрмыс
іс-әрекеттерінде жүзеге асырылады. Баланың іс-әрекеті неғұрлым  алуан  түрлі
болған сайын, оның тәңіректегі тануы мен танымдық қабілетінің дамуы да  жан-
жақты болып келеді. Іс-әрекеттің барлық түрінде де ол  іскерлікті  үйренеді,
белгілі бір карым-қатынасты игереді, тіл үйренеді. Дұрыс бағыттағы  басшының
ақыл-ой  тәрбиесі  міндеттерін  шешуге  бағытталған  педагогикалық  ықпалдың
тиімділігін арттырады.
      Төңіректегілермен     таныстыру Балалардың ақыл-ой тәрбиесінің маңызды
құралы —қоршаған болмыс:  адамдар,  заттар,    табиғат,    коғамдық  құбылыс
болып  табылады.  Айналадағы  дүниемен  араласу  арқылы  баланың   көзқарасы
кеңиді, оның танымдық процестері дамиды.
      Ақыл-ой тәрбиесі кұралдарының бірі ойын болып табылады, ойын балаларға
тәи іс-әрекет, ойын үстінде бала  қоршаған  болмысты  бейнелеп,  өз  білімін
анықтайды, оны жолдаста-рымен беліседі.
      Ойынның жекелеген түрлері балалар санасының жетілуіне  әр  түрлі  әсер
етеді:  сюжетті-рольді  ойындар  айналасындағылар  жөніндегі   түсінік-терді
кеңейтеді  және  тілдік  қарым-қатынасты  дамытуға   көмектеседі;   драмалау
ойындары көркем әдебиет шығармаларын тереңірек түсінуге жағдай жасайды  және
тіл   белсенділігін   арттырады;   құрылыс-құрастыру   ойындары    құрастыру
қабілеттерін арттырады  және  геометриялық  фигуралар  мен  кеңістік  қарым-
катынастары туралы білімін кеңейтеді.  Тәрбиеші  ойынның  мазмұнын  байытып,
дұрыс ұйымдастырса, ол  баланың  ақыл-ойын  дамытуға  зор  әсерін  тигізетін
болады.
      Ойын үстінде  балалар  білім  алмасып,  ойынның  әр  түрлі  жағдайдағы
нұсқаларын  ойлап  табады.  Ойынды  бақылай  отырып,  тәрбиеші  оның  кейбір
ұғымдарын нактылап, жаңа рольдерді, ойын әрекеттерін,  жағдайларын  ұсынады,
сөйтіп ба-лалардыц ой-өрісіи кеңейтеді. Ойын үстінде балалар алдын ала  ойын
тақырыбын  белгілейді,  жоспарын   талқылайды,   қандай   құралдар   әзірлеу
кажеттігін ойланады, оларды әзірлейді,  ойын  ережелерін  тағайындайды.  Бұл
балалардан ақыл-ой белсенділігін және  максатты  талап  етеді,  және  оларды
калыптастыруға көмектеседі.
          Енбек  процесінде  заттардың  практикалық  тексеруі  болады:  бала
заттардың тек сырткы қасиеттерімен және  сапасымен  танысып  коймай,  қызмет
процесінде  ұшыраған    өзгерістерімен  де  танысады:   сабын   көбіктенеді;
қазылған    топырақ  жұмсақ    борпылдақ  болады;  дымқыл  құмды   кұрылысқа
пайдалану оңай және т.б.
      Табиғатта істелген еңбек балаға  себеп-салдарлы  байланысты  анықтауға
мүмкіндік береді,  құбылыстардың  өзара  байланысы  мен  өзара  тәуелділігін
ұғынуға кемектеседі; өзінің тікелей бақылауы  негізінде  ол  ойын  ко-рытып,
қорытынды жасайды: өсімдікке  су  кұйылмаса,  ол  қурап  қалады:  күн  жақсы
түскен жүйекте өсімдік тез, ал көлеңке жерде баяу  өседі;  күзде  өсімдіктер
жеміс және тұқым береді, көктемде олардан жаңа өсімдіктер өсіруге болады.
           Еңбек,   ойын   және   тұрмыстық қызмет   балалардың  ақыл-ойының
дамуына үлкен  әсер  еткенімен  ақыл-ой  тәрбиесінде  жетекші  роль  окытуға
беріледі. Оқытудың артықшылығы — оның максатты бағытталуында. Окыту  жүйелі,
жоспарлы түрде жүзеге асырылады, сол арқылы  білім  мен  дағдыны  жинақтауда
белгілі бірізділік және беріктік қамтамсыз етіледі.
          Мектепке дейінгі    балаларды    акыл-ойға    тәрбиелеуде  окытуға
жетекші роль беріледі, өйткені оқыту барысында  акыл-ой  тәрбиесінің  барлық
міндеттері комплексті түрде шешіледі. Ол  балаларға  дәйекті  білім  беруді,
оны нақтылауды және жүйеге келтіруді, таным процестерің ойлау  белсенділігін
дамытуды қарастырады. Оқыту байқағыштықты, білуге  кұштарлықты,  сол  сияқты
ақылдың талаптанушылық, зеректілік,   сыншылдық сияқты қасиеттерін  дамытуға
жағдай жасайды.
       Оқыту дене, адамгершілік, еңбек және эстетикалык  тәрбиені  ойдағыдай
жүзеге асыру үшін де қажет.  Балалар  бақшасында  балалар  мәдени-гигиеналық
дағдыларға, негізгі  қимылдарға  үйретіледі,  олар  мәдениетті,  мінез-құлық
ережелерін  игереді,  олардың  моральдык   қасиеттерді,   еңбек,   бейнелеу,
құрастыру, музыкалық іскерліктері мен дағдылары калыптасады.
      Балалар бақшасыида оқыту мектептегі  оқытуды  ойдағыдай  жалғастырудың
маңызды алғы шарты  болатын  себебі,  балалар  білім,  іскерлік  және  дағды
жүйесін игеріп қана қоймай, сонымен  бірге  олардың    бойында  оқу  кызметі
негіздері де қалыптасады.
      Мектепке дейінгі дидактиканы дамытуға  Александра Платоновна Усова зор
үлес қосты.  Өз зерттеулерінде ол  балалар  бақшасының  тәрбие  процесіндегі
білім беру жүмыстарының ролін көрсетіп, мектепке дейінгі  балалардың  оқуына
және оның қалыптасу ерекшеліктеріне сипаттама жасап,  окытудың  мазмұны  мен
әдістемесін  ашып берді.
      Балалар бақшасындағы оқыту мазмүны, ұйымдастыру формалары мен әдістері
жағынан мектептегіден өзгеше  болады.  Мектепте  окушылар  ғылыми  білімдер,
негіздерімен қаруланады.  Балалар  бақшасының  міндеті  —  мектепке  дейінгі
балаларға айналадағы заттар мен қүбылыстар жөнінде қарапайым,  бірақ  ғылыми
тұрғыдан нақты білім беру болып табылады. Мектепке  дейінгі  балалар  алатын
білім мектептегіге  қарағанда  шамалы  болса  да,  бұл  білім  мен  дағдылар
бөбектің келешекте өсіп  дамуына  зор  әсерін  тигізеді.   В.  Ф.  Одоевский
мсктепке дейінгі жаста оқытуды «Қандай да болмасын  ғылымға  дейінгі  ғылым»
деп атаған еді. Балалар бақшасында оқытудың мазмұнына айналадағы  заттармен,
олардың  арасындағы  карапайым  байланыстармен,  өзара  қарым-қатыпастармен,
бақыланатын  қүбылыстардың  негізгі   себептерімен   танысу   кіреді.   Оның
мақсатына  балаларға  білім  мен  дағдылар  беру  ғана  емес,  оларды  игеру
тәсілдерін  де  үйрену  жатады.  Балалар  бақшасы  мен  мектептегі  оқытудың
ұйымдастыру формалары әр түрлі. Мектепке дейінгі оқытудың пегізгі формасы  —
арнайы ұйымдастырылған оқу  сағаттары,  оның  мектептегі  сабаққа  қарағанда
үзақтығы,  құрылымы,   балаларға   қойылатын   талаптар   дәрежесі   жағынан
айырмашылығы  бар.  Балалар  бақшасында  үйге  тапсырма   берілмейді,   баға
қойылмайды:   игерілген   білім   дорежесі   жаңаны   түсіндіру    барысында
тексеріледі.
      Мектепке дейінгі балаларды  оқыту  әдістер  жағынан  да  ерекшеленеді.
Мүнда көрнекілік әдістер үлкен орын алады,  дидактикалық  ойындар  мен  ойын
тәсілдері кеңінен колданылады. Жаңа матсриалдарды игеру  негізінен  белсенді
қимыл процесінде: заттармен күрделі кимылдар жасау, әр түрлі ойындар,  сурет
салу, құрастыру  арқылы  жүргізіледі.  Алайда,  мектептегі  сиякты,  балалар
бақшасындағы оқыту да  бағдарламалық  сипатта  болады:  бағдарламаның  толық
орындалуы, білім мен  іскерлікті  барлық  балалардың  игеруі  торбиеші  үшін
міндетті болып табылады. Оқыту процесі де ол мектептегі сияқты  дидактикалық
принциптерге сүйенеді.
      Оқыту — екі жақты процесс. Ол тәрбиешінің де, балалардың  да  белсенді
қатысуымен ғана табысты болады. Мүнда тәрбиеші  жетекші  роль  атқарады:  ол
жаңа  материалды  айтып  қана  қоймай,  оны  үйретеді,  балалардың  танымдық
әрекетіне ықпал етіп, оған басшылық жасайды.
      Окытудың нәтижесі  білімді,  іскерлік  пен  дағдыларды  үйренуден  де,
сондай-ақ баланың жеке басында әрекет  барысында  болатын  өзгерістерден  де
көрінеді.
            Оқу  әрекеті—  баланың  білім,  іскерлік   пен     дағдыны,қимыл
тәсілдерін игерудегі өз бетінше істейтін әрекеті.
           Дидактикалық принциптер дегеніміз  оқытуды   ұйымдастыру  кезінде
тәрбиеші  басшылыққа  алатын   негізгі-қағидала.    «Дидактикалык»     деген
термин   гректің  «дидактикос», яғни «үйрететш» деген сөзінен шыққан.
        Оқыту  процесінде  тәрбиеші  әр   түрлі   әдістер   мен   тәсілдерді
пайдаланады. Оқыту әдістері — тәрбиешінің жұмыс әдістері,  осының  арқасында
балалар  білімді, іскерлікті, дағдыны игеретін болады,  сондай-ақ    олардың
таным қабілеті дамиды. Тәсіл — әдістің бір бөлігі.
      Тәрбиеші оқуда пайдаланатын оқытудың негізгі  әдісін  анықтай  отырып,
оның тиімділігін көтеру үшін алуан түрлі  тәсілдерді  пайдаланадьі.  Мысалы,
балалардың  көктем  туралы  білімдерін,  жүйеге  келтірудің  негізгі   әдісі
ретінде әңгімелесуді пайдалана отырып, оны әр түрлі  тәсілдермен:  жапырағын
жайған   бұтақтарды   көрсетумен,   жұмбақ   шештірумен,   өлеңдер    оқумен
толықтырады.  Сурет  салуды  оқытуда   тәрбиеші   көрсету   және   түсіндіру
тәсілдерін қолданады, балалардың эмоциялық  кәңіл  күйін  туғызу  үшін  өлең
оқиды. Оқыту әдістері көрнекі, ауызша айту, практикалық және ойын   әдістері
болып бөлінеді.
      Мектепке дейінгі оқытуда көрнекілік    әдістері    үлкен  орын  алады.
Оларды пайдалану  көрнекіліктің  дидактикалық  принципіне  сай  келеді  және
баланың ойлау ерекшеліктерімен байланысты. Балаларға жаңа білім  түсіндіруде
көрнекілік  әдістері   кеңінен   колданылады.   Оған   табиғи   объектілерді
(заттарды,  құбылыстарды),  көрнекі  құралдарды  (суреттерді,   тұлыптарды,)
модельдерді, үлгілерді және басқаларды керсету жатады.  Оқытудың  техникалык
құралдарын  қолданудың маңызы үлкен.
      Ауызша айту әдістері. Көрнекі әдістер сөзбен тығыз байланысты  болады,
көрсету   түсіндірумен   сүйемелденеді.   Түсіндіру   арқасында   балалардың
кабылдауы  анықталады.  Мектепке  дейінгі  балаларды  окытуда  көрсету   мен
түсіндіру әрқашан бірдей орын ала  бермейді:  «кейде  көрсету  көбірек  орын
алады, ал  екінші  жағдайларда  түсіндіру  негізгі  орынға  ие  болады.  Бұл
балалардың  жасына,  олардың  қимылды  немесе  жаттығуды  игеру   дорежесіне
байланысты. Көрсетудің орнын  бірте-бірте  сөзбен  түсіндіру  ала  бастайды,
тәрбиеші кимылды қалай орындау керегін айтады немесе  жай  естеріне  салады.
Ол  үнемі  түсіндіру   тәсілдерін   пайдаланып   отырады:   оку   басталарда
тапсырманың мазмұнын түсіндіреді, керсету барысында  әрбір  кимылға  түсінік
береді. Түсіндіру айқын, балаларға ұғымды, әсерлі болуы керек.
      Практикалық әдістер. Балалардың алған білімдері ойларыңда  қалуы  үшін
оларды практикалық  іске  қолданулары  керек.  Осыған  байланысты  балаларды
оқытуда   олардың   практикалық  ісін  ұйымдастыруға  көмектесетін,  олардың
жаңа  білімдерді,  іскерлік   пен   дагдыны   игеруге   жетелейтін   әдістер
қолданылады.
      Практикалық әдістердің маңызды  элементі  —  балалардың  алдына  нақты
міндет қою. Ол дайын үлгі бойынша (не істеу керек) немесе нұсқаулар  бойынша
(қалай істеу керек) тапсырма орындау болуы мүмкін.
      Оқытудың практикалық әдістері  кернекілікпен  тығыз  байланысты:  үлгі
немесе қойылған шарттар әрқашанда көрнекі болу керек. Дайын  үлгі  негізінде
практикалық іс-әрекет ұйымдастыру оны алдын  ала  қабылдауды  және  талдауды
талап етеді.
      Ойын әдістері.  Мектепке дейінгі балаларды   окытуда   ойын   әдістері
мен тәсілдері үлкен орын   алады, бұлар балалардың оқыту  мазмұнына  көңілін
аударып, танымдық іс-әрекет пен сәбилерге  тән  ойын  арасындағы  байланысты
қамтамасыз етеді. Оларға  дидактикалық  ойындар,  драмалық  ойындар,   қимыл
ойындары, эпизодтық ойын тәсілдері (жұмбақтар,  еліктеу  жаттығулары,  басқа
тапсырманы орындау аралығындағы ойын кимылдары) жатады.
      Окыту әдістері мен тәсілдерін  іріктеп  алу    материалдың  мазмұнына,
балалардың жас шамасына, олардың даярлық дәрежесіне байланысты.
      Егер тәрбиешінің алдына мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  заттармен,
жануарлармен, құстармен таныстыру міндеттері  тұрса,  оларды  көру,  бақылау
немесе тиісті суреттерді  пайдалану  неғұрлым  дұрыс  әдістер  болады;  егер
балалар жануарларды  бұрыннан  білетін  болып,  бірақ  ол  туралы  түсінігін
нақтылай түсу керек болса да суреттерді пайдалану дұрыс;  егер  жануарлардың
қылықтары  туралы  түсінікті   кеңейту   керек   болса,   көркем   әдебиетті
пайдаланған жөн.
      Тәрбиеші балалардың жасына,  дайындық  дәрежесіне  қарай  оқытудың  әр
түрлі әдістері мен тәсілдерін қолданады.
      Арнайы ұйымдастырылған оку іс-әрекеті — бұл балалар бақшасында оқытуды
ұйымдастыру формасы. Ол барлық мектепке дейінгі балалар үшін  міндетті  олар
үшін  сабақтың  бағдарламалақ  мазмұны  белгіленген,  күн   тәртібінде   оны
өткізуге тұрақты уақыт  бөлінген,  белгілі  бір  ұзақтығы  көрсетілген.  Оқу
тәрбиешінің  басшылығымен   өтеді,   ол   балаларға   жаңа   білім   береді,
білетіндерін  дәлдеп,  бір   жүйеге   салады,   практикалык   іс-әрекеттерді
ұйымдастырады, оның барысында балалар  алған  жаңа  білімді  нығайтып  алуан
түрлі  іскерлікке,  дағдыға   үйретіледі.   Оқу   материалдары   бірте-бірте
күрделене береді.
      Сенсорлық тәрбие ақыл-ой тәрбиесінің негізі болып табылады, ол баланың
сезімдік  тәжірибесінің  дамуын  және  баюын  қамтамасыз  етеді,   заттардың
касиеті  мен  сапасы  туралы  тусінігін  калыптастырады.  Сенсорлық   тәрбие
дегеніміз бүл түйсік пен қабылдаудыц дүрыс бағытта дамуы.  «Сенсорлық»  сөзі
латынның «Зепзиз»—«сезім», «түйсік», «кабылдау»,  «туйсіну  қабілеті»  деген
сөздерінен шыққан. Дүниені тану түйсінуден, кабылдаудан  басталады.  Түйсігі
мен қабылдауы мол адамның коршаған  дүние  жайлы  көзқарасы  кең,  жан-жакты
келеді. Сөйтіп, баланың сенсорлык мәдениеті, оның түйсігі  мен  кабылдауының
даму деңгейі ойдағыдай дамыған таным қызметінің алғы шарты болып табылады.
      Сенсорлық мәдениеттің эстетикалық  тәрбие  ушін  де  зор  маңызы  бар.
Түсін, реңкін, формасын  және  форма  мен  түстің  үйлесімін,  биіктігі  мен
тембірін  ажырата  білу,  бейнелеу  және  музыка  өнері  шығармаларын  жақсы
түсінуге, музыканы тыңдаудан, картиналар және т.  б.  көруден  ләззат  алуға
мүмкіндік береді.
      XX ғасырдың  басында  Монтессори  талдап  жасаған    сенсорлык  тәрбие
жуйесі балалардың түстер мен  реңктерді,  формалар  мен  келемдерді  ажырату
дәрежесі жоғары болуына қол  жеткізуді  өз  алдына  мақсат  етіп  қояды.  Ол
пайдаланған дидактикалық материалдар өзін-өзі  бақылау    принципіне  сәйкес
жасалған,  мүның  өзі   балаларға   педагогтың   катысуынсыз,   өз   бетімен
шұғылдануына мүмкіндік береді. Алайда бүл кезде сезім    органдарының  дамуы
тіл дамуымен, өнімді қызметпен байланысты болған жоқ.
      Бұл қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамытуға, көлем мен  формадағы  болмашы
айырмашылықтарды   сипап   анықтау    кабілетін    калыптастыруға,    түстің
реңктеріндегі елеусіз айырмашылықтарды тап басуға негізделді.
      Мектепке дейінгі   шақтағы баланы түсті   ажыратып,  атауға  үйретеді,
олардың реңктері туралы, яғни бояуларды араластырғанда түс немесе жаңа  реңк
пайда  болатыны  туралы  тусініктерді   қалыптастырады,  сондай-ақ  заттарды
түсіне қарай  салыстыруға  үйретеді,  суретті  қараған  кезде  бейненің  түс
арқылы қалайша көркемдік сипат алатынын кәре білу кабілетін дамытады.
      Мектепке дейінгі шақта балалар  «алға-кейін»,  «жоғары-төмен»,  «алыс-
жақын»,  «солдан-оңнан»  тағы  басқадай  кеңістікке   катысты   тусініктерді
игереді және оларды өмірдегі турлі жағдайларда басшылыққа  алады,  заттардың
формаларын, мөлшерін ажыратады, заттарды өзара салыстырады.
      Бірте-бірте олар уақытты бағдарлайды  және  уақыт  ұғымдарын  игереді,
уакыттың реттілігі мен ұзақтығын аңғарады. Басында балаға  «кеше»,  «бүгін»,
«ертең» деген  үғымдардың  салыстырмалылығын  түсіну  қиынға  соғады.  Бұған
тәжірибе жинақтау мен мақсатты бағыттағы оқыту нәтижесінде қол жетеді.
      Сенсорлық тәрбие мазмұнына есту сезімділігін дамыту, қоршаған жағдайда
дыбысты мұқият тыңдап, ажырата білу, тілдік есіту қабілетін  және  музыкалық
есіту кабілетін дамыту енеді.
      Сенсорлық тәрбие сондай-ақ— заттың сапасын сипап байқау арқылы ажырата
білуді және оларды: тегіс, мамық, кедір-будыр, жумсақ, катты,  ауыр,  жеңіл,
суық, жылы т. б. деп дұрыс  атай  білуді  да-мытуды  қамтиды.  Иіс  пен  дәм
туйсігін дамыту да сенсорлык тәрбиенің бір қыры болып табылады.
      Күнделікті өмір  процесінде,  ойындарда  және  оқу  сабақтары  кезінде
тәрбиешінің басшылығымен  мектепке  дейінгі  балаларды  жан-жақты  сенсорлық
тәрбиелеу жүзеге асырылады.
               Түйсік пен қабылдауды дамыту дұрыс бағыттағы мазмұнды  қызмет
барысында жүзеге   асады.    Өнімді  іс-әрекст  (сурет  салу,  мүсін  жасау,
құрау, құрастыру) түйсік пен  қабылдауды  тек  дамытуға  жағдай  жасап  кана
қоймайды, сонымен бірге ол форманы, түсті, кеңістікті бағдарлауды  меңгеруге
қажетсінуді туғызады. Қандай да бір заттың суретін салу үшін  оның  формасың
айқындап алу керек,  оның  белгілі  бір  геометриялық  фигурамен  ұқсастығын
анықтау керек үлгі  бойынша  құрылыс  турғызу  үшін  оны  бөліктерге  бөліп,
детальдарының ішінен керектілерін теріп алуға тура келеді.
      Сенсорлық тәрбиенің негізгі  әдісі  балалардың  заттардың  қасиеттерін
анықтау мақсатымен оларды тексеруі болып табылады. Тексеру —  бүл  нәтижесін
кейін қандай да бір мазмүнды қызметке пайдалану үшін арнайы  үйымдастырылған
қабылдау. Тексеру процесінде балалар көлем,  форма,  кеңістік  қатынастарын,
түсті,  адам  сөзіндегі  дыбыстардың  музыкалық  дыбыстардың  ерекшеліктерін
бөліп карауға әрі оларды бір-бірінен ажырата білуге үйренеді.
      Сенсорлық тәрбиенің маңызды міндеттерінің  бірі  балалардың  сенсорлық
эталон туралы ұғымын қалыптастыру болып табылады.  Сенсорлық  зталон  —  бұл
қоғамдық-тарихи   тәжірибе   процесінде   туған   үлгі.   Негізгі    түстер,
геометриялық  фигуралар  (шар,  куб,   дөнгелек,   квадрат   т.б.),   нотаға
түсірілген музыкалық дыбыстардың түрлі биіктіктері осындай  эталондар  болып
саналады. Егер бала эталондармен  және  олардың  сөздік  белгілерімен  жақсы
таныс болса, онда ол қоршаған дүниені оңай бағдар-лайды; ол  өзіне  кезіккен
заттарды  өзге  эталондармен  салыстыра  қарайды,  заттың  түсін,  формасын,
көлемін, оның бөлшектерінің кеңістікте орналасуын атайды.
      Тәрбиеші  балаларды  тексеру  тәсілдеріне  үйретеді.   Әуелі   олардың
алдарына заттың суретін салу  үшін  оның  қандай  бөліктерден  тұратындығын;
құрылыс тұрғызу үшін оның үлгісін талдап карап алу  қажеттігін  мақсат  етіп
қояды.  Сонан  кейін  барып  балаларды   тексерудің   негізгі   кезеңдерімен
таныстырады.
      Тексеруге үйрету балалардың жасын ескере отырып жүргізіледі: сәбилерге
негізгі түске боялған, артық детальдары  жоқ  неғұрлым  карапайым  формадағы
(доп, куб, кішкене мұнара) заттар  беріледі;  ересектер  төңіректегі  барлық
заттарды  анықтап,  оларға  талдау  жасайды,  сапаларын  (түсін,   формасын,
салмағын, қаттылығын  немесе  жұмсақтығын,  материалдың  фактурасын  т.  б.)
көбірек анықтай алады. Тексеру  жөнінде  жүйелі  жұмыс  жүргізілген  балалар
әрбір заттың белгілерін молырақ анықтайды. Осының өзі  баланың  аналитикалық
ойлау қызметі болып табылады, мұның  өзі  оған  затқа,  құбылысқа  тереңірек
үңілуге, олардың нақты, нақты емес жақтарын ажырата білуге,  оларды  қажетті
бағытта өзгерте алуына мүмкіндік береді.
      Тәрбиеші сенсорлық тәрбиені іске асыру  жолында  түрлі  мүмкіндіктерді
пайдаланады. Мәселен, бейнелеу  әрекетінде  бала  түс  пен  реңкті  игереді,
құрастыру әрекетінде форманы, келемді, кеңістік қатынастарды, сырт  қасиетін
(тегіс, кедір-бұдыр, мамық)  ажырата  білуі;  музыка  әуенімен  қимылдағанда
музыканың екпінін, ырғағын, сипатын ажыратуды үйренеді.
      Балаларды төңірекпен, әсіресе табиғатпен таныстыру  кезінде  сенсорлық
торбиеге мол мүмкіндік туады. Әр  түрлі  заттармен  шұғылдана  отырып,  бала
көптеген  түсінік  алады:  ол  түрліше  түстер,  иістер,  дыбыстар  арасында
болады, тек оларға көз салып, тыңдай білу  керек.  Тәрбиеші  серуен  кезінде
балаларды айналадан кандай дыбыстар естіліп тұрғанын тыңдау үшін  тоқтатады.

      Сезімдік тәжірибе жинақтағаннан кейін баланың сенсорлық  ұғымы  кеңейе
түседі. Заттың ауыр немесс жеңіл екендігін айту үшін сондай көлемдегі  басқа
заттардың (ағаш, металл, пластмасса) мөлшерлі салмағы қандай екендігін  білу
керек. Ал бұл заттың катты немесе  жұмсак  екендігін  анықтау  үшін  «қатты»
немесе «жұмсак» ұғымының артында не тұрғанын білу керек.
      Жинакталған  тәжірибелерін  балалар  баска  заттар  мен   кұбылыстарға
аударып, оны күнделікті  өмірде  пайдаланады.  Тәрбиеші  маңындағы  жағдайға
карай балалардың түйсігі мен қабылдауын бірте-бірте дамытып отырады.

8- тақырып.  Адамгершілік  тәрбие беру теориясы мен әдістемесі.
“Адамгершілік даму”, “Адамгершілік тәрбие”,  “имандылық  тәрбие”  ұғымдарына
анықтама.
Адамгершілік тәрбиенің мақсат, міндеттері, мазмұны.
“Ұжым” және “Ұжымдық” сезімдері ұғымы.
Мектеп алды  даярлық  тобында  балалардың  ұжымы  мен  ұжымдық  сезімдерінің
ерекшеліктері.
Балалар ұжымының қалаптасу кезеңдері және қалыптасуы.
 Мақсаты: Студентердің мектепке дейінгі   кезеңдегі  адамгершілік  тәрбиесі
туралы теорялық түсініктерін  тереңдету.  Адамгершілік  тәрбиесінің  мақсат-
міндеттерін,  мазмұны мен  құралдарын  және  әдіс  тәсілдерін  меңгерту  оны
тәжірибеде пайдалана білуге баулу.

      Адамның  моральдық  сапа  негіздері  мектепке  дейінгі  балалық  шақта
калыптасады. Балалардың адамгершілік жағынан онан  әрі  дамуы  көп  жағдайда
осы  процестің  қаншалықты  ойдағыдай  жүзеге  асуына  байланысты.  Мектепке
дейінгі  жылдарда  бала  ересектердің  жетекшілігімен   жақын   адамдарымен,
кұрдастарымен, заттармен, табиғатпен  қарым-қатынас  жасаудың,  тәлім-тәрбие
алудың  бастапқы  тәжірибесіне  ие  болады,  қоғамның   моральдық   нормасын
игереді. Балалардың іс-әрекеттерін басқара отырып, тәрбиеші олардың  бойында
Отанын  сүю,  айналадағыларға  ықыласпен  қарау,  шамасы   келгенше   оларға
көмектесуге ұмтылу, дербес іс-әрекетте белсенділік және  инициатива  көрсету
сияқты манызды сипаттарды қалыптастырады.
      Дұрыс тәрбие балаларда теріс тәжірибе көбеюіне жол  бермейді,  баланың
адамгершілік сапасының калыптасуына  қолайсыз  әсер  ететін  мінез-құлықтағы
теріс дағдылар мен әдеттердің дамуына кедергі жасайды.
      Мектепке  дейінгі  балаларды    адамгершілікке  тәрбиелеудің   негізгі
міндеттері  —  балалардың  адамгершілік   сезімдерін,  мінез-кұлықтың   ізгі
дағдылары  мен    әдеттердің   адамгершілік   ұғымдары   мен     мінез-құлық
мотивтерін қалыптастыру.
      Баланы  тәрбиелеуде  оның  өмірінің   алғашқы   жылдарынан   бастап-ақ
адамгершілік сезімдерін қалыптастыру үлкен орын  алады.  Үлкендермен  карым-
катынас жасау  процесінде  оларға  үйір  болу,  оларды  жақсы  көру  сезімі,
олардың нұсқауларына сай әрекет жасауға, оларды  қуантуға,  жақын  адамдарын
ренжітетін қылықтар жасамауға ұмтылу пайда болады.  Бала  өзінің  тентектік,
қателік жасаған кездегі ренішті немесе наразылықты көргенде  толқуды  бастан
кешіреді, ал өзінің жақсы қылықтарына  жылы  шыраймен  қараса  оған  қуанып,
жақын адамдарының ризашылдық білдіруінен рақат табады.  Эмоциялық  әсерлену:
жақсы  қылықтарына,  үлкендердің  мақтауына  риза   болу,   өзінің   орынсыз
қылықтарынан:  үлкендердің  ескертуінен,  наразылығынан  ұялады,   қапалану,
уайым жеу оның адамгершілік сезімдерін  калыптастырудың  негізіне  айналады.
Мектепке дейінгі шақта балада қайырымдылық, жанашырлық,  қуанышқа  ортақтасу
сезімдері  калыптасады.  Сезім   балаларды   белсенді   іс-әрекетке:   көмек
көрсетуге,  қамқорлық  жасауға,  көңіл  аударуға,     жұбатуға,     қуантуға
итермелейді.
      Мектепке дейінгі  ересек  жаста  қалыптасатын  адамгершілік  сезімдері
негізінде  өзінің  адамгершілігін,  борышын  сезіну  әділеттіліктің,  адамды
құрметтеудің  бастамасы,   сондай-ақ   өзіне   тапсырылған   жұмысқа   деген
жауапкершілік тәрбиеленеді.
      Мектепке дейінгі балалардың ерекшелігі еліктеу қабілеттілігінің  айқын
көрінуі болып табылады. Сонымен қатар  мінез-құлық  еркіндігінің  жеткілікті
дамымауы, өз қимылын бақылай білмеуі, олардың адамгершілік  мазмұнын  түсіне
алмауы ұнамсыз қылықтарға апарып соқтыруы  мүмкін.  Бұл  жағдай  тәжірибенің
қорланып, жиналу процесінде  адамгершілік  әдетке  айналатын  мінез-құлықтың
адамгершілік дағдылары қалыптасуын бірінші  дәрежелі  міндетке  айналдырады.
Тәрбиеші балаларда үлкендерге құрмет көрсетуді, өз қатарларымен дұрыс қарым-
қатынас жасауды, заттарға ұқыпты қарауды білдіретін  сан  алуан  мінез-құлық
дағдыларын қалыптастырады. Бұлар әдет  бола  отырып,  мінез-құлық  нормасына
айналады:    сәлемдесу   мен   қоштасу,    біреудің   керсеткен    қызметіне
рахмет айту, алған затын орнына қою, қоғамдық   орындарда өзін    мәдениетті
ұстау, өтінішін ізеттілікпен білдіру әдеті.
      Өмірінің  алғашкы  жылдарынан  бастап-ақ   балалар   қоғамның   мораль
нормалары  туралы   ұғымдарды   түсіне   бастайды.   Оларды   мінез-құлықтың
адамгершілік дағдылары мен әдеттеріне баули отырып,  педагог  өзі  балаларға
істеткізетін  белгілі  бір  іс-әрекеттердің   мақсатқа   сай   келетіндігін,
әділдігін,  дұрыстығын  саналы  түрде  ұғынуға  бағытталған  үлкен   түсінік
жұмыстарын   жүргізеді.   Педагогтың   алдында   балалардың    адамгершілік,
түсініктерін дамыту  міндеті  тұрады,  міне,  осынын  негізінде  мінез-құлық
мотивтері қалыптасады.
      Мектепке дейінгі шақта  қалыптасатын  адамгершіліктің  мазмұнына  мына
түсініктер: коғамдық өмірдегі құбылыстар туралы, адамдарының еңбегі  туралы,
оның қоғамдык маңызы мен ұжымдық сипаты туралы,  патриотизм  және  азаматтық
туралы, құрбы-құрдастар ұжымындағы мінез-құлық нормалары туралы,  үлкендерге
құрметпен қарым-қатынас жасау жөніндегі ұғымдар жатады.
      Қалыптасқан адамгершілік  түсініктер  мінез-құлық  мотивтері  дамуының
негізі болады, ал бұл мотивтер балаларды белгілі  бір  іс-әрекеттер  жасауға
итермелейді. Нак қылық мотивтеріне талдау  жасау  педагогқа  баланың  мінез-
кұлқының мәніне енуге, істелген  қылықтардың  себебін  түсінуге  және  ықпал
жасаудың неғұрлым қолайлы әдістерін таңдап алуға мүмкіндік береді.
      Адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу, моральдық түсініктердің, әдеттердің
және  мінез-кұлық  мотивтерінің  калыптасуы  бірлесіп  жүзеге   асады   және
мектепке дейінгі балалардың адамгершілік тәрбиесін қамтамасыз етеді.
      Мектепке  дейінгі  балалардың  адамгершілік    тәрбиесінің     мазмұны
балалар      бақшасында     тәрбиелеу  бағдарламаларында  көрсетілген.  Оған
мыналар: Отанға,  адамдарына  деген  сүйіспеншілік  және  олардың    еңбегін
құрметтеу,   ұжымдық және гуманизм бастамасы, мінез-құлық  тәртіптілігі  мен
мәдениеті, мінездің ерік-жігер белгілері, жеке адамның  жағымды    моральдық
сапалары кіреді.
      Адамгершілік тәрбие беру педагогтың балалармен жүргізетін барлық тәлім-
тәрбие, білім  беру  жұмысының  барысында  жүзеге  асады.  Педагог  мектепке
дейінгі балалардың дербес  іс-әрекеттеріне  басшылық  ете  отырып,  еңбегін,
ойынын, оқуын ұйымдастыра отырып, оларға тәрбиелік  сипат  береді.  Мәселен,
балалардың  ойындарын  бақылай  отырып  тәрбиеші  сол  ойындардың   мазмұнын
талдайды,  оларға  қатысушылардың  өзара  қарым-қатынастары  сипатына  көңіл
бөледі;  бейнелеу  іс-әрекеті  женінде  сабақ  өткізуді   белгілей   отырып,
балалардың  тапсырманы  орындағанда  суретте  қоршаған  болмысқа  деген   өз
көзқарасын көрсете  алатындай  тақырыпты  ойластырады;  балалардың  еңбегіне
басшылық еткенде оның айналадағы адамдар үшін маңызын ескереді.
      Тіпті күнделікті әдеттегі жайларда  да  педагог  әркашан  тәлім-тәрбие
береді және оның ықпал жасауы көп жақты сипатта болады.
Адамгершілік тәрбиенің маңызды принциптері:
        1. Балаларды ұжымда тәрбиелеу принципі.
        2. Жеке басын құрметтеу принципі.
        3. Сезімге, санаға және мінез-құлыққа ықпал жасау бірлігі принципі.
        4. Балалар бақшасында және жанұяда балаларға қойылатын  талаптардың
           бірізділік принципі.
        5.  Балаларды  құрбы-құрдас  ұжымында  тәрбиелеу  жеке  дара  тәсіл
           принципі де жүзеге асырылады.
      Адамгершілік тәрбиесінің маңызды принципі балаларды  ұжымда  тәрбиелеу
принципі. Н. К. Крупская коллективте  тәрбиелеудің  маңызды  екендігін  атап
көрсете отырып,  былай  деп  жазды:  «...Мектеп  балаларды  бірігуге,  ортақ
мақсат, ортақ міндеттер қоюға және ол міндеттерді жұмыла күш  жұмсай  отырып
шешуге үйретуі тиіс». Бала-ны жолдастық сезімге,  айналадағыны  құрметтеуге,
гуманизм  және  өзара  көмек  сезіміне,  яғни   адамдарының   өзара   карым-
қатынастарының негізгі принциптеріне тәрбилеуде ұжым  пәрменді  құрал  болып
табы-лады.
      Балаларға ықпал жасаудың  құралдары  мен  әдістерін  белгілей  отырып,
педагог балаға талап қоюды оның жеке  басын  кұрметтеумен  ұштастыра  отырып
жасау  принципін  басшылыққа  алады.  Бұл  адамды  құрметтеуге   және   оның
адамгершілігін бағалауға негізделген. Бұл принцип А. С.  Макаренконың  оқыту
жүйесінде педагогикалық нақты көрініс тапты.
      Бұл принципті практикада қолдану тәрбиешінің мейірімділікті балалардың
жеке ерекшеліктерін, адамгершілік тәжірибесін,  дамуы  мен  мүмкіншіліктерін
ескере отырып талап қоя білумен ұштастыра білуінен көрінеді.
      Сезімге, санаға және мінез-құлыққа ықпал жасау бірлігі  принципі  жеке
адам дамуы процесінің біртұтастығы ұғымынан туады. Ол адамгершілік  тәрбиесі
құралдары мен әдістерін таң-дап алуда  комплексті  көзкарасты  талап  етеді.
Тәрбиелік ықпал жасаудың мазмұнын белгілей отырып, ол балада эмоциялық  әсер
тудыра ма, түсінікті бола ма, айналадағы  өмір  құбылыстары  туралы  белгілі
бір ұғымдарды, сондай-ақ іс-әрекет мотивтерін қалыптастыра ма, саналы мінез-
құлыққа тәрбиелей ме деген мәселелерді ескерген жөн.
      Балалар  бақшасында  және  отбасында  балаға   қойылатын   талаптардың
жүйелілігі,  бірізділігі   және   бірлігі   мінез-құлық   дағдыларын   бекем
меңгеруді,  баланың  жеке  басының  адамгершілік  қасиеттерінің  қалыптасуын
қамтамасыз етеді.  Бұл  принцип  педагогтан  барлық  тәрбие  жұмысын  жүйелі
түрде, тәрбие міндетін бүкіл топқа тұтас және әр балаға өз алдына  біртіндеп
күрделендіре отырып жүзеге асыруды талап етеді.  Сондай-ақ  тәрбие  міндетін
неғұрлым толық шешуді камтамасыз ететін жағдай жасау қажет: қандай да  болса
адамгершілік қасиетті калыптастыру үшін  баланың  сол  қасиеті  бейнеленетін
кылықтарын жүйелі жаттықтыру қажет,  сондай-ақ  оны  тәрбиелеуші  адамдардың
талаптарының бірдей болуын камтамасыз ету керек. Әйтпесе балаларда өз мінез-
құлқын саналы басқару емес, тек үлкен адамдардың бұйрығына бағына білу  ғана
қалыптасады.
      Балаларды   құрбы-құрдастар   ұжымында   тәрбиелеу   жеке-дара   тәсіл
принципімен де жүзеге  асырылады,  мұнда  жас  ерекшеліктерін,  адамгершілік
түсінік дәрежесін жәңе баланың мінез-құлық  тәжірибесін  есепке  алу  керек.
Бұл  принципті  жүзеге  асыру  педагогтан  ол     жастағы   баланың   психо-
физиологиялык ерекшеліктерін және әрбір торбие-ленушінің дамуының  жеке-дара
ерекшеліктерін терең білуді талап етеді.


9-тақырып. Балалардың еңбек тәрбиесі.
Мектеп алды даярлық топ балаларының еңбегінің өзіндік ерекшеліктері.
Мектеп алды даярлық тобында еңбек тәрбиесінің міндеттері.
Балалар еңбегін ұйымдастыру дың негізгі формалары.
Балалар еңбегін ұйымдастыру формалары.
Ұжымдық еңбекті өткізу әдістемесі.
   Мақсаты: студенттердің мектепке дейінгі  жастагы  еңбек  тәрбиесі  туралы
тусініктерін тереңдету.  Еңбек  тәрбиесінің  өзіндік  ерекшеліктерімен  және
ұйымдастыру әдістемесімен таныстыру.


      Н.К.Крупская  өз    еңбектерінде    балаларды    ерте   жастан  шамасы
келетін еңбектің ең карапайым   түрлеріне үйретудің қажет екенін  талай  рет
атап көрсетті, осы арқылы олар материалдардың қасиеттерімен танысатынын,  әр
түрлі  аспаптармен  жұмыс  істеуге  дағдылана  бастайтынын  ескертті.  Еңбек
үстінде  балалар  белсенділік,   тапқырлық,   қайсарлык,   нәтижеге   жетуге
ынталылық  көрсетеді,  олардың  бойында   шама-шарқына   қарай   ересектерге
қолқабыс тигізу ниеті қалыптасады.
      А.С.Макаренко еңбек тәрбиесі туралы дәрістерінде балалардың  тұрмыстық
еңбегінің  қарапайым  түрлерінің  маңызды  ролін  ашып  берді,  сол  еңбекте
олардың  мінез-құлқында  дербестік,  жауапкершілік,  өзін-өзі   ұйымдастыру,
мақсат қоюшылық қалыптасатынын атап  көрсетті.  Еңбек  ете  білетін  балалар
еңбек бейнетінің қадірін біледі, басқа адамдардың  да  еңбегін  кұрметтейді,
көмекке зәру кісіні тез байқайды.
      Н.К.Крупская сияқты,  А.С.Макаренко  да  балалардың  ұжымдық  еңбегіне
айрықша  мән  берді,  мұндай  еңбек  үстінде   оған   катысушылардың   өзара
жауапкершілігі пайда болады. «Бірлескен енбек,  ұжымдағы  жұмыс,  адамдардың
еңбектегі  көмегі  және  олардың  еңбектегі  ұдайы  өзара  тәуелділігі  ғана
адамның бір-біріне дұрыс көзқарасын қалыптастыра алмақ,-деп жазды ол.
      Мектепке дейінгі балалардың еңбегі ойынмен   тығыз байланысты.
      Бұл өзара байланыс әр   түрлі   формада   көрінеді: ойын  ересектердің
еңбегін бейнелейді;  ойында  еңбек  іс-әрекеттерінің  элементтері  көрінеді;
еңбек қызметі болашақ ойын үшін істеледі; ойын  әрекеттері  еңбек  процесіне
енгізіледі.
      Балалардың еңбек қызметіне жеткілікті басшылық болмаған жерде ол көпке
дейін  балаға  жай  ғана  қызық  әрекеттердің   дәрежесінде   қалып   кояды.
Тәрбиешінің ықпалымен балаларда бірте-бірте алдына мақсат қою,  өз  қызметін
алдын ала жоспарлау және ұйымдастыру,  істі  нәтиже  алғанға  дейін  жеткізу
қабілеттері дами бастайды.
      Мектепке дейінгі ересек балалардың еңбек іс-әрекетінен қоғамға пайдалы
нышандар айқын көріне бастайды.    Егер    басқалар  үшін    маңызды  екенін
түсінсе, олар сырттай тартымсыз  еңбектің  өзіне  де    ықыласпен  қатысатын
болады.
      Еңбек  үстінде  балалар    күнделікті     өмірде:   өзіне-өзі   қызмет
көрсетуде,   шаруашылық-түрмыс   кызметінде және т  б  қажет  болатын  алуан
түрлі дағды мен іскерлікке үйренеді.  Баланың    ересектер  көмегін    керек
етпеуі іскерлік пен дағдының жетілуі емес.  Оның  дербестігі  қиыншылықтарды
жене  білушілігі,  жігерлі    әрекет    жасау    қабілеті  дамиды.  Бұл  оны
қуапышқа бөлеп, жаңа іскерліктер мен дағдыларды меңгеруге құлшындырады.
      Еңбек процесінде балалар маңайындағы  заттардың  қасиеттерін  практика
жүзінде біледі, өсімдіктердің  өсуі  мен  өзгеруін  бақылайды,   жануарларды
көреді,  олардың  тіршілік  жағдайымен  танысады  және  т.т.   Олар   көрген
нәрселерін теңестіреді,  салыстырады,  «неге»  деген  шексіз  сүрауларға  өз
бетімен  жауап  табуға  тырысады.  Олардың  әуесқойлығы,  тануға  құштарлығы
дамиды. Еңбек балалардың ақыл-ойы дамуының маңызды кұралына айналады.
      Еңбек кызметінде эстетикалық тәрбие де  жүзеге  асырылады.  Балалардың
қандай  істі  болсын  ұқыпты  орындап,  өзінің  қолға  алғанын  әдемі  жасау
іскерлігі қалыптасады.
      Еңбек балаларды дене кұрылысы жағышан  да  шынықтырады,  өйткені  оның
көптеген түрлері таза ауада атқарылады. Балалар күш  салуға,  киыншылықтарды
женуге кабілеттенеді. Адамгершілік қаснеттерін калыптастыру үшін  ецбек  іс-
әрекетінің ерекше м.аңызы бар.
      Мектепке дейінгі педагогика балаларды енбекке    тәрбиелеудің  мынадай
негізгі міндеттерін бөліп көрсстеді: ересектердің  еңбекпен  таныстыру  және
оған  кұрметпен  қарауга  тәрбиелеу;    қарапайым    еңбек    іскерлігі  мен
дағдыларына  үйрету;   еңбекке   ыкыластылыкка,   еңбек   суйгіштікке   және
дербестікке тәрбиелеу; еңбекті қоғамдық-бағыттау  мотивтеріне,  ұжымда  және
ұжым үшін еңбектене білуге тәрбиелеу.
      Балаларға  еңбек  іскерліктерін  үйретудің  мазмұны  мен  бірізділігін
белгілей  отырып,  тәрбиеші  олардың  жас  ерекшелігін,   ұсынылып   отырған
еңбектің мазмұнына шамасы келетін-келмейтінін,  оның  тәрбиелік  құндылығын,
сондай-ақ  оны  ұйымдастыруға  койылатын  саиитарлық-гигиеналық   талаптарды
ескеруге тиіс.
      Еңбек дағдысына үйрету барысында тәрбиеші  балалардың  бойында  шамасы
келетін нәрсенің бәрін өз бетінше  дербес  орындау  ынтасын  қалыптастырады,
қажет болғанда дереу барып көмектесіп отырады. Мектепке  дейінгі  балалардың
ұсынылған  істі  дербес  орындауда  сәтсіз  әрекет  жасап,  содан  қапаланып
қалуына  жол  беруге  болмайды,  өйткені  мұндай  жағдайда  бала  өз  күшіне
сенбеушілік және еңбектснуге кұлықсыздық пайда  болады.  Мынаны  есте  ұстау
керек:  еңбек  кол  жеткен  нәтижесімен,  басқаларға  келтірген   пайдасымен
балаларға қуаныш әкелетін болуға тиіс.
      Балалар  бақшасындағы  балалар  еңбегі  алуан    түрлі.  Бұл   олардың
қызметке   ыитасын    сақтауға,    оларды  жан-жақты  тәрбиелеуге  мүмкіндік
береді. Балалар еңбегіпің негізгі төрт түрі бар: өзіне-өзі  қызмет  көрсету,
шаруашылық-тұрмыстық еңбек, табиғаттағы  еңбек  және  кол  еңбегі.  Еңбектің
жекелеген түрлерінің  үлес  салмағы  түрлі  жас  кезеңдерінде  бірдей  емес.
Олардың әрқайсысының тәрбие  міндеттерін  шешуде  белгілі  ез  мүмкіндіктері
бар.
      Өзіне-өзі қызмет көрсету өзін күтуге (жуынуға, шешінуге, киінуге,  тө-
сегін жинауға, жұмыс орнын әзірлеуге  және  т.  с.  с.)  бағытталған.  Еңбек
кызметінің  бұл  түріпің  тэрбиелік  маңызы  ең  алдымен  оның  өмірлік  қа-
жеттігінде. Әрекеттер күн сайын қайталанатындықтан балалар өзіне-өзі  қызмет
көрсету дағдысын мықтап игереді; өзіне-өзі  кызмет  көрсету  міндет  ретінде
ұғыныла бастайды.
      Мектепке  дейінгі  сәбилік  шақта  өзіне-өзі  қызмет  керсету  белгілі
киыншылықтарға байланысты (саусак бұлшық еттерінің  жеткілікті  дамығандығы,
әрекеттердің бірізділігін игерудің киындығы, оларды  жоспарлай  білмеушілік,
көңілінің онай  бәлінуі),  ал  мұның  өзі  дағдылардың  қалыптасу  процесіні
тежейді, кейде баланың қажетті әрекетті  орындауға  құлықсыздығын  туғызады.
Алайда тәрбиеші осы  балалардың  өзінде-ак  өзіне-өзі  қызмет  көрсете  білу
қабілетін дамыта  бастайды,  қажетті  әрекеттерді  орындауда  ұқыптылық  пен
мұқияттылық,  дербестік  болуыыа  күш  салады,   тазалық   пен   мұнтаздыққа
әдеттенеді.
      Мектепке дейінгі  естияр  шақта  балалар  өзіне-өзі  қызмет  көрсетуде
әжептәуір дербес болып қалады, еңбектің бұл түрі олардың  тұрақты  міндетіне
айналады.  Тәрбиелік  міндеттердің   қиындатыла   түсуі   қимыл-әрекеттердің
сапасына,  өзін  күту  процесіндегі  ұйымдасқан  тәртіпке,  оған  жұмсалатын
уақытқа қойылатын талаптың арттырылуынан көрінеді.
      Мектепке  дейінгі  ересек  шақта  өзіне-өзі  қызмет  көрсетудің  жаңа:
төсегін  жинау,  шашын,  аяқ  киімін  күту  дағдылары   игеріледі.   Бұларға
байланысты процестер  неғұрлым  күрделі  тәрбиелік  міндеттерді:  балалардың
бойында мұнтаздық пеп тазалық әдеттерін, құрбыларының  арасында  өзін  дұрыс
ұстау дағдысын қалыптастыру үшін  пайдаланылады.  Бала  басқалардың  қасында
тұрып  өзіне-өзі  қызмет  көрсетеді,  сондықтан  да   ол   маңайындағылардың
қажеттері мен қиыншылыктарын түсінуі тиіс.
      Мектепке дейінгі балалардың шаруашылық-тұрмыстық еңбегінің  нәтижелері
олардың еңбек  кызметінін  басқа  түрлерімен  салыстырғанда  оншалық  елеулі
болмағанымен, ол балалар бақшасының күнделікті  өмірінде  кажет.  Бұл  енбек
үйдің ішінде және учаскеде тазалық пен тәртіп сактауға,  режимдік  процестер
ұйымдастыруда  ересектерге  қолқабыс  тигізуге  бағытталған.  Балалар-топтық
бөлмеде немесе учаскеде кандай да болсын тәртіптің  бұзылуын  байқауға  және
оны өз инициативасымен түзетуге үйренеді. Шаруашылық-тұрмыстык еңбек  ұжымға
қызмет  көрсетуге  бағытталған,  сондыктан  онда   балаларды   өз   қатарына
камқорлықпен карауға тәрбиелеу үшін мол мүмкіндіктер бар.
      Табиғаттағы  еңбек  балалардың  өсімдіктер  мен   жануарларды   күтуге
қатысуын, табиғат мүйісінде, бақшада, гүлзарда өсімдіктер әсіруін  көздейді.
Ецбектің бұл түрінің байкағыштықты дамытуға,  тірі  нәрсенің  бәріне  ұқыпты
қарауға, туған елдің табиғатын сүюге тәрбиелеу үшін ерекше  маңызы  бар.  Ол
педагогтың  балаларды  дене   жағынан   дамыту,   қозғалыстарын   жетілдіру,
төзімділігін  арттыру,  дене  күшін  жұмсау  қабілетін  дамыту   міндеттерін
шешуіне көмектеседі.
      Қол еңбегі — алуан түрлі материалдардан: картоннан, қағаздан, ағаштан,
табиғи  материалдан  (ағаш  бүрінен,   емен   жаңғағынан,   сабаннан,   ағаш
қабығынан, жүгері собығынан, шабдалы сүйегінен),  қалдық  материалдан,  мех,
кауырысын, мата қиқымдарын және т.б пайдалана отырып заттар жасау —  балалар
бақшасының ересектер тобында  жүзеге  асырылады.  Балалар  өздеріне  қажетті
ойыншықтар, ойын  атрибуттарын:  қайықтар,  машиналар,  кәрзеңкелер,  үйлер,
мебельдер, жануарлар  жасайды.  Мұндай  норселер  туған-туыстарға,  достарға
жақсы тарту болуы мүмкін. Мұның адамгершілік тәрбие беруде зор  маңызы  бар,
ол балаларды маңайындағыларға ықыласпен қарауға үйрете отырып, соларды  риза
ету үшін еңбектсндіреді.
        Мектепке дейінгі балалардың балалар  бақшасында  еңбегі  негізгі  үш
формада:  тапсырма  беру,  кезекші  ұжымдық  еңбек  іс-әрекеті  формаларында
ұйымдастырылады.
      Тапсырма  беру  —  балалардың  жас  және   жеке-дара   ерекшеліктерін,
тәжірибесін, сондай-ақ тәрбиелік міндеттерді ескере отырып, тәрбиеші  оқтын-
оқтын бір немесе бірнеше балаға  беретін  тапсырма.  Тапсырма  қысқа  немесе
ұзақ мерзімді, жеке-дара немесе жалпы, карапайым  (күрделі  емес  бір  нақты
әрекеттен  тұратын)  немесе  жүйелі  әрекеттердің  тұтас  тізбегін  қамтитын
неғұрлым күрделі болуы мүмкін.
      Еңбек   тапсырмаларын     орындау   балалардың   еңбекке     ықыласын,
тапсырылғап іске  жауапкершілік  сезімін  калыптастыруға  көмектеседі.  Бала
істі ақырына  дейін  жеткізіп,  тапсырманың  орындалғаны  туралы  тәрбиешіге
хабарлау үшін алаңдамай,  мұқият  істеуге,  ерік   күшін   көрсетуге    тиіс
болады.
      Кезекшілік — балалар еңбегін ұйымдастырудың формасы, ол баланың ұжымға
қызмет көрсетуге бағытталған  жұмысты  міндетті  түрде  орындауын  көздейді.
Балалар  рет-ретімен  кезекшіліктің  алуан.түріне  тартылады,  бұл   олардың
еңбекке  үнемі  қатысуын  қамтамасыз  етеді.  Кезекшілерді  тағайындау  және
алмастыру күн сайын жүргізіледі. Кезекшіліктің тәрбиелік зор маңызы бар.  Ол
баланың ұжым үшін керекті белгілі  бір  істерді  міндетті  түрде  орындауына
жағдай туғызады.  Бұл  балаларды  ұжым  алдында  жауапкершілікке,  қамқоршыл
болуға, сондай-ақ  оның  жұмысының  барлығы  үшін  қажетті  екенін  түсінуге
тәрбиелейді. Кезекшілік бірте-бірте енгізіледі.
      Мектепке дейінгі балалардың еңбек қызметін ұйымдастыруда  адамгершілік
тәрбиесі міндеттерін шешуге зор көңіл бөлінеді.  Педагог  балаларға  олардың
орындап жатқан ісінің  ұжым  үшін  маңызды  екенін  үғындырады,  өз  жұмысын
уақтылы атқарып шығуға, маңайындағыларға камқорлық  жасауға  ұмтылатын  етіп
тәрбиелейді.   Ол   кезекшілерге   өзінің   көмекшілері   ретінде   қарайды,
міндеттерін  уақтылы  орындағаны  үшін  алғыс   айтады,   барлық   балаларды
кезекшілердің еңбегін құрметтеуді үйретеді. Кезекшілер  жұмысының  сапасына,
оның  уақтылы  орындалуына,  өзін-өзі   ұйымдастыру   дәрежесіне   қойылатын
талаптар  да  артады.  Балалар  жеткілікті  іскерлік,   ептілік   көрсетуге,
қойылған талаптарды саналылықпен орындайтын болуға тиіс.
      Тәрбиеші балаларға ұсынылатын жұмыстың маңызын, оларды  бірнеше  топқа
бөлу  қажеттігін  түсіндіріп,  олардың  әрқайсысына  белгілі  бір   тапсырма
береді.  Ұжымдық   еңбектің мазмұнын  белгілеген  кезде,  ол  жұмыстың   қай
түрі балаларға таныс, қай түрі таныс емес екенін, оларды қалай бөлісу  керек
екенін ескереді.
      Ұжымдық  еңбек процесінде тәрбиеші балалар арасында қалыптасатын өзара
қарым-қатынастың  сипатына  мықтап  көңіл  бөледі,  камкорлықтың,  достықтың
пайда болуына көмектеседі, қалыптаса бастаған жағдайды ескере отырып,  қалай
істеу керек екені жайлы акыл айтады. Жұмыс  аяқталған  соң  педагог  ұжымдық
еңбектің  артықшылығын  атап  керсетеді,  бар  ықыласымен   еңбектенгендерді
мақтайды.
      Балалардың  қоғамдық  еңбекке  үнемі  қатысуы  олардың   ұжымды   тату
еңбектеніп,   өз   инициативасымен   жолдасына   көмектесе   білу   қасиетін
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
      Тәрбиешінің балалар еңбегіне басшылығы. Балалардың еңбек тапсырмаларын
орындап, кезекші міндетін атқарып, ұжымдық еңбекке қатыса алатын болуы  үшін
олар  қажетті  шеберліктерді  меңгеруге  тиіс.  Мектепке  дейінгі  балаларды
еңбектің барлық түрлері үшін қажетті алуан түрлі  еңбек  іскерлігіне  үйрету
сәби топтардан-ақ басталады.
      Тәрбиеші нені және калай істеу керек екенін көрсетіп береді,   көрсету
үстінде  жұмыстың  тәсілдерін  және  оны  ұйымдастыру  әдістерін  түсіндіріп
отырады. Әрбір жаңа іскерлікке үйрету тікелей көрсетуден басталады.
      Балалардың  жұмысын   педагогтың   бақылауы   мен   бағалауы   олардың
тапсырылған  іс  үшін  жауапкершілік  сезімін,  оны  жаксы  орындасам  деген
ынтасын арттырады.
      Тәрбиеші  ата-аналармен  жұмыстың  түрлі  формаларын:   балалар   бақ-
шасындағы балалар еңбегін бейнелейтін, еңбектің маңызын және  оған  басшылық
ету әдісін ашатын қыскаша тексі бар  фотокөрмелерді;  балалардыц  ұсақ-түйек
кермелерін;   «Еңбек  тәрбиесін  баланың  алғашқы  жасынан  бастау   керек»,
«Енбек  —  жан-жақты  даму  құралы»,  «Мектепке  денінгі  балаларды  енбекке
тәрбиелеуде балалар бақшасы  мен  отбасының  бірлігі»  деген  такырыптардағы
стендерді  ,және  т.  б.  пайдаланады.  Ата-аналар  үшін  сондай-ақ  қысқаша
аннотациясы бар ғылыми-көпшілік әдебиеттер,  отбасындағы  еңбек  тәрбиесінің
ең үздік тәжірибесі туралы тәрбиешілердің мақалалары  іріктеп алынады.


10- тақырып. Экономикалық және эстетикалық тәрбие теориясы мен әдістемесі.
Экономикалық тәрбие ұғымы.
Экономикалық тәрбие мақсаты мен міндеттері.
“Эстетикалық тәрбие”,  “Эстетикалық  даму”,  “Көркемдік  тәрбие”  ұғымдарына
анықтама.
Мектепке  дейінгі  балаларға  эстетикалық   тәрбие   беру   міндеттері   мен
әдістемесі.
Эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру.
      Эстетикалық тәрбие дегеніміз – баланың ақыл – ойы мен  сезімін,  ұшқыр
қиялы мен ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі. Эстетикалық тәрбиені  жүзеге
асыру үшін балалардың әсемдік  сезімі  мен  ұғымы,  көркемдік,  шығармашылық
қабілетін   үздіксіз   дамытып,    эстетикалық    талғамын    қалыптастыруға
дағдыландыру қажет.
      Бала ес біле бастағаннан –  ақ  өзі  жете  түсінбес  жарқын,  тартымды
нәрсенің бәріне ұмтыла бастайды.  Мәселен,  жылтыраған  ойыншақтарды,  әдемі
гүлдер мен заттарды  көрсе  қуанады.  Осының  бәрі  оның  рахаттану,  қызығу
сезімін туғызады. Жиі ән, ертегі тыңдап, суреттерді қараған балалардың  өнер
қуаныш сезімдерінің қайнар көзіне айналады.
      Эстетикалық тәрбие алған балалар жарқын,  әсем  атаулының  бәріне  жай
ғана ұмтылып қана қоймай, сұлулықты жан дүниесімен қабылдайтын болады.
      Тегінде бала сұлулықты форма мен мазмұнның бірлік ретінде  қабылдайды.
Эстетикалық қабылдау сезімі  мен  тебіренумен  тығыз  байланысты.  әсемдікке
қызығудан  туатын  қуаныш,  жайдары  жан  толғанысы   эстетикалық   сезімнің
ерекшелігі  болып табылады. Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан  бастап,
оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық  пікір,
эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетеліп отыруы тиіс.
      Мектеп дасына дейінгі балаларға тән ерекшелік бұл шындықты  соншалықты
пәк, тікелей бейнелейтін  заттың  шындығына  сенетіндінде.  Балалардың  ойын
әрекетінде қоршаған ортадан  алған  әсерін  бейнелі  түрде  жеткізе  білуіне
тәрбиеші үнемі көмектесіп отыруы керек.
      Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық нышандары байқай бастайды, ол
ой құрау және оны жүзеге  асыру  қабілетінің  дамуынан,  өз  білімін  ұғымын
құрастыра білуінен өзінің ойын  ,  сезімін,  тебіренсін  шынайы  жеткізуінен
көрінеді. Балалардың  шығармашылық қабілетін дамыту үшін  оларға үнемі  ақыл
– кеңес беріп, дұрыс тәрбие үлгісін көрсеткен жөн. Тәрбие барысында олар  өз
ойларын сөз, ән, сурет, би, драматизация арқылы бейнелеп жеткізу  тәсілдерін
меңгереді.  Тәрбие  баланы  әсемдікке  баулиды,  жағымды  эмоция   туғызады,
қабілеттерін дамытады. Балалардың қабілетін дамыту үшін оларға үнемі ақыл  –
кеңес беріп, дұрыс тәрбие үлгісін көрсеткен жөн. Тәрбие  барысында  олар  өз
ойларын сөз, сурет,  би,  драмтизация  арөылы  бейімдеп  жеткізу  тәсілдерін
меңгереді.  Тәрбие  баланы  әсемдікке  баулиды.  Жағымды  эмоция   туғызады,
дамытады. Балалардың қабілетін дамытуда,  педагогтың  жеке  басы  мәдениеті,
білімі, өз ісін жете меңгеруі үлкен рөл атқарады.
      Эстетикалық  талғам  балалардың  өнерде,   өмірде,   тұрмыста   шынайы
әсемдіктен қанағат, рухани азық алуынан көрінеді.
      Эстетикалық талғам – кең ұғым.  Ол  өнердің  терең  мағынасын,  тамаша
шығармаларды түсінуді, одан ләззат  алуы  ғана  емес,  табиғаттың,  еңбектің
тұрмытың, тұрмыстың сұлулығын түсінуді қамтиды.
      Балалардың бойында эстетикалық талғамның негіздерін қалай отырып,  біз
оларды қоршаған  ортаның  әсемділігін  көруге  және  сезінуге,  оны  аялауға
баулимыз.
      « Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй» , -  деп  данышпан
атамыз Абай ақыл айтақандай, жақсы ән –  күй  өзінің  сиқырлы  әуені  арқылы
адамның жан дүниесін  әсемдікке  тәрбиелейді,  жақсы  қасиеттерді  дамытады.
А.В.Сухомлинский «Музыкалық тәрбие  –  бұл  музыкантты  тәрбиелеу  емес,  ең
алдымен адамды тәрбиелеу» - деп тегінайтпаған.  Эпос, дастан, ертегі,  мақал
– мәтелдер, тарихи аңыз әңгімелер түрінде б.з.д.  жеткен  халық  шығармалары
күні  бүгінге  дейін  сазды  -  эстетикалық  білім  берудің  пәрмені   болып
табылады.
      Музыкасыз, ойынсыз, ертегісіз ойы мен қиялын  тәрбиелеу  мүмкін  емес.
Баланың музыканы тыңдау, қабылдау есте  сақтау,  тану,  ажырату,  әнді  жеке
айту,  қосылып   айту,   -   саз   жетекшінің    шеберлігіне,   іскерлігіне,
білімділігіне байланысты.
      М. Жұмабаев « Педагогика» атты еңбегінде: « бала  тәрбиесі  бір  өнер,
өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер...»
      Көркем өнер жайлы кемеңгер жазушы ғалым М.Әуезов былай дейді: «  заман
толқыны тарих теңізінің жағалуында көркем  өнердің  баға  жетпес  меруерт  –
маржандарын қалдырады,. Көркем өнердің міндеті  –  табиғатқа  еліктеу  емес,
оның сырын ашу».
      Өмір қозғалыстарын көркемдік  тұрғысынан қабылдау әрқашан да дара, әрі
таңдамалы. Оның негізінде әсемдікке эмоция білдіруі жатады.  Бала  әрқашанда
табиғаттағы,  заттық  дүниедегі  өнердегі,   әсемдікке,   адамның   мейірбан
сезіміне үн қосады.
      •   эстетикалық   қабылдаудың,   бағалауын,   талғамын,   бастапқыда,
        көріністерін дамытуға бағытталған сендіру әдісі.
      • Қоршаған ортаны көркемдеуге және мінез – құлық мәдениеті дағдыларын
        қалыптастыруына арналған іскерлік дағдыларға жаттықтыру әдісі.
      • әсемдікке  ұмтылып,  эмоциялық  –  жағымды  ықылас  тудыратын  және
        қоршаған дүниеден келеңсіздікке қарсы сезімін ояту әдісі.
      • Талғамы.3 жаста «мені» басталғанан өзіндік талғамы  жүріп  отырады.


    Эстетикалық тәрбиенің мәнісі тек баланың әсемдік  атаулыны  көре  білуге
үйретуде ғана  емес,  сонымен  бірге  әрекет  жасауға  ынталандыру,  әсемдік
атаулыны  жасауға  белсенді  түрде  қатыстыруда  екен.  Балалардың   зейінін
табиғатта жұмыс істейтін адамның еңбегіне  аударып,  олардың  әсем  де  епті
қимылдарын біріге отырып бақылауы шарт, мұның  бәрі  балалардың  эстетикалық
сезімін оятып, еңбекті сүюге, еңбек адамын құрметтеуге,  табиғат  әдемілігін
аялауға үйретеді. Сондай-ақ табиғат, жыл мезгілдерінің ауысуы,  орман-  тау,
ауа- райының құбылмалылығы, адамның  күнделікті  еңбек  әрекеті  мұның  бәрі
бала түйсігінде із қалдырмай қоймайды.
     Балаларға табиғаттағы әдемілікті сезініп,  көре  білуге  баули  отырып,
табиғатты бақылатады. Бүкіл дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын  қорына
зор үлес қосқан ұлы бабамыз Әл-Фараби  өзінің  педагогикалық  мұрасында  жас
ұрпақтың эстетикалық  ұғымын,  сезімін  қалыптастыруда  үш  нәрсені  негізге
алады:
    1.Баланың ішкі ынта- ықыласы, құмарлығы, табиғи қабілеті.
    2.Ұстаз- тәрбиешінің  шеберлігі,  ар  тазалығы,  шәкірт  алдындағы  адал
жауапкершілігі.
    3.Тәрбие үрдісінің алатын орны. Тәрбие жұмысында  барлық  уақытта  асқақ
мұрат, іскерлік, ұйымшылдық, құмарлык  және  әділетті  бағалау  қатар  жүруі
шарт делінген.
      Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп  отырған  табиғат  Ананы
қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи  қажеттілік.  Сондықтан  да
бүлдіршіндерді  айналадағы  табиғи  ортамен  үнемі  қарым-қатынаста   болуға
үйрету,  олардың  ұғымдарын  қалыптастыру,  табиғатқа   деген   жаңашырлыққа
тәрбиелеу қазіргі  тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.



11- тақырып.  Экологиялық тәрбие теориясы мен әдістемесі.
Экологиялық тәрбие ұғымы.
Экологиялық тәрбиенің теориялық негіздері.
Мектепке   дейінгі   балалардың    экологиялық    мәдениетін    қалыптастыру
ерекшеліктері.
Мақсаты: студенттердің мектепке дейінгі жастағы экологиялық тәрбие  берудегі
теориялық  алған  білімдерін  тәжірибеде  қолдана  білуге  үйрету.  Мектепке
дейінгі жастағы  экономикалық  тәрбиесінің  теориялық  негіздерін  нақтылау.
Студенттердің   мектепке  дейінгі   жастағы  экологиялық   тәрбиесі   туралы
түсініктерін   бекіту,   балабакшадағы   экологиялық   тәрбиесінің   мақсат-
міндеттерін және оны ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін меңгерту. Мектепке  дейінгі
балалардың   экологиялық   мәдениетін   қалыптастыру   жолдарын   түсіндіру.
Балаларды  табиғатқа  деген  сүйіспеншілікке  тәрбиелеу   барысында   оларды
сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге  үйретудің
маңыздылығын түсіндіру.


    Табиғат – бұл бізді қоршаған орта. Ол  адам  баласының  санасынан  тыс,
өздігінен пайда  болған дүние. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды.
    Экологиялық тәрбие берудің міндеттері – тәрбие үрдісі  негізінде  білім
беру, тәрбиелеу және дамыту.
    Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты,
аспан, су, жапырақ түстерінің  алуандығын   көре  білмейді.  Табиғат  балаға
күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп  нәрсені  байқай  бермейді,  үстірт
қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани  қайырымдылыққа  тәрбиелеуде  үлкен  рөл
атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке,  адамгершілікке,  жақын  адамдарға
қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат – бұл  әр  түрлі  табиғат
құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл – балалардың  сөйлеу
және ойлау қабілетінің дамуына  ең  қолайлы  және  пайдалы  фактор.  Табиғат
баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып  өсуі  –
бізге, ерексектерге байланысты.
     Ересек және даярлық жастағы балалар “тірі”  және  “өлі”  табиғат  деген
түсініктермен  таныс.  Экологиялық  тәрбиелеу  бойынша  балалармен   жұмыста
экологиялық қауіпсіздікке көп көңіл бөлінеді. Педагогтармен  “Балаларымыздың
қауіпсіздігі  мен  денсаулығы”тақырыбында  педагогикалық  кеңес  жүргізілді.
Педагогикалық кеңеске даярлық  тобының  педагогтары  бізді  қоршаған  ортада
балалардың  қауіпсіздігін сақтау  бойынша сабақтар жүргізді. Әрбір топта  әр
түрлі жағдайларды модельдеу үшін құралдар  дайындалып  ресімделген  болатын.
Балалар  экологиялық  ертегілерді,  тақпақтарды,  әңгімелерді,   жұмбақтарды
тыңдауды, өз ойларымен бөлісуді жақсы көреді. Балалармен сабақ баланы  бізді
қоршаған  ортаның  жағдайы  әрбір  адамға  байланысты  екендігін   сендіруге
көмектеседі. [3]
    Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен  табиғат  арасындағы  қарым-
қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты  мектепке  дейінгі
тәрбие мекемелердің алдында  негізінен мына төмендегі  міндеттер  тұр.  Атап
айтқанда:
    -педагогикалық   мамандардың экологиялық  тәрбие   беру   жөнінде  білім
деңгейін көтеру;
    -балаларды айналамен таныстырудың  бағдарламасын  олардың  ата-аналарына
насихаттау;
    -әртүрлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстар;
    Қоршаған ортаны аялауға деген  адамның  саналы  көзқарасын  қалыптастыру
оның бала кезінен ерте басталуы тиіс.
    Баланың дүниеге келгеннен кейінгі  алғашқы  7  жылы  оны  тәрбиелеу  мен
оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға  болмайды.
Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте  байланысты.  Олай  болса,
адамзаттың  рухани  және  материалдық  жағдайы  осы  кезеңде  алған   тәрбие
негіздеріне тәуелді.
    Сұлулыққа  тәрбиелемей  тұрып   жақсы   ниеттегі,   адамгершілігі   бар,
шығармашылықпен жұмыс істейтін  адамды  қалыптастыру  мүмкін  емес.  Сұлулық
бала бойында қуаныш  сияқты  ең  жақсы  сезімдерді  тудыра  отырып,  баланың
белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс  істеуі  мен  денсаулығына  оң  ықпалын
тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін  сұлулықты  өз  көзімен  көріп,
оны қабылдай білуі керек.
    Балалар тәрбие  арқылы,  ересектердің  өнегесі  арқылы  дүниені  таниды,
көруді, сезінуді, тыңдауды  үйренеді...  Тәрбиелеуші  жақсы  өнегені  беруге
неғұрлым қабілетті болсақ, балада соғырлым көбірек үйренеді.
    Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер  оның  болашақтағы
өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады.
    Жаңа  ғасырда  табиғатсыз  баланы  тәрбиелеуді  көз  алдымызға  елестете
аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие  ісінің  негізгі  міндеттерінің
бірі - «Балаларды айналамен  таныстыра  отырып,  оларға  экологиялық  тәрбие
беру» болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге,  оны  аялай
білуге, оны  қорғауға  қызығушылығын  арттырып,  жауапкершілігін  күшейтуге,
табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат.
    Балалармен жұмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес, сонымен
қатар мекеме ораласқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер  балалар  сұлулықты
өмірден өз көздерімен көре отырып, оның өмірімен  байланысын  сезіне  білсе,
онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді.
    Балаларды табиғатқа деген  сүйіспеншілікке  тәрбиелеу  барысында  оларды
сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге  үйретудің
маңызы зор.
    Біз табиғи факторлар - су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялык  тәрбие
меселелерін шешеміз.
    Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен  таныстыру  арқылы,  оларды
күтіп-баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды  аялай  білуге  тәрбиеленміз.
Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір  сүру
ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді.
    Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады.
    Табиғат - баланың ақыл-ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша
қалыптасқан жоғары деңгейге  жеткізетін  қор  болып  табылады.  Ол   әртүрлі
табиғи   құбылыстарды жете  түсінуді  өз  ойын  жеткізе  білу  өнерін  бірге
дамытады.
    Табиғатты  танып,  білу  -  мектепке  дейінгі  жастағы  баланың  бойында
табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын  құрайтын  экологиялық
тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.
    Мектепке  дейінгі  жастағы  балаға   экологиялық   мәдениеттің   алғашқы
түсініктерін қалыптастыру үшін:
    1.Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы
шарттарын құру;
    2. Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін  атқарылатын  жұмыстарға
көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру;
    З.Тірі объектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде  құру  үшін
іс-шаралар ұйымдастыру;
    4.Сабақта  көркем құралдарды, әдістемелік және  материалдық  құралдарды,
ойындарды,  ойыншықтарды,  түрлі  ертегілер   кейіпкерлерін   жүйелі   түрде
қолдану;
    5.Педагог мамандардың білім деңгейі мен  олардың  біліктілігін  арттыру.
Тәрбиеші - педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және  экологиялык  тәрбие
берудегі шешуші  фактор  болып  табылады.  Ол  экологиялык  ақпараттар  және
арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар  балаларды
тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек.
         Бала  жүрегіне  табиғаттың  әсері  өте  зор,  сол  себептен  де  ол
тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде  кеңінен  пайдаланылады.  Дегенмен,  табиғат
өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыра  алмайды,
оған міндетті түрде ересектер тарапынан  басшылық  жасау  қажет.  Балалардың
табиғатқа  қызығушылығы  оның  құбылыстары  арасындағы  өзара  байланыс  пен
олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды.
    Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының  табиғатқа  қарым-қатынасын
бақылау барысында біздің байқағанымыз: табиғат  құбылыстарының  барлығы  тең
дәрежеде   балаларды   қызықтыра   алмайды.   Мысалы:   табиғаттың    кейбір
құбылыстары, өзінің қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-
өрнектерін жасау әрекетіндегі  еңбектерінде  мүлдем  көрініс  таппады  деуге
болады. Сондай-ақ  солар  шеңбері,  жұлдыздар,  найзағай,  толқын,  ай  т.б.
бейнелеуге де жете көңіл бөлмегені байқалды. Табиғаттың нақ осы  құбылыстары
мен обьектілері қазақ халқының күнтізбесінің негізіне  жатады,  ал  жұлдызды
аспан сырын жете ұғыну көшпелі өмір тіршілігі үшін аса кажет болды.
    Қиырсыз  кең  байтақ  далада  үнемі  көшіп-қонып  өмір  сүру  адамдардан
кеңістікті жақсы бағдарлай білуді  және  жұлдыздар  көмегімен  құдықтар  мен
қоныс жайылымдар жолдарын дәл таба білуді талап етті.  Көптеген  көшпенділер
негізгі аспан жұлдыздарын  білумен  қатар,  ауа-райын  да  алдын-ала  болжай
алды. Бұл маусымдық  жұмыстармен дұрыс  жоспарлауға  көп  септігін  тигізді.
Айдың тууы мен аяқталуына орай күндізгі  уакыт  аспанда  күннің  орналасуына
қарай бағдарланды.
    Бұдан шығар қорытынды - біздің ата-бабаларымызды өмірдің өзі  табиғатты,
оның құбылыстарын жетік танып білуге тәуелді  етсе,  ал  балалардың  табиғат
заттары  мен  құбылыстарын  сәндік  бейнелеу  әрекетінде  пайдалана   алмауы
тәрбиешілер жұмысының кемшілігінің  көрінісі  болып  табылады.  Сол  себепті
ересектер тобы балаларының  жас  ерекшелігін  есепке  ала  отырып,  қазақтың
халыктық  сәндік-қолданбалы  өнерімен  таныстыру  барысында  өлі   табиғатқа
қызығушылығын  қалыптастыру  қажет.  Халықтық  өнердің  ою-өрнектік   негізі
мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  қабылдауына   және   шығармашылық   іс-
әрекетінде бейнелеуіне ыңғайлы да лайықты.
    Қазіргі уакытта Қазақстан Республикасының  '  'Мектепке  дейінгі  тәрбие
тұжырымдамасында" және жаңа бағдарламаларға сәйкес  ересек  топ  балаларының
алдына іскерлік-дағдыларды одан әрі жетілдіре түсу, оны халықтық сәндік  ою-
өрнекті бейнелеу әрекетіне пайдалану, сәндік-қолданбалы  өнермен  таныстыру,
оның  негізінде  табиғатпен  тығыз  қарым-қатынасқа   тәрбиелеу   міндеттері
қойылып отыр.
    Балалармен жүргізілетін негізгі жұмыстарды төмендегіше топтауға болады:
    - балаларды сәндік - қолданбалы өнермен  таныстыруда  берілетін  табиғат
заттары мен құбылыстары  элементтерінің   алуан  түрлілігін  анықтау  арқылы
ұйымдастыру;
    - өлі табиғат заттары мен құбылыстарының мәні,  сондай-ақ  олардың  адам
өміріндегі маңызы жайлы бала түсінігін қалыптастыру;
    -мектеп  жасына  дейінгі   балаларды    ұлттық   әшекей   элементтерімен
таныстырудың бірізді жүйесін жасау;
    -сәндік  әшекейлерді  жасау  әрекетінде  -  практикалық   іскерлік   пен
дағдыларды қалыптастыру.
    Балаларды  табиғат  құбылыстарымен  және  оны  сәндік  әшекейлер   жасау
әрекетінде бейнелеу ісі  тиімді  әдіс-тәсілдерді  пайдалану  жолдары  арқылы
жүзеге асады. Оның ішінде  белгілі  бір  түсінікті  бала   санасына  бейнелі
жеткізетін  көркем  сөздің  алар  маңызы   ерекше.   Бұл   орайда,   баланың
қабылдауына қызғылықты да жеңіл тиетіні – жұмбак.
    Тақпақ,  мақал-мәтел,  жұмбақ,  жаңылтпаштарды  тиімді  пайдалану   жаңа
білімді игеру үрдісін жеңілдете түседі.
    Табиғатқа  қызығушылықты  қалыптастыру   және   оны   сәндік   әшекейлеу
әрекетінде пайдалана білудің шешуші міндеттері мыналар:
    - балалардың табиғат құбылыстарының өзара байланысын пайымдай білуі және
себеп-салдарын анықтауы;
    - әртүрлі әдіс-тәсілдер және әрекет  түрлерін  пайдалану  арқылы  мектеп
жасына  дейінгі  балалардың  табиғатты  танып-білуге   ұдайы   қызығушылығын
қалыптастыру;
    -тәрбиешілердің жаратылыстану ғылымдарының негіздерін және  оны  лайықты
түрде бала санасына жеткізу әдістемесін білуі.
    Балалардың табиғатқа қызығушылығын тәрбиелеуде оның обьектілерімен  және
құбылыстарымен таныстырудың әдістері  мен  түрлерін  дұрыс  таңдаумен  қатар
белгілі түсініктер мен құбылыстарды ажырата білудің де  мәні  зор.  Мәселен,
«аспан денелері»  түсінігіне  әлем,  күн,  жұлдыз,  ай  кірсе,  ал  «табиғат
құбылыстары»  тобына  найзағай,  жаңбыр,  қар  т.  с.   жататынын   нақтылап
түсіндіру қажет.
    Табиғаттың әрбір заты және құбылысымен  таныстыруды  балалар  бақылауына
ыңғайлы жыл маусымы мен тәуліктің белгілі  мерзімінде  жүзеге  асыруға  тура
келеді. Мысалы: күз маусымы кезінде түнгі аспанды бақылауға  мүмкіндік  мол.
Себебі күз айында қатты суық болмайды, сондай- ақ күн ерте батады.
       Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған  табиғат  Ананы
қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи  қажеттілік.  Сондықтан  да
бүлдіршіндерді  айналадағы  табиғи  ортамен  үнемі  қарым-қатынаста   болуға
үйрету,  олардың  ұғымдарын  қалыптастыру,  табиғатқа   деген   жаңашырлыққа
тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы  тәрбие  ісінің  өзекті  тармақтарының  бірі
болып табылады.
    Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты — табиғатты аялап, оны қамқорлыққа  алып
күту,  табиғат  жөнінде  қарапайым  білім  бере  отырып,   тірі   жөне   өлі
табиғаттағы құбылыстар жөнінде  қарапайым  ұғымдар  қалыптастыру.  Балаларға
жануарлар  дүниесіндегі  ғажайып  құбылыстар,  анасынан   тірі   туылғанмен,
жетілмеген, дәрменсіз, елжуаз халде болғандықтан енелерінің қарнындағы  тері
қатпарларының түзілген  қалтада  сүтін  еміп,  өсіп  жетілетін  Австралияның
қалталы қасқыры, ағашка өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю,  тиын,
кенгурудің суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына  қанат
бітіру.
    Балабақшадағы экологиялық  тәрбие  жұмысы,  тәрбиенің  негізгі  салалары
болып есептелетін адамгершілік, эстетикалык, еңбек  тәрбиелерінің  желісінде
және  халыктық  педагогиканың  қайнар  бұлағын  пайдалана  отырып  жүргізсе,
айналадағы орта, табиғат жайындағы жалпылама ұғымдар  нақтыланып,  қалыптаса
береді. Экологиялық тәрбие жұмысына  орай  көрнекіліктерді  қолдана  отырып,
табиғат  бұрышының  жабдықталуына   байланысты   конкурстар   ұйымдастырылып
экология  проблемалары  туралы,   жағымды-жағымсыз   әрекеттер   бейнеленген
картиналар  пайдаланылғаны,   ата-аналар,   мен   тәрбиешілердің   бірлескен
жұмысының  нәтижесінде  табиғат  туралы  шағын  кітапхананы  өлі  және  тірі
табиғатпен жабдықтау  арқылы  көрме  ұйымдастырылғаны  дұрыс.  «Алтын  күз»,
«Құстар  күні»,  «Табиғатты  сүйеміз»,  т.б.  ертеңгіліктер  бала  еңбегімен
ұштасып, әр педагогтің ізденімпаз әрекеті  ғана  болашақ  табиғат  жанашырын
тәрбиелей алады дей келіп, тәрбие жұмысын жүргізудің мынадай екі  нысанасына
назар аударамыз:
    А. балалардың айналадағы табиғатқа  деген сүйіспеншілігін оятып,  ұғымын
кеңейту, оның әсемдігін нәзік сезінуге, өсімдіктер  мен  жануарлар  дүниесін
қамқорлықка алуға баулу.
Ә. балабақшада табиғат жайында алғашқы ұғымды қалыптастыра отырып  қарапайым
білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы  құбылыстар  жөнінде
нақты және жалпылама таным-түйсік қалыптастыру.


12- тақырып. Балалардың  ойын әрекеті.
Ойын –балалар іс- әрекетінің негізгі түрі.
Ойынның өзіндік ерекшеліктері.
Ойын- балаларды тәрбиелеу және дамыту құралы.
Ойынға басшылық және олардың түрлері.
Шығармашылық ойындар, ережелі ойындар, сюжетті- рольдік ойындар.
Мақсаты: Студенттердің мектепке дейінгі жастағы негізгі іс-  әрекеттің  түрі
– ойын туралы түсінікткрін кеңейту, ойын түрлерін ажырата  білуге  және  оны
ұйымдастыруға басшылық жасай білуге үйрету.


      Бала мен балалар ұжымының дамуында мектеп жасына дейінгі  балалар  іс-
әрекетінің негізгі түрі — ойын орасан зор роль атқарады.
      Философтар, тарихшылар, этнографтар, психологтар,  педагогтар  ойынның
шығу тарихын, оның бала өміріндегі орнын, тәрбиелік  міндеттерді  шешу  үшін
ойындарды тиімді пайдалану мүмкіндіктерін зерттейді.
      Ойын теориясына Н. К. Крупская елеулі  үлес  қосты.  Балалар  ойынының
әлеуметтік сипатын, онда өмір  құбылыстарының  бейнеленетінін  атап  көрсете
келіп,  ол  алдымен  ойынды  коршаған  болмыс  жөніндегі  әсер  мен   ұғымды
кеңейтудің кұралы деп білді.  «Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  үшін,—  деп
жазды ол,— ойынның айрықша маңызы бар: ойын олар үшін — оқу, ойын олар үшін-
 еңбек, ойын олар үшін — тәрбиенің мықты формасы.»
      Ойын мектепке дейінгі балалар үшін — айналадағыны танып, білу тәсілі.
      Ойын мен ойын әрекеті мазмұныпың  әлеуметтік  сипаты  баланың  қоғамда
өмір   сүретіндігімен   байланысты.   Ол    алғашқы    айлардан    бастап-ақ
маңайындағылармен қарым-қатынас жасауға ұмтылады,  қарым-қатынас  жасау  мен
қоғамдық, тәжірибені игерудің қуатты кұралы-  тілді  бірте-бірте  меңгереді.
Бала ересектер өміріне белсенді қатысқысы келеді, бірақ бұл ықылас әлі  оның
мүмкіндіктеріне  сәйкес  келмейді.  Ойында  үлкендердің  қызметіне  еліктеп,
өзінің шамасы  келетіндей  дәрежеде  олардың  қуанышы  мен  ренішін  түйсіне
отырып, ол осындаи өзіндік жолмен қоршаған өмірге етене араласады.
      Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын  жоғары  бағалай  келіп,  А.  С.
Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы  зор,  ересек  адам
үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің кандай маңызы болса,  нақ  сондай  маңызы
бар. Бала ойында  кандай  болса,  өскесін  жұмыста  да  көп  жағынан  сондай
болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады».
      Түрлі халықтардың және коғам дамуының  әр  түрлі  тарихи  кезеңдерінде
балалар ойындарын ұзақ қадағалау, олардың мазмұнын зерттеу  ойынның  негізгі
кайнар  көзі  —  адамдардың  әлеуметтік  өмірі,  баланың,   оның   отбасының
тіршілік жағдайы деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
      Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған  өмірді-  адамдардың
қймылын, іс-әрекеттерін, олардың барлық қимылынан  туған  жағдайдағы  қарым-
катынасын бейнелеуі болып табылады.
      Аса көрнекті режиссер әрі  актер  К.С.Станиславский  «Актердің  өзімен
жұмыс істеуі» деген кітабында балалар ойынын  сипаттай  келіп,  былай  деді:
бала  ойынының  ерекшелігі-  ол  өз  ойлағанының  шынайылығы  мен  шындығына
сенеді. Бала өзіне «солай болған екен» десе бітті,-оның қиялы шарықтап  жүре
береді.  Сонымен  бірге  баланың  тағы  бір  касиеті   байқалады:   «балалар
өздерінің неге сене алатынын, нені елемеу керек екенін біледі ».
      Ойынның  мұндай  сипаты  оны  балалар   іс-әрекетінің   басқа   барлық
түрлерінен  өзгеше  етеді  және  белгілі  бір  мөлшерде  өнермен,   шындықты
бейнелеп  көрсетумен  жақындастырады.  Шын  іс-әрекеттерді  ойында  қайталап
жеткізу  оны  дәлме-дәл  көшіру,  айнадағыдай  бейнелеу  емес.  Балалар  шын
жағдайдың   барлық   нақты   жақтарымен,   уакытпен,   әрекеттердің    қатаң
дәйектілігімен шектелмейді. Ойнап жүргенде ол бөлменің ішінде-ақ  буырқанған
теңіз іщінде жүзіп жүргеніне сенеді шын қорқыныш  пен  қиындықты  жеңгендегі
қуаныш сезімін бастан кешеді.
      Ойын қызметінің тағы  бір  ерекшелігі  —  оның  өз  әрекеттік  сипаты.
Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады.  Олар,  жоғарыда
айтылғандай,  ойында  өздеріне  мәлім    өмір    құбылыстары  мен  оқиғалары
туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді.
      Балалар ойынының  ерекшелігі  сондай-ақ  бейненің,  ойын  әрекеті  мен
сөздің ұштасуы мен өзара байланыстылығында. Бұл оның  сыртқы  белгісі  емес,
шын мәні. Ойында бала өзі бейнелеген  қаһарманның  іс-әрекетімен,  сезімімен
тыныстайды.
      Балалар  үн-түнсіз  ойнамайды.  Тіпті  бала  жалғыз  болғанның  өзінде
ойыншықтармен сөйлесіп жүреді, ойынға қиялдағы қатысушылармен  әңгімелеседі,
өзі мен мамасы үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін  сөйлейді  және  т.б.  Сөз
нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың  өз
қатынасын толығырақ ашады.
      Ойын процесінде сөйлесу қарым-катынасы үлкен  роль  атқарады.  Сөйлесе
жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып,  ойынның  түпкі  ниеті  мен  мазмұнын
анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады,  балалар
арасында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің  кайсыбір  фактілері
мен  құбылыстарына  бірдей   көзқарастың   пай-да   болуына   және   дамуына
көмектеседі.
      Бейненің, ойын әрекеті мен  сөздің  өзара  байланысы  ойын  қызметінің
өзегі болып табылады, шындықты бейнелеудің құралы қызметін атқарады.
Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар:
              • ойынның түпкі  ниеті,
              • сюжеті немесе мазмұны;
              • ойын әрекеттері, рольдер;
              •  ойынның  өзінен   туатын  және  балалар   жасайтын   немесе
                ересектер ұсынатын ойын ережесі.
      Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және  ойынды  балалардың  өзінше
бір іс-әрекеті ретінде көрсетеді
      Ойынның түпкі ниеті — бұл  балалардың  нені  және  қалай  ойнайтынының
жалпы  анықтамасы.  Ол  сөзде  тұжырымдалып,   ойын   әрекеттерінің   өзінде
бейнеленеді,  ойынның  мазмұнында  қалыптасады  және  ойынның  өзегі   болып
табылады. Ойынның түпкі ниетіне қарай ойындарды  азды-көпті  мынадай  типтік
топтарға бөлуге болады:
      а) тұрмыстық  құбылыстарды  бейнелейтін  ойындар  («отбасы»,  «балалар
бақшасы», «аурухана» және т. б.болып ойнау);
      б) жасампаз еңбекті бейнелейтін  ойындар  (метро  салу,  ауыл  еңбегі,
үйлер, фабрикалар, стадиондар тұрғызу және т. б.);
      в) қоғамдық оқиғаларды, дәстүрлерді  бейнелейтін  ойындар  (мерекелер,
демонстрациялар, қонақтарды қарсы  алу,  саяхаттар,  т.т.)  Ойындарды  бұлай
бөлу, әрине, шартты ғана, өйткені  ойын  өмірдің  алуан  түрлі  құбылыстарын
бейнелеуді қамтуы мүмкін.
      Ойынның сюжеті, мазмұны —  бұл  оның  жанды  тұлғасын  кұрайтын,  ойын
әрекеттерінің,   балалардың   өзара   қарьім-қатынастарының   дамуын,    көп
жақтылығын және өзара  байланысын  анықтайтын  нәрсе.  Ойынның  мазмұны  оны
қызықты  етеді,  ойнауға  деген  ықылас  пен   ынтаны   қоздырады.   Ойынның
құрылымдық ерекшелігі мен түйіні — бала   атқаратын рол.
      Ойын процесіңде  рольге  берілетін  маңызына  қарай  көптеген  ойындар
рольді немесе  рольді-сюжетті  ойындар  деп  аталады.  Роль  әрқашан  адамға
немесе  жануарға,   оның   қиялдағы   қылықтарға,   іс-әрекеттерге,   қарым-
қатынастарға қатысты болады. Солардың бейнесіне енген  бала  сол  өзі  қалап
алған нәрсеге айналады, яғни белгілі  бір  рольді  ойнайды.  Бірақ  мектепке
дейінгі бала ол рольді жай ғана ойнап  қоймайды,  бар  жанымен  сол  бейнеге
енеді, оның шын екеніне сенеді.
      Ойын процесінде балалардың өздері (ал кейбір  ойындарда  —  ересектер)
ойнаушылардың  мінез-құлқы  мнн  өзара   қарым-қатынасын   анықтайтын   және
реттейтін  ереже  белгілейді.  Ереже  ойынға  ұйымшылдык,  тұрақтылық  сипат
береді, оның мазмұнын баянды  етеді  және  қарым-қатынас  пен  өзара  қарым-
қатынастардың одан арғы дамуын, күрделене түсуін айқындайды.  Сонымен  бірге
ойын ережесі  жасқаншак,  ұялшақ  балалардың  ойынға  белсендірек  қатысуына
көмектеседі.
      Ойынның осы құрылымдық элементтерінің  бәрі  азды-көпті  типтік  болып
табылады, бірақ олардың түрлі маңызы бар және  әр  түрлі  ойындарда  түрліше
арақатынаста болады.
      Ойын мектепке дейінгі балалар үшін қызықты шаруа бола отырып,  сонымен
бірге оларды тәрбиелеу мен дамытудың  аса  маңызды  құралы  болып  табылады.
Бірақ  ол  ұйымдастырылатын   және   басқарылатын   педагогикалық   процеске
енгізілгенде ғана сондай құралға айналады. Ойынның  дамуы  мен  орнығуы  оны
нақ осылай тәрбиелеу кұралы ретінде пайдалануға көп байланысты.
      Ойынды  педагогикалық  процеске  енгізе  отырып,  тәрбиеші   балаларды
ойнауға,  А.  С.  Макаренконың  сөзімен  айтқанда,  «жақсы   ойын»   жасауға
үйретеді. Мұндай  ойынға  мынадай  сапа  тән:  мазмұнның  тәрбиелік-танымдық
құндылығы, бейнеленетін түсініктердің  толықтығы  мен  дұрыстығы;  ойын  іс-
әрекеттерінің  орындылығы,  белсенділігі,  ұйымшылдығы   және   шығармашылық
сипаты; жеке балалардың және барлық ойнаушылардың мүдделерін ескере  отырып,
ойында ережелерге бағыну және соларды басшылыққа ала  білу;  ойыншықтар  мен
ойын   материалдарын   мақсаткерлікпен    пайдалану;    балалардың    қарым-
қатынастырының игі тілектестігі және көңіл күйлерінің шаттығы.
      Ойынды басқара жүріп, тәрбиеші баланың  жеке  басының  барлық  жағына:
оның санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-кұлқына ықпал жасайды,  ойынды
ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалык және  дене  тәрбиесінің  мақсаттары  үшін
пайдаланады.
      Ойын процесінде  балалардың  білімі  мен  ұғымы  айқындалып,  тереңдей
түседі. Ойында қайсыбір рольді  орындау  үшін  бала  өзінің  түсінігін  ойын
әрекетіне көшіруге тиіс.  Кейде  адамдардың  еңбегі  туралы,  накты  іс-әре-
кеттер, өзара  қарым-қатынастар  туралы  білімдер  мен  түсініктер  жетімсіз
болып шығады да, соларды толықтыру қажеттігі туады. Жаңа  білім  қа-жетттігі
балалардың сүрақтарынан көрінеді. Тәрбиеші ол сұрақтарға  жау-ап  қайтарады,
олардың ойын  кезіндегі  әңгімелеріне  құлақ  түреді,  ойнау-шылардың  өзара
түсінісуіне, келісуіне көмектеседі.
      Демек, ойын балалардың соған дейінгі білімдері мен түсініктерін баянды
етіп кана коймайды, сонымен бірге белсенді таным  іс-әрекетінің  өзінше  бір
формасы болып табылады, соның барысында олар тәрбнешінің  басшылығымен  жана
білім меңгереді.
      Ойын — өзінше бір мектеп, сол арқылы бала  адамдарының  мінез-құлкының
ережелері мен нормаларын, олардың  еңбекке,  қоғамдық  меншікке  көзқарасын,
олардың  өзара  қарым-қатынасын  шығармашылықпен  игереді.  Ойын  балалардың
өздерінің де қоғамдық мінез-кұлқы,  олардың  өмірге,  бір-біріне  көзқарасы,
қарым-қатынасы қалыптасатын қызмет формасы болып табылады.
      Ойынды ұйымдастырып, оны басқара жүріп, тәрбиеші балалар ұжымына  және
ұжым арқылы әр балаға ықпал жасайды. Ойынға қатысушы  бала  өзінің  ниетінен
әрекетін басқалармен үйлестіруге,  ойында  қалыптасқан  ережелерге  бағынуға
тиісті болады.
      Ойынның оңды әсерін пайдаланып, жарамсыз ойындардың тууына жол  бермеу
үшін балаларды ненің жақсы, ненің жаман екенін ажырата білуге үйрету  керек,
жақсыға құлшына ұмтылуға, жаманнан жиренуге тәрбиелеу керек.
      Тәрбиеші ойынды дене тәрбиесінің кұралы ретінде  кеңінен  пайдаланады.
Ойындардың көпшілігі қан айналысын күшейтіп, неғұрлым  толық  та  терең  зат
алмасуына көмектесетін активті козғалыстарды керек етеді.  Активті  қозғалыс
дұрыс   тұлғаның   калыптасуына,   жүріс-тұрыстың   икемді,   әсем   болуына
жәрдемдеседі. Ойынның айқын, біртіндеп  дамитын  жүйесін  пайдалана  отырып,
педагог мектепке  дейінгі  балалардың  дене  құрылысы  дамуының  тиімділігін
арттырады.
      Ойын эстетикалық  тәрбие  кұралы  ретінде  де  кеңінен  пайдаланылады,
өйткені балалар өздерін  қоршаған  дүниені  роль,  бейне  арқылы  көрсетеді.
Ойында киялдың — бұрын алған әсер негізінде бейне жасаудың зор  маңызы  бар.
Көптеген ойындардың  мазмұнына  таныс  әндер,  билер,  тақпақтар,  жұмбақтар
енгізіледі.  Осының  бәрі  тәрбиешіге  балалардың   эстетикалық   әсерленуін
тереңдете түсуге мүмкіндік береді.
                  БАЛАЛАР ӨМІРІН ҮЙЫМДАСТЫРУДА ОЙЫННЫҢ РОЛІ
      Ойын  бала  үшін  —  нағыз  өмір.   Егер   тәрбиеші   ойынды   ақылмен
ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А. П. Усова  былай
деп атап көрсетті: «Балалардың  өмірі  мен  іс-әрекетін  дұрыс  ұйымдастыру-
оларды тәрбиелеу деген сөз.  Тәрбиенің  тиімді  процесі  ойын  және  ойынның
өзара карым-катынастары формаларында жүзеге  асырыла-тын  себебі  сол,  блла
мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз емірімен тіршілік етеді».
      Ойынды таңдап алудың елеулі маңызы бар. Оған күнбе-күн басшылық  жасай
отырып, тәрбиеші әрбір баланы зерттейді, балалар  бірлестіктерін,  қалыптаса
бастаған ойын ұжымдарын ашады. Оның  қайсы  бір  топтанудың  пайдалы  немесе
зиянды екенін бағалауға, балаларға белгілі дәре-жеде ықпал  жасау  қажеттігі
туралы қорытынды жасауға мүмкіндігі бо-лады.
      Ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың формасы ретінде пайдалана  отырып
алдымен солардың ортақ мүддесін бағыттап және дамытып отыру, балалар  ұжымын
топтастыруға күш салу керек
      Тәрбиеші  балаларға  жақын   болуға,   олардың   ойындарының   сүйікті
қатысушысы болуға тиіс. Ойынның мазмұны мен ережесін, өзінің ойындағы  ролін
пайдаланып,  ол  ойнаушылардың  ынтасын  басып  тастамай,  әдеппен   ойынның
барысын, олардың өзара карым-қатынасын бағыттап отырады.
      Педагогикалық процесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен,
бәрінен бұрын  еңбекпен,  оқу  үстіндегі  оқытумен  өзара  тығыз  байланыста
болады.
      Ойындар  мазмұнына,  өзіне  тән   ерекшёліктеріне,   олардың   балалар
өмірінде, тәрбиесі мен оқуында  кандай  орын  алатынына  қарай  ажыратылады.
Сюжетті-рольді ойындарды тәрбиешінің кейбір басшылығымен  балалардың  өздері
жасайды. Бұл ойындардың негізі-  балалардың  өз  өнерпаздығы.  Кейде  мұндай
ойындарды  творчестволық  сюжетті-рольді  ойындар  деп  атайды,  сол  арқылы
балалардың  қайсыбір   кұбылыстарды   жай   көшіріп   қоя   салмай,   оларды
творчестволық ой елегінен өткізетінін, сөйтіп  өздері  жасайтын  бейнелерде,
ойын әрекеттерінде қайталайтынын  атап  көрсетеді.  Драматизацияланған  және
құрылыс ойындары сюжетті-рольді ойындардың бір түрі болып табылады.
      Тәрбие практикасында балалар үшін ересектер  белгілеп  берген  ережесі
бар ойындар да пайдаланылады. Ережесі  бар  ойындарға  дидактикалык,  қимыл,
ермек ойындар  жатады.  Олар  айқын  тұжырымдалған  бағдарламалық  мазмұнға,
дидактикалық есептерге, мақсат қойып үйретуге негізделген. Мүнда  балалардың
өнерпаздығы  болуы  мүмкін,  бірақ  ол  тәрбиешінің   басшылығымен   көбірек
ұштастырылады. Ойын тәжірибесін игерген, ұйымдастыру қабілеті дамыған  кезде
балалар бұл ойындарды да өздері жүргізеді.
      Сюжетті-рольді   ойындар    мектепке    дейінгі     балаларға  тән  ең
сипатты ойындар болып табылады  және  олардың  өміршде  елеулі  орын  алады.
Сюжетті-рольді ойынның ерекшелігі сол, оны  балалардын  өздері  жасайды,  ал
ойын  қызметі  айқын  өнерпаздық  және  творчестволық  сипатта  болады.  Бұл
ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
      Сюжетті-рольді ойында бейнелеу   кұралы   роль   мен  ойын  әрекеттері
болып табылады. Өзінің  сипаты  жағынан  бұлар  кобінесе  еліктеу,  шындықты
көрсету болады.
      Ойынның дамуында сюжетті-бейнелі ойыншықтар  үлкен  орын  алады,  олар
бейнелеудің былайша алғанда қосалқы, сонымен бірге қажетті құ-ралдары  болып
табылады.
      Ойындардың   бұл түріне   басшылык  үлкен    шеберлік  пен  педагогтік
әдептілікті    талап    етеді.    Тәрбиеші ойынды бұзбай, бағыттап  отыруға,
балалардың  ойын  әрекетінің   өнерпаздық   және     шығармашылық   сипатын,
қиналудың шынайылығын, ойын шындығына деген сенімді сақтауға тиіс.
      Педагог  ойыннын  түпкі  ниеті  мен  дамуына  ыкпал  жасайды,  балалар
өмірінің мазмұнын байытады: олардың ересектер  еңбегі  мен  түрмысы  туралы,
адамдардың өзара қарым-катынасы туралы ұғымын кеңейтеді, сол  аркылы  қандай
да бір ойын ролінің мазмүнын нақтылайды.
      Ойын түрлері:
      Драматизация ойындары.
      Құрылыс ойындары.
      Табиғи материалмен ойналатын құрылыс.
      Дидактикалық  ойындар.
      Ойыншықтармен және ойын-құралдарымен ойналатын  ойындар
      Стол үстінде ойналатын ойындар.
      Ережелі қимыл ойындары.
      Ойыншық—әдейі балалар ойынына  арналып  жасалған  зат.  Оны  пайдалану
баланың ой-өрісін кеңейтуге, онда бейнеленген заттар мең өмір  құбылыстарына
деген ықыласын тәрбиелеуге, дербестігін дамытуға көмектеседі.  Ойыншықтармен
ойналатын бірлескен ойындарда балалардың өзара достық қарым-қатынастары,  өз
іс-әрекеттерін үйлестіру қабілеті қалыптасады.
      Ойыншықтың балалар өмірінде үлкен роль атқаратынын  Н.К.Крупская  атап
көрсетті. «Балдырғандарға арналған ойыншықтар туралы» мақаласында  ол  былай
жеп жазды: «Біз  балалар  ойыншығы  туралы  мәселеге  ересек  адамға  қандай
ойыншық ұнайды деген тұрғыдан қарай алмаймыз. Біз  ойыншық  туралы  мәселеге
балаға не ұнайды және оған не керек деген тұрғыдан қарауға тиіспіз».


13- тақырып.  Мектепке дейінгі балаларды мектепке даярлау.
ҚР- да балаларды мектепке даярлау мәселелері.
Балалардың мектепке психологиялық дайындығы.
Мектепте оқытуға дайындықты қалыптастыру
Мектепке  дайындық тобында балалардың тәуелсіздігі
Мектепке дейінгі балаларды мектепке даярлаулаудағы ата-ананың ролі
       Мақсаты:  ҚР-да  балаларды  мектепке   даярлау   мәселелері   жөнінде
білімдерін   тереңдету.   Студенттерді   мектепалды   даярлық    тобы    жас
ерекшеліктерімен таныстыру, баланы мектепке дайындаудың маңызды  мәселелерін
нақты шеше білуге уйрету.

      Мектепалды  даярлық  бойынша  қарастырылатын   мәселелер:   мектепалды
жасындағы оқыту процесс балабақшадағы  дидактика  ілімінң  калыптасуы  (П.Ф.
Каптерев,  Е.И.  Тихеева,  Р.С.  Буре,  В.Г.  Нечаева,  Г.Н.  Година,   З.И.
Истомина,  Н.К.  Крупская,  Е.А.  Флерина,  Т.  Подьякова,т.б.).  Мектепалды
топтары  мен  сыныптарында  балаларды  оқыту  ерекшелштері,  оқыту  мазмұны,
әдістері,    принциптері.    Окытудың    негізгі    формасы-сабақ.     Оқыту
технологияларын қолдану жолдары.  Аталған  топтардағы  окыту  мен  тәрбиелеу
бағдарламаларына  көңіл  бөлу.  Баланың  мектепке  жалпы  дайындығы  -  бұл,
физиологиялық,  психологиялық  тұрғыдан  адамгершілік,  ерік-жігерінің  және
денсаулығының қалыпты жағдайда болуы. Баланың жалпы дайындығы дұрыс  болмаса
оқуға құлқы болмайды, жеке тұлға ретінде қалыптасуына  кедергі  келтіріледі.
Баланың психологиялық дайындығы - оку түрткісінің  (мотивінің)  қалыптасуына
байланысты болмақ. Негізгі түрткілер ішінде оқу  түрткісі,  яғни  менің  көп
білгім келеді,  оқуды,  жазуды,  есеп  шығаруды  үйренгім  келеді  деген  ең
маңызды мәселелер қалыс қалып кояды. Мұндай түрткілер баланың  психологиялық
тұрғыдан дайын болған кезде ғана көрініс береді. Бұл түрткілер бірден  пайда
болмайды, біртіндеп  қалыптасады.  Олар  танымдық  қызығушылығы  берік  бола
бастағанда, жаңа білім  негіздерін  қабылдағанда  пайда  болып,  үлкендердің
мадақтау, бағалауы нәтижесінде бекітіліп отырады. Баланың  арнайы  дайындығы
- бұл, алғашқы білім-білік  дағдыларымен  қарулануы,  яғни  6ipiнші  сыныпта
берілетін білім мазмунының қарапайым білім  негіздерімен  қамтамасыз  етілуі
болып табылады.
      Мектепте оқытуға дайындықты қалыптастыру    дегеніміз  балалардың  оқу
бағдарламасын ойдағыдай меңгеруі және оқушылар ұжымына енуі үшін  алғы  шарт
жасау деген сөз. Бұл ұзак та күрделі процесс,  оның  мақсаты  мектеп  жасына
дейінгі балаларды    жан-жақты дамыту болып табылады.
      Баланың мектепте оқуға арнаулы  және  жалпы  дайындығын  ажырата  білу
қажет. Арнаулы  дайындық  балада  алдымен  мектептің  ана  тілі,  математика
секілді оку пәндерін үйренудің негізі  болып  табылатын  білімнің,  ұғымның,
іскерліктің бар-жоғымен, жалпы дайындық оның дене  және  психикалық  дамуына
қарай анықталады.
      Дене дамуы — бұл баланың жақсы денсаулық күйі,  төзімділігі,  қолайсыз
ықпалдарға қарсы тұра алуы; қалыпты  антропометриялық  көрсеткіштері  (бойы,
салмағы, кеуде клеткасының аумағы), қимыл жағынан дамуының  жақсы  дәрежесі,
қолдың жазу үшін керекті  майда,  дәл  және  алуан  түрлі  қимылдар  жасауға
әзірлігі;  мәдени-гигиеналық  дағдыларының  т.  б.  жеткілікті  дамуы.  Дене
жағынан дамыған бала мектепте жүйелі оқуға  байланысты  қиыншылықтарды  оңай
жеңеді.
      Психологиялық  даму  алдымен  интеллектуалдық  даму   дәрежесі   деген
мағынада  түсініледі.  Мектепке  дейінгі  ересектер  шағының  аяғына   қарай
балалар қоршаған  орта  туралы,  адамдардың  өмірі  туралы,  табиғат  туралы
белгілі мөлшерде білім  меңгереді.  Бұл  білім  мөлшері  балалар  бақшасының
бағдарламасында белгіленген. Мектепке  дейінгі  балалардың  жеке  деректерді
емес, мектептегі пәндік оқытуды  енгізуге  негіз  болатын  өзара  байланысты
білімдер жүйесін  меңгеруі  маңызды.  Олардың  таным  ынтасын,  әуесқойлығын
дамытудың зор маңызы бар. Бұл мектепте  балалардың  сан  алуан  оқу  тілегін
калыптастыру үшін негіз болып табылады.
      Баланың мектепте оқуға психологиялық дайындығының маңызды компоненті —
адамгершілік- ерік дайындығы. Оку іс-әрекеті еркін  ықылас  коюды,  мақсатты
түрде есте сақтауды,  өзінің  мінез-кұлқын  бақылай  білуді,  тәртіптілікті,
жауапкершілікті, дербестікті, ұйымшылдықты т.т. талап  етеді.  Адамгершілік-
ерік дайындығы деген ұғым сондай-ақ  баланың  жаңа  ұжымға,  мектеп  ұжымына
енуіне, қоғамдық жұмысқа белсене араласуына мүмкіндік беретін:  ықыластылық,
ізгі  ниеттілік,  өзара  көмек,  ұйымдастыру  шеберлігі   сияқты   моральдық
сапаларды да қамтиды.
      Бала мектептегі жаңа  іс-әрекетке  ғана  емес,  сонымен  бірге  өзінің
құқықтары мен міндеттері бар оқушының жаңа  әлеуметтік  жағдайына  да  дайын
болуға тиіс.
      Балалар  бақшасының  балаларды  мектепке  дайындау   жөніндегі  жұмысы
олардың мектепке дайындайтын тобына кешуінен көп  бұрын  басталады.  Балалар
бақшасының оку-тәрбие жұмысының  бүкіл  жүйесі    баланың  мектептегі  оқуға
дайындығын   қалыптастыруды   көздейді. Мектепке  дайындайтын  топтың  басқа
топтардан   айырмашылығы   —балабақшасындағы    тәрбие       бағдарламасында
көзделген оқу-тәрбие жұмысының барлық   міндеттерін   орындау   аяқталады.
      Мектепке дайындайтын топта балалардың күн тәртібін мүлтіксіз орындауға
қойылатын талап едәуір артады. Егер олар ұзақ уақыт балалар бақшасына  барып
жүрген болса, оларда күн  сайын  белгілі  бір  уақытта  белгілі  бір  қызмет
түрлерімен шұғылдану әдеті қалыптасып қалады. Балалар  олардың  мазмұны  мен
ерекшеліктерін жақсы біледі, оларды орындауға дайын тұрады.
      Тәрбиешінің  басты  міндеті  —  тапсырмаларды  сапалы   және   уақтылы
орындауда бақылау  мен  балаларға  көмекті  күшейту,  әрбір  баланың  алдына
қойылған мақсатқа міндетті түрде  жетуін  талап  ету.  Мектепке  дайындайтын
топта олардың іс-әрекет  мазмұнын  қиындату  оны  жүзеге  асырудың  неғұрлым
жоғары тиімділігімен ұштастырылуға тиіс.
      Мектепке   дайындық  тобында  балалардың  тәуелсіздігін   қалыптастыру
жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Тәуелсіздік қайсыбір іс-әрекет үшін  кажетті
білімнің,  іскерліктің,  дағдының  болуымен,  оны  жүзеге  асыру  процесінде
қалыптасатын жағдайларға, алынған нәтижелерге саналы  қараумен  сипатталады.
Мектепке  дейінгі  балалық  шақта  баланың  тәуелсіздігін  дамыту   мектепте
оқытудың маңызды негізі болып табылады.
      Оку іс-әрекеті, үйге  берілген  тапсырмаларды  орындау  бірінші  сынып
оқушысы күнінің көпшілік уақытын  алады.  Ол  мектепке  жинала  ма,  сабақта
отырып оқи ма немесе алғашқы коғамдық тапсырманы орындай  ма  —  бәрінде  де
дербестік  көрсету  қажет  болады.  Таңертең  ол  өзі  гимнастика   жасайды,
мектепке керекті  нәрсенің  бәрін  алуды  ұмытпайды.  Тәуелсіз  жұмыс  істеу
дағдысы  оның  сыныпта  тапсырманы  орындап   шығуына   көмектеседі,   бірақ
тәуелсіздік үйге берілген тапсырмаларды орындаған кезде өте  кажет.  Бірінші
сынып  окушысы  өзінің  жұмысын  жоспарлай  және  бақылай   білуге,   өзінің
жетістіктерін байқап, кемшіліктерін көре білуге; бір міндетті  шешкен  кезде
үйренген тәжірибені басқа міндеттерді шешу үшін пайдалануға  тиіс.  Мектепке
дайындайтын топтағы балалардың тәуелсіздігін дамыту міндеттерін,  міне,  осы
талаптар белгілейді.
      Мектепке  дейінгі  балада  жеті  жасқа  қарай  іс-әрекеттің  жекелеген
түрлерінде дербестік  көрсетудің  белгілі  тәжірибесі  қалыптасады.  Мысалы,
өзіне-өзі  қызмет  көрсетуде,   табиғаттағы   еңбекте   дербестік   дәрежесі
айтарлықтай  жоғары,  ал  осы  сапаның  оқу  және  ойын  кызметіндегі  дамуы
бұрынғысынша тәрбиешінің назар аударуын талап етеді.
      Мектепке дайындайтын топтағы балалар жекелеген тапсырмаларды  тәуелсіз
орындай алатын   болуға: кітаптарды  жөндеу  үшін   құрбыларын   ұйымдастыра
білуге,  серуендеу  кезінде  тәрбиешінің  көмекшісі  ролін  атқаруға,  қимыл
ойындарын өткізуге т.б. істей білуге тиіс.  Егер  балаларды  даярлап,  қалай
істеу керек екенін көрсетіп, айтып берсе, олар  мұндай  тапсырмаларды  әбден
орындай алады. Тапсырманы ойдағыдай  орындағаны  үшін  баланы  мадақтап  қою
қажет.
      Балалардың  тәуелсіздігін  дамытуға  басшылық  жасай  отырып  тәрбиеші
оларды алға қойылған міндетті ескертусіз, көмексіз және  бақылаусыз  шешуге,
орындайтын  жұмысына  саналы  қарауға,  өз  іс-әрекеттерін   байқай   білуге
үйретеді.
      Тәуелсіздікті дамыту іс-әрекет мотивтерін қиындата беруге  байланысты.
Мектепке  дайындайтын   топта   бұл   мотив,   мысалы,   баланың,   тәрбиеші
үйреткеніндей, суретті жақсы салып қана қоймай, сонымен  бірге  жоғары  баға
алғысы, міндетті дұрыс шеше білетіндігімен көрінуі мүмкін.
      Балалар бақшасында  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  тәуелсіздігін
қалыптастыру  іс-әрекеттің  барлық  түрінде  де  тәрбиешінің   басшылығымен.
жүзеге асырылады.
      Мектепке  дайындайтын  топтағы  балалармен  жұмыста   дене   шынықтыру
жаттығуларының спорттық түрлері ерекше орын алады. Шаңғы, коньки,  велосипед
тебу, шанамен сырғанау, жүзу ірі бұлшық еттердің түрлі  топтарының  қатысуын
талап етіп, денеге жақсы күш түсіреді.
      Егер бала мектепке дейін дене жаттығуларының  осы  түрлерін  меңгерсе,
спорт ойындары мен сауықтарын жақсы көріп кетсе, бұл  мектеп  жылдарында  да
оның бос сағаттарда осылармен шұғылдануы үшін алғы шарт болып табылады.  Бұл
әрі ой еңбегінен тынығуының,  ағзаны  одан  әрі  сауықтырудың  құралы  болып
табылады. Балаларды дене шынықтыру жаттығуларының спорттық түрлеріне  үйрету
жұмыстың ерекше бөлімі болып табылады, ол тәрбиешіден шаңғы, коньки  тебудің
т.т.  техникасын  және,  әрине,  балаларға   сол   қимыл   түрлерін   үйрету
әдістемесін меңгеруді талап етеді.
      Мектепке осы заманғы оқытудың негізін қалаушы принцип  тәрбиелей  және
дамыта  отырып  оқыту  болып  табылады,  ол  балалардың  таным  процестерін,
білімге ықыласын дамытуды көздейді. Балалар бақшасында бұл принципті  жүзеге
асыруда балалардың қарапайым  оқу  іс-әрекеті  жоспарлы  және  жүйелі  түрде
жетілдірілетін оқу сағаттары ерекше маңызды роль атқарады.  Бұл  тәрбиешінің
балаларда оқу міндетін түсіну және оны орындауға әзір тұру,  ықыласты  болу,
үлкендердің жоспары мен нұскауы бойынша әрекет  істей  білу,  бұрынғы  алған
білімі  мен  іскерлігін  жаңа  іс-әрекетке  пайдалану,  тапсырманы   орындау
тәсілдерін меңгеру, өзін-өзі  бакылау,  бағалау,  қалыптастыруына  мүмкіндік
береді. Бұл тұрғыда әрбір сабақтың бағдарламалық мазмұнын дұрыс  белгілеудің
зор маңызы бар. Педагог әр баланы ақыл-ой жағынан тәрбиелеуге және  дамытуға
қамқорлық  жасайды,  ақыл-ой  міндеттерін  шеше  отырып,  белгілі  күш-жігер
жұмсау қажеттігін алдына  кояды.  Бірте-бірте  оқыту  процесінде  балалардың
бойында тапсырмаға саналылықпен қарау, тәрбиешінің түсіндіруіне құлақ  асып,
мағынасына бойлай білу, мақтау үшін  емес,  еңбек  нәтижесінен  қанағат  алу
үшін жақсы нәтижелерге  жетуге  ұмтылу  қасиеттері  пайда  болады.  Мектепке
дейінгі балаларда бар ықыласымен, белгілі  бір  қарқынмен  жұмыс  істеушілік
қалыптасады, жұмыс қабілеті артады.
      Мектепке  дайындайтын  топтағы  балалармен  жұмыста  окытудың  көрнекі
әдістері мен тәсілдерін пайдалану  белгілі  ерекшелікке  айналады:  тәрбиеші
оларды әрекет  жасау  тәсілін  қалыптастыру  үшін  емес,  ойлау  іс-әрекетін
күшейту үшін  көбірек  қолданады.  Мәселен,  үлгі  нұсқаны  көрсету  бұрынғы
тәжірибені баланың есіне түсіру  үшін,  оның  есіндегі,  елесіндегі  бейнені
ояту үшін пайдаланылады.
      Мектепке  дайындайтын  топтағы  балалармен  жұмыста  оқытудың   ауызша
әдістерінің  (тәрбиеші  әңгімесінің,  алдын  ала  ойластырылған   сұрақтарды
қамтитын әңгімелесудің т.б.) зор маңызы бар екенін атап айту керек.  Педагог
ауызша  әдістерді  таңдап  алуға,  оларды   басқа   (көрнекі,   практикалық)
әдістермен дұрыс ұштастыруға, сөйтіп оқу процесін неғұрлым  пәрменді  етуге,
ал білімді саналы түрде меңгеретін етуге мұқият назар аударады.
      Мектепке  дайындайтын  топта  ойын  тәсілдері  өз  маңызын   сақтайды.
Дидактикалық ойындарға ерекше орын беріледі. Ойын  формасында  қойылған  оқу
міндеті балаға  білім  алу  мақсатын  түсіндіріп,  баланың  ерікті  ықыласын
арттырады, іс-әрекетін күшейтеді, таным   ынтасын дамытады.
      Мектепке дайындайтын топта балаларға адамгершілік және еңбек тәрбиесін
беру,  олардың  өз  құрбыларымен  және  ересектермен  өзара  қарым-қатынасын
қалыптастыру бағдарламасы күрделене  түседі,  азаматтық  сезімдер  тәрбиелеу
жөніндегі жұмыс күшейтіледі. Баланың  адамгершілік  тәжрибесін  қалыптастыра
отырып, тәрбиеші олардың  мінез-кұлық  нормалары  мен  ережелерін  түсінуіне
көбірек сүйенеді,  адамгершілік  тұрғысынан  пайдалы  істерге  жаттықтырады,
күнделікті накты жағдайларда этикалық міндеттерді өздігінен тәуелсіз  шешуге
үйретеді.  Балалардың  жас  және  жеке  ерекшеліктерін  ескере  отырып,   ол
балалардың   айналасындағы   адамдармен    өзара    карым-қатынас    жүйесін
қалыптастыру үшін қажетті жағдай жасайды.
      Мектепке  дайындайтын  топта  дүрыс  жолға  қойылған  еңбек   тәрбиесі
бастауыш сыныптарда оқудың ойдағыдай жүргізілуіне көп көмектеседі.
      Алайда мектепке дайындайтын топтағы балалардың негізгі іс-әрекеті ойын
екенін ұмытуға  болмайды.  Ойындардың  тақырыбы  кеңейеді,  ойын  әрекетінің
құрылымы   күрделендіріледі,   ойындағы   байланыстардың,    өзара    карым-
қатынастардың дамуына басшылық жетілдіріледі.
      Балаларды  мектепке  жан-жақты  дайындауға  қамқорлық   жасай  отырып,
педагог ата-аналардың жанұяда бала  өмірінің  дұрыс  режимін  ұйымдастыруына
көмектеседі, мектепке түсерде мектеп  жасына  дейінгі  баланың  шамамен  қай
көлемде білімі болуға тиіс  екенімен,  оның  есте  сақтағыштығын,  ықыласын,
талдау, салыстыру, жинақтау, корытынды жасау қабілетін  калай  дамыту  керек
екенімен,  I   сыныпта   баланың   оку   әрекетіне   қойылатын   талаптармен
таныстырады,  балалардың   ой   еңбегінің   мүмкіндіктері,   олардын   еңбек
нәтижелеріне көзқарасы туралы айтып береді.
      Ата-аналар балаларға нені және қалай  оқып  беру,  олардың  ойындарына
қалай қарау керек екенін білуге  тиіс.  Тәрбиеші  баланың    ықыласын,  есте
сақтағыштығын, кеңістікте бағдарлағыштығын дамытуға,  сезім,  ойлау,  сөйлеу
мүшелерін  дамытуға  көмектесетін,  қоршаған  болмыс   женіндегі   ұғымдарды
анықтай түсуге жәрдемдесу керектігі жөнінде  кеңес береді.
      Педагог ата-аналарға  баланың  мінез-құлқына  мектеп  қандай  талаптар
қоятынын айтып  береді,  олардың  не  нәрсеге  ерекше  назар  аударуға  тиіс
екенін, не істеу керек екенін, балалармен  не  жайлы  әңгімелесеу,  не  оқып
беру, әр түрлі өнер шығармаларын тәрбие  мақсатында  қалай  пайдалану  керек
екенін түсіндіреді.
      Осындай  жұмыстың  қорытындысында  ата-аналарда   балаларды   мектепке
дайындау туралы білімдер жүйесінің қалыптасуы маңызды.

14- тақырып. Мектепке дейінгі мекеме және мектеп.
    Жоспары:
Мектепалды даярлық  топтар  мен  мектеп  арасындағы  сабақтастық  және  оның
маңызы.
Балаларды мектепке даярлау ерекшеліктері.
Тәрбиешілер мне мұғалімдердің жұмысының сабақтастығы.

      Білім беру  және  ғылым  саласына  елеулі  өзгерістер  енгізіп  жатқан
қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру  ісін  жаңа
сапалық деңгейге көтеру міндеті  бүгінгі  күннің  көкейкесті  мәселесі.  Осы
өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы болып саналатын  мектепке  дейінгі
ұйымдарда  болашақ  ұрпақтың  дүниетанымын  дамытуға,  жеке  тұлға   ретінде
қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап  толық  жағдай  жасауды,  тәрбиелеумен
білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет етіп қойып отыр.
     Аталған міндетті шешуде кезек күттірмейтін мәселелердің  бірі  ретінде
мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудің сабақтастығын  қамтамасыз
етудің жолдарын айқындаудың маңызы зор. Өйткені  сабақтастық  туралы  мәселе
өткір  қойылып  отыр.  Бұл  мәселені  ғалымдар,  білім  беру   мекемелерінің
жетекшілері, мұғалімдер, ата-аналар да көтеріп отыр. Олардың  дабыл  қағуына
толық негіз бар.
     Мақсат,  мазмұн  бірлігі  неғұрлым  тиімді  деген   әдістерді,   оқыту
құралдарын, балалар мен  оқушылардың  жетістіктеріне  қорытынды  жасау  және
бағалауды таңдап алуға негізделген білім берудің мектепке дейінгі,  бастауыш
буын сатыларындағы көп түрлі,  көп  нұсқалы  бағдарламалардың  болмауы,  осы
сатылардың   арасындағы    байланыстың    жоқтығын    көрсетеді.    Берілген
бағдарламаларда  білімді  игеру  көлемі,  жеке  тұлғалық,  әлеуметтік   даму
деңгейлері ескерілмеген. Бастауыш буын мен мектепке дейінгі білім беру  бір-
бірінен алшақ жатыр деуге болады.
     Сондықтан  балабақша  мен  бастауыш  буын   сабақтастығын   айқындауда
біріншіден:
    аталған сатыдағы білім берудің өзіндік мақсаттарының айқындалуы,  білім
мазмұнының бірыңғай, жүйелі құрылуы, баланың  белсенді  дамуы  арқылы  білім
берудің келесі сатысына көшудің тиімділігінің қамтамасыз етілуіне;
    екіншіден: білім  беру  жүйесінің  әрбір  әдістемелік  компоненттерінің
байланысы  мен  үйлесімділігінің  болуына  назар  аудару   керек   (мақсаты,
міндеттері, мазмұны, әдістемесі, ұйымдастыру түрлері).
     Сонымен  қатар  аталған  сабақтастық  сақталу  үшін  мектепке  дейінгі
кезеңде — жас ерекшелігіне сәйкес  баланың  өзін-өзі  бағалауының  сақталуы,
танымдық және тұлғалық дамуы, қоршаған ортамен  байланыс  жасауға  дайындығы
қарастырылады. Бастауыш сатыда — мектепке  дейінгі  шақтағы  жетістіктерінің
барлық деңгейіне тірек болуды, қарқынды  даму  жағдайында  жеке  жұмыстарды,
мектепке дейінгі қалыптасып болмаған қасиеттерін  жетілдіруге  арнайы  өзара
қарым-қатынас жасау формаларын дамытуды қамтамасыз етеді.
     Сабақтастық даму кезеңдері мен  сатылардың  арасындағы  ортақ  мақсат-
міндеттер, ортақ мазмұнды байланыс, бұл байланыс  олардың  толық  және  жеке
жақтарының кейбір элементтерін сақтайтын  тұтас  жүйе.  Жеке  тұлғаның  даму
кезеңінің үздіксіз білім беру  деңгейлері  мен  сатылары  нақты  мақсаттарды
іске асыру жағдайлары мен талаптарының іске асырылуымен  анықталады.  Осының
барлығы бір ғана түпкі мақсатқа — баланы жүйелі сатылы дамыту,  бір  буыннан
екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағытталуы тиіс.
     Сабақтастық білім беруде:
    балалардың  жеке  тұлғалық  дамуын  қалыптастырып,  олардың  одан  арғы
өмірлік қызметтерін қамтамасыз етеді;
    білім беру кезеңдерінде үздіксіз білім беру  (балабақша-мектеп,  мектеп
жоғарғы оқу орны);
    біртұтас білім беру жүйесінде осы  кезеңдердің  және  оқыту  түрлерінің
біртұтастығын ұйымдастыруға өз әсерін тигізеді.
     Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сынып  арасындағы  сабақтастықтың
негіздемесі:
    балалардың білуге деген құмарлығын дамыту;
    балалардың  өздігінен  шығармашылық  жұмыс  тапсырмаларын   шеше   білу
қабілетін дамыту;
    балалардың   интеллектуалдық   және   тұлғалық   дамуына    бағытталған
шығармашылық қиялын дамыту;
    тілдік қарым-қатынасын дамыту  (құрбы-құрдастарымен,  ересектермен  тіл
табысып, сөйлесе білу)
     Сабақтастық үрдісін 2 жақтан қарауға болады.
    Мектепке дейінгі буын сатысында мектепке дейінгі балалық шақтың өзіндік
құндылығы  қысқартылады  және  балалардың  жеке  тұлғалық  сапасының  негізі
қалыптасады.
    Мектеп  өз  жұмысын  жоқтан  құрмайды.  Мектепке   дейінгі   балалардың
жетістігін  қапсырып  алып,  балалардың  жинақтаған  әлеуетін  педагогикалық
практиканы  ұйымдастыра  отыра  дамытады.  Сабақтастықтың  осындай  түсінігі
балалардың дамуы мен оқып үйренуін үздіксіз іске асырып отырады.
     Бұл:
    Мектепке  дейінгі  мекеме  мен  мектептегі  білім  үрдісінің  мақсатын,
міндетін, мазмұнын, бағыттап отырады;
    әр баланың дамуына жағдай  жасайды  (денсаулығын  сақтау,  эмоционалдық
саулығы).
     Балабақша  мен  бастауыш  білім  сатысының  сабақтастығын  тек  баланы
мектепке дайындау деп түсінбеу  керек,  мұнда  педагогтар  мектепке  дейінгі
ұйымдарда білім берудің формалары, әдіс-тәсілдерімен  жете  танысып,  6  жас
пен 7 жас аралығындағы психологиялық  ерекшелікті  анықтай  отырып  мектепке
біртіндеп жеңіл бейімделуіне жағдай жасау шарт.
     Мектепке дейінгі мекеменің міндеттері:
    салауатты өмір сүру салтының құндылығына балаларды қатыстыру;
    эмоционалдық аман-саулығын қамтамасыз ету, әр түрлі көркемдік іс-әрекет
түріне жағдай жасау;
    талабын, білуге құмарлығын, еркіндігін дамыту;
    айналадағы әлем жайында білімін қалыптастыру;
     Бастауыш мектептің міндеттері:
    салауатты  өмір  сүру  салтының  құндылығын  қалыптастыру  және  өзінің
тәртібін осыған сай реттеу;
    қоршаған   ортамен   белсенді    қарым-қатынас    дайындығын    дамыту.
(эмоционалды, интеллектуалды, коммуникативті және іскери)
    мектепте оқуға үйрену деген тілегін қалыптастыру;
    әр түрлі әрекетте бірлесе жұмыс істей білуі мен өздігінен жұмыс істеуін
дамыту;
    мектепке дейінгі  мекемедегі  жетістігін  жетілдіру,  мектепке  дейінгі
мекемеде дамуында қалыптаспаған сапасына арнайы көмек көрсету;
     Мектепке дейінгі мекеме  мен  бастауыш  сыныптың  сабақтастық  бойынша
жұмысын ұйымдастыру:
    мектепте оқып үйренуіне жағдай жасау;
    мектепте оқуға психологиялық дайындығын қалыптастыру;
    бала дамуының үдіксіз білім беру жүйесін құру.
     Мектепке дейінгі мекеменің мақсаты:
    денсаулығын сақтау, нығайту;
    психологиялық дамуына жағдай жасау (есте сақтау, ойлау, қабылдау)
    мектепте оқуға дайындау (мектеп, мектеп ережесі, қоңырау, үзіліс)
     Бастауыш мектептің мақсаты:
    денсаулығын сақтау нығайту;
    қабілеттерін, ойлауын дамыту;
    ерік, жігер сезімін дамыту.
     Екі ұйым арасындағы әрекет:
     Мектепке дейінгі мекеме —танымдық әрекет  —мағлұмат  алады,  талдайды,
ойнайды, білім алып, тәжірибе жасайды.  Бастауыш  сынып  —оқу  әрекеті  —оқи
алуға үйренеді, оқығысы келеді, жаңа  мазмұнды  меңгереді,  жаңа  түсініктер
қалыптасады.
     Мектеп пен мектепке  дейінгі  мекемедегі  сабақтарды  салыстыра  отыра
келесі ұқсастықтарды атап айтуға болады:
    Бір  маңыздылық:  балалардың  танымдық  әрекетін  басқару,  білім  және
білікпен қаруландыру бірмезетте  жан-жақты  тәрбиелеу.  Оқыту  мектепте  де,
мектепке дейінгі мекемеде де бағдарлама бойынша өткізіледі.
    Айқын және қатаң ұйымдастыру: әрқашан, әр уақытта нақты сабақ  кестесі,
әр  баланы  оқыту  міндеті,  педагогтың  барлық  балалармен  ұжымдық   жұмыс
жүргізуі.
     Мектепке дейінгі мекеме мен мектептің ерекшеліктері:
    Балаларды мектепке даярлау кезеңінде назардан тыс қалатын жағдайлар  да
болып жатады:
    баланың дене  бітімімен  бірге,  саусақ  сүйектерінің  дамуы  мен  көру
қабілеті т.б.
    іс-әрекетін жүйелі ұйымдастыра білуі;
    құрбыларымен, үлкендермен қарым-қатынасы;
    қоршаған ортасын қабылдау бейімі т.б.
     Сондықтан алты жасар балаларға жағдай туғызудың негізгі жолдарын алдын
—ала жан-жақты талдап, нақты шешімдер қабылдауды қажет ететін талаптар  бар.
Олардың ең бастылары арнайы білім беру кеңістігін құратын орта:
    оқу, ойын, жатын бөлмелері;
    жас ерекшеліктеріне сай оқуға, жазу-сызуға арналған парталар;
    гигиеналық талапқа сай асхана;
    сынып бөлмесінде әр баланың оқу-ойын құралдары сақталатын арнайы орын;
    баланың бойына ескеріліп құрылған сынып тақтасы.
     Мектепке дейінгі білім беру мекемесі  мен  бастауыш  мектеп  сатысында
мынадай жағдайлар туындайды: Бастауыш  мектеп  мектепалды  дайындық  тобында
берілетін тәрбиелену, білім беру және дамыту  моделінен  оқытудың  мектептік
моделіне үздіксіз байланыста өтуін қамтамасыз ету керек.  Бұл  жерде  білім,
білік, дағдылардың  сабақтастығынан  да  балалармен  жұмыс  істеудегі  әдіс-
тәсілдердің  сабақтастығы  жоғары  рөл  атқарады.  Басты  мақсат  мектепалды
дайындық тобынан бастауыш  мектепке  көшудегі  балалармен  жұмыс  түрлерінің
тығыз сабақтастығы.
     Көбіне бастауыш мектепте мектепалды дайындық тобының  әдіс-тәсілдерін,
жұмыс түрлерін қолданғысы келмейді,  ал  даярлық  тобы  тәрбиешілері  көбіне
бастауыш мектеп  моделін  пайдалануға  мәжбүр  болады.  Балаларды  оқытудағы
бастауыш мектеп моделі даярлық тобындағы балалардың мектеп  талаптарына  сай
білім, білік, дағдылары қалыптасқан, ұйымдастырылған оқушыны алғысы  келеді.
Мұндай  сабақтастықтың  нәтижесінде  мектепке  дейінгі   балалықты   бағалау
түсіністігі жоғалады және баланың даярлық  тобына  баруы  мектепке  дайындық
ретінде ғана қарастырылады.  Мектепалды  дайындық  тобының  мұғалімдері  мен
тәрбиешілері  «Баланы  мектепке  даярлау»   мақсатында   балаларды   партаға
отырғызып, мектептік типте сабақтар жүргізеді.
     Мұндай жерде  көбіне  балалардың  негізгі  қызметі  ойын  екені  естен
шығарылады. Тек танымдық,  дамытушылық  ойындардың  көмегімен  білім  негізі
қалыптаса  бастайды.  Осылайша,  қазіргі  заманда  сабақтастықтың   құрылымы
табиғи жолмен емес, жасанды түрде жүзеге  асады,себебі  бастауыш  мектептегі
әдіс-тәсілдер, балалармен жұмыс түрлері мектепалды дайындық  топтарында  кең
қолданылады. Сондықтан да бұл мәселені бірден 2 жақты қарастырған  жөн.  Ал,
ұйымдастыру жоспарында мәселені шешудің мынадай жолдары қарастыруға болады:
     Біріншіден, балалардың мектепалды дайындық тобында қалыптасқан  білім,
білік, дағдыларын бағалау қажет емес, олардың даму  деңгейін  бағалау  қажет
деп  ойлаймын.  Екіншіден,  бастауыш  мектеп  мұғалімдері  білім  беру   мен
тәрбиелеу үрдісінде мектепалды дайындық тобына  сай  ойын  әдістерін  тиімді
қолдана білсе.
     Сонымен қатар бұл шақта баланың көрнекі-әрекеттік  және  бейнелі-ойлау
түрлерін де жетілдіруді қажет етеді. Өкінішке орай, көптеген  әріптестеріміз
ойлаудың бұл екі түрін көп  елемей,  тез  арада  сөздік-  логикалық  ойлауды
дамытуға  кіріседі.  Алайда,  бала  ойлауының  жоғарғы  формаларының   жетік
қалыптасуы нақ осы  көрнекі-әрекеттік,  көрнекі  бейнелілік  түрлерін  берік
қалыптастырып,  сөздік   логикалық   ойлау   түрлерін   біртіндеп   дамытуға
байланысты жұмыстар жүргізілуі қажет.
     Көрнекі-әрекеттік ойлау- нақты заттарды пайдаланып,  белгілі  мақсатты
көздейді. Ойлаудың бұл түрін қалыптастыру арқылы баланың бойында өзінің  іс-
әрекетін саналы  басқару  және  бақылау,  бағыттап,  ойластырып  әрекет  ету
қабілеті дамытылады. Көрнекі-бейнелілік ойлау- заттардың  бейнелерімен  ойда
әрекет ете отырып, белгілі бір мақсатты шешуді көздейді. Ойлаудың бұл  түрін
қалыптастыру арқылы  баланың  бойында  мақсатқа  жетудің  әртүрлі  жолдарын,
бағыттарын, әдіс-тәсілдерін табу қабілеті дамиды.
     Сөздік-логикалық  ойлау  —  сөз  немесе   белгі   арқылы   бейнеленген
ұғымдармен нақты ережелерге  бағына  әрекет  ете  отырып,  белгілі  мақсатты
шешуді көздейді. Ойлаудың бұл  түрін  қалыптастыру  арқылы  баланың  бойында
пайымдау  және  сол  пайымдау  арқылы  берілген  шарттан   ауытқымай   нақты
қорытынды шығара білу қабілеті  дамиды.  Осындай  жұмыстарды  бірлесе  отыра
атқаратын істер сабақтастық мәселесін шешудің тиімді бағыты деуге болады.
     Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты бастауыш білім  беру
мен мектепке дейінгі тәрбиелеу кабинеті екі буын  арасындағы  сабақтастықтық
бойынша жұмысты ұйымдастыруда келесілерді белгілейді:
    бала дамуының тиімді жақтарын қамтамасыз  ететін  үздіксіз  білім  беру
жүйесін құру, білім беру компоненттерінің келісімі мен  байланысы  негізінде
баланың  табысты  білім  алуы  мен  тәрбиеленуі   (мақсаттары,   міндеттері,
мазмұны, әдістері, ұйымдастыру формалары);
    заман талабына сай мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш  білім  берудің
мемлекеттік стандартын құру;
    мектепте оқуға бейімделуіне, әр баланың жеке тұлғалық дамуына оң жағдай
туғызу;
    мектепке психологиялық жағынан дайындығын қамтамасыз ету;
    жаңа шығармашылық шеберханалар мен жобалар құру.
     Институт тарапынан  да  бастауыш  және  мектепке  дейінгі  білім  беру
жүйесінде   сабақтастықты   қамтамасыз   ету   бағыты    бойынша    семинар,
конференциялар, курс жұмыстары мен сайыстар ұйымдастырылып тұрады.
     Бұл жұмыстардың негізгі мақсат-міндеттері төмендегідей:
     Мақсаты:- Жаңа білім беруге көшу  жағдайында  сабақтастық  түсінігінің
қалыптасуы.
     Міндеттері:
    Сапалы білім беру қызметімен  қамтамасыз  етудегі  нормативтік-құқықтық
негіз жайында ақпарлау.
    Облыстың бастауыш және  мектепке  дейінгі  білім  берудегі  сабақтастық
құрылымының негізгі бағыттарын анықтау.
    Облыстың бастауыш және мектепке дейінгі білім мекемелерінің сабақтастық
мәселелерін шешудегі тәжірибелерімен таныстыру.
    Сабақтастықты  құрудағы  заман  талабына  сай  технологиялардың   рөлін
анықтау.
    Бастауыш және мектепке дейінгі білім беру сабақтастығының моделін құру.
     Осы өткізетін  жұмыстар  барысында  педагогтар  облыс  мекемелеріндегі
бастауыш және мектепке дейінгі білім  беру  сабақтастығының  мәселесін  шешу
тәжірибесі  бойынша  облысымыздағы  тығыз  байланыста  жұмыс  істеп   жатқан
мектепке дейінгі  мекеме  мен  бастауыш  мектеп  тәжірибесімен  танысып,  ой
бөлісіп, тәжірибе алмасу ұйымдастырылады:
    мектеп пен балабақшадағы оқу-тәрбие жұмыстарының  бағыттарын,  мазмұнын
айқындау жетілдіру;
    екі буыннның  оқу  бағдарламаларын  және  жоспарларын  зерттеп,  оларды
жетілдіру жолдарын қарастыру;
    педагогикалық  ұжымдарға  ғылыми-әдістемелік  жағынан  көмек  көрсетуді
ұйымдастыру;
    оқытудың  жаңа  технологияларын  зерттеу  және  ұстаздар   тәжірибесіне
енгізу;
    екі  буынның  таңдаған  бағыттары  мен  мүмкіндіктерін  ескере  отырып,
белгілі бір проблемалармен айналысуына,  тәжірибе-сынақ  жұмыстарын  жасауға
басшылық жасап, ғылыми-әдістемелік көмек көрсету.
     Сонымен қатар биылғы өткізілген педагогтардың тамыз  кеңесі  «Бастауыш
және мектепке дейінгі білім  беру  жүйесінде  сабақтастықты  қамтамасыз  ету
білім сапасын арттырудың өзекті мәселесі» атты тақырыпта  өткізілді.  Секция
жұмысы барысында педагогтар  келесі  сабақтастықтық  ұсыныс  жобасын  құрып,
сабақтастық  жұмысын  ұйымдастырудағы  кейбір   қиындықтарды   атап   айтты.
Қабылданған ұсыныс жоба:
    Әдістемелік бөлім жетекшілері, аудандық (қалалық) оқу бөлім әдіскерлері
бастауыш және мектепке дейінгі  білім  беру  сабақтастығы  жайында  сұрақтар
бойынша педагогикалық тәжірибені облыста, аудан, мектепте жинақтап қорыту.
    Мектепке дейінгі педагогтар, мұғалімдер  балалардың  эмоционалды  жайлы
жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған әдістер мен  формаларды  өз  жұмысында
қолдану.
    Мектепке  дейінгі  педагогтар,  мұғалімдер  ойын  іс-әрекетін  мектепке
дейінгі тәрбие мен  бастауыш  буын  оқытуындағы  жетекші  іс-әрекет  ретінде
қарастыру.
    Психологтар  мен  мұғалімдер  баланың   мектепке   дайындығын   анықтау
барысында негізгі тест психологиялық сапасын бағалауды есепке алу.
    Әдістемелік бөлімнің жетекшілері, аудандық (қалалық)  оқу  бөлімдерінің
әдіскерлері сабақтастық сұрақтарын  жүзеге  асыратын  бірыңғай  жоспар  құру
(мектепке дейінгі мекеме педагогы-бастауыш сынып мұғалімі-ата-ана  —психолог
—әлеуметтік ұстаз).
    Қиындықтар:
    кіші  жастағы  балалармен  жұмыс  жүргізудегі  дидактикалық-әдістемелік
базаның толық дайындалмауы;
    мектептегі бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  ересек  жастағы  балалармен
жұмыс жүргізу дайындығының жеткіліксіз болуы;
    мектепалды  дайындық  тобында   психологиялық   қызмет   көмегінің   аз
көрсетілуі.
    Сонымен қатар сабақтастық мәселесін шешуде ата-аналармен жұмыс  жүргізу
бала дамуының  бірыңғай  кеңістігін  жасаудың  белсенді  бағыты  ретінде  де
қаралуы   тиіс. Өйткені,   ата-аналардың   көпшілігі   бала    тәрбиесіндегі
педагогикалық  талаптардан  бейхабар   болуы   мүмкін.   Сондай-ақ   баланың
физиологиялық-психологиялық  даму  ерекшелігінен  де  назардан  тыс  қалатын
жағдайлар да болып жатады. Сондықтан педагог қауымның алдына қойған  қосымша
—  ата-аналармен  жұмысты  одан  әрі  жетілдірудің  тың  жолдарын  қарастыра
отырып, ортақ мақсатқа жетудің ұтымды сәттерін жіберіп алмау.
    Мектепке  дейінгі  мекеме,  бастауыш  буын   мен   ата-ана   арасындағы
сабақтастық сақталғанда баланың мектепке  жалпы,  арнай  және  психологиялық
жағынан қамтамасыз етіледі.  Сондай  —  ақ,  бастауыш  сыныптағы  оқыту  мен
тәрбие беру жұмыстарының негізі қаланып,  мектепке  дейінгі  балалық  шақтан
жүйелі оқытуға  кедергісіз  көшу  үшін  жағдай  жасалады.  Қорыта  айтқанда,
жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша елімізде ауқымды  іс-шараларды  жүзеге
асыру қолға алынуда. Тәрбие-білім беру әрбір баланың  мектепке  келуге  және
жетістіктерге  қол  жеткізуге  деген  қызығушылығын  арттыру   үшін   жағдай
туғызуға, білім алуға үнемі алға басуына кепілдік беріп отыруы қажет.
    Білім беру әр бала, әр оқушы үшін тұлғалық мазмұндығын қамтамасыз етуге
және ол үшін өз ісінеде, өз өмірінде жеке  тұлғалық  ойын,  құруға,  өзіндік
қорғану,  өзіндік  тәрбиелеу  механизмін  қалыптастыруға   және   адамдардың
адаммен, табиғат, өркениет,  мәдениет  пен  қауіпсіз  қарым-қатынас  жасауын
қамтамасыз етеді.Білім  беру  баланың  жеке  тұлғасында  адамдық  экологияны
сақтап,  тәрбиелеуге,   өмір   маңыздылығына,   жеке   бас   бостандықтарына
адамгершілікке тәрбиелеуде адамның қалыптасу функциясын қалыптастыру  керек.
Жарқын болашақтың тамырын терең, тұғырын биік жасаймыз деген игі  мақсатымыз
ізгі іспен көмкеріліп,  үзіліссіз  жүйемен  өріліп  жатса,  еліміздің  әрбір
азаматының арманы орындалып жатыр деп ұғынуға болады.
    Халыққа  білім  беру  жүесіндегі   сабақтастық   дегеніміз-оқыту   және
тәрбиелеу міндеттерін дәйекті түрде шешу мақсатында  оның  аралас  будандары
арасында  өзара  байланыс  орнату.  Мектепке  дейінгі  мекеме   мен   мектеп
сабақтастығы олардың тәрбиелеу мен оқыту жұмысы  мазмұны  оны  жүзеге  асыру
әдістерін өзара байланысты болуын көздейді.
    Балалар  бақшасы  мен  мектеп   арасындағы  сабақтастықтың  қажеттілігі
біздің еліміздегі мектепке дейінгі тәрбие  халыққа  білім  берудің  біртұтас
жүйесінің бірінші буыны .
    Мектепке дейінгі мекеме мен мектептің сабақтастығы  біржағынан  балалар
мен жалпы дамуы мен тәрбиелік дәрежесі жөніндегі мектептегі  оқу  топқа  сай
келетіндей етіп  даярлап  беруі,  екінші  жағынан  мектептің  мектеп  жасына
дейінгі  балалар   алып  үйренген  білімге  ,  іскерлікке  сапаға  сүйенетін
оқушыларды одан әры жан-жақты дамыту үшін пайдаланылатын болуын көздейді.
      Мектепке  дейінгі  мекеме  қызметкерлері  бірінші  сыныпта  балаларға
қойылатын талаптарды жақсы білуге сол  талаптарға  сәйкес  мектепке  дейінгі
ересектерді жүйелі оқуға дайындауға дайындауға тиіс.
    Балалар бақшасымен мектеп  арасындағы  сабақтастық  оқу  мен  тәрбиенің
мазмұны  бойынша  оқу-тәрбие  жұмысының  тәсілдері,  ұйымдастыру   формалары
бойынша да жүзеге асырылады. Бастауыш мектептің мұғалімі оқудың  тиімділігін
арттыру  үшін  балалар   бақшасында   жиі   қолданылатын   ойын   тәсілдерін
пайдаланылады.
      Балалар  бақшасының  тәрбиешісі  оқыту  процесінде  оқу-тапсырмаларын
жаттығулар енгізіп,  біртіндеп  оларды  күрделендіреді.  Сол  арқылы  мектеп
жасына дейінгі  балаларда  оқу-іс-әрекетінің  алғышарттарын  қалыптастырады.
Балалар бақшасындағы оқу, оқыту формасы  ретінде  мектептегі  сабаққа  негіз
дайындайды. Мектепке  дейінгі  мекеме  іс-тәжірибесінде  балалар  бақшасымен
байланыстарының белгілі тәжірибесі қалыптасқан. Бұл байланысты  орнатудың  2
жолын бөліп көрсетеді:
    1). Балалар бақшасымен мектеп педагогтар ұжымының тығыз байланысты.
    2). Мектеп жасына дейінгі балалармен бірінші сынып оқушыларының тікелей
жақындасуы.
Қолданылған әдебиеттер:
1.  Арнаутова Е.  Самоанализ  опыта  общения  с  родителями.  //  Дошкольное
   воспитание. 2002. №4. С.47-56.
2. Әлімбекова А.С. Білім беруді жаңаша  ұйымдастыру  тәжірибесінен  //Білім-
   Образование.// №2(8), 2002
3. Белая К.Ю. Инновационная деятельность в ДОУ. - М., 2006
4. Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006
5.  Бұзаубақова  К.Ж..  Жаңа  педагогикалық  технология.   (Оқулық)   Тараз.
   ТарМУ,2003ж.
6. Білім заңы. Алматы, 2007 ж.
7. Глебова С.В. Детский сад –  семья:  аспекты  взаимодействия.  –  Воронеж,
   2005
8. Глушкова Г. Диагностический проект как  форма  тематической  проверки  //
   Дошкольное воспитание. 2003. №3. С.43-46.
9. Горлова Н. Раннее обучение иностранным языкам: проблемы и  пути  развития
   // Дошкольное воспитание. 2001. №5.
10. Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Работа с родителями в ДОУ.  –
   М., 2005
11. Елеубай С. Білім  беру  технологиясының  қазіргі  проблемалары.  Алматы,
   2001. 270б.
12. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту  технологиясы-  оқушыны  дамыту  құралы
   ретінде. –Алматы, 2002
13. Зверева О.Л. Кротова Т.В.  Общение педагога с родителями в  ДОУ.  –  М.,
   2005
14.  Иманбаева  А.,  Оқу-тәрбие   үрдісін   ақпараттандыру   технологиялары.
   Қазақстан мектебі, №2, 2000
15. Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004
16. Корепанова М.В. Липчанская И.А. Аттестация педагогических и  руководящих
   работников ДОУ. - М., 2006
17.  Курманалина  Ш.Х.  Методология  и   технология   создания   электронной
   методической системы в условиях информатизации оброзования: монография. –
   Алматы: Алем, 2002. – 316 с.
18. Курманалина Ш.Х. Обновление методического обеспечения учебного  процесса
   в условиях  информатизации  образования  (в  соавторстве:  Н.Б.Чекалева):
   Монография. Омск: ОмГПУ, 2002. – 89с.
19. Курманалина Ш.Х. Функциональная модель электронной методической  системы
   в колледже: Учебное пособие. – Алматы: Алем, 2000. -206 с.
20. Мектепке дейінгі педагогика :оқулық /Р.К.Аралбаева / - 2012
21. Микляева Н.В. Создание условий  эффективного  взаимодействия  с  семьей.
   М.,2006
22. Микляева Н.В., Микляева Ю.В Работа педагога-психолога в ДОУ. – М., 2005
23. Мұхаметжанова С.Т., Жартынова Ж.Ә.,  Интерактивті  жабдықтармен    жұмыс
   жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы, 2008ж.
24. Өстеміров Қ.,.Айтбаева А, Қазіргі  білім  беру  технологиялары,  Алматы,
   2006ж.
25. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы,2000
26. Тұрлыханова М. Педагогикалық технологиялар оқу үрдісінде. Алматы, 2000
27.  Царегородцева  Е.Оценочная  деятельность   студентов.   //   Дошкольное
   воспитание. 2006. №5. С.111-113.
28. Шамова Т.И., Третьякова П.И. Педагогические технологии: что это такое  и
   как их использовать в современной школе.-М.,1994
29. Шоқаева Г.Ә. Жаңа  технология  енгізу  арқылы  оқу  процесінің  деңгейін
   көтеру. №18,5б.//Қазақстан мұғалімі//№18 2002
Қосымша әдебиеттер
  1. Жалпы педагогика /Бабаев, С.Б. - 2006
  2. Начала мудрости :50 уроков о добрых качествах: для  занятий  с  детьми
     дошкольного и младшего школьного возраста /А. Лопатина, М.Скребцова  /
     - 2005
  3. Педагогика /Ахметова, Г.К. - 2006
  4. Педагогика :қысқаша дәрістер курсы /Дүйсембекова, Ш. - 2005
  5. Педагогика :Оқулық /[Шалгинбаева, К.К., Хайруллин, Г.Т.,  Хмель,  Н.Д.
     ж.т.] / - 2005
  6. Педагогика тарихы /Әбиев, Ж. - 2006
  7. Педагогика. В 2-х кн /Подласый, И.П. - 2009
  8. Педагогика/ Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова / - 2004
  9. Педагогика: жалпы негіздері жғне тғрбие теориясы /Бабаев,С.Б. - 2011
 10. Педагогикалық мамандыққа кіріспе: кәсіби құзіретті ұстаздарды  даярлау
     негіздері: оқу құралы / А.Е. Берикханова / - 2009
 11. Тұлғалық педагогика. Педагогикалық теория негіздері  :монография  /  -
     2011



  4.« Мектепке даярлық тобы педагогының педагогикалық іс-әрекеті және жеке
       тұлғасы» пәні бойынша cтуденттердің өзін-өзі тексеруге арналған
                                 тапсырмалар
1. Мектепке дейінгі педагогика ғылымы.
2. Мектепке дейінгі педагогика ғылымының дамуы.
3. Мектепке дейінгі педагогиканың дамуы, қалыптасуы.
4. Мектепке дейінгі педагогика ғылымының өзекті мәселелері.
5. Балалардың дамуы және тәрбиелеу.
6. Балалардың жеке тұлғасының дамуы мен қалыптасуына әсер ететін факторлар.
7. Балалардың дамуы және тәрбиелеу.
8. Жеке тұлға дамуының жас кезеңдері.
9. Балалардың жеке тұлғасының дамуы мен қалыптасуына әсер ететін  факторлар.
   Халықтық педагогикада мектепке дейінгі тәрбие мәселесі.
10. Шет елдердегі қоғамдық мектепке дейінгі тәрбиенің тарихи дамуы.
11. Қазіргі  ҚР-да қоғамдық мектепке дейінгі тәрбиенің дамуы.
12. Балалар өмірін ұйымдастыру және күн тәртібі, дербестікті қалыптастыру.
13. Балалардың дене тәрбиесінің міндеттері.
14.  Балалардың  күн тәртібі.
15. Балаларда  мәдени- гигиеналық дағдыларын тәрбиелеу.
16. Балалардың  ақыл- ой тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі.
17. Ақыл-  ой  тәрбиесінің  маңызы  мен  міндеттері.  Ақыл-  ой  тәрбиесінің
   құралдары мен шарттары.
18. Мектепке дейінгі  балалардың  ақыл-  ой  тәрбиесіндегі  білім  жүйесінің
   орны.
19. Ақыл-  ой  тәрбиесінің  негізі  –  сенсорлық  тәрбие.  Сенсорлық  тәрбие
   құралдары.
20.  Балалардың  эстетикалық тәрбие теориясы мен әдістемесі.
21.  Эстетикалық   тәрбие беру міндеттері мен әдістемесі.
22.   Балаларға  адамгершілік тәрбие беру теориясы мен әдістемесі.
23. Адамгершілік тәрбиенің мақсат, міндеттері, мазмұны.
24. Балалар ұжымының қалаптасу кезеңдері және қалыптасуы.
25. Ұжымдағы балалардың өзара қарым –  қатынасы.   Баланың  өзіндік  «Менін»
   түсінуі.
26. Экономикалық тәрбие мақсаты мен міндеттері.
27. Балалардың  экологиялық мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері.
28. Еңбек  тәрбиесінің міндеттері.
29. Балалар еңбегін ұйымдастырудың негізгі формалары.
30. Ойын – мектепке дейінгі балалар іс- әрекетінің негізгі түрі.
31. Ойын- балаларды тәрбиелеу және дамыту құралы.
32. Ойынға басшылық және олардың түрлері.
33. Ойыншықтар, ойыншық түрлері.
34. Отбасы мектепке дейінгі балаларды қалыптастыру ортасы.
35. Мектеп жасына  дейінгі  мекемелердің  отбасымен  бірлескен  жұмыстарының
   түрлері.
36. Мектепке дейінгі балаларды мектепке даярлау.
37. ҚР- да балаларды мектепке даярлау мәселелері.
38. Мектепалды даярлық топтар мен мектеп арасындағы  сабақтастық  және  оның
   маңызы.
39. Мектепке дейінгі мекемелердегі мерекелер  мен  сауықтар.  Мерекелік  іс-
   шаралардың түрлері.
40. Мектепке дейінгі мекемелерде білім білім тәрбие жұмысын  жоспарлау  және
   есепке алу.


Пәндер