Файл қосу
Орман тұқым шаруашылығы
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ | |БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3деңгейлі СМК құжаты |ПОӘК |ОӘКҚ | | | |042-14.4.01.20.51/03-2012| | | | | |ПОӘК |18.09.2010 ж. басылым| | |«Орман тұқым ісі» пәнінен |орынына | | |арналған оқу әдістемелік |№ 2 басылым | | |материалдар | | | ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ 5В080700 «Орман шаруашылығы және орман ресурстары» мамандығына арналған ОРМАН ТҰҚЫМ ІСІ » ПӘНІНЕ АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ –2014 МАЗМҰНЫ 1. Глоссарий 2. Дәрістер 3. Тәжірибелік және зертханалық сабақтар 4. Курстық жоба және дипломдық жұмыс 5. ОСӨЖ және СӨЖ Кіріспе Орман тұқым ісі орман екпелері жұмыстарының негізі болып саналады және көптеген сұрақтарды қамтамасыз етеді: орманды тұқымдандыруды аудандастыру; өте жақсы ағаш формаларын сұрыптау; аналық-тұқымдық екпелерді қалыптастырып, құрып және оларды күту; фенологиялық байқаулар және болатын тұқым өнімдерін болжамдау; орман тұқымдарын дайындау және оны өңдеу технологиясын; тұқымдарды құжаттандыру, сақтау және тасымалдау; егістік сапаларын тексеру; бүрілер, жеміс және дәндердің аурулары және зиянкестерімен күресу және болдырмау шаралары. Жоғары сапалы генетикалық құнды дәндерді алу – орман генетикасы, селекциясы және тұқым шаруашылығының басты мәселесі. Оны іске асыру кешенді шаралардың негізінде болады, яғни орман тұқым кешендерін құру, ол орман құрастыратын түрлердің гентикалық қорын тиімді қолданып сақтауға бағдарланады; ұзақ уақыттық орман тұқым базасын және дәндердің генетикалық банкін ұйымдастыру; сорт сынауды жүргізу және жақсартылған сорттық дәндерді өндіру. Орманды көбейту және қалпына келтіру, дәндерді дайындаудан басталады, бірақта олардың сапасын тексеру керек. Дәндер сапасын, бүрілер мен жемістерді өңдегенде, сақтағанда және егуге дайындағанда да, бақылайды. Сондықтан дәндердің егістік сапаларын анықтау әдістерін орман тұқым станцияларының қызметкерлері білумен қатар, орманшылықтардың инженерлік- техникалық мамандарыда білу керек. Селекциялық-генетикалық негізінде құрастырылған ұзақ мезгілдік орман тұқым базасын құрумен Қазақстандағы орман шаруашылықтарының жоғары сапалы дәндерге сұранысын қамтамасыз етуге болады. 1991-1992 ж.ж. орман тұқым ісінің деңгейін кеңінен көтеру негізінде, негізгі орман қалыптастыратын түрлердің генетикалық қорын табу, сақтау және көбейту, орман шаруашылықтарын селекциялық тұқымдық және екпелік материалмен қамтамасыз ету үшін, құрастырылатын екпелердің түрлік құрамын жақсарту ретінде Республикалық және Алматы ормандық селекциялық-тұқымдық орталықтар құралды. Бұл оқу құралында, типтік оқу бағдарламасында қарастырылған дәрістік және зертханалық курс ескеріліп іске асырылған, сондықтан бұл курсты студенттер игеруге көп көмек береді деп ойлаймын. 1 Орман тұқымдарының дамуы мен классификациялануы Ағаштар мен бұталардың тұқыммен көбеюі - ол түрді сақтау және әрі қарай дамытудағы күресте жиналған қасиет. Кейбір ағаш және бұта түрлерінің тұқымдары азық ретінде қолданылады (грек жаңғағы, самырсын, орман жаңғағы), өйткені дәмдік құндылығымен, жоғары пайызда майлар, ақ уыз, витаминдер болуымен бағаланады. Емен, талшын, т.б. дәндері мал азығы ретінде жиналады. Фармацевтика өндірісінде дәрі-дәрмек алуға кейбір түрлердің тұқымы қолданылады (долана, итмұрын, шырғанақ). Ағаштар мен бұталардың дәндері әртүрлі дамиды. Қылқан жапырақтылар бүрі де дамығандықтан және сыртқы қабығы болмағандықтан жалаңаш тұқымды өсімдіктер деп аталады. Ағаштар мен бұталар, дәндері жемістің ішінде дамығандықтан, жабық тұқымдылар деп аталады. Жеміс - дәндердің ұясы, ұрықтанғаннан кейін түйіннен пайда болатын. Жеміс ұрықтанбай пайда болуы мүмкін, ол құбылыс апомикс деп аталады. Ол жағдайларда дәндер ұрықсыз болады. Жемістер шын (нағыз), өтірік жеміс шоғыры болып бөлінеді. Егер жеміс, ұрыққабы ұрық жапырақшасынан қалыптасса, шын деп аталады. Егер жеміс қалыптасуға ұрық жапырақшасымен тағы гүл тұғыры, гүл серігі қатысса онда өтірік деп аталады. Гүл шоғырынан қалыптасқан жеміс, жеміс шоғыры деп аталады. Жеміс ұрыққап қалыптасуы негізінде құрғақ және шырынды болып бөлінеді. Құрғақ жемістер ашылмаған ұрыққаппен (көп дәнді) немесе ашылған ұрыққаппен болады. Құрғақ ашылған ұрыққаптыларға жатады: -қаптама жеміс бір ұрық жапырақшасынан қалыптасады, бір жабықшасымен (ішкі) жарылады; -бұршақбас бір ұрық жапырақшасынан қалыптасады, «арқа» және «ішкі» жабықшаларымен жарылады; -қауашақ жеміс ұрық жапырақшасынан қалыптасып екі немесе бірнеше жерден жарылады; Құрғақ ашылмаған ұрыққаптыларға жатады: -жаңғақ және жаңғақша - бір дәнді жемістер, дән қабығымен жабыспаған, ұрыққабы ағаш тәріздес; -қанатты жеміс - ұрыққабы қанатқа айналған жаңғақша. Шырынды жемістер екі түрге бөлінеді: -жидек - көп дәнді жеміс ұрыққабы ашылмайды, шырынды. Ол жемісті -жүзім, актинидия т.б. «Өтірік жидек» мына түрлерде: қарақат, қарлыған, ұшқат, т.б. -сүйек жеміс - көпшілікте бір дәнді жеміс, ұрыққабы үш қабатты: сырты - қабық (экзокарпий), ортасы - еті (мезокарпий), іші - сүйекше (эндокарпий). Дән - ұрықтанып өзгерген ұрық. Қалыптасқан дәнде үш негізгі бөліктер болады: - тұқым қабығы - ұрықтанып өзгерген тұқым сырты; - ұрық - ұрықтанып өзгерген жыныс жасушасы; - эндосперм ұрықтың қоректік ұлпасы - ол өзгерген ұрықтан кейінгі екінші немесе ортаншы ұрықтың ядросы. Дәннің маңызды бөлігі - ұрық, оның барлық бөліктері, жарнақтан басқасы, өсімдіктің вегетативтік органдарының бастаушысы және келесі бөліктерден құрылады: - тамырша, аяғы тозаңқапқа қаралған; - қысқаша бұташа; - тұқым жарнағы. Тұқым жапырағында негізгі қоректік заттар (крахмал, ақуыздар, көмірсулар), көп нуклеин қышқылдары , ауксиндер және басқа биологиялық белсенді заттар болады. Егілген эндоспермдік дәндер (қылқан жапырақтылар, шаған, т.б.) өнгенде жарнақтары жер бетіне шығады және ассимиляцияланып жапырақтардың жұмыстарын атқарады. Көптеген түрлердің дәндерінде ұрық қалыптасқанда жарнақтар үлкейіп эндоспермді ығыстырып жіңішкертеді. Дәнді қорғайтын ұлпалар дән ұрығы қабығынан қалыптасады: төменгі қабықтан қоңыр түсті ішкі қабық қалыптасады, ол тұқым қабығы, сыртқыдан - қатты ұлпа - дәннің сырты. Ашық тұқымдылардың дәндерінің сыртынан тері (қарағай, шырша) немесе ағаш (самырсын) тәріздес ұлпа пайда болады, оны да қабық деп атайды. Жабық тұқымдылардың дәндерін қабық және ұрыққап қорғайды. Сондықтан, ол бейімділік белгісі, дәндердің сақталуы және өміршеңдігі сонда. Бақылау сұрақтары 1. Орман тұқым шаруашылығының негізгі мәселесі. 2. Жемістер классификациясы. 3. Дән құрылымы. 2 Жеміс беру ерекшеліктері Ағаштардың жеміс беруі әр түрлі жаста болады және жалғыз немесе топталып өсуіне байланысты, ағаш және бұта түрлерінің жеміс беруі биологиялық ерекшеліктерге (жасы, генотип) және өсетін жерінің экологиялық жағдайларына қарай. Орнықты жеміс беру үшін өсімдік бастапқы даму кезеңін өту керек, ол уақытта вегетативтік және генеративтік органдардың белсенді дамуы байқалады, сыртқы ортаның жайлы болуына байланысты. Бірінші жылдары, өсімдік генеративтік кезеңге кіргенде, дәндер саны көп болмайды, ал сапасы орнықты жеміс беруімен жақсарады. Жасы үлкейе өнім де көбейеді, ол ағаштардың тек физиологиялық жағдайымен байланысты емес, сонымен қатар бөрікбасының үлкейуі және жеміс беретін бұталардың молайуы мен байланысты. Егер өсетін жағдайлар нашар болса, репродукциялық мүмкіншілігі төмендейді. Өспей қалған ағаштардың көлемдері төмендеп, бүрі мен дәндердің массасы азаяды, егістік сапалары төмендейді.Жас ағаштарға қарағанда, ескі ағаштардың тұқымы нашар дамиды. Дәндердің пісу кезеңдері және пісу белгілері. Әр түрлерде дәндердің пісуі әр кезеңде болады. Ол түрдің биологиялық ерекшеліктерімен, климаттық және ауа-райы жағдайларымен байланысты. Бұл жағдайларда дәндер біріншіден физиологиялық есейеді, сосын өнім беру мүмкіндігі болады. Дәндер физиологиялық есейгенде ұрық өнуге дайын, бірақ та дәндер ағашта болғандықтан дамуын жалғастырады. Өнімділік пісуі болғанда дәндерде қоректік заттар жиналу тоқтайды, өмір сүрудің биологиялық процестері саябырлайды, дәндер тыныштыққа кетеді, сыртқы қабықтары қатайып, су және ауа өтуі саябырлайды, ылғалдылығы төмендейді, ал қолайсыз жағдайларды бастан кешу жоғарылайды. Морфологиялық өзгерістер (бояу) дәндердің есейу көрсеткіші және жинау уақытының белгісі. Бүрілер, жемістер әлде дәндердің өнімі піскенде, олар біраз уақыт ағашта болады (қарағай, шырша т.б.) немесе жерге түседі (қайың, терек, емен т.б.). Ағаштардың жеміс беруіне сыртқы ортаның жағдайлары әсер етеді: климат, ауа-райы, экология. Экологиялық жағдайлар күрделі жағдайлардан тұрады, біріншіден – жарық түсу, температура, ауа ылғалдылығы, топырақ құнары, топырақтың микроклимат ерекшелігі. Ауа температурасы - болашақ өнімге көп әсер ететін климаттық және ауа райы жағдайы. Температура жеміс беруге солтүстік аудандарда өте әсерлі, ал оңтүстікте көктемгі кеш түскен үсіктер қауіпті, өйткені ол ағаш өсімдіктерінің гүлдену уақытында келуі мүмкін. Қалыптасқан дәндердің саны мен сапасы жазғы температуралармен бітік байланысты. Ол байланыс әсіресе, шыршада байқалады, ол солтүстік және оңтүстікке жайылған. Ауа ылғалдылығы да маңызды жағдай. Мысалы, ылғалды, жаңбырлы ауа райы болашақ өнімге кері әсер етеді, ал төмен ылғалдылық және жел гүлдердің тозаңын ұшырып жеміс байлануға оңтайлық жасайды. Күзгі ерте үсік, жазғы төмен температура өсімдік бүршігінің пісуін саябырлатады. Ауа райының қолайсыз жағдайларында гүлдеудің белсенділігі төмендейді, тозаңданбаған гүлдер көбейеді. Көп түрлерде олар солып түсіп қалады, кейбіреулерінде дамығаннан кейін дәнсіз жеміс немесе ұрықсыз дәндер пайда болады. Бір жынысты жалғыз тұрған ағаштарда бос дәнділер көп болады. Ол ағашта генеративтік бүршіктер дұрыс орналаспағандықтан, өздігінен тозаңдануға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар бөлек тұрған ағаштар жемісті болады, өйткені олардың бөрікбасы өте жақсы жарықтанады. Жарықтандырылу - негізгі, әлде гүлдеудің және дәндердің пісуінің ең басты жағдайларының біреуі. Ағаштың орынды жарық алуы ондағы дәндерде керек қоректік заттардың көп жиналуына әсер етеді. Ол заттар өнгіштігін көбейтеді. Жақсы жарықтандырылған ағаштардың қоректену көлемі көбейеді, топырақ микроклиматы жақсарады, өйткені топырақтың жылынуы жақсарады. Ағаштардың жеміс беруіне энтомо-фитозиянкестерімен зақымдануы, антропогендік әсер және т.б. жағдайлар әсер етеді. Әр ағаштың өнім қалыптасуға әсері бірдей емес, ең көп беретін ағаштар Крафттың өсу класы бойынша І және ІІ класс ағаштары. Өнім ағаштың діңімен, биіктігі және бөрікбасымен, тіктігімен байланысты. Жоғары класты ағаштар әрқашан ірі бүрілі және дәнді болады, ал сапасы да жоғары болады. Отырғылардағы ағаштар тек өніммен әр түрлі емес, ал бүрі мен дәндерінің биологиялық - морфологиялық белгілерімен әр түрлі. Ол белгілер ортадағы жағдайлармен байланысты. Орман құрастыратын ағаштар негізінде ұялас өсімдіктер, бірақ та кейбір түрлері физиологиялық аналық немесе аталық болады. Аналық жолмен дамыған ағаштар өнімді көп береді. Алматы қаласында кәдімгі шағанның екі түрлі бұталары бар дарағы табылған, біреуі аталық жолымен, ал екіншісі аналық жолымен дамып көп тұқым өнімін беретін. Бір түр ағаштарының әр түрлі кезеңдік дамуымен жүруі мүмкін, олардың генеративтік бүршіктері өсуі, гүлдеуі және дәндер пісуі әр түрлі метео жағдайларда болғандықтан, дән өнімі де құбылады. Көп қатар жеміс беретін ағаштар поликарпиктер, ал жеміс беру мүмкіншілігі - репродуктивтік қасиет деп аталады. Ағаштар мен бұталардың жеміс беруі генетикалық жағдайлар мен онтогенезге байланысты. Орман түрлері жылда жеміс өнімін бермейді. Жапырақтылар түрлері емен, шамшат және қылқан жапырақтылар, қайың, көктерекке қарағанда өнімді сирек береді. Дәннің өнімінің мол жылдары тұқымдық жылдар деп атайды. Жеміс беру кезеңділігі. Қылқан жапырақтылар түрлерінің және ағаштар мен бұталардың тұқымдарын дайындау тәжірибесі және көпжылдық ғылыми байқаулар бір түрдің және орманның өнімділігі әр 0түрлі болатынын көрсетті. Мол өнімділік жыл, орта және нашар жеміс өнімі жылдарымен аралас болады. Ол құбылыс жеміс беру кезеңділігі деп аталады. Жеміс беру кезеңділігі - ол биологиялық ерекшелік, өнім мол болғанда пластикалық заттарының қоры молынан жұмсалуымен байланысты. Сондықтан келесі жылдары мол өнім болу үшін, гүл бүршіктерімен қатар заттар қоры да мол болу керек. Жеміс берудің қарқындылығы аудандарға байланысты. Жалпы заңдылық байқалған, орман бітіміндегі ірі ағаштар өнімді болады. Өнімділікке бітімнің толықтығы да әсер етеді, төмен және жоғары толық бітімді ормандар орта бітімдіден өнім аз береді. Сонымен, дәндердің өнімділігіне сыртқы жағдайлармен әсер етуге болады. Ол тәсілдер, бітімдерді сирету, ағаштардың бөрікбасын қалыптастыру, аяздардан қорғау, минералдық және органикалық тыңайтқыштар қолдану. Бақылау сұрақтары 1. Ағаштар мен бұталар жеміс беруі. 2. Жеміс беру кезеңділігі және оған әсер ететін жағдайлар. 3. Жеміс беруді көтеретін әдістер. 4. Дәндердің пісу белгілері және пісу кезеңдері. 5. Өнім қалыптасуға климаттық жағдайлардың әсері. 3 Өнімділікті есептеу және болжамдау Бүрлердің, жемістердің және дәндердің болатын өнімінің көлемін анықтау үшін және оларды дайындау, өңдеу, сақтау жұмыстарын уақытында ұйымдастыру үшін арнайы көлемдер (0,25-0,50га) қалдырады, олар арнайы және уақытша тұқым участоктерінде орналасады. Тұқымдық көлемдер ұқсас жағдайлары бар жерлерде орналастырылады, ол жеміс беретін отырғыларға ыңғайлы болу керек. Өнімді болжамдағанда қысқа және ұзақ мезгілдік болжамдау қолданылады. Қысқа мезгілдік болжамдаумен өнімділікті тез уақытта көзбен бағалап жеміс беру мен өнімділікті келісімді балдармен бағалайды. Ұзақ мерзімдік болжамдауда күрделі іс-шаралар (тұқым есептеу, бұталардан жемістер мен дәндер жинау, жалпы әдіс т.б.) қолданылады және өніміділік сандар қатынасымен есептеледі. Қысқа мезгілдік болжамдау негізінде фенологиялық бақылаулар қолданылады, сондықтан келесі жеміс беру кезеңдерін ескереді: -гүлдеу (тозаңдар ұшады және т.б.) -түйін байлану-жеміс қалыптасу, қылқан жапырақтыларда бүрі өсе бастайды, қарағайда бұл кезең гүлдегеннен кейін келесі жылы болады; -жеміс пісу. Фенологиялық байқауларда фенологиялық өлшеуіштер байқалған, оларды бағдар, белгі ретінде қолдануға болады; қарағайдың гүлдеуі шетен, серікгүлмен бір уақытта, шырша мойылмен, емен серігүлмен. Көзбен бағалауды арнайы жерде жүргізеді. Ормандық тұқым плантацияларында көзбен бағалауға А.А. Корчагин (1-кесте) шкаласын қолданады, ал басқа тұқым объектілерінде В.Г. Каппер шкаласын қолданады (2-кесте). 1-кесте. - А.А. Корчагин бойынша көзбен бағалау шкаласы |Балдар |Белгілер | |0 |Жоқ |Жемістер жоқ | |1 |Өте аз |Біреу-екеу | |2 |Аз |Жемістер саны аздап | |3 |Орташа |Жемістер саны орташа | |4 |Көп |Бүрілер көп | |5 |Өте көп |Бүрілер өте көп | 2-кесте. - В.Г. Каппер бойынша көзбен бағалау шкаласы |Балдар |Ағаштарда | |0 |Гүлдеу және өнім жоқ | |1 |Өнім өте нашар | |2 |Гүлдеу әлжуаз немесе өнім әлжуаз | |3 |Гүлдеуі орташа немесе өнімі орташа | |4 |Гүлдеуі жақсы немесе өнімі жақсы | |5 |Гүлдеуі өте жақсы немесе өнімі өте жақсы | |Балдар |Бұталарда | |1 |Нашар гүлдеу немесе жеміс беру | |2 |Орташа гүлдеу немесе жеміс беру | |3 |Жақсы гүлдеу немесе жеміс беру | А.А. Корчагин бойынша жеміс беруді бағалау тұрақты 0,25 га көлемде 15- 20 модельдік ағаштарда жүргізіледі. 15-20 ағаштар бойынша көзбен бағалаудан кейін шкаламен жеміс берудің орташа балын шығарады, ол барлық көлемнің орта арифметикалық көрсеткіші болады. В.Г. Каппер бойынша жеміс беруді бағалау уақытша 0,1-0,5 га көлемде жүргізіледі (көлемде 100 ағаштан көп болмайды). Бұл шкалалармен көзбен бағалау, дәндер өнімін сандық ретінде есептеп болжуға мүмкіндік бермейді, сондықтан ұзақ мезгілдік болжауда қолданылатын басқа әдістер қолданылады: - модельдік ағаштар әдісі; - энтомологиялық, метеорологиялық; - есептеу бұтақтары тәсілі; - жалпы есептеу тәсілі. Кесуге арналған, жас отырғылар, орта жастағы және пісіп келе жатқан табиғи және қолдан жасалған отырғылардағы тұқымдық ағаштардың жеміс беруін есептеу үшін модельдік ағаштар әдісін қолданады. Есептеу алқабында, 0,10-0,25 га көлемше бөледі, ол жерде барлық жеміс беретін ағаштарды санайды. Көлденеңі орташа, жеміс беруі орташа 5 модельдік ағаштарды таңдап алады. Әр ағаштағы бүрілерді санайды, ол көрсеткішті жеміс беретін ағаштар санына көбейтіп 1 га жерден қанша өнім алуға болатынын, сонымен қатар барлық жерден алынатын өнімді есептеуге болады. Энтомологиялық әдіс (Г.В. Стадницкий бойынша) (кәдімгі шырша). Бұл әдіспен бүрілердің өнімін, оларды дайындардан 8-12 ай бұрын анықтайды. Зерттеу участогінде 2-3 ағаштардан 300 бүрі жинайды, жылы жерде полиэтилен пакеттеріне салып қояды. 25-30 күннен кейін шырша жапырақ ширатқыш көбелектер санын есептейді, сосын бүріні жарып жұлдызқұрттар мен қуыршақтарды есептейді. Қуыршақтанбаған жұлдызқұрттар пайызын мына формуламен анықтайды Д = (100 · А) : (А+Н+В+Г) мұнда А - бүрідегі тірі жұлдызқұрттар саны; Н - пакеттегі көбелектер саны; В және Г-тірі және өлген қуыршақтар саны. Егер қуыршақтанбаған жұлдызқұрттар саны Д<25%-өнім 4-5 балл, 26-65% өнім 2-3 балл, 66-100% < 1 балл. Жемістік бүршіктер қалыптасқанда ауаның ылғалдылығы төмен болуымен болашақ өнімді болжауға болады, ол метеорологиялық тәсіл. Мысалы, шілде, тамызда ылғалдылық тапшылығы жоғары болса, онда 2 жылдан кейін қарағайдың тұқым өнімі жоғары болатынын күтуге болады, өйткені құрғақ жылы ауа-райы жемістік бүршіктің мол болуына әсер етеді. Оңтүстікте бұл жағдай керісінше ауа-райында болады. Ескеру керек, өнімді жылдардан кейін төмен өнімді жылдар болатынын, ол ауа-райы өзгерістерінен болмайды, ұрпақ бүршіктерінің дамуымен байланысты. Сынама бұтақтары тәсілі. 10-20 жақсы дамыған ағаштардың, бөрікбасының әр жерінен, бірнеше бұтақтарын кеседі және олардағы жемістер мен бүрілерді есептейді. 1 метр бұтаққа келетін гүлдер, бүрілер немесе жемістер саны гүлдеу және өнімділік көрсеткіші болып есептеледі. Ең дәл, бірақта өте еңбек сүйгіш, дәндер өнімін есептейтін жалпы есептеу тәсілі. Арнайы көлемде барлық бүрілермен жемістер жиналады. Олардан дәндер алынып массасы анықталған соң, өнімді 1 га есептейді. Бақылау сұрақтары 1. Орман дәндерінің өнімін есептеу және болжамдау. 2. Өнімді қысқа және ұзақ мезгілдік болжамдау. 3. Өнімділікті анықтау әдістері. 4 Тұқымдарды құжаттандыру және тасымалдау Орман тұқымдық алқаптарының мәселесі тұқымдардың егістік сапаларын зерттеу, олар бірқалыпты тұқымдардан алынған орта үлгілерді талдаумен анықталады. Дайындалған бүрілер, жемістер, дәндер біркелкі белгілерімен, бөлек партияларға, күші бар стандарттардың талаптарына сәйкес, арнайы массаларымен дайындалады. Бір тұқымдық участоктен, алқаптан немесе бір селекциялық категорияның отырғыларынан, бір топтық орманнан жиналған бір айдың ішінде және бірыңғай жағдайда сақталатын бүрілерді, жемістерді, дәндерді бөлек партияларға біріктіреді. Құжаттармен куәлендірілген бір түрдің немесе түршенің, бір қалыптағы тұқымдары, массасы белгілі тұқымдар партия деп аталады. Өте жақсы ағаштар мен отырғылардан немесе бөлек ағаштардан және өте бағалы түрлердің бұталарынан бүрілер, жемістер, дәндер жинағанда массасы кішкентай партиялар құруға болады (1/25 бөлігі - стандартпен белгіленген партия массасынан). Егуге арналған, бүрілердің, жемістердің және дәндердің әр партиясына стандартқа сай паспорт толтырылады, онда бүрілерді, жемістерді, дәндерді қандай жерде жинағаны және жинаған жер туралы мәліметтер келтіріледі. Паспортты толтыруға жауаптылар: орман мекемесінде –орманшы,орманшы көмекшісі; орман шаруашылығында - бас орманшы, инженерлер. Паспорт нөмірленеді, мөрмен, жауапты адамның қолымен бекітіледі. Іс жүзіндегі стандарттарға сәйкес паспортпен қатар зат таңба толтырылады. Бір данасы ішіне салынады, ал екіншісі ыдыстың сыртына бекітіледі. Бүрілердің, жемістердің, дәндердің партияларын, қалдықтарын араластыруға тиым салынады. Дәндердің орта үлгілерін тексеруге жібергенде және партияның бөлігін басқа жерге жібергенде, паспорттың көшірмесін жібереді. Дайындалған дәндердің партияларының паспорттары, сонымен қатар сырттан алынған тұқымдардың паспорттарының көшірмелері кәсіпорынның арнайы ісінде сақталады. Егуге дайындалған дәндердің сапасы, бағалау және әдістемелік стандарттарға сәйкес, тексеруден өтеді. Бағалау стандартында өнгіштік және тазалық көрсеткіштерін анықтайды, ол сапа класының белгілері. Ал әдістемелік стандарттында үлгілер алу ережелері, дәндердің егістік сапаларын анықтау нұсқаулары келтіріледі . Дәндердің сапа класын анықтау талдауын бақылау тұқымдық станциясы жүргізеді. Сақталынбайтын дәндердің талдауын, тұқым станциясында дайындық өткен, орман шаруашылығы маманы жүргізеді. МСТ 13056.10 - 68 негізінде талданған дәндердің әр партиясына , орман тұқым станциясы «дәндер кондициялы деген куәлігін» береді, ол мекемеде сақталады және арнайы журналға енгізіледі. Дайындалған дәндерге паспорт жасалса және оларды дайындағанға жалақы төленсе, ол мекеме есебіне жазылады. Ал жоспардан артық дайындалған дәндер, өнім болмаған жылдарға арналып, ұзақ сақталуға қалдырылады. Дәндердің сапасы өнгіштігімен, өну энергиясымен, өміршеңдігімен, сапалылығымен, тазалығымен, шаруашылықта қолдануға болатындығымен және 1000 дәннің массасымен анықталады. Керек болса қосымша, ылғалдылығы және энто - фитозиянкестермен зақымдалуы анықталады. Барлық іс - шараларда керек және сыртқы жіберілетін дәндер есепке алынады. Транспорттаудың алдында ылғалды дәндерді кептіреді. Артқанда, тасымалдағанда және түсіргенде дәндер суланбау және ақауланбау керек. Дәндердің бір орнының массасы 50 кг аспау керек. Әр орынның ыдысына арнайы зат таңба салынады, ал сыртына дәннің түрі аталған, массасы, паспорттың нөмірі мен құжаттық көрсеткіштері көрсетілген, орман шаруашылығы мекемесі аталған құжат бекітіледі. Әр түрдің дәндері арнайы ыдыста тасымалданады: - қылқан жапырақтылар дәндері (шырша, қарағай, бал қарағай, май қарағай)- полиэтилендік және темір ауа кірмейтін баллондарда, егер олар болмаса тығыз қосақталған қаптарда; - жапырақты ағаштардың және бұталардың ұсақ дәндері, оның ішінде мына түрлердің – аюбадам, тал, шетен, қандағаш, көктерек, қарақат, терек, тұт ағашы - полиэтилендік және темір ауа кірмейтін баллондарда, немесе шыны шишаларда; - шәмкіш, ырғай, жөке ағашы, дәнек жемісті, шекілдеуікті дақылдардың, раушан гүлінің, самырсындық қарағайлардың дәндерін - қосақталған тығыз қаптарда, фанералық немесе ағаш жәшіктерінде; - самырсындық сібір қарағайының дәндерін 0° төмен 12 - 15° С жоғары температурада тасымалдауға болмайды; - қайың және құмды бекітетін түрлер (сексеуіл, соран т.б.) қатты қаптарда, бірақ та тығыз салмай; - шаған, үйеңкі дәндерін - фанера немесе ағаш жәшіктерінде; - орман жаңғақ, жаңғақ дәндерін тығыз қаптарда немесе ағаш жәшіктерінде; - егістік талшын дәндерін дымқыл құм немесе шымтезек салынған ағаш жәшіктерде; - шамшаттың дәндерін күзде құрғақ 40 кг көп емес ыдыстарда. Көптеп теміржол әлде су көлігімен дәндерді тасымалдағанда ыдыста ұстайтын жерлер болу керек. Дәндер салынған ыдыстар тиелгенше көлеңкеде болу керек. Тиелетін дәндер - піскен, сортталған, жақсы ыдысқа салынған, сапалылығы 70% төмен емес, ылғалдылығы 60-65% болу керек. Жеткізілген дәндердің сапасы туралы акт жасалады. Бақылау сұрақтары 1. Партияларды қалыптастыру, бірқалыптылық белгілері. 2. Бөлінген партиялардың құжаттар түрі. 3. Тасымалдау ережелері. 5 Дайындамаларды аудандастыру және орман дәндерін басқа жерлерге ауыстыру Мәдени орман құруға арналған дәндердің географиялық тегі негізгі жағдайлардың біреуі, өйткені орман дамытуға көп әсер етеді. Тұқым қуалаушылық қасиеттерінің әр түрлі болатынын ескермей дәндерді бір жерден екінші жерге ауыстыру өткен замандарда көп елдердің орман шаруашылығын нашарлатқан: дақылдар өлген, төмен отырғылар немесе аз бағалы қисық діңді, бұтақты отырғылар пайда болған. Орман тұқымдық аудандастыру (ОТА) –табиғи жағдайларды ескере отырып, елдің көлемін бөлу, өйткені эволюция үрдісінде сол жерлерге сәйкес генетиптік құрамдар қалыптасқан, ОТА-ның негізгі мәселесі - жоғары өнімді және төзімді орман отырғыларын өсіру үшін түрлердің географиялық өзгергіштігін ұтымды қолдану. Ауданның, көлемінде дәндер жылжытылғанда құрастырылған отырғылардың өсуі нашарламаса, өміршеңдігі төмендемесе, ол орман тұқымдық деп аталады. Климаттық қалыптасқан жағдайларымен популяциялардың генотиптік құрамы бір ормандық тұқымдық аудан ОТА-ның негізгі бөлігі. Әр ауданда белгілі экологиялық - географиялық тегі бір популяциялардың дәндері қолданылады, бірақ та ауданның климаттық жағдайларына бейімделген, яғни жергілікті және қатар популяцияларға тән болып. Жергілікті дәндер – ол бір орман тұқымдық ауданда жиналған дәндер, басқалары шет аудандық деп аталады. Табиғи аймақтарға байланысты табиғи сұрыптаудың әсерімен түрлер эволюциялық өзгерістерге ұшырады. Ағаш өсімдіктері сыртқы жағдайлардың әсеріне байланысты физикалық және физиологиялық өзгерістерге ұшырады, сондықтан түршелер, климаттық және эзафиттік экотиптер деп аталуды қалыптастырды. Ағаш түрлерінің түр ішілік өзгергіштігін зерттеуінің орынды әдісі географиялық дақылдар құрастыру және олардың өсіп-дамуын байқау. Географиялық дақылдар - шет аудандық егістік және отырғылық материалмен құрастырылған дақылдар, олар бір қалыпты экологиялық жағдайларда салыну керек. Ғылыми - нақтыланып ұсынылған шешімдерді іске асыру ауыстырылатын түрлердің дәндерінің сапасы мен қолдан жасалған отырғылардың өнімін көтереді. Шет аудандардың дәндерінің негізінде құралған географиялық дақылдардың өсуін, төзімділігі мен әрі қарай дамуын зерттеу, олардың болашақ шекараларын анықтайды. Географиялық дақылдарда түрішілік өзгергіштікті зерттеу керек, олардың өсу және дамуын салыстыра отырып, керек аймаққа орынды түрлерді қалыптастыруға болады. Бақылау сұрақтары 1. Тұқым дайындауды аудандастыру. 2. Орман дәндерін басқа жерге ауыстыру. 3. Географиялық дақылдар. 6 Сұрыптаудың түрлері Табиғи сұрыптау ол климаттың, топырақ жағдайының, яғни тегістігінің және тірі ағзалардың әсерінен болатын сұрыптау. Табиғи сұрыптауды, басқаша айтқанда ағзалардың өмір үшін күрескенде жеңіп шығуын атайды. Ол үш түрге бөлінеді, яғни орталыққа тебетін, орталықтан тебетін, линиялық болып. Орталыққа тебетін сұрыптау – бұл сұрыптауда дарақтарды көбейткенде көбею орталығының орташа көрсеткіші сақталса, жалпы белгілері популяцияның орташа көрсеткішіне жақындайды. Орталықтан тебетін сұрыптау – бұл табиғи сұрыптауда негізгі популяция сыртқы ортаның жағдайларына біраз төзімсіз болады, сондықтан дарақтарда орташа көрсеткіштерден өзгерістер болады, олар селекциялық жағынан пайдалы болса сұрыпталып ұрпақтарда сақталады. Табиғи сұрыптауда түрлер бір бағытта өзгерістер көрсетсе олар сұрыпталып көбейтіледі және линиялық сұрыптау деп аталады. Жасанды сұрыптау - адамның әсерімен болатын сұрыптау. Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік негізінде жаңа бағалы түрлер мен сорттар қарастырылады, ол сорттар тұқым шаруашылығы үрдісімен сақталып отырады. Мақсатсыз сұрыптау – селекцияның ерте туындысы, бұл жағдайда адам жақсы түрлерді сақтайды, ал нашарларын жояды. Әдістемелік сұрыптау – адаммен негізделіп қолданылатын селекция әдісі, өйткені жануарлар мен өсімдіктерді жаңарту немесе олардың жаңа тұқымдарын өсіріп шығару үшін жүргізіледі. Оны тік және жанамаға бөледі. Тік сұрыптауды бір селекциялық белгімен жүргізеді. Ал жанама сұрыптауды жанама көрсеткіштерімен жүргізеді. Әдістемелік сұрыптау жалпы және жеке де болады. Жалпы сұрыптау теориясы Жалпы сұрыптауда селекция мәселелеріне сәйкес көптеген дарақтарды бөледі , сосын бірге көбейтеді. Оның негізінде фенотиппен бағалау жатыр. Сондықтан бұл сұрыптаудың кемістіктері бар, өйткені фенотиппен сұрыпталған дарақтардың генотипі туралы айту қиын, ал онымен сұрыптаудың тиімділігі байланысты. Ормандық өсімдіктердің гетерогендігін ескере отырып және сұрыптаудың жаңа түрлерін қолдану қиындайтындықтан селекцияда жалпы сұрыптауды кеңінен қолданады. Селекцияға керек тиімді түрлерді алу жағымды жалпы сұрыптау деп , ал нашар түрлерді жою – жағымсыз деп атайды. Ормандық қорымда жағымсыз жалпы сұрыптауға жатады: күту жұмыстары, яғни құнсыз, ауру және нашар өсімдіктер жойылады; тозаңмен нашар тұқым қуалаушылық қасиеттер беретін өсімдіктерді жою; көшеттерде тырбық және төзімсіз өсімдіктермен екпе көшеттерді сұрыптау. Жағымды жалпы сұрыптау жүргізгенде орман шаруашылығында әр түрлі әдістер қолданады: 1) жақсы географиялық түрлерді, немесе климатиптерді сұрыптау; 2) бір географиялық ауданда жақсы эдофотиптерді сұрыптау; 3) жақсы екпе ағаштарды сұрыптау; 4) жақсы ағаштарды сұрыптау; 5) ірілігі мен сапасына қарап дәндерді және жақсы екпе көшеттіктерді сұрыптау. Табиғи дәндерден алынған екпе ағаштарды зерттегенде жергілікті дәндерден алынған өсімдіктер жақсы өсіп сапалылық көрсетті. Дәндерді бір климаттық ауданнан екінші ауданға әкелгенде климаттық экотиптерді зерттеулерден өткізу керек. Өйткені климаттық өнімділік әр түрлі. Мысалы; солтүстік пен онтүстіктің қарағай бүрлері әр түрлі өнім береді. Сонымен қатар, солтүстіктің қарағайындағы қылқан жапырақтары шютте ауруымен аз зақымдалады. Осы себепте М.М.Вересиннің (1946) негізгі тоқтамаларына көңіл бөлген дұрыс, олар мыналар: 1) екпеліктердің өсуі мен өнімділігін арттыру үшін дәндерді орманның тәнділігін және өсетін жерін ескеріп, жинаған дұрыс; 2) әр топтың ішінде дәндерді өнімді ағаштардан, жақсы топырақта өскенін ескеріп жинау керек; 3) бір топта дәндер жетпегенде екінші топта қолдануға болады, бірақта алған жердің ағаштары өнімді және топырағы құнарлы болу керек және экологиялық жағдайды ескеру керек. Өте жақсы екпелерді сұрыптау Ортадан жоғары сапасы бар екпелерді жағымды сұрыптаумен іріктейді. Ол жұмыстар былай жасалады. Бір географиялық немесе тұқымдық ауданда өнімділігімен, діңінің сырт пішінімен және басқа сапалық көрсеткіштерімен екпеліктер талданады, сосын олар тұқым алуға және өсімдіктер өсіруге қолданылады. Өте жақсы ағаштар сұрыптау Негізінде селекция мәселелеріне сәйкес ескі ағаштарды талдайды, оларды сұрыпталған, аналық немесе элиталық деп атайды. Тұқым қуалаушылық қасиеттерін алдын – ала бағаламай – ақ бұл ағаштардың қалемшелерінен ұластыру алқаптарын салады. Жеке сұрыптау Жеке сұрыптау дегеніміз әр сұрыпталған өсімдіктердің ұрпақтарын көбейтіп, бөлек өсіру. Жеке сұрыптаудың негізгі принциптері бірінші рет 1856 ж. Л.Вильморенмен айқындалған. Оның негізгі әдістері педигри әдісі, клондық сұрыптау және айқас тозаңданатын өсімдіктерді сұрыптау. Педигри әдісі Педигри (ағылшынша pedigree) – ата – тек шежіресі (генеалогия). Бұл әдісті мал шаруашылығында және өздігімен тозаңданатын өсімдіктерде қолданады. Өсімдіктердің будандық популяцияларында көп қатарлы жеке сұрыптау жүргізе отырып сұрыпталған дарақтарды ұрпағымен бағалайды, сонымен ата – тегі бірнеше жылда белгілі болады. Клондық сұрыптау Вегетативті көбейетін өсімдіктердің селекциясында қолданылатын жеке сұрыптау клондық деп аталады: Клон бір вегетативті көбейетін өсімдіктің генетикалық біркелкі ұрпағы. Бұл сұрыптауды жаңа сорттар шығарғанда және тұқым шаруашылығында қолданады. Теректерде, қарағаштар тұқымдастарында ж.т.б. кеңінен қолданылады. Айқас тозаңданатын өсімдіктерде жеке сұрыптау Әрқашан айқас тозанданатындықтан және сорттың белгілері ыдырауымен айқас тозаңданатын өсімдіктерде жеке сұрыптауды бірақ рет жүргізуге болмайды. Сондықтан бұл өсімдіктердің селекциясында көп қайталана жеке сұрыптау қолданылады. Бұл сұрыптау жақсарту ретінде және ауыл шаруашылығында кеңінен қолданылады және жеке өсімдіктерде қолданбайды, ол семьяларда. Семья – ол бір өсімдіктің ұрпағы. Әр өсімдіктің дәндер өнімі бөлек егіледі. Семьялар бір – бірімен салыстырылады, нашарлары жойылады, ол жақсылардан ұрпақ алынып тағы бағаланылады. Сонымен, бұл әдістің мағынасы жақсы семьялардан жақсы өсімдіктер алу. Жеке - семьялық сұрыптау Бұл әдісте, бастапқы материалдан алынған өсімдіктер ұрпағы, семья деп аталып, басқа ұрпақтардан бөлек егіледі. Жеке семьялық сұрыптауда екі әдістің жағымды көрсеткіштері бар (жеке, жағымды). Екі қайтара жеке сұрыптаумен бағалы генотиптерді табуға болады, өйткені жалпы сұрыптама жүргізіледі. Семьялық топтық сұрыптау Бір топ семьяның ең жақсы өсімдіктер ұрпағы бөлек егіледі. Топтың ішінде жақсы ұрпақтар алынады, ал қалғандары жойылады. Алынған ұрпақтар бір – бірімен будандастырылады. Сонымен жақын туыстастық көбею азаяды, ал будандастыру семьялардың арасында болады. Әр топтың ең жақсы ұрпақтары жалпы сұрыптаудағыдай қосылады. Әр топтың жақсы ұрпақтарының қосындысы көбейтіледі. Бұл сұрыптау ормандық дақылдарда қолданылуы мүмкін. Бірақ, бұл әдіс өте ұзақ жүргізіледі, сондықтан негізгі ормандық дақылдарда қолданғанда 70- 100 жыл керек. 7 Будандастыру Бастапқыда будандар деп екі түрді будандастырғаннан алынған ағзаларды атаған. Қазіргі түсінікте будан – гетерозиготтық дарақ, генетикалық әр түрлі аталық – аналықтар немесе генотиптер будандасуымен болатын. Синтетикалық селекцияның кеңінен тараған әдісі жыныстық будандастыру. Ол табиғи және жасанды болады. Жыныстық будандастырудың мақсаты: - ағаш өсімдіктерінің әр түрлі ауруларға төзімділігін молайту ж.т.б. - өсуінің қуаттылығы мен жылдамдығын көбейту. - ағаштың тығыздық құрамының сапасын жақсарту. - ағаштар мен бұталардың әсемдік сапасын жоғарылату. - өнімділігін, жемістерінің сапасын, шайырлығын, бағалы заттардың болуын жоғарылату. Арнайы тұқымдық алқаптар құрастырылған соң оларда да бақылаулы будандастыру қолданады. Генетикалық көзқарастан ол будандастыру бірнеше проблемаларды шешеді: - генетикалық жақсартуға тұқым қуалаушылықты қолдану өте күрделі; - жеке ағаштың ұрпақтарын сынауға жалпы комбинациялық мүмкіншілікті бағалау; - арнайы комбинациялық мүмкіншілікті бағалау. Ол биклондық тұқымдық участоктерді құрастырғанда керек; - тұқымдық алқаптарға келесі ұрпақтар құрастыру үшін дарақтар селекциясына алғашқы материал алу; - бірінші және келешек генерациялардың генетикалық ұтысын бағалауда. Будандастырудың үш түрі бар: комбинациялық, трансгресивтік, гетерозистік Комбинациялық будандастыруда бір немесе бірнеше түрлердегі екі әлде бірнеше белгілерді қосады. Трансгресивтік будандастыруда полимерлік гендердің қосынды әсерінің тиімділігі байқалады, ол орынды көбейеді(тиімді трансгрессия) әлде азаяды (тиімсіз) F2 будандық дарақтардың тұқым қуалайтын полимерлік белгісінің әсерімен. Гетерозистік будандастырудың мақсаты, күшті, өміршең, жоғары өнімді әлде жақсартылған сапалары бар бірінші ұрпақта будандар алу. Будандастырудың әдістері түрдің биологиялық ерекшеліктерімен, алғашқы материалдың негізіне, болашақ сортқа қойылатын талаптарға байланысты. Будандастыру жәй және күрделі болады. Жәй: ♀Ах♂В=FAB, жәй реципроктік: ♀Вх♂А=FBА Күрделі: сатылы, қайтармалы, қанықтырғыш болып бөлінеді. 8 Мутанттарды алудың химиялық әдістері Химиялық мутагендерді әсер етуімен бес классқа бөледі: - Нуклеин қышқылдарының құрамына кіретін азот негізді ингибиторлар; олардың әсері гуанин мен тиминнің синтезделуін әлсіретуде. - Нуклеин қышқылдарының құрамына кіретін азоттың негізгі аналогтары; олар ДНҚ құрамында тиминнің орнына кіреді. - ДНҚ молекуласында А – Т негіздері Г – Ц негіздеріне ауысуды тудыратын, тотықтырғыштар, тотықсыздандырғыштар, бос радикалдар: - ДНҚ молекулаларының авторепрдукциясы дұрыс жүруін бұзатын алкилдік қосылыстар; - ДНҚ мен реакцияға кіргенде, дұрыс редупликацияға кедергі болатын құрамдық жасайтын, аккридин бояғыштары. Кейінгі жылдары Ресейде кеңінен тараған және қолданылатын алкилдік қосылыстар, негізінде супермутагендер. Оларға этиленимин (ЭИ), диэтилсульфат (ДЭС), диметилсульфат(ДМС), нитрозоэтилмочевина (НЭМ),нитрозометилмочевина (НММ) т.б. жатады. Алынатын пайдалы мутациялардың санын көбейту үшін концентрацияларды аумалыға жақын алуды ұсынылады. Мутагендердің әсер ету тәсілі, мутаген түрі, оның концентрациясы мен экспозициясы ерітіндінің қышқылдығымен температурасы, әсер етілетін органның физиологиялық жағдайы ж.т.б. Пайдалы мутациялар өте сирек болады, мың мутацияларға бір-екі. Ормандық ағаш тұқымдықтарында химиялық мутанттарды құрастыру ХХ-ғасырдың 60-шы жылдарынан басталды. Ф.Л.Щепотьев Донецк ботаникалық бағында еменнің әсемдік және тез өсетін формаларын (жайылып өсетін, жыламсырап тұратын, калонка тәріздес) шығыстық биотттарын (пирамида, жұмыртқа, шар, сопақ тәріздес, бөрікбасты) және басқа тұқымдарын алған. Воронеждегі орман генетикасының ҒЗИ–да Е.М.Гуляев, О.С.Машкина басқа қызметкерлермен қауымдасуы нәтижесінде кәдімгі қарағай мен бальзамдық теректің хемомутанттары алынды. Қарағайдың тез өсетін, ерте тұқым беретін, үш қылқанды,сирек қылқанды т.б. 9 Ормандық ағаштық тұқымдардың тәжірибелік полиплоидиясы Митоздық полиплоидтар соматикалық жасушалардан пайда болады. Егер полиплоидигендік заттармен (колхицин т.б.) өсімідіктердің вегетативтік бөліктеріне әсер етсе (өскін, өсу орны т.б.), яғни оларды ерітіндіге малып, мутагеннің мақта тампонындағы ертіндісімен ылғалдандырып, инелеп ж.т.б. Бұл тәсілдің кемшілігі – көбінесе миклоплоидтық өсімдіктердің болуы, (яғни жасуша мен ұлпаның әр түрлі плоидтық болуы, негізінде диплодтық немесе тетраплоидтық). Мейоздық полиплоидтар, будандастырылған редукцияланбаған диплоидтық, тетраплоидтық тіпте тетраплоидтық гаметаларынан, пайда болады. Ондай гаметалар болуға әсер ететін полиплоидтар әлде мутанттық диплоидтық өсімдіктер: - табиғи әлде жасанды мутанттық диплоидтық формаларды тауып, сұрыптап, будандастырып генетикалық мүмкіншіліктерін қолданып диплоидтық гаметалар алуға болады. - әр түрлі хромосомдық деңгейде будандастырып және полиплоидтарды еркін тозаңдандырып (2хх4х,4хх2х,2хх3х3хх2х,3хх3х) алуға болады. Зиготалық полиплоидтарды зигота бірінші бөліну кезеңінде алады. Ондай полиплоидтар колхицин қолданып Populus туыстастарының түрлерінде алынған. Бастапқы даму кезеңінде полиплоидтық өсімдіктер диплоидтықтардан мына белгілермен өзгеше болады: нашар әлде күшті өсетін жапырақтарымен, алақаны жуандаған қысқа сабақта отыруымен, жапырақтары қоңыр – жасыл болуымен. Полиплоидтарды сұрыптауды соматикалық жасушалардағы хромосомалар санын есептеу негізінде жүргізеді. Ормандық ағаштардың тәжірибелік полиплоидтарының қасиетттері даму кезеңінде біртіндеп пайда болады. Сондықтан өзгертілген өсімдіктерді зерттеу және сұрыптау бірнеше жылдың ішінде жүргізіледі. 1934ж. Швецияда колхицинмен еменді қолмен полиплоидтаған. Нәтижесінде миклополиплоидты ұлпалар мен тетраплоидты (4п=48) жасушалар алынған. Жақын көрсеткіштерді Ф.Л.Щепотьевта алған. Оның полиплоидтары диплоидтық қандыағаштардан өнімділігімен 55% асып түскен. Полиплоидтық түрлер келесі тұқымдастарда ашылған: үйеңкілер, атколитандар, жөке ағаштар, жиделер, олардың тәжіррибелік мағнасы зор (Г.Ф.Привалов,1974; Ф.Л.Щепотьев,1982; Н,С.Щапов, В.К.Креймер,1988) 10 Орман ағаштары интродукциясының теориялық негіздері Ботаниктердің түсінігі бойынша өсімдіктер интродукциясы дегеніміз адамның іскерлігінің арқасында бір табиғи – тарихи ауданда, бұрын бұл жерде өспеген өсімдіктерді (туыстарды, түрлерді, түршелерді, сорттарды) мәдениеттендіру , сонымен қатар жергілікті тұқымдардан әкелу. Бірақта ормандық интродукцияға орынды болатыны В. И. Некрасовтың түсініктемесі, оның айтуынша: «Интродукция дегеніміз өсімдіктерді жаңа табиғи – климаттық жағдайларға, өскен ареалының сыртына, көшіру немесе өсімдіктерді өсіру алқабы кеңейтілгенде сынаған жерінен көшіру» Интродукциямен өсімдіктерді жерсіндіру (акклиматизация) және табиғаттандыру (натурализация) түсініктері тығыз байланысты. Жерсіндіру - өсімдіктер интродукциясының бір түрі,бұл жағдайда популяциялардың жаңа даму жағдайына бейімделуі, индивидуумдердің табиғи жергілікті сұрыптаудың негізінде болатын генетикалық өзгерістеріне байланысты. Бұл өсімдіктерді ауыстыру жағдайлары, негізгі ареалынан басқа жерге аударумен байланысты. Табиғаттандырғанда интродукция былай өтеді, яғни өсімдіктердің жаңа түрлері жаңа жағдайларда жеңіл өсіп орынды көбейеді, генетикалық құрамы өзгермейді, өйткені климаттық және басқа жағдайлары интродуценттің биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес. Интродукцияға алғашқы материал талдағанда оның өскен жеріндегі климаттық жағдайларын ескеру керек, өйткені ол көп әсер етеді. Сондықтан ағаш тұқымдарының интродукциясында біраз уақыт Р. Майрдың климаттық аналогтар теориясы басым болған, ол интродукцияның жетістігін табиғи және қолдан жасалған ареалдардың климаттық жағдайларының ұқсастығымен байланыстырады. Бірақ та интродукцияның мүмкіншіліктері туралы нақты көрсеткіштер беретін бұл – тәжірибе. Интродукцияның алдағы тәжірибесін талдау – түрдің жаңа жағдайларға бейімділігінің деңгейін анықтаудың жалғыз тәсілі. Интродуценттердің бейімділік процесін анықтауда ең маңыздысы вегетативтік және генеративтік құрылымдардың дамуындағы маусымдық өзгерістерді зерттеудің нәтижелері. Ормандық дақылдарға экзоттарды еңгізу болашақта интродукциялық популяцияларды құрастырумен байланысты болады. Экзоттарды интродукциялау жергілікті дендрофлора мен селекцияға алғашқы материал жинаудың бір жолы. Интродукцияда интродукцияланған өсімдіктердің белгілерімен жасанды сұрыптау, сонымен қатар жаңа жағдайдағы төзімділікке сынау, жүргізіледі. Сондықтан интродуценттерді сынау селекциялық- гентикалық негізге қойылу керек. Интродуцияланған түрлерді селекциялық – генетикалық бағалау, популяциялар аралық және популяциялық экзоттардың өзгергенін сынайды және өте жақсы популяциялар мен формаларды сұрыптап жаңа аудандарда көбейткенде қолдану мүмкіншілігін анықтайды. Ормандық ағаштар тұқымдарының интродукция ерекшеліктері Ботаникалық орталықтар бағалы көрсеткіштер және жергілікті ағаш өсімдіктерінің коллекцияларын интродукциялық сынауда мол тәжірибе жинады. Ормандық интродукциялық зерттеулердің обьектісі биогеоценоз әлде экосистема негізгі компоненті болып есептелетін екпе ағаштар, ормандық интродукцияның негізгі мақсаты ормандық ценоздарды құрастыру, онымен басты тұқымды ағаш бітімінің жоғары өнімділігін жасау. Ормандық интродукция міндетті түрде, ормандық дақылдарды отырғызу және өсірумен, байланысты. Орман дақылдары ісінің экологиялық негізі ормандық типология. Ормандық дақылдардың типін іздегенде бағалы индикатор болатын орманның негізгі типі. Бірақта есте сақтау керек, ормандық дақылдарды құрастырғанда табиғи орман типін көшірмелеу керек. Орынды болады егер басқа түрлерді қолданса, оның ішінде интродукцияланған, егер экологиялық және шаруашылық жағынан тиімді болса. Бұл жағдайда қолдан жасалған отырғылар орманның өркендеген типологиясының жаңа қосындылары болады. Интродукцияланған түрлерден қолдан жасалған ормандық ценоздарды жоспарлау қиын түседі, өйткені табиғи жағдайларда олардан қандай ормандар болатыны белгісіз , сондықтан егжейлі зерттеулер жүргізу керек. Ормандық түрлерді орман шаруашылығы мақсатымен интродукциялағанда, экологиялық- фитоценоздық аналогтарды қолдану, табиғи ағаш бітімдерін жәй көшірмелеп ауыстыру емес екендігін ескеру керек. Табиғат мүмкіншілігінен асып түсетін қолдан жасалған отырғылар ценоздарының өте жоғары өнімділігі, мына жағдайлармен қамтамасыз етілу керек, яғни тез өсетін, төзімді экотиптер мен ормандық ағаш түрлерінің экзоттарымен қамтамасыз етіліп және қолдан құрылған ценоздың барлық қосындылары орынды қарым-қатынаста болу керек. Өте маңызды жағдай ботаникалық бақтарда, ғылыми – зерттеу орындарында, дендропарктерде, орман шаруашылығы және басқа орындарда жиналған ағаштар мен бұталардың интродукциясы тәжірибесін зерттеу және талдау,. Бұл жағдайда орман дақылдарының ағаш экзоттарына ең бірінші көңіл бөлу керек. Өте маңызды болады, егер зерттелетін биогеоценозда экзоттардың төзімділігін, тек климаттық жағынан емес, ал аурулардың болуы мен зақымдауы, зиянкестермен зақымдануы, қоршаған өсімдіктер және жануарлармен қарым-қатынасын, экзоттардың өсу мүмкіншілігін зерттегенде ең бірінші маңыздысы ағаштардың маусымдық даму динамикасы мен өсу қимылын зерттеу. Фенологиялық байқауларда фенофазалардың басталуы мен ұзақтығын анықтайды. Интродукцияланатын түрдің жеке өсу ерекшеліктерін зерттегенде мақсат қою керек, обьективтік көз қарас жағынан, бұл ағаштардың онтогенезде қандай мүмкіншіліктері бар деп. Зерттеулердің қарастырылған әдістері қолдан жасалған интродуценттердің екпе ағаштарының әр түрлі ормандық өсу жағдайларындағы сапалық және сандық көрсеткіштері туралы мәлімет беріп, сонымен қатар жергілікті орманның өсінділерімен қарым- қатынасын көрсетеді. Интродуценттерді көбейтудің кейбір аспектілері және игеру Интродукциялық жұмыстың нәтижесі көбінесе көбейту тәсілі мен өсімдіктерді өсірумен байланысты. Сондықтан орман өсіруші- интродуктор интродуценттің биологиясын мұқият зерттеу керек, өйткені оның негізінде жаңа жерде дұрыс агротехникалық шаралар ұйымдастыру керек болады. Осы уақытта орман өсірушінің алдында мына сұрақтар тұрады, тұқымды егуге дайындау, егудің мерзімдері мен тәсілдері, зиянкестер мен аурулардан егістіктерді қорғау, отырғызатын материалдың түрлерімен, агротехника және өсіру мерзімдері, және оларды мына мәселелермен келістіру, орман дақылдарының типтері және оларды өсіру агротехникасы, екпе ағаштарды орман өсіру тәсілдерімен қалыптастыру ж. т. б. Экзот көбейткенде тұқымдық және вегетативтік көбейтудің орны мен мағнасын анықтау керек. Сонымен орман дақылдарына интродукциялық тұқымдарды жалпылап енгізгенде бірнеше мәселелерді шешу керек, олар мыналар: селекциялық – генетикалық, өсімдік шаруашылықтық, экологиялық – орман шаруашылықтық және экономикалық. Н. И. Вавиловтың айтуынша интродукцияны ұйымдастырғанда карантинға көп көңіл бөлу керек, өйткені карантиндік қызмет болмаса барлық өте жақсы жүргізілген экспедициялық жұмыстар жоққа кетеді. 11 Ормандық тұқым тану ғылым ретінде. Ормандық ағаш өсімдіктерінің тұқым беру, дән беру биологиясы Ормандық ағаш өсімдіктерінің тұқым шаруашылығының теориялық негізі ормандық тұқым тану. Ормандық тұқым танудың қарастыратын сұрақтары мыналар, тұқымның байлануын, дамуын және аналық өсімдікте болуын зерттеу және үдірістерге экологиялық факторлардың әсері. Тұқым тану сонымен қатар тұқымның тыныштық сақтауын, қартайуын және өлуін зерттейді. Осындай зерттеулердің көрсеткіштері сақтау және тұқымды алдын-ала дайындау әдістерін белгілеу негізі болады. Ормандық тұқым тану өсімдіктер анатомиясы және физиологиясымен, эмбриологиямен, генетикамен тығыз байланысты және олардың зерттеулеу әдістерін қолданады. Жаңа табыстар ормандық гентикада, биохимия мен биофизикада негізделіп жатыр. Ормандық тұқым тану қазіргі уақытта ғылымның негізгі келесі бағдарларымен тығыз байланыс деп есептеледі, яғни орман тұқым ісі, селекциялық – гентикалық негізіндегі орман тұқым шаруашылығы, интродуценттердің тұқым тануы. Орман тұқым ісі келесі негізгі сұрақтарды шешеді, орман тұқымдарын аудандастыру, тұқым өнімін болжамдау және есептеу, тұқымды егуге дайындау және сапасын тексеру. Селекциялық – генетикалық негізіндегі орман тұқым шаруашылығы келесі проблемаларды қамтиды, яғни селекциялық негізінде орнықты ормандық тұқым базаларын ұйымдастыру, тұқым беруді жақсартатын шараларды, ормандық тұқым участоктері мен алқаптарын күту және қорғау. Интродуценттердің тұқым тануы бірнеше арнайы мәселелерді шешеді, ол ағаш өсімдіктерінің жаңа түрлерінің толық қабілетті тұқымдарын алумен байланысты. Ормандық ағаш өсімдіктерінің тұқым және дән беру биологиясы мыналардан құрастырылады: репродуктивтік кезең, тұқым өміршеңдігі, тұқымның тыныштық сақтауынан. Репродуктивтік кезең Тұқым беру биологиясы (гүлді өсімдіктер) және дән беру биологиясы (қылқан жапырақтылар) түсініктері жалпы қабылданған түсініктемелерге кірмейді. Өсімдіктердің тұқымның көмегімен көбеюін тұқым және дән беру биологиясы деп түсінеді. Әр ағаш тұқымдастардың дәндерінің өнімі мен сапасы біріншіден репродуктивтік кезеңімен байланысты. Репродуктивтік кезең деп ұрпақ бүршігі пайда болуынан бастап толық піскен дәндердің қалыптасуына дейінгі уақытты айтады. Көптеген жапырақты ағаш тұқымдарында ұрпақ бүршігі гүлдерден бір жыл бұрын пайда болады, ал дәндері гүлдеген жылы қалыптасады. Қылқан жапырақтылар репродуктивтік кезеңнің ұзақтығымен гетерогендік топқа жатады. Ал кеңінен тараған биологиялық үрдіс – бір жылдық репродуктивтік кезең, яғни тұқым бүрі жазда салынады, спорогендік ұлпа кезінде, қыстайды, макроспорогенез көктемде аяқталады сосын тозаңданады. Бір вегетациялық кезеңде дән дамып пісіп үлгереді. Бұл топқа жататындар шырша, бал қарағай. Кәдімгі қарағай – екі жылдық репродуктивтік кезеңімен дамитын өсімдік. Боз арша – үш жылдық репродуктивтік кезеңімен дамитын өсімдік. Өсімдіктердің репродуктивтік кезеңі гентикалық іс, бірақта кейбір жылдары фазалардың болатын күндері ерте әлде кеш болуы мүмкін. Бір өсімдіктің әр түрлі географиялық аудандарда репродуктивтік кезеңінің өту уақыты өзгереді. Көптеген ағаштық өсімдіктерде репродуктивтік кезеңнің ұзақтығы тиімді температуралар жиынтығымен тығыз байланысты. Орманшылар байқауымен, жазы салқын жылдары қылқан жапырақтыларда жылудың аздығынан ұрық толық дамымайды, сондықтан дәндердің сапасы өте төмен болады. Орман ағаш тұқымдарында репродуктивтік кезеңнің ерекшеліктерін зерттеу тек теориялық мағына емес. Ақырғы жылдары бұл проблемаға көңіл бөлудің селекциялық жұмыс пен ормандық тұқым ісінде болашағы мол, өйткені тұқым беруді жақсартатын жаңа әдістер табылып жатыр. Тұқымдар өміршеңдігі – бұл арнайы бір жағдайларда орынды өскін беру, сосын олардан өсімдік пайда болу. Орманда қалған дәндердің 1-2% өнеді, бірақта қолайлы жағдайларда, мысалы зертханаларда өнген дәндердің саны 100 % жетеді. Табиғи жағдайда теректер мен талдар өнгіштігін бірнеше күндер сақтайды, емен мен шамшат қыс бойы, қайың, қандыағаш, шаған және жөке ағаштары екі-үш жыл, қылқан жапырақтылар 5-6 жыл. Дәннің өнуіне әсер ететін қоршаған ортаның басты факторлары су, температура, ауаның құрамы, жарық, топырақ құрамы, топырақ үстіндегі жәндіктер мен микроағзалар. Олар барлық табиғатта қарым-қатынаста және әрқашан өзгерісте. Әдебиетте отыз жылғы тәжірибе көрсеткіштері келтірілген, ол 500 өсімдіктер мен бұталардың дәндерінің зерханалық және топтық өнгіштігі туралы (Е. Неіт, 1968). Өну жағдайына қарай 6 топқа бөлінеді: 1 топтық дәндеріне жарық керек жоқ, температураға өте сезімтал емес; 2 топтық дәндеріне жарық керек жоқ, әр түрдің өнуге температурасы бар; 3 топтық дәндеріне жарық керек, үй температурасында 7-12 тәуліктен кейін өнеді; 4 топтық дәндеріне жарық керек, 20-300 С 14-28 күнде өнеді; 5 топтық дәндерін 21-28 күн 3-500 С ылғалдандыру керек, сосын жарықта 14-28 күн өндіреді; 6 топтық дәндерін 2-6 ай стратификациялайды. Орман ағаштары дәндерінің сапасы 1000 дәннің массалығымен, өну энергиясымен, зертханалық және топырақтық өнгіштігімен, тазалығымен анықталады Дәндердің тазалығы – өлшемдегі барлық дәндерге таза дәндердің қатынасы. Өнгіштік – арнайы мемлекеттік стандартпен белгіленген уақытта дәндердің өніп және дұрыс дамып өскін беруі,. Зертханалық жағдайда дәндердің техникалық және абсолюттік өнгіштігі анықталады. Техникалық өнгіштік – барлық өндіруге алынған дәндердің ішінен арнайы мерзімде дұрыс өнген дәндердің саны,. Абсолюттік өнгіштік –барлық өндіруге алынған толық дәндердің ішінен арнайы мерзімде дұрыс өнген дәндердің саны. Егіс танабында грунттық өнгіштікті анықтайды – барлық егілген дәндер санына шаққанда еккеннен кейін өнген дәндердің саны. Өну саны – мемлекеттік стандарт белгіленген мерзімде анықталады, бірақ өнгіштігінен ерте өнген дәндердің саны. Бұл көрсеткішті анықтау дәндердің жұмыла өнетінін көрсетеді. Дәндердің тыныштығы Дәндер тек көбею мен өсімдіктер даму үшін керек емес, сонымен қатар ұрықты қолайсыз жағдайлардан сақтау үшін керек. Эволюция барысында және қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларында, төмен температуралар мен су жоғалту кезеңінде, төзімді болу үшін көптеген өсімдіктердің дәндері тыныштыққа кетеді, яғни қолайсыз жағдайларда өнбейді. Тыныштықтың үш түрі бар: эндогендік (табиғи, бірінші), индукцияланған (екінші), мәжбүрлік (экологиялық). Эндогендік тыныштықта дәндер аналықта болғанда және төгілгеннен кейін біраз уақыт өнбейді. Егер дәндерге қолайлы жағдайлар жасалса, яғни температура, ылғал, аэрация, онда олар өнеді. Тыныштықтың бұл түрі көптеген өсімдіктерде бар. Эндогендік тыныштықтың ұзақтығы әрбір өсімдіктің дәндерінде әр түрлі. Кейбір жағдайда эндогендік тыныштықтан кейін жаңа тыныштық басталады. Ол индукциялық, немесе екінші, бұл жағдайда сумен қамтамасыз етілген дәндер басқа фактормен қамтамасыз етілмейді. Ол көбінесе жоғарғы температура және оттегінің аз болуы. Мәжбүрлі (экологиялық) тыныштық болғанда өміршең дәндер өнбейді, өйткені қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары болады, мысалы, оттегі жетіспеу немесе жарық жоқтық. Кейбір өсімдіктердің өнбейтіні, олардың дәндерінің сырты қатты болып су сіңбейді немесе сыртында ингибиторлар болады. 12 Орман тұқым шаруашылығы Генетикалық – селекциялық негізінде ұйымдастырылатын орман тұқым шаруашылығына база болатын ең жақсы екпе ағаштары, оларды селекциялық есептеулер жүргізгенде бөледі. Селекциялық есептеулерді піскен, пісіп келе жатқан және табиғи орта жастағы екпе ағаштарда, ормандық екпелерде, белгілі тұқымдардан құрастырылған, жоғары өнімді интродукциялық ормандық өсімдіктер түрлерінде және селекциялық – тұқымдық объектілерде жүргізеді. Өте жақсы ағаштар мен екпе ағаштарын сұрыптау үшін табиғи екпелерде селекциялық есептеулер жүргізеді. Өйткені, олар жергілікті климаттық және топырақтық жағдайларға бейімделген және негізгі генетикалық қор болып есептеледі, сондықтан жоғары өнімді екпе ағаштар алуға себепкер болады. Қолданжасалған екпелерде жақсы ағаштарды кейбір арнайы немесе селекциялық жеке мәселелерді шешу үшін алады, мысалы, далалық шөл жерлерін ормандандыру үшін, безендіру ағаштары селекциясында тағы басқа. Өте жақсы ағаштар мен екпе ағаштарын, әсіресе тұқымдық, өте жақсы өнімділік жағынан сол аймақтың және тұқымдық аудандарынан алады. Жапырақтық ормандарда балақ шыбықтарын қолдануға болады. Ағаштарды селекциялық бағалағанда оларды үш категорияға бөледі: өте жақсы, дамыған, нашар дамыған. Өте жақсы ағаштар – ол бір әлде көптеген шаруашылықта бағалы белгілерімен қасиеттері бар және қоршаған ағаштармен бірге өсіп бір жаста болу керек. Дамыған ағаштар – олар екпелердің негізгі бөлігі жақсы және орташа бойлы, сапалы және дамыған. Нашар дамыған ағаштар – төмен сапалы әр түрлі ақаулары бар жоғарғы қабаттың ағаштары, сонымен қатар өсуі нашар, биіктігі мен жуандығы 80 пайызы қалған немесе кебе бастаған. Екпе ағаштарды да селекциялық бағалағанда үш категорияға бөледі: өте жақсы, дамыған, нашар дамыған. Өте жақсы екпе ағаштар – бұл осы орман өсімдіктер жағдайында өте жоғары өнімді, жоғары сапалы және төзімді екпе ағаштар. Өте жақсы екпе ағаштарды тұқымдық қорық ретінде бөледі, оларды кесілетін ағаштарға қоспайды. Екпе ағаштарды арнайы селекциялық есептеуден өткізеді. Күту жұмыстарын жүргізгенде нашар дамыған ағаштарды кесіп тастайды. Дамыған екпе ағаштар – бір ормандық өсімдіктері жағдайында, жоғары немесе орта өнімді және төзімді, жақсы және орта сапалы екпе ағаштары. Нашар дамыған екпе ағаштары – бір ормандық өсімдіктері жағдайында, төмен өнімді, төзімділігі мен сапасы нашар екпе ағаштары. Өте жақсы ағаштарды сұрыптау Өте жақсы ағаштарды (ӨЖА) сұрыптауды фенотипі бойынша жүргізеді. Сұрыптау жүргізетін белгілер селекциясының мақсаттарымен байланысты. Өте жақсы ағаштарды келесі негізгі категорияларға бөледі: а) өте жоғары сапалы ( діңі мен сүректің сапасы бірінші орынға қойылады), б) өте жоғары өнімді ( массасымен), в) құрама (тез өсетін, діңнің көлемі мен сапасы бойынша). Орманның өнімділігін және сапасын көтеру селекциясында өте жақсы ағаштарды негізгі ормандық өсімдіктер жағдайында алады, ең бірінші өте жақсы екпе ағаштарынан. Олар жақсы өсіммен, тік діңгектігімен, толық сүректігімен, кепкен бұтақ тазалығымен, кемістігі жоқтығымен (өгей бұтақтық, көп сабақтық т.б.), бөрікбасының бір қалыпты дамуымен, қолайсыз жағдайларға, зиянкестерге, ауруға төзімдігімен және механикалық зақымданулардың болмауымен. Бір жастағы, құрамымен таза екпе ағаштарда ӨЖА механикалық жағынан орташа зақымдалғаннан асып түсу керек. Ал ағаш тұрыстарынан биіктігі бойынша 10 пайыз және артық, диаметрі бойынша 30 пайыз және артық болу керек. Ал асып түскен ағаштарды биіктігі 15 пайыздан артық диаметрімен 40 пайыздан артық, бірінші қатарда орман тұқымдық және аналықтар салуға қолдану керек, жастары әртүрлі екпе ағаштарда, өте жақсы ағаштарды әр топтан бөлек алады. ӨЖА бөлгенде биологиялық ерекшеліктерін ескере отыра аймақтық ғылыми – зерттеу ұйымдары және арнайы тұқым шаруашылықтары ұсыныс береді. ӨЖА-ға мінездеме беру келесі көрсеткіштермен жүргізіледі: - шығу тегімен; - фенологиялық ( ерте-, орташа-, кеш жапырақтайтын); - морфологиялық (сопақ-, жалпақ бөрік басты); - жасы және жылдарымен; - биіктігімен; - 1.3 биіктегі диаметрімен; - діңнің көлемімен, м3 (кесте бойынша); - өсу және даму класымен; - бөрікбастың жалпақтығымен, м; - бөрікбастың формасымен; - бөрікбастың ұзындығымен, м; - жапырақтану қалыңдығымен – қалың, орташа, сирек; - діңгектің кепкен бұтақтар аумағымен; - кепкен бұтақтардың жапырақтануымен; - діңнің формасымен; - өсімін көзбен анықтаумен (жақсы, орташа); - қабығының мінездемесімен ( бояуы, жарылуы); - гүлдеу, тұқым беру көрсеткіштерімен, екпелердің орта көрсеткіштерін салыстырумен (биіктігі, диаметрі); - басқа көрсеткіштермен (жеке селекцияда). ӨЖА бөлуді өте жақсы және дамыған екпелерде жүргізеді, негізінде өте жоғары өнімді ағаш бітімінде, өйткені олардан жақсы генотиптер жиі кездеседі. Бірақта, жоғары бонитетті екпелерден, ӨЖА жинау негізделмейді, өйткені ормандалатын аудан көп болуы мүмкін, ол уақытта төмен бонитетті өсімдіктерден ӨЖА алуға болады. Арнайы мақсаттарға ӨЖА сұрыптау критерийлері сүріктің айрықша техникалық қасиеттері, арнайы сортименттер шығымы, қабығында танин болуы, тұқымдары мен дәндері өнімділігі мен сапасы, шайырлығы, иммундігі, қолайсыз табиғи және антропогендік факторларға төзімділігі, тіршілік қабылеттілігі, ұзақтығы, тұзға төзімділігі т.б. Ғылыми-зерттеу орындарының ұсыныстарымен анықталады. Бұл жағдайларда сұрыпталатын ағаштардың диаметрі және биіктігі орта көрсеткіштерден артық болуы есепке алынбауы мүмкін. Орман өсімдіктерінің интродукцияланған түрлерінде, өте жақсыларға, дән беретін, жаңа климаттық жағдайға жоғары төзімділігімен, діңінің өсу сапасының жақсы көрсеткіштерімен және басқа селекциялық көрсеткіштерімен көзге түскен ағаштар жатады. Өте жақсы екпе ағаштарды сұрыптау Өте жақсы екпе ағаштарды (ӨЕА) сұрыптаудың негізгі мақсаты – ең жақсы генофондты сақтау. ӨЕА негізінде, орташа жастық, пісіп кележатқан және піскен табиғи ағаш бітімдерінен сұрыптайды. ӨЕА сұрыптағанда барлық ағаштарды есепке алады немесе есепке алатын көлемде салынады. ӨЕА алудың негізгі критерийі пайыздық қатынас, бір жағынан, ӨЖА мен дұрыс дамыған ағаштардың сұрыптауға бір ереже жоқ, ағаштардың түрлері мен селекция мақсаттарына қарай аймақтарында өз сұрыптау көрсеткіштерін жасайды. Іс жүзінде келесі көрсеткіштерді қолданады: егер 1га ӨЕА келсе, онда жақсы дамыған ағаштардың пайызы жоғары, нашар дамығандар аз, екпе ағаштардың санитарлық жағдайы жақсы, сондықтан оларды өте жақсы екпе ағаштар деп атауға болады. Өртке қарсы іс шаралар қарастырылады. ӨЕА туралы құжат дайындалады. 13 Қылқан жапырақтылардың селекциясы Селекция бағдары және кәдімгі қарағайдың сорттық үлгісі Кәдімгі қарағайдың сорттық үлгісін құрастырғанда орман шаруашылықтық ерекшеліктері мен шаруашылықта қолданылуы ескеріледі. Кәдімгі қарағайдың жақсартылған селекциялық материалы келесі негізгі критерийлерге жауап беруі керек: - өте жоғары өнімділік; - аурулармен зиянкестерге төзімділік; - діңнің жақсы формасы және сүрегінің өте жоғары сапасы; - кәдімгі қарағайдың селекция бағдары екпе ағаштар құрастыру мақсаты мен аймаққа байланысты болу. Селекцияға алғашқы материал Кәдімгі қарағайдың селекциясына негізгі алғашқы материал болып бұл түрдің түрішілік, популяциялық және формалық әр түрлілігі қолданылады. Pinus туыстастарының ішінен қосымша алғашқы материал ретінде кәдімгі қарағайдың селекциясында бірінші болып мына қарағайлар - қара , Паллас, Кох, калабриялық, жиі гүлді және қытайлық қолданылады. Кәдімгі қарағайдың климаттық экотиптері. Әр түрлі климаттық және топырақтық жағдайларда өсіп, оларға оңтайланып, кәдімгі қарағай көптеген климаттық және экологиялық типтер мен формалар құрастырды. Батыс Еуропада 19 географиялық түршелер бөлінген көптеген түршелер мыңнан бірнеше мыңдаған шаршы милге жайылған. Аз тараған Scotica, ол Шотландияда бірнеше ағаш бітімімен дамыған, ол кеңінен тараған түрше, hercynica, оның тараған ореалы Германия мен Чехия жерлері. Ресей Федерациясы орман шаруашылығында Л.Ф.Правдиннің түрішілік талдауы белгілі. Ол қарағайдың 5 түр тармағын (географиялық раса) бөледі. Кәдімгі ормандық, қармақ тәріздес солтүстік лапландтық, сібірлік, құлындылық. Әр түр тармақтың ішінде климаттық экотиптер мен топырақтық немесе эдофикалық популяциялар бөлінеді, оларды бөлу мүмкін емес. Қазіргі концепция түрді популяциялар жүйесі ретінде қарастырады. Ең басты түрлерін популяциялық көзқараспен зерттеу – орманшылардың орман ғылымында жаңа сапалы іс . Орман шаруашылығында популяция көбінесе қолданудың, қорғаудың және түрді қайта дамытудың, негізгі көрсеткіші болып табылады. Ағаш өсімдіктерінде популяциялық құрылымның ерекшелігі биоэкологиялық ерекшеліктер мен анықталады.тіршілігінің ұзақтығы ареал кеңдігі. Ағаш өсімдіктерінде негізінде кәдімгі қарағайдың популяциялары дарақтар сонымен көп, шекаралары анық емес, тек аусыпалы аймақтары бар. Тұқым қуалаушылық қасиеттері мен белгілері ареал шеңберінде физикалық – географиялық жағдайлар өзгерумен біртіндеп өзгереді. Кәдімгі қарағайдың географиялық өзгергіштігін ескере отырып бұрын кеңес елдерінде 85 орман тұқым аудандары бөлінген. Түрлік әр түрлілігі Кәдімгі қарағай өте полиморфтік түр. Л.Ф.Правдиннің зерттеуі бойынша, көптеген түрлердің ішінде, 31 бөрікбас пен діннің зерттелген түрімен, 9 қабық құрамымен, 21 қылқанның мөлшері және бояумен, 12 қарағай бөрісінің құрамымен, 3 сүрек сапасымен, 5 дәндер түрімен бөлінген. П.И.Молотков пен И.Н.Патлай бұл зерттеулерді жалғастырған. Бірақта бұл талдаулар кәдімгі қарағайдың барлық түрлерін көрсете алмайды. Әр ағаш бітімі морфологиялық, анатомиялық, физиологиялық ж.т.б. белгілерімен айырмашылығы бар ағаштардан құрастырылады. Олардың ішінде бағалы қасиеттері бар түрлер кездеседі, яғни сұрыптауға болады. Кәдімгі қарағайдың селекция әдістері Сұрыптау кәдімгі қарағайдың негізгі әдісі болып есепетеледі. Селекция әдісі ретінде будандастыруды қолдануға болады, бірақта бұл әдіспен ұзақ өсетін өсімдіктер мен нәтиже алу созылып кетеді, сондықтан бұл әдіс сирек қолданылады. Кәдімгі қарағаймен экспериментальдық мутагенезбен жұмыс жүргізеді, бірақта ғылыми зерттеу орындарында ғана және орман шаруашылығында да көп мағына берілмейді. Вегетативтік көбейтуді жүргізу қиын, сондықтан түрдің селекциясы семьялық және популяциялық деңгейде жүргізіледі. Кәдімгі қарағаймен жұмыс істегенеде , табиғи ағаш бітімдерінде селекциялық есептер жүргізіледе, ол жалпы сұрыптаумен іске асырылады. Сыналатын қауіпті географиялық дақылдарда, жасы өсе келе, өте жақсы климаттиптерді, экотиптерді және түрлерді сұрыптаған дұрыс. Ормандарда күту жұмыстары жүргізілгенде , түрлік әр түрлілікті ескере отырып, сұрыптау жүргізудің болашағы бар. Кәдімгі қарағайдағы селекция көрсеткіштері Кәдімгі қарағайда көп уақытқа дейін селекция тек өте жақсы ағаштар сұрыптаумен жүргізілген, олар генетикалық бағаланбаған, сондықтан көрсеткіштер қарама-қайшы. Барлық өте жақсы ағаштар, өздерінің шаруашылық белгілерін ұрпаққа бермейтіні көпшілікке белгілі. Бұл құбылысты қазіргі генетикамен түсіндіруге болады. Орман ағаштары оның ішінде қарағай, сандық белгілерімен өте жоғары гетерозиготтық деңгейде, ал белгілердің өздері қоршаған ортаның әсерімен қатты өзгереді.ӨЖА клондары орналасқан ормандық тұқымдық алқаптарынан алынған дәндерінен өскен өнімді екпелік ағаштар құрастыру кәдімгі қарағай селекциялық басты бағдары ретінде, сондықтан ұрпағымен сыналған ӨЖА бағалау зерттеулерін жалғастыра отыру керек. Жақсы популяциялар сұрыпталғаннан алынған көрсеткіштер сенім арттырады. 1927 ж. бастап әр елдерде кәдімгі қарағаймен түраралық будандастыру тәжірибелері жүргізілген . Бірақта АҚШ-та жүргізілген зерттеулер, мынаны көрсетті, кәдімгі қарағайдың нәтижелі тез өсетін будандық комбинациялары мыналар екенін: күрделі будандастырудан алынған бірінші ұрпақты аталық- аналықтармен будандастыру кәдімгі қарағай, жиі гүлді қарағай, кәдімгі қарағай., ұрпақ берді, ол аталық-аналықтарынан биіктігімен 10-15пайыз асып түсті. Қамышен тәжірибе пункттінде түраралық будандастырудың әр түрлі варианттарынан өте жоғары будандық тиімділік алынған. Будандардың кейбір түрлерінің биіктігі кәдімгі қарағайдың биіктігінен әжептәуір асып түскен, мысалы кәдімгі қарағай + қрым қарағай буданының биіктігі 18 жасында 9,7 м, ал кәдімгі қарағайдың ең жоғары биіктігі 8,2мм болған. Түр ішінде будандастырғанда кейбір жағдайларда болашағы мол қатынастар болады. Сүректің сапасымен, қуаңшылыққа төзімділікпен, шайыры жоғарылылықпен, өміршеңдігімен және иммунитеттілігімен. Өте алыс климаттиптерді будандастыру ұсынылмайды. Кәдімгі қарағайға химиялық мутагендердің және сәулелердің әсері туралы зерттеулер жүргізілген. Ал суперагенттерді қолданумен жүргізілген тәжірибелерде жақсы көрсеткіштер алынған. Дәндерге этилен амин ерітіндісімен әсер еткенде мутант алынған гетерозистік белгілері бар. 14 Көп жапырақты ағаш тұқымдарының селекциясы Қайың селекциясы А.М.Данченконың (1982) айтуынша Қазақстанда қайыңның кеңінен тараған үш түрі бар, олар: қотыр қайың , ақ қайың -үлпек қайың, ұсақ жапырақты қайың. Қотыр қайың мен ақ қайынның тарау ареалдары әртүрлі. Ақ қайың солтүстікке, қотыр қайың оңтүстікке тараған. Қотыр қайыңның ең онтүстік нүктесі сицилия, ал ақ қайыңның солтүстік нүктесі Норвегияның солтүстік шығысы. Қотыр қайың 23-25 м биіктігі бар ағаш, қабығы ромб тәрізді, қоныр- жапырақша, дөрекі және тегіс ақ, сирек қара. Бөрікбасы әдемі, пирамида тәріздестен жұмыртқа тәріздеске дейін, бұтақтары ағаштан салбырап тұрады, еркін өскенді талап етеді. Бір жылдық өркені қызыл-қоңыр, жалаңаш, үлкен ағаштарда әзер байқалатын сирек мең тәріздестер көрінеді. Жапырақ сағағы жалаңаш, ұзындығы 1,2-2,5см. Өсімдік бүршігі желімді, үшкірленген. Дән беретін түйіні 2,0-3,5см, қалыңдығы 7-10мм, аяқшасы 10 мм. Піскенше жабылғышы жабысқан. Жемісі ақ, қоңыр, ұзындығы 1,5-2,0 мм, 1,0 мм жалпақтықтағы ұзынша элипс тәріздес, үшкірленген жаңғақша. Қанаты 1,5-2 есе жалпақ. Ақ қайың -20 м дейін биіктіктегі ағаш, тегіс ақ, сұр жарылғыш, бұдыр, толқын тәріздес, сұр қабығы бар . Бөрікбасы ықшамды, сабақтары қызыл-қоңыр, шайырсыз, темір тәріздес меңшелермен екпе көшеттерімен балақ шыбықтарымен түтіктелген, барқыт тәріздес. Жапырақтары ромб-жұмыртқа тәріздестен жұмыртқа тәріздеске дейін қысқа үшкірленген 3,2 – 6,5 см ұзындығымен,жалпақтығы 3,2-5,5см, дөңгеленген шеттері екі қатар тіс тәріздес үшкір 5-8 жұпты жүйкелері бар, жас жапырақтары өте түкті, жас жапырақтарын уқалағанда иісі өте қайың татиды, сондықтан жұпар иісті қайың деп аталады. Жапырақ сағағы түктелген, кейде жалаңаш,ұзындығы 1,0-2,0см. Өсімдік бүршігінің басы домалақ, шайырсыз. Дән беретін түйіні борпылдақ, сырт жабынғышы ашық тұрады. Жаңғақшасы қоңырлау, дөңгелек немесе элипс тәріздес, ұзындығы 2 мм дейін, көлденеңі 1,5-2,0 мм. Қанатшасы бірдей әлде 1,5 есе кең. Селекцияның бағдары және қайыңның сыртқы әлпеті Қайыңды көп бағдарларда қолданғандықтан оның сорттық түрлерін жасау қиын. Сонда да қойылған мәселелерге сәйкес мына шешімдерге келуге болады: қайыңның өнімділігі, діңінің түзулігі және сүректің тез өсуі, ағаштарды сүректің қол өнеріне қолдануы , әрқашан тұқым беруімен, аурулар және зиянкестерге төзімділігімен сұрыптау. Ұсақ жапырақты қайың биіктігі 12 м дейін ағаш, тегіс немесе бұдыр, сары-ақшыл немесе сұр қабығы бар, тапал және бұтақтанған болуы мүмкін. Бөрікбасы шашыраңқы, сабақтары тік. Жас өркендері сұр немесе қызыл-қоңыр, ақ шайырланған, қысқа түктелген. Жапырақтары қабықты, жұмыртқа, жұмыртқа – элипс тәріздес, түбі үшкір әлде кең-үшкірлі, ұзындығы 2-5 см, жалпақтығы 1.5-4 см, басы үшкірленген, жас жапырақтарының жүйкелері сәл түктелген, ал дамығандары тегіс. Жүйкелерінің астыңғы жағы бұдыр-бұдыр. Жапырақ сабағы қысқа, ұзындығы 1,5 мм. Қотыр қайың мен ақ қайыңды селекциялық жағынан зерттеулер тек басталып жатыр. Осы уақытта белгілі болғаны олардың морфологиялық өзгергіштігі. Қабығының әлпеті бойынша, қайың тегіс және дөрекі болып бөлінеді. Ақ қайың тегіс қабығымен фанера жасауға қолданылады. Дөрекі қайыңдардың физикалық-механикалық қасиеттері өте жақсы, бірақ нашар өседі. Дөрекі қабықты ромб тәрізді, тегіс қабықты және ақ қабықты түрлері барлық зерттелген аудандарда кездеседі. 15 Орман тұқымының шикі затын дайындау, өңдеу және сақтау Тұқым алу үшін орман тұқымының шикі затын дайындайды, олар бүрілер мен жемістер. Тұқым шикізатын орман тұқымының нысандарында (көп және уақытша орман тұқымдық участоктерінде, кесуге арналған орман участоктерінде, саябақтарда т.б.). Тұқым алу үшін ормандық тұқым шикі заттарын өңдейді. Тұқымдық шикі затты өте жоғары сапалы егістік материал беретін мерзімдерде жинау керек. Жинау мерзімі түрлердің биологиялық ерекшеліктерімен, ауа райы жағдайларымен және басқа ықпалдарымен байланысты. Сонымен қатар, дәндердің пісуімен олардың түсу мезгілдерін ескеру керек. Егер дәндер өнімділік пісуінде жерге түссе, онда шикізатты физиологиялық пісуінде жинау керек (самырсын, қайың т.б). Әрбір жағдайларда жинау мезгілін анықтау керек, өйткені ерте жиналса дәндердің өнгіштігі төмендейді, ал кешіксе дәндер ұшып кетуі мүмкін. Тұқым шикі затын тұрған немесе құлатылған ағаштардан, жер бетінен, судан, мұзқатқақтан (жөке ағаш) жинайды. Тұқым шикі затын құлатылған ағаштардан кеспе ағаштарда жинайды, сондықтан кесу уақыты пісу мезгілі мен жеміс беруі мол жылдарға сәйкес келу керек. Жер бетінен еменнің, жаңғақтың, талшынның, алманың, алмұрттың жемістерін жинайды. Тұқым шикі затын жинау көп еңбекті тілейді. Ең көп еңбек тілейтін орын - өсіп тұрған ағаштардан шикі зат жинау. Көлемді егіс алқабын құруға шығарылған шығынның 90 % жемісті жинауға кетеді, ал одан басқа құрастыруға, өсіруге, күтуге, өнімді жинауға, сақтауға, тасымалдауға кетеді. Көп жағдайда ағаштың бөрікбасына шығу керек сосын өнімді түсіру, кесу және жинап қалыптастыру керек, ол үшін әр түрлі көтеруші жабдықтар бар: ДК-1, Белка, басқыштар. Жинаушыларды бөрікбасына көтеру үшін әр түрлі гидрокөтергіштерді қолданады: АПГ-12, МШТС-2А, МШТС-2Т, ТВ-26 т.б. Бұл машиналар телескопиялық көтергіштермен қамтамасыз етілген. Олар бөрікбасына 2 адамға дейін көтереді. Дәндерді дайындауға арнайы машиналар жасалған, шаңсорғыш тәрізді жұмыс істейтін, мысалы, сексеуілдің дәнін жинау үшін өзбек ғалымдары «ССМ- 1» дән жинағышын жасаған, өнімділігі 8,6 кг/сағ. Көбіне дайындалған орман тұқым шикі заты алдын - ала өңделмей егістікте қолданылмайды. Ол үшін дәндерді жемістер мен бүрілерден алу керек, қанатсыздандырып, қоспалардан тазалап, керек ылғалдылыққа дейін кептіреді. Жемістер мен бүрілерді өңдеу өте жауапты жұмыс. Оны орындау, жинау және тұқым материалын сақтау тұқымның егістік сапаларына көп әсер етеді. Бүрілер, олардан дәндерді алу тәсілдерімен үш категорияға бөлінеді: -бүрі кептіргіштерде өңделетін бүрілер (қарағай, шырша, сібір бал қарағайы); -бөлшектелінетін (самырсын, еуропа балқарағайы) немесе бастырылатын (май қарағай) бүрілер; - аршалардың бүріжидектері, қатты шырынды жемістерді өңдеу тәсілдеріне ұқсас. Самырсын, сібір қарағайы, бал қарағай дәндерін бүріден механикалық бөлумен алады. Бұл түрлердің бүрілері қиын бөлінетін, ортаңғы діңі мықты және оңай бөлінетіндерге бөлінеді. Қиын бөлінетін бүрілерді екі кезеңде өңдейді. Бірінші «АС-0,5» көмегімен діңін теседі, сосын «ММС-1» машинасымен механикалық бұзады және дәндерді бүріден бөледі. Ал самырсын мен май қарағайдың дәндерін алу үшін «ММС-1» машинасын қолданады. Жапырақты түрлердің құрғақ және шырынды жемістерінен дәндер алу. Жапырақты түрлердің құрғақ жемістерінің тұқымдық ішкі заттарынан дәндер алып оларды қоспалардан бөледі. Қайыңның дәндерін сырға гүлді уқалап алады. Қабыршықтарынан бөлу үшін 2 мм елеуіштен өткізеді, ал қанатсыздандыру үшін - 1 мм елеуіштен. Қараған, қармала бұршақбастарын кептіріп, бастырады және ұшырады. Жапырақты түрлердің дәндерін алғанда оларды қанатсыздандыруға болады, ол үшін дән тазалағыш «СУМ-1» машинасын қолданады. Талшын және жаңғақтылардың жемістерін сыртқы қабықтарынан арылтады, сосын қоспалардан тазартады. Жарамды желудтерді жарамсыздардан бөлу үшін оларды суға салады. Сапасыздарды су бетіне шығады, ал сау желудтер түбіне түседі, оларды жинай кептіреді. Талдардың дәнін алу үшін сырға гүлдерді 5 - 7см қалыңдықпен құрғақ, желдетілетін орынға жазады. Қауашақ жеміс ашылып ұлпа бөледі, оларды елеуіште дәндерден алшақтатады. Шекілдеуікті дақылдардың ірі жемістерін жеміс езгіш, жеміс кескіш орындарында өңдейді. Шырынды жемістер - дәнек жемістілер, жемістер, сүйек жемістер, тұт ағашының жеміс шоғырын сүйек бөлгіш немесе жеміс езгіш машиналарда өңдеп дәндерін жуып алады. Алынған дәндерді жуып араластырып кептіріп отырады немесе арнайы кептіргіште кептіріде, темпрература алма мен алмұртқа 35° С жоғары болмау керек, сүйек жемістілерге 25° С жоғары болмау керек. Дәндерді қанатсыздандыру, тазалау және сорттау. Тұқым шикі затынан дәндерді алған соң оларды қоспалардан тазартады, сорттайды, ал қанаттыларды қанатсыздандырады. Орман шаруашылығында қанатсыздандыратын ОВС- 2, СУМ-1 және тазартып сорттау машинасы МОС-1 қолданылады. Қанатсыздандыру щеткесі бар барабандарда жүргізіледі. Ол жерде бөлу мен қатар тазарту және сорттау жүргізіледі. Қарағай мен шырша дәндерін қанатсыздандырғанда, дәндерді жайып сулайды, сосын кептіріп араластыра отырып бөледі. Сақтауға дайындау және ұйымдастыру Қылқан жапырақтылар бүрілерін өңдегенде келесі талаптар сақталу керек: бүрілерден дамыған дәндер толық алыну керек; кептіру айналымын азайту және жоғары өнімділік; дәндердің егістік сапаларын сақтау. Бүрілердің ылғалдылығы көп мағыналы, ол жинау мезгілімен байланысты. Негізгі кептірудің алдында бүрілер алдын-ала кептіріліп ылғалдылығы 20-25% аспау керек. Кәдімгі қарағайдың, шыршаның, бал қарағайдың т.б. түрлердің бүрілері 4 - 6 жыл, өнгіштігін төмендетпей, сақталуы мүмкін. Ерте мезгілде жиналған бүрілердің ылғалдылығы 45-60% болады, сондықтан сақтауға салар алдында ашық жерде құрғақ ауа райында, көлеңкеленген немесе жел соғатын жерде 0,3-0,5 м қалыңдықпен жайып кептіреді. Кептірілген бүрілерді 1,5-2м қалыңдықта сақтауға болады. Қамба және басқа сақтау орындары келесі талаптарға сәйкес болу керек: - бүрікептіргіштер тоқталмай жұмыс істеуді қамтамасыз ететін бүрілер сақтайтын орын болу керек; - барлық келіп жатқан бүрілер партияларын бөлек сақтайтын қоймалар керек; - мүмкіндік болғанша бүрі кептіргіштерге жақын болу керек, - бүрілер зеңденуді және дәндер шіруді болдырмау үшін жақсы желдетілетін болу керек; - қамбалар өзі желдетілетін, желдеткіш шахталар арқылы, ылғалды ауаны шығаратын болу керек. Еменнің жемісін (желудь) ұзақ (1,5 жылдан көп) сақтайтын 150 т. қойма. Бұл жерде самырсындық қарағайдың т.б. дәндерін сақтауға болады. Қойма 3 тоңазытқыш камералардан құрастырылған жылу беретін, компрессорлардан, тұрмыстық т.б. қабырғалары кірпіштен, төбесі бетон, жемістерді құммен араластырып ағаш жәшіктерде сақтайды. Тоңазытқыш камераларда ауа температурасы -2 ден +2 С дейін болу керек. «411-1-6 типтік жоба» -10т дейін қойма, температура құбылмалы, қылқан жапырақтылар дәндерін 3-5 жыл сақтауға болады. Дәндерді ауа болмайтын шыны ыдыстарда сақтайды. Бұл жобамен салынатын қоймалар температура құбылысы -30 +40 С болатын аудандарда салынады. Бұл жобаның кемшілігі тоңазытқыштары жоқ. Тұқымдарды сақтау ұзақтығына көп жағдайлар әсер етеді: - қандай түрге жататыны; - пісу кезеңі; - сақтар алдындағы өңдеу; - сақтау кезеңіндегі өміршеңдігі және ылғалдылығы; - ауаның ылғалдылығы мен температурасы; - аэрация; - саңырауқұлақ және бактерийлермен зақымдану. Кейбір жұмыстарда тұқым сақтауды ағымды 1-жылға дейін, ауыспалы 1-2 жыл, ұзақ 3-5, одан көп жылдар деп бөледі. Бірақ та ағаш түрлерінің биологиялық ерекшеліктерімен анықталатын сақталу мерзімі болады. Сондықтан аталып кеткен мерзімдер биологияны ескермейді. Тұқымдарды сақтауды екі категорияға бөлген дұрыс болады: қысқа және ұзақ мезгілді. Жәйлі жағдайларда сақталған дәндер өміршеңдігімен 3 класқа топтандырылады: - микробиотиктер, өмір ұзақтығы 3 жылға дейін; - мезобиотиктер, өмір ұзақтығы 3-15 жыл; - макробиотиктер, өмір ұзақтығы 15 жылдан көп. Дәннің ылғалдылығы шешуші жағдайлардың біреуі, өміршеңдігіне тік және жанама әсер етеді, яғни саңырауқұлақтар мен бактерий құрамдарына. Егер дәндердің ылғалдылығы 12% көп болмаса, патогендік микрофлора дамуын төмендетіп көбеюі тоқтайды. Екінші шешуші жағдай ортаның температурасы, ол өміршеңдікті ұзартады. Температура жоғарылаумен дәндердің физиологиялық процестері тездетіледі. Бірақ та, егер ылғалдылық төмен болса, дәндердің өміршеңдігі де төмен. Бақылау сұрақтары 1. Орман тұқым шикізатын қабылдау және есептеу. 2. Қылқан жапырақтылардың бүрілерінен дәндерді алу, өңдеу. 3. Құрғақ және шырынды жемістерден дәндерді алу, өңдеу. 4. Орман дәндерін сақтау және тасымалдау. 5. Бүрі кептіргіштер типтері, құрамы, жұмыс істеуі. 6. Тұқым қоймалары, типтері. 7. Басты ағаш тұқымдарының тұқымдарын дайындау ерекшеліктері. 16 Тұқымдардың физиологиялық жағдайы Ағаш және бұта түрлерінің дәндері даму және пісу кезінде өте жоғары физиологиялық белсенділікпен көзге түседі. Олардың құрамында көптеген көмірсулар және азоттық құрамдар бар, дәндер пісе келе олар крахмал, ақуыз, майлар түрінде жиналады. Дәндер піскенде физиологиялық белсенділік төмендеп, ұрық өсуін тоқтатады, қоректік заттар қозғалуын тоқтатады, судың көлемі азаяды. Барлық дәндер тыныштықта болады, бірақ та ол әр түрлі болады. Кейбір түрлердің дәндерінде жағдайлық тыныштық болады, яғни керек жағдайлар болмаса өнбейді. Егер дәндерге жағдайлар жасалса, тыныштықтан шығып өнеді. Кейбір түрлердің дәндерінде терең тыныштық болады, олар арнайы дайындықсыз өнбейді. Терең тыныштық тудыратын жағдайлар: - дән қабығының қаттылығы; - ұрықтың айрықша физиологиялық жағдайы; - ұрықты қоршайтын ұлпаларда ерекше заттардың болуы. Қараған, қармала, жөке ағашының дәндерінің қабығы су жібермейді, ал шаған мен веймутов қарағайы - оттегін. Кей түрлерде дәндердің ұрығы піспейді, оларды пісіруге біраз кезең керек. Ұрық морфологиялық піседі, ал физиологиялық өнуге дайын емес. Терең тыныштықты тудыратын заттар - ингибиторлар 100ге жуық түрлерде бар. Бақылау сұрақтары 1. Дәндер тыныштығының теориялық негіздері. 2. Дәндердің терең тыныштыққа кету жағдайлары. 17 Тұқымды егуге дайындау Қазіргі ауқытта тұқымды егуге дайындау тәсілдері тек терең тұқымдық тыныштықтан шығу үшін істелмейді, сонымен қатар тұқымның өну энергиясын , өну және өскіндеу жағдайларын жақсартуға, аурулар және зиянкестермен күресуге, аурулар мен зақымдануларды болдырмауға арналады. Тұқымдарды өңдеудің келесі түрлері болады: тұқымның өніп шығуын жеңілдету, тұқымды зақымдау, қарға орау, тұқымды сумен өне бастауына жеткізу, тұқымды микроэлементтер және өсу үдеткіштерімен өңдеу, қатты қабықтарға гидротермиялық, механикалық және химиялық әсер ету, улау және уытсыздандыру. Тұқымның өніп шығуын жеңілдету Еккен жылы өскін бермейтін түрлерде қолданылады (долана, итмұрын, кәдімгі шаған, жаңғақтар ж.т.б.). Қазіргі уақытта тұқымды төсемікпен араластыру тәсілі қолданылады. Бұл тәсілді көктемгі егіске қолданылатын тұқымдарға пайдаланды. Жүргізу ұзақтығы және температуралық тәртіп түрдің биологиялық ерекшеліктерімен байланысты. Төсемік - жуылған ірі өзендік құм, еленген құрғақ шымтезек. Суланған тұқымды үш есе көп төсемікпен араластырып ылғалдылықты 50 - 60% жеткізеді. Яғни дайындау жұмысы сақтаумен бірге атқарылады. Жәшікке салынған қосындыларды жер қоймасына салады. Жәшіктер ағаштан жасалады, қабырғалары мен түбіне 0,5-1 см тесіктер істеледі, олар 5 см ара қашықтықта, ал қатарлар 10 см ара қашықтықта орналастырлады. Әр 10- 15 күннен кейін қоспаларды араластырып керек болса суландырып отырады. Егер дәндер ерте өне бастаса, онда жәшіктерді қардың астына салады. Тұқымның орларда өніп шығуын жеңілдетудің 2 түрі бар: жылы орларда (дәндердің тыныштық кезеңі 3-4 айлардан көп); суық орларда (дәндердің тыныштық кезеңі 3-4 айларға дейін). Жазғы орларды жаңа жиналған, жазда пісетін дәндерге (шие, итмұрын), және өткен жылы жиналған күзде егілетін немесе қысқы мерзімде өңдеуді жалғастыру үшін қолданады. Жазғы орлардың тереңдігі 0,3-0,35 м, жалпақтығы 0,5 м. Дәндерді құм немесе шымтезекпен араластырып, орларды толтырады, бетін тақтайлармен жабады, үстіне 10-15 см қалыңдықпен сабан салады. Әр 10 күннен кейін араластырып керек болса сулап отырады. Тұқымды зақымдау Дәндердің қабығын механикалық әсермен немесе зақымдаумен тырнау, ол арнайы машиналармен немесе құммен жасалады. Зақымдағаннан кейін дәндерді суда 12 сағат ұстайды, сосын егеді. Химиялық әсер ету Химиялық әсерді қышқылдармен жасайды, сондықтан су және ауа сіңетін болады. Қарға орауды төмен температурада өнетін дәндерге қолданады. Бұл тәсілмен қылқан жапырақтылар және кейбір жапырақтылар түрлерінің (қарағай, шырша, май қарағай, қараған) дәндері өңделеді. Тұқымды суда ұстау - тыныштығы бар дәндерді егуге дайындаудың бір тәсілі. Үй температурасындағы суда ұстаған соң дәндерді кептіріп егеді. Қарағайдың, бал қарағайдың, шыршаның дәндерін күннің көзінде 1- 2 сағат ұстаған жақсы көрсеткіштер береді. Қолданылатын су әр түрлі болуы мүмкін: кәдімгі, қардың суы, газсыз, магнитталған, жаңбыр суы. Қабығы қатты дәндерге гидротермиялық әсер етуді қолданады (зақымдаудың орнына қолдануға болады). Дәндерді қапшыққа салып 1 минутке ыстық суға, сосын 3 минутке суық суға салады, оны 3 рет қайталайды. Негізінде ағаштың түріне байланысты, сондықтан ыстық суда 5 секунд және жоғары ұстауға болады. Микроэлементтермен тұқымдарды өңдеу. Дәндерді микроэлементтер (B, Cu, Mg, Zn, Mo, Co, I, Ni т.б.) бар ерітінділерде 12-24 сағат ұстайды. Микроэлементтердің өз әсерлері бар: бор өсімдіктердің өсіп - дамуына, әсіресе тамыр жүйесінің; марганец дәндердің өнуін тездетеді; дем алуды және өсімдіктердің ассимиляциясын жақсартады. Тұқымдардың өнуін үдеттіргіштермен өңдеу. Үдеттіргіштер дәндерге айрықша әсер етеді, өсімдіктердің бастапқы кезде дамуына, өнгіштігі мен өну энергиясын жақсартуға, олар әр түрлі болады. Концентрациясы мен өңдеу уақыты да әр түрлі: гибберилин, аминоспирт, янтарлық және басқа да қышқылдар. Өңдегеннен кейін дәндерді сумен шаяды. Дәндерді физикалық тәсілмен өңдеу. Бұл тәсілде дәндерді лазер сәулесімен, рентген сәулелермен, ультра-дыбыспен, электромагниттік күштермен және т.б. өңдейді. Ол әсерлермен дәндердің өнгіштігі және өну энергиясы жоғарылайды. Бақылау сұрақтары 1. Тұқымды егуге дайындау. 2. Тұқымның өніп шығуын жеңілдету тәсілі. 3. Тұқымды зақымдау тәсілі. 4. Физикалық, химиялық, механикалық әсер ету тәсілдері. 18 Зертханалық жұмыстар № 1 – 2 зертханалық жұмыстары. Тұқым сапасын анықтауға орташа үлгі сұрыптау Бұл сабақты студенттер орман – тұқым бақылау станциясындағы жалпы жұмыс тәртібімен, тұқым тексерудің тарихымен, тұқым зерттеуге арналған мемлекеттік стандарттармен (МСТ), негізгі терминдердің анықтамаларымен, орман шаруашылықтарында тұқым жинап, оларды сақтау және құжаттау тәртібімен танысады. Содан кейін ағаш түріне қарай тұқым партиясының салмағы қандай болатынын және олардан алынатын Жұмыстың барысында тұқымдардың арнайы паспорты мен этикеткасын (1,2 қосымшалар) және орташа тұқым үлгісінің сұрыптау актісін (3 қосымша) толтырады. 1 кесте - Тұқым партиясының шекті салмағы мен орташа үлгісінің салмағы | | | | |Тұқым түрі |Партияның шекті |Орташа үлгінің | | |салмағы, кг |салмағы, г | |Кәдімгі қарағай |50 |50 | |Кәдімгі шырша |50 |50 | |Шренк шыршасы |50 |75 | |Сібір балқарағайы |50 |75 | |Сібір майқарағайы |100 |100 | |Сібір самырсыны |500 |1000 | |Қотыр қайың |75 |25 | |Кәдімгі шегершін |100 |50 | |Бұтақты шегершін |100 |75 | |(қарағаш) | | | |Бұтақты шегершін |200 |400 | |(қарағаш) | | | |Татар үйеңкесі |200 |300 | |Ұсақжапырақты жөке |200 |300 | |Боз жиде |200 |500 | |Терек |30 |15 | |Жабайы алма |100 |150 | Орташа үлгіні сұрыптау жұмыстары «Ағаштар мен бұталардың тұқымдары» атты мемлекеттік стандарттар арқылы жүзеге асырылады. Ол стандарттардан ешқандай ауытқуға болмайды, сондықтан мына негізгі терминдердің – тұқым партиясы, ойма, бастапқы үлгі, орташа үлгі – мәнін берік ұғып алу қажет. Тұқым партиясы деп салмағы нақты алынған, біркелкі бір ағаш не бұта түрінен құралған, паспорты мен этикеткасы бар тұқымдарды атайды. Тұқым партиясы өз құрамына байланысты біртектес болуы шарт: а) өсіп - өну жағдайлары бірыңғай-бір орман тип тобында; таулы жерлерде теңіз деңгейіндегі бір биіктікте және бір бағыттағы беткейлерде, ал жас шамасы да бір топтағы ормандардан – балауса ағаштардан, орта жастағы, жетілуге жуық әлде әбден піскен немесе ормантұқымдық учаскелерден жиналған; б) шыққан тегі бірдей – табиғи немесе екпе ормандардан дайындалған; в) ормандылық құндылығы бірдей – таңдаулы, жақсартылған немесе әдеттегідей; г) жинау мезгілі (мерзімі) де бір уақыттағы; д) тұқымдарды немесе жемістерді жинау және өңдеу тәсілдері де бірдей; е) тұқымдарды бүрлерінен шығарып алу мерзімі бірдей – 2 аптаның ішінде; ж) сақталу жағдайлары бірдей – ыдыс түрі де, қоймасы да; з) тұқымның түсі, жылтырлығы, ылғалдылығы, зақымдануы бірдей. Тұқым сапасын анықтау үшін ең алдымен тұқым партиясынан оймалар алынады, олардан бастапқы үлгі құрастырылады, ал ол үлгіден орташа тұқым үлгісі сұрыпталып, бақылау станциясына жіберіледі. Ойма дегеніміз азғантай мөлшердегі партияның әр жерінен алынатын тұқым. Бастапқы үлгі – барлық оймалардың жиынтығынан құралған тұқым. Орташа үлгі – бастапқы үлгіден зертханалық зерттеуге алынатын нақты мөлшерлі тұқым бөлігі. Оймаларды сұрыптау Тұқымдардың түрі мен сақталу жағдайларына байланысты оймалар алу қолмен немесе қармауышпен (щуп) арқылы жүзеге асырылады. Түрлі жәшіктерге салынған ұсақ және орташа өлшемдегі сусымалы тұқым партиясынан оймалар конусты немесе цилиндрлі қуыс қармауыш көмегімен, болмаса қолмен әр 3 қабаттың (үстіңгі, ортаңғы және төменгі) 5 жерінен алынады. Сонда жалпы оймалар саны 15 болады. Ірі дәнді тұқым партиясынан (жаңғақтар, сүйек жемістілер, т.б.) оймаларды әр қабаттың 10 жерінен 30-дан кем алынбайды. Ауызы тігулі қаптардан оймаларды әр қабатынан арнайы қармауышпен тесу арқылы алады, ал ауыздары тігілмеген қаптардан қолмен де алуға болады. Оймаларды алу тәртібі: а) тұқым партиясы 10 қаптан аспаған болса, әр қаптан 3 ойма (3 қабаттың әр қайсысынан 1 ойма) алынады; б) тұқым апртиясы 10 қаптан артық болған жағдайда әр қаптан 2 оймадан алады (ойма алатын жерлерін ауыстырып отырады). Шыны мен металл ыдыстарына салынған немесе сусымайтын тұқымдардан оймалар сұрыптау үшін тұқымды тегіс жерге төгеді, әбден араластырып, жаймалап тегістегеннен кейін әр ыдыстағы тұқымның 5 жерінен оймалар қолмен алынады. Еменнің шошқажаңғақ партиясынан оймалар әр жерінен 5-тен кем алынбайды. Бастапқы үлгі құрастыру Әр тұқым партиясынан жиналған оймалар тегіс жерге бөлек-бөлек төгіледі, сосын алдымен түр-түсі, иісі, жылтырлығы және басқа да көрсеткіштері бойынша салыстырылады. Осының нәтижесінде тұқымның біртектестігі анықталғаннан кейін, оймалардың өте бір үлкен айырмашылығы байқалмаса, олар біріктіліп араластырылады. Содан кейін осы оймалардан бастапқы үлгі жасалынады. Бастапқы үлгінің салмағы орташа үлгі салмағынан 10 еседей артық алынады. Тек тұқым партиясы өте аз болған жағдайда бастапқы үлгі жасалмай- ақ орташа үлгі жарты салмағына тең етіліп алынады. Орташа тұқым үлгісін жасау Бастапқы үлгіден бір орташа үлгі құрастырылады. Сол арқылы тұқымның тазалығы, 1000 данасының салмағын, өсу қуаттылығын, өнгіштігін, өміршеңдігін, т.б. сапа көрсеткіштерін анықтауға болады. Тұқымның ылғалдылығын анықтау қажет болған жағдайда ғана бастапқы үлгі қалдығынан стандартқа сәйкес етіліп екінші үлгі жоғарыда келтірілгендей бөлініп алынады. Орташа үлгі тұқымдарын бөліп алу алдында бастапқы үлгі тұқымы әбден араластырылады да таза тегіс брезент, фанера немесе тегіс тақтай бетіне төгіледі. Осыдан кейін орташа тұқым үлгісі крест тәсілімен болмаса арнайы тұқым бөлгіш құралы арқылы бөліп алынады. Кресттеп бөлу. Бастапқы үлгі тұқымдары тегіс жерге қалыңдығы 3 см етіліп (ұсақ тұқымдар), ал ірі тұқымдар үшін 10 см-ге дейін шаршылап жинақталған соң, сызғышпен диагональдар бойымен 4 үшбұрышқа бөлінеді. Екі қарама-қарсы жатқан үшбұрыштағы тұқымды алып ыдысқа саламыз, ал қалған екеуін біріктіріп, тұқымдарын араластырып тағы да қайтадан крестеп бөлеміз. Осылай бөлу орташа үлгіге қажетті тұқым салмағы қалғанға дейін қайталана береді. Орташа үлгіні тұқым-бөлгіш құралы көмегімен алу. Ұсақ және орташа өлшемдегі сусымалы тұқымдарды бастапқы үлгіден арнайы тұқым-бөлгіш құралы арқылы алу өте қолайлы. Бұл бөлгіштің ерекшелігі оған салынған тұқым екіге қақ бөлініп екі ожауша – ыдысқа түсіп отырады. Тұқыммен бірге оның ішіндегі әр түрлі қосындылар мен басқа да құрамындағы заттар тең екіге бөлініп отырылады. Бөлгіштің жұмысы дұрыс деп бағаланады, егер ожаулардағы тұқым салмағы бір-бірінен 5 проценттен артық ауытқы қоймаса.Бастапқы үлгі тұқымдарын өзімізге керекті орташа үлгі салмағы бір ожауда қалғанша өткізе береміз. Орташа үлгілерді тексеруге жіберу Бөлініп алынған орташа үлгіні тұқымдық сапалылығын анықтауға жібереде оларды тығыз матадан тігілген , алдын-ала суда қайнату арқылы дезинфекциядан өткізілген таза қалталарға салады. Қалтаның ішіне орташа тұқым үлгісімен бірге этикеткасын салып, аузын мықтап байлаймыз. Тұқым ылғалдылығын анықтауға арналған орташа үлгіні таза, құрғақ шыны ыдысқа салып, аузын жақсылап тығындап, бекітіп жібереді.Этикетканың бір данасын шыны ыдыс ішіне салып, екіншісін сыртына жапсырады. Бөлініп алынған орташа үлгілер орман тұқымдарын бақылау станциясына жібергенге дейін тұқым партиясымен бірге қоймада сақталынады. Орташа үлгіні сұрыптауға орман шаруашылығының инженерлері, агрономдар және басқа да арнайы үйретілген мекеме мамандары ғана жүзеге асыруға тиіс. Бұған міндетті түрде тұқым сақталуына жауапты адам да қатысуы керек. Іс жүзінде орташа үлгіні алуға арнайы комиссия құралады. Мекеме бастығының бұйрығы бойынша оған кіретіндер: 1) орман шаруашылығының немесеорманшылықтың қызметкері; 2) орманшы не оның орынбасары немесе учаскенің технигі; 3) тұқымдардың сақталуына жауапты адам-қоймашы немесе орман қорушысы. Бөлініп алынған үлгілерге белгіленген актінің (3 қосымша) 3 данасы толтырылып, оған қатысқан адамдардың қолдары қойылады және мекеменің мөрі басылады. Актінің біреуі паспорт көшірмесімен бірге тұқым бақылау станциясына жіберіледі, екіншісі мекеме іс қағаздарында сақталынады, ал үшіншісі өндірістік зерттеуге кеткен тұқымдарды есептен шығару үшін бухгалтерияға өткізіледі. Тұқымдардың орташа үлгілерін (қапшықтардағы және шыны ыдыстағы) тексеруге ағаш жәшікке немесе берік қорапқа салып, мықты бекітіп жібереді. Егер бірнеше орташа тұқым үлгілері бір жәшікке салынған жағдайда, олардың әрқайсысына тұқым түрі, паспортының нөмірі көрсетіледі. Қанатты тұқымдарды зақымданудан сақтау үшін орташа үлгілерін нығыздамай салады. Стратификациядан өткен құм аралас тұқым үлгілері арнайы қағазбен тығыздалып оралып, жәшікке салынып жіберіледі. Орташа үлгілер сұрыптап алынғаннан кейін тұқым бақылау станциясына екі тәулік ішінде жіберілуге тиіс. Тұқым бақылау станциясының орташа үлгілерді қабылдау Тұқым бақылау станциясының мамандары тексеруге келіп түскен орташа үлгілердің алдымен құжат қағаздарын тексеріп көреді. Сонымен қатар ыдыстардың бүтіндігіне, пломбы не мөрдің бұзылмағандығына көз жеткізеді.Содан кейін орташа үлгілердің өзара және тұқым партиясының салмақтарына сәйкестігін, олардың дер кезінде зертханалық зерттеуге түсуін қадағалайды. Жоғарыда келтірілген талаптардың біреуі сақталмаған жағдайда орташа үлгілер тексеруге қабылданбайды. Ол тұқым кері қайтарылады, ал ол жөнінде 3 күн ішінде тұқым жіберушіге үлгілердің қабылданбаған себеп-салдарын көрсетіп, хабарланады. Тексеруге қабылданған тұқым үлгілері таразыда өлшеніп, арнайы журналға тіркеледі. Тіркеу нөмірі үлгі салынған қапшықтарға немесе ыдыстарға және осы үлгіге қатысы ьар құжаттардың барлығына қойылады. Орташа тұқым үлгілерінің белгіленген салмақтан (1 кесте) ауытқуы +5 проценттен аспауы керек. Әр звеноға (3-4 студент) қажетті құралдар мен материалдар тізімі: 1) бастапқы тұқым үлгісі; 2) тұқым-бөлгіш; 3) сызғыш; 4) матадан тігілген қалта, байлау жібімен. 5) тұқым паспорты 6) тұқым этикеткасы 7) орташа үлгі сұрыптау актісі 8) таразы 9) тегіс тақта 10) ожауша 11) қармауыш № 3 – зертханалық жұмыс. Өлшеме бөліп алу және тұқым тазалығын анықтау Өлшеме дегеніміз орташа үлгіден тұқым сапасының жеке көрсеткіштерін анықтау үшін алынатын тұқымдардың белгіленген бір бөлігі. Өлшемені төменгі келтірілген тәсілдердің бірін қолданып дәл мөлшерде тұқым түріне байланысты (2 кесте) бөліп, өлшеп алады. 1. Оймалар тәсілі. Орташа үлгіні араластырып, тегіс үстелге немесе тақтайға тұқым дәндерінің өлшемдеріне қарай қалыңдығы 0,5 см-ден 5,0 см-ге дейін тегістеп төгеді. Содан кейін бір-біріне қарсы қаратылған екі қалақшаны түйістіріп, орташа үлгі тұқымдарының 10-20 жерінен оймалар алынады. 2. Кресттеп бөлу тәсілі бұрын айтылып кеткен бастапқы үлгіден орташа үлгі алуындағыдай жасалынады, тек шаршыдағы тұқымдардың қабат қалыңдығы 5 см-ден аспауы керек. 3. Өлшемені тұқым-бөлгіш құралы арқылы алу орташа үлгі алған сияқты істелінеді. Өлшеме алудың барлық тәсілдерін оқытушы түсіндірген соң, әрбір студенттер звеносы орташа тұқым үлгісінен оймалар тәсілімен өлшеме бөліп алуға кіріседі.Өлшеменің нақты мөлшері тұқым түріне байланысты тұқымдардың тазалығын анықтау үшін 2-кестеде көрсетілген. 2 кесте - Тұқымдардың тазалығын анықтау үшін өлшемелердің салмағы | | | |Тұқым түрінің атауы |Өлшеме | | |салмағы, г | |Кәдімгі пісте, тармақты қараөрік|500 | |Шие (кәдімгі және барлық мәдени | | |сорттары), кәдімгі гледичия |200 | |Жиде (боз,тікенді), | | |кәдімгі мойыл,кәдімгі шаған |100 | |Алма (мәдени сорттары),үйеңкі | | |(Семянов,татар, ағанжапырақты), |50 | |ұсақ жапырақты жөке ағашы | | |Итмұрын, кәдімгі арша |25 | |Бөріқарақат, шырғанақ |20 | |Балқарағай (сібір, Сукачев), | | |қарағай (шайырлы, тау) |15 | |Шегіршін (кәдімгі,бұтақты), | | |шырша (сібір, |10 | |кәдімгі,шығыс,Шренк) | | |Сексеуіл (ақ,қара), | | |кәдімгі шетен,үшқат (кәдімгі, |5 | |татар) | | |Қарақат (қара,сары),тұт |3 | |(ақ,қара) | | |Тобылғы (сұр, талжапырақты) |2 | |Қайың (қотыр,үлпек,Шмидт), |1 | |тал, терек | | Тұқым тазалығы деп, зерттелетін тұқым түрі партиясының тек таза тұқымдар құрамын айтамыз.Оны таза тұқымдар салмағының өлшеме салмағына қатынасы арқылы анықтаймыз. Стратификациядан өткізілген және сыртқы қоршаған орта жағдайында сақталған, сондай-ақ кептірілген шырынды және құрғақ көптұқымды жемістердің тұқымдарының тазалығы анықталмайды. Тұқым тазалығы МСТ 13056.2-67 бойынша тексеріледі.Тексеру мынадай жолмен іске асырылады. Қарастырылатын өлшеме тұқымдарын сұрыптау тақтаға төгеміз де, шпатель қалақша көмегімен 3 топқа: таза тұқымдар, тұқым қалдықтары және қоспаларға бөлеміз. 1. Таза тұқымдарға жататындар: а) бүтін, жақсы дамығандары, өң-түстері ескерілмейді; б) өне бастамағандары, бірақ мұрттары қабығын тескенмен әлі өсіп үлгермеген; в) қабығы шытынаған сау тұқымдар; г) үйеңкі, шаған, қараған тұқымдарының қанат сынықтары, сол сияқты қылқан жапырақты ағаштардың тұқымдары қанат қалдықтарымен бірге. 2. Тұқым қалдықтары фракциясына жататындар: а) мұрт жарып, өніп кеткен тұқымдар (тек емен жаңғағы емес); б) өте ұсақ тұқымдар,ұзындығы мен көлденеңі орташалардың жартысына да жетпейді; в) дәні жоқ бос және қабысып қалған тұқымдар; г) езіліп, кесіліп, немесе дән ұрықтары жартылай ашылып кеткендері және мүлдем қабықсыз қалғандары; д) анық шіріген тұқымдар; е) ауруға шалдыққандары; ж) энтомозиянкестермен бүлінгендер; з) кеміргіштерден бүлінген тұқымдар. 3.Қоспаларға келесі фракциялар жатады: а) арамшөп өсімдіктер мен ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдары; б) басқа ағаш пен бұта түрлерінің тұқымдары; в) тұқым зиянкестері және олардың личинкалары мен қуыршақтары; е) топырақ түйірлері, ұсақ тастар, құм, жәндіктер менкеміргіштердің нәжістері, тұқым сынықтары, жапырақтар, қабық сынықтары, қабыршықтар, өлген зиянкестер, тағы басқа да қосындылар Өлшемені жоғары келтірілгендегідей ажыратып алғаннан кейін таза тұқымдары таразыланып өлшенеді, содан кейін тұқым қалдықтары мен қоспалар әрқайсысы көрсетілген фракциялары бойынша жеке-жеке өлшенеді.Қорытындылары тұқым тексеру құжатына жазылады. Өлшеу дәлдігі төмендегідей: - өлшеме салмағы 99 грамға дейін – 0,01 г; - өлшеме салмағы 100-ден 999 г дейін – 0,1 г; - өлшеме салмағы 1000 г не одан да көп – 1 г дейін. Таза тұқымдардың және жеке фракциялардың таразылау нәтижесі алғашқы өлшеме салмағына тең немесе төмен келтірілген (3 кесте) ауытқу мөшерінен аспауы керек. Егер іс жүзіндегі ауытқулар келтірілген шектеп аспаған жағдайда, олардың салмағы таза тұқымдар салмағына қосылады. Ауытқу көрсетілген шектен асып кетсе, онда орташа үлгіден жаңа өлшеме алынып, оның талдауы қайталанады. Таза тұқымдардың және қалдықтар мен қоспалардың абсолюттік салмағынан басқа олардың проценттік мағыналары да есептелінеді. Есептеу дәлдігі 0,1% дейін, өлшеме салмағы 100% тең деп алынады. Таза тұқымдар бұдан кеінгі тұқым сапасын анықтайтын зертханалық жұмыстарға қажет. 3 кесте - Тұқым тазалығын таразылаудағы ауытқу шегі (г) |Өлшеме салмағы, г |Ауытқу шегі, г | |5 г дейін |0,02 г дейін | |10 г дейін |0,05 г дейін | |50 г дейін |0,10 г дейін | |150 г дейін |0,5 г дейін | |300 г дейін |1,0 г дейін | |1000 г дейін |5,0 г дейін | |1000 г дейін |10,0 г дейін | Жұмыстың орындау тәртібі 1. Студенттер орташа тұқым үлгілерін алғаннан кейін, оларды алдымен тұқым- бақылау станциясының кітабына тіркейді, сосын талдау қағазының бірінші бетін толтырады. 2. Орташа үлгінің тұқымдары аныктап қаралынады, керек болған жағдайда оның ірі қоспалары бөлек алынады. 3. Жоғарыда көрсетілген тәсілдердің бірін қолданып қажетті салмақтағы өлшеме бөліп алу. 4. Өлшемеден таза тұқымдарды, тұқым қалдықтарын және фракциялары бойынша бөліп, таразылап өлшеу.Жасалынған талдаудың дұрыстығын тексеру. Талдау нәтижелерін карточкаға жазу. 5. Бөлініп алынған таза тұқымдар бөлек бір пакетке салынады, оған, тұқым үлгісінің нөмірі жазылады. Тұқым қалдықтары мен қосындылар жалпы қоқыс ыдысына тасталынады. Құралдар мен материалдар: - Таразы - Қалақша (шпатель) немесе ланцет - Сұрыптау тақтасы - Талдау карточкасы - Орташа тұқым үлгісі - Зертханалық күрекше (совок) - Қоқыс салатын ыдыс. № 4 – 5 Зертханалық жұмыстар. Тұқым ылғалдылығы мен 1000 дӘннің салмағын анықтау 1. 1000 дәннің салмағын анықтау Ұсақ дәнді тұқымдарға қарағанда ірі дәнді тұқымдарда қоректік заттар көбірек болады, сондықтан тұқымдардың 1000 данасының салмағы шаруашылықта ең қажетті тұқым сапасының бірі болып табылады. Ірі дәнді тұқымдардың өсіп-дамуы зор болады. 1000 дәннің салмағы тұқымның географиялық шыққан жеріне байланысты, ал іс жүзінде көшеттіктерде тұқым сепкенде себу мөлшерінің есебінде ескеріледі.Сондай ақ бір тұқым түрінің 1000 дәнәнәң салмағы климаттық жағдайларға, топырақ құнарлығына,орманның жасына, т.б. факторларға байланысты өзгеріп тұрады. 1000 дәннің салмағы тұқымдардың ылғалдылығымен өте тығыз байланысты болады. Тұқым ылғалдылығы неғұрлым жоғары болса, оның салмағы да жоғары болады. Сондықтан тұқым партиясын тек қана 1000 данасының салмағымен бағалауға болмайды.Ол үшін міндетті түрде тұқым ылғалдылығы ескерілуі қажет.Ыңғайлы болу үшін 1000 дана тұқымның салмағын олардағы құрғақ зат қатынасы есптеледі. Бұл салмақты абсолюттік салмақ деп атаймыз, оны мына формуламен есептейміз (100 - в) х а К= ------------------ 100 Бұл жерде К – 1000 дәннің абсолюттік салмағы, г; в - тұқым ылғалдылығы, %; а - 1000 дәннің ауақұрғақтығындағы салмағы, г. 1000 дәннің салмағы төмендегідей анықталады: 1) таза тұқымды сұрыптау-құрама тақтасына төгіп, әбден араластырамыз; 2) тұқымдардың ірілігіне, түсіне қарамастан, таңдамай 2 рет 500 дәннен жеке-жеке санап аламыз; 3) 500 дәннен сынама тұқымның әрқайсысын тарзыда өлшеп, нәтижелерін талдау карточкасына жазамыз; екі рет өлшегеніміздің қосындысы 1000 дәннің салмағын көрсетеді. Тұқымның 1000 данасының өлшеу дәлдігі олардың салмағына байланысты.Егер 1000 дәннің салмағы 50 граммнан аспаса, өлшеу дәлдігі 0,01 г; оның салмағы 51 граммнан 150 грамм аралығында болса - өлшеу дәлдігі 0,1 г; ал 1000 дәннің салмағы 150 граммнан көп болса - өлшеу дәлдігі 1,0 г.1000 дәннің салмағы 150 граммнан асып кетсе, өлшеуге 250 дана тұқымнан 2 рет алынып, олардың қортындысы екіге көбейтіледі. Егер әр бір тұқым өлшеу салмақтарының айырмашылығы 5 проценттен асып кетсе, үшінші сынама алынып, өлшенеді.Содан бір-бірінен айырмашылығы аз екі өлшеу бойынша 1000 дәннің салмағы есептеледі. Қорытындылары талдау қағазына жазылады. 2. Тұқым ылғалдылығын анықтау Тұқым ылғалдылығы деп тұқым құрамындағы ылғалдың бастапқы өлшемедегі проценттік қатынасын айтады. Тұқымдардың ылғалдылығы жоғары болған жағдайда, олардың дем алу процесі тез жүріп, түрлі ауру туғызатын микроорганизмдердің дамуына жақсы жағдай туындайды.Сондықтан тұқым шығымдылығы төмендейді. Тұқымдар қоймада сақтау кезінде кептірілген, құрғақ болуы керек. Мысалға, қарағай, балқарағай, шырша тұқымдарының сақтау кезіндегі ең қолайлы ылғалдылығы 6,5-7,4%, кәдімгі шаған, сүйіржапырақты үйеңкі, жөке ағашы тұқымдары -10-12 %, ал емен жаңғағының ылғалдылығы -70-90% болуға тиіс. Тұқым ылғалдылығын арнайы кептіргіштерде немесе электрылғалөлшегіштер көмегімен анықталады. Орман тұқымдары бақылау станциясына түскеннен кейін ылғалдылығы 2 күннің ішінде анықталуы қажет. Қыс кезінде өте қатты тоңзыған тұқым үлгілерін зертханаларға түскен соң 2 сағаттан кейін ғана тексеруге болады. Тұқым ылғалдылығын анықтауға арналған үлгіні тек тексеру басталар алдында ғана алады.Одан оймалар немесе крес тәсілімен керекті өлшемдегі тұқым сынамасы алынады.Керек болған жағдайда тұқымдарды ұнтақтайды, жаңғақтарды жарып дәндерін кеседі немесе үгеді (4 кесте). Тұқым ылғалдылығы кептіру арқылы анықтауы келесі тәртіппен жүзеге асырылады: а) орташа үлгі тұқымдары құрама тақтасына төгіледі, сосын барлық ірі коспалар – топырақ түйірлері, бұтақ сынықтары, бүрлері тағы басқалары бөлек алынады; б) оймалар алу немесе крест тәсілімен тұқым сынамасы алынады, одан 2 өлшемежасалынады, қалған артық тұқымдарды ыдысқа салып, аузын мықтап тығындайды.Бұл тұқым 1 тәулік сақталуға тиісті, керек болған жағдайда пайдалануға; в) алынған өлшемелер алдын – ала таразыланған және нөмірлері қойылған бюкстерге салынады; г) алдын – ала температурасы 130 жеткізілген кептіргіш шкафына тұқым салынған бюкстердің ауыздарын ашып саламыз. Бюкстерді қойған кезде шкафтағы қызу төмендейді, сондықтан кептіргіштегі температура 130 градусқа жеткен кезден бастап кептіру уақыты есепке алынады. Кептіру уақыты тұқым түріне байланысты 1 -3 сағатқа созылады (4-кесте). 4 кесте - Ағаш пен бұта түрлерінің тұқым ылғалдылығын анықтауының техникалық шарттары | |Салмағы, г |Тұқым |Кепті-ру |Кепті-ру | |Тұқым түрі | |сынама|температу-|уақыты, | | | |-сын |расы, С |сағат | | | |дайын-| | | | | |дау | | | | | |тәсілі| | | | |Үлгі-|Сына-м|Өлше-ме| | | | | |нің |а-ның |нің | | | | |1 |2 |3 |4 |5 |6 |7 | |Кәдімгі өрік |500 |100 |15 |Д |130 |2 | |Кәдімгі бөрі |150 |50 |10 |Б |130 |2 | |қарақат | | | | | | | |Қайың (барлық |25 |10 |2 |Б |130 |1 | |түрлері) | | | | | | | 4 кестенің жалғасы |1 |2 |3 |4 |5 |6 |7 | |Бересклет |150 |50 |10 |Д |130 |2 | |Долана (барлық|150 |50 |10 |Д |130 |2 | |түрлері) | | | | | | | |Кәдімгі бузина|25 |10 |2 |Б |130 |1 | |Кәдімгі шие |150 |50 |10 |Д |130 |2 | |Кәдімгі |25 |10 |2 |Б |130 |1 | |бұтақты | | | | | | | |шегіршін | | | | | | | |(қарағаш) | | | | | | | |Кәдімгі алмұрт|150 |50 |10 |Д |130 |2 | |Тал |25 |30 |5 |Б |130 |1 | |Емен (барлық |500 |100 |15 |Д |130 |2 | |түрлері) | | | | | | | |Шырша (барлық |50 |30 |5 |Б |130 |1 | |түрлері) | | | | | | | |Ұшқат (барлық |50 |30 |5 |Б |130 |1 | |түрлері) | | | | | | | |Сары қараған |150 |50 |10 |Б |130 |3 | |Ат каштан |500 |100 |15 |Д |130 |2 | |Боз жиде |150 |50 |10 |Д |130 |2 | |Үйеңкі (барлық|150 |50 |10 |Д |130 |1 | |түрлері) | | | | | | | 4 кестенің жалғасы |1 |2 |3 |4 |5 |6 |7 | |Балқарағай |50 |30 |5 |Б |130 |3 | |(барлық | | | | | | | |түрлері) | | | | | | | |Шырғанақ |150 |50 |10 |Б |130 |3 | |Грек қара |500 |100 |15 |С |130 |2 | |жаңғақтары | | | | | | | |Терек |25 |10 |2 |Б |130 |1 | |Майқарағай |50 |30 |5 |Б |130 |3 | |Итмұрын |150 |50 |10 |Д |130 |2 | |Шетен |25 |10 |2 |Б |130 |1 | |Сексеуіл |25 |10 |2 |Б |130 |1 | |Қарақат |25 |10 |2 |Б |130 |1 | |Самырсын |150 |50 |10 |Б |130 |3 | |Қарағай |50 |30 |5 |Б |130 |1 | |Пісте |300 |100 |15 |С |130 |2 | |Мойыл |150 |50 |10 |Д |130 |2 | |Тұт |25 |10 |2 |Б |130 |1 | |Алма (барлық |150 |50 |10 |Д |130 |2 | |түрлері) | | | | | | | |Шаған (барлық |150 |50 |10 |Д |130 |1 | |түрлері) | | | | | | | Тұқым сынамаларын кептіруге дайындау тәсілдерінің белгілері: Б - тұқымдар бүтіндей кептіріледі; Д - тұқымдар зертханалық диірменде үгіледі. Өрік сүйектерін алдын-ала жарады, ал емен мен каштан ұрықтарын үгу алдында кескілеп 3-4 бөледі. С – жаңғақтарын жарып, алынған ұрықтарын 6-8 бөлшекке кескеннен кейін, езгіште үгітіледі. Тұқым салынған бюкстер кептіріліп болған соң кептіргіштен алысымен эксикаторға салынады, өйткені ол жерде сұйды. Эксикатордың түбіне кальций хлориды қойылады, эксикатордың қақпағының жағалаулары вазелинмен майланады. 15-20 минут өткен соң суыған бюкстер эксикатордан алынады, оның әр қайсысы таразыда өлшенеді. Тұқым ылғалдылығы әр өлшемге бөлек-бөлек процентпен формула бойынша есептеледі (С – С1)х 100 Ы = ---------------------, бұл жерде С – С2 Ы – тұқым ылғалдылығы, %; С – тұқым салынған бюкстердің кептірілмеген салмағы, г; С1- тұқым салынған бюкстердің кептірілгеннен кейінгі салмағы, г; С2- бос бюкстердің салмағы, г. Қарағай, балқарағай және шырша тұқым түрлері үшін тексеріс дұрыс деп есептелінеді, егер 2 өлшеменің де ылғалдылығы орташа ылғалдылық нәтижесінен айырмашылығы 0,3 проценттен аспаса,ал басқа ағаш-бұта түрлеріне бұл көрсеткіш 0,5 проценттен аспауы қажет. Тұқым ылғалдылығын анықтағанда таразылау дәлдігі 0,01 граммға дейін өлшенеді, ал ылғалдылық проценінің дәлдігі 0,1 процентке дейін есептелінеді. Егер ылғалдылықты анықтағанда 2 өлшеме нәтижелері шектелген ауытқулардан асып кеткен жағдайда, тексеру қайтадан жүргізіледі. Ылғалдылық проценті қайталанған тексеріс бойынша алынады. Егер бұл жағдайда да 2 өлшеменің көрсеткіштері шектеуден асып кетсе, ылғалдылық проценті 4 өлшеме қосындысының орташа арифметикалық көрсеткіші бойынша есептелінеді. Құрал- саймандар мен материалдар: 1) Таразы; 2) Сұрыпталған таза тұқымдар; 3) Құрама тақтасы; 4) Қақпақты бюкстер; 5) Қалақша немесе ланцет; 6) Кептіргіш шкаф; 7) Эксикатор; 8) Талдау қағазы. № 6 – зертхангалық жұмыс. Тұқым Өнгіштігін анықтау Тұқым өнгіштігі деп тұқымдардың мұрттанып, өніп (көгеріп), жетілген өскіндер беру қабілетін айтамыз. Бұл жұмысты орындау барысында студенттер 2 апта бойы тұқымдарды өсіру аппаратында стандартқа сәйкес белгілі мерзімде өскіндерін есепке алып бақылау арқылы жүргізеді. Тұқым өнгіштігін бақылауға алынған тұқымдардың жалпы саны бойынша, олардың өну мөлшеріне қарай процентпен есптелінеді. Тұқым өнгіштігімен қатар, олардың өсу қуаты да анықталады. Тұқымның өсу қуаты деп – тұқымдардың кесілген мерзімде тез және біркелкі өсіп шығу қабілетін айтамыз. Тұқым өнгіштігін анықтау шарттары 5 – кестеде келтірілген. Орман тұқымдарын көгертіп -өсіруге арналған аппараттар Тұқымдарды жарықта, тұрақты суландырып, көгертіп - өндіруге. Копенгаген және Любенберг аппараттары мен Осиевский құралы қолданылады. Төменде бізде бар аппараттың сипаттамасын келтіре кеткенді жөн көрдік. Копенгаген аппараты – металлдан жасалған, екі түбі бар, ағаш жәшікке орнатылған ванна. Үстіне цинктелген темір немесе тот баспайтын құрыштан істелген подностар қойылады.Әр подноста арнайы 24 біркелкі орналасқан тесіктер бар. Ваннаға подностан 3-4 см төмен су құйылады, оның жылытуы электр тоғымен жүргізіледі. Ваннаны, подносты пайданалар алдында металлдан жасалған щеткалармен ысып, жуады, содан кейін қайнаған ыстық сумен шайып тастайды. Подностағы тесіктердің бетіне білтелерін суға малып жұмсақ мақтадан істелген дөңгелек төсеніштер, ал олардың үстіне фильтрлі қағаздар қойылады.Осы дөгелек қағаздардың бетіне тұқымдарды орналастырып, беттерін, үстінде ауа өткізетін тесіктері бар, қақпақтармен жабады. Аппараттағы су күніне 6 сағат бойы 20 градустан 30 градусқа дейін жылытылады және әр 7 күн сайын ауыстырылып тұрады. Жұмыстың орындау тәртібі Алдыңғы зертханалық жұмыстағы таза тұқымдарды араластырып, өнгіштігін анықтауға талғап іріктемей сынама аламыз (оның саны тұқым түріне байланысты 5-кестеде келтірілген). Ә сынамадан 100 тұқым алынады.Тұқымдар мен қолданылатын құрал саймандарды неғұрлым таза, стерильді жағдайда жүргізуге тырысу қажет.Ол үшін құрама тақтасын, пинцеттерді спиртпен сүртеді, мата төсеніштер мен фильтрлі қағаздарды 1-2 минут қайнап тұрған ыстық суда ұстайды,ал тұқымдарды ұсақ торлы елеушке салып ағын суға біраз ұстап, тазалайды. Жұмыс барысында тұқым мен төсеніштерді қолмен ұстамаған жөн. Тұқымдарды фильтрлі қағаздарға пинцет арқылы төмен көрсетілгендей етіп қояды: оооооо 6 оооооооо 8 оооооооооо 10 оооооооооооо 12 оооооооооооооо 14 оооооооооооооо 14 оооооооооооо 12 оооооооооо 10 оооооооо 8 оооооо 6 100 дана Бұл келтірілгендей болмаса, тұқым қойылатын қағазды қарындашпен тең 4 бөлікке сызып, әр қайсысына 25 тұқымнан (6,5,4,3,2) пинцетпен қоюға болады. Тұқымдар бір-біріне жанаспай жатуы шарт.Тұқым қойылған фильтрлі қағаздар аппараттағы төсеніштерге де пинцет арқылы қойылады. 5 кесте – Жарықта, температура алмасуы 20-30оС тұқым өнгіштігін анықтау шарттары | |Сына | |Бақы |Анықтау | |Түрлердің |ма |Көктету алдындағы дайындық |лау |мерзімі, | |тұқымда |саны,| |күн- |тәулік | |ры |100 | |дері | | | |дана | | | | | | | | |Өну |Өнгіш| | | | | |қуа-т|тігі | | | | | |ы | | |1 |2 |3 |4 |5 |6 | |Қотыр қайың |4 | - |3,5,7, |7 |15 | | | | |10,15 | | | |Үлпек қайың |4 | - |3,5,7, |7 |15 | | | | |10,15 | | | |Кәдімгі |3 |Дәндерін қанатшаларынан |2,3,5,7|5 |10 | |шегіршін | |ажыратады |, | | | | | | |10 | | | |Бұтақты |3 |Дәндерін қанатшаларынан |2,3,5, |3 |5 | |қарағаш | |ажыратады | | | | |Кәдімгі |3 |Тұқымдарын скарификациялап,|2,3,5,7|5 |7 | |глединия | |6-18 сағатқа суға салады | | | | |Кәдімгі емен|3 |Ағын суға жуып,қабығын |5,7,10,|7 |20 | | | |аршып,жарнақтарының 1/3 дән|15,20 | | | | | |ұрықтарына қарсы кесіп | | | | | | |тасталынады | | | | |Кәдімгі |4 | - |5,7,10,|10 |15 | |шырша | | |15 | | | |Шренк |4 | - |5,7,10,|10 |20 | |шыршасы | | |15,20 | | | |Татар ұшқаты|4 | - |7,10,15|10 |30 | | | | |,20,25,| | | | | | |30 | | | |Тал (барлық |4 | - |1,2,3,4|2 |5 | |түрлері) | | |,5 | | | |Сары қараған|4 |Тұқымдары ағын суға жуылады|5,7,10,|7 |20 | | | | |15,20 | | | |Сібір |4 | - |5,7,10,|7 |15 | |балқарағайы | | |15 | | | |Боз жиде |3 |Сүйектері 4 тәулік суда |2,3,5,7|3 |10 | | | |жібітіліп,тұқымдары |, | | | | | |алынады,оларды 2-3 сағат |10 | | | | | |суда ұстап,тамыршасының | | | | | | |шеті тұқым қапшығынан | | | | | | |босатылады | | | | 5 кестенің жалғасы |1 |2 |3 |4 |5 |6 | |Итшомыр |4 |- |7,10,15|10 |30 | |шырғанақ | | |,20,25,| | | | | | |30 | | | |Терек |4 |- |1,2,3,4|2 |5 | | | | |,5 | | | |Сібір |4 |- |5,7,10,|7 |20 | |майқарағай | | |15,20 | | | |Қара |4 |Жемістері 24-48 сағат суда |1,2,3 |1 |3 | |сексеуіл | |жібітіліп,ұрықтары | | | | | | |босатылады | | | | |Кәдімгі |4 |- |3,5,7,1|7 |15 | |қарағай | | |0,15 | | | Тұқымдарды өсіру кезінде төменгі шарттарды орындаған жөн: 1) күн сайын 6 сағат бойы төсеніш температурасын біртіндеп 20 градустан 30 градусқа жеткізу керек. Ол үшін аппараттардағы судың температурасын 24 градустан 36 градусқа жылытамыз.Тәуліктің қалған уақытында төсеніш температурасы 20 градус деңгейінде болуы керек. 2) төсеніш ылғалдылығы бір деңгейде болуы қажет, өте кеуіп кетпей не тым суланып кетпей; 3) тұқымдар мен төсеніштерде көгерген өңез пайда бола бастаса, оларды таза алынады: а) әр күн сайын - өсіру мерзімі 5 күнге дейінгі тұқымдарға (бұтақты қарағаш,тал,терек,сексеуіл); б) өсіру мерзімі 7 ағын сумен әбден жуамыз, кейде фильтрлі қағаздар мен мата төсеніштерін жаңалап, ауыстырамыз; 4) тұқым өсірілетін бөлме температурасы 15 градустан төмен болмауы керек. Тұқымдарды төсенішке орналастырғаннан кейінгі, келесі күн тұқымның өсіп-өнуінің бастапқы күні деп есептелінеді. Тұқымдарды өсіру кезіндегі бақылаулар әр жүздік бойынша жеке есепке алынады: а) әр күн сайын - өсіру мерзімі 5 күнге дейінгі тұқымдарға (бұтақты қарағаш, тал, терек, сексеуіл ); б) өсіру мерзімі 7 күн тұқымдарына – 2,3,5,7 күндері (кәдімгі гледичия,ақ қараған,т.б.); в) 3,5,7,10 және 15 күндері (кәдімгі қарағай, кәдімгі шырша, қотыр қайың, т.б.); г) 5,7,10, ал ары қарай әр 5 күнде - өсіру мерзімі 20-25 күн тұқымдарына (емен,каштан,жаңғақ,тұт,т.б.); д) 7,10 – күндері, ары қарай әр 5 күн сайын - өсіру мерзімі 30-40 күн тұқымдарына (үшқат,шырғанақ, т.б.). Жақсы өскен тұқымдар санына тамыршаларының ұзындығы тұқымның ұзындығынан кем еместерін жатқызамыз.Ал тұқымдары өте ірі түрлердің (емен,пісте,т.б.) тамыршаларының ұзындығы тұқым ұзындығының жартысынан кем болмағандарын есепке аламыз. Бақылау күндерінде жақсы дамыған тұқымдарды және шіріп кеткендерін әр жүздік бойынша талдау карточкасына есепке алып,төсеніштен алып тастаймыз. Бұдан кейін төсеніштерде қалған тұқымдарды санап, олардың сандарын да талдау қағазына жазамыз; бөлшектің алымына өскен тұқымдар санын, ал бөліміне - өспегендерін көрсетеміз. Ең соңғы есеп жасайтын күні өспей қалған тұқымдарды төсеніштен алып,ұзынынан скальпельмен кесіп,әр жүздік бойынша:сау, дұрыс өспеген, қатты, шіріп кеткендері, жарнақсыздары, бос дәнділері, энтомологиялық зиянкестермен зақымданғандары – деп бөліп талдау қағазына сандарын жазамыз. Өсіру нәтижелері бойынша тұқым өнгіштігін, өсу қуатын әр сынамаға орташа арифметикалық мәнін есептеп процентпен бүтін дәлдікпен көрсетеміз. Тұқым өнгіштігін апнықтауда әр сынаманың нәтижелерінің айырмашылығы 6 – кестеде келтірілген ауытқу мүмкіндіктен аспауы керек. Ауытқу мөлшерін әр 4 сынама тұқым жүздігі бойынша есептелінеді.Ол үшін тұқымдардың әр 100 сынамасы бойынша орташа арифметикалық мәнімен салыстырамыз. Егер бір жүздік тұқым көрсеткіші берілген ауытқудан асып кетсе, оның көрсеткішін есепке алмаймыз; ал өсу қуаты мен тұқым өнгіштігін қалған 3 сынама бойынша анықтаймыз.Егер ауытқу көрсеткіштері 2 сынама бойынша келтірілген ауытқу мөлшерден артық болып кетьсе, талдау дұрыс жүргізілмеді деп санаймыз.Мұндай жағдайда тәжірибе жұмысы қайталанып,жаңадан өткізіледі. Құрал –саймандар мен материалдар: 1) Сұрыпталған таза тұқым; 2) Құрама тақтасы; 3) Дайындалған Копенгаген аппараты; 4) Білтелерімен тігулі мата төсеніштері; 5) Дөгелек фильтрлі қағаздар; 6) Пинцеттер; 7) Скальпельдер. 6. кесте - Тұқым өсірудегі рұқсат етілген ауытқулар, % | |Рұқсат етілген ауытқу,| |Рұқсат етілген | |Орташа |% | |ауытқу, % | |арифмети-калы| |Орташа | | |қ | |арифметикалық | | |өнгіштігі, | |өнгіштігі, % | | |% | | | | | |4 сынама |3 сынама | |4 |3 сынама | | |100 |100 | |сынама |100 | | |тұқымнан |тұқымнан | |100 |тұқым-нан | | | | | |тұқым-нан | | |99;2 |5 |4 |81-83;18-20 |15 |14 | |98;3 |6 |5 |78-80;21-23 |16 |15 | |97;4 |7 |6 |77;24 |17 |15 | |96;5 |8 |7 |73-76;25-28 |17 |16 | |95;6 |9 |8 |71-72;29-30 |18 |16 | |93-94;7-8 |10 |9 |67-70;31-34 |18 |17 | |91-92;9-10 |11 |10 |64-66;35-37 |19 |17 | |89-90;11-12 |12 |11 |56-63;38-45 |19 |18 | |87-88;13-14 |13 |12 |51-55;46-50 |20 |18 | |84-86;15-17 |14 |13 | | | | № 7 Зертханалық жұмыс. Тұқым Өміршеңдігін анықтау Бұл әдіс тұқым ұрығының бояулардың түсін өз бойына сіңіру қасиетіне байланысты жасалған. Бұл жағдайда кейбір бояулар өлі клеткаларды ,енді біреулері – сау клеткаларды бояйды. Тұқым өміршеңдігі деп тірі тұқымдардың жалпы талдауға алынған тұқымдар санына проценттік қатынасын айтамыз. Ұрықтың боялу көлеміне, орнына, түсіне байланысты тұқым өміршеңдігіне тұжырым жасалынады.Бояу қолдану әдісі ұзақ тыныштық сақтайтын тұқымдарға пайдалынады, ал кейде тез арада өнетін ағаш түрлеріне де (қарағай,шырша,т.б.) қолданады. Тұқым өміршеңдігін анықтау үшін келесі бояу ертінділері қолданылады: индигокармин (ұрықтың өлі клеткаларын көк түске бояйды), йод (қылқанды ағаш түрлерінің тірі клеткаларын көкшіл-сұр түске бояйды), тетразол (тірі клеткаларды қызыл түске бояйды).Кейбір ағаштар мен бұталар түрлеріне тұқым өміршеңдігін анықтау шарттары 7 – кестеде келтірілген. 7 кесте - Тұқым өміршендігін анықтау шарттары |Ағаш не бұта түрінің| | |Ұрықты бояуда|Жарық түсу| |атауы |Бояу |Концент- |ұстау |жағдайы | | | |рациясы, |мерзімі, | | | | |% |сағат | | |Кәдімгі өрік |ИК |0,05 |2 |Ж | |Кәдімгі бөрі қарақат|ИК |0,05 |2 |Ж | |Шие (барлық түрлері)|ИК |0,05 |2 |Ж | |Кәдімгі алмұрт |ИК |0,05 |2 |Ж | |Кәдімгі шырша |ЙЙК |- |0,5 |Ж | |Шренк шыршасы |ИК |0,05 |3 |Ж | |Үшкіржапырақты |ТЗ |0,05 |24 |Қ | |үйенкі | | | | | |Татар үйенкісі |ИК |0,05 |2 |Ж | |Ұсақжапырақты жөке |ИК |0,05 |2 |Ж | |Сібір балқарағайы |ЙЙК |- |0,05 |Ж | | |ИК |0,05 |2 |Ж | |Сібір майқарағайы |ИК |0,05 |2 |Ж | |Самырсын қарағай |ИК |0,05 |2 |Ж | |Кәдімгі қарағай |ЙЙК |- |0,05 |Ж | | |ИК |0,05 |2 |Ж | |Алма барлық түрлері |ИК |0,05 |2 |Ж | |Кәдімгі шаған |ИК |0,05 |2 |Ж | Қысқартылған белгілер: ИК – индигокармин; ТЗ – тетразол; ЙЙК – йод ерітіндісі; Ж – жарықта; Қ – қараңғыда. Тұқымдарды талдауға дайындау Таза тұқымдардан 400 данасын немесе ірі тұқымдардан 300 данасын бөлек-бөлек 100-ден санап аламыз.Олардың ұрықтарын шығарып алу алдында арнайы дайындықтан өткіземіз.Мысалға, үшкіржапырақты үйеңкі тұқымдарын қанаттарынан босатамызда 18-24 сағатқа суға ісіндіруге салып қоямыз.Алманың немесе алмұрттың тұқымдарын суда 3-4 тәулік бойы ұстаймыз.Қарағай мен шырша тұқымдарын 18-24 сағат суға саламыз, одан соң өсіру аппаратында 48 сағат ұстаймыз. Ұрыққаптары немесе тұқым қабықтары қатты болғанда, олар суландыру алдында скарификацияланады немесе қатты қабықтарынан босатылады. Индигокармин ерітіндісімен кәдімгі қарағай тұқым ұрықтарын бояу: 1) таза тұқымдар тобынан 100 данадан 4 жеке жүздіктер санап алып, оларды 18 сағатқа әрқайсысын бөлек стакандарға ісінуге суға салып қоямыз. Тұқымдардың ұрықтарын шығару кезінде жарамсыз болып қалғандарын айырбастау үшін 5 – жүздік болғаны жөн,олар да бөлек суы бар стаканға салынады; 1. Тұқым ішіндегі ұрықты алу үшін скальпельмен ұрықты бойлатып тұқымды ортасынан 1 мм –ге жанатып екіге бөлеміз.Ланцет өте өткір болуы керек және ұрықты алу кезінде өте сақтықпен,абайлап істеген жөн. Алынған ұрықтарды таза суы бар стаканға салып отырамыз.Механикалық жолмен зақымдалған тұқымдар есепке алынбайды,оларды 5-жүздіктегі тұқымдардан толықтырамыз. 2. Стакандарға суды төгіп, орнына индигокармин ертіндісін құйып, 2 сағат осы бояуда ұстаймыз. 3. Ұрықтарды 2 сағаттасын сумен шайып, жуамыз да талдауға шыны үстіне төгеміз. Өміршеңді тұқымдарға ұрықтары боялмағандарын және ұрық тамыршасының ұшынан бастап 1/3 бөлігінен азы боялғандарын жатқызамыз. Ал тіршілік нышаны байқалмайтын, өлі тұқымдарға – ұрықтарына қарап келесілерін жатқызамыз: а) жарнақтары боялғандарын; б) ортасында боялған белдіктері барларын; в) ұрық тамыршасының ұшынан бастап 1/3 бөлігінен көбі боялғандарын; г) толық боялғандарын. Бұларға тұқымдары бос, шірігендері де әр жүздікбойынша қосылып, есепке алынады. Тұқым өміршеңдігін орташа арифметикалық мәнін тауып, бүтін дәлдікпен проценттеп есептейміз Б Ө = ---- х 100% , Ж мұнда Ө - тұқым өміршеңдігі; Б – боялған ұрықтар саны; Ж – жалпы тұқым саны. Тұқым өміршеңдігін анықтауда бояуға алынған әр сынама нәтижелерінің айырмашылығы жоғарыда келтірілген (6 кесте) ауытқу мөлшерден аспауы керек. Егер тұқым өміршеңдігі стандартта көрсетілген 3-топтан 5% төмен болған жағдайда, талдауды қайтадан жасайды. Кәдімгі қарағай тұқымдарының ұрықтарын йодты калий ерітіндісімен бояу: 1) таза тұқымдардан талдауға 100 данадан 4 жүздігін бөлек-бөлек санап алып, бөлме температурасындағы суға 18 сағатқа салып қоямыз; 2) содан кейін тұқымдардың ұрықтарында көбіре крахмал жиналуы үшін олардың әр жүздігін жеке өсіру аппаратында 48 сағат бойы ұстаймыз; 3) тқымдардың ұрықтарын әр жүздік бойынша найза тәрізді ланцетпен бөліп алып, су құйылған стакандарға саламыз.Ұрықтарды айырып болысымен стакандардағы суды төгіп, 20-30 минут ерітіндіде ұстаймыз.Оның құрамында 100 см3 тазаланған су, 1,3 г калий йоды және 0,3 г кристаллды йод. Ұрықтарды бөлген кезде, олардың бостарын, шірігеннен өсе алмайтын тұқым сандарын есептейді; 4) 20-30 минут уақыт өткеннен кейін бояу ерітіндісін еппен төгеміз де, ұрықтарды суда шайқап жуамыз, сосын ақ қағазға немесе шыныға төгіп, ұрықтардың боялғандарын және боялмағандарын санаймыз. Өміршеңді тұқымдарға жататындардың ұрықтары: а) қарадан сұр түске дейін толық боялады; б) тамыршалары күнгірт немесе сұр түске, ал жарнақтары сарыға боялады; Өміршеңсіз тұқымдарға жататындардың ұрықтары: а) жарнақтары қара немесе сұр түске, ал тамыршалары – сарыға боялады; б) тамыршаларының ұштары қара немесе сұр түске, ал ұрықтың қалған жерлері – сарыға боялады; в) сары түске боялғандары. Өміршеңсіз тұқымдар санына бос және шіріп кеткендерін қосамыз. Осыдан кейін тұқым партиясының өміршеңдік проценттін есептейміз.Нәтижелері талдау қағазына түсіріледі. Құрал – саймандар мен материалдар: 1) Қолданылатын бояу ерітінділері; 2) Бояуға және жууға арналған ыдыстар; 3) Скальпельдер; 4) Алдын – ала дайындалған тұқымдар; 5) Тұқымдарды құрғатуға арналған фильтрлі қағаздар; 6) Қоқыс салатын ыдыс. № 8 Зертханалық жұмыс. Тұқым сапалылығын кесу арқылы анықтау Тұқым сапалылығы – деп кесу әдісі мен анықталатын сау тұқымдардың талдауға алынған тұқымдарға проценттік қатынасын айтамыз. Бұл тәсіл тұқымдары өте баяу өнетін, өміршеңдігін табу әдістері әлі анықталмаған ағаш пен бұта түрлеріне қолданылады.Тұқым сапалылығы кесу арқылы анықталады, оны анықтаудың техникалық шарттары 8 – кестеде келтірілген. 8 кесте – Тұқым сапалылығын анықтау шарттары |Ағаш пен бұта |Тұқымның кесу алдындағы |Тұқым сапалылығының| |түрінің аты |дайындығы |нышандары | |Долана (барлық|Тұқымы құрғақтай немесе 4-5 |Ұрығы ақ түсті | |түрлері) |тәулік суда ұсталып кесіледі | | |Жүзген (барлық|Бүтін тұқымдары 4 тәулік бойы|Ұрығы шымыр,ақ | |түрлері) |суда жібітіледі |немесе ақсары түсті| |Емен (барлық |Тұқымы құрғақтай кесіледі |Жарнақтары сау, | |түрлері) | |қатты | |Кәдімгі үшқат |Бүтін тұқымдары 3-4 тәулік |Ұрығы шымыр,ақ | | |суда ұсталады |түсті | |Татар және |Қанатшаларымен бірге 1 тәулік|Ұрығы шымыр, сары | |шағанжа- |суда жібітіледі және 20 |немесе ақса- ры | |пырақты үйеңкі|градуста 20-30 күн бойы |түсті, маланба- | | |ылғалды құмда не ағаш |ған | | |үгіндісінде ұсталынады | | |Ат каштаны |Тұқымы құрғақтай немесе 2-3 |Ұрығы ақ немесе | | |тәулік суда ұстаған |ақсары түсті | | |соң,кесіледі | | |Жаңғақ |Тұқымы құрғақтай немесе 5-6 |Ұрығы шымыр, ақ | | |тәулік суда ұсталып, кесіледі|немесе ақсары | | | |түсті | |Пісте |Бүтін тұқымдары 3-5 тәулік |Ұрығы шымыр, | | |суда жібітіледі |ақшыл-жасыл неме се| | | |ақ сары түсті | Еменжаңғақтардың сапалылығын анықтау Талдауға 100 данадан 3 жүздік шошқажаңғақтары санап алынады. Олардың әр қайсысының қабықтары аршылып, жарнақтары сызық бойымен скальпель арқылы екіге бөлінеді. Әр бір осылай кесілген еменнің шошқажаңғақтары сапалылығы бойынша жарамды және жарамсыз – деп екі топқа бөлінеді. Жарамды шошқажаңғақтарға жататындары: а) жарнақтары қатты, жылтыр сарғыш-ақ немесе қызғылт түсті және тұқым тамыршасы мен алғашқы бүрі барлары; б) күңғірт-қоңыр сызықшалар мен қара-көк дақтардың көлемі жарнақтардыың 1/4 бөлігінен аспағандары; в) өскін мұрттары сынғаны мен сынбағандары, егер жоғарыдағы талаптарға сай болса. Жарамсыздарға жататын шошқажаңғақтары: а) жарнақтарының 1/4 бөлігінен көп жерінде қара-көкшіл дақ барлары және олар ұрық қасына өте жақын орналасқандары; б) зиянкестермен зақымданғандары; в) саңырауқұлақтармен зақымданғандары; г) кеуіп, солып немесе босап кеткендері; д) суық немесе ыстыққа ұшырағандары; е) ұрығы өлгендері. Тұқым сапалылығының есептеулері тұқым өнгіштігі мен өміршеңдігінің есептері сияқты жасалынады. Жұмыс аяғында «Шошқажаңғақтардың сапалылығын анықтау актісі» толтырылады. Құрал – саймандар мен материалдар: 1) еменнің шошқажаңғақтары; 2) скальпельдер; 3) қоқыс салатын жәшік № 9 Зертханалық жұмыс. Тұқым сапасының көрсеткіштері және тұқым сапасы туралы құжаттар Талдау қағазы бойынша ең алдымен барлық графаларының орташа арифметикалық мәндері (әр бір бақылау күндерінде өскен тұқым саны, бүкіл талдау мерзімінде өскен тұқым саны,т.с.с.) есептелінеді.Содан соң мыналар: 1.Шаруашылықтық (техникалық) тұқым өнгіштігі - өскен тұқым сандарының өсіруге алынған тұқым сандарына проценттік қатынасы бойынша есептелінеді: п х 100 Шар.өнг.= ----------- , мұнда П п - өскен тұқым саны, П -өсіруге алынған тұқым саны. Осы көрсеткіш пен тұқым тазалығы арқылы тұқым сапасының тобы анықталады. 2. Абсолюттік тұқым өнгіштігі – барлық бақылау мерзімінде өскен тұқым сандарының өсіруге алынған тұқымдардың ұрықтары өнгендеріне проценттік қатынасы бойынша анықталады: Бұл көрсеткіш әдетте ғылыми зерттеулерде қолданылады. п х 100 Абс.өнг.= ----------- , мұнда П - б б – бос тұқымдар саны. 3. Өсу (өну) қуаты - өскен тұқымдардың проценттік санын көрсетеді, бірақта бүкіл мерзім бойынша емес, тек оның 1/2 - 1/3 бөлігінде. Мысалға, кәдімгі қарағайдың өнгіштігінің мерзімі 15 күн, ал өсу қуаты тек 7 күнде анықталады (5 кесте). 4. Тұқымның орташа тынымы (тыныштық сақтауы) – тұқымдардың өсу жылдамдығымен сипатталады.Оны мына формула бойынша есептейміз: п х в +...+п х в Т.о.т. = --------------------, мұнда п1 + п2 + ... пп п - өскен тұқым саны в – бақылау күні 5.Шаруашылық жарамдылығы дегеніміз – орташа үлгідегі таза өнгіш тұқымдардың проценттік мөлшерінің көрсеткіші.Оны тұқым өнгіштігінің тазалығына көбейтіп және 100-ге бөліп есептейміз: өнгіштік% х тазалық% Шар.жар.= --------------------------- 100 Зерттелген тұқым партиясының шаруашылық жарамдылығы мен өсу қуаты тұқым талдау қағазының тиісті графаларына түсіріледі.Ал тұқым сапасының басқа көрсеткіштері талдау карточкасының бірінші бетіндегі бос шеттеріне жазылады. Тұқымның шаруашылық өнгіштігі мен тазалығы бойынша, егер соңғысының мәні стандартта көрсетілгеннен кем болмаса, тұқым сапасының тобы анықталады (9 кесте). Өнгіштігі бойынша стандартты, бірақ ластанған тұқымдар қайта тазартуға ұсынылады, ол туралы талдау қағазында көрсетіледі. Стандартты тұқымдарға «Тұқым сапасы туралы куәлік» бланкасы, ал стандартқа сай емес тұқымдарға – «Тұқым талдау нәтижесі» толтырылады. Тұқымдық сапасы туралы мөлшерлері анықталмаған тұқымдарға «Анықтама» қағазы беріледі. 9 – кесте. Тұқым сапасының тобын анықтау үшін стандарттық мөлшерлері (нормалары) | | | |Өміршеңдігі, |Тазалығы,%| |Тұқым түрінің атауы |Сапа тобы|Өнгіштігі,%тен|сапалылығы,%-т|-тен кем | | | |кем емес |ен кем емес |емес | |Кәдімгі қарағай |1 |95 |95 | | | |2 |85 |85 |92 | | |3 |65 |65 | | |Кәдімгі шырша |1 |85 |85 | | | |2 |75 |75 |90 | | |3 |60 |60 | | |Шренк шыршасы |1 |80 |80 | | | |2 |65 |65 |93 | | |3 |50 |50 | | |Сібірлік балқарағай |1 |70 |70 | | | |2 |55 |55 |93 | | |3 |40 |40 | | |Сібірлік майқарағай |1 |45 |45 | | | |2 |30 |30 |80 | | |3 |20 |20 | | |Самарсын қарағай |1 |- |85 | | | |2 |- |70 |96 | | |3 |- |50 | | |Қотыр қайың |1 |55 |- | | | |2 |35 |- |25 | | |3 |25 |- | | |Кәдімгі шаған |1 |- |85 | | | |2 |- |70 |90 | | |3 |- |50 | | |Үйеңкі |1 |- |85 | | | |2 |- |75 |93 | | |3 |- |60 | | |Алма |1 |- |90 | | | |2 |- |80 |93 | | |3 |- |65 | | №10 – зертханалық сабақ Тақырып: Қайың дәндерінің толық дәнділігін анықтау Жұмыс мақсаты: негізгі түсініктерді, терминдерді игеру; толық дәнділік әдістерімен танысу; қайың дәндерінің толық толық дәнділігіне іс жүзінде талдау жүргізу. Дәндердің толықтылығының мағнасы, егуге жарамдылық және сапалылықпен, бірдей. Дәндердің толықтылығы – пайыздық көрсеткішпен есептелген, талдауға алынған барлық дәндердің жалпы санына қабығы толық дәндердің, сан қатынасы. Қайың дәндерінің толықтылығын анықтау үшін негізгі екі әдіс бар, оларды П.Л.Богданов пен С.Н.Новашин дайындаған. І.Богданов әдісі (дәндерді езу). Жұмыс тәртібі: 1.Оқытушыдан массасы 1 г қайыңның дәндер өлшемін алу керек. 2.Өлшемді екі фракцияға бөлу керек: - таза дәндерге; - қоспаларға. 3.»Таза» дәндердің пайызын мына формуламен анықтау керек: М1 Т = -------- х 100 , бұл жерде М Т – «таза» дәндер, %; М1 - өлшемнің салмағы, г; М – таза дәндердің салмағы, г. 4.Өлшенген таза дәндерді торланған бюкске салып 5 -10 минут қайнап жатқан суда ұстау керек; 5.Қайнатылған дәндерден 4 рет 100 данадан есептеп алынады. 6.Дәндерді төртке бөліп шыны үстіне салу керек. 7.Екінші шынымен дәндердің үстінен басу керек. 8.Езгенде толық дәндерден ақ ұрық (жарнақ пен тамырша) шығады, ал бос дәндер өзгермейді (олардан су шығады). 9.Толық дәнді тұқымдардың санын есптеу керек. 10.Төрт есептеудің орта арифметикалық мағнасын анықтау керек. 11.МСТ 13657-68 негізінде тұқымның сапа классын анықтау керек (10 кесте). 10 – кесте. Тұқымның сапа классын анықтау |(МСТ 13857-68)Түр |Класс |Өніштігі,% төмен|Тазалығы,% төмен | |аталуы | |емес |емес | |Қотыр қайың | 1 | 55 | 25 | | |2 |35 |25 | | |3 |25 |25 | 12. Зертханалық жұмыстарға арналған дәптерге істелген жұмыстар туралы жазбалар жасау керек. ІІ.Новашин әдісі (дәндерді күн сәулесінде қарау). Жұмыс тәртібі: 1.Таза дәндер өлшемінен қайыңның 400 дәнін алу керек (100 данадан 4 рет). 2.Дәндерді бюкске салып үстінен спирт құйып 24 сағат ұстау керек. 3.Ұстау мерзімі өткеннен кейін 5-6 мг глицерин қосып тағы 1 тәулікке қалдыру керек (глицерин сіңген дәндер жылтыр болады). 4.Дәндерді жүздеп шыныға салып арнайы шыны немесе көзбен қарап есептейді, сосын дәндердің келесі түрлерін бөледі: - толық дәндерді – дамыған дән қабықты толық толтырған; - толық дамымаған – дамымаған дән; - бос – қоңыр түсті ұрықтанбаған екі тұқым бүрісі көрінеді; - аурулар немесе зиянкестермен зақымданған. 5.Төрт есептеудің орташа арифметикалық толық дәнділігін есептеу керек. 6.МСТ 13857-68 негізінде қайың дәндерінің сапа классын анықтау керек. 7.Зертханалық жұмыстарға арналған дәптерде істелген жұмыстар туралы жазбалар жасау керек. Материалдар мен құралдар: 1.МСТ 13857-68 . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 1 дана; 2.Қотыр қайыңның дәндері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4 г; 3.Пинцеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . .. .. . . . . . . . 4 дана; 4.Инелер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4 дана; 5.Талдау тақташалары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4 дана; 6.Торлы бюкстер . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 1 дана; 7.Аспаптық шынылар . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . 8 дана; 8.Спирт (96 %) . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 10-15 мг; 9.Глицерин . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5-6 мг; 10.Үлкейткіш шыны . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 2 дана; 11.Электрлі таразы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 1 дана; 12.Электрлі плита . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . .. . . . 1 дана; 13.Су құйылған ыдыс . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . 1 дана. Әдебиеттер 1 Данченко А.М. Береза. – Алма-Ата: Кайнар, 1982. – 72 с. 2 Кентбаева Б.А. Лесосеменное дело. – Алматы, 2006. – 117 с. 3 Леса и древесные породы Северного Казахстана. – Алматы: Наука, 1974. – 184 с. 4 Сүлейменов А.А. Орман дақылдары селекциясы. – Астана, 2007. – 23 б. А Қосымша (міндетті) П А С П О Р Т № 200__ ж.________________________________ дайындалған тұқым ( айы, күні ) партиясына__________________________________________________ ( түрдін толық қазақша және латынша аты ) салмағы_____________________________________________________ (цифрмен) ( жазбаша ) 1.Бұл тұқым партиясы ___________________________ жиналған _____________ 2.Шаруашылықтың байланыс адресі_____________________________ 3.Шаруашылықтың телеграфтық адресі__________________________ 4.Тұқымдардың, жемістердің, бүршіктердің жинау мерзімі 200 __ ж. _______ (айы, күні) 5.Тұқымдардың, жемістердің, бүршіктердің жинайтын орны (орман шаруашылығы, орманшылық, ж.т.б.)_____________________________ 6.Плантацияның, учаскенің, орман екпесінің таксациялық сипаты: құрамы ________бонитеті _____________орман типі___________ жас тобы ____________________________________________________________ (балауса, орта жастағы ) ____________________________________________________________ (пісуге тайау, піскен ) Селекциялық тобы __________________________________________ Тұқымның ормандық құндылығы ______________________________ ____________________________________________________________ (әдеттегі, жақсартылған, таңдап-сұрыпталған) Басқа мәліметтер _____________________________________________ 7. Таулы жағдайда көрсетілуге тиісті: а) теңіз деңгейінің биіктігі ____________________________________ б) беткейі (шығыс, батыс, солтүстік, оңтүстік) ____________________ 8.Тұқымдарды, жемістерді, бүршіктерді жинау алдында кім және қашан тексеру жүргізді: _______________________________________ 9. Қандай әдіспен және қашан бүршіктерден тұқымдары алынған, кептіргіштің түрі, температура, т.б. ______________________________ 10. Қылқандардың тұқымы қандай әдіспен және қандай механизмдер қолдану арқылы қанаттары сындырылып, тазартылды ____________________________________________________________ 11. Құрғақ және шырынды жемістерден қандай әдіспен тұқымдары алынып, тазартылды __________________________________________ 12. Тұқымдардың тазалауы қашан аяқталған ______________________ (күні, айы, жылы) 13. Тұқым қайда сақталады ____________________________________ (жылы не суық қоймада, ұрада, траншеяда, т.б.) 14.Қандай ыдыста сақталуда ___________________________________ (қаптар, жәшіктер, шыны ыдыстар, т.б.) 15. Тұқымдар қай жылыдың жоспарына дайындалған ______________ 16. Тұқымдар қандай мақсатпен дайындалған ____________________________________________________________ (өзшаруашылықта пайдалануға, сатуға, тәжірибелік себуге, т.б.) М.О. Паспорт толтырған адамның қызметі және қолы Мазмұны Кіріспе..................................................................... ..…………..3 1 Орман тұқымдарының дамуы мен классификациялануы ................……………………………....4 2 Жеміс беру ерекшеліктері .........................................................6 3 Өнімділікті есептеу және болжамдау...............………………8 4 Тұқымдарды құжаттандыру және тасымалдау..............…....11 5 Дайындамаларды аудандастыру және орман дәндерін басқа жерлерге ауыстыру...................……………………….14 6 Сұрыптаудың түрлері.........................................…………….15 7 Будандастыру................................................................ ...........19 8 Мутанттарды алудың химиялық әдістері..............................20 9 Ормандық ағаштық тұқымдардың тәжірибелік полипоидиясы………………………………………………..21 10 Орман ағаштары интродукциясының теориялық негіздері………………………………………….22 11 Ормандық тұқым тану ғылым ретінде.Ормандық ағаш өсімдіктерінің тұқым беру, дән беру биологиясы……….. .25 12 Орман тұқым шаруашылығы.........................................…….28 13 Қылқан жапырақтылар селекциясы.Кәдімгі қарағайдың селекциясы……………………………………………………31 14 Көп жапырақты ағаш тұқымдарының селекциясы………. 34 15 Орман тұқымының шикі затын дайындау, өңдеу және сақтау…………………………………………………...36 16 Тұқымдардың физиологиялық жағдайы…………………....40 17 Тұқымды егуге дайындау……………………………………41 18 Зертханалық жұмыстар............................……………………43 Әдебиеттер.....................……………………………………...74 А Қосымша..................................................................……… .75
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz