Файл қосу

Құстардың тіршілік циклдері



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                           |
|ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                                  |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты             |ПОӘК                  |ПОӘК                   |
|                                  |                      |042-14-4-04-01.20.61/03|
|                                  |                      |-2012                  |
|ПОӘК «Орман аңдары мен құстарының |30.09.2009 ж. №2      |                       |
|биологиясы» пәнінің оқытушысына   |басылым орнына        |                       |
|арналған жұмыс оқу бағдарламасы   |01.09.2012 ж. № 2     |                       |
|                                  |басылым               |                       |




























       5В080700 “Орман ресурстары және орман шаруашылығы” мамандығына
                                  арналған
                  “Орман аңдары мен құстарының биологиясы”


             ПӘНІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАР ЖИЫНТЫҒЫ (ПОӘҚЖ)






                     ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЖАТТАР ЖИЫНТЫҒЫ
































                                 Семей, 2012


|Мазмұны                                           |                         |
|1. Глоссарий (негізгі терминдер, анықтамалар)             |                 |
|2. Дәрістер                                               |                 |
|3. Зертханалық сабақтар                                   |                 |
|4. Студенттердің өз бетімен істейтін жұмыстары            |                 |
|5. Студенттердің ағымдағы және қортынды бақылауға арналған|                 |
|сұрақтарының тізімі                                       |                 |



















































1. Глоссарий (негізгі терминдер, анықтамалар).
   Бұл оқу-әдістемелік құжаттар  жиынтығында  мына  негізгі  терминдер  мен
анықтамалар пайдаланылған. Оларды студент оқу семестрі бойы зерделеп,  білуі
қажет.
   1. Бакалавр – ертеде батыс европа университеттерінде (қазір тек
      Великобританияда) – бастапқы ғылыми дәреже; Францияда, кейбір басқа
      мемлекеттерде – орта мектепті бітіріп, университетке түсу құқығына ие
      болған адам.
   2. Биотехния – аңшылықтанудың  саласы,  табиғаттағы  пайдалы  жануарларды
      қорғау, санын  көбейту  және  олардан  алынатын  өнімдері  қасиеттерін
      жақсартуға арналған кешенді іс-шараларды әзірлейді.
   3.  Биоценоз  –  тіршілік  қауымдастықтары,  бірқалыпты  тіршілік   орнын
      (биотоп)  мекендейтін  жануарлар,  өсімдіктер  және   микроорганизмдер
      жиынтығы.  Мысалы,  қандай-да  бір  көл,  шабындық,  жаға  алқабындағы
      жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдер.
   4. Диморфизм– жануарлар мен өсімдіктердің бір түрінде морфологиялық екі,
      не одан көп, ия болмаса аз, күрт айырмашылығы бар форманың болушылығы
      (жыныстық, маусымдық-сезонный).
   5.  Локомоция  –  келісімді  (үйлесімді-координирован)   қимыл   қозғалыс
      жиынтығы, оның көмегімен жануарлар  мен  адамдар  кеңістікте  белсенді
      ауысып тұрады. Оның түрлеріне жүріс (жүру), ұшу, малту  және  басқалар
      жатады.
   6. Орнитология – құстарды зерттейтін зоология саласы.
   7.  Популяция  –  жалпы  ареальдың  белгілі  территориясында   оқшауланып
      орныққан түр дарақтары (түрдің қарапайым құрылымы).
   8. Сортимент – бір түрлі бұйым немесе материалдар жасауға іріктелетін  әр
      түрлі сорттар, түрлер, типтер және көлемдер жинағы.
   9. Среда или среда обитания - жануарларды қоршаған табиғат орта, мекендеу
      ортасы деп аталады. Оған физикалық-химиялық, биологиялық, биотикалық
      факторлар жатады. Оны бір организм тіршілік әрекетінің екіншісіне
      тікелей немесе жанама әсер етуінің жиынтығы деп түсінген жөн
  10.  Таксация  –  орманды  есепке  алып,  материалдық  тұрғыдан   бағалау:
      сүрекдіңнің  (древостой)  техникалық  сипаттамасын  (паспорт)   жасау,
      ондағы сүрек  (древесина)  қорын  (санын),  кейбір  ағаштардың  өсімін
      (прирост), көлемін анықтау,  олардан  әзірленетін  әр  түрлі  сорттар,
      түрлер, типтер және көлемдер жинағын іріктеу. Ағаш қорын немесе  пішен
      түсімінің шамасын анықтау.
  11.  Таксон  –  өсімдіктер  мен  жануарларды  жүйелеудің  жіктеу   бірлігі
      (өлшемі). Негізгі таксондар-түр, туыс, тұқымдас,  отряд-қатар,  класс,
      тип.
  12. Териология – сүтқоректі жануарларды зерттейтін зоология саласы.
  13. Типология – қандай-да бір ортақ белгілеріне орай, берілетін зат немесе
      құбылыс жіктеуі.


   2. Дәрістер – оқытудың бір түрі, мақсаты белгілі бір тақырыпта  баяндала
тын ілімдер сұрақтарын қисынды жүйелікте ұстамды түрде қарастыру.
   № 1 дәріс тақырыбы - КІРІСПЕ.
   Жалпы сұрақтары: Орман шаруашылығы ісі бакалаврларын дайындаудағы  орман
аңдары мен  құстары  биологиясы  пәнінiң  маңызы.  Пән–орман  мақұлықатын  -
фаунаны (белгілі  территорияда  мекендейтін,  қандай  болса  да  бір  жіктеу
тобына жататын жануарлар) теориялық дәлелдеу мен оны қорғау, тиімді  қолдану
және  өсіру  практикалық  іс-шараларын  әзірлеу  туралы  ғылым.  Биологияның
қысқаша дамуы, оның басқа профильдік пәндерімен байланысы. Орман аңдары  мен
құстарын  зерделеудегі  кейбір  мақсаттары  мен  әдістері.  Пән   бөлiмдерi,
олардың зерделеудегi мақсаттары.
   Дәрістің қысқаша жазбасы. Көптеген тірі организмдер Жерде  қалай  да  бір
үйлесімде  емес,  тек  тіршілік  етудегі  биологиялық  бірліктегі  топтануда
немесе тіршілік қауымдастықтарда  (биоценоз)  кездеседі.  «Биоценоз»  атауын
1877 ж. К. Мебиус берді. Орманда тіршілік  ететін  құстар  мен  аңдар  орман
биоценозының пайда болып, дамуында басты рөл  атқарды.  Жылықанды  жануарлар
көптеген сүректі, бұталы өсімдіктердің тұқымын,  жемісін  жояды  да,  оларды
жер  бетіне  таратады,  өсімдіктердің  түрлі  дамудағы   бөліктерін   жейді,
көптеген зиянды, кейде орман  шаруашылығына  пайдалы  омыртқасыз,  омыртқалы
жануарлармен қоректенеді. Орманды мекендейтін көптеген түрлер аңшылыққа  аса
құнды, олар шаруашылыққа құнды өнімдер, әсіресе аң  терісін,  жоғары  сапалы
ет, тері илеу, фармацевтика  және  басқа  да  өнеркәсіп  салаларына  шикізат
береді. Биология дамуын 4 кезеңге бөледі: оның қалыптасуының алғашқы  кезеңі
Аристотель еңбектерінен  басталып,  К.  Линней,  оның  ісін  жалғастырушылар
ғылыми  жұмыстарымен  аяқталады.  XVIII  ғ.  соңында  эволюциялық   көзқарас
дамиды. Ол, Ч. Дарвин «Түрлердің пайда болуы» кітабында  баяндалады.  Осыдан
кейін биология дамуының  2  кезеңі  басталады.  Өсімдіктер  мен  жануарларды
жүйелеудің жіктеу бірлігі–таксондар (негізгі таксондар-түр, туыс,  тұқымдас,
қатар-отряд, класс, тип) топтары зерттеледі. XIX ғ. соңында  биология  дамуы
3 кезеңі басталады. Онда зерттеушілер түр ішіндегі  эволяцияға  басты  көңіл
аударады. Төртінші кезеңде ғалымдар түр, түр топтары  арасындағы  туыстықты,
байланысты  айқындап,  белгілеуде.  Туыстық  қарым-қатынастар,   байланыстар
анықталып, дәлелденуде.  Мұнда  негізгі  зерзат  (объект)–популяция  (түрдің
қарапайым  құрылымы)  болып  келеді.  Бұл  даму  кезеңі  қазіргі  кезде   де
жалғасуда.  Тіршілік  сферасының  кішкене  бөлігін  жануарлар  құрады,  оның
массасы  барлық  тірінің  2%  аспайды.   Бірақ,   олар   өте   жоғары   қуат
потенциалымен,  зор  қозғалтқыштығымен,  әрі  әртүрлілігімен   ерекшеленеді.
Жануарлар  өсімдіктер  және  бірін-бірі  жеумен   қоректеніп,   заттар   мен
қуаттардың  биологиялық  айналымына  қатысады.  Осы  жануарлардың  бірталайы
ормандарды  мекендеп,  органикалық  әлемдегі  жүйелеу  топтарының  басқа  да
өкілдерімен бірге орман тіршілік қауымдастықтарын құрады.  Олар  орманда  ұя
салады,  терең  ін  қазады,  тарамдалған  жер  астында  жол  салады,  тұқым,
жапырақ, тармақ, шөптер массасын жейді,  көптеген  шыбын-шіркейлерді,  басқа
жануарларды, оның ішінде орман шаруашылығына зиянды, әрі пайдалы  түрлерінде
жояды. Аңдар мен құстар өз тіршілігінде өзара, басқа жануарлармен тығыз  іс-
әрекетке түсіп қана қоймай, өзге де  өсімдіктермен,  топырақпен,  рельефпен,
ауа райы  жағдайымен  және  қалған  өлі  табиғатпен  де  байланыста  болады.
Жануарларды  қоршаған  табиғат  орта,  мекендеу  ортасы  деп  аталады.  Оған
физикалық-химиялық  (температура,  жарық,  ылғалдық,  топырақ  және   т.б.),
биологиялық,  биотикалық  факторлар  (өсімдіктер,  микроорганизмдер,   басқа
жануарлар) жатады. Оны бір  организм  тіршілік  әрекетінің  екіншісіне  әсер
етуінің жиынтығы деп түсінген жөн.  Пәннің  мақсаты-  Қазақстан  орман  қоры
аумағында  мекендейтін  немесе   келген   омыртқалы   жануарлар   биологиясы
негізінің  теориялық  білімін  меңгерген,  шаруашылықта  құстарды,  аңдарды,
басқа да омыртқалылар  өкілдерін  ажырататын,  олардың  мекендейтін  ортасын
түгендейтін, жабайы жануарлар санын сақтау, қолдау, реттеу мақсатымен  өзіне
бекітілген  аумақта  биотикалық  іс-шараларды  мезгілінде  жүргізетін  орман
шаруашылығы  ісі  бакалаврларын  дайындау.  Орман   шаруашылығының   тұрақты
құрамдас  бөлігіне  (компонент)  жабайы   жылықанды   жануарлар-құстар   мен
сүтқоректілер жатады. Орман аңдары мен құстарының биологиясы  ғылым  ретінде
теориялық дәлелдеумен,  орман  мақұлықатын  қорғау,  тиімді  қолдану,  өсіру
практикалық  іс-шараларын  әзірлеумен  шұғылданады  да,  бір-бірімен   тығыз
байланыста болып, 3 бөлімге  бөлінеді.  Оларға-1)  Орман  құстарын,  олардың
орман шаруашылығындағы маңызын қарастыратын-орман  орнитологиясы,  2)  Орман
сүтқоректілерін, олардың  орман  шаруашылығындағы  маңызын  зерттейтін-орман
териологиясы, 3) Аңшылық жануарларды және  аңшылық  шаруашылықтарды  жүргізу
әдістерін   зерттейтін–аңшылықтану    жатады.    Пәннің    міндеті:    орман
омыртқалылары биологиясының теориялық негізін; олардың орманда,  орман  қоры
аумағында мекендейтін, келген және  онымен  бірге  аңдармен  құстар  түрлері
құрамын; орман ортасында жануарлар  мен  құрамдас  бөлігінің  өзара  әсерін;
орман қорында шаруашылықты жобалағанда кездесетін  шығынды  бағалау  әдісін;
аңшылық шаруашылығын  және  дәстүрлі  табиғатты  пайдаланудың  орман  заңдар
жиынтығы негізін; жабайы аңдармен орманда кездескендегі  қауіпсіздік  мінез-
құлық негізін зерделеу;  орман  ортасын  мекендейтін  омыртқалылардың  басты
түрлерін  айқындау  үшін  практикалық  әдетін  (дағды);  аңдар  мен   құстар
мекендейтін орындарын бағалау әдетін; аң ауланатын жер  бөліктерін  түгендеу
және ретке келтіру, жабайы хайуандар санын реттеу үшін орман  шаруашылығында
іс-шараларды жобалау әдетін меңгеріп  алу.  Қазіргі  биологияның  міндеттері
өте ауқымды және маңызды. Пәнді  игеру  нәтижесінде  студент:  сүтқоректілер
мен   құстар   жүйелеуін   (систематика),    морфологиялық,    физиологиялық
ерекшеліктерін; аңдармен құстардың ішкі,  сыртқы  құрылыстарын;  жануарларды
жіктеудің  негізгі  қағидаларын  (принцип);   орман   аңдарымен   құстарының
тіршілік етуін, таралуын,  санының  өзгеру  себептерін,  биотикалық  шаралар
технологиясын,   мемлекеттік   мекеме   аңшылық    шаруашылығында    еңбекті
ұйымдастыру   қағидаларын;   аңдармен    құстар    кластарын,    қатарларын,
тұқымдастарын, туыстарын,  түрлерін  бас  сүйектері,  қаңқалары,  ұшаларымен
терісі  бойынша  анықтау  тәсілдерін;  сүтқоректілермен  құстар  кластарының
жалпы сипаттамасын, олардың ұқсастықтарымен ерекшелік  белгілерін;  мекендеу
ортасына,  қоректенуіне,  жылдық  тіршілік  циклдің  кезеңдік  құбылыстарына
бейімделуіне байланысты жануарлардың  негізгі  экологиялық  топтарын,  аңдар
мен құстардың экологиясын, мінез құлқын білуі тиіс. Студент:  анықтауыштарды
пайдалануды;  коллекциялық  материалдар  (бас  сүйегі,   қаңқалар,   ұшалар,
терілер,  тұлып-чучела)  арқылы  аңдар  мен  құстар  кластарын,  қатарларын,
тұқымдастарын,  туыстарын,   түрлерін,   түршелерін   анықтауды;   табиғатта
жануарларды бақылап, оларды күнделікті жұмыста  пайдалануды;  негізгі  орман
құстарымен аңдарын сыртқы пішіндері, жүйелеу белгілерінен (тікелей,  жанама)
ажыратуды; орманда құстармен аңдар санына есептеу жүргізуді;  пайдалы  орман
құстарымен  аңдар  санын  көбейтудің  іс-шара   жобасын   жасауды,   олардың
экономикалық   тиімділігін   бағалауды;   орман   қоры   бөлігінде    жабайы
хайуанаттарды қорғау,  өсіру,  санын  реттеу  үшін  өсіру,  биотикалық  және
аңшылық шаруашылығына  арналған  іс-шаралар  әзірлеуді  істей  білуі  керек.
Студент:  хайуанат  дүниесінің  даму,  зерттеу,  оның  ішінде  Қазақстандағы
омыртқалы жануарлардың зерттеу тарихын; омыртқалы  жануарлардың  жүйеленуін,
Қазақстан  орман  мақұлықатының  ерекшеліктерін,   басты   жабайы   хайуанат
түрлерінің биологиялық ерекшеліктерін; Қазақстандағы аңшылық  шаруашылықтары
қалыптасуының  негізгі  кезеңдерін,  қазіргі  күйін,   болашақтағы   дамуын;
Қазақстан аумағында сирек кездесетін, жоғалудағы  жануарлар  түрін  қорғауды
түсінуі қажет. Орман аңдары мен құстарының биологиясы орман шаруашылығы  ісі
профильдік  пәндері:  ботаника,   дендрология   (ағаш   текті   өсімдіктерді
тексеретін), орман шаруашылығы, орман пирологиясы, орман өсіруді  жоспарлау,
орман таксациясымен (ағаш егу көлемін  анықтау)  байланысты.  Құстардың  кең
тараған есепке алу тәсілі-дарақты есептеу (үні-дауысы арқылы,  көзбен  шолып
байқау). Өте қызықты нәтижені құстардың  ұясын  санағанда  байқауға  болады.
Оның қарапайым тәсіліне түрлердің кездесуі жатады. Ұсақ  аңдарды  қапқанмен,
орға, жырашыққа қамап ұстағанда, санайды.  Қояндарды,  жыртқыштарды,  тұяқты
аңдарды қыста, қардағы  ізіне  қарап,  санақ  жүргізеді.  Аңдармен  құстарды
қоректену жолында, әрі өсімдіктерге тигізген әсеріненде бақылайды.  Ол  үшін
ұядағы  балапандар  өңештерін  қайта  тарту  әдісін  қолданады  және  қалған
қоректі жинап, тұжырымдайды. Жануарлардың экологиясын,  мінез-құлқын  зертеу
үшін оларды жақсы  жасырылған  торуылдан  қарайды.  Уақытты  зерттеу  әдісі-
хронометражда пайдалы. Інді, ұяны,  қорек  орнына  келгендегі  де  санақ  оң
деректер береді. Түрлі өздігінен жазу, автоматтық аппараттар,  радиобелсенді
изотоптар, радиотаратқыштар да қолданылады.  Сақиналауды  жақсы  білесіздер.
Жануарлар  биосфераның  кішкене  бөлігін  құрады.  Олардың  массасы   барлық
тірілердің  2%  аспайды.  Бірақ,  олар  жоғарғы  қуат  потенциалымен,  үлкен
жылжымалылығымен,  орасан  зор  әр  түрлілігімен   ерекшеленеді.   Жануарлар
өсімдіктермен, бірін-бірі жеумен қоректеніп, биологиялық  заттар  және  қуат
айналымына қатысады. Жануарлар–Жер экологиялық жүйесінің басты  бір  бөлігі.
Жануарлар әлемін жер үстіндегі жануарлар, балықтар және басқа су  жануарлары
деп бөледі. Қазір жануарлардың 1 500 000 түрі жазылған.  Нақты  түрлер  саны
бірнеше  млн  немесе  ондаған  млн-ға  жетеді.  Жануарлар  түрлерінің  саны:
қарапайымдар-1,5-2,0  мың;   губкалар-5;   ішекқуыстылар-9;   құрттар-20-25;
моллюскілер-70-105; буынаяқтылар-750–1050  мың,  оның  ішінде  1  млн  жуығы
шыбын-шіркей,  құрт-құмырсқалар;  тікентерілілер–5  мың.  жуық;  қабықтылар,
жартылай хордалылар-1500-2000 жуық, хордалылар–50 мыңға  жуық.  Қазақстанның
қазіргі  жан-жануарлар  әлемінде  сүтқоректілердің   172,   құстардың   490,
бауырымен жорғалаушылардың  51,  қосмекенділердің  12,  балықтардың  100-ден
артық  түрлері  бар.  Әлем   омыртқасыздарға   (жәндіктер,   шаянтәрізділер,
моллюскілер, құрттар және басқалар) өте бай  (40  мың.  астам  түрлер).  Тек
жеке жәндіктердің 30000 астам  түрлері  тіркелген.  Қазақстан  жан-жануарлар
әлемінің аса көп  әртүрлілігі  республиканың  географиялық  орнына,  күрделі
тарихи  көрінісіне  және  жан-жануарлар  әлемі  кешенінің  қалыптасу  жолына
байланысты.
   Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
      1.  Бакалаврлар  дайындаудағы  орман  аңдары  мен  құстары  биологиясы
         пәнінiң маңызы неде?
      2. Биологияның қысқаша дамуын сипаттаңыз.
      3. Биологияның басқа пәндерімен байланысы қандай?
      4. Орман аңдары мен  құстарын  зерделеудегі  кейбір  мақсаттарды  және
         әдістерді атап, сипаттаңыз.
      5. Пән қандай бөлiмдерден тұрады? Олардың мақсаттары неде?
   Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
   Негізгілері -
   1. Бекенов А., Есжанов Б., Махмұтов С. Қазақстан сүтқоректілері.  Алматы,
      1995.
   2. Доппельмаир Г.Г. и др. Биология лесных птиц и зверей. М., 1975.
   3. Долгушин И.А., Гаврин В.Ф. Птицы Казахстана. Алма-Ата,  1960-1974  гг.
      т. 1-5.
   4. Слудский А.А. и др. Млекопитающие Казахстана. Алма-Ата, 1969-1985  гг.
      т. 1-4.
   5. Колосов А.М.,Лавров Н.П.,Наумов  С.П.  Биология  промыслово-охотничьих
      зверей СССР.М. 1975.
   6. Колосов А.М.,Лавров Н.П.,Михеев  А.В.  Биология  промыслово-охотничьих
      зверей СССР.М. 1983.
   7. Ильичев В.Д., Карташев Н.Н., Шилов И.А. Общая орнитология. М. 1982.
   8. Карташев Н.Н. Систематика птиц. М., 1974.
   9. Соколов В.Е. Систематика млекопитающих. М., 1973. т. 1.  1977.  т.  2.
      1979. т. 3.
  10. Мартынов Е.Н. Биология лесных позвоночных. Санкт-Петербург, 2004.
  11.  Харченко Н.А., Лихацкий Ю.П., Харченко Н.Н. Биология зверей  и  птиц.
      М., 2003.


   Дополнительная -
   1. Афанасьев А.В., Бажанов В.С. и др. Звери Казахстана. Алма-Ата, 1953.
   2. Охотничье-промысловые звери Казахстана.//Труды Института  зоологии  АН
      Каз.ССР, 1964. т. 26.
   3. Охотничьи птицы Казахстана. //Труды  Института  зоологии  АН  Каз.ССР,
      1964. т. 24
   4. Экология  и  поведение  млекопитающих  Казахстана.  //Труды  Института
      зоологии АН Каз.ССР, 1988. т. 44.
   5. Юргенсон П.Б. Охотничьи звери и птицы. М., 1968.
   6. Чельцов-Бебутов А.М. Экология птиц. М., 1982.
   7. Красная книга Казахстана (изд. 2, 3). Алма-Ата, 1991, 1996.
   № 2 дәріс тақырыбы – Орман орнитологиясы.
   Жалпы  сұрақтары:  Құстар  класының  жалпы   сипаттамасы.   Құстар-жоғары
омыртқалы  жануарлардың  арнаулы  тобы.  Олардың  пайда  болуы,  эволюциясы.
Морфологиялық ерекшеліктері мен ұшуға бейімділігі. Құстың ағзалар  жүйелері.
Сүйектері, бұлшық еттері құрылысындағы ерекшеліктері.  Қауырсындар,  олардың
жіктелуі және құрылысы. Дыбыс шығару аппараты. Жұмыртқаның құрылысы.
   Дәрістің қысқаша жазбасы.  Орман  орнитологиясы-орман  құстарын,  олардың
орман шаруашылығындағы маңызын  қарастырады.  Олай  болса,  құстар-омыртқалы
жануарлардың ішіндегі ерекше арнаулы тобы, жеке класс құрып,  юра  кезеңінен
бастап,  хордалылар  типіне  және  омыртқалалардың  тип  тармағына   жатады.
Мысалы, алғашқы  тасқа  айналған  айуандардың  55  млн  жыл  бұрыңғы  жинағы
Гондвананың батыс жағында (Австралия, Жаңа Зеландия,  Антарктида)  табылған.
Құстар  денесі  тұрақты  температурасымен,  қауырсынымен,   қарқынды   тыныс
алуымен,  ұшу  мүмкіндігімен,  тістері  жоғымен,  жеңіл  қаңқасымен,   жақсы
көруімен,   естуімен   және   дауыс   аппаратымен   ерекшеленеді.    Жерүсті
омыртқалылар арасында  құстар  класы  түрлерге  ең  бай  (8580).  Олар  мына
түрлерге: өмір сүру өзгешелігіне орай  (отырықшы,  соқпа-шанда,  ұя  салушы,
қыстаушы, көшпелі), қоректену өзгешелігіне-(дән қоректі, жәндік  қоректілер,
балық жейтін, жыртқыш, талғаусыз жейтін), мекендеу  өзгешелігіне-(теңіз,  су
жиегі, батпақты, орманды, далалы, елді  мекен),  мекендеушілер  тығыздығына-
(сансыз көп, әдеттегі, жоғалудағы, саны аз, сирек), шаруашылық және  әсемдік
құндылығы-(кәсіптік, сайрағыш, санитарлық,  тұқым  тарататын,  бақ,  бақшаға
зиян келтіруші, сәндік) деп жіктеледі. Құстар мақұлықаты  жақсы  зерттелген.
Олардың ішінде басым көп түрлері (515)–ұя салушылар,  оның  тек  Қазақстанда
27 түрі кездеседі.  Одан  кейінгі  түрлерге  торғай,  ржанка,  қазтәрізділер
отрядтары жатады.  Құстар  анатомиялық  құрылысымен,  дамуымен  өзінің  арғы
атасы-бауырымен жорғалаушыларға жақын.  Олардан  көптеген  қазір  байқалатын
белгілерді мұра етіп алған. Құстар класының негізгі басты  белгілері:  ұшуға
бейімделуі  және   бауырымен   жорғалаушыларға   жақындығымен   айқындалады.
Сондықтан    осы    белгілерді    құстардың    анатомиялық,    физиологиялық
ерекшеліктерімен  танысқанда  естеріңізде   сақтауларыңыз   қажет.   Жерүсті
құстардың үйлесімді (келісімді) жүретін екі  (артқы)  аяғы  болады.  Алдыңғы
аяқтары қанатына өзгерген, онда үш саусақтың қалдықтары бар.  Тұлғасы  тұтас
үлкен төсіне, қанаттарының бұлшық еттері  бекітіледі.  Бассүйегі  мен  қаңқа
сүйектері ауаға толы  болады.  Сүйекті  құйрығы  қысқа.  Қауырсындану–барлық
құстарға  тән  белгі,  сүтқоректілер  класы  арасында  кейбір  тіпті  түксіз
түрлері де кездеседі, ал  жорғалаушылар  ішінде  мүйізді  қабыршақты  немесе
сауытсыз, т.б. түрлері болады.  Сондықтан  қандайда  болмасын  құстар  класы
өкілін жай қарапта анықтайды.  Төс  аумағындағы  қаңқа  жақсы  дамыған.  Ірі
дарақтарда бассүйегі  бір-бірімен  тұтасқан.  Мойын  омыртқалары  өте  жақсы
қозғалады. Бел, құйымшақ, құйрық омыртқалаларының біраз бөлігі де  тұтасқан.
Құстың бассүйегі жорғалаушылар мен сүтқоректілер бассүйегімен  салыстырғанда
айтарлықтай жеңіл. Оны түзетін сүйектер өте жұқа  және  ауаланған.  Сонымен,
бассүйек өте жұқа, бірақ өте берік, оның  жігі  болмайды.  Кейбір  юра,  бор
(меловый)  дәуірлеріндегі  құстардың  (археоптерис,   гесперорнис)   тістері
болған, қазіргі барлық құстардың жақ сүйектерінде тістері  жоқ,  олар  мүйіз
тәрізді затпен қапталып, құс тұмсығын құрады. Тістің жоғалуы ұшудың  дамуына
байланысты.  Ол  бассүйегінің  неғұрлым  жеңіл  болуын  қажет  етті.  Құстың
бассүйегі мойын  омыртқасымен  сүтқоректілердегідей  екі  айдаршықпен  емес,
бауырымен жорғалаушылардағыдай бір айдаршықпен  қосылған.  Сондықтан  бастың
қозғалуы ұлғайған. Құстар бауырымен жорғалаушылардан тек төменгі ғана  емес,
жоғарғы жақ сүйегінің қозғалысында мұра еткен. Құс  тұмсығын  қатты  ашқанда
жоғары жақ сүйегі  майысып,  көтеріледі,  ал  жақ  сүйектері  қосылғанда  ол
түседі. Бұл, құс тұмсығының жақсы  ашылуына  және  табылғанды  жақтың  жақсы
ұстауына әсер етеді. Денесін бездері жоқ жұқа тері жабады. Құйрық  негізінде
құйыршық   безі   болады.   Тері   туындыларына   денесіндегі   қауырсындар,
аяқтарындағы  мүйізді  қабыршақтар,  саусақтарының   ұштарындағы   тырнақтар
жатады. Бұлшық  еттері  жақсы  дамыған,  әсіресе  төс,  мойын,  аяқтарындағы
бұлшық еттер. Ас қорыту жүйесі  тістерінің  жоқтығымен  ерекшеленеді,  бірақ
азықты жұмсартуға қажет  жемсауы  (кеңейтілген  өңеші),  ірі  қос  қалақшаға
ұқсас бауыры,  жақсы  дамыған  өт  қабы  болады.  Тыныс  алу  жүйесі  ұшуына
бейімделіп, оны қамтамасыз етеді. Сондықтан өкпелері тығыз тесік-тесік  ағза
тәрізді, оның қосымша жұқа ауа қапшығы ағзалар арасында, сүйек  қуыстарында,
бұлшық еттерінде, тері астында  орналасады.  Құстарға  қос  тыныс  алу  тән.
Себебі, ол қанатын қаққанда ауа өкпе арқылы өтеді. Бұл ұшқанда белсенді  газ
алмасуы жүруіне әсер етеді. Қан тамырлары жүйесі жүректің оң жағы  көктамыр,
сол  жағы  қызыл  тамырға  бөлінуімен  сипатталады.  Ондағы  екі  қанайналым
шеңбері толық  дербес  (өз  алдына)  болады.  Қызыл  және  көктамыр  қандары
араласпайды. Дене температурасы тұрақты (42-45 С). Шығару (бөлу) жүйесі  қос
екінші бүйрегімен және қос зәрағарымен (мочеточник) сипатталады.  Зәрағарлар
ішектің кеңейтілген соңғы бөліміне (клоакаға) ашылады, қуығы  болмайды.  Зәр
құрамбөліктерінің эксперименттерімен  бірге  сыртқа  клоака  арқылы  шығады.
Құстың жүйке жүйесі бас миының одан әрі дамуымен сипатталады. Онда үлкен  ми
сыңары, көру бөліктері, жақсы дамыған мишығы, 12 жұп бас-ми жүйкесі  болады.
Құстар–даражыныстылар, олардың бір түрінде морфологиялық екі, не  одан  көп,
ия  болмаса  аз,  күрт  айырмашылығы  бар   форма   (жыныстық   диморфизмом)
байқалады. Негізгі морфологиялық белгілеріне  орай,  құстар  омыртқалылардың
басқа кластарына қарағанда біртекті топтарды құрады.  Құстардың  ішінде  өте
қатты қос мекенділер, бауырымен  жорғалаушылар,  сүтқоректілерде  байқалатын
жалпы құрылымынан ауытқитын өкілдері болмайды. Мысалы,  қазіргі  және  қазып
алынатын құстар арасында аяқсыз түрлері кездеспеді, ал  барлық  омыртқалылар
кластарында олар  болады.  Құстардың  бір  түрлілігін,  оның  эволюция  бойы
қарқынды ұшуға ұзақ уақыт бейімделуі деп  түсінген  жөн.  Ұшу  негізгі  жүру
тәсілі болғандықтан барлық құстардың құрылысына айтарлықтай әсерін  тигізді,
оның сыртқы, әрі ішкі  құрылымының  негізгі  ұқсастықтарына  себепші  болды.
Ұшпайтын құстар (түйеқұстар, пингвиндер және  басқа)  ұшуға  қажет  бірталай
басты белгілерін  жоғалтқанымен,  олардағы  кейбір  белгілер,  арғы  аталары
бұрын ұшқанын  байқатады.  Мысалы,  түйеқұстың  алдыңғы  аяқтарының  қаңқасы
ұшатын құстар қанатындай болып келеді. Сондықтан  кейбір  қазіргі  ұшпайтын,
қазып алынған құстардың ұшпауы пайда болған екінші құбылыс деп қараған  жөн.
Құстардың анатомиялық ерекшеліктері (қауырсын жабын,  құйымшақ  без,  қаңқа,
бұлшық еттер, қан айналым, тыныс алу ағзалары, дауыс  аппараты,  ас  қорыту,
бөлу, көбею ағзалары, бас миы, сезім ағзалары)  туралы  реферат  жазыңыздар.
Жұмыртқа  құрылысы  ең  күрделілігімен  ерекшеленеді.   Оны   сары   уыздан,
ақуыздан,  қабыршақасты  қабықтан,  қабыршақтан  тұратын  тауық  жұмыртқасын
мысалға алып, сипаттап көрелік.  Сары  уыз–аса  ірі  жұмыртқаклеткасы,  оның
ядросы  жоғарғы  бетінде   орналасқан,   ол   кішкене   топталған   белсенді
ооплазмамен қоршалған, тұрақты қосындыларды  сақтайды.  Жұмыртқалаған  тауық
жұмыртқасы  жұмыртқа  емес,  ол  жұмыртқа  жолынан  өтіп,  үшінші   қабықпен
жабылған, дами басталған ұрық. Мұндай жұмыртқаның жоғары  бетінде  (ұрықтану
жүрсе) оның ядросы емес,  даму  жолындағы  ұрық–бластодиск  байқалады.  Оның
астында «ақ уыз» жиналған, түрі  құмыра  тәрізді  болады.  Оны  латебра  деп
атайды. Жұмыртқаклеткасының басқа бөлігі негізінен  «сары  уызды»  сақтайды,
оның арасында кейде «ақ  уыз»  жолағы  байқалады.  Бұл  уыздардың  екеуі  де
жасушаның тұрақсыз қосындылары–сары уыз шарлары. Сары  уыз  шарлары  ақ  уыз
шарларынан ірі, оның құрамында ақуыз, көптеген  майлар  болады.  Ооплазманың
қыртысты  қабатынан  сыртына  қарай,  жасуша  қабығынан  сарыуыз  (вителлин)
жарғағы немесе қабығы орналасқан. Ол 7-10 күн ішінде, жұмыртқалықтан  аналық
жасуша шыққанға дейін құрылады, ақ уыз-мукополисахарид  кешенінен,  біркелкі
масса тәрізді, электронды микроскопта ғана көрінетін  өте  жіңішке  жіпшелер
торынан  (фибрилл)  тұрады.  Ондағы  ені  2  микронға  дейінгі  тор  саңлауы
ұрықтанғанда шәуеттерді ерікті өткізе береді (әтеш шәуетінің  қалыңдығы  0,5
микроннан аспайды). Басқа жануарлар  түріндегідей  бұл  жарғақтыңда  сәулелі
жолақтары  бар.  Оларға  фолликулалық  жасушалар  өсінділері  кіреді.  Бірақ
қабықтың ешқандай саңлауы болмайды да, бұл өсінділер өте  жұқа  сүзгі  рөлін
атқарады. Жалпы сарыуыз жарғағы жұқа мөлдір қап  тәрізді,  жұмыртқаклеткасын
(кейін ұрықты)  зиянды  себепкерлерден  (агент)  қорғайды.  Ақуызда  3–ішкі,
сыртқы сұйық, ортаңғы тығыз қабаттар орналасқан. Қабыршақасты  қабықта  бір-
біріне тығыз жанасқан, тек доғал ұшы екіге айрылып, арасында  ауа  камерасын
құратын 2 қабық болады. Бұл қабық талшықтар торынан  құралған,  оокератин–ақ
уызынан,  кератинге  ұқсас  мүйізді  заттан  тұрады.  Қабыршақ   органикалық
талшықтардан  тұрады,  оларға  қыртыстанған  минералды  тұздар  (кальциттер)
тығыз байланысқан.
   Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
   1. Құстар класының жалпы сипаттамасын беріңіз.
   2. Құстардың пайда болуы және эволюциясы туралы не білесіз?
   3. Құстардың морфологиялық ерекшеліктері мен ұшуға бейімділігі неде?
   4.  Құстың  ағзалар  жүйелері,  сүйектері,  бұлшық  еттері  құрылысындағы
      ерекшеліктері қандай?
   5. Қауырсындар, олардың жіктелуі, жұмыртқаның құрылысы қандай?
   Әдебиеттер. № 1 дәріс соңында көрсетілген.
      №  3  дәріс  тақырыбы  –  Құстардың  физиологиялық  және   экологиялық
ерекшеліктері.
      Жалпы сұрақтары: Құстардың физиологиялық,  қозғалу  (құрылықта  жүруі,
жүзуі,  сүңгуі,  ұшуы-қанат  қағуы,  қалқуы)  және   экологиясының   негізгі
ерекшеліктері, географиялық таралуы,  саны.  Құстар  организмінің  қуат  алу
негіздері. Су-тұз  алмасуы.  Тыныс  алу  мен  газ  алмасуы.  Жылуды  реттеу.
Бағдарлауды зерттеу тәсілдері,оның болжамдары  (гипотеза).  Құстардың  мекен
ету ортасына, қоректенуіне бейімделуі. Жыртқыш  құстар  мен  жапалақ  сыртқы
пішінінің бейімделуі. Жыртқыш, балық,  жәндік,  дән  қоректілер  және  басқа
құстар.
      Дәрістің қысқаша жазбасы. Халық «Құстарды  қауырсынына  қарап  таниды»
демек, әрі оған қарап, оларды басқа омыртқалылардан ажыратады. Қауырсын  екі
түрлі қызмет атқарады: құс денесін суықтан,  су  өтпеуден  қорғайды.  Онымен
бірге қанат үстін жазық етіп, құс денесінің салмағын кемітетін, ұшуға  қажет
сүйір форма береді. Сондықтан  құс  өз  формасын,  көлемін  өзгертіп,  мүйіз
текті түзілістен тұратын қауырсынындағы ауа  санын  реттейді.  Ол  денесінің
тұрақты қалыпты температурасын сақтауда аса маңызды, ал  сүңгитін  құстардың
салмақ үлесін өзгертеді. Қауырсынды жұқа май қабатымен тұрақты майлау,  оның
формасын сақтап, су өтпеуінен  қорғайды.  Қаңқасының  негізгі  ерекшеліктері
құс тіршілігіндегі ұшуымен, оның жеңілдігімен, зор беріктігімен  анықталады.
Қаңқаның  жеңілдігі   сүйектердің   жұқалығына,   олардың   ауамен   толуына
байланысты. Ұзын сүйектердің көптеген бөлігі  қуысты,  ауамен  толы  болады.
Ұшуға  бейімділігі,  сүйектердің  бірігіп,  кейбір  сүйектер   элементерінің
қалдықтары есебінен, оның жалпы санының азаюына жеткізді. Құстар  құйрығының
формасы, оның атқаратын әуе  рөлі,  теңгергіш  (балансир)  қызметтеріне  сай
болады. Құстардың бұлшық еттері  өте  жұқа  талшықтардан  тұрады.  Олар  өте
тығыз, жоғары зат алмасуға қабылетті келеді.  Бұлшық  еттің  бұл  ерекшелігі
құстардың көбіне тән аса жылдам,  күрт  қозғалыс  жасауына,  әрі  ұзақ  ұшып
барып, қайтуында ұзақ ширығуы жүретінін көрсетеді.  Құстардың  ұшуына  орай,
зор жұмыс  атқаруға  қан  тамырлары  мен  тыныс  алу  жүйелерінің  құрылысын
жетілдіру  қажет.  Құс  жүрегі  өте  зор  ауыртпашылық  көтеруге  қабылетті.
Жүректің ұсақ құстардағы қағуы қалыпты күйдің өзінде  минутына  бірнеше  жүз
рет, ұшқанда ол екі есе артық соғады. Құстарда газ алмасуы  жүрмейді,  бірақ
ауа қабы арқасында организмде әруақытта  пайдаланбаған  оттегі  болады.  Ауа
қабы  қатысуымен  өкпедегі  газ  алмасу  тек  дем  алғанда  ғана  емес,  дем
шығарғанда да (екінші тыныс алу деп аталады) жүреді. Өкпе мен ауа  қабындағы
ауаның  ауысуы  төстің  тыныс  алудағы   қозғалысында,   тыныштық   күйдеде,
ұшқандада өтеді. Ұшқанда дем  алу  жиілігі  көптеген  есе  өседі:  торғайда,
мысалы, минутына  50-ден  200  есеге  дейін  жетеді.  Құс  әдетте  оттегінің
кемістігін сезбейді. Себебі, ол неғұрлы жылдам ұшса,  оның  өкпесіндегі  газ
алмасу қарқынды өтеді. Оның үстіне, тыныс алу процесінде ауа қабының  жылуды
реттеудегі маңызы зор. Ағзалар  арасында  ауа  қабаттарын  құрып,  олар  құс
денесін артық жылу жоғалтудан, ұзақ  ұшқан  кезде  қатты  қызудан  қорғайды.
Суда жүретін құстар қауырсынындағы, ауа  қабындағы  ауа  санын  өзі  реттеп,
ерікті өз үлес салмағын өзгерте  алады,  ол  әсіресе  сүңгуде  өте  маңызды.
Құстың дауыс аппараты қызметін жоғарғы  көмекей  емес,  төменгісі  атқарады.
Төменгі көмекей мен кеңірдектегі ерекше  бұлшық  еттер  жиырылғанда,  жарғақ
пен дауыс ернінде түрлі дәрежедегі керілу пайда  болады,  ауа  өткенде  олар
дірілдеп, дауыс шығарады. Құстардың тістері болмайтындықтан,  оның  қызметін
тұмсығы  ғана  емес,  қарныда  атқарады.  Құстардың  негізгі   физиологиялық
ерекшеліктері сол, оның зат алмасу  қарқындылығы  жоғары  болады.  Сондықтан
бұл зат алмасуды оның үлкен қозғалмалылығымен, әсіресе ұшуына  орай,  қуатын
жылдам жоғалтатындығы мен, оны жылдам қалпына келтіруін байланыстыру  қажет.
Құстардың дене қызуы өте жоғары, оның  әр  түрінде  ол  38-ден  43,5  градус
аралығында болады. Ұсақ құстардың дене  қызуы  орташа  40-42  градуске  тең.
Қуығы жоқ. Зәрі басында сұйық, клоакада қоюланады. Себебі, оған бөлінген  су
қайта сіңіріледі. Сондықтан құс организміндегі су  өте  үнемді,  аз  шығады.
Құстардың   географиялық   таралуы   жалпы   заңдылықтарға   бағынышты,   ол
мақұлықаттың  даму   тарихы,   негізгі   ландшафттың   аумақтық   таралуымен
анықталады.  Басқа  географиялық  аумақтар   ішінде   орман,   әсіресе   зор
кеңістігімен ерекше орын алады.  Орманда  құстардың  400-ден  артық  түрлері
мекендейді, ол біздің мақұлықаттың жалпы санының 60% артық.  Құстардың  саны
да, өте көп. Орманның  түрлі  типтерінде  ұя  салған  құстардың  қоныс  тебу
тығыздығын әр  ендіктегі  жасанды  қоныс  тебумен  салыстырса,  ол  кеңістік
бірлігінде  жұп  санының  оңтүстікке  жақындаған  сайын   өсетінін   көрнекі
көрсетеді. Сондықтан сүтқоректілер мен құстар белгілі географиялық  ауданның
территориясындағы  экологиялық  жағдайларға,   өсімдіктер   сипатына   қарай
таралады.  Сөйтіп,   топтар   немесе   биоценоздар   құрады.   Жәндікқоректі
құстар–орман   санитарлары   болып   келеді.   Орманның   жыртқыш   құстары,
жапалақтар, тағы басқа көптеген врандылар танап, шабындық кеміргіштерін  өте
көп мөлшерде аулайды.  Орманда  ұя  салатын  көгершіндер,  шұбар  шымшықтар,
сарыторғайлар,  пайыз  торғайлар  және  басқа  дәнқоректі   құстар   арамшөп
тұқымдарын жоюымен  пайдалы.  Онымен  қатар,  танапқа  түсіп  қалған  мәдени
өсімдіктердің дәндерін жинап,  олар  зиянды  тышқан  тәрізді  кеміргіштердің
азық  қорын  азайтады.  Ұзақтар  жүгері  егісіне  залалын  тигізеді.   Танап
торғайлары бидай егістігіне, әсіресе тарыға ұшып келіп шабуыл жасап,  20%-ға
дейін астық өнімін жояды. Тобымен ұшатын ементұмсықтылар  мен  қараторғайлар
орманға жақын орналасқан шие бағына айтарлықтай  залал  тигізуге  қабылетті.
Құстар түрлі аурулардың  вирустары  мен  бактерияларын  тасымалдаушы  болып,
бүрге, кене және басқада сырт паразиттердің иесіне жатады,  әрі  түрлі  ішкі
паразиттердің негізгі немесе аралық иесі қызметін  атқарады.  Орман  құстары
қоректенуіне  орай  4  топқа:   жыртқыштар,   жәндік,   өсімдік,   талғаусыз
қоректілер  деп  бөлінеді.  Жыртқыштардың   өзін:   құстармен   (орнитофаг),
тышқанмен    (миофаг),    өлексемен    (некрофаг),    балықпен    (ихтиофаг)
қоректенетіндер және басқалар деп бөледі.
      Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
           1. Құстардың физиологиялық, қозғалу және  экологиясының  негізгі
              ерекшеліктері, географиялық таралуы, саны қандай?
           2. Құстар қалай тыныс алады, онда газ алмасуы қалай жүреді?
           3. Мекен ету  ортасына,  қоректенуіне  байланысты  құстар  қалай
              бейімделеді?
           4.  Жыртқыш  құстар  мен  жапалақтардың  сыртқы   пішіні   қалай
              бейімделетінін түсіндіріңіз.
           5. Жыртқыш, балық, жәндік, дән қоректі құстарды сипаттаңыз.
      Әдебиеттер. № 1 дәріс соңында көрсетілген.
      № 4 дәріс тақырыбы – Құстардың экологиялық топтары.
      Жалпы сұрақтары: Ағаш-бұта құстарының қанаттары, аяқтары және  тұмсығы
құрылысындағы ерекшеліктері. Ағашта өрмелейтін, жерде ұя салатын,  түнейтін,
батпақ-шалғын,  су  маңында  мекендейтін,   сирақты   батпақ,   батпақ,   су
жағалауындағы  балшықшы,  ашық  кеңістікте  мекендейтін,  жүгіретін,  жылдам
ұшатын,  су,  сүңгитін,  әуе-су  және  құрлық-су  құстары.  Ауа  қапшығының,
құйымшақ безінің маңызы. Өлекселермен  қоректентіндер,  олардың  өте  биікте
ұзақ қалқуға бейімділігі.
      Дәрістің  қысқаша  жазбасы.   Эволюция   процессінде   құстар   барлық
географиялық аумақтарды,  ландшафттарды  қоныстанды.  Қазақстанның  көптеген
өзендері қаз, аққу,  үйрек,  шағала  және  қызыл  қаздардың  тұрақты  немесе
маусымдық мекендейтін орындары болып келеді. Құстардың  экологиялық  топтары
тіршілік   етуінде,   дарактардың    сыртқы,    ішкі    құрылысында    қатал
айырмашылықтары байқалады. Сондықтан  оларды  экологиялық  принципіне  орай:
суда  жүретіндер  (пингвиндер,  гагаралар,  қазтәрізділер  және   басқалар),
батпақтылар (сирақтылар,  көптеген  балшықшылар,  сутартарлар,  қасқалдақтар
және басқа), ашық кеңістікте мекендейтіндер (түйеқұстар,  дуадақтар,  шілдер
және басқалар) және орман құстары деп бөледі. Мұндай бөлу,  сөз  жоқ  шартты
түрде  ғана.  Себебі,  осы  күнге  дейін  көптеген  түрлерді,  белгілі   бір
экологиялық топқа бөлу мүмкін болмай отыр. Мысалы, көптеген  жыртқыш  құстар
орманда, тау баурайларында ұя  салғанымен  ашық  кеңістіктерде  қоректенеді.
Онымен бірге экологиялық топтың өзі бірдей емес.  Бір  түрдің  ішінде  мекен
орнына, қорекке, оны  тауып,  қоректенуіне  бейімделген  бірнеше  түр  бөліп
алуға болады. Мысалы, суда жүретін құстарға тән жалпы  белгілерді-өте  тығыз
қауырсындарын, құйымшақ  безінің  жақсы  дамуын,  артына  ығысқан  аяқтарын,
жарғақтары бар саусақтарын атауға болады. Бірақ,  олардың  ішінде  сүңгитін,
жүзетін, су бетінде ұшатын түрлері де кездеседі. Аталған белгілерден  басқа,
түр өкілдері осындай жағдайларға бейімделіп  те  алады.  Сүңгитін  түрлердің
(пингвин,  гагара  және  басқалар)  сүйектері   өте   әлсіз   немесе   тіпті
ауаланбаған. Сондықтан олар  су  астында  жүруі  жеңіл  болады.  Себебі  құс
салмағы ауырлап, үлесі су үлесіне  тең  келеді.  Су  астында  олардың  жүруі
әртүрлі  іске  асады.  Кейбіреулері  аяқтарының  көмегімен  (сұқсұр  үйрек),
басқалары-аяғымен,  онымен   қатар   қанаттарымен   жұмыс   істеп   (қырғыш,
мұнтазақұс,  сүңгіш   үйрек),   ал   үшіншілері   (пингвин)-қанаттары-жарғақ
аяқтарымен қозғалады. Сүңгитін  құстардың  қанаты  қысқа,  сүйір,  сондықтан
олардың  ұшуы  өте  зорлықпен,  қанатын  жиі  қағуымен  өтеді.  Ұшу  екпінді
болғанымен, оның құбылмалығы нашар  болады.  Оны  ұшу  бағытын,  жылдамдығын
өзгерте  алмайтын  қырғыш,  сұқсұр   үйрек,   басқалардан   көруге   болады.
Кейбіреулері (пингвин, жуырда құрып  біткен  қанатсыз  қырғыштар,  басқалар)
ұшу қабылетін мүлде  жоғалтқан.  Сүңги  алмайтын  (бірқазан,  аққулар)  суда
жүретін  құстар  суда  ұзақ   жүруге   бейімделген,   әрі   сүңгімей   судан
қоректенеді. Бұл түрдегі құстар қаңқасында, терісінде  (бірқазан)  ауа  көп,
ал әдетте мойындары, тұмсықтары ұзын болады.  Негізінде  олар  таяз  суларда
қоректенеді. Субетінде ұшатындарға (шағала,  альбатрос,  дауылпаз)  қалықтап
ұшуды қамтамсыз ететін енсіз, ұзын қанаттар тән. Су беті оларға қорек  көзі,
әрі демалыс орны  болып  есептеледі.  Батпақ,  ашық  кеңістікте  мекендейтін
құстарғада түрлі бейімделу тән. Түрлі бейімделу,  әсіресе  орман  құстарында
байқалады.  Ол  ормандағы  көптеген   мекен   орындарына,   мекен   ортасына
байланысты жүреді. Орман-көптеген құстардың мекендейтін орны.  Мұнда  құстар
жүруінің  негізгі  формалары  дамыған.  Ормандағы  ұшу.  Құстар  неше  түрлі
әдістермен ұшуға бейімделеген. Олардың  қанаттары  қысқа,  кең,  ұшы  доғал,
жайылғанда саусақ тәрізді орналасқан  алғашқылары  серпімді.  Кішкене  қанат
жақсы  дамыған,  құйрығы  әдетте  айтарлықтай  көлемді.  Бұның  бәрі   орман
құстарына ағаштың  бұтағы,  діңі  арасынан  еппен  бұлтаруға,  жылдам  ұшып,
тежелуге, отыруға мүмкіндік береді. Бұтақтар  мен  діңде  жүруге  бейімделу.
Ертедегі юра кезеңіндегі құстардың-археоптерикстердің,  қанаттары  3  ерікті
қозғалатын тырнағы бар саусақтардан тұрған. Олар ағаш бұтақтарында барлық  4
аяқтары көмегімен жүретін. Қазіргі  құстардың  ішінде  ол  кейбір  түрлердің
балапандарында (гоацин, бананқоректілер) сақталған. Жетілген құстардың  бәрі
бұтақтарда тек артқы аяқтарына ғана сүйеніп жүреді, ал біраз  түрлер  (тоты,
клесттер)  кейде  жүру  үшін  тұмсығын  пайдаланады.  Орман  құстарының  90%
бұтақтан бұтаққа секіріп жүріп жылжиды. Аяқтарының саусақтары  бір  деңгейде
орналасқан, онымен бірге 3 саусығы алға, ал 1 артқа қараған, ол құстарға  ең
қалың бұтаны қатты қысуға мүмкіндік  береді.  Табан  сіңірлері  саусақтардың
бүкірейген күйінде автоматты бекуін  қамтамсыз  етіп,  бұтада  бұлшық  еттің
ширығуынсыз  тұруына  мүмкіндік  береді.  Тотылар  ағаш  бұталары   арасында
өрмелеуге бейімделген, олар  бұтаны  кезекпен  алдымен  бір  аяғымен,  кейін
екіншісімен  ұстайды.  Олардың  2  саусағы  алға,  2  артқа   бұрылған,   ал
саусақтарының табан жағы қатты  кеңейген.  Ағашқа  өрмелеушілерге  тоқылдақ,
шиқылдақ, поползнилер жатады. Олардың жылжу  тәсілдерін  табаны  құрылысынан
білу керек.  Тұмсығы  мен  тіл  құрылысының  бейімделуі.  Ол  тек  қоректену
сипатынан ғана емес,  оны  іздеп  табу  тәсілдерімен  анықталады.  Тұмсықтың
бірнеше түрлі типтерін ажыратады:  жәндік,  дәнқоректілер,  жыртқыштар  және
басқа типтері болады.
   Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
            1.  Ағаш-бұта  құстарының  қанаттары,  аяқтары   және   тұмсығы
               құрылысындағы ерекшеліктерді сипаттаңыз.
            2. Ағашта  өрмелейтін,  жерде  ұя  салатын,  түнейтін,  батпақ-
               шалғын, су маңында мекендейтін, сирақты батпақ,  батпақ,  су
               жағалауындағы   балшықшы,   ашық   кеңістікте   мекендейтін,
               жүгіретін, жылдам ұшатын, су, сүңгитін, әуе-су және  құрлық-
               су құстары не білесіз?
            3. Ауа қапшығының және құйымшақ безінің маңызы неде?
      Әдебиеттер. № 1 дәріс соңында көрсетілген.
      № 5 дәріс тақырыбы – Құстардың тіршілік циклдері.
      Жалпы сұрақтары: Құстар тіршілігіндегі  кезеңдік  құбылыстар.  Әртүрлі
экологиялық топтағы құстардың ұшып келу, ұшып кету кезектілігі. Құс  ойнағы.
Жыныстық диморфизм, оның  пайда  болу  формалары.  Түлеу  (түрлі  топтардағы
құстардың толық түлеуі, құс  ойнақ  алдындағы  түлеу,  оның  ерекшеліктері).
Түлеген  құстарды   қорғау,   мерзімдік   қоныс   аудару,   қыстау.   Құстар
биологиясындағы ұшып кетудің маңызы, қоныс аударуының пайда болуы.
      Дәрістің қысқаша жазбасы. Құстар  тіршілігіндегі  кезеңдік  құбылыстар
ішінде алдымен жылдық тіршілік циклге, тәуліктік және  мерзімдік  ырғақтарға
тоқталсақ. Құстардың жылдық тіршілік  циклі.  Климаттың  маусымдық  өзгерісі
құстар тіршілігінде белгілі кезеңдік  құбылыстарды  тудырады.  Құстардың  әр
түрінің  тіршілігі  жыл  бойы  бірнеше  ауыспалы  кезеңдерден  тұрады.  Оған
олардың көбеюі, түлеуі, қоныс аударуы, көшуі, қыстауы, басқалар жатып,  олар
құстардың  айқынды  физиологиялық  күйін  сипаттайды.  Осы  кезеңдер  немесе
маусымдық тіршілік фазалары құстардың жылдық тіршілік циклін  құрады.  Енді,
осы  кезеңдерге  сипаттама  берелік.  Құстардың  қысқы  тіршілігі.   Олардың
қыстауға қалған  түрлер  құрамы  орман  аумағында  нашар,  себебі  құстардың
барлығы  оңтүстік  ендікке  ұшып  кетеді.   Оның   ішіндегі   су,   батпақты
қоныстанатын  құстар  толық  кетеді.  Жусан  арасында  қыстауға   сушылқара,
қоңырүйрек, өте сирек үлкен  бейнеарық  үйрек  қалады.  Бұл  құстардың  көбі
орман құстары. Оларға құр, тоқылдақ, шекілдек, шымшық, қызыл  бауыр  шымшық,
сарышымшық, жорғаторғай, шиқылдақ торғай, әрі жапалақтардың бірнеше  түрлері
және жыртқыш қырғи жатады. Шетен жемісі жақсы піскен жылы орманда  қыс  бойы
саурауық қалады.  Қыста  көптеген  құстар  топталып,  көшіп  қонып  тіршілік
етеді. Түрлі экологиялық топтағы құстардың ұшып келу және кету  кезектілігі.
Бұл кезеңдер тұрақты жыл сайын жүргенімен. олардың өз мерзімі болады.  Бірақ
олар бір айға созылуы мүмкін.  Алдымен  кәрі  еркектер  ұшып  келеді.  Кейін
аналықтармен жас құстар қайтады. Түрлі құстардың орманға  ұшып  келуінің  өз
мезгілінің бір ізділігі байқалады. 18.03. бірінші  болып  ұзақ,  одан  кейін
қара торғайлар,  дала,  орман  бозторғайы,  наурыз  соңында),  1-10.04-шұбар
шымшық, ақ қаратамақ торғай, наурызек,  шабындық  жадырақ  торғайы,  қызғыш,
күйкентай, кейбір жыртқыштар.  10-20.04-өзен  үйректері,  шалшықшы,  шағала,
тырна, орман құстарынан-саурауық, көгершіндер.  Сәуірдің  соңы-мамыр  айының
басында-аққулар, қаздар, басқалар келеді.  Орман  аумағына  құстардың  жалпы
келу  кезеңі  2  айдан  артық  мезгілге  созылады.   Құсойнақ   (токование).
Құстардың  көктемде   тәртібі   өзгереді,   олардың   мінез-құлқында   шұғыл
өзгерістер байқалады. Қыстаған, ұшып  келген  құстар  топтары  ыдырайды,  ұя
салатын   жерлерді   мекендейді,   территорияда   тең   бөліну    байқалады,
аталықтардың қарқынды құсойнағы басталады. Құсойнақ дауыс  беру,  әуе  ойны,
құсойын ұшуында, түрлі тұру кейпінде, ерекше қимылында  көрінеді.  Құстардың
ойын түрлері өте түрліше болады. Оның биологиялық  маңызы-басқа  жыныс  түрі
дарағының назарын аудару, олардың  жыныстық  қозуына  түрткі  салу.  Балапан
жабыны  алмасуы.  Ұрықтық  мамық  (балапан   жұмыртқаны   жарып   шыққанда),
кейбіреуінде  ұзын,  әрі  басқа  түске  боялған  балапан  мамығы   (күндізгі
жыртқыштар,  гагаралар,  дауылпаз)   немесе   ерекше   ұрпақтанудағы   мамық
қауырсындану, жастық  (ұядағы)  қауырсын  және  маусымдық  түлеу.  Маусымдық
түлеу. Түлеудің негізгі механизмі гормон әсерінен  басталады.  Оның  алдында
қанға қалқанша без гормондары қарқынды түсе бастайды. Ол  әдетте  гипофизбен
жыныс бездерінің белсенділігі басылғаннан  кейін  жүреді.  Құстардың  түлеуі
және көбеюі бір-бірімен байланысты,  әдетте  бір-бірінсіз  жүретін  құбылыс.
Түлей бастаған құс, қосымша жұмыртқа салуға қабылетсіз  болады.  Піштіргенде
түлеу кезеңі бұзылады. Кейбір құстарда  түлеу  мен  көбею  мерзімі  жартылай
бірге  келеді.  Орман  аумағындағы  құстардың  негізгі  түлеуі  07,  08,  09
айлардың соңына келеді. Жыл бойында көптеген құстар  бір  (күзгі),  кейде  2
(үйректер, торғай тәрізділер, басқа),  тіпті  3  рет  (ақ  шілдер)  түлейді.
Максымдық, немесе кезеңдік қоныс аударуы.  Кезеңдік  қоныс  аудару  деп,  ұя
салған жерден қыстақ орнына және  кері  қайтудағы  құстардың  көктемде  және
күзде үнемі қоныс аударуын атайды. Құстар мекенінде күрт қорек  жетімсіздігі
және қолайсыз ауа-райы болса, онда кезеңсіз қоныс аудару жүреді.
      Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
     1. Құстар тіршілігіндегі кезеңдік құбылыстар туралы не білесіз?
     2. Құстардың жылдық тіршілік циклін сипаттаңыз.
     3. Әртүрлі экологиялық топтағы құстардың ұшып келу,  кету  кезектілігі
        туралы не білесіз?
     4. Құсойнақ дегеніміз не?
     5. Құстардың жыныс диморфизмі, оның пайда болу формалары.
     6. Түлеу дегеніміз не?  Түлеген  құстарды  қалай  қорғайды,  мерзімдік
        қоныс аударуы, қыстауы қалай жүреді?
     7. Құстар биологиясындағы ұшып кетудің маңызы, қоныс аударуының  пайда
        болуын қалай түсінесіз?
   Әдебиеттер. № 1 дәріс соңында көрсетілген.
   № 6 дәріс тақырыбы – Құстардың практикалық маңызы және оларды қорғау.
      Жалпы сұрақтары: Әртүрлі орман типтерінде құстардың таралуы. Құстардың
түрлері. Жыртқыш құстар. Орман жағдайына  құстардың  әсері.  Орманды  қорғау
үшін  құстарды  еліктіру   техникасы.   Жасанды   ұяларды   жіктеу,   оларға
қоныстанған   құстарды   есептеу.   Құстардың   мінез-қылықтарын    басқару.
Қазақстанның Қызыл кітабы, сирек кездесетін  түрлер  мәртелері  (тұрақтанған
жай күйі - статус, топтары - категориялары).
      Дәрістің  қысқаша  жазбасы.  Жердегі  өсімдіктер  ресурстарында  орман
ерекше орын алады. Оның фитожиынтығы (массасы) барлық өсімдіктер  массасының
88%. Үндістанда «Орман-ол су, су-түсім (өнім), түсім-тіршілік»  деген  нақыл
сөзбен өткен Халықаралық  орман  шаруашылығы  жиынында  (конгресс)  тіршілік
сферадағы  ормандар  рөлі  жоғары  бағаланды.  Орман   Қазақстанның   барлық
территориясының 3,5% орналасқан. Оның көп бөлігі қылқанжапырақты  орман,  ал
тауларда  қайың,  көктерек,  алма  ағашы,  (арчевниктер).  Еліміздің   басқа
территориясында аралас шөпті-астық тұқымдастар, жусанды  астық  тұқымдастар,
жусанды-сортаң (сор), шөл  өсімдіктер  бірлестігі  таралған.  Биік  тауларда
субальпы, альпы алқабындағы көгалдар бар.  Ормандар  Қазақстанның  негізінен
Алтай, Жоңғар Алатауының таулы аудандарында,  Тянь-Шаньның  шығыс  сілемінде
шоғырланған. Солтүстікте қайың шоқтары  орналасқан,  Ертіс,  Тобол  өзендері
бойы  кішкене  қарағайлы  тоғайлар  аумағы  сақталған.  Құмдарда  отын  үшін
пайдаланатын  және  құмдарды  бекітетін  саксаул  өседі.   Ормандар   біздің
ғаламшардың 42 млн.кв.км. жуық алқапты алып жатыр, жыл сайын олардың  алқабы
2% азаяды. Осы жерде көңіл аударарлық жай, ол біздің адамдар дәстүрлі  орман
өсіруге  үйренбеген.  Оның  пайдасын  біле  тұра,  құнарлы  жер,  тұщы   су,
жеткілікті күн сәулесі болғанымен ірі орман  алабы  түгілі  елді  мекендерді
көгалдандыруға ниеті жоқ. Ниет, бір апатқа  ұшырағанда  ғана  пайда  болады.
Оған Арал апаты аумағындағы  Аманөткел,  Райым,  Қамбаш,  басқа  ауылдарының
тұрғындары ормансыз тіршілік ету қиын  екенін  түсініп,  кейінгі  3-4  жылда
елді мекендерді қарқынды көгалдандырумен шұғылданып, кеуіп  қалған  теңіздің
түбіне саксаул өсіруде. Орманның  табиғат  ортасында  өтіп  жатқан  процеске
тигізетін әсері тым әртүрлі (ылғал сақтағыш маңызы, егін  және  ауа  қорғау,
сауықтыру  және  орман  –  құнды  азық-түлік  өнімдерінің   көзі).   Орманды
мекендейтін омыртқалылардың маңызы. Олар орман ортасына тікелей және  жанама
әсер етеді. Өсімдік қоректі жануарлардың вегетативтік тобына:  күдір,  елік,
үзбара, бұғы, бұлан, доңыз-кабан,  құндыз,  кейбір  құстар  (құр,  көгершін,
қарға)  жатады.  Өсімдік  қоректі  жануарлардың  генеративті   тобына–тұқым,
жеміс,  гүл  бүршігі  және  гүлмен   қоректенетіндер   жатады.   Бөрікбастан
қоректенетіндер:  ұшар,  тиын,  алатышқан,  бұлғын,   аю,   құстар   (құнақ,
тоқылдақ, құр, самырқұс, сайрауық). Арнайы көңілді  ұсақ  орманда  жәндікпен
қоректенетін  құстар  алады.  Бұл  құстардың  пайдалы  қызметін  көру  үшін,
барынша оларды қорғау және еліктеу  жолдарымен  қолдау  қажет.  Қорғау  үшін
мұндай құстарды жоюға,  ұяларын  бұзуға,  сирек  және  жоғалып  бара  жатқан
түрлерін ұстауға қатаң тыйым салып, күту үшін  жүргізілетін  кесу  мезгілін,
межесін сақтау керек. Кейінгілер ұя  салу  кезеңі  соңында  өткізіліп,  ұсақ
қорықтар құрған дұрыс. Онымен  қатар,  жәндіктерге  қарсы  химиялық  күресте
қолданылатын улы химикаттар әсері құстарды жоятындай  болмау  керек.  Кейбір
аймақтардың   ауыл   шаруашылығында   өсімдіктерді   биологиялық    қорғауда
қолданылатын пайдалы омыртқасыздар  түрлерін  өсіріп,  жерсіндіру  жұмыстары
жүргізілуде. Кейінгі жылы  омыртқасыз  жануарларды  саудалау  әсіресе,  оның
фармакологиялық маңызы бар түрлеріне (медициналық  сүліктер,  улы  буынаяқты
жәндіктер)  бақылауға  алынуда.  Пайдалы  құстарды  еліктеу  үшін   орманның
санитарлық күйін жақсартып, ықпалды алдын алу іс-шаралар  өткізу  қажет.  Ол
құстарға ұя салып, демалуы үшін, жылдың аш кезеңінде үстеп  қоректенуі  және
суат құру үшін ыңғайлы  орын  бөлуден  тұрады.  Құстарды  еліктеуде  ең  кең
таралған, тиімді шара-кеуекті ұялылар үшін қолдан ұя жасап, іліп қою  қажет.
Жидек тұқымды ағаштар мен бұталар егуді  еңгізіп,  құстар  сусындап,  шомылу
үшін тоғандар немесе жерге цементтен немесе  ағаштан  астау  құрып,  «Құстар
күні» мерекесін өткізу керек. Қолдан жасаған ұяда өте жиі көптеген (20  мың.
дейін   дана)   кенелер,   мамықжегілер,   бүргелер,   басқа   омыртқасыздар
қоныстанады да, балапандарға тоғышарлар қаптап,  олардың  өлуіне  жеткізеді.
Бұған жеткізбеу үшін қазір  үйшіктердің  түбіне  тор  қояды.  Ең  ірі  түңгі
қанатты жыртқышқа-үкі жатады. Оның олжасына ең әртүрлі,  тіпті  ірі  құстар,
кейде күндізгі жыртқыштарда бола  алады.  Бір  кезде  үкінің  тор  қоршауына
қырғиды отырғызды. Олар күні бойы әр бұрышта отырды.  Қырғи  кейде  қорқыныш
кейіп көрсетіп, шаңқылдады, ал үкі еңкейіп, қауырсынын  көтеріп,  тұмсығымен
тықылдатты. Бұл кешке дейін созылды,  ал  таңертең  қырғидың  тек  қауырсыны
қалды. Үкінің олжасына құстар ішіндегі көгершіннен кішісі, әсіресе  өте  жиі
түрлі орман кеміргіштері ұшырайды. Құстардың халық  шаруашылығындағы  маңызы
зор. Олар ет, жұмыртқа, мамық, қауырсын көздері болып келеді. Кейбір  жабайы
құстар түрлерінің кәсіпшілік  маңызы  бар.  Құстар  медицинада  да  маңызды.
Себебі олар  адамға  берілетін  жұқпалы  вирус  ауруларының  тобы-орнитозбен
ауырып,  зақымданады.  Көптеген  паразиттердің  жанама  иесі  болып,  адамға
қауіпті токсоплазмоз, листериоз ауруларының табиғи  орталығы  болып  келеді.
Тайга құстары ми қабынуы вирусының-тайгалық  энцефалиттің  қоймасы-резервуар
есептелінеді.   Құстардың   аурулар   қоздырғыштарын   ұзақ   шалғай   жерге
тасымалдауы дәлелденген. Құстарға  жоғары  экологиялық  созымдылық  тән.  Ұя
салушы құстар түрлерінің 83% қорықтар территориясында  кездеседі.  Тундрада,
тундра орманында, орманда, дала аумағында ұя  салатын  қаз  тәрізділер  күйі
қорқыныш тудыруда, ол тырна тәрізділер түрлерінің  бірталайына  да  қатысты.
Басқа құстар түрлері мәдени, ғылыми, ағартушылық және басқа  қоғам  керегіне
қолданылуда. Сауда мақсаты үшін сайрағыш (19 түрі),  аушы  жыртқыш  құстарды
(6 түрі) ұстау әлі  жалғасуда.  Құстардың  жіктелуі  өте  күрделі,  әлі  бұл
кластағы негізгі жүйелеу бірлік саны туралы  орта  пікір  жоқ.  ҚР  1978  ж.
Қазақстанның  қызыл  кітабы  (мамандарға  арналған  ғылыми  құжат,  ол  оған
еңгізілген  өсімдіктер  мен  жануарлар   түрлерін   қорғауды   ұйымдастыруға
әзірленетін  іс-шаралар  мен  ұсынымдарға,  арнайы  қорықтар,  басқа  қорғау
территорияларын  құруға  негіз  болады)  басылып   шықты.   Оған   омыртқалы
жануарлардың 129 түрі, түр тармағы-подвид (42-сі сүтқоректілер,  110-құстар,
10-бауырымен жорғалаушылар, 3-қосмекенділер, 16-балықтар),  тұңғыш  рет  105
омыртқасыз жануарлар түрлері: 96-жәндік,  1-шаянтәрізді,  6-моллюск,  2-құрт
еңгізілді. Құстардың 9%-ға жуық түрлері аумақта сирек кездесетін,  негізінен
сұңқар тәрізділер қатарының өкілдері. Олардың 30 түрі Халықаралық  табиғатты
қорғау одағы (ХТҚО)  Қызыл  кітабына  еңгізілген.  «Барлығы  Қазақстанда  аң
аулау үшін» журналы 2010 ж. № 2 санында көрсетілгендей,  қазір  Қазақстанның
қызыл  кітабына  өсімдіктердің  387  түрі,   омыртқалы   жануарлардың   125,
омыртқасыздардың 96 түрлері еңгізілген. Жерүсті сүтқоректілер  ішінде:  1  –
қызыл қасқыр, тарғыл бұғы, амур горалы; 2 – қоңыр  құлақты  жарқанат,  үлкен
түтік танаулы, саршұнақ, амур жолбарысы, орман мысығы. Құстар  ішінде:  1–16
түрлер  (ақ  арқалы  альбатрос,  жалбағай,  қалбағай,  қарабай,   қызылаяқты
тырнақұтан, қиыр шығыс  дегелек,  құрғақтанаулы,  қарала  үйрек,  қабыршақты
крохаль, сақалды шіл,  тырна,  уссурий  тырнасы,  ақ  тырна,  даур  тырнасы,
дуадақ, аңшы улит, айдарша шал) и  2  –  22  түрлер  (үлкен  әупілдек,  қара
дегелек, америка қарашақазы, кіші аққу, клоктун, ала және сор құладын,  құр,
қырғи-ястреб ақсары,  жамансары-сарыч,  шаңқылдақ  қыран,  ақсұңқар,  лашын,
монтайшіл,  қарқылдақ  шағала,   қызылқасқа   сутартар,   қарала   шалшықшы,
лопатень, Бэрд құмдауық, қиыр шығыс шалшықшы құс, үкі,  балықшы  үкі).  Тағы
құстардың  50  түрлері  сирек  және  күйі  (статусы)  анықталмаған  түрлерге
жатады. Жануарлардың сирек  кездесетін  түрлері  санының  өсуі  республикада
жануарлар әлемінің  күйі  төмендегенін  емес,  біздің  Қазақстан  жануарлары
туралы  біліміміздің  жақсы  өзгергенін   көрсетеді.   Қазақстанның   табиғи
байлығын қорғау, өкінішке орай, жеке басының баюына, әрі оны қорғаймыз  деп,
халық дәулетін ұялмай ұрлап, сатып жіберетін адамдардың қолында тұруда.
   Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
     1. Әртүрлі орман типтерінде құстар қалай таралған?
     2. Құстар және орман зиянкестері туралы не білесіз?
     3. Жыртқыш құстарды сипаттаңыз.
     4. Орман жағдайына құстардың тигізетін әсері неде?
     5. Орманды қорғау үшін құстарды еліктірудің техникасы қандай?
     6. Құстарды қорғауға  арналған  орман  шаруашылығының  тәсілдері  және
        экожүйедегі құстардың рөлі.
     7. Қазақстанның қызыл кітабы, сирек кездесетін  түрлердің  тұрақтанған
        жай күйінің топтары (категориялары) қандай?
   Әдебиеттер. № 1 дәріс соңында көрсетілген.
   № 7 дәріс тақырыбы – Құстар класының жүйелеуіне (систематика) шолу.
      Жалпы  сұрақтары:  Құстар  класының  тармақтары.  Алғашқы  және  Нағыз
құстар. Құстардың құрып біткен, қазіргі тобырлары  (қатары).  Дүние  жүзілік
құс мақұлықаты туралы жалпы түсінік. Түрлердің жалпы  саны.  Қазіргі  құстар
қатары, олардың  қазақша,  орысша,  латынша  аттары,  көлемі  мен  құрылымы,
негізгі   тұқымдастары,   сипаттамасы   және   морфологиялық,    биологиялық
ерекшеліктері, негізгі түрлері.
   Дәрістің қысқаша  жазбасы.  Құстар  омыртқалы  жануарлар  класы.  Олардың
өкілдерінің денесі қауырсынмен жабылған, алдыңғы аяқтары  ұшуға  бейімделіп,
қанатқа өзгерген. Кейбіреулерін  қоспағанда,  құстар  ұшатын  жануарлар,  ал
ұшпайтын түрлерінде жетілмеген қанаттары болады. Құстар  қатты  жерде  артқы
аяқтарымен  жүреді.  Сондықтан,  олар  басқа  барлық  жерүсті   омыртқалылар
ішіндегі қос аяқтыларға жатуымен ерекшеленеді.  Құстардың  зат  алмасуы  өте
қарқынды, дене температурасы тұрақты, жоғары,  жүрегі  4  камерадан  тұрады,
қызыл тамыр қаны көк тамырлы қаннан бөлінген. Биология тұрғысынан  қарағанда
құстарға  2  нәрсе  тән.  Біріншіден,  қарқынды  зат  алмасуы  мен  тіршілік
процесінің  қарқынды  жүруі,  ал  екіншіден,  ауадағы  қозғалысы   –   ұшуы.
Құстардың осы екі қасиеті,  оларды  басқа  омыртқалылар  тобынан  ажыратады.
Біртіндеп  тарихи  дамуында   олар   жорғалаушылармен   жалпы   ортақ   туыс
болғанымен, биологиялық  айырмашылықтары  айтарлықтай.  Құстар  кеңістіктегі
қозғалысымен,  оны  өтудегі  мүмкіндігімен  жерүсті  омыртқалылар  ішінде  1
орынға ие. Оның зор қозғалысы бұлшық  етінің  үлкен  жұмысына,  қуаттың  көп
шығындануына, әрі оны тез және қарқынды орнына келтіруге байланысты.  Құстар
өкпесі аз созылады, үлкен емес. Бірақ,  ондағы  оттегіні  пайдалану,  онымен
қоректену өте қарқынды жүреді. Ол құстың  ауа  қаптары  жүйесінің  жұмысымен
баяндалады. Құстарда  басқа  омыртқалыларға  қарағанда  белсенді  тыныс  алу
ауаны алғанда да, әрі ауаны шығарғанда да жүреді. Бұл құбылыс  организм  зат
алмасуының қарқынды маңызын көрсетеді. Қызыл тамыр қаны  көк  тамыр  қанынан
толық бөлінген, ал жүрек жұмысы өте қуатты. Олар ас қорыту ағзалары  жұмысын
да қатты атқартады. Құс аса көп азық пайдаланады, ал оны қорыту өте  жылдам,
әрі  толық  жүреді.   Құстың   бұл   ерекшеліктері   дене   температурасының
тұрақтылығына байланысты. Құстардың  дене  қызуы  сүтқоректілерге  қарағанда
өте жоғары. Ол көбінесе 42° С жуық, біраз түрлерінде ол  39°  С  төмендейді,
кейде ол 45 және 45,5° С жетеді. Құстардың басқа  биологиялық  ерекшеліктері
мен   құрылысы,   оның   көбею   ағзаларында   байқалады.   Жорғалаушылармен
салыстырғанда,  оның  біріншіден,  көбею  қарқындылығы   төмен,   екіншіден,
көбеюге  жалғасты  биологиялық  құбылыстары,  әрі  ұрпаққа  деген  қамқорлық
ерекшеліктері де күрделі.  Кейінгі  өсімталдығының  төмендігін  түсіндіреді.
Құстардың біртіндеп тарихи дамуы,  олардың  ұшуға  бейімделу  қабылеттілігін
алуымен  тығыз  байланысты  екенін  көрсетеді.  Құс   организмінде   негізгі
биологиялық, анатомиялық  белгілерінің  пайда  болуы  олардың  жылжымалылығы
пайда болып, дамуымен, қозғалу қабылетінің  жақсаруымен  бірге  жүруі  керек
еді. Қазбадан табылған материалдар  эволюциялық  дамудың  белгілі  сатысында
құстардың ата-тегі жерүсті жүгіретін жорғалаушылар болғанын  көрсетті.  Олар
біздің түсінігіміз бойынша, жануарлар әлімінің жалпы эволюция жолында  триас
дәуірінде, мүмкін пермск кезеңінде  тіршілік  еткен  көне  археозавр  тобына
жатады.  Әрине,  олар  жерүсті  жүгіруші  түрі,  барлық  жағынан  олар   ірі
жануарлар емес. Юра уақытында жорғалаушылар мен құстар арасында аралық  көне
түр –археоптерикс болған. Оларда қазіргі құстардың  кейбір  белгілері  пайда
болған, әсіресе қауырсындар немесе  оған  ұқсас  құрылымдар.  Сондықтан,  ол
кезде құстардың ата-тегі жерүсті тіршілік қалпынан ағаштыға ауысты.  Мүмкін,
дене  температурасының  тұрақтылығы  пайда   болды   (оны   археоптерикстегі
қауырсындар көрсетеді). Археоптерикс қаңқасының құрылысы құстарға әлі  ұқсас
емес, маңызды қызмет ерекшеліктеріде жоқтығын көрсетеді. Құстың  жалпы  даму
сатылары (юра кезеңінен кейін), олардың қозғалыс  мүмкіндігінің  жақсаруымен
және  ұшуға  қабылеттілікке  ие  болғанымен  байланысты.   Құсқа   терісінің
қауырсыннан тұратыны  тән.  Ол  жорғалаушылардың  түрі  өзгерген  қабыршағы.
Қауырсын тері арқылы судың  шығысын  азайтады,  жылуды  бөлуді  төмендетеді,
ұшуға көмектеседі, оған қажет бетті береді.  өтпеуінен  қорғайды.  Жануарлар
ішінде  тек  құстар  мен  сүтқоректілер  денелері   ғана   тұрақты   қалыпты
температура сақтайды. Сондықтан оларды  жылы  қанды,  ал  басқа  жануарларды
салқын қанды деп атайды. Бірақ,  бұл  дұрыс  емес.  Себебі,  бақалар  немесе
жыландардың ыстық күндері дене температуралары  құстар  мен  сүтқоректілерге
қарағанда  жоғары   болады.   Кейінгілерде   қоршаған   орта   температурасы
айтарлықтай  тұрақсызданғанымен,  тұрақты  қалыпты   температура   сақтайтын
механизмі құралған. Дененің тұрақты  қалыпты  температурасы  зат  алмасуының
тұрақты жылдамдықпен жүруіне  және  жануарларға  суық  ауа-райында  белсенді
болып қалуына мүмкіндік береді. Құстар  динозаврдың  текодонт  деп  аталатын
жабайы тобынан шыққан. Жорғалаушылар сияқты  құстарда  жұмыртқа  салады.  Ол
ұрғашы организмнің ішінде ұрықтанады.  Аяқтарында  қабыршақтары  болады.  Ең
алғашқы құстардың тістері болғанын,  әрі  ол  жорғалаушыларға  ұқсас  екенін
қазбадан табылған қалдықтары  көрсетті.  Құстардың  ұшуға  бейімделуі  ауаға
толы сүйек қуыстарын дамытты және өкпе өсінділері ауа қаптарын  берді.  Олар
ішкі ағзалар арасындағы кеңістікті толтырады. Барлық  құстар  ұша  бермейді.
Олар түрлі тіршілік жағдайларына бейімделген  және  әр  түрінің  бір-бірінен
айырмашылығы айтарлықтай, ол тұмсығы, аяғы,  қанаттары  және  құйрығынан  ақ
белгілі. Құстар ертеден-ақ  қарқынды  зертеле  басталды.  Себебі,  адамдарды
олардың түсі, даусы, мінез-құлқы қызықтырды.  Құстардың  мінез-құлқы  ішінде
көңіл аударлық жай сол, ол жыл сайынғы  көптеген  түрлерінің  қоныс  аударуы
(ұшып өтуі). Жыл сайын Аляскадан  Патагонияға  және  қайта  қоныс  аударатын
құстарда бар  (алтын  татрең-золотистая  ржанка;  қарқылдақ  шағала-полярная
крачка), олардың жолы 40 000 км жуық. Басқалары әр қыс сайын бірнеше жүз  км
қоныс аударып, юңтүстікке барады.  Ал,  виргин  үкісі-филин  немесе  бөдене-
бытпылдық-перепел ешқашанда  қоныс  аудармайды.  Кейбір  құстардың  көктемгі
солтүстікке  қоныс  аударуы  күн  ұзақтығының  көбеюіне   байланысты   екені
дәлелденді. Ол  гипоталамусқа,  ал  гипоталамус  өз  кезегінде  гонадотропты
гормон бөлетін гипофизға әсер етеді. Одан соң ен  немесе  жұмыртқалық  өсуін
белсендіретін жыныс гормондарының саны артып, олар қанға  түседі.  Сондықтан
құстар оянып, қоныс аударады. Құстардың адамға тигізер пайдасы  айтарлықтай,
тіпті әртүрлі: олар зиянды кеміргіштерді,  жәндіктерді,  арамшөп  тұқымдарын
жояды; көптеген өсімдіктердің  тозаңын-пыльца,  тұқымдарын  таратады;  гуано
(құс бөлінділері), оларды  кейбір  аудандарда  теңіз  құстары  салады.  Олар
құнды тыңайтқыштар; одан  басқа,  адамдар  көптеген  құстарды  азық  ретінде
қолданады, ал олар түрлі пайдаланудағы қауырсын, мамықтарды береді.
   Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
     1. Құстар класының тармақтарын баяндаңыз.
     2. Құрып біткен және қазіргі құстар қатары туралы не білесіз?
     3. Дүниежүзілік құс мақұлықаты туралы жалпы түсінік.
     4. Құс түрлердің жалпы санын білесіз бе?
     5. Қазіргі құстар қатары, олардың аттары, көлемі, құрылымы, негізгі
        тұқымдастары, сипаттамасы, морфологиялық және биологиялық
        ерекшеліктері негізгі түрлері неде?
   Әдебиеттер. № 1 дәріс соңында көрсетілген.
   № 8 дәріс тақырыбы – Орман териологиясы.
      Жалпы   сұрақтары:   Сүтқоректілер   класының    жалпы    сипаттамасы.
Сүтқоректілердің негізгі  белгілері,  дамуы  мен  эволюциясы,  өрлеу  дамуы,
морфологиялық   және   биологиялық   ерекшеліктері.    Ашық    кеңістіктерде
мекендейтін сүтқоректілер: жылдам жүгіретіндер, жер  қазатындар,  басқа  топ
өкілдері. Орман аңдары. Тау  және  су  сүтқоректілері.  Жер  қазатын  аңдар.
Жәндік қоректі, жыртқыш сүтқоректілер. Паналар.
      Дәрістің  қысқаша  жазбасы.  Жануарлар  әлемі–биологиялық   ресурстағы
маңыздыларының бірі, біздің  ұлттық,  әлемдік  дәулет.  Жабайы  жануарлардың
орта құрудағы маңызы зор. Олар  топырақтың  құнарлылығын,  судың  тазалығын,
гүлді өсімдіктердің тозаңдануын, табиғи,  антропогенді  экожүйе  органикалық
заттарын тасымалдауда-трансформация маңызы  аса  зор.  Жануарлар  әлемі  зор
және  әртүрлі.  Қазіргі  кезде   жануарлардың   1,5   млн.   артық   түрлері
сипатталған.  Олар  құрлықта,  топырақта,  тұщы  және  теңіз   суында,   ауа
ортасында  тіршілік  етуге   бейімделген   3200   жуық   саналатын   түрлер.
Сүтқоректілер тіршілік  жағдайына  орай,  өзара  және  басқа  организмдермен
бәсекелесіп, жылдам бейімделген. Біртіндеп  тарихи  дамуда  бұрын  жануарлар
әлемінде белгісіз көптеген белгілер мен  қасиеттер  пайда  болды.  Сондықтан
аңдар тіршілік үшінгі күресте жеңімпаз атанып, қазіргі жалпы  табиғи  жүйеде
өз  орнын  алды.   Қазақстан   жануарлар   әлемі   өзгеше.   Жәндіктер   мен
жорғалаушылар  шөл  жартылай  шөл  далада  көп.  Далада  қарақұйрық-джейран,
ақбөкен, жезкиік, қасқыр, қоян, түлкі, шиебөрі, түрлі  кеміргіштер  (тышқан,
сарышұнақ, аламан) кездеседі. Ең әртүрлі мақұлықаттар тауларда болады.  Онда
аю, тау текесі мен  қошқары,  қар  барысы,  бұғы,  көптеген  құстар  түрлері
жүреді. Жабайы табиғатты қорғау үшін барлық  табиғи  аймақтарда-шөл  даладан
биік тауларға дейін қорықтар құрылған. Сүтқоректілер жорғалаушылар  тобынан,
мүмкін  триас  кезеңінде,  шыққан.  Алғашқы  сүтқоректілер  жұмыртқа  салушы
жануарлар  болып,  бірөтуші-однопроходные  класс  тармағын  құрған.   Біздің
дәуірге дейін оның 2 өкілі жетті. Олар  Австралияны  мекендеген  үйректұмсық
және инемен жабылған түрпі. Ұрпақтары жұмыртқаны  жарып  шығысымен  анасының
сүт безі бөлетін сүтпен қоректенеді. Сүтқоректілердің екінші класс  тармағы-
қалталылар-сумчатые, оларда Австралия жануарлары.  Оларға  кенгуру,  қалталы
аю  (коала),  қалталы  аю-вомбат  жатады.  Үшінші  класс   тармағы-қағанақты
сүтқоректілер. Олар барлық қалғандарын қосады. Өйткені, оларға қағанақ  құру
тән. Ол арқылы ұрық ұрықтық даму  кезеңінде  қоректенеді.  Қағанақты  аналық
және  ұрық  ұлпалары  түзеді  де,  ұрықты   қоректі   заттармен,   оттегімен
қамтамасыз  етіп,  зат  алмасудан  пайда  болған  қажетсіз  заттарды   бөліп
шығарады. Қағанақты  сүтқоректілердің  басты  қатарларына-отряд  жататындар:
Жәндікқоректілер-көртышқан, кірпікшешен, жер қазатындар.  Олар  жәндіктермен
қоректенеді. Жер қазатындар-ең ұсағы, кейбіреуінің салмағы 5  г  аз  болады.
Жарғанаттар,   қолқанаттылар,   рукокрылые-жарқанат,   ұшуға    бейімделген,
жәндіктермен,    жемістермен    қоректенеді,    кейбір     түрлері     басқа
сүтқоректілердің  қанын  сорып,  сары  безгек,  құтырудың  сал-паралич  түрі
ауруларын  таратады.  Жыртқыштар-мысық,  ит,  қасқыр,  түлкі,  кәмшат,  қара
күзен, аққалақ, скунсы, итбалық, сойдақтістілер, теңіз арыстаны. Барлық  осы
етқоректілердің үшкір азу және күрек азу тістері  болады.  Кеміргіштер-тиын,
құндыз, егеуқұйрық, тышқан, жайра, тағылан,  аламан,  қоян,  теңіз  шошқасы.
Оларда өткір қашау тәрізді күрек  тістері  болады.  Мүкітістілер-жалқау  аң,
құмырсқа жеуші. Олардың тістер саны аз немесе  тіпті  тіссіздер.  Маймылдар-
маймыл мен сутқоректілер аралындағы аң-лемуры, түрлі  маймылдар  және  адам.
Оларда жақсы жетілген бас миы,  алға  қарайтын  көзі  болады.  Саусақтарында
тырнағы бар, бас бармақ  басқаларына  қарсы  орналасқан.  Жұптұяқтылар-өгіз,
қой, шошқа, керік,  бұғы.  Шөпқоректілер–әр  аяғында  жұп  санды  саусақтары
болады. Тақтұяқтылар-жылқы, ала  домбай,  салпыерін,  мүйізтұмсық,  керіске.
Шөпқоректілер – әр  аяғында  жұпсыз  саусақтары  болады.  Еттұмсықтылар-піл,
мастодонттар, зіл. Ұзын бұлшық етті  пілтұмсықты-хоботты  жануарлар,  қалың,
теріде қатпарланып жатады, сойдақ тістер құратын  ұзынша  күрек  тісті.  Бұл
өте ірі жерүсті жануарлар,  массасы  7  т  жетеді.  Қақпамұрын-теңіз  сиыры,
дюгони, ламантиндер. Шөпқоректі су жануарлары,  алдыңғы  аяқтары  жүзбеқанат
тәрізді, артқы аяқтары болмайды. Олар, мүмкін,  «теңіз  қыздары»  ертегісіне
негіз болған  болар.  Наһап  тәрізділер-наһан,  дельфиндер,  теңіз  шошқасы.
Теңіз сүтқоректілердің денелері балық тәрізді,  алдыңғы  аяқтары  жүзбеқанат
тәрізді, артқы аяқтары болмайды, денесін жауып тұратын май қабаты өте  қалың
(ворвань деп атайды) болады.  Көк  наһан-белгілі  жануарлардың  ішіндегі  ең
ірісі, ұзындығы 30 м, салмағы (массасы) 150 т. Сонымен сүтқоректілер  класы,
Аңдар–ол  аса  ұйымдасқан,  дамудың  ең  жоғары  сатысында  тұратын,  барлық
географиялық аумақты  мекендейтін  негізінен  жерүсті  омыртқалы  жануарлар.
Олар қазір өсіп-өнудегі жануарлар тобы. Сүтқоректілер  деп  аталуы,  олардың
аналығы арнайы сүт безінде (ол  өзгерген  түтік  тәрізді  тер  бездері)  сүт
түзіп, ұрпақтарын емізеді. Олардың басқа омыртқалы  жануарлардан  ерекшелігі
сол, оның  денелері  түкпен  жабылған  (түк,  мысалы,  екінші  рет  жетілген
түрінде  түк  жабыннан   айрылған   наһантәрізділерде,   пілде,   басқаларда
болмайды); көкірек қуысы құрсақтан ерекше көкетпен-диафрагма  бөлінген;  бас
сүйегі екі желке айдаршықпен-мыщелка қамтамасыз етілген, бірінші  омыртқамен
жалғасқан, төменгі жақтың  әр  жартысы  тек  бір  тіс  сүйектерінен  тұрады;
сүтқоректілер ұрпақтарын тірідей туады (оған  жұмыртқа  салатын  бірөтушілер
жатпайды). Ұрық жатырда дамиды.  Жүйке  жүйесі  мен  жылу  реттеу  механизмі
жетілгендіктен олардың дене температурасы тұрақты  сақталады  да,  қандай-да
болмасын ауа-райында ол организмнің белсенділігін қамтамасыз  етеді.  Терісі
түк-жабыннан тұрады. Тері туындыларына түк, шаш, тырнақ, мүйіз,  тұяқ,  май,
тер және сүт бездері жатады.  Қаңқасы  мойын,  төс,  бел,  сегізкөз,  құйрық
бөлімі омыртқаларына  бөлінген.  Мойын  омыртқаларының  саны  тұрақты,  ауыз
омыртқаның алдыңғы жағында 2 беті болады. Аяқ қаңқасы өте берік. Сан  сүйегі
үлкен салмаққа төзімді, кейбір түрлері  1500-2000  кг  көтереді.  Бұлшық  ет
жүйесі  жақсы  дамыған,  өте  көп  арнайы  бұлшық  еттен  тұрады.   Асқорыту
жүйесінде барлық бөлімдер бар, ол  дербес  тік  ішекпен  аяқталады.  Тістері
жақсы дамыған (кейбір түрлері болмаса, наһантәрізділерді қоса), онда  күрек-
резцы,  азу  тістерін-  клыки,  коренные   ажыратады.   Сүтқоректілер   шөп,
етқоректілерге  жатады.  Тыныс  алу   жүйесі   өкпе,   кеңірдек,   ауатамыр,
ауатамырша, өкпе көпіршіктерінен тұрады. Қанжүйесі жақсы жетілген.  Жүрек  4
камералы,  2  қан  айналым  шеңбері  бар,   қолқа   сол   доғалы.   Жетілген
эритроциттерде  ядро  болмайды.  Бөлу  жүйесі  қуықтың  зәр  шығару  өзегіне
ашылуымен сипатталады. Қос бүйректі, одан шығатын  зәрағар  қуыққа  ашылады.
Жүйке жүйесі толық жетілген. Әсіресе, бас миы сыңарлары, оның  қыртысындағы,
мишықтағы иірімдер, жүлгелер жақсы дамыған. Сезім  ағзалары,  ішкі  секреция
бездері  өте  дамыған.  Жынысты  көбейеді,  жыныс  бездері  жұптан   тұрады.
Жыныстық  диморфизм  жақсы  байқалады.  Ішкі  ұрықтану   жүреді.   Омыртқалы
жануарлардың мақұлықаты жақсы  зертелген,  қазір  оның  1300  артық  түрлері
белгілі. Оларды 7 классқа  жатқызады,  ол  әлемдегі  түрлердің  2,7%  жуығы.
Қазіргі Қазақстан мақұлықатында сүтқоректілердің 172  түрі,  құстардың  490,
бауырымен жорғалаушылардың  51,  қосмекенділердің  12,  балықтың  100  артық
түрлері бар. Әлем омыртқасыздарға  өте  бай.  40  мың  түрден  артық.  Олар-
жәндіктер, шаянтәрізділер, моллюсклер, құрттар, басқалар.  Тек  жәндіктердің
30000  артық  түрлері  тіркелген.   Мұндай   Қазақстандағы   мақұлықаттардың
әртүрлілігі  республиканың  географиялық  орнына,  ландшафт  тарихының  және
мақұлықат кешенінің қалыптасу жолының күрделілігіне  байланысты  екен.  Ашық
кеңістіктерге  немесе  дала,  шөл,  аздап  тундраға  аңдардың  2  тобы  тән.
Біріншіге-жылдам жүгіретіндер (жезкиік,  қарақұйрық,  дзерен,  құлан,  қоян,
қосаяқ), екіншіге-жер қазатындар (борсық, көртышқан,  могера,  сары  тамақты
тышқандар) жатады. Орман аңдары тіпті басқа жағдайда  тіршілік  етеді.  Онда
жылдам жүгіруге бейімделетін, жер қазуға қажетті белгілі кеңістік жоқ. Ағаш-
бұта өсімдіктерінің өзі қолайсыз ауа-райынан, жаулардан жақсы қорғай  алады.
Орманда түрлі табиғи паналар көп және өсімдік,  жануарлар  азықтарының  қоры
да әртүрлі болады.  Орман  сүтқоректілеріне  басқа  бейімделу  типтері  тән.
Сондықтан оларды бірнеше  типтерге  бөледі.  Алдымен,  өрмелеуші  жануарлар-
ақтиін, қарақас, орман  сусары,  басқалар.  Олардың  қол-аяқтары  жылжымалы,
қисық  жабысушы  тырнақтары  болады.  Орманда  кейбір  тұяқтыларда  тіршілік
етеді: аса мейірімді, шұбар, солтүстік бұғысы,  бұлан,  елік,  зубр,  доңыз.
Шың құзды, тік тау  баурайын  мекендейтіндер  де  ең  кемеліне  жетті.  Олар
таукиік, горал, теке, құдыр, басқалар. Көптеген  таулы  тұяқтыларға  үйірмен
жүру тән. Жер қазатындар: көртышқан,  соқыртышқан,  бұраубас,  моманай  қазу
тәсіліне  байланысты  біреулерінде  күрек  тістері   (слепыш,   слепушонка),
басқасында алдыңғы аяқтары (крот, цокор) қатты  дамыған.  Су  ортасына  жан-
жақты  бейімделгендерге  наһантәрізділер  мен  ескекаяқтылар,  аз  деңгейде-
кәмшат, құндыз, ондатра, басқалар, алдығыданда аз-су күзені,  су  жертесері,
су  тоқалтісі  басқалар.  Олардың  теріасты  қабатындағы  май  қалың,  теңіз
аңдарының терісі қатқыл, ал тұщы су  сүтқоректілерінің  жылтыр  тіректі  шаш
жабыны  қою,  тығыз  болады.  Оған  теңіз  кәмшаты,  котик   жатады.   Аңдар
паналарының да (терең емес ұра, кеуек, қуыс, тамыр астындағы  кеңістік,  тас
арасы, індер, аю апаны, ескі үй-хатки, ұя, басқалар) маңызы зор.  Онда  олар
жауларынан, қолайсыз ауа-райынан тығылып, ұрпақтарын басып шығарады.
   Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
     1. Сүтқоректілер класының жалпы сипаттамасын беріңіз.
     2. Сүтқоректілердің негізгі белгілері,  дамуы  мен  эволюциясы,  өрлеу
        дамуы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін сипаттаңыз.
     3. Ашық кеңістіктерде мекендейтін сүтқоректілер туралы не білесіз?
     4. Орман аңдарын атап, сипаттаңыз.
     5. Паналар дегеніміз не?
   Әдебиеттер. № 1 дәріс соңында көрсетілген.
   № 9 дәріс тақырыбы – Сүтқоректілерге экологиялық шолу және тіршілік
циклдері.
      Жалпы  сұрақтары:  Сүтқоректілердің  экологиялық   топтары.   Жербеті,
жерасты, су, орманда  мекендейтін,  ұшатын  аңдар.  Сүтқоректілердің  жылдық
тіршілік  циклі.  Төлдеу,  ұрықтың  өсуі.   Аңдардың   коректенуі,   қорекке
бейімделуі, түрлі  азық  топтарының  маңызы.  Сүтқоректілер  санының  өзгеру
барысы (динамикасы). Өлім-жітім себептері.
   Дәрістің қысқаша жазбасы. Жануарлар әлемі жерүсті, балық,  су  жануарлары
деп бөлінеді. Қазір жануарлардың 1 500 000  артық  түрлері  жазылған.  Нақты
түрлер саны бірнеше млн немесе  ондаған  млн  жетеді.  Жануарлар  түрлерінің
саны: қарапайымдар-1,5-2,0 мың  түрлер;  губкалар-5;  бунақаяқтылар-750-1050
мың түрлер, оның ішінде 1 млн жуығы  жәндіктер;  тікентерілілер-5  мың  жуық
түрлер; моллюскілер - 70-105;  ішекқуыстылар-9;  құрттар-20-25;  қабықтылар,
жартылай хордалылар-1500-2000 жуық, хордалылар-50 мың жуық түрлер.  Тіршілік
қауымдастықтары  мүшелерінің  өзара  іс-қимыл   жасауы   біртіндеп,   барлық
организмдердің  ұзақ  тарихи  дамуымен  бірге,  олар  орман   бірлестігінен,
алдымен өсімдіктер мен жануарлар, оның ішінде аңдар  мен  құстар  қосылуынан
пайда болды. Мұндай ортақ эволюция кең кешенді  жануарлар  түрлерінің  пайда
болуына жеткізіп,  арнайы  ағаш  егістіктерінде  тіршілік  етуге  бейімдеді.
Ондай жануарлардың сыртқы келбеті, қозғалу тәсілдері, қоректену сипаты  және
басқа белгілері, олардың айқын тіршілік формалары немесе  бейімделу  типтері
және  мекендеу  орнына  байланысты   екенін   көрнекі   дәлелдейді.   Құстар
арасындағы тоқылдаққа, көктекеге, көкшымшық, қайшыауыз торғай,  бал  қарағай
торғайы,   саңырау   құр,   сұр   құр,   басқаларға   қарасада   жеткілікті.
Сүтқоректілер арасында–ақ тиін, борша тышқан, ұшар,  орман  сусары,  бұлғын,
бұланға  қарап,  олар  нағыз  орман   мекендеушілер   екенін,   оған   толық
бейімделген, ормансыз,  тіпті  ағаш  егістігінсіз  тіршілік  ете  алмайтынын
көруге  болады.  Әдеттегі  орман  жануарларының  басқа  тобы  тікелей   ағаш
өсімдіктерімен  қоректенуінде  байланыспағанымен   орман   құрған   мекендеу
жағдайларына  тығыз  тәуелді  болып  келеді.  Сондықтан   мұндай   жануарлар
ормандағы жануарлар  әлемінің  негізгі  мүшелері  қатарына  жатады.  Ондайға
көптеген ұсақ құстар, сілеусін, құну,  басқалар  жатады.  Ақырында,  орманды
мекендейтіндердің  арасында  бірталай  сүтқоректілер  мен   құстар   (түлкі,
қасқыр, ақкіс, орман  күзені,  көкқарға,  бәбісек,  сасық  көкек,  басқалар)
басқа ландшафттарға  таралған,  бірақ  тұрақты  орманды  мекендейді.  Кейде,
орманда олардың саны  көп  болады,  немесе  оқтын-оқтын,  әсіресе  маусымдық
көшіп қону кезінде көрінеді. Орманды  мекендейтін  құстар  мен  аңдар,  оның
тіршілік  етуінде  өте  маңызды  рөл  атқарады.   Орман   шаруашылығы   үшін
жануарлардың  практикалық  маңызын  пайдасы  мен  зиянын   бағалағанда,   ол
жергілікті экологиялық жағдайға және осы шаруашылықтың  бағытына  байланысты
болатынын есте сақтаған  жөн.  Сондықтан  бір  түрдің  өзі  әр  ауданда,  әр
жағдайда  пайдалы  да,  зиянды  да  болуы  мүмкін.  Мысалы,  сауысқан   ұсақ
құстардың  ұясын  бұзып  белгілі  зиянын  тигізеді,  ал  ормандағы  қорғаныш
алқапта ол көптеген зиянды жәндіктерді жояды, оларды төсніш  астынан  алады.
Одан  басқа,  бөктергіге,  басқа  пайдалы  ұсақ  қанатты   сауысқанның   бос
ұясындағы жыртқыштарға ұя салуға мүмкіндікті қамтамасыз  етеді.  Түлкі,  бір
жағынан, жабайы, үй құс  шаруашылығына  зиянын  тигізсе,  екіншіден-өте  көп
зиянды кеміргіштерді аулап, жейді, ал өзі өте құнды аңдар  қатарына  жатады.
Қазіргі  жүйелеу  жыртқыш  құстар   қатарын-отряд   5   тұқымдасқа   бөледі:
катартидтер немесе  құмай,  Жаңа  жарық-Нового  Света  (7  түрлер),  балықшы
тұйғын (1 түр), түрлі саршатырлар (218 түрлер), құс-секретари (1  түр)  және
сұңқарлар (60  түрлер).  Жыртқыш  құстар  барлық  континенте  (Антарктидадан
басқа), көптеген ірі аралдарда (Самоа, Кергеленнен басқа) бар.  Тіпті,  биік
ендіктерде, Франц-Иосиф  аралында  ақсұңқарды  кездестіріпті.  Жыртқыштардың
тек бір түрі ғана Гавайа, Галаппагос, Маврикий аралдарында, 2  түрі  -  Жаңа
Зеландияда. Континенттердің ішінде, ең аз жыртқыштар қанаттылар Австралияда-
25 түрлері, ал ең көбі Африка мен Отүстік Америкада  90  жуық  бар.  Олардың
үштен бірі солтүстіктен ауысып  келетіндер  екенін  ұмытпаған  жөн.  Жыртқыш
құстар Европа мен солтүстік Азияда екі есе аз-50 жуық түрдер. Олай болуы  да
мүмкін, себебі біздің құстар қыстау үшін Африкаға  ұшады,  ал  африкандықтар
біздің аймаққа келмейді. Жыртқыш құстардың тұрмыс қалпы, мекендеу  жері,  ұя
салу сипаты, сыртқы бейнесі, көлемі әр түрлі. Олардың ішінде аса ірілері  де
бар-америка айдарлы құмайы (салмағы  10  кг  дейін,  қанатының  серпуі  3  м
дейін), дәуқаршыға, ірі қыран, кейбір құмайлар. Ергежейлері де бар:  сұңқар-
титімдей, оның салмағы 50- 60 граммға  жуық,  шамаман  сайрауық,  сиырқұйрық
сияқты. Жыртқыш құстар қызық ерекшелігі-еркек пен ұрғашыларының  көлеміндегі
айырмашылықтар,  олар  айтарлықтай  болады.  Бұл  жыныстық   диморфизм   деп
аталатын феномен  барлық  жыртқыштарға  тән  емес.  Өлексеқоректі  құстардың
еркегі мен  ұрғашысын  ажырату  қиын.  Біркелкі  азықты:  жыланды,  балықты,
басқаларды  табатын  құстардың  кейбір  түрлеріде  осындай.  Ал,  әр   түрлі
жылжымалы  азықпен  (әсіресе  құстармен)  қоректенетін   жыртқыш   құстардың
жыныстық диморфизмі өте әсер етеді. Мысалы, кейбір  ұрғашы  қырғи  еркегінен
екі есе үлкен. Кәдімгі біздің  қырғидың  еркегінің  салмағы  150  грамм,  ал
ұрғашысы біржарым есе  ауыр-260  грамм.  Мұндай  ғажап  белгілердің  себебін
құстарды зерттейтін ғалымдар-орнитолог  қызу  талқылауда.  Көлемі  әр  түрлі
жыртқыш құстар, тіпті бір түрдегі  еркек  және  ұрғашылары  түрлі  көлемдегі
азықтарды аулайды. Кішкентай, бірақ ерекше жылдам қырғидың еркегі  құстардың
ұсағын  табады.  Оларға  көкшымшық,  сандуғаш,  торғай,  сайрауық-белобровик
жатады.  Өте  ірі,  бірақ   шабан   ұрғашының   азығы   салмақты-сайрауықтан
көгершінге  дейін  болады.  Түрлі   көлемді   жұптар   нәтижесінде   аңшылық
территорияда біртүрлі көлемдегі құстар жұбынан  гөрі  түрлі  мекендеушілерді
таңдау  қолайлы  болады.  Одан   басқа,   ұрғашылар   жұмыртқаларды   басып,
балапандарды  тоңдырмау  мен  бірге,  ұяны  күзету  рөлін  орындайды.   Оған
айтарлықтай күш қажет болады. Балапандар кішкене кезінде, оларға нәзік  ұсақ
құстардың етін берген жөн, ал өскенде қандайда болсын азықты,  тойғанша  жей
береді. Ол кезде балапандарды жылытудың қажеті болмайды, ұрғашылары  аңшылық
қызметке  көшеді.  Ол  балапандарды  азықпен  қамтамасыз  етуді  айтарлықтай
жақсартады. Еркек пен ұрғашы  еңбектерінің  бөлінуі,  мамандардың  айтуынша,
біртіндеп тарихи дамуда әр салмаққа бөлді. Айқын жыныстық  диморфизм  түсіне
орай, жыртқыш құстардың біразында, көп болса, оның үш ондық түрлерінде  ғана
кездеседі. Онымен бірге, көптеген қырғи, сұңқар еркектері айқын  көк  немесе
көкшілдеу, ал ұрғашылары әдетте күрең-жирен және  қоңыр  болады.  Ол  біздің
мақұлықаттағы ұсақ күйкентай сұңқарда ең айқын көрінеді.  Еркегі  қоңыр-сұр,
тіпті қара қызыл  "шалбарымен",  ал  ұрғашысы  жирен-күрең  келеді.  Жыртқыш
құстарға  ең  тәні  қауырсын  түсі  жас  айырмашылығын  береді,  ол   кейбір
түрлерінде-өзіндік  қасиеті  болады.  Жасына  қарай  түсінің  күрт   өзгеруі
әсіресе танап-поле және дала  құладынына  тән.  Олардың  балапандары  жирен-
күрең,   кәрі   еркектері-күлгін-сұрдан   күміс-аққа   дейін.   Кейбір   жас
өзгерісіндегі  қызық  қыран,  субүркіт-орлан  құйрығы   түсі   береді.   Жас
бүркіттің құйрығы ақ шетінде қара, жетілген  түрінде-қара-қоңыр,  субүркітте
құйрығының түсінің ауысу тәртібі қоңырдан  аққа  қарай,  тіпті  қарама-қарсы
болады. Өзіндік қасиеті бар  сона  жейтіндерде  ол  шоколад  түстес-қоңырдан
алтын-сарыға дейін байқалады.  Ақпанда  Кавказда,  кейде  қаңтарда  түлкінің
күйлеуі, жұптауы басталады. Қозған еркектері  ұрғашыларын  іздерімен  қуады.
Бәсекелестер  ымыртта,  түнде  немесе  таң  алдында  қыңсылап,   бір-бірімен
таласады. Олардың үруі, шаңқылы  алаңдағы  ұсақ  иттердікіндей  болады.  Ал,
ұрғашылары қандай да бір шетте отырып  алып,  басын  жоғары  көтеріп,  анда-
санда шәуілдейді, қыңсылайды. Жеңімпаз еркегі бәсекелестерін  қуып  жіберіп,
ұрғашысын ерекше аймалап, екеуі  жұпталады.  Бірақ,  одан  кейін  әр  еркегі
ұрғашысымен қала бермейді. Әдетте мұндай еркек басқа  ұрғашыны  тауып  алып,
оның көңілін тауып,  өзінің  жылына  бір  рет  келетін  жыныстық  құмарлығын
қандырғанша  қамқорлық   жасайды.   Тек   буаз   ұрғашының   күйлеуі   толық
аяқталысымен, әрі еркектерде ісінген ен  қайтысымен,  еркектері  екінші  рет
ұрғашыларды өзіне тартып алып, індегі күшіктерге қамқорлық жасау үшін  қайта
таласады. Жұпталған кейін 51-53 күн өтісімен ұрғашысы 3-тен 7-ге, кейде  10-
ға дейін жүндес-пушистый, күлгін-сұр,  көзі  ашылмаған,  құйрығының  ұшы  ақ
түлкі күшігін әкеледі. Түлкінің көп күшіктеуі тышқандардың  далада,  орманда
көп болған жылына келеді. Түлкі күшігін 2 жұма бойы сүтімен  қоректендіреді,
одан кейін еркегімен кезектесіп, апанға  тоқалтіс,  құс,  жас  қоянды  тауып
әкеледі де, күшіктерін аулауға  үйрету  үшін  тірі  тышқандарды  іннің  жаны
әкеліп жібереді  де,  олар  күшігінен  қашып  кетпесін  деп,  аңдып  тұрады.
Күшіктері  тышқанмен  ойнайды,  табандарымен  жерге  қысады,  қашса  артынан
қуады, жығылады, қызықты  тоңқалаң  асады.  Түлкілер  інін  жарада,  шыршалы
орманда-ельник, орман өзендері мен бұлақтары жиегінде, құрғақ құмды  төбеде,
батпақ  арасында  немесе  бұташық,  қурай  өскен   қыр   төбесінде   қазады.
Күшіктейтін інде, әруақытта екі  інше  болады.  Оның  біреуінде  мүкпен-мох,
құрғақ  жапырақпен  төселген  шұңқыр-күшіктердің  ұясы   орналасады.   Түлкі
күшіктері жылдам өседі.  Бір,  бір  жарым  айда  олар  іннен  кетіп,  ерікті
тышқандарды, құстарды аулай бастайды, ал күзде інді мүлде  тастап,  орманның
жан-жағына кетеді. Омыртқасыздар-жануарлардың ең көп тобы,  түрлері  жүздеп,
мүмкін  мыңдап  саналады.  Олардың  көбі,   жәндіктер   мен   жауынқұрттары.
Тәуліктік, маусымдық тіршілігі.  Кейбір  аңдардың  тіршілік  етуіне  жүйелі-
тұрақты, циклді сипатта морфологиялық бейімделу кешені, бейімделу  реакциясы
болғанымен  оларға  тәуліктік,  жылдық  кезеңдер  қолайсыз   болуы   мүмкін.
Сүтқоректілер 2 топқа:  түнгі,  күндізгі  деп  бөлінеді.  Түнгілерінің  көзі
ұлғайған,  құлақтары  ұзарған,  жаңғырыққармаға-эхолокация  қабылеті   жақсы
дамыған. Олардың көбі-күндізгілер. Олар  таңғы  ерте,  кешкі  сағаттарда  ең
жігерлі  келеді.  Күндізгілердің  кейбіреуі  ұзақ  терең  ұйқыға  (жарғанат,
кірпі, қарақас, қосаяқ,  аламан,  борша  тышқан,  сарышұнақ,  суыр)  батады.
Борсық, жанат тәрізді ит, қоңыр, қара аюда ұзақ ұйқы  жоқ,  тек  ұзақ  терең
ұйқы байқалады.
   Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
     1. Сүтқоректілердің экологиялық топтары туралы не білесіз?
     2. Жербеті, жерасты, су, орманда  мекендейтін,  ұшатын  аңдарды  атап,
        сипаттаңыз.
     3. Сүтқоректілердің жылдық тіршілік циклі дегеніміз не?
     4. Сүтқоректілер көбеюге қалай дайындалады?
     5. Төлдеу және ұрықтың өсуі қалай өтеді?
      Әдебиеттер. № 1 дәріс соңында көрсетілген.
   № 10 дәріс тақырыбы – Орман тіршілігіндегі сүтқоректілердің практикалық
маңызы.
      Жалпы сұрақтары: Аңдардың орман шаруашылығындағы маңызы. Олардың орман
тіршілігіне тигізер әсері. Санитар-аңдар  және  ауру  таратушылар.  Орманның
табиғи сауығуына, зиянды омыртқасыз, омыртқалы жануарларды  жоятын,  ағаштар
мен бұталар тұқымдарын тарататын аңдар әсер етеді.
      Дәрістің қысқаша жазбасы. Сүтқоректілер адам өміріне тигізер рөлі  аса
зор және әртүрлі.  Оны  тіпті  қайта  бағалау  мүмкін  емес.  Олардың  көбі,
әсіресе үй жануарларының, шаруашылықта аса зор  маңызы  бар.  Өйткені,  олар
адамға азық-түлік және өндіріске қажет шикізат көзі болып  келеді.  Көптеген
түрлерінің айтарлықтай кәсіпшілік маңызы  бар.  Мысалы,  олардың  20  түріне
жуығы үлпек жүнді аңдар терісінің негізін құрайды. Жануарлар мен адамға 150-
ден артық аурулар ортақ болғандықтан, сүтқоректілер паразит тіршілік  ететін
иесі  немесе  бірталай  инфекция  бунақденелілер  арқылы  берілетін  аурулар
қозғыштарының  табиғи  қоймасы  болып  келетіндіктен,  олардың  медицинадағы
маңызы да аса зор. Сонымен, олар мына табиғи-ошақтық аурулар  (кене-клещевой
энцефалит-мидың   қабынуы,   дене   қызбасы-лихорадки,    құтырық-бешенство,
туляремия,   қылау-сальмонеллез,   бруцеллез,   топалаң-қой,   шек-шек-ешкі,
жамандат-жылқы,  қараталақ-ірі   қара,   ақшелек,   қарабез-түйе,   түйнеме,
күйдіргі-адам-сибирская  язва,  басқалар),  табиғи-ошақтық  құрт   аурулары,
тоғышар тудыратын аурулар-гельминтоздар (сорғыш жалпақ  құрттар  қоздыратын-
клонорхоз,  ішек,  көлденең  жолақты  бұлшық  етті  зақымдайтын-трихенеллез,
таспа  құрттар  қоздыратын-эхинококкоз,  басқалар).   Олардан   басқа,   улы
буынаяқтылар, қан соратын жәндіктер, кенелер жатады.  Оларға,  улы  балықтар
(белсенді-улы: акула, тұтасқанат-скат, балықтар-жылан-змейка, теңіз алабұға-
окунь, скорпена немесе теңіз  таутан-ерш;  енжарлы-пассивно-улы:  қарабалық,
шармай-маринка, көкбас балық-осман, қаяз, сүген-усач), улы  қос  мекенділер-
амфибии (кесіртке  тәрізді-саламандры,  құрбақа-жабы,  шұбар  бақа-жерлянки,
тарбақа-чесночницы), улы жыландар (сахалин сұр жыланы-гадюка,  бозша  жылан-
щитомордники, тигр су жыланы-уж).  Улану  мен  шағуда  көрсетілетін  алғашқы
көмек.
   Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
     1. Аңдардың орман шаруашылығындағы маңызы қандай?
     2. Олардың орман тіршілігіне тигізер әсері туралы не білесіз?
     3. Санитар-аңдар мен ауру таратушыларды атап, сипаттаңыз.
      Әдебиеттер. № 1 дәріс соңында көрсетілген.
      №  11  дәріс  тақырыбы–Орман  сүтқоректілерін   жүйелеу-систематикалық
шолуы.
      Жалпы сұрақтары: Сүтқоректілер класын жүйелеу. Алғашқы, Нағыз  қалталы
және  қағанақты  аңдар.  Қағанақты  сүтқоректілердің  қысқаша   сипаттамасы.
Қазақстанды мекендейтіндердің айырмашылық  белгілері,  таралу  аймағы-ареал,
биологиялық ерекшеліктері, шаруашылық, ғылыми және әсемдік-эстетика маңызы.
      Дәрістің  қысқаша  жазбасы.  Сүтқоректілер  (жерүсті)   немесе   аңдар
омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең жинақы класс. Жердің мезозой  заманындағы
геологиялық  тарихының  үш  дәуірінің  алғашқысы-триас  соңында  аң  тәрізді
жорғалаушылардан  жекеленді.  Дене  температурасы  тұрақты,   оларға   іштей
ұрықтану  және  ұрығы  жатырда  дамуы,  анамен   ұрпақтың   қағанақ   арқылы
байланысы, тірідей туу,  ұрағын  ана  сүтімен  қоректендірі,  денесі  түкпен
жабылуы тән. Организм дегеніміз–ашық өзін - өзі  реттейтін  жүйе,  ол  өзіне
қажет әлді азық қорытылуынан, Күннен  таралған  қуатты-энергия  пайдаланудан
алады. Қуат пен затты үздіксіз сіңіріп, тіршілік тәртіпке келу, келмеу,  зор
молекулалық кесел  келтіру,  келтірмеу  арасында  тепе-теңдікке  ұмтылмайды.
Қайта, тірі  организмге,  оның  құрылысы  мен  қызметі  сияқты,  әрі  қуатқа
айналып, пайдалануда  тәртіпке  келу  тән.  Сонымен,  ішкі  тәртіпке  келуді
сақтау ғана емес, ерікті қуатты күн сәулесінен  немесе  азықтан  алып,  тірі
организм ортаға балама-эквивалент қуат санын қайтарады. Бірақ, оның  пайдалы
түрі-форма аз, негізінде жылу түрінде  бөлініп,  одан  соң  ыдырап,  Ғаламға
кетеді. ҚР мекендеген омыртқалылар 6  класқа  бөлінген,  оның  түрлер  саны:
дөңгелекауыздылар-2, балықтар-103, қосмекенділер-9, бауырымен жорғалаушылар-
12, құстар-400, сүтқоректілер-70. Осылардың  әр  түріне  қысқаша  сипаттама:
биологиясы  мен  экологиясының  ерекшеліктері,  таралу  аймағы,  мекендейтін
орны, сыртқы түрі, саны, тұрғындар үшінгі  маңызын  беру  қажет.  Амфибиялар
немесе  қосмекенділер  жер  тарихындағы  көне  палеозой  кезеңінде  су  және
жерүсті  омыртқалылардың  аралық  тобы  ретінде  пайда  болды.  Олар   жерде
тіршілік етіп, суда көбейеді. Барлығы 4000 түрден артық, 2:  құйрықсыз  және
құйрықты қатарлары-отряд бар. Құйрықтылардың денесі  ұзынша,  құйрығы  ұзын,
аяқтары қысқа болады.  Қазақстанда  құйрықтының  бір  бұрыштістілер-Углозубы
тұқымдаспен, 2: уссури құйрықты бақа-тритон, сібір бұрыштістілері  түрлерден
тұрады.  Құйрықсыздардың  қаңқасы  қысқа,  басы  қозғалмайды,  құйрығы   тек
балаңқұртта-личинка болады, артқы  аяқтары  (секіруге)  алдыңғыларынан  ұзын
келеді.  Бауырымен  жорғалаушылар-рептилии   (қолтыраун-крокодил,   тасбақа-
черепаха, кесерткі-ящерица, жылан) палеозойдың тас  дәуірінде  пайда  болды.
Олар суда, жерде мекендейді, жұмыртқа салады  немесе  тірі  туатындар,  8000
түрлері  бар.  Адамның  табиғатында,  тіршілігінде  жерүсті  жануарлары  өте
маңызды рөл атқарады. Әсіресе, ет, жүн, емдік заттар,  басқа  азық,  шикізат
беретін  кәсіпшілік  жануарлар,  сүтқоректілер,  құстар,  басқалар.  Адамдар
жануарларды   ғылыми,   мәдени-ағартушылық,   әсемдік-эстетика,    тәрбиелік
мақсаттарда пайдаланады. Жануарлардың жанама маңызы  да  аз  емес.  Көптеген
майлы, дәнді, емдік, басқа өсімдіктер  жәндіктермен  тозаңданады.  Жануарлар
топырақ түзілу процесіне, өлі  органикаларды  санитарлық  тазалауға,  түскен
жапырақтарды, шөп төсеніштерін, өлген ағаштарды өңдеуге  белсенді  қатысады.
Олар  үзіліссіз  топырақты  қопсытады,  ауаның   келуін   жақсартады,   оның
құнарлылығын арттырады. Сүтқоректілердің арасында ұшатын,  қалықтап  ұшатын,
секіретін, ағашта өрмелейтін,  жерде  жылдам  жылжитын,  топырақты  қазатын,
суда малтыйтын түрлері кездеседі. Жерде олардың барлығы  4000  жуық  түрлері
бар.  Қазақстанда  жерүсті  сүтқоректілердің  58  түрі  мекендейді.  Олар  7
отрядқа:  жәндіктәрізді-4,   жарғанат-26-27,   қоянтәрізді-2,   кеміргіш-15,
жыртқыш-5,  жұптұяқты-4   және   дақтұяқтыларға-1   біріккен.   Қатар-отряд,
тұқымдас-семейство, туыс-род  және  түрлердің-вид:  көлемі,  тіс  формуласы,
тіршілік қалпы, мекендеу тығыздығы, мекендеу  орны,  шаруашылықтағы  маңызы,
түр  және  дарақтарының-популяция  ерекшеліктеріне  қысқаша  сипаттама  беру
қажет.   Адамдар   мен   жабайы   жануарлардың   өзара   қарым-қатынасындағы
қауіпсіздік негіздері. ҚР улы жануарлар. Жануарлардың  қауіпті  мінез-құлқы.
Шабуылдың алдын алу.  Одан  қорғану  тәсілдері.  Жабайы  жануарларды  үркіту
әдістері. Үй жануарларын ұстау ұсынымдары.
   Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
   1. Сүтқоректілер класын қалай жүйелейді?
   2. Қағанақты сүтқоректілердің қысқаша сипаттамасын беріңіз.
   3. Қазақстанды мекендейтіндердің айырмашылық  белгілері,  таралу  аймағы-
      ареал, биологиялық ерекшеліктері,  шаруашылық,  ғылыми  және  әсемдік-
      эстетика маңызы.
   Әдебиеттер. № 1 дәріс соңында көрсетілген.
   № 12 дәріс тақырыбы–Аңшылықтану.
      Жалпы сұрақтары: Орман,  аң  аулау  шаруашылықтарының  өзара  іс-қимыл
жасауы.  Қазақстанның  аң   аулауға   пайдаланатын   жер-суы.   Аң   аулауға
пайдаланатын  жер-су   дамуы,   жіктелуі-типология,   бағалануы-бонитировка.
Ұтымды-оптимальный тығыздығын, ауланатын жануарлардың әр түрлерінің  аулауға
пайдаланатын жер-суға  сыйымдылығын  есептеу.  Аңшылық  мақұлықатының  басты
түрлерін есептеу әдістері. Пайдалану қалпын есептеу.
   Дәрістің қысқаша жазбасы. Адамдардың шаруашылыққа пайдаланатын жер-суына:
жер, орман, су т.б. жер бөліктері жатады да, онда  мақұлықаттар  мекендейді.
Оларды аң аулауда, аң аулау шаруашылығын жүргізуде қолданады.  Ондағы  еркін
жүрген жабайы аңдар мен құстар,  кімнің  аумағына  жатпасын,  аңшылық  қорын
құрады да, мемлекеттік меншік болып келеді. Пайдаланатын жер-су,  шаруашылық
жүргізу  бағыттары  табиғатқа,  экономика  жағдайларына  байланысты   болып,
бірнеше түрге  бөлінеді:  мемлекеттік,  кооперативтік,  қоғамдық  ұйымдарға,
ғылыми мекемелердің пайдалануына бекітілген жер-су;  аң  аулау  ережелерімен
барлық тұрғындарға аң аулауына рұқсат етілген жалпы  пайдаланылатын  жер-су;
аң аулауға  жабық  пайдаланылатын  жер-су  (қорық,  қорықша,  қала,  өндіріс
орталықтарының  айналасындағы   жасыл   аймақтар).   Шаруашылықтар   өндіріс
типтері: балық аулайтын, аң  аулайтын,  теңіз  аң  ату  кәсіпшілігі,  аралас
(балық – аң аулайтын, балық – аң ату кәсіпшілігі) деп бөлінеді.  Орман  және
аң аулау  шаруашылықтары  кешені  ұйымдастыру-әкімшілік,  өндіріс  процессін
қамтитын, шаруашылық жүргізу мәнін ескеруі қажет. Сондықтан бір,  көп  түрлі
іс-шаралар белгілейді. Біртүрліде, тек орман  немесе  аң  аулау  шаруашылығы
мақсаттарын шешу іске асырылады. Көптүрліде, екпе ағаштар аса құнды  болмай,
аң аулау бағыты өте пайдалы болғандықтан қолданылады. Қазақстанда  аң  аулау
шаруашылығы қалыптасуы  бірнеше  кезеңдерден  тұрады.  Этникалық  кезең-көне
уақыттан екінші мыңжылдықтың ортасына  дейін.  Әлсіреу  (17-19  ғасыр),  өту
(1917-1924),  кооператив-колхоз  (1925-1936,  1937-1957),   кәсіпшаруашылық-
промхоз (1958-1991),  қазіргі  әлеуметтік-социально-реформаторлық  кезеңдер.
Орманның аңшылыққа пайдаланылатын жер-суын түгендеу негізіне  орман  өсіруді
жоспарлау  материалдары:  1)  таксация  мәліметтері  (орманды  есепке  алып,
материалдық тұрғыдан  бағалау;  ағашқорын  немесе  пішен  түсімінің  шамасын
анықтау) алынады; одан жоспарлаушы орманның  әр  жерінде  азықтың,  қорғаныш
құралдары  мәліметін  толық  ала  алады,  2)  ағаш   егу   жоспары   жатады.
Пайдаланылуға бөлінетін жер-судың ең аз  аумағы  орман  өсіруді  жоспарлауда
белгіленген разрядындағы таксация бөлігінің ең аз аумағынан 3 есе көп  болуы
мүмкін. Сондықтан пайдаланылуға  бөлінетін  жер-судың  ең  аз  аумағы  орман
өсіруді жоспарлаудың I разряды бойынша  орманды  учаскесі  3  га,  ал  кеспе
ағаш, күйік және құла дала үшін 1,5 га. Осы көрсеткіштер II разрядта  9  га,
III – 30 га, IV – 80 га және V - 160 га болу керек.  Пайдаланатын  жер-судың
типологиясы орман өсіруді жоспарлау жұмысы  практикасында  кең  қолданылады.
Аң аулау құрылысының негіздері, аң  аулауға  пайдаланатын  жер-суды  жіктеу.
Аңшылыққа пайдаланатын жер-судың жеке типіне  әдетте  В.Н.  Сукачев  жіктеуі
бойынша орман типінің  тобы  алынады.  Қарағай,  шырша,  жапырақты  сүректер
орман  аумағында  жеке  типтері  топтарына   бірігіп,   мына   өсіп   жетілу
жағдайларына, әрі пайдаланатын жер-су типтерінде байқалады:  1.  жазық  және
жер бедері оры орны – шұңқыр, шалшықтанған топырақтың  айқын  белгілері  бар
нашар кәрізді (дренаж) аңғар. Сүрекдіңінің  (древостой)  өнімділігі  төменгі
класста (IV және төмен), орман тобы (сфагновых) типке  жатады.  Пайдаланатын
жер-су типі – шалшықтанған орман  (аз  азықтық  тән-сирек  тұқымды  жылдарда
кейбір ағаштардың жеміс  салуы  нашар,  сондықтан  кемірушілердің  қоры  аз,
қорғаныш жағдайлары нашар болады). 2. Саздауыт топырағы ауыр жайпақ  баурай.
Жеткіліксіз кәріз жағдайында сүрекдіңі IV,  өте  сиректе,  орман  өнімділігі
III класс болып келеді. Мүк жабыны жақсы дамыған, онда  көкек  зығыры  айқын
байқалады. Бұл – орманның түрі (долгомошниковых) тобы.  Пайдаланатын  жер-су
типі – тышқанды орман. Азық саны және қорғаныш жағынан  бұл  түр  біріншіден
айтарлықтай артық. 3. Жер  бедері  азды  немесе  көпті  айқынды  орын.  Оның
кәрізі  жеткілікті,  топырағы  бай  болады.  Орман  өнімділігінде  сүрекдіңі
жоғары класста (III және жоғары) көктерек  пен  қайың  қоспалары  байқалады.
Жабынында жасыл мүктер мен жидектер көп. Пайдаланатын  жер-су  типі  –  ағаш
діңі  биік  орман.  4.  Орман   өзені,   бұлағы,   сайы   жайылмасы.   Орман
өнімділігінде сүрекдіңі III класста, одан жоғары  да,  жақсы  дамыған  шағын
тоғайы, шөп жабыны болады. Орман типі батпақшөпті. Пайдаланатын жер-су  типі
– жайылмалы орман. Азық, қорғаныш жағдайлары оптимумге  жақын.  5.  Топырағы
бай кәрізі жақсы. Орман өнімділігінде сүрекдіңі күрделі (2 саты және  көпте)
I- II класста. Шағын тоғайы жақсы дамыған. Орман типі күрделі топқа  жатады.
Пайдаланатын жер-су типі – күрделі  орман.  Экологиялық  жағдайы  азық  саны
бойынша ұтымды, ал қорғаныш қасиеті оптимумге жақын. 6. Төбе  шыңы  топырағы
құрғақ құмды және кедей. Орман өнімділігінде сүрекдіңі төменгі класста  (IV-
V) және толықтылығы аз. Орман типі қына тобына жатады.  Пайдаланатын  жер-су
типі – құрғақ немесе қыналы орман.  Экология  жағдайы  (азық,  қорғаныш,  ұя
салу) оптимумнан қалшақ. Мұндай жерде жануарлардың  мекендеуі  әдетте  анда-
санда кездеседі. 7.  Таудың  орташа,  тік  баурайы,  топырағы  тасты.  Орман
өнімділігінде сүрекдіңі III - IV, жартылай V  класста.  Пайдаланатын  жер-су
типі – тасты орман. Бұл жерде экологиялық жағдай күрт құбылып  тұрады.  Олар
жалпы орташадан жоғары  болады.  Пайдаланатын  жер-суды  жіктегенде  алдымен
орман  бірігуін  анықтайды,  екіншіден  -  өсіп  жетілу  жағдайы   (тышқанды
шыршалы,  қыналы  орман).  Орманның  бірігуі  –   ол   белгі,   оған   орай,
пайдаланатын  жер-су  типі  аса  ірі  таксон  өлшеміне   бірігеді.   Мысалы,
пайдаланатын жер-су кластарына – балқарағай, шыршалы,  майқарағай,  қарағай,
қайың жатады. Пайдаланатын жер-су  кластары  категорияларға  бірігеді,  олар
жоғарғы таксон бірлігі болып келеді. Барлық  орманның  пайдаланатын  жер-суы
бір категорияға енеді. Бірақ оны екі категория тармақтарына  бөлуге  болады.
Біріншісі - орман (851 млн га)  және  бұталар  (76  млн  га).  Тоғандар  мен
батпақтар жеке пайдаланатын су-батпақ  категориясына  бөлінген.  Оның  жалпы
аумағы 11,3% құрады. Оларда шартты екі тармаққа –  тоғандар  және  батпақтар
болып бөлінеді. Үшінші категорияға  ашық  кеңістіктегі  пайдаланатын  жер-су
жатады. Онда мына тармақтар айқындалған – тундра, шабындық, дала,  шөл  және
ауыл шаруашылығында қолданылатын жерлер. Студент  біліп,  жұмыс  істей  алуы
үшін тұрақты жыл бойы көп жылдық үзіліссіз бақылау және есеп  санын  жүргізе
білуі қажет. Тек, сонда ғана,  маусым,  жылдық  түрлі  экологиялық  жағдайға
сай,  табиғат   құбылысы   әртүрлілігін,   әсерін   айқындайды.   Аң   аулау
шаруашылығында пайдаланатын жер-суды бағалау. Оның  мақсаты  –  пайдаланатын
жер-суды  сапа  категориясына,  оның  өнімділігіне  (жыл  бойы  алынған   аң
терісінің, құс  етінің  саны),  жұмыс  өнімділігіне  (аңшылық  мақұлықатының
дұрыс қорын сипаттайды) кеңдігіне (аймақ өлшеміндегі қандайда  болмасын  құс
түрінің мүмкін болу саны) қарап бөлу. Құстарды есептеудің ең тараған тәсілі-
дарақтарды дауысынан, көзбен шолып  байқау  арқылы  есептеу.  Оны  кең  емес
біртекті  орман  типтерінде  салынған  алқаптағы   маршрут   бойымен   жүріп
есептейді. Қызықты нәтижені сынама аумақтағы ұяларды мүлде  есептеу  береді.
Соңында, ең қарапайым есептеу әдісі бар. Ол түрлердің кездесуін  сипаттайды.
Ұсақ аңдарды әдетте қапқанмен, орға, жырашыққа қамап, аулау  жолымен  есепке
алады. Қоян, жыртқыш, тұяқтарды аңдарды көбінесе қыста, қардағы  ізі  арқылы
есептейді. Басқа жол, ол аңдар мен құстардың азығын,  олардың  өсімдіктерге,
басқа жануарларға тигізген  әсерін  зерттеуде  байқалады.  Мұндай,  «қансыз»
әдіске, мысалы, ұядағы балапандардың өңешін қатты  қысып  буу  жатады.  Онда
қалдық  азықтарды  жинайды,  желінгіштікті  есептейді,  құстардың,   жыртқыш
аңдардың қорытылмаған қоректі лоқсығанда шығатан  қоспа  зат-былықпа-погадок
құрамын талдайды. Экология мен жануарлар мінез-құлқын әр жақтан  зерттегенде
қызықты нәтижені жақсы жасырылған  торуылдан-засада  жете  бақылау,  дүркін-
дүркін қайталап өлшеу-хронометраж, ін, ұя, қорек орнына  келгендегі  есептеу
береді. Олармен қатар,  түрлі  өздігінен  жазатын  актографы-самописцы  және
автоматикалық  аппарат,  радиобелсенді  изотоп,  радиотаратқыш  қолданылады.
Олар  жануарлардың  індегі,  қуыстағы,  түнгі  тәуліктегі  тіршілігі  туралы
мәліметтер алуға  мүмкіндік  береді.  Құстардың  маусымдық  қоныс  аударуын,
тіршілік ұзақтылығын,  ұя  салудағы  кертартпалығын  зерттеуде  сақиналаудың
маңызы  жалпыға  белгілі.  ҚР  жабайы  жануарлардың   мекендеуі   (орнығуы),
жіктелуі, есептеу әдістері. Барлық жануарлар түрлерінің санына  орай,  мына:
көптеген,  әдеттегі,  өте  аз,  сирек  кездесетін,  бірен-саран  дәрежелерге
бөлінеді.  Жабайы  жануарлардың  мекендеу  (орнығу)  тығыздығы  белгілі  бір
аумақта немесе көлемге өлшем бірлігі бойынша шаққанда орнығатын  әр  түрінің
дарақ (жануарлар) санымен  анықталады.  Түрдің  биологиялық  ерекшеліктеріне
байланысты тығыздық бірлігіне 1 га, 100 га, 1000га, 10000га немесе 1  кв.км.
алады. Есептеу  әдістеріне:  далалық,  өңделетін,  құрастырылғандар  жатады.
Далалық-табылған  есеп  бойынша:  көзбен  шолып  байқау  (жерде,  авиаесеп),
іздегі  іс-әрекеті  бойынша  (қардағы   іздер,   сыртқа   шыққан   нәжістер,
паналайтын жер, басқа белгілер) және көбінесе естуіне,  ит  көмегімен,  олжа
бойынша жүргізеді. Есептеу белгілері:  есепке  алынған  территория  бойынша,
есептеу зерзаты-объект бойынша, көлік техникасын  пайдалану,  есепті  өткізу
сипаты бойынша (тікелей, сауал-сұрақ, көз  мөлшерімен,  сарапшылар),  таңдап
есептеу мәліметінің  тәсілі,  жануарлардың  табылуы  тәсілі.  Нәтиже  сипаты
бойынша:  салыстырмалы  есеп,  абсолютті  есептер   (жаппай,   іріктеп-таспа
тексеру, сыналатын алаңда) жүргізіледі.  Маусымдық  бойынша:  қысқы  есептеу
(маршрут,  сыналатын  алаңда,   үстеп   қоректендіру   алаңда),   жазғытұрғы
(тұяқтыларды сыртқа  шыққан  нәжістерінің  саны  бойынша,  су  айналасындағы
аңдар есебі, қарағайлы орман құсын қоразданудағы есебі, жыныстық айқайы  мен
әнін есептеу, суда  жүзетін  құстарды  есептеу),  жазғы-күздік  (балапандары
бойынша, пайдаланатын жер-судағы ұялары бойынша, бұғы, бұлан,  үзбара  өкіру
есебі бойынша, кәсіпшілік алды есептеуі), құстардың қайтуындағы күзгі  есеп.
ҚР жабайы жануарларды аулау-кәсіптік маңызы. ҚР ауланатын аңдар  мен  құстар
түрлері  әртүрлі  (түрлері-22,  тұяқтылар-7,  құстар   түрлері   70   жуық).
Үлпекжүнді аңдар (бұлғын, тиін, кәмшат,  ақкіс,  еноттәрізді  ит,  ақ  қоян,
сасық күзен, түлкі, аю, қара күзен, ондатр,  құну,  сілеусін,  қасқыр,  қара
түлкі, басқа түрлер).  Тұяқты  аңдар  (бұлан,  үзбара,  доңыз,  елік,  сібір
бұғысы, құдыр, қошқар). Ауланатын құстар: қарағайлы орман құстары  (шіл,  ақ
және тундра шілі, тас құры, құр, түркептер, жылқышы-вальдшнеп), дала  немесе
шалғынды (қырғауыл, бөдене),  батпақты  (тауқұдырет),  суда  жүзетін  құстар
(қаз, үйрек, бейнеарық үйрек, бізқұйрық үйрек, қаралаүйрек,  қасқалдақ  және
басқалар).
   Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
   1. Орман және аң аулау шаруашылықтары өзара қандай іс-қимылдар жасайды?
   2. Қазақстанның аң аулауға пайдаланатын жер-суларын атаңыз.
   3. Аң аулауға пайдаланатын жер-судың дамуы, жіктелуі, бағалануы дегеніміз
      не?
   4. Ұтымды тығыздығын және ауланатын жануарлардың  әр  түрлерінің  аулауға
      пайдаланатын жер-суға сыйымдылығын есептеу қалай жүреді?
   5. Аңшылық мақұлықатының басты түрлерін есептеу әдістерін және  пайдалану
      қалпын есептеуді түсіндіріңіз.
   Әдебиеттер. № 1 дәріс соңында көрсетілген.
   № 13 дәріс тақырыбы–Биотехниялық іс-шаралар, олардың биологиялық негізі.
      Жалпы  сұрақтары:  Пайдаланатын  жер-су  сапасын  жақсарту,  ауланатын
жануарлардың тұрақтары жағдайын уақытша жақсарту, аңшылық  мақұлықаттың  сан
және  сапа  құрамын  көбейту,  ауланатын  жануарларды  қорғау   іс-шаралары.
Жыртқыштарды сұрыптау үшін ату және санын  реттеу.  Жабайы  құстарды  өсіру.
Биотехниялық жұмыстар кешеніндегі орман шаруашылығының іс-шаралары.
      Дәрістің қысқаша жазбасы. Орманда ауланатын  аңдар  мен  құстар  қорын
тиімді пайдалануда аңшылық шаруашылықты дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.  Ол
үшін ұйымдарға, ұжымға, жеке аңшыларға белгілі пайдаланатын жер-суды,  орман
алабын бекітіп береді. Бұл  аң  аулауда  пайдаланатын  жер-суды  қолданудағы
иесіздікті жойып қана қоймай, жергілікті мақұлықат және жануарлар  тұрақтары
жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шараларды іске асыруға дұрыс  мүмкіншілік
туғызады. Бұл табиғи жағдайда  пайдалы  жануарлар  санын  көбейтіп,  олардың
өнімділік қасиетін жақсартып, қорғау іс-шаралар кешенін  әзірлеу  жұмыстарын
биотехниялық деп атайды. Олар,  әсіресе  жануарлар  тіршілігіндегі  ең  қиын
кезеңіне қажет. Бірақ, қандайда болмасын жұмыстарды жоспарлаумен бірге,  тек
экологиялық маңызын ғана емес,  әрі  текника  көмегімен  іске  асыруды  және
экономикалық  тиімділігінде  есте  сақтаған  жөн.  Бұдан  басқа,  барылдауық
үйрекке ұя құруда, көкала  үйрекке,  мандаринки,  үлкен  бейнеарық  үйрекке,
луткаға қуыс және қырғауылға қорғаныш бұта құрған  өте  маңызды.  Орман,  аң
аулау шаруашылықтарының территориясында кезбе иттер, мысықтар,  әрі  аулауға
рұқсаты жоқ адамдармен жүйелі күрес жүргізу басты міндеттің бірі.  Жануарлар
тіршілігіне қажет арнайы биотехниялық  іс-шаралар.  Ол  жабайы  жануарлардың
тұрақтағы санын реттеу, қорғау, қайта қалпына келтіруге  бағытталған  арнайы
шаруашылық шаралардың кешені. Мекен  ететін  жер  жағдайын  жақсарту:  жанып
кетуінен сақтау, биотехниялық кесу, пайдаланатын  жер-су  кеңдігін  көбейту,
азықтық және қорғаныштарды себу және отырғызу, кейбір пайдаланатын  жер-суды
тыңайтқыштау, жасанды тоғандар жасау, бөгеттерден  өту  үшін  жасанды  өткел
орнату, жасанды ұя  және  баспана  орнату,  орманда  сирек  және  кәсіпшілік
жануарлар  түрлері  мекендеу  үшін  ерекше  қорғаныш  үлескі   бөлу.   Шығыс
Қазахстан  облысындағы   жабайы   жануарлар   мен   құстар   санының   дамуы
(динамикасы,  Шығыс  Қазақстан  облыстық  аумақтық  орман  және   аң   аулау
шаруашылықтарының басқармасы мәліметінен).
|Түрлері               |Жылдық сандары (данасы)                           |
|                      |2001   |2002   |2003   |2004   |2005   |2006    |
|Ақтиін -Белка         |15000  |9550   |4406   |18350  |36100  |34701   |
|Қасқыр-Волк           |7300   |4500   |3800   |3010   |3010   |2500    |
|Кәмшәт-Выдра          |140    |140    |140    |80     |390    |255     |
|Ақкіс-Горностай       |3000   |2400   |2561   |3000   |2360   |2781    |
|Қоян-Зайцы            |24000  |17000  |15575  |38900  |34890  |43496   |
|Қарсақ-Корсак         |12000  |7500   |7430   |4550   |2910   |5628    |
|Сарыкүзен-Колонок     |2000   |1300   |1198   |3200   |3650   |998     |
|Түлкі-Лисица          |12000  |8600   |6400   |14570  |9580   |14837   |
|Су күзені-Норка       |1400   |1100   |887    |2855   |5580   |5580    |
|Құну-Росомаха         |60     |60     |50     |60     |133    |154     |
|Сілеусін-Рысь         |300    |200    |180    |660    |380    |391     |
|СарғышкүзенСолонгой   |4000   |3000   |2829   |9500   |8110   |7872    |
|Бұлғын-Соболь         |3600   |2728   |1864   |3750   |4960   |3371    |
|Сасық күзен – Степной |6400   |5000   |4472   |7900   |4260   |14737   |
|хорек                 |       |       |       |       |       |        |
|Бұлан-Лось            |1250   |1080   |933    |1012   |2531   |1484    |
|Марал                 |2300   |1930   |1416   |2464   |1716   |2391    |
|Қабан-Кабан           |900    |650    |619    |1364   |300    |1005    |
|Құдыр-Кабарга         |360    |260    |180    |320    |475    |660     |
|Елік-Косуля           |8200   |7190   |5366   |8569   |6060   |10862   |
|Сібіртаутекесі-Сибирск|820    |450    |80     |1610   |988    |810     |
|ий горный козел       |       |       |       |       |       |        |
|Аю-Медведь            |1200   |1000   |760    |1320   |1068   |1124    |
|Борсық-Барсук         |1000   |1200   |1300   |1990   |1760   |3944    |
|Құндыз-Бобр           |50     |70     |100    |100    |50     |80      |
|Суыр-Сурок            |106800 |90000  |96000  |128200 |90900  |142190  |
|Ондатр-Ондатра        |36000  |26000  |27000  |29500  |19400  |35270   |
|Қаздар-Гуси           |28000  |24300  |22000  |143000 |46000  |85675   |
|Үйректер-Утки         |358000 |492100 |260000 |3499000|1383400|2877560 |
|Құр-Тетерев           |57400  |73400  |68000  |181560 |172200 |171700  |
|Голуби,түркептер      |45000  |72000  |72000  |127000 |63500  |127000  |
|-горлицы              |       |       |       |       |       |        |
|Кекілік-Кеклик        |19500  |20000  |10000  |9600   |12500  |-       |
|Сұр құр-Рябчик        |60000  |35200  |32000  |22600  |55800  |36500   |
|Сұр шіл-Куропатка     |43400  |52800  |48000  |48900  |154100 |86970   |
|серая                 |       |       |       |       |       |        |
|Саңырау құр-Глухарь   |3000   |4500   |3800   |2760   |6300   |2035    |
|Қырғаул-Фазан         |500    |400    |400    |1000   |2300   |1600    |


      Тіршілік  сүру  жағдайларын  жақсарту  үшін:  өсімдіктер,   жануарлар,
минералдармен қосымша қоректендіру, уақытша  азық  және  қорған  жағдайларды
құру  (ағаш  кесінділерін  қалтыру,  уақытша  паналайтын  орын  жасау,  шала
кесулер, қуыс ағаштар, биік түбір қалдыру), уақытша суаттар құру, малта тас-
галечник және пыр-пыр етіп ұшу орнын құру, жыртқыштар  санын  бақылау,  жем-
шөптің, суаттардың қолайлығы, тынышсыздық факторы әсері мен уақытын  реттеу,
ветеринариялық-санитарлық  іс-шаралар  жүргізу  керек.  Жануарлардың  орнығу
санын реттеу үшін: дарақтық-популяциялық құрылымды, орнығу  құрамын  (түрлер
ара қатысы), орнығу санын  (жануарлар  орнығуының  тығыздығы),  жануарлардың
кейбір түрлерінің жерсіндіруін-интродукция білу  керек.  Жабайы  жануарларға
әсер ететін орман  шаруашылығындағы  іс-шаралар.  Орман  шаруашылығы  қызмет
процесінің жабайы жануарларға тікелей және жанама түрдегі әсерлері.
      Тынышсыздық факторы (жануарларды жұмыс процесінде үркіту).
      Баспананы бұзу және жою.
      Жануарлардың өзін жою (салынған жұмыртқаларды, балапандарды, төлдерді,
ірі жануарларды).
      Ормандағы мекен орнының өзгеріске ұшырауы-трансформация.
      Жаппай кесу әсері.
      Кесі технологиясы мен тұқым ауыстырудың маңызы.
      Жаппай кесудің омыртқалыларға тигізетін әсерінің жалпы бағасы.
   Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
           1. Пайдаланатын жер-су сапасын жақсарту,  ауланатын  жануарлардың
              тұрақтары жағдайын уақытша жақсарту, аңшылық мақұлықаттың  сан
              және сапа құрамын көбейту, ауланатын  жануарларды  қорғау  іс-
              шаралары қалай өтеді?
           2. Жыртқыштарды сұрыптап, санын реттеу үшін неге атады?
           3. Биотехниялық жұмыстар  кешеніндегі  орман  шаруашылығының  іс-
              шараларын сипаттаңыз.
   Әдебиеттер. № 1 дәріс соңында көрсетілген.
      № 14 дәріс тақырыбы–Ауланатын жануарларды аулау тәсілдері және құрал-
саймандары. Аң аулаудағы қауіпсіздік техникасы. Аң аулау шаруашылығының
экономикалық тиімділігі.
      Жалпы сұрақтары: Аң аулау қару-жарақтары және  оқ-дәрілері.  Өздігінен
аулайтын  тұзақтар.  Зиянды  кемірушілермен  күресу  шаралары  және   зиянды
жануарлар түрлерін жоюға арналған  улы  химикаттарды  қолдану.  Аң  аулайтын
иттер, олардың тұқымдары. Иттерді жаттықтыру және пайдалану (қолдану).  Аушы
құстар.  Аң  аулаудағы  қауіпсіздік  техникасы.  Аң   аулау   шаруашылығының
экономикалық тиімділігі.
      Дәрістің қысқаша жазбасы. Адамзат жер шарының тіршілік тараған аймағы-
биосфераның бір бөлігі, оның біртіндеп тарихи дамуы-эволюцияның өнімі  болып
келеді. Бірақ, адам мен табиғи бірлестіктің-сообщество  өзара  қарым-қатнасы
еш уақытта бұлтсыз  болған  емес.  Адам  ертеден  алғашқы  қарапайым  қаруды
дайындаған бері табиғат құрған заттармен риза болмай, өз  тіршілігіне  қажет
тұрмыс заттарды т.б. кіргізуде. Олар табиғи биологиялық зат айналымынан  тыс
жатуда. Өркениеттің-цивилизация пайда болуы, ол  биологиядан  жоғары  жатқан
қажеттік   пен   материальдық   технология   ортасы    туғанын    көрсетеді.
Жабайыадамдардың  аң  аулау  қызметі,  сөз  жоқ,  көптеген  ірі   шөпөоректі
жануарлардың құрып бітуін  жылдамдатты.  Аң  аулау  мақсатымен  өсімдіктерді
жағу территорияның босауына жеткізді. Онымен қатар, аңшылар  мен  жинаушылар
тобының бірлестікке  деген  әсері  әдетте  айтарлықтай  болмайды.  Адам  мал
шаруашылығына, егіншілікке көшкендіктен бірлестіктер  тобын  ауыстырып,  жоя
бастады. Соңғы 100 жыл ішінде 2 өте маңызды өзгеріс-сдвиг өтті.  Біріншіден,
Жерде халық саны күрт  өсті  (1969-минутына  150  адам;  1989-179;  2000  ж.
Жердегі халық саны 6,1 млрд. адамға  жетті;  2025-9,4  млрд.  адам  болады).
Екіншіден,  оданда  күрт  өнеркәсіп,  қуат-энергия  өндірістері  және   ауыл
шаруашылық өнімдері (21 ғасыр басында Жердегі барлық  халыққа  күнделікті  2
млн. т. жуық азық, 10 млн. куб.м. ішетін су, тыныс алу үшін 2  млрд.  куб.м.
оттегі қажет) артты. Бүгін барлық адамзатқа  қажет  300  млн.т.  заттар  мен
материалдар өндіріледі, 30 млн.т. жуық отын  жағылады,  2  млрд.  куб.м.  су
және 65 млрд. куб.м. оттегі пайданылады. Халық санының өсуі  азық  өнімдерін
өндірілуінің көбеюін, жаңа  жұмыс  орнын  құруды  және  өнеркәсіп  өндірісін
кеңейтуді  талап  етуде.  Аң  аулауды  анықтау  (ізіне  түсу,  аңды  індету,
олжалау, еріксіз ұстау).
      Аң аулау түрлері: кәсіпшілік (кәсіби), әуесқой, спорттық.
      Аң аулау тәсілдері:  мылтықпен,  итпен,  аушы  құстармен  (сұңқармен),
қапқан кәсіпшілігі.
      Аң аулаудың әр түрлілігі: мерзіммен (жазғытұрғы, жазғы-күздік, қысқы),
гаевая  (қабанға),  апанда  (аюға),  сайда  (қасқырға),  шұңқырда   (құрға),
өткелде (бұғы), өкіруде (үзбара),  еліктіру,  еліктіруші  үйрек  және  т.б.,
жалау көмегімен сорда,  құс  ойнағында,  құстың  келуі-қайтуында-тяга,  інде
(түлкі, борсық, енот тәрізді ит).
      Үкі–сирек кездесетін құс, аң  аулау  шаруашылығына  еш  әсер  етпейді.
Сондықтан үкіні аулап, ұстап алу  үшін  арнайы  рұқсат  қажет.  Ақ  жапалақ,
Арктиканы мекендейді, тек анда-соңда  шіл,  үйрек,  тіпті  қарашақазды,  жиі
кемірушілер, тоқалтіс тышқандарды аулайды. Ол үлкен Арктика  шөлі  мен  дала
кеңістігіндегі аң аулауға пайдаланатын  жер-суда  өте  сирек  кездеседі  де,
күшті зиянын тигізе алмайды. Басқа үкілер-өте пайдалы құстар. Олар  көптеген
жәндіктерді, кеміргіштерді жояды. Құстарға шабуыл  жасамайды,  қайта  өздері
қорғауды қажет етеді. Сондықтан,  ол  түнгі  жыртқыш  құстарды  аулайды  деу
артық  болар.  Күндізгі   жыртқыш   құстар   арасында   көбі   (аражеушілер,
кезқұйрықтар, жамансары, ақсары, қыран,  басқа)  сөз  жоқ  пайдалы.  Олардың
кейбіреуі негізінен жәндіктер, кемірушілер, бақалар, жыландармен,  басқалары
-  жемтіктермен  қоректенеді  де,  санитар  ретінде  пайда   келтіреді,   ал
үшіншілері өте сирек кездеседі  де,  өздері  қорғауды  қажет  етеді.  Шапшаң
ұшатын, жиірек құстарға шабуыл жасайтын сұңқарлар-лашын,  ителгі,  ақсұңқар,
жағалтай, бөктергіде өте сирек кездесетін болды. Бұрын  оларды  аушы  құстар
ретінде пайдаланды, қазірде кейбір жерде аушы  құстар  ретінде  пайдалануда.
Осы құстар кезінде атақты сұңқармен аң аулау деп аталды. Бүгін  олардың  өзі
барлық жерде қорғауды  қажет  етеді.  Бізде  мекендейтін  құладынның-лунь  5
түрінің ішіндегі, тек батпақты жердегісі қана аң аулау шаруашылығына  зиянын
тигізеді. Құр, шіл, сұр құр, ақтиін, тіпті қоянға шабуыл жасайтын  қаршығада
аз зиянын тигізбейді. Бірақ, қазір ғалым-табиғат  зерттеушілер  жыртқыштарға
жем болатын көбінесе ауру,  әлсіреген,  жас  немесе  кәрі  жануарлар  екенін
толық дәлелдеді.  Сондықтан  жыртқыштар  бірталай  аңдар  мен  құстар  басын
сауықтырады, ал біз  оларды  аулаймызда,  пайда  келтіреміз.  Тек  аң  аулау
шаруашылығы жақсы ұйымдасқан  жағдайда,  әсіресе  барлық  аңдар  мен  құстар
есепте болып,  адам  өзі  іріктеп  атып  алса,  онда  жыртқыш  құстарсыз  да
шаруашылықты сауықтыруға болады. Мұндайда құстарды жақсы ажырата алатын  осы
шаруашылықтың қызметкерлері қаршығаларды, құладындарды атып  алады.  Жыртқыш
емес, әдеттегі құс-ала қарға рөлін айқындау қиындыққа соғады.  Бір  жағынан,
ол нағыз ұры. Себебі, ол суда жүзетін құстардың ұясынан  жұмыртқаларды  алып
кетеді. Оның бұл кінәсі документті кино  және  фото  кадрлармен  дәлелденді.
Ал, басқа жағынан, ол пайдалы рөлде атқарады.  Оны  байқағыш  аңшылар  жақсы
біледі.   Ала   қарға   алғашқы   болып   ну   талда,   суарма    шабындықты
мекендейтіндерге қауіптің жақындағанын  хабарлайды.  Адамды  қайықта  немесе
күркеде көріп, әр ала қарға міндетті түрде "Міне, ол мұнда,  одан  сақ  бол,
қалай болса да,  құылыңдар!"-деп,  қарқылдайды.  Осы  ала  қарғалар  бірінші
болып, ұшып келген жыртқыш  құсқада  қарсы  ұмтылып,  барлығы  жабылып,  оны
қуады.  Ала  қарғалар,  жемтікті  теретін  ең  көптеген  санитарлық   құстар
қатарына жатады. Жыртқыш аңдарды, әсіресе ірі аю,  жолбарыс,  барыс,  қорқау
қасқыр, қасқыр, сілеусінді аулау, ең күшті әсер береді және барлық аң  аулау
ішіндегі ең тартымдысы  болып  келеді.  Жыртқыш  аңдарды  спорттық  мақсатта
аулау, өз мәні жағынан барлық ең қызықты спорт  түрлеріненде  басым  болады.
Жас аңшы, жыртқыш аңдарды аулауға әдеттеніп, өзіне көптеген тәжірибе  алады.
Жыртқышты қоршап ұстап алу, оны ізіне түсу, көлемін жалаумен белгілеу,  аңды
орман түпкірінде итпен ізіне түсу аңшыны  әр  уақытта  толқытады,  әрі  өзін
ерлікке тәрбиелеу мектебі  болып  келеді.  Жауыз  аңмен  жекпе-жекке  түсуде
ерлік және  батылдық  туады.  Қиын  тайга  жорығында  шынығу  және  ептілік,
тапқырлық  және  шыдамдылық  пісіп,  жетіледі.  Жыртқыш  аңдар  аулауды   ер
жүректер спорты деп атайды. Бұл анықтамада  ешқандай  артып  айтқандық  жоқ.
Аңшы ит мұрыны өтпейтін  орманға  жиі  сабалақ  жүнді  аюға  жалғыз,  өзімен
тәжірибелі иттің  бір  тұқымы-лайканы  алып  шығады  да,  жекпе-жекте  орман
күштісін жеңеді. Ол  апаннан  аюды  көтеріп  алып  шығып,  сескенбестен  оны
басынан атады.  Ол  түнде  жұртшы-стервятник  алдында  да  қорықпайды:  аңды
сұлыда  немесе  тұзақта  аңдып,  сабырлылықпен,  асықпай,  төбесі  жоқ  қора
түгілі, жерге  жасырынып  тұрып  атады.  Атқан  оғыңызды  жыртқыштың  өлетін
жеріне тигізбей, тек азулы тістерімен немесе  тырнағымен  тырнатып  көріңіз.
Онда түнгі қаңғыбас ауырғаннан  құтырып,  сол  бетте  өзіңді  жерге  жаншып,
өлтіреді. Нағыз аңшы тізбектеліп, бірінің ізімен бірі келе жатқан  қасқырлар
үйіріненде  қорықпайды.  Оларды   алыстан   көріп,   шыдам   мен   қозғалмай
жақындағанын тосып, ал оны сезіп қалып жалт  бұрылса,  онда  оларға  бүйірін
тосып, уақытын өткізбей, басшысының жауырыны астынан ірі бытыра оқпен,  одан
кейін екінші қасқырды атады. Ол кезде  басқалары  жан-жаққа  қаша  бастайды.
Аңшылар иттер көмегімен ұсталған жолбарысты тірідей ұстайды. Бұл да  -  оған
тұмылдырық кигізіп, аяқтарын байлап, оны торға отырғызу  зор  батылдық  емес
пе?  Ірі  аңдарды  аулау  батылдық   пен   ұстамдылық   түгілі,   жыртқыштың
биологиялық нәзік ерекшеліктерін, иір ойықты мылтықпен мергендік  дағдылықты
пайдалана білуді қажет етеді. Ия, зиянды жыртқыштарды жою  мақсаты  да,  өте
маңызды және пайдалы.  Қасқырдың  шексіз  зияндығын  айтпай-ақ,  одан  басқа
қорқау қасқыр, сілеусін, құну-росомаха,  шиебөрі-шакал,  жабайы  мысық  және
харза аң аулау шаруашылығына есепсіз зиянын тигізеді. Аңшылар оларды  аяусыз
жоюы керек.  Біздің  орман,  тау,  даланы  мекендейтін  көптеген  жыртқыштар
ішінде, пайдалы да түрлері бар. Оған тоқалтістерді жоятын сасық  күзен  және
дала, үй тышқандарын жоятын аламан-хомяк, сарышұнақ,  аққалақ-ласка  жатады.
Түлкі құстардың ұяларын  бүлдіруімен,  жоюуымен  жартылай  зиянын  тигізеді.
Олар  негізінен  дала,   орман   тышқандарымен   азықтанатындықтан,   шексіз
зияндығын  тигізетін  аңдар  қарарына  жатқызуға  болмайды.  Бұлғын,  зиянды
жыртқыш болғанымен, оның зиянын тамаша құнды терісі ақтайды.  Сондықтан  оны
қорғауымыз қажет, ал оны аулау арнайы рұқсат  қағаз-лицензия  арқылы  өтеді.
Қауіпсіздік  техникасын  біліп,  сақтау  жұмыс  қабылеттілігін,  денсаулықты
сақтауға  көмектеседі  де,  кәсіпшілік  аулауда  жиі  суық,  қиын,   күрделі
жағдайында  тіршілікті  сақтауға  көмектеседі.  Қандайда  болмасын   дәрімен
атылатын аңшы қаруы, оның оғы әр уақытта аса қауіпті зат  болып  есептеледі.
Сондықтан оған селқос, ұқыпсыз қарауға болмайды,  аң  аулауда  қаруды,  оның
оғын қолданғанда қауіпсіздік техникасын  білмеу,  оны  орындамау  және  елді
мекенде сақтау мүлде жарамайды.
   Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
     1. Аң аулау қару-жарақтары және оқ-дәрілері туралы не білесіз?
     2. Өздігінен аулайтын тұзақтарды атап, сипаттаңыз.
     3. Аң аулайтын  иттерді,  олардың  тұқымдарын,  пайдалануды  (қолдану)
        түсіндіріңіз.
     4. Аушы құстар дегеніміз не?
     5. Аң аулаудағы қауіпсіздік техникасы туралы не білесіз?
   Әдебиеттер. № 1 дәріс соңында көрсетілген.
      № 15 дәріс тақырыбы–Құстар мен аңдардың құқын қорғау.
      Жалпы  сұрақтары:  Жануарлар  әлемін  қорғау  және  пайдалану   туралы
құжаттар (заң). Қорықтар, ұлттық бақтар, т.б. Заңсыз  аң  аулаумен  (аулауға
рұқсат  етілмеген  аңды  аулаушылықпен-браконьерство)  күресу.  Құстар   мен
аңдардың халықаралық құқығын қорғау.
   Дәрістің  қысқаша  жазбасы.  Жануарлар  топырақ  түзілу  процесіне,   өлі
органикаларды санитарлық тазалауға, түскен  жапырақтарды,  шөп  төсеніштерін
және өлген ағаштарды қорытуға қарқынды  қатысады.  Олар  топырақты  үздіксіз
қопсытады, ауа  түсуін  жақсартады,  оның  құнарлығын  арттырады.  Табиғатта
қалыптасқан  тепе-теңдіктің  бұзылуы  өте  қымбатқа  түсуі  мүмкін.  Мысалы,
Австралия ашалып, оны отарлауға дейін, онда тұяқты жануарлар болмаған.  Оған
қойлар  мен  ірі  қара  малдарды   апарған.   Жергілікті   жәндіктер   көңді
қорытпағандықтан, ол жайылымда жыйнала берген. Оның қалыңдығы  4  см  жетіп,
шөптің өсуіне кедергі болады. Жайылым істен шығады. Тек  содан  кейін  ғана,
Африка мен Америкадан сасық қоңызды әкелген. Содан соң ғана  жайылым  көңнен
қалыпты  түрде  тазалана   бастайды.   Жануарлар   әлемінің   құқын   қорғау
мемлекеттік  және  халықаралық  келісімдер  мен   арнаулы   мәселе   жөнінде
халықаралық  шартпен-конвенция  реттеледі.  Жабайы  жануарларды  қорғау.  ҚР
сирек  кездесетін  жануарлар  түрлері.  1902  ж.-айналадағы  ортаны   қорғау
саласында бірінші халықаралық келісім қабылданды  (құстарды  қорғау).  1948-
Халықаралық табиғатты қорғау одағы  (ХТҚО)  құрылды.  1963  ж.  жануарлардың
Халықаралық Қызыл кітабы, ал 1978 ж.-өсімдіктердің Халықаралық Қызыл  кітабы
мерзімді басылымда шығуда. 1974 ж. КСРО сирек кездесетін және  жойылып  бара
жатқан жануарлар мен  өсімдіктер  түрлерін  қорғау  мақсатымен  Қызыл  кітап
ашылды. 1981 ж. Қазақстанның Қызыл кітабы жарық көрді. Оған  еңгізілген  түр
құқын  қорғау  зерзаты-объектісі  болып  есептеледі.  Жануарлар   түрлерінің
жіктелуі,  олардың  сирек  кездесуі  деңгейіне   орай,   мына   дәрежелерге-
категорияға  бөлінеді:  0-мүмкін  жойылған,  1-жоғалу  қаупі   бар,   2-саны
қысқаруда, 3-сирек кездесетін, 4-белгісіз, 5-қалпына келудегі. ҚР  жануарлар
әлемін қорғау және пайдалану сұрақтары  1980  ж.  заңға  сай,  республиканың
Жоғары Кеңесімен реттеліп тұрды. 1993 ж. 21 қазанында «ҚР  жануарлар  әлемін
қорғау, пайдалану және өсіру» атты заңы  қабылданды.  Бұл  заң  Қазақстанның
жануарлар әлемін мемлекеттік меншік және республика  халқының  жалпы  мүлігі
дегендіктен, біз: табиғи еркіндік жағдайында  әр  түрлі  жануарлар  түрлерін
сақтауға;  мекендейтін  ортасын,  көбею  жағдайын  және  жануарлардың  қоныс
аудару жолын қорғауға; жануарлардың табиғи бірлестігі  тұтастығын  сақтауға;
жануарлар әлемінің ғылыми дәлелдігі,  ұтымды  пайдалану  және  өсіру;  халық
денсаулығын қорғау және халық  шаруашылығына  зияндық  болдырмау  мақсатымен
жануарлар санын реттеуге міндеттіміз. Табиғи ортаны сақтауда, әсіресе  қоныс
тепкен, шоғырланған-урбанизация аудандардағы мақұлықат-фауна, нәубетаттарды-
флора қорғау, қалпына келтіруде  үлкен  рөлді  қорғау  территориялары-қорық,
ұлттық  бақ,  биосфералық  қорық,  ботаникалық   бақ,   басқалар   атқарады.
Қазақстан териториясында барлығы 10 мемлекеттік  табиғат  қорығы-заповедник,
10 мемлекеттік ұлттық табиғат бағы, 4 мемлекеттік орман табиғаты  резерваты,
50 мемлекеттік табиғат қорықшасы-заказник,  5  мемлекеттік  табиғат  аймағы-
зона бар. Олардың ішінде ерекше орынды қорықтар алады.  Қазақстанда  алғашқы
болып,  Ақсу-Жабағылы  қорығы  Оңтүстік  Қазақстанда  1927  ж.   74 416   га
территорияда ашылды. Жуырда Жоңғар  (Жетісу)  Алатауы  территориясында  жаңа
ерекше  қорғауда  болатын  табиғат  территориясы-Жоңғар-Алатау   мемлекеттік
ұлттық табиғат бағы құрылмақ.  Оның  басты  міндеті  жабайы  Сиберс  алмасын
қорғау болады. Одан кейін-
|Ашылған       |Қорықтар атаулары                       |Облыстар          |
|жылдары       |                                        |                  |
|1931          |Алматы                                  |Алматы            |
|1934          |Наурзум                                 |Қостанай          |
|1939          |Барсакелмес (Арал теңізі аралында)      |Қызылорда         |
|1968          |Қорғалжын                               |Ақмола            |
|1979          |Марқакөл                                |ШҚО               |
|1994          |Арқалық (Қазбек ауданы)                 |Қарағанды         |


      Онда қоян, қарсақ, борсық, түлкі,  қасқыр,  елік,  жапалақ-сова,  құр-
тетерев  мекендейді,  арқар-ұрғашысы,  құлжа-еркегі,  әрі  Қазақстан   Қызыл
кітабына енгізілген бүркіт,  қарақұтан-черная  цапля  кездеседі.  Қорықтарда
табиғи ортадағы тіршілікке адам  араласуына  болады.  Олар  –  ең  құнды  аң
аулайтын жер, олардың мақсаты–мақұлықатты қорғау, оның  санын  арттыру,  аң-
кәсіпшілік  жануарларды  орналастыру,  құндыз-бобр,   бұлғын-соболь,   жұпар
тышқан-выхохуль, бұғы-олень, суда жүзетін және  қарағайлы  ормандағы  жабайы
құстарды жоюға тыйым салу. Ондай қорық  1972  ж.  үстіртте  муфлонды-арқарды
немесе үстірт жабайы қойын сақтау үшін құрылды. Қазір оның саны  1200  басқа
жетті. Қорықтар қазір  әр  облыста  бірнешеден  бар.  Ұлттық  бақ-ол  табиғи
территорияны қорғайтын ерекше форма. Кейбір территория,  ландшафтың  бағасын
бағалау  мүмкін  емес,  өйткені   олардың   құндылығы   жердің   геологиялық
құрылысымен,   ерекше    өсімдіктерімен,    жануарлар    әлемімен,    тарихи
ескерткіштерімен, әрі өте  әдемі  ландшафтымен  байланысты.  Мұндағы  табиғи
ресурс өндіріс, ауыл шаруашылық өндірісінен  шығарылған.       Әлемде  қазір
170 ұлттық бақ бар. Гренландияда–7 млн. га,  Ботсванда–5,3,  Канаданың  Вуд-
Буффало–4,5 млн га, МХР-МНР Үлкен Гобиінде–4 млн.га жуық.  Қазақстанда  2  -
Баянаул және Алтын емел ұлттық  бақтар  бар.  Халықаралық  табиғатты  қорғау
одағы 1600 ж. бастап, түрлердің ғылыми жазылуы  басталысымен  жануарлар  мен
құстардың құрып біткен түрлерінің есебін жүргізуде. Сол  уақыттан  бері  Жер
бетінен құстардың 94 түрі, сүтқоректілердің  63  түрі  жойылып  кетті.  Адам
кінәсінен  аңдар  түрлерінің  75%,  ал  құстардың   86%   жойылды.   Мысалы,
американың кезеген көгершіні қайтпауға кетті. 1810 ж. олардың саны  өте  көп
болғаны (3-5 млн дана) сондай, әуеге көтерілгенде күн сәулесін жауып  кеткен
екен. 1880 ж. оның біраз тобы ғана қалған. 1990 ж. кімде-кім  көгершіндердің
бір жұбы туралы мәлімет берсе, оған 1500 дол.  сыйлық  беретіні  жарияланды,
өкінішке орай, ешқандай дерек түспеген. Мұндай көгершіннің соңғысы  1914  ж.
зоологиялық бақта өлген.  Карол  тотықұсы,  ақ  қанатты  тоқылдақ,  қайтатын
эскимос  шалшықшы   құсы   және   басқаларда   жоғалған.   Америка,   канада
тырналарының саны да  күрт  қысқарған.  Жануарларды  және  құстарды  өзанайы
рахаттығы үшін  себепсіз  жою  немесе  баю  күні  бүгінге  дейін  жалғасуда.
Қазақстанның солтүстік, шығыс аудандарында  аулауға  рұқсат  етілмеген  аңды
аулаушылық  өркендеуде.  Мемлекет   аумағында   жануарлар   әлемін   қорғау,
пайдалану  және  өсіру  Заңын  бақылауды  ҚР  экология   және   биоресурстар
Министрлігі  (оның  бас  басқармасы)  іске  асырады.  Ол  заң   талаптарының
орындалуын, өсуін,  сақталуын,  аң  аулау  шаруашылығының  және  қорықтардың
дамуын, қорғау мерзімдері мен ережелерін анықтауды,  басқаларды  қадағалауға
міндетті.  Рұқсат  құжаттары:  жолдама-путевка,  рұқсат  қағаз-лицензия,  аң
аулау мерзімі, атып алу нормасы, аң аулаушының билеті.  Аң  аулау  өнімдері:
аң терісі, еті, майы, тұяқтылар  терісі,  дәрілік  шикізат  (панты,  жұпарлы
бездер-мускусная железа, өт), мамық-пух,  қауырсын,  олжалар-трофеи  (мүйіз,
азу тістер, терілер, бас сүйегі). Одан  басқа,  әкімшілік  немесе  қылмыстық
жауапкершілікке тартылғанына қарамай, балықшылық  және  балық  қорын  қорғау
ережесін  бұзған,  заңсыз  олжаланған  немесе  құнды  балық   түрін,   теңіз
сүтқоректілерін, су омыртқасыздарын жойған азаматтар, шет ел және  лауазымды
адамдар, әрі қандайда меншік түрінде болмасын кәсіпорындар,  мекемелер  және
ұйымдар әртүрлі көлемде заттық шығынды өтеуге міндетті екені белгілі.  Заңды
тұлға және қоғамның құқықты мүшесі, шет ел азаматы  контрабанда  жолымен  ҚР
тыс әкетуге талпынса, әсіресе тибет медицинасы, аң аулау, балық  кәсібшілігі
өнімдерін әкетуде әлем бағасындағы  валюта  бойынша  2  есе  көлемде  қуыным
алынады.  ҚР  Қаржы  Министрлігіне  аңшыларға,  жеке   адамдарға   Қазақстан
тұтынушылар одағына қасқыр терісін, олардың  күшіктерін  және  шиебөрі-шакал
тапсырса, сыйлық беру көзделген.
   Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
   1. Жануарлар әлемін қорғайтын, пайдаланатын заң туралы не білесіз?
   2.  Аулауға  рұқсат  етілмеген  аңды  аулаушылықпен-браконьерство   қалай
      күреседі?
   3. Құстар мен аңдардың халықаралық құқығын қорғау дегеніміз не?
   Әдебиеттер. № 1 дәріс соңында көрсетілген.



3. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР – оқудың  бір  түрі,  студенттердің
өзін-өзі бақылауын, іздену әдетін  қалыптастыруын,  жұмыс  істеу  дағдыларын
дамытуға  бағытталған.  Бұл  сабақтар  пәннің   күрделі   сұрақтарын   терең
зерделеуге  мүмкіндік  туғызады,   студенттің   өз   бетімен   дайындалғанын
тексереді және оны  бақылаудың  негізгі  түрі  болып  келеді.  Осы  сабақтар
үстінде студенттер көкейтесті мәселелерді сауатты баяндап, өз ой  -  пікірін
ерікті  айтып,  түрлі  жағдайларды  қарастырып,  өзінің   кәсіптік   құзырын
дамытуға мүмкіндік алады.
    1 тақырып: Құстардың ішкі, сыртқы құрылысын сипаттау, суретін салу.
    Мақсаты:  Негізгі  орман  құстарын  сыртқы   пішінінен   және   жүйелеу
(систематикалық) белгілерінен  ажырату.  Құстар  қаңқасы  қандай  бөлімдерге
бөлінетінін және ұшуға қандай белгілері бейімделгенін нақты елестету  керек.
Дене салмағының (ас қорыту, зәр шығару, өсіп-өну жүйелерінің  құрылысына  не
әсер етеді)  мейлінше  жеңілденуіне  белгілердің  бейімделуін  айқын  қарап,
тамырлар, тыныс алу, жүйке жүйелерінің құрылысын түсіну керек.
      1 тапсырма. Құстардың ішкі, сыртқы  құрылысын  зерделей  отырып,  оның
түрлі мекендеу  ортасына  бейімделуін,  құстардың  тіршілігіндегі  маусымдық
құбылысын түсініп, ұя  салу,  қоныс  аудару,  қайта  қайтуына  көңіл  аудару
қажет. Құстардың табиғаттағы,  ауыл  шаруашылығындағы  және  ветеринариядағы
рөлі туралы сұрақтарды кең баяндаған жөн.
      2 тапсырма. Кестеден кептер қаңқасының суретін салып  алып,  мыналарды
белгілеу керек: 1-бас  сүйек;  2-қанаттың  білезік  бөлімі;  3-білек;  4-иық
сүйегі;  5-жауырын;  6-қарғалық  (врановая)  сүйек;  7-ашасүйекке   бітіскен
бұғана; 8-төс  сүйек;  9-жамбас  белдеу;  10-сан  сүйегі;  11-сирақ-толарсақ
сүйектері (балтыр); 12-жіліншік; 13-мойын  бөлімі;  14-қабырға;  15-құйымшақ
сүйегі.
    Әдебиеттер:
   1. Доппельмаир Г.Г. и др. Биология лесных птиц и зверей. М., 1975.
   2. Долгушин И.А., Гаврин В.Ф. и др. Птицы Казахстана. Алма-Ата, 1960-1974
      гг. т. 1-5.
   3. Ильичев В.Д., Карташев Н.Н., Шилов И.А. Общая орнитология. М. 1982.
   4. Карташев Н.Н. Систематика птиц. М., 1974.
   5. Мартынов Е.Н. Биология лесных позвоночных. Санкт-Петербург, 2004.
   6.  Харченко Н.А., Лихацкий Ю.П., Харченко Н.Н. Биология зверей  и  птиц.
      М., 2003.
   7. Охотничьи птицы Казахстана. //Труды Института  зоологии  АН  Казахской
      ССР, 1964. т. 24
   8. Юргенсон П.Б. Охотничьи звери и птицы. М., 1968.
   9. Чельцов - Бебутов А.М. Экология птиц. М., 1982.
  10. Красная книга Казахстана (изд. 2, 3). Алма-Ата, 1991, 1996.
    Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:
    1. Құстар класының жалпы сипаттамасын беріңіз.
    2. Құстың қауырсын-тері жамылғысы неден тұрады, оның қызметтері қандай?
       Мамық қауырсынның контуралық түрінен айырмашылығы  неде?  Бағыттағыш
       қауырсындар дегеніміз не?
    3. Құстардың өсіп-өну тәсілдерін және ұя салуын сипаттаңыз.
    4.  Қандай  құстарды  қызылшақа  балапандыларға,  қайсысын  бір   ұядан
       өскендерге жатқызады?
    5.  Құстардың  тіршілігіндегі  қайта  қайтудың  маңызы  қандай?   Мысал
       келтіріңіз.
    2 тақырып: Құстарды отрядтардың жүйелеу белгілері бойынша анықтау.
    Мақсаты: Орман  құстары  отрядтарының  негізгі  түрлерін  тікелей  және
жанама белгілері (құстар класы,  қатары-отряды,  тұқымдас,  туыс,  түр  және
түртармақтары) арқылы анықтауды үйренуі тиіс. Олардың аттарын  есте  сақтап,
орманмен байланысы және орман, аң аулау  шаруашылықтарында  зор  маңызы  бар
топтарын  сипаттау  қажет.  Орман  өсіруді   жоспарлаудағы   орман   қорының
белгілеген  бөліміндегі  құстар  түрлерінің  құрамын,   мекендеудегі   санын
бағалай білуі керек.
      1 тапсырма. Жердегі қазіргі құстар отрядтары құрамын зерделеу.  Құстар
класының әлемдегі әртүрлілігі 28 отрядқа, 174 тұқымдасқа, 2350 туысқа,  8600
түрге  бірлескеніне  көз  жеткізіңіз.  Дәптерге  мына  кестені  салып  алып,
орманға тән қазіргі құстардың 18 отрядтары құрылымын толтырыңыз:
|Отрядтар атаулары                            |Сандары                     |
|                                             |түрі   |туысы  |тұқымдасы  |
|                                             |       |       |           |


      2 тапсырма. Тақырып бойынша құстардың мекендеу ортасындағы негізгі, ең
ірі категорияларын теориялық бағытта талқылап, кестені дәптерге жазып  алып,
орманда неге ең көп құстар түрлері мекендейтінін түсіндіріңіз.
|Құстардың мекендеу ортасы                    |түрі   |туысы  |тұқымдасы  |
|Су ортасы (теңіз, көл, өзен)                 |425    |111    |17         |
|Жағалау (су маңындағы құстар)                |499    |198    |24         |
|Ормансыз құрлық (жер үсті)                   |420    |129    |23         |
|Орман                                        |5640   |1460   |83         |
|Орман және ашық кеңістік                     |1812   |438    |24         |


    Әдебиеттер. № 1 зертханалық сабақ соңында.
    Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:
    1. Құстар қанша жыл тіршілік етеді?
    2. Жерде қанша құстар бар?
    3. Жерде құстардың қанша түрлері бар? Олардың әртүрлілігі дегеніміз не?
    3 тақырып: Тауық тәрізділерді жүйелеу және түрлерін анықтау.
    Мақсаты: Тауық тәрізділерді практикада ажырата алу, орманды мекендейтін
басты құстар түрлерін  айырып  тану,  олардың  мекендеу  ортасын  бағалаудың
практикалық дағдысын дамытып, меңгеру.
      1 тапсырма. Тауық тәрізділердің түлеу ерекшеліктерін, олардың құс,  аң
аулау шаруашылықтарындағы рөліне теориялық зерделеу жүргізу.
    2  тапсырма.  Тауық  тәрізділердің  ұқсастығын,  ерекшелік  белгілерін;
құрлар    мен    қырғауылдар    тұқымдастарының    биологиялық,    қоректену
ерекшеліктерін,  қысқы  экологиясындағы  айырмашылықтарын,  құрлардың  қысқы
мерзімге бейімделуін білу.
      3 тапсырма. Тауық тәрізділер отрядының қазақша, орысша атауларын  есте
сақтап, Қазақстандағы негізгі аңшылық түрлерін, ауланатын  тауық  тәрізділер
типтерін, оның ішінде құсойнақ  кезіндегі  аңшылықты  және  басқаларды  атау
керек.
    Әдебиеттер. № 1 зертханалық сабақ соңында.
    Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:
    1. Құстардың жалпы қабылданған жүйелеу категориясын атаңыз.
    2. Құстардың қазіргі отрядтарына не  жатады?  Олардың  қазақша,  орысша
       атауларын  атап,  көлемін,  құрылымын,  негізгі  тұқымдастарын  және
       морфологиялық, биологиялық сипаттамаларын, ерекшеліктерін түсіндір.
    4 тақырып: Қаз тәрізділерді жүйелеу және түрлерін анықтау.
    Мақсаты:  Құстар  класының  жалпы   сипаттамасын,   олардың   ұқсастық,
ерекшелік  белгілерін,   мекендеу   ортасына   бейімделуіне   орай   негізгі
экологиялық топтарға  бөлінуін,  қоректенуін,  жылдық  тіршілік  циклдерінің
кезеңдік құбылыстарын, экологиясын және мінез-құлқын білу.
      1 тапсырма.  Қаз  тәрізділердің  кәсіптегі  рөліне,  етінің  сапасына,
Қазақстандағы өндіру көлеміне  және  негізгі  ауланатын  түрлерінің  атауына
теориялық зерделеу жүргізу.
    2 тапсырма. Қаз тәрізділер отрядының  қазақша,  орысша  атауларын  есте
сақтап,  олардың  биологиялық  ерекшеліктеріне  байланысты  қаздарды   аулау
тәсілдерін баяндаңыз.
    3 тапсырма. Үйректер тұқымдас тармақтарын, оның ұшып келетін, жер, ұшып
өтетін,  өзен,  сүңгуір   түрлерін,   теңіз   және   бейнеарық   үйректердің
ерекшеліктерін сипаттаңыз.
    4 тапсырма. Биологиялық  ерекшеліктеріне  байланысты  үйректерді  аулау
тәсілдерін баяндаңыз.
    Әдебиеттер. № 1 зертханалық сабақ соңында.
    Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:
    1.  Қаз  тәрізділердің  қазіргі  отрядтарын,  олардың  қазақша,  орысша
    атауларын, негізгі тұқымдастарын,  сипаттамаларын,  морфологиялық  және
    биологиялық ерекшеліктерін атаңыз.
    2. Орман құстары орманда барлық қабаттарды пайдаланып  орналасады,  оны
экологиялық тауша деп  атайды.  Ондағы  қаз  тәрізділер  отрядтарының  орнын
анықтаңыз.
    3. Жерден қорек іздеу үшін қаз тәрізділерде қандай арнайы құрылғы пайда
болды?
    5 тақырып:  Жыртқыш  құстар  мен  жапалақтарды  жүйелеу  және  түрлерін
анықтау.
    Мақсаты:   Күндізгі   жыртқыш   құстар   мен   жапалақтардың   жүйелеу,
морфологиялық,   физиологиялық   ерекшеліктерін,   олардың   сыртқы,    ішкі
құрылысын, тіршілік етуін, таралуын және санының өзгеру себептерін білу.
      1 тапсырма.  Жыртқыш  құстарды  зерделеп,  олардың  қоректенуіне  орай
бөлінетін түрлеріне  –  балықпен  (балықшы  тұйғын-скопа,  субүркіт-орланы),
жәндікпен (ара-осоед, кобчик,  дала  күлкентайы-степная  пустельга),  құспен
(қырғи-ястребы, сұңқар-соколы), тышқанмен (жамансары-канюки, кейбір құладын-
луни) қоректенетіндер түрлерін сипаттау қажет.
      2  тапсырма.  Құстардың  түңгі   және   жыртқыштық   тіршілік   етуіне
бейімделуін теория бойынша зерделеп, олардың көзін, құлақ саңлауын,  мойнын,
басын, ұшуын, табанын саусақтарымен сипаттау керек.
    3  тапсырма.  Белгілі  орман  қорындағы  күндізгі  жыртқыш  құстар  мен
жапалақтарды  қорғауға,  өсіруге,  санын  реттеуге   арналған   биотехниялық
шаралар жобасын әзірлеп, олардың экономикалық тиімділігін бағалауды  жүргізу
шарт.
    Әдебиеттер. № 1 зертханалық сабақ соңында.
    Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:
    1. Тіршілік қауымдастықтағы жапалақ тәрізділер  отрядының  рөлі  қандай
       екенін атаңыз.
    2. Жапалақтар пайдалы ма? Олар  онымен  бірге  аң  аулау  шаруашылығына
       зиянын тигізбей ме?
    3.  Жапалақтардың  қандай  түрлері  ұшып  келетінін  және   ландшафтағы
       таралымын атаңыз.
    6 тақырып: Аңдардың ішкі, сыртқы құрылысын сипаттау, суретін салу.
    Мақсаты:  Табиғатта  қандай  да  болмасын  жануаруар  түрлерін  анықтау
дағдысын  меңгеру  және  оны  ауланатын  жануарларды   тиімді   пайдаланудың
биологиялық негізін әзірлеуде қолдану.
      1 тапсырма.  Басқа  омыртқалы  жануарлардан  өзге  аңдар  ерекшелігін:
денесі түктермен  жабылған  (наһантәрізділер,  пілден  басқа);  кеуде  қуысы
құрсақ қуысынан ерекше көк етпен бөлінген; тек сол  жақ  қолқа  доғасы  бар;
бас  миы  бірінші  омыртқамен  будандасқан  екі  желке   бұдырымен   (бедер)
жабдықталған; әр төменгі  жақ  жартысы  тек  бір  тіс  сүйектерінен  тұрады;
сүтқоректілер балаларын  тірідей  туатынын  (біртесіктілерден,  жұмыртқасалу
шылардан басқа) теория бойынша зерделеу қажет.
    2 тапсырма. Дәптерге  қоян  қаңқасын  салып  алып,  мыналарды  белгілеу
керек: 1-бас сүйегі; 2-мойын  омыртқалары;  3-атлас;  4-эпистрофей;  5-кеуде
омыртқалары;   6-бел   омыртқалары;   7-құймұшақ    омыртқалары;    8-құйрық
омыртқалары;  9-бірінші  қабырға;  10-төс  тұтқасы;  11-жауырын;  12-жауырын
қыры;  13-акромион;  14-төс;  15-төс  шеміршегі;  16-қабырғалар;   17-тоқпақ
жілік;  18-кәрі  жілік;  19-шынтақ  жілік;   20-алдыңғы   тізе;   21-алдыңғы
жіліншік; 22-бақайшық сүйектері;  23-мықын  сүйек;  24-шонданай  сүйек;  25-
маңдай сүйегі; 26-сан; 27-тобық; 28-үлкен ортан жілік; 29-кіші ортан  жілік;
30-өкше сүйек; 31-тілерсек сүйек; 32-тірсек сүйек; 33-бақайшық сүйектері.
    Әдебиеттер:
   1. Доппельмаир Г.Г. и др. Биология лесных птиц и зверей. М., 1975.
   2. Слудский А.А. и др. Млекопитающие Казахстана. Алма-Ата, 1969-1985  гг.
      т. 1-4 (9 книг).
   3. Колосов А.М.,Лавров Н.П.,Наумов  С.П.  Биология  промыслово-охотничьих
      зверей СССР. М. 1975.
   4. Колосов А.М.,Лавров Н.П.,Михеев  А.В.  Биология  промыслово-охотничьих
      зверей СССР. М. 1983.
   5. Соколов В.Е. Систематика млекопитающих. М., 1973. т. 1.  1977.  т.  2.
      1979. т. 3.
   6. Мартынов Е.Н. Биология лесных позвоночных. Санкт-Петербург, 2004.
   7.  Харченко Н.А., Лихацкий Ю.П., Харченко Н.Н. Биология зверей  и  птиц.
      М., 2003.
   8. Афанасьев А.В., Бажанов В.С. и др. Звери Казахстана. Алма-Ата, 1953.
   9. Охотничье-промысловые звери Казахстана.//Труды Института  зоологии  АН
      Казахской ССР, 1964. т. 26.
  10. Экология  и  поведение  млекопитающих  Казахстана.  //Труды  Института
      зоологии АН Казахской ССР, 1988. т. 44.
  11. Юргенсон П.Б. Охотничьи звери и птицы. М., 1968.
  12. Красная книга Казахстана (изд. 2, 3). Алма-Ата, 1991, 1996.
    Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:
    1. Сүтқоректілердің түк жабындысын сипаттаңыз.
    2. Сүтқоректілерде қандай тіс категориялары кездеседі?  Басқа  отрядтар
       өкілдерінде тіс жүйесі қалай дамыған?
    3. Сүтқоректілердің көбею, төлдерін сүтпен  қоректендіру  ерекшеліктері
       неде?
    4.  Жұмыртқасалатын,  қалталы,  қағанақты  сүтқоректілердің  құрылысын,
       көбею ерекшеліктерін салыстырыңыз.
    5. Қағанақты сүтқоректілер негізгі отрядтарының құрылысын, тіршілік ету
       ерекшеліктерін сипаттап, оларға мысал келтіріңіз.
    7  тақырып:  Сүтқоректілерді  отрядтарының  жүйелеу  белгілері  бойынша
анықтау.
    Мақсаты: Сүтқоректілер класының жалпы сипаттамасын, аңдардың  ұқсастық,
ерекшелік  белгілерін,   мекендеу   ортасына   бейімделуіне   орай   негізгі
экологиялық топтарға  бөлінуін,  қоректенуін,  жылдық  тіршілік  циклдерінің
кезеңдік құбылыстарын, экологиясын және мінез-құлқын білу.
      1 тапсырма. 3-4 мың түрі бар сүтқоректілер класын зерделеу. Олардың
ішіндегі қандай отрядтары Қазақстанның мақұлықатында барын анықтаңыз.
Отырғызылған орманды, сүрек-бұталарды мекендейтін сүтқоректілер
отрядтарының қайсысы жататынын анықтап, сипаттаңыз.
    2 тапсырма. Жер шарын мекендейтін  қағанақты  сүтқоректілер  отрядтарын
атап, қалталылардың қағанақты жануарлардан ерекшеліктерін баяндаңыз.
      3 тапсырма. Дәптерге мына кестені салып алып, ШҚО жабайы аңдардың  сан
динамикасын толтыру керек.
|Түрлер       |Жылдық сандары (дана)                                     |
|             |2001        |2002    |2003    |2004     |2005     |2006     |
|Тиін         |15000       |9550    |4406    |18350    |36100    |34701    |
|Қасқыр       |7300        |4500    |3800    |3010     |3010     |2500     |
|Кәмшәт       |140         |140     |140     |80       |390      |255      |
|Ақкіс        |3000        |2400    |2561    |3000     |2360     |2781     |
|Қояндар      |24000       |17000   |15575   |38900    |34890    |43496    |
|Қарсақ       |12000       |7500    |7430    |4550     |2910     |5628     |
|Сарыкүзен    |2000        |1300    |1198    |3200     |3650     |998      |
|Түлкі        |12000       |8600    |6400    |14570    |9580     |14837    |
|Су күзені    |1400        |1100    |887     |2855     |5580     |5580     |
|Құну         |60          |60      |50      |60       |133      |154      |
|Сілеусін     |300         |200     |180     |660      |380      |391      |
|Сарғыш күзен |4000        |3000    |2829    |9500     |8110     |7872     |
|Бұлғын       |3600        |2728    |1864    |3750     |4960     |3371     |
|Сасық күзен  |6400        |5000    |4472    |7900     |4260     |14737    |
|Бұлан        |1250        |1080    |933     |1012     |2531     |1484     |
|Марал        |2300        |1930    |1416    |2464     |1716     |2391     |
|Доңыз        |900         |650     |619     |1364     |300      |1005     |
|Құдыр        |360         |260     |180     |320      |475      |660      |
|Елік         |8200        |7190    |5366    |8569     |6060     |10862    |
|Сібір тау    |820         |450     |80      |1610     |988      |810      |
|теке         |            |        |        |         |         |         |
|Аю           |1200        |1000    |760     |1320     |1068     |1124     |
|Борсық       |1000        |1200    |1300    |1990     |1760     |3944     |
|Құндыз       |50          |70      |100     |100      |50       |80       |
|Суыр         |106800      |90000   |96000   |128200   |90900    |142190   |
|Ондатр       |36000       |26000   |27000   |29500    |19400    |35270    |


    Әдебиеттер. № 6 зертханалық сабақ соңында.
    Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:
    1. Сүтқоректілердің маңызы неде?
    2. Аң фермасында қандай аңдарды өсіреді?
    3. Кәсіптік сүтқоректілерді баяндаңыз.
    4. ШҚО жабайы аңдар санының динамикасын сипаттаңыз.
    5. Аңдардың қандай ұқсастықтары мен ерекшелік белгілерін білесіз?
    6. Сүтқоректілердің жылдық тіршілік циклі дегеніміз не?
    8 тақырып: Жәндік қоректілердің жүйеленуін және түрлерін анықтау.
    Мақсаты:  Негізгі  орман  аңдарын  сыртқы   пішінінен   және   жүйелену
белгілерінен  ажыратуды;   орман   өсіруді   жоспарлаудағы   орман   қорының
белгілеген бөліміндегі жабайы аңдар түрлерінің құрамын,  мекендеудегі  санын
бағалай білу.
      1 тапсырма.  Жәндік  қоректілер  отрядтарының  құрылыс  ерекшеліктерін
теория бойынша  зерделеу.  Түсіндіріңіз,  неге  олардың  бас  миы  сыңарында
иірімдері болмайды;  тістері  көп,  нашар  жіктелген;  негізінен  жербетінде
мекен еткенімен,  олардың  түрлері  жартылай  суға,  жерастына,  жер  қазуға
бейімделген;  басты  қорегі   омыртқасыз   жануарлар,   аз   мөлшерде   ұсақ
омырқалылармен және өсімдіктермен қоректенеді; өте кең таралған.
      2 тапсырма. Жәндік қоректілердің негізгі түрлерін тікелей, жанама
белгілерінен (оның 4 тұқымдасы бар) анықтау керек. Оларды сипаттаңыз.
    Әдебиеттер. № 6 зертханалық сабақ соңында.
    Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:
    1. Жәндік қоректілер отрядтарының құрылыс ерекшеліктерін атаңыз.
    2. Орман және орманды дала аймағындағы кірпілер тұқымдасының  ерекшелік
       белгілерін сипаттаңыз.
    3. Жәндік қоректілердің таралу аймағы, биологиялық  ерекшеліктері  және
       маңызы қандай?
    9 тақырып: Жыртқыштар жүйеленуін және түрлерін анықтау.
    Мақсаты: Жыртқыштар отрядтарының  биологиялық  негізін;  олардың  орман
өсіруді жоспарлаудағы орман қорының белгілеген бөліміндегі түрлері  құрамын,
аңдарды қоса (қорқау қасқырдан басқа) теория бойынша зерделеу.
      1 тапсырма. Не себепті барлық жыртқыштар жануар текті азықтармен
қоректенуге біріккен және тіс жүйелерінің құрылысы да тән екенін айқындау
қажет. Неге түрлі жыртқыш аңдарда 48-ден 28-ге дейін тістер болатынын
анықтаңыз.
      2 тапсырма. Жыртқыштар отрядтарында 240 түр, 7 тұқымдас болғанымен
Қазақстанда олардың тек 5 тұқымдас өкілдері (ит, аю, сусар, мысық, қорқау
қасқыр) мекендейтінін теория бойынша зерделеп, сипаттама беріңіз.
      3 тапсырма. Не себепті жыртқыштар отрядтары орманды, далалы, таулы,
шөлді аймақтарды бейімделгенін түсіндіріңіз.
      4 тапсырма. Қазақстанның қызыл кітабына енгізілген тұрлерін атап,
оларды қорғау жолдарын баяндаңыз.
    Әдебиеттер. № 6 зертханалық сабақ соңында.
    Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:
    1. Жыртқыш аңдардың тіс формуласы қандай?
    2. Жыртқыштардың азу тістерін сипаттаңыз.
    3. Жыртқыштар бас сүйегінің бұлшық еті, әсіресе шайнау еті  неге  күшті
       дамыған?
    4. Неге көптеген жыртқыштарда ең  маңызды  рөлді  тырнағы  орындайтынын
       түсіндіріңіз?
    5. Неге жыртқыш аңдардың көбі  жылына  бір  рет  қана  күшіктейді  және
       олардың саны аз болады, ал кейбір ірі аңдар 1-2 күшік әкеледі,  оның
       өзі жыл сайын болмайды?
    10 тақырып: Кемірушілердің жүйеленуін және түрлерін анықтау.
    Мақсаты: Қазақстан аймағындағы орман қоры  территориясында  және  орман
ортасында мекендейтін  немесе  болатын  омыртқалы  жануарлардың  биологиялық
негізін теориялық білім ретінде меңгеру,  кемірушілерді  практикада  ажырата
білу және олардың мекендейтін орнында түгендеу жүргізу.
    1  тапсырма.  Кемірушілер  өкілдерінің   пайда   болуын,   эволюциясын,
морфологиялық (тіс жүйесі ерекше, әсіресе күрек тістерінің  құрылысы;  қарны
қарапайым,  ішегі   өте   ұзын,   бүйені   күшті   дамыған),   физиологиялық
ерекшеліктерін теория бойынша зерделеу.
    2  тапсырма.  Кемірушілер  отрядтары  2800  жуық  түрлерден  тұрып,  40
тұқымдасқа  біріккенін  еске  сақтаған  жөн.  ТМД   елдері   мен   Қазақстан
мақұлықатында  олардың  15  тұқымдасының  өкілдері  мекендейді,  оның  6   –
кәсіптік аң терісінің зерзаты, ал қалғандары  –  бағалы  жыртқыш  аңдар  мен
құстардың қоректері болып саналатынын түсіндір.
    3 тапсырма. Құндыздардың жартылай  суда  тіршілік  етуге  бейімделгенін
және олардың дене құрылысындағы морфологиялық, физиологиялық  ерекшеліктерін
сипаттаңыз.
    Әдебиеттер. № 6 зертханалық сабақ соңында.
    Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:
    1. ТМД елдері мен Қазақстанда мекендейтін кемірушілер  отрядтарының  15
       тұқымдасын атаңыз.
    2. Не себепті тиіндер тұқымдасы орманда, далада, шөлді жерлерде,  таулы
       аймақтарда мекендеуге бейімделгенін баяндаңыз.
    3. Қазақстанның Қызыл кітабына еңгізілген аламан  тәрізділер  тұқымдасы
       түрлерін атап, оларды қорғау жолдарын түсіндіріңіз.
    4. Қарақастар тұқымдасының айырмашылық белгілерін атаңыз.
    11 тақырып: Қоян тәрізділердің жүйеленуін және түрлерін анықтау.
    Мақсаты:  Қоян  тәрізділердің  қандайда  болмасын  түрлерін  практикада
ажырата  білу  дағдысын  меңгеру  және  оны  ауланатын  жануарларды   тиімді
пайдаланудың биологиялық негізін әзірлеуде қолдану.
      1  тапсырма.  Қоян  тәрізділерге  тән  тіс   жүйесіндегі   ерекшелікті
зерделеу. Онда неге 2 жұп күрек тістер жоғары жақта, бірінен соң  бірі,  әрі
тікелей ірі алдыңғылардың артында 2 жұп  ұсақ,  қысқа  тістері  орналасқанын
және төменгі жақта – барлығы 1 жұп күрек тістер  барын  түсіндір?  Байқаңыз,
қоян тәрізділердің тағы  бір  жақсы  айырмашылық  белгісіне,  ондағы  таңдай
сүйегінің  түрі.  Ол  кең  емес,  екі  тістер  арасында  орналасқан  жіңішке
көлденең жатқан көпір тәрізді. Неге?
    2  тапсырма.  Қоян  тәрізділердің  60  түрін  білу   ұшін   Қазақстанда
мекендейтін 2 тұқымдасы  өкілдерінің  (қоян,  шақылдықтар)  қазақша,  орысша
атауларын  есте  сақтап,   олардың   қарыны   құрылысындағы   ерекшеліктерді
баяндаңыз.
    3 тапсырма. Орманмен байланыстағы, ұсақ  ақ  тасты  сирек  мекендейтін,
дала  бұталарында,  тоғай  шеттерінде,  тіпті  еменді  шоқ  орманның   шағын
тоғайында тұратын Шақылдақтар тұқысдасын сипаттаңыз.
    Әдебиеттер. № 6 зертханалық сабақ соңында.
    Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:
    1.  Сіз  білетін  қоян  тәрізділер  тұқысдастарының  қарын  құрылысында
болатын ерекшеліктерді атаңыз.
    2. Қазақстанда қоян тәрізділер қалай таралған?
    3. Қоян тәрізділер тұқымдастарына түрлі тұқымды үй қояндары жата ма?
    12 тақырып: Жұп және тақ тұяқтылардың жүйеленуін және түрлерін анықтау.
    Мақсаты: Жұп және тақ тұяқтылардың  түрлерін  практикада  ажырата  білу
дағдысын меңгере, олардың мекен  орнына  түгендеу  жүргізе,  оларды  сақтау,
қолдау  және  санын  реттеу   мақсатымен   бекітілген   аумақта   мезгілінде
биотехникалық шаралар өткізе білу.
      1 тапсырма. Не себепті жұп тұяқтылар 3 отряд тармақтарына: күйіс
қайырмайтын кішкене топ, немесе талғаусыз қоректенетіндерге (шошқалар),
көнтабандылар тобына (түйе, таутайлақ) және кең жайылған күйіс
қайыратындар, немесе өсімдік қоректілерге (құдыр, бұғы, қуыс мүйізділер)
жіктелетінін теория бойынша зерделеп, түсіндіріңіз.
      2 тапсырма. Жұп тұяқтылар аяқтарының, тіс жүйесінің, қарнының,
мүйіздерінің ерекшеліктерін еске түсіріп, сипаттаңыз.
    3 тапсырма.  Әлем  мақұлықатында  жұп  тұяқтылардың  200  жуық  түрлері
жазылғанын  еске  түсіріп,  неге  ТМД  елдері  мен  Қазақстанда  олардың   4
тұқымдасының өкілдері (шошқа, құдыр, бұғы,  қуыс  мүйізділер)  мекендейтінін
айтыңыз? Орманда және орманды далада  мекендейтін  жұп  тұяқтылар  отрядының
қалаған түріне сипаттама беріңіз.
    4 тапсырма. ТМД елдері мен Қазақстанда мекендейтін тақ тұяқтылардың бір
ғана түрі түркімен құланын сипаттаңыз.
    Әдебиеттер. № 6 зертханалық сабақ соңында.
    Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:
    1. Қандай жануарларды күйіс қайыратындар деп атайды? Мысал келтіріңіз.
    2. Жұп тұяқтылардың  көндігуін  (жерсіндіруін)  және  қайта  көндіктіру
       (жерсіндіру) мәнін түсіндіріңіз.
    3. Медицинада панты,  дәрілік,  техникалық  жабдық  және  т.б.  ретінде
       қолданылатын аң аулау өнімдері түрлерін атаңыз.
    13 тақырып: Ауланатын құстар мен аңдарды есептеу тәсілдерін сипаттау.
    Мақсаты: Орманда құстар мен аңдар санына есептеу жүргізуді және  өсіру,
биотехниялық, аң аулау шаруашылықтарының іс-шараларын әзірлеуді білу.
   1 тапсырма. Салыстырмалы және толық есеп  (жаппай,  іріктеу  -  ленталық,
сыналатын алаңда, тікелей, сауал-сұрақ, көзбен шамалау,  сарапшы)  жүргізуде
құстарды есептеудің ең таралған тәсілі – дарақ есебін  шығаруды  (дауысынан,
көзбен шамалап, есептеу)  түсіндіріңіз.  Ол  үшін  неге  бір  текті  орманда
салынған жол бағытында кең емес жазықта кесдесетін құстар данасын, ал  толық
есепте  сыналатын  алаңдағы  құстардың  ұясын,  кездескен  түрлерін,  ұядағы
балапандар  өңешін  «қансыз»  керу  әдісімен  жүргізгенін,  қалған   азықтар
жиынтығын, желінген азықты есептеп, былықпа (лоқсығанда шығатын  қоспа  зат)
құрамын талдап, санайды.
   2 тапсырма. Белгілі бір аумаққа өлшем бірлігі бойынша шаққанда  орнығатын
әр жабайы жануарлар  түрінің  мекендеу  тығыздығын  анықтаңыз.  Аумақ  өлшем
бірлігіне түрдің биологиялық ерекшелігіне байланысты 1 га, 100  га,  1000га,
10000га немесе 1 кв.км. алатынын, әрі ол  үшін  далалық,  камералық,  аралас
есептеу тәсілдерін қолданатынын ұмытпаңыз.
   3 тапсырма. Жақсы  жасырылған  торуылдан  бақылау,  хронометраж  (уақытты
зерттеу әдісі), іннің, ұянын, азықтанатын  жердің  жанында  отырып  есептеу,
түрлі өздігінен жазатын өлшеу  құралы  және  басқада  автоматтық  аппараттар
көмегімен алынған нәтижелерді теория бойынша зерделеу.
   4 тапсырма. Әр  мезгілде  жүргізілетін  есептеуді  сипаттаңыз  (қыста-жол
бағытында,  сыналатын  алаңда,  қосымша   қорек   алаңындағыларды   есептеу;
жазғытұры-тұяқтыларды құмалақ санын, су  жанындағы  аңдарды,  құсойнақ  тағы
құстар атасы санын, некелік дауысы мен әнін, суда жүзетін құстарды  есептеу;
жазда-күзде-ұяласбалапанды,  ұяға  пайдаланылатын  жер-суды,  бұғы,   бұлан,
үзбара өкіруін, кәсіп алдын  есептеу,  күзде  құстардың  ұшып  кетіп,  қайта
оралуын есептеу).
    Әдебиеттер. № 6 зертханалық сабақ соңында.
    Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:
    1. Дарақтарды (дауысынан, көзбен шамалап) есептеу дегеніміз не?
    2.  Кездесетін  түрлерді  анықтайтын  қандай  ықшамды  есептеу  тәсілін
       білесіз?
    3. Қақпанмен ұсақ аңдарды ордада, шұңғылда  (жырашық)  аулағанды  қалай
       санайды?
    4. Қояндарды, жыртқыштарды және тұяқты аңдарды қыстың қарындағы  ізінен
       қалай санайтынын айтыңызшы?
    5. Аңдар мен  құстарды  қоректенген  және  олардың  өсімдікке  тигізген
       әсерінен зерделетін жолдарын атаңыз.
    14  тақырып:  Аң  аулануға  пайдаланатын   жер-су   алаңының   түрлерін
    (типтерін) сипаттау.
    Мақсаты: Теңдессіз Қазақстан  мақұлықатын  сақтау  жолдарын  және  жаңа
әлеуметтік-экономикалық жағдайда ҚР аң аулау шаруашылығын  тұрақты  дамытуды
қамтамасыз ету.
      1 тапсырма. ҚР аң аулау шаруашылығы (655), қорықшылар (егерь),
автокөлік және басқалар санын зерделеу.
      2 тапсырма. «Жануарлар әлемін қорғау, өсіру және қолдану» Заңының
(2004) және аң аулануға пайдаланатын жер-суды 10 жылдан 49 жылға дейін
бекіту жүйесін ұзақ мерзімге өзгертудің мәнін түсіндіріңіз.
    3 тапсырма. Аң аулау  шаруашылығын  жүргізу  ережесіне  еңгізілген  бір
қорықшыға белгіленген қорғау алаңының қалпы неге көбейгенін  (ҚР  Үкіметінің
11.09.2007 ж. № 794 қаулысы) сипаттаңыз. Бұл шешім  аң  аулау  шаруашылығына
өте тиімді қорықшылар қызметін құруға  және  белгіленген  аумақта  жануарлар
әлемін қорғауды қамтамасыз ете ме?
    Әдебиеттер. № 6 зертханалық сабақ соңында.
    Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:
         1.  Қазақстан   аумағындағы   аң   аулау   зерзаттарын   (объекты-
            сүтқоректілердің 34, құстардың 59 түрлері) атаңыз.
         2. ҚР аң аулануға пайдаланатын жер-су алаңы қанша?
         3. ҚР қорықшылардың (егерь) жалпы саны қанша?
    15 тақырып: Аң аулау құрал-жабдықтарын және дәрімен атылатын  қаруларды
    сипаттау.
    Мақсаты: Ауланатын  жануарларды  өндіруге  қажет  құрал-жабдықтар  және
тәсілдер жиынтығын білу. Аң аулауда иттер қалай қолданылатынын меңгеру.
      1 тапсырма. Жабайы жануарларды аулауда қолданылатын қазіргі құрал –
жабдықтарды (белсенді өндіру құрал-жабдықтары, өздігінен аулау құрал-
жабдықтары) зерделеу.
      2 тапсырма. Қазіргі кезде кәсіпшілік аң аулауға қажет ауланатын
жануарларды өндіруде қолданылатын құрал-жабдықтар кестесін жұмыс дәптеріне
(альбом) жазып алып, сипаттау керек.
      3 тапсырма. Өздігінен аулау құрал-жабдықтарын атап, олардың қандай
топтарға бөлінетінін түсіндіріңіз. Темір қақпанды сипаттап, онымен қандай
үлпек жүнді аңдар өндірілетінін атаңыз.
    Әдебиеттер. № 6 зертханалық сабақ соңында.
    Өзін-өзі бақылау және зертханалық жұмысты қорғау сұрақтары:
     1. Ауланатын жануарларды өндіруге қажет құрал-жабдықтарды атаңыз.
     2. Өздігінен түсетін аулау құрал-жабдықтарын атап, оларға сипаттама
        беріңіз.
     3. Улы еліктіргіш дегеніміз не? Олар неге зиянды жыртқыштарды жоюға
        қолданылады?


    4. СТУДЕНТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІМЕН ЖҮРГІЗЕТІН ЖҰМЫСТАРЫ:
      4.1. Әдістемелік ұсынымдар.
      № 1 тақырып – Құстардың ұялары, оларды жіктеу, негізгі параметрлері.
      № 2 тақырып – Құстарға арналған жасанды ұялар.
      № 3 тақырып – Зиянды сүтқоректілермен күресу дәрі-дәрмектері мен
тәсілдері.
      №  4  тақырып  –  Ауланатын  құстар  мен  аңдарды  есептеу  тәсілдері.
Жануарлардың іздері.
      № 5 тақырып – Аң аулау түрлері.
      № 6 тақырып – Аңдар  мен  құстардың  тұлыптарын-чучела  дайындау  және
ұшаларын-тушек тығыздап, толтыру.
      № 7 тақырып – Ауланатын-кәсіптік жануарлардың бір  түрін  немесе  туыс
түрлер топтарын тиімді пайдаланудың биологиялық негіздері.
      № 8 тақырып – Ауланатын-кәсіптік немесе сирек кездесетін  жануарлардың
бір түрінің немесе туыс түрлер топтарының жүйеленуі және биологиясы.
      № 9 тақырып – Мекендеу ортасына нақты түрдің бейімделуі.
      № 10 тақырып –  Нақты  аң  аулау  шаруашылығының,  ауданның,  облыстың
ауланатын-кәсіптік  жануарларының  қорлары   (ресурсы)   және   пайдаланудың
болашағы.
      № 11 тақырып – Сирек кездесетін және жоғалып бара  жатқан  жануарларды
қорғаудың және өсірудің биологиялық негіздері.
      № 12 тақырып – Орманды, далалы жерлерге бейімделген жануарлар  түрлері
жүйеленуінің (систематикалық) салыстырмалы сипаттамасы.
      № 13  тақырып  –  Таулы  жерлерде,  суда  тіршілік  етуге  бейімделген
жануарлар түрлері жүйеленуінің (систематикалық) салыстырмалы сипаттамасы.
      №  14  тақырып  –  Ауланатын-кәсіптік  жануарлардың  таралу  аймағының
(ареал) және санының тарихи өзгерісі.
      №  15  тақырып  –  Ауланатын-кәсіптік  жануарлардың   маусымдық   және
тәуліктік қоректенуінің ерекшеліктері.


5. Студенттердің ағымдағы  және  қортынды  бақылауға  арналған  сұрақтарының
тізімі.
    1. Бакалаврлар дайындаудағы орман аңдары мен құстары биологиясы пәнінiң
       маңызы неде?
    2. Биологияның қысқаша дамуын сипаттаңыз.
    3. Биологияның басқа пәндерімен байланысы қандай?
    4. Орман аңдары  мен  құстарын  зерделеудегі  кейбір  мақсаттарды  және
       әдістерді атап, сипаттаңыз.
    5. Пән қандай бөлiмдерден тұрады? Олардың мақсаттары неде?
    6. Құстар класының жалпы сипаттамасын беріңіз.
    7. Құстардың пайда болуы және эволюциясы туралы не білесіз?
    8. Құстардың морфологиялық ерекшеліктері мен ұшуға бейімділігі неде?
    9. Құстың ағзалар  жүйелері,  сүйектері,  бұлшық  еттері  құрылысындағы
       ерекшеліктері қандай?
   10. Қауырсындар, олардың жіктелуі, жұмыртқаның құрылысы қандай?
   11.  Құстардың  физиологиялық,  қозғалу   және   экологиясының   негізгі
       ерекшеліктері, географиялық таралуы, саны қандай?
   12. Құстар қалай тыныс алады, онда газ алмасуы қалай жүреді?
   13.  Мекен  ету   ортасына,   қоректенуіне   байланысты   құстар   қалай
       бейімделеді?
   14. Жыртқыш құстар мен жапалақтардың сыртқы пішіні қалай  бейімделетінін
       түсіндіріңіз.
   15. Жыртқыш, балық, жәндік, дән қоректі құстарды сипаттаңыз.
   16. Ағаш-бұта құстарының қанаттары, аяқтары және  тұмсығы  құрылысындағы
       ерекшеліктерді сипаттаңыз.
   17. Ағашта өрмелейтін, жерде ұя  салатын,  түнейтін,  батпақ-шалғын,  су
       маңында  мекендейтін,  сирақты  батпақ,  батпақ,  су   жағалауындағы
       балшықшы, ашық кеңістікте мекендейтін, жүгіретін, жылдам ұшатын, су,
       сүңгитін, әуе-су және құрлық-су құстары не білесіз?
   18. Ауа қапшығының және құйымшақ безінің маңызы неде?
   19. Құстар тіршілігіндегі кезеңдік құбылыстар туралы не білесіз?
   20. Құстардың жылдық тіршілік циклін сипаттаңыз.
   21. Әртүрлі экологиялық топтағы құстардың ұшып  келу,  кету  кезектілігі
       туралы не білесіз?
   22. Құсойнақ дегеніміз не?
   23. Құстардың жыныс диморфизмі, оның пайда болу формалары.
   24. Түлеу дегеніміз не? Түлеген құстарды қалай қорғайды, мерзімдік қоныс
       аударуы, қыстауы қалай жүреді?
   25. Құстар биологиясындағы ұшып кетудің маңызы, қоныс  аударуының  пайда
       болуын қалай түсінесіз?
   26. Әртүрлі орман типтерінде құстар қалай таралған?
   27. Құстар және орман зиянкестері туралы не білесіз?
   28. Жыртқыш құстарды сипаттаңыз.
   29. Орман жағдайына құстардың тигізетін әсері неде?
   30. Орманды қорғау үшін құстарды еліктірудің техникасы қандай?
   31. Құстарды  қорғауға  арналған  орман  шаруашылығының  тәсілдері  және
       экожүйедегі құстардың рөлі.
   32. Қазақстанның қызыл кітабы, сирек  кездесетін  түрлердің  тұрақтанған
       жай күйінің топтары (категориялары) қандай?
   33. Құстар класының тармақтарын баяндаңыз.
   34. Құрып біткен және қазіргі құстар қатары туралы не білесіз?
   35. Дүниежүзілік құс мақұлықаты туралы жалпы түсінік.
   36. Құс түрлердің жалпы санын білесіз бе?
   37. Қазіргі құстар қатары, олардың аттары, көлемі, құрылымы, негізгі
       тұқымдастары, сипаттамасы, морфологиялық және биологиялық
       ерекшеліктері негізгі түрлері неде?
   38. Сүтқоректілер класының жалпы сипаттамасын беріңіз.
   39. Сүтқоректілердің негізгі  белгілері,  дамуы  мен  эволюциясы,  өрлеу
       дамуы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін сипаттаңыз.
   40. Ашық кеңістіктерде мекендейтін сүтқоректілер туралы не білесіз?
   41. Орман аңдарын атап, сипаттаңыз.
   42. Паналар дегеніміз не?
   43. Сүтқоректілердің экологиялық топтары туралы не білесіз?
   44. Жербеті, жерасты, су,  орманда  мекендейтін,  ұшатын  аңдарды  атап,
       сипаттаңыз.
   45. Сүтқоректілердің жылдық тіршілік циклі дегеніміз не?
   46. Сүтқоректілер көбеюге қалай дайындалады?
   47. Төлдеу және ұрықтың өсуі қалай өтеді?
   48. Аңдардың орман шаруашылығындағы маңызы қандай?
   49. Олардың орман тіршілігіне тигізер әсері туралы не білесіз?
   50. Санитар-аңдар мен ауру таратушыларды атап, сипаттаңыз.
   51. Сүтқоректілер класын қалай жүйелейді?
   52. Қағанақты сүтқоректілердің қысқаша сипаттамасын беріңіз.
   53. Қазақстанды мекендейтіндердің айырмашылық белгілері, таралу  аймағы-
       ареал, биологиялық ерекшеліктері, шаруашылық, ғылыми  және  әсемдік-
       эстетика маңызы.
   54. Орман және аң аулау шаруашылықтары өзара қандай іс-қимылдар жасайды?
   55. Қазақстанның аң аулауға пайдаланатын жер-суларын атаңыз.
   56.  Аң  аулауға  пайдаланатын  жер-судың  дамуы,  жіктелуі,   бағалануы
       дегеніміз не?
   57. Ұтымды тығыздығын және ауланатын жануарлардың әр түрлерінің  аулауға
       пайдаланатын жер-суға сыйымдылығын есептеу қалай жүреді?
   58.  Аңшылық  мақұлықатының  басты  түрлерін  есептеу   әдістерін   және
       пайдалану қалпын есептеуді түсіндіріңіз.
   59.  Пайдаланатын  жер-су  сапасын  жақсарту,   ауланатын   жануарлардың
       тұрақтары жағдайын уақытша жақсарту, аңшылық мақұлықаттың  сан  және
       сапа құрамын көбейту, ауланатын жануарларды қорғау іс-шаралары қалай
       өтеді?
   60. Жыртқыштарды сұрыптап, санын реттеу үшін неге атады?
   61. Биотехниялық жұмыстар кешеніндегі орман шаруашылығының  іс-шараларын
       сипаттаңыз.
   62. Аң аулау қару-жарақтары және оқ-дәрілері туралы не білесіз?
   63. Өздігінен аулайтын тұзақтарды атап, сипаттаңыз.
   64. Аң  аулайтын  иттерді,  олардың  тұқымдарын,  пайдалануды  (қолдану)
       түсіндіріңіз.
   65. Аушы құстар дегеніміз не?
   66. Аң аулаудағы қауіпсіздік техникасы туралы не білесіз?
   67. Жануарлар әлемін қорғайтын, пайдаланатын заң туралы не білесіз?
   68. Аулауға  рұқсат  етілмеген  аңды  аулаушылықпен-браконьерство  қалай
       күреседі?
   69. Құстар мен аңдардың халықаралық құқығын қорғау дегеніміз не?
   70. Құстар класының жалпы сипаттамасын беріңіз.
   71. Құстың қауырсын-тері жамылғысы неден тұрады, оның қызметтері қандай?
       Мамық қауырсынның контуралық түрінен айырмашылығы  неде?  Бағыттағыш
       қауырсындар дегеніміз не?
   72. Құстардың өсіп-өну тәсілдерін және ұя салуын сипаттаңыз.
   73.  Қандай  құстарды  қызылшақа  балапандыларға,  қайсысын  бір   ұядан
       өскендерге жатқызады?
   74.  Құстардың  тіршілігіндегі  қайта  қайтудың  маңызы  қандай?   Мысал
       келтіріңіз.
   75. Құстар қанша жыл тіршілік етеді?
   76. Жерде қанша құстар бар?
   77. Жерде құстардың қанша түрлері бар? Олардың әртүрлілігі дегеніміз не?
   78. Құстардың жалпы қабылданған жүйелеу категориясын атаңыз.
   79. Құстардың қазіргі отрядтарына не  жатады?  Олардың  қазақша,  орысша
       атауларын  атап,  көлемін,  құрылымын,  негізгі  тұқымдастарын  және
       морфологиялық, биологиялық сипаттамаларын, ерекшеліктерін түсіндір.
   80.  Қаз  тәрізділердің  қазіргі  отрядтарын,  олардың  қазақша,  орысша
       атауларын, негізгі тұқымдастарын, сипаттамаларын, морфологиялық және
       биологиялық ерекшеліктерін атаңыз.
   81. Орман құстары орманда барлық қабаттарды пайдаланып  орналасады,  оны
       экологиялық тауша деп атайды.  Ондағы  қаз  тәрізділер  отрядтарының
       орнын анықтаңыз.
   82. Жерден қорек іздеу үшін қаз тәрізділерде қандай арнайы құрылғы пайда
       болды?
   83. Тіршілік қауымдастықтағы жапалақ тәрізділер  отрядының  рөлі  қандай
       екенін атаңыз.
   84. Жапалақтар пайдалы ма? Олар  онымен  бірге  аң  аулау  шаруашылығына
       зиянын тигізбей ме?
   85.  Жапалақтардың  қандай  түрлері  ұшып  келетінін  және   ландшафтағы
       таралымын атаңыз.
   86. Сүтқоректілердің түк жабындысын сипаттаңыз.
   87. Сүтқоректілерде қандай тіс категориялары кездеседі?  Басқа  отрядтар
       өкілдерінде тіс жүйесі қалай дамыған?
   88. Сүтқоректілердің көбею, төлдерін сүтпен  қоректендіру  ерекшеліктері
       неде?
   89.  Жұмыртқасалатын,  қалталы,  қағанақты  сүтқоректілердің  құрылысын,
       көбею ерекшеліктерін салыстырыңыз.
   90. Қағанақты сүтқоректілер негізгі отрядтарының құрылысын, тіршілік ету
       ерекшеліктерін сипаттап, оларға мысал келтіріңіз.
   91. Сүтқоректілердің маңызы неде?
   92. Аң фермасында қандай аңдарды өсіреді?
   93. Кәсіптік сүтқоректілерді баяндаңыз.
   94. ШҚО жабайы аңдар санының динамикасын сипаттаңыз.
   95. Аңдардың қандай ұқсастықтары мен ерекшелік белгілерін білесіз?
   96. Сүтқоректілердің жылдық тіршілік циклі дегеніміз не?
   97. Жәндік қоректілер отрядтарының құрылыс ерекшеліктерін атаңыз.
   98. Орман және орманды дала аймағындағы кірпілер тұқымдасының  ерекшелік
       белгілерін сипаттаңыз.
   99. Жәндік қоректілердің таралу аймағы, биологиялық  ерекшеліктері  және
       маңызы қандай?
  100. Жыртқыш аңдардың тіс формуласы қандай?
  101. Жыртқыштардың азу тістерін сипаттаңыз.
  102. Жыртқыштар бас сүйегінің бұлшық еті, әсіресе шайнау еті  неге  күшті
       дамыған?
  103. Неге көптеген жыртқыштарда ең  маңызды  рөлді  тырнағы  орындайтынын
       түсіндіріңіз?
  104. Неге жыртқыш аңдардың көбі  жылына  бір  рет  қана  күшіктейді  және
       олардың саны аз болады, ал кейбір ірі аңдар 1-2 күшік әкеледі,  оның
       өзі жыл сайын болмайды?
  105. ТМД елдері мен Қазақстанда мекендейтін кемірушілер  отрядтарының  15
       тұқымдасын атаңыз.
  106. Не себепті тиіндер тұқымдасы орманда, далада, шөлді жерлерде,  таулы
       аймақтарда мекендеуге бейімделгенін баяндаңыз.
  107. Қазақстанның Қызыл кітабына еңгізілген аламан  тәрізділер  тұқымдасы
       түрлерін атап, оларды қорғау жолдарын түсіндіріңіз.
  108. Қарақастар тұқымдасының айырмашылық белгілерін атаңыз.
    Сіз білетін қоян тәрізділер тұқысдастарының қарын  құрылысында  болатын
ерекшеліктерді атаңыз.
    2. Қазақстанда қоян тәрізділер қалай таралған?
    3. Қоян тәрізділер тұқымдастарына түрлі тұқымды үй қояндары жата ма?
  109. Қандай жануарларды күйіс қайыратындар деп атайды? Мысал келтіріңіз.
  110. Жұп тұяқтылардың  көндігуін  (жерсіндіруін)  және  қайта  көндіктіру
       (жерсіндіру) мәнін түсіндіріңіз.
  111. Медицинада панты,  дәрілік,  техникалық  жабдық  және  т.б.  ретінде
       қолданылатын аң аулау өнімдері түрлерін атаңыз.
  112. Дарақтарды (дауысынан, көзбен шамалап) есептеу дегеніміз не?
  113.  Кездесетін  түрлерді  анықтайтын  қандай  ықшамды  есептеу  тәсілін
       білесіз?
  114. Қақпанмен ұсақ аңдарды ордада, шұңғылда  (жырашық)  аулағанды  қалай
       санайды?
  115. Қояндарды, жыртқыштарды және тұяқты аңдарды қыстың қарындағы  ізінен
       қалай санайтынын айтыңызшы?
  116. Аңдар мен  құстарды  қоректенген  және  олардың  өсімдікке  тигізген
       әсерінен зерделетін жолдарын атаңыз.
  117. Қазақстан аумағындағы аң аулау зерзаттарын (объекты-сүтқоректілердің
       34, құстардың 59 түрлері) атаңыз.
  118. ҚР аң аулануға пайдаланатын жер-су алаңы қанша?
  119. ҚР қорықшылардың (егерь) жалпы саны қанша?
  120. Ауланатын жануарларды өндіруге қажет құрал-жабдықтарды атаңыз.
  121. Өздігінен түсетін аулау құрал-жабдықтарын атап, оларға сипаттама
       беріңіз.
  122. Улы еліктіргіш дегеніміз не? Олар неге зиянды жыртқыштарды жоюға
       қолданылады?

Пәндер