Файл қосу

Топографиялық шартты белгілер







        5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті»   мамандығына  арналған
                       «Пунктуация мәселелері» пәнінің
                          ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ


                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР























                                    СЕМЕЙ
                                    2014




                                   Мазмұны


1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық сабақтар
4 Курстық  жұмыс
5 Студенттердің өздік жұмысы


































1 ГЛОССАРИЙ

1.1 СӨЙЛЕУ –  бір мезгілде  болатын  нақтылы  сөйлеу.   Сөйлеудің   дыбыстық
және  жазба  түрлері бар.  Сөйлеуге   сөйлеу қызметі  және  сөйлеу  нәтижесі
жатады.  Әдетте, сөйлеу  мен  тіл  қарама-қарсы  қойылады.   Тіл  –  араласу
құралы болса,  сөйлеу  –   осы  құрал  арқылы    араласуды  жүзеге  асырады.
Сөйлеу арқылы тіл қолданыс табады.  Сөйлеу әрқашанда  нақтылы  болады,   тіл
– абстрактілі  болып  қайталануы  мүмкін.  Сөйлеу  –  кеңістік  пен  уақытта
жасалады,  оның  шегі  болмайды,  сөйлеу  –  материалды  құбылыс,   ол  есту
мүшелері арқылы қабылданады.
1.2 ДИАЛОГ – ( грек. dialogos – әңгіме, екі адамның сөйлесуі) –  екі  немесе
бірнеше адамның   сұрақ-жауап  ретіндегі  сөйлесіп,  тіл қатысуы.  Диалогтың
сөздік құрамына   әсер  ететін  факторлардың   негізгі  сөзді  қабылдау   не
қабылдамау.
1.3  ДИСКУРС  –   (фр.discours   –   сөйлеу)–   экстралинвистикалық,   яғни,
парадигматикалық, әлеуметтік, мәдени, психологиялық факторлармен  байланыста
болатын мәтін. Белгілі бір оқиғаны  баяндайтын  мәтін.  Дискурс  –   өмірдің
тілі,   сондықтан  да   дискурс  термині  «мәтін»  терминімен  салыстырғанда
көне,  басқа да   бүгінгі өмірмен байланысы жоқ текстерге қолданылмайды.
1.4 ПАРАЛИНГВИСТИКА – (грек. para – қасындағы, маңындағы  және  лингвистика)
–  1.  Сөйлеуде   қолданылатын   мағыналы  хабар  жеткізуші,   бірақ   тілге
жатпайтын құралдар; 2. тілдік байланысқа қатысатын  тілдік емес   (вербальды
емес) құралдардың жиынтығы.
1.5 РИТОРИКА – (грек. rhetorike – шешендік өнер) – прозалық қара  сөз   және
ауызекі көркем сөздің  жасалуын зерттейтін   филологиялық  пән.  Поэтикамен,
стилистикамен тығыз байланысты болады.
1.6 МОНОЛОГ –  (грек.monos – бір және   logos  –  сөз,  сөйлеу)  –  белсенді
сөйлеудің   нәтижесінде   пайда    болатын     сөйлеу    түрі.     Монологқа
интраперсональды сөйлеу деген анықтама береді.
1.7 ӘДЕБИ ТІЛ – орныққан, тұрақты нормалары бар, жалпыға  бірдей  түсінікті,
ортақ, қоғамдық  қызметі   әр  алуан,   жалпы  халықтық  тілдің  екшеленген,
сұрыпталған, сымбатталған жүйелі түрі. Әдеби тіл  жалпыхалықтық  тілдің  бір
түрі.
1.8 МОНОЛОГ–  (грек. monos – бір және   logos  –  сөз,  сөйлеу)  –  белсенді
сөйлеу   нәтижесінде   пайда   болатын   сөйлеу   түрі.    Кейде   монологқа
интраперсональды сөйлеу деген  анықтама  береді.   Монологқа  көлемді  мәтін
бөліктерінің болуы тән.  Бұл  бөліктердің  мағынасының жақын  болуы,   дұрыс
композициялық  орында  тұрған сөйлемдерден құралуы шарт.
1.9 ТАБУ –  (полинезия  сөзі)  –  кейбір  сөздерді,  есімдерді,  сөйлемдерді
атауға тиым салу.  Т.  құбылысы  тілдің   магиялық  қызметімен   байланысты,
яғни,   сөз  арқылы  қоршаған  әлемді   өзгертуге   болады  деген   нанымнан
туындайды.  Т.  Барлық  тілдерде  бар.  Ең  көп  тараған  Т.  адам  есімімен
байланысты: туыстардың атын айтуға  тиым салынған, сонымен  қатар  құдайдың,
патшаның  атын атауға  болмайды.  Т. эвфемизм түсінігімен  тығыз  байланысты
болады.
1.10 ЭВФЕМИЗМ – (грек.euphemis –mos, eu    – жақсы және   phemi  –  сөйлеу)-
эмоция  жағынан  бейтарап  сөздер.  Э.  құлаққа  ерсі  естілетін   сөздердің
синонимдері ретінде жұмсалады. Мысалы: «семіз-толық, кәрі-егде,  өлді-қайтыс
болды» және т.б, эвфемизм– дисфемизм сөздерге  қарсы қойылады.
      Дисфемизмде керісінше, эмоциялы  бейтарап  сөз  орнына  әдейі  тұрпайы
сөздер қолданылады.


2 ДӘРІСТЕР

 Дәріс 1.   Пунктуация пәнінің мақсаты мен міндеті,зерттеу нысаны
        Пунктуация -  адамдар арасында  қатынас  құралы  қызметін  атқаратын
жазу тілінің маңызды бір саласы. Сондықтан  жалпы  тіл,  жазу  тілі  сияқты,
пунктуация да жалпы халқтық болып табылады. Сол себепті  кімде-  кім  болсын
жазу практикасында бегілі бір заңдылықтарға негізделіп жасалған  ,дұрыс  деп
табылып,  бекітілген  тиянақты   пунктуация   ережелеріне   сүйенуі   қажет.
Орфография ережелері тәрізді, тыныс белгілері ережелерін де бұлжытпай  берік
қолдану – жазу мәдениетінің міндетті шарттарының бірі болып саналады.

          Қазақ тілі пунктуациясы мәселелерді  мектеп  оқулықтары  мен  жеке
еңбектерде бірқатар уақытттан бері айтылып келеді.

          Тыныс белгісі – жазу  тілінің  жазу  мәдениетінің,  әсіресе  баспа
ісінің, дами түскен кейінгі дәуірдің жемісі.

          Баспаның өркендеуі, оның халық  арасында  тарап,  оқушыла  санының
артуы  жазу  мәдениетінің   көтерілуін,   жазудың   жалпыға   бірдей   ортақ
заңдарға,ережеге негізделіп, бір жүйеге келуін талап етеді.  Жазылған  пікір
оқуға оңай, түсінуге жеңіл болуы үшін түрлі ықшамды ұсақ  бөлшектерге  бөлу,
әр  бөлшектің  бір-  бірімен  мағыналық  қатынастарын  көрсету  қажеттіктері
туады. Сол қажеттіліктен келіп, тыныс белгілері пайда болды.

 Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Пунктуация пәнінің мақсаты мен міндетін саралап, өзіндік тұжырым жасаңыз
2. Пәннің анықтамасына сүйене отырып, белгілерін жазыңыз
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Сыздықова Р.  Қазақ  орфографиясы  мен  пунктуациясы  жайында  анықтағыш.
Алматы, 1960ж.
2. Жиенбаев С. Сөйлемнің тыныс белгілері. Алматы, 1940ж.
3. Хасенов Ә, Пунктуацияны оқыту жолдары, Алматы,1957ж.
4. Мұсабекова Ф, Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы, Алматы, 1773ж.
5. Мұсабекова Ф Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері, Алматы,1959
6. СыздықоваР., Неталиева Қ. Қазақ пунктуациясының ережелері, Алматы 1961ж.
7. Хасенов Ә. Синтаксис пен пунктуацияның кейбір мәселелері, Алматы 1957ж
8.  Мұсабекова  Ф.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  жай  сөйлем   пунктуациясының
негіздері, Алматы 1959ж.
9. Ысқақов А. Хасенов Ә. Тыныс белгілер, Алматы 1951ж.
10. А. Б. Шапиро. Основы русской пунктуации, Москва, 1955г



Дәріс 2. Қазақ пунктуациясының системасы және тыныс белгілерінің
принциптері.
       Қазақ  тіл  білімінде  пунктуация  мәселелерінің   зерттелу   тарихын
баяндағанда, тыныс белгілері жөнінде жазылған азды-көпті еңбектерді  негізгі
үш салаға бөліп қарауға тура келеді: тыныс белгілері  туралы  жазылған  жеке
мақалалар;  тыныс  белгілерінің  мектеп  оқушыларына  арналған   оқулықтарда
баяндалуы; тыныс белгілеріне арналған жеке кітапшалар және олардың  жетістік
жақтары мен кемшіліктері.
       Біздің  қазіргі   пунктуациямыз   бір   ғана   принциптің   негізінде
жасалмайды,   бірнеше   принциптердің:   грамматикалық,    мағыналық    және
интонациялық принциптердің –  жиынтығына  негізделеді.  Сонымен  қатар,  бұл
принциптер  бұл  принциптер  өзара  жиі-жиі  қиылысып   отырады.   (   проф.
А.В.Текучев).
      Пунктуация жүйесіндегі  белгілерді  мағынаға  қарай  дұрыс  қолданудың
маңызы зор, себебі бір тыныс белгісінің  беретін  бірнеше  мағынасы  болады.
М.Н.Петерсон: «один знак может иметь  несколько  употреблений  и,  наоборот,
одно и то же явление может  обозначаться  различнями  знаками»  –  деп,  өте
дұрыс айтқан. Тыныс белгілерін  дұрыс  қолдану  үшін,  мүмкіндігі  болғанша,
олардың  әрқайсысының  қызметін   даралап,   оларға   берілетін   ережелерді
бірыңғайластыру  керек.  Тыныс  белгілерінің  ережелерін  бірыңғайластырумен
бірге әрбір тыныс белгісінің бір ғана атпен аталуын  да  бір  ізге  түсірген
жөн. Мысалы, нүктені  біреу  «ноқат»  десе,  біреулер  «ұлы  тыныс»  дейді.;
үтірді «қайырма», «кері үтір» десе, нүктелі үтірді «үтірлі  ноқат»,  «үтірлі
нүкте», «нүктелі үтір» дейді; қос нүктені «екі  нүкте»,  «екі  нүкте»,  «екі
ноқат», «қабат белгі», «қос нүкте» деп, төрт түрлі айтады т.б.
      Жазба түрде берілген ойды қағазға айқын түсіру үшін,  ойымызды  екінші
біреуге жазба түрде дұрыс айтып беру үшін,  әрбір  дыбыстарды,  әрбір  тыныс
белгілерін орын-орнына  қоя  білуіміз  керек.  Орфография  мен  пунктуацияны
білмейінше, сауатты жазу мүмкін емес.
Тыныс белгілерінің қалыптасқан мынадай  терминдерін  қолданған  жөн:  нүкте,
көп нүкте, қос нүкте, үтір, нүктелі үтір, сызықша, тырнақша, сұрау  белгісі,
леп белгісі және жаңа жол (немесе абзац).
      Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді оқу да, ұғыну да жеңіл. Тыныс
белгісін дұрыс қою арқылы жазушы өз ойын, сезімін жазба түрде дәл  жеткізеді
және айтпақ ойын екінші адамдардың сондай дәрежеде дұрыс түсінуіне  жәрдемші
болады.
      Пунктуацияны дұрыс  қоя  білудің  бір  критерийі  –  интонация  болып
табылады.  Мұнсыз  ешбір  мағына   айқындығы   болмайды.   Пунктуация   жазу
тіліміздің құралы болса, интонация – ауызекі тіліміздің  құралы.  Бұл  екеуі
бір-бірімен  байланысты.  Сөйлеген  сөзіміз  екінші  біреулерге   түсінікті,
құлаққа жағымды болу үшін, сөздерді  мәнеріне  келтіріп  айта  біліп,  тыныс
белгісі дұрыс қойылған текстерді айқын етіп оқи  алатындай  болуымыз  керек,
өйткені бір сөйлемді әр түрлі интонациямен оқу салдарынан сол  сөйлемнен  әр
түрлі  мағына  туады,  яғни  адамның  шындыққа,  әр   түрлі   оқиғалар   мен
құбылыстарға қалай қарайтындығы сөйлеу интонациясынан  аңғарылады.  Қысқасы,
сөйлеу интонациясы жазуда пунктуация арқылы беріледі.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Қазақ пунктуациясының системасы  және  тыныс  белгілерінің  принциптеріне
жан-жақты талдау жасаңыз
2. Тыныс белгілерінің қалыптасқан қандай терминдерін білесіз
 Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Сыздықова Р.  Қазақ  орфографиясы  мен  пунктуациясы  жайында  анықтағыш.
Алматы, 1960ж.
2. Жиенбаев С. Сөйлемнің тыныс белгілері. Алматы, 1940ж.
3. Хасенов Ә, Пунктуацияны оқыту жолдары, Алматы,1957ж.
4. Мұсабекова Ф, Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы, Алматы, 1773ж.
5. Мұсабекова Ф Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері, Алматы,1959
6. СыздықоваР., Неталиева Қ. Қазақ пунктуациясының ережелері, Алматы 1961ж.
7. Хасенов Ә. Синтаксис пен пунктуацияның кейбір мәселелері, Алматы 1957ж
8.  Мұсабекова  Ф.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  жай  сөйлем   пунктуациясының
негіздері, Алматы 1959ж.
9. Ысқақов А. Хасенов Ә. Тыныс белгілер, Алматы 1951ж.


Дәріс 3. Қазақ пунктуациясының теориялық негіздері.
      Пунктуация негіздері  деген  мәселе  –  жете  зерттелмей  келе  жатқан
проблемалардың бірі. Қазақ тілінің пунктуациялық жүйесі мен  негіздері  орыс
тілінің пунктуациялық үлгілерін басшылыққа алу арқылы қалыптасты. Бас  түркі
тілдері  де  негізінде  орыс  тілінің  пунктуациялық  ережелерін  басшылыққа
алады.  Орыс  пунктуациясының  жалпы  теориялық  жағынан   танылуы   ертеден
басталды.  Ал  қазақ  тілінде,  пунктуация  туралы  мәселе,  Ф.Мұсабекованың
«Қазіргі  қазақ  тіліндегі  жай  сөйлем  пунктуациясының  негіздері»   деген
еңбегінде сөз  болған.  Аталған  еңбекте  тыныс  белгілерінің  қойылуы  жеке
принциптер негізінде қарастырылады.
      Қазақ тілінің  қазіргі  графикасында,  баспасөз  тәжірибесінде  ғылыми
негізде  қалыптасып  орныққан,  тұрақты  жүйеге   келтірілген   әрқайсысының
қолданылатын  орындары,  атқаратын  қызметтері  мен  білдіретін   мағыналары
айқындалған  тыныс  белгілері  бар.   Құрамы,   атқаратын   қызметтері   мен
білдіретін мағыналары жағынан қазақ тілі графикасындағы  тыныс  белгілерінің
басқа тілдерде қолданылатын  тыныс  белгілерінен  ешқандай  өзгешелігі  жоқ.
Яғни тыныс белгілеріне тән интернационалдық қасиет қазақ  тілі  графикасында
да берік сақталған.
       Қазақ тілінде шыққан  алғашқы  баспасөзіміздің  бірі  «Дала  уалаяты»
газетінің (1888-1902) тұңғыш  шыға  бастаған  жылдарындағы  нөмірлерінде  де
тыныс белгілерінің ешқайсысы қойылмайды. Кейде ұзақ күрделі  ой  немесе  бір
күрделі  пікір  біткенін  білдіру  үшін,  екінші  ой  жаңа  жолдан  басталып
жазылды. Бірақ  ол  абзацтар  сөйлемдерді  бір-бірінен  ажыратуға  себін  аз
тигізді.  Тыныс  белгілері  қолданылмағандықтан,  бас  әріп   болмағандықтан
кейбір жазылған жолдарды ұғу, түсіну өте қиындық келтірді.
      1915 жылы шыққан «Жазу қағидалары» деген кітапшада тыныс  белгілерінің
қолданылуы туралы ережелер берілген. Онда тыныс белгілерінің жеті түрі  ғана
аталып, олардың әрқайсысына берілген ережелерге  мысалдар  келтірілген.  Леп
белгісі «дауыс ишараты» деп, сызықша мен жақша және көп нүкте «ишарат»  деп,
тырнақша «екі ишарат» деп аталады.
       Қазақ  тілінің  пунктуациясы  кенжелеп  туып,  кеш  дамыды.   Октябрь
революциясына дейін белгілі  бір  жүйеге  келтірілген,  көпшілікке  танылған
пунктуациялық  заң,  ережелер  болған  жоқ.  Ол  уақыт  үшін   пунктуациялық
ережелердің болмауының өзі  де  табиғи  нәрсе  еді.  Өйткені  тыныс  белгісі
баспасөз үшін керек.  Ал  пукнтуацияның  тууына,  оның  дамуына  ең  бірінші
қажеттілік болып табылатын баспасөз Қазақстанда  тек  совет  дәуірінде  ғана
етек алып дами алды. Респуликамызда  баспасөздің  дамуы,  оның  бүкіл  халық
илігіне айналып, оқушылар санының  артуы  жазу  мәдениетінің,  сауаттылықтың
шешуші бір  саласы  болып  табылатын  пунктуация  мәселесін  ғылыми  негізде
қалыптастырып реттеу міндетін қойды.



Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1.Қазақ пунктуациясының теориялық негіздері қандай?
2.Пунктуацияға үлес қосушы ғалымдар кімдер?


Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Сыздықова Р.  Қазақ  орфографиясы  мен  пунктуациясы  жайында  анықтағыш.
Алматы, 1960ж.
2. Жиенбаев С. Сөйлемнің тыныс белгілері. Алматы, 1940ж.
3. Хасенов Ә, Пунктуацияны оқыту жолдары, Алматы,1957ж.
4. Мұсабекова Ф, Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы, Алматы, 1773ж.
5. Мұсабекова Ф Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері, Алматы,1959
6. СыздықоваР., Неталиева Қ. Қазақ пунктуациясының ережелері, Алматы 1961ж.
7. Хасенов Ә. Синтаксис пен пунктуацияның кейбір мәселелері, Алматы 1957ж
8.  Мұсабекова  Ф.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  жай  сөйлем   пунктуациясының
негіздері, Алматы 1959ж.
9. Ысқақов А. Хасенов Ә. Тыныс белгілер, Алматы 1951ж.


  Дәріс 4. Қазақ пунктуациясының шешілмей, әртүрлі қойылып жүрген жерлері.
                       Тыныс  белгілері  дұрыс  қойылған  сөйлемді  оқу  да,
ұғыну да жеңіл. Тыныс белгісін дұрыс қою  арқылы  жазушы  өз  ойын,  сезімін
жазба  түрде  дәл  жеткізеді  және  айтпақ  ойын  екінші  адамдардың  сондай
дәрежеде дұрыс түсінуіне жәрдемші болады.
                   Пунктуацияны дұрыс қоя білудің бір критерийі –  интонация
болып табылады. Мұнсыз ешбір  мағына  айқындығы  болмайды.  Пунктуация  жазу
тіліміздің құралы болса, интонация – ауызекі тіліміздің  құралы.  Бұл  екеуі
бір-бірімен  байланысты.  Сөйлеген  сөзіміз  екінші  біреулерге   түсінікті,
құлаққа жағымды болу үшін, сөздерді  мәнеріне  келтіріп  айта  біліп,  тыныс
белгісі дұрыс қойылған текстерді айқын етіп оқи  алатындай  болуымыз  керек,
өйткені бір сөйлемді әр түрлі интонациямен оқу салдарынан сол  сөйлемнен  әр
түрлі  мағына  туады,  яғни  адамның  шындыққа,  әр   түрлі   оқиғалар   мен
құбылыстарға қалай қарайтындығы сөйлеу интонациясынан  аңғарылады.  Қысқасы,
сөйлеу интонациясы жазуда пунктуация арқылы беріледі.
                   Тыныс белгілерінің дұрыс қойылмауы да кездеседі.  Мысалы,
кейде дефис пен сызықша бір көлемде қойылады.  Бұдан  мағынаға  онша  нұқсан
келмейді. Бірақ дефистің морфологиялық белгі екендігін  айыру  керек.  Тыныс
белгісіне кірмейтін морфологиялық дефис  сызықшаның  жарты  сызығындай  ғана
көлемде қойылуға тиіс. Осы тәрізді, тырнақшаның алғашқы  сыңарын  тырнақшаға
алынатын сөздің я сөйлемнің бірінші сөзінің төменгі жағынан  ашудың  орнына,
оны сөздің жоғырғы жағынан ашып, екінші сыңарын тырнақшаға алынған сөздің  я
сөйлемнің соңғы сөзінің нүкте  қойылатын  жерінен  төменірек  қоюшылық  бар.
Мысалы:  «Мүмкіндік»,  «реальность»   дегенді   мен   де   білемін   дегенде
тырнақшаның бірінші сыңары  жоғары  қойылмай,  «мүмкіндік»  сөзінің  төменгі
жағынан, ал екінші сыңары сөздің жоғарғы жағынан қойылады.
                       Біз  сөйлем  ортасында  айтылған  автор  сөзінің  екі
жағынан  үтір  мен  сызықшаны   былайша  қабаттастырып  қоятынбыз:  Өзімізді
таныстыруға рұқсат етіңіз, - деді жігіт баяу ғана майда  қоңыр  дауыспен,  -
осы араның аңшысымын,  атым   -  Владимир...  («ҚӘ»).  Бұл  жөнінде  «Сөйлем
ортасында айтылған автор сөзінің екі жағынан  үтір  және  сызықша  қойылады»
деген ереже болса да, қазір газет-журналдарымыз  төл  сөздің  ішінде  келген
автор сөзінің екі жағынан тек үтір қойып жазып жүр.

      Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді оқу да, ұғыну да жеңіл. Тыныс
белгісін дұрыс қою арқылы жазушы өз ойын, сезімін жазба түрде дәл жеткізеді
және айтпақ ойын екінші адамдардың сондай дәрежеде дұрыс түсінуіне жәрдемші
болады.
       Пунктуацияны дұрыс  қоя  білудің  бір  критерийі  –  интонация  болып
табылады.  Мұнсыз  ешбір  мағына   айқындығы   болмайды.   Пунктуация   жазу
тіліміздің құралы болса, интонация – ауызекі тіліміздің  құралы.  Бұл  екеуі
бір-бірімен  байланысты.  Сөйлеген  сөзіміз  екінші  біреулерге   түсінікті,
құлаққа жағымды болу үшін, сөздерді  мәнеріне  келтіріп  айта  біліп,  тыныс
белгісі дұрыс қойылған текстерді айқын етіп оқи  алатындай  болуымыз  керек,
өйткені бір сөйлемді әр түрлі интонациямен оқу салдарынан сол  сөйлемнен  әр
түрлі  мағына  туады,  яғни  адамның  шындыққа,  әр   түрлі   оқиғалар   мен
құбылыстарға қалай қарайтындығы сөйлеу интонациясынан  аңғарылады.  Қысқасы,
сөйлеу интонациясы жазуда пунктуация арқылы беріледі.
      Тыныс белгілерінің дұрыс қойылмауы да кездеседі. Мысалы,  кейде  дефис
пен сызықша бір көлемде  қойылады.  Бұдан  мағынаға  онша  нұқсан  келмейді.
Бірақ дефистің морфологиялық белгі екендігін айыру  керек.  Тыныс  белгісіне
кірмейтін морфологиялық  дефис  сызықшаның  жарты  сызығындай  ғана  көлемде
қойылуға тиіс. Осы тәрізді, тырнақшаның алғашқы сыңарын тырнақшаға  алынатын
сөздің я сөйлемнің  бірінші  сөзінің  төменгі  жағынан  ашудың  орнына,  оны
сөздің жоғырғы жағынан ашып, екінші  сыңарын  тырнақшаға  алынған  сөздің  я
сөйлемнің соңғы сөзінің нүкте  қойылатын  жерінен  төменірек  қоюшылық  бар.
Мысалы:  «Мүмкіндік»,  «реальность»   дегенді   мен   де   білемін   дегенде
тырнақшаның бірінші сыңары  жоғары  қойылмай,  «мүмкіндік»  сөзінің  төменгі
жағынан, ал екінші сыңары сөздің жоғарғы жағынан қойылады.
      Біз сөйлем ортасында айтылған  автор  сөзінің  екі  жағынан  үтір  мен
сызықшаны  былайша  қабаттастырып  қоятынбыз:  Өзімізді  таныстыруға  рұқсат
етіңіз,  -  деді  жігіт  баяу  ғана  майда  қоңыр  дауыспен,  -  осы  араның
аңшысымын,  атым   -  Владимир...  («ҚӘ»).  Бұл  жөнінде  «Сөйлем  ортасында
айтылған автор сөзінің екі жағынан үтір және сызықша қойылады»  деген  ереже
болса да, қазір газет-журналдарымыз төл сөздің ішінде келген  автор  сөзінің
екі жағынан тек үтір қойып жазып жүр.


Өзін-өзі тексеру  сұрақтары:
   1. Қазақ пунктуациясының шешілмей, әртүрлі қойылып жүрген жерлеріне жан-
      жақты тоқталыңыз
   2.Ғалымдардың қандай пікірлерін білесіз?

 Ұсынылатын  әдебиеттер:
1. Сыздықова Р.  Қазақ  орфографиясы  мен  пунктуациясы  жайында  анықтағыш.
Алматы, 1960ж.
2. Жиенбаев С. Сөйлемнің тыныс белгілері. Алматы, 1940ж.
3. Хасенов Ә, Пунктуацияны оқыту жолдары, Алматы,1957ж.
4. Мұсабекова Ф, Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы, Алматы, 1773ж.
5. Мұсабекова Ф Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері, Алматы,1959

Дәріс 5. Тыныс белгілеріне жатпайтын шартты белгілер

   Тыныс белгілері айтайын деген ойды нақтылы, дәл  түсінікті  етіп  жеткізу
үшін, сондай-ақ баяндалмақшы пікірді  ала-құла  етпей,  айқын  білдіру  үшін
қолданылады.Тыныс белгілері дұрыс қойылмайтын сөйлемдерде  ой  күңгірттеніп,
екі  ұшты  болып,  тіпті  сөйлем  құрамындағы  сөздер  синтаксистік  қызметі
жағынан (бастауыш, баяндауыш, анықтауыш т. б.)  өзгеріске  түсуі  мүмкін.Бұл
айтылған тыныс белгілерінен  басқа  параграф,  үш  жұлдыз,  апостроф,  айшық
сияқты шартты белгілер де қолданылады. Мысалы: Параграф статьяның,  усавтың,
ереженің басын көрсетіп, оларды көптеген тармақтарға бөліп береді.

      Жұлдызша (*) арқылы жазушы белгілі бір себеппен айтып  отырған  тексті
не қыстырма сөзді я сөйлемді енгізбей, оны тасымал (жұлдызша) арқылы  беттің
төменгі ашық жеріне жазып түсінік береді. Мысалы:
                                      Евгений қалды есен – аман:
                                      Әуелі күтті оны Modame**,
                                      Сосын Monsier** алды кезек.  (А.П.)
      Жұлдызша кейде айшық арқылы  қоршалып  та  белгіленеді.  Мысалы:  Адам
үшін, оның бақыты мен болашағы үшін күрескен, өзінің  мәңгі  –  бақи  өлмес,
өшпес шығармаларында адам деген ардақты есімнің  қорғаушысы  болған  Алексей
Максимович Горькийдің «Әдебиет туралы» *** кітабын ашып оқып  отырғаныңызда,
көз алдыңызда өз елінің, өз табының сезгіші, өз халқының  көзі  мен  жүрегі,
ойы мен мақсаты – ұлы художниктің тамаша бейнесі тұрады.
Кейде жұлдызша орнына сан не әріп қойылады.
                                               Алыс та болса, іздеп тап
                                               Кореннойға1кіруге. (А.)
       Апостроф –  әріптің  үстіңгі  жағына  қойылатын  үтір.  Апостроф  шет
тілдерден келген сөздердің мағынасын беру үшін қолданылады.  Апостроф  қазақ
тілінде, негізінде, поэзияда ритмді белгілеу үшін жұмсалады.

                                 Топографиялық шартты белгілер


      Топографиялық     шартты     белгілер — жер беті бедерін топографиялық
карталар мен пландарға түсіруде  қолданылатын  жергілікті  заттардың  шартты
(сызықтық, әріптік, контурлық, цифрлык) белгілері.


      Топографиялық   белгілер —   жергілікті    заттардың    топографиялық,
карталардағы шартты  (графикалық,  әріптік,  сандық)  белгілері.  Жергілікті
заттардың шартты белгілері карталарда стандарт (үлгі) бойынша болады.


                     Пландар мен карталардың шартты белгілері


      Жер бетін планға, картаға түсіру күрделі жұмыс, ол  өте  аса  дәлдікті
қажет     етеді     және     дәл     аспаптарды      пайдаланып,      маман-
геодезистер, маркшейдерлер жасайды.  План  мен   картаның   мазмұны   толық,
түсінікті және  көрнекті  болуы  үшін  пішіні,  түрі  мүмкіндігінше  жердегі
заттарды бейнелейтін белгілер қолданылады.  Топографиялық  картадагы  шартты
белгілер:  карталарды  түрлі-  түсті  безендіруден,  түсіндірме  жазулардан,
цифрлы белгілерден тұратын  бір  тұтас  жүйеден  түрады.Шартты  белгілер мен
олардың түстері жердін әртүрлі объектілері,  тектік  түрлерін  көрнектендіре
түседі.


Өзін-өзі тексеру  сұрақтары:
   1.Тыныс белгісіне жатпайтын шартты белгілерді атаңыз
   2. Мәтіндерден мысал келтіріңіз
   Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Сыздықова Р.  Қазақ  орфографиясы  мен  пунктуациясы  жайында  анықтағыш.
Алматы, 1960ж.
2. Жиенбаев С. Сөйлемнің тыныс белгілері. Алматы, 1940ж.
3. Хасенов Ә, Пунктуацияны оқыту жолдары, Алматы,1957ж.
4. Мұсабекова Ф, Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы, Алматы, 1773ж.
5. Мұсабекова Ф Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері, Алматы,1959


Дәріс 6 Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы.
      Әрбір тыныс белгісінің өзіне тән қызметі бар,соған орай олардың да
белгілі орындары болады.Сөйлемдегі сөздердің белгілі орны болса,тыныс
белгілерінің де сөйлем ішінде тиісті орны бар.Олай болса тыныс белгілерін
қалай болса солай қабаттастырып қоя беруге болмайды.Сондықтан тыныс
белгілерін қабаттастырып келетін орындары туралы мынаны білген жөн:

1.Бір сөйлемде екі жақша ал кейде екі жақша да қабаттысып келеді:оның
астындағы жарау- көк биесі,қолындағы тобылғы сапты бұзау тіс қамшысы қызыл
қайың сойылы желқом сияқты("желқом" деп қапталымда(бір нәрсенің жаның"
қаптау" дейді) қалың киізі бар тоқымсыз салынған ерді айтады) жыртылған
киіс тоқымы,кәшкентай ері,ұзын қайыс қанжығалары жіңішке темір
үзеңгісі,өрген жүгені,қара қылыш шылбыры-бәрі біріне –бірі ұйлесімді(С.М).

2.Кейде сызықша қоюға тиісті жерге сұрау,леп белгісі,көп нүкте,нүкте,үтір
қойылуға тиіс болса,сызықша да олармен бірге қабаттасып қойыла
береді.Сызықша осы белгілерден соң ғана қойылады.1)-мен демогогикадан
аулақпын –деді Жомарт,-мүмкіндік зайыр көрініп тұр...("Қ.Ә.").2) Егоров
маған:-Бізге қарай тез шегіңіндер.Қоршауда қаласындар,деді.

3.Тырнақша алдында қойылған сұрау,леп я көп нүкте,қос нүкте сияқты тыныс
белгілері тырнақшаның жабылатын екінші сыңары соңынан
қойылмайды,тырнақшаның алдыңғы сыңары алдынан ғана қойылады.Мысалы:"Сен әрі
суық,әрі қатты мұқтаждық көрген кезімізде туып едің",-деуші ед (С.Қ.).

4.Сөйлем сөйлемнің не сөйлем мүшелерінің арасында жақша тұрса,жақшаның
алдыңғы сығарынан соң қойылуға тиісті үтір ол жерге қойылмайды,ол жақшаның
екінші сыңарының сыртынан қойылады.М:Ғимади ағайыңыз алма ағашы химиялық
тыңайтқышсыз-ақ өсуге тиісті деп ойлайды(бұрын өсуші еді ғой),екеуі тағы да
айқайласып қалады,мәселені басқарма мәжілісінің шешуіне қалдырады ("Татар
әңгімелері").

5.Үтір мен тырнақша да қабаттасып келе береді.М:"Жалғыз кенжксі өсіп,қара
табан боп,адам бола бастаған Дәркембай тіпті қайта жасағандай болды"(М.Ә.).

Жоғарыдағы мысалдар тыныс белгілерінің қабаттасып келген жағдайында ,оларды
дұрыс орналастыра білу үшін өте қажет.

Әрбір тыныс белгісінің өзіне тән қызметі бар,соған орай олардың да белгілі
орындары болады.Сөйлемдегі сөздердің белгілі орны болса,тыныс белгілерінің
де сөйлем ішінде тиісті орны бар.Олай болса тыныс белгілерін қалай болса
солай қабаттастырып қоя беруге болмайды.Сондықтан тыныс белгілерін
қабаттастырып келетін орындары туралы мынаны білген жөн:
1.Бір сөйлемде екі жақша ал кейде екі жақша да қабаттысып келеді:оның
астындағы жарау- көк биесі,қолындағы тобылғы сапты бұзау тіс қамшысы қызыл
қайың сойылы желқом сияқты("желқом" деп қапталымда(бір нәрсенің жаның"
қаптау" дейді) қалың киізі бар тоқымсыз салынған ерді айтады) жыртылған
киіс тоқымы,кәшкентай ері,ұзын қайыс қанжығалары жіңішке темір
үзеңгісі,өрген жүгені,қара қылыш шылбыры-бәрі біріне –бірі ұйлесімді(С.М).

2.Кейде сызықша қоюға тиісті жерге сұрау,леп белгісі,көп нүкте,нүкте,үтір
қойылуға тиіс болса,сызықша да олармен бірге қабаттасып қойыла
береді.Сызықша осы белгілерден соң ғана қойылады.1)-мен демогогикадан
аулақпын –деді Жомарт,-мүмкіндік зайыр көрініп тұр...("Қ.Ә.").2) Егоров
маған:-Бізге қарай тез шегіңіндер.Қоршауда қаласындар,деді.

3.Тырнақша алдында қойылған сұрау,леп я көп нүкте,қос нүкте сияқты тыныс
белгілері тырнақшаның жабылатын екінші сыңары соңынан
қойылмайды,тырнақшаның алдыңғы сыңары алдынан ғана қойылады.Мысалы:"Сен әрі
суық,әрі қатты мұқтаждық көрген кезімізде туып едің",-деуші ед (С.Қ.).

4.Сөйлем сөйлемнің не сөйлем мүшелерінің арасында жақша тұрса,жақшаның
алдыңғы сығарынан соң қойылуға тиісті үтір ол жерге қойылмайды,ол жақшаның
екінші сыңарының сыртынан қойылады.М:Ғимади ағайыңыз алма ағашы химиялық
тыңайтқышсыз-ақ өсуге тиісті деп ойлайды(бұрын өсуші еді ғой),екеуі тағы да
айқайласып қалады,мәселені басқарма мәжілісінің шешуіне қалдырады ("Татар
әңгімелері").

5.Үтір мен тырнақша да қабаттасып келе береді.М:"Жалғыз кенжксі өсіп,қара
табан боп,адам бола бастаған Дәркембай тіпті қайта жасағандай болды"(М.Ә.).

Жоғарыдағы мысалдар тыныс белгілерінің қабаттасып келген жағдайында ,оларды
дұрыс орналастыра білу үшін өте қажет.


Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы мысал келтіріңіз

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Мұсабекова Ф Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері, Алматы,1959
2. СыздықоваР., Неталиева Қ. Қазақ пунктуациясының ережелері, Алматы 1961ж.
3. Хасенов Ә. Синтаксис пен пунктуацияның кейбір мәселелері, Алматы 1957ж
4.  Мұсабекова  Ф.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  жай  сөйлем   пунктуациясының
негіздері, Алматы 1959ж.
5. Ысқақов А. Хасенов Ә. Тыныс белгілер, Алматы 1951ж.


Дәріс 7. Оқшау сөз ,оңашаланған мүшелер туралы.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Оқшау сөздер дегеніміз қандай сөздер?
2. Кез-келген мәтіннен оңашаланған мүшелерде кездезетін үтірге мысал  келтір

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Мұсабекова Ф Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері, Алматы,1959
2. СыздықоваР., Неталиева Қ. Қазақ пунктуациясының ережелері, Алматы 1961ж.
3. Хасенов Ә. Синтаксис пен пунктуацияның кейбір мәселелері, Алматы 1957ж
4.  Мұсабекова  Ф.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  жай  сөйлем   пунктуациясының
негіздері, Алматы 1959ж.
5. Ысқақов А. Хасенов Ә. Тыныс белгілер, Алматы 1951ж.


Дәріс 8 Салалас  құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын  үтір.

       Үтір —  сөйлемнің  құрылысына, синтаксистік ерекшелігіне,  мағынасына
байланысты  ең  көп  қолданылатын  тыныс  белгісі.  Үтір   құрмалас   сөйлем
құрамындағы  жай  сөйлемдерді,  оңашаланған   мүшелерді,   оқшау   сөздерді,
бірыңғай мүшелерді, төл сөзді, т. б. айыра білу үшін қойылады.
    Құрмалас сөйлемнің  құрамындағы жай сөйлемдердің арасына үтір  қойылады.
Мысалы, Жүргіншілер әбден  көзден  таса  болғанға  шейін,  бұлар  арттарынан
қарап тұрды. Күзетші сезіп қалмау үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп  кеттік.
Жаңа ғана талып қалғандай, Әбіш ешбір белгі бермей сұлық  жатты.  Ал cалалас
құрмаласқа енген жай сөйлемдердің арасына үтір, қос  нүкте, сызықша, нүктелі
үтір қойылады. Салалас    құрмаласқа енген     жай     сөйлемдердің     үтір
қойылатындары: а) жалғаулық шылаулар арқылы  құрмаласқан  салаластың  барлық
түрлеріне, мағыналарының әр түрлі болғанына қарамастан үтір қойылады.  (Егер
салаластағы жай сөйлемдер және шылауы арқылы құрмаласса, үтір  қойылмайды.);
ә) жалғаулықсыз ыңғайлас салалас үтірмен бөлінеді;  б)  жалғаулықсыз  себеп-
салдар салаластың себеп мәнді жай  сөйлемі  бұрын  орналасса,  соңынан  үтір
қойылады. Мысалы, Бимендінің әкесінің аты Сыздық еді,  ауылды  Сыздық  ауылы
дейтін.
Да, де, та, те, әрі жалғаулықтары арқылы байланысса, жалғаулықтар  -дан  соң
үтір қойылады. Бірақ, дегенмен, әйтседе, сондықтан, өйткені, себебі
жалғаулықтары  арқылы  байланысса,  жалғаулықтардан  соң  үтір  қойылады    
 Қайталанып  келгенде       Жалғаулықсыз  ыңғайлас,  себеп   мәнді   салалас
құрмаластар арасында
Қайтарар жауабы көкірегінде қайнап тұрса да,  Сұлтанмахмұттың  үні  шықпады.
    Әкесі мен қызы осы жерде  бірінші  рет  кездесті,  бірақ  бірін  –  бірі
танымады.     Кейде олар балаша шуласа,  кейде  сабырлы  болады.       Дауыс
шыққан жаққа қарап едім, қол созым жерде елік тұр.

Өзін-өзі тексеру  сұрақтары:
   1.  Салалас құрмалас сөйлемге қойылатын үтірге мысал келтіріңіз
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Мұсабекова Ф Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері, Алматы,1959
2. СыздықоваР., Неталиева Қ. Қазақ пунктуациясының ережелері, Алматы 1961ж.
3. Хасенов Ә. Синтаксис пен пунктуацияның кейбір мәселелері, Алматы 1957ж
4.  Мұсабекова  Ф.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  жай  сөйлем   пунктуациясының
негіздері, Алматы 1959ж.
5. Ысқақов А. Хасенов Ә. Тыныс белгілер, Алматы 1951ж.


       Дәріс 9. Сабақтас және аралас құрмалас сөйлемде қойылатын үтір


      Құрмаласқа енген жай  сөйлемдер  арасына,  негізінен,  үтір  қойылады.
Құрмалас сөйлемнің сабақтас түрінің  құрамындағы  жай  сөйлемдердің  арасына
үтір қойылады. Мысалы,


      Жүргіншілер әбден көзден таса болғанға шейін, бұлар  арттарынан  қарап
тұрды.


      Күзетші сезіп қалмау үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп кеттік.


      Жаңа ғана талып  қалғандай,  Әбіш  ешбір  белгі  бермей  сұлық  жатты.
Ал салалас  құрмаласқа енген  жай  сөйлемдердің  арасына  үтір, қос   нүкте,
сызықша, нүктелі үтір қойылады. Салалас  құрмаласқа енген  жай  сөйлемдердің
үтір қойылатындары:


      а) жалғаулық шылаулар арқылы құрмаласқан салаластың барлық  түрлеріне,
мағыналарының  әр  түрлі   болғанына   қарамастан   үтір   қойылады.   (Егер
салаластағы жай сөйлемдер және шылауы арқылы құрмаласса, үтір  қойылмайды.);



      ә) жалғаулықсыз ыңғайлас салалас үтірмен бөлінеді;


      б) жалғаулықсыз себеп-салдар салаластың себеп мәнді жай сөйлемі  бұрын
орналасса, соңынан үтір қойылады. Мысалы,  Бимендінің  әкесінің  аты  Сыздық
еді, ауылды Сыздық ауылы дейтін.

         Аралас  құрмаластағы  жай  сөйлемдердің  арасына  қойылатын  тыныс
белгісі,  негізінде,  салалас  пен  сабақтас  құрмаласқа  қойылатын   тыныс
белгілерінен құрылады.
 1.Егер араластың құрамындағы ыңғайлас мәнді жай сөйлемдер болса, араларына
үтір қойылады.
 2.Араластың құрамындағы қарсылық мәнді сөйлем  болса,  үтір  және  сызықша
арқылы айырылады.
3.Араластың құрамындағы іліктес  мәнді не  себеп-салдар  мәнді  сөйлем  дер
болса, қос нүкте я сызықша арқылы айырылады.
 4.Аралас  құрмаластағы  жай  сөйлемдер  өзара  жалғаулық  шылаулар  арқылы
байланысса (және шылауынан басқасы) араларына үтір қойылады.


Өзін-өзі тексеру  сұрақтары:
   1. Сабақтас құрмалас сөйлемдерде кездесетін үтірге мысал
   2. Аралас құрмаласта кездесетін үтірге мысал


Ұсынылатын әдебиеттер:
 1. Мұсабекова Ф Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері, Алматы,1959
2. СыздықоваР., Неталиева Қ. Қазақ пунктуациясының ережелері, Алматы 1961ж.
3. Хасенов Ә. Синтаксис пен пунктуацияның кейбір мәселелері, Алматы 1957ж
4.  Мұсабекова  Ф.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  жай  сөйлем   пунктуациясының
негіздері, Алматы 1959ж.
5. Ысқақов А. Хасенов Ә. Тыныс белгілер, Алматы 1951ж.



Дәріс 10. Сызықша туралы мәлімет
    Сызықша  -  жай  және  құрмалас  сөйлемдерде  қолданылатын  және  бөлу-
ажыратудың инвариантты семантикалық-синтаксистік мәнімен  біріктірлеген  көп
түрлі функцияларды атқаратын ұзын келбеу сызықша түріндегі тыныс белгісі.
    Үтір сияқты, сызықша да мағынаға, функцияға орасан бай  тыныс  белгісі.
Мұның мағынасы мен функциясы үтірден де көп. Сызықша сөйлеудің  белгілі  бір
бөлшектерін басқа бөлшектерден бөлу үшін де,  жақындастыру,  қосу  үшін  де,
сөздердің арасындағы мағыналық, синтаксистік қатынастарды айқындау  үшін  де
қолданылады. Мұндай функцияда қолданылғанда, сызықша  кейде  қосарлы,  кейде
дара болып келе береді.
     а) Сызықша бастауыш пен баяндауыш мүшелер арасына қойылады. Бұл  орында
ол бұл екі мүше  арасында  азды-көпті  кідіріс  барын  білдіріп,  ол  екеуін
сөйлемнің басқа мүшелерімен шатастырмауға, бұл  екеуінен  құралған  сөйлемді
оған ұқсас сөздер тіркесі мен шатастырмауға  жәрдемдеседі.  Мысалы:  Адам  –
ардақты ат. Астық – халық дәулеті.
     ә)  Өзінің  алдындағы  сөздің  немесе  сөздер  тіркесінің   мағыналарын
айқындау, саралап ашып көрсету үшін  қолданылатын  оңашаланған  айқындауышты
бөлу үшін қойылады. Мұндай орында ол қосарлы түрде қолданылады.
    Бастауыш пен баяндауыш арасындағы сызықша
Бастауыш пен баяндауыш тыныс белгісімен бөлінбейді. Екі  мүшенің  арасындағы
тыныс белгісі сызықша (-) олардың мүшелік қатынастарын ажыратуға  байланысты
ғана қойылады.
    Сызықша койылатын жерлер:
    1. Бастауыш атау тұлғалы зат есімнен немесе заттанған басқа сөз
таптарынан жасалып, баяндауыш та зат есімнен болып, жіктік тұлғаның үшінші
жағында тұрса, немесе заттанған басқа сөз таптарынан болғанда, бастауыштан
кейін сызықша қойылады: Ел намысы — ер намысы. (Мақал). л — инженер
    2. Бастауыш заттанған (субстантивтенген) сын есімнен, сан есімнен және
есімшеден болып, баяндауыш зат есім болса, бастауыштан кейін сызықша
койылады: Сөйлеп тұрган — Алматы. Келген — Айбек. Үш — тақ сан.
    3. Бастауыш пен баяндауыштың бірі (кейде екеуі де) тұйық етістіктен
болып, екіншісі зат есімнен болғанда, араларына сызықша қойылады: Көп оку —
білім алудың негізгі шарты (С. Мұқанов)
    4. Бастауыш та, баяндауыш та сан есімнен болса, араларына сызықша
қойылады: Бес жерде бес — жиырма бес. Үш жердегі үш — тоғыз.
    5. Бастауыш та баяндауыш та бір сөздің қайталануынан жасалуы мүмкін,
бұл жағдайда да бастауыштан кейін сызықша қойылады: Ғашықтың тілі — тілсіз
тіл. (Абай).
    6. Бастауыш пен баяндауышты байланыстырушы дегеніміз (дегенім, дегенің,
деген) деген сөздер тұрса, одан кейін сызықша қойылады: Гипотеза дегеніміз
— ғылыми жорамалдар. Көрдім деген — көп сөз (Мақал).

Өзін-өзі тексеру  сұрақтары:
   1.Сызықша қандай жағдайларда қойылады?
   2.Мәтіндерден мысал теріңіз

 Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Мұсабекова Ф Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері, Алматы,1959
2. СыздықоваР., Неталиева Қ. Қазақ пунктуациясының ережелері, Алматы 1961ж.
3. Хасенов Ә. Синтаксис пен пунктуацияның кейбір мәселелері, Алматы 1957ж
4.  Мұсабекова  Ф.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  жай  сөйлем   пунктуациясының
негіздері, Алматы 1959ж.
5. Ысқақов А. Хасенов Ә. Тыныс белгілер, Алматы 1951ж.

Дәріс 11. Құрмалас сөйлемге байланысты қойылатын сызықша.

      Қазіргі оқулықтар мен пунктуация туралы әдебиеттерде санама-
түсіндірмелі компоненттері алғы позицияда келетін іліктес салалас
сөйлемдердегі индуктивті сыңарлар мен дедуктивті сыңарлар арасына қойылатын
тыныс белгісі де белгілі бір ізділікке негізделмей, әр түрлі тыныс
белгілерімен беріліп жүр. Қазақ ССР Ғылым академиясы шығарған «Қазаұ
пунктуациясының ережелері» деген кітапта аталған синтаксистік
категорияларды бірде үтір қою арқылы, бірде сызықшамен ажырату ұсынылады.
      Ісінгендіктен бе, таяқтан әлсірегендіктен бе – денесі зілдей ауыр
екен. Кенет... құлаған көшкін бе, әлде гүрілдеген өзен бе – сар-сар бір
сарын құлаққа келді.
      Автор соңғы мысалда сызықша қоюды, біріншіден, эллипсистік жағдаймен
байланыстырса, екіншіден, санама-түсіндірмелі компоненттердің сөйлем емес,
сөйлем мүшесі ретінде жұмсалуымен байланыстыратын сияқты.
      Санама-түсіндірмелі компоненттері сөйлем ретінде келсе де, сөйлем
мүшесі ретінде келсе де – бәрібір, ондай индуктивті-дедуктивтік қатынаста
жұмсалған синтаксистік құрылымдарда сызықша қою дәстүрі дәлелдеуді қажет
етпейді.
      Бұл жерде айта кететін мәселе – аталған сызықшаның қойылуы
эллипсистік құбылысқа ғана байланысты емес, оның басты себебі сөйлем
компоненттерінің индуктивті-дедуктивтік қатынаста жұмсалып, ерекше сөйлем
құрылымының жасалуына байланысты. Мұның айтылу интонациясы да басқа.
      Іліктес салаластағы санама-түсіндірмелі компоненттерден кейін сызықша
қою қажеттілігі туралы аса орынды да соны пікір айтқан – доц. А.Әбілқаев.
      Іліктес салаластарды жазуда басқа синтаксистік құрылымдардан
ерекшелеп, бұларға ( сонша, соншама, соншалық, сондай) тән грамматикалық,
мағыналық және интонациялық өзгешеліктерді саралау үшін ондағы компоненттер
арасы ажыратушы сызықшамен белгіленеді. Мысалы:
Біздің жастардың әнге құмарлығы сондай – олар әрбір жаңа өлеңді бұлжытпай
тез үйреніп алады.


      Өзін-өзі тексеру  сұрақтары:
   1.Құрмалас сөйлемге қойылатын сызықшаға мысал келтіріңіз

  Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Сыздықова Р.  Қазақ  орфографиясы  мен  пунктуациясы  жайында  анықтағыш.
Алматы, 1960ж.
2. Жиенбаев С. Сөйлемнің тыныс белгілері. Алматы, 1940ж.
3. Хасенов Ә, Пунктуацияны оқыту жолдары, Алматы,1957ж.
4. Мұсабекова Ф, Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы, Алматы, 1773ж.
5. Мұсабекова Ф Тыныс белгілерін оқытудың кейбір мәселелері, Алматы,1959
6. СыздықоваР., Неталиева Қ. Қазақ пунктуациясының ережелері, Алматы 1961ж.
7. Хасенов Ә. Синтаксис пен пунктуацияның кейбір мәселелері, Алматы 1957ж
8.  Мұсабекова  Ф.  Қазіргі  қазақ  тіліндегі  жай  сөйлем   пунктуациясының
негіздері, Алматы 1959ж.
9. Ысқақов А. Хасенов Ә. Тыныс белгілер, Алматы 1951ж.

12 Дәріс Қос нүкте,нүктелі үтір
             Қос нүкте (:) - жазуда пайдалынатын  тыныс  белгілерінің  бірі.
Көп нүкте сөйлемнің синтаксистік  ерекшеліктері  мен  мағынасына  баыланысты
қойылады.  Қос  нүктенің  сөйлемдегі  басты  қызметі  -  сөйлем  мүшелерінің
арасындағы түрлі қарым-қатынастарды көрсету.

                   Қос нүкте мынадай жағдайларда қойылады:

1.Бірыңғай мүшелердің алдынан  жалпылауыш  сөздер  немесе  жалпылауыш  мәнді
сөздер  келетін  болса,  жалпылауыш  сөздерден  соң  қос   нүкте   қойылады.
Мысалы:Мұстафаның оларға қолданған шаралары мыналар: байталдың  төрт  сирағы
төрт жылқы, денесі бір жылқы, – барлығы бес жылқы. (С.Мұқанов).
2.Жалғаулықсыз салаласқан жай сөйлемдердің алдыңғысының мағынасы
3.Соңғы  жай  сөйлемдер  арқылы  айқындалып  тұратын   болса,   мұндай   жай
сөйлемдердің арасына қос нүкте қойылады.
Мысалы: Кісі Қызылорда елінің екі ісіне қайран қалады: бірі –  кетпен  шабу,
бірі – егін         ору. (С.Мұқанов). Қазір жайлаушылардың  дені  екі  жерге
жиналған: бір жиын Аман отырған көп ауылда, енді  бір  жиын  Шәкен  аулында.
(Ғ.Мұстафин).
4.Рет-ретімен санамалап баяндауды керек ететін  жалпылауыш  мәнді  сөздерден
соң қос нүкте қойылады.
5.Төл сөздің алдынан автор сөзі  келгенде,  одан  соң  қос  нүкте  қойылады.
Мысалы: Шалабайдың бойынан табылған документ,  құралдарға  қарап  отырып:  –
Қағаздағы аты жөніңіз басқа екен ғой? – деді Аман.  –  Аман  біздің  ауылдың
мөрін кім басқан?
6.Түйген  ойды,  қағидаларды,   ережелерді   дәлелдеу   мақсатымен   алынған
сөйлемдердің алдында мысалы деген  сөз  қолданылатын  болса,  одан  соң  қос
нүкте қойылады
7.Бірыңғай мүшелердің алдынан басқа, бөлек, атап, айтқанда, тәрізіді  сөздер
келіп, баса назар аудару мәнінде қолданылса, бұл  сөздерден  соң  қос  нүкте
қойылады
                                Нүктелі үтір

    Нүктелі  үтір  (;)  -  жазуда  пайдалынатын  тыныс  белгілерінің   бірі.
Негізінен, жай сөйлемдердің арасына қойылады. Бұл  белгіні  қоюда  сөйлемнің
құрылысы мен мағынасы негізге алынады. Нүктелі үтірді  сөйлемнің  құрылысына
қарай қойғанда, құрмаласқа енген  жай  сөйлемдер  баяндауыштарының  тұлғалық
жағынан және жасалу жолдары жағынан сәйкестілігі, бірыңғайлығы,  тепе-теңдік
тиянақтылығы ескеріледі.Мысалы: Шинель әрі тар,  әрі  ықшам:  астына  салса,
үстіне жетпейді; үстіне жапса,  астына  салуға  жетпейді;  басына  жастануға
қалмайды; жатса,  жанбасына  салуға  жетпейді;  жата  қалса,  жанбасына  жер
батады.

                 Нүктелі үтір мынадай жағдайларда қойылады:

1.Баяндауыштары  тұлғалас,   мағыналары   теңдес,   санамаланған   сөйлемдер
жалпылауыш   мәнді   сөйлемдердің   мағынасын   ашып   тұрса,   санамаланған
сөйлемдердің  әрқайсысы  нүктелі  үтірмен  ажыратылады.Мысалы:Жұрттың   бәрі
соған  қарай  дүрлікті:  біреуі  қолын  бұлғады;  біреуі  оның   атын   атап
айқайлады; енді біреулері ерсілі-қарсылы жүгірді.( Б. Майлин)
2.Баяндауыштары тұлғалас  сөйлемдер  бірін-бірі  толықтырып  тұратын  болса,
ондай салалас құрмалас сөйлемдердің арасына нүктелі үтір  қойылады.  Мысалы:
Кісіге біліміне  қарай  болыстық  қылады;  татымсызға  қылған  болыстық  өзі
адамды бұзады. (А.Құнанбаев)
3.Мазмұны әуендес болып  келетін  бірыңғай  сөйлемдерден  соң  нүктелі  үтір
қойылады.Мысалы:Бақпен  асқан  патшадан  мимен  асқан  қара  артық;  сақалын
сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық. (А.Құнанбаев)
4.Нүктелі  үтір  тек  жай  сөйлемдер  арасына  ғана  емес,   сонымен   қатар
мағыналары жуық, ұласа айтылған құрмалас сөйлемдердің арасына  нүктелі  үтір
қойылады.Мысалы: Кімде-кім өзін сынаудан қорықса, оның әлсіздігі;  кімде-кім
өз мінін көре алмаса, оның саяздығы. (Ә.Әбішев).
5.Жалпылауыш мәнді сөйлемнің мәнін ашып тұратын шартты бағыныңқылы  сабақтас
құрмаластар нүктелі үтірмен ажыратылады. Мысалы: Жаман дос көлеңке:  басыңды
күн шалса, қашып құтыла алмайсың; басыңды бұлт алса,  іздеп  таба  алмайсың.
(А.Құнанбаев)
6.Бастауыштары  тұлғалас,  мағыналық  жағынан  жақын,  өзара  теңдес   болып
келетін салалас құрмалас сөйлем  құрамындағы  жай  сөйлемдер  іштей  нүктелі
үтірмен ажыратылады.Мысалы: Байжан  студенттік  шақтарының  бәрін  құмартқан
Днепрдің жағасында өткізді;  көздің  жасындай  мөлдір  суында  талай  қаздай
қалқып  жүзді;  жасыл  шалғынына   талай   аунады;   тоғайын   талай   кезді
(С.Мұқанов.)
Өзін-өзі тексеру  сұрақтары:
 1.Қос нүктенің қойылу себебі?
 2.Нүктелі үтірге мысал келтіріңіз

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Сыздықова Р.  Қазақ  орфографиясы  мен  пунктуациясы  жайында  анықтағыш.
Алматы, 1960ж.
2. Жиенбаев С. Сөйлемнің тыныс белгілері. Алматы, 1940ж.
3. Хасенов Ә, Пунктуацияны оқыту жолдары, Алматы,1957ж.
4. Мұсабекова Ф, Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы, Алматы, 1773ж.

13 Дәріс Тырнақша туралы түсінік
                   Тырнақша (" «») - жазуда пайдалынатын тыныс  белгілерінің
бірі.  Тырнақша   кідіріске,   интонацияға   немесе   сөйлемнің   құрылысына
байланысты емес. Тырнақшаның мағынасы да, қызметі де алуан түрлі.  Ол  бірде
тырнақшаға  алынған  сөздің  немесе  сөйлемнің  өзге   біреудікі   екендігін
білдірсе, енді бірде  оның  өзі  тура  мағынасында  қолданылмай,  басқа  бір
мағынада қолданылып  тұрғандығын,  болмаса  заттар  мен  нәрселердің  шартты
атаулары  екендігін  білідіреді.  Сонымен,  тырнақша,  негізінен,   мағынаға
байланысты қойылатын белгі.
                             Қойылу жағдайлары:
        1.  Сөйлеуші  я  жазушы  өз  сөзінің  ішінде  басқа  біреудің  сөзін
өзгертпей, сол қалпында қолданса,  ондай  сөздер  мен  сөйлемдер  тырнақшаға
алынады. Бұл - тырнақшаға алынған сөздер мен сөйлемдердің  аутордың  өзінікі
емес, бөгде біреудікі екендігін, төл сөз екендігін білдіреді.
       2.Мақалдар мен  мәтелдер,  афоризмдер  тырнақшаға  алынады.  Мұндайда
оның алды-артынан төл сөзге тиісті тыныс белгілері қойылмайды.
       3.Ойға тірек етіліп  отырған  сөздер  мен  сөйлемдер,  жеке  дыбыстар
жазуда тырнақшаға алынады.Мысалы:"А" дыбысы - дауысты дыбыс, буын құрайды.
       4.Әжуа, сықақ, кекесін, мысқыл  мағынасында  қолданылған  сөздер  мен
сөйлемдер тырнақшаға алынады.
       5.Дәйексөз тырнақшаға алынады.
       6.Газет, журнал, кітап, шығарма,  қаулы-қарар  аттары  өзге  біреудің
сөзінің ішінде қолданылғанда, бұлар тырнақшаға алынады.
        7.Кәсіпорын, фирма, зауыт, фабрика, ұйым аттары  мен  машиналар  мен
құрал-жабдық маркалары түсініктемесіз айтылғанда, тырнақшаға алынады.
Ескерту:  Жоғарыда  айтылғандар  түсініктемемен  берілсе,  олар   тырнақшаға
алынбайды.Мысалы, келесіні салыстырып  көріңіз:  «Құрманғазы»  оркестрі  мен
Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестрі.
      8.  Кітаптың аттары библиографиялық тізімдерде, сілтемелерде  аутродың
аты-жөнінен кейін жасылса, тырнақшаға алынбайды.
        9.Дәйексөз  ретінде  келтірілмей,  біреудің  сөзі   мағына   жағынан
сөйлемге жанастырыла  алынады.  Олар  да  тырнақшаға  алынады,  бірақ  алды-
артынан төл сөзге тән тыныс белгісі қойылмайды  әрі  кіші  әріптен  басталып
жазылады.
     10.Біреудің айтқанынан алынған жеке-жеке сөздер тырнақшаға алынады.

Өзін-өзі тексеру  сұрақтары:
 1.Тырнақшаға мысал келтіріңіз

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Сыздықова Р.  Қазақ  орфографиясы  мен  пунктуациясы  жайында  анықтағыш.
Алматы, 1960ж.
2. Жиенбаев С. Сөйлемнің тыныс белгілері. Алматы, 1940ж.
3. Хасенов Ә, Пунктуацияны оқыту жолдары, Алматы,1957ж.
4. Мұсабекова Ф, Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы, Алматы, 1773ж.

14 Дәріс Жақша туралы мәлімет
Өзін-өзі тексеру  сұрақтары:
 1.Жақшаға  мысал келтіріңіз

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Сыздықова Р.  Қазақ  орфографиясы  мен  пунктуациясы  жайында  анықтағыш.
Алматы, 1960ж.
2. Жиенбаев С. Сөйлемнің тыныс белгілері. Алматы, 1940ж.
3. Хасенов Ә, Пунктуацияны оқыту жолдары, Алматы,1957ж.
4. Мұсабекова Ф, Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы, Алматы, 1773ж.

15 Дәріс Төл сөз бен автор сөзінің   тыныс  белгілері.
Төл сөз - біреудің сөзін бұлжытпай, өзгеріссіз  жеткізетін сөз.
 Төл сөздің тыныс белгілері: 1. «Т.с.,» - а.с.  
                                                  2. А.с.: «Т.с.»
                                                  3. «Т.с., - а.с, - т.с.»
                                                  4. А.с.: «Т.с,» - а.с.
Төл сөзбен  байланысты  айтылған  сөйлеушінің  өз  сөзі  автор  сөзі  деп
аталады. Төл сөз  бен  автор сөзінің  орын  тәртібіне,  төл сөзді
сөйлемнің  хабарлы, лепті, сұраулы  болуына  қарай  төл сөздің  тыныс
белгілері де  әр алуан  болады.
Төл сөз  автор  сөзінен  бұрын  орналасса, төл  сөз  бас   әріппен   жзылып,
тырнақшаға  алынады  не  адынан  сызықша  ұойылады. Егер  төл  сөз   хабарлы
 сөйлем болса, сұрақ  белгісі, лепті сөйлем болса,  леп   белгісі   қойылып,
автор  сөзінің  алдынан  сызықша  қойылады.Мысалы: «  Тегінде  адам   баласы
адам  баласынан  ақыл, ғылым,  ар  деген  нәрселермен  озады»,-  деген   ұлы
 Абай.
Төл сөз  автор сөзінен  кейін  тұрса,  автор   сөзінен   кейін   қос   нүкте
қойылып, төл сөз  не  тырнақшаға  алынады, не алдынан   сызықша    қойылады.
Мысалы:  А.Жұбанов  былай   деген:  «Әр   халықтың   ана   тілі  –  білімнің
кілті». Әйел  бір  төбенің  басына  шығып  алып былай  деді: -  Менің   атым
- әйел, мына  қыздың  анасымын.
Автор  сөзі   төл   сөзден   кейін   келгенде,  төл  сөзден   соң    сызықша
қойылады. Егер төл  сөз  диалог  түрінде   болса,  әр  сөйлеушінің   сөзінің
алдынан  сызықша  қойылып, сөйлем  жаңа  жолдан  жазылады.  Мысалы:
    - Қазақпын. Өзіңіз де  қазақсыз ба? – депін  сасқанымнан, оның   қазақша
      сөйлеп  тұрғанын  да  ескермей.

    - Әрине. Бұл  жақта  неғып жүрсіз, ойбай-ау?

Автор  сөзі   төл  сөздің    ортасында    тұрса,   екі    жағынан    сызықша
қойылады.Мысалы:
    - Уай, мынауың болмайды,- деді,  түсінемісің  дегендей   көзіме   қадала
      қарап,- Ең алдымен, адамға бас керек. (Ғ.Мүсірепов).

Диалог емес төл сөз тырнақшаға алынады. Төл  сөз  бен  автор  сөзінің  тыныс
белгілері емлесіне сәйкес, егер төл сөз автор сөзінің ортасында  келсе,  төл
сөздің алдына қос нүкте  қойылады,  төл  сөз  тырнақшаға  алынады,  тырнақша
жабылғаннан кейін үтір және  сызықша  қойылады  да,  автор  сөзі  жалғасады.
Егер, төл  сөзді  құрайтын  сөйлемнің  қандай  да  бір  экспрессив  мағынаны
білдіретін тыныс белгісі (сұрақ белгісі, леп белгісі, көп нүкте)  болса,  ол
тырнақшаның ішіне қойылады. Төл сөз автор сөзінің соңынан  келген  кезде  де
сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгілерінің орналасуы ерекшеленеді.  Яғни,
жай ғана хабарлы  сөйлем  болса,  нүкте  тырнақшаның  сыртына  қойылады.  Ал
сұраулы, не лепті сөйлем болса, тыныс  белгісі  тырнақшаның  ішіне  қойылады
да, тырнақшаның сыртына сөйлемді аяқтайтын тыныс белгісі  қойылады.  Алайда,
тырнақшаның ішіндегі тыныс белгілері тырнақшаның сыртында қайталанбайды.
Өзін-өзі тексеру  сұрақтары:
 1. Төл сөз бен автор сөзінің   тыныс  белгілеріне мысал

Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Сыздықова Р.  Қазақ  орфографиясы  мен  пунктуациясы  жайында  анықтағыш.
Алматы, 1960ж.
2. Жиенбаев С. Сөйлемнің тыныс белгілері. Алматы, 1940ж.
3. Хасенов Ә, Пунктуацияны оқыту жолдары, Алматы,1957ж.
4. Мұсабекова Ф, Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы, Алматы, 1773ж.


3 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР

1-дәріс. Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеті, оның зерттеу нысаны.
Мақсаты:  Пәннің  мақсаты  мен   міндетімен   танысу,   жалпы   түсініктерін
қалыптастыру.
Дәрістің мазмұны:
Пәннің мақсаты мен міндеті.
Оның зерттеу нысаны.
Қазақ пунктуациясының дамуы. .
Сұрақтары: Пәннің мақсаты мен міндеті, оның зерттеу нысаны.
Қазақ пунктуациясының дамуы.
Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
№  2  дәріс.  Қазақ  пунктуациясының   системасы   және   тыныс   белгілерін
қолданудағы принциптер.
Мақсаты: Қазақ пунктуациясының системасы және тыныс  белгілерін  қолданудағы
принциптер жайлы түсінік беру.
Дәрістің мазмұны.
Қазақ  пунктуациясының   системасы   және   тыныс   белгілерін   қолданудағы
принциптер.
Тыныс белгілерін дұрыс қоюдың үш түрлі негізі.
Сөйлемнің синтаксистік ерекшелігі.
Сөйлемнің мағынасы.
Сөйлемнің интонациясы.
Сұрақтары:
Қазақ  пунктуациясының   системасы   және   тыныс   белгілерін   қолданудағы
принциптер.
Тыныс белгілерін дұрыс қоюдың үш түрлі негізі:
сөйлемнің синтаксистік ерекшелігі,
сөйлемнің мағынасы,
сөйлемнің интонациясы.
Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
№3 дәріс. Қазақ пунктуациясының теориялық негіздері.
Мақсаты: Қазақ пунктуациясының теориялық негіздерінен студенттерге  толықтай
мәлімет беру.
Дәрістің сұрақтары мен мазмұны:
Қазақ пунктуациясының теориялық негіздері.
Нүкте туралы мәлімет.
Нүктенің негізгі, көмекші қызметі.
Сұрақтары:
Қазақ пунктуациясының теориялық негіздері.
Нүкте туралы мәлімет.
Нүктенің негізгі, көмекші қызметі.
Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
4 дәріс. Қазақ пунктуациясының шешілмей әртүрлі қойылып жүрген жерлері.
Мақсаты: Қазақ  пунктуациясының  шешілмей  әртүрлі  қойылып  жүрген  жерлері
туралы мағлұмат беру.
Дәрістің сұрақтары мен мазмұны.
Қазақ пунктуациясының шешілмей әртүрлі қойылып жүрген жерлері.
Сұрау белгісі.
Леп белгісі туралы.
Олардың ерекшеліктері туралы.
Сұрақтары:
Қазақ пунктуациясының шешілмей әртүрлі қойылып жүрген жерлері.
 Сұрау белгісі, леп белгісі туралы олардың ерекшеліктері туралы.
Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
№5 дәріс. Тыныс белгілеріне жатпайтын шартты белгілер
Мақсаты: Тыныс белгілеріне жатпайтын шартты белгілер  туралы  жалпы  мәлімет
беру.
Дәрістің сұрақтары мен мазмұны.
Тыныс белгілеріне жатпайтын шартты белгілер.
Үтір туралы мәлімет.
Оның қолданылуы.
Жұлдыз, апостроф қолданылуы.
Сұрақтары:
Тыныс белгілеріне жатпайтын шартты белгілер.
 Үтір туралы мәлімет. Оның қолданылуы.
Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
№ 6 дәріс. Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы.
Мақсаты: Тыныс белгілерінің қабаттаса  қолданылуы.  Әрбір  тыныс  белгісінің
өзіне лайық қызметі бар, соған орай  олардың  да  белгілі  орындары  болады.
Сөйлемдегі сөздердің  белгілі  орны  болса,  тыныс  белгілерінің  де  сөйлем
ішінде тиісті орны бар. Олай  болса,  тыныс  белгілерін  қалай  болса  солай
қабаттастырып қоя беруге болмайды. Сондықтан тыныс  белгілерінің  қабаттасып
келетін орындары туралы білген жөн
Дәрістің сұрақтары мен мазмұны.
Әрбір тыныс белгісінің өзіне лайықты қызметі.
Сөйлемдегі сөздердің белгілі орны.
Тыныс белгілерінің қабаттасып келетін орындары.
Сұрақтары:Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы.
Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
№ 7 дәріс. Оқшау сөз, оңашаланған мүшелер туралы.
Мақсаты: Оқшау сөз,  оңашаланған  мүшелер  туралы  түсінік.  Сауатты  жазуға
төселдіру.
Дәрістің сұрақтары мен мазмұны:
Оқшау сөз, оңашаланған мүшелер туралы.
Оларға байланысты қойылатын үтір.
Қыстырма сөздерге байланысты қойылатын үтір.
Сұрақтары:  Оқшау  сөз,  оңашаланған  мүшелер  туралы.   Оларға   байланысты
қойылатын үтір. Қыстырма сөздерге байланысты қойылатын үтір.
Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
№8 дәріс. Салалас құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын үтір.
Мақсаты: Салалас  құрмалас  сөйлемдерге  байланысты  қойылатын  үтір.  Тыныс
белгісі — әр сөздің, әрбір сөйлемнің мағыналарын  дәлдеп  дұрыс  түсіндіруші
шартты белгі,  олай  болса,  аяқталған  ойды  білдіретін  тілдің  бір  бүтін
бөлшегі сөйлем болса, ол бір сөзден де, бірнеше сөзден де құралады
Дәрістің сұрақтары мен мазмұны.
Тыныс белгісі — сөйлемнің мағынасын айқындаушы көрсеткіш.
 Салалас құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын үтір.
Жаңа жолдың (а б з а ц)  басқа тыныс белгілері сияқты қызметі.
Сұрақтары:
Салалас құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын үтір. Тыныс белгісі  —  әр
сөздің, әрбір сөйлемнің мағыналарын дәлдеп дұрыс түсіндіруші  шартты  белгі,
олай болса, аяқталған  ойды  білдіретін  тілдің  бір  бүтін  бөлшегі  сөйлем
болса, ол бір сөзден де, бірнеше сөзден де құралады
Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
№9 дәріс. Сабақтас және аралас құрмалас сөйлемдерге қатысты қойылатын үтір.
Мақсаты: Сабақтас және аралас құрмалас сөйлемдерге  қатысты  қойылатын  үтір
жайлы түсінік.
Дәрістің сұрақтары мен мазмұны.
Сабақтас және аралас құрмалас сөйлемдерге қатысты қойылатын үтір.
Әрбір тыныс белгісінің өзіне  лайық  қызметі,  соған  орай  олардың  белгілі
орындары.
Сөйлемдегі  сөздердің  белгілі  орны,  тыныс  белгілерінің    сөйлем  ішінде
тиісті орны.
Сабақтас сөйлемдер үтірмен бөлініп жазылуы.
Сұрақтары:
 Сабақтас және аралас құрмалас сөйлемдерге қатысты қойылатын үтір.
 Әрбір тыныс белгісінің өзіне лайық  қызметі  бар,  соған  орай  олардың  да
белгілі орындары болады.
 Сөйлемдегі сөздердің белгілі орны  болса,  тыныс  белгілерінің  де   сөйлем
ішінде тиісті орны бар
Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
№10 дәріс. Сызықша туралы мәлімет.
Мақсаты:  Сызықша  туралы  мәлімет   беру.   Студенттерді   сауатты   жазуға
төселдіру.
Дәрістің сұрақтары мен мазмұны.
Сызықша туралы мәлімет.
Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықша.
Бастауыштан соң сызықша қойылмайтын жағдайлар.
Сұрақтары: Сызықша туралы мәлімет. Бастауыш пен баяндауыш арасына  қойылатын
сызықша. Бастауыштан соң сызықша қойылмайтын жағдайлар.
Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
№ 11 дәріс. Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын сызықша
Мақсаты: Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын  сызықша  туралы  мәлімет
беру.
Дәрістің мазмұны:
Құрмалас сөйлемдерге байланысты қойылатын сызықша
Сөйлемді ықшамдап қолдануға байланысты сызықша.
Жалғаулықсыз қарсылықты салаластың арасына үтір мен сызықша.:
Сұрақтары:  Құрмалас  сөйлемдерге  байланысты  қойылатын  сызықша   Сөйлемді
ықшамдап қолдануға байланысты сызықша.
Екіге бөлінген төл сөздің бірінші жартысы өз алдына  хабарлы  сөйлем  болса,
автор сөзінен бұрын үтір мен сызықша,   автор сөзінен кейін қойылатын  нүкте
мен сызықша
Әдебиеттері: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
№12 дәріс. Қос нүкте, нүктелі үтір туралы.
Мақсаты: Қос нүкте, нүктелі үтір туралы түсінік. Мәтіндермен жұмыс жүргізу.
Дәрістің сұрақтары мен мазмұны.
Қос нүкте, нүктелі үтір туралы түсінік.
Қос нүктенің қолданылатын орындары.
Қос нүктенің сөйлемдегі негізгі қызметі
нүктелі үтірдің қолданылатын орны.
Сұрақтары:  Қос  нүкте,  нүктелі  үтір  туралы  түсінік.  Мәтіндермен  жұмыс
жүргізу. Мағыналары басқы  сөйлемге  қатысты  болып,  санамаланып  айтылатын
сөйлемдерден   кейін қойылатын  нүктелі  үтір
Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
№13 дәріс. Тырнақша туралы мәлімет.
Мақсаты: Тырнақша туралы мәлімет беру. Сауатты жазуға төселдіру.
Дәрістің сұрақтары мен мазмұны.
Тырнақша туралы мәлімет.
Тырнақша қойылатын орындар.
Тырнақшаның атқаратын қызметі.
Сұрақтар: Тырнақша туралы мәлімет. Тырнақша қойылатын орындар.
Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
№14 дәріс. Жақша туралы мәлімет.
Мақсаты: Жақша туралы мәлімет беру.
Мазмұны:
Жақша туралы мәлімет.
Жақшаның қойылу мақсаты.
Жақшаның атқаратын қызметі.
Сұрақтары:
Жақша туралы мәлімет. Жақшаның қойылу мақсаты.
Мағынаға байланысты қойылатын тыныс белгілерінің бірі — осы  жақша.  Жақшаға
алынған сөйлем я  сөз  жақшаға  алынбаған  сөйлеммен  грамматикалық  жағынан
байланыспайды.
Жақшанын, қойылатын орындары
Әдебиеттері: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
№15 дәріс. Төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгілері.
Мақсаты: Төл сөз бен автор сөзінің  тыныс  белгілері  туралы  жалпы  тұсінік
беру.
Дәрістің мазмұны:
Төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгілері.
Диолог және оның тыныс белгілері.
Тыныс белгілерінің жоғарыдағыдан басқа қосымша қызметтері де болады.
Сұрақтары: Төл сөз бен автор  сөзінің  тыныс  белгілері.  Диолог  және  оның
тыныс белгілері. Тыныс белгілерінің жоғарыдағыдан басқа  қосымша  қызметтері
де болады.
Әдебиеттер: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.


5. СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
5.1 Студенттің өздік жұмысының ұйымдастырылуына  әдістемелік нұсқаулық
      Студент  «Пунктуация  мәселелері»   пәнінде   тәжірибе   жүзінде   кең
қолданылатын,  әрі  жан-жақты  игерілген  пунктуация  мәселелерінің  негізгі
әдістерін  білуі  қажет.   Ғылыми   ой-өрісті   қалыптастыруда    пунктуация
мәселесінің  ғылыми  білім  ретінде  пайда  болуы  ерекше   роль   атқарады.
Пунктуация  мәселесі   қазіргі   тіл   білімі   ғылымының   әр   сатысындағы
философиялық  дүниетаныммен  және  ғылыми  методологиялық   таныммен   терең
байланысын,  тіл  теориясының  әр   түрлі   мектептерге,   бағыттарға   және
концепцияларға тән процестерге тәуелділігін түсінуге мүмкіндік береді.   Пән
бойынша  жүргізілетін  өздік  жұмыстар  әр  кезеңдегі  ғылым  алдына  қоятын
қоғамдағы  әлеуметтік-мәдени  шарттардың  шектес  ғылымдармен  және  олардың
практикалық шешімдерімен тікелей байланысы постулатын түсінуге  көмектеседі.



2.  Реферат тақырыптары
  1. Қазақ пунктуациясының дамуына байланысты ғалымдар пікірі
  2. Қазақ  пунктуациясының  системасы  және  тыныс  белгілерін  қолданудағы
     принциптер.
  3. Қазақ пунктуациясының шешілмей әртүрлі қойылып жүрген жерлері.
  4. Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы
  5. Тыныс белгілеріне жатпайтын шартты белгілер
  6.  Көркем мәтіндерден сызықшаның қойылу орнына байланысты 30 мысал теру
  7. Жақшаның қойылу орындарына жан-жақты тоқталыңыз
  8. Мәтіндерден тырнақшаға байланысты 25 мысал теру
  9. Қос нүкте, нүктелі үтір туралы түсінік. Мәтіндермен жұмыс жүргізу.
 10. Төл сөз бен автор сөзінің тыныс белгілері туралы жалпы түсінік беру.

12 ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ

|Өзгерістің |Құжаттың   |Өзгеріс    |Хабарламаның   |Өзгеріс енгізілді      |
|рет нөмірі |тарауы     |түрі       |нөмірі және    |                       |
|           |пункті     |(ауыстыру, |күні           |                       |
|           |           |жою, қосу) |               |                       |
|           |           |           |               |Күні      |Аты-жөні,   |
|           |           |           |               |          |қолы,       |
|           |           |           |               |          |қызметі     |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |
|           |           |           |               |          |            |





Пәндер