Файл қосу

Ежелгі дәуір лингвистикасы












5 В 020700 «Аударма ісі» мамандығына  арналған  «Жалпы тіл білімі»

                      ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК  КЕШЕНІ

                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
























                                    Семей
                                    2015

                                   Мазмұны

1  Глоссарий
2  Дәріс
3  Тәжірибелік сабақтар
4  Курстық жұмыстар (жоба)
5  Білім алушылардың өздік жұмысы




































1 ГЛОССАРИЙ

1. Жалпы тіл білімі – лингвистиканың жалпы тілдік теориясы.
2. Экстралингвистика – экстра латын  тілінде  «сыртқы,  сыртқары»  мағынасын
береді.
3. Интра – латын тілінен ауысқан префикс «ішкі» мағынасын білдіреді.
4. Менталингвистика деген термин құрамындағы мента –  латын  тілінде  ойлау,
ақыл деген мағынаны білдіреді.
5.      Неолингвизм.  (гр.  neos  –  жаңа   және   лингвистика   атауларының
бірігуінен туған).
6. Натурализм латынның натура деген сөзінен  шыққан.  Натурализм  жеке  ағым
ретінде көркем әдебиетте, өнерде, ғылымда  ХІХ  ғасырдың  екінщі  жартысында
Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды.
7. Аморф - формасыз деген мағынаны білдіреді.
8. Ареалдық тіл білімі –  (лат.аrea  –  кеңістік,  аудан)  –  лингвистикалық
география  әдістері  арқылы  тіл  құбылыстарының  таралу  жайын,   тіларалық
(диалектаралық) байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы.
9. Интеграция - өзіндік тілдік ерекшеліктері бар қауымдардың бір  –  бірімен
жақындасуларының, араласып бірігулерінің нәтижесі.
10. күнделікті өмірінде олар екі  немесе  одан  да  көп  тілдерді  жарыстыра
қолдану тіл білімінде билингвизм деп аталады.
11. Тілдік жағдаят - әлеуметтік тіл білімінің зерттейтін мәселесі.
12.  Этнолингвистика  –  грекше  ethnos  халық,  тайпа)   –   тілдің   халық
мәдениетіне қатысын зерттейтін тіл біліміндегі бағыт.
13.Социологиялық  (әлеуметтік)  бағыт  (социолингвистика)  тілді  адамдардың
қоғамдық қызметіне, кәсіби тіршілігіне  қызмет  ететін  әлеуметтік  құбылыс,
қарым – қатынас құралы деп қарайтын бағыт.
14. Сөйлеу  дегеніміз  -  әрекет.Әрекет  белгілі  бір  нәтижеге  жету  үшін,
бағыты, мақсаты бірлігі арқылы топтасқан процестердің күрделі жиынтығы.
15. Жергілікті халықтар ол тілде жазылған  аят-хадистарды  мағынасын,  тілін
түсінбесе де жатқа  біліп,  құдайға  құлшылық  ететін  дұға  ретінде  айтуға
міндетті болды. Бұл тіл -тіл ғылымында канондық тіл деп аталады.
16. Компаративтік тіл  білімін  ығыстырған,  жаңа  бағыт  совет  тіл  білімі
тарихында « Тіл туралы жаңа ілім » немесе « Яфет тіл ғылымы » деп аталады.
17. Компаративтік тіл  білімін  ығыстырған,  жаңа  бағыт  совет  тіл  білімі
тарихында « Тіл туралы жаңа ілім » немесе « Яфет тіл ғылымы » деп аталады.
18. Тіл теориясы – тілді я тілдерді зерттеуден туатын ғылыми тұжырым.
19. Семиотика  -  әр  түрлі  хабарлар,  мәліметтер  беру  үшін  қолданылатын
таңбалар жүйесі

2 ДӘРІСТЕР

№1 модуль  Жалпы тіл білімінің қалыптасуы.
№1 дәріс тақырыбы: Жалпы тіл білімінің пәндік ерекшеліктері.

1. Жалпы тіл білімінің анықтамасы, мақсаты мен міндеттері
2. Жалпы тіл білімінің лингвистиканың басқа салаларымен қарым-қатынасы.
3.   Тіл білімінің қалыптасуы мен дамуы.

     Жалпы тіл білімі – лингвистиканың жалпы тілдік  теориясы.  Ол  –  бүкіл
лингвистиканың бағыт-бағдарын белгілейтін  ғылым.  Жалпы  тіл  білімі   1963
жылдан  бастап  енгізілді.  Бұл  пәннің  мақсаты  –  студенттерге  теориялық
лингвистиканың ең негізгі, өзекті мәселелерімен таныстыру.
       Тіл білімі салалары:  1.  Интралингвистика.  Интра  –  латын  тілінен
ауысқан префикс «ішкі» мағынасын  білдіреді.  Интралингвистика  тілдің  ішкі
жүйелілік  құрылымын,  жүйе   элементтерінің   бір-бірімен   қарым-қатынасын
зерттейді. Интралингвистиканың негізгі салалары  –  фонетика,  лексикология,
грамматика. Экстралингвистика –  экстра  латын  тілінде  «сыртқы,  сыртқары»
мағынасын  береді.  Экстралингвистика  тілдің  сыртқы   дүниемен,   қоғаммен
байланысын   зерттейді.    Сондықтан    оны    социологиялық    лингвистика,
металингвистика (мета – грекше жарты),  сыртқы  лингвистика,  немесе  тілдің
қоғамда,  ойлау  процесінде   атқаратын   қызметін   зерттеуіне   байланысты
функциялық лингвистика деп те  атайды.  Экстралингвистика  социолингвистика,
менталингвистика салаларына бөлінеді.        Менталингвистика  деген  термин
құрамындағы мента – латын тілінде  ойлау,  ақыл  деген  мағынаны  білдіреді.
Менталингвистика   тіл   менойлаудың   қарым-қатынасын,   тілдік   мағынаның
теориясын, сөйлеу әрекетімен, жағдаймен байланысын зерттейді.
      Бақылау сұрақтары:
1. Жалпы тіл білімі қашан қалыптаса бастады?
2. Жалпы тіл білімінің ең өзекті, ең негізгі мәселелеріне не жатады?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2001
2.В.И.Кодухов. Общее языкознание. М., 1974
3.Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999


№2 дәріс тақырыбы: Ежелгі дәуір лингвистикасы. Ежелгі Қытай лингвистикасы.
1. Бұл дәуірде пайда болған философиялық бағыттар.
2. Көне заман лингвистикасына тән ортақ сипаттар мен кемшіліктер.
3. Ежелгі Қытай тіл білімінің дамуы.

      Қытай –  мәдениеті,  ғылыми  ой-пікірі  ертеде  дамыған,  дүниежүзілік
мәдениетке зор үлес қосқан ежелгі ел. Қытай тіл  білімінің  тарихы  екі  мың
жылдан астам уақытты қамтиды. Қытай жазба ескерткіштері біздің  заманнан  15
ғасыр бұрын пайда болған.  Ат қою теориясы мен грамматикалық  өнер  теориясы
Ежелгі Қытайда да болған. Ат қою теориясын қалыптастырған адам,  біздің  жыл
санауымыздан бұрынғы 551-479 жылдар арасында өмір  сүрген  философ  ғалым  –
Конфуций (Кун-Цзы). Грамматикалық ілім қытайлардың көне жазуы  –  иероглифке
негізделген.Көне  және  Ортағасырлық  Қытайда  тілге  байланысты  үш   түрлі
филологиялық мәселеге ерекше көңіл аударылған. Оның бірі  –  көне  сөздердің
мағыналарын айқындау, екіншісі  –  иероглифтің  құрылысы  мен  этимологиясын
айқындау,  үшіншісі  –  фонология.  Ежелгі  Қытай  лингвистикасының  негізгі
міндеті – тілдегі әр сөзге жеке таңба тағайындау, ол таңбалардың  мағынасын,
оларды қалай оқу, қалай қолдану жолдарын айқындау болған. Ол  үшін  таңбалар
сөздігі жасалған.
       Бақылау сұрақтары:
1. Бұл дәуірде пайда болған философиялық бағыттарды атаңыз?
2. Философияның тууына түрткі болған себептер қандай?
3.  Қытай грамматикалық ілімінің өзіндік ерекшелігі қандай?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы, 2000
2.Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2001
3.В.И.Кодухов. Общее языкознание. М., 1974
4.Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999

№3 дәріс тақырыбы:  Ежелгі Үнді тіл білімі.

1. Көне үнді тіл білімі.Оны туғызған себептер.
2.Яски мен Панини еңбектері. Панини жазған санскрит грамматикасы.

        Үнділерден  бізге  жеткен  зерттеулер  жыл  санауымыздан  бұрынғы  5
ғасырдан басталады.  Үнділердің  өте  ерте  дәуірден  сақталған  аңыздардан,
гимндерден, діни жырлардан құралған «Веда» деп аталатын жазба  ескерткіштері
болған. Біздің дәуір алдындағы 6 ғасырларда белгілі болған бұл  ескерткіштер
жинағын  үнділер  қасиетті,  киелі  деп  санаған  және  қазірде   де   солай
санаушылық бар көрінеді. Бұл «киелі» жырлар тілінде сол уақыттағы  үнділерге
мағынасы түсініксіз көптеген сөздер, сөйлемшелер  болған.  Соларды  айқындау
және «Веда» тілін сөйлеу тілі әсерінен қорғау, оның айтылу мәнерін,  беретін
түсінігін өзгеріссіз сақтау мақсатымен  «Веданың»  тілін  зерттеген.  Ежелгі
Үндістандағы   тіл   білімі,   негізінде,   осы   төрт   бағытта    дамыған.
Зерттеушілердің айтуынша, Панини еңбегі  -  тіл  білімі  тарихындағы  біздің
дәуірге  жеткен   тұңғыш   сипаттама   грамматика.   Ол   санскрит   тілінің
грамматикасы деп те аталады.

         Бақылау сұрақтары:
1.Көне үнді тіл білімін туғызған себептер қандай?
2. Яски мен Панинидің қандай  еңбектері бар?
3. Панини жазған санскрит грамматикасының мәні қандай?
        Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
2. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

№4  дәріс тақырыбы:  Ежелгі Грек тіл білімі. Рим тіл білімі.

1. Грек тіл білімі тарихының даму жолының басталу кезеңі.
2.  Грек  тіл  білімі  тарихында  филология  дәуірімен   философтардың   тіл
жайындағы пікірлері.

      Ежелгі дәуір тіл білімінің тағы бір отаны  -   Ежелгі  Греция.  Ежелгі
Грек философтарының  тілге  қатысты  мәселелерден  ерекше  сөз  еткендері  –
атаудың табиғаты, зат пен оның  атауы  арасында  қандай  байланыс  болатыны,
тілдің қайдан, қалай пайда  болғаны  және  тілдің  грамматикасы  мен  логика
арасындағы қарым-қатынас жөніндегі мәселелер.
     Заттың өз атауына  қатысы  жөніндегі  мәселе  Ежелгі  Грецияда  бірнеше
ғасырға созылған және Грек философтарын екі топқа бөлген аса күрделі  мәселе
болған. Олардың Героклит бастаған бір тобы – атау зат тың табиғатына  сәйкес
жаратылыстан берілген, сөз табиғат туындысы десе, Демокрит  бастаған  екінші
тобы оған қарсы – зат пен оның атауы арасында табиғи байланыс  болмайды,  ол
екеуінің арасындағы байланыс –  шартты,  кездейсоқ  байланыс  деген  тұжырым
жасайды.
         Ежелгі  Грек  философтарының  тілге  байланысты  сөз  еткен  екінші
проблемасы – тілдің шығуы жөніндегі  мәселе.  Бұл  мәселеде  де  олар  дұрыс
шешімге келе  алған  жоқ.  Грек  ғалымдары  көтерген  тағы  бір  проблема  –
грамматикалық  мәселелері.  Грамматиканы  да  алғашында  философия,  әсіресе
логика   ғылымына   тәуелді,   соның   бір   саласы    ретінде,    логикалық
категориялардың көрсеткіші ретінде ғана қараған.

         Бақылау сұрақтары:
1. Грек тіл білімінің негізгі объектілерін ата?
2. Атау теориясы, тілдің шығуы дегеніміз не?
        Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
          2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
          3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

№5 дәріс тақырыбы:  Орта ғасыр тіл білімі. Ш-XVIIIғасырлар лингвистикасы.

1. Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі.
2.Тіл ғылымындағы  канондық тіл жайлы.

      Орта ғасырдың өзіндік  бір  ерекшелігі  -  әр  түрлі  діндердің  туып,
әлемдік діндерге айналуы.    Дүние жүзілік  діндердің  тарауымен  қатар  сол
діндердің сүндет-парызын,  шариғатын  уағыздайтын  жазбалар  да  тарады.  Ол
жазбалар тілі киелі, қасиетті тіл, пайғамбарлар  тілі  деп  жарияланды.  Бұл
тіл  -тіл  ғылымында канондық тіл   деп   аталады.   Сөйтіп,   дін   тараған
аймақтардағы халықтар өз ана  тілімен  қатар  канондық  тілді  де  қолданды.
Жазба тіл, әдеби тіл деп саналатын да  канондық  тіл  болды.  Мысалы,  түркі
халықтары, сондай-ақ қазақ халқы үшін де канондық тіл  араб  тілі,  исламның
ең қасиетті, киелі кітабы - Құранның тілі болды. Араб тілі оқу  пәні  болды.
Оны молдалар, дін иелері оқытты. Еуропа халықтары үшін канондық тіл -  латын
тілі. Олар латын тілін жазу тілі, ғылым ретінде пайдаланды.
        Бақылау сұрақтары:
1. Орта ғасырдың өзіндік бір ерекшелігі қандай ?
2. Тіл ғылымындағы  канондық тіл дегеніміз не?
3. Реалистер мен  номиналистер дегеніміз кімдер?
       Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

№6  дәріс тақырыбы:  Араб тіл білімі.

1. Араб тілі туралы алғашқы еңбектер.
2. Араб тілінің дамуына үлес қосқан ғалымдар еңбектерінің маңызы.
3. Араб тіл білімінің грамматикасы.

        Арабтардың тіл туралы алғашқы еңбектері  Ефрат  пен  Тигр  бойындағы
Баср және Куф қалаларында шықты. Бұл екі қалада грамматикалық екі  мектеп  –
екі бағыт пайда  болды.  Олар  өзара  бір-бірімен  түрлі  мәселелер  жөнінде
айтысқа түсіп, пікір алысып отырды. Кейіннен  грамматикалық  ғылым  орталығы
Араб халифатының сол кездегі астанасы Бағдатқа көшті.
Баср мектебінің өкілі Сибавейхи «Аль-Китаб» деген үлкен еңбек  жазды.  Мұнда
1000-нан астам өлең бар. Кітап мысалдары Құраннан  және  ертедегі  поэзиядан
алынған. Сибавейхи дыбыстардың жасалуының  16  түрлі  орнын  көрсете  келіп,
оларды  соған  сай  топтастырады:  сөз  таптарын  етістіктер,  есімдер,  сан
есімдер деп үшке бөлді.
    Лексикология мен лексикография  саласында  арабтар  айтарлықтай  табысқа
жетті.  Олар  лексика  материалдарын   көптеп   жинап,   түрлі   сөздіктерге
топтастырды; әр пәнге байланысты сөздіктер шығарды.  Әлемнің  екінші  ұстазы
атанған  Әл-Фараби  тіл  білімнің  бірқатар   теориялық   және   практикалық
мәселелері  бойынша  да  маңызды  зерттеулер  жүргізген.  Ұлы  ғалым  өзінің
«Ғылымды классификация жасау» деген 5  бөлімнен  тұратын  еңбегінің  бірінші
бөлімін адамдардың бір-бірімен қатынас жасап,  өзара  түсінісетін  құралы  –
тілдің заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейтін ғылымға арнаған.
         Бақылау сұрақтары:
1. Араб тіл білімі қай дәуірде дамыды?
2. Араб тіл білімінің өкілдері?
3. Махмұт Қашқари сөздігінің маңызы?
       Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

№7  дәріс тақырыбы:  Қайта  өркендеу  дәуіріндегі  тіл  білімі.   XVII-XVIII
ғасыр тіл білімі.

1. 17 – 18 ғ. жаңа үлгіде жазылған грамматикалық еңбектер.
2.Қайта өркендеу дәуірінің  лингвистикалық проблемасы.
3. Универсал грамматика бөлімдері.


      Қайта  өркендеу  дәуірі  тіл  зерттеу  мәселесіне  бұрынғыдан  басқаша
тұрғыдан келу, бірінші  орынға   канондық  тілдерді  емес,  әр  халықтың  әр
ұлттық өзіндік сөйлеу тілін қоюды, соны зерттеп , соның сырын  ашуды  қойды.
Осылардың нәтижесінде жаңа үлгіде жазылған грамматикалық еңбектер  әр  елде,
әр жерде шығып жайтты. 1562 ж. П. Романің «Француз тілі  граммтикасы».  1693
ж.  Уоллистің  «Ағылшын  тілі  грамматикасы».  1659  ж  Лавренти   Зизанидің
«Славян грамматикасы». 1757 М В Ломоносовтың «Россия грамматикасы».
        Еуропа  тарихы  тұрғысынан  алғанда,  Қайта  өркендеу  дәуірі  14-16
ғасырлар арасын қамтиды.  Қайта  өркендеу  дәуірінде  ерекше  қолға  алынған
тағы бір мәселе – орта ғасырда жөнді мән берілмеген ежелгі грек,  рим  жазба
нұсқаларын тауып жариялау болды. Өз дәуірі үшін бұл саладағы  күрделі  істер
қатарында И. Скалигердің 1540 жылы шыққан «Латын тілінің негіздері  туралы»,
Р. Стефанустың 1553 жылы  шыққан  «Латын  тілі  қазынасы»  және  «Грек  тілі
қазынасы» атты еңбектерін атауға болады.
    Универсал грамматика 1660 жылы  жарияланған.  Оны  француз  ғалымдары  –
логик, философ, профессор Антуан Арно (1612-1694) мен  грамматист,  филолог,
профессор Колод Лансло (1616-1695) екеуі бірігіп жазған.



       Бақылау сұрақтары:
1. Қайта өркендеу дәуірінің  тіл ғылымы үшін маңызы қандай?
2. Универсал грамматика қай жылы жарияланған ?
3. Рационалды жалпы грамматика дегеніміз не ?
       Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж


№ 8,9  дәріс тақырыбы:  XIX ғасыр тіл білімі.

1. Тіл білімі тарихында салыстырмалы-тарихи  тіл  білімінің  негізін  салушы
Ф.Боптың , Раск, Якоб Гримм т.б. еңбектері.
2.Тіл философиясының алға қойған мақсаты.
3. Типологиялық зерттеудің кеңірек етек алып, қалыптасуы туралы.

      Тілдердің бір-біріне жақын, өзара  туыстас  болатындығы  туралы  пікір
салыстырмалы-тарихи тіл білімінен,  яғни  XIX  ғасырдан  көп  бұрын  белгілі
болған. Түркі тілдерінің өзара туыстас, бір негізден тараған  тіл  екендігін
түркі нәсілді Махмуд Қашқари XI ғасырдың өзінде айқындады.
       1538 жылы Француз гуманисі Гвилсльм Постеллустың "Тілдер  туыстастығы
туралы" деген еңбегі жарияланады.
     Ф.Боптың ең басты еңбегі – «Санскрит, зенд, армян, грек, латын,  литва,
көне  славян,  гот,  неміс  тілдерінің  салыстырмалы  грамматикасы».  Расмус
Расктің тілдер фактілерін салыстырудан  туған  ең  көрнекті  еңбегі  «Ежелгі
солтүстік тілдері және неміс, ислан тілдерінің шығуы туралы зерттеулер»  деп
аталады. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы бір көрнекті өкілі  –  неміс
ғалымы Я.Гримм. Бұл ғалымның төрт томнан тұратын «Неміс  грамматикасы»  атты
еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады.
      Дүниеге келу тарихының көнелігіне қарамастан, тіл философиясы осы
атауға XIX ғасырда ғана ие болды. Бұл дәуірдегі тіл философиясының алға
қойған мақсаты - тілдің табиғаты мен мәнін, оның қоғам өмірінде алатын орны
мен қызметін айқындау болды. Бұл мәселемен сол дәуірдің көрнекті ойшылдары
- Гердер, Шлегель, Гумбольдт, Шлейхер, Штейнталь сияқты ғалымдар айналысты.
Бұлардың ішінде өз дәуірі үшін де, кейінгі заман үшін де ең беделдісі
В.Гумбольдт болды.
       Бақылау сұрақтары:
1.19 ғ. бас  кезінде  салыстырмалы-тарихи  әдіс  негізінде  қандай  еңбектер
жарық көрді?
2. Тіл философиясы қашан пайда болған?
3. Типологиялық зерттеудің қалыптасуы қай кезден басталады?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

№10   дәріс  тақырыбы:  ХІХ  ғасыр  тіл  білімінде  қалыптасқан  тіл  білімі
мектептері мен ағымдары.

1. Натуралистік немесе биологиялық қөзқарастар.
2 Психологиялық бағыт. Жас грамматикалық бағыт.
3. Қазан  және Мәскеу тіл білімі мектептері.

      Тіл білімі өзінің бүгінгі  көтерілген  сатысына  ішкі  қайшылықтарсыз,
талас-тартыссыз бірден жеткен жоқ. Оның даму  тарихында  әр  түрлі  ағымдар,
пікір таластары болып отырды және  қазір  де  бар.  Осындай  көзқарастағылар
өткен  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап   өз   алдарына   лингвистикалық
мектептер болып қалыптасты. Олардың  қатарына  натуралистік,  психологиялық,
жас грамматикалық деп  аталатын  лингвистикалық  мектептер  жатады.  Ғылымда
натуралистер деп аталатындар –  қоғамдық  құбылыстарды  зерттеуде  жаратылыс
заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған  негіздеп  шешуге   ұмтылушылар.Тіл
білімінде натурализм көрнекті неміс ғалымы,
А. Шлейхер есімімен байланысты. Натуралистерге қарсы күрес  үстінде  дүниеге
келген екінші бағыт – психологиялық ағым деп  аталады.  Тіл  психологиясының
объектісі – адамдардың сөйлеу әрекетіне болатын  психикалық  процестер.  Тіл
психологиясының   қалыптастырушылардың   ең   бастылары   қатарына    Берлин
университетінің профессоры Г.Штейтальды жатқызуға болады.
    Жас грамматикалық көзқарас ХІХ ғасырдың 70  ж.  бастап  қалыптасты.  Бұл
ағымның Германиядағы өкілдері К. Бургман, А Лескин т.б. Францияда
 М. Бреаль, Швейцарияда Ф де Соссюр,Россияда  Ф.Фортунатов  бастаған  Москва
лингвистикалық мектебі мен Бодуэн де Куртенэ бастаған  Қазан  лингвистикалық
мектептері болды.
     Қазан  және Мәскеу тіл  білімі  мектептері  ХІХ  ғасырдың  аяқ  кезінде
қалыптасты. Оған демеу беруші поляк лингвисі,   И.  А.  Бодуэн  де  Куртенэ.
   Мәскеу лингвистикалық мектебін ХІХ  ғ  70-80  ж.  Москва  университетінің
ғалымдары қалыптастырды. Оны басқарған академик
Ф.Фортунатов.Ол еуропа тілдерінің фонетикасының морфологиясын  зерттеп,  бұл
саладағы біраз еңбектер берген.

      Бақылау сұрақтары:
1. Натуралистік немесе биологиялық көзқарас дегеніміз не?

2. Жас грамматикалық бағыт дегеніміз не?

3. Қазан  және Мәскеу тіл білімі мектептерінің маңызы?

      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.  М. Березин. История лингвистических учении М 1975
2. Звегинцев В.А. История язкознания ХІХ – ХХ в в очерках и извлечениях.  М.
1960,1965.

№11 дәріс тақырыбы: ХХ ғасыр тіл білімі.

1. ХХ ғасыр тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер.
2. «Сөздер мен заттар», «Эстетизм», «Социологизм» деп аталатын мектептер.
3. М.Д.Бартоли жазған «Неолингвистиканың қосымша очеркі»еңбегі

      Қазіргі  заман  тіл  білімі  жас  грамматистерге  қарсы  күресте  туып
қалыптасты. 19ғ.соңғы он жылы мен 20ғ. бас кезінен бастап Батыс  Еуропа  тіл
білімінде жас грамматистік бағыт қатты сынға алынды, зерттеудің жаңа  әдісі,
бұрынғыдан  өзгеше  амал-тәсілдері  іздестірілді.  Әр  елде,  әр  жерде  жас
грамматизмге қарсы лингвистикалық мектептер пайда  болды.  Олардың  қатарына
«Сөздер мен заттар»,  «Эстетизм»,  «Социологизм»  деп  аталатын  мектептерді
жатқызуға болады.
      Сөздер мен заттар. Бұл мектептің ең көрнекті  өкілі  –  роман  тілдері
мен жалпы тіл білімінің маманы Австрия тіл ғалымы Г.Шухардт (1842-1927).
     20 ғ.бас кезінде Батыс Еуропада жас грамматизм бағытына  қарсы  бағытта
пайда болған лингвистикалық  мектептің  тағы  бір  түрі  –  эстетизм  немесе
эстетикалық лингвистика.    Неолингвизм. (гр. neos – жаңа  және  лингвистика
атауларының бірігуінен туған). Оның негізін салушылар М. Д. Б.  (1873-1946),
 Д. Бонфанте (1904 ж.)  .     Социологиялық  бағыттың  Франциядағы  көрнекті
өкілдері – П. Лафарг Ф.де Соссюр , А.Мейе, П. Лафарг. 
      Структурализм  бірден  пайда  болған   жоқ.   Структуралдық   бағыттың
көпшілікке танылған үш мектебі  болды:  Прага  (Чехословакияда),  Копенгаген
(Данияда) мектептері және дескриптивтік мектеп (Америкада). Кейін  келе  бұл
бағыт басқа елдерге де тарады.

       Бақылау сұрақтары:
1. Сөздер мен заттар мектебінің өкілдері кімдер?
2.Эстетизм немесе эстетикалық лингвистиканың қалыптастырушысы кімдер?
3. Неолингвизм қашан қалыптасты?
4. Дескриптивистер қандай салаларға бөлінеді?
       Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Грамматика теориясы негіздері. А., 1996
2. Аханов К. Тіл білімдерінің негіздері. А., 1973, 1977, 1993
3. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. А.,1975

12  дәріс тақырыбы: Кеңестік тіл білімі.

1. Кеңестік тіл білімі ең басты міндеттерінің бірі.
2. 20-30  жылдары совет тіл біліміндегі бірнеше лингвистикалық бағыттар.
3. Кеңестік жаңа тіл білімін қалыптастырудағы  академик Н.Я.Мардың  рөлі.

        Кеңес  лингвистері  алдында  маркстік-лениндік  тіл  білімін  дамыту
міндеті тұрды.Бүкіл  Кеңес  ғылымының,  солардың  ішінде  тіл  білімінің  де
философиялық негізі – маркстік диалектикалық материализм деп жарияланды. 20-
30 ж. кеңес тіл білімінде бір-бірінің ісіне  сын  көзімен  қарайтын  бірнеше
лингвистикалық бағыт болды.  Ондай  лингвистикалық  бағыттың  бірі  –  үнді-
европалық   компаративтік   лингвистиканың   Россиядағы   бір   тармағы    –
салыстырмалы-тарихи тіл білімі болатын.
        Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт  совет  тіл  білімі
тарихында « Тіл туралы жаңа ілім » немесе « Яфет тіл ғылымы »  деп  аталады.
Оны қалыптастырушылардың басшысы  ретінде  академик  Н.Я.Марр  Кеңестік  тіл
білімі әлеміне көтерілді. Марр тіл туралы жаңа  ілімді  яфет  тілдерін  жан-
жақты зерттеу, оның басқа семьядағы тілдермен қатынасын  айқындау  негізінде
ғана қалыптастыруға болады деп санады.Кеңес  Одағы  Коммунистік  партиясының
орталық  органы  «Правда»   газеті   1950   жылы   Кеңес   тіл   біліміндегі
тоқыраушылықты сынап, бұл саладағы ғылыми жұмысқа дұрыс  бағыт  сілтеу  үшін
еркін айтыс ұйымдастырды.

       Бақылау сұрақтары:
1.Кеңес үкіметі орнағаннан кейін тіл білімі қалай дамыды?
2.Кеңес тіл білімінің дамуына кімдер үлес қосты?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1. М.Березин. «История лингвистических учении» М.,1975
2. М.Березин.,Б.Н.Головин. «Общее языкознание» М.,1979
3. В.И.Кодухов «Общее языкознание» М.,1974

13 дәріс тақырыбы: Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы.

1. Тіл білімі ғылым тобын басқа ғылымдардан ажырату.
2. Ғылымдар байланысының себептері.

     Тіл білімінің даму тарихында  тіл  білімін  қай  ғылым  тобына  қосамыз
деген сұрауға әр  түрлі  жауаптар  беріліп  келді.Ол  –  ғалымдардың  тілдің
өзіндік сипатын  әр  түрлі  түсінулерінен  туды.Біреулер  тілді  биологиялық
организм  десе,  екіншілер  психологиялық  құбылыс,   ал   үшінші   біреулер
физикалық  құбылыс  деген   т.б.   пікірлер   айтты.Олардың   әрқайсыларының
өздерінше дәлелдері, сүйенген негіздері болды.Ал,  шындығына  келсек,  тілде
аталған  сипаттардың  барлығы  да  бар.Әңгіме  солардың  қайсысының  негізгі
екенін дұрыс тануда.
       Тіл білімі және философия. Қазіргі кездегі  тіл  білімі  философияның
тіл философиясы дейтін тарауымен байланысады.
       Тіл білімі және логика. Тіл білімі мен  логиканың  түйісетін  жері  –
тіл мен ойлаудың арақатысы мәселесі.
          Тіл  білімі  және  психология.   Психология   –   психика   туралы
ілім.Психологияның   мақсаты   –   адамдардың    психикалық    әрекеттерінің
объективтік  заңдарын,  адамның  ой  –  санасын,  психикалық   қасиеттерінің
қалыптасып, даму жолдарын айқындау.
      Тіл  білімі  және  физиология,  физика,  медицина.  Сөйлеу  әрекеті  –
физиологиялық күрделі процесс.Оған мидың да, сөйлеу органдарының  да,  нерві
жүйесінің де қатысы бар.
      Тіл білімі  және  әдебиеттану  ғылымы.  Әдебиет  пен  тіл  –  айрылмас
бірліктегі құбытлыстар.Тіл - әдебиеттің жаны.Тілсіз әдебиет жоқ.
    Тіл білімі және тарих,  этнография,  археология.  Тілдің  тарихи  дамуын
зерттеу сол тілді туғызған, оны қатынас құралы  ретінде  қолданған  халықтың
тарихымен тығыз байланысты.
          Бақылау сұрақтары:
1. Тіл білімінің философиямен бірлігі неден көрінеді?
2. Тіл мен ойлаудың  қатынасы неден көрінеді?
3. Психологияның тіл білімімімен ұштасуы қалай?
       Ұсынылатын   әдебиеттер:
1. М.Березин.,Б.Н.Головин. «Общее языкознание» М.,1979
2. Қалиев Б. «Жалпы тіл білімі» Алматы 2000ж
3. В.И.Кодухов «Общее языкознание» М.,1974

14 дәріс тақырыбы: Тіл теориясы. Тіл және қоғам.

1.Тілдің анықтамасы.
2. Тілдің табиғаты.
3. Тілдің қоғамға, қоғамның тілге тигізетін әсері.

       Тіл теориясы – тілді я тілдерді  зерттеуден  туатын  ғылыми  тұжырым.
   Тілдің табиғаты дегенге  оның  қандай  құбылыстар  қатарына  –  қоғамдық,
табиғи, психофизикалық екені жатады. Тіл –  биологиялық  та,  психикалық  та
құбылыс емес, әлеуметтік құбылыс.
     Тілдің құрылымы мен функциясы. Қоғамның  әлеуметтік  құрылысының  тілге
тигізетін әсері, ең алдымен, тілдің қызметінен анық  көрінеді.Өйткені  тілді
қолданушы әлеуметтік топтар, таптар оған немқұрайды қарамайды.Оны  өз  талап
– тілектеріне, өздерінің әлеуметтік жағдайларына сәйкес қолдануға тырысады.
       Тіл және сөйлеу. Тіл мен сөйлеудің бір  еместігі,  бұлардың  арасында
айырма  барлығын  ғалымдар  ертеде  –  ақ  байқаған.  Әрқайсысының   өзіндік
ерекшеліктерін жете ашып, екі бөлек мәселе етіп қоймағандарымен, сөйлеу  мен
тілдің бір  еместігін  19  ғасырда  өмір  сүрген  В.Гумбольдт,  Г.Штейнталь,
Г.Шухардт сияқты ғалымдар да айтқан. Қоғамсыз тіл болмайды, тілсіз қоғам  да
болмайды деген  қағида  қазіргі  заман  тіл  білімінде  берік  орын  тепкен,
талассыз тұжырым деуге болады.
      Дыбыс тілінің пайда  болуы.  Дыбыс  тілінің  шығуына  байланысты  олар
айтқан дыбысқа еліктеу, одағай сөз, келісім теорияларының қай –  қайсысы  да
ғылыми тұрғыдан алғанда сын көтермейтіндіктеріне қарамастан, барлығы да  тіл
– адамға құдайдың берген сыйлығы  дейтін  діни  көзқарасқа  қарама  –  қарсы
тілді адам баласының өз табысы, өз жемісі етіп көрсетті.
         Бақылау сұрақтары:
1.Тілдің қызметіне не жатады?
2. Тілдің қатынас құралы болу қызметі қалай деп аталады?
3. Тілдің табиғаты дегенге  оның  қандай  құбылыстар  қатарына  –  қоғамдық,
табиғи, психофизикалық екені жатады.
        Ұсынылатын   әдебиеттер:
1.Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский.     Очерки     по      истории
лингвистики.М.,1975
2. М.Березин.,Б.Н.Головин. Общее языкознание., М.,1979
4. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы., 2000ж.

15,16  дәріс тақырыбы:Тілдің таңбалық сипаты.

1. Тіл – таңбалар жүйесі.
2.Таңба және оның түрлері.
3.Табиғи таңба және жасанды таңбалар.

     Тілде таңбалық сипаттың барлығы ежелгі грек философтарынан бері  қарай
айтылып келген. Бірақ тілді таңбалар жүйесі деп анықтау, тілдік  таңбалардың
сипатын талдап ашу Ф. Де Соссюрден басталады.
      Семиотикалық әдебиеттерде таңбаларды негізгі  таңба,  көмекші  немесе
жасанды  таңба  деп   екіге   бөлушілік   бар.Графикалық   таңбалар.   Бұған
математика, физика, химия, логика ғылымдарында  қолданылатын  таңбалар  және
әр түрлі жазулар, мөр таңбалар  жатады.Акустикалық  таңбалар.  Бұған  сөйлеу
мүшелерінің артикуляциялары арқылы жасалатын таңбалар, белгілі  мақсат  үшін
берілетін алуан түрлі сигналдар, дабылдар, қоңырау мен гудоктар жатады.
       Заттық таңбалар.  Бұған  жол  бойына,  көшелерге,  кәсіпорындары  мен
мекемелердің  маңдайшаларындағы  белгілер,  көрсеткіштер   және   әлеуметтік
топтардың өздеріне тән киім түрлері мен формалары,  зночоктар  мен  гербтер,
әскери белгілер, түрлі жалаулар арқылы берілетін сигналдар,  ен  –  таңбалар
жатады.
      Ақша таңбалар.  Бұған  әр  елдің,  әр  дәуірдің  қағаз,  күміс,  бақыр
ақшалары жатады.Сәуле  таңбалар.  Бұған  жарық  арқылы  берілетін  әр  түрлі
белгілер,  сигналдар  –  бағдаршамдар,  су  жолында  қолданылатын   маяктар,
бакендер (су бетіне қауіпті жерлерге қойылатын қалқыма шырақтар) жатады.
       Бақылау сұрақтары:
1.Тілдің таңбалық сипаты дегеніміз не?
2. Тілдің қатынас құралы болу қызметі қалай деп аталады?
3. Тілдің таңбалық сипаты туралы пікір айтушылар кімдер?
      Ұсынылатын   әдебиеттер:
1.Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский.     Очерки     по      истории
лингвистики.М.,1975
2. М.Березин. История лингвистических учении., М.,1975
3. М.Березин.,Б.Н.Головин. Общее языкознание., М.,1979

17,18,19  дәріс тақырыбы: Тіл және қоғам.

1. Дыбыс тілінің пайда болуы.
2. Тіл және этникалық бірлік.
3. Тілдердің бөліну, бірігу үдерістері.


      Қоғамсыз тіл болмайды, тілсіз қоғам да болмайды деген  қағида  қазіргі
заман тіл білімінде  берік  орын  тепкен,  талассыз  тұжырым  деуге  болады.
Тілдің  қоғамдық  мәні  жөніндегі  алғашқы  бұлдыр   болжам   ежелгі   заман
ойшылдарынан басталғанымен, тілді қоғамдық құбылыс деп санау, тіл мен  қоғам
байланысын арнаулы проблема етіп көтеру 19 ғасырдан ғана басталды.
      Дыбыс тілінің пайда  болуы.  Дыбыс  тілінің  шығуына  байланысты  олар
айтқан дыбысқа еліктеу, одағай сөз, келісім теорияларының қай –  қайсысы  да
ғылыми тұрғыдан алғанда сын көтермейтіндіктеріне қарамастан, барлығы да  тіл
– адамға құдайдың берген сыйлығы  дейтін  діни  көзқарасқа  қарама  –  қарсы
тілді адам баласының өз табысы, өз жемісі етіп көрсетті.
    Тіл ғылымында тілді адамдардың этикалық бірліктерінің  атымен  ру  тілі,
тайпа тілі, халық тілі, ұлт  тілі,  туыстас  тілдер  семьясы  деп  атаушылық
бар.Тілдерді былай бөлу – этникалық тұрғыдан сипаттағандық.
   Тілдердің  бөліну,  бірігу  үдерістері.  Адамдардың  қоғамдық  бірліктері
сияқты олардың тілдері де бір – бірінен ажырап  бөлшектену,  қосылып  бірігу
жолынан өткен.Тілдің қай – қайсысы  да  осы  күнгі  дәрежесінде  пайда  бола
қалмаған.
         Бақылау сұрақтары:
1.Тілдің қоғамдық мәні жөніндегі алғашқы болжам, тіл  мен  қоғам  байланысын
арнаулы проблема етіп көтеру қай кезден басталды?
2. Тіл табиғатына қарай қандай құбылыстар қатарына жатады?
      Ұсынылатын   әдебиеттер:
1. Аханов К. Грамматика теориясы негіздері. А., 1996
2. Аханов К. Тіл білімдерінің негіздері. А., 1973, 1977, 1993
3. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. А.,1975

20 дәріс тақырыбы: Билингвизм.

1. Тіл біліміндегі билингвизм мәселесі.
2. Креол тілдер туралы.
3. Креол тілдерінің пайда болу себептері.

       Көп ұлтты мемлекеттерде әр түрлі ұлт өкілдері бір –  бірімен  қатынас
жасау үшін, өзінің ана тілінен басқа  тілді  де,  өзімен  аралас  –  құралас
халық тілін де білу қажеттігі туады.Сөйтіп,  өздерінің  күнделікті  өмірінде
олар екі немесе одан да көп тілдерді жарыстыра қолдана  береді.Осыдан  барып
екітілдік немесе көптілділік пайда болады.Ол – тіл білімінде билингвизм  деп
аталады.
        Екі немесе одан да көп тілді қолданушылар  жеке  адамдар  болуы  да,
бүкіл этникалық қауым болуы да мүмкін.Кеңестер Одағы –  көп  ұлтты  мемлекет
болды.Мұндағы әр түрлі ұлттар бір – бірімен  қарым  –  қатынас  жасау  үшін,
орыс тілін пайдаланды.Сөйтіп, орыс тілі – орыс  ұлтының  ана  тілі  болуымен
қатар, екінші жағынан,  Кеңес  заманында  халықтардың  ұлтаралық  тіліне  де
айналды.
       Африка, Оңтүстік – Шығыс Азия,  Океания,  Латын  Америкасы  жеріндегі
Испания, Португалия, Франция отаршыларының  ұрпағы  –  креолдардың  тілдері.
Креол тілдердің пайда болуы тілдердің  пиджинделу  процесімен,  яғни  пиджин
(ағылшынның  бұрмаланған  business  іс  сөзінен)   тілдердің   қалыптасуымен
байланысты.
         Бақылау сұрақтары:
1. Тіл біліміндегі билингвизм мәселесі туралы не білесің?
2. Креол тілдер қалай пайда болған?

          Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

21,22  дәріс тақырыбы: Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері.  Сөйлеу  тілі
мен кітаби тіл.

1. Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері.
2. Жаргон – тілдің әлеуметтік бір жарқыншағы.
3. Сөйлеу тілі мен кітаби тіл.
4.Ғылыми  –  публицистикалық,  көркем  туындылар  тілі  (дұрысы  –   стилі),
соңғысын өз ішінен прозалық, драмалық, поэтикалық тіл (стиль) сипаттары

          Диалект - жалпыхалықтық, біртұтас ұлттық тілдің өзіндік  дыбыстық,
сөздік,  грамматикалық  ерекшеліктері  бар  саласы.  Диалектілер   негізінде
тілдік қауым қоныс ыңғайына қарай әр түрлі аймақтарға бөлінеді.  Диалектінің
мұндай түрі жергілікті диалект  деп  аталады.Жергілікті  диалектіге  белгілі
бір аймақта тұратын  адамдар  тілінде  кездесетін  ерекшеліктердің  жиынтығы
жатады.
      Тіл  бүкіл  этникалық  бірліктегілердің  барлығына  да  ортақ,  бәріне
бірдей қызмет етеді, ал,  диалект  оның  белгілі  бір  аймақта  тұратын  бір
бөлігіне  ғана  қызмет  етеді.   Жалпыхалықтық  тілдер   сияқты   жергілікті
диалектілер де тарих құбылыс.Олар  да  қоғам  дамуының  белгілі  бір  тарихи
дәуірінің жемісі.           Жалпыхалықтық  тілдің  жергілікті  диалектілерге
қарағанда қызметі жағынан да,  ерекшелігі  жағынан  да,  қолданушы  қауымның
сандық  шамасы  жағынан  да,  едәуір  шағын   көлемді   тармағы   әлеуметтік
диалектілер.Әлеуметтік   диалектілерге   кәсіби,   жаргондық    ерекшеліктер
жатады.Кәсіби лексика - әдеби тіл сөздігінің  бір  саласы  және  оның  әдеби
тілге  жаттығы  да  жоқ.Әр  кәсіпорындарының  өз   ерекшеліктеріне   лайықты
қолданатын атауыш сөздері - әдеби тілдің байлығы.
     Жаргон – тілдің әлеуметтік  бір  жарқыншағы.Бұл  табиғаты  жағынан  да,
қызметі жағынан да, шығу  төркіні  жағынан  да,  қызметі  жағынан  да,  шығу
төркіні жағынан да диалектілерден мейлінше өзгеше.
       Бақылау сұрақтары:
1. Жергілікті диалект дегеніміз не?
2. Диалектілер неге  тарих құбылысқа жатады?


        Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж
3. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. А.,1975


23,24,25   дәріс тақырыбы: Тілдің даму заңдылығы.

1. Тілдің дамуының заңдылықтары.
2.Лексиканың дамуы.Фонетиканың дамуы.
3.Грамматиканың дамуы.

      Тілдің  лексикалық  құрамын  оның  басқа  салаларының  қай-қайсьісынан
болса да өзгеріске бейім тұрады.  Сөздік  құрам  екі  түрлі  жолмен  дамиды:
біріншісі — ор тілдің  өзіндік  байырғы  материаддары  негізінде,  екінші  —
басқа тілдерден сөздер  қабылдау  негізінде.Тілдің  сөздік  құрамы  өзгергіш
дегеннен оның барлық, саласы, барлық қабаты бірдей дәрежеде  өзгереді  деген
қорытынды шықпайды. Фонетикалық ауытқу екі түрлі болады:
а)  алдыңғы  үрпақ  тілінде  өзара  жақын  болғанымен,  бір-бірінен   елеулі
өзгешеліктері бар екі дыбысты  кейінгі  үрпақтың  біріктіріп,  бір-ақ  дыбыс
ретінде қолдануы. Бұл — тіл білімде конвергенция  деп  аталады;  ә)  алдыңғы
үрпақ тілінде бір дыбыс немесе бір дыбыстың басқа түрі ғана болып  келгендер
кейінгі үрпақ тілінде екі бөлек дыбыс болып кетуі мүмкін. Бүл —  дивергенция
деп аталады.
      Тіл дыбыстарының  қай-қайсысы  да  сөйлеу  органдарының  артикуляциясы
арқылы жасалатыны  белгілі.  Тілдегі  әрбір  дыбыстың  сол  тілде  сөйлейтін
барлық адамға ортақ, қалыптасқан артикуляциясы  болады.Грамматиканың  дамуы.
Тілдердің  грамматикалық   құрылыстарының   тұрақтылығы,   оның   өте   баяу
өзгеретінін тіл ғалымдары өткен ғасырлардың өзінде-ақ байқаған.
      Бақылау сұрақтары:
1. Тілдің дамуының қандай заңдылықтары бпр?
2.Лексиканың дамуы, фонетиканың дамуы туралы не білесің?
3.Грамматиканың қалай дамыған?


      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

26,27   дәріс тақырыбы: Тіл білімінің зерттеу методтары.

1. Ғылыми зерттеудің нысанды танып – білу үшін іске асырылды әрекетттер
2. Зерттеуде әр түрлі амал – тәсілдер
3. Тіл білімінің әдістері, олардың түрлері

      Сипаттама әдіс – тіл білімі әдістері ішіндегі ең көнесі.  Структуралық
әдіс. Бұл әдіс тіл білімінде  20  ғасырдың  20-жылдарынан  бастап  қолданыла
бастады.Бірақ ол ғылыми зерттеу  әдісі  ретінде  басқа  ғылымдарда  бұрыннан
қолданылып келген, тіл біліміне солардан ауысқан  әдіс.Құрылымдық  әдіс  бұл
күнде дүние жүзіне кең тарап, тіл біліміндегі ағым  ретінде  құрылымдық  тіл
білімі немесе структуализм деп те аталып жүр.      Ал,  дискреттік  (латынша
– бөлшектік) талдауда құрылымдық элементтер әрі қарай бөлшектеуге  келмейтін
ең ұсақ элементтерге дейін жіктеледі.
       Салыстырмалы әдіс. Фактілерді бір-бірімен салыстыра тексеру –  ғылыми
зерттеу  атаулының  бәріне  де  қажетті  тәсіл.   Тарихи-салыстырмалы  әдіс.
Кейбір әдебиеттерде зерттеудің бұл түрін тарихи әдіс деп те атайды.
      Типологиялық тіл білімі – тілдердің шығу тегіндегі  өзара  қатынасының
қандай екеніне қарамастан, олардың құрылымдық және функционалдық  белгілерін
салыстыра зерттеу нәтижесінде 19 ғасырдың орта шенінде туған.
     Ареалдық тіл білімі – (лат.аrea –  кеңістік,  аудан)  –  лингвистикалық
география  әдістері  арқылы  тіл  құбылыстарының  таралу  жайын,   тіларалық
(диалектаралық) байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы,  19  ғ.  2  –
жартысы мен 20 ғ. басында пайда болған.
       Структуралық тіл білімі – тілді таңбалар жүйесі деген  қағидаға  және
тіл құрылымындағы жігі айқын элементтерге сүйене  отырып,  олардың  формалды
жағын қатаң түрде зерттейтін тіл білімінің саласы.
      Психологиялық Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа  бағыт  совет
тіл білімі тарихында « Тіл туралы жаңа ілім » немесе «  Яфет  тіл  ғылымы  »
деп аталады. Бұл бағыт 19 ғасырдың орта шенінде пайда болған.

           Бақылау сұрақтары:
1. Тілдің дамуының қандай заңдылықтары бпр?
2.Лексиканың дамуы, фонетиканың дамуы туралы не білесің?
3.Грамматиканың қалай дамыған?
         Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

       28,29 дәріс тақырыбы: Әлемдік тілдер.
1.Әр  ғасырда   даму   кажеттілігінен   туған   ұлтаралық   тілдердің   даму
қажеттілігі.
2. Волапюк, эсперанто ұғымы.
3. Жасанды тілдер немесе эсперанто тілі

           Қоғамның, ғылым мен техниканың, халықтар қатынасының дамуы  түрлі
халықаралық кеңестердің, ұйымдардың,  информацияның  молаюы  әлемдік  тілдің
болуын қай замандардағыдан да молырақ қажет етуде.
Қазіргі заманда кейбір ұлтаралық тілдердің бір мемлекет  шеңберінде  қалмай,
дүние жүзінің түрлі аймақтарына таралу  фактілері  бар.  Антикалық  Еуропада
латын тілінің бүкіл Еуропа халықтарына канондық  тіл  болғаны  сияқты,  араб
тілі де  ислам  діні  тараған  аудандар  үшін  канондық  тіл  болған,  17-18
ғасырларда жер шарының әр түрлі  аймақтарына  кең  тараған  испан,  француз,
неміс тілдері болса, 19 ғасырда мұндай дәрежеге  ағылшын  тілі,  20  ғасырда
орыс тілі  көтеріліп  отыр.  Солардың  ішіндегі  ең  елеулісі   -   волапюк,
эсперанто деп аталатындар.Мұның  алғашқысы  -  әлемдік  тіл  деген  мағынаны
білдіретін ағылшынның вола, пюк деген екі  сөзінің  бірігуінен  жасалған.Бұл
жобаны 1880 жылы  неміс  католигі  Шлейер  жасаған.Кейбір  әдебиеттерде  бұл
жасанды тілді 200 мыңдай адам қолданған дегенді  айтады.Бірақ  волапюк  өріс
ала алған жоқ.   Жасанды тілдер ішінде  көптеген  елдерде  тарап,  кең  етек
алған қазіргі түрі эсперанто  деп  аталады.  Эсперанто  19  ғасырдың  екінші
жартысынан бері қарай белгілі болып келеді.
         Бақылау сұрақтары:
1. Әлемдік тілдер туралы қандай мәліметтер бар?
2. Жасанды тілдер дегеніміз не?
        Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2.Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
3.Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж
4. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. А.,1975
30  дәріс тақырыбы: Тілдік одақ.  Қазіргі  кездегі  тілдік  одақтар.  Тілдік
одақтардың пайда болуы тарихы. Ностратикалық тілдер.

1. Тілдік одақтың пайда болу себептері
2. Тілдік одақ түрлері
3. Тілдік ұқсастық
4. Ностратикалық тілдер семьясының пайда болу жолы, зерттелу кезеңдері.

      Тілдік одақ  дегеніміз  –  шыққан  тегіндегі  жақындық  бойынша  емес,
біртұтас  географиялық  кеңістікте  бір-бірімен  ұзақ  уақыт   бойы   қарым-
қатынаста болған тілдердің  белгілі  дәрежеде  құрылымдық  және  материалдық
ұқсастығына негізделген тілдердің  тарихи  бірлігі.  Тілдік  одақ  және  тіл
семьясы деген ұғымдар бірдей емес.
     Қазіргі кезде белгілі тілдік одақтар мыналар:  Балқан  тілдік  одағы  –
оған үндіеуропа семьясындағы әр  түрлі  топтарға  кіретін  болғар,  македон,
сербехорбат, албан, жаңа грек тілдері жатады. Еділ тілдік одағы – оған  фин-
угор семьясына  кіретін  марий,  удмурт  тілдері,  түркі  семьясына  кіретін
башқұрт, татар, чуваш  тілдері  жатады.  Орталық  Азия  жеріндегі  әр  түрлі
семьяға кіретін иран, үндіарий, дравид, тибет-қытай тілдері  жатады.  Тілдік
одақтар Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка, Океания  аймақтарында  да  қалыптасқаны
туралы деректер бар.
      Тілдік одақ туралы идея Бодуэн де  Куртенэнің  еңбектерінде  берілген.
«Тілдік  одақ»  терминін  алғаш  қалыптастырған  Н.С.  Трубецкой.   Ол   тіл
семьясынан  тілдік  одақты  айырып  қарау  қажеттігін  айтқан.  Тілдік  одақ
мәселесімен  кейін  Р.О.   Якобсон,   В.Скаличка,   А.В.   Десницкая,   Б.А.
Серебренников, Г.В. Церетели т.б. ғалымдар шұғылданған.
Бақылау сұрақтары:
1.Тілдік одақ дегеніміз не?
2. Ностратикалық тілдер жайлы не білесің?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Аханов К. Грамматика теориясы негіздері. А., 1996
2. Аханов К. Тіл білімдерінің негіздері. А., 1973, 1977, 1993
3. Қордабаев Т. Тілдің структуралық элементтері. А.,1975


3 Тәжірибелік сабақтар

№1 тақырыбы:  Жалпы тіл білімінің зерттеу нысаны,мақсаты, міндеттері

Мақсаты:  Жалпы тіл білімінің анықтамасы, мақсаты мен міндеттері, жалпы  тіл
білімінің лингвистиканың басқа салаларымен қарым-қатынасы жайлы түсіндіру.
Әдістемелік нұсқаулар:     Жалпы тіл білімі –  лингвистиканың  жалпы  тілдік
теориясы. Ол  –  бүкіл   лингвистиканың  бағыт-бағдарын  белгілейтін  ғылым.
Жалпы тіл білімі   1963  жылдан  бастап  енгізілді.  Бұл  пәннің  мақсаты  –
студенттерге  теориялық  лингвистиканың  ең  негізгі,  өзекті  мәселелерімен
таныстыру.
        Тіл  білімі  салалары:  Интралингвистика   тілдің   ішкі   жүйелілік
құрылымын,  жүйе  элементтерінің  бір-бірімен   қарым-қатынасын   зерттейді.
Интралингвистиканың негізгі салалары – фонетика,  лексикология,  грамматика.
Экстралингвистика тілдің сыртқы  дүниемен,  қоғаммен  байланысын  зерттейді.
Менталингвистика   тіл   менойлаудың   қарым-қатынасын,   тілдік   мағынаның
теориясын, сөйлеу әрекетімен, жағдаймен байланысын зерттейді.
      Бақылау сұрақтары:
1. Жалпы тіл білімі қашан қалыптаса бастады?
2. Жалпы тіл білімінің ең өзекті, ең негізгі мәселелеріне не жатады?
      Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2001
2.В.И.Кодухов. Общее языкознание. М., 1974
3.Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999

№2 тақырыбы:.Қазіргі заман тіл біліміндегі салалар.

      Мақсаты:   Лингвистиканың  объектісі  мен   салалары.   Лингвистиканың
объектісі – адамдардың дыбысты тілі жайлы айту.
      Әдістемелік  нұсқаулар:Лингвистика  тілдің  құрылымын  да,  функциялық
сипаттарын  да,  даму  заңдылықтарын  да,  сыртқы  дүниемен,  қоғаммен,  ой-
санамен, мәдениетпен қарым-қатынасын да жан-жақты зерттейді. Дыбысты  тіл  –
күрделі құбылыс. Оны бір ғана тәсілмен, бір бағытта  зерттеу  арқылы  танып-
білу мүмкін емес. Лингвистикада тіл білімін жеке тіл білімі және  жалпы  тіл
білімі  деп  екіге  бөледі.  Жеке  тіл  білімі  сол  тілдің  немесе  туыстас
тілдердің  атымен  аталады:  қазақ  тіл  білімі,  өзбек  тіл  білімі  немесе
түркітану т.б.Лингвистиканың жалпы тілдерге ортақ,  универсалды  мәселелерді
зерттейтін саласы – жалпы тіл білімі деп аталады.



      Бақылау сұрақтары:
1. Лингвистиканың объектісі мен салаларына не жатады?
2. Жалпы тіл білімінің ең өзекті, ең негізгі мәселелеріне не жатады?
      Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі Алматы, 2001
2.В.И.Кодухов. Общее языкознание. М., 1974
3.Қордабаев Т.Р. Жалпы тіл білімі. А., 1975 және 1981, 1999

№3тақырыбы: Ежелгі Қытай лингвистикасы.

    Мақсаты: Қытай грамматикалық ілімінің өзіндік ерекшелігін атап көрсету.
     Әдістемелік нұсқаулар: Қытай  –  мәдениеті  ғылыми  ой  –  пікірі  ерте
дамыған, дүниежүзілік өркениетке зор үлесқосқан ежелгі  ел.  Қытайдың  жазба
ескеркіштері біздің заманнан  ХV ғасыр бұрын пайда болған.
  Ат қою теориясы мен грамматилық өнер теориясы  Ежелгі Қытайда да  болған.
Ежелгі Қытай  лингвистикасының  міндеті  –  тілдегі  әр   сөзге  жеке  таңба
тағайындау, ол таңбалардың мағыналарын, оларды  қалаай  оқу,  қалай  қолдану
жолдарын айқындау болған. Ол үшін таңбалар сөздігі жасалған. Біздің  заманға
жеткен сондай сөздіктің бірі және қытайлар үшін ең  беделдісі  –  қытайша  «
Эрья» деп аталатын сөздік.
      Бақылау сұрақтары:
1. Мұнда қалыптасқан атау теориясы мен иероглифтік грамматикасын ата?
2.  Қытай грамматикалық ілімінің өзіндік ерекшелігі қандай?
3. «Эрья сөздігінің » ерекшелігі?
      Пайдаланған әдебиеттер:
1.Амирова, Ольховиков Б. А.,  Рождественский Ю.В. Очерки по истории
лингвистики –М., 1975.
2.Березин М. История лингвистических учении. –М., 1975.
 Методы лингвистических исследовании. –М., 1973.
 3.Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. –А., 1985.

№4 тақырыбы: Ежелгі Үнді тіл білімі.
  Мақсаты: Студенттерге көне үнді  тіл  білімі  туралы  жан-жақты  мәлімтер
беру, түсіндіру, баяндау.Оны қазақ тіл білімімен байланыстыру
  Әдістемелік   нұсқаулар:   Үнділерден   бізге   жеткен   зерттеулер   жыл
санауымыздан бұрынғы  V  ғасырдан  басталады.  Үнділердің  өте  ерте  ежелгі
дәуірден сақталған аңыздардан, гимндерден, діни жырлардан құралған « Веда  »
деп аталатын кітаптары  болған.VI  ғасырларда  белгілі  болған  бұл  жинақты
үнділер қасиетті, киелі деп санаған  және  қазір  де  солай  санаушылық  бар
көрінеді.  Бұл  киелі  жырлар  тілінде  сол  уақыттағы  үнділерге   мағынасы
түсініксіз көптеген сөздер, сөйлемшелер болған. Бұлар  жөніндегі  зерттеулер
үнділердің аса атақты  лингвисі  Яски  мен  Панини  жазған  еңбектер  арқылы
біздің заманға жетті.
      Бақылау сұрақтары:
      1.  Көне үнді тіл білімі. Оны туғызған себептер.
      2. Яски мен Панини еңбектері.
      3. Панини жазған санскрит грамматикасының мәні.
      Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
      1. Амирова,  Б.А.Ольховиков,  Ю.В.Рождественский.  Очерки  по  истории
лингвистики. - М.,1975.
      2. М.Березин.История лингвистических учении.М.,1975
      3. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы,2000
      4. Қордабаев Т.Р Жалпы тіл білімі А,1975 және 1981,1999ж

№5 тақырыбы: Ежелгі Грек тіл білімі.
      Мақсаты: Лингвистика ғылымына Грек тіл білімінің әсері жайлы айту.

       Әдістемелік нұсқаулар: Ежелгі дәуір лингвистиккасының тағы бір  Отаны
Ежелгі   Греция.  Грецияда  туған  лингвистикалық  ой  –пікір  бүкіл  Европа
лингвистикасының қалыптасып дамуына күшті әсерін тигізді.
      Ғалымдардың айтуына қарағанда Греция лингвистикасы  Гомердің  «Илиада»
мен «Одиссея» жырының тілін зерттеуден басталады.
      Әдетте, Греция лингвистикасын екі кезеңге бөліп  қарастырушылық  бар.
Оның бірі-  философиялық кезең, екіншісі – филологиялық кезең  деп  аталады.
Грек ғалымдары  көтерген  тағы  бір  лингвистикалық  проблема  –  грамматика
мәселелері.
      Бақылыу сұрақтары:
      1. Грек тіл білімінің негізгі объектілерін ата?
      2. Атау теориясы, тілдің шығуы дегеніміз не?
      3. Александрия тіл мектебі, оның өкілдерін ата?
      Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мұсабекова Ф.М. Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985
2. Вандриес Ж Язык. Лингвистическое введение в историю. -М.2001
     3. Теоретическое  проблемы  языкознание. «Наука», Москва , 1970ж

№6 тақырыбы: Орта ғасыр тіл білімі.
Мақсаты: Орта ғасыр лингвистикасының маңызын көрсету.
 Әдістемелік нұсқаулар: Орта  ғасыр  –  адамзат  қоғамы  дамуының  он  шақты
ғасырын қамтитын және прогресс тұрғысынан алғанда әр  тектес  болып  келетін
күрделі де шытырманы көп дәуір.
Орта ғасырдың өзіндік біл  ерекшелігі  –  әр  түрлі  діндердің  туып.  Дүние
жүзілік діндерге айналуы. Ондай  діндер  қатарына  будда,  ислам,  христиан,
діндерін  жатқызуға  болады.Дүние  жүзілік  діндердің  тарауымен  қатар  сол
діндердің сүндет – парызын, шариғатын уағыздайтын  жазбалар  да  тарады.  Ол
жазбалар тілі деп жарияланды. Жергілікті халықтар ол тілде  жазылған  аят  –
хадистарды мағынасын, тілін  түсінбесе  де  жатқа  біліп,  құдайға  құлшылық
ететін дұға ретінде айтуға міндетті болды. Бұл  тіл  лингвистикада  канондық
тіл деп аталады.
      Бақылау сұрақтары:
      1. Әлемдік діндердің канондық тілдер қалай пайда болды?,
      2.олардың тіл біліміне тигізетін әсері қандай болды?
      3. Схоластикалық бағыттың ықпалдары. Реалистік номиналистік  бағыттар?
      Пайдаланған әдебиеттер:
    1.Амирова,  Б  А  Альхова,   ЮВ  Рождественский.  Очерки   по   истории
    лингвистики. - М 1975.
    2.М. Березин. История лингвистических учении.- М 1975
    Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі  А 2001
                                                   3.     Мұсабекова    Ф.М.
Лингвистикалық ілімдердің тарихын оқыту. А. 1985.

№7 тақырыбы: Араб тіл білімі.
      Мақсаты: Араб тіл білімінің дамуын, оның жалпы  тіл  білімінде  алатын
орнын, грамматикалық жүйесінен мағлұмат беру.
       Әдістемелік нұсқаулар: Араб тіл  білімі  халифат  дәуірінде  (VІІ-ХІІ
ғасырлар) дамыды. Арабтардың тіл туралы алғашқы  еңбектері  Ефрат  пен  Тигр
бойындағы Баср және Куф қалаларында шықты. Бұл екі қалада грамматикалық  екі
мектеп – екі бағыт пайда  болды.  Олар  өзара  бір-бірімен  түрлі  мәселелер
жөнінде айтысқа түсіп, пікір алысып  отырды.  Кейіннен  грамматикалық  ғылым
орталығы  Араб  халифатының  сол  кездегі   астанасы   Бағдатқа   көшті.Баср
мектебінің өкілі Сибавейхи «Аль-Китаб» деген үлкен еңбек жазды. Мұнда  1000-
нан астам өлең бар.
      Бақылау сұрақтары:
      1. Араб тіл білімі қай дәуірде дамыды?
      2. Араб тіл білімінің өкілдері?
      3. Махмұт Қашқари сөздігінің маңызы?
      Пайдаланған әдебиеттер:
      1.Мұсабекова  Ф.М.  Лингвистикалық  ілімдердің   тарихын   оқыту.   А.
1985
      2.Вандриес Ж Язык. Лингвистическое введение в историю Изд. УРСС,    М.
2001

№8 тақырыбы: Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл  білімі.  XVII-XVIII  ғасыр  тіл
білімі.
      Мақсаты: Бұл дәуірдегі тіл білімінің проблемаларын ашып көрсету
       Әдістемелік нұсқаулар:Қайта өркендеу дәуірі ХV- XVI ғ арасын қамтиды.
Бұл –қоғам дамуында орта  ғасырдың  аяқталып,  жаңа  тарихтың,  буржуазиялық
қоғамның басталған кезеңі. Қайта өркендеу дәуірі бүкіл қоғам өмірінің  басқа
да салалары  сияқты  лингвистика  үшін  де  жаңа,  даму  дәуірі  болды.  Бұл
дәуірдің  лингвистикалық  проблемасы:  а)   Ұлттық   тілдердің   қалыптасып,
дамуы,ә) Бұрын ежелгі дәуірдің лингвистикалық ой – пікірін көркейтіп,  қайта
дамыту болды.
       Универсалды  грамматика.  Бұл  еңбекті  француз  ғалымдары  –  логик,
философ. Профессор Антуан Арне мен грамматист, философ  Колод  Лансле  екеуі
бірігіп жазған. Бұлар өз заманында Франциядағы ғылым  мен  ағарту  істерінің
орталығы болған Пор – Рояль монастынрының ғалымдары  болғандықтан  және  сол
монастырда  шыққандықтан,  оны  «Пор  –  Рояль  грамматикасы  »  деп  те,  «
Рационалды жалпы грамматика»  деп атайды.
      Тіл білімінің міндеті – барлық тілдерді бір ған  грамматикаға  тәуелді
ету емес, тілдер арсындағы бірлік пен ұқсастықты айқындау.
      Бақылау сұрақтары:
      1. Қайта өркендеу дәуірінің ерекшелігі?
      2  Бұл дәуірдегі тіл білімінің проблемалары
      3. Универсалды грамматика еңбегі туралы не айтасын?
      Пайдаланған әдебиеттер
      1.Амирова,  Б  А  Альхова,   ЮВ  Рождественский.  Очерки  по   истории
лингвистики М 1975
      2.М. Березин. История лингвистических учении М 1975
      3.ҚалиевҒ Жалпы тіл білімі  А 2001
      4.В.И. Кодухов. Общее языкознания. М 1974.

№9 тақырыбы: XIX ғасыр тіл білімі. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі.

Мақсаты: Мұның көздейтін мақсаты тілдер туыстығына көңіл бөле алатын  тілдік
материалдарды  студенттерге  меңгерту.  Салыстырмалы   тарихи   тіл   білімі
дамуының үш кезеңіне көңіл бөліп, көздеген мақсатқа жету.
 Әдістемелік  нұсқаулар:  Тіл  білімі  дамуының  жаңа  дәуірі  тілді  дамып,
өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп  танудан,  оны  зерттеуге  салыстырмалы-
тарихи әдісті қолданудан басталады. Тіл туралы  ғылым  тарихында  үлкен  бет
бұрыс болған бұл жайт XIX ғасырдың алғашқы он жылдығында орын тебе бастады.
      1861жылы неміс ғалымы Франц Бопптың санскрит  тіліндегі  етістіктердің
жіктелу  жүйесін  грек,  латын,  парсы,  греман  тілдеріндегі  етістіктердің
жіктелу жүйесімен салыстыра зерттеген еңбегі шықты.
      Салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың екіншісі Дания  ғалымы
Расмус Раск. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің тағы  бір  көрнекті  өкілі  —
неміс  ғалымы  Якоб  Гримм,  Бұл  ғалымның  төрт   томнан   тұратын   «Неміс
грамматикасы» атты еңбегінің бірінші кітабы 1819 жылы басылады.
    Салыстырмалы әдісті тіл білімінің зерттеу  әдісіне  айналдыруда  славян
тілдерінің маманы А. X. Востоковтың да еңбегі бар.


      Бақылау  сұрақтары:
   1.Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушыларды атаңыз.
   2. Дания ғалымы Расмус Расктің қандай еңбегі бар және ол тілдер туыстығы
   туралы не дейді?
   3.Тілдер қарым-қатнасы арқылы пайда болатын ұқсастық,  бірлік  дегеніміз
      не?
     Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
      1. Амирова, Б.А.Ольховиков, Ю.В.Рождествинскии. Очерки по истории
         лингвистикии. М, 1975
      2. Н.Березин. История лингвистических учении. М, 1975
      3. Т.Қордабаев. Жалпы тіл білімі. А,1983

№10 тақырыбы: ХІХ ғасыр тіл білімінде қалыптасқан тіл білімі мектептері  мен
ағымдары.
      Мақсаты: ХІХ ғасыр лингвистикасындағы ағымдардың даму жолдары көрсету.
       Әдістемелік нұсқаулар: Натурализм жеке ағым ретінде көркем әдебиетте,
өнерде, ғылымда ХІХ ғасырдың  екінщі  жартысында  Дарвин  ілімінің  әсерінен
пайда болды.Натуралистерге қарсы күрес үстінде дүниеге келген  екінші  бағыт
– психологиялық ағым деп аталады. Тіл біліміндегі
психолизм ХІХ ғасырдың екінші жартысында  көрнекті  лингвистердің  көбі  осы
бағытты жақтады.Жас грамматикалық бағыт  70  жылдарынан  бастап  қалыптасты.
Қазан   және  Мәскеу  тіл   білімі   мектептері.   Бұл   Қазан   қаласындағы
университете ХІХ ғасырдың аяқ кезінде қалыптасты. Оған  демеу  беруші  поляк
лингвисі,  Қазан университетінің  профессоры  Иван  Алексанрович  Бодуэн  де
Куртенэ.     Мәскеу лингвистикалық мектебі. Мәскеу  лингвистикалық  мектебін
ХІХ ғ 70 -80 ж Москва университетінің ғалымдары қалыптастырды.
      Бақылаусұрақтары:
      1. Натуралистік немесе биологиялық көзқарас дегеніміз не?
      2. Жас грамматикалық бағыт дегеніміз не?
      3. Қазан  және Мәскеу тіл білімі мектептерінің маңызы?
      4. Мәскеу лингвистикалық мектебі?


      Пайдаланған әдебиеттер
            1. Амирова, Б А Альхова,  ЮВ Рождественский. Очерки  по  истории
            лингвистики М 1975
      2.  М. Березин. История лингвистических учении М 1975
     3. Почепцев ГГ Теория коммуникации . Изд. «Ваклер», М 2001
            4. Звегинцев В.А. История язкознания ХІХ –  ХХ  в  в  очерках  и
                 извлечениях. Ч І,ІІ Учпедгиз, «Просвещение», М 1960,1965.


 №11 тақырыбы: XX ғасыр тіл білімі
 Мақсаты: XX ғасыр тіл білімі туралы толық мәліметтер беру.
 Әдістемелік нұсқаулар: Сөздер мен заттар. Бұл - тіл  білімі  тарихында  жас
грамматикалық бағыттан біржола және үзілді-кесілді бас тарту  ұранын  тұңғыш
көтерген мектеп. Бұл мектептің ең көрнекті өкілі – роман тілдері  мен  жалпы
тіл білімінің маманы Австрия тіл ғалымы Гуго Шухардт (1842-1927).
      20 ғасырдың бас кезінде Батыс Еуропада жас грамматизм бағытына қарсы
бағытта пайда болған лингвистикалық мектептің тағы бір түрі – эстетизм
немесе эстетикалық лингвистика.Оның қалыптастырушысы – неміс ғалымы, роман
тілінің маманы, әрі әдебиетші, Мюнхен университетінің профессоры Карл
Фосслер (1872-1949).
      Неолингвизм де жас граматизм бағытына қарсы 20 ғасырдың бас кезінде
қалыптасқан лингвистикалық мектеп. Бұл мектеп Италияда қалыптасты. Оның
негізін салушылар Маттео Джулио Бартоли (1873-1946),  Джулиано Бонфанте
(1904 ж.), В.Пизани (1899 ж) т.б.
    Социологиялық мектеп. Бұл мектеп  тілдің  қоғамдық  сипатын,  әлеуметтік
мәні барлығын мойындаудан туған.
   Бақылау сұрақтары:
1.Сөздер мен заттар мектебінің ұстанымы қандай?
2. Эстетикалық лингвистиканың қалыптастырушысы кімдер?
3.Ностратикалық тілдердің генетикалық туыстығы неден байқалады?
4.   Социологиялық мектеп қалай пайда болды?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.  Амирова,  Б  А  Альхова,    ЮВ   Рождественский.   Очерки   по   истории
лингвистики М 1975
2.  М. Березин. История лингвистических учении М 1975
3. Звегинцев В.А. История язкознания ХІХ – ХХ в в очерках и
извлечениях. Ч І,ІІ Учпедгиз, «Просвещение», М 1960,1965.

№12 тақырыбы: Кеңестік тіл білімі.
Мақсаты: Студенттерге кеңес  тіл  білімі  туралы  жан-жақты  мәлімтер  беру,
түсіндіру, баяндау.Оны қазіргі қазақ тіл білімімен байланыстыру;
 Әдістемелік нұсқаулар:  Кеңес  лингвистері  алдында  маркстік-лениндік  тіл
білімін дамыту міндеті тұрды.Кеңес тіл білімі  дүние  жүзілік  лингвистикада
бірінші  болып  ұлт тілі  , ұлт тілдерінің  болашағы , олардың  өзара  қарым
–қатынасы  , бір –біріне тигізетін  әсері  тәріздес   күрделі  проблемаларды
зерттеуде де  елеулі табыстарға жетті.
      Жиырмасыншы, отызыншы жылдары совет тіл  білімінде  бір-бірінің  ісіне
сын    көзімен    қарайтын    бірнеше    лингвистикалық     бағыт     болды.
Компаративтік тіл білімін ығыстырған, жаңа бағыт кеңес тіл білімі  тарихында
« Тіл туралы жаңа ілім »  немесе  «  Яфет  тіл  ғылымы  »  деп  аталады.  Ол
маркстік-лениндік  идеяны  басшылыққа   алған   тіл   білімін   қалыптастыру
мақсатындағы ізденістер барысында дүниеге келді.
      Бақылау сұрақтары:
      1.Кеңес үкіметі орнағаннан кейін тіл білімі қалай дамыды?
      2.Кеңес тіл білімінің дамуына кімдер үлес қосты?
      3.Совет тіл білімінің ерекшелігі неде?
      4.Кеңес тіл білімінің дамуы жайында жазылған қандай еңбектер бар?
      Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
      1.  Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский.  «Очерки  по   истории
лингвистики» М.,1975
      2. М.Березин.,Б.Н.Головин. «Общее языкознание» М.,1979
      3. Қалиев Б. «Жалпы тіл білімі» Алматы 2000ж

№13 тақырыбы: Тіл білімінің басқа ғылым салаларымен байланысы.
Мақсаты: Тіл білімі ғылым тобын басқа ғылымдардан ажырату.
 Әдістемелік нұсқаулар: Тіл білімінің даму тарихында тіл білімін  қай  ғылым
тобына қосамыз деген сұрауға әр түрлі жауаптар беріліп келді.
       Тіл білімі және философия. Қазіргі кездегі  тіл  білімі  философияның
тіл философиясы дейтін тарауымен байланысады.
       Тіл білімі және логика. Тіл білімі мен  логиканың  түйісетін  жері  –
тіл мен ойлаудың арақатысы мәселесі.     Тіл білімі және психология.     Тіл
білімі және физиология, физика, медицина.  Сөйлеу  әрекеті  –  физиологиялық
күрделі үдеріс.Оған мидың да, сөйлеу органдарының  да,  нерві  жүйесінің  де
қатысы бар. Тіл білімі және әдебиеттану ғылымы. Әдебиет пен тіл  –  айрылмас
бірліктегі құбытлыстар.  Тіл  білімі  және  тарих,  этнография,  археология.
Тілдің тарихи дамуын зерттеу сол тілді туғызған, оны қатынас құралы  ретінде
қолданған халықтың тарихымен тығыз байланысты.
          Бақылау сұрақтары:
1. Тіл білімінің философиямен бірлігі неден көрінеді?
2. Тіл мен ойлаудың  қатынасы неден көрінеді?
3. Психологияның тіл білімімімен ұштасуы қалай?
       Ұсынылатын   әдебиеттер:
1. М.Березин.,Б.Н.Головин. «Общее языкознание» М.,1979
2. Қалиев Б. «Жалпы тіл білімі» Алматы 2000ж
3. В.И.Кодухов «Общее языкознание» М.,1974

№14 тақырыбы: Тіл теориясы.
Мақсаты: Тіл теориясы жайлы жан-жақты мағлұмат беру.
 Әдістемелік нұсқаулар:   Тіл теориясы – тілді я тілдерді зерттеуден  туатын
ғылыми  тұжырым.     Дыбыс  тілінің  пайда  болуы.  Дыбыс  тілінің   шығуына
байланысты олар айтқан дыбысқа еліктеу, одағай  сөз,  келісім  теорияларының
қай  –  қайсысы  да  ғылыми  тұрғыдан   алғанда   сын   көтермейтіндіктеріне
қарамастан, барлығы да тіл – адамға  құдайдың  берген  сыйлығы  дейтін  діни
көзқарасқа қарама – қарсы тілді адам баласының өз  табысы,  өз  жемісі  етіп
көрсетті. Адам қоғамы тарихының осы қиын да күрделі проблемасына  байланысты
айтылған бірден – бір ғылыми дұрыс болжамды Ф.Энгельстің  «Маймылдың  адамға
айналуы   процесіндегі   еңбектің   рөлі»,   «Табиғат   диалектикасы»   атты
зерттеулерінен табуға болады.
       Бақылау сұрақтары:
1.Тілдің қызметіне не жатады?
2. Тілдің қатынас құралы болу қызметі қалай деп аталады?
3. Тілдің табиғаты дегенге  оның  қандай  құбылыстар  қатарына  –  қоғамдық,
табиғи, психофизикалық екені жатады.
        Ұсынылатын   әдебиеттер:
1.Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский.     Очерки     по      истории
лингвистики.М.,1975
2. М.Березин.,Б.Н.Головин. Общее языкознание., М.,1979
4. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы., 2000ж.
5. В.И.Кодухов.Общее языкознания. М.,1974

№15 тақырыбы: Тіл және қоғам.
Мақсаты: Тіл білімі ғылым тобын басқа ғылымдардан ажырату.
 Әдістемелік нұсқаулар: Қоғамдық құбылыстардың  барлығы  да  қоғамға  қызмет
етеді, қоғамдық қажеттікті өтейді.Қоғамдық қызметтерінің сипатына  қарай  әр
қоғамдық құбылыстың өзіне ғана тән өзгешелігі болады.Сондай өзгешелік  тілде
де бар.
      Басқа қоғамдық құбылыстар қоғамға  қызмет  еткенде,  тек  белгілі  бір
салада, бір  бағытта  ғана  қызмет  етеді.Мысалы,  базис  қоғамға  экономика
тұрғысынан, қондырма қоғамға саяси, заңдық, эстетикалық және  басқа  идеялар
арқылы қызмет  етеді,  ал,  тіл  адамдардың  қатынас  құралы  ретінде  қоғам
өмірінің барлық саласымен де, қоғам мүшелерінің  барлық  ісімен  де  тікелей
байланысты.Ол қоғамдық тіршіліктің барлық саласында бірлесіп  жұмыс  істеуге
мүмкіндік беретін құрал ретінде қызмет  етеді.Бұл  –  тілдің  өзіндік  мәні,
басқа қоғамдық құбылыстардан  елеулі  өзгешелігі.  Тілдің  қоғамдық  құбылыс
ретіндегі тағы бір белгісі  –  қоғамдық  сананы  білдіретіндігі.Тіл  қоғамға
қызмет ететін  болғандықтан,  қоғам  өмірінде  болған  өзгеріс-  құбылыстар,
белгілі мөлшерде тілде де әсерін тигізеді, онда өзінің ізін қалдырады.
    Бақылау сұрақтары:
1.Тілдің қызметіне не жатады?
2. Тілдің қатынас құралы болу қызметі қалай деп аталады?
3. Тілдің табиғаты дегенге  оның  қандай  құбылыстар  қатарына  –  қоғамдық,
табиғи, психофизикалық екені жатады.
        Ұсынылатын   әдебиеттер:
1.Амирова,Б.А.Ольховиков.,Ю.В.Рождественский.     Очерки     по      истории
лингвистики.М.,1975
2. М.Березин.,Б.Н.Головин. Общее языкознание., М.,1979
4. Қалиев Б. Жалпы тіл білімі. Алматы., 2000ж.
5. В.И.Кодухов.Общее языкознания. М.,1974

5. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ

|БӨЖ                                    |Тексеру формасы                    |
|1. Жалпы тіл білімінің лингвистиканың  |Жаттығу жұмыстары                  |
|басқа салаларымен қарым-қатынасы.      |                                   |
|2. Көне заман лингвистикасына тән ортақ|Конспект                           |
|сипаттар мен кемшіліктер.              |                                   |
|3.Панини жазған санскрит               |Реферат                            |
|грамматикасының мәні.                  |                                   |
|4. Грек тіл  білімі.                   |Реферат                            |
|5. ХІ ғ. еңбек «Диуани лұғат-ат-түрік» |Конспект                           |
|-арабша сөздігінің маңызы.             |                                   |
|6. Араб тілінің дамуына үлес қосқан    |Реферат                            |
|ғалымдар еңбектерінің маңызы.          |                                   |
|7. Қайта өркендеу дәуірінің            |Конспект                           |
|лингвистикалық проблемасы.             |                                   |
|8. XIX ғ.ғалымдардың еңбектеріне шолу. |Реферат                            |
|9. Типологиялық зерттеу.               |Жаттығу жұмыстары, конспект        |
|10.Москва және Қазан лингвистикалық    |Реферат                            |
|мектебі                                |                                   |
|11.Эстетизм немесе эстетикалық         |Реферат                            |
|лингвистика.Неолингвизм.               |                                   |
|12. Тіл білімінің басқа ғылым          |Реферат                            |
|салаларымен байланысы.                 |                                   |
|13. Тіл және сөйлеу.                   |Конспект                           |
|14. Тілдің ой-санамен                  |Конспект                           |
|қарым-қатысы.Тілдік мағына.            |                                   |
|15. Тілдің таңбалық сипаты.            |Конспект                           |
|16. Тілдің жүйелік, құрылымдық сипаты. |Конспект                           |
|17. Тілдің даму заңдылығы.             |Слайд                              |
|18. Тілдің әр саласының даму           |Реферат                            |
|ерекшеліктері.                         |                                   |
|19. Тіл білімінің зерттеу методтары.   |Конспект                           |
|20. Тілдік  одақ.                      |Конспект                           |

Білім алушылардың оқытушы жетекшілігімен орындайтын өзіндік жұмыстары

|1.   |Жалпы тіл білімінің пәндік ерекшеліктері.                            |
|2.   |Ежелгі дәуір лингвистикасы.                                          |
|3.   |Үндістан тіл білімі туралы пікірлер.                                 |
|4.   |Рим тіл білімі.                                                      |
|5.   |Әл-Фараби тіл білімнің бірқатар теориялық және практикалық мәселелері|
|     |бойынша да маңызды зерттеулері.                                      |
|6.   |Араб грамматикасы                                                    |
|7.   |Универсал грамматика.                                                |
|8.   |Салыстырмалы –тарихи тіл білімінің бастауы                           |
|9.   |Тіл философиясы.                                                     |
|10.  |Жас грамматикалық бағыт.                                             |
|11.  |Социологиялық мектеп. Структуралық мектеп.                           |
|12.  |Кеңестік жаңа тіл білімін қалыптастырудағы  академик Н.Я.Мардың      |
|     |рөлі.                                                                |
|13.  |Билингвизм.                                                          |
|14.  |Әлемдік тілдер.                                                      |
|15   |Тілдің диалектілік, әлеуметтік жіктері. Сөйлеу тілі мен кітаби тіл.  |
|     |Әдеби тіл.                                                           |




Пәндер