Файл қосу

Алғы сөз



Қазақстан Республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi



Шәкәрiм атындағы Семей Мемлекеттiк университетi | |
|ПОӘК                               |№2 баспа    |                       |
|«Хорды дирижерлау 5» пәнінен  оқу  |            |ПОӘК                   |
|әдістемелік  материалдар           |            |042-14.4.01.20.14/01-20|
|                                   |            |13                     |









                         «Хорды дирижерлау» пәнінен

                           ОҚУ -ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


                          5В010600 Музыкалық білім


                                мамандығы үшiн




                        оқу әдістемелік  материалдар


















                                    Семей
                                    2013

    Алғы сөз


1   Құрастырған  Айтжанова  Ж.Н.,   Шәкәрiм   атындағы   Семей   Мемлекеттiк
университетiнiң «Музыкалық білім» кафедрасының аға оқытушысы
                                                  «____» _______2013 ж.

2  Талқыланды
2.1 Шәкәрiм атындағы Семей  Мемлекеттiк  университетiнiң  «Музыкалық  білім»
кафедрасында

Хаттама     «____» __________ 2013 жыл, № __.

Кафедра жетекшiсi ___________ Б.К.Бодауова

2.2 Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінде

Хаттама «____» __________ 2013 жыл,  № __.

Төрағасы ______________ Т.Ш.Ахметова

3  Бекiтiлдi

Университеттiң оқу-әдiстемелiк кеңесiнiң  мәжiлiсiнде мақұлданды

Хаттама  «____» __________ 2013 жыл, № __.


ОӘК төрағасы _____________



















Мазмұны



1. Глоссарий

2. Практикалық сабақтар

3. Студенттердің өздік жұмысы

4.  Пәнінен оқу - әдістемелік  картасы





































      1. Глоссарий

Альт – төменгі әйелдер дауысының сипаттамасы және хордағы партияны айтамыз.
Аралас хор – көп дауысты ерлер мен әйелдер партияларынан тұратын хор  ұжымын
айтамыз.
Артикуляция   –   сөйлеу   дыбыстарын   шығарудағы,   жасаудағы   дыбыстаушы
мүшелерінің  қызметін  атқаратын  вокалды   -   хор   техникасының   маңызды
құраушысы.
Ансамбль – тұтас  орындаушылықтың  өзара  байланысқан  түрін  және  стройдың
тұрақтылығын қамтамасыз ету, интонациялаудың дәлдігі, дыбыс бояуы мен  дыбыс
күші жағынан үйлесімділік.
Бірыңғай хорлар – бірыңғай дауыстан тұратын хорларды айтамыз. Олар  бірыңғай
ерлер және әйелдер хоры.
Бас – төменгі ерлер дауысының сипаттамасы және хордағы партияны айтамыз.
Вариация –бір әуенді қайталаған сайын бірнеше түрге салып құбылту,
өрнектеп, әсірлеу

Гармония – (гректің harmonia – байланыс, үйлесу, сай  келу)  көп  дауыстылық
құрылым, музыкалық дыбыстардың бүтін тік құрылымды жинағы.
Дыбыс қатары (строй) – хордағы дыбысталудың сапасы, яғни ходың  құлақ  күйін
келтіру, интонациялық жағынан таза, нақты айтуды айтымыз.
Дикция – вокалдық хор дикциясы әрбір даусты және  дауыссыз  дыбыстарды  анық
айтып, сөз  бен  сөйлемдерге  дауыс  екпінін  дұрыс  қоя  білуді  музыкадағы
мәнерліліктің көркемдік құралдарын пайдалана отырып, оның мазмұның,  идеясын
тыңдаушыға жеткізе білуді, сезімге әсер ету дағдысын айтамыз.
Динамика – көркем шығарманың өзіндік сипаты, құрылысы, көркемдік  техникалық
өзгешелігі, дыбыс күшінің құбылу жолдарының сипаттамасын айтамыз.
Дыбыс күші– біздің есту сезімдеріміздің дыбыстың  қатты  немесе  жай  шығуын
қабылдауы. Дыбыстың күші дыбыс тербелісінің шегіне  –  амплитудасына  немесе
тербелу қимылының  серпілісіне  байланысты.  Серпіліс  көлемі  неғұрлым  кең
болса, дыбыс соғұрлым күшті болып келеді, серпіліс тарылған  сайын  –  дыбыс
жай шығады.
Дыбыс тембрі – дыбыстық бояу.
Жанр - өнер шығармаларының тарихи қалыптасқан түрлері.  Ьелгілі  бір  тарихи
жағдайдын әсерімен пайда болып,  мазмұны  мен  тұр  жағынан  үздіксіз  дамып
отырған  жанрдың өзіне тән кейбір түрақты белгілерін сақтап келуі.
Затакт –музыкалық шығарманың үлес саны толық емес тактіден басталуы


Интонациялық тазалық – әуеннің немесе музыкалық шығарманың әр дыбысы
биіктігі жағынан таза, нақты және көркем орындалуын қарастырады.
Каденция – музыкалық шығарманы аяқтауға арналған әуендік немесе гармонялық
құрыдым.

Кода –музыкалық шығарманың қорытынды бөлім

Контральто - тембрі төмен мәнді және анық шығатын әйел
дауысы
Кульминация– (латынша culmen - шың) әуен дамуының ең жоғарғы сатысы  –  оның
шиеленісу шыңы.
Кантата-  жеке дауыс, хор және оркестрге арналған  бірнеше  бөлімді  күрделі
музыкалық шығарма.

Кантилена - өте сазды әуен

Музыкалық екпін – латын  тілінен  аударғанда  “темп”  уақыт  деген  мағынаны
білдіреді.
Модуляция – бір тональдіктен екінші тональдікке ауысу.
Музыкалық акустика - музыкалық дыбыстар мен  үндестіктердің  табиғатын  және
музыкалық жүйелер мен құрылымдарды зерттейді.
Опера – (итальян тілінде «еңбек,  шығарма»  деген  сөз)  –  үлкен  музыкалы-
драмалық  шығарма, Ол сөзге, сахналық қозғалысқа  және  музыкаға  негізделіп
жазылады. Операда әнмен қоса би өнері де қойылады.

Оратория  - хор шығармаларының ең ірі құрылымды хор шығармасы

Партитура – шығарманың толық ноталық үлгісін айтамыз.
Регистр –дауыс пен аспап дыбыс ауқымның белгілі көлемі

Резонатор – дыбыстарды  қалыптастырып,  оның  сыртқа  шығуына  ықпал  ететін
мүшелер жиынын айтамыз.
Сопрано  –  жоғары  әйелдер  дауысының  сипаттамасы  және  хордағы  партияны
айтамыз.
Симфониялық поэма – терең мағыналы әдеби бағдарлама негізінде  жазылған  бір
бөлімді симфониялық шығарма

Сюита – (француз тілінде  «қатар»,  «жүйелілік»деген  сөз)-бірнеше  бөлімнен
тұратын  шығарма,  мұндағы  әр  бөлімнің  мазмұны  бір  біріне  қарама-қайшы
келеді.

Тенор – жоғары ерлер дауысының сипаттамасы және хордағы партияны айтамыз.
Тональдік  –  берілген  шығармадағы  негізгі  тон,   немесе   ладтың   дыбыс
биіктігінің сипаттамасы.
Тесситура  –  дауыс  диапазонына  қатысты  әуен  дыбыстарының  биіктік  ара-
қатынасы.
Транспозиция - әуен-сазды орындаушы ыңғайна қарай бір тональдықтан басқа
тональдыққа ауыстыру

Хор – шығармаларды көркем тілмен  бірнеше  дауыстың  үндескен  әуені  арқылы
идеялық мазмұнын  бұзбай,  нақтылы  түрде  тыңдаушыға  жеткізетін  және  хор
айтудың  техникалық  орындау  шеберлігін  игерген,  әсемдеу  жағынан   толық
мағлұматы бар ұжым

Хор –көп дауысты вокалды музыка. Оны орындаушылардың үлкен  тобы  орындайды.
Хор - XVII ғасырда пайда  болған  опера  жанрынын  негізгі  компоненттерінің
бірі.

Хор партиялары – хорды құраушы дауыстар: сопранолар  (1;2);  альттер  (1;2);
тенорлар (1;2); бастар (1;2) және кей хорларда сирек кездесетін октавистер.
Унисон- бірнеше дыбыстың бір уақытта, бірдей дыбыс қатарында айтылуы

Унисондық дыбысталу  –  дауыстардың  мінсіз  біртұтастылыған  көздейді,  хор
партиялары өзара біріккен кезде дыбыс күші, бояуы, интонация және сан  алуан
штрихтарды қолдану жағынан біркелкі орындауды қарастырады.
Фактура  –  музыкалық  немесе  хор  шығармаларының  құрылысы  мен   сипатына
байланысты  бөлінуі   және   көркемдік   бейнелілігі   жағынан,   техникалық
ерекшелігі жағынан өзгешелігін айтамыз.
Фугато  –   (итал.–«fugato»   фугобейнелік)   полифониялық   эпизод   немесе
экспозициялық фуго түріндегі шығарма.  Фугато  хорға  арналған  шығармаларда
жиі  кездеседі.  форма  полифонической  музыки  с  таким  же,  как  в  фуге,
экспонированием и развитием темы, но без устойчивого завершения.  В  отличие
от фуги не бывает самостоятельным произведением. Обычно используется  внутри
др. форм — во вступительных построениях, при изложении темы, особенно  часто
— в разработке сонатной формы.

Фраза –музыкалық тақырыптың аяқталған мағынасы бар бөлшегі

Фермата –дыбысты еркін созу белгісі

Фугетта  –  кішірек  фуга,бірінші   бөлімдегі   тақырыпты   өткізумен   және
екінші,үшінші бөлімдегі  қысқартаған  тақырыптармен.  Егер  шығарма  фугадан
бастап, гомофонияға кең  тараса  мұндай  қабылдау  фугировалық  құрылым  деп
аталады.














Тәжірибелік сабақтарды жүргізуде әдістемелік нұсқау

2.2 Жекеше  сабақтың жоспары:
1 – 2  семестр
Жеке сабақ № 1,16.
Хорды дирижерлау пәніне кіріспе.
   1. Кіріспе бөлім.
   2. Дирижерлау пәнінің мақсаты мен міндеттері.


   Әдістемелік нұсқау:
      Дирижерлік  өнер  –  өзіне  тән  кәсіптік   көркемдеуші   құралдарымен
(дирижерлік жест, музыка мазмұнына  сай  мимикалық  қозғалыстар  жасау  және
түсіндірмелі сөздер арқылы), орындаушы ұжыммен бірге  шығармашылық  жұмыстың
пайда  болуын  қамтуымен  және  образды  суреттеуді   көркемдікпен   жеткізу
жағдаятын тудыруымен ерекшеленеді. Бұл нәрселер үнемі жүйелі  түрде  дирижер
мен хор ұжымы арасындағы үзіліссіз байланыста дамып жетіледі.
      Дирижер үш процестің (музыкалық шығарманың композиторы,  орындаушылар,
тыңдаушы – көрермен)  арасындағы  шығармашылық  байланыстың  ашылуына  ықпал
ететін және оны игеретін басты тұлға. Композитордың шығармасын  өне  бойынан
өткізе отырып, ол шығарманың идеялық – көркемдік мазмұнын  орындаушы  ұжымға
жеткізіп, орындаушылардан композитордың айтайын деген ойын  жеткізуін  талап
етеді.
      Дирижер өнерін режиссер өнерімен теңестіруге болады. Өйткені,  дирижер
да  музыкалық   шығарманың   қоюшы   режиссері   болып   табылады.Дирижердің
(орындайтын шығарманы хорға үйретпес бұрын өзі танып біліп) композитор  ойын
іштей сезінуі сол туралы өз ой   -  толғауының  пайда  болуына  әсер  етеді.
Композитор музыканы жазу кезінде не ойлады, нені  сезді?  –деген  сұрақтарға
жауап  бере   отырып,   шығарманы   рухани   қабылдауы   керек.   Сондықтан,
дирижерлауға үйрену, музыканы іштей ести білу қабілетін жетілдірумен  бірге,
соған өз ойын ұштастыра білуді көздейді. Дирижердің  тікелей  негізгі  жұмыс
істейтін тірі аспабы – оның алдындағы  орындаушылар  ұжымы  болып  табылады.
Сондықтан , оған ерекше талап қойылған.
      Дирижерлік шығармашылық өз  ішінде  маңызды  әрі  қажетті  іс-әрекетті
біріктіреді.  Біріншіден,  дирижер  музыкалық  шығарманың,  оның   көркемдік
жүйесін, формасын, стилистикалық ерекшеліктерін қабылдап, ұғынуы  қажет.  Ал
әуенді қабылдау – барынша күрделі үрдіс. Оған арқау, негіз болатын  нәрселер
– шындықтың көркемдік бейнесін сезіне және толғана білу. Екіншіден,  дирижер
барлық ұжымды шығармашылық қалыпқа жеткізіп,  оны  қызықтырып,  жандандырып,
берілген  шығарманы  өзіндік  сезінуіне,   қабылдауына   сәйкес   орындатуға
міндетті. Үшіншіден, дирижер өзінің орындаушылық мақсаттарын анық әрі  нақты
анықталуы қажет. Содан кейін концерттік орындаушылықты жүзеге асыру.
      Бұл мақсаттарды орындау үшін, дирижерге  музыкалық,  интерпретаторлық,
музыкалық шығарманы  қоюшы  сияқты  сапалармен  қатар  спецификалық  әсіресе
дирижерлық  мамандықтың  сапаларын  игеруі   қажет,   және   орындаушылармен
шығармашылық контакт орнату, хор орындаушыларына талап қойып, оны  орындату,
репитиция  жоспарлап  құрып,  орындаушылардың  сеніміне  кіре  алуы   керек.
Міндетті түрде педагогикалық қабілеті болу керек, себебі хор жеттекшісі  тек
қана музыкант қана емес,  ол  сонымен  қатар  педагог  –  тәрбиелеуші  болып
табылады.
      Осы  айтылғандардың  барлығын  іс  жүзінде  іске  асыру  үшін  дирижер
шығармашылық   жұмысының  мына  кезеңдерден  өтуі  тиіс:  шығарманы  талдап,
танысу жұмыстары (орындаушылық  ойдың  қалыптасу  кезеңі),  хорға  шығарманы
үйрету,  дайындық  жұмыс(ойдың  шындалуы),   концерттік   орындаушылық(ойдың
жүзеге  асыуы).  Осы  аталған  кезеңдердің  әрбіреуі   бір-бірінен   өзіндік
әдістемесімен,  спецификалық  құралдары  және   тәсілдерімен,   техникасымен
ерекшеленіледі. Дайындық кезеңіне дейін, дирижер шығармамен  танысу,  талдау
жұмысын үш кезеңге бөліп, қарастыруға болады:
      1.Берілген  әуен  жайлы  негізгі  көркемдік  бейнелері  жайында  жалпы
түсініктерді қалыптастыру.
      2.Берілген шығарманың түп негізіне біртіндеп тереңірек бойлау.
        3.Жасалған   жұмыстың   қорытындысы   ретінде   орындаушылық   ойдың
қалыптасуы, шығармаға жекеше талдау оны іске асыру жоспары.
      Сонымен  шығармаға  жүргізілетін  барлық  жұмыстар   онымен   толықтай
танысудан басталады. Орындаушының алғаш ойнауынан  немесе  тындауынан  туған
түрлі әсерлер әуез айқындығының дәрежесін сезінуге толық  мүмкіндік  береді.
Ал шығарманың тек партитурасымен танысу оның  толығымен  естілу  әсемділігін
көрсете алмайды, өйткені ол тек қана бір тембрлік  бояудағы,  оның  ырғақтық
және  хор  фартитурасындағы  жеке  элементтерінің  дыбысаралық  қатынастарын
анықтайды.
Автордың ойластырғанына едәуір жақын келетін музыкалық бейнені  қалыптастыру
дирижердің  шығармашылық қиялына  музыкалық  ести  білу  қабілетіне  тікелей
байланысты. Бірақ ондай қабілетті дамыту оңайға түспейді.  Көп  жағдайда  ол
хор  ұжымының  көп   уақыт   бойы   жасалатын   дайындық   және   концерттік
шығармашылығы нәтижесінде қалыптасып  дамиды.  Шығарманың  алғашқы  көрінісі
неғұрлым жарқын және толығырақ болса, жүргізілетін келесі жұмыстар  соғұрлым
нәтижелі және табысты болып, болашақтағы орындаушылық жобасының түп  негізін
көру жеңілге  түседі.  Алайда  орындаушы   әуеннен  алғаш  алған  әсері  мен
интуитивтік  сезіммен шектелмеуі қажет.
      Шығарманың келесі бір кезеңі дирижердің терең  ойластырған  талдауымен
байланысты. Ол орындаушының әуен  және  мәтіндік  бейнелеу  мазмұны  жөнінде
түсініктерін   тереңдетіп,   объективтік   және   де    жеке    орындаушылық
трактовкасының қалыптасуына толық жағдай жасайды.
       Концерттік  орындаушылық  дирижерден  орындаушылық  техниканы   қажет
етеді.
      Орындаушылық  талдаудың  келесі  кезеңі  –  ноталық  жазудың  барлығын
музыкалық дыбысталуда шыңдау. Ол  үшін  қажетті  әдіс-тәсідерді  іздестіріп,
таңдай білу қажет. Осы орайда музыкалық  шығарманың  мазмұнын  көрермендерге
жеткізу үшін орындаушының өзі қандай әдістерді қолдануы қажет?  Деген  сұрақ
туындайды. Музыка шығарманың мазмұнын  биіктік,  ұзақтық,  дыбыс  күші  және
тембр сияқты қасиеттерін иемденген дыбыс арқылы береді.  Ал  дыбысты  өзінің
қалауы  бойынша  бағындыратын  –музыкант-орындаушы.   Ол   берілген   әуенді
көтеріңкі дауыспен  немесе  бір  қалыпты  орындауы  мүмкін.  Мұнынң  барлығы
орындаушының музыкалық тәжірибесі арқылы көптен белгіленген тәсілдер  арқылы
жүзеге асырылады.
      Бірақ дирижер мынаны ұмытпауы керек:  хорға  талап  қоймас  үшін,   ол
өзіне үлкен талап қоя білуі қажет.
      Орындалудың сәттілігі тек дирижерға ғана  байланысты  емес,  сондай-ақ
хордың техникалық мүмкіндігіне, шеберлігіне де қатысты. Сондықтан да  хордың
типін, түрін, құрылысын, дауыстардың фактурасын,  тесситурасын,  диапазонын,
ансамблін музыкалық ести білу қабілетіне  тікелей  байланысты.  Бірақ  ондай
қабілетті дамыту оңайға түспейді. Көп жағдайда ол  хор  ұжымының  көп  уақыт
бойы  жасалатын   дайындық   және   концерттік   шығармашылығы   нәтижесінде
қалыптасып дамиды.
      Хордағы   орындаушылық   спецификасының   қиыншылықтарын    (вокалдық,
ырғақтық,  интонациялық  динамикалық,  тесситуралық,  дикциялық)  анықтаумен
қатар  вокалды-хор  дыбысталудың  ерекшеліктерімен  байланысты  жүргізілетін
жұмыстар дирижерлік партитура талдауының соңғы кезеңі  болып  табылады.  Бұл
хор мен берілген шығарманы жаттаудағы негізгі міндеттерді  анықтау,  қиынлық
келтіретін бөліктерін белгілеу, тиімді құралдарды таңдау,  дайындық  уақытын
белгілеу.
      Шығарманы хормен жаттамас бұрын  дирижер  алдымен  партитураны  жан  –
жақты меңгеруі қажет.  Ол  үшін  үлкен  дайындық  жұмысын  жүргізіледі.  Бұл
жұмыстың түрлері мынадай:
      Шығарманы  ойнап  көріп,  оның  музыкалық  және  поэтикалық  мәтінімен
танысу.
        Тарихи   эстетикалық   талдау   жасау   (автордың   шығармашылығымен
таныстыратын арнаулы әдебиеттерді оқу, хордың мазмұнын, идеясын анықтау).
      Партитураны вокалдық және аспаптық жолмен меңгеру.
       Теориялық  талдау  (партитураның  гармониясы  мен  көп  дауысты   хор
фактурасының даму ерекшеліктері).
      Шығарманы дирижерлау  техникасын  меңгеру  (өлшемін,  жылдамдығын,  ұн
кідірістері, цезураларды мәнерлік белгілерін  көрсету,  хорды  бір  мезгілде
бастап, бірдей аяқтауды қамтамасыз ету).
      Шығарманы  хорға  үйретудің  жоспарын  жасау,   дайындық   жұмыстардың
түрлерін белгілеу.
      Шығарманы бірнеше рет ойнап көріп, жалпылама танысқан соң, оның әдетте
музыкалық мәтіндерін  жақсылап  жаттап,  олардың  структуалық,  интонациялық
ерекшеліктерімен   мүмкіндіктерін   пайымдап,   идеясы   мен    шеберлігінің
шыңдалуына  вокадық  жаттығулардың  тигізетін   пайдасы   өте   зор.   Әрбір
жаттығудың өзіндік ерекшелігі мен мақсаты болады.
      Жаттығу кезінде музыкалық дыбыстың бірқалыпты шығуына, тыныстың  дұрыс
алынуына  және  жуан  дауысты  дыбыстардың  еркін   созылып,   ал   дауыссыз
дыбыстардың анық, қысқа айтылып, орындалуына үнемі мән  беріп  отырған  жөн.
Әрбір буындағы дыбыстың дұрыс айтылуын қадағалау керек. Дикцияны  жаттықтыру
үшінәр түрлі буындарды ақырын және жылдам айтқызу өте пайдалы.
      Хор басқарушы, яғни дирижер бұларды ең алдымен, қысқа, жеңіл, әрі  жай
айтылатын жаттығулардан бастағаны дұрыс. Себебі, баяу,  созып  айту  әншінің
өзін бос ұстап,  дауыстың  еркін  шығуына  мүмкіндік  жасайды.  Жаттығуларды
бірте – бірте күрделендіріп, әншілердің дауыс аппаратын бір  жүйеге  келтіру
жағын да үнемі қадағалап отыру қажет.
      Әнді орындау кезінде ойды үзбей, өлең сөздерін анық  айту  оңай  емес.
Кейде  әншілер  вокалдық  желіні,  әуенді  нақышына  келтіре  отырып,  бірақ
көмескі айтады. Бұл дұрыс емес,  тек  сөзді  анық  естігенде  ғана  тыңдаушы
шығарма мазмұнын толық түсіне алатынын ұмытпау керек.
       Дегенмен  ән  айту  –  сөйлеу  емес,  сондықтан  тіліміздегі   сөйлеу
орфоэпиясын ән салуда түгелдей дерлік пайдалануға болмайды. Демек,  үндестік
заңының ережелерін ән салуда өте ұқыптылықпен икемді түрде пайдаланған  жөн.
Бұл ретте жұмыс  барысында  басшылыққа  алатын  басты  принцип  –  сөздердің
мазмұны  мен  түрін  өзгертіп  жібермеу  және  әуеннің   үнділігіне   нұқсан
келтірмеу.
      Қисын, яғни логика – вокалды –хор дикциясының басты  элементі.  Әндегі
жалаң сөздерді емес, осы сөздер  жеткізіп  тұрған  нақтылы  ойды  дөп  басу,
осыған орай  дауыс  ырғағы  мен  үн  бояуын  дұрыс  келтіру  хор  әншілеріне
қойылатын негізгі талап.
      Хор  шығармасының  көркемдік  әсемдігі  мен  хор  ұжымының  техникалық
шеберлігі тікелей  дирижерға  байланысты  болғандықтан,  автор  алдында  да,
орындаушы алдында да, тыңдаушы алдында да дирижердің жауапкершілігі  шексіз.
Өзінің   спецификалық   дарындығына   ,   спецификалық   тәсілдеріне    және
спецификалық техникасына сүйене отырып хор ұжымының   шығармашылығын  реттеп
қана қоймай, оның түбегейлі  мазмұнын  көрермендерге,  тыңдаушысына  жеткізу
мақсаты мен қиялын іс-тәжірибеде жүзеге асыра алады.
      Хор өнері түрлі музыкалық өнерден  тұрады,  ал  хормен  ән  айту  трлі
музыкалық орындаушылық болып табылады. Хор деп әртүрлі дауыстардан  құрылған
хор ұжымын айтамыз. Хор жанрының халық арасында кеңінен  таралып,  көпшілігі
орындалатын  лайықты  шығармаларды  уағыэдау,  халықты  өнерге  тәрбиелеумен
ортақ іске жұмылдыру мақсатында дамып келеді.  Кейбіреулер  кез  келген  бір
топ адамның бас қосып  ән  салуын  хор  деп  санайды.  Тіпті,  жеке  дауыста
орындауға бейім шығармаларды бәрі бәр дауыста орындаса да, хормен  орындадық
деп, мәз болысады. Мұндай топтың орындауларын хор деп атауға  болмайды.  Хор
- әр түрлі дауыста ән  салатын  адамдардан  топтасып  ұйымдасқан  коллектив.
Дәлірек айтқанда, хор дегеніміз  - шығарманы көркем тілмен бірнеше  дауыстың
үндескен әуені арқылы идеялық  мазмұнын  бұзбау,  нақтылы  түрде  тыңдаушыға
жеткізетін және хор айтудың техникалық орындау шеберлігін  игерген,  әсемдеу
жағынан  толық  мағұлматы  бар  коллективі.  Хормен  ән  айтудың  өзіне  тән
спецификалыық ерекшеліктер болады. Атап айтсақ:
         а) адам факторы (хор –тірі организм),
      б) синтетикалық мінез–құлық (сөздердің байланысуы),
      в) аспаптар спецификасы (адамның дауысы),
      г) ұжымдық мінез – құлық,
         д) дирижер.


           Адам факторы.
      Хортану әдебиеттерінің көпшілігінде хор спецификасы ең біріншіден оның
вокалдық   табиғатымен  байланыстырылады  және  вокалды   қызметке   қажетті
жауапты сапалар мен дағдыларға арналған.   Назар  аударылмай  қалатын   мына
факт, бұл хорды дауыстар құрамайды, дауыс иелері – тірі, ойлай  алатын  және
сезіне алатын адамдар, шығармашылық қызмет процесіне  олардың  айқын  қарым-
қатынастары бір-бірімен қалай  болса,  дирижермен  де  солай  болады.  Соған
қарамастан,  маңызды  кезең,  айқындаушы  специфика  және  хормен  ән   айту
«аспап» және хормен орындаушылық, хордың  сапасы   дауыстардың  дыбысталуына
ғана  тәуелді  емес,  сонымен  қатар  әншілердің  бір-бірімен  қатынасы,  өз
жетекшісіне, қаншалықты олардың эстетикалық қажеттіліктерінің  ұқсасатығына,
қызығушылыққа, ұмтылуға, ұжымда  қандай  шығармашылық  өнегелі,  эстетикалық
атмосфера, олардың қаншалықты  көркемдік қажеттілікті түсінуіне  байланысты.

      Дирижердің әсер етуші объекті адам болып табылады,  оның  ақылы,  жаны
мен   жүрегі,   ол   педагогикалық   тәрбиелілікпен   дирижерлық    қызметті
жақындатады.  Тәрбиелілік  жағынан  дирижерлік,  режиссерлік,  педагогикалық
шығармашылық эмоциялық – коммунативтік сферада көптеген  жалпы  ұқсастықтары
болады.Дирижердің өнерін режиссер өнерімен теңестіруге болар  еді.  Өйткені,
дирижер да музыкалық шығарманың қоюшы – режиссері болып табылады.
       Басқа   жалпылық   маңызды   белгі   дирижерлік,   режиссерлік   және
педагогикалық  процестердің  мақсаттары  бірдей.Үшінші   көрсеткіш   олардың
бірізділік аспапқа әсер етеді, бұлардың барлық  оқиғаларында  психофизикалық
табиғат  алға  шығады,  субъектіге  әсер   етеді   (дирижерға,   режиссерға,
ұстазға).
      Сөйтіп,  біз  дирижерлық,  режиссерлық  және  педагогикалық  қызметтің
жалпылығын байқаймыз мақсатпен (адамға адам әсер және әсерленуші  шақырады),
 құрылымымен (коммуникативтік шығармашылық процесс),  аспаптық  (дирижердің,
режиссердің, педагогтың психофизикалық табиғаты).
       Қазіргі  педагогикалық  ғылымда  негізгі  педагогикалық  қабілеттерді
былай белгілейді:
   1) дидактикалық қабілеттілік;
   2) конструктивтілік қабілет;
   3) перцептивті қабілет;
   4) экспресивті қабілет;
   5) коммуникативті қабілет;
   6) организаторлық қабілет;
   Атап  айтылған   қабілеттерді   музыкалық-орындаушылық   қызмет   жағынан
қарастырсақ, бірінші мен екінші аналитикалық аспектіге қарайды,  ал  кейінгі
төртеуі тірі тәжірибеде болады.
      Сонымен қатар, аталған  қабілеттіліктерден  басқа  суггестивті  (латын
тілінен suggestio) және адаптивті (латын тілінің adaptatio) сапалары бар.
      Коммуникация ұғымына тоқталатын болсақ, ұжымды меңгеру  процесі  толық
мағынада байланысты.
      Коммуникация (лат. Gommunicare – біреумен кеңесу)  қатынас  белгілеуші
категория. Бұл термин кең мағынада жиі қолданылыды.
      Дирижердің хормен ән  айту  педагогикалық  қатынастарының  құралдарына
орындаушылық көрсету (дауысқа немесе аспапқа), сөйлеу, сонымен қатар  сөздік
құралға жатпайтын құралдар – кейіп, жест, мимика, екпін.
      Интонация сөйлеу мәнерінде өте маңызды кезеңді  айқындайды.  Интонация
(лат.  Intonatre  –  қатты  айту)   сөйлеу   тоны,   оның   ырғақтық-әуендік
характерлерін, дауыстардың төмендеуі мен жоғарлауының алмасуын білдіреді.
      Дирижердің   «эмоциональді  сөйлеуі»   орындаушылармен   және   онымен
педагогикалық қатынас жасау барысында көрінеді.
      Хор  жетекшісі  оорындаушыларға  батыл  тік  қарап,  бет  пішіні  ашық
мимикалық қозғалыстарды шығарманың мазмұнына  сай  (мысалы  қаспен,  көзбен,
иық,  баспен  көрсету)  пайдалана  қолдана   білуі   керек.   Қолдың   қимыл
қозғалыстары біркенлкі тез, бірақ  аса  қатты  құлашталмай  үнемі  дәл  және
нақты  болуы  талап  етіледі.  Дирижер  орындалатын  музыкалық  шығармасынын
партитурасын жатқа біліп, бір дауысты екі үш, төрт  хорды  басқарғанда  оның
әр дауысын жақсы естіп, қате дыбыстарды түзеп, оларды жеке  орындап  көрсете
білуі керек. Оның ерні дикциялық жаттыққан,  ешбір  дыбыссыз  сөйлеу  алатын
қалыпқа дағдыланған, есту сезімі  жақсы  жетілген,  дамыған  дәрежеде  болуы
керек.
      Әлеуметтік   психологияда   екі   аспектпен   шектеледі:    1).жекелік
қабілеттерді қолдану арқылы іскерлікті комуникативті мақсатқа жеткізу;
2).  Жалпылама орындаушылық қабілет.
      Хор жетешісінің абыройлы болуы үшін оның сөйлеуі мен ісеген жұмысы өте
маңызды.
      Әрине, хор ұжымын басқарушы әрқашанда өз бойындағы  жақсы  және  жаман
сапаларын    мойындап,    өзінің    мінез    –құлқымен,     темпераментімен,
интелегентілігімен, ақыл  шамасымен,  мәдениеттілігімен  музыкалық  дәрежені
хормейстерді  арнайы  дайындау  кезінде  өз  жұмысының  шеберлігін  көрсетуі
керек. Өйткені біреу өзін музыкант ретінде, басқа  біреу  өзін  педагог,  ал
кейбіреуі жек  адам  ретінді  жайғастырады.  Абсолютті  біркелкі  шамалардың
сапалары дирижерлік шығармашылыққа  өте маңызды. Дамуға және толық  жетілуге
ұмтылу  әрбір  хор  жетекшісінің   міндеті,  өйткені   оған   тірі   адамдар
өздарынын, өз дауыстарын, өз уақыттарын тапсырады, ол өте үлкен жауаптылық.


      Сөзбен байланыс.
      Музыканың  басқа  өнер  түрлері  әдебиет,  кескіндеме  немесе   мүсін,
бейнелеуші  және  кескіндеуші  құбылыстарының  пәндік  жағынан  айырмашылығы
музыкада құбылыстың мінез-құлқы, көңіл-күйі жайлы айтылады.
      Егер музыка ақындық мәтінде жазылуы оларды  байланыстырып  айқындайды.
Музыкант-орындаушыларға және оны тыңдаушылар  үшін  шығарманың  маңызын  ашу
тек қана  оның  интонациялық  жолдары  ғана  емес,  сонымен  қатар  мәтіннің
мағыналық мәнінде. Сонымен қатар тыңдаушыларға музыка мен  сөздің  байланысы
әсер береді: мәтін қандай да бір ойды  жеткізіп,  мәтіннің  мағынасы  арқылы
әсері күшейеді, және ло өз кезегінде бейнелі және қызу жақпен әсер етеді.
      Дегенмен,  музыкалық  әдеби  мәтінді  оқу  және  оны  түсіну  өте  кең
мағынада. Мәтін музыкамен өте жиі бірге туады, кейде музыкадан  бұрын  мәтін
шығарылады, ақын мен композитор  бірлесіп  тексті  музыкаға  жүйелеу  арқылы
шығармалыр жазылады. Бірақ көп  жағдайда  хорға  арналған  шығармалар  дайын
мәтінге жазылады.Композитор мәтінді таңдамас  бұрын  оның  мәтіннің  негізгі
ойына, мәнәне, бейнесіне, муыкаға жақындылығына наэар  аударады.  Композитор
шығарманың музыкасын мәтіннің мазмұнына байланысты өз ойын жеткізеді.
      Композитордың  әдеби  мәтіні   толық   пайдаланған,   пайдаланбағанына
қарамастан хорда сөз бен әуен  қатар  дамып,  біріне  –  бірі  көркем  түрде
толықтырып, тұруы шарт.
      Хор партитуасында кейде  ұзақ  созылатын  ноталар  болады.  Сөзде  сол
ноталарға тура келіп тұрған дауысты дыбыстарды аяғына дейін  созып,  негізгі
үн сапасын жоймай, басқа дыбысқа өңін айналдырып жібермеуді  қадалаған  жөн.
Ол үшін сол дауыстыларға тән еркін формасын аяғына дейін сақтаған жөн.
      Өлең сөзі тыңдаушыға түсінікті болу үшін дауыссыз дыбыстар  бейне  бір
ағып жатқан өзен болса,  ал  дауыссыз  дыбыстар  сол  өзен  суын  шашыратып,
жайылтып жібермей арнаға салып тұрған екі жағасы тәрізді.
      Хор дирижері мынаны еске алуы керек музыка  сапасы  мен  ақындық  сапа
алыс тең бола алады.  Белгілі, қарама – қарсы жағдайларды  байқаймыз,  кейде
нашар жазылған мәтінге өте  керемет  музыка  жазылғанын,  керісінше  керемет
мәтін өз музыкасын таба алмады.
      Егер аспаптық музыкалық орындаушылық жолдарын  жасау  жолдарында  және
көркем бейне іске асырушылар былай қарастырады:  композитор  –  орындаушы  –
тыңдаушы деп қарастырса, вокальды –  хормен  орындаушылықта  бұл  жол  былай
белгіленеді: ақын – композитор – орындаушы – тыңдаушы, мұнда  орындаушы  тек
қана композитор мен тыңдаушының арасын байланыстырып  қана  қоймай,  сонымен
қатар ақын мен тыңдаушыны байланыстырушы болып табылады.
      Хормен  ән  айтуда  синтетикалық  мінез  –  құлық  мазмұнына,  түріне,
шығарманың құрылымына, сонымен  қатар  орындаушылық  интонированиеге  әсерін
көрсетеді.
       Дирижердің  ақындық мәтінге  жасаған  талдауы  екі  бетті,  жан-жақты
бейнелі – мағыналы, сонымен қатар конструктивті болуы керек.  Сонымен  қатар
дирижерден ақындық жанрлар, түрлері жайлы айқын білімі болуы қажет.
      Ең бірінші дирижер мынаны білуі қажет: музыканың көркемдік  құралдары:
екпін, саз, ырғақ, интонация, әуен, гармония ,  өлшем  фактурасыныңмузыкалық
шығарма мазмұнын жасаудағы ерекшеліктерін талдай білуі.
      Ең алдымен  мынаны ескеру керек, мәтін ырғақтық ұйым тенденциясына көп
жағдайда сүйенеді. Сонымен қатар, екпінсіз буындар  және  сөздің  өзіне  тән
ырғақтық – мағыналы топтар жасайды.  Ырғақтық  ұйым  өлеңде  сөйлеу  акценті
екпінді   және   екпінсіз   буындардың   алмасуымен   ескеріледі,   орналасу
тәуелділігіне  байланысты  үш  типке  бөледі:  силлабическалық,   тоникалық,
силлоба – тоникалық.
      Композитор музыкада маңызды және көркем мәнерлі функцияның тәуелдігіне
тыныс  белгілерді  цезура  арқылы  белгілейді.   Вокалды   сөйлеуде   цезура
характері  олармен  сәйкес  келуі  немесе  сәйкес  келмеуі   немесе   өлеңде
цезураның басқа да түрімен үлкен мәнерлі мағына болады.
      Музыкалық цезура өлеңнің құрылымына қарай үш түрге бөлінеді:
            1) рифмикалық немесе өлеңдік,– яғни ұйқасқа лайықты  және  әрбір
               жолдың аяқталуы.
            2)  синтактикалық  –  синтактикалық  түрде  лайықталған,   тыныс
               белгілерімен бөлініп алынады.
            3)  асинтактикалық  –  музыкалық-мәнер  мақсаттарымен,   өлеңнің
               аяқталуы және синтактикалық бөліктермен байланыспайды.
      Ситактикалық характер хормен ән айту орындаушылықта  дирижер  этикалық
мәтіні және  музыканы бір  бірлікке  біріктіріп,  қарауы  керек.   Сондықтан
музыка мен мәтіннің сәйкестенуі бағалануы керек.






      Аспаптардың спецификасы.
      Хормен орындаушылықтың негізгі аспабы ән салатын дауыс болып табылады.
Хормен орындаушылықтың сапасы әншілердің дауыс  сапасына,  хордың  құрамына,
және оның құрамындағы әрбір мүшелерінің дауыстарына байланысты.
      Егер скрипкалар  немесе  флейталар,  тромброндар  немесе  контробастар
тіпті әрбір аспаптың сапаларындағы өзгерістерге қарамастан,  көптеген  жалпы
дыбысталу характерлері бірдей, ал әнші дауыстары бір топта  болса  да,  олар
бір-бірінен дауыс күші, тембрі, диапазоннына байланысты ерекшеленеді.
      Әншінің дауысы – өте күрделі, көп қырлы құпиялы ұғым. Бір жағынан, бұл
өте  жетілген  және  иілгіш  аспап.,  қаншалықты  ол  орындаушылармен,  оның
ойларымен,  сезімдерімен  және  эмоциясымен,  бір  уақытта   келуімен   және
құралдарымен, қатынас құралымен, коммуникациямен байланысты.  Сонымен  қатар
бұл  аспап  музыкалық  шығарманың  жанрына,  стиліне,   көркемдік-эмоциясына
байланысты қабілетті дыбыс күші және тембрлік характері өзгеріп отырады.
      Басқа жағынан қандай да музыкалық аспап  ретінде  әнші  дауысы  өзінің
қасиеттеріне ие болып, әншінің вокалдық шеберлігін айтады.  Дәл  ослай  әнші
дауыстарын айырып таниды қойылған (профессионалды)  және  қойылмаған  «ашық»
және «жабық», «қозғалмалы» және  «ауыр».  Сонымен  қатар  әрбір  ән  салатын
дауыс   диапазонмен,   күшпен,   тембрмен   сипатталады   және   басқа    да
ерекшеліктермен  қалыптасады  және  жетіледі.  Тек  қана   күрделі   сауатты
педагогикалық жұмыс шатты жетілдіреді. Соңғы  кезеңді  белгілеп  қою  керек,
дауыстармен жұмыс жасаудың ең қиыны ән айту процессін басқару  және  бақылау
дыбысталу сапалы бағалау арқасында жүзеге асады. Әнші өз аспабын қолына  ала
алмайды, оның құрылымын көзбен көре алмайды.
      Хор жетекшісі хормен ән салу процесін өте  жақсы  білуі  және  сезінуі
керек, өзі сол дауыстарға ие болуы  керек,  өзі  ән  салатын  формада  болуы
керек, сонымен қатар, өзінің вокалдық  шеберлігін  көрсетуі  тиіс.  Егер  ән
айтуды басқаларға үйрету үшін, ол ең біріншіден өзіжақсы әнші және  вокалдық
мамандыққа жақын болуы керек. Сонда ғана хор  жетекшісі  абыройлыболар  еді,
осы шындықты көптеген дирижерлер түсінгені керек еді.



Жеке сабақ № 2,17.
Дирижерлық аппараттын құрылымы.
   1. Дирижерлық аппараттың құрылымы


Әдістемелік нұсқау:

   Дирижер деп басқарушыны,  яғни   музыкалық   шығарманы  дұрыс   орындатып
шығатын  үйірме   бастығын  айтамыз.
  Басқарушы - дирижер өзінін (жест)-қыймылы  аркылы  орындаушы  коллективке
әсер            етеді.
  Дирижерлық шеберлік әруақытта  дирижерлық  қыймылдың  негізгі  техникасын
үйреніп  дағдыланудан  басталады.  Енді,  дирижерлық   аппараттың   негізгі
қыймылдарымен танысалық. Дирижер  қолының қозғалыстары біркелкі тез,  бірақ
аса қатты құлашталмай, үнемді, дәл және белгілі бір қозғалыста болу керек.
   Дирижер әнді дирижерлық қыймылмен басқарып тұрғанда, бет алды ашық, кейде
мимикалық қозғалысты және орындаушы-ларға батыл қарап тұрғаны жөн.
   Дирижер орындалатын музыка шығармасынын, партитурасын жатқа білуі керек:
   Дирижердың ерні дикциялық жағынан жаттығып, кейде ешбір  дыбыссыз  сөйлей
алатын болуы керек. Дирижердің денесі,  кеудесі,  иығы  түзу,  берік  тұруы
керек.  Дирижер  хорды  басқарып  тұрғанда,  денесі   жан-жаққа   шайқалып,
бұлғаңдамауы  керек.
   Дирижердің есту сезімі жақсы жетілген болуы керек.
   Дирижер бір дауысты, екі, үш, төрт  дауысты  хорды  басқарып  айтқызғанда
оның әр дауыстарын жақсы естіп, бұзып тұрған дауыстарды тез түзеп және  сол
дауыстарды жеке айтып, көрсетіп бере алатын болуы керек.
       Әрбір хор жетекшісі дирижерліктің  негізгі  тәсілдерін  бөлгені  жөн.
Дирижердің  аппаратына  оның  бүкіл дене,  қол  және  бет   қимылы   жатады.
Дирижер  еңкеймей ,шалқаймай, артық  қимылсыз  денесін  тік   ұстауы  керек.
Нығыз  тұруы  үшін  бір  аяқ  аздап  алға  қойылады, ал екі  қол   шынтақтан
 бүгіліп , сәл ғана созылады.

           Дирижерлау   кезінде   шығарманың   характері   мен  мазмұны  қол
қимылдары   арқылы   берілуі  тиіс.  Шығармадағы    музыканың    характеріне
байланысты қол  қимыл  созылыңқы;кенет,  жеңіл,  ауыр,  серпінді,  жай,  кең
т.с.с. болып келеді.Әр қолдың өз алдына  жұмыс  істеуін  қадағалау  керек.Оң
қолда көбінесе  хордың  ырғағы  мен  такт   есебі   жүреді   де  ,  сол  қол
нюанстерді, түрлі дауыстардың  белгілі  уақытта  қосылып  отыруын  ,  т.с.с.
белгілерді көрсетеді.

аталады.Дирижер   жұмыс   кезінде   қолдың   үш   түрлі    биіктік    қалпын
пайдаланады:жоғары, ортаңғы және төменгі.
        Жоғары  позиция кезінде  дирижердің    қолы  иықпен   бір   деңгейде
орналасады .Жоғары  позицияда  көбінесе   хорға   сүемел   жасағанда   хорға
қатысушыларға  қол  қимылдары  жақсы   көрінуі   үшін   және    оларға   кең
тынысты қатты  дыбыстарды   көрсетуде   пайдаланады .
         Қолдың кеудемен бір  деңгейде  орналас         Дирижер  қолының  әр
түрлі биіктікте орналасу қалпы – позиция деп уы  ортаңғы  позиция  делінеді.
Дирижердың жұмыс кезінде ең көп қолданатыны – осы ортаңғы позиция.
         Төменгі  позиция  кезінде   дирижердың  қолы  белмен  бір  деңгейде
орналасады.Бұл  позицияны  көбінесе  хор  дыбысын  бәсеңдетіп  ,   әр  түрлі
иірімдегі ақырын  естілетін  дыбыстарды  көрсету  үшін  пайдаланады.
          Қол   қимылдарының   өзара   қашықтығының   орналасу   тәртібі   -
дирижерлік диопазон  деп аталады.Диапазон  кең көлемді;  орта көлемді   және
 кіші  көлемді  қимылдар  болып  үшке  бөлінеді.
         Кең көлемді  қимылдар  көбінесе  (оркестрде)   хорда   үлкен,   кең
дыбыстарды   қажет    ететін    салтанатты   шығармаларда   қолданылады.Орта
көлемді  қимылдар  жай және  орташа  қарқында  жазылған шығармаларды   меццо
–  пиано,    меццо   –   форте,   форте    дыбыстарымен   орындау    кезінде
пайдаланылады.Ал  кіші  көлемді  қимылдар  жүрдек   және   жылдам   қарқында
пианодан  фортеге  дейінгі  дыбыстарды  орындау  үшін  қолданылады.
       Қолды қолға  созғандағы  әр түрлі   қашықтықтағы   орналасу   тәртібі
дирижердың қолының  планы  делінеді.  Ол   бірінші,   екінші   және   үшінші
болып  бөлінеді.Қолдың  кеудеден  алыс  орналасуы –  бірінші  план,   қолдың
орташа  қашықтықта   орналасуы  –  екінші   план,   қолдың    денеге   жақын
орналасуы – үшінші  план  деп  аталады.
          Дирижер   қол   қимылдарының   көмегімен   төмендегі   міндеттерді
атқарады:
1. Хорды  айту  алдында  музыканттардың  назарын  өзіне  аудару.
2. Хор  айтуды  бастар  алдында  орындаушылардың  тыныс  алу,  яғни  ауфтакт
 көрсету.
3. Айтылып  жатқан  шығарманың   характері  мен  көңіл – күйін  көрсету.
4. Шығарманың  ырғағына  бола  көңіл аудару.
5. Хор  топтарының  айтуға  кірісу  сәтімен  тоқтату  мерзімін  көрсету.


Жеке сабақ № 3,18.
Аспапта ойнау, партитура ұғымы.
   1. Жаттығулар
   2. Оң және сол қол кимылдары.


   Әдістемелік нұсқау:
      Хормен орындаушылықтың негізгі аспабы ән салатын дауыс болып табылады.
Хормен орындаушылықтың сапасы әншілердің дауыс  сапасына,  хордың  құрамына,
және оның құрамындағы әрбір мүшелерінің дауыстарына байланысты.
      Егер скрипкалар  немесе  флейталар,  тромброндар  немесе  контробастар
тіпті әрбір аспаптың сапаларындағы өзгерістерге қарамастан,  көптеген  жалпы
дыбысталу характерлері бірдей, ал әнші дауыстары бір топта  болса  да,  олар
бір-бірінен дауыс күші, тембрі, диапазоннына байланысты ерекшеленеді.
      Әншінің дауысы – өте күрделі, көп қырлы құпиялы ұғым. Бір жағынан, бұл
өте  жетілген  және  иілгіш  аспап.,  қаншалықты  ол  орындаушылармен,  оның
ойларымен,  сезімдерімен  және  эмоциясымен,  бір  уақытта   келуімен   және
құралдарымен, қатынас құралымен, коммуникациямен байланысты.  Сонымен  қатар
бұл  аспап  музыкалық  шығарманың  жанрына,  стиліне,   көркемдік-эмоциясына
байланысты қабілетті дыбыс күші және тембрлік характері өзгеріп отырады.
      Басқа жағынан қандай да музыкалық аспап  ретінде  әнші  дауысы  өзінің
қасиеттеріне ие болып, әншінің вокалдық шеберлігін айтады.  Дәл  ослай  әнші
дауыстарын айырып таниды қойылған (профессионалды)  және  қойылмаған  «ашық»
және «жабық», «қозғалмалы» және  «ауыр».  Сонымен  қатар  әрбір  ән  салатын
дауыс   диапазонмен,   күшпен,   тембрмен   сипатталады   және   басқа    да
ерекшеліктермен  қалыптасады  және  жетіледі.  Тек  қана   күрделі   сауатты
педагогикалық жұмыс шатты жетілдіреді. Соңғы  кезеңді  белгілеп  қою  керек,
дауыстармен жұмыс жасаудың ең қиыны ән айту процессін басқару  және  бақылау
дыбысталу сапалы бағалау арқасында жүзеге асады. Әнші өз аспабын қолына  ала
алмайды, оның құрылымын көзбен көре алмайды.
      Хор жетекшісі хормен ән салу процесін өте  жақсы  білуі  және  сезінуі
керек, өзі сол дауыстарға ие болуы  керек,  өзі  ән  салатын  формада  болуы
керек, сонымен қатар, өзінің вокалдық  шеберлігін  көрсетуі  тиіс.  Егер  ән
айтуды басқаларға үйрету үшін, ол ең біріншіден өзіжақсы әнші және  вокалдық
мамандыққа жақын болуы керек. Сонда ғана хор  жетекшісі  абыройлыболар  еді,
осы шындықты көптеген дирижерлер түсінгені керек еді.


Жеке сабақ № 4,19.
Дирижерлық техникасына тұсініктеме,
он және сол қал қимылдары.
                    1. еркіндік, графикалық айқындығы
                    2. қимылдың ықпалдылығы, көркем мағналығы


   Әдістемелік нұсқау:

Дирижерлік  қол  қимылдарын  фортепианода  әуенін  немесе   үйретілетін   ән
сүйемелдеуін  бір  мезгілде  орындаумен  пайдалану ,  эпизодтық   дирижерлау
.       Берілген  дағдыларды  меңгеру  кез  келген  хор дирижеры  үшін   өте
 маңызды.                               Фортепианода  бір  қолымен   әуендік
 үзінділерді    немесе  музылық  шығарманың  хор партитурасынан   бөлімдерін
,  ал  екінші    қолмен        оларды    дирижерлік   шеберліктің    мынадай
элементтерінің  орындалуымен жүзеге  асыру  керек :
-дыбысталудың   кіріспелерін,   аяқталуын,     цезураларын,     ферматоларды
көрсету және сонымен  бірге  өз  темпінде  тактілеу;
-осы элементтерді көрсету, сонымен  қатар  әрбір  үнділікті  дирижерлік  қол
қимылдарының  бағытын  сезіну  арқылы  жәй   қозғалыста   орналастыру   және
дыбысталу  ерекшеліктері  ритмикалық  ,  динамикалық  жағынан   және   штрих
белгілерімен білу.
     -жәй қозғалыста үлестің майда  есеп  бірліктері  сияқты,  қол  қимылын
бөліп-бөліп қолдануымен әрбір улесті құрайтын әр  түрлі  ұзақтықтарды    да
көрсету;
     -әуеннің ырғақтық қимылын сақтай отырып әрбір  ұзақтықта,  жәй  темпте
әрбір үнділікті қатарластыру және  корсету;
          -жеке  және  интонация  бойынша  қиын  дыбыстарды,   үнділіктерді,
аяқталатын  және   аяқталмайтын  ферматаларды  қолдану  арқылы  құрастыру  ,
сонымен  бірге  келесі  дыбыстарға   өтуді  көрсету;
         -үндестіктерді әрбір партияның сәйкес келетін ауфтактілік  жолымен
ырғақсыз   көрсету  және  сонымен   бірге   бұл      корсетуді   аяқталатын
ферматамен бітіру.
     Шығарма  сүйемелдеуіндегі  түп  нұсқа  фактурасындағы-дай  дирижердауды
 фортепианода  ойнаумен  сүйемелдей  отырып  алдыңғы  тапсырмалардың  барлық
 түрлерін, сондай-ақ оның әр түрлі түр өзгертушілігінде орындау шарт:
       - ырғақтық жағынан әуендік болып келетін және көп  түрлі  жасақталған
 үндестіктер мен аккордтар  (есептік  үлесті  құрайтын  майда  ұзақтықтардың
 пульсациясы, триольдармен қозғалыс, пунктирлі ырғақ және т.б.);
       -үйлесімділік дыбысталуы бойынша күрделі емес импровизациялар.
   Бір қолымен  әннің үйлесімділік "қаңқасын" орындау (мысалы, тактінің әлді
 және әлсіз үлестеріне  келетін  үйлесімді  үндестіктер  немесе    үйлесімді
 қатынаста   маңыздырақ   болып    келетін    салыстырулар,  ауытқулар  және
 т.б.).
      Жоғарыда көрсетілген тапсырмаларды жатқа  ойнау  керек.  Мүндай  жүмыс
 жасау барысында әуелі орташа  темптегі  әндерді  таңдау  қажет.  Тапсырманы
 меңгерудің бірінші сатысында фортепианода ойнауы және  дирижерлауы  жағынан
 да  студенттің  мүлтіксіз  жаттап  алған   шығармала-рын   ұсынған   дүрыс.
 Тапсырманы орындау сапасы студенттің  шығарманы  меңгеру  деңгейін  бағалау
 кезінде мұғалімге сенімді керсеткіш болып табылады. Дағдыларды дамыту өрісі
 бойынша басқа да  кең  таралған  әндерді  қолдануға  да  болады.  Ауық-ауық
 дирижерлау   барысында   дирижердің   көзқарасының,   бет-әлпетінің    және
 артикуляциялық аппаратының рөлі арта түседі. Бұл үшін  студентке  көзқарас,
 артикуляция,  бет-әлпетінің  (мимика)  көмегімен  маңыздырак,  керсетулерді
 орындау  ұсынылады.
    Іс жүзінде вокалды -  хор  жұмысының  алғашқы  жазылған  түрінде_  әнді
 дирижердің қолына қарап айту әдісі мұғалімге зор көмегін тигізеді. Ол  бір
 жағынан оқушыларды музыкаға
оқыту  барысындағы  ең   маңызды,  түйінді  міндеттердің  бірі:  оқушылардың
ноталық жазба бойынша ән айтуларын меңгеруімен байланысты.
    Мұғалім хор шығармасымен жумыстың топтық түрін қолдана отырып балаларды
 оқытады, яғни, бір  мезгілде  30-35  оқушымен  дайындалады.  Нота  жазбасы
 бойынша ән айту  оқытушыдан  айрықша  ^арнайы  дайындалған  таңқаларлықтай
 функцияларды, хор  дыбысталуының  белгілеп  алып  жүретін  дирижерлік  қол
 қимылдарын  ғана  талап  етіп  қоймайды,  сонымен  бірге  олардың  қосымша
 сипатының қол қимылдарымен үйлесімділігін де талап етеді.  Дирижердің  бір
 қолы үрдіс кезінде  дирижерласа,  екіншісі  -  тақтадағы  нота  жазбасының
 айтылуын басқарады
     Қол қимылындағы дыбыс жоғарылықты әр түрлі  тәсілдерді  қолдану  арқылы
көрнекті  етіп  беруге  болады.  Іс  жүзінде  кеңірек  таралған  екі  түріне
тоқталсақ,  олар төмендегілер.
     1.    Қол қоспасының көлденең формасы бойынша бірдей қолдың
бөлек, өзгеше көлденең қимылдарының көмегімен бірдей биіктікте шыға-
тын әуеннің дыбыс жоғарылығын белгілеу. Дирижердің қолы ойымыз-
дағы тік сатыдағы әннің әуенін суреттеп салып жатқан сияқты қалып
алады. Студент те алдыңғы нота жазбасын сондай етіп көз алдына
елестетуі   керек.
     2.    Қол белгілері арқылы ладтың сатыларының ара қатынасын белгілеу.
   Мұндай   дағдыларды    уйрену   үшін   әр   түрлі   мектеп
   репертуарлары,
оның   үзінділері   негізінде   күкделікті  дайындық  қажет.  Әрине,   олар
музыкалық  материал   бойынша   жургізіледі.  әйтпесе,   берілген  дағдылар
 механикалық    түрде    ғана    меңгерілетін    болады     және     барлық
жасалынған жұмыс өзінің қомақты  нәтижесін бере алмайды.
       Дирижерлықтехникада оң  қол  мен  сол  колдын  атқаратын  ролі  екіге
бөлінеді: он қолмен жалпы әннің өлшеуі  көрсетіліп  тұрады,  ал  сол  қолмен
әннің  кейбір  күшті  немесе  жай,  үдетіп   немесе   баяулатып   орындайтын
шарттарды, әннің ортасында кейбір дауыстардың  тоқталатын  немесе  бастайтын
жерлерін көрсетіп тұрады.
   Бірақ, дирижердың ролін екі колға бөлу шартты жағдай деп санау керек.
   Кейде, дирижер әннің  өлшеуін  екі  колымен  де  көрсететін  болады.  Ал,
жоғарыдағы айтылған әннін түрлі  көркемдік  шартты  белгілері  катты,  жай,
үдетіп немесе баяулатып орындауларын дирижер өзінің хормен  келіскен  түрлі
мимикалық  қозғалыстарымен   көрсетуіне   де   болады.Қысқасы,   жоғарыдағы
айтылғандардың  бәрі  баскарушының  дирижерлық  техникасына,  практикасына,
дағдылануына байланысты. Сондықтан, дирижер хорды басқарғанда әннің өлшеуін
оң қолымен немесе сол колымен көрсетуіне,  ал  басқа  белгілерді  мимикалық
қозғалыстармен  немесе қай  қолмен  көрсетемін десе де еркі .




Жеке сабақ № 5,20.
Дирижердың негізгі позициясы.
Оң және сол қол кимылдары.

      1.Дирижерлау техникасына түсініктеме.
      2. Қол координациясы.
   Әдістемелік нұсқау:
        Дирижер қолының әр түрлі биіктікте  орналасу  қалпы  –  позиция  деп
аталады.Дирижер   жұмыс   кезінде   қолдың   үш   түрлі    биіктік    қалпын
пайдаланады:жоғары, ортаңғы және төменгі.
        Жоғары  позиция кезінде  дирижердің    қолы  иықпен   бір   деңгейде
орналасады .Жоғары  позицияда  көбінесе   хорға   сүемел   жасағанда   хорға
қатысушыларға  қол  қимылдары  жақсы   көрінуі   үшін   және    оларға   кең
тынысты қатты  дыбыстарды   көрсетуде   пайдаланады .
         Қолдың кеудемен бір деңгейде орналасуы  ортаңғы  позиция  делінеді.
Дирижердың жұмыс кезінде ең көп қолданатыны – осы ортаңғы позиция.
         Төменгі  позиция  кезінде   дирижердың  қолы  белмен  бір  деңгейде
орналасады.Бұл  позицияны  көбінесе  хор  дыбысын  бәсеңдетіп  ,   әр  түрлі
иірімдегі ақырын  естілетін  дыбыстарды  көрсету  үшін  пайдаланады.
          Қол   қимылдарының   өзара   қашықтығының   орналасу   тәртібі   -
дирижерлік диопазон  деп  аталады.Диапазон   кең  көлемді  ;   орта  көлемді
және  кіші  көлемді  қимылдар  болып  үшке  бөлінеді.
         Кең көлемді  қимылдар  көбінесе  (оркестрде)   хорда   үлкен,   кең
дыбыстарды   қажет    ететін    салтанатты   шығармаларда   қолданылады.Орта
көлемді  қимылдар  жай және  орташа  қарқында  жазылған шығармаларды   меццо
–  пиано,    меццо   –   форте,   форте    дыбыстарымен   орындау    кезінде
пайдаланылады.Ал  кіші  көлемді  қимылдар  жүрдек   және   жылдам   қарқында
пианодан  фортеге  дейінгі  дыбыстарды  орындау  үшін  қолданылады.
       Қолды қолға  созғандағы  әр түрлі   қашықтықтағы   орналасу   тәртібі
дирижердың қолының  планы  делінеді.  Ол   бірінші,   екінші   және   үшінші
болып  бөлінеді.Қолдың  кеудеден  алыс  орналасуы – бірінші план  ,   қолдың
орташа  қашықтықта   орналасуы  –  екінші   план,   қолдың    денеге   жақын
орналасуы – үшінші  план  деп  аталады.
          Дирижер   қол   қимылдарының   көмегімен   төмендегі   міндеттерді
атқарады:
1. Хорды  айту  алдында  музыканттардың  назарын  өзіне  аудару.
2. Хор   айтуды   бастар   алдында   орындаушылардың   тыныс   алу  ,   яғни
ауфтакт  көрсету.
3. Айтылып  жатқан  шығарманың   характері  мен  көңіл – күйін  көрсету.
4. Шығарманың  ырғағына  бола  көңіл аудару.
5. Хор  топтарының  айтуға  кірісу  сәтімен  тоқтату  мерзімін  көрсету.


Жеке сабақ № 6.21.
Музыкалық өлшемдер:  2/3; 3/4; 4/4.Схемалар.
   1. Дирижерлық схемалармен танысу.
   2. Өлшемнің әр бөлігіне бітіруге дағдылану.
   Әдістемелік нұсқау:
            Дирижерлық  ету тәсілдерінің  негізінде  екі үлестік, үш
үлестік   қол бұлғау  мен көрсету  топтары  жатады. Олар келесі сызбаларда
көрсетілген.

  2
                 а)   Жай  екі  үлесті  көлем  - екі қол  сермеу  арқылы
(бірінші ретте  төменге
                                  қарай  , екінші  ретте  жоғары қарай)
көрсетіледі.  Тәсілдің  екінші түрі
                                  қол бұлғап көрсетудің  бірінші түрінен
гөрі көрер көзге сүйкімдірек әрі
                                  биязылау көрінеді.

  1                     ә)    Барлық үш үлесті  көлемдер – қолды үш рет
бұлғау арқылы  көрсетіледі:
                               төменге  , оң   жаққа  және  жоғары қарай.




       1. 2

          Музыка шығармасын дирижерлық қыймылмен басқаруға  кіріспес  бұрын,
әуелі музыкалық шығармада кездесетін елшеулердің негізгі құрылысы  мен  оның
дирижерлық схемаларын біліп  алу  керек.                      Оңай  өлшеулер
группасына өзінін кұрылысында бір күшті үлес пен бір немесе екі  жай  үлесті
өлшеулер, яғни, екі және үш үлесті  өлшеулер  жатады.
Екі  үлесті өлшеулерде мынадай  бөлшекті түрлер болады:
 2/4;   3/4;   4/4:
Бұл бөлшектермен жазылған музыканың әрбір тактысында екі үлес  болады.  Оның
бірінші  үлесі  қатты,  екінші  үлесі  жай  болады.
Екі  үлесті  өлшеуді   дирижерлық қыймылмен   керсеткенде,   тактының  күшті
үлесіне  дирижердің  қолының  қыймылы  төмен  түседі,  жай   үлесіне  жоғары
кетеріледі.
Бұл   жағдайда  екі  үлесті  өлшеудің  дирижерлық  көрсету  схемасы  мынадай
болады.

Екі үлесті елшеудің бірінші  үлесі  қолдың  төмен  қыймылының  точкасынан  (
цифрдан) басталып, екінші қыймылдың жоғарғы точкасынан  (2  цнфрдан)   бітуі
керек.

Екінші  үлесті  жоғарғы  точкадан  (2  цифрдан)  басталып,  бірінші  улестің
басталар алдындағы точкадан (1 цнфрдан) бітуі керек
         Сөйтіп,  өлшеудің  әрбір  үлесінде  басталар  точкасы  мен  аякталу
точкасының ұзақтығы болады.
Дирижердің өлшеудегі әрбір  үлесті  көрсетудегі  қолының  қыймылы  әруақытта
өзара  тең,  дәл  болып  отыру  керек.  Мұнымен  қатар,   хорды   дирижердің
қыймылымен баскарғанда, қолының қатысуына қарамастан, негізгі үлесті  қолдың
буынымен көрсетіп отыру керек.
   Бұл екі үлесті өлшеу схемаларындағы айтылған дағдылар  баска  да,  барлық
дирижерлық өлшеулерде пайдаланылады. Тактының жай үлесіне қарағанда,  қатты
үлесіне  әр  уақытта  акцент  жасап  тұру  керек.
   Үш улесті өлшеуде үш үлес болады. Оның бірінші үлесі    катты   акцентті,
қалған  екі  үлесі  жай   акцептті   болады.
   Үш үлесті  өлшеуде  мынадай  бөлшекті  түрлер  болады:

                   3/4  ;    3/8;  3/16;


3/4бөлшекпен жазылған өлшеуде   қолдың    әрбір    қыймылына  бір  ширектік
нотадан келеді .
 3/8 бөлшекпен   жазылған  өлшеуде  қолдың әрбір   қыймылына
 бір  сегіздік нотадан  келеді .
 3/16  бөлшекпен  жазылған өлшеуде   қолдың   әрбір   қыймылына
 бір оналтылық нотада келеді .

   Үш үлесті өлшеудің дирижерлык көрсету схемасы. мынадай болады:
   Схемадағы цифрлар әр үлестің басталуын, ал, стрелкалар үлестің  созылуын
 көрсетеді.


[pic]
*-хз

   Жоғарыдағы  екі  үлесті   өлшеудегі   айтылған   дағдылар    үш   үлесті
 өлшеуде де  қолданылады:
                2/4; 4/4; 8/4; 4/16;
Төрт үлесті өлшеудің дирижерлық көрсету схемасы мынадай
болады:


                                             4

   [pic]

 Төрт үлесті өлшеудің бірінші үлесі  күшті  акцентті  үлес  болып  саналады;
екінші үлесі жай болады; үшінші үлесіне түсетін акцент орташа күште  болады,
төртіншіі үлесі — жай болады.


Жеке сабақ № 7,22.
Ауфтакт оның түрлері.  Схемалар.
   1. Legato, non legato, marcato.
   2. Cызықтың игіштігі жұмсақтық нүктеге түсу және staccato


   Әдістемелік нұсқау:
      Ауфтакт   толық   және   толық   емес   болып   екіге   бөлінеді.Толық
ауфтакт – тактінің  бүтін  бөліктерін,  ал  толық  емес   ауфтакт   бөліктің
паузадан   кейін   бастауын   немесе   бөліктің    толық    емес    түрлерін
көрсетеді.Толық емес ауфтактіні көрсетерде   қол   оның   алдыңғы   бөліктің
нүктесінде   тұруы   қажет.Мысалы,  ауфтактіні   бөліктің    нүктесіне   ,ал
екінші  бөліктің  сыртындағы  сегіздікке  көрсету  үшін –  екінші   бөліктің
нүктесіне,  бірінші   бөліктің   сыртындағы    сегіздікке    көрсету    үшін
бірінші  бөліктің  нүктесіне  қоямыз.
     Бұл  қимылда   ауфтакт   тәрізді   хорда   дирижерлық   етуде   маңызды
роль  атқарады.Өйткені,  шығарманы  айтқанда  орындаушылар  бірдей   бастап,
 бірдей   аяқтауы   тиіс.  Шығарма   аяқталуға   жақын   қалғанда,   дирижер
алдын – ала  шығарманы  аяқтау  керектігін  ескертетін   қимыл   жасайды.Бұл
қимыл  шығарманың  характеріне  сай  болуы  тиіс.Мәселен, созылыңқы,   сазды
 шығармаларды  –  жай  қимылмен,   үздік  –  создық   ойланатындарды   шұғыл
қимылмен  ,  ал   салтанатты   күшті   дыбыстарды   кең   құлашты   қимылмен
аяқтаған  дұрыс.

      Шығарманың  өлшеміне  байланысты  дирижер  қабылданған  белгілі –  бір
үлгілерді   пайдаланады.Үлгіні   көрсету   дегеніміз   –   дирижердың    қол
қимылдарының  шартты  белгілері   арқылы   әр   тактідегі   бөліктер  санын,
яғни  музыкалық  шығарманың  метрінің  есебін  көрсету


  Хор практикасында дыбысты күшейту  немесе  бәсеңдетуді  көрсететін  түрлі
қыймылдар қолданылады, дегенмен, соңғы екі әдісті қоданған жөн.
   Әнде дыбыстың шығару сыйпаты да, жоғарыдағы сыякты, қолдың  қыймылдарымен
көрсетіледі.
  Әнде дыбыста жүргізудің негізгі жолдары —  легато  —  дыбыстардың  арасын
байланысты айту, стаккато — дыбысты секіртпелі және н о н л е г а т о  -  әр
дыбысты жеке-жеке, бірақ байланысты айту тәсілдері.
  Легато  белгісі  дыбыстардың  арасын  байланыстыра,  бір   қалыпты   етіп
орындауды  керек  қылады.  Сондықтан,  дирижер  әнде  легато  бар   жерлерді
дирижерлық  қыймылмен  көрсеткенде,  қолға  түгел   күш   түсірмей,   қолдың
буынымен, жай қыймыл көрсетуі керек.
  Легатомен орындауға мысал ретінде А. Бородиннің «Князь Игорь»  операсынан
поселяндар хоры болуы мүмкін.
   Стаккато  белгісі  дыбыстарды  жеке-жеке  секіртпелі  айту  керек  екенін
көрсетеді.  Сондықтан,  дирижер  әнде  стаккато  бар   жерлерді   дирижерлық
қыймылмен көрсеткеиде, қолдың буынымен акцент-ті,  дәл  және  үзілмелі  етіп
көрсетуі керек.
  Нон легато белгісі дыбысты жеке-жеке және  байланысты  айту  керек  екенін
көрсетеді.
   Нон  легатомен  жазылған  дыбыстардың  арасын  байланысты,   интонациялық
жағынан таза, дәл және әр дыбыстың арасына тыныс  жасамай,  анық  етіп  айту
керек.
  Дирижер әнде бұл нон легатомен  жазылған  жерлерді  дирижерлық  қыймылмен
көрсеткенде, қолының қозғалысы бір қалыпты және анық болуы керек.

   (Нюанс — күбылу; дыбыстардың күшін немесе  музыкалық  шығарманың  екпінін
өзгерту.)




Жеке сабақ № 8,23.
А,капеллалық шығарманы талдау. Аннотация.
   1. Қол қимылындағы ескерту белгілері.
   2. Шығармадағы динамикалық белгілермен жұмыс.
   3. Шығармалардың нюанстық бөлімін ауызша түсіндіріп, оны орындау
      барысында сақтау.
   Әдістемелік нұсқау:


Жеке сабақ № 9,24.
Хор партияларын айту, партитурадағы тігінен орналасқан аккордтарды айту.
   1. Аспапта хор шығармасын ойнау.
   2. А капеллалық шығарманың партияларын айту,жаттау
   Әдістемелік нұсқау:
Жұмыстың жемісті болуы оқушылар тарапынан шығарманы ұнату немесе ұнатпауына
байланысты. Мысалы, терең мазмұнды, ұлттық нақышы бар, күрделі, әсерлі
шығармалар оқушаларды бірден ынталандырып, дайындық кезінде олардың
жинақылығын, белсенділігін, жауапкершілік сезімін арттырады.
Осыған байланысты хор жетекшісі репертуарды дұрыс таңдай білуі қажет. Бұл
мәселені Г.А.Струве өз еңбектерінде көп қарастырады: “Репертуар таңдау-
оқушылардың музыкалық білімін жоғарылатуда және эстетикалық тәрбие беруде,
вокалдық шеберлігін шыңдауда, музыкалық талғамын қалыптастыруда маңызды
фактор болып табылады. Балалар хорына арналған репертуар тақырыптық жағынан
алуан түрлі, жан-жақты болумен қатар, қабылдау үшін жеңіл, балалар
мүмкіндігіне сай және оқушыларды қызықтыра алатындай көркем және мағыналы
болуы қажет, сөйте тұра өзінің балалық нақышы болуы шарт.”
Сөйтіп хор шығармаларын таңдау хор мүшелерінің қабілетіне, мүмкіндігіне,
дайындық дәрежесіне байланысты. Репертуарды лайықты таңдап алу арқылы
оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырып, жұмыс сапасын жағарылатуға
болады. Осыған байланысты хор жетекшісі оқушылардың ортақ талғамын білуге
тиіс, соған лайық уақыт талабына сай мерекелі күндерге табиғатқа
сүйіспеншіігін арттыратындай, патриоттық сезімін, достық, ынтымаққа
тәрбиелейтіндей шығармалар таңдалады. Сонымен қатар хор шығармалары
оқушыларды адалдыққа, ерлікке, интернациолизмге, адамгершілікке
тәрбиелейтіндей мазмұнда болуы шарт және де олар көркем, тартымды,
орындауға жеңіл болуы қажет. Хор жетекшісінің басты мақсаты шығарманы
қызықтыра отырып, тартымты үйрете білуінде.
Кез-келген шығарма орындалу ерекшелігіне байланысты балаларға ыңғайлы болуы
шарт, яғни диапазон мен вокалдық мүмкіндігі жағынан жас ерекшелігіне сай
болуы қажет. Осы тұрғыдан қарастырғанда репертуар таңдау өте маңызды және
жауапты іс болып табылады. Өйткені дұрыс таңдалған репертуар бала
даусынының жан-жақты жетілуіне жағдай жасайды, ал репертуардың дұрыс
таңдалмауы, керісінше, бала даусының дамуын бәсеңдетіп, денсаулыққа теріс
әсерін тигізеді.
   Репертуардың оқушылардың қабылдау деңгейіне сай таңдалуы да маңызды
шарттардың бірі. Өйткені бала орындап тұрған шығарманың мән-мағынасын
түсінбейінше, шығармаға деген қызығушылық сезімі оянбайынша шығарманы
нақышына келтіріп орындау мүмкін емес.
    Яғни шығарма баланың жүрегіне ұялап, санасында қорытылып, көңілінен
шықса ғана көркем, әрі терең сезіммен орындалады.
  Осындайда шығарма сөздері мен әуеннің үйлесуі де аса маңызды. Көп
жағдайда, авторлар тарапынан шығарма мәтіні мен әуені арасында жүйелі,
байланыс заңдылығы ескерілмейді, яғни әдеби мәтін баланың жас ерекшелігіне
сай балғанымен, әуен жиілісі тым күрделі болады немесе керісінше құбылыс іс-
тәжірибеде жиі байқалынады. Сонымен қатар хор жетекшісі вокализді, яғни
қарапайым тілмен айтқанда сөзсіз әуенді орындатқанда ондағы музыкалық
бейнелердің мән-мағынасын, даму жиілісін түсіндіру арқылы көркем, мәнерлі
орындалуын қамтамасыз етуі қажет.
    Репертуарды таңдау кезінде хор жетекшісі шығарманың тәрбиелік бағытын,
көркемдік құндылығын ескеруі қажет. Осы тұрғыда классикалық және халық
әндерін ерекше атап өтуге болмасқа. Олар тәрбиелік жағынан аса құнды және
орындаушылардың эстетикалық талғамын жетілдіріп, кәсіби дәрежесін
жоғарылатады.
Балалар хорының репертуарына полифония имитацияларын еңгізу өте маңызды.
Өйткені бұндай шығармаларды орындау арқылы оқушылар кәсіби дәрежеде өсіп,
жетіледі. Балалар хорында кеңінен тараған
  музыкалық форма- канон. Мысалы орыс композиторларының ішінен В.Одоевский,
М.Анцев, Е.Жарковскийдің канондарын ерекше атауға болады.
Г.А.Струве “Школьный хор” атты еңбегінде балалар репертуарына акапеллалық,
яғни сүйемелдеусіз шығармаларды еңгізуді еоекше ұсынады. “Қазіргі уақытқа
дейін акапеллалақ шығармаларды орындау тек кәсіби дәрежедегі ұжымдарға ғана
тән деген көзқарас көпшілігінде қалыптасып кеткен. Бірақ бұндай көзқарастың
терістілігін, бұрыстылығын іс-тәжірибе дәлелдеп отыр, яғни акапелланы
балалар хорына орындатудың көп пайдасы бар. Ең біріншіден, кез-келген
аспаптық сүйемелдеу балаларға ғана тән таза, ашық, жұмсақ, табиғи дыбысталу
нақышын бұзып бұрмалайды. Екіншіден, сүйемелдеусіз шығармаларды орындау
кезінде хордың дайындық дәрежесі, шеберлігі, ансамбль, строй, нюансировка
секілді басты хор элементтері бірден айқындала түседі. Үшіншіден, акапелла
таза унисонды қалыптастыруға негіз болады.”
    Акапеллалық шығармаларды репертуарға хордың алғаш сабағынан еңгізуге
болады. Шығарма жатталып, ансамбль жағынан үйлескен кезде акакпелланы
сүйемелдеумен орындауға болады. Оқыту үрдісінде сүйемелдеу мен акапелланың
кезектесіп қолдану пайдасы зор. Бұндай кезекті тізбек оқушылардың музыкалық
есту қабілетінің қарқынды түрде дамуына жәрдемдеседі және де айта кететін
маңызды жайттардың бірі ерте кезеңнен орындалатын сүйемелдесіз шығармалар
кейінгі уақытта репертуардың күрделене түсуінің кепілі.
  Және де, керісінше, акапелла шығармалардың орындауға дағдыланбаған хор
ұжымы кәсіби деңгейде өсе алмай, мүмкіндігі шектеліп қалады. Өйткені
аспаптық сүйемелдеуге машықтанған оқушылар таза интонациялауға мән бермей,
фальш орындайды.
    Орта буын хорына екі дауысты шығармаларды репертуарға еңгізуге болады.
Бұл кезде әрбір дауыстын партиясы өз алдына дербес әуен жиілісін құрайды,
яғни хор ұжымы сүйемелдеуге бағынбайды.
    Акапелланы әндетудің өзіне тән артықшылығы – шығарманың тональдігін
өзгертуге қолайлы болуы, яғни шығарманың тональдігін балалардың диапазонына
қарай жарты тонға немесе бір тонға дейін көтеріп төмендетуге болады.
Тональдік қандай мақсатпен өзгертіледі?- деген сұрақ туындауы мүмкін.
Көптеген шығармалар ыңғайсыз тональдікте жазылғандықтан орындауға қолайсыз
болып келеді. Және де екі түрлі тональдікте жазылған хор шығармасы екі
түрлі дыбысталады. Мысалы, оқушылар хоры до мажор тональдігінде шығарманы
сәтсіз орындаса, до диез тональдігінде керемет болып шығады. Бұл берілген
шығармадағы интервалдардың акустикалық ерекшелігімен түсіндіріледі.
Сондықтан да хор жетекшісі осы жағдайды ескеруі қажет. Репетиция кезінде
хор ұжымын ыңғайсыз тональдікте айтқызу бір жағынан пайдалы дейді
дирижердың көпшілігі. Көп жағдайда төмен тональдікте айтқызу өте пайдалы.

  Өйткені төмен тесситураға байланысты туындаған қолайсыз жағдайды жене
отырып, оқушылар еріксіз түрде стройды белгілі дәрежеде теңестіреді.
Осындай тепе-теңдік күйі алғашқы тональдікке көшкенде де сақталынады.
Осылайша акапеллалық шығармаларды орындау хор мүшелерінің шығармашылық,
кәсіби дәрежеде өсуіне зор ықпалын тигізеді.
        Өткен шығармаларды механикалық түрде қайталау – репертуар
кеңейтудің белгісі емес,- дейді Г.А. Струве. Осыған сәйкес репертуар
жаңартудың негізгі талабы: хор шығармасын жаңаша көркемдеу, түрлендіру және
үнемі ізденісте болу. Репертуар өз ішінде екі топқа жүйеленеді – жеңіл және
қиын. Оқу үрдісі кезінде репертуардың екі түрін алмастыра қолдану қажет.
Мақсаты: оқушылардың зейінің алмастыру, эмоционалдық күйін белсендіру,
демалыс ұйымдастыру.




Жеке сабақ № 10,25.
Әуеннің басталу және аяқталу белгілері.
   1. 1-2 сыныпқа арналған мектеп әнін өз сүйемелдеуінде орындау


   Әдістемелік нұсқау:
    Дирижердің хорды  басқаруда  ең  жауапты  міндеттерінің  бірі  музыкалық
шығарманың басталуын, яғни хордық бастап айтып кетуін көрсету.
Енді,  дирижер  әннің  басталуын  хорға  қалай  көрсету  керек,  міне  соған
келейік. Дирижер ән салуға даяр тұрған  хордың  алдына  аз  кідіріп  турады,
бұдан кейін оң қолын  немесе  екі  қолын  катар  жоғары  көтеріп,  әзірленіп
тұрады (қол көтерілгенде иыктан жоғары болмасын). Бүл кезде, хор  дирижердың
қолына қарап, әнді бәрі бір бастауға әзірленіп,  тым-тырыс  тұрады.  Дирижер
хордың  әнді  бастауға  әзірленіп  тұрғанын  байқап  өткеннен  кейін,   әнді
бастайтын болады.
      Әнді  бастағанда  дирижерлық  козғалыс   әннің   өлшеуіне   байланысты
көрсетіледі. Егер де, әннің  өлшеуі  2/4   екіге  жүретін  болса  дирижердің
қолыньің козғалысы әннің өлшеуінің бірінші үлесіне жоғарыдан  томен  түседі,
екінші  үлесіне  жоғары  көтеріледі.   Әннің   өлшеуінің   бірінші   үлесіне
дирижердің қолының қозғалысы төмен түскенде хор  іштеріне  лезде  дем  алып,
әнді бәрі бірден бастап кететіп болады.
    Хордың дем алуын дирижердің  қозғалыспен  көрсетуінің  ерекше  кыйындығы
сол,  дирижер  хорды  бастаған  кезде-ақ  шығарманың,  орындалу  сыйпатымен,
екпінімен, динамикалық шарт белгі-лерімен білдіреді. Сондықтан, тыныс  алуды
көрсететін дирижерлық қозғалыс әннің басталатын екпіні меп сыйпатында  болуы
керск.
     Тыныс алуды көрсету қозғалысы әннің басталар  алдындағы   үлесі   болып
саналады. Әннің бірден басталуын көрсету хор басқаруда ең қауіпті  міндеттің
бірі болып саналады. Сондықтан, әншілердің бастапқы тыныс  алуы   мен  әннің
басталуын  көрсету өзара тығыз байланысты.
    Кейде, әншілердің тыныс  алысын  дәл,  уақытында  көрсетпеушілік,  әннің
дұрыс басталу шартын бұзады.

Қорытып  айтқанда,  әннің  басталуын  дирижерлық  қыймыл  мен  көрсету  мына
негізгі  кезеңдерден  құралады;  1.  Дирижер   әншілер-дің   назарын   өзіне
аударады; 2. Дирижер хордың  барлық  назарын  қолына  аударады  ;  3.  Әннің
бастар үлесінің алдында әншілердің тыныс алысын көрсетеді; 4.  Әннің  бірден
басталуын көрсетеді.

Ән көбінесе тактының бірінші күшті үлесінен басталады. Ал,  кейде  ән  жарты
тактыдан, жай үлесінен де басталады.
Бүл жағдайда, дем  алуды  көрсетудің  екі  түрлі  жолы  бар.  Бірінші  жолы;
дирижер әннің басталуын көрсететін  үлестің  алдындағы  ескерту  үлесіне  аз
қыймыл  жасай  отырып,  әннің  басталатын  нақты   ұсақ   үлесін   акцентпен
көрсететін болады.




 Екінші жолы: дирижер әннің басталар алдында ешбір ескертулерін  көрсетпей-
ақ, әнді тікелей акцент жасап, ұсақ үлесінен көрсетіп бастайтын болады.
 Әннің басталуын көрсететін бұл екі түрлі  жолы  хор  практикасында  бірдей
пайдаланылады.
 Бір еске алатын нәрсе, әннің басталуын  көрсетудің   екінші  жолын  игеру,
дирижер мен хорға өте үлкен жауаптылық артады, өйткені, бірінші  жолы  әннің
басталуы  алдында  ескерту  қыймылы-мен  қатар,  бірден  әннің  екпінін   де
көрсетеді.
      Әннің басталатынын көрсететін ұсақталған үлесі неғұрлым қысқа  болған
сайын, дирижердың әнді бастауда көрсететін кыймылы  мен  акценті  де  қысқа,
әрі жігерлі болу керек.
         Егер де, хордың (қатты немесе жай үлесінен басталуына  қарамастан)
инструменталъдық кіріспе музыкасы болатын болса,  ол  әннің  басталуына  кеп
жеңілдік туғызады, өйткені, кіріспе музыка  әннің  мелодиясын,  тональдігін,
екпінін, өлшеуін және  басталатын  дыбысына  шейін  алдын  –  ала   білдіріп
отырады.
 Хорда   инструментальдық   кіріспе   музыка   ойналғанда,   біріншіден   -
әншілердің барлық назарын   кіріспе   музыкаға   аударып,
 екіншіден — әнді бірден бастап айтып кету жағына мұқыят қарау керек.
   Кысқасы, дирижер хорға арналған музыкалық шығарманың  бір  тұтас  көркем
шығарма екенін еске ала отырып,әннің жеке өзін ғана басқарумен тынбай,  оның
инструментальдық кіріспе музыкасы мен хордың аяқталу музыкасын да бір  косып
басқара білуі керек.

     Дирижердың  хорды  басқаруда  тағы  бір  жауапты  міндеті   —   музыка
шығармасының аяқталуын көрсету.
     Музыка шығармасының аяқталуы  хорда  түгел  бір  уакытта  және  музыка
шығармасының сыйпатына сай бітуі керек.  Енді,  дирижердің  әннің  аяқталуын
хорға көрсету жолын түсіндірейік.
    Ән аяқталардан аз уақыт бұрын, дирижер  әннің  аяқталуын  хорға  өзінің
мимикалық қозғалысымен  ескертіп қояды. Хор әнді бастаған  кезде  дирижердың
қолына қарайтын болса, ән аяқталар кезде де дирижерға назарын  аударады.  Ән
аяқталарындағы өлшеуінің бір үлесінен  бұрын  дирижер  әнді  бітіруге  ақтық
қыймыл көрсетеді. Бұл қыймыл әннің сыйпатына,  аяқталар  кезіндегі  екпініне
сай берілгені жөн, өйткені әннің  аяғы  тым  жайлап  кетсе,  хор  жаңылысып,
соның әсерінен жартысы бұрын, жартысы соң бітіруі мүмкін.
   Сондықтан, әннің аяқталуын біркелкі екпінінде, аяқталатын дыбысты  толық
айтып бітіру керек. Басқаша айтқанда, әннің аяғындағы  дыбыс  ширектік  нота
болатын болса, дирижердың қолы екінші ширектік нотада  бітетін  болады.  Бұл
кезде хор әнді бірдей аяқтайтын болады. Бүл  хор  концертте  жеке  музыкалық
шығарма ретінде орындалатын болса, оның аяқталу шартын талқылап өтейік.
    Хордың үні соңғы тактысына көшеді. Ән  созылмалы,  кең  айтылады.  Дыбыс
бірден-бірге бәсеңдеп, өше береді.
Әннің соңғы тактысында  дирижер  орындаушылардың  назарын:  өзіне  аударады,
әннің  аяқталуын  жай  қыймылмен  тәртінші  үлесіне  көрсете  келіп,  келесі
тактының бірінші үлесіне әнді аяқтайтын болады.
Әнді аяқтауға ескерту дұрыс, уақытында көрсетілмесе әншілер  дыбысты  аяқтай
алмай, жаңылып қалуы мүмкін.
Сөйтіп,  әннің  аяқталуын  көрсету  мына  негізгі  кезеңдерде   тұрады:   1.
Әншілердің назарын дирижерге аудару; 2.  Әннің  аяқта-луын  ескертіп  қыймыл
көрстеу; 3. Әннің нақты аяқталуын, яғни ды-бысты  бірден  аяқтауды  көрсетіп
қыймыл жасау.

Жеке сабақ № 11,26.
Сүйемелмен орындалатын хор шығармасымен танысу.
   1. Хормен  жұмыс істеу әдістерін қабылдауға жағдай туғызу.
   Әдістемелік нұсқау:
   Дирижердің  хорды  басқаруда  ең  жауапты  міндеттерінің  бірі  музыкалық
шығарманың басталуын, яғни хордық бастап айтып кетуін көрсету.
Енді,  дирижер  әннің  басталуын  хорға  қалай  көрсету  керек,  міне  соған
келейік. Дирижер ән салуға даяр тұрған  хордың  алдына  аз  кідіріп  турады,
бұдан кейін оң қолын  немесе  екі  қолын  катар  жоғары  көтеріп,  әзірленіп
тұрады (қол көтерілгенде иыктан жоғары болмасын). Бүл кезде, хор  дирижердың
қолына қарап, әнді бәрі бір бастауға әзірленіп,  тым-тырыс  тұрады.  Дирижер
хордың  әнді  бастауға  әзірленіп  тұрғанын  байқап  өткеннен  кейін,   әнді
бастайтын болады.
Әнді бастағанда дирижерлық козғалыс әннің өлшеуіне  байланысты  көрсетіледі.
Егер  де,  әннің  өлшеуі  2/4   екіге  жүретін  болса  дирижердің   қолыньің
козғалысы әннің өлшеуінің бірінші үлесіне  жоғарыдан  томен  түседі,  екінші
үлесіне  жоғары  көтеріледі.  Әннің  өлшеуінің  бірінші  үлесіне  дирижердің
қолының қозғалысы төмен түскенде хор іштеріне  лезде  дем  алып,  әнді  бәрі
бірден бастап кететіп болады.
Хордың дем алуын дирижердің қозғалыспен көрсетуінің  ерекше  кыйындығы  сол,
дирижер хорды бастаған кезде-ақ шығарманың, орындалу сыйпатымен,  екпінімен,
динамикалық шарт белгі-лерімен білдіреді. Сондықтан, тыныс алуды  көрсететін
дирижерлық қозғалыс әннің басталатын екпіні меп сыйпатында болуы керск.
Тыныс  алуды  көрсету  қозғалысы  әннің  басталар  алдындағы   үлесі   болып
саналады. Әннің бірден басталуын көрсету хор басқаруда ең қауіпті  міндеттің
бірі болып саналады. Сондықтан, әншілердің бастапқы тыныс  алуы   мен  әннің
басталуын  көрсету өзара тығыз байланысты.
Кейде, әншілердің тыныс алысын дәл, уақытында  көрсетпеушілік,  әннің  дұрыс
басталу шартын бұзады.

Қорытып  айтқанда,  әннің  басталуын  дирижерлық  қыймыл  мен  көрсету  мына
негізгі кезеңдерден құралады;

1. Дирижер әншілер-дің назарын өзіне аударады;

 2. Дирижер хордың барлық назарын қолына аударады ;

3. Әннің бастар үлесінің алдында әншілердің тыныс алысын көрсетеді;

4. Әннің бірден басталуын көрсетеді.

Ән көбінесе тактының бірінші күшті үлесінен басталады. Ал,  кейде  ән  жарты
тактыдан, жай үлесінен де басталады.
Бүл жағдайда, дем  алуды  көрсетудің  екі  түрлі  жолы  бар.  Бірінші  жолы;
дирижер әннің басталуын көрсететін  үлестің  алдындағы  ескерту  үлесіне  аз
қыймыл  жасай  отырып,  әннің  басталатын  нақты   ұсақ   үлесін   акцентпен
көрсететін болады.

       Екінші  жолы:  дирижер  әннің  басталар  алдында  ешбір  ескертулерін
көрсетпей-ақ, әнді тікелей акцент жасап, ұсақ  үлесінен  көрсетіп  бастайтын
болады.
Әннің басталуын көрсететін бұл  екі  түрлі  жолы  хор  практикасында  бірдей
пайдаланылады.
Бір еске алатын нәрсе,  әннің  басталуын  көрсетудің   екінші  жолын  игеру,
дирижер мен хорға өте үлкен жауаптылық артады, өйткені, бірінші  жолы  әннің
басталуы  алдында  ескерту  қыймылы-мен  қатар,  бірден  әннің  екпінін   де
көрсетеді.
Әннің басталатынын көрсететін ұсақталған үлесі неғұрлым қысқа болған  сайын,
дирижердың әнді бастауда  көрсететін  кыймылы  мен  акценті  де  қысқа,  әрі
жігерлі болу керек.
Егер  де,  хордың  (қатты  немесе  жай   үлесінен   басталуына   қарамастан)
инструменталъдық кіріспе музыкасы болатын болса,  ол  әннің  басталуына  кеп
жеңілдік туғызады, өйткені, кіріспе музыка  әннің  мелодиясын,  тональдігін,
екпінін, өлшеуін және  басталатын  дыбысына  шейін  алдын  –  ала   білдіріп
отырады.
Хорда   инструментальдық   кіріспе   музыка   ойналғанда,    біріншіден    -
әншілердің барлық назарын   кіріспе   музыкаға   аударып,
Екіншіден-әнді бірден бастап айтып кету жағына мұқыят қарау керек.
Кысқасы, дирижер  хорға  арналған  музыкалық  шығарманың  бір  тұтас  көркем
шығарма екенін еске ала отырып,әннің жеке өзін ғана басқарумен тынбай,  оның
инструментальдық кіріспе музыкасы мен хордың аяқталу музыкасын да бір  косып
басқара білуі керек.

Дирижердың хорды басқаруда тағы бір жауапты міндеті  —  музыка  шығармасының
аяқталуын көрсету.
Музыка  шығармасының  аяқталуы  хорда  түгел   бір   уакытта   және   музыка
шығармасының сыйпатына сай бітуі керек.  Енді,  дирижердің  әннің  аяқталуын
хорға көрсету жолын түсіндірейік.
Ән  аяқталардан  аз  уақыт  бұрын,  дирижер  әннің  аяқталуын  хорға  өзінің
мимикалық қозғалысымен  ескертіп қояды. Хор әнді бастаған  кезде  дирижердың
қолына қарайтын болса, ән аяқталар кезде де дирижерға назарын  аударады.  Ән
аяқталарындағы өлшеуінің бір үлесінен  бұрын  дирижер  әнді  бітіруге  ақтық
қыймыл көрсетеді. Бұл қыймыл әннің сыйпатына,  аяқталар  кезіндегі  екпініне
сай берілгені жөн, өйткені әннің  аяғы  тым  жайлап  кетсе,  хор  жаңылысып,
соның әсерінен жартысы бұрын, жартысы соң бітіруі мүмкін.
Сондықтан, әннің аяқталуын  біркелкі  екпінінде,  аяқталатын  дыбысты  толық
айтып бітіру керек. Басқаша айтқанда, әннің аяғындағы  дыбыс  ширектік  нота
болатын болса, дирижердың қолы екінші ширектік нотада  бітетін  болады.  Бұл
кезде хор әнді бірдей аяқтайтын болады. Бүл  хор  концертте  жеке  музыкалық
шығарма ретінде орындалатын болса, оның аяқталу шартын талқылап өтейік.
Хордың үні соңғы тактысына көшеді. Ән созылмалы, кең айтылады. Дыбыс бірден-
бірге бәсеңдеп, өше береді.
Әннің соңғы тактысында  дирижер  орындаушылардың  назарын:  өзіне  аударады,
әннің  аяқталуын  жай  қыймылмен  тәртінші  үлесіне  көрсете  келіп,  келесі
тактының бірінші үлесіне әнді аяқтайтын болады.
Әнді аяқтауға ескерту дұрыс, уақытында көрсетілмесе әншілер  дыбысты  аяқтай
алмай, жаңылып қалуы мүмкін.
Сөйтіп, әннің аяқталуын көрсету мына негізгі кезеңдерде тұрады:
1. Әншілердің назарын дирижерге аудару;
 2. Әннің аяқта-луын ескертіп қыймыл көрстеу;
3. Әннің нақты аяқталуын, яғни  ды-бысты  бірден  аяқтауды  көрсетіп  қыймыл
жасау.

   Дирижерлық  орындаушылықтың   үш элементі «Көңіл  аудару « Тыныс  алу»
                                   «Түсу»
      «Дыбыстың аяқталу  кезеңі». Аяқтау  және аяқтау  үшін  көрсетілетін

         қосымша  қимылды дайындау.Штрихтарды көрсету  заңдылығы legatj,
         сызықтың игіштігі жұмсақтық  нүктеге түсу  және  non  legato.
     Дирижерлық  ету тәсілдерінің  негізінде  екі үлестік, үш үлестік   қол
Музыка мұғалімін дайындаудағы дирижерлық класстың қызметі. Балалар хор
коллективтерін ұйымдастыру. «Хордың міндеттері» пәнінің міндеттері жайлы
түсіндіру.
     Дирижерлық аппаратты еркімен жұмсарту мен босату үшін жаттығулар
жасау.
  Дирижердың негізгі позициялармен, дириж-қ қимылдардың элементтерімен
жұмыс.
      Дирижерлық орындаушылықтың алғашқы үш элементі: «Көңіл аудару» «Тыныс
алу» «Дыбыстық аяқталу» кезеңімен жұмыс.
Дирижерлық техниканың әдістерімен жұмыс, өлшемдерге байланысты тактілеу
(метроритм).
   Дирижерлық схемасын үйрену. Тактыдағы әр түрлі үлестерге «бастау» және
                                  «аяқтау».



Жеке сабақ №12,27.
Хор шығармасын дирижерлау.
   1. Жаттығуларды күрделендіру.
   2. Хор партияларын үйрену
   3. Партитура ұғымына түсініктеме


Жеке сабақ №13,28.
Шығармадағы динамикалық белгілер.
1. Партитураны жаттау, есте сақтау.
1. Партитурадағы үзіліс, стаккато, синкопалық ырғақтармен жұмыс.
2. Шығарманы жатқа орындау.


   Әдістемелік нұсқау:

        Динамика – күшейту  дегеніміз ,дыбыс күшін  азайту немесе  арттыру
дәрежесі, шығарманың  мазмұны  мен табиғи болмысы , орындаушылық
ерекшеліктеріне  дыбысты күшейту  ,азайту динамика  белгілері  арқылы
көрсетіледі .Динамика белгілері  орындау  мағынасын білдіретін  италия
сөзінің бас  әріпімен  кейін  арнайы  белгілерімен  белгіленеді .

          Негізгі  динамикалық  белгілер   :
         P  -         ақырын  жай .
         S  -         қатты
         mp –       жай
         mf –     орташа
         PP –     өте  ақырын жай
         SS –      өте  қатты
         sf –       кенеттен   күшейту .

      -  бірте- бірте  қатты .

      -  бірте-бірте  пәсейту .

     Композитордың    музыкалық  шығармасында     жан дүниесін, сезімін,
ойын ,  көңіл-күйі, шығарманың  бай  көрінісі қамтылады. Дирижер   өзінің
шеберлігімен   әр түрлі  құбылмалы, бірте-бірте  ойда жоқта кездесетін
динамикалық белгілердің   композитордың  шығармасының  көңіл-күйін
көрсетуі  тиіс.  Музыкалық  шығармадағы  динамикалық бояуларды  анық
көрсету үшін  дирижер ұтымды оң  қолын  пайдаланады .  ұтымды  ролі, қимыл
түрлері:  күшті динамиканы үлкен, ұзақтау  қимылмен, әлсіз  кішкентай,
қысқа қимылмен көрсету .
     Біртіндеп динамиканың ұлғаюы  -  қимылмен  бірте-бірте  ұлғайып  көбее
 береді, динамикасы  әлсірегенде, жай темпте, музыканың баяу  характерінде
 мәің қимыл, ал жылдам  екпінде,  қуатты  музыкада – кіші  қысқа қимылмен,
қол бұлшық  еттеріне көп  күш  түседі , соған байланысты   қимылдар  қуатты
болады.   Динамиканың  анық  көрсету  роль  жоғары, орташа,   төменгі болып
 бөлінеді. Күшті  динамика - күшті, орташа динамика  -орташа, ал әлсіз
динамика   -төмангі  деңгейді  көрсетеді .  Динамикалық  өзгерістерінің
салдарынан –қимылдардың  деңгейіде  өзгереді. Сол қолмен дирижерлау
барысында  алақанымен көтерілуі   жоғары  ұсыныс  бірте –бірте күшейту
«crescendo», асықпай  қолдың түсірілуі бірте –бірте  динамиканың әлсіреуі
«diminuendo». Динамикалық  әлсіреудің  барысында  басты, иықты  еңкейтуге
болмайды, дирижер  корпусы өз қалпында тұрады.  Хор  айтушылардың
барлығына  дирижер  анық  көріну  үшін    биіктеу  орында  тұрады .
         Тактілеу  барысында  сол  қолдың  қимылын  көрсету, оң қол
қимылына  қатысты.   Бет  әлпет  мимикасыз  күшейген  немесе әлсіреген
динамикалардың қызметі  көрінбейді. Ең күшті  «fortissimo»   белгісінде  ең
үлкен  жестермен   көрсетудің  қажеті  жоқ.  Күшті немесе әлсіз  айтып
көрсету  түстарын  бас  изеу  арқылы  көрсетуге  болады, бірақ өте жиі
емес.  Айтылған  барлық  ескертулерді  орындау, шығарманың өз деңгейінде
жеңіл  әрі ұтымды, динамикелық  блгілері анық, бояуын анық  көрсету   -
диржердың  профессионалды мәреге жетуі.
  Әннің  орындалуында  дыбыстың  динамикалық  нюансировкасы  —  шығу   күші
дирижердың қолының  кыймылына  байланысты.  Қолдың  қыймылы  ұлғайған  сайын
дыбыстың шығуы күшейеді, ал қолдың қыймылы кішірейген  сайыи  дыбыстың  шығу
күші бәсендейді.
   Бұл динамикалық шартты белгілерді тек қана қолдың қыймылымен емес,  түрлі
жест-қыймылдар арқылы да көрсетуге болады.
  Дыбысты күшейту қажет болғанда дирижердың қыймылы  өте  жігерлі,  екпінді
болады, ал, дыбысты бәсеңдету қажет  болғанда  дирижердың  қыймылы  бәсеңдеу
көрсетіледі.
  Хор практикасында дыбысты күшейту  немесе  бәсеңдетуді  көрсететін  түрлі
қыймылдар қолданылады, дегенмен, соңғы екі әдісті қоданған жөн.
   Әнде дыбыстың шығару сыйпаты да, жоғарыдағы сыякты, қолдың  қыймылдарымен
көрсетіледі.

Жеке сабақ №14,29.
Хорға арналған шығармаларды, нотаға қарап оқу. (ЧХП)
   1. Шығармадағы дикциямен жұмыс.
   2. Шығармадағы қазақ әріптерімен жұмыс.
   3. Сөйлем соңындағы дауысты, дауыссыз дыбыстармен жұмыс. Әр партиямен
      жеке жұмыс жүргізу.

   Дирижер музыкалық шығарманы хормен баскарып  жаттығдан  бұрын,  музыкалық
шығармамен  танысып,   оны   жаксы   үйреніп   алуы   керек.   Дирижер   хор
партитурасындағы нотамен жазылған әнімен, текстісімен  үйрету,  оны  сахнада
орындалу кезендерін де білуі керек. Дирижердың хор партитурасын үйренуі  екі
кезеннен құралады:  бірінші  -  дирижердың  партитураны  өздігінен  үйренуі;
екінші— үйренген шығарманы  хорға  үйретуі.Үйретілетін  музыкалық  шығарманы
толық менгеру үшін, оның музыкасы мен текстісін білумен қатар,  әнді  жазған
композитордың творчествосы  не-месе  халық  әні  болатын  болса.ол  халықтың
әншілік творчествосымен де  танысқаны  өте  пайдалы.  Мұнымен  қатар,  әннің
жазылу  стилі,көркемдігі  және  композитор  мен  ақынның  творчестволық  бе-
талысымен танысқан да жөн. Әнді бастап  үйренгенде,  әуелі  әннің  текстісін
толық үйреніп алып, кейін музыкасын уйренуге көшу керек.
  Музыкалық-теориялық талқылау, үйрену жағына  мыналар  кіреді:  шығарманың
музыкалық тематика жағын  талқылап,  оның  музыкасы  мен  текстісінің  өзара
байланыстылығын, музыкалық формасын,  ладотональдық  планын,  өлшеуін  білу;
әннің екпінін, гармониясын, дұрыс жүргізу ретін, орындалу  мәнерлігін  толық
білу.
  Бұдан кейін, музыкалық шығарманың жазылуы жағынан танысу керек. Бұган  әр
партиялардың  дауыс  мөлшерін,  ерекшеліктерін,  тесситурасын  білу,  әндегі
ыргақтылық пен түрлі  интервалдарды  интонациялық  жағынан  таза,  дәл  айту
сияқтылар жа-тады.
   Әннің әр дауыс партиясында ән үстінде дем  алатын  жерлерін  де  белгілеу
керек. Әннің текстісін әншілік пен  дпкциялық  жағына  айырып,  түсініп  алу
керек. Мұнымен қатар,  хор  партияларының  арасындағы  ансамбльдің  типтері,
тесситуралық жоғарлылығы мен музыкалық тематикасы жағынан да айыру керек.
   4.

Жеке сабақ № 15,30.
   Музыкалық көркем бейнесінің ашылуымен жұмыс.
     1. Шығарманы көркем орындау әдістері.
     2. Поэтикалық сөз текстімен музыкалық ырғаққа сәйкес келуі
   Әдістемелік нұсқау:


    Дирижер деп басқарушыны, яғни   музыкалық   шығарманы  дұрыс   орындатып
шығатын  үйірме   бастығын  айтамыз.
  Басқарушы - дирижер өзінін (жест)-қыймылы  аркылы  орындаушы  коллективке
әсер            етеді.
  Дирижерлық шеберлік әруақытта  дирижерлық  қыймылдың  негізгі  техникасын
үйреніп  дағдыланудан  басталады.  Енді,  дирижерлық   аппараттың   негізгі
қыймылдарымен танысалық. Дирижер  қолының қозғалыстары біркелкі тез,  бірақ
аса қатты құлашталмай, үнемді, дәл және белгілі бір қозғалыста болу керек.
   Дирижер әнді дирижерлық қыймылмен басқарып тұрғанда, бет алды ашық, кейде
мимикалық қозғалысты және орындаушы-ларға батыл қарап тұрғаны жөн.
   Дирижер орындалатын музыка шығармасынын, партитурасын жатқа білуі керек:
   Дирижердың ерні дикциялық жағынан жаттығып, кейде ешбір  дыбыссыз  сөйлей
алатын болуы керек. Дирижердің денесі,  кеудесі,  иығы  түзу,  берік  тұруы
керек.  Дирижер  хорды  басқарып  тұрғанда,  денесі   жан-жаққа   шайқалып,
бұлғаңдамауы  керек.
   Дирижердің есту сезімі жақсы жетілген болуы керек.
   Дирижер бір дауысты, екі, үш, төрт  дауысты  хорды  басқарып  айтқызғанда
оның әр дауыстарын жақсы естіп, бұзып тұрған дауыстарды тез түзеп және  сол
дауыстарды жеке айтып, көрсетіп бере алатын болуы керек.
       Әрбір хор жетекшісі дирижерліктің  негізгі  тәсілдерін  бөлгені  жөн.
Дирижердің  аппаратына  оның  бүкіл дене,  қол  және  бет   қимылы   жатады.
Дирижер  еңкеймей ,шалқаймай, артық  қимылсыз  денесін  тік   ұстауы  керек.
Нығыз  тұруы  үшін  бір  аяқ  аздап  алға  қойылады, ал екі  қол   шынтақтан
 бүгіліп , сәл ғана созылады.

           Дирижерлау   кезінде   шығарманың   характері   мен  мазмұны  қол
қимылдары   арқылы   берілуі  тиіс.  Шығармадағы    музыканың    характеріне
байланысты қол  қимыл  созылыңқы;кенет,  жеңіл,  ауыр,  серпінді,  жай,  кең
т.с.с. болып келеді.Әр қолдың өз алдына  жұмыс  істеуін  қадағалау  керек.Оң
қолда көбінесе  хордың  ырғағы  мен  такт   есебі   жүреді   де  ,  сол  қол
нюанстерді, түрлі дауыстардың  белгілі  уақытта  қосылып  отыруын  ,  т.с.с.
белгілерді көрсетеді.

    Дирижер  қолының  әр  түрлі  биіктікте  орналасу  қалпы  –  позиция  деп
аталады.Дирижер   жұмыс   кезінде   қолдың   үш   түрлі    биіктік    қалпын
пайдаланады:жоғары, ортаңғы және төменгі.
        Жоғары  позиция кезінде  дирижердің    қолы  иықпен   бір   деңгейде
орналасады .Жоғары  позицияда  көбінесе   хорға   сүемел   жасағанда   хорға
қатысушыларға  қол  қимылдары  жақсы   көрінуі   үшін   және    оларға   кең
тынысты қатты  дыбыстарды   көрсетуде   пайдаланады .
         Қолдың кеудемен бір деңгейде орналасуы  ортаңғы  позиция  делінеді.
Дирижердың жұмыс кезінде ең көп қолданатыны – осы ортаңғы позиция.
         Төменгі  позиция  кезінде   дирижердың  қолы  белмен  бір  деңгейде
орналасады.Бұл  позицияны  көбінесе  хор  дыбысын  бәсеңдетіп  ,   әр  түрлі
иірімдегі ақырын  естілетін  дыбыстарды  көрсету  үшін  пайдаланады.
          Қол   қимылдарының   өзара   қашықтығының   орналасу   тәртібі   -
дирижерлік диопазон  деп  аталады.Диапазон   кең  көлемді  ;   орта  көлемді
және  кіші  көлемді  қимылдар  болып  үшке  бөлінеді.
         Кең көлемді  қимылдар  көбінесе  (оркестрде)   хорда   үлкен,   кең
дыбыстарды   қажет    ететін    салтанатты   шығармаларда   қолданылады.Орта
көлемді  қимылдар  жай және  орташа  қарқында  жазылған шығармаларды   меццо
–  пиано,    меццо   –   форте,   форте    дыбыстарымен   орындау    кезінде
пайдаланылады.Ал  кіші  көлемді  қимылдар  жүрдек   және   жылдам   қарқында
пианодан  фортеге  дейінгі  дыбыстарды  орындау  үшін  қолданылады.
       Қолды қолға  созғандағы  әр түрлі   қашықтықтағы   орналасу   тәртібі
дирижердың қолының  планы  делінеді.  Ол   бірінші,   екінші   және   үшінші
болып  бөлінеді.Қолдың  кеудеден  алыс  орналасуы – бірінші план  ,   қолдың
орташа  қашықтықта   орналасуы  –  екінші   план,   қолдың    денеге   жақын
орналасуы – үшінші  план  деп  аталады.
          Дирижер   қол   қимылдарының   көмегімен   төмендегі   міндеттерді
атқарады:
      1. Хорды  айту  алдында  музыканттардың  назарын  өзіне  аудару.
      2. Хор  айтуды  бастар  алдында  орындаушылардың  тыныс  алу ,   яғни
      ауфтакт  көрсету.
      3. Айтылып   жатқан   шығарманың    характері   мен   көңіл  –  күйін
      көрсету.
      4. Шығарманың  ырғағына  бола  көңіл аудару.
      5.  Хор   топтарының   айтуға   кірісу   сәтімен   тоқтату   мерзімін
      көрсету.
Мұғалімнің жол көрсету аясында атқарылатын студенттердің өздік жұмыстарының
сабақ жоспары. (ОСӨЖ)
1. Дирижерлауға арналған жаттығуларды қайталау.
2.  Партияларды  аспапта  ойнап,  айту.  Партияларды   айтуда   интонациялық
тазалық.
3. Динамикалық белгілерін сақтап айту.
4. Партитураны  сольфеджио  түрінде  тапсыру.  Хорға  арналған  шығармаларды
нотаға қарап оқу (ЧХП).
5. Партияны сөзімен орындау. Сөздегі  көркемдік  бейнені  табу.  Шығармадағы
сөздерді мәнерлеп оқу. Көркемдік бейнесін ашу.
6. Шығарманың шарықтау шегін білу.
7. Партияны мәнерлеп орындау.
8. Шығарманы жатқа орындау.

Курс бойынша ауызша үй жұмыстарының тақырыбы. (СӨЖ)

1.       Партияларды аспапта ойнау.
2        Хор партиясын сольфеджиялау.
3.       Авторлар туралы мағлұмат дайындау.
4.       Хор партиясын мәнерлеп айту.
5.       Шығарманың өлшемін дирижерлау.
6.       Партитураны талдау.
7.       Шығармаға арнап жаттығулар таңдау.
8.       Дирижерлауға  арналған жаттығуларды қайталау.
9.       Партияларды аспапта ойнап, айту.
10.     Партияларды айтуда интонациялық тазалық.
11.     Шығармадағы сөздерді мәнерлеп оқу.
12.     Шығарманың авторына аннотация.
13.     Дикциялық жаттығулар жасау.
14.     Партияны жатқа орындау.
15.     Динамикалық белгілерін сақтап айту.
16.     Партитураны сольфеджио түрінде тапсыру.
17.     Партияны сөзімен орындау.
18.     Сөздегі көркемдік бейнені табу.
19.     Шығарманың шарықтау шегін табу.
20.     Партияны мәнерлеп орындау.
21.     Көркемдік бейнесін ашу.
22.     шығарманы жатқа дирижерлау.

Әдебиет тізімі:
Б.Жакеева.  Хор үйірмесімен жұмыс. Алматы.  Өнер – 1998.
Балаларға арналған хрестоматия.  Құр. Нұрымбетов Т., Мамизеров В. Алматы,
Өнер. 1991.
«Дирижирование» Л.А. Безбородов. Москва. 1990.
«Хороведение» В.И.Краснощеков. Москва. 1969.
«Работа с хором» Соколов В.,  Москва. 1967.
Әбеуова К. «Хор жүргізу». Алматы. 1993.











Пәндер