Файл қосу
Алқабилер сотының түсінігі
|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ | |ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |3 деңгейлі СМЖ құжаты | ОӘК |ПОӘК042-14-5-02.01.20.50| | | |.03 - 2012 | |«Қылмыстық іс бойынша сот|№1 басылым | | |өндірісі» пәні бойынша |02.09.2012ж | | |студенттерге арналған | | | |оқу-әдістемелік | | | |материалдар | | | «ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС БОЙЫНША СОТ ӨНДІРІСІ» ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «5В030100»- құқықтану мамандықтарына арналған ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР Семей 2012 Мазмұны 1. Глоссарий 2. Дәрістер 3. Тәжірибелік тапсырмалар 4. Курстық және дипломдық жұмыс тақырыптары 5. Студенттердің өздік жұмыстары 1. ГЛОССАРИЙ 1. Сот – сот билігі органы, Қазақстан Республикасының сот жүйесіне кіретін, істі алқалық немесе жеке қарайтын кез келген заңды түрде құрылған сот; 2. Бірінші сатыдағы сот – қылмыстық істі мәні бойынша қарайтын сот; 3. Апеллияциялық саты – бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енбеген үкімдеріне, қаулысына апелляциялық шағымдар (наразылықтар) бойынша істі қарайтын екінші сатыдағы сот; 4. Қадағалау сатысы – тараптардың осы сатының алдындағы сот сатыларының заңды күшіне енген сот шешімдеріне шағым, наразылығы бойынша істі қадағалау тәртібінде қарайтын сот; 6. Судья – сот билігінің иесі, осы лауазымға заңда белгіленген тәртіппен тағайындалған немесе сайланған кәсіпқой судья (соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы, соттың мүшесі немесе тиісті соттың басқа да судьясы); 7. Төрағалық етуші – қылмыстық істі алқалық немесе жеке қарау кезінде төрағалық ететін судья; 7-1) Алқаби - соттың қылмыстық істі осы Кодексте белгіленген тәртіппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы; 8. Басты сот талқылауы - бiрiншi сатыдағы соттың қылмыстық iстi мәнi бойынша қарауы; 9. Процеске қатысушылар - қылмыстық iзге түсудi және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өздерiнiң немесе өздерi бiлдiретiн құқықтар мен мүдделердi қорғайтын адамдар: прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы, сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер, оның заңды өкiлi мен өкiлi, жәбiрленушi, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi; 10. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган - сот, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iстi сотқа дейiн жүргiзу кезiнде прокурор, тергеушi, анықтау органы, анықтаушы; 11. Тараптар - сот талқылауында бәсекелестiк пен тең құқықтылық негiзiнде айыптауды (қылмыстық iзге түсудi) және айыптаудан қорғауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар; 12. Айыптау тарабы - қылмыстық iзге түсу органдары, сондай-ақ жәбiрленушi (жеке айыптаушы), азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi; 13. Қылмыстық iзге түсу (айыптау) - қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кiнәлiлiгiн анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық- құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшiн айыптау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi; 14. Тергеуде болу - осы Кодексте белгiленген, белгiлi бiр қылмысты тергеу белгiлi бiр алдын ала тергеу органының немесе анықтаудың құзыретiне жататын белгiлердiң жиынтығы; 15. Қорғану тарабы - сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның өкiлi; 16. Қорғау - қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңiлдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық iзге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi; 17. Мәлiмдеушi - сотқа немесе қылмыстық iзге түсу органдарына қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртібімен өзiнiң (басқаның) нақты немесе жорамалды құқығын қорғау үшiн өтiнiш жасаған адам; 18. Өкiлдер - заңның немесе келісімнiң күшiне орай жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң заңды мүдделерiн бiлдiруге уәкiлдiк берiлген адамдар; 19. Заңды өкiлдер - сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, сондай-ақ сезiктiнi, айыпталушыны немесе жәбiрленушiнi қорғап немесе асырап отырған ұйымдар мен адамдардың өкiлдерi; 20. Туыстар - үлкен атасы мен үлкен әжесiне дейiн ортақ ата-бабалары бар туыстық байланыстағы адамдар; 21. Іс бойынша iс жүргiзу - қозғау, сотқа дейiнгi дайындау, сотта талқылау және соттың үкімін (қаулысын) орындау барысында нақты қылмыстық iс бойынша жүзеге асырылатын iс жүргiзу әрекеттерi мен шешiмдерiнiң жиынтығы; 22. Іс жүргiзу әрекеттерi - осы Кодекске сәйкес қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында жүргiзiлетiн iс-әрекеттер; 23. Хаттама - қылмыстық процестi жүргiзушi орган жасаған iс жүргiзу әрекетi көрсетiлетiн iс жүргiзу құжаты; 24. Іс жүргiзу шешiмдерi - өз құзыреттерi шегiнде қылмыстық процестi жүргiзушi органдар шығаратын және осы Кодексте айқындалған нысанда көрiнiс табатын қылмыстық iс жүргiзу құқығын қолдану актілері - үкiмдер, қаулылар, қорытындылар, ұсыныстар, санкциялар; 25. Қаулы - соттың үкiмнен басқа әртүрлi шешiмдерi, анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында, сондай-ақ сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу шеңберінде қабылданған шешiмдерi; 26. Үкiм - айыпталушының кiнәлiлiгi немесе кiнәсiздiгi және оған жаза қолдану немесе қолданбау туралы мәселе бойынша бiрiншi сатыдағы соттың басты сот отырысында немесе апелляциялық соттың талқылауында шығарылған сот шешiмi; 27. Шағым, наразылық - процеске қатысушылардың анықтау, алдын ала тергеу, прокурор немесе соттың iс-әрекетiне өздерiнiң құзыретi шегiнде және осы Кодексте белгiленген тәртiппен енгiзiлген көңiл аудару актiсi; 28. Өтініш жасау - тараптың немесе арыз берушінің қылмыстық процесті жүргізуші органға жолданған іс-жүргізу іс-әрекеттерін жүргізу немесе іс жүргізу шешімін қабылдау туралы өтініші, ал қадағалау сатысында - қадағалау іс жүргізуін қозғау және заңды күшіне енген сот актісін қайта қарау туралы жолданым; 29. Ғылыми-техникалық құралдар - дәлелдердi анықтау, көрсету, алу және зерттеу үшiн заңды түрде қолданылатын аспаптар, арнаулы жабдықтар, материалдар. 8. Дәріс материалдары Лекция № 1.Басты сот отырысына дайындалу.Алдын ала тыңдау. 1. Басты сот талқылауына дайындық кезеңінің мәні мен маңызы. 2. Алдын ала тыңдауды өткізудің негіздері мен тәртіптері. 3. Басты сот талқылауын тағайындау және оған дайындық. Басты сот талқылау сатысы іс жүргізудің басқа сатыларымен салыстырғанда маңызы зор, негізгі, түйінді, күрделі саты саналады.Себебі бұл сатыда қылмыстық іс бойынша басты шешім қабылданады,яғни сотталушының кінәсі немесе кінәсіздігі анықталады. Соған байланысты оған жаза қолдану- қолданбау мәселесі шешіледі. Қазақстан Республикасында қылмыстық істер бойынша сот әділдігін тек соттар ғана жүзеге асырады. Кімнің болса да сот өкілеттігін иемденуі заңда көзделген жауаптылыққа соқтырады. Соттың үкімі бойынша және заңға сәйкес болмаса, ешкім де қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылмайды, сондай-ақ қылмыстық жазаға тартылмайды (ҚР ҚІЖК 11-б.) Басты сот талқылауында қылмыстық іс бойынша жиналған дәлелдемелерді сот жаңадан зерттейді.Судья сот әділдігін атқару кезінде ешкімге тәуелді емес, алдын ала тергеу барысында жиналған дәлелдемелерді зерттеумен шектелмейді. Басты сот талқылауын алдын ала тергеу сатысымен салыстырсақ ,оның мынадай өзгешеліктерін атау қажет: 1) тергеуші қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу жүргізгенде әртүрлі болжамды тексере отырып шындықты, ақиқатты анықтайды, ал сот қарауында нақты адамдар туралы тергеуші жинаған, жан жақты тексерілген, баға берілген, жүйеге келтірілген дәлелдемелер болады; 2) тергеуші алдын ала тергеуді дербес, жеке дара жүргізеді, ал сот дәлелдемелерді айыптау және ақтау тараптарының қатысуымен зерделейді; 3) тергеуші қылмыстық істі басынан аяғына дейін кейбір жағдайда тергемейді, іс басқа тергеушіге берілуі мүмкін ( тергеуші ауырып қалды, кезекті демалысқа шығып кетті, білімін жетілдіруге кетті және басқа да себептер), ал басты сот талқылауында қылмыстық істі бір судья немесе судьялардың сол құрамы қарауы тиіс( ҚР ҚІЖК 312-б); 4) тергеуші бірнеше қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеуді қатарластыра жүргізеді, ал сот (судья) істі жартылай қарап, басқа судьяға бере алмайды, судья істі басынан аяғына дейін қарап, қарауды үкім шығарумен не істі қараумен аяқтайды; Басты сот талқылауының негізгі белгілері: 1.Басты сот талқылауында істі қарау қылмыстық іс жүргізу заңдарында көрсетілген тәртіп бойынша жүргізіледі. ҚР ҚІЖК-де басты сот талқылауының жалпы шарттары көрсетілген (ҚР ҚІЖК 311-330-баптары). Сотта іс қарағанда іс жүргізудің барлық принциптері толық көрініс табады. 2.Басты сот талқылау сатысының алдындағы сатылар көмекші рөл атқарады, басты сот талқылау сатысын дайындайды. Алдын ала тергеу «сотқа дейін»,«соттан тыс», «сот үшін» жүргізіледі. 3.Басты сот талқылау нәтижесінде сот төрелігі жүзеге асырылады.Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады (ҚР Конституциясы 75-б.1-бөлім). 4.Қылмыстық іс бойынша әділ шешім қабылдау үшін басты сот талқылау сатысында барлық кепілдіктер барынша толық шоғырландырылған. Сот қылмыстық іс бойынша жиналған дәлелдемелерді жариялы түрде тікелей ауызша зерделейді. Қылмыстық іс жүргізу сатыларының жүйесінде басты сот талқылау сатысы ерекше орын алады. Басты сот талқылау сатысы іс жүргізудің басқа сатыларымен салыстырғанда маңызы зор, негізгі, түйінді, күрделі саты саналады.Себебі бұл сатыда қылмыстық іс бойынша басты шешім қабылданады,яғни сотталушының кінәсі немесе кінәсіздігі анықталады. Соған байланысты оған жаза қолдану-қолданбау мәселесі шешіледі. Жаза қылмыскердің жанын қинау немесе адамгершілік намысына тиіп, қорлау мақсатын көздемеейді. Жаза жасалған қылмыс үшін қылмыскердің сазайын тарттыру емес,оның мақсаты- сотталған адамды түзеу. Жаза дегеніміз ҚР ҚК 38 бабына сәйкес, соттың шешімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылатын адамға қолданылады. Басты сот талқылауы сатысында қылмыстық жауапқа тартылған адамның кінәсі немесе кінәсіздігі біржола, үзілді-кесілді шешіледі.Солай бола тұра,баспасөз беттерінде бұл мәселе жөнінде басқа да әртүрлі пікірлер айтылып жатады. Ондай пікірлердің мәні-қылмыстық жауапқа тартылған адамдардың кінәлі-кінәсіздігін соттан басқа, алдын ала тергеу органдары да шешеді делінуінде.Осындай пікірлердің біреуін қарастырып көрейік. Профессор М.С.Строгович, «алдын ала тергеу және сот жұмыстарының қателік көздері:айыпталушы мен кінәліні, қылмыстықжауапқа тартылғандарды сотталғандармен теңестіріп ұқсату.Бұл теріс түсінік тудырады,істің мән- жайын анықтау бір жақты,айыптау түрінде жүргізіледі» деген болатын. Қазіргі заманда қылмыспен табыс жүргізу үшін алдын ала тергеу жүргізу органдарының қызметін ұйымдатыру нысандарын әр уақытта жетілдіріп отыру қажет.Бұл мәселе төңірегігде тергеу тәжірибесіне тергеушілер тобымен қылмыстық істерді міндетті түрде тергеуді еңгізу дұрыс деп ойлаймыз. Қылмыстық іс жүргізу заңы (198-бап) тергеушілер тобымен іс жүргізүдің негізгі белгілерін анықтайды,олар: 1) күрделі немесе ауқымды қылмыстық істер бойынша жүргізіледі; 2) тергеу тобын құру туралы шешім іс қозғау туралы қаулыда көрсетіледі немесе жеке қаулы шығаралады; 3) қаулыда тергеу жүргізу тапсырылған барлық тергеушілер, оның ішінде топ жетекшісі көрсетіледі; 4) іске қатысушыларға (сезікті,айыпталушы,жәбірленуші,азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер,олардың өкілдері) істі тергеушілер тобының тергейтіні туралы қаулымен таныстырылады және оларға тергеу тобына кіретін кез келген тергеушіден бас тарту құқығы түсіндіріледі; 5) тергеу тобына бірнеше органның тергеушілері кіруі мүмкін; 6) тергеу тобы прокурордың нұсқауы бойыша немесе тергеу бөлімдері бастықтарының бастамашылығы бойынша құралады. Алдын ала тергеу және анықтау жүргізуді қадағалау барысында прокуратура органдары қылмыстық іс жүргізуге қатысушы адамдардың конституциялық құқықтарын қорғайды,заңда дұрыс қолдануды қамтамасыз етеді. Прокурордың бұл қызметі Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» заңымен және ҚР ҚІЖК тиісті нормаларымен ресмилендіріледі. Алдын ала тергеу мен анықтау жүргізуді қадағалау кезінде прокурор дәлелдемелердің рұқсат етілгендігін анықтайды.Бұл мәселені шешуде ҚР ҚІЖК 116-бабын басшылыққа алады. Алдын ала тергеу қылмыстық іс жүргізудің екінші кезеңі,екінші сатысы қылмыстық іс жүргізу заңдарымен реттеледі,заңда көрсетілген тәртіппен жүргізіледі,қылмысты ашып,айыпкерді жауапқа тартуды көздейді,қылмыстың жасалуына ықпал ететін себеп пен жағдайды анықтайды. Сонымен алдын ала тергеу дегеніміз қылмыстық іс жүргізу заңымен реттелген,қылмыстарды тез және толық ашуға,оларды тартуға,қылмыстық ісбойынша барлық жағдайды анықтауға,срның нәтижесінде соттың әділ шешім қабылдауына алдын ала жағдай жасауға арналған тергеуші әрекеттері. Алдын ала тергеу сатысының құқықтық маңызы мынада:тергеуші дәлелдемелер жинап,сол дәлелдемелердің көмегімен айыпкерді Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша жауапқа тартады.Алдын ала тергеу басқа адамдарға тоқтау жасайды,басқа қылмыстарды болғызбауға себепкер болады. Басты сот талқылауы сатысымен салыстырғанда алдын ала тергеу сатысы көмекші рөл атқарады.Қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу «сотқа дейін»,«соттан тыс», «сот үшін»жүргізіледі.Іс бойынша келешекте таұы да жэұмыс жасалады,алдын ала тергеу нәтижесінде қабылданған шешім тексеріледі.Алдын ала тергеу барысында дәлелдеу жүзеге асырылады,яғни заңда көрсетілген тәртіп бойынша дәлелдемелер анықталады,жиналады,тексеріледі және оларға баға беріледі. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде тергеуші азаматтардың оның ішінде іс жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуі тиіс. Заң дәлелдемелерді жинау барасында:адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп келтіруге,жауап алғанда қорқытуға,бопсалауға немесе өзге де заңсыз әрекеттер қолдануға ,ерекше жағдай болмаса тергеу амалдарын түнгі уақытта жүргізуге,басқа түрде адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуға тыйым салынады. Іс жүргізу заңнамаларының кейбір ережелері азаматтардың құқықтарын шектейтін шараларды жүзеге асыруға тыйым салады.Мысалы,жеке адамды тінтуді тінту жүргізілетін адаммен жынысы бір адам және сол жыныстағы куәгерлер мен мамандардың қатысуымен жүргізіледі(ҚР ҚІЖК 123-б).Тергеу жұмыстарын жүргізу барысында жеткілікті негіздер болмаған жағдайда адамдар мен ұйымдарға материалдық зиян келтірмеуге тырысу керек.Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде тергеуші мемлекеттік құпияны сақтауды қамтамасыз етуі және іске қатысушы адамдардың жеке өмірі туралы белгілі болған мағлұматтарды жария етпеуге тиіс. Қылмыстық іс жүргізу туралы заңнама тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысатын адамдарды анықтайды және олардың әрқайсысының мәртебесін анықтайды. Басты сот талқылау сатысы қылмыстық іс жүргізу сатыларының арасындағы негізгі,күрделі деп есептеледі,себебі бұл сатыда қылмыстық жауапқа тартылған адамның (сотталушының ) кінәлілігі немесе кінәлі еместігі шешіледі.Бұл қылмыстық іс жүргізудегі басты мәселе. Айыптау қорытындысымен тергеушіден келіп түскен қылмыстық істі прокурор он тәуліктен аспайтын мерзімде қарап,өзінің қарарымен айыптау қорытындысымен келісетінін білдіріп,айыпталушыны сотқа береді не болмаса ҚР ҚІЖК 282-бабында көрсетілген басқа шешімдердің бірін қабылдайды.Мысалы: 1)өзінің қаулысымен айыптаудың жекеленген тармақтарын жоққа шығарады не айыпталушының әрекетін жеңілірек қылмыс туралы заңды қолдана отырып,қайта саралайды; 2)қылмыстық істі толық көлемінде немесе жекеленген айыптаушыларға қатысты қысқартады; 3)істі тергеушіге қайтарады (қосымша тергеу жүргізу үшін); 4)жаңа айыптау қорытындысын жасайды; 5)сотқа шақырылуға тиісті адамдардың тізімін толықтырады немесе қысқартады (қорғау куәларының тізімін қоспағанда). Қылмыстық іс сотқа келіп түскеннен кейін,сот төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша басқа судья істі іс жүргізуге қабылдау туралы мәселені шешеді. Судья келіп түскен іс бойынша екі шешімнің бірін қабылдайды: 1)басты сот талқылауын тағайындау туралы шешім; 2)алдын ала тыңдауды жүргізу туралы шешім. Басты сот талқылауы тағайындалған уақытында басталуы тиіс.Оған дейін іске қатысушыладың барлығы сот мәжілісі өтетін залда өз орындарын алып,отыруы қажет.Қалыптасқан тәртібі бойынша сот залға кіргенде сот приставы соттың келе жатқанын хабарлайды.Сот отырысына қатысып отырғандардың барлығы орындарынан тұрады,мұнан соң төрағалық етушінің ұсынуы бойынша өз орындарына отырады.Сот мәжілісінің төрағасы сот мәжілісін ашық деп жариялағаннан кейін,қандай қылмыстық іс қарайтынын хабарлайды.Содан кейін сотталушының аты-жөні,Қлмыстық кодекстің қай бабымен айыпталатынын,яғни жасалған қылмыс Кодекстің қай бабымен сараланатынын жария етеді.Іс бойынша бірнеше адам жауапқа тартылса,олардың барлығының аты- жөнін және қылмыстарының қай бап бойынша сараланғаны хабарланады.Содан кейін ҚР ҚІЖК 332-бабына сәйкес сот мәжілісінің төрағасы сот мәжілісінің хатшысына сотқа шақырылған азаматтардың келген-келмегенін баянду үшін сөз береді.Сот мәжілісінде қатысушылардың барлығы сөз сөйлеп болған соң олардың әрқайсысы тараптар өкілдерінің сөздерінде айтылғандар бойынша тағы бір ретте қысқаша қарсылықтарын немесе құлаққағыстарын білдіруге құқылы. Лекция № 2 Басты сот талқылауы:түсінігі,жалпы шарттары. 1.Басты сот талқылауының түсінігі және сот талқылауының жалп шарттары. 2.Қылмыстық істердің соттылығы. 3.Сот талқылауының тікелей және ауызша болуы,жариялылық және істі талқылау кезіндегі сот құрамының өзгертілмеуі. 4.Сот отырысының қатысушылары. 5.Басты сот талқылауының шегі. 6.Басты сот талқылауының хаттамасы. Басты сот талқылауы дегеніміз-соттың заңды басшылыққа ала отырып,тараптардың қатысуымен сот мәжілісінде қылмыстық істің мән-жайын толық,жан-жақты және объективті зерттеп,сотталушының кінәсін немесе кінәсіздігін анықтап,оған жаза қолдану-қолданбау мәселесін заңға сәйкес шешіп,үкім шығаратын қылмыстық іс жүргізудің негізгі,күрделі сатысы. Басты сот талқылауының жалпы шарттарыосы сатыдағы тәртіпті реттейтін,міндеттеуші түрде орындалатын жеке басты сот талқылауының айтарлықтай ерекшеліктерін көрсететін құқықтық ережелер. Басты сот талқылауы,оны тағайындау туралы қаулы шығарған кезден бастап он бес тәуліктен аспайтын мерзімде және тараптарға сот мәжілісінің өтетін жерімен басталатын увқыты туралы хабарланған кезден бастап үш тәуліктен кейін басталуы керек (ҚР ҚІЖК 302-б,4-бөлм.).Сот мәжілісінде қылмыстық іс талқылау қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі тиіс. Басты сот талқылауы ҚР ҚІЖК 317-бабына сәйкес,тек айыпкерге қатысты және сотқа берілген айыптаудың шегінде ғана жүргізіледі.Ал егерде сотталушының жағдайы нашарламаса және оның қорғану құқығы бұзылмаса,сондай- ақ айыптауды сот мәжілісінде өзгерту мәселесі туындаса тағылған айыпты өзгертуге жол беріледі. Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын азақстан Республикасының Жоғарғы соты және жергілікті соттар құрайды. Жергілікті соттарға мыналар жатады: 1) облыстық және соған теңестірілген соттар (республика аситанасының қалалық соты,республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары,мамандандырылған сот-Қазақстан Республикасының Әскери,қаржы соотары) (2006 жылғы 11- желтоқсандағы Заңмен өзгертулер мен толықтырулар енгізген) 2)аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық,ауданаралық,мамандандырылан сот-гарнизонның әскери соты және басқалар). Қазақстан Республикасында басқа да мамандандырылған соттар құқрылуы мүмкін(әскери,қаржы,экономикалық,әкімшілік,кәмелетке толмағандар істері жөніндегі және басқа да соттар). Қазақстан Республикасының қылмыстық істер жүргізу кодексі бойынша аудандық және оған теңестірілген сот негізінен барлық істерді қарайды. Облыстық және оған теңестірілген соттың соттауына жатқызылған істерді қоспағанда,барлық қылмыстық істер аудандық және оған теңестірілген соттың соттауына жатады. Бірінші саты бойынша облыстық және оған теңестірілген соттың соттауына мыналар жатады: 1)жасалғаны үшін қылмыстық заңмен өлім жазасы көзделген қылмыстар туралы қылмыстық істер,мысалы ҚР ҚК 96 бабының 2-бөлігі (адам өлтіру); 156- бабы (басқыншылық соғысты жоспарлау,әзірлеу,тұтандандыру немеск жүргізу) 159-бабының 2-бөлігі (Қазақстан Республикасының халықаралық шартымен тыйым салынған жаппай қырып-жою қаруын қолдану),160-бабы (геноцид) және т.б. 2)өлім жазасы көзделген қылмыстарды жасағаннан кейін жүйке ауруымен ауырған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер; 3)жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қозғалған істерді қарайды. Қылмыстық істердің сотқа жататындығын және олардың қай соттың қарауына жататындығы туралы мәселені қарағанда ғалымдардың көпшілігі бірнеше ермин қолданды.Мысалы «юрисдикция», «компетенция», «подсудность» деген сөздер. Юрисдикция деген термин қылмыстық іс жүргізуге арналған оқулықтарда сирек кездеседі.Ол көбінесе халықаралық құжаттарда көп қолданылады. Мемлекеттің юрисдикциясы деген ұғым мемлекеттің егемендігі,ешкімге тәуелді емес деген ұғымдармен тығыз байланысты.Мемлекеттің юрисдикциясы дегенде мемлекеттің азаматтарына байланысты қабылданған заңдарды,сот шешімдерінің күшін толық қолдануға құқығы барлығын айтамыз.Кейбір жағдайларда шетел азаматтарына біздің заңдар қолданылмайды.Мысалы,елшілік иммунитеті бар азаматтарға біздің заңдар қолданылмайды. Компетенция деген термин құзыры,құзыреті деп аударылса, «компетенция суда»деген сөз «соттың құзыреті»деген мағынаны білдіреді. Подсудность-соттылық,істің сотқа жатандығы.Подсудность уголовных дел- қылмыстық істің қай соттың қарауына жатандығы әрбір істің қасиетіне,қылмыстың сипаты мен ауырлығына,оның күрделілігіне байланысты.Оқулықтарда қылмыстық істің қай соттың қарауына жататындығын сөз еткенде,авторлардың барлығы оны істің қасиеттерімен байланыстырады. Қылмыстық іс жүргізу қағидалары қылмыстық іс жүргізу құқығының қағидаларымен сәйкес келеді. Бұлар — заңдылық, жариялылығы, судьялардың тәуелсіз болуы және олардың тек заңға бағынуы, азаматтардың заң және сот алдында тең дәрежеде болуы. Сонымен бірге қылмыстық іс жүргізу құқығының төмендегідей негізгі қағидалары бар: — Қылмыстық процестегі жариялылық — мемлекеттіліктің негізін белгілейді, оның мәні азаматтардың ісі имес, құқық қорғау органдарының маңызды және жауапты міндеті қоғам мен азаматтарды қылмыстық қолсұғушылықтардан қорғау болып табылатындығында. Мемлекет өзіне азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қылмыс жасаған адамға зиян шегушінің (жәбірленушінің) өз еркімен немесе еркінен тыс жағдайда қылмыстық қудалауды қозғау міндетін жүктейді. — Іс мән-жайларының жан-жақтылығы, толықтығы объективтілік қағидасы. Сот, прокурор, тергеуші және жауап алуды жүргізуші адам істің мән- жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін жауапкершілікті жеңілдететін және қылмысты әшкерелейтін мән- жайларын да анықтауға міндетті. Олардың дәлелдеу міндетін айыпталушыға жүктеуге құқықтары жоқ. Айыптаушылардан, іске қатысушы басқа адамдардан күш көрсету, қорқыту және өзге де заңсыз тәсілдер арқылы жауап алуға тыйым салынады. Істің мен-жайын жан-жақты зерттеу, іс бойынша шығарылған барлық болжамдарды тексеруді, айыпталушыны (күдіктіні) әшкерелейтін немесе ақтайтын мән-жайды зерттеуді білдіреді. Зерттеудің толықтығы, дөлелденуі тиіс барлық мән- жайлар Зіррттеліп болғанда ғана істің толық қаралғандығын білдіреді. Дәлелдеудің объективтілігі іс жүргізуде тек бір тергеушінің (анықтау жүргізетін адам) ғана емес, сонымен бірге кез келген бақылаушы немесе қадағалаушы органның көзқарасына ғана сүйенбейтіндігін көздейді. — Айыпталушының қорғалу құқығын, қамтамасыз ету қағидасы. Ұсталған, тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалануға құқылы. Мемлекеттік органдар күдіктінің, айыптаушының жеке және мүліктік құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті. — Кінәсіздік презумпциясы қағидасы. Презумпция дәлелдеуді талап етпейтін топшылама. Кінәсіздік презумпциясы адамның кінәсіздігі туралы топшылама. Қарапайым сөзбен айтқанда: «Ұсталмаса ұры емес». Кінәсіздік презумпциясы қағидасының негізгі идеялары: • Айыпталушы соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп саналады. • Айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Адамды оның мойындауына негіздегі қана кінәлі деп тануға болмайды. • Айыпталушының кінәлілігіне сейілмеген күдік оның пайдасына түсіндіріледі. • Ешкім өзіне-өзі қарсы айғақ беруге міндетті емес. • Сот төрелігін жүзеге асырған кезде заңды бұзып алған дәлелдемелерді қолдануға жол берілмейді. — Тараптардың бәсекелестік қағидасы. Тараптардың бәсекелестігі мынадай төрт ережені білдіреді: • дәлелдемелерді зерттеуді айыптау (мелекеттік айыптау, жәбірленуші, aзаматтық талапкер және оның өкілдері және қорғау (қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның әкілі) тараптары арқылы жүзеге асырады. • тараптардың құқықтары тең. • сот істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге қажетті барлық шартты жағдайларды жасай, процеске басшылық етеді. Қылмыстық процестің жариялылығы. Барлық соттарда және сот төрелігін жүзеге асырудың кез келген тәртібінде істі қарау ашық түрде жүргізіледі. Істі жабық сот отырысында қарауға заңда қарастырылған жағдайларда ғана рұқсат етіледі.Соттың үкімдері барлық жағдайларда көпшілікке жария етіледі. Қылмыстық процесс — күрделі процесс, оған әр түрлі адамдар қатысады. Қылмысқа қатысушыларды үш топқа бөлуге болады. 1. Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар. Оларға сот және мемлекеттік органдар мен қылмыстық қудалау қызметін жүзеге асыратын лауазымды тұлғалар жатады (прокурор, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, анықтау органы, анықтау органының бастығы, анықтаушы). 2. Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап процеске қатысушылар (күдікті, айыпталушы, қорғаушы, жәбірленуші, жеке айыпталушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, кімелеттік жасқа толмаған айыпталушының (күдіктінің) заңды өкілдері, жәбірленушінің, азаматтық талапкер мен жеке айыптаушының өкілдері, азаматтық жауапкердің өкілдері). 3. Қылмыстық процеске қатысушылардың үшінші тобын шартты түрде үш шағын топқа бөлуге болады. Бірінші топ — дәлелдемелер ұсыну бойынша міндеттерін орындайтын процеске қатысушылар. Оларға: куәгерлер мен сарапшылар жатады; Екінші топ — іс жүргізу әрекеттеріне жәрдемдесу үшін тартылатын процеске қатысушылар. Олар: куәгерлер, аудармашылар, мамандар, сот отырысының хатшылары, кепілшілер, тану жүргізетін статистер және т.б. Үшінші шағын топ — сот шешімдерін орындауға қатысатын мекемелер мен ұйымдар және соған орай үкімді орындау кезінде туындайтын іс жүргізу мәселелерін шешуі қатысатындар. Бұл топты: үкімдер мен қаулыларды нақтылы орындауды жүзеге асыратын әкімшілік өкілдері, сотталушының науқастануы, мүгедектігі немесе ауруханаға орналастыру бойынша комиссияның өкілдері және т.б. құрайды. Анықтау және алдын aлa тергеу — бұл анықтау органдары мен өкілетті органдардың сотқа дейінгі әрекеттері. Бұл әрекеттің негізі Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінде (ҚІЖК) белгіленген. Мұнда шектерде қылмыс жасаған адалдарды қылмыстық жауапкершілікке тартужәне істің мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу және бекіту жөніндегі өкілеттіктерінің іс жүргізуі анықталған. Қылмыстық процеске қатысушылардың әрекеті толықтай заңмен реттеледі. Өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалған не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданылған адам күдікті болып танылады. Заңда күдіктіге көптеген құқықтар берілген. Оның құқықтары мынадай: • өзіне не үшін күдік келтірілгенін білуге; • өзіне қарсы күдікке байланысты түсініктеме мен жауап беруге немесе түсіндірме мен жауап беруден бас тартуға; • дәлелдемелер ұсынуға; • өтініш пен қарсылық білдіруге; • ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ пен түсініктеме беруге; • ақысыз аудармашының көмегін пайдалануға; • өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескерту беруге; • тергеушінің немеее анықтаушының рұқсатымен оның өтініші немесе қорғаушының не заңды өкілінің өтініші бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қатысуға; • соттың, прокурордың, тергеушінің және анықтаушының іс-әрекеттері мен шешіміне шағым беруге; • оның өтініші бойынша қорғаушының қатысуымен жауап алынушы болуға құқылы. Басқаша айтқанда, өзіне қатысты ҚІЖК бекітілген тәртіпке айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан адам анықталушы болып танылады.Айыпталушының жағдайы көп жағдайда күдіктінің жағдайымен сәйкес келіп жатады. Күдіктіні, айыпталушыны жауап алуға, қылмыстық қудалау органына қандайда бір материалдарды беруге, сондай-ақ оларға қандай да бір көмек көрсетуге мәжбүрлемеу керек.Жауап (айғақ) беру — айыпталушының міндеті емес, құқығы.Ол жауап беруден бас тартқаны үшін жауапқа тартылмайды. Жауап беруге мәжбүрлеу — бұл тергеушінің немесе тергеу жүргізетін тұлғаның тарапынан күдіктіні, айыпталушыны, жәбірленушіні, куәні жауап беруге, не сарапшыны қорытынды беpyгe қорқыту, бопсалау немесе басқа да заңсыз әрекеттер қолдану арқылы ықпал етуі. Заңда айыпталушыдан күш көрсету, қорқыту, алдау арқылы, басқа да заңсыз әрекеттермен (негізсіз ұстау және басқалары) жауап алуға жол берілмейді. Осындай әрекеттері үшін лауазымды тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сотталушы –іс бойынша басты сот талқылауы тағайындалатын айыпталушы. Сотталушының құқықтары айыпталушының құқығымен сәйкес келеді. Сотталған адам — өзіне қатысты айыптау үкімі шығарылған айыпталушы. Тергеуші — бұл өз құзіреті шегінде қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды тұлға: Ішкі істер органдарының тергеушісі, ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеушісі және салық полициясы органдарының тергеушісі. Прокурор — өз құзіреті шегінде жедел іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің жене сот шешімдерінің заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық процестің барлық сатыларында қылмыстық ізге түсуді өз құзіреті шегінде жүзеге асыратын лауазымды тұлға. Ол сотта мемлекеттік айыптауды қолдайды.Сот процесінің әділдігі мен шынайылығын қамтамасыз ету үшін заңда қарсылық білдіру институты карастырылған.Қарсылық білдіру — тергеу жүргізу мен соттың істі анықтау кезінде әділдік пен шынайылықты қамтамасыз ететін азаматтық, іс жүргізу және қылмыстық іс жүргізу құқығының институты.Қарсылық білдіру кезінде сот іске қатысы бар адамдарды тыңдауға, қарсылық білдірген адамның пікірін тыңдауға міндетті. Қарсылық білдіру жөніндегі мәселені сот шешеді. Адвокат — бұл заңның аясы негізінде заң көмегін көрсететін тұлға. Қоғам мен мемлекет бір де бір азаматтың жеткілікті негізсіз қылмыстық жауапкершілікке тартылмауына және сотталмауына мүдделі. Мемлекет қорғалу құқығын қамтамасыз етуде конституциялық кепілдікті орындай отырып адвокатқа едәуір құқықтар берген, соның ішінде оның адвокаттық қызметіне кепілдік бар. Қылмыстық процеске адвокаттың қатысуы — бұл адвокаттық кызметтің маңызды бағыттарының бірі, ол негізінде айыпталушыларды (күдіктілерді) қорғау функциясымен байланысты болады. Қорғау — бұл қылмыс жасады деп күдік келтірілген адамдардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету, айыпты теріске шығару немесе жұмсарту, сондай-ақ қылмыстық қудалауға заңсыз тартылған адамдарды ақтау мақ сатында қорғау тарапынан жүзеге асырылатын іс жүргізу қызметі. Қылмыстық процестің әрбір сатысында айыпталушы қорғаушының көмегіне мұқтаж болады, онсыз айыпталушы өзінің кінәсіздігіне дәлелдемелер келтіре алмайды, сондай-ақ айыптауды теріске шығаратын немесе жауаптылығын жеңілдететін мән-жайларды анықтай алмайды. Қорғаушы — бұл заңда белгіленген тәртіппен күдіктілер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегін көрсететін тұлға.Заңда қорғаушы ретінде іске қатыстырылуға жіберетін адамдар нақты айқындалған. Оларға: адвокаттар, яғни адвокаттық алқаға мүше адамдар; жұбайы (зайыбы); жақын туыстары немесе заңды өкілдері; өз бірлестіктері мүшелерінің ісі бойынша кәсіподақтың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне, оларға қорғаушы ретінде өкілеттіктерін растайтын тиісті құжаттар (шешім немесе хаттама, сенімхат) беріліп, өкілдерін жібереді. Судья-қылмыстық процестің негізгі субъектісі. Судьяның негізгі міндеті қылмыстық істерді талқылау жене шешу арқылы сот төрелігін жүзеге асыру. Тек судьяға ғана үкім арқылы нақты адамға (сотталушыға) қылмыс жасаған деп айыптауға, сондай-ақ оны қылмыстық жазалауға конституциялық өкілдік берілген. Жәбірленуші — қылмыс пен моральдық, дене немесе мүліктік зиян келтірілген, осыған байланысты анықтау жүргізуші адамның, тергеуші, прокурор, судьяның қаулысымен немесе соттың анықтамасы мен жәбірленуші деп танылған азамат. Жәбірленушінің жауап беруге құқығы бар. Бұл құқық оның заңды мүдделерін қорғауға қызмет етеді, ол мұндай құқығын өзіне белгілі барлық аймақты деректерді мәлімдеу үшін қолданады, сондай-ақ сотқа, тергеушіге өзінің мүдделерін қорғауға, қылмысты ашуға, айыпты әшкерелеу көмектесетін өз болжамдарын хабарлауға құқық береді.Егер адамға зиян келтірілсе, ол жәбірленуші болып танылады. Тек жеке адамдар ғана жәбірленуші бола алады. Куә — бұл іс үшін маңызы бар, өзіне белгілі мән-жайлар жөнінде жауап бере алатын кез келген тұлға.Куәнің бірегейлігі қылмыстық іс жүргізуде маңызы бар мынадай белгілерден көрінеді: куәнің ауыстырылмайтындығы; өзінің ауыстырылмайтындығына байланысты, оған істің нәтижесіне мүдделі деп қарсылық білдіре алмайды. Іс бойынша мыналар куә бола алмайды: а)айыпталушының қорғаушысы; ә)өзінің жасының толмауына, психикалық немесе дене кемістіктеріне орай іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс түсінуге және олар туралы жауап беруге қабілетсіз адамдар; б) адвокат; в) судья; г) сонымен қатар заңда адам өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына (ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алғаны, туған ағалары (іні) және әскелері (қарындасы), атасы, апасы және немересі) қарсы айғақ, беруге діни қызметшілер өздеріне сеніп сырым ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес деп бекітілген. Сонымен, қылмыстық іс жүргізу процесі — қатысушылары әр түрлі тұлғалар болатын күрделі процесс.Бұл тұлғаларға қылмыстық істерді тергеуде және қарауда белсенді қатысу үшін мемлекеттік органдармен жіберілген және тартылған қоғамның құқықты мүшелері мен заңды тұлғалары жатады.Бұл үшін осы тұлғаларға кең процессуалдық құқықтар берілген.Қылмыстық іс жүргізуге: қосымша қызметтер атқаратын, қылмыстың сот ісін жүргізуді іске асыруға өкілетті мемлекеттік органдар лауазымды тұлғалар жатады. Қылмыстық істі жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексімен реттеледі. Сот төрелігін жүзеге асыруға қоғамның қатысуы. Тергеуші тергеуді жүзеге асырғанда, қылмысты ашуға және оны жасаған адамдарға іздеу салуға, сондай-ақ қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен шартты жағдайларды анықтауға және жоюға қоғамның көмегін кеңінен пайдалануы тиіс. Қылмыстық істер бойынша сотта іс қаралғанда қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымдары өкілдерінің қатысуына жол беріледі. Қылмыстық іс бойынша сот отырысының хаттамасы (бұдан әрі - Хаттама) - сот қаулысына негіз болатын сотпен процеске қатысқан адамдардың құқықтарының, жарыспалылық, тараптардың тең құқықтығы және басқа да қылмыстық сот өндірісінің қағидаттарының сақталуы, өткізілген сот талқылауының объективті, толық және жан-жақты болуы жөнінде мәселелерді шешу кезінде апелляциялық, кассациялық және қадағалау сатыларында қолданылатын, маңызды іс жүргізу құжаты. Хаттама өткізілген сот отырысының түрі, оның өткізілген орны, күні мен уақыты, соттың атауы мен құрамы, сот отырысына қатысушы басқа адамдар туралы қажетті деректер, жасалған өтініштер, қарсылықтар мен олар жөнінде қабылданған шешімдер, тараптар келтірген дәлелдер, қараулар, зерттелген құжаттар, сараптама тағайындау, сотқа сыйламаушылық білдіру фактілері мен сот отырысындағы өзге де тәртіп бұзушылықтар, тәртіп бұзушыларға қолданылған шаралар, қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес жүргізілген өзге де іс жүргізу іс-әрекеттері туралы мәліметтер толық және нақты көрсетілуі тиіс. Іс жүргізу әрекеттерінің тиісті Хаттамалары олардың мазмұнына сәйкес аталынуы және сот өндірісінің қандай деңгейде жүргізілгені көрсетілуі тиіс. Хаттамада нақты қылмыстық іс бойынша тараптардың (айыптау, қорғау) өкілдерінің, азаматтық талапкердің, жауапкердің, олардың өкілдерінің, куәның қатысуымен ең болмағанда біреуінің, өткізілетін, сондай-ақ онда іс жүргізу шешім (үкім шығару, істі қысқарту, соттылығы бойынша өткізіп беру, оны өндірісте тоқтата тұру туралы, сот талқылауын кейінге қалдыру жөнінде және т.б. қаулылары) қабылдау үшін өткізілетін кез келген отырыс сот отырысы деп аталынады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - ҚІЖК) 301-бабының тәртібімен сот өткізетін отырыс, Хаттамада алдын ала тыңдауды өткізу деп аталынады. ҚІЖК-нің 41- 44-тарауларында көзделген іс жүргізу іс- әрекеттері, оның ішінде басты сот талқылауының дайындық бөлігі, сот тергеуі, сот жарыссөзі, соңғы сөздің айтылуы, үкімнің жариялануы шеңберінде өткізілген отырыс басты сот талқылауы (басты сот отырысы) деп аталынады. Лекция № 3 Басты сот талқылауының тәртібі. 1.Басты сот талқылауының тәртібі. 2.Бірінші сатылы сот үкімдерінің түрлері. Басты сот талқылау сатысы қылмыстық іс жүргізу сатыларының арасында негізгі,күрделі деп есептеледі,себебі бұл сатыда қылмыстық жауапқа тартылған адамның (сотталушының( кінәлілігі не кінәлі еместігі шешіледі.Бұл қылмыстық іс жүргізудегі басты мәселе. Сол себепті істі дұрыс анықтау,қарау,заңда көрсетілген тәртіпке сәйкес іс жүргізудің маңызы зор.Егерде жыл сайын соттарда қаралатын істерін есепке алсақ,бұл мәселенің маңызы арта түседі. Басты сот талқылауы,оны тағайындау туралы қаулы шағарылған кезден бастап 15 тәуліктен кешіктірілмей басталуға тиіс.Сонымен бірге тараптарға сот отырысының болатын орны мен басталатын увқыты хабарланған кезден бастап кемінде үш тәуліктен кейін басты сот талқылау басталуға тиіс (ҚР ҚІЖК 302- б.4-бөл.). Басты сот талқылауы сатысы мынадай бес бөлімнен тұрады: 1.Сот мәжілісін (отырысын) дайындау бөлімі (ҚР ҚІЖК 341-344-бб). 2.Сот тергеуі (ҚР ҚІЖК 345-363бб.). 3.Сот жарыссөзі (ҚР ҚІЖК 364-б). 4.Сотталушының соңғы сөзі.(ҚР ҚІЖК 365-б.). 5.Үкім шығару (ҚР ҚІЖК 368-388 бб.). Сот істің мән-жайын алдын ала тергеу сатысында жинақталған дәлелдемелерді зерттеуден бастайды.Бірақ,сот тергуін алдын ала тергеудің қайталануф\ы деп есептеу қате.Сот тергеуі дербес жүргізіледі,ешкімге бағанышты емес,өзіне тән ерекшеліктері бар.Сот тергеуінде зертелмеген алдын ала тергеу сатысында жинақталған фактілер үкім қабылданғанда еске алынбайды,яғни зерттелмеген фактілер үкімнің негізін қалай алмайды. Сот алдын ала тергеу сатысында жиналған деректерді (фактілерді) зерттеумен ғана жұмысын бітірмейді,қажет болған жағдайда,істі дұрыс шешуге маңызы бар деп санаса,сот басқа деректерді де (фактілерді де) тексереді (жаңа куәлер шақырып,олардан жауап алады,қосымша айғақтар жинайды,оларды сотқа тапсыруды талап етеді және де басқа да әрекеттер жасайды). ҚР ҚІЖК 347-бабына сәйкес сот тергеуінде тараптар ұсынған дәлелдемелер зерттеледі.дәлелдемелерді алдымен айыптаушы тарап ұсынады.дәлелдемелерлі зерттеу тәртібін тараптармен келісе отырып,сот белгілейді.дәлелдемелерлі зерттеу тәртібін белгілеу немесе өзгерту мәселелері бойынша сот қаулы шығарады. Сот үкімі - қылмыстық іс жөніндегі бүкіл өндірістің қорытындысы шығарылатын құқықты қолданудың аса маңызды кесімі болып табылады. Конституциялық қағидаларға сәйкес үкім Қазақстан Республикасының атынан шығарылады әрі заңды және негізді болуға тиіс. Үкімдерді дайындау практикасын зерделеу олардың көбінің заң талаптарына сәйкес қабылданатынын көрсетті. Сонымен қатар, кейбір соттар үкімдерді дайындаған кезде олардың нысаны мен мазмұны жөнінде қойылатын заң талаптарын әрдайым сақтай бермейді. Мұның өзі үкімдердің өзгертілуіне және бұзылуына әкеп соғуда. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот практикасын жинақтаудың нәтижелерін талқылай келе, орын алған кемшіліктерді жою және үкімдердің сапасын жақсарту мақсатында қаулы етеді: Заң бойынша үкім - Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі Конституция) 77-бабының 3-тармағында және Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - ҚІЖК) 2-тарауында көрсетілген әділ сот принциптерін сақтай отырып, сотталушыға қатысты оның кінәлілігі немесе кінәлі еместігі, қылмыстық жазаны оған қолдану немесе қолданбау туралы бірінші және апелляциялық сатыдағы соттың сот мәжілісінде Қазақстан Республикасының атынан шығарған қылмыстық іс бойынша шешімі болып табылады. ҚІЖК-нің 411-бабы бірінші бөлігінің 4)-6) тармақтарында қарастырылған шешімдерді қабылдаған кезде, апелляциялық саты бірінші сатыдағы сот үкімінің (қаулысының) күшін жою туралы қаулы шығарады, содан кейін ҚІЖК-нің 44-тарауының талаптарын сақтай отырып, жаңа үкім шығарады.Үкімді бұлжытпай орындау ешқандай ерекшеліксіз барлық мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін өзі басқару органдарына, заңды тұлғаларға, лауазымды адамдар мен азаматтарға міндетті болып табылады. Үкімнің мемлекет атынан шығарылуы, оның маңыздылығы судьялардан оның заңдылығы мен негізділігі үшін ерекше жауапкершілік сезінуді талап етеді. Үкім, егер ол оның сотқа қарастылығы ережелері сақталып, тараптарға дәлелдемелерді тең негізде зерттеуге мүмкіндік беру қамтамасыз етіле отырып, тараптардың бәсекелестігі және тең құқықтылығы принциптерінің негізінде сот талқылауын жүргізу туралы қылмыстық іс жүргізу заңының талаптарына сәйкес, құқық нормалары дұрыс қолданыла отырып соттың заңды құрамымен шығарылса заңды болып табылатынын соттардың ескергені жөн. Заң талаптары сақтала отырып жиналған және тікелей сот отырысында толық, жан- жақты және объективті тексеріліп, талданған, тиісті баға берілген дәлелдемелерге негізделген, тұжырымдары дәлелденген үкім негізді болып табылады. Сот қабылдаған шешімдердің мазмұнын неғұрлым толық ашуға әсер ететін үкімнің процессуалдық нысанын сақтау маңыздылығына соттардың назары аударылсын. Ол нысаны мен мазмұны бойынша ҚІЖК-нің 377-383-баптарына сәйкес келуі тиіс. Үкім сот отырысы жүргізілген тілде, анық, түсінікті сөзбен жазылуға тиіс әрі кіріспеден, сипаттау-дәлелдеу және қорытынды бөліктерден тұруы қажет. Үкім дәйекті баяндалады, оның әрбір жаңа қағидасы бастапқы қағидадан туындап, онымен үйлесімді болуға тиіс. Қаралып жатқан іске қатысы жоқ оқиғаларды сипаттауға, анық емес тұжырымдарды, ресми құжаттарда қолданылмайтын қысқартулар мен сөздерді пайдалануға болмайды.Айыпталушылардың, жәбірленушілердің, куәлардың жауаптары үшінші жақта келтіріледі. Үкім мәтініндегі қателерді өңдеуге болмайды. ҚІЖК-нің 377-бабының 5-бөлігіне сәйкес, үкімге түзетулерді кеңесу бөлмесінде енгізуге болады, судья оған келісіп, қол қоюға тиіс. Үкім жарияланғаннан кейін оған қандай да болмасын түзетулер енгізуге жол берілмейді. Үкімдегі барлық мәселелер оны орындаған кезде қиындық тудырмайтындай болып шешілуге және жазылуға тиіс. Бір сот талқылауында іс бойынша сотталғандардың санына қарамастан бір үкім шығарылатыны соттарға түсіндірілсін. Егер айыпталушыға бірнеше қылмыс жасаған деп айып тағылса, сот негіз болған жағдайда оған қатысты бір үкім шығаруға құқылы. Осы үкіммен айыптаудың кейбір эпизодтары бойынша ақтауы, басқа эпизодтары бойынша соттауы мүмкін. Бірнеше адамға қатысты істі қараған кезде сот анықталған мән-жайларға сәйкес бір үкімде біреулерін ақтау, енді біреулерін айыпты деп тану туралы шешім шығара алады. Егер сот қылмыстың орын алғанын, оны сотталушының жасағандығын, оның қылмыс жасаудағы кінәсін, кінәсі заң талаптарын сақтай отырып жиналған дәлелдемелермен расталғандығын даусыз анықтаса, сонымен қатар іс өндірісін қысқарту және істі қосымша тергеуге жолдауға негіздер болмаған жағдайда ғана айыптау үкімін шығарады. Егер сот кінәсіздік презумпциясын басшылыққа ала отырып, дәлелдерді тікелей зерттеп, барлық сейілмеген күдіктерді тиісті құқықтық процедура шеңберінде сотталушының пайдасына түсіндіре отырып, ҚІЖК- нің 371-бабында көрсетілген барлық сұрақтарға жауап берген жағдайда ғана адамның қылмыс жасаудағы кінәсі дәлелденген деп танылады. Сотталушының өтеуге тиіс қылмыстық жазасын тағайындау жөніндегі айыптау үкімі қылмыстың жасалуына кінәлі адамға қатысты, егер ол жасалған қылмыс үшін жазалануға жатса және жазаны тағайындау мен өтеуге кедергі болмаған жағдайда шығарылады. Егер сот отырысында заңда көрсетілген жағдайлар, атап айтқанда: - егер үкімді шығарған кезде жасаған қылмысы үшін сотталушыға тағайындалған жазаны қолдануды жоятын рақымшылық жасау кесімі шығарылса; - Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (әрі қарай - ҚК) 62-бабында белгіленген алдын ала қамауға алуды есепке алу ережелерін ескере отырып, іс бойынша сотталушының қамауда болған уақыты сот тағайындаған жазаны қамтыса; - егер онша ауыр емес және орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамның жазаны өтеуі төтенше жағдайларға байланысты оның отбасы мүшелері үшін немесе оның өзіне аса ауыр салдарға әкеп соқтыруы мүмкін жағдайлар (ҚК-нің 74-бабының 1- бөлігі) анықталса, ҚІЖК-нің 375-бабының 6-бөлігіне сәйкес айыптау үкімдері қылмыстық жаза тағайындап және оны өтеуден босата отырып шығарылады. Қылмыс жасағаннан кейін, бірақ ҚК-нің 73-бабының 1-бөлігіне сәйкес айыптау қорытындысымен бірге келіп түскен іс бойынша үкім шығарылғанға дейін, өзінің іс-әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипатын және қоғамдық қауіптілігін ұғыну мүмкіндігінен айыратындай психикасы бұзылған жағдайлар да қылмыс жасаған кінәлі адам жазаны өтей алмайтын жағдайларға жатады. Мұндай жағдайларда сот айыптау үкімін жаза тағайындап, оны өтеуден босата отырып шығарады. Сонымен бірге сот ҚК-нің 90-бабында көрсетілген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану қажеттілігі туралы мәселені шешеді. Қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті есі кіресілі- шығасылы күйде болған адам немесе үкім шығарылғаннан кейін жазаның орындалуына мүмкіндік бермейтіндей психикасы бұзылып ауырған адам жасаған болса, онда сот ҚІЖК-нің 517-бабының негізінде қаулы шығарады. Соттың қылмыстық iстi рақымшылық актiсiнiң негiзiнде қысқартуы туралы мәселе, ҚIЖК-нiң 301-бабының бiрiншi бөлiгiне сәйкес, сотталушы мен жәбiрленушiнiң қатысуымен алдын ала тыңдау өткiзiлiп қаралуға жатады. Осы ретте рақымшылық актiсiн қолдануға кедергi келтiретiн мән-жайлар болмаған жағдайда, сот iстi қысқарту туралы қаулы шығарады, онда iстi қысқартудың негiздемесi және сотталушының рақымшылық актiсiн қолданумен келiсуi көрсетiледi. Келiсу - сотталушының тағылған айыпты толық мойындауы деп есептеледi. Iстi қысқарту туралы қаулы ҚIЖК-нiң 307-бабының талаптарына сәйкес келуi тиiс және заттай дәлелдемелер туралы мәселенi ҚIЖК-нiң 121- бабының үшiншi бөлiгiмен белгiленген тәртiпте шешуi керек. Сотталушы өзiн кiнәлi емеспiн деп есептеген жағдайда не жәбiрленушi рақымшылық актiсiн қолдануға көпе-көрiнеу кедергi келтiретiн мән-жайларды (қылмысты дұрыс сараламау, сотталушының жеке басы туралы мәлiметтердiң шындыққа сәйкес келмеуi және т.б.) көрсетсе және соттың осы уәждердi тексеруiне өтiнiш бiлдiрсе, сот басты сот талқылауын тағайындайды және өткiзедi, бұл талқылау, негiз болған жағдайда кiнәлiге жаза тағайындаумен және осы жазаны өтеуден босату туралы айыптау үкiмiн шығарумен аяқталады. Егер сот тергеуi барысында сотталушыға әлдеқайда ауыр айып тағу үшiн iстi қосымша тергеуге жiберу туралы жәбiрленушiнiң өтiнiшiн қанағаттандыруға негiздер немесе рақымшылық актiсiн қолдану үшiн кедергi келтiретiн өзге де мән-жайлар анықтамаса, онда сот iстi рақымшылық актiсiне байланысты ҚIЖК- нiң 324-бабына сәйкес қысқартады. Қылмыстық жолмен жиналған ақшалар мен өзге де құндылықтар, заңсыз кәсiпкерлiкпен алынған және контрабандалық заттар - заттай дәлелдемелер ретiнде танылған қылмыстық iстер бойынша рақымшылық актiсiн қолдану туралы мәселе басты сот талқылауында шешiледi, себебi бұл заттар ҚIЖК-нiң 121-бабы үшiншi бөлiгiнiң 4-тармағына сәйкес соттың үкiмi бойынша мемлекеттiң кiрiсiне алынуға жатады. Сотталушының қайтыс болуы ҚІЖК-нің 37-бабы 1-бөлігінің 11) тармағының және 307, 324-баптарының негізінде қаулы шығару жолымен іс жөніндегі сот өндірісінің кез келген сатыда қысқартылуына әкеп соғатыны соттарға түсіндірілсін. Қайтыс болған адамды ақтау немесе онымен бірге қылмыс жасаған басқа адамдарға қатысты істі қарау туралы тараптардың өтініштері болған жағдайда іс жөніндегі өндіріс жалғасады және оған негіздер болған жағдайда қайтыс болған адамға қатысты айыптау үкімін жаза тағайындамай шығарумен аяқталады. Мұндайда үкімнің қорытынды бөлігінде оны қылмыстық заңның тиісті бабы бойынша айыпты деп тану және қайтыс болуына байланысты іс жөніндегі өндірісті қысқарту туралы тұжырым жасалады. ҚК-нің 81-бабына сәйкес тәрбиелік мәні бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен оның түзелуі мүмкін болатыны анықталған жағдайда кәмелетке толмаған, онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмысты алғаш рет жасаған адамға қатысты айыптау үкімі қылмыстық жазаны тағайындаусыз шығарылады. ҚК-тің 69-бабында белгіленген қылмыстық жауапкершілікке тартудың ескіру мерзімдері өтіп кеткен жағдайда, іс жөніндегі өндіріс ҚІЖК-нің 37- бабы 1-бөлігінің 4) тармағының, 307 және 324-баптарының негізінде қаулы шығару жолымен алдын ала тыңдау немесе басты сот талқылауы кезінде қысқартылады. Егер айыпталушы істі аталған негіз бойынша қысқартуға қарсы болса, онда іс жөніндегі өндіріс жалғасады және негіздер болған жағдайда сот айыптау үкімін жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауапкершіліктен босата отырып шығарады. Ескіру мерзімінің өтіп кеткені басты сот талқылауы кезінде анықталса, сот айыптау үкімін айыпты адамды қылмыстық жауапкершіліктен босата отырып шығарады. Өлім жазасы тағайындалуы мүмкін қылмыс жасаған адамға ескіру мерзімін қолдану туралы мәселені сот тек басты сот отырысында үкім қабылдау жолымен шешеді.Мұндайда сот ескіру мерзімін қолдануға, айыптау үкімін шығаруға және адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатуға құқылы. Егер сот ескіру мерзімінің өтіп кетуіне байланысты адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатуға мүмкіндік жоқ деп тапса, онда ол ҚК-нің 69-бабының 5-бөлігіне сәйкес айыптау үкімін жаза тағайындай отырып шығарады. Лекция № 4 Алқабилердің қатысуымен болатын сот өндірісінің ерекшеліктері. 1.Алқабилер сотының түсінігі. 2.Алдын ала тыңдау және алқабилерді таңдау. 3.Алқабилер сотындағы істі талқылау ерекшеліктері (алқабилердің қатысуымен болатын соттың істі талқылау ерекшеліктері). Алқабилер соты дегеніміз заңды басшылыққа алып,ар-ұятқа жүгіне отырып,өзінің ішкі сезімі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның кінәлілігі немесе кінәсіздігі туралы келісім шығаратын халық өкілдерінің соты. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталатын 2007-жылғы 28-ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында демократиялық реформалардың аса маңызды бағыттарының бірі-сот- құқық жүйесін жетілдіру. Алкабилер соттары,яғни соттың істі алқабилердің қатысуымен қарауы өзіндік даму жолынан өтті.Заң қабылданбай тұрып,мұны бірде алқа заседательдері десек,кейде халық өкілдері деп жүрдік. 2006 жылғы 16-қаңтарда Қазақстан Республикасының «Алқабилер туралы»Заңы және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізуді енгізу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы»Заңы қабылданды. Осы аталған Заңдар негізінде ҚР ҚІЖК-не «Алқабилердің қатысуымен істер бойынша іс жүргізу» деп аталатын 13-бөлім енгізілді.Бірнеше тараудан тұратын бұл бөлім 2007 жылы 1-қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді. Алқабилерді іріктеу жұмысына Қазақстан Республикасы азаматтарын қатыстыруды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдар жыл сайын алқабиге кандидаттардың бастапқы,бірыңғай және қосалқы тізімдерін жасайды.Бұл тізім кандидаттар іріктелетін жыл алдындағы жылдың бірінші желтоқсанына дайын болу керек. Алқабилер құқығы: 1)өзінің ішкі нанымы бойынша істің мән-жайын өз бетінше бағалауға және алқабилер алқасының алдына қойылатын сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік алу үшін сотта қаралатын дәлелдемелерді зерттеуге қатысуға; 2)процеске қатысушыларға төрағалық етуші арқылы сұрақтар қоюға; 3)заттай дәлелдемерді,құжаттарды тексеріп қарауға,жерді және үй- жайларды тексеріп қарау ісіне,сот тергеуіндегі барлық басқа да іс- әрекеттерге қатысуға; 4)төрағалық етушіге заңнама нормаларын,сондай-ақ сот отырысында жария етілген құжаттардың мазмұнын және іске қатысты,өзіне түсініксіз басқа да мәселелерді түсіндіруді сұрап өтініш жасауға; 5)сот отырысы кезінде жазбалар жасауға құқылы. Алқабилер міндеті: 1)сот отырысында тәртіп сақтауға және төрағалық етушінің заңды өкімдеріне бағыну; 2)алқабилер міндеттерін атқару үшін,сондай-ақ егер сот отырысында үзіліс жарияланған немесе істі тыңдау кейінге қалдырылған жағдайда,сот талқылауын жалғастыру үшін соткөрсеткен уақытта келуге; 3)істі қарау барысында мәліметтерді сот отырысынан тыс жинауға; 4)жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзіне белгілі болған мән- жайлар туралы мәліметерді жария етуге,сондай-ақ кеңесу бөлмесінің құпиясын бұзуға. Бір адам алқаби ретінде сот отырысына жылына бір реттен артық қатыса алмайды.Қылмыстық істі қарау үшін алқабиге кандидаттарды алдын ала кездейсоқ таңдау аяқталғаннан кейін,олардың тегі,аты,әкесінің аты және мекенжайы көрсетіле отырып,алдын ала тізім жасалады,оған сот отырысының хатшысы қол қояды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - ҚІЖК) 543-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген қылмыстардан басқа аса ауыр қылмыстарға байланысты істер, айыпталушыдан істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтініш түскен жағдайда, алқабилердің қатысуымен қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарда, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотта (бұдан әрі - соттар) қаралады. Адамға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) бірнеше баптарында көрсетілген қылмыстарды жасады деп айып тағылған жағдайда, олардың ішінде біреуі аса ауыр қылмыс болса және ол қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтініш мәлімделсе, сондай-ақ егер аса ауыр қылмыс жасады деп бірнеше адам айыпталса және олардың ең болмағанда біреуі қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтініш мәлімдесе, оларға қатысты қылмыстық істі қарау ҚІЖК-нің 13-бөлімінде көрсетілген қағидалар бойынша жүргізіледі. ҚІЖК-нің 546-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, айыпталушы істі алқабилердің қатысуымен соттың қарауы туралы өтінішті алдын ала тергеу аяқталған соң істің барлық материалдарымен танысу, сондай-ақ қылмыстық іс прокурорға жіберіліп, айыпталушыны сотқа беру кезінде және сотта істі алдын ала тыңдау барысында, бірақ судья басты сот талқылауын тағайындағанға дейін мәлімдеугеқұқылы. ҚІЖК-нің 276-бабына сәйкес, айыпталушы қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішті ауызша да, жазбаша да беруге құқылы. Егер айыпталушы қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішті ауызша мәлімдесе, тергеуші оның мазмұнын іс материалдарымен таныстыру хаттамасына енгізеді. Жазбаша өтініштің түскені туралы хаттамада көрсетіледі және өтініші ескеіркеледі. Қылмыстық істі прокурорға жіберу, айыпталушыны сотқа беру кезінде мәлімделген өтінішті айыпталушы жазбаша түрде береді және ол қылмыстық істі қарайтын сотқа дереу жіберіледі. ҚІЖК-нің 301-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, аса ауыр қылмыстар туралы істер бойынша алдын ала тыңдаудың өткізілуі міндетті болғандықтан, судья оны өткізу барысында, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін айыпталған сотталушыға істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтініш беруге құқылы екенін түсіндіреді және ҚІЖК-нің 301-бабының 3-1-бөлігіне сәйкес оның осындай өтінішінің бар - жоғын анықтайды.Егер айыпталушы істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішті алдын ала тергеу аяқталған соң іс материалдарымен танысу кезінде берсе, онда судья КІЖК-нің 547-бабына сәйкес, прокурордың, сотталушының және оның қорғаушысының міндетті түрде қатысуымен алдын ала тыңдауды өткізеді де соның барысында айыпталушының өз өтінішін растайтынын - растамайтынын анықтайды. Сотталушы өз өтінішін растаған жағдайда немесе осындай өтініш алдын ала тыңдау барысында мәлімделсе, судья сотталушыға алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық істердің құқықтық салдарымен қоса сот актілеріне шағым жасау ерекшеліктерін де түсіндіруге міндетті.Судья қылмыстық істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішті қанағаттандыру туралы шешімді істі алдын ала тыңдаудың қорытындылары туралы шығарылған қаулыда көрсетеді.Судья істі алқабилердің қатысуымен қарау туралы өтінішті қанағаттандырудан бас тартуға құқылы емес. Прокурор алдын ала тыңдау барысында айыптауды өзгертсе, бұл соттылықтың өзгертілуіне әкеп соқса, ҚІЖК-нің 301-бабының бесінші бөлігіне сәйкес, iс айыптау қорытындысын қайта жасау және iстi соттылығы бойынша жiберу үшiн прокурорға жолдауға жатады.Мемлекеттік айыптаушы сот отырысының барысында айыптауды жеңілдетіп өзгерткен не айыптаудан ішінара бас тартқан жағдайда, судья істі жаңа айыптау бойынша талқылауды алқабилердің қатысуымен жалғастыру туралы қаулы шығарады.Прокурордың сот талқылауы сатысында айыптаудан толық бас тартуы, ҚІЖК-нің 561-бабына сәйкес, қылмыстық істің қысқартылуына әкеп соғады. Судья алқабилердің қатысуымен басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулыда келушілердің саны кемінде жиырма бес адам болатындай етіп сот отырысына шақырылуға тиісті алқабиге кандидаттардың жалпы санын анықтайды.Судьяның өкімі бойынша ҚІЖК-нің 550-бабына сәйкес, сот отырысының хатшысы алқабиге кандидаттарды соттағы бiрыңғай және қосалқы тiзiмдерден алдын ала кездейсоқ таңдау жүргiзу арқылы іріктеп алады.Алқабиге кандидаттардың уақытында келуін қамтамасыз ету, қажетті жағдайларда алқабиге кандидаттардың өз міндеттерін орындауына кедергі жасаған адамдарға және сотқа келуден себепсіз бас тартқан алқабиге кандидаттарға жауапкершілік шараларын қолдану, сот талқылауын ұйымдастырудың басқа да мәселелерін шешу мақсатында соттар ҚІЖК-нің 550-бабының бесінші бөлігіне сәйкес, алқабиге кандидаттарға сотқа келетiн күнi мен уақыты көрсетілген хабарламаны сот отырысы басталғанға дейiн жетi тәулiктен кешiктiрмей тапсыруға тиіс.Егер сотқа келген алқабиге кандидаттар саны жиырма бестен кем болса, судьяның өкімі бойынша сот отырысының хатшысы қосалқы тізімнен алып, олардың қатарын осы санға дейін толықтырады.Сотқа келген кандидаттардан алқабилерді іріктеу жөніндегі сот отырысы ҚІЖК-нің 331-334- баптарының, сондай-ақ 551-556-баптарының талаптарына сәйкес жүргізіледі.Егер жергілікті атқарушы органдар жасаған тізімде көрсетілген алқабиге кандидаттардың жеке басы туралы мәліметтер келген адамның төлқұжаттағы мәліметтеріне сай келмеген жағдайда, төрағалық етуші осы адамды кандидаттар санынан шығарып, алқабилер алқасын қалыптастыруға қатысудан босатады.Алқабиге кандидаттардың міндеттерін атқаруына кедергі келтірген адам, сондай-ақ алқаби міндетін атқаруға шақырылып, дәлелсіз себеппен сотқа келуден бас тартқан кандидат «Алқабилер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 5-тармағына сәйкес (бұдан әрі - «Алқабилер туралы» Заң) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 514-1-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Алқабилер қатысатын сот отырысының дайындық бөлігі ҚІЖК-нің 551-556- баптарының, 557-бабының бірінші бөлігінің және 558-бабының талаптары ескеріле отырып, осы кодекстің 41-тарауымен белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Төрағалық етуші алқабилерді іріктеу басталар алдында тараптарға ҚІЖК-нің 69, 75-81-баптарында, 551-бабының төртінші бөлігінде, 554-бабында, 555- бабының екінші бөлігінде, 563-бабында, 565-бабының екінші бөлігінде, 567- бабында көзделген құқықтарын түсіндіреді.ҚІЖК-нің 551-бабының бесінші бөлігіне сәйкес, төрағалық етуші судьяның (бұдан әрі – судья) қойған сұрақтарына алқабиге кандидаттың шынайы жауап беруi және алқабидің өзi және қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушы басқа адамдармен қарым - қатынастары жөнінде өзге де ақпараттарды беруі туралы олардың міндеттерін түсіндіруі, сондай-ақ алқабиге кандидаттардан қылмыстық істі қарауға алқабилер ретінде қатысуға кедергі келтіретін мән-жайлар туралы сұрауы алқабилер алқасын және соттың заңды құрамын қалыптастырудың міндетті шарты болып табылатындығына соттардың назары аударылсын.Сонымен қатар, судья алқабиге кандидаттарға алқаби міндеттерін атқаруға кедергі келтіретін мәліметтерді жасырып қалуы, олар алқабилер алқасының құрамына енгізілген жағдайда істі қарауға қатысуы шығарылған үкімнің күшін жою үшін негіз болатынын түсіндіруге міндетті.Сонымен қатар, судья алқабиге кандидаттарға сұрақтар қою барысында тараптардың алқабиге кандидаттың осы қылмыстық істі қарауға қатысуына кедергі келтіруі мүмкін мән-жайларды анықтауға байланысты сұрақтарының түсінікті және нақты болуын және «Алқабилер туралы» Заңның 10-бабының 2- тармағында көрсетілген себептер бойынша (шығу тегі, дінге қатысы, нанымы және т.б.) алқабиге кандидаттардың құқықтарын шектеуге тиіс емес екендігін қамтамасыз ету үшін шара қолдануға міндетті. Алқабиге сұрақ қою барысында ҚІЖК-нің 552-бабының үшінші бөлігінде көрсетілген мән-жайлар анықталған жағдайда судья алқабиге кандидатты бұл туралы жазбаша немесе ауызша арызы болған кезде алқаби міндеттерін атқарудан босата алады.ҚІЖК-нің 551-бабының төртінші бөлігіне сәйкес, алқабиге кандидаттардың соттылығы, қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартылуы, құқық қорғау немесе сот органдарына күштеп әкелінуі, сондай-ақ олардың жақын туыстарында сот немесе құқық қорғау орындары туралы теріс пікір қалыптастыруы мүмкін осындай мән-жайлардың бар-жоғын анықтауы үшін жәбірленуші, айыпталушы және оның қорғаушысы сұрақтарын судьяға жазбаша түрде қоя алады. Прокурор алқабиге кандидаттарға сұрақтарды өз бетінше және ауызша түрде қояды. Алқабиге кандидаттың істі қарауға алқаби ретінде қатысуы кезінде объективті болмауы ықтимал екендігіне негізді күмән келтіретін көрсетілген және өзге де мән-жайлар (кандидатқа ықпал ету, онда ағат пікірдің болуы, оның істің мән-жайын іс жүргізуден тыс көздерден білуінің салдары және т. б.) анықталған жағдайда судья алқабиге кандидатты алқабидің міндеттерін атқарудан босатады. «Алқабилер туралы» Заңның 13-бабының 4-тармағына және ҚІЖК-нің 557- бабының бесінші бөлігіне сәйкес, судья ҚІЖК-нің 559-бабының төртінші бөлiгiмен белгiленген шектеулердi сақтамаған алқабиді басты сот талқылауының кез келген кезеңінде iске одан әрi қатысудан шеттете алады.ҚІЖК-нің 551-бабының жетінші бөлігіне сәйкес, өздiгiнен бас тартулар мен алқабиге кандидаттарға мәлiмделген қарсылық білдiрулердi және алқабиге кандидатты босатуға байланысты басқа да мәселелердi, сондай-ақ ҚІЖК-нің 557- бабының алтыншы бөлігіне сәйкес, алқабидi істі қараудан шеттету туралы мәселелерді судья тараптардың қатысуымен кеңесу бөлмесiне кетпей-ақ жеке- дара шешедi, бұл туралы сот отырысының хаттамасында жазба жасалады. Алқабилер қатысатын соттағы сот тергеуінің ерекшеліктері ҚІЖК-нің 562- бабымен айқындалады.ҚІЖК-нің 560-бабының екінші және үшінші, 562-бабының бесінші және алтыншы бөліктерімен белгіленген шектеулерді қоспағанда, іс бойынша анықталған нақтылы деректер алқабилердің қатысуымен зерттелуге жатады.Осыны, сондай-ақ ҚІЖК-нің 562-бабының ережелерін ескере отырып, судья сот талқылауын айыпталушыға тағылған айыптың шегінде ғана өткізуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ тараптардың алқабилердің қатысуымен соттың қарауына жатпайтын мән-жайларды еске салмауы және істі талқылаудан алып тасталған дәлелдемелерге сілтеме жасамауы керек екенін ескеруге тиіс. Судья осындай мән-жайлар анықталған жағдайда тараптардың мұндай сөздерін үзіп тастап, алқабилерге шешім қабылдаған кезде осы мән-жайларды есепке алмауға тиіс екендігін түсіндіреді.Судья жарамсыз дәлелдемелерді және алқабилердің қатысуымен соттың қарауына жатпайтын мән-жайларды зерттеу тәртібін оның ескертуіне қарамастан тараптар бірнеше мәрте бұзған жағдайда, оларды сотты құрметтемегені үшін ӘҚБтК-нің 513-бабының тәртібімен әкімшілік жауапкершілікке тарта алады.Сот жарамсыз деп танымаған, сондай-ақ істің шешілуі үшін елеулі маңызы болуы мүмкін дәлелдемелерді тараптардың зерттеуінен бас тартуды олардың құқықтарын шектеу деп, яғни ҚІЖК-нің 575- бабына сәйкес, үкімнің күшін жоюға әкеп соғатын қылмыстық іс жүргізу заңын бұзу ретінде бағалау керек. Лекция № 5 Екінші сатыдағы сот өндірісі. 1.Қылмыстық іс бойынша екінші сатыдағы сот өндірісінің мәні мен мақсаты. 2.Шағым білдіруге құқылы субъектілер. 3. Сот отырысының құрылымы. Қазақстандағы сот жүйесiнiң мәнiн анықтайтын негiзгi актілер — ҚР Конституциясы жене «Қазақстан Республикасының сот жүйесi және судьялардың мертебесі туралы» конституциялық заң. Осы басты құжаттарға сәйкес елiмiздің сот жүйесiн Қазақстан Республикасының- Жоғарғы соты және жергілікті соттар құрайды. Жергiлiктi соттарға облыстық және соған теңестiрiлген соттар, сондай-ақ аудандық және соған теңестірiлген соттар жатады.Аталған соттардың бәрi тұтас бiр жүйеге бiрiктiрiлген, олардьң барлығы әдiл соттың ортақ және бiрегей ұстындарын басшылыққа алып, әрқайсысы iстердi қарау және шешу мәселесi бойынша өздеріне тиесiлi нақтылы мiндеттерді атқарадыСоттарды мiндетiне қарай бөлудiң негiзiнде сот инстанциялары жатыр. Мысалы, бiрiншi инстанциядағы сот — бұл iстi мәнi бойынша қарайтын сот, екiнші инстанциядағы сот — бiрiншi инстанциядағы соттың әлi заңдық күшiне енбеген үкiмдерi мен қаулыларына жасалынған апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша қозғалған iстерді қарайтын сот, қадағалау инстанциясы — заңдық күшiне енген сот шешімдерiне тараптардың жасаған шағымдары, наразылықтары бойынша қозғалған iстерді қарайтын сот.Осындағы соңғы екi инстанция — апелляциялық және қадағалау — соттардың үкiмдері мен қаулыларын қайта қараудың екі сатысына жатады: апелляциялық— үкiмдер мен қаулылар заңдық күшiне енбеген жағдайда және қадағалау — үкімдер мен қаулылар заңды күшiне енген жағдайда. Заң шығарушылар әдiл соттың мақсатын барынша қамтамасыз ету үшiн қосымша кепiлдiк ретiнде жоғарыда аталған iс жүргiзудiң екі сатысынан басқа соттардың үкiмдерi мен қаулыларын қайта қараудың және бiр түрiн — жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша өндiрiстi қайта бастауды қарастырды. Қайта караудың бұл түрі Қылмыстық іс жүргiзу кодексiнiң 10- бөлiмiне “Соттың заңды күшiне енген шешімдерiн қайта қарау жөнiнде іс жүргiзу” деген тақырыппен енгiзілді. Сот өндiрісiнде оның алатын орнына және атқаратын мiндетiне қарап, заң әдебиеттерiндегi жаңадан ашылған жағдайларға байланысты iс бойынша өндірiстi қайта бастау сот шешiмдерiн қайта қарау тәсiлдерiнiң бiрiне жатады және оны сот шешiмдерiн қайта қарау сатыларының қатарына жатқызу керек (Ривлин А.А. Пересмотр приговоров в СССР. Государственное издательство юридической литературы. М., 1958. 44- бет)деген пiкiрлермен келiсуiне тура келедi.Жоғарыда аталған соттар өздерiне берiлген заң шеңберінде бірін-бірі алмастырып, әрi сот билiгiнiң “тiк сызығы” бойында орналаса тұрып, бiрiншi инстанциядағы және содан кейiнгi инстанциялардағы сот үкiмдерiнің қаулыларының, тағы басқадай шешiм заңдылығы мен негiздiлiгiн тексеру мiндеттерiн атқарады.Осынау өзара тығыз байланыстағы тексеру құрылымдарының ең басында апелляциялық саты орналасқан.Апелляция институты Қазақстанның құқықтық жүйесi үшiн бейтаныс болғандықтан, апелляциялық өндiрiс туралы ережелердiң іс жүзінде қолданылу проблемалары кiм-кімдi де қызықтырары анық.Бұл мәселені зерттеудi, ең алдымен апелляциялық өндiрiс туралы заңнамаларды талдаудан бастағанымыз жөн сияқты.1997 жылдың 13 желтоқсанда қабылданып, 1998 жылдың 1 қаңтарында күшiне енген Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық іс жүргiзу кодексi сот шешiмдерiн қайта қараудың төрт сатысын қарастырады: - соттың әлi заңдык күшiне енбеген үкiмдерi мен қаулыларын қайта қараудың екi сатысы (апелляциялық және кассациялық шағымдану, наразылық); - соттың күшiне енген үкiмдерi мен қаулыларын қайта қараудың екi сатысы (қадағалау инстанциясындағы өндiріс және жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша өндiрiстi қайта бастау).Алайда, 1998 жылдың 1 қаңтарында заң шығарушылар осылардың үшеуiн ғана: кассациялық шағымдану және наразылық қадағалау өндiрiсi және жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты iс бойынша өндiрiстi қайта бастау сатыларын қолданысқа жiбердi. Ал, ҚІЖК-нiң соттардың қылмыстық iстерді апелляциялық тәртiппен қарау туралы ережесiн қолдануды алдымен 2000 жылдың 1 каңтарына дейiн, сосын 2003 жылдың 1 қаңтарына дейiн кейiнге қалдырды.2001 жылдың 11 шiлдесiнде қабылданған Қазақстан Республикасының “Сот iсін жүргізу меселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңдық актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы» заңы соттың заңдық күшiне енбеген үкiмдерi мен қаулыларын кайта карау үшiн апелляциялық инстанция енгiздi. Осы заң республиканың сот өндiрiсінен кассациялык шағымдануды, наразылықты алып тастады. Сот шешiмiне апелляциялық шағым жасау құқығы iске қатысушы тараптар мен басқа да тұлғаларға тиесiлi. Наразылық келтiру құқығы iстi қарауға қатысушы прокурорға тиесiлi. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, облыс прокурорлары және оларға теңестiрiлген прокурорлар мен олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестiрiлген прокурорлар мен олардың орынбасарлары өздерiнiң құзыретi шегiнде iстi қарауға қатысуына қарамастан сот шешiмiне наразылық келтiруге құқылы. Шағымдар, наразылықтар шешiм, қаулы шығарған сот арқылы берiледi (келтiрiледi). Тiкелей апелляциялық сатыларға келiп түскен шағымдар, наразылықтар осы Кодекстiң осы бабы екiншi бөлiгiнiң және 338-бабының талаптарын орындау үшiн шешiм шығарған сотқа жiберiлуге тиiс. Шағымдар, наразылықтар iске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшiрмелермен қоса сотқа берiледi (келтiрiледi). Қажет болған жағдайларда судья апелляциялық шағымды немесе наразылықты берген тұлғаны апелляциялық шағымға немесе наразылыққа қоса тiркелген жазбаша айғақтардың iске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшiрмелерiн беруге мiндеттей алады. Шағым, наразылық сот шығарған шешiмнiң көшiрмелерi тапсырылған күннен бастап он бес күн iшiнде берiлуi (келтiрiлуi) мүмкiн. Апелляциялық шағымның немесе наразылықтың мазмұны 1. Апелляциялық шағымда немесе наразылықта: 1) шағым немесе наразылық жолданатын соттың атауы; 2) шағым жасайтын немесе наразылық келтiретiн тұлғаның атауы; 3) шағым жасалатын немесе наразылық келтiрiлетiн шешiм және сол шешiмдi шығарған соттың атауы; 4) iстi қараудың дұрыс еместiгi неде екендiгiн көрсету; 5) заңдарға, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге және материалдарына сiлтеме жасай отырып, шешiмнiң заңсыздығы немесе негiзсiздiгi неде екендiгiнiң негiздемесi; 6) шағым жасайтын немесе наразылық келтiретiн тұлғаның шағымды немесе наразылықты толық немесе бөлiгiнде келтiретiнiн және қандай өзгерiстер енгiзудi талап ететiндiгiн көрсету; 7) шағымға немесе наразылыққа қоса тiркелген құжаттардың тiзiмi; |Аппеляциялық тәртіппен наразылық білдіруге| |құқылы адамдар | |Айыптаушы ретінде Басты сот талқылауында | |қатысқан прокурор | |ҚР Бас | |Облыстық | |Аудандық прокурорлар,| |прокуроры және | |прокурорлар, оларға| |оларға теңестірілген | |оның | |теңестірілген | |прокурорлар, және | |орынбасарлары | |прокурорлар, және | |олардың орынбасарлары| | | |олардың | | | | | |орынбасарлары | | | |Аппеляциялық шағым әкелуге құқығы бар адамдар | |[6,396-бап.2-бөл.] | |Үкім жарияланғаннан кейін оң тәулік ішінде шағым әкелуге құқылы | |[6,399-бап] | |Толық үкімге | |Азаматтық талап бөлігіне | |Сотталған,ақталған | |Сотталғанның, | |Азаматтық талапкер | | | |Ақталғанның | | | | | |қорғаушысы | | | |Сотталғанның, | |жәбірленуші | |Азаматтық жауапкер | |ақталғанның заңды | | | | | |өкілі | | | | | | | | | | | |Жәбірленушінің | | | |Азаматтық | |өкілі | | | |жауапкердің,азаматтық | | | | | |талапкердің өкілі | Лекция № 6.Үкімнің орындалуы. 1. Үкімнің орындалу түсінігі және маңызы. 2. Сот үкімдерін,қаулыларын және ұйғамдарын орындау түсінігі мен мерзімі. 3.Үкімді орындау кезінде сот қарауға жататын мәселелер және үкімді орындаумен байланысты мәселелні шешетін соттар. Басты сот талқылауы беске бөлінеді.Олар: -сот мәжілісін дайындау бөлімі; -сот тергеуі; -соттағы жарыссөз; -сотталушының соңғы сөзі; -үкім шығару. Енді басты сот талқылауы сатысының ақырғы бөлімі-үкім шығару туралы әңгіме болмақ.Шынында сотта істі қарау сатысы үкім шығарылып,оны жариялағаннан кейін аяқталады.Қылмыстық істер бойынша сот шешім қабылдағанда заң тәртібін бұлжытпай орындап,заңдылықты қатаң сақтап,сот мәжілісіне қатысушылардың және басқа да азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауы керек. Үкім дегеніміз не? Ол жөнінде ҚР ҚІЖК 7-бабының 34-тармағында үкім- айыпталушының кінәлілігі немесе кінәсіздігі және оған жаза қолдану немесе қолданбау туралы мәселе бойынша бірінші сатыдағы соттың басиы сот отырысында шығарылған сот үкімі делінген. Заң бойынша үкім-Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3- тармағында және ҚР ҚІЖК 2-тарауында көрсетілген әділ сот принциптерін сақтай отырып,сотталушыға қатысты оның кінәлігін немесе кінәлі еместігі,қылмыстық жазаны оған қолдану немесе қолданбау туралы бірінші сатыдағы соттың сот мәжілісінде Қазақстан Республикасының атынан шығарған қылмыстық іс бойынша шешім болып табылады. Қылмыстық іс жүргізу құқығы туралы іс жүргізу саласындағы ғалымдардың жазған еңбектерінде үкімнің мазмұнына басқа да мәселерді кіргізеді.Мысалы,профессор И.Д.Перлов үкімнің мазмұнына кінәсіздік,жаза қолдану,қолданбау сияқты мәселелерден басқа шешілетін басқа мынадаймәселелерді қосады: -азаматтық талап; -бұлтартпау шаралары; -айыпталушының алдын ала тергеу кезінде қамауда отырған мерзімін есепке алу,тағы да басқа жағдайлар. Үкімнің қоғамдық-саяси және тәрбиелік маңызы зор.Оның тәрбиелік маңызы мынада:қоғамға қауіпті қылмыскерлерді әшкерелеп,оған тиісті жаза қолдана отырып,сотталушы алдағы уақытта қылмыс жасамауына үзілді-кесілді тыйым салады және басқа азаматтарға қылмыстың ертелі-кеш ашылатынын дәлелдейді,айыпталушының қылмыстық жауапқа тартылатындығы ескеріледі,құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдеседі. Үкімнің маңызы мынадан көрінеді: 1)үкімді тек қана бірінші саты соты қабылдайды; 2)аппеляциялық және қадағалау саты соттары үкімде қателік тапса,өзгертуіне құқылы,бірақ ол сотталған адамға тағылған айыптың шегінен шыға алмайды және үкімде дәлелденбеген фактірледі дәлелді деп табуға құқылары жоқ. Үкімнің қоғамдық-саяси маңызы: 1)үкім арқылы мемлекет қылмыс жасаған азаматқа өзінің көзқарасын білдіреді; 2)мемлекет қылмыстық жауаптылық қамтыған заңды жүзеге асырады; 3)тиісті істерді қараудың нәтижесінде қылмыспен күресу жолындағы мемлекеттік саясатын көрсетеді; 4)айыпкерді,іске қатысушыларды,басқа да азаматтарды тәрбиелеуге ықпал етеді; 5)қылмыстық іс жүргізу міндеттерін жүзеге асырады; 6)сот үкімі қылмыстық іс жөніндегі бүкіл өндірістің қорытындысы шығарылатын құқықты қолданудың аса маңызды кепілі болып табылады (сот үкімі туралы қаулыны қараңыз). Үкімнің құқықтық-процессуалдық маңызы: 1)қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу сатысы мен басты сот талқылауына қорытынды жасайды; 2)іс бойынша жаңа сот мәжілісін болғызбайды (егер үкім бұзылса,іс қайта қаралуы мүмкін); 3)сотталушы кінәлі немесе кінәсіз деген шешім қабылданады. Үкім кеңес бөлмесіне шығаралыады.Кеңес бөлмесінің құпиясы әр уақытта қатаң сақталуы тиіс.Судьялардың кеңесу құпиясын әр уақытта қатаң сақтау маңызын мына жағдайлардан көреміз: 1)кеңесу бөлмесінде тек қана іс жүзіндегі сот құрамына енген судьялар ғана болады.Олар өздерінің ар-ожданын,сана-сезімін қолдана отырып,өздерінің ішкі сезіміне лайық шешім қабылдауы тиіс. 2)үкім шығару үстінде болған пікір алысуларды жариялауға болмайды (қылмыстық істі жаңадан ашылған мән-жағдайларға байланысты іс жүргізуді қайта бастағанда судьяның қиянаты анықталса,судья жауапқа тартылса,сонда ғана үкім шығару үстінде болған пікір алысулар анықталады) 3)халық арасында үкім қабылдағанда сотқа ешкімнің ықпалы болмайды деген сенім орын алады; 4)үкім қабылдау,үкім шығару күрделі жұмыс,сондықтан дұрыс шешім қабылдау үшін судьяларға тиіс жағдай жасалуы тиіс.Істің сотқа қарастылығы ережелері сақталса,тараптарға дәлелдемелерлі тең негізде зертеуге мүмкіндік беру және тараптардың бәсекелестігі және тең құқықтылығы қамтамасыз етілсе сот талқылауын жүргізу туралы қылмыстық іс жүргізу заңының талаптары сақталса,құқық нормалары дұрыс қолданылса,соттың заңды құрамы шығарса үкім заңды болып табылады. Заң талаптары сақтала отырып жиналған және тікелей сот отырысында толық,жан-жақты және объективті тексеріліп,тандалған,тиісті баға берілген дәлелдемелерге негізделген,тұжырымдары дәлелденген үкім негізді болып табылады. Үкімнің мазмұны мен құрылымы ҚІЖК 377-бабының 3-бөлігіне сәйкес үкім кіріспе,сипаттамалы-дәлелді және қорытынды бөлімдерден тұрады.ҚІЖК 387- бабына сәйкес,үкімнің кіріспе бөлімінде мынадай жағдайлар көрсетілуі тиіс: 1)үкімнің Қазақстан Республикасы атынан шығарылғаны; 2)үкімнің шығарылған уақыты мен орны,судьялар бірнеше күн кеңескен жағдайда,үкімнің шығарылған күні оның жария етілген күнімен айқындалады; 3)сот атауы,құрамы,мәжіліс хатшысы,іске қатысушылар және олардың өкілдері мен аудармашылары; 4)сотталушының тегі,аты және әкесінің аты,туған уақыты мен туған жері,ұлты,тұрғылықты орны,кәсібі,білімі,отбасы жағдайы,жеке басы туралы іс үшін маңызы бар өзге де мәліметтер; 5)жасағанына сотталушы айыпталып отырған қылмысты көздейтін қылмыстық заң (бабы,бөлігі,тармағы) көрсетіледі. ҚР ҚІЖК 379-бабы-үкімнің сипаттамалы-дәлелді бөліміне,ал 380-бабы қорытынды бөліміне арналған. Үкімді орындау бір жағынан әртүрлі мекемелер мен ұйымдардың қылмыстық атқару қызметі,екінші жағынан сот кінәлі деп танып,жаза қолданған адам жөніндегі шешімді жүзеге асырумен байланысты атқарылатын сот органдарының қылмыстық іс жүргізу қызметі. Үкімді орындау,қылмыстық іс жүргізу сатысы ретінде,тек қана соттың және мүдделі басқа да тұлғалардың қылмыстық іс жүргізулік қызметін қамтиды және мынадай мәселелерді шешеді: 1)үкімді орындауға кірісу; 2)қамаудан сот мәжілісі залынан дереу босату; а) ақтау үкімі қабылданса; б) азамат (сотталушы) жаза тағайындалмай сотталса,сотталушы қайтыс болса айыптау үкімі жаза тағайындалмай шығарылады. «Егерде үкімді шығару кезінде сотталушы қайтыс болса,сот істі қысқартады немесе тараптардың өтініші бойынша азаптау үкімін жазаны тағайындамай шығарады»делінген ҚР ҚІЖК 375-бабының 7-бөлігінде; в)сотталушы жазадан босатылса (қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімі өтіп кетсе (ескірсе) ҚО ҚІЖК 38-бабының 1-бөлігінде көзделген жағдайларда (жәбірленушінің айыпталушымен ымыраласуына байланысты); г)сотталушы бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға кесілсе (сотталса) (ҚР ҚІЖК 447-бабының 5-бөлігіне сәйкес, -сот ақтау үкімін қабылдаса, -сотталушы жаза тағайындалмай сотталса, -жазадан босатылса, -бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға кесілсе,ал үкім қабылдағанға дейін ол қамауда ұсталса,мұндай шешім шығарған сот оны дереу қамаудан босатады); 3)үкімді іске асыруды бақылау; 4)үкімді орындау кезінде туындайтын мәселелерді шешу. Соттың бұл қызметі қылмыстық іс жүргізудің бірыңғай принциптеріне негізделген,қылмыстық іс жүргізу нормаларымен рәсімделеді және қылмыстық іс жүргізудің жалпы міндеттерін орындауға бағытталған. Үкімді орындау сатысы-үкімді орындауға кірісу мәселелерін шешетін,оның орындалуын бақылайтын,сондай-ақ сот үкімін орындауға кірісу кезінде туындаған мәселелерді шешетін,қылмыстық іс жүргізу заңымен рәсімделген,сот және сот ісін жүргізу жүргізуге қатысатын өзге же субъектілердің қызметі. Үкімді орындауға кірісу дегеніміз үкімді орындау туралы өкімді судья үкімінің көшірмесімен бірге қылмыстық атқару заңдарына сәйкес,үкімді орындау міндеті жүктелген органға жіберу. № 7 Қадағалау сатысындағы өндіріс. 1. Заңды күшіне еңген сот үкімдері,ұйғарымдары мен қаулыларын қайта қарау бойынша өндіріс негіздері мен түсінігі. 2. Заңды күшіне еңген сот үкімдері,ұйғарымдары мен қаулыларын қайта қарау бойынша өндіріс тәртібі. Қадағалау сатысында іс жүргізу Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі 458-470-баптарында және «Қылмыстық істер бойынша қадағалау сатысында іс жүргізу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 2000 жылғы 28-сәуірде қабылданған қаулысына сәйкес жүргізіледі. Қадағалау тәртібімен іс жүргізу сатысының міндеті заңды күшіне енген үкімдер мен қаулыларды қайта қарап,олардың заңдылығы мен дәлелділігін тексеру болып табылады.Қылмыстық іс бойынша дұрыс шешім қабылдауда қадағалау тәртібімен іс жүргізу сатысының маңызы өте зор.Себебі апелляциялық инстанция соттары кейбір істер бойынша заңсыз үкімдердің күшін жоюды уақытында қамтамасыз ете алмайды.Оған мынадай себептер бар: -әрбір заңсыз және дәлелсіз үкімге наразылық білдіру міндетін прокурорлар уақытында орындалмайды.Мәлімет бойынша үкімдердің тек үштен бірі ғана апелляциялық тәртіппен тексеріледі.Қадағалау тәртібімен қайта қаралып,үкімдер бұзылып немесе өзгертілген істердің тең жартысы апелляциялық саты сотында қаралмай қалғандар; -сонымен бірге кейде апелляциялық саты соты өзі қателік жібереді. Заңды күшіне енген сот үкімін қайта қараудың мәні,ең бірінші сот төрелігін заңға сәйкес жүзеге асырудың маңызды кепілі болып саналады.Қадағалау сатысының соты бірінші сатыдағы соттар және апелляциялық саты соттарының жіберген қателіктерін түзетеді. Қадағалау сатысы соттарының міндеттері-қылмыстық істерді қарап,үкім шығаратын соттардың заңды біркелкі қолдануын қамтамасыз ету.Сонымен бірге қадағалау саты соттарының қызметі анықтау,алдын ала тергеу органдары жұмыстары прокурорлық қадағалау сапаларын жақсартуға ықпал етеді. Қадағалау сатысы қылмыстық іс жүргізудің ерекше сатысы болып саналады,оны ерекше саты деп санау негіздері мынадай: 1)қадағалау сатысы соты бірінші саты соты үкімдерінің заңдылығы мен дәлелділігін тексерумен бірге,апелляциялық сот шығарған шешімдерді,төменгі қадағалау соты шешімдерін тексереді. 2)қадағалау сатысы сотында қылмыстық іс прокурордың наразылығы не алдын ала қаралған қылмыстық іс жүргізуге қатысушының шағымы бойынша қаралады; 3)қадағалау сатысына берілген шағым келіп түскеннен бастап 1 айдың ішінде алдын ала қаралуға тиіс; 4)шағымды алдын ала қарауды қадағалау сатысының 3 судьясынан құрылған сот қарайды.Апелляциялық тәртіппен шағым беруге құқылы іске қатысушының шағымы немесе прокуратура органдары өкілдерінің апелляциялық тәртіп бойынша наразылығы берілсе,заңды күшіне енбеген үкімнің заңдылығы мен негізділігін тексеру үшін апелляциялық тәртіппен іс қарайтын соттың жұмысы басталады. 5)сотталған адамның жағдайын жақсарту мақсатында қадағалау жүргізу сатысы.Бұл сатының маңызы-тиісті лауазымды адамдардың наразылықтары немесе іске қатысушылардың шағымдары бойынша заңды күшіне енген үкімдер мен қаулылардың заңдылығын және негізділігін тексеру,сонымен бірге апелляциялық және қадағалау тәртібімен қабылданған сот шешімдерін тексеру. Қылмыстық істі қарау дегеніміз-берілген наразылық пен шағымда көрсетілген дәлелдемелерге қарамастан істі толық көлемде қарау.Ал наразылық пен шағымды қарау дегеніміз-тек қана осы құжаттарда көрсетілген өкініштер бойынша шешім қабылдау,келтірілген дәлелдерге жауап беру. Қадағалау тәртібімен мынадай сот құжаттарының заңдылығы тексеріледі: -бірінші сатыдағы соттардың ақтау және айыптау үкімдері; -апелляциялық және қадағалау сатыларында қабылданған сот қаулылары (ҚР ҚІЖК 458-б.). Заңды күшіне енгеннен кейін 6 ай ішінде мынадай сот қаулыларына шағым жасауға,наразылық білдіруге болады: -неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдану қажеттігі жөнінде жазаның жұмсақтығы себептері бойынша сотталушының жағдайын нашарлататын өзге де негіздер бойынша айыптау үкіміне,істі қысқарту туралы соттың қаулысына; -ақтау үкіміне; -істі қысқарту туралы сот және сот құрылысына. Қадағалау тәртібімен іс жүргізу сатысында ең бірінші қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттері шешімін табады. 1.Қадағалау сатысының соты бірінші және екінші сатыдағы соттар сияқты адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан,олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғайды,кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда,оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз етеді. Мұнда міндеттері қадағалау сатысының соты төменгі соттардың қателіктерін түзеумен,айыптау үкімдерін күшін жою және оларға өзгеріс енгізумен немесе істі қысқартумен қамтамасыз етеді. 2.Қадағалау сатысының соты,өзінің қызметін жүзеге асыру барысында заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға,қылмыстың алдын алуға,құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемседі. Қадағалау сот сатысы жүйесі деп заңды күшіне енген сот шешімдерін қарайтын барлық соттар жиынтығын айтамыз. Қадағалау тәртібімен іс қарау соттары құрылымдарының ерекшеліктері соттар жүйесінің бір буында бірнеше қадағалау тәртібімен іс қарайтын соотар болуы мүмкін.Облыстық және оған теңестірілген соттарда қадағалау тәртібімен іс қарайтын тек қана бірақ сот бар,ол облыстық соттың қылмыстық істер қадағалау алқасы,ал Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қадағалау тәртібімен іс қарайтын сот екеу-Жоғарғы сотының қадағалау алқасы және Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының жалпы отырысы. Сот тағайындаған жазаның қылмыстық ауырлығына және сотталушының жеке басына сәйкес келмеуі деп,қылмыстық заңда көрсетілген жаза шегінен шығатын аса ауыр немесе аса жеңіл жазаны айтамыз.Сонымен бірге жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталушының жеке басына сәйкес келмеуі деп,жаза түрін дұрыс анықтамауды айтамыз,дұрыс анықталмаған кезде оның мерзімі мен көлеміндұрыс анықтамау. Аса ауыр жаза деп қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілігін есептемей,кінәлінің жеке басын,жауаптылықты жеңілдететін істің нақты жағдайларын,қылмыстық заңның бас бостандығынан айыру жазасын қолданбай басқа жаза қолдану мүмкіндігін пайдаланбай тағайындалған жазаны айтамыз. Шағымды,наразылықты іс қадағалау сатысында қаралғанағ дейін оны бермеген адам кері қайтарып алуы мүмкін,ал наразылықты наразылық берген прокуродан басқа жоғары тұрған прокурор кері қайтарып алуы мүмкін. Соттың заңды күшіне енген үкіміне қадағалау тәртібімен келіп түскен шағым жөнінде жүргізілетін әрекеттер: 1.Қадағалау шағымы облыстық сот төрағасының,ҚР Жоғарғы Сот Төрағасының тапсырмасы бойынша тиісті қадағалау алқасының үш судьясынан құралған сотта алдын ала зерделенеді және қаралады.Қажет болса қылмыстық іс сұратылуы мүмкін. 2.Қадағалау шағымы келіп түскен келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде,ал іс сұратылған жағдайда-іс келіп түскен күннен бастап бір айдың ішінде қаралады. 3.Қадағалау шағымының алдын ала қаралаты күні туралы шағым берген адамға хабарланады,алайда оның келмеуі іс бойынша қадағалау тәртібімен іс жүргізуді қозғау негізі бар не жоқ екендігі туралы мәселені шешуге кедергі болмайды. Лекция №8.Қайтадан ашылған мән-жайлар нәтижесінде қылмыстық іс бойынша өндірісті қайта қозғау. 1. Жаңадан және қайтадан ашылған мән-жайлар нәтижесінде қылмыстық іс бойынша өндірісті қайта қозғаудың мәні мен маңызы. 2. Жаңадан және қайтадан ашылған мән-жайлар нәтижесінде өндірісті қайта қозғау және тергеу жүргізудің тәртібі. 3. Іс бойынша өндірісті қайта қозғау тәртібі. Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс жүргізуді іс бойынга қайта бастау қылмыстық іс жүргізудің ең ақырғы сатысы.Бұл сатының мәні-жаңадан ашылған мән-жайлар,деректер бойынша заңды күшіне енген үкімдердің,қаулылардың заңдылығын,дәлелдігін тексеру,соның нәтижесінде заңсыз деп танылған сот шешімдерінің күшін жою. Табиғат құбылыстарын бір-бірімен салыстыру нәтижесінде танып білеміз деген қағида бар.Осы қағиданы ескере отырып,істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша жаңғырту сатысындағы іс жүргізумен салыстырсақ,екеуінің арасындағы айырмашылықтары да,екеуіне бірдей жалпы белгілерді байқауға болады.Ол мынадай белгілер: 1)міндеттері (екі сатының алдында тұрған міндет-заңды күшіне енген үкімнің,қаулының заңдылығы мен дәлелділігін тексеру); 2)мақсаты (заңды және дәлелді сот шешімдерінің жүзеге асуын қамтамасыз ету); 3)сипаты (екі сатыдағы да іс жүргізу ерекше саты болып табылады,себебі олардың міндеті мен мақсатына қарай лауазымды адамдардың шешімі нәтижесінде туады); 4)қадағалау сатысындағы іс қарайтын соттар жаңа ашылған мән-жайлар бойынша жаңартылған қылмыстық істерді қарайды. Басқаша айтқанда,қадағалау тәртібімен іс қарайтын соттар жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша жаңарьылған істерді қарайды,атап айтқанда: а)облыстық және оған теңестірілген соттың қадағалау алқасы (ҚР ҚІЖК 291-б.4-бөл.); б)ҚР Жоғарғы Соттың қадағалау алқасы (ҚР ҚІЖК 292-б.4-1бөл); в)ҚР жоғарғы Соттың қылмыстық іс жүргізу жөніндегі алқасы (ҚР ҚІЖК 292-б.4-бөл.); Екі сатының арасындағы айырмашылықтар: 1.Қайта қарау негіздері бойынша.Қадағалау сатысындағы іс жүргізу қылмыстық істің өзінде болады,ал жаңадан ашылған мән-жайлар тексеру немесе алдын ала тергеу жүргізу нәтижесінде туындайды (анықталады). 2.Үкімді бұзу немесе өзгерту негіздері бойынша.Қадағалау тәртібімен іс қайта қаралса,үкімді өзгерту немесе бұзу негіздері ҚР ҚІЖК 467-бабының 7- бөлігінде көрсетілген,ал бұл бап 412-бапқа сілтейді.412-бапта былай делінген,үкімді бұзуға немесе өзртуге мыналар негіз бола алады: а)сот тергеуінің біржақтылығы және толық еместігі; ә)соттың үкіміндегі қорытындылардың істің нақты мән-жайларына сәйкес келмеуі; б)қылмыстық заңның дұрыс қолданылмауы; в)қылмыстық іс жүргізу заңының елеулі бұзылуы; г)сот белгілеген жазаның қылмыстық ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкес келмеуі. Істі жаңғырту негіздері ҚІЖК 471-бабының 2-бөлігінде көрсетілген.Олар мыналар: 1)соттың заңды күшіне енген үкімінде жәбірленушінің немесе куәгер айғақтарының,сарапшы қорытындысының көрінеу жалғандығы,сондай-ақ заңсыз немесе негізсіз үкім не қаулы шығаруға әкеп соққан заттай дәлелдемелердің,тергеу және сот әрекеттері хаттамаларының және өзге де құжаттардың жалғандығы немесе аударманың көрінеу қате жасалуы: 2)соттың заңды күшіне енген үкімінде анықталған анықтаушының,тергеушінің немесе прокурордың заңсыз және негізсіз үкім,қаулы шығаруға әкеп соққан қылмыстық іс-әрекетері; 3)соттың заңды күшіне енген үкімінде судьялардың осы істі қарау кезінде жасаған қылмыстық іс-әрекеттері; 4)сотталушының кінәсіздігін немесе оның өзі сотталғаннан гөрі өзге қылмыс жасағандығын немесе ақталған адамның не өзіне қатысты іс қысқартылған адамның айыптылығын дәлелдейтін,ҚР ҚІЖК 474-бабында көзделген тәртіппен тексеру немесе тергеу арқылы анықталған және прокурордың қорытындысында баяндалған,үкім шығару кезінде сотқа бейбәлім болған,өз алдына немесе бұрын анықталған мән-жайлармен бірге айғақтайтын өзге де мән- жайлар. 5)өзіне қатысты ҚР ҚІЖК 315-бабының 2-бөлігінің 2-тармағында белгіленген тәртіппен іс қаралған сотталушының қылмыстық іс жүргізуші органға келіп,көңіл білдіру(ерік білдіру); 6)соттың үкімін шығару кезінде қолданған заңын Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің конституциялық емес деп тануы. Үкімді бұзу немесе өзгерту негіздерін анықтау тәртібі бойынша: 1)істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша жаңғырту үшін сол жаңадан ашылған мән-жайларды тексеру немесе алдын ала тергеу жүргізу керек.ҚР ҚІЖК 471-бабының 2-бөлігінің 1-3тармақтарында көрсетілген негіздер заңды күшіне енген үкіммен анықталса ғана,осы негіздер бойынша қылмыстық іс қайта жаңғыртылады; 2)егер қылмыстық іс қозғау мерзімі өтіп кетсе,жасалған іс-әрекеттер үшін жаза қолдануды жоятын амнистиялық акті шықса,сондай-ақ жекелеген адамдарға кешірім берумен байланысты шешім қабылданса,қылмыстық іс қозғалмайды,ал жинаған материалдар істі жаңғыртуға негіз болып саналады, 3)ал қадағалау тәртібімен іс жүргізгенде үкімді өзгерту негіздерін алдын ала тергеу жүргізумен анықталмайды,тергеу жүргізілмейді.Үкімді өзгерту негіздері істі ұқыпты,мұқият талқылау нәтижесінде анықталады. Іс қозғайтын адамдарға байланысты өзгншнлік.Істі жаңадан ашылған мән- жайлар бойынша жаңғырту құқығы жалғыз прокурорға ғана берілген,ал қадағалау тәртібімен іс жүргізуге Қазақстан Республикасы Бас прокурорының,оның орынбасарларының,облыстық және оған теңестірілген прокурордың наразылығы қажет. Іс қараудағы сот өкілеттігінің шегі бойынша.Жаңадан ашылған мән-жай бойынша істі қарау нәтижесінде мынадай шешімдер қабылдануы мүмкін: 1)сот үкімнің немесе қаулының күшін жою және жаңадан тергеуге немеес жаңадан сот талқылауын жүргізуге беру туралы; 2)сот үкімінің немесе қаулының күшін жою және іс бойынша түпкілікті шешім қабылдау үшін жаңадан тергеу немеес соттың талқылауы қажет болғанда істі қысқарту туралы; 3)прокурордың қорыиындысын қабылдамай тастау туралы (ҚР ҚІЖК 467-б). Істі қайтадан қарау себептері жазылған құжаттардың атауындағы айырмашылықтар бойынша.Жаңадан жазылған мән-жайларды тексеріп болғаннан кейін,істі қайта қарауға дәлелдемелер жеткілікті деп тауып,прокурор қорытынды жазады,ал қадағалау сатысында істі қарау үшін прокурордың наразылығы қажет. Қадағалау тәртібімен іс жүргізуді істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша жаңғыртуды араластырып,шатастырып жіберуге болмайды,себебі іске қатысушылардың құқығы мен заңды мүдделеріне зиян тиеді,олардың құқықтары бұзылады. Кейде істі жаңғырту бойынша процессуалдық әрекеттерді өз уақытында жасап,дұрыс жүргізсе де істің күрделігіне байланысты сот дұрыс және қорытынды шешімге келе алмайтын жағдайлар болады.Содан,сот қаулысын бірнеше рет күшін жою нәтижесінен заңда көзделген мерзім ескіреді.Жаңа мән-жайдың ашылуынан 1 жыл өтсе,сот үкімге араласуға құқығы жоқ. Лекция №9 Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істер бойынша өндіріс ерекшеліктері. 1. Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істер бойынша өндіріс кезіндегі дәлелдемелердің түсінігі мен мәні. 2.Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық істер бойынша сот талқылауының ерекшеліктері. Қылмыстық істер бойынша дәлелденетін мән жайларды құрайтын және міндетті түрде анықтауға жататын фактілер сол фактілер туралы мәліметтер сақтайтын көздер арқылы анықталады.Қылмыстық іс бойынша анықталатын фактілер көздері ҚР ҚІЖК көрсетілген.Тек қана осы заңда көрсетілген көздер (заңды көздер) арқылы қылмыстық іс бойынша негізгі фактілер және дәлелді фактілер анықталады. Кәмелетке толмаған адамдардың қылмыстық істері бойынша ҚР ҚІЖК 117 және 481-баптарында көрсетілген мән-жайларды дәлелдеу,оның ішінде кәмелетке толмағанның иланушылығы,ашушандығы,тәуелдігі,қиялға бейімділігі сияқты жеке басының өзіндік қасиеттерін анықтау қажет.Бұл мақсатта кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеп денсаулығына және санасының дамуына қатысты ресми құжаттарды сұратып,сондай-ақ оның жеке басының құжаттарын (күнделіктер,жазбалар,хаттар,аудижазбалар және т.б.) зерттеген жөн. Кәмелетке толмағанның тұрмысы мен тәрбие жағдайын,яғни азаматретінде қалыптасуын зерттегенде оның өзі жасаған қылмысқа көзқарасын қылмыс жасауға ықпал еткен мән-жайларды анықтау қажет,сонымен бірге басқа жастардың қылмыс жасауының алдын алу үшін тиісті жұмыстар жасау қажет және бұлтартпау шараларын қолдану мәселесін шешу (үйінде қалу мүмкіндігін анықтау) керек. Кәмелетке келмегендердің тұрмысы мен тәрбие жағдайын анықтау біріншіден тәрбиешілердің жауапкершілігі анықтау үшін керек:екіншіден айыпталушының қатысуымен тергеу әрекеттерін жүргізу тактикасын анықтау үшін қажет. Осымен байланысты мынадай жағдайларда анықтау қажет: 1)жанұя өмірін зерттеу; 2)кәмелетке толмаған адамның жеке адам ретінде қалыптасу барысында кіммен қарым-қатынаста болғанын анықтау; 3)тұрғылықты жердегі және оқу орнында жүргізілген тәрбие жұмыстарының мазмұнын анықтау; 4)құқық бұзуымен байланысты бұрын қолданылған шаралардың мәнін анықтау,оларды қолдану нәтижесі не себепті тиімді болмауы. Қылмыстың себептері мен оны жасауға ықпал жасаған жағдайларды анықтағанда ерекше көңіл аударатын жағдайлар: 1)кәмелетке толмаған адамның қоғамға қарсы көзқарастарының қалыптасу кездері (дұрыс тәрбиелемеу,бұрын сотталғандардың ықпалы,жаман қылық әсері және т.б.); 2)қылмыс жасауға итермелеген нақты жағдайлар (жұмыссыздық,қаражаттың жоқтығы,көшеде бос жүрген бұзақылардық ықпалы және т.б.); 3)қылмыс жасауға қолайлы жағдай жасауы (туыстары жағынан бақылаудың жоқтығы,ішкі істер органдары жұмыстарының кемшіліктері және т.б.). Кәмелетке толмаған адамның қылмыс қаруын қайдан алуын,қалай жасауын,мас болу себебін егжей-тегжейіне дейін тексеру қажет (ішімдікті қайдан,кімнің қатысуымен алды,кімнің көзінше ішті,қандай қаражатқа алды деген сұрақтарға жауап табу қажет). Кәмелетке толмағандар құрған қылмыстық топтардың ұзақ уақыт өмір сүрінің себебі,олардың подвалдарда,иесіз қалған ескі үйлерде жиналуы,жоспар құрулары,ішкі істер органдарының көңіл аудармауы анықталуы тиіс. Егер кәмелетке толмаған адам психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кішігірім немеес орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемде түсіне алмаса,не оған ие бола алмаса,қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес. ҚР ҚІЖК 488-бабына сәйкес 16-жасқа толмаған,сондай-ақ осы жасқа толған,бірақ психикалық дамуына мешеулік белгілері бар кәмелетке толмаған сезіктінің,айыпталушының қатысуымен іс жүргізу әрекетін жүргізу кезінде педогогтың немесе психологтың қатысуы міндетті. Педогог пен психолог іске қатысуға тергеушінің,соттың шешімі бойынша,не қорғаушының,заңды өкілдің өтініші бойынша жіберіледі. Педогог,психолог тергеушінің,соттың рұқсатымен кәмелетке толмаған сезіктіге,айыпталушыға сұрақтар қоюға,ал іс жүргізу әрекеті аяқталғаннан кейін-тергеу әрекетінің хаттамасымен,сот мәжілісінің хаттамасымен танысуға және ондағы жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға құқықты,тергеушінің соттың шешімі бойынша қәмелетке толмағанның жеке басын сипаттайтын іс материалдарымен танысуға құқығы бар.Бұл құқықтарыд тергеуші педогоқа,психологқа іс жүргізу әрекеті басталар алдында түсіндіреді,ол туралы тергеу әрекетінің,сот мәжілісінің хаттамаларында белгі жасалады. Жасы кәмелетке толмағандардың сезікті не айыпталушы ретінде жауап алудың айтарлықтай ерекшеліктері бар.Бұл ерекшелік азаматтың рухани күйі және ішкі сезімімен (психасымен) байланысты және де жауап алуға қатысушылармен байланысты (педогог,психолог,заңды өкілдер,қорғаушылар). Жасы кәмелетке толмағандардың жауап алу тергеушіден оның психикасының ерекшелгін білуді талап етеді,бұл тергеу жұмысын дұрыс жүргізу шеберлікті,әдептікті және шыдамдылықты,мәдениеттілікті талап етеді.Кәмелетке толмаған айыпталушыдан,сезіктіден жауап ҚР ҚІЖК көрсетілген тәртіппен (216,217-баптар) қорғаушының,заңды өкілдің,ал қажет болған жағдайда психологтың,педагогтың қатысуымен жүргізіледі.Жауап алу тәуліктің күндізгі уақытында жүргізіледі және үздіксіз 2-сағаттан артық,ал жалпы алғанда күніне 4-сағаттан артық жалғастыруға тиіс емес.(ҚР ҚІЖК 485-бабы). Жауап алып отырғанда жалған (өтірік) жауаптың алдын алу жеке оны әшкерелеу үшін тиісті шаралар қолдану керек.Ол үшін бірнеше тактикалық әдіс қолдану қажет. 1)Жалған жауабына ерекше көңіл аударып,іс бойынша жиналған басқа дәлелдемелер келтіріп,оның жауабының жалғандығын әшкерелеу қажет. 2)Тергеушінің өзі іс бойынша мән-жайларды толық білетін адам есебінде көрсете білуі қажет. 3)Жауап алу барысында негізгі,күрделі айғақтарды анықтап,оларды кейін тексеру қажет. 4)Жауап беріп отырып жасы кәмелетке толмаған адамның көңіл- күйіне,сана-сезіміне көңіл аудару қажет,тексеру сұрақтарын (контрольный)қою арқылы белгілі мән-жайларды қайта анықтап тексеру қажет. 5)Жасы кәмелетке толмаған адамның қылмыстың мән-жайы бойынша айтқандарын егжей-тегжейін тәптіштеп анықтау қажет. 6)Дәлелдемелерлі,маңызымен,мәнімен байланысты,бірінен кейін бірін көрсетіп,жауап беріп отырған адаммен бірге талқылау қажет. 7)Іс бойынша дұрыс жауап берген басқа азаматтардың жауаптарын еске түсіру қажет. Кәмелетке толмаған сезікті мен айыпталушыға ҚР ҚІЖК 140-бабында көрсетілген бұлтартпау шаралары қолданылуы мүмкін. Ерекше жағдайларда,егер кәмелетке толмаған адам ауыр немеес аса ауыр қылмыс жаасаған кезде оны қмауға алуға,сондай-ақ ҚР ҚІЖК 132-бабфна сәйкес сезікті ретінде ұстауға болады. Кәмелетке толмаған сезіктіге,айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселені шешу кезінде,алдымен оған арнайы бұлтартпау шарасы –кісі қарауына беруді қолдану мүмкіндігін шешу қажет. ҚР ҚІЖК 484-бабына сәйкес кәмелетке толмаған сезікті,айыпталушы тергеушіге не сотқа оның ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері арқылы шақырылады.арнайы балалар мекемесіндегі немесе қамаудағы жастар сол мекемелердің әкімшілігі арқылы шақырылады. Педогогтың немесе психологтың іс жүргізуге міндетті түрде қатысуы: -16 жасқа толмаған,сондай-ақ осы жасқа толған,бірақ психикалық дамуында мешеулік белгілері бар кәмелетке толмаған сезіктінің,айыпталушының қатысуымен іс жүргізу әрекеттерін жүргізгенде; -16 мен 18 жастағы кәмелетке толмағандардың ісіне педогог пен психолог,тергеушінің не соттың шешімі бойынша,не қорғаушының,заңды өкілдің өтініші бойынша қатысады (ҚР ҚІЖК 488-бабы.). Кешенді психологиялық-психиатрлық сараптама тағайындау мақсаты: 1)кәмелетке толмаған сезіктіде,айыпталушыда жүйке аруының немесе психикалық дамуында ауытқушылықтардың бар екендігін анықтау; 2)нақты жағдадйда оның өз әрекеттеріне толық немесе жартылай есеп беру немесе басшылық жасау мүмкіндігін анықтау. Бұл сараптама міндетті түрде жүргізіледі. Азаматтардан жауап алу үшін,олар шақыру қағазы арқылы шақыртылады.Олар шақыру қағазын алдым деп түбіршекке қол қояды.Егер шақырылған адамдар үйіне не жұмыс орнында болмаса,шақыру қағазы оларға кәмелетке толған отбасы мүшелерінің,көршілерінің,жергілікті атқарушы орган өкілдерінің бірі арқылы немесе олардың жұмыс немесе оқу орындарының әкімшілігі арқылы тапсырылады.Жауап алатын адам өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып шақыртылуы мүмкін. Жауап алуға қатысушы адамдарға (педогог,заңды өкіл)жауап беріп отырған адамдардың құқықтары мен заңды мүдделері бұзылғандығы туралы,хаттамаға енгізілетін ескертпелер беру,сонымен бірге тергеушының рұқсатымен жауап беріп отырған адамға сұрақ қою құқығы түсіндіріледі.Тергеуші қойылған сұрақты қабылдамауға құқылы,бірақ оны хаттмаға енгізуге және қабылдамаудың себебін көрсетуге тиіс (215-баптың 3- бөлігі) Айыпталушыдан жауап алуды тергеуші айып тағылғаннан кейінгі 24- сағаттан кешіктірмей,ал айыпталушы келуден жалтарған жағдайда немесе оған іздеу салынған жағдайда,ол айдап әкелінгеннен не ұсталғаннан кейін дереу жүргізіледі. Жауап алу басталар алдында тергеуші айыптаушыға оның жауап беруден бас тарту құқығын түсіндіреді және айыпталушының айтқандары оның өзіне қарсы пайдалануы мүмкін екенін хабарлайды.айыпталушы жауап беруден бас тартқан жағдайда одан жауап алу хаттамасында бұл туралы белгі қойылады. Лекция № 10.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану жөніндегі өндіріс. 1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану түсінігі мен ерекшеліктері. 2. Ессіз күйдегі адамдарға қатысты сот талқылауының ерекшеліктері. Соттардың назары есі кіресілі-шығасылы күйінде қоғамға аса қауіпті әрекет жасаған адамдарға немесе қылмыс жасағаннан кейін психикасы бұзылған адамдарға немесе қылмыс жасап, психиатриялық жәрдем қажет ететін немесе маскүнемдіктен, нашақорлықтан немесе уытқұмарлықтан емделуді қажет ететін адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын дұрыс қолдану олардың емделіп кетуіне немесе денсаулықтарының жақсаруына әсер ететініне, сондай- ақ осындай адамдардың қылмыстық заң бойынша жауапкершілік көздейтін әрекеттерді қайта жасауының алдын алуға ықпал ететініне аударылсын. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істерді және оларды қолданудың мерзімін ұзарту, өзгерту немесе тоқтату туралы мәселелерді қараған кезде осы санаттағы істерді жүргізудің ерекшеліктерін көздейтін ҚК-тің 88-96-баптарымен және ҚІЖК-нің 54-тарауының баптарымен реттелетіні түсіндірілсін. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданумен байланысты медициналық жәрдем көрсетудiң негiздерi мен тәртiбi Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Кодексі бойынша реттеледi.Соттар адамның өзiнiң әрекеттерiнiң нақты сипатын және қоғамдық қауiптiлiгiн түсiнуге және оларды басқаруға кедергi жасайтын психикалық сырқаты өздiгiнен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн негiз бола алмайтынын ескеруi тиiс. Осыған байланысты әр iс бойынша қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттердiң жасалуы дәлелденгенiн, оны жасаған кезде адамның есi кiресiлi- шығасылы күйде болғанын тексеру қажет. Сонымен бiрге, адамның психикалық сырқатына байланысты өзi үшiн немесе басқа адамдар үшiн қауiптiлiгiн немесе басқа да елеулi зиян келтiруi мүмкiндiгiн растайтын нақты фактiлер анықталуы тиiс. Адамның психикалық сырқатының сипаты және ауырлығы оның осыған байланысты өзiне және басқа адамдарға қатысты зорлықшыл әрекеттер, өзге де қоғамға қауiптi әрекеттер (мүлiктi ұрлау, өртеу, жою немесе басқа тәсiлдермен бұзу және т.б.) жасауға бейiмділiгi, сондай-ақ қоғамға қауiптi ниетiн жүзеге асыру мүмкіндiгiне баға беретiн аурудың күй-жағдайы - оның өзi үшiн немесе басқа адамдар үшiн қауiптiлiгiн дәлелдейдi. ҚIЖК-нiң 241- бабының талаптарына сәйкес әр қылмыстық iс бойынша, егер қылмыстық iс қозғалған немесе қылмыстық iзге түсу жүргiзiлген адамға қатысты психикалық жай-күйiне күмән келтiретiн мән-жайлар анықталса, мiндеттi түрде сот- психиатриялық сараптама тағайындалуы қажет. Бұндай жағдайларға, атап айтқанда, сезiктiнiң, айыпталушының отбасында психикалық аурумен ауыратын туысқандарының болуы туралы, оның ақыл-ойы жетiспейтiндер үшiн арналған мекемеде оқуы туралы, бұрын зақым алғаны туралы, психиатриялық емханаларда тiркелуi немесе емделуi туралы, бұрын психикалық сырқатына байланысты қылмыстық жауапкершiлiктен немесе жазадан босатылуы туралы және т.б. мәлiметтер жатады. Сот-психиатриялық сараптаманы тағайындау туралы қаулыда сараптамашылардың шешуiне адамның бұрын психикалық сырқатының болғанын, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаған кезде психикалық сырқатының дәрежесi мен сипатын анықтайтын, адамның қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаған кезде есiнiң кiресiлi-шығасылы болғанын, сезiктiнiң, айыпталушының қылмыс жасағаннан кейiн алдын ала тергеу барысында немесе сот үкiмi бойынша қылмыстық жазаны өтеген кездегi психикалық мiнез-құлқын белгiлейтiн мәселелердi қойған жөн. Сараптамашылардың алдына адамның анықталған ауруына байланысты оның өзi үшiн және басқа адамдар үшiн қауiптi болуы туралы, басқа да маңызды зиян келтiруi мүмкiндiгi туралы, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын және оның қай түрін қолдануды талап ететіні туралы, сондай-ақ психикалық сырқатының сипаты мен ауырлық дәрежесiн ескере отырып, оның түсiнiктер беруге, өтiнiштер мәлiмдеуге, дәлелдемелер келтiруге және ҚIЖК-нiң 511- бабының 1-бөлiгiнде көрсетілген басқада әрекеттерді жасауға мүмкіндігі туралы мәселелерді қойған жөн. Қылмыстық iсте адамның iшiмдiк, есiрткi, психотроптық немесе өзге де есеңгiрететiн заттарды жүйелi түрде қолдануы туралы мәлiметтер болған жағдайда қылмыстық процестi жүргiзушi органдар осындай адамдарға куәландыру туралы қаулы шығарып, iске осы адам маскүнемдiктен, нашақорлықтан немесе уытқұмарлықтан мәжбүрлеу түрде емдеудi қажет ететiнi және оған қарсылық жоқ екенi туралы медициналық комиссияның қорытындысы қоса тiркеуге тиiс. Бiр әрекетке қатысты адамның есi кiресiлi-шығасылы екендiгiн тану басқа әрекетке қатысты есiнiң дұрыс болуы мүмкiндiгін жоққа шығармайтыны түсiндiрiлсiн. Осыған орай, бұрын есi кiресiлi-шығасылы болып танылған және қылмыстық жауапкершiлiктен босатылған адам қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет жасаған жағдайда, жаңадан жасаған әрекетiнiң әр эпизодына қатысты оның есiнiң дұрыс екенiн немесе кiресiлi-шығасылы болғанын анықтау мақсатында сот-психиатриялық сараптама тағайындалуы және өткiзiлуi тиiс. Қажет болған жағдайда стационарлық сот-психиатриялық сараптама, сондай-ақ психолого-психиатриялық сараптама өткiзудi тағайындаған жөн. . Қылмыстық процестi жүргiзетiн органдар ҚIЖК-нiң 14, 247-баптарына сәйкес күзетпен ұсталған сезiктiнi, айыпталушыны сот-психиатриялық сараптама жүргiзуге медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыру үшiн бұл туралы тергеушiнiң қаулысы керек екендiгiн, ал күзетпен ұсталмаған адамды сот-психиатриялық сараптама жүргiзуге медициналық мекемеге орналастыру үшiн оның келiсiмi, олай болмаған жағдайда сот қаулысы керек екендiгiн ескергенi жөн. Қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаған сәтте адамның есi кiресiлi-шығасылы болғандығы туралы немесе қылмыс жасағаннан кейiн психикалық сырқат пайда болғаны туралы сот-психиатриялық сараптамасын алған кезде, тергеушi, қылмыстық iс жүргiзу заңының алдын ала тергеу өндiрiсiнiң тәртiбiн реттейтiн жалпы нормаларынан басқа, ҚIЖК-нiң 505-514-баптарының талаптарын тез арада орындауы тиiс: iстi бөлек өндiрiске шығару мәселесiн шешу, бұлтартпау шарасын бұзу және қажет болған жағдайда қауiпсiздiк шарасын қолдану, қорғаушы мен заңды өкiлiн, егер бұрын басқа негiздер бойынша iске қатыспаса, iске қатыстыру.Қылмыстық процесс жүргiзетiн органдардың назары мынаған аударылсын: қоғамға қауiптi әрекеттердi есi кiресiлi-шығасылы күйде жасаған адамдарға немесе қылмыс жасағаннан кейiн психикасы бұзылған адамдарға ҚIЖК-нiң 140-бабында көрсетiлген бұлтартпау шараларын қолдануға жол берiлмейдi. Бұндай адамдарға қажет болған жағдайда ҚIЖК-нiң 507-бабының 2-бөлiгiнде көзделген қауiпсiздiк шаралары қолданылуы мүмкiн, атап айтқанда: денсаулық сақтау органдарын хабарландыра отырып, ауруды туыстарының, қамқоршыларының, қорғаншыларының қарауына беру психиатриялық көмек көрсететiн психиатриялық көмек көрсететін ұйымға немесе мамандандырылған медициналық ұйымға орналастыру. Iс бойынша анықталған, есi кiресілi-шығасылы адамның өзiне немесе өзге де адамдарға қауiптiлiгiн немесе басқа да маңызды зиян келтiруi мүмкiндiгiн дәлелдейтiн мәлiметтер қауiпсiздiк шараларын және оның түрiн қолдануға негiз болады. Қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз ету қажет жағдайларда адамдарды орналастыратын мамандандырылған медициналық ұйымдарға: жалпы түрдегi психиатриялық стационар, арнайы психиатриялық стационар, күшейтiлген бақылау түрiндегi арнайы психиатриялық стационарлар жатады. Прокурор немесе сот ҚIЖК-нiң 14-бап 2-бөлiгiнде, 247-бап 2-бөлiгiнде, 509-бап 2-бөлiгiнде көрсетiлген талаптарды сақтай отырып, қауiпсiздiк шараларын қолдануға байланысты мамандандырылған медициналық ұйымға ерiксiз түрде орналастыру туралы негiзделген қаулы шығаруы керек.Егер алдын ала тергеу барысында кiресiлi-шығасылы күйде қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаған адамға оның психикалық сырқатпен ауыратындығы фактiсi анықтағанға дейiн бұлтартпау шарасының қамауға алу түрi қолданылып, ол тергеу аяқталғаннан кейiн жойылмаса, онда iстi өз өндiрiсiне қабылдаған прокурордың немесе соттың қаулысы бойынша дереу бұзылып, қауiпсiздiк шарасы қолданылған кезде адам психиатриялық көмек көрсететiн тиiстi медициналық ұйымға ауыстырылуы немесе бiреудiң қарауына тапсырылуы керек. Қауiпсiздiк шараларын қолдануға байланысты ауруды бiреудiң қарауына тапсыруды немесе арнаулы медициналық мекемеге орналастыруды жүзеге асыру тергеушiнiң, прокурордың немесе соттың жасаған хаттамасы, қаулысы ретiнде рәсiмделуi керек. Арнаулы медициналық мекемедегi адамды сараптама жасау үшiн немесе сот мәжiлiсiне немесе ерiксiз түрде ем алатын жерге әкелу ауру тапсырылған мекемемен келiсе отырып, iшкi iстер органдарына жүктеледi.Сот психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша адам өзiнiң iс жүргiзудегi құқықтарын жүзеге асыру мүмкiндiгiн жоғалтпаған жағдайда, қылмыстық процестi жүргiзетiн органдар ҚIЖК-нiң 511- бабының 2-бөлiгiнiң талаптарына сәйкес ондай адамға iс жүргiзудегi құқықтарын түсiндiруi және оларды жазбаша түрде беруi тиiс. ҚIЖК-нiң 513- бабына сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iстер бойынша қорғаушының қатысуы мiндеттi болып табылады. Қорғаушының iске қатысуы, егер ол бұрын ҚIЖК-нiң 68, 70, 71, 486-баптарында көрсетiлген өзге негiздер бойынша iске араласпаса, адамның есi кiресiлi-шығасылылығы немесе психикасының бұзылуы фактiсi анықталған кезден бастап жүзеге асырылуы тиiс. ҚIЖК-нiң 7-бабының 24-тармағына сәйкес есi кiресiлi-шығасылы адамдарды немесе қылмыс жасағаннан кейiн психикасы бұзылғандардың ата-анасы, асырап алушылары, асырап алынғандары, бiрге туған және бiрге тумаған аға-iнілерi, апа-сiңлілерi, атасы, әжесi, немерелерi заңды өкiлдерi болып танылуы мүмкiн. Егер жақын туысқандары болмаған жағдайда, қорғаушы немесе қылмыстық процесс жүргiзушi органның қатысуға рұқсатымен iс бойынша басқа адамдардың заңды мүддесiн қорғауға құқылы адам оның заңды өкiлi бола алады. Заңды өкiлдi iске қатыстыру - тергеушiнiң қаулысымен, олай болмаса, iстi өз өндiрiсiне алған прокурордың немесе соттың қаулысымен жүзеге асырылады. Заңды өкiлдi iске қатыстыру туралы мәселе iс жүргiзiлiп жатқан адамның есi кiресiлi-шығасылылығы немесе психикасының бұзылу фактiсi анықталған кезден бастап шешілу керек. Қылмыстық процесс жүргiзушi орган iске қатыстырылған заңды өкiлге ҚIЖК-нiң 512-бап 2-бөлiгiнде көрсетiлген құқықтарын түсiндiруге және бұл туралы хаттама жасауға (сот мәжiлiсi хаттамасына жазып қоюға) мiндеттi. Жақын туысқаны болып танылатын есi кiресiлі-шығасылы адамның заңды өкiлi өзiнiң келiсiмімен ғана және заңды өкiлi болып басқа заңда көрсетiлген жақын туысқаны танылғаннан кейiн заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаудың мән-жайлары туралы куәгер ретiнде жауап бере алады. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iстер бойынша, жасалған әрекеттiң заңдылық бағасына қарамастан, мiндеттi түрде алдын ала тергеу жүргiзiлiп, оның барысында ҚIЖК-нiң 506-бабының 2-бөлiгiнде көрсетiлген мән-жайлар толық, жан-жақты және объективтi түрде зерттелуi тиiс. Қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаған адам психикалық сырқатының сипатына және ауыру дәрежесiне қарай өзiне және басқа да адамдарға қауiп келтiрмейтiн болса, сондай-ақ өзге де маңызды зиян келтiру мүмкiндiгi болмаған жағдайларда, тергеушi ҚIЖК-нiң 37-бап 1-бөлiгiнiң 9- тармағында көрсетiлген негiздер бойынша iс жөнiндегi сот iсiн қысқарту туралы ҚIЖК-нiң 269-бабының 5-9-бөлiктерi талаптарына сәйкес қаулы шығаруы тиiс. Басқа жағдайларда алдын ала тергеу аяқталғаннан кейiн медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшiн iстi сотқа жiберу туралы қаулы шығаруға және iспен бiрге тиiстi прокурорға жiберуi керек. Егер алдын ала тергеу барысында адамның қылмысты жасағаннан кейiн психикасының бұзылуы қылмыстық iзге түсудi жалғастыруға мүмкiндiк бермейтiнi анықталса, қылмыстық процестi жүргiзушi орган ҚIЖК-нiң 50 және 265-баптарының талаптарын сақтай отырып, iс жөнiндегi өндiрiстi тоқтатуы керек. Сонымен қатар, ауырып қалған адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану қажет болса, тергеушi бұл туралы қаулы шығарып, мәселенi тексеру және шешу үшiн тиісті сотқа жолдау үшiн iстi тиiстi прокурорға жiберуге мiндеттi. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iстердi қабылдау және оны қарауға тағайындау судьяның қаулысымен рәсiмделуi керек. Қаулының қорытынды бөлiгiнде iстi қараудың күнi мен орнынан басқа, егер оны тергеушi немесе прокурор бұзбаса, бұлтартпау шараларын бұзу туралы, қажет жағдайда қауiпсiздiк шараларын таңдау, өзгерту немесе бұзу туралы, сот iсiн жүргiзу тiлi туралы, сот талдауының жариялылығы туралы, азаматтық талап арызды қамтамасыз ету шаралары туралы, iсi келiп түскен адамның сот мәжiлiсiне қатысуы туралы, сот мәжiлiсiне жәбiрленушiлердi, куәларды, сарапшыларды шақыру туралы және iстiң дұрыс және заңды шешiлуiне маңызы бар басқа да мәселелер туралы шешiмдер көрсетiлуi керек.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы қылмыстық істерді ҚІЖК-нің 290, 290-1, 290-2, 290-3-баптарында бекітілген соттылыққа сәйкес бірінші сатыдағы соттар қарайды. Басты сот талқылауы барысында сотталушының ақыл-есі кіресілі-шығасылы жағдайда қоғамға қауіпті әрекет жасағаны немесе оның психикасының бұзылғаны анықталса, онда ақыл-есі кіресілі-шығасылы адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану немесе қолданудан бас тарту туралы қаулы шығара отырып және басқа адамдарға қатысты шешім қабылдай отырып, істі мәні бойынша сол сот отырысында бір өндірісте қарауға жол беріледіІсті апелляциялық, кассациялық, қадағалау тәртібінде немесе жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қарау барысында қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті жасаған кезінде адамның есі кіресілі-шығасылы болғаны немесе ол адамның қылмыс жасағаннан кейін, бірақ бірінші сатыдағы сот шешім қабылдағанға дейін психикасы бұзылып ауырғаны анықталған болса және де мұның өзі жазаны тағайындауға немесе орындауға мүмкіндік бермесе, онда ҚІЖК- нің Z970206_ 54-тарауының қағидаларына сәйкес, іс бойынша шығарылған сот кесімдері бұзылуға және іс соттың жаңадан қарауына жатады. Iстiң дұрыс шешiлуiне маңызы бар, адамның қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауiптi әрекеттердi жасағанын растайтын немесе терiске шығаратын дәлелдердi, сондай-ақ өзге де маңызды мән-жайларды мұқият тексеру керек екендiгiне соттардың назары аударылсын. Осы мақсатпен сот мәжілiсiне жәбiрленушілер мен куәгерлер шақырылуы керек, жазбаша дәлелдер жарияланып, қаралуы және заттай дәлелдер зерттелуi тиiс. Адамның есi кiресiлi-шығасылы екендiгi туралы мәселенi шешу, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану, мәжбүрлеу шараларының түрiн белгiлеу сот құзырына жатады. Сондықтан, психиатр-сараптамашылардың қорытындысына iстегi барлық материалдармен жиынтықта мұқият баға берiлуi керек. Егер сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы оның қысқаша жазылғанына, негiзсiздiлiгiне немесе басқа да себептерге байланысты дәлелдi болмаса, немесе онда сол санаттағы iстер бойынша анықталуға жататын мәселелердiң барлығы көрсетілмесе, соттар қосымша немесе қайта сараптамалар жүргiзудi тағайындауы керек. ажет болған жағдайда сараптаманы қайта жүргiзу тәуелсiз сараптамаға тапсырылуы мүмкiн (Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Сот сараптамасының орталығы негiзiнде ұйымдастырылған сот-психиатриялық сараптама, т.б.). Сотiстi сотта талқылаудың қорытындылары бойынша мына қаулылардың бiрiн шығаруға тиiс: ҚIЖК-нiң 37-бабының 1-бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша, егер iс бойынша өндiрiстi болдырмайтын мән-жайлар анықталса, iстi қысқарту туралы; адамды қылмыстық жауапкершiлiктен босату және оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының бiрiн қолдану туралы; адамды қылмыстық жазадан босату және оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының бiрiн қолдану туралы; iстi қысқарту және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданбау туралы; iстi қосымша тергеу жүргiзу үшiн қайтару туралы. Соттар ҚК-тiң 90-бабында көрсетiлген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының бiреуiн ғана және тек ҚК-тiң 83-бабының 1 және 2 бөлiгiнде көрсетілген мән-жайлар анықталған жағдайда қолдануға құқылы екенiне олардың назары аударылсын. Соттар медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын таңдаған кезде, ҚК-тiң 89-бабында көрсетiлген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының мақсатын басшылыққа алуы, жасалған әрекеттiң қоғамдық қауiптiлiгiн психикалық дерттiң деңгейi мен ауырлығын және осыған байланысты ол адамның өзге адамдарға және өзiне қауiптi болуын және қауiптiлiк деңгейiн немесе психикасының бұзылуына байланысты өзге де маңызды зиян келтiруi мүмкiндiгiн, сондай-ақ ол адамның емдеудi қажет ететiнiн ескеруi тиiс. Психикасы бұзылған адамның өзi үшiн және өзге де адамдар үшiн қауiптілiгiнiң деңгейi және оның басқа да маңызды зиян келтiруi мүмкiндiгi медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрiн белгiлеу үшiн бiрiншi кезектi негiз болып табылады. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тоқтату, өзгерту, мерзiмiн ұзарту туралы ұсынысты қарау нәтижесiнде шығарылған қаулыға ҚIЖК- нiң 518-бабында көрсетiлген адамдар наразылық келтiре алады..ҚIЖК-нiң 454- бабының 3-бөлiгiне сәйкес адамға айыптау үкiмiмен және қылмыстық жаза тағайындаумен қатар қолданылған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың мерзiмiн ұзарту, өзгерту немесе тоқтату туралы мәселелердi сотталушының жазаны өтеп жатқан мекеменiң ұсынысы бойынша немесе сотталушының өзiнiң өтiнiшi бойынша сотталушының жазаны өтеу орны бойынша аудандық немесе оған теңестiрiлген сот шешетiнi соттарға түсiндiрiлсiн. ҚК- тiң 73-бабында көзделген негіздер бойынша адамды жазадан босатып, оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды, сотталғанды жазадан босату туралы қаулыны шығарған аудандық және оған теңестірілген соттың судьясы жеке-дара жүзеге асырады. Егер мәжбүрлеп емдеу сот үкiмiнiң ҚК-тiң 88-бап 1-бөлiгiнiң "в" және "г" тармақтарында көзделген негiздер бойынша тағайындалса, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды тоқтату, өзгерту немесе мерзiмiн ұзарту туралы ұсыныстарды жаза өтелiп жатқан жердегi аудандық немесе оған теңестiрiлген сот қарайды. Лекция № 11.Тұлғалардың жекелеген санаттарына қатысты қылмыстық істер бойынша өндіріс ерекшеліктері. 1. Тұлға санаттары түсінігі және тұлға санаттарына қол сұқпаушылық. 2. Тұлғалардың жекелеген санаттары сот талқылауының ерекшеліктері. Қылмыстық процессуалдық иммунитет-қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген кейбір іс жүргізуге қатысушылардың міндеттерін орындаудан босату негіздерін,тәртібін,шарттарын анықтайтын қосымша кепілдік. Бүгінгі таңда иммунитетті топтастырудың бірнеше түрі бар.Мысалы заң ғылыми кандидаты В.И.Руднев өзінің кандидаттық диссертациясында иммунитетті былай топтастырады: 1)азаматтың мамандығына байланысты иммуниттер судьяның,президенттің,депутаттың иммунитеттері); 2)жеке иммунитет (қылмыстық жауапқа тартылған адамның жақын туыстары пайдаланатын иммунитет).Мысалы,егерде азаматтың мәліметі өзін,жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарын қылмыстық ізге түсуге әкеп соқтыратын болса,ол куә ретінде айқақ беруден бас тартуға құқылы (ҚР ҚІЖК 82-б.3- бөл.); 3)аралас иммунитет (мысалы,діни қызметші,қорғаушы пайдаланатын иммунитет,себебі олар өздеріне жүктелген міндеттерін орындау барысында,тиісті мәліметтерді білуі мүмкін,бірақ заң оларды жариялауға тыйым салады). Республика Парламентiнiң депутатына қатысты қылмыстық iстi Қазақстан Республикасының анықтау мен алдын ала тергеудi жүзеге асырушы мемлекеттiк органының басшысы ғана қозғауы мүмкiн. Қылмыстық iстiң қозғалуы туралы дереу Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры хабардар етiледi. Шұғыл тергеу қимылдарын жүргiзген соң iс қырық сегiз сағаттан кешiктiрiлмей Қазақстан Республикасының Бас прокуроры арқылы тергеушiге берiледi. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарына қатысты iстер бойынша алдын ала тергеу iсiн жүргiзу мiндеттi. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатын өз өкiлеттiк мерзiмi iшiнде, қылмыс жасаған орнында қолға түсу немесе ауыр не аса ауыр қылмыстар жасау жағдайларын қоспағанда, Парламенттiң тиiстi Палатасының келiсiмiнсiз қамауға алуға, мәжбүрлеп келтiруге, қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Депутатты қылмыстық жауапқа тартуға, қамауға алуға, мәжбүрлеп келтiруге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Парламенттiң Сенатына немесе Мәжiлiсiне ұсыныс енгiзедi. Ұсыныс депутатқа айып тағу, қамауға алуға санкция беру, депутатты қылмыстық iзге түсу органынан мәжбүрлеп жеткiзу қажеттiгi туралы мәселенi шешу алдында енгiзiледi. Қылмыс жасаған деп айыпталушы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатын қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы мәселені алдын ала тергеуді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қолдаған қаулысының негізінде Астана қаласының аудандық соты шешеді. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы депутатты қылмыстық жауапқа тартуға келiсiм берсе, бұдан кейiнгi тергеу осы Кодексте белгiленген тәртiппен осы бапта көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып жүргiзiледi. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы қамауға алуға, мәжбүрлеп келтiруге келiсiм берсе, депутатқа осы бұлтартпау шараларын, iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселе осы Кодексте белгiленген тәртiппен шешiледi. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы депутатты қылмыстық жауапқа тартуға келiсiм бермеген жағдайда қылмыстық iс қысқартылуға жатады. Егер Қазақстан Республикасы Парламентiнiң тиiстi Палатасы қамауға алуға, мәжбүрлеп келтiруге келiсiм бермеген жағдайда, депутатқа осы Кодексте белгiленген тәртiппен өзге бұлтартпау, iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатына қатысты қылмыстық істі тергеудің заңдылығын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатына қатысты осы Кодекске сәйкес прокурор санкция беруге тиіс тергеу іс- әрекеттерін жүргізуге санкцияларды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры береді. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатына қатысты қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау мерзімін осы Кодекстің 153-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қолдаған ұзартуды Астана қаласының аудандық соты жүргізеді. Қамауда ұстауды тоғыз айдан астам мерзімге ұзарту туралы өтінішті Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының қолдауы туралы мәселе Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының алқасында алдын ала қаралады. Iс жүргiзiлу аяқталған iстi айыптау қорытындысымен бiрге тергеушi осы Кодексте белгiленген тәртiппен сотқа жiберу үшiн Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына бередi. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшесiнеқатысты алдын ала тергеу iсiн жүргiзу. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшесiне қатысты қылмыстық iстi Қазақстан Республикасының анықтау мен алдын ала тергеудi жүзеге асырушы мемлекеттiк органының басшысы ғана қозғай алады. Қылмыстық iстiң қозғалуы туралы дереу Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры хабарландырылады. Шұғыл тергеу қимылдарын жүргiзген соң iс қырық сегiз сағаттан кешiктiрiлмей, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры арқылы тергеушiге берiледi. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшесiне қатысты iстер бойынша алдын ала тергеу iсiнiң жүргiзiлуi мiндеттi. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасы мен мүшесi өз өкiлеттiктерiнiң мерзiмi iшiнде қылмыс үстiнде қолға түсу немесе ауыр не аса ауыр қылмыстар жасау жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң келiсiмiнсiз қамауға алынбайды, мәжбүрлеп келтiрiлмейдi, қылмыстық жауапқа тартылмайды. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасын немесе мүшесiн қылмыстық жауапқа тартуға, қамауға алуға, мәжбүрлеп келтiруге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Парламентiне ұсыныс енгiзедi. Ұсыныс Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшесiне айып тағу, қамауға алуға санкция беру, оны қылмыстық iзге түсу органына мәжбүрлеп жеткiзу қажеттiгi туралы мәселенi шешу алдында енгiзiледi. Қылмыс жасаған деп айыпталушы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасын немесе мүшесін қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы мәселені алдын ала тергеуді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қолдаған қаулысының негізінде Астана қаласының аудандық соты шешеді. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Парламентiнiң шешiмiн алған соң iс бойынша әрi қарай iс жүргiзу осы Кодекстiң 496-бабының төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Судьяға қатысты алдын ала тергеу iсiн жүргiзу Судьяға қатысты тергеу iсiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры ғана қозғауы мүмкiн, ол анықтау мен алдын ала тергеудi жүзеге асырушы органға тергеу жүргiзудi тапсырады. Судьяға қатысты iстер бойынша алдын ала тергеу iсiн жүргiзу мiндеттi. Судья Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесiнiң қорытындысына негiзделген келiсiмiнсiз не Конституцияның 55-бабының 3-тармақшасында көзделген жағдайда - қылмыс үстiнде қолға түсу немесе ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасау жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының келiсiмiнсiз қамауға алынбайды, мәжбүрлеп келтiрiлмейдi, қылмыстық жауапқа тартылмайды. Судьяны қылмыстық жауапқа тартуға, қамауға алуға, мәжбүрлеп келтiруге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Президентiне, ал Конституцияның 55-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайда - Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатына ұсыныс енгiзедi. Ұсыныс судьяға айып тағу, қамауға алуға санкция беру, судьяны қылмыстық iзге түсу органына мәжбүрлеп жеткiзу қажеттiгi туралы мәселенi шешу алдында енгiзiледi. Қылмыс жасаған деп айыпталушы судьяны қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы мәселені алдын ала тергеуді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қолдаған қаулысының негізінде Астана қаласының аудандық соты шешеді. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының шешiмiн алған соң iс бойынша әрi қарай iс жүргiзу осы Кодекстiң 496-бабының төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты алдын ала тергеу iсiн жүргiзу Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты қылмыстық iстi оның бiрiншi орынбасары ғана қозғауы мүмкiн. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын өзiне қатысты қылмыстық iс қозғалған кезден бастап Бас Прокурордың бiрiншi орынбасарының ұсынуы бойынша тергеу аяқталғанға дейiн өзiнiң қызметтерiн атқарудан Қазақстан Республикасының Президентi шеттетедi. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры өзiнiң өкiлеттiктерiнiң мерзiмi iшiнде Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының келiсiмiнсiз, қылмыс үстiнде қолға түскен немесе ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасау жағдайларын қоспағанда, қамауға алынбайды, мәжбүрлеп келтiрiлмейдi, қылмыстық жауапқа тартылмайды. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорын қылмыстық жауапқа тартуға, қамауға алуға, мәжбүрлеп келтiруге келiсiм алу үшiн Бас Прокурордың бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенатына ұсыныс енгiзедi. Ұсыныс Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына айып тағудың, қамауға алуға санкция берудiң, оны қылмыстық iзге түсу органына мәжбүрлеп жеткiзудiң қажет екенi туралы мәселенi шешудiң алдында енгiзiледi. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенатынан шешiм алған соң iс бойынша одан әрi iс жүргiзу осы Кодекстiң 496-бабының төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi бөлiктерiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Қылмыс жасаған деп айыпталушы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы мәселені алдын ала тергеуді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары қолдаған қаулысының негізінде Астана қаласының аудандық соты шешеді. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты қылмыстық iстi тексерудiң заңдылығын қадағалауды оның бiрiншi орынбасары жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты тергеу қимылын жүргiзуге санкцияны оның бiрiншi орынбасары бередi. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты тергеу мерзiмiн ұзартуды осы Кодексте көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бiрiншi орынбасары жүргiзедi. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау мерзімін ұзарту Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары өтінішті қолдағаннан кейін осы Кодекстің 153-бабында және 496-бабының сегізінші бөлігінде көзделген тәртіппен жүргізіледі. Айыптау қорытындысымен бiрге аяқталған iстi тергеушi осы Кодексте белгiленген тәртiппен сотқа жiберу үшiн Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бiрiншi орынбасарына тапсырады. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатына, Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшесiне, судьяға, Қазақстан Республиканың Бас Прокурорына қатысты қылмыстық істі соттың талқылауы. Iстi қарау осы бапта жазылған ережелер ескерiле отырып сотта талқылаудың жалпы қағидалары бойынша жүргiзiледi. Сот сотталатын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутатына, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiнiң Төрағасына немесе мүшесiне, судьяға, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына тыйым салу шарасы ретiнде қамауға алуды, ал iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу шарасы ретiнде - егер Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабының 4-тармағында, 71-бабының 5-тармағында, 79- бабының 2-тармағында, 83-бабының 3-тармағында көрсетiлген мемлекеттiк органдар қамауға алуға, мәжбүрлеп келтiруге келiсiм беруге алдын ала тергеуде бас тартса немесе мұндай келiсiм сұралмаса, осы Кодекстiң 496- бабының үшiншi бөлiгiне, 497-бабының үшiншi бөлiгiне, 498-бабының үшiншi бөлiгiне, 499-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес көзделген тәртiппен бұған келiсiм беру туралы ұсыныспен өтiнiш жасап, мәжбүрлеп келтiрудi қолдануға құқылы. Қылмыстық iзiне түсуден дипломатиялықиммунитетi бар адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес қылмыстық iзiне түсуден иммунитеттi мынадай адамдар пайдаланады: 1) шет мемлекеттiң дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшылары, осы өкiлдiктердiң дипломатиялық қызметкерлерi және, егер олармен бiрге тұрса және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, олардың отбасыларының мүшелерi; 2) өзара негiзде дипломатиялық өкiлдiктердiң қызмет көрсету қызметкерлерiмен, егер осы қызметкерлер мен олардың отбасыларының мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, олармен бiрге тұратын олардың отбасыларының мүшелерi, консулдықтардың басшылары және олардың қызмет мiндеттерiн атқаруы кезiнде жасаған әрекеттерiне қатысты, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, басқа да консулдық лауазымды адамдар; 3) өзара негiзде дипломатиялық өкiлдiктердiң әкiмшiлiк-техникалық қызметтерiнiң қызметкерлерi және, егер бұл қызметкерлер мен олардың отбасыларының мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, олармен бiрге тұратын олардың отбасыларының мүшелерi; 4)дипломатиялық курьерлер 5) шет мемлекеттердiң басшылары мен өкiлдерi, Парламент және Үкiмет делегацияларының мүшелерi және өзара негiзде - Қазақстанға халықаралық келiссөздерге, халықаралық конференциялар мен кеңестерге қатысу үшiн немесе басқа ресми тапсырмалармен келетiн, не сондай мақсаттармен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жол шеккен шет мемлекеттер делегацияларының қызметкерлерi және егер бұл отбасылар мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, аталған адамдардың олардың қасына ерiп жүрген отбасыларының мүшелерi; 6) халықаралық ұйымдардағы шет мемлекеттер өкiлдiктерiнiң басшылары, мүшелерi мен қызметкерлерi, халықаралық шарттардың немесе жалпы жұрт таныған халықаралық салт-дәстүрлер негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн осы ұйымдардың лауазымды адамдары; 7)зақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтушi шет мемлекеттердiң үшiншi бiр елдегi дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшылары, өкiлдiктерiнiң дипломатиялық қызметкерлерi және аталған адамдардың қасына ерiп жүретiн немесе оларға қосылу немесе өзiнiң елiне оралу үшiн жеке келе жатқан олардың отбасыларының мүшелерi; 8)Қазақстан Республикасыныхалықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар. Дипломатиялық иммунитеттi пайдаланушы адамдарды ұстау және қамауға алу Осы Кодекстiң 501-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1, 4-7-тармақтарында аталған адамдар, сондай-ақ өзге де адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес жеке басына тиiспеушiлiк құқығын пайдаланады. Оларға қатысты заңды күшiне енген үкiмдi орындау үшiн қажет жағдайларды қоспағанда, оларды ұстауға немесе қамауға алуға болмайды. Осы Кодекстiң 501-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 2 және 3-тармақтарында аталған адамдар, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, олар ауыр, аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн iзiне түскен жағдайда не соттың заңды күшiне енген үкiмiн орындау кезiнде ғана ұсталуы немесе қамауға алынуы мүмкiн. Айғақтар беруден дипломатиялық иммунитет Осы Кодекстiң 501-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1, 3-6-тармақтарында аталған адамдар, сондай-ақ өзге де адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес куәгер, жәбiрленушi ретiнде айғақтар бермеуiне болады, ал мұндай айғақтарды беруге келiскен жағдайда бұл үшiн қылмыстық процестi жүргiзушi органға келуi мiндеттi емес. Аталған адамдарға тапсырылған жауап алуға шақыру қағазында олардың қылмыстық процестi жүргiзушi органға келмегенi үшiн мәжбүрлеу шараларымен қоқан-лоққы жасалмауы тиiс. Егер осы адамдар алдын ала тергеуде жәбiрленушi, куәгер ретiнде айғақтар берген, ал сот отырысына келмеген жағдайда, сот олардың айғақтарын оқып бере алады. Осы Кодекстiң 501-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 2-тармағында аталған адамдар, өздерiнiң қызмет мiндеттерiн атқаруына байланысты мәселелер бойынша берген айғақтарды қоспағанда, куәгерлер мен жәбiрленушiлер ретiнде айғақтар беруден бас тарта алмайды. Консулдық лауазымды адамдар куәгерлiк айғақтар беруден бас тартқан жағдайда оларға iс жүргiзушiлiк мәжбүрлеу шаралары қолданыла алмайды. Дипломатиялық иммунитеттi пайдаланушы адамдар қылмыстық процестi жүргiзушi органға хат-хабар мен өздерiнiң қызметтiк мiндетiн атқаруға қатысты басқа да құжаттарды табыс етуге мiндеттi емес. Үй-жайлар мен құжаттардың дипломатиялық иммунитетi . Дипломатиялық өкiлдiк басшысының резиденциясы, дипломатиялық өкiлдiк орналасқан үй- жайлар, дипломатиялық қызметкерлер мен олардың отбасылары мүшелерiнiң тұрғын үй-жайлары, олардағы мүлiк пен жүрiп-тұру құралдары қол сұғылмайтын болып табылады. Осы үй-жайларға кiру, сондай-ақ тiнту, сұрыптап алу, мүлiкке тыйым салу дипломатиялық өкiлдiк басшысының немесе оны алмастыратын адамның келiсiмiмен ғана жүргiзiледi. Өзара негiзде осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген иммунитет дипломатиялық өкiлдiктiң қызмет көрсетушi қызметкерлер және олармен, егер бұл қызметкерлер мен олардың отбасыларының мүшелерi Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса, олармен бiрге тұратын олардың отбасыларының мүшелерi орналасқан тұрғын үй-жайларға қолданылады. Консулдық орналасқан үй-жай мен консулдық басшысының резиденциясына өзара негiзде қол сұғылмаушылық құқығы қолданылады. Осы үйлерге кiру, тiнту, сұрыптап алу, тыйым салу тиiстi шет мемлекет консулдығының немесе дипломатиялық өкiлдiгi басшысының өтiнiшi бойынша немесе келiсiмiмен ғана орын алуы мүмкiн. Дипломатиялық өкiлдiктер мен консулдықтардың архивтерi, ресми жазысқан хаттары және басқа да құжаттар қол сұғылмайтын болып табылады. Олар дипломатиялық өкiлдiк консулдық басшысының келiсiмiнсiз қаралмайды және алынбайды. Дипломатиялық почта ашылуға және ұсталуға тиiс емес. Лекция № 12.Сот өндірісі саласындағы халықаралық ынтымақтастық. 1.Соттардың және тергеу органдарының шет мемлекеттермен өзара іс-қимылының жалпы ережелері.Құқықтық көмек туралы сұрау алу. 2. Қылмыстық қуғындауды және үкімді орындауды жүзеге асыру үшін тұлғаны беру. 3. Жазасын өтеу үшін тұлғаны азаматы болып табылатын мемлекетке табыстау. ҚР ҚІЖК 524-бабына сәйкес,тергеу және сот іс-әрекеттерін жүргізу туралы тапсырма жазбаша нысанда жасалуы тиіс.Тапсырманы жіберуші лауазымды адам оған қол қояды,мекеменің елтаңбалы мөрңмен куәландырылады. Тапсырмада мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс: 1)тапсырманы беріп отырған органның атауы; 2)тапсырма жіберіліп отырған органның атауы мен мекен-жайы; 3)қылмыстық істің атауы (қандай қылмыс туралы қозғалғандығы)және тапсырманың сипаты; 4)өздеріне қатысты тапсырма жасалып отырған адамдар,олардың азаматтығы,кәсібінің түрі,тұратын жері немесе жүрген жері,заңды тұлғалар үшін-олардың орналасқан жері; 5)анықталуға жататын мән-жайларды баяндауды,сондай-ақ сұралынатын құжаттардың,заттық және басқа да айғақтардың тізбесі; 6)жасалған қылмыстың іс жүзіндегі мән-жайларын және оның саралануы туралы мәліметтерді,қажет болса-іс-әрекетпен келтірілген залалдың мөлшері; 7)тапсырманы орындауға қажет басқа да мәліметтер. Шетел мемлекетінің аумағында қылмыс жасап және Қазақстанғ қайтып оралған Қазақстан Республикасының азаматы жөнінде қозғалған қылмыстық істі әрі қарай тексеру үшін беру туралы шетел мемлекетінің тергеу органдарының өтінішін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе уәкілетті прокурор қарайды.егер іс тергеу органдарына берілсе,бұл іс бойынша алдын ала тергеу мен сот талқылауы ҚР ҚІЖК бойынша жүргізіледі. Шетел мемлекетінің аумағында істі тергеу кезінде осыған уәкілетті органның немесе лауазымды адамның өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша алған дәлелдері,іс бойынша Қазақстанда Қазақстанның тергеу органдары жиналған басқа да дәлелдемелермен тең заңды күшіне ие болған. Қазақстан Республикасының азаматы шетел мемлекетінің аумағында қылмыс жасап,іс қозғалмай тұрып Қазақстанғақайтып оралса,Қазақстан Республикасының алдын ала тергеу органдары шетел мемлекетінің тиісті мекемелерінің Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына берген материалдары бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Қылмыстық іс жүргізуші орган іс бойынша қабылданған түпкілікті шешім туралы Қазақстан Республикасының Бас прокурорына немесе уәкілетті прокурорға хабарлауға тиіс және бұл шешімнің көшірмесін жіберуге міндетті.(ҚР ҚІЖК 528-б,4-бөл.). Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан аумағында қылмыс жасап шетел мемлекетіне қашып кетсе,оны қылмыстық жауапқа тарту үшін не ол туралы қабылданған үкімін орындау үшін Қазақстан Республикасының бас Прокуроры шетел мемлекетінің тиісті мекемесіне өтініш жасайды (ҚР ҚІЖК 529-б.1-бөлм). Қылмыскерді қайтарып беру туралы өтініште мынадай мәліметтер көрсетіледі: 1)қылмыстық істі жүргізіп жатқан органның атауы; 2)сотталушының (айыпталушының) тегі,аты,туған жылы,азаматтығы туралы деректер,сыртқы бет-пішін сипаттамасы,фотосуреті; 3)жасалған қылмыстың іс жүзіндені мән-жайларының баяндауымен бірге жасалған қылмыс үшін жауаптылықты көздейтін заңның мәтінін келтіріп,жаза мөлшері міндетті түрде көрсетіледі; 4)тиісті құжаттардың көшірмелері тіркелген заңды күшіне енген үкім немесе айыпталушы ретінде қылмыстық жауапқа тарту туралы қаулының шығарылған жері мен уақыты туралы мәліметтер көрсетіледі. Ұстап беру туралы өтінішке тіркелетін құжаттар: 1)айып тағу туралы қаулының көшірмесі; 2)қамауға алу туралы қаулының көшірмесі; 3)ұстап берілуге тиісті адамның азаматтығын растайтын құжаттар; 4)тиісті прокурордың ұстап беру туралы өтінішінің заңдыоығы мен негізділігі туралы қорытындысы (ҚР ҚІЖК 529-б.3,4-бөл). Шетел мемлекеті ұстап берген адам беруге қатысы жоқ өзге қылмысы үшін -қылмыстық жауапқа тартылмайды; -жазаланбайды; -сондай-ақ оны ұстап берген мемлекеттің келісімінсіз; -үшінші бір мемлекетке берілмейді (ҚР ҚІЖК 530-б.1-бөл). Шетел мемлекетінің қылмыстық жауапқа тартылған не сотталған шетел азаматын қайтарып беру туралы талапты Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе уәкілетті прокурор қарайды.бас прокурордың шешімі ұстап беруді орындау үшін негіз болып табылады. Егерде ұстап беру туралы талапты бірнеше мемлекет жасаса,Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қандай мемлекетке ұстап беруді шешеді. Басқа қылмысы үшін жазасын өтеп жүрген азамат жөнінде ұстап беру туралы өтініш түссе,ұстап беру жазасын өтеуге дейін не кез келген заңды негіз бойынша жазасынан босатылғанға дейін ұзартылуы мүмкін. Егер ұстап берудің мерзімін ұзарту қылмыстық ізге түсу мерзімі өтуіне алып баратын болса немесе қылмысты тексеруге залал келтіруі мүмкін болса,ұстап беру өтініші бойынша талап етілетін адам тараптардың келісімімен айқындалатын белгілі бір уақытқа берілуі мүмкін (ҚР ҚІЖК 531- б.3-бөл). Тергеу әрекеттерін жүргізу үшін уақытша ұстап берілген адам үш айдан кешіктірілмей қайтарылуы тиіс.тараптардың келісімімен бұл мерзім ұзартылуы мүмкін,бірақ ұзарту мерзімі жаңа мерзімінен аспауы тиіс не заң бойынша тағайындалу мүмкін мерзімнен аспауы керек. Қамауда ұстау орнының әкімшілігі Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе уәкілетті прокурордың ұстап беру туралы нұсқауын алғаннан кейін,отыз тәулік ішінде нұсқауды орындауға тиіс.Содан кейін Бас Прокурорға немесе уәкілетті прокурорға хабарлауға тиіс (ҚР ҚІЖК 531-б.3- бөл.). 1)Экстрадиция-халықаралық келісімдер мен ұлттық заңнама нормалары негізінде жүзеге асырылатын құқықтық көмек көрсету актісі. Оның мәнісі:ұстап беру туралы талап бойынша айыпталушыны не сотталған адамды,қылмыстық жауапқа тарту немесе заңды күшіне енген үкімді орындау мақсатында,аумағында қылмыс жасаған мемлекетке ұстап беру. 2)Экстрадиция-дербес құқықтық институт,оның ережелерін халықаралық келісімдер нормалары рәсімдеумен бірге,ұлттық қылмыстың іс жүргізу заңнамасының нормалары реттейді. Экстрадиция институты мынадай ұғымдардан елеулі айырмашылықта болады: -жер аудару (высылка)-сотталған адамды белгілі бір жерлерде мекендеп тұруына тыйым салып тұратын жерінен басқа жаққа жіберу; -репатриация-соғыс тұтқындарының,тұтқынға алынған жәй адамдардың,басқындардың,қоныс аударушылардың соғыстан кейін өз Отанына қайтарылуы. 3)Адамды ұстап беру туралы талапта оның жасаған қылмыстарының барлығы көрсетілуі тиіс,себебі кейбір қылмыс жасағандығы үшін ұстап беруге (экстрадицияға) болмайды,мысалы,кейбір іс-әрекет ұстап беретін елдің заңнамасы бойынша қылмыс деп саналмауы мүмкін. 4)Ұрлық заңнамада адамды міндетті түрде ұстап беру негіздері және факультатифтік негіздер анықталуы тиіс. 5)Әрбір термин қамтитын жұмыс көлемінен байланысты қылмыстық іс жүргізу заңнамасында «ұстап беру»терминінің орнына «экстрадиция» деген терминді қолдану керек. 6)Экстардицияныв тиімді түрде жүзеге асыру үшін алыстағы шетел мемлекеттерімен экстрадиция туралы келісім шарт жасасу қажет.Сонымен бірге Еуропалық коныенцияға және оның Хаттамасына қосылу туралы шешім қабылдау қажет. 7)Қазақстан Мемлекетіне халықаралық келісім-шарт жасап қолдануға,ұлттық заңнама негіз болып саналады,бірақ ҚР ҚІЖК-Да оларды жүзеге асыру механизмі жетілмеген,сол себепті Қазақстан Республикасы біздің ойымызша «Экстрадиция туралы» арнайы заң қабылдауға тиіс. Қазақстан Республикасының азаматы шет елде қылмыс жасап,Қазақстанға қайтып келген жағдайда,ол жөніндегі шетел мемлекетінің тиісті мекемесінің тергеуді ары қарай жүргізуді көздеген өтінішін қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе уәкілетті прокурор қарайды. Шетел мемлекеттен келген істер бойынша тергеу мен сот әрекеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер жүргізу кодексі бойынша жүргізіледі.Мұндай жағдайда шет елде жиналған дәлелдемелер Қазақстанда жиналған дәлелдемелермен тең заң күшіне ие болады. Қазақстан республикасының азаматы шет елде қылмыс жасап,оған қарсы қылмыстық іс қозғалғанға дейін Қазақстанға қайтып келсе,Қазақстанның тергеу органдары шет елден келген материалдар бойынша қылмыстық іс қозғап,алдын ала тергеу жүргізуге құқылы.Осындай іс бойынша қабылданған түпкілікті шешімді Қазақстан Республикасының Бас прокурорына хабарлайды және қаулының көшірмесін жібереді. Лекция № 13 Қылмыстық сот өндірісіндегі ақтау. 1.Ақтау түсінігі мен мәні. 2.Ақтау құқығының пайда болу негіздері. 3.Ақтаудың іс жүргізу тәртібі. 4.Ақтау мазмұны. Сот бойынша ақталған адам, сонымен бiрге оған қатысты осы Кодекстiң 37-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1, 2, 5, 7, 8-тармақтарында көзделген негiздер бойынша қылмыстық iстi қысқарту туралы қылмыстық iзге түсу органының қаулысы шығарылған айыпталушы (сезiктi) кiнәсiз деп саналады және оның Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепiлдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарын қандай да бiр шектеуге болмайды. Сот, қылмыстық iзге түсу органы осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамды ақтау және оған қылмыстық процестi жүргiзушi органның заңсыз iс- әрекетiнiң салдарынан келтiрiлген зияндарды өтеу жөнiнде заңда көзделген барлық шараларды қолдануға тиiс. Адамға заңсыз ұстаудың, қамауға алудың, үйде қамауда ұстаудың, қызметiнен уақытша шеттетудiң, арнаулы медициналық ұйымға орналастырудың, соттаудың, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың нәтижесiнде келтiрiлген зиян қылмыстық процестi жүргiзушi органның кiнәсiне қарамастан толық көлемде республикалық бюджеттен өтеледi.Қылмыстық процестi жүргiзушi органның заңсыз iс-әрекеттерiнiң салдарынан келтiрiлген зиянды өтеуге мыналар құқылы: 1) осы Кодекстiң 39-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдар; 2) егер осы Кодекстiң 33-бабының екiншi бөлiгiнде және 34-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайлардың болмауына қарамастан қылмыстық iс қозғалған болса немесе қылмыстық iзге түсудi жоққа шығаратын жағдайлар анықталған кезден бастап қысқартылмаса, өздерiне қатысты қылмыстық iс қозғалмауға тиiстi, ал қозғалған iс осы Кодекстiң 37-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 6-тармағында көзделген негiздер бойынша қысқартылуға тиiстi адамдар; 3) өздерiне қатысты қылмыстық iс осы Кодекстiң 37-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 3 және 4-тармақтарында көзделген негiздер бойынша қысқартылуы тиiс, бiрақ қылмыстық iзге түсудi жоққа шығаратын мән-жайлар анықталған кезден бастап қысқартылмаған және мұндай адамдардың қылмыстық iстi қысқартуға келiскенiне қарамастан қылмыстық iзге түсу заңсыз жалғастырылған адамдар; 4) жасаған әрекетiнiң саралануы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң оны жасағаны үшiн сезiк келтiрiлу немесе айыптау кезiнде осы Кодекспен ұстауға немесе күзетпен ұстауға жол берiлмейтiн одан жеңiлiрек қылмыс үшiн жауаптылықты көздейтiн бабына өзгерген не осы бап бойынша неғұрлым жеңiл жаңа жаза тағайындалған немесе үкiмнен айыптаудың бөлiгi алып тасталған және осыған байланысты жазасы төмендетiлген жағдайда, сол сияқты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын немесе тәрбиелiк ықпал ету мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы соттың заңсыз шешiмi бұзылған жағдайда қамауға алуға, бас бостандығынан айыруға сотталған, ұсталған немесе күзетпен ұсталған адам. Қамауға алудың немесе бас бостандығынан айырудың iс жүзiнде өтелген мерзiмi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң кiнәлi адам жасаған әрекет жаңадан сараланған бабында көзделген қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаның ең жоғары мөлшерiнен асатын бөлiгiнде заңсыз өтелген болып саналады; 5) заңды негiзсiз тиiстi мерзiмiнен артық қамауда ұсталған, сонымен бiрге қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу барысында iс жүргiзуге мәжбүр етудiң кез келген өзге де шараларына заңсыз ұшыраған адамдар. 3. Азамат қайтыс болған жағдайда зиянды өтеттiру құқығы белгiленген тәртiппен оның мұрагерлерiне, ал төленуi тоқтатыла тұрған зейнетақылар мен жәрдемақыларды алу бөлiгiнде - отбасының асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақымен қамтамасыз етiлетiн адамдар тобына жататын мүшелерiне ауысады. 4. Егер анықтау, алдын ала тергеу және сот талқылауы процесiнде ерiктi түрде өзiне өзi жала жабу жолымен ақиқатты ашуға кедергi келтiргендiгi және сол арқылы осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген зардаптардың пайда болуына жағдай жасағандығы дәлелденген адамға зиянның өтелуi тиiс емес. Осы Кодекстiң 40-бабының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көрсетiлген адамдардың мүлiктiк зиянның толық көлемiнде өтелуiне, моральдық зиянның зардаптарының жойылуына және еңбек, зейнетақы, тұрғын үй және өзге де құқықтарының қалпына келтiрiлуiне құқығы бар. Соттың үкiмi бойынша құрметтi, әскери, арнаулы немесе өзге де атағынан, сыныптық шенiнен, дипломаттық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан, сондай-ақ мемлекеттiк наградаларынан айырылған адамдардың атағы, сыныптық шенi, дипломаттық дәрежесi, бiлiктiлiк сыныбы қалпына келтiрiледi, мемлекеттiк наградалары қайтарылады. Қылмыстық процестi жүргiзушi орган адамды толық немесе iшiнара ақтау туралы шешiм қабылдай отырып, оның келтiрiлген зиянның өтелуiне құқығын да тануы тиiс. Ақтау үкiмiнiң немесе қылмыстық iстi қысқарту туралы, өзге де заңсыз шешiмдердiң күшiн жою немесе өзгерту туралы қаулының көшiрмесi мүдделi адамға тапсырылады не почта арқылы жiберiледi. Сонымен бір мезгілде оған зиянның өтелу тәртiбi түсiндiрiлген хабарлама да жолданады. Залалдың өтелуiне құқығы бар қайтыс болған адамның мұрагерлерiнiң, туыстарының немесе асырауындағылардың тұратын жерлерi туралы мәлiмет болмаған жағдайда хабарлама олар қылмыстық процестi жүргiзушi органға өтiнiш жасаған күннен бастап бес тәуліктен кешiктiрiлмей жолданады. Мүлiктiк зиянды өтеу . 1. Осы Кодекстiң 40-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарға келтiрiлген мүлiктiк зиян: 1) жалақыны, зейнетақыны, жәрдемақыны, олар айырылған өзге де қаражаттар мен кiрiстердi; 2) соттың үкiмiнiң немесе өзге де шешiмiнiң негiзiнде заңсыз тәркiленген немесе мемлекеттiң кiрiсiне айналдырылған мүлiктi; 3) соттың заңсыз үкiмiн орындау үшiн өндiрiлiп алынған айыппұлдарды; сот шығындарын және адам заңсыз әрекеттерге байланысты төлеген өзге де сомаларды; 4) көрсетiлген заңгерлiк көмек үшiн адам төлеген сомаларды; 5) қылмыстық iзге түсудiң салдарынан келтiрiлген өзге де шығыстарды өтеудi қамтиды. 2. Осы Кодекстiң 40-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарды күзетпен ұстауға, қамауды немесе бас бостандығынан айыруды өтейтiн жерлерде ұстауға жұмсалған сомалар, бұл адамдардың қылмыстық iзiне түсуге байланысты сот шығындары, сонымен бiрдей олардың күзетпен ұсталуын, қамауға алынуын немесе бас бостандығынан айырылуын өтеуi уақытында қандай да бiр жұмыстарды орындағаны үшiн жалақысы қылмыстық процестi жүргiзушi органның заңсыз iс- әрекетiнiң салдарының келтiрiлген зиянды өтеу төлемiне жататын сомадан шегерiле алмайды. 3. Зиянды өтеудiң тәртiбi туралы хабарламамен бiрге осы Кодекстiң 42- бабында көрсетiлген құжаттардың көшiрмесiн алған кезде осы Кодекстiң 40- бабының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көрсетiлген адам iстi қысқарту, өзге де заңсыз шешiмдердiң күшiн жою және өзгерту туралы үкiм, қаулы шығарған органға мүлiктiк зиянды өтеу туралы талап қоюға құқылы. Егер iстi жоғары тұрған сот қысқартса немесе үкiмдi өзгертсе, зиянды өтеу туралы талап үкiмдi шығарған сотқа жолданады. Кәмелетке толмаған адам ақталған жағдайда зиянды өтеу туралы талапты оның заңды өкiлi қоя алады. 4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде аталған орган өтiнiш түскен күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей, қажет болған жағдайларда қаржы және әлеуметтiк қорғау органдарынан есеп сұрату арқылы зиянның мөлшерiн айқындайды, одан кейiн инфляцияны ескере отырып бұл зияндарды өтеуге өтем төлеудi жүргiзу туралы қаулы шығарады. Егер сот iстi апелляциялық, кассациялық немесе қадағалау тәртiбiмен қарау кезiнде тоқтатса, көрсетiлген әрекеттердi бiрiншi саты бойынша қараған сот жүргiзедi. 5. Мүлiктiк зиянды өтеу туралы талапты осы Кодекстiң 371-бабының екiншi бөлiгiнде белгiленген үкiмдi атқаруға байланысты мәселелердi шешуге арналған тәртiппен судья шешедi. 6. Гербiлi мөрмен расталған қаулының көшiрмесi төлем төлеудi жүргiзуге мiндеттi органдарға көрсету үшiн адамға тапсырылады немесе жолданады. Төлем төлеу тәртiбi заңдармен айқындалады. Моральдық зиянның зардаптарын жою. 1. Қылмыстық процестi жүргiзушi, адамды ақтау туралы шешiм қабылдаған орган келтiрiлген зиян үшiн одан ресми түрде кешiрiм сұрауға мiндеттi. 2. Келтiрiлген моральдық зиян үшiн ақшалай өтемақы туралы талап қою азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен ұсынылады. 3. Егер адам заңсыз қылмыстық iзге түсуге ұшыратылып, ал қылмыстық iс қозғау, ұстау, күзетпен ұстау, қызметiнен уақытша шеттету, медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру, соттау туралы мәлiметтер және оған қатысты қолданылып, кейiннен заңсыз деп танылған басқа да iс-әрекеттер баспасөзде жарияланса, радио, теледидар немесе өзге де бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылса, осы адамның талап етуi бойынша, ал ол қайтыс болған жағдайда - оның туыстарының немесе қылмыстық процестi жүргiзушi органның талап етуi бойынша тиiстi бұқаралық ақпарат құралы бiр айдың iшiнде ол туралы қажеттi хабарлама жасауға мiндеттi. 4. Осы Кодекстiң 40-бабының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көрсетiлген адамдардың талап етуi бойынша қылмыстық процестi жүргiзушi орган екi апта мерзiм iшiнде өзiнiң заңсыз шешiмдерiнiң күшiн жойғаны туралы оның жұмыс iстейтiн, оқитын, тұратын жерi бойынша жазбаша хабарлама жолдауға мiндеттi. Талап қою мерзiмдерi. 1. Мүлiктiк зиянды өтеуге ақшалай төлем жасау туралы талап осы Кодекстiң 40- бабының екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көрсетiлген адамдар мұндай төлемдердi жасау туралы қаулыны алған сәттен бастап үш жылдың iшiнде ұсыныла алады. 2. Өзге де құқықтарды қалпына келтiру туралы талап құқықтарды қалпына келтiрудiң тәртiбi түсiндiрiлген хабарлама алынған күннен бастап алты айдың iшiнде ұсыныла алады. 3. Бұл мерзiмдердi дәлелдi себептермен өткiзiп алған жағдайда оларды мүдделi адамдардың өтiнiшi бойынша қылмыстық процестi жүргiзушi орган қалпына келтiредi. Заңды тұлғаларға зиянды өтеу . Қылмыстық процестi жүргiзушi органның заңсыз iс-әрекеттерiнен заңды тұлғаларға келтiрiлген зиянды толық көлемде және осы тарауда белгiленген мерзiмдерде мемлекет өтейдi. Құқықтарды талап қою тәртiбiмен қалпына келтiру. Егер ақтау немесе зиянды өтеу туралы талап қанағаттандырылмаса не адам қабылданған шешiмге келiспесе, ол азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен сотқа шағымдануға құқылы.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz