Файл қосу

Бейнелеу өнерін оқытудын





|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                |
|ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                       |
|СМК құжатының 3-деңгейі      |ПОӘК         |ПОӘҚ 042-33.1.37/03-2014  |
|ПОӘК                         |№1 басылым   |                          |
|«Бейнелеу өнерін оқытудын    |11.09.2014   |                          |
|әдістемесі және              |             |                          |
|теориясы»-оқу-методикалық    |             |                          |
|материалдар                  |             |                          |










                               ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК



                 «Бейнелеу өнерін оқытудын әдістемесі және теориясы»


          5В010100- « Мектеп дейінгі оқыту мен тәрбие» мамандығына







                         ОҚУ-МЕТОДИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР











                                    Семей



                                       2015









                                   Мазмұны

|1 Глоссарий                                                   |           |
|2 Дәріс                                                       |           |
|3 Тәжірибелі сабақ                                            |           |
|4 Курстық жоба                                                |           |
|5 Студенттердің өздік жұмыстары                               |           |



























































    Глоссарий

   Автопортрет-(грекше  «авто  және  «портрет»   деген   сөздерден   тұрады.
Суретшінің өз  кейпін салған шығармасы

   Акварель (французша, итальянша,  латынша-су)-суға  жақсы  еритін  бояудың
түрі.

   Оның  бойындағы  байланыс  затарын  анықтайтын  желім  (гуммиарабик)  деп
аталады.

   Акцент-(латынша  –екпін).Көрермен  назарын  әдейі  аудару  үшін  бейнелеу
өнерінде қолданылатын тәсіл,әдейі түсірілген  жарық,бояу  түсі,  жүргізілген
сызық немесе адам

   Бет жүзіндегі,тулғасындағы,бейнесінднгі  жеке  детальдарға  ерекше  екпін
берілуі.

   Ақшыл таңба-нәрсенің жарық тускен бөлігінің жартылай шағылысқан жері.

   Алла прима-(итальянша-бірден)-шығарманы  немесе  оның  фрагментін  бояуын
кептірмей шапшаң жағыстармен бір дүркін жааып шығатын тәсіл.

   Анализ(грекше-жіктеу)-талдау.Бейнелеу  өнері  шығармаларының  көңіл   күй
әуені мен райионалды мәндік ерекшелігін талдау мағынасында қолданылады.

   Анималистік жанр(латынша-жануар)- хайуанаттар  дүниесінің  бейнелеу  өнер
шығармаларында орталық орын алуы.

   Анималист-жануарларды бейнелейтін сурктші және мүсінші.

   Анфас-қасбет.

   Аппликация-бастырма.

   Арабеска(французша-арабтық)-ою-өрнек.Мұсылман елдерінде кең  тараған  ою-
өрнек жүйелерінің еуропалық атауы.

   Архитектура-сәулет өнері.

   Астарлық-майлы бояумен не  темперамен   жазар  алдында  қабырға,тақтаға,я
кенеп  бетіне  қабаттап  төселетін   негіз.Ол,біріншіден,бояулар   қабатының
беріктігі  үшін,екіншіден,бояу  фоны  мен  фактурасын   ерекшклендіру   үшін
маңызды қызмет атқкрктын техникалық тәсіл.

   Әдістеме-белгілі бір мақсатқа, нәтижеге  жету  үшін  істелетін  іс-әрекет
барысындағы әдіс-тәсілдерінің жүйелі бірлігі деген ұғымды білдіреді.

   Басты бояу түстері-негізгі,туынды бояу тустері,құрама деп аталады.

   Бастырма(латынша-аппликация-бастырмалау,шаптау)-сәндік           қолөнері
буйымдарын

   Жасауда жиі қолданылатын тәсіл.Осы әдістің негізінде пайда болған бейнені
де бастырма капплиация деп атайды.

   Батик-матаға бояумен салынған сурет.

   Батальды кескіндеме-(французша-майдан)-майдан  сюжетіне  арналған  көркем
шығарма.

   Батырма(орысша-терпение)-былғары,қатты  қағаз,жайпақ  металл  т.б  бетіне
батыру арқылы бедерлі із қалдырып өрнек түсіру әдісі.

   Бедерлі  әшекей-құрылыс  фасадын,интерьерін  және  бұйымдарды   әсемдеуге
қолданылатын   сәндеу   жүйесі.орысша   әдебиеттерде   оның    француз,латын
баламасындағы декор (французша,латынша-сәндейін)атауы қолданылады.

   Бейнелеуші құрал тәсілдер-шығарманың көркем бейнесін(образын)жасап шығуға
көмектеседі.

   Блик-ақшыл танба.

   Бояу.Сыр  ретінде  бояудың  көркемдік   құндылығы   жоқ.орысша   мағынасы
«краска»деген түсінікке  жақын.

   Витраж «французша, латынша—шыны »-әйнектен немесе жарық  өткізетін  басқа
да материалдардан жасалған ою-өрнек немесе сюжетті композиция.

   Графика(грекше -жазамын ,сызамын,саламын )- бейнелеу өнерінің  түрі.

   Гуашь(французша,итальянша-су бояуы )-акварельмен салыстырғандамөлдір емес
қою бояу,

   Дизайн (ағылшынша  –жобалау,сызу)заттардың  көркем  конструкциясын,заттық
ортаның біртұтас реакционалды құрылуын білдіретін  термин,көркемдік  жобалау
жұмысының  бір түрі

   Дидактика-бұл ежелгі грек  сөзі,яғни  (didaktikos)-үйретүші,(didaskolos)-
мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика-білім беру мен оқытудың  теориялық
және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.

   Дидактикалық                                                  принциптер-
ғылымилық,көрнекілік,саналылық,белсенділік,жүйелілік    және    бірізділікті
оқыту.

   Коллаж(французша-жапсыру)-бейнелеу өнерінде  эмоционалды  әсерді  күшейту
үшін картинаға бояу түсі  мен  бет-бедері  өзге  материалды  жапсыру  арқылы
жүзеге асыратын техникалық  әдіс.

   Контур-сыртқы сызық  денесінің  пішінінің  кескін  жиегі,сұлбасы.Мағынасы
жағынан   «   арбис»  түсінігіне  жақын.Контур  әдісіне  орындалған  суретті
«сызықты сурет» деп атайды,

   Көркемдік    баға   –   шығарманың   көркем     құндылығына    байланысты
беріледі.Көбіне  ол  көрерменнің   қабылдау   деңгейі    мен    дайындығына,
интуициялық  сезіміне қатысты  болғандықтан  , көркем   шығармаға   берілген
баға  да  субьективті деп есептеледі

   Көркем бейне   «образ»  .Нұсқадан   кенеп   бетіне   көшірілгеннің   бәрі
бейнеге айнала бермейді.Шығарма көркем бейнеге айналуы  үшін  суретші  жұмыс
жасау керек.

   Көркемдеу өнер      «орысша  –станковое   искусство».  Бейнелеу  өнерінің
түрлері  ,әдетте ,монументтік  және  көрнекі  болып  бөлінеді.

   Көшірме  –түпнұсқаның   көркемдік   ерекшеліктерін  мүмкіндігінше  сақтай
отырып, оны дәл қайтадан  жасау.Сондықтан ол біреу не бірнеше болуы мүмкін.

   Ксилография «грекше – ағаш, сызамын  ,жазамын»  -деңес   гравюраның   бір
түрі.

   Күмбез-  ғимарат,  ғибадатханалардың   жоғарғы   жағынан   дөңгелегене  ,
қырлана, доғалдана шаңырақ  тәрізді  аяқталынуы

   Қолөнері-он саусағынан  өнер  тамған  халық  шеберлері  айналысатын  өнер
түрлері, солар жасап шыққан бұйымдар.  Сонғы  кезде  ол  сәндік-кәделі  өнер
ретінде қарастырылып жүр

   Литография(тас   және,графия)-әдемі   өнделген   тастың   үстіне    майлы
қарындашпен, литографиялық тушь қолдана отырып салынған сурет.

   Мазмұн-шындықпен көркемдік шешімі, суретшінің өзінің ой-толғамын  көркем-
пластикалық образды тілмен жеткізе білу.

   Макет-болашақ бұйымның үлгісі.

   Монумент-тарихи жағдайларға,жеке қайраткерлерге арналған ескерткіш.




   №1 тақырып: Бейнелеу өнерінің түрлері және жанрлары.

   Сабақтын мақсаты: Студентерді бейнелеу  өнерінің  алуан  қырларымен  және
түрлерімен таныстыру. Терминдерін аша білу.

   Қысқаша мазмұны:«Кескіндеме, сурет, мүсін және сәулет өнердің биік  шыңы,
барлық ғылымның түп тамыры және живопись түрлерінің  жанрлары  руханиылықтың
қайнар көзі» (Микеланджело)

   Кез келген қоғамның тарихи  дамуы  мен  өркендеуі  сол  елдің  өнері  мен
мәдениетіне тікелей байланысты. Оған дүниежүзілік деңгейге  кеңінен  танымал
біртуар туындыларымен өз Отандарын  әлемге  паш  еткен  Леонардо  да  Винчи,
Микеланджело, Пабло Пикассо,  Ә.Қастеев  сынды  тағы  басқа  құдіретті  өнер
иелерінің  қас  шеберліктері  мен  атақ  даңқтары  дәлел.  Сондықтан  да  өз
халқының өмір тарихын, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын нақтырақ зерттеп білу  үшін,
оның  сан-салалы  өнерін  оқып  үйренудің  маңызы  зор.  “Ел  болам   десең,
бесгііңді түзе” деген нақыл сөзді Мұхтар Омарханұлы Әуезовтей  ғұлама  текке
айтпаса керек.

   Бейнелеу өнері алуан қырлы да алуан түрлі. Онда жұмыс істеудің  методтары
мен техникасы туралы практикалық мағлұматтар берместен  бұрын  оның  түрлері
және  жанрларымен  танысқан  жөн.  ХІХ  ғасырға  дейін  архитектура  (сәулет
өнері), скульптура (мүсін өнері) және живопись  (кескіндеме)  өнердің  басты
бір үш түрі болып есептеледі. ХІХ ғасырдың аяғына қарай өнердің бір  түрі  –
графика (сурет, гравюра, литография) қызметтік және қосалқы  түрден  өнердің
жеке және мүлдем  дербес  түріне  айналды.  Соңғы  жиырма  жылдықта  өнердің
дизайн сияқты түрі де өте айқын бейнесін тапты.

   Бұл ұғым  суретшілер  іс-әрекетінің  өте  кең  және  сан  алуан  шеңберін
қамтиды.  Живописьтен  ерекшелігі   сол,   графикамен   біз   барлық   жерде
кездесеміз.   Кітаптағы   иллюстрациялар,   газеттегі    суреттемелер    мен
карикатуралар, түрлі товарлардың орауыштарын безендіру,  көшедегі  плакаттар
– осының бәрі графика неғұрлым  шартты,  ол  түстер  мен  формалардың  бүкіл
байлығын бере  алмайды,  графика  оларды  жеңілдете  отырып,  ең  негізгісін
таңдап алады.

   Графика өнерінің живописьпен кейбір белгілері  ортақ:  онда  да  жазықтық
үстінде бейнелеу орын алады.

   График,живописьші сияқты,  перспективаны  меңгеруге,  анатомияны  білуге,
сурет сала білуге тиіс. Бірақ егер живописьте түс және  ол  жасаған  колорит
бірінші орында  тұрса,  ал  сурет  қажетті,  бірақ  әйтсе  де  көмекші  роль
атқарса, графикада суреттің рөлі шешуші,  мұнда  ол  өнердің  дербес  түріне
айналады. Графикада сызықтар, штрихтар, ашық және қара қоңыр  дақтардың  ара
қатынасы жетекші маңызға ие болады. Рас, графика өнерінің кейбір  түрлерінде
түстер де  пайдаланылады,  бірақ  оның  рөлі,  әдетте,  шектеулі,  қызметтік
дәрежеде ғана болып қалады.

   Ең сараң графика – заттардың тек нобайы ғана беретін сызықтық сурет бірақ
мұндай сараң сурет те көп нәрсені – адамның типін, характерін, қимылын  бере
алады. Суретшінің көзбен дәл өлшеуі, мінсіз  талғамы  және  сенімді  қолдары
сызықтарға болмашы  ауытқулар  бере  отырып,  оны  аздап  жіңішкерте  немесе
жуандата отырып, оған түрлі характер береді.

   Форманы  «пішіндеуге»,  жарық  пен  көлеңкені  және  бір  жағынан  заттың
фактурасын беруге қабілетті штрихтық суреттің мүмкіндіктері үлкен.

   Сурет түстермен боялуы да мүмкін әдетте бұл акварельмен немесе пастельмен
жасалады. Бұл живопись емес, заттардың түстік сипаттамасына  жасалған  ишара
ғана, басты міндет форманы беру болып қала береді.

   Графикаға гравюралардың барлық түрлеріне жатады, суреттерден айырмашылығы
сол, оларды көп дана етіп көбейтуге  болады.  Гравюралар  сондай-ақ  ақ-қара
және  түрлі-түсті  болады.  Түрлі-түсті   гравюралар   бірнеше   тақталардан
басылады.

   Гравюралардан басқа, графика өнерінің  тағы  бір  түрі  –  литография  да
көбейеді. Бұл – бетіне тікелей сурет салынған  ерекше  жалпақ  тастан  басып
шығару. Литография ақ-қара және түрлі-түсті болады.

   Графикалық өнердің ең көп тараған түрі – плакат. Оның  түрлері  аз  емес,
бірақ олардың ішіндегі ең бастысы – қоғамдық өмірде  елеулі  роль  атқаратын
саяси, үгіт плакаты.  Плакаттың  аса  маңызды  ерекшелігі  суреттің  қысқаша
жазумен мағыналық және композициялық жағынан бірігуі болып табылады.

   Сатиралық  графика  –  карикатура  да  бүгінгі  өмірде  айтарлықтай  роль
атқарады. Олармен біз, газеттің немесе журналдың кезекті санын  аша  отырып,
күн сайын ұшырасамыз.

   Графика  үшін  тұтас  алғанда  қолданылған  түстің  шарттылығы,  образдың
жалпылығы, әсірелеу мен символика тән.  Графика  өнерінде  живописьпен  және
скульптурамен  салыстырғанда  сыртқы   ұқсастықтан   едәуір   ауытқуға   жол
беріледі.




   Живопись  дегеніміз  —  әр  түрлі  бояу  түрлерімен   жазықтык,   бетінде
орындалатын көркем шығарма.

    Живопись атауы  орыстың  «живой  писать»  деген  сөзінен  алынған,  яғни
көріністер  мен  нәрселерді  өмірдің  өзіндегідей  жанды  етіп  жазу   деген
мағынаны  білдіреді.Живопись  бейнелеу  өнерінің  аса  дамыған  түрі   болып
табылады.Живопись суреттері қағазға,  картонға,  тақтайға,  кенепке,  т.  б.
салынады. Негізінен қолданылатын бояу  түрлері:  акварель,  гуашь,  темпера,
майлы бояу, пастель, сангина және т. б.

   Живопись — бұл майлы бояулармен жасалған және багет рамаға салынған,  біз
музейлерде қызықтайтын  картиналар  ғана  емес.  Кескіндеме  ұғымы  кең  әрі
мейлінше сан алуан  техниканы  қамтиды,  мысалы,  түрлі  сулы  бояулармен  —
темперамен, гуашьпен, акварельмен  салынган  ЖИВОПИСЬ  болады.  Тіпті  аздап
боялған  суретке  (пастель)  ауысатын  КЕСКІНДЕМЕ  бар,   жартылай   гравюра
КЕСКІНДЕМЕ (МОНОТИПИЯ) бар.

   Жанрлар. Живопиь – бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі, онда
бейнелеудің сан алуан мол құралдары  қолданылады.  Суретшілер  өнердің  ұшы-
қиырсыз осы саласына көбіне өздері сүйген әуендер  мен  тақырыптарды  таңдап
алады.  Біреулер  портреттер  жазғанды   ұнатса,   екіншілері   пейзаждарды,
үшіншілері тарихи, соғыс немесе тұрмыстық  көріністерді  бейнелеуге  құштар.
Бейнелеу өнерінің бұлай сапталуы жанрларға бөлінуі деп  аталады.  Жанр  сөзі
француздың  түр  немесе  тек  сөзінен  шыққан.  Живописьте  мынадай  жанрлар
бөлінеді: натюрморт, пейзаж, портрет  және  тақырыптық  картина.  Айта  кету
керек, соңғы жанр көбінде жанр делінеді, ал  картиналар  жанрлық  картиналар
деп аталады.

   Пейзаж (француз сөзіне  шыққан)  –  бұл  ландшафты,  табиғатты  бейнелеу.
Пейзаж дербес жанр ретінде, Қытайда,  Жапонияда  және  басқа  Шығыс  елдерде
(VII-VIII   ғасырларда)   Европадағыдан   ертерек   қалыптасты.    Европалық
живописьте ол XVII ғасырда, алдымен Италияда пайда  болды,  ал  содан  кейін
Голландияда ерекше жоғары дамыды. Орыс өнерлерінде  пейзаждың  гүлденуі  XIX
ғасырдың саңына тұспа-тұс келеді. (И.Левитан, К.Коровин, Н.Рерих және  басқа
да көптеген суретшілер).

   Пейзаж  –  қайсыбір  жерлерді  жай  айнытпай  бейнелей  салу  емес,  онда
суретшінің сезімдері мен ойларын берудің  үлкен  мүмкіндіктері  жатыр.  Адым
өмірімен салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты болып  көрінеді.
Бұл  торлаған  аспан,  теңіз  толқындары,  ормандар  мен  таулар   жүздеген,
мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, сондай күйінде  қалады.  Бірақ  осы  бір
өзгермейтін  табиғатты  алуан  дәуір  суретшілері  түрліше  көріп,   түрліше
бейнеледі.

   XVII ғасырдағы голланд суретшілерінің картиналарында теңіз  үнемі  дерлік
романтикалық сарынсыз  болып  келеді,  олар  табиғат  сұлулығын  іңкәрлікпен
қызықтауға бейім емес. Олар үшін теңіз –  сауда  мен  жұмыс  орны,  тіршілік
қарекетін іздестіретін кеңістік.

    Айвазовский жұмыстарында  теңіз  -  әрдайым  дерлік  үрейлі  дүлей  күш,
мөлдірлеу құпия сырлы тұңғиық. Орасан  зор  толқындар  қия  жартастарға  лап
қояды. Адамдар, тіпті кемелердің өзі де – осынау  қаһарлы,  өлшеусіз  қуатты
стихияда өте  кішкентай,  дәрменсіз  де  қорғансыз.  Оның  картиналары  әсем
стихияда деген тәнтілікке, романтикалық сүйіспеншілікке бөленген.

   Бір табиғи мотивтің өзі суретшінің  қылқаламынан  мүлде  басқа  толысуға,
басқаша түске ие бола отырып, шебердің талғамын, көзқарастарын, көңіл  күйін
береді.

   Портрет. Бұл жанр басқалардан бұрын пайда болды –  үш  мың  жылдан  астам
уақыт бұрын жасалған скульптуралық египет портреттері, екі мың  жыл  бұрынғы
мозаикалық Рим және темпералық фаюм портреттері белгілі. Адамдар әрдайым  өз
бейнемін көгісі келді, ал ежелгі египеттіктер тіпті  қайтыс  болған  адамның
жаны портретке көшеді екен деп есептеді.

   Үлкен  шебердің  шабытты  қолымен  жазылған  әрбір  портрет  шынында   да
рухтанғандай болады, портретке  түсірілген  бет-әлпетте  ой,  қайғы-күйініш,
қуаныш, күрделі және кейде қиын бүкіл өмір жолының көрінісі жатады.

   Портреттің бірінші және қажетті сапасы –  оның  түпнұсқасымен  ұқсастығы.
Бірақ  бұл,  математиктер  айтатындай,  қажетті,  бірақ  жеткіліксіз   шарт.
Адамның сыртқы  белгілерінің  арғы  жағынан  біз  бейнелеушінің  ой-арманын,
қуаныш-күйінішін,  ішкі  жан  дүниесін  тап  басып,  сезінуге  тиіспіз.  Біз
суретшінің оған қатынасын да сезінуге тиіспіз.

   Тақырыптық картина - өмірді, адамдардың өзара қарым-қатынасын  көрсететін
қандай да бір  шын  мәніндегі  немесе  фантастикалық  көріністі  бейнелейтін
картинаны осылай атайды. Мұндай картиналар тарихтан бұрынғы  замандардан  өз
бастауын алады – жартастар мен үңгірлерден алғашқы қауым  адамның  аң  аулау
сәтін және басқа да іс-әрекет түрлерін бейнелеген суреттер көптеп  табылуда.
Ежелгі Египет,  Греция  мен  Рим  заманына  қабырғаға  салынған  живописьтің
тамаша үлгілері бізге дейін жетіп отыр.

   Бірақ станоктық тақырыптық картина (яғни архитектурамен  байланысты  емес
картина)  тек  Ренессанс  дәуірінде  ғана  пайда  болып,  кең   өріс   алды.
Тақырыптық картина  даму  үстіндегі  әрекетті  көрсетеді:  оған  көз  тастай
отырып, бейнелеген сәтке дейін не болғанын  және  одан  кейін  не  болатынын
көрермен  ойша  сараптай  алады  немесе  И.  Крамской   айтқандай,   «холсты
түсіндіру үшін екіншісінің қажеті жоқ».

   Натюрморт та, пейзаж да, портреттер де тақырыптық композицияның  құрамдас
бөлігі болуы мүмкін.

   Тақырыптық картина болмысты мейлінше толық және терең бейнелеп көрсетеді,
оның мүмкіндіктері шексіз әрі әр алуан: ол  тым  үлкен  және  өте  кішкентай
болуы, сан қилы техникалық құралдармен жасалуы,  аса  ұлы  әлемдік  оқиғалар
туралы тұлғалы баяндауы немесе тұрмыстық көріністі бейнелеуі мүмкін.

   Скульптура

   Мүсін өнері – бұл еш толқымастан бейнелеу өнері деп атауға болатын  өнер:
ол шынында  да  адамдарды,  хайуандарды,  түрлі  заттарды  бейнелейді.  Оның
архитектурамен ортақ жайты бар: оның басты әсерлілік құралы – аумақты  форма
және ол да қатты әрі  ұзақ  сақталатын  материалдардан  –  ағаштан,  тастан,
металдан жасалады. Бюст, статуя немесе бейнелер тобын жасау үшін  көп  уақыт
және көп еңбек, әсіресе скульптураны тастан  шапқан  кезе,  тіпті  жай  дене
күшінің өзі көп қажет. Оның есесіне ол, архитектура сияқты, ұзақ  сақталады,
сондықтан көптеген скульптуралық туындылар ғасырды емес,  мыңдаған  жылдарды
басып өтіп, мысалға, ежелгі Мысырдың патша әйелі Неферититидің басы  сияқты,
күні бүгінге дейін біздерді толғандырып, тамсандырып келеді.

   Скульптураның әсерлілік құралдары  графикамен  және  әсіресе  живописьпен
салыстырғанда өте шектеулі: мүсінші  композицияға  қоршаған  ортаны  кіргізе
алмайды, кеңістік тереңдігін бере алмайды, бәрі  де  фигуралардың  өзімен  –
олардың   формаларының   жинақталуымен   немесе    өңделуімен,    қимылымен,
материалмен, фактурамен білдірілуі тиіс.

   Қолданбалы өнер деп эстетикалық сапарларға ие, өзінің әдемілігімен біздің
көзімізді қуантатын практикалық пайдалы  заттар  жасауды  айтады.  Бұл  өнер
өзінің табиғаты жағынан  архитектурамен  туыстас:  онда  пайда  мен  әсемдік
бірігіп  жатады.  Қолданбалы  өнер  халық   творчествосымен   ерекше   тығыз
байланысты. Мұндай өнер туындыларына мебель, кілемдер,  ыдыс-аяқтар,  үй-іші
тұрмысында  қолданылатын  басқа  да   тұрмыстық   заттар   және   ойыншықтар
жатады.Қазіргі  заманғы  суретшілер  халық  дәстүрлерін  ой  елегінен  қайта
өткізіп, творчестволықпен қайта өңдей отырып, оларды  жаңа  материалдарға  –
пластиктерге, резеңкеге бейімдейді. Резеңке ойыншықтарда  да  форма  барынша
жалпыланған, бірақ өзінің фактурасы ерекше – жұмсақ,  жылтыр  болып  келеді.
Ал оның үрлеген кезде жалпақ нәрседен аумақты нәрсеге  айналуының,  әдеттегі
табақшадан таныс аңның томпақ формасына ауысуының өзі неге тұрады.

   Дизайн мейлінше  сан  алуан  машиналарды  безендірумен,  оның  өзінде  де
жасанды жолмен ойластырылған  безендірумен  емес,  олардың  конструкциясымен
және атқаратын қызметімен логикалық сабақтастықта  безендірумен  айналысады.
Заттың  техникалық  жетістіктері  мен  атқаратын  қызметін  баса  көрсететін
сыртқы  сұлулыққа  инженер-конструктор  мен  суретшілер  мен  дизайнерлердің
бірлескен төзімді еңбегімен қол жетеді. Мысалы, қазіргі  заманғы  самолеттің
немесе автомобильдің тамаша формасын жасау үшін  оның  техникалық  құрылысын
ғана емес, сонымен бірге осы машина  дамуының  тарихи  жолдарында  да  терең
зерттеу  қажет.  Сырт  келбетімен   жайлылықты,   қуаттылықты   және   жүріс
жылдамдығын білдіретін қазіргі заманғы автомобильдердің формалары да  осылай
жасалған.

   Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:

   1.Бейнелеу өнері қандай түрлерге бөлінеді?

   2.Графикаға қандай бағытта салынған суреттерді жатқызуымызға болады?

   3. Мүсін өнері қандай салаларға бөлінеді?

   4.Бейнелеу өнері қандай жанрларға бөлінеді?

   5. Сәулет өнерінің күнделікте өмірімізде алатын орны қандай?










   №2  тақырып:Бейнелеу өнерінің  қысқаша  тарихы.Египет.Греция.Қайта  өрлеу
дәуірі.14-15     ғасырдағы      италияндық      суретшілер.(Леонардо      да
Винчи,Рафаэль,Микеланджело,Тициан,Джоржене,Веронезе.)

   Сабақтын мақсаты: Қайта өрлеу дәурінің суретшілерімен,  олардын  өмірімен
шығармашылығымен кенінең таныстыру.

   Қысқаша  мазмұны:Пиеро  да  Винчи  деген  Флоренсияның  бір   аймағындағы
нотариусы мен Катерина  деген  диқаншы  қызының  баласы,  Вероккионың  сурет
өнері саласындағы шәкірті, тез арада ұстазын басып озған Леонардо  да  Винчи
бастапқыда саудагерлік Флоренцияда жұмыс  істеп,  артынан  әр-түрлі  княздер
сарайларында ірі жоспарлар ұсынып  еш  түсіністік  таппады.  Шаршап,  көңілі
қалған ол, 1516  ж.  қаңтарда  Франсуа  I  королінің  Франсияға  көшіп  келу
ұсынысын қабылдап,  сол  жақта  ғұмырының  соңғы  4  жылын  Клу  (Түрендегі)
қамалында бастаған істерін аяқтаумен өткізеді.

   Леонардода қазіргі мағыналы тегі болмаған; «да Винчи» «Винчи  қалашығынан
шыққан» дегенді білдіреді. Оның толық есімі —  италиянша:  Leonardo  di  ser
Piero da Vinci, яғни «Леонардо, Винчилік Пиеро мырзаның ұлы».

   1470 — Леонардо да Винчи Верроккио шеберханасына (Флоренсия) көмекші  боп
кіреді

   1472 — Флоренсия Суретшілер гильдиясы (одағы) мүшесі

   1472—1477 — «Исаның шоқындырылуы», «Ізгі хабар»,  «Құмырамен  бейнеленген
Мадонна» туындыларымен жұмыс істеуде

   1482 — Миландағы Лодовико Сфорца сарайына шақырылады

   1487 — құстың ұшуы негізінде ұшатын машина — орнитоптерді жасауы

   1488 — «Ақкіс ұстаған келіншек» суреті

   1489 — бас сүйектердің анатомиялық кескіндері

   1490 — «Сазгер портреті» суреті

   1495—1498 — «Жасырын кешкілік» суреті

   1502 — Чезаре Борджаға архитектор, әрі әскери  инженер  ретінде  қазметке
тұрады

   1503 — Флоренсияға оралады

   1503 — «Мона Лиза» суреті

   1505 — құстың ұшу сызбанұсқасы

   1506 — Миланға оралып,  Франсия  королі  (сол  кезде  Италия  солтүстігін
басқарған) Луи XII қызметке тұрады

   1507 — адам көзінің құрылысын зерттеуі

   1509 — Қасиетті Анна соборында қолтаңба қоюы

   1512 — «Өз портреті»

   1512 — Лев X папасының қорғауымен Римге көшуі

   1514—1516 — «Жохан Шоқындырушы» суреті

   1516 —  Франсияға  сарайлық  суретші,  инженер,  сәулетші,  және  механик
ретінде көшуі




   Қайта өркендеу заманының аса ұлы суретшісі Рафаэль Италияның Урбино деген
қалашығында туды. Оның бірінші ұстазы өз  әкесі  —  шіркеулерге  әулиелердің
бейнесін салатын суретші Санти еді. Ал екінші ұстазы  —  өзі  туған  өлкенің
әрдайым көгілдір мұнарға оранып тұратын көркем табиғаты болды.

    Рафаэль жастай жетім қалып,  жоқшылық  көріп  өсті.  Бірақ  сол  кездегі
көрнекті суретшілер жас баланың қабілетін ерте танып, оған қол  ұшын  берді.
«Мадонна Конестабиле» атты картинасын салған кезде ол  жиырмаға  әлі  толған
жоқ  еді.  Бұл  тамаша  туынды  қазір  Ленинградтын,  Эрмитажында  сақтаулы.
Мадонна Умбрия табиғаты аясында бейнеленген.  Картинадағы  ана  мен  сәбидің
ойлы жүздері ерекше тартымды.

    Рафаэль 1504 ж. Қайта өркендеу кезеңінің данышпан шеберлері Леонардо  да
Винчи мен Микеланджело тұратын Флоренцияға көшіп келді. Ол  өнердің  не  бір
саңлақ үлгілерін көріп, үйренгенмен, ешкімге еліктеген  жоқ.  Бұл  кезде  ол
сәби құшақтаған мадонна бейнесіне қатты қызығушы еді. Осы  тақырыпта  «Желек
арасындағы мадонна», «Бағбан  мадонна»,  «Сарыала  торғай  ұстаған  мадонна»
картиналарын дүниеге әкелді. Оның мадонналары  —  әулиелер  емес,  мейірімді
әйелдер, бөбектерін өбектеген жас аналар.  Оған  дейін  мадонналарды  бұндай
кейіпте ешкім  бейнелеп  көрген  емес.  Рафаэльдің  мұндай  жаңашылдығы  мен
батылдығына замандастары қатты таңғалды.

    1508 ж. Рафаэль Флоренцияны тастап, Римге кеп орныкты. Рим  папасы  Юлий
II жиырма бес жастағы суретшіге өз сарайының салтанат  залдарын  безендіруді
тапсырды. Ондағы ойы — жас суретшіге католик шіркеуін дәріптету еді.  Бірақ,
Рафаэльдің қыл қаламы әулиелерді емес, адамды, оның азат  ойын,  ақыл-күшін,
сұлулығын жырлады.  Бір  көп  бейнелі  туындысында  ежелгі  дүние  ойшылдары
Аристотель мен Платонды бейнеледі.

    Римде Рафаэль  «Сикстин  мадоннасы»  атты  атақты  шығармасын  жазды.Бұл
картинаның  атауы   суреттегі   Рим   папасының   қолындағы   6   саусағымен
байлынстырады.Себебі латынша сикстин алты  деп  атайтын.Біз  бұл  картинадан
бөбегін көтеріп келе жатқан жас  ананы  көреміз.Ол  ұлының  алдында  адмазат
бақыты жолындағы тауқыметке  толы  күрескер  жолы  жатқандығын  жақсы  сезіп
келеді,бірақ  өңі  сабырлы,тәуекелге  бел  буған  нық  сенімде.Ана   ерлігін
марапаттайтын бұл  шығармаға  адамдар  әлі  күнге  қайран  қалады.Қазір  бұл
тамаша  еңбегі  Германияның  Дрезден  қаласындағы  атақты  көрмеде  сақтаулы
тұр.Рафаэль онымен қатар ұлы  сәулетші  де  еді.Ол  “мәңгілік  шаһары”–Римде
талай-талай тамаша шіркеулер,сарайлар,ғимараттар тұрғызды.Мұндай қиын  істер
орасан зор күштер талап етті.Денсаулығынан  ерте  айрылған  Рафаэль  артында
тамаша ұрпақты тамсандырып өтер тамаша туындылар қалдырып,37  жасында  дүние
салды.




   Микеланджело  Буонарроти,  Микеланьоло  ди  Лодовико  ди   Лио-нардо   ди
Буонаррото  Симони  (6.3.1475,  қазіргі  Капрезе-Микеланджело,   Тоскана   –
18.2.1564,  Рим)   –   италиялық   мүсінші,   кескіндемеші,   сәулетші   әрі
ақын.Микеланджело  ақсүйек  отбасында  туған.  Кескіндемеші  Гирландайо  мен
мүсінші Бертольдо ди Джованниден (1488 – 90) дәріс алды.  Сондай-ақ  суретші
шығармашылығының кемелденуіне Джотто ди Бондоне (1266/67 – 1337),  Донателло
(1386 – 1466), Мазаччо (1401 – 1428),  Якопо  делла  Кверча  (1374  –  1438)
шығармалары мен көне заман пластикасының ықпалы зор болды. Еуропаның  16  ғ-
дағы  және  онан  кейінгі  өнерінің  даму  жолдарын  көрсеткен  Микеланджело
шығармаларында Қайта  өркендеу  дәуірінің  ерлік  әуенге  толы  адамгершілік
мұраттары, кейінгі мәдениетке (Қайта өркендеу дәуірінің соңғы кезеңіне)  тән
таным  дағдарысының   қайғылы   сырлары   да   бейнеленді.   Жас   кезіндегі
шығармаларынан-ақ (“Баспалдақ қасындағы Мадонна”, “Кентаврлар шайқасы”  атты
бедерлі мәрмәр, 1490 – 92 ж. ш.) монументтік, пластикалық қуат пен  образдың
драмалық бояуға  қанықтығы,  адам  сұлулығын  паш  ету  сияқты  Микеланджело
шығарм-ның  басты  белгілері  айқын  аңғарылды.Римде   Микеланджело   “Вакх”
мүсінін  (1496  –  97,  Флоренция,  өлттық  мұражай)   жасап,   көне   заман
ескерткіштері қызықтыратынын  аңғартты.  1501  ж.  Микеланджело  Флоренцияға
оралып, Медичи озбырлығына қарсы  тұрған  республика  азаматтарының  ерлігін
бейнелейтін  шығармалар  жасады.  Ол  сомдаған  Давид  мүсіні  (1501  –  04,
Флоренция,  Көркемсурет  академиясының  галереясы)  құдіретті  күш,   ерлік,
жігерлілікті паш етеді. 1505 ж. Папа Юлий ІІ Микеланджелоны  Римге  шақырып,
оған құлпытас жасауды тапсырады. Құлпытасқа  арнап  Микеланджело  Буонарроти
бірнеше мүсіндер жасады: “Моисей” (1516 – 16,  Рим,  Сан-Пьетро  ин  Винколи
шіркеуі), “Көтеріліске шыққан құл” және “Хал үстіндегі құл” (екеуі  де  1513
– 16, Париж, Лувр). Бұлардан Микеланджелоның жұмыс  әдісі  айқын  байқалады:
мүсінші тасты жан-жағынан бірдей қашамай, белгілі бір  жерлерін  ғана  өңдеп
отырған. Мысалы, Ватикандағы Сикстин капелласы шаңырағының  жазбалары  (1508
–  12),  т.б.  Әрбір  фигура  мен  жеке   көріністер   мөлдір   айқындығымен
ерекшеленеді,  сондай-ақ   кең   көлемді   жазбалардың   біртұтастығы   анық
байқалады. Микеланджело 1534 ж. Римге біржола көшіп келді. Мұнда ол  “Аяусыз
жаза” атты орасан зор фреска (1536 – 41) жасады.Өмірінің  соңғы  30  жылында
Микеланджело мүсін мен кескіндемеден бірте-бірте алшақтап, негізінен  сәулет
өнерімен  және  поэзиямен  айналысты.  Ол  бейнелеу  өнерінен  гөрі  құрылыс
жұмыстарымен  көп  шұғылданды.  1523  –  34  ж.   Микеланджело   Флоренцияда
Лауренциана кітапханасының ғимаратын тұрғызды. 1546 жылдан  өмірінің  соңына
дейін Микеланджело Римдегі әулие Петр соборы мен Капитолий  ансамблін  салды
(екеуі де автор қайтыс болғаннан  кейін  аяқталды).  Микеланджело  қартайған
шағында да поэзиядан қол үзбеді. Оның лирикасы терең, асқақ, трагизмге  толы
болды. Ақын адамзаттың ғұмыр  бойы  сұлулық  пен  жарасымдылыққа  ұмтылатыны
туралы, жалғыздық жөнінде, озбырлықтың салтанат  құрғанын  көргенде  жанының
жай таппайтыны жайында жырлады. Микеланджело  мадригал  мен  сонет  жанрында
жырлады. Өлеңдері алғаш 1623 ж. басылды. Микеланджело адамзаттың  бір-біріне
деген махаббатын, сезімнің  ұлылығы  мен  сұлулығына  деген  шексіз  сенімді
жырлап өтті

   Тициан, Тициано  Вечеллио  (Tіzіano  Vecellіo)  (шамамен  1476/77  немесе
1489/90, Венето,  Пьеве-ди-Кадоре  –  27.8.1576,  Венеция  қ.)  –  италиялық
кескіндемеші,  Қайта  өркендеу  дәуірі  кезеңіндегі   венециялық   мектептің
негізін қалаушылардың бірі. Алғашында кескіндеме өнері бойынша  Дж.  Беллини
шеберханасында оқып,  тәлім  алды;  кейін  Джорджоне  шеберханасына  ауысты.
Джорджоненің   көмекшісі   ретінде    еңбек    етіп,    Венециядағы    Неміс
мейманханасының алдыңғы бетін әрлеп әсемдеуге қатысты әрі оның  шығармашылық
ықпалында болды. Ұстазы Джорджоне ерте дүние салғаннан кейін  оның  бірқатар
кескіндемелік туындыларын өзі аяқтап шықты. Біртіндеп  Тицианның  өзіне  тән
шығармашылық   қолтаңбасы   қалыптаса   бастады   да   1516    ж.    Венеция
Республикасының басты кескіндемешісіне  айналды,  суретші  өмірінің  ақырына
дейін осы атақты 60 жыл бойы сақтап тұрды. Тициан  діни,  мифологиялық  және
әдеби  сюжеттерге  негізделген  сан  алуан   кескіндемелік   туындылар   мен
портреттер жасады. “Бұ дүние мен о дүние махаббаты” (1515 – 16 ж.  ш.,  Рим,
Боргезе галереясы), “Флора”  (1515  ж.  ш.,  Флоренция,  Уффици),  “Қолғапты
жасөспірім” (1520 ж. ш., Париж, Лувр), “Вакх  пен  Ариадна”  (1523,  Лондон,
Ұлттық галерея) атты  көркем  полотноларында  гуманистік  мұрат  пен  өмірге
деген сүйіспеншілік сезімі шынайы  көрініс  тапты.  16  ғасырдың  20  –  30-
жылдардағы  Тициан  картиналарынан  Қайта  өркендеу  дәуірі  өнерінің  соңғы
кезеңіндегі Венеция қоғамының өмір-тұрмысы басты орын алды.  “Табытқа  салу”
(1525 ж. ш.,  Париж,  Лувр),  “Ғибадатханаға  бастау”  (1534  –  38  ж.  ш.,
Венеция,  Академия  галереясы),  “Урбино  Венерасы”  (1538  ж.  ш.,  Уффици)
картиналарына пафос көтеріңкілігі мен  үйлесімділік  және  күрделі  драмалық
шиеленіс тән. 1530 – 40 ж. Тициан портрет жанрында (“Пьетро Аретино”,  1545,
Флоренция,  Палатина  галереясы;  “Ипполито  Риминальди”,  1548,  Флоренция,
Питти галереясы; “Папа  Павел  ҚҚҚ  Алессандро  және  Оттавио  Фарнезелермен
бірге”, 1545 – 46,  Неаполь,  Ұлттық  мұражайы  мен  Каподимонте  галереясы;
“Карл V”, 1548, Мюнхен, Ескі пинакотека) жемісті еңбек етіп, зор  жетістікке
жетті. 16  ғасырдың  ортасында  Тициан  шығарм-нан  мифологиялық  және  діни
тақырып (“Автопортрет”, Прадо қ.; “Лавиния”, Берлин мұражай қоры,  екеуі  де
1560  жылдар)  басым   орын   алды.   Тицианның   осы   кезеңдегі   көптеген
туындыларынан  сары  уайымшылдық  сарыны   аңғарылғанымен,   мұнымен   қатар
өміршеңдікке толы, қанық бояулы жарқын  образдарды  (“Даная”,  1554  ж.  ш.;
“Венера мен Адонис”, 1554; екеуі де  Мадрид,  Прадо;  “Нимфа  мен  бақташы”,
1570 ж. ш., Вена қ., Тарихи-көркемсурет мұражайы)  да  алып  келді.  Адамның
күрделі ішкі жан сезімі мен психологиялық өмір толғанысын ғажайып  колоритке
қоса композиц. құрылымы жағынан да  таңқаларлық  шеберлікпен  ашып  бейнелеу
Тициан шығармашылықның өзгеге ұқсамас өзіне тән ұлы суреткерлік  қолтаңбасын
айқындады.  “Әулие  Лаврентийдің  азабы”  (1550  –  55,  Венеция,  иезуиттер
шіркеуі), “Тәубесіне  келген  Мария  Магдалина”  (1560),  “Әулие  Себастьян”
(1570, екеуі де қазіргі Санкт-Петербургегі Эрмитажда), “Исаны жоқтау”  (1573
– 76, Венеция,  Академия  галереясы)  сияқты  соңғы  картиналарында  трагед.
коллизияға толы өзінің өмірге деген ой-көзқарасын айқын аңғартты.  Тицианның
озық еңбектері дүниежүзілік бейнелеу өнері мен қайта өркендеу дәуірі  венец.
мектеп өнерінің ұлы жетістіктерінің бірі болып табылады әрі  өзінен  кейінгі
замандардағы  қылқалам  шеберлері  шығарм-на  да  (әсіресе,   П.Рубенс   пен
Д.Веласкеске, т.б.) жасаған игі әсері зор болды.

   Джорджо  Барбарелли  және  Кастельфранко,   белгілі  Джорджоне  (итал   .
Giorgione Giorgio  Barbarelli  da  Castelfranco)   венециялық  кескіндемелер
мектепті 1476/1477—1510) — оқыды.италиялық суретші, өкіл   болды.  Венецияда
Кастельфранко-Венетодан  алыс емес жерде Қалашықта Джорджоне дүниеге  келді.
Ол Джованни Беллинидің оқушысы болды және өзіне оның жылы  әрдің  тереңдікті
және  жалтырауды  түсінді,  және  бұл  сапаларда  оны  асып  түсті   ,барлық
италиялық  суретшілерден  ерекше  ақындық-ой  тапған  маңызды  орынға  діни,
мифологиялық және тарихи суреттерде қарсылық білдіру бастады,  әсем  көрініс
, бөтен емес табиғилыққа шығармалары  толық  болды..  Оның  қызметі  негізгі
орны  Венеция  болды.  Ол  бұл  жерде  надпрестольные  түрлерді  жазды,  көп
портрет тапсырыстар орындады, және сол уақыт  салт  бойынша,  үй  сандықтар,
сандықтар   және    фасадтар    өз    кескіндемемен    безендірді.    Обадан
өлді.Творчестволық  қызметі  негізгі  мерзімі  XVI   ғасырдың    он   жылдық
біріншісіне  жатады.  Джорджоне,  бастапқы  құрастырған   ықпалдың   астында
суретші сияқты Винченцо  Катены  және  Джованни  Беллини,  меншікті  өсімтал
үлгіні істеп шығару ағымға бірнеше  жыл  істей  алды,  негізде  түстің  және
жарықтың өзара  әрекеттесулер  нәзік  сезім  жататын.  Бастауыдан  Джорджоне
береттен  көптеген  бұл  маңызды  тарап  суретшілердің   кейіннен   көптеген
ұрпақтармен дамытқан еуропалық кескіндеме болды.  Май  кескіндеме  техникасы
басқаша түрде болды, фигуралардың және заттардың  түстері,  көлеңкелер  және
жұмсақ нобайлары ,байсалды гүл өткелдері, қаныққан дақтары мүмкіндік  берді.
Тарихта қалып ,талай шығармалары мұра болып қалды.

   Па́оло Вероне́зе (итал. Paolo Veronese), Па́оло  Калья́ри  (итал  туу.  Paolo
Cagliari, * 1528 — † 19  сәуір  1588)  —мүсінші  ,  ұлы  суретші.Өзі  жастық
шығармаларда (« Құдай-ана », фрескалардан Casa Contarini,  Соранцо  вилланың
және Фанцоло вилланы фрескалармен  орындады.Ол оның нәзік ойы  арқасында  ол
мектепте алған білімін тән ерекшеліктерін көрсете білді.. Ол дарындығын  27-
28 жасында мойындатты. Оны осы  жасыда  Әулие-әнбие  шіркеу  әшекейлеу  үшін
Венецияға шақырылған болды  ,осылай  жүктелген  тапсырманы  жақсы  орындады,
1570 жылға дейін оған бұл шіркеуде  жұмыст  тұрақты  болды.Қайтыс  болғаннан
кейін осы шіркеуде қойылды.

   Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:

   1.Өнер тарихындағы «қайта өрлеу» деген сөзді қалай түсінесің?

   2. Қайта өрлеу дәуірі қай ғасырлар арасын қамтиды?

   3. Осы кезеңнің алғашқы суретшілерінің бірі болып кім есептеледі?

   4.Қайта өрлеу мәдениетінің алтын бесігі деп қай мемлекетті атайды?

   5.Өзіне унаған суретші туралы мәлімет жина?

   4 тақырып: Орыс  бейнелеу  өнері.  Атақты  суретшілер:  Шишкин,  Левитан,
Репин, және т.б

   Сабақтын мақсаты: Орыс өнерінің дамуына  көп  үлес  қосқан  суретшілердін
өмір баянымен танысып салыстырма өткізу.







   Қысқаша мазмұны:

   Иван Шишкин Вяткалық губернияда Елабуга қаласында  13  қаңтар  1832  жылы
дүниеге келді.  Ежелгі  вятской  фамилиядан  шыққан.,Купец  Иван  Васильевич
Шишкинның (1792—1872 ұлы болған.Он екі жасында  1-ші  казанская   гимназияда
оқушылар  қатарында  болды,  бірақ,  5-ші  класска  жетіп,  оның   қалдырды.
Кескінде және мүсіндеу (1852—1856) сәулеттер училищесіне Мәскеу  түсті.  Бұл
мекеменің  курсын  бітіріп, Петербург Көркемдікт Академиясында   өз  білімін
1857 жалғастырды  (1856—1865)  профессор   М.  Воробьевтын   оқушысы  болды.
Академияда сабақтармен қанағаттанбай, ынталы суреттерін салды және  Санкт  -
Петербургқа шартараптарда табиғиден этюд  жазды  және  Валаамда  аралда,  не
арқасында оның формалармен барлық үлкен және үлкен  танысу  алды  және  білу
айнытпай  оның  қарындашпен  және  білезікпен  алып  беру.  Академияда  оның
болуларға бірінші жылға енді оған Санкт -  Петербургқа  шартараптарда  класс
суреттің және түрдің артына артына екі малые күміс  медаль  соттаған  болды.
1858 жылда ол үлкен м күміс алды

   Левитан

   Левитан-« әсем көрінісі жанрдың бастаушысы,Литвада,  Кибартай  Сувалкский
губерниясында  еврей жанұясында  1860  жылдың  18   тамызда  дүниеге  келді.
Жанұясы Литвада еврей және шотландық қауымдардың  естен  кетпес  қатар  өмір
сүрді.. Вильно ешиве Эльяшивтан оқыды.  Өзі  француз  және  неміс  тілдермен
дербес үйренумен шұғылданып тез  үйреніп  алды.  Ковнода  ол  бұл  тілдердең
сабақ  берді,  ал  француз  серіктестік   жетегімен   темір   жол   Көпірдің
құрылымдарында уақыттша аудармашы  болып  жұмыс  істеді..  Жанұяда  Исаактан
басқа әлі үш  бала  өсті  :   Тереза  Авель-Лейб  және  қарындастары  Тереза
Ильинична Берчанская,. (1856) және Михле Эмма  Ильинична)

   Репин

   Репин суретші, мемуарист,очерк жазба  авторы,  оқытушы.  Портрет,  тарихи
және тұрмыстық сюжеттердің ұлы орыс  суретшісі.  Оқытушы,  ұста  —  жетекші,
профессор болды (1894—1907) және Көркем Академиясының  ректоры  (1898—1899),
Тенишев мектеп-шеберханада бір  уақытта  сабақ  берді  ;  оның   оқушылардың
ортасында. М. Кустодиев  және  Э.  Грабарь,  Ф,.  Ал.  Малявин,  Остроумова-
Лебедева  болды.,    Ресейлік   империяда   Чугуев   қаласында   ,   Харьков
губернисында   Ефима  Васильевич  Репина(1804—1884)  әскери   көшіп   келген
жанұяда 1844 жылдың (5 тамыздың) 24 шілденің.Илья Репин дүниеге келді.  1855
жылда топографиялық мектепте шұғылданды, бірақ әскери  ауылдарда  қысқартуда
оның  жапты.  13  жазта  Чугуев  кескіндеме  мектебінде  оқыды.  1863  жылда
Петербургтағы Көркем Академиясына  түсті.

   Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:

   1.Орыс өнерінің дамуынемен немен байланысты деп ойлайсың?

   Орыс бейнелеу өнерінде әлеуметтік жағдай қалай көрініс тапты?

   3.И.Шишкин қай жанрда шығармашылықпен айналысты?

   4.Қандай бейнелеу өнерінің түрлері жақсы дамыды?

   5.Репинің шығармашылығы?




   №5 тақырып:Қазақстан бейнелеу өнері.  Қазақстан  суретшілері:  Ә.Қастеев,
Г.Исмаилова, Қ.Телжанов, А.Ғалымбаева және т.б.

   Сабақтын мақсаты: Қазақстан бейнелеу  өнерінің  тарыхында  қалған  атақты
суретшілердің шығармашылығымен танысу.

   Қысқаша  мазмұны:  Әбілхан.  Қастеев  (1904-1973)   –   қазақтың   әйгілі
кескіндемешісі,   график   суретші,   қазақ   бейнелеу   өнерінің    негізін
салушылардың бірі, Қазақ ССР-ы халқының суретшісі.Туып-өскен -  жері  Алматы
облысына қарасты Жаркент қаласының жанындағы Шежін ауылы.  Топырақ  бұйырған
жері Алматы қаласы.1929  жылдан  1931  жылдары  Қастеев  Николай  Гаврилович
Хлудовтың көркем студиясында оқыды (Хлудовтың Қазақстанда  тұрған  кезінде).
Содан кейін білім алуын  1934  -  1937  жылдары  Мәскеу  қаласында  Крупская
атындағы  көркем  студиясында   жалғастырды.Қазақстанның   халық   суретшісі
(1944).  Қазақстан  Суретшілер  одағы  басқармасының  төрағасы  (1945-1956).
Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады.  Москвадағы
көркемсурет студияларында Н.Г. Хлудов пен И. Бродскийден сабақ  алды  (1929-
1936). Халық өмірінің алуан  көріністерін  шынайы  бейнелеген  мыңнан  астам
көркем  туындыларды  дүниеге  келтірген.Әбілхан  қол   өнеріне,   одан   соң
суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша,  бау-
басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға  шебер  адам  болыпты.  Әбілхан
осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына  ою  өрнектер  салуға
көмектесіп, сурет  өнеріне  қолын  үйретіп  өседі.  Оның  1930-1931  жылдары
салған «Қарындастың  портреті»,  «Автопортрет»  атты  туындылары  түпнұсқаға
ұқсастығымен және кейіпкер болмысын ашуға деген  талпынысымен  ерекшеленеді.
Ол бірте-бірте ел өмірінің алуан салалы тіршілік тынысына ден қойып,  тарихи
әлеуметтік өзгерістерге суреткер зердесімен қарай бастайды. Оның  «Мектепте»
(1930), «Түрксіб» (1932), «Жамбыл портреті» (1937), «Ескі және жаңа  тұрмыс»
(1937-1941),  «Амангелді  сарбаздары»  (1970),  «Жас  Абай»  (1945)   сияқты
туындылары дарынды суретшінің  өткен  мен  бүгінді  шыншылдықпен  бедерлеген
көркем  шежіре  іспеттес.Әбілхан   туған   жердің   әсем   табиғатын,   оның
дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен  бедерлей  алған
суреткер. Оның «Биік таулы мұз айдын» (1954)  ,  «Гүл  ашқан  алма»  (1958),
«Менің Отаным» (1959), «Жайлаудағы  автодүкен»  (1963),  «Қапшағай  ГЭС  –І»
(1972) сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар  аударады.
Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана  ерекшеленіп
қоймайды,  сонымен  бірге,  ол  туған  жері  мен   өскен   елін   перзенттік
махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер.Әбілхан Қастеевтің көп  еңбектерін
Алматы қаласы  Т.Г.  Шевченко  атындағы  Қазақ  көркем  галереясынан  көруге
болады.Қастеев есімі  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  өнер  мұражайына
және Қазақстанның бірнеше қалаларындағы көшелерге берілген.

   Гүлфайрус Ысмайылова

   Гүлфайрус  Ысмайлова  Мансұровна-  1929  жылы  Алматыда  дүниеге  келген.
Гүлфайрустың балалық шағы соғыс кезінде өтті.  Әкесі  соғыста  болып,  анасы
бес баланы өзі асырап тәрбиелеумен болды. Осы бес баланың ішінде 12  жастағы
 Гүлфайрус  ең  үлкені  болған.  Бала  кезден  әдемілікке,  әсемдікке  жақын
болып, қабылдаған. Көшеде келбетті  кісілерді  көрсе,  немесе  әжесі  Халида
тігетін  сырмақ , түскиіздер мен алашардың әдемі  оюларың   көріп  бақыласа,
кітап, журналдардан түрлі иллюстрацияларды қарап жүрсе- осының  бәрі  есінде
сақталып отырған.Мектепте оқып  жүргенде  Гүлфайрустың  сүйікті  пәні  сурет
болды, ол әр  түрлі  мектеп  газеттерін  жасап  шығарған,  соғыстанжараланып
келген госпитальдарда  жатқан  адамдарға  арнап  суреттер  салған.1994  жылы
Алматыда суретшілер  училищесінде  оқыған.  Училищедегі  оқу  жылдарын  еске
түсіргенде ең алдымен ,  өзінің  ұстаздарының   ішінен   живопись   өнерінің
профессоры  А.М.Черкасский  және  Л.  П   Леонтьевті   айтады.А.М.Черкасский
әрқашан өзінің оқушыларын   табиғатты,  өмірді,политра   байлығы   мен  оның
бояуын  танып  білуге  шақырған.  Сонымен  қатар  ол  оқушылардың  бойындағы
білімін жетілдіре білген, суретші ретінде  салатын  шығармаларының  мазмұнын
адам өмірімен байланыстырып, өмір  бояуларымен  салып  үйреткен.Гүлфайрустың
қабілеттері  училищеде  оқып  жүрген  кезінен  бастап  ашылды.  Екінші  курс
студенті Ысмайлованың « Туған өлкеге  оралу»  атты  жұмысы  көрмеден  алынып
Т.Г.Шевченко атындағы Қазақ  мемлекеттік  суретшілер  галереясына  қойылған.
Гүлфайрус бейнелеу  өнеріне  ғана  қызықпай,  сонымен  қатар  вокалды  драма
өнеріне  де  қызығушылық   танытқан.   1949   жылы   суретшілер   училищесін
бітіргенде,вокалдық    бөлімінің    консерваториясының    екінші    курсында
оқыған.Бірақ живопиське  деген  махаббаты  өнердің  басқа  жанрларына  деген
қызығушылықтарынан басым түсті,сондықтан  ол  оқуын  бітірген  соң  Москвага
барып,   В.И.Сурикова   атындағы   суретшілір   институтына   оқуға   түсуге
барды.Бірақ  бұл  жылы  түсе  алмайды,себебі,режиссер  М.Донскийдің  «Алитет
уходит  в  горы»  фильміндегі  Тыгрена  рөлін  ойнауға   шақырған   ұсынысын
қабылдайды.Гүлфайрус кинода жақсы жетістіктерге жеткенімен,өміріндегі  басты
ісі-живопись болатынын естен шығармады. Ол өзі  бұл  туралы  былай  деген  :
«... Мен өзімді кино өнерінде, сахнада жайсыз сезінгендігімнен сурет  өнерін
тандап отырған жоқпын. Көп ойланып, қай жағынан өзімнің қабілеттерімді  ашып
көрсете аалармын деп ойлап, түсіндім  –  живопись  өнерінде.  Мұнда  менжеке
шығармашылық тұлғамын, ешкімнің идеясы мен нұсқауларымен  жүрмеймін»  дейді.
 "Біржан мен Сара" олерасындағы вйелдер костюмінің зскизінен жанды дз  көңіл
ашар езіндіо таңба бірден көзге  ұрады.  Бозбаланың  билеген  әуеніне  құлақ
түрген жас  қыз-келіншектер  риясыз;  миысыл,  бойжеткен  болса  әлдебір  ой
құшағында. Бұлайша берілуінде эскиздер жұмыс  сипатынд  құр  парзқтар  емес,
одан Гүлфайрус  Исмаилова  талангының  даралығы  танылды,Суретшінің  таланты
сценографияның кұрделі кәсіби  тілімен  асқақ  сөйлейді,  ол  мынадай  тұрғь
ашылады. Театрға тәи, Гүлфайрус Исмаилованың  дуние  танымына  жақын  жоғары
мэн-мағына.  дәл  о  ның  өзі  оның  алуан  тұрлі   спектакльдеріне   ерекше
мақсаткерлік. ал оның театрдағы шығармашыі жолына дамудың  ашық  та  танымал
жуйесін синтездеу мен ауқымдылық сипатын  береді.Декорацияларда  халық  ауыз
әдебиетін барлық көркемдігі, оның байлығы  мен  табиғилығын  салтанат  құруы
өзінше көрініс табады.Сахналық жанр ретіде костюм эскиздерің  сәнін  келтіру
оның  спектакльмен  жұмыс  істеуің   шығармашылық   урдісінің   ерекшелігіне
айналды.Әрбір костюм жай ғана киім  емес,  ол  кейіпкердің  бейнесімен  және
актердщ тұлғасымен, ике» деректерімен  сомдалған.Костюм  эскиздерін  жасауға
осындай тұрғыда келу сахнада ойнау ауанын, ұйғарыл сахнаны  ойша  шопып  алу
қабілетін ашады және  бұл  Исмаилованың  соны  шығармашылық  шешімі  тур  лы
айтады. Мақсатқа  жетуге  талпынуға.  кейіпкердің  басқа  актерлермен  бірге
сахнадағы іс-қимылыі-л мумкін болатын ойын ауанын беруге  Исмаилова  жасаған
костюм эскиздері септігін тигізеді,  мұныоні-шығармашылығының  толайым  жеке
жанры десе  де  болады,  Театрдың  жумысы  мен  станкілік  өнерінің  шегінде
теңдестірілетін оның эскиздерінде театр идеялары мен  шарттылығын  станкіпік
ші  ғарманың  мумкіндіктерімен  синтездейтін  жанрды  дамытудың   әрекеттері
жатыр. Қызықты шеішде ош бағыттағы ізденістер оның Дж. Пуччинидің  "Чио-Чио-
сан" операсына арналған костюмдер цикяы да (1973) айқын керініс тапқан.
   Қанапия Телжанов
   Телжанов Қанапия Темірболатұлы (1927 жылы туылған, Шығыс Қазақстан облысы
Уалиханов ауданы) ) – кескіндемеші,  қазақ  монументті  кескіндеме  өнерінің
негізін салушылардың бірі, педагог, қоғам қайраткері, Қазақ КСР-інің  (1963)
және  КСРО-ның  (1978)  халық  суретшісі,  КСРО  Көркемсурет   академиясының
корреспондент мүшесі (1967),  Халықаралық  жоғары  мектебі  ҒА-ның  құрметті
(1995) және ҚР ҰҒА-ның (2003)  академигі.  Әкесі  Т.Телжанов  белгілі  қоғам
қайраткері. Суретшілік өнерге деген  қабілет-икемі  бойынан  ерте  байқалған
Телжанов  1937  жылы   КСРО   Көркемсурет   академиясы   жанындағы   дарынды
жасөспірімдер көркемсурет мектебіне қабылданды. 1941 – 44 жылы  эвакуациямен
Ресейдегі Киров облысының Халтурин  ауданындағы  Русаново  селосында  тұрды.
1947 жылы Алматы көркемсурет училещесін (педагогы Л.П.  Леонтьев),  ал  1953
жылы  Ленинградтың  (қазіргі  Санкт-Петербургтің)  кескіндеме,  мүсін   және
сәулет өнері институтының кескіндеме факультетін  (академик  М.И.  Авиловтың
шеберханасы бойынша) бітірген. 1953 –  1958  жылы  Алматы  театр-көркемсурет
училещесінде  ұстаз,  1964  –   1968   жылы   Қазақстан   Суретшілер   одағы
Басқармасының төрағасы, КСРО  Суретшілер  одағы  Басқармасының  хатшысы  әрі
мүшесі  (1964  –  1986)  болды.  1973  –  1986  жылы  Қазақтың   көркемсурет
галереясының (қазіргі ҚР Мемлекеттік өнер  музейі)  директоры.  1978  жылдан
Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтында пед. қызметпен  айналысты:
бейнелеу өнері (1978 – 1993), одан кейін академ. кескіндеме  (1993  –  2000,
Қазақтың мемлекеттік көркемсурет академиясында, 2000 жылдан –  Қазақ  ұлттық
өнер  академиясында)  кафедраларының  меңгерушісі;  1981  жылдан  профессор.
Алғашқы көркем шағын жанрлық туындысы –  “Жамал”  картинасы  (1955,  Мәскеу,
Третьяков галереясы) арқылы одаққа танылды. Қазақ  бейнелеу  өнеріне  елеулі
бетбұрыс әкелген “Еңбек адамдары”  атты  топтамасына  (“Атамекен”,  “Домбыра
әуендері”, екеуі де 1958; “Көкпар”, 1960; “Тыныштық”  1964;  “Кеңес”,  1966)
1967 жылы Қазақ КСР-і  Мемлекеттік  сыйл.  берілді.  Төңкеріс  тақырыбындағы
монументті  полотнолардың  “Қазақстан  1918  жылдары”   (1957),   “Революция
күзетінде” (1980 – 81), “Бастау”  (1967),  “Қазан”  (1970),  “Бозаралдықтар”
(1972) атты триптихтердің, тұрмыстық (“Бүркіт салу”, 1964; “Қыз қуу”,  1966)
және ұлттық  (“Абылай”,  “Бостандық  үшін”,  1990)  тақырыптағы  еңбектердің
авторы. Телжанов жеке басқа табынушылық кезеңінің қасіретіне (“Yйде”,  1965)
алғашқылардың бірі болып қылқалам  тартқан  суреткер.  Телжановтың  “Алғашқы
рет” (1954), “Қарлығаш” (1958), “Күн сәулелі өлкеде” (1960), “Жеңіс”  (1975,
“Төңкеріс күзетінде – 11” (1988), т.б.  туындыларынан  лиризмге  толы  асқақ
поэзия байқалады.  Суретші  кескіндемелік  монументті  картиналарымен  қатар
графикалық еңбектер (“Венеция” графикалық топтамасы, 1961)  жасаған.  Әскери
жанрдағы еңбектері үшін 1968 жылы М.Б. Греков  атындағы  күміс  медальға  ие
болған. Телжанов “Қазақстанның бейнелеу өнері” (М., 1974; қазақ,  орыс  және
ағылшын тілдерінде) және  “Қазақ  КСР-інің  мемлекеттік  өнер  музейі”  (А.,
1981; қазақ, орыс,  неміс,  француз  және  ағылшын  тілдерінде)  альбомдарын
құрастырып, алғы  сөзін  жазды.  1949  жылдан  Телжанов  шығармалары  респ.,
бұрынғы ТМД елдерімен қатар халықаралық көркемсурет  көрмелерінде  (Венгрия,
(Венгрия,  Финляндия,  ГДР,  Үндістан,  Чехословакия,  Румыния,   Югославия,
Польша, Бельгия, Цейлон, Бирма, Швеция, Дания, Ауғанстан, Моңғолия,  Канада,
Мексика, т.б.) қойылған.  Телжановтың  картиналары  Қазақстанның  (негізінен
Алматы  қаласындағы  ҚР  Мемлекеттік  өнер  музейінде),   Ресейдің   (Мәскеу
қаласындағы  Третьяков  галереясында)   мұражайларында   және   шетелдердегі
жекеменшік галереялар қорында  (АҚШ,  Қытай,  Жапония,  т.б.)  сақтаулы.  ҚР
Үкіметі жанындағы бейнелеу және  сәулет  өнері  саласы  бойынша  Мемлекеттік
сыйлық жөніндегі комитеттің (1962 жылдан), КСРО Министрлер Кеңесі  жанындағы
әдебиет пен өнер  саласы  бойынша  Лениндік  сыйлықты  тағайындау  жөніндегі
комитетінің (1964 – 1968) және Дүние жүзі мұражайлары халықаралық  кеңесінің
(1982, Мәскеу қаласы) мүшесі болды. 6  –  7-сайланған  Қазақ  КСР-і  Жоғарғы
Кеңесінің депутаты. “Отан”, “Парасат”,  Еңбек  Қызыл  Ту,  “Құрмет  белгісі”
ордендерімен және медальдармен марапатталған.
   Айша Ғалымбаева
   Айша Ғарифқызы Ғалымбаева (29.12.1917 жылы  Алматы  облысы,  Еңбекшіқазақ
ауданы, Есік ауылында  дүниеге  келген  -  2008  жылы  қайтыс  болды)  Қазақ
қыздарының ішінен суретшілік мамандықты тұңғыш  рет  игерген  және  қазақтың
халық суретшісі атағын да бірінші болып алған кескіндемеші-суретші. 1943  ж.
Алматының  көркемсурет   училищесін,   1949   ж.   Мәскеудегі   Бүкілодақтық
кинематография институтының сән өнері бөлімін  бітіріп,  суретші-көркемдеуші
деген мамандық алып шығады. 1949-66  жж.  Алматы  көркемсурет  училищесінде,
1966-69 ж. қазақтың Абай атындағы педагогикалық  институтында  сабақ  берді.
Ол кісі кескіндемеші - суретші ғана емес, сонымен қатар кино  суретшісі  де.
"Абай әндері" фильмнің сюжеті бойынша "Билер  соты",  "Келін  түсіру  кеші",
"Той", "Айтыс", "Кездесу" сияқты шығармаларын жазып,  фильмнің  декорациялық
эскиздерін жасады. 1958 және 1976 жылдары "Қазақтың  ұлттық  киімдері"  атты
альбомы жарық көрді. Айша Ғалымбаева шығармаларының өзекті  арқауы  —  қазақ
әйелінің образы. Бұған  "Қозы  Көрпеш  —Баян  сұлу",  "Шабандоз  қыз",  "Бұл
Шұғылада болған еді", "Дала қызы"  фильмдеріне  жасалған  эскиздері,  "Күләш
Байсейітова",   "Халық   шебері   Б.Басенованың   портреті",   "Г.Разиеваның
портреті","Батыр Ана", "Ардақты ана",  "Сәукеле"  т.  б.  шығармалары  дәлел
бола алады. "Көктем мен күз",  "Үш  ғасыр"  атты  натюрморттың  авторы.  Кез
келген еңбегінде Ғалымбаева халық өнеріне,  ғасырлар  бойы  сақталып  келген
сарқылмас қазынаға деген ерекше сүйіспеншілігін аңғартады. "Біз  заманымызды
мақтан етеміз", "Бір кесе қымыз" атты суреттері  бүгінгі  өмірдің  сұлулығын
жырлайды.  1966-67  ж.  "Үңгіртас   тауларында",   "Болашақ   совхоз"   т.б.
еңбектерінде  табиғат  көрінісін  сезіммен  жазды.  Қазақ  КСР   Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты (1973). А.Ғалымбаеваның ерен  еңбегін  меценаттар  клубы
ескеріп, 2003 жылы тәуелсіз "Тарлан" сыйлығымен марапаттады.

   Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:

   1.Суретші Ә.Қастеев шығармашылығы жөнінде әңгімеле?

   2.Қазақстан бейнелеу өнеріндегі тұнғыш суретші  қазақ  қызы  А.Ғалымбаева
шығармашылығының орны?

   3.Қазақстан бейнелеу өнерінің дамуына Г.Исмаилоавнын үлесі қандай?

   4.Қай жанрдағы сурет үнайды не себептен?




   №6 тақырып:Бейнелеу өнерінің техникасы және негізгі ұғымдары.

   Сабақтың мақсаты:  Бейнелеу  өнерінің   техникасымен  таныстыру,пайдалану
ретің үйрету.

   Қысқаша мазмұны:Сурет салудың негізгі тәсілдерінің бірі-  сызық  жүргізу.
Жіңішке сызықтар  жүргізу  арқылы  болашақ  пішіннің  нобайы  жасалады.  Осы
сызықтармен  негізгі  пропорциялар  белгіленіп,  суреттің   жеке   бөліктері
салынады.Сызық  жүргізу  арқылы  сурет  кейпі  белгіленеді.  Пішіннің   түрі
түсетін жарыққа қарай өзгеретіндіктен, сызықтың  түрі  де  өзгереді.  Мұндай
сызық   немесе   кеңістік   сызық    деп    аталады.    Штрихтардың    басқа
сызықтардан(сызба  сызықтарынан)айырмашылығы-   мұның   кеңістік   сипаттары
көбірек.Мәселен,сызықтар  мен  өзіндік  дербес  мәні  бар  ұзын   сызықтарды
айтсақ,ал  штрих-қысқа  сызық,әрі  ол  басқа  штрихтармен  бірлестікте  ғана
белгілі  бір  мәнге  ие  бола  алады.Басқаша  айтқанда,  сызықтар   пішіннің
шекараларын белгілеп,олардыңсұлбасын(контур)жасаса,ал штрихтар тобы  пішінге
өң-рең береді.Сөйтіп,  женіл,болар-болмас  көрінетін  сызықтардың  көмегімен
болашақ жалпы пішін, қимыл-  қозғалыс,  кеңістік  беріледі.Штрихтарды  оңға,
солға немесе төмен (өзіңе қарай ) сызуға болады, ал қарындаштың ұшын  жоғары
қарай (өзінен  әрі  қарай)  жүргізуге  болмайды.  Егер  штрих  сызығы  дұрыс
жүргізілмеген болса, оны өшірмей-ақ дәл сол жанынан екінші  сызық  жүргізген
дұрыс. Сонда жіңішке жүргізілген алғашқы дәл емес  штрих  сызықтары  суретке
қараған көзге түспейді де,  сурет  салынып  біткенде  ол  сызықтар  көрінбей
қалады.Штрихтар мен нәрсенің түрін, жарық пен  көлеңкені,  нәрселердің  рең-
бояуындағы үйлесімін, қандай материалдардан  жасалғанын,  суреттегі  түрліше
көлеңкелерді, түсер қатынасын қарандашпен  бірқатар  штрихтар  жасау  арқылы
болады.  Сонымен,   штрих  дегеніміз-суретке  салынатын  заттың  объектісін,
яғни, оның сурет салушыдан қанша қашықтықта тұрғандығын, қандай  материалдан
жасалғандығын сыртқы және түсін  белгілейтін  сызық.       Штрихтың  қоюлығы
мен жиілігі, бағыты нәрсенің  нендей  материалдан  істелінгегдігі  мен  оның
бетінің өзіне тән ерекшелігін көрсететіндей болуы керек.


   Суретті қалай түзету керек

   Негізінен, бұрынғы салынған  пішінді  кетірмей-ақ  қарындашпен  түзетеді.
Егер де  алғашқы  белгіні  кетіретін  болса  жіберілген  қателік  қайталануы
мүмкін. Өшіргіштердің ақ және сұр жұмсақ түрлері қолданылады.  Егер  өшіргіш
қатты болса екі-үш күн  бензинде  ұстап  жұмсартуға  болады.  Сонымен  қатар
қолданғанда ыңғайлы болуы үшін  шетін  ұштап  кеседі.  Мұндай  өшіргіштермен
жіңішке штрихтарды, кішкентай бөлшектерді кетіру оңай.




   Перомен сурет салу.

   Перомен салынған суреттерді  кітаптардан,  газет-журналдардың  беттерінен
көруге болады. Бұл графиканың ең көп  тараған  түрі.  Мұндай  әдәсті  атақты
жанды бейне шеберлері,  соның  ішінде  Рембранд  тамаша  меңгерген.  Перомен
сурет салу техникасы әр түрлі: түзу немесе  үзік  қара  сызықтар,  әр  түрлі
бағыттағы штрихтар, кейде тушпен  бояу.Мұндай  техникада  кеңістік  сызықтық
перспектива арқылы ғана емес, сонымен қатар  әр  түрлі  реңде  және  бағытта
салынған штрихпен де беріледі. Алыстағы көрініс  /дальный  план/  өте  жеңіл
кейде үзік сызықтармен, ал жақын көріністер /передний план/ қою  штрихтармен
көрсетіледі. Перомен сурет салу ерекше  назарды,  ұқыптылықты  қажет  етеді.
Сурет салушыны нақты бейнеден  ең  маңыздысын  таңдап  алуға  мәжбүрлеп  көз
мөлшерін дамытады. Сонымен қатар мұндай суреттердің қатандыққа,  дәлдік  пен
сенімділікке тәрбиелеуде маңызы зор. Тушь штихтары  өшіргішпен  өшірілмейді,
сондықтан да бұл әдісте қате  жіберуге  болмайды.  Нобайлар  мен  суреттерді
бірден перомен салса, шынайы көрінеді. Егер де ұзақ  мерзімді  сурет  болса,
тек қана қатты қарындашпен  белгі  салынады.  Қарындашпен  сурет  салғандағы
сияқты,  перомен  жұмыс  негізгі  пропорцияларды  нүктелермен  немесе  қысқа
штрихтармен белгілеуден бастайды. Содан  соң  жартылай  көлеңкені  көрсетіп,
әрмен қарай жетілдіреді. Штрих  бағыттарыф  заттың  пішініне  сәйкес  келген
жөн. Перомен сурет салу тығыз және теріс қағазға  орындалады.  Өйткені  перо
қағаз бетінде еркін қозғалып, тушь жайылып кетпеу керек. Сондықтан да кедір-
бұдырлы, әр түрлі дақтары бар қағаз жарамсыз.

   Қылқаламмен бір түсті сурет салу/гризайль/

   Жалпақ акварель қылқаламымен / 16-20/қоныр немесе қара түс  арқылы  нобай
суреттерді салады.Жалпақ акварель қылқаламымен(16-20) қоныр немесе қара  түс
арқылы нобай суреттерді салады. Жалпақ акварель  қылқаламымен  салу  себебі,
жіңішке қылқаламмен салған суреттің сызықпен салынған суреттен  айырмашылығы
болмай қалады. Сондықтан да жалпақ  қылқаламымның  мүмкіндігі  мол,  көлемді
бөлшектерді бояп, жіңішке сызықтарды  да  түсіре  алады.  Қылқаламмен  жұмыс
істеу  сурет  салушыдан   жинақтылықты,   шығармашылық   икемділікті   талап
етеді.Бұл техникамен сурет салуды қылқаламды жеңіл  тигізу  арқылы  бейненің
көлемін,  пішіннің  негізгі  бөлшектерін  белгілеуден  бастайды.  Содан  соң
күңгірт рең арқылы көлеңке жерлерің көрсетеді, қылқаламның ұшы арқылы  айқын
көрінетін  шеткі  сызықтарын  шығарады.  Өте  тез  салынатын  нобайлар  үшін
планшетке  әр  қағазды  жеке-жеке  бекітпей,  бірнеше  данасын  шеге  арқылы
ұсатқан тиімді. Өйткені, дайын  нобайды  тез  алып  тастап,  жаңасын  бастау
оңай.  Гризайль  техникасымен  тек  қана  нобайларды  емес,  сонымен  қатар,
этюдтар мен ұзақ мерзімді суреттерді де орындайды. Бұл,  әсіресе  қандай  да
болмасын бояу  түрімен  сурет  салып  үйренердің  алдында  тиімді.  Оқушылар
бояудың қасиетін, ерекшелігін, мүмкіндігін түсініп біледі.

      Көмірмен сурет салу

   Көмірмен сурет салу графиканың бір  түрі  болып  табылады.  Көмір  арқылы
жіңішке, анық штрихтарды түсіріп, саусақпен де жағуға болады.  Көмірмен  тек
ақ қағазға ғана емес, сонымен қатар  түсқағазға,  кенепке,  картонға  салуға
болады. Көмір шүберекпен оңай сүртіледі, ал  өшіргішпен  кетіруге  болмайды,
қағаз бетін  ластап  тастайды.  Көмірмен  салынған  суреттер  ұзақ  мерзімге
шыдамайды, оны бекіткіштер арқылы бетін жабу қажет.







   Гуашь

   Гуашь- желім араласқан бояу. Оның құрамындағы желім байланыстырғыш қызмет
атқарады. Сондықтан да акварель сияқты гуашьпен  жұмысты  негізінен  қағазға
немесе  картонға  орындайды.  Ал,  айырмашылығы  гуашь  түстері   бірін-бірі
жабады, мөлдір емес. Гуашь  бояулары  кепкен  кезде  ағарады.  Бұл,  әсіресе
затқа қарап салынған кезде ағарады. Сол себептен, гуашь, пен жұмыс  істердің
алдында жаттығу жумыстарын жасап, түстердің  қаншалықты  ағаратынын  анықтау
қажет. Гуашь сәндік-көркемдеу жұмыстарында  кеңінен  қолданылады,  Бірақ  та
шрифт жазу немесе өрнек  салу  үшін  үлкен  жазықтықтарды  бояп,  жаба  білу
керек.  Ол  үшін  гуашьты  бөлек  ыдысқа  салып,  керекті   қоюлықты   сумен
араластырады. Егер де бояуды  бірден  ыдысынан  алып  жақса  бір  жері  қою,
екінші жері сұйық болуы мүмкін. Бояуды жалпақ қылқаламмен, бір жаққан  жерге
екінші рет қайталмай тез жағады.

   Темпера

   Темпера  деп  құрамында  байланыстырғыш   ретінде   әр   түрлі   эмульсия
араластырған бояуларды атайды.Құрамы бойынша майлы бояу мен желім  араласқан
бояулар    аралығында    болып    келеді.Темпераны    сумен     араластырып,
қағазға,картонға және  кенепке  салуға  болады.Темпераны  майлы  бояу  пайда
болғанға дейін кеңінен қолданады.Бірақ та майлы бояудың кейбір  кемістіктері
болғаннан   кейін,19    ғасырдың    соныңда    темпераны    қайта    қолдана
бастады..Темперамен жұмыс ерекше жүйені  қажет  етпейді,сондықтан  да  сурет
салушы    еркіндікте    жұмыс    жасайды.Темпера    түстері,майлы     бояуға
қарағанда,біршама  қосымша  түстерді  шығара  алады.Бөлме   ішінде   қабырға
сурет(роспись)  салуда  темпера  қабырға  жазықтығымен  өте  сәйкес  келеді.
Сондықтан да темперамен орындалған шығарма, майлы бояуға  қарағанда,  тамаша
көрінеді.

   Пастель

   Пастель- қағазға  оралған  түрлі  түсті  қарандаштар.  Оларды  дайындауға
акварельдің  де,гуашьтың  да  құрамына  кіретін  құрғақ  ұнтақтар-пигменттер
пайдаланады. Пастельдің  байланыстырғыш  заттары-  арабшайыр  (гуммиарабик),
декстрин, қант және сүт болып табылады. Ал түсаралық  реңдер  дайын  күйінде
болады. Сондықтан да,ереже бойынша түстер этюдта  араластырылмайды,  соңынан
жағылған түс, астыңғы түсті жауып кетеді.Бірақ та  кейбір  аздаған  жерлерін
саусақпен уқалап араластыруға  болады.  Пастельмен  сурет  салуға  негізінен
сұр, кедір-бұдырлы қағазды қолданады. Мұндай  қағаз  болмаған  жағдайда  оны
қолдан дайындауға болады. Ол үшін ватман немесе қарапайым қағазды,  картонды
алып бетін жауып, оғанұннан жасалған клейстерді немесе кезеинді, сұр  бояуды
араластырып,   жалпақ   қылқаламмен   жағады.   Пастель   бояу    ластанатын
болғандықтан, этюдтарды әйнектің астында  сақтау  керек  немесебояу  қабатын
бекіту қажет.

   Майлы бояумен жұмыс

   Майлы бояуды пигментті  зығыр  майымен  араластыру  арқылы  алады.  Майлы
бояудың әдістері әр түрлі: майлы бояумен жұқалатып немесе керісінше,  кедір-
бұдыр етіп (мазок) жазуға болады.  Майлы  бояудың  бір  қасиеті  акварельдей
емес,ұнамаған  бояу  түсін  қалақша(мастихин)  арқылы  алып  тастап   немесе
үстінен өңдеп, қайта жазуға болады. Майлы  бояудың  кебу  жылдамдығы  ондағы
майдың мөлшерімен, пигменттің химиялық құрамымен байланысты. Майлы  бояу  15
ғасырдан бастап қолданыла басталды. Майлы бояу екі түрге  бөлінеді:  езілген
ұсақ бояу және эскиздік.Бірінші түрі ең жақсы  майлы  бояу  болып  табылады.
Сонғысы онша жауапты жұмыстарға арналмаған бояу.




   Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:

   1.Сурет салу кезінде қандай құрал-жабдықтар қолданылады?

   2.Перомен,көмірмен,гуашьпен,темперамен,пастельмен,акварельмен,майлы
бояумен сурет салудың айырмашылықтары?

   3.Темперамен сурет салуға қандай материалдар жарамды?

   4.Қазақстан майлы бояу шеберлерінен кімдерді білесін?

   5.Майлы бояумен жұмыс

    Тәжірибелек жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.

   №1 тәжірибелік  жұмыс:

   Тақырып  :  Композиция   және   перспектива.Композициялық   заңдылықтары,
құралдары,әдістері. Сызықтық және кеңістік перспектива.

   Сабақтын мақсаты:Студентерге композиция және перспектива  туралы  түсінік
беру, оларды пайдалану зандылықтарымен таныстыру.

   А)Қысқаша мазмұны:Композиция-(латын тілінде «құрастыру,тәртіпке  келтіру»
деген мағынаны білдіреді)- шығарманыңқұрылысы,  оның  негізгі  бөлшектерінің
орналасуы, оқиғалардың баяндалу реті. Суретшінің  қолында  композиция-көркем
құрал. Ол композиция арқылы кейіпкерлердің міңез-құлкын,  іс-әрекетін  ашып,
бейнелеп отырған  өмір  құбылыстардын  өз  түсінігінше  жеткізіп  көрсетеді.
Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның неғурлым  айқын,нанымды,
әсерлі  шығуына  жағдай  жасайды.   Қарапайым   тілімен   айтқанда,   көркем
шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан  бөлшектерден  тұрса,  композиция  сол
бөлшектерді  өзара  құрастырып,  біртұтас  етеді.   Жұмысты   бастар   кезде
композицияның  орны  ерекше,  ал  қалған  салалары   соған   байланыстылығын
ұмытпаған жөн. Сондықтан да суретші, нақ нұсқаны қойып, өз орнын  белгілеген
соң, салынар суретті қағаз бетіне қалайша әсерлі орналастыруды  ойластырады.
Композицияның негізгі талабы-шығарманың  көркемдік  бірлігін  табу.  Шығарма
авторы   сурет,кескіндеме,роман,пьеса,   симфония,т.б    болсын,    солардың
жекелеген бөліктерін біріктіріп, тұтас бір әсер  беретіндей  ету  немесе  әр
қилы дүниелерден ортақ бір композициялық ойға бағындырылған  шығарма  жасау.
Бұл  үшін  суретші  алдымен  композицияның  орталық  нүктесін  табу   керек.
Композицияның қалған  бөлікткерін  соған  байланысты  құрады.  Композициялық
орталықты қандай тәсілмен анықтау әр  суретшінің  өз  қалауы.  Кейде  кейбір
картинаның шебер де, нәзік орындалғаны сондай, композициялық орталықты  табу
оңайға  түспейді.  Ешқашан  да   карнаның   композициялық   орталығын   оның
геометриялық орталығыментоптастыруға болмайды. Көп  жағдайда  сәйкес  келеді
де.Сондай-ақ  композициялық  орталық  тақырыптық   орталықпен    де   қабыса
бермейді.  Ал  геометриалық,  композициялық   ,   тақырыптық   орталықтардың
тақырыптық  орталықтардың бір жерден шығуы сирек құбылыс.  Мұндай  қабысудың
классикалық үлгісінен  мысал  келтірейік.16  ғасырда  Италияда  әлемнің  ұлы
суретші Леонардо да Винчи өмір сүріп, жұмыс істейді .  Бірнеше  жылдар  бойы
«Құпия кеш» атты үлкен картина –фреска жасаумен айналысты.

   Перспектива

   «Перспектива»  сөзін  латын  тілінен  аударғанда  «анық  көремін»   деген
мағынаны білдіреді.Перспектива сурет  салушыға  кез  келген  бейнені  өмірде
қалай көрсек, дәл солай бейнелеуге мүмкіндік туғызады.Қайта өрлеу  дәуірінің
суретшілері  Пьеро  делла  Франческо,  Леонардо  да   Виньчи,  А.Дюрер  және
оқытуға көп үлес қосты. Перспективаны түсіну үшін ең алдымен көкжиек  сызығы
жөніндегі  білу  керек,  өйткені,  барлық  перспективалық   құрылыс   осыған
байланысты. Көбінесе көкжиек жөніндегі айтқанда, аспан мен жердің  шектескен
сызығы  жөнінде  ой  туындайды.Ал  негізінен  алып  қарағанда,  географиялық
көкжиек  перспективалық  көкжиекпен   байланысты.   Перспективалық   көкжиек
барлығын жоғары жағынан және  төменгі  жағынан  көрінетін  заттарға  бөледі.
Перспективалық көкжиек сызығы әр  уақытта  көз  деңгейінде  орналасқан.  Оны
қалай анықтауға болады ? Ол  үшін  стаканға  су  құйып,  оны  көз  денгейіне
жақындату керек. Егер де оған жоғарыдан немесе төменнен қарайтын болсақ,  су
беті эллипс пішінді болады. Ал  дәл  көз  денгейінде  болғанда,  түзу  сызық
болып көрінеді.Егер адам  отырса  перспективалық  көкжиек  төмендейді,  егер
жоғары қарай шықса жоғарылайды.  Перспективалық  көкжиектен  төменде  жатқан
барлық  көлденең  сызықтар  бақылаушыдан  алыстаған  сайын  жоғарылайды,  ал
жоғарыда  жатқан  сызықтар  төмендейді.Барлық  параллель  көлденең  сызықтар
бақылаушыдан   алыстаған   сайын   көкжиек    сызығына    жақындап,    сонда
түйіседі.Мысалы, көкжиек сызығына қиғаш орналасқан үй  суретін  салса,  оның
әр екі қабырғасының өз түйісу нүктесі болады. Ал  тік  сызықтар  әр  уақытта
параллель күйінде қала береді.  Көлденең  орналасқан  шеңбер  переспективада
эллипс түрінде  көрінеді  Сурет  салушыға  көлеңке  перспективасын  да  білу
керек. Күн жерден өте алыста болңандықтан, оны сәулелерін параллель  ретінде
қабылдаймыз.  Жасанды  жарықтан  түскен  заттардың   көлеңкелері   жан-жаққа
түседі. Оның өлшемін жарықтан шыққан түзулер арқылы анықтйды.Неғұрлым  бейне
жарыққа жақын болса, солғұрлым  көлеңке  үлкейеді.Сонымен  қатар,  заттардың
сәулелерінде де перспектива  заңдылықтары  бар.  Суда  өсіп  тұрған  ағаштын
сәулесі дәл  сол  күйінде  қарама-қарсы  бағытта  көрінеді.  Бөлме  ішіндегі
заттар да переспективаның жалпы заңдылықтарында бағынады. Бөлмедегі  көкжиек
сызығы да көз деңгейіне өтеді. Адам денесін, басын салғанда  да  перспектива
өзгерістерді ұмытпаған  жөн.  Міне,  бұл  айтылғандар  сызықтық  перспектива
туралы.Сонымен қатар, сызықтық перспективамен  бірге  ауа  перспективасы  да
сурет салуда үлкен орын алады. Заттар бақылаушыдан  алыстаған  сайын  өзінің
айқындылығын жоғалтып бұлдырай түседі. Қою түсті заттар алыстағанда   салқын
реңге / көбінесе көгілдір, кейде қою  көк  /,  ал  ашық  түстер  жылы  реңге
айналады.Түстер мен көлеңкелер, заттардың материалы  алыстаған  сайын  дұрыс
көрінбей, тұтасып кетеді, силуэтке айналады. Егер заттарды ашық  түстер  мен
бөлшектерін анық көрсетіп бейнелесе, жақын  жерде  тұрған  сияқты  көрінеді.
Керісінше  бұл  қасиеттерді  жоғалтса,  олар  бізден  алыстайды.Сурет   салу
кезінде осы  екі  перспектива  заңдылықтары  толық  жүзеге  асса,  жұмыс  өз
дәрежесінде орындалады. Сол себептен перспектива қандай да болмасын  суретке
маңызға ие.

    Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:

   1.Композиция деген не?

   2.Композиция бейнелеу өнерінде қандай рөл атқарады?

   3.Композицияның негігі зандылықтары қандай?

   4.Перспектива дегеніміз не?

   5.Перспектива қандай түрлерге бөлінеді?

   Б)Студентерге тапсырма:Песпективаны пайдаланып табиғат көрінісің салу.




   №2  тәжірибелік  жұмыс:
     Тақырып: Негізгі түстер. Хроматикалық және ахроматикалық түстер. Жылы
және суық түстер.
Сабақтын мақсаты:Түстерді ажыратуға,оларды бөліну ретіне үйрету.
А)Қысқаша мазмұны:Негізгі  түстерге;  қызыл, сары, көк  түстер  жатады.
Бұл  түстер  бояу  қосындыларынан  алынбайды.
 Қосынды  түстер  деп негізгі  түстерді  бір-біріне  қосу  арқылы   алынатын
 түстерді  айтамыз.  Мысалы: сары + көк  =  жасыл;  қызыл+  сары  =  қызғылт
сары;  көк+қызыл =сия көк.
Ахроматикалық   түстерге   түссіз   түстер:   ақ  ,сұр,   қара    түстерінің
реңдері  жатады.

Хроматикалық  түстерге; түрлі түстердің бәрі жатады.

 Контраст  түстер  яғни қарама-қарсы түстер.  Мысалы:   қара-ақ;  қара-сары;
қара-қызыл; көк-ақ; көк- сары т.б.
   Салқын  түстер  деп  мұз,  қар,  су,  аспан  түстерін  яғни   көгілдір  ,
көк, күлгін , көкшіл жасыл  түстерін  айтамыз.

  Жылы  түстер  деп   күннің,   оттың,   қызған   темірдің   түстерін   яғни
сары,    қызғылт   -    сары,     сарғыш      жасыл,      қоңыр     түстерін
жатқызамыз.

Қосымша  немесе  бір-бірін  толықтыратын   түстер   деп   спектр  шеңберінде
орналасқан,   қарама-қарсы  тұрған  түстерді  айтамыз.
Мысалы:  қызыл- жасыл,  көк-сары,  қызғылт-сары-көгілдір т.б.
Түс     үйлесімділік     қасиетін   меңгергеннен     кейін    «Жіп    сурет»
техникасын    тігу  барысында   пайдаланылатын  жіптерді   контраст   түспен
аламыз.
Жұмыстың   аясына   салқын   түстерді   қолданамыз   олар:   көк,  сия  көк.
Ахроматикалық  түстен   қара    түсті   қолданамыз.    Өрнек,    суреттердің
түстерін   жылы  түспен   анық    шығу  үшін   сары,  қызғылт-сары,   қызыл,
ашық  жасыл түстерін  пайдаланамыз. Себебі  жылы
түстермен   жасалған   бейне   бірінші   планға   шығып    тұрған    тәрізді
анық   әсер  қалдырады.  Композиция   құру  барысында     міндетті     түрде
бұрыштың,   шеңбердің,  доғал,  сопақшаның  ішін    толтыру   бағытын  жетік
меңгеруіміз керек. Ол үшін мына  сызу үлгілерін     үйренеміз.
    Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:
   1.Хроматикалық және ахроматикалық түстерге кайсысы жатады?
   2.Қосымша түстерге қайсы жатады?
   3.Контрасты қалай түсінесің?
   4.Киім үлгісінде неше түс болу қажет?
   5.Қазіргі танда киім үлгісінде түстердің үйлесілімділігі қажет пе?

   Б)Студентерге тапсырма:Түстану плакатын жасау.

   №3  тәжірибелік  жұмыс:

   Тақырып:Жарық, көлеңке заңдылықтары

   Сабақтын мақсаты:Студентерге жарық және көлеңке заңдылықтарын  тәжірибеде
қолдануға,алған білімдерін сабақта пайдалануғаүйрету.

   А)Қысқаша мазмұны:Жарық ,көлеңке - бейнелеу өнерінде  заттардың  көлемін,
пішінін  шынайы  көрсету   үшін   немесе   (туындыда)   суретте   кеңістікті
(перспективаны)  білдіру   үшін   қолданылады.Егер   геомериялық   денелерді
жазықтық бетіне тек сызықтармен бейнелеп  қойсақ,  онда  ол  денелер  сымнан
жасап қойған тәрізді  болады.Осы  денелер  бейнесіне  жарық,  көлеңке  реңін
түсіріп бояу арқылы ол денелердің  кеңістіктегі   шынайы  пішінін,  көлемін,
қандай   материалдан   жасалғанын   жазықтық   бетінде   көрсетуге   болады.
Бейнелейтін оъектілердің жарық түсіріп тұрған  жағы  жарық  деп,  ал  екінші
қарама-қарсы  жағы  көлеңке  деп  аталады.  Заттың  жарық  көзінен  сәулелер
түспейтін жақтары меншікті көлеңке деп аталады. Жарық  түсіп  тұрған  заттан
екінші заттың бетіне түсетін көлеңкені түспе көлеңке  деп  атайды.  Жарықтан
көлеңкеге ауысар жері шала көлеңке деп аталады. Мөлдір  нәрселерге  жарықтың
тікелей  түсіп,  шағылған  бөлігі  жылт  деп  аталады.  Меншікті  көлеңкенің
жарықтау  жерлерінде  рефлекстер  болады.  Бұлар  жақын   тұрған   заттардан
шағылысқан сәулелердің меншікті  көлеңкеге  түсуінен  пайда  болады.  Жылтыр
немесе мөлдір заттардың бетіне түскен өте ақшыл  дақтарын  көру  қиын  емес.
Бұл – заттың өзіне түскен сәулелерді ең көп шағылыстыратын жері. Бұл  дақтар
заттардың дөңес және ойыс  бетінде,  сондай-ақ  олардың  қырларында  көбірек
байқалады. Бейнелеу барысында заттың қай бөліктеріне  жарық  түсіп  тұрғанын
дұрыс  ажырату  үшін  жарық  көзінің  қандай  екендігін,   сондай-ақ   жарық
сәулелердің бағытын анықтап алудың маңызы зор. Суретте жарық пен көлеңке  өң
арқылы беріледі. Өңнің қоюлығы не белсеңділігі заттын көлеңкелері  мен  оған
түскен жарықтың арасындағы  қатынастарға  сәйкес  болып  шығуы  тиіс.  Сурет
салғанда ең алдымен заттың жарық түсіп тұрған бөлігіндегі ең жарық  нүктені,
көлеңке түсіп тұрған бөлігіндегі ең күңгірт жерді тауып алуға тырысу  керек,
әлбетте рефлексті де  ұмытып  кетуге  болмайды.  Суреті  салынатын  нәрсенің
жарық тусіп тұрған бөлігі рефлекстен әрдайым жарығырақ болу  тиіс.Жарық  пен
көлеңке  арасындағы  айқын  қарама-қарсылық  контраст  деп  аталады.  Заттар
бақылаушыға неғурлым жақын  тұрса,  жарық  түсіп  тұрған  беті  мен  көлеңке
арасындағы контраст солғурлым күңгірттеу болады.  Сондықтан  алдынғы  планда
контрасстар  мейлінше ашық боладыда,  екінші  ,  үшінші,  одан  арғы  планда
контраст азая береді.Сонымен, бақылаушыдан алыстаған сайын,  нәрсенің  жарық
түсіп тұрған  жерлері  біртіндеп  күңгірттене  бастайды,ал  күнгірт  жерлері
бұлдырлана түседі.  Сурет  салғанда  нәрсенің  көлемін  барынша  айқын  етіп
көрсетуге талаптану керек. Жарық пен көлеңкені дұрыс түсіру арқылы  нәрсенің
көлемін дәл беру, суреті салынып отырған заттың  жарық  жерлер  мен  күңгірт
жерлерінің қатынасы  зер  салып  қарауды  қажет  етеді.Жарық  пен  көлеңкені
нәрсенің негізі пішіндерімен бір мезгілде белгілеген жөн.
   Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:
   1.Жарық, көлеңке терминын айт?
   2.Меншікті көлеңкенің жарықтау жерге түскенің қалай атайды?
   3.Жарық пен көлеңке арасындағы айқын қарама-қарсылықты қалай атайды?
   4.Пропорция деген  ұғымды қалай түсінесің?
   5.Бейне құрылысында пропорцияның атқаратын қызметі?

   Б)Студентерге  тапсырма:  Жарық  пен  көлеңке  заңдылықтарын   пайдаланып
құмыраны салу.




   №4  тәжірибелік  жұмыс:

   Тақырып:Акварельдік кескіндеменің техникасы

   Сабақтын мақсаты:Акварельмен жұмыс техникасына үйрету,орындау  тәртібімен
таныстыру.

   А)Қысқаша мазмұны: Акварель- деген атау латынның «agua» су деген  сөзінен
шыққан. Бұл сөзді суға енгізілген бояуларды  да,  сол  бояулармен  салынатын
шығармаларды да білдіреді.  Акварель  бояулары  қағаз  бетіне  мөлдір  болып
түседі,  сол  мөлдірлік  акварель  туындыларының  ең  басты  қасиеті   болып
табылады. Мөлдір жағылғандықтан, бояу  астынан  қағаздың  өз  түсті  көрініп
тұрады.  Ал  бояу  қалыңырақ  жағылатын  жерлерге   әлденеше   бояу   қабаты
түсіріледі. Алайда соның өзінде де суретшілер акварель бояуның артықшылығын-
оның мөлдірлігін жоғалтпауға тырысады. Акварель  бояуның  тағы  бір  өзіндік
ерекшілігі сол, онда бір түс пен екінші түстің  арасында  айқын  айырмашылық
болмайды  олар  бір-бірімен  жымдасып,  бір-біріне  жігі  білінбей,   жұмсақ
реңкпен жалғасып жатады.Акварельмен сурет салудың тиімді әдістері:  акварель
бояумен жұмыс жасау техникасында ақ түс қолданылмайды, өйткені  оның  орнына
қағаздың  өз   түсі   пайдаланады.   Акварель   бояуның   материалы-пигмент,
жабыстырушы  зат.  Акварель  бояуларының  плитка  тәрізді  қатысы  да,фарфор
ыдысқа салынған іркілдегі де, сықпа (тюбик) етіп қойған жұмсағы  да  болады.
Акварель бояумен жұмыс жасағанда, пигментті  еріту  үшін  су  пайдаланылады.
Акварель бояулары дүкендерде металдан және пластмассадан жасалған  ыдыстарда
сатылады. Акварель бояуы үшін  әдетте,  беті  бұдырмақ/ватман  /  қағаздарын
пайдаланады.Ерте заманда  акварельмен салатын суретшілер  суреттерін  ерекше
әдіспен иленген ешкі терісіне  –  пергаментке  салған  көрінедеді.  Акварель
бояуына арналған қағаздың  қағаздың барлық  түрі де таза  зағырдан  жасалған
бояуы  керек.  Жылтыр   қағаздарға  қарағанда,  беті   бұдырмақ   қағаздарға
акварель бояулары   жақсы  жұғады.  Әрине,суреттің  сыртқы  көрінісіне  және
сапалы шығуына материалдық  сапасы  әсер  етеді.  Сондықтан  да  акварельмен
жұмыс жасағанда, қағаз көтеріліп  тұрмас  үшін  оны  тегіс  тақтайға  керіп,
жиектері тақтайдан 2-3 сантиметрдей асып тұруы керек. Қағаз жиырылмай  жақсы
керілуі үшін оны алдымен суланған щеткамен немесе дымқыл  губкамен  сүртеді.
Содан соң желімді тақтайдың айналасына жағады да,  қағаздың  артық  шеттерін
қайырып жабыстырады. Дайындалған қағазға суреті әбден кепкеннен  кейін  салу
қажет. Акварельмен жұмыс  жасаған  қылқаламдар  пайдаланады.  Қылқаламдардың
сыртында 1,2,3,4 және одан да көп сандар қойылады. Акварелль  бояумен  сурет
салғанда, жарық пен көлеңкені айырып көрсетуден  бұрын  суретті  қарындашпен
түсіріп алған жөн. Акврель бояуларын пайдаланғанда бір түстің үстіне  екінші
түсті бояуды бірте-бірте  жағып  отыру  керек,  егер  бұлай  етпесе,  жаңсақ
алынған түс суретті бүлдіріп жіберуі мүмкін. Әдетте  бір  түсті  екінші  бір
түске ауыстыру немесе түстерді табу  үшін  палитра  /тақтайша/  немесе  оның
орнына кішкене жалпақ тәрелке, тіпті болмаса  қалын  ақ  қағаз  пайдаланады.
Жұмыс аяқталған сон , қылқаламдарды жуып кептіріп қою керек.

   Монотипия-бір басылым сурет.

   Изонить-жіппен бейнелеу.
   Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:
   1.Сурет салу кезінде қандай құрал-жабдықтар қолданылады?
   2.Акварельдін басқа бояулардан айырмашылығы?
   3.Акврель техникасында қандай қылқаламдар пайдаланады?
   4.Палитра не үшін қажет?
   5.Акврельмен сурет салудың тиімді әдістері?

   Б)Студентерге тапсырма:Акварель  бояуларын  пайдаланып  жіппен  монотипия
орындау.




   №5 тәжірибелік  жұмыс:

   Тақырып:Графика. Графиканың түрлері.

   Сабақтың  мақсаты:Бейнелеу  өнерінде  графиканың  орны,  оның  түрлерімен
таныстыру.

   Б)Қысқаша мазмұны:Графика-сөзі гректің  «графо»-жазамын,  сызамын,  сурет
саламын деген сөзінен  шыққан.  Ал  жалпы  графика  дегеніміз-ақ  және  қара
түстердің негізінде,  қатаң  сызықтармен  салынған  сурет.  Ақ  түс  ретінде
қағаз, қара түс ретінде қарандаш,көмір және  т.б.  материалдар  пайдаланады.
Суреттер қолмен және машинамен бірнеше данада жасалуы мүмкін.  Сондықтан  да
графиканы екі түрге бөлүге  болады:  қағазға  тікелей  салынған  сурет  және
баспа графика. Сурет бейнелеу өнерінің жеке түрі ретінде  15  ғасырдың  аяғы
мен    16    ғасырдың    басында    қалыптасты.     Бұған     дейін     оған
картинамен,мүсінмен,гобеленмен жұмыс  жасаудың  алдындағы  дайындық  ретінде
қарады. Тарихи даму барысында суретке әр түрлі түстер  де  араласа  бастады.
Енді графикаға пастельмен,акварельмен,гуашьпен салынған суреттер де  қатысты
болды. Әлемнің  үлкен  мұражайларында  тез  салынған  нобайлар  да,  болашақ
картинаның нұсқасы ретіңде салынған ұзақ  мерзімді  суреттер  де  сақталған.
Көптеген мұражайларда  енді  арнайы  графика  бөлмелері  жабдықталған.  Егер
жанды бейнеде барлық  түстердің  палитрасы  қолданылса,  суретші-график  бір
ғана түспен немесе аз ғана түстермен үлкен шығарма  жазады.  Жоғарыда  айтып
өткендей, суретшінің орындаған жалғыз  шығармасымен  қатар,  бастыру  арқылы
көп дананы орындауға болады.Осындай  баспа  графикасының  түрі  гравюра  деп
аталады/ағашта,металда,таста./ Гравюрлудің ең көне әдісі  15  ғасырда  Батыс
Еуропада және 16 ғасырда Ресейде қолданыла бастаған ағашқа салынған  гравюра
болды. «Гравюра» сөзі француз тілінен аударғанда «ойып алу»  деген  мағынаны
білдіреді.   Гравюраға   литография,ксилография,линогравюра,офорт    жатады.
Графикалық өнердің ең көп тараған түрі  –  плакат.  Оның  түрлері  аз  емес,
бірақ олардың ішіндегі ең бастысы – қоғамдық өмірде  елеулі  роль  атқаратын
саяси, үгіт плакаты.  Плакаттың  аса  маңызды  ерекшелігі  суреттің  қысқаша
жазумен мағыналық және композициялық жағынан бірігуі болып табылады.

   Сатиралық  графика  –  карикатура  да  бүгінгі  өмірде  айтарлықтай  роль
атқарады. Олармен біз, газеттің немесе журналдың кезекті санын  аша  отырып,
күн сайын ұшырасамыз.

   Графика  үшін  тұтас  алғанда  қолданылған  түстің  шарттылығы,  образдың
жалпылығы, әсірелеу мен символика тән.  Графика  өнерінде  живописьпен  және
скульптурамен  салыстырғанда  сыртқы   ұқсастықтан   едәуір   ауытқуға   жол
беріледі.
    Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:
   1.Бейнелеу өнері қандай түрлерге бөлінеді?
   2.Графикаға қандай бағытта салынған суреттерді жатқызуымызға болады?
   3.Гравюра сөзінің мағынасы?
   4.Графика неше түрге бөлінеді?
   5.графиканың бейнелеу өнеріндегі рөлі?

   Б)Студентерге тапсырма:Графикамен геометриалық денелерді салу.

   № 6 тәжірибелік  жұмыс:

   Тақырып.Мүсін.Бедерлі мүсін.

   Сабақтын мақсаты:Мүсіннің басқа бейнелеу өнері  түрлерінен  айырмашылығын
анықтау.

   А)Қысқаша  мазмұны:Мүсін,  яғни,  «скульптура»/латынша  sculptura/   сөзі
алғашқыда қатты  материалдадан  фигураларды  қашап  жасауды,  шекуді  /мүсін
жасауды білдірген.  Кеңінен  пішіндеу  арқылы  жасалған  шығармалар  да  осы
ұғыммен білдірілген. Мұсіннің басқа бейнелеу өнері  түрлерінен  айырмашылығы
сол, оның басты әсерлік құралы аймақтық форма. Мұның  өзі  оныжасаған  кезде
ағаш, металл,тас сияқты ұзақ сақталатын материалдарды пайдалануға  мүмкіндік
береді.Түрлі халықтар мен  дәуірлердің  толып  жатқан  мүсіндік  шығармалары
бізге дейін жетті. Ежелгі Мысырдың, Үндістан иен  Американың  мүсіндері  мен
барельефтері  кеңінен  мәлім.  Антикалық  Грекия  аса  көрнекті  мүсіншілер-
Фидийдің, Мирон мен Поликлеттің мәңгі  өшпейтін  шығармаларын  әлемге  тарту
етті.

   Монументті өнер, пластикалық өнердің  шығармаларын  нақты  архитектуралық
орта  үшін   кеңістік-идеялық   жағынан   толықтыру   мақсатымен   жасалады.
Монументті  өнердің  бірнеше  түрі   бар;   ескерткіштер   (көшеде,   алаңда
қойылатын),  монументтер  (ірі  тарихи  оқиғаларға  байланысты   қойылатын),
мүсінді – архитектуралық ансамбльдер, т.б. Бұл  өнерге  өте  қатты,  төзімді
материалдар: гранит, қола, мрамор,  т.б.  қолданылады.  Қазақстан  жеріндегі
Монументті  өнер  қола  дәуірінен  (Алматы  облысы  Там-ғалы   шатқалындағы,
Маңғыстау түбегіндегі, Балқаш жағалауындағы және Оңтүстік Қазақстандағы  тас
таңбалар-петроглифтер) басталады.  Қожа  Ахмет  Иасауи  кесенесіндегі  сырлы
сурет көріністері мен қабырғаларының  мозаика  қалауы  –  орта  ғасырлардағы
Қазақстан Монументті өнерінің  жоғары  деңгейін  танытады.  Монументті  өнер
КСРО  тұсында  біршама  дамыды.  Осы  жылдары   28   панфиловшы-гвардияшылар
атындағы  паркте  монументтік  Даңқ  мемориалы  (1975)  тұрғызылды.   Тарихи
тақырып Монументті өнер түрлерінде көрініс тапты. Олар:  Алматы  қаласындағы
А.   Иманов   (1947)   және   Ә.Жангелдин   ескерткіштері   (1975).    Облыс
орталықтарындағы   алаңдар   мен   парктердегі   тарих,    мәдениет,    өнер
қайраткерлеріне  орнатылған  ескерткіштер:   Жамбыл   бюсті   (1971),   Абай
ескерткіші (1960), Т.Рысқұлов (1979), М.Әуезов (1981)  ескерткіштері  болды.
Монументті өнер мен архитектураның әдемі үйлескен түрі –  барельеф  (бедерлі
мүсін).  Әсіресе   Қазақстан   Жазушылар   одағы   ғимаратындағы   “Кітаптар
кейіпкерлері” (1985) көлемі мен композициясы жағынан  ерекше  көзге  түседі.
Қазіргі кездегі Монументті өнерге дәстүрлі өнермен қатар, оның жаңа  түрлері
мен жанрларын (портреттік ескерткіштер,  витраждар,  сграффито,  түс  кілем,
қабырға  өрнектері,  т.б.)  дамыту,  сонымен  қатар   бейнелеу   пластикасын
архитектура  техтоникаға  үйлестіру  тән.  Осындай  эстетикалық  бетбұрыстың
негізгі шығармалары: “Азат адам” мозаикасы (1971),  “Медеу”  қонақ  үйіндегі
керамикалық  панно  (1970),  т.б.  Алматы  қаласындағы  оқушылар  сарайының,
“Қазақстан” қонақ үйінің ішкі және сыртқы қабырғаларының әшекейлері  кешенді
Монументті өнер туындылары болып  саналады.  Қазақтың  мемл.  академ.  драма
театрының ғимараты мен М.Әуезов ескерткіші (1981)  архитектура  мен  мүсінді
тұтастыру идеясымен салынған құрылысқа жатады. ҚР өұА ғимаратының  жанындағы
хауыз  (1980)  шағын  пошымды  мүсіндермен,  табиғат  көріністерімен   әдемі
үйлесім тапқан.
    Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:
   1.Мүсін өнері қандай салаларға бөлінеді?
   2.Статуя деген не ?
   3.Рельеф мағынасын айт?
   4.Станокты және монументті мусін айырмашылығы?
   5.Біздің қаланың қандай мүсін шығармасын атай аласын?
   Б)Студентерге тапсырма:Ермексазбен ертегі кеипкерлерің жазықта бейнелеу.




   №7 тәжірибелік  жұмыс:

   Тақырып. Сәулет өнері.Архитектурадағы стиль.Сәулет ескерткіштер.

   Сабақтын мақсаты: Студентерге сәулет өнерінің стилін, ежелден келе жатқан
ескерткіштердін маныздылығын аша білуге баулу.

   Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне
беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал  грекше  аrchіtekton,  яғни
құрылысшы деген мағынаны білдіреді. Архитектура  туындылары  адамның  күнбе-
күнгі  тіршілік  ортасын  қалыптастырады.  Олар:  әр  түрлі  қажеттіліктерді
атқаруға арналған және адамның эстетикалық талғамына  жауап  бере  алатындай
болып салынған тұрғын үйлер,  қоғамдық  ғимараттар,  өнеркәсіптік  кешендер.
Сәулет өнері – техниканың, ғылымның  және  өнердің  тоғысқан  жері.  Адамзат
баласы көне заманнан бастап құрылыспен айналысқан.  Адамдар  неолит  кезінде
үйді ағаштан, қамыстан, талдан және балшықтан салды. Су айдынында,  қағылған
қазықтың үстіне тұрғызылған үйлер де болған. Біздің заманымыздан бұрынғы  2-
мыңжылдықтың  ортасында  ірі  тастардан  қаланған   монументті   құрылыстар:
кромлехтер,  менгирлер  мен  дольмендер  пайда  болды.   Менгирлер   тігінен
қойылған биік тастар тізбегінен тұрады. Дольмен – қатар қойылған екі  тастың
үсті үшінші таспен жабылып, біріне-бірі жалғасып келетін дәліз іспеттес.

    Ал шеңбер жасап, төбелері жабылған тас құрылыстарды кромлех дейді.  Ніл,
Евфрат, Тигр, Үнді,  Ганга,  Чанзен  өзендерінің  сағаларында  көне  заманда
Мысыр, Месопотамия, Үндістан және Қытай сияқты ірі мемлекеттер пайда  болып,
ғаламат сәулет  туындылары  дүниеге  келді.  Мардук  атты  құдайға  арналған
Вавилон мұнарасы іргетасы 250 м биік тұғырға орнатылды.  Анығында  бұл  жеті
қабатты, ұшар басына қарай  баспалдақтап  жіңішкере  беретін  зиккурат  еді.
Месопотамияда ежелгі заманның өзінде-ақ біздің заманымыздан бұрынғы  5000  –
1800  ж.  каналдар,  су  қоймалары,  акведуктар,  көпірлер  мен   бекіністер
салынды. Тигр мен Евфратты қосқан ұзындығы 400  км  каналды  техникалық  зор
жетістік деп айтуға болды.  Біздің  заманымыздан  бұрынғы  2700  –  2200  ж.
салынған Мысыр пирамидалары мен ғибадатханалары зерттеушілер мен  мамандарды
әлі күнге дейін  таңдандырып  келеді.  Месопотамияда  ғимараттар  балшықтан,
күйдірілген кірпішпен салынып,  сырты  қапталып  отырса,  Мысырда  олар  сом
тастан қаланды. Біздің заманымыздан бұрынғы  2200  –  1500  ж.  Фивы  қаласы
астана болған тұста,  жартасқа  жартылай  үңгіп  салынған  ғимараттар  пайда
болды. Жаңа патшалық (біздің  заманымыздан  бұрынғы  1500  –  1100)  кезінде
Карнак пен Луксордағы ғибадатхана  кешендері  салынды.  Мысырдағы  ең  үлкен
Карнак ғибадатханасы перғауын Сети І тұсында тұрғызылған.

   Сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан, елдің бірі – Грекия.  Көне  грек
архитектурасының ең күшті дамыған  кезі  –  біздің  заманымыздан  бұрынғы  5
ғасырдағы Периклдың билік құрған тұсы.  Алдымен,  Афина  қаласының  ең  биік
жеріндегі жартасқа  ауданы  300Ч130  м  жерге  Акрополь  салынды.  Ортасында
сәулетшілер Иктин мен Калликрат Парфенон ғибадатханасын ұзындығы 70  м,  ені
31 м (біздің заманымыздан бұрынғы  448  –  438)  тұрғызды.  Ғимарат  шатырын
биіктігі он метрге жуық, 136  (периметріне  қойылған)  бағана  ұстап  тұрды.
Ішіне  Фидий  жасаған   Афина   мүсіні   орнатылды.   Грек   сәулетшілерінің
дүниежүзілік архитектураға қосқан бір  жаңалығы  –  архитектуралық  ордерлер
жүйесі. Ордерлік жүйе бірнеше құрамдас бөліктен тұрады  және  олардың  өзара
орналасу тәртібі бар. Ең басты белгісі – бағана, олардың ұшар басы  капитель
деп аталады. Бағаналар – антаблементті (арқалықты) көтеріп тұрады.  Ордерлік
жүйенің үш негізгі түрі болған: дори,  ионика  және  коринф  ордерлері.  Рим
сәулет өнері дамудың үш кезеңінен өтті: патшалық дәуір (біздің  заманымыздан
бұрынғы 8 – 6 ғасырлар); республика кезеңі (біздің заманымыздан бұрынғы 5  –
1 ғасырлар) және императорлық дәуір (біздің заманымыздан  бұрынғы1  ғасыр  –
біздің заманымыздың 5 ғасыры). Римнің дүрілдеп тұрған кезінде туған  құрылыс
– Пантеон, құдайлар құрметіне орнатылған  ғимарат.  Оны  сәулетші  Аполлодор
Дамасский 118 – 125 ж. салған. Диаметрі 43 м. дөңгелек  қабырға  тұңғыш  рет
күмбезбен  жабылды.  Кірпіш  аралас  бетон  қабырға  алтын   түсті   сарғылт
мәрмәрмен қапталды. Пантеонның диаметрі мен биіктігі бірдей – 43,5 м.  Жарық
жоғарыдан  диаметрі  9  м  тесіктен   түсіп   тұрады.   Римнің   таңқаларлық
құрлыстарының бірі – 80 мың адам сиятын Колизей  амфитеатры,  онда  ордерлер
жүйесі қолданылды. Термы моншалар кешені  салынды.  Каракаллы  моншасына  үш
мың адам бірден кіре алған. Римдіктер  тамаша  тас  жолдар,  су  құбырларын,
акведуктар  және  көпірлерді  сала  білді.  Еуропа   елдерінде   бес   түрлі
архитектуралық стиль бірінен соң бірі орын алмастырды.  Олар:  роман  стилі,
готика, ренессанс, барокко, классицизм. Роман стилінің дамуына  Франция  көп
ықпал етті.  Мұның  басты  ерекшелігі  –  қабырғалары  сом  соғылған  бітеу,
салмақты болып келеді. Терезелері  енсіз,  тар,  бекініске  ұқсайды.  Готика
стилінің ерекшелігі – құрылыс композициясы жоғары созылып, салмақ  көтеретін
құрылыс  қаңқасы  күрделі  болып  келеді,  терезелері  сүйір  етіп  ойылады,
күмбезі қиық болып келеді де  қырлары  бүріледі.  Қиық  күмбездің  арқасында
салмақ құрылыс қаңқасына түседі. Сырттағы тіреулер арқылы қабырғаға  түсетін
салмақ азаяды. Готиканың алғашқы  туындысы  Париждегі  Нотр-Дам  соборы  (12
ғасырдың 2-жартысы – 13 ғасырдың басы).  Бір  келгенде  9  мың  адам  сияды.
Әрбір тетігінде готикаға тән  ерекшеліктер  сақталған.  Готиканың  гүлденген
шағы – 13 ғасыр. 100 жыл бойы салынған Реймс  соборы  (1212  –  1311)  соның
дәлелі.  Собордың  бір  де  бос  жері   жоқ,   бәріне   мүсіндер   қойылған.
Терезелердегі түрлі-түсті витраждар көздің жауын алады. Ренессанс  стилі  15
ғасырда Италияда пайда болды, оны ежелгі дәуір өнерінің қайта  жаңғыруы  деп
қарауға болады. Ренессанс,  яғни  Қайта  өркендеу  дәуірінде  архитектураның
алатын орны ерекше болды. Бұнда құрылыс тым биіктетілмей  айнала  кеңістікке
бауыр жазды. Ренессанс архитектурасы ежелгі дәуір архитектурасынан  ордерлік
жүйені ғана алған.
    Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:
   1.Сәулет өнерінің күнделікті өмірімізде алатын орны қандай?
   2.Сәулет өнерін неге  ұзақ жасайтын өнер деп атайды?
   3.Сәулет өнері неше түрге бөлінеді?
   Б)Студентерге тапсырма: Қала көрінісін салу.




   №8 тәжірибелік  жұмыс:

   Тақырып. Сәндік қолдабалы өнер және оның түрлері.

   Сабақтын мақсаты: Қазақтың сәндік  қолданбалы  өнерің  насихаттауға  оның
түрлерін білуге, сабақ барысында пайдалануға үйрету.

   А)Қысқаша мазмұны:Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерінің ежелгі ұлттық
үлгілері мен дәстүрі ғасырлар  бойы  сақталып,  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасуда.
Қазақтың ежелден келе жатқан киіз үйі мен күнделікті  тұрмыста  пайдаланатын
барлық жиһаздары мен заттары ұлттық  ою-өрнекпен  көркемделіп  отырады.  Ою-
өрнектері қайталанбалы әрі ашық түсті болып келетін алаша,  текшелі  өрнекті
тықыр кілем, әшекей оюлы кебеже сияқты киіз  үйдін  ішіне  тұтынатын  сәндік
жиһаздармен қатар ағаш ұқсату өнері  және  жібек  жіптермен  кестелей  тоқу,
ағаш  пен  сүйекті  жымдастыру  арқылы  көркемдеу,  тері   ұксату   (бедерлі
инкрустациялы),  оймыш,  шекіме,  бұрама,  қалыптама,  қаптырма,  көз   салу
секілді зергерлік өнерінің түрлері де өркен  жайды.Қазақтың  бейнелеу  өнері
ерлер мен әйелдердің, жануарлардың тастан қашалған бейнелері, сондай-ақ қыз-
келіншектердің қола мүсіншелері  түрінде  өз  өрісін  тапты.  Жаңа  қоғамның
рухани тәжірибесін образ түрінде бейнелейтін  көркемдік  туындылар  жастарға
тәрбие беріп, ұрпаққа ықпал жасау  арқылы  дәуірді  жалғастырады.  Сондықтан
бейнелеу  өнерінің  мазмұны  аса  мәнді  өзгеше  жас   ұрпаққа   көркем   ой
туғызатындай болуға тиіс.  Дүниенің  сан  алуан  тіршілік  тынысы  мен  адам
сезімінің  байлығын  бейнелеу  өнері   кең   ауқымды,   көркемдік   тұрғыдан
көрсетеді. Азаматтық нысандылық, мүсіндік сомдау  өнерінің  игі  дәстүрлерін
игеру, елуінші, алпысыншы жылдардағы Қарағанды  суретшілер  шығармашылығының
басты  сипаттары  болды.  Олардың  туындыларын  көшелер  алаңдары  мен   гүл
бақтарының   кеңістігінде   тұлғаның   жарасымды,   келісті    пішінделуіне,
мәнділігіне қарай жазбай тануға  болады.  Мысалға,  А.  Билыктың  қаламыздың
сәулеттік-кеңістік ортасымен әдемі үйлескен, сымбатты шешімін  тапқан  кенші
тұлғасы.   Соңғы   жылдарды   Қарағанды   қаласының   көркеюіне   байланысты
ескерткіштердің  символдық   мәні   көп   жағдайларда   мүсін   мен   сәулет
формаларының өзара белсенді байланысы,  сәндік  бастаудың,  көркем  тұлғалық
пен шығармашылықтың ұштасуы арқылы ашылды.Алып ауқымды қала құрылысы,  халық
әл-ауқатының  артуы,  өскелең  рухани  талаптар,   жастарға   идеялық   және
адамгершілік  тәрбие  беру  жөніндегі  жұмыс  ұлттық  бейнелеу  өнерін  өрге
бастыруға, оның осы тіршілік кезеңінің  талаптарын  қажет  ететін  көркемдік
түрлерінің  туына  пәрменді  серпін  берді.  Түрлі  шығармашылық   көркемдік
құралдарды жандандыру көкейкесті мәселеге айналып, өнердің  қоршаған  ортада
өзгеше  эстетикалық  әсер  қалыптастыратын   тәсілдері:   мүсін   бедерлері;
сұңғаттық паннолар, қабырға өрнектері дамыды.
   Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:
   1.Киіз үйдін жабдықтарын ата?
   2.Қазақтын ұлттық киімдерін ата?
   3.Қазақтын ою-өрнектері неше топқа бөлінеді?
   4.Қазіргі таңда қолданбалы өнер өз орнын тауып жүрме?
   5.Ұлттық киім үлгісін жаса?
    Б)Студентерге тапсырма:Ою-өрнек буклетін жасау.




   №9  тәжірибелік  жұмыс:

   Тақырып. Аппликация.(Жапсыру.) Көркемдеп өндеу.

   Сабақтын  мақсаты:Жапсыру  іскерлік   дағдыларын   меңгеруге   ,түстердің
үйлесімділігін сезінуге баулу.

   А)Қысқаша мазмұны:Түрлі – түсті қағаздармен  жұмыс  істеу  баллалар  үшін
сиқырлы жұмбақ әлем. Қағаздың ашық бояулары бейнелердің  үйлесім  тауып  дәл
орналасуы бүлдіршіндерді тандандырып еріксіз  өзіне  тартады.  Көркемдік  іс
әрекеттің  бұл  түрімен  айналысу  баланың  зейінің  өзіне  аударып,  қиялым
жарықтатып көру арқылы есте сақтауы,  қабылдауы,  заттың  пішінің,  көлемің,
ырғақты  түсті  сезінуін  дамытады.  Сонымен  қатар  шыдамдылық,  төзімділік
қасиеттерің  қалыптастырып  бастаған  ісің  аяғына  дейін  аяқтауға,   еңбек
нәтижесіне жетуге ұмтылдырады. Дайын болған жұмыстың  ұқыпты,  сәтті  шығуы,
әсерлілігі   баланың   көркемдік   талғамын   қалыптастыруға,   заттар   мен
құбылыстарды қабылдауға, талдауға бағалай білуге ықпал етеді. Қажетті  құрал
жапдықтармен ұқыпты  жұмыс  істей  білуге  үйретеді.  Қағазбен  жұмыс  істеу
іскерліктерің менгеру сәбилер тобында желімсіз жапсыру дидактикалық  ойындар
арқылы жүргізіп тәрбиеші келесі топтарда дайын қиылған  негізгі  бөлшектерді
беріп балалар оны өздері түр-түсіне, көлемі пішініне қарай қағаз бетіне рет-
ретімен қойып орналастырып алып, біртінде желімдеу  дағдыларын  игеруіне  де
байланысты  болмақ.  Ал  ересектер  тобында  әдемі   қағаздармен   қайшымен,
желіммен,жұмыс  жасау  біртіндеп  күрделене  түседі.  Қиюдың  әртүрлі  әдіс-
тәсілдерін  меңгере бастайды.  Мысалы:  шеткі  сызықтары  бойынша  қию,  қос
бүктеп қию, қатпарлап бүктеп және жұлмалап қию т.б

   Абзалы, аппликация - бұл өзi кез келген баланың қалаулы  жұмысы.  Бiрдеңе
өте ұналардың балдырғандарына қағаздан өз қолдарымен  ұстасын,  ойып  кесiп,
желiмдеу.  2-3  жылдар  жас  шамасында   балалармен   мүмкiн   аппликациямен
шұғылдана бастады. Мұндай ұсақ-түйектер  үлкен  қуаныштығана  емес,  бөпенiң
бiлiмдерiнiң қорларын молайтады да  әкеледi.  Ол  геометриялық  пiшiн,  шама
және    заттардың    кеңiстiктiң    орналастырылулары    айыруға    оқытады.
Қауiпсiздiктер өзi кiшкентай мақсаттардағы аппликациялардың дайын  бөлiктерi
ендi  қағазға  жабыстыруға  ойып  кесiп  беруге  керек.  Балалар   үлкендеу,
қараумен ересек, өздерi  ендi  қайшылармен  және  желiммен  айналуға  оқиды.
Бiздiң жұмыс шыдам, ықылас және шыдамдылық сияқты мұндай  сапалар  бөпелерде
тәрбие  алуға  көмектеседi,  сонымен  бiрге  эстетикалық  дәм  және   көркем
елестетулердi   қиялдап,   дамытуға   үйретедi.Аппликация   латынша   сөзбен
аудармада  жабыстыруды  бiлдiредi.  Шындығында,  суреттi  немесе  бұл   әдiс
iстелiнген оюлар барлық олар  сурет  элементтерi  материалдың  түске  немесе
фактурасы бойынша басқа ойылған болып ЄдЄйтын (негiздi ) төс  етегiн  алатын
айырады. Өте  қызықты  аппликациялар  кездемелерден  пайда  болады.  Олардың
iшiненi  сурет,  сәндiк  кiлемшелер  және  панно,  киiмдiктi  әшекей  құруға
болады. Бұл әдiстiң ықшамдалған варианты  ұсынуға  болады  Аппликация  ойлап
шығарғаны  және  мерекенiң  элементi  күнделiктi  тұрмыс-салтқа   енгiзiлуге
мүмкiндiк беретiн қызықты және ең қызық  жұмыстардың  бiрi  болып  табылады.
Әмбебап, өйткенi онымен ол әбден  балдырғандар,  және  ересек  те  шұғылдана
алады.   Аппликация   сөз   қоса   тiркеу,   қосуды    бiлдiретiн    латынша
applicatioлердi болады. Аппликацияның техникасы жапсыру немесе  бiр  жапырақ
қағаздарды тiгуде, кездеме,  сүрiк,  қағаз,  дарымаушы  немесе  басқа  фонға
өсiмдiк материалдарында болады. Бұл  қол  шеберлiктiң  түрi  ежелгi  уақытша
белгiлi баяғыдан адамдар (Шатыр,  күркелер,  құрал-сайман,  аспап)  тұрмысқа
қажет заттар әшекейлеп және әсем түрдi киiмдерге беруге  ұмтылды.  Олар  бұл
мақсат үшiн малдар, терiлердi терiнi пайдаланды  және  жүнде.  Аппликациялар
үшiн өрмектiң пайда болуымен өзi түрлi кездемелердiң  шақпақтарын  қолданыла
бастады.Аппликация форма бойынша дөңес және жазық болады. Түс бойынша -  бiр
түстi және көп түстiсi. Тағайындау бойынша - астына қоятын, немесе  өрнектiң
бөлшектерi мөлдiр кездеменiң терiс жағынан бекитiнде терiс  және  кездеменiң
бет жақ атқарылатын беткi.Аппликация әр түрлi материалдарды оны  жасау  үшiн
қолданылады:  (мақта,  жiбек,  мақпал,  баулар)  түрлi   фактураның   қағаз,
кездемелерi, терi, терi, киiз, фетр, сақтиян, маржан.  Бұл  қол  шеберлiктiң
түрi өзiн қайта жөнделер және  киiмнiң  жөндеуiнде  жақсы  кепiлдеме  бердi,
әсiресе бала.
    Өзін-өзі бақылауға арналған сурақтар:
   1.Жапсыру және  көркем  құрастыру  сабақтарының  мазмұны  мен  мақсаттары
қандай?
   2. Жапсыру және көркем құрастыру сабақтары оқушылардың қандай қаблеттерін
дамытады?
   3.Оқушылар осы сабақ барысында қандай қолөнер түрлерімен танысады?
   4.Бұл  сабақта  дәстүрлі  қолөнер   түрлерінен   басқа   қандай   өнерлер
қарастырылады?
   5.Сабақ жоспарының үлгісін құрастыр?
   Б)Студентерге тапсырма: Жапсыру техникасымен көлемді жұмыс орындау.



   Білімді тексеруге арналған сұрақтар
   1.Өнер дегеніміз не
   2.Бейнелеу өнерінің түрлері
   3. Бейнелеу өнерінің жанрлары
   4.Натюрморт дегеніміз не
   5.Портрет дегеніміз не
   6.Пейзаж дегеніміз не
   7.Әлемнің жеті кереметін ата
   8.Кескіндеме және оның материалдары
   9.Графика. Графика техникасы.
   10.Графикалық құрал-жабдықтар.
   11.Сәндік қолданбалы өнердің түрлері.
   12. Сәндік қолданбалы өнердің техникасы.
   13.Халықтық өнер.
   14.Мүсіннің түрлері.
   15.Сәулет өнеріндегі стиль.
   16. Сәулет өнеріндің техникасы.
   17.Акварель техникасы.
   18.Монотипия.
   19.Стилизация.
   20.Жапсыру.
   21.Көркем жапсыру.
   22.18-20ғ.ғ орыс бейнелеу өнері.
   23.Қазақстан суретшілері.
   24.Өнердегі жаңа бағыттар.
   25.Қайта өрлеу өнері
   26.Өнердегі композицияның роөлі.
   27.Жануарлар бейнеленген көркем шығарма
   28.Орыстың пейзажшы суретшісі
   29.Түрлі-түсті бояулармен орындалған көркем шығарма
   30.Батик өнері.






                                          7 ӘДЕБИЕТ
7.1Франсиско Асенсио Сервер  Акварель  для  начинающих.  Москва  АСТ.Астрель
2006г
7.2.Ростовцев Н.Н. Методика преподавания изобразительного искусства в
школе. Уч. Пособие лля ХГФ в пединститутах. М., 1998г
7.3.Ростовцев Н.Н. История методов обучения рисованию. Зарубежная школа
рисунка. М., 1981
7.4 Ростовцев Н.Н.история методов обучения рисования. Русская и советская
школа рисунка. Уч. Пособие. М.,1982г.
7.5 Кузин В.С. Основы обучнеия ИЗО искусства и методика его преподавания в
начальных классах. М.1984г.
7.6 Кузин В.С. ИЗО искусство и методика преподавания в начальных классах.
Мю, 1984г.
7.7 Ростовцев Н.Н. Методика преподавания изобразительного искусства в
школе. М.,1980г.

                             Қосымша әдебиеттер:

7.9Сокольникова Н.М. Изобразительное искусство в 4ч. Ч 1-4. Основы  рисунка.
Основы  живописи.  Основы   композиции,   Краткий   словарь   художественных
терминов. Уч. Пособие для 5-8 кл. Обнииск. 1996г.

7.10 Шпиклова Т.Я. Народное искусство  на  уроках  декоративного  рисования.
Пособие для учителей. М.,1976г.

7.11 Костерин Н.П. Учебное рисование. М.,1984г.

7.12 Шорохов Е.В. Методика преподавания композиции на уроках







Пәндер