Файл қосу

Аспаптық бағдарламалық қамтаманың теориялық негізін құруды білу




|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БIЛIМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛIГI                    |
|СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ  ШӘКӘРIМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК УНИВЕРСИТЕТI                |
|4-деңгейлi СМЖ құжаты         |ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ     |                      |
|                              |                     |ОБ 042-1.01-2013-01   |
|«Объектілі-негізделген        | №1 баспа            |                      |
|бағдарламалау әдістемесі»     |26.08.2013 ж.        |                      |
|пәнінің                       |                     |                      |
|оқу бағдарламасы              |                     |                      |


             Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар факультеті

                  Автоматика және электротехника кафедрасы






          «ОБЪЕКТІЛІ-НЕГІЗДЕЛГЕН БАҒДАРЛАМАЛАУ ӘДІСТЕМЕСІ» пәнінің

                              ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


       5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету


                 мамандығы бойынша бакалаврлар даярлау үшін



       Курс  2    Оқу формасы күндізгі (орташа арнайы білім базасында)

                       Курс  2    Оқу формасы күндізгі















                                    Семей
                                    2013
      Алғы сөз


      Пәннің  оқу   бағдарламасы   5В070400   -   Есептеу   техникасы   және
      бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының эллективті пәндер каталогына
      сәйкес құрастырылды

1. Құрастырған
Семей қаласының Шәкәрім  атындағы  мемлекеттік  университетінің  «Автоматика
және электротехника» кафедрасы,
Жетекшісі,
техника ғылымдарының кандидаты, «Автоматика және электротехника»
кафедрасының доценті м.а. _______    «26» тамыз 2013 ж.  Р. Бекбаева

2. Талқыланды
«Автоматика және электротехника» кафедрасы отырысында қарастырылды.
Кафедра меңгерушісі __________       « 29 »  тамыз   2013 ж.  А. Золотов
Хаттама № 1                                           « 29 »  тамыз   2013
ж.

3. МАҚҰЛДАНДЫ
Оқу бағдарламасы факультеттің оқу-әдістемелік бюросымен мақұлданды
ОӘБ Төрайымы           __________      « 11 » қыркүйек   Р.Бекбаева
Хаттама № 1                                          « 11 » қыркүйек   2013
ж.

4. РЕЦЕНЗЕНТТЕР
__________________________________________________
__________________________________________________

5. бекітілді
Оқу-әдістемелік
жұмыстар жөніндегі
проректор              ________    «18» қыркүйек  2013ж.  Г.Искакова

6. АЛҒАШ  РЕТ  ЕНГІЗІЛІП ОТЫР















      Мазмұны


      |1    |Түсіндірме жазба                                               |4    |
|2    |Пәннің (модульдің) құрылымы                                    |4    |
|3    |Пәннің (модульдің) мазмұны                                     |4    |
|3.1  |модуль (блок) 1                                                |4    |
|3.2  |модуль (блок) 2                                                |4    |
|3.3  |модуль (блок) 1                                                |5    |
|3.4  |модуль (блок) 2                                                |5    |
|4    |Пәннің (модульдің) оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз  |6    |
|     |етілуі                                                         |     |
|5    |Материалдық-техникалық қамтамасыз етілу                        |6    |





1 Түсіндірме жазба



      Пәннің (модульдің) қолданылуы
      «Объектілі-негізделген  бағдарламалау  әдістемесі»  пәні  5В070400   -
Есептеу   техникасы   және   бағдарламалық   қамтамасыз   ету   мамандығының
студенттеріне  арналған.  Бұл  пән  кәсіби  дайындықтың  теориялық  деңгейін
анықтайтын жалпы техникалық пәндер ішінде негізгі (маңызды) орын алады.


      Пәнді (модульді) оқу мақсаты
      бағдарламалық аспаптарды атап өту және оның  классификациясын  үйрету;
  аспаптық бағдарламалық қамтаманың құралдары және әдістерінің  құрамы  мен
  қолдану  аймағын  анықтау;  өндеу  аспаптармен  жұмыс  істеу   тәсілдері,
  компиляциялау, жүктемелеу, бағдарламаны орнатуды білу; аспаптарды қолдану
  мінездемесі мен  мүмкіндіктері,  олардың  ақпараттық  қамтамасын  талдау;
  бағдарламалық қамтаманы қолдау және енгізу, жүктемелеу,  қәзіргі  заманғы
  өңдеу құралдарын қолдануды практика жүзінде қалыптастыру.



      Пәнді (модульді) оқыту міндеттері
 - студенттердің пән бойынша  қажетті білімдерін қалыптастыру;
 - осы  облыста  қолданылатын  техникалық,  алгоритмдік  және  технологиялық
   шешімдермен танысу.
      Пәнді оқығаннан кейін студент:
 - Жобалау аймағындағы негізгі бағыты, аспаптық құлардар жиынын таңдау  және
   бағдарламалық өнімдерді өңдеудің  өміршеңдік  циклін  қамтамасыздандыруды
   білу;
 - Аспаптық бағдарламалық қамтаманың теориялық негізін құруды білу;
 -  Бағдарламалық  өнімді  өңдеудегі   қолданылатын   мемлекетіміздің   және
   шетелдердің стандарттарын қолдануды білу;
 - Аспаптың ақпараттық құрылымын және интерфейсін құрудағы классикалық  және
   қазіргі заманда қолданылатын әдістерді білу;
 - IDEFO, IDEF3, DFD жобалау және құрылымдық талдау әдістемесін білуі қажет;
 - IDEF1X ақпараттық модельдеудің әдістемесін;
 - UML унифицирленген модельдеу тілін;
 - Заманауи бағдарламалау құралдары - CASE –құралдары: BPwin, Erwin,
   Rational Roze –ні пайдалана білу;
 - Ақпараттық жүйенің автоматтандыру процесінің моделін құра білуі қажет;
Жасау керек:
 - Бағдарламалық  өнімдерді  тарату  және  өңдеу  кезінде  практика  жүзінде
   қолданылған  өміршеңдік  цикл  этаптарымен  қамтамасыздандыратын  аспапты
   құралды таңдау;
 - Бағдарламалық аспапты құру стандарттарын қолдану;
 - Аспаптық бағдарламалық құралдарды қолдану;
 -  Аспаптарды  қолдану  тиімділігінің  бағасы  және  сапа    мінездемесінің
   талдануы:
 - Аспаптық бағдарламалық құралды енгізудің экономикалық тиімділік бағасы;
 - Аспаптармен жұмыс  істеудегі  обьектілі  –  бағытталған  және  құрылымдық
   тарату әдістері.
Қолдана алу керек:
 - Аспаптық бағдарламалық құралдарды қолдану;
 - Бағдарламалық аспаптарды өңдеу;
 - ПӨ өңдеу аспаптарын таңдау кезіндегі салыстырмалы талдау.


      Құзіреттілігі:  мәліметтер  базаларын  жетілдіру   облысында   базалық
білімдерін демонстрациялау  алуы  және  мәліметтер  базаларын  жобалау  және
басқаруды практикада қолдана алуы тиіс.


      Пререквизиттері
 - Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері
 - Бағдарламалау технологиясы
 - Жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету.
      Постреквизиттері
Автоматтандырылған жүйелерді жобалау


      2 Пәннің (модульдің) құрылымы
Пәннің жалпы құрылымы 3 кредит (135 сағат), оның ішінде дәрістік сабақ –  15
сағат,  практикалық   сабақ  –  15  сағат,  зертханалық  сабақ  -15   сағат.
Студенттердің өздік жұмыстарына 87 сағат бөлінеді.


      3 Пәннің (модульдің) мазмұны
      3.1 модуль. Алғашқы ұғымдар. талаптар
Кіріспе. Өңдеу тәртібі. Құжат  және  мазмұн  талаптары.  ПӨАҚ  даму  тарихы.
Мемлекеттік және шетелдік стандарт құжаттары, өңдеу құрамын анықтау. RUP.
Талаптарды өңдеу. ТТ. Логикалық жобалау аспаптары мен әдістері.
      3.2 модуль. UML-туралы түсініктер. UML. Өңдеудің функционалдығын
сипаттау. Аспаптары мен әдістері. Кластар диаграммасын құру. Әдістері,
технологиялары, аспаптары. Өңдеу тілін анықтау, тарату ортасын анықтау,
өндеу аспаптарын анықтау. Физикалық жобалау процедурасы – тәртібі, аспапы,
ресурсы, құжаттары.
      3.2 модуль. Бағдарламалау құралдары. Визуалды бағдарламалау  құралдары
– MS Visual Studio, Borland  Delphi  және  т.б.  Компонентерді  таңдау  және
редакторлау, компонентті  өңдеу.  Open  ТOOLs  API.  Бағдарлама  интерфейсін
құру.  Аспаптарды  өңдеу  принциптары.  Программның   жөнделуі.   Аспаптары.
Жөндеу әдістемесі.Тестілеу. Вариант бойынша өңдеу және тестілік мысалдар

      Практикалық сабақтардың тақырыптар тізімі
   1. BPwin пакетінің негізгі функцияларын оқу. BPwin ортасында IDEF0, DFD,
      IDEF3-модельдерін құру.
   2. Erwin пакетінің негізгі функцияларын оқыту. IDEF1X – моделін  Erwin
      ортасында құру.
   3. Rational Roze  пакетінің негізгі функцияларын оқыту. Rational Roze
      ортасында прецедент диаграммасы, класстар диаграммасы.
   4. Rational Roze пакетінің  негізгі  функцияларын  оқыту.  Rational  Roze
      ортасында   қызмет   диаграммасын   және    объектілердің    әрекеттес
      диаграммасын құру
   5. Компьютерлік жүйелердің интерфейстерін комплекстік жинау


      Зертханалық сабақтардың тақырыптар тізімі
     1. Тапсырыстарды өңдеу жүйесі үшін   Қолдану  нұсқалары  диаграмаларын
        құру.
     2. Тізбектілік диаграммасын құру.
     3. Класстар диаграммасын жасау.  Пакеттармен  жұмыс.
     4. Бөлшектендірілген Кезектестік диаграммасы.
     5. Класс арасындағы қатынас.
     6. Күй диаграммасын  құрастыру
     7. Компоненттердiң диаграммасының әзiрлеу.
     8. Орналастыру диаграммасын құру


      Өздік жұмыстардың тақырыптары
     1. Қолданушы интерфейстерінің типтері және оны жасау кезеңдері.
     2. Ақпаратты қабылдаумен, сақтаумен және өңдеумен байланысты адамның
        психофизикалық ерекшеліктері.

        Қолданушы интерфейстерінің интеллектуалды элементтері


        Жаңашыл ақпараттық басқарушы жүйелердегі интерфейстердің
        ерекшеліктері

     3. Ақпараттық жүйелердегі интерфейстерді қолданумен ақпараттық
        нысандарды басқаруды анализдеу
     4. Қолданылатын парадигмалар және принциптер
     5. Қолданушы моделі.
     6. Интерактивті жүйе моделін құру
     7. Ақпарттық басқарушы жүйелердің  қолданушы интерфейстерінің
        модельдік негізделген жобаларының методологиялық негіздері.
     8. Ақпараттық жүйенің интерфейсін модельдеу процесі.
     9. Ақпараттық жүйенің қолданушы интерфейсін құралдық көмегімен қолдау






      4 Пәннің (модульдің) оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуі

      Негізгі әдебиеттер
     1. Вендров A.M. Проектирование программного обеспечения  экономических
             информационных систем: Учебник. — 2-е изд., перераб. и доп.  -
        М.: Финансы и      статистика, 2005. - 544 с: ил.
     2. Маклаков СВ. Создание информационных систем  с  AllFusion  Modeling
        Suite. - М.: Диалог-МИФИ, 2003
     3. Мацяшек, Лешек,  А.  Анализ  требований  и  проектирование  систем.
        Разработка информационных систем с использованием  UML :Перс англ .-
         М.: Издательский дом «Вильямс»,2002г.


      Қосымша әдебиеттер:
     1. Амблер  С.  Гибкие  технологии:  экстремальное  программирование  и
        унифицированный  процесс  разработки.   Библиотека   программиста.-
        СПб.:Питер,2005г.
     2. Розенберг  Д.,  Скотт  К.  Применение  объектного  моделирования  с
        использованием UML и анализ прецедентов:  Пер.  с  англ.-  М.:  ДМК
        Пресс,2002г.
     3.  Кролл  П.,  Крачтен  Ф.  Rational  Unified  Process  –это   легко.
        Руководство по RUP. Пер.с англ.-М.: КУДИЦ-ОБРАЗ,2004г.




      Сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
      1 «Объектілі-негізделген бағдарламалау әдістемесі»  пәні бойынша
дәрістер  курсы.  Бекбаева Р.С.  Семей, 2013 ж.


      Бағдарламалық қамтамасыз ету
UML унифицирленген модельдеу тілі; Заманауи бағдарламалау құралдары - CASE
–құралдары: BPwin, Erwin, Rational Roze .


      5 Материалдық-техникалық қамтамасыз етілу
     1. Дербес компьютер
     2. 713 компьютерлік класс.


Пәндер