Файл қосу

Қазақ орыс қатынастырының зерттелуі





|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                       |
|СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы    МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                 |
|3 деңгейлі СМЖ құжат     |ПОӘК                     |                          |
|                         |                         |                          |
|                         |                         |ДП 042-1.01.-2014         |
|ПОӘК                     |                         |                          |
|Магистранттарға арналған |№2 басылым               |                          |
|«Ресей -қазақ            |13.09.2014               |                          |
|қатынастарының тарихы»   |                         |                          |
|пәнінің оқу-әдістемелік  |                         |                          |
|кешені                   |                         |                          |














                        ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
               «Ресей -қазақ қатынастарының тарихы(ХVI-XXIғғ)»
                   «6M011400»- Тарих мамандығына арналған






































                                    Семей
                                    2014






                                   Мазмұны


      1 Глоссарий
      2 Дәрістер
      3 Практикалық сабақтар
      4 Магистранттың өздік жұмысы







































































      1. Глоссарий
      1.1. Аридтік аймақ- ауа райы құрғақ аймақ.
      1.2. Гоминид- адамның арға ата-бабалары.
      1.3. Плиоцен- өтпелі кезең.
       1.4. Палеолит- ерте тас дәуірі
       1.5. Мезолит- орта тас дәуірі.
       1.6. Неолит- жаңа тас дәуірі.
       1.7. Матриархат- аналық рулық қауым.
       1.8. Патриархат – аталық рулық қауым.
       1.9. Тұрақ-ежелгі адамдар мекені.
      1.10. Археология- (архео-көне, ежелгі;логос-оқимын) .
      1.11. Этнография-(этнос-халық, логос- оқимын)
      1.12. миф-аңыз,ертегі.
      1.13. Методология- зерттеу әдістерінің жиынтығы.
      1.14. Шежіре- төтенше маңызды жазба дерек.
      1.15. Руналық- ежелгі түркі жазуы.
      1.16. Шаньюй- ғұндар көсемі, ханы.
      1.17. Он оқ будун- 10 тайпа одағы.
      1.18. Түркі- «төркін», «әскери ақсүйек».
      1.19. Этногенез- халықтың шығу тегі.
      1.20. Қаған- ең жоғарғы әскери лауазым, хан, тек.
      1.21. Эфталиттер- ақ ғұндар.
      1.22. Половецтер- қыпшақ тайпалары.
      1.23. Протогород- үлкен, қала тектес қоныстар.
      1.24. «Шад» - түмен (10 000 адам) басы.
      1.25. Вассал- біреуге бағынышты, тәуелді.
      1.26. Моңғол империясы- Шыңғыс хан және мұрагерлері құрған мемлекет.
      1.27. Тархан- ақсүйектерге берілетін әскери лауазым.
      1.28. Ұлыс бектері- тарханнан төмендеу билік иесі.
      1.29. Қараша бектер- қара сүйектен шыққан билеуші.
      1.30. «Яссы» (Жасақ)-заңдар жинағы.
      1.31. Тамға-ерекшелік белгісі, таңба.
      1.32. Құл- ешқандай құқы жоқ, басыбайлы адам.
      1.33. Кесене-архитектуралық құрылыс, мазар.
      1.34. «Диуани хикмет» (Даналық кітабы) – Қожа Ахмет Яссауидың кітабы.
      1.35. Тарихнама- шежіре, ауызша және жазбаша естелік.
      1.36. Әз, Әз Жәнібек, Әз Тәуке- әділ билік жүргізген ел басыларына
айтылатын билік сөзі.
      1.37. «Қасым ханның қасқа жолы» - Қасым хан кезіндегі мемлекеттік
құқықтың негізін реформалау үлгісі.
      1.38. «Жеті Жарғы»- Әз Тәукенің билік және заң қағидалары.
      1.39. «Қазақтардың алтын ғасыры»- Тәуке хан билік құрған жылдар.
      1.40. «Жоңғар» - батыс-моңғол тайпалары, «сол қол » деген ұғымды
білдіреді.
      1.41. «Ойрат» - төрт тайпа одағы деген ұғым.
      1.42. «Қоңтайшы»- Жоңғар билеушісі.
      1.43. «Ақтабан шұбырынды»- 1723 немесе Жоңғар шапшылығының нәтижесінде
қазақтардың босуы.
      1.44. Торғауыттар- еділ бойы қалмақтары.
      1.45. Бодандық- өз еркімен бағыну, бой ұсыну.
      1.46. Рухани мәдениет- адамның ақыл-ойының, санасының өсуі.
      1.47. Материалдық мәдениет- заттай мәдениет.
      1.48. Елші-бір елдің өкілі, дипломат.
      1.49. Төре, қожа- жоғарғы діни қабаттың өкілдері.
      1.50. төлеңгіт- төрелерге қызмет етуші әлеуметтік топ.
      1.51. Сұлтан- ақсүйек, Шыңғыс хан ұрпағы.
      1.52. рулық одақ- «Ата балалары» , біріккен тарихи топ.
      1.53. Тайпа- біріккен бірнеше рулық одақ.
      1.54. шариғат- мұсылмандардың діни заң-қағидалары.
      1.55. Жырау- философиялық толғау- өлең шығаратын халық әдебиет өкілі.
      1.56. Би- шешен, халық мойындаған ру-жүз, мемлекет қайраткері.
      1.57. Отар- бір елді екінші бір үлкен елдің күшпен немесе саяси
әдіспен жаулап алуы.
      1.58. Зекет, харадж- алым-салық түрлері.
      1.59. Ұлт-азаттық қозғалысы- белгілі бір ұлтты, халықты азат ету
жолындағы күрес.
      1.60. Блокада- әскери қысым, қоршау.
      1.61. Уақытша ереже- 1867-1868 жылдардағы реформа.
      1.62. Облыс- 5-8 уезден тұрды (19-ғасыр)
      1.63. Уезд- 5-8 болыстан тұрды (19-ғасыр)
      1.64. болыс- 8-15 ауылдан тұрды (19-ғасыр)
      1.65. адай көтерілісі- 1870 жылы Кіші жүз қазақтарының қозғалысы.
      1.66. «алаш» партиясы- 1917 ж жілдеде Орынборда құрылды.
      1.67. I. Дүниежүзілк соғыс- 1914-1918ж соғыс.
      1.68. Азамат соғысы- 1918-1920 ж соғыс.
      1.69. Автономия- жеке билеу құқығы бар мемлекет.
      1.70. Федерация- бір мүдделі бірнеше мемлекеттер одағы.
      1.71. Қазақ АКСР- Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы.
      1.72. Индустрияландыру- ауыр өнеркәсіп саласын дамыту.
      1.73. Күштеп ұжымдастыру- 1929 ж басталған саяси-экономикалық науқан.
      1.74. «Кіші Қазан» идеясы- Ф. Голощекиннің Қазақстанда Кеңес өкіметін
орнату саясаты.
      1.75. Репрессия- жазықсыз жазалау, қудалау шаралары.
      1.76. Ұлы Отан соғысы- 1941-1945 ж арасындағы соғыс.
      1.77. тың игеру- жоспарсыз егіс көлемін ұлғайту (1954)
      1.76. АЛЖИР, КарЛАГ, ГУЛАГ- жазалау орындарының қысқарған атауы.


      2. ДӘРІСТЕР


      Дәріс 1. Қазақ орыс қатынастырының зерттелуі
      Қазақ орыс қатныстарының ахуалы мен сыртқы  саясаты  курсының  мақсаты
–    қазақ   халқынының     сыртқы     саяси     бағыттарымен    халықаралық
қатынастардағы қызметіне тоқталып, мына  мәселелерді  алға қою: -  XVI-XVIII
ғғ. Қазақ  хандығының   Орталық  Азия  және Ресей   мемлекеттерімен   қарым-
қатынасын   ашып   көрсету.  Студенттердің  халықаралық  қатынастар   тарихы
туралы түсініктерін кешенді түрде  қалыптастыруда,  қазіргі  кездегі  сыртқы
саясат қадамдарындағы жетекші саясаткерлер  қызметтерімен  тығыз  байланыста
қарастыру.
             ХҰІ-ХУІІ ғасырларда қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір
ұлғая түсті. Өз тұсында "жерді  біріктіру"  процесін  жедел  жүзеге  асырып,
неғұрлым көзге түскен казақ хандарының бірі  -  Жәнібек  ханның  үлы  Қасым.
(Туған Жылы 1445 ж.). Іс жүзінде Қасым хан елді Бүрындық кезінде-ақ  басқара
бастады. Қасым ханның басқаруынан бастап  елде  билік  жүргізу  тек  Жәнібек
үрпақтарының  қолыня  көшті.  Қасым  ханның  түсында  /1511-1523  жж.  билік
қүрған/ қазақ хандығының саяси және  экономикалық  жағдайы  жан-жақты  нығая
түсті. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығына тойтарыс беріп,  әскери  күштерді
нығайтты, өз билігіндегі жерлерді кеңейтті. Қасым  хан  билік  қүрған  кезде
қазақ халқы өзінің осы күнгі мекен түрағының негізгі аймақтарын  біріктірді.
Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүс-тік-батыста  Сырдың  оң  бойындағы
бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым  ханның  қол  астындағы  қазақ-
тардың жайлау қоныстары Ұлытаудан  асты.  Оңтүстік-шы-ғыста  оған  Жетісудың
көп бөлігі /Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері/ қарады. Қасым  ханның  түсында
Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және  елшілік  байланыс  жасалып,  Орыс
мемлекетімен  қатынас  қалыптасты.  Қазақ   ханды-ғымен   елшілік   байланыс
орнатқан алғашқы мемлекеттер-дің бірі - үлы  князь  III  Василий  /1505-1533
жж./ билік жүргізген кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Осы  түста  қазақ-тар  өз
алдына дербес халық ретінде батыс Еуропаға мәлім болды.


           Ұсынылған әдебиеттер:
        1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-
  бөлім,   1-2 тараулар.
           3.Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім
        4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй половине XVI-века. А.,
   1985.
      5. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана  (1985-2002 гг.).
Алматы.,2003
      Дәріс 2   Орыс мемлекетінің нығаюы және Шығыс саясаты
      Қазақстан тарихында ең бір  өзекті  де  күрделі,  қарама-қайшылықтарға
толы мәселе - XVI-XVIII  ғғ.  қазақ-орыс  қарым-қатынастары.  Өйткені,  XVI-
XVIII ғғ. қазақ елі  мен  орыстар  арасындағы  байланыстардың  тарихын  жан-
жақты,  бүгінгі  күнгі  талаптарға   сай   зерттеп,   оның   зерделенуіндегі
жетістіктер мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндіктер туғызатын  тарихнамалық
ізденістердің қажеттілігі туындап отыр. Сондай-ақ, өзінің дамуында ұзақ  әрі
ауыр, күрделі  де  өзіндік  ерекшеліктерге  толы  болған  қазақ-орыс  қарым-
қатынастары  төл  тарихнамамызда  обьективті  тұрғыдан  зерделеніп,   тиісті
бағасын ала алған жоқ. Дегенмен, біздің  зерттеу  обьектіміз  болып  отырған
Қазақ хандығының орыс елімен байланыстарын бүгінгі жаңарған тарих  ғылымының
сұранысына  орай  терең  зерттеудің  қажеттілігін  академик  М.Қ.  Қозыбаев:
«...бізде  зерттелмей  келе  жатқан  мәселе  –   ұлтаралық,   мемлекетаралық
қатынас, өркениеттер ықпалы, мәмлегерлік  тарихы»,  -  деп,  атап  көрсеткен
еді.
      Әртүрлі саяси оқиғаларды басынан кешірген қазақ халқының тарихында XVI-
XVIII ғасырлар аралығы ерекше кезеңдердің бірі болып табылады. Өйткені,  осы
кезеңде қазіргі Тәуелсіз Қазақстан Республикасының іргетасы – Қазақ  хандығы
тарих сахнасына шығып, қазақ елі халық болып қалыптасып,  ішкі  және  сыртқы
саясатын белсенділікпен жүргізе бастады.
      XVI-XVIII ғғ.  аралығындағы  Қазақ  хандығының  көрші  мемлекеттермен,
соның ішінде іргелес орыс елімен жасаған қарым-қатынасын зерттеудің  бүгінгі
таңда маңызы зор. Әрине, осы  уақытқа  дейін  Қазақ  хандығының  көрші  орыс
елімен  қарым-қатынас  тарихы  көптеген  ғылыми  зерттеулерде  қарастырылған
мәселелердің бірі болғанымен,  төл  тарихнамамызда  обьективті  зерттелініп,
бір  арнаға  түсе  алмай  немесе  Кеңес  дәуірі  тұсындағы   зерттеушілердің
еңбектерінде маркстік-лениндік  идеологияның  үстемдік  етуімен  бір  жақты,
үстірт қарастырылып келген тақырыптардың бірі болғанына көзіміз жетіп отыр.
      Бүгінде  XVI-XVIII  ғғ.   қазақ-орыс   байланыстары   мәселесін   ашып
көрсететін тарихи еңбектерді терең зерттеу Қазақстанның тарихнама  ғылымының
дамуында ерекше маңызға ие. Қазіргі таңда тарих ғылымындағы жаңа  теориялық-
концептуалдық тұрғының  қалыптасуы  және  оны  зерттеулерде  пайдалану,  біз
қарастырып отырған XVI-XVIII  ғғ.  қазақ-орыс  қарым-қатынастарының  маңызды
мәселелерін анықтауға және оның жаңа қырларын айқындап,  ашуға  көмектеседі.
Бұл  мәселеге  қатысты  зерттеушілердің  ғылыми-тарихи  көзқарастарына  баса
назар аударып, ондағы ғылыми пікірлер  мен  дәйекті  тұжырымдарды  қайта  ой
елегінен  өткізіп,  жаңа  концептуалдық  тұрғыда  қарастыру,  Отандық  тарих
ғылымында дер кезінде орын алған құбылыс.  Кешенді  дерек  көздерін  талдау,
оларды пайдалану арқылы өткеннің шынайы көрінісін қалпына  келтіріп  көрсету
тарих ғылымының дамуындағы ең бір қажетті шарттардың бірі.
      Қазірде өзекті міндеттерді шешуде өткенді  қайта  қарап,  одан  тарихи
сабақ пен тәжірибе алудың маңызы аса зор, ал онымен тарих ғылымы ғана  емес,
тарих ғылымының тарихы да айналысады.
      XVI-XVIII ғғ. Қазақ хандығы мен көршілес орыс  елі  арасындағы  қарым-
қатынастар  мәселесі  төңкеріске  дейін  де,  Кеңес  өкіметі   тұсында   да,
тәуелсіздігімізді  алғаннан  кейін   де   тарихшылар   мен   зерттеушілердің
назарынан тыс қалмаған күрделі тақырыптардың бірі екендігі айқындалды.
      Қазақстанның  геосаяси  жағдайы,  халықтың  көп  ұлтты  болуы,  ұлттық
идеяның дамуы  қазақ  мемлекеттілігінің  тарихын  қарастырғанда  абстрактілі
және жеңіл-желпі тұрғыда қараудан бас тартуды, керісінше терең де  жан-жақты
зерттеуді қажет етуде. XVI-XVIII ғғ. қазақ-орыс байланыстарының  сипаты  мен
барысын,  тарихын  зерттеген   зерттеушілердің   пікірлерін   талдау   Қазақ
мемлекетінің Ресей елінің отарына айналу мәселесінің алғышарттарын  айқындап
беруімен де құнды.
      Сонымен қатар, бұл мәселе таза  тарихи  ғана  емес,  саяси  да  өзекті
проблемалардың бірі.  Өйткені,  халықтардың  қарым-қатынас  пен  байланыстар
тарихын зерттеу  бүгінгі  таңда  маңызды  мәселелердің  бірі.  Олар  ертеңгі
ауқымды өзгерістер мен бүгінгі  тарихтың  жолын  айқындап,  болашаққа  сабақ
болады. Бұл ретте Т.А. Мансұровтың:  «Халықтарымыздың  өткенін  оқып  үйрену
қазіргі кезді  жақсырақ  түсінуге,  тіпті  болашақ  шымылдығын  түре  түсуге
көмектеседі»1, - деген сөзі өте орынды.
      Тарихтың не бір аумалы-төкпелі  кезеңдеріне  қарамастан,  көрші  Ресей
елімен  Қазақстан  қашанда   жарқын   тату   достық   қарым-қатынаста   өмір
сүретіндігі ақиқат. Бұл ретте ел басымыз Н.Ә.  Назарбаев:  «Для  обеспечения
своей независимости и территориальной целостности  мы  должны  быть  сильным
государством и иметь надежные и дружественные отношения с соседями.  Поэтому
мы будем развивать и укреплять  доверительные  и  равноправные  отношения  с
нашим ближайшим исторически дружественным соседом – Россией», – деген  сөзін
келтіріп отырмыз.
      XVI-XVIII ғғ. Қазақ хандығы мен орыс мемлекеті арасындағы саяси, сауда-
экономикалық,  мәдени,   дипломатиялық   қарым-қатынас   тарихын   жан-жақты
саралап, тақырыптың отандық  және  шетелдік  тарихнамада  пайымдалуын,  оның
негізгі бағыттарын, тақырыптық аясын, мазмұны мен  көзқарастар  эволюциясын,
жетістіктері мен кемшіліктерін  анықтап,  студенттерге  нақты  тарихи  дерек
көздерін оқып, пайдалану әдістерін меңгерту болып табылады.


      Ұсынылған әдебиеттер:
        1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-
  бөлім, 1-2 тараулар.
           3.Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім
        4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй половине XVI-века. А.,
   1985.
      5. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана  (1985-2002 гг.).
Алматы.,2003
 Дәріс 3.  XVI XVIII ғасыр Қазақ хандығы мен Ресей мемлекет арасындағы сауда
                    экономикалық және мәдени байланыстар


      Қазақстан мен Орта  Азиядағы  орыс  көпестері  туралы  мәліметтер  ХІV
ғасырда Рубриквис пен Шегаб-эд-Диннің  еңбектерінде  кездеседі.  Революцияға
дейінгі зерттеуші Н.П. Загоскин мен атақты  кеңес  тарихшысы  В.В.  Мавродин
ежелгі дәстүрге  сүйене  отырып,  «орыс  көпестері  XIV-XV  ғасырдың  өзінде
тұрақты түрде Еділ сағасы мен Каспийге барып, ол жақтан  Самарқанға  жеткен;
1404 жылы осы қалада орыс көпестерін татар, үнді және қытай  саудагерлерімен
бірдей көрген» деп мәлімдейді.
               Еділ өзені мен Каспий теңізі арқылы  орыс  көпестерінің  Азия
елдеріне аң терілері (бұлғын,  құндыз,  түлкі,  сусар  терісі,  т.б.),  бал,
балауыз,  балық  тістері  (морждың  азуы),  былғары  және  зығыр   маталарды
(әсіресе Орта Азияға) тасымалдайтыны жайында революцияға дейінгі автор  А.Я.
Гаркави қызықты деректер келтіреді. Олар Ресейге  осы  бағытпен  Еділ-Каспий
сағаларынан  және  Шығыстан  тұз,  дала  жылқылары,  жібек   маталар,   асыл
металдардан  жасалған  бұйымдар,  асыл  тастар,  маржан,  қару-жарақтар  мен
болаттан жасалған бұйымдар жеткізіп отырған.  Үндістанға  қарай  теңіз  жолы
ашылмай тұрғанда Еділ өзені мен Каспий теңізі арқылы Ресейге дәмді  тағамдар
ерекше көп әкелінетін.
      «Орыс  және  Орта  Азиялық  қатынастарды   ұйымдастырудың   бастамасы»
«ағылшындық Дженкинсонға» тиесілі деп  есептейтін  А.Е.  Снесарев  пен  В.В.
Бартольдқа, осы пікірдің қателігі  жөнінде  деректер  келтірген  революцияға
дейінгі тарихнаманың өкілі  В.Г.  Тизенгаузен  мен  кеңестік  ғалымдар  Б.Д.
Греков, С.А. Покровский, Ю.А. Соколов қарсы шығады.
      Шынында А. Дженкинсон алғаш рет қазақ даласы арқылы  өтіп,  орыстардан
шамамен бір жарым ғасырдан кейін Орта  Азияда  1557  жылы  болды;  ол  мұнда
бірнеше жыл тұрақтады деп Е.В. Тарле мағлұмат береді.  Әрине,  Дженкинсонның
күшті әрі көп санды «ислам дініндегі  қайсақтар»,  дала  тұрғындары  жайында
хабарлайтын Орта Азия мен  Қазақстан  туралы  өте  құнды  мәліметтері  үлкен
қызығушылық туғызады.
      Н.М.  Карамзин  «1557-1558  жылдары  Иван  IV-ге  Хива,  Бұхара   және
Самарқаннан  келген  елшілер  «аса  сүйіспеншілікпен»   бас   иіп,   олардың
көпестерінің Еділ  өзені  бойымен  еркін  өтуі  үшін  рұқсат  сұрайтын»  деп
мәлімдейді.   Сонымен   қатар,   А.Х.   Марғұлан   да    қазақ-орыс    сауда
байланыстарының  ертерек  қалыптасқанын  дәлелдейді.  Сол  кезеңде   Шемаха,
Дербент,  Шавкал,  Түмен,  Хива,  Сарайшық  және  басқа  қалалардан   келген
көпестер Астраханьда болып, Шемаха  және  Бұхарамен  сауда  жөнінде  келісім
шарттар жасасқан.
      Оңтүстік-шығыс Еуропадағы  саяси  құлдырау  жағдайында  Алтын  Орданың
ыдырауынан кейін XIV ғасырдың басында Ресей  мен  Орта  Азиялық  және  шығыс
мемлекеттері арасындағы сауда жолдары бұзылды. Сондықтан Тугум ханның (1534-
1538) кезінде қазақтар барынша күшейгенімен, Мәскеу үкіметі олармен  бұрынғы
тікелей байланыстарды қалпына келтіруге ниет білдірмеді.
      Көшпелі   мемлекеттік   бірлестіктер   үнемі   отырықшы    мәдениеттің
өнімдеріне, дәндік астықтар  мен  әсіресе  маталарға  мұқтаж  болды.  Оларға
мұндай бұйымдар үнемі Ресей мен Бұхарадан  әкелінетін.  В.В.  Бартольд  С.М.
Соловьевқа сүйене отырып, осындай маңызды қорытынды жасайды.
      Ноғайлық Исмайыл Мырза Жайық бойымен көшіп жүрген  ағасы  Юсуфке  1551
жылы «Сенің адамдарың сауда жасау үшін Бұхараға барады, ал  менікі  Мәскеуге
барады; тек мен ғана Мәскеумен шайқаса аламын, өліктерге кебіндерін  тігуден
басқа шара қалмайды» деп хат жолдаған.
      XVI-XVIII ғғ. Қазақ хандығы мен Ресей империясы арасындағы байланыстар
профессор   Ж.Қ.   Қасымбаевтың   еңбектерінде   кең   түрде   қарастырылған
мәселелердің бірі. Автор 1986  жылы  жарыққа  шыққан  еңбегінде:  «XVIII  ғ.
Ямышевск, Железнинск, Семей, Өскемен және т.б. бекіністердің салыну  тарихын
көптеген  жылдарға   созылған   орыс-қазақ   қарым-қатынасының   дамуы   мен
Қазақстанның  Ресейге  қосылу  тарихымен   бөлшектеусіз   байланысты.   Орыс
мемлекеті  XV  ғасырдың  өзінде  көрші  Қазақстанға   үлкен   қызығушылықпен
қараған. Оның өзі  Ресей  мемлекетінің  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси
дамуымен байланысты терең себептерге негізделді», -  дейді.  Ж.Қ.  Қасымбаев
одан әрі: «Көшім хандығының жойылуы  және  Ресейге  батыс  Сібірдің,  Қазан,
Астраханның қосылуы, Сібір және қазақ даласына баратын  Кама  сауда  жолының
құрылуы қазақ-орыс  қарым-қатынасының  дамуына  қолайлы  жағдайлар  туғызды.
Орыс мемлекетінің Қазақстанға қызығушылығы  әсіресе,  XVI  ғасырда  ұлғаяды.
Өйткені, Ресей ортаазиялық хандықтарымен  сауда  және  дипломатиялық  қарым-
қатынастарды  орнатқаннан  кейін  қазақ  даласы  арқылы  Хиуа   мен   Бұхара
орталықтарындағы қала қолөнершілерімен транзиттік  сауда  жүргізді.  XVI  ғ.
соңы - XVII ғ. қазақ даласы арқылы Бұхара мен  Хиуадан  Ресейге  44  елшілік
және Ресейден 9 елшілік ортаазиялық хандықтарға өтеді. Оларда көп тауар  мен
адамдар болды. Орта Азиядан шыққан  сауда  керуендері  қазақ  даласы  арқылы
Астрахан, Еділдің жоғарғы ағысымен Саратов, Самара,  Қазан  және  т.б.  орыс
қалаларына бағыт алады. Сонымен қатар,  ол  сауда  керуендері  қазақ  даласы
арқылы Сібірге де – Бұхарадан Сырдария, Түркістан, Сарысу,  Ұлытау,  Есілдің
жоғарғы ағысымен Ертіске, одан  Тобылға  дейін  барды.  Орыс  мемлекеті  бұл
транзиттік сауданың дамуына  қатты  қызықты  және  ортаазиялық  хандықтардың
сауда керуендеріне, көпестерге қазақ  даласы  арқылы  өткенде  қауіпсіздікті
қамтамассыз етуі үшін қазақ хандығының саяси жағдайымен және  олардың  көрші
елдермен қарым-қатынасына терең үңіле бастады» , -  дейді.  Одан  әрі  автор
осы себептерден Мәскеу патшалығы Қазақ хандығымен байланыс  орнатуды  мақсат
етеді, оның дәлелі 1573 ж. Чебуков бастаған елшілік екенін  атап  өтеді.  Ал
1574 жылы Иван IV ағайынды Строгоновтарға бұхаралық,  қазақ  саудагерлерімен
алым-салықсыз саудаға рұқсат ететін грамота бергенін  айтады.  Профессор  Ж.
Қасымбаев   осылайша   қазақ-орыс    қарым-қатынасының    сауда-экономикалық
астарларын аша отырып, Ресейдің ұстанған саясатын айқын көрсетеді.
      Мәскеу үкіметі барлық елдермен, соның  ішінде  Орта  Азия  және  қазақ
даласымен  сауда  қатынастарын  жандандыруға  қол   жеткізді.   Бұл   жағдай
экономикалық  өмірді  қалыптастыруға  ықпал  жасап,  өз   кезегінде   әскери
қақтығыстардың пайда болу мүмкіндігін азайтты.  Басқаша  айтқанда,  сауданың
күшеюі Орта  Азиялық  мемлекеттердің  агрессиялық  пиғылдарын  бейтараптауға
әсер  етіп,   тараптардың   экономикалық   қуаттылығын   нығайтты.   Сонымен
қатар,олардың  дипломатиялық  және   саяси   байланыстарының   қарқындылығын
арттыра  түсті.Орыстардың  Шығысқа  қарай  кеңею  үрдісі  орыс  көпестерінің
өркендеуі  үшін  қолайлы  жағдайлар  туғызды.  Бірақ  олардың  жолына  Сібір
хандығы кедергі болды. Көрші мемлекеттердің шапқыншылығына  үздіксіз  ұшырап
отыратын қазақ хандықтары басқыншыларға қарсы күресте  көмек  қолын  созатын
мықты  одақтас  іздей  бастады.  Дала  төсінде  жиі  орын  алатын   оқиғалар
қазақтарды олардың солтүстік-батыстағы қуатты  көршісі  Ресеймен  одақтасуға
итермеледі.
      Сол кезеңдегі орыс көпестері, дипломаттар мен  саяхатшылар  қазақтарды
Бұхара мен Сібір хандығы билеушілерінің толассыз  қысымынан  асқан  ерлікпен
қорғанған халық ретінде біледі. Ол уақыттың өзінде-ақ қазақ даласы  Шығыстан
Ресейге және Ресейден  Шығысқа  тасымалданатын  тауардың  қайнаған  ортасына
айналды.
      XVI ғасырдан бастап XVIII ғасырдың 40 жылдарына  дейін  Ресейдің  Орта
Азиялық алқаптармен байланысы Астрахань, Гурьев, Тобыл  жағалауы,  Орал,  Ой
арқылы және Тобылдан бастап солтүстіктегі дала мен оңтүстіктегі  шөл  арқылы
жүзеге асып отырды. Орынбор, Троицк және Омбы  қалаларының  негізі  қаланбас
бұрын Астрахань мен Тобыл мемлекеттік және жеке меншік керуендерді  Бұхараға
жіберудің басты базасы  ретінде  қарастырылды.  Қазақ  даласы  арқылы  сібір
казактары Орта Азия мемлекеттерімен сауда байланыстарын  дамытты.  Революция
кезеңіне  дейінгі  автор  И.  Кеппен  бұхаралық  керуендердің  Ермакқа  Арал
теңізінің жанынан, «бұрыннан қалыптасқан жолмен, яғни  қырғыз-қайсақ  даласы
арқылы...» өткендігін дәлелдейді.
      Ал кеңестік тарихшы Х. Зияев Тобылдан Бұхараға дейінгі  жолға  75  күн
кететіні жайында жазған.
      Ресей  мен  Орта  Азия  арасындағы   сауда   қатынастары   мәселелерін
қарастырған  ең  атақты  зерттеушілердің  бірі  А.В.  Панков  XVI   ғасырдың
ортасынан  бастап  жылына  екі  рет  Астрахан  мен   Маңғышлақтағы   Қараған
кемежайлары   арасында   хивалық   және   бұхаралық   көпестердің   желкенді
қайықтарының жүзгені жөнінде мәліметтер береді.
      Революция кезеңіне дейінгі  автор  В.А.  Уляницкий  мен  Сыртқы  істер
министрлігі мұрағатының  құжаттарын  сараптаған  қазақстандық  тарихшы  Г.Ф.
Дахшлейгер Ресейден Үндістанға баратын  құрлық  жолы  сол  кезеңде  Астрахан
арқылы Маңғышлақ (Тюб-Қараған) түбегі, Бұхара, Балх және Кабулға барып,  сол
жақтан Үндістанға қарай өткен деген қорытындыға келеді.
      Казан қаласын басып алғаннан кейін 20 жылдан соң, орыстар енді Каманың
бастауын  игеруге  ұмтылды  және   Строгановтармен   құрылған   Канкор   мен
Керегеданда орналасқан Кама Тұзынан бірнеше шақырым алыстағы  оңтүстік-батыс
бөлікте  өз  ұстанымын  нығайта  бастады.  Осылайша  Сібірге  баратын   өзен
жолдарын басып алуды көздеді.  Бәрін  басып  озған  Строгановтар  1574  жылы
Батыс Сібірдегі басқыншылық әрекеттерді өз пайдасына шешуге тырысты. Сондай-
ақ, Тобыл, Ертіс,  Обь  және  басқа  өзендерде  де  өз  үстемдігін  орнатуға
асықты. Иван Грозныйдың грамотасына сәйкес олардың  иелігіне  осы  жерлердің
барлығы  берілді.  «Сібір  шежіресінің»  дәлелдеуінше,   Строгановтар   Орта
Азиядан,  Қазақстан  мен  басқа  шығыс  елдерінен  келген  көпестермен  жаңа
орындарда  баж  салығынсыз  сауда   жасауға   қол   жеткізді.   Строгановтар
шежіресінде кездесетін жоғарыда аталған  дәлелдерге  сүйенетін  болсақ,  осы
жылдары қазақ даласымен сауда байланыстары реттеле бастады.
      Сонымен, XVI ғасырдың соңында орыс патшаларының (Иван  Грозный,  Федор
Иоаннович) Шығыстағы көршілес елдерге, соның  ішінде  қазақ  хандықтары  мен
осы кезеңдегі  қазақ  билеушілеріне  (әсіресе  Тәуекел)  қатысты  саясатында
«...біздің  арамызда  қайырымды  адамдар  (саудагерлер)   ешбір   кедергісіз
жүреді» деген ұмтылыс жатты.
      Дәл сол уақытта тек саяси ғана емес, сонымен  бірге  орыс-қазақ  сауда
байланыстарын  дамытудың  тенденциясы  байқалды.  Олардың  нығаюына  әскери-
феодалдық жоңғар мемлекетінің қысымымен Жетісу ауданынан Есіл, Тобыл,  Ырғыз
және Батыс Сібір аймағындағы басқа да өзендердің  жоғары  ағысы  бассейнінің
бағыты бойынша қазақтардың көшуіне байланысты қалыптасқан  тарихи  жағдайлар
ықпал жасады. XVI  ғасырдың  соңында  екі  ел  басшыларының  арасындағы  осы
қатынастар олардың үстем тап  өкілдерінің  өзара  мүдделеріне  сай  келмеді.
Мысалы, орыс көпестері ноғай, қазақ, қалмақ  далалары  арқылы  Орта  Азиялық
және басқа да шығыс  мемлекеттерімен  сауда  байланыстарын  дамытуға  бірден
тартылған жоқ. Ал қазақтың көшпенді даласы Мәскеумен тұрақты  тату  көршілік
қатынастарды ұстанудан ерекше артықшылық байқамады.  Әсіресе,  XVI  ғасырдың
ортасынан бастап Мәскеу көбінесе қазақ  даласына  шабуыл  жасап,  қазақтарды
тұтқынға алып отырды және олардың малдарын айдап  әкетті.  Дегенмен,  мұндай
шабуылдар кейбір сәттерде Ресей  мемлекетімен  достық  қарым-қатынас  орнату
арқылы саяси және  сауда  жағынан  пайда  тапқан  қазақ  хандары  саясатының
негізгі бағыттарын  толығымен  бұзған  жоқ.  Бірақ,  олар  Ресейге  жартылай
тәуелді болмау үшін барынша қарсыласты.
      Революцияға  дейінгі  зерттеушілердің   айтуынша,   қазақ-орыс   сауда
байланыстарын  дамыту  жолындағы  басты  кедергі  XVI  ғасырдың  70  жылдары
Ресеймен қарым-қатынаста шиеленіске түскен Сібір хандығы  болды.  Көшім  хан
Ресейдің Сібірге енуіне қарқынды түрде қарсылық жасады. Революцияға  дейінгі
және кеңестік тарихнамада Көшім ханның бейнесі тек жағымсыз  жақта  айтылып,
оның іс-әрекеттері тонаушылық сипатта көрсетілді. Тек 1996 жылы  ғана  қазақ
тарихшысы М. Әбдіров тарихи шындықты  қалпына  келтіру  мақсатында  «Белгілі
және белгісіз Көшім хан» атты кітапта былай деп жазады: «Көшім  ханның  жеке
басына деген бүгінгі таңдағы ерекше қызығушылықтың басты  себебі  оның  жеке
қайғылы  тағдырына  ғана  байланысты  емес,  сондай-ақ   оның   ұрпақтарының
драмалық тарихына да байланысты. Ең алғаш рет  Көшім  ханның  өзі,  балалары
мен немерелері орыс державасының  шығыста  жүргізген  агрессиялық  саясатына
қарсы тұрып,  орыс  мемлекетінің  Сібір  мен  Солтүстік  Қазақстан  аумағына
енуіне қарсыласты». Көшіммен  бетпе-бет  келген  патша  үкіметі  оған  қарсы
күресу үшін одақтас іздей бастады. Ресейден  вассалдық  тәуелділікте  болған
қазақ даласы осындай одақтас бола  алатын.  Кейінгі  оқиғалар  көрсеткендей,
қазақ даласы Ресейдің агрессивтік басқыншылық саясатының құрбанына айналды.
      Бұдан  басқа,  осы  уақытқа  дейін  Қазақстанға  Бұхар  хандығы  қауіп
төндірген болатын. Бұхар хандығы  өз  иеліктерін  Хива  хандығының  есебінен
кеңейтіп  отырғаны  белгілі.  Бұхар-ноғай  келісімінің   нәтижесінде   қазақ
иеліктері  Бұхар  хандығы  тарапынан  қауіп-қатерде  болды.  Тәуекел  ханның
Мәскеудегі елшілерінің  көрсетуінше,  Бұхара  ханының  түпкі  мақсаты  Жайық
бойында Сарайшық  қала-бекінісін  құру  және  Астраханьды  Бұхараға  тәуелді
қалаға айналдыру болды.
      Көшім ханға қарсы күресте қазақ хандықтарымен одақтасу  үшін  бірқатар
шаралар  қабылдаған  Ресей  мемлекеті  олардың  билеушілерін  Орта   Азиялық
хандықтармен келіссөздер жүргізуде делдал ретінде қолдануды көздеді.
      Қазақ хандығы Тәуекел ханның тұсында қайтадан  нығайып,  қуатты  саяси
күшке айнала бастады. Осындай өзгерістер  Ресей  үкіметін  өз  пайдасы  үшін
қазақ хандықтарын Көшім ханға ғана емес, сондай-ақ Бұхара  ханына  да  қарсы
қолдануға асықтырды. Сол кезде қазақ даласымен тығыз қарым-қатынас  орнатуға
ұмтылыс жасалды.
      Ресей үкіметі  Сібір  тарапынан  қазақ  даласымен  және  Орта  Азиямен
байланыстарды   нығайту   жолында   шаралар   қабылдады.   Тарихи   тәжірибе
көрсеткендей,  Ресейдің  Азияға  барынша  тереңірек  енуі  Орал  жағалауымен
салыстырғанда Сібір жағында сәтті жүргізілді. Өнеркәсіпшілердің  елдің  ішкі
аудандарынан Сібір жаққа көшіп, жаңа жерлерде қоныстана  бастауы,  сондай-ақ
Орта Азия және қазақ саудагерлерімен сауда байланыстарын  кеңейтіп,  қалалар
салуы Ресейдің Сібір аймағын толығымен меңгеруіне  мүмкіндік  жасады.  Алғаш
негізі қаланған қалалардың қатарына Түмен және Тобыл (1587 ж)  кіреді.  1594
жылы Тара өзені бойында Тара  қаласы  бой  көтерді.  Оны  Тобыл  аймағындағы
Көшім ханның шапқыншылығына  қарсы  бекініс  ретінде  қолданды.  Іс  жүзінде
бұған дейін орыстар Ертістің жоғары жағындағы  осы  қалаға  одан  әрі  енген
болатын. Бұған Тара қаласының құрылысы жөніндегі патша  жарлығы  дәлел  бола
алады; жарлықта «Әр түрлі адам  шығындары  үшін  70  пұт  тұз  алынсын  және
қосымша ретінде тұзды Тарадағы жаңа  қаладан  Ямыш  өзеніне  қарай  сүргімен
тасуды бұйырамын»  делінді.  Негізгі  әңгіме  осының  барлығын  «белгіленген
жерден  700  шақырым  қашықтықта  орналасқан  жаңа  қалаға»,  яғни   қазіргі
Павлодар аймағына жеткізу жайында  болды.  Жарлықта  бұл  туралы  орыстардың
әбден машықтанған үйреншікті  тірлігі  сияқты  айтылған.  Осы  жайында  И.В.
Щеглов, М.И. Сладковский, Х. Зияев, Г.Е. Катанаев егжей-тегжейлі жазады.
      Сібір тарихшылары Г.Ф. Миллер (XVIII ғ.) мен И.  Словцовтың  (XIX  ғ.)
дәлелдеріне  сүйенген  А.В.  Панков  XVI  ғасырда  орыс   қайық   (досчаник)
керуендері «Ертісті жоғары бойлап  жүрді,  ал  «бұхаралық»  түйе  керуендері
қырғыз даласы арқылы еуропалық Ресейге, Астраханьға,  Самара  мен  басқа  да
Еділ қалаларына бағытталды» деп мәлімдейді.
      Бұхаралық сауда  керуендері  нан  және  аң  терісіне  айырбастау  үшін
маталар мен кептірілген жеміс-жидектерді тасымалдай  отырып,  Ертісті  төмен
бойлап Сібірге жетті. Тобылдан Орта Азияға  шығатын  сауда  жолы  Ертіс  пен
Есілдің бастауы арқылы жүрді, ол  жақтан  Ұлы-Тау  және  Сары-Су  тауларының
жанынан өтіп, Түркістанға жетті. Кейін Сырдария арқылы Бұхараға жетті.  Г.Е.
Катанаевтың  жазуынша,  Ресей  үкіметі  Тара  қаласының   тұрғындарын   егер
«бұхаралық  және  ноғайлық  көпестер  қалаға  тауарлар,  жылқылар  және  ірі
қаралармен келсе», олармен «достық қарым-қатынаста» болуға, сондай-ақ  «олар
арқылы пайда тауып, тауарды сату  барысында  бөгетсіз  өткізуге  міндеттеді.
Егер көпестердің кейбіреуі өзінің тауарлары және малдарымен  Тобылға  немесе
Түменге барғысы келсе, оларға ерік берілді».
      Кеңестік  зерттеуші   В.С.   Батраков   сол   уақытта   Орта   Азиялық
мемлекеттермен  байланысты  кеңейтуге,  олардың  Тара,  Тобыл   және   Түмен
қаласындағы  елшілерін  қабылдауды  ұйымдастыруға,  сонымен  бірге   олардың
ұсыныстарын мұқият  тыңдап,  бұл  туралы  Мәскеуді  хабарландыруға  тапсырма
берілді деп атап көрсетті.
      Осыған  байланысты  көптеген  деректік   көрсеткіштерді   кездестіруге
болады. Сонымен, Х. Зияев Ресей  үкіметінің  1595  жылы  «сауда  адамдарына,
бұхаралықтар мен ноғайлықтарға ықыласпен  қарау»  мәселесі  жайында  Таралық
билеушілерге берген бұйрығы жарияланған құжатты пайдаланады. Бұйрықта  түмен
әскер басына 1596 жылы былай деп бұйырады: «...Буде  бухарцы  с  товары  или
ногаи с лошадьми торговые  люди  велели  с  нашими  людьми  и  с  юртовскими
ясашными татары на Тюмени торговать беспошлинно; а иных  никаких  таможенных
пошлин с них имети не велели. И береженье к ним и ласку  держати  великую  и
обиды б им и насильства никоторого не было, чтоб им вперед повадно  было  со
всякими товары приезжати. А торговати бы есте велели за городом в  посаде  и
за посадом, где будет пригоже...».
      1608 жылы наурызда Таралық әскер  басы  И.В.  Масальскийге  бұйырылған
Қазан сарайының грамотасы арқылы Сібір қалаларында еркін сауда-саттық  жасау
үшін  бұхаралық  көпестерге  рұқсат  берілді.  Бұхаралық  көпестерге  Мәскеу
тарапынан артықшылықтар берілгені жайында мәлімдеген  өзбек  тарихшысы  М.Ю.
Юлдашев та мұның растығын дәлелдейді.
      Дегенмен, сауда керуендерін  қарақшылық  тонаудан  сақтандыруға  ешкім
кепілдік берген жоқ. Сондықтан оларды күзету  мәселесінде  бірқатар  шаралар
қабылданды. Жекелей айтқанда, тұз тасымалдайтын  керуендермен  бірге  әскери
команда еріп жүрген. Мысалы, 25 қайық (дощаник) және оған Тара  қаласынан  5
қайық (дощаник) қосылған Ертіске бағытталған сауда экспедициясын  мергендер,
зеңбірекшілер, дабылшылар, атты  казактар  және  «шамамен  840  жүзбасы  мен
атаманнан тұратын  жұмысшы»  жаяулар  күзететін  болған.  Олар  он  бір  мыс
пищальмен, 814 ядромен, «79 қолды және зеңбіректі түтінсіз дәрімен,  50  пұт
қорғасынмен» қаруланды. Бұл жайында 1903  жылы  «Қырғыз  өлкесі»  баспасында
жарияланған құжаттар сыр шертеді.
      «Аласапыран кезең» деп аталған халықаралық  жағдайда  Ресей  мемлекеті
қатты құлдырап, белгілі бір уақыт аралығында  қазақ-орыс  сауда  қатынастары
жүзеге аспай қалды.
      XVII ғасырдың басында екі ел  арасындағы  сауда  байланыстары  жандана
бастады. Ресей үкіметі Орта Азиялық көпестерге орыс қалаларында еркін  сауда
жасауы үшін рұқсат берді. Сол кезеңде  Ресейдің  Орта  Азиядағы  сауда  және
дипломатиялық миссияларының  санын  ұлғайтуға  барынша  күш  салынды.  Мұнда
басты қатынас жолдары Қазақстан арқылы өтті. 1614  жылы  Жайық  арқылы  және
қазақ  даласымен  (Ембі-Хива)  Парсы  жаққа  Михаил  Тихонов   пен   Алексей
Бухаровтың елшілігі жіберілді. Олармен бірге орыс көпестері мен  ұзақ  уақыт
бойы «аласапыран кезеңіне»  байланысты  отанына  қайтуға  мүмкіндігі  болмай
жүрген парсы шахының өкілі Амир Кули болды.
      XVII  ғасырдың  20  жылдарының  соңында   шығыс   елдерінің   нығаюына
байланысты Орта Азия мен басқа да шығыс елдерінен  келген  көпестердің  арта
бастауы  олардың  орыс  көпестерімен  қақтығысына  алып  келді.  Нәтижесінде
жергілікті билік өкілдері  Ресей  аймағында  шығыс  көпестері  керуендерінің
қозғалысына белгілі бір шектеулер  қоюға  мәжбүр  болды.  Бұл  жағдай  шығыс
көпестерінің қатты  наразылығын  тудырды.  Осы  мәселені  қарастырған  кеңес
тарихшысы Х. Зияев Ресей  аймағында  шығыс  көпестерінің  еркін  қозғалысына
шектеу   қою   себебін   тауар   тасымалы   үшін    «қолайлы    жағдайлардың
жетіспеушілігімен» байланыстырады. Бұл тек бір  жағы  ғана.  Орта  Азия  мен
басқа  да  шығыс  елдерінен   келген   көпестердің   ұлғайған   ағымы   орыс
көпестерінің  арасындағы  бәсекелестікке  алып   келді.   Нәтижесінде   орыс
көпестері маңызды түрде зиян шекті. 1627 жылы орыс көпестері  өздерін  шығыс
көпестерінің бақталастығынан қорғау мақсатында  Михаил  Филаретович  патшаға
арнайы ұсыныс жасауға мәжбүр болды. П.П.  Смирновтың  көрсетуінше,  ұсыныста
Ресейдегі «тезиктер» (Орта Азиялық көпестер)  санының  көптігі,  олардың  өз
бетінше жүріп, өз бұйрық берушілерін  өздері  жіберіп  отыратындығы  жөнінде
айтылған.  Орыс  көпестерінің  пікірінше,  олардың  патшасы  барлық  жердегі
кәсіпке шектеу қойды.
      Жолдастарымен бірге патшаның аяғына жығылған «сібірлік бұхаралық» Алим
Сулейманов жайында Сібірлік бұйрық кітабынан  (134  қатар,  194  п)  алынған
үзінді ретінде зерттеуші М.Ю. Юлдашев олар өз құқықтарын  қалпына  келтіруді
сұрап, патшаның аяғына бас ұрғаны туралы мәлімдейді.
      Осы кітапта басқа да «Сібірде тұрақтанған бұхаралықтар мен  жергілікті
көпестер арасындағы өзара қарым-қатынастар сипатталған».
      Бұл мысалдар Ресейдің Қазақстанмен және Орта  Азиялық  мемлекеттерімен
кең ауқымды сауда байланысы болғанына дәлел  болады.  Оның  үстіне  Бұхарада
«сауданы тұрақты түрде кәсіп еткен» орыс көпестері де болатын.
      Алайда, XVII ғасырдың 20-80  жылдары  аралығында  Ресейдің  Қазақстан,
Орта Азиялық және басқа да шығыс мемлекеттерімен сауда және  басқа  саладағы
байланыстары біршама құлдырағанын байқаймыз.  Бұл  жағдай  сауда  керуендері
мен дипломатиялық миссияларға шабуыл жасайтын «тонаушылар тобының»  белсенді
іс-әрекеттерімен түсіндіріледі. Осыған байланысты  1620  жылы  теңіз  дауылы
кезінде қайығы  Маңғышлақ  түбегінің  жағалауына  тасталған  И.Д.  Хохловтың
елшілігін  айтуға  болады.   Осында   орналасқан   сауда   керуені   түркмен
тайпаларының шабуылына ұшырап, тоналған болатын.
      Дегенмен, осы кезеңде сауда миссиялары арқылы алмасу  жалғасып  жатқан
еді. Тара және Тобыл қалаларына 1637-1645 жж. - 185 көпес, 1645-1655  жж.  -
165 көпес, 1655-1665 жж. – 227 көпестің келгені  жөнінде  жазылған  кедендік
кітаптан алынған дәлелдерді Ю.А. Соколов мысалға келтіреді.
      Қазақстан территориясымен  (Тобылдан  Түркістанға  дейін)  ең  алдымен
қазақ хандарынан арнайы рұқсат алған Орта  Азиялық  сауда  керуендері  өтті.
Бұл жайында орыс елшісі Василий Кобяков  мәлімдейді.  Осыған  сүйенген  Н.Г.
Аполлова  сол  кезеңдегі  Қазақстандағы  сауда   туралы   қызықты   деректер
келтіреді. Сібірлік бұйрықтағы өзінің «сөзінде» Кобяков былай дейді:  «Тәуке
ханның  «билігінде  бұхаралық  көпестер  тұратын  25  казак  қаласы  болды».
Негізінен сауда операцияларынан түсетін барлық табыстар  қазақ  хандары  мен
сұлтандары және оның айналасындағы адамдарға  тиесілі  болатын.  Олар  Сібір
аймағындағы орыс базарында орыс-қазақ саудасын ұйымдастыру үшін қолданылды.
      Орыс  және  Орта  Азиялық  мемлекеттер  арасындағы  сауда  байланысына
кеңірек тоқталуға басты себеп:  Орта  Азиялық  сауда  керуендерінің  басында
тұрған көпестер қазақ билеушілерінің ұсынысы  бойынша  ресейлік  әкімшілікке
бағынбады  және  сауда  операцияларына   қатысты   дипломатиялық   сипаттағы
міндеттерді орындаған жоқ. Орта Азиядағы хандықтармен сауданың  дамуы  орыс-
қазақ   байланысының   нығаюына   ықпал   етті.   Соған   сәйкес   Қазақстан
территориясымен Орта Азиялық сауда керуендері өткен сайын  орыс-қазақ  сауда
қатынастарын күшейтуге қолайлы жағдайлар жасала бастады.
      Мысалы, Ресеймен сауда қатынасындағы кедергілерді жою міндеті қойылған
Ташим  елшілігі  қазақ  көпестерін  алып  жүрді.  Тәуке  ханның  «көпестерді
қайырымды өкілмен қамтамасыз етіп, сауда адамдарын  босатуды  сұрауы»  тегін
емес.
      Тәуке хан осы елшілікке үлкен үміт артты: елшілік бұрынғы  саяси  және
сауда байланыстарын қайтадан қалпына  келтіруге  міндетті  болды.  Сондықтан
Тәуке хан  елшілікпен  бірге  патша  сарайына  көптеген  сый-сияпат  жіберіп
отырды.
      Мысалы, қазақ даласындағы сауда  саласына  ханның  айналасынан  шыққан
көптеген ірі және беделді қазақ билеушілері тартыла бастады.  Қазақ  билеуші
тобы қазақтар мен Орта Азиялық елдер  арасындағы  сауданың  дамуына  барынша
мүдделі болды. Себебі, олар қазақ даласы арқылы өтетін  көпестерден  алынған
баж  салығының  маңызды  бөлігін  иеленетін.  Бұл  табыстар   олардың   орыс
көпестерімен сауда саласында байланыста болуы үшін мүмкіндік туғызды.
      Кіші Жүздің Ресейге қосылуы  кезеңінде  қазақ-орыс  сауда  қатынастары
жаңа деңгейге көтерілді. «Орта Азияны  жаулап  алу  тарихы»  атты  зерттеуде
М.А. Терентьевтің көрсетуінше, 1740 жылы ант  беру  кезінде  Әбілмәмбет  пен
Абылай  оларға  Ресей  тарапынан  қойылатын  міндеттердің  жеңілдігіне   таң
қалған: қазақ даласы арқылы  өтетін  керуендердің  қауіпсіздігін  қамтамасыз
ету, Ұлы жүзбен тоналған тауарларды қайтару.  Автор  бұл  міндеттердің  Орта
жүздің ханы мен сұлтандары тарапынан іс жүзінде орындалмағанын  атап  өтеді:
«біріншіден, Орта  Орда  орналасқан  Сібір  даласы  арқылы  ешқандай  керуен
өтпеген...». А.И. Левшиннің  баса  назар  аударып  айтуынша,  Әбілхайыр  хан
жазбаша және ауызша міндеттенді:
      - Оған тиесілі жүздің жерімен шектесіп  жатқан  ресейлік  шекаралардың
қауіпсіздігін сақтау;
      - Көпес керуендерін қорғау және оларды қазақ жерлері арқылы өткізу.
      Әбілхайыр хан өзінің берген уәдесіне жауап ретінде хан болып тек  оның
руынан шыққан адамдарды тағайындауды және баспана ретінде  қамал-бекіністері
бар қала салуды сұрады. Ресей  қазақ  жүздерінің  толық  бодандығынан  кейін
өзінің  оңтүстік-шығыс  шекарасының  тыныштығы   мен   көпес   керуендерінің
қауіпсіздігін қамтамасыз  ету  арқылы  шығыс  базарларымен  сауда  айырбасын
кеңейтуді көздеді.
      В.Я. Басиннің жазуынша, Әбілхайыр хан патшаханымнан қорғаныс үшін қала
салуды сұрады. Өкілдерді  жақсы  ниетпен  қабылдаған  патшаханым  империяның
құрамына барлық қырғыз-қайсақ  халқы  мен  қарақалпақтарды  қосуға  және  Ор
өзенінің сағасында қорғаныс қаласын салып, оны Орынбор  деп  атауға  келісім
берді.  Бұл  тапсырма  Петр  I-нің  бұрынғы  қызметкері  болған   обер-хатшы
Кириловқа жүктелді.
      Қала  құрылысына  қатысты  И.  Кирилов  «қала  тұрғындарын   негізінен
башқұрттар және осы жерлерді қиып өткен ұры  қырғыз-қайсақтар  құрайды»  деп
көрсетті. Қаланың салынуы «ішкі коммерцияның» дамуына ықпал  жасайды.  Сауда
керуендері Түркістан мен Ходженттен шығып, Бұхараға  емес,  Ресейдің  ішіне,
Ор  ауданы  мен  Оралға  дейін  барады.  Егер  шетелдік  көпестерге   арнайы
артықшылықтар берілген жағдайда олар жаңа қалада тұрақтай бастайды,  бұл  өз
кезегінде  сауданың  дамуын  жандандыра  түседі.  «Күтпеген  жерден  иелікке
немесе байлыққа қол жеткізе алмаймыз және ешнәрсе жоғалтпаймыз,  бірақ  жаңа
қаладан түскен табыс үнемі біздің жақта болады» деп жазды Кирилов.
      Сыртқы істер ұжымының аудармашысы, кейіннен  1731  жылы  ақпан  айында
мазмұны  сыртқы  істер  ұжымының  нұсқауы  бойынша  анықталатын  «күнделікті
жазбаларды»  жүргізу  міндеті  тапсырылған  Орынбор  экспедициясының  мүшесі
Тевкелевтің журналында қазақ даласында негізі  қаланған  бекіністерде  сауда
істерін  ұйымдастыру  туралы  бірқатар  деректер  келтіріледі:  «мен  барлық
назарымды Ресейден келген көпестер  мен  азиялықтардың  саудасына  аудардым.
Мен ең алдымен барлық басқармаларға олардың жеке табысы менің сөздеріме  куә
болатынын сендіре жаздым; екіншіден,  мен  шекараға  қырғыздар,  хиуалықтар,
ташкенттіктер, қашқарлықтар,  түркмендер  мен  бұхаралықтарды  пайда  табуға
үміттендіре отырып,  саудаға  шақыру  мақсатында  грамоталар  жібердім.  Мен
мұсылман,  Сеитов  ауылының  татары  осы  жолдаманы  қолдандым;  осы   халық
байлыққа мастанып қалуы мүмкін, мен татармын, оларды көл-көсір  марапаттадым
және  комиссияның  табысты  орындалуына  байланысты  тағы  да   марапаттауға
сендірдім. 1745 жылдан бастап Орынбордағы атақты  сауда  орны  жақсы  бастау
алып, барлық сала бойынша  қарқынды  дами  бастады.  Экспедицияның  бастапқы
табысының орнына жоғарыда аталған баж салығынан  түскен  кіріс  ретінде  жыл
сайын 30000 р. қазынадан  алдым;  оның  үстіне  Ресейге  саудамен  әкелінген
5000р. күміс пен одан кем емес мөлшердегі  алтын  хабарландыруға  кірді,  ал
жыл сайынғы салық 50 мыңға дейін  жетті.  Менен  алдын  бұрынғы  коммерцияда
ешқашан жылына үш мың болмаған.
      Ал Орынбор қаласының салынуы кезінде  қысқа  уақыт  аралығында  барлық
Ресей империясы мен Азиялық көпестер тарапынан пайда  молая  түсті.  Әр  жыл
сайын Ресей империясына көп көлемде алтын мен күміс  әкелінді  және  олардан
қаншама салық алынатын».
      1762 жылы 5 тамызда Петр III-нің өлімінен  кейін  Екатерина  II  Семей
бекінісінде сауда істерін ұйымдастыру жөніндегі сұлтан Абулфеиздің  өтінішін
қанағаттандырған  жарлыққа  қол  қойды.  Сауданы  ұйымдастыру  ісі  сібірлік
губернаторға тапсырылды. Шынында,  негізінен  Тобылда  саудамен  айналысатын
орыс  көпестері   Семей   бекінісінде   сауда   операциясын   жүзеге   асыру
қажеттілігін жылы қабылдамады.  Абулфеиздің  хабарлауынша,  қазақ  көпестері
Семейге көп көлемде  тауар  тасымалдаған.  Ресейлік  көпестерге  қарамастан,
қазақ саудагерлері өз ұлыстарына оралып, Сібір аймағының генерал-майоры  фон
Фрауендорфке шағым жасаған. Олар орыс  көпестерінің  Семейге  келуіне  қарсы
болды. Мұнда тек қазақ  көпестерінің  ғана  емес,  сонымен  бірге  бұхаралық
көпестердің де қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге  уәде  берілді.  Қазақтардың
табанды талаптарын байқаған фон Фрауендорф 1763 жылы  20  қазанда  Тобылдағы
мекемелік «құпия әрі шекаралық мәселе жөніндегі комиссиядан», ал  1764  жылы
20 қаңтарда сібірлік  губернатор  Чечериннен  ресейлік  көпестердің  бірнеше
керуенін тәжірибелік мақсатта Семейге жіберуін өтінген  болатын.  Сондай-ақ,
ресейлік үкімет  Ресейдің  Қазақстан  арқылы  Шығыспен  сауда  байланыстарын
дамыту мәселесін бірнеше рет талқылады. Мысалы, 1763 жылы П.И.  Рычков  Орта
Азия арқылы Үндістанмен керуен саудасын орнатуды ұсынды.
      Палластың  еңбегінде  Ресейге  бодан   болғаннан   кейінгі   кезеңдегі
қазақтардың  айырбас  саудасында  орынборлық  сауданың  ерекше  маңызға   ие
болғанын байқауға  болады.  Мұны  И.  Фальк  те  өзінің  «Саяхат  жазбалары»
еңбегінде атап өтті.
      Н. Рычков «1771 жылы қырғыз-қайсақ  даласындағы  саяхаттан  күнделікті
жазбалар»  атты  еңбегінде  Троицк  бекінісіндегі  сауда  жайында   деректер
келтіреді.   Қазақ   даласындағы   сауда   туралы   Рычковтың    мәліметтері
көрсеткендей, олар  Ресейдің  Орта  Азиямен  өзара  сауда  қарым-қатынасында
транзиттік мәнге ие болды.
      Ф.  Лобысевичтің  «Орынбор  ведомоствосындағы  қырғыз   даласы»   атты
очеркінде  қазақ  даласын  отарлаудың  маңызды  шарттарының   бірі   ретінде
сауданың дамуына баса көңіл бөлінді. Оның жазуынша,  қазақ  даласын  отарлау
адамдардың  егіншілік  саласынан  емес,  керісінше  сауда   және   өнеркәсіп
салаларынан басталуы керек. Себебі, бұл салалар астық егуге жарамды  болатын
ауқымды  әрі  қолайлы  жерлерді  қажет   етпейді.   Өздері   қалаған   жерге
қоныстанған қырғыз қауымдастығындағы жаңа  қоныстанушылармен  өзара  келісім
арқылы еркін жаулап алу саясатын жүргізуге болады.
      А.  Петров  «Англия  мен  Ресей  Орта  Азиядағы  өз  мүдделерін  қалай
қорғайды»  деген   еңбегінде   Ресей   мемлекетінің   отарлаушылық   билікті
нығайтудағы екі тәсілін бөліп көрсетеді: «Бірінші жолы – бұл біздің  азиялық
аймағымызда ресейліктердің  қоныстануы,  ал  екіншісі  –  орыс  саудасы  мен
өнеркәсібін орнықтыру және қолдау».
      Экономикалық және сауда саласындағы Ресейге қатысты  жетістіктерге  А.
Семенов, Ф. Лобысевич және Н.Н. Балкашин өз еңбектерінде жоғары баға  берді.
Олардың негізгі ұстанымдары мынадай:
      - Орыс саудасының айналымын ұлғайту;
      - Басып алынған өлкенің табиғи ресурстарын пайдалану;
      - Территорияны Еуропа мен Азия арасындағы транзит ретінде қолдану;
      - Орыс мануфактуралық бұйымдарын өткізетін нарықты дамыту;
      - Коммуникациялық байланыстарды дамыту;
      - Қоныстанушылар үшін жерлерді босату.
      Ал Ю.В. Кологривовтың «Орта Азиядағы орыс  иеліктері»  атты  еңбегінде
атап өткендей, «біздің  алғашында  азиялықтардан  талап  еткен  Орта  Азияға
бағытталған  қозғалысымыз  орыс  өнеркәсібі  мен  саудасына   едәуір   көмек
көрсетті, сондай-ақ оны Қытаймен  жақындастырып,  Үндістанға  жол  ашты»,  -
делінген.
      Сонымен, патша өкіметінің Қазақ даласын өндіріс  нарығына  айналдыруға
деген ұмтылысы, оның табиғи байлықтарын пайдалану  мен  стратегиялық  тиімді
жағдай революциялық  кезеңге  дейінгі  орыс  тарихнамасында  ерекше  көрініс
тапты. Осы кезеңдегі жұмыстардың көпшілігінде  талдау  әдісі  қолданылмайды,
керісінше нақты қателіктер мен дәлсіздіктер  кездеседі.  Дегенмен,  дәл  осы
еңбектер  кеңес  дәуіріндегі  қазақ-орыс  сауда   қатынастарының   мәселесін
зерттеуге негіз болды.
      XVI-XVIII ғасырдағы  қазақ-орыс  сауда  қатынастарына  қатысты  арнайы
зерттеу  жұмыстары  кеңестік  және   қазіргі   заманғы   тарихнамада   сирек
кездеседі. Қазақстан арқылы жүзеге  асырылған  Ресей  мен  Қытай  арасындағы
сауда қатынастары туралы жекелей мәліметтер  беретін  Т.А.  Шеметованың  «XX
ғасырдың  екінші  он  жылдығындағы  Ресей  мен  Синьцзян  арасындағы   сауда
байланысы жөніндегі кейбір деректер» атты еңбегін атауға болады.


      Ұсынылған әдебиеттер:
        1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-
  бөлім, 1-2 тараулар.
           3.Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім
        4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй половине XVI-века. А.,
   1985.


 Дәріс 4.  XVIІ ғасыр халықаралық жағдай және оның орыс қазақ қатынастарына
                                   әсері.


       Сібір хандығының құрамында солтүстік Қазақстанның болғанын және  онда
көптеген қазақ тайпаларының  өмір  сүргенін  ескеретін  болсақ,  онда  Сібір
хандығының  тарихы  қазақтардың  тарихының  құрамдас  бір  бөлігі   екендігі
анықталады.
      Ресей  империясының  Сібір  жеріне  жасақтаған   бірінші   академиялық
экспедициясының  (1733-1743  жж.)  мүшесі  Г.Ф.  Миллердің  (1705-1783  жж.)
«История Сибири» деген 1750 жылы жарық көрген  еңбегі  осы  өңір  туралы  ең
алғаш жазылған іргелі зерттеуі екендігін атап өту қажет. Бұл  еңбекті  Сібір
тарихымен айналысқан зерттеушілердің барлығы  дерлік  пайдаланған.  Автордың
осы туындысының құндылығын С.В. Бахрушин, А.И. Андреев,  Э.А.  Масанов  және
т.б. зерттеушілер ерекше атап өтіп,  Г.Ф.  Миллерді  тіл  маманы,  этнограф,
тарихшы деп бағалаған.
      Автордың «История Сибири» еңбегінің бес тарауы 1750,  1787,  ал  1937,
1941 жылдары 1-томы  екі  рет  жарық  көрген  болатын,  кейіннен  1999  жылы
толықтырылған нұсқасы қайта басылып шықты. Академиялық еңбектің  әр  ғасырда
басылуы оның фактілік маңызы мен қажеттілігін айғақтап тұрғандай. Г.  Миллер
өз еңбегінде мұрағат  деректеріндегі  ресми  құжаттарды  пайдаланып,  арнайы
көшірмесін жасатып алған. Сонымен қатар  Сібір  жылнамаларының  мәліметтерін
жазып  алып  отырған.  Онда  мұрағаттардан  алынған   түпнұсқа   құжаттардың
көшірмесі зерттеудегі мәліметтердің құндылығын жоғарылатады,  өйткені  автор
жұмыс жасаған мұрағаттар кейіннен өртеніп, ондағы құжаттар  жойылып  кетеді.
Зерттеушілердің  біразы  Г.  Миллерді  өз  дәуірінің  империялық  қыспағының
шеңберінен шыға алмаған зерттеуші деп, оның еңбегін  таза  фактология,  онда
өзіндік ой-тұжырымдар жоқ  дегенді  айтқанымен,  автордың  10  жылдан  астам
жинаған деректері қайталанбас туындыға жатады.
      «История  Сибири»  еңбегінде  XVI  ғ.  тарихи  оқиғалары  тізбектеліп,
әсіресе Сібір билеушілері, Көшім  хан,  қарақшы  Ермак,  Мәскеудің  казактар
арқылы  отарлау  тарихы  анық  баяндалған.  Онда  осы  кезеңдегі  қазақ-орыс
қатынастарының кейбір тұстарын  ашуға  көмектесетін  фактілер  де  баршылық.
Мәселен, мұнда 1574 жылы 30 мамырда Иван Васильевичтің Алтын Орда  дәуірінен
танымалы фамилия Строгоновтардың ұрпақтары Яков және Григори  Строгоновтарға
20 жыл  бойы  алым-салықтан  босатуы  туралы  грамотасы  жарияланған.  Мұнда
Мәскеу патшасы: «... коли наши  послы  или  посланники  поедут  с  Москвы  в
Сибирь или в Казацкую орду или из Сибирии и из Казацкие орды к  Москве  мимо
ту их крепость, и Якову да  Григорью  и  их  слобожаном  нашим  Сибирским  и
Казатцким послом и всяким нашим посланникам  в  те  их  льготные  20-ть  лет
подвод и проводников и корму не давати; а хлеб и соль и всякой запос  послом
и гонцам и проезжим людям и дорожным покупать  по  цене  как  там  меж  собя
купят и продают; а проезжие люди всякие подводы и суды и гребцы  и  кормщики
наймуют по тамошнему обычаю, как пригоже»,  -  делінген.  Бұдан  көретініміз
сол кезеңнің өзінде қазақ-орыс елшілігі орнаған, бірақта  ресми  құжаттардың
жоқ  немесе  сақталмауынан  нақты  байланыстар   туралы   зерттеушілер   тек
болжамдар жасайды.
      Сібір тарихын зерттеген Г.  Миллер  Ораз  Мұхаммедті  Қазақ  ордасының
сұлтаны деп атаған. Бұл сұлтанның Қараша  мырзамен  бірігіп,  Сібір  қаласын
билеген Сейдекке келіп қосылуы, оны едәуір күшейткенін баяндайды.
      Патша әкімшілігінде қызметте тұрған шенеуніктер қазақ халқының тарихын
зертеулерін жалғастырды.  А.И.  Добромыслов  1755  жылғы  Батырша  басқарған
көтеріліс кезіндегі қазақ пен  башқұрттардың  қарым-қатынасын  талдап,  И.И.
Неплюевтың ұйымдастырушылық қасиеттерін атап көрсетті.
      Ресейдің  Қазақ  хандығына   қатысты   өркениеттілік   миссиясы   С.М.
Соловьевтың (1820-1879) еңбегінде айқын  көрніс  тапқан.  Оның  көзқарастары
орыс тарихнамасында кеңінен таралған. Осы зерттеуші өзінің «История  России»
және басқа да еңбектерінде  тағылықтың  өркениеттілікпен  алмасу  тұрғысында
тарихи  процестің  даму  заңдылығы  мәселесін  көтеріп,  оны  орыс   тарихын
зерттеуде қолдануға тырысты.  С.М.  Соловьев  І  Петрдің  парсы  жорығындағы
қызметін бағалау барысында, «бедный  русский  народ,  если  [Россия]  станет
посредником в торговом отношени между Европою и Азиею» деп оның баюға  деген
талпынысын айтты. Бұл жерде Соловьев Ресейдің өзге
елдердің халқын  өркениеттілікке  тартуға  емес,  ашық  түрде  пайдакүнемдік
мақсаттарды  көздегенін  көрсетті.   Қазақстандағы   XIX   ғасырдың   екінші
жартысында қоғамдық  ойдың  ірі  өкілдерінің  бірі,  еңбектері  сол  кездегі
зерттеулердің ішінде маңызды орынға ие ғалым және  ағартушы  Ш.Ш.  Уәлиханов
(1835-1865) болды.  Оның  шығармаларында  біз  нақты  қорытындылар,  тікелей
бақылаулар және халықтың жадында сақталған оқиғалардан  мәліметтер  табамыз.
Халықтың  дәстүрі   мен   аңыздарын,   сонымен   қатар   көптеген   құжаттық
материалдарды білуі XVIII ғасырдағы Қазақстан  тарихының  қайғылы  сәттерін,
әсіресе жоңғар  шапқыншылығы  мен  оның  қазақ  халқына  тигізген  салдарына
байланысты Қазақстанның Ресейге қосылу себебтерін ауқымды және  терең  ашуға
мүмкіндік берді.
      Төңкеріске  дейінгі  XVI-XVIII   ғғ.   қазақ-орыс   қарым-қатынастарын
қарастырған  авторлардың  еңбектерін   саралай   келіп,   біз   төмендегідей
қорытындыларға келдік:
      - Қазақ хандығы қай ғасырда да орыстарды қатты қызықтырған;
      - Орыстар қазақ-орыс  қатынастарын  көбінесе  Қазанды,  Сібірді,  Орта
Азияны отарлау тарихынның шеңберінде қарастырған;
      -  Зерттеушілердің  басым  көпшілігі  Ресейдің  империялық   саясатына
мойынұсынған;
      - Сол кезеңде жазылған  еңбектердің  көбісі  бірін-бірі  қайталау  мен
қазақтарды орыс елі құтқарушы, прогресс әкелуші, дамытушы ретінде  көрсетуге
тырысқан.
      Кеңес өкіметі орнағаннан кейін қазақ-орыс қатынастары  ерекше  назарда
болды.  Көптеген  зерттеушілер  осы  мәселенің  әртүрлі  қырларын  зерттеуге
кірісті.
      «Из истории сношений казахов с царской Россией в  XVIІІ  в.»  атты  В.
Лебедевтің  мақаласы  алғаш  рет  XVI-XVIІІ  ғғ.   қазақ-орыс   қатынастарын
талдауға арналған. Онда автор Ресей  империясының  отарлау,  тонау  саясатын
барынша ашып көрсетуге тырысады. Автор «грабительская сущность  колониальной
политики царизма» деп  патша  империясының  отарлау  саясатын  ашықтан  ашық
әшкерелейді. Ол І Петрдің: «чрез многих изволил уведомиться  об  оной  орде,
... всем азиатским странам и землям оная де орда ключ и  врата  и  той  ради
причины оная де орда потребна под российской протекцией быть,  чтобы  только
чрез их во всех странах комоникацию иметь и к  российской  стороне  полезные
способные меры взять», - деген сөзін келтіріп, отарлау  саясатының  мақсатын
батыл көрсеткен болатын.
      М.П. Вяткин 1941 жылы жарияланған «Очерки по  истории  Казахской  ССР»
еңбегінде  қазақ-орыс  қатынастары,   қазақ-ойрат   байланыстарының   тарихы
біршама обьективті баяндалған.
      Тікелей қазақ-орыс қатынастарына арналмағанымен тарихшы  А.  Миллердің
«Международное положение  Казахстана  во  второй  половине  XVI  века»  атты
ғылыми мақаласында екі ел арасындағы байланыстар  біршама  талданады.  Автор
қазақтардың  көрші  ноғайлар  мен  шайбанилермен  Хақназар,  Шығай,  Тәуекел
хандар тұсындағы  халықаралық  қатынастарын  зерттей  келіп,  1594-1595  жж.
қазақ-орыс қатынастарын талдап, ол кезеңде алшақта жатқан
      Ресей қазақтарға шынайы көмек көрсете алмағанын атап өтеді. Автор 1594-
1595 жылдарғы қазақ-орыс қарым-қатынастарының уақытша аяқталуына  байланысты
А.П. Чулошниковтың пікірінен  өзгеше,  Тәуекелдің  орыс  елінің  қол  астына
кіргісі келмегенімен түсіндіреді. Әрине,  мақалада  сол  кезеңдегі  саясатқа
жат, хандардың тарихи тұлғасы мен олардың қазақ  халқының  басын  құру  үшін
жүргізген күресі тоталитарлық  режимнің  идеологиясына  қарама-қайшы  келді,
оның  1943  жылғы  басылымға  қатысты  дау-дамайлардан  да  көрініс  тапқаны
тарихта белгілі.
      А. Миллердің мақаласына Р.Б.  Сүлейменов:  «Деректік  қорымен,  ғылыми
әдебиеттерде де бұл мәселенің шектеулігі, мақаланың  аз  көлемде  болуы  бұл
кезеңге  байланысты  Қазақстанның  халықаралық  байланыстарын  ашып  көрсете
алмады», - деп баға берді.
      1945 жылы  қорғалған  Г.Ф.  Бутлердің  «Русско-казахские  отношения  в
восточном  Казахстане  в  XVIII  в.  и  первой  половине  ХІХ   века»   атты
кандидаттық  диссертациясында  алғаш  рет  қазақ-орыс   байланыстары   арнай
зерттелген болатын. Бұл диссертация Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  кітапханасының
сирек  қорында  сақталған.  Оны  осы  күнге  дейін  қазақ-орыс  байланыстары
мәселесімен айналысқан бірде-бір зерттеуші пайдаланбаған  секілді.  Бұл  301
беттік еңбек таза  маркстік-лениндік  идеологияның  негізінде  жазылғандығын
бірінші бетінен-ақ аңғаруға болады.
      1946 жылы ғылым академиясының хабаршысында жарияланған  «К  вопросу  о
казахско-русских отношениях в XVI веке» деп аталатын  В.Б.  Кобринның  қысқа
мақаласы жарық көрді. Мұнда автор XVI  ғасырда  қазақ-орыс  елшілік,  саяси,
сауда-экономикалық қатынастарына, дипломатиялық байланыстарға  негіз  болған
Ораз Мұхаммедке де тоқталады. В. Кобрин «В работах, появившихся в  советское
время, этот вопрос специально не разбирался, а лишь косвенно затрагивался  в
связи с общими вопросами истории России и Казахстана», - деп автор  бірқатар
кемшіліктерге жол береді. Автор сол кезеңдегі  дипломатиялық  байланыстардың
деректері мұрағатта  сақталғандығын  айта  келіп,  олардың  жарияланбағанын,
онымен танысу мүмкін болмағанын, тек А. Левшин, В.В.  Вельяминов-Зернов,  А.
Миллердің зерттеулерімен шектелгендігін баяндайды. 38-ші  жәшікте  сақталған
Қасым хан тұсындағы екі  ел  арасындағы  байланыстардың  тізімдемесін  37-ші
жәшік деп шатастырғанын айтпағанда, орыстар  Тәуекел  ханға  от  қару  берді
деген  жалған  фактілерді  келтіреді  де,  «В  марте  1595   г.   Московское
правительство дало ответ. Оно принимало Тевеккеля  в  русское  подданство  и
даже посылало ему «снаряд  огнестрельный»,  т.е.  пушку.  Однако  Московское
правительство соглашалось освободить Ураз Мухаммеда  лишь  с  тем  условием,
чтобы  Тавеккель  дал  взамен  другого  заложника  –  своего  сына  Хуссейн-
султана», - делінген. 1595 жылы В. Степановтың елшілігіндегі  Тәуекел  ханға
жіберілген Федор патшаның грамотасында: «А только ваша к нам  прямая  правда
и  служба  будет  и  Усейна-царевича  к  нам  пришлеш,  и  мы  брата  вашего
Уразмагмета-царевича...и со  всем  его  родством,  пожаловав  своим  великим
жалованьем, к вам отпустити  велим  и  с  ним  вместе  многую  рать  свою  с
вогненым боем в Сомару послати велим» деген мәліметтерден  ол  кезде,  кейін
де орыстар от қаруды қазақтарға бермегенін көреміз. Құжаттарда  Тәуекел  хан
Степанов елшілігіне қосып Мәскеуге Мұрат деген баласын жібереді. Неге  екені
белгісіз, ол туралы сол кезеңде де, кейін де зерттеушілер ауыз ашпайды.
      Қорыта келгенде, алғашқы большевиктер партиясы билікке келген  уақытта
XVI-XVIII   ғғ.   қазақ-орыс   қарым-қатынастары   арнайы   түрде,    жүйелі
зерттелмеді. Оған себеп:
      - деректер мен фактілердің шектеулігі;
      - мұрағат құжаттарымен танысуға мүмкіндіктердің болмауы.
      Зерттеулерді талдай келіп, еңбектерде көбіне бірін-бірі қайталау, одан
қалса А. Левшин мен  В.В.  Вельяминов-Зерновтан  көшіру  орын  алған.  Кейде
тарихи мәліметтер бұрмаланғанын да байқаймыз. Дегенмен,  біз  сол  кезеңдегі
зерттеушілердің  барлығына  топырақ   шашудан   аулақпыз,   тек   ақ-қарасын
ажыратып, обьективті түрде тарих  ғылымының  даму  тенденцияларын  айқындап,
жаңа ізденістерге жол ашпақпыз.
      Кеңестік  тарихнамада  XVI-XVIII  ғғ.   қазақ-орыс   қарым-қатынастары
мәселесі көбінесе екі ел арасындағы достық  қатынастар,  елшіліктер  алмасуы
және дипломатиялық миссиялар, сауда-экономикалық қатынастар  деп  көрсетуге,
қазақ-орыс елшілік байланыстарын  қазақ  хандарының  Ресей  боданы  болуының
алғышарты  ретінде   көрсетуге   негізделген   сипаттау   түрінде   жазылған
зерттеулерден  тұратын.  Оларда   көпшілікке   белгілі   фактілер,   әсіресе
елшіліктерге байланысты,  бірін-бірі  қайталау  басым  еді.  Сондай-ақ,  XVI
ғасырда басталған Ресейдің отарлау саясаты бүркемеленіп, ашық жазылмайтын.
      Тәуелсіздік тұсында жазылған зерттеуші Г.Е.  Сабденованың  2001  жылғы
«Кеңестік  дәуірдегі  Қазақ  хандығының  көршілес  елдермен  байланыстарының
тарихнамасы» тақырыбындағы мақаласында автор: «1943, 1949,  1957  жылдардағы
ұжымдық еңбектердің  деректемелік  қоры  жеткіліксіздеу  болғандықтан  Қазақ
хандығының сыртқы байланысы  тиянақты  көрсетіле  қойған  жоқ»,  -  деп  сол
кезеңдегі  мұрағат  материалдары  мен  жазба  деректердің  ғылыми  айналымға
қосылмағанына баса назар аударып, тек көрші елдермен  байланыстарын  зерттеу
бағыттарында   алғашқы   қадамдарды   ұлттық    интеллигенция    өкілдерінің
еңбектерінде және зерттеулерінде көрініс тапқандығын атап өткен болатын.
      Кеңес өкіметі орнағаннан кейін, 1924 жылы жарық көрген зерттеуші  А.П.
Чулошниковтың «Очерки по истории казак-киргизского народа в связи  с  общими
историческими  судьбами  других  тюркских  племен»  атты   еңбегінде   автор
Қазақстан тарихынан, этногенезі мен саяси  жағдайынан,  оның  ішінде  қазақ-
орыс қатынастарына байланысты мәселелерді қарастырады.  Б.  Сүлейменов  А.П.
Чулошниковтың  еңбегі  маркстік   тарихнамадан   алыс,   онда   буржуазиялық
тарихнамада  жинақталған  мұрағат  деректері  мен  фактілері  көрініс  тапты
дейді.
      А.П. Чулошников өз еңбегінде Хақназар хан  тұсындағы  қазақтар  туралы
ноғайлардың  ежелгі  Ресей  мұрағатында  сақталған  мәліметтердің  негізінде
орыстар, қазақтар туралы үнемі біліп отырғанын айтады. Онда орыс елінің  сол
кезде-ақ Қазақ хандығымен байланыс орнатқысы келгендігін атап өтеді. Сондай-
ақ автор орыс патшасы 1573 жылы саудагер ағайынды Строгоновтардың  өтінуімен
сауда-экономикалық мүддеде Третьяк  Чебуковтың  елшілігі  келді  дейді.  Бұл
елшілікті Көшімнің жиені Мәметқұл тұтқындап, елшілік нәтижесіз  болды.  А.П.
Чулошников бұл тұста орыс елінің қазақтармен Сібір ханы Көшімге  қарсы  одақ
құру мақсатында 1573 жылы елшілікті жібергенін  атап  көрсетпейді.  Автордың
оқиғаны тізбектеу желісі  мен  біздің  логикалық  жүйелеуіміз  бойынша  орыс
елінің мақсаты - әскери одақ екендігі көрініп-ақ тұр. Ал елшінің  ұсталуының
өзі соның дәлелі. Мұнда А.П. Чулошников орыс елінің Сібірлік  Көшімге  қарсы
әскери одақты Қазақ елінен іздегенін мойындағысы келмеген сияқты.
      Сонымен қатар, А.П. Чулошников 1594 жылы Тәуекел хан  тұсындағы  Қазақ
хандығының Мәскеумен байланысқа түсуінің басты себебі  ханның  немере  інісі
Ораз Мұхаммедті қайтару болды және ол мақсатқа  жету  үшін  қандай  болмасын
шартқа көнуге мәжбүр болды  деген  тұжырымға  келеді.  Сондай-ақ,  1594-1595
жылдардағы  қарым-қатынастар  нәтижесіз  болды  деп,  оған  Тәуекел   ханның
орыстарға қатысты саясатын кілт өзгертуі себеп болғанын  айтады.  Бұл  ретте
автор қателесті, өйткені,  Тәуекел  хан  орыс  елшілеріне  қосып  ұлы  Мұрат
сұлтанды жіберген болатын. Ал  орыстар  өз  сөзінде  тұрмай,  ханның  немере
інісін еліне қайтармайды. Әрине,  Федор  патшаның  жіберген  1595  жылғы  В.
Степановтың  елшілігі  Тәуекел  ханға  орыстардың   саясатын   ашып   берді.
Сондықтан  да,  Қазақ  ханы  Тәуекел  орыстар   жіберуге   уәделескен   Ораз
Мұхамметті де, «от қаруды» да бермейтініне көзі жетті.
      Зерттеушілік дәстүрдің жалғасы М. Тынышпаевтың, С. Асфандияровтың және
т.б. қазақ зерттеушілердің еңбектерінде жүзеге асырылды.  Қазақ-орыс  қарым-
қатынастары жайлы түсінікті және оның Қазақстан  үшін  маңызын  көп  жағынан
тереңдеп ашқан М. Тынышпаевтың 1925 жылы жарық көрген «Материалы  к  истории
казахского народа» аты  еңбегі  болды.  Бұл  іргелі  еңбек  Орталық  Азияның
зерттеушілерін әлі күнге дейін аса қызығушылығын тудырады.
      М. Тынышпаев А.П. Чулошниковтың еңбегіне пікір жазып, сынаған болатын.
Ол өзін тек инженер ретінде емес, сонымен қатар қазақ тарихы мен  мәдениетін
терең білетінін  көрсете  білді.  Мұхаметжан  Тынышпаев  А.П.  Чулошниковтың
еңбегінде Қасым хан  тұсындағы  Мәскеу  елімен  дипломатиялық  байланыстарын
дәлелдейтін  мәліметтер  түгелімен  В.В.  Вельяминов-Зерновтан  көшірілгенін
айтады.
      М. Тынышпаевтың қазақ халқының тарихына деген үлкен  қызығушылығы  мен
ғылыми    эрудициясы    А.П.    Чулошниковтың     кітабындағы     жіберілген
бұрмалаушылықтарды әділетті сынға алған. М. Тынышпаев  бұл  кітаптың  ғылыми
дәйексіздігін атап өтіп, былай жазады: «В предисловии автор говорит, что  он
задался целью «подвести научный итог ко всей проделанной, до сих  работе  по
киргизскому  прошлому»,   «оттенить   промахи   и   пробелы   предшествующей
историографии»,которую нужно было «исправить и дополнить»,  в  то  же  время
оговаривается (введение XII), что работал  в  «глухой  провинции,  вдали  от
культурных центров», «с большим трудом и даже случайно добывал нужные  книги
и исторические материалы, не нашел ни одного лица, сведующего и опытного».
      Жалпы М.  Тынышпаев  А.П.  Чулошниковтың  еңбегіне  мынадай  қорытынды
шығарады: «1) Не менее ¼ книги не имеет отношения к  казахам.  2)  Автор  не
разобрался в главнейших исторических  событиях,  неверно  представляет  себе
происхождение  киргиз-казахов,  не  разобрался  в   родовых   делениях,   во
взаимоотношениях их друг к другу;  смешивает  историю  династий  с  историей
народа (все казахи с джаныбековцами, все узбеки с шейбанидами), много  места
отвел фактам несущественным, пропуская  в  тоже  время  главнейшие  события,
немалым  недостаткам   является   незнание   языка,   неумелое   пользование
преданиями, бесцеремонные обрашения с терминами (народность, племя, род),  с
эпитетами и т.д.
      3) Исторические события то старается выводить  из  материалистического
миропонимания,  то  рассматривает  как  результат   деятельности   отдельных
личностей.
      4) Большую часть примечаний, выносок, отдельных мыслей  приводит  так,
как  будто  они  взяты  непосредственно  из  первоисточников  (мусульманские
историки, руские архивы), и что будто отдельные сличения  пройзведены  самим
автором, тогда как они большею частью переписаны  из  книги  2  Вельяминова-
Зернова».  Осыған  байланысты  М.  Тынышпаев   Чулошниковтың   монографиясын
объективті және  адал  ниетті  тарихи  зерттеуге  жатпайтындығын  көрсетеді.
Демек, кейіннен даусыз деп есептелген көптеген қағидалары шын мәнінде  ондай
болып табылмайды.
      Қазақ зерттеушілері қазақ жүздерінің Ресейге қосылуын прогрессивті деп
есептемеген,  олардың  ойлары  бойынша  бұл   амалсыздықтан   болған,   және
қазақтардың мүддесіне жауап  бермегендіктен  де  отаршылдық  саясатқа  қарсы
көптеген  көтерілістер  жасағандығын  атап  өту  керек.  Бұл  көзқарасты  М.
Тынышпаев, М. Дулатов  және  А.  Бөкейхановтар  ұстанған.  С.Д.  Асфендияров
өзінің еңбегінде олармен ниеттестігін білдіріп,  бұл  қосылу  емес,  шикізат
көздерін алу мақсатындағы  отарлау  болған  деп  санады.  XXғасырдың  40  шы
жылдары кеңестік тарихнамада  Қазақстанның  болашақтағы  дамуына  қазақ-орыс
қарым-қатынастарының  прогресивтігі  туралы  көзқарас  бекітілді.  XVI-XVIII
ғасырлардағы қазақ-орыс қарым-қатынастарына байланысты  бірқатар  мәліметтер
Г.Е. Грумм-Гржимайлоның Орталық Азияның  тарихи  шолуында  кездеседі.  Саяси
қатынастардың  жекелеген  аспектері  М.П.  Вяткиннің  құрастырған  Қазақстан
тарихының  алғашқы  құрастыруларында  берілген.  Аталған  еңбектер  кеңестік
тарихнамада белгілі бір қадам жасаған және  қазіргі  кездің  зерттеушілеріне
құнды құрал болады.
      Н.Г. Аполлованың «Экономические  и  политические  связи  Казахстана  с
Россией в XVIII-начале  XIX  века»  атты  кітабында  қазақ-орыс  қатынастары
Қазақстанның дамуындағы прогрестік мағынада талданады.
      Едәуір тарихнамалық қызығушылықты XVIII ғасырдың  екінші  жартысындағы
қазақ-орыс   қатынастарын    көрсеткен    А.    Сабырхановтың    кандидаттық
диссертациясы танытады. Ғылыми  қоғамның  назары  аударалықтай  Қазақстаннан
Ресейге,  Ресейден  Қазақстанға  аттанған  елшіліктер   туралы   және   т.б.
мәліметтер ғылыми айналымға енген.
      В.Я. Басиннің «Из истори русско-казахских дипломатических отношений  в
XVI-XVII вв.» атты еңбегінде қазақ хандығы мен Ресейдің қарым-қатынасы  және
олардың соңғысының сыртқы саясатындағы ролі туралы мәселелерді  қарастырған.
Кейініректе ол бұл мәселеге бірнеше рет оралып, толық  көзқарасы  «Россия  и
казахские ханства в XVI-XVIII  вв.»  атты  еңбегінде  беріледі.  В.Я.  Басин
монографиясының кіріспесінде «Наша задача состоит в том,  чтобы,  критически
используя доступные источники и материалы, показать роль,  которую  отводило
царское правительство Казахстану в плане своих интересов.  Ввиду  того,  что
отношения между двумя  государствами-Россией  и  Казахстаном  –находились  в
зависимости от сложившейся международной обстановки,  проблема  представляет
интерес не только для  истории  казахского  народа,  но  и  истории  внешней
политики России в целом».
      Зерттеуші В.Я. Басиннің пікірінше қазақ-орыс байланыстары ресми  түрде
XV ғ. 90  жылдары  басталған.  Ол:  «Официальные  русско-казахские  сношения
начались, по-видимому, не позднее  90-х  годов  XV  в.,  поскольку  книги  и
списки о них упоминаются в  русском  архиве  наряду  с  такими  же  списками
сибирского хана Ибака, а последний умер в  1495  г.  К  тому  же  наибольшая
необходимость в русско-казахском соглашении ощущалась именно  в  это  время,
так как все еще существовала, хотя и ослабленная,  но  не  примирившаяся  со
своим политическим поражением, Золотая орда», - деген болатын.
      XVI-XVIII  ғғ.  қазақ-орыс   қарым-қатынастарын   қарастырған   тарихи
зерттеулерді  тарихнамалық  тұрғыдан  тереңірек  талдау  мәселесі,   бүгінгі
Қазақстандағы  тарихнама  ғылымының  дамуында  маңызы  зор.   Өйткені,   бұл
кезеңдердегі қазақ-орыс  қатынастары  төңкеріске  дейін  де,  Кеңес  өкіметі
тұсында да,  тәуелсіздігімізді  алғаннан  кейін  де  зерттеушілер  назарынан
түспеген өзекті мәселелердің бірі болғанымен,  тарихнамалық  тұрғыдан  алғаш
рет зерделеніп, өзінің обьективті бағасын алғалы тұр.
      1953 жылы И.В. Сталин қайтыс болғаннан кейін тарих  ғылымының  біршама
жаңа бағыт алуына және еркінірек дамуына жол ашылды. Сталиндік
кезеңдегі  догматизммен,  «БКП   (б)   тарихы.   Қысқаша   курстағы»   қасаң
біржақтылықпен күрес басталды. Бұрын қол жетпейтін мұрағат қорларын  қарауға
рұқсат етіліп, олар ғылыми айналымға түсу мүмкіндіктеріне ие болды.
      Кеңестік  тарих  ғылымы  қатаң   партиялық   әкімшіл-әміршіл   жүйенің
негізінде дамығанымен, өзінің 70-жылдық  тарихында  бүгінде  ғылыми  жағынан
құнды дүниелерді де алып келді.  Бұл  ретте  көптеген  мұрағат  құжаттарының
іздестіріліп,  жариялануын,  ортағасырлық  әртүрлі  тілдердегі   деректердің
аударылып, кітап болып басылып шығуын атап  өту  қажет.  1960  жылдан  кейін
КСРО жалпы тарих ғылымында айтарлықтай өзгерістер  орын  алды.  Оның  дәлелі
ретінде мұрағатта  сақталған  құжаттардың  өңделіп,  белгісіз  болып  келген
ортағасырлық деректердің аударылып жариялануы жатады, яғни ғылыми  айналымға
көптеген тарихи деректер  қосыла  бастады.  Олардың  қатарына  атап  айтсақ,
«Казахско-русские отношения в XVI-XVIII веках», «Казахско-русские  отношения
в ХІХ-ХХ веках», «Материалы по истории Казахского ханство в XV-XVIII  веков»
және т.б. Әрине,  сол  кезеңдегі  тарихи  деректердің  тапшылығын  ескеретін
болсақ, бұл тарих ғылымында орын алған үлкен өзгерістердің бірі еді.
      Кеңес өкіметі тұсында өмір сүрген тарихшы В.Я. Басин, Т.Ж.  Шойынбаев,
Ф.Н.  Киреев,  Г.И.  Семенюк  және  А.К.  Алейникова  сынды   зертеушілермен
бірігіп, көп жылдық ізденістерінің нәтижесінде  «Казахско-русские  отношения
в  XVI-XVIII  веках»  атты  құжаттар  мен  материалдар  жинағын  құрастыруға
белсене қатысты. Бұл 1961 жылы жарыққа шыққан жинақта көптеген  бұрын  соңды
белгісіз және екінің бірі қол жеткізе бермейтін мұрағаттан алынған  деректер
ғылыми  айналымға  тұңғыш  рет  енгізілді.  В.Я.  Басиннің  кейінгі  зерттеу
еңбектері мен монографиясының да  жазылуына  осы  деректермен  таныс  болуы,
олармен жұмыс жасауы ықпал етті деп айтуымызға толық негіз бар.
      Тарих ғылымдарының кандидаты атағын алған  В.Я.  Басин  алғашқы  қазақ
еліне барған орыс елшілігі туралы 1965 жылы  «Русское  посольство  Вельямина
Степанова в Казахстан в 1595 году» деген  мақаласын  жариялайды.  Автор  бұл
мақалада  Қазақстан  мен   Россия   арасындағы   саяси   және   экономикалық
байланыстардың тарихи тамыры тереңде жатқанын  айта  келіп,  XVI  ғ.  өзінде
орыстар қазақтарды Бұхара мен Сібір  хандығынан  өз  елін  қорғаған  ержүрек
дала халқы деп бағалағанын атап өтеді. Дегенмен де, В. Басин  Ресейге  қазақ
даласы Орта Азия мен шығыс елдерімен сауда қатынастарын жүргізу  үшін  қажет
транзит жолы болғанын және орыс елі олармен бейбіт қатынаста болуға  мүдделі
екендігін жасырмады. Сондай-ақ, Сібір  ханы  Көшіммен  соғысу  үшін  Тәуекел
ханмен одақтасуға тырысқанын атап өтеді. Зерттеуші В. Басин  Тәуекел  ханның
көздеген мақсаты – Сібір ханы Көшім мен Бұхара ханы Абдолламен екі  майданда
соғысып  жатып,  сол  үшін  де  Ресеймен  достасқысы  келді  деп  көрсетеді.
Бірақта, біз қазақ-орыс қатынастарына  арналған  құжаттарға  сүйене  отырып,
1594-1595 жылдары қазақтар Бұхара ханымен уақытша  бейбіт  қатынаста  екенін
аңғардық және де ол кезеңдегі екі ел арасында соғыс болып жатқаны туралы  еш
бір деректерде кездеспейтінін атап өтуіміз қажет.
      Бұл мақалада зерттеуші 1595 жылы орыс  елшілігі  Вельямин  Степановтың
қашан, қалай және қанша адаммен қазақ жеріне баратынын, елшінің хан  алдында
не сөйлейтіні, сыйлықты қашан және қалай беретіні,  ханның  сұрағына  жауабы
да алдын-ала дайындалған нұсқада болды деп жазады.  Сонымен  қатар,  елшінің
міндетінде қазақ даласында қанша адам бар, олардың  негізгі  кәсібі,  әскери
күшінің құрамы мен  саны,  қазақтардың  қалмақтармен  және  басқа  да  көрші
елдермен қандай қарым-қатынаста екендігін білу де жүктелген еді  дейді.  Бұл
орайда автор отарлайтын елдің жағдайымен жақсы  танысқысы  келетін  Ресейдің
көздеген  мақсатын   да   ап-айқын   көрсетіп   отырғанымен,   оны   басқаша
түсіндіреді.
      Мақала авторы 1595 жылғы орыс  елшілігін  баяндай  отырып,  қазақ-орыс
қатынастарының  құжаттарынан  цитаталарды  ешбір  талдаусыз  сөзбе-сөз  және
сілтемесіз келтіреді. Ал соңында: «Қазақтар орыстардың қол астына бұдан  көп
кейін кіргенімен, қазақ халқының бұған талпынысын іске асыруға  ықпал  еткен
Вельямин  Степанов  бастаған  орыс  елшілігі  еді»,  –  деп  қорытындылайды.
Мұндағы автордың «қазақ халқының орыс боданына айналуға  талпынысы»  тарихта
болмаған жәйт. Өйткені, қандайда кішкентай, әлсіз халық болсын  басқа  елдің
қол астына кіруге талпынбайды. Ал сол кезеңдегі Қазақ  хандығы  орыс  елінің
қол астына кіруіне мүдделі емес еді. Дегенмен де, бұл мақалада автор  тұңғыш
рет алғашқы 1594-1595 жж. қазақ-орыс  елшілік  алмасуларын  ғылыми  тұрғыдан
баяндап береді.
      В. Басиннің 1965 жылғы «Из  истории  русско-казахских  дипломатических
отношений в XVI-XVII веках» атты мақаласында  автор:  «XVI-XVII  ғғ.  қазақ-
орыс қарым-қатынастары түбегейлі зерттелінбеген  және  сол  кезеңдегі  Ресей
мен Қазақстан арасындағы нақты байланыстар XVIII ғ. қазақтардың орыс  елінің
қол  астына  кіруімен  аяқталды»,  –  дейді.   Әрине,   бұл   мәселе   толық
зерттелінбеген мәселелердің бірі екендігінде дау жоқ, бірақта  XVI-XVII  ғғ.
орыс елінің қазақ жерлерін отарлауға талпынысы XVIII ғ. ғана іске асқан  деп
айтуымызға да болады.
      Бұл мақалада автор қазақ-орыс байланыстарының түп тамырын сонау VII-XI
ғғ. дейін  алып  барады.  Шын  мәнінде  обьективті  тұрғыдан  қарағанда  бұл
кезеңде Қазақ  хандығы  да,  орыс  елі  де  өзінің  этникалық  территориясын
айқындап, дербес мемлекет болып құрылған жоқ еді.  Сондықтан  да  қазақ-орыс
байланыстарын XV ғ. ІІ жартысы - XVI ғ.  бастауымыз  қажет  секілді.  Әрине,
бұл тұста екі аймақтың (VII-XI  ғғ.)  байланыстарының  тарихи  сабақтастығын
атап өткен жөн.
      В. Басин қазақ этно-саяси одақтың құрылуымен-ақ екі ел арасында  саяси
және шаруашылық, дипломатиялық байланыстар орнады дей келе: «Жәнібектің  ұлы
Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында, Қазақ хандығының бірінші  рет  гүлдену
кезеңінде, Қазақстан мен Ресей арасында дипломатиялық  байланыстар  орныққан
еді. Оның дәлелі патша мұрағатының (1575-1584  жж.)  құжаттарында  сақталған
38-ші жәшікте «Қасым хан тұсындағы  қазақтардың  кітабы  мен  тізімі»  деген
жазудың болуы», – дейді. Сондай-ақ, автор Қасым ханнан кейін  де  орыстардың
Қазақстанға деген қызығушылығы жойылмағанын жазады.
      Мақалада автор  орыс  елінің  Ноғай  мырзаларынан,  өз  көпестері  мен
елшілерінен жинаған мәліметтерінің негізінде XVI ғасырдың 50  жылдары  Қазақ
хандығының күшейгендігін көрсете отырып, оның көрші  елдер  тарапынан  үнемі
шапқыншылыққа ұшырап отырғанын атап өтеді. Бұл жағдай қазақтардың күшті  әрі
сенімді одақтас іздеуге мәжбүр етті.  Даладағы  оқиғалар  қазақтарға  сондай
одақтас солтүстік-батысындағы көршісі – Ресей ғана бола  алатынына  көздерін
жеткізді  деп  көрсетеді.  Біріншіден,  Қазақ  хандығы  XVI   ғасырдың   ІІ-
жартысында қайта өрлеп, көршілес Ноғай, Сібірдегі Көшім  хандығына  қорқыныш
пен үрей тудыртып,  Бұхара  ханымен  одақтасып  отырса,  ол  неге  одақтасты
солтүстік-батыстағы  Ресейден  іздеуі  керек.  Екіншіден,   мұнда   Ресейдің
мемлекет ретінде тарихтағы алаты  рөлін  тым  жоғарылатып  жібереді  де,  IV
Иванның тұсында ғана Ресей саяси бірігуін аяқтайды дейді.
      В.  Басин  Хақназар  хан  тұсындағы  Қазақ  хандығының  сыртқы   саяси
жағдайының, оның Ноғай, Сібір мен  Бұхара  хандықтарымен  қарым-қатынастарын
көрсетіп, IV Иван тұсындағы орыс елінің сыртқы  саяси  жағдайымен  ұштастыра
отырып  қарастырады.  Сонымен  қатар,  Орта  Азия,  қазақ   елі   мен   орыс
мемлекеттері арасындағы  сауда  байланыстары,  олардың  қандай  жолмен,  қай
маршрутпен жүзеге асатындығы да баяндалады.
      Автор XVI ғасырдың II-жартысында қазақ-орыс қатынастары жанданды  және
екі елдің көздеген мүдделеріне сай  еді  дейді.  Мұнда  1573  жылғы  Третьяк
Чебуков бастаған елшілікке тоқталып, оның мақсаты мен қорытындыларын  ғылыми
тұрғыдан талдайды. Мәселен, бұл елшіліктің басты мақсаты Ресейдің  Сібірдегі
Көшімге  қарсы  қазақ  елімен  әскери  одақ  жасасу  екендігін   және   оның
экономикалық негіздерін де  атап  өтеді.  «Өкінішке  орай,  Третьяк  Чебуков
бастаған  елшілік  көздеген  мақсатына  жетпеді.  Қазақтар  мен   орыстардың
одақтасуынан қорыққан Көшім  бұл  елшілікті  қазақ  жеріне  жібермеді.  Оның
інісі Мәметқұл 1573 жылы шілдеде  Тобольск  маңында  елшілікті  ұстап  алып,
жойды», - дейді.
      Бірақта  бұл  елшіліктер  осымен  тоқтамады,  1594-1595  жж.  екі   ел
арасындағы   қарым-қатынастардың   қызу   жүргендігін   құжаттар   негізінде
көрсетеді.
      Мақалада автор қазақ хандары Қасым, Хақназар, Тәуекел, Тәуке  хандарды
көреген  саясаткер,  күшті  қолбасшы  екендігін  жасырмайды.   В.   Басиннің
айтуынша  «Ресейге  батыстағы  Сібірдің  қосылуы  қазақ-орыс   дипломатиялық
байланыстарының нығаюы мен дамуы үшін маңызды роль  атқарды.  Өйткені,  XVII
ғасырдың басында Қазақстанның батысында алғаш орыс  мемлекеті  пайда  болған
еді», - дейді. Әрине, бұл тұста Сібірдің  Ресейге  өз  еркімен  қосылмағанын
оның Көшім ханмен қаншама жылдар бойы соғыстары дәлел бола алады.
      Бұл мақалада автор XVII  ғасырдың  20-60  жылдары  екі  ел  арасындағы
қатынастардың әлсірегенін, оған әсер еткен факторлар – тонаушы тобырлар  мен
Жоңғарлардың  агрессиясы  деп  көрсетеді.   Сондай-ақ,   қазақ-орыс   қарым-
қатынастарының күшеюіне Орта Азиялық  саудагерлердің  әсері  болғанын  автор
атап өтеді. Өйткені, Түркістаннан Тобольскіге өту үшін ортаазиялық  көпестер
қазақ хандарынан арнайы түрде рұқсат алғанда  ғана  жүзеге  асты.  Сондықтан
да, қазақ-орыс қатынастарына ортаазиялық көпестерінің де ықпалы болды.
      1694 жылы Тәуке хан І Петрге Тайқоңыр Қолтубай Аталықты  жібереді,  ал
орыс елі өз кезегінде қазақ даласына  Андрей  Неприпасов,  Василий  Кобяков,
Федор   Скибин,   Матвей   Трошин   бастаған   елшіліктерді   жіберді.   Бұл
елшіліктердің ортақ мақсаты  –  саудагерлерді  тонаушы  тобырларды  анықтап,
оларды жою еді.
      В. Басин XVI-XVII  ғ.  қазақ-орыс  қарым-қатынастарына,  елшіліктердің
тарихына тоқтала отырып, төмендегідей қорытындыларға келеді:
      - XVI-XVII ғғ. қарым-қатынастар Қазақстан мен Ресей  арасындағы  саяси
және сауда байланыстарын кеңейтті;
      - Сондай-ақ, география ғылымы үшін үлкен үлес қосты. Елшілердің  аймақ
туралы мәліметтері топография мен гидрографияны байытты;
      - XVI-XVII ғғ. қарым-қатынастар XVIІІ ғ. Қазақстанның  Ресейге  қосылу
процесіне алғышарт болды;.
      В. Басин 1968 жылғы  «О  сущности  и  формах  взаимоотношений  царской
России и Казахстана в XVIІІ в.» деген мақаласында патшалық Ресей  мен  Қазақ
хандығының XVIІІ ғ. қарым-қатынастарын, Кіші, Орта, Ұлы жүздердің Ресей  қол
астына кіруін жан-жақты талдайды. Зерттеуші М.П. Вяткин, П.Г.  Галузо,  Н.Е.
Бекмаханова,  Н.Г.  Аполлова,  А.П.  Чулошников   және   т.б.   еңбектерінің
негізінде  өзіндік  қорытындыларға  келеді.  Автор  бұл  ретте  ең   алдымен
халықаралық-құқықтық категорияларға түсініктеме береді.  Мұнда  «вассалитет»
немесе «протекторат»  терминдеріне  тоқталып,  тарихи  оқиғалармен  дәлелдеп
отырып  «Ресей  вассалитеттің  де  элементтері  бар,  формасы  мен   мазмұны
өзгешелеу протекторат институтын пайдаланды», - деп қорытындылайды.
      В. Басин өзінің «Казахстан в системе внешней политики России в  первой
половине  XVIІІ  веке»  атты   мақаласында   Қазақстанды   Ресейдің   сыртқы
саясатында  алатын  орнына  тоқтала  отырып,  орыс  мемлекетінің   шығыстағы
саясатының жүзеге асуына Қазақстан негізгі көздеген  мақсат  екендігін  атап
өтеді де, мынандай қорытындыларға келеді: XVIІІ ғ. басында қазақ  жүздерінің
билеушілері Ресеймен байланыстарын  Жоңғар  хандығымен  күресу  үшін  әскери
көмек алу мақсатында пайдаланғысы келді. Бұл жағдай  Ресейдің  жоспарына  да
сәйкес келді. Өйткені, орыс елі Жоңғар хандығын  әлсіретіп,  қазақ  даласына
өз ықпалын күшейтпек болды.
      XVIІІ ғ. бірінші ширегінің соңында қазақ билеушілері  өзара  алауыздық
пен феодалдық  бытыраңқылықта  олар  өз  күшімен  Жоңғарларды  жеңе  алмады.
Сондықтан да қазақ  билеушілері  Ресей  құрамына  кіруге  талпынды,  -дейді.
Әрине, автордың бұл қорытындыларын тарихшы В.А. Моисеев сынға алды.
      XVI - XVIІІ  ғғ.  қазақ-орыс  қарым-қатынастары  В.  Басиннің  көлемді
монографиясы «Россия и Казахские ханства в в  XVI-XVIIІ  вв.»  деп  аталатын
еңбегінде қарастырылған. Бұл зерттеу еңбегін Н.Г. Аполлова  сынап,  көптеген
мәселелерімен  келіспейтіндігін  айтып,  өзіндік  бағасын  берген   болатын.
Сонымен қатар, монографияның  кіріспесінде  мұрағат  деректері  мен  зерттеу
еңбектері толыққанды қарастырылмаған және сілтемелерінің кейбірі дұрыс  келе
бермейді, сондықтан  еңбекті  пайдаланғанда  оны  ескеру  қажет  дейді  Н.Г.
Аполлова.
      Бұл сындарды В. Басин өзінің «К изучению документальной основы истории
присоединения Казахстана к России» деген 1981 жылы жарық көрген
мақаласында  ескерсе  керек.  Автор  мұнда  көптеген  деректер  мен  мұрағат
қорларындағы материалдарды біршама талдайды.  Соңында  В.  Басин  қазақ-орыс
байланыстарының XVI ғ. мен XVIІ ғ. дейін 100 жыл  аралығында  үзілмеген,  ол
қатынастар туралы құжаттар жоқ  болғанымен,  сол  кезеңдегі  оқиғалар  бұған
дәлел бола алатынын айтады.
      1965-1980  жылдар   аралығында   XVI-XVIІІ   ғғ.   қазақ-орыс   қарым-
қатынастарын зерттеген В.Я.  Басиннің  еңбектерін  біршама  талдап,  негізгі
мынандай қорытындыларға келдік:
      - XVI-XVIІІ ғғ.  қазақ-орыс  қарым-қатынастарын  алғаш  рет  В.  Басин
кешенді түрде зерттеуге тырысқан;
      - Қазақ-орыс  қатынастары  XVI  ғ.  бастап  үзіліссіз  Ресей  боданына
айналғанға дейін жалғасқан ұзақ та, күрделі тарихи процесс;
      - В.Я. Басин өзінің монографиясында қазақ-орыс байланыстарын  Ресейдің
сыртқы саясат жүйесі контексінде қарастырады;
      -  Сонымен  қатар,  В.  Басин  өз  еңбектерінде   мұрағат   деректерін
толыққанды талдамаған деген қорытындыларға келдік.
      Қорыта  келсек,  Патшалы  Ресей,  Кеңес  өкіметі  тұсында  орын  алған
кемшіліктер,  идеология  XVI-XVIII  ғғ.  қазақ-орыс  қатынастары   мәселесін
зерттеуде көптеген  бұрмалаушылықтарға  соқтырғанын  тарихтың  өзі  дәлелдеп
отыр.  Сондай-ақ,  қазақ-орыс  байланыстарының  көптеген  көлеңке   тұстарын
бүгінгі  күн  талаптарына  сай,   жаңа   теориялық-методологиялық   тұрғыда,
обьективтілік,  тарихилық  принциптерді  басшылыққа   ала   отырып   зерттеу
қажеттілігі заман талабынан туындап отыр.
      XX ғасырдың 50-60 жылдары қазақстандық зерттеушілердің  арасында  XVI-
XVIII ғасырлардағы қазақ-орыс қарым-қатынас мәселелеріне  деген  қызығушылық
күшееді. Г.Ф. Дахшлейгердің, С.З. Зимановтың еңбектері жазылады.  Төңкеріске
дейінгі кезеңнің алғашқы тарихнамасы болатын  Б.С.  Сүлейменовтың  «Проблемы
истории дореволюционного Казахстана в советской историографии» атты  еңбегін
ерекше атап өту керек.
      Кеңестік  кезеңдегі   тарихнаманың   жалпы   сипатына   тән   белгілер
идеологиялық диктат, көптеген еңбектерді бір типтес еткен саяси  тапсырыстың
болуы. Сонымен  қатар,  кеңестік  тарихшылардың  мәселені  зерттеуге  қосқан
маңызды үлесін жоққа  шығаруға  болмайды.  Қазақстанның  Ресейге  қосылуының
прогресивті нәтижесі туралы концепцияның  басымдығына  қарамастан,  кеңестік
тарихшылармен   мәселенің   проблемасын   кеңейіткен   бірқатар   тақырыптар
жасалынған.  Бірте-бірте  ғылыми  еңбектердің   деректік   негізі   кеңейіп,
тарихнамалық зерттеулер пайда болды.
      Біздің  ойымызша,  төңкеріске  дейінгіден  кеңестік  тарихнама  таптық
идеология  мен  догмаға  негізделген,  жұтаңдаған   маркстік   методологияға
берілген болса да, толық ғылыми зерттеулер  мазмұнымен  ерекшеленеді.  Бірақ
мұқият қарастыру барысында жанасу орындарын табуға болады.
      XVIII  ғасырдағы  қазақ-орыс   қарым-қатынасы   мәселелеріне   қазіргі
қазақстандық   тарихшыларының    көзқарастарының    эволюциясын    толығырақ
қарастырып  көрейік.  Қазақстанның  Ресейге   қосылуына   байланысты   бұрын
кеңестік тарихнамадағы үстем болған «шексіз мейірімділік» концепциясынан
айырмашылығы, көбірек плюралистік көзқарастар мен бағалаулар  әртүрлі  болып
келеңсіздік, жағымсыздықтан ашық мақтаушылыққа дейін күрт өзгерді.  Мысалға,
М.Қ. Қозыбаевтың тарихнамалық очеркінде К.  Маркстың  Ф.  Энгельске  хатының
үзіндісінен дәйексөз келтіреді: «Россия действительно  играет  прогрессивную
роль по отношению к Востоку. Несмотря на всю подлость  и  славянскую  грязь,
господство России играет  цивилизирующую  роль  для  Черного  и  Каспийского
морей и Центральной Азии для башкир и татар». Тарихшы мынадай  сұрақ  қояды:
«Что же изменилось сегодня в  оценке  роли  России  для  народов  Востока?».
Жауап  мынадай:  «Вся  подлость  и  славянская  грязь»  России  для  народов
Центральной Азии однозначно состояла в колонизаторстве, политике геноцида  и
этноцида, русификации, изъятия плодородных земель у  казахов,  в  подовлении
национально-освободительного движения и т.д.».
      Біздің зерттеу тақырыбымыздың аясында қазақтың белгілі этнографы  М.С.
Мұқановтың еңбегі елеулі қызығушылық танытады. Автор Қазақстанның  солтүстік
территориясын күшпен тартып алуға шақырған орыс жазушысы  А.  Солженицынмен,
Қазақстанды саясаткер мен ғалымға жол бергісіз «кровоточачем сегодня  уголке
страны»  деп   балағаттап   зілденіп,   референдум   жолымен   территориялық
келіспеушіліктерді  шешуге  шақырған  этнограф,  кейінірек   белгілі   саяси
қайраткер Г. Старовойтовамен өткір  пікірталасқа  түскен.  Осындай  негізсіз
және жауапкершіліксіз мәлімдемелерді М.С. Мұқанов дәлелді  еңбекпен  теріске
шығарды.  Ол  араб,  парсы,  византиялық,  батыс  европалық,   қытай   жазба
деректерінің  сондай-ақ,  Қазақстан  жерінде   болған   немесе   басқалардың
мәліметтері бойынша қазақ даласын суреттеген саяхатшылар  мен  тарихшылардың
еңбектерінің  негізінде  XVI-XVII  ғасырларда  құрылған  қазақтардың  тарихи
этникалық территориясы қазіргі Қазақстан Республикасы  территориясында  өмір
сүріп жатқан қазақтардың жері екендігін дәлелдеді.
      Оған орыстардың Орталық Азия территориясына  қоныс  аударуының  тарихи
үрдісін зерттеуге арнаған И.В. Ерофееваның жұмысы қайшы  келеді.  Ол  Рудный
Алтай территориясы мен Жоғарғы Ертістің сол жақ жағалауы  алабында  Семейден
Зайсанға дейін XVII-XVIII ғасырдың бірінші жартысында  тек  ойрат  тайпалары
мекендеп,  олар  XVIII  ғасырдың   ортасына   дейін   алғашқы   орыс   қоныс
аударушыларының  жақын  көршілері  болған  деген  қорытындыға   келген.   И.
Ерофееваның көшпелі қазақтар мен  ойраттардың  территориясы  мен  шекаралары
туралы ешбір хабары жоқ ресми орыс деректеріне  ғана  негізделген  дәлелдері
күмән келтіреді. Сонымен қатар, ол өзінің айтқандарына қарсы келіп,  алғашқы
орыс қоныс аударушылары бұл аймақта XVIII ғасырда ғана пайда болған дейді.
      Г. Мендигулованың ойы  бойынша  Ресейдегі  қазақ  иррендентасы  царизм
кезеңіндегі байырғы қазақ  территориясын  Ресей  мемлекетінің  отарлауы  мен
қосып алуымен, сондай-ақ, кеңестік кезеңде Орта Азияны  ұлттық-территориялық
межелеуде  1924  жылы  РКФСР-ның  пайдасына  Батыс,  Солтүстік  және   Шығыс
Қазақстанның  солтүстік   шекаралық   жерлерін   негізсіз   тартып   алулары
нәтижесінде құрылған. Төменгі Поволжье, Оңтүстік Орал, Оңтүстік-батыс  Сібір
территориясы қазақ халқының таралу ареалына кіреді, ол ежелден  бері  осында
өмір  сүріп,  қазақ  этногенезіне   қатысқан   ру-тайпаларының   шежіресімен
дәлелденеді. Сонымен қатар оның айтуы бойынша қазақ  ру-тайпалары  Оңтүстік-
Батыс Сібір территориясын орыс отарлаушыларының бұл өңірге  келгеніне  дейін
қоныстанған. Кеңестік кезеңде РКФСР-ның құрамына Астрахань, Орынбор,  Тобыл,
Томск, Енисей губернияларының жерлері қосылып, сонымен қатар  оның  есептеуі
бойынша жалпы көлемі  600  мың  кв.  шақырым  болатын  Орынбор,  Сібір  және
жартылай Орал  казак  әскерлерінің  жерлері  өткен.  Автор  Ресейдегі  қазақ
ирренденті қазақ халқының этножағрафиясын білмеуінен немесе  әдейілеп  үнсіз
қалуынан, осы территориялардағы жергілікті халықтың экономикалық,  этникалық
және де басқа да мүдделерін мүлдем елемеуінен пайда болды деген  қорытындыға
келеді. Айтылған жерлерге орталық  және  кішіресейлік  губерниялардан  қоныс
аударушылардың қарқынды орналасуы оның ойынша халықтың  этникалық  құрамының
өзгеруіне алып келіп, бұл кейіннен  төменгі  Повольже,  Оңтүстік  Орал  және
Сібір жерлерін «исконных русских землях» деп айтуына мүмкіндік берді дейді.
      XVI-XVIII   ғасырлардағы   қазақ-орыс    қарым-қатынас    мәселелеріне
қазақстандық тарихшыларының көзқарастарының шоғыры  осындай.  Оған  бірқатар
ресейлік зерттеушілердің пікірі қарсы тұрды.  Олар  Ресей  мен  Қазақстанның
қарым-қатынас  тарихын,  бұл  аумақтағы  Ресейдің  саясаты  басқыншылық,  ал
қосылудың әсері кері  болғандығы,  Ресей  халықтың  ұлттық  байлығын  тонап,
қазақтардың мемлекеттілігін, жақсы жерлерін тартып алған «солтүстік  қанішер
жыртқыш»  ретінде  бейнеленген  көзқарастарды   қайта   қарау   қажеттілігін
негіздейді. Осы айтылған  пікірден  Ресейлік  тарихнамада  европацентристік,
царизмның  Қазақстандағы  отарлық  саясатының  патерналистік  тұжырымдарының
үстем етуін анықтауға болады. Жалпы қазіргі кезеңдегі  ресей  тарихнамасында
ресей-қазақ  қатынастарына  байланысты   бірқатар   зерттеушілердің   ойлары
Қазақстандағы, сонымен қатар  басқа  да  Орталық  Азиялық  елдердегі  ғылыми
ізденістер бұрынғысынша  Ресейдің  прогресивтік  және  өркениеттік  миссиясы
тұрғысынан   қарастырылуы   керек   деген   ұстанымда.   Сондай-ақ,   оларда
Қазақстандағы тарих ғылымы қажетті бағыттағы қоғамдық  ойды  қалыптастыратын
саяси  тапсырысты  орындайды  деген  терең   сенімі   қалыптасқан.   Қазіргі
кезеңдегі Ресейлік тарих ғылымы  өкілдерінің  бірқатарына  мынадай  ой  айту
үйреншікті  болып  қалды:  «Национальная  история,  написанная  с   подобных
позиций  (Ресей   империясының   отарлық   саясатын   сынауға   байланысты),
представляет собой крайний взгляд. Для историков данного региона  характерны
и менее жесткие точки  зрения.  Все  зависит  от  того,  что  пропагандируют
средства массовой информации и  выступления  первых  лиц  государства.  Так,
отвечая   на   вызов   политической    элиты,    формируется    национальная
историография, основой которой является переосмысление прошлого  посредством
культивирования  национально-патриотических  взглядов,  особенно  в   оценке
истории взаимоотношений  русского  народа  и  народов  Центральной  Азии  на
протяжении предшествующих столетий».
      Зерттеуші В.А. Моисеев:  «Қазақстандағы  патша  үкіметі  мен  кеңестік
режимнің жіберген барлық қателіктері мен қылмыстарында сөз жоқ, бірақ  кеңес
үкіметі  қазақтарға  мемлекеттілік  беріп,  қазақ   халқын   ортағасырлықтан
шығарып алды. Бұл мемлекеттілік (1920  жылғы  автономиялық  Республика  және
1936 жылғы одақтас Республика) қолдан жасалып, ол ішкі дамудың өнімі  болған
жоқ. Оның  құрылуы,  Ресейдің  есебінен  және  оған  нұқсан  келтіріп,  Орта
Азиядағы басқа да мемлекеттік құрылымдар  сияқты  билеуші  партияның  ұлттық
мәселені шешудегі дұрыстығын көрсетуі еді», - деп тұжырымдайды.
      Тағыда бір ойды келтіріп кетуге  болады.  Жоғарыда  аталған  мәселелер
арасында XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы орыстар мен жергілікті
халықтар  арасындағы  қарым-қатынас  үрдісі  елеулі  түрде  қайта  қаралды.
Кеңестік тарихнамада ол тек қана патерналистік болып анықталған,  сондықтан
да, прогресивті  деп  саналды.  Посткеңестік  кезең  өңірлердегі  этникалық
қауымдастықтардың ұлттық өзін-өзі басқаруға талпынысымен  сипатталады.  Бұл
үрдістегі негізгі рөлді ұлттық тарихты қайта жазуға бөлінген, онда өткеннің
оқиғаларын саяси амбициялардың пайдасына таңып түсіндіру басым.  Бұл  бағыт
тәуелсіздігін  алған  Қазақстан  тарихнамасында  да  айқын  көрініс  тапты.
Тәуелсіз Республика тарихшыларының тарихи  танымындағы  қазақтардың  өткені
туралы ресми тұжырымдамасы Е.В. Безвиконнаяның қорытындысы бойынша, өлкенің
отарлық  басып  алушылығының  басталуы,  дәстүрлі  қазақтардың  қоныстанған
жерлерін аннекциялауға алып келген ішкі және сыртқы  жағдайлардың  әсірінен
қазақ  халқы  ресейлік  бодандықты  еріксіз  қабылдау  фактісін  мойындауға
негізделді. Отарлау көшпелі қоғамның дәстүрлі  басқару  жүйесін,  мәдениеті
мен салт-дәстүрін құртатын механизмге айналды. Бұл ой  қорытуларда  «жаулап
алу», «бағындыру», «отар» сияқты  терминдер  кеңінен  пайдаланылып,  оларға
нақты анықтамалар берілмеді.  Міне,  Қазақстандағы  тарихи  білімді  аңызға
айналдыруды сынайтын және өз  аңыздарын  қорғап,  жаңасын  тудыратын  Ресей
зерттеушілері бір бөлігінің көзқарасы осындай.
      Ұсынылған әдебиеттер:
        1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-
  бөлім, 1-2 тараулар.
           3.Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім
        4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй половине XVI-века. А.,
   1985.


       Дәріс 5.  Қазақстан Ресей империясының стратегиялық жоспарында
      XVI ғ. екінші жартысында Мәскеу Қазанды (1552  ж.),  Астраханды  (1556
ж.) жаулап алғаннан кейін Сібірді отарлауға кірісті. Әрине,  қазақ  елі  мен
орыс  мемлекетінің  арасындағы   шекара   Сібір   хандығы   арқылы   бөлініп
жатқандықтан,  Көшім  хандығы  деп  аталған  елді  орыстардың  түрлі   айла-
тәсілдермен жаулауы, отарлау тарихының кейбір тұстары Қазақстан тарихына  да
қатысы бар болып келеді.
      Қазақ-орыс қатынастарына байланысты академик М.Қ. Қозыбаев «Ата тарихы
туралы сыр» атты мақаласында «Орыс елі Қазақ елін 1731 жылдан емес,  1580-ші
жылдардан бастап шапты. Өйткені, Жармақ  жаулап  алған  Ібір-Сібір  жұртының
халқы негізінен қыпшақ, арғын,  найман,  жалайырлардан  тұратын.  Осы  кезде
этнос болып қалыптасқан башқұрт, бұлғар,  татар,  өзбек,  қарақалпақ,  қазақ
халықтарының құрамына, ғалым Р. Күзеевтің  деректері  бойынша,  100-ден  аса
біртекті  ру-тайпалар  енгенді.  Олардың  бір   шеті   Ібір-Сібір   жұртынан
басталатын. Ендеше Қазақ елінің Ресейлік отарлық бұғауға  іліге  бастағанына
400 жыл болды»,- деп тың пікір білдірген еді.
      Шын мәнінде Қазан (1552 ж.) мен  Астраханды  (1556  ж.)  жаулап  алған
Ресей империясы ендігі кезекте Сібір хандығын  жаулауға  кірісті.  Одан  әрі
М.Қ. Қозыбаев  «Жауды  шаптым  ту  байлап»  атты  зерттеу  еңбегінде  «Сібір
қандығы Жошы ұлысына қарады.  Ол  Қазан,  Ноғай,  Қазақ  хандықтарына  көрші
орналасты. Бұл Тобыл, Ертіс өзендерінің бойы, Бараба,  Құлынды  даласы  еді.
Жазда Бараба мен Құлынды даласына қазақ, башқұрт, ноғай,  татарлар  жайлауға
шықты, Бұхар, Хива өзбектерімен сауда  жасады»,  -  деген  еді.  Академиктің
«Ақтаңдақтар ақиқаты» атты еңбегінде де қазақ-орыс байланыстарының  белгісіз
болып келген тұстары дәлелді деректер негізінде  зерделенеді.  Онда  башқұрт
этнографы Р. Күзеевтің «Происхождение башкирского  народа»  еңбегіне  сүйене
отырып «Сібір елін жайлаған 100-ге жуық тайпалар қазақ,  өзбек,  қарақалпақ,
башқұрт халықтарының құрамына енді. Ал ол кезде Орталық Қазақстан  қазақтары
Тобыл,  Ешім,  Ертіс  бойына  жайлауға  шығатынын  Сібір  тарихшылары   атап
көрсетеді», - деп, «Бұдан шығатын қорытынды: Сібір хандығының  тарихы,  оның
жаулануы қазақ халқы тарихының құрамдас  бөлігі  болып  есептеледі.  Ендеше,
қазақ халқының шежіресін, оның өз алдына дербес халық болып тарих  аренасына
шығуын, қазақ хандығы мен мемлекеттігінің  тарихын  оқшау  қарастырмай  түбі
бір туыстар  тарихымен  –  Сібір,  Ноғай,  Қазан,  Астрахань,  Түмен,  Қырым
хандығы тарихымен бірегей бірлікте зерттейтін уақыт жетті », - деп батыл  да
дәйекті пікірлер білдірген еді.
      Сонымен қатар, М.  Қозыбаев  «Сібірді  жаулап  алу  Ермактың  есімімен
байланысты» дей келе  орыстардың  Сібір  жерін  отарлауға  жол  ашқан,  орыс
елінің ұлттық батыры деп дәріптелген Ермактың  тарихтағы  бет-пердесін  ашып
көрсетті. Және де қарақшы Ермактан атаман Ермакқа қалай айналғанын  деректер
мен зерттеу еңбектерін кешенді түрде  талдаудың  негізінде  жаңа  пікірлерге
келді.
      Академик бұл тұста тарихнамада орын алған екі түрлі концепцияның белең
алғанын атап көрсетеді. Ол бірінші  Ермактың  қандыбалақ  қарақшы  екендігін
дәлелдейтін  обьективті   концепция.   Және   Ермакты   дәріптейтін   екінші
концепцияны ашып көрсетеді.  Мәселен,  «Есипов  өзінің  шежіресінде  Ермакты
қарақшы  атады,  Н.  Карамзин  болса  Ермакты  қаныпезер,  Американы   қанға
бөктірген  кортестермен  қатар  қойды».  Оның  ұлттық  батырға  айналуын  М.
Қозыбаев: «Ермактың жеңісі патша сарайын қуанышқа  бөледі.  Осы  оқиғалардан
кейін патша өкіметі, шіркеу кешегі қанды қол  қарақшы  Ермакты  ашықтан-ашық
әулиелер санатына қосып, жер-көкке сыйғызбай мақтай бастады.  Оның  ұрылығы,
қарақшылығы өмірінің бір кездейсоқ сәттері сияқты көрсетілді,  ал  атаманның
батырлығы,  парасаттылығы,  қайраткерлігі,   дипломаттылығы   туралы   ойдан
шығарылған аңыздарға негізделген шығармалар халық арасына  кеңінен  таратыла
бастады», - дейді. Академиктің айтуынша, Кеңес  заманында  Г.  Вяткин,  С.М.
Соловьев, А.А. Введенский, В.Г. Мирзоев, Д.И. Копылов, Р.Т. Скрыпников  және
т.б. зерттеушілердің еңбектерінде осы  екінші,  Ермакты  бейнебір  аңыздарға
сүйеніп мадақтау  концепциясы  белең  алды.  Бұл  концепцияға  М.  Қозыбаев:
«Ермак туралы қалам тартқан қай тарихшы болмасын оның жорығының  шапқыншылық
сипатын жасыра алмайды,  егер  патша  заманында  оның  жорығына  «Завоевание
Сибири» деп ашықтан-ашық баға  берілсе,  совет  дәуірінде  бұл  сөздің  өңін
айналдырып, «Открытие  Сибири»  (Окладников  А.П.),  «Присоединения  Сибири»
(Дулов В.И.), «Освоение Сибири» (Мирзоев В.Г.) т.б. қырық құбылту  басталды.
Тіпті, Скрыпников  сияқты  тарихшылар  оны  экспедицияға  теңеді.  Осылайша,
кеңес  тарихнамасында  идеологияға  сай  бұрмалау,  тарихи  шындықты   теріс
айналдыру, жалған фактілермен Сібірді одан кейін қазақ жерін  отарлауға  жол
ашқан Ермактың қанды  жорығын  теріс  айналдырып,  батыр  ретінде  дәріптеп,
патшалы Ресейдің Сібірді отарлау саясатын ақтап көрсетті.
      -  Тәуелсіздігімізді  алғаннан  кейін  жарық  көрген   академик   М.Қ.
Қозыбаевтың жоғарыда аталған еңбектері қазақ-орыс байланыстарының  алғышарты
ретінде орын алған Сібірді жаулап алу, Ермактың тарихтағы  орнын  айқындауда
құнды еңбектердің қатарында екендігі дау туғызбайды;
      - М.Қ.  Қозыбаев  кешенді  зерттеу  еңбектері  мен  деректерге  сүйене
отырып, бұрын соңды айтуға, жазуға тыйым  салынған  мәселелердің  ақ-қарасын
ажыратып, Ресей империясының отарлау саясаты сонау XVI  ғасырда  басталғанын
дәлелдеп көрсетеді.
      Зерттеуші К. Мамырұлы «Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі
және   оның   саяси   астарлары»   атты   1998   жылы   қорғаған   докторлық
диссертациясында қазақ халқы Ресейге өз еркімен қосылған жоқ  деген  пікірді
қолдай отырып, Ресейдің қазақ елін  өзіне  қарату  процесін  бірнеше  тарихи
кезеңдерге бөліп көрсетеді:
      - Бірінші кезең - XVI ғасырдың  аяғында  Ермак  жорығының  негізіндегі
еліміздің солтүстігіндегі елді мекендердің зардап шегуі;
      - Екінші кезең – Ресей мемлекеті әз Тәуке  хан  өлгеннен  кейін  елдің
бірлігі кетіп, жоңғарларға қарсы  күресте  әлсірегенін  пайдаланып,  қорған-
қамалдар салып,  ел  ішіне  біртіндеп  кіріп,  шұрайлы  жерлерді  басып  ала
бастауы;
      - Үшінші кезең – 1731 жылы Ресей мен Қазақ елінің арасындағы  келісім-
шарт - өз еркімен қосылды деген  пікірдің  жекелеген  элементтерінің  болуын
дәлелдейді;
      - Төртінші кезең – айламен, арбаумен жердің жартысын  бауырына  басқан
Ресей отаршылары әскери күшпен жаулап алуы.
      Қазақ-орыс қатынастарына қатысты төңкеріске дейінгі  тарихнаманың  көп
бөлігі XVIII ғасырға - Қазақстанның  Ресейге  қосылу  уақытына  жатады.  Осы
кезеңнің   алғашқы   зерттеушісіне   Орынбор   губерниялық   канцеляриясының
қызметшісі  П.И.  Рычковты  есептеуге  болады.  Ол  өзінің   тікелей   ресми
міндетіне байланысты  ғана  емес,  зерттеуші  ғалымға  және  саяхатшыға  тән
пәрменмен қазақ  халқының  тарихы  мен  тұрмысын  өз  еңбектерінде  бейнелеп
көрсете білген.  Сонымен  қатар,  П.И.  Рычковтың  Қазақ  даласындағы  патша
әкімшілігінің уәкілі екенін  ұмытпау  керек,  оның  барлық  қорытындыларында
патша сарайының ресми ізі  бар.  XVIII  ғасырда  Ресей  ғылым  академиясының
инициативасы бойынша  аз  зерттелген  аудандарға  экспедициялар  жасақталған
болатын және олардың жетекшілері Паллас, Георги,  Фальк,  Н.П.  Рычков  және
т.б. болған. Олар  XVIII  ғасырдағы  қазақ  хандығының  жағдайына,  Ресеймен
саяси  байланыстарына  байланысты  көптеген  қызықты  мәліметтер  қалдырған.
Олардың бақылаулары тарихи дерек ретінде, әлі  күнге  дейін  ғылыми  маңызын
жоғалтқан жоқ деуге болады.
      XVIII ғасырдағы қазақ-орыс қатынастарына байланысты бағалы  мәліметтер
Кіші жүз бен Орта жүздің бір  бөлігінің  Ресейге  қосылу  барысында  белгілі
роль атқарған  және  Қазақстанға  жіберілген  орыс  елшілігін  басқарған  А.
Тевкелевтің   шығармаларында   кездеседі.   Қысқаша   күйінде    Тевкелевтің
«журналдары» бірнеше  рет  жарық  көрді.  Толығырақ  түрі  «Казахско-русские
отношения в  XVI-XVIII  вв.»  атты  жинақта  шығарылған.  Қазақстан  тарихын
зерттеушілердің ішінде XVIII ғасырда  өмір  сүріп  және  қызмет  еткендердің
ішінде Д. Гладышев, И. Муравин, Бланкенагель және К.  Миллерлерді  атап  өту
керек.
      XVIII ғасырдың басында Ресей мен шығыстың басқа да елдерінің  арасында
елшіліктермен алмасу күшейе бастады. Бұл «дворян  Трушниковтың  казактармен»
1714-1716 жылдардағы Солтүстік Тибетке,  1719  жылғы  Колмаков,  Урусов  пен
Сомовтар  басқарған  Нұр-Зайсан  мен  қара  Ертіскті  зерттеуге  бағытталған
экпедициясы, Иван Чередовтың елші ретінде Жонғарияға екі  рет  баруы  (1713-
1720 жж.), сонымен қатар, Унковскийдің және Угрюмовтың (1722-1732 жж.)  т.б.
елшіліктер. Олардың барлығы  қазақ-орыс  қатынастарының  дамуына  объективті
түрде ықпал  етті.  Себебі,  Азиялық  мемлекеттермен  байланыс  жасау  Ресей
мемлекеті өкілдерінің қазақ билеушілерімен шарасыз байланысуына әкелді.
      Осы  уақытта  Ресей  елшіліктерінің  легі  Қазақстанға,  қазақтардыңкі
Ресейге  күшейді.  Олардың  ішінде  ерекше  атап   өтетіндер   1716   жылдың
қыркүйегіндегі Бекболат Екешев пен  Байдәулет  Бөриев  батырлары  бар  Қайып
ханның елшілігі, 1716 жылдың  қазанындағы  Тобыл  бояринінің  баласы  Никита
Белоусовтың жауап ретіндегі елшілігі, 1717 жылғы Борис Брянцевтің  елшілігі,
Шаба мен Бахадүр басқарған Әбілхайырдың 1718  жылғы  және  т.б.  елшіліктер.
В.Я. Басиннің ойы бойынша осы  елшіліктердің  нәтижесінде  Ресей  әкімшілігі
мен қазақ билеушілерінің арасында жонғарларға  қарсы  бірігіп  күресу  жайлы
келісімге келуге шын мәнінде мүмкіндік туды.
      В.Я. Басин қазақ хандығына қатысты қазан  мен  Сібір  әкімшіліктерінің
арасындағы  айырмашылық  туралы  былай  жазады:   «В   постановке   вопросов
экономической   политики    относительно    казахских    ханств    казанская
администрация стояла на тех же позициях,  что  и  сибирская  -  установление
дружественных и союзнических отношений с казахами,  имея  в  виду  возможное
использование их против Джунгарии. Однако, казанская администрация с  самого
начала развивала более активную  переписку,  добиваясь,  очевидно,  если  не
полного, то хотя бы частичного подданства казахских ханств и превращения  их
владетелей в вассалов русского государства. Это видно из грамоты  казанского
губернатора П. С. Салтыкова от 29 марта 1717 г.,  отправленной  в  казахскую
степь с посольством Федора Жилина. В  ней  предлагалось  казахскому  хану  в
"знак своей же верности прислать посланцев  своих  и  письменное  веление  с
подписанием рук своих, что по закону своему в правоверности  своей  при  его
пресветлейшего  царского  величества  державе  мирна  жить  и   служить   вы
желаете».
      А.  Бирзе  мен  С.  Камалов  1725  жылдың  басында  Петерборға  қазақ-
қарақалпақ елшілігі жіберілгендігі туралы мәлімет келтіреді.  Елшілік  қазақ
және қарақалпақ билеушілерінің  атынан  Ресейге  кезкелген  жауымен  соғыста
көмек  көрсетуге  дайын  екендігіне  уәде  берді.   1726   жылы   қарақалпақ
даласындағы Ресейлік уәкіл молда Максұт Юнусовтың Әбілхайырмен кездесуі  осы
елшілікке жауап ретінде болып, онда қазақтардың Ресей протекциясын  қабылдау
туралы   келіссөз   жүргізілді.   Әбілхайыр   бірден   Қойбағар   Көбековтың
басшылығымен Еділ қалмақтары сияқты  Ресей  «протекциясын»  сұратып  елшілік
жіберді. Бірақта, Қойбағар Көбековтың миссиясы сәтсіз аяқталды.
      1730 жылдың  қыркүйегінде  Уфаға  Сейіткұл  Қойдағұлов  пен  Құтлұмбет
Қоштаев бастаған Әбілхайырдың елшілігі келіп,  Анна  Иоановнаға  Қазақстанды
Ресей империясының құрамына қосу  туралы  өтінішін  тапсырды.  Ресейдің  қол
астына  қабылданған  тұста  Әбілхайыр,  жоңғарларға  қарсы  осы  мемлекеттің
күшіне  сүйенуге,  сауда-саттықты  кеңейтуге,  Еділ  мен  Жайық   арасындағы
жерлерді пайдалануға құқықтарды алуға тырысты.  Осы  жағдайды  П.Г.  Галузо:
«тяга под владычество России  имела  единственную  причину-поиски  выгодного
сюзерена-покровителя» деп көрсетеді.
      Ресей үкіметіне байланысты айтсақ, ол ең басты қазақтар  Ресейдің  қол
астына өткен соң, өзінің шығыстағы сыртқы саясатын жүзеге  асыру  мақсатында
Қазақстан территориясын стратегиялық  тірек  базасына  айналдыруды  көздеді.
Сонымен қатар, олар осы жағдайда  қазақтар  әскери  сипаттағы  тапсырмаларды
орындайтын жағдайлар туады деп ойлады.
      Сонымен, патша үкіметі саясатының  басынан  бастап  Қазақстанға  деген
қарым-қатынасы арқылы  Ресей  империясының  экономикалық  және  әскери-саяси
мүдделері  көрініп  тұр.   Осы   бағыттағы   Ресей   мемлекетінің   ең   ірі
дипломатиялық қадамдарының бірі Қазақстанға А.И. Тевкелевтің 1730  жылғы  8-
ші қыркүйектегі Әбілхайыр ханның елшілігіне жауап ретіндегі елшілігі  болды.
А.И. Тевкелевке кезінде І Петр тапсырма  беріп,  көп  шығындарға  қарамастан
Қазақстанды заңды түрде Ресейдің қарамағына алуды тапсырған. Енді  ол  қазақ
билеушілеріне императрица Анна Иоановнаның  атынан  көптеген  сыйлықтар  мен
қол астына өту туралы грамота алып келеді. А.  Тевкелевтің  елшілігі  туралы
мәліметтер толығымен көптеген әдебиттерде көрініс тапты. Сонымен, 1759  жылы
П.И. Рычковтың «История Оренбургская» атты еңбегі жарық  көрді.  Мұнда  Кіші
жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы,  А.И.  Тевкелевтің  елшілігінің
қызметі, Әбілхайыр ханның ордасындағы бодандықты қабылдауға  байланысты  екі
қарсылас партияның күресі жайлы мәліметтер кірген.  Бірақта  мұнда  осы  бір
жайтты көрсету керек Рычковтың барлық қорытындыларында ресми  саясаттың  ізі
мен Ресейдің ролін дәріптеу жатыр.
      Қазақ-орыс  қарым-қатынасының  үлкен  жетістігі  ретінде   Тевкелевтің
миссиясын кеңестік тарихшылар Н.Г. Аполлова мен В.Я. Басин қарастырады.  Шын
мәнінде  Тевкелевтің  елшілігі  XIX  ғасырдың  екінші  жартысында  толығымен
аяқталған Ресей империясының қазақ даласын отарлау бағытын
іске асыруына ықпал етті.  1734  жылы  Орынбор  экспедициясы  құрылып,  оның
атқаратын  міндетіне  Ресейдің  құрамына  кірген   кейбір   қазақ   жүздері,
қарақалпақ және башқұрттардың территориясын басқару.  Е.  Люстерник  пен  Е.
Шапот  Әбілхайыр  хан  Ресей  үкіметі  алдында  бірнеше  рет  Орь   өзенінің
сағасында бекініс салу мәселесін қойды деп есептейді. Нәтижесінде 1734  жылы
Орынбор экспедициясының басшысы К. Кирилов  Сыртқы  істер  коллегиясына  осы
құрылыс жайлы ұсыныс жасады.
      Орынбор комиссиясының басшысы князь Урусовтың 1740 жылғы 19 тамызбен 1
қыркүйек арасында сұлтандар Нұралы мен Ералы, сонымен қатар, Кіші және  Орта
жүздің өкілдері Жәнібек, Бөгенбай және Есет батырлармен болған келіс  сөздер
қазақ-орыс қарым-қатынасының нығаюына  оңтайлы  әсер  еткен.  Сәл  кейінірек
Орынборға келген Орта  жүздің  ханы  Әбілмәмбет  пен  Ш.  Уәлихановтың  әділ
бағалауы бойынша сол кездегі «Орта жүздің билеушілерінің ең күштісі»  Абылай
сұлтан жиынға қатысты. 1740 жылдың 5 қыркүйегінде қазақ  даласына  құрамында
Орынбор драгун  полкінің  поручигі  Д.В.  Гладышев,  геодезист  И.  Муравин,
инженер  Назимов,  тілмаш  У.  Арасланов  және  т.б.   бар   орыс   елшілігі
аттандырылды. Елшілікке басқа да  мәселелермен  қоса  қала-бекіністің  орнын
зерттеу жүктелді.
      1759 жылы А. Тевкелев пен  П.  Рычков  Петербордың  алдына  алғаш  рет
мынадай  идеяны  ұсынды,  болашақта  «для  многих  государственных   резонов
полезнее б было, когда б ханские  определении  могли  быть  без  выборов  от
народа, но единственно по высочайшему е. и. в. соизволению...  как  то  и  в
волских калмыках установлено». Олар қазақ даласының билеушілері  етіп  патша
әкімшілігіне ыңғайлы адамдарды тағайындауды ұсынды. Бұл  нәтижесінде  хандық
биліктің жойылуына, Ресей империясының Қазақстандағы тіректерінің  нығаюына,
XIX ғасырдың екінші  жартысында  царизмнің  отарлық  саясатының  бекітілуіне
алып келген саясаттың белгісі еді.
      1749 жылдың 26  ақпанында  Елизавета  Нұралы  сұлтанды  хан  титулында
бекіткен грамотаға қол қойды. Жарлықта  белгіленгендей  Нұралы  хан  «должен
будет верно "служить и во всем по указам нашим наирачительнейше поступать  и
исполнять"  все  распоряжения  российской  администрации,  а   правительство
Российской  империи  казахский  народ  "в  правосудии  и  спокойствии  будет
содержать». Осы күні  императрицада  қазақ  елшілерінің  құрметіне  арналған
қабылдау болған, осында Жәнібек пен канцлер А.П. Бестужев-Рюмин сөз  алысты.
А. Добромысловтың  айтуы  бойынша  қазақ  билеушісі  Нұралыны  хан  титулына
бекіткендігіне алғыс білдіріп, қазақтарды  «бұрынғы  рақымшылдықта»  ұстауын
сұрады. Канцлер Ресей үкіметі  болашақта  да  «барлық  қырғыз(қазақ)  халқын
императорлық жоғары рақымшылықта» ұстайтынын атап өтті.
      Бұл кездейсоқ жасылынған жоқ еді.  Ең  бастысы  Нұралының  хан  тағына
Петерборда  тағайындалғанының  өзі  жаңа  ханның  беделін   көтеріп,   Ресей
үкіметіне ыңғайсыз хандардың пайда болу мүмкіндігін азайтты.
      Сонымен қатар, патша өкіметі қазақ  даласында  өз  тіректерін  нығайту
жолындағы  беталысында  құрылып  жатқан  шептер  мен   бекіністерден   қазақ
қоныстарын шеттетуге тырысты. С.Д. Асфендияровтың мәліметтері  бойынша  1752
жылы  әскери  шеп  Қазақстанды  жартылай  шеңбермен  «Каспий  жағалауларынан
Ертістің жоғарғы ағысына дейін» қамтыды. Осы уақытқа  «бірқатар  жеңілдіктер
мен бөлінген жерлері» бар Орал, Сібір және Орынбор казак әскерлері  құрылды.
Кіші және Орта  жүздерді  Ресейдің  вассалына  айналдыруды  көздеген  міндет
тұрды. Бұл оны іске асыруға әртүрлі амалдарды жұмылдырған  патша  үкіметінің
негізгі бағыты болатын. Олардың  бірі  «Қатал  бағыт»  деп  аталып,  мынадай
әскери  шараларды  қарастырған:  шекараның  далаға  ішкерлей  енуі,  бекініс
шептердің құрылуы, Жайық, Тобыл, Ілек,  Есіл,  Ертіс  және  т.б.  өзендердің
бойында көшіп-қонуға тыйым салу. Н.Г. Аполлованың мәліметі бойынша  20-30-шы
жылдардың өзінде ресей үкіметі кейіннен  царизмнің  ірі  агрессиясына  өскен
қазақ  даласына  ішкерілей  баса  көктеуі...,  Қазақстанды  ресей  империясы
отарына айналдыру  үшін...,  орыс  өнеркәсібіне  шикізат  базасын  алу  және
транзиттік  жолдармен  орыс  базарын  шығыспен  байланыстырудың   бастамасын
жасады.
      Қазақ жерлерін алғаш рет тартып алулар орынбор мен  сібір  губерниялық
билігімен жүргізілген, сонымен қатар Жайықтың  оң  жақ  жағалауы  мен  Ертіс
маңында көшіп-қонуға  тыйым  салуы  қазақтардың  наразылығын  туғызды.  А.Ф.
Рязанов пен  А.П.  Чулошников  Е.  Пугачев  бастаған  шаруалар  көтерілісіне
кейбір қазақ руларының қатысуы мен осы мәселе бойынша Нұралы  хан  мен  оның
төңірегіндегілердің жалтақтау позициясын ұстауынның негізгі  себебін  осыдан
көрді. М.К.  Янковский  Қазақстанды  отарлаудың  кеңейуінің  дәлелі  ретінде
мынадай мәліметтер келтіреді: 1755 жылдың  қыркүйегіне  Орынбор  губернаторы
И.  Неплюевтың  қарамағында  36715  солдат  пен  офицер,  Қазан   губерниясы
әскерімен барлығы 47548 адамды құраған.  Сібір  губерниясында  27552  солдат
пен офицер болып, олар негізінен Кузнецк, Колыван, Уй шептері  мен  Өскемен,
Звериноголов,  Қасиетті  Петр,   Ямышев   және   т.б.   бекіністер   маңында
орналасқан. С.Д. Асфендияров осы уақытта Омбы қамалынан Орынборға  дейін  11
қамалдан,  33  редуттан  және  42  маяктан  тұратын  үздіксіз  бекініс  шебі
созылғаннын айтады. Сол  кездің  өзінде-ақ  Нұралы  ханның  алдына  қойылған
міндеттерді шешуі, егерде Абылайдың келісімін  алған  жағдайда  ғана  мүмкін
болатын. Абылай Орта жүзде шексіз билікке ие болатын.
      А. Тевкелев пен  П.  Рычков  сыртқы  істер  коллегиясына  1759  жылдың
қаңтарында осылайшы хабарлайды «Аблай ныне во всей Средней орде за  главного
владельца почитается, а притом гораздо смышлен и проворен». Осының  барлығын
ескере Ресей әкімшілігі, А.  Тевкелевте  Абылайды  цин  империясынан  барлық
мүмкіндіктермен  қол  үздіруді  қарастырды.   Сонымен   қатар,   Петербордың
санкциясынсыз Орта жүзге хан болып сайлануы мүмкін деген күдіктері болды.
      Н. Рычковтың айтуы  бойынша  Кіші  жүз  ханы  «как  встал  под  защиту
Российского государства, русским  пришлось  вести  две  войны  с  иноземными
царствами. Одна война с пруссаками, другая... с турками. Но, ни в той, ни  в
другой, он, еще не имел счастья  быть  использованным.  Между  тем  это  его
каждодневное желание, равно как и желание его подданных. Во всякое время,  в
каждый час готовы они выступить против врагов России».
      Ш.Ш.  Уәлихановтың  еңбегінде  келтіруі  бойынша  Абылай   хан   болып
сайланған соң ант  қабылдауға  орыстардың  шекарасына  барғысы  келмей,  мен
халық жиналысында осы қадірге бекітілдім деп айтқан дейді.  Абылай  Ресейдің
де Циннің де қамқорлығы оның қазақ даласындағы  билігіне  шектеу  әкелетінін
білді. Сол себебті оның екі держава  арасында  бұлтару  тактикасын  ұстанып,
өзіндік саясат жүргізуіне тура келді. Осы саясат Ш.  Уәлиханов  көрсеткендей
«бірде бір қырғыз ханы  Абылайдай  шексіз  билікке  ие  болған  жоқ»  деуіне
мұрындық болды.
      Нақты  осы   уақытта   Әбілхайыр   ханның   вассалдық   тәуелділігінің
көрінгендігін  М.П.  Вяткин   айтады.   Қазақстанның   Ресейден   васссалдық
тәуелділігінің күшейюі және оның XVIII-XIX ғасырдың басында  отарлыққа  өсуі
туралы Н.Е. Бекмаханова айтады. И. Болтинның айтуы бойынша  «хотя  казахи  и
называются подданными России и в поручательстве верности своея от себя  дают
аманатов, но податей не платят, служб и повинностей никаких  не  отправляют,
управляются своими обычаями и начальниками и  в  деяниях  никому  отчету  не
дают...».
      Н.Г.  Аполлова  Қазақстан  Ресей  империясына  қосылса  да,   қазақтар
бұрынғыдай тәуелсіз болып қала берді деп есептейді.
      А. Левшин қазақтардың  көрші  елдермен  қарым-қатынасын,  Әбілхайырдың
Ресей бодандығын қабылдауы, қазақтарды бодандықта ұстау  жолына  бағытталған
биліктің іс-әрекеті деп бағалады.  Императорлардың  ішкі  саясатын  сипаттай
отырып, автор «мемлекеттік» көзқарас тұрғысынан  пайымдап,  жүргізілген  іс-
шаралар қазақтар үшін тек игі іс болғанын  көрсеткен.  А.  Левшин  «Из  оных
подданными российскими называют себя только роды, кочующие в северной  части
степей, за Уралом и Иртышом, и имеющие необходимую нужду  в  покровительстве
пограничных начальников, прочия, живя  в  отдалении,  или  не  признают  над
собой никакой посторонней власти, или отдают себя под  защиту  соседственных
владений». Кіші жүздің Ресей  қол  астына  өтуіне  байланысты  айтқанда,  А.
Левшин  оның   мынадай   алғышарттарын   жорамалдайды   «басшылардың   билік
құмарлығы, құдіретті  державаның  қамқорлығында  күшейюді  болжаған».  Мұнда
мүмкін Әбілхайырдың хандық  билігінің  тұрақсыздық  жағдайын  айтуы  мүмкін.
Сонымен  қатар,  Левшин   бұл   жерде   патшаның   сыйлықтарына   дәмеленген
пайдақорлық мақсат болуы мүмкін деген.  «Таковые  же  виды,  были  одною  из
главнейших причин, побудивших Абулхаира и Абулмамета добровольно  покориться
с ордами своими императрице Анне».
      Төңкеріске дейінгі еңбектерде, мысалы Л. Мейерде қазақтардың  Ресейдің
қол астына өтуіне байланысты біржақты, қате көзқарас  орын  алған.  Бірақта,
Әбілхайыр ханның тарихымен байланысты қазақтардың ресейдің қол  астына  өтуі
арнайы зерттеу тақырыбы болмаса да, қазақ-орыс  қарым-қатынастары  тарихымен
байланысты  төңкеріске  дейінгі  еңбектерде  де  басты  тақырыптардың   бірі
болған. Л. Мейер Әбілхайырға теріс  баға  беретін  авторлардың  бірі  болып,
оның өтіріктігін, пайдакүнемдігі мен мықты  ықпалға  ие  бола  алмайтындығын
атап өтіп, бодандыққа өтуді оның жеке  басының  ісі  деп  қарастырады.  1730
жылы Қазақ халқының атынан  деп,  Уфаға  бодандыққа  алу  туралы  өтінішімен
өзінің елшілігін жіберген Әбілхайыр, Мейердің  ойы  бойынша  патша  үкіметін
алдаған. Ресейден әскери көмек сұра деген  билердің  шешіміне  қайшы  келген
хан, оларды да алдағаны ғой.
      Қазақ  халқының   тарихын   царизмнің   отарлық   саясаты   тұрғысынан
қарастыратын  авторлардың  бірі  болып  Мейер,  ғасырға  жуық  уақыт   Ресей
империясының қазақтарды номиналды  түрде  ғана  билегенінің  себебін  табуға
тырысқан. Мұның себебін ол хандық билікті Әбілхайырдың ұрпақтарының  артынан
бекітілгенінен көреді. Бұл қазақтарда хан сайлау еріктерінің бұзылуы  екенін
айтады. Осы факт және Ресейдің жағдайға  сәйкес  келмеген  саясаты  Мейердің
ойы бойынша, Кіші жүз тарихында терең із қалдырды.
      Қазақстанның  Ресейге  қосылуына  байланысты   ұқсас   көзқарасты   Ф.
Лобысевичтың еңбегінен табамыз.  Осы  автордың  сөзі  бойынша,  басынан  екі
жақтың-патша үкіметімен  сондай-ақ  қазақ  халқы  жағынан  түсінбестік  орын
алған  номиналды  бодандық,  орыс  шекаралары   мен   сауда   қатынастарының
қауіпсіздігіне көмек бермегенімен қоса, патша  әкімшілігінің  кейбір  сәтсіз
әрекеттерінен соң царизмнің қазақ  даласында  берік  орнығуын  ғасырға  жуық
уақытқа  шегерген.  Әбілхайырдың  бодандығы  Ф.  Лобысевичтың  ойы   бойынша
«іздеушілік  (искательство)»   болып   табылып,   «Ресей   тарапынан   әлсіз
авторитетіне қолдау  тауып  және  өзінің  қауіпті  қарсыластарының  халықтың
алдындағы ықпалын жоюды көздеуі, осы ханның жеке, билік құмар  мақсаттарымен
шақырылған болатын». Хандық билікке жағдайы тұрақты емес  «пәлеқор(интриган)
Әбілхайыр» бекітілген соң, Лобысевичтің пікірі  бойынша,  түбегейлі  қателік
жасалынып, нәтижесінде Қазақ халқының Ресейлік бодандығы  номиналдыққа  алып
келді. «Оттого и вышло, что Абулхаир и его потомки, даже если бы желали,  не
могли выполнять данных правительству обещаний: охранять границы  и  торговые
караваны в степи… уплачивать установленный ясак» деп жазды Ф. Лобысевич.
      Бодандықты нығайту мақсаттары А. Макшеевтың еңбегінде баяндалады. Олар
оның ойы бойынша қазақтарды  мемлекеттік  шекарадан  бөліп  шығарғанда  іске
асырылған.  Макшеевтің  айтуы  бойынша-«Выделенные  за  границу  государства
киргизы, оставались по-прежнему зависимыми, не платили податей  и  не  несли
никаких обязанностей в отношении России».
      М. Красовский да  Қазақстанның  Ресейге  қосылуын  осындай  көзқараста
қарастырған. Оның айтуы бойынша «Ресей үкіметінің  билігін  мойындау  арқылы
Әбілхайыр Ордада жеке басының  табысына  жету  мақсатын  көздеп,  1730  жылы
императрица Аннадан өзін барлық  қырғыз-қайсақ  халқымен  Ресей  бодандығына
қабылдауды  сұрайды».   Әбілхайырдың   бодандықты   қабылдауына   басқа   да
себебтердің барлығын  мойындаған,  Красовский,  Ресейдің  қол  астына  өтуін
өзінің барлық жауларына қарсы материалдық  қолдау  деп  сенген  Әбілхайырды,
өзіне қарсы Орта жүз сұлтандарының алдында ұтады деп есептеді.
      Қазақ-орыс қарым-қатынастарының қысқаша тарихы берілген  XIX  ғасырдың
90 жылдарындағы еңбектерге В. Витевскидің үлкен  монографиясы  жатады.  Онда
И. Неплюевтың Орынбордағы қызметіне қатысты  көп  фактологиялық  материалдар
шоғырланған.  Бірақта  бұл  материлдардың  іріктелуі  автордың  көзқарасының
біржақтылығын көрсетеді. Витевскийдің  еңбегі  ресми  көзқарасты  айқындайды
және  апологетикалық  сипатты  жақтайды.   Әбілхайырды   және   оның   Ресей
бодандығын қабылдауындағы ролін бағалауы Л. Мейермен сәйкес келеді.
      Төңкеріске  дейінгі  авторлардың  басқа  да  еңбектерінде  қазақтардың
Ресейдің  қол  астына  өтуі  өз  еркімен  бағыну   деп   қарастырылады.   А.
Добросмыслов еңбегінде қазақтардың Ресей бодандығын  өз  еркімен  қабылдаған
деп қарастырады.  Бұл  еңбекте  бірқатар  фактілік  қателіктер  кездесетінін
айтып кету керек. Мысалы,  1731  жылғы  10  қазандағы  старшиндар  жиналысын
баяндауға байланысты.
      Сонымен, қазақтардың ресейдің қол астына өтуі төңкеріске дейінгі кезең
еңбектерінде екі түрлі  жағдайда  қарастырылды.  Біріншісінде,  Әбілхайырдың
пайдакүнемдік мақсаттарымен жасалынған тиімді шарт және өтіріктігі  көрінген
жеке басы ісі ретінде  қарастырылған  (Мейер,  Лобысевич),  ал  екіншісінде,
хандық биліктің тұрақсыздығы мен сыртқы  саяси  қауіптің  әсерінен  (Левшин)
туған өз еркімен қосылу (Левшин, Добромыслов).
      XIX ғасырдың бірінші  жартысындағы  ғылыми  зерттеулерде  Қазақстанның
Ресей империясына қосылуы қауіпсіздік пен Ресейдің  Азиялық  континентіндегі
саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудің аса маңызды ісі  деп  бағаланды.  Ресей
экономикасы  мен  мемлекеттік  билігінің  ықпалы  көшпелі  әлемге   таралуы,
теорияның  негіздеушілерінің   ойы   бойынша,   номадтардың   мазасыз   және
жауынгерлік мінезіне қолайлы әсер етіп,  оларды  отырықшыландырып  және  ұлы
державаның сенімді  бодандары  етуді  көздеген.  «Ресейдің  өзін-өзі  сақтау
(самосохранения России)» тұжырымдамасының кейбір элементтері XVIII  ғасырдың
соңғы ширегінде қалыптасып, әйтседе  көбірек  байытылған  түрі  XIX  ғасырда
Я.П. Гавердовский,  Г.Ф.  Гейнс  сияқты  әскери  тарихшылардың  еңбектерінде
қисынға келтірілген. Бұл  теория  XIX  ғасырдың  екінші  жартысында  «табиғи
шекара (естественных границ)» тұжырымдамасына өсті.
      Қазақстанға ішкерлей кіру әрекеттерін «табиғи шекара» теориясы арийлік
ұлттың қайта құрылуы мен  таралуы  үшін  адамзаттың  табиғи  даму  жолы  деп
түсіндіріледі. Осы  теорияны  қолдаушылар  қандай  да  бір  мемлекет  өзінің
шекарасын қорғауы керек  дегеннен  шығады,  сондықтан  да  оған  мемлекеттік
шекарасын қорғайтын  жаңа  шептер  салуға  болатындай  территориялар  керек.
«Жылжымалы» немесе  «табиғи»  шекара  теориясы  таулар,  өзендер  мен  күшті
мемлекеттік құрылымдар болып табылатын табиғи шекарада  мемлекеттің  әскери-
стратегиялық  жағдайының  тұрақтылығын   болжады.   Бұл   тұжырымдама   орыс
тарихнамасындағы мемлекеттік мектептің өкілдері Д. Кавелин,  С.М.  Соловьев,
Б.Н.  Чичерин,  В.О.  Ключевский,  А.Д.  Градовский,  П.К.   Милюков,   Г.В.
Вернадский  сияқты  белгілі  орыс  тарихшыларының  көзқарастарында   көбірек
дамыды. Осы теорияны жақтап, жолын қуушы әскери тарихшы М.И. Венюков болды.
      Қазақстанның Ресей  империясының  қол  астына  өтуі  жаңадан  қосылған
жерлерде  әскери  шептердің  құрылуы  арқылы  өтті.  М.И.  Венюковтың  айтуы
бойынша «никакая линия не могла возникнуть на полуденной окраине наших
степей,  и  государственный  рубеж   оставался   фиктивным».   Осылай   «екі
мемлекеттік» шекара теориясы пайда болады. Осы теорияға орыс  тарихнамасының
төңкеріске дейінгі  бағыты  жақынырақ  ұқсас  келеді.  Ол  Ресейдің  шығысқа
жылжуын этнографиялық және жағрафиялық факторлармен негіздейді,  ол  бойынша
тегістікте орналасқан орыс мемлекеті кеңейюге тырысқан.  Бұл  барлық  тарихи
тұжырымдамалар белгілі бір мөлшерде  европацентризмнен  бос  еместігін  және
орыс тарихшылары көзқарастарының методологиялық шектеулілігін көрсетті.
      XVI-XVIII ғасырлардағы қазақ-орыс қарым-қатынастары  мен  Қазақстанның
Ресейге қосылу мәселелері  кеңестік  тарихнамада  елеулі  өзгерісті  басынан
өткізді және ең теріс ұстанымнан апологетикалыққа(аса  мадақтаулыққа)  дейін
өзгеруімен сипатталады. 20-30 жылдары Қазақстанның қосылуы мен Ресейдің  осы
өңірдегі барлық  іс-шаралары  қазақтар  үшін  «шексіз  зұлымдық  (абсолютное
зло)» деп қарастырылды. Осы тұрғыда С.Д.Асфендияровтың және  П.Г.  Галузоның
еңбектері жазылған. Бұл еңбектерде қазақ-орыс  қарым-қатынасы,  Қазақстанның
Ресей  империясының  құрамына   қосылуы   және   өңірді   патшалық   отарлау
кезеңіндегі тарихи  еңбектердегі  мәселелерге  тарихнамалық  талдау  мақсаты
қойылған жоқ. Олар қатаң тарихи аспектіде жазылған. Олар Түркістан  өңірінің
Ресейге қосылу үрдісін ашық жаулап алу, ал Түркістанның өзін Ресейдің  отары
деп қарастырды.
      Төңкеріске дейінгі кезеңнің тарихшыларымен  айтысында  С.  Асфендияров
қазақ жерін жаулап  алу  халыққа  жақсылық(благоденствие),  бейбітшілік  пен
мәдениет алып келген жоқ, керісінше, қырып-жою, тонаушылық пен өлім әкелді.
      20-30-шы   жылдардағы    кезеңде    концептуалды    тұрғыда    «шексіз
зұлымдық(абсолютное зло)»  формуласы  қағидасы  көрініс  тапты.  Жаулап  алу
тұжырымдамасына сол жылдары жасалынған формацялық-таптық тұрғы  ықпал  етті.
Бұл барлық  мәселелер  мен  тарихи  дамудың  қысылтаяң  кездерін  ұғыну  мен
түсіндіруіне мүмкіндік беретін монополиялық әмбебап методология.
      Сталиндік  репрессиялық  режимнің   бекітілуімен   қоғамдық   ғылымдар
бұрынғыдан  келе  жатқан  өздерінің   қызметтерін   іс   жүзінде   жоғалтты.
Ғалымдарды  да  жанап  өткен  жаппай  саяси   репрессиялар,   зерттеушілерге
құжаттық түпдеректерді  пайдалануға  тыйым  салынуы,  коммунистік  идеология
монополиясын   күштеп   енгізу,   мұның   барлығы   30-40   жылдары   тарихи
зерттеулердің тым аз және көлемі жағынан кішігірім, фактілік  материалдардың
жұтаң болуына алып келді. 30-шы жылдар,  нәтижесінде  ресми  болып  танылған
әлде бір тарихи  парадигманың  тарихнамалық  «мутация»  жылдары  болды.  Бұл
кезең «Покровский мектебін» сынауының басталуымен сипатталады.
      Қазақ-орыс және  орыс-ортаазиялық  қарым-қатынастарды  зерттеуде  А.Л.
Поповтың еңбектері үлкен мағынаға  ие.  Ол  царизмнің  басқыншылық  саясатын
ғана емес, сонымен қатар орыстардың Түркістанға баса  көктеуінің  себептерін
көрсетті. Ол екі негізгі- экономикалық және саяси себептерін көрсетті.  А.Л.
Поповтың мақалалары осы мәселелерді дамытудағы  алғашқы  салмақты  талпынысы
деп есептеуге болады.
      Осы  кезең  тарихшыларының  еңбектеріне  әлі  де   «шексіз   зұлымдық»
тұжырымдамасының  ықпалы  көрінеді,  бірақ  та  ғалымдар   бірте-бірте   бұл
түсініктен  алшақтайды.  Ол  «ең  аз  зұлымдық»  терминімен  алмасады.   Бұл
тұжырымдаманы И.В. Сталин ұсынған болатын.  Халықтардың  Ресей  империясының
құрамына кіруі «шексіз зұлымдық» орнына «ең аз зұлымдық»  таңдауын  ұсынады.
Кеңес мемлекетінің нығаюымен осының негізінде империялық  дәстүрдің  қалпына
келуі 1940 жылдарғы тарихнамада  шет  аймақтарда,  оның  ішінде  Қазақстанда
Ресей  саясатын  ақтау  тенденциясы  байқалады  деп   есептеу   қабылданған.
Нәтижесінде  «ең  аз  зұлымдық»  теориясы  пайда  болды.  Ол  бойынша  Ресей
самодержавиясы қазақтарды тағылық  шығыс  мемлекеттерінің  кіріптар  етуінен
құтқарып, Азиялық  көршілеріне  қарағанда  өркениетті  елмен  жақындастырды.
Академик М.В. Нечкина сияқты ірі  кеңестік  тарихшыларының  қолдауын  тапқан
«ең аз зұлымдық» теориясы өміршең келді.  Оның  сарқыны  М.П.  Вяткин,  Е.Б.
Бекмаханов, Е.Г. Федоров, Н.Н. Яковлевтардың еңбектерінде көрініс тапты.
      1943 жылы «Қазақстан тарихының» жариялануы,  ұлттық  көтерілістер  мен
Ресейдің Қазақстанда жүргізген бүкіл саясатына баға беру  ғалымдар  арасында
үлкен дау туғызды. 1944 жылы мамыр  айының  соңы  мен  шілде  айында  БКП(б)
Орталық комитетінде-де тарихшылар кеңесі өтті. Кеңесте А.  Панкратова  патша
үкіметінің отарлау саясатын  толыққанды  түсіндіру  мәселесін  алға  тартты.
С.К. Бушуевтің «патшалық Ресейдің барлық саясатын қаралауға болмайды»  деген
қорытындысы осы мәселе төңірегінде  қызу  пікірталас  туғызды.  С.К.  Бушуев
жарыққа  шыққан  «Қазақ  КСР  тарихы»   басылымына   қатысты   теріс   пікір
қалыптастырды. Оның ойынша,  басылым  Ресейге  қарсы  ұлттық  көтерілістерді
насихаттауға бағытталған. С.В. Бахрушиннің «Ұлы Отан соғысы жылдарында  орыс
халқының рөлі артты. Оның жоғары рөлін  мойындау  нәтижесінде  біздің  өткен
тарихымызды дәріптеу үрдісі пайда болады» деген мәлімдемесі мәселенің  мәнін
анықтай түсті. «Ресейге қатысты барлық бірігулерді «ең аз зұлымдық»  ретінде
санамау керек» деп ой түйген академик Украина және Грузияның Ресей  құрамына
өз еркімен қосылғанын ерекше атап  өтті.  Академик  И.И.  Минц  екі  бағытқа
ерекше  тоқталды:  біріншісі  –   «Қазақ   КСР   тарихында»   егжей-тегжейлі
қарастырылған ұлт-азаттық күресті насихаттау,  екіншісі  –  осы  халықтардың
өткен тарихын қаралау.
      Н.Г. Аполлованың монографиясы 40 жылдардағы кеңес тарихнамасы дамуының
қорытындысы іспеттес болды. Мұнда ұзақ жылдар  бойы  қазақ-орыс  қатынастары
мәселелеріне қатысты тарихшылар ұстанымын көрсететін  бірқатар  қорытындылар
келтірілген. Н.Г. Аполлованың мәліметі бойынша, XVIII  ғасырдың  30  жылдары
Қазақстанның Ресейге қосылуына негізі XVI  ғасырдың  соңында  қаланған  ұзақ
мерзімді экономикалық және  саяси  байланыстармен  дайындық  жүргізілді.  30
жылдардың басында патша  үкіметінің  Кіші  жүз  бен  Орта  Азиялық  хандарға
(Бұхара және Хиуа) қатысты нақты шаруашылық-саяси мақсаттары анықталды.  Осы
мақсаттарға сәйкес патшалық Ресей Орта Азия  аймағында  сауда  байланыстарын
кеңейте отырып, Орта Азиялық халықтарды  ресей  боданына  айналдыру  жолымен
өзінің  саяси  үстемдігін  нығайтуға  ұмтылды.  XVIII  ғасырдың  30  жылдары
Ресейдің қазақ
жүздерімен қарым-қатынасын бекіту мәселесінің маңыздылығы  арта  түсті.  Бұл
жағдайға қазақ қоғамындағы әр түрлі тап өкілдері мүдделі  болды.  Монография
авторы орыс экономикасының қазақ  шаруашылығына  тигізген  әсерінің  тікелей
нәтижелері  (мал  шаруашылығы,  егіншілік  және  сауданың  дамуы)  мен  орыс
мәдениетінің қазақ халқының мәдениетіне жасаған ықпалын ерекше атап өтті.
      60 жылдары кейбір зерттеу жұмыстарында мынадай пікір қалыптасты: Ресей
құрамына кірісімен Қазақстанда өзара соғыстар саябырсып,  қазақ  даласындағы
жағдай тұрақтана бастады. Г.И.  Семенюктің  жазуынша,  Қазақстанның  Ресейге
қосылуы нәтижесінде «Кіші  жүз  бен  кейбір  Орта  жүздегі  қазақ  тайпалары
бодандықтың  алғашқы  жылдарынан  бастап  өндірістік   күштердің...   дамуын
тежейтін... ішкі феодалдық соғыстарды тоқтатты».
      Б.Н. Палкин «Қазақстанның Ресейге қосылуы нәтижесінде елдегі феодалдық
бөліністер  ыдырап,  өзара  толассыз  талас-тартыстар  тоқтады.   Сондай-ақ,
патриархалды-феодалдық институттар өзін-өзі толығымен жойды» деп  есептейді.
Жоғарыда аталған  зерттеушілердің  еңбегінде  Қазақстанның  Ресейге  бірігуі
қазақ халқының игілігі үшін жасалған іс ретінде түсіндірілді.
      Қырағы идеологиялық бақылаудың ықпалында болған тарихшылар  «Түркістан
халқы «ғасырлық артта қалушылықтан» «тарихи  дамудың»  биік  шыңына  Ресейде
болған революциялық оқиғалардың арқасында ғана қол  жеткізді»  деген  жалған
тұжырымдамалық  қорытындыға   келді.   Тарихшылар   Орта   Азияның   Ресейге
қосылуындағы «шешуші маңыздылықты» кеңінен қарастырды.
      Сонымен  де,  осы  кезең  аралығында  Қазақстанның  Ресейге   қосылуын
сынайтын еңбектер пайда бола  бастады.  Атақты  тарихшы  П.Г.  Галузо  Ресей
империясының қазақ даласындағы рөлін қатты сынға алды. П.Г. Галузо  көптеген
зерттеушілердің пікіріне  қарамастан,  өзінің  «1867-1914  жж.  Қазақстанның
оңтүстігіндегі  аграрлық   қатынастар»   деген   еңбегінде   самодержавиенің
қоныстандыру саясатының  нәтижесінде  Қазақстандағы  көшпелі  және  отырықшы
шаруашылық терең дағдарыс жағдайына түсті деп мәлімдейді.  Казақтандыру  мен
шаруашылық отарлау саясатының жер ресурстарын жергілікті  тұрғындар  пайдасы
үшін  әділ  бөлмеуі  қазақ  егін  шаруашылығының   дамуын   тежеп,   олардың
отырықшылық шаруашылыққа ауысуына кедергі келтірді.
      Ресейдің Қазақстандағы отарлау саясатына қатысты кейбір  көзқарастарды
Б. Сүлейменовтың  зерттеу  жұмысынан  байқай  аламыз.  Ірі  жер  иелері  мен
буржуазияны қолдаған  самодержавиенің  аграрлық  саясатындағы  қанаушылықтың
түпкі мәнін ашып  көрсеткен  автор  ресей  шаруаларының  қазақ  егіншілігіне
жасаған  орасан  зор  ықпалы  мен  қазақ  қоғамындағы   барлық   әлеуметтік-
экономикалық құрылымға тигізген әсерінің маңыздылығын баса айтады.
      В.Я.  Басиннің  есептеуінше,  патша  үкіметінің  отарлық  жаулап   алу
саясатына қарамастан Қазақстанның Ресейге қосылуы аса зор маңызға ие  болды.
А. Сабырхановтың диссертациясында Қазақстанның Ресейге өз еркімен  қосылуына
шынайы  алғышарттар  жасаған  XVIII  ғасырдағы   қазақ-орыс   қатынастарының
қалыптасуы мен дамуындағы кейбір ерекшеліктер жан-жақты талқыланған
      Ұсынылған әдебиеттер:
1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том.,
 2-бөлім, 1-2 тараулар.
     2. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім
3.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй половине XVI-века. А., 1985.








          Дәріс 6.   XVIII ғасырдағы Қазақ хандығының саяси жағдайы

      1723 жылғы жоңғар қалмақтарының басқыншылығы, қазақтардың Түркістаннан
айырылуы, атамекен жерін тастап  шүбырындыға  үшырауы  үлттық  санаға  үлкен
соққы болып тиді. Дегенмен халықтың ең таңдаулы  эрі  белсенді  күштері  оны
қүтқарып қалуға үмтылды. Топыш ақын өзінің "Ақтабан шүбырынды" толғауында:
      ¥мытпа, қазақ, "Алаш" үраныңды, Ойыңнан үзбе, халқым, қүраныңды.
Артыңа өлгендерің өсиет қыл Халық боп Қаратауда қүралуды, — деп, сол тарихи
кезеңдегі қоғамдық санадағы ортақ ойды білдірді.
      Қайрат-жігер көрсететін заманның келгенін  бүкіл  үлт  болып  түсінді.
Қалмақ шабуылына шейін қанжығалы жүртының биі болып келген  Бөгенбай  ендігі
уақытта қолына қаруын алып, батыр сауытын  киіп,  қол  бастап  шығады.  Әке-
шешесінен, олардың дэулетінен айырылып, Түркістанның түбінде  Сабалақ  деген
атпен мал бағып жүрген текті Абылай қару асынып, жекпе-жекте қалмақ  батырын
өлтіру арқылы алдымен батырлығын көрсетіп, сонан соң  барып  сүлтан  ретінде
танылады. Топыш ақын: "...қазақта қаракерей  Қабанбайдан  асқан  батыр  жоқ.
Үйсін Төле биден асқан би жоқ. Абылай заманында батыр атанбаған қазақ  жоқ",
— деп турасын айтты.
      "Ақтабан шүбырынды" түсындағы халық санасындағы елеулі қүбылыс — әрбір
қарапайым қазақтың өзінің белгілі бір рулық қауымға ғана емес, жалпы  қазақ
еліне тэн екендігін терең үғынуында еді. Өзге жүртқа жер ауып барып,  түрлі
ауыртпалықты басынан өткізген жас пен кэрінің санасында Отан, Ел,  Атамекен
сияқты қасиетті үғымдар терең орнады.
      XVIII ғасырдағы қүба қалмақпен (жоңғарлар), қытайлармен,  қырғыздармен
соғыс-қақтығыстарда  бүкілқазақтық   мүддені   қорғаушы   атақты   батырлар
Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақүлы  Жэнібек,  Көкжал  Барақ,
Ошақты Саурық, Шапырашты  Наурызбай,  Сіргелі  Елшібек,  Томаша,  Жаулыбай,
Шанышқылы Бердіқожа, Алшын Тайлақ,  Есет,  Сырлыбай,  Бэсентиін  Малайсары,
Керей-Уақ Баян,  Өтеген,  Қожаберген,  Матайдан  Бөрібай,  Шонай,  Тауасар,
Балталы-Бағаналыдан Оразымбет, Баянбай, Тарақты Байғозы, Қыпшақ  Дербісэлі,
т.б. шыққан еді. Бүл  батырлар  белгілі  бір  рулардың  жасақ-қолын  бастап
шыққанымен,  олардың  эрқайсысының  мақсаты  жалпыүлттық  мүддеге  үласқан,
сондықтан да  өз  қызметі  мен  күресін  бүкіл  қазақ  халқының  тағдырымен
байланыстырған  тарихи  кезең  түлғалары  болатын.  Бүқар  жырау   Бөгенбай
батырдың өлімін Абылай ханға естірте келіп, батырдың  өмір  жолына  мынадай
баға береді:
         Еңбек қылған ел үшін,
         Жауда кеткен кек үшін,
         Алаштың абырой-атына
         Сарып қылған бар күшін.
         Қарияң келіп жылап түр,
         Еңбегі сіңген ер үшін!
      Егер батырлықтың негізгі өлшемі батырдың  өз  руы  мен  тайпасын  ғана
емес, жалпы үлтын, Отанын қорғау  болса,  жырау  толғауы  мен  би  кесімінде
жалпыүлттық мүдде рулық,  жүздік  мүддеден  жоғары  қойыла  бастайды.  Бүқар
жырау ауызбірлігі кетіп, ел арасы ала  ауыздыққа  үрынып,  ең  соңында  Цинь
әскерінің қырғынына үшыраған  қалмақ  елінің  трагедиялы  тағдырын  көлденең
тартып, "кіші қалмақ бүлінерде...  уағдадан  жылысты,  буыршындай  тістесті,
жамандықты іздесті, бірін-бірі күндесті,  жаулаған  ханын  қара  оңбас,  хан
қисайса бәрі оңбас, ханын қалмақ жаулаған, сүйткен қалмақ оңбаған"  —  деген
түжырым жасайды. Міне, осы рухани  өмір  фактілері  халықтың  ішкі  өмірінде
болып  жатқан  сапалы  өзгерістердің  көрінісі  болатын.  Қазақ  елі   түрлі
ауыртпалықтарға қарамастан үлттық үю жэне кемелдену жолынан ауытқымады.
      Ел арасында сақталған деректік материалдар  XVIII  ғ.  20—30-  жылдары
қазақ басқарушы тобының жалпыүлттық мынадай үш мэселені  ел  алдына  міндет
етіп қойғанын аңғаруға болады. Олар — жалпыүлттық  мемлекеттілікті  қалпына
келтіру және орнықтыру, халықтың белгілі  бір  бөлігін  біртіндеп  отырықшы
түрмысқа аудару жэне ру-тайпалық, жүздік мүддеден жалпыүлттық  мүддеге  бет
бүру еді.
      XVIII ғ. 50-жылдарының  алғашқы  жартысында  Түркістандағы  Төле  биге
Көкшетаудан Абылай сүлтан бастаған өкілдік  келеді.  Шэкерім  Қүдайбердіүлы
өзінің "Шежіресінде" және Абылай туралы тарихи жырда  сапарға  келушілердің
мақсаты "Қазақ хандығының түрағын анықтау" болды деп көрсетеді.  Бүл  кезде
¥лы жүздің соңғы ханы Жолбарыс хан қаза  тауып  (1740),  билік  Төле  бидің
қолында еді. Бидің 1748—1749 жылдары Барақ сүлтанды ¥лы жүз ханы  етіп  қою
эрекетінен ештеңе шықпайды. Ал бүл жолы қартайған Төле бидің үш жүз алдында
бірдей беделді Абылай сүлтанмен арада болған келіссөзде сүлтанды  Орта  жүз
бен ¥лы жүздің тең билеушісі ретінде мойындағандығы жөнінде түжырым жасауға
толық негіз бар. Абылай сүлтанның ресми түрде  хандық  билікке  сайланғанға
(1771) шейін-ақ ¥лы  жүз  билеушілерінің  өтінішімен  қырғыздар  мен  Қоқан
хандығына эскери жорықтар жасауы (1766, 1770) соның айғағы.
      "Ақтабан  шүбырынды"  оқиғасы  көшпелі  мал   шаруашылығына   сүйенген
экономиканың элсіз  жақтарын  көрсетіп,  оны  реформалау  қажеттігі  туралы
мэселе қойды. Басқарушы топтың оны елемеуі мүмкін емес-тін. Төле би  алқалы
кеңесте сөйлеген сөзінде халыққа: "...Дүрыс  жолға  түс,  жер  емшегін  ем,
орнықты болсаң қарның тойынар, киімің бүтінделер! Аяқты  малға  сенбе,  мал
бір жүттық... төрт түлік жиған малыңнан күндердің күні  келгенде  бір  үзім
нан артық!", — деген үндеумен  қайырылады.  Бидің  түсінігі  бойынша  қазақ
жерінің ерекшелігіне байланысты  егіншілік  пен  дэстүрлі  мал  шаруашылығы
қатар дамуға тиіс. Мэшһүр Жүсіп Көпеев Төле би заманында 22  наурызды  Жаңа
жылдың басы ретінде (наурыз мейрамы) қарсы алу, осы күннен бастап егіншілік
қамына кірісудің қазақ арасында дэстүрге айналғандығын жазады.
      Тура осы мазмүндағы пікірді Абылай хан да үсынады. Ол Қалдан  Серенмен
болған эңгімеде "қазақ  орнықпай  жүрген  ел  еді,  бір  жерге  орнықтырып,
отырықшы өмірге кіргізіп өлсем армансыз болар едім" деген ойын білдіреді.
      Қар астынан қылаң берген жауқазындай бас көтерген  қоғамдық  өмір  мен
ойдағы бүл тенденциялар бұдан былайғы уақытта өзінің табиғи  жалғасын  таба
алған жоқ; мемлекеттіліктің қалыптасу үрдісі  соңына  жетпей  үзілді,  енді
ғана басталған қоғамның белгілі  бөлігінің  отырықшы  түрмысқа  өту  үрдісі
тоқтап қалды, қоғамдық санада рулық, жүздік  жіктелуден  үлттық  түтастыққа
көшу аяқталмады.
      Ал осы іргелі  мэселелер  аталмыш  тарихи  мезгілде  неге  өз  шешімін
таппады? Көшпелі мал шаруашылығына негізделген экономика  және  өмір  салты
түрақты  басқару  аппаратына  сүйенген  мемлекеттік  жүйенің  тамыр  жайып,
орнығуына қолайлы жағдай  туғыза  алған  жоқ.  Сонымен  бірге,  экстенсивті
көшпелі мал шаруашылығын жүргізуге тиімді үлкен аумақ сан жағынан  аса  көп
емес халыққа интенсивті экономикалық жүйеге көшуге аса қолайлы фактор емес-
тін. Сондай-ақ, елде білім беру саласының мүлдем жоқтығы, сауаттылықтың өте
төмен деңгейі  шаруашылық  пен  қоғамдық  өмірдің  тиімді  жүйесіне  көшуге
негізгі кедергілердің біріне айналды.
      Сонымен, XVIII ғ. 30-шы жылдары Ресей  империясы  қүрамына  енуге  аяқ
басқанда  қазақ  жүрты  жоғарыда  аталған  іргелі  жалпыүлттық  мәселелерді
біржола шешу кезеңінен өте қойған жоқ-тын.
      Ұсынылған әдебиеттер:
      1.Казақстан тарихы. Очерк.
      2.Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2 тараулар.
        3.Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім
      4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй половине XVI-века. А.,
1985.


   Дәріс 7.  Қазақ - жоңғар  соғыстарының қазақ-орыс қатынастарына ықпалы





 Дәріс 8.  Кіші және Орта жүз хандықтарының Ресей бодандығын қабылдауы және
                             Ресей дипломатиясы.





      Арынғазы Әбілғазыүлы және  Қаратай  Нүралыүлы,  Шерғазы  және  Жантөре
Айшуақүлдары арасындағы саяси билік үшін  тартыс.  1816-1821  ж.ж.  азаттық
қозғалысы
      Саржан  Қасымүлының   қозғалысы   (1825—1836).   (Картаны   қараңдар.)
Қазақтардың 1773—1775 жж. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы, батыр
Сырым Датүлының көтерілісі Қазақстандағы  хандық  билік  жүйесінің  элсірей
бастағанын көрсетті. Халық арасында ықпалы  кеміген  хан  патша  үкіметінің
билеп-төстеу  саясатын  ойдағыдай  іске  асыра  алмады.  Бүл  жағдай  билеу
жүйесінің жаңа тэртібін қажет етті. Патша үкіметі 1822 ж. Орта жүзде  Сібір
қазақтары туралы жарғы енгізу арқылы хандық билікті жойды.
      Бүл бірінші патшалық реформа дэстүрлі билік қүрылымдарын бүза  отырып,
қазақ  қоғамындағы  бүрынғы  қайшылықтарды  одан   эрі   тереңдете   түсті.
Екіншіден, Ресейдің эскери-экімшілік отарлауына кең түрде жол ашып берді.
      Орта жүзде хандық мемлекеттіліктің жойылуы жэне  Қарқаралы  (1824  ж.)
жэне Көкшетау (1824 ж.) округтерінің  қүрылуы  жэне  т.б.  эскери-экімшілік
шараларға қарсы күресті Абылай үрпақтары бастады. Оның басында түрған Қасым
сүлтан Абылайүлы жэне оның балалары Саржан, Есенгелді,  Кенесарылар  жиырма
жылдан астам уақыт бойы патшалық  режімге  қарсы  күресумен  болды.  Абылай
үрпақтарының қолдауына сүйене отырып, үкіметке  қарсы  наразылықты  бірінші
болып, Көкшетау округінің  аға  сүлтаны  Ғүбайдолла  Уэлиүлы  үйымдастырды.
Алайда патша үкіметі Ғүбайдолланы тез қолға түсіріп, Сібірге  жер  аударды.
Дегенмен Шыңғыс үрпақтары  бастаған  қарсылық  қозғалыстар  одан  эрі  өрби
түсті. Осы кезеңде Саржан Қасымүлы басқарған Қарқаралы округінде де 1825 ж.
көктемінен бастап үкіметке қарсы толқулар басталды. Бүл толқулардың мақсаты
— Абылай үрпақтары сүлтандар билік жүргізетін Қазақ хандығын қайта  орнату,
округтік приказдардың көзін қүрту еді.  Саржан  өзінің  інісі  Есенгелдімен
ауылдарды аралап, өкіметке қарсы  күресуге  үндеу  тастады.  Өсу  үстіндегі
халық наразылығын басуға  Батыс  Сібір  генерал-губернаторы  П.М.  Капцевич
жазалау жасағын жасақтады. Карбышев бастаған  200  казак  жасағы  Қарқаралы
округінің Қарпық болысына жіберілді. 1825—1826  жылдар  жазалаушы    күштер
мен   көтерілісшілер    арасында    қақтығыстармен    өтті.  Саржанның  қол
астына Көкшетау округінен Шыңғысүлы Сартай  сүлтан  бастаған  топтар  келіп
қосылды. Саржанның қол астында сүлтан Абылай Ғаббасүлы, жас сүлтан Кенесары
Қасымүлы да өз сарбаздарымен іс-қимылдар жүргізді. Патша  экімшілігі  болса
өз тарапынан "бүлікшіл" сүлтандардың  іс-эрекетін  бақылай  отырып,  мүмкін
болған жағдайда қолға түсіріп, эскери соттың қүзырына беру керек деп шешті.
      Дегенмен үкімет көтерілісшілерді жазалау үшін  олардың  ізіне  түсетін
ірі казак жасақтарын қырға шығаруды  кейінге  қалдырды.  1827—1830  жылдары
көтеріліс Үлытау өңіріне тарады да,  жаңа  қүрылған  округ  аумағын  наразы
топтар тастап шыққан болатын. Ал патша  үкіметі  қазақ  даласында  округтер
ашуды жалғастыра берді. 1826 ж. Баянауыл, 1832 ж.  Ақмола,  1831  ж.  Аягөз
(Сергиополь) округтерін негіздеу  арқылы  Орта  Азия  иеліктеріне  жақындай
түсті.
      Ресей отаршылдығына қарсы күресте  қазақ  қоғамы  тағы  да  бір-біріне
қарсы топқа бөлінді.  Қарқаралы  округінің  аға  сүлтаны  Түрсын  Шыңғысүлы
Саржанның әрбір қимылын Омбы экімшілігіне хабарлап,  қарсы  көмек  жіберуді
өтінумен болды. Ал Саржан  бастаған  көтерілісшілер  өз  кезегінде  отаршыл
экімшілікті қолдаған сүлтандармен күресе  жүріп,  орыс  керуендеріне  алым-
салық төлетіп, разъезд бен пикеттерге шабуыл жасады. Бүған  қосымша  Саржан
сүлтан  жэне  оның   жақтастары   Қоқан   хандығымен   байланыс   орнатады.
Солтүстіктен келе жатқан  қауіпке  бірігіп  күресуге  бел  шешіп  кіріседі.
Алайда қырға шыққан патшалық жасақтардың қимылы  да  қарқынды  бола  түсті.
Патша эскерлерінің қысымымен  Саржан  Орта  жүзді  тастап  шығып,  ¥лы  жүз
иеліктеріне келеді, осы жақтағы шашыраңқы қазақ күштерін өз жағына  тартуды
көздейді. Саржанның бүл эрекеті Қоқан билеушісін алаңдатпай  қоймады.  1836
ж. жазда Ташкентте Саржан сүлтан  жэне  оның  інілері  Ержан,  Есенгелділер
опасыздықпен өлтірілді. Саржан көтерілісінің саяси  мазмүны  бүған  дейінгі
көтерілістерге қарағанда тереңірек болды. Ол Абылай  үрпағы  ретінде  Қазақ
хандығын қайта калпына келтіруді мақсат етті.
      С. Қасымүлы өлімінен кейін де патша отаршылдығына қарсы күрес бір  сэт
те толастамады. Саржаннан кейінгі он жылға созылған күресті Саржанның  кіші
інісі Кенесары одан эрі жалғастырып әкетті. Саржан  бастаған  Орта  жүздегі
көтеріліс алдағы келе  жатқан  үлкен  көтеріліс  от  жалынының  тек  үшқыны
іспеттес еді.
      Кіші жүздегі Жоламан Тіленшіүлы бастаған қозғалыс. 20-30-жылдары патша
үкіметінің  отарлық  саясатына  қарсы  Кіші  жүздегі  наразылықты   Жоламан
Тіленшіүлы басқарды. Жер үшін, айырылған жайылымдар үшін күрес оның негізгі
мазмүнына айналды. XIX ғ. 20-30-жылдары Жаңа Елек  әскери  шебінің  қүрылуы
барысында 7—10 мың шаршы шақырымға дейінгі жер қазақтардан  тартып  алынды.
Бүл жаңа шекара шебі  Орынбор  әскери-шекара  шебінің  бір  бөлігі  ретінде
қүрылды. Жаңа Елек шебі 29 форпост, редут, бекіністерден түрды. Үкімет  бүл
жерлерге  Орал,  Орынбор   орыс-казактарын,   шаруаларды   көшіріп   экеліп
қоныстандырды. 1935 ж. тағы бір жаңа шептің  салынуымен   12  мың   шаңырақ
Қыпшақ жэне  Жағалбайлы рулары жерсіз қалды.
      Табын руының жайылымдары Елек өзені ауданында орналасқан болатын. 1822
жылдан  патша  үкіметі  қазақтарды  Елек  пен   Орал   арасындағы   шүрайлы
жайылымдарға өткізбеді.
      Жоламанның экесі Тіленші кезінде Сырымның жақтасы ретінде  көтеріліске
белсене қатысқан болатын. Ал Жоламанмен бірге көтеріліске  Сырым  Датүлының
баласы  Жүсіп  те   қатысты.   Демек   көтерілістер   арасындағы   үрпақтар
сабақтастығы сақталды. Жоламан да, Жүсіп  те  батырлардың,  азаттық  күресі
көсемдерінің үрпақтары  ретінде  олар  бастаған  күресті  одан  әрі  жалғап
экетті.
      Сонымен қатар, Жоламан  Тіленшіүлымен  бірге  Табын  руының  батырлары
Дәуіт Асауүлы, Алдаш Байғаниндер болды. Ал 1838 жылдың  соңына  қарай  оған
Шекті руының батыры Есет Көтібарүлы келіп қосылғандығы мүрағат деректерінен
белгілі болып отыр.
      Жоламан батыр тархан атағы бар Табын руының басшысы бола жүріп,  патша
үкіметінің алдында қазақтардың қүқын  қорғауға  кіріседі.  Басында  Орынбор
губернаторы Эссенге 1822—1823 жылдары бірнеше рет  хат  жазып,  эділеттілік
орнатуын талап етеді. Қазақтардың өмірлік қажеттілігі — жерін бейбіт  түрде
қайтарып ала алмайтындыгына көзі жеткен соң қарулы күрес жолына түседі.  Ол
өзінің Ресеймен соғыс  жүргізуінің  себебін  Елек  өзені  бойындағы  шептің
салынуынан деп түсіндіреді.
      Орск-Троицк  бекіністерінен  Торғай  өзеніне   қарай   ығысқан   қазақ
шаруалары жер тапшылығынан  мейлінше  қиыншылық  көрді.  1835  жылға  қарай
Жоламан батырды қолдаушылар  қатары  өсіп,  оны  Табын,  Тама,  Жағалбайлы,
Жаппас, Алшын, Арғын, Қыпшақ рулары қолдай  бастады.  Орта  жүзде  Кенесары
Қасымүлы көтерілісі басталған кезде Жоламан оған көмекке  үмтылды.  Сөйтіп,
Кіші жүз бен Орта жүз күштерін біріктірушіге айналды.  Ол  қырға  ішкерілеп
еніп, Кенесары көтерілісіне қосылуға үндеді. Ал 1838 ж.  Бөкей  ордасындағы
көтеріліс басшысы Исатай Тайманүлы мен Махамбет Өтемісүлы Кіші жүзге келген
кезде көтеріліс одан эрі өрши түсті.
      1838 ж. ортасына таман  шекара  шебінен  Орск  мен  Троицкіге  дейінгі
аралықты көтеріліс оты шарпыды.  Көтерілісшілер  жаппай  Торғай  мен  Ырғыз
аудандарына көшіп кете бастады. Ол өз қол астына Ресей өктемдігіне қарсы  3
мыңға жуық сарбаздарды топтастыра  алды.  Жоламан  батыр  жасақтарын  жоюға
патшалық экімшілік үш бағытта жасақтар шығарғанымен, батырды  қолға  түсіре
алмады. Орта  жүздегі  Кенесары  көтерілісінің  Орынбор  өлкесіне  ауысуына
байланысты жазалаушы күштер кейін қайтуға мэжбүр болды.
      Кіші  жүздегі  Жоламан  Тіленшіүлы  батыр  бастаған  жэне  Орта  жүзде
Ғүбайдолла хан, Қасым  сүлтан  мен  оның  балалары  Саржан,  Есенгелді,т.б.
бастаған  көтерілістер  халық  жадында  үзақ  сақталған  жэне   тэуелсіздік
жолындағы күрестер тарихынан өзіндік орын алар  азаттық  күресі.  1867—1868
жылдардағы  жэне  1886—1891  жылдардағы   экімшілік   басқару   мен   салық
жүйесіндегі  өзгерістер.  (Қосымша  беттегі  картаны  қараңдар).  Ресейдегі
капитализмнің қарыштап дамуы үлт аймақтарының,  соның  ішінде  Қазақстанның
рөлін өсірді. Қазақстан — шикізат  пен  арзан  рынок  көзі  еді.  Қазақстан
өлкесінің жері мен қазба байлығын тезірек игеру үшін  қазақтарды  басқаруды
Ресейдің экімшілік-саяси жүйесімен жақындастыру қажет еді.
      1867—1868 жж. Қазақстан аумағы 3 генерал-губернаторлық пен  6  облысқа
кірді.  Қазақстандағы  отарлаушы  экімшіліктің  жоғары  өкілі  —   генерал-
губернаторлар болды.  Олар  өлкенің  бүкіл  экімшілік-полициялық  аппаратын
басқарды, яғни өз қарамағындағы аумақтың тыныштығына жауап  берді.  Басқаша
айтқанда, Ресей империясының жоғары заңдарының орындалуын қадағалады,  яғни
1867—1868 жж. реформа бойынша Батыс Сібір, Орынбор,  Түркістан  өлкелерінің
басшыларына неғүрлым басым қүқықтар берілді:
         Әскери қолбасшы, соның ішінде казак жасағының атаманы;
         Кең түрдегі әкімшілік функция (уезд бастығын тағайындау, т.б.);
         Сот функциясы (уездік соттарды бекітті).
      Соның ішінде Түркістан генерал-губернаторына  кең  қүқықтар  беріледі,
себебі  ¥лы  жүз  Ресей  империясына  ең  соңында   кіргендіктен,   өлкенің
қашықтығынан көрші  елдермен  дипломатиялық  қатынас  орнату  сияқты,  т.б.
міндеттерді  атқарды.  Облысты  әскери  губернатор  басқарды.   Үш   билік:
экімшілік, сот билігі ісіне бақылау, эскери билік  эскери  губернаторлардың
қолына жинақталды. Әскери губернаторлар облыс аумағындағы (Сырдария, Торғай
облыстарынан басқа) казак эскерінің атаманы болып  саналады.  Бүл  ережелер
"уақытша" деп аталып, уақытша статус алғандықтан, тек 1886 ж.  Түркістанда,
1891 ж. Далалық өлкеде өз заңды күшіне енді.
      Міне, осы қүрылған экімшілік, эскери, полициялық аппаратты үстап  түру
үшін орасан зор қаржы керек еді. Орта Азия мен Түркістанның Ресейге қосылуы
аяқталғаннан кейін де осы бір орасан зор аумақта 50 мыңдық  армия  сақталып
қалды. Әкімшілік аппаратты, эскерді өлкелік бюджет асырауға тиіс болды.
      Жергілікті түрғындардан салық жинау жүйесі қайтадан  жасалды.  Бүрынғы
түтін салығына земстволық алымдар қосылды. Олардың мөлшері де  жылдан-жылға
өсіп отырды. Отырықшы аймақтарда жер салығы деп аталып, жер өңдеуші салықты
тек ақшамен күзде төлеуге тиіс болды. Земстволық салық экімшілікті үстауға,
көпір, жол жөндеу мен дайындауға жүмсалды. Көшпелі  жэне  жартылай  көшпелі
түрғындардың негізгі салығы 1865 ж. 1,50 т болса, 1867—1868 жж. 2,75 т —  3
сом болып кейін біртіндеп өсу барысында 1882 ж. 4 сомға жетті. Олар тағы да
земстволык немесе қоғамдық салықтар (ауыл старшыны мен түземдік әкімшілікті
үстау үшін), т.б. ақшалай алымдар төлеуге тиіс болды. Әрбір қазақ  шаңырағы
мынандай мөлшерде салық төлеп түрды: түтін салығы — 4 сом, земство салығы —
1 с. 25 т., қоғамдық салықтар (жеке салықтар) — 1 с. 25 т.;  мектептерге  —
50 т., барлығы 7 сомды кұрады. Қазақ даласына іссапарға шыққан  комиссияның
назарына төмендегідей бағдарламалық сүрақтар белгіленді: Жаңа билік  қандай
болуы керек? Бүрынғы тэртіптерді, сүлтан қызметтерін қалдырудың қажеті  бар
ма? Қазақтардың жауынгерлік қабілеті қандай? Олардан эскери бөлімдер қүруға
бола ма? Өлкедегі сот ісі қандай болуы керек? Салық салудың  тэсілдері  мен
мөлшерін белгілеу жэне қазақтарды  отырықшылыққа  көшіру  қажет  пе?  Қазақ
жерлерін отарлауды қалай  күшейтуге  болады?  Қазақстандағы  мүсылмандықтың
таралуы қандай дэрежеде?
      Гирс  комиссиясы  1865  ж.  27  маусымда  Орынбор,  Батыс  Сібір  жэне
Түркістан өлкесін аралауға шықты. Петербургтен  Омбыға  15  шілдеде  жеткен
комиссия туралы қауесет хабарлар бүкіл қазақ даласына тарап үлгерді. Алайда
реформа  дайындығы  астыртын,  халықтан  жасырын   жүргізіліп   жатқан-тын.
"Халықтың жағдайын жақсартатын, оларды сүлтандардың үстемдігінен  босататын
ізгілікті реформаның" жасалу барысы қүпия түрде жүргізілді.
      Патша үкіметінің қазақ даласында әзірлеп жатқан әкімшілік-сот қүрылысы
реформасының үлгісін алғаш  рет  сынға  алғандардың  қатарында  Ш.Уэлиханов
(1835—1865) түрды. Ш.Уэлиханов  "Сот  реформасы  туралы  хат"  атты  Омбыда
жазылған әйгілі еңбегінде қазақ даласындағы сот реформасы жайлы айта келіп,
"Біз  қабылдағалы  отырған  реформа  сол  халықтың  мүддесі,  пайдасы  үшін
жасалынып отырғандықтан, оның материалдық  мүқтаждығына  шақталуы  эрі  сол
қоғамның үлттық мінез-қүлқына сай келуі қажет. Бүл жағдайдан тыс жасалынған
өзгерістің бэрі де зиянды әрі аномал (жат) қүбылыс ретінде қауымды  айықпас
дертке шалдықтырып, түралатып, мешеулетуі мүмкін екендігін"  де  ескертеді.
Өкінішке орай, Шоқанның бүл демократиялық  көзқарастары  кезінде  ескерусіз
қалды.
      1865—1866 жылдары қазақ даласын аралап шыққан комиссия қазақ  жерлерін
басқару туралы жаңа  "Ереженің"  негізін  жасау  барысында  екіге  бөлінді.
Олардың бір тобы қазақ даласын жоғарыдан тағайындалған шенеуніктер басқаруы
қажет деп санады, ал енді бір  тобы  қазақтардың  өздерін-өздері  басқаруын
жартылай қалдыру керектігін алға тартты. Комиссияның қорытындысы мен жобасы
эскери министр, генерал Милютин  төрағалық  еткен  ерекше  комитеттің  үзақ
талқылауынан өткеннен кейін императордың бекітуіне жіберілді.
      1867 ж. 11  шілдеде  II  Александр  Жетісу  және  Сырдария  облыстарын
басқару туралы,  1868  ж.  21  қазанда  Торғай,  Орал,  Ақмола  жэне  Семей
облыстарын басқару туралы реформалардың жобасына қол қойды. Осылайша  қазақ
халқын басқару жөніндегі ережелер жобасы патша үкіметі аппаратында, отаршыл
билік өкілдерінің белсенді араласуымен жоғарыдан дайындалды.  Қазақстандағы
буржуазиялық  реформалар  бағыты  Ресейдің  қазақ  даласындағы   позициясын
нығайтуға бағытталды. XIX ғ. бірінші жартысындағы басқару  жүйесі  ескіріп,
жергілікті басқару шекаралық  басқарумен  бірігіп  кеткен  еді.  Әлеуметтік
жағдайына қарамастан кедей мен байларға салық  мөлшері  бірдей  белгіленді.
Әрі малдың бағасы ең төмен кезі — күзде төлеуге тиіс болды. 1890 ж. басында
Әулиеата базарында 1 қой бағасы 1 с. 20 тиыннан 2 сомға дейін, көктемде 5—6
сом болды. Жер өңдеушілер хараж, танап  салығы,  зекет  (тауардан  алынатын
салық) сияқты салықтар төледі.
      а)    Хараж бойынша өнімнің 1/10-і мөлшерінде заттай немесе ақшалай
қүнын төледі;
      э) Танап салығы ақшалай (1 танап — 1/8 десятина) танап мөлшеріне қарай
белгіленді;
         б) Зекет тауар қүнының 1/40 мөлшерінде алынды.
      Осылайша,  отарлаушы  Ресейдің  салық  саясаты  эр  түрлі   элеуметтік
топтардың  қарсылығын  тудырды,  мал  өсірушілер  мен   отырықшы   түрғындар
салықтың өсуіне наразы болды.
      Әрбір уезд болысқа, болыс ауылға бөлінді. Бір болыста  —  2  мың,  бір
ауылда — 200 түтіннен аспауы керек болды. Патша үкіметі қазақ болыстары мен
ауылдарында отарлық биліктің  мықты  тірегі  болатын  жергілікті  экімшілік
күруға тырысты. Болыс пен ауыл старшындарын  (селолық  қоғамды,  ақсақалдар
қоғамын) сайлау "сатып алу" арқылы жүрді.
      Сот жүйесіндегі өзгерістер. Сот билігінің органдарына  мыналар  жатты:
уездік соттар,  эскери-сот  комиссиялары,  облыстық  басқарма  жэне  үкімет
сенаты. Бүл сот мекемелерінің барлығы жалпы империялық заң негізінде  жүмыс
істеді. Облыстық басқарманың жалпы жиналысында қүны  2  мың  сомға  дейінгі
істер түпкілікті шешілді.
      Қазақтардың билер соты сақталды. Сырдария облысында  ол  қазылар  соты
деп аталды. Бірақ билерді де болыс  бастықтары  сияқты  3  жылға  сайлайтын
болды. Қазақтардың арасындағы істерді шешуге эрбір болыстан  4-тен  —  8-ге
дейін билер сайланды. Сайланған билерді губернатор бекітті,  алайда  оларға
жалақы төленбеді. Дегенмен эрбір шешілген істен билік деп аталған  кесімнің
1/10 бөлігін алуына рүқсат етілді. Билер соты 300 сомға (150 қой, 15 жылқы)
дейінгі істерді шеше алды, бірақ олардың шешімі 30 сомға дейінгі істер үшін
ғана түпкілікті бола  алды.  Сырдария  облысында  қазылар  соты  100  сомға
дейінгі істі түпкілікті шешті. Қүны 300 сомнан асатын істер  үшін  билердің
болыстық жэне төтенше съездері шақырылды. Олар қүны 500  сомға  (25  жылқы,
250 қой) дейінгі істерді түпкілікті шеше алды. Ал 500 сомнан асатын істерді
бекітуге  уезд  бастығы  облыстық  басқармаға  жіберіп   отырды.   Облыстық
басқармаға келіп түскен түрлі уезге жататын болыстарға қатысты  іс  жөнінде
билердің төтенше съездері шақырылды.
      1886—1891 жж. реформаларда империялық соттар күшейтілді. "Ереженің" II
тарауы "Сот қүрылысына" арналды. Түркістан өлкесін басқару  туралы  "Ереже"
бойынша қазақ даласында  империялық  типтегі  соттар  қүрылды:  1)  Мировой
(бітістіруші) судьялар; 2) Облыстық соттар; 3) Жоғарғы  сот  инстанциясы  —
Үкіметтік сенат болды.
      1867 ж. Ережеден айырмашылығы — эскери соттар алынып  тасталды.  Халық
соты  (билер  соты)  сақталып  қалды.  Облыс  шеңберінде  облыстық   соттар
құрылды, ал уездерде жэне  ірі  қалаларда  мировой  судьялар  тағайындалды.
Оларды Әділет министрі тағайындады.
      Жергілікті халық арасындағы қылмыстар мен  қылмыстық  эрекеттер  халық
сотының қарамағында қалдырылды. Әдетте  қылмыстық  жэне  азаматтық  істерді
қарау билердің қарауынан  басталды.  Әскери  губернаторлар  бекіткен  халық
соттары (қазылар соты) Қазақстандағы  отаршылдық  сот  жүйесінің  ең  соңғы
буыны болды. (Халық соты ®, бітістіруші сот ®, облыстық сот ®, Сенат).
      Жер  мэселесі  мен  80—90-жылдардағы  экімшілік  жүйедегі   өзгерістер
(қосымша беттегі картаны қараңдар). "Уақытша Ереженің" отарлық сипаты патша
үкіметінің жер  саясатынан  көрініс  тапты.  Жер  мемлекеттің  меншігі  деп
жарияланды.
      1886 ж. Ереженің III тарауында жер мэселесі туралы "Мал жайылымы  алып
жатқан мемлекет меншігіндегі жерлер  көшпенділердің  қоғамдық  пайдалануына
беріледі" (270-тармақ) делінсе, 1891 ж. Ережеге  мына  бап  қосылып,  жерді
күштеп тартып алуға заңдық негіз қаланды:  "Мал  жайылым-дары  алып  жатқан
жерлер, сонымен қатар жер қойнауы мен  ормандар  да  мемлекет  меншігі  деп
танылады" (119-тармақ). "Көшпенділерден артылып қалған  жерлер  мемлекеттік
мүлік  министрлігінің  қарамағына  өтеді".  Көшпенділер   пайдаланған   жер
қыстауға,  жайлауға  жэне  өңдейтін  жерлерге  бөлінеді.  "Мал  жайылымдары
жетіспеген жағдайда, мал иелері ауыл қоғамдары мен жеке адамдардың  жерінде
мал жайғаны үшін ақы төлеуге тиіс болды".
      Сөйтіп, халық есебінен жиналған ақшадан  12  жылда  5  млн  сом  (75%)
бюджет қаржысынан эскерге бөлінді, оның 25% бюрократтық  аппаратты  үстауға
жүмсалды. Жергілікті қаржы  есебінен  қүрылған  мектептер  тек  орыстандыру
мақсатында ашылды.
      Сонымен, патша үкіметінің  жер  жэне  салық  саясаты  отарлық  сипатта
болды, халықты  эбден  титықтатты,  ауқаттылардың,  көпестердің  жэне  т.б.
баюына жол ашты. Қазақ көшпелі  қоғамы,  патриархаттық-рулық  қоғам  ыдырау
жолына түсті.  Көшпелі  қоғам  мүшелерінің  жайылымын  тартып  алғандықтан,
қазақтар жерді жалға алуға мэжбүр болды, ал ақшалай салық төлеу мал санының
кемуіне экелді.
      1886 ж. 2 маусымдағы "Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже"  бойынша
Түркістан өлкесіне Сырдария, Ферғана, Самарқан  облыстары  кірді.  Сырдария
облысы Әмудария бөлімі мен 5: Қазалы, Перовск, Шымкент,  Әулиеата,  Ташкент
уездерінен түрды.
      Түркістан өлкесін  басқару  эскери  министрліктің  қарамағында  болады
делінген  (8-тармақ).  Әкімшілік  қүрылысы  бас  басқарма  мен   жергілікті
басқармалардан  түрды.  Түркістан   өлкесінің   бас   басқармасы   генерал-
губернаторға сеніп тапсырылды. Бас басқарма мемлекеттік қүрылыс  жүмыстары,
сауданы  үйымдастыру,  несие  операцияларын  бекіту,  саяси  жағынан  күмэн
туғызатын түземдіктерді жер аудару сияқты міндеттерді атқарды.


      Ұсынылған әдебиеттер:
      1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-
бөлім, 1-2 тараулар.
           3.Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім
      4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй половине XVI-века. А.,
1985.


     Дәріс 9.  Кіші және Орта жүздегі хандық биліктің жойылуы     орыс-
            қазақ қатынастарындағы мемлекеттік емес  жаңа кезеңі.



  Дәріс 10. Қазақ жерлерінің Ресей құрамына бүтіндей өтуі және ХІХ ғ екінші
               жартысындағы әкімшілік территориялық реформалар

      XIX ғасырдың ортасына қарай қазақ жерлері үшін Қоқан, Хиуа жэне  Ресей
арасындағы  талас  күшейе  түсті.  Ресей  үкіметімен  болған   1840   жылғы
келіссөзде Хиуа ханы өз билігінің  Жем,  Ырғыз  жэне  Торғай  бойына  шейін
жететіндігін  білдіреді.  Сырдарияның  төменгі  жағасына  орыс  жэне  қоқан
қолдарын жібермеу мақсатында хан мүнда  бекіністер  салдырады.  Бірақ  Хиуа
ханының бүл  эрекеттері  ол  қалағандай  Қоқан  қолдары,  артын  ала  жақсы
қаруланған Ресей эскерлері ығыстыра бастайды. (Қосымша беттегі карта )
      Жыл  өткен  сайын  тереңдей  түскен  орыс  билігіне  қарсылық   туғызу
мақсатында Хиуа хандығы қазақтарды өзара бірлікке шақыруды қару етіп  алды.
Тура осындай әдіс-айлаға өзіне қарайтын аймақта Қоқан  хандығы  да  көшеді.
Бірақ олардың мүндай эрекетінен мардымды нэтиже шыға қоймайды. Өйткені Хиуа
мен Қоқанның алым-салық жинаушыларының  өктемдігі  мен  қатыгездігін  көріп
қалған халық олардан қарулы қарсылық арқылы болса да қүтылуға эзір еді.
      Тура осы мезгілде Түркістанның ішкі саяси өміріне Ресей белсенді түрде
араласа бастайды. Оның мынадай себептері бар-тын. Біріншіден, XIX  ғасырдың
орта  түсынан  бастап  қарқынды  даму  жолына  түскен  Ресей   өнеркэсібіне
түркістандық рынок аса қажет еді. Қазақ түтынушылары орыс көпестерінен  үн,
түрлі мануфактура өнімдерін, металдан жасалған  бүйымдарды  үлкен  мөлшерде
ала бастайды. Бүхар мен Хиуаға Ресей көпестері мата, иленген тері, металдан
жасалған бүйымдарды, қант жэне басқа тауарларды жеткізіп, Ресейге Түркістан
өңірінен мақта, жібек, күріш, жеміс-жидек, арзан бағаға мыңдаған  қой,  ірі
қара малды айдап кетіп жатты. Басқаша айтқанда Түркістанмен  түрақты  сауда
қатынасын орнату Ресейге өте тиімді еді. Ресей көпестері  Түркістан  арқылы
Үндістанға, Шығыс Түркістанға шығуды армандады.
      Бүл мезгілге шейін Үндістанға орнығып, енді Орталық Азияға көз  тіккен
Англияның  емеуріні  Ресейді Қазақстан  жерін  өзіне   қосып   алу  әрекетін
біржола  аяқтауға  итермеледі.  Ресей  үкіметінің  бүл  эскер  күшімен  іске
асырылған эрекеті екі  бағытта  жүрді.  Бірі  батыстан,  яғни  Орынбор  және
Сырдарияның төменгі ағысы арқылы, ал  екіншісі  шығыстан,  яғни  Омбы-Семей-
Жетісу арқылы.
      Батыс  бағытын  іске  асырушы  Орынбор   генерал-губернаторлары   орыс
билігінің Түркістан өлкесіне тереңдеп енуіне кедергі жасаушы  Хиуа  хандығы
деп тауып, 1839 ж. бес мың қолдан түрған  Хиуа  жорығын  үйымдастырды.  Бүл
жорық ешқандай нэтижесіз аяқталды. 1847 ж. генерал-губернатор В.А.  Обручев
Сырдың төменгі ағысында орнығуды көздеп, бүл  өңірдегі  аса  ықпалды  түлға
Жанқожа батырмен жылы қатынас орнатып әрі оған түрлі сыйлықтар жасап, Райым
(кейінірек Арал аталған) бекінісін  салуға  кол  жеткізді.  Орыс  билігімен
одаққа бару Жанқожа батырға бүл өңірдегі Хиуа жэне Қоқан тепкісінен  қүтылу
үшін керек болған еді. 1850 ж. Жанқожа  Райым  бекінісіндегі  орыс  қолының
көмегімен Сыр бойы қазақтарына шабуыл жасаған қоқандықтарды ойсырата жеңіп,
олардың Қошқорган бекінісін алады.
      1844 ж. патшалық билік генерал-губернаторларға қазақ даласына тереңдей
еніп, түрақты бекіністер салуға көшуді тапсырды. Сөйтіп, отарлау  ісі  жаңа
қарқын ала бастады. Соның нэтижесінде Райым бекінісінің  артын  ала  Қазалы
бекінісі түседі. Бүл бекіністерге жақсы  қаруланған  жаяу  әскер  мен  атты
казак эскері орналастырылды. Оларға  жүктелген  міндеттер  қазақ  ауылдарын
бағындырып,  хиуалықтар  мен   қоқандықтардың   бетін   қайтарып,   олардың
бекіністерін алу еді. 1853 ж. эскери  губернатор  Перовский  бастаған  2170
адамнан түрған орыс эскері Сырдың бойындағы Қоқан хандығының басты бекінісі
Ақмешітті өзіне қаратып, оның атын өзгертіп, "форт  Перовский"  деп  қойды.
Осылайша Түркістан өлкесіне  жол  ашуға  тиіс  болған  Сырдария  бекіністер
тізбегі өмірге келеді.
      Осымен бір мезгілде Қапалда  орыс  приставтығы  мен  Жетісу  облысының
кеңсесі ашылды.  Оған  жергілікті  халықпен  байланыс  орнату,  еппен  оның
сеніміне кіріп,  сол  арқылы  Қоқан  жэне  қытай  ықпалынан  шығарып,  орыс
билігіне тарту міндеті жүктелді.  1846  ж.  Кенесары  хан  қолын  Жетісудан
ығыстыруды көздеген орыс эскерінің экспедициясы Қапал  бекінісінің  негізін
қалайды. Бүл іс жүзінде орыстардың Жетісуда жасаған алғашқы қадамы болатын.
Англияның Шығыс Түркістандағы ықпалының арта түскендігінен  қорыққан  патша
үкіметі тездетіп  Жетісуда  бекіністерін  салуды,  ¥лы  жүз  қазақтарын  өз
қүрамына қосып алуды, сондай-ақ, Қытай  үкіметімен  Жетісу  арқылы  жүретін
сауда қатынасы жөнінде тез арада келісім-шарт жасасуды көздеді.
      Жетісу жеріне орыс билігінің аяқ басқанын  жеке  мүддесіне  пайдаланып
қалуды көздеген ¥лы жүздің бір топ  сүлтандары  мен  билері  1846  ж.  жаңа
билікті мойындайтындығын мэлімдеп, ант береді.
      1850 жылдан бастап орыс  қолдары  Жетісудағы  Қоқан  қамалдарын  жоюға
көшеді. Орыс эскеріне елеулі қарсылық көрсеткен  Қаскелең  өзені  бойындағы
Таукөбек қамалы еді. 1850 ж. сэтсіз аяқталған  екі  эрекеттен  соң,  келесі
жылы жазда орыс қолдары бүл бекіністі  алып,  жойып  жіберді.  Орыс  билігі
қазақ басқарушы тобына қатысты өзінің осы  уақытқа  шейін  ұстанған  эдісін
Жетісу жерінде де жүргізді. Қытай жэне Қоқан сияқты қарсыластарымен егесте,
сондай-ақ, Кенесары хан көтерілісін басып-жаншу ісінде Ресей жағында болған
қазақ пен қырғыздың билеушілері мен  ықпалды  адамдарына  түрлі  сыйлықтар,
эскери шен-шекпен үлестіру арқылы оларды өзіне тартып, өз мүддесіне  қызмет
істетуге тырысты.
      1853 ж. Ресейдің сыртқы істер министрі Батыс Сібір генерал-губернаторы
Гасфортқа Жетісуда Ресей позициясын нығайтуды қамтамасыз  етерліктей  нақты
шараларды іске асыруды тапсырады. Осы міндетті орындау мақсатында,  сондай-
ақ Ресейдің  Ташкент,  Қүлжа  жэне  Қырғыз  бағытындағы  сауда  жэне  басқа
қатынастарына жол ашатын жаңа ірі бекініс салу  жөнінде  шешім  қабылданды.
¥лы жүз приставы болып жаңадан бекітілген майор Перемышльский бұл бекіністі
орналастыру үшін Алатаудың етегіндегі Кіші Алматы  өзені  бойындағы  Алматы
елді мекенін таңдап алады. Құрылысы 1854 жылдың көктемінде басталып  кеткен
бұл бекініс Верный аталады. Оның  жанынан,  Алматы  өзенінің  оң  жағасында
казак эскерінің станицасы салынады. Бір-екі жылдың ішінде мұнда Сібір казак-
эскерінің 132 отбасы жэне 200 орыс шаруалары келіп  орналасты.  Оның  артын
ала Алматыға Сібір казак-эскерінің оныншы  полкін  енгізу  жөніндегі  патша
жарлығы жарық көреді. Көп ұзамай  Жетісу  эскери  губернаторы  Колпаковский
Семейден  егінші  татарларды  жэне  Воронежден  (Ресей)   орыс   шаруаларын
шақыртады. Осылайша Ресейдің Орталық Азияға енуіне жол  ашуға  тиіс  болған
Верный бекінісі біртіндеп осы өңірдегі  әкімшілік  орталығына  және  қалаға
айнала бастайды. Бұл мезгілде Қырым соғысында  жеңіліс  тапқан  Ресей  енді
негізгі назарын Түркістанға аударып, мұнда орнығуға күш салады. Ал  мұндағы
Хиуа, Бұхар жэне Қоқан хандықтары  арасындағы  өзара  тынымсыз  қақтығыстар
Ресейдің бұл мақсатына қолайлы жағдай туғызып,  1864  ж.  көктемде  ол  екі
бағытта эскери қимылдарға көшті. Олардың бірі Сырдария  бекіністер  тізбегі
тарапынан, яғни Перовскіден (Ақмешіт), ал екіншісі Жетісу жақтан, Верныйдан
басталды. Осы жылдың жазында бұл екі эскер қолдарының бірі Түркістанды,  ал
екіншісі Әулиеатаны алды.  Бұдан  кейін  екі  қол  бірігіп,  Шымкентке  бет
түзейді.  Орыс  эскеріне   бұл   бекіністі   алу   жеңілге   түспеді,   оны
қоқандықтардың  жаяу  жэне  атты  әскері,  артиллериясы  қарсы  алады.  Бір
ескерерлік жағдай — екі жақтың да эскер күштерінің қатарында қазақ  қолдары
болды. Мәселен, Қоқан эскері құрамындағы қазақ қолын  Кенесары  ханның  ұлы
Сыздық сүлтан, ал орыс әскері кұрамындағы қазақ  жігіттерін  Сұраншы  батыр
басқарған еді. Сондай-ақ бұған дейінгі Әулиеата үшін болған ұрыс  барысында
екі жақтың өзара келіссөзге  шығарған  елшіліктерінің  бір  жағында  Сыздық
сұлтан  жүрген  болса,  екінші,  яғни  орыс  елшілігінің  құрамында   Шоқан
Уэлиханов бар еді. Сөйтіп, қазақ қоғамында бұдан біраз  бұрын-ақ  байқалған
көзқарастық  жіктеліс  орыс-қоқан   соғыс   қимылдары   тұсында   да   анық
байқалды.Екінші шабуылдан соң, 1865 ж. орыс эскері Түркістан  өңірінің  ірі
сауда жэне саяси  орталықтарының  бірі  Ташкентті  алады.  Өзара  феодалдық
қақтығыстардан қалжыраған Түркістан техникалық жэне үйымдық түрғыдан жоғары
тұрған орыс әскеріне төтеп бере алмады. Міне, осы оқиғалардан соң Қазақстан
бүтіндей Ресей империясы қүрамына еніп, ендігі уақытта оның тарихында  жаңа
кезең — отарлық тэуелділік кезеңі басталады.


      Ұсынылған әдебиеттер:
      1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-
бөлім, 1-2 тараулар.
           3.Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім
      4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй половине XVI-века. А.,
1985.
       Дәріс 11. 1917 жылға дейінгі кезеңдегі орыс пен қазақ халықтары
      арасындағы өзара экономикалық және мәдени ықпалдастық байланыстар


      Алғашқыда  түрлі  саладағы  қазақ-орыс  қатынастарын  зерттеуге  деген
қызығушылық орыс қоғамында ең алдымен саяси прагматикалық тәртіп  пен  Қазақ
даласындағы орыстардың қоныстануына байланысты бекітілген міндеттер  аясында
пайда болды. XVI-XVIII  ғасырда  Қазақстанмен  экономикалық  қатынастар  мен
мәдени    байланыстарды    дамытуға    бағытталған    мұндай    императорлық
ынталандыруларға   қатысты   қазақ   тарихы    мен    этнографиясын    алғаш
зерттеушілердің қатарында ресейлік елшіліктердің қатысушылары,  кейіннен  әр
түрлі ресми мәртебесі бар азаматтық шенеуніктер болды.
      Қазақтардың географиясы, экономикасы, тұрмысы мен шаруашылығы  жайында
алғашқы  деректер  1694-1697  жылдары  ресейлік  елшіліктерден  алынды.  Бір
қызығы,  революцияға  дейінгі   авторлар   осындай   елшіліктерден   алынған
деректердің мазмұнын  талдауды  өз  алдарына  міндет  етіп  алған  жоқ.  Бұл
құжаттар кеңес кезеңінде  қазақ-орыс  қатынастарының  мәселесін  қарастырған
Н.Г. Аполлова  мен  В.Я.  Басин  сияқты  ғалым-зерттеушілердің  жұмыстарында
қарқынды түрде қолданылды. 1694  жылы  құрамында  Федор  Скибин  мен  Матвей
Трошин секілді Тобыл казактары бар ресей елшілігінің  міндеті  жайында  Н.Г.
Аполлова атап өтеді. Федор Скибин мен Матвей Трошин елшілігінің  құрамындағы
орыс  казагы  Василий   Кобяковқа   сүйенген   Н.Г.   Аполлова   қазақтардың
шаруашылығы  туралы  деректер  келтіреді.  Сібір  бұйрығында  Кобяков  былай
дейді: «Тәуке ханның барлық қалалары шикі кірпіштен салынған ....  Ал  Тәуке
ханның астығы, бидайы  мен  арпасы  өте  мол,  егіндері  қыстық  әрі  жаздық
болады. Ал олардың ірі қара малдары мен сиырлары болмағанымен, қойлары  және
жылқылары өте көп. Олар малмен қоректенеді».
      1696 жылы 10 қаңтарда «боярлар үкімі» мен 1697 жылы 14 ақпанда Петр I-
нің грамотасына байланысты елшіліктердің мәліметтеріне сүйене  отырып  карта
жасалынды. Ол елшіліктің Тобылдан Түркістанға дейінгі, Бұхара  арқылы  Жайық
пен Еділге және Уфа арқылы  Тобылға  апаратын  жолдарды  сипаттады.  Елшілік
мүшелері  Қазақстан,  Хива  және  Бұхара  арасындағы  шекаралардың   шамамен
белгіленген бөлінісін хабарлады. Жекелей алғанда, олардың  мәліметі  бойынша
қазақ жүздері қазақ  даласының  солтүстік  бөлігін  иеленді  және  Тянь-Шань
тауының  баурайындағы  Орта  Азиялық  аймақтардан  оңтүстік  арқылы  бөлініп
жатты. Ф. Скибин мен елшіліктің басқа мүшелері хабарлағандай, Орта  жүз  бен
Ұлы жүз жоңғарларға тәуелді «Түркістан қаласын қоса алғандағы  Сырдария  мен
Тянь-Шань таулары аралығын»  мекендеді.  Бұл  жерлерді  Тәуке  хан  бастаған
қазақ көшпенділері жайлаған. Сырдария өзенінің төменгі және  кейбір  ортаңғы
ағыстарына келетін болсақ,  мұнда  жартылай  отырықшы  қарақалпақ  халықтары
мекендеді. Сырдарияның солтүстік жағалауы мен оның батыс жақ  сағасына  Хиуа
ханының иеліктеріне тиесілі болды (олар  Қызылқұм  шөлінде  жайылып  жатты).
Орталық Сырдарияның батысынан Амударияның орталық ағысына  дейінгі  аралықты
Бұхара  алып  жатты.  Осы   мәліметтерді   В.Я.   Басиннің   монографиясынан
кездестіреміз.  Басиннің   айтуына   қарағанда,   «Ф.   Скибин   елшілігінің
хабарламасы  айтарлықтай  қызығушылық  тудырады,  онда:  қазақтар  негізінен
көшпенді өмір сүрді,  оларда  егістік  жерлер  аз.  Ал  қалаларда  негізінен
«қорғасын балқытатын және оқ-дәрі шығаратын» тұтқындағы бұхарлықтар  тұрды»,
- делінген. Сығанақ, Оқ-Карген, Созақ, Түркістан, Отырар, Сайрам және  басқа
да қазақ қалалары (барлығы 20  қала)  туралы  Ф.  Скибин  мен  М.  Трошиннің
жазған еңбектері де ерекше маңызға ие.
      ГФ.  Дахшейгердің  пікірінше,  қазақ  қалалары   «қазақ   және   өзбек
феодалдары  арасындағы  «тұрақты  шатақ  тудырушы  себепке»   айналды.   Бұл
өлкедегі  өндірістік  күштердің  дамуына  кедергі  келтіріп,  әсіресе   егін
шаруашылығы мен көшпенділер өміріне кері ықпалын тигізді».
      XVI-XVIII   ғасырда   Қазақстан   халқының   басым    көпшілігі    мал
шаруашылығымен айналысатын елге айналды. Рулық бірлестіктер  жақсы  жайылымы
мен суаты бар белгілі бір территорияларда көшіп-қонып жүрді. Дегенмен,  XVI-
XVIII   ғасырдағы   қазақтардың   экономикасы,   шаруашылық   құрылымы   мен
мәдениетіне қатысты  арнайы  тарихи  зерттеу  жұмыстары  іс  жүзінде  арнайы
жазылған жоқ. Осылай, 1558-1560 жылдары қазақ даласына (Астраханьнан  Каспий
арқылы Маңғышлаққа, ол жақтан Хиуа мен Бұхараға) саяхат  жасаған  ағылшындық
Антоний  Дженкинсон  қалалары  мен  үйлері  жоқ  далада  мекендейтін  «ислам
дініндегі қассақтарды» ерекше атап өтеді. Бұдан басқа,  Дженкинсон  қазақтар
жайында «олар ешқашан садақ, жебе, қылышсыз сұңқар салған  аңшылыққа  немесе
басқа да сауықтарға шықпаған; олар ат үстінде де, жаяу жүрсе де,  өте  мықты
мергендер  болды.  Осы  халық  алтын,  күміс  немесе  басқа  да  монеталарды
пайдаланбайды, егер оларға киім және басқа да  заттар  қажет  болса,  оларды
малға айырбастап алады», - деген.
      Қазақ халқының қонақжайлығы жайында Дженкинсон былай дейді: «мені жылы
қарсы алып, етпен және бие қымызымен қонақ  етті.  Олар  нанды  қолданбайды,
бірақ судан да басқа ерекше сусындары мол».
      1571 жылы Базелада Мәскеу патшасы жанындағы Қасиетті Рим  империясының
өкілі Герберштейннің қазақтар жайында  жазылған  кітабы  басылып  шықты.  Ол
қазақтардың  тамақтануы  жайында  былай  дейді:  «Ең  басты  дәмді  тағам  –
жылқының қымызы. Олардың ойынша, қымыз адамды күшті әрі толық  қылады.  Олар
тамақтарында, әсіресе Танаисте өсетін шөптерді  көбірек  қолданады.  Ал  тұз
халық арасында аз таралған».
      Ресейлік шығыстанушы  П.С.  Савельев  нақты  көрсеткендей,  «Ұлы  Петр
кезеңіне дейін  мұрағатта  Орта  Азияға  қатысты  барлық  географиялық  және
этнографиялық  деректердің  бай  қоры  болды.  Ол  Делий   теңізінің   шығыс
жағалауынан бастап Қытай жағалауына дейінгі аралықты қамтыды; алайда  біздің
ғылыми қызметіміздің алғашқы кезеңінде мұндай деректерді  тек  мемлекет  пен
кейбір шетелдік резиденттер  ғана  пайдалана  алды,  олар  Сібір  мен  шығыс
елдері жайындағы өз дәлелдерін құрғақ  әңгімелерден  емес,  керісінше  жазба
деректерден нақты жинақтай алды», - деді.
      XVII ғасырдағы қазақтардың тарихы, шаруашылығы мен тұрмысын  зерттеуге
өз еңбегін арнаған алғашқы  батыс  ғалымдарының  бірі  атақты  саяхатшы  әрі
зерттеуші, венгрлік  профессор  Герман  Вамберидің  «Түрік  халықтары»  атты
тақырыппен  жазылған  шығармасы  Лейпцигте  басылып  шықты.  Қазақ   даласын
зерттеген ғалым  қазақтардың  өмір  сүру  аймағы  мен  олардың  саны  туралы
деректерді қарастырады: «Қазақтар-қырғыздар Оралдан  Алтайға  және  оңтүстік
Сібірден Оксусқа дейінгі аралықта үлкен, орта және  кіші  ордаларға  бөлініп
көшіп  жүреді.  Қытай  бодандығынан  бөлек  қырғыздардың  жалпы   саны   2,5
миллионды құрайды». Қазақтардың шаруашылық құрылымы  туралы  жазған  Вамбери
шаруашылықтың  көшпелі  түрінің  кең  таралғанын   айтады:   «Орта   Азиялық
түріктердің басым бөлігі –  көшпенділер;  олар  көктемнің  келуін  қуанышпен
қарсы  алады.  Көктеммен  бірге  оларда   еркіндік   басталады.   Орал-Алтай
тауларында  жердің  бәрі  шаттыққа  бөленеді.  Мамыр  айы  келгенде   жастар
жылқылар мен түйелердің  бір  топ  отарымен  даланың  алыс  жерлеріне  көшіп
кетеді.  Қойларды  өріске  айдайды.  Ал  қыздар  мен  әйелдер   киіз   үйлер
құрастырады. Бір жайылым мен құдықтан екіншісіне қарай көшу үрдісі  үздіксіз
бірнеше айлар  бойы  жалғасады.  Табиғат  берген  сыйға  байланысты  қолайлы
жерлерді, ойпатты, қыратты және қарлы тау шыңдарын жайлайды. Ал жаз  мезгілі
келгенде  ерлер  қауымы  тонаушылық  пен  өш  алу  үшін  жорыққа   аттанады.
Қырғыздардың осыған ұқсас ерліктері  сирек  кездеседі;  түркмендер  арасында
бұған қатысты ешқандай өзгерістер орын алған жоқ.
      Қысқы тұрағын  таңдау  кезінде  көшпенділер  жайылымы  жақсы  жерлерді
табуға тырысады. Байлардың  киіз  үйі  екі  қабатты  кілемнен  жасалады;  ал
жарлылардың үйі дауылға қарсы тұра алатындай етіп қамыспен қапталады,  қысқы
тіршілік қанағат етерлік жағдайда  болады,  жұмыс  та,  сауық-сайран  да  өз
орнында.  Дегенмен,  қыс  мезгілі  көшпенді  халыққа  едәуір  мөлшерде  зиян
келтіруі  мүмкін.  Мұндай  зиян  малдарға  азық   қорының   жетіспеушілігіне
байланысты болады; аязға,  жел  мен  боранға  қарамастан  жоғары  көтеріліп,
шаруаға қолайлы жер іздеуге тура келеді. Терісі жарамды аңдарды  аулау  үшін
тұзақтан басқа қолға үйретілген жыртқыш құстарды жиі  пайдаланады.  Олардағы
мылтық пен  түтінсіз  дәрінің  нашарлығы  соншалықты,  оларды  жеке  қолдана
алмайды.
      Көшпенділер үшін үй қызметін атқаратын  киіз  үй  құрылымында  өзіндік
даму байқалады; биіктігі он бес  фут  болатын  киіз  үйдің  жалпақтығы  отыз
футты  құрайды.  Оның  ішінде  еркін  қозғалуға  болады,  ол  жазда   ерекше
салқындық берсе, ал қыс мезгілінде жанға жайлы жылылық сыйлайды. Киіз  үйдің
ортасында, яғни құрметті орында  ошақ  орналасады.  Ежелгі  заманнан  бастап
киіз үйдегі барлық заттардың өзіндік  орны  мен  ерекшеліктері  қалыптасқан.
Киіз үйге күндіз 40 адам сыйса, ал түнде жиырма адамның  түнеуіне  мүмкіндік
болады. Бір бөлігі  асылған,  екінші  бөлігі  жерде  орналасқан  киіз  үйдің
қабырғаларына әр түрлі үй аспаптары ілінеді. Үйдің  ыбырсуы  мен  тазалықтың
болмауы сияқты келеңсіз жайттар түрік киіз үйлерінде болған емес».
      Вамбери қазақтардың мәдениеті мен  наным-сеніміндегі  салт-дәстүрлерге
және өзара сабақтастыққа ерекше тоқталып  кетеді.  Сонымен,  оның  айтуынша:
«Туылған кезде, үйлену тойы мен жаназа кезіндегі әдет-ғұрыптар ежелден  бері
өзгеріссіз  жалғасып  келеді.  Сыртқы  келбеті  жағынан  қырғыздар   исламға
берілгенімен,  бірақ  оларда  шамандық  сенім  толығымен  сақталған.   Ислам
қырғыздардың әдет-ғұрыптарына ешқандай әсер етпеген».
      Соңында Вамбери көшпенді қазақтардың ақыл-ой, адамгершілік және мәдени
дамуы  жөнінде  қорытындыға  келеді:   «Олар   мінезі   жағынан   табиғаттың
бұзылмаған балалары; дегенмен, адамгершілік пен  ақыл-ойының  дамуы  жағынан
басқа барлық Орта Азиялық түріктерді басып озады.  Қазақтардың  есте  сақтау
қабілеті де керемет; олардың ақыл-ой жүйріктігін  халық  поэзиясы  саласында
тереңінен  байқауға  болады.   Халық   мақалдары   ұрпақтан-ұрпаққа   ауызша
жеткізіліп    отырылды;    «кітаптық    өлеңдер»    сауатты     қырғыздардың
шығармашылығындағы  басты  негіз  болып  табылады;  олардың  әрбір  туындысы
өзіндік артықшылықтармен ерекшеленеді», - деп атап өткен.
      1730 жылдардың басында Кіші жүз қазақтарының орыс  бодандығына  өтуіне
байланысты ресейліктер қазақтардың экономикасы мен мәдениетін  белсенді  әрі
жүйелі  түрде  ғылыми  зерттеуді  қолға  ала  бастады,  1734  жылдың  өзінде
Сенаттың обер-хатшысы И.И. Кирилов патша үкіметіне «Қырғыз-қайсақ және қара-
қалпақ ордалары жайындағы түсінік» деп аталатын  қызметтік  жазба  тапсырды.
Бұл жазбада қазақ жерлерін игеру және Орталық  Азиядағы  хандықтармен  тығыз
сауда  байланыстарын  реттеудің  жолдарын  жеткілікті   дәрежеде   жан-жақты
баяндаған жоспар келтірілген. Оның  ойынша,  ордалықтар  өзара  татулық  пен
келісімде өмір сүрген кезеңге дейін атақты  провинциялар  мен  қалаларды  өз
иеліктерінде ұстады: Түркістан, Сайрам, Ташкент».
      И.И.  Кириловтың  жобасы  бойынша  «Атақты  экспедиция»  құрылды.   Ол
«Орынбор экспедициясы» деген атаумен  көпшілікке  таныс.  Осы  экспедицияның
жетекшісіне айналған Кирилов көп жағдайда  қазақ  жерлерін  зерттеуге  үлкен
үлес қосты.«Петрден кейінгі Империя жазбалары» атты  еңбекте  Кирилов  қазақ
жерінің  қойнауындағы  байлыққа  тоқтала   отырып,   Ресейдің   Қазақстанмен
экономикалық  қатынасындағы  мақсаттарды  жан-жақты  талдайды.  Онда   былай
дейді: «1745 жылы мен губернияға бағытталған экспедицияға атау ұсындым  және
оған қосымша Казань, Уфа және Сібірлік  Исек  провинцияларын  атадым.  Менің
ұмтылысыммен минералдарға бай жер
қойнауларын  зерттеу  ісі  қолға  алынды;  өз  еркімен  келгендер  әр  түрлі
зауыттар сала бастады, ондағы табыс жалпы және жеке  зауытшылар  табысы  деп
екіге бөлінді. Менің осыларды не үшін  сипаттап  отырғаным  баршаға  мәлім».
Белгілі болғандай, Кирилов патшаханым  қол  қойған  кең  ауқымды  қырық  бір
пункттен  тұратын  нұсқаулықты  қабылдады.  Ол  бойынша  Кириловқа   пайдалы
қазбаларды, кен орындары мен  минералдарды  барлауға  және  зауыттар  салуға
қатысты  ерекше  міндеттер  жүктелінді.  Экспедиция  басшысы  қазақ  жерінде
игерілген территорияларға «Жаңа Ресей» деген атау  беріп,  оларды  келешекте
еуропалық  державаларға  бәсекелес  етуге  ұмтылды:   «Ұлы   мәртебеліміздің
ұсынысымен талап етілген құдайлық кәсіп ретіндегі Жаңа Ресеймен  құттықтағым
келеді;  жер  қойнауындағы  атақты   металдар   мен   минералдар   еуропалық
державалардан кем түспейді деп сенемін», - деп атап көрсетті.
      Қазақтардың шаруашылығы  мен  тұрмысы  жайындағы  зерттеу  жұмыстарына
көптеген жылдар бойы Орынбор экспедициясында  қызмет  атқарған  П.И.  Рычков
(1712-1777 жж.) та ерен үлес қосты.  Ол  «Орынборлық  топография»  атты  екі
томдық монография жазды. Рычков өз еңбегінде  отырықшы  өмірдің  артықшылығы
мен  оны  қалыптастыруды  насихаттау  жайында  ой  қозғайды.   Ол   көшпенді
халықтарды отырықшы өмірге  тартудың  қажеттілігін  баса  көрсетеді.  Оларды
«алғашында пішен жинауға, кейіннен астық өсіруге үйретуге» болады.
      Қазақтардың көшпенді шаруашылығының ерекшеліктерін революцияға дейінгі
бірқатар зерттеушілер толығымен қарастырды. Мал  шаруашылығының  жайылымдық-
көшпелі жүйесі  мал  жыл  бойы  жайылымда  болатындай  етіп  жасалынды.  Жыл
мезгілдеріне байланысты қазақтар жазда жайлауға,  күзде  күзеуге,  ал  қыста
қыстауға  көшіп  жүрді.  Олардың  ара  қашықтықтары  біршама  алыс  болатын.
Қазақтар  күзде  малдарын  оңтүстікке  қарай  айдаса,  ал   көктем   мезгілі
басталысымен  жаздық  жайылымдары  мол  солтүстік  аудандарға  қарай   көшіп
отырды. Кіші жүз бен Орта жүз арасындағы қашықтық  700-800  шақырымға  дейін
жетті. Ал Ұлы жүздің жайылымдық жерлері негізінен  Жетісу  аймағына  тиесілі
болды. Малдың жай-күйіне байланысты көктемде және  күзде  жүзеге  асырылатын
көшу үрдісі әр түрлі деңгейде болды. П. Маковецкийдің жазуынша, «Көктем  мен
күзде көшудің айырмашылығы мынада: көктемдегі  көшу  күзге  қарағанда  қысқа
болады, ауылдар қыстан шыққан малдар өздеріне  келмей  жатып  жайлауға  көше
бастайды».  Көшу  аралығы  жайылымның  күйі  мен  малдың  санына  байланысты
анықталды.  Түйелері,  бақташылары  мен  терең  құдықтары  бар  бақуат   мал
өсірушілер ұзақ  ара  қашықтықтарға  көше  алатын.  Левшиннің  мәлімдеуінше,
кейбір бақуат мал иеленушілер өз  үйірінде  500  немесе  одан  да  көп  түйе
ұстайтын. Жайлау есебінде сауын  сиырларға  арналған  суаты  бар  жайылымдар
таңдалатын. Олар ең  алдымен  қазіргі  Қазақстан  территориясының  солтүстік
және  батыс  аудандарында  орналасты.  Сондықтан  көшу  үрдісі   меридиандық
бағытта жүзеге асырылды. Жайлы  қыстау  ретінде  қоректік  шөбі  мол  жерлер
қажет болды.  Қыста  тұрақтау  мақсатында  күз  мезгілінен  бастап  дайындық
жасалды.  Ол  үшін  солтүстік-шығыс  және  оңтүстік-батыс  желдері  үздіксіз
соғатын, сондай-ақ малдар өз бетімен қар астынан қорек іздеп  жей  алатындай
қолайлы жерлер таңдалды. Оған қыстағы бораннан қамыстар мен  құм  бархандары
арқылы  қорғалған  жайылымдар  кіреді.  Биік  қамыстарды  бұдан  басқа  отын
ретінде де пайдаланатын. «Күздің соңында, - деп  жазады  Завалишин,  -  ауыл
адамдар  үлкен  ауылдарға  жиналып,  өздерінің  қоныстануына  қолайлы  қалың
қамыстар, тау  шатқалдары  мен  малдарды  қысқы  сұрапыл  бораннан  қорғауға
болатын жерлерді таңдады».
      Бақуат мал өсірушілердің қысқы тұрағындағы баспана ретінде ағаш  үйлер
қолданылса, ал кедейлер жер үйлерде,  қамыс  және  қураймен  қапталған  киіз
үйлерде қыстап шықты. Малшылар үшін баспана  есебінде  кіші  көлемдегі  киіз
үйлер  қолданылды.  Кейбір   аудандарда   малдар   үшін   желіден   сарайлар
тұрғызылды. «Мұндай сарайлар тек аз мөлшердегі  малдарға  ғана  негізделген.
Бақуат мал  өсірушілер  өздерінің  көп  санды  отар-отар  малдарын  бораннан
қорғау үшін орманға, кейде қалың өскен қамыстар  мен  төбелердің  арасындағы
панаға айдайтын.  Егер  боран  ашық  жайылымдағы  малдарға  зиянын  тигізсе,
киізден ұзын жапқыш жасалынып, бір қатар етіп тартылады. Оның  жел  өтпейтін
ық жағына малдарды айдайды». Аяз кезінде әсіресе  түйелерді  қорғау  біршама
қиындық туғызады.
      Қыс мезгілінде жайылымдағы малдың құрамы былайша сипатталады: жұқа қар
қабатымен жабылған жайылымға  алдымен  жылқылар  жіберіледі.  Олар  тұяғымен
қардың бетін ашып, шөптің басымен қоректенеді. Сол жерге  жылқылардан  кейін
шөптің ортаңғы бөлігімен қоректенетін ірі қара малдар мен түйелер  жайылады.
Соңынан жіберілген қойлар қалған шөпті қорек  етеді.  Егер  қойдың  саны  аз
болған  жағдайда,  малшылардың  өзі  қардың  бетін   ашып,   шөпті   жинауға
көмектеседі. Малға қорек ретінде  сексеуілдің  тікендері  де  жарамды  болып
келеді. «Өзінен-өзі белгілі болғандай, - дейді Левшин,  -  осындай  құнарсыз
қоректен малдар семірмейді, дегенмен, осы қорек жануарлардың  өмірін  сақтап
қалады».
      Жайылымдағы малдың қысқы құрамы туралы А. Добромыслов  өзінің  «Торғай
облысындағы мал шаруашылығы» мен «Жылқы өсіру және оның  Торғай  облысындағы
қырғыз халқы үшін маңызы»  атты  жұмыстарында  толығымен  қарастырады.  Оның
мәліметтеріне сүйенетін болсақ, жайылымдағы мал жұт  кезінде  қиын  жағдайға
түседі. Мұзды тұяғымен жарып тастай алмаған жағдайда жылқылар мен  басқа  да
жануарлар қорексіз қалады. Бұл жағдай малдың жаппай қырылуына  алып  келеді.
Қорек табуды оңайлату үшін малшылар мұз қабығын балтамен  жарып,  сол  жерге
жылқыларды  жібереді.  Олардың  соңынан  ұсақ  малдар   жайылады.   Даладағы
борасыннан кейін  қардың  терең  қабатын  ашып,  малдар  үшін  қорек  табуға
қолайлы жағдай жасау керек.
      Көктем мезгілінің басы қысқы тұрақтың қиын жағдайынан  босанған  кезең
ретінде нағыз мерекеге  айналады.  Онда  көл-көсір  тағаммен  қонақ  күтеді.
Шабандоздық,  ойын-сауық  пен  ән-думан  басталады.   Завалишиннің   жазуына
қарағанда,  «кейде  бір  жаз  мезгілінде  ауыл  осындай  үздіксіз  мерекенің
ырғағымен ара қашықтығы 1000  шақырымнан  асатын  бір  жерден  екінші  жерге
жылжып отырған». Бірақ  көктемгі  қоныс  аудару  біршама  қиындық  туғызады:
шөлді жерлермен өткен кезде құрғақшылық,  құрғақ  ыстық  жел  соғатын  жазғы
аптап пен құмдағы борандар кейде  жануарлар  арасында  әр  түрлі  аурулардың
пайда болуына алып келеді. Осындай  қиындықтардың  алдын  алу  үшін  аралары
жақын  жайылымдар  мен  құдықтардың  болғаны  дұрыс.  «Жақсы   құдықтар,   -
Левшиннің сөзі бойынша, - ең ұзақ жолдардың бағытын анықтайды».
      Қазақтардың негізгі байлығын  қойлар  мен  жылқылар  құрайды.  Әсіресе
жылқылардың шыдамды  тұқымдары  өсірілді.  Қойлар  көктем  кезіндегі  қардан
жалаңаштанып қалған тұзды шөптермен де  қоректене  береді.  Қой  отарларында
серке  ешкілер  болды.  Негізінен  ешкілерді   далалы   жерлердің   оңтүстік
аудандарында өсірді. Қазақ шаруашылығында жылқылар жоғары  бағаланды.  Жақсы
аттың қазақ үшін қымбат екенін мына мақалдан  байқауға  болады:  «Егер  атың
жаман болса – көңілің қалады, егер ұлың жаман болса – күшің  кетеді».  Қазақ
даласының  жылқылары  өзінің  жүйріктігімен,   мықтылығымен   және   барынша
төзімділігімен ерекшеленеді. Жылқылар бетеге  қалың  өскен  жайылымдары  мол
далалы жерлердің солтүстік бөлігінде көп өсірілді.  Бұл  жайында  Н.  Рычков
былай деп мәлімет береді: «Осы Орданың (Орта) Кіші  Ордаға  қарағанда  халқы
көп  және  бай,  әсіресе   жылқылары   мол.   Жылқылары   Кіші   Орданікімен
салыстырғанда үлкен және мықты болып келеді». Бұған  керісінше  Кіші  жүздің
шаруашылығында қойлар басым болды.
      Қазақтардың мал шаруашылығында әсіресе түйелер өте қажет  болды.  Олар
өзінің ұзақ уақыт бойы қорек пен сусыз  жүре  алуына  байланысты  көшіп-қону
кезінде көптеген қиындықтарға төзімді болып келеді. Ең көп  тараған  түрлері
– қатты қыста айрықша  төзімділігімен  ерекшеленетін  қос  өркешті  түйелер.
Түйені   өсіруге   ең   қолайлы   жағдайлар   далалық   жерлердің   оңтүстік
аудандарында,  нақты  айтқанда  Каспий  мен  Арал   теңіздері   аралығындағы
Үстіртте қалыптасқан. «Әсіресе ең көп түйе өсіретін жер Үлкен Ордада,  жалпы
шөлді  оңтүстік  алқаптарда  болды.  Мұндағы  климат  түйе  өсіру  үшін  өте
қолайлы, - деп  жазады  Левшин».  Түнейтін  жерге  тоқтаған  кезде  көбінесе
түйелер қой  отарларындағы  күзетші  ретінде  болатын.  Броневскийдің  айтуы
бойынша, суық түндері көп мөлшердегі қойларды киіз  үйлерге  кіргізіп,  бір-
біріне жақын етіп  жинады.  Түйелерді  қойлар  қашып  кетпеуі  үшін  олардың
айналасына орналастырды. Ал ірі қара малдар  аз  мөлшерде  өсірілді.  Левшин
«Ірі  қара  малды  Орта  Орданың  кейбір  бақуат  рулары  бағады,   дегенмен
қырғыздарда ірі қара аз болды» дейді.
      «Қырғыздардың арасында, - деп жазады Н. Рычков, - малы өте көп адамдар
болды, бір отбасы 20 мың жылқы мен осынша қойға  ие  болды».  Осылайша,  мал
шаруашылығы қазақтарға тамақ, киім және үй жабдықтары үшін  қажетті  шикізат
көзіне  айналды.   Үй   өндірісі   сипатындағы   әр   түрлі   кәсіптер   мал
шаруашылығымен тығыз байланысты болып келеді.  Оған  былғары  өндірісі,  жүн
мен аттың қылын өңдеу  кәсіптері  жатады.  Былғары  өндірісі,  жүннен  түрлі
бұйым басатын  өндіріс  пен  тоқымашылық  қазақ  қолөнер  кәсібінде  маңызды
орынға ие болды. Сонымен қатар ағаш өңдеу кәсібіне де  ерекше  ден  қойылды:
ағаш өңдеу жұмысы мен ағаштан ойып, қашап, бояп жасалған  ою-өрнек.  Ағаштан
киіз үйге қажетті шарбақтар (кереге), ойып өрнек  жасалған  есіктер,  киімге
арналған сандықтар, жастыққа  арналған  ағаш  қондырғылар,  ыдыстар  мен  ер
тоқым, т.б. жасалынды.
      Металл өңдеу нашар дамыды. Соның ішінде  ұсталық  кәсіп  кенже  қалды.
Ұсталар  қарудың  тек  кейбір  түрлерін  (қанжарлар,  ұзын  пышақтар  немесе
«жартылай  қылыштар»   (селебе   немесе   джекауз),   айбалта,   садақ,   ат
әбзелдерінің металдық  бөліктері,  жер  игеруге  қажетті  арзан  қол  құрал-
саймандар) ғана жасап шығарды. Тевкелевтің бақылауынша,  қазақтар  «мылтықты
өздері жасамайды, оларды Хиуа мен Бұхарадан алады. Орнына қой  немесе  жылқы
береді». А.Н. Рычков «Ташкентте білте мылтықтар сатылғаны жайында»  деректер
келтіреді.
      Уәлиханов қазақ даласында мылтықтар сирек кездесті, олар  белгілі  бір
атқа ие болып, бір рудан екінші руға ауысып отырды деп көрсетеді.
      Ежелден егін  шаруашылығы  Жетісуда,  Балхаш  көлі  мен  Іле  өзенінің
айналасында, Ангрен ауданы, Шыршық, Арыс және Қара-Торғай  өзенінің  бойында
қалыптасты.  Қара-Торғай  өзенінің  аймағын  кесіп  өткен  Н.  Рычков   қара
топырақты  егістікте  айдалған  жерлердің  ізін  бақылауға  мүмкіндік  алды.
Егістік жерлерді  Қара-Торғайдан  бастау  алып,  Қара  Тау  аңғары,  Атбасар
даласы мен Зайсан көлі алқабы арқылы өтетін арықтармен суарды.
      Орынбор комиссиясының  нұсқаулығына  сәйкес  орыс-қазақ  байланыстарын
нығайту  мақсатында  1741  жылы  тамызда  поручик  Гладышев  қазақ  даласына
аттанды. Оның жанында іскер әрі жігерлі ағылшындық  көпес  Роман  (Реональд)
Гок болды. Оның деректері орыс әкімшілігіне  орасан  зор  пайдасын  тигізді.
Гоктың мынадай хабарламасы ерекше назарды талап етеді: «Ембі ауданында  қара
мұнайдың кен орны бар. Нақты айтқанда, оны Ембіден  Каспий  теңізіне  дейін,
сол жақтан Астраханьға қарай тасымалдауға болады».  Соған  байланысты  XVIII
ғасырдың ортасында ресей үкіметі қазақ даласында  мұнай  қорының  бар  екені
жөніндегі сенімді дәлелдерге қол жеткізді.
      Қазақ халқының тарихын зерттеуге әскери инженер  И.Г.  Андреев  (1743-
1801жж.) үлкен  үлес  қосты.  Өз  кезеңінде  Э.А.  Масанов  атап  кеткендей,
Андреев «қазақ халқының өмірі мен тілін мүлтіксіз зерттеп,  қазақ  ауылдарын
жиі аралайтын. Сондай-ақ, ол қарттармен және атақты адамдармен  сұқбаттасып,
Қазақ даласында, Жоңғария мен Орта Азияда  болған  көпестердің,  шенеуніктер
мен саяхатшылардың әңгімелерін жазып алып отырды».
      И.Г. Андреевтің басты еңбегі  «Қырғыз-қайсақтарға  тиесілі,  сондай-ақ
Ресеймен,  Колыван  және  Тобыл  губернияларының  бекіністерімен   шекаралас
жатқан қырғыз-қайсақтардың Орта Ордасын толықтырулар  арқылы  сипаттау»  деп
аталады. И.Г. Андреев өз еңбегінде  қазақ  халқының  дәстүрі  мен  тұрмысына
кеңінен  тоқталып,  XVIII  ғасырдағы  көшіп-қону  орындарын  кезеңімен  атап
шығады. Сонымен қатар, киіз үй және мал саны жайында  маңызды  статистикалық
деректер мен сұлтандардың тізімін  келтіреді.  Осы  еңбекте  оларды  Ресейге
қосу  мақсатында  «беделді  кісілерге»  арналған  ағаш  үйлердің  қыстаудағы
құрылысы жайында айтылады.
      1795 жылы И.Г. Андреев Омбы бекінісі аймағындағы  егін  шаруашылығының
жай-күйін  зерттей   отырып,   диқаншылық   туралы   публицистикалық   очерк
(«Диқаншылық жайында ой толғау») жазды. Осы  очеркте  ол  егіншілікке  деген
қазақтардың біршама қабілеттілігі жөнінде айтады. Осы бағытта жазылған  Г.И.
Спасскийдің  «Үлкен,  Орта  және  Кіші   Орданың   қырғыз-қайсақтары»   атты
еңбегінде  қазақтардың  еңбекқорлығы  ерекше   атап   өтілген:   «Диқаншылық
саласындағы  жетістіктер  жөнінен  Сібірдегі  көшпенді  халықтың   ешқайсысы
қырғыздармен бәсекеге түсе алмайды. Олардың еңбекқорлығы құрғақ шөлді  жерді
құнарлы жерге айналдырады. Олар егістік  үшін  өзен  бойындағы  кең  ауқымды
жерлерді таңдайды. Жаңбыр  жетіспеген  кезде  жерді  қазып,  егістікті  өзен
суымен  суландырады».  Өкінішке  орай,  осы  уақытқа  дейін  «қазақтар  егін
шаруашылығы  саласында   артта   қалған»   деген   жаңсақ   пікір   кеңестік
тарихшылардың да, қазіргі заманғы ресейлік зерттеушілердің  де  еңбектерінде
басым болып отыр.
      XVIII  ғасырдың  басында   қазақтардың   тарихына,   экономикасы   мен
мәдениетіне  деген  қызығушылық  шетелдік  зерттеушілер  тарапынан  да  арта
түсті.  Генерал,  князь  А.  Бекович-Черкасскийдің  атақты  қасіретті   Хиуа
жорығына  қаншама  бұрынғы  әскери  тұтқындағы  шведтер,  соның   ішінде   –
әдебиетте Страленберг  деген  лақап  атпен  белгілі  болған  офицер  Табберг
қатысты. Ол отанына оралған соң  қазақтардың  тұрмысын  сипаттайтын  «Еуропа
мен Азияның солтүстік және шығыс бөліктері» деген  кітап  шығарды.  Шынында,
көптеген   зерттеушілер,   жекелей   айтқанда   В.Н.   Татищев   Страленберг
еңбектеріндегі  ғылыми  құндылықтарды  жоғары  бағалаған   жоқ.   Татищевтің
айтуынша, «Страленберг көптеген жылдар бойы Русьте  болып,  татарлармен  жиі
араласып тұрды, бірақ орыс және татар сөздерін қате жазатын», - дейді.
      1717 жылы орталық азиялық аймаққа италяндық Флорио Беневени жіберілді.
Оның  деректерінің  арасында  қызықты  мәліметтер  жиі   кездеседі,   мысалы
«Сырдария өзенінің бойынан... алтын табуға болады».
      1720-1727 жылдары Қазақстанның солтүстік  бөліктеріне  саяхат  жасаған
Даниил-Готлиб Мессершмидт Қазақстанның географиясы,  тарихы,  мәдениеті  мен
этнографиясы жайында  қызықты  деректер  қалдырды.  Материалдардың  арасында
Каспий пен Ертіс маңы  өлкесінің  және  Түркістан  ауданының  суреттері  мен
карталары кездеседі. Оның жазбаларының бір бөлігі XIX  ғасырдың  60  жылдары
П.П. Пекарскиймен және XIX ғасырдың 80 жылдары В. Радловпен жарияланды.
      XVIII  ғасырдың  30  жылдары  Ресей  империясындағы  шығыс  этностарын
зерттеумен неміс ғалымы Г.Я. Керр  белсенді  түрде  айналыса  бастады.  Оның
ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудағы орны ерекше болды. Н.И.  Веселовский  ол
туралы былай дейді: «Шығыстану саласында ғылыми қажеттілік жайында ең  алғаш
рет орыс қызметінде жүрген шетелдік сөз бастады».
      Атақты зерттеуші  Герард  Фридрих  Миллер  1733-1743  жылдары  Сібірді
қарастырып,  нәтижесінде  «Сібір  патшалығының  сипаттамасы»  деген  негізгі
ғылыми зерттеу жұмысын жазды (СПб, 1750). Г.Ф. Миллер өз еңбегінде  ресейлік
және шетелдік (еуропалық және азиялық)  деректердің  мол  қорын  пайдаланды.
Оған Әбілғазы Бахадур-хан, Марко Поло, Страленберг,  Витзен,  Мартиний  және
Суснеттің, т.б. еңбектерін жатқызуға болады. Зерттеушінің атап  көрсетуінше,
«көрші азиялық елдердің тарихы  мен  олардың  жерлерінің  жай-күйі  көптеген
жағдайды анықтап береді. Солтүстіктегі  бізге  тиесілі  бөліктерде  белгісіз
нәрселер өте көп. Миллер көптеген шығармалардың кемшіліктерін  баса  айтады:
«Жеке жерлер туралы жазылған ежелгі географиялық  және  саяхат  жазбаларында
көптеген жалғандықтар кездеседі».


      Швед зерттеушісі И.П. Фальк XVIII ғасырдың  60-70  жылдары  Астрахань,
Омбы, Петропавл және Семейдегі көптеген  қазақ  ауылдарында  болып,  қызықты
этнографиялық материалдар жинады. Оның кейбіреулері  кейіннен  «Қырғыз  және
Зюнгор даласы туралы хабар» деген мақаламен жарыққа шықты.
      Атақты неміс зерттеушісі П.С. Паллас 1769 жылы қазақ даласын  аралады.
Оның «Ресей империясының әр түрлі провинцияларына саяхат» деген еңбегі  1809
жылы  Санкт-Петербургте  жарияланды.  Бұл  жұмыста  П.С.   Паллас   көшпенді
қазақтардың  өмір  салты,  тұрмысы,  мәдениеті,  дәстүрі   мен   әдет-ғұрпы,
баспанасы, киімі, тамағы және  сенім-нанымын  сипаттап  береді.  Мысалы,  ол
қазақтардың  өмір  салтын  былайша  сипаттайды:  «Әдеттегі  далалық  азиялық
халықтарға  қарағанда  қырғыздар  киіз  үйлерде   тұрады.   Олардың   үйлері
қалмақтардікімен салыстырғанда әрі үлкен,  әрі  таза  болады.  Олардың  киіз
үйіне 20 шақты адам сияды».
      Үй жануарларының түріне тоқталған П.С. Паллас түйелер  мен  жылқыларды
атап кетеді. Қазақтардың түйе бағуы жайлы  автор  былай  дейді:  «Қазақтарда
түйелер әлдеқайда аз өсірілді. Сондай-ақ, сиырлар да көп болмайтын.  Себебі,
оларды қыс мезгілінде далада кәдімгі қорексіз жақсы  жағдайда  ұстау  мүмкін
емес. Негізінен қос өркешті түйелер бағады. Бақуат  қырғыздар  түйе  сауады,
оның сүті көкшіл, қою және дәмі жағымды болады».  Қазақтардың  жылқы  өсіруі
жөнінде  жазған  автор  «Қырғыз  жылқылары  қалмақтардікіне  ұқсас   келеді,
дегенмен олардың бойы биігірек» дейді.
      Зерттеушінің айтуынша, «қырғыздың қойлары өте көп. Олардың  бойы  жаңа
туылған бұзаудың бойына жетеді. Сонымен қатар  семіз  болып  келеді.  Жылдың
қолайлы мезгілінде кәрі қойдың салмағы төрт-бес пұт болады. Үлкен  қойлардың
құйрық майы 30-40 фунт аралығындағы салмақты құрайды.  Құйрық  майдан  20-30
фунт май алынады. Осы арқылы олар үндістердің қойларынан ерекшеленеді».
      1771 жылы қазақ ауылдарына Х. Барданес екі  рет  саяхат  жасады.  Оның
қысқа сипаттамалық  материалдары  тек  жарты  ғасырдан  кейін  ғана  жарыққа
шықты. Х. Барданес өзінің естеліктерінде дәулетті қазақтың ұлттық  мерекелік
костюміне тоқталып кетеді: «қара атлас шалбар, жібек белбеуі бар ашық  қызыл
түсті шұғадан тігілген шекпен,  басында  алтын  түстес  әдемі  қырғыз  бөрік
киіп, беліне қылыш асынып жүреді». Бұдан басқа  ол  сұлтандардың  киіз  үйін
жан-жақты сипаттайды: «Сұлтанның киіз үйі  үлкен,  аралары  шымылдық  арқылы
бөлінген, үйдің ортасында сиыр еті мен жарма  бар  үлкен  темір  қазан  отта
тұр, айналасында кішкентай және жіңішке жәшіктер бар,  онда  киім  мен  тағы
басқа заттары бар былғары қапшықтар жатыр. Кіре беріс есікке қарсы  қазанның
артқы жағына парсы кілемі төселген. Оның үстінде  аяғын  айқастыра  жастыққа
сүйенген сұлтан жұбайымен бірге отыр».
      Атақты неміс зерттеушісі И.Г.  Георги  1776  жылы  Қазақстанға  саяхат
жасады. Оның «Ресей құзырындағы барлық  халықтарды  сипаттау»  деген  жұмысы
сол  жылы  Санкт-Петербургте  жарыққа  шықты.  Онда  И.Г.  Георги   көшпенді
қазақтардың  өмір  салты,  тұрмысы,  мәдениеті,  дәстүрі   мен   әдет-ғұрпы,
баспанасы,  киімі,  тамағы  және  сенім-нанымына   сипаттама   береді.   Мал
шаруашылығының басты орын алатынына тоқталған автор былай дейді:
      «Қырғыздардың негізгі жұмысы мал өсіру болып табылады. Олардың  табыны
жылқылар, түйелер, ірі қара  малдар  мен  қой-ешкілерден  құралады.  Олардан
қырғыздар ет, сүт және қымыз алады».
      Көшпенді қазақтардың негізгі баспанасы өте жақсы сипатталған: «Олардың
баспанасы   жылжымалы   киіз   үйлерден   тұрады.   Олар   башқұрттардікімен
салыстырғанда үлкен және таза. Беделді және ауқатты кісілер киіз үйлерін  ақ
киізбен жабады, сонымен қатар  олардың  әйелдеріне,  балаларына  және  азық-
түлікке арналған жеке үйлері  болады.  Ошақтың  орны  киіз  үйдің  ортасында
орналасқан.  Оның  айналасында  киіздер  немесе   парсы   кілемдері,   кейде
төсеніштер жатады. Киіз үйдің немесе күркенің  іші  бай  алуан  түрлі  жібек
заттармен толтырылған. Айналасында сүт  өнімдеріне  арналған  қапшықтар  мен
сандықтар тұрады, ал қабырғаларына  қару-жарақтар,  аттың  жоғары  әбзелдері
мен киім-кешектер ілінеді».
      Зерттеушінің атап  кетуінше,  «Қайғысыз  қарапайым  өмір  сүріп,  ашық
далалы  жердің  таза  ауасында  өскен  олар  ауруға  шалдықпайды,  көпшілігі
қартайған кезінде де мықты болады».
      Қазақтардың жерлеу дәстүріне тоқталған автор былай дейді: «олар моланы
терең қазбайды, оған қарама-қарсы тас үйінділерін  тастайды.  Егер  ер  кісі
қайтыс болса, оның ең жақсы киімін қиындыларға бөліп, естелік ретінде  жақын
адамдарына таратып береді. Басқалар оның киіз  үйіне  азырақ  белгі  тастап,
моласына жебе қадайды».
      1774 жылы неміс зерттеушісі Иоганн-Эбергард Фишердің «Ресейлік қарумен
жаулап алынған  Сібір  жерлерінің  ашылуынан  кейінгі  Сібір  тарихы»  деген
кітабы орыс тіліне аударылып жарыққа шықты.  Осы  кітапта  қазақтар  жайында
көбінесе  бір  жақты,  толығымен  шындыққа  жанаспайтын   бірқатар   қызықты
деректер кездеседі. Бәлкім, Фишердің жалғыз шынайы  бақылауы  мынада  болар:
Оңтүстік  Сібірдегі  түріктер  (пұтқа  табынушы-шамандар)  өздерінің   салт-
дәстүрі мен мәдениеті жағынан Орта  Азияның  мұсылман  түріктерінен  («ислам
дініндегі қырғыздар») ерекшеленеді.
      «Қазақстан халқы  Ресеймен  салыстырғанда  экономикалық  қатынастардың
дамуынан  орасан  зор  пайда  тапты»  деген  ой  революцияға  дейінгі   орыс
тарихнамасында белсенді жүргізілді. Революцияға дейінгі  тарихнаманы  талдау
ойша мынадай қорытындыға әкеледі: Ресей империясы  әуел  бастан  кең  байтақ
қазақ жерін отарлап алуды өз алдына мақсат етіп қойды.  Орыс  тарихнамасында
қазақтардың Ресей бодандығына өту үрдісі номиналды сипатқа ие  болды.  Ресей
мемлекетінің мақсаты қазақтар мекендеген территорияны Орта Азия  және  Қытай
нарықтарымен транзиттік  сауда  байланыстарын  орнату  үшін  пайдалану  және
қазақ жерінің табиғи байлығын  игеру  болып  табылады.  Сондықтан  номиналды
бодандықты іс жүзіне асырудың қажеттігі туындады.
      М.И. Венюковтың «Орта Азиядағы  Ресейдің  басып  алу  қозғалысы»  атты
жұмысында былай  делінген:  «біздің  ғасырдың  жиырмасыншы  жылдарына  дейін
орыстар Орал мен Ертіс аймақтарын мүлдем мекендеген жоқ.  Осыған  қарамастан
1732 жылдан  басталған  қырғыздардың  Ресейге  тәуелділігі  тікелей  сипатта
болды. Осылайша, қазақ даласындағы  отарлау  қозғалысы  маңызды  нәтижелерге
қол жеткізе бастады».


















      1 .Ресей позициясының Кіші жэне Орта жүз жерінде нығаюы себептері
2.0рынбор   экспедициясы,    эскери   шептердің   қүрылуы.Бекініс-қамалдар
қүрылысы
      3. Жер мэселесінің  шиеленісуі.  18-ғ.40-ж.ж.  шаруашылық,  элеуметтік
қатынастардығы өзгерістер

      Ресей қамқорлығына өту жоңғар  қалмақтарының  шабуылын  тоқтата  алған
жоқ.  1742  ж.  жоңғар  қолдары  Орта  жүздің   жеріне   басып   кіріп,   ел
билеушілерінің біразы аманат беріп,  тэуелділігін  мойындайды.  Бүған  шейін
жоңғар қонтайшысы аманатқа ¥лы жүздің билеушісі Төле  бидің  баласы  Жоланды
алған болатын. Ресей үкіметінің қолдауымен Түркістандағы  бас  хандық  таққа
отырудан үміттенген Әбілқайыр хан өз арманына жақындай да алған  жоқ,  қайта
ол орыс  экімшілігіне  аманатқа  алдымен  Ералы,  сонан  соң  Қожахмет  атты
үлдарын беріп,  тәуелділігін  тереңдете  түсті.  "Патшалық  ішінде  патшалық
болмайды!" деген принципті үстанған патша үкіметі ендігі  уақытта  Әбілқайыр
ханның билігін нығайту емес, қайта элсірете түсу жолында түр еді.
      Ресейдің   отарлау   шаралары.   Тевкелев   елшілігінің   нэтижелеріне
қанағаттанған  патша  үкіметі  жедел  түрде  Қазақстанды  игеру  шараларына
кірісіп кетті.
      1734  ж. мүнда сенат хатшысы И.К.Кириллов бастаған экспедиция
жіберілді. Оған көмек беруге Тевкелев бекітілді. Экспедицйяға Қазақстанның
жер қойнауы байлықтарын, әсіресе алтын мен күміс кен орнын анықтау,
сондай-ақ Орта Азия хандықтарына жол ашу, осы мақсатта қазақ даласын
пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру жүктелді. Қазақ елі мен Ресей
империясының шекарасы ретінде Жайық өзенінің бойы белгіленді.

      1735   ж.  Ор  өзенінің  бойына  Орынбор  бекінісі  түсті.  Бекіністің
салынуын
эскери оккупация есебінде қабылдаған башқүрт халқы тынымсыз азаттық
көтеріліске шықты (1735, 1737, 1740). 1738 ж. көктемде көтеріліске шыққан
башқүрт билерінің өтініші бойынша Әбілқайыр хан башқүрт жеріне кіріп,
орыс билігін қолдайтын башқүрттарды түтқынға алып, қалған біразынан
алым-салық жинатады. Осы оқиғадан соң башқүрттар мен қазақтардың орыс
билігіне қарсы күш біріктіруінен қауіптенген экімшілік орындары қазақ
билеушілерімен қатынасын жүмсартып, түрлі айла-шарғыға көшеді.
Сонымен бірге, бірінші Орынбор генерал-губернаторы И.И.Неплюев (1744—
1758) өзін-өзі ақтаған "тепе-теңдік" (баланс) саясатын жүргізді. Оның
мазмүны: Қазақстандағы бір емес, бірнеше аса ықпалды билеушілерге қолдау
көрсету,    бірақ    олардың    ешқайсысын    да    әкімшіліктің    ырқынан
шығып  кетерліктей  күшейтіп  жібермеу.  Белгілі  тарихшы  М.П.Вяткин   бүл
саясаттың  астарын  ашып:  "Ішкі  феодалдық   күрестің   асқынған   сәтінде
жүргізілген  бүл  саясат  анархияны,  мемлекеттік  қүлдырауды,  яғни  қазақ
жүздерін, алдымен Кіші жүзді элсірету саясаты болды. Қазақ қоғамының  саяси
элсіздігі ғана патша үкіметіне қазақ жүздеріне  қарсы  кең  шабуылға  өтуге
мүмкіндік беретін еді" деп жазды.
      "Тепе-теңдік" саясатының  ықпалын  ең  алдымен  Әбілқайыр  ханның  өзі
сезінді. Ол өмірінің соңына қарай императрица Елизавета Петровнаға жолдаған
хатында: "...Мына қайсақ ордасын мен  бодандыққа  өткенге  шейін  ешкім  де
білмейтін, оған алғаш жол салған мен, қүлыңыз, менен соң балаларым  да  осы
жолда қызмет көрсетіп шен-шекпен алды. Ал бірақ жыл өткен сайын, аса жоғары
император  мәртебелім,  өзіңіздің  маған  деген  қамқорлығыңыз   бен   сый-
күрметіңіз кеміп, оның есесіне менен  төменгілер  өсіп  барады,  неге  олай
екендігін түсінбедім" деп жазды.
      1746 ж. Әбілқайыр хан И.И.Неплюевке Орынбордағы айырбас  сауда  үйінде
эрбір қазақ жүздерінен 10-нан, барлығы 30 би үстау жөнінде үсыныс  жасайды,
ал олардың тізімін ханның өзі анықтауы керек еді. Бүдан ертерек  ол  өзінің
қарсыластары Әбілмэмбет хан мен  Барақ  сүлтанды  шекарадағы  бекіністердің
бірінде  үстауды  өтінеді.  Ханның  бүл  үсыныстарын   Неплюев   қабылдамай
тастайды. Осымен бір мезгілде отаршыл экімшілік Башқүртстан  мен  Қазақстан
арасына эскери бекіністер жүйесін  салып,  екі  халықтың  өзара  қатынасына
шектеу  қоюға  тырысты.  Ал  Жайық  өзенінің  төменгі  сағасына  орналасқан
бекіністердің коменданттарына қазақ  пен  Жайық  қалмақтары  билеушілерінің
алыс-берісіне жол бермеу тапсырылды. Патшалық  экімшілік  үшін  қазақтардың
ортаазиялық хандықтармен байланысына шек қою  қиынырақ  еді,  дегенмен  бүл
бағытта да түрлі  шаралар  қарастырылды.  Соған  қарамастан  Әбілқайыр  хан
1740—1741 жж. Иран шахымен Хиуа тағы үшін таласқа түсіп, бірақ мүнда орныға
алған жоқ.

      Ресейдің қазақ қоғамына тереңдеп ене бастауы, орталық билік  пен  жаңа
өлкенің  ара  қатынасын   реттеп   отыру   міндеті   жүктелген   орынборлық
экімшіліктің қазақ қоғамының ішкі өміріне жиі араласа  бастауы  Қазақстанда
мүлдем жаңа саяси ахуалдың қалыптасуына алып келді.  Оның  жинақы  көрінісі
қазақ билеуші тобының Ресейге қатынас мэселесінде өзара  қарсы  түрған  екі
лагерьге бөліне бастауы еді.  Ресей  үкіметінің  алғашқы  отарлау  шаралары
халықтың үлкен бөлігінің, оның  Төле  би,  Абылай  хан,  Барақ  жэне  Батыр
сүлтандар бастаған билеуші тобының жаңа  билікке  сескене  қарауына  түрткі
болды. Бүл бағыттағылар  Әбілқайыр  ханның  Ресеймен  жақындасу  шараларына
сенімсіздікпен  қарап,  мүндай   эрекет   қазақтарды   саяси   тәуелділікке
үрындырады деп түсінді. Келесі, екінші бағытты үстанушылар, яғни  Әбілқайыр
ханның үлдары, Жэнібек жэне Есет батырлар Ресеймен  тығыз  байланыс  орнату
арқылы сыртқы қауіптен қүтылуға жэне  ішкі  түтастыққа  жетуге  болады  деп
түсінді. Сондай-ақ, бүл топ  Әбілқайыр  ханның  жеке  беделіне  үлкен  үміт
артты. Қазақ қоғамында пайда болған бүл рухани ала ауыздық тез арада егеске
үласпағанымен өз нэтижесін бере  бастады.  Оны  мынадай  оқиғадан  байқауға
болады.
      Ресейдің отарлау шаралары жэне  Әбілқайырдың  үлдарын  аманатқа  алуы,
сондай-ақ ханның өз қарсыластарын  шектеуге  бағытталған  өтініштерінің  аяқ
асты болуы оның  халық  пен  қарсыластары  алдында  беделінің  түсуіне  алып
келген еді. Неплюевке жолдаған бір хатында  хан:  "Мен  жіберген  хаттардағы
өтініштерге байланысты бірде-бір іс атқарылған жоқ, ал  бүдан  өткен  жаманы
сол, мені бүтін өз жүртыммен үрыстырып, оның алдында үятқа  қалдырдыңыздар",
—  деген  өкінішін  білдіреді.  1748  ж.   тамызда   қарақалпақ   арасындағы
қазақтарға араша түсіп,  оларды  көшіріп  алып  қайтуға  барған  хан  қайтар
жолында Барақ сүлтанның жасағына кезігіп, екі арада болған қақтығыста  Барақ
сүлтанның қолынан  қаза  табады.  Бүл  бүкіл  қазақ  даласына  лезде  тарап,
жайсыздық туғызған оқиға еді. Алдымен Қазыбек би  мен  жоңғар  қонтайшысынан
сауға сүрап, жағымды жауап ала алмаған Барақ  Сауранға,  Төле  бидің  жанына
келіп паналап, биден эділ үкім күтеді. Билер  соты  сүлтанды  ақтап  шығады,
бірақ ол көп үзамай (1751 ж.) жаулары берген удан қаза табады.
      Әбілқайыр хан өлген соң 1748 ж. Кіші жүздегі  хандық  таққа  оның  үлы
Нүралы отырды. Бүл шешімді Ресей патшасы Елизавета Петровна бекітті. Нүралы
патшалық билік тарапынан бекітілген бірінші қазақ ханы еді.  Патша  үкіметі
бүл эрекеті арқылы  ендігі  уақытта  қазақ  жүрты  хан  ретінде  мойындаған
сүлтанды хандық  дэрежеге  бекіту  немесе  бекітпеу  өз  еркінде  екендігін
білдіруі еді. Бүл қазақ халқының  дербес  мемлекеттігін  жоюға  бағытталған
алғашқы қадам, сондай-ақ "патшалық ішінде патшалықтың болуы  мүмкін  емес!"
деген стратегиялық бағыт көрінісі болатын. Нүралы хан  да  әкесі  Әбілқайыр
сияқты  ел  арасындағы  ықпалды  топтардың  қолдауына  сүйене  алған   жоқ,
сондықтан да оған ресейлік билік орындарының қолдауы қажет-ақ еді.  Әкесіне
үқсап ол да алғашқы жылдары жалпықазақтық тақтан үміткер екендігін білдірді
де, бірақ сыртқы істер коллегиясы И.И.  Неплюевтің  кеңесі  бойынша  Нүралы
ханның өтінішін қолдамады, сөйтіп бекіту грамотасында  оның  билік  ауқымын
белгілемей, жай ғана "қазақ ханы" атады. Бүл қазақ қоғамын жеке хан  билігі
арқылы басқарудан бас тарту  еді.  Нүралы  ханға  дара  қолдау  көрсету  өз
ретінде Абылай, Барақ жэне басқа ел  арасындағы  аса  беделді  билеушілерді
Ресейге қарсы қоюмен тең еді.  Осы  жағдайды  ескере  отырып,  петербургтік
билік Неплюев үсынған, қазақ қоғамындағы  ықпалды  топтардың  бірде-бірінің
басқалардан ерекше күшейіп кетуіне  жол  бермей,  олардың  арасында  күштер
"тепе-теңдігін" сақтау саясатын  үстануға  көшті.  Сөйтіп,  кейінгі  XIX—XX
ғасырларда  жаңа  тарихи  жағдайларға  байланысты   өзгеріп,   жетілдіріліп
отырған, бірақ үздіксіз жүргізілген ресейлік қазақ саяси  элитасын  басқару
эдісі осылайша орныға бастаған еді.
      Ресей үкіметінің бүл саясатының  орнығуына  қазақ  қоғамының  ішіндегі
билеуші топ арасындағы ала ауыздықтың етек алуы, сондай-ақ Нүралы ханның ел
арасында беделінің жоқтығы қолайлы жағдай туғызды.  Әбілқайыр  ханның  ескі
жауы Батыр сүлтан Нүралыны хан ретінде мойындаудан бас тартып,  Сырдарияның
төменгі  ағысындағы  шекті  тайпасының  старшындары  оны    өздеріне    хан
сайлайды.   Сөйтіп,   Кіші   жүз    екі    хандыққа    бөлініп,  солтүстік-
батыс бөлігі Нүралы ханға, ал оңтүстік-шығыс  бөлігі  Батыр  ханға  қарады.
Егер Нүралы ханның Ресейге тэуелділігі жыл өткен сайын арта  түскен  болса,
Батыр сүлтан  өзін  Ресейден  алысырақ  үстап,  Хиуа  хандығының  қолдауына
сүйенуге бейімділік танытады. Нүралы хан билігінің  элсіреуіне  оның  көрші
халықтармен екі жаққа бірдей  тиімді  қатынас  орнықтыра  алмауы  да  үлкен
эсерін тигізді. Оңтүстік шекарада  Хиуаға  бағынышты  түрікмендермен  арада
бейбіт қатынастың орныға қоймауы салдарынан Нүралы әскері  біріккен  өзбек-
түрікмен қолдарынан қирай жеңіліп, мыңнан аса қазақ жігіттері  опат  болды.
Ханның Еділ мен Жайықтың  арасындағы  торғауыт  қалмақтарымен  қатынасы  да
өзара  жаулық  сипатта  болды.  1771  ж.  қысында  патшалықтың  езгісі  мен
зорлығынан Жоңғар жеріне қашқан торғауыттарды Нүралы хан Ералы жэне  Айшуақ
деген інілерімен бірге аяусыз тонап алады. Нүралы ханның саясаты  Кіші  жүз
қазақтарының башқүрт халқымен ара қатынасының шиеленісуіне алып келді. 1755
ж. Башқүртстанда Ресей езгісіне қарсы жаңа көтеріліс бүрқ ете қалды.  Патша
эскерінің қуғынынан ығысқан елу мыңға жуық башқүрттар қазақ даласына  еніп,
қазақтармен  біріге   орыс   шабуылынан   қорғанудан   үміттенді.   Орынбор
губернаторы  И.И.  Неплюев  башкүрттар  мен  қазақтарды  өзара   жауластыру
мақсатында Нүралы ханға  және  басқа  қазақ  билеушілеріне  арнайы  грамота
жолдап,  онда  башқүрттардың  малы  мен  мүлкін  тонап,  ал  өздерін  қүлға
айналдыруға шақырады. Бүл үндеу қазақ ауылдары арасында кең  қолдау  тапқан
жоқ. Тіпті,  орыс  билігінен  бірігіп  қорғану  мақсатында  жетіру  тайпасы
жерінде  қазақ-башқүрт  аралас  қолдары   қүрылып,   шекара   бекіністеріне
шабуылдар да жасалынды. Дегенмен, Орынбор губернаторының тілегін  орындауға
кірісіп кеткен Нүралы мен оның інілері башқүрттарды тонап, олардың  басшысы
Батырша Әлеевті орыстарға үстап беруге күш салады. Бүл сатқындық  эрекеттен
қазақ пен башқүрт елдері арасындағы туыстық қатынас бүзылып, өзара жаулыққа
үласуына жол ашады.
      Көршілерімен араздасқан Нүралы хандық ішінен де  қолдау  таба  алмады.
Патшалық экімшілікпен ғана жақын болу жолына түскен ханның рубасылармен ара
қатынасы алшақтап  кеткен  еді.  Хандықтың  күнделікті  өміріне  байланысты
шақырылып түратын билер кеңесі де сиреп, билердің ел басқару ісіне  араласу
мүмкіндігі тарыла түскен-ді. Ал Нүралы ханның  Жайықтың  оң  жақ  бетіндегі
жайылымдарды пайдалануға патшалық әкімшіліктің келісімін ала алмауы,  соның
салдарынан мал шаруашылығының дағдарысқа  үшырауы  ханның  беделін  біржола
қүлдыратты. 1785 ж. генерал-губернатор О.А.Игельстром II Екатерина  патшаға
"рубасылары мен халықтың ханға наразылығы соншалықты зор, тіптен  өздерінің
берекесі мен тыныштығын алушы ретінде қарайды" —  деп  жазды.  1772  жылдан
бастап Кіші жүз қазақтарының отарлық билік пен  хан-сүлтандардың  зорлығына
қарсы  азаттық  қозғалысының  басында  түрған  Сырым  батыр  өзін  қолдаған
рубасыларымен біріге отырып, Нүралыны биліктен  аластату  мэселесін  қояды.
Генерал-губернатор қозғалыс  басшыларының  бүл  талабын  орындап,  1785  ж.
Нүралы ханды Орынборға шақыртып  алып,  оған    қызметкерімен  ірге  тұруға
Уфадан  жарамды  үй  бөлдіріп,  күнкөріс  үшін  жылына  5  мың  сом   қаржы
тағайындайды.
      XVIII ғасырдың соңындағы саяси жағдай.  XVIII  ғасырдың  соңына  қарай
Қазақстанның үлкен бөлігі элі де болса саяси тэуелсіздігін  сақтады.  Ресей
империясымен арадағы шекара XVIII  ғасырдың  орта  түсындағыдай  Жайық,  Ой
(Тобылдың тармағы), Ертіс  арқылы  өтті.  Шекарадан  алыс  аймақтарға  орыс
билігінің ықпалы жете қойған жоқ еді. Оңтүстігінде қазақ жері Хиуамен  жэне
Түрікменстанмен шектесті. Оңтүстік-шығыста қазақ  иеліктері  Іле  Алатауына
жетті. Қытай билігіне ¥лы жүз қазақтарының шығыс аудандары ғана қарады,  ал
оның басым бөлігі, яғни батыс аудандары  тэуелсіздігін  сақтады.  XVIII  ғ.
соңынан бастап қазақ елінің бүл жағдайы  күрт  өзгеріске  үшырай  бастайды.
Орталық Азия хандықтары, Ресей жэне Қытай сияқты  көрші  мемлекеттер  қазақ
елінің өзін-өзі қорғай алатын мемлекеттік қуаты  жоқтығын,  сондай-ақ  ішкі
ала  ауыздығын  пайдаланып,  қазақ  жерін  бөліске  салу   ниетімен   нақты
эрекеттерге көше бастайды. Қазақ жеріне шабуыл барлық түстан  төніп  түрды.
Негізгі эрі аса қауіпті қарсылас патшалық Ресей еді. Қазақстанға бойлай ену
мақсатында  патша  үкіметі  эскери  бекіністер  тізбегін  салуды  одан  ары
жалғастырды. XIX ғ. басында  бүрынғы  бекіністер  тізбегіне  19  бекіністен
түратын Жаңа  Елек  тізбегі  қосылды.  Бүл  тізбек  арқылы  патшалық  билік
Қазақстаннан су мен шүрайлы жайылымға бай көлемі 750  мың  гектарлық  үлкен
аумақты бөліп тастады



   Дәріс 7. Қазақстанды Ресейдің жаулап алуының аяқталуы отарлау саясатын
                      жүзеге асыратын жүйенің құрылуы.


       1. Жетісу, Сыр, Арал өңірі қазақтары жэне 19-ғ. 30-40жылдарындағы
Ресей патшалағының эскери жорықтары
      2.Қазақтардың    Ресей    патшалығы    мен    Қоқан     билеушілерінің
отарлық қысымына қарсы азаттық күресі
      З.ресей империясының қазақ даласын  жаулап  алу,  отарлауда  қолданған
эдіс-тэсілдері

      XIX ғасырдың ортасына қарай қазақ жерлері үшін Қоқан, Хиуа жэне  Ресей
арасындағы  талас  күшейе  түсті.  Ресей  үкіметімен  болған   1840   жылғы
келіссөзде Хиуа ханы өз билігінің  Жем,  Ырғыз  жэне  Торғай  бойына  шейін
жететіндігін  білдіреді.  Сырдарияның  төменгі  жағасына  орыс  жэне  қоқан
қолдарын жібермеу мақсатында хан мүнда  бекіністер  салдырады.  Бірақ  Хиуа
ханының бүл  эрекеттері  ол  қалағандай  Қоқан  қолдары,  артын  ала  жақсы
қаруланған Ресей эскерлері ығыстыра бастайды. (Қосымша беттегі карта )
      Жыл  өткен  сайын  тереңдей  түскен  орыс  билігіне  қарсылық   туғызу
мақсатында Хиуа хандығы қазақтарды өзара бірлікке шақыруды қару етіп  алды.
Тура осындай әдіс-айлаға өзіне қарайтын аймақта Қоқан  хандығы  да  көшеді.
Бірақ олардың мүндай эрекетінен мардымды нэтиже шыға қоймайды. Өйткені Хиуа
мен Қоқанның алым-салық жинаушыларының  өктемдігі  мен  қатыгездігін  көріп
қалған халық олардан қарулы қарсылық арқылы болса да қүтылуға эзір еді.
      Тура осы мезгілде Түркістанның ішкі саяси өміріне Ресей белсенді түрде
араласа бастайды. Оның мынадай себептері бар-тын. Біріншіден, XIX  ғасырдың
орта  түсынан  бастап  қарқынды  даму  жолына  түскен  Ресей   өнеркэсібіне
түркістандық рынок аса қажет еді. Қазақ түтынушылары орыс көпестерінен  үн,
түрлі мануфактура өнімдерін, металдан жасалған  бүйымдарды  үлкен  мөлшерде
ала бастайды. Бүхар мен Хиуаға Ресей көпестері мата, иленген тері, металдан
жасалған бүйымдарды, қант жэне басқа тауарларды жеткізіп, Ресейге Түркістан
өңірінен мақта, жібек, күріш, жеміс-жидек, арзан бағаға мыңдаған  қой,  ірі
қара малды айдап кетіп жатты. Басқаша айтқанда Түркістанмен  түрақты  сауда
қатынасын орнату Ресейге өте тиімді еді. Ресей көпестері  Түркістан  арқылы
Үндістанға, Шығыс Түркістанға шығуды армандады.
      Бүл мезгілге шейін Үндістанға орнығып, енді Орталық Азияға көз  тіккен
Англияның  емеуріні  Ресейді Қазақстан  жерін  өзіне   қосып   алу  әрекетін
біржола  аяқтауға  итермеледі.  Ресей  үкіметінің  бүл  эскер  күшімен  іске
асырылған эрекеті екі  бағытта  жүрді.  Бірі  батыстан,  яғни  Орынбор  және
Сырдарияның төменгі ағысы арқылы, ал  екіншісі  шығыстан,  яғни  Омбы-Семей-
Жетісу арқылы.
      Батыс  бағытын  іске  асырушы  Орынбор   генерал-губернаторлары   орыс
билігінің Түркістан өлкесіне тереңдеп енуіне кедергі жасаушы  Хиуа  хандығы
деп тауып, 1839 ж. бес мың қолдан түрған  Хиуа  жорығын  үйымдастырды.  Бүл
жорық ешқандай нэтижесіз аяқталды. 1847 ж. генерал-губернатор В.А.  Обручев
Сырдың төменгі ағысында орнығуды көздеп, бүл  өңірдегі  аса  ықпалды  түлға
Жанқожа батырмен жылы қатынас орнатып әрі оған түрлі сыйлықтар жасап, Райым
(кейінірек Арал аталған) бекінісін  салуға  кол  жеткізді.  Орыс  билігімен
одаққа бару Жанқожа батырға бүл өңірдегі Хиуа жэне Қоқан тепкісінен  қүтылу
үшін керек болған еді. 1850 ж. Жанқожа  Райым  бекінісіндегі  орыс  қолының
көмегімен Сыр бойы қазақтарына шабуыл жасаған қоқандықтарды ойсырата жеңіп,
олардың Қошқорган бекінісін алады.
      1844 ж. патшалық билік генерал-губернаторларға қазақ даласына тереңдей
еніп, түрақты бекіністер салуға көшуді тапсырды. Сөйтіп, отарлау  ісі  жаңа
қарқын ала бастады. Соның нэтижесінде Райым бекінісінің  артын  ала  Қазалы
бекінісі түседі. Бүл бекіністерге жақсы  қаруланған  жаяу  әскер  мен  атты
казак эскері орналастырылды. Оларға  жүктелген  міндеттер  қазақ  ауылдарын
бағындырып,  хиуалықтар  мен   қоқандықтардың   бетін   қайтарып,   олардың
бекіністерін алу еді. 1853 ж. эскери  губернатор  Перовский  бастаған  2170
адамнан түрған орыс эскері Сырдың бойындағы Қоқан хандығының басты бекінісі
Ақмешітті өзіне қаратып, оның атын өзгертіп, "форт  Перовский"  деп  қойды.
Осылайша Түркістан өлкесіне  жол  ашуға  тиіс  болған  Сырдария  бекіністер
тізбегі өмірге келеді.
      Осымен бір мезгілде Қапалда  орыс  приставтығы  мен  Жетісу  облысының
кеңсесі ашылды.  Оған  жергілікті  халықпен  байланыс  орнату,  еппен  оның
сеніміне кіріп,  сол  арқылы  Қоқан  жэне  қытай  ықпалынан  шығарып,  орыс
билігіне тарту міндеті жүктелді.  1846  ж.  Кенесары  хан  қолын  Жетісудан
ығыстыруды көздеген орыс эскерінің экспедициясы Қапал  бекінісінің  негізін
қалайды. Бүл іс жүзінде орыстардың Жетісуда жасаған алғашқы қадамы болатын.
Англияның Шығыс Түркістандағы ықпалының арта түскендігінен  қорыққан  патша
үкіметі тездетіп  Жетісуда  бекіністерін  салуды,  ¥лы  жүз  қазақтарын  өз
қүрамына қосып алуды, сондай-ақ, Қытай  үкіметімен  Жетісу  арқылы  жүретін
сауда қатынасы жөнінде тез арада келісім-шарт жасасуды көздеді.
      Жетісу жеріне орыс билігінің аяқ басқанын  жеке  мүддесіне  пайдаланып
қалуды көздеген ¥лы жүздің бір топ  сүлтандары  мен  билері  1846  ж.  жаңа
билікті мойындайтындығын мэлімдеп, ант береді.
      1850 жылдан бастап орыс  қолдары  Жетісудағы  Қоқан  қамалдарын  жоюға
көшеді. Орыс эскеріне елеулі қарсылық көрсеткен  Қаскелең  өзені  бойындағы
Таукөбек қамалы еді. 1850 ж. сэтсіз аяқталған  екі  эрекеттен  соң,  келесі
жылы жазда орыс қолдары бүл бекіністі  алып,  жойып  жіберді.  Орыс  билігі
қазақ басқарушы тобына қатысты өзінің осы  уақытқа  шейін  ұстанған  эдісін
Жетісу жерінде де жүргізді. Қытай жэне Қоқан сияқты қарсыластарымен егесте,
сондай-ақ, Кенесары хан көтерілісін басып-жаншу ісінде Ресей жағында болған
қазақ пен қырғыздың билеушілері мен  ықпалды  адамдарына  түрлі  сыйлықтар,
эскери шен-шекпен үлестіру арқылы оларды өзіне тартып, өз мүддесіне  қызмет
істетуге тырысты.
      1853 ж. Ресейдің сыртқы істер министрі Батыс Сібір генерал-губернаторы
Гасфортқа Жетісуда Ресей позициясын нығайтуды қамтамасыз  етерліктей  нақты
шараларды іске асыруды тапсырады. Осы міндетті орындау мақсатында,  сондай-
ақ Ресейдің  Ташкент,  Қүлжа  жэне  Қырғыз  бағытындағы  сауда  жэне  басқа
қатынастарына жол ашатын жаңа ірі бекініс салу  жөнінде  шешім  қабылданды.
¥лы жүз приставы болып жаңадан бекітілген майор Перемышльский бұл бекіністі
орналастыру үшін Алатаудың етегіндегі Кіші Алматы  өзені  бойындағы  Алматы
елді мекенін таңдап алады. Құрылысы 1854 жылдың көктемінде басталып  кеткен
бұл бекініс Верный аталады. Оның  жанынан,  Алматы  өзенінің  оң  жағасында
казак эскерінің станицасы салынады. Бір-екі жылдың ішінде мұнда Сібір казак-
эскерінің 132 отбасы жэне 200 орыс шаруалары келіп  орналасты.  Оның  артын
ала Алматыға Сібір казак-эскерінің оныншы  полкін  енгізу  жөніндегі  патша
жарлығы жарық көреді. Көп ұзамай  Жетісу  эскери  губернаторы  Колпаковский
Семейден  егінші  татарларды  жэне  Воронежден  (Ресей)   орыс   шаруаларын
шақыртады. Осылайша Ресейдің Орталық Азияға енуіне жол  ашуға  тиіс  болған
Верный бекінісі біртіндеп осы өңірдегі  әкімшілік  орталығына  және  қалаға
айнала бастайды. Бұл мезгілде Қырым соғысында  жеңіліс  тапқан  Ресей  енді
негізгі назарын Түркістанға аударып, мұнда орнығуға күш салады. Ал  мұндағы
Хиуа, Бұхар жэне Қоқан хандықтары  арасындағы  өзара  тынымсыз  қақтығыстар
Ресейдің бұл мақсатына қолайлы жағдай туғызып,  1864  ж.  көктемде  ол  екі
бағытта эскери қимылдарға көшті. Олардың бірі Сырдария  бекіністер  тізбегі
тарапынан, яғни Перовскіден (Ақмешіт), ал екіншісі Жетісу жақтан, Верныйдан
басталды. Осы жылдың жазында бұл екі эскер қолдарының бірі Түркістанды,  ал
екіншісі Әулиеатаны алды.  Бұдан  кейін  екі  қол  бірігіп,  Шымкентке  бет
түзейді.  Орыс  эскеріне   бұл   бекіністі   алу   жеңілге   түспеді,   оны
қоқандықтардың  жаяу  жэне  атты  әскері,  артиллериясы  қарсы  алады.  Бір
ескерерлік жағдай — екі жақтың да эскер күштерінің қатарында қазақ  қолдары
болды. Мәселен, Қоқан эскері құрамындағы қазақ қолын  Кенесары  ханның  ұлы
Сыздық сүлтан, ал орыс әскері кұрамындағы қазақ  жігіттерін  Сұраншы  батыр
басқарған еді. Сондай-ақ бұған дейінгі Әулиеата үшін болған ұрыс  барысында
екі жақтың өзара келіссөзге  шығарған  елшіліктерінің  бір  жағында  Сыздық
сұлтан  жүрген  болса,  екінші,  яғни  орыс  елшілігінің  құрамында   Шоқан
Уэлиханов бар еді. Сөйтіп, қазақ қоғамында бұдан біраз  бұрын-ақ  байқалған
көзқарастық  жіктеліс  орыс-қоқан   соғыс   қимылдары   тұсында   да   анық
байқалды.Екінші шабуылдан соң, 1865 ж. орыс эскері Түркістан  өңірінің  ірі
сауда жэне саяси  орталықтарының  бірі  Ташкентті  алады.  Өзара  феодалдық
қақтығыстардан қалжыраған Түркістан техникалық жэне үйымдық түрғыдан жоғары
тұрған орыс әскеріне төтеп бере алмады. Міне, осы оқиғалардан соң Қазақстан
бүтіндей Ресей империясы қүрамына еніп, ендігі уақытта оның тарихында  жаңа
кезең — отарлық тэуелділік кезеңі басталады.
      Пысықтау сұрақтары:
      1. Жетісу, Сыр, Арал өңірі қазақтары жэне 19-ғ. 30-40жылдарындағы
Ресей патшалағының эскери жорықтарының маңызы неде ?
      2.Қазақтардың    Ресей    патшалығы    мен    Қоқан     билеушілерінің
отарлық қысымына қарсы азаттық күресінің нәтижесі ?
      З.ресей империясының қазақ даласын  жаулап  алу,  отарлауда  қолданған
эдіс-тэсілдері қандай болды ?


      Ұсынылған әдебиеттер:
      1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-
бөлім, 1-2 тараулар.
           3.Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім
      4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй половине XVI-века. А.,
1985.


      3.  Практикалық сабақтар:
|Тақырып 1.          |2     |1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан      |
|                    |      |тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2       |
|Қазақ халқының саяси|      |тараулар.                                   |
|тәуелсіздігін       |      |     3.Рысбайұлы К. Қазақстан               |
|жоғалтуы.           |      |Республикасының тарихы, 4-бөлім             |
|                    |      |4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй|
|                    |      |половине XVI-века. А., 1985.                |
|                    |      |5. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана |
|                    |      |(1985-2002 гг.). Алматы.,2003               |
|                    |      |6.Көкебаева Г. Халықаралық қатынастар       |
|                    |      |тарихы. Алматы.,1997                        |
|Тақырып 2.          |2     |1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан      |
|Қазақ-орыс          |      |тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2       |
|қатынастарының      |      |тараулар.                                   |
|тарихнамасы         |      |     3.Рысбайұлы К. Қазақстан               |
|                    |      |Республикасының тарихы, 4-бөлім             |
|                    |      |4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй|
|                    |      |половине XVI-века. А., 1985.                |
|                    |      |5. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана |
|                    |      |(1985-2002 гг.). Алматы.,2003               |
|                    |      |6.Көкебаева Г. Халықаралық қатынастар       |
|                    |      |тарихы. Алматы.,1997                        |
|Тақырып 3.          |2     |1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан      |
|XVI-XVIІІ           |      |тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2       |
|ғасырлардағы        |      |тараулар.                                   |
|Қазақстан мен Ресей |      |     3.Рысбайұлы К. Қазақстан               |
|арасындағы сауда    |      |Республикасының тарихы, 4-бөлім             |
|байланыстары        |      |4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй|
|                    |      |половине XVI-века. А., 1985.                |
|                    |      |5. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана |
|                    |      |(1985-2002 гг.). Алматы.,2003               |
|                    |      |6.Көкебаева Г. Халықаралық қатынастар       |
|                    |      |тарихы. Алматы.,1997                        |
|Тақырып 4.          |2     |1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан      |
|XVI-XVIІІ ғғ.       |      |тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2       |
|қазақ-орыс саяси    |      |тараулар.                                   |
|қарым-қатынастарының|      |     3.Рысбайұлы К. Қазақстан               |
|негізгі             |      |Республикасының тарихы, 4-бөлім             |
|                    |      |4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй|
|                    |      |половине XVI-века. А., 1985.                |
|                    |      |5. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана |
|                    |      |(1985-2002 гг.). Алматы.,2003               |
|                    |      |6.Көкебаева Г. Халықаралық қатынастар       |
|                    |      |тарихы. Алматы.,1997                        |
|Тақырып 5.          |2     |1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан      |
|XVI-XVIІІ ғғ.       |      |тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2       |
|қазақ-орыс елдері   |      |тараулар.                                   |
|арасындағы дәстүрлі |      |     3.Рысбайұлы К. Қазақстан               |
|елшілік байланыстар |      |Республикасының тарихы, 4-бөлім             |
|                    |      |4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй|
|                    |      |половине XVI-века. А., 1985.                |
|                    |      |5. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана |
|                    |      |(1985-2002 гг.). Алматы.,2003               |
|                    |      |6.Көкебаева Г. Халықаралық қатынастар       |
|                    |      |тарихы. Алматы.,1997                        |
|Тақырып 6.          |2     |1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан      |
|Қазақстан мен       |      |тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2       |
|Ресейдің мәдени     |      |тараулар.                                   |
|байланыстары және   |      |     3.Рысбайұлы К. Қазақстан               |
|экономикалық        |      |Республикасының тарихы, 4-бөлім             |
|қарым-қатынастары   |      |4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй|
|                    |      |половине XVI-века. А., 1985.                |
|                    |      |5. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана |
|                    |      |(1985-2002 гг.). Алматы.,2003               |
|                    |      |6.Көкебаева Г. Халықаралық қатынастар       |
|                    |      |тарихы. Алматы.,1997                        |
|Тақырып 7.          |      |1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан      |
|XVIII ғасырдағы     |      |тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2       |
|Қазақ хандығының    |      |тараулар.                                   |
|саяси жағдайы       |      |     3.Рысбайұлы К. Қазақстан               |
|                    |      |Республикасының тарихы, 4-бөлім             |
|                    |      |4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй|
|                    |      |половине XVI-века. А., 1985.                |
|                    |      |5. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана |
|                    |      |(1985-2002 гг.). Алматы.,2003               |
|                    |      |6.Көкебаева Г. Халықаралық қатынастар       |
|                    |      |тарихы. Алматы.,1997                        |
|Тақырып 8.          |2     |1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан      |
|Қазақстанды Ресейдің|      |тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2       |
|жаулап алуының      |      |тараулар.                                   |
|аяқталуы отарлау    |      |     3.Рысбайұлы К. Қазақстан               |
|саясатын жүзеге     |      |Республикасының тарихы, 4-бөлім             |
|асыратын жүйенің    |      |4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй|
|құрылуы және оның   |      |половине XVI-века. А., 1985.                |
|маңызы              |      |5. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана |
|                    |      |(1985-2002 гг.). Алматы.,2003               |
|                    |      |6.Көкебаева Г. Халықаралық қатынастар       |
|                    |      |тарихы. Алматы.,1997                        |
|Тақырып 9.          |2     |1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан      |
|Кіші және Орта жүз  |      |тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2       |
|хандықтарының Ресей |      |тараулар.                                   |
|бодандығын қабылдауы|      |     3.Рысбайұлы К. Қазақстан               |
|және Ресей          |      |Республикасының тарихы, 4-бөлім             |
|дипломатиясы.       |      |4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй|
|                    |      |половине XVI-века. А., 1985.                |
|                    |      |5. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана |
|                    |      |(1985-2002 гг.). Алматы.,2003               |
|                    |      |6.Көкебаева Г. Халықаралық қатынастар       |
|                    |      |тарихы. Алматы.,1997                        |
|Тақырып 10.         |2     |1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан      |
|XVI-XVIІІ ғғ. Қазақ |      |тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2       |
|хандығының          |      |тараулар.                                   |
|халықаралық жағдайы.|      |     3.Рысбайұлы К. Қазақстан               |
|                    |      |Республикасының тарихы, 4-бөлім             |
|                    |      |4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй|
|                    |      |половине XVI-века. А., 1985.                |
|                    |      |5. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана |
|                    |      |(1985-2002 гг.). Алматы.,2003               |
|                    |      |6.Көкебаева Г. Халықаралық қатынастар       |
|                    |      |тарихы. Алматы.,1997                        |
|Тақырып 11.         |2     |1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан      |
|Қазақ хандарының    |      |тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2       |
|дипломатиялық       |      |тараулар.                                   |
|шеберлігі.          |      |     3.Рысбайұлы К. Қазақстан               |
|                    |      |Республикасының тарихы, 4-бөлім             |
|                    |      |4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй|
|                    |      |половине XVI-века. А., 1985.                |
|                    |      |5. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана |
|                    |      |(1985-2002 гг.). Алматы.,2003               |
|                    |      |6.Көкебаева Г. Халықаралық қатынастар       |
|                    |      |тарихы. Алматы.,1997                        |
|Тақырып 12.         |3     |1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан      |
|ХҮІІІ – ғасыр мен   |      |тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2       |
|ХІХ ғасырдың І      |      |тараулар.                                   |
|жартысындағы        |      |     3.Рысбайұлы К. Қазақстан               |
|ресей-қазақ қоғамы. |      |Республикасының тарихы, 4-бөлім             |
|                    |      |4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй|
|                    |      |половине XVI-века. А., 1985.                |
|                    |      |5. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана |
|                    |      |(1985-2002 гг.). Алматы.,2003               |
|                    |      |6.Көкебаева Г. Халықаралық қатынастар       |
|                    |      |тарихы. Алматы.,19974. Барг М.А. Категория и|
|                    |      |методы исторической науки.                  |
|Тақырып 13. ХҮІІІ - |3     |1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан      |
|ғасырдың соңы мен   |      |тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2       |
|ХІХ -  ғасырдың  І  |      |тараулар.                                   |
|жартысындағы Қазақ –|      |     3.Рысбайұлы К. Қазақстан               |
|Ресей қатынастары   |      |Республикасының тарихы, 4-бөлім             |
|онығң әлеуметтік –  |      |4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй|
|экономикалық        |      |половине XVI-века. А., 1985.                |
|жағдайы.            |      |5. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана |
|                    |      |(1985-2002 гг.). Алматы.,2003               |
|                    |      |6.Көкебаева Г. Халықаралық қатынастар       |
|                    |      |тарихы. Алматы.,1997                        |
|Тақырып 14 Қазақстан|2     |1Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының     |
|мен Ресейдің қазіргі|      |тарихы, 4-бөлім                             |
|саяси-экономикалық  |      |2Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй |
|байланыстары        |      |половине XVI-века. А., 1985.                |
|                    |      |3 Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана  |
|                    |      |(1985-2002 гг.). Алматы.,2003               |
|Тақырып 15. Қазақ   |2     |1.Казақстан тарихы. Очерк. 2.Қазақстан      |
|халқынының басқа    |      |тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2       |
|елдермен халықаралық|      |тараулар.                                   |
|қатынастар          |      |     3.Рысбайұлы К. Қазақстан               |
|                    |      |Республикасының тарихы, 4-бөлім             |
|                    |      |4.Абусейтова М.Х. Казахско ханство во второй|
|                    |      |половине XVI-века. А., 1985.                |
|                    |      |5. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана |
|                    |      |(1985-2002 гг.). Алматы.,2003               |
|                    |      |6.Көкебаева Г. Халықаралық қатынастар       |
|                    |      |тарихы. Алматы.,1997                        |


      4. МАГИСТРАНТТЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ
      4.1 Магистранттардың өздік жұмысын орындаудағы әдістемелік нұсқаулар.
            Өздік жұмысының кең таралған және маңзыд түрлерінің  бірі  –  ол
тәжірибелік   сабақтарға   және   ғылыми   конференцияларға    студенттермен
әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі  өте  қызықты
және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми  зерттеулерге  баулиды.  Рефератты
дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі  ретінде  оларды
аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының  бәрі,  студенттердің
рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастырудағы үлкен жауапкершілік артады.
      Рефераттың тақырыбын  таңдап  алу  өте  маңызды  орын  алады,  өйткені
магистранттың  өздік   жұмысқа   деген   қызығушылығы,   алынған   тақырыпқа
байланысты  болады.  Сондықтан,  оқытушыға  магистранттың  тақырыпты   дұрыс
таңдап алуына көмек жасап, рефератты әзірлеу барысында оған жалпы  басқаруды
қамтамасыз ету қажет.
      Рефератты әзірлеуінің бірніш кезеңі - әдебиетті дұрыс таңдау, ол  үшін
кітапханадағы  каталогтарды  және  басқа  да   библиографиялық   нұсқауларды
қолданған   жөн.   Магистрантты   анықтамалық   әдебиеттермен,   термин    –
аудармалармен,  әдістемелік  нұсқаулармен,  ғылыми  журналдармен   қолдануға
үйрету қажет.
      Екінші кезең – танысу, мәліметті топтастыру және талдау.


      4.2 Магистранттардың өздік жұмыстарының тақырыптары
1.  Қазақ – орыс қарым - қатынастардың алатын орны
4.2  ХVІ-ХVШ ғғ. қазақ-орыс қарым-қатынастарының зерттелуі.
4.3 ХVІ-ХVШ ғғ. қазақ-орыс қарым-қатынастарының дерек көздері.
4.4 XVI ғ. Қазақ хандығының көрші елдермен елшілік байланыстары.
4.5 XVII ғ. Қазақ хандығының көрші елдермен елшілік байланыстары.
4.6  XVIII  ғ.  І-ширегіндегі  Қазақ  хандығының  көрші   елдермен   елшілік
байланыстары.
4.7 Тәуекел хан тұсындағы қазақ-орыс байланыстары.
4.8 Жоңғар басқыншылығының қазақ-орыс қатынастарына ықпалы.
4.9 Әбілқайыр ханның саясаты.
4.10 XVI-XVШ ғғ. Қазақ хандығының халықаралық жағдайы.
4.11XVI-XVШ ғғ. қазақ-орыс байланыстары ауызша дерек көздерінде.
4.12XVI-XVШ  ғғ.  қазақ-орыс  байланыстары  «Мәдени  мұра»   бағдарламасының
негізінде жүйеленуі.
4.13Қазақ хандығының XVIII ғ. І-жартысындағы саяси, экономикалық жағдайы.


Пәндер