Файл қосу

Тауардың материалдарға қоятын талабы




| ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                      |
|СЕМЕЙ қ. ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                           |
|СМЖ 3-деңгейдегі құжаты        |ПОӘК                |                       |
|                               |                    |ПОӘК 042 -             |
|                               |                    |18 -7.1.34/03-2013     |
|ПОӘК                           |                    |                       |
|«Тамақ өнімдерін сақтау        |№ 1    басылым      |                       |
|тәсілдері және буып-түю        |18.09.2013ж         |                       |
|материалдары» пәнінің          |                    |                       |
|оқу-әдістемелік кешені         |                    |                       |







        «Тамақ өнімдерін сақтау тәсілдері және буып-түю материалдары»

                       ПӘННІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ










                5В072800– «Өңдеу өндірістерінің технологиясы»


                               мамандығы үшін





                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР









































                                 Семей 2014



                                  Алғы сөз


      1 ӘЗІРЛЕНДІ
      Құрастырған   Семей    қаласының    Шәкәрім    атындағы    мемлекеттік
университетінің «Ет, сүт және тамақ өнімдерінің  технологиясы»  кафедрасының
т.ғ.к., доцент м.а. Нұрымхан  Гүлнұр  Несіптайқызы  __________  «28»  тамыз,
2013                                                                      ж.


      2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
      2.1  «Ет,  сүт   және   тамақ   өнімдері   өндірісінің   технологиясы»
кафедрасының мәжілісінде

    №1 хаттама «28» тамыз 2013ж.


    Кафедра менгерушісі   ______________   Б.Қ. Әсенова


    2.2  Инженерлік-технологиялық  факультеттің  оқу-әдістемелік  бюросының
мәжілісінде


    №1 хаттама 12 қыркүйек 2013ж.


    Төрайымы ______________   С.С.Төлеубекова


    3 БЕКІТІЛДІ
    Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің мәжілісінде қолдау  алды  және
басып шығаруға ұсынылды


    №1 хаттама 18 қыркүйек 2013ж.


    ОӘК төрайымы _____________  Г.К. Искакова




    4 АЛҒАШҚЫ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ
























                                   Мазмұны


    |1   |Глоссарий                                         |3           |
|2   |Дәрістер                                          |3           |
|3   |Зертханалық сабақтар                              |40          |
|4   |Магистранттардың өздік жұмыстарының тізімі        |61          |





































































   1. ГЛОССАРИЙ
      Агломераттар   -   өзара    Ван-дер    –Ваальс    күштерімен    немесе
электростатикалық   күштермен   байланысқан   өнімнің   ұсақ   бөлшектерінің
жеткілікті мөлшердегі мықты байланысы.
      Адгезия- екі әр текті денелердің жоғары беттерінің жабысуы
      Ассортимент- қандай да бір белгілері бойынша біріктірілген тауарлардың
түрлері немесе жиынтығы
      Бакалеялық тауарлар- ұн, жарма, дрожжилар,  макарон  өнімдері,крахмал,
тұз, кофе, саңырауқұлақтар, дәмдеуіштер
      Гель   фильтрация-   еріген   заттың   құрамындағы   түрлі   өлшемдегі
молекулаларын бөлу үрдісі.
      Дисперсті фаза- біртекті емес жүйенің ішкі, ұсақ бөлшектелген фазасы


      2. ДӘРІСТІК МАТЕРИАЛ


      Дәрістердің  негізгі  мақсаты   пән   бойынша  тақырыптарды  теориялық
негізде жеткізе білу болып табылады.

        1-дәріс. Тамақ өнімдерін сақтау мен буып-түюге арналған жалпы
                                 ұсыныстар.

        "Буып-түюге,  таңбалауға,  затбелгi  жапсыруға  және  оларды   дұрыс
түсiруге қойылатын талаптар" техникалық регламентi (бұдан әрi  -  Техникалық
регламент)  дайындаушыда  (өндiрушiде)   орауышқа   (ыдысқа)   буып-түйiлген
(өлшенiп  буып-түйiлген)  және  буып-түйiлмеген  (өлшенiп  буып-түйiлмеген),
Қазақстан Республикасы аумағында өткiзiлетiн отандық  және  импорт  өндiрiсi
өнiмiне  (тауарға)  қолданылады  және   буып-түюге,   таңбалауға,   затбелгi
жапсыруға  және   оларды   дұрыс   түсiруге   қойылатын   жалпы   талаптарды
белгiлейдi.Осы  Техникалық  регламент  ережелерi  өнiмдi  (тауарды)  өткiзу,
тасымалдау, сақтау, пайдалану, жөндеу, қалпына келтiру, кәдеге жарату,  жою,
нормативтiк  құқықтық  актiлердi  және  стандарттау  жөнiндегi   нормативтiк
құжаттарды   әзiрлеу   кезiнде,   техникалық   регламенттерде    белгiленген
талаптардың  сақталуына  мемлекеттiк  бақылау  жүргiзу  кезiнде,   сондай-ақ
сәйкестiктi растау  кезiнде  қолданылуға  тиiс.   Қазақстан  Республикасының
аумағында  қолданылатын,  өнiмнiң  (тауарлардың)  жекелеген  түрлерiн  буып-
түюге, таңбалауға, затбелгi жапсыруға және оларды дұрыс  түсiруге  қойылатын
талаптарды   регламенттейтiн   техникалық   регламенттер   мен   стандарттау
жөнiндегi нормативтiк құжаттар осы техникалық  регламент  талаптарына  қайшы
келмейтiн бөлiкте қолданылады.


       Осы техникалық регламентте мынадай терминдер қолданылады:


        жарамдылық  мерзiмi  -  өнiмдi  (тауарды)  дайындау  (өндiру),  оның
айналымы  процестерiнiң  (сатыларының)  шарттары  сақталған  кезде   мақсаты
бойынша пайдалану үшiн өнiмнiң (тауардың) қауiпсiз  болып  саналатын  уақыты
аяқталғанға дейiнгi кезең;


        дайындалған  (өндiрiлген)  күнi  -  өнiмдi   (тауарды)   дайындаудың
(өндiрудiң) технологиялық процесiнiң аяқталған сәтi туралы ақпарат  беретiн,
дайындаушы (өндiрушi) қоятын күн;


      буып-түйiлген  күнi  (өлшенiп  салынған,  сұйық  өнiмдер  құйылған)  -
өнiмнiң (тауардың) орауышқа (ыдысқа) салынған күнi;


       дайындаушы  (өндiрушi)  -  өнiмдi  кейiннен  иелiктен  шығару  немесе
өндiрiстiк  мақсаттарда  өзi  тұтыну  үшiн  өндiретiн  жеке   немесе   заңды
тұлғалар;


       ингредиент -  жануар,  өсiмдiк,  микробиологиялық  немесе  минералдық
тектi зат, сондай-ақ тағам өнiмiн дайындау (өндiру)  кезiнде  пайдаланылатын
және дайын өнiмде бастапқы немесе өзгертiлген түрде  болатын  табиғи  немесе
синтезделген тағамдық қоспалар;


       ұжымдық тауарлық белгi - бұл қауымдастықтың  (одақтың)  немесе  заңды
тұлғалардың және  (немесе)  жеке  кәсiпкерлердiң  өзге  де  бiрлестiктерiнiң
өздерi  шығарған  немесе  өткiзетiн  өнiмдердi  (тауарларды)  белгiлеу  үшiн
қызмет ететiн, бiрыңғай сапалық немесе өзге де  сипаттамаларға  ие  тауарлық
белгiсi;


       таңбалау -  тұтынушыға  арналған  ақпаратты  жеткiзетiн  және  өнiмге
(тауарға), құжаттарға,  жаднамаларға  (қосымша  парақтарға),  затбелгiлерге,
контрзатбелгiлерге,    кольереткаларға,     заттаңбаларға,     жапсырмаларға
(стикерлерге),  орауышқа  (ыдысқа)  түсiрiлген  мәтiн,  тауарлық   белгiлер,
шарттық белгi және суреттер;


       өнiм (тауар) шығарылатын жердiң атауы  -  табиғи  жағдайларды  немесе
адам факторларын қоса алғанда, өнiмнiң (тауардың) ерекше немесе басты  түрде
оны дайындаумен байланысты айрықша қасиеттерiн белгiлеу үшiн  пайдаланылатын
географиялық сiлтеме;


         тағамдық   құндылық   -   құрамымен   және   дәмдiк   қасиеттерiмен
айқындалатын, ағзаны тағамдық заттармен қанағаттандыру дәрежесi;


       тұтынушы - тiкелей тұтыну (пайдалану) немесе  одан  әрi  өткiзу  үшiн
өнiмдi (тауарларды) сатып алатын жеке немесе заңды тұлға;


       өнiм берушi - өнiмдi (тауарды) өткiзетiн жеке немесе заңды тұлға;


      сақталу мерзiмi -  сақтаудың  белгiленген  шарттары  сақталған  кезде,
өнiмнiң (тауардың) нормативтiк  құжатта  немесе  өнiмге  (тауарға)  арналған
сатып алу-сату  шартында  көрсетiлген  сапа  мен  қауiпсiздiк  көрсеткiштерi
сақталатын уақыт кезеңi;


       тауарлық  белгi  -  заңнамаға  сәйкес  тiркелген   немесе   Қазақстан
Республикасы қатысатын халықаралық шарттардың күшiмен тiркеусiз  қорғалатын,
бiрыңғай заңды немесе  жеке  тұлғалардың  өнiмiн  (тауарларын)  басқа  заңды
немесе жеке тұлғалардың  бiр  тектi  өнiмiнен  (тауарларынан)  ажырату  үшiн
қызмет атқаратын белгi;


       орауыш  (ыдыс)  -  өнiмдi  (тауарды)  зақымдалудан,  бүлiнуден   және
жоғалудан қорғауды қамтамасыз ететiн құрал немесе құралдар кешенi.





2-дәріс. Буып-түю материалдарының түрлері.

      Көптеген буып-түйілген материалдың  басым  бөлігін  қағаз  бен  картон
құрайды. Себебі  олардың  қасиеттері,  сорттары  көп  түрлі,  сонымен  қатар
бағасы төмендейді.
      Материалдың алғашқы шикізаты ағаш және бір жылдық өсімдіктер.  Шикізат
механикалық және химиялық әдістермен өңделеді де жартылай фабрикат алынады.
      Шикізат (ағаш және бір  жылдық  өсімдіктер  (тросник))  (физикхимиялық
әдіс)
            Шикізат (тросник)
                             ↓
                       Өңделеді (химиялық-механикалық)
                             ↓
                  ┌──  Жартылай фабрикат  ──┐
                   ↓                     ↓                           ↓
                   Ағаш       қағаз массасы       целлюлоза


      Механикалық өңдеу арқылы алынған жартылай фабрикат құрамында шикізатта
кездесетін барлық заттар сақталады. Ал химиялық  жолмен  өңдегенде  жабысқақ
және т.б. заттар еріткіштер арқылы толық  жоғалады  да  тек  таза  целлюлоза
қалады.
      Жартылай целлюлоза екі әдісті бірдей қолданда алынады,  яғни  химиялық
өңдеу белгілі бір шекте жүреді де әрі қарай механикалық өңдеумен  аяқталады.
Нәтижесінде жоғарыда айтылған заттар біртіндеп  ғана  жойылады.  Механикалық
өңдеу арқылы алынған жартылай фабрикат  ағаш  массасы  болып  саналады.  Бұл
массадан жасалған қағаз тех сарғылттанады және сынғыш  келеді.  Ал  химиялық
жолмен алынған жартылай фабрикаттан  жасалған  қағазда  немесе  целлюлозадан
алынған қағазда ағаш массасы болмағандықтан  мықтылығы  жоғары  болады  және
сарғаймайды.
      Қағаз тиісті қасиеттерге ие болу  үшін  жартылай  фабрикаттарды  қағаз
массасына айналдырады, яғни талшықтары ұнтақталады,  толтырғыштар  қосылады,
араластырылады, боялады және жабыстырылады. Ал осы  қағаз  массасынан  қағаз
бен картон даярланады.
      Материалдың қолдану мақсатына байланысты олар түрлі мықтылық қасиетке:
жыртылмайтын, езілмейтін, сынбайтын, ыдырамайтын, бүктелмейтін  және  т.с.с.
ие болуы қажет.  Сонымен  қатар  буып-түю  мақсатында  өткізбеушілік  қасиет
(май, су, бу, аромат, т.б.) маңызды роль атқарады.
      Өткізбеушілік қасиетке ие болу үшін түсін өзгерту үшін қағазға жаналға
жасайды және сіңіру сияқты өңдеулерден өтеді.
      Орауыш қағаз – макулатурадан,  ағаш массасынан,  целлюлозадан  қосылып
жасалады. (ТПЛ  8-3018  «Орауыш  қағаз»).  Бұл  қағаз  төмендегімен  тікелей
қатынаста болмауы керек.
      Пакетті қағаз – тығыздығы 40-125 г/м2 пакет жасау үшін қолданылады. Ол
мықтылығымен ерекшеленеді.
      Май  өткізбейтін  қағаздың  тағам  өнімдері  үшін  маңызы  зор.   Оның
пергамент, подпергамент, пергамен деген түрлері бар.
      Пергамент – май және ылғал өткізбейтін қасиетімен ерекшеленеді.
      Подпергамент – пергаментке қарағанда  май  және  ылғал  өткізбеушілігі
әлсіздеу.
      Пергамен  –  қасиеті  бойынша  подпергаментке   ұқсас,   бірақ   жарық
өткізгіштігі бар.
      Аталған қағаз түрлерінің барлығы майлы өнім өңдеуге қолданылады.
      Сіңірілген қағаз –  түрлі  сіңгіш  заттармен  өңделген  қағаз,  сіңгіш
заттар қосқаннан кейін қағаз тиісті қасиетке ие болады.
      Парафинмен өңделген қағаз –  бу  және  май  өткізбейді.  Сіңгіш  қоспа
ретінде парафин және пластмасса қолданылады (полиизобутилен, полиэтилен).
      Сіңіру арқылы мынадай қағаз түрлері даярланады:
     1) фуницитті;
     2) инсектицидті;
     3) бактерецидті.
      Фуницидті және бактерецидті  қағаз  дифенил,  сорбин  қышқылы,  натрий
бекзоаты  сияқты  сіңіргіш  материалдармен   өңделеді,   өнімді   зең   және
бактериялармен ластанудан қорғайды.
      Инсектицидті  қағазға  перетин  қосылып  өңделеді,   бұл   қағаздардан
қапшықтар жасалады, тағам өнімдерін жәндіктерден қорғайтын қасиетке ие.
      Картон– тұтынушы тара ретіндегі түрлі қораптар даярлауды қолданады.
      Дуплекс картон (екі қабатты) – ағаш массасы бар  ішкі  қабаты  болады.
225-500 г/м2
      Триплекс картон (үш қабатты) – ішкі екі қабат болады.
      Тегіс картон – тығыздығы 400 г/м2   оны  даярлау  үшін  қағаз  қабатты
қажет қалыңдық бергенше біріне – бірі жабыстырылады.
      Қолданылған шикізат  және  жартылай  фабрикаттарға  байланысты  картон
түрлі сортты болып келеді.
      Сұр  картон  –  макулатурадан  қызыл–қоңыр  картон,  ағаш   массасынан
даярланады, оны кож- картон деп атайды.
      Қатты картон – макулатурадан  даярланады,  мықты  болу  үшін  құрамына
белгілі мөлшерде целлюлоза немесе қамыс т.б. шикізаттар қосылады.
      Қатпарлы картон – маңызы өте зор, тегіс және толқынды,  ирен  қағаздар
қабатынан тұрады. Қабатына қарай былай бөлінеді:
     1) екі қатпарлы картон – 1 тегіс + 1 ирек ;
     2) үш қабатты қатпарлы картон – 2 тегіс + 1 ирек ;

бес қабатты қатпарлы картон – 3 тегіс + 2 ирек

      Ағаштар
      Транспортты тара үшін ағаш ең  маңызды  материал  болып  табылады,  ал
тұтынушылық  тара  одан   аз   мөлшерде   шығарылады.   Ағаш   целлюлозадан,
гелиицеллюлозадан  және  лигниннан  және  қосымша,  крахмал,   шайыр,   май,
минералды заттардан тұрады.
      Буып-түю мақсатында қолданылатын ағаштың келесі түрлері бар.
      Қарағай (Pinus silvestris). Ол әсіресе құрғақ  өнімдерге  қолданылады.
Құрамындағы шайырдың көп мөлшері оны иіске сезімтал өнімдерді буып-түю  үшін
қолданылады.
      Шырша (Picea exeisa). Ол жәшік, науа, кеспек  және  шелек  жасау  үшін
қолданылады.
      Май қарағай (Abies Pectinata).  Шайыр  иісі  болмағандықтан  иісі  жоқ
кеспек шығару үшін қолданылады.
      Жартасты  емен,  жазғық  емен  мықтылығына,  шыдамдылығына  байланысты
кеспек жасау үшін қолданылады. Оны қыста қолданған жөн.
      Қайың ол өте тұтқыр, иілгіш, жастикалы болып келеді. Онда  мүлдем  иіс
болмайтындықтан, иіске сезімтал өнімдерді  орау  үшін  қолданылады.  Кеспек,
жәшік жасайды. Жәшәктерді жиі желімделген фанерадан жасайды.
      Терек  оның  ағашы  өте  жеңіл  және  өте  жақсы  өңделеді.  Иісі  жоқ
болғандықтан  иіске  сезімтал  тауарларды  орау  үшін  қолданылады.   Құрғақ
кезінде шыдамды.
      Ағаштан жасалған тара негізінен транспорттық тара түрінде  шығарылады.
Себебі – бұндай тара  ұзақ  уақыт  ішінде  өз  қасеттерін  жоғалтпайды  және
экологиялық қасиеттерге ие.
      Ағаш тара мынадай қасиеттерге ие:
      - механикалық беріктік;
      - өңай жасалады;
      - шикізат қоры бай;
      - экологиялық таза.
      Кемшиліктері:
      - асалмағы ауыр;
      - бағасы қымбат;
      - гигиеналық қасиеттері төмен;
      - көп орын алады;
      - шірігіш.
      Казіргі кезде ағаштан тара аз мөлшере  шығарылады.  Оның  орны  жеңіл,
гигиеналық қасиеттері бар пластмасса және картоннан  жасалған  тара  көбірек
пайдаланылады.
      Тағам өнімдерін буып-түю үшін қолданылатын  шикізатқа  қатаң  талаптар
қойылады. Мысалы, бұл мақсатта қарағайды қолдануға  болмайды.  Өйткені  оның
құрамында көп мөлшерде смола  кездеседі.  Оның  иісі  өнімге  көшуі  мүмкін.
Шикізат ағаштың  түрін  буып-түюі  көзделген  өнімнің  ерекшеліктеріне  және
қасиеттеріне байланысты таңдайды.
      Шыны
      Шынының сәйкес қасиеттері оны тара жасау үшін жарамды етеді. Сондықтан
тағам өндірісінде тараның негізгі бөлігі шыныдан жасалады. Шыны  жасау  үшін
шикізаттар жеткілікті мөлшерде және ол қымбат емес.
      Шынының  мықтылығы,   соған   қарамастан   күңгірттігі   немесе   оңай
боялатындығы қолдану аясын кеңейтеді. Жақсы тығыздық, иістің жоқтығы  немесе
қасқан кезде жоғары мықтылығы  шыныны  тағам  өнімдерін  буып-түюге  жарамды
етеді.
      Кері қасиеті - үлкен салмағы және тараның нәзіктілігі.
      Шыны тара шығару үшін шикізат.
      Шыны тара шығару үшін қажетті шикізаттар негізгі және қосалқы
(қосымша) деп бөлінеді.
      Негізгі шикізатқа төмендегі қышқыл  және  сілтілі  қосылыстар  жатады:
кремнезем (кремний диоксиді  Si02),бор  ангидриді  (B2О3),  алюминий  оксиды
(Al2O3), натрий сульфаты (Na2SO4), содa (Na2CO3), поташ  (K2CO3),  известняк
(СаС03), доломит (СаС03 . МgС03).
      Қосымша шикізатқа шыны қайнату үшін қажетті компоненттер жатады:
  әр  түрлі  бояғыштар  (металл  оксидтері,  мыстың,  алтынның   және   т.б.
металдардың коллоидтық-дисперленген қосылыстары);
 шыныға  ақ  түс  беру  үшін  қолданылатын  заттар,  мысалы  фосфор,  қалайы
қосылыстары;
  тотықтырғыштыр  және  тотықсыздандырғыштар  –  арнайы  тотығу-тотықсыздану
ортаны қалыптастыру үшін;
      • түссіздендіргіштер және ағартқыштар – ақ және түссіз шыны алу үшін;
      • қорғасын оксиді РbО немесе барий оксиді ВаО - хрусталь  сортты  шыны
алу үшін (қорғасын хрусталі немес барий хрусталі).
      Шыны  тараға  қойылатын  талаптар  арнайы  мемлекеттік   стандарттарда
көрсетілген.
      Керамика
      Ыдыс жасау үшін пайдаланылатын ең көне материалдың бірі балшық  немесе
каолин болып табылады. Балшықтын және  каолиннің  айырмашылығы  бөлшектердің
мөлшерінде, ал құрамды заттары  (каолинит,  аллофан,  монтмоиллонит,  кварц,
жер сипаты және т.б.)
      Жер итотын немесе бор сияқты кремқышқыл  зат  қосқан  кезде  тығыздығы
жоғарылайды.
      Керамикалық массаны күштің көмегімен әр түрлі пішімдеуге  болады.  Бұл
тараның пішініне де және оның сыртын безендіруге  де  жатады.  Сыртын  соған
қарамастан түспен әшекей балшық немесе жер шкотымен жабады.

Керамикалық  масса  жеткілікті  мөлшерде  болса  да,  одан  аз   тара   түрі
дайындалады. Себебі бұйымды қолмен жасайды.


3-дәріс. Өнім сапасын сақтаудағы буып-түюдің сапасы.

Буып-түйгіш деген  материалдарға  тара  және  қосалқы  буып-түйгіш  құралдар
өңдеуге  қажетті  барлық  материалдар  жатады.   Буып-түйгіш   материалдарды
қолдану келесі қарым-қатынаспен анықталады:
      Тауар ═˃ материал ═˃ тара
      Бұл жерде негізгі фактор болып саналады.
      Тауардың материалдарға қоятын талабы;
    - материалдың өңделуіне қабілеттілігі;
    - қолда бар материал;
    - қымбат емес баға.
      Буып-түйгіш материалға қойылатын талаптар сан түрлі:
    - мықтылық;
    - өткізбеушілік;
    - тұрақтылық және т.б.
      Кейбір жағдайларда материалдар  бірнеше  талаптарды  бірден  орындауға
тура келеді. Мұндай кезде  бір  немесе  бірнеше  материалдар  біріктіріледі,
яғни комбинирлерді, сөйтіп мықтылық, өткізбеушілік сияқты талаптарға  бірден
жауап беруге қабілетті болады.
      Тараны даярлау кезінде материалдың  өңдеуге  жарамдылығы  маңызды  рөл
атқарады.   Дайындалатын   өнімнің   формасы   және   конструкциясы    өңдеу
ерекшеліктеріне байланысты болады. Сондықтан  материалдың  қарапайым  немесе
машина көмегімен өңдеу мүмкіндігіне қабілетті болуы тиіс.  Материалды  сатып
алу, жинақтау және оның бағасын  таңдау  кезінде  өте  жауапкершілік  қажет.
Материалдың бағасы тауар және тараның мақсаттылығына  және  қарым-қатынасына
байланысты түзіледі.
      Буып-түю материалдарының түрі және  товарлық  өнімнің  физика-химиялық
қасиеттеріне байланысты тара мынадай сипаттары боынша жіктеледі:
      – тауарлық айналымағы функциялары бойынша;
      – қайта пайдаланылуы бойынша;
      – иелену түрі бойынша;
      – арналуы бойынша;
      – жасап шығару тәсілі бойынша;
      – конструкциялық ерекшеліктері бойынша;
      – беріктігі бойынша;
      – сыртқы факторларға қарсы тұруы бойынша;
      – жасалған материалы бойынша;
      – шығару технологиясы бойынша.
      Тауарлық  айналымағы  функциялары  бойынша  тара   мынадай   3   түрге
бөлінеді: тасымалдауға арналған, тұтынушылық және жабдық-тара.
      Тасымалдауға арналған тара  тауарларды  тасымалдау  және  сақтау  үшін
қолданылады. Бүндай тара қорап, жәшік, контейнер және т.с. түрде кездеседі.
      Тұтынушылық  тара  тұтынушыға  тауармен   бірге   түседі   (флакондар,
бөтелкелер, банкалар, тубалар, стакандар, пакеттер және т.с.).  Оның  бағасы
тауардың бағасына кіргізіледі және  оны  сатып  алушы  төлейді.  Тұтынушылық
тараға қатаң талаптар қойылады, ол сатып алушының назарына ие  болуы  керек.
Шығарушы туралы, тауардың көлемі, тұтынушыға  қажетті  қасиеттері  және  оны
пайдалану ережелері бойынша ақпарат  білдіруі  керек.  Өнімге  жарнама  бола
алуы керек.
      Тара-жабдық  тауарды  салу,  тасымалдау,  уақытша  сақтау  және   оның
көмегімен  тауарды  сатуға  арналған  бұйым  болып  табылады  (мысалы,  сату
автоматтары).
      Қайта  пайдаланылуы  бойынша   тара   бір   рет   қана   қолданылатын,
қайтарылатын және көп мәрте қолданылатын деп бөлінеді.
      Тара көбінесе бір рет қана  қолданылады.  Қайтарылатын  деп  қолдануда
болған және қайта қолдануға келетін тараны  атады.  Көп  мәрте  қолданылатын
тара тауарларды жеткізу  үшін  көп  мәрте  қолдануға  келеді,  сондықтан  ол
міндетті түрде жеткізушіге қайтарылуы керек.
      Иелену түрі бойынша жалпы қолданылатын (жеке кәсіпорынның мүлкі  болып
табылмайтын) және инвентарлық (көп мәрте  қолданылатын,   жеке  кәсіпорынның
мүлкі  болып  табылатын  сондықтан  жеткізушіге  қайтарылатын   тара)   тара
кездеседі..
      Арналуы бойынша тара әмбебаб (универсал) және  арнаулы  деп  бөлінеді.
Әмбебаб тара әр түрлі тауарларды салу үшін қолданылады,  ал  арнаулы  –  тек
қана бір білгілі тауар үшін қолданылады.
      Жасап шығару тәсілі бойынша тара  бондарлық  (бондарная),  желімделген
(клееная),  штампталған   (штампованная),   құйылған   (литая),   пісірілген
(сварная) деп бөлінеді.
      Конструкциялық ерекшеліктері бойынша  тараны  шашылмайтын,  шашылатын,
жиналатын, шашылып  жиналатын,  жабық,  ашық  және  штабелденетін  тара  деп
бөледі.
      Шашылмайтын тара шашып тастауға  келмейтін  қозғалмайтын  бөлшектерден
тұрады.
      Шашылатын тараның конструкциясы  оны  жеке  бөлшектері  бойынша  шашып
тастауға және элементтерін бір-біріне қосып қайта жинауға мүмкіндік  береді.

      Жиналатын тараның конструкциясы  оны  жинауға  және  содан  соң  қайта
орнына келтіруге мүмкіншілік береді.
      Шашылып жиналатын тара конструкциясы бойынша шашылатын және  хиналатын
тараның қасиеттеріне ие болады.
      Егер  тараның  конструкциясы  қақпақ  немесе  басқа   жабу   элементін
қолдануға мүмкіндік беретін болса, бұндай тараны  жабық  тара  дейді.  Ондай
мүмкіндік болмаса – ашыт тара дейді.
      Штабелденетін деп Тараның конструкциясы оны  тұрақты  штабель  түрінде
жинауға мүмкіндік беретін болса, бандай тараны штабелденетін деп айтамыз.
      Беріктігі бойынша тараны берік (металл, ағаш  және  полимер  жәшіктер,
бөшкелер), жартылай берік  (картон  жәшіктер,  полимерные  тубалар),  жұмсақ
(қаптар, пакеттер) және сынатын (әр түрлі шыны тара) тара деп бөледі..
      Сыртқы факторларға қарсы тұруы бойынша тара шаң-, жарық-, май-,  газ-,
су- және ылғалөткізбейтін түрлерге бөлінеді.
      Жасалған материалы бойынша ағаш, картон,  қағаз,  мата,  метал,  шыны,
керамика, полимерден жасалған және комбинирленген тара кездеседі.
      Қазіргі   кезде   көбінесе   картон,   қағаз    және    комбинирленген
материалдардан  жасалған  тара  қолданылады.  Бұндай  тара  тараның   барлық
түрінің 70…90 % -ын құрайды.

             4-дәріс. Тауарларды сақтау кезіндегі маркілеу маңызы


       Дайындаушы (өндiрушi), өнiм  берушi  өнiм  (тауарлар)  туралы  оларды
дұрыс таңдау мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн тұтынушыға арналған қажеттi  және
дәйектi ақпаратты уақтылы ұсынады.


       Өнiмдi (тауарды) өткiзу кезiнде тұтынушыға арналған  ақпарат  тiкелей
өнiммен   (тауармен),   орауышта   (ыдыста),    затбелгiде,    кольереткада,
контрзатбелгiде,    заттаңбада,    жапсырмада    (стикерде),     құжаттарда,
жаднамаларда (қосымша  парақтарда)  берiлген  мәтiнмен,  шартты  белгiлермен
және (немесе)  суреттермен  бiрге  заңнамаға  сәйкес  өнiмнiң  (тауарлардың)
жекелеген түрлерiн таңбалауға қойылатын талаптар  ескерiле  отырып  берiлуге
тиiс.
       Өнiмдi  (тауарды)  өткiзу  кезiнде  тұтынушыға   арналған   ақпаратты
дайындаушы (өндiрушi) және (немесе) буып-түюшi, өнiм берушi ұсынады.


           Орауыштағы     (ыдыстағы),     затбелгiдегi,      кольереткадағы,
контрзатбелгiдегi, заттаңбадағы,  жапсырмадағы  (стикердегi),  құжаттардағы,
жаднамалардағы (қосымша парақтардағы) қолдану жөнiндегi тұтынушыға  арналған
ақпарат пен таңбалаудағы мәтiн мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылады.
      Тұтынушыға арналған ақпарат  өнiм  (тауар)  туралы  ақпарат  берiлетiн
мемлекеттiк, орыс немесе өзге де  тiлдiң  емле  ережесi  нормалары  ескерiле
отырып жазылады.


       Тұтынушыға арналған ақпарат тiкелей өнiмнiң (тауардың)  әр  бiрлiгiне
орауышта  (ыдыста),  затбелгiде,  кольереткада,  контрзатбелгiде,   таңбада,
жапсырмада  (стикерде),  құжаттарда,  жаднамаларда  (қосымша   парақтардағы)
оқуға (танысуға) қолайлы жерге орналастырылады.


        Тұтынушыға  арналған  ақпарат  стандарттау   жөнiндегi   нормативтiк
құжаттамада көзделген тәсiлмен берiледi және айқын әрi оңай оқылуға тиiс.


       Тұтынушыға арналған ақпарат бiр нақты түсiнiктi, толық  және  өнiмнiң
(тауардың) құрамына,  қасиеттерiне,  тағамдық  құндылығына  (тағам  өнiмдерi
үшiн), табиғатына, тегiне, дайындалу (өндiрiлу)  және  тұтынылу  (қолданылу)
тәсiлiне,  сондай-ақ  сапасы  мен  қауiпсiздiгiн   тiкелей   немесе   жанама
сипаттайтын өзге  де  мәлiметтерге  қатысты  тұтынушыларды  жаңылыстырмайтын
және  берiлген  өнiмдi  (тауарды)  сыртқы   түрi   немесе   органолептикалық
көрсеткiштерi  бойынша  соған  жақын  басқа  өнiм  ретiнде  қабылдауға   жол
бермейтiн болуға тиiс.


       Тұтынушыға арналған ақпаратта өнiм (тауар)  оған  сәйкес  дайындалған
(өндiрiлген) нормативтiк құжаттың атауы (белгiсi) көрсетiледi.


       Сәйкестiктi растау туралы тұтынушыға  арналған  ақпаратты  дайындаушы
(өндiрушi) және (немесе) өнiм берушi:
       стандарттау  жөнiндегi  қолданыстағы  нормативтiк  құжаттарға  сәйкес
түсiрiлген сәйкестiк белгiсi;
      техникалық реттеу  саласындағы  заңнамаға  сәйкес  өнiммен  (тауармен)
қоса жүретiн  сәйкестiк  сертификаты  (сәйкестiк  сертификатының  көшiрмесi)
түрiнде беруге тиiс.
      Буып-түйiлмеген  немесе  өлшенiп  буып-түйiлмеген  өнiмнiң  (тауардың)
сәйкестiгiн растау туралы ақпаратты тұтынушыға өнiм берушi жеткiзедi.


      Өнiм (тауар) туралы тұтынушыға арналған ақпаратта  өнiмнiң  (тауардың)
атауын көрсету қажет.


        Өнiмнiң   (тауардың)   атауы   стандарттау   жөнiндегi   нормативтiк
құжаттардың талаптарына сәйкес келуге тиiс.


      Өнiм (тауар) атауын латын алфавитiнiң әрiптерiмен жазуға болады.


       Өнiмнiң  (тауардың)  шығу  тегi  орнының  атауы   мынадай   жағдайлар
сақталған жағдайда оның атауына қосу рұқсат етiледi:
      өнiмнiң (тауардың) шығарылған орнының  атауы  географиялық  объектiнiң
тарихи атауы болса;
       тұтынушыға  арналған  ақпаратта  дайындаушы   (өндiрушi)   орналасқан
елдерде  белгiленген  тәртiппен  тiркеусiз  дайындаушы  (өндiрушi)   -   осы
тауарлық белгiнiң иесi тiркеген немесе қабылдаған (ұжымдық)  тауарлық  белгi
көрсетiлсе;
      белгiсi географиялық объектiнi бiлдiретiн немесе содан тұратын,  бiрақ
Қазақстан Республикасында оны дайындаған (өндiрген) орнымен байланысты  емес
белгiлi бiр түрдегi  өнiмнiң  (тауардың)  белгiсi  ретiнде  жалпы  қолдануға
енгiзiлген өнiмнiң (тауардың) шығарылған орны атау деп танылмаса;
      өнiмнiң (тауардың) шығарылған  орнының  тiркелген  атауын  осы  атауды
пайдалану  құқығына  ие  болып  табылмайтын  заңды  және  жеке   тұлғалардың
пайдалануына жол берiлмейдi.


       Өнiмнiң (тауардың) атауында:
      басқа ұқсас өнiмнiң (тауардың) атауын көрсетуге;
      өнiмге (тауарға) өнiмнiң (тауардың) шығу тегiне  (табиғатына)  қатысты
тұтынушыларды жаңылыстыратын атау  беруге  (табиғи  өнiмдердiң  өнеркәсiптiк
өндiрiлетiн баламаларына табиғи өнiмдердiң  атауларына  жақын  атау  беруге)
жол берiлмейдi. Өнiм (тауар) туралы тұтынушыға  арналған  ақпаратта  өнiмнiң
(тауардың)  жеке  түрiне   арналған   қолданыстағы   стандарттау   жөнiндегi
нормативтiк құжаттарға сәйкес өнiмнiң (тауардың)  ерекше  қасиеттерi,  жайы-
күйi және арнайы өңделуi (болған жағдайда) туралы ақпарат болуға тиiс.


        Өнiмдi  дайындау  (өндiру)  кезiнде  өңделген  негiзгi  ингредиенттi
пайдаланған жағдайда тиiстi  ақпарат  өнiмнiң  (тауардың)  құрамына  кiретiн
ингредиенттер тiзбесiнде ингредиенттер атауымен қатар орналастырылады.


       Егер өнiм (тауар) екi негiзгi  құрамадан  (ингредиенттен)  дайындалса
(өндiрiлсе), олардың атаулары  өнiмнiң  (тауардың)  атауына,  екеуден  артық
құрамадан  (ингредиенттен)  құралса,  өнiмнiң   (тауардың)   құрамы   туралы
тұтынушыға арналған ақпаратқа енгiзiледi.


       Өнiмнiң (тауардың) құрамына  кiретiн  ингредиенттердiң,  құрамалардың
тiзбесi  бiр  ингредиенттен,  бөлшектеп   тұратын   өнiмдердi   (тауарларды)
қоспағанда,  өнiмдердiң  (тауарлардың)   барлық   түрлерi   үшiн   берiледi.
Ингредиенттердi, құрамаларды көрсетуден бұрын "Құрамы"  немесе  "Жинақтылық"
деген  тақырып  болуға,  одан  кейiн  өнiмдi  (тауарды)  дайындау   (өндiру)
кезiндегi олардың тiзбесi берiлуге тиiс.Ингредиенттер тiзiмiнде:
     өнiмдi (тауарды)  дайындау  (өндiру)  барысында  буланып  кететiн  ұшпа
компоненттерiн;
      қайта өңдеу үшiн агенттер ретiнде пайдаланылатын  заттар  мен  көмекшi
материалдарды;
       ерiткiштер  немесе  жеткiзгiштер  ретiнде   пайдаланылатын   заттарды
көрсетпеуге болады.


       Егер  шикiзаттарды,  шала  өнiмдердi,  жинақтаушыларды  тұтынушыларға
өткiзу үшiн олардың қасиеттерiн өзгертетiн және (немесе) оларды дайын  (оның
iшiнде өлшеп салынған) өнiмге (тауарға) айналдыратын, технологиялық  өңдеудi
немесе  қайта  өңдеудi,  жинауды  жүзеге  асыратын  кәсiпорындарға   бiрнеше
дайындаушы (өндiрушi) жеткiзсе және осының салдарынан әрбiр нақты  партияның
дайындаушысын  (өндiрушiсiн)  көрсету  мүмкiн   болмаса,   онда   тұтынушыға
арналған ақпаратта көрсетiлген өнiмге  технологиялық  өңдеудi  немесе  қайта
өңдеудi, жинауды жүзеге асыратын,  кәсiпорынды  осындай  өнiмнiң  (тауардың)
дайындаушысы (өндiрушiсi) және буып-түюшiсi деп есептеу қажет.


     Дайындаушының (өндiрушiнiң),  буып-түюшiнiң,  өнiм  берушiнiң,  өнiмнiң
(тауардың) сапасы бойынша шағымдарды қабылдайтын ұйымның  және  лицензиардың
(егер  өнiм  (тауар)  лицензия  бойынша  дайындалса  (өндiрiлсе)  атауы   ол
орналасқан елiнде  белгiленген  тәртiппен  тiркелген  атауға  сәйкес  келуге
тиiс.


       Тұтынушыға  арналған  ақпаратта  дайындаушының  (өндiрушiнiң),   өнiм
берушiнiң,  өнiмнiң   сапасы   бойынша   шағымдарды   қабылдайтын   ұйымның,
лицензиардың (егер өнiм (тауар)  лицензия  бойынша  дайындалса  (өндiрiлсе),
атауы мен  орналасқан  жерiн  (заңды  мекен-жайын),  Қазақстан  Республикасы
заңнамасына  сәйкес  мемлекеттiк  тiркелуге  жататын   өнiм   (тауар)   үшiн
тiркелген нөмiрi мен тiркелген күнiн көрсету қажет.


       Егер бiр елде дайындалған (өндiрiлген) өнiм (тауар) оның  қасиеттерiн
өзгертетiн  және  (немесе)  соңғы  дайын  өнiмге  айналдыратын  басқа   елде
кейiннен технологиялық өңдеуден немесе құрастырудан  өтсе,  онда  тұтынушыға
арналған ақпаратты түсiру  кезiнде  кейiннен  технологиялық  өңдеудi  немесе
құрастыруды жүргiзген ел  осы  өнiмдi  (тауарды)  дайындаушы  (өндiрушi)  ел
ретiнде қарастырылады.


     Дайындаушының  (өндiрушiнiң),  буып-түюшiнiң,  өнiм   берушiнiң,   өнiм
(тауар) сапасы бойынша  шағымдарды  қабылдайтын  ұйымның  және  лицензиардың
(егер өнiм (тауар) лицензия бойынша дайындалса (өндiрiлсе)  заңды  мекенжайы
елдiң, қаланың (облыстың және елдi  мекеннiң),  көшенiң  атауы,  үйдiң  және
кеңсенiң нөмiрiн қамтуға тиiс. Көрсетiлген тұлғалардың  байланыс  құралдары:
телефоны, факс, электрондық поштасы, web-site қосымша көрсетiлуi мүмкiн.


       Егер өнiмдi  дайындаушы  (өндiрушi)  бiр  мезгiлде  буып-түюшi,  өнiм
берушi болып табылмаса, онда  тұтынушыға  арналған  ақпаратта  дайындаушының
(өндiрушiнiң) атауы мен оның заңды мекен жайынан басқа  буып-түюшiнiң,  өнiм
берушiнiң атауы және олардың заңды мекенжайлары көрсетiледi.


      Егер өнiм (тауар) лицензия  бойынша  дайындалса,  тұтынушыға  арналған
ақпаратта лицензиаттың  атауы  мен  заңды  мекенжайы  және  лицензия  нөмiрi
көрсетiледi.


     Тұтынушыға  арналған   ақпаратта   Қазақстан   Республикасы   аумағында
тұтынушылардан өнiм (тауар) сапасы туралы шағымдар  (ұсыныстар)  қабылдайтын
ұйымның атауы мен мекен-жайы көрсетiледi.
      Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан  өнiм  (тауар)  сапасы
туралы шағымдар қабылдайтын ұйым туралы ақпарат мынадай:
      егер өнiм (тауар) өзге елде дайындалған (өндiрiлген);
       егер  дайындаушының  (өндiрушiнiң)  заңды  мекен-жайы  тұтынушылардан
шағымдар  қабылдайтын  ұйымның   заңды   мекен   жайымен   сәйкес   келмеген
жағдайларда көрсетiледi.


      Орауышта (ыдыста) тұтынушылардан шағымдар  қабылдайтын  ұйымның  заңды
мекен   жайының   көрсетiлмеуi,   осы   дайындаушы   (өндiрушi)    Қазақстан
Республикасы   аумағында   орналасқан   жағдайда,   шағымдар   дайындаушының
(өндiрушiнiң) заңды мекен жайы бойынша қабылданатынын бiлдiредi.


      Өнiмдi  (тауарды)  дайындауға  (өндiруге)  және  өткiзуге  белгiленген
тәртiппен құқық  (лицензия)  алған  ұйымдар  орауышқа  (ыдысқа)  оларға  осы
құқықты  (лицензияны)  берген  ұйымдардың,   компаниялар   мен   фирмалардың
тауарлық белгiлерiн салады.


     Тұтынушыға арналған ақпаратта өнiмнiң (тауардың)  таза  салмағы,  жалпы
салмағы,  негiзгi  өлшемдерi  мен  көлемi   орауышта   (ыдыста)   шамалардың
метрикалық жүйесiмен (Халықаралық бiрлiктер жүйесiмен) көрсетiледi.


     Өнiмнiң  таза  салмағы,  жалпы  салмағы,   негiзгi   өлшемдерi   немесе
көлемдерi дайындаушының (өндiрушiнiң) қалауы бойынша  белгiленген  тәртiппен
тығыздықты - таза салмақ мәнiнiң  өлшеудi  орындау  әдiстемелерi  бекiтiлген
өнiмге (тауарға) белгiленедi.


     Негiзгi құрам бiрлiгi сұйық ортада  болатын  өнiмдер  (тауарлар)  үшiн,
таза ортақ салмақтан  басқа  негiзгi  өнiмнiң  (тауардың)  салмағы  орауышта
(ыдыста) көрсетiледi.


Өлшеп салынған сұйық өнiм (тауар) үшiн тұтынушыға арналған  ақпаратта  көлем
мәнi  өзге   де   сусымалы,   қатты,   қоймалжың   немесе   тұтқыр   иiлмелi
консистенциялы, газды қуыстары бар  өнiм  (тауар)  түрлерi  үшiн,  сондай-ақ
тығыздықты -  таза  салмақ  мәнiн  өлшеудiң  стандартталған  әдiстемесi  жоқ
өнiмдер үшiн көрсетiледi.


Сақтау кезiнде таза салмағы, негiзгi өлшемдерi  немесе  көлемi  кiшiрейетiн,
даналап  немесе  "өлшеп"  (тұтынушының  көзiнше  өлшенедi)  сатылатын   өнiм
(тауар) үшiн, тұтынушыға арналған ақпаратта өнiмнiң таза  салмағының  немесе
көлемiнiң мәнiн көрсетпеуге рұқсат етiледi.


Тағамдық  өнiмнiң  арнайы  қоректiк  қасиеттерi,  емдiк,  ем-дәмдiк   немесе
сауықтыруға  арналғандығы  туралы,  онда  биологиялық   белсендi   заттардың
барлығы, зиянды заттардың  жоқтығы  туралы  немесе  сауықтыру-емдiк  арналуы
туралы  өзге  де  балама  сипаттамалар  және  аурудың  жеке  түрлерi  болған
жағдайда  қолдануға  қайшы  айғақтар  туралы  ақпарат  тұтынушыға   орауышқа
(ыдысқа),  өнiмнiң  (тауардың)  әрбiр  бiрлiгiне   қоса   берiлетiн   немесе
жабыстырылатын   затбелгiге,   кольереткаға,   контрзатбелгiге,   құлақшаға,
жапсырмаға  (стикерге),  құжаттарға,   жаднамаларға   (қосымша   парақтарға)
жазылып жеткiзiледi.


Тағамдық  өнiмдер  үшiн  тұтынушыға  арналған  ақпаратта  өнiмнiң   тағамдық
құндылығын  (қоректiк  заттардың:  ақуыздардың,  майлардың,   көмiрсулардың,
дәрумендердiң,  макро-   және   микроэлементтердiң   болуын   және   өнiмнiң
нәрлiлiгiн) көрсету қажет.
      Құрамындағы  қоректiк  заттардың  ақпараттық  (есептiк)  көрсеткiштерi
өнiмнiң  жеуге   жарамды   бөлiгiнiң   100   г-дағы   немесе   100   мл-дегi
көмiрсулардың,   ақуыздардың,   майлардың,   дәрумендердiң,   макро-    және
микроэлементтердiң салмағы ретiнде, ал нәрлiлiгi  -  100  г  немесе  100  мл
өнiмге есептелген килокалориямен көрсетiледi.


  Сақтау  шарттары  арнайы  сақтау  шарттарын  (төмен  температураны,  жарық
режiмiн және басқаларды) талап ететiн өнiм (тауар) үшiн көрсетiледi.  Сапасы
қымталған орауышты ашқаннан  кейiн  өзгеретiн  өнiм  (тауар)  үшiн  орауышты
ашқаннан кейiнгi сақтау шарттары көрсетiледi.


  Жарамдылық  мерзiмiн  өнiмдi  (тауарды)   дайындаушы   (өндiрушi)   сақтау
шарттарын  мiндеттi  көрсетiп  және   нормативтiк   құқықтық   актiлер   мен
стандарттау жөнiндегi нормативтiк  құжаттарда  көзделген  талаптарды  ескере
отыра белгiлейдi.
       Дайындаушы  (өндiрушi)  белгiлеген  жарамдылық  мерзiмi,  белгiленген
сақтау шарттары сақталған жағдайда, тұтынушылардың өмiрi  мен  денсаулығының
қауiпсiздiгi талаптарына өнiмнiң сәйкестiгiне кепiлдiк бередi.
      Жарамдылық мерзiмi өнiмнiң  дайындалған  (өндiрiлген)  күнiнен  бастап
есептеледi.
       Жарамдылық  мерзiмiнiң   ұзақтығына   байланысты   мынадай   тәсiлмен
көрсетiле  алады:  "...(сағат,  күн,  ай  немесе  жылға   дейiн)   жарамды",
"...(күнiне  дейiн)  жарамды",  "...  (күнiне)   дейiн   пайдаланылсын   ", 
"...(сағат, күн, ай немесе жыл) бойына жарамды", "Қызмет ету мерзiмi...(жыл-
сағат-цикл)".


  Өнiмнiң сақталу мерзiмiн өнiмдi  (тауарды)  дайындаушы  (өндiрушi)  сақтау
шарттарын көрсетiп (қажет жағдайда) және стандарттау  жөнiндегi  нормативтiк
құжаттарда көзделген талаптарды есепке алып белгiлейдi.
      Сақтау мерзiмi өнiм (тауар)  дайындалған  (өндiрiлген)  күннен  бастап
есептеледi.
      Өнiмнiң (тауардың) сақталу мерзiмi күндi, айды және  жылды  бiлдiретiн
екi мәндi сан түрiнде көрсетiледi.


  Егер жарамдылық мерзiмi немесе сақталу мерзiмi "...(сағат, күн, ай  немесе
жыл)  бойына  жарамды",  "Сақтау  мерзiмi...(күн,  ай  немесе  жыл)"   деген
сөздермен көрсетiлсе,  онда  затбелгiге  немесе  орауышқа  (ыдысқа)  өнiмнiң
(тауардың) дайындалған (өндiрiлген) күнi мiндеттi түрде жазылады.
       Өнiмнiң  дайындалған   (өндiрiлген)   күнi:   "...(күнi)   дайындалды
(өндiрiлдi)",  ал  буып-түйiлген  күнi  -  "...(күнi)  буып-түйiлдi"   деген
сөздермен  көрсетiледi.  Егер  өнiмдi  (тауарды)  бiр  мезгiлде  дайындайтын
(өндiретiн) және буып-түйетiн дайындаушы (өндiрушi) буып-түюшi болса  немесе
буып-түюшi   дайындаушы   (өндiрушi)   деп   есептелсе,   онда   дайындалған
(өндiрiлген) және буып-түйiлген  күнiн:  "...(күнi)  дайындалып  (өндiрiлiп)
буып-түйiлдi" деген сөздермен көрсетуге рұқсат етiледi.
       Дайындалған  (өндiрiлген),  буып-түйiлген,  жарамдылық  және   сақтау
мерзiмiнiң аяқталған күйiн затбелгiлердiң жиектерiне сандарға қарсы  кертпеш
(белгi) түсiру немесе күнге сәйкес келетiн сандарды өшiру жолымен  көрсетуге
рұқсат етiледi.


  Түссiз орауышқа  (ыдысқа)  құйылатын  мөлдiр  түссiз  сұйық  өнiм  (тауар)
түрлерiнiң  құйылған  күнi  орауыштың  (ыдыстың)  артқы  жағынан   көрiнетiн
затбелгiнiң артқы жағына жазуға болады.


  Нақты   өнiмдi   (тауарды)   сәйкестендiретiн   штрих   код   қолданыстағы
нормативтiк  құжаттарға  сәйкес  сканерлеушi  құрылғылармен   есептеу   үшiн
қолайлы орында затбелгiге және (немесе) орауышқа (ыдысқа) орналастырылады.


  Өнiм (тауар) өнiмдi сипаттайтын кез келген өзге  ақпаратпен,  оның  iшiнде
Қазақстан Республикасы заңнамасына  қайшы  келмейтiн  жарнамалық  ақпаратпен
қоса жiберiле алады.


     Егер өлшемдерi шағын (бiр жағының ауданы 10  см-ден  аспайды)  орауышқа
(ыдысқа) өнiм туралы тұтынушыға арналған ақпараттың  қажеттi  мәтiнiн  толық
түсiру мүмкiн болмаса, онда ақпаратты топтық орауышқа (ыдыстың) немесе  жеке
немесе топтық орауыштың (ыдыстың) әрбiр  бiрлiгiне  қоса  берiлетiн  қосымша
параққа  орналастыруға  рұқсат  етiледi.  Сондай-ақ  өнiм  (тауар)  жинақтап
сатылатын топтық  орауыштың  (ыдыстың)  әрбiр  бiрлiгi  тұтынушыға  арналған
ақпаратпен қоса жiберiледi.
      Тұтынушыларға өнiмдi (тауарды)  алдын  ала  өлшеп  салынбаған  түрiнде
өткiзу кезiнде, өнiм  (тауар)  сауда  үй-жайларында  (сатылатын  орындарда),
оның iшiнде сатып алушының көзiнше  өлшеп  салынған  жағдайда,  олар  туралы
ақпаратты  орауыштың  (ыдыстың)  әрбiр  бiрлiгiне  қоса  берiлетiн   қосымша
параққа, өнiмнен (тауардан) тiкелей жақын жердегi  баға  көрсеткiшке  немесе
ақпараттық параққа орналастыруға рұқсат етiледi.
      Өткiзу орындарында қаптарға салынған  өнiмде  (тауарда)  буып-түйiлген
немесе өлшеп салынған ұқсас өнiм үшiн  қарастырылған  ақпарат  болуға  тиiс.
Тұтынушыларға арналған ақпарат қаптарға бекiтiлген затбелгiлерге жазылады.
      Өнiмдi (тауарды) дайындаушы (өндiрушi) тұтынушыға  арналған  ақпаратты
орауыштың (ыдыстың) бiрлiгiнiң тек сол бiр жерiне орналастырады.
      Тұтынушыға арналған ақпаратты оқу  үшiн  қолайлы  бiр  немесе  бiрнеше
орынға орналастыруға рұқсат етiледi.


     Өнiмдi сақтау, тасымалдау, пайдалану, кәдеге жарату (қайта өңдеу),  жою
кезiндегi  қауiпсiздiк  талаптары  тұтынушы  үшiн  қалған  ақпараттан   өзге
қарiппен, түспен немесе басқа тәсiлдермен ерекшеленуге тиiс.
      Егер өнiм (тауар) салынған орауыш (ыдыс) қосымша  орауышпен  қапталса,
онда не iшкi орауыштың затбелгiсi сыртқы орауыш  арқылы  жеңiл  оқылуға,  не
сыртқы орауышта ұқсас затбелгi болуға тиiс.


       Өнiммен  (тауармен)  байланысқа   түсетiн,   тұтынушыларға   арналған
ақпаратты түсiру құралдары  өнiмнiң  (тауардың)  қауiпсiздiгi  мен  сапасына
әсер етпеуге тиiс, өнiмдi (тауарды) сақтау, тасымалдау және  өткiзу  кезiнде
таңбалау тұрақтылығын қамтамасыз етуге тиiс.


       Қоршаған  орта  белсендi  әсер  ететiн  жағдайларда   немесе   арнайы
жағдайларда (жоғарғы немесе төменгi  температура,  жемiрлi  орта  және  тағы
басқа) қолданылатын  өнiм  (тауар)  туралы  тұтынушыға  арналған  ақпараттың
сақталуы мынадай:
      әсер етуге тұрақты (ылғалға төзiмдi, ыстыққа төзiмдi және тағы  басқа)
материал-жеткiзушiнi қолдану;


     тиiстi түсiру (басу, ою және тағы басқа) әдiсiн қолдану;
      әсер етуге тұрақты қабықты (мөлдiр үлдiрдi, буманы, қорапты және  тағы
басқаларды)  қолдану  тәсiлдерiнiң  бiрiмен   немесе   олардың   жиынтығымен
қамтамасыз етiлуге тиiс.


      Тұтынушыға арналған ақпаратты беру,  оның  iшiнде  таңбалау  өлшемдерi
мен нысаны орауыштың (ыдыстың) өлшемi мен нысанына сәйкес келуге тиiс.



     5-дәріс. Тауарларды сақтау мен тасымалдау кезіндегі жағдайдың әсері
      Тауарларды сақтау және тасымалдау кезінде  тұтынушылық  құндылықтарына
қауіп төнеді. Ол келесі жүретін өзгеруге байланысты:
      - сапасының өзгеруі - тауар өндірісінің  құрамдас  бөліктері  химиялық
процесстер барысында өзгеруге ұшырайды. Май  қақсиды,  витаминдер  ыдырайды.
Көмірсутек ашыған өкілдер пайда болады.
      - күйінің өзгеруі - тауар өндірісінің химиялық құрамы сақталады, бірақ
күйі өзгереді. Мысалы: нанның  қатуы,  сахарозаның  кристалданып  карамельне
айналуы.
      - ластану және шығындалу - бұл бөгде  денелердің  түсуінен,  жәндіктер
мен   кеміргіштердің   зиянкесті   әрекеттерінен   немесе   булану   процесі
нәтижесінде туындайтын  тұтынушылық  құндылығын  төмендететін  кемшіліктері.
Мысалы: тауар өніміне шаңның қонуы, басқа иістің сіңуі, дәнді -  дақылдардың
қоңыздармен ластануы, ароматты заттардың ұшып кетуі, кебуі және т.б.
      Пастерленген  сүт.
      Сүтті  сауа  салысымен  онда  микроорганизмдердің   көп   түрі   болуы
мүмкін, ары  қарай  оны  тасымалдауда  және  өңдеуде  олардың   саны   қатты
өседі; сол себепті  сүт фермасында рұқсат етілген тәсілмен  сүт  пастерленуі
керек (85ºС температурада  пастерлеу немесе қысқа  уақытта 71-74  ºС).  Одан
соң сүтті тез +5ºС  дейін  суытады. Егер   пастерленген    сүт  ауада   ашық
күйінде   қалса,  онда  ол   тағы  да  микрооорганизмдермен   инфицирленеді.
Сондықтан пастерленген сүтті микробтары аз  тараға  құйып,  микроорганизмдер
енбейтіндей суықта  сақтау қажет. Тоңазытқыштық жүйе бұзылмау керек.
      Сонымен  қатар  тараға басқа иіс  пен  дәм,  ароматтар  енбеуі  керек,
өйткені сүт өзіне басқа иістерді енгізуі жеңіл  болады.   Нақты   зерттеулер
көрсеткішіне байланысты, сүттің  құрамындағы  витаминдер  жарықтың  әсерінен
тез  төмендейді екен (6 сағат ішінде сүттіің құрамындағы С  витамині  мөлдір
бөтелкеде 79 % құрайды). Сүтке жарықтың әсері тағы да
сальды,майлы дәм  береді-жарықтан  жақсы  қорғайтын тара қажет.
      Сауылған  сүттен  басқа,  сатылуға  пастерленген  майсыздалған   сүтте
түседі, оның  майлылығы  максимум 0,05 % құрайды.  Майы  аз  пахта  және  де
сүтқышқылды  өнімдер  (йогурт,  айран  және   т.б)    мен   сүт    сусындары
дайындалады. Олардың тарасына  қосымша  талаптар қойылмайды.
      Буып-түю  құралдары.
            Сүтке  арналған тұтынушы  тара. Соңғы кезге  дейін  пастерленген
сүт  және де  басқа арнайы түрлері (йогурт т.б) шыны    құмырада   сатылатын
болатын.
         Шыны   құмыралардың   артықшылығы  олардың   иісі,  дәмі  болмайды,
тіпті сүтті қыздырған  кезде шықпайды.   Сонымен  қатар   қайталап   қолдану
кезінде  де (50-60 рет)  арзан  тұрады.
           Шыны     құмыралардың       кемшіліктері   -   қайта    әкелінген
бөтелкелердің    дұрысталып    тазалануындағы    техникалық    қиындықтардың
туындауы.  Жұмысшылардың   көп  жұмыс  істеуінен,  олардың   көзбен    қарап
тексергенінен    жеткіліксіз     тазаланады;   буып-түю  кезінде   бөтелкені
зақымдап алу қаупі; тараның салмағының  жоғары   болуы  (құмыраның   салмағы
0,25 л-ге 200 г, 0,5  л-ге  450 г және 1л-ге 660 г); жоғары жарық  енгіштік.
Жарықтан қорғаушы    боялған  бөтелкелерді  қолдану,  олардың      тазалығын
тексеруде   қиындықтар    туғызады      және    бұл     сатып    алушылардың
келіспеушілігін  шақырады. Осы кемшіліктердіңт болуы картоннан жасалған  бір
 реттік таралардың енуіне себебін тигізді.
      Сүтті  тасымалдаушы    тара   болып   қазіргі   кезде   комбинирленген
материалдан  жасалған тара - картон  және  пластмассадан  жасалған  пакеттер
және полиэтиленді пленкалы пакеттер табылады.


      Қойылтылған  сүт және кофеге арналған кілегей.
       Сүт  көп   уақыт  сақталуы   үшін,  ол  стерилденген   болуы   керек.
Жылытылып, содан  соң 50-30 %  буландырып, суығаннан кейін  тараға   құұйлып
стерилденеді  (115-120  ºС).  Өзіне   арналған  тарада  және   суықта  3  ай
көлемінде сақталады.  Тараны   ашқан  соң,  бөлме   температурасында  сүттің
сақталуы 2-3 күн.
      Тара (банкі, шыны  құмыра)   стерилизациялау   температурасына   шыдау
керек  және  өз  кезегінде  сүтке  бөгде  иіс,  дәм   бермеуі   қажет   және
герметикалық жан-жағынан жабық  болуы тиіс.
      Стерилизацияланған кофе  кілегейіне буып-түю  құралдары  үшін   арнайы
талаптар қойылады.
      Егер  жарық енгіш  тара қолданылатын  болса, онда қоюланған  сүт  және
кофе қаймағын қараңғы  жерде сақтау   керек.  Сақтау   температурасы  15  ºС
–тан жоғары  болмауы керек.
      Буып-түю  құралдары.
      Қоюланған сүтке және кофе кілегейіне  қолданылатын  тара:
      а) ақ қаңылтырдан жасалған  банка;
      б) шыны банкалар
      в) шыны бөтелкелер
      г) алюминийден жасалған қатты  тубалар.
      Банканың этикеткасын жабыстыру үшін кілейді  бетіне  толық  жағамыз,ал
шыны құмыра үшін сызықпен не  тамшы түрінде    тамызамыз.
      Қаңылтырдан   жасалған  банканың  бетіне  мөр  қойылады,  ал   шыныдан
жасалғанғанға  қойылмайды, себебі  дұрыс  қойылмаған  мөрді  қайта   қалпына
келтіруге  болмайды.
      Қойылтылған  сүтті  және  кофеге   арналған   кілегейді   тасымалдаушы
тара:
      а)  ағаштан    жасалған    көп    қолданбалы   40    бөтелке    сиятын
контейнерлер (0,25 л);
      б) қақпағы  бар  қораптар  немесе   гафрирленген    жиналғыш  қораптар
немесе  толық  картоннан  жасалған 30   бөтелкелер  немесе  72  банка.


      6-дәріс. Өнімдердің сақтаудың дәстүрлі және заманауи әдістері

Аппертиздеу. Біз аппертиздеу деп атайтын асты консервілеу  әдісі  1810  жылы
Николя Аппердің арқасында  пайда  болды.  Оның  мәні  суға  батырылған  және
герметикалық  жабылған  сыйымдылықта  асты  ұзақ  дайындау.  Бұл   пастерлеу
әдістерінің біреуі. Консервілеу үдерісі ауаның қатысуынсыз жабық  кеңістікте
жүргізіледі.
Аппертиздеу  үдерісі  кезінде   өнімдерге   зиянды   микроағзалардың   дамуы
баяулайды.  Бұл  оның  дәмін  өзгертпей,  өнімдерді  мүлде  қауіпсіз  етеді.
Осындай әдіспен ет өнімдерін және көкөністерді сақтайды.


 Пастерлеу. Пастерлеу әдісін Луи Пастер ферменттеу үдерістеріне  тәжірибелер
жүргізу  кезінде  ойлап  тапты.  Пастерлеу   кезінде   өнімді   микроағзалар
жойылатын температураға деін қыздырады. Пастерлеудің классикалық әдісі 60ºC-
тан асатын,  бірақ  100ºC-тан  аспайтын  температурада  өтеді.  Пастерлеудің
өнімдер құрамындағы дәрумендерді жоғалтпай,  олардың  дәмдік  және  қоректік
қасиеттерін сақтап қалуға мүмкіндік беретіні маңызды.


Мұздату.  Мұздату   ең   заманауи,   сондықтан   да   азық-түлік   өнімдерін
консервілеудің ең сапалы әдісі. Өнімдерді әр түрлі температурада  мұздатады.
Көкөністер мен жемістерді - 30-тан - 40 °C-қа дейінгі, етті -  20  °C-тан  -
40 °C-қа дейінгі температурада мұздатады.


Алынған   мұздатылған   өнімдер   өздерінің   ем   дәмдік,   қоректік   және
органолептикалық қасиеттерінің көпшілігін сақтайды.  Осы  әдістің  арқасында
өнімдер  біздің  ағзамыз  үшін  маңызды  дәрумендер  мен  минералды  тұздар,
сонымен қатар  ағуыздар  мен  майлар  сияқты  қоректік  заттардың  ең  көбін
сақтайды. Мұздатылған өнімдер қайтадан мұздатылуға жатпайтынын есте  ұстаған
жөн. Мұздату өнімдерді сақтаудың ең тиімді әдісі болып саналады.





Ашыту. Ашыту – бұл өнімдерді сақтаудың биологиялық әдісі.  Оның  мәні  сүтті
ферменттеу нәтижесінде сүт қышықылын бөлуде.  Ашыту  әдісі  бірінші  кезекте
өсімдік  өнімдерін  сақтау  үшін   қолданылады.   Ашыту   олардың   қоректік
қасиеттеріне әсер етпей,  өнімдерді  сақтауға  мүмкіндік  береді.  Еуропалық
елдердің көптеген тағамдарында қырыққабатты ашыту өте танымал  болды.  Дұрыс
ашытылған қырыққабатты  жаншу  және  арнайы  бөшкеге  салу  қажет.  Ашытудың
барлық  үдерісінде  тұздық   суды   құйып   отырған   маңызды.   Тұздық   су
қырыққабаттан сөлдің бөлінуіне әсер етеді  және  сүтқышқылды  бактериялардың
дамуын тездетеді.


Кептіру.  Өнімдерді   сақтаудың   әдісі   ретінде   кептіру   барлық   жерде
қолданылады, яғни тек үйде ғана емес,  сонымен  қатар  азық-түлік  өнімдерін
шығаратын  фабрикаларда  да.  Жүздеген  жылдар   бойы   белгілі   екендігіне
қарамастан  асты  кептіру  үнемі  жетілдірілуде.  Кептіру  өнімдерді   судан
босатады. Бұл оларды зиянды микроағзалардың дамуынан  тамаша  қорғайды.  Бұл
әдіс шәй, кофе, макарон өнімдерінде, сонымен  қатар  кептірілген  жемістерді
алу үшін қолданылады.


Ыстау. Ет,  балық  немесе  ірімшік  сияқты  өнімдерді  ыстау  оларды  арнайы
ыстағыштарда түтін  әсеріне  қою  арқылы  болады.  Ыстауға  қажетті  түтінді
жапырақты ағаштарды жағу арқылы  алуға  болады.  Ыстаудың  арқасында  біздің
өнімдер өзіндік дәм мен иіс алады.


             7-дәріс. Өнімнің ерекшелігіне байланысты буып-түю.
Шыны таралар - кең көлемде тағам өндіріснде қолданылады.  Бұл  көп  мөлшерде
шикізаттың  бар  екенін,   сонымен   қатар   шынының   жақсы   қасиеттерімен
түсіндіріледі. Мысалы:
      - иістің және дәмнің толық жоқ болуы;
      - иіс пен дәмді қабылдамаушылығы;
      - химиялық заттарға жақсы тұрақтылық;
      - қысу кезінде жақсы тұрақтылық;
      - жақсы өткізбеушілік;
      - толық изоляцияланған.
      Сонымен қатар тараны мөлдір, мөлдір  емес  және  жарық  өткізбейтіндей
қылып жасауға болады.  Материал  және  өндіріс  оған  әртүрлі  пішін  беруге
мүмкіндік  береді.  Бөтелкелерге  өлшем  тізімі  0,1  -  ден  1  л  -  дейін
стандарттарда бекітіледі. Шыны тараға бөтелке, банка  және  стаканнан  басқа
арнайы буып - түю құралдары қолданылады. Мысалы: конфетті буып - түю  арқылы
шыны таралар.
      Кемшіліктеріне басқа тара түрлерімен салыстырғанда салмағының ауырлығы
және механикалық мықтылығының төмендіні (сынғыштығы) жатады.
      Шыны тараны классификациялау және ассортименті
      Шыны   тараны   аузының   мөлшері,   шынының   түсі,   арналуы    және
конфигурациясы бойынша классификациялайды.
      Аузының мөлшері бойынша тар ауызды (аузының  ішкі  диаметрі  30  мм-ге
дейін) және кең ауызды (аузының ішкі диаметрі 30  мм-ден  үлкен)  шыны  тара
кездеседі. Тар ауызды  тара  (бөтелкелер),  әдетте,   шарап,  арақ,  коньяк,
сыра,  алкогольсіз  сусындар,   минералды   сулар,   ликерлер,   настйкалар,
шырышдар,  шампан  шараптарын  және  өсімдік  майларын  құю,   сақтау   және
тасымалдау үшін қолданылады.
      Тар ауызды тараның сиымдылығы 50, 200, 250, 330, 500, 700 и  1000  мл.
Оларды түссіз, жартылай ақ, жасыл и қою сары шыныдан жасайды.
      Кең ауызды тара (банкалар  және  бутыльдер)  сүт  және  сүт  өнімдерін
құюға,   герметикалық   түрде   жабылып   сақталатын   және   тасымалданатын
консервіленген өнімдерді буып-түюге арналады. Олардың сиылмылығы 100  -   10
000 мл болады және олар мөлдір және жартылай ақ шыныдан жасалады.
      Арналуы бойынша тара былау бөлінеді:
      – консервіленген өнімдерді  герметикалық  түрде  жабу  үшін  банкалар,
бөтелкелер және бутыльдер;
      – тағамдық сұйықтар, сондай-ақ арақ-шарап өнімдері үшін бөтелкелер;
      – және т.б.
      Түсі, формасы, негізгі өлшемдері, сиымдылығы, салмағы және жіберілетін
ауытқулар  бойынша  шыны  тара  оның  жеке  түрінің  стандартында   қойылған
талаптарға сәйкес келуі керек.
      Шыны тараның сапасы тікелей шынының сапасынан тәуелді болып  табылады.
Шыны  жақсы  пісірілген,  бірткеті  болуы  керек,  ақаулары  болмау   керек;
химиялық тұрақты болу керек, тараға құйылған өнімге көшпеуі керек  және  оны
бұзбауы керек. Ішіндегі  өнімнің  жайын  байкауға  болатындай  мөлдір  болуы
керек.
      Соның  құйылуына   арналған   өнімнің   физика-химиялық   қасиеттеріне
байланысты  жарықтың  өнімге  әсер  етпеуін  қамтамасыз  ету   үшін   қорғау
түстеріне – қою сары, қою жасыл түске боялуы керек.

      Керамика таралар
      Керемикалық тара - қосымша роль атқарады. Бұған  себеп  жоғары  бағалы
шынымен  бұл  тара  қорғаушы  қасиеттермен  және  жақсы   термоизоляциясымен
иеленеді.  Сонымен  қатар  спиртті  сусындар  үшін  қалыпты  немесе  маңызды
формалы  бөтелкелер  дайындалуы  мүмкін.  Бөтелкеден  басқа  буып  -   түюге
арналған банкалар, саз  -  балшықтан  жасалған,  қыштан  жасалған  құмыралар
қолданылады.

           8-дәріс. Өнімді сақтауға арналған ыдыстар мен қораптар.

      Картон және қағаздан жасалған тара шығару үшін картон, қағаз,  фанера,
қаңылтыр, жіп, шпагат, металл таспа, металл сым, желімдегіш және  тығыздағыш
заттар, ылғалдан және басқалардан қорғайтын жамылыштар қолданылады.
      Картон мен қағаз басқа материалдармен қосылып дайын өнімнің  (тараның)
қажетті мықмылығы мен жеңілдігін қамтамасыз етеді.
      Картон мен қағаздың  типі  тараның  мықтылығына  қойылатын  талаптарға
сәйкес, тараның конструкциясы оптималды  (оңтайлы)  және  үнемді  және  оған
салынатын өнімнің сақталуын қамтамасыз ететіндей қылып таңдайды.
      Картон және қағаздан тара жасау үшін ең жақсы материал болып  құрамына
негізінен сульфаттық целлюлоза кіретін таралық картон және қағаз табылады.
      Өңдеудің  түріне  және  өңдеудің  мүмкіндігіне  байланысты  қағаз  бен
картоннан әр түрлі таралар жасалады.
        Басқа   да   материалдармен   байланысты   (пластмассалар,   бұлдар,
қаңылтырлар)  әр  түрлі  жағдайларда  пайдалану   мүмкіндігіне   ие   болды.
өндірістің ерекшелігіне байланысты таралардың түрлері көп түрлі  формалармен
өзгешеленбейді, бірақ мұнда жақсы графикалық дайындау (рәсімдеу)  талғамдары
бойынша алынған бояғыштар және өрнек салу, лактау сияқты басқа  да  рәсімдеу
әдістермен жасау мүмкіндігі бар.
      Ерекше конструкцияларынан  басқа  тараның  мынадай  түрі  қолданылады:
пакеттер, қораптар,  стакандар,  бошкалар,  шелектер  және  кулектер  немесе
рулоннан (орамша)  өңделген  оралған  қағаздар  немесе  қағаздан  орау  үшін
орауыштар  қолданылады.  Тағам  өндірісінде   буып-түю   тараларынан   басқа
көптеген көмекші әдістер қолданылады,  яғни  қағаздан,  картоннан  жасалған.
Мысалы, жабыстырылатын лента, қағаз арқан, этипеткалар, жасанды жүк сияқты.
      Кулектер, пакеттер және қағаз қаптар. Кулектер және пакеттер  тұтынушы
тара  ретіндеқолданылады,  ал  қағаз  қаптар   транспорттық   тара   ретінде
қолданылады.
      Кулектер(кулька, қамар-жөкеден  жасалған  үлкен  қап)  конус  формалы,
көбінесе себілмелі тауарларға қолданылады.
      Пакеттің әр түрлі түрлерін машинаның көмегімен толтырып жабуға  болады
және сол үшін  олар  үлкен  қолданысқа  ие  болады.  Одан  басқа  пакеттерді
транспорттық тараға, сөрелерге қабат-қабат қою оңай болып табылады.
      Буып-түюші (ораушы) пакеттер.  Орауыштарды  бір  қабаттан  немесе  көп
қабаттан жеңшеден жасайды. Оларды түпті және түпсіз етіп жасайды.
      Тегіс пакеттерді тегіс жеңшеден, түпсіз  қылып  жасайды  және  бірнеше
дайындаудан жасайды. Ал түпті пакетті тегіс жеңшеден және аяғы  жағы  оралып
тұратын бүрмелі жеңшеден жасайды. Көп қабатты жайылған пакеттің ауданы  2700
см2 кем болмауы керек, ал 2700 см2 үлкен болса, ол қан болып саналады.
      Орауыш қаптар.  Бұл көп  қабатты  орауыштар  және  жеңешеден  жасалады
және бұларды да түпті және түпсіз  жасап  шығарады.  Тегіс,  жазылған  жерде
жатқанды қаптық ұзындықтан, биіктіктен тұратын ауданы 2700 см2  кіші  болмау
керек.
      Түпсіз, тегіс қапты тегіс жеңшеден немесе бүрмелі жеңшеден  және  басы
не аяғы тігілген қаптан жасайды.
      Қораптар. Қораптарды жұқа, тұтас  және  гафрирленген  (кепілдінтенген)
картон  қағаздан  жасайды.  Қорапты  жасау  үшін  жапсырма   қағаз,   тоқыма
материалдар, пластмассалар қолданылады. Бұлар жоғары сапалы  картон  өңдеуші
топтарға кіреді.
       Жаңа  картоннан  жасалған  тораптар  -   тұтынушылық   тара   ретінде
қолданылады, ал тұтас және гафрирленген картондар транспорттық тара  ретінде
қолданылады.
      Тамақ өнімдерін орау үшін бүктемелі  қораптар,  яғни  беттері  ашылып,
жабылатын қораптар қолданылады.
      Бүктемелі қораптар оларды жай әдіспен жасағандықтан кең қолданылады.
      Картон және қағаз тараны конструкциясы бойынша жіктеу.
      Картон және қағаз  тара  конструкциясы  және  түрі  бойынша  мыналарға
бөлінеді:
    - гофрирленген картоннан жасалған жәшіктер;
    - тұтас желімделген картоннан жасалған жәшіктер;
    - картон лотоктар;
    - картон барабандары;
    - картон обечайкалар;
    - картон вкладыштар;
    - қағаз қаптар;
    - картон поддондар;
    - картон контейнер, прокладкалар, амортизаторлар және т.б.
      Картон жәшіктер. Қолданылатын материалдың  түрі  бойынша  гофрирленген
картоннан  жасалған  жәшіктер  және  тұтас  желімделген  картоннан  жасалған
жәшіктер кездеседі.  Бірінші  түрі  көп  тараған  және  перспективалы  болып
табылады.
      Жәшіктердің ішкі өлшемдері ГОСТ 9142–90 талаптарына  сай  болуы  керек
және салынатын өнімнің габариттік  өлшемдері  мен  салмағы  бойыша  алынады.
Жәшіктің ұзындығы мен ені арасындағы қатынас 2,5 : 1 ден көп болмауы  керек,
биіктігі мен енінің ара қатынасы   2 : 1 ден көп емес және 0,5 : 1  ден  кем
емес болуы керек.
       Әр  түрлі  конструкцияларда  атқаруда   қолданылған   және   көбінесе
транспорт ретінде бірақ басым бөлігі бірнеше рет қайта қолдануға арналған.
       Тұтынушылық  тара  ретінде  аз  мөлшерде  қолданылады.  Ол  мыналарға
байланысты болып келеді:
      - ағаштың түрі мен сапасына ;
      - тараның конструкциясына ;
      - беріктілігін, төзімділігін, ашыту мүмкіндігіне байланысты.
      Ағаш тара өндірілуіне байланысты:
      - жәшіктер, қайың, шырша;
      - ауыр кеспек, емен ;
      - жеңіл кеспек, шырша, европалық май қарағай, қайың ;
      - науа.
       Жәшіктер.  Жәшік  сырты  2   тік   қойылған   қабырғадан,   2   қиғаш
қабырғалардан және түбінен тұрады. Жәшіктер қақпақсыз (бетсіз немесе  бетпен
қақпағы бар) қолданылады.  Егер  қабырғалары,  түптері  беттері  тақтайшадан
және бір-біріне тығыз жабысқақ және  ауыр,  үлкен  ағаштан  болса  онда  оны
жәшік деп атайды.
      Ағаш жәшіктер мына сипаттары бойынша ажыратылады:
      – арналуы бойынша (әмбебаб және нақты өнімге  арналған,  мысалы  шайға
арналған фанер жәшіктер);
      – конструкциясы бойынша (бұзылып-жиналатын және бұзылмайтын);
      – бөлшектерін қосу тәсілі бойынша (тығыз жиналатын және решеткалы);
      – бөлшектерін біріктіру түрі бойынша (сым  скобалармен,  шегемен  және
т.б.);
      – өлшемдері бойынша (буып-түйілетін жүктің габариттік  өлшемдері  және
салмағына байланысты стандарттармен бекітіледі);
      - және т.б. сипаттары бойынша .
      Ағаш жәшіктің бір түрі болып лотоктар табылады, олардың  биіктігі  110
мм-ден аспайды.
      Ағаш бөшкелер жәшіктер  сияқты  транспорттық  тараға  жатады.  Олардың
корпустары цилиндр немесе парабола тәрізді  болуы  мүмкін.  Арналуы  бойынша
ағаш бөшкелер құрғақ өнімдер үшін және сүйықтар үшін  деп  бөлінеді.  Құрғақ
өнімдерге  арналған  бөшкелерге  құрғақ  сүт  өнімдірі,   жұмыртқа   ұнтағы,
салқындатылған  балық,  құрғақ  бояу  және   т.б.   өнімдер   буып-түйіледі.
Сүйықтарға арналған бөшкелерге тұздықтағы өнімдер, рассолдағы  тұқымдар  мен
көкөністер,  сыра,  шарап,  шырындар  және  т.б.  сұйық  өнімдер,  сондай-ақ
тағамдық майлар, мұздатылған тұқымдар мен жемістер және т.б.  буып-түйіледі.
Бұл бөшкелердің тығын мен тығындалатын тесіктері болады.
Бөшкелердің сиымдылығы әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы коньяк, шарап, шырын
құюға арналған бөшкелердің сиымдылығы  50 - 600 л, сыраға арналған - 50 -
100 л. Басқа өнімдерге арналған бөшкелер 5 - 250 л.




           9-дәріс. Сақтау өнімнің сапасына әсер ететін факторлар.

 10-дәріс. Буып-түю материалдарының өнім түрлеріне байланысты ерекшеліктері.
         11-дәріс. Өнімді сақтаудың дәстүрлі және заманауи әдістері.
             12-дәріс. Өнімнің ерекшелігіне байланысты буып-түю.
          13-дәріс. Өнімді сақтауға аоналған ыдыстар мен қораптар.
      14-дәріс. Сақтау барысында өнімнің сапасына әсер ететінфакторлар.
 15-дәріс. Буып-түю материалдарының өнім түрлеріне байланыстыерекшеліктері.


























































































































































































Пәндер