Файл қосу

Транспорттық мемлекеттің дамуы



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
    ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |
|3 деңгейлі СМК құжаты        |ПОӘК          |ПОӘК 042-16.16.1.44/03-2013     |
|ПОӘК                         |04.01.2013 ж. |                                |
|«Көліктің даму тарихы»       |№2 басылым    |                                |
|пәнінен  оқу-әдістемелік     |              |                                |
|материалдар                  |              |                                |




















                           «Көліктің даму тарихы»
                      ПӘНІНЕН ОҚЫТУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


       «5В090100» - «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті
                        қолдану» мамандығына арналған




                         ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР






























                                    Семей
                                    2013
Мазмұны




    1 Глоссарий
    2 Дәрістер
    3 Практикалық сабақтар
    4 Студенттің өздік жұмысы



1. Дәрістер


      Дәріс 1, 2 Транспортың мәні және транспорттық процестің негізі.  Жалпы
терминдер және түсініктер, жаңа транспорттық жүйенің мазмұны және құрамы
      Транспорт сөзі латын тілінен аударғанда «  transporto  »  -  апарамын,
жеткіземін, тасимын деген мағынасында адамдарды немесе жүктерді  тасымалдау,
қоғамдық материалдық өндірістің ең маңызды бір облысы болып табылады.
      Қазіргі кезде транспорт жүйесіне ортақ қолданыстағы транспорт  кіреді.
Ал,  ортақ  қолданыстағы  транспортқа  темір   жол   транспорты,   автокөлік
транспорты,  теңіз  транспорты,  өзен  транспорты,  әуе  транспорты,   құбыр
транспорты жататын болса, ортақ  емес  қолданыстағы  транспортқа  өндірістік
транспорт кіреді.  Ортақ  қолданыстағы  транспорт  еңбек  өнімдерін  олардың
тұтыну орындарына жеткізу арқылы өндірістік процессті жалғастырады.
      Азық-түлікті өндіріс орнынан  басқа  орынға  жеткізуден  кейін,  дайын
өнімді өндіріс аясынан қолдану  аясына  жеткізуге  жүзеге  асады.  Осы  орын
ауыстыру аяқталғаннан кейін  ғана  өнім  тұтынуға  дайын  деп  есептелінеді.
(К.Маркс)
      Жүк транспорты өнім санын көбейтпесе де өндірістік процесстің  жалғасы
болып табылғандықтан материалдық өндіріске жатады.  К.Маркстің  пайымдауынша
өндірістік сфераға жолаушы транспортын  да  жатқызуға  болады.  Транспорттың
бұл түрі көптеген адамдардың   өндірістік,  сондай-ақ  жеке  мақсаттарындағы
орын   ауыстыруы   кезіндегі   қажеттіліктерін   қанағаттандырумен   тікелей
байланысты  болып  табылады.  Транспорттың   бұл   түрлерімен   қатар   жеке
қолданыстағы транспорттар (жеңіл  автокөліктер,  мотоциклдер,  велосипедтер,
қайықтар және т.б) да бар.
      Транспорт – әртүрлі мағынада қолданылады. Оны әдетте:
          -  Жүк  және  жолаушы  тасымалдаушы  деген  мағынасы  бар,  халық
            шаруашылық бөлімінде;
          - Материалдық өнімнің және адамдардың орын ауыстыруын  қамтамасыз
            ететін техникалық құралдар комплексінде;
          - Жүк немесе жолаушылардың орын ауыстыруының өзіндік процесінде;
          - Көшелер немесе жол бойынша қозғалатын бірліктер торабында;
          - Белгіленген орынға және нақты мекен-жайға жіберілген  жеке  жүк
            партиясында;
          - Адамдық сала түрі немесе мамандық ретінде.
      Транспорттық жүйе – тасымалдауды жүргізу  кезіндегі  өзара  байланыста
және  тәуелділікте  болатын  әртүрлі  транспорттық  комплекстер  (кешендер).
Мемлекетке, аймаққа немесе үлкен қалаға қатысты қолданылады.
      Транспорттық  бірлік  –  транспорттың  барлық  түрлерінің   әлеуметтік
-экономикалық бірлестігін көрсетеді.
      Транспорттық желі (сеть)  –  елдің  барлық  мекен-жайларын  және  жеке
аймақтарды  байланыстыратын  хабарламалардың  барлық  жолдарының   жиынтығы,
анықталған  территорияның   немесе   елдің   транспорттық   қызмет   көрсету
көрсеткіштерін мазмұндайды.
      Жалпы  қолдану  транспорты  –  заңға  сәйкес  барлық   жүктерді   және
жолаушыларды тасымалдауды іске асыруға міндетті транспорт.  Оны  мемлекеттік
мекеме немесе кәсіпорын, қоғамдық ұйым немесе жеке тұлға ұсынуы мүмкін.
      Жеке қолданудағы транспорт – өзінің немесе  кәсіпорынның  тасымалдауын
іске асыратын және барлық  басқа  клиенттердің  талаптарын  қанағаттандыруға
міндетті емес жеке транспорт.
      Магистралді транспорт  –  негізгі  транспорттық  министерстволар  және
ведомстволар:   Хабарлама   жолдарының   Министерствосы,   Теңіз    флотының
Министерствосы, азаматтық авиация Министерствосы , құрылыс  және  автомобиль
жолдарының эксплуатациясының Министерствосы жүргізуге болатын жалпы  қолдану
транспорты.
      Магисралды  транспорт  -  маңызды  қалалар  мен   елдің   немесе   ірі
аймақтардың  өндіріс  орталықтарын    байланыстыратын   хабарлама   жолдарын
белгілеу үшін қолданылады.
      Әмбебап транспорт – барлық  тасымалдау  түрлерін  (жүк  және  жолаушы)
жүзеге асыра алатын транспорт.
      Дискретті транспорт – тасымалданатын зат  (жүк  немесе  жолаушы)  жеке
партиялар  немесе  топтар,  тәуелсіз   қозғалатын   транспорттық   бірліктер
көмегімен (автомобиль, поезд, ұшақ, кеме) тізбектей тасымалдаушы  кез-келген
транспорт.
      Үзіліссіз транспорт – тасымалдау құралы үзіліссіз ағым түрінде келетін
транспорт.
      Құбырлық  – мұнай тасымалдаушы, өнім тасымалдаушы.


      Дәріс 3, 4 Өндіріс бөлімі ретінде  транспорттың  маңызды  спецификасы.
Транспорт халық шаруашылық бөлігі ретінде. Транспорттық мемлекеттің дамуы
      Транспорттың  даму  тарихы  антикалық  және  ежелгі  заманда,  алғашқы
шаруашылық және қоғамдық еңбекті бөлісу жаңа  туындаған  кезде  транспорттың
қажеттілігі  маңызды  болған  жоқ.  Алғашқы  хабарлама  құралдары  қарапайым
болды. Оларға тапталған  жол,  вьюки,  аса  ауыр  жүктер  үшін  сүйретпелер,
жоңылған ағаш бөренелері немесе  плоттар,  кейінірек  челноктарды  жатқызуға
болады. Одан ертерек уақытқа қайықшалардың пайда  болуы  жатады.   Құлдардың
еңбегін эксплуатациялауда  құл  иеленушілер  шаруашылығы  кезінде  транспорт
өзінің дамуында алға қадам жасады. Құл иеленуші  мемлекеттер  басқа  елдерді
басып алу, құлдарды тұтқынға алу  үшін  өзінің  сарбаздарын  апарды.  Әскери
талаптар және қажеттіліктер Қытайда, Парсы елінде, Рим  Империясында  әскери
мақсаттар үшін салынған үлкен жолдар транспорттың дамуын қажет етті.
      Адамзат өзінің тарихын білуі керек, себебі онсыз  ғылымның  ары  қарай
дамуы  мүмкін  емес.  Олардың  қалдықтары  қазіргі  күнге  дейін  сақталған.
Мысалға, мыңдаған километрді алып жатқан  римдік  әскери  жол  желісі.  Құл,
нан, мата айырбастау және сатудың алға  өсуі  Финикия,  Карфаген  және  т.б.
сияқты  мемлекет  -қалалардың  пайда  болуына  және  ескекті,  содан   кейін
желкенді кеме қатынастарының   пайда  болуына  әкелді.  Антикалық  замандағы
Греция, Рим, Египет сияқты мемлекеттерде  теңіз  кемелері,  әсіресе  әскери,
қарқынды дамыды. Олардың кейбіреулерінде мыңдаған ескіш құлдар болды.
      Дегенменде  саудагерлер  желкенді  және  желкенді  -  ескіш  кемелерді
таңдады, өйткені олардың көлемі кішкентай, көп ескіштерді қажет етпеді  және
жүкті орналастыру үшін көбірек орындары болды.
        Транспорт  құралдар  өндірісінің  бөлігі  деп  аталса  да,  құралдық
құндылығы  жоқ.  Үш  міндетті  элементі  бар   транспортқа:   еңбек   құралы
(транспорт құралы), еңбек заты (тасымалдау объектілері: жүк,  жолаушы)  және
мақсатқа  сәйкес  адамдар  қызметі.  Яғни  транспорт  өндірістік   құралдар,
техника өнімі, технология, басқаруды ұйымдастыру саласының тізіміне  жатады.
Транспорт материалдық өндірістен қарағанда қиынырақ сала.


      Дәріс 5, 6 Транспорттық мемлекеттің дамуы
      Toyota  компаниясы бүгінгі күні өндіріс көлімімен екінші  орын  алады.
Және Жапония мемлекетінде сатылу жағынан бірінші орын алады.
      Атақты бренды айтсақ, Жапонияның концерні әлемнің, ең  танымалы  бренд
ондығына кіреді.
      Toyota автомобиль компаниясының тарихы 1930  жылдан  басталды.
      [pic]


      Кличиро Тойода сол уақытта, Toyota Indistries компания негіздеушісінің
ұлы, ішкі меншікті жану қозғалтқышының үстінде жұмысты  бастады.  Ол  Еуропа
мен құрама штаттарда  саяхаттап  ерекшеліктерін  оқиды.  Мысалы:  автомобиль
жасау сияқты.
      Тойоданың басты инженерлер командасы  жиналып  істі  жылдам  қабылдады
және 1934 жылы бірінші Toyota Type  А қозғалтқышы  дайын  болды.  1935  жылы
осы қозғалтқыш арқылы Toyota Model  AL  атты  бірінші  жолаушы  автомобильі,
сонымен қатар кішкентай Toyota C1 шағын жүк машинасы шықты.
      Кличиро Тойода 1937 жылы  әкесінің  кәсіпкерлігінен  бас  тартып  және
өзінің меншікті Toyota Motor  атты компаниясын тізімге тіркейді.
      Жапондықтарда 8 саны – бақытты сан.
      ІІ  Дүниежүзілік  соғыста  ауысып  жүк  машиналарын  шығара   бастады.
Жапондардың  армиялары  жүк  машиналарын  өте  керек  қылды,  сондықтан  оны
оңайлыту үшін, тез бітіру үшін оны қысқартып тез жасады. Мысалы екі  фараның
орнына, ортасына 1 фара салған болатын.
      [pic]


      1947 жылы компания азаматтық  автомобильдерін  қайта  шығара  бастады.
Компания Toyota Crown үлгісін  1957  жылы  АҚШ  қа  бағыттайды.  1,5-литрлік
қозғалтқышымен жапон компаниясынан  Американың базарына  ең  бірінші  шыққан
автокөлік. Сол уақытта компания Land  Cruiser  өндірісін  бастаған  болатын.
Компанияның алтын заманы алпысыншы жылдар болды.  Toyota  1962  жылы  өзінің
миллиондық  автомобилін  шығарды  ал  сәуір  айында  Австралияда  1963  жылы
конвеерден бірінші автомобиль Жапония шектерінен ары қарай  шыққан  болатын.
Сонымен қатар, компания қымбат емес автомобильдерін шығара бастады.
      70 жылдары Toyota  «үш  китті»  Жапон  автоиндустриясының  бірі  болып
табылады. Мұнай дағдарысынан 1 жыл бұрын, 1972 ж компания өзінің 10  миллион
автомобилін шығарды.
      1982 ж Toyota Motor Compfny компанияларымен Toyota Motor  Cales,  1950
жылы құрылған, біріңғай гигантты біріктіреді, Toyota Motor Corporafion.  Бұл
уақытта «Тайота»  Жапон  компанияларының  арасында  сатылу  жағынан  бірінші
орынға түсіп, жаңа чToyota Camri табысын бекітіп қояды.


      [pic]


      Егер тұтас үнемді автомобильдердің шығу тек қана бұрынғы Тайота  атына
қауымдасса, онда люксовый Lexus және басқа жаңа ірі үлгілер п.б.
      1996 жылы Тайота өзінің  90  миллион  автомобилін  шығару  мерекелерін
тойлады және дүниежүзілік автомобильдлік базарда ең ірі ойындарың  біреуінде
өз статустарын  нық  қойды.  Осы  уақытта  барлық  әлемде  Тайота  зауыттары
ашылады.
      1999 жылы компания 100 млн автомобиль шығаруын тойлатты. Бүгін  Тайота
компаниясы  дүниежүзілік   автомобиль   базарының   әлемдік   лидері   басқа
дүниежүзілік гиганттардың жалғыз ғана бәсекелесі болып келеді.


      Дәріс 7, 8 Мемлекеттің негізгі даму этаптарындағы транспортың рөлі
      Адамзат қоғамының тарихы транспорттың  даму  тарихынан  ажыратылмайды.
Адамның физикалық тұрғыда  бар  болуына  транспорттың  маңызы  өте  зор  деп
айтуға болады. Еңбек құралдарын және заттарын,  тіпті  адамның  өзінің  орын
ауыстыруынсыз ешқандай қолданылатын өнім өндірісі, ешқандай  басқа  мақсатқа
сәйкес қызметтер орындалуы мүмкін емес.
      Алғашқы  қоғамдық  құрылыста  адамдар   транспорттық   қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін қарапайым құралдарды қолданған. Еңбек  қаруы,  жануарлар
және  астық  заттарын,  тұрғын  үй  және   киім   тігу   үшін   пайдаланатын
материалдарды, алғашқы оқ-дәрілер  үшін  жанармайды  адамдар  өздері  немесе
киізбен тасымалдады. Жануарларды үйрету  және  асырауға  байланысты,  оларды
тасымалдау құралы ретінде кеңінен қолдануға мүмкіндік берді.
      Құл иеленушілік құрылыс шараларында алғашқы рет транспорт құралдарының
жетілуі және дамуында  әлеуметтік  -  экономикалық  стимулдар  пайда  болды.
Өнімді шабықтау, содан  кейін  плужды  егіншілік  және  металдарды  өңдеуден
жоғары дәрежелі құралдар дайындала бастады: қоғамдық  өнімді  бөлумен  қатар
өнімділікті  өсіру  қолданылды.  Транспорттың  дамуындағы   ең   қатты   дем
айырбастың пайда болу нәтижесінде болды.
            Жеке меншіктің және адамдардың кластарға бөлінуінің  нәтижесінде
мемлекет  дами  бастады,  оның  шеңберінде  транспортқа   деген   қажеттілік
жоғарылады. Адамдарды шоғырландыру,  қалалар  салу,  сауда  және  айырбастың
дамуы,  жаулап  алу  –  ежелгі  мемлекеттің  тарихын  зерттеу  кезінде   көз
жеткізуге болады.
             Теңіз флоты барлық ежелгі өркениет прогресі үшін маңызды ролді
        үлкен өзендік артерия алды.  Адамзат  қоғамының  дамуындағы  кезекті
        маңызды ролді құрлықтағы транспорт алды.
      Транспорттардың пайда болу ерте  кезеңдерге  жатады.  Ежелгі  Қытайда,
Парсы елде, Рим империясында әскери мақсаттарға  жүруге  арналған  жолдардың
көп мөлшері салыңғалы жайлы тарихи деректерден белгілі.
      Айырбастын өсуімен теңіз көлігі де  дамыды:  алдымен  ескек  қайықтар,
содан кейін желкенді қайықтар пайда болды. Тауарды құрғақ жолмен  тасымалдау
үшін құлдар тасушылар қолданылған, сонымен қатар екі  және  төрт  дөнгелекті
арбалар пайдаланылған.
      Транспорттық құрамдар, басқа да өндірістік құрамдар құл иеленушіліктің
 қол астында болды. Айырбас сферасында транспорт саудамен айналысып кетті.
      Фиодализімнің  ерте  кезендерінде  негізінен  сол  орында  өндірілетін
тауар, мысалға алғанда: әшекей заттар тасымалданған.
      Венеция, Генуя қалаларында, Ганза қалаларынын одағында сауданын  дамуы
теңіз транспортының дамуына әкеліп  соқты.  Ашық  теңізде  жүзуге  мүмкіндік
берген  компастың  ойлап  табылуымен  теңіз  көлігінің  техникасы  біртендеп
жақсарып отырды. XV- ғасырдың аяғында теңіз көлігі ашық мұхитқа шығады.  Ұлы
географиялық  ашылулар  дәуірі  басталды.  Сауданын  ,  айырбасынын   өсуіне
капитандың  жиналуына  және  қоғамдық   жұмыстын   бөлінуінің   тереңденуіне
байланысты транспорттын өзіндік өндірістік  салаға  бөлінуіне  оң  жағдайлар
жасалынды.
        XV-XVII-ғ.ғ. көптеген кеме  иелері  тасымалдауға  ғана  маманданады.
XVI-XVII-ғ.ғ. ақ теңізде жіне Солтүстік мұзды мұхитта- солтүстік теңіз  кеме
жолы, сонымен қатар Еділ өзенінде және  Каспий  теңізінде  сауда  кеме  жолы
дамыды. Көптеген елдерде пошта  және  құрғақ  жолдармен  жолаушы  тасымалдау
пайда бола бастады. Францияда, Германияда, Англияда кейінрек  XVII-  ғасырда
жақсарған жолдар салынды.
      Ортақ  қолданыстағы  транспорттың  пайда  болуы,   яғни   транспорттын
өндірістін  ерекше  саласына  бөлінуі  Батыс  Еуропада  өндірістің  төңкеріс
дәуірі кезінде болды.
      Ірі  капиталистік  өндірістің  дамуы  көп  мөлшердегі   жүктің   арзан
тасымалдауын талап етті. Сондықтан Ұлыбританияда, Францияда және  Германияда
каналдар және атты арбамен жүріске келетін темір жолдар салына бастады.
      XIX- ғасырдың І- жартысында механикалық  транспорттын  құалдарға  көшу
процесі басталды, булы темір жолдар, сондай-ақ булы кемелер пайда болды.
      XIX-  ғасырдын  ортасына  қарай  ортақ  қолданыстағы  темір  жолдардың
салынуы АҚШ-та және Еуропаның  барлық  елдерінде  етек  алды,  бұл  процесті
транспорттың   басқа   түрлерімен   салыстырғандағы   (үлкен    салмақтылық,
салыстырмалы  арзандылық  жоғары  жылдамдық  және  жүкті  жеткізу   жиелігі)
олардын негізгі басымдылығымен түсіндіруге  болады.  Мысалға,  су  көлігімен
салыстырғандағы басылымдылық ХХ-шы ғасырдың басына қарай әлемнің  темір  жол
жүйесі 1114 мың км. Кеме жүретін өзендердің және  каналдардың  ұзындығы  318
мың  км,  темір  жолдағы  жүк  айналымы  753  милрд.  км,  өзен  және  теңіз
транспортында 1545 мил. км. құраған болатын.
      Мемлекеттер  арасындағы  сыртқы  сауданың  өсуі  теңіз  көлігінің  тез
дамуына үлкен әсерін тигізді.
      Автотранспорт XIX  ғасырдың  аяғында  пайда  болды.  Автотранспорт  ХХ
ғасырдың 20  вылдарында  қысқа  қашықтықта  жүк  тасымалын  жүзеге  асыруда,
әсіресе жолаушы тасымалында темір жолмен және  өзен  транспортымен  бәсекеге
түсе бастады.
      Автоматтық әуе көлігі ХХ ғасырдың бірінші жартысында пайда болды.
      Мемлекет, қала және аймақтар арасындағы  маңызды  байланыстар  олардың
дамуына байланыста табиғи керуен  жолдары  пайда  болды.  Кейінірек  адамдар
ауыр затарды тасымалдау үшін ірі жануарлармен қозғалатын сүйретпе  түріндегі
арбаларды қолдануға болатынын ойлап тапты.
      Кейінірек   ауыр   заттарды    қозғалтуда    домалатпаларды    қолдану
жеңілдететіні байқалды. Осы кезде комплексті тасымалдауға бір  қадам  қалған
болатын. Дөңгелек туралы  адамзаттың  ең  ұлы  ойы  екенін  мойындау  керек,
себебі, біріншіден, дөңгелекке ұқсас  табиғатта  еш  нәрсе  жоқ,  екіншіден,
дөңгелекті жеңіл арба адамзатқа мыңдаған  жылдар  бойы  қызмет  етіп  келеді
және қазіргі жер беті транспортының негізгі түрі болып қала береді.
      Құрлықтағы транспортың дамуының келесі қадамы  жасанды  жолдар  болды.
Ежелгі және антикалық замандағы хабарламалар жолы, каналдар.
      Транспорттың пайда болуы ежелгі  уақытқа  қатысты.  Транспорттың  даму
тарихы антикалық және  ежелгі  заманда,  алғашқы  шаруашылық  және  қоғамдық
еңбекті бөлісу жаңа туындаған кезде транспорттың қажеттілігі маңызды  болған
жоқ. Алғашқы хабарлама құралдары  қарапайым  болды.  Оларға  тапталған  жол,
вьюки, аса ауыр жүктер үшін сүйретпелер,  жоңылған  ағаш  бөренелері  немесе
плоттар,  кейінірек  челноктарды  жатқызуға  болады.  Одан  ертерек  уақытқа
қайықшалардың пайда болуы жатады.  Құлдардың еңбегін  эксплуатациялауда  құл
иеленушілер  шаруашылығы  кезінде  транспорт  өзінің  дамуында  алға   қадам
жасайды. Құл  иеленуші  мемлекеттер  басқа  елдерді  басып  алу  ,  құлдарды
тұтқынға  алу  үшін  өзінің  сарбаздарын  апарды.   Әскери   талаптар   және
қажеттіліктер Қытайда, Парсы елінде, Рим Империясында әскери мақсаттар  үшін
салынған үлкен жолдар транспорттың дамуын қажет етті.
      Мыңдаған километрді алып жатқан римдік әскери жол желісі және  олардың
қалдықтары қазіргі күнге дейін сақталған. Құл,  нан,  мата  айырбастау  және
сату дамыды. Сауда  маңызды  роль  атқаратын  Финикия,  Карфаген  және  т.б.
сияқты мемлекет-қалалардың пайда болды. Ескекті, содан кейін  желкенді  кеме
қатынастарының  пайда болды. Антикалық замандағы Греция, Рим, Египет  сияқты
мемлекеттерде теңіз кемелері, әсіресе әскери, үлкен  өлшемге  жетті,  кейбір
жағдайларды олардың мыңдаған құл ескекшілері болды.
      Дегенменде саудагерлер желкенді және желкенді-ескіш кемелерді таңдады,
өйткені олардың көлемі кішкентай, көп ескіштерді  қажет  етпеді  және  жүкті
орналастыру  үшін  көбірек  орындары  болды.  Құрлық  жола  арқылы   тауарды
транспорттау үшін тасымалдаушы  құлдар  қызмет  етті,  теңдеп  артылған  жүк
немесе 2-4  дөңгелекті  арбалар  қолданылды.  Құл  иеленушілік  шаруашылықта
транспорт әлі шаруашылықтың жеке саласы ретінде бөлінген жоқ болатын.  Басқа
да өндіріс  құралдары  сияқты  транспорт  та  құл  иеленушілердің  меншігіне
жатты. Айырбас ортасында транспорт саудамен  бірге  болды.  Саудагерлер  бір
уақытта транспорттық құралдың да иегері болды.
      Құл  иеленуші  құрылысының  орнына  келген   феодализм,    материалдық
өндірістің дамуы және артынан транспорт үшін жаңа  шарттар  жасады.  Өндіріс
күшімен бірге  қоғамдық  еңбекті  бөлісу  күшейді  және  белгіленген  этапта
үкімет және әкімшілік қамал  -  қала  орнына  кәсіптік  және  сауда  орталық
қалалары өсе бастады.
      Шикізат және минералдар қазылымының кеңеюі , техниканың жақсаруы, өнім
кәсібінің көлемі және түрінің ұлғаюы, ауыл шаруашылығының ары  қарай  дамуы,
әсірісе сауда өндірісінің пайда болуы өндірістік қажеттілік және ішкі  сауда
, сыртқы сауда транспорттың  маңызын  өсірді.  Осымен  байланысты,  көптеген
елдерде  тасымалдау  көлемі  өсе  түсті.  Бар  желіде  теңіз  және   өзендік
коммуникацияны кеңейту бойынша, жасанды хабарлама  жолдары  сияқты  жұмыстар
жүргізілді.
      Наряд шарттарымен феодализмде транспорттың  дамуын  ынталандыруда  бұл
процеске кедергі дәлелдер шықты, және олардың  ішінде  ең  бастысы  –  жерге
федералды меншік болды.
      Капиталистік қатынастардың пайда болуында Европада сауда жолдарын және
жаңа елдерді, ұлы географиялық жаңалықтар ашылумен байланысты.
      XVIII ғ. екінші жартысында көптеген елдерде «өндірістік революция» деп
аталатын жаулап алған техникалық  төңкеріс  өндірістің  және  сауданың   өсу
қарқынына үлкен әсер  етті,  әсіресе   машинаның  көмегімен  машинаның  өзін
өндіру де. Өндіріспен бір уақытта жаңа техника  негізінде  транспортта  дами
бастады. Бұл  негізге  транспорттық  өздігінен  қозғалатын  кез-келген  қуат
бірлігін  құруға  мүмкіндік  беретін,  ауа-райы  шарттарынан   тәуелсіз   бу
машинасы  жатады.  Осылайша   параходтар,   паровоздар,   булық    құрлықтық
экипаждар, кейінірек бу ұшақтары пайда болды.
      Өткен  тарихтың  барлық  кезеңдерінде  транспорттық  құралдар(кемелер,
арбалар,  жануарлар  және  т.б.)  тасымалды  жүзеге  асыратын  жүк  иелеріне
тиесілі болды. Капитализм  кезінде  кәсіпорындар  іріленумен  қатар  техника
және өндіріс  технологиялары  күрделенді,  өнім  көлемі  ұлғайды,  кәсіпорын
иесіне  бағалы  транспорттық  шаруашылықты  ұстау   қиынға   түсті.   Осыған
байланысты транспорт жүк және жолаушыларды  белгілі  бір  бағаға  кез-келген
клиентті тасымалды жүзеге асыратын жеке сала болып  бөлініп  шықты.  Қазіргі
кезде елдерде барлық транспорт түрлері жеке тұлға немесе мемлекет  меншігіне
айналды.  Транспорттың  эксплуатациясының  міндетті  шарттары:  транспорттық
қауіпсіздікті   қамтамасыз   ету,   жолаушылар   жағдайын   жақсарту,    жүк
қауіпсіздігінің кепілдігі,  транспорттық  процесстің  қол  еңбек  шығындарын
азайту.


      Дәріс  9,  10  Автокөліктік  транспорттың  пайда  болуы  және   дамуы.
Автокөлік компаниясы
      Автокөліктік транспортымен  жолаушылар  тасымалының  даму  тарихы   бу
кареталары мен 10-нан 12 км/сағ жылдамдықтағы омнибустардың үлгілері  жасала
бастаған кезде, 19 ғасырда басталды. 1801 жылы іштен  жану  дивгателі  пайда
болғаннан кейін көптеген мүмкіндіктер  жасалды  –  газ  немесе  сұйық  жанар
маймен жұмыс  істейтін  двигатель  ойластыруға,  1885-1886  ж.ж.  Германияда
Готлаб  Даймер  қазіргі  автокөліктердің  бастамасы   болып   саналатын   үш
дөңгелекті автокөлікке бензинді двигатель орнатты.
      Автокөліктердің кең қолданылуына пневматикалық шиналардың пайда  болуы
әсер  етті  (1880  ж.).   1886  жылы  Ресейде  экипаж   бен   автокөліктерді
эксплуатациялау мен  құру  Акционерлік  қоғамымен  алғашқы  жеңіл  автокөлік
жасалды.  1902 жылы Ресейде дәл  осы  фирмамен   8  л.с.  қуатты,  «Де-Дион-
Бутой»  двигательді,  8  орынды  алғаш  автобус  шығарылды.  1907  жылдың  1
қыркүйегінде Ресейдің Мәскеу қаласында бірінші таксомотор пайда болды.
      Бірінші дүниежүзілік соғыс қарсанында Ресейде 8,8 мың жеңіл  автокөлік
саналды. Ресейдегі жолаушылар тасымалының  даму  тарихын  5  кезеңге  бөлуге
болады.
      Бірінші кезең  (1918-1929 ж.ж.)1918 жыл басында елде 35 мың  автокөлік
саналды. 1922 жылы  Кеңес  үкіметінің  шешімімен   мемлекеттік  мекемелермен
жеке тұлғаларға автокөліктерді («Рено»,  «Фиат»,  «Лей  ланд»,  «Манн»  және
т.б..) шетелден алып келуге рұқсат берілді.
      Екінші  кезең  (1929-1940   ж.ж.)   отандық   автокөлік   заводтарының
құрылуымен  сипатталады.   1929-1930   ж.ж.   сериялық   өндіріс   басталды.
Ярославтық және Мәскеулік автокөлік  заводтары  19-орындық  ЗИС-8  автобусын
шығарды(ЗИС-5 жүк автокөлігі негізінде). 1931-1932 ж.ж.  АМО  (қазіргі  ЗИЛ)
заводы іске  қосылды  және  Горький  қаласындағы  –  ГАЗ-03-30  (17-орындық)
автобус. 1932 ж. -  АМО-4 автобустарын, 1938ж. – ЗИС-8, 1938ж.  ЗИС-16  (21-
26 орынды) шығаруға кірісті.          1 КЕСТЕ  Қозғалыс  құрамы  өндірісінің
өсу динамикасы




      |№/№   |  Жыл   |Автобустар  |     Жеңіл автокөліктер |
|   1  |  1932  |      100   |         30             |
|   2  |  1937  |      1300  |       18300            |


      1940 жылы автокөліктік жолаушылар  тасымалы  300-ден  астам  қалаларда
ұйымдастырылды. Автобус паркінде 15,6 мың автобус саналды,  оның  40%  жалпы
қолданыста болды. Ұлы  Отан  соғысы  жылдары  жолаушылар  тасымалы  көптеген
қалалар мен облыстарда тоқтатылды, себебі қозғалыс құрамы мобильденді.
       Үшінші кезең (1947-1960 ж.ж.)   1947  жылдың  басында  соғысқа  дейін
болған барлық қалаларда автобустық тасымалдар қайтадан  қалпына  келтірілді.
1950 ж. автобустық хабарламалар - 459 қалаларда,  ал  таксомоторлылар  елдің
420 қаласында ұйымдастырылды. 1946  -  1950  ж.ж.  авобустар  паркі  22  мың
бірлікке дейін өсті. 1946 ж.  ЗИС-156 (дизельді  генераторлы автобус),  1949
ж. ЗИС-155,  1950 жылдан бастап ПАЗ-615 Павловсктік автобус  заводында  ПАЗ-
651  автобустары  өндірілді.  1956  ж.  М-402,   1958   ж.   М-407,   ГАЗ-20
(«Победа»), ЗИС-110, ГАЗ-12, 1960ж. ЗАЗ-965  («Запорожец»),   1965ж.  ГАЗ-21
(«Волга»).
      Төртінші кезең(1960-1990  ж.ж.)  автокөліктік  жолаушылар  тасымалының
қарқынды дамуымен белгілі. 1972 ж. КСРО автокөлікті шығару бойынша  көптеген
шетелдерді  асып  түсті.  Ресейде  1970-1990  ж.ж.  автокөліктік  жолаушылар
тасымалының транспорт көлемі – 1,7  есе,  ал  жолаушылар  айналымы  2,6  есе
өсті.
      Елдегі автобустар өндірісі 1980 ж.(1960жылмен салыстырғанда) 3,7  есе,
ал жеңіл автокөлік өндірісі 9,6 есе өсті. Бұл кезеңде
      ЛиАЗ-677, ПАЗ-672, КАВЗ-685, ЛАЗ-695 және т.б.  автобустары,  ВАЗ-2101
жеңіл автокөліктері шығарыла бастады.
      Бесінші  кезең(  1990  жылдан  қазіргі  уақытқа  дейін)  елдегі  жалпы
экономикалық жағдаймен сипатталады. 1993 жылға  қарай  автобустар  саны  1,7
есе нормативтен төмендеді,  парк  тозуы  50  %  аса,  3000  жуық  автобустық
маршруттар тоқтатылды.
      1996 жылға қарай (1990  жылмен  салыстырғанда)  автобустық  жолаушылар
тасымалының  көлемі  19  %-ға,  парк  саны  27,8  мың  бірлікке,  автобустық
маршруттар саны 7,2 мыңға азайды.


      Дәріс 11, 12 Автокөлік компаниясы. BMW
      1913 жылы Мюнхеннің солтүстік төңірегінде Карл Рапп және  Густо  Отто,
двигательдің ішкі жануын ойлап тапқан  Николаус  Августа  Оттаның  ұлы,  екі
шағын авиямотор фирмасын жарыққа шығарды. Бірінші  бүкіл  әлемдік  соғысының
басталуы бірден көптеген самолеттің двигательдеріне  тапсырыс  береді.  Рапп
пен Отто  бір  авиямоторлық  заводта  бірге  жұмыс  істеуін  шешеді.  Сөйтіп
Мюнхенде авияциялық двигательдер заводы ашылады, 1917  жылдын  шілде  айында
Bayerische  Moteren  Werke  (баварлық  мотор  заводы)-   BMW   деген   атпен
тіркеледі. Осы күн  BMW- ның жарыққа шыққан күні деп  есептеледі,  ал  Карла
Раппа мен Густава Отто оның иелері болады.
      1917  жылы  ең  бірінші  қабылданған  таным-белгіде   айналып   тұрған
пропеллердің суреті бейнеленген. Бірақ таным белгі өте  қын  және  өте  ұсақ
болды, сондықтан 1920 жылы пропеллер көп өзгерістерге ұшырады.  Пропеллердің
шеңберін төрт бөлікке бөлді, ақ және  көгілдір  кекторлар  қара  дөңгелектің
ішінде кезектесіп орналасты.
      [pic]


      Бірінші дүниежүзілік соғысында,  Алмания  жеңілген.  Версаль  келісімі
бойынша, Алманияға әскери ұшақтарын өңдеуге тыйым салынған.  БЬВ  ұшақтардың
пропеллерлердің  өңдеуді  тастап  теміржолға  арналған  саймандарды  өңдеуге
бастады.
      1923 жылында БМВ-ның алғашқы мотоциклі өндіріліп шығарылған.
      1928 жылынан бастап, БМВ автокөліктерінде  өндеуге  басталды.  Алғашқы
моделі BIXI еді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Алмания  екіге  бөлінді,
батыс Алманиясының экономикасы  қарқындап  дамуға  басталды.  БМВ  –  «алман
экономикалық ғажабының» нышандарының бірі еді. 1965 жылы шығарылған  седанді
Алманияның канцлері Конрад Аденауер өзі қатты ұнатқан.
      Алғашқы бұйымы – DIXI 1929 жылы шығарылған.
      Қуат пен эстетика 5 сериалы седанда  іске  асырылды.  Осы  автокөлікті
жасаудың негізі –  «рульдегі  рахат»  BMW  концепциясын  терең  меңгеру.  Ал
қуатты  двигательдермен  иновациялық  седанның  женіл  салмақ  жүру   бөлігі
демалудың жаңа бір бөлігін ашады.  BMW  5  сериясының  әр  элементі  жолдағы
автокөлікке деген сенімділік.
      BMW-ның 7  сериясы  ең  қарқынды  сондай-ақ  премиум  классының  сәнді
автокөлігі. BMW –ның жаңа 7 сериясының сыртқы кескіні таңқаларлық әдемі,  ол
басқа көліктерден жылдам әрі жеңіл. Бұл көліктің түрі-мексіз қуат  көзі.  Ол
сәнді әрі өзіндік стилімен ерекшеленеді.  BMW  –ның  7  сериясы  1990-ларда,
әсіресе  бұрынғы  Кеңес  одағының  республикаларында   –   Ресей   мен   ТМД
мемлекеттерінде,  оның  ішінде  Қазақстанда  да,  жаңа  байытып  кеткен  жас
кәсіпкерлердің, рэкетирлердің қатты ұнататын автокөлік еді. Жұрт ішінде  оны
«Бумер» деп атаған.
      BMW Х5 моделі  бұл  таулы  тасты  жерлерді  оңайшылықпен  өтетін  және
спортты автокөліктердің  қатарына  кіретін  автокөлік.  Бұл  көлікте:  қуат,
жайлылық, жылдамдық, сапа және беделі  жоғары  автокөлік.  BMW  Х5  белсенді
демалысқа арналған спорттық автокөлік.
      [pic]


      Жаңа  6  сериялы   BMW   купесі   аңызға   айналған   GT   қатарындағы
автокөліктерінің  салтын  жалғастырушы   спорттық   және   жеңіл   айдалатын
автокөліктерінің бірі, HAMANN  MOTORSPORT  тюнинг  ательесінің  мамандары  6
серияны жетілдіріп, таң қалдыратын HAMANN 645  СІ  ММ  52  спорттық  купесін
дүниеге әкелді.





      Дәріс 13, 14   Теміржол транспортының даму тарихы

      Теміржолдың  шығуына  арбалары   адамдар   мен   жануарлар   көмегімен
қозғалатын  колейные дороги  негіз болды. Уақыт өте келе  ағаштарды  тозудан
сақтау үшін оларды темір жолақтармен немесе  бұрыштармен  жаба  бастады,  ал
кейінірек ол үшін металл рельстері пайдаланды.
      1788  ж.  инженер  А.С.Ярцев  Петрозаводсктегі   Александровск   пушка
заводында  Ресейдегі  алғашқы  шойын  рельсті  теміржолды  салды.  Жол  жеке
бөліктерге  бөлінді.   Жүктерді   транспорттау   орташа   дөңгелектері   бар
вагондармен жүзеге асты, олар адам күшімен қозғалтылды.
      1806-1809   ж.ж.   Колывано-Вознесенс   заводтарында   тау    инженері
П.К.Фроловтың жетекшілігімен кендерді тасымалдау үшін  1867  м.  Ұзындықтағы
шойын рельсті аттық теміржол салынды. Бұл жолда көпір, жол  құбыры,  выемка,
айналу  бұрылысы,  бункерлік  жүктеу   жүйесі   сияты   күрделі   құрылыстар
жүргізілді.
      18 ғ шахталар мен  заводтарда  көптеген  рельс  жолдары  болды,  бірақ
олардың  өткізгіштік  қабілеті  аз  болды,  себебі  негізгі  қозғалыс   күші
жануарлар болды. Кейінірек паровоздардың алғаш жобалары мен үлгілері  шықты.
Дж.Стефенстің  «Ракета» моделі эффективті машина болды.
      Алғашқы коммерциялық теміржол (26  км)  30.10.1837  ж.  Петербург  пен
Царское Село аралығында ашылды. Оның құрылысы  1836  ж.  көктемде  басталды,
1836 жылдың қыркүйегінде сынақтан өтті. Поездар паровоз көмегімен қозғалды.
       Урал механигі Черепанов 1833 ж.  Нижнее-Тагилдегі  Демидов  заводында
шойын рельстерімен 200 пуд  (3,3  т)  13-16  км/сағ.  жылдамдықтағы  паровоз
құрастырды. 1835 ж. Черепановтың ұлымен құрылған екінші  паровоз  16  т  жүк
тасыды .
      Помещиктер теміржол  жобаларына  қарсы  болды.  Мәскеу  мен  Петербург
арасындағы теміржол құрылысы  1843  жылы  басталып,  1851  ж  аяқталды.  Жол
жоғарғы  техникалық  параметрлерімен  ерекшеленді:   көпірлер,   станциялар,
бекеттер, деполар, ол үшін отандық паровоздар мен вагондар дайындалды.
      Кейінірек бүкіл дүние жүзінде теміржол желісі  қарқынды  өсе  бастады.
1900  жылға   қарай   теміржолдар   барлық   индустриалды   және   әкімшілік
орталықтарды өзара байланыстырды, бірақ олар ұзаққа созылмады.
      Темір жол транспортының даму тарихы
      Ғасырдан астам тарихы бар қазақ темір жолында өшпес із қалдырған  асыл
азаматтар елімізде көптеп саналады.
      Олар сол кездегі қажырлы еңбегімен  өзіндік  қол  таңбасын  темір  жол
саласында қалдырып қана қоймай істеген еңбектері қазіргі таңда  өз  жалғасын
табуда.
      Осындай асылдардың қатарына Джакенов Қуаныш Абылқасымұлы  ағамызды  да
қосуға болады.
      Бүгінгі таңда нарық заманына бейімделіп,  құрылғанына  10  жылға  таяу
болған «қазкөлікқызмет» Ақ-ның ірі салмақты контейнерлер жүйесінің  қалауына
алғашқылардың бірі болып өз үлесін қосты.
      1990 жылы «қазкөлікқызмет» Ақ-ның ірге тасы қаланғанда Қуаныш ағамызды
маман, ардагер темір жолшы ретінде  өзімізге  шақырып,  ақыл  кеңесін  алуға
тура келді.
      Қазақ темір жолының сол уақытта  барлық  станцияларды  атап  айтқанда,
Алматы, Жамбыл, Шу, Ақтөбе, Көкшетау, Өскемен, Ақмола жүк  қабылдап  жөнелту
аландарының іске қосылуында еңбегі зор.
      Джекенов  Қуаныш  Абылқасымұлы  1928   жылы   Жамбыл   облысы   Қордай
ауданындағы Ақтекер аулында темір жолшылар әулетінде  дүниеге  келген.  1936
Отар станциясындағы №29 темір жол мектебіне барып, 7  сыныптық  білім  алып,
темір жолда еңбек жолын бастаған.
      Темір жол саласындағы елу жылға таяу еңбек жолында сан қилы мамандықты
игеріп, басшылық қызметтерде болды. Еңбек жолында поезд  диспетчері,  маневр
диспетчері, станция қызметшісі Алматы бөлімшесінің  жүк  бөлігінің  бастығы,
станция қызметшісі, қозғалыс бөлімінің бастығы,  қазақ  темір  жолының,  жүк
және коммерция қызметінің бірінші орынбасары, 1972  жылы  СССР  жол  қатынас
министрлігінің бұйрығымен Қазақстан Орталық комитетінің келісімімен  жаңадан
құрылған  қазақ  темір  жолының   «Дортрансконтейнер»   ұйымына   басшылыққа
тағайындалады. Осы себепті Қуаныш ағамызды  контейнерлік  жүк  тасымалдаудың
негізін қалаушыларының алғашқы көш бастаушысы десе артық болмас еді.
      1975-1976   жылдары   Қарағанды   Жамбыл   бөлімшелерінің   бастығының
орынбасары қызметің атқарады.
      1977 жылдан 1989 жылға дейін Батыс Қазақстан темір  жолының  жүк  және
коммерциялық контейнерлік тасымалдау қызметін, құрметті  демалысқа  шыққанша
атқарады. Темір жолдағы ұзақ та  жемісті  еңбегі  үшін  бірнеше  мемлекеттік
өнерлермен  марапатталды. Атап айтқанда  «сталиндік  үндеудің  үздігі  (1953
жыл Сәуір), екі рет құрмет құрмет белгісі орденімен (1966 ж,  1974  ж)  Ерен
еңбегі үшін (  1970),  Еңбек   ардагері,  құрметті  темір  жолшы  (1978  ж),
халықтар  достығы  орденімен  (1986),  қазақ  темір  жолына  100  ж   (2004)
медальімен марапатталуы Қуаныш  ағайдың.  темір  жолдағы  қажырлы  еңбегінің
жемісі.
      Осымен  бірге  Қуаныш  ағайдың  республикалық  дәрежедегі   зейнеткер,
Жезқазған облыстық советінің депутаты болуы (1975)  айқын  еңбегінің  жемісі
десе болады.
      Осыдан 20-25 жыл бұрын контейнерлік  жүк  тасымалдауда  жаңа  бетбұрыс
жасау үшін станциялардың техникалық мүмкіншіліктерін арттыру қажет еді.  Осы
 қызметтің ортасында жүрген  Қуаныш  ағамыз  сол  кездің  өзінде  көрегендік
танытып, қазақ  темір  жолының  маңызды  станцияларының  дамуына  үлес  қоса
білді.
      Осы еңбегімен ол темір жол тарихына өшпес із қалдырды десе болады.
      Темір жол саласында 40 жылдан аса контейнерлік  жүк  және  комерциялық
қызметінде ұзақ еңбек еткен,  бүгінгі  дербес  зейнеткер  Хлебунова  Зинайда
Михаиловна былай деп емке алады. 1972 жылы жолдық «Дортрансконтейнер»  ұйымы
құрылып, баршылығына Джекенов  Қуаныш  Абдықасымұлы  тағайындалады.  Ұйымның
негізгі  міндеті  контейнерлік  жүк  тасымалдаудың  маңызын  контейнерлердің
санымен,  сапасын  жетілдіру  жүк  алаңдарын  техникалық   соңғы   үлгісімен
жабдықтау еді. 1974 ж Алматы І станциясында  алғашқылардың  бірі  болып  ССР
одағының қатынас жол көлемінде қалалық жүк станциясы ашылып, жүк қабылдап  -
жөнелтудің барлық түрлері енгізілді. Жүк көлемі  3  есе  ұлғайды.  Алматы  І
станциясының өзінде 21 жол іске қосылып,  және  бұрмалардың  бір  орталықтан
басқару жүйесі іске қосылды. Өндірістік – транспорттық темір ұйымы ашылды.


      Дәріс 15, 16 Су транспортының пайда болуы және дамуы
      Ресейдегі мемлекеттік флотының басталуына 1694ж Архангельсктегі Петр 1
кезіндегі желкен негіз  болды.  1701  ж.  Мәскеуде  Петр1  в  Москве  Петром
1.«Математикалық және  навигациялық  ғылымдардың  алғаш  мектебінің»  негізі
салынды.  18  ғасырдан  бастап  су  құрылысы  қарқынды  дами  бастады.  Орыс
желкенді  флоты  тек  ішкі  мақсаттарда  ғана  емес,  сонымен  қатар   мұхит
кеңістігіне шықты. 18 ғ 1-жартысында  В.  Беринг  басқаруымен  екі  Камчатка
экспедициясы   жүргізілді.   18ғ   екінші   жартысында    В.Я.Чичагов    екі
экспедициясын жүзеге асырды. Басқа да саяхаттар болды.
      19ғ 1-жартысында  зерттеушілер  39  дүниежүзілік  саяхат  жпсады  және
олардың  бірі  И.  Ф.  Крузернштерн  басқаруымен   «Надежда»   және   «Нева»
шлюпкалары болды. Кейінірек екі дүниежүзілік саяхатты М.В.  Головнин  /1807-
1813  жж  және  1817-1819  жж/  жасады.  Соңғы  Жердің  алтыншы   континенті
Антарктида  1820ж  Ф.Ф.Белингаузен  және  М.П.Лазарев  теңіз   жүзушілерімен
ашылды.
      Теңіз асуда жолдарының салынуына порттардың салынуы әсер етті. Олардың
ең ескісі 16ғ салынған Архангельск порты болып саналады. Кейәнәрек  Балтика,
Азов және Қара теңіздерде порттар пайда болды.
      Бірінші  пароход   (Елизавета)   Петербургтегі   Берта(Адмиралтейский)
заводында  жасалынды.  Оның  қуаттылығы  4  л.с.болды  және   3.11.1815   ж.
Петербург-Кронштадт бағыты бойынша жолаушылар тасымалдай  бастады.  Ол  8,75
км/сағ жылдамдықты құрады.
      Шетелдегі алғашқы пароход 1816ж  теңізге  шықты,  ал  1819ж  «Саванна»
пароходы Америка-Европа бағытымен  Атлант  мұхитын  кесіп  өтті,  оған  29,5
тәулік жұмсады.20 жылдан кейін Атлантика бойынша хабарлама ашылды.
      Әскери  интервенция  нәтижесінде  әскери   флот   шаруашылығы   үзіліп
тасталды. 60 шақты кемелер жойылып, 326 кеме шетелге ұрлап әкетілінді.  1924
ж бастап пароходтық қоғамдар ұйымдастырыла  басталды,  1927  жылдан  алғашқы
кемелер эксплуатацияға шығарыла басталды.   1931  ж.  «КИМ»  теплоходы  суға
жіберілді, жүк көтергіштігі 7550 т 2700л.с. дизелімен.


      [pic]
      Ертедегі  тарихи  дәуірлерде  сумен  серуендеуді  іске   асырған.   Ол
Қайырлардың  білімінде  өзен  сарқырамаларында  рульмен   басқаруды   мұқтаж
етпейді. Ол үшін онда капитан, штурман экипаж болды.
      Кішкене кемелердің иелері басым болып,ғ көпшіліктің өмірі теңіз  болып
«ол серуен емес, ол-спорт» деп атаған.
      Кеме азаматқа көне заманнан белгілі. Ол суда немесе  су  астында  жүзе
алатын, жүк немесе жолаушылар  тасуға  және  басқа  жұмыстарға  арналған  су
транспорты.


      [pic]


      Алғашқы кездерде суда жүзу үшін ағаш діңдер,  сонан  соң,  одан  кейін
ағаш  дінінен  ойылып  жасалған  қайықтар   пайдаланылды.   Бұлар   ескекпен
қозғалысқа  келтірілді.   XV  ғасырдан   бастап   ескек   орнына   желкендер
пайдаланыла бастады.
      1782  жылы  орыс  өнер  тапқышы  И.П.  Кулыбин  судың  қысым   күшімен
айналдырылатын доңғалағы бар кеме жасады.  Доңғалағы  бу  күшімен  айналатын
алғашқы кеме Англияда 1802 ж, АҚШ-та 1807 ж, ал  Россияда  1810  ж  жасалды.
1805 ж Петербург пен Кронштадт аралығында «Елизавета» атты  пароход  қатынай
бастады. Бұл  дүние  жүзіндегі  тұнғыш  теңіз  пароходы  еді.  Кемелерде  бу
двигательдерімен қатар желкен де пайдаланылды.   XVIII  ғасырдан  бастап  бу
двигательдерінің су ескіш доңғалақтары еспе винттермен алмастырылды.
      XIX ғасырдың ІІ жартысынан  бері  кеме  жасауға  темір  конструкциялар
кеңінен пайдаланылуда. Темір корпусты алғашқы кеме 1822 ж Англияда жасалды.
      1883 ж Россияда жасалған «Чесма» 1888 ж,  жасалған  ағылшындық  «Нил»,
«Трафольгар» броненосецтеріне құйма болат пайдаланылды.
      1894 ж Англияда бу  турбиналы  тәжірибелік  «Турбиния»  кемесі  сыннан
өтті. Мұндай қуатты кеме Россияда жасалды. 1903  ж  Россияда  дүние  жүзінде
тұнғыш рет өзенде жүзуге арналған дизельдік кеме «Вандал» су жолына шықты.
      Словутич қаласының «Ақ қанат» атты яхта  клубы  90  жылдардың  басында
басталды. Сол уақытта Толинский четверттонигі яхта клубында пайда болды.  Ол
кезден көп уақыт өтті.
      [pic]
      Яхта 2 атын өзгертті, су  қоймаларына  және  қара  теңізге  тәжірибелі
матростардың  басқаруымен  және  тәжірибелі   капитандардың   командаларымен
өзендермен өте көп жүзді, Ал 90 жылдардың аяғында яхтода экипаж болды,  яхта
жөнделіп жаңа атымен, «Ақ қанат» атты яхта клубына өз орнына тұрды.
      Ал 2003 жылы экипажда бірақ  адам  қалды,  бірақ  ұзақ  уақытқа  емес,
маусым айында VLAVITA жаңа экипажымен 3 адам, Киевтік су қоймасына  спорттық
жарыққа шықты, және жаңадан келгендер бәрін өздері сезіп білді:  тымық  дымы
құрылған қызу, күшті Днепр ағымдары,  түнгі  су  қоймасының  күшті  желі,  V
түңгі аспандағы көп жұлдыздар.
      [pic][pic][pic]




      Қайық  –  ескекпен,  желкенмен  немесе  двигатель  күшімен  қозғалысқа
келтірілетін суда жүзуге арналған  шағын  қатынас  құралы.  Қайық  адамзатқа
көне заманнан белгілі.  Неолит және қала  дәуірлерінде  үлкен  теңіздер  мен
мұхит  жағалауларын  мекендеген   халықтар   су   жануарларының   терілермен
қапталған ағаш немесе сүйек қаңқалы қайықтарды  пайдаланған.  Қазіргі  кезде
қайық тек спорттық және кәсіптік мақсаттарға ғана  пайдаланылады.  Әскери  –
теңіз  флотының  құрамында  қайықты  канонерлік  қайық,  сүңгуір  қайық  деп
аталатын түрлері бар.
      Елде жалпы ұзындығы 2,5 млн км 100 мыңнан астам өзендер  мен  2,5  мың
ірі көлдер бар. 500 мың км ұзындықтағы өзендер су жолы және жүзу үшін.
      Өзендер хабарламаның ең  ескі  жолы  болып  табылды  және  мемлекеттің
дамуында  маңызды  роль  атқарды.  Теміржол  пайда  болғанға  дейін  өзендер
негізгі тасымалдау жұмыстарын қамтамасыз  етті.  Өзендер   су  жолы  ретінде
табиғи  жағдайда  қолданылды.  Су  жолдары  европалық  бөліктің  негізгі  су
жолдарында жиі ұйымдастырылды. Сібір және Орта  Азия  өзендері  аз  мөлшерде
эксплуатацияланды/6%/.  Өзен  транспорттары  үшін  каналдар   маңызды   роль
атқарды.


      Дәріс 17, 18   Әуе транспортының  пайда болуы мен дамуы туралы  тарихи
анықтама
      Ұшақтардың алғашқы модельдері 19ғ 2-жартысында Ресейде өңделе бастады.
1867 ж. Н.Н.Телешов қазіргі  дельта  тәріздес  қанаты  бар  ұшақтарға  ұқсас
«Дельта» ұшағының жобасын жасады. Ұшақтың пайда болуына Орыс теңіз  флотының
капитаны  А.Ф.Можайский  көп  үлесін  қосты.  1876  жылы  двигатель  ретінде
сағаттық пружинасы бар ұшқыш аэроплан моделін құрды,  1877  ж.  ол  моноплан
жобасын ұсынды. Ол  қазіргі  фюзеляж  ұшақтарына  ұқсас  болды,  қозғалыссыз
қанаттар, дөңгелекті шасси және күштік құрылымы болды.
      1881 ж. Можайский үш  моторлы  ұшақ  құрастырып,  бірінші  сынақта  ол
сәтсіздікке ұшырады, осыдан кейін ұшақтарды Франция, Англия.  Венгрия,  АҚШ-
та құрастыра бастады. 1894 ж. аэроплан жобасын К.Э.Циолковский өңдеді.
      Шетелде Отто Лилиентал мен Ф.Адерден кейін, Райт ағайындылары 1903  ж.
ұшақпен 59секундта 800 м ұшты.
      Өнеркәсіптік ұшақ құрылысының басталуы 1908-1909 ж.ж. жатады, ол кезде
орыс инженерлері отандық ұшақтарын  алғашқы  құрылымдарын  жасады.  1913  ж.
конструктор Сикорский «Большой Балтийский» ұшағын, ал кейін 4,2  т  салмақты
«Русский Витязь» ұшағын құрастырды. Бұл төрт моторлы ұшақ 7-адамдық және  90
км/сағ жылдамдықта болды, сол жылы «Илья Муромец» (15-16 адам, жылдамдығы  –
114 км/сағ) ауырырақ ұшағы құрастырылды, алайда  1920  жылға  дейін  тұрақты
әуе транспорты болған жоқ.
      Әуе транспортының даму тарихы.


      [pic]
      Вертолет – көтеру күшін  бір  не  бірнеше  ауа  винті  тудыратын,  тік
көтеріліп, тік қона алатын  ауадан  ауыр  ұшу  апараты,  алғашқы  кезде  бұл
апаратты «автожир», «геликоптер» деп аталады. Кейіннен ол  Н.И.  Комов  Н.К.
Скржинскийдің ұсынысы бойынша «вертолет»  деп  аталатын  болды.  Вертолеттың
бірден тік көтерілуі, тік қону, бір орында қалықтап тұру, вертикаль  осьпені
кез келген бағытқа бұрылып ұшу мүмкіндігі бар.  Көтергіш  винттің  реактивті
моментін теңестіру тәсіліне қарай вертолет сыңар  винтті,  қос  винтті  және
көп винтті болып бөлінеді.  Бұлардың  ішінде  сыңар  винтті,  құйрығында  да
винті бар, ортақ  осьті  қос  винтті  және  бойлық  схемалы  ветолеттер  көп
тараған.
      Вертолет қарулы күштер құрамына кіреді.  Ол  тактикалық  әуе  десантын
түсіру, әскер және  жүк  тасу,  майдан  шебінен  жаралыларды  және  бұзылған
техниканы көшіру, жаудың атыс құралдарын жою, сүңгуір қайықтарды іздеу  және
оларды жою, радиациялық, химиялық, инженерлік барлау жүргізу,  майдан  шебін
бақылау, артилериянің атыс бағытын түзеу, мина тазарту, командалық  байланыс
орнату және әуе командалық пунк ретінде жүзбе  көпір  салу,  су  бөгеттерден
өту мақсаттары үшін пайдаланылады.
      Самалет. Авиация-қарулы күштердің ең  мықты  түрі,  кеңестер  одағының
пайда болуының  бірінші күнінен бастап  әскери  әуедегі  күштерді  дамытуға,
жетілдіруге көп жұмыстар жүргізілді.
      [pic]


      Содан  бері  кіші  авиациялық   отрядтар,   жүздеген   қару   жарақпен
қамтамасызданған ұшақтарының ескірген  конструкциялары  замандас  ұшақтармен
жабдықталған құдіретті әуедегі әскерге айналды. Бүкіл тарихта осы  әскери  –
авиация дамуына мемлекет үлкен назар бөлді.
      Истребитель – биплан №-15 конструкциясы аз  уақытына  арналған  тамаша
истребитель болған. Ол тез ұшып көтерілушілікпен биік ептілікпен ие болды.
      Двигатель күшімен (бу  машинасына  орнатылған)  ұшатын  самолеттің  ең
алғашқы жобасын 1881 ж А.Ф. Можайский жасады.  Сол  кезеңге  дейін  жасалып,
саналып жүрген аппараттардың бәрі моторсыз ұшу аппараттары болатын.  Самолет
ол аэроплан двигатель арқылы атмосферада  ұшуға  арналған  ауадан  ауыр  ұшу
аппараты. Неміс  ғалымы  О.  Лилиенталь  1891-1896  жылдары  бірнеше  планер
жасады. 1894  ж  американ  конструкторы  Х.С.  Максим  бу  машиналы  самолет
жасаған. 1909-1914 ж ж Ресейде алғашқы самолеттер жасалды. 1923  ж  советтік
дәуірдегі ең алғашқы самолет жасалып  шықты.  Ол  А.М.  Туполевтің  спорттық
монопланы еді.
      Самолеттердің  бәрінде  қанат,  фюзеляж,  тіректер,  шасси  және   күш
қондырғысы деп аталатын ортақ агрегаттар бар.
      Ұшарда және  қонарда  жол  талғамайтын  самолеттің  түрі  амфибия  деп
аталады.  Арналу  мақсатына  сәйкес   самолеттер   азаматтық   және   әскери
самолеттерге бөлінеді. Азаматтық самолеттерге:
      1. транспорттық, мысалы жолаушылар таситын, жүк таситын;
      2. спорттық ;
      3. туристік;
       жұмысшыларына арналған арнайы мақсаттық самолеттер жатқызылады.
      Ал әскери самолеттер: истребитель –  бомбылаушы,  бомбалаушы,  барлау,
транспорттық,   байланыстық   және   санитарлық    самолеттерге    бөлінеді.
Самолеттердің ұшу жылдамдығының артуы оның ұшу – қону жолын ұзартады.
      Ракета – өз массасын біртіндеп бөліп шығару нәтижесінде пайда  болатын
реактивті күш әсерінен қозғалатын ұшу  аппараты.  Жалпы  жағдайда  ракетаның
құрамында ракеталық двигатель, бастапқы  энергия  көзі  жұмыстық  дене  және
пайдалы жүк тараптары  болады.  Ракетаның  ұшуына  ешқандай  сыртқы  ортаның
әсері болмайды.
      [pic]
      Сондықтан ауасыз кеңістікке, яғни космосқа ұшуға  арналған  бірден-бір
аппарат   –   осы   ракета.   Ракетаның   энергетикалық   және   пайдаланылу
сипаттамалары   ондағы   ракеталық   двигательдің   түріне   және    отынның
қасиеттеріне  тәуелді.   Осы   заманғы   ракеталардың   барлығына   химиялық
отындармен жұмыс істейтін двигательдер  орнатылған.  Ракеталық  двигательдің
тарту күші мен реактивті солодан сыртқа  шапшаң  шығу  жылдамдығының  маңызы
үлкен.  Ракета   әскери   іске,   ғылыми-зерттеу   жұмыстарында,   космостық
апараттарды ұшыруда пайдаланылады. Ракетаның басқарылмалы  және  басқарылмай
ұшатын түрлері бар. Жасалу  ерекшеліктеріне  орай  ракета  бір  сатылы  және
құрама ракета деген түрлерге бөлінеді.  Бір  сатылы  ракетаның  пайдалы  жүк
орнатқан бөлігі тұмсық, ол  басқару  жүйелері  орналасқан  бөлігі  приборлық
бөлік деп аталады. Ракетада бұлардан басқа отын  және  двигатель  орналасқан
бөліктер де болады.





      Дәріс 19, 20   Құбыр жолының пайда болуы және дамуы

      Құбыр транспорты – мұнайды,  мұнай  өнімдерін  және  газды  шығарылған
немесе  өндірілген  жерлерінен  алысқа,   өндеу   және   тұтыну   орындарына
тасымалдайтын транспорттың бір түрі.
      Сұйық заттардың ағымы үшін арналған құбыр жолдары коммуникация ретінде
ежелден белгілі. Алғашқы 6,5 км ұзындықтағы  мұнай  құбыры  1865  ж.  АҚШ-та
құрылды. Ресейде диаметрі 100 м және ұзындығы 12  км  болған  алғашқы  мұнай
құбыры  1870  ж.  Балахнинскіні  Баку  өңіріндегі  мұнай   өңдеу   заводымен
байланыстырды. 1897-1909 ж.ж. диаметрі 200  м  құбырлары  бар  мұнай  құбыры
Бакудан  Батумиге  (850  км)  дейін  керосинді  тасымалдау  жүргізілді,   ол
В.Г.Шухов  жетекшілігімен   жобаланып,   құрылды.   Кейінірек   жаңа   мұнай
орындарынан порттар мен қалаларға кішігірім құбыр жолдары салынды:  Грозный-
Петроводск-порт Махачкала, Туха – Краснодар, Доссор- Ракуша және т.б.
      Көмір, отын, мұнайды өңдеу жолымен алынатын  газды  жіберуге  арналған
кішігірім бағыттарды ескермесек ресейде  газ  құбырлары  транспорты  болмады
деуге болады.
      Газ өнеркәсібі аймағында магистралды  және  жергілікті  газ  құбырлары
болады. Қазіргі құбыр жолдары транспортының техникалық базасы  күрделі  және
әртүрлі.  Құбыр  жолдары  транспортының  техникалық  қамсыздануының  негізгі
элементтері болып мыналар саналады:
      Құбыр жолы, яғни электро қорғаныс құрылғылары  мен  байланыс  желілері
бар, жалғанған және изоляцияланған құбырлардан тұратын  магистраль.  Олардың
сызықты бөліктері - өзендер, көлдер,  автомагистральдар  арқылы  өтетін  жер
үсті және жер асты құбырлары.
      Сұйық немесе газ тәріздес өнімдерді негізгі немесе  аралық  станциялар
түріндегі құбырлар бойынша транспорттау  үшін  араналған  перекачечные  және
компрессорлы станциялар.
      Жөндеу  кезіндегі  жеке  учаскелердің  жабу  және   параллель   немесе
қиылысқан магистральдарды бөлу немесе  қосу  үшін  арналған  құрал  сызықтық
торап деп аталады.
      Мұнай   құбырларын   техникалық   қамсыздандыру    кешеніне    мұнайды
газсыздандыруға  және  сусыздандыруға,  мұнайдың  қою   түрлерін   қыздыруға
арналған құрылғылар кіреді. Алғашқы газ құрбыларының  магистральдарында  12-
25 атм. жұмыс қысымы ұсталынды, кейінірек ол 2 есеге өсті.
      Құбыр көлігі ең алдымен  газ,  мұнай,  металдар  тасу  үшін  арналған.
Тағайындаудың тәуелділігіне және территориялық  орналастырулар  магистральды
және  мұнай    құбырлары  өнімдерін  және  тұтынулар   –   зауыттар   немесе
танкерлерге шамадан артық жүк тиеуге арналған теңіз порттары жатады.
      Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігнінің Нұра-
Сарысу департаментінің Балқаш қаласындағы инспекторлары 2007  ж  9  қантарда
жарық көрген. Қ.Р.  экологиялық  кодексін,  ҚР  әкімшілік  бұзушылық  туралы
кодексін және басқа да заңдар мен  актілерді  басшылыққа  ала  отырып  жұмыс
істейді. Инспекторлар «Балхаш экоорталығы»  ,  «эком»  қоғамдық  ұйымдарының
қатысуымен колледж студенттерімен көл  жиегін  тазалау  жұмыстарын  жүргізді
және Литвинов терегін отырғызуға  ат  салысты.  Қоршаған  ортаға  аса  ықпал
ететін Балқаш қаласында үш кәсіп орын  жұмыс  істейді,  олар  ЖШС  «Қазақмыс
корпорациясы», Балқаш мыс қорыту зауыты,  кен  байыту  фабрикасы  мен  жылу-
электр орталығы.   Қала кәсіпорындарының  қоршаған  ортаны  қорғау  шаралары
балқаштың  солтүстік  жағалауында  орын  алып  отырған  атмосфералық  ауаның
ластануы, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз  ету,  мыс  кендерін  пайдалану
және қорыту кездеріндегі  пайда  болған  көп  тонналық  қалдықтардан  Балқаш
көлін   қорғауға    бағытталған.    Ұйымдастырылмаған    қалдықтар    арнайы
полигондардың жоқтығына байланысты жердің әр  жерінен  орын  алады.   Балқаш
қаласы  ішерлік  сапалы  сумен  Тоқырауын  жер-асты  су  көзінен  қамтамасыз
етіледі.  Төменгі  Тоқырауын  жер  асты   су   көздері.   Тоқырауын   алқабы
сағаларында   төрттік   алллювиальдық   бөлініп    шығуларға    сабақтасқан.
Литологиялық су жинақтау кендері сирек, ұсақ жұмыр тас  қоспалары  және  ірі
құмдақтар арасынан, су линзасы  бар  сазды  қабаттардан  тұрады,  оның  сулы
қабаты солтүстіктен оңтүстікке қарай 0,5 метрден 12 метрге дейін ұлғайады.
      Құбыр транспортының:
Магистральдық мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау құбырлары;
Жергілікті маңызы бар мұнай құбыры;
Магистральдық газ құбырлары;
Жергілікті маңызы бар  газ  құбырлары  сияқты  негізгі  түрлері  бар.  Құбыр
транспорты жүйесіне сондай-ақ су құбырлары да кіреді.
      Тоқырауын су кені 1967 ж, өткен ғасырдан  бастап  игерілген  және  осы
уақыт ішінде бұл стратегиялық әлеуметтік маңызды объекті жаңартылмайды.
      Кейінгі жылдары тереңдік насостардың жетіспеуінен төменгі –  Тоқырауын
су алғышы резервсіз жұмыс жасауда, 41 төтелінің тек 24 ғана  жұмыс  істейді,
оның 21- қалаға, 3-і саяқ кентіне су айырады.
      1995 жылдан бері «Балқаш үстімен»  ӨБ сумен ағынсыз жабдықтау жұйесіне
өткен.
      Барлық кәсіпорын сулары қалдық қоймасына түседі. Арнайы екі тоғанда су
тұнып, байыту фабрикасына қайта қолдануға алынады.  Бұл  шара  Балқаш  көлің
ластамау үшін жасалған. Бірақ,  су  ластаушы  оқшау  көздері  де  кездеседі.
Көлге антропогендік салмақ жағада  орналасқан  өнеркәсіп  комплектерінің  су
мен биоценозды ластауы әсерінен ғана емес, Іле мен Қаратал  өзендері  арқылы
көлге    түсетін    лас    заттардың,    әсіресе     олардың     құрамындағы
микроэлементтерінің шектеуден  асап  кеткен  кең  спектрі  әсерінен  болады.
Кәсіпорындарды тексеру барысында территорияларда тұрмыс  қатты  қалдықтарын,
құрылыс  қалдықтарын  орналастыру,  жерге  жанар-жағар  шайлар  төгу  сияқты
келеңсіздіктер кездеседі.  Мұндай  кемшіліктер  үшін  22  субъектіге  153966
теңгеге айып салынды.
      Магистральдық  құбырларды  қолданудың  үлкен  маңызы  бар,  ол   мұнай
өнімдерін  және  газды  кез-келген  бағытқа,  толассыз  аз   шығын   жұмсақп
тасымалдауды қамтамасыз етеді.
      Қазақстанда құбыр транспортының дамуы  мұнай өндіру мен  мұнай  өндеу,
газ өнеркәсібінің  жедел қарқынмен өркендеуімен байланысты болып отыр.
      Дүние жүзіндегі ең ірі мұнай құбырларының бірі -1960-64 жылдары Ресей,
Польша, Германия, Чехославкия және Венгрия бірлесіп  салған  «Дружба»  мұнай
құбыры ұзындығы 5 мың км-ге жуық.


      Дәріс 21, 22  Қалалық транспорттың пайда  болуы  және  дамуы.  Қалалық
тасымалдау транспортының өсуі.
      Даму тарихы: 16-18  ғасырдан  бастап  әсіресе  Ресейде  көптеген  өнер
тапқыштар өзі жүретін экипаждардың әр  түрлі  схемаларымен  конструкцияларын
жасай бастады. Орыс механиктері Л.Л. Шамшуренков (1752)  және  И.П.  Калибин
(1785)   жасаған   педальді   арбалар   осы   күнгі   автомобильдерге    тән
механизмдерінің  біразы  қолданылды.   Сол   кезде   шыққан   бу   машинасын
пайдаланып, француз инженері Н.Ж. Кюньо (1769) алғашқы автомобильін  жасады.
1879 жылы орыстың өнер тапқыш конструкторы О.С. Костович  бензинмен  жүретін
карбюраторлы двигатель жасады. Жеңіл де ыңғайлы, жүрісі шапшаң  және  үнемді
іштен  жанатын  двигательдің  шығуымен  автомобиль  конструкциясы  тез  дами
бастады. 1885-87 жылдары неміс конструкторлары  Н.Ф.  Бенс  мен  Г.  Даймлер
бірінші болып іштен жанатын двигалелі бар автомобиль  жасады.  М.Р.  Брилинг
пен   Е.О.   Чудаков   құрған   отандық   автомобиль   мектебі    автомобиль
конструкциясын  жеңілдіруде,  оның   пайдалану   көрсеткіштерің   жақсартуда
маңызды роль атқаруда.
      [pic]
      20 ғасырды урбандалу ғасыры деп атайды, ол қалалар саны мен  көлемінің
қарқынды өсуіне байланысты. 1900 жылы қалаларда 13,6% тұрғындар болды.  1978
ж жер бетін мекендейтін адамдардың 40%  қала   тұрғындары  құрды.  1000  жыл
ішінде Ресейде 860 қала пайда болды. Қалалармен бірге транспорттық  жүйе  де
дамыды.  Көне  қалаларда  Қоғамдық  транспорт  болмады.  Қалалардың  өсуімен
қатар, транспортқа деген үлкен сұраныс транспортты жеке сала ретінде  бөлді.
18 ғасыр басында Петр 1 патшаның  бұйрығымен  Мәскеуде  Кремль   көшелерінде
тас төселді. Петербургтегі бірінші  көпір  1820  жылы  салынды.  Ол  ағашпен
қапталды. Инженер В.П.Гурьев осындай жолдармен поездарды және бу  тигачтарын
жүргізуді ойластырды. Мәскеу көшелері ағашпен төселді. Транспорт  құралдарын
мамандандыру ерекше конструкциялардың құрылуына әкелді.  Бастапқыда  қалалық
теміржолдар: трамвай мен метрополитен, кейінірек маманданған автобустар  мен
таксилерді бөлу бойынша қалалық автокөлік транспорты пайда болды.
      Қазіргі   кезді   қалалық   транспорттың   негізгі   құралы   ретінде:
автокөліктер, автобустар,  трамвайлар,  троллейбустар,  метро,  өзен  немесе
теңіз кемелері қолданылады.
      Автомобиль:  рельссіз  жолмен  жүк  және  жолаушылар  тасуға  арналған
машина.  Автомобиль  түрлері   атқаратын   қызметіне   қарай   автомобильдік
транспорт, арнаулы және жарыс автомобильдері болып  бөлінеді.  Соның  ішінде
негізгісі – транспорт автомобильдері. Олар адам және  жүк  тасуға  арналған.
Автомобильдер тиісті жабдықтармен жабдықталып,  көше  сыпыру,  өрт  сөндіру,
жүк  тиеу,  жүк  түсіру  сияқты  кейбір  өндірістік  операцияларды  атқаруға
пайдаланылады (автокран, авто компрессор, өрт  сөндіруші  машинасы,  көшпелі
жөндеу шеберханасы т.б).
        Жарыс  автомобильдері  спорттық   жарыстарға   арналған.   Транспорт
автомомильдері  жолаушылар   және   жүк   автомобильдері   болып   бөлінеді.
Жолаушылар автомобильінің жеңіл автомобильдер, автобус сияқты түрлері бар.
      Жеңіл автомобиль жеке жолаушылар тасуға арналған. Екіден сегізге дейін
кісі отыратын орны болады. Жеңіл автомобиль қорабының типіне  қарай  лимузин
(қорабы жабық), кабриолет (қорабы жағынан матамен жабылған), фаэтон  (қорабы
ашық) болып бөлінеді.
      Тасымалдау түрі бойынша барлық қалалық тасымалдау құралдарын жүк  және
жолаушылар тасымалына  бөлуге  болады.  Жүк  тасымалдаулары  қала  аймағында
ортақ белгіленген автокөліктермен  іске  асырылады.  Жүк  тасымалының  біраз
бөлігі  қалалық  теміржол  жүк  поездары,   жүк   кемелері,   трамвай   және
троллейбуспен жүзеге асырылады.
      Қалалық  транспорттың  күрделі  бөлігін  жолаушылар  тасымалы   алады.
Революцияға  дейінгі  Ресейде  жолаушылар  транспортының  негізінде  гужевой
транспорт ретінде  қолданылған. 40 ж  алғашқы  тізбекті  арбалар(11-адамдық)
пайда болды. 18 ғ 70  ж  электрлік  трамвайларды  қолдану  мүмкіндігі  туды.
Электрлік трамвай Петербургте 1880 ж, ал Киевте 1892 ж сынақтан өтті.
      Жолаушыларды жаппай тасуға автобус пайдаланылады.  Автобус  –  9  және
одан да көп жолаушыға арналған қоғамдық  пайдаланудағы  автомобиль.  Алғашқы
автобус 20 ғасырдың басында шығып, 1- дүние жүзілік  соғыс  кезінде  кеңінен
тарады. Пайдалану  мақсатына  қарай  автобус  қалалық,  қала  маңылық,  қала
аралық, жергілікті т.б. болып бөлінеді. Қалалық  автобустың  бірнеше  есігі,
орындықтары, жолаушылар түрегеп туратын алаңдары болады.
      Қала маңындағы автобуста  түрегеп  тұратын  алаң  шағын  болады,  оның
есесіне орындық саны көбейтіледі. Қала аралық автобус  қатты  немесе  жұмсақ
орындықтармен жабдықталады. Онда жылытқыш және желдеткіш жұмыс істейді.
      Жергілікті автобустар көбінесе селолық жерлерде аудан іші  және  аудан
аралық маршруттар бойынша жолаушылар тасиды.
      Такси, таксомотор - жүрілген жолға таксометрдің көрсетуі  бойынша  ақы
ұстап, жолаушылар және жүк тасымалдауға арналған автомобиль.  Алғашқы  Такси
1903 жылы Лондонда, ал 1907 жылы Петербургте пайда болды.
      Трамвай (ағыл. tramway, tram-вагон, арба және way-жол)  –  контактілік
сым арқылы келетін электр энергиясымен қоректеніп, рельс  жолмен  қозғалатын
маторлы вагон. Трамвайдың алғашқы нұсқасы болып 1876 жылы  орыс  өнертапқышы
Ф.А. Пироцкий ұсынған электр двигательі бар «рельстік экипаж» саналады.
      [pic]




      Ол 1880 жылы тұрақты тоқпен қоректенетін күштің электр двигательі  бар
вагонды құрастырып сынаудан  өткізді.  1881  жылы  Рихтерфельдте  (Германия)
жылдамдығы  30  км/сағ  болатын  20  орындық  вагон  пайдаланылуға  берілді.
Ресейде 90-шы жылдардан бастап трамвай  жүйелі  түрде  пайдаланыла  бастады.
Қазіргі  трамвай  шаруашылығы  күрделі  комплекс  болып   есептеледі.   Оның
құрамына  рельс  жолы,  автоблокировкалау  жүйесі,  күштік   тарту   желісі,
жылжымалы  құраммен  қызметтік  жүйе  т.б   жатады.   Трамвайды   энергиямен
қоректендіру күштің тарту желісі арқылы жүзеге асады. Айнымалы  тоқ  қосалқы
күштің тарту станциясы арқылы тұрақты кернеуге түрленіп  контактілік  желіге
беріледі. Ал маторлы вагонның контактілік желі сым бойымен  сырғанайтын  тоқ
қабылдау тетігі болады. Кері сым ретінде рельс пайдаланылады.
      Тралейбус (ағыл. trolleybus, trolley-  контактілік  сым,  роликті  тоқ
қабылдағыш және bus-автобус) – транспорттың контактілік сым  арқылы  келетін
электр энергиясымен  қоректеніп,  жер  бетінде  рельссіз  жолмен  қозғалатын
түрі. Ол 19 ғасырдың 80 жылдарынан бастап  Германияда  пайдаланыла  бастады.
СССР-де алғашқы троллейбус 1933 жылы жасалды.
      [pic]


      Москвада троллейбус 1934  жылы  жүре  бастады.  Троллейбустың  негізгі
электрлік жабдықтарына тұрақты тоқтың  күштік  тарту  двигателі,  компрессор
жетегі (қосалқы  электр  двигателі),  желдеткіш  пен  генератор,  жарық  әрі
сигналдық   аппаратуралар   жатады,   ал   оның   механикалық    бөліктеріне
трансмиссия, жүрістік  бөлік,  басқару  тетігі  жатады.  Рельс  жолды  қажет
етпейтіндігі, басқаруға икемді болуы  троллейбустың  трамвайдан  артықшылығы
болса, арзан электр  энергиясын  пайдалануы,  зиянды  газдың  болмауы   оның
автобустан артықшылығы  болып  табылады.  Контактілік  жүйесінің  (аспалы  2
сымнан құралған)  күрделі  болуы,  сапалы  жолды  қажет  етуі  троллейбустың
жоғарыда  аталған  транспорт  түрлерімен  салыстырғандағы  кемшілігі   болып
табылады. Қазіргі кезде троллейбус еліміздің көптеген ірі  қалаларында  қала
транспорты ретінде пайдаланылады.  Сондай-ақ  ол  қала  аралық  маршруттарда
пайдаланылуда.  60-70  орындық  екі  өсті   троллейбустың   жылдамдығы   65-
70км/сағатқа жетеді.


      Дәріс 23,  24   Транспорттың  жаңа  түрлері:  электромобильдер,  жеңіл
электро транспортты құралдар, рельспен жүретін автокөліктер.
      Жалпы  көлік барлық салада маңызды рөл атқарады. Қазіргі кезеңде  оның
мағынасы  күннен–күнге  өсуде.  Бүгінгі  мемлекеттің  өсуі  қуатты  көліктің
қолында.
      Халықтың өсуі, заттық қорлардың артуы, урбанизация, ғылыми  техникалық
революция, сонымен қатар  табиғи  -  георгафиялықтар,  экономикалық,  саяси,
әлеуметтік және басқа  факторлары, бүкіл әлем даму алдында масштабында  және
сапасы да қарым қатынасқа әкеліп соқты. Сонымен қатар жоспарда  транспорттың
ұшырауы бірінші болып тұрды.
      Электромобильдердің   барлық   түрлері   жеңіл   электро    транспорты
құралдардың қатарына жатады.
      Электромобиль  - дөңгелектері аккумулятор батареяларымен  қоректенетін
электроматордан шығатын транспорт құралы. Алғашында ол Англия мен  Францияда
19 ғ. 80 ж. басында, яғни іштен жану автокөліктерінен ертерек  пайда  болды.
1899 ж.  И.В.Романовпен  құрастырылған  транспорт  құралы   электрлік  болып
саналады.   Бұндай   машиналардағы   ауырлық   электродвигателі   1   кг-ға,
электросиымдылығы 20 Вт/сағ болатын  қорғасынды  аккумулятор  батарейлерімен
қоректенеді.
      Қуаттылығы 20 КВт двигательді 1 сағ  қоректендіру  үшін  массасы  1  т
қорғасынды аккумулятор қажет  болды.  Сондықтан  іштен  жану  двигательдерін
шығарғаннан  кейін  автокөліктер   өндірісі   қарқынды   ұлғая   түсті,   ал
электромобильдер маңызды экологиялық мәселелердің туындауына себепші  болды.
Біріншіден, климаттың өзгеруіне әкелген залалы, екіншіден генетикалық  тұқым
қуалаушылық   негіздерінің    бұзылуынан    болған    көптеген    адамдардың
иммунитеттерінің төмендеуі.
      Электромобильдің көріктілігі әркімге ұнады. Бірінші кезекте, ол зиянды
заттар     бөлмейді.Екінші     артықшылығы–құрылысының      қарапайымдылығы.
Электродвигательдің транспорттық құралдарға  тән  жақсы  сипаттары  бар:  аз
жылдамдықта айналу уақыты көп, бұл фактор  бір  орнынан  қозғалғанда  немесе
жолдың қиын жерлерін өту үшін өте маңызды.  Үшінші  артықшылығы  екіншісінен
шығады, яғни электромобиль қарапайым автоға қарағанда  қатты  күтімді  қажет
етпейді: жөндеудің аздығы майды көп қажет етпейді, суыту  жүйесі  қарапайым,
ал отын жүйесі (қыздыру жүйесін санамағанда) мүлдем жоқ.
            Бірақ   электромобиль  біз  ойлағандай  қарапайым   емес:   оған
кернеуліктің күрделі түрлендірушілері  және  орналастырылуы  қиынға  соғатын
көптеген  ауыр  және  үлкен  аккумуляторлар   керек.   Басты   кемшілігі   –
батареясының электро сиымдылығының аздығы. Литрлік  бензин  багының  салмағы
50 кг құрайды, бұл  жанармай  жарты  мың  километрден  астам  жолға  жетеді.
Мәселелер   электромобильдердің   отынынан   энергияны   өңдейтін    алғашқы
электроэнергия көздерімен қоректенуімен шешіледі. Электроэнергия  көздері  :
сутегі мен оттегін қолданатын отын  элементтері  табылады.  Оттегіні  ауадан
алуға болады, ал сутегіні сығылған немесе сығылмаған түрінде, сонымен  қатар
гидриттерден алуға  болады.  Көптеген  бастаушы  автомобильдердің  фирмалары
электромобильмен жұмыс істейді, және  көрмелерде  белгісіз  машиналарды  жиі
көруге болады. Әлемде әйгілі электромобильді  Польшада  әзірлейді.  200  ден
астам даналарын Шығарған.  Шығыс  Германияда  «көлік-систем-техник»  10  тұп
тұлғаларын шығарды.
      [pic]


      АҚШ  пен  Германияда  жеңіл  автомобильдерден  велосипед   жыл   сайын
автомобильге  қарағанда  көп  сатылады.  Дания,   Голландия,   Швеция   және
Еуропаның  басқа  елдерінде  велосипедшілердің  шексіз   тізбегін   жолдарда
байқауға болады.
      [pic]


      Жапонияның әрбір екінші тұрғыны  күнделікті  велосипедпен  жүреді.  Ал
Токиода кешкі уақытта жолдың барлығы велосипедпен толады.  Қытайда  500  млн
адам жұмысқа велосипедпен барады екен.
      1994 жылы «Ямаха» Жапон компаниясы қосымша  электр  жетегімен  жүретін
велосипед шығарды. Бұл  электро  велосипед  өте  ыңғайлы,  экологиялық  таза
транспорттық құрал, ең аз  шығынды  талап  ететін  және  гаражбен  аялдамада
мүлдем аз орын алады.
      Көп  санды  жобалар  арасында  мәселелердің   шешімін   табатын,   жиі
кездесетін ұсыныстар, соның ішінде рельстермен жүретін автомобиль.
      Рельсте тұрған көлікті басқарып керегі  жоқ  –  жүргізуші  программаны
қосып, сонымен қатар жолаушы өзі ұйықтай  алады,  оқиды,  интернетке  шығуға
немесе теледидар қарауға  мүмкіндігі  бар.  Хабарлама  диспетчерге  беріледі
және автоматты жүйе барлығын өзі басқарады.  Рельспен  жүру  жылдамдығы  120
км/сағ деп болжайды. Тағайындалған жерге келген  кезде  жүргізуші  машинадан
шығып өз жұмыстарына аттануына болады.  Автоматика  өзі  автомобильді  жақын
аялдамаға жеткізеді.


      Дәріс 25, 26  Транспорттың жаңа түрлері:  монокар,  ұшқышсыз  ұшақтар,
гелиотранспорт
      Жоғарғы  қуаттылығы  бар  энергияны  конденсаторлық  жинаудың   аралық
энергия   көздерін   қолданумен   отындық   элементтер    массасын    азайту
мүмкіндіктері  жасалуда.  Электро  машинамен  байланысқан  супер  маховиктің
аралық энергия жинақтағышы ретінде қолдану өте эффектті болып саналады.
           Супер маховик  –   тұтқыр  орталықта  волокндар  мен  жолақтардан
дайындалған маховик. Супер  мехавиктің  энергиясы  аз  литтік  маховиктердің
берілген параметрлерінің  мәндерінен  бірқатар  үлкен,  сонымен  қатар  оның
қауіпсіз жарылу қасиеттері бар.
      Бұндай схемалар Mechanical Technology Inc.(АҚШ),  EDO  Energy   (АҚШ),
және   Ливерморск  белгілі  ұлттық  зертханасы   (LLNL,   США)  фирмаларының
гибритті электромобильдерінің жаңа үлгілері жасалынды.  Жүздеген  Вт*сағ/кг-
ға жететін кевлар мен  графиттен  жасалған  супермаховиктің  энергиясы  оның
массасын  бірнеше  кг-ға  азайтады(200  Вт*сағ/кг  энергиясында  2   КВт*сағ
жинақтағышқа массасы 10 кг супермаховик қажет). Алайда ауырлық  двигателінен
басқа, максималдық  қуаттылыққа  есептелген,  сондықтан  ауыр  жинақтағыштың
электро  машинасы  бұл  схеманың  эффектілігін  төмендетеді.  Сонымен  қатар
ауырлық двигатель сияқты ол айналымды болуы  керек(  мотор,  генератор),  ол
приводты қосымша қиындатады.
      Проф.   Н.В.  Гулиамен  ұсынылған  электромобильдің  жаңа  концепциясы
электро-  және  автокөлік   құрылғыларын   максималды   унификациялау   және
жақындатудан тұрады.
      Мәскеу  Мемлекеттік  индустриалды  университеті  (МГИУ)  АМО   ЗиЛ-мен
бірлесіп, жаңа планетарлы дисктік вариатор негізінде  сатысыз  беру  қорабын
құрастыру жұмыстарын жүргізуде. Дисктік вариатор  негізіндегі  сатысыз  беру
қорабының   жаңа   концепциясы   жеңіл    көліктерде    қалай    қолданылса,
электромоторды энергия көзіне қосатын жүк көліктері мен  автобустарда  солай
қолданылады.
      Осылайша сұраныс берушінің талабы  бойынша  двигателді  отсекке  жылу-
механикалық двигатель немесе жаңа энергия  блогына  отын  энергиясының  кез-
келген   химиялық   түрлендірушісі   құрылған.     Ары    қарай    қарапайым
автокөліктердегі сияқты энергия блогының валы беру қорабымен жалғанады,  дәл
осы  жағдайда  сатысызбен.  Бұндай  беру  қорабы  жақында  тіпті   қарапайым
автокөліктерде  аз  эффектілі   сатысыз   бен   алмастырылады.   Нәтижесінде
қарапайым   автокөлікпен   максималды   деңгейде    унификацияланған    жаңа
электромобиль концепциясын аламыз.
      Жаңа  концепция  электромобильдерінің  артықшылығы  неде?  Авокөлікпен
салыстырғанда, отынды  қолданудың  жоғарғы  эффективтілігі  мен  экологиялық
қауіпсіздігі. Отындық элементтердегі зиянды заттар жоқ  деп  айтуға  болады.
Дәл осындай артықшылықтар электромобильмен  салыстырғанда  жаңа  концепциялы
электромобильдерде  бар,  осы  айырмашылықпен  қалдықтардың  орны  машинаның
өзінде емес, электростанцияларда.
      Отындық элементтері мен маховиктік жинақтағыштары бар электромобильдің
гибридті констукцияларына көшумен салыстырғанда,  мысалы,  "BMW"  фирмасымен
ұсынылған және жүзеге асқан, жаңа концепцияның артықшылығы  -  аз  гибратты-
массалық  көрсеткіш  және  электромашинаның   жоғарғы   КПД-сы.   Бұл   жаңа
электромашина концепциясының әмбебап емес, айналымдық  , ал  аз  маманданған
жылдамдықты, тұрақты қуаттылықпен жүктелген,  максималдыдан  бірқатар  төмен
және  айналудың  жоғарғы  жиілігінде.  Екінші  ерекшелігі  қайта   қосылатын
режимдегі үш фрикционды  муфта  немесе  тежеулермен  күрделі  дифференциалды
механизімінің жоқтығында. Үшінші ерекшелігі айналу жиілігін баптау  процессі
мен   супермаховиктен  жүру   дөңгелектеріне   дейінгі   жағдайлар   электро
құрылғымен емес, жоғарғы КПД-сы бар механикалық  вариатормен  жүзеге  асады.
Әсіресе бұл  тежеу  кезінде  энергияны  рекуперациялау  процессіне  қатысты,
нәтижесінде  машинаның  кинетикалық  энергиясы  супермеховикке  көшеді.  Бұл
энергияның  беру  жиілігі,  процесс  КПД-сы  бойынша   электро   трансмиссия
механикалық  вариатормен  салыстыруға  келмейді.   Және   соңғы   ерекшелігі
дәстүрлі автокөліктік схема сияқты және  бар  двигательдермен  жаңа  энергия
блогын  габаритті  -  массалық  көрсеткіштері  энергия  көзінің  бір   түрін
екіншісіне  оңай  алмастыруға  мүмкіндік  береді,   нәтижесінде   автокөлік,
сонымен  қатар  гибридті  экономикалық  және  динамикалық   жаңа   концепция
электромобилін алуға болады.
      Қалай болса да, электромобильге  деген  сұраныс  көп.  Сонымен  қатар,
онымен  бәсекелестік  жоқ  орындар  бар.  Мысалға,  бәлемге  белгілі   гольф
ойындарының алаңдарын  алайық.  Инвентарь  мен  қызмет  көрсететін  персонал
қарапайым  конструкциялы   ,   төбесіз,   есіксіз,   қысқартылған   кузовты,
жеңілдетілген, қауіпсіздік жүйесі жоқ электромобильге автокөліктің  салмағын
арттыру   үшін   барлығын   орналастырады.   Қарапайым    машиналар    жабық
ғимараттарда:  зиянды  қалдықтардың  болмауын   талап   ететін   қоймаларда,
цехтарда  тасымалдауға   өте   ыңғайлы.   Туристерді   курорттарда,   ұлттық
саябақтарда тасымалдауға – осындай электромобильдер кең  қолданылады,  бірақ
бұнда олар автокөліктермен бәсекелесе алмайды.
      Монокар – бұл машина автомобиль шанағымен және  конструкциямен  өтетін
бөлім.
      [pic]


      Осындай машина өте ыңғайлы, жүк көтергіш, автомобиль  қауіпсіздігімен,
ептілікпен, үнемділікпен және мотоцикл өткізгішімен қамтамасыз етілген.
      Монокараның техникалық мінездемелері:
      Ұзындығы - 4000 мм
      Ені – 1500 мм
      Биіктігі – 1500 мм
      Орын саны – 3 кісі
      Шанақ есіктерінің саны – 2
      Отын шығыны – 1 л көп емес
      Аз салмақ (400 кг көп емес) басқаруда қарапайым және қызмет етуде.
      Дара ұшу аппараттар
      1954  жылғы  Heller  Helicoptersкомпаниясында  өте  кішкентай  алмалы-
салмалы тік ұшақ бірінші үлгілерінен жасалынған болатың. Ол Rotor cycle  деп
аталды  және  ол  американың  әскерлеріне  арнайы  жасалған  болатын.   Егер
олардың ұшақтары жау қолына түскен болса, олар майдан сызығы арқылы  ұшақтар
«өздеріне» қайту керек болды. 1957 жылы 10 қаңтар күні Rotor  cycle  аспанға
көтерілді. Байқау нәтижесінде авиация зауытымен Сандерса  Роя  атты  ағылшын
тағы 10 тік ұшақ жасау үшін келісім шартқа отырды.  1962 жылдың  аяғында  12
Rotor cycle жасалынған болатын: оның 7 әскери ал 5 азаматтық.
      Ұшқышсыз тікұшақтар
      "Ұшқышсыз"  масса   бойынша   ерекшеленеді   (10-15   тонналы   гигант
авиамодельмен  салыстырылатын  жарты  килограммдық  салмақтағы   аппарат)  ,
биіктігімен және ұшу ұзақтығылығымен ерекшеленеді. 5  кг-ға  дейін  («микро»
класс) ұшқышсыз ұшатын аппараттар кез келген кіші  алаңнан  ұша  алады  және
сонымен қоса, 1-2 километр биіктікке көтеріледі және ауада  1  сағаттан  кем
уақытта бола алады. Ұшқыш барлаушы секілді оларды, мысалға,  орманда  немесе
тауда әскери техника мен террористерді табу үшін қолданады.
       "Ұшқышсыз" класының «микро» массасы  небәрі  300-500  грамм,  көрнекі
түрде айтсақ, терезеге қарауға болады, сондықтан  оларды  қалалық  шарттарда
қолдануға болады.
      «Микродан» кейін ұшқышсыз ұшатын аппараттар 150  кг.-ға  дейін  «мини»
массалы  классы. Олар 3-5 км биіктікте жұмыс  істейді,  ұшу  ұзақтылығы  3-5
сағаттан тұрады. Келесі класс  "миди". Бұл 200 – ден  1000  кг  –  ге  дейін
массалы неғұрлым ауыр көп  мақсатты  аппарат.  Ұшу  биіктігі  5-6  км  дейін
жетеді, ұзақтылығы 10-20 сағат.
             Сонымен,   1000  кг-нан  8-10  тоннаға   дейін   массалы"макси"
аппараты. Олардың төбесі 20 км,  ұзақтылығы  –  24  сағаттан  артық.  Таяуда
"супермакси" классындағы машиналар пайда болуы мүмкін. Олардың  салмағы  150
тоннадан   асуы   мүмкін.   Мұндай   «ауыр   жүктілік»   бортта      әртүрлі
тағайындалудың  үлкен  мөлшердегі  аппаратурасын  көтереді  және   өте   кең
тапсырмаларды орындай алады.
      Егер ұшқышсыз ұшатын аппараттардың тарихына жүгінсек, онда  олар  1930
жылдың ортасында пайда болды.  Бұл  оқу  атысында  қолданылатын  дистанциялы
басқарылатын ауалық нысана болған.  Екінші  дүние  жүзілік  соғыстан  кейін,
дәлірек айтса, 1951 ж. авиаконструкторлар  ұшқышсыз  тікұшақ-барлаушышыларды
құрған. Соққы тағайындау машинасын өңдеу үшін тағы да 20 жыл  қажет  болған.
1970 -1980 жж. Бұл  мәселемен   П.  О.  Сухов,      А.  Н.  Туполев,  В.  М.
Мясищев,  А. С. Яковлев,  Н. И. Камов  конструкторлық  бюролары  айналысқан.
Туполевтік КБ-нан  "Ястреб",  "Стриж"  ұшқышсыз барлаушылар  мен  қазір  көп
қолданыстағы-"Рейс", сонымен қатар  "Кулон"-мен  сәйкес  келетін    “Коршун”
соққысы шықты.Ұшқышсыз тікұшақтармен сәтті айналысқандың бірі –  Яковлев  КБ
болды,  онда      "мини"-класс  аппараттары  өңделген.  Олардың  ішінен   ең
сәттісі және қазіргі уақытқа дейін қолданылатын "Пчела" комплексі болды.
      1970-1980 жж. “ұшқышсыздарды” өңдеудің бірінші  толқыны  ұзақ  уақытқа
дейін тынышталып қалды. Осы жылдары “ұшқышсыздармен” белсенді жұмыс  істеген
"Сокол"  Казандік тәжірибелі-конструкторлы бюросы болды.  Негізгі  бағыты  –
әртүрлі  әскери  комплекстер  әскери  әрекеттері  мен  жердегі   қызметтерде
өңделетін ұшқышсыз ауалық нысана болды. Бүгінгі таңда  "мини"  және  "миди"-
класты  ұшқышсыз  аппараттар  кең  көлемде  қолданылады.  Олардың   өндірісі
көптеген  мемлекеттермен  бәскелесе   алады,   сондықтан   бұл   тапсырмамен
кішігірім зертханалар немесе институттар жұмыс істей алады.  "Макси"  класты
аппаратарын құру үшін  бүтін  авиақұрылысты  комплекстің  ресурстары  қажет.
Біріншіден,  олар  өмірлік  қамтамасыздану,  қорғау,  шартқа   сәйкестендіру
жүйелерін  жабдықтау  үшін  арналған   арзан   ұшқыштық   тікұшақтар.   Енді
ұшқыштарды дайындау қажет, ал үшін  қаншама  қаржы  қажет.  Нәтижесінде  сол
немесе басқа тапсырмаларды орындауға кететін шығынды  азайту  үшін  борттағы
экипаждардың болмауы..
      Екіншіден, жеңіл ұшқышсыз ұшатын  аппараттар  (ұшқыштық  тікұшақтармен
салыстырғанда)  аз отынды қажет етеді.
      Үшіншіден, ұшқыштық  тікұшақтардан  өзгешелігі,  ұшқышсыз  машиналарға
бетонмен жабылған  аэродромдар  қажет  емес.  Небәрі  600  метр  ұзындықтағы
ұшатын-қонатын  қара  жолақты  салса  болғаны.  Бұл  өте  маңызды  аргумент,
сондықтан Украинадағы аэродромдардың 70%-ы қайта құруды қажет  етеді,  бірақ
қазіргі уақытта – жылына бір аэродромды жөндей алады.
      Ұшатын аппараттары типті таңдаудың негізгі  критериі  болып  табылатын
–бағасы.
      Есептеу техникасының қарқынды дамуының  арқасында  “ұшқышсыз”  борттық
компьютерлер  -   “толтыру”  арзандатылды.Бірінші  аппараттарда  ауыр   және
қолайсыз аналогтік есептеу машиналары пайдаланылды. Жаңа  цифрлы  техниканың
енгізілуіне байланысты олардың “миы” тек арзандатылған  жоқ,  сонымен  қатар
ақылдырақ, тұтас және жеңілдірек болды. Бұл  бортта  ұшқышсыз  тікұшақтардың
функционалды  мүмкіндіктеріне  тәуелді  аппраттарды   көп   мөлшерде   алуды
білдіреді.
             Ұшқышсыз  тікұшақтар  спутниктермен   мен   телекоммуникациялық
желілерді құру және навинациялық жүйелер сферасымен бәсекеге түсе алады.
            “Ұшқышсыздарда” жиіліктің көп диапазонында  Жер  бетін  үздіксіз
тәулік бойы  қадағалауды  қояды.  Оларды  қолдана  отырып,  ауалық  және  су
транспорттарының қозғалысын басқаратын және бақылауды ұстайтын   мемлекеттің
ақпараттық өрісін құруға болады, сол себепті бұл  машиналар  жерлік,  ауалық
және спутниктік локатордың функциясын өзіне жүктеу жағдайына ие болады.
      Ұшқышсыз ұшатын аппараттар геологиямен, экологиямен,  метеорологиямен,
зоологиямен, ауыл шаруашылығымен, климатты  зерттеумен,  пайдалы  қазбаларды
іздеумен байланысты ғылыми және  қолданбалы  тапсырмалардың  толық  спектрін
шешуге көмектеседі. Олар құстардың, сүтқоректілердің, бір  үйір  балықтардың
миграциясы,  өзендердегі  метеошарттар  мен  мұздық   күйлерінің   өзгеруін,
кемелер қозғалысын, транспорт пен  адамдардың  орын  ауытыруын,  аэро,  фото
және  кино  түсірілімді   жүргізетін,   радиолокациялық   және   радиоционды
бағдарлауды, 100 м тереңдікке дейін енетін беттің  көпспектрлі  монитрлингін
қадағалайды.
      Азаматтық ұшқышсыз тікұшақтардың  қолдану сферасы
      Кіші өлшемді объекттерді табу:
    ▪ ауалық
    ▪ су беті
    ▪ жер беті
      Ауалық қозғалысты басқару:
    ▪ әрең жететін аудандарда
    ▪ стихиялық апат пен авария кезінде
    ▪ халық шаруашылығындағы уақытша ауалық трассаларда
      Теңіз кеме қатынасын бақылау:
    ▪ кемелерді іздеу мен табу
    ▪ порттардағы авариялық жағдайларды ескерту
    ▪ теңіз шекараларын бақылау
    ▪ балық аулау ережелерін бақылау
      Аймақтық және аймақаралық телекоммуникационды желілердің дамуы:
    ▪ байланыс жүйесі, сонымен қоса мобильді жүйе
    ▪ телерадиохабарлау
    ▪ ретрансляция
    ▪ навигациялық жүйелер
      Жер бетінің аэрофототүсірілімі және бақылауы
    ▪ аэрофототүсірілім(картография)
    ▪ келісім шарт міндеттерін сақтау инспекциясы
    ▪ (ашық аспан режимі)
    ▪ гидро-метеожағдайларды бақылау
      Экологиялық жағдайларды бақылау:
    ▪ радиациялық бақылау
    ▪ газды-химиялық бақылау
    ▪ газды және мұнай құбырын бақылау
    ▪ сейсмикалық датчиктарды сұрау
      Ауыл шаруашылық жұмыс геолобақылауды қамтамасыздандыру:
    ▪ жердің сипаттамаларын анықтау
    ▪ пайдалы қазбаларды бақылау
    ▪ Жердің  бетіндегі зоналау (100 м дейін)
      Мұхитталу:
    ▪ Мұз жағдайын бақылау
    ▪ теңіз толқынын қадағалау
      үйір балықтарды іздеу
      1970 ж СССР-де үлкен биіктікпен  және  ұшудың  ұзақтығына  ие  болатын
ұшқышсыз  тікұшақтарды  жасауда   ғылыми-зерттеу   жұмыстары   толықтырылды.
Олармен ОКБ В. М.  Мясищевтің   "Орел"  "макси"-классты  машинасы  өңделген.
Онда жұмыс макетке дейін ғана барды, сонан  кейін  10  жылдан  соң  қайтадан
өңделе бастады. 20  км  биіктікке  дейін  және  ауада  24  сағат  қозғалыста
болатын  модернизацияланған  аппарат  ұшуы   мүмкін   болды.   Бірақ   мұнда
реформалық дағдарыс басталды, ал 1990 ж басында "Орел"   бағдарламасы  қаржы
жетіспеуіне байланысты  жабылып  қалды.  Мөлшермен  сол  кезде  және  сондай
себеппен  "Ромб"  ұшқышсыз  ұшатын  аппараттар   қысқартылды.   Бұл   өзінше
конструкциялы "НИИ
      ДАР"-мен сәйкес келетін   тікұшақ  құрылған.  Оның  массасы  12  тонна
болды, ал қуатылығы 1,5 тоннаға  дейін жетті.


      Дәріс 27, 28  Транспорттың жаңа түрлері: монорельсті  вагондар,  мотор
вагондар, поездар
      Дәріс мазмұны:
 1. монорельсті вагондар
 2. мотор вагондар
 3. поездар
            Қала көшелерімен  жүруге  арналған  толық  өлшемді  машиналардың
қиындығы көп, бірақ жақында барлығы өзгеруі мүмкін.  Ал  себебін  Американың
Калифорния штатының климатынан іздеу керек.
          Әлемдегі ең атақты  электромобиль  Польшада  жасалынады.   Қазіргі
кезге дейін 200 мың дана шығарылған.  "Мелекс"  электромобилі  2,4,6  орынға
арналған қарапайым тип.ойын-сауық(мысал ретінде  сол  гольфты  алайық)  және
спортқа,  цех  транспорты  ретінде  қоймалық  жұмысқа  есептелген.  880   кг
массаның пайдалы күші-320, ал прицеппен –900  астам.  Жүру  қоры  -  70  км.
Максималды жылдамдығы - 23 км/сағ дейін.
           Шығыс Германияның басқа "Транспорт-Системтехник" фирмасы таксидің
10 прототипін жасады. Пластмас кузовты  бенс  орынды  машинаның  салмағы-600
кг,жылдамдығы 80 км/сағ, жүру қоры  140  км.  Батареялары  -  никель-
      металлогидридті.  Конструкторларға 2,5 м ұзыңдықтағы машина  ішін  кең
қарапайым қылып жасады.
             Жапониядағы    "Honda"   автомобиль   компаниясы   өзіне   жаңа
технологияларды  қамтитын   “гибритті”   және   кіші   габаритті   электрлік
машиналарды жалға беру паркін құру жобасын қаржыландырады. Бұл жобаның  іске
асуын "Intelligent  Community  Vehicle   System"   атауын  алған  ("Аймақтық
интеллектуалды транспорттық жүйе")  –  ICVS  құрастырушыларының  ойынша  бұл
транспорттың қоршаған ортаға деген зияның төмендетуге мүмкіндік береді.
           City   Pal  кіші габаритті  3210  х  1645  х  1645  мм  өлшемдегі
тұрақты магнитіндегі  синхронды  двигателі  бар  электромобильді  көрсетеді.
Оның  максималды  жылдамдығы  100км/сағ,  жүру  қоры  толығымен  зарядталған
аккумуляторларда 130 км.
      Электромобильдердің  ішінен ең үлкен деген қызығушылықты тудыратын бұл
–  аралас  электрлік  привод  бар  жеңіл  электро  транспортты   құрылғылар.
Солтүстік Америкалық  "EV  Global    Motors"  компаниясының  президенті   Ли
Якокканың ойынша көп  ұзамай  электророллер,  электроскутер,   электромопед,
бір немесе екі орынды мини-электромобиль, ал  көбінесе  -   электровелосипед
әрбір американдықтың гаражында тұратын болады. Болжамға сәйкес жақындағы  10
жылдықта жылда сатылатын индивидуалды электро  транспорттардың  көлемі  әлем
бойынша 10 млрд. құрайды. Америкалық мамандардың болжамы  бойынша  21  ғ.  1
ширегінде екі дөңгелекті педалды машиналар автокөліктерді  шығарып  тастайды
және  біртіндеп  негізгі  қозғалыс   құрылғысы   болып   табылады.   Осындай
болжамдардың негізі болып жатқандардың жалпы көрінісін нақтылайды.  АҚШ  пен
Германияда      автокөліктерден       қарағанда       велосипедтер       көп
сатылады.Велосипедшілердің шексіз тізбегін  Дания,  Голландия,  Швеция  және
еуропаның басқа да елдерінің жолдарында көруге болады.
      Электро  велосипедтің  екінші  рет  дүниеге  келуі,  1994  жылы  жапон
компаниясы "Ямаха" қосымша электро приводты жаңа велосипед  шығара  бастады,
ал қазір осы фирманың  конструкторлары  үшінші  ұрпақ  электро  велосипедтің
моделін құрды. Өткен жылы тек Жапонияның өзінде ғана 250 мың екі  дөңгелекті
"гибридтер"  сатылды.  "Ямахадан"  кейін   электро   велосипед   өндірісімен
Хонда",  "Панасоник",   "Саньо",   "Мицубиси"   және   "Судзуки"компаниялары
айналыса бастады. Мамандардың  болжамы  бойынша  1-2  жылдан  кейін  электро
велосипедтерде миллиондаған жапондықтар жүретін болады.


      Дәріс  29,  30  Транспорттың  жаңа  түрлері:  жолаушы  таситын  жоғары
жылдамдықты трубопровод
      Қазіргі  таңда  электро  велосипедтерді      Азия,     Америка    және
Европаның барлық ірі компаниялары шығара бастады. Қытай  үкіметінде  электро
велосипедтер мыңдаған мотороллер  мен  мотоциклдерді  алмастыра  алады  және
сонымен қатар транспорттың жағдайын жақсартады. Шанхайда, мысалы,  велосипед
аккумулятор ларын қоректендіретін  15  орталық  және  оны  алмастыратын  100
пункттер бар. Сонымен қатар, апатты  зарядтау  станцияларының  желісін  құру
жоспарланып отыр, онда кез-келген велосипедші  автоматқа  тиын  тастап  және
электро зарядты колонка розедкасына зарядтау құрылғысын қосып  аккумуляторды
тез зарядтауына болады.
      Мамандардың болжамы бойынша  2003 жылы электро велосипедтер  саны  екі
миллионан асып кетті.
      "Honda"компаниясы ұсынған материалдар бойынша ол төрт базалық экипажды
өндіреді:  екі  орынды  электромобиль   City   Pal,    бір   орынды   аралас
двигательді Step  Deck құрылғысы, бір орынды электро  роллер  Mon  Pal  және
электро велосипед Raccon.
      Бір орынды электро роллер  Mon  Pal   орташа  қашықтықтағы  жолға  өте
ыңғайлы, оның жылдамдығы сағатына 6 км-ден  аспайды.   Электро  роллер  жаяу
жүретін зоналарда, саябақ  жолдарында,  үлкен  сауда  ғимараттарында  жүруге
жарайды. Mon Pal –дың габаритті өлшемдері -   1450   х   690   х   1080   мм
(1625  мм  тентпен).
      Басқа моделдерге қарағанда электро велосипед  Raccon-ның  26LX-3В   ең
жақсы жері  ол  велосипедшіден  көп  күшті  қажет  етпейді,  әсіресе  жоғары
көтерілгенде және желге қарсы болғанда. Салмағы 31  кг, Габаритті  өлшемдері
1885 х 580 х 770-920 мм
      Мегаполистерде транспорттық желілердің  мәселенің  шешімін  табу  үшін
көптеген   жобалардың   ішінде   қалалық   транспортты   ,   сонымен   қатар
автокөліктерді рельспен жүретін қылып жасау
      Ең жақсы жобалардың бірін даниялық rnational   компаниясы  ұсынды.Олар
ұсынатын транспорттық жүйе  өздігінен жүретін  қоғамдық  және  жеке  Электро
транспорттар .
      RAF транспорттық жүйесі үшін  машиналар  кез-келген  —   "жеңіл",  жүк
машинасы, автобус — бола алмайды.
      "Тілік"   ортасынан   өтеді   және   салонды   екі   бөлікке   бөледі.
Құрастырушылар "төбені"   шынтақша ретінде  немесе   "балаға  арналған  орын
ретінде пайдалануды " ұсынады.
      Монорельсті жүйе үлкен қалаларға арналған, бірақ жоба авторлары   қала
маңындағы  аймақтың  тұрғындарын  ұмытқан  жоқ:  электрлі  және   жанармайлы
двигательмен  жүретін  транспорт  қарастырылған.   Мысалы,   қоғамдық   қала
аймақтық транспорт  Maxi-RUF, —  бұл автобус, жүргізушіні  есептемегенде  10
жолаушыны тасымалдай алады.
      Компания өзінің концепциясы бойынша 1988  жылдан  бастап  жұмыс  істеп
келе жатыр.  RUF International 16 спонсоры  бар,  олардың  қатарындағылардың
бірде  біреуі  авто  өндіруші  емес,  бірақ  Даниялық  филиал  Siemens  және
энергетика және қоршаған орта министерствосы бар.
      Аналогты,бірақ шындыққа  негізделген  жоба  бойынша  ағылшындар  жұмыс
істеуде.  ULTra (Urban  Light   Transport)  деп  аталатын  монорельсті  жоба
Advanced Transport Systems компаниясымен бірінші рет 2004  ж  жүзеге  асады.
Ал 2002 жылдың қаңтарында Кардифф қаласында тәжірибесін жүзеге асырды.  Егер
тест  нәтижесі  қанағаттанарлықтай  болса,  онда   ULTra   желісін   бірінші
Кардифте, кейінҰлы Британияның басқа қалаларында да орналастырады.
      Құрастырушылардың пірінше ,  біріншіден  олардың  электротранспорттары
қоршаған ортаны ластамайды, екіншіден ол- жеңіл, үшіншіден  “визуалды  енуді
минимизациялай ” алды және соңынан  ULTra — қауіпсіз транспорт.
      АВТОКӨЛІКТЕР  жоғарғы  комфортты,  қауіпсіздікті,  жүк   көтергіштікті
қамтамасыз етеді, бірақ төрт дөңгелекті транспорттық құрылғы  концепциясының
бар болуы арба пайда болған  заманнан  бастап  өзгермеген  және  де  қазіргі
кезде  экономикалық,   қоршаған   ортаны   ластандыру   жағынан   талаптарды
қанағаттандырмайды.
      МОТОЦИКЛДЕР  конструкциясы  қарапайымдылығымен   және   сенімділігімен
ерекшеленеді. Олар жоғарғы  ептілікпен  және  өткіштікпен  иемденеді,  бірақ
жүргізушіні  ауа-райы  жағдайларынан  қорғамайды,  қауіпсіздікті  қамтамасыз
етпейді, сондықтан автокөліктермен ығыстырылған.
      Бірақ мотоцикл мен автокөлікті  біріктіретін  ерекшеліктері  бар.  Бұл
машина автокөлік шанақты және жүретін бөлігінің екі дөңгелекті.  Бұл  машина
 (монокар) комфортты, жүк көтергіш, қауіпсіз, епті және үнемді бола алады.
      Яғни, мотоциклдің сенімділігі төмендегіге байланысты:
           1. мотоцикл жылдамдығы
           2.  бұрылу радиусы
           3.  бұрылу бұрышы
           4.  алдыңғы дөңгелектердің қызметі
           Монокар  энергияны жоғалтуды төмендегі шешімдерден азайтады:
      Машина  массасы.  Массасын  төмендету   үшін   кейбір   тораптар   мен
агрегаттарды алып тастау арқылы конструкциясын жеңілдету және  қарапайымдату
керек. Монокада жоғары жылдамдықты двигательдің ,  КПП,  радиатор,
      стартер, генератор,  трансмиссия және көптеген нәрселердің қажеті жоқ.
      Монокар мқарапайым машинадан екі есе жеңіл қыла алады.
           ПӘК – і  қозғалтқышы ішкі жану қозғалтқышынан қажет бас  тарту  Д
18-20% және  (ПӘК  90%)  электродвигателін  қолдану.   Керекті  двигательдің
қуатын төмендету маховикті қолдану болып табылады.
           Шанақ металды каркас конструкциясынан жасалған. Машина  орталығын
бойлай  маховиктен күштік рама  орналастырылған.   Алдыңғы  терезе  ортасына
қатысты есіктеті ашылатын екі есікті кузов. Машинада  қырларында  орналасқан
екі қоймашасы бар. Кузов аэродинамикасын жақсарту мақсатында артқы  дөңгелек
жанында қоймаша жоқ. Жапон фирмалары
      Япон фирмалары жоғары эффектілі  микропроцессорлік  басқару  жүйелерін
және максималды  КПД-сы  98%-ке  дейін  жеңіл  коллекторсыз,  тұрақты  тоқты
[pic]электрқозғалтқыштарды құрастырды.  Осы  төмен  айналымды  қозғалтқыштар
жүргізуші    дөңгелектің    ступицасына    орнатылған.    Бұл    механикалық
трансмиссиядан бас тартуға мүмкіндік берді және осыған орай приводтың  жалпы
КПД-сы 96-97%-ке жетті. 200-250 Вт қуатпен жеңіл электр көліктерге  серияфлы
мотор дөңгелектер шығарылуда, мысалы,  әлемнің  жолдарында  жалт-жұл  ететін
электр велосипедтері.
      Көлік құралдарында мотор - дөңгелектерді қолданудың артықшылықтары:
      . автомобильдің басқа агрегаттарына қарағанда мотор-дөңгелекті  орнату
орнын таңдау еркіндігі әсерінен автомобиль компановкасы жақсарады;
      .    гидромеханикалық     привод     агрегаттарымен     салыстырғанда,
электроприводтың жалпы массасы төмендейді;
      -  ось  бойынша  автокөлік  базасын  түрлендіру  мүмкіндігі  автокөлік
массасының қалауынша таратылады:
    ▪  бүтіндей  жүйенің  сенімділігін   арттыратын   эксплуатация   кезінде
      қарқынды тозуға ұшыраған механикалық  берілудің  бөлшектер  саны  және
      тораптары қысқартылады;
    ▪ бастаушы дөңгелектердің санының ұлғаюынсыз  үлкен  қуатты  бір  мотор-
      дөңгелек автокөліктің жүк көтерімділігін арттыруға мүмкіндік береді;
    ▪ тарту күшін сатылы емес немесе  кейбір  жағдайда  екі  сатылы  басқару
      мүмкіндігі;
    ▪ көп мөлшерде ішке қарай  еңкеюде  тежелу  электрлік  тежелуді  қолдану
      арқасында жоғары әсерлі және сенімді.
      Жүргізуші және жолаушы орындықтарының арасында орналасқан   "джойстик"
типті тұтқасымен машинаны басқару іске  асырылады.   Тұтқада  сонымен  қатар
фараны қосу, бұрылу, сигналдар және т.б. батырмалары орналасқан.
      Вариатордың  өткізу  санының  өзгеруі  басқару  арқылы    іске  асады.
Тұтқаның “алға-артқа”  және  “солға-оңға”  еңкеюі  сәйкесінше  тежелу-екпіні
және машина бұрылысы болады.  Тұтқаның  “алға”  максималды  ауытқуы  кезінде
артқы дөңгелектің қосымша  тежегіш  істен  шығады.  Басқару  панелі  аздаған
габариттерден, жарық диодындағы цифрлы индикация  және  кез  келген  ыңғайлы
орынға  орналасуы  мүмкін,  мысалы  машина  ортасындағы   артқы   көріністің
айнасында  орналасқан.  Индикацияның  орнына  синтезатор  тілін    қолдануға
болады




      Индициролауға болады:
      1. Машинаның қолдану жылдамдығы
      2. Бұрылыстар (артқы түр айнасындағы жарықтармен ауыстыруға болады)
      3. Есіктердің орны және багажниктер (ашық немесе жабық).
       Монокараның техникалық мінездемесі:
           Ұзындығы – 4000 мм.
           Ені – 1500 мм
           Биіктігі – 1500 мм
           Базасы – 3000 мм
           Клиренсі – 350 мм
           Орындар саны – 3 адам
           Шанақ есігінің саны – 2.
           Жүк көтергіштігі – 200-250 кг
           Тартпа – ықтималды,толық
           Салпыншақ – тәуелді
           Отынның төменгі шығыны (100 км –ге 1 л- ден көп емес)
           Пайдаланылған газдың шығуының төменгі деңгейі СО2 және CN.
           Аз салмақ (400 кг-нан аз емес)
           Конструкция қарапайымдылығы және сенімділігі
           Басқаруда және қызмет көрсетудегі қарапайымдылық
           Жоғарғы ептілік (радиус бұрылысы мөлшермен 4 м )
           Аэродинамикалық қарсыласудың төменгі деңгейі
           Төменгі бағалануы
            Электромобильді, күнмобильді, күн  велосипедтері,  күн  сәулелік
батареялар бар электр моторлы кемелер –  олардың  барлығы  15-20  жыл  бұрын
пайда   болған   экологиялық   транспорттық   жабдықтар.   Өткен   жылдармен
салыстырғанда электрмоблильдер көбейе бастады. Олар қолданысқа ие,  әсіресе,
көпқаныққан  автотранспорты  бар  үлкен  қалаларда  болады.   Күнмобильдерге
қатысты олар жолда өте сирек кездеседі. Сонымен қоса, олар  әйгілі  және  су
гелиотранспорт бағасымен  қолайлы  –  жарық  сәуле  энергиясымен  қозғалысқа
түсіретін  кіші  өлшемді  кемелер.  Көбінесе  олар  су  туризмі  мен   балық
аулаушылыққа арналған.
      Күнмобилі – бұл жарық энергиясы  электрлік  токқа  айналдыратын,  ауыр
двигательмен  зарядталатын  аккумуляторды   қоректендіретін   үлкен   қуатты
фотоэлектрлік айналыспен жабдықталған электромобиль.
      Оларды жарыстарда  күнмдильдермен құрастыру мен тексеру спорттың  жаңа
техникалық  түріне  –  “брейнспорт”-қа  безендірілген.   Жұмыс   мақсаты   –
күнмобильдерді жасаушы адамдардың жарысы.   Оларда  болашақтың  транспорттық
жабдықтардың параметрлері өңделеді.  Максималды  қуатты  сәулелік  батареялы
және небәрі 1,5-2 кВт күнмобилі автомобильмен бәсекеге түсе алады. Ең  жеңіл
және  мықты  құрастыру  материалдарын,  электрожетектің   жоғары   эффектілі
жүйесін, аэродинамиканың кейінгі жетістіктерін, гелио  мен  электротехниканы
және басқа ғылымдарды қолдану қажет.
      Мамандар күн транспорты толығымен автомобильмен бәсекелесуін болжайды.
1,5-2 кВт қуатты  күн  батареялы  күн  мобильдері  100  есе  двигательге  ие
автомобильдерге жете алады.  Болашақтың  транспорттық  құралдарды  құрастыру
күн мобильдердің жарыстарында өңделеді.


      2. Практикалық сабақтар


      Машықтану  сабақ  1:  Транспортың  мәні  және  транспорттық  процестің
негізі. Жалпы терминдер және түсініктер, жаңа транспорттық  жүйенің  мазмұны
және құрамы.
      Сұрақтар: Қазіргі  транспорт  жүйесінің  негізгі  мінездемесі  бойынша
бейнесі және сауалдар


      Машықтану сабақ 2:  Өндірісті  транспорттық  құралдардың  спецификалық
ерекшелігі ретінде қарастыру.Транспорт халық шаруашылық бөлігі ретінде.
      Сұрақтар: Транспорттық құралдарды қолдануға мысалдар


       Машықтану сабақ 3: Мемлекеттің негізгі даму этаптарындағы транспортың
рөлі
      Сұрақтар: «Транспорттың рөлі» тақырыбына баяндама


      Машықтану сабақ 4: Автомобиль транспортының пайда болуы және дамуы.
      Сұрақтар: Неміс, жапон, ұлттық автокомпаниялардың даму тарихы


       Машықтану сабақ 5:Темір жол транспортын пайда болуы және даму тарихы.
      Сұрақтар:  “Темір жол транспорты бұрын және қазір” тақырыбына кіру


       Машықтану сабақ 6: Су транспортының пайда болуы және дамуы.
      Сұрақтар:   Теңіз порттары, қазіргі мұзда жүргіштер


       Машықтану сабақ 7: Өзен жолының пайда болуы және дамуы.
      Сұрақтар: Өзен желісі, теңіз және өзен транспортының айырмашылығы


       Машықтану сабақ 8: Әуе транспортының пайда болуы  және  дамуы  туралы
тарихи анықтама
      Сұрақтар:  Алғашқы ауа кемелері, қазіргі алып машиналар


      Машықтану сабақ 9: Құбыр транспортының пайда болуы және дамуы
      Сұрақтар: Түрлі құбыр транспорттарының ерекшеліктеріне сараптама беру


       Машықтану сабақ 10:  Қалалық  транспортың  пайда  болуы  және  дамуы.
Қалалық    тасымалдау    транспортының    өсуі.    Өндірістік    транспортың
классификациясы және қысқаша тарихи анықтамасы.
      Сұрақтар:    Қалалық   және    өндірістік    транспорт    жұмыстарының
ерекшеліктері


      Машықтану сабақ  11:  Транспортың  жаңа  түрлері:  электромобиль,жеңіл
электро транспортты құралдар, автомобилдер, рельс бойынша жүрушілер
      Сұрақтар: Транспорттың жаңа түрлерінің ерекшеліктерін зерттеу


      Машықтану сабақ 12:  Транспортың  жаңа  түрлері  :  монокар,  ұшқышсыз
самолеттер, гелиотранспорт
      Сұрақтар:  Транспорттың жаңа түрлерінің ерекшеліктерін зерттеу


       Машықтану сабақ 13: Транспортың жаңа түрлері : монорельсті  вагондар,
мотор вагонды поездар
      Сұрақтар: Транспорттың жаңа түрлерінің ерекшеліктерін зерттеу


      Машықтану сабақ 14: Транспортың жаңа түрлері : жолаушы таситын  жоғары
жылдамдықты трубопровод
      Сұрақтар: Транспорттың жаңа түрлерінің ерекшеліктерін зерттеу


       Машықтану сабақ 15: Транспортың жаңа түрлері : жеке ұшатын аппараттар

      Сұрақтар: Транспорттың жаңа түрлерінің ерекшеліктерін зерттеу


                 3. Студенттердің өздік жұмыстарының жоспары
      3.1. ОБСӨЖ және СӨЖ
      ОБСӨЖ № 1.
      Тақырып:  Автокөлік  компанияларының   бірі   жайлы   баяндама   (Даму
тарихы,өсу деңгейі)
      Тапсырма: қозғалыс құрылымының құрылғысының маркировкасын қарастыру
      ОБСӨЖ № 2.
      Тақырып: «... қаласының транспортының даму тарихы»тақырыбына баяндама
(Москва, Семей, Варшава, Лондон, Вашингтон)
      Тапсырма: төрт тактілі қозғалтқыштың жұмыс процесін қарастыру.
      ОБСӨЖ № 3.
      Тақырып: «Болашақ құрал ретінде транспорттың құрылу ерекшеліктері»
тақырыбына баяндама

      Тапсырма:  қозғалыс  құрылымының  эксплуатациялық   қасиеттерін   және
конструкциясын қарастыру.

      ОБСӨЖ № 4.
      Тақырып: Тарихи анықтама

      Тапсырма: қозғалтқыштың нақты циклдарын қарастыру.

      ОБСӨЖ № 5.
      Тақырып: Транспорттың жаңа түрлері

      Тапсырма: қозғалтқыштың реттеуіш сипаттамаларын қарастыру.

      ОБСӨЖ № 6.
      Тақырып: Транспорттың мемлекеттік дамуы

      Тапсырма: тартқыш-жылдамдықты қасиеттердің көрсеткіштерін қарастыру.

      ОБСӨЖ № 7.
      Тақырып:   Алғашқы   қауымдық,құлиеленушілік,феодалдық    кезеңдердегі
транспорттың даму тарихы

      Тапсырма: тормоздық қасиеттердің өлшеуіштерін қарастыру





      ОБСӨЖ № 8.
      Тақырып: Феодалдық, капиталистік кезеңдердегі транспорттың даму тарихы
      Тапсырма: қозғалғыш  құрылымының  жанар-май  үнемділігін,  жанар-майды
жағуды қарастыру  .
      ОБСӨЖ № 9.
      Тақырып: Теміржол транспортының даму тарихы
      Тапсырма: дөңгелектердің жүргізушілік толқуын қарастыру
      ОБСӨЖ № 10.
      Тақырып: Өзен транспортының даму тарихы
      Тапсырма: қозғалғыш құрылымының  ұзындықты  тұрақтылық  көрсеткіштерін
қарастыру
      ОБСӨЖ № 11.
      Тақырып: Теңіз транспортының даму тарихы
      Тапсырма: өтімділік өлшеуіштерін қарастыру
      ОБСӨЖ № 12.
      Тақырып: Автомобиль транспортының даму тарихы
      Тапсырма: өтімділік өлшеуіштерін қарастыру
      ОБСӨЖ № 13.
      Тақырып: Әуе транспортының даму тарихы
      Тапсырма: өтімділік өлшеуіштерін қарастыру
      ОБСӨЖ № 14.
      Тақырып: Құбыр транспортының даму тарихы
      Тапсырма: өтімділік өлшеуіштерін қарастыру
      ОБСӨЖ № 15.
      Тақырып: Қала транспортының даму тарихы
      Тапсырма: өтімділік өлшеуіштерін қарастыру
      3.2. СӨЖ сұрақтары

              Транспорттың мемлекеттік дамуы

     1. Алғашқы қауымдық,құлиеленушілік,феодалдық кезеңдердегі транспорттың
        даму тарихы
     2. Феодалдық, капиталистік кезеңдердегі транспорттың даму тарихы
     3. Қазіргі транспорт жүйесінің сипаты
     4. Теміржол транспортының даму тарихы
     5. Теңіз транспортының даму тарихы
     6. Өзен транспортының даму тарихы
     7. Автомобиль транспортының даму тарихы
     8. Әуе транспортының даму тарихы
     9. Құбыр транспортының даму тарихы
    10. Қала транспортының даму тарихы
    11. Шаруашылық транспортының даму тарихы
    12. Транспорттың жаңа түрлері: Электромобиль
    13. Транспорттың жаңа түрлері: Жеңіл электротранспорттық құралдар
    14. Транспорттың жаңа түрлері: Рельс бойынша қозғалатын автомобиль
    15. Транспорттың жаңа түрлері: Ұшқышсыз самолеттер
    16. Транспорттың жаңа түрлері: Гелиотранспорт
    17. Транспорттың  жаңа  түрлері:  Моторвагонды  поездардың  монорельсті
        жолдары
    18. Транспорттың жаңа түрлері: Қоғамдық  рельстік  транспорттың  аралас
        жүйесі
    19. Транспорттың жаңа түрлері: Жоғары жылдамдықты жолаушылар құбыры
    20. Транспорттың жаңа түрлері: Жеке ұшуға арналған аппараттар


Пәндер