Файл қосу

СПС СОӨЖ



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                      |
|СЕМЕЙ қаласының  ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                  |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты     |ПОӘК                 |                          |
|                          |                     |                          |
|                          |                     |ПОӘК                      |
|                          |                     |042-18-10.1.74/02-2013    |
|ПОӘК                      |                     |                          |
|«Химия» пәнінің           |___18.09___2013 ж.   |                          |
|студенттерге арналған     |№1 басылым           |                          |
|бағдарламасы              |                     |                          |







                        ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

                                   «Химия»

    5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдары технологиясы және жасап шығару»
                               мамандығы үшін


                   СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ




















                                    Семей
                                    2013
                                    [pic]

                                   Мазмұны

|1   |Жалпы ережелер                                           |4    |
|2   |Пәндердің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды  |5    |
|    |бөлу                                                     |     |
|3   |Пәндерді оқып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар       |6    |
|4   |Курс форматы                                             |6    |
|5   |Курс саясаты                                             |6    |
|6   |Баға қоюдың саясаты                                      |7    |
|7   |Әдебиеттер                                               |10   |



































1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.  Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер
Омарова Айгүл Шайзолла қызы, PhD, доцент м.а.
«Химия» кафедрасы.
Байланыс ақпараты – тел. 35-05-90,  оқу ғимараты № 9, кабинет  № 418
Сабақ өткізу орны – дәрісхана  № 405
Берілген пән бойынша кредиттер саны –  2
2. Пәндердің мазмұнын қысқаша сипаттау:
      «Химия» пәнінде   химиялық элементтердің атом құрылысы, табиғатта
таралуы, алынуы, қасиеттері, қолданылуы және қосылыстары қарастырылады.
Сонымен бірге химияның негізгі стехиометриялық заңдары мен түсініктері,
периодтық заң мен зат құрылысы, химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары,
ерітінділер, тотығу-тотықсыздану реакциялары, электрохимиялық процесстер,
комплекс қосылыстар сияқты теориялық    мәселелер қарастырылады. Химияның
бұл бөлімдері студенттерге барлық жалпы техникалық пәндерді игеруге көмегін
тигізеді.
1.3 Аталмыш курстың мақсаты - студенттерге  жалпы химияның элементтер мен
олардың қосылыстары химиясынан, бейорганикалық химияның теориялық бөлімінен
 білім беру.
 1.4 Пәнді оқып-білудің негізгі міндеті:
     - студенттердің дүние танымының дамуына әсер ету ;
     - қоршаған ортаға көзқарастарын қалыптастыру;
- химиялық құбылыстар арқылы материалдық философияның заңдарын түсіндіру;
- бір заттың екінші затқа айналу механизмін түсіндіру;
- химия адамзат іс-әрекетінің кез-келген саласымен тығыз байланыста
  екендігін көрсету;
- химия ғылымының негіздерін меңгере отырып – күллі планетаны ластанудан
  сақтандыруды көрсету.
3. Оқып-білудің нәтижесінде студент мыналарды :
- химиялық реакциялар теңдеулерін (молекулалық, иондық, ионды-молекулалық,
  тотығу-тотықсыздану реакцияларының ) құрастыра білуі;
- негізгі  стехиометриялық және фундаментальды заңдарды меңгеруі;
- зертханалық құрал-жабдықтарды, аспаптарды игеруі;
- зертханалық тәжірибелерді істей алуы;
-    зертханалық тәжірибелер нәтижелерін өңдей білуі, талдай білуі,
  графиктер мен диаграмалар сала білуі тиіс.
- бейорганикалық  элементтер мен олардың қосылыстарының химиясын меңгеруі;
-    өздігінен химиялық заттармен жұмыс істеуді;
-    творчестволық ізденуді игеруі;
                                -    бейорганикалық химияның теориялық
  қағидаларын элементтер және олардың қосылыстарын қарастырғанда қолдана
  алуы;
 -   заттар қасиеттерінің олардың құрамы мен құрылысына тәуелділігін аша
  білуі;
-  химиялық процестердің негізгі заңдылықтарын,маңызды заттардың реакциялар
  ерекшеліктерін,маңызды химиялық өндірістердің негізгі ғылыми принциптерін
  түсінуі;
-  бейорганикалық химияның негізгі тараулары бойынша есептер шығару үшін,
  өндірісте қолданылатын маңызды заттардың қасиеттерін білу  үшін, заттар
  қасиетерінің олардың құрамы мен құрылысына байланыстылығын білу үшін
  теориялық білім болу қажет.
6. Курстың пререквизиттері:
- Физика
- Математика.
7. Курстың постреквизиттері:
 - Анализдің  физико- химиялық әдістері.


2 ПӘН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ БӨЛІНУІ

                                    Кесте 1
|№   |Тақырып                    |Сағаттар                               |
|    |                           |Дәріс   |СПС     |СОӨЖ    |Әдебиеттер  |
|1   |Химияның негізгі заңдары   |1       |1       |2       |8.1.1-8.1.7 |
|    |                           |        |        |        |8.2.1-8.2.4 |
|2   |Д.И.Менделеевтің периодтық |1       |1       |2       |8.1.1-8.1.7 |
|    |заңы және атом құрылысы.   |        |        |        |8.2.1-8.2.4 |
|3   |Химиялық байланыс және     |1       |1       |2       |8.1.1-8.1.7 |
|    |молекулалар құрылысы       |        |        |        |8.2.1-8.2.4 |
|4   |  Химиялық кинетика және   |1       |1       |2       |8.1.1-8.1.7 |
|    |тепе-теңдік                |        |        |        |8.2.1-8.2.4 |
|5   |Химиялық реакциялар        |2       |2       |2       |8.1.1-8.1.7 |
|    |энергетикасы. Энтропия.    |        |        |        |8.2.1-8.2.4 |
|    |Энтальпия.Гиббс энергиясы  |        |        |        |            |
|6   |Ерітінділер. Ерітінділер   |1       |1       |2       | 8.1.1-8.1.7|
|    |концентрациясы.            |        |        |        |            |
|    |Электролиттік диссоциация. |        |        |        |8.2.1-8.2.4 |
|    |Диссоциация                |        |        |        |            |
|    |константасы,дәрежесі       |        |        |        |            |
|7   |Тұздар гидролизі           |1       |1       |2       |8.1.1-8.1.7 |
|    |                           |        |        |        |8.2.1-8.2.4 |
|8   |Тотығу-тотықсыздану        |1       |1       |2       |8.1.1-8.1.7 |
|    |реакциялары                |        |        |        |8.2.1-8.2.4 |
|9   |Электрохимиялық процесстер.|2       |2       |2       |8.1.1-8.1.7 |
|    |Электродтық                |        |        |        |8.2.1-8.2.4 |
|    |потенциалдар.Электролиз.   |        |        |        |            |
|10  |Комплекс қосылыстар        |1       |1       |1       |8.1.1-8.1.7 |
|    |                           |        |        |        |8.2.1-8.2.4 |
|11  |Металдардың жалпы          |2       |2       |2       |8.1.1-8.1.7 |
|    |қасиеттері.                |        |        |        |8.2.1-8.2.4 |
|12  |Металл еместердің жалпы    |1       |1       |1.5     |8.1.1-8.1.7 |
|    |қасиеттері                 |        |        |        |8.2.1-8.2.4 |


   3 ПӘНДЕРДІ ОҚЫП-БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
   Курсты оқу 4 өзара байланысты оқу түрлерінен тұрады – дәріс,  практикалық
сабақ, СОӨЖ және СӨЖ.  Осылардың  ішінде  маңыздысы  дәріс  болып  табылады,
себебі  онда  пәннің  маңызды  да  аса  күрделі   сұрақтары   қарастырылады.
Практикалық сабақтар теориялық материалды  қамтуды  қарастырады.  СОӨЖ  және
СӨЖ күнделікті әрі міндетті дайындық болып табылады, олар нақты  тапсырмалар
бойынша орындалады және мұғалімнің тұрақты бақылауында болады.  Аудиториядан
тыс өздік жұмыс  оқу  әдебиетімен,  үй  тапсырмасын  орындау  және  ағымдағы
практикалық сабақ тарға дайындық сияқты жұмыстарды қарастырады.

      4 КУРС ФОРМАТЫ
   Берілген нақты пән бойынша аптасына 1 рет 50 минуттық дәріс,  аптасына  1
рет 50 минуттық практикалық сабақ және аптасына бір  рет  50  минуттық  СОӨЖ
жүргізу қарастырылған.


   5 КУРС САЯСАТЫ
   Сабаққа қатысу: Дәрістерге, практикалық сабақтар және СОӨЖ  қатысу  қатаң
түрде міндетті болып табылады. Егерде  әлдебір  себептермен  сабаққа  қатыса
алмасаңыз, сізге  барлық  босатқан  сабақтардағы  қабылданбаған  материалдар
үшін жауапкершілік жүктеледі.
Тәртіп:  Сабақ  барысында  ұдайы   тәртіпбұзушылық   аудиториядан   қуылумен
жазаланады  және  сәйкесінше  сабақ  босатқаны   үшін   рейтінгілік   бағасы
төмендетіледі.
Межелік  аттестация:  Межелік  аттестация   қорытындысы   сабаққа   қатысуы,
белгіленген мерзімде СӨЖ орындауы, сабақ барысындағы ауызша  немесе  жазбаша
жауаптарымен,  тестілеу  нәтижелерімен   және   межелік   бақылауды   ескере
қойылады.
Емтихан:  Ауызша  емтихан  немесе  компьютерлік  тестілеу  жүйесі  негізінде
рұқсат алған барлық студенттерге қорытынды емтихан  жүргізіледі.  Емтиханның
әрбір тест сұрағы 5 жауаптан тұрады, соның ішінде бір дұрыс жауабымен.  Тест
сұрақтары барлық өткен курс бөлімдері бойынша құрастырылған.

   6 БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ
Апта және бақылау түрлері бойынша балдардың бөлінуі 2-кестеде көрсетілген.
    «Химико-технологиялық өндіріс пен қауіпсіздік негіздері» пәні бойынша
                              балдардың бөлінуі

                                                                     Кесте 2
|Апта    |Бақылау түрі                                   |Барлық  |Ескертпе    |
|        |                                               |балл    |            |
|1       |2                                              |3       |4           |
|        |1-8 апта аралықтарындағы дәріс сабақтарына     |30      |            |
|        |қатысу және дайындық                           |        |            |
|1       |Практикалық жұмысты дайындау және орындау:     |17      |            |
|        |Еңбек қорғау бойынша заңды бұзғанға әкімшілік, |        |            |
|        |қылмыстық және тәртіптік жауапкершілік.        |        |            |
|        |Өндірістік жарақат пен кәсіби аурулар.         |        |            |
|        |Мұнайөңдеу өнеркәсібіндегі жарақат сипаты.     |        |            |
|        |Еңбек қорғау бойынша жұмысты жоспарлау.        |        |            |
|        |Еңбектің қауіпсіз түрін үйрету мен оқыту.      |        |            |
|2       |СӨЖ: Қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау    |35      |Реферат     |
|        |бойынша ережелер ментстандарттар, нормалар.    |        |            |
|        |Еңбек қорғау бойынша жүйелік жұмыстар.         |        |            |
|2       |СОӨЖ: Қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау   |5       |            |
|        |бойынша ережелер мен стандарттар, нормалар.    |        |            |
|        |Еңбек қорғау бойынша жіктеу жұмыстары.         |        |            |
|3       |Практикалық жұмысты дайындау және орындау:     |17      |            |
|        |Химия өндірісіндегі технологиялық процестердің |        |            |
|        |қауіпсіздігі. Технологиялық процестерді        |        |            |
|        |қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыру. Технологиялық  |        |            |
|        |процестердің тұрақтылығы.  Заттың жарылуға     |        |            |
|        |қауіпті концентрация түзілуін болдырмау.       |        |            |
|3       |СОӨЖ: Өндірістік санитария мен еңбек гигиенасы.|5       |            |
|        |Улы химиялық заттармен қауіпсіз жұмыс жасау.   |        |            |
|4       |Практикалық жұмысты дайындау және орындау:     |18      |            |
|        |Еңбек гигиенасы және өндірістік санитария. Улы |        |            |
|        |заттардың ағзаға түсу жолдары. Улы заттардың   |        |            |
|        |жіктелуі. Ағзаға әсер етуші улы заттарды       |        |            |
|        |анықтаушы факторлар. Өндіріс бөлмелерінің      |        |            |
|        |ауасын бақылау. Өндірістік жағдайлар.          |        |            |
|4       |СОӨЖ: Қауіпсіздік техникасының жалпы сұрақтары.|5       |            |
|        |Химия өндірісі мен өндірісітік  ғимараттардың  |        |            |
|        |құрылысы мен құрылыстық жобасына санитарлық    |        |            |
|        |талаптар.                                      |        |            |
|5       |Практикалық жұмысты дайындау және орындау:     |17      |            |
|        |Еңбек гигиенасы және өндірістік санитария. Улы |        |            |
|        |заттардың ағзаға түсу жолдары. Улы заттардың   |        |            |
|        |жіктелуі. Ағзаға әсер етуші улы заттарды       |        |            |
|        |анықтаушы факторлар. Өндіріс бөлмелерінің      |        |            |
|        |ауасын бақылау. Өндірістік жағдайлар.          |        |            |
|5       |СОӨЖ: Өндірістік санитария мен еңбек гигиенасы.|5       |            |
|        |Жеке қорғаныш құралы.                          |        |            |
|5       |СӨЖ: Ағзаға әсер етуші улы заттар              |40      |            |
|6       |Практикалық жұмысты дайындау және орындау:     |18      |            |
|        |Химия өндірісіндегі технологиялық процестердің |        |            |
|        |қауіпсіздігі. Технологиялық процестерді        |        |            |
|        |қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыру. Технологиялық  |        |            |
|        |процестердің тұрақтылығы.  Заттың жарылуға     |        |            |
|        |қауіпті концентрация түзілуін болдырмау.       |        |            |
|6       |СОӨЖ: Улы заттар сипаты мен оның ағзаға әсері. |5       |            |
|7       |Межелік бақылау 1 – 1-2 модульдер бойынша      |60      |            |
|        |тестілеу                                       |        |            |
|1-7 апта аралықтарындағы дәріс сабақтарына қатысу және |300     |            |
|дайындық                                               |        |            |
|        |8 – 15 апта аралықтарындағы дәріс сабақтарына  |30      |            |
|        |қатысу және дайындық                           |        |            |
|8       |Практикалық жұмысты дайындау және орындау:     |15      |            |
|        |Химия өндірісіндегі технологиялық процестердің |        |            |
|        |қауіпсіздігі. Технологиялық процестерді        |        |            |
|        |қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыру. Технологиялық  |        |            |
|        |процестердің тұрақтылығы.  Заттың жарылуға     |        |            |
|        |қауіпті концентрация түзілуін болдырмау.       |        |            |
|8       |СОӨЖ: Мұнайөңдеу және мұнайхимия өндірісіндегі |4       |            |
|        |әртүрлі құрылғыны орналастыру қауіпсіздігі.    |        |            |
|9       |СӨЖ: Жарылуы мүмкін концентрация түзілуін      |15      |Реферат     |
|        |болдырмау. Флегментация. Технологиялық         |        |            |
|        |процестерді қауіпсіз жүргізу үшін қорғаныш     |        |            |
|        |құралдары.                                     |        |            |
|9       |СОӨЖ: Қауіпсіздік техникасының жалпы сұрақтары.|4       |            |
|10      |Практикалық жұмысты дайындау және орындау:     |15      |            |
|        |Өндірістік құрылғының қауіпсіздігі. Жобалық    |        |            |
|        |материалдар мен оның механикалық қасиеттерін   |        |            |
|        |бағалау. Қысыммен жұмыс жасайтын құрылғы       |        |            |
|        |қауіпсіздігі. Газгольдерлер, құбырлар,         |        |            |
|        |сорғыштар мен компрессорлардың қауіпсіздігі.   |        |            |
|        |Өндірістік жағдайлар.                          |        |            |
|10      |СОӨЖ: Өндірістік құрылғылардың қауіпсіздігі.   |4       |            |
|11      |СОӨЖ: Жану процесінің механизмі. Химиялық      |5       |            |
|        |процестер мен зат қызғандағы жоғары температруа|        |            |
|        |әсері.                                         |        |            |
|12      |Практикалық жұмысты дайындау және орындау:     |35      |            |
|        |Технологиялық үрдіс кезіндегі өрт              |        |            |
|        |қауіпсіздігіне баға. Өрт, қопарылыс болуының   |        |            |
|        |алдын алу. Өрт сөндіру әдістерінің жіктелуі.   |        |            |
|        |Өрт сөндіру құралдарын таңдау принциптері.     |        |            |
|12      |СОӨЖ: Қатты заттар мен шаңдардың жану          |4       |            |
|        |ерекшеліктері.                                 |        |            |
|12      |СӨЖ: Мұнайөңдеу және мұнайхимия өндірісіндегі  |35      |Реферат     |
|        |әртүрлі құрылғылар қауіпсіздігі.               |        |            |
|13      |СӨЖ: Қауіпсіздік техникасының жалпы сұрақтары. |40      |Реферат     |
|        |Химия өнеркәсіптерінің өндірістерін құрылыстық |        |            |
|        |жобалауға қойылатын санитарлық талаптар.       |        |            |
|13      |СОӨЖ: Ауа бассейні мен су қоймаларын ластанудан|4       |            |
|        |және химиялық өндіріс қалдықтарынан қорғау.    |        |            |
|14      |Практикалық жұмысты дайындау және орындау:     |15      |            |
|        |Химиялық зауыттардың қалдықтарынан су тоспалары|        |            |
|        |мен ауа бассейінін қорғау.                     |        |            |
|14      |СОӨЖ: Ауаны ластанудан қорғаудың негізгі       |6       |            |
|        |бағыттары.                                     |        |            |
|15      |Межелік бақылау 2 – 4-7  модульдер бойынша     |60      |            |
|        |тестілеу                                       |        |            |
|8-15 апталардың оқу қорытындылары бойынша барлық балл  |300     |            |
|Емтихан бойынша барлық балл                            |400     |            |
|Академиялық период бойынша барлық балл                 |1000    |            |

   7. ӘДЕБИЕТТЕР
  7.1. Негізгі  әдебиеттер
     1. Бірімжанов Б. Жалпы химия: оқулық. Алматы: Ана тілі. 1992 – 638б.
     2. Аханбаев К. Жалпы және анарганикалық химия. Оқулық. Алматы.
        Санат,1999 – 560б.
     3. Омаров Т. Бейорганикалық химия. Алматы. Ассоциация вузов,2008.
        -360б.
     4. Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. – М.: Высш.шк.,2001 –
        743с.
     5. Шрайвер Д. Неорганическая химия. В 2-х т. М.: Мир, 2009- 679б және
        486б.
     6. Угай Я.А. Общая и неорганическая химия. М.: Высш.шк.1997 – 518б- 2
        дана; 2000 – 527б.
     7. Кабдулкаримова К.К., Омарова Н.М., Абекова Р.С. Жалпы химия курсы
        бойынша есептер мен жаттығулар. Семей, 2012 – 138 б.
     8. Яшкарова М.Г., Омарова Н.М., Кабдулкаримова К.К., Мусабаева Б.Х.
        Бейорганикалық химиядан зертханалық жұмыстар, Семей, 2007- 80 б.
     1. Қосымша әдебиеттер
     1. Неорганическая химия. Биогенные и абиогенные элементы / под ред
        Егорова В.В. М.: Лань,2009 – 313 б.
     2. Павлов Н.Н. Неорганическая химия. М.: Высш.шк.,1986. – 332 б.
     3. Хомченко Г.П. Неорганическая химия. М.:Высш.шк.,1986. – 464 б.
     4. Бишімбаева Г.Қ. Жалпы химия. Алматы: Бастау, 2007. – 136 б.
Пәндер