Файл қосу
Египет мемлекет және құқығы тарихының кезеңдерге бөлінуі
Ежелгі мемлекеттердің құқықтары мен бостандықтары Таќырып 1. Ежелгі Шығыс мемлекеттерінің пайда болуы. Ежелгі шығыс елдерінде мемлекет алғаш ұлы өзендер аймағында пайда болды. Себебі тұщы су, өзен жағасындағы аңдар,жабайы астық тұқымдас әр түрлі шөптердің мол болуы өзеннің теңізге құяр сағасында (атырау) адамдардың көптен шоғырлануына әсер етті.Бұл жағдай адамдардың көптеп шогырлануына әсер етті.Бұл жағдай адамдардың ахуалын жақсартып қана қойған жоқ, сонымен бірге бала туудың өсуінеде әсер етті.Адам саны көбейген сайын теріп жейтін және аулайтын аңдар белгілі бір территорияда азая бастағандықтан адамдардың бір тобы біртіндеп егіншілікке көшуге мәжбүр болды. Әдетте өзен арнасы кей жерлерде (әсіресе атырауда) бірнеше арнаға бөлініп, баяулай бастайды. Осындай табиғи каналдардың негізінде адамдар өзен суын бұруды,тоған салуды үйрене бастады.Тың жерге егін салған адамдар тобы тез байып,басқалардан ерекшелене бастағандықтан өз жерін қорғауға көбірек көніл бөліп,қамалдар мен шіркеудар салуға кіріседі Міне осылайшіркеудар мен қамалдарнегізінде кала-мемлекеттер пайда болды. Суару жүйесінің ролі басым болгандықтан Ежелгі Шығыс елдерінде осы жүйені ұйымдастырушы мемлекеттің меншігі басым еді. Шығыс елдерінде ұжымдық еңбектің басым блуына еңбек-құрал жабдықтарының мыстан және тастан жасалуы да әсер етті. Ежелгі Шығыстағы қала-мемлекеттерде бастапқыда діни билік басым болды. Себебі егіншілікпен айналысушы халықтың табиғаи ортаға тәуелділігі ерте заманда тіпті күшті болатын. Сондықтан табиғи куштерге табыну кең етек алды. Сонымен бірге жердің тез тұздану,балшықтану процесі жаңа жерлерде каналдар салу арқылы игеруді қажет еткендіктен ұжымдық еңбекті керек етті. Ал коллективтік еңбекті ұйымдастыруда шіркеуның ролі ерекше болды. Шіркеу сонымен бірге қамал және қойма функциясын да атқарды. Сондықтан бастапқы кезде шіркеу басшысының беделі жоғары және шіркеу жері көп болса, бірте- бірте территорияларға талас күшейіп, соғыстардың жиіленуінің әсерінен әскери басшы-патша діни билікті өз қолына шоғырландырды. Патша негізгі ұйымдастырутырушыға айнала бастады. Ежелгі Шығыстағы мемлекеттің ішкі бөліктерінің өзара байланысының да діни сипаты басым болды. Каналдар салу,су бөлу, ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру-қоғамдық істер мекемесінің пайда болуына әсер етті. Бұл мекеме патша бұйырығымен жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу үшін халықтарды қоғамдық еңбекке мәжүбірлеп отырған. Мысалы, Египеттегі пирамидалар, Қытайдағы Ұлы қорған осындай жолмен салынған.Қоғамдық істер мекемесі және жерге мемлекет меншігінің болуы-ежелгі Шығыстағы мемлекеттің басты ерекшеліктерінің бірі. Адам санының өсуі өмір сүру үшін табиғи ортамен күрестің күрделенуіне алып келді. Осы мәселені шешу барысында басқару жүйесі де күрделене бастады және бірте-бірте шектен шыға бастады. Бастапқыда патша билігін мойындату үшін құдайдың баласы немесе құдай қалаған адам сияқты уағыздар айтылса, кейіннен патшаны құдай қатарына қосып қойды. Басқарудың күрделенуіне әлеуметтік топтардың арасындағы күрестің шиеленісуі де әсер етті. Мемлекетті басқаруға экономикалық жағынан ықпалды топтар-ақсүйектер, әскерибасшылар, дінбасылар,сауда адамдары араласуға мүдделі болды. Себебі олардың жағдайын жақсартуға,байлығын көбейтуге мемлекет жүргізіп отырган саясат тікелей әсер етіп отыргандыктан,олар осы баскаруға қатысуға тырысты және патшаға ықпал ету үшін өзара таласып отырды. Патшалар және олардың арасындағы ықпалды топтар бұл мәселені ушықтырмау үшін діни жолмен қиындықтан шығуға тырысты. Осы топтардың қоғамдағы ролі діни қағидалар бойынша бекітілді. Ежелгі Үндістанда әлеуметтік топтпрдың ролі дін және заң арқылы бекітілді. Қоғам төрт үлкен топқа бөлінді; дін адамдары- брахмандар,әскери басшылар-кшатрийлер, егіншілер-вайшилер және құлдар- шудралар. Осы топтардың қоғамдағы ролін бекіту үшін брахмандар құдайдың аузынан, кшатрийлер қолынан, вайшилер-санынан, ал шудралар табанынан жаралды деген аңыз пайдаланылды. Ежелгі Шығыстағы мемлекетке тән тағы да бір ерекшелік-барлық жерге мемлекет меншігінің болуы.Жерге мемлекет меншігінің болуы өте күрделі жолмен бекітілді және бұл процесс биліктің қалыптасуымен тығыз байланысты. Бірақ билік әр түрлі айсақта әр түрлі жағдайлардың әсерінен қалыптасқандықтан сипаты жағынан ерекшеліктері болды. Сондай ерекшеліктер шығыстағы билік жүйесінен айқын көрінеді. Мемлекет билігі мен діни биліктің күрделі байланысының нәтежесінде пайда болған ежелгі Шығыстағы билікті шығыс деспотиясы деп атаймыз. «Деспотия, деспотизм»сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда шексіз билік ұғымыны білдіреді.Бұл сөз ХV!! Ғ. аяғы мен ХV!!! ғ. басында өмір сүрген француз жазушысы Ф.Фенелонның романындағы адамдардың барлығы қорқынышта өмір сүргетін және заңмен қорғалмаған қоғамды атаған болатын. Әдетте шығыстағы мемлекеттік басқаруды деспотия деп атайтын себебі патшаның діни, азаматтық, әскери, атқару және сот билігін қолына шоғырландыруына және халықтың негізгі бөлігінің құқықтық жағынан қорғалмауына байланысты. Ежелгі Египетте мемлекеттің пайда болуы және қезеңдерге бөлінуі. Ежелгі Египет (Мысыр) Африка құрлығының солтүстік-шығыс бөлігінде, Ніл өзенінің тар алқабында, яғни Ніл өзенінің бастауынан Жерорта теңізіне құятын атырау сағаларының аралығында орналасқан. Египетте алғашқы мемлекеттік құрылымдардың қашан пайда болғаны туралы деректі мәліметтер жоқ. Бірақ та, б.з.д. ІІІ мың жылдықта Египет мемлекеті өмір сүрген. Египет мемлекет және құқығы тарихының кезеңдерге бөлінуі. Жоғарғы және төменгі Египет қосылған соң Ертеректегі патшалық атауына ие болады (шамамен б.э.д.3100-2800жж).Бұл кезеңде біртұтас мемлекетке бірікті. Екінші кезең- Ерте немесе Ескі патшалық (шамамен б.э.д.2800-2250жж)-Египетте өркениеттің (пирамидалардың салынуы) айқын көрініс тапқан уақыты. Ескі патшалықтан кейін бірінші өтпелі кезең (шамамен б.э.д.2160-2134жж) келеді. Осы уақытта Египет өзара жанжалдасушы бірқатар номдар және уақ мемлекеттер болып ыдырайды.Фараон билігі әлсіреп, елде тұрақсыздық және соғыстық күй қалыптасты,ном билеушілері өздерін патшадай сезініп және Египеттегі ірі билікке таласады. Осы кезеңнің соңында Фива қаласының билеушілері жеңіп, Египет қаласы бірігеді.Үшінші кезең келеді-Орта патшалық уақыты (шамамен б.э.д.2050- 1700жж). Содан кейін Египет екінші өтпелі кезеңді (шамамен б.э.д.1700- 1580жж), бұл кезең елдің қайта тарауымен және Египет бөлігін гикостардың басып алуымен сипатталады. Төртінші кезең-Жаңа патшалық (шамамен б.э.д.1575-1087жж). Осы кезеңде ХҮII династия фараондарының билігінде Египет бірігеді.Египет ірі империяға айналады және олардың билушілері Ерте Шығыстағы саяси және әскери гегемонияға ұмтылады. Осы кезеңнің соңында Египет мемлекеті құлдырауға келеді.Оны парсылар,кейін Александр Македонскидің әскері жаулап алады, ал б.э.д.30 жылы Египет Рим империясының провинциясына айналады. Ежелгі Египет (Мысыр) мемлекетінің қоғамдық және мемлекеттік құрылысы. Ежелгі Египет тұрғындары негізінен жер өңдеумен және мал өсірумен айналысқан. Египет қоғамының жоғарғы қабатында перғаун, жрецдер, шенеуніктер және әскери беделділер тұрды. Египетте қалыптасқан көптеген культтерге байланысты жрецдер топтарға бөлінген. Әр топтың басында барлық билікті басқарушы жоғарғы жрец тұрды. Перғаун ең жоғарғы мемлекеттік билік иесі. Оның қарамағында кеніштер, тас қашайтын орындар, сыртқы саудалар шоғырландырылды. Оның бұйрығымен су қойма, сарайлар және табыттар салынды. Перғауынның бірінші көмекшісі уәзір мемлекеттік мекемелерді, шіркеулерді басқарды, әскерге адамдар жинады және жоғарғы сот билігін атқарды. Перғауынның жанында бас вельможа және орталық басқарманы басқарушы сановник (джати). Мемлекет механизмі жүйесінде көрнекі орынды жрецдер алды. Ежелгі Египетте заң шығарушы, атқарушы және сот билігі өзара бөлінбеген болды. Тутмос ІІІ кезінде үш везир үшін құрастырылған инструкцияда (текст фиван мәйіт сақтаушысының қабырғасынды сақталынған) және басқа да деректер бойынша визирдің өкілеттілігі мен қызмет көлемі өте кең болған. Ежелгі Египетте визерден басқа да лауазымды тұлғалар болды, олардың ішінде маңыздылары – мөр сақтаушы немесе бас қазынашы еді. Оны “Төменгі Египет патшасының қазынашысы ” деп атады, әрине Египетте дамыған мағынада қазына сөзі болған жоқ, өйткені салық натуралды түрде төленді. Сонымен қатар патша архитекторының және дербес тұрғындарға жүктелген тағзым етуін орындауды қадағалау лауазымына ие болған патшаның барлық жұмысы басшысының рөлі жоғары болды. Ежелгі Египетте іс жүргізуі дамыған үлкен чиновниктер аппараты құрылды, ондағы көптеген құжаттар чиновниктердің жемқорлықпен айналысқаны, заңсыздықтың және еріктіліктің болғаны жайында куәландырады. Вавилон мемлекетінің пайда болуы және дамуы. Месопатамияда қоныс тебу неолит дәуірінен басталды. Алғашқы тұрғындары балық шаруашылығымен, аң аулаумен айналысқан. Б.э.д. ІІІ мың жылдықта Тигр мен Ефрат өзендерінің аралығында бірнеше қала мемлекеттері пайда болған, соның бірі – Вавилон. Демек, Месопатамиядағы ежелгі өркениеттің негізін салушылардың бірі шумерлер. Б.э.д. 2109 жылы кути тайпаларының жеңілуі нәтижесінде Месопатамидағы билік толығымен Ур патшасы Ур-Намурдың қолына көшеді. Ол ІІІ Ур әулетінің негізін қалап біріккен шумер-аккад патшалығына билігін жүргізген. Вавилонның гүлденуі І Вавилон әулетінің алтыншы патшасы Хаммурапи (б.э.д. 1792-1750 жж.) тұсында болды. Хаммурапи ірі мемлекет қайраткері, айлакер дипломат, ақылды заңгер және көріпкел ұйымдас тырушылық қасиетімен көзге және сөзге ілінген. Оның басқару кезінде мемлекет экономикасы суармалы жер шаруашылығына, бау-бақша және мал шаруашылығына, қолөнерге негізделген, сыртқы және ішкі сауданы дамытуға бағытталған еді. Маңызды сауда орталықтарына Вавилон, Ниппур, Сиппар, Ларса, Ур және т.б. қалалар жатқан. Вавилон мемлекетінің қоғамдық және мемлекеттік құрылысы. Ежелгівавилон қоғамының жалпы құрылымы египет қоғамына ұқсас. Яғни, вавилон қоғамының ерекшелігі ірі жер иеленушілер мен құлиеленушілердің молайуы нәтижесінде мемлекеттің пайда болуы және патша құқығының күшеюі. Шіркеу жерлерінің мемлекеттікке көшуі, қауымдық жерлерді сатып алу және жаулап алу нәтижесінде патшаның жер қоры ұлғайды. Сонымен қоса, патша жер қорының және жеке меншік жердің көбейуіне қарамастан жер өңдеудің ирригациялық жүйесіне негізделген қауымдық құрылымының сақталуы қоғамның ерекшелігін танытады. Вавилонның басқа қоғамдардан ерекшелігі, ондағы ерікті адамдардың екі категорияға бөлінуі. Олар “күйеудің балалары”-авилум (немесе басқаша,”адам баласы”) бұлардың толыққанды азамат екендігін білдірді. Басқалары-мушкенум (“шукену”деген сөзден шығып, жоғары тұлғаға бас ию деген мағына береді). Барлық мемлекет облыстарға бөлінген, әр облыс басында патша тағайындаған (наместниктер) тұрды. Сонымен қатар Хаммурапи кезінде екі басты наместник – солтүстікте Сиппар қаласында және оңтүстігінде Ларс қаласында тағайындалған. Олардың негізгі жұмысы ирригациялық қаруландыруды және жаңа каналдарды қазуды қадағалау, осы жұмыстарға жергілікті тұрғындарды тартты. Сондай-ақ патша кірісін жинау және патшаға жеткізуді қадағалады, қоғамдық тәртіпті сақтауда полиция қызметін атқарды. Ежелгівавилон мемлекетінде қауымдық басқару органы сақталған. Қауымдық басқарудың органы қауымдық кеңес болды, бірақ оның басшысы болып патшамен тағайындалған-рабианум есептелді. Қауымдық кеңесті жүргізуде бөлінбеген қауымдық жерлерді басқару, жер және суды пайдаланудағы келіспеушіліктерді шешу, салық жинау,патша бұйрықтарының орындалуын қадағалау қарастырылды. Қауым жеке жағдайларда оның территориясында жасалған қылмыс үшін ұжыммен жауап берді. Вавилонда сот билігі басқа ежелгі шығыс мемлекеттері сияқты әкімшіліктен ажыратылмаған болған. Сот қызметі сонымен қатар, сот алқасына төрелік етуші “ жергілікті әкімнің ” “рабианумның” қолында болған. Ежелгі Үнді мемлекетінің қалыптасуы. Үнді-адамзаттық мәдениеті ошағының бірі. Үнді тарихы өте көне ғасырдан бастау алады. Б.э.д. ІІ мыңжылдықтың аяғы мен Імыңжылдықтың басындағы Солтүстік Үндістан тарихының негізгі деректеріне ертедегі үнді діни-әдеби ескерткештері ведалар жатады. Олар ән ұрандар, құрбандық пен қарғыс және қасиетті дәстүрлердің жыр жинақтары болып саналады. Ведалар үндіевропалық тілде пайда болған(“веда” сөзі, мысалы, орыстың “ведать” сөзімен туыстас). Оларды құрастыру фактісін өзі Үндістанда үндіевропалық тайпалардың келуімен байланыстырылады. Тілі, діні және аңызы жағынан ведалар Иранның “Авестасына” ұқсас.Ертедегі ведаларды шығарған үнділіктер мен ирандықтардың арғы аталары ортақ бір территорияда тұрған туысқан тайпалар болуы мүмкін. Ғылымда бұлардың екеуінде ариилер деп атау қалыптасқан (арья-қайырымды ерте үнді, ерте иран тайпалық бірлестіктеріндегі жоғары ру басшылары деген аттан- ақ көрініп тұр. Қоғамның теңсіздігінің күшеюне байланысты, бұрын тайпа жиналысымен сайланған әскери қолбасшысы (раджа), өзіне тайпалық басқару органын бағындырды. Сол кезде үлкен, күшті мемлекет – Магадха болған. ІҮ-ІІІ ғғ. Маурийлер әулеті өз қол астына бүкіл Үндістан территориясын біріктірген, бұл кезең осы мемлекеттің ең шырқап дамыған кезеңі болған. Магадхо-Маурийлер дәуірі ежелгіүнді мемлекеттілік құрылымы дамуының ерекше кезеңі болып саналады. Маурийлер дәуірінде көптеген мемлекет институттарының негізі қаланды және көптеген саяси оқиғаларға куә болды. Маурьи империясы әртүрлі даму сатысындағы тайпалардың және халықтардың конглораметі (бірлестігі). Бірақ күшті әскеріне және мықты басқару аппаратына қарамастан, Маурийлер мемлекеті бірлігін сақтай алмады. Б.э.д. ІІғ. Үнді көптеген мемлекеттерге ыдырады. Ежелгі Үнді мемлекетінің қоғамдық құрылысы. Алғашқы қауымдық құрылыстың бөлінуіне, қоғамдық және мүліктік теңсіздікке байланысты варналар құрылды. Варналар таптық қоғамға дейін пайда болып, таптық қоғамда жария бекітілді. Кейін, тең құқылылар топтарға, ал тең еместер өздерінің қоғамдық дәрежелеріне қарай және құқықтары мен міндеттеріне байланысты бөліне бастады. Некелер тек өз варналарында ғана қиылуға рұхсат етілді, яғни қатаң эндогамдық талап қойылды; белгілі қәсіп мұрагерлікпен бекітілді; бір құдайға бас иеді. Сөйтіп, варналар сапалық өзгеріске ұшырады, яғни тұйық топтарға (каста) айналды. Кастаға жатқызылу адамның тумысынан белгілі болған және мұраланады. Әлеуметтік, экономикалық және идеологиялық сипаттағы факторлар Үндістанда өз ерекшелігі бар әлеуметтік құрылымның пайда болуына, нығайуына және сақталуына ұйытқы болды. 1 Үнді деректері, жекелеп алсақ «Ману заңы» варналарға мынадай сипаттама береді: брахмандар – абыздар тайпасы мүшелері, кшатрии - әскери аристократия, вайшья – қатардағы шаруалар, шудра – құқығы жоқ қоғам мүшелері енген. Брахмандар абыздардың функциясын атқарған және құдіретті ілімді менгергендер, қоғамда құрметті орынға ие болған. Оларды «авадхья» - қолсұғылмайтындар деп таныған. Шудра варнасының пайда болуы соғыстармен және қоғамдық, мүліктік теңсіздіктің күшеюімен байланыстырады. Өйткені, осының нәтижесінде қауым мүшелері емес көптеген адамдар пайда болды, оларды шудра деп атаған. Қауымға келген келімсектер қауымның толыққанды мүшелері сияқты құқыққа ие бола алмады. Олар қоғамдық жұмыстарды шешуге кіріспейді, қауымдық жиналыстарда қатыспайды; «екінші рет дүнииеге келу» атты құдіретті жораны өтпейді, демек шудралардан басқа ерікті қауым мүшелері «екінші рет туылған» (двиджати) деп саналған. Ал, ең төменгі төртінші варна, бір ғана рет туылған шудралар деп есептелген. 1 Ежелгі Үнді мемлекетінің мемлекеттік құрылымы. Магадхско- Маурийлер дәуірі монархиялық биліктің күшеюмен және тайпалық басқару институттарының ролінің құлауымен мінезделеді. Мемлекеттің негізгі тұғыры - патша. Мұрагерлік принципі өте қатаң түрде сақталған. Патша тірі кезінде өзінің мұрагерін тағайындаған. Маурийлер дәуірінде «чакраввартина» концепциясы қалыптасты – бұл бүкіл территорияда жалғыз басқарушының билік етуі. Маурий патшасы мемлекеттің аппаратының басшысы және заңшығарушы билігін иемденген. Эдиктілер патша атынан және рұқсатымен шығарылады. Ол өзі ірі мемлекеттік шенеуніктерді қызметке тағайындаған және әкімшіліктің басшысы, жоғарғы соттың судьясы лауазымына ие болған. Сонымен қоса, саны жағынан көп әскердің әскерибасшысы. Көптеген патшаға қарсы ұйымдастырылған сөз байласуларға байланысты патшаның қүзетіне ерекше көңіл аударылған. Патша сарайында әйгілі брахман әулетінен шыққан патша абызы үлкен рольге ие болған. Патша сановниктерінің кеңесі – паришад – бұрыннан бері пайда болған, бірақ Маурий дәуірінде саяси кеңестің функцияларын иемденіп, маңызы арта түсті. Ол барлық басқару жүйесіне тексеріс жүргізген және патшаның бұйрықтарын орындаған. Паришадтан басқа сенімді адамдардан тұратын құпиялы кеңес болған. Паришад саяси орган ретінде – билеушінің абсолютті билігін шектейтін және өзіндік үстемдігін сақтауға ұмтылған әскери және абыздар біліктілерінен құрылған. Маурийлер дәуірінде мемлекет территориясы провинцияларға бөлінген. Төрт басты провинцияларының басында царевичтер отырған. Бұл провинциялар ерекше мәртебеге, сонымен қоса кіші автономияға ие болған. Жергілікті шенеуніктердің жұмысын тексеру үшін царевичтер өзінің басқару территориясына арнайы инспекторларды жіберіп отырған. Басты провинцияларға бөлінгеннен басқа, қарапайым провинцияларға (джанападтарға), облыстарға (прадештер), округке (ахале) бөлінген. Провинциалдық басқарудың төменгі әкімшілік бірлігі- ауыл. Джанапад басында үлкен мемлекеттік шенеуніктер - раджуктар тұрды. Округтың басты қалаларында кеңселер болды, бүкіл үкімдер сол жерден жіберілетін. Шекараны қорғайтын арнайы шенеуніктер жоғары дәрежеге ие болған. Мемлекетте жалпы империялық басқару жүйесіне енетін, ескі саяси ұйымдарын сақтаған автономиялық, тәуелсіз полистер сақталған. Ежелгі Қытай мемлекетінің қалыптасуы. Ежелгі Қытай мемлекетінің тарихын төрт кезеңге бөліп қарарстырады: 1).Шань (инь) дәуірі (б.э.д. ХҮІІІ-ХІ ғғ.). 2).Чжоу дәуірі (б.э.д. ХІ-ІІІ ғғ.) 3). Цинь дәуірі (б.э.д. 221-207 жж.). 4).Хань дәуірі (б.э.д. ІІІ-б.э. ІІІ ғғ.). Бізге дейін жеткен аңыздарда ертедегі билеуші кемеңгер Яо болған. Ол қартайған кезде өзінің мұрагері етіп, Шуньді тағайындады. Оның тұсында топаң су басады. Одан құтылу жолын Юю тапқан. Ол билікті мұрагерлік жолмен өзінің ұлы Циге берген. Кейіннен Ююдің баласы Ци Ся әулетінің негізін салды. Осы кезден бастап, билік мұрагерлік жолмен берілетін болған. Оның озбырлығына қарсы шан тайпасының көсемі тан қарсы шығып Циді құлатып, Шан әулетінің негізін қалады. Кейіннен ол Инь дап атала бастайды. Ежелгі Қытай мемлекетінің қоғамдық және мемлекеттік құрылысы. Инь мемлекеті рулық тайпалықтан басқа территориялық жағынан бөлінбеген. Мемлекетті ван басқарған. Ол басқа жерлерге жорықтар ұйымдастырып тұрған. Оған бағындырылған тайпалар салық төлеп, әскерге адамдар беріп отырған және Шан қаласына үнемі келіп отыру міндетті болған. Ван сонымен бірге елдегі жоғарғы абыз да болып есептелген. Шань қоғамының маңызды орталығы Аньян қаласы. Бұл кезеңнен бізге қалған деректі мұра-киіз кітап мұражайы, хайуандардың жауырын сүйектеріне және тасбақаның тас қабығына жазылған 100000 жазуы бар Инь оракулы, мәлімет бойынша абыздар оның ішіне 41000 жазу жариялаған дейді. Бұл жауырын мен тас қабықтарды бал ашуға пайдаланған. Үкіметті де, шіркеу шаруашылығын да және дала шаруасын да Ван басқарған. Ван аспанның баласы, ол тағын балаларына мұрагерлікпен бере алған, әскери қол басшы қызметін қоса атқарған. Оның билігі шексіз, айтқан бұйрығын орындамаған адамдардың басын шауып тастаған. Ванның көмекшілері болатын, олардың қатарына жоғарғы вельможа-цзай, нәйши, сот қызметкерлері, жоғары абыз, хатшылар кіретін. Қытайдың мемлекеттік басқару аппараты иерархиялық қағидаға негізделген, қызметкерлері 20 жуық рангіге бөлінген. Лауазымды тұлғаларды атқаратын қызметтеріне байланысты үш топқа бөлген. Ванға көмектесетін әртүрлі әкімшілік қызметтерді орындаушыларды азаматтық лауазымды тұлғалар деп бірінші категорияға жатықызған. Екінші категорияға әскери лауазым иелерін енгізеді. Үшінші категорияға барлық балгерлерді, көріпкелдерді және т.б. көмекшілерді жатқызады. Қытай қоғамында жергілікті көсемдерді чжухау деп атаған. Олардың 8 рангісі болған. Чжухоу Ван сарайына тұрақты келіп есеп беріп тұруға және оның әмірлерін орындауға міндетті. Жергілікті халықтан алым-салық жинауды чжухау жүзеге асырады. Шаньда тұрақты әскер болған жоқ, чжухоу 3000, 5000, 6000 сарбаздардан тұратын жасақтар дайындайтын. Сарбаздар қола қару жарақтармен жабдықталған. Олар атты және жаяу әскер болып екіге бөлінген. Чжоу мемлекеті (б.э.д. ХІІ-ІІІ ғғ.). Чжоу әулетінің басқарган кезі үш кезеңге бөлінді: Батыс Чжоу кезеңі (б.э.д. 1122-742 жж.), Шығыс чжоу кезеңі (б.э.д. 770-403 жж.), «күрескен патшалықтар» (б.э.д. 403-221 жж.). Чжоу мемлекетінің қоғамдық құрылысына келсек, үстемдік билік құлиеленуші аристократтардың қолында болған. Аристократтар тобына чжоу мұрагерлік тобы және әскери біліктілер, сонымен қоса чжоу аристократтарының сенімін ақтаған инь аристократтары жатады:-Ван-адамдар ішіндегі ерекше адам; - Чжухоу провинцияларды мұраланушылар немесе чжоу ақсүйектерінің өкілдері; - Дафу - ру-тайпа көсемдері; - Ши – үлкен семья басшылары. Қалған адамдар қарапайым халық деп саналған. Әрбір топтағылар киімі ішетін тамағы, малдары мен құлдардың саны, тіпті өлгенде жерленетін мола-қабірлеріне дейін бір-бірінен ерекшеленіп, олардың қай топқа жататындығын көрсетіп отырған. Чжоу кезеңінің деректері «киім дәрежеден, ал байлық сыйлық көлемімен анықталу керек» деген қағиданы ұстанған. Жер мемлекеттің меншігінде, яғни Ван жерді толығымен билеген. Сонымен қоса ірі жериеленушіліктер дами бастады. Бізге жеткен деректер бойынша жерден айыруға, жалға беруге, кепілге қалдыруға болады. Мықты орталықтанған Цинь мемлекеттің пайда болуына мемлекет сановнигі Шан Ян реформасы әсерін тигізді. Мемлекетті күшейту туралы реформалар жөніндегі алғашқы бұйрықтарды Шан Ян б.э.д. 359 жылы дайындады. Онда:1. Тұрғындарды жаңа территориялық бөліністерге – «бестік» және «ондық» семьяларға бөлу. 2. Ата-аналарымен бір семьяда тұрып жатқан екі ер жеткен балалы адамдарды жазалау. 3. Әскери еңбегінсіз құрметтеу мен қанды кекке тыйым салу. 4. Егін шаруашылығы және тоқыма кәсібімен шұғылданатындарды қолдау. 5. Әскерге еңбегі сіңбеген мұрагерлік ақсүйектердің артықшылық құқықтарын жою жарияланды. Шан Ян әкімшілік реформасы бойынша, бұрынғы патша шекарасын бұзып, территорияны 36 облысқа бөлді. Облыс уездерге, уездер болыстарға, болыстар тиндерге (ең төменгі әкімшілік бөлініс) бөлінген. Әр облыстың басында азаматтық және әскери билікті жүзеге асыратын екі басқарушы отырды, оларды Астанадан император лауазымға сайлаған, кез келген уақытта биліктен босата алады. Бұл кезде мемлекеттік шенеуніктер үшін талап өте қатал еді, кішігірім қате жібергені үшін ауыр жазаға тартылатын. Бұрынғы аристократиялық титулдар жойылды. Біліктілер қатарына қосылу үшін байлық пен мемлекетке сіңірген еңбегін баға-ланатын. Осы кездегі мемлекеттік аппарат өзінің күрделігімен, ауқымдылығымен ерекшеленді. Аталмыш реформа ерте Қытай мемлекетін біршама біріктіріп ұстады. Бірақ, терең әлеуметтік қайшылықтардың нәтижесінде көтерілістер шығып, мемлекеттің саяси жағдайын өте тұрақсыздандырды. Б.э.д. 209 жылғы көтеріліс Цинь монархиясының ыдырауына әкеп соқты. Оның орнына билікке Хань әулеті келді. Жаңа әулеттің негізін қалаушы ауыл старостасы, көтеріліс жетекшісі Лю Бан. Негізгі єдебиеттер: 1. Әмірбеков Ш. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Өркениет, 2000. 2. Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999. 3. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. Алматы, 1999. 4. Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран (рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,1980. 5. Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 1994 Ќосымша єдебиеттер: 1. Дандамаев М.А. Древный Шумер. СПБ., 2001. 2. История государства и права зарубежных стран / Под ред. О.А. Жидкова и Н.А. Крашенниковой. М., 1996. Ч.1. 3. Клочков И.С.Древняя культура Вавилона (человек, судьба, время). М., 1983. 4. Оппенхейм Н. Древняя Месопатамия. Портрет погибшей цивилизации. М., 1990. 5. Гусева Н.Е. Индуизм. История Формитования, культовая практика. М., 1977. 6. Ильин Г.Ф. Основные проблемы рабства в Древней Индии // История и культур Древней Индий. М., 1963. Таќырып 2. Ежелгі шығыс өркениет құқығы. Ежелгі дүниедегі құқықтың пайда болуы және дамуы. Қандай да болмасын әлеуметтік организмге, яғни адамдар бірлестігіне және адамға ішкі ұйымдасушылық қасиет және реттеушілік функция тән. Осындай қасиетінен айрылған тұлға немесе әлеуметтік бірлестік жойылады.Рулық қауым сатысында ішкі мәселелер көсем беделімен ғана шешіліп отырған жоқ, сонымен бірге ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптар бойынша да басқарылды. Әдет- ғұрыптардың пайда болуы адамдар өмір сүрген табиғи ортаға, шаруашылық жүргізу тәсіліне және басқару мәселелеріне байланысты. Мысалы,шөлді аймақта тұратын халықтарда бұлақтарды, су көздерін қорғау дәстүрі көп. Ал суы жиі таситын аймақтарда өзенге табынып, құрбандық беріп жатады. Адамдар бірлестігінің түрлері өзгеріске ұшыраған сайын адамдардың өзара қатынасы да өзгеріске ұшырап отырды. Мысалы, рулық қауымдағы адам өзінің құқы туралы көп ойланбаса, ал көршілік (селолык) қауымда әрбір қауым мүшесі жыл сайын жердің қайта бөлінуіне, жеке малына басқалардың тиіспеуіне мүдделі бола бастады. Ал осындай өзгерістердің барлығы белгілі бір өзара келісілген нормалардың пайда болуына алып келді. Шаруашылықтың күрделенуіне байланысты нормалардың көбеюі жазылған заңдарды қажет ете бастады және сол нормаларды қадағалап отыратын арнайы қызымет адамдары да пайда болды. Ежелгі Египет (Мысыр) құқығына жалпы сипаттама. Ежелгі Египетте құқықтың қайнар көзі бастапқыда әдет-ғұрып болды. Мемлекеттің дамуы перғауындардың заң шығару құзіретін қарқынды етті. Заңдарды кодификациялағаны туралы мәліметтер бар, бірақ бұл жинақтар бізге дейін жетпеген. Дегенмен кейбір тарихи деректер, арнайы мәліметтер Египет құқығының жалпы сипаттамасын бере алады. Ежелгі грек авторларының шығармаларының сақталынған үзінділері біраз мәліметтер береді, мысалы “ грек тарихшысы Диодор алғашқы жазба заңдарды I патша әулетінің негізін салушы, аты аңызға айналған Менесу (шамамен б.э.д. 3000 ж) перғауын құрастырған” деген. Ежелгі Египет және антикалық әдебиеттерде келесі перғауындардың заң шығару қызметімен белсенді айналысқандығы туралы көрсетілген. Сол сияқты Сасихисус патшаға дінге қатысты заң, Бокхориске (б.э.д.VIIIғ)-қаржы және саудаға байланысты толық кодекс, Амасиске (б.э.д.VIғ) жергілікті әкімшілік құзыретінің регламенті туралы заң жатқызылады. Ерте патшалықтың өзінде-ақ түрлі нысандағы патша актілері белгілі болған. Олардың бірі жалпы нормативтік сипатта (заңдар), басқалары патшаның, жеке сұрақтар бойынша нақты бұйрықтары болды. Египетте жер мемлекет меншігі болып саналды. Египетте жер иеленудің бірнеше түрі болды: мемлекеттік, шіркеулік, жеке және қауымдық. Ірі жер иеленушілер қатарына шіркеу шаруашылығы және патшалық вельможалар жатты. Олар жерге қатысты түрлі мәмілелер жасай алды (сыйға беру, сату, мұрагерлікке беру). Жылжымалы мүлікке құлдар, жұмыс малы, ертеректе жеке қолға түскен және түрлі мәмілелер құралына айналған инвентарь жататын. Міндеттемелер. Қарыз, жалдау, сауда-саттық, жерді жалға беру сияқты бірнеше келісім түрлерін ежелгі египет құқығы білген. Египетте жер негізгі байлық болғандықтан оның қолдан қолға өтуінің ережесі, тәртібі жоғары болды. Бұл тәртіп мынандай үш актілі көріністі құрастырды: бірінші, шарт заты және төлемді жүзеге асыруы туралы сатушы мен сатып алушының бір шешімге келуі, екінші акт, діни сипатта, яғни жерді сатушы адамның ант беруімен шартты бекітді; үшінші акт сатып алушыны иелігіне енгізу, бұл жер жеке меншік құқыққа өткендігін көрсетті. Уақыт өте екінші акт қолданыстан шықты. Неке және отбасы қатынастары. Неке күйеуі мен әйелінің келісім негізінде жүзеге асты. Бұл келісім әйелінің әкелген төсек орыны мен енші мүлкінің де құқықтық режимін анықтаған: бұл мүліктер әйелінің жеке меншігі болып қалдырылып және отбасының барлық мүлкін әйеліне аударуға болатын. Египетте көптеген уақыт матриархаттық қалдықтары болған, бұл отбасында әйелдің орны жоғарылығымен көрініс тапқан. Уақыт өте күйеуінің құқығының нығаюып, ер адам отағасықұқыққа ие болып, әйел адам бұрынғыдай еркек пен тең құқылы болмаған. Египетте екі жақтың келісімімен ажырасу жүзеге асырылатын. Египет құқығы бойынша мұрагерлік заң және өсиет бойынша қалдырылған. Заң бойынша мұрагер ұл да, қыз да бола алады. Ал, өсиетті күйеуіде, әйеліде құра алады. Қылмыстық құқық және процесс. Египет құқығы бойынша қылмыс болып табылатын әрекеттердің шеңбері кең болды. Ең ауыр қылмыстардың қатарына мемлекет және қоғамдық құрылысқа қауіп төндіретін әрекеттер жатады (бұған опасыздық, сатқындық, көтеріліс жасау, мемлекеттік құпияны жария ету сияқты әрекеттерді жатқызған). Бұндай жағдайларда тікелей кінәлімен қоса отбасы мүшелері де жауапқа тартылды. Діни сипаттағы қылмыстар өте ауыр жазаланған (қасиетті жануарларды өлтіру: мысық,үкі ). Азаптау әдістері кеңінен қолданылған. Іс жүргізу жазбаша жүргізілген. Хаммурапи заңына жалпы сипаттама. Дүниедегі алғашқы жазылған заң жинақтарының бірі Вавилон патшасы Хаммурапидің заңдары. Ежелгі Вавилон құқығының ескерткіші Хаммурапи патшаның заңы (б.э.д. ХVIII ғ). Хаммурапи заңы белгілі бір жүйесіз, ешбір салаға жатпай жазылған. Бірақ осы заңның ішкі логикасын айқын көруге болады. Заң тексті базальт стильде жазылған. Жоғарғы жағында Шамаш құдайдың суреті бейнеленген, яғни осы заңды тізерлеп, қолын жайып, мойын ұсынып тұрған Хаммурапиға беріп жатқаны. Бұл сурет заңның құдіреттілігін сипаттайды. Хаммурапи заңы баптарға бөлінбеген, бірақ француз ғалымы В.Шейл тұнғыш рет заңды 282 бапқа бөліп қарастырады. Заң жинағы ерекше топтастырылған заң нормаларынан құрылады. Мысалы:1-5 баптар процессуалдық сипаттағы ережелер; 6-126 баптар мүліктік қатынастарға; 127-195 отбасылық –мұрагерлікке; 196-214 баптар жеке тұлғаны қорғауға; 215-282 жалға беру тәртібіне және тағы басқа қатынастарға арналған. Заң баптарға бөлінбегенін айтып кеттік, сондықтан ескерткішті кодекс сияқты жинақ деп қарастыруға болмайды. Ежелгівавилон құқығының таптық мәні мүліктік қатынастарды реттейтін және жеке меншікті бекітетін заң баптарында айқын көрініс тапқан. Вавилонда құлдар басқа да мүліктер (мал,еңбек құралдар және т.б) сияқты меншік объектісі болып табылды. Ежелгі Вавилонның әлеуметтік топтардың құқықтық мәртебелері. Бұл сұрақты қарастырған кезде, қоғамды құлиеленушілік те, феодалдық те деп қарастырмаған жөн, аталмыш қоғамның көп сипаты «азиаттық» құрылымға тән. Сондықтан маркстік 5 формация түрінің (құлиеленушіліктен – социализмге дейін) белгілері сай келмейді. Сонымен қатар, Хаммурапи заңында еріктілер арасындағы теңсіздікті көрсетеді: авилум («адам», «адамның ұрпағы») мен мушкенум (патшаға қызметке орналасу туралы өтініш жасайды) арасындағы теңсіздік. Мушкенум –өз қызметі үшін патша жерінен жер бөлігіне ие болатын, тәуелді тұлға. Авилумдарды толық құқық қабілетті және әрекет қабілетті «жеке тұлға» деп айту қиын, өйткені авилумдардың құқықтық жағдайы территориалдық қоғамға және үлкен патриархалды отбасыға жататынмен анықталады. Әскери адамның құқықтық жағдайы Хаммурапи заңның нормаларының анализінен анықтауға болады, яғни тұтқындағы әскердің өз мүлкін, әйелі мен баланың сатып алуы (выкуп) құқығы. Міндеттемелер. Хаммурапи заңдарында сол кезде маңызды рөл атқарған жер қатынастарын реттейтін бірқатар баптар болған. Жалға алушы өнімнің үштен бір бөлігін төледі. Жалға беру қысқа мерзімді болды (бір немесе екі жылға). Жалға тек қана жер, бақшалар берілмеді, сонымен қатар Хаммурапи заңдарында көрсетілгендей бөлмелер, үй жануарлары, құлдарды жалға берілді. Неке және мұрагерлік құқық. Хаммурапи заңдарының маңызды бөлігі (шамамен 70) неке-отбасы қатынастарын реттейді. Бұл кездейсоқтық емес. Отбасы, отағасы арқылы мемлекетпен және қауыммен байланысқа түсетін маңызды әлеуметтік ұяшық (144-147 баптар). Күйеу жігіт некелесу кезінде қыздың әкесіне жұмысшы қолын жоғалтқаны үшін белгілі бір мөлшерде қалың мал төлеген (176-184 баптар). Егер қыздың әкесі оны күйеуге бермесе, төленген қалың малды екі есе етіп қайтарды. Қалындықтың әкесі қызына төсек орын және жасауын берген, оның ерекше құқықтық ережесі бар, бірақ бұл мүлікті күйеу жігіт билеп төстеген. Қылмыс және жаза. Хаммурапи заңында қылмыс пен жаза ұғымына, анықтамасына және мемлекет үшін ерекше мәнді қылмыстық-құқық нормаларын бөліп қарастыруға ұмтылыс жасамағанын байқаймыз. Бұндай нормалар аталмыш ескерткіште толық көлемде және жүйелі түрде берілмеген. Заңда патша, діни, абыз билігіне және мемлекеттік басындағыларға қарсы бағытталған қылмыс жасаған қылмыскерлер туралы баптар жоқ. Өйткені ондай қылмыскерлерді патша өкіметіне ұстап беру міндетті болған сияқты. Хаммурапи заңы талион («көзге көз, тіске тіс» яғни, кінә үшін оған тең жаза тарту керек) принципіне негізделген қатаң жазаларымен сипатталады. Бірақ бұл принцип қоғамның дамуына байланысты кей кезде жұмсарып отырғанын заңның белгілі баптарынан байкауға болады. Жинақтың мазмұнына көңіл аудара отырып, қылмыс әрекеттерін үш түрге бөлуге болады: жеке тұлғаға қарсы бағытталған, мүлікке қарсы бағытталған және отбасына қарсы бағытталған. Үнді құқығына жалпы сипаттама. Ежелгі Үнді мемлекетінде тарихи-құқықтық қайнар көз ретінде – Ману Заңдары (б.э.д. ІІ ғ. – б.э. ІІ ғ.) және Каутилья Артхашастралары (б.э.д. І ғ. – б.э. І ғ.) сақталған. Ежелгі Үндіде құқық түсінігі қоғамдық қатынастарды реттеуші жеке нормалар жиынтығы ретінде танылмады. Үнділердің күнделікті өмірі өзіндік сипатымен құқықтық емес, эстетикалық сипатты нормалармен бекітілген ережелерге бағынды. Берілген нормалары ашық бейнеленген діни мінездемесіне ие болды. Адамдардың күнделікті мінез-құлқын анықтайтын нормалар (дхарма) – дхармашастралар жинағында қалыптасты. Ең белгілі дхармашастра Ману Заңы (Ману – миф құдайы ) болып табылады. Бұл заңның жазылғанын нақты уақыты белгісіз. Бірақ, б.э.д. ІІғ. және б.э. ІІғ. жазылды деп жобаланады. Ману Заңы 2685 баптардан тұрады. Құқықтық мазмұн негізінен ҮІІІ және ІХ бөлімдерде көрсетілген. Ману Заңының ең маңыздысы – варналық құрылымның қалыптасуы. Бұл жерде діни ілім бойынша әр варнаның пайда болу туралы; варнаның әскери-кәсіптік мінездемесі көрсетіледі; әр варнаның тағайындалуы туралы; жоғарғы варнаның үстемдігі туралы айтылған. Заң негізгі жеке меншіктің түрін жер деп таниды. Мемлекеттің жер қорын патшаның, қауымның, жеке адамның жерлері құрайды. Мемлекеттің бүкіл жері патшаның жеке меншігінде болған жоқ. Патша жерден жеке меншік иеленуші ретінде емес, мемлекет мүддесін қорғаушы ретінде салық алып отырған. Ману Заңы бойынша, егер патша салықты жинап, мүдделерін қорғамаса, онда ол тозаққа барады дейді. Міндеттемелер. Ману заңында көрсетілген сотта қарастыратын істердің 18 жуығы міндеттемеге, жалға беруге, сауда-саттыққа, сақтауға және т.б. арналған. Артхашастра мен Ману заңы қарыздық міндеттемені орындалуына тиімді тәсіл ретінде – залог институтын (Артхашастраның ІІІ тарауы 12 бөлімі 11, 12 баптар) енгізеді. Ежелгі Үндістанда жерді жалға (аренда) беру шарты белгілі болған, Қауымдық меншік мүліктік дифференциация ұшырағаннан кейін аталмыш шарт кең етек жайған. Кедейленген жериеленушілер өз жерлерін жалға беруге мәжбүр болған. Ману Заңында сату-сатып алу шарты да кеңінен тараған. Ману Заңында сыйға беру шарты қарастырылған. Шарттың кейбір түрлерін реттеу үшін заң жалпыға бірдей ережелер бекітеді. Ману заңында келтірілген залалдан туындайтын міндеттемелер туралы айтылған. Неке және отбасы құқығы. Ежелгі Үндістан қоғамына патриархалды отбасы тән. Күйеуі-отагасы. Әйел күйеуіне және ұлдарына толық тәуелді болған. Неке мүліктік шарт сипатты, яғни күйеу өзіне әйелді сатып алады және оның жеке меншігі болып саналды. Отбасы мүлкі толығымен отағасының билігінде болған. 299 бапқа сәйкес «бұзақы қылық жасаған әйелін, баласын, құлын, шәкіртін және туған інісін арқанмен және бамбук шыбыкпен ұруға құқығы бар». Ману заңы жоғарғы дхармаға сай ерлі-зайыптылар арасында «өлер өлгенге дейін толық сенімділік» болады деп жариялай отырып, күйеу жігітке бірнеше әйел алуға және ажырасуына рұхсат береді. Барлық мүлік олардың ортақ игілігі, бірақ күйеуі иелігін жүргізген. Әке-шешесі қайтыс болған жағдайда мүлік ұлдар арасында бөліске түскен, немесе кіші інілеріне қамқоршы болып қалған үлкен ұлы ие болған. Қыздар мұрагерлікке ие бола алмайды, бірақ ағалары ¼ бөлігін бөліп беруге тиіс еді. Қылмыс пен жаза. Ежелгі Үнді құқығында, сол тәрізді Хаммурапи заңында қылмыстық-құқықтық нормалар жалпы құқықтық тыйымдардан жеке бөлінбеген. Ману заңында қылмыс түсінігі сол уақытқа байланысты өте жоғары танылған, жаза түрі қылмыс жасаған жағдайына байланысты тағайындалған. Бірақ қылмыс түсінігі толығымен қалыптаспаған Ману заңында да, Каутилья Артхашастраларында да деликт пен қылмыс арасында айырмашылық шегі анықталмаған. Заңда кінәнің нысандары (қасақана және абайсыздық), қылмыстың қайталануы, қылмысқа қатысушылық, жәбірленушінің және кінәлінің касталық тегіне қатысты қылмыс ауыртпалығы айқындалған. 1 Ежелгі Қытай құқығына жалпы сипаттама. Ежелгі Қытай заңнамаларының түп нұсқалары бізге жетпеген. Тарихи деректерге жүгінсек, алғашқы жазылған заңдар және заңдар жинағы Шань мемлекеті кезінде пайда болған дейді. Қытайда заң шығармашылық б.э.д. ҮІ-ІІІ ғасырларда, яғни саяси аренада патриархалдық дәстүрге және тарихи әдет- ғұрыпқа тірек жасаған конфуцияндар мен мемлекеттік заңның мазыздылығын, ролін уағыздаушы легист мектебінің арасында қарама- қайшылық туындаған кезде жылдам дами бастаған. Б.э.д. Ү-ІІ ғасырларда «Заңдар кітабы» атты заңдар жинағы дайындалған. Авторы Вэй Ли Куй (б.э.д. 427-387жж.) . Бұл кітапта сол кездегі қолданыстағы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамалары жинақталған. Меншік құқығы. Инь мемлекет дәуірінен бастап малға, құлға, еңбек құралына, құнды әшекейлерге және т.б. заттарға деген жеке меншік құқығы бекітілген. Бірақ жерге деген мемлекеттік меншік және қауымдық қатынас ежелгіқытай қоғамындағы мүліктік жіктелудің және тауарлық өндірістің дамуына кері әсерін тигізді. Отбасы және неке құқығы. Инь мемлекет дәуірінде Қытайда матриархаттың элементтері барын байқауға болады, яғни қандас туыстардың арасында неке құру мүмкіндігі болған. Ал, Чжоу мемлекеті дәуірінен бастап отағасы әйелі мен балаларына басшылық жүргізген, яғни толық патриархалдық дамыған. Қытай әдет-ғұрпы бойынша мұралыққа бәйбішіден тұған ұл ғана ие болады. Ұлы болмаса еркектің тұған-туыстары мұралыққа ие болады. Қылмыс пен жаза. Ежелгі қытай құқығы бойынша қылмыс ұғымы мен қылмыстың түрлері және жаза тағайындалу өте ерекше сомдалған. Қылмыстық заңнамада қылмыстың түрлері көрсетілген: мемлекеттік қылмыстар. Бұлардың қатарына ұлы патшаға тіл тигізу,үкіметке бағынбау және т.б. Жазаның бес түрі қолданылған: денесіне таңба салу, мұрнын кесу, аяғын кесу, әтектеу және өлім жазасы. Негізгі єдебиеттер: 1. Әмірбеков Ш. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Өркениет, 2000. 2. Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999. 3. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. Алматы, 1999. 4. Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран (рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,1980. 5. Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 1994 Қосымша әдебиеттер: Кайнар көздер тізімі 2. Антология мировой правовой мысли. В 5 т. Т.1. Античный мир и восточные цивилизации /Отв. Ред. Л.Р. Сюкияйнен. М,. 1999. 3. Законы Вавилона, Ассирии и хеттского царства /Предисл., пер. и коммент. под ред. И.М. Дьяконова //Вестник древней истории 1952. № 3-4. 4. Хрестоматия по истории государства и права зарубежных стран. В2. / Отв. Ред. Н.А.Крашенникова. Т.1.Древный мир и Средние века / Сост. О.Л. Лысенко, Е.Н. Трикоз. М., 2003. Қосымша әдебиеттер тізімі: 1. История государства и права зарубежных стран / Под ред. О.А. Жидкова и Н.А. Крашенниковой. М., 1996. Ч.1. 2. Крашенникова Н.А. История права Востока. М., 1994. 3. Оппенхейм Н. Древняя Месопатамия. Портрет погибшей цивилизации. М., 1990. 4. Якобсон В.А. Возникновение писанного права в Древней Месопатамии // Вестник древней истории. 1984. № 4. 5. Якобсон В.А. «Кража» и «грабеж» по законам Хаммурапи // Палестинский сборник. Вып. 26. М., 1978. 6. Вигасин А.А. «Уста о рабах» в Артхашастре Каутильи // Вестник древней истории. 1976. №4. 7. Вигасин А.А. Юридическая тематика в композиции дхармашастр // Санскрит и древнеиндийская культура. М., 1979. 8. Гусева Н.Е. Индуизм. История Формитования, культовая практика. М., 1977. 9. Крашеникова Н.А. Индусское право: История и современность. М., 1982 10. Кузнецов А.А. Эволюция индийской касты. М., 1983. 11. Самозванцев А.М. Правовой текст дхармашастры. М., 1991. 12. Самозванцев А.М. Теория собственности в Древней Индии. М., 1978. Таќырып 3. Антикалық әлемдегі мемлекет және құқық. Антикалық қоғамдағы мемлекеттің қалыптасуы Мың жылдан астам ежелгі Шығыстағы мемлекеттердің ықпалында болған Жерорта теңізі жағалауларындағы территорияларда мемлекетке ұйымдасу процесі жүрді. Теңіз сауда жолдарының бойында орналасқан Крит аралы,Алдыңғы Азиядағы мемлекеттердің товарын Жерорта теңізі аймағына таратуға делдалдық жасаған Финикия және т.б территориялар б.э.д. 2-ші мың жылдықта мүліктік жіктеліс жылдамдағандықтан мемлекеттің қалыптасу кезеңінде болды. Египеттің тікелей ықпалында болған Крит аралы күшейген кезінде Греция территориясына ықпал етіп біраз уақыт бағыныштылықта ұстады. Крит аралының табиғи апаттан зардап шегуі Жерорта теңізі аймағындағы экономикалық қатынастардың жаңа аймақтарға ауысуына әсер етті. Алайда солтүстіктен келген дорий тайпаларының шабуылы Греция жеріндегі біршама дами бастаған мәдениетке кері әсер етті.Шапқыншылықтың әсерінен халықтың бір бөлігі теңіздің Шығыс жағалауына қоныс аударуға мәжүбір болды. Халық санының азаюы, пайдалы жер көлемінің жеткілікті болуы, сырттан әсер ете алатын күштердің әлсіздігі, шаруашылық жүргізудің ерекшеліктеріантикалық азаматтық қауымның пайда болуына әсер етті. Ежелгі Грециядағы мемлекеттік құрылымдар қала- мемлекет немесе азаматтық қауым сатысында болды. Жалпы алғашқы мемлекеттердің қала- мемлекет сатысында болуы заңды құбылыс. Антикалық кезеңдегі азаматтық қауымдардың пайда болуында ерікті бірігу-синойкизмнің ролі ерекше болды. Аристотель полистің қалыптасу жолын былай деп көрсетеді ;семья-деревня(семьялардың бірігуі-селолық қауым)азаматтық қауым немесе полис. Азаматтық қауым немесе полис – меншігінде жері бар ерікті азаматтардан тұратын селолық қауымдардың бейбіт бірігуі. Ежелгі Шыцғыстағы қауым мүшесінің құқығы шаруашылық жүргізуде қоғамдық істердің, яғни каналдар қазу, ағаштан тазалау сияқты жұмыстардың көптігіне жэне діни дүние танымға (мысалы Индиядағы варналар)байланысты шектелген болса, ал көне Грециядағы қауым мүшесі қауым өмірінің бар саласына қатысуға құқығы болды. Оның ақысының кеңеюіне шаруашылықты дербес жүргізуі әсер етті. Ал шаруашылықты дербес жүргізуге темірден жасалған еңбек құралдары мен осы жерлерде негізгі шаруашылық дақылы ретінде өсірілетін өсімдік түрлері әсер етті. Греция мен Италиядағы табиғат жағдайы егіншіліктен гөрі жүзім мен зәйтүн ағашын өсіруге қолайлы болғандықтан,әрбір шаруаның өзінің жер үлесінде дербес жұмыс істеуіне жағдай жасады. Ал бұл өз кезегінде әрбір қауым мүшесінің экономикалық дербестігіне, ал экономикалық дербестік саяси дербестіктің, еркіндіктің дамуына жағдай жасады. Грек қала мемлекеттерінің қалыптасуына мына жағдайлар әсер етті ; 1. Жерорта теңізі аймағының Греция орналасқан солтүстік жағалауына ықпал ететін Крит сияқты мемлекеттің ыдырауы және дорий тайпаларының шапқыншылығынан халық саны азайды. 2. Темірдің пайда болуы адамдардың азаматтық қауым шеңберінде жеке шаруашылық жүргізуіне мүмкіндік берді. Грецияның табиғи орналасқан жері таулы-қыратты болып келгендіктен жүзім,зәйтүн ағашын өсіру егіншілікте үлкен роль атқарды. 3. Грек қала-мемлекеттерінің қалыптасу кезеңінде оның дамуына кері әсер ететін сыртқы факторлар, яғни көрші ірі мемлекеттердің барлығы дерлік дағдарысты бастан кешіріп жатты. 4. Тарихи заңдылық бойынша қала-мемлекеттер біртіндеп адам санының көбеюіне жэне экономикалық қатынастардың дамуына байланысты басқа территориялардағыдай, мысалы, ежелгі Египеттегі номдардың төменгі және жоғары Египет мемлекеттеріне,сонан соң біртүтас мемлекетке айналғаны сияқты,даму сатыларын бастан кешіруге тиіс болатын. Алайда гректердің дүниетанымына және философиясына байланысты грек дүниесіндегі мемлекет қала-мемлекет сатысында ұзақ тұрып қалды. Оған мынандай себептер әсер етті: 1. Адам санының көбеюі және жер тапшылығының пайда болуы грек қала- мемлекеттерінің үстемдік үшін күресіне алып келуге тиіс болатын. Бұл күресті біршама уақыт кейінге шегеруге және осы процесті бәсеңдетуге әсер еткен б.э.д. ҮІІІ-ҮІ ғасырлардағы колонизациялық шаралар болды. Теңізде жүзу жақсы дамыған грек қала-мемлекеттері әлеуметтік күресті бәсеңдету үшін адамдардың бір бөлегін сыртқа, жаңа жепрлерге көшіруге мәжүбір болды. Қара теңіз жағалауларында және Жерорта теңізінің басқа аймақтарында грек колониялары пайда болды. 2. Грек дүниесі адам санының көбеюін тежеуге ұмтылды. 3. Әлеуметтік күрестің қоғамның ыдырап кетуіне алып келетінін түсінген грек дүниесінің қайраткерлері реформалар жүргізе бастады.Спартадағы Ликург реформасы, Афинадағы, Солон және Клисфен реформаларының басты мақсаты әлеуметтік күресті бәсеңдету болатын. Қала мемлекттердегі ерікті азаматтардың экономикалық жэне саяси құқықтары біршама дамығандықтан грек дүниесі дамудың жаңа моделін жасады. Грек философиясы мен ғылымы адамзаттың дүние танымын жаңа сатыға көтерді. 4. Қала – мемлекет жүйесінің біраз уақыт сакталғанына қарамастан тарихи даму заңдылығы оны мемлекет және орталықтанған мемлекет сатысына итермеледі. Бұл процесстің басталуын жылдамдатқан грек- парсы соғыстары болды. Жас қала- мемлекттерден тұрған грек дүниесі алып Парсы империясымен өлім не өмір үшін күреске түсті. Спарта және Афины бастаған грек қала – мемлекеттері ерен ерліктерінің арқасында өз жерін аман сақтап қалды. Соғысқа дейін ақ Спарта бастаған егіншілікпен айналысушы полистер одағы және Афины бастаған қол өнер сауда полистер одағы ұйымдаса бастаған болатын. Соғыстан екі одақта нығайып шықты. Енді грек дүниесіне үстемдік үшін екі ірі одақ арасындағы күрес соғысқа ұласып, ол Спартаның жеңісімен аяқталды. Бірақ бір орталыққа бағынған мемлекет құру толық аяқталмай қалды. Себебі екі одақтың соғыстан қалжырап шығуына Парсы державасы «Көп көмек» берді. Басы бірікпеген грек дүниесі Макидон патшалығының қол астына түсті. Азамат тарихының дамуына өзіндік үлес қосқан елдің бірі-Рим мемлекеті. Рим Италия территориясындағы кішігірім қала мемлекеттен алып империяға дейін өскен мемлекеттік құрылым. Грек қала мемлекеттерінің тарихынан олардың даму сатыларын әр сатыдағы даму заңдылықтарын көргендіктен енді Рим қала-мемлекетінің тарихына, оның билік формаларының мемлекеттік құрлысына, құқықтық жүйесіне әсерін түсінуге тырысайық. Рим республикасының құрылуы. Римнің ұзақ ғасырлық тарихы үш кезеңге бөлінеді: 1. Ежелгі Рим патшалық кезең - б.з.д. 754 – 810 ж.ж. 2. Рим республикалық кезеңі б.з.д. 510 – б.з. 27 ж.ж. 3. Рим империя кезеңі екіге бөлінеді: принципат (б.з. 27 – 14 ж.ж.), доминат (284 – 395 ж.ж) Рим мемлекеті алты төбедегі қоныстардың бейбіт қосылуына (Синойкизм) пайда болған азаматтық қауым бастапқыда Римдегі саяси билік патшаның қолында болды. Патша әскери және діни билікті қолына шоғырландырғандықтан ақсақалдардың билікке ұмтылуын қанағаттандыру үшін ақсақалдар кеңесін құруға мәжбүр болды. Рим патшаларының бірі –сергии туллии коғамдағы мүліктік жіктелістің күшейгендігін байқағандықтан мүліктік цензді енгізіп, Рим халқын алты класқа бөлді бұл қоғамдағы саяси күштердің ара салмағының өзгеруіне әсер етті. Римнің жетінші патшасы өр көкірек Тарквиниидің жеке басының кемшіліктері ақсақалдар мен патша арасындағы қарама-қайшылықты күшейтіп, патша билігінің құлауына алып келді. Бастапқыда Римде халық жиналыстары трибуттық – рулық жиналыстар болса, кейіннен Сервии Тулии реформасының нәтижесінде центуриаттық-жүздік жиналыстар болды. Центуриаттық жиналыстарда жоғарғы мемлекеттік қызметтерге сайланатын және маңызды саяси - құқықтық мәселелер қаралды. Жиналыстардың шешімдері заң күшіне ие болды. Бірақ халық жиналыстарына ұсынылатын мәселелер алдын ала сенатта, сосынақсақалдар кеңесінде қаралатын. Патша билігін құлатуға қатысқан ақсүйектердің екі ірі тобының билік үшін күресін болдырмау ушін жыл сайын биліктегілерді сайлау жүйесі енгізіліп, Республикалық билеу формасы, яғни басқарудың барлық сатысына адамдар сайланып қойылатын болды. Республикалық биліктің қалыптасуына және нығайуына ақсүйектер мен құқығы жағынан шектелген әлеуметтік топ – плебейлердің арасындағы курес те әсер етті. Осы күрестің нәтижесінде XІІ Таблица заңдары қабылданды. XІІ таблица заңдарында плебейлер құқы шектелген топ ретінде көрінсе бірте- бірте елдегі қиын жағдайларды пайдалана отырып плебейлер өздеріне саяси жэне экономикалық құқықтар алды.Плебейлер біртіндеп өздерінің өкілдерін мемлекеттік қызметкер дәрежесәне көтерді. Оларды халық трибундары деп атады. Бастапқыда екі халық трибуны болса,кейіннен олардың саны он-ға дейін жетті. Плебейлер өздерінің жиналысын «плебисит» шақыру құқына қол жеткізді және кейіннен бұл жиналыстың шешімі заң күшіне ие болды. Әлеуметтік топтардың арасындағы шиеленістің дұрыс шешілуі мемлекетік баскару жүйесінің тиімділігін арыттырғандықтан жэне де азаматтардың соғысқа деген ынтасын басып алынған территориядан жер беру арқылы қызықтыра білген. Рим басшылары біртіндер көрші территоряларды басып ала бастады. Римнің мемлекеттік құрылысының басқаруға тиімділігі оның алып державаға айналуына әсер еткен фатордың бірі. Сондықтан да Римнің мемлекеттік құрылысына тоқталып өтейік. Рим республикасының ең жоғарғы билік органдары халық жиналыстары мен сенат болды. Халық жиналыстарының үш түрі болды: 1. Куриаттық халық жиналыстары – Римдегі ең көне халық жиналысы және ол негізінен рулар бойынша жиналыс болды. Римде 30 курия болды. 2. Трибуттық жиналыстар-территориялық жиналыс,яғни трип бойынша жиналатын жиналыс болды. Бұл жиналыста консулдар мен преторлардан басқа магистраттарға сайлау өткізілді. 3. Центуриаттық жиналыс- әскери-саяси бөлімдер бойынша,яғни халық жасағының тұрақты бөлімдері бойынша шақырылатын жиналыс болды және саяси жағынан ең маңызды орган болды. Центуриаттық жиналысты консул шақыра алатын болды және бұл жиналыста мемлекеттегі ең жоғарғы қызмет адамдары-консулдар мен преторлар сайланды. Центурияттық және трибуттық жиналыстардың шешімдері заң күшіне ие болды. Ақсақалдар кеңесі - Рим республикасындағы ең маңызды басқару органдарының бірі.Бастапқыда ру ақсақалдарының жиналысы ретінде пайда болды және құрамында 300 рудың өкілі болды.Кеіннен,б.э.д. 1 ғ. Сенат құрамында 600 мүше болды. Сенат құрамына бұрын жоғарғы мемлекеттік қызымет атқарған адамдар кірді. Әр бес жылсайын сенаторлардың тізімін арнайы магистраттар- цензорлар тексеріп,қайта жасалып отырғСенатта мемлекеттік маңызы бар мәселелер мен заң жобалары каралып ,халык жиналысына бекітуге үсынылып отырған. Сенаттың шешімдері сенатуусконсульт деп аталып,магистраттар басшылыққа алатынқұжат ретінде маңызы болғанымен ресми түрде заң күші болмады. Рим республикасында басқару жұмысын арнайы мемлекеттік қызметкерлер жүргізеді. Оларды магистраттар деп атады. Мемлекеттік қызыметтің екі түрі болады: ординаллық жэне экстраординарлық. Ординарлық магистраттарға мына қызметтер кіреді: 1. Консулдар. Патша қуылғаннан кейін патшаның функциясын атқару үшін екі консулдың қызметті тағайындалады. Олар бір жылға халық жиналысында сайланып отырды.Б.ә.д 367 ж. консулдар тек патрицилерден сайланса,ал осы жылдан бастап консулдардың бірі плебейлерден сайлана бастады. Консулдың билігін көрсету үшін алдында салтанатты қарауылдар-ликторларжүріп отырады. 2. Цензорлар - Рим республикасында б.ә.д. 434 жылдан бастап сайлана бастаған магистраттардың бірі.Әр бес жылда 1,5 жылға сайланып отырған. Цензорлар азаматтардың санағын жүргізуге,сенаторлардың тізімін қайта қарауға жэне салықтың казынаға түсуін қадағалауға,мемлекеттік табысты жинауды тапсыруга жауапты болған және азаматтардың тәртібіне ,іс- әрекетіне бақылау жасап отырған. 3. Преторлар - жоғарғы магистраттардың бірі,сот ісін жүргізуші.Претор қызыметі б.э.д.366 ж. енгізілді.Б.э.д. 267 ж. 2 претор сайлана бастады. Бірі-қалалық претор деп аталады,ал екіншісі прегриндік претор деп аталады. Қалалық претор азаматтардың арасындағы сот ісін жүргізді,ал прегриндік претор Рим азаматы емес (прегрин) прегрин адамдардың арасындағы сот ісін жүргізді. Сот ісімен қатар претор әскер басшылары болып тағайындалды және провинцияларды басқарды. Претордың алдында 6 адамдық салтанатты қарауыл жүріп отырды. 5. Эдилдер. Рим қаласын көріктендіруге,қоғамдық мейрамдарды өткізуге, қаланы азық-түлікпен қамтамасыз етуге,қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапты қызыметкер болды. 6. Халық трибундары – тек плебейлерден сайланатын Рим магистраттары. Халық трибундары плебейлерді патрицилерден қорғайтын қызымет ретінде пайда болды және олардың вето құқы болды. Халық трибундарының трибуттық жиналыстарды шақыруға,комицияларға заң жобаларын ұсынуға,магистраттардың шешімін тоқтатуға.сенаттың пікіріне қарсы шығу құқы болды. Халық трибуны қызыметі қасиетті саналды және оған қарсы жасалған қылмыс діни қылмыспен қатар бағаланды. Римнің әкімшілік жүйесінің бір ерекшелігі - әрбір Рим азаматы мемлекеттік қызыметке сатылап өсті және жасына қарай сайланды. Мысалы, консулдық қызыметке жасы 42 толған және ең төменгі қызыметтен біртіндеп өскен азаматтар ғана сайланған. Рим мемлекеттік қызыметінің тағы бір ерекшелігі – қызыметтердің көпшілігі коллегиалды болды. Мысалы, екі консул,халық трибундары қызыметі және тағы да басқа қызыметтерді бірнеше адамдар атқарғандықтан шешім қабылдау барысында көптеген мәселелер келісіліп шешілді және бірін-бірі тежеп отырды. Рим республикасындағы мемлекеттік басқару ісінің осылай ұйымдастырылуы мемлекетті басқару ісін жеңілдетті және Рим азаматтарының мемлекетті басқару ісіне әсер етіп отыруына жағдай жасады. Жалпы ежелгі Шығыс елдерінде құқық жүйелері қазіргідей қылмыстық, азаматтық және поцесуалдық құқық деп бөлінуі білген жоқ. Себебі экономикалық және әлеуметтік қатынастардың тым күрделенбеуі тым күрделенбеуі , деспоттық билік адам құқы мәселесін күн тәртібіне қойған жоқ болатын. Ел енді ежелгі дүниедегі құқығы дамыған ел Рим болды. Рим құқығының дамуына тауар-ақша қатынастары әсер етті. Рим құқығының тарихынан біз жоғарыда аталған институттарды ғана емес, сонымен бірге қылмыстық-құқықтық нормалардың жеке құқықтық нормалардан /азаматтық-құқықтық/, қылмыстық процестің азаматтық процестен бөлшектегенін көреміз. Бұның өзі азаматтардың арасындағы экономикалық қатынастардың күрделеніу сан-салалы құқықтық жүйені туғызып отыр. Осындай күрделі құқықтық жүйені Ежелгі Шығыс елдері білген жоқ. Сондықтан да студент ежелгі Рим құқының ескерткіштерімен танысқанда ежелгі шығыс елдерінің заңдарымен салыстыра қарағаны жөн. Афина құқығына жалпы сипаттама. Ежелгі Афина құқығының қайнар көзі әдет- ғұрып (themic). Б.э.д. 621 жылы ру беделділері мен халықтың арасындағы қүрестің нәтижесінде әдет- ғұрып жазбаларының жинағы Драконт заңы (nomoi)дүниеге келген. Афин тұрғындарының құқықтық жағдайы. Грек қоғамы үш әлеуметтік топтан құрылды: құлдар, азаматтар, билік иегерлері. Құлдардың қайнар көзі - соғыс, пираттық және құл саудасы: 1).әскери тұтқындар мен қолға түскен бейбіт тұрғындар., 2).Фракия және скиф ақсүйектерінің өз қандастарын сатуы., 3).құлдардың өзара көбейуі. Құлдар құқықтың субьектісі емес обьектісі болып табылған. Яғни құлдар жанды құралдар санатына жатқызылған. Іскер құлдарды қожайыны қолдап, жеке кішігірім шеберхана ашып беретін. Бұл жағдайда құл кейбір заңды мәмілелерді жасайтын болғандықтан, белгілі бір құқыққабілеттілікке ие болған. Құлдарды босату, еркіндікке жіберу мүмкіндігі бар. Бірақта олар азаматтыққа ие бола алмайды тек «бөтендер» деген санатқа қосылады. Еркіндікке босатылған құлдар бұрынғы қожайынына, яғни патронына толық тәуелді және оның рұхсатымен қана үйленетін немесе өлер өлгенше оған қызмет атқарады. Олар өлгенде ұрпағы, яғни балалары болмаса оның мүлкі қожайынына қалады. Меншік құқығы. Б.э.д. Ү ғасырда Афин азаматтары арасында жеке меншіктің саны көбейген. Афинда меншік мемлекет тарапынан берген игілік көзі ретінде есептелген. Ірі жер иегерлері мемлекетке пайдалы салық (литургии) төлеп отырған. Афин құқығында бөтеннің мүлкіне деген құқық болған. Жер иеленуші өз жерін 20 метрге дейін қазып су көзін таба алмаса, көршісінің үйінен күнінде екі рет белгілі мөлшерде су ала алады. Афин құқығында шарттардың келесі түрлері болды: сауда-саттық, жалдау, серіктестік, тапсырма, жеке жалдамалық және т.б. Деликтіден туындайтын міндеттемелер болған. Неке және отбасылық құқық. Ежелгі Грецияның әйел адамдары бала күнінде әкесінің билігінде, тұрмыс құрған соң күйеунің билігінде болған және әрекетқабілеттілігі жоқ деп саналған. Неке құру кезінде қыздың келісімі есептелінбеген, яғни ата-анасының қабылдаған шешімі заңзы болып саналған. Қызға төсек орын берілген, егер ажырасқан жағдайда өзімен бірге қайтарылатын.немесе өліп қалса әкесіне қайтарып беретін. Некенің мақсаты ұрпақты жалғастыру. Әйелі бедеу болса және екеуінің бірі біреуінің көзіне шөп салса, ажыраса алады. Қайтыс болған адамның мүлкі оның отбасына және жақын туыстарына қалдырылған. Ереже бойынша әйелін мұрагерлер тізімінен алып тастаған. XII таблица заңдары Рим құқығының негізгі қайнар көзі болды. Белгілі батыс теоретигі Р. Давид : «тек римдік гендер ғана әлемде жоқ прецеденті бар заң жүйесін құрған» деп айтқан. Қазіргі батыс өркениеті бұл жүйені құқық жүйесінің түп төркіні ретінде қабылдаған. Олар 12 таблицаға созылып, қаланың басты алаңы – Форумда қойылған еді, сол себепті оларды XII таблица заңдары деп атайды. Бұл заңдарды әрбір азамат білуге міндетті болды. Қылмыстық құқық. XII таблица. Заңдар таблицасында қылмыстық жазаланатын әрекеттердің шағын ғана тізімі берілген. Ең алдымен қылмыстық әрекет болып мемлекетке және қоғамдық құрылысқа қарсы бағытталған әрекет болып табылады. Жоғарыда айтылғандай көптеген заңбұзушылық әрекеттер қылмыстық деп топтастырылмай, азаматтық-құқықтық деликт ретінде қарастырылған. Негізгі єдебиеттер: 1. Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999. 2. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. Алматы, 1999. 3. Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран (рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,1980. 4. Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 1994 Ќосымша єдебиеттер: Кайнар көздер тізімі 1. Законы ХІІ таблиц / Текст, пер., всуп. Ст. Л. Л.Кофанова; Отв. ред. В. И. Уколова. М., 1996. 2. Хрестоматия по истории государства и права зарубежных стран. В 2. / Отв. Ред. Н.А.Крашенникова. Т.1. Древный мир и Средние века / Сост. О.Л. Лысенко, Е.Н. Трикоз. М., 2003. Қосымша әдебиеттер тізімі 1. Античная Греция: проблемы развития полиса. –М., 1983. 2. Винничук Л. Люди,нравы и обычай Древней Греции и Рима // Пер. с польск.-М.,1988. 3. Васильев Л.С. Проблемы генезиса китайского государства (формирование основ социальной структуры и политической администрации).- М.,1983. 4. Город и государство в Античном мире: проблеы исорического развития.- М.,1987. 5. Громаков Б.С. История рабовладельческого государства и права. - М.,1986. 6. Кечекьян С.Т. Государство и право Древней Греции.-М.,1963. 7. Корецкий В.И. Лекции по истории государства и права.-М.,1947. 8. Андреев М. Недвижимая собственность в Риме до ХІІ таблиц // Вестник древней истории. 1955. №. С. 142-146. 9. Бартошек М. Римское право. Понятие, термины, определения. М., 1989. 10. Бирюков Ю.М. Государство и право Древнего Рима.-М.,1969. 11. Галанза П.Н. Государство и право Древнего Рима. -М., МГУ.1963. 12. Гюнтер Р. К развитию социальной и имущественной дифференциации в древнейшем Риме // Вестник древней истории. 1959. №41. С. 52-83. 13. Дождев Д.В. Римское архаическое наследственное право. М., 1993. 14. Кофанов Л.Л. Владение и собственность в Законах ХІІ таблиц // Древное право. Luz antiguum. 2000. №6. С. 146-159. 15. Кофанов Л.Л. Обьязательственное право в архаичес ком Риме (ҮІ – ІҮ вв. До н.э.). М., 1994. 16. Кофанов Л.Л. Характер коллегий и проблема неразделенной коллективной собственности erctum non citum в Законах ХІІ таблиц // Антиковедение и медиевистика: Сб. Науч. Трудов. Вып. 2. Ярославль, 2000. С. 14-25. 17. Нечай Ф.М. Образование Римского государства.-Минск,1972. 18. Покровский И.А. История римского права. СПб., 1998. 19. Римское частное право / под ред. И. Б. Новицкого, И. С. Перетерского. М., 1995. Античная Греция: проблемы развития полиса. –М., 1983. 20. Савельев В. А. Римское частное право (проблемы истории и теории). М., 1995. Таќырып 4. Орталық және Батыс Еуропа мемлекеттері және құқығы Батыс Рим империясы құлағаннан кейін аласапыран заманда оның үйіндісінде бірнеше варварлық корольдіктер пайда болды және олардың өзара күресі күшейе басталды. Бұл күрес өз кезегінде корольдік ішіндегі күреске әсер етті. Соғысушы корольдер қарсы жақтың ірі тайпа басшыларын өз жағына шығару үшін әр-түрлі уәде бере бастайды. Кей кездерде ірі ру не тайпа басшылары өздері қоныстанған жерімен бірге көрші корольдікке өтіп кетіп отырған. Басып алынған территорияларда тауар-ақша қатынастары нашар дамығандықтан корольдер территория бөлшектеніп кетпес үшін жергілікті әкімдерге қызметі үшін ақшалай жалақы бере алмағандықтан жер беріп, өзіне бағынышты етіп ұстауға тырысты. Міне осылай ру ақсақалдарына қарағанда өзіне әлеуметтік, әскери және экономикалық тірек болатын жаңа топ қалыптаса бастады. Мұндай қызметі үшін берілген жер франктерде феод (фьеф) немістерде –ленн, орыстарда – вотчина, мұсылман мемлекеттерінде-икта деп аталды. Сонымен феодализмнін мынадай негізгі белгіліері бар екенін көреміз. |Саяси –құқықтық |Әлеуметтік | | |–экономикалық | |1. Жерге меншіктің |1.Натуралды | |жоғарғы |шаруашылық үлкен | |билікпен байланысты |территорияларға билік | |және әскери теңдік |жүргізуге қиындық | |қатынастар. |келтірді. | |2. Король мен |2. Сондықтан елді | |феодалдың арасындағы |басқару феодалдық | |ант беру арқылы |қатынастардың негізгі | |бекілген |ұясы-вотчина, әсери | |тікелей бағыныштылық |қызметі үшін | |келісім. |мұрагерлікке немесе | | |шартты иеленуге берілг| | |ен жер арқылы | | |жургізілді. | |3. Жерді иеленудің |3. Вотчина /орыстарда | |иерархиялық жүйесі. |/немесе /феод/ | |Король – вассал |франктерде, ленн | |/сеньор/-вассал. |/немістерде/ иесі өзіне| | |берілген жерден | | |шаруаларға жер үлесін | | |берді. | |4. Жерді иеленудің |4. Жерді пайдаланғаны | |шартты сипаты, яғни |ушін | |әскери қызмет үшін |шаруалар фоедалдарға | |жер иелену. |заттай, ақшалай және | | |еңбекпен өтеу арқылы | | |төлем төледі. | |5. Екі жақты |5. Феод иесі жер алғаны| |міндеттер жүйесі |үшін корольмен | |корольдің |бірге жорыққа шығумен | |міндеттері–вассалдың |бірге өзіне | |міндеттері. |берілген жерде | | |бекініс құру, көпірлер | | |мен жолдар салу, жөндеу| | |және шіркеу салығын | | |төлеу, корольдың ұлы | | |рыцарлыққа өткенде, | | |қызы күйеуге шыққанда | | |сыйлық және | | |қажет кезінде ақшалай | | |алымдар. | Франк мемлекетінің пайда болу үрдісінің өзіндік ерекшеліктері. Галлия - Римнің ең бай провинциясы. Біздің дәуірдің бас кезіндегі Vғасырда ол өте терең дағдарысқа ұшырады. Қүлдар, колондар, шаруалар, қаланың кедейлері көтеріліп, өздерінің жаулары германдық тайпалармен тізе қосып, билеуші таптарға қарсы шықты. Сондықтан Галлияның көп жерлері вестготтар, франктар, бургундтердің арасында өзара бөліске түсті. Герман тайпаларының ең күштісі - салистік франктар еді. Олар небәрі жиырма жылдай гана уақытта мемлекеттің көп жерлерін бағындырып, басып алды. 486 жылы Суассон деген жерде франктерден Галлиядағы Римнің соңғы наместнигі Сиагрий жеңілді. Салистік франк тайпаларын белгілі Меровинг руының өкілі, он тоғыз жасар Хлодвиг басқарды. Франктер әскери шабуылдармен өз жерлерін кеңейте берді, бесінші ғасырда бүкіл франк корольдері Меровинг руының тұқымдары болатын. Бірақ олардың қоғамдық құрылысында әскери демократияның қалдықтары өте көп сақталған еді. Христиан дініне ену үшін Хлодвиг өзінің әскерінің келісімін он жылдай күтгі. 496 (497) жылы Рим католик шіркеуімен одақ құрғаннан кейін ғана өзінің жағдайын нығайтты. Суассон жеңісінен кейін 22 жыл өтті. Енді Хлодвиг мемлекетінің шекарасы Пиренейден Жерорта теңізіне дейін созылды, Рейн өзенінің оң жағалауы да оған кірді. Франктер Галлияны басып алғаннан кейін оларда таптық қоғамның құрылуы мен мемлекеттің пайда болу процестері жедел өтті. Франктердің бірінші королінің есімі Хлодвиг (486-511). Ол Меровингтер руынан шыққан көсем. Хлодвиг әскерге басшылық еткен уақытта бүкіл Галлияның жерлерін франктер басып алған болатын. Оның ақылды іс-өрекеттері аз емес. Айталық, ол христиан дінін қабылдап, Рим католик шіркеуінің қанатының астына кірді. Король атағы оның ер балаларына мүралықпен берілетін. Сондықтан франк мемлекетінің корольдері Хлодвигтің тұқымдары болатын. Франк монархиясының бірінші кезеңі Меровингтердің монархиясы деп аталады. Прекарий. Шаруа өзінің экономикалық тәуелсіздігін қорғай алмайтынын көріп, меншігіндегі кішкентай жер үлесін әміршіге беруге мәжбүр болды. Әмірші сол жерді оған кері қайтарып, қосымша жер кесіп берді. Бірақ ендігі жерде шаруа өзінің феодал әміршісіне қарыздар болып қалды. Оны өтеу үшін жұмыс істеп, салық төлеуіне тура келді. Прекарлық қагаздарда (шарттарда) шаруаның жеке басының міндеті туралы ештеңе айтылмады. Бірақ бүл шарт шаруаның жеке басын феодалға бағындыруға жағдай туғызды. Бенефиций - феодалдық үстемдіктің екінші түрі. Жерді берген адам бүл шарт бойынша "сеньор, вассал" деп аталады. Ал жер алған адам "бенефициарий" делінеді. Вассал екеуінің арасындағы шарт бойынша шаруа жерді алғаны үшін әскери міндетін өтеуге тиісті. Бенефициарий керек кезінде жылына бір рет қырық күн вассалдың әскерінде соғысуға міндетгі еді. Карл Мартеллдің реформалары. Карл Мартелл (715-741 жылдары) майордом қызметін атқарды. Оның реформаларын жер реформасы деп атауға болады. Король ретінде ол өзінің ісін саяси қарсы тұрған адамдардың жерлерін тәркілеуден бастады. Бүдан кейін шіркеудің де жерінің бір бөлегін тартып алып, секуляризацияға ұшыратты. Ол корольдің жер қорын құрды. Бүл жер қорын ол "жаңа ақсүйектерге" бенефиций ретінде таратып берді. Бенефиций жерлерін алған феодалдар корольдің өскеріне қызмет істеуге тиісті еді. Олар әскерге өзінің қаруланған адамдарымен келуге мәжбүр болды. Бенефициарийге берілген жердегі тәуелді шаруалар. Бенефициарийлерге салық төлеуге тиісті еді. Сонымен, бенефиций шарттары өмірге вассалитет қарым-қатынастарын әкелді. Франк мемлекетінің мемлекеттік құрылымы. Карл Мартеллдің реформасынан кейін Франк мемлекетінде орталық билік нығая бастады. 751 жылы Карлдің баласы Пипин феодалдар мен шіркеу қызметкерлерінің жалпы жиналысында король болып сайланды. Король сарайы бүкіл мемлекеттің басқару орталығына айналды. Бірак франк монархиясын шексіз монархияға жатқызуға болмайды. Көктемде феодалдар өздерінің Үлы жиналыстарына қатысатын, бұл жиналыс "Наурыз дала" деп аталды. Корольдің қызметкерлері минестериалдар деп аталды. Олардың арасындағы басты қызметкердің лауазымы – майордом болды. Пфальцграф-корольдің сарайындағы сотты басқаратын лауазым иесі. Тезаурарий - дөулетті сақтаушы, ол бүкіл материалдық игілікке иеболып, соның сақталуына жауап береді. Ол мемлекет қазынасының сақталуына да жауапты болды. Франк мемлекетінде корольдің жәнемемлекеттің қаражаты бірге сақталатын. Маршал-корольдің атты өскерін басқаратын адам. Архикапеллан-корольдің діни қызметкері. Сарайдағы шіркеу қызметкерлерінің ішіндегі ең жоғары дінбасы. Ол міндетті түрде королькеңесінің мүшесі болды. Камерарий-король қазынасына салықтың түсуін бақылаушы және сарай мүлкінің сақталуына жауапты адам. Аталған қызметкерлердің арасындағы биліктердің бөлінуі өлі де зертгей түсуді қажет етеді. Себебіқызметтік иерархия әлі жеткілікті анықталмаған. Мемлекет жерлері паги деп аталып, аудандарға бөлінетін. Паги жүздікке бөлінді. Жүздікті басқаратын адамды халық сайлайтын. Жүздік қауымға бөлінді, қауымда жергілікті өзін-өзі басқару принциптері сақталды. Бірнеше округтер герцогтіктерге бірікті, оларды герцог басқарды. Герцогтер басқару қызметінен басқа шекараны қорғауға тиісті болды. Өмірдің басқа саласында оның функциясы графтың қызметіне үқсас. Сот. Жоғарғы сот билігі монархтың қолында болды. Ол сот қызметін ақсүйектердің өкілдерімен бірлесіп атқарды. Корольдің кеңесі ең ауыр қылмыстарды қарайтын. Жүздіктің сотын тунгин басқаратын. Сот қызметкерлері соттың рахинбургтері деп аталды. Сот мүшелігіне бай әрі құқық мәселелерін жетік білетін адамдар сайланды. Франк мемлекетінің халық әскері феодалдық әскерге айналды. Франк құқығына жалпы сипаттама. Бесінші гасырдан бастап варварлар өздерінің әдетгерін кодификацияға жатқызып, оларды "Шындықтар" ретінде таратты. Сөйтіп, Салистік, Рипуарлық, Алемандық және басқа қүқықтар дамыды. "Шындық" деп аталатын қүжаттардың ең ежелгісі "Франк шындығы". Бұл қүжатшң нормалары көбіне германдардың бүрыннан келе жатқан әдет-ғүрыптары. Меншіктің екі түрі болды: қауымдық және жеке меншік. Пайдаланбайтын жерлер, жайылым және ормандар бәрінің бірлескен меншігі болатын. Сонымен бірге жеке меншіктегі жерлер де кездеседі, олар әрбір отбасына бекітілген. Неке заңдары. Неке кесу көшпелі халықтардың некелеріне үқсас бол-ды. Неке алып-сату шарты бойынша жүзеге асырылды. Күйеуі әйелі үшін қалыңмал төледі. Бүл сыйлық "таңғы сыйлық" деп аталды. Ол тек қана кіршіксіз қызға беріледі де жаңадан отау тіккен отбасында қалады. Әйел адамға жасау беріледі. Бірақ әйел адамды зорлап алып қашуға тыйым салынды. Туысқандар арасындағы неке туралы айтылмаған және неке бүзу туралы да анық нормалар жоқ. Германдардың әдеттері бойынша ажырасуға рүқсат етілген еді, бірақ христиан діні күшейгеннен кейін ажырасуға тыйым салынды. Қылмыс туралы. Қылмыс дегеніміз - адамға және мүлікке зиян келтіру және корольдің тыныштығын бүзу деп есептелген. Жазаның негізгі мақсаты жәбірленуші адамға және оның туысқандарына жөбіршілеуден зиянын өтеу және корольдің тыныштығын бүзғаны үшін оған айып төлету болды. Франция мемлекетінің пайда болуы және қоғамдық құрылысы. Каролингтер империясы құлағаннан кейін Француз патшалығы құрылды. 843 жылғы Верден қаласында құрылған шарт бойынша Франк мемлекеті үшке бөлінді: Франция, Германия, Италия. ІХ ғасырдың соңында феодалдық қатынас әлеуметтік- экономикалық қатынаста үстемдік құрды. Х ғасырдың соңында Францияда 10000- дай феодалдық иеліктер болған. Феодалдық қатынас дами келе, феодалдық мемлекеттіліктің дамысын анықтайды. Демек, Францияның феодалдық дәуірін: феодалдық бөлшектену кезеңі (ІХ-ХІІІ ғ.ғ.), өкілетті- сословиялық монархия кезеңі (ХІҮ-ХҮ ғ.ғ.) және абсолютты монархия кезеңі деп қарастырамыз. Шаруалардың көбі сервтер мен вилландар. Вилландар дегеніміз жеке басы тәуелді емес шаруалар, яғни олар өздерінің парцельдерін сатуға немесе бөтенге беруге құқылы. Бұл жағдай оларды сеньоралдық міндеттемелерден босатуға көмектеседі. Егер виллан өзінің барлық феодалдық міндеттемелерін орындаса, сеньор вилланның тиесілі жерін күшпен тартып ала алмайды, ол вилланның мұрагеріне көшеді. Сервтер өз қожайынына жеке басы мұрагерлік қағида бойынша тәуелді топ. Олар қожайынына біршама салықтар мен төлемдер төлейді. Шаруаларды кедейлендіретін жағдайлардың бірі – сеньорлардың меншік монополиялық құқығы – боналитет, яғни шаруалар қожайынның бекіткен ақысын төлеп пайдалануға міндетті нан пеші, ұн диірмені және т.б.Ірі феодалдар өздерінің билігін шаруаларға жүргізу үшін сословиялық иерархияға негізделген сюзернитеттік- вассалиттеттік қатынасты дамытты. Яғни, феодалдардың өздері бір-біріне тәуелді болған. Мемлекеттік құрылыс. Франция патшалығы көптеген фьефтер - феодалдық иеліктерден (герцогтік, графтік және т.б.) құрылған, бұлар формальды түрде патшалықтың бөлігі ретінде саналғаны болмаса, нақты түрде жеке дара саяси құрылымдар болған. Жергілікті жерлерде патша билігі әлсіз дәрменсіз күйде болды. Вассалиттетік қатынас барлық үстем класты қамтыды. Король вассалы - Норманды, Бургунды, Аквитанскілік герцогтар, Тулуз графы және т.б., олар өздеріне домендік жер қалдырып, қалған жер иеліктерін виконт, барондарға фьефаға береді. Мінеки осылай, ең төменгі ұсақ феодалдарға дейін бұл қатынас дамыған. Вассалитеттік қатынас алғашқы мақсатын орындай алмады. Себебі сеньорлар бейбітшілік кезінде вассалдарын өздеріне тәуелді ету үшін неше түрлі амалмен ұстап отырған. Шын мәнінде сеньорларға, олардың сословиялық мүддесіне қауіп төнген кезде, әскери күшсіз каламыз ба деп қорқақтаған үстем топ бұл қатынасты қолдап отырған. Мемлекеттің басқару органдарының құзыры мынадай: Король сайланбалы. Король өлген соң, оның вассалдары мен француз шіркеуінің ірі иерархия өкілдері жаңа корольді сайлайды. Жалпы мемлекеттік сипаттағы жалғыз орган Корольдік курия немесе Ұлы кеңес. Бұл елдің ең рі феодалдарының сіезі, бұнда вассалдардың корольге міндеттеп жүктейтін мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын қарастыратын. Жергілікті басқару жүйесі Франк мемлекетіне ұқсас. Король доменіөте ұлкен емес, территориялық көлемі бойынша оның шаруашылығымен сай келетін, сондықтан оның сарай басқрушылары министериал қызметін атқарады. Министериал (орталықта) және прево (жергілікті жерде) корольмен тағайындалады, тек оның алдында жауапты. Француз соты орта ғасыр юстициясымен сипатталады. Кез келген адам өзімен тең адаммен соттасады. Король вассалын тек король вассалдары соттай алады, яғни Король куриясы. Орта ғасырлық құрылысқа сай төмен тұрған феодалдар үшін де, қала тұрғындары үшін де «тең соты» сақталуы тиіс. Шын мәнінде, сеньорлар жергілікті юстицмяны өз қолына бағындыру үшін бұл тәртіпті бұзатын жәйіттер кездесетін. Негізгі себебі, сот баж салығын иемдену мүмкіндігі. Сословиялық - өкілетті монархия кезеңі (ХІҮ – ХҮ ғ.ғ.). Францияда қала өндірісі және сауда-саттық қатынасы жақсы дамыды. Париж және Орлеон қаласы ең ірі дамыған өндіріс орталығына айналды. Қала мен ауыл арасындағы экономикалық байланыс тұрақты сипатқа ие болды. Әлеуметтік-экономикалық қатынастың өзгеруіне байланысты феодалдық қатынас толық ыдырап, сословиялық - өкілетті монархия қалыптасты. Бұл кезеңнің басында король билігі күшейеді. Оның дәлелі ретінде келесі себеп- салдарды қарастырайық: - қала өндірісі мен сауда-саттықтың дамуы король өкіметінің негізі болып табылатын әлеуметтік-экономикалық қатынасты нығайта түсті. - үстем таптың көпшілігін құрайтын орта және ұсақ ақ сүйектер тобы король билігінің маңына шоғырланды. Сонымен қоса орталықтанған король жанындағы армияның мықтылығын мойындады, өз артықшылық құқықтырын сақтау жолын іздестірді сол үшін король армиясын құруға ұмтылысты. Монарх үстем топ үшін артық пайда табатын қаржы көзі болып саналды. - Король билігі сыртқы жаумен күресу үшін ең сенімді, тұрақты күш. Сословиялық-өкілетті монархия дәуірінде орталық органдар қатарына Мемлекеттік кеңес, Есеп палатасы жатты. Канцлер ең жоғарғы лауазым тұлға ретінде күнделікті мемлекет басқару ісін жүргізеді. Мемлекеттік кеңесте төрағалық етеді және ордананс жобаларын дайындайды. Конентабль – рыцарлар атты әскерінің қолбасшысы, ХІІ ғасырдан бас тап король армиясы қолбасшысы. Камерарии – қазынашы. Палатина – корольдің маңызды тапсырмасын орындайтын және король кеңесшілері. Король домені тең әкімшілік бірлестіктерге , яғни баляждарға бөлінген. Баляжды король тағайындаған бальилер басқарады. Бальилер әкімшілік-сот орган қызметтерін бақылайды, салық жинайды және күнделікті басқару қызметін атқарады. Баляждар превотаждарға бөлінеді, оларды прево басқарады. Бұл лауазымды тұлғалар басқаратын округтерде әскери, әкімшілік, қаржы және сот билігі функциялары бойынша бөлінген. Қалалық өзін-өзі басқаруды – коммунаны өкімет бақылауға алды. Коммуна әкімшілік басқару және сот қызметін жүзеге асырған. Қалалық өзін-өзі басқару сайланбалы органы – қалалық кеңес деп аталған. Қалалық кеңесті ғұмырлыққа тағайындалған мэр басқарады, мүшелері - эшевендер. Шаруалар бұрынғыдай, әкімшілік және сот функциясын сақтап қалған өз сеньорларының қарамағында болды. Сеньорлар қауымдық өзін-өзі басқару органы – сходаны және оның атқарушы органы – синдиканы бақылады. Сот жүйсінде белгілі өзгерістер байқалды. Біріншіден, феодалдар мен шіркеулерден сот өкілеттілігін алып король юстициясына берді. Осыған орай король соттарының юрисдикция мәні кеңейді. Екіншіден, сот функциясы әкімшілік органдардан ысырылып шығуы орталықтанған монархиялық сот жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік тұғызды. ІХ Людовиктің басқару кезінде, Король куриясы негізінде Жоғарғы король соты Парламент құрылды. Парламент ең жоғарғы наразылықты қарастыратын сот. Ол үлкен тергеу палаталарына бөлінген, соңына келе, кешірім палаталарына бөлінеді. Жергілікті жерлерде провенциялық парламенттер құрылған. Бұл кезде шіркеу соттары қызмет атқарған, бірақ бұрыңғыдай емес тек діни маңызды (ерес, сиқырлық, некесіз бірге тұру және т.б.) істерді қарастырады. Шіркеу соты инстанциялы. Төменгі инстанция – арнайы өкілетті ресми епископтар соты, екінші инстанция – архиепископ соты, үшінші инстанция – кардинал соты. ХІҮ ғасырда арнайы қылмыстық тергеу және айыптау органы – прокуратура құрылды. Абсолюттік монархия кезеңі (ХҮІ – ХҮІІІ ғ.ғ.). ХҮІ ғасырда Францияда капиталистік өндірістің бірінші сатысы болып табылатын – манфактура дамыды. Мемлекетте ақша – тауарлық қатынастың жедел дамуы жалпы ұлттық нарықты қалыптастыруына ықпалын тигізді. Капитализмнің дамысы қоғамның әлеуметтік құрылымын өзгертті. Жаңа әлеуметтік класс – буржуйлар, сонымен қоса жалданбалы жұмысшылар тобы пайда болды. Әлеуметтік-экономикалық құрылыс өзгерісі француз қоғамын мемлекеттік трансформацияға әкеп соқтырды. ХҮІ ғасырдың басында абсолюттік монархия қалыптасты. Мемлекет басшысы - корольдің қолына заң шығарушы, атқарушы, сот функциялары шоғырлануы, абсолюттік биліктің негізгі сипаты. Осыған орай, мемлекет механизмін құрайтын армия, полиция, әкімшілік – қаржы аппараты, сот тек корольге бағынады. Францияда мемлекеттік бюрократиялық аппарат құрылды, оның ерекшеліктеріне тоқталсақ: • Үкімет монархқа пайда түсіреді деген ниетпен біршама лауазымдарды сатты. Осының нәтижесінде елде көптеген шенеуніктер пайда болды. Оларды қызметінен босату мүмкіндігі аз, және олар өздерін тәуелсіз тұлғалар ретінде сезінді. • ХҮІ ғасырдағы саяси дағдарыс нәтижесінде, соның ішінде діни соғыстар кезінде өз жағына тарту мақсатында мемлекеттік аппараттағы маңызды постыларды (губернатор, бальи, прево және т.б.) біліктілердің өкілдеріне беруге тура келді. Бұл лауазымдар соңына келе, салт-дәстүр бойынша кейбір аристократиялық отбасыларының жалпы мақтанышы болып қалды. Демек, сословиялық-өкілетті монархия дәуірінде қалыптасқан мемлекеттік аппарат алғашқы мазмұндық сипатына сай келмеді. Орта ғасырдағы Франция құқығы. ҮІ –ІХ ғасырларда француз қоғамында әрекеттенген «варварлық құқығы» қуаттылығын толығымен жояды. Қоғамды реттеуші нормалар жергілікті әлеуметтік топ мойындаған, таныған әдет-ғұрып құқық (кутюм) нормалары. Провенция территориясында қолданыста жүрген жалпы кутюммен бірге әр аудандардың, қаланың, поселктердің және қаланың кейбір бөлігінің жеке әдет-ғұрып құқықтары болған. Франциядағы юридикалық нормалардың өрнектелуі мен қалыпқа түсуіне қарай екі бөлікке бөлген. Францияның шығыс бөлігі жазылған құқық елі деп аталса, солтүстік бөлігін әдет-ғұрып құқық елі деп атаған. Демек шығыс провенциялары Рим империя құрамында болды. Сондықтан бұл аумақтағы халықтар үшін рим құқығы ұлкен әсерін тигізген. Бірақ та жергілікті кутюмдер де қосымша құқық қайнар көзі болып табылады. Францияның солтүстік өңірінде жалпыға ортақ юридикалық ескерткіш қабылданбауы әдет-ғұрып құқығының өмірін ұзартады. ХҮ ғасырда ғана алғашқы кутюм жинақтары шыға бастаған. Елдің шығыс бөлігінде: «Титулсыз сеньор жоқ» деген қанатты сөз қолданылса, солтүстігінде «Сеньорсыз жер жоқ» деген формула өмір сүрген. Әрекет етуші феодалдық құқық азаматтық құқыққабілеттілікті шектеді. Жер тек қана дворян меншігі болып табылған. Бірақ канон құқығы қарыздан үстеме пайыз ұстауға және дене еңбегін сатуға тыйым салды. Сеньориалбдық институттың заттық құқық институты ретінде саталып қалуы тұрғындарды сословияға бөлді, ал цехтық құрылыс еркін бәсекенің дамуына тиек болды. Неке – отбасылық қатынас канон құқығымен реттелді. Шіркеу қызметкерлері мен клириктердің қылмысын шіркеу соты қарастырған. Сонымен қатар ерес, діннен безу, сиқырлық, магия, некесіз бірге тұру және т.б. қылмыстар шіркеу сотында қаралған. Франция тарихында қылмыс түсінігі, сотта дау қарастыру процедурасы тұрақты өзгеріп отырған. ХІҮ ғасырдың басына дейін құдай (ар, ордалии) соты, жекпе-жек соты өмір сүрген. Шаруалар таяқпен, рыцарлар қылыш немесе айыр балтамен күрескен. Шіркеу тәртібі бойынша, ордалииді құрғақ нан мен ірімшікті жегізу арқылы жүргізетін. Айыпты немесе кінәлі адам қақалып өліп кетеді деп санаған. ХҮІІІ ғасырда жазылған атақты легист Ф. Бомануардың «Бовези кутюмдері» атты шығармасында тұнғыш рет француз қоғамы таныған, қылмыстар мен жазалар тізімі берілген. Бұл шығармада ауыр қылмыстар қатарына кісі өлтіру, опасыздық, жалған куә болу, зорлау, әйел адам жасаған ұрлық, өрт жіберу, ұрлық, жалған монета жасау және діннен безу жатқызылған. Олар үшін дарға асу, өртеп жіберу жазасы қолданылған. Англосаксондық қоғамда феодалдық қатынастардың қалыптасуы және Англия мемлекетінің пайда болуы. Ү ғасырда Британиядағы кельт тайпалары римдіктермен жаулап алынады. Рим әскерлері 407 жылы аралдан кеткен соң, көп ұзамай Британияға германдық, англ, сакс және ют тайпалары қоныс аударады. Жергілікті тайпалармен тынымсыз соғыстардың нәтижесінде, ҮІІ ғасырда англосакстар Британияның негізгі бөлігін жаулап алып, кельттар солтүстік- батысқа, Шотландия мен Уэльске ығыстырылады. Кейіннен, олардың 1 бөлігі ассимиляцияланды. ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда англосакстар жаулап алған территорияда 6 корольдік құрылады. Осы корольдіктерде ру-тайпалық қатынастар ыдырай бастайды. Корольдар өз жақындарына "боклэнд" деп аталған жерлерді сыйға тарта бастады. Оны ұстаған адамдар корольге салық төлеуге міндетті болған және бұл жерді өз мұрагерлеріне қалдыра алған. Осы жер иеленушілер "глафорд", кейіннен лорд деп атала бастады. Жер салыға "фирма" деп аталды. Феодалдық қатынастардың орнығуына англосакстардың арасында христиан дінінің таралуы әсер етеді. Христиан діні ҮІІ ғасырдың соңында толығымен орнығады. ҮІІІ ғасырдың ІІ жартысында Скандинавияда феодалдық қатынастардың пайда бола бастауына байланысты, оның халқы басқа елдерге шабуыл жасай бастады. Бұл кезең тарихта "викингтер кезеңі" деп аталады. Олар Англияға да шабуыл жасап, қоныстана бастады. Осыған байланысты Англияны біріктіру керек болады. ІХ ғасырда Уэссекс корольдігі Англияны біріктіріп, астана болып Лондон жарияланады. Осы кезеңнен бастап ХІ ғасырға дейінгі уақыт ертефеодалдық кезең деп аталады. 1966 жылы Нормандия герцогы Вильгельм Англияны жаулап алып, ел сеньориалдық монархия кезеңіне өтеді. Қоғамдық құрылыс. Қоғам 2 топқа: "эрлдар" мен "кэрлдарға" бөлінген. Эрлдар тобын ақсүйектер құраған. Оларда ірі жер үлестері болған. Эрлдардың жерінде тәуелді адамдар жұмыс істеген. Көпшілік кэрлдардың қатарында болған. Кэрл - жер иеленуші. Ол малмен немесе қолөнермен айналысатын, үлкен жанұяны басқарады. Ерікті қауым мүшелері халық жиналысына қатысты, ол соғыс және бейбітшілік, салық тқлеу, сот және шаруашылық мәселелерін шешетін. Олардың қарулануға және халық әскеріне қатысуға құқығы болатын. Мемлекеттік құрылыс /ерте - феодалдық монархия кезеңі/. Герман тайпалары Британияны жаулап алған соң, тайпалардың басқару органдары мемлекеттік органдарға айналады. Бұл кезеңдегі басқару органдары: 1/ король - бейбітшілікті қорғау міндті болған, әскери және діни функцияларды жүзеге асырған, сот, ақша жасау және салық жинау құқығын өз қолына шоғырландырған. 2/ Корол сарайы - орталық мемлекеттік басқару органы болған. Король сарбаздары мен қызметшілері мемлекеттік қызметшілер мен феодалдарға айналады. Король қаражатының қайнар көздері: 1/ жерден алынған өнім; 2/ "фирма" салығы; 3/ дат ақшасы; 4/ кеден салығы; 5/ нарық салығы; 6/ таразы салығы. Сеньориалды монархия. ХІ ғасырдың ІІ-ші жартысында король билігі күшейді. Соның нәтижесінде, феодалдық қатынастар нығайды, сауда дамыды, қалалар саны көбейді. Корольдің қасында магнаттар мен жоғарғы мемлекеттік қызметкерлердің кеңесі "уитанагемот" жұмыс істеген. Жергілікті билікті "элдормендер" /король өкілдері/ және жергілікті феодалдардан корольмен тағайындалатын "шерифтер" жүзеге асырған. Элдормендер мен шерифтер графтіктегі билікті бөлісіп жүзеге асырған. Элдормендерде сот, әскери және қаржы функциялары болған. Шерифтердің билігі шектеулі болған және уақыт өткен сайын азайып отырған. Графтіктердің құрамына жүздіктер кірген. Оларды жергілікті ақсүйектердің арасынан тағайындалатын "тэндар" басқарған. Ең ұсақ әкімшілік бірлік сход деп аталған және оны староста басқарған. Сот функцияларын элдормендер бірлесе отырып графтік және жүздік жиналыстары жүзеге асырған. Патша соттарының рөлі жоғары болған. Тәуелді шаруалардың істерін манориалды курия қарастырған. Діни сотпен азаматтық сот І Вильгельм кезінде ажыратылады. ІІ Генрих сот жүйесін реформалайды. Сот бажы, жылжымалы соттар енгізіледі, шерифтер үшін күзет орнатылады. 1176 ж. Англия 6 округқа бөлініп, әрқайсысына жылжымалы соттар тағайындалады. Өкілетті-сословиелік монархия /ХІІІ-ХҮ ғғ/. ХІІІ ғасырда феодалдық жүйеде ерекшеліктер пайда болды. Натуралды шаруашылық тауарлық шаруашылыққа айналды. Қалада және селода тауар айналымының дамуына байланысты қатынастар өзгереді. Феодалдар салықты натуралды түрде жинаудан бас тартып, ақшалай түрде жинай бастайды. Жерсіз шаруалар ауқатты адамдарға жалдануға тырысады. Демек, қоғамда жалданбалы еңбек пайда болады. Ірі жер иеленушілер мемлекеттік билікке әсер етуші үстем тапқа айналады. Қауымдар ыдырап, кедейлер көбейеді. 1380 ж. парламент босаған шаруаларға бағытталған салық реформасын жүргізді. 1381 жылы Уот Тайлер бастаған шаруалар көтерілісі болады. Шаруалар басыбайлық құқықты жою, ақша рентасын бекіту, қауымдық жерлерді еркін пайдалану, сословиелерді теңестіру талаптарын қояды. ІІ Генрих жүргізген реформалардың нәтижесінде Англияда сословиелік-өкілдік монархия қалыптасады. 1215 ж. король билігін шектейтін "Ұлы еркіндік хартиясы" дүниеге келеді. ІІІ Генрихтің кезінде 1258 ж. барондар Оксфордтық провизия антын қабылдатады. 1263 ж. корольмен Симон де Монфор бастаған барондардың арасында соғыс басталады. Билікті Симон де Монфор иеленіп, алғаш рет парламент шақырады. Алайда, барондар 1267 ж. жеңіліске ұшырайды. 1295 ж. "үлгі" парламент шақырылады. Парламент мынадай қызметтерді жүзеге асырған: заң шығару, салық мөлшерін белгілеу, жоғары лауазымды тұлғалардың қызметін бақылау, сот істерін шешу. Абсолюттік монархия кезеңі. ХІҮ-ХҮ ғғ. Англияда феодалдық жүйе ыдырай бастайды. ХҮ ғ. ІІ жарт. Ақ және Қызыл раушан деп аталатын 2 ірі феодалдық топтың арасындағы соғыстың нәтижесінде ірі феодалдардың көбісі жойылады. Асүйектердің 25 әулеті ғана қалады. Соғыс Тюдорлардың жеңісімен аяқталады. Бұрын король ақсүйектердің жерлерін сатып алған болса, енді жерлерді ірі буржуазия және ауқатты шаруалар сатып ала бастады. Жаңа топ - рыцарьлардан қалыптасқан джентри тобы қалыптасады. Олар шаруашылықты капиталистік әдіспен жүргізді. 1450 жылғы Джэк Кэд көтерілісінің нәтижесінде шаруалар бірқатар құқықтарға ие болады. Қоғамдағы өзгерістерге байланыста ХҮ ғ. халық фригольдермен және копигольдер болып 2 топқа бөлінеді. Копигольдерлер лордтарға салық төлеген, бұрыңғы бағынышты шаруалармен құқықтары тең болған. Фригольдерлер - еркін жер иеленушілер. 1539 ж. король мен парламент актілерінің теңдігі жарияланады. Бірақ, 1547 жылы Парламент қабылдаған заң король қол қойған соң ғана заңдық күшке ие болады деген ереже бекітіледі. Король билігі күшейгенімен, Парламент және жергілікті өзін-өзі басқару сақталып қалады. Мемлекеттік аппарат орталықтандырылған сипатқа ие болады. Орталық мемлекеттік органдар: король, Құпия кеңес /құрамы:лорд-канцлер, лорд-қазынашы, лорд-мөр сақтаушы/, Парламент. Ең жоғарғы шіркеу органы - Комиссия болған. Оның құрамына шіркеу қызметкерлерінен басқа Құпия кеңес мүшелері де кірген. Жергілікті басқаруда графтікті король тағайындайтын лорд-лейтенант басқаратын болды. Олардың қарамағында констебльдер болды. Сот жүйесінде бітістіруші сот институты енгізілді. І Елизаветаның тұсында төтенше сот - Жұлдызды палата құрылды. Ағылшын құқығына сипаттама. Ағылшын құқығының қайнар көздері - әдет- ғұрыптар болып табылады. Әдет-ғұрып құқығының жазбаша қайнар көздері мыналар: Эттльберттің шындығы /600 жыл/; Инэнің шындығы /690 жыл/; Альфредтің шындығы /871-901 жж/; Кнут заңы /1017 жыл/. І Вильгельмнің тұсында әдет-ғұрып нормалары 1 жүйеге жинақталып, "жалпы құқық" деп атала бастады. Жалпы құқықтың негізіне әсер тигізген қайнар көздерге англосакстардың әдеттері, нормандардың әдет-ғұрыптары, король соттарының ең маңызды шешімдері, халықаралық сауда, жол жобалары, көпес соттарында қолданылатын әдеттер мен шіркеудің нормалары жатады. Жеке меншік құқында ең бірінші орында жердің жеке меншігі тұратын. Жеке меншіктің мынадай түрлері болды: шарттар, мұрагерлік, сыйлық, иеліктің ескелігі. Міндеттемелердің 2 түрі болды: шарттан туындайтын және зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер. Қылмыстардың жіктелуі: мемлекетке опасыздық, ауыр қылмыстар /фелония/ және уақ қылмыстар /миедиминор/. Некелік қарым-қатынастарды шіркеу бекітетін. Бірақ, жұбайлардың мүліктік қатынастарын жалпы құқық бекітетін. Процессуалдық құқықта 2 жақта тең болатын. Талапкер істі қозғайтын, өзі айыптаушы болып, айыпкердің кінәсін өзі дәлелдейтін. Сот талас түрінде өтетін. Сот процесінің мынадай кезеңдерге бөлінгенін айта кеткеніміз жөн: алдымен қылмыс туралы білетін адамның тарапынан айыптау басталады, кейін ол айтқан фактілер тексеріледі, қылмыскер бұзған норма мәлімделеді, содан кейін барып жаза кесіледі. Осы процесс өркениетті елдің талаптарына сай оның әрбір кезеңі бөлек және түрлі адамдар арқылы орындалады. Сол үшін де қоғам дайындығы мол адамдарды әрбір кезеңге бөліп пайдаланса, процесс өте сапалы, демократияға лайық, өркениетті стандарттарға сәйкес келеді. Бірақ, бұлай болу үшін көп уақыт керек. Қылмыстық соттар. Қылмыстық істер графтіктерде қаралатын. Жылына 3 рет көшпелі сот келіп, ант берушілердің көмегімен қылмсытық істерді қарайды, түрмеден қылмыскерді босатады. Қылмыскерлер жауапкершіліктен бас тарту үшін, қылмыс істеген графтіктерден басқа графтіктерге қашып, жазадан жалтаратын. Қылмыстардың бәрі таққа қарсы істелді деп талқыланады, сондықтан қылмыстық қарым-қатынастардың 2 жағында король мен қылмыскер болатын. Қылмыстарға ескілік қолданбайтын. Айыпталған адам өзіне-өзі қарсы дәлелдей алмайды. Азаматтық сот. Бұл сот жеке адамдардың арасындағы таластарды қарайды. Бұл істерді алдын-ала тергеу жүргізілмесе де, қарауға болады. Екі жақ бір- бірімен келісіп, бейбіт әдіспен істі шешетін жағдай туса, сот оған қарсылық білдірмейді. Талапкер мен жауапкер адамдар сотқа бірдей жауап бере алады. Сот салығын жеңілген жақ төлейді. Германияда ерте феодалдық мемлекеттің қалыптасуы және дамуы. Германия жеке феодалдық мемлекет ретінде Франк империясы ыдырағаннан кейін шығыс франктардың жерлерінде құрылды. Оның территориясы 4 герцогтіктен құралған болатын. Бұл герцогтіктер: Саксония, Франкония, Швабия және Бавария. Әр герцогтікте халықтың этникалық құрамы және феодализмнің даму деңгейі әртүрлі болатын. Кейіннен Германияның құрамына Франциядан тартып алынған Лотарингия герцогтігі кіреді. ІХ ғасырдың ІІ жартысы мен Х ғасырдың басы тайпалық сипатын әлі толық жоғалтпаған және бір-бірімен байланысы шамалы осы герцогтіктердің өзара күресі толық болды. Х-ХІІ ғасырлардағы біршама орталықтану кезеңінен кейін ХІІІ ғасырда феодалдық батыраңқылық кезеңі басталады. Бұған өз себептері бар еді. Германия территориясындағы феодализмнің қалыптасуы көрші Францияға қарағанда баяу және біркелкі емес жүрді. Мемлекеттің толық бірігуіне герцогтіктер халқының этникалық айырмашылықтар және олардың күресі бөгет болды. Германияның орталықсыздануына сыртқысаяси факторлар да өз әсерін тигізді. Феодалдық Германияның сыртқы агрессиясының 2 негізгі бағыты - Италия және славяндық Шығыс бағыттары - Германия герцогтіктерінің, күшпен қосылған славян жерлерінің және Солтүстік Италияның 1 империяға бірігуіне әкеліп соқты. Бұл империя "Герман ұлтының қасиетті Рим империясы" деген атпен белгілі. Германияның орталықтандырылуына мемлекетпен шіркеудің арасындағы ашық күрес әсерін тигізді. Германия территориалдық батыраңқылық және княздік абсолютизм жолымен дамыды. ХІІІ ғасырдан бастап княздіктер император билігімен формальды түрде байланысқан ұсақ мемлекеттерге айнала бастады. Герман феодалдық мемлекетінің тарихы 2 кезеңге бөлінеді: 1. Германиядағы ертефеодалдық, біршама орталықтандырылған мемлекеттің қалыптасу және даму кезеңі /Х-ХІІ ғғ/ 2. Территориалдық батыраңқылық кезеңі /ХІІІ-ХҮІІІ ғғ/ ХІІІ-ХІҮ ғғ. жеке княздіктердің қалыптасуын, ірі князь-курфюсттардың олигархиясының орнатылуынан кейін Германия ХІХ ғ. басына дейін тұтас мемлекет болмады және сословиелік өкілдік монархияның элементтері бар сеньориалды монархия нысанын сақтап қалды. ХІҮ-ХҮІ ғғ. Германия княздіктерінде сословиелік-өкілдік, ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда абсолюттік монархиялар орнатылады. 1806 ж. "Қасиетті Рим империясы" Наполеон шапқыншылығының нәтижесінде өмір сүруін тоқтатады. Қоғамдық құрылыс. Х-ХІ ғғ. герман феодализмі аяқталмағандықпен сипатталады. Ұсақ ерікті жер иеленушілер массасы сақталып қалады. Ерікті шаруаларды тұрақты ауыл қауымы марка біріктірген. Иерархиялық лендік жүйе және феодалдық иммунитеттер әлі де толық анық сипатқа ие болмайды. ХІ-ХІІ ғғ. Германияда негізгі тап-сословиелер қалыптасты. Феодалдар табы ру тайпалық және қызметшілік аристократиядан қалыптасты. Рулық аристократияға герцогтер жататын. 2-ші топты әкімшілік округтердегі маңызды азаматтық және діни лауазымдарды иеленген графтар құрайтын. Ірі жер иеленушілерге сот функцияларын атқарған король шенеуніктері - фогттар да айналады. Осы күштер ХІ-ХІІ ғғ. үлкен одаққа бірігіп, орталықтандыру процессіне кедергі жасайды. Ірі феодалдар территориялық княздер сословиесіне бірігеді. Осы сословиеге шіркеу князьдері де кіреді. Князьдер сословиесі толығымен ХІІІ ғ. ортасына қарай қалыптасады. Рыцарьлар тобы ұсақ дворяндардан және ауқатты шаруалардан қалыптасты. І Генрихтің әскери реформасы бойынша бұл сословиеге кез-келген ат үстінде соғыса алатын еріктілер қабылданатын болды. Рыцарлар қатарына көбінесе министериалдар король мен феодалдардың қатарынан шыққандар болатын. Феодалдар 7 рангқа бөлінген. Рангқа министериалдардың арасынан шыққан рыцарьлар да енгзілді және осы топ "шеффен сословиесі" деп аталды. ХІІІ ғ. қарай шаруалар 2 категориядан тұратын еді: ерікті және еріксіз шаруалар. Ерікті шаруаларды чиншевиктер мен арендаторлар құрайтын. Олардың феодалдарға тәуелділігі шектеулі болды. Шаруалардың көпшілігі еріксіз болды және бұл категорияны литтар, батрақтар мен жеке тәуелділіктегі басыбайлылар құрады. Мемлекеттік құрылыс. Х-ХІІ ғғ. Германия біршама біріккен мемлекет болды. Феодализнің баяу дамуы, сыртқы қауіп және алғашқы герман корольдерінің белсенді орталықтандыру саясаты король билігінің күшеюіне және ертефеодалдық монархияның қалыптасуына оң әсерін тигізді. Король сайланатын болғанымен, таққа олар белгілеген, король тұқымынан шыққан адамдар ғана отыра алатын. І Оттоның билік құрған кезінде /936-973 жж/ мемлекет шіркеудің көмегімен герцогтердің билігін шектейді. Бірақ, Отто реформаларының шіркеу магнаттарының тәуелсіздігінің күшеюі түріндегі теріс нәтижесі болды. Оттон 962 ж. Римді басып алып, император титулын алады. Рим папаларын енді герман императорлары тағайындайтын болды. ХІ ғ. соңын рим палалары императорлардың билігіне қарсы шыға бастады. ХІІ ғ. орталық билік папствомен күрестің және феодализнің одан әрі дамуының нәтижесінде әлсірейді. Х-ХІІ ғғ. орталық аппарат биліктің сарайлық вотчиналық жүйесінің белгілерін сақтап қалды. Сарайдың жоғарғы сановниктері канцлер мен маршал болды. Осы лауазымдар кейіннен мұраға берілетін болды және оларды ірі феодалдар: саксония герцогы, майнц, трир архиепископтары және тағы да басқалар иеленді. ХІ ғ. бастап ірі феодалдар король кеңесі - гофтагқа қатысатын болды. Олар осы кеңесте императормен бірге маңызды істерді шешетін. Жергілікті әкімшілік бірлік - округ /графтік/ деп аталды. Бұрыңғы король шенеуніктері мұрагерлікпен лендерді иеленетін ірі жер иеленушілерге айналады. Олар өздерінің билік аппаратын құрады. Осы лен иеленушілердің жерлері орталық биліктің араласуынан артықшылықтармен және иммунитеттермен қорғалатын. Орталық және жергілікті аппараттың әрекет етуіне императорлар ХІІ ғ. бастап шектеулі түрде ғана араласа алатын. Италияны басқару үшін ерекше аппарат құрылды. Оны Германияның жоғарғы діни қызметкерлер мен князьдердің арасынан тағайындалатын канцлер басқаратын. Одан басқа әкімшілік және әскери өкілеттіктері бар император жаршылары, император мүлігін пфальцграфтар басқарады және қала префектері канцлерге қызмет ететін. 2. ХІІ ғ. бастап Германия феодалдық батыраңқылық кезеңіне аяқ басты. Мемлекет көптеген князьдіктерге, графтіктерге, баронияларға ыдырайды. Осы уақытта қоғамның сословиелік топтық құрылымында өзгерістер байқалады. ХІҮ ғ. сословиелік өкілдік жүйесі толық қалыптасады. Сословиелік құрылымның ерекшелігі мемлекет масштабында бірліктің болмауы еді. Империяда империялық сословиелер немесе шендер, князьдіктерде земстволық сословиелер қалыптасады. Бірінші топқа империялық князьдер, рыцарьлар және қалалар кіретін. Екінші топты князьдіктердің дворяндары мен дін иелері және қалалар /князьдік/ құрайтын. Төменгі дворяндар - рыцарьлар өз маңызынан айырылады және кедейленеді. Шіркеу қызметкерлері 2 топқа: жоғарғы /епископтар, аббаттар/ және төменгі /қала және ауыл дін иелері/ болып бөлінеді. Жоғарғы топ курфюрстар сословиесіне енді. Германия қалалары 3 топқа жіктелді. Бірінші топтағы империялық қалалар императордың вассалдары болды. Король билігі әлсіреген сайын олардың құқықтары да көбейіп отырды. Ерікті қалалардың құқықтары империялық қалалардікімен: бірдей болды, бірақ олар салықтардан және әскер беру міндетінен босатылған еді. Князьдік қалалардың өзін-өзі билеуі шектеулі болды және құқықтары аз болды. Қала халқы да 3 топқа жіктелді. Барлық қала лауазымдары патрициаттың қолында болды. Оған оппозицияда 2 топ: бюргерлер және қалалық плебей тұрды. Тауар-ақша қатынастарының дамуы шаруалардың негізгі бөлігінің жағдайының нашарлауына әкеліп соқты. ХІҮ ғ. Германияда шаруалардың құқықтық жағдайы әртүрлі 3 аудан: Саксония, Оңтүстік-батыс аудан, Шығыс өңір қалыптасады. Сословиелік топтар өзара тынымсыз күрес жүргізді және ұқсас топтардың бірігуіне провинциялардың өзара айырмашылықтары және алшақтықтары кедергі жасады. Мемлекеттік құрылыс. ХІІІ ғ. бастап Германияда саяси билік пен басқарудың жекелеген орталықтары қалыптаса бастады. Орталық аппарат іс жүзінде курфюстардың қолында болды. ХІІІ ғ. король билігі князьдердің үстінен бақылаудан толық айырылады. Штауфен әулеті императорларының сепаратизмді шектеуге бағытталған шаралары нәтиже бермейді. Король князьдерге қатысты "тең князьдердің арасындағы бірінші" болды. 1356 ж. император Карл ІҮ "Алтын булланы" қабылдайды. Осы заңға сәйкес Германияны басқару 7 курфюрсттың қолында шоғырланды. ХІҮ-ХҮ ғғ. Германияда 2 империялық орган - рейхстаг пен империялық сот қызмет етті. Рейхстаг жалпыимпериялық сословиелік-өкілдік орган болды. Рейхстагтың құрамында 3 коллегия: курфюрсттар коллегиясы, князьдер, графтар және еркін иелер коллегиясы, империялық қалалар өкілдерінің коллегиясы. Рейхстагта ұсақ дворяндар, бюргерлер /империялық емес қалалардың/ болған жоқ. Рейхстагтың өкілеттіктері толық реттелмеген еді. 1495 жылы Вормс рейхстагтағы империялық жоғарғы сотты құрады. Соттың 14 мүшесін курфюрсттар мен князьдар, 2 мүшесін қалалар, төрағасын император тағайындайтын. Империяны князьдар басқаратын 10 округке бөлу көзделді. Осы 10 князь сот шешімдерін жүзеге асыруға тиіс болатын. Бұл үшін князьдерге әскери контингенттер беру көзделді. Империяны басқару шығындарын өтеу үшін "жалпыимпериялық пфеннинг" салығы енгізіледі. Герман феодалдық құқыққа жалпы сипаттама. Германдық құқық ортақ жүйеге келтірілмеген еді. Территориялық партикуляризм құқықтың сословиелік бөлінуімен /лендік, земстволық, қалалық және т.б./ толықтырылып отырды. Германиядағы феодалдық құқықтың дамуының 3 негізгі кезеңі бар: 1/ әдет- ғұрыптық құқықтың басымдылығы кезеңі /Х-ХІҮ ғғ/; рим құқығы рецепциясы кезеңі /ХІҮ-ХҮІІ ғғ/ және князьдіктерде жекелеген құқық жүйелерінің қалыптасу кезеңі /ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ/. Әдеттер және сот практикасы ХІІІ ғ. кеңінен жазылады. Ең белгілі жазбалар: Саксон айнасы және Шваб айнасы. Саксон айнасының авторы рыцарь Эйке фон Репков және оның нормалары солтүстік шығыс өңірлерде кеңінен қолданылады. Саксон әйнегі 2 бөіктен тұрады: 1-ші бөлік земстволық құқыққа, 2-ші бөлік лендік құқыққа арналған. Кейіннен Саксон әйнегі бүкіл Германияға таралады. Шваб әйнегінде де земстволық және лендік құқық нормалары көрініс табады, бірақ оған каноникалық құқық әсер етеді. Шваб әйнегінің Саксон әйнегінен ерекшелігі, папаның феодалдық әлемде билік ету идеясы үгіттеледі. Герман құқығының қалған қайнар көздері: заңдар, рим құқығының рецепциясы және 1532 ж. рейхстаг қабылдаған "Каролина" жинағы. Каролинада қылмыстық-процессуалдық нормалар бекітілген. Шығыс славяндардағы мемлекеттіліктің қалыптасуы. Б.э.д. екінші мыңжылдықта Шығыс Европаның солтүстік бөлігімен Днепр және Одеро аралығында славяндар өмір сүрді. Алғашқы славяндар біздің эрамызға дейін өмір сүрген антикалық авторлардың жазбаша естеліктің құрылу шарттарымен міндетті. Жазба деректерінде славяндарды "веннеды" деп атаған. Б.э..д. І ғасырда біртұтас, тұрақты, көп санды этникалық массивтер, венедалар Шығыс және Орталық Европа және шығысында Днепр, батысында, Одера аралығында орналасқан. Славяндардың шаруашылығының дамуы тұтқындар арасындағы байланыспен бекітілді. І мыңжылдықтың екінші жартысында славяндар ұланғайыр территорияны алып жатты. Шығыс, батыс, онтүстік славяндар пайда болды. Шығыс славяндар Шығыс Европа бөлігін алып жатты. ҮІІ-ҮІІІ ғ., Шығыс славяндардың экономикалық даму дәрежесі толық қалыптасты. Жер өндіру және мал шаруашылығымен қатар, өндірістік еңбек өсті. Шығыс славяндардың қоғамдық құрылымының маңызды бөлігі - ауыл /аумақтық/ қоғамы болды. Жеке шаруашылық одақтары /жанұя бірігумен/ қалыптасты, аумақтық қоғаммен бірге жерге алқалы меншік әрекет ете бастады. Шығыс славяндары 14 одақтан құрылды. Демократиялық ұйымын - халық жиналысы және ақсақалдар кеңесі басқарады. Халық жиналысы әскери жиналысқа ауысты. Мемлекеттік органда өзін-өзі басқару органының қалыптасу процесің өсе түсті. Әскери демократия бірте- бірте әскери иерархиялық басқару жүйесіне көше бастады. Дружина әскери күшке айналып, қарсы топтармен қайшылықтарды шешу, қорғау, жаулап алу т.б.қызметтерді жүзеге асырды. Шығыс славян мемлекеттерінде өзін-өзі басқару органын қалыптастыру процесі басқалармен салыстырғанда жылдам қалыптасты. ҮІІІ ғасырда Орта Приднепров жерінде көшпенділер арасындағы күрестің нәтижесінде бірнеше одақтар пайда болған Бұл одақтар одақтардың одағы "Русь" деген атпен астанасы Киев мемлекеттілігін құрады. Псковтық, Смолендік, Полоцкілік одақтар бірігіп бірлестік құрды. ІХ ғ. дипломатиялық және әскери белсенділігі күшейе түсті. Шығыс славяндармен екі мемлекет пайда болды: Киев және Новгород. Шығыс славяндардың саяси консолидациялық процесіне ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді: территориялық, этникалық, мәдениеттік, экономикалық, жалпы жауларымен күрес жүргізу үшін күшті біріктіру т.б. Киев Русінде феодал қатынастары тең негізде дамымаған. Экономикалық нысанының бірі ретінде жерге меншікті жүзеге асырумен сипатталады. Киев Русінде феодалдармен бірге ерікті крестьян-қоғамдары, ерікті қала тұрғындары, феодалға тәуелді тұрғындар және құлдар деп бөлінді. Феодал билігінің әкімшілік және шаруашылық орталығы феодалдар алаңы болды. Киев Русі негізінен ауыл және қала тұрғындарынан тұрды. Ежелгі орыс мемлекет үшін негізгі әскери құрамнан тұрды: - ұлы князь құрамасы және жергілікті князь құрамасы - халық әскері - жолданбалы /жасақ/ әскер Әскерлер жасақтарға, полктерге, мыңдықтарға, жүздіктер, оңдықтарға бөлінді. Діни топ өкілеттігін мемлекет басшысы Ұлы Киев князы басқарды, діни реформасы өте маңызға ие болды. Ежелгі орыс құқығы. ХІ-ХІІ ғ. Орыс правдасының кеңейтілген редакциясы қоғамдық құрылым даму кезеңі, бояр тиундары, бояр қатарлары, топтары, бояр мұрагерлері туралы айтылады. Феодалды жер иелену ұлы князь және жер иеленуші қауымдастықтар есебі көбейе түсті. Киев Русінде феодалдық жер иелену заңымен реттелінді. Орыс Правдасы феодалдық өзара келіспеушіліктерді бұзғандығы үшін 12 гривен көлемінде айыппұл төледі. Орыс Правдасы феодалдық құқықтық ескерткішінде ерекше артықшылықтар бекітілген. Князь ерлерін өлтірген үшін 80 гривен өлшемінде айыппұл төлейді, қарапайым адам өлтіргені үшін осы көлемнің жартысын төлейді. Феодализмнің дамуы феодал-княздар, бояр және шіркеудің жерге меншік құқығы иеленуіне әкелді. Қоғамның топтарға бөлінуі сословиялы құрылымның қалыптасу процесіне әкелді. Қысқаша Орыс Правдасы редакциясында "адамдар" ұғымына қала және ауыл тұрғындарына кеңінен атап көрсеткен. Орыс Правдасы ХІІ ғ. "Закуп" жарлығы жарық көрді. Закуп - өз шаруашылық қызметі бойынша басшысына қарыз немесе міндетті адамдардың құқықтық жағдайы туралы анықтайды. Изгой - өзінің бұрынғы жағдайынан айырылу. Изгойлар ерікті және тәуелді деп бөлінеді. Х-ХІІ тұтқын-құлдарды "илядь" деп атады, олар толық құқықсыз болды. Басқа себептермен құл атанған адамдар "холоп" деді. Орыс Правдасында "челядин" деп толық құқығы жоқ, басшысының қол астындағы құлдар. Ал қала тұрғындары екі негізгі топқа бөлінеді: төменгі дәрежедегі қала тұрғындары және қала аристократтары. Орыс Правдасында басқару жүйесінің даму процесін анықтап, айыппұл көлемін белгілеген. Мұрагерлік құқық жеке меншіктің нәтижесінде қалыптасты. Әке мұрасы кенже ұлына берілді, ал қыз балалар мұрагер ретінде танылмады. Орыс Правдасы саудагерлер арасында заем шартының айналымын, сауда айналымындағы несие жүйесі, мәміле жасау үшін арнайы сенімхаттың болуын талап етті. Жазбаша ескерткіш құқығында қылмыс және жазаның баптары көрсетілген, онда қылмыс, мүліктік қылмыстар, моральдық, материалдық, физикалық зардап т.б. ұғымдарайқындап көрсетілген. Қылмыс объектісі - князь билігі, мүлік, қылмыстың объективті жағы- қылмысқа оқталу, аяқталмаған қылмыс. Ал қылмыс субъектісі болып құлдар танылмайды. Субъективті жағы қасақана қылмыс жасау. Ең аса ауыр қылмыс князь билігіне сұғу болып табылды. Сонымен бірге шіркеуге қарсы, тұлғаға қарсы, мүлікке, адамгершілік және жанұяға қарсы қылмыстардың түрлері болды. Жаза: айыппұл, қанға -қан,жанға-жан , компенсация , аяқ, мұрын кесу, көзін ою сияқты жазаның түрлері болды. Өлім жазасын қолдануға рұқсат берілді. Ежелгі Орыс мемлекетінің дамуы мен қалыптасуы құқықпен тығыз байланысты. Ең басты заң шығару ескерткіші Орыс Правдасы. Киев Русі осы құқықтар арқылы жергілікті, отандық жер байлығын, қоғамдық қатынастарды, қоғамдағы тәртіпті бекітті. Негізгі єдебиеттер: 1. Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999. 2. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. Алматы, 1999. 3. Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран (рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,1980. 4. Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 1994 Қосымша әдебиеттер: 1. Корсунский А.Р.Образование раннефеодального государства в Западной Европе.-М.,1963. 2. КорсучскийА.,Гюнтер Р. Упадок и гибель Западно-Римской империи и возникновение Германских королевств.-М.,1984. 3. Крашенникова Н.А. Великая Французкая буржуазная рыволюция и ее первые конституционные акты.//Вестник МГУ.-1989.-№4. 4. Лисневский Э.В. История государства и права Великобритании.- Р.Д.,1975. 5. Литаврин Г.Г. Византия, Болгария,Др.Русь.СПб.2000. 6. Лопоухов Б.Р. Истрия фашисткого режима в Италии.-М.,1977. 7. Люблинская А.Д. Французкий абсолютизм в первой трети 17в.-М., Л., 1975. 8. Петрушевский Д.М. Очерки по истории английского государства в средние века. –М.,1930. 9. Прело М. Конституционное право Франции.-М.,1957. 10. Проблемы истории абсолютизма: Ученые записки Всесоюзного заочного юридического института .//Под.ред.К.И.Батыра.-М.,1957. 11. Прокопьев В.И. Армия и государство в истории Германии 10- 20вв.-М.,1977. 12. Разумович Н.Н. Политическая и правовая культура.Идеи и институты Древней Греции.-М.,1989. 13. Рождение Французкой буржуазной политико-правовой системы.1990. 14. Савело К.Т. Раннефеодальная Англия –М.,1977. Таќырып 5. Орта ғасырдағы Шығыс мемлекеттерінің мемлекет және құқығы. Қазіргі кездегі мемлекеттер арасында өзінің ерекшелігімен көзге түсіп отырған Азия құрылығында орналасқан бірнеше мемлекеттер бар. Солардың ішінде Жапония сен Сауд Аравиясы, Кувейт, Бірікен Араб әмірліктері атап өтуге болады. Жоғарыда аталған мемлекеттердің үшеуі мұсылман мемлекеттері болып есептеледі және мұсылман құқын қоғамның барлық саласында пайдаланумен ерекшеленеді. Сондықтан да қысқаша мұсылман мемлекеті және құқының пайда болуы мен дамуына тоқталайық. Иранның Қос өзен аңғарын жаулап алуы батысқа баратын төте жолдың іске қосылуына әсер етті. Міне осы кезден бастап сауда жолдарының бойында орналасқан және соның арқасында біршама байыған, оазистерді мекендеп, саудаға әсер етіп отырған Хиджаз аймағынп үлкен нұсқан келтірді. Хиджаз аймағының орталығы күрейш тайпасы мекендеген Мекке қаласы болатын. Оңтүстік Аравия арқылы өтетін сауда жолының дағдарысы Мекке қаласындағы халықтың да әл ауқатына әсер етті. Уақытында екі мың түйелік керуен құрып, саудамен айналысқан күрейш тайпасының саудагерлері тұйықтан шығудың жолын іздей бастады. Мұсылман құқының қайнар көздері – Құран, Сүнне және хадистер. Сүнне – үлгілі өмір, яғни Мұхаммед пайғамдардың өмірін үлгі тұту және оның істеген ісін нормаға айналдыру. Хадис – пайғамдардың сөйлеген сөздері мен әрекеттері іс- туралы әңгімелер Құран мен Сүннедегі негізгі дін қағидалары комплексі шариат деп аталады.Ислам дәстүр бойынша шариат ұғымы Құрандығы негізгі қағидалары орындап тура жол ұстаумен тығыз байлынысты.Құран мен Сүннеде діни нормалар мен мұсылмандардың өзара қатынасы және қоғамдық өмірді қамтитын көптеген нормалар бар.Ал енді нақты айтылмаған жағдайлары байланысты шариғатын жалпы нормаларын арнайы ғылым әл фих юристируденция зерттесе,ал шариат нормалар әл фикх құқық қарастырады. Мұсылман сот ісі алғашқы халифтер кезінде жүзеге аса бастады. Шариат нормалары бойынша сот ісін жүргізуі чиновники кады немесе қазы деп атайды /тағайындаушы немесе айыптаушы/. Алғашқы қазылар Омар халифтің /634- 644/ бұйрығымен Медине, Баср, Куф қалаларын тағайындалды. Қазылар өздеріне тапсырылған аймақ азаматтық және ұрпақ істерге шешім шығарып отырды. Сонымен бірге олардың бақылауында қаладағы қоғамдық орындар мен құрылыстардың жағдайы және азаматтарды адамгершілікке іс әрекет де бақылауда болды. Мұсылмандар басып алған жерлерінің бәрін бастапқы жалпы /вакуф деп атады және осындай жердің бәрінен арнайы салық хараджалынды. 1. Жизия-мұсылман мемлекеттеріндегі мұсылман еместерден алынатын жан басы салығы. Бұл салықты жаулап алған кезде аман қалдырғаны үшін кәмелетке толған барлық ер адамдар төледі. 2. Ұшыр-мұсылмандардың өнімнен төлейтін салығы. Әдетте ірі жер иеленушілер жерін арендаға беріп,онан алған харадждың бір бөлігін өзіне қалдырып,ал бір бөлігін ұшыр ретінде төлеген. 3. Зекет-жағдайы нашар мұсылмандар үшін жиналатын салық. Зекет егіннен,малдан, жүзімдіктен, алтын мен күмістен тауардан алынып отырды. Егін өнімінінң шамамен оннан бір бөлігі зекет ретінде алынды. Кей кездерде зекет салығы садақа деп атағанымен бұл сөздердің ұғымдық мағынасы басқа. Негізгі єдебиеттер: 1. Сарсенбаев М.А. Мусульманское право. Оқулық. Алматы: Данекер, 1993 2. Сюкияйнен Л.Р. Мусульманское право:Вопросы теории и практики. Оқулық: Москва, 1986 4. Беляев Е.А., Арабы, ислам и арабский халифат в раннем средневековье.Москва, Наука 1966 5. Садагдар М.И. Основы мусульманского право. Москва, Наука 1968 6. Капинский С.А. Институт монарха в странах Арабского Востока. Москва, Наука 1981 7. Утеулин Д. Феномен Мухаммаеда// Юрид газета, 20 қаңтар 1999 8. Баишев Ж., Байкенов В., Сарсембаев М. Мусульманское право. Алматы: Данекер 1999 9. Киримов Р.М. Шариат и его социальная сущность. Москва, Наука 1978 10. Еремеев Д.Е. Ислам: образ жихни и стиль мышления.Москва, Политиздат, 1990 11. Мавлютов Р.Р. Ислам: Москва, Политиздат. 1969 12. Давид Р. Основные правовые системы современности. Москва, Прогресс, 1988 13. Вагабов М.В. Ислам и семья. Москва, Наука, 1980 Таќырып 6. Буржуазиялық Еуропа мемлекетті.(XVII-XIXғғ) Буржуазиялық Ұлыбритания мемлекетінің пайда болуы. ХҮІІ ғасырда Батыс Еуропа тарихында ең дағдарысты, күйзелісті кезеңі болды, қоғамдық өмірдің барлық жағынан және көптеген елді-мекендерде мемлекеттік билік тарапынан қысым көрсете түскен. Экономика құлдырауға ұшырады. ХҮІІ ғасырда көптеген Еуропа елдерінде әлеуметтік - саяси қозғалыстар етек жаяды, себебі қоғамдық - саяси жүйенің әрекет етуі саяси тұрақсыздықты тудырып, халықты терең дағдарысқа ұшыратты. Осындай келеңсіз жағдайлардан кейін, ХҮІІ ғасырда ағылшын буржуазиялық революциясы деп тарихта аты қалған жаңа дәуір басталды. Ағылшын буржуазиялық революциясы, жаңа буржуазиялық қоғам қағидасын ұсына отырып, Англияда ғана емес, Еуропада да буржуазиялық қоғамдық саяси тәртібін қалыптастырды. Англияда революцияға дейінгі қоғамның саяси-экономикалық қатынастары бір уақытта екі түрлі шаруашылық- өндірістік сипат өріс алған: жаңасы – капиталистік, ескісі – феодалдық. Басты рөлді жүргізу капиталистік өндіріс тәсілінің еншісіне берілді. Англия басқа Еуропа елдеріне қарағанда капиталистік жолмен жылдам дамыды. Революцияға дейінгі Ағылшын мемлекеті қоғамы екі әлеуметтік топқа яғни, дворяндық сословияларға бөлінген: антогонистер-ескі және жаңа дворяндар; джентри сословиялық жағдайына қарай, болашақ дворяндар, ал шаруашылық сипатына қарай буржуа тобын құрды. Революцияға дейінгі Ағылшын дәуірінің сауда және өндірістік тарихы жаңа дворяндар өкілдерінің маңызды мәніне айналды. Бұл ерекшелік ХҮІІ ғасырдың 40 жылдарындағы революцияның тарихи қалыптасуына, оның сипаты және соңғы нәтижесіне әкелді. Пуританизм- революция идеологиясы. ХҮІІ ғасырда ағылшын қоғамы әлеуметтік-класстық және саяси мақсатын идеологиялық ресмилендіруі Ағылшын революциясының маңызды ерекшелігі болып табылады. Пуританизм нысанындағы Реформация идеологиясы революция күшін мобилизациялау үрдісіндегі идеологиялық қызметті орындайтын батыл (боевой) теориясының рөлін атқарады. Пуританизм діни ағым ретінде революцияға дейінгі кезеңде өмір сүрді, бірақ ХҮІІ ғасырдың 20-30 жылдары абсолюттік оппазицияға қарсы идеологияның тұғырын қалады. Осы қозғалыстардың маңызды жағдайы, қоғамның әлеуметтік топтарға бөлінуін, шіркеуге ауысу қажеттілігін тиісті деп санайды. Революция кезінде пуританизм идеясы бірнеше ағымға бөлінді. Пресвитерианттар ірі буржуазияны және аристократтарды біріктіре отырып, конституциялық монархия идеясын уағыздады. Индепенденттер орта және ұсақ буржуазия қатарындағы топтардан қолдау табады. 1628 жылғы Карл І (1600- 1649) тұсында парламентте корольге Петиция құқығы қабылданғаннан кейін қол жеткізілді. Осы құжатта Эдуард І және Эдуард ІІІ заңының бұзылғаны көрсетіледі, яғни парламенттің келісімінсіз ешқандай салық жүргізуге болмайды; король шенеуліктері жағынан жерге жеке меншікке қол сұққаны үшін қорғауды жүзеге асырмайды. Карл І құқық туралы петицияны бекітуге мәжбүр болды. 1629 жылы король мен парламент арасында жаңадан қақтығыс пайда болды. Осыдан кейін Карл І парламентті таратып, жеке дара корольдің басқаруы жүргізілді. ХҮІІ ғасырдың 20 жылдарындағы саяси дағдарыс қауымдар палатасы мүддесі жағында болды. Қысқа парламент.1629-1640 жылдары парламентсіз басқару жылы болды,яғни король билігінің әрекеті толық сипатта болды. Шотландықтардың Англияға қарсы қауіп көрсетуі, Шотландиядағы қарулы көтерілістің пайда болуының нәтижесі болды. Әскери келеңсіз жағдайлар мен құралдардың жетіспеушілігі Карл І –дің парламентті құруға итермеледі. 1640 жылы 13 сәуір - 5 мамыр аралығында жұмыс істеген парламент тарихта Қысқа деген атпен енгізілді. Қауымдар палатасы корольдің шотландықтарға соғыс жүргізу субсидиясы ұсынысын қанағаттандырмады. Осының орнына қауымдар палатасы Карл І- дің жеке дара басқару жылдарындағы саясатты қарауға кірісті. Нәтижесінде мынадай өтініш қабылданды: реформа жүргізгенге дейін қауымдар палатасы корольге субсидия беруге, басымдылық құқығына тыйым салу мүмкіндігінен айырды. Парламент таратылғаннан кейін Карл І ережесі одан әрі сынға айналды. Король парламентсіз әскери және саяси дағдарысты шешу мүмкін еместігін мойындап, 1640 жылы қараша айында жаңа парламент құрды. Ұзақ парламент 1653 жылға дейін әрекет етті. Ұзақ парламент қызметі конституциялық-төңкерістің бірінші кезеңінен басталады. Жалпы ағылшын буржуазиялық төңкерісін төрт дәуірге бөледі: 1. конституциялық кезен (1640 жылдың 3 қарашасынан бастап 1642 жылдың 22 тамызына дейін); 2. бірінші азаматтық соғыс (1642-1646); 3. төңкерістің демократиялық мазмұнын тереңдету үшін күрес (1646- 1649); 4. индепенденттік республика (1649-1653). Индепенденттік республика.1649 жылы король өлімінен кейін парламент Ағылшын республикасын жариялады. Кромвель протектораты. Кромвель билігі жеке диктатура сипатын жүзеге асырды.1653 жылдың аяғында Кромвель әскери диктатурасын бекіткен «Басқару құралы» деп аталатын конституцияны енгізді. Жаңа конституцияға сәйкес, жоғарғы заң шығару билігі лорд-проттектор және парламент қолында болды. Парламет бір палаталы болды. Жоғарғы атқару билігі13 –21-ге дейін мүшесі бар лорд-протектор және Мемлекеттік кеңес қолында болды. Кеңес мүшелерін тағайындау лорд-протекторлардың сайлауымен жүргізілді. Конституцияда Кромвель лорд-протекторлардың жеке диктатурасын бекіте отырып, өмір бақилыққа сайлады. Кейінірек Кромвель парламентті шақыруды қойып, өз қалауы бойынша Мемлекеттік кеңесті тағайындады. 1657 жылы Жоғарғы палата қайта құрылды. Жергілікті басқару билігі кромвель армиясының генералы қолында болды. Сонымен «Басқару құралы» монархиялық сипат мазмұнын құрғаны, бұл конституциялық акт буржуазиялық топ мүдделерін сипаттады. «Басқару құралы» жеке дара билік режимін бекіте отырып, монархияға сәйкес өкілеттіктерді бекітті. Осы уақыттан бастап, республикадан монархияға қозғалыс басталды. Франция револциясының басталуы. Револцияның терең де, түпкі мақсатқа жетудің себебі, елдегі феодалдық өндірістік қатынастарды басқарушылар мен өндіруші күш арасындағы қайшылықтар болды. Феодализм революцияның одан әрі дамуын қамтамасыз ете алмауына байланысты тежегішке айналды. Саудагерлер, көпестер өндірісшілердің негізгі тобы өздерінің жағдайларына қанағаттанбады. Ішкі базар өндіріс үшін тар болды, себебі шаруалардың (елдегі тұрғындардың негізгі бөлігі ) өнеркәсіп тауарларын сатып алуға мүмкіншілігі болмады. Сауданың дамуына ішкі кеденнің көп болуы әсер етті. Дворяндар және духовендердің жоғарғы негізгі бөлігі әрекет етіп жатқан құрылымды сақтап қалуға тырысты. Оны қорғаудың басты құралы ретінде мемлекеттің феодалдық-абсолюттік негізі танылды. Елдің арасында әртүрлі өзгерістер мен ауытқушылықтар болды. Бұған экономикалық және саяси жағынан ұйымдастырылған, феодалдық қозғалыстарға қарсы әлеуметтік топтар құрайтын буржуазия дайындалды. Франция АҚШ-ның, Англияның, Голландияның мемлекеттік- құқықтық құрылыс тәжірибелерін жетекшілікке ала отырып, революция жолын нақты зерттеді. 1789 жылдың мамыр айында Бас штаттың ашылды. Билік топтары бұрынгыдай үкіметтің көпшілік дауысын сақтап қалу үшін дауыс берудің ескі тәртібін қолдануды талап етті, демек әрбір сословие бір дауысқа ие болады. Бұнымен «үшінші сословие» өкілдері келіспеді. Сословиялық жекелеген мәжілістер арасында емес біріккен отырыста көпшіліктің дауыс беруімен шешім қабылдаған жөн деді. Тек осы жағдайда ғана «үшінші сословие» депутаттары өздерінің қалаған жетістіктеріне жете алады, яғни қалай да жалпы артықшылықтары бар сословие депутатары саны жалпы депутаттар санына пара- пар келеді деп есептеген. Сонымен қоса кейбір артықшылығы бар депутаттардың қолдауына сенген еді, бірақ бұл сенімдері ақталмады. Үкімет бұндай жағдайдан бас тартқаннан кейін, депуттаттардың дауыс беру жаңа ережесін қабылдайды. 1789 жылдың маусым айында «үшінші сословие» өздерін Ұлттық жиналыс деп жариялайды. Бір ай өте бере француз халқының атынан өздерін - Құрылтай жиналысы деп хабарлап, бұрынғы заңдардың қуаттылығын жойып және жаңа заңдар қабылдайтын құқыққа ие болғандарын жариялады. Конституциялық монархия. Парижде басталған революция барлық елді қамтыды. Көтерілісті бастаушылар король шенеуліктерін биліктен қуды, ендігі жерде шаруалар феодалға бағынудан және олардың міндеттерін орындаудан бас тартты. Солдаттар халықты аудан бас тартты. Үшінші сословие басшылары (ірі буржуазия), Құрылтай жиналысында ерекше жағдайға ие бола отырып, саяси билікті басқару үшін халық қозғалысын пайдаланды. Жаңа жергілікті өзін-өзі басқару органы – муниципалитет құрылады. Бір уақытта буржуазия өзінің қарулы күштерін құруға кірісті. Әрбір ұлттық гвардеецтің бағалы қаруы,құрал-жабдықтары, шарттары,өзінің есеп шоты болуы керек. Солтүстік Америкадағы тәуелсіздік үшін Соғысқа қатысқан- маркиз М.Ж. Лафайет Ұлттық гвардия басшысы болып тағайындалды. Нәтижесінде мемлекет либераль дворяндар мен бай буржуа мүддесін жақтаушы саяси топ өкілдерінің қолына өтті. Оның басшылары ретінде- маркиз Лафайет, аббат Сиейес, атақты астроном Байи, ағартушы-социоллг А. Барнов, А.Ламет және граф Мирабо ескі құрылысты толық жоюға ұмтылмады. Олардың идеалы ретінде конституциялық монархия танылды, сондықтан да олар өздерін конституционалистерміз деп атады. Құрылтай жиналысында «феодализмнен бас тарту» заңы1789 жыпы тамыз айында салтанатты түрде жарыққа шықты. Бірақ бұл заңда ең бастысы шаруалардың талаптары қанағаттандырылмаған. Бұл заңда феодалдардың жеке құқықтары (серваж, «өлі қол» құқығы, аң аулау құқықтары) салыстырмалы түрде алынып тасталды. Ал қалғандары: жерге құқығы, нақты төлемдер, сеньорға тиесілі, шаруалардың жер учаскісін ұстап қалу сияқты құқықтары сол қалпында сақталынып қалды. 1789 жылы 26 тамызда Құрылтай жиналысында революцияның маңызды құжаты - Адам және азаматтардың құқығы Декларациясы қабылданды. Бұл құжат революция бағдарламасын құрғандай, халықты жұбату мен «ағалық тұтастықты» сақтауға әрекет етті. Декларация авторлары бірінші кезекте энциклопедистер еңбегіне негізделе отырып жасады. 1776 жылғы Американдықтардың Тәуелсіздік Декларациясын, 1776 жылғы Виргиндік декларация құқығын, сонымен қоса, отандық мемлекеттік- құқықтық тарих құжатын, Француз Бас штат декларциясын, Париж парламентінің ремонстрациясын нақты құжат үлгісі сипатында танып, қолданды. Декларация жалпы ұлттық манифест рухын, адамдардың бостандық қағидасын қалыптастырды: «Адамдар өмірге келген сәттен бастап, ерікті және тең құқықты болып танылады» (1 бап). Декларацияның демократиялық мемлекеттік-құқықтық құрылыс қағидасының ішінде ерекше рөлді «адамның табиғи және айырылмайтын құқығы», «халық егеменділігі» және «билік бөлінісі» қағидалары жүзеге асырады. Декларация қабылдағаннан кейін, төрт айдан соң, 1789 жылдың желтоқсан айында Құрылтай жиналысында сайлаушылар үшін ценз және басқа да мүліктерді енгізу туралы декрет қабылдады. Осы декретке сәйкес, барлық азаматтар активті және пассивті болып бөлінді. Сайлау құқығына тек активті азаматтар ие болды. Активті (белсенді) азамат болу үшін келесідей талаптар болу керек:1). ұлтының француз болуы; 2). 25 жасқа толу керек; 3). тұрғылықты жерде кемінде бір жыл тұру керек; 4). үш күндік жәрдем ақы көлемінде тікелей салық төлеу керек; 5). қайыршылық жағдайда болмауы керек; 1791 жылы Құрылтай жиналысы мүліктік ценз көлемін бірнеше есеге төмендетті. 6000 адамнан көп қала тұрғындарына әрбір 200 күн үшін жалдамалы еңбектің орташа ақысын тең көлемде есептей отыра, узуфрукт көлемі мен меншік кірісін шектеді. 1791 жылғы Конституция. Құрылтай жиналысы Декларацияны құрастырумен бір уақытта конституцияны дайындап, өңдеуге кірісті. Жиналыста конституцияның негізгі қағидалары , жоғарғы заң шығару билігі корольдің, үкіметтің, соттың, сайлау жүйесі органдарының мәртебесін талқылап, бекітті. Ұлттық жиналыстың құзыретіне келесідей мәселелер жатады: әскери іс бойынша - жыл сайын қарулы күштердің саны, құрамы жөніндегі қаулыларды қабылдау, ақша көлемін анықтау және соғыс жариялау; қаржы шеңберінде - жыл сайынғы бюджетті бекіту, құрастыру, салықты бекіту, мемлекет құрылғысына кеткен шығындарды есептеу; әкімшілік басқару саласында - мемлекеттік лауазымдарды тағайындау; әділет шеңберінде - мемлекет қауіпсіздігіне қарсы келіссөз жүргізген сезіктілерді, қылмыстық қудалау қозғалған тұлғаларды, Жоғарғы сот министрлерінің және басқа да лауазымды тұлғалардың алдында қылмыстық жауапкершілікке тарту; сыртқы қатынас шеңберінде - шетел мемлекеттерімен шарттарды ратификациялау. Атқару билігі корольге жүктелді. Король- ішкі қатынастар және сыртқы басқару басшыларын, жоғарғы шенеуніктерді, команда құрамының бөліктерін тағайындап, қарулы күштерді басқарды. Корольдің атқару билігі шектелді. Ол Жиналыс қабылдаған заң шегінде ғана әрекет ете алады. Министлер корольмен тағайындалды, бірақ өз ведомствасы бойынша құқыққа қайшы әрекеті үшін Ұлттық жиналыстың бекітуімен сотқа жіберіледі. Сот билігі белгілі мерзімге бекітілген соттарға жүктелді. Қылмыстық істі қарастыру үшін присяжный соты құрылды. Мемлекетке қауіп төнетін және аса ауыр қылмыстарды қарастыру үшін, министрлердің құқық бұзушылықтарын анықтау мақсатында Жоғарғы сотты құруды көздеді. 1791 жылдың күз айында конституциялық институттарды қалыптастыру негізі аяқталды. Негізгі єдебиеттер: № 7 Негізгі оқулықтар (12 бет қараңыздар ) Ќосымша єдебиеттер: 1. Батыр К.И. История государства и права Франции в периоды буржуазных революций 1789-1794 гг. Москва, ВЮЗИ 1984 2. Авхадеев Ю.И., Бажанов Л.Т., Батыр К.И. Государство и право Парижской Коммуны, Москва, наука 1971 3. Оларь Политическая история Французской революции : Происхождение и развитие демократической республики. Петербург, Просвещение, 1936 4. Кислица Н.А. Французская буржуазная революция 1789-1794 гг. Москва, Просвещение,1968 5. Молчанов Н.Н. Четвертая республика: Москва, Соцэкиизд.,1963 6. Галанза П.Н. Феодальное государство и право Германии Москва, Госюризда,1963 7. Галкин И.С. Создание германской империи. (1815-1871гг.) Москва, Высшая школа, 1986 8. Лисневский Э.В. История государства и право Великобритании: Ростов- на-Дону, Издательство Университета Ростова-на-Дону, 1975 9. Левина Г.Р. Очерки истории Англии: Средние века и новое время: Москва, Межд. отношения, 1959 10. Барк М.А. Великая Английская революция в портретах ее деятелей:Москва, Мысль, 1991 11. Барк М.А. Кромвель и его время. Москва, Учпедгиз, 1950 12. Лабутина Т.Л. Политическая борьба в Англии в период реставрации Стюартов (1660-1681гг.): Москва, Наука, 1982 13. Хилл К. Английская революция Москва, Иностранная литература, 1947 Таќырып 7. Америка Құрама Штатының мемлекет және құқығы. ХYІІІ ғасырдағы АҚШ – ғы тәуелсіздік үшін соғыс. ХҮІІ ғасырдың басында атлант жағалаунда орналасқан Солтүстік Америка ағылшынның алғашқы отары. Сонына келе (ХҮІІ-ХҮІІІ ғ.ғ.), осы жағалаудан Солтүстік Америкаға қарай ұзыннан созылған 12 отар мемлекеттілік пайда болды. Отар мемлекеттердің басқарылуы біртекті болған жоқ. Олардың кейбіреуі (Пенсильвания, Мэриленд) жеке меншік иелік ретінде саналды. Конниктут, Род- Айленд сияқты отар мемлекеттіліктер «халық басқармасында» болса, қалғандарының басқаруы метрополия үкіметі тағайындаған губернатор басқаратын, «король отары» басқару нысанында ұйымдастырылған. Отар мемлекеттіліктер өздерін ағылшын патшалығының толыққанды бодандары ретінде санаған, оларға метрополия құқығы кеңінен тараған : Ұлы еркіндік хартиясы, құқық туралы Билль, «жалпы құқық», «әділеттілік құқығы» және т.б. Бірақ та, патша үкіметі отар мемлекеттіліктерге метрополияның шикі зат қоры және ағылшын тауарларын өткізетін нарық ретінде қарады және отар мемлекеттіліктерді тонау саясатын жүргізе отырып, олардың өндірістік дамуын кешеуілдетті. Осылай, ХҮІІІ ғасырдың орта шеңінде метрополия мен отар американдықтардың арасында шиеленіс үдей түсті. 1774 жылы Филадельфия қаласында 55 делегаттан тұратын отар мемлекет өкілдерінің бірінші континентальды конгресі өтті. Конгресс метрополияның кеден және салық саясатына қарсы наразылығын бейнелеген құқық Декларациясын бекітті. 1775 жылы мамыр айында Екінші континентальды конгресс мәжілісі шақырылды. Конгресс Ағылшын мен отар мемлекеттер соғысы жағдайын дәйектей келе, американ армиясын құру туралы шешім қабылдады. Армия бас қолбасшысы ретінде Дж. Вашингтон тағайындалды. Тәуелсіздік үшін соғыс басталып кетті. Әрбір колония өзін тәуелсіз республика-штат деп жариялады. Д. Адамстың, Т. Джефферсонның, А. Гамильтонның және басқада ұлттық-азаттық күрес жетекшілердің арқасында тәуелсіздік соғыстың идеялық-теориялық тұғырнаманың бастапқы қағидалары қалыптасты. Осы идеялар америка төңкерісінің маңызды бағдарламалық құжаттарында көрініс тапқан. Атап айтқанда, 1776 жылы 4 шілдеде жаңадан шақырылған, Континентальды конгрессте қабылданған Вирджиния штатының құқық Декларациясы, демек жалпы мемлекет үшін тәуелсіздік Декларациясы. 1776 жылғы Тәуелсіздік декларациясы. 1776 жылы 4 шілде айында Вирджиния штатында қабылданған құқық декларациясы барлық елге ортақ тәуелсіздік декларациясымен сәйкес келеді. Осы құжатта мемлекет тәуелсіздігінің метрополия тәуелділігінен біржола құтылуы және тәуелсіз Америка Құрама Штатының құрылуы жарияланған. Тәуелсіздік декларациясы, осы дәуірдің демократиялық рух негізінде жазылған танымалы прогрессивті құжат. 1781 жылғы Конфедерацияның құрылуы. Тәуелсіздік Декларациясы штаттарда заң шығару үрдісін ынталандырды, Декларациядан кіріспе бөлімі құрылатын Республикалық Конституцияны немесе азаматтардың құқығы мен бостандығы туралы Билль құжаттарын қабылдағанын айта кеткен жөн. Осы кезге дейін штаттардың бірігу қажеттілігі, яғни тұрақты тұтанып тұрған соғыс, тұрақсыз табыс және америка күштерін біріктіру процессі айқын көрініс тапты. Бірақ та бұл үрдіс әрқашанда біркелкі болған жоқ, себебі, кейбір штаттар жаулап алған тәуелсіздігін шектегісі келмеді. Келіспеушіліктер болғанмен де штат одағы жобасын құруға және 1781 жылы өкілдер штаты конгрессінде бекітілген, алғашқы конституциялық құжат «Конфедерация бабтары» қабылдауға әсер етті. Штаттар «мәңгі одақ»-конфедрация деп аталатын Америка Құрама Штатын құрды. 1787 жылғы АҚШ конституциясы бойынша үкімет органдарының жүйесі. 1787 жылы Филодельфииде 12штат (Род-Айленд штатынан басқа) 55 делегаттардан құралған Конституциялық конвент мәжілісіне шақырылды. Қосымша єдебиеттер: 1. Аптекер Г. Американская революция 1763-1783гг. Москва, Иностранная лит. 1962 2. Бельсон Я.М. Ливанцев К.Е. История государства и право США. Ленинград, ЛГУ, 1982 3. Болховитинов Н.Н. США: проблемы и истории: Москва, Наука, 1980 г. 4. Зубок Л.И. Очерки истории США: Москва, Наука, 1956 г. 5. Карри Д. Конституция США: Алматы, Казахстан, 1994 г. 6. Конституция США: История и современность. Под.ред. Мишина А.А. Москва, Юрид.литература, 1988 7. Фостер У. Очерки политической истории Америки: Москва, Иностранная литература 1955 8. Севостьянов Г.Н. Очерки новой и новейшей истории США: Учебник: Москва, Юридическая литература, 1960 г. 9. Черняк Е.Б. Государственный строй и политические партии США: Москва, АНСССР, 1957 г. 10. Ширяев Б.А. Политическая борьба в США (1783-1801):Ленинград, ЛГУ, 1981 г. 11. Согрин В.В. Основатели США: исторические портреты: Москва, Наука, 1983 г. 12. Политические партии США в новое время: Под. ред. Сивачева Н.В.Москва, Мысль, 1981 13. США: Под.ред. Петрова Ф.М. Москва, Наука, 1982 г. 14. Уманский П.В. Американская революция XVIIIв. в буржуазной историографии США: Конец XVIII-60-е годы XX в Казань, Казанского университета, 1988 г.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz