Файл қосу
Журналистика саласының материалдары
5В050504 «Журналистика» мамандығына арналған «Журналистика бойынша шеберлік сыныбы» пәнінің ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР СЕМЕЙ 2013 МАЗМҰНЫ 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Практикалық (семинар) сабақтар 4 Студенттердің өздік жұмысы 5 Студенттердің оқытушы басшылығымен жүргізетін жұмыстары 6 Өзгерістерді тіркеу парағы 7 Әріптестердің танысуы 1 ГЛОССАРИЙ 1 АББРЕВИАТУРА – сөздерді шартты түрде қысқарту немесе оны бастапқы әріптермен белгілеу. Мысалы, АҚШ – Америка Құрама Штаттары. 2 АБЗАЦ – жаңа жолдан әрі кейін шегеріліп басталатын текс бөлігі. Ол бірнеше жолды қамтып, сөйлемдер мағынасын біріктіріп тұрады. 3 АБСТРАКЦИЯ – зат пен құбылыс туралы нақты ойламай, ауытқушылық, дерексіз ұғымға ұрыну. 4 АВТОБИОГРАФИЯ – қандай да бір тұлғаның өмірбаяндық өз туындысы. 5 АВТОР – түрлі салаларда шығарма жасаушы тұлға. Әдебиеттегі, өнердегі, ғылымдағы, т.б. твочестволық еңбек иесі. 6 АГИТАЦИЯ – ауызша немесе баспасөз арқылы қалың көпшілікке идеялар мен лозунгілер таратып, саяси тұрғыдан үгіттеп, әсер ету қызметі. 7 АКСИОМА – дәлелдеуді қажет етпейтін, онысыз да белгілі ақиқат. 8 АКТУАЛЬНЫЙ – бүгінгі күні уақыты пісіп жетілген, тез шешімді қажет ететін, маңызды да, өзнкті мәселе. 9 АЛЬМАНАХ - әр түрлі авторлардың әдеби шығармалар жинағы. Кезең – кезең сайын шығып тұруы мүмкін. 10 АНАЛИЗ – тиісті оъектіні жан – жақты талдап көрсететін, ғылыми – логикалық тұрғыдан ой – топшылаулар жасайтын зерттеу әдісі. 11 АНОНИМ - өз есімін жасырушы шығарма авторы. 12 АРГУМЕНТ – бір нәрсені дәлелдеуге негіз болатын логикалық тұжырым. 13 БРИФИНГ – белгілі бір мәселелер жөнінде үкімет ұстаған бағытты арнаулы өкілдің бұқаралық ақпарат құралдары журналистері алдына шағын мәжіліс өткізіп, баяндап беруі. Мысалы, халықаралық келіссөздерде болған мәмілені мәлімдеу, түсіндірме жасау. 14 БРОШЮРА – шағын көлемдегі шығарма берілген, жұмсақ мұқабамен шығатын жұқа кітап. 15 ВЕРСИЯ – факті немесе оқиға туралы бір-бірінен айырмашылығы бар әрқилы түсіндірмелер, ұғымдар. 16. ВЕРСТКА – терілген материлдар гранкілері арқылы типографияда газет, журнал беттерін дайындау. 17 ВУЛЬГАРИЗМ - әдеби тілде қолданылмайтын дөрекі сөздер. 18 ГОНОРАР – бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдары үшін авторға берілетін қаламақы. 19 ГРАНКА - әлі верстка жасалмаған баспаханалық терімнің бір бөлігі. Әдетте жүз жолдай көлемнен аспайды. 20 ДЕЗИНФОРМАЦИЯ – жалған хабар арқылы жаңылыстыру. 21 ДЕНЬ ПЕЧАТИ – дәстүрлі баспасөз күні. Жыл сайын 28 маусым күні аталып өтеді. “Түркістан уалаяты” газетінің 1870 жылы алғашқы нөмірі шыққан күнге орай белгіленген. Аталмыш мерекелік күні творчестволық арнайы сыйлықтар тапсырылады. 22 ЖАНР - әдеби немесе публицистикалық шығарма түрлері. 23 ЖУРНАЛИСТ – бұқаралық ақпарат қүралдарында тұрақты жұмыс істейтін, арнаулы кәсіби мамандығы бар қызметкер. Оның жұмысы идеологиялық, қоғамдық саланы қамтып, творчестволық тұрғыда еңбек етеді. Отанға, халыққа қызмет етіп, публицистика саласында шығармалар береді. Ішкі-сыртқы мәселелерге белсене араласып, қоғамдық пікір қалыптастыруға қатысады. 24 ЗАМЕТКА – бір оқиғаның, фактінің негізінде жазылатын қысқаша хабар. 25 ИДЕОЛОГИЯ – қоғамдық санадағы идеялар жүйесі, ілім. Саясат, мораль, ғылым, өнер, дін жөніндегі ұғымдар мен көзқарастар жиынтығы. Ол қоғам дамуына белсене әсер етеді. Идеология прогресшіл немесе реакцияшыл болуы да мүмкін. 26 ИЛЛЮСТРАЦИЯ–кітап, газет, журналдар тексіне орай берілетін суреттер. 27 ИНТЕЛЛЕКТ – ақыл, адамның ойлау қабілеттілігі. 28 ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯ – ой еңбегінің адамдары. Мәдениет пен ғылымның әр түрлі салаларынан арнаулы білімі бар адамдар. 29 ИНТЕРВЬЮ – сұрақ-жауап түрінде белгілі бір тұлғаның оқиға мен факті жөнінде журналистке айтқан әңгімесі, сұхбаты. Оның зәру мәселе бойынша пікірлері мен көзқарасын, берген мәліметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін журналистің жазып алуы. 30 ИНТЕРПРЕТАЦИЯ – бір нәрсенің мәнін ашу, ұғындыру,. Қайсыбір текстке түсіндірме жасау. 31 ҚазТАГ – Қазақстан мемлекеттік телегреф агенттігі. Республиканың бұқаралық ақпарат құралдарын информациямен қамтамасыз етеді. Ішкі-сыртқы хабарларды жинап таратады. 32 КАЛЛИГРАФИЯ – анық, әдемі жазу өнері. 33 КОНЦЕПЦИЯ - өмір құбылысына көзқарас білдіріп, тұжырым жасау. Жазушының, ғалымның, журналистің т.б. негізгі түйінді ойлары. 34 КОРРЕКТОР – баспасөз материалдарын баспаханада теру кезінде кеткен қателерді гранкіден, не версткалау кезінде беттерден жөндеп, түзететін қызметкер. Ол саяси, орфографиялық, стильдік тұрғыдан сауатты болуы тиіс. Типографиялық техникадан хабары болуы керек. 35 КОРРЕКТУРА – баспаханалық терімнен кейін оттискіде байқалған қателерді жөндеу. 36 КОРРЕСПОНДЕНТ – бұқаралық ақпарат құралдарының жер-жерден хабар жинап беріп тұратын тілші қызметкері. 37 КОПИЯ – түпнұсқаның тура көшірмесі. 38 КУРСИВ–формалық тұрғыдан қолжазба әріптерге ұқсайтын типографиялық қаріп. 39 ЛЕТУЧКА – редакция ұжымының жедел әрі қысқаша өткізетін өндірістік жиналысы. 40 МАКЕТ – арнаулы бланкіге сызықтар арқылы түсірілген газет беттерінің дәл жасалынған жоспары.Сонын үлгісінде шығатын газет беттері дайындалып ,безендіріледі. 41 ОФСЕТ – типографияда жасалынған цинк қаңылтырдағы газет бетінін бейнесі сол күйінде резина пленкасына түсіріледі де, одан соң қағазға басылатын тәсіл. 42 ОЧЕРК – көркем жанрға жатады, публицистикалық сарында жазылады. Негізінен фактіге құрылады,ойдан шығарылмайды. Оқиға,фактілер зерттеліп,баяндалады. Оныңкейіпкерлері өмірде бар адамдар, нақты деректер баяндалады.Көбіне кейіпкерлер бейнесі суреттеліп беріледі. 43 ПАМФЛЕТ – заманға кереғар, қоғамдық- саяси өмірдегі кейбір келеңсіз құбылысты, сондай-ақ әлдебір жеке қайраткерлер туралы әшкерлеу, келемеж мақсатындағы актуальды да, көркем публицистикалық шығарма. 44 ПАРАДОКС - әдеттегі қалыптасқан жағдайдан бөлек, күтпеген тосын пікір, құбылыс. 45 ПЕТИТ – ұсақ типографиялық шрифтің түрі. 46 ПОЛЕМИКА – баспасөзде, жиналыста бір нәрсеніталқылау кезінде болатын айтыстар. 47 ПОЛИГРАФИЯ – баспа өнімдерінің барлық түрін шығаратын өндіріс саласы. 48 ПРЕССА – мерзімді басылымдар, газеттер мен журналдар т.б. 49 ПРИНЦИП – негізгі идеалға сай ауытқымай іс-әрекет көрсету тәртәбі. 50 ПРОБЛЕМА – теориялық және практикалық мақсаттағы шешімін күткен өзектіде, аса қажетті мәселе. 51 ПРОГРЕСС – алға жылжу, қоғамда неғұрлым жақсы жағдайға жету, дамудың жоғары сатысына өту. 52 ПРОПАГАНДА – ілімді, саяси теорияны, көзқарасты, идеяны баспасөзде және ауызша түрде тарату мен түсіндіру, насихаттау. 53 ПУБЛИКАЦИЯ – баспасөзде жалпыға арналып жарияланған хабар, жазылған материал. 54 ПУБЛИЦИСТ – қоғамдық-саяси мәселелер туралы қалам тартып жүрген журналист, қаламгер. 55 ПУБЛИЦИСТИКА – мерзімді басылымдарда саясат пен қоғамдық өмір мәселелерінің жазылып,жариялануы. Журналистика саласының материалдары. 56 ПСЕВДОНИМ – жазушы. журналистердің баспасөзде шын аты-жөнінің орнына ойдан шығарылған бүркеншік есімді пайдалануы. 57 РЕДАКТОР – мерзімді басылымның жетекшісі, редакция коллективінің басшысы. Газет,журналдардың саяси бағытына, идеясы мен мазмұнына, жалпы оқырмандар үшін тартымды шығуына жауап беретін тұлға. Сонымен бірге тиісті мәселелерді шешіп, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуші. 58 РЕКЛАМА – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әлдебір нәрсені кеңінен білгізу мақсатында жарнамалау. 59 РУБРИКА – газет бетіндегі біріктіріліп берілген материалдарға, сондай- ақ жүйелі түрде жарияланып тұратын кезеңдік материалдарға тағылатын ортақ айдар. 60 СТАТЬЯ – мақалада ірі өмір құбылыстары мен фактілері терең анализ жасалып, теориялық және практикалық тұрғыдан жинақталып, қорытылады. 61 ХРОНИКА - әдетте тақырыпсыз берілетін қысқаша хабар түрі. 62 ЦЕНЗУРА – баспасөзде жарияланатын шығармаларға ерекше бақылау жасау. 63 ЭТИКА – адамдардың моральдық адамгершілік қасиеттер жөніндегі нормалар жүйесі. Отанға, қоғамға және өзара қарым – қатынас мәселелерін, міндеттерін айқындайтын болмыс, әдет-ғұрып. 2 ДӘРІСТЕР 1-Дәріс. Журналистің шығармашылық шеберханасы мәселелері Кім болса да журналист болып тумайды. Демек, қандай мамандық иесін алсаңыз да өмірді көре келе, білім – ғылымнан сусындай отырып, тәжірибе жинақтау арқылы қажетті саланы үйренеді, меңгереді. Бұл орайда журналист туралы сөз, ой – пікір тіпті күрделі десек артық айтқандық емес. Себебі аталмыш мамандықтық оңайлықпен қолға түсе бермейтін қыр – сырлары баршылық. Соның ең бастысы әрі бірегейі – оның творчествоға қатыстылығы. Ал творчество қай заманнан - ақ адамзатты ойландырып – толғандырып келген мәселе екендігі белгілі. Творчество ақыл – ойға, ілім – білімге терең бойлағанда ғана пайда болатын құбылыс. Сонымен бірге осынау мамандықтық тағы бір қасиеті – ол табиғи қабілет дарынға, яғни, талантқа байланысты екендігі. Бұл ретте көп сөз айтуға болады, оның теориялық та, практикалық та мәнін ашуға болады. Өйткені осы жолда талай ғалымдар зерттеулер жасаған, ой – пікірлер қорытқан. Сондықтан біз де өз тарапымыздан бұл проблемаға үңіліп, талдаулар жасап, қажетті көзқарас, танымдарға ұмтылыс жасауды жөн көрдік. Ол үшін назар аударатын мәселелер де аз емес. Журналистер де жазушылар секілді творчествомен айналысатын болғандықтан, көп жағдайда бір – біріне ұқсас процестер бастан өтіп жатады. Творчество – шығарма жасау, шығарма туғызу, шығармашылққа байланысты ұғым болса, «творчестволық лаборатория» ұғымы ХІХ ғасырда орыс әдебиеттануында ғылыми айналымға енген термин ретінде қабылданды. Міне, соден бері осы атау өмірде үзбей қолданылып келеді. Онымен қоймай, бұл сөздер журналистика саласында да жиі қолданыла бастады. Мұның өзі, әрине, заңды нәрсе еді, өйткені журналистің де еңбегі туралы осылай айтуға толық мүмкіндік береді. Сондықтан «журналистің творчестволықлабораториясы» деген ұғымдағы сөз тіркестерін қолдануды ғылыми ортада жатсынбай, қайта өмірдің қажеттіліг ретінде өзінен - өзі қалыптасып келеді. Егер қазақ журналистикасының тарихына үңілсек, жалпы публицистиканың дамуына назар аударсақ көп жайды аңғаруға болады. Ал мұның бәрі өздігінен болған нәрсе емес, қайта көптеген тұлғаларымыздың басқа да елдердегі секілді, қазақ журналистикасының негізін салып кеткеніне байланысты. Өткен ғасырдағы Шоқанның «Жоңғария очерктерінен» бастап, Абай мен Ыбырайдың еңбектеріндегі публистикалық сарындар мен элементтер қазақ журналистикасының бастау бұлақтары десе де болады. Одан соң мерзімді басылым ретінде дүниеге келген «Түркістан уалаяты» мен « Дала уалаяты» газеттерінің, «Шолпан», «Сана», «Садақ» журналдарының атқарған рөлі қалай айтуға да тұрарлық. Ал, Мұхамеджан Сералиннің орны тіпті бөлек. ХХ ғасырдың басында қоғамдық өмірге блсене араласқан, журналистикаға да публицистикалық мақалалармен үлес қосқан « ақтаңдақ» аталған тұлғаларымыз Ахмет Байтұрсыновты, М.Дулатовты, М. Жұмабаеты, Ж.Аймауытовты атамай өтпейміз. Тағы бір шоғыр классиктеріміз С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров еңбектері ше? Бұлардың таза әдеби шығармаларымен бірге, толып жатқан публицистикалық материалдары өз кезіндегі журналистиканың құнды дүниелері болғандығына сөз жоқ. Одан беріде М.Әуезовтың, С. Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтың, Ғ.Мұстафиннің ел өмірінен жазған көркем очерктері мен деректі мақалалары, публицистикалық жинақ кітаптары шыққаны аян. Сайып келгенде мұндай классиктеріміз тек қазақ әдебиетін дамытып қана қоймай, қазақ журналистикасын, публицистикасын да параллелді түрде дамытты деп батыл айта аламыз. Ал олардың творчестволық ізденістері, творчестволық еңбек лабораториясы қалай болып еді, публицистикалық еңбектеріндегі әдіс – тәсілдері мен қалдырған мұраларынан не үйренуге болады? Міне, бұл кеңінен қарастыруға болатын нәрсе. Публицистикадағы дәстүр жалғастығы, алдыңғының кейінгіге үлгі – ұлағаты туралы айту студенттерге пайдалы болары түсінікті. Бақылау сұрақтары: 1. Қазақ баспасөзіндегі әлеуметтік мәселелер 2. Журналист-публицист және кәсіби шеберлік Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Амандосов Т. Публицистика-дәуір үні. Алматы,1974 2. Амандосов Т. Журналистика және өмір.. алматы,1967 3. Авраамов Д. Профессиональная этика журналиста. Москва,1991 2-Дәріс. Шығармашылық неден бастау алады? Шығармашылық істердің көбі негізінде мына кезеңдерден тұрады. 1-ші ізденетін іс туралы материалдармен танысып, оны шешу әдістерін табу, яғни даярлық жасау кезеңі. 2-ші даярлықтың үстінде туған идеяларды белгілі бір жүйеге келтіру оны тексеру кезеңі. 3-ші істі жүзеге асыру кезеңі. Шалқар шабыт тың идеяларға жол салып, шығармашылықтың төгіле өрбуіне бастау қалайды. Шабыт та көңіл-күйге, сырттан әсер етер жайларға, ой адамының күйіне байланысты. Шабыт деп – шығармашылық адамының ойының нағыз айқын, оның көңілінің көтеріліп, бір белгілі іске беріліп тұрған күйін айтады. Шабыт шығармашылықтың бастапқы кезеңінде журналистің ой-қиялына қозғау салып, үнемі алға жетелейді. Шабыт кезінде сергектік пен сезімталдық, ой жүйріктігі мен қиял ауқымдылығы қатар қонақтаса, шығармаң ширығып, кейіпкерлерің жанды бейнеге еніп, тіл өзінің шексіз құдіретіне кірігіп, әуелеген асқақ сезімнің жетегіне енесің. Шабыт кернеген кезең, тереңде ой қабаттарында жатқан тың дүниелерге қозғау салып, жаңа бір идеяларға бастау ашады. Шабытты күйде нәтижелі еңбек жасайсың. Айталық тележүргізушінің эфир кезінде шабыт құшағына енетін кезі сирек. Оған жүргізушінің шабытты күйі жеткіліксіз. Ол үшін жүргізушіден бөлек қосымша жұмыс топтарының көңіл-күйі, хабарға қатысушы қонақтардың білімдарлығы, материалдың тартымдылығы мен қызықтылығы, көтеріліп отырған мәселенің ауқымдылығы, режисерлік, операторлық, дыбыс режисері мен жарық берушінің өз істеріне жетіктілігі, материалды терең де жан-жақты білу әсер етеді. Тақырыпты тапқаннан бастап көрерменге ұсынғанша көп қиындықтар мен сан кедергілерге кездесесің. Түсіністік, сыйластық, ұйымдастырушылық жоқ жерде шабыт болмайды. Шығармашылық үстінде қиялдың атқарар қызметі де ерекше. Қиял есіміздегі мәліметтерді қаз қалпында елестетпей, оны өзгертіп жаңа бейнелерге айналдырады. Ақындар мен жазушыларға қиял қаншалықты көмекке келетін болса, журналистерге өте қажетті. Қиял әдеби хабарлардың өзегіне айналмаса, оны саяси, қоғамдық, әлеуметтік мәселелерді көтеретін хабарлар толқынына тоғытуға келе бермейді. Экрандық шығарманы құруда ішкі драмалық шешімнің рөлі ерекше. Сценарийді жазу кезеңінде айтылар ой белгілі бір жүйеге еніп, бір-бірімен қабыса байланысса, шығарма арқауы ширап көрермен көңіл-күйін елітетіндей хабарлар өмірге келеді. Ал, режисер, оператор және дыбыс режисері табылған түр мен мазмұнды бір-біріне орайластыра отырып, тақырыптың характерін ашуға және көрерменнің жан дүниесіне әсер ететіндей жолдарды бірлікте, бірлесе іздейді. Шығарманың даралығы – драматургияның тақырып, идея және композициясынан көрініс табады. Теледидардағы сценарий туралы әңгімені тақырыптан бастау орынды. Себебі, өзекті ойлардың бастау бұлағында тақырып тұрады. «Бәрінен бұрын тақырып пайда болады, - дейді Валентин Катаев, - пайда болады да, жазушыны, азапқа сала бастайды. Тақырып санаға сіңіп, ойға орныққан сайын, адам, зат образдары, болашақ пейзаж жұрнақтары туып, тұтаса береді.» Сценарий авторы мен редактор азапты ізденіске түсе отырып, алдымен хабарының тақырыбын табады. «Егер шығармашылық процестің үш түрлі (материал жинау, жинаған материалды қорыту, қорытылған материалды жазу) кезеңі бар десек, тақырып осынау үш кезеңінің өн бойында тұтас желі тартып жатады. Шын мәнінде, тақырып суреткердің жан дүниесінде теңселе тербеліп, ойлау процесімен қатарласа жүріп, ой-қиялды қамшылап отырады. Бұл үздіксіз процесс. Тақырып – шығармадағы басты ой. Автордың құбылысқа қатынасындағы сансыз ойлары, өзінің хабарларындағы кейіпкерлері немесе ізденісіндегі қажетті жайлары. Автордың өзі көрген, куә болған жайларға кірігуі. Демек, тақырып – идея. Идея ғайыптан пайда болатын зат емес. Оған да ақыл-ойдың тоғысы мен сезімталдық қабілет керек. Бақылау сұрақтары: 1. Журналист-публицист және кәсіби шеберлік 2. Сұрақ жүргізу: әдістері, кезеңдері Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Е.Прохоров.Теория публицистики и искусство фелетона. «ВестникМГУ». Серия «Журналистика» 1996. 2. «Советский фельетон». Москва, 1959. 3. С. Хайдаров. Азамат сыры. Алматы, 1971. 3-Дәріс. Идея – шығарманың негізі Автор идеяның көмегімен өзінің тақырыпқа деген ұнамдылық көзқарасын білдіреді. Материалды зерттеу барысында да идея ойға келуі мүмкін. Шындығында, идея түгелімен авторға, оның ойларына, алымдылығына, сезімталдығы мен өзге де қасиеттеріне түгелдей қатысты. Тақырып идеядан ауқымды. Бір тақырыпқа бірнеше хабарлар арналса да, олардың әрбірінің идеясы бір-бірінен бөлектеу. Болашақ сценарийдің материалы жинақталған шақта оның тақырыбы анықталып, идеясы айқындалып, одан әрі журналистің фактіні, оқиға мен кейіпкерлерді іріктеу процесі басталады. Ол сценарий ішіне ене отырып, сонымен бір мезгілде оның композициялық шешімді іздеуі қатар өрбиді. Осы кезең сценарийді жазу кезіндегі ауыр әрі азапты шақ. Жинақталған материалдарды елеп-екшеп отырып, маңыздыларын іріктеп ала білуге де көрегенділік қажет. Деректі сценарийде әңгіме жанама жайлардан емес, негізгі ойлардан бастау алуы тиіс. Көрермен хабардың өн бойында айтылатын ойларға іштей бірлікте қатыстырылуы шарт. Әрбір эпизод толыға, кеңее отырып, көрерменді хабардағы басты ойға жетелейді. Сценарийде қажетті компоненттер түгел қамтылған кезде ғана тақырып пен идея қиюласа түсіп, орайласа өрбиді. Аристотель коммуникация процесі үш құрамнан: қайнар көз (источник), хабарлау (сообщение) және адресаттан тұратындығын айтқан. Егер сценарийдің өн бойында осылардың біреуі болмаса, коммуникация да болмайды. Демек, журналист – қайнар көз, сценарий – хабарлама, көрермен – адресат. Шындығы, осы үшеуінің тоғыса келіп, теледидар әлеміндегі ой дүниенің ойдан өрнек салып, сөзбен сандалып, жан әлеміңді бұзып өтіп, ақыл-ойға кірігуі. Редакция – тірі организм. Онда ой қозғалысқа түсіп, хабарларды талқылаулар жүріп жатады. Жоспарлар мен проблемалар сараланып, ақыл-ой үстемдік алады. Сонда ғана өнімді жұмыс істеуге, ақпараттар, фактілер, ойлар, идеялар алмасуға мүмкіндік туындайды. Редакцияда шығармашылық мәселесінде редактор мен режиссер арасында әңгіме басталып, ойлар өрбиді. Мыс. Редактор: «Менде пісіп жетілген тамаша идея бар. Фактісі де қызғылықты, оқиғаға қатысушы кейіпкерлер де бар. Мұражайдан да керекті қосымша дүниелер табылып қалар деген сияқты ойларын ортаға салады. Ал , режисер болса аталған фактілерден нелерді екшеп алу қажеттігі және оны қандай жолдармен түсіру керектігі жайында өзінше көзге елестете бастайды. Осыдан кейін идеяның ден қоюға болатындығы айқындалғаннан кейін материалды зерттеуге кіріседі. Аптплық мерзімнен кейін редактор мен режисер өз ойларын редакция басшыларына баяндайды. Бас редактор мән- жайға түпкілікті қанығып, идеяның қажеттілігіне көз жеткен соң, бұған қанша мерзім керек болатындығын сұрайды. Осылайша уақыт мерзімі кесілген соң дайын жұмыс жүргізіледі. Редактор телефон арқылы қажетті адамдармен байланысады, мұражайға барады немесе сапарға шығады. Идеяның маңыздылығы да осы салада ізденіп жазып жүрген қаламгер-сценаристердің қызығушылығын оятады. Идеяның жүзеге асуына белгілі адамдармен, өз ісінің мамандарымен, жауапты қызметкерлермен үзбей кездесу көмектеседі. 4-шіден, газет-журналдарды, әдебиеттерді оқу. 5-шіден тәжірибелі журналистермен сұхбаттасу. 6-дан, фактіні табуға көрермендермен араласу, т.б. Теледидардағы қол-қағым сәттегі таңдай қағушылық, парасаттылық ұзаққа созылмауы мүмкін. Концепцияны жасау үшін шын мәнінде өмірлік тәжірибе мен әлеуметтік ақпаратқа негізделген іргелі білімге сүйену қажет. Алғашқы жоспарларды іске асырмай жатып, келесісін қолға алуға болмайды. Бақылау сұрақтары: 1. Шығармашылық неден бастау алады? 2. Кәсіби этика мәселелері. Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Амандосов Т. Публицистика-дәуір үні. Алматы,1974 2. Амандосов Т. Журналистика және өмір.. алматы,1967 3. Авраамов Д. Профессиональная этика журналиста. Москва,1991 4. З. Шәмші. Сол бір түн... Алматы, 1904. 4-Дәріс. Шығармашылық процесс және ізденіс сырлары Шығармашылық жолы – қиын жол. Мұны әркім де түсінеді. Жас журналист кәсіби тұрғыда мамандану үшін асығыстық жасамай, байыппен, ерінбей-жалықпай шығармашылық тәсілдерін үйренуі тиіс. Бір қарағанда бәрі де жеңіл көрінгенмен, нақты іске кіріскенде әлі де көп нәрсенің жетіспей жатқанын жас маманның өзі де сезінеді. Мысалға ой қалай туады, тақырып қайдан алынады, мәлімет қалай жиналады, кейіпкермен әңгімелесу психологиясы қалай болмақ, ақыр соңында материал жазу процессін орындап шығу жауапкершілігі қандай? Бұған қоса, тіл, стиль, логика бірден уысқа түсе қоя ма ? Ал композициямен сюжет құру, оны үйлестіру қолдан келе ме? Жазған дүниең қызықты шығып, оқырманыңа әсер ете ме, жоқ па?... Бұл жағдайлар ойлап қарағанға, талай сырдың астарын аңғартпақ. Журналистің өмірді тануы, оны көріп – біліп, барлық әсермен қабылдауы өте керек қасиеттердің бірі. Адамдармен қарым –қатынас жасай жүріп, өмірдің таңғажайып сырларына қанығу, оған құмарлана қарау арқылы өзіңнің ой - түйсігіңді , ішкі сезіміңді дамытудың мәні зор. Бұл журналисті байқағыштыққа тәрбиелейді, ойдан – ой туғызуға көмектеседі, рухани әлеміңді кеңітеді, байытады. Маман ретінде басқа жұрттан ерекшелігіңді байқатады. Өзгелер аңғармағанды журналистің аңғаруына қалыптастырады. Журналист демалыс уақытына қарамай – ақ ой үстінде жүруі мүмкін. Яғни, ол жұмыс процессін станокты тоқтатқандай, бірден доғара алмайды. Болашақ жазатын материалын үйде де , түзде де ойластыра жүруінің өзі оған жат емес. Журналистің ойы – практикалық істің өзі емес, бірақ соның қозғаушы факторы болып табылады. Ойдың пісіп жетілуі де біршама уақытты қажет етуі мүмкін. Ал тақырып болса, сол күнделікті өмірден көрген – түйген, оқиға құбылыстардан алған әсер мен информациялық қажеттеліктерден туған нақты практикалық істің басы деуге болады. Тақырыпты тапқаннан кейін материал жазу үшін оған тиісті мәліметтер жинау кезегі келеді. Мәліметтер түрлі- түрлі фактілермен оқиғалар, іс - әрекет көздерінен алынады. Журналист материалды жазбай тұрып, оның идеясын ойлануы тиіс. Сондай-ақ автор қандай позиция ұстайды. Бұл да жазу үстеліне отырмай тұрып ойланатын нәрселер. Осындай қарапайым процестердің әрі қарай жалғасуы кездейсоқтық емес. Материал жазылып біткенге дейінгі әрбір сәттің, мезеттің творчество адамы үшін өзіндік орны бар. Айталық, материал сын тұрғысында жазылу керек пе, әлде ұнамды тұрғыда жазылуы керек пе? Мұның өзі редакция мен журналистің мақсат – мүддесіне әрі көтерілгелі отырған мәселенің де қай бағытта екеніне байланысты. Бұл жерде құбылыс жақсылық туралы ма, жамандық туралы ма?... осы екі типтік жағдайды журналистиканы зерттеуші В.А.Аграновский ерекше бөліп қарайды. Себебі бұл материалды жазудың әдісіне келіп тірелелтін мәселе. Оған қоса журналистің жалпы стратегиялық бағытын айқындап, тактикалық іс - әркетін де белгілейтін жайт. Турасын айтқанда, материалдың қандай характерде жазылатыны – публицистикадағы негізгі принципті анықтайды. Автор жағымды материал жазатын болса, өз объектісін емін – еркін аралап, болып жатқан оқиғаға барынша араласуына, ортақтасуына кедергі жоқ. Бұған керісінше, сын материал жағымсыз объекті туралы мәселе қозғалатын болса, журналистің де мәлімет жинауы жеңілге түспейді, біраз кедергілер мен қиындықтарға тап болуы мүмкін. Дегенмен қалай болғанда да журналистің өзі жазбақ нәрсесін анық көріп – біліп, сезініп жазуы аса қажетті шарт. Бұл оның шығармашылығын, әділдігін, адалдығын білдіретін критерийлер. Ғалымдар енді біртұтас ғарыштық ақпараттық кеңістік немесе ғарыштық ақпарат банкі туралы айта бастады. Ол әлемдегі аса қуатты сәуле таратушы орталыққа айналған, жарықтан да ұшқыр жылдамдыққа ие, біздің арқамыздан тыс әрекет етеді, информацион деп берілген дербес сана түрінде көрініс табатын сәттері де бар. Екінші сөзбен айтқанда, планетада күн сайын пайда болатын, бір жерден екінші жерге беріліп жататын ақпаратты қабылдап алады да өз бетінше қорытып, қайта таратады. Сіз соның сол ақпараты бойынша шешім шығарасыз, болжам жасайсыз, жоспар құрасыз, яғный адамзаттық хабар екеніне ешқандай күмәніңіз болмастан дара әлемге айналған информациялық ағынның еркінде кетесіз. Бақылау сұрақтары: 1. Ақпарат жинау әдістері 2. Ақпараттың шынайылығын анықтау. Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Амандосов Т. Публицистика-дәуір үні. Алматы,1974 2. Амандосов Т. Журналистика және өмір.. алматы,1967 3. Авраамов Д. Профессиональная этика журналиста. Москва,1991 4. Паблик рилейшнз или как успешно управлять общественным мнением. М.,1998. 5. Буари Ф.А. Паблик рилейшнз или стратегия доверия. М., 2001. 5-Дәріс. Жанрларды меңгеру әдісі, идея, желі және мазмұн Бүгінгі қазақ журналистикасының ізденістерін тілге тиек ету -өзекті мәселе. Өйткені қазіргідей қоғамдық өзгерістер тұсында журналистикада жаңа таным, жаңа көзқарастар пайда болды. Енді бұрынғыша ескі стильде жазу немесе хабар ұйымдастыру нышандары мүлдем өзгеше сипатта жүзеге асырылды. Сондықтан жаңаша жазу мен жаңаша ізденудің қажет екендігін өмірдің өзі алға тартып отыр. Осы ретте бүгінгі заманда журналистердің творчестволарына көз салып, бақылау, байқау қажет екені туындайтыны түсінікті. Қазіргі көрнекті белгілі журналистеріміздің творчествосы сондықтан да жан-жақты қарастыруды олардың еңбектеріне талдаулар жасап, жүйелі пікірлер қорытуды тілейді. Бүгінде құрғақ информацияның заманы өткен. Ендігі мәселе журналист материал жазғанда терең сараптамалық талдауларға барып, өзіндік ой-түйіндері болмаса еңбегі бағаланбайды, құны төмендейді. Оқырмандарын тартпайтын, сұрқай материал жазу абырой әпермейтін нәрсе. Бұқаралық ақпарат құралдары да мұндайда көзжұмбайлыққа салынбай, әрбір жазылған материал мен ұйымдастырылған хабарға талап қоюы тиіс. Онсыз газет – журнал мен радио, телевидениенің өзі де оқырман, көрермендері алдында беделіне нұқсаг келтіруі мүмкін. Журналистикадағы замана тынысы, тиімді әдіс – тәсілдер, адамзат күткен рухани мәселелер шеберлік пен тәжірибені, тер төккен маңызды еңбекті қажет етеді. Сонымен бірге, халықаралық журналистиканың да осы заманғы даму деңгейіне көтерілу – журналистік творчествоның өзекті міндеті болып саналады. Әрине, мұндай жайлардың бәрі оп – оңай атқарылатын іс емес. Ол үшін студент – жас журналист алда тұрған сан түрлі проблемаларды бастан өткеруі керек. Олардың кейбір белгілеріне көз жіберіп көрейік. Шығармашылық дегеніміз не? Оның теориялық мәні қандай? Алғшқы авторлық талпыныстар туралы сөз. Жеке шығармашылық еңбек. Жазудың қыр – сырлары. Қиындығы мен қызығы. Шабыт пен талант жайында. Ізденістер қалай туады? Психология мен интуиция туралы. Жазу өнері. Шығармашылықтың қадір – қасиетін ұғыну. Шығармашылық туралы қазақ және орыс ғалымдарының еңбектері. Жанрларды меңгеру жолдары. Жанр характерін сезіну. Осы орайдағы ізденіс сипаттары. Әркімнің өзіндік әдістері. Идея қалай туады? Материалдың өзегі болуы немесе желісі туралы. Айталық басты ойлар хақында. Қажетті мән – мазмұнға жету үшін не істеу керек? Өмір, адам, шындық. Форма мен мазмұнның бірлігі. Шығарма жазудағы қажетті көркемдік құралдар. Публицистикадағы баяндау ерекшеліктері. Автор сөзі, кейіпкер сөзі. Табиғат суреттерін бейнелеу. Материал жазатын объектіні оқырманға елестете білу. Еігнжай, өндіріс, мал өрісі т.б. Суреттеп жаза білу жөнінде. Тіл қолданыстары. Сөз бояулары. Дәлдік, нақтылық және қарапайымдылық. Ұғымды түсінікті бере білу. Көркемдікті дамыту эволюциясы. Стиль туралы түсінік. Оның ерекшеліктері. Қолтаңбаның туып, қалыптасуы. Бақылау сұрақтары: 1. Мәлімет жинау, жазу және өңдеу 2. Шығарма жазудағы қажетті көркемдік құралдар Ұсынылатын әдебиеттер: 1.Жұмалиев Қ. Стиль–өнер еркшелігі–алматы Жазушы,1966. 2. Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. – Алматы: Ғылым,1971 3. Бектемісов Ә., Ыдырысов Ә. Редактор мен корректорға көмекші құрал. – Алматы: Мектеп, 1978 4. Сикорский Н.М. Теория и практика редактирования.–М.,1980 Қосымша: 1. Зильберт Б.А. Тексты массовой информации.– Саратов,1991 2. Лаврентьева Е.В., Накорякова К.М. Электронная журналистика: Редакционная обработка журналистских материалов.–М.,1989 6-Дәріс. Ой қалай туындайды, тақырып қайдан алынады? Сөз жоқ, бұл журналистік шеберлік мәселелерінің басты негіздерінің бірі. Ой тақырыптың тууына себепші болады. Ой – шарықтау шегі болса, тақырып – материал жинақтау мен оны қорытып жазудың айқындалған әдісі. Ойдың өрбуінің қайнар көзі, біріншіден, журналистің өмірлік тәжірибесі, жан-жақтылығы, білімділігі. Осының бәрі бір жүйеге жинақтала келе, ой процесінде өзінің тұщымды пікірлерін қалдырады. Ойдың өрбуі өз кезегінде тақырыптың тууына түрткі болады. Екінші, қайнар көз – ақиқат деректің өзі. Ол ойдың өрбуіне дүмпу береді. Солай етіп, телередактор өз бойындағы бар білімге, дерекке сүйене отырып, тақырыптағы ойларды қорытады. Шындығында, екі қайнар көз де бір-біріментығыз, етене байланысты. Тосын, тың оқиғалар бір-бірімен тарамдала, тармақтанып өрбіп жатса, оның көрермендерді бей-жай қалдырмасы анық. Теледидар бетіндегі хабарлардың ой-дүниеңе қозғау салмай, шөліңді қандырмай жатуы да не тілінде, не көтерген мәселесінде ізденіс пен жылт еткен жаңалықтың жоқтығы. Осының бәрі де ізденістен-іркілістің, жаңалықтан-еліктеудің үстемдік алып, теледидардағы өткір публийистикалық хабарлардың жай хабарлар тасқынына айналғандығында. Ойшылдың тылсынына енген суреткер, өз жан дүниесіне қонақтаған сезім сырларын ширата отырып, жан дүниесінде қорытып, көрермен жүрегін селт еткізер тосын ойлармен көмкере, ой елегінде екшейді. Парасат пен ойщылдың астаса келіп, шебер қиюласса, сөзбен сурет салынып, көз алдыңда жанды бейне елестейді. Сезім түйсігінен туындаған сол нәзік бейнеге жан бітіріп, экранда тұлғалы кейіпкерді сұлулық әлеміне ендіру де қол шеберлік. Теледидардағы редакторларға тән ортақ кемшілік – уақыт өзегіне сай ортақ жайлардың алтын қазығын таба алмай, өз замандастарының жан дүниесінің терең түпкіріндегі сәулелі сезімдеріне ене де, ере де білмеушіліктері. Көзге елеусіздеу көрінген қарапайым құбылыстардың өзінен де жаңалық іздеп, оны таба білу де сезімталдық пен сергектікке, қиялдағыны шалар қырағылыққа байланысты. Редактор түйсігіндегі бейне режисер не оператордың сезім дүниесіне кіріге астасып, шиырлана шымырланып, олармен қатар өрілмеді дегенше «инемен құдық қазғандай» азапты еңбегің де еш болмақ. Автор жарыса жамырлаған ойлар тізбегінің өн бойынан ең қажеттісі мен керектісін іріктей отырып, оны бірнеше суреткердің таным дүниесіне ендіре, олардың ақыл көрігінде суарып, көрерменге жұп жұмыр сырлы дүние ұсынады. Автор – редактордың ойы сценарийді жазу барысында сезімтал, сергек болуф керек. Өмірде, ғылымда, әлеуметтік ортада туған жаңа ұғымдарды, құбылыстарды редактор дереу сезімталдықпен көріп, түсініп, ұғынып, қол- қағымда ойға сіңіріп, ой көрігінде қорытып, көрермендерге ұсынуы шарт. Ғылым мен техниканың қарқынды дамыған заманында редактор жаңаны деркезінде сөзіп, қабылдай алмаса, ол өмір ағымынан шетте қалады. Іргелі ғалымдардың өзіндегі тұжырым қағидалар 10-15 жылда өзгеріп, жаңарып отырады екен. Соған ілесе білу үшін журналистке сезімтал да сергек, тегеурінді де терең ой қажет. Бақылау сұрақтары: 1. Даулы оқиға төңірегіндегі ақпараттардың берілу түрлері. 2. Диалогтың түрлері. Ұсынылатын әдебиеттер: 1. Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. Алматы, 1976. 2. Амандосов Т. Қазақ Совет баспасөзінің жанрлары. Алматы, 1968. 3.Газет жанрлары. (жалпы редакциясын басқарған Т. Амандосов). Алматы, 1964. 7-Дәріс. Публицистикадағы баяндау, суреттеу мәнері мен тіл, стиль Публицистикадағы сюжет пен композиция болса, шығарманы жазуда, оны орындау үстінде әдіс – тәсілдерге бастайтын көркемдік – поэтикалық құралдар екені белгілі. Публицистикадағы сюжет жинақы икемді болып келеді. Мұнда шұбалаңқылыққа жол жоқ , онда материал әлсіз шығып, оқушысын тұшынтпайды. Экспозиция, байланыс, даму, шарықтау шегі мен шешім неғұрлым тығыз бірлікте болады.Сонда ғана журналист шығармасы оқырман үшін әсерліде, қызықты болады. Мұны айтқанда творчествоның енді бір құндылығын арттыратын жайт – тіл мен стильге соқпай өтуге болмайды. Тілдік элементтер, стильдік тапқырлықтар материалдың жанды әсерін күшейтетін құралдар қатарына жатады. Сонымен бірге қандай да бір творчестволық шығарманың мән –мазмұнына әр беріп, бояуын көркейтетін алғы шарттар. Бұлардың өзі айналып келгенде матеиал жазу процесінде үлкен рөл атқарып, журналист творчествосының дұрыс орындалуын қамтатамсыз етпек. Жақсы шығарманың дүниеге келуі осындай заңдылықтарды тиісінше қолдануға байланысты. Публицистика жанрларындағы баяндау, суреттеу, монолог пен диалогты қиыстырып қолдану да творчествоның шұрайлы шығуына жеткізетін жолдар. Осыларды қолдану мен пайдалану нәтижесінде өзіндік қолтаңба, өзіндік мәнер-сипаты келіп шығады. Авторлық қолтаңбаға жету жолында өзіндік әдіс –тәсілдер көрінуі шарт. Онсыз творчестволық ерекшелік айқындалмайды, жазған материал әдеттегі көпшілік стандартта орындалып, трфаретке, схематизмге ұрынады. Мұның өзі творчествоның олқылық, кемшілігі болып шығатыны түсінікті. Түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану арқылы журналист тәжірибе жинаақтап шеберлікке ұмтылуы тиіс. Ал шеберлікте шек болмайды. Творчествоның уақыты өте –келе жаңа қырлары ашылатыны сөзсіз. Осы орайда творчестволық шабыттың орны ерекше. Шабыт – творчество адамының күш –қуатын арттырып, сенімін күшейтіп, қанаттандыратын, жоғары пафосқа жетелеп, рух беретін ғажайып құбылыс. Шынындада осы жақсы шығарманың өмірге келуіне әсер етеін тылсым бір қозғаушы күш екеніне сөз жоқ. Шабыт бар жерде журналист қиялы да өрістей түседі. Творчествоға, публицистикаға деректілік қажет болумен бірге, қиял да қажет. Бірақ ол шындықтан, ақиқаттан ауытқымауы лазым. Журналист қиялы өмір шындығына негізделсе құба – құп! Өмірдің, мәселенің мән – маңызын ашуы – журналистің басты парызы. Әрі бұл оның кәсіби маманы ғана емес, адамгершілік қасиетін ашатын жайт. Журналист ең алдымен азамат бола білуі керек.Қолжазбаның тілі мен стилі туралы түсініктеме. «Стиль» этнонимінің түп-төркіні, оның жалпы сипаттамасы. БүгінгіБАҚ материалдары тіліне қойылатын талаптар: дәл де нақтылық, мейілінше қысқалақ, айқындылық, образдылық, кең мағыналылық, құндылық, көркемділік, т.б. Тіл ғылымының лексикалық, фразеологиялық, емлелік және стилистикалық салаларының нормалары және редакциялау кезінде оларға мән беру қажеттігі.Редактордың автор стиліне арақатынасы. Шығарманың жанры мен тақырыбына байланысты тілдік бөліктердің ерекшеліктері мен дұрыс қолдану жолдары. Журналистік туындыға қойылатын талаптар: маңызды проблема, тілдік, стильдік нормалар, құрылым, дизайн. Ой анықтығы, мазмұн дәлдігі. Дерек және публицистика. Демократиялық таңдау бірнешепринциптерден құралады. Өзінің ұстанған нормалары кен көлемдегі қоғамдық қызығушылықтардың бағалы және жасаушы механизмін тудырады. Мәтінді лексикалық жағынан өңдеу. Терминдер мен кәсіби сөздерді, ауыз екі сөйлеуге тән ұғымдарды, фразеологиялық тіркестерді дұрыс қолдану қағидалары.Шетелдік сөздерді, диалектілерді, сәтсіз, неолегизмдерді оңды –солды пайдаланудың тілімізге зияны. Сонымен бірге көп сөзділікке, жалпақ шешейлікке жол беретін тілдік қолданысқа шеек қоюдың қажеттілігі. Бақылау сұрақтары: 1. Публицистикалық болжам 2. Тілдік коммуникация Ұсынылатын әдебиеттер: Амандосов Т. Публицистика-дәуір үні. Алматы,1974 2. Амандосов Т. Журналистика және өмір.. алматы,1967 3. Авраамов Д. Профессиональная этика журналиста. Москва,1991 4. Т. Қожакеев. Дәуір және сатира. Алматы, 1976. 5. Тәжірибе және талап. Алматы, 1972. 6. Журналист және өмір. «құрастырған Т. Амандосов). Алматы, 1967. 8-Дәріс. Журналист мәтініндегі бейне «Бейне құралдары арқылы зерттеу» /газеттік ақпараттың метафорлығы /. Журнатистика тарихы мен қазіргі бұқаралық ақпарат құратдарындағы метафораның орны мен рөлі . Образ полемикада фактіні дәлелдеу құралы ретінде . Образды оқырман санасына жеткізу мүмкіндігі . Образ-ассоциация және образ-псевдоним . Нақты факті мен ассоциация – тақырыбының қатар дамуы . Образдық монтаж , оның ерекшеліктері. ,, Факті арқылы тұлғаны тану ,,. Психологиялық образдың шеберлігі. Халықаралық ақпараттардағы конфликт және полемика Өмірлік үрдістерді «түзетдің» орнына шиеленістерді көрсету,оның негізгі кезеңдері: шиеленістердің маңыздылығы мен сипатын растау, оның дереккөзін іздеу, байланысты жандандыру т.б. дау туғызған мәселе төңірегіндегі байланысты кеңейту, шиеленіс арқылы болған оқиғаға жаңа көқараста авторлық пікірге жол табу. Шығармашылық дарындылықтың белгісі ретінде өзіндік ойлау қабілеті; қолда бар байланысты ғана пайдаланып қоймай, сонымен қоса,бір шиеленістен басқасына ауыса білу. Өткірлік журналист мітінінің ықпал етудегі шарт ретінде. Ақпарат алу мен журналистің оны жазумен байланысты даулы жағдай. Даулы оқиға төңірегіндегі ақпараттардың берілу түрлері. Шиеленімті ерекше көрсету үшін драматизмді, хабарлауды пайдалану әдістері. Дау-жанжалға авторлық сараптама жасауда кездесетін қисындық дағдарыстар. Дау-жанжалды күшейту үшін автор қолданған түсініксіз серіктес немесе «қарсылас» рөлі. Авторлық сараптау қисынына бағынатын фактілер мен кейіпкерлердің үйлесімсіздігі. Дау-жанжал шиеленістің объективті бейнесі және шеберлік санаты ретінде. Публицистикалық диалог пен полемика өнері; дауысқа салғанда дискуссиялық, екі ұшты ақпарат. Аудториядағы полнмика (қалыптасқан пікірмен). Диалогтың түрлері. Полнмикалық шегіністердің тікелей және жанама түрлері. Қарсыластың пікірін жоққа шығару және осы кезде жіберілетін қателіктер. Полемиканы жүргізудің жалпы принциптері. «Қарама- қарсы пікірді» дәлелдеу әдісі және оның полнмиканың әр түрлі варианттарында көрініс табуы. Пайдаланған әдебиеттер: 1. Д.Баялиева Қазіргі қазақ баспасөзінің тілі мен стилі. Қарағанды, 2000 Семинар сұрақтары: 1. Қазіргі ақпарат құралдарындағы метафораның орны мен рөлі 2. Электронды БАҚ-ның тілдік ерекшеліктері 9-Дәріс. Журналистика мен публицистиканың өзгешеліктері Әр түрлі ғылым салаларының өзіне тән негізгі ұғымдары болады. Мәселен, әдебиет теориясында – «образ», экономикалық теорияда – «тауар», психологияда – «жан», зоологияда – «жануар», ботаникада – «өсімдік», астрономияда – «жұлдыз», т. б. негізгі ұғымдардың алатын орны орасан зор. Журналистика теориясындағы сондай негізгі ұғым «бұқаралық ақпарат ұғымы». «Informatio» - латын сөзі, қазақша мағынасы – «мағлұмат беру; мазмұндау, хабарлау» болып келеді. Шын мәнінде журналистиканың әлеуметтік қызметтің ерекше саласы ретіндегі мәні бұқаралық ақпаратты жинақтауымен, өңдеуімен, дайындауымен және таратуымен айқындалады. Журналистиканың негізгі күші – оның ақпаратты иемденетіндігінде. Ақпарат журналистика мен аудитория арасындағы дәнекерлік рөлді де атқарады. Сондай-ақ журналистика жүйесінің алдындағы сан-салалы міндеттер шешуге қолданылатын қуатты құрал да – осы ақпарат. Ал, оның қоғамдық пікір қалыптастырудағы маңызы өз алдына бөлек әңгіме. Радио мен теледидардың, газет-журналдардың тарататын ақпарат, мағлұматтары бұқараға, қалың көпшілікке арналады. Журналистиканың «БАҚ» деп аталуының себебі де содан шығады. БА журналистер мен оқырманды, көрерменді, тыңдаушыны байланыстыратын алтын көпір іспеттес. Ақпаратқа деген қажеттілік адамзатпен бірге туып, бірге жасасып келеді. Қоғамдық дамудың әр түрлі сатысында хабар таратудың әдісі мен тәсілдері, құралы әртүрлі болады. Алаңға кемесі биік мінбеге шығып, халықтың алдында патшаның әмірін оқыған жаршылар, көрші мемлекеттерге көш түзеген елшілер мен жорық жайлы, қорғаныс, біріккен шабуыл жоспарының мән- жайын жеткізген жаушылар, жартастарға қашалып жазылған жазулар, үңгірлер қабырғасындағы суреттер мен белгілер, қазақ ішіндегі «ұзынқұлақ», т.б. бәрі- бәрі ақпаратты жаһанға жария етудің қарапайым жолдары, өмірдің өзі тудырған көріністері еді. Көне түркілерден қалған, «Қашық жердің хабарын керуен келтірер» деген мәтелдің өзегінде де ақпарат таратудың қарабайыр түрі көрініс береді. Уақыт өте келе, қоғам өмірінде тың өзгерістер бола бастады. Ақпарат таратудың жаңа түрлері дүние есігін қақты. Адамзат өркениеті түрлі техникалық жетістіктер жемісін пайдалана отырып, хабар жеткізудің озық тәсілдеріне қол жеткізді. Дамыған, алдыңғы елдердің тәжірибесіне енген жаңалықтар ХІХ ғасырдың аяғы, ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ сахарасына жетті. Қазақ журналистикасының қалыптасып, дамуына іс жүзінде де, сөз жүйесімен де үлкен үлес қосқан тұлға Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газетінің 1913 жылғы шыққан алғашқы нөмірінде: «Әуелі газета – халықтың көзі, құлағы, һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, газета сондай керек. Газетасы жоқ жұрт, басқа жұрттың қасында көзі жоқ соқыр, құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау секілді. Дүниеде не болып жатқанын көру, есту жоқ, өз пікірін айту жоқ» /1, - деп ашына жазыпты. Сондағы Ахаң айиқан ой – ақпаратты иемденген жұртшылық қана білімді, парасатты, көзі ашық, білікті бола алмақ. Кезінде қоғамдық қызметі теріс бағаланған, елі үшін еркіндікті аңсаған, ұлтжанды ойшыл қаламгер Ғұмар Қараш болса, ақпараттың бұқараға қажеттігін былайша түсіндіреді: «Мәдениеті, салты озық елдерге ақыл иесі адамдардың бір ауыз сөзі газет арқылы екі-үш күнде елінің басынан аяғына оқылып, тыңдалып қалады. Пайдалы істі ынтымақпен істей қойысады. Залалды істің зардабын күн ілгері біліп, сақтанысады. Бізде олай емес, елдің бір шетінде бүліншілік болып, жау орнап жатса, екінші шетінің одан хабары жоқ, ойын-күлкімен болады. Қайғыны, шаттықты бірге көрмеген соң бізде ынтымақ жоқ, ынтымақ болмаған соң күш-қуат жоқ.» Мұның өзі қазақ зиялыларының халық ішіне ақпаратты жедел, дер кезінде жеткізудің маңыздылығына мән бергендігінің өзінде публицистикаға деген зор қажеттілік көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының «БАҚ туралы Заңындағы» «Жалпы ережелер деп аталатын 1-тарауда біз сөз етіп отырған мәселе жайлы мынадай түсінік бар: «Бұқаралық ақпарат – тұлғалардың шектеусіз аумағына арналған баспа, аудиовизуальды және басқадай хабарламалар мен материалдар». /3. Яғни, «БА» ұғымын журналистік қызметтің негізгі жемісі деп қарауға болады. «Бұқаралық ақпарат» ұғымының мағынасын былайша таратып айтқанымыз жөн: 1.Ақпарат бұқараға бағытталады. (яғни қоғамға, халыққа, аймаққа, кәсіп иелеріне, т.б.) 2.Ақпарат қоғамдық өмірдің әр түрлі саласындағы көпшілікке қажетті олардың ойларындағы көкейкесті мәселелерге сәйкес келетін ақпарат болуы керек. 3.Жалпыадамзаттық биік мұраттарға ұмтылдыратын мәселелер бойынша жұртшылықтың біртұтас көзқарасын қалыптастыру қажет. 4.Бұқаралық ақпаратқа қол жеткізуіне тиімді жағдай жасалуы (яғни тегін немесе аз ғана төлемақыға ақпарат тарату, жаңалықтарды жеткізудің қарапайым түрлерін пайдалану). 5.Аудиторияның бір мезгілде ақпарат алуын қамтамасыз ету мүмкіндігі. Яғни ақпаратты үздіксіз, тұрақты және мерзімді түрде жеткізу. Теледидар мен радиода тұрақты уақытта хабарлар беріп отыру, ал газетте айдарлар мен циклдардың, беттердің реттілігін қадағалау. 6.Бұқаралық ақпарат құралдарына барлық қатысқысы келген азаматтарға ашық мүмкіндік беру. Журналистік ақпарат – адамзат қалыптастырған жалпы ақпараттың құрамдас бір бөлігі болып саналады. Журналистикадағы ақпарат ұғымының басты екі мағынасы бар. Ақпараттың кең мағынасы – журналистика аудиторияға жеткізетін барлық мәліметтердің жиынтығы. Яғни көпшіліктің дүниетаным шеңберін ұлғайтатын хабарлар мен жарияланымдардың бәрі де журналистік ақпарат болып табылады. Мақалалар мен очерктер, телефильмдер мен сазды хабарлар, радиоспектакльдер мен бейнеклиптер, жарнамалар мен телекөпірлер, баспасөз конференциялары мен боифингтер, сөз жұмбақтар мен хабарландырулар т.б. БАҚ жүйесінде қолданылатын материалдардың кең спектрі түгел қамтылады. Журналистикадағы ақпарат тар мағынасында үш түрлі ұғымды білдіреді: а) бұл – ішкі және сыртқы, халықаралық жаңалықтардың жиынтығы; ә) публицистиканың ақпараттық жанрлары: заметка, есеп, репортаж, сұхбат; б) ең шағын жанр заметканы кейде хабар, ақпар деп атаймыз. Жалпы журналистикадағы ақпаратты мән-маңызына қарай бірнеше түрге бөліп қарастыруға болады. Олар: а) оқиғалы ақпарат ә) көркем ақпарат б) публицистикалық ақпарат в) анықтамалық ақпарат г) жарнамалық ақпарат ғ) көңіл көтеретін ақпарат д) түсініктемелі ақпарат е) түсініктемесіз ақпарат Журналистиканың ақпараттық қызметі «Журналист – Текст – Аудитория» тізбегімен айқындалады. Журналист өмірдегі көрініс, құбылыс, оқиғаларды ой елегінен өткізе отырып, материал жазады. Сол материал қағаз бетіне түсіп немесе эфир арқылы аудиторияға жетеді. Аудитория – тыңдаушы, көрермен, оқырман. Бұл қарапайым формула (Ж-Т-А) ақпарат теориясындағы тіке байланыс және кері байланыс ұғымдарынан туындап отыр. Оны кез келген газет, радио, теледидар тәжірибесінен мысалға келтіріп көрсетуге болады. 1948 жылы Шеннон Ақпараттық материалдық теориясын жасады. Оны Виннер басқару теориясымен ұштастырған. Кейбір теоретиктердің айтуынша: «Ақпарат дегеніміз хабардың ғана сипаты емес, хабар мен оны тұтынушының арасындағы қарым-қатынас сипаты. Өйткені тұтынушыға жеткен соң ғана хабар ақпаратты бөліп шығарады». Шындығында да текстің өзі тауар дейтін болсақ, журналист ақыл-ойының жемісі тұтынушыға жеткенде ғана оның ақпараттық сипаты айқындалады. Журналистикадағы бұқаралық-ақпараттық процесс негізгі үш сатыдан тұрады: 1. Болмыстың бейнеленуі, өмірдегі оқиға, құбылыстың кескінделуі. 2. Шығарма тексінің жазылуы. 3. Аудиторияның тексті меңгеруі. Осыдан келіп шығатын журналистік текстің үш қырын сипаттауға болады: 1.Текстің семантикасы «семантика – грек сөзі semantiros – «маңызды», «көрсететін» деген мағынаны білдіреді.) Бұл оның болмыспен қарым- қатынасының сипатын білдіреді. 2.Текстің синтактикасы. (синтактика – грек сөзі «sintartiros» - «құрылған» деген ұғымды білдіреді.)Бұл текстің ішкі құрылымының сипаты. 3.Текстің прагматикасы. (прагматика – грек сөзі «pragma» - «пайда, іс» деген ұғымды білдіреді.) Бұл текстің аудиториямен қатынасының сипаты. Әрбір журналист тексті дайындағанда мынадай шарттарды ескергені абзал: а) Ақпаратта хабарланатын жайттар тың да, тосын болуы қажет. ә) Хабардың аудиторияға түсініктілігі, көпшілікке жетімді болуы. б) Ақпараттың құндылығы, маңыздылығы ескерілуі керек. Бұқаралық ақпарат құралдары болмысты неғұрлым тұтас күйінде көрсетуге және дәл, әр қырынан бейнелеуге тырысады. Сондықтан да журналист шығармаларындағы ақпарат та мән-маңызына, қамтылған тақырыбына қарай төрт топқа бөлінеді. Бірінші – дескрипті (descriptio – латын сөзі «баяндау, бейнелеу») баяндаушы ақпарат. Мұнда негізінен нақты деректерге сүйене отырып баяндау тәсілі қолданылады. Екінші – прескриптивті ( preskriptio – латын сөзі «алдын-ала көре білу») көзқарастық ақпарат. Мұнда белгілі бір жайт туралы журналист көзқарасы, болжамы қоса беріледі. Үшінші – валюативті (лат. Valeo. Итальян. Valuta – «баға, құн») бағалаушы ақпарат. Мұнда тексте журналистің белгілі бір жайтқа берген бағасы байқалады немесе деректерді беру әдісінен-ақ бағалаушылық білдіріледі. Төртінші – нормативті (лат. Norma) іскерлік ақпарат. Яғни тексте «Не істеу керек?» деген сұраққа жауап беріледі. Жалған ақпарат таратушылық та кейбір газет-журнал беттерінде, радио, телехабарларда кездеседі. Оны «дезинформация» деп те атап жүр. Дезинформация – информация жоқ деген сөз емес, дезинформация, жалған ақпар тарату-ақпараттың ерекше бір түрі болып табылады. Мұндай жалған ақпар тарату-аудиторияны шатастыруды, өмірде болмаған жайттарды, бурмаланған мақсаттар мен құндылықтарды көрсетуге бастайды. Қазақстан Республикасының «БАҚ Заңның» 26-бабында көрсетілгендей мәліметтерді таратқаны (дезинформация) үшін еліміздің заң актілерінен жауапқа тартылады. Пайдаланған әдебиеттер: Газет материалдары бойынша Семинар сұрақтары: 1. Журналист мәтініндегі бейне 2. Журналист өз заманының жаршысы 10-Дәріс. Ақпаратқа тақырап қоюдағы шеберлік Тақырыпты дұрыс таңдау – журналистің тиімді еңбегі. Алғашқы және екінші ақпарат көздері. Журналистің тақырыпты жан-жақты меңгеруі. Тақырыптың өзектілігі. Тақырып таңдау-ақпарат жинау-деректерді тексеру- талдау-жазу-өңдеу-көркемдеу. Проблема және оның шешілу жолдары. Журналистің қоғамдық ролі. Қысқалық, өткірлік. Мақала қоғамдық – әлеуметтік құбылыстар мен оқиғаларды зерттеп – талдаудаң, жинақтаудаң нәтижесінде жазылады. Сондықтан да мақаланың негізгі жемісі – идея. Белгілі бір идеяның, әлеуметтік ой – пікірдің негізінде жазылған мақала сол идея мен ой – пікірді насихаттайды, немесе соны іске асыруға үндейді. Баспасөздің күнделікті ісінде атқарған ролі ерекше және бұл жанр оқырман алдына күрделі міндеттер қояды. Журналист қажетті мәліметті қалай жинайды? Объектіні таба білу. Байқаулар. Актуальды тақырып дегеніміз не? Материал жинаудағы кейбір қиындықтар. Редакцияға, халыққа керекті құбылыстарды, проблемаларды іздеу. Қойын дәптер және басқа да журналистке керекті техникалық құралдар пайдасы. Материалды жазу процесі. Дайындық. Фактілер мен ойды жүйелеу. Редакция немесе үйдегі жазу үстіндегі еңбек. Ойды жинақтау, талдау, қорыту арқылы қағазға түсіру. Материалды өңдеу мен жөдеудің шарттары мен түрлері. Пайдаланған әдебиеттер: 1.Барманкулов М.К Журналистика для всех. Алматы,1979 2.Барманкулов М.К Телевидение: деньги или власть. Алматы,1997 3.Воршилов В. Право и этика СМИ. Москва,1985 4.Горохов В. Основы журналистского мастерства. Москва,1993 Семинар сұрақтары: 1. Қазіргі кездегі басылымдардағы тақырыптардың негізгі типтері 2. Мәтін түрлері 11-Дәріс. Ақпараттардағы публицистикалық «мен» Бүгінгі күнде халықтың өзі де белсенді өмір кешуде. Неге десеңіз заман, қоғамның жылжуы осындай кезеңге әкеліп отыр. Ендеше журналистің де жайбырақат күй кешуіне, жайбасарлыққа салынуына құқы жоқ. Күнделікті өмірде адамдар телевизор көріп, радио тыңдап, газет – журналдар оқып, қарбалас – қаракеті мол сәттерді бастан өткеруде. Осы себептен БАҚ – ның қай түрі болсын өз жұмысында әдеттегіден үнемді де сапалы іс танытуына тура келеді. Ал оның жұмысы ойдағыдай аьқарылуы үшін жекелеген журналистердің тынымсыз еңбегі қажет екендігі айтпаса да түсінікті. Журналист еңбегі - өзіндік жеке еңбектен тұрумен бірге, керегінше ұжымдық ортақ еңбекке айналып жатса абырой да жоғырылай түспек. Мұны айтқанда әрбір істі ғылыми түрде ұйымдастырып, оның методикалық әдістерін дұрыс таба білу де үлкен өнер. Сонда ғана журналист еңбегінің, творчествосының маңызы артатыны мәлім. Материал жазуда, хабар ұйымдастыруда журналистің кәсіби тәсілдерінің орны бөлек. Содан келіп шеберлікке деген жол басталмақ. Жірналистің творчестволық табиғатының өзі осыны меңзейді. Маманның өзі жде творчестволық тұлға ретінде эволюциялық өрлеу сатыларынан өтуі лазым. Бұл жол оның еңбегінің сапасын көтеруде, биік деңгейге жетуіне, табысты да, жемісті болуына көмектеседі. Пайдаланған әдебиеттер: 1.Барманкулов М. Весь мир у вас в квартире. Алматы,1972. 2. Молдабеков А. Хабардың бес белгісі. Алматы, 2000. 3. Турсынов К. Көгілдір экран құпиясы. Алматы,1999. Қосымша. 4. Барманкулов М. Телевидение; деньги или власть. Алматы, 5. Козыбаев С. Аудитория – весь Казахстан. Алматы, 1984 . 6. Омашев Н. Толқындағы тотияйын. Алматы, 1986. 7. Куштуев А.Телевидение по проводом. //Наука и жизнь.1989. 8. Казахстан – страницы радиолетописи. Алматы, 1981. 9. Қозыбаев С. Рамазанова А. Аллаберген Қ. Әлем баспасөзінің тарихынан. Алматы,1999. 10. Вачнадзе Г. Всемирное телевидение. Тбилиси. 1989 . Семинар сұрақтары: 1. Авторлық пікір білдірудің нысандары 2. Жанрдың түрлері, оның жаңа формалары 12-Дәріс. Журналистік шеберлік пен тәжірибе БАҚ – тың түрлеріне орай творчество да өзінше қалыптасып отырады. Журналист газет, радио, телевидениеге қай жағынан алғанда да материалды бірдей етіп дайындай алмайды, олай етудің қажеті де жоқ. Бұл ретте оның әрқайсының ерекшеліктері мен өзгешеліктерін ескеру бұлжымас шарт. Мысалы бір ғана очерк жанрын алайық. Осы очеркті газетке жазғанда басқаша, радиода басқаша, телевидениеде басқаша қалыпта беруге тура келеді. Өйткені мұның әрқайсысының өзінің табиғатын, сипатын аңғару қажет. Газет очеркінде әбеби – көркем сөз нормаларын сақтаудың әдіс – тәсілі бөлек болса, радио, телевидениеде бұл жай техникалық құралдарды пайдалануға байланысты басқаша қырынан келуі мүмкін. Баспасөзде оқиға, факті сөзбен суреттеліп, оқырманның оқуына негізделсе, радиода тыңдаушы мүмкіндігі ескеріледі. Себебі, радионың материалын газеттегідей әркім өзі қолына ұстап оқымайтыны түсінікті. Радио хабары көру, оқу арқылы емес, тыңдау арқылы қабылданады. Оның материалдары диктофонға жазылып, не диктордың оқуымен ғана беріледі. Онда кейіпкердің өз сөзі, дауысы жанды түрде жазылып алынса, газетте кейіпкер сөзін автор диалог, монолог арқылы прозаға түсіреді. Ал телевидениенің бұл екеуінен де айырмашылығы бары белгілі. Теле хабарлар адамның көру қабілетіне негізделеді. Экрандағы бейнекөріністердің берілуінің өзіндік әсері бар. Мұндай көріністерді газет баяндау, бейнелеу арқылы сөзбен жеткізсе, телевидение ондай сөздерді баяндап жатпай – ақ киносуреттерді көрсетудің өзі жетіп тұр. Жас журналистер мұны үнемі ескере жүрулері керек. Бүгінде журналистика ел шеңберінде қала алмайтындығы. Оның аясы кеңейіп, халықаралық дәрежеде жұмыс істейтіні туралы. Тәуелсіз Қазақстан енді жер жүзілік өркениетке қосылу үшін шетелдер мен журналистика салаларында да жан – жақты байланыстар орнатып жатқандығы. Осы ретте журналистік творчествода дамыған елдер журналистикасымен тәжірибе алмасу қажет екендігі. Европа, Америка, Шығыс елдері журналисьтикасымен қарым – қатынас жасап, әлемдік ізденістерге қосылу керектігі. Әлемнің ірі ақпарат құралдары қазірдің өзінде Қазақстан хабарларын және өздері де бізге хабар беріп жатқандығы жөнінде. Мұның пайдасы мен тврчестволық әсерлері туралы. Бірақ олардың кемшілік жақтарын қабылдамауымыз шарт екендігі. Жер жүзілік құндылықтардан шет қалмауды қазірден ойластыру қажеттігі. Бұл орайда ұлттық БАҚ – н дамыта отырып, творчестволық ізденістер жасаудың артықшылығы. Бүгінгі күнде тағы бір үлкен проблема – халықаралық журналистика тәжірибесіне назар аудару болып отыр. Шындығында журналистика шекараны білмйтін сала. Әрбір ұлттың, халықтың өз мәдениетін дамытып, өз журналистикасын өркендетуі үлкен болыш болуымен бірег, өз шеңберінде, өз аясында қалып қоюына да болмайды. Онсыз өсу- өркедеу, алға басу болмақ емес. Томаға – тұйықтық жараспайды. Басқа да дамыған елдердің жақсы жағын үйреніп, нашар жағынан жиреніп отырудың артықтығы жоқ. Осындайда айта кетер нәрсе – журналистикадағы халықаралық байланыстардың арасында творчествоны байытуға мол мүмкіндік ашылады. Қазіргідей барыс – келіс, алыс –беріс орнап жатқан заманда мұның өзі керек жағдай. Бұдан былай да қарым –қатынастар жиілемесе, азаймайтыны рас. Қорыта келгенде, журналистің шеберлік лабораториясы жайлы көп айтуға болады. Күнделікті өзімізбен қатар өмір сүріп, редакцияларда еңбек етіп жүрген есімдері елге белгілі журналистердің творчестоволық лабораториясына ден қойып, олардың қалай жазып, ұқалай еңбек ететінін білу – болашақ жас журналистерге үлкен сабақ боларын сөз басында айттық. Әрине, творчество теңіздей терең, таудай шың – құздары бар мол қатпарлы, көп сырлы болғандықтан барлық мән – маңызын ашып тастау да мүмкін емес. Шеберлік үнемі даму, өзгеру, жаңару үстінде болғандықтан да оған біржолата «нүкте» қойып қорытындылау да келісімсіз болары ақиқат . Бір сөзбен айтқанда – творчество шексіз!... Сондықтан біздің мақсатымыз – оның кейбір қырларын ғана студенттерге бағыт – бағдар ретінде ұсыну еді. Шеберлік туралы ұғым. Ол қалай пайда болатын жайлы. Шеберлік жолындағы ізденістер. Тәжірибе жинау шарттары. Көрнекті журналистер еңбектерінен мысалдар келтіру. Қаламгерлік машықтың өсу сатылары. Журналистің кәсіби тұрғыдан толысуы. Білім мен білік. Жақсы шығарма қалай жазылады? Тартымдылық, әсерлік, қызықтылық. Құнды матеиал дегеніміз не? Творчестолық шеберлік мәні. Әдебиет: 1. Амандосов Т. Публицистика-дәуір үні. Алматы,1974 2. Амандосов Т. Журналистика және өмір.. алматы,1967 3. Авраамов Д. Профессиональная этика журналиста. Москва,1991 Семинар сұрақтары: 1. Журналист және компьютерлік технология 13-Дәріс. Жанрлардың түрлері, оның жаңа формалары Жанр дегеніміз – белгілі бір газет, журнал материалдарының, радио, телевизия хабарларының көріну, өмір сүру формасы. Журналистиканың теориясында публицистикалық жанрды түрге бөлу былайша: біріншіден, заттың (нысанның) танымдығы, көріністегі өзіндік ерекшелігі (заметка, корреспонденцияға – факті мен оқиғаның тікелей қатыстылығы, ал сұхбат пен рецензияға – бейнелеп көрсетудің тән екендігі); екіншіден, танымдық – тәрбиелік мақсаттары; үшіншіден, әрекетті көрсетудегі кең ауқымдылық немесе түйін мен қорытындының ауқымдылығы; төртіншіден, өзіндік айқындаушы – мәнерлеуші құралдары (әдеби тілі, стилі, бейнелігі) қарастырылады. Шын мәнінде, телевизиялық шығарма жанрын айқындау – осы айтылған жайлардағы қандай да бір жекелілік белгілер емес, олардың бәрінің жиынтығы нәтижесінде болатын құбылыс. Басқаша айтқанда, жанрлық бірлікте болу барлық төрт белгіге қатысты. Осыдан мынадай шығатын қорытынды, публицистика жанры (ақпараттық, талдамалы және көркем), тек мынадай жағдайда ғана – материалдың документальдығы, ойдан шығарылмағандығы, дәлділігімен бөлек кезеңде, үнемі бір – бірімен байланыста болады. Жанр типін айқындау кезінде, оны көріністің негізінде жататын құбылыс пен объективтік процестерге байланысты қарап, айқындаған жөн. Хабарда журналистер тек қана фактіні баяндаумен ғана шектелмейді, бір мезгілде оған талдау жасауға ұмтылады, оны басқалармен салыстырады, жағдай мен құбылысқа баға береді, проблеманы шешу жолдарын ұсынады. Талдамалы жанр ақпараттық жанрмен салыстырғанда материалды беруде кеңдігімен, ойлауда ауқымдылығымен, өмірлік, маңызды құбылыстарды зерттеумен айрықшыланады. Белгілі бір кезеңдегі бір типті фактілерді жинақтау кезінде автор оларды қорытындылау мен маңызды проблемасын барлық қырынан айқындауға ұмтылыс танытады. Талдамалы жанрлар заттағы танымдық, нысанды кескіндеу, дәл белгілеу, танымдық – тәрбиелік міндетімен, оқиғаны кең түрде көрсетуімен, ауқымды түйін және қорытындысымен, әдеби – стилистикалық құралдар характерімен, айқындаушы – көркемдеуші құралдарымен де ерекшеленеді. Жанрдың осы тобына жататындардың ішінде негізгілердің бірі корреспонденция жанры, онда нақтылы материалда тар ауқымдылығымен салыстырғанда, аналитикалық планда тақырыптың актуальділігі айқындалып, қандай да бір проблема шешіледі. Корреспонденция хабарлама түрінде де болып: онда, шетелдегі тілшілердің хабарламасы, жаңа бір құбылыстар, ғылыми жаңалықтар өндірістік тәжірибелер әңгіме арқауына айналуы мүмкін. Ол толық заметканы көз алдымызға елестетіп әрі белгілі бір тақырыптағы материалды кең қамтуыменен де ерекшеленеді. Талдамалы корреспонденция суреттелген құбылыстың себебін ашады, мысалы ситуация қақтығыс. Материалдағы фактіні талдау негізіне көпшілігіне жаңа бір тосын проблемалар әрі саяси өмірдегі және әлеуметтік – экономикалық саладағы өткір сұрақтар қойылып жатады. Мұндай корреспонденциялар телепублицистикада қойылымдық деп аталынады. Ал кейде журналист көрермендермен бірлікте кейбір фактілерді бағалап, салыстырып, талдап жатады, осының негізінде корреспонденция – толғау өмірге келеді. Талдамалы жанрлар құрылымының күрделілігі сонда, мұнда журналист ірі көлемдегі фактілермен жұмыс істейді. Ол фактілерді әу бастан түрлі негіздеріне, олардың арасындағы байланыстарына орай жүйелеу, топтау және классификациялау қажеттілігі келіп туындайды. Шығармашылық процестің осы кезеңінде фактіні сценарий құрылымындағы сан алуан факторлармен байланыстыру мәселесі келіп шығады. Ал сценарийдегі тұтастық белгілі бір концепция, идея және ойлардың негізінде жүзеге асуы мүмкін. Журналиске бәрінен бұрын фактіні талдау, негізгі проблемадағы қажетті кезеңдерді айқындау, әрі фактологиялық мәліметтерді таңдау методы қажеттілік болады. Содан кейін ғана жанрлардағы түрлі бөлімдердің арасын пропорциялы түрде бөлу кезеңі келіп туындайды. Маңыздысы көрерменге тек қана фактіні ұсынып қою емес, оны журналистің қоғамдағы өткір проблемалармен байланыстыра қарастыруында. Осы орайда, «31 канал» телеарнасында 2001 жылдың қазан айында өмірге келген «Саясат» бағдарламасын атауға болады. Оның авторы және жүргізушісі Иманбай Жұбайдың айтуына қарағанда, «Саясат» бағдарламасы қазақ тіліндегі ақпараттық – сараптамалық рынокқа өзгеше тыныс ала келген екен». «Басқа телеарнадағы ақпараттық – сараптамалық бағдарламалар апта бойғы оқиғаны кеңейтіп, бес – алты минут көлемінде созып береді. Мен аптадағы маңызды деген бір оқиғаны алып, соны жан – жақты талдауға тырысамын. Осыған байланысты проблемаларды көтеруге ден қоямын. Студияда сарапшылар болады. Сөйтіп, бір мәселені бақайшығына дейін шағуды қолға алдым»,- дейді бағдарлама жетекшісі Иманбай Жұбай. Сондықтан да талдамалы жанрлар құрылымында басты рөл мына кезеңдерге беріледі: а) дәлел үшін негізгі тезисті ұсыну; б) ұсынылған тезисті ашу үшін дәлел құрылымын жүйелеу; в) дәлел жүйесінен қорытынды шығару. Сондықтан «Саясат» бағдарламасын бір жақты не ақпараттық, не талдамалы жанрларға тели салу да қателік болар еді. Мұнда жанр түрлерінің сан алуан элементтері тоқайласқан. Сөйлеу кезіндегі проблематиканың құндылығы, онда жағдайдың актуальділігі, мәнділігі мен жаңашылдығы болып табылады. Проблеманың қойылымындағы негізгі өзек қоғамның сұранысы мен оның өмірде шешімін табуы. Теориялық әдебиеттерде проблема «білім білместік туралы» мәнді аңғартады, немесе, «білім әрекеттің өзіндік және мәнділік жағының белгісіздігі, алайда ойлау тұрғысынан қоғамдық тәжірибе мен қоғамдық көңіл – күйге әлеуметтік дамудағы қажеттіліктің үстемдік еткендігі». Логикалық түрдегі проблемалық сұрақ, шешімді талап етуден келіп туындайды. Сұрақтың танымдық рөлі сонда, ол «таным мен таным еместің арасын жалғастырушы, немесе ескі білімді ол бағыттағы әлі де қалыптасып үлгермеген жаңамен ұштастыру». Сұрақтың танымдық не коммуникативтік функциясының артықшылығына орай, олар зерттеушілік және коммуникативтік болып бөлінеді. Журналист алғашында әлі шешімін таппаған әлеуметтік, экономикалық, саяси және өзге де сұрақтарға жауап беруге тырысса, ал екіншіден, түрлі көздерден пайдаланылған және өзге де мәліметтерді беруге не хабарлауға тырысады. Сұрақтар мәнділігіне ой тоқтатқан журналист өз ойына ғана қозғау салмайды, әрі одан арғы пікірдің логикалық түзілімін образды түрде құрады. Осы мақсатқа орай, дәлелдегі айғақты талап «тезис» пен «антитезис» келіп шығады. Тезис – айғақты басты элементтердің бірі, әрі ол айғаққа шыншыл түрде бірлікте жайғасады. Тезис екі жағдайда толыққанды болып шығады: а) ол дәл және айқын берілуі тиіс, онда екіұштылық не айқын еместік болмауға тиіс; б) тезис айғақтың бүкіл өн бойында онымен бірлікте болуға тиіс. Ал «антитезис» термині, айғаққа қарсы пікір, әрі ол айғаққа қарсы логикалық қорытындыны бірлікте туындатады. Осыдан үштік триада формасы шығады: тезис – антитезис – синтез. Автордың қарама – қарсы пікір көзқарастарының соқтығысынан, оқиғаның дамуы динамикалық сипат алып, ол жан – жақты ашылып, ең соңында оның ішкі қайшылықтары жарыққа шығады. Талдамалы жанрлардың құрылымындағы басты орындардың бірін дәлелдеме иемденеді. Дәлелдеменің өн бойынан автордың логикалық пікірін байқауға мүмкіндік мол. Дәлелдеме арқылы қандай да бір пікірдегі логикалық түйінді не тезистегі жалғандық пен шындықтың дәлелін, әлде айғақты логикалық процестің жиынтығын және психологиялық процестегі көз жеткізуді байқап, түйсінуге болады. Солай етіп, дәлелдер, бір жағынан авторлық пікірдің сыртқы түрін қайталайды, ал, екінші жағынан – аса маңызды психологиялық функцияны, көрерменнің шындыққа көзін жеткізу мен авторлық бекітілімнің дұрыстығын дәлелдеуге бірлікте қатысады. Құрылымдағы дәлелдеме жүйелі болу үшін, мүмкіндігінше риторикалық қағида негізіне сүйенген орынды. Оны біздің жыл санауымыздың I-ші ғасыр Рим риториктері жасап кеткен. Олар жасаған жүйе бір – бірімен байланысты бес бөлімнен тұрады: «1) табу – дәлелді іздеу және таңдау; 2) тұрған орын – дәлелдің жүйелілігі, әрі оның мәтінде орналасуы; 3) айтылу – дәлелді сөйлеу, сөзді таңдау және риторикалық фигуралар; 4) есте сақтау; 5) айту. Риториктер дәлелдерді мынадай логикалық жүйемен келтіруді ұсынған: 1) кіріспе; 2) баяндау (проблеманың қойылымы); 3) дәлелдеу; 4) мәлімдеу; 5) дербес тақырыптың мазмұны; 6) қорытынды». Эфирден сөйлеу кезіндегі риторикалық композицияның артықшылығы неде? Сөйлеу кезінде жүргізуші тек аудиторияның көңіл – күйін ғана өзіне аударып қоймайды, ол бір мезгілде көтеріліп отырылған проблемаға көпшіліктің көңілін қоса аударады. Жүргізуші өзі келтірген дәлелдері мен өз пікірі арқылы проблеманы ашуы не қарама – қайшы дәлелдерді де туындатуы әбден мүмкін. Ал, қорытындысында автор өзі жасаған талдаудан қандай да бір пікір түйеді. Риторикадағы композициялық жүйеден логикалықтың арықшалығы, ол материалдың маңыздылығына ешқандай да әсер етпейді, керісінше талқылау кезінде оған логикалық пайымдаулары да бірлікте қосады. Солай етіп, айғақтың негізгі компоненттері мыналар: констатация (фактіні анықтау) – талдау – баға – қорытынды. Талдамалы жанрға – корреспонденция, әңгіме, пікірталас, түсініктеме, шолу, баспасөз конференциясы жатады. ӘҢГІМЕ. Талдамалы жанрлар құрамына кіретін әңгіме, баспасөз конференциясы және пікірталас диалогтық характерге ие бола отырып, өздерінің сұхбаттық шежірелерінен ажырамайды. Әдебиетте «әңгіме» терминінің сан алуан түсіндірмелері бар. Біз, бұл жерде хабарға қатысушы бірнеше адамның, бір оқиға немесе мәселе жайлы кезектесіп, өзара пікір алысу, бір – бірлерін толықтыруларын айтып отырмыз. Ал әңгімеге қатысушы журналист ол сұхбат алушы емес, хабарды жүргізуші әлде модератор (айтылып жатқан пікірге аудиторияның қатысушылығын оятатын, пікір сайысына қатысушыларды бір тақырып аясынан шықпай ой – толғауға мәжбүр етуші) деп те аталады. Ол әңгімеге қатысушы әрі оның ұйымдастырушысы: оның рөлі студиядағы қонақтардың әрбірінің өз пікірлерін айтуларына жағдай туғызу. Солай етіп, әңгіме – талдамалы публицистиканың хабарламаны диалогтық формада жеткізетін спецификалық телевизия жанры. Әңгіме теледидардың кез келген бағдарламаларында кездесіп жатады. Ол қоғамда қызығушылық тудыратын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, адамгершілік – этикалық, ғылыми және өзге де тақырыптарға арналады. Кейде ол пікірталасқа дейін ұласады. «Ақиқат ауылы» хабарында Бейбіт Құсанбек өткір мәселені – саяси партияларды қалай құру керек деген әңгімені қозғады. Ол «Алаш» партиясының бұрынғы жетекшісі, профессор Сәбетқазы Ақатаевты шақырып, осы жөнінде ашық әңгімелесті. Осы бір партияның жағдайынан еліміздегі басқа партиялардың хал – ахуалы да айқын көрінгендей. Иә, бірқатар партиялардың өзінше еркін қимылдауға қаржысы жетпейді, оларды шын мәнінде қолдайтын адамдар да аз. «Партияларыңыздың құрылтайын неге Көкшетау қаласында өткіздіңіздер?»- деген сұраққа Ақатаев:«Қаржының ыңғайы сол жерден табылды» деп жауап берді. Демек, партия қаржыға қарап қимылдайтын болғаны ғой. Қазір парламентке дайындалып жатқан партиялар туралы заңға ұластырып, бұл хабарды жалпы партиялар туралы ашық әңгімеге жалғастыру керек сияқты. Бәрінен бұрын әр партия өзінің нақты бағдарламасын айқындап, нақты жолын белгілеуі жөн секілді. Өздері қайда барарын, жұртты қайда бастарын білмей отырған партияның соңына кім еруі мүмкін. Әңгіме кезінде қақтығыс, түрлі көзқарастар тоғысы, ойдың дамуы алдын – ала сценарийде жоспарланғанымен, ол қорытындысында қақтығыс пен пікірталастағы проблематиканың мәнділігіне байланысты дәлелді аргументтер арқылы ортақ оймен аяқталып жатады. Автор – публицист жұмысы хабардағы тақырыпты айқындау, қатысушыларды іріктеу, хабардың композициялық шешімін іздестірумен басталады. Сценарлық жоспарда болашақ хабардың бар болғаны негізгі кезеңдері ғана белгіленеді. Аса дәлдікпен жасалынған сценарий кейде қайшылыққа ұшырап жатады, не болмаса ол өзінің табиғилығынан, мәнерлігінен, ойдың өз – өзінен дамуынан ажырап қалады. Сценарлық жоспар – құрылымды айқындап, әңгіменің негізгі желісін ғана көз алдымызға келтіреді. Сырттай статикалық ерекшелігі болғанымен, әңгіменің ішкі динамикасы өте күрделі. Әңгіме кезінде телеэкранда ауызекі сөзге қосымша көрік беретін кадрлар, фотография, схема, документ және өзге де құралдарды пайдалануға болады. «ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» БАСЫНДАҒЫ ӘҢГІМЕ. Осы жанр диалогтық топқа кіреді. Бұл ақпарат жинау емес, пікірлер алмасу. Егер сұхбат пен баспасөз конференциясында тұлғаға журналистер сұрақ қойып, оған біржақты директивті, позитивтік әлде эмоционалдық жауап алынса, ал «дөңгелек үстел» басындағы әңгімеде сұрақ, біріншіден бір емес, бірден бірнеше адамдарға арналады. Екіншіден, жауап біржақты болмай, әңгімеге қатысушылардың әрбірі проблема төңірегінде өз пікірлерін білдіріп жатады. Мақсат – проблеманы бірнеше маманның көзімен қарап, оған деген біржақтылық пен тар ұғымнан арылу болып табылады. Әңгіме кезінде журналистің рөлі аса көп байқала қоймайды. Ол әңгімеге қатыспай не пікірлер ағымын бақылап, оны қажетті бағытқа бағыттап, тақырыптан ауытқуға жол бермей, әңгіме тұйыққа тірелген жағдайда оған жан беретін «церемонимейстер» рөлін ғана атқарып та отырады. Владимир Познер өткізетін «Егер», «Біз», «Уақытта» «дөңгелек үстел» аса көлемді студияда ұйымдастырылып, онда көрермендер амфитеатрда отырғандай орналастырылады. Ортаға – заңгерлер, социологтар, жауапты адамдар жайғасады. «Дөңгелек үстел» басындағы әңгіме табиғатынан телевизияға жақындау болғанымен, ол газет қойнауынан өсіп шыққан. Диалогтық жағынан телевизияға жақын болса да, тақырыпты байыпты шешуі, дерексіздік, қиындықты салыстыра қабылдауы жағынан газет жанрына келіңкірейді. Мысалы, баламалы рубрикалар «Іскер кездесулер клубы», «Пікірталас клубы», «Семинар» т. б. осы жанрға жатады. «Дөңгелек үстел» басындағы әңгімені ақпараттық және сөзбен қағысу – пікірталас түріне бөлуге болады. «Дөңгелек үстел» - үш жақты қызығушылықтың пікірлер тоғысы. Журналистер үшін мамандар пікірін, ал мамандар үшін теледидар, радио, газет көмегімен нақтылы шешімге жету әрі өз идеясын жүзеге асыру қажеттілік болып табылады. Көрермен, тыңдаушы, оқырман үшін пікірталас түріндегі ақпарат айтыстың бағытын, ойдың өрбуін әрі өзінің де оған қатысушылығын байқап көру мүмкіндігін туындатып жатады. ШОЛУ. Теледидардағы журналистік профессиялар қатарында кезінде репортер, комментатордан бөлек шолушы (обозреватель) да болатын. Өткен ғасырдың 70-80-нші жылдары Зорин жүргізген «9-студия» өзінің актуальділігі әрі танымдылығы, көтерген мәселесінің құндылығымен күні бүгінге дейін сол кездегі көрермендердің есінде. Ал орталық телеарнаның 70-80-нші жылдардағы шолушысы Зориннің уақыт кезеңіне сай проблеманы көтеруі мен алымдылығы, әрі шешімділігі көпшілікті сүйсіндіріп отыратын. Осындай жайлардан болар бүгінде телевизиялық тәжірибеде осы спецификалық жанр тұрақты орнығып қалды. Бүгінде «Қазақстан» ұлттық арнасындағы «Мезгіл» не «Хабар» арнасындағы «Жеті күн» бағдарламасының өн бойынан біз бір мезгілде сараптау мен талдауды да, шолу мен түсініктемені де қатар кездестіреміз. «Жалпы, әр жанр «таза қалыпта» кездесе бермейді. Бір туындыда бірнеше жанр элементтері тоғысып жатады. Кейде олар өмірді барлық күрделілігімен, көп қыртыстылығымен көрсету үшін, творчестволық ой – ниетті әсерлі етіп беру үшін әдейі тоғыстырылады. Сонда қай жанрдың белгілері мол болып, бірінші қатарда тұрса, туынды сол жанрға жатқызылады»,- дейді, профессор – ғалым Темірбек Қожакеев. Яғни материалды белгілі бір жанрға жатқызу – шартты нәрсе. Шолу – талдамалы публицистикадағы орнықты әрі өзіндік дәстүрі бар жанрлардың бірінен саналады. Шолуды өзге жанрлардан ерекшелеп тұратын қасиеттері мыналар: біріншіден, ол аса қатаң фактологиялы, мұнда факті автордың айқындаған мақсатына сәйкес іріктеліп, топтастырылады; екіншіден, шолушы фактіні олардың байланысына қарай айқындап, аралықтарындағы байланысты ашады, әрі оларды байланыстырып тұрған жалпылықты іздестіреді; үшіншіден, шолу материалды зерттеудегі ауқымдылығымен, оқиға ортасында жеке факті ғана болатын түсініктемеден ерекшеленіп тұрады; төртіншіден, материал көпшілігінде хронологиялық рамкамен шектеліп жатады (Жаһан жаңалықтары). Солай етіп, жанрлардың тақырыбы – қоғамдық оқиға, ал мақсаты – көрерменге ұсынылған оқиғаның себеп – салдары мен оның ары қарай дамуының мәні мен тенденциясын түсіндіру. Телеэкрандағы шолушы хабар кезінде: 1) мәліметтерді хабарлау кезінде фактілердің өзара байланысына зер салуға; 2) оқиға, фактілердің тұтастығына көңіл қоюға; 3) бір тектес фактілерді жинақтап беруге үнемі көңіл аударып отырғаны қажет. Айқындаушы құралдар көмегімен экранда аса күрделі, сан алуан мәселелер шешімін тауып жатады. Шолуды эфирге беру кезінде тек процесс ағынымен ғана кете бермей, кейде оперативті материалдармен қатар, автордың логикалық ойына қабыса келетін архивтік бейнематериалдар да бірге беріліп отырылады. Осы жанрдағы хабарлаудың тақырыптық көпқырлылығына сай шолу да өзіндік ерекшелігімен бір – бірінен айрықшыланып отырады. Уақыттың белгілі бір бөлігіндегі оқиғаны көрсетуге арналған «Жеті күн», «Мезгіл» ақпараттық – сараптау бағдарламалары не белгілі бір проблеманы ғана көтерумен, тақырыптық шолумен – экономика, ғылым, өнер, спортпен шектелетін – «Спорт жаршысы», «Хабар - жер», «Салық төлеушінің күнделігі», «Даму дөңгелегі», «Ақша», «Үнем табиғаты». Сонымен қатар монологтық шолумен бірге эфирде шолу – диалогта, шолушы өмір ағымындағы басты мәселелердің біріне өзінің жауапты қонағымен бірлікте шолу жасап, кейде оны әңгімеге де айналдырып жібереді. Мұнда телеэкранның көріністік мүмкіндіктері: документальді кадрлар мен фотодокументтер және т. б. бірлікте пайдаланады. Олар экраннан сөйленетін ауызекі сөзге қабыса келіп, материалға иллюстрациялық көрікпен қатар жандылық та береді. Экрандағы музыкалық шолу, театрлық шолу және өзге де осыған ұқсас бағдарламалар жанрлық ерекшелігі жағынан халықаралық не спорт шолуларынан ешқандай да айрықшаланбайды. Тек хабар тақырыбы, маманданған шолушы ғана өзгеше болады да, ал жанр характері сол күйінде өзгеріссіз қалады. ТҮСІНІКТЕМЕ (КОММЕНТАРИЙ). Түсініктеме латынның түсіндіру, түсінік беру деген сөзінен шыққан. Актуальді қоғамдық – саяси оқиғадағы, документтегі ойды айқындайтын, талдау материалдарының оперативті бір түрі. Телевизиялық түсініктеме – кадрда сөйлеудің жиі кездесетін түрлерінің бірі. Көпшілігінде бейнекадрдан арнайы жинақталған иллюстрацияға кадрдан тыс түсініктеме де беріледі. Түсініктеме талдамалы публицистика жанрына жатады, себебі онда комментатор ең алдымен оқиғадағы себеп – салдарды айқындауға ұмтылыс танытып, өтіп жатқан көріністің мүмкін болатын салдарын көрерменге хабарлайды. Түсініктеме жанрының негізін авторлық баға беру мен талдау құрайды. Өзге де жанрлар секілді, түсініктеме басқа жанрлық түрлердің негізгі құрамдарының бірі болуы да мүмкін. Мысалы, көпшілігінде баспасөз конференциясында мынадай сұрақтар қойылады: «Өткен оқиғаға сіз қандай түсініктеме берер едіңіз?». Саяси, қоғамдық қайраткерлер, сол саланың белгілі мамандарымен сұхбат кезінде сұрақтың осылай қойылуы заңдылық. Осыған қайтарылған әрбір жауаптың өзегінде шағын да болса түсініктеме жатады, ал кейде сөйленген сөзге толықтай түсініктеме де беріледі. Табыс мұнда терең талдауға, кең түрде қорытындылауға, қоғамдық маңызды оқиғаға, фактіге шыншыл тұрғыдан баға беруге байланысты болып келеді. ПІКІРТАЛАС. Пікірталас жанрының әйгілігі мен экраннан көрсетілімінің күн санап өсуі оның демократиялық әрі құқықтық қоғам құру кезінде шындықты іздеген көпшілік әсіресе журналистер үшін өте – мөте керектігінде. Пікірталас жанры латынның зерттеу, талқылау деген сөзінен шыққан. Мұнда көрермендердің көз алдына жанды ой процесінің тууы, дамуы, өрбуі тікелей өтіп жатады. Түрлі пікірлер қақтығысындағы процестен телеаудитория да тыс қала алмайды. Олар студиядағы зерттеу, салыстыру кезіндегі босаңдық пен әлсіздікті жойып, пікірталасқа қатысушылармен бірлікте шындыққа жетуге ұмтылады. Мысалы, Қазақстан ұлттық арнасындағы Иманбай Жұбай жүргізетін «Бар мен жоқ» пікірталас хабарына студиядағы көрермендер де тікелей қатысады. Ел арнадан өтетін «Болашақтың қаласы» телесайысқа қатысушылар да өз пікірлерін ашық түрде білдіріп жатады. Студиядағы әділқазылар алқасы екі жақтың да пікірін тыңдай отырып, әділ шешімді көпшіліктің көз алдында шығарып отырады. Осыдан келіп жанрдың танымдық қасиеті де жоғарылайды. Пікірталас хабарын даярлау кезінде автор не жүргізушіге әдеби қиындық көп кездесе қоймайды. Хабар жүргізушісі тақырыпқа орай «иә» не «жоқ» дейтіндерге ортақ сұрақ қоя отырып, өзі бір мезгілде оның бақылаушысы әрі әңгіме тақырыптан ауып бара жатқанда оны қажетті бағытқа бұрушы қызметін де қоса атқарады. Дегенмен, қиындығы сонда кейде пікірталас аудитория күткен биіктен әлдеқайда төмен жатады. Бұл автор не жүргізушінің актуальді тақырыппен бірге, олардың хабарға даярлықсыз келгендерінен деуге де болады. Сондықтан тақырып таласты болу үшін оның бірнеше вариантын жасаған жөн, әрі ол көрерменге түсінікті болып, аудитория қазылық рөлінде де қатысқаны орынды. Осы орайда «Евразия» арнасынан берілген «SuperStar.kz» музыкалық жобасындағы әншілерге бағаны көрермендер беріп отырды. Пікірталас предметі көпшіліктің ортақ қызығушылығын туындататын әлеуметтік мәнділікке ие болғаны қажеттілік. Сонда ғана ол өзінің алдына қойған мақсатына жете алады. «Бар мен жоқ» пікірталас хабарына қатысушылар студияда екі жаққа бөліне отырып, студия қонағының пікіріне өз пікірлерін де қоса білдіріп отырады. Ең бастысы жүргізушінің қызғылықты, қажетті сәттерді мезгілінде дәл пайдалана отырып, айтылған пікірлерді саралай – салмақтай келіп, оған студиядағы көрермендер ойын да орайластыра қосып отыруы. Ал студиядағы қонақтар мен көрермендер де экраннан сыртта отырған миллиондаған көпшілік алдында әдептіліктен аттап кетпей, сабырлы, салқынқанды, әрі адамгершілік кәсіби этиканы аттап өтпегендері орынды. Мәскеудің «КТК» арнасынан берілетін «Терезе» ток – шоу хабарында әдепсіздік пен ар – ұяттан жұрдай болған не сан миллиондаған көрермен алдында жұдырық ала жүгіріп не бір – бірлерінің көздеріне шөп салып жатқан ерлі – зайыптылармен жарыса сөйлеп, өкіреңдеп отырғандарды көргенде адамгершілік қасиеттен айрылған пенделерді көріп, тәубеңе түсесің. Қайтесің, бұл да өмірдің өз заңдылықтарының бірі. Эфирден өтіп жатқан хабардың құндылығы жүргізушінің шешендігі мен байыптылығына, әрі әсерлі әңгімені одан әрі мәнерлі етуге қатысушылығында. Екі адамның арасындағы қызғылықты пікірталас, кейде орнықты, сабырлы қалыпта өтіп жатады. Студияда орнатылған телефон арқылы көрермен қонақтарға тақырып төңірегінде толғандырып жүрген мәселеге қатысты пікір – ойларын хабарлап, не олармен пікір таластырады. Мұның өзі пікірталас жанрының шығармашылық мүмкіндігін одан әрі ұлғайта түседі. БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ. Баспасөз конференциясы жанр ма? Ол сұхбатқа жақындау болғанымен, жауап бір ғана адамға емес, түрлі ақпарат көздерінен келген журналистер тобына арналады. Сұрақ жауабы баспасөз конференциясын ұйымдастырушы арнаулы адамның мәлімдемесінен алдын – ала байқалады. Онда қозғалатын актуальді мәселеге байланысты таңдалынып, тексерілген көзқарас қана хабарланады. Баспасөз конференциясы – сұхбаттан бұрыннан бар, бірақ БАҚ тәжірибесінде көп қолданылмаған түрі. Бұл көбіне белгілі адамдармен, басшы қызметкерлермен өткізілетін әңгіме. Баспасөз конференциясы ел көлеміндегі не әлемдік маңызға ие бір мәселеге арналады немесе қалыптасып отырған жағдайды көрермендерге түсіндіру мақсатында ұйымдастырылады. Бұрынғы экс – премьер Қажыгелдин кезінде баспасөз конференциясы жиі ұйымдастырылатын. Оған себеп, ел көлеміндегі экономикалық жағдайдың ауырлығынан қалыптасқан әлеуметтік мәселелердің шешімін табу жолындағы үкімет ұстанған саясат туралы болатын. Шындығында, бұл кейде өз жемісін беріп те жатты. Кезінде Өскемен студиясы «Баспасөз конференциясы» деген атаумен тұрақты хабар өткізіп тұрды. Баспасөз тобында қазақ және орыс тілінде шығатын облыстық, республикалық газеттер мен Қазақ телевизиясы мен облыстық телерадионың, аудандық газеттердің редакторлары болды. Хабар теледидар студиясының павильонынан жүргізілді. Дөңгелек үстел басына облыс басшылары мен журналистер орналасады. Әрбірінің алдына аты – жөні мен қай ұйымнан екендігі жазылып қойылады. Әңгіме арасында экраннан шағын бейнесюжет те көрсетіліп отырылады. Бейнетүсірілім, студия, журналистер алдындағы жазылым – осының бәрі де баспасөз конференциясы кезінде телевизияны қолданатын спецификалық құралдары болып табылады. Кез келген баспасөз конференциясының тақырыбы көпшілікке ортақ қызығушылық тудырған жағдайда ол телевизиялық хабар бола алады. Кейде телевизия қызметкерлерінің өздері талдамалы публицистиканың телевизиялық жанрына ұқсас баспасөз конференциясын ұйымдастырады. Ондай жағдайда студияға көрнекті саясаткерлер, мемлекет қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар шақырылып, әрі теледидар тарапынан сұрақ қоюшыларға шек қойылмайды. Алайда, сұрақ қою мүмкіндігі осы тақырып төңірегінде әйгіленіп жүрген танымал БАҚ – тың журналистеріне көбірек жасалынады. Мұндай телевизиялық баспасөз конференциясы кейде телеаудитория үшін қызғылықты, аса шиеленісті пікірталасқа ұласып, оның драматургиялық шешімі ұжымды ізденіске салып қояды. Көпшілігінде телевизиялық баспасөз конференциясы режиссер монтажынсыз тікелей де жүріп жатады. Дегенмен, баспасөз конференциясының өзінің қалыптасқан дәстүрі, орныққан қағидасын хабарға қатысушы әрбір адам біліп, оны сақтауы орынды. Баспасөз конференциясын жүргізуші қонақтардың әрбірін таныстырып, олардың қысқаша мәлімдеме жасауына мүмкіндік береді. Кейде тақырып бәріне белгілі болған жағдайда сұрақ қою бірден басталады. Сұрақты баспасөз конференциясына төрағалық етушінің рұқсатымен ғана қойған жөн. Егер залға радиоқабылдағыш қойылған жағдайда микрофонды күткен орынды. Алдымен өзіңізді таныстырып және қызмет істейтін БАҚ туралы хабарлайсыз. Содан соң, мүмкіндігінше бір ғана қысқа, ықшам, айқын сұрақ қойылуы керек. Сұраққа жауап қайтарушымен пікір таластыру журналистің кәсіби этикасына жат нәрсе. Баспасөз конференциясы актуальды мәселеге арналып, ол көпшілік аудиториясының қызығушылығын тудырады. Осы жанр аса маңызды экономикалық, саяси әлде ғылыми проблемаларды тереңнен көрсетудің біржақты мүмкіндігіне ие. БРИФИНГ. Бағдарламадағы қандай да бір маңызды (арнайы) мәселе не оқиға туралы журналистерге қысқаша берілетін нұсқау брифинг деп аталады. Брифинг – БАҚ өкілдерімен нақты бір мәселе бойынша өткізілетін қысқаша ақпараттық кеңес деп те аталынады. Брифинг – баспасөз конференциясының бір түрі болып саналады. Брифингті ұйымдастырушылар үстел жанына сенімді журналистерді жинап, оларға кейде ресми емес ақпараттарды да хабарлап отырады. Ал журналистер оны, қандай да бір ақпарат көздеріне сілтеме жасамастан, өз аттарынан хабарлап жатады. Кейде брифинг ұғымына «эксклюзивті» де қосып атау кездесіп қалады. Ондай жағдайда бұл эксклюзивті баспасөз конференциясы болып шығады. Брифингтің – бұл баспасөз конференциясы журналистер сенім характерін туындатып жатады. Брифингтің бұл үлгісі алаңда, бақта не кеме мен самолет ішінде де шай үстінде әңгіме түрінде де өткізіледі. Қазіргі БАҚ – та ол көпшілікті алаңдатып отырған мәселе бойынша ресми тұлғаның (Президент, Премьер – министрдің баспасөз хатшылары, көмекшілері, кеңесшілерінің т.б.) журналистер алдына шығып, қысқаша хабарлама жасауы, журналистердің сұрақтарына жауап беруі түрінде кездесіп жүр. КОРРЕСПОНДЕНЦИЯ. Талдамалы публицистика жанрына жататын корреспонденцияның теледидарға газет пен радиодан келгендігі жайлы зерттеушілер көп айтып жүр. Шын мәнінде, корреспонденция жанры заметка («сюжетке») жақындау. Мұнда талданған, қорытындыланған, нақтыланған факті ғана көрерменге хабарланады. Алайда өз методы бойынша корреспонденция репортажға жақындау болғандықтан әрі жанрдың осы түрінде талдау элементі кездесетіндіктен оны шатыстырушылық жиі кездесіп жатады. Кейбір зерттеушілер Черепахов М.С., Горелик Б.Е., Бекасов В.Г. т. б. БАҚ – ғы корреспонденцияларды хабарлау және оперативті, сын және жағымды, т.т. деп бөліп жүр. Осы айтылғандар мен бүгінгі күн тәжірибесіне сүйенсек, корреспонденциялардың мазмұн – мәнерінде ақпараттық және талдамалы сипат бар екені айқындала түседі. «Ақпараттық сипаттағы корреспонденцияда – бір тектес фактілер хабарланса, репортажда бір ғана оқиға көрсетіліп, корреспонденцияда нақты мерзім ішіндегі тақырыпқа қатысты фактілер мен оқиғалар қамтылады»,- дейді, ғалым С.Байменше. Солай етіп, корреспонденция дегеніміз – салыстырмалы түрде аса ауқымды емес нақты материал негізінде өзекті тақырыпқа талдау жасалатын жанр болып шығады. Корреспонденция тақырыбы аса ауқымды: ауыл шаруашылығы, өнер, бизнес, халықаралық оқиғалар және т.б. бүгінгі күннің өзекті мәселелері де қамтылады. Телевизиялық публицистикада, персонификациялық хабарламаға тұрақты ұмтылушылық корреспонденция жанрын бүгінде көпшілік алдында ой – толғау, өткір проблемаға телевизиялық зерттеу жүргізу бағытына қарай ыңғайлауда. Телевизиялық корреспонденцияның мәнділігі – газет – журнал корреспонденциясы әлде проблемалық мақаланың экрандық баламасы болып табылатындығы. Телевизиялық корреспонденцияда автор – корреспондент кадр сыртында қалған кезеңде де өзінің жанрлық белгілерін жоғалтпайды, алайда корреспонденциядағы мәтінді автордың өзі оқиды. Маңыздылығы, телеэкранда корреспонденцияның екі бірдей тең құқықты авторлары бар: олар – әдебиетші және оператор (ол екеуін де әділ түрде тележурналистер деп те атайды). Экранда корреспонденцияның өн бойындағы көріністік әрі сөздік қатар бірдей мәнге ие. Алайда, осы қағида көпшілігінде сақтала бермейді, себебі бізге шетелден түсетін корреспонденцияларда сөздік жағы басымдық танытып, біз экраннан корреспондент сөйлеп тұрған көшенің түрлі пландарын ғана көріп отырамыз. Корреспонденцияда кейде сұхбаттың жанрлары да кездесіп жатады. Ақпарат алудың бұл әдісі жанрға зиянын тигізбестен, алайда оған бір мезгілде синтетикалық көріктілік те беріп жатады. Телевизиялық корреспонденцияда журналистің таланттылығы хабар материалына ажар мен көрік беріп, проблематикалық хабарламаның мәнділігін көтеруге өз үлесін қосып отырады. Дегенмен, жанрдың негізгі параметрлері телевизиялық коммуникацияның табиғи белгілеріне көпшілігінде сай келе бермейді. Қорыта келгенде, телеэкрандағы корреспонденция мүмкіндігі болашағының мол екендігін мойындауға тиіспіз. Публицистиканың жанрлар жүйесі туралы айта отырып, біз оның телематериалдың композициялық құрылымын бекітетін, нақты көрініс кезіндегі үш негізгі принциптеріне қарап, оларды бір – бірлерінен ажыратамыз. Біріншіден, жанрлар тобы, нақтылықтың қарапайым фиксациясына ұмтылу көрінісі. Автор мұнда нақтылы оқиға мен құбылыстың артынан жүріп отырады. Материалдың композициясын өтіп жатқан оқиғаның өзі түзеді. Бұл ақпараттық публицистика жанрына қатысты. Екіншіден, хабарлама түрі, мұнда автор өзінің шығармашылық қызметіне сәйкес, құбылыстағы нақты фактіге талдау жасайды. Сондықтан да хабарлама композициясы оқиғаның фабуласына емес, автордың ойына қатысты болады. Бұл аналитикалық публицистика жанрына қатысты. Үшіншіден, хабарлама, композиция автор ұсынған образдар жүйесіне қатысты. Автор материалдағы документальдықты сақтауы үшін, актер ойнына дейінгі көркемдік мәнер құралдарын пайдаланады. Мұндай хабарлама көркемдік публицистика жанрына жатады. Осы жерде образ айқындаушы болып, ал фактіні талдау мен хабарлама екінші кезекке ысырылады. Очерк, эссе, суреттеме материал фактілігінің көркемдік қорытындысы, олай болса аналитикалық жанрлар (комментарий, шолу, корреспонденция) образдылыққа иек артпастан, тек факті, оқиға, құбылысқа талдаумен ғана шектеледі. Көркем публицистиканың функциясы – типтілікті, жалпылықты дербес, жекелік арқылы ашу. Толықтай қорытындыға жету, характерді айқындау, көркем публицистиканы шындықтың образды бейнесін құруға пайдалану, әрі образды ойдан шығарылған дүниеден емес, өмірдегі бар материалдан жасау. Жоғарыда айтылғандарға қосатын тағы бір маңызды нәрсе бар. Жалпы алғанда теледидардың бейнелілігі хабарламада, оның түріне қарамастан көркемдікке белгілі бір дәрежеде себепші болып, алайда әрбір кадр, диктор, репортер не хабарға қатысушы кейіпкердің көрінісі, пейзаж, нысан әлде оның интерьері, ағаш не жан – жануар композицияда, жарықта, ракурста, ең соңында кадр, экран рамасында эстетикалық астасуға келіп ұласады. Осы жағдай теледидардың барлық жүйесінің көркемдігі жайлы айтуға толық мүмкіндік береді. Пайдаланатын әдебиеттер: 1. Аткинсон Д. Все о продажах.–М: Фаир – пресс,272бет 2. Амандосов Т. Публицистика-дәуір үні. Алматы,1974 3. Амандосов Т. Журналистика және өмір.. алматы,1967 4. Авраамов Д. Профессиональная этика журналиста. Москва,1991 5. Веснин В.Р. Основы менеджмента –М,1996 Семинар сұрақтары: 1. ХХІ ғасыр технологиясы 2. БАҚ-тың қоғамдағы орны 14-Дәріс. Заман және дәстүр мен жаңашылдық Журналистер де жазушылар секілді творчествомен айналысатын болғандықтан, көп жағдайда бір-біріне ұқсас процестер бастан өтіп жатадыы Шығармашылыққа байланысты ұғым болса, «творчестволық лабаратория» ұғымы ХІХ ғасырда орыс әдебиеттануында ғылыми айналымға енген термин ретінде қабылданды. міне, содан бері, осы атау өмірде үзбей қолданылып келеді. онымен қоймай, бұл сөздер журналистика саласында да жиі қолданыла бастады. мұның өзі, әрине заңды нәрсе еді, өйткені журналистің де еңбегі туралы осылай айтуға толық мүмкіндік береді. сондықтан «журналистің творчестволық лабараториясы» деген ұғымдағы сөз тіркестерін қолдануды ғылыми ортада жатсынбай, қайта өмірдің қажеттілігі ретінде өзінен-өзі қалыптасып келеді. Егер қазақ журналистикасының тарихына үңілсек, жалпы публицистиканың дамуына назар аударсақ, көп жайды аңғаруға болады. Ал мұның бәрі өздігінен болған нәрсе емес, қайта көптеген тұлғаларымыздың басқа да еледердегі секілді, қазақ журналистикасының негізін салып кеткеніне байланысты. өткен ғасырдағы Шоқанның «Жоңғария очерктерінен» бастап, Абай мен Ыбырай еңбектеріндегі публицистикалық сарындар мен элементтер қазақ журналистикасының бастау бұлақтары десе де болады. Одан соң мерзімді басылым ретінде дүниеге елген «Түркістан уалаяты» мен «Дала уалаяты» газеттерінің, «Шолпан», «Сана», «Садақ журналдарының» атқараған рөлі қалай айтуға да тұрарлық. Бүгінде құрғақ ақпараттың заманы өткен. Ендігі мәселе, журналист материал жазғанда терең аналитикалық талдауларға барып, өзіндік ой түйіндері болмаса, еңбегі бағаланбайды, құны төмендейді. Журналистикадағы замана тынысы, тиімді әдіс-тәсілдер, адамзат күткен рухани мәселелер шеберлік пен тәжірибені, тер төккен маңызды еңбекті қажет етеді. сонымен бірге, халықаралық журналистиканың да осы заманғы даму деңгейіне көтерілу- журналистік творчествоның өзекті міндеті болып саналады. Творяество жолы –қиын жол. мұны әркім де түсінеді. жас журналист кәсіби тұрғыда мамандану үшін асығыстық жасамай, байыппен, ерінбей-жалықпай творчество тәсілдерін үйренуі тиіс. бір қарағанда бәрі де жеңіл көрінгенімен, нақты іске кіріскенде әлі де көп нәрсенің жетіспей жатқанын жас маманның өзі де сезеді. мысалға, ой қалай туындайды, тақырып қайдан алынады. мәлімет қалай жиналады, кейіпкермен әңгімелесу психологиясы қалай болмақ, ақыр соңында материал жазу процесін орындап шығу жауапкершілігі қандай? бұған қоса, тіл, стиль, логика бірден уысқа түсе қоя ма? Ал композиция мен сюжет құру, оны үйлестіру қолдан келе ме? Жазған дүниең ойлап қарағанда, талай сырдың астарын аңғартпақ. Журналистің өмірді тануы, оны көріп-біліп, барлық әсермен қабылдауы өте керек қасиеттердің бірі. Адамдармен қарым-қатынас жасай жүріп, өмірдің таңғажайып сырларына қанығу, оған құмарлана қарау арқылы өзінің ой- түйсігіңді, ішкі сезіміңді дамытудың мәні зор. Бұл журналисті байқағыштыққа тәрбиелейді, ойдан ой туғызуға көмектеседі, рухани әлеміңді байтады. Журналист өз заманының шежіресі. Заман ағымын түсіну, өткенге көз жіберу, болашақты болжау. Дәстүр жалғастығы. Өткеннен үйрене отырып, жаңаша іздену. Қалыптасқан дәстүрді жаңарту. Тың тәсілдер мен әдістерді қарастыру. Жаңаша ойлау, жаңаша жазу. Тынымсыз ізденіс және еңбек. Творчествоның ұдайы даму үстінде болатындығы. Заман талабы мен халық күткен мақсаттарға сай еңбек ету міндетті. Таным, көзқарас, автор позициясы. Материалды жазу процесінде журналистен көп нәрсе талап етіледі. Яғни, журналистің жазу өнеріне деген қабілеті қандай екені де осы тұста байқалады. Әркімнің қабілет деңгейі әрқалай, бәрі бірдей емес. Табиғат берген дарын біреуде жоғары, біреуде орташа болуы да мүмкін. Бірақ бұл да нағыз мәселе шешетін нәрсе десек, біржақты пікірге ұрынамыз. Өйткені, дамытпаған дарынды өшіруге болады, ал орташа дарынды өсіруге болады. Мұны өмір көрсетіп жүр. Демек, білік – білімдіарттырмаса қандай талат иесі болса да жоғары шеберлікке жете алмай, орта жолда қалуы мүмкін. Сондықтан қыр – сыры көп творчестволық ізденіс тоқырамай, үнемі диалектикалық даму үстінде болуға тиіс. Ғалымдардың айтуынша шамамен талант 20-30 процент болса еңбек 70-80 процентті құрайтын көрінеді. Әрине, жас журналистерге бұл орайда тынбай іздену міндеттері қойылатыны белгілі. Олардан жоғары шеберлік талап етілмесе де бірте –бірте творчестволық өсу эволюциясын бастан өткеру керектігі бұлжымайтын талап. Жазу өнерін толық меңгеру үшін творчестволық заңдылықтарды, әсіресе публицистикалық жанрларды жан – жақты білудің, оның ерекшеліктерін сезінудің маңызы зор. Бұл жайлар студенттерге аудиторияларда барынша түсіндіріледі. Бірақ сол теориялық мәселенің практикалық жүзеге асырылуы қалай болмақ? Бұл жағы оқытушы ғана емес, студент -журналистің өзнің қабілет қарымына да байланысты екені сөзсіз. Зерттеуші В.М. Горохов «Закономерности публицистического творчества» деген еңбегінде журналист туралы : «...ол неғұрлым сенімді түрде әдеби публицистикалық еңбекті игерген сайын, соғұрлым оның алдынан объект толық ашыла түседі», - дейді. Шындығында автордың потенциалы кең болған сайын, оның қарымы да ұлғая түспек. Журналист өз заманының жаршысы. Оның ескіше жазуға, ескіше ойлауға, ескіше қолтанба қалыптастыруына хақы жоқ. Кешегі творчестволық табыс бүгінге өлшем емес. Ендеше журналист әркез жаңа қарынға таңылырп отыруы тиіс. Ол заманнан артта қала алмайда. Ол - әркез алғы шепте тұлға. Кольцовтің мына бір пікіріне назар аударып көрейікші: “Журналист болу тек сапар шегу, көру, материал алу , жазу ғана емес - бұл ерекше өмір сүру деген сөз ”. Иә, бұған алып - қосар пікірдің қажеті шамалы. Үлкен журналистің түиінді ойы ғой. Журналист еңбегі қалай орындалды, ол үйде немесе редакцияда, жазу үстелінде қалай творчестволық процесті басынан кешірді – мұнда оқырманның ісі жоқ, оқырманға керегі журналистің газет бетіне шыққан материялы, шығармасы ғана. Мұны творчество иесі ұмытпауы керек, үнемі есте тұтуы қажет. Оқырман журналистің үйдегі ажзу үстіндегі қиналысын көріп – білмейді. Ендеше ол автодың творчествосын жариялаған дүниесіне қарап қана бағалайды. Журналистің творчестволық ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сай белгілі бір жүйе де қалыптасқан. Ғылыми еңбектердегі солардың кейбірі былай жіктелген: - ақпарат тарату құралы түрлері: радио, баспасөз, телевидение; - жергілікті орнына байланысты: орталық, облыстық, аудандық, аймақтық, халықаралық; - функциясы бойынша: арнаулы немесе жалпы саяси, жалпы ұлттық...; - қай әлеуметтік топқа арналғаны: балаларға, жастарға, әйелдерге, т.б. - мерзім бойынша: күнделікті, апталық, айлық, кешкі; - салалар бойынша мамандау: саясат, мәдениет, ауыл шаруашылығы, экономикалық; - жарлық мамандану; очеркші, репортер, фельетоншы. Қазіргі кезде журналистиканың негізгі міндеті – информатциялық қызметпен бірге, қоғамның саяси - әлуметтік мәселелеріне бұрынғыдан да батыл араласу болып отыр. Оның жиі айтылып жүргендей “төртінші өкімет” рөлі қоғамдық өзгерістер мен тәуелсіздік жағдайында онан сайын бел ала түсуі – заман алға қойып отырған талаптан туындайды. Соныдықтвн беріліп жатқан әрбір хабар маен әрбір сөздің саяси өткір, творчестволық көркем, әлеуметтік актуальді әрі проблемалы болу кезек күттірмейтін мендеттер. Журналистің ойы, сөзі мірдің оғынадй көдеген жеріне дөп тиіп жатуы жөн. Оның әсер – ықпалы өлшеусіз жігер - қайратқа құрылса дұрыс. Мұның өзі оперативтікке, жедел де, жылдамдыққа ұласып жатса журналист еңбегінің жанағаны деп ұғу керек. Журналистің өз инициативасы, белсенді әрекеті де көп нәрсені шеше алады. Ол қоғам дамуына қызу атсалысып, жұртшылықтың қоғамдық пікіріне зор әсер етеді. Әдебиет: 1. Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. Алматы, 1976. 2. Амандосов Т. Қазақ Совет баспасөзінің жанрлары. Алматы, 1968. 3. Газет жанрлары. (жалпы редакциясын басқарған Т. Амандосов). Алматы, 1964. 4. Амандосов Т. Публицистика дәуір үні. Алматы, 1974. Қосымша әдебиеттер: 5. М. Әуезов очерктері. (шығармаларының 20 томдығы). Алматы, 1984. 6. Ғ. Мүсірепов. Тыңдамалы. Үш томдық. Алматы, 1980. 7. С. Мұқанов. Тыңдамалы шығармалар. Алматы, 1978. 8. З. Қабдолов. Сөз өнері. Алматы, 1983. 9. Т. Қожакеев. Қазақ сатирасы. Алматы, 1970. Семинар сұрақтары: 1. Жанрдың түрлері, оның жаңа формалары 2. Жанрлардағы жаңашылдық 15-Дәріс. Газет, радио, теледидардағы шеберлік сипаты Баспасөз – оқырмандарға қызмет етіп, радио тыңдаушылардың тарататын телевидение – көрермендерін қызықтыратын бұқаралық ақпарат құралдары екендігі. Бұлардың әрқайсының өз табиғаты, ерекшелегі бар. Соған байланысты информация берудегі өзіндік әдіс – тәсілдері қалыптасқанын айту. Қоғам өміріндегі ойға, құбылыстарды беруде творчествоның қыр – сырлары өзгешеліктері ескертілетінін алға тарту. Бұларда көптеген жанрлардың түрлендіріп, бір – бірін қайталамайтын жаратылысты берілетін айыра білу. Осыған байланысты журналистік творчестволық еңбек те өз талап дәрежесінде болуы жөнінде. Журналист-баспасөз ісіндегі негізгі тұлға. Онсыз қандай баспасөз болса да талапқа сай дайындалып, халықтың рухани талғамын қанағаттандыра алмайтыны түсінікті. сондықтан, ең алдымен журналист кәсіби тұрғыда толыққанды маман ретінде еңбек етіп, танылуы керек. Сондықтан, журналистің жазу-сызуға, әсіресе шығармашылықпен айналысуға, ой адамы болуға талартанғаны, еңбектенгені өте қажет. Ал оның БАҚ-тың барлық түрлеріне –радио, телевидение, газет т.б. атқаратын қызметі парасатты, батыл, жауапкершілікті болуы маңызды. журналист қоғамдық пікірдің қозғаушы күшіне айналып, адамдарға ақиқатшыл тұрғыда көрінуі тиіс. Демократиялық қоғамда баспасөз еркіндігіне жол ашық. Нарықтық қатынастардың да өз заңдылығы бар. Әрбір мемлекеттің ұстанған өзіндік саясаты немесе идеологиясы болуы мүмкін. Соған байланысты баспасөздің жұмыс істеу процесінде тиісінше әдіс-тәсілдер орын алатынын жоққа шығаруға болмайды. Бұл жерде қайсібір принциптер мен үрдістерге орай кейбір ерекшеліктердің байқалатыны рас. Бүгінгі заманда баспасөзде және басқа БАҚ құралдарында ақпараттық қауіпсіздік мәселесі «күйіп-жанып» тұрған жайлардың бірі. Себебі, әлемдегі БАҚ жұмысында қазіргідей ашық қоғам жағдайына орай көптеген жайларды орнымен атқармаса, кез келген қиындықтарға тап болуы ғажап емес. Алдымен елдің ішкі-сыртқы саясатында демократияны негіз ету арқылы, ақпаратпен қамтамасыз етуді жолға қоюмен бірге оның қауіпсіздігіне де назар аудармай болмайды. Қоғамда туындайтын әртүрлі саяси текетірестер, көзқарас пікір қайшылықтары мен өзара түсініспеушілік салдарынан баспасөзде теріс тенденциялы материалдардың жарияланып кетуі зиянын тигізбек. Айталық, «ақпараттық тәртіп», «ақпараттық қақтығыс», «ақпараттық қауіпсіздік» деген тіркестер қазір тегіннен тегін туындап отырмағаны белгілі. Әдебиет: 1. Амандосов Т. Публицистика-дәуір үні. Алматы,1974 2. Амандосов Т. Журналистика және өмір.. алматы,1967 3. Авраамов Д. Профессиональная этика журналиста. Москва,1991 Семинар сұрақтары: 1. Халықаралық ақпарат 2. Хабар таратудың бүгінгі кезеңдегі жаңа әдісі 4 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ СӨЖ-ге әдістемелік нұсқау: СӨЖ тапсырмалары жазбаша (бақылау жұмысы, реферат, конспекті, т.б) және БАҚ-да мақалалар жазу түрінде беріледі. Студенттің СӨЖ тапсырмаларын тапсыру барысында олардың теориялық білімі, белсенділігі, ынтасы, тапсырманы меңгеру деңгейі, шығармашылық шешім таба білу дағдысы және келешек журналист маман ретінде тіл мәдениеті, сөз байлығы, орфоэпия нормаларына сай мәнерлеп, көркемдік нақышына келтіріп айта білу шеберлігі бағаланады. 4.1 Тақырып және оның маңыздылығы. 4.2 Материалды өңдеу. 4.3 Жарияланымның мазмұны мен түрі. 4.4. Ақпарат жинаудың әдістері. 4.5. Жанр және оның баспасөз,радио,теледидардағы қолдану ерекшеліктері. 4.6. Журналист және этика. 4.7. Фотожурналистика жанрына қойылатын талаптар. 4.8. Ақпарат және оның қолданылуы. 4.9. БАҚ және жарнама. 4.10. Баспасөздегі фотосуреттің маңызы. 4.11. Тілдік,стильдік қолданыстар. 4.12. Тележурналистке қойылатын талаптар. 4.13. Радиожурналистке қойылатын талаптар. 4.14. Тікелей эфир. 4.15. Журналистік зерттеу кезеңдері. 4.16. Шешендік өнер. 4.17. Журналист және компьютерлік технология. 4.18. Журналист шеберлігінің негіздері. 4.19. Аудитория және оны зерттеу. 4.20. Журналистика және менеджмент. 4.21. Кәсіби этика мәселелері. 4.22. Теледидар менеджменті. 4.23. Журналистік зерттеу барысындағы қауіпсіздік шаралары. 4.24. Баспасөздің стилі дегеніміз не? 4.25. Баспасөздің тілі дегеніміз не? 4.26. Жарнаманың шығармашылық және ұлттық аспектілері. 4.27. Жарнама мәтіні,слоган. 4.28. Ғылыми стиль дегеніміз не? 4.29. Әдеби-көркем стилге қойылатын талаптар. 4.30. Журналист және кәсіби шеберлік. 4.31. Сұқпат жанрын қолдану. 4.32. Журналистің сөйлеу мәдениеті. 5 СТУДЕНТТІҢ ОҚЫТУШЫ БАСШЫЛЫҒЫМЕН ЖҮРГІЗЕТІН ЖҰМЫСТАРЫ 1 Қ.Сәтбаевтің публицистикалық мақалалары. 2 Қазақ балаларына арналған алғашқы басылымдар. 3 Қазақ қыз - келіншектеріне арналған алғашқы басылымдар. 4 Е.Алдоңғаров – публицист. 5 Ж.Аймауытовтың публицистикасы. 6 Ж.Тлепбергеновтің журналистік қызметі. 7 Қ.Кемеңгеров– публицист. 8 Ә.Ғалимовтың «Айқап» журналындағы атқарған қызметі. 9 М.Әуезов– публицист. 10 Монғолияда шыққан қазақ тіліндегі басылымдар. 11 Т.Рысқұловтың журналистік қызметі. 12 «Дала уалаяты» газеті. Онда қызмет еткен авторлар. 13 «Қазақ әдебиеті» газеті. Кеше және бүгіні. 14 М.Жұмабаевтың «Ақ жол» газетіндегі атқарған журналистік қызметі. 15 Б.Майлиннің публицистикасы. 6 ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТІРКЕУ ПАРАҒЫ |Өзгерістің |Құжаттың |Өзгеріс |Хабарламаның |Өзгеріс енгізілді | |рет нөмірі |тарауы |түрі |нөмірі және | | | |пункті |(ауыстыру, |күні | | | | |жою, қосу) | | | | | | | |Күні |Аты-жөні, | | | | | | |қолы, | | | | | | |қызметі | | | | | | | | 7 ӘРІПТЕСТЕРДІҢ ТАНЫСУЫ № о/қҚыз метіАты-жөніУақы тыҚолыӨзгерту №Уақы тыҚолыӨзгерту №Уақы тыҚолы
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz