Файл қосу

Аңшылық жануарларын қорғау



Кіріспе
      Биотехния (био... және téchnē грек тілінен аударғанда — өнер,  дағды),
жануарлардың  санын  арттыруға  және  олардың  өнімділігін,  көбею  қасиетін
жоғарлату үшін  жүргізілетін  іс-шаралар  кешені.  Биотехния  термині  өткен
ғасырдың 30-шы жылдары СССР-де пайда болған.  Осы  кезде  Кеңестер  одағында
кең көлемде табиғи жағдайда кәсіптік аңдар мен құстарды өсіру жүзеге  асқан.
Оның барысында көптеген қорықтар,  қорықшалар,  қорық-аңшылық  шаруашылықтар
құрылып, аң-құс аулау мерзімдері бекітіліп,  биотехниялық  шаралар  қолданып
жануарлар қоры ұлғая түсті.
      Аңшылық шаруашылығының дамуындағы жүргізілетін негізгі шаралардың бірі
– биотехниялық шаралар. Олар  жануарлардың  бастарына  түскен  қиын  кезеңін
жеңілдетуге арналған шаралар (яғни, қыста, жұт  кезінде,  апаттарда,  өртте,
т.б. жағдайларда). Ормандарда  мекендейтін  құстарға  арналған  биотехниялық
шаралар  (жер  суару).  Қыс  айларында  құстардың  мекен  ету   алқаптарында
тазартылмаған  жиделер,  тарының,  дәнді  дақылдардың,   бауын   бұталардың,
ағаштардың  бастарына  іліп   қояды.   Сонымен   қатар   түрлі   астауларға,
оттықтарға, бидай, түрлі жидектер (алма, долана, жапырақтар) салады.
      Биотехниялық шаралардың басты  мақсаты:  1)  кәсіптік  аңдардың  қорын
молайту  (қоректік  базаны  пайдалы  өсімдіктерді  өсіріп  жақсарту,  үстеме
қоректендіру); қорғаныс және ұя салу  жағдайын  жақсарту  (ағаш,  бұта,  бик
шөптесін  өсімдіктерді  отырғызу,  арнайы  тікенді   бұта   өскен   қорғаныс
учаскелерді – ремиздерді ұйымдастыру), тынығу  аймақтарын  даярлау,  жасанды
індер мен  ұяларды  құру,  зиянды  жыртқыштармен  күрес  жүргізу,  ауруларды
қадағалау,  аңдар  мен  құстарды  қайта  жерсіндіру  –  бұрын  құрып  кеткен
ареалына қайта әкеліп жіберу,  басқа  елдерден  пайдалы  жануарларды  әкеліп
өсіру.  2)  кәсіптік  жануарлардың  пайдалы  қасиеттерін  жоғарлату:  бағалы
терілі аңдардың тері сапасын  жоғарлату,  тұяқтылардың  аңдардың,  құстардың
етін жақсарту, селекция (сұрыптау) жүргізу.
      Биотехнияның дамуына Б. М. Житков, П. А. Мантейфель, С. И.  Огнев,  Н.
П. Лавров, С. П. Наумов, Б. А. Кузнецов, И. Н. Арнольд, А. Н. Елеонский,  В.
П. Врасский, В. А. Мовчан, Г. В. Никольский және т.б. ғалымдар үлкен  үлесін
қосқан. Әртүрлі биотехниялық шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыруда  АҚШ,
Ұлыбритания, Англии, Франции, Канады, Финляндии, Чехия,  Польша  сияқты  шет
мемлекеттер маңызды тәжірибелер өткізді.


                            Биотехниялық шаралар
                  [pic]Еліктер мен бұғыларға арналған оттық

[pic]Шіл, құр және қырғауылға арналған шатыршылыр
[pic][pic]
    Қояндарға арналған шөмеле және шөп қорғанның ішінде орналасқан оттық.

       Шаруашылықта биотехниялық шаралар жақсы жүріп  келген  сайын  тұяқты
аңшылық аңдар және қояндар саны өте көп болып  кетсе,  орман  шаруашылығының
көлеміне сәйкестеп оптималды мөлшерге  дейін  азайту  жұмыстарын  жүргізеді,
өйткені олардың қоры арта түскенде ауруларға шалдығып, қоршаған ортаға  зиян
келтіре бастайды.
       Орман  шаруашылығына  зиянды  аңдар,  құстар  мен  қатар  паразиттік
саңырауқүлақтардын да тигізетін шығыны өте мол. Олар  ағаштардың  жапырағын,
тамырын, діңін, тұқымдық дәнін, жас өсімдіктерді  зақымдайды.  Көбінесе  өрт
шалған,   немесе   зиянды-жәндіктер   жайғасқан   ағаштар,   саңырауқұлақпен
зақымдануына өте бейімді келеді.
       Зиянды-жәндіктер   мен   паразиттік   саңырауқұлақтармен    күресуде
жүргізетін негізгі шаралар:
       1. Ағаш кесілген жерден, кесілгеннен қалған қалдықтарды жою.
       2.   Өрт шалып зақымдалған ағаштарды және құлаған діңдерді жою.
       3.  Уақытында санитарлық кесу жүргізіп, барлық ауру ағаштарды құрту.
       4. Зиянды-жәндіктерді жейтін құстарды сақтау, қорғау.
       Осымен қатар орман зиянкестілерімен күресетін  химиялық  әдістер  де
бар. Алайда оларды пайдалануды абайлап жүргізу қажет, өйткені  улы  заттарды
орынсыз  қолдану,  зиянкесті  жәндіктермен  қатар  пайдалы   құстарға   және
жәндіктерге, ағаштын өзіне де ең соңында адамға зиян келтіруі мүмкін.


                         Аңшылық жануарларын қорғау.
1. Жануарларды қорғау жолдары.
2. Қорғау жұмыстарының жіктелуі
    Адамдар табиғатты өзгертіп көптеген аңдар мен  құстар  түрлерін  құртып
жіберуге таяды. Кейбір түрлер жер  бетінен  мүлде  жойылып  кеткен.  Бүгінгі
таңда осындай сирек кездесіп, жойылып бара жатқан жануарлар түрлерін  қорғау
үлкен мәселеге айналып кеткен. Оларды қорғау үшін Қызыл  Кітаптар  жазылады,
аулауға тыйым салынады,  халықаралық  саудаға  шек  қойылады,  қорықтар  мен
ұлттық парктер, қорықшалар, тынығу аймақтарын және басқа да ерекше  қорғауға
алынған табиғи территориялар ұйымдастырылады.
    Кейбір жануарлардың қорының азайып кеткені соншама, оларға мұндай жалпы
шаралардың көмегі аз және кеш болып кеткендері де бар. Оларды  құтқару  үшін
белсеңді шаралар құрылады – интенсивті қорғау әдістері.
    Мұндай әдістер  саны  өте  көп.  Олардың  жүргізілетін  бағыты  көбеюге
оптималды  мүмкіндік  жағдайын  жасауға,  сонымен  қатар  қоршаған   ортаның
қоректік базасын және қорғаныштық жағдайын жақсарту мақсатымен  жүргізіледі.

    Бұл әдістерге жататындар: электр  бағандарында  тоқ  соғудан  сақтайтын
құрылғылар, ауыл шаруашылық жұмыстарын жүргізгенде, олардың мерзімін  реттеу
(жаңа тех.), қолда өсіріп, табиғатқа жерсіндіру, пайдалы жануарларды  (бұнақ
денелілерді) қорғап, санын көбейту,  мазасыздандыру факторлерін азайту.  ТМД
елдерінде бұл шараларды биотехнялық деп атайды, ал  Батыс  Еуропа  елдерінде
оны жабайы жануарлар  популяцияларын  реттеу  немесе  басқару  деген  термин
кездеседі.
    Ең басында бұл шаралар тек қана бағалы  терілі,  кәсіптік  жануарлардың
қорын молайтуға арналған,  ал  соңғы  жылдары  олар  жалпы  табиғатқа  көмек
көрсету  мақсатымен  жүргізіледі.  Биотехниялық  жұмыстардың  ішінде   жақсы
құрылып іске асырылатын түрлері ол құстарды қорғау шаралары.
    2. Биотехниялық шараларды келесі түрде жіктейді.
    1. Көбею жағдайларын жақсарту:
    Жасанды көбею орындарын әзірлеу;
    Табиғи көбею  орындарын  қорғау;  көбею  орындарын  оптималды  жағдайда
ұстау; қорғауға алынған түрдің көбеюіне кері әсерін немесе зиянын  тигізетін
жануарлардың санын реттеу; ауыл,  орман  шаруашылық  жұмыстарын  жүргізгенде
потенциалды көбею аудандарын сақтау.
    2.  Мекен ету ортасының қорғаныс жағдайын жақсарту:
    Тынығу  аймақтарын  ұйымдастыру,  қорғаныс  бұталарды  өсіру,  ремиздер
жасау;  әртүрлі  жасырын  орындар  мен  ұялар,  індер  жасау;  ауыл,   орман
шаруашылық жұмыстарын жүргізгенде потенциалды қорғаныс аудандарын сақтау.
    3. Қоректік базаны жақсарту:
    Қоректік биотоптарды  жақсарту,  молайту  немесе  қолдан  құру;  үстеме
қоректендіру; қоректік өсімдіктерді өсіру  әлде  олардың  дамуын  жылдамдату
шараларын   қолдану;   негізгі   қоректік   объекті   ретінде   пайдаланатын
жануарларды қорғау және қорын молайту;  жыртқыш  құстарға  аңшылық  учаскені
бақылап отыратын арнайы бағандар орнату; жасанды суаттарды құру,  табиғи  су
көздерін сақтау және жақсарту, негізгі қорек және су  көздерін  жануарлармен
қолдану мүмкіндігін жоғарлату.
    4. Табиғи апаттардан және шаруашылық салдарынан  пайда  болған  зияннан
қорғау:
    Су тасқындардан сақтау, су қоймалардың гидрорежимін реттеу;  техникалық
құрылғылардан мерт болудың алдын  алу;  ауыл,  орман  шаруашылық  жұмыстарын
жүргізгенде өлуден сақтау;  ұяларды,  індерді,  құстардың  жұмыртқалары  мен
балапандарын, аңдардың төлін сақтау, құтқару; жаралы және  ауру  жануарларға
питомниктер  құру;  аурулар  және  паразиттермен  күрес  жүргізу  үшін  мал-
дәрігерлік, санитарлық шараларды жүргізу.
    5. Көбею сәттілігін жоғарлату:
    Жұмыртқа салған құстарды жұмыртқа санын көбейтуді стимуляциялау, жылына
2 рет көбеюді жүргізу;  жұмыртқалар  мен  балапандардың  шығынын  төмендету;
популяциянын  көбею  сәттілігін  жоғарлату  мақсатында  мекен   ету   ортасы
ластанған  және  таза  аудандар  арасында   жұмыртқалар   мен   балапандарды
алмастыру.
    6. Популяцияны орнықтыру қалпына келтіру:
    Қолда өсіріп, кейін табиғатқа жіберу; бұрын мекен етіп кейіннен жойылып
кеткен аймақтарға  қайта  қоныстандыру;  саны  жоғары  аудандардан  қоры  аз
мекендерге көшіру.






         Аңшылық алқаптарының қорғаныш және ұялық сапасын жоғарлату
       1. Қорғаныс ремиздерді құру
       2. Аңдармен құстардың індерін, ұяларын сақтау
       Қорғаныс ремиздерді жануарларға  арнап  егілген  егістіктер,  үстеме
қоректендіру  аландар,   суаттар,   тұздықтар,   тынығу   аймақтар   маңында
ұйымдастырылады. Мұндай ремиздерде  жануарлар  жыртқыштар  мен  ауа  райының
қолайсыз жағдайларынан қорғанады.
       Ремиздерді ауылдар мен шаруа қожалықтардың территорияларында олардың
басшыларымен келісіп құруға болады. Ол үшін мәдени  өсімдіктер  үшін  сапасы
төмен учаскелер қолданылады, оларға  жыралар, құрғап қалған  өзен  арналары,
бос аландар, құм басқан территориялар пайдаланылады. Ремиз  құру  мақсатымен
бұл жерлерге астық тұқымдасының өкілдерін, дрок, долана, итмұрын,  таңқурай,
шырша, жабайы алма, шетен өсіріледі. Егер мүмкіндік болса  ремиздің  сыртына
қарай тікенді бұталарды егіп ортасына қоректік маңызы бар сұлы, қара  құмық,
тары,  жералмұрт  сияқты  өсімдіктерді  өсіреді,  сонда  ремиздің   қорғаныс
қызметімен бірге қоректік жағдайы да  жақсарады.
       Бұғылар, еліктер,  бұландар  орманда  аса  биік  емес,  сирек  өскен
бұталарды  ұнатады.  Алайда  қатты  аязда,  боранда,  жауын-шашында,   ыстық
мезгілде және көбею мезгілінде  олар қалын бұта арасында  жасырынады.  Мұнда
суық кезінде жылы, ал жазда салқын, мазалайтын қансорғыш  бұнақденелілер  аз
болады. Аязда, мұз тайғақ, қалын қар жауған жылдары мұндай  жерлерде  үстеме
қоректендіруді ұйымдастыру қажет.
       Аішылық шаруашылықтарда ремиздермен көбею учаскелері  де  қоршалады.
Оларды таңдаудың  басты  шарты  –  территориясында  ашық  аландар,  суаттар,
қоректену  егістіктері  елді  мекендерден  алыс  орналасуы,   жақсы   табиғи
қоректік база. Бұл шарттарды орындау  үшін  мазалау  факторын  азайту  қажет
(жеміс-жидек, саңырауқұлақ, ағаш шырынын жинауға шек қою).
       2. Адам іс-әрекеттерінен  жабайы  жануарлардың  мекен  ету  орталары
қысқарып келеді.  Сокращение площадей нетронутых, целинных земель,  осушение
болот, вырубка  лесов,  загрязнение  рек  и  природной  среды  промышленными
отходами, удобрениями и пестицидами создают  такую  экологическую  ситуацию,
при  которой  численность  одних  видов   животных   снижается,   а   другие
оказываются на грани исчезновения.
       Көп адамдар бір жануардың  түрін  сақтап  қалу  үшін  тек  қана  оны
аулауға тыйым салса болды  деп  ойлайды.  Бұл  пікір  дұрыс  емес.  Көптеген
жануарлар түрлерінің  азаюы  жылдан  жылға  олар  тіршілік  ететін  алқаптар
азаяды, онымен бірге көбеюге қолайлы  орындар  да  жоғалады.  Сондықтан  кез
келген аң немесе құс аулағанда олардың ін, ұяларын  бұзуға  тыйым  салынады.
Еліміздегі аң аулау заңнамасында жауарлардың  ұясын,  інін,  ағаш  қуыстарын
бұзып ұстау әдістеріне толығымен  тыйым  салынған.  Індерді  қазу,  түтінмен
немесе газдармен тұншықтыру, қуыстары бар ағаш діндерін кесіп құлатуға  және
басқа  да  табиғи  немесе  жасанды  ұяларды   қиратумен   байланысты   аулау
әдістеріне толық тыйым салынып заңмен қудаланады.



                  Жануарларға жасанды қорғаныштарды даярлау
       1. Орманды алқаптардың қорғаныс жағдайын жақсарту.
       2. Ашық алқаптардың өнімділігін жоғарлату.
       3. Су жануарларына қолайлы жағдай жасау.
    1.  Аңшылық   алқаптардың   қорғаныс   жағдайлары   дегеніміз   олардың
территориясында жануарларға жыртқыштардан,  ауа  райының  қолайсыз  әсерінен
қорғанып, жасырынатын орындар болуын айтады.
    Әрбір жануарлардың мекен ету алқаптар қорғаныс  жағдайларына  қойылатын
талаптары бірдей емес. Бұғы тәріздес тұяқтылар  сирек  өскен  орманды  талап
етеді, қабандарға керісінше қалың ағаш немесе  қамыс  қажет,  сусар,  бұлғын
сияқты жыртқыштарға  құлаған  ағашы  көп  орман  керек.  Осыған  орай  әрбір
жануарға жүргізілетін алқаптардың қорғаныс  қасиеттерін  жоғарлату  шаралары
әртүрлі келеді. Қорғаныс  жағдайды  жақсарту  аңшылық  алқаптың  өнімділігін
біршама өсіреді. Ол  үшін  орман  шаруашылық  жұмыстарын  жүргізгенде  кәрі,
қуыстары бар, аңдар мен  құстар  ұя  сала  алатын  ағаштарды  кеспей  сақтау
керек. Орман кесу жұмыстарын жаздың  екінші  жартысында  жүргізу  тиіс,  бұл
кезде жануарлардың басым  көпшілігінде  көбею  кезеңі  аяқталады.  Құр  және
меңіреу құрлардың ойнақтары орналасқан учаскелерге  тиіспеу  керек.  Орманды
қайта өсіру барысында аңшылық шаруашылық  тұрғыдан  бағалы  ағаш  тұқымдарын
отырғызу керек.
    Жануарлар жасырыну үшін орманда да ремиздер құрады. Мұнда оларды  қалың
ағаш арасында, маңында суаты бар  учаскеге  орналасады.  Ормандағы  ремиздер
көлемі 0,5-тен бірнеше гектарға дейін жетеді.
    2. Ашық  аңшылық  алқаптарға  дала,  шөл,  ауыл  шаруашылық  егістіктер
жатады. Оларда аңшылық құстар мен аңдар аз мекендейді.  Егер  ашық  алқаптар
жанында немесе арасында  орман учаскелерімен, бұталар, қамыс  өскен  аландар
кезіксе, мұнда сұр шіл, бөдене, қырғауыл, құр, ор қоян, елік, борсық  сияқты
жануарлар қоныстанады.
    Ашық алқаптардың қорғаныс қасиеттерін жоғарлату үшін  орман  жолақтарын
өсіреді, биік  шөптерді  егеді.  Бұталардың,  басқа  да  биік  өсімдіктердің
бұтақтары қалың болуы үшін олардың төбесін қырқып отырады.
       Тауық  тәрізді  құстар  ұшін  ашық  аландарда   порхалище   жасайды.
Порхалищенын маңызы – құстардың денесін паразиттерден  (бүрге,  кене,  мамық
құрты-пухоед және т.б.) тазарту. Порхалищаны жаздың жауынды  кезінде,  аздап
құрғатылған ауыр топырақты алқаптарда жасаған дұрыс.
       Сонымен қатар көптеген құстарға  қорегін  қорыту  үшін  ұсақ  тастар
қажет,  сондықтан  алқаптарда  арнайы  галечниктер  жасайды,  мұнда  әртүрлі
көлемдегі  тастарды  үйіп  төгеді.  Бұл  тастар  әсіресе   көктемгі,   қысқы
мезгілдерде  керек,  бұл  кезеңдерде  тастарды  тауып  алу  құстарға  қиынға
соғады, сондықтан ас қорыту  бұзылады.  Ұсақ  тастар  тауық  тәрізді  құстар
күзде-қыста  мекендейтін,  қар  жауып  тастамайтын,  шатыр  астында,  қылқан
жапырақты ағаштар аясында жайғасуы міндет. Егерде  ұсақ  тастар  қорғалмаса,
оларды жиелеп қардан тазалап тұрады. Ұсақ тастарға да тұрақты  және  аумақты
орын қажет екенін ұмытпаған жөн.
    Порхалищелер мен галечниктерді жыртқыш  құстардан  қауіп  төнсе  жылдам
жасырынатын қалың шөп арасына орналастырады.
    Далалық алқаптарда сұр шіл, бөдене, қырғауыл сияқты құстарды, бораннан,
қалың қардан, жауын-шашыннан  сақтап қалу үшін күркелер құрады.
    3. Су маңында қорғаныс жағдайды жақсарту үшін көлдер, өзендер басқа  да
суат жағалауларында тал егеді,  біраз  ары  қарай  көк  терек  немесе  басқа
жалпақ жапырақты ағаш тұқымдарын өсіреді.
    Суда мекендейтін құстардың көбі ұя  салу  үшін  табиғатта  жиі  кездесе
бермейтін,  спецификалық  жағдайды  талап  етеді.  Ұялау   аудандарында   су
құстарының ұялары жыртқыштарға жем  болады,  су  деңгейі  көтерілсе  астында
қалады,  шөп  шабу  кезінде  жойылады,  қамыс  өртегенде,   мал   жайылғанда
бұзылады. Су құстарының ұялық жағдайын жақсарту олардың  бір  жерге  тұрақты
қоныстануына көмектеседі, балапандарды сәтті өсіруге үлесін қосады.
    Сүңгуір үйректер ұяларын ағаштардың қуысына орналастырады, оларға көбею
орындарын ұлғайту үшін қолдан дуплянкалар  даярлайды.  Оларды  тақтайлардан,
кесілген ағаш шөркелерден жасайды. Жер бетіне ұя  салатын  су  құстарына  су
басып кетпейтін дөңес учаскелерге жасанды ұялар құрады.
    Ондатр, құндыз тіршілік ететін суаттарда су деңгейін реттейтін бөгеттер
жасайды, ұсақ өзендер кеуіп кетпеу үшін арнайы каналдар қазып  су  өткізеді.
Қалың қамыс арасында  оны  шауып  ашық  аландар  құрады,  олар  су  аңдарына
алқаптарға терең,  қалың  учаскелеріне  мекендеуге  мүмкіндік  береді,  және
қамыстын жақсы өсуіне әсерні тигізеді.


                Аңшылық алқаптарының азықтық қорын жақсарту.
    1. Ашық алқаптардағы азықтық өсімдіктер
    2. Су алқаптарының өсімдіктері
    Аңшылық  алқаптардағы   жануарлардың   саны   азықтық   қорға   тікелей
байланысты. Ең маңызды биотехниялық шаралардың бірі –  алқаптардың  қоректік
базасын жоғарлату. Оны көбейту үшін  қоректік  өсімдіктер  өсіреді,  қорекке
жеңіл қол жеткізу және оны қорытуды жақсарту, минералды азық қосу.
    Қоректік  өсімдіктерді  орманды  қайта  қалпына  келтірудің   барысында
отырғызады. Ол үшін орманның  төменгі  қабатына  (ярусына)  азықтық  жағынан
бағалы ағаш  пен  бұталарды  еңгізеді.  Ашық  алқаптарда  қорғаныс  қоректік
ремиздер  ұйымдастырады,  олардың  құрамына  кіретін   өсімдіктер   қоректік
қасиеттерімен қатар қорғаныс ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
    Қоректік егістіктер өсіру үшін көбінесе сұлы,  арпа,  картоп,  қызылша,
орамжапырақ, қара құмық,  бұршақ тұқымдасына жататын  жоңышқа,  беде,  қызыл
мия сияқты көп жылдық өсімдіктер қолданылады.
    Аңшылық  шаруашылықта  ерекше  назар  аударатын  өсімдік  –  топинамбур
(жералмұрт).  Бұл  күрделігүлділер  тұқымдасының  өсімдік,  оның  түйіндерін
көктемде 10 см тереңдікке қатарлатып отырғызады. Қатарлардың  арасы  60  см,
екі түйіннің арасы 40 см. Топинамбур жапырақтарын бұғылар, еліктер,  қряндар
жейді,  түйіндерін  қабан  шошқалар  қазып   алады.   Жерде   қалып   қалған
түйіндерден келесі жылы тағы өсімдік шығады.
    Орман ішіндегі шөптесін өсімдік  өскен  аландарда,  шабылған  орындарда
шырғанақ,  жабайы  өрік,  арша,  қожақат  т.б.  бұталарды  өсіреді.  Әсіресе
шаруашылықтарда қалемшелерін бөлшектеп шілік сияқты  бұтаны  көбейту  қажет.
Оның жапырақтары мен өркендерін  тұяқтылар  мен  қояндар  жейді.  Шырғанақты
еккен кезде бұл өсімдік дара жынысты екендігін  ұмытпау  керек,  аталық  пен
аналық өсімдіктердің қалемшелерін араласытырып отырғызады.
    Қоректік өсімдіктермен бірге дәрілік шөптерді де  ұмытпаған  жөн.  Бұғы
тәрізді тұяқтыдар мекендейтін алқаптарда   үш  жапырақты  субедені  міндетті
түрде өсіру керек, бұл өсімдік оларға  зиянкес  паразиттік  құрттарды  жоюға
көмектеседі. Бұл өсімдік өспеген аймақтардан тұяқтылар қоныс  аударып  кетіп
қалады.
    Бос жерлерде, шұңқырлы аудандарда,  жолдардың  жиегіне  нрмен  түрлерін
өсірген  дұрыс.  Елік,   бұғы,   қояндар   басқа   да   жануарлар   ерменнің
гүлшоғырларын,  тұқымдарын,  жапырағын  жеп  құрттардан  құтылады.  Ерменнің
құрамында эфир майлары, фитонцидтер көп болады.  Осындай  қасиеттер  аршаның
жаңғақшаларына да тән. Оның тұқымдарын шілдер, құрлар,  ұлар  сияқты  құстар
дәрілік шөп ретінде пайдаланады. Терпентин және хош  иісті  заттар  қарағай,
шырша, қайын бүрлерінде, сырғаларында болады  олар  да  ішек  паразиттерінен
емделуге көмектеседі.
    Қызамық пен  қара  жидек  бағалы  қоректік  қасиеттерімен  қатар  жақсы
дәрілік пайдасы бар. Бұл жидектердің қоры аз болған жылдары көптеген  құстар
күзге жетпей өліп қалады

2. Өзендер мен көлдердің жағалауларында көктемде  бүрлері  шықпай  тұра  тал
егеді, оны қояндар,  бұғылар,  құндыздар  жейді.  Талдың  жас  өркендері  су
құстары мен аңдарға қорғаныс жағдайын жоғарлатады.
      Ондатра мен су құстарының азықтық қорын  молайту  үшін  суаттарда  су-
батпақ өсімдіктерін егеді. Оларға шылаң, қамыс, қоға  жатады.  Шылаң  немесе
қазоты ұзың тамырсабағы бар көпжылдық су  өсімдігі,  лның  жапырағы  әртүрлі
пішінді келеді. Кейбір түрлерінің жапырақтары суға батып тұрады,  келесінікі
су бетінде  қалқып жүреді. Олардың  сабақтары  қалың  өсіп  су  жәндіктеріне
қолайлы жағдай жасайды. Ал жәндіктер  құстарға  қорек  болады.  Ондатра  мен
үйректер шылаңмен қоректенеді.  Оның  қатты  тұқымдары  су  құстарында  ұсақ
тастарды алмастырады, қорегін  ұсату  үшін  пайдаланылады.  Шылаңды  көбейту
үшін тұқымдарын жинап 1,5-2 метр  тереңдікке  отырғызады,  су  бетіне  шығып
кетпес үшін алдымен балшыққа малып қояды.
      Елімізде қоғаның екі түрі кездеседі. Бұл өсімдік көп жылдық, тамырлары
торланып  өседі,   тамырсабақтары   крахмалға   өте   бай,   ол   ондатраға,
сазқұндызға,  құндызға,  қабан  шошқаға  өте  нәрлі   қорек,   әсіресе   жас
өсімдіктер. Су құстары да оны жақсы жейді.
      Тростник — многолетнее растение из семейства злаковых,  высаживают  на
водоемах, заселенных ондатрой,-нутрией, водоплавающей птицей.
      Камыш озерный — многолетнее водное растение из семейства осоковых.  На
дне водоема растение образует сеть  толстых  корневищ,  от  которых  отходят
нетолстые   темно-зеленые   круглые    побеги    без    листьев,    соцветие
мнотоколосковое. Корневища и молодые побеги камыша поедают ондатра,  нутрия,
кабан, а плоды камыша— утки. Камыш сажают частями корневищ на глубине  до  1
ж.
      Во многих случаях на водоемах, в особенности крупных, развитие  водно-
болотной растительности угнетается волнобоем. Для борьбы с вредным  влиянием
волно-боев можно устраивать искусственные барьеры  путем  отвода  сплавин  и
закрепления их на мелких местах, а также посадок ивняков. В  устьях  заливов
и на некотором расстоянии от берега устраиваются различного  рода  изгороди,
смягчающие волнобой.


                      Аңшылық жануарларын қоректендіру.
    1. Азықтың түрлері
    2. Қоректің сапасы
    Аңшылық жануарларына  қажетті  азықтарға  толық  мінездеме  беру  үшін,
олардың құрамына қандай түрлі азықтар енеді  және  оны  сапалық  қасиеттерін
жете білу керек. Азықтар екі  топқа  бөлінеді  органикалық  және  минералдық
азықтар.
    Органикалық топқа өсімдік және жануар  тектес  азықтар  енеді.  Өсімдік
тектес азықтар: ағаш және бұтақты тұқымдастардың  тұқымы  жемісі,  жидектер,
саңырауқұлақтар,  ағашты-бұтақты  азықтар   (қабықтар,   тармақтар,   қылқан
жапырақтар,  жапырақтар,   бүршіктеі   сырғалар,   гүл   шоғырлары)   шөптес
өсімдіктер, балдырлар, мүктер және қыналар. Жануар тектес азықтар екі  топқа
жіктелінеді:  омыртқалы  және  омыртқасыз  жануарлар.  Омыртқалы   жануарлар
тобына кебінесе (көлемі)  кішкентай  топтар  -  тышқан  түрлес  кеміргіштер,
кішкентай сүтқоректілер,  құстар,  балықтар  және  бауырымен  жорғалаушылар.
Омыртқасыздарға - шыбын-шірке құрт-құмырсқа, бақашақтар, құрттар енеді.
    Жабайы  аңдарға  азықтандыратын  азықтардың  маңызына  қарай   негізгі,
қосымша және аздау манызды топтарға бөледі. Жыл кезеңі  бойы  аңшылық  жерде
азықтар түрі өзгеріп отырады. Көптеген жазғы азықтар  түрі  андар  рационына
күзде-қыста және ерте жазғытұрда енбейді. Осыған  байланысты,  жыл  кезеңіне
қарай  мынадай  топты  азықтар  жіктелінеді:  қыстық,  жазғытұрлық,  жаздық,
жаздық-күздік және күздік-қыстық  болып.  Кейбір  азықтар  (қылқан  жапырақ,
бұта ағаш қабығы, бүршік) жыл бойы  тұрақтыланып  қалса,  керісінше  ағаштын
бұтақтың және шөптес  есімдіктердің  тұқымы,  жемісі,  жидегі   және  жануар
тектес азықтар жыл сайын өзгеріп ауытқып тұрады.  Осы себептен шартты  түрде
азықтарды тұрақты, аздап ауытқыйтын және күшті аутқыйтын деп үшке бөледі.
    Минералдық  азықтар  -  бұл  әртүрлі  минералдық  элементтерінің  тұзы.
Жануарлар  рационында  олардың  қатысуы  өте  қажет.  Минералдық   заттардың
жетіспеушілігі  тұрақты  болуы  мүмкін,  ия  болмаса  белгілі  бір   кезеңде
(қыста). Азықтар құрамындағы минералдық заттардың мөлшері  аңшылық  алқаптың
сапасына байланысты және жыл кезеңдері бойынша ауытқуы әжептәуір.
    Құнсыз,  сапасыз  топырақты  жерде  өскен  өсімдіктер  бойында  олардың
мөлшері өте аз болады. Осы себептен кейбір жағдайларда жануарлар  минералдық
аштыққа   кезігеді.   Күзгі-қысқы   кезеңде   ағашты-бұтақты   тұқымдастарда
минералдық тұздардын және органикалық затардың мөлшері жоғарлайды,  дегенмен
еске алатын жағдай жануарлар рационына жазғы  шөптес  өсімдіктерімен  енетін
минералдық затар қосылмайды.
    Азықтардың сапасын бағалағанда көңіл бөлетін жағдай,  олардың  қоректік
заттарының құндылығы және ағзада игерілу дәрежесі.
    Көптеген өсімдік тектес азықтардың жалпы қоректілігі және витаминділігі
күзге қарай жоғарлайды. Азықтардың қорынан аңшылық алқаптың  аңға  тығыздығы
байланысты болады.
    Өсімдік  тектес  азықтармен  азықтанатын  аңшылық  жануарларды   ғылыми
тұрғыда  азықтандыру,  азықтардың  химиялық  құрамын  талдау  және  аң   мен
құстардың әртүрлі азықтарды толық жеуге  бейімделуіне  байланысты.  Дегенмен
осы уақытқа дейін бұл проблема әлі толық іздестірілген  жоқ.  Ол  біріншіден
әртүрлі азықтардың химиялық құрамы өте  күрделігімен,  екіншіден  өсімдіктер
жүйесінің өзіне тән азықтың өзгерістігіне байланысты.
    Өсімдік тектес азықтардың химиялық құрамын талдауда  ғылыми  ізденістің
негізгі  бағдарламасы,   олардын   компоненттерін   (азықтың   энергетикалық
қоректілігін сипаттайтын, яғни белок, май, көмірсу,  минералдық  элементтер)
анықтау.  Дегенмен,  азықтың  химиялық   құрамындағы   компоненттер   арқылы
аңдардың  өсімдіктерді  таңдап  жеу  факторларын  объективті   түрде   толық
түсіндіруге болмайды. Мысалы, көп жағдайда  судың  мөлшері  еске  алынбайды,
тұяқты малдар азықты талдауда және қыста өсімдіктерді қосымша  азық  ретінде
пайдалануда судын маңызы өте зор.
    Азықтық  өсімдіктердің  сапалылығын  бағалауда,  құрамындағы  белоктың,
майдың, көмірсудың, минералдық элементтердін және судың  мөлшері  өте  қажет
екенін ескеру қажет. Ан шаруашылығында көптеген жағдайлар азықтардың  ағзаға
кері әсерін тигізу  факторы  тәжірибеде  есептелінбейді,  атап  айтқанда  ас
қорыту  жүйелеріне,  жүрекке,  қара  бауырға,  бүйрекке,  жыныс  ағзаларына.
Мұндай   заттар    қатарына    алколоидтар,    глюкозидтер,    флавоноидтар,
терпендержатады және олардың мал өсу және көбею процессінде  тигізетін  әсер
жоқтың  қасы.  Дегенмен,  бұл  заттар  өсімдіктерді  фитофагиттермөі  жеуден
сақтайтын химиялық көрсеткіштер  болып  есептелінеді  жәні  көптеген  ғылыми
ізденістер бойынша, аңдардың әртүрлі азықтарға  тән  бейімделуін  қамтамасыз
ететін факторлар қатарына кіреді.
    Өсімдіктердің улылығын анықтайтын көп  тараған  әдістін  бір  қарапайым
жәндіктердін ағзасын пайдалану арқылы жүргізілетін биологиялық тесті  әдісі.
Бұл   әдістің   мәні,   парамецияның   әртүрлі   өсімдіктер   ағзасының   су
экстракциясында сезіну реакциясы жағдайы Бұл сияқты  бір  клеткалы  ағзалар,
күйіс малдарының зат алмас процессіне қатысады, осы себептен  азық  дайындау
саласынд уландандыруды талдау үшін кең қолданылады.
    Ол дегеніміз, бұл әдісті аңшылық шаруашылығынд пайдалынылатын азықтарды
да талдауға қолдануға  түгелдей  боладь  Зерттеу  деректері  бойынша  кейбір
қылқан жапырақты және гүл; өсімдіктердің сулы  экстракциясында  парамецияның
өміршіліктігін  ұзақтау  болғаны  көрсетілген.   Кеміс   құбылысты   реакция
болуының  және  парамецияның  өлу  уақытын  белгілеп,  өсімдіктердің  әртүрі
органдарындағы улы заттар мөлшерін анықтаған. Алынған нәтижеі аңның  әртүрлі
өсімдіктерді  таңдап  жеуімен   түсіндіреді.   Көптеген   қылқан   жапырақты
өсімдіктерді талдаудан өткізгенде, парамецияны тез өлгені, яғни  оларда  улы
заттардың мөлшері өте кеп болған әңгімеленеді. Яғни бұл өсімдіктерге  екінші
метаболиттік заттарды түзу  қасиеті  тән.  Улы  заттар  мөлшерінің  дәрежесі
сібір қарағайында және май қарағайында аз, керісінше сібір  бал  қарағайында
және шыршада өте көп.  Сол  сыяқты  екінші  метаболиттік  заттар  қарағайдың
қылқан жапырағында және жас бұтақтарында аз деген ғылыми деректе  кездеседі.
Алайда, өсімдіктердің жаздық сынамасында тест-ағзалар тезірек  келсе,  қыста
алынған  сынамаларында  біртіндеп  барып  өлген.   Қыстық   кезеңде   екінші
метаболитті  -  терпенді  заттардың  түзу  процессі  баяулайды  деп  тұжырым
жасаланған.
    Алынған  нәтижелерді,   ағаш   ішінде   жайғасатын   аңдарды   азықтану
ерекшелігімен салыстыра  келіп,  көп  жағдайда  улы  заттар  мөлшерінің  өте
жоғары  деңгейде  болуы,  өсімдіктердің  вегетативті  органдарының   азықтық
бағалылығын төмендетуінде ешқандай күмән жоқ. Шыршаның және  бал  қарағайдың
нашар желінуі маралға,  елікке  және  бұланға  тән,  өйткені  олар  көбінесе
қылқан жапырақтыларды жеуге  бейімделген.  Олардың  вегетативтік  органдарын
саңырау құр, құр және шілдер  азық  ретінде  аз  пайдаланады,  ал  пайдалані
жағдайда көбінесе күзде жейді, яғни олардың құрамындағы у заттардың  мөлшері
азайған кезде. Бұлайша айтқанда олар кейбір кездейсоқ жағдайда ғана жейді.
    Мысалы,  бұландарға  тәжірибе  жүргізіп  азықтандырғанда,  олар  небәрі
тәулігіне 60 г. шыршаның қылқан жапырағын жеген.
    Осы себептен аңшылық алқаптын  көптеген  аудандары  шыршамен  және  бал
қарағаймен аздап жамылғаны  түсінікті де.  Олардың  фитомассасының  көптеген
бөлшектері улы заттарға бай болуынан, жануарларға азық бола  алмайды.  Сібір
майқарағайы да аңшылық аңдардың, азықтар тізімінде  көп  кездеспейді.  Сібір
майқарағайының қылқан жапырақтарын және жас бұтақтарын  бұғы,  зубр  (домбай
бұқа), құндыз және саңырау құр азық  ретінде  сирек  пайдаланады.  Ал  сібір
қарағайының қылқан  жапырақтары  және  жас  бұтақтары  сібір  майқарағайымен
салыстырғанда  улылық  қасиеті  төмен,  дегенмен  олар  тек   қана   саңырау
құрлардың қыстық азықтар тобына ғана енеді.
    Кәдімгі   қарағайды   және   аршаны,   басқа   қылқан   жапырақтылармен
салыстырғанда тұяқ тұқымдас аңдар жиі жейді. Олар: елік, бұғы,  ақ  қояндар.
Ал негізгі азық ретінде тек қана бұланның және саңырау  құрлардың  рациондар
құрамына кіреді. Кейбір жағдайларда бұл азықтарды жеке аңдар артық  көретіні
байқалған.
    Дегенмен,  кәдімгі  қарағайдын  және  аршаның  бұталарын,   маманданған
фитофагтар  қыстық  кезеңде   вегетативтік   органдарының   улылық   қасиеті
төмендегенде, яғни негізгі азықтар түрі тіпті азайғанда ғана еріксіз  жейді.
Олардың қылқан жапырақтарын  және  жас  бұтақтарын  аңдар  еріксіз  және  аз
көлемде  жейтіні,  әрбір  ағзаның  улануаға  қарсы  тұра  алатын  қасиетінің
дәрежесімен  байланысты.  Қарағайдың  вегетативтік  органдарын   көп   жеген
жағдайда, физиологиялық  стресстен  басқа,  аңның  өліуіне  әкеліп  соқтыруы
мүмкін.
    Тұқымы жабық тұқымдас ағаштарды  тексергенде  де,  олардың  құрамындағы
екінші  метаболитті  заттар  мөлшері  бірдей   емесі   дәлелденген.   Кылқан
жапырақтыларға қарағанда,  олардың  құрамындағы  екінші  метаболитті  заттар
мөлшері әжептәуір алшақ: таниндер, фенолдық қоспалар, алкалоидтар және  т.б.
Бұл  заттардың  қосылып  тест-ағзаға  әсерін  тигізуін  зерттей  келе,  олар
шетеннің, талдың,  көк  теректің  вегетативік  органдарының  экстракциясында
көптеу  өмір  сүріп,  ал  ит  жүзімнің,  еменнің,  қайыңның  және  үйеңкінің
экстракциясында өліп қалғанын тұжырымдаған. Шетен, тал, көк терек болса  тек
кептеген тұяқты аңдардың азығы ғана болмай басқада өсімдік тектес  жануарлар
азығы.
    Шетеннің жас бұтақтары қыста және жазғытұрлық кезеңдерде  саңырау  құр,
құр, шілдер үшін маңызы өте зор. Көк  терек  жапырақтарының  күздің  басында
саңырау құр рацион құрамында үлесі жоғары. Қыстық  кезеңде  көк  теректердің
жас бұтақтары бұланға, бұғыға, құндызға және ақ  қоянға  негізгі  азықтардың
ресурсы болып саналады. Ит жүзімі, емен, қайың,  үйеңкі  ағаштар  бұтақтарын
тұяқты аңдар ылғый жемейді,  сол  себептен  негізгі  азықтар  қоры  жетімсіз
болғанда, қосымша азықтар ресурсына жатқызылады.
    Қайын бұтақтарын көп жеу  солтүстік  аймақта  ғана  кездеседі,  өйткені
қақаған қыста  негізгі  азықтар  қоры  өте  аз.  Оңтүстік  аймақта  да  онын
вегетативтік органдарын жеу онша мәзді емес, бұланға,  таңбалы  бұғыға,  сүр
қоянға қосымша азық ретінде саналады. Өсімдік  тектес  жануарлардың  әртүрлі
азықтарды  жеуге  бейімделуін,  аңшылық  шаруашылық  тәжірибесінде   аңшылық
алқаптардың  сапалылығын  бағалауда  пайдалануға  болады,  туралап  айтқанда
олардың сиымдылық қасиетін бағалауда.
    Аңшылық алқаптарының сиымдылығы деген түсінік, аңдар мекен ететін жерді
мінездеуде,   азықтар   ресурсы   ретінде    және    аңдад    популяциясының
емірсүргіштігін бейнелеуде маңызы зор керсеткіш.
    Аңшылық алқаптарда неғүрлым улы өсмдіктер ауданы  аз  болсаі  солғүрлым
аңдар көп мелшерде фитомасса алады және олардың  популяцияларының  оптималды
тығыздығы да жоғары болады.
    Аңшылық алқаптағы азықтар қорын бағалауда, олардың  қолайлығын  есептеу
манызы ертеден белгілі.  Дегенмен,  азықтық  ресурстың  қолайлығын,  аңдарға
теориялық  қажетті  көлемі  жағынан  ғана  есептелмей,  ондағы  фитомассаның
сапасы  да  ескерілуі  қажет.  Соңғы  жылдары,  азықтық  ресурстың   сапасын
өсімдіктің  әртүрлі  органдарындағы  улы  заттар  мөлшерін  анықтау   арқылы
бағалауды нұсқау  етеді.  Мұны  биотехниялық  шаралар  жүргізгенде  және  аң
шаруашылығын құруда әдістемелік нұсқау ретінде пайдалануға толық болады.



                       Зиянды аңдар мен құстарды ату.
      Зиянды немесе пайдалы жануар деген түсінікке өте  үлкен  көңіл  аудару
керек. Өйткені еліміздің әрбір аймақтарында аңдар мен құстардың  табиғаттағы
және адам өміріндегі маңызы әртүрлі болып келеді.
      Еліміздің барлық аудандарында  келесі  аңдар  мен  құстардың  түрлерін
барлық әдістерді (адам өміріне қауіп төндіретіндерден басқа) қолданып  көзін
жоюға және ұялары, іңдері мен апандарын  жыл  бойы  бұзуға  болады:  қасқыр,
шиебөрі,  аламан,  саршұнақтар,   егеуқұйрықтар,   қаршыға,   қырғи,   қамыс
құладыны.
      Аса маңызды рөлді  қасқырды  аулауға  бөледі.  Оны  басқа  жануарларды
ұстауға тыйым салынған құралдармен аулауға  рұқсат  етіледі.  Сонымен  қатар
қасқырды ұстаған аңшыларға терісін өткізгенімен бірге  сыйақы  төленеді.  Ол
әрбір атылған аңға тіпті бөлтіріктерге де беріледі. КСРО кезінде көп  қасқыр
атқан аңшыға облыстық немесе автономиялық   әкімшілікпен  белгіленген  бөлек
сыйақы берілген.
      Осы зиянды аңдар мен құстардың санын азайту үшін  мемлекет  жыл  сайын
үлкен қаражат бөледі. Зиянды  жануарларды  аңшылық  мерзімінен  тыс  уақытта
ату, тек тәжірибелі, тексерістерден өткен аңшыларға,  аңшылық  бөлімшелермен
басқармалардың бақылауымен ғана жүргізіледі.
      Әрбір қару  мен  құралдарды  қолдануға  рұқсат  берілгенде  жергілікті
табиғаттың жағдайлары  ескеріледі.  Қазақстанның  барлық  облыстарында  зиян
келтіретін аңдар мен құстарды аулау барысында өздігінен ататын  мылтықтарды,
садақтарды құруға, шұңқыр қазуға, алқаптарды өртеуге және  уларды  қолдануға
тыйым салынған. Уларды қолдану  тек  қасқырларды  және  ауыл  шаруашылығының
зиянкестері:  су  егеуқұйрығы,  саршұнақтарды,  аламандарды  ұстағанда  ғана
рұқсат  етіледі.  Соның  өзінде  бұл  күрделі   мәселені   тек   қауіпсіздік
ережелерін  сақтап,  тәжірибелі,  арнайы  дайындықты  өткен  адамдарға  ғана
тапсырады. Бұл әдістерді дұрыс  қолданбаған  жағдайда,  жануарлардың  терісі
аңшыға тимегенімен қатар басқа  адамдар  мен  үй  жануарларына  кері  әсерін
тигізуі мүмкін. Олар рұқсат етілген жағдайда адамдардың көзіне оңай  түсетін
арнайы белгілер қойылуы тиіс.
      Зиянды жануарлар мен күрес жүргізіп, пайдалыларын қорғау үшін  аңшылық
шаруашылығының қызметкерлері  жергілікті  тұрғындармен  кездесулер  жүргізіп
олардың табиғаттағы рөлднрін түсіндіруі қажет.
      Бүгінгі таңда ауыл, орман, аңшылық шаруашылықтарда аңдардың ішінде  ең
зиянды болып қасқыр есептеледі, екінші  орында  қаңғыған  иттер  орналасады.
Орманды,  далалы,  далалы  орманды  алқаптарда  қаңғыған  иттерді   көргенде
міндетті түрде олардың көзін жою керек. Құстардың  ішінде  бұл  тізімге  ала
қарға мен қара қарға жатады. Бұл құстар кез келген аңшылық алқапта  тіршілік
ете алады. Ағаш болса соған ұя  салады,  болмаса,  бұталар  арасында,  тіпті
қамыс ішіне ұялайды.  Олардың  балапандары  шығынсыз  өсіп  шығады,  өйткені
қарғалар өздерінің ұяларын басқа жануарлардан өте белсеңді қорғайды.
      Соңғы жылдары қарғалар саны барлық  аудандарда  жоғарлап  кетті.  Оған
адамда  өзінің  көмегін  тигізеді.  Аңшылық   ұйымдар   бекітілген   аңшылық
алқаптарда әртүрлі биотехниялық шараларды жүргізеді  –  су  құстарына  арнап
қоректік  өсімдіктерді  егеді,  жасаңды  ұяларды  құрайды.  Алайда   аңшылық
мерзімінің уақыты шектеулі  болған  соң,  құстардың  саны  жоғарлай  түседі,
осыған орай маңайда мекендейтін қарғалардың да саны өседі. Өйткені  көктемгі
кезде  үйректердің  жұмыртқалары  қарғалардың  негізгі  қорек   көзі   болып
табылады. Сөйтіп биотехниялық  шаралар  қарғалардың  санының  өсуіне  әкеліп
соғады.
      Бұл  құстармен  күресу  үшін  қарғаларды  жыл  бойы   ататын   тұрақты
бригадалар құру керек. Оларды мемлекеттік  инспекция  өкілі  немесе  аңшылық
ұйымның өкілдері басқарады.




      Көбею кезеңінде еліміздегі аңдар мен құстарды аулауға тыйым  салынады,
олар заңмен қорғауға алынады. Көбею  процесінің  бұзылуына  әкелетін  барлық
аулау тәсілдеріне рұқсат берілмейді. Құстардың жұмыртқаларын жинау,  ұяларын
бұзу, аңдардың іздерін қазу, індерге түиін салуға жол берілмейді.
      Зиянды жануарлар мен күрес жүргізіп, пайдалыларын қорғау үшін  аңшылық
шаруашылығының қызметкерлері  жергілікті  тұрғындармен  кездесулер  жүргізіп
олардың табиғаттағы рөлднрін түсіндіруі қажет.
      Барлық  аңшылық базаларының ғимараттарында зиянды жануарлармен  күресу
жайлы плакаттар ілініп тұрғаны жөн. Кейбір аңшылар қарғалады ату  керектігін
білмейді, ал егерьлер оны айға ұмытып кетеді.
      Қарғалармен күресу шараларының ең тиімді әдісі  бүгінгі  таңда  –  тек
мылтықпен  ату  ғана.  Одан  да  басқа  тәсілдер  бар  –   ұяларын   қирату,
жұмыртқаларын инемен тесу (мұндай  жағдайда  қарғалар  көктем  бойы  балапан
шықпайтын  жұмыртқа  басып  отырады).  Алайда  бұта  немесе  қамыс  арасында
орналасқан ұяға  қол  жететін  болса,  биік  ағаштағы  ұяларға  жету  киынға
түседі.
      Қарғамен күресу шараларының қиындығының тағы бір себебі – бұл құс  кез
келген қорекпен азықтана береді, қояндардың көжектерін,  балапандар,  жеміс-
жидек барлығы қарғаға азық бола береді, сонымен  қатар  қарға  өте  сезімтал
және айлакер құс.  Балапандары  өскен  соң  олар  бір  орында  қалмай  көшіп
жүреді. Сондықтан олардың санын шектеу жұмыстарын көктемде жүргізеді.
      Барлық ғалымдардың  пікірінше  осы  құспен  күресу  шараларын  күшейту
қажет.
      Қарғалардан басқа қаршығалармен  құладындарда  аңшылық  шшаруашылығына
үлкен зиянын тигізеді. Оларды ату  -  өте  ауыр  жұмыс  өйткені  бұл  құстар
адамның көзіне түсе бермейді, және көптеген  аңшылар  оларды  басқа  жыртқыш
құстардың түрімен  шатастырып  мүлдем  басқа  құстарды  атыр  алады.  Оларды
атамын деп тәжірибесіз аңшылар үйректерді ұяларынан үріктіріп  жұмыртқаларын
қарғанын жеміне айналдырады.
      Осыған орай зиянкестерді атуды тек тәжірибелі аңшыларға тапсырған жөн.












                     Жасанды ұялар мен сақтану ұяшықтар.

             Жұпар тышқан және қара күзенге арналған сал (плот)

                          Құндызға арналған құрылғы

                      Қолдан жасалған жасырын қорғаныс


                Ұяны жауып тұрған қамыстан жасалған қорғаныс


                  Үйректерге арналған жасанды ұя (дуплянка)

       Төрт қамыс түбінен жасалған жасырып, бекітіп тұрған жасанды ұя


                       Қояндарға арнлаған тұздық-оттық


                           Құстарды асырау, ұстау


                 Қырғауылдарды ұстауға арналған қысқы аула.


                               Жәшікті брудер

                                    [pic]
                                   Овоскоп





                Инкубация барысындағы жұмыртқа температурасы

                                    [pic]







                  Құстарға арналған аралас қоректің құрамы
|Азықтың түрі                             |Қырғауылға       |Үйректерге     |
|Жүгері                                   |50,0             |30,0           |
|арпа                                     |10,0             |26,0           |
|бидай                                    |-                |9,0            |
|Күнбағыс шроты                           |7,5              |-              |
|Күнбағыс сығындысы                       |                 |3,6            |
|Балық ұнтағы                             |5,0              |3,6            |
|Сүйек ұнтағы                             |5,0              |3,6            |
|Дрожжи                                   |2,5              |2,3            |
|Техникалық май                           |5,0              |-              |
|Жоңышқа ұнтағы                           |2,0              |8,0            |
|Бор                                      |2,5              |3,1            |
|Ет-сүйек ұнтағы                          |2,0              |1,0            |
|тұз                                      |0,5              |0,4            |

                 100 грам аралас қоректің химиялық құрамы, %
|Азықтың түрі                             |Қырғауылға       |Үйректерге     |
|Протеиндер                               |20,7             |17,9           |
|Май                                      |3,7              |2,9            |
|клетчатка                                |3,4              |3,5            |
|Кальций                                  |1,9              |2,2            |
|Фосфор                                   |1,3              |0,9            |
|Натрий                                   |0,5              |0,5            |


       Жабайы құс өсіруді ұйымдастыру. Құстарға арналған рацион құрау.
   Құс өсіруге  арналған  шаруашылықтарды  ұйымдастыру  алдында  ең  бастысы
асыратын құстар  түрлерін  анықтау  қажет,  олардың  санын  және  шаруашылық
бағытын белгілеу керек.
   Өсіру питомникті құру алдында келесі факторларды ескеру қажет:
        - өсіруге  жоспарланған  құстар  түріне  байланысты  табиғи  ауданды
          таңдау;
        - питомниктің жұмысына  тиісті  барлық  ғимараттарды  орналастыратын
          территория табу, әртүрлі өсімдік түрлерін  егетін,  қоректендіруге
          қажетті азықты өсіретін учаскелер;
        - құс өсіру ұйымында  өндірілмейтін  қоректі  алатын  көздері  болуы
          тиіс;
        - қоректі тасымалдайтын жолдар, құрылыс жабдықтары, өнімді шығаратын
          жолдар;
   Құс өсіру питомникті орналастыруға нақты  орынды  белгілеген  соң  оларға
келесі талаптар қойылады:
        - учаскенің көлемі біршама ірі болуы керек;
        - ол біркелкі алқаптардан  құрылуы  тиіс,  оның  жері  жазық,  тегіс
          болғаны жөн, бір жаққа қарай еңістеу  болуы  да  мүмкін,  мұндайда
          жаңбырдың суы тоқталмай ағып кетіп отырады;
        - жер асты суларының орналасуы 1,5-2 метр  тереңдіктен  кем  болмауы
          тиіс, құдықтардан, скважиналардан алынатын  судың  сапасы  жоғары,
          көлемі жеткілікті болуы керек;
        -  мүмкіндігінше питомник  орманды  алқаптардың  ішінде  орналасқаны
          дұрыс, оның жанында ауаны ластайтын ірі өндіріс нысаналары  болмау
          керек  және  әртүрлі  инфекция   жұқтыратын   мал   шаруашылықтары
          орналаспағаны тиіс.





[pic]
               Қырғауылдарды топтап асырауға арналған вольера

[pic]
 Қырғауылға арналған қора: А – алды (фасад);  Б — жоспар; 1 — жалпы алан; 2
              — жеке аландар; 3 — қора бөлімшелері; 4 - коридор

[pic]
Қырғауылға арналған торлар батареясы (үш қабат): 1—күркелер; 2 — шифер; 3  —
торлы төбе; 4, 5—оттықтар; б — торлы еден; 7 — поддон


                        Биотехнялық жұмыстар түрлері.
       Биотехнияда кейбір әдейі қолданылатын терминдер бар, олардын қысқаша
мінездемесіне тоқталу жөн.
       Косымша азықтандыру (подкормка)  -бұл  аңшылық  алқаптардың  азықтың
жағдайын жақсартуға бағытталған жүмыс. Қосымша азықтандыру жүмысын жыл  бойы
жүргізу қажет, көбіне қысқы кезеңде. Өйткені  қыста  қиын,  кейде  өте  қиын
азықтық  жағдайлар  болады.  Қосымша  азықтандыруды  үйымдастыруға   жатады:
аңдарға қолайлы болу мақсатпен ағаштарды және бүтақтыларды  жығу,  көпенелеп
пішен, бүтақты азықтарды, бастырылмаған астық тұқымдастарды,  ілінген  бауды
(сноп), жемістілерді және  тамыр-түйнектілерді  жайғастыру.  Орман  даласына
және шетіне астық және бұршақ тұқымдас, жасыл шөп капуста егу.
       Аңшылық шаруашылығында негізгі биотехниялық өсімдіктер ретінде арпа,
картоп,  топинамбур,   жоңышқа,   жүгері,   сұлы   және   көпжылдық   шөптер
қолданылады.  Жыртқыштар  үшін  қосымша  азықтар  ретінде  басқа   малдардың
ұшалары көбіне ет және балық өндіріс  қалдықтары  (іш  құрылысы,  сүйектері)
саналады.  Оларды   жыртқыш   аңдар   көптеп   қатысып   тұратын   орындарға
жайғастырады. Қосымша азықтандыруға  тұзды  жер  дайындау  және  ұсақ  тасты
орындар құру да енеді.
       Сортаң топырақты жер, азықтық тұздың  қоры  болып  саналады.  Оларды
қосымша тұз ретінде түбірге ия болмаса жығылған ағаштардан  жасалған  науаға
салады. Тұз ағзада зат  алмасу  процесстерін  жақсартады,  аңдардың  өмірлік
қабілетін жоғарлатады. Тұздын тағы бір қасиеті, аңдардың қыстық  азықтарының
қорытылуын,  аналықтардың  өсімталдығын,  эмбрионның  дамуын   жәнё   төлдін
өмірсүргіштігін жақсартады.
       Азықтық рационда жеткілікті тұз  болуы,  ағзаның  әртүрлі  ауруларға
қарсыласуы жоғарлайды.  Тұзды  орын  қүру  үшін  тазартылмаған  тасты  тұзды
немесе  азықтық  тұзды  пайдалану  нұсқалынады,  өйткені  оларды   тәуліктік
рационға қосып берсе, арзанға түседі. Тұз  салынатын  түбірдің  биіктігі  50
сантиметрден  кем  болмауы  қажет.  Неміс   ғалымдарының   айтуынша,   тұзды
жайғастыруды  көктемде  жүргізген  дұрыс,  себебі,   қыстан   әлсіз   шыққан
жануарлардың   күшін  тез   қалпына   келтіруге   мүмкіндігін  тигізеді.
       Қыстың аяғында және көктемде, буаз және төлін  емізетін  аналықтарға
осы кезеңде туған төлдерге тұздың маңыздылығы одан  да  жоғары.  Әйткенменде
жануарларға тұз жыл бойы қажет, сол себептен ол  тұрақты  және  толықтырылып
тұрылуы қажет. Тұздық ретінде "қоныр пішеннің" (бурое сено)  өзіндік  мәнісі
бар.  "Қоңыр  пішен"  деп,  ауа-райының  қолайсыз,   жауын-шашынды   кезінде
дайындалып және тұзбен консервіленген пішенді айтады. "Қоңыр пішенді"  бұлан
және қояндар сүйсініп жейді.
       Тұздық көзін  дайындағанда  жылда  нақтылы  бір  орынға  жайғастыру,
аңдарды тартуға мүмкіндік жасайды.
       Екіншіден  аздаған  мөлшерде  болсада,  орман  шаруашылығына  тұяқты
жануарлардың тигізетін  зияндылығын  төмендетеді.  Тұзды  орындарда  аң  ату
науқаны жүргізілуі тиіс емес.
       Ұсак, тастар (галечники) -  қолдан  жасалған  ұсақ  қиыршық  тастар,
кварц бөлшектері және басқа минералдық (гастролиты)  қоспалар,  Тауық  түсті
құстар күзді-қысты кезеңде оларды тауып жұтады, сонын әсерінен  ірі  азықтар
және қиын  қорытылатын  өсімдік  азықтар  (қылқан  жапырақ,  бүршік,  сырға,
бүтақ) құстың  бұлшық  ас  қазанында  ұнтақталынады.  Гастролиттер  болмаған
жағдайда, жоғарғы аталған азықтар ағзада қорытылмайды.
       Ұсақ тастар тауық тәрізді құстар күзде-қыста мекендейтін, қар  жауып
тастамайтын,  шатыр  астында,  қылқан  жапырақты  ағаштар  аясында  жайғасуы
міндет. Егерде ұсақ тастар қорғалмаса, оларды жиелеп қардан тазалап  тұрады.
Ұсақ тастарға да тұрақты және аумақты орын қажет екенін ұмытпаған жөн.
       Порхалища - ол күлмен  араластырылған  үйме  құм  және  ашык  дөңдес
құрғатылған  жерге  жайғастырылған.  Порхалищанын  мәнісі-құстардың  денесін
паразиттерден  (бүрге,  кене,  мамық  құрты-пухоед   және   т.б.)   тазарту.
Порхалищаны  жаздың  жауынды  кезінде,  аздап  құрғатылған  ауыр   топырақты
алқаптарда жасаған дүрыс.
       Жеңіл және құрғақ топырақты орман ішінен құстар табиғи құрғақ  құмды
порхалищаны қашанда табады.  Бұл  орындарда  құстар  қанатын  жайып  соғынып
"шомылады",  құмды-шаңды  күлдес  затты  денесінен  қағу  себептен   бірінші
жамылған паразиттерден құтылады.
       Ремиздер - бұл аңшылық фауналары үшін қорғаушылық қасиеті  оптималды
жағдайға жақын орындар. Мұнда жануарлар ауа-райының  қолайсыз  жағдайларынан
және жауларынан тығылады, дұрыс  азықтанады,  өседі.  Ремиздер  табиғи  және
жасалынған болады. Табиғи ремиздер-ол алаңда және  ағашты  алаңда  жайғасқан
шоқтар, бұтақтылармен жабылған жыралар, жас шыбық және  бұтақтылар  қылаңдап
өскен  орманның  бауыры-шеті,  қалың  шырша,  ия  болмаса  май  қарағай  жас
шыбықтас бөлігі (куртина), сай жағалы, егіс даласын қорғайтын  және  орманды
нығайтатын жол-жол болып жайғасқан ағаштар. Бұған алуан түрлі ну  бүтақтылар
да жатады: тал, ұсак жапырақты жиде (лох) жабайы шие, шомырт (терн),  бүрген
(облепиха)  қайың  тектес  бұта  (лещина).  Табиғи  қорғанатын   (тығылатын)
орындар болмаған алқаптарда жасалынған ремиздер  болуы  өте  қажет.  Аңшылық
алқаптарды айнала талдан, ұсақ  жапырақты  жидеден  және  бүргеннен  жол-жол
қылып қорғаушылық бұталар отырғызады.
       Соңғы жылдары  бұтақтылар  көптеп  өскен  жерлерді  ауылшаруашылыққа
пайдалану мақсатпен көптеген жұмыстар жүргізілген. Ең  жақсы  ремиздер  және
азықтық алқаптар аңшылық  фауналарының  (бұлан,  қоян,  құр,  жылқышы  құсы)
пайдалануынан  алынып  қалған.  Бұтақтылар  қорлы  жерлерді   ауылшаруашылық
мақсатқа  орынды  пайдалану  күмәнсіз,  дегенмен   де   игерілетін   ауданды
гербицидпен өңдеу шаруашылық талабына сай, яғни бұл шара табиғатты  қорғауда
кері әсерін тигізбейтін және жерді тиімді пайдаланылатындай болуы қажет.  Ол
дегеніміз  ауылшаруашылық,  орманшаруашылық   және   аңшаруашылық   қызметін
қалыптастыру деңгейі.
       Қорықтар  (заказники)-дегеніміз,  уақытша  аң-құстардың   барлығына,
немесе  кейбір  түрлеріне  аңшылық  қүру   жабылған   алқаптар.   Қорықтарды
ұйымдастыру, аңшылық фаунаны сақтау және көбейту шараларының  ең  маңыздысы.
Шаруашылыққа  пайданылатын  жерден  қорықтық  аймақты  түгелдей  бөліп  алу,
немесе аңнын кейбір түрлеріне аңшылық  жүргізуді  шектеу  белгілі  мерзіммен
анықталынады, яғни 3,5,10 және сирек жағдайда 10 жылдан  жоғары.  Қала  және
жұмысшы кентінің айналасындағы орманды саябақ  тұрақты  қорық  болуы  қажет.
Белгілі  орман-өсімдікті  жағдайда,  уақытша  "жылжымалы"   бір-екі   жылдық
қорықтарды ұйымдастыру өте  жөн.  Қорықты  ұйымдастыру,  көршілес  жайғасқан
аншылық  алқаптарда  да  аңшылық  фаунасының   қорын   жоғарлатуға   себебін
тигізеді. Бағалы аңдар және құстар тараған  (бұлғын,  құндыз,  ондатр,  құр,
қырғауыл және т.б.)  жерлерде  қорықтар  ерекше  қажет.  Аңдар  және  құстар
көптеп шоғырланған орында: ұялаған, қыстаған, ия болмаса суда жүзгіш  жабайы
қүстардың түлеуі,  онымен  қатар  қүстар  үшып  қайтқанда  дем  алатын  және
азықтанатын  жерлерде  де  қорықтар  болғаны  орынды.   Қорықтар   аймағында
биотехниялық   шаралар    толық    мөлшерде    жүргізілуі    міндет.Спорттық
аңшаруашылықтарында,  аңшылық   алқаптарда   шамадан   тым   артық   аңшылық
құратындай жағдай болып  қалғанда,  қорықтар  үйымдастырудың  маңызы  ерекше
зор. Мүнда ең орынды,  жыл  сайын  алқаптың  белгілі  бір  бөлігін  қорықтар
үлесіне  қалдырып   отыру.   Ормансыздау            алқаптарда      қорықтар
үйымдастыру    жөнінде
       Аңдарды-құстарды  жерсіндіру  (бейімдендіру)   жер   шарының   әрбір
аймақтарында,  жануарлар  әлемі  геологиялық  өзгерістер,  ауа-райының  жөне
адамзат    әрекетінің    нәтижесінде    құрылып    эволюциялық

                       Жабайы жануарларды қолда өсіру
      Жабайы жануарларды өсіру дегеніміз - аулауға арналған жабайы аңдар мен
құстарды питомниктерде, аң  өсіру  кешендерінде,  қорықтарда  белгілі  жасқа
дейін өсіріп, оларды аңшылық алқаптар мен қорықтарға жіберу.
       Әдетте  жазда  өсіріліп  табиғат  аясына  жіберген   жануарлар   тез
жабайыланып  күзде  аң  аулау  нысандарына  айналады.   Елімізде   құстардың
түрлерін дұрыс пайдаланса олар өте бағалы  ет  пен  басқа  да  шикізат  бере
алады.
       Алайда  соңғы  жылдары  көптеген  аудандарда  дала,  су  және  орман
құстарының саны азайып кеткен. Олардың басты себептері  шаруашылықтың  дамуы
барысында адам әрекеттері табиғи орталарды терең өзгертуіне байланысты.  Жер
бетінде  адамдар  санының  өсуі,   олардың   түрлі   іс-әрекеттері   аңшылық
алқаптарын тарылтып, аңдар мен құстардың санын  төмендетті.Ормандарды  кесу,
тың игеру, суларды, батпақтарды кептіру және тағы басқа  ландшафтты  өзгерту
аңшылық алқаптардың территориясын азайтады, олардың құстардың мекен еу  орта
ретіндегі құндылықтары төмендеп кетеді. Сонымен қатар қанаттыларды  тым  көп
мөлшерде аулау  да  өз  әсерін  тигізеді  және  жылдан  жылға  аңшылар  саны
көбейеіп келеді. Құстардың қыстау орындарында да  оларды  өте  көп  мөлшерде
аулайды, осының бәрі олардың қорының азаюына әкеліп соғады.
       Сондықтан аңшылық құстар фаунасын байыту үшін, олардың  санын  өсіру
мақсатында, өнімділігін көбейту  үшін  жаңа  жолдар  іздестіріледі.  Олардың
ішінде ең маңызды шара – жабайы құс өсіруді жаппай ұйымдастыру.  Жабайы  құс
өсіру дегеніміз – аңшылық  шаруашылықтардың  питомниктерінде  немесе  арнайы
базаларда   әртүрлі   аңшылық   құстарды   асырау,   олардың   жұмыртқаларын
инкубациялау, шыққан балапандарды белгілі  бір  жасқа  дейін  өсіріп  оларды
аңшылық  алқаптарға  жіберу.  Алқаптарға  жіберілген   жас   құстар   жылдам
бейімделіп күзде аңшылық  объектілеріне  айналады.  Жабайы  құс  асырау  мен
өсіру  ұжымдар  құстарға  қолайсыз  жағдайлар  туындағанда  оларды   уақытша
асыраумен айналыса алады.  Құс  өсіру  питомниктердің  жұмыстары  өсірілетін
құстардың табиғи жағдайдағы биологиясы мен құс өсіру ғылымына  сүйенеді.  Ең
басты мәселе осы ұжымдардың экономикасы мен оларды ұйымдастыру.
       Сол  себептен  көптеген  елдерде  жабайы  жануарларды  өсіру  аңшылық
алқаптардағы жануарлардың санын кажетті деңгейде ұстаудың бірден-бір  шешімі
болып  табылады.  Оған  қосымша  жабайы  жануарларды  өсіру   шаруашылықтары
адамдарды  диеталық  ет,  жұмыртқа,  бағалы  терілер,  сәнді  қауырсындармен
қамтамасыз  етеді.  Негізгі  өсірілетін  құстарды  алатын   болсақ   олардың
қатарына қырғауыл, бөдене, кекілік, шіл, тауыс, түйеқұстар жатады.  Солардың
ішінде ең көп өсірілетіндері - қырғауыл.
      Қазақстанның  оңтүстік  аймақтарында   қырғауыл   үйреншікті   аңшылық
құстарының қатарына жатады.  Біздің  жерде  қырғауылдар  қолда  көп  өсіріле
қоймаған, тек бірен-саран адамдар сәндік үшін ұстаған.  Соңғы  кездері  жеке
аңшылық  шаруашылықтарда  қырғауылдарды   қолда   өсіріп,   оларды   аңшылық
алқаптарға  жіберіп,  аңшылық  құру  кеңейіп   келеді.   Бұрын   қырғауылдар
мекендемеген Орталық Қазақстан, Батыс Қазақстан,  Солтүстік  Қазақстанда  да
қырғауылдар аңшылық құстарға айналды.  Соңғы  жылдары  Астананың  айналасына
«Жасыл  аймақ»  бағдарламасы  бойынша  ағаштар  егіліп,  жасанды  орман  бой
көтеріп келеді.  Аңшылық  шаруашылықтардың  алдына  қойылған  мақсат  -  сол
ормандарға аңдар  мен  құстарды  жерсіндіру.  Ол  шараны  жабайы  аңдар  мен
құстарды қолда өсіру арқылы жүзеге асырылады. 2011 жылы Орман  және  аңшылық
шаруашылығы комитетінің басшылық етіп, ұйымдастыруымен осы  орманға  алғашқы
еліктер мен қырғауылдар тобы жіберілді.
       Қырғауыл  өсірумен  қатар  үйректерді  өсіру  кең  тараған,   оларды
көктемгі аңшылық кезеңде аталық үйректерді еліктіріп алу үшін асыраған.  Бұл
үйректер үй және жабайы үйректердің будандастыруы нәтижесінде пайда  болған,
немесе жабайы үйрек жұмыртқаларынан шыққан құстар болады.  Жақсы  еліктіргіш
үйрек (подсадная  утка)  жабайы  барылдауық  үйрекке  ұқсас  келеді.  Оларды
қоректендіру  мен  асырауы  үй  құстары  сияқты  жүргізілді.  Әсіресе   Тула
қаласынының үйректері әйгілі болған, онда  жергілікті  тұрғындар  барылдауық
үйректі өсіруді кәсіпке айналдырып алған.
       Кейбір аудандарда сұр шілдің санын жоғарлату үшін оларды күзде басқа
жақтан сатып алып немесе аулап көктемде алқаптарға жіберіп отырған.
       Кеңестер Одағында 1950-65 жылдары қырғауылдарды, ақ, сұр  және  даур
шілдерін жерсіндіру жұмыстары кең көлемде жүргізілді. Бірақ олар аса  тиімді
болмады.  Алайда  олардын  нәтижелерінен  пайдалы  қорытындылар   шығарылды,
әртүрлі  құстардың  қоршаған  ортаға   бейімделуін   зерттеуге   көмектесті.
Құстарды аулау тәсілдерін, оларды қоректендіру, тасымалдау әдістерін  құруға
үлкен әсерін тигізді.
       Қазақстанда жабайы құс өсіру жұмыстары тәуелсіздік  алған  соң  іске
асырыла бастады. 90-шы жылдардың ортасында Аравия  елдерінің  демеушілігімен
дуадақтың  биологиясы  зерттеліп,   дуадақтың   қыстайтын   аудандары,   ұшу
маршруттары анықталды,  бұл  құстарды  арнайы  фермаларда  асырау  жүргізіле
бастады.
       Соңғы жылдары  Алакөл  маңынан  ұсталған  қырғауылдарды  бұрын  олар
мекендемеген Зайсан көлінің  жағалауында  жерсіндіру  жұмыстары  жүргізілді.
Осы жұмыстар сәтті  аяқталып  қазіргі  кезде  қырғауылдың  саны  аулайтындай
деңгейге жетіп қалды.
       Негізінде жабайы құс өсіру үшін ең бірінші оған арнайы  орын  таңдау
қажет. Питомник құру учаскесі келесі талаптарға сай болуы тиіс:
         – құрылыс  ауданы  питомник  өнімінің  ғимараттарын  орналастыруға
           ыңғайлы   әрі  үлкен  болғаны  жөн,  оның   маңайында   қорғаныс
           көшеттері отырғызу, қоректік өсімдіктер  егістіктерін  егу  тағы
           басқа шаруашылық элементтерін орналастыру мүмкіндігі болу керек.


         – Питомник орыны біркелкі территория болуы керек
         –  Құрылыс  орыны  тегіс  аланда  орнадасыпбіраз  оңтүстік  немесе
           оңтүстік шығысқа қарай төмендеу болғаны  дұрыс,  өйткені  жаңбыр
           суы жылдам ағып кетіп, учаске құрғақ болуы тиіс, жер асты сулары
           1,5-2,5 метр тереңдіктен шыққаны жөн
         –  Мүмкіндігінше  құс  асырау  фермасы  орман  арасында  орналасуы
           қажет, оның  территориясында  көлеңкелеп  тұратын  биік  ағаштар
           болғаны қажет
         –  Питомник  маңайында  ауа  мен  суды  ластайтын  зауыттар,   мал
           асырайтын фермалар болмау керек.



Пәндер