Файл қосу

Нақты анализ



|ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                                                 |
|БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ                                              |
|ШӘКӘРІМ атындағы                                                          |
|СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ                                            |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты   |ПОӘК              |                              |
|                        |                  |ПОӘК 042-02.01.20.116/02-2010 |
|ПОӘК                    |02.09.08 ж.       |                              |
|Студенттерге арналған   |№ 1 басылымның    |                              |
|пәндердің оқу жұмыс     |орнына            |                              |
|бағдарламасы «Нақты     |28.12.2009ж.      |                              |
|анализ»                 |№2 басылым        |                              |







                        ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ





                               «Нақты анализ»



                    050601 – «Математика» мамандығы үшін


             СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ












                                    Семей
                                    2010

1 ӘЗІРЛЕНДІ
Жетілдірген «___»_____________ 200__г.
Вильданова Фауида Хасановна, «Жоғары математика» кафедрасының  доценті

Демеубаева Жанар Еркиновна «Жоғары математика» кафедрасының  оқытушысы

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Жоғары математика» кафедра отырысында

28.12.2009ж., № 5 хаттама.

Кафедра меңгерушісі    ______________  А.П.Мұстафаев

2.2 Ақпаратты-коммуникациялық технологиялар факультетінің оқу-әдістемелік
кеңесінің отырысында

«____» _______________ 200__ж., № ___хаттама.

Төраға      ______________        С.Б.Кайсанов

3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға
мақұлдаған және ұсынылған

«____» _______________ 200__ж., № ___хаттама.

ОӘК төрағасы     ______________        А.А.Молдажанова

4  02.09.08 ж. № 1 басылымның орнына











                                   Мазмұны

     1. Жалпы ережелер
     2. Курс форматы және саясаты
     3. Баға қоюдың саясаты
     4. Пәндердің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу
     5. Студенттердің өздік жұмысына арналған тақырыптардың тізімі
     6. Пән бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік кестелері



























































   1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер
Вильданова Фауида Хасановна, «Жоғары математика» кафедрасының  доценті
Демеубаева Жанар Еркиновна «Жоғары математика» кафедрасының  оқытушысы
      «Жоғары математика» кафедрасы
      Байланыс ақпараты –  № 1 оқу ғимараты,  506-кабинет
      Сабақ өткізу орны – дәрісхана № 505
      Берілген пән бойынша кредит саны -3
      1.2 Оқу жұмыс жоспарына көшірме (1 кесте):

1 кесте – Оқу жоспарынан көшірме


      |Курс |Семестр |Кредиттер|ЛК   |СПС  |ЗТ   |СОӨЖ  |СӨЖ  |Барлығы |Қорытынды  |
|     |        |         |(сағ)|(сағ)|(сағ)|(сағ) |(сағ)|(сағ)   |бақылаудың |
|     |        |         |     |     |     |      |     |        |нысаны     |
|1    |2       |3        |4    |5    |6    |7     |8    |9       |10         |
|2    |3       |3        |30   |15   |-    |22,5  |45   |112,5   |Емтихан    |


      1.1 Пәннің мазмұнын қысқаша сипаттау
      Нақты анализ математика маманын даярлауда ерекше орны бар  пән.  Нақты
анализ пәнін жетік меңгеру студенттерден математикалық анализ, алгебра  және
геометрия жалпы курстары және нақты айымалының  функциялары  теориясы  курсы
бойынша терең білімді қажет етеді.
      1.2 Аталмыш пәннің мақсаты:
      - студенттің математиканы терең  меңгеруіне  қажетті  логикалық  ойлау
жүйесін дамыту, математикалық аппараттарды қолдануға дағдыландыру;
         - студенттердің  маман  ретінде  болашақ  қызметінде  орын  алатын
           әртүрлі үрдістер мен құбылыстарды үйренуге және  болжам  жасауға
           мүмкіндік беретін математикалық әдістемелерді меңгеруге жәрдемін
           тигізу;
         - математикалық проблемаларды  зерттеуде  өздігінен  талдау  жасай
           білу шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру;
      -  өз  жұмысын  жетілдіру  жолында  ғылыми-ізденіске  талыпталындыруын
дамыту.
      1.3 Пәнді оқытудың негізгі міндеті: студент нақты анализ курсы бойынша
негізгі ұғымдар мен анықтамаларды, жиындар теориясының операцияларын  біліп,
оларды   функционалдық   анализ   және   т.б.   математиканың    курстарымен
байланыстыра отырып  есептер  шығаруда  ұтымды  пайдалана  білетін  деңгейде
меңгерту.
      1.4 Оқып білудің нәтижесінде студент
      - жиын және оның түрлері: ашық, тұйық, шенелген, шенелмеген, саналымды
саналымсыз, өлшемді,  т.с.с.  ,  олардың  қасиеттері,  әр  түрлі  денгейдегі
есептер шығаруда олардың қолданысын білуі тиіс;
      - теориялық білімді жетілдіре отырып, математиканың  әр  салаларындағы
мәселелерді шешуде пайдалана алуы тиіс.
      1.5 Курстың пререквизиттері:
      Математикалық анализ
      Аналитикалық геометрия
      Жоғары алгебра
      1.6 Курстың постреквизитері:
      Математикалық физика теңдеулері


      2 КУРС ФОРМАТЫ ЖӘНЕ САЯСАТЫ


      Курстың саясаты – бұл  оқытушының  курсты  оқыту  барысында  студентке
қоятын  талаптар  жүйесі.  Ұсынылатын  талаптар   -   барлық   тапсырмаларды
уақытында, сапалы орындау; себепті жағдаймен қатыспаған сабағын  (деканаттың
рұқсатымен) қайта тапсыру; өз бетінше кітапханада және үйде дайындық  жасау;
оқу үрдісіне белсенді қатысу; сабақты жібермеу; сабаққа кешікпей келу.
    Қатысу:  аудиториялық сабақтарға қатысу міндетті. Егер  студент  қандай
болса  да  бір  себеппен  сабаққа  келе  алмаса,  онда  ол  өтілген   барлық
материалға міндетті түрде жауапты болады.
    Аудиториялық жұмыс: лекция мен практикалық  сабақтардың  мерзімі  –  50
минут. Егер сабақ уақытында (кезінде) студент  тәртіп  бұзатын  болса,  онда
оқытушы лекция  мен  практикалық  сабақтар  өткізілетін  оқу  аудиториясынан
шығарып жіберуге құқылы.
    Ұялы телефон: сабақ уақытында өшіріп қою керек.
    Үй жұмысы: орындауға міндетті. Оқытушы практикалық  сабақтар  мен  оның
бақылауымен өткізілетін өздік жұмыстар кезінде үй  жұмысын  тексеріп  тиісті
баллдарын қояды.
    Бақылау жұмысы:
    1.  Оқытушы  бақылау  жұмысын  жүргізгенде  тапсырманың  (есептер   мен
мысалдардың) деңгейі күрделілігі өтілген материалдардың көлеміне  сай  болуы
керек.
    2. Бақылау жұмысына берілген уақыт мысалдар  мен  есептердің  мөлшеріне
байланысты болуға тиіс, бірақ 50 минуттан  аспауы керек.
    3. Әрбір кредитті оқып білгенен кейін оқытушы аралық бақылау жүргізеді.
Оның сұрақтарының тақырыбына  оқытушы  студенттің  өздік  жұмысына  берілген
тапсырмалардан енгізуге құқығы бар.


      3 БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ


      Бағалау критерийі. Қорытынды бағалау - 100 бал: ағымдық бақылау – 30
балл; аралық бақылау – 30 балл; емтихан – 40 балл. Қорытынды бағалау
төмендегідей формула бойынша есептелінеді:
                            [pic],       мұндағы:
ҚБ - қорытынды бағалау; Р1 – ағымдық бақылау бағасының  сандық  эквиваленті;
Р2 – аралық бақылау бағасының сандық эквиваленті;
Е – емтихан бағасының сандық эквиваленті.
      Баға қою саясаты. Төмендегі кестеде оқытудың кредиттік технологиясымен
жалпылама қабылданған, әріптік символдар қолданылатын, GPA – студенттің  оқу
жетістіктері деңгейінің орташа бағасын –  анықтау үшін қажет бағалау  жүйесі
көрсетілген.

|Әріптік    |Балдардың |Балдары  |Дәстүрлі жүйе  |
|жүйе       |сандық    |%        |бойынша        |
|бойынша    |эквивалент|         |бағалануы      |
|бағалануы  |і         |         |               |
|A          |4,0       |95-100   |               |
|           |          |         |Өте жақсы      |
|A-         |3,67      |90-94    |               |
|B+         |3,33      |85-89    |               |
|           |          |         |Жақсы          |
|B          |3,0       |80-84    |               |
|B-         |2,67      |75-79    |               |
|C+         |2,33      |70-74    |               |
|           |          |         |               |
|           |          |         |Қанағаттанарлық|
|C          |2,0       |65-69    |               |
|C-         |1,67      |60-64    |               |
|D+         |1,33      |55-59    |               |
|D          |1,0       |50-54    |               |
|F          |0         |0-49     |Қанағаттанарлық|
|           |          |         |сыз            |


      4 ОҚЫТУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ


      2 кесте – Пәндердің мазмұны. Сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу
|Тақырыптардың атауы және алардың мазмұны        |Сағаттар |Әдебиеттер      |
|                                                |саны     |                |
|1                                               |2        |3               |
|Дәріс сабақтар                                                            |
|Жиындар, эквивалентті жиындар. Қуат  ұғымы.     |1        |[7.1.1]         |
|Саналымды жиындар. Континуум қуаты              |1        |[7.1.1]         |
|Кантор-Бернштейн теоремасы.                     |1        |[7.1.1]         |
|Саналымды жиындардың және континуум қуатты      |1        |[7.1.1]         |
|жиындардың қасиеттері.                          |         |                |
|Тұйық жиындар.                                  |1        |[7.1.1]         |
|Ашық жиындар.                                   |1        |[7.1.1]         |
|Ашық және тұйық шенелген жиындардың құрылымы.   |1        |[7.1.2]         |
|Барлық жерде тығыз, берілген жиынның еш жерінде |1        |[7.1.2]         |
|тығыз емес жиындар.                             |         |                |
|Ашық шенелген жиынның өлшемі.                   |1        |[7.1.2]         |
|Тұйық шенелген жиынның өлшемі. Өлшемді жиындар. |1        |[7.1.2]         |
|Өлшенбейтін жиынның  мысалы.                    |1        |[7.1.2]         |
|Өлшемді функциялар.                             |1        |[7.1.2]         |
|Өлшемді функциялардың қасиеттері.               |1        |[7.1.2]         |
|Өлшем бойынша жинақтылық.                       |1        |[7.1.2]         |
|Жинақтылықтың әр түрлерінің арасындағы өзара    |1        |[7.1.2]         |
|байланыс.                                       |         |                |
|Өлшемді функциялардың құрылымы.                 |1        |[7.1.2]         |
|Шенелген функцияның Лебег интегралының          |1        |[7.1.2]         |
|анықтамасы.                                     |         |                |
|Лебег интегралының негізгі қасиеттері.          |1        |[7.1.2]         |
|Шенелмеген теріс емес функцияның Лебег          |1        |[7.1.2]         |
|интегралы.                                      |         |                |
|Кез-келген таңбалы қосындыланатын функциялар.   |1        |[7.1.2]         |
|Ақырлы өзгерісті функциялар                     |1        |[7.1.2]         |
|Стилтьес интегралы                              |1        |[7.1.2]         |
|Өлшемді функциялар класы                        |1        |[7.1.2]         |
|Өлшемнің жалпы теориясы                         |         |[7.1.2]         |
|Жазық жиындардың Лебег өлшемі                   |1        |[7.1.2]         |
|Жалпы өлшем ұғымы                               |1        |[7.1.2]         |
|Ақырлы өлшемді жиындағы Лебег интегралының жалпы|1        |[7.1.2]         |
|анықтамасы                                      |         |                |
|Сигма-аддитивтілік және Лебег интегралының      |1        |[7.1.2]         |
|абсолютті үзіліссіздігі                         |         |                |
|Лебег интегралының геометриялық мағынасы        |1        |[7.1.2]         |
|Лебег интегралы жиындар функциясы ретінде.      |1        |[7.1.2]         |
|Машықтану сабақтары                                                       |
|Саналымды жиындар. Континуум қуаты              |1        |[7.1.1]         |
|Саналымды жиындардың және континуум қуатты      |1        |[7.1.1]         |
|жиындардың қасиеттері.                          |         |                |
|Ашық жиындар.                                   |1        |[7.1.1]         |
|Барлық жерде тығыз, берілген жиынның еш жерінде |1        |[7.1.1]         |
|тығыз емес жиындар.                             |         |                |
|Тұйық шенелген жиынның өлшемі. Өлшемді жиындар. |1        |[7.1.1]         |
|Өлшемді функциялар.                             |1        |[7.1.1]         |
|Өлшем бойынша жинақтылық.                       |1        |[7.1.1]         |
|Өлшемді функциялардың құрылымы.                 |1        |[7.1.1]         |
|Лебег интегралының негізгі қасиеттері.          |1        |[7.1.2]         |
|Кез-келген таңбалы қосындыланатын функциялар.   |1        |[7.1.2]         |
|Стилтьес интегралы                              |1        |[7.1.2]         |
|Өлшемнің жалпы теориясы                         |         |[7.1.2]         |
|Жалпы өлшем ұғымы                               |1        |[7.1.2]         |
|Сигма-аддитивтілік және Лебег интегралының      |1        |[7.1.2]         |
|абсолютті үзіліссіздігі                         |         |                |
|Лебег интегралы жиындар функциясы ретінде.      |1        |[7.1.2]         |

      5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАРДЫҢ ТІЗІМІ


5.1 Саналымды жиындардың анықтамасы, рационал сандар жиынының
саналымдылығының дәлелдемесі.
5.1 [0, 1] кесіндісінің саналымсыздығы туралы теорема. Континуум қуаты,
иррационал, трансцендентті және алгебралық сандар.
5.3 Қуаттың анықтамасы, қуаттарды салыстыру.
5.4 Шектік нүкте, шектік нүктенің бар болуының қажетті және жеткілікті
шарттары туралы теорема.
5.5 Туынды жиын, тұйық, өзінде тығыз , кемел жиын
5.6 Туынды жиындар туралы теорема.
5.7 Ішкі нүктелер, ашық жиындар, ашық жиындар туралы теоремалар.
5.8 F жиынын S-ке дейін толықтыру. Ашық және тұйық жиындардың арсындағы
байланыс.
5.9 Ашық жиынды құраушы интервал, ашық жиынның құрылымы.
5.10 Тұйық жиынның толықтыру интервалы, тұйық жиынның құрылымы.
5.11 Кемел жиын үшін толықтырушы интервалдар туралы теорема
5.12 Кантордың кемелденген жиыны, оның қуаты.
5.13 Конденсация нүктелері.
5.14 Ашық шенелген жиынның өлшемі.
5.15 Тұйық шенелген жиынның өлшемі.
5.16 Шенелген жиынның ішкі және сыртқы өлшемі.
5.17 Өлшемді жиындар.
5.18 Өлшемі  берілген кемел жиынды құру
5.19 Лебег теоремасы
5.20 Барлық жерде дерлік өлшемді ақырлы функцияны шенелген функциямен
жуықтау
5.21 Жинақталатын тізбек үшін  шектік функциялардың эквиваленттігі туралы
теорема
5.22 Өлшемді функциялар, олардың қасиеттері.
5.23 Өлшем бойынша жинақтылық.
5.24 Өлшем бойынша жинақтылықтың  барлқ жерде дерлік жинақтылыққа қарағанда
жалпы ұғым екенін   көрсететін мысал.
5.25 Эквивалентті функциялар, эквивалентті функциялардың өлшемділігі туралы
теорема.
5.26 Өлшемді функцияларға қолданылатын амалдар және өлшемді функциялар
тізбегінің шегі туралы теорема
5.27 Рисс теоремасы
5.28 Үздіксіз функцияның анықтамасы
5.29 Жиынның сипаттамалық функциясы
5.30 Шенелген функцияның Лебег интегралының анықтамасы.
5.31 Лебег қосындылары және олардың қасиеттері.
5.32 Шенелген функцияның Лебег интегралының негізгі қасиеттері.
5.33 Лебег интегралы таңбасы астында шекке көшу
5.34 Функцияның алғашқы бейнесін қалпына келтіру
5.35 Функцияны N санымен қию, қиюдың өлшемділігі
5.36 Жиында қосындыланатын функциялар туралы.
5.37 Қосындыланатын функциялардың қасиеттері.
5.38 Кез-келген таңбалы қосындыланатын функциялар.
5.39 Ақырлы өзгерісті функциялар, мысалдар.
5.40 Ақырлы өзгерісті функциялардың қасиеттері
5.41 Өзгерісі шектеулі функциялар мен өспелі функциялардың арсындағы
байланыс
5.42 Стилтьес интегралы, негізгі қасиеттері
5.43 Стилтьес интегралының бар болуы
5.44 Стилтьес интегралының Риман интегралымен беттесу шарты
5.45 Абсолютті үздіксіз функциялар
5.46 Жазық жиындар өлшемі
5.47 Өлшемнің саналымды аддитивтілігі
5.48 Лебег интегралы жиындар функциясы ретінде.
5.49 Лебег интегралының геометриялық мағынасы. Фубини теоремасы
5.50 Зарядтар. Радон-Никодим теоремасы

    6. «НАҚТЫ АНАЛИЗ» ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ ҮРДІСІНІҢ КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕСІ
    4 кесте – «Нақты анализ» пән бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі
|Апталар   |1 |2   |3   |4   |5 |6  |7    |8 |9   |10  |11 |12  |13 |14 |15   |
|Бақылау   |  |АС  |ҮЖ  |АС  |  |Т  |БЖ1  |  |АС  |ҮЖ  |   |АС  |   |Т  |БЖ2  |
|түрі      |  |    |1   |    |  |   |ҮЖ2  |  |    |3   |   |    |   |   |ҮЖ4  |
|баллдар   |  |10  |40  |10  |  |20 |30   |  |10  |40  |   |10  |   |20 |30   |
|Белгіленуі|АС – ауызша сұрау, ҮЖ – үй жұмысы, Т – тест, БЖ1 – аралық бақылау|
|          |1, БЖ2 – аралық бақылау 2                                        |


Пәндер