Файл қосу
Студенттерді психологиялық - педагогикалық диагностиканы қалыптастырудағы психометрикалық негіздерін меңгеруін қамтамасыз ету
«Педагогикалық диагностика» пәні 5В010200 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘННІҢ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ СЕМЕЙ 2013 1.ӘЗІРЛЕГЕН: Құрастырушы: 28.08.2013 Кабдуалиева А.Ж. педагогика кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі ___________________ Рахымбердиева А.В. педагогика кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі___________________ 2.ТАЛҚЫЛАНДЫ: 2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралды. Хаттама № 1 04.09.2013ж. Кафедра меңгерушісі: ______________ Джанбубекова М.З. 2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында. Хаттама № 1 05. 09.2013ж. Төрайымы: ________________________ Ахметова Т.Ш. 3. Бекітілді Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Оқу- әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды. Хаттама № 1 18.09.2013ж. ОӘК төрайымы: ___________________ Искакова Г.К. 1 МАЗМҰНЫ 1 Жалпы ережелер.................................................................... ................... 4-5 2 Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқаулықтары.........................................6-9 3 Пәннің мазмұны және сағаттарды сабақ түріне бөлу............................6 4 Курс саясаты мен форматы..................................................................... .10 5 Бағалау саясаты..................................................................... ....................11-12 6 ОСӨЖ және СӨЖ мазмұны....................................................................1 2 7 Пән бойынша оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі....................................13 1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1.1 Оқытушы туралы жалпы мәлімет: Кабдуалиева А.Ж. педагогика кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Рахымбердиева А.В. педагогика кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Кафедра: Педагогика Кафедраның мекен-жайы : Тәңірбергенова 1 ; 414-аудитория Ақпараттық қатынас: телефон : 44-25-33 Кафедрада болатын уақыты: 9.00-17.00. Сабақ өтетін орын: аудитория Кредит саны: 3 1.2 Пәннің қысқаша мазмұны: «Педагогикалық диагностика» курсы студенттерге мектеп жасындағы оқушыны және оқушылар ұжымын комплексті зерттеудің диагностикалық әдістемелерін меңгеруге көмектесу, тұлғаны дамыту мен тәрбиелеудің осы күнгі психологиялық - педагогикалық теориялары негізінде осы процесті ұйымдастыру, құру және жүргізуге бағытталған. 1.3 Аталған курстың мақсаты мен міндеттері: Курстың мақсаттары: -Студенттерді теориялық тұрғыда түбегейлі білім беру және студенттер бойына психологиялық-педагогикалық диагностиканың теориялық және практикалық ғылым саласы ретіндегі білімдер жүйесін қалыптастыру болып табылады; -Тұлғаның ғылыми-теориялық психологиялық-педагогикалық диагностиканың негіздерін тереңдетіп меңгеруі; -Психологиялық көмек көрсету кезіндегі жұмыстарында мамандардың практикалық дағдыларды меңгеріп жетілдіру үшін дайындау; -Ғылымдар жүйесіндегі кәсіби психологтардың психологиялық-педагогикалық диагностиканың алатын орнын анықтау; -Студенттерді психологиялық- педагогикалық диагностиканы қалыптастырудағы психометрикалық негіздерін меңгеруін қамтамасыз ету; -Психометриканың теориялық негіздерін практикада қолдана алуға баулу; Курстың міндеттері: Оқушының психологиялық даму ерекшелігін жақсы білу үшін психологиялық-педагогикалық диагностиканың ең тиімді әдістерін қолдануды меңгеру; Студенттердің лекцияда алған білімдерін кеңейту және жан-жақты дамыту, тереңдету, білімге деген құштарлығын арттыру; Педагогикалық диагностика пәнінен алған білімдерін практика жүзінде тиімді қолдана білу қажет; Психологиялық-педагогикалық диагностиканың қазіргі таңдағы белгілі бір білім беру технологияларымен таныстыру; Жоғары кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандарттарына сәйкес, студент тер жоғары білімді меңгеруге міндетті; Баланың білімін тексеруде ұсынылған талаптарды, психологиялық-педагогикалық диагностиканың әдістерін, білімдерді меңгеру; Психологиялық-педагогикалық диагностиканың әдістерін анықтау және қолдана білу, тест жүргізуді үйрену; «Педагогикалық диагностика» пәні бойынша алған білімді практикалық қолданбалы ғылыми зерттеу жұмыстарында өз бетінше қолдана алу. 1.5 Курс нәтижесі: Курстың соңында студент мыналарды білуі керек: - психологиялық-педагогикалық диагностиканың ғылыми-теориялық негіздерін, көпшілікке танымал әдістерді және олардың түрлері, сонымен қатар сапаларын бағалау талаптарын; - психологиялық-педагогикалық диагностика ғылым туралы, оның қағидалары, міндеттері мен құрылымы; - психологиялық-педагогикалық диагностика ғылымының категориялық құрылымын; - психологиялық-педагогикалық диагностиканың зерттеу әдістерін; - тестік нормалар және норма шектері, сенімділік, жарамдылық. - психологиялық жағдайларға талдау жасай білу; Іскерлігі: - әлеуметтік өмірдің түрлі аумағын ескере отырып, психологиялық- педагогикалық диагностиканы өз бетінше жүргізу және тиімді жолдарын құрып өңдеу; сандық-сапалық талдау, нәтижелерін интерпретациялау. Дағдысы: - психологиялық-педагогикалық диагностиканың әдістер түрлері, оларды қолдана алу; - психологиялық-педагогикалық диагностиканың басқа ғылымдармен байланысын түсіну; - психологиялық-педагогикалық диагностика бойынша білімін кәсіби әрекетінде қолдана алуы. 1.6 Курстың пререквизиттері: педагогикагогикалық мамандыққа кіріспе, жалпы психология, жас ерекшелік психологиясы, даму психологиясы, педагогикалық психология, педагогика. 1.7 Пәннің постреквизиттері: ғылыми- педагогикалық зерттеу әдістемесі. 2. ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САҒАТТАРДЫ САБАҚ ТҮРІНЕ БӨЛУ |№ |Тақырып мазмұны |Сағат саны |Әде-биет| | | | |-тер | | | |ДС |ТС |ЛБ |ОСӨЖ |СӨЖ | | |1. |Педагогикалық диагностиканың |2 | | | |7 |3 | | |ғылыми-теориялық негізі | | | | | | | |2. |Психологиялық – педагогикалық |2 | | | |7 |3 | | |диагностиканың әдістемелік негіздері| | | | | | | |3. |Психологиялық – педагогикалық |2 |2 | |3 |7 |2,5,9 | | |диагностиканың пайда болу тарихы | | | | | | | |4. |Психологиялық – педагогикалық |3 |3 | |4 |6 |2,5,9 | | |диагностиканың экспериментальдық | | | | | | | | |психологияның қойнауында | | | | | | | | |қалыптасуы | | | | | | | |5. |Психологиялық – педагогикалық |3 |2 | |4,5 |7 |1 | | |диагностиканың қазіргі жағдайы | | | | | | | |6. |Психологиялық – педагогикалық |4 |3 | |4 |7 |2,1,2,4,| | |диагностиканың әдістері | | | | | |5 | |7. |Психологиялық – педагогикалық |3 | | | |7 |2,1,2,4,| | |диагностиканың әдістемелеріне | | | | | |5 | | |қойылатын талаптар | | | | | | | |8. |Психологиялық – педагогикалық |4 | | | |6 |2,1,2,4,| | |диагностиканың құралдардың | | | | | |5 | | |топтастырылуы | | | | | | | |9. |Кіші мектеп жасындағы балаларды |4 |3 | |4 |6 |1,6,7,8 | | |психологиялық – педагогикалық | | | | | | | | |диагностикалау ерекшеліктері | | | | | | | |10.|Психологиялық – педагогикалық |3 |2 | |3 |7,5 |11,12 | | |диагностиканың кәсіби және этикалық | | | | | | | | |сұрақтары | | | | | | | | |Барлығы: |30 |15 | |22,5 |67,5 | | 3 ПӘНДІ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАРЫ Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар. Мақсаты: студенттерді курс бойынша тиісті теориялық біліммен қаруландыру. Міндеттері: - әр тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру; - әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту; - пәнге қызығушылығын тудыру және ары қарай өздігінен жұмыс істей білуге үйрету; - курс бойынша тиісті білімді меңгеру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету. Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі – дәріс болып табылады. Ол студенттерге олар үшін күрделі және жаңа ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс студенттерде пәнге қызығушылық тудырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі, тақырыптың және қарастырылып отырған материалдың теориялық жақтарын ашып көрсетеді. Дәріс - студенттерде өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады. Дәрісті тыңдау – бұл өзара бір–бірімен байланысқан танымдық үрдістердің (зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау) бірлігі. Сіздің курс бойынша жан-жақты білім алуыңыз дәріс сабақтарын толық тыңдауыңызға байланысты екенін еш ұмытпаңыз. Сондықтан бағдарлама мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала қарастырып жүріңіз. Сіздің білімініңізің деңгейі тек өзіңіздің жауапкершілігіңіз және өздігіңізден жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады. Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық: сабаққа кешікпеңіз; дәріс дәптеріңіз және қаламыңызды ұмытпаңыз; дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз, ол тәжірибелік сабақтарға, өздік жұмыстарға даярлануда негіз болады. Оқытушы жетекшілігімен және студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар Мақсаты: студенттердің дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру. Міндеттері: - дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдерін тереңдету; - теорияны практикамен байланыстыру; - библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру; - алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды өздігінен шешу; - психологиялық-педагогикалық бақылау жүргізудің практикалық дағдыларын жетілдіру; - зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру; - өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту; - ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету. Оқытушы жетекшілігімен және өздігіңізден орындайтын өздік жұмысыңыз Сіздің курс бойынша меңгеретін біліміңізге және рейтинг бойынша жинайтын ұпайыңызға айтарлықтай ықпал жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті әрбір өздік жұмыс тапсырмасын өзіңіз дербес орындаңыз, тапсырманы орындауға мұқият қараңыз, әрі жауапты болыңыз. Өздік жұмыс тапсырмаларын орындау барысында басқадан көшіргеніңіз немесе басқаға көшірткеніңіз үшін жұмысыңыз мүлдем есептелінбеуі немесе бағасы төмендетілуі мүмкін. Өздік жұмысын орындау формалары әр түрлі: кесте, таблица құру, реферат, коллоквиум, сөзжұмбақ, пікірталас, конспект бойынша талдау, аннотация жазу және т.б. Оларды орындау үшін оқу әдістемелік кешеннің мазмұнында жалпы әдістемелік нұсқаулар берілген. Студенттердің өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер: Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек. Біліммен нәтижелі шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында даялануға дағдылану. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек. Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі оқытушылардан, кітапхана қызметкерлерінен ақыл-кеңес алудың пайдасы зор. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек. Өздік жұмыс түрлері: ауызша; жазбаша; практикалық; теориялық; шығармашылық. Өздік жұмысты орындау барысында ерік қалыптасады, жұмысқа қабілет, зейін, оқу еңбегі, тәртібі тәрбиеленеді. Өздік жұмыс формалары: реферат орындау; конспектілеу; аннотация жазу; тезис орындау; ғылыми баяндамалар жазу және т.б. Конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау. Берілген тақырыпты конспектілеуге қойылатын негізгі талаптар: Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау. Сілтеме – бұл белгілі бір автордың ой-пікірін өз жұмысымызда пайдалансақ, онда оған сілтеме келтіреді, яғни ол әдебиеттің тізімін пайдаланғаны бойынша ретімен жазу. Тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау. Цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шыққан жылы, беттері көрсетіледі. Аннотация - мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау. Рецензиялау - оқу материалы , кітап (жұмыс) туралы өз ойын қысқа жазу. Ғылыми баяндамалар – аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік –эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат. Реферат – ғылыми еңбектер, ғылыми зерттеулердің қысқаша мазмұнын сипаттайтын, жазбаша немесе басылымдық түрде берілетін жұмыс. Реферат жазуға әдістемелік нұсқау Реферат – ғылыми-ақпараттық бағытта болады, тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар, онда ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалынып, сын айтылады. Реферат ғылыми теориялар мен ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындары, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарда жасаған баяндамалары да реферат деп аталады. Ғылыми кандидаты және ғылым докторы дәрежесіне диссертация қорғаушының авторефераты да рефератқа жатады. Реферат жазуда не ескеріледі? 1. Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты кішігірім зерттеулер жасау. Ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасау. 2. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестеп алғаны абзал. 3. Реферат жазуда негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдылану. 4. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасау. 5. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін қайдан алынғанын (сілтеме), қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсету қажет. 6. Реферат аудиторияда талқыланады. Рефератты талқылау - шығармашылық жұмыстың бір көрінісі, яғни білімділік, қызығушылық тұрғысынан және тәрбиелік мән-амазмұны зор әрекет жұмыс. Бұл кезде сөйлесушілер негізгі мәселеден ауытқымай,нақты тұжырымды ой айтуға көңіл бөлуі тиіс. Рефератты талқылап, қорытындысын шығару - маңызы зор жауапты сәт, белгілі бір тақырып төңірегінде ғылыми дәйекті тұжырымдар жасап үйрену. Соңында оқытушы реферат жазған студенттің, пікір айтушылардың сөздерін жинақтап, қажетті толықтырулар енгізеді, мәселенің түсініксіз тұстарын анықтап, түзетулер жасайды, толықтырады, өзгертеді. Рефератмазмұны: - тақырыпқа сай реферат құрылымының деңгейі; - тақырыптың өзектілігі және ақиқаттылығы; - зерттеулердің көлемі және басқа да жаңалықтардың қайнар көзі; - мазмұнның стилі және сауаттылығы; - рефераттың өңделуінің талапқа сәйкестілігі Эссе дегеніміз - философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Эссе жазу барысында сақталынуы тиіс талаптар: Жеке көзқарастың көрінісі; Фактілі дәлелдер (аргументтер); Теоретикалық негіздеме; Цитаталарды келтіру; Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу; Логикалық заңдылықтың сақталынуы; Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану; Сауаттылыққа мән беру. Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі Кітаппен (негізгі әдебиетпен жұмыс жасағанда) жұмыс жасауда басты назар аударылады: 1.Кітаптың сыртқы мұқабасымен танысу (кітаптың аталуы, авторы, шыққан жылы, баспаның аты, кітаптың редакторы, алғы сөздің немесе кіріспе сөздің авторы); оның тұтастай көлеміне; 2. Мазмұны арқылы кітаптың жоспарымен (бөлім, тарауларымен) және қандай жүйеде жазылғанымен танысу; 3. Кітаптың алғы сөзімен, кіріспесімен мазмұнын, мақсатын түсіну үшін үстірт танысып шығу; 4. Негізгі мәтіннің құрылымымен (жеке тарауларға; мәтіннің жеке бөліктерге бөлінуіне (тақырыптарға, параграфтарға) танысу; 5. Безендірілу сипатына; 6. Қайталауға берілген сұрақтарға; 7. Қолданылған әдебиеттер тізіміне және т.б. Келесі кезекте назарды қосымша әдебиеттерге аударған дұрыс. 4 КУРС ФОРМАТЫ Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып. Жалпы саны шығарылады. Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырма, сабаққа қатысуы, СӨЖ, ОСӨЖ тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі ұпай жиынтығы,кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Берілген тапсырманы уақытында орындау қажет. Тиісті тапсырмалар сессияның соңғы аптасына дейін өткізілуі тиіс. Орташа ұпай жинақтай алмаған студент емтиханға жіберілмейді. Әрбір тақырыпты өтеу міндеті , өтілген материалды меңгеру деңгейі тест, жатқа ОСӨЖ және СӨЖ мазмұны 5 КУРС САЯСАТЫ Пән бойынша жоғарғы рейтинг алу үшін: Сабаққа кешікпеу және себепсіз босатпау керек Сабаққа үнемі белсенді қатысып отыру Оқу тапсырмаларын уақытында және нақты орындау қажет Сабақты босатқан жағдайда анықтама ұсыну Сабақ үстінде басқа істермен айналыспау Ұжым мүшелерінің жауаптарын толық тыңдау Сонымен қатар: Жауаптар мен жұмыс тақырыпқа сай келуі тиіс Тапсырмаларды орындауда шығармашылық таныту Материалды жетік меңгеру Тақырыптың негізгі ойын білдіру Орындалған жұмыс келесі талаптарға сай болу керек: (формат А-4 редактор Word 6,(7) 0 шрифт Times New Roman, интервал – 1,0, символ - 14, жан-жағы - 20 мм). 6 БАҒАЛАУ САЯСАТЫ « Педагогикалық диагностика» пәні бойынша ұпай бөлінісі |Апта |Бақылау түрі |Балл |Ескерту | |1 |2 |3 |4 | | |Барлық сабақ түрлеріне қатысу 1 – 7 апталар |30 | | |1 |- |- |- | |2 |- |- |- | |3 |Тақырыбы: Психологиялық – педагогикалық диагностиканың|35 |ТС | | |пайда болу тарихы | | | | |ОСӨЖ мазмұны: Психологиялық-педагогикалық диагностика |10 |ОСӨЖ | | |пәні бойынша картотека құрастыру (20-30 әдебиеттің | | | | |атаулары) | | | | |СӨЖ мазмұны: сызба құру | | | | | |25 |СӨЖ | |4 |- |- |- | |5 |Тақырыбы: Психологиялық – педагогикалық диагностиканың|35 |ТС | | |экспериментальдық психологияның қойнауында | | | | |қалыптасуы | | | | |ОСӨЖ мазмұны: тақырып бойынша реферат дайындау (15-20 | | | | |бет, А4) |10 |ОСӨЖ | | |СӨЖ мазмұны: Microsoft Power Point презентация | | | | |дайындау |25 |СӨЖ | |6 |- |- |- | |7 |Тақырыбы: Психологиялық – педагогикалық диагностиканың|35 |ТС | | |қазіргі жағдайы | | | | |ОСӨЖ мазмұны: Психологиялық – педагогикалық | | | | |диагностиканың ҚР қазіргі жағдайы туралы қысқаша |10 |ОСӨЖ | | |тоқталу (конспект жазу) | | | | |СӨЖ мазмұны:Бір ғалымның көзқарасына сипаттама беру | | | | |(баяндама) | | | | | |25 |СӨЖ | | | 1 аралық бақылау | | | |1-7 апта аралығындағы қорытынды баллдар | | | | |Барлық сабақ түрлеріне қатысу 1 – 7 апталар |30 | | |10 |Тақырыбы: Психологиялық – педагогикалық диагностиканың|35 |ТС | | |әдістері | | | | |ОСӨЖ мазмұны: әдістерге қысқаша тоқталу, салыстыру, | | | | |кесте құру («Әдіс», «Сипаты», «Кемшіліктері», |10 |ОСӨЖ | | |«Артықшылығы») | | | | |СӨЖ мазмұны: Тест – психодиагностиканың негізгі құралы| | | | |ретінде. Тесттердің түрлері, оларды топтастыру |25 |СӨЖ | | |негіздері. Реферат жазу (15-20 бет, А4) | | | |11 |- |- |- | |12 |Тақырыбы: Кіші мектеп жасындағы балаларды |35 |ТС | | |психологиялық – педагогикалық диагностикалау | | | | |ерекшеліктері | | | | |ОСӨЖ мазмұны: Осы жас кезеңге арналған әдістемелермен | | | | |жұмыс, бағыттары бойынша топтастыру (ес, қиял, зейін, |10 |ОСӨЖ | | |тілдің дамуы, еркі, қабылдау т.б.) (5-тен кем емес) | | | | |СӨЖ мазмұны: кіші мектеп жасындағы балаға кез-келген | | | | |әдістемені жүргізіп, нәтижелеріне сараптама беру. | | | | | |25 |СӨЖ | |13 |- |- |- | |14 |- |- |- | |15 |Тақырыбы: Психологиялық – педагогикалық диагностиканың|35 |ТС | | |кәсіби және этикалық сұрақтары | | | | |ОСӨЖ мазмұны: Психологиялық – педагогикалық | | | | |диагностиканың кәсіби және этикалық нормалары, |10 |ОСӨЖ | | |этикалық кодекстің негізгі қағидалары туралы ғылыми | | | | |мақала дайындау (5 бет, А4) | | | | |СӨЖ мазмұны: Психодиагностиканы жүргізетін адамдарға | | | | |қойылатын кәсіби талаптар тізімін жасау (конспект) |25 |СӨЖ | | |2 аралық бақылау |60 | | |8-15 апта аралығындағы қорытынды баллдар |300 | | |Емтихан қорытындысы |400 | | |Барлығы |1000 | | «Педагогикалық диагностика» пәні бойынша дәріс сабағына, практикалық сабақтарға, ОСӨЖ, СӨЖ жұмыстары арнайы көрсетілген, белгіленген ұпайлар негізінде бағаланады. 15 аптаға белгіленген сабақ үдерісі 8-15 апталарда көбейтіліп ұсынылады. Апталар 12345671-АБ891011121314152-АБТәж.353535105353535105ОСӨЖ1010103010101030СӨЖ2525257525252575Аралық бақ. 60606060Барлығы270270 7 ӘДЕБИЕТТЕР Негізгі әдебиеттер: Куребаева Г.А. Бастауыш мектеп оқушыларының психологиялық- педагогикалық диагностикасы. Семей. 2004 Бурлачук Л. Ф. Психодиагностика- СПб., 2003 Непомнящая Н.И. психодиагностика личности. М. 2001. Немов Р.С. Психология. В т.3 - М., 2001 Общая психодиагностика. Под. Ред. Бодалева А.А., Столина В.В.- М.,-2003. Богданова Т.Г. Корнилова Т.В.Диагностика позновательной сферы ребенка. М. 1996. Дусавицкий А.К. Развите личности в учебной деятельности М. 1996. Зак. А. З. Диагностика видов мышления младшего школьника. М. 1995. Ингенкамп К. Педагогическая диагностика, пер. с. нем. М. 1991. Овчарова Р.В. Практическая психология в начальной школе.М. 1996. Никишина В.Б. Василенко Т.Д. Психодиагностика в системе социальной работы. М.2000. Гуревич К. М. Что такое психологическая диагностика М., 1985 Қосымша әдебиеттер: Л.Смагулова «Оқушы тұлғасын қалыптастырудың психологиялық- педагогикалық диагностикасы» // «Оқушы тәрбиесі», №8, 2013, 26-29бб. М.Көшкентаева «Педагогикалық-психологиялық диагностикалау жолдары, әдістері» // «Мектеп директоры», №5, 2004, 9-18бб. П.Маханова «Педагогикалық диагностиканың теориялық негіздері» // «Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының Хабаршысы», №1(28), 2009, 40-45бб. Из истории психологических тестов //Общая психодиагностика под.ред. А.А.Бодалева, В.В.Столина -2009. Миникес А.В. Деловое общение. М, 1994. ----------------------- 2
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz