Файл қосу

Республикалық бюджет



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
           ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ | |
|3 деңгейлі СМЖ құжаты    |ОӘК                       |ОӘК                     |
|                         |                          |042-18-20.1.82/01-2014  |
|«Бюджеттік заңнама»      |№1 басылым                |                        |
|пәнінің оқу-әдістемелік  |11.09.2014 ж.             |                        |
|кешені                   |                          |                        |















                      «Бюджеттік заңнама» пәні бойынша
                  «5В030100»- құқықтану мамандығына арналған
                      ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ
                         ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ
























                                    СЕМЕЙ
                                    2014

                      Мазмұны


   1. Глоссарий
   2. Дәрістер
   3. Практикалық сабақтар
   4. Студенттердің өздік жұмысы






































    1. Глоссарий

|№  |Терминдік ұғым сөз      |Ұғымдық мазмұны                                   |
|1  |Бюджет -                |мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске   |
|   |                        |асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған        |
|   |                        |орталықтандырылған ақша қоры                      |
|2  |Байланыссыз гранттар -  |Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген    |
|   |                        |донордан одан әрі қарыз алуын немесе республикалық|
|   |                        |және жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыру    |
|   |                        |көзделмейтін гранттар                             |
|3  |Байланысты гранттар -   |Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген    |
|   |                        |донордан одан әрі қарыз алуын немесе байланысты   |
|   |                        |грантты іске асыруға бағытталған тиісті бюджеттік |
|   |                        |бағдарламаның шеңберінде республикалық және       |
|   |                        |жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыруды       |
|   |                        |көздейтін гранттар                                |
|4  |Байланысты грант туралы |Қазақстан Республикасына өтеусіз қаржылық немесе  |
|   |келісім -               |техникалық көмек ұсыну көзделген мемлекеттік орган|
|   |                        |және донор арасындағы шарт                        |
|5  |Бақылау объектілері -   |бюджет процесіне қатысушылар, квазимемлекеттік    |
|   |                        |сектор субъектілері, сондай-ақ бюджет қаражатын   |
|   |                        |алушылар, байланысты гранттарды, мемлекет         |
|   |                        |активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды   |
|   |                        |пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар             |
|6  |Банк кепiлдiгi –        |қарыз алушы мемлекеттiк кепiлдiк беру туралы      |
|   |                        |келiсiмде белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде  |
|   |                        |қарыз шарты бойынша соманы төлемеген жағдайда,    |
|   |                        |банктiң бюджеттi атқару жөнiндегi орталық         |
|   |                        |уәкілетті орган алдындағы мемлекет кепiлдiк берген|
|   |                        |қарыз бойынша берешектi өтеу жөнiндегі            |
|   |                        |мiндеттемесi                                      |
|7  |Бекітілген бюджет -     |Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті|
|   |                        |мәслихат бекіткен бюджет                          |
|8  |Борышқа қызмет көрсету -|белгілі бір уақыт кезеңіндегі сыйақының,          |
|   |                        |комиссиялық төлемдердің, айыппұлдардың және қарыз |
|   |                        |алу шарттарынан туындайтын өзге де төлемдердің    |
|   |                        |жиынтық төлемі                                    |
|9  |Борыш мониторингі -     |мемлекеттің өзі уәкілеттік берген органдар арқылы |
|   |                        |борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру,     |
|   |                        |өзгерту және қызмет көрсету процесін бақылау      |
|   |                        |жөніндегі қызметі                                 |
|10 |Борышты өтеу -          |қарыз алушының алған қарыз сомасын қарыз шартында |
|   |                        |белгіленген тәртіппен қайтаруы, қарыз шартынан    |
|   |                        |туындайтын басқа да міндеттемелерді орындауы      |
|11 |Бұзушылық -             |бюджет қаражатын және мемлекет активтерін,        |
|   |                        |байланысты гранттарды, мемлекет кепілдік берген   |
|   |                        |қарыздарды жоспарлауға және пайдалануға, мемлекет |
|   |                        |кепілгерлігін беруге байланысты қатынастарды      |
|   |                        |реттейтін Қазақстан Республикасының бюджет және   |
|   |                        |өзге де заңнамасының ережелерін бұзуға әкеп соққан|
|   |                        |әрекет (іс-әрекеттер немесе әрекетсіздік)         |
|12 |Аваль -                 |вексельдік кепілдік, оны жасаған тұлға вексель    |
|   |                        |бойынша міндетті тұлға үшін вексель бойынша       |
|   |                        |төлемді жүзеге асыру жөнінде (толық немесе        |
|   |                        |ішінара) өзіне міндеттеме қабылдайды              |
|13 |Бюджет жүйесi –         |бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық   |
|   |                        |қорының, сондай-ақ бюджеттiк процестер мен        |
|   |                        |қатынастардың жиынтығы                            |
|14 |Бюджет қаражаты –       |мемлекеттiк меншiкке түсуі және жұмсалуы бюджетте |
|   |                        |ақшалай нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiң ақшасы   |
|   |                        |мен өзге де активтерi                             |
|15 |Бюджет қаражатын        |бюджет қаражатын бюджеттiк бағдарламалардың       |
|   |алушылар –              |әкiмшiсi арқылы алатын және оны бюджеттiк         |
|   |                        |бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде пайдаланатын|
|   |                        |жеке және заңды тұлғалар                          |
|16 |Бюджет процесi –        |мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының |
|   |                        |бюджет заңнамасымен регламенттелген, бюджеттi     |
|   |                        |жоспарлау, қарау, бекiту, атқару, нақтылау және   |
|   |                        |түзету, бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық      |
|   |                        |есептiлiктi, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк   |
|   |                        |есептiлiктi жүргiзу, мемлекеттiк қаржылық бақылау,|
|   |                        |бюджеттiк мониторинг және нәтижелердi бағалау     |
|   |                        |жөнiндегi қызметi                                 |
|17 |Бюджеттік инвестициялар |заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын           |
|   |–                       |қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік |
|   |                        |инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы мемлекет|
|   |                        |активтерін құруға және (немесе) дамытуға          |
|   |                        |бағытталған республикалық немесе жергілікті       |
|   |                        |бюджеттен қаржыландыру                            |








      2. Дәрістер
      Дәріс сабағының құрылымы
Тақырып 1.   Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы
  1. Бюджеттің ұғымы, қаржы – ұйымдық, экономикалық және материалдық бюджет
  ретіндегі құқықтық  категория.
  2.  Бюджет түрлері, реттеу әдістері
    3. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына түсінік
1.  Бюджет термині ежелгі норман - boudette сөзінен шыққан. Бұл  сөз  қалта,
сөмке, тері  қапты  білдіреді.  Бұл  сөзден  ағылшынның  budqet  деген  сөзі
шыққан. Бұл сөз жаңа тері  қап  дегенді  білдірген.  Кейінірек  ол  портфель
деген сөзді білдірген.  Мемлекетің  кірсі  және  шығысына  қатысты  құжатты,
есептері бар портфельді білдірген. Кейінірек  бұл  сөзбен  мемлекетің  қаржы
істеріне арналған қазыналық канцлердің сөзін білдірген. Ал ХҮІІІ ғ.  айғынан
мемлекеттің  кірісінен,  шығысынан  тұратын  құжаттың  өзін  атаған.   Совет
кезеңінде  ҚСРО-ң   мемлекетік   бюджетін   келесідей   анықтаған:    «Совет
мемлекетінің қаражат құралдарының  жалпы  меншік  қорының  үйымдастыру  және
пайдалануының негізгі қаржы жоспары». Ал Қазақстан Республикасының  1999ж  1
сәуірде  қабылданған  «Бюджет  жүйесі  туралы»  Заңы,   бюджетті   келесідей
анықтайды:
«заң актілерімен белгіленген салықтар, жиындар, басқа да міндетті  төлемдер,
капиталмен операция жасаудан түскен  табыс,  салықтық  емес  және  басқа  да
түсімдер арқылы  құрылатын  мемлекетпен  өз  қызметін  қамтамасыз  ету  үшін
арналған, заңмен немесе жерглікті  өкілетті  органның  шешімімен  бекітілген
орталықтандырылған мемлекетік ақшалай қоры»
Бюджетің басқа да ақшалай қорлардан айырмашылығы:
    1. Бюджет менлекеттің негізгі ақша қоры болып табылады;
    1. Бюджет универсалды мінездемеге ие;
    2. Оның мөлшері;
    3. Оның не үшін арналғандығы.
Бюджет термині бірнеше мағынада қолданды:
    0.  материалдық
    1.  экономикалық категория ретінде
    2.  қаржы - ұйымдастырушылық мағынады
    3.  құқықтық категория ретінде
Материалдық мағынада бюджет дегеніміз  -  қаржы  жүйенің  орталықтандырылған
және  жергілікті  деңгейіндегі  мемлекеттің   қызметері   мен    міндеттерін
қаржыландыру үшін мемлекеттік қаражат  қоры.Экономикалық  категория  ретінде
бюджет -  мемлекеттің  негізгі  қаражат  қорын  қалыптастыру  және  үлестіру
бойынша туындайтын жеке  қатынастардың жиынтығы.Қаржылық -  ұйымдастырушылық
 мағнада  бюджет  -  мемлекетік  қаражат  қорының  орталық  және   жерглікті
деңгейде  құрылатын  қорларың  қалыптасуының  және   үлестіруінің   қаржылық
жоспары.Құқықтық  категория  ретінде  бюджет  -  орталық   және   жергілікті
денгейде құрылатын  мемлекеттік  қаражат  қорының  қалыптасу  және  үлестіру
қаржы жоспарын бекітетін  -  «қаржылық құқық акт»
Қазақстан Республикасының бюджет заңына сәйкес  бюджеттің            2  түрі
болады:
    1. Бекітілген бюджет  (белгілі)
    1. Нақтыланған бюджеті (толықтырулар енгізу)
Сонымен қатар  олардын  ішіне  төтенше  бюджетті  енгізуге  болады.  Төтенше
бюджет керек жағдайда мемлекеттің барлық қаржылық ресурстарын  алуға  құқығы
бар. Төтенше бюджет  енген  жағдайда  Республаканың   бюджет  туралы  заңның
және   барлық    деңгейдегі    бюджетер    туралы    шешімдерінің    күштері
тоқтатылады.Төтенше    бюджетті    енгізу     негізі     болып     Қазақстан
Республикасындағы   төтенше    жағдайдар     табылады    немесе    Қазақстан
Республикасының   экономикасына     экономикалық    және    қаржылық    зиян
келтірсе.Төтенше бюджет Қазақстан Республикасының  Президентінің  Жарлығымен
жарияланады.Әрбір бюджет 2 бөліктен  турады:  кіріс  және  шығыс.  Бірақ  та
Қазақстан Республикасының «Бюджет  жүйесі  туралы»  Заңы  бюджеттің  құрамын
қүрделі көрсетеді. Бұл  заңға   сәйкес  бюджет  құрамы  келесі  элементерден
тұрады:
    1. Түсімдер
кірістер
ресми трансфертер
бюджет алдында алған несие бойынша қарыздардың қайтарылуы
    1. Шығындар
несие
    2. Бюджет дифициті (профицит)
    3. Дефицитті қаржыландру (профицитті пайдалану)
  2.    Қазақстан    Республикасының    бюджет    заңнамасының    Қазақстан
  Республикасының бүкіл аумағында күші болады және барлық жеке  және  заңды
  тұлғаларға қолданылады.
  Мемлекеттік  мекемелерге  қатысты  ережелері  Қазақстан   Республикасының
  Ұлттық Банкіне және Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкінің  бюджетінен
  (шығыстар   сметасынан)   қаржыландырылатын    мемлекеттік    мекемелерге
  қолданылмайды. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті  атқарушы
  органдардың тиісінше республикалық және жергілікті  бюджеттерден  кезекті
  қаржы жылына ақша бөлу туралы актілері, осы актілердің қайтарымды негізде
  ақша бөлу туралы ережелерін қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы  аяқталғаннан
  кейін күшін жояды.
  Жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдары бойынша республикалық бюджет
  туралы заңға (жергілікті бюджет туралы мәслихат  шешіміне)  қосымшалардың
  қолданысы келесі жоспарлы кезеңге арналған  республикалық  бюджет  туралы
  заңның  (жергілікті  бюджет   туралы   мәслихат   шешімінің)   қолданысқа
  енгізілуімен күшін жоятын болады.
  Республикалық бюджет туралы заң,  жергілікті  бюджет  туралы  мәслихаттың
  шешімі,  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  мен   жергілікті   атқарушы
  органдардың  оларды  іске  асыру  туралы   актілері,   сондай-ақ   оларға
  өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы  нормативтік  құқықтық  актілер
  тиісті қаржы жылының  1  қаңтарынан  бастап  қолданысқа  енгізіледі.  Осы
  Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
  1) аваль  -  вексельдік  кепілдік,  оны  жасаған  тұлға  вексель  бойынша
  міндетті тұлға үшін вексель бойынша төлемді жүзеге асыру  жөнінде  (толық
  немесе ішінара) өзіне міндеттеме қабылдайды;
  2) байланыссыз гранттар - Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант  берген
  донордан одан  әрі  қарыз  алуын  немесе  республикалық  және  жергілікті
  бюджеттерден қоса қаржыландыру көзделмейтін гранттар;
  3) байланысты гранттар - Қазақстан Республикасы Үкіметінің  грант  берген
  донордан одан әрі қарыз алуын  немесе  байланысты  грантты  іске  асыруға
  бағытталған тиісті бюджеттік бағдарламаның шеңберінде республикалық  және
  жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыруды көздейтін гранттар;
  4) байланысты грант туралы келісім  -  Қазақстан  Республикасына  өтеусіз
  қаржылық немесе техникалық көмек ұсыну көзделген мемлекеттік  орган  және
  донор арасындағы шарт;
  5) бақылау объектілері - бюджет процесіне  қатысушылар,  квазимемлекеттік
  сектор субъектілері,  сондай-ақ  бюджет  қаражатын  алушылар,  байланысты
  гранттарды, мемлекет  активтерін,  мемлекет  кепілдік  берген  қарыздарды
  пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;
  6)  банк  кепiлдiгi  –  қарыз  алушы  мемлекеттiк  кепiлдiк  беру  туралы
  келiсiмде белгiленген тәртiппен  және  мерзiмдерде  қарыз  шарты  бойынша
  соманы төлемеген жағдайда,  банктiң  бюджеттi  атқару  жөнiндегi  орталық
  уәкілетті  орган  алдындағы  мемлекет  кепiлдiк  берген   қарыз   бойынша
  берешектi өтеу жөнiндегі мiндеттемесi;
  7) бекітілген бюджет - Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті
  мәслихат бекіткен бюджет;
  8) борышқа қызмет көрсету -  белгілі  бір  уақыт  кезеңіндегі  сыйақының,
  комиссиялық  төлемдердің,  айыппұлдардың  және  қарыз   алу   шарттарынан
  туындайтын өзге де төлемдердің жиынтық төлемі;
  9) борыш мониторингі - мемлекеттің өзі уәкілеттік берген органдар  арқылы
  борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және қызмет көрсету
  процесін бақылау жөніндегі қызметі;
  10) борышты өтеу - қарыз алушының  алған  қарыз  сомасын  қарыз  шартында
  белгіленген  тәртіппен  қайтаруы,  қарыз  шартынан  туындайтын  басқа  да
  міндеттемелерді орындауы;
  11) бұзушылық - бюджет қаражатын  және  мемлекет  активтерін,  байланысты
  гранттарды,  мемлекет  кепілдік  берген   қарыздарды   жоспарлауға   және
  пайдалануға,  мемлекет  кепілгерлігін  беруге   байланысты   қатынастарды
  реттейтін Қазақстан Республикасының  бюджет  және  өзге  де  заңнамасының
  ережелерін бұзуға әкеп соққан әрекет (іс-әрекеттер немесе әрекетсіздік);
  12) бюджет - мемлекеттің өз  міндеттері  мен  функцияларын  іске  асыруды
  қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры;
  12-1) бюджет жүйесi – бюджеттердiң  және  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық
  қорының, сондай-ақ бюджеттiк процестер мен қатынастардың жиынтығы;
  12-2) бюджет қаражаты – мемлекеттiк меншiкке түсуі және жұмсалуы бюджетте
  ақшалай нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiң ақшасы мен өзге де активтерi;
  12-3)  бюджет   қаражатын   алушылар   –   бюджет   қаражатын   бюджеттiк
  бағдарламалардың   әкiмшiсi   арқылы   алатын    және    оны    бюджеттiк
  бағдарламаларды  iске  асыру  шеңберiнде  пайдаланатын  жеке  және  заңды
  тұлғалар;
  12-4) бюджет процесi – мемлекеттiк органдардың Қазақстан  Республикасының
  бюджет заңнамасымен регламенттелген, бюджеттi жоспарлау,  қарау,  бекiту,
  атқару, нақтылау  және  түзету,  бухгалтерлiк  есепке  алу  мен  қаржылық
  есептiлiктi, бюджеттiк есепке  алу  мен  бюджеттiк  есептiлiктi  жүргiзу,
  мемлекеттiк  қаржылық  бақылау,  бюджеттiк  мониторинг  және  нәтижелердi
  бағалау жөнiндегi қызметi;
  13) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті  уәкілетті  орган  -  жергілікті
  бюджеттен  қаржыландырылатын,  бюджетті  атқару,   жергілікті   бюджеттің
  атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды,  бюджеттік  есепке  алу  мен
  бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы  функцияларды  жүзеге  асыратын
  атқарушы орган;
  14) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – бюджетті  атқару,
  республикалық бюджеттiң және өз құзыретi шегiнде жергiлiктi бюджеттердiң,
  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкiнiң   есебi   негiзiнде   Қазақстан
  Республикасының Ұлттық  қорының  атқарылуы  бойынша  бухгалтерлiк  есепке
  алуды, бюджеттiк есепке алу мен бюджеттiк есептiлiктi  жүргiзу  саласында
  басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын  орталық  атқарушы
  орган;
  15-1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган  –  бюджеттік
  жоспарлау  саласындағы  басшылықты  және  салааралық  үйлестіруді  жүзеге
  асыратын орталық атқарушы орган;
  16) бюджеттік инвестициялар –  заңды  тұлғалардың  жарғылық  капиталдарын
  қалыптастыруға және (немесе) ұлғайтуға, бюджеттік инвестициялық жобаларды
  іске асыру арқылы  мемлекет  активтерін  құруға  және  (немесе)  дамытуға
  бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;
  17) бюджеттік инвестициялық жоба – жаңа объектілерді құруға  (салуға)  не
  қолда барларын реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құруға,
  енгізуге және дамытуға  бағытталған,  белгілі  бір  уақыт  кезеңі  ішінде
  бюджет қаражаты  есебінен  бюджеттік  бағдарлама  әкімшісі  тікелей  іске
  асыратын және аяқталған сипаттағы іс-шаралар жиынтығы;
  17-1) бюджеттiк  инвестициялық  жоба  бойынша  экономикалық  қорытынды  –
  бюджеттiк  инвестициялық  жобаның  техникалық-экономикалық  негiздемесiне
  экономикалық сараптаманың қорытындысы негiзiнде дайындалған,  мемлекеттiк
  жоспарлау  жөнiндегi  орталық  немесе   жергiлiктi   уәкiлеттi   органның
  бюджеттiк инвестициялық жобаны  iске  асырудың  экономикалық  орындылығы,
  оның ел экономикасына ықпалы мен стратегиялық және (немесе) бағдарламалық
  құжаттарға сәйкес келуі тұрғысынан қорытындысы;
  17-2)    бюджеттiк    инвестициялық    жобаның    техникалық-экономикалық
  негiздемесiне   экономикалық    сараптама    –    техникалық-экономикалық
  негiздемеде ұсынылған ақпаратты  салалық  сараптаманың  қорытындысы  және
  Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес талап етiлетiн  басқа
  да сараптамалардың қорытындылары негiзiнде жүргiзiлетiн,  жобаның  жүзеге
  асырылуын және тиiмдiлiгiн айқындау тұрғысынан кешендi бағалау;
  18) бюджеттік қамтамасыз  етілу  -  тиісті  бюджеттер  қаражаты  есебінен
  ұсынылатын,   осы   көрсетілетін   қызметтерді   алушылардың    бірлігіне
  есептегендегі мемлекеттік қызметтер құны;
  21) бюджеттік қатынастар - бюджет процесінде туындайтын қатынастар;
  22) бюджеттік операциялар - бюджетті атқару процесінде жүзеге  асырылатын
  операциялар;
  24) грант - донорлардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік  ұйымдарына
  беретін өтеусіз қаржылық немесе техникалық көмегі;
  25) донорлар - шет  мемлекеттер,  олардың  үкіметтері  мен  агенттіктері,
  халықаралық  және  шетелдік  мемлекеттік   ұйымдар,   қызметі   Қазақстан
  Республикасының Конституциясына  қайшы  келмейтін  шетелдердің  үкіметтік
  емес қоғамдық ұйымдары және қорлары;
  26)  есепті  қаржы  жылы  -  жоспарлы  кезеңнің  ағымдағы  қаржы  жылының
  алдындағы жыл;
  26-1) жергiлiктi атқарушы орган борышының лимитi – мемлекеттік  жоспарлау
  жөніндегі орталық уәкілетті  орган  облыстың,  республикалық  маңызы  бар
  қаланың,  астананың  жергiлiктi  атқарушы  органдары  үшiн   белгiлейтін,
  жергiлiктi атқарушы органның тиiстi қаржы жылына алынған  және  өтелмеген
  қарыздарының  тiркелген  сомасы,  одан   жергiлiктi   атқарушы   органның
  белгiленген күнге (тиiстi қаржы  жылының  соңына)  нақты  борышы  аспауға
  тиiс;
  27) жергілікті атқарушы органның борышы -  жергілікті  атқарушы  органның
  белгілі бір күнге алынған және өтелмеген қарыздарының сомасы;
  29) жоспарлы кезең - ағымдағы қаржы жылынан кейінгі үш қаржы жылы;
  29-1) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына  мемлекеттің  қатысуы  арқылы
  бюджеттік  инвестициялар   бойынша   экономикалық   қорытынды   –   заңды
  тұлғалардың жарғылық  капиталына  мемлекеттің  қатысуы  арқылы  бюджеттік
  инвестициялардың   қаржылық-экономикалық   негіздемесінің    экономикалық
  сараптама қорытындылары негізінде әзірленген,  бюджеттік  инвестицияларды
  жүзеге асырудың экономикалық орындылығы, олардың ел  экономикасына  әсері
  мен  стратегиялық  және  (немесе)  бағдарламалық  құжаттарға   сәйкестігі
  тұрғысынан мемлекеттік  жоспарлау  жөніндегі  орталық  немесе  жергілікті
  уәкілетті органның қорытындысы;
  29-2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына  мемлекеттің  қатысуы  арқылы
  бюджеттік    инвестициялардың    қаржылық-экономикалық     негіздемесінің
  экономикалық   сараптамасы   –   іс-шаралардың   салалық   сараптамасының
  қорытындысы және Қазақстан Республикасының бюджеттік  заңнамасына  сәйкес
  талап  етілетін  басқа   да   сараптамалардың   қорытындылары   негізінде
  жүргізілетін  негізділік  және  нәтижелілік   критерийлеріне   сәйкестігі
  тұрғысынан қаржылық-экономикалық негіздемеде ұсынылған ақпаратты  кешенді
  бағалау;
  29-3)  заңды  тұлғаның  жарғылық  капиталын  қалыптастыру  және  (немесе)
  ұлғайту  арқылы  бюджеттік  инвестициялар  –  заңды   тұлғаның   жарғылық
  капиталын республикалық немесе  жергілікті  бюджеттен  қалыптастыру  және
  (немесе) ұлғайту арқылы оны дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыру;
  30) инвестициялық ұсыныс –  тиісті  іс-шаралар  жиынтығын  қоса  алғанда,
  стратегиялық   мақсатқа   қол   жеткізу   үшін    мемлекеттік,    салалық
  бағдарламаларды  және  аумақтарды  дамыту  бағдарламаларын   іске   асыру
  шеңберінде мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың  орындылығын
  негіздейтін,  оған  қол  жеткізу  жолдарын  және   ықтимал   қаржыландыру
  тәсілдерін көрсететін, бюджеттік бағдарламалардың  әкімшілері  әзірлейтін
  тұжырымдамалық ұсыныс;
  30-1)  инвестициялық  ұсыныстың  экономикалық   қорытындысы   –   салалық
  сараптаманың   қорытындысы   және   Қазақстан   Республикасының    бюджет
  заңнамасына сәйкес талап етілетін сараптамалардың басқа да  қорытындылары
  негiзінде жүргiзiлетiн, пайдалар мен шығындар талдауын пайдалана  отырып,
  инвестициялық ұсыныста берілген ақпаратты кешенді бағалау;
  31) квазимемлекеттік  сектор  субъектілері  –  мемлекеттік  кәсіпорындар,
  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, оның ішінде
  мемлекет қатысушысы немесе акционері  болып  табылатын  ұлттық  басқарушы
  холдингтер, ұлттық холдингтер,  ұлттық  компаниялар,  сондай-ақ  еншілес,
  тәуелді  және  Қазақстан  Республикасының  заңнамалық  актiлерiне  сәйкес
  олармен аффилиирленген болып табылатын өзге де заңды тұлғалар;
  32) кезекті қаржы жылы - ағымдағы қаржы жылынан кейінгі жыл;
  33) келісімшарт жасасушы агент  -  бюджетті  атқару  жөніндегі  уәкілетті
  органмен жасалатын үкіметтік  қарыздарды  хеджирлеу  жөніндегі  мәміленің
  тарабы;
  33-1) концессиялық жоба – Қазақстан  Республикасының  бюджет  заңнамасына
  және  «Концессиялар  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңына   сәйкес
  шектеулі уақыт кезеңі ішінде іске  асырылатын  және  аяқталған  сипаттағы
  концессияны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
  35) кірістерді бөлу нормативі - әртүрлі деңгейлердегі бюджеттер  арасында
  кіріс түрлерін бөлудің проценттік арақатынасы;
  36) Қазақстан Республикасының резиденттері  -  Қазақстан  Республикасының
  заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасында  орналасқан  заңды
  тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және (немесе)  оның
  шегінен тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілдіктері;
  37)  қаржы  агенттігі  -  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес
  экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік  инвестициялық  саясатты
  іске  асыруға  уәкілеттік  берілген   ұлттық   басқарушы   холдинг   және
  акцияларының  жүз  проценті  ұлттық  басқарушы  холдингке  тиесілі  заңды
  тұлғалар, сондай-ақ мемлекет  жүз  процент  қатысатын  банк  немесе  банк
  операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын және  осы  мақсаттарда
  Қазақстан Республикасының қаржы нарығынан және (немесе) халықаралық қаржы
  нарығынан қарыз алуды жүзеге асыратын ұйым;
  38) қаржы жылы  -  бюджеттің  атқарылуы  жүзеге  асырылатын,  күнтізбелік
  жылдың 1 қаңтарынан басталып 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі;
  39) қаржыландыру - бюджет ақшасын оларды алушыларға бөлу;
  40)  қаржылық  есептілік  -  егер  Қазақстан  Республикасының  заңнамалық
  актілерінде  өзгеше  көзделмесе,  нысаны  мен  көлемін  бюджетті   атқару
  жөніндегі орталық  уәкілетті  орган  айқындайтын  бақылау  объектілерінің
  қаржылық жағдайы, қызметінің қаржылық нәтижелері  және  олардың  қаржылық
  жағдайындағы өзгерістер туралы ақпарат;
  41) қарыз алу - тараптардың міндеттемелерді орындауын есепке алу, бақылау
  және талдау рәсімдерін қоса алғанда, қарыз қаражаттарын тарту қажеттілігі
  туралы шешім қабылдау, қарызды тарту, пайдалану, өтеу және қызмет көрсету
  тәртібі мен шарттарын айқындау рәсімдері,  келіссөздер,  міндеттемелердің
  орындалуын  қамтамасыз  ету  және  кепілдіктері,  қарыз  бойынша   тиісті
  құжаттарды  ресімдеу  және   қол   қою,   қарыз   шартын   ратификациялау
  (мемлекеттік сыртқы қарыз алу кезінде), қарыз  қаражатын  алу,  пайдалану
  рәсімдері кіретін процесс;
  42)  қарыз  беруші  -  мемлекеттік  немесе  мемлекеттік  емес  қарыздарды
  мемлекеттік кепілдікпен  немесе  мемлекет  кепілгерлігімен  берген  тұлға
  немесе инфрақұрылымдық облигацияларды ұстаушылардың өкілі;
  42-1)  қарызға  қызмет  көрсету  –  бюджеттi  атқару  жөнiндегi   орталық
  уәкiлеттi органның  немесе  банктiң  қарыз  алушының  шоттарындағы  қарыз
  қаражатының  пайдаланылуын  және  қарыз   алушының   сыйақы   төлемдерiн,
  комиссиялық төлемдерді және қарыз талаптарына сәйкес басқа да  төлемдердi
  жүзеге асыруын есепке алу жөнiндегi қызметi;
  42-2)  қарызды  қайта  құрылымдау  –  тараптардың  қарыз  шарты   бойынша
  мiндеттемелерді орындауының мерзiмдерiн, қаржылық және өзге де талаптарын
  олардың келiсiмi бойынша өзгерту;
  43) қарыз шарты - қарыз алушы қарыз  қаражатын  соған  байланысты  алатын
  және қарыз берушінің алдында оны қайтару және сыйақыны, сондай-ақ қарызға
  байланысты басқа да төлемдерді төлеу жөнінде міндеттемені мойнына  алатын
  келісім;
  46) мемлекет активтері - өткен операциялар  немесе  оқиғалар  нәтижесінде
  мемлекеттік меншікке алынған, құндық бағасы бар  мүліктік  және  мүліктік
  емес игіліктер мен құқықтар;
  47)  мемлекет  кепілгерлігімен   тартылатын   қарыз   -   инфрақұрылымдық
  облигациялар шығару арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік емес қарыз;
  48) мемлекет кепілгерліктері бойынша  борыш  -  мемлекет  кепілгерлігімен
  тартылған, белгілі бір күнге  алынған  және  өтелмеген  мемлекеттік  емес
  қарыз сомаларының сомасы;
  49)  мемлекет  кепілгерліктерін  беру  лимиті  -  тиісті   қаржы   жылына
  республикалық бюджет туралы  заңмен  бекітілетін  тіркелген  сома,  соның
  шегінде мемлекет кепілгерліктері берілуі мүмкін;
  50)  мемлекет  кепілдік  берген  борыш   -   мемлекеттік   кепілдіктермен
  қамтамасыз етілген, белгілі бір күнге алынған және өтелмеген  мемлекеттік
  емес қарыздар сомасы;
  51) мемлекет кепілдік берген қарыз - мемлекеттік  кепілдікпен  қамтамасыз
  етілген мемлекеттік емес қарыз;
  52) мемлекеттік борышты қайта қаржыландыру - мемлекеттік борышты  жаңадан
  алынған қарыз қаражаттары есебінен өтеу;
  53)  мемлекеттік  емес  қарыз  -  Қазақстан   Республикасының   Үкіметін,
  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкін   және   жергілікті   атқарушы
  органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының  резиденті  қарыз  алушы
  болатын қарыз қатынастары;
  54) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган  -  тиісті
  әкімшілік-аумақтық бірлікте  стратегиялық,  экономикалық  және  бюджеттік
  жоспарлау саласында функцияларды жүзеге  асыратын,  жергілікті  бюджеттен
  қаржыландырылатын атқарушы орган;
  55)  мемлекеттік  жоспарлау   жөніндегі   орталық   уәкілетті   орган   –
  стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын тұжырымдау  мен
  қалыптастыру саласындағы, сондай-ақ өңірлік  даму  саласында  мемлекеттік
  саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша басшылықты және  салааралық
  үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
  56)  мемлекеттік  кепілдіктерді  беру  лимиті  -  тиісті   қаржы   жылына
  республикалық бюджет  туралы  заңмен  бекітіліп,  тіркелген  сома,  соның
  шегінде мемлекеттік кепілдіктер берілуі мүмкін;
  56-1)  мемлекеттік  концессиялық  мiндеттемелер  –   жасалған   концессия
  шарттары бойынша концедент белгілі бір күнге қабылдаған және  орындамаған
  қаржылық  мiндеттемелердiң  сомасы  бойынша  концеденттің  құқықтары  мен
  мiндеттерiнiң жиынтығы;
  56-2)   мемлекеттiк   қаржылық   бақылау    объектiлерiнде    анықталатын
  бұзушылықтар  сыныптауышы  (бұдан  әрi  –  Бұзушылықтар  сыныптауышы)   –
  бұзылған құқық нормалары және оларға Қазақстан Республикасының заңдарында
  белгiленген  тиiстi  жауаптылық  түрлерi  көрсетiле   отырып,   бұзушылық
  түрлерiнiң тiзбесiн және оларды жою тәсiлдерiн қамтитын құжат;
  57) мемлекеттік қарыз - қарыз алушы  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі,
  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі  немесе   жергілікті   атқарушы
  органдар болатын қарыз қатынастары;
  57-1) мемлекеттік инвестициялық жоба – бюджеттік  инвестицияларды  жүзеге
  асыру  және  концессиялық  жобаларды  іске   асыру   арқылы   мемлекеттің
  стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар кешені;
  58) мемлекеттік  эмиссиялық  бағалы  қағаз  –  оны  ұстаушының  Қазақстан
  Республикасының Үкіметі,  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі  және
  жергілікті  атқарушы  органдар  қарыз  алушы  болатын   қарызға   қатысты
  құқықтарын куәландыратын  немесе  оны  ұстаушының  қосалқы  жалдау  шарты
  негізінде активтерді пайдаланудан табыстар алуға құқықтарын куәландыратын
  эмиссиялық бағалы қағаз;
  59) мемлекеттік эмиссиялық  бағалы  қағаздарды  орналастыру  -  Қазақстан
  Республикасы Үкіметінің,  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкінің  және
  жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік эмиссиялық бағалы  қағаздарын
  бірінші иеленушілерге азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау арқылы  иеліктен
  шығаруы;
  60) нақтыланған бюджет - атқарылуы  барысында  Қазақстан  Республикасының
  Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылдаған өзгерістер мен  толықтырулар
  ескеріле отырып, бекітілген бюджет;
  61) нәтиженің көрсеткіштері - мемлекеттік органның стратегиялық жоспарлар
  мен бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі қызметін  сипаттайтын,
  бюджеттік  бағдарламалардың  тікелей   және   түпкілікті   нәтижелерінің,
  тиімділігі мен сапасы көрсеткіштерінің жиынтығы;
  62)  негізгі  борыш  сомасы  -  қарыз   берушіден   алынған   және   оған
  қайтарылмаған  қарызды,  сол  бойынша  сыйақының,  тұрақсыздық  төлемінің
  (айыппұлдың, өсімпұлдың)  есептелген  сомасын  есепке  алмастан,  өтелуге
  жататын сома;
  62-1) өзара өтелетiн операциялар –  мемлекеттiк  бюджеттi  және  облыстың
  бюджетiн,  сондай-ақ  олардың  атқарылуы  туралы  есептердi  қалыптастыру
  кезiнде  жүзеге  асырылатын,  қосарланған  шотты   болдырмау   мақсатында
  бюджеттiң  бiр  деңгейiнен  басқа   деңгейіне   берiлетiн   трансферттер,
  бюджеттiк кредиттер және басқа да ақша сомаларын алып тастауға байланысты
  операциялар;
  63)  өтеусіз  қаржылық  көмек  -  донорлардың  Қазақстан  Республикасының
  мемлекеттік  ұйымдарына  тауарлар  беруді,  жұмыстарды   орындауды   және
  қызметтер көрсетуді қаржыландыру үшін ақша беруі;
  64) өтеусіз техникалық  көмек  -  донорлардың  Қазақстан  Республикасының
  мемлекеттік  ұйымдарына  тауарлар  беруді,  жұмыстарды   орындауды   және
  қызметтер көрсетуді жүзеге асыруы немесе ұйымдастыруы;
  66) сақтандыру шарты -  сақтандыру  ұйымының  бюджетті  атқару  жөніндегі
  орталық  уәкілетті   орган   алдындағы   мемлекет   кепілгерлігі   немесе
  мемлекеттік  кепілдік  бойынша  міндеттемелерді  орындауға  республикалық
  бюджеттен қаражат  бөлу  нәтижесінде  туындаған  залалды  өтеу  жөніндегі
  міндеттемесін көздейтін шарт;
  67) сыйақының тіркелмеген (құбылмалы) ставкасы  -  нарық  конъюнктурасына
  байланысты өзгерістерге ұшыраған  кредиттер,  қарыздар  жөніндегі  сыйақы
  ставкасы немесе бағалы қағаздар бойынша сыйақымен қоса табыс;
  68) сыртқы қарыз - қарыз беруші Қазақстан Республикасының резиденті емес,
  ал  қарыз  алушы  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  немесе   Қазақстан
  Республикасының резиденті болатын қарыз қатынастары;
  69) тікелей нәтиже -  қол  жеткізілуі  осы  функцияларды,  өкілеттіктерді
  жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететін  ұйымдардың  қызметіне  толық
  байланысты  болатын,  көзделген  бюджет  қаражаты   шегінде   атқарылатын
  мемлекеттік  функциялар,  өкілеттіктер  және   көрсетілетін   мемлекеттік
  қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы;
  70) түпкілікті нәтиже - белгілі бір мемлекеттік орган  қызметінің,  басқа
  да мемлекеттік органдар қызметінің тікелей  нәтижелеріне  қол  жеткізумен
  ұштасатын, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасының, әлеуметтік  саланың,
  экономиканың, қоғамдық қауіпсіздіктің және мемлекеттік  басқарудың  басқа
  да салаларының мақсатты жай-күйі (жай-күйінің өзгерісі);
  71) үкіметтік  борыш  -  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  алған  және
  өтемеген мемлекеттік қарыздарының,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының
  заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  борышына
  жатқызылған белгілі бір күнге борыштық міндеттемелердің сомасы;
  72) үкіметтік борыш лимиті - тиісті қаржы жылына алынған  және  өтелмеген
  үкіметтік қарыздардың  республикалық  бюджет  туралы  заңмен  бекітілетін
  тіркелген сомасы, белгіленген күнге (тиісті қаржы жылының  аяғына)  қарай
  Қазақстан Республикасы Үкіметінің нақты борышы одан аспауға тиіс;
  73)  үкіметтік  қарыздарды  хеджирлеу  -  бюджеттің  атқарылуы  жөніндегі
  уәкілетті орган мен келісімшарт жасасушы агент арасындағы үкіметтік қарыз
  алудың  тәуекелдерін  (валюталық,  проценттік  және  өзге   де)   басқару
  мақсатында қаржы құралдарымен мәмілелер жасау;
  74) ішкі қарыз - қарыз беруші  Қазақстан  Республикасының  резиденті,  ал
  қарыз  алушы   Қазақстан   Республикасының   Үкіметі   немесе   Қазақстан
  Республикасының резиденті болатын қарыз қатынастары.
  2. Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының осы бапта  аталмаған  басқа
  да ұғымдары  осы  Кодекстің  тиісті  баптарында  айқындалатын  мәндерімен
  пайдаланылады.
  Егер  осы  Кодексте  өзгеше  көзделмесе,  осы   Кодексте   пайдаланылатын
  Қазақстан Республикасының  басқа  да  заңнамалары  салаларының  ұғымдары,
  Қазақстан Республикасының тиісті заңнамалары  салаларында  пайдаланылатын
  мәндерімен қолданылады.
  Бюджеттік қатынастарға қатысты Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы
  ұғымдарының айқындамалары Қазақстан Республикасының  басқа  да  заңнамасы
  салалары ұғымдарының айқындамаларымен  сәйкес  келмеген  кезде  Қазақстан
  Республикасы бюджет заңнамасының ұғымдары пайдаланылады.
3. «Бюджеттік қызмет»  дегеніміз  -  ол  мемлекеттің  құқықталған  органдары
арқылы  бюджеттік  құрылымды  ұйымдастыру  және  орталық   және   жергілікті
бюджетті  қалыптастыру,  үлестіру  және   пайдалануын  ұйымдастыру   бойынша
қызметі.Мемелекеттік бюджеттік қызметін жүзеге асырған кезде  қатынастарының
ерекше  бір  түрі  туындайды.  Бұл  қатынастар  «бюджеттік  қатынастар»  деп
аталады.Бюджеттік    қатынастар   материалдық   және   ұйымдастырушы   болып
бөлінеді. Материалды  бюджеттік  қатынастар  қаражат  құралдарынын  бюджетке
немесе бюджеттен қөғалысын реттейді. Бұл  қатынастар  бюджетті  қалыптастыру
және үлестіру процесін  білдіреді.Материалдық  бюджеттік  қатынастар  келесі
белгілер арқылы мінезделеді:
    1.  Олар  экономикалық  қатынастардың  бір  түрі  болып   табылады.   Ол
       қатынастар  арқылы  өнімнің  жиынтығын  үлестіру,   қайта   үлестіруі
       жүргізіледі;
    1. Бұл қатынастар ақшалай болып табылады;
    2. Материалдық бюджеттік қатынастар ақшалай  нысанда  құнның  бір  жақты
       қозғалысын реттейді.
    3. Материалдық бюджетік қатынастар үлестіруші мінездемеге ие;
    4. Тек қана құқықтық нысанда өмір сүреді.
Ұйымдастырушы бюджетін қатынастар елдің бюджеттік құрамын мемлекеттің  қаржы
органдар  жүйесінің  ұйымдастыру  процесінде,   сонымен   қатар   алушыларға
бөлінген   бюджеттік   құралдарды    пайдалану,    ұйымдастыру    процесінде
туындайды.Бюджеттік қызметті жүргізу процесінде мемлекеттің қаржы  қызметіне
белгілі барлық әдістер қолданылады:
    1. Бюджетті қалыптастыру әдістері:
қүштеу -қайтарымсыз (салықтар)
қүштеу -қайтарымды ( мемлекеттік  заемдер)
ерікті -  қайтарымсыз
ерікті -  қайтарымды
эмиссия.
Бюджет өз кірістерін тек қана қаржылық қызмет  арқылы  емес,  сонымен  қатар
шаруашылыққ қызмет арқылы қалыптастыра алады.
    2. Үлестіру әдістері:
қаржыландыру
несиелендіру
мемлекетпен өз қаржы міндеттерін өтеу.
    2. Бюджеттін қаражаттарын пайдаланудың ұйымдастыру әдісі:
бюджеттік қаржыларды пайдалану тәртібін белгілеу
бюджеттік қаржыларды бөлу, норматив пен лимитердін белгілеу
бюджетті жоспар негізінде үлестіру
бюджеттен алынған ақша қаражаттардың пайдалануына бақылау жүргізу.
Ақша қаражатының қозғалыс әдісі  бойынша  бюджеттік  қатынастар  келесілерге
бөлінеді:
    1. Бір жақты  - бұл жағдайда ақшалар тек бір бағытта қозғалады
    1. Екі жақты - ақша қаражаты бір бюджеттен  екінші  бюджетке  қозғалады.
       Басқа бюджетті қаржыландырады.
 Бюджетке мемлекеттің қаржы жүйесінің  бөлігі  ретінде  арнайы  құқық  білім
арналған. Ол  бюджеттік  құқық  деп  аталады.  Бюджеттік  құқықты  келесідей
анықтауға болады:
«Орталық және жергілікті бюджетті  пайдалануын  ұйымдастыру,  үлестіру  және
қалыптастырумен  байланысты, сонымен  катар  бюджеттік  құрымды  ұйымдастыру
процесінде  туындайтын  қатынастарды   реттейтін   қаржы   құқықтын   ерекше
бөлімінің бөлігі болып табылады».
Бюджеттік құықтың пәні болып  мемлекеттік  бюджеттік  қызметінің  процесінде
туындайтын қоғамдық қатынастар  табылады.Бюджеттік құқық 2  құқықтық  реттеу
әдістін пайдаланады:
    1. Императивтік әдіс  -  ол   мемлекетпен  қаражатарды  біржақты  күштеу
       арқылы алған кезінде нақты көрінеді.
    1. Диспозитивтік әдіс -  бұл әдіс өзінің экономикалық  табиғаты  бойынша
       несиелік болып табылады, ол бюджеттік қатынастарды келісімді құқықтық
       реттеу кезінде қолданылады.
Бюджеттік құқық нормалары мен бюджеттік қатынастары нақты  материалдық  және
ұйымдастырушы болып бөлінеді.
 Ал  бұл нормаларының қаржы құқықығының  интситутың  жиынтығы  және  олардың
логикалық тізілімі бюджеттік құқықтың жүйесін қалыптастырады.
Бюджет құқығының жүйесі жалпы және ерекше бөлімнен тұрады.
Жалпы бөлімі келесі институтардан тұрады:
    1. Бюджеттік құрылым
    1. Бюджет саласындағы басқару
    2. Бюджеттік жоспарлаудын құқықтық негіздері
    3. Бюджетін бақылауның жүзеге асыру.
Ерекше бөлімі келесі институтардан тұрады:
1. Бюджеттін кірістерін құқықтық реттеу.
2. Бюджеттін шығыстарын құқықтық реттеу.
3. Мемлекеттік несиені құқықтық реттеу.
Бюджеттік  құқықтын  жалпы  бөлімінің  нормалары   негізінде   ұйымдастырушу
бюджеттік қатынастарды реттейді, ал ерекше бөлімнін нормалары –  материалдық
бюджеттік қатынастарды.
   Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
   1. Бюджет құқықтық категория ретінде.
   2. Бюджет экономикалық категория ретінде.
   3. Қазақстан Республикасының заңы бойынша бюджеттін құрамы.
   4. Мемлекеттін бюджет қызметінің ұғымы.
   5. Мемлекеттін бюджет қызметінің әдістері.
    Ұсынылатын  әдебиет
1.Худяков, А.И.    Финансовое право Республики  Казахстан.  Особенная  часть
:Учебник.-Алматы:Норма-К,2002
2.Худяков А. Финансовое право РК. - А.,2002
3.Худяков, А.И.Основы теории финансового права.-Алматы, 1995
4.Финансове право РК. - А., 2000
5.Савин А.Ю. Финансовое право. - М., 1997
6.Финансовое право / Горбунова О. - М., 1996
7.Худяков А.И.Налоговое право РК/ - А-ты, 1998

Тақырып  2.  Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің қағидалары
1. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің қағидалары
2.Бюджеттің түсімдері мен шығыстарына әсер ететін
нормативтік құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мынадай қағидаларға негізделеді:
1) бірыңғайлық принципі - бюджет  жүйесін  ұйымдастырудың  және  оның  жұмыс
істеуінің бірыңғай принциптерін қолдану, Қазақстан Республикасында  бірыңғай
бюджет сыныптамасын және бюджет процесінің бірыңғай рәсімдерін пайдалану;
2) толымдылық принципі -  бюджетте  және  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық
қорында Қазақстан Республикасының  заңнамасында  көзделген  барлық  түсімдер
мен шығыстардың  көрсетілуі,  бюджет  қаражаты  бойынша  талап  құқықтарының
басқаға берілуі сияқты, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара  талаптарды
есепке жатқызуға жол бермеу;
3)  реалистік  принципі  -  бекітілген  (нақтыланған,   түзетілген)   бюджет
көрсеткіштерінің әлеуметтік-экономикалық  дамудың,  мемлекеттік  органдардың
стратегиялық    жоспарлары     болжамдарының     бекітілген     (түзетілген)
параметрлеріне, бағыттарына сәйкес келуі;
4) транспаренттілік принципі - мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге  де
құпия болып табылатын мәліметтерді, сондай-ақ қоғам  мен  бұқаралық  ақпарат
құралдары үшін бюджет процесінің міндетті  ашықтығын  қоспағанда,  Қазақстан
Республикасының   бюджет   заңнамасы   саласындағы   нормативтік    құқықтық
актілерді,  бекітілген  (нақтыланған,  түзетілген)  бюджетті  және   олардың
атқарылуы  туралы  есептерді,  стратегиялық  жоспарлар  мен   олардың   іске
асырылуы  туралы   есептерді,   Қазақстан   Республикасының   Ұлттық   қорын
қалыптастыру  туралы  және  пайдалану  туралы   ақпаратты   міндетті   түрде
жариялау;
5)  дәйектілік  принципі  -  мемлекеттік  органдардың  бюджеттік  қатынастар
саласында бұрын қабылданған шешімдерді сақтауы;
6)   нәтижелілік   қағидаты   –   мемлекеттік    органдардың    стратегиялық
жоспарларында және (немесе) бюджеттік  бағдарламаларында  көзделген  тікелей
және түпкілікті нәтижелерге  қол  жеткізуге  бағдарланған  бюджетті  әзірлеу
және атқару;
7) бюджеттердің дербестік принципі -  түрлі  деңгейдегі  бюджеттер  арасында
түсімдердің тұрақты бөлінуін  белгілеу  және  осы  Кодекске  сәйкес  олардың
жұмсалу бағыттарын айқындау,  осы  Кодекске  сәйкес  мемлекеттік  басқарудың
барлық деңгейлерінің бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы,  жергілікті
бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді және  жергілікті
бюджеттер қаражатының қалдықтарын жоғары  тұрған  бюджетке  алып  қоюға  жол
берілмеуі, төменгі  бюджеттерге  оларды  тиісті  өтеусіз,  қосымша  шығыстар
жүктеуге жол берілмеуі;
8) сабақтастық принципі - өткен кезеңде  бекітілген  әлеуметтік-экономикалық
даму    болжамдарына,    базалық    шығыстарға,     бюджеттік     мониторинг
қорытындыларына,  нәтижелерді  бағалауға  негізделген   республикалық   және
жергілікті бюджеттерді жоспарлау;
9) негізділік принципі - бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді  немесе
шығыстарды  енгізу  қажеттігін  және   олардың   көлемдерінің   негізділігін
айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа  да  құжаттар  негізінде
бюджетті  жоспарлау,  сондай-ақ  бюджет  қаражаты  мен  мемлекет  активтерін
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалану;
10)  уақтылылық  принципі  -  республикалық  және  жергілікті   бюджеттерге,
Қазақстан Республикасы  Ұлттық  қорының  қолма-қол  ақшаның  бақылау  шотына
түсімдерді есептеу және оларды Қазақстан Республикасының  Ұлттық  банкіндегі
Үкімет   шотына   аудару,   міндеттемелер   бойынша   қаржыландырудың   жеке
жоспарларына  сәйкес  мемлекеттік  мекемелердің   міндеттемелер   қабылдауы,
төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке  жоспарларына  сәйкес  төлемдер  жасау
және тиісті  нормативтік  құқықтық  актілерде  белгіленген  тәртіпті  сақтай
отырып, мерзімінде бюджет қаражатын алушылар шоттарына аудару;
11) кассаның бірыңғайлық принципі  -  бюджетке  барлық  түсімдерді  бірыңғай
қазынашылық шотқа есептеу және бірыңғай қазынашылық шоттан барлық  көзделген
шығыстарды ұлттық валютамен жүзеге асыру;
12) тиімділік принципі - бюджет қаражатының бекітілген  көлемін  пайдаланып,
ең үздік тікелей нәтижеге  қол  жеткізу  қажеттілігін  негізге  ала  отырып,
бюджеттерді  әзірлеу  және  атқару  немесе  бюджет  қаражатының  аз  көлемін
пайдаланып, тікелей нәтижеге қол жеткізу;
13)  жауапкершілік  принципі  -  тікелей  және  түпкілікті  нәтижелерге  қол
жеткізуге және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік  мекемелер
басшыларының  және   квазимемлекеттік   сектор   субъектілерінің   Қазақстан
Республикасының  заңнамасына  сәйкес  келмейтін  шешімдер  қабылдағаны  үшін
жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті әкімшілік және  басқару
шешімдерінің қабылдануы;
14) бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты қағидаты  –  бюджеттік
бағдарламалар   әкімшілерінің,   квазимемлекеттік   сектор   субъектілерінің
Қазақстан  Республикасының  заңнамасын  сақтай  отырып,   бюджет   қаражатын
мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында және  (немесе)  бюджеттік
бағдарламаларында,   квазимемлекеттік   сектор   субъектілерінің    жарғылық
капиталына қатысу арқылы  бюджеттік  инвестициялардың  қаржылық-экономикалық
негіздемелерінде  көзделген  нәтижелердің  көрсеткіштеріне   қол   жеткізуге
бағыттауы және пайдалануы.
2. Республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістерін  қысқартуды  немесе
шығыстарын ұлғайтуды көздейтін  заңдардың  жобалары  Қазақстан  Республикасы
Үкіметінің  оң  қорытындысы  болған  кезде   ғана   Қазақстан   Республикасы
Парламентінің   Мәжілісіне   енгізілуі   мүмкін.   Қазақстан    Республикасы
Үкіметінің  қорытындысы  Республикалық   бюджет   комиссиясының   ұсыныстары
ескеріле отырып жасалады.
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  заң  шығару   бастамасы   тәртібімен
Парламент   Мәжілісіне   енгізілетін   заңдардың   жобалары   үшін    мұндай
қорытындының  болуы  талап  етілмейді.   Республикалық   немесе   жергілікті
бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды  немесе  кірістерін  қысқартуды  көздейтін
Қазақстан    Республикасы    Президентінің    жарлықтары    мен    Қазақстан
Республикасының  Үкіметі  қаулылары  жобаларының   ережелері   Республикалық
бюджет комиссиясының міндетті қарауына жатады.
Республикалық бюджет комиссиясының  ұсыныстары  ескеріле  отырып,  Қазақстан
Республикасы Үкіметінің оң қорытындысы ағымдағы  жылдың  бірінші  жартысында
берілуі  шартымен  аталған  актілер  жобаларының  ережелері,  келесі   қаржы
жылынан ерте қолданысқа енгізіле алмайды.
Егер оң қорытындылар ағымдағы жылдың екінші  жартысында  берілген  жағдайда,
онда аталған ережелер қолданысқа жоспарланған жылдан кейінгі  қаржы  жылынан
ерте енгізіле алмайды.  Жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды  немесе
кірістерін қысқартуды  көздейтін  жергілікті  өкілді  органдар  шешімдерінің
жобалары әкімнің оң қорытындысы болған кезде  ғана  мәслихаттардың  қарауына
енгізілуі  мүмкін.   Әкімнің   қорытындысы   тиісті   бюджет   комиссиясының
ұсыныстары ескеріле отырып жасалады.
Жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды  немесе  кірістерін  қысқартуды
көздейтін  жергілікті  атқарушы  органдар  актілері  жобаларының   ережелері
тиісті бюджет комиссиясының міндетті түрде қарауына жатады.
Тиісті  бюджет  комиссиясының  ұсыныстары  ескеріле   отырып,   әкімнің   оң
қорытындысы болған  кезде  осы  баптың  3-тармағында  көрсетілген  ережелер,
келесі қаржы жылынан ерте қолданысқа енгізіле алмайды.
Осы баптың 2 және  4-тармақтарында  аталған  ережелер  республикалық  бюджет
туралы  заңға  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы  заңдарға  және
жергілікті  бюджет  туралы   мәслихаттардың   шешімдеріне   өзгерістер   мен
толықтырулар енгізу туралы мәслихаттар шешімдеріне,  сондай-ақ  оларды  іске
асыру туралы нормативтік құқықтық актілерге  қолданылмайды.  Осы  баптың  2-
тармағында  аталған  ережелер   кеден   ставкаларының   өзгеруін   көздейтін
нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды.
   Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің қағидалары
2.Бюджеттің түсімдері мен шығыстарына әсер ететін
нормативтік құқықтық актілер
    Ұсынылатын  әдебиет
      1. Л. Давыдова, Д. Райманов Қазақстан Республикасының банк құқығы
      Алматы 2009ж.
     2. Худяков А.И. Финансовое право/ общая часть Алматы 2001ж.
     3. Найманбаев Салықтық құқық Алматы 2005ж.
     4. Худяков А.И. Страховое право РК Алматы 2003г.
     5. Найманбаева С.С. Финансовое право Алматы 2004г.


Тақырып 3. Бюджеттің түрлері мен деңгейлері туралы жалпы түсінік
1.Бюджеттің түрлері мен деңгейлері туралы жалпы
ережелер
2. Республикалық бюджет. Облыстық бюджет,  республикалық  маңызы  бар  қала,
астана бюджеттері
1. Қазақстан Республикасында  мынадай  деңгейдегі  бюджеттер:  республикалық
бюджет; облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала,  астана  бюджеттері;
аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті бекітіледі, атқарылады және  дербес
болып табылады.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар  қала,  астана  бюджеттері,  аудан
(облыстық маңызы бар қала) бюджеті жергілікті бюджеттерге жатады.
Осы Кодексте  белгіленген  жағдайларда,  Қазақстан  Республикасында  төтенше
мемлекеттік бюджет әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасында  талдамалы  ақпарат  ретінде  пайдаланылатын  және
бекітуге жатпайтын мемлекеттік  және  шоғырландырылған  бюджет,  облыстардың
бюджеті жасалады.
Мемлекеттік бюджет өз араларында өзара өтелетін  операциялар  ескерілместен,
республикалық  және   жергілікті   бюджеттерді   біріктіретін,   мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.
Өз  араларында  өзара   өтелетін   операциялар   ескерілмей,   республикалық
бюджетті,  облыстардың,  республикалық  маңызы  бар  қалалардың,   астананың
бюджеттерін,  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық   қорының   түсімдері   мен
шығыстарын   біріктіретін   мемлекеттің   орталықтандырылған    ақша    қоры
шоғырландырылған бюджет болып табылады.
Облыс  бюджеті  өз  араларында  өзара  өтелетін  операциялар  ескерілместен,
облыстық  бюджетті,  аудандар  (облыстық  маңызы   бар   қалалар)   бюджетін
біріктіретін орталықтандырылған ақша қоры болып табылады.
Осы Кодексте айқындалған түсімдер есебінен  қалыптастырылатын  және  орталық
мемлекеттік   органдардың,   оларға   ведомстволық   бағынысты   мемлекеттік
мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылай қамтамасыз етуге,  сондай-
ақ  мемлекеттік  саясаттың  жалпы  республикалық  бағыттарын  іске   асыруға
арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады.
Республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі.
2.  Осы  Кодекспен  айқындалған  түсімдер  есебінен  қалыптастырылатын  және
облыстық деңгейдегі, республикалық маңызы бар қаланың, астананың  жергілікті
мемлекеттік  органдарының,   оларға   ведомстволық   бағынысты   мемлекеттік
мекемелердің міндеттері мен  функцияларын  қаржылай  қамтамасыз  етуге  және
тиісті  әкімшілік-аумақтық  бірлікте  мемлекеттік  саясатты   іске   асыруға
арналған орталықтандырылған ақша қоры облыстық бюджет, республикалық  маңызы
бар  қала,  астана   бюджеттері   болып   табылады.    Облыстық   бюджеттер,
республикалық маңызы бар қаланың,  астананың  бюджеттері  тиісінше  облыстық
мәслихаттардың,  республикалық  маңызы  бар  қала,  астана   мәслихаттарының
шешімдерімен  бекітіледі.  Осы  Кодекспен  айқындалған   түсімдер   есебінен
қалыптастырылатын және ауданның (облыстық  маңызы  бар  қаланың)  жергілікті
мемлекеттік  органдарының,   оларға   ведомстволық   бағынысты   мемлекеттік
мекемелердің міндеттері мен  функцияларын  қаржылық  қамтамасыз  етуге  және
тиісті ауданда  (облыстық  маңызы  бар  қалада)  мемлекеттік  саясатты  іске
асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры  аудан  (облыстық  маңызы  бар
қала) бюджеті болып табылады.  Аудан  (облыстық  маңызы  бар  қала)  бюджеті
аудан  (облыстық  маңызы  бар  қала)  мәслихатының   шешімімен   бекітіледі.
Төтенше  мемлекеттік  бюджет   республикалық   және   жергілікті   бюджеттер
негізінде қалыптастырылады және  Қазақстан  Республикасында  төтенше  немесе
соғыс жағдайларында енгізіледі.  Төтенше  мемлекеттік  бюджеттің  қабылдануы
туралы  Қазақстан  Республикасының  Парламенті   дереу   хабардар   етіледі.
Төтенше  мемлекеттік  бюджеттің  қолданылу  уақытында  республикалық  бюджет
туралы заңның және  барлық  деңгейлердегі  жергілікті  бюджеттің  бюджеттері
туралы  мәслихаттар  шешімдерінің  қолданылуы  тоқтатыла  тұрады.    Төтенше
мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс  жағдайы  енгізілген  мерзім  ішінде
қолданыста болады.
   Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1.Бюджеттің түрлері мен деңгейлері туралы жалпы
ережелер
2. Республикалық бюджет. Облыстық бюджет,  республикалық  маңызы  бар  қала,
астана бюджеттері
    Ұсынылатын  әдебиет
      1. Л. Давыдова, Д. Райманов Қазақстан Республикасының банк құқығы
      Алматы 2009ж.
     2. Худяков А.И. Финансовое право/ общая часть Алматы 2001ж.
     3. Найманбаев Салықтық құқық Алматы 2005ж.
     4. Худяков А.И. Страховое право РК Алматы 2003г.
     5. Найманбаева С.С. Финансовое право Алматы 2004г.


Тақырып 4. Бюджет құрылымы
1. Бюджет түсімдері
2. Бюджет шығыстары
3. Бюджет құрылымы
1. Кірістер, бюджет кредиттерін өтеу сомалары, мемлекеттің қаржы  активтерін
сатудан  түскен  түсімдер,  қарыздар  бюджеттің  түсімдері  болып  табылады.
Салықтық,  салықтық  емес  түсімдер,  негізгі   капиталды   сатудан   түскен
түсімдер, трансферттік түсімдер бюджет кірістері  болып  табылады.  Нысаналы
трансферттерді  қоспағанда,  кірістер   нысаналы   мақсатқа   ие   болмайды.
Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін жою  немесе
оларды өзгерту осы Кодекске міндетті түрде  өзгерістер  немесе  толықтырулар
енгізіле   отырып   жүзеге   асырылады.    Салықтық    түсімдер    Қазақстан
Республикасының  Салық  және  Кеден  кодекстерінде  белгіленген  салық  және
бюджетке төленетін басқа да  міндетті  төлемдер  болып  табылады.   Салықтық
емес  түсімдер  негізгі  капиталды  сатудан  түсетін  түсімдерге  жатпайтын,
Қазақстан Республикасының Салық кодексінде,  кеден  одағының  және  (немесе)
Қазақстан  Республикасының  кеден  заңнамасында  көзделгеннен   басқа,   осы
Кодексте және Қазақстан  Республикасының  басқа  да  заңнамалық  актілерінде
белгіленген, бюджетке міндетті, қайтарымсыз төлемдер,  байланысты  гранттар,
сондай-ақ трансферттерден  басқа,  бюджетке  тегін  негізде  берілетін  ақша
болып табылады. Бюджетке:
1) мемлекеттік мекемелерге бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан;
2) мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сатудан;
3) мемлекет  меншігіндегі  жер  учаскелерін  жеке  меншікке  сатудан  немесе
оларды  тұрақты  немесе  уақытша  жер  пайдалануға  беруден   не   Қазақстан
Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген  тәртіппен
өзге де тәсілмен өткізуден;
4) мемлекетке тиесілі  материалдық  емес  активтерді  сатудан  түсетін  ақша
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады.
Трансферттер  түсімдері  бюджеттің  бір  деңгейінен   басқасына,   Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке  түсетін  трансферттер
түсімдері болып табылады.
Бюджеттік кредиттерді өтеу  сомалары  бюджеттен  алынған  кредиттер  бойынша
негізгі борышты қайтаруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың төленген  мемлекеттік
кепілдіктер  бойынша  талаптарды  қайтаруына  байланысты  бюджетке   түсетін
түсімдер болып  табылады.   Мемлекеттің  қаржы  активтерін  сатудан  түсетін
түсімдер заңды тұлғалардың, оның ішінде мемлекеттік  меншіктегі  халықаралық
ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер  мен  мемлекеттік
кәсіпорындардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын,  сондай-ақ  мемлекеттік
кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге  де
мемлекеттік   мүлікті   сатудан   бюджетке   түсетін   түсімдер.    Қарыздар
мемлекеттік  эмиссиялық  бағалы  қағаздарды  шығаруға  және  (немесе)  қарыз
шарттарын жасасуға байланысты бюджетке ақша түсімдері болып табылады.
2. Шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздарды  өтеу
бюджеттің шығыстары болып табылады. Шығындар қайтарымсыз  негізде  бөлінетін
бюджет қаражаты болып табылады. Бюджеттік  кредиттер  бюджеттен  қайтарымды,
жедел және ақылы негізде бөлінетін ақша  болып  табылады.  Қаржы  активтерін
сатып алу заңды  тұлғалардың,  оның  ішінде  халықаралық  ұйымдардың  қатысу
үлестерін  және  бағалы  қағаздарын   мемлекеттік   меншікке   сатып   алуға
бағытталған  бюджет  қаражаты  болып  табылады.  Қарыздарды  өтеу  Қазақстан
Республикасы ратификациялаған мемлекеттік сыртқы қарыздар туралы,  сондай-ақ
ішкі қарыздар бойынша халықаралық шарттарға сәйкес  негізгі  борышты  өтеуге
бағытталған бюджет қаражаты болып табылады.
3.Бюджет құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
1) кірістер:
салықтық түсімдер;
салықтық емес түсімдер;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер;
трансферттер түсімі;
2) шығындар;
3) таза бюджеттік кредиттеу:
бюджеттік кредиттер;
бюджеттік кредиттерді өтеу;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо:
қаржы активтерін сатып алу;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
5) бюджет тапшылығы (профициті);
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):
қарыздар түсімі;
қарыздарды өтеу;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1. Бюджет түсімдері
2. Бюджет шығыстары
3. Бюджет құрылымы
    Ұсынылатын  әдебиет
      1. Л. Давыдова, Д. Райманов Қазақстан Республикасының банк құқығы
      Алматы 2009ж.
      2.Худяков А.И. Финансовое право/ общая часть Алматы 2001ж.
      3.Найманбаев Салықтық құқық Алматы 2005ж.
      4.Худяков А.И. Страховое право РК Алматы 2003г.
      5.Найманбаева С.С. Финансовое право Алматы 2004г.


Тақырып 5. Бюджеттік бақылау және бюджет саласындағы басқару.
1. Бюджеттік компетенция, материалдық және процессуалдық бюджет құқығы.
2. ҚР ның Бюджет құқығы.
3. Әкімшілік аумақтық бөлініснің бюджет құқығы.
4. Республикаылқ және жерглікті бюджет.
1. Бюджеттік процедура немесе  процессі   -  бюджетті  құрастыру,  талқылау,
бекіту, орындау және оның  орындалуын  бақылаумен  бюджетті  орындау  туралы
есеп-қисапты бекіту бойынша билік және басқару органдардың заңмен  реттелген
қызметі. ҚР  бюджеттік  процесс,  бюджет  жүйесі  туралы  заңмен  жыл  сайын
шығарылатын  "Республикалық  бюджет  туралы"  Заңмен,  өкілдік   органдардың
шешімімен реттеледі.   Бюджеттерді орындау, құрастыру, орындау  туралы  есеп
қисапты  жасау-  атқарушы  органдардың  қызметі,  бюджеттерді  бақылау  және
бекіту -Парламент және жергілікті атқару  органдардың   жәнеде  бақылау  екі
билі органдарының  қызметі.Республикалық  бюджет  жобасын  әзірлеу  үшін  ҚР
Президенті бюджеттік комиссиясын құрайды, ол Қаржы министрлігімен  ұсынылған
негізігі РБ-тің жоспарлы  көрсеткіштерін  және  ұсыныстарын  қарастырып  сол
көрсеткіштерді  нақтылайды    Бюджеттік  процесте  (үрдісі)   маңызды   орын
бюджеттік жоспарлау және экономика министрлігіне берілген.  Ол  Президенттің
әр жылдағы  үндеуін  ескеріп  аумақтың  экономикалық  және  әлеуметтік  даму
бағдарламалардың, мемлекеттің  әлеуметті  экономикалық  дамудың  индекативті
жоспарының  параметрлерінің  негізінде  үш  жылдық   мерзімге    емелекеттік
бюджеттің  жоспарлы  көрсеткіштерді  әзірлейді.  Бюджеттік  жоспарлау   және
экономикалық  ----  республикалық   бюджеттердің   әкімгерлердің   өкімдерін
біріктіріп, бюджеттік комиссияның ұсыныстарын ескеріп  ҚР  Үкіметіне  тиісті
қаржы жылына Республикалық бюджет жобасын ұсынады.      Бюджеттік  жоспарлау
министрлігі- областық, Астана  және  Алматы  қалалары  әкімгерлеріне  келесі
келісілген көрсеткіштерді жеткізеді:
бюджет түсімдерін, қарыз лимитіні, шығындар көлемі.
бюджеттік бағдарламалардың көлемі
секвестерлеуге келмейтін бюджеттік бағдарламалар
бюджеттік тапшылық немесе профецит
Бюджеттік бағдарламалар 2 топқа  бөлінеді:  Республикалық  және  жергілікті.
Республикалық бюджеттік  бағдарлама  -Үкіметпен  әзірленетін,  республикалық
бюджеттең қаржыландырылатын  жалпы  мемлекеттік  маңызы  бар  бағдарламалар.
Жергілікті бюджет бағдарламаларында- жергілікті атқарушы органдар  әзірлеген
жергілікті   органдар   бекітітін   және    жергілікті    бюджет    есебінен
қаржыландырылатын бағдарламалар.  Осы бағдарламалардың  орындалуына  жауапты
және  бюджеттен  оларды  қаржыландыру  үшін  қаражат   алатын   субъектілер-
әкімгерлер болып табылады. Бағдарламаға байланысты әкімгерлер  келесі  болып
бөлінеді:
Республикалық бюджеттік  бағдарламалардың  әкімгерлері-осы  бағдарламалардың
жүзеге  асыруына  және  қаржы  дәлелдігі  үшін  жауапты   орталық   атқарушы
органдар;
жергілікті  бюджет  бағдарламаларының  әкімгерлері   -жергілікті   бюджеттік
бағдарламаларды  жүзеге  асыруына  және   қаржы   дәлелдігі   үшін   жауапты
жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын атқарушы органдар.
2.  Республикалық  бюджетті  әзірлеу  үшін   құрылған   бюджеттік   комиссия
Ұкіметтің талқылауына келесі көрсетікштер ұсынады:
1. РБ;  облас  және  Астана  және  Алматы  қалаларының  бюджет  түсімдерінің
көлемін
2. Функциональды топ және әкімгерлер бойыша республикалық  бюджет  шығыстары
  және несиелеу лимиті
2. Республикалық бюджеттің тапшылығы (профициті)
3. облыстар бойынша жергілікті атқарушы органдардың қарыз алу лимиті.
Республикалық  бюджет  бағдарламалардың   әкімгерлері   лимиттер   негізінде
бекітілген  нысан  бойынша   өздерінің   бюджеттік   бағдарламаларын   Қаржы
министрлігі ұсынады.   Облас және Астана және Алматы қала әкімгерлері  Қаржы
министрлігімен келісілген көлемінде  жергілікті  бюджеттік  бағдарламалардың
тізімімен лимитің анаықтайды.  Қаржы  министрлігі  бюджеттік  көрсеткіштерге
сәйкес ҚР Үкіметіне тиісті қаржы  жылына  республикалық  бюджет  туралы  заң
жобасын әзірлеп ұсынады.    Республикалық  бюджеттің  мазмұны  келесі  болуы
тиіс.
1.  Табыс  көлемі,  алаынған  ресми   трансферттер,  Республикалық  бюджетте
  берілген неиселер бойынша негізгі қарызды өтеу, шығындар,  несиелеу  және
  тапшылық көлемі.
1. Айлық жалақының зейнетақының , АЕК минимальды мөлшері
2. ҚР Үкіметінің резерв мөлшері.
3. Жергілікті атқарушы органдарды несиелеу лимиті.
4. мемлекеттік кепілдігі бойынша алынған займдарды өтеу және қызмет  көрсету
  сомасы.
5.  жергілікті атқарушы оргадардың жалпы қарыз алу лимиті.
6. тиісті қаржы жылының санына жергілікті атқарушы  орган  жалпы  қарыз  алу
  лимиті
7. ҚР мемлекеттік кепілді беру лимиті
8. Функциональды топтар және бағдарламалар бойынша шекті шығындар тізімі
9. Шектеуге келмейтін республикалық бюджет бағдарламаларының тізімі.
Республикалық  бюджет  Үкімет  отырысында  талқыланған   және   оның   сонғы
жетілдірілгеннен  кейін   Үкімет  Республикалық  бюджет  жобасынын  жоспарын
жылдың алдынғы  жылдың 15 қыркүйегіне дейін Парламент талқылауына ұсынады.
3. Бюджет процедурасының талқылау және  бекіту  кезені  Парламетпен   жүзеге
асырылады.
Алдын ала бюджет жобасы сенаттың  және  мәжілісінің  тұрақты  комитеттерінде
талқыланады  және  олар  осы  жоба  бойынша   өзінің   тұжырымын   шығарады.
Республикалық бюджетті талқылау Парламеттің жекелеген палаталар  отырысында,
яғни алдымен мәжілісте, содан кейін сенатта  талқыланады.  талқылау  кезінде
Қаржы  министрлігі  мен  ҰБ  төрайымы,  парламент   палаталарының   құрметті
тұлғалары  жоба  бойынша  баяндайды.  Әр  бап  ьойынша  талқылау   негізінде
депутаттардың сөз  сөйлеу  кезектілігі  сақталады.  Егер  палаталар  жобаның
баптарын мақұлдамаса онда парламент осы баптар бойынша бірлескен  комиссияны
құруға  құқылы.    Комиссия  тек  оны  құруға  негіз   болған   баптар   мен
түзетулерді қарастырады.    Республикалық бюджет  жобасын  қайта  талқылаған
кезде  дауыс беруге тек келісім комиссия жобаның қараған  баптары  салынады.
Республикалық  бюжеттің   жобасын   талқылау   парламенттің   2   отырысында
жүргізіледі,   ал   бекіту   15   желтоқсанға   дейін    жүргізіледі.   Егер
республикалық бюджет жобасы бекітілмесе онда ҚР Президенті "Келесі жылдың  1
тоқсаннына арналған қаржы жоспары туралы жарлық шығаруға құқылы.
4.  Жергілікті  бюджетті  құрастыру  бюджеттік  сныптамаға  сәйкес  біртұтас
бюджеттік  жоспарлау  негізінде  жүзеге  асырылад.  Жергілікті  өкілді  және
атқарушы органдар тиісті  жергілікті  бюджеттің  тепетеңдігі  үшін  жауапты.
Областық Астана және Алматы  қалаларының  атқарушы  органдары  1  қыркүйекке
дейін бюджеттік жоспарлау министрлігімен  келесілген  түсімдер  көлемі  және
қарыз  алу   лимиті   негізінде   жергілікті   бюджет   жобасын   әзірлейді.
Жергілікті  бюджет  жобасын  әзірлеу  үшін  әкімдер  бюджеттік  коиссияларын
құрайды, олардың міндеттерін және жұмыс  тәртібін  анықтайды.  Осы  комиссия
келесі жоспарлы көрсеткіштерді келісісу  туралы ұсыныс  қарастырып  талқылап
береді,  түсім  көлемі,  қарыз,  шығындар  лимиті.      Жергілікті  атқарушы
органдар бюджеттік комиссияның ұсынысын  ескеріп  тиісті  жергілікті  бюджет
жобасын  әзірлейді  және  бюджеттік   жоспарлау   министрлігі   жоспарды   1
қыркүйекке  дейін  ұсынады.    Областық  өкілді  органдар  облас  бюджетімен
аудандық  қалалық  бюджеттер  арасында  табыстардың   субвенциялардың   және
бюджеттік  алымдардың  тұрақты  үлестіру  нормативтерін  бекітеді.  Областық
Астана және Алматы қалаларының  әкімдері  Республикалық  бюджет  бекіткеннен
кейінгі 2  жұмадан  кешіктірмей,  алдын-ала  келісілген  бюджеттің  жоспарлы
көлемін түзетіп, тиісті маслихатқа талқылау үшін  ұсынады.  Осы  маслихат  2
жұма мерзімінде оны бекітуі  тиіс.  Аудан  (қала)  әкімдері  облас  бюджетің
бекіткеннен  кейінгі  2  жұма  мерзімінен  кешіктірмей   тиісті   жергілікті
маслихатқа өздерінің бюджетін ұсынады. осы маслихат 2 жұма  ішінде  бюджетті
бекітуі тиіс.     Жергілікті  бюджетті  бекіткенге  дейін  оның  1  тоқсанға
орныдалуы жобаның 1/4 бөлігінде жүзеге асырылады.  Үкіметтің  жоғары  тұрған
мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардаң  төмен  тұрған  бюджеттерді
әзірлеу және орындау  процессіне  араласуына  тиім  салынған.     Жергілікті
атқарушы  органдарына  кепіл  беруге  үшінші   тұлға   үшін   міндеттіліктер
қабылдауына үшін салынған.
   Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
   1. Бюджеттік процестін ұғымы.
   2. Республикалық бюджет жобасын әзірлеу.
   3. Бюджеттік бағдарламалар түрлері.
   4. Республикалық бюджеттін мазмұны.
    Ұсынылатын  әдебиет
1.Худяков, А.И.    Финансовое право Республики  Казахстан.  Особенная  часть
:Учебник.-Алматы:Норма-К,2002
2.Худяков А. Финансовое право РК. - А.,2002
3.Худяков, А.И.Основы теории финансового права.-Алматы, 1995
4.Финансове право РК. - А., 2000
5.Савин А.Ю. Финансовое право. - М., 1997
6.Финансовое право / Горбунова О. - М., 1996
7.Худяков А.И.Налоговое право РК/ - А-ты, 1998

Тақырып 6. Бюджет процессі.
1. Бюджет процесінің ұғымы.
2. Бюджет процесінңі қағидалары.
3. Бюджет процессінің сатылары бюджеттік жоспар.
4. Бюджеттің қорытндысы есебін құрасытыру және мақұлдау
1. Бюджеттік процесс  - бюджетті құрастыру, талқылау, бекіту,  орындау  және
оның орындалуын  бақылаумен  бюджетті  орындау  туралы  есеп-қисапты  бекіту
бойынша  билік  және  басқару  органдардың  заңмен  реттелген  қызметі.   ҚР
бюджеттік  процесс,  бюджет  жүйесі  туралы  заңмен  жыл  сайын  шығарылатын
"Республикалық  бюджет  туралы"  Заңмен,   өкілдік   органдардың   шешімімен
реттеледі.  Бюджеттерді орындау,  құрастыру,  орындау  туралы  есеп  қисапты
жасау-  атқарушы  органдардың  қызметі,  бюджеттерді  бақылау  және   бекіту
-Парламент және жергілікті  атқару  органдардың   жәнеде  бақылау  екі  билі
органдарының  қызметі.Республикалық   бюджет   жобасын   әзірлеу   үшін   ҚР
Президенті бюджеттік комиссиясын құрайды, ол Қаржы министрлігімен  ұсынылған
негізігі РБ-тің жоспарлы  көрсеткіштерін  және  ұсыныстарын  қарастырып  сол
көрсеткіштерді  нақтылайды  Бюджеттік   процесте   (үрдісі)   маңызды   орын
бюджеттік жоспарлау және экономика министрлігіне берілген.  Ол  Президенттің
әр жылдағы  үндеуін  ескеріп  аумақтың  экономикалық  және  әлеуметтік  даму
бағдарламалардың, мемлекеттің  әлеуметті  экономикалық  дамудың  индекативті
жоспарының  параметрлерінің  негізінде  үш  жылдық   мерзімге    емелекеттік
бюджеттің  жоспарлы  көрсеткіштерді  әзірлейді.  Бюджеттік  жоспарлау   және
экономикалық     республикалық    бюджеттердің    әкімгерлердің    өкімдерін
біріктіріп, бюджеттік комиссияның ұсыныстарын ескеріп  ҚР  Үкіметіне  тиісті
қаржы жылына Республикалық бюджет жобасын ұсынады.
       Бюджеттік  бағдарламалар  2  топқа   бөлінеді:   Республикалық   және
жергілікті.  Республикалық  бюджеттік  бағдарлама  -Үкіметпен   әзірленетін,
республикалық  бюджеттең  қаржыландырылатын  жалпы  мемлекеттік  маңызы  бар
бағдарламалар.   Жергілікті бюджет  бағдарламаларында-  жергілікті  атқарушы
органдар әзірлеген жергілікті  органдар  бекітітін  және  жергілікті  бюджет
есебінен   қаржыландырылатын    бағдарламалар.       Осы    бағдарламалардың
орындалуына жауапты және бюджеттен оларды қаржыландыру үшін  қаражат  алатын
субъектілер-әкімгерлер болып табылады.  Бағдарламаға  байланысты  әкімгерлер
келесі болып бөлінеді:
Республикалық бюджеттік  бағдарламалардың  әкімгерлері-осы  бағдарламалардың
жүзеге  асыруына  және  қаржы  дәлелдігі  үшін  жауапты   орталық   атқарушы
органдар;
жергілікті  бюджет  бағдарламаларының  әкімгерлері   -жергілікті   бюджеттік
бағдарламаларды  жүзеге  асыруына  және   қаржы   дәлелдігі   үшін   жауапты
жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын атқарушы органдар.
 Республикалық бюджетті әзірлеу үшін құрылған бюджеттік  комиссия  Ұкіметтің
талқылауына келесі көрсетікштер ұсынады:
1. РБ;  облас  және  Астана  және  Алматы  қалаларының  бюджет  түсімдерінің
көлемін
2.Функциональды топ және әкімгерлер бойыша  республикалық  бюджет  шығыстары
және несиелеу лимиті
3.Республикалық бюджеттің тапшылығы (профициті)
4.облыстар бойынша жергілікті атқарушы органдардың қарыз алу лимиті.
Республикалық  бюджет  бағдарламалардың   әкімгерлері   лимиттер   негізінде
бекітілген  нысан  бойынша   өздерінің   бюджеттік   бағдарламаларын   Қаржы
министрлігі ұсынады.   Облас және Астана және Алматы қала әкімгерлері  Қаржы
министрлігімен келісілген көлемінде  жергілікті  бюджеттік  бағдарламалардың
тізімімен лимитің анаықтайды.  Қаржы  министрлігі  бюджеттік  көрсеткіштерге
сәйкес ҚР Үкіметіне тиісті қаржы  жылына  республикалық  бюджет  туралы  заң
жобасын әзірлеп ұсынады.    Республикалық  бюджеттің  мазмұны  келесі  болуы
тиіс.
5.Табыс  көлемі,  алаынған  ресми   трансферттер,   Республикалық   бюджетте
берілген неиселер бойынша негізгі  қарызды  өтеу,  шығындар,  несиелеу  және
тапшылық көлемі.
6.Айлық жалақының зейнетақының , АЕК минимальды мөлшері
7.ҚР Үкіметінің резерв мөлшері.
8.Жергілікті атқарушы органдарды несиелеу лимиті.
9.мемлекеттік кепілдігі бойынша алынған займдарды өтеу және  қызмет  көрсету
сомасы.
10. жергілікті атқарушы оргадардың жалпы қарыз алу лимиті.
10. тиісті қаржы жылының санына жергілікті атқарушы орган  жалпы  қарыз  алу
  лимиті
11. ҚР мемлекеттік кепілді беру лимиті
12. Функциональды топтар және бағдарламалар бойынша шекті шығындар тізімі
13. Шектеуге келмейтін республикалық бюджет бағдарламаларының тізімі.
Республикалық  бюджет  Үкімет  отырысында  талқыланған   және   оның   сонғы
жетілдірілгеннен  кейін   Үкімет  Республикалық  бюджет  жобасынын  жоспарын
жылдың алдынғы  жылдың 15 қыркүйегіне дейін Парламент талқылауына ұсынады.
2. Бюджет процедурасының талқылау және  бекіту  кезені  Парламетпен   жүзеге
асырылады.
Алдын ала бюджет жобасы сенаттың  және  мәжілісінің  тұрақты  комитеттерінде
талқыланады  және  олар  осы  жоба  бойынша   өзінің   тұжырымын   шығарады.
Республикалық бюджетті талқылау Парламеттің жекелеген палаталар  отырысында,
яғни алдымен мәжілісте, содан кейін сенатта  талқыланады.  талқылау  кезінде
Қаржы  министрлігі  мен  ҰБ  төрайымы,  парламент   палаталарының   құрметті
тұлғалары  жоба  бойынша  баяндайды.  Әр  бап  ьойынша  талқылау   негізінде
депутаттардың сөз  сөйлеу  кезектілігі  сақталады.  Егер  палаталар  жобаның
баптарын мақұлдамаса онда парламент осы баптар бойынша бірлескен  комиссияны
құруға  құқылы.    Комиссия  тек  оны  құруға  негіз   болған   баптар   мен
түзетулерді қарастырады.    Республикалық бюджет  жобасын  қайта  талқылаған
кезде  дауыс беруге тек келісім комиссия жобаның қараған  баптары  салынады.
Республикалық  бюжеттің   жобасын   талқылау   парламенттің   2   отырысында
жүргізіледі,   ал   бекіту   15   желтоқсанға   дейін    жүргізіледі.   Егер
республикалық бюджет жобасы бекітілмесе онда ҚР Президенті "Келесі жылдың  1
тоқсаннына арналған қаржы жоспары туралы жарлық шығаруға құқылы.
Жергілікті  бюджетті  құрастыру   бюджеттік   сныптамаға   сәйкес   біртұтас
бюджеттік  жоспарлау  негізінде  жүзеге  асырылад.  Жергілікті  өкілді  және
атқарушы органдар тиісті  жергілікті  бюджеттің  тепетеңдігі  үшін  жауапты.
Областық Астана және Алматы  қалаларының  атқарушы  органдары  1  қыркүйекке
дейін бюджеттік жоспарлау министрлігімен  келесілген  түсімдер  көлемі  және
қарыз  алу   лимиті   негізінде   жергілікті   бюджет   жобасын   әзірлейді.
Жергілікті  бюджет  жобасын  әзірлеу  үшін  әкімдер  бюджеттік  коиссияларын
құрайды, олардың міндеттерін және жұмыс  тәртібін  анықтайды.  Осы  комиссия
келесі жоспарлы көрсеткіштерді келісісу  туралы ұсыныс  қарастырып  талқылап
береді,  түсім  көлемі,  қарыз,  шығындар  лимиті.      Жергілікті  атқарушы
органдар бюджеттік комиссияның ұсынысын  ескеріп  тиісті  жергілікті  бюджет
жобасын  әзірлейді  және  бюджеттік   жоспарлау   министрлігі   жоспарды   1
қыркүйекке  дейін  ұсынады.    Областық  өкілді  органдар  облас  бюджетімен
аудандық  қалалық  бюджеттер  арасында  табыстардың   субвенциялардың   және
бюджеттік  алымдардың  тұрақты  үлестіру  нормативтерін  бекітеді.  Областық
Астана және Алматы қалаларының  әкімдері  Республикалық  бюджет  бекіткеннен
кейінгі 2  жұмадан  кешіктірмей,  алдын-ала  келісілген  бюджеттің  жоспарлы
көлемін түзетіп, тиісті маслихатқа талқылау үшін  ұсынады.  Осы  маслихат  2
жұма мерзімінде оны бекітуі  тиіс.  Аудан  (қала)  әкімдері  облас  бюджетің
бекіткеннен  кейінгі  2  жұма  мерзімінен  кешіктірмей   тиісті   жергілікті
маслихатқа өздерінің бюджетін ұсынады. осы маслихат 2 жұма  ішінде  бюджетті
бекітуі тиіс.     Жергілікті  бюджетті  бекіткенге  дейін  оның  1  тоқсанға
орныдалуы жобаның 1/4 бөлігінде жүзеге асырылады.  Үкіметтің  жоғары  тұрған
мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардаң  төмен  тұрған  бюджеттерді
әзірлеу және орындау  процессіне  араласуына  тиім  салынған.     Жергілікті
атқарушы  органдарына  кепіл  беруге  үшінші   тұлға   үшін   міндеттіліктер
қабылдауына үшін салынған.
3.  Республикалық  бюджетті   орындау   Қазақстан   Республикасы   Үкіметіне
жүктелген мемлекеттік мекемелер әкімгерлермен бекіткен сметалар  мөлшерінде.
Бюджеттік  жоспарлау  министрлігі  берген  рұқсаттарына  сәйкес   шығындарды
жүзеге асырады. Осы орган  рұқсаттарында  көзделмеген  мақсаттарға  бөлінген
қаражатты  қолданбау  кезінде  қаржыландыруды   тоқтатуға   құқылы.Бюджеттік
жоспарлау министрлігі  уақытша  бос  бюджет  ақшаларын  ҚРҰБ  депозиттерінде
орналстыра алады.Үкімет  бюджетті  орындау  барысында  Республикалық  бюджет
туралы заңында бекітілген сомалар шегінде, бағдарламаларды  жүзеге  асыратын
мемлекеттік  органдардың  тізіміне   өзгеріс   енгізуге   құқылы.      Қаржы
министрлігі   Қазнашылық   департаментіне   жергілікті   бюджет    шоттарын,
мемлекеттік  мекемелердің  шоттарын,  олар  бойынша  операцияларды  жүргізуі
жүктелген.  Егер  жергілікті  атқарушы  органдармен  қабылданған  нормативті
құқықтық актілерге сәйкес олардың шығындары өссе  немесе  табыстары  азайса,
онда жоғары тұрған бюджеттер қаражат  бөледі.  Пайда  болған  бюджеттік  бос
қаражат қалдығы, жоғары  тұрған  бюджетке  алуға  келмейді,  ол  ең  алдымен
жергілікті атқарушы орган қарызын өтеуге несие несие  қарыздарын  жабуға  ал
ондай болмаса жергілікті бюджеттер бағдарламалары  қаржыландыруға  жұмсаады.
Бюджетті орындау негізінде ҚР Үкіметі, жергілікті атқарушы органдар,  бюджет
тапшылығының белгіленген нормасынаң асып кету  немесе  түсімдердің  төмендеу
жағдайында бекітілген сомалардан 10%  астам  емес  шамаға  әрбір  бағдарлама
бойынша бюджет  шығындарын  төмендеті  туралы  шешім  қабылданады.  Ал   10%
астам  сомаға  республикаық  бюджет   туралы   заңға   және   маслихаттардың
шешімдеріне өзгеріс енгізу арқылы жүзеге асырылады.      Республикалық  және
жергілікті бюджеттер операциялары кассалық  негізде  қазнашылық  шот  арқылы
жүргізіледі.  Шығындарды  көрсеткен  кезде   шот   дебиттеледі,   табыстарды
кредиттеледі.     Егер  шығындар  орындалмаса  және   ресми   трансферттерді
бюджеттік еңгізу бойынша қызметтер жүзеге асырлмаса 1  сәуірге  дейін  соңғы
операциялар жүргізіледі , ол есепті кезен.
4. Бюджеттік процесстің ең соңғы кезені бюджетті орындау туралы  есеп-қисаты
қабылдау нысанында бюджеттің орындалуының нәтижелерін анықтау. Осы  кезеннің
маңыздылығы келесі 2 моменттерде көрінеді.
      1. Осы кезенде бюджеттерді бекіту  туралы  заңды  және  шешімді,  оның
саплығы және орындалу жағынан тексеріс жүргізіледі.
     2. Бюджеттің дәлелдігі бойынша тұжырым шығаруға  қажет  олардың  келесі
        қаржы жылына әзірленетін бюджеттерге маңызды болуы мүмкін.
Бюджеттік  жоспарлау  министрлігі  Үкіметтің  атынаң   жылдық   есеп-қисапты
Парламантке  және  Республикалық  бюджеттің   орындалуын   бақылау   бойынша
есептілік комитетіне, есепті жылдаң кейінгі жылдың 1 шілдесінен  кешіктірмей
ұсынады.  Бюджеттік жоспарлау министрлігі әр ай  сайын,  ішкі  бағдарламалар
бойыншаЕсептік  комитетке  есеп-қисап   тапсырады,  ал   жергілікті   атқару
органдар жоғары тұрған органға және тиісті маслихатқа береді. Облас  Астана,
Алматы қалаларына қаржы министрлігі.  Ол  әр  ай  сайын  Республикалық  және
жергілікті  бюджеттерді  орындау  туралы   жиынтық   есеп-қисап   қрастырып,
Үкіметке ұсынады.      Республикалық бюджеттің  орындалуын  Есептік  комитет
тексереді, ал жергілікті бюджеттерді тиісті атқарушы органдардың  ревизиялық
комиссияларымен  және  Қаржы  министрлігімен  аумақтық  өкілдерімен  сонымен
Парламенттің талқылауына 2 есеп беріледі:
1. Үкіметтің
1. Есеп комитетінің.
Осы екі есеп қисаптар Парламенттің бірлескен отырысында бекітіледі.
   Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
   1. Республикалық бюджеттін мазмұны.
   2. Бюджет процедурасының талқылау және бекіту кезені.
   3. Жергілікті бюджетті құрастыру.
   4. Республикалық бюджетті орындау.
    Ұсынылатын  әдебиет
1.Худяков, А.И.    Финансовое право Республики  Казахстан.  Особенная  часть
:Учебник.-Алматы:Норма-К,2002
2.Худяков А. Финансовое право РК. - А.,2002
3.Худяков, А.И.Основы теории финансового права.-Алматы, 1995
4.Финансове право РК. - А., 2000
5.Савин А.Ю. Финансовое право. - М., 1997
6.Финансовое право / Горбунова О. - М., 1996
7.Худяков А.И.Налоговое право РК/ - А-ты, 1998


Тақырып 7. Бюджетаралық қатынастар
1. Бюджетаралық қатынастар туралы жалпы ережелер
2. Бюджетаралық қатынастардың қағидалары
3.Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары
1.  Бюджет  процесінде  республикалық,  облыстық  бюджеттер,   республикалық
маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар  қалалардың)
бюджеттері арасындағы қатынастар  бюджетаралық  қатынастар  болып  табылады.
Бюджет процесінде республикалық  бюджеттің  аудандар  (облыстық  маңызы  бар
қалалар)  бюджеттерімен  және  аудандар  (облыстық   маңызы   бар   қалалар)
бюджеттерінің бір-бірімен өзара қатынастарына  жол  берілмейді.   Әкімшілік-
аумақтық  бірліктің  саяси,  экономикалық  және  әлеуметтік   тұрақтылығына,
адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әлеуметтік,  табиғи  және
техногендiк  сипаттағы  төтенше  жағдайлар  туындаған  реттерде,   облыстар,
республикалық  маңызы  бар  қала,  астана  әкімдерінің  өтініштері  бойынша,
сондай-ақ   Қазақстан   Республикасы   Президентінің   тапсырмасымен   жалпы
республикалық не халықаралық маңызы бар іс-шаралар  өткізілген  жағдайларда,
бюджет процесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша  облыстық
бюджеттің,  республикалық  маңызы  бар  қала,  астана  бюджеттерінің   басқа
облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қала,  астана  бюджеттерімен
өзара  қатынастарына  жол  беріледі.  Бюджетаралық  қатынастар   мемлекеттік
басқарудың деңгейлері арасында  функциялар  мен  өкілеттіктердің  аражігінің
айқын ажыратылуына, республикалық, облыстық бюджеттер, республикалық  маңызы
бар  қаланың,  астананың,  аудандардың  (облыстық  маңызы  бар   қалалардың)
бюджеттері арасында түсімдер мен шығыстардың біркелкі  бөлінуіне,  сондай-ақ
бюджетаралық  трансферттерді  айқындау   әдістерінің   біртұтастығына   және
ашықтығына негізделген.   Осы  Кодексте  көзделген  жағдайларды  қоспағанда,
Қазақстан Республикасы  Үкіметінің  және  орталық  мемлекеттік  органдардың,
облыстардың  жергілікті   атқарушы   органдарының,   тиісінше   облыстардың,
республикалық маңызы  бар  қаланың,  астананың  және  аудандардың  (облыстық
маңызы бар қалалардың) бюджет  процесіне  араласуына  жол  берілмейді.   Осы
Кодекстен басқа,  Қазақстан  Республикасының  өзге  заңнамалық  актілерінде,
есебінен  шығыстар  қаржыландырылуға  тиіс  және  түсімдер  есептелуге  тиіс
болатын  бюджет  деңгейін  белгілеуге  жол  берілмейді.  Тек  осы   Кодекске
өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізілген  кезде  ғана   шығыстарды   немесе
түсімдердің жекелеген  түрлерін  бюджеттің  бір  деңгейінен  басқасына  беру
жүзеге асырылады.   Жалпы  сипаттағы  трансферттердің  үш  жылдық  көлемінің
қолданылу кезеңінде шығыстардың ұлғаюына және (немесе)  кірістердің  азаюына
әкеп  соғатын  жоғары  тұрған  органдардың  нормативтік  құқықтық  актілерді
қабылдауынан туындайтын, төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеу  міндетті
түрде жоғары тұрған бюджеттен ағымдағы  нысаналы  трансферттер  бөлу  арқылы
жүргізіледі.   Жалпы   сипаттағы   трансферттердің   үш   жылдық   көлемінің
қолданылуы  кезеңінде  мемлекеттік  органдардың   функцияларын   мемлекеттік
басқарудың  төмен  тұрған  деңгейінен   жоғары   тұрған   деңгейіне   беруге
байланысты   шығыстардың   ұлғаюына   әкеп   соғатын   заңнамалық    актілер
қабылдануынан  туындайтын  шығындарын  өтеу  міндетті  түрде  төмен   тұрған
бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу арқылы жүргізіледі.
2.Бюджетаралық қатынастар мынадай қағидаларға негізделеді:
1)  облыстық   бюджеттердің,   республикалық   маңызы   бар   қала,   астана
бюджеттерінің  республикалық  бюджетпен,  аудандар  (облыстық   маңызы   бар
қалалар)   бюджеттерінің,   жоғары   тұрған   облыстық    бюджетпен    өзара
қатынастардағы теңдігі;
2)  аражігін  ажыратудың  мынадай  өлшемдерінің   бір   мезгілде   сақталуын
ескеретін түсімдерді тиімді бөлу:
тұрақты  сипаттағы,  сыртқы  факторлардың  әсеріне  тәуелсіз  салықтық  және
салықтық емес түсімдер төмен тұрған бюджеттерге бекітіледі;
мемлекеттік  мекемелер  көрсеткен  қызметтер  ақысы  болып  табылатын  салық
түсімдері  және  салықтық  емес  түсімдер  аталған  көрсетілетін   қызметтер
қаржыландырылатын бюджет кірісіне түседі;
қайта бөліну сипатындағы, сондай-ақ  салық  базасы  әркелкі  орналастырылған
салықтар бюджет жүйесінің  неғұрлым  жоғары  тұрған  бюджеттер  деңгейлеріне
бекітіледі;
салық  және  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдерді   бюджетке
бекіткен кезде оларды жинаудың неғұрлым жоғары дәрежесін  қамтамасыз  ететін
бюджет деңгейіне артықшылық беріледі;
нақты  аумақтық  байланыстылығы  бар  салықтық  базадан  алынатын   салықтар
жергілікті бюджеттерге бекітіледі;
3)  Қазақстан  Республикасының  әкімшілік-аумақтық  бірліктерінің  бюджеттік
қамтамасыз етілу деңгейлерін теңестіру;
4) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер  көрсетудің  бірдей
деңгейін ұсынуын қамтамасыз ету;
5) мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсынудың тиімділігі  мен  нәтижелілігі  -
мемлекеттік қызметтер көрсетуді неғұрлым тиімді әрі нәтижелі қамтамасыз  ете
алатын  мемлекеттік  басқару  деңгейіне  мемлекеттік   қызметтер   көрсетуді
бекіту;
6) мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну  деңгейін  оны  алушыларға  барынша
жақындату - алушылардың қажеттерін барынша дәл есепке алу  және  мемлекеттік
қызметтер  көрсетудің  сапасын  арттыру  мақсатында   қызметтер   көрсетудің
атқарылуын бюджет жүйесінің мүмкіндігінше төмен деңгейіне беру.
3.Бюджетаралық қатынастар:
1) республикалық және облыстық бюджеттердiң, республикалық маңызы бар  қала,
астана бюджеттерiнiң арасында:
трансферттермен;
бюджеттiк кредиттермен;
2) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында:
трансферттермен;
бюджеттiк кредиттермен;
кiрiстердi бөлу нормативтерiмен реттеледi.
2.   Бюджет   деңгейлерi    арасындағы    трансферттер    жалпы    сипаттағы
трансферттерге,   ағымдағы   нысаналы    трансферттерге,    нысаналы    даму
трансферттерiне бөлiнедi.
3. Нысаналы трансферттердi және бюджеттiк  кредиттердi  жергiлiктi  атқарушы
органдар  тиiстi  бюджеттiк  бағдарламаларда  айқындалған  олардың  нысаналы
мақсатына сәйкес қана пайдаланады.
4. Нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттердiң  нысаналы  мақсатқа  сай
пайдаланылмаған сомалары мемлекеттiк  қаржылық  бақылау  органының  актiсiне
сәйкес  бюджетті  атқару  жөніндегі  орталық  уәкілетті   орган   белгiлеген
тәртiппен бақылау актiсiне қол қойылғаннан  кейiн  үш  айдан  кешіктірілмей,
осы трансферттер мен кредиттердi  бөлген  жоғары  тұрған  бюджетке  міндетті
түрде қайтарылуға жатады.
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  резервiнен  бөлiнгендерiн  қоспағанда,
республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерінің  қаржы  жылы
iшiнде   пайдаланылмаған   (толық   пайдаланылмаған)   сомалары    Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң шешiмi  бойынша  олардың  нысаналы  мақсаты  сақтала
отырып, келесi қаржы жылында пайдаланылуы (толық пайдаланылуы) мүмкiн.
Облыстың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен бөлiнгендерiн  қоспағанда,
облыстық  бюджеттен  бөлiнген  нысаналы  даму  трансферттерінің  қаржы  жылы
iшiнде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары облыстың  жергiлiктi
атқарушы органының шешiмi бойынша олардың нысаналы мақсаты  сақтала  отырып,
келесi қаржы жылында пайдаланылуы (толық пайдаланылуы) мүмкiн.
6. Өткен қаржы жылында  республикалық  немесе  облыстық  бюджеттен  бөлінген
нысаналы даму  трансферттерін  пайдалану  кезінде  үнем  жасалған  жағдайда,
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  немесе  облыстың  жергілікті   атқарушы
органының  шешімі  бойынша  жергілікті  атқарушы  органдар  ағымдағы   қаржы
жылының соңына  дейін  үнемделген  тиісті  соманы  жоғары  тұрған  бюджеттен
берілетін нысаналы даму трансферттерін пайдалану жүзеге асырылған  бюджеттік
бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштерін жақсартуға пайдалануға құқылы.
7. Өткен қаржы жылында бөлінген, Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  немесе
облыстың жергілікті атқарушы органының  шешімі  бойынша  пайдалануға  (толық
пайдалануға)  рұқсат  етілген  нысаналы  даму  трансферттерінің  қаржы  жылы
ішінде  пайдаланылмаған  (толық  пайдаланылмаған)  сомалары  ағымдағы  қаржы
жылының соңына дейін,  оларды  бөлген  жоғары  тұрған  бюджетке  қайтарылуға
жатады.
Республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлінген, Қазақстан  Республикасының
Үкіметі немесе облыстың жергілікті атқарушы органы ағымдағы қаржы жылы  одан
әрі  пайдалану  (толық  пайдалану)  туралы   шешім   қабылдамаған   нысаналы
трансферттердің өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (толық  пайдаланылмаған)
сомалары жылдың басындағы бюджет қаражатының  қалдықтары  есебінен  ағымдағы
қаржы жылының 1  наурызына  дейін,  оларды  бөлген  жоғары  тұрған  бюджетке
қайтарылуға жатады.

   Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1. Бюджетаралық қатынастар туралы жалпы ережелер
2. Бюджетаралық қатынастардың қағидалары
3.Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары
    Ұсынылатын  әдебиет
1.Худяков, А.И.    Финансовое право Республики  Казахстан.  Особенная  часть
:Учебник.-Алматы:Норма-К,2002
2.Худяков А. Финансовое право РК. - А.,2002
3.Худяков, А.И.Основы теории финансового права.-Алматы, 1995
4.Финансове право РК. - А., 2000
5.Савин А.Ю. Финансовое право. - М., 1997
6.Финансовое право / Горбунова О. - М., 1996
7.Худяков А.И.Налоговое право РК/ - А-ты, 1998

Тақырып 8. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер
1. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер
2. Облыстық бюджетке түсетін түсімдер
3.Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне
түсетін түсімдер
1.Мыналар:
1) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін  түсімдерді  қоспағанда,  корпоративтік
табыс салығы;
2) қосылған құн салығы,  оның  ішінде  Қазақстан  Республикасының  аумағында
өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге  және
Қазақстан Республикасының аумағына  импортталатын  тауарларға  қосылған  құн
салығы;
3)Қазақстан Республикасының  заңнамасына  сәйкес  Қазақстан  Республикасының
аумағына импортталатын тауарларға акциздер;
4)шикі мұнайға, газ конденсатына акциздер;
5)ойын бизнесі салығы;
6) мұнай секторы ұйымдарынан түсімдерді қоспағанда, үстеме пайда салығы;
7) тарихи шығындарды өтеу жөніндегі төлемақы;
8) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, бонустар;
9)  мұнай  секторы  ұйымдарынан  түсетін  түсімдерді   қоспағанда,   пайдалы
қазбаларды өндіруден алынатын салық;
10)  мұнай  секторы  ұйымдарынан  түсімдерді  қоспағанда,  экспортқа   рента
салығы;
11) мұнай  секторы  ұйымдарынан  түсетін  түсімдерді  қоспағанда,  Қазақстан
Республикасының  жасалған  келісімшарттар  бойынша  өнімді  бөлу   жөніндегі
үлесі;
12) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін  түсімдерді  қоспағанда,  өнімді  бөлу
туралы  келісімшарт  бойынша   қызметін   жүзеге   асыратын   жер   қойнауын
пайдаланушының қосымша төлемі;
13) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша  автокөлiк  құралдарының  жүрiп
өткенi үшiн алым;
14) телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына  радиожиілік  спектрін
пайдалануға рұқсат берілгені үшін алым;
15) бұқаралық ақпарат құралының мемлекеттік  тіркелгені  (есепке  қойылғаны)
үшін алым;
16)  дәрілік  заттардың  мемлекеттік  тіркелгені,  сондай-ақ  олардың  қайта
тіркелгені үшін алым;
17)  шығармаларға  және   сабақтас   құқықтар   объектілеріне   құқықтардың,
шығармаларды және сабақтас  құқықтар  объектілерін  пайдалануға  лицензиялық
шарттардың мемлекеттік тіркелгені, сондай-ақ олардың қайта  тіркелгені  үшін
алым;
19) қалааралық және (немесе)  халықаралық  телефон  байланысының,  сондай-ақ
ұялы байланыстың берілгені үшін төлемақы;
20) радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы;
21)  республикалық  маңызы   бар   ерекше   қорғалатын   табиғи   аумақтарды
пайдаланғаны үшін төлемақы;
22) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы;
23) кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
24)  сыртқы  (көрнекі)  жарнаманы  аудандық  маңызы  бар  қалалар,  ауылдар,
кенттер, ауылдық округтер аумағы  арқылы  өтетін  республикалық  маңызы  бар
жалпыға ортақ пайдаланылатын  автомобиль  жолдарының  бөлiнген  белдеуiндегі
жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырғаны үшін  төлемақыны
қоспағанда, сыртқы (көрнекi)  жарнаманы  республикалық  маңызы  бар  жалпыға
ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген  белдеуiндегі  жарнаманы
тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырғаны үшiн төлемақы;
25) әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждары;
26)  кеден  бақылауын  және  кеден  операцияларын  жүзеге  асырудан  түсетін
түсімдер;
27) отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралары ретінде алынатын баждар;
28) консулдық алым;
29)  Қазақстан  Республикасы  ратификациялаған  халықаралық  шартқа   сәйкес
Қазақстан    Республикасында    жасалған    ресми    құжаттарға    Қазақстан
Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік  органдардың  апостиль
қойғаны үшін мемлекеттік баж;
30) жеке басын куәландыратын құжаттар берілгені үшін мемлекеттік баж;
31) жүргізуші куәліктерінің берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж;
32)  механикалық  көлік  құралдарын  мемлекеттік  тіркеу  туралы   куәліктер
берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж;
33)  мемлекеттік  тіркеу  нөмірі  белгілерінің   берілгені   үшін   алынатын
мемлекеттік баж;
34) нотариаттық іс-әрекеттер жасалғаны үшін алынатын мемлекеттік баж;
35) зияткерлік меншік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның заңды  мәні
бар іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж;
36) мемлекеттік мекемелерді сотқа  берген  талап  қою  арыздарынан  алынатын
мемлекеттік баж;
37) халықаралық техникалық байқау  сертификатының  берілгені  үшін  алынатын
мемлекеттік баж;
37-1) жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын  жүзеге  асыруға  рұқсат
беру куәлігін және оның телнұсқасын бергені үшін алынатын мемлекеттік баж;
38) ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін алым;
39) азаматтық авиация  саласындағы  сертификаттау  үшін  алым  республикалық
бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер болып табылады.
2.Мыналар:
1) республикалық меншіктен түсетін кірістер:
республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің түсімдері;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза табысы бөлігінің түсімдері;
республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер;
республикалық меншіктегі заңды тұлғалардың қатысу үлесіне кірістер;
республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер;
екінші  деңгейдегі  банктердің  шоттарында   мемлекеттік   сыртқы   қарыздар
қаражатының орналастырылғаны  үшін  және  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық
Банкіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша сыйақылар;
республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;
қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін кірістер;
республикалық меншіктен түсетін басқа да кірістер;
2)  республикалық  бюджеттен  қаржыландырылатын   мемлекеттік   мекемелердің
тауарларды (жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін түсімдері;
3)   республикалық   бюджеттен   қаржыландырылатын   мемлекеттік   мекемелер
ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
4) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін  түсімдерді  қоспағанда,  республикалық
бюджеттен  қаржыландырылатын,  сондай-ақ   Қазақстан   Республикасы   Ұлттық
Банкінің бюджетінде (шығыстар  сметасында)  тұратын  және  қаржыландырылатын
мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар,  өсімпұлдар,  санкциялар,  өндіріп
алу;
4-1) мүлікті жария еткені үшін алым;
5) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін  түсімдерді  қоспағанда,  республикалық
бюджетке салықтық емес басқа  да  түсімдер  республикалық  бюджетке  түсетін
салықтық емес түсімдер болып табылады.
3.Мыналар:
1)  республикалық  бюджеттен   қаржыландырылатын   мемлекеттік   мекемелерге
бекітілген мемлекеттік мүлікті сатудан;
2) мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар сатудан;
3) мемлекетке тиесілі  материалдық  емес  активтерді  сатудан  түсетін  ақша
негізгі капиталды сатудан  республикалық  бюджетке  түсетін  түсімдер  болып
табылады.
4.Мыналар:
1)  облыстық   бюджеттерден,   республикалық   маңызы   бар   қала,   астана
бюджеттерінен түсетін трансферттер;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық  бюджетке  түсетін
кепілдендірілген трансферт;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық  бюджетке  түсетін
нысаналы трансферт республикалық бюджетке түсетін трансферттердің  түсімдері
болып табылады.
5.  Республикалық  бюджеттен  берілген  кредиттерді  өтеуден,  республикалық
меншіктегі  мемлекеттің  қаржы  активтерін,  үкіметтік  қарыздарды   сатудан
түсетін түсімдер республикалық бюджет есебіне жазылады.
2.Мыналар:
1) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу  нормативтері  бойынша  жеке
табыс салығы;
2)  облыстық  мәслихат  белгілеген  кірістерді  бөлу  нормативтері   бойынша
әлеуметтік салық;
3)қоршаған ортаға эмиссия төлемақысы;
4)   сыртқы  (көрнекі)  жарнаманы  аудандық  маңызы  бар  қалалар,  ауылдар,
кенттер, ауылдық округтер аумағы арқылы өтетін облыстық маңызы  бар  жалпыға
ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген  белдеуiндегі  жарнаманы
тұрақты   орналастыру   объектілерінде   орналастырғаны   үшін    төлемақыны
қоспағанда, сыртқы (көрнекi) жарнаманы облыстық  маңызы  бар  жалпыға  ортақ
пайдаланылатын  автомобиль  жолдарының   бөлiнген   белдеуiндегі   жарнаманы
тұрақты орналастыру объектілерінде орналастырғаны үшiн төлемақы;
6) жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
7) орманды пайдаланғаны үшін төлемақы;
8) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын  табиғи  аумақтарды  пайдаланғаны
үшін төлемақы облыстық бюджетке түсетін салық түсімдері болып табылады.
2.Мыналар:
1)коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:
облыстық  әкімдіктің  шешімі  бойынша   құрылған   коммуналдық   мемлекеттік
кәсіпорындардың таза табысы бөлігінің түсімдері;
облыстық  коммуналдық   меншіктегі   акциялардың   мемлекеттік   пакеттеріне
дивидендтер;
облыстық коммуналдық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер;
облыстық коммуналдық меншіктің мүлкін жалға беруден түсетін түсімдер;
облыстық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар;
уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар;
облыстық коммуналдық меншіктен түсетін басқа да кірістер;
2) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің  тауарларды
(жұмыстарды, қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін түсімдер;
3)    облыстық    бюджеттен    қаржыландырылатын    мемлекеттік    мекемелер
ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
4)  облыстық  бюджеттен  қаржыландырылатын  мемлекеттік  мекемелер   салатын
айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алу;
4-1) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын  дамытуға
жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары;
5) облыстық бюджетке басқа  да  салықтық  емес  түсімдер  облыстық  бюджетке
түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады.
3. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын  мемлекеттік  мекемелерге  бекітіліп
берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша облыстық бюджетке  негізгі
капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады.
4.Мыналар:
1) аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінен трансферттер;
2)  республикалық  бюджеттен  трансферттер  облыстық  бюджетке  трансферттер
түсімдері болып табылады.
5. Облыстық бюджеттен берілген  кредиттерді  өтеуден,  облыстық  коммуналдық
меншіктегі мемлекеттің қаржы  активтерін,  облыстардың  жергілікті  атқарушы
органдарының қарыздарын сатудан түсетін  түсімдер  облыстық  бюджет  есебіне
жазылады.
3.Мыналар:
1)жеке табыс салығы;
2) әлеуметтік салық;
3) жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің мүлкіне салық;
4) жер салығы;
5) бірыңғай жер салығы;
6) көлік құралдарына салық;
7) тіркелген салық;
8) мыналарға:
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық түріне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген  құрамындағы  этил  спиртінің
көлемі 0,5 проценттен аспайтын сыраға;
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына;
Қазақстан   Республикасының   аумағында   жасалған   жеңіл   автомобильдерге
(мүгедектерге арнайы арналған қолмен басқарылатын  немесе  қолмен  басқаруға
бейімделген автомобильдерден басқа);
бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынына акциздер;
9) жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
10) орманды пайдаланғаны үшін төлемақы;
11) қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы;
12) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи  аумақтарды  пайдаланғаны
үшін төлемақы;
13) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;
14) дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым;
15) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
16) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені және филиалдар  мен  өкілдіктерді
есептік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым;
17) аукциондардан алым;
19)  республикалық  бюджет  есебіне   жазылатын   консулдық   алымнан   және
мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж;
20) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым;
21) жылжымалы мүлік кепілін  және  кеменің  немесе  жасалып  жатқан  кеменің
ипотекасын мемлекеттік тіркегені үшін алым;
22)  көлік  құралдарын  мемлекеттік  тіркегені,   сондай-ақ   оларды   қайта
тіркегені үшін алым;
23)  сыртқы  (көрнекі)  жарнаманы  республикалық  маңызы  бар   қалалардағы,
астанадағы үй-жайлардың  шегінен  тыс  ашық  кеңістікте  және  республикалық
маңызы бар қалаларда, астанада тіркелген көлік  құралдарында  орналастырғаны
үшін төлемақы республикалық маңызы бар  қала,  астана  бюджеттеріне  түсетін
салық түсімдері болып табылады.
2.Мыналар:
1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер:
республикалық  маңызы  бар  қала,  астана  әкімдіктерінің   шешімі   бойынша
құрылған  коммуналдық  мемлекеттік  кәсіпорындардың  таза  кірісі  бөлігінен
түскен түсімдер;
республикалық  маңызы  бар  қаланың,  астананың   коммуналдық   меншігіндегі
акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық  меншігіндегі  заңды
тұлғаларға қатысу үлесіне кірістер;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың  өкілді  органдарының  шешімдері
бойынша өткізілетін мемлекеттік лотереялар кірістерінен түсетін түсімдер;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың  коммуналдық  меншігінің  мүлкін
жалға беруден түсетін кірістер;
республикалық  маңызы  бар   қаланың,   астананың   бюджеттерінен   берілген
кредиттер бойынша сыйақылар;
уақытша бос бюджет ақшасын депозитке орналастырудан алынған сыйақылар;
республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық  меншігінен  түсетін
басқа да кірістер;
2)   республикалық   маңызы    бар    қаланың,    астананың    бюджеттерінен
қаржыландырылатын   мемлекеттік   мекемелердің    тауарларды    (жұмыстарды,
қызметтер көрсетуді) өткізуден түсетін түсімдер;
3)   республикалық   маңызы    бар    қаланың,    астананың    бюджеттерінен
қаржыландырылатын мемлекеттік  мекемелер  ұйымдастыратын  мемлекеттік  сатып
алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері;
4)   республикалық   маңызы    бар    қаланың,    астананың    бюджеттерінен
қаржыландырылатын  мемлекеттік  мекемелер  салатын  айыппұлдар,  өсімпұлдар,
санкциялар, өндіріп алу;
4-1) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын  дамытуға
жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары;
5)  республикалық  маңызы  бар  қаланың,  астананың  бюджеттеріне  басқа  да
салықтық  емес  түсімдер  (республикалық  маңызы  бар   қаланың,   астананың
бюджеттеріне салықтық емес түсімдер) болып табылады.
3.Мыналар:
1)   республикалық   маңызы    бар    қаланың,    астананың    бюджеттерінен
қаржыландырылатын мемлекеттік  мекемелерге  бекітілген  мемлекеттік  мүлікті
сатудан түсетін ақша;
2)  ауыл  шаруашылығы   мақсатындағы   жер   учаскелерін   қоспағанда,   жер
учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
3) жер  учаскелерін  жалдау  құқығын  сатқаны  үшін  төлемақы  республикалық
маңызы  бар  қаланың,  астананың  бюджеттеріне  негізгі  капиталды   сатудан
түсетін түсімдер болып табылады.
4. Республикалық бюджеттен трансферттер республикалық  маңызы  бар  қаланың,
астананың бюджеттеріне трансферттердің түсімдері болып табылады.
5.  Республикалық  маңызы  бар  қаланың,   астананың   бюджетінен   берілген
кредиттерді   өтеуден,   республикалық   маңызы   бар   қаланың,   астананың
коммуналдық меншігіндегі мемлекеттің қаржы активтерін, республикалық  маңызы
бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының  қарыздарын  сатудан
түсетін түсімдер республикалық маңызы бар қаланың,  астананың  бюджеттерінің
есебіне жатқызылады.

   Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер
2. Облыстық бюджетке түсетін түсімдер
3.Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне
түсетін түсімдер
   Ұсынылатын  әдебиет
1.Худяков, А.И.    Финансовое право Республики  Казахстан.  Особенная  часть
:Учебник.-Алматы:Норма-К,2002
2.Худяков А. Финансовое право РК. - А.,2002
3.Худяков, А.И.Основы теории финансового права.-Алматы, 1995
4.Финансове право РК. - А., 2000
5.Савин А.Ю. Финансовое право. - М., 1997
6.Финансовое право / Горбунова О. - М., 1996
7.Худяков А.И.Налоговое право РК/ - А-ты, 1998

Тақырып 9. Бюджеттік комиссиялар
1. Бюджеттік комиссиялар туралы негізгі ережелер

2. Бюджеттік комиссиялардың құзыреті
3. Бюджеттік комиссиялардың құрамы мен жұмыс
органдары
1. Бюджеттік комиссия бюджет жобасын  уақтылы  және  сапалы  әзірлеуді  және
бюджетті нақтылау және атқару жөнінде ұсыныстар  дайындауды  қамтамасыз  ету
мақсатында  құрылады.  Республикалық  бюджеттік  комиссия   және   облыстың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық  маңызы  бар
қаланың) бюджеттік комиссиялары өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының  Президенті  Республикалық  бюджет  комиссиясын
құрады, ол туралы ережені бекітеді, оның құрамын айқындайды.
4.  Облыстың,  республикалық  маңызы  бар   қаланың,   астананың,   ауданның
(облыстық   маңызы   бар   қаланың)   әкімдіктері   тиісінше    облыстардың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық  маңызы  бар
қаланың) бюджеттік  комиссияларын  құрады,  олар  туралы  ережені  бекітеді,
олардың құрамын айқындайды.
5.  Облыстың,  республикалық  маңызы  бар   қаланың,   астананың,   ауданның
(облыстық маңызы бар қаланың)  әкімдіктері  облыстың,  республикалық  маңызы
бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық  маңызы  бар  қаланың)  бюджеттік
комиссияларының  жұмысына  жеке   кәсіпкерлік   субъектілерінің   мүдделерін
қозғайтын мәселелер бойынша, Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерін тартады.
2.Бюджеттік комиссиялардың құзыретіне:
1) әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
1-1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері  шығыстарының  лимиттері  және  жаңа
бастамаларға арналған лимиттер бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2) бюджеттер жобаларының көрсеткіштерін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
3) республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды  немесе
кірістерін қысқартуды көздейтін  нормативтік  құқықтық  актілердің  жобалары
бойынша ұсыныстар әзірлеу;
4) бюджеттерді нақтылау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
5) бюджеттік мониторингтің нәтижелерін,  нәтижелерге  жүргізілген  бағалауды
қарау және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу;
3.  Бюджеттік  комиссиялардың  құрамына:  төраға,  төрағаның  орынбасарлары,
хатшы, бюджеттік комиссияның мүшелері кіреді. Бюджеттік жоспарлау  жөніндегі
орталық уәкілетті орган  және  мемлекеттік  жоспарлау  жөніндегі  жергілікті
уәкілетті орган  бюджет  комиссияларының  жұмыс  органдары  болып  табылады.
Бюджеттік комиссияның төрағасы оның қызметіне  басшылық  жасайды,  бюджеттік
комиссияның   отырыстарын   өткізеді,   оның   жұмысын   жоспарлайды,   оның
ұсыныстарының іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады  және  комиссия
жүзеге асыратын қызметке  жауапты  болады.  Бюджеттік  комиссияның  төрағасы
болмаған  кезде  оның  функцияларын  бюджеттік  комиссия   төрағасының   өзі
тағайындаған орынбасары орындайды. Бюджеттік комиссияның  хатшысы  бюджеттік
комиссияның  қызметін  қамтамасыз   ету   жөніндегі   жұмысты   үйлестіреді,
бюджеттік  комиссия  отырыстарының  хаттамаларын  дайындайды.  Жұмыс  органы
бюджеттік комиссия айқындайтын мерзімдер мен күн тәртібіне сәйкес  бюджеттік
комиссияның отырыстарына материалдар дайындайды.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1. Бюджеттік комиссиялар туралы негізгі ережелер

2. Бюджеттік комиссиялардың құзыреті
3. Бюджеттік комиссиялардың құрамы мен жұмыс
органдары
    Ұсынылатын  әдебиет
1.Худяков, А.И.    Финансовое право Республики  Казахстан.  Особенная  часть
:Учебник.-Алматы:Норма-К,2002
2.Худяков А. Финансовое право РК. - А.,2002
3.Худяков, А.И.Основы теории финансового права.-Алматы, 1995
4.Финансове право РК. - А., 2000
5.Савин А.Ю. Финансовое право. - М., 1997
6.Финансовое право / Горбунова О. - М., 1996
7.Худяков А.И.Налоговое право РК/ - А-ты, 1998

Тақырып 10. Бюджетті жоспарлау негіздері туралы жалпы ережелер
1. Бюджетті жоспарлау негіздері туралы жалпы ережелер
2. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы
3. Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспары. Операциялық жоспар
1.  Мемлекеттік  жоспарлау  жүйесін  Қазақстан  Республикасының   Президенті
айқындайды. Бюджет процесінде мынадай құжаттар пайдаланылады:
1) Қазақстан  Республикасының  немесе  облыстың,  республикалық  маңызы  бар
қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы;
2) республикалық  бюджет  туралы  заң,  жергілікті  бюджет  туралы  мәслихат
шешімі;
3) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары;
4)  операциялық  жоспарлар.    Мемлекеттік   жоспарлау   жөніндегі   орталық
уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау бойынша әдіснамалық басшылықты  жүзеге
асырады, мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру және бюджет жүйесін  дамыту
жөнінде  ұсыныстар  әзірлейді,  сондай-ақ  бюджет  саясатын   қалыптастыруды
жүзеге  асырады.  Бюджеттік  жоспарлау  жөніндегі  орталық  уәкілетті  орган
бюджеттік жоспарлау  саласындағы  басшылықты  және  салааралық  үйлестіруді,
бюджеттік жоспарлау бойынша әдіснамалық басшылықты жүзеге  асырады,  сондай-
ақ бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді.
2.   Әлеуметтiк-экономикалық  даму   болжамы   жоспарлы   кезеңге   арналған
бюджеттік параметрлермен  өзара  байланыстырылған  стратегиялық  мақсаттарды
ескере отырып, Қазақстан  Республикасының,  облыстың,  республикалық  маңызы
бар қаланың, астананың экономикалық даму параметрлерін және мемлекеттің  бес
жылдық  кезеңге  арналған  экономикалық  саясатын  айқындайтын  құжат  болып
табылады.    Әлеуметтік-экономикалық   даму   болжамы   стратегиялық    және
бағдарламалық құжаттар  мен  елдегі  жағдай  және  Республиканың  ішкі  және
сыртқы  саясатының   негізгі   бағыттары   туралы   Қазақстан   Республикасы
Президентінің  Қазақстан  халқына  жыл  сайынғы  Жолдауы  ескеріле   отырып,
жылжымалы негiзде бес жылдық  кезеңге  арналып  жыл  сайын  әзiрленедi  және
мыналарды:
1) мемлекеттiк басқарудың республикалық деңгейiнде:
экономиканы дамытудың сыртқы және ішкі жағдайларын;
бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың,  оның  ішінде  салықтық-
бюджеттік саясаттың мақсаттары мен міндеттерін;
бес жылдық кезеңге арналған экономикалық саясаттың,  оның  ішінде  салықтық-
бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары мен шараларын;
бес жылдық кезеңге арналған  әлеуметтік-экономикалық  даму  көрсеткіштерінің
болжамын;
шоғырландырылған, мемлекеттік және республикалық бюджеттердің түсімдері  мен
шығыстарының болжамын, тиісті бюджет тапшылығын  қамтитын  жоспарлы  кезеңге
арналған бюджеттік параметрлердің болжамын;
әлеуметтік-экономикалық  даму   басымдықтарын   іске   асыруға   бағытталған
шығыстардың жаңа бастамаларын;
кезекті қаржы жылына арналған  шартты  түрде  қаржыландырылатын  шығыстардың
тiзбесін;
2) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде:
облыстың,  республикалық   маңызы   бар   қаланың,   астананың   әлеуметтiк-
экономикалық даму  үрдістерін,  басымдықтарын,  нысаналы  индикаторлары  мен
көрсеткіштерін;
облыстың,  республикалық   маңызы   бар   қаланың,   астананың   әлеуметтiк-
экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамын;
мыналарды:
облыс, республикалық  маңызы  бар  қала,  астана  бюджетінің  түсімдері  мен
шығыстарының болжамын қамтитын, облыстың, республикалық маңызы бар  қаланың,
астананың бюджеттік параметрлерінің болжамын;
облыстың,  республикалық   маңызы   бар   қаланың,   астананың   әлеуметтік-
экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға  бағытталған  шығыстардың  жаңа
бастамаларын;
облыстың,  республикалық  маңызы  бар  қаланың,  астананың  басым  бюджеттік
инвестицияларының тізбесін қамтуға тиіс облыстың, республикалық  маңызы  бар
қаланың,  астананың  жоспарлы  кезеңге  арналған   бюджеттік   параметрлерін
қамтиды.
Нысаналы индикаторлар  мен  көрсеткiштер  сандық  және  сапалық  нәтижелердi
айқындау үшiн түйінді бағыттар (салалар)  бойынша  белгiленеді,  бес  жылдық
кезең iшiнде  мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық  саясаты  осы  нәтижелерге
қол жеткiзуге бағытталуға  тиiс.  Ауданның  (облыстық  маңызы  бар  қаланың)
әлеуметтік-экономикалық  даму  көрсеткіштері  мен   бюджеттік   параметрлері
облыстың  әлеуметтік-экономикалық   даму   болжамының   құрамында   аудандар
(облыстық  маңызы   бар   қалалар)   бөлінісінде   көрсетіледі.    Қазақстан
Республикасының Үкiметi (жергiлiктi атқарушы орган)  әлеуметтiк-экономикалық
дамудың  және  бюджеттiк  параметрлердiң  қосымша   көрсеткiштерiн   енгiзуi
мүмкiн.  Жоспарлы кезеңнiң екiншi және үшiншi жылдарына  арналған  бюджеттiк
параметрлердiң  болжамы  индикативтiк  сипатта   болады   және   әлеуметтiк-
экономикалық  даму  болжамының  өзгерiстерi,   бюджеттiк   мониторинг   және
нәтижелердi бағалау, басқа да iшкi және сыртқы  факторлар  ескерiле  отырып,
кезектi жоспарлы кезеңге бюджеттiк параметрлердiң болжамын  әзiрлеу  кезiнде
нақтылануы   мүмкiн.    Әлеуметтiк-экономикалық   даму   болжамын   тиісінше
мемлекеттік жоспарлау  жөніндегі  орталық  уәкілетті  орган  және  облыстың,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау  жөніндегі
жергілікті  уәкілетті  органы  әзірлейді  және   Қазақстан   Республикасының
Үкiметi  немесе  облыстың,  республикалық  маңызы  бар  қаланың,   астананың
жергілікті  атқарушы   органы   мақұлдайды   және   ол   бұқаралық   ақпарат
құралдарында жариялануға жатады.
 Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеудің  тәртібі  мен  мерзімдерін
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
3.  Мемлекеттік  органның  стратегиялық  жоспары  Қазақстан  Республикасының
стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының,  әлеуметтік-экономикалық  даму
болжамының  негізінде  әр  үш  жыл  сайын  бес  жылдық  кезеңге  әзірленеді.
Мемлекеттiк  органның  стратегиялық  жоспары  мемлекеттiк  орган  қызметiнiң
стратегиялық    бағыттарын,    мақсаттарын,    мiндеттерiн,    нәтижелерiнiң
көрсеткiштерiн   айқындайды.   Қазақстан   Республикасының   Ұлттық   Банкін
қоспағанда,  мемлекеттік  органның  стратегиялық  жоспары  жоспарлы  кезеңге
арналған  қаржыландыру  көлемі  бар   бюджеттік   бағдарламаларды   қамтиды.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрылымына  кiретiн  мемлекеттiк  органның
стратегиялық  жоспарын  мемлекеттік  және  бюджеттік   жоспарлау   жөніндегі
орталық уәкілетті органдармен келісу  бойынша  мемлекеттік  орган  бекiтедi.
Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және  есеп  беретiн
мемлекеттiк  органның  стратегиялық   жоспарын   Қазақстан   Республикасының
Президентi немесе ол уәкiлеттiк берген лауазымды тұлға  бекiтедi.  Қазақстан
Республикасы  Ұлттық   қауіпсіздік   комитетінің   стратегиялық   жоспарлары
Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен бекітіледі.
Қазақстан   Республикасының   Жоғарғы   Соты,   Қазақстан    Республикасының
Конституциялық  Кеңесi,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Әкімшілігі,
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы,  Қазақстан  Республикасы
Мемлекеттік  күзет  қызметі,  Қазақстан   Республикасы   Премьер-Министрінің
Кеңсесі,  Қазақстан  Республикасы   Парламентінің   Шаруашылық   басқармасы,
Қазақстан  Рeспубликасының  Адам  құқықтары   жөніндегі   ұлттық   орталығы,
Қазақстан Республикасының  «Сырбар»  Сыртқы  барлау  қызметі,  Республикалық
бюджеттің   атқарылуын   бақылау   жөніндегі   есеп   комитеті,    Қазақстан
Республикасының  Орталық  сайлау  комиссиясы,   облыстардың,   республикалық
маңызы  бар  қалалардың,  астананың  тексеру  комиссиялары,   мәслихаттардың
аппараттары және жергілікті бюджеттен  қаржыландырылатын  атқарушы  органдар
стратегиялық  жоспарлар  әзірлемейді.    Орталық   мемлекеттiк   органдардың
стратегиялық  жоспарлары  немесе  стратегиялық  жоспарларға  өзгерiстер  мен
толықтырулар   республикалық   бюджет   бекiтiлгеннен   кейiн   пысықталады,
Қазақстан Республикасының Президентi республикалық бюджет туралы  заңға  қол
қойған  күннен  бастап   бiр   ай   мерзiмде   бекiтiледi   және   Қазақстан
Республикасының  заңнамасына   сәйкес   мемлекеттiк   құпиялардың   қорғалуы
қамтамасыз  етіле  отырып,  күнтiзбелiк  он  күн  iшiнде  бұқаралық  ақпарат
құралдарында жариялануға жатады.
 Мемлекеттік органның стратегиялық  жоспарына  өзгерістер  мен  толықтырулар
енгізуге:
1)  Қазақстан  Республикасының  жаңа  заңдары  қабылданған   не   өзгерістер
енгізілген;
2) жаңа стратегиялық және бағдарламалық құжаттар қабылданған  не  өзгерістер
енгізілген;
3) мемлекеттік органның функциялары, құрылымы өзгерген;
4)  көрсеткіштерге  қол  жеткізуге   ықпал   ететін   республикалық   немесе
жергілікті бюджеттердің  параметрлері  өзгерген  жағдайларда  жол  беріледі.
Мемлекеттік   органдардың   стратегиялық   жоспарларына    өзгерістер    мен
толықтырулар енгізілген  жағдайда,  стратегиялық  жоспарларды  әзірлеу  және
бекіту кезінде осы  Кодексте  белгіленген  талаптар  сақталады.  Мемлекеттік
органдардың  стратегиялық  жоспарларына  бюджетті   нақтылаумен   байланысты
өзгерістер мен  толықтырулар  енгізілген  жағдайда,  бюджетті,  стратегиялық
жоспарларды әзірлеу және бекіту кезінде осы  Кодексте  белгіленген  талаптар
сақталады.
Мемлекеттік органдардың  стратегиялық  жоспарларына  қаржыландыру  көлемінің
өзгеруіне байланысты өзгерістер мен  толықтырулар  жобаларын  тиісті  бюджет
комиссиясы қарайды. Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  құрылымына  кіретін
мемлекеттік органдар жыл сайын, ағымдағы қаржы жылының 1  қыркүйегіне  дейін
кезекті қаржы жылына арналған меморандумдар жобаларын әзірлейді.  Меморандум
мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру үшін  әзірленеді  және
қол жеткізуді (орындауды)  мемлекеттік  органның  бірінші  басшысы  ағымдағы
жылы бюджет қаражаты шегінде қамтамасыз  етуге  міндеттенетін,  стратегиялық
жоспарда көзделгеннен төмен емес мәндегі негізгі нысаналы  индикаторлар  мен
міндеттердің  көрсеткіштерін  қамтиды.  Негізгі  нысаналы  индикаторлар  мен
міндеттердің   көрсеткіштері   мақсаттарға,   стратегиялық   міндеттер   мен
бағыттарға   қол   жеткізу   дәрежесін    айқындауға    мүмкіндік    беретін
көрсеткіштерді білдіреді, олардың сапалық жағы  стратегиялық  міндеттер  мен
бағыттарды іске асыру нәтижесінде болатын өзгерістердің мәнін көрсетеді,  ал
сандық  жағы  оның  өлшенетін  абсолюттік  немесе   салыстырмалы   шамаларын
көрсетеді. Меморандумға мемлекеттік органның бірінші басшысы қол қояды  және
оны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітеді.
Меморандумдарды  әзірлеу,  бағалау  тәртібін   және   мазмұнын   мемлекеттік
жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган  бекітеді.  Стратегиялық  жоспарды  іске
асыру үшін  мемлекеттік  орган  операциялық  жоспар  әзірлейді.  Операциялық
жоспар ресурстары, стратегиялық жоспардың  мақсаттарына,  міндеттеріне  және
нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу  жөніндегі  іс-шаралардың  жауапты
орындаушылары  және  жүзеге  асыру  мерзімдері   бойынша   байланыстырылған,
мемлекеттік органның ағымдағы қаржы жылындағы нақты  іс-қимылдарын  қамтитын
құжат болып табылады. Операциялық  жоспар  жыл  сайын  әзірленеді  және  оны
мемлекеттік органның жауапты хатшысы (басшысы)  ағымдағы  қаржы  жылының  10
қаңтарына дейін бекітеді.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1. Бюджетті жоспарлау негіздері туралы жалпы ережелер
2. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы
3. Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспары. Операциялық жоспар
   Ұсынылатын  әдебиет
1.Худяков, А.И.    Финансовое право Республики  Казахстан.  Особенная  часть
:Учебник.-Алматы:Норма-К,2002
2.Худяков А. Финансовое право РК. - А.,2002
3.Худяков, А.И.Основы теории финансового права.-Алматы, 1995
4.Финансове право РК. - А., 2000
5.Савин А.Ю. Финансовое право. - М., 1997
6.Финансовое право / Горбунова О. - М., 1996
7.Худяков А.И.Налоговое право РК/ - А-ты, 1998

Тақырып 11. Бюджетті әзірлеу
1. Бюджетті әзірлеу туралы жалпы ережелер
2. Бюджет түсімдерін болжау
3. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін  бюджеттік  бағдарламалардың  әкімшілері
ұсынатын құжаттар
1. Республикалық бюджетті бюджеттік жоспарлау  жөніндегі  орталық  уәкілетті
орган  әлеуметтік-экономикалық  даму  болжамын  ескере  отырып,  жыл   сайын
жоспарлы кезеңге әзірлейді.  Жергілікті  бюджеттерді  мемлекеттік  жоспарлау
жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар облыстың, республикалық  маңызы  бар
қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып,  жыл
сайын жоспарлы кезеңге  әзірлейді.  Бюджеттік  бағдарламалар  әкімшілерінің,
жергілікті  атқарушы  органдардың   Қазақстан   Республикасының   Үкіметіне,
бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық  уәкiлеттi  органға  және  мемлекеттік
жоспарлау  жөніндегі  жергілікті  уәкілетті  органдарға  бюджетті  жоспарлау
немесе нақтылау  процесінен  тыс  кезде  бюджет  шығыстарын  ұлғайту  туралы
ұсыныстар  енгізуіне  тыйым  салынады.   Республикалық   бюджеттің   жобасын
әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
Жергілікті  бюджеттер  жобаларын  әзірлеу  тәртібін  мемлекеттік   жоспарлау
жөніндегі орталық уәкілетті  органмен  келісу  бойынша  бюджеттік  жоспарлау
жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
2 .  Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі  орталық  уәкілетті  орган  әлеуметтік-
экономикалық даму болжамын ескере отырып,  бірыңғай  бюджеттік  сыныптаманың
санаттары,  сыныптары  мен   кіші   сыныптары   бойынша   мемлекеттік   және
республикалық бюджеттерге, Қазақстан Республикасының Ұлттық  қорына  түсетін
түсімдерді болжауды жүзеге асырады.  Жергілікті бюджетке түсетін  түсімдерді
болжауды  мемлекеттік  жоспарлау  жөніндегі   жергілікті   уәкілетті   орган
облыстың,  республикалық   маңызы   бар   қаланың,   астананың   әлеуметтік-
экономикалық  даму  болжамын  ескере   отырып   жүзеге   асырады.    Өтеусіз
техникалық көмек түріндегі байланысты гранттар алынған кезде  ғана,  сондай-
ақ Қазақстан  Республикасы  ратификациялаған  халықаралық  шартта  көзделген
жағдайларда, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтің) құны  түрінде
бюджет түсімдерін көрсетуге  жол  беріледі.  Бұл  ретте  шығыстарда  алынған
тауарлардың  (жұмыстардың,  көрсетілетін  қызметтің)  құнына   тең   көлемде
бюджеттік бағдарлама көзделуге тиіс.  Бюджет түсімдерін  болжау  әдістемесін
мемлекеттік жоспарлау  жөніндегі  орталық  уәкілетті  орган  әзірлейді  және
бекітеді. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының  лимиттерін,  жаңа
бастамаларға  арналған  лимиттерді  бюджеттік  жоспарлау  жөніндегі  орталық
уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау  жөніндегі  жергілікті  уәкілетті
органдар  жоспарлы  кезеңге  Қазақстан  Республикасының   немесе   облыстың,
республикалық  маңызы   бар   қаланың,   астананың   әлеуметтік-экономикалық
дамуының,    республикалық    және    жергілікті    бюджеттердің    болжамды
көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың  басым  бағыттары,  тиісті  бюджет
тапшылығының мөлшері  негізінде  айқындайды.  Шығыстар  лимиттері  бюджеттік
бағдарламалардың әрбір әкімшісі үшін  айқындалады.  Бюджеттік  бағдарламалар
әкімшілері  шығыстарының  лимиттері,  жаңа  бастамаларға  арналған  лимиттер
тиісті бюджеттік комиссияның ұсыныстары ескеріле отырып айқындалады.  Тиісті
бюджет комиссиясының ұсынысы ескеріле отырып айқындалған  лимиттер  ағымдағы
қаржы  жылының  1  мамырына  дейін  бюджеттік  бағдарламалар   әкімшілерінің
назарына жеткізіледі.
Бюджеттік   бағдарламалар   әкімшілері   шығыстарының    лимиттерін,    жаңа
бастамаларға арналған лимиттерді  айқындау  тәртібін  мемлекеттік  жоспарлау
жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.
3.    Стратегиялық    жоспарлар    әзірлейтін    республикалық     бюджеттік
бағдарламалардың әкімшілері бюджет шығыстарын жоспарлау үшін ағымдағы  қаржы
жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде:
мемлекеттік  жоспарлау  жөніндегі  орталық  уәкілетті  органға  стратегиялық
жоспарлардың  жобаларын  немесе  стратегиялық  жоспарларға  өзгерістер   мен
толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын;
бюджеттік  жоспарлау   жөніндегі   орталық   уәкілетті   органға   бюджеттік
өтінімдерді   және   бюджеттік   бағдарламалардың    жобаларын,    сондай-ақ
стратегиялық  жоспарлардың   жобаларын   немесе   стратегиялық   жоспарларға
өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын  ұсынады.   Стратегиялық  жоспарлар
әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері  ағымдағы  қаржы  жылының
15 мамырына дейінгі мерзімде:
1) мемлекеттік  жоспарлау  жөніндегі  орталық  уәкілетті  органға  бюджеттік
бағдарламалардың жобаларын;
2)  бюджеттік  жоспарлау  жөніндегі   орталық   уәкілетті   органға   немесе
мемлекеттік  жоспарлау  жөніндегі  жергілікті  уәкілетті  органға  бюджеттік
өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.
3.  Осы  бапта  көрсетілген  құжаттардың  нәтижелеріне  бағалау  жүргізілген
жағдайда, бағалау  нәтижелері  қоса  беріледі.   Бюджеттік  өтінім  шығыстар
көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы  кезеңге  бюджеттік  бағдарламалардың
әкімшісі жасайтын құжаттардың жиынтығы  болып  табылады.   Бюджеттік  өтінім
бюджеттік   бағдарламалар   әкімшілерінің   шығыстары   лимиттерінің,   жаңа
бастамаларға арналған лимиттердің негізінде және  шегінде  жасалады.  Бюджет
шығыстары базалық шығыстар және жаңа бастамалар  шығыстары  болып  бөлінеді.
Тұрақты  сипаттағы   шығыстар,   күрделі   шығыстар,   сондай-ақ   басталған
(жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобаларға және қабылданған  мемлекеттік
концессиялық міндеттемелерді орындауға арналған  шығыстар  базалық  шығыстар
болып  табылады.   Мемлекеттік  функциялар,  өкілеттіктер  және  мемлекеттік
қызметтер  көрсетумен,  трансферттер  төлеумен  және  мемлекеттің  басқа  да
міндеттемелерімен  байланысты  шығыстар  тұрақты  сипаттағы  шығыстар  болып
табылады.  Жаңа бастамалар шығыстарына:
кейіннен   жаңа   бюджеттік    бағдарламалар    бойынша    қаржыландырылатын
стратегиялық және бағдарламалық  құжаттарға  сәйкес  әлеуметтік-экономикалық
дамудың жаңа басым бағыттарын іске асыруға;
макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты  емес
және  іс  жүзіндегі  бюджеттік  бағдарламалар  шеңберінде  бюджет  қаражатын
жұмсаудың  қосымша  бағыттарын   (атқарылатын   мемлекеттік   функциялардың,
өкілеттіктердің және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер  көлемін  кеңейтуді)
көздейтін  базалық  шығыстарды  ұлғайтуға   бағытталған   шығыстар   жатады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің  жаңа  бастамалар  шығыстарын  жоспарлау
қосымша  бюджет  қаражатын  бөлу  есебінен  де,   өткен   жоспарлы   кезеңде
республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет  туралы  мәслихат
шешімінде  бекітілген  осы  бюджеттік  бағдарламалар   әкімшісінің   базалық
шығыстар қаражатын қайта  бөлу  есебінен  де  жүзеге  асырылады.   Бюджеттік
өтінімге:
1) бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң әрбiр бюджеттiк бағдарламасы  бойынша
шығыстар түрлерi бойынша есеп-қисаптар;
2) байланысты гранттар сомасын  жұмсалу  бағыттары  бойынша  міндетті  түрде
бөле отырып, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарындағы  жағдай  бойынша  алынған
және пайдаланылған байланысты гранттар туралы ақпарат;
3) ағымдағы  қаржы  жылының  1  қаңтарындағы  жағдай  бойынша  алынған  және
пайдаланылған байланысты емес гранттар туралы ақпарат;
4) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті  орган  белгілеген  нысан
бойынша   мемлекеттік   мекемелердің   өз   иелігінде   қалатын   тауарларды
(жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері  мен
шығыстарының болжамы;
4-1)  ағымдағы  қаржы  жылының  бірінші  тоқсанының  қорытындылары   бойынша
нысаналы даму трансферттерін қоса алғанда, бюджеттік  инвестициялық  жобалар
мониторингінің қорытындылары жөніндегі есеп;
5) түсіндірме жазба;
6) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті  орган  және  мемлекеттік
жоспарлау  жөніндегі  жергілікті  уәкілетті  органдар  сұрататын  басқа   да
қажетті ақпарат кіреді.  Егер бюджеттік бағдарламалар әкімшісі  стратегиялық
жоспардың   жобасында   немесе   стратегиялық   жоспарға   өзгерістер    мен
толықтырулар  жобасында  қосымша   шығыстарды   немесе   бюджет   кірістерін
қысқартуды  қажет  ететін  нормативтік  құқықтық  актілер  әзірлеуді  немесе
оларға  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізуді   ұсынса,   онда   бюджеттік
өтініммен  бір  мезгілде  тиісті   нормативтік   құқықтық   актінің   жобасы
енгізіледі.   Егер  жекелеген  бюджеттік   бағдарламалар   бойынша   алдыңғы
жоспарлы  кезеңнің   екінші   және   үшінші   жылдарының   шығыстар   сомасы
республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет  туралы  мәслихат
шешімінде бекітілген  сомамен  салыстырғанда  өзгермейтін  болса,  онда  осы
бағдарламалар бойынша шығыстардың түрлері бойынша есеп-қисаптар жасалмайды.
Осы бағдарламалар бойынша шығыстар түрлері бойынша  есеп-қисаптар  тек  қана
үшінші  жылға  жасалады.   Бюджеттік  өтінімге  түсіндірме  жазба   жоспарлы
кезеңге  қаражат  жұмсаудың  негізгі   бағыттарын,   мәлімделген   бюджеттік
бағдарламалардың қысқаша  сипаттамасы  мен  баяндалуын,  базалық  шығыстарды
ұлғайту  негізділігін,   нәтижелердің   қол   жеткізілген   көрсеткіштерінің
талдамасын, сондай-ақ өткен жылғы бюджеттік  өтінімнің  құрамына  енгізілген
бюджеттік бағдарламалар бойынша ауытқулардың себептерін қамтиды.   Бюджеттік
өтінім  жасалуы  мен  ұсынылуы   бойынша   Қазақстан   Республикасы   бюджет
заңнамасының  талаптарына  сәйкес  келмеген   кезде,   бюджеттік   жоспарлау
жөніндегі орталық уәкілетті орган  немесе  мемлекеттік  жоспарлау  жөніндегі
жергілікті  уәкілетті   орган   оны   қарамастан   бюджеттік   бағдарламаның
әкімшісіне  қайтарады.   Бюджеттік   бағдарламалардың   әкімшісі   бюджеттік
өтінімдегі  ақпарат  пен   есеп-қисаптардың   толықтығын   және   дұрыстығын
қамтамасыз етеді.  Бюджеттік өтінімнің негізділігі және  бюджеттік  өтінімге
қатысты есеп-қисаптардың анықтығы үшін бюджеттік  бағдарламалар  әкімшісінің
басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша  бюджеттік
өтінімнің  негізділігі  және  бюджеттік  өтінімге  қатысты  есеп-қисаптардың
анықтығы үшін дербес білім беру ұйымының басшысы, Қазақстан  Республикасының
аумағында  халықаралық  мамандандырылған  көрмені  ұйымдастыру  және  өткізу
жөніндегі  қызметті   жүзеге   асыратын   ұйымдардың   басшылары   Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта  болады.   Бюджеттік  өтінімді
жасау және ұсыну тәртібін бюджеттік жоспарлау  жөніндегі  орталық  уәкілетті
орган айқындайды.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1. Бюджетті әзірлеу туралы жалпы ережелер
2. Бюджет түсімдерін болжау
3. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін  бюджеттік  бағдарламалардың  әкімшілері
ұсынатын құжаттар
   Ұсынылатын  әдебиет
1.Худяков, А.И.    Финансовое право Республики  Казахстан.  Особенная  часть
:Учебник.-Алматы:Норма-К,2002
2.Худяков А. Финансовое право РК. - А.,2002
3.Худяков, А.И.Основы теории финансового права.-Алматы, 1995
4.Финансове право РК. - А., 2000
5.Савин А.Ю. Финансовое право. - М., 1997
6.Финансовое право / Горбунова О. - М., 1996
7.Худяков А.И.Налоговое право РК/ - А-ты, 1998

Тақырып 12. Төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу, енгізу
немесе оның қолданысын тоқтату
1. Төтенше мемлекеттік  бюджетті  әзірлеу,  енгізу  немесе  оның  қолданысын
тоқтату үшін негіз
2. Төтенше мемлекеттік бюджеттің жобасын әзірлеу
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының  аумағында
төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу немесе оның күшін толық немесе  ішінара
жою туралы жарлықтары төтенше мемлекеттік бюджетті  әзірлеу,  енгізу  немесе
оның   қолданысын   тоқтату   үшін   негіз   болып   табылады.     Қазақстан
Республикасының бірнеше өңірінің аумағында  бір  мезгілде  төтенше  жағдайды
енгізу  төтенше  жағдайдың  салдары   республиканың   ұлттық   мүддесі   мен
экономикалық қауіпсіздігіне нақты  қатер  төндіруі  мүмкін  болған  жағдайда
ғана төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу үшін негіз  болып  табылуы  мүмкін.
Төтенше  мемлекеттік   бюджетті   Қазақстан   Республикасының   заңнамасында
белгіленген тәртіппен бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті  орган
әзірлейді  және   ол   Қазақстан   Республикасы   Президентінің   жарлығымен
бекітіледі.
2.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  төтенше  жағдайды  немесе  соғыс
жағдайын енгізген кезде  тиісті  мемлекеттік  органдар  бюджеттік  жоспарлау
жөніндегі  орталық  уәкілетті  органға  төтенше   жағдайдың   немесе   соғыс
жағдайының қолданылуы кезеңінде жүзеге асырылатын іс-шараларды  қаржыландыру
жөніндегі бюджеттік өтінімдерді  енгізеді.   Бюджеттік  жоспарлау  жөніндегі
орталық уәкілетті  орган  төтенше  жағдайдың  немесе  соғыс  жағдайының  іс-
шараларын қаржыландыруға арналған  бюджеттік  бағдарламалардың  тізбесі  мен
көлемдерін жасайды және оларды Республикалық бюджет  комиссиясының  қарауына
енгізеді.   Республикалық  бюджет   комиссиясы   осы   баптың   3-тармағында
көрсетілген   бюджеттік   бағдарламалардың    тізбелері    мен    көлемдерін
мақұлдағаннан кейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі  орталық  уәкілетті  орган
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  төтенше  мемлекеттік  бюджет  туралы
жарлығының жобасын жасайды.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  төтенше
мемлекеттік бюджет туралы жарлығының жобасына:
1) осы Кодексте белгіленген құрылым бойынша  жасалатын  төтенше  мемлекеттік
бюджет;
2) төтенше мемлекеттік бюджеттің құрамына  енгізілген  және  төтенше  немесе
соғыс жағдайының іс-шараларын қаржыландыруға  арналған  қажеттілікті  ескере
отырып түзетілген республикалық және жергілікті  бюджеттердің  көрсеткіштері
қоса беріледі. Төтенше  мемлекеттік  бюджет  туралы  Қазақстан  Республикасы
Президенті  жарлығының  жобасын  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі,   егер
Қазақстан Республикасы Президентінің төтенше немесе  соғыс  жағдайын  енгізу
туралы жарлығында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының  заңнамасында
белгіленген  тәртіппен  Қазақстан   Республикасы   Президентінің   бекітуіне
енгізеді.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1. Төтенше мемлекеттік  бюджетті  әзірлеу,  енгізу  немесе  оның  қолданысын
тоқтату үшін негіз
2. Төтенше мемлекеттік бюджеттің жобасын әзірлеу
   Ұсынылатын  әдебиет
1.Худяков, А.И.    Финансовое право Республики  Казахстан.  Особенная  часть
:Учебник.-Алматы:Норма-К,2002
2.Худяков А. Финансовое право РК. - А.,2002
3.Худяков, А.И.Основы теории финансового права.-Алматы, 1995
4.Финансове право РК. - А., 2000
5.Савин А.Ю. Финансовое право. - М., 1997
6.Финансовое право / Горбунова О. - М., 1996
7.Худяков А.И.Налоговое право РК/ - А-ты, 1998

Тақырып 13. Бюджеттің атқарылуы
1. Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы ережелер
2. Бюджеттің атқарылу негізі болып табылатын құжаттар
3. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары,  түсімдердің  және
төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары
1.   Бюджетке   түсімдердің   түсуін,   бюджеттік   бағдарламалардың   (кіші
бағдарламалардың)  іске  асырылуын   қамтамасыз   ету,   бюджет   тапшылығын
қаржыландыру (профицитті пайдалану)  жөніндегі  іс-шаралар  кешенін  орындау
бюджеттің атқарылуы  болып  табылады.   Республикалық  бюджеттің  атқарылуын
Қазақстан   Республикасының   Үкіметі    қамтамасыз    етеді.     Жергілікті
бюджеттердің  атқарылуын  жергілікті  атқарушы  органдар  қамтамасыз  етеді.
Бюджетті  атқару  жөніндегі  орталық  уәкілетті  орган  бюджеттің  атқарылуы
саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды  және  оның  іске  асырылуын
жүзеге  асырады,  өз  құзыреті   шегінде   республикалық   және   жергілікті
бюджеттердің атқарылу  мәселелері  бойынша  нормативтік  құқықтық  актілерді
әзірлеп, бекітеді, республикалық  және  жергілікті  бюджеттердің  атқарылуы,
бухгалтерлік және бюджеттік есепке алу, қаржылық  және  бюджеттік  есептілік
саласындағы әдістемелік  басшылықты  жүзеге  асырады.   Бюджеттің  атқарылуы
ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып,  31  желтоқсанында  аяқталады.
Бюджеттің атқарылуы республикалық бюджет  туралы  заңмен  немесе  жергілікті
бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген тиісті қаржы жылына  арналған
бюджет қаражаты көлемінің  шегінде  жүзеге  асырылады.  Бюджеттің  атқарылуы
кезінде жоспарлы кезеңнің  екінші  және  (немесе)  үшінші  қаржы  жылдарында
көзделген  бюджет  қаражатын  ағымдағы   қаржы   жылында   пайдалануға   жол
берілмейді.   Бюджеттің  атқарылуын  ұйымдастыру  және  бюджеттің  атқарылуы
жөніндегі   бюджеттік   бағдарламалар   әкімшілерінің   қызметін   үйлестіру
бюджеттің  атқарылуы   жөніндегі   тиісті   уәкілетті   органға   жүктеледі.
Бюджеттің  атқарылу  рәсімдерін  және  оларға  кассалық   қызмет   көрсетуді
бюджетті атқару жөніндегі  орталық  уәкілетті  орган  айқындайды.  Кодекстің
бюджеттің атқарылуын реттейтін  ережелері  мемлекеттік  құпиялар,  Қазақстан
Республикасының   Президентін,    Қазақстан    Республикасы    Парламентінің
депутаттарын, мәслихаттардың депутаттарын, аудандық маңызы  бар  қалалардың,
ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкiмдерiн,  сондай-ақ  Қазақстан
Республикасындағы  жергілікті  өзін-өзі   басқару   органдарының   мүшелерін
сайлау, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру, елдің сыртқы саяси  қызметін,
қорғаныс  қабілеті  мен  ұлттық  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  мәселелерін
реттейтін  Қазақстан  Республикасының  заңдарында,  Қазақстан   Республикасы
Президентінің   актілерінде   белгіленген   ерекшеліктер   ескеріле   отырып
қолданылады.
2. Мыналар:
1) Бюджет Кодекс;
2)  республикалық  бюджет  туралы  заң   және   жергілікті   бюджет   туралы
мәслихаттың шешімі;
3) республикалық  қаржы  жоспары  туралы  жарлық  және  жергілікті  атқарушы
органның кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған  жергілікті  қаржы
жоспары туралы қаулысы;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің  немесе  жергілікті  атқарушы  органның
республикалық  бюджет  туралы  заңды   немесе   жергілікті   бюджет   туралы
мәслихаттың шешімін іске асыру туралы қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің  немесе  жергілікті  атқарушы  органның
республикалық немесе жергілікті  бюджеттерді  атқару  барысында  қабылдайтын
шешімі;
6) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары;
7) нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімдер;
8) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары,  түсімдердің  және
төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары;
9)  бюджеттік  бағдарламалар  әкімшілерінің  міндеттемелері  мен   төлемдері
бойынша қаржыландыру жоспарлары;
10)  мемлекеттік   мекемелердің   міндеттемелері   мен   төлемдері   бойынша
қаржыландырудың жеке жоспарлары;
11)  Бюджет  Кодекске  сәйкес  бюджеттің   атқарылу   тәртібін   айқындайтын
нормативтік құқықтық актілер бюджеттің атқарылу негізі болып табылады.
3. Міндеттемелер бойынша  қаржыландырудың  жиынтық  жоспарын,  республикалық
және  жергілікті  бюджеттер  бойынша  түсімдердің  және   төлемдер   бойынша
қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасауды, бекітуді және  жүргізуді  бюджетті
атқару жөніндегі тиісті  орталық  және  жергілікті  уәкілетті  орган  жүзеге
асырады.    Міндеттемелер   бойынша    қаржыландырудың    жиынтық    жоспары
функционалдық топтар,  бюджеттік  бағдарламалардың  әкімшілері  және  бюджет
шығыстарының функционалдық сыныптамасының бюджеттік  бағдарламалары  бойынша
бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің  оларға  арналған  бюджет  қаражатының
жылдық көлемі шегінде ақшалай түрдегі міндеттемелердің  ай  сайынғы  көлемін
айқындайтын, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және оларға  ведомстволық
бағыныстағы  мемлекеттік  мекемелердің  өздері  қабылдайтын   міндеттемелері
бойынша  қаржыландыру  жоспарлары  негізінде  жасалады.   Түсімдердің   және
төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары  бюджет  түсімдерінің  және
төлемдер бойынша бюджеттік  бағдарламаларды  қаржыландырудың  теңгерімделген
ай сайынғы жоспарын  айқындайтын  құжат  болып  табылады.  Түсімдердің  және
төлемдер  бойынша  қаржыландырудың  жиынтық  жоспары  теңгерімделген  болуға
тиіс, ол  жыл  басынан  бергі  өспелі  жиынымен  айлар  бойынша  түсімдерден
шығыстардың асып кетуіне жол бермеуді білдіреді.  Түсімдердің және  төлемдер
бойынша қаржыландырудың  жиынтық  жоспары  бюджет  түсімдері  сыныптамасының
санаттары,  сыныптары  және  кіші  сыныптары   мен   ерекшеліктері   бойынша
жасалатын,   бюджетке   түсетін   түсімдердің   жиынтық   жоспарынан    және
функционалдық топтар,  бюджеттік  бағдарламалардың  әкімшілері  және  бюджет
шығыстарының функционалдық сыныптамасының бюджеттік  бағдарламалары  бойынша
жасалатын төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарынан тұрады.
Бюджетке түсетін  түсімдердің  жиынтық  жоспарын  Қазақстан  Республикасының
заңнамалық  актілеріне  сәйкес  бюджетке  төленетін  төлемдер   түсімдерінің
мерзімін, бюджетке өткен  жылдары  түскен  төлемдер  түсімдерінің  қарқынын,
мемлекеттік бағалы қағаздардың  табыстылық  қарқынын  талдауды  және  бағалы
қағаздар нарығындағы сұраныс пен ұсыныстар деңгейін,  кредиттік  шарттардың,
қарыз  шарттарының,  байланысты  гранттар  туралы  келісімдердің  талаптарын
негізге ала  отырып,  бюджет  түсімдері  сыныптамасының  топтама  кодтарының
толық көлемі бойынша бюджетті  атқару  жөніндегі  уәкілетті  орган  жасайды.
Төлемдер бойынша қаржыландырудың  жиынтық  жоспары  оларға  арналған  бюджет
қаражатының жылдық көлемі шегінде бюджеттік бағдарламалар  әкімшісінің  және
оған   ведомстволық   бағыныстағы   мемлекеттік   мекемелердің    қабылдаған
міндеттемелерді орындау есебіне төлемдерді жүзеге асыру  үшін  қажетті  жеке
бюджеті қаражатының ай сайынғы көлемін айқындайтын  бюджеттік  бағдарламалар
әкімшілерінің төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары негізінде  жасалады.
Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының,  түсімдердің  және
төлемдер  бойынша  қаржыландырудың  жиынтық   жоспарының   жылдық   сомалары
бюджеттің бекітілген (нақтыланған)  түсімдері  мен  шығыстарының  сомаларына
сәйкес болуға тиіс.  Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері  мен  төлемдері
бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларын бюджет  шығыстарының  функционалдық
және экономикалық  сыныптамасы  жөніндегі  мемлекеттік  мекемелер  әзірлейді
және бюджеттік  бағдарламалар  әкімшілерінің  міндеттемелері  мен  төлемдері
бойынша  қаржыландыру  жоспарларын  бекіту  және  әзірлеу   үшін   бюджеттік
бағдарламалардың әкімшілеріне беріледі.  Міндеттемелер мен төлемдер  бойынша
қаржыландырудың  жеке  жоспарлары  бойынша  шығыстардың  жинақталған  сомасы
міндеттемелер мен  төлемдер  бойынша  қаржыландырудың  жиынтық  жоспарларына
сәйкес болуға тиіс.  Бюджеттік  бағдарламалар  әкімшілерінің  міндеттемелері
мен  төлемдері  бойынша  қаржыландыру  жоспарларын  бюджеттік  бағдарламалар
әкімшілері шығыстардың функционалдық және экономикалық  сыныптамасы  бойынша
әзірлейді және бюджеттік бағдарламалар деңгейінде бюджетті атқару  жөніндегі
орталық немесе жергілікті уәкілетті органға береді. Бюджеттік  бағдарламалар
әкімшісі операциялық жоспарды уақтылы іске асыру  мақсатында  айлар  бойынша
жоспарлы тағайындауларды бөлуді  қамтамасыз  етеді.   Міндеттемелер  бойынша
қаржыландырудың  жиынтық  жоспары,   түсімдердің   және   төлемдер   бойынша
қаржыландырудың  жиынтық  жоспары,  бюджеттік  бағдарламалар   әкімшілерінің
міндеттемелері мен төлемдері бойынша  қаржыландыру  жоспарлары,  мемлекеттік
мекемелердің  міндеттемелері  мен  төлемдері  бойынша  қаржыландырудың  жеке
жоспарлары  жоспарлы  кезеңнің  бірінші  жылына  арналып   әзірленеді   және
бекітіледі.  Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстардың  экономикалық
сыныптамасының   ерекшеліктері   мен   бюджеттік    бағдарламалардың    кіші
бағдарламаларына  қатысты  және  бюджеттік  бағдарлама  бойынша  шығыстардың
жылдық және ай сайынғы көлемдерін өзгертпейтін  міндеттемелер  мен  төлемдер
бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістерді  дербес  енгізеді.  Бюджеттік
бағдарламалардың   әкімшілеріне   қажетті   бюджеттік   бағдарлама   бойынша
шығыстардың ай сайынғы көлемдерінің өзгерістері  бюджетті  атқару  жөніндегі
уәкілетті орган  арқылы  жүзеге  асырылады.  Бюджеттiң  атқарылуы  барысында
бюджет қаражатының үнемделуi пайда болған жағдайда:
Республикалық бюджет  комиссиясында  белгіленген  тәртіппен  міндетті  түрде
қарай отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері  қаражатты
бір  бюджеттік  бағдарлама  шегінде  республикалық  бюджеттік  инвестициялық
жобалар арасында қайта бөлуге құқылы;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың,  астананың,  ауданның  (облыстық
маңызы  бар  қаланың)  тиісті  бюджет  комиссиясында  белгіленген  тәртіппен
міндетті түрде қарай отырып,  жергілікті  атқарушы  органдар  қаражатты  бір
бюджеттік бағдарлама шеңберінде және бір облыс шегінде жергілікті  бюджеттік
инвестициялық   жобалар   арасында,   сондай-ақ   республикалық    бюджеттік
бағдарламалар  әкімшілерімен  келісу  бойынша,   жоғары   тұрған   бюджеттен
берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландырылатын  жергілікті
бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қайта бөлуге құқылы.
Бюджеттік  бағдарламалар  әкімшісі   мемлекеттік   мекемелердің   өтінімдері
бойынша  мемлекеттік  мекемелердің  міндеттемелері  мен  төлемдері   бойынша
қаржыландырудың  жеке  жоспарларына  өзгерістер  енгізуді  жүзеге   асырады.
Бюджеттің  атқарылуы  барысында  республикалық  бюджеттік   бағдарламалардың
әкімшілері қаражатты ағымдағы қаржы жылына арналып бекітілген  (нақтыланған)
республикалық бюджетте көзделген нысаналы  даму  трансферттері  бойынша  бір
бюджеттік бағдарлама  ішінде,  облысқа,  республикалық  маңызы  бар  қалаға,
астанаға ағымдағы қаржы  жылына  көзделген  соманың  он  пайызынан  аспайтын
көлемде облыстар, республикалық маңызы  бар  қала,  астана  арасында  тиісті
облыстардың,  республикалық  маңызы  бар  қалалардың,  астананың  жергілікті
атқарушы органдарымен  келісу  бойынша  бюджетті  атқару  жөніндегі  орталық
уәкілетті  орган  айқындайтын  тәртіппен  қайта  бөлуге  құқылы.   Бюджеттің
атқарылуы   барысында   облыстық   бюджеттік   бағдарламалардың   әкімшілері
қаражатты ағымдағы қаржы жылына арналып  бекітілген  (нақтыланған)  облыстық
бюджетте  көзделген  нысаналы  даму  трансферттері  бойынша  бір   бюджеттік
бағдарлама ішінде  ауданға  (облыстық  маңызы  бар  қалаға)  ағымдағы  қаржы
жылына көзделген соманың он пайызынан аспайтын  көлемде  аудандар  (облыстық
маңызы  бар  қалалар)  арасында  тиісті  аудандардың,  облыстық  маңызы  бар
қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен және  тиісті  жергілікті  өкілді
органдармен келісу  бойынша  бюджетті  атқару  жөніндегі  орталық  уәкілетті
орган айқындайтын тәртіппен қайта бөлуге  құқылы.   Облыстың,  республикалық
маңызы  бар  қаланың,  астананың,  ауданның,  облыстық  маңызы  бар  қаланың
жергілікті атқарушы органы қаражатты тікелей  және  түпкілікті  нәтижелердің
жоспарланған көрсеткіштерін сақтау шартымен, ағымдағы қаржы  жылына  арналып
бекітілген (нақтыланған) жергілікті бюджетте көзделген жергілікті  бюджеттік
инвестициялық жобалар  арасында  нысаналы  даму  трансферттерi  бойынша  бір
бюджеттік  бағдарлама  ішінде  ағымдағы  қаржы  жылына  арналған  жергілікті
бюджеттік инвестициялық жобаға шығыстардың  он  пайызынан  аспайтын  көлемде
жоғары тұрған бюджеттік бағдарламалар  әкімшісімен  және  тиісті  жергілікті
өкілді органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі  орталық  уәкілетті
орган айқындайтын тәртіппен  қайта  бөлуге  құқылы.   Міндеттемелер  бойынша
қаржыландырудың  жиынтық  жоспарын,  түсімдердің   және   төлемдер   бойынша
қаржыландырудың  жиынтық  жоспарын,  бюджеттік  бағдарламалар  әкімшілерінің
міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру  жоспарларын,  мемлекеттік
мекемелердің  міндеттемелері  мен  төлемдері  бойынша  қаржыландырудың  жеке
жоспарларын жасау және жүргізу тәртібін бюджетті  атқару  жөніндегі  орталық
уәкілетті орган белгілейді.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1. Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы ережелер
2. Бюджеттің атқарылу негізі болып табылатын құжаттар
3. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары,  түсімдердің  және
төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары
   Ұсынылатын  әдебиет
1.Худяков, А.И.    Финансовое право Республики  Казахстан.  Особенная  часть
:Учебник.-Алматы:Норма-К,2002
2.Худяков А. Финансовое право РК. - А.,2002
3.Худяков, А.И.Основы теории финансового права.-Алматы, 1995
4.Финансове право РК. - А., 2000
5.Савин А.Ю. Финансовое право. - М., 1997
6.Финансовое право / Горбунова О. - М., 1996
7.Худяков А.И.Налоговое право РК/ - А-ты, 1998

Тақырып 14. Бюджеттік есепке алу
1. Бюджеттік есепке алу бойынша негізгі ережелер
2. Бюджеттік есептіліктің сапалық сипаттамалары
3. Бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсыну
1.Бюджеттік  есепке  алу  бірыңғай  қазынашылық  шоттан   және   мемлекеттік
мекемелердің   шоттарынан   жасалатын    операциялар    туралы,    Қазақстан
Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың  талаптары  мен
міндеттемелері туралы ақшалай түрдегі  ақпаратты  жинаудың,  тіркеудің  және
жинақтаудың  Қазақстан  Республикасының   бюджет   заңнамасымен   реттелген,
тәртіпке келтірілген жүйесін  білдіреді.   Бюджеттік  есепке  алу  деректері
бюджеттік есептілік жасау  үшін  негіз  болып  табылады.   Бюджеттік  есепке
алуды жүргізу тәртібін бюджетті атқару  жөніндегі  орталық  уәкілетті  орган
айқындайды.  Бюджеттік есептілік мынадай:
1) жасалған операциялардың түпнұсқалығын және есепке алуда оларды  көрсеткен
кезде қателердің жоқтығын білдіретін анықтық;
2) Қазақстан Республикасының  бюджет  заңнамасында  көзделген  барлық  талап
етілетін ақпараттың көрсетілуін білдіретін толықтық;
3) осы Кодекстің және басқа да нормативтік құқықтық  актілердің  есептілікті
жасау  жөніндегі  ережелерінің  сақталуын   білдіретін   сәйкестік   сапалық
сипаттамаларға  сай  келуге   тиіс.    Алынған   тауарлардың   (жұмыстардың,
көрсетілген қызметтің)  бюджетке  түсетін  түсімдері  бюджеттік  есептілікте
ақшалай түрде көрсетіледі.
2. Бюджеттік есептілік есептердің мынадай түрлерін:
1) мемлекеттік мекемелердің есептерін:
тауарларды  (жұмыстарды,  көрсетілетін  қызметті)  өткізуден   түскен   ақша
түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есепті;
демеушілік пен қайырымдылық көмектен  ақшаның  түсімі  мен  жұмсалуы  туралы
есепті;
дебиторлық берешек туралы есепті;
кредиторлық берешек туралы есепті;
2) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептерін:
бюджеттік мониторингтің нәтижелері туралы есепті;
тауарларды  (жұмыстарды,  көрсетілетін  қызметті)  өткізуден   түскен   ақша
түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есепті;
демеушілік пен  қайырымдылық  көмектен  ақшаның  түсуі  және  оның  жұмсалуы
туралы есепті;
дебиторлық берешек туралы есепті;
кредиторлық берешек туралы есепті;
стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті;
бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есепті;
3) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілігін:
республикалық,  тиісті   жергілікті   бюджеттердің,   облыс   бюджеттерінің,
мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді;
Қазақстан Республикасы Ұлттық  қорының  түсімдері  мен  пайдаланылуы  туралы
есепті;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол  ақшасын  бақылау  шотындағы
ақша қозғалысы туралы есепті;
мемлекеттік, республикалық  және  жергілікті  бюджеттер  бойынша  тауарларды
(жұмыстарды,  көрсетілетін  қызметті)  сатудан  түскен  ақша  түсімдері  мен
шығыстары жоспарларының орындалуы туралы есепті;
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  және  жергілікті  атқарушы  органдардың
талаптары мен міндеттемелері туралы есепті;
мемлекеттік, республикалық  және  жергілікті  бюджеттер  бойынша  демеушілік
және қайырымдылық көмектен ақшаның түсуі және оның жұмсалуы туралы есепті;
мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің дебиторлық  берешегі
туралы есепті;
мемлекеттік,  республикалық   және   жергілікті   бюджеттердің   кредиторлық
берешегі туралы есепті;
бюджеттік   мониторинг   нәтижелері   бойынша   республикалық   (жергілікті)
бюджеттің атқарылуы туралы талдамалық есепті;
3-1)  шоғырландырылған  қаржылық   есептілікпен   бір   мезгілде   берілетін
есептерді;
4)  Қазақстан  Республикасы   Үкіметінің,   жергілікті   атқарушы   органның
есептерін:
республикалық немесе тиісті жергілікті  бюджеттің  атқарылуы  туралы  жылдық
есепті;
Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  қорының  қалыптастырылуы  мен  пайдаланылуы
туралы жылдық есепті қамтиды. Бюджетті атқару  жөніндегі  орталық  уәкілетті
орган  өз  құзыреті  шегінде  бюджеттік  есептіліктің   қосымша   нысандарын
белгілейді.  Орталық  және  жергілікті  мемлекеттік  органдар,   мемлекеттік
мекемелер бюджеттік есептілікті жасау және табыс ету  жөніндегі  нормативтік
құқықтық актілерді басшылыққа алуға міндетті.
3.  Республикалық  және  жергілікті  бюджеттердің  атқарылуы   туралы   есеп
бекітілген,   нақтыланған,   түзетілген   республикалық   және    жергілікті
бюджеттерді, қабылданған, төленбеген  міндеттемелерді,  бюджет  түсімдерінің
атқарылуын және (немесе) тиісті бюджеттің бюджеттік  бағдарламалары  бойынша
төленген міндеттемелерді көрсетеді.
2. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ай сайын  есепті  айдан
кейінгі айдың бірінші күніндегі  жағдай  бойынша  Қазақстан  Республикасының
Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық  уәкілетті  органға  және
ішкі  бақылау  жөніндегі  уәкілетті  органға,  тоқсан  сайын   -   Қазақстан
Республикасы  Президентінің  Әкімшілігіне   мемлекеттік,   шоғырландырылған,
республикалық  және  жергілікті  бюджеттердің  атқарылуы  туралы  есептерді,
Республикалық  бюджеттің  атқарылуын  бақылау  жөніндегі   есеп   комитетіне
республикалық   бюджеттің   атқарылуы   туралы   есеп   береді.    Облыстың,
республикалық  маңызы  бар  қаланың,  астананың  бюджетті  атқару  жөніндегі
жергілікті уәкілетті органдары ай сайын есепті айдан кейінгі  айдың  бірінші
күнгі жағдай бойынша әкімдікке, облыстың, республикалық маңызы бар  қаланың,
астананың тексеру комиссиясына, облыстың, республикалық маңызы бар  қаланың,
астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті  органдарына,  Қазақстан
Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген  ішкі  бақылау  жөніндегі  органға
облыстық бюджеттің, республикалық  маңызы  бар  қала,  астана  бюджеттерінің
атқарылуы туралы есеп береді. Облыстың, республикалық  маңызы  бар  қаланың,
астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары ай  сайын
және жыл қорытындылары бойынша бюджетті атқару жөніндегі  орталық  уәкілетті
органға осы Кодекстің  124-бабында  көзделген  есептерді  береді.   Ауданның
(облыстық  маңызы  бар  қаланың)  бюджетті   атқару   жөніндегі   жергілікті
уәкілетті органы ай сайын есепті айдан кейінгі айдың  бірінші  күнгі  жағдай
бойынша әкімдікке, облыстың тексеру комиссиясына, ауданның (облыстық  маңызы
бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті  органына,
облыстың  бюджетті  атқару  жөніндегі  жергілікті  уәкілетті  органына  және
Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі  бақылау  жөніндегі
органға  аудан  (облыстық  маңызы  бар  қала)  бюджетінің  атқарылуы  туралы
есепті,  сондай-ақ  осы  Кодексте  көзделген  басқа  да  есептерді   береді.
Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы  есеп  оны  іске  асыру  барысы,
мемлекеттік  орган  қызметінің  мақсаттарына,  міндеттерімен   нәтижелерінің
көрсеткіштеріне  қол  жеткізудегі   прогресс   туралы   ақпаратты   қамтиды.
Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті жыл сайын ағымдағы  қаржы
жылының 15 ақпанына дейінгі мерзімде:
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және  есеп  беретін
мемлекеттік органдар, - Қазақстан Республикасы  Президентінің  Әкімшілігіне,
мемлекеттік жоспарлау  жөніндегі  және  бюджетті  атқару  жөніндегі  орталық
уәкілетті органдарға және Қазақстан Республикасының Президенті  нәтижелердің
бағалауын жүргізуге уәкілеттік берген органдарға;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін мемлекеттік  органдар,  -
Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік  жоспарлау  жөніндегі  және
бюджетті  атқару  жөніндегі  орталық  уәкілетті  органдарға  және  Қазақстан
Республикасының  Президенті  нәтижелердің  бағалауын  жүргізуге   уәкілеттік
берген органдарға;
жергілікті  бюджеттен  қаржыландырылатын  атқарушы   органдар,   -   әкімге,
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі және бюджетті  атқару  жөніндегі  жергілікті
уәкілетті органдарға және Қазақстан Республикасының Президенті  нәтижелердің
бағалауын  жүргізуге  уәкілеттік  берген  органдарға  ұсынады.  Стратегиялық
жоспарлардың іске асырылуы туралы  есептер  бұқаралық  ақпарат  құралдарында
жариялауға жатады. Стратегиялық жоспардың іске асырылуы туралы есепті  жасау
және ұсыну тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1. Бюджеттік есепке алу бойынша негізгі ережелер
2. Бюджеттік есептіліктің сапалық сипаттамалары
3. Бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсыну
   Ұсынылатын  әдебиет
1.Худяков, А.И.    Финансовое право Республики  Казахстан.  Особенная  часть
:Учебник.-Алматы:Норма-К,2002
2.Худяков А. Финансовое право РК. - А.,2002
3.Худяков, А.И.Основы теории финансового права.-Алматы, 1995
4.Финансове право РК. - А., 2000
5.Савин А.Ю. Финансовое право. - М., 1997
6.Финансовое право / Горбунова О. - М., 1996
7.Худяков А.И.Налоговое право РК/ - А-ты, 1998

Тақырып 15. Мемлекеттік қаржылық бақылау
1.Мемлекеттік қаржылық бақылау
2. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жүйесі
3. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың принциптері мен
стандарттары
4. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың үлгілері
1. Мемлекеттік қаржылық бақылауды  мемлекеттік  қаржылық  бақылау  органдары
Қазақстан  Республикасының  бюджет   және   өзге   де   заңнамасын   бақылау
объектілерінің бұзуын анықтау, жою және оған жол  бермеу  мақсатында  жүзеге
асырады.  Мемлекеттік қаржылық бақылау:
1) ішкі және сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау;
2) бюджеттің  тиісті  деңгейіне  байланысты  республикалық  және  жергілікті
мемлекеттік  басқару   деңгейінде   жүргізілетін   болып   бөлінеді.    Ішкі
мемлекеттік қаржылық бақылау – Қазақстан Республикасының Үкіметіне,  орталық
мемлекеттік  органдардың  бірінші  басшыларына  және   облыстық   бюджеттен,
республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық  маңызы  бар
қаланың)   бюджетінен   қаржыландырылатын   атқарушы   органдардың   бірінші
басшыларына есеп бере отырып, Қазақстан Республикасының  Үкіметі  уәкілеттік
берген ішкі бақылау жөніндегі орган және орталық  мемлекеттік  органдар  мен
облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың,  астананың  бюджетінен
қаржыландырылатын  атқарушы  органдардың  ішкі  бақылау  қызметтері   жүзеге
асыратын республикалық  және  жергілікті  бюджеттердің  атқарылуын  бақылау.
Сыртқы   мемлекеттік   қаржылық   бақылау   –   Қазақстан    Республикасының
Президентіне,   Қазақстан   Республикасының   Парламентіне    және    тиісті
мәслихаттарға есеп бере отырып,  Қазақстан  Республикасының  Үкіметіне  және
жергілікті атқарушы органдарға тәуелсіз Республикалық  бюджеттің  атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп комитеті мен облыстардың,  республикалық  маңызы  бар
қалалардың, астананың тексеру  комиссиялары  жүзеге  асыратын  республикалық
және  жергілікті  бюджеттердің  атқарылуын  бақылау.   Мемлекеттік  қаржылық
бақылау органдарының жүйесін:
1) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті;
2) облыстардың,  республикалық  маңызы  бар  қалалардың,  астананың  тексеру
комиссиялары;
3)  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  уәкілеттік  берген   ішкі   бақылау
жөніндегі орган;
4) орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері;
5)  облыстық  бюджеттен,  республикалық  маңызы   бар   қаланың,   астананың
бюджеттерінен   қаржыландырылатын   атқарушы   органдардың   ішкі    бақылау
қызметтері құрайды. Республикалық  бюджеттің  атқарылуын  бақылау  жөніндегі
есеп комитеті Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын  және
есеп беретін республикалық  бюджеттің  атқарылуын  сыртқы  бақылауды  жүзеге
асыратын мемлекеттік  қаржылық  бақылаудың  жоғары  органы  болып  табылады.
Облыстардың,  республикалық  маңызы  бар   қалалардың,   астананың   тексеру
комиссиялары жергілікті бюджеттің  атқарылуын  сыртқы  мемлекеттік  қаржылық
бақылауды   жүзеге   асыратын   мемлекеттік   органдар    болып    табылады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп  комитетінің  және
облыстардың,  республикалық  маңызы  бар   қалалардың,   астананың   тексеру
комиссияларының жұмыс  жоспарларында  көзделмеген  тексерулер  жүргізу  үшін
мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша сыртқы  мемлекеттік  қаржылық
бақылау органдарының қызметкерлерін тартуға жол  берілмейді.   Республикалық
деңгейдегі ішкі мемлекеттік  қаржылық  бақылауды  Қазақстан  Республикасының
Үкіметі  уәкілеттік  берген  ішкі  бақылау  жөніндегі  орган  және   орталық
мемлекеттік органдардың ішкі бақылау  қызметтері  Қазақстан  Республикасының
Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге  асырады.   Жергілікті  деңгейдегі  ішкі
мемлекеттік қаржылық бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі  уәкілеттік
берген ішкі бақылау жөніндегі орган және облыстық  бюджеттен,  республикалық
маңызы  бар  қаланың,  астананың  бюджеттерінен  қаржыландырылатын  атқарушы
органдардың  ішкі  бақылау  қызметтері  Қазақстан  Республикасының   Үкіметі
белгілеген  тәртіппен  жүзеге  асырады.  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі
уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі  орган  ішкі  мемлекеттік  қаржылық
бақылауды  тиісті  қаржы  жылына  бекітілген   жоспар   бойынша   жүргізеді.
Жоспардан  тыс  бақылау  Қазақстан  Республикасы  Президентінің,   Қазақстан
Республикасы Үкіметінің, осыған уәкілеттік берілген мемлекеттік  органдардың
тапсырмалары, депутаттық сауалдар бойынша жүргізіледі.
3. Мемлекеттік қаржылық бақылау қағидалары:
1) тәуелсіздік принципі - мемлекеттік  қаржылық  бақылау  органдарының  және
олардың  қызметкерлерінің  қызметті  жүзеге  асыруы  кезінде  тәуелсіздігіне
нұқсан келтіретін араласушылыққа жол бермеу;
2)   объективтілік   принципі   -   бақылауды   Қазақстан    Республикасының
заңнамасына, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына қатаң  сәйкестікпен
жүргізу, мүдделер қақтығысын болдырмау;
3) анықтық принципі - бақылау нәтижелерін бухгалтерлік, банктік  құжаттармен
және бақылау объектісінің өзге де құжаттарымен растау;
4) ашықтық принципі - бақылау нәтижелерін баяндаудың айқындығы,  мемлекеттік
қаржылық  бақылау  органдарының  Қазақстан   Республикасының   Президентіне,
Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мәслихаттарға, мемлекеттік  органдардың
басшыларына, жұртшылыққа есеп берушілігі;
5)  құзыреттілік  принципі  -   мемлекеттік   қаржылық   бақылау   органдары
қызметкерлерінің бақылауды жүзеге асыруы үшін қажетті  кәсіби  білімдер  мен
дағдылардың жиынтығы;
6) жариялылық принципі - құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық  немесе
заңмен  қорғалатын  өзге  де  құпияны  қамтамасыз   етуді   ескере   отырып,
мемлекеттік қаржылық  бақылау  нәтижелерін  міндетті  түрде  жариялау  болып
табылады.   Мемлекеттік  қаржылық  бақылауға  қойылатын  бірыңғай   талаптар
мемлекеттік   қаржылық   бақылау   жүргізу   стандарттарымен    айқындалады.
Мемлекеттік   қаржылық   бақылау   стандарттарын   Республикалық   бюджеттің
атқарылуын  бақылау  жөніндегі  есеп  комитеті   Қазақстан   Республикасының
Үкіметі  уәкілеттік  берген  ішкі  бақылау   жөніндегі   органмен   бірлесіп
әзірлейді және Қазақстан Республикасының  Президенті  бекітеді.  Мемлекеттік
қаржылық  бақылау  стандарттарын  мемлекеттік  қаржылық  бақылау   органдары
орындауға міндетті.
4. Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай үлгілерге бөлінеді:
1) сәйкестікке  бақылау  жасау  -  бақылау  объектісі  қызметінің  Қазақстан
Республикасының бюджет және өзге  де  заңнамасының  талаптарына  сәйкестігін
бағалау;
2) қаржылық есептілікті бақылау - бақылау объектісінің қаржылық  есептілікті
жасауының  және  табыс  етуінің  анықтығын,  негізділігін  және   уақтылығын
бағалау;
3) тиімділікті бақылау  -  сәйкестікке  және  қаржылық  есептілікті  бақылау
негізінде  жүргізілетін  бағалау,   мемлекеттік   органдардың   стратегиялық
жоспарларында көзделген тікелей  және  түпкі  нәтижелерге  қол  жеткізілуін,
мемлекеттік   және    бюджеттік    бағдарламалардың,    аумақтарды    дамыту
бағдарламаларының  іске  асырылуын,  көрсетілетін  мемлекеттік  қызметтерді,
байланысты   гранттарды,   мемлекеттік   және   мемлекет   кепілдік   берген
қарыздарды, мемлекет кепілгерліктері  мен  активтерін  пайдалануды  бағалау,
сондай-ақ  мемлекеттік  орган  және  квазимемлекеттік  сектор   субъектілері
қызметінің экономиканың немесе жеке алғанда экономика саласының,  әлеуметтік
саланың, мемлекеттік басқарудың басқа салаларының дамуына  тигізетін  әсерін
кешенді және  объективті  талдау.   Мемлекеттік  қаржылық  бақылауды  жүзеге
асыру  кезінде  бірыңғай  көзқарасты  қамтамасыз  ету  мақсатында  Қазақстан
Республикасының Үкіметі  уәкілеттік  берген  ішкі  бақылау  жөніндегі  орган
Республикалық  бюджеттің  атқарылуын  бақылау  жөніндегі  есеп   комитетімен
келісім  бойынша  Бұзушылықтар   сыныптауышын   әзірлейді   және   бекітеді.
Бұзушылықтар сыныптауышы мынадай бұзушылықтар топтарын қамтиды:
1)  бюджетке  (кіріс  бөлігі)  қаражат  түсуі  кезінде  –  тиісті   бюджетке
салықтық,  салықтық  емес  міндеттемелерді  орындамау,   негізгі   капиталды
сатудан  түсімдерді  және  (немесе)  олардың  орындалуын  қамтамасыз  етпеу,
сондай-ақ бюджетке түсімдерді уақтылы,  толық  аудармау,  түсімдердің  артық
төленген сомаларын бюджеттен  қайтарудың  және  (немесе)  есепке  жатқызудың
тәртібін бұзу;
2) бюджет қаражатын және мемлекет  активтерін  пайдалану  кезінде  –  бюджет
қаражатын,   трансферттерді,   кредиттерді,    бюджеттік    инвестицияларды,
байланысты   гранттарды,   мемлекеттік   және   мемлекет   кепілдік   берген
қарыздарды,    мемлекет    кепілгерліктері    мен    активтерін    Қазақстан
Республикасының бюджет және өзге  де  заңнамасының  нормаларын  бұза  отырып
пайдалану;
3) бухгалтерлік  есеп  жүргізу  және  қаржылық  есептілік  жасау  кезінде  –
бастапқы  құжаттаманың  белгіленген   нысандарына   сәйкес   бастапқы   есеп
жүргізуді  сақтамау  салдарынан  бухгалтерлік  есеп  деректерінің   бастапқы
құжаттарға  сәйкес  келмеуіне  жол  беру,  тауар-материал  құндылықтары  мен
ақшалай қаражаттың жетіспеуі,  активтерді,  материалдарды,  құндылығы  төмен
тез тозатын заттарды негізсіз есептен шығару;
4) мемлекетке және бюджет қаражатын алушыларға залал (зиян)  келтіруге  әкеп
соқпаған және Қазақстан  Республикасының  заңдарында  белгіленген  әкімшілік
және  қылмыстық  жауаптылыққа  әкеп  соқпайтын,  бюджеттік  рәсімдерді  және
Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  сатып   алу   туралы   заңнамасының
рәсімдерін   орындаудың   белгіленген   мерзімдерін,   тәртібін    сақтамау.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес  қалпына  келтірілуге  жататын,
бақылау  нәтижелері  бойынша  анықталған  бұзушылықтар   сомалары   жұмыстар
орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) есепке  алу  бойынша
көрсету  жолымен  қалпына  келтірілуге  жатады.  Қазақстан   Республикасының
заңнамасына сәйкес өтелуге жататын, бақылау  нәтижелері  бойынша  анықталған
бұзушылықтар сомалары тиісті бюджет кірісіне  қайтарылуға  жатады.  Бюджетке
қайтару мемлекеттік қаржылық бақылау  органының  шешімі  және  (немесе)  сот
шешімі негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қаржылық  бақылау  органдары  өкілеттігі  шегінде  бақылаудың
мынадай түрлерін жүзеге асырады:
1) кешенді бақылау - бақылау объектілерінің нақты кезеңдегі қызметін  барлық
мәселелер бойынша бақылау және бағалау;
2) тақырыптық  бақылау  -  бақылау  объектісінің  нақты  кезеңдегі  қызметін
жекелеген мәселелер бойынша бақылау және бағалау;
3) үстеме бақылау - тексеріліп отырған мәселе шеңберінде бақылаудың  негізгі
объектісімен өзара қатынастар мәселелері бойынша  ғана  жүргізілетін  үшінші
тұлғалардың бақылауы;
4) бірлескен бақылау – мемлекеттік  қаржылық  бақылау  органдары  келісілген
мерзімде басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетін бақылау;
5) қосарлас  бақылау  –  мемлекеттік  қаржылық  бақылау  органдары  кейіннен
олардың  нәтижелерімен  алмаса  отырып,  келісілген  мәселелер  мен  жүргізу
мерзімдері бойынша өз бетінше жүргізетін бақылау.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1.Мемлекеттік қаржылық бақылау
2. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жүйесі
3. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың принциптері мен
стандарттары
4. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың үлгілері
   Ұсынылатын  әдебиет
1.Худяков, А.И.    Финансовое право Республики  Казахстан.  Особенная  часть
:Учебник.-Алматы:Норма-К,2002
2.Худяков А. Финансовое право РК. - А.,2002
3.Худяков, А.И.Основы теории финансового права.-Алматы, 1995
4.Финансове право РК. - А., 2000
5.Савин А.Ю. Финансовое право. - М., 1997
6.Финансовое право / Горбунова О. - М., 1996
7.Худяков А.И.Налоговое право РК/ - А-ты, 1998

3.Практикалық сабақтар
Тақырып 1.  Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы
  1. Бюджеттің ұғымы, қаржы – ұйымдық, экономикалық және материалдық бюджет
  ретіндегі құқықтық  категория.
  2.  Бюджет түрлері, реттеу әдістері
    3. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына түсінік
Ұсынылатын нормативтік актілер
1.Худяков, А.И.    Финансовое право Республики  Казахстан.  Особенная  часть
:Учебник.-Алматы:Норма-К,2002
2.Худяков А. Финансовое право РК. - А.,2002
3.Худяков, А.И.Основы теории финансового права.-Алматы, 1995
4.Финансове право РК. - А., 2000
5.Савин А.Ю. Финансовое право. - М., 1997
6.Финансовое право / Горбунова О. - М., 1996
7.Худяков А.И.Налоговое право РК/ - А-ты, 1998


Тақырып 2. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің қағидалары
1. Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің қағидалары
2.Бюджеттің түсімдері мен шығыстарына әсер ететін
нормативтік құқықтық актілер
Ұсынылатын нормативтік актілер
      1. Л. Давыдова, Д. Райманов Қазақстан Республикасының банк құқығы
      Алматы 2009ж.
      2. Худяков А.И. Финансовое право/ общая часть Алматы 2001ж.
      3.Найманбаев Салықтық құқық Алматы 2005ж.
      4.Худяков А.И. Страховое право РК Алматы 2003г.
      5.Найманбаева С.С. Финансовое право Алматы 2004г.


Тақырып 3. Бюджеттің түрлері мен деңгейлері туралы жалпы түсінік
1.Бюджеттің түрлері мен деңгейлері туралы жалпы
ережелер
2. Республикалық бюджет. Облыстық бюджет,  республикалық  маңызы  бар  қала,
астана бюджеттері
Ұсынылатын нормативтік актілер
      1. Л. Давыдова, Д. Райманов Қазақстан Республикасының банк құқығы
      Алматы 2009ж.
      2.Худяков А.И. Финансовое право/ общая часть Алматы 2001ж.
      3.Найманбаев Салықтық құқық Алматы 2005ж.
      4.Худяков А.И. Страховое право РК Алматы 2003г.
      5.Найманбаева С.С. Финансовое право Алматы 2004г.


Тақырып 4. Бюджет құрылымы
1. Бюджет түсімдері
2. Бюджет шығыстары
3. Бюджет құрылымы
Ұсынылатын нормативтік актілер
      1. Л. Давыдова, Д. Райманов Қазақстан Республикасының банк құқығы
      Алматы 2009ж.
      2.Худяков А.И. Финансовое право/ общая часть Алматы 2001ж.
      3.Найманбаев Салықтық құқық Алматы 2005ж.
      4.Худяков А.И. Страховое право РК Алматы 2003г.
      5.Найманбаева С.С. Финансовое право Алматы 2004г.

Тақырып 5. Бюджеттік бақылау және бюджет саласындағы басқару.
1. Бюджеттік компетенция, материалдық және процессуалдық бюджет құқығы.
2. ҚР ның Бюджет құқығы.
3. Әкімшілік аумақтық бөлініснің бюджет құқығы.
4. Республикаылқ және жерглікті бюджет.
Ұсынылатын нормативтік актілер
1.Худяков, А.И.    Финансовое право Республики  Казахстан.  Особенная  часть
:Учебник.-Алматы:Норма-К,2002
2.Худяков А. Финансовое право РК. - А.,2002
3.Худяков, А.И.Основы теории финансового права.-Алматы, 1995
4.Финансове право РК. - А., 2000
5.Савин А.Ю. Финансовое право. - М., 1997
6.Финансовое право / Горбунова О. - М., 1996
7.Худяков А.И.Налоговое право РК/ - А-ты, 1998

Тақырып 6. Бюджет процессі.
1. Бюджет процесінің ұғымы.
2. Бюджет процесінңі қағидалары.
3. Бюджет процессінің сатылары бюджеттік жоспар.
4. Бюджеттің қорытндысы есебін құрасытыру және мақұлдау
Ұсынылатын нормативтік актілер
1.Худяков, А.И.    Финансовое право Республики  Казахстан.  Особенная  часть
:Учебник.-Алматы:Норма-К,2002
2.Худяков А. Финансовое право РК. - А.,2002
3.Худяков, А.И.Основы теории финансового права.-Алматы, 1995
4.Финансове право РК. - А., 2000
5.Савин А.Ю. Финансовое право. - М., 1997
6.Финансовое право / Горбунова О. - М., 1996
7.Худяков А.И.Налоговое право РК/ - А-ты, 1998

Тақырып 7. Бюджетаралық қатынастар
1. Бюджетаралық қатынастар туралы жалпы ережелер
2. Бюджетаралық қатынастардың қағидалары
3.Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары
Ұсынылатын нормативтік актілер
1.Худяков, А.И.    Финансовое право Республики  Казахстан.  Особенная  часть
:Учебник.-Алматы:Норма-К,2002
2.Худяков А. Финансовое право РК. - А.,2002
3.Худяков, А.И.Основы теории финансового права.-Алматы, 1995
4.Финансове право РК. - А., 2000
5.Савин А.Ю. Финансовое право. - М., 1997
6.Финансовое право / Горбунова О. - М., 1996
7.Худяков А.И.Налоговое право РК/ - А-ты, 1998

Тақырып 8. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер
1. Республикалық бюджетке түсетін түсімдер
2. Облыстық бюджетке түсетін түсімдер
3.Республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне
түсетін түсімдер
Ұсынылатын нормативтік актілер
1.Худяков, А.И.    Финансовое право Республики  Казахстан.  Особенная  часть
:Учебник.-Алматы:Норма-К,2002
2.Худяков А. Финансовое право РК. - А.,2002
3.Худяков, А.И.Основы теории финансового права.-Алматы, 1995
4.Финансове право РК. - А., 2000
5.Савин А.Ю. Финансовое право. - М., 1997
6.Финансовое право / Горбунова О. - М., 1996
7.Худяков А.И.Налоговое право РК/ - А-ты, 1998

Тақырып 9. Бюджеттік комиссиялар
1. Бюджеттік комиссиялар туралы негізгі ережелер

2. Бюджеттік комиссиялардың құзыреті
3. Бюджеттік комиссиялардың құрамы мен жұмыс
органдары
Ұсынылатын нормативтік актілер
1.Худяков, А.И.    Финансовое право Республики  Казахстан.  Особенная  часть
:Учебник.-Алматы:Норма-К,2002
2.Худяков А. Финансовое право РК. - А.,2002
3.Худяков, А.И.Основы теории финансового права.-Алматы, 1995
4.Финансове право РК. - А., 2000
5.Савин А.Ю. Финансовое право. - М., 1997
6.Финансовое право / Горбунова О. - М., 1996
7.Худяков А.И.Налоговое право РК/ - А-ты, 1998

Тақырып 10. Бюджетті жоспарлау негіздері туралы жалпы ережелер
1. Бюджетті жоспарлау негіздері туралы жалпы ережелер
2. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы
3. Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспары. Операциялық жоспар
Ұсынылатын нормативтік актілер
1.Худяков, А.И.    Финансовое право Республики  Казахстан.  Особенная  часть
:Учебник.-Алматы:Норма-К,2002
2.Худяков А. Финансовое право РК. - А.,2002
3.Худяков, А.И.Основы теории финансового права.-Алматы, 1995
4.Финансове право РК. - А., 2000
5.Савин А.Ю. Финансовое право. - М., 1997
6.Финансовое право / Горбунова О. - М., 1996
7.Худяков А.И.Налоговое право РК/ - А-ты, 1998


Тақырып 11. Бюджетті әзірлеу
1. Бюджетті әзірлеу туралы жалпы ережелер
2. Бюджет түсімдерін болжау
3. Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін  бюджеттік  бағдарламалардың  әкімшілері
ұсынатын құжаттар
   Ұсынылатын  әдебиет
1.Худяков, А.И.    Финансовое право Республики  Казахстан.  Особенная  часть
:Учебник.-Алматы:Норма-К,2002
2.Худяков А. Финансовое право РК. - А.,2002
3.Худяков, А.И.Основы теории финансового права.-Алматы, 1995
4.Финансове право РК. - А., 2000
5.Савин А.Ю. Финансовое право. - М., 1997
6.Финансовое право / Горбунова О. - М., 1996
7.Худяков А.И.Налоговое право РК/ - А-ты, 1998



Тақырып 12. Төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу, енгізу
немесе оның қолданысын тоқтату
1. Төтенше мемлекеттік  бюджетті  әзірлеу,  енгізу  немесе  оның  қолданысын
тоқтату үшін негіз
2. Төтенше мемлекеттік бюджеттің жобасын әзірлеу
   Ұсынылатын  әдебиет
1.Худяков, А.И.    Финансовое право Республики  Казахстан.  Особенная  часть
:Учебник.-Алматы:Норма-К,2002
2.Худяков А. Финансовое право РК. - А.,2002
3.Худяков, А.И.Основы теории финансового права.-Алматы, 1995
4.Финансове право РК. - А., 2000
5.Савин А.Ю. Финансовое право. - М., 1997
6.Финансовое право / Горбунова О. - М., 1996
7.Худяков А.И.Налоговое право РК/ - А-ты, 1998

Тақырып 13. Бюджеттің атқарылуы
1. Бюджеттің атқарылуы туралы жалпы ережелер
2. Бюджеттің атқарылу негізі болып табылатын құжаттар
3. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары,  түсімдердің  және
төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары
Ұсынылатын  әдебиет
1.Худяков, А.И.    Финансовое право Республики  Казахстан.  Особенная  часть
:Учебник.-Алматы:Норма-К,2002
2.Худяков А. Финансовое право РК. - А.,2002
3.Худяков, А.И.Основы теории финансового права.-Алматы, 1995
4.Финансове право РК. - А., 2000
5.Савин А.Ю. Финансовое право. - М., 1997
6.Финансовое право / Горбунова О. - М., 1996
7.Худяков А.И.Налоговое право РК/ - А-ты, 1998

Тақырып 14. Бюджеттік есепке алу
1. Бюджеттік есепке алу бойынша негізгі ережелер
2. Бюджеттік есептіліктің сапалық сипаттамалары
3. Бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсыну
   Ұсынылатын  әдебиет
1.Худяков, А.И.    Финансовое право Республики  Казахстан.  Особенная  часть
:Учебник.-Алматы:Норма-К,2002
2.Худяков А. Финансовое право РК. - А.,2002
3.Худяков, А.И.Основы теории финансового права.-Алматы, 1995
4.Финансове право РК. - А., 2000
5.Савин А.Ю. Финансовое право. - М., 1997
6.Финансовое право / Горбунова О. - М., 1996
7.Худяков А.И.Налоговое право РК/ - А-ты, 1998
Тақырып 15. Мемлекеттік қаржылық бақылау
1.Мемлекеттік қаржылық бақылау
2. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жүйесі
3. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың принциптері мен
стандарттары
   Ұсынылатын  әдебиет
1.Худяков, А.И.    Финансовое право Республики  Казахстан.  Особенная  часть
:Учебник.-Алматы:Норма-К,2002
2.Худяков А. Финансовое право РК. - А.,2002
3.Худяков, А.И.Основы теории финансового права.-Алматы, 1995
4.Финансове право РК. - А., 2000
5.Савин А.Ю. Финансовое право. - М., 1997
6.Финансовое право / Горбунова О. - М., 1996
7.Худяков А.И.Налоговое право РК/ - А-ты, 1998


4 Курстық жұмыс қарастырмаған

5. Студенттердің өздік жұмысы
5.1.Студенттердің өздік жұмысын орындаудағы  әдістемелік нұсқаулар
   Өздік  жұмысының  кең  таралған  және  маңызды  түрлерінің  бірі   –   ол
тәжірибелік   сабақтарға   және   ғылыми   конференцияларға    студенттермен
әзірленетін рефераттар болып саналады. Бұл өздік жұмыстың түрі  өте  қызықты
және маңызды, өйткені ол студентті ғылыми  зерттеулерге  баулиды.  Рефератты
дайындау студенттердің ғылыми-ізденіс жұмыстарының элементі  ретінде  оларды
аудиторияның алдында сөйлеуге мүмкіндік береді. Осының  бәрі,  студенттердің
рефераттық жұмыстарын басқаруын ұйымдастыруға үлкен жауапкершілік артады.
   Рефераттың  тақырыбын  таңдап  алу  өте  маңызды  орын   алады,   өйткені
студенттің өздік жұмысқа деген қызығушылығы,  алынған  тақырыпқа  байланысты
болады. Сондықтан, оқытушыға студенттің тақырыпты дұрыс таңдап алуына  көмек
жасап, рефератты әзірлеу  барысында  оған  жалпы  басқаруды  қамтамасыз  ету
қажет.
   Рефератты әзірлеуінің бірінші кезеңі - әдебиетті дұрыс  таңдау,  ол  үшін
кітапханадағы  каталогтарды   және   басқада   библиографиялық   нұсқауларды
қолданған жөн. Студентті анықтамалық әдебиеттермен, термин –  аудармалармен,
әдістемелік нұсқаулармен, ғылыми журналдармен қолдануға үйрету қажет.
   Екінші кезең – танысу,  мәліметті  топтастыру  және  талдау.  Ең  алдымен
тақырып бойынша негізгі құжаттарды оқып,  оларды  зерттеуден  бастау  керек.
Осы жұмыс барысында тақырыптың негізгі сұрақтары  біліне  бастайды,  олардың
реттілігі және бастапқы жоспары. Сонан  кейін,  жоспардың  сұрақтары  арқылы
барлық зерттелген әдебиет бойынша мәліметті топтастыру қажет.
   Барлық мәлімет жиналғаннан  кейін,  жоспарды  ретке  келтіріп,  рефератты
құрастыруға және жазуға кірісуге  болады.  Бұл  реферат  әзірлеуінің  үшінші
соңғы кезеңі болмақ. Ақырында пайдаланған әдебиет тізімін келтіру қажет.
   Оқытушыға студенттерді қатал бақылауының қажеті  жоқ,  керісінше  олардың
ынтасын марапаттау қажет.
   Реферат  толығымен  әзірленбей  тұрып,  оқытушы   студенттің   дайындаған
жоспарын қарап шығу қажет.
   Рефератты ресімдеу сұрақтары бойынша арнайы кеңес берген жөн.
   Рефераттың  титулды  бетіне  университеттің  және  факультеттің   атауын,
мамандығын, тақырыбын, өзінің аты – жөнін, жазылған жылын көрсету қажет.
   Келесі бетте, цифрлармен белгіленген рефераттың жоспары көрсетіледі.
   Жоспардағы сұрақтардың жауабын жаңа беттен бастаған жөн.  Рефератты  жазу
барысында беттерді нөмірлеп, сол жақтан (3 см) жолдарды қалтыру керек.
   Ақырғы бетте пайдаланған әдебиеттің тізімі көрсетіледі, олардың  жазылуын
алдын ала оқытушы студенттерді таныстырады.
   Реферат  жұмысы  аяқталғаннан  кейін,  оны  студент  тексеруге  оқытушыға
тапсырады, сонан кейін барып ол жұмысқа : «сыналды», «сыналған  жоқ»  немесе
«қанағаттандырылған», «жақсы», «өте жақсы» деген баға беріледі.
    Рефераттық жұмыстардың  есепке  алуының  жеке  журналы  болғаны   немесе
рефераттарды болашақ оқу жұмыстарында пайдалану үшін  оқу  залында  сақтаған
жөн.

Пәндер