Файл қосу
Қылмыстық процесс сатылары
1- такырып. Әкімшілік мәжбүрлеу 1. Әкімшілік мәжбүрлеу: мәні және түрлері. 2. Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы. 3. Әкімшілік алым алу шараларының түсінігі және тағайындалуы. 1.Әкімшілік мәжбүрлеу: мәні және түрлері. Әкімшілік мәжбүрлеудің белгілі бір шаралар жүйесі ретінде бірнеше айрықша белгілері бар, олар оны мемлекеттік мәжбүрлеудің дербес бір түрі ретінде бөлуге мүмкіндік береді. Әкімшілік мөжбүрлеу мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше түрі больш табылады, оның міңдеті көпшілігіңде мемлекеттік басқару аясында қалыптасатъш қоғамдық қатынастарды қорғау. Әкімшілік мәжбүрлеу шараларын тиісті органдар мен лауазымды адамдар атқарушы билікті іске асыру процесіңде пайдаланады, бұл олардың мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері көрінісінің нәтижесі больш табылады. Әкімшілік ықпал етудің барлық шараларына биліктік-мәжбүрлеу сипаты тән. Әкімшілік мәжбүрлеудің бұл белгісін ерекше атап айту қажет, өйткені кейбір авторлар әкімшілік ықпал жасаудың бірқатар шараларының (мысалы, карантин қоюдың, кедеңдік тексерудің) мәжбүрлеу сипаты мойыңдамайды, оларды құқықтық тыйым салумен және міндеттермен, қүқықтың міндеттейтін нормаларының өздерімен теңдестіреді, олар, әрине, мәжбүрлеу шаралары болып табылмайды. Қоғамдық қатынастардың және осы өатынастарға құқыққа қарсы қолсұғушылық жасаудың объективті сипатымен айқындалатын құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің мақсаттары мен тәсіліне байланысты әкімшілік мәжбүрлеудің барлық шараларын үш топқа бөлуге болады: әкімшілік- алдын алу шаралары; әкімшілік-жолын кесу шаралары; әкімшілік жазалау шаралары 2. Әкімшілік ескерту шараларының түсінігі және тағайындалуы. Әкімшілік – ескерту шаралары - мемлекеттік басқару сферасында мүмкін болатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, сонымен қатар табиғи апат жағдайлары, авариялар, бақытсыз жағдайлар кезінде қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз ету мақсатында қолданылатын мәжбүрлеу шаралары Әкімшілік – ескерту (алдын алу) шаралары алуан түрлі. Солардың ішінде анағұрлым кең тарағандары: - тұрғын үйлерге және қызметтік кеңселерге полиция қызметкерлерінің кіруі, мысалы, төл құжаттық тәртіпті (режимді) сақтауларын тексеру үшін; - құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында құжаттарды тексеру, мысалы, жүргізушілерден – жүргізуші куәлігін, жолдама, тауаркөліктік құжаттар; азаматтардан – жеке басын куәландыратын құжаттар, аңшылар мен балық аулаушылардан - тиісті лицензияларын тексеру; - мемлекеттік шекара арқылы өткенде контрабанданың алдын алу мақсатында, сонымен қатар азаматтық авиация кемелерінде ұшу кезінде тиым салынған жүктерді және құралдарды (мысалы, қару –жарақ, жарлығыш заттар, тез жанатын, улы заттар, сонымен қатар есірткілерді) табу мақсатында заттарды, қол жүктерін қарау, сондай-ақ жеке басын қарау; - көліктер мен жаяу адамдардың қозғалысын қозғалыс қауіпсіздігіне төнген қауіп –қатерді төнген кезде тоқтату немесе шектеу, мысалы, табиғи апаттар кезінде, жол апаттарында, жолдарды, газ, электр және басқада желілерді жөндегенде); - желіге техникалық бұзылған көліктерді шығаруға тиым салу; - тұлғалардың (мысалы, тамақ өнеркәсібі мен сауда қызметкерлерінің) денсаулық жағдайларын және кәсіпорындардың (мысалы, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының) санитарлық жағдайларын тексеруден өткізу; - эпидемия және эпизотиялар кезінде карантин енгізу (мысалы, кіруге және шығуға тиым салу немесе шектеу); - бас бостандығын айыру орындарынан келген тұлғаларды әкімшілік қадағалау; - мүліктерді реквизициялау, яғни мүліктің ақысын төлеп мәжбүрлеп алу (мысалы, әскери жағдай кезінде жеке көліктерді алу). 3. Әкімшілік алдын алу шараларының түсінігі және тағайындалуы. Жеке адамды жеке бас бостандығынан, атап айтқанда, оның құқыққа қарсы әрекетін тыю мақсатымен белгілі бір уақыт ішінде арнаулы орында мәжбүрлеп ұстай отырып, іс-әрекет және жүріп-тұру бостандығынан уақытша айыру. Оны ішкі істер органдарының ( полицияның) қызметкері; төтенше жағдай жарияланған жердің комендатурасы мен әскери сақшысы; шекара қызметінің органдары; күзетілетін объект орналасқан жердегі аға әскери қызметші, ішкі істер органдарының қызметкері, әскерилендірілген күзеттің лауазымды адамы; барлық қорғау органдары; көлік бақылау органдары; әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары; қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау органдары; салық қызметі мен салық полициясы органдарының лауазымды адамдары; кен кадағалаудың, шекаралық қызмет органдарының, т.б. лауазымды адамдары; кеден органдарының лауазымды адамдары; Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің лауазымды адамдары; сот приставтары жүзеге асыра алады. 2- такырып. Әкімшілік жауапкершілік 1. Әкімшілік жауапкершілік түсінігі, негізгі белгілері. 2.Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы. 3. Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі. 4.Әкімшілік жазаларды тағайындау. 5.Кәмелет жасына толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі. 1. Әкімшілік жауапкершілік түсінігі, негізгі белгілері. Әкімшілік жауапкершілік — азаматтар мен лауазымды адамдардың өздерінің әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін заң алдындағы жауапкершілігінің бір түрі. Кінәлі адамдар өзі құқық бұзған уақытта және территорияда қолданылатын заңдар негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республика Парламентінің депутаттарын — сәйкесті Парламент палатасының, жергілікті мәслихат депутаттарын — сәйкесті өкілетті органның келісімінсіз, ал Қазақстан Республикасының судьяларын Қазақстан Республика Президентінің келісімінсіз Әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды. Сондай-ақ республикадағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды, өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмайтын, есі дұрыс емес адамдарды т.б. Әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты мәселелер қолданыстағы әкімшілік кодексте егжей-тегжейлі көзделген. 2. Әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы. Әкімшілік құқық бұзушылық — мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың жеке меншігіне, құқылары мен бостандықтарына, белгіленген басқару тәртібіне нұқсан келтіретін кінәлі (қасақана немесе абайсыз істелген) әрекет немесе әрекетсіздік. Бұл үшін арнаулы заңдарда әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделген. Әкімшілік құқық бұзушылықты кейде “әкімшілік теріс қылық” деп те атайды. Жеке адамның әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып танылады. Әкімшілік құқықта да қылмыстағы құқық сияқты қылмыс құрамы болады. Олар: субъект, субъективті жағы, объект, объективті жағы. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі - әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, 16 жасқа толған және ақыл есі дұрыс тұлға. Бұл жалпы субъект болып табылады. Арнайы субъект- лауазымды тұлғ,алар, диплматиялық қорғаншылықтарды пйдаланбайтын шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар; ерекше субъект - әскери қызметкерлер, әскери жиында жүрген азаматтар, прокурорлар, ІІО қатардағы және басшы құрамындағы тұлғалар, қаржы полициясы мен кеден органдарының қызметкерлері. Әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісі құқық нормаларымен реттелетін және әкімшілік жауапкершілік шараларымен қорғалатын қоғамдық қатынастар. Оның 4 түрі бар: жалпы объект, текті объект , түрлі объект, тікелей объект. Әкімшілік құқық бұзушылықтың объективті жағы - бұл әкімшілік құқық бұзушылықтың сыртқы жағын білдіретін белгілердің жиынтығы. Оған мыналар жатады: 1) құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік; 2) құқық бұзушылықтың сипаты (әлденеш рет жасау, қайталану); 3) құқық бұзушылық уақыты (күндіз, түнде); 4) оның тигізген зиянды салдарлары (зиянның мөлшері кейде әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық шараларын қолдануды анықтайды); 5) құқық бұзушылық істеген кезде пайдаланылған құралдар (көлік құралы, ішімдік заттары, есірткі заттары, қару-жарақ). Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективті жағы құқық бұзушының істеген құқыққа қайшы әрекетіне немесе әрекетсіздігіне және оның салдарларына ішкі, психикалық қатысы. Құқық бұзушылықтың субъективті жағының міндетті белгісі - кінә. Оның 2 нысаны бар: қасақана және абайсызда; Факультативті белгілері : мақсат және себеп. 3.Әкімшілік жазалардың түрлері және түсінігі. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылатын жазалар: ескерту жасау; әкімшілік айыппұл салу; әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, өтемін төлеп алу; әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей жасау объектісі болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу; арнаулы құқықтан айыру; лицензиядан айыру, т.б.; жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу; заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау; әкімшілік қамауға алу; шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ, адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру. Ескерту, әкiмшiлiк айыппұл салу және әкiмшiлiк қамауға алу тек негiзгi әкiмшiлiк жазалар ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн. Арнаулы құқықтан айыру, лицензиядан (арнайы рұқсаттан, біліктілік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, кәсіпкерлік қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, сондай-ақ шетел азаматтарын немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкімшілік жолмен кетіру негізгі, сол сияқты қосымша әкімшілік жазалар ретінде қолданылуы мүмкін. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты өтемiн төлеп алып қою, тәркiлеу, салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау тек қосымша әкiмшiлiк жаза ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн. 4. Әкімшілік жазаларды тағайындау. Әкімшілік жаза тағайындау кезінде жасалған құқық бұзушылықтың сипаты, құқық бұзушының жеке басы, оның кінәсінің дәрежесі, мүліктік жағдайы, жауапкершілігін жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар ескеріледі. Мыналар әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайлар болып танылады: 1) кiнәлi адамның өкiнуi; 2) кiнәлi адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын болдырмауы, залалды өз еркiмен өтеуi немесе келтiрiлген зиянды жоюы; 3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты күштi жан толқынысының әсерiмен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау; 4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы; 5) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жүктi әйелдiң немесе үш жасқа дейiнгi баласы бар әйелдiң жасауы; 6) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесiнде жасау; 7) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қажеттi қорғанудың заңдылығы шарттарын бұзу, құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе өкiмдi орындау кезiнде жасау; 8) әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет абайсызда жасау.Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарайтын судья, орган (лауазымды адам) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталмаған мән-жайларды да жеңiлдететiн мән-жайлар деп тануы мүмкiн. Мыналар әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар деп танылады: 1) құқыққа қарсы мiнез-құлықты, прокурордың заңды түсiндiргенiне және (немесе) оны тоқтату туралы оған уәкiлеттi адамдардың талап етуiне қарамастан оны жалғастыра беру; 2) бұрын жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылығы үшiн әкiмшiлiк жазалауға ұшыратылған, ол бойынша осы Кодекстiң 66-бабында көзделген мерзiмi бiтпеген адамның бiртектi әкiмшiлiк құқық бұзушылықты бiр жыл iшiнде қайталап жасауы; 3) кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа тарту; 4) кiнәлi адамның бiле тұра ауыр психикалық аурумен ауыратын адамдарды, не әкiмшiлiк жауаптылығы туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тартуы; 5) ұлттық, нәсiлдiк және дiни жек көрушiлiк немесе жауласушылық себебi бойынша, басқа адамдардың заңды әрекетi үшiн кек алу, сондай-ақ басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оның жасалуын жеңiлдету мақсатында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау; 6) адамға немесе оның жақындарына қатысты белгiлi бiр адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiптiк немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау; 7) кiнәлi адамның бiле тұра жүктi әйелдерге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не кiнәлiге тәуелдi адамға қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау; 8) адамдар тобының әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауы; 9) табиғи апат жағдайында немесе басқа да төтенше жағдайлар кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау; 10) маскүнемдiк, нашақорлық немесе уытқұмарлық масаю күйiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау. Әкiмшiлiк жаза қолданатын судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың сипатына қарай оны жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп танымауы мүмкiн. Бiр адам екi немесе одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде әрбiр құқық бұзушылық үшiн жеке-жеке әкiмшiлiк жаза қолданылады. 5. Кәмелет жасына толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде он алты жасқа толған, бiрақ он сегiз жасқа толмаған адамдар осы тараудың күшi қолданылатын кәмелетке толмағандар деп танылады.Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шаралары қолданыла отырып, әкімшілік жаза тағайындалуы мүмкін. 3 -тақырып. Әкімшілік процессуалдық қызмет 1.Әкімшілік үрдіс: мәні және түрлері. 2.Әкімшілік юрисдикциялық өңдіріс: негізгі белгілері, қағидалары, құрылымы. 3.Әкімшілік үрдіс: негізгі белгілері, қағидалары, құрылымы. 4.Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша істің жүргізілуі (немесе өндіріс). 1.Әкімшілік үрдіс: мәні және түрлері. Әкімшілік процесс – бұл мемлекеттік басқару сферасында атқарушы органдармен, ал заңмен көзделген жағдайда өзге де органдармен (лауазымды тұлғаларлмен) де жеке нақты істерді шешудің құқықпен реттелген тәртібі. Әкімшілік процестің мазмұны – бұл басқару сферасында өз өкілеттілігі мен міндетін атқаратын әкімшілік құқықтың субъектілерінің нақты тәртіпте істелінетін әрекеттері. Мазмұны бойынша бөлінген әкімшілік процестің бөлімдері: 1) Әкімшілік құқық шығармашылық процесі; 2) Құқық беруші процесс (мадақтау өндірісі, таратушы өндіріс, рұқсат берушілік өндіріс, жеке құрамды жинақтау бойынша өндірісі); 3) Әкімшілік – юрисдикциялық процесс ( азаматтардың шағымдары мен өтініштері бойынша өндіріс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізушілік, акімшілік бұлтартпау шараларын қолдану бойынша өндіріс, тәртіптік іс жүргізушілік). 2. Әкімшілік юрисдикциялық өңдіріс: негізгі белгілері, қағидалары, құрылымы. Процеске оның бір тарабы ретінде қатысатын азаматтардың әкімшілік- процессуалдық статусы екі негізгі заңды белгілермен анықталады: 1) істің негізінде заңды мүдделі болуы; 2) азаматқа нақты әкімшілік іс бойынша қабылданған шешімнің барлық құқықтың салдарлары таралады. Әкімшілік-юрисдикциялық процеске мына іс жүргізулер жатады: әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс; қоғамға үлкен қауіп төндірмейтін қылмыстың белгілері бар әрекеттер туралы істер бойынша әкімшілік жазалау шараларын қолдану; әкімшілік кесу шараларын қолдану; арыздар, шағымдар; ҚР-сының шегінен шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ тұлғаларды қуу; өздігінен шаруашылық және тұрмыстық құрылыстарды қулату туралы істер; бюджетке белгіленген мерзімде төлемеген салықтар және өзге де төлемдерді төлеттіру туралы істер, кәсіпорындардан бірінші кезекте және даусыз; даусыз тәртіпте республикалық бюджеттен бөлінген және мақсатқа сай пайдаланылмаған құжаттарды бюджетке қайтару; жерлерді пайдалану ерекшеліктерін үздіксіз бұзғаны үшін жер учаскелерін алу. 3. Әкімшілік үрдіс: негізгі белгілері, қағидалары, құрылымы. Әкімшілік процесс мемлекеттік басқарудың жалпы қағидаларына сүйенеді: 1) Заңдылық қағидасы – ҚР Конституциясының талаптарын қатаң түрде сақтай отырып жүргізу. 2) Объективтілік (әділдік) қағидасы – істің барлық жағдайларын (мән- жайларын) жан-жақты және әділ тексеруді білдіреді. 3) Азаматтардың заң алдында және істі шешуші (қараушы) органның алдында теңдігі қағидасы. 4) Жариялық қағидасы – ереже ойынша, процесс ашық жүргізіледі. Процеске қатысушылардың кедергісіз процессуалдық құқықтарын пайдалануға толық мүмкіндіктері бар, іс материалдарымен, іс бойынша қабылданған шешімдерімен, құжаттармен танысуға мүмкіндіктері бар. 5) Істі ұлттық тілде жүргізу қағидасы. 6)Тиімділік жне үнемділік қағидасы. 7)Процестің безвозмездности қағидасы – процесті жүргізуге және құжаттарды ресімдеуге ешқандай ақы төленбейді, процеске қатысушыларға қол жеткізушілік қамтамасыз етілген. 8)Процестің ережесін бұзғаны және қабылдаған актісі үшін жауапкершілік қағидасы. 4.Әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша істің жүргізілуі (немесе өндіріс). Әкімшілік процесс құрылымында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс өте маңызды элемент болып табылады.Оны өкілетті субъектілердің әкімшілік жазаны қолдану бойынша қызметі және осы кезде туындап әкімшілік құқық нормаларымен реттелген қатынастардың жиынтығы ретінде де қарастыруға да болады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістің міндеттері: 1) әрбір істің мән – жайларын өз уақытында, жан - жақты, толық және әділетті түрде (объективті) айқындау; 2) оны заңнамамен нақты сәйкестендіре шешу; 3) шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету; 4) әкімшілік құқық бұзушылықты жасауға итермелеген, ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау;құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтарды заңдарды сақтау рухында тәрбиелеу, заңдылық нығайту. Кез келген процесс кезеңдерге (стадияларға) бөлінеді. Кезең (стадия) дегеніміз – процесс субъектілерінің бірінен соң бірі істелінетін, бір бірімен байланысты нақты әрекеттері. Әкімшілік-процессуадлық кезеңдер процестің қозғалысын көрсетеді: - оның алғашқы сәттері; - аралық бөліктері; - процессуалдық актіде ресімделетін қисынды (логикалық) аяқталған бөлімі. Әрбір кезең бір- бірінен дербес, өзінде нақты аралық міндеттерді шешуге арналған өз мақсаттары бар. Процестің кез келген кезеңінде оған қатысушылар арнайы процессуалды рөлді атқарады, сәйкес процессуалдық құқықтар мен міндеттерге ие болад (беріледі), анықталған тәсілмен белгіленген процнссуалдық іс- әрекеттер жасайды. Кейбір кезеңдер (стадиялар) процестің аяқталу сипатында жүреді. 4- такырып. Мемлекеттік басқару аясындағы заңдылықты бақылау және қадағалау 1. Басқару аясындағы заңдылық. 2. Мемлекеттің басқарудағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі. 3.Қазакстан Республикасы Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері. 4.Аткарушы билікке қатысты соттық бақылаудың мәні мен ерекшеліктері, онын түрлері. 5. Әкімшілік қадағалаудың түсінігі. 6. Прокурорлық қадағалау. 7.Адам құқығы бойынша уәкілетті органның мемлекеттік басқарудағы заңдылықты қамтамасыз етудегі ролі. 1.Баскару аясындағы заңдылық. ҚР-сы Конституциясының 34-6. сәйкес мемлекеттік билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар, азаматтар және олардың бірлестіктері Конституция мен заңдарды сақтауға міндетті. Конституцияның 4-6. 2-т. бойынша оның ең жоғары заңдық күші бар, соңдықтан республикада қабылданатын заңдар және өзге де құқықтық актілер елдің Ата заңына қайшы келмеуге тиіс. Әрине, заңға тәуелді актілер де Конституция мен заңдарға, соңдай-ақ ҚР-сы Президентінің және жоғары тұрған атқарушы билік органдарының актілеріне сәйкес болуы керек. 2. Мемлекеттің басқарудағы заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдерінің түсінігі, жүйесі. Атқарушы билік органдары қызметінің тиімділігі тек заңдылықтың дәрежесіне ғана емес, басқарушылық процеске қатысушылардың тәртібіне де байланысты. Мемлекеттік тәртіп деп барлық азаматтардың мемлекеттің және оның өкілетті органдарының тағайындаған тәртіптері мен ережелеріне саналы түрде бағынулары, мінез-құлық нормаларын қатал сақтаулары, іс-әрекеттерінің келісімділігі, мемлекеттік қызметшілердің жалпы және лауазымдық міндеттерін және басшыларының өкімдерін орыңдаулары түсініледі. Заңдылықты қамтамасыз ететін шаралар тәртіпті нығайтуға мүмкіндік туғызады. Сонымен бірге атқарушы билік органдарының қызметінде зан-дылық пен тәртіпті сақтау мен нығайту жөнінде міндет жүктелген мемлекеттік органдардың ерекше жүйесі бар. Қорытып айтқанда, олардың қолданатын әр түрлі қүқықтық жөне үйымдастыру қызметінің нысандары мен әдістері, практикалық іскерліктері, іс тындырулары заңдылықты қамтамасыз етудің тәсілдері деп аталады. Бүлар — бақылау жөне қадағалау. Негізінде мемлекеттік бақылаудың мынандай түрлері айырылады: Президенттік бақылау; Заң шығарушы (өкілді) билік органдарының бақылауы; Атқарушы билік органдарының бақылауы. 3.Қазакстан Республикасы Президентінің бақылау жүргізу өкілеттіліктері. ҚР- сы Президентіне, мемлекет басшысы ретінде, атқарушы билікті жүзеге асыру аясында Конституциямен бірқатар маңызды бақылау өкілеттіктері берілген. Олар ең алдымен оның, Конституцияның 40-6. бойына, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқ-ындау өкілеттігінен көрініс табады, оларды жүзеге асыру тиісті атқ-арушы билік органдарына жүктеледі. Президент бақылау өкілеттіктерін сондай-ақ Үкіметті, ҚР-сы Премьер- Министрінің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын белгілеген және өзге де орталық атқарушы билік органдарын құрған кезде, бұдан басқа да, лауазымды адамдарды, атап айтқанда ҚР-ның Премьер-Министрін, оның орынбасарлары мен министрлерді, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдерін тағайындаған кезде, Қауіпсіздік Кеңес пен Президенттің Әкімшілігін құрған кезде, Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығын қызметке тағайындаған кезде жүзеге асырады. 4.Аткарушы билікке қатысты соттық бақылаудың мәні мен ерекшеліктері, онын түрлері. Сот билігін мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде тек нақты сот істерін қарауға ғана апарып тіреуге болмайды. Сот билігі -қүқықтық мемлекеттің ажыратылмас элементі. Ол өрі күшті, өрі тәуелсіз болғандықтан әркімнің қүқықтарының кепілі болып табы-лады және оларға кім болса да қолсүғатын болса, ол қүқықтарды қорғай алатын болуға тиіс. Сонымен бірге сот билігінің бүдан да кем емес маңыздылығы - бүл әрі атқарушы биліктің қалыпты жүмыс істеуінің де кепілі. Сот билігі тек сот төрелігімен ғана емес, соны-мен бірге атқарушы биліктің шешімдері мен іс-әрекеттеріне белсенді ықпал ету мүмкіндігімен де сипатталады. 5.Әкімшілік қадағалаудың түсінігі. Әкімшілік қадағалау - бұл құқық бұзушылықтың ал-дын алу, табу және жолын кесу, бұйырылған тәртіпті қалпына келтіру және кінәлілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсатында әкімшілік мәжбүрлеудің кешенді шараларын пайдалана отырып, атқарушы биліктің арнаулы органдарының ұйымдық жағынан ба-ғынышты емес органдар, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, лауа-зымды адамдар мен азаматтар жөнінде олардың жалпы міндетті нор-маларды, ережелерді, стандарттарды, талаптарды орындаулары тура-лы жүзеге асыратын мемлекеттік басқарушылық қызметтің ерекше түрі. Негізгі қызметі әкімшілік қадағалау болып табылатын орталық атқарушы билік органдарына: Тау-кен қадағалау, ядролық жоне радиация қаупсіздігі жөніндегі қадағалау, министрліктердегі және өзге орталық атқарушы билік органдарындағы әр түрлі инспекциялар (ветеринарлык, балық, өрт, геодезия, т.б.), сондай-ақ аумақтық қадағалау органдары (мысалы, энергетикалық) жатады. 6. Прокурорлық қадағалау. ҚР-ның прокуратурасы - мемлекет атынан Республика аумағында заңдардың, Президенттің жарлықтарының жөне өзге де нормативтік құкықтық актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуытна жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Бұл оның негізгі функциясы. Қадағалаудың мақсаты Конституция мен заңдардың үстсм тұруын, заңдылықтың бірыңғайлығы мен нығайтылуын , адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сондай-ақ мемлскеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қамтамасыз етеді. 7. Адам құқығы бойынша уәкілетті органның мемлекеттік басқарудағы заңдылықты қамтамасыз етудегі ролі. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес танылатын және кепiлдiк берiлетiн адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепiлi ретiндегi өзiнiң конституциялық өкiлеттiктерiн iске асыруына жәрдемдесетiн консультативтiк- кеңесшi орган болып табылады. Комиссия қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы жүзеге асырады. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк хатшысы өкiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 5- такырып. Әкімшілік-құкықтык режимдер 1.Әкімшілік-құкықтық режимдерінің түсінігі, түрлері. 2.Төтенше жағдайдың құқықтық режимі. Төтенше жағдай режимінің мазмұны. 3.Ерекше жағдай режимі. Ерекше жағдай режимінің құқықтық негізі. 4.Соғыс жағдай режимі. 5.Мемлекеттік шекараны қорғау режимі, оның құқықтық негізгі құрамдас бөліктері: мемлекеттік шекара режимі, шекаралык режим, мемлекеттік шекарадан өткізу пунктеріндегі режим. 1.Әкімшілік-қүкықтық режимдерінің түсінігі, түрлері. Құқықтық режим - заңдылық реттеуі мөлшерін, шектеулер мен жеңілдіктердің болуын, субъектілердің құқықтық дербестілік дәрежесін көрсетеді. Әрбір құқықтық режим шеңберінде құқықтық реттеудің барлық тәсілдері қолданылады (міндеттеу, рұқсат беру). Әкімшілік құқықтық режимдердің негіздерінде келесі принциптер жатады. Билік бөліну принципі. Әкімшілік құқықтық режимнің негіздерін заңшығарушы билік бекітеді, ал оның өмірде жүзеге асыруын атқарушы билік қамтамасыз етеді, дәл осы мақсат үшін , белгілі бір мемлекетттік - өкілеттілік билік мөлшері бар, атқару аппараты құрылады. Құқықтық режимдерді жүзеге асыру үшін , заң шығарушы билік, жалпы өкілеттілігіне ие мемлекеттік басқару органдарға заң шығарушылық функцияларды бекітеді. Әкімшілік өкілеттілік заңмен шектеледі. Заң реттеудің шегін белгілейді. Жалпы құқықтық режимдерге өзінің мазмұнына байланысты - ерекше құқықтық реттеуі түрін қажет ететін қоғамдық қатынастардың белгілі бір топ түрлерін реттейтін құқықтық салаларының режимдері жатады. Салалық құқықтық режим дегеніміз - осы саланың прициптеріне негіздеген - салалық құқықтық режимдері әдістерінің жиынтығын айтады. Туынды құқықтық режимдер - жалпы құқықтық режимдердің ерекшеленген (икемделген) түрі болып табылады. Жалпы құқықтық режимдерден олар ұйымдардың конституциялық мәртебелерінің өзгерілуімен, қосымша рұқсаттар немесе шегерулерді орналасуымен айрықшаланады. Туынды әкімшілік құқық режимдерды үлкен топқа бөлуге болады. Олар жәй және төтенше. Төтенше әкімшілік құқықтық режимдар - азаматтардың конституциялық құқықтар мен бостандықтарының, ұйымдардың шаруашылық әрекеттерінің шектелуі мен, төтенше өкілеттілігіне ие мемлекеттік органдардың құрылуымен, бұрын болған мемлекеттік органдарға ерекше өкілеттіліктерді берумен, азаматтарға және ұйымдарға қосымша міндеттерді жүктеуімен сипатталады. Заң төтенше режимдардың 3 түрін белгілейді: олар төтенше, әскери және ерекше жағдайлардың құқықтық режимі. Әкімшілік- құқықтық режимдардың негізін конституция және заңдар құрайды. 2.Төтенше жағдайдын құқықтық режимі. Төтенше жағдай режимінің мазмұны. Төтенше режимдер - бұл арнайы құқықтық режимнің тұрғындардың өмірлік әрекетін, шаруашылық әрекеттің жүзеге асуын және төтенше жағдай қайдан шықса, соған сәйкес территорияда билік органдарын функциялау. Оның мазмұны жағдайды реттеу үшін шаралар ұйымдастырылады. субъектілердің құқықтық мәртебесі осы территорияда, атқарушы билік орган жүйесі өзгереді. Төтенше жағдайдың құқықтық мәртебесі Конституция мен заңда көрсетілгендей 1993 жылғы 15 қазандағы «Төтенше жағдайдың құқықтық режимі», сонымен қатар басқа да заңдармен, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен, төтенше жағдай шарттарымен жеке басқару органдарының мәртебесі мен әрекетін реттейтін қаулы; жергілікті өкіл және атқарушы орган, ішкі істер органы және Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті, Қорғаныс министрлігінің органы, ішкі әскер және т.б. заңдармен айқындалады. «Төтенше жағдай шартында құқықтық шектеу режимін жүзеге асырудағы ең негізгі жүкті басқару органының ұйымдық- әкімдік қызметі артады. Іс жүзіне асу процесінде белгілі бір құқық пен бостандық тәртібін реттеу, соның нәтижесінде көбісі азаматтық өзіндік әрекеттерді жүзеге асыра алмайды». Азаматтардың құқығы мен бостандығын шектеу басқару органының өкілеттілігін өсіру арқылы жүзеге асырылады. Президенттің Жарлығы тұрғындарға бұқаралық құралдары арқылы күшіне енгеннен бастап алты сағаттан кем емес уакыт ішінде құлақтандырылады. Төтенше жағдай Қазақстан Республикасының барлық аумағында 3 күн мерзімде, ал кей бөліктерінде - 6 күнге дейін жетуі қажет. Жарлық Президенттің қаулысынан кейін өз күшіне енеді. ол Конститциялық құқық және азаматтардың бостандығын ескереді. Жұмыс барысында Парламент сессиясы 48 сағат ішінде IІрезиденттің қаулысынан кейін міндетті түрде жүзеге асады. 4.Соғыс жағдай режимі. Соғыс жағдайы - Қазақстан Республикасына қарсы агрессияны не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей төнген қатердi болдырмауға немесе оларға тойтарыс беруге жағдай жасауға бағытталған саяси, экономикалық, әкiмшiлiк, әскери және өзге де шаралар кешенiн көздейтiн және Қазақстан Республикасының Президентi Республиканың бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде енгiзетiн ерекше құқықтық режим болып табылады. Қазақстан Республикасының Соғыс жағдайы туралы 2003 жылғы 5 наурыздағы N 391 Заңы Заңына сәйкес соғыс жағдайын енгiзудiң мақсаты Қазақстан Республикасына қарсы агрессияның жолын кесу немесе оған тойтарыс беру үшiн жағдайлар жасау болып табылады. Қазақстан Республикасына қарсы агрессия жағдайлары не оның қауiпсiздiгiне сырттан тiкелей төнген қатер Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде соғыс жағдайын енгiзу үшiн негiз болып табылады. Соғыс жағдайы Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығымен енгiзiледi. Соғыс жағдайы енгiзiлген кезде Қазақстан Республикасының Президентi, егер бұрын жарияланбаған болса, iшiнара немесе жалпы мобилизация жариялайды. Қазақстан Республикасы Президентiнiң соғыс жағдайын енгiзу туралы жарлығында: соғыс жағдайын енгiзу үшiн негiз болған мән-жайлар; енгiзiлген шаралардың және азаматтар мен басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын уақытша шектеулердiң тiзбесi; соғыс жағдайы енгiзiлетiн аумақтың шекаралары; соғыс жағдайын орнату мен қолдау үшiн тартылатын күштер мен құралдар; соғыс жағдайы қолданыла бастайтын уақыт белгiленедi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң соғыс жағдайын енгiзу туралы жарлығының толық мәтiнi дереу радио мен теледидар арқылы таратылуға, сондай-ақ ресми түрде жариялануға тиiс. 5.Мемлекеттік шекараны корғау режимі, оның құқықтық негізгі кұрамдас бөліктері: мемлекеттік шекара режимі, шекаралык режим, мемлекеттік шекарадан өткізу пунктеріндегі режим. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы N 1873 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының шекарасы дегенiмiз Қазақстан аумағының шегiн - құрлығын, суын, жер қойнауын және әуе кеңiстiгi айқындайтын сызық және осы сызық бойынша тiгiнен өтетiн жазықтық. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының режимi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өту, қазақстандық және шетелдiк әскери емес кемелер мен әскери корабльдердiң шекаралық өзендер мен өзге де су қоймаларының қазақстандық бөлiгiнде жүзу және тұру, олардың Қазақстан Республикасы аумақтық суларына (теңiзге), сондай-ақ iшкi суларына кiру және тұру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын ұстау, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында әртүрлi жұмыстарды, кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру және өзге де қызметтi жүргiзу тәртiбi болып табылады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының режимi Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен айқындалады. №6 Дәріс: ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ. Жоспар: 1. Қылмыстық іс жүргізу құқығы ұғымы, пәні және бастау көздері. 2. Қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесі 3. Қылмыстық процесс (іс жүргізу) ұғымы мен мәні 4. Қылмыстық процесс сатылары 5. Қылмыстық процесс принциптері 1 сұрақ.. Қылмыстық іс жүргізу құқығы ұғымы, пәні және бастау көздері Қоғамдық қатынас ішіндегі күрделісінің бірі жасалған қылмысты тергеу оны сотта қарап әділ шешумен байланысты қатынастар және ол қылмыпен күрестің маңызды бір бөлігі. Біріншіден, Қылмыстық іс жүргізу құқығы (құқық саласы ретінде) қылмыстық іс жүргізу өндірісін, яғни қылмыстық істі қозғаудан бастап, оны алдын ала тергеу (тергеу мен анықтау), сотта қарап, талқылау және шешу, екінші саты сот деңгейлерінде қажет болғанда қайта қарап шешу тәртібін реттейтін арнайы құқық нормаларының жиынтығын айтады. Екіншіден, қылмыстық іс жүргізу құқығы ғылым саласы ретінде қылмыстық іс жүргізу құқығының негізгі институттары мен олардың проблемалық сұрақтарын зерттеуге бағытталған құқықтық идеялардың, тұжырымдардың, ғылыми ой-пікірлердің жиынтығы. ол заңнаманың өзін де зерттейді, оны жетілдіруге көмектеседі. Қылмыстық іс жүргізу құқығы деген- қылмыстық заңмен тиым салынған іс әрекеттерді немесе қылмыстарды ашу тергеу сотта жан- жақты қарап әділ шешуге байланысты мемлекеттік арнаулы уәкілетті орган қызметін реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. Қылмыстық іс жүргізу құқығын зерттеу пәні бұл қылмыстық процес немесе қылмыстық іс жүргізу. Жалпы құқықтың қайнар көздері деген- белгілі бір қоғамдық қатынасты реттеу кезінде қолданылатын заң актілері. Олар құқық теориясында материялдық және формальдік деп бөлінеді. Формальды қайнар көзі- ол қылмыстық іс жүргізу кодексі, ол конституцияға негізделген. Жалпы қылмыстық іс жүргізу заңнамасы мен қайнар көзінің ішіне Қазақстан қол қойған халық аралық келісім шарттар жоғарғы сотпен конституциялық кеңес нормаларының қаулысы және нормалары кіреді. Ал конституцияға сәйкес аталған қаулылар ұлттық құқықтың құрамдас бөлігі. 1. Қылмыстық іс жүргізу кодекс 13 желтоқсан 1997 ж қабылданып 1998 ж 1 қаңтарда күшіне енді.Бұл заң 2 бөлімнен тұрады. ҚР аумағында қылмыстық іс жүргізудің тәртібін анықтайды. 2. ҚР келісім шарттар- Минск, одан кейін Кишинев Конвенциясы немесе қылмыстық, азаматтық, отбасылық қатынастар және құқықтық көмек туралы Конвенция. (1993 ж қабылданған ТМД мемлекеттерінің арасында). Осы халықаралық шарт қылмыстық іс бойынша көмек көрсетуге арналған. 3.Жоғарғы соттың нормативтік қаулылары: конституцияға сәйкес ұлттық құқықтың құрамдас бөлігі. Бұл нормативті қаулылылар жоғарғы соттың жалпы республика бойынша сот тәжірибесін жинақтап талқылауына байланысты қабылданады. Мысалы: Қылмыстық істі қайта тергеуге жіберу жөнінде сот тәжірибесі туралы. 4. Конституциялық кеңестің нормативтік қаулылары. 2. Қылмыстық іс жүргізу құқығы жүйесі Жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімінде қылмыстық іс жургізу занманасы және оның қолдану шектері. б. Қылмыстық процесс принциптері в. Қылмыстық процесс субъект г. Қылмыстық процесс қудалау нысаны д. Қылмыстық процесс дәлелдеме және дәлелдеу е. Қылмыстық процесуалдық мәжбірлеу шаралары ж. Қылмыстық процесс мерзімдері з. Қылмыстық процестегі азаматтық талап Қылмыстық іс жүргізу ерекше бөлімінде қылмыстық процесс жекелеген сатылары мен оның ерекшеліктері, сонымен қатар, жекелеген қылмыстық істі қараудың поцессуалдық ерекшеліктері анықталған. 3. Қылмыстық процесс (іс жүргізу) ұғымы мен мәні Уголовный процесс это лакмусовая бумажка, которая показывает состояние правовой системы и демократии (Смирнов. Формы процесса. -Санкт- Петербург) Қылмыстық процес- бұл арнайы мемлекеттік орган жүргізетін арнайы қызмет. Қылмыстық іс жүргізу дегеніміз- бұл арнаулы мемлекеттік органмен кейбір жекеленген субектілердің заңмен жекеленген субектілердің заңмен қатаң реттелген мемлекеттік қызмет. Тарихи қылмыстық поцесстің әр түрлі нысандарын атауға болады және олардың өзіндік ерекшелігі бар, солардың ішінде заң әдебиеттерінде келесі түрлері көрсетілген: 1. Айыптаушы немесе инквизициялық процесс (орта ғасыр) 2. Жарыстылық процессі (состязательный процесс) Бұл 17-18 ғасырларда пайда болған формасы жарыстылыққа тән сипаттар 1. Екі тарап (айыптау және қорғау) 2. Екі тараптың тең дәрежеде болуы 3. Бейтарап, арбитр болуы 4. Қылмыстық іс жургізу сатылары. 1. Қылмыстық істі қозғау (возбуждение УД) 2. Қылмыстық істі алдын ала тергеу (анықтау және алдын ала тергеу) 3. Қылмыстық істі алдын ала тыңдау, 4. Басты сот талқылауы 5. Апелляциялық сатыда қылмыстық істі қайта қарау 6. Сот шешімін орындау 7. Қадағалау сатысында қылмыстық істі қайта қарау 8. Жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қылмыстық істі қайта қарау 5. Қылмыстық процесс принциптері. Жалпы принцип дегеніміз белгілі бір қызметтің мән –маңызын, мазмұнын, оның негізгі жағдайлары мен қағидаларын анықтайтын, басшылыққа алатын негізгі идеялар. Осыған байланысты қылмыстық ІЖК 9-бабында принциптердің мәні мен маңызы көрсетілген. Атап айтқанда, ҚІЖҚ-де 10-31 баптарда қылмыстық іс жүргізудің 22 принципі айқындалған. олардың ішінде: зандылық; сот әдлеттігін тек соттың ғана жузеге асыруы; адам мен азаматтың құқықтарын соттың қорғауы, сот тәуелсіздігі, кінәсіздік презумпциясы және т.б. Дәріс № 7. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚУДАЛАУ (ҚЫЛМЫСТЫҚ ІЗГЕ ТҮСУ) 1. Қылмыстық қудалау ұғымы,негізгі шарттары. 2. Қылмыстық қудалау нысандары. 3. Қылмыстық қудалау мүкін болдырмау мән жайлар. 1.Қылмыстық қудалау маңызды процестік функцяларының бірі.Бұл арнайы уәкілетті мемлекеттік организацияларға жүктелген.Қылмыстық іс жүргізу кодекісінің 7-і бабына сәйкес қылмыстық ізге түсу дегеніміз-қылмыстық заңмен тыйым салынатын әрекетпен оны жасаған адамды сол адамның қылмыс жасауындағы анықтау мақсатында сондай-ақ осы адамға жаза немесе өзге де қылмыстық қатынастар ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі. Бұл арнаулы мемлекет огандар жүктелген пракурор тергеуші,анықтау органдары жане анықтаушы. Осы анықтауға байланысты белгілі профессор М.Страковичтың айтуынша- «қылмыстық ізге түсу тек осы әрекетті жасаған адам белгілі болған кезде ғана басталады» деп аталады. Ал біздің заңнамада қылмыстық ізке түсудің кеңірек түсініктемесі берілген. Қылмыстық ізге түсуді тек айыптау органдары іске асыратынына қарамастан ол келесі талаптарға сәйкес болу керек: 1. Заңға сәйкестік . 2.Жәбірленушіге сотқа жүгінуге және өз мүдделерін қорғауға мүмкіндік жасау. 3. Айыпталушының заңға сәйкес өз мүдделерін қорғау,құқықтық қамтамасыз ету. 4.Моральдық, адамгершілік нормаларының сақталуы, жалпы алғанда қылмыстық айыптау орган жұмыстарына кедергі жасау заңда көрсетілген жауапкершілікке әкеледі. 2.Заңға сәйкес қылмыстық қудалаудың 3 нысаны бар: 1.Жеке айыптау істері (105,111,123,129,130,145 (1-і бөлімі), т.б. баптары). 2.Жеке жария айыптау істері ( 103,104 (1-і бөлімі), 117 (1,2 бөлімдері), 120 (1-і бөлімі), 121 (1-і бөлімі), т.б. баптары). 3.Қалған 33,34-і баптарында көрсетілген қылмыстар бойынша қылмыстық қудалау жариялы түрде іске асырылады. Қылмыстық іс жүргізу кодексі 37-і бабына сәйкес келесі жағдайларда қылмыстық іс қозғалмайды,қозғалған іс тоқталуы тиіс: 1.Егер қылмыс оқиғасы болмаса. 2.Жасалған іс әрекетте қылмыс құрамы болмаса. 3.Амнистия (Рақымшылық актісі) қабылданған болса. 4.Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты. 5.Жеке немесе жеке айыптау істері бойынша жәбірленушінің өтініші болмаса немесе олар айыптаудан бас тартса. 6.Егер тұлға қылмысты ақыл-есі дұрыс емес жағдайда жасаса.(Егер оған қатысты медициналық мәжбүрлеу шарасын тағайындау қажет болмаса). 7.Қылмысты жасына толмаған адам жасаса. 8.Егер тұлға қылмыстық заңнаманың жағдайына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылса. Осы жоғарыда көрсетілген мән-жайлар ақтаушы және ақтаушы емес болып бөлінеді.(Реабилитирующие). №8 Дәріс ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСС СУБЬЕКТІЛЕРІ 1. Қылмыстық процесс субъектілерінің ұғымы 2. Сот - әділсот органы ретінде 3. Қылмыстық қудалауды іске асыру органдары 4. Қылмыстық қудалауда қорғаншы тарап 5. Қылмыстық іс жүргізу қатысушысы өзгеде тұлғалар 6. Қылмыстық процесске қатысушылардың қамтамасыз ету мәселелері 1. ҚР конституциялық заңы «Сот жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» 25.12.2000ж. 2. «Адвокаттық қызмет туралы» ҚР заңы 5.12. 1997 ж. 3. «Прокуратура туралы» ҚР заңы 09.08.2002 ж. 4.«Жедел іздестіру туралы» ҚР заңы өзгерістер мен толықтырулар 1994 ж. 5. «Қылмыстық процеске қатысушыларды мемлекеттік қорғау» ҚР заңы 05.07.2000 ж. 6. «Алқабилер туралы» ҚР заңы 16.01.2006ж. 1. Жалпы қылмыстық процесс қатынастар туралы заңдағы әдебиеттер әртүрлі ақпарат бар, соның ішінде кейбір Ресейлік ғылымдар қылмыстық процесске қатынастар және қылмыстық процесс субектінің арасында айырмашылық бар деп есептейді. Қазақтың процесуалисі Төлеубекова Б.Қ. «Бұл ұғымдардың арасында ешқандай айырмашылық жоқ», тең дәрежелі дефиниция деп есептейді. Қылмыстық процеске қатынастар (субектілері) дегеніміз- құқықтың мәртебелі қылмыстық іс жүргізу және басқадай заң актілерін реттелген белгілі бір процесуалдық құқықтары мен міндеттері бар тұлғалары. 2. Сот және сот органы ретінде жалпы сот билігі мемлекеттің бір тармағы сондықтан оған үлкен міндет жөнделіп мәртебелері конституциялық заңмен реттелген. Тек қана соттың құзіреті ретінде: 1. Тұлғаны қылмыс жасаған үшін кінәлі деп тану. 2. Тұлғаға қылмыстық жаза және медициналық мәжбүрлеу шараларын тағайындау. 3. Тек сотта ғана төменгі соттың шешімдерін өзгертуге құқылы. Сот қызметкеріне байланысты конституция және қылмыстық іс жүргізу заңда бірнеше принциптер көрсетілген (соттың тәуелсіздігі) әділ соттың іске асыруға байланысты маңызды кепілдігінің бірі. Әділ сот дегеніміз бір жағынан қызмет (әділ сотты іске асыру) екінші жағынан сол қызметтің нәтижесі. Әділсот ұғымы-ақиқат,шындық,әділдік сөзімен тығыз байланысты. 3. Прокуратура-сол тұлғалардың ішінде қамқоршы заңына сәйкес заңдылық сақталуын және дұрыс қолданылуын қадағалайтын мемлекеттік орган. Қылмыстық іс бойынша прокурор мемлекеттік айыптауды жүзеге асырады,қылмыстық процесс барлық сатыларда және жедел іздестіру қызметінің заңға сәйкестігін алдын-ала тіркеу және анықтау қызметін заңға сәйкестігін,сот шешімдерін заңға сәйкестігін қадағалайды. Прокурордың өкілеттілігі: 1. Қылмыстық істі қозғау 2.Жекелеген тергеу амалдарына санкция беру 3.Тергеу әрекеттеріне кез келген уақытта қатыса алады.Қылмыстық істі кез-келген уақытта тексере алады,тергеу барысында келіп түскен шағымдарды қарастырады 4.Тергеушінің айыптау қорытындысын өзгерте алады 5. Қылмыстық істі уақытша тоқтатуға құқылы Тергеуші:үш мемлекеттік тергеу органдары: а. Ішкі істер органдары б. Сыбайлас жемқорлықпен және экономилық қылмыспен күрес Агенттігі департаменті (қаржы полициясы) в. Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті (КНБ) органы Анықтаушы: Қылмыстық іс жүргзу кодексінің 65 бабына сәйкес: бірнеше мемлекеттік орган анықтау органы болып табылады (3 тергеу органдары, әділсот органы, қорғау қызметі, шетелдер елшілігінің қызметі, өрт қауіпсіздігі, кеден органы) Анықтау 10 күнде аяқталуы керек немесе 1 ай мерзімге анықтау органы басшысының шешімімен ұзартылады. Қорғаушы (Адвокат) қылмыстық іс бойынша сезікті айыпталушы өз мүдделерін өздері қөрғануына мүмкүн немесе кәсіби адвокатқа немесе өзінің туыстары қорғау мүмкүн. Қорғаушының қылмыстық іске міндетті қатысу жағдайы: 1. Сезікті немесе айыпталушының қалауы бойынша 2. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық істер бойынша 3 Қылмыстық Заңмен тиым салынған іс әрекетті, ақыл-емі дұрыс емес жағдайда 4. Қылмыстық іс бойынша бірнеше сезікті немесе айыпталушы болып олардың көрсетулеріне сәйкес 5. Қылмыстық іс бойынша іс жүргзуге жәбірленушінің немесе азаматтық талапкердің өкілі қатысса 6. Айыпталушы немесе сотталушыға бұлтартпау шарасы ретінде қамау қолданылса 7. Айыпталушыға немесе сотталушыға жасалған қылмыс үшін жаза мөлшері 10 асатын немесе өлім жазасы қолданылатын қылмыс құрамы бойынша айып жазылса 8. Іске прокурор қатысса 5. Жалпы процес субектілерін жіктеуіне келетін болсақ олардың атқаратын процесс функциясына сәйкес 1. Әділсот бейтарап субьект 2. Қылмыстық қудалауды іске асыратын мемлекеттік орган, лауазымды тұлғалар (прокурор, анықтаушы, тергеуші) 3. Өздерінің немесе сеніп тапсырған мүдделерін қорғау тарабы, (сезікті, айыптаушы, қорғаушы (адвокат),азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер олардың өкілдері) 4. Ешқандай процесуалды мүдесі жоқ өзгеде тұлғалар, бірақ қылмыстық процесті жүргізуге ат салысады. (кәгер, куә, маман, сарапшы, аудармашы, сот приставы, сот мәжілісінің хатшысы) Куә (свидетель) дегеніміз- қарастырылып отырған қылмыстық іс бойынша белгілі бір мән жайлар мәлім тұлға. ҚР қылмыстық заңға сәйкес куә өзіне мәлім деректерді толық айтуға міндетті, егер ол куәлік етуден бас тартса немесе айтқаны шындыққа сәйкес болмаса ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады.Заңға сәйкес келесі тұлғалар куәлік етуден босатылады (свидетельский иммунитет) : - Өзінің жасаған іс-әрекеттеріне куәлік етуге - Жақын туыстарына - Діни қызметкер-өзіне сеніп тапсырылған (тайна исповедий) - Қорғаушы (өз қызметі бойынша қорғауды іске қатысып жүрген тұлғаға қатысты куәлік етуден босатылады) Қылмыстық іс жүргзу кәгерге жастық цензура (жасынабайланыстышек) қойылмаған. Талап: 1. ақыл есі дұрыстығымен 2. қоршаған ақпаратты дұрыс қабылдауы Куә 14 жасқа толмаса міндетті түрде педагог қатысады (ата-анасы, заңды өкілдері) заңды өкілдері (қорғаушысы) 14-18 жас –педагок қатысады, жауап алушының ұйғарымына қарайды. Қылмыстық жауапкершілік жасы куәнің – 16 жас. Куәгер (понятой) дегеніміз – жасы 18 толған іске мүдделі емес және белгілі бір процесуалдық іс шаралардың жүргізілгендігін оның нәтижелерін куәлендіретін тұлға (өз еркімен) Маман – бұл арнаулы білімі және біліктілігі бар қылмыстық процеске ат салысушы өз көмегін көрсететін тұлға, ол әр түрлі мамандық иесі болуы мүмкүн, іске қатысатын маман белгілі бір процессуалдық іс әрекеттерге қатысып процесуалдық құжаттарды дұрыс толтыруына көмектеседі. Сарапшы – дегеніміз ол арнаулы ғылыми білімі бар сараптау мекемес орталығының қызметкері немесе лицензия негізінде сараптама қызметін көрсетуші тұлға. Сараптама туралы ҚР заңына сәйкес бұ міндетті түрде лицензиялауға жататын қызмет түрі. Сарапшының құқықтарымен міндеттері: 1. Сараптама жүргізуге байланысты істің мән жайын ашу 2. Сараптама жүргізуге байланысты үлгілерді немесе дәлелдемелерді ... 3. Міндетті обьективті түрде сараптама жүргізу заңға сәйкес сараптама қортындысын беру 4. Белгілі болған ақпараттардың құпиялығын сақтау Сараптама жүргізу арнайы қаулыға сәйкес тағайындалады. 6. Қылмыстық процесстің ерекшеліктеріне байланысты және қылмыстық істің мазмұнына қарай процесс мүшелеріне, оның өмірімен туыстарына қатер тууы мүмкін. Сондықтан судья, тергеуші, жоғарыда көрсетілген субьектілердің барлығы қорғауға жатады. «Қылмыстық процесске қатысушыларды қорғау» туралы ҚР заңына (05.07.2000ж) сәйкес 13 қауіпсіздік шарасы көрсетілген (конспектілеу). №9. ДӘРІС ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ДӘЛЕЛДЕМЕЛЕР МЕН ДӘЛЕЛДЕУ 1.Дәлелдемелер теориясы және дәлелдемелер құқығы. 2. Дәлелдемелер ұғымы, белгілері, түрлері 3. Дәлелдеу пәні. 4. Дәлелдеу қызметі және оның элементтері. 1. Дәлелдемелер теориясы және дәлелдемелер құқығы. Қылмыстық процесте дәлелдеу мен дәлелдемелермен қызметінің алатын орны ерекше. Өйткені тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту негіздерін анықтау осы аталған институттармен тікелей байланысты. Яғни, адамның қылмыс жасағандығын, кінәлілігін дәлелдеумен байланысты. Дәлелдемелер теориясы дегеніміз – бұл қылмыстық іс жүргізу құқығының құрамдас бөлігі және ол келесі құбылыстар мен нормалар мен тығыз байланысты. Біріншіден, дәлелдемелердің ұғымы, түрлері және жіктелуі; Екіншіден, дәлелдеу субьектілері және олардың өкілеттіліктері; Үшіншіден, дәлелдеу қызметі және жекелеген элементтері; Төртіншіден, дәлелдеу әдіс-тәсілдері, тактикасы мен қолданылатын техникалық құралдар; Бесіншіден, дәлелдемелерді бағалау. Дәлелдемелер теориясы дегеніміз – дәлелдеу мен дәлелдемелер институттарына қатысты теориялық ілімдердің, тұжырымдамалардың, доктриналардың, көзқарастардың жиынтығы. Дәлелдемелер құқығы - бұл дәлелдемелер мен дәлелдеу элементтеріне қатысты арнайы қылмыстық іс жүргізушілік нормалардың жиынтығы. Ескерту: ол тек 115- 131 б ғана емес (15-16 тарау) басқада ҚІЖК нормалары. 2. Дәлелдемелер ұғымы, белгілері, түрлері. ҚІЖК 115-б. Дәлелдемелердің мынадай анықтамасы берілген – қылмыстық заңда көзделген әрекеттердің болғандығын немесе болмағандығын айыпталушының бұл әрекетті жасағандығын немесе жасамағандығын, оның кінәлілігін немесе кінәсіздігін, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін, маңызы бар өзгеде мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған іс жүзіндегі деректер. Заңға сәйкес дәлелдемелердің келесі шектеулі түрлері бар:1) сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің көрсетулері; 2) сарапшының қорытындысы; 3) аттай айғақтар; 4) іс жүргізу хаттамалары және өзгеде құжаттар. Дәлелдемелердің жіктелуі. Дәлелдемелер теориясына сай дәлелдемелер әртүрлі негізге сай жіктеледі:1) дәлелдеу көздерімен байланысы бойынша. Жеке және заттай дәлелдемелер болып бөлінеді. Жеке дәлелдемелер – адамдардан алынады (куәнің, сезіктінің көрсетулері). 2) алғашқы және туынды дәлелдемелер. Алғашқы дәлелдемелер – бірінші көзден алынған дәлелдемелер. Туынды – яғни, бұл алғашқы дәлелмелерге керісінше, туынды емес, басқа көздерден алынған дәлелдемелер. 3) Дәлелдемелердің сипаты бойынша: ақтаушы және айыптаушы дәлелдемелер. 4) Тікелей және жанама дәлелдемелер. Қылмыс жасағанын нақты меңзейтін дәлелдемелер тікелей деп аталады, ал жанама дегеніміз – болғанын көрсетеді, бірақ ол қылмыс жасағаны немесе жасамағаны белгісіз. 3. Дәлелдеу пәні. Дәлелдеу пәні дегеніміз – қылмыстық іс бойынша анықталуы тиіс мән-жайлардың жиынтығы. ҚІЖК 17-б сәйкес оған келесі мән-жайлар жатады: 1) қылмыс оқиғасы және қылмыс құрамы (уақыты, орны, жағдайлар); 2) осы тыйым салған әрекетті кімнің жасағаны; 3) оның кінәлігі және кінәсінің нысандары; 4) қылмыстық жауапкершілік пен жазаны ауырлататын және жеңілдедетін мән-жайлар; 5) қылмыстың зардаптары (жәбірленушіге өтеп беру үшін, қалпына келтіру); 6) келтірілген ияны мен мөлшері; 7) қылмыстық әрекеттерін жоққа шығаратын мән-жайлар (аса қажеттілік, орынды тәуекел); 8) қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға әкелетін мән-жайлар; 9) айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар. Ал кәмелетке толмағандардың қылмыстық іс бойынша ҚК 481-б. Көрсетілген мән- жайлар көрсетілу тиіс (нақты жаса, тәрбиелену жағдайы және өмір сүру жағдайлары, психо-физиологиялық және интеллектуалдық даму деңгейі, өз құрдастары мен ересектер ықпалы). 4. Дәлелдеу қызметі және оның элементтері.Дәлелдеу қызметі келесі элементтерден тұрады: 1) Дәлелдемелерді жинау. Өз ішінде ол дәлелдемелер табу, бекіту және алу. 2) дәлелдемелерді зерттеу (оларды талдау, басқа дәлелдемелермен салыстыру, алыну көздерін тексеру). 3) дәлелдемелерді бағалау. №10 Дәріс:ПРОЦЕССУАЛДЫҚ МӘЖБҮРЛЕУ ШАРАЛАРЫ 1. Процессуалдық мәжбүрлеу шараларының ұғымы және түрлері. 2. Сезіктіні ұстау және оның негіздері 3. Бұлтартпау шаралары 4. Процессуалдық өзгеде мәжбүрлеу шаралары 5. Процессуалдық мәжбүрлеу шаралары мен адам құқықтарын қорғау мәселелері. 1. Процессуалдық мәжбүрлеу шараларының ұғымы және түрлері. ҚІЖ өзінің мазмұны бойынша, іс бойынша дәлелдемелерді жинау үшін әртүрлі процессуалдық іс-әрекеттерден тұрады. Олар қылмыстық істі алдын ала анықтау және тергеу, оны сотта қарап шешуді, талқылап қамтамасыз ететін іс-әрекеттер. Ол әрекеттің барлығы қылмыстық іс бойынша обьективті шындыққа жетуге негізделген. Ал қылмыстық процесте оған кедергі келтіретін субьектілерде бар (сезікті, айыпталуыш, сотталушы, азаматтардың жауаптары). Осылардың тарапынан кедергі болмау үшін ҚІЖ заңнамасында арнайы мәжбүрлеу шаралары көрсетілген. Сипаты бойынша олардың біразы адам бостандығын шектеумен байланысты болса, кейбіреулерінің мүліктік сипаты бар немесе қымет лауаымы мен байланысты. Процессуалдық мәжбүрлеу шараларын 3 топқа бөліп қарастыруға болады: 1-топ сезіктіні ұстау; 2-топ бұлтартпау шаралары; 3-топ процессуалдық өзгеде мәжбүрлеу шаралары. 2. Сезіктіні ұстау және оның негіздері.Сезікі дегеніміз – бұл қылмыс жасады деп күмән келтірген оған қатысты қылмыстықіс қозғалған не ұстауды жүзеге асырғанға дейін немесе айып тағылғанға дейін жолын кесу шарасы қолданған адам. Сезікті ұстауға байланысты негіздер ҚІЖ 132-б көрсетілген. Сезікті ретінде ұсталғанда міндетті түрде хаттама толырылады. Онда тұлғаның ұстаудығының нақты уақыты, орны және ұстау жағдайлары көрсетіледі.Сонымен қатар онда жеке тінту нәтижелері жазылады. Сезікті ретінде ұстау 72 сағ. Көлемінде ғана ұстайды. Әрі қарай басқад а бұлтартпау шарасын қолданады немесе босатылады. Сезікті ретінде прокурорға 12 сағат ішінде жазбаша хабарланады. 3. Бұлтартпау шаралары. ҚІЖК бұлтатпау шарасының 7 түрі көрсетілген: 1) ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат беру. Маңызы сезіктіге түсіндіріледі. 2) Жеке кепіл. Кепіл болатын адамдар саны 2-ден кем болмау керек, жасы кәмілетке толған, әрі сенім білдіруге болатын тұлғалар. Өз міндеттемелерін дұрыс орындау үшін 100 айлықесеп көрсеткіші ретінде айыппұл салунуы мүмкін. 3) кәмілетке толмағандардың ата-аналарын, заңды өкіліне немесе тәрбиеленіп жатқан мекеменің әкімшілігіне тапсыру. Бұл арнайы кәмілетке толмағандарға қолданылады. 4) әскери адамды әскери командованияның қарауына беру. 5) Кепілпұл. Кепілпұл – заңда көрсетілген мөлшерде ақшалай немесе заттай түрде болуы мүмкін. Соңғы жағдайда құнын кепіл беруші өзі дәлелдеуі тиіс. Бұл кепілпұл мүлкі соттың депозитіне өткізіледі. Кепілпұлдың мөлшері:1) онша ауыр емес қылмыстар үшін 100 а.е.к 2) ауырлығы орташа абайсыда жасалған қылмыс үшін – 300 а.е.к 3) ауырлығы орташа қасақана жасалған қылмыс үшін – 500 а.е.к 4) ауыр қылмыстар үшін – 1000 а.е.к 5) аса ауыр қылмыстар үшін – кепілпұл қолданылмайды. Кепілпұлды қолдану үшін тергеушінің қаулысымен қоса міндетті түрде санкция қажет. 6) үйде қамау. Жас ерекшіліктеріне, денсаулығына, отбасына байланысты қолданылуы мүмкін. 7) қамау- заң саласында ең көп таралған мәжбүрлеу шарасы ретінде. 1) Ол шара ретінде (ә.қ.б. үшін); 2) процессуалдық мәжбүрлеу шарасы ретінде (қылмыстық процесте); 3) қамау – қылмыстық жаза ретінде. Қамауға алынғандар тергеу изоляторында қамалады. Қамауға алудың жалпы мерзімі 2 ай. Оған соттың санкциясы қажет. Тергеушінің негізделген қаулысы бойынша сот шешімімен 3,6,9 айға ұартылуы мүмкін. 4. Процессуалдық өзгеде мәжбүрлеу шаралары. Өзгеде мәжбүрлеу шараларына: - сотқа келуге міндеттеме қою; - алып келу; - қызметтен шектеу; - мүлікке тыйым салу; - ақшалай өндіріп алу. Осы мәжбүрлеу шараларын қолданғанда міндетті түрде қаулы шығарады. Қаулы 3 бөлімнен тұрады: - кіріспе бөлім; - сипаттама; - қарар бөлім 11-тақырып. Азаматтық іс жүргізу құқығы: оның пәні, әдісі, жүйесі 1. Азаматтық іс жүргізу ұғымы 2. Азаматтық іс жүргізу (процесс) сатылары 3. Азаматтық іс жүргізу құқығы. Оның пәні мен жүйесі 4. Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары 5. Азаматтық іс жүргізу құқығының өзге құқық салаларымен өзара байланысы 6. Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымының пәні мен жүйесі 1-сұрақ. Азаматтық іс жүргізу ұғымы Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субъектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқықтың нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Осы іс жүргізудің басты мақсаты – бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау. Азаматтық іс жүргізу (процесс) соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа, басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер процесі барысында жүзеге асырылады. Азаматтық іс жүргізудің нысанына тән белгілер: а) сот істерін қарау және шешу тәртібі алдын ала азаматтық іс жүргізу құқықтың нормаларымен белгіленген; б) істің аяқталуына мүдделі тұлғалар сот мәжілісіне іс қарауына қатысу құқығы бар және өз құқықтары мен мүдделерін қорғауға; в) сот шешімі іс бойынша сот отырысында дәлелдемелер арқылы анықталған деректерге сүйенуі қажет және заңға сәйкес болу керек. ҚР АІЖК-сі соттың қарауына жататын барлық азаматтық істерді төрт түрге бөледі: бұйрық бойынша іс жүргізу істері; талап қоюмен іс жүргізу істері; ерекше талап қоюмен іс жүргізу істері; ерекше іс жүргізу істері. Азаматтық процестің сатылары бұл келесі мақсаттарға жетуге бағытталған процессуалдық әрекеттер жиынтығы: талап арызды (арызды, шағымды) қабылдау, сот қарауына істерді әзірлеу, сотта іс қарау, сот актілерін шығару және т.б. 2-сұрақ. Азаматтық іс жүргізу (процесс) сатылары Азаматтық іс жүргізу сатыларын былай бөліп қарастыруға болады: Іс қозғау сатысы. Сот азаматтық істерді мынандай жағдайларда қарайды: өзінің құқығын немесе заңды мүддесін қорғауды талап еткен адамның арызы бойынша; заңда белгіленген реттерде басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды талап етіп, соттан өзіне алатын мемлекеттік басқару органдарының, мекемелердің, кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың немесе жеке азаматтардың арызы бойынша. Азаматтық іс талап арыз, арыз не шағым беру арқылы судья сотта азаматтық іс қозғайды және ол бойынша сәйкесті ұйғарым шығарады. Істі сотта қарауға әзірлеу сатысы. Азаматтық істерді қарағанда арызды қабылдағаннан кейін судья істі сотқа қарауға әзірлік жүргізеді, оның мақсаты – істі уақытылы және дұрыс шешуді қамтамасыз ету. Істі сотта қарауға әзірлеу туралы судьяның жеке өзі мынандай әрекеттерді жасайды: талап қоюшыдан талаптардың мән-жайы жөнінде сұрастырады. Онда жауапкер жағынан болуы мүмкін қарсылықтарды анықтайды, қажет болса, қосымша дәлелдемелер тапсыруды ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді; қажет болған реттерде, жауапкерді шақырып, одан істің мән-жайы жөнінде сұрастырады, оның талапқа қандай қарсылықтары бар екенін және бұл қарсылықтарын қандай дәлелдермен қуаттай алатындығын анықтайды, ерекше күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсініктер беруді ұсынады, оған оның іске қатысу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді; үшінші тұлғаларды және өзге қатысушыларды іске қатыстыру туралы мәселені шешеді; іске прокурордың қатысуы туралы мәселені шешеді. Белгіленген тәртіп бойынша хабар-ошарсыз кеткен, ақылының ауысуы немесе есінің кемдігі салдарынан әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған адамдардың, неке бұзу туралы істері бойынша жауапкердің мүліктік құқықтарын қорғау үшін, сондай-ақ балаларының мүдделерін қамтамасыз ету үшін қорғаншы және қамқоршы органдарын процеске қатыстыру мәселесін шешеді. Судья қойылған талаптарды анықтайды, тараптарға және үшінші тұлғаларға қажетті дәлелдемелер жинауға жәрдемдеседі. Егер қаралатын іс бойынша қажет болса процеске мүдделі тұлғалар, сарапшыларды, аудармашыны, куәларды және т.б. қатыстыру мәселесін шешеді. Судья іс жеткілікті әзірленген деп тапса, оны сот мәжілісінде қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады. Сотта іс қарау сатысы. Бұл сатыда сот (жеке дара) сот отырысында іс материалдарын қарайды, істі мәні бойынша шешеді немесе іс бойынша өндірісті қысқартады. Жалпы ереже бойынша шешім қабылдаумен аяқталады. Заң күшіне енбеген сот шешімдері мен ұйғарымдарына апелляциялық шағым беру және наразылық келтіру арқылы қайта қарау сатысы (апелляциялық өндіріс). Бұл сатыда соттың шығарған шешімімен не ұйғарымымен тараптар, үшінші тұлғалар келіспесе олар осы істі қараған соттан келесі жоғары тұрған сотқа шешім шығарған күннен бастап 15 күн мерзім ішінде апелляциялық шағым бере алады, ал прокурор өзінің наразылығын келтіре алады. Сондай-ақ олар келесі сотқа осы іске байланысты қосымша дәлелдемелерін ұсынуға құқықтары бар. Осы саты бойынша істі қараған сот (алқа, 3 судьядан кем болмау керек) соттық қаулы шығарады. Сот актілерін орындау сатысы. Бұл сатыда соттың заң күшіне енген актісі (шешімі, ұйғарымы, қаулысы) борышкердің өз еркімен немесе сот орындаушының мәжбүрлеу шарасын қолданылуымен орындалады (жалпы мезімі 2 ай). Заң күшіне енген сот актілерін қадағалау тәртібі бойынша қайта қарау сатысы (қадағалау өндірісі). Сот шешімінің дәлелсіздігі немесе материалдық немесе іс жүргізудің құқық нормаларының елеулі түрде бұзылуы сол шешімді бақылау ретінде бұзуға негіз болады. Сот істі қадағалау тәртібімен қараудың нәтижесінде кеңесу бөлмесінде мынандай шешімдердің бірін қабылдайды: Бірінші, апелляциялық, қадағалау сатысындағы шешімді өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырмай тастайды; Бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық не бөлігіндегі күшін жояды және істі бірініші, апелляциялық сатыдағы сотта жаңадан қарауға жібереді; Бірінші, апелляциялық сатыдағы сот шешімінің толық не бөлігіндегі күшін жояды және талап-аразын қарамай тастайды не іс бойынша іс жүргізуді қысқартады; іс бойынша шығарылған шешімдердің біреуін күшінде қалдырады; бірінші, апелляциялық, қадағалау сатысындағы соттың шешімін өзгертеді не оның күшін жояды, материалдық құқық нормаларын қолдануда және түсіндіруде қате жіберілген болса, істі жаңадан қарауға жібермей, жаңа шешім шығарады. Істі қадағалау тәртібімен қарау кезінде сот істе бар материалдар бойынша шағым, наразылық дәлелді шегінде бірінші, апелляциялық сатыдағы соттар шығарған сот актілерінің заңдылығы мен негізділігін тексереді. Сот құрамы үш судьядан кем болмауы тиіс. Істі қарағаннан кейін сот қаулы шығарады. 7- Заң күшіне енген сот актілерін жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау сатысы. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша бұл ерекше саты деп аталады. Шешімдерді жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауға мыналар негіз болады: іс үшін елеулі маңызы бар, арыз берушіге белгілі болуы мүмкін емес мән-жайлар; заңды күшіне енген сот үкімі бойынша анықталған, заңсыз немесе дәлелсіз шешім шығаруға негіз болған куәнің біле тұра берген жалған жауабы, сарапшылардың біле тұра жасаған жалған қорытындысы, аудармашының біле тұра теріс жасаған аудармасы, құжаттардың немесе айғақтық заттардың жалғандығы; заңды күшіне енген сот үкімі бойынша анықталған, тараптардың, іске қатысушы басқа адамдардың немесе олардың өкілдерінің қылмыстық әрекеттері не болмаса судьялардың осы істі қараған кезде жасаған қылмыстық әрекеттері; сот шешімін шығаруға негіз болған басқа органның қаулысының бұзылуы. Шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы осы шешімді, ұйғарымды немесе қаулыны шығарған сотқа арыз береді. Олар: іске қатысқан адамдар немесе прокурор. Мұндай арызды іске қатысушы адамдар қайта қарау үшін негіз болатын мән-жайлар анықталған күннен бастап үш ай ішінде бере алады. Бұл саты бойынша қайта қарау негіздері ҚР АІЖК-нің 404-бабында көрсетілген. 3-сұрақ. Азаматтық іс жүргізу құқығы. Оның пәні мен жүйесі Азаматтық іс жүргізу құқығы – азаматтық істерді қарап, шешім шығарып және оны орындау тәртібін реттейтін нормалар жиынтығынан тұратын ұлттық құқықтың бір саласы. Ол сот органдарының сот ісін жүргізудегі қызметін, судьялардың қызметін, іс жүргізуге барлық басқа да қатысушылардың қызметіне байланысты туатын қатынастарды реттейді. Азаматтық істер жүргізу тәртібімен ұлттық құқықтың кейбір басқа да салаларынан (еңбектік және т.б.) туып отыратын даулар қаралып, шешіледі. Азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларын бұлжытпай сақтап отыру бұл істерді қарап шешетін сот органдарына әрбір істің ақиқатына жетуге кепілдік береді, демек мұның өзі сайып келгенде, жеке адамның құқығын, қоғамның мүддесін, мемлекеттің игілігін пәрменді де жан- жақты қорғауға мүмкіндік береді. Сот төрелегін жүзеге асыруда қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық іс жүргізу құқығы құқық жүйесінде дербес құқық саласы болып саналады. Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні азаматтық іс жүргізу болып табылады. Азаматтық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізудің пәндерін бір-бірінен ажырата білу керек. Олардың ұғымдарын айта кету керек. Азаматтық іс жүргізу құқық жүйесі екі (Жалпы және Ерекше) бөлімнен тұратынын ескерген жөн. Жалпы бөліміне: жалпы ережелер, азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері мен принциптерін, ведомстволық бағыныстылық және соттылық туралы жалпы ережелерді, іске қатысушы тұлғалар туралы жалпы ережелерді, сот хабарлаулары мен шақырулары туралы жалпы ережелерді, іс жүргізу мерзімдерінің жалпы ережелерін және т.б. жатқызуға болады. Ерекше бөліміне: бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуді, бұйрық арқылы іс жүргізуді, талап қою бойынша іс жүргізуді, ерекше талап қоюмен іс жүргізуді, ерекше іс жүргізуді, сот қаулыларын қайта қарау бойынша іс жүргізуді, жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіруді, халықаралық процесс және т.б. жатқызуға болады. Азаматтық сотта іс қарау саласында құқықтық реттеу әдістері: императивтік және диспозитивтік. Процессуалдық құқықтық кепілдіктер. Азаматтық процессуалдық нормалардың жүйеленуі (класс-я): реттеуші, дефинитивтік, жалпы, арнайы, ерекше, императивтік, диспозитивтік, құқық беруші, міндеттеуші, рұқсат етпеу нормалар. Азаматтық іс жүргізу құқық нормалар құрлымы: гипотезалар (бір жақты, екі жақты, белгіленген, белгіленбеген және т.б.), диспозициялар (жай, сипаттамалы, сілтемелі, бланкеттік), санкциялар түрлері. 4-сұрақ. Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары дегеніміз - азаматтық іс жүргізу әрекеттер тәртібін реттейтін жалпы және деректі ережелер, нормативтік-құқықтық актілер. Азаматтық істерді жүргізу заңдары – азаматтық, отбасылық, еңбектік құқықтық қатынастардан туатын даулар жөніндегі істерді, әкімшілік-құқықтық қатынастардан туатын істерді және ерекше сипаттағы істерді қарау тәртібін белгілейді. Бұл заңдардың құрамына ҚР АІЖК-сі және басқа заңдар кіреді. Ең алдымен заң күші жоғары ҚР Конституциясы туралы айту керек және оның оннан аса баптары азаматтық іс жүргізу әрекеттерге жататынын ескеру қажет. Мәселен, ҚР Конституциясының 14 бабының 1 бөлігінде былай жазылған: "Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең ". Содан кейін азаматтық іс жүргізу құқығына келесі нормативтік актілердің қандай байланысы бар екенін айту қажет: ҚР сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық заңы, Халықаралық шарттар. Мына азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары бар заңдарын (ҚР прокуратурасы туралы, ҚР ҚІЖК, ҚР еңбек туралы, ҚР Атқарушылық іс жүргізу туралы және т.б.) оқып танысу керек. Оған қоса соттық прецеденттер және әдет-ғұрыптарды да жатқызамыз. Азаматтық іс жүргізу құқығының негізгі бастауы – ҚР АІЖК-сі танылады. Азаматтық іс жүргізу заңның мерзімдегі және кеңістікте қолданылуы. Заң белгілі бір мерзімде күшіне енеді және оның күші бір мерзімде тоқтатылуы немесе жойылуы мүмкін. Жалпы ережеге сәйкес ҚР-ның заңдары баспасөзде жарияланғаннан кейін, егер олардың өздерінде күшіне ену мерзімі көрсетілмесе, 10 күннен кейін ресми түрде күшіне енеді. Ал заңда көрсетілсе, ол қабылданған мерзімінен бастап күшіне енеді. Мысалы, ҚР АІЖК-сі 1999 жылы 13 шілдеде қабылданды, ал бұл кодекс заң күшіне 1999 жылы 1 шілдеде енді. Азаматтық сот ісін жүргізу іс жүргізу әрекетін орындау, іс жүргізу шешімін қабылдау кезіне қарай күшіне енген азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Жаңа міндеттер жүктейтін, процеске қатысушыларда бар құқықтардың күшін жоятын немесе оларды кемітетін, олардың пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтін азаматтық іс жүргізу заңының кері күші болмайды (ҚР АІЖК 4-бабы 2-бөлігі). Азаматтық іс жүргізу заңы мемлекеттің бүкіл аумағында қолданылады. Жалпы ереже бойынша жаңадан шығарылған заңның кері күші болмайды, егер ол туралы арнайы заңда көзделмесе. Сот қажетті түрде процессуалдық әрекеттер жасау кезінде заң күші бар процессуалдық нормативтік актіні қолданады. 5-сұрақ. Азаматтық іс жүргізу құқығының өзге құқық салаларымен ара байланысы Азаматтық іс жүргізу құқығын зерттеу үшін мемлекет және құқық теориясы мен тарихының мәні, негізгі қолданатын ұғымдар мен категорияларын еске алу керек. Азаматтық іс жүргізу құқық өзге салалық құқықтық пәндер жүйесінде ерекше орын алады. Құқықтық институттар мен нормалар ара байланысы, ұқсас құқықтық реттеу салалары бар. Қосымша пәндермен ара байланысы. 6-сұрақ. Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымының пәні мен жүйесі Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымы – азаматтық іс жүргізу мен азаматтық іс жүргізу құқығының маңызды проблемалары бойынша ғылыми білімдер жинақтығы. Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымының пәні: тәжірибеде оның қолданылуымен тығыз байланыстағы азаматтық іс жүргізу құқығының өзі; азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары; азаматтық іс жүргізу құқығының тарихы; шетел мемлекетіндегі азаматтық іс жүргізу құқығы. Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының жүйесі. Азаматтық іс жүргізу құқығының ғылыми теориялық және тәжірибелік мәні бар бірқатар жалпы сұрақтар қарастырады: құқық пәні, принциптерді (қағидаларды) оқыту туралы, іс жүргізу құқық қатынастары мен оның субъектілерін, талап теориясы туралы, дәлелдеу туралы және т.б. - жалпы бөлімі. Азаматтық іс жүргізудің әр сатысына байланысты маңызды проблемаларын зерттеу, олардың ерекшеліктерін, мәнін қарастыру – ерекше бөлім. Ғылым азаматтық іс жүргізу құқығының біртұтас және оның жеке институттарының тарихи дамуын зерттейді. 12-тақырып. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері (қағидалары) 1. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің түсінігі 2. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің мән-мағынасы 3. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің жүйесі 1-сұрақ. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің түсінігі Біздің елімізде жоғары заң күші бар және бүкіл аумақта тікелей қолданылатын Конституция әр адамның, ұйымның бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сот арқылы қорғау мүмкіндігін бекітеді. Осындай қорғанудың негізгі нысаны – азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен істерді қарап шешу. Азаматтық істерді сотта қарап шешуіне көптеген құқық субъектілері қатысады. Олардың барлығы сот ісін жүргізуде оның принциптерін сақтап ұстануға тиіс. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері сотта тараптар арасындағы құқықтық дауды демократиялық жолымен дұрыс және жылдам шешілуіне үлкен үлесін қосады. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің түсінігін беру үшін ең алдымен жалпы құқық принциптерінен бастаған дұрыс. Принцип латін сөзінде (principium – негіз, бастапқы) екі негізгі мағына білдіреді: объективтік (қандай болмасын ғылымның, теорияның негізгі ережелері) және субъективтік (болмысқа қатынасын белгілейтін адамның ішкі қасиеті – сендіру). Әрбір құқық саласының ерекшелігі оның принциптерінде көрінісін табады. Құқық теориясында принциптерді құқықта көрсетілген нормативті бастаулар, бастапқы идеялар, негіздер деп қарастырған. Атақты ресейлік ғалым-заңгер С.С. Алексеевтің пікірінше «принциптер – бұл құқықты тереңінен оның мазмұнын ашады. Принциптерде жалпы құқықтың, сондай-ақ оның нақты салаларындағы сипаттаушы белгілер кристал-данады. Құқық принциптері нақты құқықтық нормаларда анық көрінеді. Олар құқықта кеңінен таралғандай, оның барлық не көбінесе құқықтық нормаларына енгізілген»1. Құқық принциптері – бұл заңнамалармен бекітілген және экономикалық қатынастар дамуымен сипатталатын бастапқы идеялар, негізгі бастаулар. Құқық принциптері қоғамдағы құқықтық реттеуді және құқық жүйесін құрайтын объективті негізделген бастапқы идеялар. Оларды зерттеу арқылы құқықтың әлеуметтік-экономикалық, саяси және өнегелі табиғатының анық сипаттамасын біле аламыз, сондай-ақ жеке құқық салалардың, институттардың және нормалардың мазмұны мен мәнін аша біледі. Тиісті құқық саласына жататын нормалардың көбісі сол саланың принциптерінің дамуының және әсер етуімен қалыптасады. Салалық принциптерді біле, кәсіби заңгер нақты құқық саласының нормаларын түсінетін болады. Солай, азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері жайлы білген, жалпы соттағы азаматтық істерді қарап және шешу тәртібін белгілейтін құқықтық іс жүргізу нормаларының құрамы жөнінде хабары болады. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері құқықтық нормаларда бекітіліп, нақты құқық туралы дауды сот отырысында шешуді, сот пен іске қатысушылардың іс жүргізу құқықтарын және іс жүргізу міндеттерін, қатынастарын белгілейді. Кезінде белгілі ғалым- процессуалист Н.А. Чечина былай деп айтқан: «Азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері осы құқық саланын субъектілер қызметтерінің сипатын және мазмұнын айқындайды»2. Сонымен қатар, азаматтық іс жүргізу заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оны жетілдіру шаралары әрқашан оның принциптерін ескере жасалады. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің маңыздылығын соттың құқыққолдану тәжірибесінде байқауға болады. Сотта азаматтық істерді қарайтын және шешетін төрағалық етуші судьялар азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін басшылыққа алып қолданады. Оларды қолдану арқылы азаматтық істер бойынша сот төрелігі дұрыс және уақытылы атқарылады. Егер сот қолданыстағы заң нормаларында белгілі қатынасты реттеу қарастырылмаған болса, онда мұндай жағдайда ұқсас қатынастарды реттейтін құқық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда оны реттеуге принциптерді қолданады. Осылай, азаматтық сот ісін жүргізудің жеке өзіне тиесілі принциптерін белгілеуге болады. Принциптер әрқашан құқықтық дамуына байланысты өзгеріп, ал оның мазмұны толыға жаңара береді. Сондықтан дамып жатқан қоғамдық қатынастарды реттеуге атсалысады. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін ғылыми зерттеулерімен айналысқан ғалымдар аз емес. Олардың қатарына еңбектерімен көпшілікке белгілі ғалымдар М.Г. Авдюков, З.Х. Баймолдина, А.Т. Боннер, Р.Е. Гукасян, М.А. Гурвич, П.Ф. Елисейкин, С.З. Зиманов, В.М. Семенов, А.К. Сулейменов және т.б. жатқызуға болады. Көптеген авторлардың ой-пікірі бойынша құқық принциптері – бұл белгілі жинақтау жұмыстарының нәтижесі, ғалымдардың творчестволық сана тұжырымдамасы, олардың қалыптасқан қоғамдық өмірдегі болмыстарға көзқарастары болып табылатын негізгі ережелер, бастапқы идеялар. Құқық ғылымында идея ұғымы жалпы құқықтық, салалық және салааралық принциптермен тығыз байланыста. Сондықтан азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру туралы бастапқы идеялар деп түсінеміз. Осылай азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері дегеніміз азаматтық іс жүргізудің демократиялық және қайырымдылық мәнін ашатын, оны құрайтын процессуалдық нормалар, сатылар және институттарды анықтайтын, сондай-ақ азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда мемлекетпен қойылған мақсат пен міндеттерді орындауға азаматтық іс жүргізу қызметін бағыттайтын, азаматтық іс жүргізу құқығымен бекітілген бастапқы идеялар. 2-сұрақ. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің мән-мағынасы Құқық принциптерінің мәнін дұрыс түсіну үшін олардың тек мазмұнын ғана емес, олардың құрылымын білу қажет. Бұл құрылым үш компоненттен тұрады: 1- құқықтық сана жөнінде нақты түсінігі, сонымен қатар құқықтық ғылымда судьялардың және басқа да заңгерлердің құқықтық санасынан; 2-тиісті ережелерді қолданыстағы заңнамада бекіту; 3-құқық принциптері нақты қоғамдық қатынастарында жүзеге асырылуы (біздің жағдайда, азаматтық істерді қарап және шешу барысында сот қызметінде). ҚР АІЖК-де сот пен іске қатысушылар арасындағы қатынасты реттеуге, сондай-ақ нақты азаматтық істі шешуге бағытталған азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері құқықтық нормаларда бекітілген. Олар азаматтық іс жүргізу құқығының жеке зерттеу құқық институты болып танылады. Азаматтық іс жүргізу құқық саласында құқықтық нормалар қабылдау және қолдану қызметінде азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің мәні зор екенін байқауға болады. Азаматтық сот ісін жүргізу міндеттерін орындаудың бастапқы шарты ретінде азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін сақтау және оларға сәйкес іс жүргізу әрекеттерін сот және басқа да іске қатысушыларымен жасау болып танылады. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің мән-мағынасы туралы дұрыс көрініс алу азаматтық іс жүргізу құқық саласының дамуына және азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруына соттардың қызметін жетілдіру үшін қажет. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері соттармен құқықтық нормаларды дұрыс түсіну мен қолдануына септігін тигізеді, заң шығару тәжірибесі үшін негіз қалаушы болып табылады. Сондықтан азаматтық іс жүргізу құқық саласында мазмұны бойынша жаңа құқық нормаларын әзірлеп қабылдауына және қолданыстағыларын өзгертіп жаңартуына принциптер үлкен үлес қосады. Қазіргі Қазақстанның даму кезеңінде азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін бұзбай қолдану және олардың кеңінен таралуы демократиялық және құқықтық мемлекет болуына кепілдік ететіні даусыз. Құқық нормаларын қолдану сот қызметінде іс жүргізу нормаларын дұрыс түсінуге және қолдануға азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің мәнін білмеу мүмкін емес. Тек қана азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің мән-мағынасын біліп түсінген іс бойынша төрағалық етуші судья және басқа да қатысушылар өздерінің іс жүргізу құқықтарын дұрыс пайдаланады және іс жүргізу міндеттерін дұрыс орындай алады. Осылай, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда сот, іске қатысушылар және тағы басқалары ҚР АІЖК-де белгіленген мынандай нормаларды ескеру тиіс: істерді шешу кезінде соттың заңды бұзуына болмайды және ол заңсыз сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады. Заңның бұзылуына кінәлі судья заңда белгіленгендей жауапты болады (6-баптың 3-бөлігі); азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін бұзу оның сипаты мен маңыздылығына қарай, шығарылған сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады (23-бап). Басында жазылғандай, бірқалыпты және өзгермейтін құқық принциптері болмайды. Сондықтан қолданыстағы заңнамамен бекітілген азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін жалпы жиынтығы бойынша зерттеуге жатқызылады. 3-сұрақ. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің жүйесі Азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелген азаматтық сот ісін жүргізу бастапқы идеяларға, негіздерге сүйене құрылады. Осы азаматтық сот ісін жүргізудің бастапқы идеялары (принциптері) азаматтық істер бойынша сот төрелігінің тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Барлық азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері жиынтығы бойынша бір-бірімен тығыз байланыс құрып және бір- бірін толықтыра біртұтас жүйе (грек тілінен systema – бөлектерден құрылған тұтас байланыс) құрайды. Жүйе дегеніміз нақты тұтастықты құрайтын, бір- бірімен тиісті қатынаста болатын көптеген элементтер. Солай, азаматтық сот ісін жүргізу бір-бірімен байланыстағы принциптердің жиынтығын құрайды. Тиісінше принциптер өзара байланыс пен қатынаста болып жүйе құрайды. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің жүйесі объективті сипатта болуына қарамастан, заң әдебиеттерінде оның құрамы және осы жүйеге кіретін кейбір жеке принциптердің атауы бойынша бірқатар ой-пікір бар. Бір тұтас жүйеде орналасқан азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің әрқайсысы азаматтық іс жүргізу құқығының мазмұнын ашады. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптер жүйесі санына қарай құрылған жоқ, олардың әрқайсысы өздерінің қызмет атқару, мағынасы және сипаты бойынша жинақталған. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің атаулары мен көлемі өздігінен өзгермейді. Әдетте, азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері республикамыздың Конституциясында, ал басқалары ҚР АІЖК-де бекітілген. *Принциптер мазмұндары – қолданыстағы заңнама баптарында және оның тармақтары мен бөлшектерінде белгіленген ережелер. Мысалы, ҚР АІЖК 65-бабы айтысу қағидасының мазмұның құрайды. Негізінен принциптер азаматтық сот ісін жүргізудің мәнін білдіре, азаматтық іс жүргізу құқығының маңызды институты болып танылады. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері жинақталған тәрізді біртұтас жүйеде орналасқан. Жүйеде орналасқан азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің біреуінің бұзылуы басқа онымен байланыстағы принциптердің бұзылғандығын білдіреді және нақты азаматтық істер бойынша қабылданған сот шешімінің заңсыздығына әкеп соқтырады, тиісінше оның күшін жоюға әкеледі. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін әртүрлі үш негіздер бойынша жіктеуге болады. Құқық ғылымында мұндай жіктеудің бірқатар жеке белгілері аталған. Біріншіден, нақты принцип бекітілген нормативтік қайнар көзіне қатысты жіктеледі. Тиісінше Қазақстан Республикасының Конституциясымен немесе ҚР АІЖК-мен бекітілген азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін белгілеуге болады. Бірақ, Конституцияда бекітілмеген (конституциялық емес) принциптер өзге де принциптерден басымды болмайды, себебі оларда құқыққабылдау (заң шығару) және құқыққолдану (соттың тәжірибелік қызмет) саласында қажетті және міндетті деп танылған. Сонымен бірге, принциптерді бұлай жіктеу өзінің негізсіздігін білдіреді, яғни Конституцияның тиісті нормаларымен бекітілген (конституциялық деген) принциптер көрінісін Конституция негізінде қабылданған басқа заң нормаларында көзделген. Бұл заң нормаларында бекітілген принциптерді конституциялық емес деп атауы дұрыс емес, себебі олар Конституцияға сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілер. Екіншіден, нақты принциптер бір немесе одан да көп құқық салаларында қолдануына байланысты заңтануда: 1) жалпы құқықтық, 2) салааралық, 3) салалық, 4) құқықтық институттар принциптеріне бөлінеді3. Басқа ғалымдар институтаралық және салаға тәуелді принциптерді белгілейді4. Принциптерді осылайша жіктеу негіздері дауласуға жатпайды және оларды орынды деуге болады. Бірақтан, жалпы құқық теориясы бойынша принциптерді жіктеу негіздерін қолданғанмен азаматтық сот ісін жүргізудің принциптер сипаты бойынша осылай жіктеу оның барлық мәнін ашпайды. Ескергеніміз жөн, «іс жүргізу құқығының принциптерін жіктеудің әрбірі шарты, себебі барлық принциптер болуында және қолдануында бір- бірімен байланысты және бір-бірін толықтыруда»5. Үшіншіден, көптеген ғалым- процессуалистер пікірінше іс жүргізу принциптері реттеу объектісі бойынша екі топқа бөлініп жіктеледі: ұйымдастырушылық және функционалдық6. Теория бойынша барлық азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін құқықтық реттелуге жататын объектісі бойынша екі топқа бөліп қарастыруға болады: соттың және іс жүргізуге қатысушылардың іс жүргізу әрекеттерін анықтайтын (функционалдық) және сот төрелігін жүзеге асыруды ұйымдастыру принциптері (ұйымдастырушылық). Осы негіздер бойынша ҚР АІЖК-нің нормаларымен белгіленген сот ісін жүргізудің принциптерін жіктеуге болады. Жоғарыда көрсетілген азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін жіктеу, өзге де белгілермен жіктеулер сияқты, шартты. Ғылымда басқа да белгілер бойынша азаматтық сот ісін жүргізу принциптері жіктеледі7. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің жүйесі іс жүргізу құрылымын, іс жүргізу әрекеттердің механизмін, оның мазмұнын, іс жүргізу әрекеттердің нысанын, істер бойынша қабылданатын шешімдердің заңдылығы мен әділеттігіне кепілдік етеді. Қазіргі кезеңде азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері жүйе құрып, жетілдіру жолында екенін атау қажет. Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруды ұйымдастыру принциптері Азаматтық істер бойынша сот төрелегін жүзеге асыруды ұйымдастыру принциптері қатарына мыналарды жатқызуға болады: сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы (ҚР Конституциясының 75-бабы, ҚР АІЖК 7-бабы); адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау (ҚР Конституциясының 13- бабының 2-бөлігі, ҚР АІЖК 8-бабы); жеке адамның ар-намысы мен қадір- қасиетін құрметтеу (ҚР Конституциясының 17-бабы, ҚР АІЖК 9-бабы); жеке өмірге қол сұғылмаушылық. Хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясы (ҚР Конституциясының 18-бабы, ҚР АІЖК 10-бабы); меншікке қол сұғылмаушылық (ҚР Конституциясының 25-бабының 1-бөлігі және 26-бап, ҚР АІЖК 11-бабы); судъялардың тәуелсіздігі (ҚР Конституциясының 77-бабының 1-2 бөліктері және 79-бап, ҚР АІЖК 12-бабы); барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі (ҚР Конституциясының 14- бабы, ҚР АІЖК 13-бабы); азаматтық істерді сотта жеке-дара және алқа сот құрамымен қарау (ҚР АІЖК 37-бабы); сот ісін жүргізу тілі (ҚР Конституциясының 7-бабы, ҚР АІЖК 14-бабы); дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау (ҚР АІЖК 16-бабы); куәлік жауап беру міндетінен босату (ҚР АІЖК 17-бабы); білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз ету (ҚР АІЖК 18- бабы); сотта істі қараудың жариялылығы (ҚР АІЖК 19-бабы); сотта істі қарау барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету (ҚР АІЖК 20-бабы); сот актілерінің міндеттілігі (ҚР Конституциясының 76-бабының 3-бөлігі, ҚР АІЖК 21-бабы); іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы (ҚР АІЖК 22-бабы). Міне осы жоғарыда аталған принциптерді жеке қарап, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда қолдануларын көрсетейік. Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы (ҚР Конституциясының 75-бабының 1-бөлігі, ҚР сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық заңының 1-бабының екінші бөлігінің 1) тармақшасы, ҚР АІЖК 7-бабы). ҚР Конституциясы мен ҚР сот жүйесі мен судъялар мәртебесі туралы конституциялық заңы республикамыздың бүкіл аумағында сот билігін іске асырудың негізгі және маңызды нысаны сот төрелігін жүзеге асыру болып табылатынын бекітеді. Сот төрелігі туралы ұғымның көптеген анықтамаларын заң әдебиеттерінде оқып танысуға болады. Бірқатар авторлардың пікірінше сот төрелігі сот отырыстарында іс жүргізу тәртібімен жасалатын арнайы мемлекеттік органдардың материалдық нормаларын қолдана отырып, азаматтық, қылмыстық және өзге істерді қарау және шешу бойынша қызметі болып табылады8. Х.Ю. Ибрагимовтың пікірінше, сот төрелігі – адам мен азаматтың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, лауазымды адамдардың аса маңызды құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға тікелей қатысы бар құқық қорғау қызметінің функциясы9. Ал белгілі ғалым-процессуалист З.Х. Баймолдинаның айтуынша, сот төрелігі – азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де сот ісін жүргізу нысаны арқылы сот билігін жүзеге асырудың нысаны10. Сот төрелігі сот билігін жүзеге асырудың негізгі нысаны бола отырып, сот отырыстарында судьямен (сотпен) азаматтық іс жүргізу, әкімшілік іс жүргізу және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы белгілеген тәртіппен азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істерді сот ісін жүргізу нысанында қарауды және шешуді түсіндіреді. Солай, мұндай соттың биліктік өкілеттілігін кімнің де болса иеленуі заңда көзделген жауаптылыққа әкеліп соғады (ҚР АІЖК-нің 7-бабының 1-бөлігі). Сәйкесінше заңнамада қандай да бір атаулармен арнайы және төтенше соттар құруға жол берілмейтіндігі көрсетілген, сондай-ақ мұндай соттар шешімінің заң күші болмайтыны және орындалуға тиісті еместігі көзделген. Өз қарауына жатпайтын іс бойынша азаматтық сот ісін жүргізуді жүзеге асырған, өз өкілеттігін асыра пайдаланған немесе азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін өзгеше түрде елеулі бұзған соттың шешімдері заңсыз болады және олардың күші жойылуы тиіс (ҚР АІЖК-тің 7-бабының 3- бөлігі және 23-бабы). Азаматтық істер бойынша сот төрелігін атқару қорытындысы бойынша қабылданатын, заң әдебиеттерінде сот төрелігі актілері деп аталатын сот шешімдері, ұйғарымдары, қаулылары және бұйрықтары заңнамаға сәйкес ерекше сипатта болады. Олардың барлығы – жалпыға міндетті. Азаматтық істер бойынша қабылданған және заңды күшіне енген сот актілері барлық мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының барлық аумағында орындауға жататынын білдіреді. Сот актілерін орындамаған немесе орындалуына кедергі жасаған кінәлі тұлға заңды жауаптылыққа тартылады. Азаматтық істер бойынша сот төрелігі, мемлекеттік қызметтің бір түрі ретінде, ҚР АІЖК-мен егжей-тегжейлі регламенттелетін қатаң рәсімделуді сақтау арқылы жүзеге асырылады. Тек сот отырысында ғана сот жеке не заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын, мемлекеттің, қоғамның мүддесін қорғау үшін талап бойынша шешім (қаулы, ұйғарым) қабылдауға құқылы. Бірінші сатыдағы сотпен қабылданған шешімді апелляциялық не қадағалау тәртіптерімен жоғары тұрған сот алқасы қайта қарап оның күшін жоя алады. Республикамызда мамандырылған ауданаралық экономикалық және әкімшілік соттардың құрылғандығы белгілі. Келесі кезекте алқалы соттар құру мәселелесі тұр. Соттарда бүгінгі заман талабына сай «мамандану» процесі жүріп жатыр. Осының бәрі, түйіндегенде, сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын жоғарлатуға бағытталған шаралар екенінің белгісі. Жоғарғы соттың судьялары да бұл бағытта үлкен қызмет етіп жатқанын айтуға болады, яғни сот тәжірибесі бойынша жалпы отырыстарда қаралып, баспасөзде жарияланатын нормативтік қаулылар қабылдануы. Адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау принципі ҚР Конституциясының 13-бабының 2- бөлігінде «Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар», - деп көзделіп, азаматтық сот ісін жүргізуде қолдануына маңызды екенін түсіндіреді. Өзінің құқығы мен бостандығын қорғау үшін сотқа жүгіну әрбір тұлғаның құқығы. Адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау сот билігінің өкілеттігін жүзеге асырудың басты бағыты болып табылады. Сотқа арыз (талап арыз, шағым) беріліп және оны сот қабылдаған кезде ғана сотқа жүгіну құқығы жүзеге асырылады. Әрбір азамат, заңды тұлға және мемлекеттік органдар бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін АІЖК-мен белгіленген тәртіпте сотқа арызбен (талап арызбен, шағыммен) жүгіне алады. Барлық жеке не заңды тұлғаның бұзылған немесе даулы құқықтарын, заңды мүдделерін сот арқылы қорғауға тең мүмкіндігі бар. Сотқа арызбен жүгіну арқылы азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастардан және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді, сондай-ақ ерекше жүргізілетін істерді сот (жеке-дара немесе алқа құрамы) қарайды және шешеді (ҚР АІЖК 2-баптың 3-бөлігі). Кез келген сот арызды қабылдап, істі қарамайды және шешпейді. Себебі ҚР АІЖК-де бекітілген нормаларға сәйкес әр азаматтық іс соттылығына байланысты сотпен қаралады және шешіледі. Соттылық – соттар арасында белгілі азаматтық істер қарастыру өкілеттіктерді бөлу. Тиісінше азаматтық істер соттылығы азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен белгіленеді. Ешкімге өзінің келісімінсіз ол үшін заңда белгіленген соттылығын өзгертуге болмайды. Жоғары тұрған соттың өзінен төменгі соттың жүргізетін ісін тараптардың келісімінсіз алып қоюға және оны өзінің іс жүргізуіне қабылдауға құқығы жоқ (ҚР АІЖК 8-баптың 3- бөлігі). ҚР АІЖК-нің кейбір нормаларының өзгеруіне және оларды сот тәжірибесінде біркелкі қолдану қажеттілігіне байланысты ҚР Жоғарғы сотының жалпы отырысы қаулы етті: «Соттар арасында нақтылы істің соттылығы туралы дау туындаған жағдайда жоғары тұрған соттың судьясы іске қатысушы адамдарды оның қаралатын орны мен уақыты туралы хабардар етпестен және соттың істі басқа соттың өндірісіне жіберу туралы ұйғарымын бұзбай, істің нақтылы қай соттың қарауына жататыны туралы ұйғарым шығарады»11. Кез келген жеке тұлға субъективтік құқықтарын, заңды мүдделерін сотта тікелей өзі қатысуы арқылы немесе өкілдер қатысуы арқылы қорғауға құқылы. Жеке тұлғаның өзінің сотқа қатысуы оның бұл іс бойынша өкілі болу құқығынан айырмайды. Заңды тұлғалардың, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдардың құқықтары мен заңды мүдделерін сотта олардың органдары және тиісті өкілеттіктер берілген олардың өкілдері қорғауға құқылы (ҚР АІЖК 58- бабы). ҚР АІЖК 8-баптың 2-бөлігіне сәйкес прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қойып (арыз беріп) сотқа жүгінуге құқылы. Әрбір азамат, заңды тұлға, мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, прокурор сотқа жүгіну құқығынан бас тарта алады, егер заңға қайшы келмесе немесе әлдекімнің құқығын және заңды мүддесін бұзбаса (ҚР АІЖК 8-баптың 4-бөлігі). Егер тараптар өзара сотқа жүгіну құқығынан бас тарту туралы келісім-шартқа қол қойса - ол заңсыз деп есептеледі. Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу заңнамасы әрбір адамға сотқа жүгіну құқығын жүзеге асыруына барлық мүмкіндік жасап, оны қамтамасыз етеді. Жеке адамның ар-намысы мен қадір- қасиетін құрметтеу принципі Қазақстан Республикасының үш нормативтік құқықтық актілерінде: ҚР Конституцияның 17-бабында, ҚР АК (Жалпы бөлімі) 15- баптың 9-бөлігінде және 143-бабында, АІЖК-нің 9-бабында бекітілген. Бұл нормативтік құқықтық актілер адамның қадір-қасиетін, ар-ожданын қорғау мүмкіндіктерін белгілейді. ҚР Конституциясының 17-бабына сәйкес адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық жөнінде міндет бекітілген. Адамды қинауға, оған күш қолдануға, басқа да қатал не адамның қадір-қасиетін қорлайтын қатынас пен жазаға тыйым салынады. Заң әдебиеттер бетінде адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылыққа қатысты мынандай пікір айтылады: « Ол әрбір адамның жеке басының бағасын, оның адамгершілік принциптері мен соған қатысты әрекеттеріне негізделген ой жүйесін мойындауды аңғартады. Адам адамгершілік құндылықтар мен ойшылдық қасиеттерінің иесі ретінде танылады. Адамның қадір-қасиеті оның қоғамдағы орнына, атағына, тұрмыс қалпына, кәсіпқойлығына және басқа жағдайларға байланысты. Әрбір адам сый-құрмет пен мойындауға және дербес ой мен әрекет құқығына лайық»12. ҚР АК-нің (Жалпы бөлімі) 15-баптың 9-бөлігіне сәйкес азаматтың есімі оның абыройына, қадір- қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін әдістермен немесе сондай нысанда бұрмаланған не пайдаланылған жағдайда осы Кодекстің 143-бабында көзделген ережелер қолданылады. Осылай, азамат немесе заңды тұлға өзінің ар- намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды, егер ондай мағлұматтарды таратушы адам олардың шындыққа сай екендігін дәлелдей алмаса, сот арқылы теріске шығаруды талап етуге құқылы (ҚР АК (Жалпы бөлімі) 143-баптың 1-бөлігі). Азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтар таратылған болса, олар мұндай мағлұматтарды теріске шығарумен бірге олардың таратылуымен өздеріне келтірілген залалдың немесе моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы (ҚР АК (Жалпы бөлімі) 143-баптың 6-бөлігі). Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне кір келтіретін мағлұматтарды таратушыны анықтау мүмкін болмаса, өзі жөнінде осындай мағлұматтар тараған адам таратылған мағлұматтарды шындыққа сай келмейді деп тану туралы сотқа жолдануға құқылы (ҚР АК (Жалпы бөлімі) 143-баптың 7-бөлігі). ҚР АІЖК-нің 9- бабына сәйкес азаматтық іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық процеске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін шешімдер мен іс-әрекеттерге тыйым салынады. Адамның қадір-қасиетін қорлау арқылы алынған іске қатысты нақты деректер сотпен делелдемелер ретінде танылмайды. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерінен адамға келтірілген моральдық зиян заңда белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс. Республикамыздағы жергілікті соттармен азаматтық сот ісін жүргізу кезінде азаматқа келтіріген моральдық зиянның орнын толтыру заңнамасын дұрыс қолданып игеру үшін «Моральдық зиянның орнын толтыру туралы заңнаманы соттармен қолдану жөнінде» ҚР ЖС- ның № 3 нормативтік қаулысы 2001 жылы 21 маусымда қабылданған болатын. Сондықтан азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен ар-намысты, қадір-қасиетті және іскерлік беделді сот қарайды және шешеді, сонымен қатар соттың өзі де іске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін шешім қабылдамауы тиіс. Жеке өмірге қол сұғылмаушылық. Хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясы. Бұл принцип әркімнің жеке өміріне еріксіз араласуға жол берілмейтіндігі ата-аналарға, құрбы-жолдастарына, мемлекеттік органдарына, қызмет басшыларына және басқа адамдарға құқық субъектілігі бар жеке немесе заңды тұлғалардың өзіндік мүліктеріне билік етуіне, жеке банктік салымдары мен жинаған ақша-қаражаттарын және өзге тапқан табыстарын пайдалануына, жазысқан хаттарына, телефон, почта, телеграф арқылы және басқа да жолдармен алысқан хабарларына ықпал етуге тыйым салуды түсіндіреді. Бұл принцип ҚР Конституциясының 18-бабында бекітіліп, қолданыстағы материалдық құқық пен іс жүргізу құқық нормаларында тиісінше көрінісін тапқан. Осылай, ҚР АК-нің (Жалпы бөлімі) 144-бабына сәйкес: «Азаматтың жеке бас құпиясын, оның ішінде хат алысу, телефон арқылы сөйлесу, күнделіктер, естеліктер, жазбалар, ішкі жан сыры, бала асырап алу, туу құпиясы, дәрігерлік, адвокаттық құпияны, салымдар құпиясын сақтауға құқығы бар. Жеке бас құпиясы заң құжаттарында белгіленген реттерде ғана ашылуы мүмкін. Күнделіктерді, жазбаларды, естеліктерді және басқа құжаттарды жариялауға – олардың авторының келісімімен, ал хаттарды олардың авторы мен алушысының келісімімен ғана жариялауға жол беріледі. Олардың қайсыбірі қайтыс болған жағдайда аталған құжаттар қайтыс болған адамның артында қалған жұбайының және балаларының келісімімен жариялануы мүмкін». Міне, осы азаматтардың және заңды тұлғалардың құқықтары заңның қорғауында болады. Бірақ ҚР АІЖК 10-бабына сәйкес азаматтық процесс барысында бұл құқықтарды шектеуге заңда тікелей белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі. Бұл дегеніміз, сотта істі қарау кезінде құқықтық дауды шешу немесе заңды маңызы бар фактілерді анықтау үшін қажетті азаматтардың немесе заңды тұлғалардың жеке, отбасылық, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды олардың өтініштері бойынша жабық сот отырысында жария ету. Сот (судья) сотта азаматтық істерді қарап және шешкен кезде осы принциптің бұзылмауын бақылайды. Меншікке қол сұғылмаушылық принципі ҚР Конституциясында, ҚР АК- де (Жалпы бөлімі), ҚР АІЖК-де көзделген. Меншік - өндіріс құралдарын иелену және қоғамда жасалған материалдық және материалдық емес игіліктерді бөлісу жөніндегі объективті қоғамдық қарым-қатынастары. Қазақстанның барлық аумағында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады (ҚР Конституциясының 6-бабы). ҚР Конституциясында «меншік» ең алдымен адам және азаматтың негізгі құқықтарының бірі – заңды түрде алған қандай да болсын мүлкіне иелік ету, пайдалану және меншігінде ұстай алу (ҚР Конституциясының 26-бабы) құқығын айқындайды және бекітеді13. Еліміздің атақты М.К. Сүлейменов, Ю.Г. Басин цивилистерінің пікірінше қараудағы принциптің маңыздылығы мынада – меншік елдің бүкіл экономикалық жүйесінің іргетасы болып табылады. Бұл принцип мемлекетке мемлекеттік емес меншікке қатысты барлық қатынастарға араласуға мүмкіндік берген бұрынғы нұсқаулардан бас тартуды білдіреді14. Меншікке заңмен кепілдік беріледі. Соттың шешімінсіз ешкімді өз мүлкінен айыруға болмайды (ҚР АІЖК 11-бабы 1-бөлігі). Бұл дегеніміз белгілі тараптар арасындағы нақты меншікке қатысты материалдық құқықтық дауды азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен сотпен қарап және шешу. Нәтижесінде сотпен қабылданып заңды күшіне енген шешім меншікке құқық орнатады. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында адамдардың банктегі салымдарын және басқа мүлікті пайдалануға тыйым салу, сондай-ақ оны алып қою ҚР АІЖК-де көзделген жағдайлар мен тәртіп бойыншы жүргізілуі мүмкін. Мысалы, азаматтық процесте талап қоюшының өтініші бойынша талап қоюды қамтамасыз етуге сот жауапкерге тиісті және онда немесе басқа адамдарда болатын мүлікке тыйым салу (банктің корреспонденттік шотындағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) мүмкін, егер мұндай шараны қабылдамау сот шешімін орындауды қиындатса немесе оның орындалуын мүмкін етпесе (ҚР АІЖК 158-бабы және 159-бабы 1-бөлігінің 1) тармақшасы). Судъялардың тәуелсіздігі ҚР Конституциясының 77-бабының 1-2 бөлігіне және 79-бабына, ҚР АІЖК 12- бабына сәйкес судья сот төрелігін атқару кезінде тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады. Сондықтан, нақты істерді қарап және шешу барысында судьялар Қазақстан Республикасының Конституциясы және оның негізінде қабылданған заңдарды қолданып қаулылар, шешімдер мен ұйғарымдар қабылдайды. 13-тақырып. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастар 1. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынасының ұғымы және элементтері 2. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастарының объектісі мен мазмұны 3. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынасының субъектілері және оларды топтастыру 1-сұрақ. Азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынастың ұғымы және элементтері Құқықтық қатынас - құқық нормаларымен реттелген, құрамында өзара алмасылып отыратын құқықтар және міндеттермен айшықталған құқық субъектілері арасында заңдық байланысы бар қоғамдық қатынастар. Азаматтық іс жүргізу қатынасы құқық қорғау қатынастарына жатады. Олардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы заңдық жағдаяттармен, заңдық маңызы бар нақтылы мән-жайлармен байланысты, олармен құқық нормасы азаматтық іс жүргізу құқық субъектілерінің іс жүргізу құқықтары мен іс жүргізу міндеттерінің пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуын байланыстырады. Бұл қатынастардың ерекшеліктері мыналар: олар азаматтық іс жүргізу құқықтың нормаларымен тікелей белгіленген; ерекше субъективтік құрамы, яғни іске қатысушылардың құрамы; бірлігі мен біріктік; ара-қатынасында. Азаматтық іс жүргізу қатынастары сотқа талап арыз, арыз және шағым берген кезде пайда болады. Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен азаматтық іс жүргізу міндеттері азаматтық іс жүргізу қатынастарының мазмұнын құрайды. Азаматтық істерді қарап шешуде азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының мынандай түрлерін байқауға болады: негізгі, қосымша және қызметтік-көмек көрсетушілік. Негізгі іс жүргізу құқық қатынастары талап қоюмен іс жүргізу, ерекше талап қоюмен іс жүргізуде сот пен тараптар (талап қоюшы және жауапкер) арасында және ерекше іс жүргізуде сот пен арыз беруші арасында болады. Қосымша іс жүргізу құқық қатынастары іс бойынша қорытынды беру үшін прокурордың, мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару органның қатысуымен өткенде (АІЖК-тің 55, 57 баптары), сондай-ақ үшінші тұлғалардың қатысуымен өткенде (АІЖК-нің 52, 53 баптары) туындайды. Қызметтік-көмек көрсетушілік іс жүргізу құқық қатынастары іс бойынша өз қызмет бабы бойынша көмек көрсету үшін аудармашының, сарапшының, куәлардың, қоғамдық өкілдердің қатысуымен өткенде туындайды. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының ерекшелігі оның биліктік сипатында, яғни биліктік қатынастылығында. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субъектілері – сот және өзге сот ісін жүргізуге қатысушысы – билік және бағынушылық қатынаста болады. Оған дәлел ҚР Конституциясының сот билігін бекітуі. Жоғарыда айтылғанның бәрі азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының түсінігіне анықтама беруге болатынын білдіреді. Сонымен азаматтық іс жүргізу құқық қатынасы – бұл субъективтік құқықтармен заңмен қорғалатын мүддені қорғау үшін сот пен өзге азаматтық процестің қатысушылары арасындағы азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар. 2-сұрақ. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының объектісі мен мазмұны Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының объектісін 2 түрге бөліп қарастыруға болады: жалпы және арнайы. Жалпы объект – сотпен қаралып, шешілуге немесе қорғалуға жататын материалдық-құқықтық дау немесе заңмен қорғалатын мүдде. Арнайы объект – нақты, белгілі құқық қатынасын жүзеге асыруда жасалатын қорытынды (мысалы, сот пен сарапшы арасында азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының объектісі болып осы сарапшының өзінің арнайы білімі негізінде іс үшін мәні бар фактілер туралы қорытындысы). Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастың мазмұны – азаматтық процестегі субъектілерінің іс жүргізу құқықтары мен міндеттері, ал кейбір процессуалистердің пікірінше (А.А.Мельников) субъектілердің мінез-құлқы, яғни өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудағы әрекеттері. 3-сұрақ. Азаматтық іс жүргізу қатынастың субъектілері және оларды топтастыру Азаматтық іс жүргізу қатынастарының субъектілері азаматтар мен заңды тұлғалар бола алады. Соның қатарына азаматтық іс жүргізу қатынастарына шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар қатыса алады. Процеске қатысушылардың бәрін, олардың іске қатынастығына орай, белгіленген топтарға бөлінеді: сот, іске қатысушылар және сот төрелігін жүзеге асыруына жәрдемдесушілер. Сот азаматтық іс жүргізу қатынасының міндетті субъектісі ретінде қаралады. Республикада азаматтық, төрелік, қылмыстық және басқа да істерді қарайтын, соттардан тыс ешқандай орган жоқ. Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін барынша ықпалды нысан болып табылады. Соттар қайсыбіреулердің еркіне қарамастан тек Конституция мен Республика заңдарына сәйкес, өздеріне Республика атынан берілген билікті жүзеге асырады, іс жүргізу нысанында заңмен белгіленген сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді түрде қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды және негізделген шешім шығарады. Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі шешімдерімен кінәлі тараптарды (талап қоюшыны немесе жауапкерді) тиісті тәртіпке шақырады, оларды міндеттері мен жауапкершілігін орындауға, оның ішінде жауапкердің есеп шотынан талап қоюшының пайдасына ақшалай қаражат өндіртуге не мүліктерін өндіруге мәжбүрлейді. Істі сот отырыстарында қарау мен шешу ҚР Конституцияның 77-бабында және ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің жалпы бөлімінің 2-ші тарауында аталған принциптерге негізделеді. Іске қатысушыларды азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастардың субъектері ретінде танимыз. Олардың құрамына ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 44-бабына сәйкес: тараптарды (талап қоюшы мен жауапкерді); үшінші тұлғаларды (даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін және даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін); прокурор; мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдар; ҚР АІЖК 56,57-баптарымен көрсетілген негіздер бойынша процеске қатысатын ұйымдар немесе жеке адамдар; арыз берушілер және басқа да мүдделі тұлғаларды (ҚР АІЖК 289-бабы) жатқызамыз. Сот төрелігін жүзеге асыруына жәрдемдесушілер - азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының субъектілері. Олар қатарына: аудармашы, куә, маман, сот приставы, сот хатшысы, сот орындаушысы, өкіл және т.б. жатқызылады. 14-тақырып. Азаматтық іс жүргізудегі (процестегі) тараптар 1. Азаматтық процестегі тараптар түсінігі 2. Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттері. 3. Іс жүргізуге тең қатысушылық және оның түрлері 4. Іс жүргізу құқық мирасқорлығы 5. Азаматтық процесте тиісті және тиісті емес тараптар 1-сұрақ. Азаматтық процестегі тараптар ұғымы Азаматтық іс жүргізудегі тараптар іске қатысушы тұлғалар қатарына жатады (АІЖК-нің 44 бабы). Жеке тұлға болсын, заңды тұлға болсын (кәсіпорын, мекеме, ұйымдар) өздеріне келтірілген зиянды сот арқылы өндіріп алуға хақысы бар. Тараптар – сотта субъективтік құқықтары немесе заңмен қорғалатын жеке мүддесі туралы даулары қаралып және шешілуге тиіс іске қатысушы тұлғалар. Тараптар деп талап қоюшы мен жауапкерді атайды. Талап қоюшы мен жауапкер ретінде жеке тұлғалар (ҚР- ның азаматы, шетел азаматы және азаматтығы жоқ адам) мен заңды тұлғалар (мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар) болып табылады. Талап қоюшы – сотқа талап арыз беру арқылы өзінің субъективтік құқықтары мен заңмен қорғалатын мүддесін қорғаушы тұлға. Қазіргі азаматтық іс жүргізу заңында талап қоюшының азаматтық процеске қатысуының 2 негізі көрсетіледі: 1-ден, талап қоюшы өз мүдделері және құқықтарын көздеп талап қою арқылы қатысады; 2-ден, басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінеді. Бірінші жағдайда талап қоюшы іс жүргізуін өзі бастайды, ал екінші жағдайда ол іске қатысуға соттан рұқсат сұрайды. Жауапкер – талап қоюшының талабы бойынша сот алдында жауап беретін тұлға. Талап қоюшының айтуынша жауапкер оның субъективтік құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін бұзып не дауға салып отыр. Талап қоюшы мен жауапкер – сотта қаралуға жататын даулы құқық қатынасының немесе заңмен қорғалатын мүдденің субъектілері. Азаматтық іс жүргізуде тараптар ретінде қатысушы үшін азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі (АІЖК-нің 45 бабы) болуы тиіс, ал сотта өзінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыру үшін азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттігі (АІЖК-нің 46 бабы) қажет. Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі – азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі, материалдық құқық субъектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады. Азаматтарға азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттері туғаннан беріліп, өлгенде ғана тоқтатылады. Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттігі – сотта құқықтарын өз іс-әрекетімен жүзеге асыру және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру қабілеттігі. Заңды тұлғаның азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттігі мемлекеттік тіркеуден өткен кезде және оны куәландыратын сәйкесті құжат болғанда басталады. Азаматтардың іс жүргізу әрекет қабілеттілігі толық көлемде 18 жасқа толғаннан кейін ғана басталады. 16 жасқа толған ата-анасының рұқсатымен үйленген немесе шарт бойынша кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналасатын болса оны толық азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеті бар деп танимыз. 14-18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды, алайда сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың өздерін тартуға міндетті. 2-сұрақ. Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттері ҚР АІЖК 48-бабының 5 бөлігіне сәйкес: тараптар іс жүргізу құқықтарын тең пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндетін мойнына алады деген. Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтарын: жалпы және арнайы деп бөліп қарастырса болады. Жалпы – бұл тараптардан басқа да іске қатысушы тұлғаларға тән құқықтар: іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге, қарсылықтарын мәлімдеуге, дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға және т.б. (ҚР АІЖК 47-бабы). Арнайы - ҚР АІЖК 32, 49, 50, 156, 158 және т.б. баптарында көзделген. Мысалы, талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талабының мөлшерін ұлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы. Жауапкер талап қоюды толық не жартылай тануға, немесе талаптан бас тартуға құқылы. Тараптардың азаматтық іс жүргізу міндеттерін: жалпы және арнайы деп бөліп қарастырса болады. Жалпы – тараптар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға, сот отырысындағы тәртіпті сақтау, сотта төрағалық етушінің қаулыларына бағынуға тиіс. Арнайы – ол азаматтық іс жүргізудің сатыларына және нақты іс жүргізу әрекеттердің мінезіне байланысты. Осылай, талап қоюшы сотқа өзі ұсынған талап арызында міндетті түрде заңда көрсетілген мәліметтер бар болу керек (ҚР АІЖК 150- бабы); әр тарап (талап қоюшы мен жауапкер) өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс (ҚР АІЖК 65-бабы). 3-сұрақ. Іс жүргізуге тең қатысушылық және оның түрлері Іс жүргізуге тең қатысушылық - бұл бірден азаматтық процесте талап қоюшы не жауапкер жағында немесе екі тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) жағынан бір-біріне мүдделері қайшы келмейтін бірнеше тұлғалар қатысуы. ҚР АІЖК 50-бабында: "Талапты бірнеше талап қоюшы бірлесіп қоюы немесе оның бірнеше жауапкерге қойылуы мүмкін. Талап қоюшылардың немесе жауапкердің әрқайсысы екінші тарапқа қатысты процесте дербес болады. Тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) іс жүргізуді тиісінше тең талап қоюшылардың немесе тең жауапкерлердің біреуіне тапсыра алады". Егер іске бірнеше талап қоюшының қатысуы болса, онда олар тең талап қоюшылар деп аталады. Егер іске бірнеше жауапкердің қатысуы болса, онда олар тең жауапкерлер деп аталады. Теория жүзінде бірігіп қатысушылықты екі мағынада қарастырады: процессуалдық-құқықтық мағынада; материалдық-құқықтық мағынада. Процессуалдық-құқықтық мағынада ол 3 түрге бөлініп қаралуы мүмкін: 1-ші түрі – белсенді бірігіп қатысуы – сотта талап қоюшы ретінде бірнеше тұлғаның қатысуы (екеу және одан көп қатысуы), мысалы 3 талап қоюшы мен 1 жауапкердің қатысуы; 2-ші түрі – еңжар бірігіп қатысуы – сотта жауапкер жағынан бірнеше тұлғаның қатысуы (екеу және одан көп қатысуы), мысалы 1 талап қоюшы мен 3 жауапкердің қатысуы; 3-ші түрі – аралас бірігіп қатысуы – бірден сотта талап қоюшы мен жауапкер жағынан бірнеше тұлғаның қатысуы, мысалы 3 талап қоюшы мен 3 жауапкердің қатысуы. Материалдық-құқықтық мағынада 2 түрде қарастырылуы мүмкін: 1-ші түрі – қажетті (міндетті) – заң бойынша іске барлық қатысушылардың (талап қоюшы не жауапкер ретінде) қатысуын міндетті түрде тілейді, мысалы ортақ мүлік бөлуде өз ұпайын белгілеу; 2-ші түрі – факультативті (міндетті емес) – бірігіп қатысуын міндетті түрде тілемейді, яғни іс бойынша бірнеше талап қоюшылардың немесе бір ғана талап қоюшының бірнеше жауапкерлерге жеке және бір-біріне байланыстырмай қаралуын білдіреді. Бірнеше талап қоюшы талаптар қойған немесе талаптар бірнеше жауапкерге қойылған кезде сот, егер талаптарды ажыратып қарауды неғұрлым дұрыс деп тапса, бір немес бірнеше талапты жеке іс жүргізуге бөлуге құқылы (АІЖК-нің 171 б. 2-ші бөлігі). Судья осы соттың іс жүргізуінде дәл сол тараптар қатысатын біртектес, не бір талап қоюшының әр түрлі жауапкерге немесе әр түрлі талап қоюшылардың бір жауапкерге қойған талабы бойынша бірнеше іс бар екенін белгілеп, егер мұндай біріктіруді дұрыс деп тапса, бұл істерді біріктіріп қарау үшін бір іске біріктіруге құқылы (АІЖК-нің 171 б. 3-ші бөлігі). Басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі сотта өкіл бола алады (АІЖК-нің 59 б. 6-шы бөлігі). 4-сұрақ. Іс жүргізу құқық мирасқорлығы Іс жүргізу құқық мирасқорлығы – бұл даулы не сот шешімімен анықталатын құқықтық қатынасының іс жүргізуінен жақтардың біреуінің шығуына байланысты істе тарап немесе үшінші тұлға болып танылатын тұлғаны ауыстыру. Іс жүргізу құқық мирасқорлығы материалдық құқық бойынша келесі жағдайларда болады: Жалпы (универсалды) мирасқорлық (мұрагерлік, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы); Сингулярлы мирасқорлық, яғни жеке субъективтік құқық мирасқорлығы (талапқа жол беру немесе басқа тұлғаның қарызын өзіне аудару). Материалдық құқық бойынша мирасқорлыққа жол берілмейтін жағдайда онда іс жүргізу құқық мирасқорлығы да болмайды, мәселен талап ету құқық талап қоюшы немесе жауапкер тұлғаларымен тығыз байланыста болса (неке бұзу, алименттер өндіріп алу, жұмыс орнына қайта тұрғызу туралы талаптар бойынша), сондай-ақ мирасқорлық заңға не шартқа қайшы болса (ҚР АК 190 б.). Құқық мирасқорлығы процестің кез келген сатысында мүмкін болады. Құқық мирасқордың процеске кіруі соттың ұйғарым шығарумен белгіленеді. Құқық мирасқоры процеске кіру кезінде өзінің мирасқорлығын негіздеуге тиіс, мысалы мұрагерлікте мұрагерлік құқы туралы куәлік, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуында сол туралы құжат, талапқа жол беру немесе борышты ауыстыру туралы сәйкесті шарттар. Құқық мирасқоры процеске кіргенге дейін жасалған барлық әрекеттер құқық мирасқоры үшін бұл әрекеттер құқық мирасқоры ауыстырған тұлғаға қаншалықты міндетті болса, сондай шамада міндетті. 5-сұрақ. Азаматтық процесте тиісті және тиісті емес тараптар Тиісті тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) – нақты азаматтық іс бойынша азаматтық іс жүргізудің нағызғы қатысушылары, яғни тарапты іс материалдары бойынша даулы құқық қатынасының субъектісі болуы мүмкін деген болжау. Тиісті емес тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) – нақты азаматтық іс бойынша азаматтық іс жүргізудің нағызғы қатысушысы емес, яғни даулы құқық қатынасының субъектісі болуы мүмкін деген болжау іс материалдары бойынша жоққа шығарылған тарап. Тиісті емес тарап болып тиісті емес талап қоюшы немесе жауапкер танылуы мүмкін. Тиісті емес тарап – азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі бар тұлға. Ол тараптың барлық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болады, яғни іс бойынша тарап болып танылады. Сондықтан сот тиісті емес талап қоюшымен немесе тиісті емес жауапкерге талап қоюда талап арыз қабылдаудан бас тартуға болмайды. Тиісті емес жауапкер тиістімен мына жағдайда ауыстырылуы мүмкін: сотпен - өз ықыласы бойынша (ҚР АІЖК 170 б. 3 б.) талап қоюшының өтініші бойынша (ҚР АІЖК 51 б. 1 б.) Барлық жағдайда диспозитивтік принципке сәйкес тиісті емес жауапкерді тиістімен орын ауыстыруда талап қоюшының келісімі керек (ҚР АІЖК 51 б. 2 б.), ал тиісті емес жауапкердің тиістімен орын ауыстыруда келісімнің қажеті жоқ. Сот істі дайындау үстінде немесе бірінші сатыдағы сотта оны қарау кезінде талап бойынша жауап беруге тиісті емес адамға талап қойылып отырғанын анықтаса, істі тоқтатпай талап қоюшының өтініші бойынша тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыра алады. Тиісті емес тарапты тиістімен орын ауыстырған жағдайда сот сәйкесті ұйғарымын шығарады. Тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен орын ауыстыру Оның екі жолы болады: Жолдары Оның көрінісі (қортындысы) 1. талап қоюшы тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен орын ауыстыруға келісім берсе Сот тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен орын ауыстырады 2. талап қоюшы тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен орын ауыстыруға келісім бермесе Сот тиісті емес жауапкерді екінші жауапкер ретінде іс бойынша тартады және тиісті емес жауапкер азаматтық процесте болады. Тиісті емес жауапкерді ауыстырғаннан кейін істі дайындау және қарау басынан бастап жүргізіледі. Егер талап қоюшы тиісті емес жауапкерді басқа тұлғамен ауыстыруға келіспесе, сот істі ұсынылған талап қою бойынша қарайды. Бұған қоса азаматтық процесте керісінше болу мүмкін, яғни тиісті емес талап қоюшы. Себебі жоғарыда тиісті емес тараптар деп атаған едік, ал тараптар ретінде біз талап қоюшы мен жауапкерді танимыз, сондықтан бұнда тиісті емес талап қоюшы туралы айтқан орынды. Сот азаматтық процесте тиісті емес талап қоюшыны тиісті талап қоюшымен орын ауыстыра алады. Тиісті емес талап қоюшыны тиісті талап қоюшымен орын ауыстыру Оның төрт жолы болу мүмкін: Жолдары Тиісті емес талап қоюшы Тиісті талап қоюшы Оның қортындысы 1 басқа тұлғамен орын ауыстыруға келіспейді Азаматтық процеске кіруге (қатысуға) келіседі Тиісті емес талап қоюшы азаматтық процеске дербес талаптарымен үшінші тұлға ретінде кіреді (қатысады) 2 басқа тұлғамен орын ауыстыруға келіспейді Азаматтық процеске кіруге (қатысуға) келіспейді сот азаматтық істі қарайды және талап арызды қанағаттандырмайды 3 басқа тұлғамен орын ауыстыруға келіседі Азаматтық процеске кіруге (қатысуға) келіседі Сот тиісті емес талап қоюшыны тиісті талап қоюшымен орын ауыстырады 4 басқа тұлғамен орын ауыстыруға келіседі Азаматтық процеске кіруге (қатысуға) келіспейді Сот іс бойынша өндірісті қысқартады 15-тақырып. Азаматтық іс жүргізудегі (процестегі) үшінші тұлғалар Іске қатысқан тұлғалар ішінде үшінші тұлғалар ең түсініксіз тұлғалар. Үшінші тұлғалар - өздерінің субъективті құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін басталып кеткен азаматтық процеске қатысатын және тараптардың (талап қоюшы мен жауапкердің) құқықтары мен мүдделерімен сәйкес келмейтін тұлғалар. Үшінші тұлғалардың азаматтық процеске қатысудың негізгі себебі – олардың қаралып жатқан азаматтық істе өздерінің жеке мүдделері бар. Іс бойынша сот шешімі олардың материалдық құқықтары мен міндеттеріне әсер етуі мүмкін. Бұған қоса үшінші тұлғалар институты нақты бір іс бойынша бірнеше әртүрлі талаптарды біріктіруге мүмкіндік етеді, істің бүкіл мән-жайларын сотпен толық зерттеуді қамтамасыз етеді және негізсіз сот шешімдерін шығарудан сақтайды деуге болады. Үшінші тұлғалардың іс бойынша мүдделерінің деңгейі әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан олардың 2 (екі) түрі болады: 1- мәлімдейтін; 2-мәлімдемейтін. 1) Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар – бұл талап қоюшы мен жауапкер арасында басталып кеткен процеске даудың нысанасына өздерінің дербес құқықтарын қорғау үшін қатысатын тұлғалар. Бұл тұлғалардың қатысу себебі, олар құқық жөнінде дау талап қоюшы мен жауапкерге емес өзіне берілген деп ойлайды. Олар жалпы тәртіп бойынша (ҚР АІЖК 14 тарауы) бірінші сатыдағы сот шешімін шығарғанша талап қою арқылы қатыса алады (мысалы: Екі жас некеге тұрған соң олар 120000 мың теңге тұратын жеке пәтер алмақшы болады, ал пәтерді сатып алу үшін 80000 мың теңге ақша соманы ер жігіт өзінің туған анасынан алады, ал 40000 мың теңге ақшаны үйленер алдында өзі жұмыс істеп тапқанынан қосады. Бір жыл бірге сол пәтерде тұрған соң жастар некелерін сот арқылы қияды, себебі ортақ мүлік бөлуде араларында дау болған. Сотта іс қарағанда ер жігіттің туған анасы өзінің дербес талабын қоюы мүмкін, яғни ол осы іс бойынша дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлға болып танылады). Бұл үшінші тұлғалар өз талаптарын тараптың біреуіне не екеуіне бірден қоюы мүмкін. Іс бойынша үшінші тұлғаларды қатыстыру мәселесі, соттың сәйкесті ұйғарым шығаруымен белгіленеді. Осы үшінші тұлғаның талап қоюшыдан бір ғана айырмашылығы бар – бұл процеске кіру кезеңі. Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар сипаттамасы: процеске талап қою арқылы қатысады, талап қоюшының барлық құқықтарын пайдаланады және оның барлық міндеттерін атқарады; үшінші тұлғалардың талап қою пәні талап қоюшының талап қою пәнімен толық көлемде немесе жарым-жартылай толық сәйкес келу керек, сондықтан талап қоюшының талабын қанағаттандырса әлбетте, үшінші тұлғаның талап арызын қабылдаудан бас тартады (толық немесе жарым- жартылай). Іске қатыса алмаған дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар жеке талап қоюға хақы бар. іске қатысу ықылас көбінесе үшінші тұлғалардың өздерінен болады. 2) Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар – бұл бірінші сатыдағы қаралатын іс бойынша қабылданатын шешім тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтары мен міндеттеріне әсер етуі мүмкін болғанда, талап қоюшы не жауапкер жағында іске қатысатын тұлғалар (ҚР АІЖК 53 б.). Олардың сипаттамасы: егер іс тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтарына немесе міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, іс бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі шыққанға дейін талап қоюшы немесе жауапкер жағында іске кірісе алады; олар сондай-ақ тараптардың және іске қатысушы басқа адамдардың өтінімімен немесе соттың бастамасымен іске қатысуға тартылуы мүмкін; дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар тараптардың талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту немесе азайту, сондай-ақ талап қоюдан бас тарту, талап қоюды мойындау не бітімгершілік келісімін жасау, қарсы талап қою, соттың шешімін мәжбүрлеп орындатуды талап ету құқықтарынан басқа іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және іс жүргізу міндетін мойнына алады (ҚР АІЖК 47 б.). Даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалар іске келесі жағдайларда кірісе алады: өз бастамасы бойынша; тараптардың өтініші бойынша; іске қатысушы басқа тұлғалардың (прокурордың, мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдардың) өтініші бойынша; соттың бастамасы бойынша. Бұлар іске соттың бірінші сатысындағы шешімі қабылданғанға дейін кірісе алады және ол соттың ұйғарымымен белгіленеді. Даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлғалардың азаматтық процеске қатысу жөнінде мысал келтірейк. Мысалы: Қыста жолдың тайғақтығынан екі автокөлік жүргізуші, біреуі – қала автопаркінің автобус жүргізушісі, ал екіншісі – жеке меншік автокөлік жүргізушісі, аварияға ұшырайды. Егер автопарк автобусының жүргізушісі кінәлі болса, онда жеке меншік автокөлік жүргізуші сотқа талап арыз беру арқылы (талап қоюшы ретінде) келтірілген материалдық зиянды автобус жүргізушіден емес ол жұмыс істеп жүрген автопарк әкімшілігінен (жауапкер ретінде) өндіріп алады. Сонда кейіннен материалдық зиян өтеу үшін төленген ақша сомасын автопарк әкімшілігі өз қызметкерінің жалақысынан ұстап қалып отырады, яғни сонымен даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдемейтін үшінші тұлға болып автобус жүргізушісі танылады
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz